МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………….
- ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
- Драма театрының қалыптасу тарихы……………………………………………………
- Қазақ театрының Ұлы Отан соғысы кезеңінен бастап 1972- жылға дейінгі болмысы……………………………………………………………………………………………
- ТЕАТРДЫҢ ЖАҢАША ДАМУЫ (1972-2007 ЖЖ.)
- Жаңа кезең және Егемендік жылдарындағы театр………………………………
- Театр тарихын жазуға үлес қосқан тарландар……………………………………..
ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………………………………………………………………
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ……………………………………………….
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Театр – қазіргі халық өнеріне табиғи түрде енген, өзімен бірге өсіп, бірге қалыптасып келе жаттқан ұлттық мақтаныш. Елімізде қырық сегіз театрдың болуын театр мамандарының кейбірі мәдениетіміздің дамуымен байланыстырады. Еліміздің мәдени-ғылыми әрі рухан-көркемдік жедел өркендеуіне әлеуметтік зор үлес қосып, қоғамдық тәлім-тәрбие рөлін мүлтіксіз атқарып келе жатқан театрдың сексен жылдық тарихы бола тұра осы күнге дейін арнайы зерттеу объектісі, нысаны болған емес. Рухани сұраныс пен шығармашылық күштерге қысым жасалып, өнердің мәңгі мызғымас талаптары уақытша идеологияның ыңғайына бейімделуге мәжбүр болған кеңестік дәуірде театр да сол талаптарға сай жұмыс жүргізді.
Бір кезде «қазаққа театр қажет пе, ата- бабасында болмаған, қанына сіңбеген өнерді халық керексіне қояр ма екен?»-деген күңкілдердің болғаны да бар. Бұл, әрине, халықтың тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын білмей, үстірт айтылған топшылау еді. Әйтпесе, біздің елде театр негізгі ерте күннен бері бар болған.
Осынау жылдар ішінде театр шыққан биік-биік белестер мен асқар-асқар асуларды санамалап шығу, оның дамуы мен қалыптасуы жолында тер төккен тектілер, халқының жүрегінен мәңгілікке орын алған кіл жампоздар мен жайсаңдар туралы диплом жұмысында тауысып айту мүмкінде емес. Бұл –келешектің сыбағасы.
Қазақстанның мәдениет тарихында «театр» ерекше орын алады. Қазақ жерінде пайда болған алғашқы театрлардың рөлі өз тарихи дамуын бастан өткеріп, тәуелсіздік алғаннан кейін тіпті арта түсті. Қазақ ұлты өткен тарихына көз тастап, төл тарихын түгендеу барысында – мәдениетіміздің жаршысы ретінде театр тарихын да зерттеп, зерделеу қолға алынды. Сонымен, Қазақстан театрларының ең үздік өнер ордасына айналған Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық Академиялық драма театрының тарихына деген қызығушылық артып отыр.
Республикадағы кәсіби сахна өнерінің «Қарашаңырағы» атанған тұңғыш театрдың қазақ халқының мәдени тарихында алатын орны өзгеше. Ол біздің драмалық өнерімізді дамып, жетілудің шырқау биігіне көтеріп қана қоймай, ұлттық өнеріміздің толып жатқан басқа салаларының тууына, келешекте олардың шығармашылық енші алып, өз алдына отау тігуіне ұйытқы болды.
Қазақ халқының сан қырлы қасиетін, талантын, тамаша құндылықтарын көрсетіп, көрермен көзайымына айналған тарихын зерттеу – біздің алдымызда тұрған киелі мәселе.
Еліміздің рухани бай, мәдениетті, өркениетті ел болғандығын дәлелдеу үшін мәдениеттің негізгі саласы театр тарихын зерттеу бүгінгі таңның аса өзекті мәселесі екені һақ.
Қазақстан Республикасының егемендік алып дербес мемлекет болуына байланысты, қоғамдағы саяси әлеуметтік, экономикалық және рухани өміріндегі өзгерістер, еліміздің тарихымен мәдениетін, әдебиеті мен өнерін қоғамдық мұраттарға сәйкес, жаңа мазмұнда қайта қарауды талап етеді. Сол себепті қазіргі таңда Қазақ Ұлттық драма театрының тарихын жаңашыл көзқараста жазылуы өзекті мәселе болып келеді.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті. Тақырыптың маңыздылығы мен оның бүгінгі күндегі өзектілігін ескере отырып, нақты тарихи материалдар негізінде Қазақ Ұлттық драма театрының қалыптасуы мен бүгінге дейінгі даму тарихын зерттеуді, бүгінгі жастарды тәрбиелеуде театрдың ролін ашуды диплом жұмысының басты мақсаты етіп алдым. Көрсетілген мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер белгіленді:
— көрермендер тәрбиелеуде поэтикалық туындылар бойынша қойылған спектаклдердің басты құрал болатынын ғылыми тұрғыда негіздеу.
— жас ұрпақтың рухани эстетикалық, дүниетанымдық және көркемдік талғамын қалыптастырудағы театрдың тәлімдік, танымдық маңызын айқындау;
Хронологиялық шеңбері. Диплом жұмысы XX ғасырдың бірінші ширегінен бастап қазіргі күнге дейінгі кезеңді қамтиды. Ол кезең аралығындағы қазақ театрының қалыптасуына кеңестік идеалогияны басты себепкері ретінде қарастыра келе, өлкедегі мәдени өзгерістерге, театрдың дамуындағы төрт кезеңге тоқталады. Әр жылдардағы театр репертуары мен актерлер жұмысының жетістіктері мен кемшіліктері барынша ашылған.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қарастырып отырған мәселеміз, яғни Қазақ Ұлттық драма театрының тарихы аз зерттелген. 1975 жылы Б.Құндақбайұлы және басқа театртанушы мамандардың бірігіп шығарған алғаш зерттеу жұмысы «Қазақ театрының тарихы»(1) және 1961 жылы жарыққа шыққан Н.И. Львовтың «Қазақ театры» (2) атты үлкен көлемді очерктері жұмыс барысында қолданылды.
М. Әуезов театры ұлттық сахна өнерінің дамуына үлкен үлес қосқан мәдени ошақтың бірі. «Қазақ театрының тарихы» кітабының бірінші томында осы театрдың қалыптасуы мен оның ең таңдаулы қойылымдары іріктеліп өзге театрлармен салыстырыла жазылған.
Елу жылға жуық уақыттан бері қазақтың театртану ғылымын кәсіби тұрғыда дамыту ісіне орасан зор еңбек сіңіріп келе жатқан Бағыбек Құндақбайұлының қаламынан көптеген ғылыми еңбектер туды. Оның сыншыға тән өткірлігі мен зерттеушілік зердесінің ауқымдығын танытатын «Режисура мен спектакль» (1971 ж.) (3), «Путь театра» (1974 ж.) (4), «Уақыт және театр» (1981 ж.) (5), «Мұхтар Әуезов және театр» (1997 ж.) (6), «Заман және театр өнері» (2001 ж.) (7) кітаптары сахна өнерінің қыр –сырын терең аңғартатын туындылар. Елу жылға жуықтан бері қазақ театрының бүге-шігесін жіліктің майын шаққандай түбегейлі зерттеген театр тарихшысының қаламынан туған аталмыш еңбектерде ұлттық театрымыздың туу, өсу, қалыптасу және өркендеу кезеңдерінің бәрі толық қамтылған. «Уақыт және театр» деп аталатын кітабында әр жылдарда жазылған мақалалары, зерттеулері мен көрнекті өнер қайраткерлерінің шығармашылық портреттерін енгізген. Біз қарастырып отырған мәселе барынша пайдаланылған.
Б.Құндақбайұлы ұлттық театр өнерінің тарихына байланысты ұжымдық монографиялардың «Облыстық театрлар»(1964) (8), екі томдық «Қазақ театрының тарихы» (1975,1978, көлемі 40б.т.) , Мәскеуден шыққан 6 томдық «История советского драматического театра» (1966-1971) (9), «История театроведения народов СССР» (1987) (10) деген күрделі зерттеулердің қазақ театрына байланысты тарауларын жазады.
Театр сыншысы Қажықұмар Қуандықовтың «Серке Қожамқұлов» (1996) (11), «Тұңғыш ұлт театры» (1969) (12), «Театрда туған ойлар» (1972) (13) сияқты еңбектері қазір кезде өзінің мән мағынасын жоғалтпаған еңбектер. Осы еңбектер Қазақ драма театрының тарихын ашып жазудағы ең сарқылмас дерек көзі екенін айтуымыз керек. Қуандықов еңбектерінде сол кездегі дарынды, тума талантты аға–апаларымыздың театрға, өнерге қосқан зор үлесін ашып жазады.
Драматургия мен қойылым көркемдігі жөнінде, жекелеген актерлер мен режиссерлер, жалпы театр өнері жайында көптеген сыни дүниелер жариялаған, ұстанымы мықты сыншының азды – көпті еңбегіне деген ұрпақ құрметі ерекше болуға тиіс.
Бұл мәселеге қатысты соңғы еңбектердің санына Әшірбек Сығайдың көп жылғы шығармашылық ізденістерінен туындаған «Сахна саңлақтары» атты еңбегі жатады (14). Онда автор мемлекетімізге есімдері кеңінен таныс өнер қайраткерлерінің өмір, өнер жолдарын кәсіби деңгейде, жан –жақты байыппен талдап таразылап, әсерлі кескіндейді. Сонымен қатар жалпы қазақ сахна өнерінің келелі мәселелері, оның даму үрдісі мен көркемдік сипаты жайлы ой қозғайды.
Біз осындай ғылыми еңбектердің жемістерін пайдалана отырып, аталмыш мәселемізді тереңдете зерттеуге тырыстық.
Еңбектің деректік негізі. Зерттеудің деректік негізін алғаш рет ғылыми айналымға енген мұрағат материалдары, қол жазбалар, естеліктер құрайды. Зерттеу барысында қолданылған, жарияланған деректер сипатына тоқталсақ.
XX ғасырдың басындағы оқиғалар туралы баспасөзде жарияланған анағұрлым объективті ақпараттар, соның ішінде «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланылған зиялы қауым өкілдерінің хаттары, мақалаларында қарастырып отырған мәселемізге қатысты сұрақтар талданып, жарияланып отырды. Материалдарда театр ашылуын тездетуге асыққан қаулы–қарарлар, сахналанған спектакльдердің нәтижелері туралы көзқарастар жазылған(15).
Диплом жұмысының жаңалығы.
— диплом жұмысында қазақ театрының пайда болу мәселесіне толық талдау жасалынды;
— қазақ театрының қазіргі шығармашылық жетістіктерінің ағылшын театрының осы күнгі шығармашылық жағдайымен салыстыру арқылы даму дәрежесі анықталды;
— театрдың болашағын жақсарту мәселесін шешуде драматургия мен режиссура қызметінің маңызы ашып көрсетілді.
Тақырыптың құрылымы. Жазылған жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I тарауда негізінен театрдың шымылдығын ашуынан бастап оның дамуын қарастырдық. Сонымен қатар, театр шаңырағының шығармашылық тұрғыдан жиі болатын жетістіктері мен кемшіліктерін де атап көрсетіледі.
II тарауда қаралған сұрақтар: қазіргі қазақ театрларының репертуарлық салмағы қандай? Комедия жанрындағы пьесалардың жиі сахналануының себебі неде? Сол жайында ашып жазылған. Және де театр тарихын зерттеуде қажымай ғылыми еңбектер жазған Бағыбек Құндақбайұлы мен тағы басқа театр сыншылары туралы сөз болады.
- ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1. Драма театрының қалыптасуы
Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының жүріп өткен шығармашылық жолы жайлы жазылған еңбектер саны едәуір. Жалпы, әлемдік театр өнерінің үш мың жылдан астам ғұмыры барлығын ескерсек, шығармашылық тағдыры небәрі сексен–ақ жылдың төңірегін қамтитын кәсіпқой сахнамыздың өмірбаяны үлкен уақыт шыңынан көз жібергенде, пәлендей сүбелі еместігі әмбеге аян. Әйтсе де, театр тарихы тірнектеп жасалынатын рухани мұра, эстетикалық нәзік мүлік. Адамтану, өміртану процестері өнер өлкесінде нық қалыптасып, рухани–мәдени талаптар құндылықтары театр атты ғажайып әлемге енері – өмірдің өзгермес заңы.
Аталмыш бас театрымыздың алғашқы қаз тұрған күндерінен бастап, оның жарқын болашағы жөнінде жанашырлық пікір айтпаған зиялыларымыз кемде–кем. Ғұлама ғалымдарымыз бен кемел жазушыларымыздың, белсенді қоғам қайраткерлеріміздің осынау сымбатты өнеріміз жайында сыр толғамағандары жоқ десе де болады.
Солардың ең ортасында тұрған: Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Ілияс Жансүгіров, Қаныш Сәтпаев, Жұмат Шанин, Жүсіпбек Аймауытов, Смағұл Садуақасов, Темірбек Жүргенов, Орынбек Беков, Әбділда Тәжібаев сынды тағы басқа азаматтарымыздың салиқалы лебіздері сахна өнеріміздің тарихи сұлбасын құрайды. Оның теориялық сипаттағы көркемдік мақсат–мұратын белгілейді.
Біртініректе, Н.И.Львов, Б.Құндақбаев, Қ.Қуандықов, Л.И.Богатенкова, И.Шостак, К.Нұрпейісов, Ә.Сығай сынды театр зерттеушілері бас театрымыздың тарихы және оның әйгілі режиссерлері мен артистері жөнінде арнайы зерттеу кітаптарын жазды; фотоальбомдар түзіп, буклет–брошюралар құрастырды. Бәрін де қарпып айту, қамтып айту күрделі міндет.
Театрдың алғашқы іргетасы қаланған сәттен бастап–ақ, оның әдеби–мәдени шежіресі назардан тыс қалмаған, күні бүгінге дейін шығармашылық жолы үздіксіз айтылып, талассыз жазылып келеді. Әр ұрпақ өз тарапынан төл театрымыздың тағдырына қатысты өзіндік ой қорытып, бұл күнде қарашаңырақ аталып келген атақты өнер ордасының шынайы дәстүріне лайық зор үлес қосып келеді.
Театр өнерінің дүниеге келуін халық өнерінен бөліп қарауға болмайды. Бұл екеуі бір-бірімен ажырамайтын тығыз байланыста, бір-бірінсіз дамуы да мүмкін емес. Бұл құбылысты әлем театрының тарихынан да аңғаруға болады. Ұлы жазушы, әрі ғалым Мұхтар Әуезов өзінің «Жалпы театр өнері мен қазақ театры» зерттеуінде сахна өнері мен драматургияның дүниеге келуін халық өнеріне бастау алған. Оны ұйымдастырушылар мен орындаушылар да халық арасынан шыққан табиғи дарын иелері. Жоғарғыда аталған мақалада: «Елдің болымсыз ойынынан, болымсыз күлдіргі әңгімелерінен, ертегі, жырларынан шыққан кішкене театрларды алсақ, олар заман озған сайын буын-буын болып тұрған ірі жазушылардың тартуына ілініп, бәйгеге қосылған аттай ілгерілеп, алды ашыла берген, ел тіршілігінің дәл өз топырағынан туған кішкене театрлар кейінгі ірі жазушыларына бет-бағыт белгілеп бергендей болды. Қай елдің жазушысы болса да драмаларына алдымен өз елінің өмірін, өз жұртының салт-әдетін, мінез-жаратылысын көрсетуді міндет деп санады. Барлығы да еліне салт театрын жасап берді. Басында елдің өз денесінен, болмысыз ойын–сауықтан шыққан кішкене театрлар кейін салт театрына айналған уақытына дейін бір мезгіл елді тастаған емес. Бұл көптің қызығы, қалың елдің театры болудан айныған жоқ. Ел өмірі, ел қалпымен қол ұстасып қатар отыр. Барлық салт театрының бетімен жазылған пьесалар бұл сөздерге дәлел», (13.82) – дейді. М. Әуезовтің кішкене салт театры деп отырғаны ұлтымыздың ғасырлар бойы рухани азығы болып келген халық шығармаларының сахна өнеріне етене жақын үлгілері.
Қай ұлттың болмасын қазіргі кәсіби театры нақ бүгінгі күйінде, дайын түрде ғұмырға келе қоймағаны мәлім. Әр қайсысының да қалыптасуы жайлы, өзіне лайық өмір баяны бар. Бір елдің кәсіби театры өзінің өмір жолын біздің дәуірімізге дейінгі ежелгі заманнан бастаса, екінші бір елдің театры кеңес дәуірінен басталады. Театр зерттеушілер дүние жүзінің театрының тарихының көне грек театрынан бастаса, оған іле–шала белгілі болған театр ежелгі үндінің классикалық санскриттік театрын біздің дәуірімізге дейінгі I ғасырдың ортасында дүниеге келгенін айтады(15.6).
Біз қазақ театры тарихын соншалықты әріден бастай алмаймыз. Бір кезде «қазаққа театр қажет пе, ата-бабасында болмаған, қанына сіңбеген өнерді халық керексіне қояр ма екен?» -деген күңкілдердің болғаны да бар. Бұл, әрине, халықтың тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын білмей, үстірт айтылған топшылау еді. Әйтпесе, «біздің елде театр негізгі ерте күннен бері бар болған.
Рас, ол замандағы өнер бүгінше театр деп аталған жоқ. Бүгінгідей мәдениет шеңберіне кірген жоқ… Шынында да ерте күнде ас пен тойда, ұлы жиында ізденіп келіп өлеңмен, әнмен айтысатын көп ақындар, өз заманына театр жасамай, не жасады? Оның сол ұзататын қыздың тойында еркек пен әйел қақ жарылып алып айтысатын жар-жар, салт-ойыны туғызған театрдың өзі емес пе?»(18). Бір кездері М.Әуезов ұлт театры екі бағытта- қалалық һәм далалық болып дамиды деген пікір айтқан. Осы ойға орай қыр театрының (дала театры) репертуарына «Жар-жар» мен «Беташар», «Айтыс» салт өлеңдері еніп, өзінің тамаша орындалуымен дүйім елді таң тамашаға бөлеп отырған.
Қазақ драматургиясы мен театрының туып қалыптасуында эпостық дастандардың алатын орны үлкен. Батырлар жырының композициялық құрылысы, әңгімелік қызықтылығы, қатысатын адамдардың тартыстары арқылы және психологиялық күйлері мен характерге айналу жолдары өте– мөте драматургия үшін дайын тұрған көркем материал болып шықты.
Қазақ театрында қойылған Қазақ эпостары, оның ішінде «Қобыланды батырдың» барлық жағынан драмаға айналып, сахнаға шығарылуға әзір тұрғанын ғалым Мұхтар тамаша сипаттаған да, жазушы Мұхтар пьесаға айналдырған»(19.35).
Қазақ театр өнерінің тууына ықпал жасаған орыс мәдениеті, қазақ топырағының іргесіне орналасқан Омбыда 1865 жылы қалалық театрдың ашылуы(1.98) –үлкен маңызы бар, мәдени оқиға болды. XIX ғасырдың екінші жартысында бұл театрдың даңқы жайылып, оның сахнасына батыс пен орыс классиктерінің шығармалары қойылады. Ал, қаланың өзі болса, өнер мен білімге ұмтылған қазақ жастарының төңкеріске дейін топтасқан белгілі орталығы болды. Халқымыздың ұлы ғалымы, демократ-ағартушысы Шоқан Уәлихановтан басталып, онан кейінгі кезеңдерге дейін қазақ жастарының білім алып, мәдениетке араласуы осы қаламен тығыз байланысты. Солардың ішінде Сәкен Сейфуллин, Нығмет Нұрмақов тағы басқалар болды. Бұлармен бірге, білім мен мәдениетке ұмтылған Жұмат Шанин де осы қалада болып, әрі оқып, әрі қызмет істеген. Қазақ жастарының басын қосып, өнер мен мәдениетке баулыған «Бірлік» ұйымы да осы Омбыда ашылған. Сол уақытта қызметте немесе оқуда болған халқымыздың ардагер ұлдарының орыстың озық мәдениетінен үйреніп, театр өмірімен таныс болуы-олардың келешектегі шығармашылық қызметтерінің сәтті басталып, тез жетіліп, қалыптасуына себеп болғаны даусыз. 1916 жылғы қара жұмыс майданында Жұмат Шанинмен бірге барған Қалыбек Қуанышбаев төңкеріс қарсаңында Омбыға жұмыс іздеп келгенде өмірінде тұңғыш рет осындағы театрдың бір спектаклінің жарым-жартысын көріп таң қалғанын айтады. Төңкерістен бұрын оқу іздеп, білімге ұмтылған қазақ жастарының көбірек жиналған орталығының бірі – Орынбор.
Орынборда кәсіби театр 1869 жылы 14 қаңтардан бастап жұмыс істеген. Бұл театрдың сахнасыда орыстың атақты актрисасы П.А.Стрепетова ойнаған. Сонымен бірге В.Ф.Комиссаржевская, Г.Н,Федотова, В.А.Андреев-Бурлак, А.Л.Вишневский сияқты әйгілі өнер шеберлері осында гострольдік сапарларын өткізген. Ал, Орынбор болса білім алуға ұмтылған қазақ жастарының басын қосқан қалалардың бірі еді. Мұнда әртүрлі оқу орындарында, қысқа мұғалімдік курстарда оқыған жастар ауылдық жерлерде ойын-сауықтар ұйымдастырып, Орынбордағы орыс театрынан көрген-білгендерін, алған әсерлерін жұртқа көрсетіп жүрді.
Қазақтың ұлттық театрын ұйымдастыру мәселесі ел ішінде «Дала театры» деп атауға әбден лайық халық өнерінің сан қилы түрлері дамып, жетілген тұста көтерілуі табиғи құбылыс. Солардағы драматургия мен театрға өзінің көркемдік табиғатымен етене жақын элементтер жаңа өнердің дүниеге келуінде ерекше орын бар. Қазақтың кең даласының әр түпкірінде тұнғыш әуесқойлық қойылымдар мен драматургиялық шығармалардың тууы осы халық шығармашылығының көркемдік құдыреті(5.65).
Сонымен бірге ұлттық сахна өнерінің тууына ықпал жасаған орыс театр мәдениеті. Орыстың демократиялық идеясымен қаруланып, олардың озық әдебиетін өнеге тұтқан Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы сияқты ұлтымыздың ұлылары өз халқының болашағын орыс халқымен мәдени байланыста деп түсінді. Олар өздерінің ғылыми еңбектерінде, поэзиялық шығармаларында, әдеби-педагогикалық қызметтерінде орыс тілін үйренуге, орыс мәдениетін меңгеруге шақырды. өз халқының ғасырлар бойындағы рухани құрсаудан шығудың жолын орыс мәдениетінен көрген Абай мен Ыбырай орыс классиктерінің көптеген шығамаларын қазақ тіліне аударғаны белгілі.
