АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазақ тілі мен түркі тіліндегі жалғауларды мысалдар арқылы салыстыру

КІРІСПЕ

 

Бүкіл түркі халықтары грамматикасының атасы саналатын Махмұд Қашқари еңбегін біз де қазақ тілінің тарихи грамматикасына арқау етеміз.

Махмұд Қашқари орта ғасырлардағы ғылымның алыбы, әрі жетік лексиколог, асқан грамматист, тарихшы, әдебиетші.

Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат ат- түрік» (Түркі тілдерінің сөздігі) атты еңбегі түркі тілдес халықтардың тілін, тарихын,рухани дүниесін көрсететін мұраларға толы.

Махмұд Қашқаридың «Диуани лүғат ат- түрік» жалпы түркі халықтарының , соның ішінде Орта Азия халықтарының ортақ ғылыми мүрасы.

Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат ат- түрік» атты сөздігінің қолжазбасы алғашқы рет 1913-1915 жылдары Стамбулда басылып шықты. (1;36-37)

Түркі әлемінің тұңғыш түрколыгы, данышпан білгіш Махмұт Қашқаридың өмірі мен қызметі жөнінде мәліметтер аз болғандықтан, оны өз туындысы «Диван-и лұғат ат түрктен» («Түркі тілінің сөздігін») ғана біле аламыз. Махмұт Қашқаридың толық есімі-Махмұт ибн әл-Хусейн ибн Мұхамед. Туылған және қайтыс болған жылдары белгісіз. Ғылыми жорамалдарға қарағанда, ол 1029- 1038 жылдар аралығында Қашкарда дүниеге келген. Махмұт Қашқаридьщ Қараханидтер әулетінен шыққандығы айтылады. Ата-бабаларының бірі-Харун эл-Хасан бин Сүлеймен Боғра хан атағын алған, Маураннахрды жаулап алып, Саманилердің астанасы болған Бұхараны да басып алған. Әкесі Боғра ханның немересі Хусейн бин Мұхаммаед Барсханның (Барскон) әкімі еді. Кейін, Қарахаидтер әулеті билеген мемлекеттің мәдени-саяси орталықтарының бірі — Қашқарға ауысқан. Махмұттың «Қашқари» ныспысын алуы да осы қалада тұруына байланысты болатын.

Махмұт оқып-жазуды және кейінгі тәлімін өзі туылған Қашқарда алды. Ол заманғы Қашкар қаласы — Шығыс Түркістанның ipi саяси жаңа мәдени орталығы еді. Махмұттың замандасы Жүсіп Баласағұн осы кезде өзінің өлмес «Құтты білігін» жазғаны — бұл өлкеде ғылым мен өнердің аса дамығанын дәлелдейді, Ол уақытта барлық ислам елдерінде, олардың ішінде Қашқар елінде де мектептердe Кұран, араб тілі, заң негіздері, математика оқытылатын. Бірақ Махмұт тек Қашкарда алған білімімен шектелмей, Азияның басқа да, Бұхара, Самарқанд, Нишапур, Мерв, Бағдат сияқты ipi мәдени орталықтарында білімін кеңейтеді.

«Диуани» — түркі тілдерінің салыстырмалы үлағаты, соған қоса алғашқы тілдік филологиялық зерттеу , онда түркі елдерінің тілдері тұңғыіп рет ғылыми жүйеге түседі. Жеке сөздердің маңызы мен этимологиясы түсіндіріледі. Еңбектен грамматикалық ережелерді, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін, өлеңдер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер т.б.   тарихи құнды материалдарды кездестіреміз. Сөздіктің маңызы әлі жойылған жоқ. Әдебиет тілінің ескі үлгілерін танытатын деректерді де біз осы Махмұд Қаіпқари сөздігінен табамыз.Ол түсінуге ауыр сөздердің маңызы, жанама түсінігі, шыгу тарихы, басқа тілдерге байланысты, көптеген тайпалардың сөз қолданыстары , өзгерістері сияқты күрделі мәселелерді шешуге де көмектеседі. Сондықтан Махмұд Қашқари сөздігін XI ғасырдағы ескі түркі тілі жайын білгізіп қана қоятын еңбек демей, сонымен қатар оған дейінгі және одан кейінгі дәуірлердегі тіл өзгерістерін, әдеби тілдің жайын, тарихын танытатын бағалы еңбек деп білген жөн.

Ал енді «Диуани лұғат ат- түрік» кітабының осы күнгі түркі тілдеріне қандай қатынасы бар деген мәселеге келсек, онда біз көпшілік зерттеушілер пікірін қуаттай отырып, оны тірі түркі тілдерінің бәріне бірдей тән қазына , ортақ мұра деп қараймыз. Шынында да бұл өзі- осы күнгі көптеген түркі халықтарының өз алдына бөлініп , халық сипатына жетіп қалыптасып алған кезінде жазылған еңбек. Онда талай-талай тайпалар мен рулардың ауызекі сөйлеу тілінен алынған материалдар жинақталған. Сондықтан да Н.А.Баскаковтың Махмұд Қашқариді «түркі тілдерін өзара салыстыра зерттеудің пионері болған еді » десе, А.Н.Самойлович оны «XXI ғасырдың Радловы» деп атаған.

Махмүд Қашқаридың ойынша, түркі тілдерінің ең жеңілі- оғыз тілі де, ең жақсысы, қолдануға қолайлы келетіні яшма, тухси тілдері мен қазіргі Қазақстан территориясын яғни Іле, Ертіс, Еділ өзендерінің бойын жайлаған халықтардың тілі. Бұл аталған жерлердің ішінен автор Қоқан Тараз қалалары мен Баласағүн өлкесіне дейінгі кең атырабта   тұратын халықтардың тіліне тоқталып өтеді.

Сонымен, түркі    тілдерінің Махмұд Қашқари жасаған ең алғашқы классификациясы екі түрлі негізге сүйенген:

  1. Түркі халықтарының орналасу тәртібіне қарай, яғни географиялық мәліметтерге сүйенген де;
  2. — ден әрбір топтағы түркі тілдерінің өзіндік фонетикалық және морфологиялық қасиеттеріне, яғни лингвистикалық сипаттарға негізделген.(2.3-6 бет)

Сөздіктегі мысалдардың көбі халық ауыз әдебиетінен жиналған үлгілі — өнегелі, парасатты сөздер , мақал-мәтелдер, әдеби үзінділер. Сөздік сол кездегі түркі тайпалары, түркі тілдерінің топтастырылуы, тарихи фонетикасы мен грамматикасы т.б. жайында көп мәлімет береді. Мысалы: алб йағында — батыр соғыста.

 Жұмыстың өзектілігі: Махмүд Қашқари сөздігі өз заманы ғана емес, күні бүгінге дейін ғылыми мәнін жоймаған, түркі тілдері тарихын зерттеуде таптырмайтын бірден-бір тарихи материал.

Түркі тілдерін зертеудің алғашқы қадамы түркі ғалымы Махмұд Қашқаридың «Диуанынан» басталады.(22.26-27 беттер)

Бүкіл түркі халықтарының грамматикасының атасы саналатын Махмұд Қашқари еңбегін біз де қазақ тілінің тарихи грамматикасына арқау етеміз. Жүмысты жазу барысында алға қойған мақсатым: қазақ тілі мен түркі тіліндегі жалғаулардың өзіндік айырмаіпылықтары мен үқсастықтарын, олардың ерекшеліктерін зерттеу.

 

Жұмыстың мақсаты мен міндеті: қазақ тілі мен түркі тіліндегі жалғауларды мысалдар арқылы салыстыра дәлелдеу.  

Диплом   жұмысын жазу барысында салыстырмалы әдісті қолдандым. Яғни, Махмұд Қашқаридың еңбегі мен Т.Томанов, Ғ.Айдаров, А.Есенқұлов, А.Ысқақов т.б. ғалымдардың еңбектеріндегі жалғауларды салыстыра отырып, олардың ұқсастықтарын айырмашылықтарын көрсетуге тырыстым.

Жұмыстың   құрылымы: кіріспе , ІІІ тараудан және   қорытынды
бөлімдерден түрады.

І-тарау.   Түркі тіліндегі жалғаулардың зерттелу тарихы.
II- тарау.Қазіргі қазақ тілімен салыстыру.

ІІІ- тарау. Қазақ тілі мен түркі тіліндегі жалғаулардың ұқсастығы мен айырмашылықтары.

 

І-ТАРАУ.ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ ЖАЛҒАУЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ.

1.1 Түркі тіліндегі жалғауларның зерттелу тарихы

 

Көптік мағынаны тудырудың негізгі жолы — көптік жалғаулары. Орхон — Енисей жазбаларында көптік жалғауының екі түрі кездеседі: — лар, — лер, — т. Кейінгі дәуір жазбаларында да — лар көптік мән берудің басты тәсіл есебінде қолданылған.

М:Білге кетік кешілер енім сөзүм ешідіңлер.

Қазіргі қазақ тіліндегі -лар жалғауының қолданылуы мен салыстырғанда, көне түркі тілінің ерекшеліктері бар. Олар мына төмендегідей:

Сан есіммен бір тіркесте келген зат есімдер де кейде — лар жалғауын қабылдайды. М.Маңа торт йекілер йақын келті. Кейде жинақтық мән беретін сөздерге де – лар жалғанып келеді: Тағлар суғы ақышты. Көкшіл бұлт өрүшді. Осы тәрізді сөздер ыңғайына қарай жекелік түлғада қолданылады: Кулан түгел құлмурты, Арқар, соқақ йумутты (құландарды түгелімен аудырды.Арқар киіктерді жиды.)
Қолданылу мәні тұрғысынан соңғы сөйлем құрамындағы арқар,    құлансөздерінің                                     алдыңғы    тау           сөзінен айырмашылығы   жоқ.    Сірә,  бұл    ретте   — лар аффиксінің стильдік қолданылуын ғана   байқауға болады.(4.136-138)

A.M. Щербак — лар аффиксінің Х-ХІІІ ғасырлардағы жазбаларында мынандай қолданыстарды көрсетеді: — лар жалғауы изофеттік бірінші сыңарына ғана жалғанып келеді. Тағлар сувы. Кейде — лар изафеттің екі сыңарына бірдей жалғанып келеді. Қушылар авлағулары.

Кейде — лар изафеттік тіркестің соңғы, бастапқы сыңарына ғана жалғанады. Аіпыру улу йазлықлы турмен менің йаман ішілерімнен, йаман сағымчымдан (5)

Изафеттің алғашқы сыңары көптік жалғауы болып келуі қазақ тілінде тек мынандай ыңғайларда ғана мүмкін: Кісілердің келісі, үйлердің төбесі.

Қысқасы — лар аффиксі өзінің мәні мен қолдану тұрғысынан көне түркі тіліндегі негізгі ерекшеліктерін сақтаған.

