АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазақ публицистикасы мен «Серке» газетінің тарихы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

                                                                                          

ӘЛ‑ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

 

ДИПЛОМ  ЖҰМЫСЫ

 

ҚАЗАҚ ПУБЛИЦИСТИКАСЫ МЕН «СЕРКЕ» ГАЗЕТІНІҢ ТАРИХЫ

 

 

Алматы — 2010

МАЗМҰНЫ:

 

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………………….3

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I ТАРАУ. ҚАЗАҚ ПУБЛИЦИСТИКАСЫ МЕН «СЕРКЕ» ГАЗЕТІНІҢ ТАРИХЫ

1.1 Қазақ газеттерінің тарихы…………………………………………………………………………….9

1.2«Серке» газеті –  қазақ қоғамындағы алғаш демократия

жаршысы …………………………………………………………………………………………………………16

1.3 Міржақып Дулатұлы «Серке» газетінің жабылуының басты себепкері…………22

 

II ТАРАУ. «СЕРКЕ» ГАЗЕТІНІҢ ТАРИХТАҒЫ ОРНЫ

2.1 «Серке» газетінің қазақ журналистикасының дамуына әсері……………………….28

2.2 Бүгінгі таңда «Серке» газетінің журналистика тарихы үшін зерттелуінің деңгейі……………………………………………………………………………………………….38

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………………….40

СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ……………………………………………………………………………………46

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………………………..48

 

 

КІРІСПЕ

 

Менің  осы дипломды жазудағы мақсатым не? Ол – қазақ тіліндегі алғашқы басылым  «Серке» газеті туралы сөз қозғау. Ресейде 1905 жылы басталып, одан кейін де кең өріс алған революция толқыны, демонстрациялар қарапайым халықтың ой-өрісіне әсер етпей қалмады. Нақ осы кезде қазақ халқының көзі ашық, көңілі ояу оқыған азаматтары өз елінің болашағын ойламай қала алмады. Ресейдің қарамағында болған қазақ жерінде мектеп, медресе деген жоқ десек де болады. Бірен-саран елді мекендерінде мешіт жанында мұсылманша оқытып отыратын медресе молдалар бар болатын.

 Публицистика да сөз өнерінің үлкен бір саласы. Ол көркем әдебиетпен бірге туып, қалыптасып, өсіп, өркендеп келе жатқан шығармашылықтың ерекше бір тармағы.

Өткеніміз бен бүгініміз тәуелсіз ел тұғырынан қарайтын бақытты күндер туды. «Тірі болсақ, алдымыз үлкен той. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар»[1],– деп, Әлихан Бөкейханов сияқты ардақтыларымыз армандаған заман келді. Қазақтың публицистикасы қазақ халқының өсіп-өркендеу жолындағы жолбасшысы, ойсерігі, бағдармашы іспеттес. Ұлттық публицистика өнеріне неғұрлым шынайы, неғұрлым еркін қарап, бағалап, парықтау мүмкіндігіне жол ашылып отыр. Бұл қажеттіліктен туған мүмкіндік, әрі мүмкіндіктен туған қажеттілік.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Мемлекетттік тіл туралы бір толғанысында: «…Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?!»[2] – деп тебірініпті. Сол туған тіліміздің барлық қадір-қасиетін бойына сіңірген қазақ публицистикасы еліміз жүріп өткен ұзақ жолдың шежіресі бола білді. Жұрт қиналса, демеу болып, жігер отын жаныды, намыс рухын оятты, ұлт қуанса, медеу болып жарқын жолға бастады, биік белестерді бағындыруға шақырды. Сөйтіп, қазақ публицистикасы ұлттың рухани байлығының ажырамас бөлігіне айналды. Оның ғажаптығының өзі сонда – публицистика белгілі бір кезеңде болған белгілі бір нақтылы оқиғаны айна-қатесіз бүгін көз алдымызға әкелді. Сол кезде не болды, қалай болды, кімдер өмір сүрді, олар қандай әрекет, мінез көрсетті? Міне, осы сауалдардың бәріне публицистикалық шығармалардан жауап таба аламыз. Өткенді бүгінге, бүгінді болашаққа жалғап тұрған ақиқат көпірін көргіңіз келсе – ол публицистика өнері.[3]    

Қазақ журналистикасының қалыптасып, дамуына іс жүзінде де, сөз жүйесімен де үлкен үлес қосқан тұлға Міржақып Дулатұлы «Серке» газетінің 1907 жылғы шыққан алғашқы санымен.

Шын мәнінде журналистиканың әлеуметтік қызметтің ерекше саласы ретіндегі мәні бұқаралық ақпарат жинақтауымен, өңдеуімен, дайындауымен және таратуымен айқындалады. Журналистиканың негізгі күші – оның ақпаратты иемденетігінде. Ақпарат журналистика мен аудитория арасындағы дәнекерлік рөлді де атқарады. Сондай-ақ журналистика жүйесінің алдындағы сан-салалы міндеттерді шешуге қолданылатын қуатты құрал да – осы ақпарат. Ал оның қоғамдық пікір қалыптастырудағы маңызы өз алдына бөлек әңгіме. Радио мен теледидардың, газет-журналдардың тарататын ақпарат, мағлұматтары бұқараға, қалың көпшілікке арналады. Журналистиканың «Бұқаралық ақпараттар құралдары» деп аталуының себептері де одан шығады. Бұқаралық ақпарат журналистер мен оқырмандарды, көрерменді, тыңдаушыны байланыстыратын алтын көпір іспеттес.[4]    

Ақпаратқа деген қажеттілік адамзатпен бірге туып, бірге жасасып келеді. Қоғамдық дамудың әр түрлі сатысында хабар таратудың әдісі мен тәсілдері, құралы әр түрлі болады. Алаңға немесе биік мінберге шығып, халықтың алдында патшаның әмірін оқыған жаршылар, көрші мемлекеттерге көш түзеген елшілер мен жорық жайлы, қорғаныс, біріккен шабуыл жоспарының мән-жайын жеткізген жаушылар, жартастарға қашалып жазылған жазулар, үңгірлер қабырғасындағы суреттер мен белгілер, т.б. бәрі – ақпаратты жаһанға жария етудің қарапайым жолдары, өмірдің өзі тудырған көріністер еді[5].

Уақыт өте келе, қоғам өмірінде тың өзгерістер бола бастады. Ақпарат таратудың жаңа түрлері дүние есігін қақты. Адамзат өркениеті түрлі техникалық жетістіктер жемісін пайдалана отырып, хабар жеткізудің озық тәсілдеріне қол жеткізді. Дамыған, алдыңғы елдердің тәжірибесіне енген жаңалықтар XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың бас кезінде қазақ сахарасына да жетті.

Дәл осы ретте қазақ оқығандарының ой-толғамдарына жүгінуге тура келеді. Көсем сөздің алғаш анықтамасын берген А.Байтұрсынов: «Әлеумет, шаруалық, қазыналық, мектептік, соттық, саясаттық тағысын тағы, сондай қоғамшылық істерін түзету, жаңалау, өзгерту керек болған кезінде халықты соған көсем сөз арқылы ұйытып, көбінің миына қондырып, көңіліне сіңіреді. Көсем сөз күндегі мәселе жайын сөйлейтін сөз болған соң, кезіндегі шығып тұрған газет-журналдар жүзінде шығады. Көсем сөз әлеуметке басшылық есебінде айтылатын сөз болғандықтан жұрт ісіне мәні зор болады. Басшылығы дұрыс болса, әлеуметті түзейді, теріс басшылық қылса әлеуметті адастырады. Солай болған соң, көсем сөз жазып, әлеуметке басшылық қылатын адам көпті көрген көсем, білімді адам боларға керек… »[6]

Қазақ оқыған азаматтарының басты мақсаттарының бірі не еді? Ол – өз   халқының мұң-мұқтажын айтып, жастарды оқуға, кеңінен білім алуға шақыру еді. Ресейде болған 1905 жылғы революциядан кейін қазақша газет, журналдар көбейді. Яғни, бұл кезде қазақ тілінде алты газет-журнал шықты. Жоғарыда айтылған қазақ тіліндегі алты басылым мыналар еді: «Серке» газеті 1907 жылы Петербургте, «Қазақ газеті» 1907 жылы Троицкіде, «Қазақстан» 1911-1913 жылдар аралығында Ордада, «Айқап» 1911-1915 жылдар ішінде Троицкіде басылып шығып еді.[7] Сонымен қатар, «Ешім даласы» 1913 жылы Қызылжарда, «Қазақ» 1913-1918 жылдар аралығында Орынборда басылып шықты.

       «Серке» газетінің өмірі қысқа болды. Оның бір-екі саны шығып, тоқтап қалды. Газет негізінде либералдық бағыт ұстады. Газеттер жалпы алғанда ағартушылық-демократтық бағытта болды. «Қазақ» – либералдық-ағартушылық бағытта болды.[8]

Жоғарыда аталған қазақ басылымдардың көбі дерлік халықты, әсіресе жастарды оқуға шақырды. Қазақ халқына деген жанашыр дауысты осы басылымдар бойынан анық көреміз. Еліміз көшпелі өмір салтын кешіп, оқуға деген ынтасы дамымай тұрғанын көзі ашық, көңілі ояу жас ақын-жазушыларымыз көре білген. Ел қамын жеп, халық мұқтажын Ресей патшалығының назарына көрсетпек болған. Бірақ нақ сол кезде 1905 жылы Ресейде бірінші революция басталып, ел ішінде саяси қозғалыс өріс алды.

     Қазақтың оқыған азаматтары Міржақып Дулатұлы, Шаһмардан Қосшығұлов, Әбдірашид Ибрагимов, Е.Бұйрин, Б.Қаратаев, Ш.Бөкеев сынды ақын-жазушыларымыз бұл орыс революциясының дүмпуін өз елінің пайдасына шешуді қалады. Қазақ халқына арнап алты басылым шығарды. Халықты оқуға, білімге ден қоюға шақырды.

     Біз қазіргі гүлденген Қазақстанда  өмір сүріп отырмыз. Қазақ халқы, әсіресе жастар осынау оқыған азаматтарымыздың елге еткен еңбегін, бастарын қатерге тіге жүріп газет-журнал ашып, мақалалар, өлеңдер жазғанын ұмытпаймыз. Олар қазақтың отаршылықтан азат болып, оқыған ел болуын қалады.

     Қазақ халқына арналған баспасөздерде 1905-1907 жылдардағы революция көп жаңалықтар еңгізді.

 1905-1907 жылдардағы қазақ баспасөзі, қазақ еңбекшілерін революцияға қарсы күреске қатыстыруда үлкен роль атқарды. Қозғалысқа басшылық етуде бұл баспасөз жергілікті партия ұйымдарының жауынгер қаруы болды. Кейбір қазақ басылымдары патшаның указын орындамауға, патша алдында халықты құрдай жорғаламауға үндеді. Орасан зор қиыншылықтарға қарамастан, қазақтың оқыған азаматтары соғыстың империалистік сипатын әшкерелеу үшін, соғыс, бітім, және революция мәселелері жөніндегі тактиканы насихаттау үшін барлық құралды, әсіресе баспасөзді пайдаланды. Қазақ оқығандарының бірқатары жергілікті фактілерге негізделген революциялық әдебиет шығаруға кірісті. Орынбор губерниясындағы Троицк партия ұйымы жасырын баспаханада орыс және қазақ тілінде листовка шығарды.[9]

 1905-1907 жылдары Ресейде болған бірінші орыс буржуазиялық революциясы шығыс халықтарының да арасында ұлт-азаттық, мәдени-ағартушылық қозғалыс тудыруға әсер етті. Ресеймен және басқа елдермен ерте араласып, өнер мен білімге қазақтардан гөрі бір табан жақын тұрған татарлармен біздің бабаларымыздың қандас әрі аралас-құралас болуы Қазақстанда да мәдени-ағарту жұмыстарының жандануына белгілі дәрежеде септігін тигізді. Бұлай дейтініміз, сол кезеңде Қазан, Уфа, Троицкі баспаханаларында едәуір қазақ кітаптары басылып шықты.

Мысалы, 1906 жылы ашылған Ғалия медресесін 1916 жылға дейін 930 шәкірт аяқтаса, соның 154-і қазақ жастары болған. Кезінде Ғалия медресесінде оқыған башқұрттар «Парлақ», қазақтар «Садақ» деген қолжазба әдеби журналдар шығарып тұрған. Бұл басылымның ұйымдастырушы, шығарулары – Бейімбет Майлин мен Жиенғали Тлепбергеновтар болды. «Журналымыздың мақсаты – оқуға кеткен қазақ жастарына жол-жоба көрсетіп, қалам ұстауды, сөз жазуды үйрету, өткендегі өмірдің жақсылық жағын өнеге етіп, жаманшылығынан безіндіру болып табылады», – деп жазды редакция алқасы.

Сол кезеңде жарық көрген татар басылымдарының орны ерекше. Тек 1905-1907 жылдары Ресейде татар тілінде 33 мерзімді басылым шығып тұрған. Татар халқының көрнекті өкілі, саяси қайраткер Абдурашид Ибрагимовтың редакторлығымен «Үлфәт» газетінің алғашқы нөмірі 1905 жылы 11 желтоқсанда шықты.[10]

        Қазақ тіліндегі алғашқы газеттерінің бірі – «Қазақстан». Газеттің бұлай аталуының өзінен жаңа заман лебі сезілгендей. Алғаш Орда қаласында, одан араға алты ай салып Орал қаласында қайтадан бірінші саннан бастап шығуы бұл газеттің көп қиындыққа душар болғанын көрсетеді. Оны шығаруда Ғ.Қарашев, Е. Бұйрин, Б. Қаратаев, Ш. Бөкеев сынды қазақтың абзал азаматтары аянбай еңбек етті. «Қазақстанның» бірінші саны 1911 жылы жарық көрді.[11]

     Петербург үйлерінде Абай өлеңдері, Құрманғазы мен Тәттімбет күйлері естіліп жатты. Мұның арты қазақ халқының бостандығы туралы, оның патша өкіметінен көрген қысымы жайлы ұзақ әңгімелерге айналатын. Қазақ зиялыларын  қатты толғандыратын бірде бір патша әкімдері мен министрлерінің туған халқының талаптарымен санаспайтындығы еді. Осындай жиындардың бірінде Санкт-Петербургте  «Серке» деген атпен қазақ баспасөз орталығын ашу ұйғарылды, «Серке» деген ат жайлы Шаһмардан Қосшығұлов өз естелігінде: «Серке бір отар қойды боранда дұрыс жолға алып шығады, — деп жазды, — олай болса «Серке» газеті езілген қазақ халқына дұрыс жол көрсететін, оның ұлттық сана-сезімін оятатын жолбасшы болу керек».

     1907 жылы наурыздың 28 күні Шаһмардан Қосшығұловтың қаражатына А.Ибрагимовтың басшылығымен  «Серке» газетінің алғашқы саны татардың апталық «Ульфат» газетінің қосымшасы ретінде жарық көрді.

     Шаһмардан Қосшығұлов 1869 жылы, Ақмола облысы, Алтай станциясында дүниеге келген. Ресейде Омбы облысында Марьяновка станциясында қоғам қайраткері  Науан хазіреттен дәріс алып, одан кейінгі білімін Бұқара медресесінде жетілдірген. 1903 жылы Көкшетау уезінде Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы күреске шақырған үндеу хат таратқаны үшін Сібірге айдалып, 1905 жылы бірінші орыс революциясы дүмпуімен айдаудан қайтқан. 1906 жылы қаңтарда Санкт-Петербургте өткен Бүкілресейлік мұсылмандардың 2-ші съезіне делегат болды. Съезд мұсылмандардың халықтық саяси партиясын құру қажеттігін қуаттаған. Ш.Қосшығұлов партия бағдарламасын жасау жөніндегі комиссия құрамына сайланды. 1906-1907 жылдары Бірінші Мемлекеттік Думаға Ақмола облысынан депутат болып сайланды. Алайда комиссия орыс тілін білмейді дегенді алға тартып, оны Дума мүшелігіне тіркемеген. 1906 жылы Нижний Новгородта болған Бүкілресейлік мұсылмандардың  3-ші съезіне қатысып, оның төралқасына сайланды. Ол съездің ағымдағы саяси ахуал, оқу және дін істері жөніндегі қаулыларын әзірлеуге қатысқан. Съезде құрылған  «Ресей мұсылмандар одағы» ұйымының құрамына сайланды. Екінші Мемлекеттік Думаға депутат болды. Мұсылман фракциясының құрамына енді. «Серке» газетін шығаруға атсалысты, діни және ағартушылық істермен шұғылданды. Кеңес өкіметі тұсында молда ретінде ұдайы қуғын көріп, саяси қыспаққа ұшыраған.

Сонымен, айта кеткеміз келетін бір жәйт, сонау қиын-қыстау патша заманында елі үшін, халқының келешегі үшін қам жеп, Сібірге айдалған азаматтарымыздың кеңес заманында қудалануы бізді қатты қынжылтады. 

Бұл тақырыптың өзектілігіне келер болсам, қазақ журналистикасының тарихын зерттеп білу әр журналисттің борышы деп айтсам, артық айтпас едім. Журналистика тарихы әр уақытта, әр кезеңде өзекті де, маңызды болып табылады. Өз тарапынан «Серке» газеті 1905-1907 жылдарда Ресейде болған бірінші революция екпінімен шыққан баспасөз түрі. Қиын-қыстау кезеңде жарық көрген «Серке» газетінің өмірі қысқа болды. Бұл газет жайында Б.Кенжебаевтің «Қазақ баспасөз тарихынан мәліметтер» деген кітабында бірталай мағлұматтар берілген және де Мұхаметжан Сералиннің оқушыларға арнап жазған бас мақаласында да айтылған. Негізінен «Серке» газеті жайлы сөз қозғаған мағлұматтар өте аз, сондықтан бар табылған және сақталынған мәліметтер өте құнды болып есептеледі. «Серке» газеті жайлы бар мағлұматтарды жинақтап, іріктеп, «Серке» газетінің тарихтағы орнын зерттеп, осы бітіру жұмысымды жазғалы отырмын.