Бұл уақытта орыстың кәсіби театр өнері дамудың шырқау биігіне көтеріледі. Олардың шығармашылық табысы орталықтағы ірі қалалармен шектелмей, шет аймақтарға да кеңінен жайыла бастайды. Сол кездегі Қазақстанды басқару әкімшілік орталықтары болған Орынбор, Омбы, Ресеймен іргелес отырған Орал сияқты қалаларда театрлар ашлып, кәсіби сахна өнері қазақ жеріне де жақындай түседі.
Ал, Қазақстан жеріндегі тұңғыш орыс театры Орал қаласында 1860 жылы ұйымдастырылды. Бұл театрды қай–қайсысын болсын жергілікті әкімшілік орындары өз мүдделері үшін пайдаланбақ болды. Орынбор өлкесінің генерал–губернаторы Крыжановский өзінің әкімшілік жүргізген кезінен (1863ж.) бастап жергілікті халыққа әсер ететін құралдардың бірі театр деп, ұғып, оның ашылуын тездетуді ұлықтан өтінген. «Орынбор Европа мен Азияның түйіскен жеріне орналасып, барлық Орта азиялық хандықтар саудагерлерінің бас қосатын орны болғандықтан, азиаттықтарға орыс өркениетінің ықпалын күшейтуге театрдың қажеттілігі бұрыннан байқалды»(2.11) – деп жазды ол. Сөйтіп халыққа объективтік пайдасы да кем соқпайтын театр туды.
Орыбор мен Орал театрларының сахнасына орыс және батыс классиктерінің шығармалары қойылған. Мәскеудің Кіші театрының ұлы актрисасы Г.Н.Федотованың келуіне сәйкес В.Шекспирдің «Асауға-тұсау», Н.А.Островскийдің «Василиса Мелентьева» мен «Найзағай» пьесалары сахналанды.
Төкерістен бұрын көркем үйірмлердің етек алып, халық арасына көбірек тараған жері Семей болды. Қазақстанның өзге қалаларында да 1890 жылдары жаңадан ашыла бастаған халық үйлерінде орыстың жергілікті сауыққойлары ұйымдастырған труппалардың да жұмыстары жандана түседі. Қазан төңкерісінен кейін іле шала құрылған Семей, Петропавл, Верный, т.б. қалалардағы алғашқы орыс-кеңес театрының негізі осы сияқты труппалардан құрылады. Мұның барлығы қазақтың театр өнерінің тууына себеп болған жағдайлар.
Ал, Орынбор болса, сол тұстағы, әсіресе бірінші орыс төңкерісінен кейін білім алуға ұмтылған қазақ, башқұрт, татар жастарының басын қосқан мәдени орталық іспеттес. Мұнда түрлі оқу орындарын, қысқа мұғалімдік курстарды бітірген жастар қала мен ауылдық жерлерде алғашқы ойын-сауықтарды ұйымдастырып, біліммен бірге өнердің жаңа түрін елге таратады. Орынбордағы орыс театры мен татар труппаларынан көрген-білгендерін, театрының актрисасы И.П.Анненкова-Бернард қазақ дастанының негізінде «Бекет» атты драма жазып, сахнаға қойдырады. Бұл ойынды сол кездегі қазақ жастары көріп тамашалаған.
Қазақ сахна өнерінің тууына тікелей себеп болған тағы бір жағдай -1905 жылғы төңкерістен кейін Қазақстанға жер аударылып орыстың прогресшіл-демократ оқығандарының келуі. Олар оқу орындарында сабақ беріп, әр түрлі мекемелерде қызмет істейді. Қазақ жастарының оқуына, ұлт мәдениеті жөнінде алғашқы қадам жасауына, сөз жоқ, солардың да көмегі тиеді.
Осы уақыттарда Қазақстанда жылжымалы татар труппаларының гастрольдері басталған. Олар Қызылжар, Семей, Орал қалаларында ұзағырақ аялдап жаңа ойындар дайындайды. Бұл жағдай өнерге ұмтылғпн қазақ жастарына сахналық үлгі болды. Міне, осы театрлардың ойындарын көрген қазақтың беделді жастары ұлттық сахна өнерін құруға талпынады. Сахнаға қоятын пьеса болмағандықтан, олар алғашқы қадамдарын қазақтың әдет-ғұрыптарын, ұлттық ойындарын сахналаудан бастайды. Бірақ аттөбеліндей аз ғана әуесқойлық дәрежеден әрі көтеріле алмады, әрі оған мүмкіншілігі де келмеді.
Бірақ өз жұмысын осындай жаңа шығармашылық арнамен жүргізген, ойын сауық үйірмелеріне қатысып, азды-көпті тәжірибе алған дарынды өнерсүйер жастар біздің бүгінгі кәсіби театрларымызды құруға себепкер болды. Халық шығармасының бай мұрасынан, сахналық өнер жолына түскен дарынды актерлеріміздің көпшілігі осындай үйірмелерден шығып, академиялық театрларымызды құрысқаны баршаға мәлім. Көркем үйірмелердің екінші бір маңызы — әдебиетіміздегі драматургия жанрының дамуына ұйытқы болуы. Бұған кәсіби театрымыз құрылмай тұрған кездегі С.Сейфуллин, М.Әуезов, Ж.Шанин және басқалардың драмалық шығармалары толық дәлел. Осындай ірі жазушылардың әдеби сапарла- рының бастауында драматургия жанрының батыл енуі кездейсоқ оқиға емес.
Төңкерістен бұрынғы қазақтың көшпелі өміріне, саяси теңсіздігіне, сауатсыздығына қарамай, халқымыздың азды-көпті оқыған жастары өнердің жаңа түрі – театр өнерін жасаудағы алғашқы қадамдарын бастады. Бұрын бірлі жарым әдеби кештерде домбыра артып,ән салумен шектеліп келген қазақ жастары енді орыс, татар сауыққойларының тәжірибесіне, көрген-білгендеріне, үйренгендеріне сүйеніп, өздері ұлттық ойын, ақындар айтысын, дастандарды сахнаға бейімдеп көрсетуге кіріседі.
«Омбыдағы әдебиет кеші» деген «Қазақ» газетіне жарияланған мәлімдемесінде мұғалім Бекмұхамбет Серкебаев 1915 жылы жасалған ойын-сауық кешінің бағдарламасының орысша, қазақша және ноғайша үш бөлімнен құралғанын айтады (5.12). Кештін қазақ бөлімінде ақындар айтысы көрсетіліп (Орынбай және Тоқжан ақын айтысы), «Қаракөз», «Майда қоңыр», «Көзімнің қарасы» және тағы басқа әндердің орындалғанын, көптеген күйлер тартылғанын, татар бөлімінде концерттен тыс бір перделі «Ерім қайтты» комедиясының қойылғанын, кешке халықтың өте көп жиылғанын хабарлаған. Мұндай интернационалдық әдеби кештер мен ойын-сауықтар ол кезде жиі болып тұрған. Әсіресе, тілі жақын, әдет-ғұрыпы ұқсас қазақ пен татар жастарының ортасында шығармашылық ынтымақ өте күшті болған. Бұл қазақ-татар театр өнерінің алғашқа даму жылдарында дәстүрге айналған, әрі сол өнердің жылдам дамуына себеп болған жай.
Қазақ топырағына ене бастаған сахна өнері негізін қолжазба пьесаларды қоюдан басталғанын архивтік материалдар толық дәлелдеп отыр. Бұл қазақ театрының алғашқы қадамындағы дәстүрге айналған құбылыс. Әрине, ол пьесалардың көркемдік сапасын толық анықтау қиын, баспасөз бетіндегі бірлі-жарым мәліметтерден, шағын мақалалардан олардың көбісі ағартушылық сарында жазылғанын анықтауға болады.
М.Әуезов Семейде оқыған кезінде сондағы барлық ойын-сауықтар мен түрлі театр кештерін көзімен көріп, кейін соларды ұйымдастырушылардың біріне айналды. Абай шығармаларының төңкерістен бұрын халық арасына таралу жолдарын түсіндіре келіп, М.Әуезов: «…Абайдың өлеңдері мен әндері қалың ел жиналатын жәрменкелерде, базарларда, әртүрлі астарда, айт пен тойларда, жас-желеңнің сауық мәжілістерінде көпшілікке таратып жүрген айтушылардың барлығы да Абай өмірі туралы, өскен ортасы туралы, алған білім-өнегесі туралы, ағартушылық еңбектері туралы көптеген түсініктерді ұдайы айта жүрген»(6.23), –дейді.
Төңкеріс қарсаңындағы газет-журналдарға басылған хабарлар мен кейбір мақалаларға, сақталған азды-көпті бағдарламаларға қарағанда өзінің концерттік репертуарына Абай шығармаларын енгізбеген ойын-сауық үйірмелері некен-саяқ.
Халық үйінің қасынан 1919 жылы Ақмола (қазіргі Астана қаласы) жастарының тұрақты драмалық көркем үйірмесі ұйымдастырылды. Оның сахнасына К.Кемеңгеровтың «Бостандық жемісі», «Алтын сақина», «Ескі оқу» атты пьесалар мен Асаубаевтың «Бейнетті шал» пьесалары қойылады(5.48).
Орда қаласында (Бөкей губернаторы) театр труппасы ұйымдастырылды. Оған И.Меңдіханов жетекшілік етті. Ол 1919 жылы ақ бандылардың қолынан қаза тапты. Меңдіханов ұйымдастырған труппа 1925 жылы Орал қаласындағы жастардың драмалық ұжымына қосылды. Меңдіхановпен бірге пьеса жазуға талпынған ауыл мұғалімі, жас ақын Әбіғали Сұлтанов. Оның пьесалары «Дариға – Қайдар», «Сүліктер».
Қостанайдың үздік саяси ағарту бөлімінің жанынан 1918 жылдың аяғында «Қызыл керуен» труппасы ұйымдастырылып, мұны Серке Қожамқұлов басқарады. 1920 жылы Троицкідегі қазақ жастарының сауықшылар тобы қосылады. Репертуары 1922-23 жылдары күшейеді М.Әуезовтың «Еңілік–Кебек», «Бәйбіше-тоқал», И.Меңдіхановтың «Малдыбай» пьесаларын сахнаға қояды. Бұл труппада Ерғали Алдоңғараев, Р.Алдоңғараева, сырнайшы О.Аяқбаев, Ә.Еленова, Ж.Еленов, Е.Өмірзақов, Қ.Бадыров сияқты жастар болды. 1922-23 жылдары «Қызыл керуен» труппасы оқу бөлімінің ұйғаруымен ел аралайтын көшпелі труппаға айналып, Қостанай, Торғай өңірінде ойын көрсетеді.
Троицкіде 1918жылы ұйымдасқан татар труппасы «Тахир-Зухра», «Бойжігіт», «Башмағым» спектакльдерін көрсеткен. Қазақ-татар труппаларының ынтымағы күшті болған. Бір-бірімен тәжірибе алмасып, дамуға алғышарттар
Қазан төңкерісінен кейін қазақ жастарының білім-өнерге ұмытылып, жан-жақтан бас қосқан қаласы республикамыздың тұңғыш астанасы –Орынбор. 1923 жылдың аяғында «Орталық қазақ комсомолдары һәм оқушы жастар клубының» ашылуы ұлттық мәдениетініміздің дамуына мол әсерін тигізді. Сәкен Сейфуллин осы клубтың әдебиет үйірмесінде лекция оқыған. Мұнда 1921 жылы ашылған Халық ағарту институты КИНО (Казахский институт народного образования) тұңғыш ұлттық зиялы кадрларын дайындайтын оқу орны болды.