-Т- қосымшасы Орхон — Енисей жазбаларында атақ-дәрежені білдіретін азын — аулақ сөздердің ғана құрамында кездеседі.

Тарқан —  тарқат, тігін — тігіт т.б.

Зерттеушілер бұл қосымшаны моңғол тілінен ауысқан деп есептейді (4.138.)

С.Е.Малов » жазба  ескерткіштегі  тарқан — тарқат , тігіт -тігіндегі    қосымшасын көптік жалғауының көрсеткіші»- дейді. (6)

Тілімізде г жұрнағы арқылы жасалған, бірақ көптік мағына білдірмейтін жігіт (игі), қарт (кәрі) тәрізді сөздер бар.

-Т жұрнағының беретін мағынасы мен қызметі қазіргі түркі тілдерінен де байқалады.

Қазіргі түркі тілдерінде -_т жұрнағы, негізінен екі түрлі мағынада   жұмсалады. Белгілі бір іс- әрекетті білдіреді: түрік тілінде дүсүт (түсік), алғүт (алым) деген сөздерді алатын болсақ, бұлар араб парсы тілдері арқылы енген лексемалар.

  • Іс — әрекеттің нәтижесін, яғни әлдебір амал тәсіл мәнінде жұмсалады.Түрік тілінде бүгет — бөгет, доғұт -тұрақ.

Қазіргі түркі тілдерінде бір жұрнақтың қызметін ара-тұра екініпі бір жүрнақтың, яғни оның басқа бір фонетикалық сыңарларының атқара беретіндері де болады. Мысалы: і_т жұрнағының  орнына Д  аффиксі  жалғанады. Кечід (өткел)

Махмұд Қашқари сөздігінде і_т жұрнағының — ыт,-іт, -үт варианттары кездеседі. Үгіт (үгу), сығыт (жылау) , күлүт (күлкі)

Сөйтіп, — т жұрнағы ескіден келе жатқан тарихи жұрнақ болғанымен, қазіргі тілімізде өнімсіз жұрнақтар қатарына жатады.(7).

С.Е.Малов көне түркі тілінде көптік мағына туғызатын қосымшаның бірі деп біз есімдігінің құрамындағы ^_з ны көрсетеді. Бірақ Орхон- Енисей жазбаларында — з көптік мән туғызатын еркін аффикс есебінде қолданылмаған.

Малов қосымша мына фактілерді келтіреді: меңіз( бет), көкүз (көкірек), ағуз (ауыз), ал біз, сіз есімдіктерінің қүрамын былайша түсіндірелі » бі-з» «сі-з»

Моңғол тілінде мен есімдігі «бі», «сіз» сі түрінде айтылады. Сонда түркі   тілдерінің біз,    сіз    сөздері жіктеу есімдіктердің     жеке     түрі     мен     —  з  көптік     жалғаудың қосымшасынан құралған болады.(б).

Сіз, сен есімдіктерінің өз заманындағы түркі тілдерінде қолданысы жайлы Махмұд Қаіпқари былай дейді: » Сіз үлкендерді құрметтеу мәнінде сен мағынасына айтылатын сөз». Бұған қарағанда , Махмұд Қашқари дәуірінде «сіз» есімдігінің сыпайылық мәнімен қатар жүрген. Алайда түркі тілдерінің бірі қазақ тілінде екі бөліктен түратын атаулардың бәрі бірдей — з -ға аяқталмайды.

Мысалы: құлақ, қол, аяқ т.б.

з-ға аяқталатын сөздер санаулы.

Екініпі    жағынан ,    қазақ    тілінде — з— ға аяқталатын    кей сөздердің  р ға бітетін етістік варианттары бар.

М.көз-көр,  атыз-айыр.  Бұл     сөздер     ешбір     көптік     мән бермейді. (4.139.)  

Орхон — Енисей жазба ескерткіштеріндегі көптік жалғауы заттардың біреу емес, көп екендігін білдіреді.     

1.2 Көне түркі ескерткіштері

Қазіргі заманда түркі тілдері сияқты көне түркі ескерткіштері тілінде зат есімнің көптік жалғауы үш түрлі жолмен жасалады.

1- морфологиялық, 2- лексикалық, 3- синтаксистік.

Морфологиялық тәсіл.

Көптік мағынаны білдіру үшін негізгі және туынды түбірге — лар, — лер қосымшалары жалғанады.

Лексикалық әдіс.

Ескерткіштер тілінде көптік лексикалық категория екі түрде жүзеге асады: алдымен көптік мағына лексикадан жеке сөздердің семантикасына байланысты болады және көптік мағына сөз тіркестері арқылы да беріледі.

Орхон — Енисей жазба ескерткіштері тілінде төмендегідей сөздер көптік жалғауы жалғанбай — ақ көптік ұғымды білдіреді.

  • Ру — тайпа, халық аттарын білдіретін кейбір жинақты ұғымы бар сөздер. Огуз- оғыз, кыбчак — кыпшақ.
  • Лексикалық мағынасының өзінде көптік ұғымы бар сөздер. Інгек — сиыр, құлғак — құлақ.
  • Даралап, санауға келмейтін кейбір зат есімдер.
  • — лығ, ліг ( лық, лік) жұрнақтары арқылы жасалған кейбір дерексіз зат есімдер жеке ұғымда да , көптік ұғымдада да кездеседі. Қағанлық- қағандық.

Синтаксистік   әдіс.

Орхон — Енисей   жазба   ескерткіштері   тілінде   көптік мағына сөз тіркестері арқылы да жасалады.

Зат есімнің алдында оның қанша екендігін көрсететін сан есімдер болса, оларға                                     көптік жалғауы жалғанбайды. Йеті йүз кісі — жеті жүз кісі.

  • Зат есімдердің алдында қоп — көп, үкіл — бүкіл сияқты анықтауыштар айтылса, оларға көптік жалғауы жалғанбайды.

Үкүл ер — бүкіл ер.

3) Кейбір қос сөздер де көптік жалғауынсыз — ақ көптік ұғымды білдіреді. Қыз — қудуз — кыз қырқын (8.69-71).

Қазіргі түркі тілдерінде сондай — ақ, көне жазба тілінде (көне тілдерде) бірлікті білдіретін қосымша жоқ, болған да емес.   Арнаулы   морфологиялық   тәсіл   арқылы   берілетін сандық ұғым — көптік.

Көптік ұғым чуваш тілінен басқа түркі тілдерінде — лар аффиксі арқылы беріледі. Түркі тілдерінің көпшілігінде соңғы дыбысының сапасына қарай — лар аффиксінің басқа дыбысы ассимилияцияланып, әр түрлі варианттар пайда болады. Бүл аффикстің негізгі екі варианты — лар, — лер, (дар,дер).

Көптік жалғауын өте көп вариантпен айтатын тіл — якут тілі. Екі вариантты көптік жалғаулары ( — лар, — лер) қолданылатын тілдер түркі тілі мен әзербайжан тілі.

Ескертетін жай — көптік жалғаудың сөз қүрамындағы орны туралы. — лар көптік жалғауы есім негізге тікелей жалғанады  да,   одан   кейін  тәуелдік  жалғауы   есім   негізге тікелей жалғанады да, одан кейін тәуелдік жалғауы, содан кейін ғана септік  жалғау айтылады: аттарына , аттарыңды.

Бұлар — лар жалғауы қолданылатын барлық түркі тілдері үшін мызғымайтын жүйе болып табылады. Сонымен қатар түркі тілдерінде жеке сөздер, кейде формалар қүрамында ажырайтын, тарихи түрғыдан көптік жалғау деп есептеуге мүмкін қосымшалар да бар. Сондай қосымшалардың бірі — есімдіктер қүрамынан және жақтың қосымшалар құрамынан ажыратуға болатын (ы)з қосымшасы. Қазіргі қазақ тілінде екінші жақтың көпше түрінде екі түрлі түлғанатыны бегілі: бар -ың — дар, бар -ың — ыз — дар. Бірінші түріндегі — ың жақтың жалғауда да, —дар көптік жалғау екені айқын. Бірақ екінші түріндегі -ың жақтық жалғауы екені анық болғанмен , қосымшасын — ыз да сондай қпрауға еш негіз жоқ. Өйткені, мұнда мән — лар аффиксі арқылы беріліп тұр. Көне дәуір ескерткіштері тілінде — ын I жақ жекелікті білдіреді де — ыз II жақ, көпшілікті білдірген. Бұл фактілерді еске алсақ, қазақ тіліндегі II жақтың сыпайы түрі деп қаралатын форма тарихи тұрғыдан II жақ көптік болғанын түсінуге болады. Сонымен қазақ тіліндегі — ыңыздар түлғасы жақтық жалғау мен екі түрі көптік жалғаудың қабаттасуы болып шығарды.

Көптік жағаудың қабаттасуы — ыз қосымшасының қазақ тілінде өзінің дербес мәнін жоғалтумен байланысты. — ыз қосымшасының көптік мәнде қолданылуы қазіргі түркі тілінде, басқа тілдерде — ң ,- ма түрінде келеді.

Түркі тілдерінде арнаулы көптік жалғаудың тұлғасы көбіне жіктелмейтін көптік немесе жинақтық көптік мағынасын береді. Сондықтан тас, құм, жылқы, мал, шай т.б.   сөздер ең   алдымен   ,   солай   деп аталатын   заттардың жіктелмейтін көптігін білдіреді. Мұндай тұлғалы сөздердің осы мағынасы көне түркі тілдеріне де тән.

Көптік жалғаудың ең негізгі мағыналарының бірі -жіктеуге келмейтін көптікті, жинақтық көптікті білдіру болып табылады: столдар, малдар, кісілер, — лар жалғауы белгілі бір санды білдірмейді, жалпы көптік заттар тобын, мал тобын ғана білдіре алады.

Түрік тілде бутун, онулуғун, кітаптар.

Қазақ тілінде есімдіктердің көптік тұлғаларда айтылуы үіы түрлі мақсатта болатыны белгілі: тура мәнінде, яғни көптіктерді білдіреді, сыпайылықты құрметтеуді білдіреді, қалжың, мысқылды білдіреді. Осындай қолданыс қазіргі түркі тілдерінің көпшілігіне тән ( 9.84-86).

Қазіргі түркі тілдеріндегі, оның ішінде қазақ тілінде кездесетін етістіктің ашық, бүйрық, іпартты райларының бірінші жағына қосылатын жіктік жалғауының — қ — к көпше формасының орнына — з, ыз , — із қосымшасы жұмсалады. Тутдын — ыз (тұтык), тидім (тидік) (7 .115).

Махмұд Қашқари, сонымен бірге, ерен сөзінің құрамындағы ен элементтерінде көптік қосымшасы деп түсіндіреді. Бірақ ол мынандай ескерту де жасайды» бірақ бұл түлға аз ұшырасады және қағидаға қайшы, өйткені көптік қосымшасы — лар, -лер «. Бұған қарағанда, Махмұд Қашқаридың өзі де ан — ен элементтерінің көптік жалғауы екендігіне күмән   келтірген тәрізді (10.158-159).