 Бітіру жұмысымды осы тақырыпта жазуымның басты мақсаты: қазақ тіліндегі алғашқы басылым «Серке» газеті туралы сөз қозғау.  Кезінде «ұлт қамын ойлап, шарқ ұрған» «Серке» газеті әлі де болса толық зерттеліп, бағасын ала қойған жоқ еді. «Серке» газетінің тарихтағы орнын зерттеп, бағалау болып табылады.

Міндеттерім:

– Қазақ баспасөзінің тарихын қарастырып, шығару;

– Міржақып Дулатұлы «Серке» газетінің жабылуының басты себепкері жайлы сөз қозғау;

–  «Серке» газетінің қазақ журналистикасының дамуына әсерін бағалау;

– Бүгінгі таңда «Серке» газетінің журналистика тарихы үшін зерттелуінің деңгейін анықтау.

 

 

        Тақырыптың зерттелу деңгейі.

«Серке» газетіне  қатысты мәліметтер Б.Кенжебаев «Баспасөз тарихынан мәліметтер», Бауыржан Жақып «Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары», Бекхожин Х. «Қазақ баспасөзінің даму жолдары»,С.Қозыбаев «Әлем баспасөзі тарихынан», Қожакеев «Көк сеңгірлер» кітабынан алынды және т.б.

Зерттеудің тәсілдік негіздері. Бітіру жұмысымда теориялық талдау, салыстырмалы-сараптамалық баға беру және ғылыми тұрғыда тұжырымдап дәлелдеу әдістерін қолдандым.  Журналистік зерттеудің пайда болуынан бүгінгі күнге дейінгі даму динамикасын теорялық-танымдық тұжырымдарға сәйкестендіріп, салыстырмалы түрде зерттедім.

Зерттеудің негізгі нысаны. Басты деректемелік негіз ретінде ҚР Ұлттық Кітапханасы деректеріне сілтеме жасадым. Сондай-ақ, қазақстандық  басылымдар мен ғылыми туындылар да негізгі құрал ретінде пайдаланылды.

Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытынды, сілтемелер мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I ТАРАУ. ҚАЗАҚ ПУБЛИЦИСТИКАСЫ МЕН «СЕРКЕ» ГАЗЕТІНІҢ ТАРИХЫ

 

               1.1 Қазақ газеттерінің тарихы

 

Қазақ публицистикасы жаңа түр, жаңа сипат, жаңа саяси маңыз алып тарих аренасына шыққан кез – XIX ғасырдың II-ші жартысы болып саналады. Мұны қазақ баспасөзінің тарихын тұңғыш зерттеуші, прфессор Х.Н.Бекхожин да құптаған. Ал профессор Т.С. Амандосов болса: «Түркістан уалаята» (1870-1882), «Дала уалаяты» (1888-1902), «Торғай газеті» (1895-1910) газеттері және «Айқап» журналы (1911-1915) қазақтың демократиялық бағыттағы публицистикасының дамуына және қалыптасуына едәуір әсер етті. Бұл газеттер мен журналдарда істеген прогрессивті бағыттағы қазақ оқығандары ана тіліміздегі публицистика жанрларының пайда болуы, оның дамуы жолында жемісті еңбек етті», – деп атап көрсетті. «XIX ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақ әдеби тілі» деген мақаласында Р.Сыздықова: «… бұл газет («Дала уалаятының газеті» – Б.Ж.) қазақ тілін дамуын зерттеуде екі жақтан қызғылықты болып шығады: 1) публицистика – баспасөз стилинің алғашқы үлгілерін байқауда; 2) осы стиль және көркем проза стилі бойынша тұңғыш аударма тәжірибелерін бақылауда» – деген тұжырым айтты. Профессор Б.Кенжебаев та қазақ баспасөзінің тарихына байланысты көптеген ойлар білдіріп, алғашқы қазақ басылымдарында прогрессивті – демократиялық ой бой көрсеткеніне баса назар аударды. Алғашқы басылымдарының бірі – «Айқап» журналындағы қоғамдық-саяси көзқарастардың жалпы қазақ ойының өрістеуіне тигізген әсерін академик С.З.Зиманов өз еңбегінде жан-жақты дәлелдеп берді. XIX ғасырдың аяғы мен  XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы идеялық-саяси ағымдарды көрсету барысында ғалым К.Бейсембиев те баспасөз айнасына жүгінді. Ал экономист ғалым Д.Қабдиев «Қазақстандағы экономикалық ойдың шаруа-демократиялық бағытының өкілдері 1911-1915 жылдары шыққан «Айқап» журналының төңірегіне топтасқандығы», – ашып, ажырата зерттеу объектісіне айналдырды. Қазақстанның революцияға дейінгі историографиясын (тарихтың жазылуын) зерттеген профессор Д.И.Дулатова да екі ғасыр тоғысындағы газет-журналдардың тарихи ойды қалыптастырудағы орны мен рөліне ерекше тоқталады.[12]

Сонымен Қазақстанда публицистиканың қалыптасу кезеңі 1870 жылы «Түркістан уалаятының газеті»  – қазақ топырағында туып, қазақ сахарасына алғаш тараған тұңғыш газет еді. Патша үкіметі өз бұйрық-жарлықтарын қазақ тілінде жергілікті халық өкілдеріне жеткізу үшін қазақша газет шығаруды қажет етті. Сондай-ақ сол кездегі қазақ оқырмандарының ұлттық талаптарының бірі – ана тілінде газет шығару мәселесі болатын. 1868-1869 жылдардағы патша үкіметінің Уақытша ережелеріне сәйкес Қазақстан территориясы үш генерал-губернаторға бағындырылды. Ақмола және Семей облыстары Батыс Сибирь генерал-губернаторына, Орал және Торғай облыстары Орынбор генерал губернаторына, Жетісу, Сырдария облыстары Түркістан генерал-губернаторы болып, генерал Константин Кауфман тағайындалды. Ол 1868 жылы Петерборға барған сапарында газет шығарудың қамына кірісті. Сөйтіп 1870 жылы 28-ші сәуірде (10-мамыр) Орта Азиядағы тұңғыш отаршыл орыс газеті «Туркестанские ведомости» жарық көрді. Сол газеттің қосымшасы қазақ және өзбек тілдерінде шығарыла бастады. «Түркістан уалаятының газетін» қазақ тілінде шығару  – отаршылдық саясатты күшейту, патша жарлықтарын қазақтарға өз ана тілінде жеткізе отырып, бағындыру мақсатынан туған еді. «Аталған «қосымша» Түркістан ведомостыларының редакциясына қаражат жағынан болмаса, басқа ешқандай қатысы болған жоқ. Осы жағдайда ол 13 жыл бойы, 1883 жылға дейін шығып тұрды. Газетті шығарушы басында генерал-губернатордың тілмашы Ибрагимов, ал кейін генерал-губернатор канцеляриясының тілмашы Чанышев болды…».[13]

Газеттің редакторы – Шаһмардан Мирасұлы Ибрагимов, ұлты – башқұрт, білімді, орыс тілін жетік меңгерген адам болған. Ол Шоқан Уалихановпен таныс, тіпті жақын дос болған деген деректер де бар. Ол газет ісіне басшылық жасаумен бірге, қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін жинақтап, басылымның биресми бөлімінде ондаған ғылыми мақалаларын жариялады.

Газеттің мақсат-міндеті, бағыт-бағдары орыс тілінде шыққан «Туркестанские ведомости» басылымының алғашқы нөмірінде айқын көрініс тапты. Онда былай деп жазылған: «Біздің пайымдауымызша, Түркістан өлкесінің қазіргі әкімшілігінің міндеті мынандай: орыс өкіметіне бағынған халықтарды екінші мәрте жеңу. Бірақ оларды қара күшпен емес, ақыл-оймен және рухани басымдылықпен жеңіп шығу. Орыстырдың Орта Азияға әкелген қоғамдық және әкімшілік құрылымы жергілікті жұрт бұған дейін бірнеше ғасырлар бойы тікелей мойынсұнып келген құрылымнан әлдеқайда жоғары және жемісті екендігін сезінуге мәжбүр ету. Бұл басымдылық бұратаналардың көз алдына жылдам және өздігінен айқындала салады деп күтіп отырмау керек. Ескі әдет-ғұрыптар өміршең, оларды түбегейлі жою үшін бірте-бірте әрекет жасау қажет. Бұратаналарды жаңаша ұғымдарға, жаңа өмірдің жағдайларына тәрбиелеу керек…»[14]. Сонымен патша өкіметінің отаршылдық саясатының түпкі мақсаты – жергілікті халықтың санасында өзгеріс жасауға бағытталды. Сол үшін де қазақ халқына түсінікті тілде газет шығару қолға алынған болатын.

Қазақ баспасөзінің тарихын зерттеуші Х.Бекхожин «Түркістан уалаятының газетінің» нендей мақсатпен шыққандығын дәл айқындап берді: «Бұл газеттер қазақ халқының қамын ойлап, оның әлеуметтік-шаруашылық және мәдени-ағарту тілектерін ескергендіктен шығарылған жоқ, патша үкіметінің отаршылдық саясатын күшейте түсу, оның бұйрық-жарлықтарын жергілікті халықтардың ана тілінде жариялап, сөзсіз орындаттыру, сондай-ақ, оның ресми көзқарастарын халық арасына кең таратып, қол астындағыларды шексіз бағындырып ұстау мақсатын көздеді.

Алайда патша үкіметінің екі жүзді мақсатына қарамастан, Қазақстанда мәдениеттің дамуына мерзімді баспасөздің пайда болуы елеулі әсер етті…»[15]

Бұл газет Ресейдегі түркі тілдес халықтардың да алғашқы басылымы еді. Татар оқығандары 1809 жылдан бастап 6-7 мәрте газет шығару мәселесін қойды. Бірақ империя әкімшілігі тарапынан рұқсат болмады. Татар тіліндегі мерзімді баспасөз тек 1905 жылы ғана жарыққа шықты. Әзірбайжан тілінде 1875 жылы, қырым татарлары тілінде 1883 жылы ғана газет шығарылды.

Газетте жарық көрген материалдарда XIX ғасырдың екінші ширегіндегі саяси ахуал, сол кезде өмір сүрген нақты шенді адамдар есімдері көрсетіліп тұрған. Мұның өзі ертеде жарияланған хабар-ошардың жылдар өте келе публицистикалық деректілігінің  құнды бола түсетіндігінің айғағы. Ақпаратқа түсініктеме берудің алғашқы нұсқалары да тұңғыш газет бетінен көрініс тапқан.

Қазақ тіліндегі екінші газет 1888 жылдың 1-қантарынан бастап шыға бастады. Омбы қаласында Дала генерал-губернаторының органы ретінде шыққан «Акмолинские областные ведомости» газетінің қосымшасы ретінде «Особое прибавление к Акмолинским областным ведомостям» деген атпен жарық көрді. Кейіннен 1894 жылдан бастап «Дала уалаятының газеті» деген атпен шығарылды. Бұл газеттің орысшасы «Киргизская степная газета» деп аталады. Газет редакторы ретінде И.Козлов, К.Михайлов, Г.Абазов деген адамдар қол қойған. Газеттің қазақшасын аудармашы қызметін атқарған Ешмұхамед Абылайханов пен Дінмұхамед Сұлтанғазиндер басқарды. Газетке қатысқан қаламгерлер Р.Дүйсенбаев, Қ.Жапанов, Б.Чалымбеков, А.Нөкербеков есімдерін атауға болады.

«Дала уалаятының газеті» – қазақ публицистикасының қалыптасуына үлкен әсер еткен басылым болды, әрі ірі қазақ публицистерінің мінбері болды. Газет ашылды. Ол тек патша үкіметінің бұйрық, жарлығын ғана жариялап отырса, газеттен келіп кетер пайда аз болар еді. Сол кездегі ақылды, парасатты қазақ зиялылары, оны халық санасын оятуға, ішкі-сыртқы саясаттан мол хабардар етуге пайдаланды. Бірақ ол өте қиын да қауіпті іс болатын. Орыс әкімдеріне қазақтың саяси ақыл-ойын алға сүйрейтін идеяларға толы мақалалардың жариялануы жақпады.[16]

Басты қатерге тіксе де, ретін келтіріп, жалпы қазақ ұлтының қамын ойлайтын қоғамдық жайларға мойын бұрып, сәті түссе ресми емес бөлімде тарихи маңызы зор мақалаларды жариялап жіберуді өз мақсатына айналдырғандардың бірі – газеттің қазақша нұсқасының редакторық жасаған Дінмұхамед Сұлтанғазин болды. Ол 1890 жылы «Біздің қазақ тілі туралы бес-алты ауыз сөз» деген мақаласында тіл тазалығы мен анықтығы туралы мәселені көтереді. Газеттің 1894 жылғы 12-нөмірінде «Кейінгінің қамын ойлап жазылған ақыл» атты хатты жариялаған. Бұл хат – асылы ең алдымен қазақтың көзі ашық оқығандарына, ал түптің түбінде бүкіл қазақ халқына жолданған хат.

Дәл осы білім-ғылым жолына түсудің бірден-бір жолы газет екендігін тайға таңба басқандай анық аңғартады. «Мұндай пайдалы білім шашатұғын нәрсе Дала уалаяты үшін шығарылмыш қазақ газеті деп білеміз. Көшпелі халықтың құрметті жақсы, атақты адамдары һәмма газеттің анық пайдалы екенін де біледі. Оның бер жағында қазақша газеттің әсіресе пайдалы екенін білсе керек. Бұл газет көз жетпейтұғын қыр даланың ішіндегі жатқан халықтың бірер нәрсеге мұқтаж тұрасында керекті. Бірінің айтқан ақылын біріне білгізеді. Егер де бұл ақыл мал бағып өсірмек, егін екпек, барша қыр даланың ішіндегі шаруаға һәм адамның ғұмырына тиесілі жауаптарға керекті болған болса. Жоғарғы айтылмышқа қарағанда біздің газет оқырмандарымыз хабар шашып тұрған бұл жалғыз газеттің қымбат, қадірлі екенін де білсе керек деп ойлаймыз…»[17]. Міне осы сөздерден Сұлтанғазин – редактордың газет шығаруды қандай мақсатқа бағындырғысы келетінін айқын айғартамыз. Ол тек патша үкіметінің шешімдерімен елді таныстырып отыратын, тілмаш, аудармашы, орыс отаршылдарының қолшақпары емес. Қайта әкімдерінің сеніміне кіре отырып, қазақша газетті өз қолына алып, сол арқылы қалың қазақтың санасын оятуға, білімін кеңейтуге, танымын ұлғайтуға күш салатын қайраткер-қаламгер екендігі айқын көрінеді. Мақаланың соңында: «Біздің оқу білген оқымысты адамдар, өлеңші, жыршы, ертегіші, хикаяшы адамдар ұмтылып жаһұт етіп жұмыстарын қолына алып оқушылардың пайдасы үшін мұны ынтық қылмақ үшін өздерінің білгенін, көргенін жазып тұрар деп көңіл айтамыз», – деп тұжырымдайды өз ойын. Шындығында да «Дала уалаятының газеті» қазақ халқының әдеби-мәдени, жалпы рухани тұрғыдан дамуында зор ағартушылық, тіпті қоғамдық-саяси рөл атқарған басылым екендігі – бүгін алыстан таудай «мен мұндалап» көрінеді.

Шын мәнінде Қазақстанда мәдениеттің дамуына мерзімді баспасөздің пайда болуы елеулі әсер етті.

«Дала уалаяты газетінің» бетінде отырықшылыққа көшу мәселесі, оның артықшылықтары туралы материалдар да жарияланады. Қазақтың ұлы перзенттері Шоқан, Ыбырай, Абай шығармаларында – отырықшылық тақырыбы көп қозғалды. Қорабай Жапанов жазғандарында да бұл мәселе қамтылады. Ол да қазақ елінің отырықшылыққа көшіп, егін салып, өркениет көшіне тез ілесіп кеткенін мақсат тұтқан қайраткерлердің бірі. Өзінің газет бетінде жарық көрген бір корреспонденциясында:«Біздің уездің қыр қазақтары егіншілікті жақсы меңгеруде. Енді әркімнің өз наны болады»[18] – деп қуана жазды.

«Дала уалаятының газеті» – қазақ публицистикасының қалыптасуында тұтас бір кезеңнің мектебі. Газетке әр жылдары қатысып, халық ішіндегі ірі қоғамдық-саяси мәселелерді қозғауда, экономикалық және рухани тақырыптарды қамтуда қазақтың қалам қайраткерлерінің үлкен шоғыры еңбек сіңірді. Олардың ішіндегі «Дала уалаяты газетінің» публицистік мектебін қалыптастырушы, көрнекті қаламгерлер ретінде Мәшһұр Жүсіп Көпеевтің, Зұлқарнайын Шөкіұлы Нұралыхановтың, «Алатау баласы» деген бүркеншік атпен қол қойған Барлыбек Сыртановтың, Жағыфар Аймановтың, Дүйсенбай Тұрапов, Жәке Тұрапов, т.б. есімдерін атауға болады.[19]

Қорыта келгенде, «Дала уалаятының газеті» шыққан 1888 жыл мен 1902 жылдың аралығы – қазақ публицистикасы қалыптасуының тұтас бір кезеңі деп тұжырым жасаймыз. Бұл публицистиканың баспасөзбен тоғысып, ірі қоғамдық мәселелерге араласа бастаған кезеңі. Әрине патшалық Ресейдің отаршылдық саясаты, оның қатал цензурасы қазақ көсемсөзінің қанатын кеңге жайғызбады. Бірақ, ірі публицистеріміз жол табуға тырысты, тіс арасынан сыздықтатып болса да көкейкесті қазақ мәселелерін алға тартты, ел құлағына жеткізді, болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдырды.

Қазақ баспасөз тарихында «Қазақ» газеті 1993 жылдың 2 ақпанынан бастап 1918 жылдың 16 қыркүйегіне дейін Орынборда шығып тұрған, ұлттық баспасөздің, әдебиет пен мәдениеттің дамуына үлкен ықпал еткен басылым еді. Оның редакторы – Ахмет Байтұрсынов, шығарушысы – Мұстафа Оразаев болды. Газетте Дулатұлы, Шәкәрім, Жұмабаев, Майлин, Әлихан Бөкейханов, М.Шоқайұлы, Е. Омарұлы, тағы да басқа қазақ қаламгерлерінің публицистикалық, көркем шығармалары жарық көрді. Сол кездегі қазақ саяси өмірі мен қоғамдық ойының белсенді өкілдері ұлттық басылым төңірегіне тоғысуы – кездейсоқ жағдай емес еді. Оларды бірлесе қимылдауға, қосылып іс-әрекет жасауға итермелеген – ғасыр басындағы қазақ жеріндегі қоғамдық-саяси ахуал, елдің ауыр халі болғандығына көзіміз енді жетіп отыр.