Семейде 1915 жылы 13-ақпанда өткізілген ойын-сауық қазақ ұлтының рухани тарихындағы мәдени құбылыс болды. Бұл, шын мағынасында ұлттық сахна өнерінің туған күні. Басқасын айтпағанда, әлемдік театр біздің заманымыздан бұрын 535-жылы көне гректердің тау жотасындағы театрында қойылған ақын Феспид шығармасынан басталатынын білеміз. Дионис құдайының құрметіне қойылған осы спектакльдің аты да белгісіз, тек қойылған жылы тасқа қашалып жазылып қалыпты.
Жалпы театрдың туған мерзімін тұңғыш қойылымнан бастау барлық өркениетті елдің театр тарихына ортақ құбылыс. Орта Азиядағы республикаларды ұлттық тұрғыда жіктеп-межелеу науқаны өткеннен кейін, Қазақ және Түркістан республикаларына бөлініп жатқан қазақ жерлерінің негізгі бөлігін, ақыры бір шаңырақ астына топтастыруға мүмкіндік туды. Қазақ Автономиясына Түрікреспубликадан межеленген қазақ облыстарын қосты. Соның нәтижесінде, 1925 жылғы 15-19 сәуірде Ақмешітте өткен Кеңестердің Бесінші, қазақ жер-су мен халқы біріктірілгеннен кейін Бірінші, Күлліқазақ құрылтайы Ресей Федерациясы құрамындағы біртұтас Қазақ Ұлттық Республикасының құрылғанын әйгіледі.
Құрылтай Автономиядағы «Халық ағартудың өзекті мәселелері жөнінде» арнайы қарар қабылдады. Онда «тұрмысы жүдеу, артта қалған Қазақстанды күшті, шаруашылығы жаңғырған, мәдениетті Кеңес республикасына айналдыру» жолдары, соның ішінде, ұлт театрын құру мәселесі де атап айтылып, жеке тармаққа: «Қазақтың ұлттық театрын құру жеделдетілсін» деген тұжырым жазылған болатын(21.18).
Құрылтай шешімімен Ақмешіт – Қызылорда, Киргиз – Қазақ аталып, республика жұрты автономия тыныс-тіршілігін жандандыруға, жер-су мен халқы біртұтастанғаннан кейін тұңғыш астанасының құрылысын екпінді түрде өрістетуге зор шабытпен атсалысты. Алайда, қазақтың ұлттық театрын құру жайындағы қаулыны орындау күзге дейін қолға алынбады. Тарих бұл қаулының орындалуын жүзеге асыруды Діншенің – Дінмұхамед Әділұлы Әділовтың еншісіне бұйыртты. Ол республика партия ұйымы жетекшілерінің бірі Сұлтанбек Қожановтың ұсынысымен, 1925 жылғы жазда Ағарту халық комиссарының аға инспекторы қызметіне тағайындалған еді. Сол тұста жас республикаға қажет мамандардың еліміздің ірі қалаларындағы белгілі оқу орындарында оқытып дайындау мәселесі күн тәртібінде тұрған. Дінмұхамед Әділұлы емтихан қабылдау комиссиясының төрағасы болды. Шәкірттер ірі қалалар орталықтарына түрлі оқу орындарына жіберілді. Осы науқан біткеннен кейін ол ұлттық қазақ театрын ұйымдастыру қажеттігін көтере бастады.
1925 жылғы 1-желтоқсанда Ресей компартиясы Қазақ өлкелік ұйымының Бесінші конференциясы жұмысын бастаған күні ұлт театрының алғашқы ойын көрсетуі болды. Бірақ одан театр жұмысын ұйымдастырудың жоқтан бар жасауда маңдайтер төккізген қияметін біле бермейсің. Кәсіби сахнаның не екенін білмейтін ауыл өнерпаздарынан үлкен өнер көрігін қыздырушыларды жасауға бет алған ол кезеңнің қиындығы бәріде өнер қайраткерлері жазған естеліктерден, зерттеушілер еңбектерінен ғана көрінеді.
Қазақ театрының үкімет қаулысымен 1926 жылы ресми ашылуы бұл – бұрынан жұмыс жасап келе жатқан сахналық ұжымдардың басын қосып, біріктіріп-мемлекеттік статус берілуі еді. Жаңа ұйымдасқан мемлекеттік театрдың тікелей өнерімен айналысатын құрамы – актері, режиссері, музыканты, суретшісі бәрі-бәрі де бұрыннан кең байтақ қазақ жерінің әр түпкірінде әуесқой һәм жартылай кәсіби труппаларда шығармашылық қызметпен айналысып келген халық өнерінің қайталанбас шеберлері.
Республикадағы кәсіби сахна өнерінің «Қарашаңырағы» атанған тұңғыш театрдың қазақ халқының мәдени тарихында алатын орны өзгеше. Ол біздің драмалық өнерімізді дамып, жетілудің шырқау биігіне көтеріп қана қоймай, ұлттық өнеріміздің толып жатқан басқа салаларының тууына, келешекте олардың шығармашылық енші алып, өз алдына отау тігуіне ұйытқы болды. Бұрын сайда саны, құмда ізі білінбей, әрі бойындағы өнерін, табиғи дарынын барынша толық көрсете алмай жүрген халық өнерінің майталмандары алғашқы театр маңына топтала бастады. Домбырамен жан сырын ұқтырған күйшілер, аққумен ән қосқан әйгілі әншілер, топ жарған суырып салма ақындар, қызыл тілдің небір шешен жүйріктері, күлкіден ауыз жиғызбайтын күлдіргіш шеберлер, тіпті жауырыны жерге тимеген балуан да тұңғыш театрға кең байтақ Қазақстанның әр түпкірінен ағылып келе бастады. Семей жағынан әйгілі әнші Әміре Қашаубаев, төкпе ақын Иса Байзақов. Драмалық көркем үйірмелерде режиссерлік жұмыс жүргізіп, әрі бірнеше пьеса жазған Жұмат Шанин, жәрменке мен жиындарда табиғи талантымен атағы шыққан Қалыбек Қуанышбаев, сауық үйірмесінен Латып Әшкеевтер, Қостанай жағындағы той–думандарда түрлі халық ойындарын қыздыра ұйымдастырып жүрген әнші домбырашы, сауыққой Елубай Өмірзақов, комедиалық дарынымен көзге түскен Серке Қожамқұлов, сахналық өнерге бейім Қапан Бадыров, Ташкент қаласында әнімен атағы шыққан Құрманбек Жандарбековтер театр труппасының алғашқы қарлығаштары. Бұлардан басқа балуан Қажұмқан Мұңайтбасов, Абылқай Абдуллин, Жүсіпбек Оспанов, Сейфулла Байғожин, Құсайын Оңғарбаевтармен бірге, труппаға кейінірек қосылған Қазкен Бейісов, Манарбек Ержанов тағы басқалар өз әлдерінше театрдың ірге тасын қаласқандар. Сахналық өнерге деген ескіліктің бұғауын үзіп, театрдың шығармашылық қызметіне белсене араласқан: Зура Атабаева, Шәрбану Байзақова, Оразке Қашаубаева, Мәліке Шамова, Жанбике Шанина, Хадиша Қожамқұлова, Бәтима Нұрымова, Шәмсия Әлімбекова, Шәкітай Тәтімова, Ғазиза Шәлімбекова секілді алғашқы әртіс апаларымыз есімдерін құрметпен айтамыз.
Жас өнер отауының барар бағытын саралап, оның дамып, қалыптасуына қыруар еңбек сіңірген ұлы Мұхтар Әуезовтің орны бөлек. Ол ұлттық драматургиямыздың негізін салды. Әлемдік театр мәдениетіне жанаса түсуіне тәлімгерлік жол сілтеді. Өзге тілдерден өз тілімізге озық пьесаларды шебер аударып, қазақ театр репертуарларының кеңи түсуіне мұрындық болды. Талантты орыс режиссерлерін қазақ сахнасына тарта жүріп, сахна мәдениетіміздін көтеріле түсуіне үлкен қолғабыс етті. М.Г.Насонов, И.Г.Боров, М.А.Соколов, М.В.Соколовский сынды режиссерлер жас қазақ театры қанатының қатая түсуіне зор ықпал жасады.
Өкінішке орай күні бүгінге дейін осы ұлттық кәсіби театрымыздың ашылу тарихы бұрмаланудан арыла алмай келеді. Оған негізгі себеп, осы істің басы–қасында болған ұлт жанды қазақ халқының мәдениетін, әдебиетін, өнерін дамытуға айтарлықтай өз үлестерін қосқан Смағұл Садуақасов, Қошмұхамед Кемеңгеров, Дінмұхамед Әділов сияқты қайраткерлеріміздің атына кезінде тағылған Кеңес өкіметіне қарсы тұрған буржуазияшыл ұлтшылдар, тіпті соңғы екеуіне «халық жауы» деген жала лақаптар болатын.
Содан болар, қазақтың алғашқы ұлттық драма театры Қызылорда қаласында Мұхтар Әуезовтың «Еңілік –Кебек» пьесасымен 1926 жылы, 10 не 13 қаңтарда, тіпті 13 сәуірде ашылды деп те жазылып келеді. «Казахстанская правда» газеті 1996 жылы 31 қаңтарда өз тілшісі Ж.Махамбетованың «Встреча ветеранов театра» деген мақаласында республиканың кәсіби қазақ театрының шымылдығы Қ.Кемеңгеровтың «Алтын сақина» спектаклімен ашылды деп дұрыс көрсетіп, ашылу күні 1926 жылы 12 қазан деп қате жазған(22.9).
Осы жылдың 22-қазанында Халық Ағарту Комиссариатында театр ұйымдастыру мәселесіне арналған кеңейтілген мәжіліс болып, онда комиссар С.Садуақасов баяндама жасайды, іске асуға тиісті нақты шаралар белгіленеді. Үкімет театрға 40 мың сом қаражат бөледі. Осы айда республиканың жан–жағында жүрген 27 талантты жастардың тізімі жасалып, халком Садуақасовтың қолымен Қызылордаға шақырылады» (2.125). Олардың ішінде Серке Қожамқұлов, Құрманбек Жандарбеков, Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Калибек Қуанышбаев, Елубай Өмірзақов, Қапан Бадыровтар болған.
Театрдың алғашқы даму кезеңінде С.Садуақасов, алдымен, репертуар мәселесіне мейлінше көңіл бөлді. Труппалар сахнасында ойналып жүрген Мұхтар Әуезовтің «Еңілік-Кебек», Қошмұхамбет Кемеңгеровтың «Алтын сақина», Жұмат Шаниннің «Арқалық батыр» сияқты пьесаларының ойнауға жарайтыныдығын дәлелдеп, бұлардың арасынан «Еңілік-Кебек» пьесасының көркемдік шоқтығының биіктігін атап көрсетеді.