 1.3 Тәуелдік категориясы және тәуелдік жалғаулары.

Меншіктік пен меншіктеуші арасындағы қатынас, яғни тәуелдік категориясы түркі тілдері құрамындағы байырғы құбылыстардың бірі. Тәуелдік жалғаулары көне мұралар тілінде мына төмендегідей болып отырады.

Жекеше:

  • жақ — мЦ ын, им, ум, үш, ан, ен ) будуш — ын
  • жақ — и ( ың, аң, үң, ұң, аң, ең ) қут — ың

III жақ — ы , сы ( ы, и, сы, си, зы, зи) уйасы
Көптік:

  • жақ — мыз (мыз, миз, мүз , мұз ) -ының , имәз, умуз, аназ, әмәз) ханы — мыз.
  • жақ — қыз, киз ( ыңыз, иңиз) — унуз, үнүз) адамы — ңыз.

III жақ —ы ,- сы, — си ( зы, зи) сылар — силар.

Жазбалар тілінде тәуелдікте тұрған сөз жіктеу есімдіктерінен тіркесіп те, тіркеспей жеке де айтыла береді. Яғни, қазіргі қазақ тіліндегідей бірде менің кітабым, бірде кітабын, түрінде жеке де айтылады.

Қазіргі қазақ тілінде тәуелдіктің жекеше II жағы екі түрлі ( ң, және- ыңыз ) айтылатыны мәлім. Қазіргі норма оның біріншісін анайы тұлға (д) есебінде түсінеді. Ал осы тұлға  тарихи  тұрғыдан  II  жақ жекеше  тәуелдік  жалғауы мен көптік жалғаудың қосындысы: — ың, ыз (4)

Тәуелдік жалғауларының жекеше I жағының көрсеткіші — м . Түбірдің соңғы дыбысы дауыссыз болғанда, оның алдынан айтылатын дауысты дыбыс езулік те, еріндік те болады ( ым, ім, үш, ум).

  • ж. — ң мұның  да алдынан  еріндік  те,  езулік  те дауысты дыбыс айтылады. (уң, үң, ың, ің)
  • жактағы тәуелдік жалғау — ы, -і, — сы, — сі.

Алдыңғылар   дауыссызға   аяқталған   түбірге жалғанады да, соңғылар дауыстыға аяқталған түбірге жалғанады.

Тәуелдіктің көпше I жағы — мыз, — міз.

II жағы — ңыз, ңіз, (ыңыз, іңіз) (10.159)

Түркі тілдерінде тәуелдеу категориясы әлі де болса жан- жақты зерттеліп, бір ізге түспеген.

Н.К. Лмитриевтің : » Тәуелдік деген термин шартты түрде алынған » — деген пікірінің өзі көп нәрсені аңғартады.(11).

Ескерткіш жазуларында тәуелдік категориясы аналитикалық жолмен де жасалады. Мысал: біздің су -біздің әскер, біздің ие — біздің мемелекет. 7,

  1. 4 Септеу категориясы және септік жалғаулары.

Атау септік.

Қазіргі түркі тілдерінің қайсысында да атау септікті сөздің түбір , негіз қалпынан бөлектейтіндей арнаулы аффиксі жоқ. Атау септік тұлғасы ескі жазбалар тілінде мынандай қызметтерде жұмсалады:

  • Атау септік тұлғасы өзінің тура мағынасында: Ілкі сен барғыл — алдымен сен бар. Сөйлем бастауыш қызметінде келген.
  • Ілік септік қызметінде жұмсалады: Кілі ічреолдуруп, іле сувын кечтіміз, ұйғыр таби байланып, мышақ есіл ачтымыз — кемеге отырып, іленің суын кештік, ұйғырға дейін барып, мыңлақ есін аштық.
  • Табыс септік орнына жұмсалу: ічін ташын адынчы бедіз уртуртын, таш тоқытдым — іші — тысын айрықша өрнектеттім, тасты қойғыздым.
  • Жатыс септік орнына жұмсалуы:

Атау тұлғасы  шығыс септік орнына   жасалуы да  кездесіп отырады.

Мол ақылды — жолдан азды. (4)

Атау   септігінде   тұрған    сөздердің   арнайы    жалғауы болмайды.  Кіші — кісі         үгүз — өзен

Йер, иір — жер    тағ — тау

Атау септігінде тұрған сөздер негізгі түбір ( тұғ — ту),
туынды түбір (тұғлығ — тулы), тәуелді жалғауы сөз ( оғлум —
ұлым), көптік жалғауы                     ( беглер — бектер) сөздер болуы

мүмкін. (8).

Атау септігі өмірдегі түрлі құбылыстардың заттардың атын ешбір қосымшасыз білдіретін сөздердің негізгі үйтқы түбірін айтамыз.

Түркі  тілдеріндегі  септік жалғауы — ертеде  қалыптасқан көне   категориялардың   бірі. Ол   сонау   Ү-ҮІ   ғасырлардан сақталған   ең   көне   жазбалардың     өзінде   -ақ ,   негізінен алғанда қалыптасып болған категория ретінде кездеседі. (12.16).

Септік жалғаулар негізінен зат есімге тән категория деп қаралса да, есім сөз таптарының қайсысы да, олармен қоса етістіктің есімше, қимыл есім тұлғалары да қолданылуы ерекшелігіне қарай септелетіндігі мәлім. Махмұд Қашқари материалдары да осы шектен асып кетпейді.

 Ілік жалғауы зат есімдерге , негізінен — ның, — нің, нуң, нүң түрінде жалғанады. Мысалы: Күн түннүң қаршысы ол — кері түннің арасы ол. Сонымен қатар Махмұд Қашқари сөздігінде ілік жалғаудың — ың, — ің түрі де үпіырасады. Алайда ілік жалғаудың бұл тұлғасы көбінесе есімдіктерге ғана қосылып қолданылатындығы байқалады. Мысалы: ол менңі бірле топуқ ылымды (10). Ілік септік тұлғасының көне жазбалар тілінде мына сияқты фонетикалық варианттары бар : — ың, — ің, -уң,- үң, -ның, — нің, — нуң, — нүң.

Зерттеушілердің бірсыпырасы — ың және ның яғни аффикстің ең басында — н дыбысының бар я жоғына қарай , ілік септік қосымшасының екі түрлі таралуын болжайды.(4).

Академик В.В.Радлов өзінің Алтын Орда жарлықтары жайлы атақты еңбегінде — ың тұлғасын негізінен батыс түркі тілдеріне тән деп қарайды да, — ның тұлғасын шағатай тілінде, яғни шығыс тілдеріне тән тұлға деп есептейді.(ІЗ).

Алайда қазіргі түркі тілдері арасында мынандай заңдылықтар бар: әзербайжан, түркімен, түрік және чуваш тілдерінде дауыссыз дыбысқа біткен сөздерге жалғанатын ілік септік жалғауы — ың ( басқа -н, -сіз) тұлғалы болады да, дауысты дыбысқа біткен сөздерге — ның түрінде жалғанады. Басқа түркі тілдерінде — ың варианты зат есімдерге жалғанбайды, түбірдің соңғы дыбысының фонетикалық сапасына қарай бірде — тың болып өзгеріп отырады.

Махмұд Қашқари сөздігінде — ын варианты есімдіктерге тән де, -ның варианты зат есімдерге тән.

Берміш сенің біл — білінер сенің бергенің.

Ілік септік жалғауының қолданыстағы негізгі мағыналары мына төмендегідей:

1.Бүтіннің бөлшегін, құрама салаларын білдіреді.
М: менің қарным тозты — менің қарным тойды.

  1. кісілер, заттар арасындағы қатысты, байланысты білдіреді. М. Бенің будыным анта ечун — менің халқым ана жақта еді.
  2. сонымен қатар, абстракт мемлекеттікті де білдірді. М. Біздің хан ағаларымыз. (4)

Ілік жалғауы кейде жалғанбай жасырынып жұмсаладыітүрк қағаны. Сондай — ақ «морфологиялық тәсіл мен синтаксистік тәсілдің түйісуінен туған аралас тәсіл» арқылы да тәуелдік категория жасалады. М.Біздің ебіміз, сіздің қолыңыз (14.64)

Ескерткіпітерге ілік септік заттық, қимылдың белгілі біреуге тән екендігін білдіреді. Олар үнемі тәуелді жалғаулы сөздермен тіркесіп келеді. (8)

Табыс септік

Табыс септік жалғауы әдетте тура толықтауыштың грамматикалық көрсеткіші деп қаралады. Табыс жалғауы қашан да іс- әрекет таралған тура объектіні білдіріп грамматикалық тәсіл есебінде танылады. Түркі тілдерінің көпшілігінде дерлік табыс жалғауы — н дыбысынан басталады, тек біразында ғана ( соның ішінде қазақ тілінде ) -т ,-д, дыбыстарынан басталатын варианттар кездеседі.

  1. — ғ, г, ығ, іг, ұғ, үг.
  2. — ы, — и.
  3. — н, -ны, -ні.
  4. Көне түркі жазбалары тілінде табыс септік жалғауының негізгі қолданыстары мына төмендегідей:
  5. Іс- әрекеттің, таралу объектісін білдіреді. М: Аның атын арғұртты — оның атын арытты.
  6. Көне түркі тілінде табыс жалғауы сабақты етістіктермен қатар салт етістіктерге қатысты қолданылған. М. Бен өзүм білге Тонуқуқ, Өтукен жерінде қонғанмын. Махмұд Қашқари еңбегінде: Ол кар конуғ қышта інер, Ашық тарыг анын үнер — Ол калың кар кыста жауар. Ac болатын егін сонан өнер.

Табыс септік жалғауының пайда болуын бірсыпыра зерттеушілер ілік септік тұлғасымен байланыстырады. (4)

А.Н.Конолов табысты көне түркі тілдеріндегі тұлғасы —ғ, (ығ, -іг) ілік септігі жалғауы құрамындағы мұрын жолды — ң дыбысының (-ың) өзгеруінен шыққан ,- деп шамалайды. (15).

Бұл ретте Орхон- Енисей жазбаларындағы II жақтың жалғау (-г,ғ) мен қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде кездесетін сондай жалғау (-ы) — н, — нің сәйкестігі дәлелге алынады. ( йаздығ, йаздын) (4).

В.А.Богородский бұл мәселені басқаіпа түсіндіреді. Ол бүл жалғаудың алғашқы түрі Оңтүстік — батыс тілдерінде кездесетін  —ы, — і, варианты   деп   қарайды. Есімдік  түбірге жалғанған       кезде        түбірдің        соңғы    ң    дыбысы морфологиялық ығысу заңы бойыніпа қосымшаға ауысқан ( мен — і   ме-ні). Кейін осы құрамда есімдіктердің септеуіне де ауысқан. Ал — ы , — і түлғасын этимологиялық жағынан тәуелдік   жалғаудың   III жағымен   байланыстырады.   Оның ойынша, табыс септігі объектілік мән береді, ал тәуелдіктің III жағы да нақ сондай объектілік мәнде айтылатын қосымпіа (16).