Демек, «Қазақ» газеті – сол кезеңнің шындық шежіресі, өмірлік айнасы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар, қалың көпшілікке жол сілтеген, ұлттық сана-сезімді оятуға үлес қосып, болашаққа бағыт-бағдар берген қоғамдық ойдың өлшемі еді.

Бұл басылымның қазақ халқының ұлттық даму жолындағы маңызды ролі жайында көптеген пікірлер бар. Солардың ішінде де газет туралы сол кезеңдегі ел зиялыларының нақты тұжырымдарға құрылған ойлары ерекше әсер қалдырады. Мәселен, Алаштың ардақты азаматтарының бірі – Смағұл Сәдуақасов өзінің «Қазақ әдебиеті» атты тарихи-талдау очеркінде: «…Айқаптан» кейін 1918 жылы қазақ әдебиетінің мақтанышы болған «Қазақ» газеті шықты.

«Қазақ» газетінің бетінде ең көп жазған Ә.Бөкейханов, М.Дулатұлы қоғамдағы барлық мәселелерді қозғап, болып жатқан оқиғаларды жіті бақылап, шолу жасап, кейбір кезек күттірмейтін жайттарға дер кезінде үн қатып, елді қауіп-қатерден сақтандырып, қазақты ұлттық бостандық жарығына бастап отырды. Олар Ресейдің отаршылдық саясатын әшкереледі, Қытайдағы қазақтар жайына да назар аударды, Қазақ даласының ішкі жағдайын үнемі назарда ұстады, сыртқы саясат мәселесімен, халықаралық байланыстармен елді таныстырып отырды, бірінші дүниежүзілік соғыс тақырыбын жан-жақты қамтыды, қазақтан әскерге адам алу мәселесінде оңтайлы шешім қабылдады, Ақпан төңкерісіне көзқарастарын білдірді, жеке Қазақ Автономиясын құруға шақырды. Сөйтіп, XX ғасыр басындағы қоғамдық-саяси істерге газет арқылы белсене араласты, елде публицистиканың басқарушылық, бағыт берушілік, ағартушылық, ұйымдастырушылық, үгітшілік функцияларын жүзеге асырды. Бұл тұрғыдан келгенде «Қазақ» газетінің публицистері қоғамдық-әлеуметтік ойға мұрындық болды, экономика, ауыл шаруашылығы, егіншілік мәселелерін сөз етті, жер мәселесін шешуге ұйытқы болды, оқу-ағарту, оқулықтар жасау, кітаптар шығару, әліппе, емле, жер игеру, кәсіп істеу, мәдениет, дін,  тіл проблемаларын шешуге көпшілікті ұйыстырды. Қазақтың оқыған зиялы қауымын бір ойдың, бір мақсаттың төңірегіне – ұлт азаттығын алу үшін күресуге жұмылдырды. Осыдан-ақ «Қазақ» газетіндегі публицистиканың – еліміз дамуына қосқан үлесінің өлшеусіз екендігін, ал «Қазақ» газетінің революция алдындағы қоғамдық ойдың нағыз орталығы болғандығын көруге болады.

XX ғасырдың басында бой көрсеткен алғашқы саяси-құқықтық идеялардың тууына осынау отарлық қамыт басқа салған құқықсыздық пен надандық ахуал түрткі болған еді. Бұл жерде біз саяси-құқықтық идея деп өмірдегі нақты жағдайдың, объективті ақиқаттың көріністері мен құбылыстардың пайымға салып түсінуге ұмтылушылықты айтып отырмыз. Саяси-құқықтық идея, сөз жоқ, қоғамда орын алып тұрған нақты саяси ахуал  және адамның өз құқығын қорғап әділдікке жету мүмкіншілігі жоқ жағдайды ақылға салып парықтаудың түрі болып табылады. Оның дүниеге келуі мен дамуының басты себебі – қазақ қауымы бастан кешіп отырған экономикалық, әлеуметтік, рухани кемсітушілердің шектен шыға шиеленісуінде жатқан-ды. Ойлы азаматтарды бұған қандай амал қолданбақ керек деген өзекті мәселе толғантты. Соның нәтижесінде зиялы жұртшылықтың басын қосып кеңес құру, ортақ мүддені айқындау және сол мақсатта бұқараның көзін ашу жөніндегі саяси мұрат өмірге келді.

1905-1907 жылдары Ресейде болған бірінші орыс буржуазиялық революциясы шығыс халықтарының да арасында ұлт-азаттық, мәдени-ағартушылық қозғалыс тудыруға әсер етті. Ресеймен және басқа елдермен ерте араласып, өнер мен білімге қазақтардан гөрі бір табан жақын тұрған татарлармен біздің бабаларымыздың қандас әрі аралас-құралас болуы Қазақстанда да мәдени-ағарту жұмыстарының жандануына белгілі дәрежеде септігін тигізді. Бұлай дейтініміз, сол кезеңде Қазан, Уфа, Троицкі баспаханаларында едәуір қазақ кітаптары басылып шықты.

Мысалы, 1906 жылы ашылған Ғалия медресесін 1916 жылға дейін 930 шәкірт аяқтаса, соның 154-і қазақ жастары болған. Кезінде Ғалия медресесінде оқыған башқұрттар «Парлақ», қазақтар «Садақ» деген қолжазба әдеби журналдар шығарып тұрған. Бұл басылымның ұйымдастырушы, шығарулары – Бейімбет Майлин мен Жиенғали Тлепбергеновтер болды. «Журналымыздың мақсаты – оқуға кеткен қазақ жастарына жол-жоба көрсетіп, қалам ұстауды, сөз жазуды үйрету, өткендегі өмірдің жақсылық жағын өнеге етіп, жаманшылығынан безіндіру болып табылады»[20], – деп жазды редакция алқасы.

Сол кезеңде жарық көрген татар басылымдарының орны ерекше. Тек 1905-1907 жылдары Ресейде татар тілінде 33 мерзімді басылым шығып тұрған. Татар халқының көрнекті өкілі, саяси қайраткер Абдурашид Ибрагимовтың редакторлығымен «Үлфәт» газетінің алғашқы нөмірі 1905 жылы 11 желтоқсанда шықты.

«Үлфәт» газетінің редакциясында прогрессивті, күрескерлік бағытты ұстаған мұсылмыан зиялылары қызмет етті. Оған көрнекті татар жазушысы Мұса Бигиевпен қатар Шаймардан Қосшығұлов секілді қазақ зиялылары да ат салысты. 1907 жылы Ш.Қосшығұлов пен Х.Ыбырайымовтың жетекшілігімен шығарылған қазақтың «Серке» атты газеті де осы «Үлфәт» газетіне қосымша ретінде жарық көрген.

 

1.2 «Серке» газеті –  қазақ қоғамындағы алғаш демократия жаршысы

 

 «Серке» газеті 1905-1907 жылдарда Ресейде болған бірінші революция екпінімен шыққан баспасөз түрінің бірі. Бұл газет жайында Б.Кенжебаевтың  «Қазақ баспасөзінің тарихынан мәліметтер» деген кітабында бірталай мағлұматтар берілген.

 «Серке» газеті 1907 жылы қазақ оқушыларына арналып, Петербургте шығып тұрған  «Үлфәт» газетіне қосымша ретінде Шаһмардан Қосшығұловтың басқаруымен, Хажы Ибрагимовтың редакторлығымен шыққан. Патша орындарының рұқсаты бойынша алғашқыда екі жетіде бір шығатын болып анықталса да, бірақ «Серкенің» екі нөмірі ғана шығып, тоқтап қалған. Жазылу бағасы бір жылға 2 сом, жарты жылға 1 сом 25 тиын, жеке саны 10 тиын.[21]

 «Серке» газетінің шығуы туралы 1911 жылы Мұхаметжан Сералиннің оқушыларға арнап жазған бас мақаласында айтылған: « 1907 жылы II мемлекеттік думаның мүшесі Шаһмардан Қосшығұловтың іжтиһатыменен Петербурда  «Серке» есімді журналы шыға бастап еді, ұзаққа бармай, үкімет тарапынан тоқтатылды». Газеттің шығуы жайында Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының Орталық Ғылыми кітапханасында Ш.Қосшығұловтың айтуымен жазылған қолжазба да бар. Ол жазбада «Серке» газетінің 3-4 нөмірі шығып тоқтағанын «Серке» деген не сөз, ол боранда қой бастайтын көсем мағынасында қолданатынұғы» деп түсінік берген.

1907 жылы Қосшығұлов Екінші Мемлекеттік Дума депутаты болды. Думада ол өз саяси пікіріне сәйкес жұмыс атқарды. Осында татарлардың «Үлфәт» газетіне қосымша түрінде қазақша «Серке» газетін шығаруға атсалысты. Ел ішін дендеген парақорлықтың халық сотын да шырмағаны, сөйтіп, әділет сынды қасиетті ұғымның қадірі кеткеніне жаны ауырғандығы болар, қазақ арасындағы сот жүйесінің әдет құқығы негізінде жұмыс істеуіне қарсы болды, шариғат құқығын басшылыққа алуды дұрыс деп есептеді. Ол бұл тұрғыда Думадағы көптеген мұсылман қайраткерлерімен бір сапта еді.

 «Нәжет» (азаттық) деген жинақта «Үлфәт» газетінің редакторының бірі деп қол қойған хабарда. 1906 жылдың ақырында  «Үлфәттің» қазақ оқушыларына арнап, қазақ тілінде «Серке» атты екі жетілік газет шығаруға қарар болды. Келесі жылдың наурыз айының басында сол газеттің жариялуы шықты. Артынша, 28 наурызда бірінші саны шықты. Ол «Үлфәт» газетінің 67-санына қосымша болып шықты. Газет шыққан соң бірер күннен кейін полиция келіп, қала начальнигінің «Серке», «Үлфәт» газеттерінің ұсталғаны туралы әмірін оқып, басқармадағы бар даналарын жинап кетті. Екінші күні тиісті орындардан сұрағанымызда, олар: «Серке» газетіндегі кейбір мақалаларда қазақ халқын үкіметке қарсы үгіттеу бар, содан ұсталды деп жауап берді» – делінген.[22]

 

 

Аталмыш газет қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік ой-пікірін оятуға, мәдени-әдеби дүниетанымын қалаптастыруға, кеңейтуге едәуір әсер етті. Саяси-экономикалық мәселелермен қатар оқу-ағарту ісінің жай-күйі, өнер-білімнің пайдасы, орыс мәдениетінің жетістіктері жарияланды. Сонымен қатар, қазақ әдебиетінің хал-қадірі, қазақ зиялылары мен ғалымдарының өмірі жайында бірқыдыру тарихи мақалалар, хабарлар да жария көрді.

Ал, бүгінгі таңда бұл газеттің жабылуына басты себеп белгілі ақын –журналист Міржақып Дулатұлының  «Жастарға» атты өлеңі мен «Біздің мақсатымыз» деген мақаласының жариялануы болды деген дерек бар.

Бүкіл қазақтың мақтанышы, халқының адал ұлы болған ақын-журналист М.Дулатов «Серке» газетіне өз атын ашық жазып та, бұркеме атын «Арғын» деп атап та өлең, мақалалар жариялады. Соның бірі патша шенеуніктеріне тікендей қадалған өлеңі «Жастарға» мен «Біздің мақсатымыз» мақаласы еді.

       Ақын ағамыздың «Жастарға» деген өлеңіне тоқталайық:

Найзаменен түртсе де,

Жатырсың қазақ оянбай.

Мұнша қалың ұйқыны

Бердің бізге, ой, алла-ай!

Бар ма екен біздей ғафыл жұрт,

Тарапқа көз салсақ.

Көзі іскенше ұйқыға

Келе жатқан тая алмай?

Етемін үміт жастардан,

Жаңа гүл шашқан бақшадай,

Мұратын оңай кім табар,

Жар салып жұртқа қақсамай?

Халыққа, жастар, басшы бол!

Қараңғыда жетектеп,

Терең судан өтер ме,

Мың қойды серке бастамай?[23]

 Бұл өлең шумақтарынан Міржақып Дулатұлының қазақ халқын оянуға шақырғаны айқайлап айтылып тұр. Ресейде бірінші орыс революциясы болып, большивиктер партиясы өз басылымдарын көптеп шығарып жатқан кез болатын. Патшаға қарсы үгіт-насихат жүргізу, жасырын баспахана құрып, листовка тарату кеңінен өріс алған тұс. Нақ осы кезде халқымыздың оқыған азаматтары, көзі ашық, көңілі ояу жанашырлары өз елінің тағдырын, болашағын ойламай қала алмады. Біз көшпелі ел болдық, отаршылдық әлі өмір салтына кірмеген кез еді. Қазақ халқына революция жаңалығын жеткізу де оңайға соқпады. Сол кездің өзінде ел ішінде патшаның өз адамдары болды. Патша өкіметі қазақ халқын құрсауда ұстап, ғылым-білімнен шеттеу ұстауға тырысты. Қазақ халқының сауатсыз болғанын көздеген патша өкіметі мектеп, медресе дегенді елге жолатпауға тырысты. Міне, осыны көре білген оқыған азаматтарымыз қазақ халқына: «Неге қалың ұйқыдан оянбайсыңдар?» – деп қынжылды.

Міржақып Дулатұлы «Жастарға» деген өлең шумақтарында жазғанындай бар үмітін жастарға артты. Ол жастардың елге, халыққа жаңалық, білім таратушы болуын қалады. М.Дулатұлы жастардың халыққа жар салуын, қайта-қайта елді еркіндікке, білімділікке шақыруын құптады. Ақын ағамыз халыққа басшы болуды, қарапайым елді алға шығаруды жастарға тапсырды. Ол жастардың «Серке» болуын қалады. Серкенің мыңдаған қойға бас болып, судан алып өтетінін тілге тиек етті.

Міржақып Дулатұлы «Арғын» бүркеншік атымен «Серке» газетінің 1907 жылғы тұңғыш санында «Біздің мақсатымыз» деген мақала жариялады.[24] Осы мақаланы да толығымен оқып, танысуды жөн көрдік:

«Қазағым менің, елім менің! Ең алдымен қазақ халқы – Ресейге тәуелді халық. Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті де керек емес нәрселерге жұмсалады.[25]

 Халық күйзелісін жан-тәнімен сезінген сандаған адам есепсіз қаражат шашып, Петерборға жол тартып, министрлердің табалдырығын тоздырады. Бірақ оған құлақ асқан министрлер болмады. Ал, қазіргі жағдайымызға көз жіберсек, сол мәртебелі министрліктер тағайындаған түрлі шенеуліктер мен стражниктер, урядниктер солардың пиғылдарын жүзеге асыру үшін қазақ жерінің төріне аттанып жатқанын көреміз.

 Өздеріміз көз жазбай байқап отырғандай, шенеуниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып-соғып, мал-мүлкін тартып алып, ойына не келсе, соны істеді. Енді шенеуніктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрпымызға, біздің молдаларға ғана тиісті неке мәселесіне де араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды. Енді бұл шенеуніктер қазақ даласына мыңдаған мұжықтарды жер аударып, қазақтардың суы мен шұрайлы жерлерін тартып әперуде. Шенеуніктерді арқаланған олар өздеріне жайлы қазақ жерін еркін иемденуде. Тұтас ауыл болып келіп, бұлар сорлы қазақтарды ұрып-соғып, бар мүлкін тартып алып кетуде.

  Қазақ жеріне бұл мұжықтарды не үшін жер аудартты? Әлде Ресейде жер аз ба? Шұрайлы жер аз емес, бірақ соның бәрі байлардың, дворяндардың, помещиктердің қолында, олар өз жерлерін ешқашан тегін бермек емес, ал аштан өлуге шақ жүрген мұжықтардың оны сатып алуға шамасы жоқ. Түрлі деңгейдегі министрлер, жоғарғы шенеуніктер мен генералдар Россияда көбейіп келе жатқан мұжықтардан құтылу үшін оларды біздің қазақтардың арасына жер аударуда және ең бай қазақтар бұрынғысынша өз жерінің қожасы болып қала береді. Оны өздерініз білесіздер.

  Бірінші Думада депутаттар халықтың талап-тілегін білдіре отырып, бүкіл байлар мен қазына жеріне аштық пен жоқтыққа ұшыраған миллиондаған халықты қоныстандыру жөнінде заң шығарып, байлар мен қазына, шіркеу жерін көркейтуге күш салатын адамдарға беру жөнінде айтты. Осы сөзден қорыққан олар Думаны қуып, таратып жіберді.

  Бүкіл Ресейді генералдарға бөліп берді. Соғыс жағдайын еңгізіп, 87-статья бойынша әр жерлерде дала соттарын құрды. Бұл соттардың шешімдері бойынша жанымен, тәнімен туған халқына берілген азаматтар асылып, атылып кетті. Қазірдің өзінде мыңдаған ерлеріміз шалғай жерлерде жүр немесе түрмелерде отыр».

Бұл мақаласында Міржақып патша үкіметінің ұлт аймақтарындағы отаршылдық саясатын сынап, бұратана халықтарға көрсетіп отырған қиянатын, зорлық-зомбылығын әшкереледі. Осы үшін газет нөмірі бірден кәмпескеленіп, одан әрі шығарылуына тыйым салынды. Бұл «Серке» газетінің соңғы жарыққа шыққан нөмірі еді…

«Серке» газеті 1907 жылы «Үлфәт» газетіне қосымша ретінде шыққаны белгілі. Енді «Үлфәт» газеті тарихы жайлы сөз қозғайық…

1905-1907 жылдары Ресейде татар тілінде 33 мерзімді басылым шығып тұрған. Оның 21-газет, 12-журнал болатын. Осы басылымдардың ішінде түркі тілдес мұсылман халықтарының тарихынан мол мәлімет беретін мерзімді баспасөздің бірі – «Үлфәт» газеті.