Халық Ағарту комиссары Смағұл Садуақасов театр ұйымдастыру жұмысына сегіз ай бойы аянбай, бар күш-жігерін жұмсап тер төкті. Театр өнерін насихаттау мақсатында театртанудың әліп-биі ретінде мақалалар жазды. 1926 жылдың 26, 29 қазанында Смағұлдың ұлт театры туралы мақаласы «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланды. Ол бұл еңбегінде театр деген ұғымға түсінік береді… «Театр бізге қандай болу керек, ойнаушыла кім, ойналатындар не? Осы туралы біраз сөйлейік»,-деп, Қазақстанда театр жасауға болатынын, театр үшін пьесаның маңызын, қазақтан шыққан пьеса авторларының аттарын атап олардың пьесаларына талдау жасайды. «Пьесаны туғызатын оқушы емес, көруші». Қазақ арасынан Островский мен Гогольді табатын театр, «жақсы пьесалар жазуға бәйге тігу керек… Орыс жазушысы Тренев «Пугачевщинаны» жазса, біз Кенесарыны неге жазбаймыз?» (6.54) деп, сол кезде өзінің досы Мұхтар Әуезовке тапсырма–тілек білдіргендей болды.
«Қазақ жастарының тұрмысы, әйел теңдігі, төңкеріс замандардағы оқиғалар, 1916–шы жыл, шәкірт өмірі, мұғалім тұрмысы, ұлт мәселесі, бай-кедей арасы–осының бәрі жазушыны күтіп отыр», (9.7) – деп сол уақыттағы өмір болмысының іргелі мәселелерін қозғайтын пьесалар жазуға кеңес береді.
Театрдың әлеуметтік орны мен ролін анықтауда да С.Садуақасов аса құнды пікірлер айтқан. Ол: «Кітап оқу үшін хат білу керек. Театрды көзі көретін, құлағы еститін адам ұға алады. Театр – жанды кітап. Кітаптан театрдың өрісі кең. Кітап жалғыз хат танитындардың қаруы, театр көпшіліктің қаруы», (12.8) – дейді. Бұл пікір Н.В.Гогольдің: «Театр – ұлы мектеп, оның орны ерекше, ол тұтас қауымға, мыңдаған халыққа әрі жанды, әрі қажетті сабақ» (18.19) –деген эстетикалық негізмен астарласып жатыр. Мұның бәрі С.Садуақасовтың «театр көңіл көтеретін ойын үй ғана емес, ол өз алдына мәдениеттің мектебі» – деуі де театрдың әлеуметтік қоғам өміріндегі маңызын терең түсінуден туған салалы пікір. Бұл да Н.В.Гогольдің – театр еріккеннің ермегі емес, деп оны әлемге мол жақсылық айтатын кафедраға салыстыратын әйгілі сөзін еріксіз ойға түседі.
Ұлт театрын жасау үшін әртістердің рөліне тоқталады. Ел ішінде толып жатқан өнерпаздардың Қоянды жәрмеңкесінде бір жігіт үстелдің үстіне қоян болып секіріп шығып, үстінде тұрған қымыз, самауыр, шыны-аяқ бәрін қимылдатпай бір түсіп, бір шыққанын; Қалибек деген жігіттің кемпір,шал болып ойнағанын, Серкенін «Мырқымбайды» ойнағаны Еуропаның қай әртистерінен де кем емес; Парижден үлкен абырой–атаққа ие болып келген Әміре Қашаубаевтың әншілігі мен әртістігін мақтайды. Иса Байзақовтың суырыпсалма ақындығы, әндерді айту мәнері, Жұмат Шаниннің өзі әртіс,әрі жазушы бар екенін ескертеді.
«Қазақтың ұлт театры қазақ ұлтының бел баласы болу керек. Жалпы, адамшылдық, мәдениеттің базарына біреуден ұрланды емес өз өнерімізбен, өз еңбегімізбен тапқан бұйымды апару керек. Сонда ғана тарихтан ұялмаймыз» деп жазды Смағұл Садуақасов (6.10).
1925 жылдың 25 желтоқсанында театр директоры Дінше (Дінмұхамед) Әділовтың бұйрығымен театрға алғашқы артистер қабылдана бастайды. 1926 жылдың қаңтарының бірінші нөмірінде «Еңбекші қазақ» бірінші бетінде мынадай хабарландыру жарияланады.
«Ғинуардың 13-і күні кешке сағат 6-да Мемлекеттік ұлт театры ашылу мерекесі болады. Театр артістері Қ.Кемеңгерұлының «Алтын сақинасы» ойналады. Үзіліс кезінде оркестірді тыңдай аласыздар. Қойылымнан кейін концерт болады. Театр директоры Дінше». Дәл сол күні 9 мыңнан артық халық бар Қызылорда қаласында қазақ халқының мақтанышы-тұңғыш драма театры ашылды (3.84).
Смағұл Садуақасовтың, Қошке Кемеңгерұлының, Дінше Әділовтың өмір жолын, әдеби–тарихи мұраларын архивтерде терең зерттеген оқымыстылар – филология ғылымдарының кандидаттары Рәзия Рүстембекова, Батырхан Дәрімбетов, жазушы Бейбіт Қойшыбаев, әсіресе, Дихан Қамзабекұлы көп еңбектер жазып, осы үш ардақты азаматтың аттарын қайта жаңғыртып, өз халқына кең таныстырып жүр. Соның ішіндегі қазақ драма театрының ашылуы тарихын бұлжытпай дәлелдей алғандығы да бар.
Ұлтжанды қайраткер С.Садуақасов мемлекеттік кәсіби ұлттық драма театрының ірге тасы қаланғаннан кейін де оның әрбір адымына зер сала қарап, жаман жеріне күйініп, жақсы жеріне сүйініп отырды.
Смағұл Садуақасов театрдың ресми ашылуы салтанатынан кейін бірнеше мақала жазды. Біріншісі – «Баянды еңбек күтеміз» деп аталады. Онда «Ғинуардың 13-і күні ұлт театрының ашылу күніне арнап қойылған ойындарында ойнаушылардың келешегінен үміт тудырғандай болды» (32),-дей келіп, театр сынына көңіл бөлу, әртістердің кәсіби дәрежесін көтеру керектігін атап өтеді. Екіншісі – «Алтын сақина» ойыны туралы, онда мемлекеттік театрдың ресми бірінші шымылдығын ашқан пьеса «Езілген қазақ әйелдерінің тұрмысын бұлжытпай суреттейді» (21.83), – дей келіп, Қалибектің шал, кемпір, қыз болып сөйлеп жылағаны, көк бұзау болып бақырғаны, Дүйсенғалидың қойшы рөлін жақсы ойнағандарын, кейбір әйел рөлдерін орындаудағы кемшіліктері, Исаның сол кеште айтылған тақырыпқа қолма-қол шығарып ән салуы, ерен әншілер Елубай, Құрманбек, Әміренің ән шырқауына тоқталады.
Ал «Еңбекші қазақ» газеті 1927 жылдың 13қаңтарында ұлт театрының бір жылдығына арнаулы бет ұйымдастырды. Онда «Оқу комиссары Смағұл Садуақасовпен әңгіме» деп берілген мақаласымен бірге театрдың жаңа директоры Жұмат Шаниннің «Қазақтың мемлекеттік театры» деген мақаласы және театр әртістерінің Халық комиссары С.Садуақасовпен бірге түскен фотосуреті берілген. Өз мақаласында Смағұл: «Жоқтан бар қылып жасаған театр осы күні жалпы Қазақстан аузына ілініп, қатарлы бір мәдени орын болды… Бір жылдық өміріміз бұл жігіттердің ішінен болашақта ірі әртістер шығатынын көрсетіп отыр. Қалибек, Елубай, Серке, Әміре сықылды ойыншылардың түбінде үлкен әртістер болуында сөз жоқ»,- деген еді(3.58).
Театрдың алғашқы кезінде М.Әуезовтің «Бәйбіше тоқал», «Қаракөз», Ж.Шаниннің «Арқалық батыр», «Торсықбай», «Айдарбек қу», «Шахта», «Баян батыр», Б.Майлиннің «Шаншар молда» , «Ел мектебі», «Неке қияр», И.Меңдіқановтың «Үйшік-үйшік», С.Аблановтың «Күндеспейтін қатындар», Ө.Оспановтың «Сеңсең бөрік», Е.Ерданаевтың «Малқамбай» сияқты қазақ халқының әр дәуіріндегі өмірін, тұрмыс салтын бейнелейтін шығармалар сахнаға көбірек койылды. Бұлардың кейбірінде кездесетін ірілі-кішілі көркемдік-идеялық кемшіліктеріне қарамастан көрермен қауымына ұнаған, әрі ойнауға жеңіл шығармалар. Әсіресе, аңызға айналған эпостық, болмаса дайын тарихи оқиғаға жазылған шығармаларда әртістер еркін сілтеді, әрі өздеріне ертеден таныс және сауық–үйірмелерде мол қолданған халық шығармасы мен ойындарының түрлері спектакілдерге ерекше ұлттық бояумен тұрмыс салттық шындықты көремдікпен беруге мүмкіндік туғызды. Сондай–ақ, эпостық сюжетке құрылған драмалық шығармалардағы ақындық пен шешендік сайыстардағы сөз саптау, астар мазмұнын ашу, қимыл- қозғалыс, қарым-қатынас, психологиялық толғану сәттері, тіпті тартысқа түскен екі жақтың жарыла отырып, бар зейін ықыласымен берілуі, өзінің көңіл-күйін сездіруі, сөз нышанын аңғаруы, әркімнің өзінше сезінуі, бағалауы тағы басқа сол сияқты сахналық өнердің бейне, образ жасаудағы амал-тәсілдеріне алғашқы актерлеріміз жетік келді. Оның үстіне әртістердің табиғи дарыны-әнші мен күйші болуы, әзіл оспақ, тілге жүйрік болуы, ескі ауыл өмірін, тұрмыс салтын жақсы білуі – жоғарыдағы пьесаларды толық меңгеруге кепіл болды. Сондықтан Е.Өмірзақов, С.Қожамқұлов, Қ.Жандарбеков, Қ.Қуанышбаев, И.Байзақов, Ә.Қашаубаев тағы басқа өнерінің сол уақыттың өзінде жоғары бағаланып, көрермен қауымының сүйіспеншілігіне бөленді. Актрисадан Зура Атабаева, Шербану Байзақова, Жанбике Шанина, Мәлике Шамова, Шәмсия Әлібековалар драмалық дарындылықтарының үстіне төгіліп салған әсем әндерімен де көзге түсті. Сондықтан жас ұжымның алғашқы даму кезеңінде спектакльмен қатар концерт беріліп тұруы, бір жағынан, театр мен көрермен арсындағы қарым- қатнасты күшейтуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан әртістердің синтетикалық өнерді меңгеруіне жол салды.
Алғашқы дүниеге келген кездің өзінде-ақ драма театры ұлттық драматургиямен ғана шектеліп қалмай, классикалық пьесаларды қойып, актерлік және режиссерлік шеберліктерінің өсуін көздеді. Бұл жолда 1926- жылыдың күзінде театрдың директоры және көркемдік жетекшісі болып тағайындалған Жұмат Шаниннің ізгі қадамын атап өтейік. Ол 1927 жылы А.С.Пушкиннің «Тас мейман», «Сараң сері», В Шекспирдің «Гамлет» трагедияларын, ал С.Қожамқұлов пен Қ.Жандарбеков Н.В.Гогольдің «Үйлену» комедиясын қояды. Бұл спектакльдер айтарлықтай табысты болмағанымен, қазақтың драма театрының классикалық шығармаларды меңгерудегі алғашқы талпынысы еді.