ғ, г жалғау түбірдің соңғы дыбысы дауыссыз болған жағдайда бірде езу дауыстымен ( -ыг, — іг) , бірде ерін дауыстымен ( үг,ұг) қолданыла береді. М; Ол итығ кейікке үпікірді-Ол итті киікке қосты. Табыс жалғауы жасырын ( түсіп қалып та) да қолданылады. М: Ол меңе сув ічтүрді — Ол маған су ішкізді. Табыс       жалғауы     қашан       да       тура                   объектінің грамматикалық    тәсілі болған (10). -ығ.-іг, уғ, үг түлғалары қазіргі кездегі түркі тілдерінде кездеспейді (8).

Барыс септігі

Қазіргі қазақ тілінде барыс септік тұлғасы —қа, ке, га, ге екені белгілі. Егер сөз тәуелдік жалғауы болса , онда алдыңғы ғ,к (г, қ) дыбыстары түсіп қалады да , тек a, — e түрінде ғана жалғанады.

-а,-е түркімен тілдерінде барлық сөздерге жалғанады. Алайда көне түркі жазбаларында барыс септік жалғауы бірнеіпе түрлі болып келеді. Олар мынандай :

  • ғару (геру,қару, керу)
  • ру, (ру)
  • қа, (ке, га, ге)
  • йа (ие)

 Бұлар қайсысы да түркі тілдері тарихында әр кезеңде қолданыс тапқан. Орхон жазбаларында істің мекенін, бағытын білдіруге барыс септіктің — гару, -теру, ( кейде, -нару) тұлғасы қолданылады. М. йырғару, (алға). -ғару аффиксі кісіні , халықты білдіретін сөздерге де жалғанып, ол сөздер істің бағытын білдіреді. М. Апа тарқанғару ічре саб ыдмыс — Апа тарқанға ііпке қарай хабар жіберді.

Кейінгі дәуір мұраларында осы аффикстің — гар тұлғасы бар. Бірақ мұның өзі де сөз құрамында көбіне — ңар түрінде ғана кездеседі. Бұл жерде мына өзгеріс байқалады.

  • ғар аффиксі көбінесе есімдіктерге , әсіресе жіктеу есімдіктеріне ( мен, сен, ол) жалғанып қолданылғандатүбірдің соңғы — н дыбысымен аффикстің басқы – ғ дыбысының тоғысуынан барып — нар тұлғасы пайда болса керек.

Зерттеушілер — ғару тұлғасын құрамды — ға және — ру аффикстерінен тұрады деп қарайды. Егер — ға аффиксін барыс септіктің қазіргі тұлғасы десек, — ру аффиксі өте ескі дәуірдің қалдығы, ол кейбір сөздердің құрамында өлі тұлға болып сақталған. М: кері, ары, бері, сыртқары.

Көне түркі жазбалары тілінде жиі қолданылатын барыс септік жалғауы — қа, ке, ға, ге: тәуелді жалғаулы сөздерге -а,-етүрінде жалғанған.

Бұл аффикс Орхон — Енисей жазбаларында барыс жалғауының басқа варианттарымен қатар жиі қолданылған. Бір ғана сөздің өзі бірде — гару, аффиксімен , бірде — ға аффиксімен берілген. М.Түрік қағанару сүледім -Түрік қағанына шабуыл жасадым.

Қазіргі тіліміздегі жеке  сөздер қүрамында  есебінде бірде

-ғару (сыртқары), бірде -ру (берькері) сақталып қалған. Соған қарағанда — ру өте көне түрі де, — ға жаңа түрі болуы  ықтимал. =ға аффиксті сөздер мақсат , себеп мәнін де білдіреді. М: ол ешічке отун қады- Ол тамақ асуға отын үйді. (4).

Барыс    септіктің    қосымшаларының    тарихи    құрамы А.Н. Колоков көне түркілік барыс жалғауы — гар, — ғару мен есімшенің     келер     шағын жасайтын — ар,  -ер,  бір     ғана аффикстің екі түрлі көрінісі деп қарайды. (15).

Б.А.Серебренников қызметі мен мәні ұқсас аффикстердің қосындысы ( ғ _а) деп дәлелдейді.

Қазіргі қазақ тілінде барыс септік қосымшаларын шолып қарағанда бір ерекіыелік назар аудармай қоймайды. Барыс септік жалғауының қолдану үлгісінде мол, сен, ол, сол, бұл, анау есімдіктерінің тұлғаналануы тәуелді есімдердің тұлғалануы мына тәрізді болады. Маған, саған, оған т.б.

Сөйтіп бұл жерде барыс септіктің екі түрлі ерекше тұлғаысы көрінеді: ған және -на, — ған қосыміпасы тарихи тұрғыдан қарастыру екі түрлі жайды ескеруді қажет етеді.

Біріншіден, басқа септік жалғауларында жіктеу есімдіктері (І-ІІ ж) өздерінің әдеттегі дыбыстық қүрамын сақтайды : менің, сенің, сені т.б.

Ал барыс септігінде түбірдің жіңішке дауыстысы жуан дауыстыға  айналып  кетеді: ма- ған, са- ған . Сонымен қазақ тіліндегі барыс септік кем дегенде екі түрлі септіктің ізін ( мағыналық жағынан да, түлғалық жағынан да ) байқатады.

Барыс септіктің қазіргі тіліміздегідей қосымшалары көне түркілік есімдердің септелуі мен тәуелденулі септеудің негізгі ерекшеліктеріне бейім түрінде қалған. (4)

Көне түркі жазбаларының тілінде барыс септік — ра, ре түрінде де ұшырасады. Алайда бұл тұлға кейінгі жазбаларда сөз құрамындағы «өлі қосымша ретінде ғана кездеседі. Ал қазақ тілінде оны соңыра т.б. бірен- саран сөздердің құрамынан көруге болады.

Жатыс септік

Қазіргі түркі тілдеріндегі жатыс жалғауларының варианттарын салыстыра қарағанда , дауысты дыбыстар ыңғайынан болсын дауыссыз дыбыстар жағынан болсын, негізінен — да тұлғасының айналасына топтасады.

Жатыс септік жалғаудың көне жазбалар тіліндегі қызметі мен мағыналары мына сипатта:

  1. Іс- әрекеттің , заттың орын- мекенін білдіреді. М. Түрік сір будун йерінте бод қалмады — Түрік сір халқының жерінде тірі жан қалмады.
  2. Іс- қимылдың, әрекеттің уақыт, мезгілін білдіреді. Күлтегін ол сүңішде отыз йашайур рті — Ол соғыста Күлтегін отыз жасар еді.
  3. Орхон- Енисей жазбаларында жатыс септік түлғасы шығыс мәнінде де қолданылады. Шығыс септік қызметіндегі жатыс септік іс -қимылдың шығар кезін білдіреді.
  4. Жатыс жалғауы сонымен бірге, барыс септік қызметінде де қолданылады.

Сонымен көне түркі тіліндегі жатыс септік көп мағыналы. Жатыс септік жалғауының басқа септікпен синонимдігі қазақ   тілінде   стильдік   өң   алған.   Жатыс   септікте   түрған сөздер — та, те, да, ле жалғауларының жалғануы арқылы жасалады. (4).

Шығыс септік

Шығыс септік тұлғасы қазіргі түркі тілдерінде   дыбысынан, кейбірінде тек қана қатаң   дыбысынан қазақ тілі мен тағы біраз тілдерде т, д, н дыбыстарынан басталатын алты түрлі варианты ұшырасады. (12.111-112)

Махмұд Қашқарида: Сенден қачар сундылач, менде тынар қарғылан — сеннен қашып сандуғаш, менде тынар қарлығаш.

Шығыс септік қосымшалар ескерткіш бойынша салыстырып қарағанда мына жай байқалады. Көне түркі жазбаларында қысаң дауысты варианттар да ( — тын, тін) ашық дауысты варианттар да (тан, тен, ден) кездеседі. Махмұд Қашқари сөздігінде де солай.

Шығыс        жалғауының              этимологиялық                негізінен

зерттеушілердің қайсысы да оның алғашқы бөлігі ( да — н) жатыс жалғауы деп қарайды. Соңғы элементтің тегі жайлы әр пікірлер бар.

Рясяненнің ойынша піығыс септік тұлғасы жатыс және қүралдық септік тұлғаларының қосындысы.

Раеместед көне жазбалар тіліндегі бірен — саран сөздерге шығыс жалғауының қабаттасып келуін негізге алып, мынандай жорамал айтады: іо әрекеттің шығар пунктің айқынырақ айту үшін жатыс жалғауының үстіне йан (жан) жан   сөзі   тіркестіріле   айтылған:   оғуздайан.   Кейін   жатыс

 

жалғауымен      энклитиканың      (йан)      кірігіп,      қысқарту нәтижесінде -дан тұлғасы шыққан(4).

Б.А.Серебренников екеуінің де пікірін қостайды. Шығыс қосымшасы -да негізінде қалыптасқанын айта отырып, соңғы элемент (н) құралдық мәнді емес, белгілі бір орыннан басқа жаққа жұмсалған қимылдың бағытын білдіретін қосыша деп есептейді (17).

Қазіргі шығыс септігінің мәні мен қызметін ескерсек, ғалымның бұл пікірі шындыққа жақын. Сөйтіп, дан құралын тарихи тұрғыда былай түсінуге болады: -да істің статикалық (қозғалыссыз) мекенін білдіреді де, -н істің бағытын білдіреді.

Шығыс септік жалғауының негізгі мағыналары: істің, әрекеттің шығар көзін ажыраған объектісін білдіру. Сонымен бірге піығыс септік жалғауы әрекеттің себебін білдіреді. М: Ол мендін тұрқығланды — Ол менен ұялды.

Қазіргі қазақ тілінде шығыс септік заттың тегін, негізін білдіру үшін де қолданылады.

Қазіргі қазақ тіліндегі шығыс септік жалғауы табыс септік орнына да қолданылады. Көне түркілік ескерткіштер тілінде осындай фактілер бар. Мысалы, сувдан кечүрді — суды кеіпкізді.

Көмектес септік.

Қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде жоқ жалғауы -көмектес септік. Дегенмен , арнаулы грамматикалық тұлғасы бар көмектес септік қазақ тілінің ғана ерекшелігі. Басқа   түркі   тілдеріндегі — мен   септік   жалғауымен   басқа түркі тілдеріндегі біле шылауының мәнін беретін арнайы жалғау — ын, -ін, — н тұлғасы. — ын, — ін, — н тұлғасы мынандай негізгі мағыналар туғызған. Іс- әрекеттің болып өткен жолын, орнын білдіреді. М: Ол йолын — йорысар, унч — тізіл — Ол жолмен жүрсе, мүмкін дедім.