«Үлфәт» газеті Ресей мұсылмандарының тарихында бүкіл қоғамдық ой-пікірдің өрлеуіне мүмкіндік туып, патшалық әдейі тұмшалаған ұлттық сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезеңде, бірінші орыс революциясы жылдары дүниеге келді. Осы тұста И.Гаспринскийдің «Тәджіман» газетінен кейін бүкіл Ресей мұсылмандарының мүддесін қорғап, азаттық ұранын көтерген «Үлфәт» газеті болды.[26]

Жалпыресейлік мұсылмандық қозғалысқа ат салушылар бар үмітін Мемлекеттік Думаға артты. «Үлфәт» газетінің редакторы А.Ибрагимов мұсылмандар сайлау науқанында ұйымшылдық танытып, Думаға көбірек мұсылман депутаттарын еңгізсе, бәлкім, бірер министр мұсылманнан тағайындалар деген үміт те болды. «Үлфәт» газеті мемлекеттік Думадағы мұсылман фракциясының қызметін зерттеуде құнды тарихи дерек болып табылатындығы айтпаса да түсінікті. Бірінші және екінші Мемлекеттік Думаларға қазақ депутаттары осы мұсылман фракциясы құрамына енді. Бұл газетте Мемлекеттік Думаға сайланған қазақ депутаттарының атқарған қызметтері жайлы мол мәлімет берілген. Құжатта Думадағы қазақ депутаттары мұсылман фракциясына кірер алдында қазақ халқының талап-тілектерін тұжырымдап алғаны айқын көрінеді. Онда қазақ халқының жер, дін, сот, мәселелері көтерілген.

А.Ибрагимов бірінші орыс революциясына дейін-ақ күрескер ретінде көпшілік қауымға танымал болған-ды. 1905 жылы саяси оқиғалардың сәтінде-ақ Бүкілресейлік мұсылман съезін өткізу мәселесін көтеріп, оның негізінде ұйымдастырушысы болды. «Үлфәт» және «Тилмиз» газеттерін шығарып, оның беттерінде орталықта болып жатқан саяси оқиғалар мен Ресей мұсылмандарының саяси-әлеуметтік мәселелерін үзбей жариялап тұрды. «Үлфәт» газетінің алғашқы нөмірінде «Автономистер одағының» құрылғандығы хабарланды. Онда «Автономистер одағының» түз халықтарын азаттық күресте жақындастыра түскен ірі саяси оқиға ретінде бағаланды. Сонымен бірге қараша айында өткен автономистер съезінің қарарлары жарияланды.

Аталмыш газетте Ш.Қосшығұловтың екінші Думада атқарған қызметіне шолу жасалған. Онда Ш.Қосшығұовтың мұсылман фракциясы мәжілісінде Семей облысының 300 қазағы жер жанжалына байланысты генерал-губернатор Назаровтың әмірімен жер аударылғанын, олардың бүгінгі күні халдерінің ауыр екендігін көтергені айтылған.

Мұсылман фракциясы құрамындағы қазақ депутаттарының қызметі жайында басқа да мұсылман басылымдарында жазылып тұрған. Олар көп жағдайда «Үлфәт» газетінен алынып отырған.    

«Үлфәт» газеттері беттерінде 1905-1907 жылдардағы қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік мәселелеріне қатысты мол мәліметтер берілген. 17 қазан манифесінің мән-жайын қазақ халқына түсіндіру, олардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру мақсатында «Үлфәт» газеті бетінде М.Тынышбаевтың «Тар заман» атты мақаласы, Ж.Сейдалиннің осы тарихи сәтте қазақтардың белсенді азаматтарын бас қосып, съезд жасауға шақырған үндеуі жарияланды.

Мұның өзі «Үлфәт» газетінің қазақ даласында да тарағанын аңғартса керек.

«Үлфәт» газеті бүкіл Ресей мұсылмандарының мүддесін қорғаушы органы ретінде осы кезеңде өріс алған жалпыресейлік мұсылмандық қозғалысқа ерекше көңіл бөлді. Газеттің редакторы А.Ибрагимов осы қозғалыстың бел ортасында болды. 1905 жылы 15 тамызда Нижний Новгород қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезі Ресей мұсылмандарын өзара байланыстырып, іс-әрекетін бір ізге түсіріп отыратын ұйым құру қажеттігін бір ауыздан қолдап, бұл ұйымның бағдарламасы мен жарғысын әзірлеуді А.Топчибашев пен А.Ибрагимовке тапсырған еді.

«Үлфәт» газеті бетіндегі материалдар Мемлекеттік Думадағы мұсылман фракциясы мен «Ресей мұсылмандар одағының» өзара тығыз қарым-қатынаста болғанын көрсетеді. «Ресей мұсылмандар одағының» мүшелері фракция мәжілістеріне қатысып, мұсылмандарға қатысты заң жобаларын әзірлеуге ат салысты. Бұл ұйымның көптеген мүшелері Мемлекеттік Думаларға сайланып, мұсылман фракциясының қызметіне тікелей араласты.

1907 жылғы маусым заңынан кейін империяда етек алған реакциялық саясат көп ұзамай «Үлфәт» газетіне де өз әсерін тигізбей қоймады. Әкімшілік орындары бұл газетті мемлекетке қарсы әрекет етуде деген желеумен редакцияға бірнеше рет айып салды. Мұндай әрекеттер «Үлфәт» газетінің жабылуына алып келді. Оның редакторы А.Ибрагимов шетелге эмиграцияға кетіп, онда азаттық идеясын насихаттаған «Тағариф муслиман» (мұсылман прогрессі) атты жаңа журнал шығару ісін қолға алды.

Ресейдегі түркі тілдес халықтардың XX ғасыр басындағы тарихын зерттеуде «Үлфәт» газеті мәліметтері бүгінгі таңда кеңінен тартыла түсуі тиіс. Оның редакторы А.Ибрагимовтың қоғамдық-саяси қызметі жан-жақты зерттеліп, мұсылман халықтарының азаттық жолындағы күресінде алатын орны оң бағалануы керек.

 

1.3 Міржақып Дулатұлы «Серке» газетінің жабылуының басты себепкері

 

Зиялы азаматтарымыздың бірі, қазақ поэзиясы жарық жұлдыздарының бірегейі – Міржақып Дулатұлы. Еңбек жолын ауыл мұғалімі болудан бастаған ол саяси-әлеуметтік жұмыстарға араласа келе, бұл істегі баспасөздің ролін тез түсіне қойған. Көңілдегі ой-пікір мен игі идеяны қалың бұқараға жеткізуде, мемлекеттік үлкен мәселелер төңірегінде қоғамдық пікір қалыптастыруда газет-журналдың аса қажетті құрал екеніне көзі жеткен. Жиырма жасынан кейін-ақ өзінің бүкіл шығармашылық өмірін баспасөзбен байланыстырған.

М.Дулатұлы журналистік қызметін Петербургтен бастаған. Бірінші орыс революция тұсында онда татар тілінде «Үлфәт» атты газет шығып тұрған. Міржақып 1906 жылы Кадеттердің Оралда өткен съезіне қатысады да, артынша оның делегациясы құрамында Петербургке кетеді. Бара салып «Үлфәт» редакциясымен байланыс жасайды. Қазақ оқушыларына арнап, оның «Серке» атты қосымшасын шығаруға келіседі. Келесі жылдың наурыз айының басында «Үлфәт» газеті бірнеше рет мынадай хабарлама жариялады: «Серке» есімінде нағыз қазақ тілінде бір журнал шығармақ пікірдеміз. Бірінші нөмірі осы наурыз ішінде шықса керек. Алушыларға хақы: бір жылға екі теңге, жарты жылға бір теңге 25 тиын. Бірмелеп нұсқасы 10 тиын.[27]

Айтқандай-ақ, «Үлфәттің» сол жылғы 28 наурыздағы 67-нөміріне қосымша ретінде «Серке» газетінің бірінші нөмірі жарық көрді.

«Серке» журнал емес газет болып шықты. Оны дайындап, жарыққа әкелуде М.Дулатұлы үлкен еңбек сіңірді. Бірінші нөмірінде «Жастарға» атты өлеңін жариялады. Бұл өлеңінде жастар алдына үлкен міндеттер қойып, оларға зор сенім артты. «Біздің мақсатымыз» атты мақаласында патша үкіметінің бұратана халықтарға көрсетіп отырған зорлық-зомбылығын әшкереледі. Бұл мақала «Серке» газетінің жабылуына басты себепкер болды…

Сәті түспеген «Серкеден» кейін Міржақып «Айқаппен» байланыс жасады. Алғаш оның қызметін аса жоғары бағалады. Екі жылдығына арналған «Айқапқа» атты өлеңінде журналдың ел ішіндегі оң істерге сүйініп, теріс істерге күйініп, мұң-мұқтажды күзеткенін, жұрттың қамын ойлап, өз бұрышын ұққанын, елдің жүрек қанын, көз жасын қозғағанын,адасып теріс ыққанын түзу жолға салғанын, ақиқатты тура айтып, жасқанып, жасып бұқпағанын шабыттана жырлады. Қазақтан шыққан «жүйріктердің» шабысын көрсеткенін, қаламы өткір білімпаздардың дабысын алысқа жеткізгенін паш етті. Осы игі ісі үшін журналды ерлік көрсеткен «сырттаным», «жарқырай жанған жұлдызым» деп таныды.[28]

Оның әрбір публицистикасынан-ақ «Жуан жұдырықтар қазақ қырғызға істеп отырған зорлығын тоқтататын болсын», «Қазақ қырғыз съезіне еңбекшілер табын жақтайтын, жанын аямай қызмет қылатын жігерлі, ақ жүрек, таза адамдарды сайлаңдар», «Кеңес өкіметі орнаған соң капиталға қарсы тап күресі күшейді», «Кедейлер, жалшылар ұйымдасыңдар! Ұйымдаспаған тап, ұрандаспаған топ мақсатына жете алмайды. Көрінгенге жем болады, кез-келгенге құл болады» деген сияқты пікірлерді оқимыз.[29]

М.Дулатұлы публицистикасы – елге деген қамқорлыққа, жұртқа деген жанашырлыққа, адамгершілік асқақ үнге суарылған публицистика, идеялы ұран, үндеулерге тұнып тұрған публицистика. Оның публицистикасы  –  биік идеялы, көркем бітімді, жалыңды да арынды публицистика.

«Серке» газетінде ең көп жазғандардың бірі Міржақып Дулатұлы қоғамдағы барлық мәселелерді қозғап, болып жатқан оқиғаларды жіті бақылап, шолу жасап, кейбір кезек күттірмейтін жайттарға дер кезінде үн қатып, елді қауіп-қатерден сақтандырып, қазақты ұлттық-бостандық  жарығына бастап отырды. Ол Ресейдің отаршылдық саясатын әшкереледі, Қазақ даласының ішкі жағдайын үнемі назарда ұстады, сыртқы саясат мәселесімен, халықаралық байланыстармен елді таныстырып отырды, бірінші дүниежүзілік соғыс тақырыбын жан-жақты қамтыды, қазақтан әскерге адам алу мәселесінде оңтайлы шешім қабылдап, жеке Қазақ Автономиясын құруға шақырды. XX ғасыр басындағы қоғамдық-саяси істерге газет арқылы белсене араласты, елде публицистиканың басқарушылық, бағыт берушілік, ағартушылық функцияларын жүзеге асырды. Бұл тұрғыдан келгенде «Серке» газетінің публицисі қоғамдық-әлеуметтік ойға мұрындық болды, оқу-ағарту, бостандық мәселерін шешуге көпшілікті ұйыстырды.[30]

Бұдан кейін М.Дулатұлының журналистік қызметі «Қазақ» газетінде жалғасты. Ол іскер газетші, даңғыл публицист ретінде осында қалыптасты. Газетті шығарушы А.Байтұрсыновтың ең сенімді серігі, оң көзі, оң қолы болды. Ақпан революциясына шейін «Қазақ» газеті халық үшін бірсыпыра игі істер істеді. Бірақ ол үнемі қуғын-сүргінмен шығып тұрды, айыптан бас ала алмады. Бұл туралы Міржақып бірде мынаны  айтты: «Газет шығару, баспахана алу – бес жылдан бері «Қазақты» шығарып келе жатқан, жас баласын тәрбиелеген анадай ыстық-суғын көрген бізге зор іс, зор қуаныш. «Қазақты» қай күні жауып тастайды, өзімізд қай күні айдап жібереді деген қауіп зор еді. Бірақ «бел байлап тәуекелге шоқыта бер, қансырап қашан барып жығылғанша» деп Нұржан ақын айтқандай, біз «Құдайдың» не салғанына көнуге риза болып, жолымыздан тоқтамадық».

Міржақыптың Кеңес дәуіріндегі журналистік қызметі «Ақ жол» газетінде басталды. Сұлтанбек Қожановпен бірге ол 1920 жылы 5 желтоқсаннан осы газетті жарыққа әкелді. Бұл алай-түлей төңкерістер жасалып, аумалы төкпелі кезеңдер болып, алмалы-салмалы үкіметтер ауысып, бүгін біреу, ертең өзге деген замандарды бастан өткізіп, жұрт жоқшылықтың зардабын көріп, ашаршылық аранын ашып тұрған кез еді. Осындай қиын-қыстау тұста «Ақ жол» газеті бірде қателесіп, бірде тап басып, тауып сөйлеп ел санасын оятуға, советтік идеяны таратуға ауыз толтырып айтарлықтай үлес қосты.[31]

Даңғыл журналист бұл газетте көптеген материалдар жариялап, қазақ-қырғыздың өмірлік проблемаларын «Әйтен келсе, Бәйтен жоқтың» кебіне ұшыратпай: «Сабақты ине сәтімен» деп уақтылы шешіп отыруды күн тәртібіне қойды. Түсін бояп, тонын айналдырып киіп, халық билейтін мекемелерге отырып алып, баяғы тіске жұмсақ қазақ, қырғызды жем қылып, әлі де жүрегін жалғауды ниет еткендерді әшкерелеп тастап жүрді.

Бұл тұста Міржақып Дулатұлы баспасөзге қатысты әрбір мәселеге белсене араласып, одан оқырмандарды хабардар етіп отырды. Бұған бір ғана дәлел: Кеңестердің Бүкілресейлік VIII съезіне барған Түркістан өкілдері Мәскеуден 123 пуд мұсылман харіптерін ала келді. 1921 жылы 23 қаңтарда соны кімге, қалай бөлу туралы Түркістан Ооталық Атқару Комитетінің төрағасы Н.Төреқұлов мәжіліс өткізген. Осы жиынның басы-қасында болып Міржақып газетке есеп берген. Онда әлгі харіптердің көбі Ташкентте қалдырылып, оқу құралдарын шығаруға пайдаланатын болғанын хабарлаған.[32]

«Ақ жол» газетінің тіл, стилін жақсартуға да М.Дулатұлы көп күш салған. Бір жиында Оразбаев, Юнусов, Сұлтанхожаев сияқты өзбек жолдастар өздерінің «Қызыл байрақ» газетін таза өзбек тілінде шықпайтындығы, өзбектер өмірін жазбайтұндығы үшін қатты сынаған. «Біз осы күні «Ақ жол» газетін оқимыз, түсінеміз. Өйткені бұл газет таза қазақ тілінде жазылып, халықтың жай-күйін көзге көрсетіп отыр».

Баспасөздің даңғылы ендігі журналистік қызметін 1923 жылы Орынборда қазақтың халқына білім беру институтында істей жүріп, «Қызыл Қазақстан» журналында жалғастырды. Мұнда «Таймінер» деген бүркеншік атпен «Тұрмыс, салт-сана, оқу», «Дін әм ғылым», «Жаңа жазу ережелері» деген сияқты ғылыми мақалалар жариялады. Бұларды автор елге ілім-білімнің маңызын түсіндірді, жұртты оқуға, ғылым жетістіктерін игеру үндеді. Сауатты жаза білудің ережелерін түсіндірді. Әрі Кеңес үкіметі оқуға жаңа жол ашып, ол туралы арнаулы декрет қабылдаса да, бұл істің әлі де жөнді жолға қойылмай отырғанын сынады. Бірсыпыра кемшіліктердің бетін ашып, оны жоюға, істі түзетуге шақырды.[33]

1926 жылы білгір журналист «Еңбекші қазақ» редакциясына қызметке ауысты. Мұнда ол, әсіресе, газеттің бұқаралық-ұйымдастыру жұмысына, тілін ұстартып, стилін айқындауға баса көңіл бөлді. Ең алдымен тілшілермен жұмысты жандандырып, байланысты күшейтті. Бұған дейін редакцияда олардан қанша хат түсіп, қаншасы пайдаланылып, қаншасынан нәтиже шыққаны жөнінде ешбір мілімет болмайтын еді. Енді азды-көпті есеп жүргізіліп, кейбір нақты деректер айтылатын болды.

Баспасөздің тілі туралы Міржақып «Газет тілі оңды болсын!» деген арнаулы мақала жариялады. Онда қазақ тіліне заңды түрде алынған терминдерден басқа да, жамау-жасқау сөздер, тілді шұбарлап, оның ұғымын ауырлататын жат сөздер көп сіңіп бара жатқанын айтты.[34] Автордың пікірінше, осыдан сақтандыратын, осыған тосқауыл болатын орындардың бірі – баспасөз. Ол күн сайын пәлен мыңнан тарап тұрады. Оның бәрі жатық жазатын, тілге шебер кісілер емес.

Осыны айтады да, тілмәр, стилист журналист газетте басылатын әрбір материалдарды ұқыпты оқып, түзетіп, тілін ширатып жіберуді талап етеді. Тілмен қатар мән берілетін және бір нәрсе – емле екенін, газет материалдарының емлесінде де қаяу болмауға керектігін ескертеді.

  Журналист ретінде М.Дулатұлы баспасөзде тек қызмет істеп, оған қатысып қана қоймаған. Ол газет, журналдың мән-маңызын тынбай түсіндірген, не үшін қажет екенін өлең етіп жырлаған. Жоғарыда аталған «Айқапқа» арнауында:

Газет, журнал оқысаң,

Көзіңді, қазақ, ашасын

Дүние халін білмесең,

Ілгері қалай басасың, –

десе, «Газет-журнал» деген өлеңінде:

Білесіз дүние жүзі толған халық,

Олардың арасында бар көп фарық.

Алты айлық алыс сапар аралары,

Тұрады бір-біріне хабар алып.