Осы кезде қазақ ауылындағы ескіліктің қалдығын әшкерлейтін, қоюға жеңіл, өткір комедиялық шағын пьесалар да театр сахнасынан көбірек көріне бастады. Қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі Бейімбет Майлиннің «Айша», «Сәлде», «Көзілдірік», Ж.Тілепбергеновтың «Перизат-Рамазан», Ө.Оспанов пен Е.Өтеулиннің «Зарлық», А.Тоқмағамбетовтың «Екі заң», Р.Малабаевтың «Үй тұтқындары» сияқты әйел теңдігін жырлайтын пьесалары қойыла бастады.
Театр репертуарын жаңа шығармамен толықтыра түсуде Жұмат Шанин қосқан үлес те өз алдына бір төбе болды. Өйткені бұл шығармалардың көбісі сахнаға шығарған режиссері де өзі болған еді. Театрдың алғашқы кезеңінде режессура жұмысына Қ.Жандарбеков пен С.Қожамқұлов жиі араласып, бірнеше спектакльдер қояды. Арасында бірлі–жарым пьесаларды Қ.Қуанышбаев, Е.Өмірзақов, А.Абдуллин де сахнаға қойып отырды. Бұл айтылған спектакльдердің барлығы бірдей көркемдік дәрежесіне көтеріле бермегенімен, театрдың дамуына шығармашылық септігін тигізгені даусыз. Бұлардың көбісі Жұмат Шанин режиссурасынан туып, ұлттық режиссура өнерінің негізін қалауда игі қадам болды.
Қызылорда кезініндегі қазақ театры шығармашылық жағынан әлі қалыптаспаған, бірақ кәсіби сахна өнерін меңгеруге бет алған шағы.Және әуесқойлық труппалар мен үйірмелердің азды көпті тәжірибесіне, халық шығармашылығының бай мұрасына сүйенді, олардың жақсы қасиеттерін өз бойына жинақтады. Бұлар бірін–бірі қайталамай, керісінше бірін–бірі толықтырып, бұрын–соңдықалың қауымға бей таныс болып келген кәсіби сахналық өнерге жол салды. Бұған сол театр репертуарындағы пьесалардың көркем–идеялық мазмұны, актерлік режиссерлік өнер ерекшелігі, жас ұжымның алғашқы шығармашылық келбеті, бағыт бағдыры толық дәлел сияқты.
1928 жылы қазақ театры республикамыздың жаңа астанасы Алматыға көшіп келді. Жол жөнекей Оңтүстік өңіріне ойын көрсетіп, труппасын дарынды актерлермен толықтырып отырды. Жаңа қоныста бұрынғыға қарағанда шығармашылық жұмыс жүргізуге айтарлықтай жағдай жасалып, театрға қызмет үйі беріледі. Костюм, декарация жасайтын цехтар ұйымдастырылып, қосалқы топпен актер труппасы күшейтіледі. Олардың ішінде тамаша әншілігі мен драмалық таланты қатар дамыған Күләш Бәйсейітова, актерлік, режиссерлік қызметімен бірге, драматургиямен айналысып, бірнеше пьеса жазған Қанабек Бәйсейітов, Шара Жандарбекова, Жүсіпбек Елебеков, Қазкен Бейісов, Манарбек Ержанов, Үрия Тұрдықұлова, Ақыш Шанин және басқалары болды.
Отызыншы жылдардың басында Камал Қармысов, Қалкен Әділшінев, Зағи Құрманбаева, Сәбира Майқанова, Сейфулла Телғараев, Шәкен Айманов, Жағда Егізбаева, Гүлзипа Сыздықова, Ғаббас Ғалиев, Хасен Байырманов, Рәбиға Есімжанова, Ақыш және Нұрғалық Нахметовтер, Айша Абдуллина, Әмірғали Есенбаев, Жанысбек Құрманғалиев, Әбсамет Сабырбаев, Әбен Мұхамадьяров т.б. талантты жастардың театрға келуі жас ұжымның күрделі драмалық шығармаларды меңгеруге мүмкіндік берді. Ең алғаш 1931 жылы Республика халық артисі атағы Е.Өмірзақов пен Ж. Шанин алған (25.15).
Бұл тұстағы театр сахнасына қойылған шығармалардың дені қазақ ауылындағы тап тартысын бейнелейтін, ескіліктің сарқыншағын әшкерелейтін пьесалар еді. Қанабек Бәйсейітов пен Атығай Шаниннің «Сәуле», «Тартыс», Жұмат Шаниннің «Шахта» (екінші нұсқасы), Тайыр Жароковтың «Қанды таяқ» театрдың өсу жолында елеулі орны бар спектакльдер болды. Бұлардағы өз махаббаты мен бостандығын қаһармандық қайсарлықпен қорғаған М.Шамованың Зәуресі, сүйген жары Зәуре жолындағы тартысты таптық күреспен сабақтастыра білген, революциялық қозғалысқа саналы түрде кіріскен Қ. Жандарбековтың Сайдасы, өз көлеңкесінен қорқатын, келе келе таптық сезімі оянатын Е.Өмірзақовтың Қожағы, білек пен байлықтың, жоғарғы орындардағы ластықтың күшіне сүйенген Қ.Бәйсейітовтың Темірбегі,өмірдің азабын тартып, феодалдық керәтартпа күштің құлы болған Ш. Байзақованың Жамалы-ірі актерлік табыстар. «Зәуре» қомақты актерлік табыстармен бірге, сахналық көркемдеу, режиссерлік шешімі жағынан да театрдың ансамбльдік спектакльдерінің бірі» (39.32).
«Қанды таяқта» кедейлердің байлармен күресінің алғашқы қадамы суреттелсе, Қ.Бәйсейітов пен А.Шанин «Болатында» сол күрес анығырақ, әрі сыналы түрде өтеді. Ал осы авторлардың «Тартысындағы» оқиға сол кезеңнің өзекті мәселесіне құрылып, спектакльде колхоз құрлысының алдыңғы қатарлы мүшелерінің тартысы және олардың қарсыласы,қанаушы таптарға қарсылықтары алғашқы пьесаларға қарағанда дұрыс шешім тапқан.
Отызыншы жылдардың ішінде Бейімбет Майлиннің «Талтаңбайдың тәртібі», «Майдан», І.Жансүгіровтың «Кек», «Турксиб», «Біздің жігіттердің» сахнаға қойылуы – қазақ театрының жаңа тақырыпты меңгеруге шұғыл бет бұрғанына айғақ. Бұл спектакльдерде қазақ жеріндегі социалистік құрлыстың барысы, колхоздандыру кезеңіндегі айқасқан тап тартысы көркемдікпен шешілген. Әсіресе қазақ ауылындағы революциялық тартыстың қымқиғаш көріністері («Кек»), бұрынғы батыраған кедей шаруалардың басын қосып, социалистік жаңа өмірдің үлгісі–колхозға ұйымдастыру кезеңіндегі тап–тартысы («Майдан») және жаңа ұйымдасқан колхоз жұмысындағы көріне бастаған төрешілдік, тоғышарлық, өзімшілдік сияқты тағы басқа ескінің қалдығынан шенеу, жаңаның өскелең өмірін көрсету («Талтаңбайдың тәртібі») көрушілердің көз алдынан өткен. Осындай ізі суымаған сол кезеңнің өзекті оқиғалардың сахнадағы көркем бейнесі көрушілерге үлкен әсер қалдырды (13.27).
Осы спектакльді қойған «Жұмат Шаниннің пьесалардағы суреттеген өмірді жете білуі, режиссердік өнердің қалыптасуы-жалпы сахналық шығарманың дұрыс шешім табуына мүмкіндік жасаған» (29.18). Сахнада өмір болмысының көрінісі жинақты суреттелген. Сол сияқты спектакльде ойнаған актерлердің де ауыл өмірін жете білуі және жасайтын бейнелеріне тәжірибелік өлшемдерімен келуі-өз рөлдерін толық меңгеруге ұйытқы болған.
Б. Майлиннің «Майдан» спектаклі театрдың көркем шоқтығы биік спектакілдерінің бірі. Мұндағы барлық кейіпкерлердің іс-әрекеттері, мінездері шиеленіскен саяси оқиғаның дамуына, ширауына қарай өрбиді. Бұрынғы батырақ Досан (арт. Бейісов), аудандық партия ұйымының хатшысы Орынбай (арт. Қ.Жандарбеков), жергілікті кеңес председателі Зәуре (Ш.Байзақова) т.б. ұжымдастыру кезінде халықты жаңа істі бастаған, жаңа өмірдің ұлы күресіне жетелеген кеңестік заманның өкілдері, бұлардың негізгі мақсаттары ыдыраған кедей мен орта шаруалардың басын қосып, колхоз ұйымдастыру.
Дегенмен пьесаның тұңғыш қойылуында ұнамды кейіпкерлерден гөрі ұнамсыз кейіпкерлердің сахналық бейнесі басым шықты, әсіресе сырттай момынсынған, іштей таптық оты сөнбеген айлалы әккі, ел ішінде әлі де болса беделді бай – Бекболат Қ.Қуанышбаевтың ойынында бар тұлғалық ерекшелігімен шешілген. Бекболаттың жауыздық әрекетін жүзеге асырып отырған – Көдебай С.Қожамқұловтың орындауында тілге жүйрік, қысылтаяң жерде амалын асырып кететін, айлалы тап жауының жинақы бейнесін жасаған. Бұлардың жауыздық пиғылын әрі қарай жалғастырып, жаңа ұйымдасқан колхоздың ойранын шығарып келгендер Бекболаттың бәйбішісі- Мамық (Ф.Әшкеева), Демесін (арт. Қ.Бадыров), көрінгеннің өсегіне еріп, алданып жүрген Пүлішпен (арт. К.Бәйсейітова), орташа шаруа Әліш (арт. Е.Өмірзақов) бейнелері де спектакльде сахналық көркем шешім тапқан.
1965 жылы жазушының 70 жылдық мерекесіне байланысты «Майдан» А.Тоқпановтың режиссурасымен сахнаға қайта қойылды.
Бұл спектакілде театрдың шығармашылық мүмкіншілігін танытып, оның келешегіне, дамуына демеу болды, әрі ұжымның сол уақыттағы ұлы дүрбелеңге үн қосып, республика өміріндегі ең маңызды мәселелерді көтеріп, жаңа тақырыпты меңгерудегі сәтті қадамы. Және қазақ театрының осы келбетінің көтерілуіне басқада жазушылармен бірге, негізінен Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтің драматургиясы әсер етті.
1934 жылы өткен Қазақстан жазушыларының бірінші съезінде әдеби мәселелермен бірге, драматургия мен театр жайы да кеңінен сөз болды. Театр репертуарын көркемдік –идеялық мазмұны сапалы шығармалармен толықтыруда бұл съездің маңызы зор болды(29.58).
Отызыншы жылдары қазақ театрының дамуында кәсіби дайындығы бар орыс режиссерлері көп көмектесті, әсіресе М.Г.Насонов, И.Г.Боров, М.А.Соколов, Ю.Л.Рутковский, М.В.Соколовскийлер қазақ актеріне орыс кеңес театрының бай тәжірибесін таныстырып, кәсіби сахна өнерін меңгеруге жәрдемдесті. Арнайы студия ұйымдастырылып, актерлік шеберлік пен сахналық тілден сабақтар жүргізеді. К.С.Станиславский «жүйесімен» таныстырып, сахналық образ жасаудың логикалық амал тәсілдерін үйретті. Олар бұл шығармашылық жұмыстарын теория жүзінде ғана емес, сонымен бірге дайындық үстінде орыс кеңес пьесаларының тәуір үлгілерін сахнаға қою арқылы жүзеге асырып отырды(41.20).