Істің істелу тәсілін білдіреді. М: Қыш йай біле тоқушты, қыңар көшін бақышты — Ол қалың қар қыста жауар, ас болатын дән сонымен өнер.

—   ын    тұлғасы қазақтың    халық тілі    қалыптаспаған кезде- ақ мәнін жоғалта бастаған.

Көмектес септік осы түлғасымен бірге көне түркі жазбаларының тілінде бірлестік, құралдық мәнде бірге сөзі де қолданылған. МіМахмұд Қашқарида мезгіл мәнінде де бірге шьілауын ын жалғауымен жарыса қолданылған. М.Түн — күн біле севнелім — күнімен түнімен шаттанайық.

Сөйтіп   бірге   шылауының     мағынасының   кеңеюі — ын түлғасының   жоғалуымен   байланысты.   Махмұд   Қашқари сөздігінде екі вариантта білге, біле түрінде жалғанған. М: Ол менің бірге ерді — Олменімен бірге ерді.

Біле шылауының — мен көмектес жалғауына және мен ( менен, бенен) іпылау сөзіне ажырауы халықтың ауызекі сөйлеу тілінің құрамында өткен процес (4.159)

Г.Раеместед көне түркі тілінде қос сөздер құрамында кездесетін лы , лі аффиксін де септік жалғау дейтін пікір аңғартады (18.46)

С.Е.Малов Бу сабығ ілік бегілі — қатунлы есітіп дейтін сөйлемді «Эти слова правитель и жена его услышали» деп аударады. (6.186) Құралды септік.

— ын, — ін. ун, үн қосымшаларымен берілген . Махмұд Қашқари бұл туралы былай деп жазды. » лықын — лікін» бұлар біри — бірин мағынасындағы септіктердің екі түрлі вариантты. Бұлар жоғарыдағыдай ұ мен ұ мен де келуі мүмкін. Луқун, лүкін … білкін улуғлуққа тегдім — білім мен ұлықтыққа жеттім — дегендегі лікін (ін) тәрізді. (10).

1.5 СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Сонымен септік  жалғауларында жасалған  шолу  мынаны аңғартады.

а)Қазаргі қазақ тіліндегі септік жалғаулары тұлғалық тұрғыдан аса көп өзгеріске түспей, көне түркі дәуірінен сақталған. Олардың ішінде қолданудан жалғау есебінде шығып қалған тұлғалар: — ру // рү, -ғару // гру, — ын// ін, — н
лы
// лі.

Бірақ кейбір сөздер құрамында сөздің бастапқы түбірімен бірігіп, тұтасып келіп жаңа «түбір» сөз құраған. М: бері, кері, сайын … т.б.

ә) Септік жалғауларының дамуында айқын байқалатын процесс- қолданылу сферасының кеңеюі немесе тарылуы. Көне түркі тіліндегі атау тұлғасының қолданылу аясы қазіргі тіліміздегі сондай тұлғамен салыстырғанда әлдеқайда кең.

Ал   біле    шылауы   бір   кезде   қазіргі  көмектес   септіктің бір ғана мәнін берген болса, сол шылаудан қалыптасқан — мен жалғауы бір  кезде үш түрлі   түлға  арқылы беріле алатын мағыналық мәндерді бойына жиған.

б)Бір кездерде жеке септік жалғаулары мағынасы мен қолдану түрғысынан өзара толық жіктеле қоймаған. Көне түркі тілінде бір септік жалғауының бірнеше септік жалғауға тән мағыналарда жүмсалуы сондай ерекшелік нәтижесі. Септік жалғаулардың сол кездегі өзара айқын жіктелуінің кейбір іздері қазіргі тілде де бар. Әсіресе, қазіргі      ауызекі      сөйлеу      тілінде      кездесетін      септік  жалғауларының ауысып қолдануы сол кезп олардың өзара айқын жіктелуінің ізі. Тілдің кейінгі даму барысында ондай ауысулар белгілі бір стильдік өң болды.

г) Түркі тілдері тарихының ең ежелгі кезеңінде есімдіктердің септелуі мен есімдердің септелуінің сондай- ақ, тәуелді септеудің арасында болған айқын жіктеліс қазіргі тілдерде сол сипатында сақталмаған. М: Қазақ тілінде тәуелді септеудегі айырмашылық барыс, жатыс септіктерде ғана ( а, — нда, нан) көрінсе , ілік септік зат есімдердің ізімен келеді ( ның), ал табыс септік тәуелдіктің І-ІІ жақтарда ілік пен табыс септікте жіктеу есімдіктерінде ғана көрінеді. ( мен, — ің, мен — і)

Ал олардың көпше тұлғалары екі вариантта, әрі есімдіктерге тән қосымшалармен, әрі есімдерге тән қосымшалармен ( біз — ің, сіз — ің) біздің , сіздің қатар қолданылады.

Барыс септікте есімдіктердің септелу үлгісін көру қиын. Түбірдің фонетикалық сипаты қандай болса да, (ма, әлде мен ) қосымша — ға түрінде ғана жалғанады да, содан кейін ғана » белгісіз » н элементтері пайда болады. Соңғысы ( н ) есімдіктер септелуінің ерекшелігі деп қараған уақытта да бұл жерде » аралас » түрді ғана көруге болар еді ( -га-н ) (4.167.)

Жіктік жалғаулары .

Қазіргі   түркі   тіліндегі   сияқты,   қазақ   тілінде   де   жіктік жалғаулары баяндауыш қызметіндегі сөздердің грамматикалық көрсеткіші ретінде жұмсалады. Ежелгі ескерткіштерде бұл жалғаулар  мына түрде кездеседі.  Мен барырмын, мен бармасман — мен барамын, мен бармаймын. Егер қазіргі қазақ тіліндегі жіктік жалғаулармен ескерткіштер                        тіліндегі осындайқосымшаларды салыстырсақ, бар айырмашылық дауысты дыбыстардың алмасуында ғана.

Қазіргі тіліміздегі жіктік жалғаулардың қысаң дауыстылармен — мын, — мін, — сын, — сін пішіндес келуін еске алсақ, ежелгі жазбалар тілінде бұлар әлі өздерінің төркінінен онша  алыстай қоймағанын байқауға болады.

Жіктік жалғауларының қалыптасуы, яғни жіктік есімдіктердің жақты білдіретін грамматикалық көрсеткіштерге  айналуының басты тәсілі — постпазициялық қолданыс болғандықтан көне , жаңа түркі тілдерінің материалдары дәлелдейді.

Мен санға ашық турур мен.

Мен мухлис турур мен. Йақын тегті, түсті, күріп барады ол. Етіл сувы ақа турур.

Осы сөйлемдерден мынандай ерекшелік байқалады. Бірінпііден, жіктеу есімдіктері есім сөздерге тіркес айтылған немесе баяндауыпі қызметіндегі есімнен кейін байланыстырушы қызметінде айтылған көмекші етістіктің есімпіе тұлғасына тіркескен (турур). Бұл фактілер жіктеу есімдіктерінің постпазициялық қолданыста жалғауға айналуының есім не есім мәнді сөздер негізінде пайда болғандығын көрсетеді. Олай болса, таза етістік тұлғалары жіктеу есімдіктерінен тіркеспеген, есімше формаларымен ғана тіркескен (4.169.)

Көне жазба ескерткіштерінде жіктік жалғаулары мына түрде кездеседі. І жақ-бен, бін, ман, мын, мін

Көпше — мыз, міз.

II   жақ -ң, ың, ің,   уң, үң

Көпше — ң, ңыз, ңіз, ыңыз, іңіз, уңіз, үңіз.

II      жақ      жіктік      жалғауының      көпше      түрінде   мына қосымшалар жалғануы арқылы жасалады.

  1. -ңыз, ңіз.
  2. — ғыл, ғіл.
  3. — ң, уң, үң.

-ің қосымшасы көптік мағынаны білдіреді. ( 7.130-131)

Түркі тілдеріндегі жіктік жалғауларын сыртқы пішініне қарай екі түрге бөліп қарау керек: жіктеу есімдік негізді түр және тәуелдік жалғаулар негізді түр. Жіктік жалғау түрлерін бүлайша атау , әрине, шартты. Өйткені, бұлар арғы негізгі — жіктеу есімдіктері.

Қазіргі   түркі тілдеріндегі сипаты төмендегідей.

Жіктеу есімдік  негізгі түрі:

Жекеше : I   ж. I ( ман) — мын (бан — 2 ) — бын (пын) ( якут, хақас)

                   II ж. сан (сын)

      III ж. қосымшасыз.

Көпше: I ж. — быз (быс) — быт        ( якут) мыз ( выз)   бұл тұлғалар түркі, әзербайжан, гагазур тілдерінде жоқ.

  • сыңыз, (сыңын) оңтүстік — батыс тілдерінле
  • сыздар (-сшер) (шер) — сер, — зер.

Жіктік    жалғаудың бұл    кестесі    біршама    тұтас    күйінде көбіне қыпшақ тобына жататын тілдерде қолданылады.

Ендігі қарастырылатын мәселе қазақ тілі мен түркі тілдеріндегі жалғауларды салыстыру.

Септік жалғаулар.

Зат есімдер басқа сөздермен қарым — қатынасқа түсу үшін септік жалғауларын қосып алады. Зат есімге септік, көптік, тәуелдік, жіктік жалғау деп аталатын төрт түрлі қосымшалар жалғанатыны белгілі.

  1. Септік жалғау есімдерге , сын есімге, сан есімге, есімшелерге жалғанады.
  2. Көптік жалғау — нәрсенің көптігін білдіретін грамматикалық форма. Бірақ көптік жалғаудың қызметі тек осы аяда ғана қалып қоймайды, ол зат есімнен басқа да сөздерге қосылып, оларға да қосымша семантикалық мағына жанайды және әр қилы я жалпы, я жалқы стилистикалық реңдермен ерекшеліктер үстейді.
  3. Тәуелдік жалғау — негізінде бола      тұрса      да,      өзге жалғанатындықтан,   бұл   өз (14.162.)

 

 

ІІ.ТАРАУ. ҚAЗIPГІ ҚАЗАҚ ТІЛІМЕН  САЛЫСТЫРУ

2.1   .ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ  ЖАЛҒАУЛАР

Зат есімнің жекеше түрі мен көпше түрі.

Қазақ тіліндегі зат есімдер нақтылы лексикалық мағынасына орай сөйлем ішінде не, жекеше, не көпше түрде қолданылады. Зат есімдерді жекеше , көпше деп аталатын екі топқа, екі категорияға айыра көрсетуге негіз боларлық ең басты грамматикалық сыртқы белгі — оларға көптік жалғауының жалғануы.

Көптік түлғаның арнаулы қосымша арқылы жасалу тәсілі, негізінен, көптік жалғауының қызметіне байланысты.