Шашатын сол хабарды газет-журнал,

Хал-жайын, шаруаларын түгел жайып, –

деп олардың ел арасындағы байланыс құралы, бірінде болған жаңалық, оқиғаларды екіншісіне жеткізіп отыратынын дұрыс айтқан. Әрі газет, журналдың болашақта кездесетін қауіп-қатер, жау мен жұт туралы алдын ала ескертетін, сақтандыратын хабаршы екеніне көз жеткізген. Журналист газет-журналдың әрі ілім-ғылым таратудағы ролін ашып, тиын-тебеңді аямай, оларға жазылуды, алдырып оқуды насихаттап отыр.

Міржақыптың өлең сөзге деген құмарлығы ерте оянды. Ол туралы өзінің өмірбаянында былай деп жазады: «Менің өлеңге деген құмарлығым бала жастан басталғанмен, жиырмаға келгенге дейін де ден қойып, маңызды ештеңе жаза қойғам жоқ. Шындығында, біраз өлеңдер жазған да едім, бірақ оған жете мән берген емеспін, сондықтан олар сақталған жоқ.

Менің алғашқы өлеңім 1906 жылы Петерборда шыққан «Серке» газетінің тұңғыш санында жарияланды».

Егер анығына келсек, оның «Жастарға» атты өлеңі тұңғыш рет 1907 жылғы наурыздың 28 күні жарияланған болатын. Онда:

Найзамен түртсе де

Жатырсың, қазақ, оянбай.

Мұнша қалың ұйқыны

Бердің бізге, ой, Алла-ай?! [35]

деп ақын күйіне ұран тастайды. Ол өз халқының қайғы-мұңын тек қазақ жерін отарлаумен ғана байланыстырмайды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасыр басындағы ел арасындағы шерменделікті де егіле жазады.

Міржақып шығармалары ақынның рухани әлеменің соншалықты бай екендігін танытыды. Іштей астасып жатқан әуезділік, әсемділік, шынайылық, біртіндеп философиялық толғанысқа ауысатын қиялшылдық, оның поэзиясының тұтас рухани әлемін құрайды.

Міржақып шығармаларының шоқтығын биік көтеретін басты мәселе –  халық алдындағы жауапкершілік, ар, ұждан, парыз. Ол өлеңдерінде өзін езілген халықтың тағдыры қатты күйзелетінің, азаттық пен елдікке жету жолдары толғандыратындығын жиі айтады. Оның өлеңдерінің көбі елмен сырласу сарынында болып келеді.

Ұзақ уақыт отар ахуалында езгіде келе жатқан қазақ арасында XX ғасыр басында ұлттық саяси-құқықтық ой ұшқындары заманалық өркениетке сәйкестеніп, жаңаша мазмүұнда дами бастады. Бұл дамудың өзіндік ерекшелігі – Ресей империясы орнатқан отарлық езгіге зиялы қауым тарапынан қарсы әрекеттер жасала бастауында еді.

Қаламы ұшқыр журналистің газет, журналдарға қойған ең басты бір талабы – шыншыл болу, шындық жаршысы екенін іс жүзінде көрсету. Ол баспасөзде алып-қашпа, сыртқы әсері күшті, пайдасыз сенсация туғызатын материалдар жариялауға төзбеген. Ондай хабар-ошарларға бой алдыратын газет-журналдарды батыл сынап тастап отырған.

Кеңес үкіметі мен коммунистік парияны уағыздаған, оларды қостауға, қорғауға жұртты ұрандап жұмылдырған адамды 1932 жылы «төңкеріс дұшпаны» деп айдар тағып аттандау асыра сілтеу еді, қиянат еді.

Публицист патша үкіметінің саясатынан не туды деп сұрау қояды да, «мұнан ұлтшылдық туды. Ұсақ ұлттардың ұлтшыл болмасқа шарасы қалмады» деп жауап берді. Тағы бірде ол осы мәселеге айналып соғып, бізді «ұлтшыл қылған нәрсе кемдікте, қорлықта жүргеніміз, көрінгеннен соққы жегендігіміз еді» деп түсіндірді. Міне, Міржақыптың патша үкіметіне көзқарасы.

Міржақып Дулатұлы – мол қыр-сырының үстіне, әрі өткір тілді, ұшқыр қаламды, газет-журнал ісінің ұңғыл-шұңғылын терең білген, кезінде өз тұсының қаламгерлеріне үлкен мектеп болған журналист, баспасөздің даңғылы.

Осы айтылғандардан шығатын шындық қорытынды: М.Дулатұлы – патша заманында халқының қараңғылықта қалғанына қабырғасы қайысқан, осы ғасыр басындағы барынша батыл көтерілген ағартушылық идеяларға бар дауыспен үн қосқан, Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында оқу-ағарту ісінің жаңаша жолын жазған, жас ұрпақ қамын жеп, ел-жұртының көзін ашып, еңсесін көтеру жолында күш-қуат, қабілетін аямаған айтулы ағартушы. Жастарды қой бастаған серкедей болып надандықта, түнекте жатқан қазақ халқын жарыққа алып шығуға шақырған. Патша үкіметінің ұлт аймақтарындағы отаршылдық саясатын сынап, «Серке» газетінің жабылуының басты себепкері болған. Бұл туралы «Үлфәт» газетін шығарушылардың бірі былай деп жазды: «Газет шыққан соң, бірер күн өткеннен кейін полиция келіп, қала начальнигінің «Серке», «Үлфәт» газеттерінің ұсталғаны туралы үкім оқып, басқармада бар даналарын жинап, құлыптап кетті.[36] Екінші күні тиісті орындардан себебін сұрағанымызда, олар: «Серке» газетіндегі кейбір мақалаларда қазақ халқын орыс халқына қарсы үгіттеу бар. Содан ұсталды деп жауап берді».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II ТАРАУ. «СЕРКЕ» ГАЗЕТІНІҢ ТАРИХТАҒЫ АЛҒАН ОРНЫ

 

2.1 «Серке» газетінің қазақ журналистикасының дамуына әсері

 

Демократиялық бағытты ұстанған «Серке» газетінен кейін қазақ баспасөз тарихында осы бағыттағы газеттер шыға бастады: «Қазақстан», «Қазақ», «Орал», «Бірлік туы», «Жас азамат», «Қазақ мұңы», «Бостандық туы», «Ерік», «Кедей туы», «Кедей», «Кедей тілі», «Өртең», «Лениншіл жас» газеттері.

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында шыққан басылымдардың бәрі де большевиктік жолға түсті, партиялық нұсқауларды жүзеге асыруды мақсат тұтты. Олардың негізгі мақсаты  – қазақ халқына кеңес үкіметінің саясатын түсіндірді, партия сөзін жеткізу болды. Ал жергілікті ұлтты ойландырып-толғандыратын көптеген проблемалық мәселелер, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің озық үлгілерін насихаттау екінші кезекке сырылып тасталды.

XX ғасыр басындағы қазақтың оқыған азаматтары газет-журнал шығаруға басты назар аударды. Патшалық Ресейдің отаршылдық саясатынан құтылудың, ұлт бостандығы үшін күресудің бірден-бір жолы – баспасөз бетінде халыққа сөз айтып, елдің санасында сілкініс туғызу арқылы қазақ азаматтығына қол жеткізу деп білді. Бұл үшін өзге дамыған елдер тәжірибесін үлгі ретінде ұсынды. Мәселен, Ахмет Байтұрсыновтың мына пікірі соның дәлелі: «Халыққа газеттің осындай пайдалы қызметтері бар екендігін білген жұрттар газетті киетін киімі, ішетін тамағы, үстіндегі үйінен соңғы керек нәрсеге санайды. Газеттің пайдасын білімді, өнерлі халықтар көбірек біледі. Сондықтан неғұрлым білімді, өнерлі халық болса, соғұрлым газет-журналдары көп. Оны мынадан байқауға болады.

Төңкеріске дейінгі қазақ тұрмыс-тіршілігінің айнасына айналған газет-журналдардың қай-қайсысы да белгілі-бір дәрежеде қоғам өміріндегі маңызды мәселелерді қамтыды. Ол басылымдардың әрқайсысы жеке зерттеу нысанасына айналып, бүгінгі көзқарас тұрғысынан өз бағасын алатын күн туды. Төңкеріске дейін шыққан басылымдар библиографиясын жасап, кейбір газеттердегі мәтіндерді көшіріп, қайта бастыру ісіне бүкіл ғұмырын арнаған, зерттеуші ғалым Ү.Сұхбанбердина революциядан бұрынғы баспасөздің сандық көрсеткіші туралы былай дейді: «Революциядан бұрын қазақ тілінде 14 газет,  бір журнал шыққан. Олар: «Түркістан уалаятының газеті» (1870-1882), «Дала уалаятының газеті» (1888-1902), «Серке» (1907), «Қазақ газеті» (1907), «Дала» (жылы белгісіз), «Қазақстан» (1911-1913), «Ешім даласы» (1913), «Қазақ» (1913-1918), «Айқап» (1911-1915), «Алаш» (1916-1917), «Бірлік туы» (1917), «Сарыарқа» (1917), «Ұран» (1917), «Үш жүз» (1917), «Тіршілік» (1917)».

Ғасыр басындағы оқығандардың баспасөз туралы, оның рөлі хақындағы ойлары да бір-біріне ұқсас. Мұның өзі – олардың алға бір ғана мақсат қойғандығынан да болар. «Мерзімді баспасөз бізде қашан туғаны белгілі. Әр жұрттың, әр мемлекеттің мәдениет майданында ілгері-кейінгінің қатасыз бір өлшеуіші  – баспасөз болады. Қай жұрттың баспасөзі күшті болса, сол жұрттың өзі де күшті…» – деп жазды ұлт көсемдерінің бірі  Міржақып Дулатұлы. Міне, осы ойлардың бәрі жиылып кеп қазақ зиялыларының нағыз ұлттық басылым «Қазақты» шығаруына түрткі болды. Жоғарыда аталған 15 басылымның ішіндегі қазақ публицистикасының дамуын сапалық тұрғыдан жаңа белеске көтерген де осы «Қазақ» газеті еді. «Қазақ» газеті «Айқапта» шала піскен мәселелерді дұрыстап пісірді. Сонымен қатар «Қазақпен» қазақтың тілі туды. Таза қазақ тілінде шыққан баспасөз «Қазақ» газеті ғана болды…»

1905-1907 жылдардағы орыс революциясының тұсында және 1910-1911 жылдары революциялық жаңа өрлеу кезеңінде «Искра», «Правда» сияқты жалпыорыстық жұмысшы басылымдарының әсерімен Орда қаласында өздерінің демократиялық, мәдени-ағартушылық күрес жолдарын бастаған қазақ интеллигенциясының алдыңғы қатарлы бір топ өкілдері өздерінің жасырын көпшілік одағын ұйымдастырады. Сөйтіп, олар ең алдымен одақтық шаруашылық және саяси мақсаттарын жүзеге асыру үшін «Қазақстан» газетін шығаруды қолға алады. Бұған түрткі болған «Серке» газеті екендігі сөзсіз.

1911 жылдың наурыз, мамыр айларында орыс баспаханасынан «Қазақстан» газетінің алғашқы екі нөмірі жарық көреді. Бұл туралы газет қызметкері С.Меңдешев «Бөкей даласындағы 1916 жылғы көтеріліс» деген мақаласында сөз еткен.

«Қазақстан» жариялаған материялдарында ел ішіндегі саяси мәселелерге баса көңіл бөлді. «Серке» газетімен мәндес болып, алға ұстанған мақсаттары бір болғантұғын. Мәселен, 1912 жылы Ленадағы жұмысшылар ереуілін жергілікті қарапайым шаруа, кедейлерінің сана-сезіміне түсінікті боларлықтай, яғни таптар арасындағы қайшылыққа терең талдау жасай жазған. Сөйтіп, капиталистер мен жұмысшылардың өзара келіспеушілік себеп-сырын ашып көрсеткен.

Басылымның 1912 жылғы 11-нөмірінде Б.Қаратаевтың «Азаматтарға бір-екі сөз» деген мақаласы жарияланады. Онда автор көшпелі өмірдің күні өтіп бара жатқанын, көшпелі өмір және ескі әдеттер қазақты ғылым мен білімнен мақрұм қалдырғанын, «Балуан бірді, білімді мыңды жұғатынын» айтып, жұртты отырықшылық өмірге бет бұруға пайдалы кәсіппен айналысуға, балаларды оқытуға шақырады. Жастарды білімге, жарқын болашаққа шақыру «Серке» газетінің беттерінен де орын алғанын ұмытпағанымыз жөн. М.Дулатұлы «Жастарға» атты өлеңі мен аталмыш мақаланың мақсаты мазмұндас, сарындас десек болады.

Бұл мысалдарға қарап газет тек жалаң насихатшылықпен айналысатын материалдар жариялаумен шектелген деген ой туындамауы тиіс. «Қазақстанда» нақты ұсыныстар мен пікірлер жасаған еңбектер де болған. Мәселен, Ғабдолла Көпжасаров деген автор газеттің 1912 жылғы 11 нөмірінде жарияланған мақаласында серіктестік туралы айтып, «Оқыған адамдар бас болып, халықтың басын құрып, екі я үш болысты біріктіріп, серіктестік жасап, жиналған ақшаға жер-жерден сауда орындарын ашып, сай-саланы бөген, серіктестікте үлесі бар егіндік, пішендік жерлерін суарып беріп көрсетсек, халық пайдасын көрген соң өздері-ақ ұмтылар еді» – деп жазды. Екінші нақты ұсыныс жасаған автор Мухаммедқали  Орақбаев. Ол 1912 жылдың 7 нөмеріндегі мақаласында «Әр нәрсеге білік-бірлік немен болды? Білік болмай, бірлік болмайды. Әлбетте, ғылымнан болады», –   дейді. Бұл айтылғандардан жұрт не істеу керектігін нақты білді.

«Қазақстан» газеті «Айқап» журналында жарияланған мақалаларға үн қосып, қолдап отырғанымен мал шаруашылығы, отырықшылық, қала болу мәселесіне келгенде пікір таласына да барып қалады. Бұл факті де газеттің өзіндік ерешелігін, прогрессшіл рөлін танып, біле түсуімізге көмектеседі. Мысалы, «Айқаптың» 1912 жылдың 5-ші санында жарияланған Ахмет Жанталиннің мақаласындағы: «Қазақ халқы қала болуы тиіс емес, қала болудың соңында біздің үшін бек көп қорқыныштар сезіледі», – деген пікірге Ғ.Қарашев «Айқаптың» өз бетінде жарияланған «Ахмет Жанталинге жауап» атты мақаласымен қарсы шығады.[37]

Автор өз ойы: «Креcтиандардың ата кәсібі – егін. Біздің ата кәсібіміз – мал өсіру. Қала бол деген сөзден мал өсірме деген сөз шықпайды. Орал облысындағы қала болуға жазылған қазақ ауылдарының атап, мал бағуға жарақты жерлер қалдырылып жатыр, мал бағу біздің маңдайымызға жазылып, былайғы кәсіппен тіршілік ете алмаймыз деген хүкім (заң деген ұғымда) дұрыс хүкім емес. Жөні келсе егінмен де, саудамен де қазақ тіршілік ете алады. Осы күндегі орыс, татарлар секілді отырық елдердің бәрі де әуелде көшпелі мал бағып күнелткен халық болған дей келіп, «Бұл заманда көшпелі, бәдәуи, надан жұрт жұрттығын, елдігін сақтап, тіршілік ете алмайды», – деп қорытындылайды.

 «Қазақстан» газетінде адамдарды жалқауланбай, еселей еңбек етуге шақырған материалдар да кездеседі. Мәселен, басылымның бірінші нөмірінде жарияланған «Тіршілік таласы» деген мақалада «жалқаулықтан арылып, тәуекел ердің жолдасы» –  деп жұртты нәтижелі іс тындыруға шақырған жалынды ұран бар.

Газет 1913 жылы жабылады. Редакция ұжымы басылымның жабылу себебін «Құрмет иесі оқушыларымызға» деген мақалада қаржының жетіспеушілігінен деп көрсеткен. Ал негізгі себеп – газеттің демократиялық-прогресшіл сарыннан қорыққан патша әкімдерінің кертартпа әрекеттерінен еді. Басылымның редакторы – Елеусін Бұйрин болды. Бұл басылым демократия бағытын ұстанғаннан, «Серке» газетінің мақсатын дамытқандықтан көп ұзамай патша тарапынан жұмысын тоқтатты.[38]

Отырықшылық мәселесінде «Қазақстан» газеті мен «Айқап» журналы олқылы-толқылы пікірде болғанымен түп мәнінде дұрыс түсініп, терең талдап жазуы кезінде үлкен прогресшіл рөл атқарғанын да атап өткіміз келеді. Бұл екі басылымның беттерінде жарияланған материалдардан жұрт үлгі алып, отырықшылыққа бейімделе бастаған. Оған «Қазақстанда» (1911жыл, № 1, қараша) жарияланған «Волга өзенінің сол жақ жағалауында орнаған тұрғындардың басын құраған қырғыз поселкесі пайда болды. Поселке бұл істі ұйымдастырушы Құнтұра Сармантаевтің есімімен – «Сармантай» деп аталады», – деген хабар дәлел.

«Қазақстан» газетінде адамдарды жалқауланбай, еселі еңбек етуге шақырады. Басылымның бірінші нөмірінде жарияланған «Тіршілік таласы» деген мақалада «Жалқаулықтан арылып, тәуекел елдің жолдасы», – деп жұртты нәтижелі іс тындыруға ұрандап шақырады.

«Серке» газетінің мұратын ілгері ұстаған келесі басылым  «Қазақ» газеті еді. Аталмыш газет 1913 жылдың екінші ақпанынан бастап 1918 жылдың 16 қыркүйегіне дейін Орынборда шығып тұрған, ұлттық баспасөздің, әдебиет пен мәдениеттің дамуына үлкен ықпал еткен басылым еді. Оның редакторы  – Ахмет Байтұрсынов, шығарушысы  – Мұстафа Оразаев болды. Газетте Бөкейханов,    М.Дулатұлы, Шәкәрім, С.Дөнентаев, М.Шоқаев, М.Жұмабаев, Б.Майлин, тағы басқа қазақ қаламгерлерінің публицистикалық, көркем шығармалары жарық көрді. Сол кездегі қазақ саяси өмірі мен қоғамдық ойының белсенді өкілдері ұлттық басылым төңірегіне тоғысуы  – кездейсоқ жағдай емес еді. Оларды бірлесе қимылдауға, қосылып іс-әрекет жасауға итермелеген  – ғасыр басындағы қазақ жеріндегі қоғамдық-саяси ахуал, елдің ауыр халі, болғандығына көзіміз енді жетіп отыр. Сол бағытты ұстанған, жастарды білімге шақырған Міржақып Дулатұлы бұған дейін «Серке» газетіндегі «Жастарға» атты өлеңі мен «Біздің мақсатымыз» атты мақаласымен өз мақсатын жария етті.