Театр Қызылордадан Алматыға қоныс аударды. Еліміз қиын жағдайға душар болып, ашаршылық, ұжымдастыру сяқти қиын кездерде де өнердін өз мұратынан айнымаған үлкен театрымыз «Академиялық» деген құрметті атаққа ие болды. Республикадағы кәсіби сахна өнерінің «Қарашаңырағы» атанған тұңғыш театрдың қазақ халқының мәдени тарихында алатын орны өзгеше. Ол біздің драмалық өнерімізді дамып, жетілудің шырқау биігіне көтеріп қана қоймай, ұлттық өнеріміздің толып жатқан басқа салаларының тууына, келешекте олардың шығармашылық енші алып, өз алдына отау тігуіне ұйытқы болды.
1.2. Қазақ театры Ұлы Отан соғысы кезінен бастап 1970- жылдарға дейінгі болмысы.
Театрдың екінші кезеңі 1940-72 жылдар шығармашылық қуаныш пен тауқыметтерге толы. Сұрапыл соғыс ылыңы. Ел-жұрттың патриоттық, ұлтжандылық сезімін оятар көркем қойылымдар өмірге келді. Қазақ театрының ғимаратында орыс тобымен бірге қызмет істеген шығармашылық байланыс жылдары да жемісті болды. Театрдың шығармашылық құрамы да жас таланттармен толығып, ізденістер мүмкіндігі кеңи түсті. Отызыншы жылдардың бас жағында театрға келген Ш.Айманов, К.Қармысов, С.Майқанова, С.Телғараевтардың қатарына аталған ұжым жанындағы студиядан тағы да бірнеше жас актерлер келіп қосылды (4.25).
40-жылдардың басында театр құрамыны Мәскеудің А.В.Луначарский атындағы театр өнері институтының актерлік факультетін тәмамдаған Мәнтай Сыздықов, Қарас Кәрімов, Әубәкір Ордабаев, Жамал Жалмұхамедова, Сақып Өгізбаева т.б. бір топ жастармен толықтырылды.
Театрдың өсіп–өрбуіне өз үлесін қосқан А.Тоқпанов, Ә.Ысмайылов, Н.Бейсенов Мәскеуде кәсіби жоғары білім алып шыққан тұңғыш қазақ режиссерлері.
40-жылдардың басында ұлттық драматургиямызға С.Мұқановтың, Ә.Тәжібаевтың, Ш.Құсайыновтың, Ә.Әбішевтің араласуы – театр репертуарын жаңарта, жаңғырта түсті.
Ұлы Отан соғысы басталып, мейірімсіз жау бейбіт жатқан Кеңес адамдарының өмір тыныштығын бұзып, аласұрды. Халақ қаһармандары қолына қару алып, Отан–ананы қорғауға, қасиетті жерін қанқұйлы дұшпандардан азат етуге бірінің соңынан бірі аттанып жатты. Отан қорғау ісі –бүкілхалықтық ұлы іске айналды. Ұлы іске қаһарлы халық жұмыла кірісті. Миллиондаған халық жүрегі бірге соқты. Халықтың ой-күші, арман–ниеті, ақыт–тағдыры ортақ болды.
Мұндай ауыр кезең–кеңес мәдениет қайраткерлерінің де жауапкершілігін арттыра түсті, олардың алдында халықтың ұлтжандылық ой–сезімін, ар–намысын оятатын өнер туындыларын жасау міндеті тұрды. Игілікті шығармашылық еңбекке – қазақ театры өнерінің қызметкерлері де шұғыл араласып, өздерінің барлық күш–жігерін аяған жоқ.
Қазақтың Академиялық драма театрының өнерлі труппасынан талантты өнерпаздар – Оразғали Жұмағұлов, Бәкен Әмірхамзин, Қалкен Әділшінев, Әбсемет Сабырбаев, Әмірғали Есембаевтермен қатар, көптеген жас буын актерлер тобы өнер сахнасынан тікелей майдан сахнасына тартты. Бұлардың кейбіреулері өздерінің сүйікті театрларына қайтып оралған жоқ. Олар Отан –ананы жаудан азат ету жолында ерлікпен қаза тапты.
Жоғарыда айтылған актерлермен бірге кеңес жауынгерлерінің арасында ойын–сауық қойып, қанатты өнер дүниесінен үлкен қызықты концерт беруден – Елубай Өмірзақов, Хадиша Бөкеева бастаған театрдың бір топ актерлері арнайы сапармен алдынғы майдан шебіне барып қайтқан(44.8).
Қазақ актерлерінің өнерін көріп тамашалаған майдан даласындағы ардагер кеңес жауынгерлері олардың бұдан былай жиі келіп тұруларын өтінумен, театрдың атынан көптеген сағынышты сәлем–хаттар жолдайды, өздерінің аса ризалықтарын көрсетіп, оларға деген алғыс сезімдерін білдіреді(27.33). Сөйтіп театр өмірі де жауынгерлік рухта болып, майдан сахнасы театр сахнасымен тікелей қарым–қатынаста, үздіксіз байланыста болған. Қаһарлы жылдар кезінде қазақ театры орыс театрымен бірлесе отырып, қатар жұмыс істейді.
Отан соғысы басталған алғашқы айларда Ресейдің, Украинаның, Беларуссияның шығармалық ұжымдары Қазақстанға келе бастады. 1943 жылдың басында республикаға көшіп келіп орналасқан театрлардың саны жиырмаға жетті(42.24).
Алматыға соғыс жылдары басқа қалалардан көптеген театр мамандары келеді. Олардың арасында алғашында Шымкентке қоныс аударған Моссовет атындағы театр кейін Алматыға келіп орналасты. Одақтың орыс театрының шеберлері республиканың көркемдік өміріне белсене ат салысып, өздерінің тәжірибесін үйретіп отырды. Оның құрамында Одаққа әйгілі театр тарландары КСРО халық әртістері Ю.А. Задавский, В.П.Марецкая, Н.Д.Мордвиновтар бар болатын. Мұндай білікті сахна шеберлерінің Қазақ театры сахнасында тамаша спектакілдер қойып, өздерінің жоғарғы кәсіби өнерлерін көрсетуі–біздің мәдениет қайраткерлерімізге тәжірибе болды. Қазақ театрының актерлері олар көрсеткен спектакльдерге үзбей қатысып отыратын. Олардың ойнынан өнерлік шеберліктің шыңын көтеріп, тәжірибе алысып, үйрену жолында болатын. Үлкен актерлердің шығармашылық зертханасына зер сала үйрететін, оқып үлгі алатын. Труппа жетекшісі, КСРО халық әртісі Ю.А.Завадскийдің дайындық кезіндегі әрбір рөлге дәйекті анализ жасауы, мақсат–бағдарын егжей–тегжейіне дейін түсіндіруі–қазақ актерлері үшін үлкен мектеп болып қалды. Ю.А.Завадский сахнада лирика мен романтиканы асқан шеберлікпен қиыстыра білетін. Оның режиссерлік ой тәсілі Қазақ театрының спектакльдеріне өте жақын болатын.
Соғыс кезінің қиыншылықтарына, әсіресе соғыстың алғашқы айларындағы ауыртпалықтарына қарамастан, республиканың театр өнері аса зор белсенділік және шығармашылық өрлеу жағдайында болды. Актерлердің үлкен тобының майданға кетуіне және бірсыпыра материалдық қиыншылықтарға байланысты театрдың басына түскен ауыртпалылық шығармашылыққа деген шығармашылық-көркемдік талапты төмендеткен жоқ.
Қазақ театрының қайраткерлері өздерінің күнделікті еңбегін майдан даласындағы бүкіл халықтық күреспен үнемі салғастырып отырды. Әрине жас театр ұжымдарының бәрі бірдей қиыншылықтарға төтеп бере алған жоқ. Сол жылдары 1941 жылы Ақтөбе облыстық театры мен Мақтаарал колхоз-совхоз театры жабылып қалды(31.25). Кейбір жекелеген ұжымдар, мысалы шығармашылық құрамда 1942-43 жылдарда тоғыз әйел мен екі еркек қана қалған Гурьев театры өз жұмысын концерт бригадаларының жұмысы сияқты етіп қайта құрып, концерт беріп, тек бір актілі пьесалар ғана қоюға мәжбүр болды(25.46).
Қазақ академиялық драма театры үшін соғыс жылдары үздіксіз шығармашылық өсу және принципті көркемдік табыстарға жету жылдары болды. Тұңғыш соғыс маусымын театр жаңа үйде қарсы алды. Қаржыны үнемдеу мақсаты мен 1941жылдың 1қазан Қазақ академиялық драма театры мен республикалық орыс театры біріктірілді(42.67).Енді екі театрдың үйі де, әкімшілігі де біреу болатын болды. Бірақ труппаларды басқаратын көркемдік басшылық біріктірілген жоқ. Мұның өзі қазақ театрының дербестігі мен шығармашылық тұтастығын сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Уақыт талабына тез орындау мақсатымын ұжым Ф.Вольфтің антифашисттік пьесасы «Профессор Мамлокты» (аударған С.Аспандияров) таңдап алды. 1941жылы 11 қазан спектакльдің премьерасы ойналды. «Профессор Мамлок» қазақ театрының сол заманғы шет ел пьесасынан тұңғыш қойған спектакілі еді(13.48). Мұның өзі актерлерге кейбір қиыншылықтар да келтірді. Орындаушылар әрбір ролді мұқият зерттеу арқылы ғана сахна шындығын жасай алды. Бұл үшін актерлер аурухананың хирургия бөліміне барып, хирург дәрігерлердің жұмысын қадағалап үйренді. Олардың операция кезіндегі қимыл-әрекеттерімен танысты. Актерлердің осылайша дәрігердің қимылдарын меңгере білуі сахналық образды терең талдап, пьесаның әлеуметтік тартыстарын шешуге толық мүмкіншілік берді.
Вольф пьесасын таңдап алу қаншама сәтті болғанымен, өмір жаңа тақырыптар ұсынып, жаңа проблемаларды алға қойды. Туған жер үшін жаумен жан алмай соғысып жатқан кеңес халықтарының орасан зор ерлігі қазақ әдебиеті мен өнерінің қайраткерлерін биік ұлтжандылық шығармалар тудыруға жігерлендірді (12.16).
Соғыстың алғашқы айларының ізімен М.Әуезов өзінің «Сын сағатта» пьесасын жазды. Бұл пьеса бірден республиканың басты-басты театр ұжымының репертуарына айналды. «Сын сағатта» Алматының, Қарағандының, Семейдің, Жамбылдың, Шымкенттің, Оралдың сахналарына шықты. Пьесаның негізгі тақырыбы біздің адамдарымыздың моральдық беріктігі, сын сағатта шыққан халықтар достығы еді. Пьеса сұрапыл соғыс уақытында кеңес адамдарының бойындағы Отанға деген махаббаттың кеңінен танылғандығы баяндалады, кеңес адамдарының сезім тереңдегі олардың Отан шін өзін құрбан етуге әзір екендігі айтылады, өлім мен қайғы, жоқшылық пен жетімсіздік кеңес адамын мойыта алмайтындығы, олардың жеңіске, ерлікке деген қасиетті сенімдік ешқандай жаудың мұқата алмайтындығы көрсетіледі.