Қазақ тілінде көптік жалғауы — лар / / лер варианты аяғы дауысты дыбыс пен -й, -у, — р дыбыстарына біткен сөздерге / — лар // дер варианты аяғы мұрын дыбыстылар мен — л, з ,  ж                       дауыссыздардың   біріне   біткен   сөздерге   — тар // тер варианты    аяғы    қатаң      дауыссыздар    мен    ұяң    — б, г дыбыстарына біткен сөздерге жалғанады.

Зат есімнің тәуелденуі.

Зат есімге тән грамматикалық категориялардың бірі -тәуелдік.

Тәуелдік категориясы деп — белгілі бір заттың, нәрсенің кімнің меншігі екенін білдіретін грамматикалық категорияны айтамыз. Қазақ тілінде сөзге тәуелдік мағына үстейтін арнаулы қосымшалар тәуелдік жалғауы деп аталады. Тәуелдік жалғауының әрқайсысы жіктеу есімдіктерімен ( мен, сен, ол, біз, сіз) мағыналық іліктестікте айтылып, грамматикалық үш жақтың үшеуіне де тән болып келеді.

  • ж. — м, -мыз, мізым, ім, мыз, міз.
  • ж. -ң, ңыз, ңіз — ың, ің, ыңыздңіз.

IIIж. — сы, сі        — ы, — і.

Аталған   екі   топтан   тыс   құрамында   дауысты   дыбысы бар тәуелдік жалғауларын бұдан әрі де ішінен жуан ( ым, мыз, ыңыз, ың, сы, ы)      жіңішке (— ім, — міз, ің, ңіз, іңіз, сі, і) деп аталатын варианттарға ажыратуға болады.

Тәуелдік жалғау жалғанған сөз жекеше мағынада да, көпше мағынада да қолданыла береді.

Меншік иесінің көптігін білдіретін түрін, қазақ тілі грамматикаларында ортақ тәуелдеу деп, меншік иесінің жалғыз екенін білдіретін түрін оңаша тәуелдеу деп айтамыз. М: үй — ім ( оңаша)   үй — іміз ( ортақ)

  1. 2 Зат есімнің септелуі

Зат   есімге   тән   грамматикалық   категориялардың     бірі септік категориясы.Септеу деп сөздердің сөйлемдер ішінде өзге сөздермен дәнекерлесу үіыін септік жалғауын қабылдап, грамматикалық тұрғыдан өзгеріске   түсуін айтады.

Қазақ тілінде септік жалғауының 7 түрі бар. Олар : атау, ілік, барыс, табыс , жатыс , шығыс , көмектес. Септік жалғауы жекеше сөзге де көпше сөзге де бірдей жалғанады.

Атау септік. Сырт алып қарағанда, септік жалғауы қатарында аталып отырғаны болмаса, атау септігінің арнаулы жалғауы жоқ. Барлық септік жалғауларына негіз болатын сөз — осы атау күйінде тұратан сөз.

Ілік сетігі. Зат есімнің ілік септік түрі. Оған : — ның // нің, дың // дің, тың // тің жалғауларының жалғануы арқылы жасалады. Мұның — ның // нің түрі тіліміздегі дыбыс ассимиляциясына сәйкес дауыстылар мен мұрын дауыстыларынан кейін, — дың // дің түрі ауыз жолды сонар дыбыстардан     кейін  ,     ал, тың  //  тің     түрі     қатаң дыбыстардан кейін жалғанады.

Тілімізде ілік септігі арқылы көрінетін грамматикалық тәуелділіктің басты — басты түрлері деп мыналарды атауға болады.

  1. Ілік жалғауы кісінің аты — жөнін, мамандығын, кәсібін т.б. білдіретін сөздерге жалғанып, туыстықты білдіреді. М:Досымның әйелі.
  2. Ілік жалғаулы сөз тәуелді жалғаулы зат есім арқылы ұғынылатын заттың, нәрсенің, кімнің, кімнің меншігі болатындығын аңғартады. М: Асқардың үйі.
  3. Ілік септікті сөз бір зат пен екініыі заттың
    арасындағы органикалық байланысты көрсетеді.

М: Сиырдың мүйізі.

  1. Ілік жалғауы зат есім кейбір қимыл есімдерімен тәуелділік байланыста айтылғанда логикалық субьектіні аңғартады. М: Баланың жылауы.
  2. Ілік жалғауы жалғанған зат есім белгілі бір қасиеттің сапаның кімге, неменеге тән екендігін де көрсетеді. Сөйлемде ілік жалғауында келген сөз өзі байланысатан тәуелді сөздің грамматикалық мағынасын толықтырушы сөз болғандықтан, ол сөйлемнің анықтауыш мүшесінің қызметін атқарады.

Барыс септік

Барыс септігінің зат есімге жалғанатын жалғаулары — ға // ге, қа // ке, a // е , на // не . Мұның кейінгі a // е , на //не түрі тәуелдеулі зат есімдерге, — ға // ге , қа // ке өзге зат есімдерге жалғанады. Барыс септіктегі сөз, негізінде, істің, қимылдың кімге, неменеге , қай жерге бағытталғанын білдіреді.

Сөйлемдегі өзге сөздер мен лексика — грамматикалық қатынасына қарай барыс жалғаулы сөздің білдіретін мағыналарын   мынандай топтарға бөлуге болады.

  1. Барыс септігі жалғанған зат есім іс — әрекеттің, қимылдың аяқталар тұрағын білдіреді. М: Ауылға жүріп кетті.Қимылдың, іс- әрекеттің кімге, неменеге бағытталғандығын білдіреді. М: Сатушыға ақша ұсынды.
  2. Іс — әрекеттің , қимылдың мақсатын, не үшін істелетінін білдіреді. Мұндайда барыс жалғауы жалғанатын сөздің қимыл есімі болуы шарт. М: Ол сені көруге кетті.
  3. Барыс жалғауы негізінен алғанда, етістіктің жетегінде айтылатын жалғау. Әсіресе, ол сын есім жетегінде көбірек қолданылады.

Табыс септігі.

Зат есімге жалғанатын табыс септігінің жалғаулары -ны // ні, ды // ді, ты // ті, н бұл жалғаулардың соңғы тұрғанынан басқасының бәрі — бір қосымшаның әр түрлі фонетикалық варианттары болып саналады. Мұндағы — н тәуелдік жалғауы зат есімнің үшінші жағынан кейін жалғанады.

Қазақ тілінде табыс септігі тек тура толықтауыш қызметінде жұмсалатын септік деп есептеледі. Табыс септігі ашық түрде және жасырын түрде айтылады. Табыс септігінің жасырын түрде қолданылуы тілімізде өте жиі байқалатын құбылыс.

Түркі тілін зерттеуші көптеген ғалымдар табыс септігінің ашық немесе жасырын түрде айтылуын түркі тілдеріндегі белгісіздік категориясымен байланысты құбылыс деп түсінеді. Яғни, табыс септігі арқылы көрінетін істің , қимылдың объектісі нақтылы бір ғана зат болса, табыс септігі жасырынбай ашық айтылады да, істің, қимылдың объектісінің нақтылы қай зат болатынын табыс септіктегі сөзден көрінбей белгісізденіп тұрса, табыс жалғауы арнайы айтылмай түсіп қалады. М: Сурет көрді.

Жатыс септік

Зат есімнің жатыс септігінде септелуі оған — ла // де, та // теқосымшаларының   жалғануы   арқылы   жасалады.   Бұл қосымшалар да сөзге тіліміздегі дыбыс, буын үндестігі заңы бойынша жалғанады. Тек тәуелдік жалғауының үшінші жағындағы сөзге келгенде жатыс жалғауы өзінің алдына    дыбысын қосып — нда // нде болып жалғанады.

Жатыс септігінде айтылған зат есімдердің ең негізгі деген мағыналық белгілерінің ішінен мыналарды көрсеткен жөн.

  1. Жатыс септігіндегі қимылдың, іо әрекеттің болып жатқан орнын, мекенін білдіреді. Мұндайда жатыс септікті сөз кайда ? неде ? деген сүраққа жауап береді. М: Түзде мырзаң, үйде сырдан.
  2. Жатыс септіктегі сөз қашан ? қай уақытта ? деген сүраудың жауабы ретінде айтылғанда, істің, қимылдың қай уақытта өткендігін білдіріп, мезгілдік мағынаға ие болады. М: Ол екі айда оралды.

Шығыс септік

Шығыс септігінің жалғаулары — дан // ден, тан // тен, нан // нен . Шығыс жалғауы сөз істің, қимылдың неден, қай жерде басталғанын білдіреді. М: Маңдайымнан сипады. Ауылдан келемін. Шығыс     септігі     істің,   қимыл   —   әрекеттің  ,   қандай объектінің  төңірегінде өткендігін білдіреді.

  1. Шығыс септіктегі     зат     есімдер     істің,  қимылдың, әрекеттің себебін   білдіреді. М: Айқайдан зәресі ұшты.
  2. Кейде шығыс септігіндегі сөзден нәрсенің, заттың тегі неден, не нәрседен істелгені көрініп тұрады. М: Атадан алтау, анадан төртеу. Шығыс жалғаулы сөз, көбінесе, етістік сөздердің жетегіне келіп, олармен объектілік,
    пысықтауыіптық қатынаста айтылады да, сөйлемде жанама толықтауыш яки мекен, мөлшер пысықтауыш қызметінде жұмсалады.

Көмектес септік.

Септіктің бұл түрі өзге көптеген түркі тілдерінде өз алдына септік жалғауы деп танылмайды. Оларда оның грамматикалық септік ретінде қарастырылмауында.

Қазақ тіліндегі көмектес септігінің жалғаулары мен // бен II пен; менен II бенен II пенен.

Бұл жалғаудың тілімізде фонетикалық жуан варианты жоқ. Сондықтан ол жуан түбірге де жіңішке күйінде жалғана береді. Яғни, дауысты және үнді дыбыстарға біткен сөздерге ол — мен , менен, ұяң з, ж дыбысына біткен сөздерге бен , бенен, ал қатаң дыбыстарға біткен сөздерге — пен , пенен болып жалғанады.

Көмектес   септігінде   айтылған   сөздердің   мағыналық белгілері арасынан төмендегілерді көрсеткен жөн.

І.Көмектес жалғауы жалғанатын сөздердің ең басты грамматикалық    мағыналарының    бірі —    істің,    қимылдың немен істелгенін, қандай құралмен істелгенін білдіру. Оның кейбір тюркологиялық зерттеулерде куралдық септік деп аталуының себебі де осыдан. М: Сыпырғышпен сыпырды.

2.Іс- әрекетті, қимылды атқаруға   қатынасқан адамды білдіруде көмектес септігінің негізгі мағыналарының бірі. М: Омармен сөйлесті.