Демек, «Қазақ» газеті  – сол кезеңнің шындық шежіресі, өмірлік айнасы ғана болып қана қойған жоқ, сонымен қатар қалың көпшілікке жол сілтеген, ұлттық сана-сезімді оятуға үлес қосып, болашаққа бағыт-бағдар берген қоғамдық ойдың өлшемі еді.

Бұл уақыттағы іс пен сөзде тығыз қамның, асығудың ретінде бұдан өзгенің бәрін қоя тұрып, бір саясат әңгімесіне жұмылдырудың, жалғыз соған ғана үңілудің қалпында өтті… «Қазақ» газетінің бетіндегі бағыт пен тұтынған жол да осы ретпен жүрді. Жазылған ұсақ өлеңдер, әңгімелер барлық мақалалардың бәрі де қазақты ұйқыдан ояту, сергіту, күшін біріктіру оқығандарын түзу жолға салу, соларға басшы болу, қазақ ісіне көз-құлақ болуға арналған. Бұл тұтынған жолда «Қазақ» газеті өз міндетін атқарды. Ол жол сілтеген «Серке» газетінің қалдырған мұрасын, бағыт-бағдарын жүзеге асырды. «Біздің мақсатымыз» атты мақаласымен іспеттес болған мақалаларды жария етті. 

1914 жылғы 78-нөмірінде жариялаған «Алашқа» және 79-нөміріндегі «Ресейдегі ұйымшылдық» деген мақаларында қоғамда болып жатқан шындықтың бетін ашып, көрсеткені үшін, патша саясатына қарсы шықты деп А.Байтұрсыновты екі жылға соттауға үкім шығарылған. Салмақты қиындықтарға қарамастан газет 1918 жылдың қыркүйек айына дейін үзбей шығып тұрған. Қазақтың ұлттық баспасөзінің қалыптасу дәуірінде мұндай ұзақ уақыт жарық көрген басылым жоқ. Оның нөмірінің әрқайсысы қазақ тарихындағы ояну дәуірінің күнтізбесі іспеттес. Орынбор Кеңесіне берілген «…просим немедленно закрыть газету» деген нұсқауы бойынша көп ұзамай жабылды. Сөйтіп патша үкіметінің отаршылдық саясатына бағынбай, толассыз шығып тұрған басылым Кеңес өкіметі тұсында біржола тоқтатылды. 

Басылымның негізгі мақсат-міндетін газетті шығарушылар алғашқы нөміріндегі беташар мақалада-ақ көрсетіп берді: «Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың аруақты аты деп, газетіміздің есімін «Қазақ» қойдық. Ұлт үшін деген істің ұлғаюына күшін қосып, көмектесіп, қызмет ету қазақ баласына міндет. Халыққа қызмет етемін десеңдер, азаматтар, тура жолдың бірі осы». «Қазақ» газетін шығарушы азаматтардың қазаққа азаттық әперудегі тура жол ретінде  публицистикалық қызметін таңдағандығы – осы алғашқы беташар мақаладан-ақ көрініп тұр. Осыған жол сілтеген, мұра қалдырған, патша үкіметінен алғаш соққы  алған   «Серке» газеті екендігін ұмытпауымыз жөн.

«Қазақ» газетінде ең көп жазғандардың бірі Міржақып Дулатұлы қоғамдағы барлық мәселелерді қозғап, болып жатқан оқиғаларды жіті бақылап, шолу жасап, кейбір кезек күттірмейтін жайттарға дер кезінде үн қатып, елді қауіп-қатерден сақтандырып, қазақты ұлттық-бостандық  жарығына бастап отырды. Ол Ресейдің отаршылдық саясатын әшкереледі, Қазақ даласының ішкі жағдайын үнемі назарда ұстады, сыртқы саясат мәселесімен, халықаралық байланыстармен елді таныстырып отырды, бірінші дүниежүзілік соғыс тақырыбын жан-жақты қамтыды, қазақтан әскерге адам алу мәселесінде оңтайлы шешім қабылдап, жеке Қазақ Автономиясын құруға шақырды.[39] XX ғасыр басындағы қоғамдық-саяси істерге газет арқылы белсене араласты, елде публицистиканың басқарушылық, бағыт берушілік, ағартушылық функцияларын жүзеге асырды. Бұл тұрғыдан келгенде «Серке» газетінің публицисі қоғамдық-әлеуметтік ойға мұрындық болды, оқу-ағарту, бостандық мәселерін шешуге көпшілікті ұйыстырды.

Қазақтың оқыған зиялы қауымын бір ойдың, бір мақсаттың төңірегіне  – ұлт азаттығын алу үшін күресуге жұмылдырды. Осыдан-ақ «Қазақ» газетіндегі публицистиканың  – еліміз дамуына қосқан үлесінің өлшеусіз екендігін, ал «Қазақ» газетінің революция алдындағы қоғамдық ойдың нағыз орталығы болғандығын көруге болады. Бұған жол салушы, алғашқы қарлығаштай болған, отаршылдық саясатына қарсы шыққан  «Серке» газеті болғандығы сөзсіз.

Елдің санасына тәуелсіздік рухын сіңіріп, жұртты оятқан «Серке» газетімен үндес, бағыттас болған басылым 1917-1918 жылдары Семей қаласында «Сарыарқа» деп аталып, шығып тұрған. Газеттің жауапты шығарушысы – алаштың ардақты азаматы, соңынан кеңестік саясаттың құрбаны болған Халел Ғаббасұлы.

«Сарыарқаның» көтерген мәселесі – Алашорда өкіметін құру, қазақ мемлекетін жасау, жоғалған елдікті қайта орнату болды. Ең бастысы сол кездегі қазақ қайраткерлерінің іс-қимылдарымен де осы газеттен танысуға болатын еді.

«Сарыарқа» газетінде жазылған нағыз шындықтың бет-бейнесі – өз жерінде отырса да келімсектердің мұжықтарына дейін билік жүргізіп, жерінен ығыстырып, қудалауға ұшыратқаны болған. Осы сөздерден аталмыш газеттің «Серке» басылымымен үндес, бағыттас болғаны көрініп тұр.

«Сарыарқада» партия, ел қамы, ұлтаралық қатынас мәселерімен қатар одан да ауқымды тақырыптар, мәселен, мемлекет күйі де сөз болған. Ақпан төңкерісінен кейінгі саяси оқиғалармен таныстырып, мемлекет басында күнделікті болып жатқан өзгерістерден хабардар етіп отырған. Әсіресе, бұл орайда газет редакторы Халел Ғаббасұлының жазғандары өткір де шыншыл материалдар болып есептеледі. Оның бір ғана Ресейде болып өткен қазан төңкерісінен іле-шала жазып, «Сарыарқада» жарияланған «Мемлекет күйі» деп аталатын тарихи, ғылыми, публицистикалық еңбегінен күні бүгінге дейін «атқандақтар» қатарына жатқызылып келген көптеген жайларды ұғынуға болады.

Басылымда бұдан басқа Әлихан Бөкейханның, Шәкәрімнің, Міржақып Дулатұлының және тағы да басқа халқым деп аңыраған бірталай абзал азаматтардың көптеген еңбектері жарияланған. «Серке» газеті жабылуымен, Міржақып Дулатұлы өз жұмысын, мақсат-міндеттерін «Серке» газетімен үндес болған басылымдарда жалғастырды, соның бірі – «Сарыарқа» газеті еді.

«Сарыарқа» аттары аталған ойшылдардың қымбат мұраларын елге таныстырумен, бүгінгі ұрпаққа сақтап келуімен құнды. Кезінде «ұлт қамын ойлап, шарқ ұрған» «Сарыарқа» газеті әлі де болса толық зерттеліп, бағасын ала қойған жоқ еді.

Қазақтың ұлттық баспасөз тарихында елеулі орны бар «Серке» газетінің бағытын жалпы жұртқа мәшһүр етуге жәрдемдескен, азаматтық ой-сананы ілгерілетуге септігі тиген газет-журналдардың ішінде «Жас азамат» атты басылымды ерекше атаған жөн.  «Жас азамат» ұлт тәуелсіздігін жоқтап, отаршылдық езгіге қарсы тұрған қазақ жастарының тұңғыш қоғамдық-саяси газеті.

Қазақ жастар баспасөзінің төлбасы – «Жас азамат» газеті 1918 жылдың сәуір айында барлық жастар ұйымдарын біріктіріп, басын қосқан «Жас азамат» ұйымының органы (тілі) болып есептеледі. Бұл біріккен ұйымның төрағасы – Мырзаұлы, басқарма мүшелері: С.Сәдуақасұлы, М.Сейітұлы, Т.Досымбекқызы, Ә.Бәйділдәұлы сияқты қазақтың біртуар ұл-қыздары болатын. Ал осы ұйымның тілі – «Жас азамат» газетінің редакторы К.Кемеңгерұлы еді. Бұл саяси-қоғамдық, экономикалық басылымның алғашқы нөмірі 1918 жылдың 30 шілдесінде Қызылжар қаласында жарық көрген. «Жас азаматтың» алтын идеялы, әулие мақсұты, негізгі жолы – ұлт бостандығы, ұлт теңдігі. Мұндай мақсатты  «Серке» газетінің басты журналисінің бірі болған Міржақып Дулатұлы та ұстанған.

Осы қазақ жастар баспасөзінің төлбасының қазіргі жағдайы туралы зерттеуші Дихан Қамзабекұлы өзінің «Алашқа тыныс болған «Жас азамат» атты танымдық мақаласында: «Кеңес дәуірінде жазылған тарихтан хабардар адам осы басылым тұсында, әрине, аталған газет пен шынайы тарих кінәлі емес, жұртты сергелденге түсірген қоғам кінәлі. Ақиқатқа дес берсек, «Жас азамат» газетін ескермегендей сыңай таныту, немесе ол жөнінде қазақтануға шөліркеген қалың жұртқа ештеңе айтпау – ұлттың өткеніне де, бүгінгісіне де, келешегіне де немқұрайды қараумен бір есеп» дей отырып, «Жас азаматтың» бізге қазір 18 саны мәлім болып отыр. Нақтырақ айтсақ, 1-нөмірінен 22-нөміріне дейінгі сандары. Бұлардың арасынан 2,9,10,19-нөмірлерін ұшырастыра алмадық……..

Азаматтық ой-сананы ілгерілетуге септігі тиген келесі басылым  – Торғай облыстық Совдепінің газеті «Қазақ мұңы» 1918 жылы(16) сәуірде Орынборда шыға бастады. Редакторы белгілі қоғам қайраткері – Нәзір Төреқұлов болды. Бұл газет қазақ еңбекшілеріне Кеңес Үкіметінің артықшылығын, оның алғашқы декреттерінің мән-мазмұнын түсіндіріп отырды.

1918 жылдың 21 наурызынан 3-ші сәуіріне дейін Орынборда большевиктердің басшылығымен Торғай облысының советтер съезі өтті. Осы съездің қаулысы бойынша шыға бастаған «Қазақ мұңы» газетінің бірінші нөмірінде Ә.Жангелдиннің советтердің осы облыстық съезін ашардағы сөзі толықтай берілді. Онда ол: «Кеңес үкіметінің күші оның нақтылы саясат жүргізуінде, бұл халықтың мұң-мұқтажына сай келеді. Бұл өкімет аз уақыт ішінде орасан зор жұмыстар істеді. Мәселен, ол шіркеуді мемлекеттен бөлектеді, жерді еңбекші шаруаларға берді, ескі соттарды жойды, бітім жасап, армияны таратты», – дей отырып, халықты белсене жұмыс істеп, жаңаша тұрмыс құруға шақырды.

Съезде облыстық атқару комитеті сайланып, оның төрағалығына Ә.Жангелдин тағайындалды. Бұл съезд өздері алашордашыл деп кінә таққан халықтық «Қазақ» газетін жауып, оның баспаханасын конфискациялауға шешім қабылдап, енді Торғай облыстық Кеңесінің органы болып «Қазақ мұңы» газеті облыстың (Ол кезде Қостанай, Ырғыз және бірнеше қазақ уездері Торғай облысына қарайтын) еңбекші бұқарасына Кеңес Үкіметінің саясатын ана тілінде түсіндіру үшін пайдаланылды. Сондай-ақ бұл басылым большевиктердің қазақ жерінде тез орнығып, билік жүргізуіне және Алаш Орда партиясының түп-тамырына тезірек балта шабылуына айтарлықтай ықпал жасады.

Бірақ көп ұзамай азамат соғысының басталып кетуіне және Орынбордың Дутов бастаған ақ гвардияшылардың қолына көшуіне байланысты «Қазақ мұңы» шығуын тоқтатады.

Кеңес үкіметі Верный қаласында 1918 жылдың 3 наурызында орнады. Ол көп кешікпей бүкіл Жетісу облысына да билік жүргізе бастады. (Ол кезде Жетісу облысына осы күнгі Алматы облысы, Семей облысының біраз жерлері және туысқан Қырғызстан республикасының территориясы қарайтын). Верный большевиктері де қазақ жерінде орнаған кеңес өкіметін нығайту үшін күресте баспасөздің қажеттігін жақсы түсінді. Сондықтан олар «Заря свободы» деп аталатын (қазіргі «Огни Алатау») басылымды шығаруға күш салды. Сөйтіп, ол газеттің алғашқы нөмірі 1918 жылдың 8-ші наурызында жарық көрді.

Ең бастысы «Заря свободы» газеті редакциясы құрамында арнаулы қазақ бөлімі болды. Мұнда маңызды мәселелер және жергілікті халыққа қатысы бар материалдар орыс және қазақ тілдерінде аралас басылып отырылды.

Газеттің бетінде Жетісуда кеңес үкіметін орнату үшін күреске белсене қатысқан большевик Тоқаш Бокиннің, Сабыржан Ғаббасовтың хаттары мен мақалалары қазақ және орыс тілдерінде жиі басылып, орынды пайдаланылып отырылды. Мәселен, Тоқаш Бокиннің «Қазақ жолдастарға!» («Заря свободы» 1918 жылы, 16 мамыр) деген хатында, кеңес үкіметі еңбекші халыққа не беруге тиісті екендігі түсіндірілді. Автор қазақ еңбекшілерін кеңес жұмысына белсене қатысуға шақырды. Бұдан біз патша үкіметі саясатының өркендеуін айғақтай көріп отырмыз. 

«Серке» газетінің бағытын жалпы жұртқа мәшһүр етуге жәрдемдескен, азаматтық ой-сананы ілгерілетуге септігі тиген газет-журналдардың бірі – «Айқап» журналы еді.  Қазақ публицистикасының қалыптасуында «Айқап» журналы орын алады. 1911-1915 жылдары тұрақты түрде шығарылып, қазақ елінің түкпір-түкпіріне таралған тұңғыш журнал 20-шы ғасыр басындағы тарихи қайшылығы мол күрделі кезеңнің айнасы бола білді. «Айқапта» жарық көрген шығармалар ғасыр басындағы қоғамдық-саяси ахуалды аңғартып, сол кездегі өмір шындығының негізгі дерек көзіне айналды. «Журналдар мерзімді уақытта немесе мезгіл-мезгіл шығатын басылымдар болып саналады. Олар апта сайын, 10 күнде бір рет, екі аптада, ай сайын, тоқсан немесе одан да сирегірек уақыттарда шығып тұруы мүмкін… Журнал» Journal деген француз сөзі, яғни күнделік деген түсінік. «Айқап» журналының шығу тарихын жан-жақты зерделеген профессор Х.Бекхожин былай дейді: «Қазақ халқының мәдени өмірінде 20-шы ғасырдың бас кезінде болған елеулі оқиғалардың бірі – «Айқап» журналының шығуы. Ол қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси және әдеби журналы болды. «Айқап» өзінің сипаты жөнінен жалпы демократиялық болғанымен, іс жүзінде Шоқан Уалихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Абай Құнанбаевтің ағартушылық идеялары негізінде дамып келе жатқан қазақтың қоғамдық ой-пікірінің, әдебиетінің, публицистикасының прогресшілдік және демократиялық дәстүрлерін жалғастырған, ілгері дамытқан журнал болды». «Айқапқа» Сәкен Сейфуллин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Бейімбет Майлин, Бақытжан Қаратаев, Сабыржан Ғаббасов және басқа жазушылар мен публицистер қатысты. «Айқап» журналы халқымыздың әлеуметтік, саяси өмірінде, әдебиет пен мәдениетімізді насихаттап, таратуда елеулі рөл атқарды.

Журналда жарияланған материалдар негізінен мынадай басты тақырыптарға бөлінеді: қазақ елінің экономикасы мен саяси жағдайлары туралы, қазақ халқының тарихы, қазақ халқының жалпы мәдениеті және дін туралы.

«Айқап» қазақ халқының саяси-әлеуметтік, мәдени-шаруашылық өмірінің көптеген түйінді, көкейкесті мәселелерін сөз етті. Соның бәрін де шаруашылықпен мәдениеттің өркендеуі тұрғысынан алып жазды. Ол үнемі «бізге не істеу керек?», «қайтсек біз ілгері басып, ел қатарына қосыла аламыз?» деген сұраулар қойып, солардың шешуін, жауабын табуға тырысты…

Аталмыш журналын жүйелі түрде шығаруды жүзеге асырған, оның редакторы Мұхаметжан Сералин болды. Алғашқы нөмірінде жарияланған беташар мақалада-ақ елге газет-журналдың халық дамуындағы орнын көрсетті. Сөйтіп, «Серке» басылымның демеушісі, қолдап, қуаттаған жұртшылық болмағандықтан тез жабылып қалғандығын ащы сабақ ретінде айтады. «Айқаптың» ғұмырлы болуындағы бар үміт халықта екендігін қадап көрсетеді.

Сонымен, «Айқап» журналының жарық көрген кезеңінде қазақ публицистикасы даму кезеңіне көшті. Егер «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаятының газетіндегі» қоғамдық-саяси мақалалар – қазақ публицистикасының қалыптасу кезеңін айғақтаса, «Айқап» журналындағы қаламгерлер шығармалары қазақ публицистикасының даму белесіне көтерілгендігінен көрініс береді.

«Айқап» қазақ публицистикасын қоғамдық ойдың көшбасшысы деңгейіне жеткізген басылым еді.

«Серке» газетінде жарияланғандай, қазақ бостандығы үшін саяси күреске белсене күрескен жергілікті интеллигенцияның мақсат-мүддесі ұлттық-демократиялық сипатта болды. Ғасыр басындағы зор саяси оқиғалардың бірі – 1905-1907 жылдарындағы орыс революциясы еді. Ресей империясындағы бұл саяси оқиға қазақ жеріндегі қоғамдық-саяси қозғалыстың басталуына да көп ықпал етті. Осы мезгілден бастап Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатұлы жетекшілік еткен ұлттық зиялылар жаңа өрлеу ала бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа нысаналы сипат беру үшін газет шығару, азаттыққа үндеген кітаптар бастырып тарату, мемлекеттік Дума жанындағы мұсылман фракциясы жұмысына, жалпыресейлік мұсылман, түрікшілдік қозғалыстарына ат салысу сияқты қазақ қоғамына бейтаныс күрес әдістерін игере бастады. Бұл бағыттары 1907 жылы жарық көрген «Серке» газеті және де 1911 жылдан шыға бастаған «Айқап» журналы, 1913 жылдан жарық көріп, жалпыхалықтық басылымға айналған «Қазақ», оның артын ала өмірге келген «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ақ жол» газеттері ұлт-азаттық күрес идеологиясының қалаптасуына қызмет етті.

Алғашқы қазақ журналының ел алдындағы бедел биігіне жетуіне күш қосқан, жаңадан шыға бастағанында үлкен жәрдем беріп, қалам-қуатын, қалың ұйқыда жатқан жастарды ояту мақсатында жазылған  «Серке» газетінде басылып шыққан «Біздің мақсатымыз» атты алғашқы мақалаларының бірі болған, ой бұлағын аямаған арыстардың бірі – Міржақып Дулатұлы.

Сол кездің басты мәселесі – жер мәселесі екендігін айтып, «Айқапта» жарық көрген «Жер мәселесі» мақаласының қоғамдық мәні зор болды. Мұнда публицист М.Дулатұлы жер мәселесін шешудің дұрыс жолын іздестіреді. Көпшілікті ойласуға, ақылдасуға шақырады. «Былай тартсаң өгіз өледі, былай тартсаң арба сынадының» кері, қиын заманда қысталаңнан жол тауып шығу оңай емес. Осы ауыр жүк ең алдымен Дулатұлы сияқты нағаз ұлт болашағын ойлаған азаматтар иығына түсті.      

 «Серке» газеті демократия жаршысы болды. Демократияға жол беріп, «Қазақ», «Айқап», «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ақ жол» «Жас азамат», «Қазақ мұңы», «Бостандық туы», «Ерік», «Кедей туы» газеттеріне жол ашқан, ұлт-азаттық күрес идеологиясының қалаптасуына әсер еткен, алғашқы қарлығаштай болып келді. Солай ойлай отырып  «Серке» газеті қазақ журналистикасының дамуына зор әсер етті. Осынау газетте шыққан Міржақып Дулатұлы ағамыздың жастарды, халықты оянуға, өз бостандығы үшін күресуге шақырған үндеу өлең мақалалары көп жылдар өзектілігін жойған жоқ. Қазақ халқы өз егемендігін алғанша ол біздің көзі ашық, халық қамын ойлайтын азаматтарымызға қозғау салар ой болды, үгіт болды.

 

2.2 Бүгінгі таңда «Серке» газетінің журналистика тарихы үшін зерттелуінің деңгейі

 

Жалпы алғанда, қазақ даласына «Серке» газеті алғашқы қарлығаштай болып келеді. Газет демократиялық бағытты ұстанып, қазақ халқының отаршылық езгідегі халін ашына жазған еді. Патша үкіметі кең қазақ даласына іштен ене бастады. Өз елінде  жер, суға жарымаған казак, орыс мұжықтарын топ-тобымен, тіптен көп мөлшерде көшіре бастады. Қазақтың кең даласын орыс мұжықтарына бөліп бере бастады. Патша ұстанған саясатты көзі ашық, көңілі ояу, оқыған Міржақып Дулатұлы сынды азаматтар түсінбей қалмады. Олар өз халқының болашағын ойлаған шын патриоттар болатын. Патша ұстанған саясат қазақ халқының тілін, дінін өзгерту ғана емес еді. Бұл зұлым саясат – қазақтың түп-тамырына балта шабуға бағытталған саясат еді. Мыңдаған жылдар бойы ата-бабасын қоныстанған жер-суды қазақтан қызғанған саясат еді. Патша үкіметі жерге ғана қол салып қоймады. Ол қазақ жеріне көптеп орыстарды қоныстандырып, шіркеулер ашып қазақ халқын шоқындыруды көздеді. Қазақ даласына орыс саясаты, діні, тілі барынша тез ендіріле бастады. Қазақ әйелдерін орыс тілінде оқытып, шоқыту керектілігі де айтыла бастаған кез болатын. Міне, осы қазақты көпе-көрнеу басыну, бағындыруға арналған патша саясаты өз күшіне ене бастады.

Қазақтың оқыған азаматтары халқын барынша оқу, білім алуға шақырды. Олар халықты патша саясатын түсінуге шақырды. Жастар білім алса екен, халық қамын жесе екен деген Міржақып Дулатұлы сынды өз елінің асыл жанашырлары шыға бастады. Олар өз халқын ақ патшаның қазақтың кең даласына көз алартқан саясатына қарсы шығуға, көзін ашып, көңілін оятуға үндеді. Міржақып Дулатұлы сол жанашыр оқығандардың алғы шебінде болды. Қазақ оқыған азаматтарының газет-журнал ашып, халқын оқуға, білімге шақыруы, саясат бағытын түсінуге үгіттеуі патша саясатына қайшы боп келді. Ақ патша қазақ халқын білімді етіп, өз еліне өзі ие, басшы болғанын ешқашан қаламаған. Ол сол себепті қазақ даласына демократия сәулесін ала келген «Серке» сынды алғаш газеттерді жауып тастады. Газеттерге халық арасына бүлік салуға шақырды, үгіттеді деген айып тағылды. Сол кезде шыққан демократиялық бағыттағы газет-журналдар жабылып, сол газеттерге өлең, мақала жазған Міржақып Дулатұлы сияқты қазақ зиялылары қатты айыпталды, кейбіреулері Сібірге де айдалды. Оларды  қудалау басталды.

«Серке» газеті қазақ халқын бостандыққа, білім алуға, патша езгісіне қарсы шығуға үгіттеген алғашқы басылым.

«Серке» газетінің бүгінгі таңда қазақ журналистика тарихында алатын орны зор. Аталмыш газет халқының бостандығын аңсап, халқын білімді жастарын оқыған көңілі ояу азамат етіп көруді армандаған алғашқы газеттердің біріншісі десек артық айтпаймыз.

«Серке» газеті қазақ журналистикасының дамуына зор әсер етті. Осынау алғашқы келген қарлығаштай қазақ даласына демократиялық көзқарасты ала келген газет рөлі елден ерекше екенін баса айтқымыз келеді. Міжақып Дулатұлы сынды асыл ақын-журналистеріміз армандаған ел бостандығын алдық. Қазақстан ешкімге тәуелсіз, өзін-өзі басқаратын елге айналды. Осынау ел бостандығын аңсап, елі үшін, халқы үшін өз білімін, өмірін арнаған, басын өлімге тіккен асыл азаматтарының арманы орындалды. Қазақ халқы егеменді ел болды.

Міне, біздің тағы бір айта кетеріміз – ол Міржақып Дулатұлы сынды ақын-журналист ескерусіз қалған жоқ. Оны халқы қадірлеп, мақтан тұтады,  нақыл материалдарын жастар оқиды, тәлім алады. Алматы қаласының нақ ортасында жаңадан салынып, тек қазақ тілінде оқытатын №136-шы орта мектеп абзал ағамыз, халықтың мақтанышы Міржақып Дулатұлы ағамыздың атында екендігін айта кеткіміз келеді. Міржақып Дулатұлы атында көшелер, мектептер бар.

Ал енді «Серке» газеті қалай зерттеліп жатыр деген сұраққа тоқталсақ. Ол жақ нағыз өз деңгейінде деуге әлі ерте. «Серке» газетін әлі де зерттеу қажет, оның шығу тарихы мен себептерін барынша ашып көрсету алдағы міндет деп есептейміз.

Кеңес заманы тұсында  да коммунизмді алға тарту етіп көрсете отырып қазақ жеріне, дініне, тіліне ешқандай жанашырлық болмады. Ел басына біткен, қазақ халқына тиісті кен байлықтары, малы, еті, сүті дегендей орталық Мәскеу әмірі арқылы елімізден сыртқа тасылды, шашылды. Кеңес заманында қазақ тілді мектептер жабылып, орыс тілді мектептер қаптап кетті. Қазақ елі ұлттық тілінен айырылып қалуға азақ тұрды. Жастар орыс тілінде сөйлей бастады. Өз ана тілінен айырылған ел қай заманда халық ретінде саналған десеңізші. Міне, Қазақстан егемендік алған соң жабылған қазақ мектептері ашылды. Оған қосымша жаңа қазақ тілді мектептер ашылды. Бұл қуаныш сонау қиын-қыстау кезде абзал ағаларымыз армандаған кезең еді. Міржақып Дулатұлы сынды өз халқының адал ұлдары нақ қазіргі егеменді елін, оқыған, білім алған халқын, гүлденген жерін армандаған еді. Осы егемендікке жету жолын көрсете білген еді. Олар өз халқын жеріне, дініне, тіліне ие болуға шақырған. Осы алғашқы газеттер көтерген мәселелер халық ішінде демократиялық көзқарас қалыптастыруға бірден-бір себепші болды.

«Серке» газетінің қазақ журналистика тарихында, тіптен қазақ халқы тарихында алатын рөлі зор. Осы газет ұстанған патриоттық, демократиялық бағыт кейінгі шыққан қазақ газеттеріне, журналдарына зор әсерін тигізді. «Серке» газетін әлі де болса зерттеу керек, сол кездегі халық басындағы қиын-қыстау заманды сезіне білген, халқына жаңа жол, саясат көрсеткен газет рөлі ерекше.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорытындылай келе, «Серке» газеті нақ өзі шыққан заманындай болды. Сол кездегі қазақтың хал-ахуалын жеткізе жазды. Бұл газетке мақала жазған ақын-жазушылар, журналистер заман ағымын, сол қиын қыстау кезеңдегі халық ахуалын ашына жазды. Ақын-журналист М.Дулатұлы «Серке» газетіне өз атын ашық жазып та, бүркеншік «Арғын» атымен де өлең, мақалалар жариялады. Соның бірі патша шенеуніктеріне тікендей қадалған өлеңі «Жастарға» мен мақаласы «Біздің мақсатымыз» еді.

Міржақып Дулатұлы – патша заманында халқының қараңғылықта қалғанына қабырғасы қайысқан, осы ғасыр басындағы барынша батыл көтерілген ағартушылық идеяларға бар дауыспен үн қосқан, Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында оқу-ағарту ісінің жаңаша жолын жазған, жас ұрпақ қамын жеп, ел-жұртының көзін ашып, еңсесін көтеру жолында күш-қуат, қабілетін аямаған айтулы ағартушы. Жастарды қой бастаған серкедей болып надандықта, түнекте жатқан қазақ халқын жарыққа алып шығуға шақырған. Патша үкіметінің ұлт аймақтарындағы отаршылдық саясатын сынап, «Серке» газетінің жабылуының басты себепкері болған.

Әкімшілік-аумақтық басқару жүйесіне орай көшпелі қазақ елі болысқа, ал болыс ауылдарға бөлінді. Болыстың елді мекендерді болыс, ауылды – ауылнайлар басқарды. Бұл міндеттерді, негізінен, қазақтардың өздері атқарғаны мәлім. Болыстыққа үш жыл сайын елу шаңырақ арасынан бір таңдаушыдан жиылып, уезд бастығының қатысуымен сайлау рәсімі өткізілді. Патша әкімшілігі болыс сайлауы науқанын  Дала өлкесінде ру мен ру арасындағы жалған намысты қоздырып, жауластыру, өштестіру, дертін өршітіп, халқының ар-ұжданын аяққа басу мінез-құлқын шым-шымдап бойына дарытып, сіңіруге әрекеттендірді. Болыстыққа, ауылнайлыққа негізінен сауатсыз, орыс тілін шала-пұла білетіндерден сайлады. Ал олардың тілмаштарын орыс-қазақ мектептерін бітіргендерден қойды. Сондықтан күллі билік шынтуайтына келгенде тілмаштардың қолында болды.

Сол жылдардағы патшаның отарлау саясатын әшкерелеп, қазақтың бірлігінің азайып, алтыбақан ала ауыздыққа арсыз, өтірікші, нашақорлыққа бой ұрып, баланың әкеге, әйеленің күйеуіне, ағайынның ағайынға қарсы шығуы сол арам саясат әкелген қасірет екенін көріп, ел бірлігін сақтауды насихаттаған ұлы Абай былай деп жазады:

Атаны бала аңдиды, ағаны іні,

 Итқорлық немене екен сүйіткен күні…

  • Құда тамыр, дос-жаран, қатын-балаң,

Олар да бір қалыпты бола алмай жүр.

  • Арақ ішкен, мал болған жұрттың бәрі –

Не пайда, не залалды біле алмай жүр.

… Мәз болады болысың,

Арқаға ұлық қаққанға.

Шелтірейтіп орысың,

Шенді шекпен жапқанға[40], –

деген өлең жолдарымен сол заманның ішкі анатомиясын ашып берген, елінің жоғалып бара жатқан елдігін сақтау, қорқау заман құрсауынан халқын аман алып қалу үшін барлық өмірін, парасатын жұмсаған ұлы ақын Абай, молда Шәймерден хатының мән бергенін түсіну қиын емес. Билік басындағылар 1903 жылдың 17 шілдесінде Таласов пен Қосшығұлов істерін қарап, «үкімет жарлықтарына қазақтарды қарсы қоюшылар» деген айдар тағып, Сібірге жер аударған.

«Серке» газеті 1905-1907 жылдарда Ресейде болған бірінші революция екпінімен шыққан баспасөз түрінің бірі. «Серке» газеті 1907 жылы қазақ оқушыларына арналып, Санкт-Петербургте шығып тұрған. «Үлфәт» газетіне қосымша ретінде Шәймерден Қосшығұловтың басқаруымен Хажы Ибрагимовтың редакторлығымен шыққан. «Серке» газетінің шығуы туралы 1911 жылы Мұхаметжан Сералиннің «Айқап» оқырманына арнап жазған беташар мақаласында: «1907 жылы 2-мемлекеттік думаның мүшесі Шаһмардан Қосшығуловтың ілтипатымен Петербургта «Серке» атты журнал шыға бастаған еді, ұзаққа бармай, үкімет тарапынан тоқтатылды», – дейді.

Газет қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік ой-пікірін оятуға, мәдени-әдеби дүниетанымын қалаптастыруға, кеңейтуге едәуір әсер етті. Саяси-экономикалық мәселелермен қатар оқу-ағарту ісінің жай-күйі, өнер-білімнің пайдасы, орыс мәдениетінің жетістіктері жарияланды. Сонымен қатар, қазақ әдебиетінің хал-қадірі, қазақ зиялылары мен ғалымдарының өмірі жайында бірқыдыру тарихи мақалалар, хабарлар да жарияланды.

Орыстың революцияшыл-демократиялық баспасөзі мен публицистикасы  журналистикасының негізін қалады. Орыс баспасөзінің әсерінде қазақ тілінде «Серке», «Қазақстан», «Қазақ», «Алаш», «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ұлан», «Үш жүз», «Тіршілік» және т.б. газет-журналдар шығып, қазақ халқының дүниетанымына әсер етіп, көзқарастарын кеңейтіп, прогрессивтік ағартушылық бағытта үлкен қызмет атқарды. Қазақстанда ұйымдастырылған социал-демократиялық топтар мен ұйымдар өлкедегі революциялық қозғалысқа басшылық етті, сонымен қатар, олар жергілікті басылымдарды пайдалана отырып, өздерінің дербес баспасөз органдарын құрды.

Санкт-Петербургте шығатын қазақ оқырмандарына арналған Шәймерден Қосшығұловтың редакторлығымен 1907 жылы жарық көрген  «Серке» газеті 3-4 нөмері басылғаннан соң тоқтап қалған. Газет жайында Ш.Қосшығұловтың айтуымен жазылған Орталық Ғылыми кітапханадағы қолжазбада газет атауына байланысты мынадай дерек бар: «… боранда қойды жайылымға бастаушы серке мағынасында алынған». Ал «Нәжет» («Азаттық») деген жинақта «Үлфәт» газеті редакторының бірі жазған хабарда: «1906 жылы «Үлфәт» қазақ оқушыларына арнап, қазақ тілінде «Серке» атты екі жетілік газет шығаруға қарар болды. Келесі жылдың наурыз айының басында сол газеттің 67-санына қосымша болып шықты. Газет шыққан соң бірер күннен кейін полиция келіп, қала начальнигінің «Серке», «Үлфәт» газетінің ұсталғаны туралы әмірін оқып, басқармада бар даналарын жинап, құлыптап кетті. 2-күні тиісті орындардан сұрағанымызда, олар: « «Серке» газетіндегі кейбір мақалаларда қазақ халқын үкіметке қарсы үгіттеу бар, содан ұсталды деп жауап берді» делінген екен. Ал «Үлфәт» газетінің тағдыры да қосымшасы ретінде шыққан «Серке» газетімен байланысты болды. Мұны да либералдық буржуазиялық бағыттағы газет деген айып тағылып, шығарылуы тоқтатылды. «Егемен Қазақстан» газетінің №5 (24977) 09.01.2008 жылғы санында «Міржақып съездің жұмсауымен 1906 жылғы 1-ші санында «Жастарға» деген өлеңін бастырды. Ал екінші санында «Біздің мақсатымыз» атты мақала жарық көрді. Онда 1905 жылы демонстрация кезінде патша өкіметінің атына айтылған талап-сындар жазылғандықтын, газет кәмпескеленіп, таратылмай өртеліп кетті» деп жазылған.