З.Көмектес  септігіндегі   зат  есім   кейде  істің,   қимылдың амалын білдіреді. М: Сөзбен жеңді. (19. 51-63)

Зат есімнің тәуелдік жалғауы.

Тәуелдік       жалғауы       түрікмен       тілінде йөңкеме категориясы болып табылады.

Зат есімнің тәуелдік ұғымды білдіру және жасалу тәсілдері бір — біріне өте жақын, бәрінде де белгілі бір заттың иеленуші үш жақтың біріне тиісті екендігін білдіретін категория болып табылады.

Қазіргі қазақ тілінде тәуелдік мән синтаксистік жолмен беріледі. М: Біздің үй.

Түркі тілінде тәуелдік үғымды білдіретін жұрнақтар өте ерте кезден — ақ қолданылады. XI ғасыр жазба ескерткіштерінде зат есімдер I -II — III жақта болады: иулим (жолым), сузим (сөзім).

Түркі тілдерінде зат есімдердің тәуелдік формалар арқылы байланысуы үш түрлі тәсілмен беріледі.

  1. Морфологиялық тәсіл — тәуелдік мағына білдіретін жүрнақтар арқылы.

Синтаксистік тәсіл — ілік септігінде тұрған, тек жіктеу есімдігі арқылы.

  1. Морфологиялық және   синтаксистік   тәсілдің    бірігуі арқылы.

2.3. Зат есімнің тәуелденуі

 Зат есімдер морфологиялық тәсіл арқылы байланысқанда оған тәуелдік жалғаулары қосылады да, меншіктелуші заттың белгілі бір жаққа тәуелді екендігін көрсетеді. Бұл жағдайда алғашқы иеленуші формаға ілік жалғауы қосылып айтылуы шарт емес.

Тәуелдік жалғауларының қосымшалары мен мысалдары:

 

Қазақ тілі

I жақ

-м, -ым, — ім

II жақ

-ң, ңыз,ңіз, ың,

ің, ыңыз, іңіз.

III жақ

— сы, сі, ы ,ы і.

Түрікмен тілі

-м, — ым, им, ум, үм, мыз, миз, ымыз, имиз.

-ң,-ың, иң, үң,уң, ңыз, ңиз, ыңыз иңиз, уңыз, үңиз

сы, си, ы, и.

Мысал қазақ тілі түркімен тілі

Қызым, атам Атам, гызым

Атаң, қызың Атаң, гызың

Атасы, қызы

Атасы,

китаби

 

Қазақ тілінде — дар, лер, тар, тер, дар, дер.

Түрікмен тілінде — лар, лер.

М: Төрелер амалсыздан таңдау бергенде Сашқа құрығын ер жетіп қалған қайнысы Жақыпқа салған.

Ики йузе галай іпадыян чагалар павильонларын чыкып, спорт мейданчасына бароялар. (20.60-65.)

Тәуелдік жалғаулары түркі тілдерінде көптік жалғауларынан кейін айтылады.

Қазақ тілінде , басқа да түркі тілдерінде ( говорлық ерекшелік ретінде) кейде тәуелдік жалғаудан бұрын айтылады: ағамдар, ағаңдар т.б. мұндай қолданыс белгілі мақсатты көздейді. Тәуелдік жалғауларының арғы негізі жіктік есімдіктері дейтін пікір дау туғызбайды. Мәселе Жіктік есімдіктердің қандай тұлғасы тәуелдік жалғауларына , қай тұлғасы жіктік жалғауларына негіз болады дейтін сұраққа жауап беруде.

Н.К.Дмитриев осындай пікірді айта отырып, бүл жалғаулардың жіктік есімдіктерінен қалыптасуы тікелей емес, басқа бір аралық форма арқылы болса керек деп жазған.

Ал А.И.Щербак соңғы кезде жарияланған еңбегінде тәуелдік жалғауларына барып тіреледі, ал олардың өзі жіктеу — сілтеу есімдіктерінен қалыптасқан деген тұжырым айтады.     Щербак  тұжырымын     қостамайтын     мынандай фактілер бар : Көне түркі тіліндегі тәуелдік жалғаулар қазіргі тілден ешбір өзгеше емес. Бірақ жіктік жалғаулары әлі толық қалыптасып бітпеген, оған дейін баяндауыш қызметіндегі сөзден кейін көбіне толық тұлғалы жіктеу есімдіктері айтылады. Нақ осындай жағдай Махмұд Қашқаридың сөздігінде де кезееседі. Егер осы фактілер ескерілсе, әуелі діктік жалғаулары, солардан барып тәуелдік жалғаулары қалыптасты дейтін тұжырымның түгел мүмкін бола бермейтіні айқын.

Ал, Щербак келтіретін татар тіліндегі барам тәрізді қысқарулар түркі тілдерінің бүгінгі сипатының көрінісі. Сол тәрізді қысқартып айту қазақ тілінде жиі ұіпырасады. Сонымен тәуелдік жалғауларының жекеше I жақ  M қалай болғанда да мен жіктеу есімдігіне барып тіреледі де, II жақтағы =1н «сен жіктеу есімдігіне басқы дыбысының түсіп қалуы арқылы қалыптасқан. Ондай құбылыстың мүмкін екендігі якут тіліндегі II жақ жіктеу есімдігінің ен түрінде айтылуымен дәлелденеді. Сонымен қатар түркі тілдерінің қайсысында да тәуелдіктің II жағы әртүрлі үстеу сөздер құрамына қолданылып, сөз жасаушы аффикс қызметін атқарады.(9).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ тарау . ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ТҮРКІ ТІЛІВДЕП ЖАЛҒАУЛАРДЫҢ ҰҚСАСТЫҒЫ МЕН АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ

Септік жалғаулар.

Зат есімдер басқа сөздермен қарым — қатынасқа түсу үшін септік жалғауларын қосып алады. Септік жалғауы түрікмен тілінде — дүшим болып аталады. Салыстырып зерттеген тілдердің көпшілігінде септік жалғауларының аты — 6, ал қазақ, қарақалпақ тілдерінде — 7. Ол көмектес септігі . Көмектес септігінің қызметін атқаратын қазақ тіліндегі мен (менен), бен (бенен), пен (пенен) жалғауларының басқа тілдерде барлығы сезіледі.

Қазақ тіліндегі септік жалғаулары:

  1. Атау (кім? не?)
  2. Ілік — ның / нің,дың/ дің, тың/ тің, кімнің ? ненің?
  3. Барыс — ға / ге, қа / ке кімге? неге? қайда?
  4. Табыс — ны /ні, ды / ді, ты / ті кімді?нені?не?
  5. Жатыс — да /де та / те, кімде?неде?қайда? қаіпан?
  6. Шығыс — дан / ден, тан / тен,   нан/   нен   кіммен? немен? қайдан?
  7. Көмектес — мен / менен, бен / бенен, пен / пенен, кімнен? немен? қалай?

Түркмен дилидә дудулиерриң атлары:

  1. Баіп ( ким ? нәме?нире?)
  2. Әелик — ың / ,иң, уң / үң, ның / ниң, кімниң?нәмәниң?
  3. Йөнелинг — а/ е, на /не. киме?нәме?нире? Енлим — ы/ и ,ны / ни, кими?нәмәни?нирәни?
  4. Вагт орун — да / де,нда / нде. кимде?ниреде?
  5. Чыкыш — дан / ден, ндан /нден. кимден?ниреден?

Септік жалғауларын салыстырып қарасақ әрбір тілдің аз ба, көп пе айырмашылығы да бар. Қазақ тілі мен түрік тілінің зат есімдердің зерттелу үлгісін салыстырсақ, қазақ тілдері сингормонизм заңын сақтап, зат есімнің соңғы дыбысы қатаң дыбыс болғандықтан, қатаң дауыссыз дыбыстардан басталған жалғаулар, ал ұяң дауыссыздардан соң, ұяң дауыссыздан басталған жалғаулар қосылған.

Түркімен тілінде барыс септігі a, e түрінде қолданылады: базара, шахере (Марат колхоза гидти.) Қазақ тілімен салыстырсақ: базара — базарға, колхоза — колхозға (20.65.)

Қазіргі қазақ тілінде табыс септік жалғауының кейбір реттерде көмектес және шығыс, барыс септік тұлғаларымен синонимдес қолдануы бар.

Қазіргі қазақ тілінде барыс септік тұлғасы қа,ке,ға,ге екені белгілі. Егер сөз тәуелдік жалғаулы болса, онда алдыңғы ғ,г,қ,к дыбыстары түсіп қалады да, тек а^е түрінде ғана жалғаналы. а,е түрік тілдерінде барлық сөздерге жалғанады.

Қазіргі қазақ тілінде барыс септік қосымшаларын шолып қарағанда, бір ерекшелік назар аудармай қоймайды. Барыс септік жалғауының қолдану үлгісінде мен, сен, ол, бұл, сол, анау есімдіктерінің тұлғалануы мен тәуелдеулі есімдердің тұлғалануы мына тәрізді болады: маған, саған, оған т.б.  Сонымен қазақ тіліндегі барыс септік кем дегенде екі түрлі септіктің ізін ( мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан да) байқатады. Барыс септіктің қазіргі тіліміздегі қосымшалары көне түркілік есімдердің септелуі мен тәуелдеулі септеудің негізгі ерекшеліктеріне бейім түрінде қалған.

Қазіргі қазақ тілінде барыс пен жатыс жалғауларының ауысып қолданылуы кейбір жеке етістіктердің лексика -грамматикалық ерекшеліктеріне бағынышты жай.

Қазіргі қазақ тілінде шығыс септік заттың тегі негізін білдіру үшін де қолданылады. Қазіргі қазақ тіліндегі шығыс септік жалғауы табыс септік орнына да қолданылады. Көне түркілік ескерткіштер тілінде осындай да   фактілер бар: Сувдан кечурді — суды кешкізді.

Қазақ тілінде тәуелдеулі септеудегі айырмашылық барыс , жатыс, шығыс септіктерінде ғана (а, нда, нан) көрінсе, ілік септік зат есімдердің ізімен келеді (ның), ал табыс септік тәуелдіктің үшінші жағында ғана өз еркшелігін сақтаған.

Қазақ тіліндегі сияқты түркі тілінде де жіктік жалғаулары  баяндауыш қызметіндегі               сөздердің грамматикалық көрсеткіші ретінде жұмсалады. Егер қазіргі қазақ тіліндегі жіктік жалғаулар мен ескерткіштер тіліндегі осындай қосымшаларды салыстырсақ, бар айырмашылық дауысты дыбыстардың алмасуында ғана.

Қазіргі тіліміздегі жіктік жалғаулардың қысаң дауыстылармен  — мын,  мін,  сын,  сін  пішіндес  келуін  еске алсақ,  ежелгі жазбалар тілінде бұлар  әлі  өздерінің түпкі төркінінен онша алыстай   қоймағанын байқауға болады.(4).

Жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқарады. Жіктік жалғау — баяндауышқа ғана тән жалғау. Екінші жақтың сыпайы түрінің жекешесінде де, көпшесінде де ауызекі тілде — сыз, сыздар дегенннің орнына — сыңыз , сыңыздар деп те айтылады. Оның бер жағында бұл формалар тек осы топқа ғана емес, өзге топтарға да тән, Бірақ бұл соңғы форма (сыңыз, сыңыздар) қазіргі әдеби тілге тән — сыз, сіз формасынан гөрі, біздің ойымызша көнерірек сияқты. Ауыз әдебиетінде және халық ақындарының шығармаларында жекеше форманың анайы түрінің екінші жағына — ғын / гін, қын / кін қосымшасы қосылып та қолданылады (айтқын, келгін). Бірақ бұл форма бірте — бірте әдеби тіл нормасы болудан қалады деп айтуға болады.

Көпше түрдің бірінші жағвнвң қосымшасы — лық, лік, болып қолданылады. Қазіргі көркем әдебиетте де — лык , лік формасы қолданыла береді. Бірақ әдеби тіліміздің қазіргі бағытында бүл формадан гөрі иық, иік формасы көбірек қолданылып, бірте — бірте негізгі формаға айналып бара жатқан сияқты.

Қазақ тілінде көптік ұғымды білдіру үшін жалғанатын үш түрлі морфологиялық форма бар. Олардың бірі — ыз, із, з; к(к); лар (лер), тар, (тер), дар, ( дер). Алғашқы аталған з (ыз, із) формасы қізіргі қазақ тілімізде көне заманнан сақталған.  қ,к формасы да өте ертедегі қосымша болып табылады. Кейбір тюркологтар пікірінше тәуелдік жалғаудың — нікі формасы өзі жалғанған сөздерді сын есімге айналдыратын смяқты . Бізіпе, қазақ тілінде бұл форма ешқандай да сын есім тудыра алмайды, тек қосылған сөзіне тәуелдік мағына жамайды. Бірақ тәуелдік жалғау, әдетте заттың белгілі бір жаққа Мысалы I ,11, III жақтың біріне , тән (тәуелді ) екендігін білдірсе, нікі қосымшасы затты епібір жаққа телімейді, демек бұл қосымша жақ категориясына қалыс, бейтарап тұрады. (21.47-73).

Тәуелдік категориясы екі түрлі жайында айтылады: абстракт тәуелдік және конкреттік тәуелдік. Тәуелдік категориясының соңғы түрі арнаулы аффикстер арқылы жасалады.

Тәуелдік      жалғауларының      түркі      тілдеріндегі      жиі қолданылатын   түрлері мына тәрізді:

Жекеше:

I ж. -н / м

II ж. н /н, у / н, ы / н, у, ү.

         III ж . с /н,с / у, з / н, a / у, е.

Көпше:

I ж . -н / мыс, у / муз, н /сыз, у /буз, ы /бас.

II ж. — ы / ңыз, у / нуз, ы / ңыз, ы / ғыс, у / іүз, ар, ер.

ІІІ ж. — c / ы, c / y, з / yi, лара, нара, тара, дара.

Бұл келтірілген тұлғаларды негізінен түркі тектес тілдерге тән деп қарауға болады. Қазақ   — ыңдар.

Түркі тілдері тарихында — лар жалғауының айтылуы жаңа құбылыс, оның орнына _з қосымшасын айту жалпы түркілік із болса керек.

Түркі тілдерінің біразында тәуелдік жалғауларының III жағы қазақ тіліндегі сияқты, вокатив мәнінде қолданыла алады: ағасы, қашан келдіңіз?

Көптік   жалғаудың   — лар,   ләр   вариантын   қолданатын түркі тілі.

Түркі тілінде  аздаған сөздерге ғана қосылып, көптік мән берген және ондай сөздер жекеше тұлғада — н дыбысына аяқталған.

Қазақ тілінде есімдіктердің көптік тұлғаларда айтылуы, үш түрлі мақсатта болатыны белгілі: тура мәнінде, яғни көпті білдіреді, сыпайылықты, құрметтеуді білдіреді. Осындай қолданыс қазіргі түркі тілдерінің көпшілігіне тән. Ал жалпы есімдердің көптік жалғаулармен келуі жинақтылық, топтау мәнін береді. Бұл да жалпы түркілік қолданыс.

Түркі         тілдерінің               көпшілігінде                қолданылатын

қосымшалардың      барлығы      —   ны,   //   ні      вариантының айналасына  тоқталады.  Түбірдің  соңғы    сапасына  қарай — ты,   ті,   ды,   ді    түрінде   түрленуі   қазірп   түркі   тілдерінің көпіпілігінде кездеседі.

Түркі тілдерінің көпшілігінде тәуелдік жалғауды сөзге жалғанатын барыс қосымшасы, қазақ тіліндегідей a түрінде, ал тәуелдіктің II жағындағы сөзге табыс жалғауының — на түрінде жалғанады.

Түркі тілдерінің бәрінде қазақ тіліндегі сияқты тәуелдіктің III жағындағы сөзге табыс жалғауы — ын түрінде жалғанады.

Қазақ тіліндегі — та, те, да, де жалғаулары қазіргі түркі тілінің көпшілігіне тән. Қазақ тілдеріндегі үстеулердің қүрамында жатыс жалғауы жиі кездесетіні белгілі. — да, және көне түркілік — ра қосымшаларындағы сөздердің үстеуге айналуы жалпы түркілік құбылыс екендігін айту керек.

Қазақ тіліндегі көмектес септік мәнінің берілу жолдары қазіргі түркі тілдерінде әр түрлі болып келеді. Олар мынандай түрлерге бөлінеді.

  1. — мен, пен , бен / бенен.
  2. — ла / ло.
  3. ба, па, ма.
  4. -быда, пыда, мыла.
  5. пада, падам, дан, тан, нан.

Түркі   тілдерінің   көне   дәуірінде   қазіргі   қазақ   тіліндегі көмектес септік   мәні екі тәсіл  арқылы  берілген.  Біргелік мән   бірле   ( оның   өзі   де   құралдық   мән ),   — ны   аффиксі арқылы берілген.   (9).

Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі жалғаулар мен қазақ тіліндегі жалғаулардың салыстырмалы кестесі.

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Жұмысымды қорытындылай отырып, қазақ тіліндегі жалғаулар мен түркі тіліндегі жалғауларды бір — бірімен салыстыра олардың ұқсастықтарын, айырмашылықтарын, кейбір ерекшеліктерін қарастырдым.

Екі тілдегі жалғаулар ұқсастау.

Мысалы: көптік жалғау түркі тілінде — лар, — лер деп келсе, қазақ тілінде — лар, — лер-ге, қоса — дар, — дер, -тар, — тер болып келеді.

Септік жалғауға келсек, түркі тілінде алты септік, қазақ тілінде жеті сеаптік бар. Ал қазақ тілі мен түркі тіліндегі жіктік жалғаулардың айырмашылығы дауысты дыбыстардың алмасуында ғана. Тәуелдік жалғаулар да ұқсаса екі тілде де. Түркі тілінде ! ж — ум, — үм, III ж — су, — сү варианттары бар.

Жалпы жалғауларды   алып қарасақ, әрбір тілдің аз ба, көп пе айырмашылықтары да бар.

Ғалымдардың    көбі    түркі   тілі   мен    қазақ   тіліндегі жалғауларды зерттеген. Осылардың пікірлеріне сүйене отырып, жалғаулар туралы айтқан пікірін толықтырып қазіргі қазақ тілімен салыстыра зерттедім.

Махмұд Қащқаридың сөздігіндегі жалғаулар мен қазақ тіліндегі жалғаулар салыстырып зерттелмеген. Болапіақта қолға алынып, зерттелетініне сенімім мол.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН     ӘДЕБИЕТТЕР.

  1. Нұрмаханов А. Түркі фразеологиясы . А. Ғылым . 1992.
  2. Сүйіншалиев X . Диуани лұғат — ит — түрк. Алматы: 1986
  3. Қалиев F. Боранбаева Г. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А: 1989.
  4. Томанов М. Тарихи грамматика мәселелері А: Мектеп, 1975.
  5. Щербак A.M. Грамматический очерк языка тюрсих тектов. Москва. 1952.
  6. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. Москва:1951.
  7. Есенқұлов А. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қосымшалар. А: 1976
  8. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А: Мектеп . 1986.
  9. Томанов М. Түркі тілінің салыстырмалы грамматикасы . А:1992.
  10. Айдаров Ғ., Томанов М., Қүрысжанов Ә. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А: Мектеп . 1971.
  11. Дмитриев Н.К. Категория принадлежности в исследование по сравнительной грамматике тюрских языков . Москва. 1956.
  12. Қордабаев Түркі тілдерінде Томанов М. Тарихи грамматика мәселелері. А: 1991.
  13. Радлов В.В. Опыт словаря тюрских наречи. Москва: 1993.
  14. Ысқақоы А.Қазіргі қазақ тілі. А.Ана тілі: 1991.
  15. Кононов А. Грамматика современного тюрского литературного языка. Алматы : 1956.
  16. Серебренников Б., Годжиева Н. Сравнительно историческая грамматика тюрских языков. Москва . 1986.
  17. Раистед Г. Введение алтайское языказнание. Москва:1986.
  18. Қазақ тілінің грамматикасы. Қаз ССР ғыл. бас. А. 1967.1 том.
  19. Нұрмаханова Ә. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Алматы .: 1971.
  20. Исаев С. Қазақ тілі. А.Қайнар: 1993.
  21. Құрышжанұлы Ә. Ескі түркі жазба ескерткіштері. А.Мектеп . 1970.
  22. Мұсабаева Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А.Мектеп . 1988.
  23. Айдаров Ғ. Күлтегін ескерткіші. Алматы: 1995.
  24. Баскаков. Введение в изучени тюрских языков. Москва. 1964.
  25. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. 1991.
  26. Қордабаев Т. Тюркология және қазақ тілі білімі. А.1992
  27. Аханов А. Тіл білімінің негіздері. 1992.
  28. Томанов М, Жүнісов Н. Түркі тілдерінің салыстырмалы морфологиясы. А: 1984.
  29. Махмұд Қащқари. Диуани — лұғат — түрік. Алматы : 1983.
  30. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы:1988.
  31. Н.Оралбай Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы 2007.

 

 

M A 3 M Ұ Н Ы

Кіріспе. М. Қашқаридың » Диуани лұғат ат — түрік » еңбегі.

I.Тарау . Түркі тіліндегі жалғаулардың зерттелу тарихы.

  • Көптік, тәуелдік, септік, жіктік, жалғаулары туралы түсінік.
  • Олардың өзіндік ерекшеліктері.

II.Тарау. Қазіргі қазақ тілімен салыстыру

  • Қазақ тілдегі жалғаулар.
  • Қазақ тілі мен түркі тіліндегі жалғаулардың ұқсастығы мен айырмашылықтары

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.