Ғалым-зерттеуші Б. Әбілқасымов алғашқы қазақ газеттерінің бағдарламасы жөнінде әңгіме қозғай келіп: «Ол бағдарлама бойынша газет жоғары ұлықтардың қазақ даласына қатысты бұйрық-жарлықтарымен қазақтарды таныстырып тұруға, сондай-ақ олардың арасына елдің табиғаты, тұрмысы, шаруашылық жайы туралы хабарларды таратуға тиісті болғанын тілге тиек етеді. Патша өкіметі сөз жүзінде осылай дей тұрса да, іс жүзінде қазақ халқын ағартуды тіпті де көксеген жоқ. Шын мәнінде оның көздегені – үкімет жарлықтарын ана тілінде тарату арқылы оны сөзсіз орындатуды қамтамасыз ету, жергілікті халықтарды басқаруды жеңілдету, қазақтың артта қалған патриархалды шаруашылығын біраз ілгері көтеріп, оны патша үкіметінің шикізат жөніндегі қажетін өтейтін дәрежеге жеткізу, сондай-ақ қазақтың өз тілін дамытып отырып, сол кездің өзінде «патша үкіметінің орыстандыру саясатына зиянын тигізе бастаған шағатай, түрік, татар тілдерінің ықпалына қарсы күресу болды. Сөйтіп, өзінің отаршылық саясатын одан әрі күшейте беру мақсатын ұстады» – дейді.

«Серке» газетінің жабылуының басты себепкері Міржақып Дулатұлы жайлы сөз қозғасақ артық болмас деген пікірдемін. Міржақыптың өлең сөзге деген құмарлығы ерте оянды. Ол туралы өзінің өмірбаянында былай деп жазады: «Менің өлеңге деген құмарлығым бала жастан басталғанмен, жиырмаға келгенге дейін де ден қойып, маңызды ештеңе жаза қойғам жоқ. Шындығында, біраз өлеңдер жазған да едім, бірақ оған жете мән берген емеспін, сондықтан олар сақталған жоқ.

Менің алғашқы өлеңім 1906 жылы Петерборда шыққан «Серке» газетінің тұңғыш санында жарияланды».

Егер анығына келсек, оның «Жастарға» атты өлеңі тұңғыш рет 1907 жылғы наурыздың 28 күні жарияланған болатын. Онда:

Найзамен түртсе де

Жатырсың, қазақ, оянбай.

Мұнша қалың ұйқыны

Бердің бізге, ой, Алла-ай?! [41]

деп ақын күйіне ұран тастайды. Ол өз халқының қайғы-мұңын тек қазақ жерін отарлаумен ғана байланыстырмайды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасыр басындағы ел арасындағы шерменделікті де егіле жазады.

Міржақып шығармалары ақынның рухани әлеменің соншалықты бай екендігін танытады. Іштей астасып жатқан әуезділік, әсемділік, шынайылық, біртіндеп философиялық толғанысқа ауысатын қиялшылдық, оның поэзиясының тұтас рухани әлемін құрайды.

Міржақып шығармаларының шоқтығын биік көтеретін басты мәселе –  халық алдындағы жауапкершілік, ар, ұждан, парыз. Ол өлеңдерінде өзін езілген халықтың тағдыры қатты күйзелетінін, азаттық пен елдікке жету жолдары толғандыратындығын жиі айтады. Оның өлеңдерінің көбі елмен сырласу сарынында болып келеді.

Ұзақ уақыт отар ахуалында езгіде келе жатқан қазақ арасында XX ғасыр басында ұлттық саяси-құқықтық ой ұшқындары заманалық өркениетке сәйкестеніп, жаңаша мазмұнда дами бастады. Бұл дамудың өзіндік ерекшелігі – Ресей империясы орнатқан отарлық езгіге зиялы қауым тарапынан қарсы әрекеттер жасала бастауында еді.

Жиырмасыншы жүзжылдықтың қарсаңы мен басталар шағында қазіргі Қазақстанның сол кездегі аумағында тұратын халықтардың өмірі, экономикасы мен әлеуметтік қарым-қатынастары ірі өзгерістерге ұшырағаны мәлім.

XX ғасырдың басында бой көрсеткен алғашқы саяси-құқықтық идеялардың тууына осынау отарлық қамыт басқа салған құқықсыздық пен надандық ахуал түрткі болған еді. Бұл жерде біз саяси-құқықтық идея деп өмірдегі нақты жағдайдың, объективті ақиқаттың көріністері мен құбылыстардың пайымға салып түсінуге ұмтылушылықты айтып отырмыз. Саяси-құқықтық идея, сөз жоқ, қоғамда орын алып тұрған нақты саяси ахуал  және адамның өз құқығын қорғап әділдікке жету мүмкіншілігі жоқ жағдайды ақылға салып парықтаудың түрі болып табылады. Оның дүниеге келуі мен дамуының басты себебі – қазақ қауымы бастан кешіп отырған экономикалық, әлеуметтік, рухани кемсітушілердің шектен шыға шиеленісуінде жатқан-ды. Ойлы азаматтарды бұған қандай амал қолданбақ керек деген өзекті мәселе толғантты. Соның нәтижесінде зиялы жұртшылықтың басын қосып кеңес құру, ортақ мүддені айқындау және сол мақсатта бұқараның көзін ашу жөніндегі саяси мұрат өмірге келді.

Бұқарада оқып, арнайы діни білім алғаннан кейін, Көкшетау қаласының мешітінде қызмет атқарды, медресесінде дәріс берді. Әйгілі дінбасы Науан хазіреттің шәкірті әрі үзеңгілесі болды. Патша үкіметінің жергілікті әкімшілігі жүргізген діни-рухани отарлау шараларына наразылық білдіріп, 1903 жылы үндеу-хат жазып таратушылардың бірі. Соған байланысты бас қосып ақылдасуға шақырып, ұлт зиялыларына, соның ішінде Абайға хат жолдады. Тұтқындалып, Якут облысына айдалды. 1-орыс революциясы дүмпуімен (1905 жылғы 17 сәуірдегі дінге еріктілік жария етілген патша пәрменіне байланысты) айдаудан босанды.

Мұсылмандардың Бүкілресейлік екінші съезінде (1906 жылы, қаңтар, Санкт-Петербург) мұсылмандардың халықтық саяси партиясын құру қажеттігін қолдады, партияның бағдарламасын жасау жөніндегі комиссия құрамына енді, үшінші съезінде партия жұмысын жүргізетін орталық комитеттің мүшесі болып жабық дауыспен сайланды.

Санкт-Петербургте шығатын қазақ оқырмандарына арналған 1907 жылы жарық көрген  «Серке» газетінің редакторы Шәймерден Қосшығұлов сол жылдары Екінші мемлекеттік Дума депутаты болды. Сайлау қорытысын бекітерде оның орыс тілін білу дәрежесі тағы да даулы мәселеге айналады, дегенмен бұл жолы оның депутаттығы мойындалады. Шәймерден Қосшығұлұлы Санкт-Петербургке аттанады. Думада ол мұсылман фракциясына тіркеліп, өз саяси пікіріне сәйкес жұмыс атқарады. Осында татарлардың «Үлфәт» газетіне қосымша түрінде қазақша «Серке» газетін шығаруға атсалысты. Ел ішін дендеген парақорлықтың халық сотын да шырмағаны, сөйтіп, әділет сынды қасиетті ұғымның қадірі кеткеніне жаны ауырғандығы болар, бәлкім, мұсылмандық ілімді тәп-тәуір білгендіктен шығар, әйтеуір, қазақ арасындағы сот жүйесінің әдет-құқығы негізінде жұмыс істеуіне қарсы болды. Шариғат құқығын басшылыққа алуды дұрыс деп есептеді. Ол бұл тұрғыда Думадағы көптеген мұсылман қайраткерлерімен бір сапта еді. (Бірқатар қазақ азаматтары, соның ішінде зайырлы жоғары білім алған Бақытжан Қаратаев, Серәлі Лапин секілді заңгерлер де елде шариғат сотының жұмыс істеуін қалайтын).

Дума қуылған соң елінде діни және ағартушылық істерімен шұғылданған. Кеңес үкіметі тұсында молда ретінде ұдайы түртпектеліп, саяси қыспақта болған.

Белгілі қарт қаламгер Жайық Бектұров ақсақал өзімен аталас болып келетін бұл кісіні жас кезінде бірнеше рет көргенін тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жазылған-ды. Қағылездеу, тез-тез сөйлейтін кісі еді деген. 

Жалпы қазақ газеттерінде жарияланған материалдардың маңызы мен мәнін ескеріп, халық санасын ояту үшін ағартушылық қызметін алуға болады. Газет материалдарын іріктеп топтап, құрастырып, осы күнгі әліпбиге түсіріп, жарыққа шығарған зерттеуші Ү. Сұқпанбердина 1905-1907 жылдары Ресейде болған революция дүмпуі нәтижесінде қазақ газеттерінің екінші бір үлкен шоғыры дүниеге келгендігін айтады.

Олар: «Серке» – 1907 жыл, «Қазақ газеті» – 1907, «Дала», «Қазақстан» – 1911-1913 жылдар, «Ешім даласы» – 1913 жыл. Осы аталғандардың қатарына Ә.Бөкейханов сынды қайраткер азамат әр жылдары шығып тұрған «Голос степи», «Омич» газеттерін де қосу керек екендігін айтады.

Алғашқы қазақ журналының ел алдындағы бедел биігіне жетуіне күш қосқан, жаңадан шыға бастағанында үлкен жәрдем беріп, қалам-қуатын, қалың ұйқыда жатқан жастарды ояту мақсатында жазылған  «Серке» газетінде басылып шыққан  «Жастарға» мен «Біздің мақсатымыз» атты мақалалар еді. «Серке» газетінің қазақ журналистика тарихында, тіптен қазақ халқы тарихында алатын рөлі зор. Осы газет ұстанған патриоттық, демократиялық бағыт кейінгі шыққан қазақ газеттеріне, журналдарына зор әсерін тигізді. «Серке» газетін әлі де болса зерттеу керек, сол кездегі халық басындағы қиын-қыстау заманды сезіне білген, халқына жаңа жол, саясат көрсеткен газет рөлі ерекше.

«Серке» газеті – сол кезеңнің шындық шежіресі, өмірлік айнасы ғана болып қана қойған жоқ, сонымен қатар қалың көпшілікке жол сілтеген, ұлттық сана-сезімді оятуға үлес қосып, болашаққа бағыт-бағдар берген қоғамдық ойдың өлшемі еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ: 

 

 

[1] Бөкейханов А. Шығармалары. – Алматы,Жазушы, 1989. – 320б.

[2] Назарбаев Н. Туған елім – тірегім. – Алматы, Рауан, 2001. – 128 б.

[3] Бауыржан Жақып. – Алматы, Білім, 2004. – 4 б.

[4] Бауыржан Жақып. – Алматы, Білім, 2004. – 19 б.

[5] Амандосов Т., Елеукен Ш., Ыдырысов Т., Қожакеев Т. Газетжанрлары. – Алматы, Қазақстан, 1965. – 67 б.

[6] Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы, Жазушы, 1989. – 224 б.

[7] Кенжебаев Б. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі. – Алматы, 1950. – 158 б.

[8] Қазақстан. Ұлттық энцик. VI-том.-Алматы, «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 2004. – 215 б.

[9] Сұхпанбердина Ү. Қазақ баспасөзі тарихынан. – Алматы, 1995. – 129 б.

[10] Қазақстан. Ұлттық энцик. VI-том.-Алматы, «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 2004. – 326 б.

[11] Қазақстан. Ұлттық энцик. VI-том.-Алматы, «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 2004. – 451 б.

[12] Бауыржан Жақып. – Алматы, Білім, 2004. – 104 б.

[13] Бауыржан Жақып. – Алматы, Білім, 2004. – 112 б.

[14] Бауыржан Жақып. – Алматы, Білім, 2004. – 121 б.

[15] Бауыржан Жақып. – Алматы, Білім, 2004. – 124 б.

[16] Бауыржан Жақып. – Алматы, Білім, 2004. – 127 б.

[17] Бауыржан Жақып. – Алматы, Білім, 2004. – 359 б.

[18] Бауыржан Жақып. – Алматы, Білім, 2004. – 249 б.

[19] Қазақстан. Ұлттық энцик. VI-том.-Алматы, «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 2004. – 332 б.

[20] Қазақстан. Ұлттық энцик. VI-том.-Алматы, «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 2004. – 548 б.

[21] Б.Кенжебаев «Қазақ халқының XX ғасыр басындағы демократ жазушылары» — Алматы, Жазушы, 1991ж – 225 б.

[22] «Егеменді Қазақстан», №5(24977) 09.01.08.

[23] «Серке», №84, 1907.

[24] М.Дулатұлы «Алаш мұрасы», Алматы, «Мектеп», 2002. – 97 б.

[25]  М.Дулатұлы «Алаш мұрасы», Алматы, «Мектеп», 2002. – 125 б.

[26]  Бауыржан Жақып. – Алматы, Білім, 2004. – 273 б.

[27] М.Дулатов Баспасөз үмесі// Еңбекші қазақ, 1923-23 мамыр

[28] Бауыржан Жақып. – Алматы, Білім, 2004. – 167 б.

[29] Дулатов М. Шығармалары. – Алматы, Жазушы, 1991. – 17б.

[30] Қожакеев «Көк сеңгірлер» — Алматы, Қазақ университеті, 1992. – 154 б.

[31] Қазақстан. Ұлттық энцик. I-том.-Алматы, «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 2004. – 97 б.

[32] Б.Кенжебаев «Қазақ халқының XX ғасыр басындағы демократ жазушылары» — Алматы, «Жазушы», 1991. – 358 б.

[33] Қожакеев «Көк сеңгірлер» — Алматы, Қазақ университеті, 1992. – 297 б.

[34] Қожакеев «Көк сеңгірлер» — Алматы, Қазақ университеті, 1992. – 306 б.

[35] Дулатов М. Шығармалары. – Алматы, Жазушы, 1991. – 47 б.

[36] Т.Амандосов «Совет журналистикасының теориясы мен практикасы» –  Алматы, Мектеп, 1978. – 158 б.

[37] Б.Кенжебаев «Қазақ баспасөзінің тарихынан мәліметтер»-Алматы, 1956. – 179 б.

[38]  Б.Кенжебаев «Қазақ баспасөзінің тарихынан мәліметтер»-Алматы, 1956. – 246 б.

[39] Б.Кенжебаев «Қазақ баспасөзінің тарихынан мәліметтер»-Алматы, 1956. – 297 б.

[40] Дулатов М. Шығармалары. – Алматы, Жазушы, 1991. – 49 б.

[41] «Серке», №84, 1907.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

  1. Бөкейханов А. Шығармалары. – Алматы,Жазушы, 1989.
  2. Назарбаев Н. Туған елім – тірегім. – Алматы, Рауан, 2001.
  3. Бауыржан Жақып, «Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары», Алматы, «Білім», 2004.
  4. Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы, Жазушы, 1989.
  5. Қазақстан. Ұлттық энцик. VI-том.-Алматы, «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 2004.
  6. С.Қозыбаев, А.Рамазанова, Қ.Аллаберген «Әлем баспасөзі тарихынан», Алматы, «Санат», 1998.
  7. Б.Кенжебаев «Қазақ баспасөзінің тарихынан мәліметтер»-Алматы, 1956.
  8. Дулатов М. Шығармалары. – Алматы, «Жазушы», 1991.
  9. Т.Амандосов «Совет журналистикасының теориясы мен практикасы» — Алматы, «Мектеп», 1978.
  10. «Серке», №84,
  11. Б.Кенжебаев «Қазақ халқының XX ғасыр басындағы демократ жазушылары» — Алматы, «Жазушы», 1991.
  12. Т.Қожакеев «Көк сеңгірлер» — Алматы, Қазақ университеті, 1992.
  13. Б.Кенжебаев, Т.Қожакеев «Қазақ совет баспасөзі тарихынан» — Алматы, ҚазМУ, 1962.
  14. М.Дулатов Баспасөз үмесі// Еңбекші қазақ, 1923-23 мамыр
  15. «Егеменді Қазақстан», №5(24977) 09.01.08.
  16. Ө.Әбдіраманұлы «Мәңгілік мұра» мақала «Қазақ» газеті №266. 1993.
  17. «Жас азамат» газеті №11,19 қараша, 1918.
  18. М.Дулатұлы «Алаш мұрасы», Алматы, «Мектеп», 2002.
  19. Амандосов Т., Елеукен Ш., Ыдырысов Т., Қожакеев Т. Газетжанрлары. – Алматы, Қазақстан, 1965.
  20. Кенжебаев Б. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі. – Алматы, 1950.
  21. Қожакеев Т. Жас тілшілер серігі. – Алматы, Рауан, 1991.
  22. Сұхпанбердина Ү. Қазақ баспасөзі тарихынан. – Алматы, 1995.
  23. Әбдімәнов Ө. Ахмет Байтұрсыновтың әдеби-публицистикалық мұрасы. – Алматы, 1994.
  24. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – Алматы, 1964.
  25. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі. – Алматы, 1981.
  26. Қожакеев Т. Жас тілшілер серігі. – Алматы, Рауан, 1961.
  27. Дулатова Д.И. Историография дореволюционного Казахстана (1861-1917г.г.). – Алматы, Наука, 1984.
  28. Қожакеев Т. Ұлттық баспасөз күні// Жас алаш. – 1992. – 10-мамыр.
  29. Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. – Алматы, 1971.
  30. «Қазақ» газеті. – Алматы, «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакция,1998.
  31. «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия. – Алматы, 1999.
  32. Газетные жанры. – М., Изд. Полит.литературы, 1967.
  33. Қабдолов З. Адам. Публицистика. – Алматы, ҚМБ, 1964.
  34. Литвинов В.М. Мир глазами публициста. – М., Знание, 1967.
  35. Кенжебаев Б. Журналист – Мұхаметжан Сералин. – Алматы, 1957.