Халықтың майдандағы және елдегі ерлігі, ұлтжандылық және кеңес адамдарының биік моралдік рухы — міне осы оқиға сол кездегі барлық кеңес драматургтерінің шығармашылығына арқау болды. Сондықтан тақырып жақынжығы, көркемдік шешім ұқсастығы сияқты құбылыстардың болмағы табиғи іс еді. М.Әуезов пьесаның жалпы белгілері Орта Азия драматургтерінің, атап айтқанда А.Тоқомбаевтың «Ант» пьесасымен ғана үндес болып қойған жоқ, сонымен бірге белорус драматургі К.Крапиваның 1943 жылы жазылған «От кешу» пьесасымен де ұқсас болып шықты(10.20).
«Сын сағатта» пьесасы қазақ драматургиясындағы отты жылдар кезеңіне байланысты үн көтерген алғашқы туындысы. Рас, бұған дейін де көптеген драматургиялық шығармалар жазылған–ды, бірақ олардың барлығы дерлік қызу қаурытқа байланысты асығыс жазылғандықтан –көркемдік, жазу шеберлігі жағынан Ұлы Отан соғысы кезіндегі кеңес адамдарының жанқиярлық еңбегін, ерлігін терең ашып бере алмады. Мұндай пьесалар негізіде қойылған спектакльдер театр сахналарында көп тұрақтай алған жоқ. Себебі оларда адам өмірі мен психологиясы терең нәзіктікпен шешудің орнына қызу оқиғаға байланысты туған үстірт, бір сарынды ой қуалап кету басым болды. Ал, бұл жағынан алып қарағанда «Сын сағатта» пьесасы өзінің драмалық құрылысы, харакет–ойының өсіп дамуы тұрғысынан әлде қайда биік болды. Автор ауыр күндердегі адам жанының ішкі дүниесіне барлау жасады. Кеңес адамдарының туыстық, саналы бірлігін өз шығармасына негізгі ой етіп тарты. Басқа күн туғанда адам өзінің күнделікті ұсақ, жеке бастық ой-күмәннән тазаратыны, қайта қатая түсіп, үлкен парасат–ақылдың иесі болатындығын көрсетуді автор өз шығармасында басты мақсат етіп қойды. Бірақ жеке ой мен ұжымдық ойдың арасындағы байланыс өз дәрежесінде шешіле алынған жоқ.
Соғыс кезінің қиыншылықтарына, әсіресе соғыстың алғашқы айларындағы ауыртпалықтарына қарамастан, республиканың театр өнері аса зор белсенділік және шығармашылық өрлеу жағдайында болды. Актерлердің үлкен тобының майданға кетуіне және бірсыпыра материалдық қиыншылықтарға байланысты театрдың басына түскен ауыртпалылық шығармашылыққа деген идеялық-көркемдік талапты төмендеткен жоқ.
Соғыс кезінің қиыншылықтарына, әсіресе соғыстың алғашқы айларындағы ауыртпалықтарына қарамастан, республиканың театр өнері аса зор белсенділік және шығармашылық өрлеу жағдайында болды. Актерлердің үлкен тобының майданға кетуіне және бірсыпыра материалдық қиыншылықтарға байланысты театрдың басына түскен ауыртпалылық шығармашылыққа деген идеялық-көркемдік талапты төмендеткен жоқ.
Театр сахнасына «Абай» секілді үлкен спектакілдерді сәтті режиссерлік дебютін бастаған Асқар Тоқпанов ұлттық драматургиядан Мұхтар Әуезовтың соғыс тақырыбына жазылған «Сын сағатта» драмасын қойды. Спектакль Ұлы Қазан революциясының жиырма төрт жылдық мерекесіне арналған(25.31).
Драматургтің өзекті оқиғаға байланысты туған ойын режиссер кең сезіне отырып жеткізуге тырысты, пьесаның көркемдік–идеялық ерекшелігін толық ашуға күш салды.
Қазақтың тұңғыш ұлт театрының туғанына сексен бір жыл толды. Бұл жалғыз драма театрының ғана мерекесі емес, сонымен бірге жалпы мәдениетіміздің, тұтас өнеріміздің мерекесі. Осы сексен жылдың қырқасында сахналық өнеріміздің асу–асқар белесі, күрделі көркемдік оқиғаға толы үлкен шығармашылық кезеңі, әрі халқымыздың мәдени–рухани дамуының тарихи дәуірі жатыр.
Ұлы шайқас кезіндегі кеңес адамдарының ұлтжандылық сезімінің көтерілуі, Отан алдындағы азаматтық борышын терең сезінуі –спектакльдің негізгі тақырыбы болды.
Спектакль майдан шебінен алыс жатқан Қарағанды көміршілеріңің сол сағаттағы өмірін, ауыр еңбектек жолындағы қажырлы қайратын, сондай –ақ майдан даласындағы кеңес жауынгерлерінің ерлігін паш етті. Еңбек майданы мен ұрыс майданындағы кеңес адамдарының ажырамас ұлтжандылығын жырлғады спектакль. Бірақ, осындай ізгі ойды негізге алғанымен, спектакль нағыз өмірдің үлкен бейнесін, күрделі тартысын көркемдік дәрежеде шеше алған жоқ. Оның басты себебі: спектакльге керек болған пьесада пісіп жетілмеген көрініс–сахналар, кейіпкерлерарасындағы логикалық қарым–қатынастар, динамикалық даму желісі босаң болатын. «Сын сағатта» пьесасының оқиғалары бірде Қарағанды шахтасында болса, бірде майданның алдыңғы шебінде немесе дала госпиталында жүріп жатты. Мұндай әдіс драматургтің өз қаһармандарының құлашын кеңге сілтетіп, шығармасына эпикалық сарын серуіне мүмкіндік туғызды. Сонымен бірге бұндай әдіс пьесадағы оқиғалардың созалаңдап кетуіне, сюжет желісін керексіз оқиғалармен қалыңдатып алуға да апарып соғады. Міне, осы себептен де пьесадағы майдан картиналары шұбалаңқы, әрі жұтаңдау болып шықты. Бұған майдан өмірін жете білмегендік себеп болды. Оның үстіне пьесада халықтар достастығы тақырыбы декларативті түрде ғана шешілді. Шығармада орыс, украин, беларус, қрғыз сияқты әр алуан ұлт өкілдерінің аттары аталғанымен, олар пьесаның драмалық тартысын шешуде тиісті қызмет атқармайды.
Мұхтар Әуезовтың бұл пьесасы қазақ драматургиясының тарихында елеулі құбылыс бола алған жоқ. Алайда, ол соғыс жылдарында Республикалар театрларында зор табыспен өтті. Оның кейіпкерлерінің отансүгіштігі көрермендер жүрегіндегі отансүгіштікпен ұштасып, пьесаның тәрбиелік жалыны алаулап тұрды.
«Сын сағатта» спектаклін Қазақтың академиялық драма театры 1941жылы 7 қарашада сахнаға шығарды. Спектаклді әзірлеу кезінде театрдың бүкіл шығармашылық ұжымы жұмыла қызмет етті, театр қаһармандарының арман-мақсаты, ой-тілегі оны орындаушыладың мақсатына айналып кетті. «Сын сағатта» спектаклінің ерекшелігі сол, мұнда нағыз халықтың қаһармандық характері бой көрсетті.
Мұхтар Әуезов осындай кемшіліктерді кейіннен ескере отырып, драматург Әлжаппар Әбішевпен бірігіп нақты тарихи уақиғаға құрылған «Намыс гвардиясы» атты пьесаны жазды. Осы пьеса даңқты Панфилов дивизиясына арнады, Республиканың көптеген театрының сахнасында жол тапқан бұл пьеса тек Қазақтың академиялық драма театрының сахнасында ғана ең қызықты шешімге келді.
Мәскеу түбіндегі тарихи шайқаста қаhармандық күрсеткен генерал Панфилов бастаған 28-гвардияшылардың адам айтып жеткізе алмайтын ұлы ерлігі сахнада бейнелеу–қазақ театырының Ұлы Отан соғысы тақырыбын меңгерудегі елеулі табысы болды.
Ұшқыр шығармашылық қиял мен үлкен актерлік шеберліктен Қ.Қуанышпаевтың дарынды әскери қолбасшы, мейірімді үлкен жүректің иесі, ардагер генерал Панфиловтың образы және қызу қанды, жау жүрек, айтқанынан қайтпайтын өжет, лапылдап жанып тұрған от мінезді Намыс ұлының жарқын сахналық тұлғасын сомдап құйған Қапан Бадыровтың тамаша ойындары кезінде «жүрекке жылы тиіп» көрушілерге әсер, ықпалы ересен болған (3.51).
Басқа рөлдердегі Жанбозов – Ж.Өгізбаев, Төлеген – К.Қармысов, Фогель – Ш.Айманов, Чупров – С.Қожамқұлов, генерал — Ә.Хәсенов ойындары спектакльдің көркем шығуына мол үлес қосқан.
Жалпы алғанда, «Намыс гвардиясы» спектаклі режиссерлік шешім байламдары, актерлік ойындары, декорациялық көркемдеу жағынан нанымды шыққан, героикалық үнге толы спектакль болып саналды.
Ұзақ жылдар өткен соң театр сахнасында А.Л.Мадиевскийдің режиссурасымен «Намыс гвардиясы» пьесасы қайта қойылып, репертуардан өз орнын алды.
Соңғы спектакль Ұлы Отан соғысында кеңес халқының тендесі жоқ ерлігінің жиырма жылдық мерекелі күніне арналып қойылған. Спектакльдің әр бір көрінісі, әсіресе, оның соғыс эпизодтары Мәскеуді қаһармандықпен қоғау күресінің боямасыз шындығымен астасып жатты.
Бұл спектакльдің өмірінің ұзақ болуы, көрермендерге үздіксіз әскер етуі пьесаның өзекті тақырыпқа жазылып, тез сахнаға шығарылғандығында ғана емес еді. Сонымен бірге оның шығармашылық көркемдік қасиетінің биіктігінде болатын. Актерлер өздері пьесаға өзгеше ықыласпен назар аударып отырды. «Намыс гвардиясы» пьесасында актерлер өз ойындарын автордың ойына бағындырып, оның ешбір жерін өзгертпей орындап отырған өзгеше спектакль болды. Өйткені олардың, қаһармандардың ойы актерлерді өз ойларымен іштей ұстасып жатты. Көрермендер көздері сахнаға түсісімен-ақ олар оқиға шындығына бірден зер қойды. Сөйтіп актерлер мен көрермендер де өз заманының қаһарлы күндерімен қоян–қолтық араласып жатты.
«Намыс гвардиясы» арқылы қол жеткен түбегейлі табысынан кейінгі Қазақ драма театры репертуарын әлсіретіп алды. 1942-43 жылдың маусымында Ә.Әбішевтің «Қырағылық» пьесасы мен К.Финнің «Петр Крымов» пьесасы бойынша қойылған спектакльдер театрды табысқа жеткізген жоқ (6.32).
Драма театрының сахнасында кеңес адамдарының қаһарлы жылдардағы ерлікке толы өмірлерін, патриоттық сезімдерін, жанқиярлық еңбектерін көрсететін спектакльдермен қатар, халқымыздың көтеріңкі, рухани асыл ойлары мен арман тілегін бейнелейтін тарихи–эпостық тақырыптағы драматургиялық шығармаларға да көп көңіл аударған.
Соғыс жылдарындағы комедиялық спектакльдін ішінде Ш.Құсайыновтың «Алдар көсе» спектаклі зор табысқа ие болды. Қызықты рөлдері көп бұл комедияға тамаша актерлер қатысты. Олар ауыз әдебиеттінің белгілі қаһармандарына таптық сана тұрғысынан қарап, момақан жай күлкіні өтірік сатираға ұқсастыра білді.
Соғыс кезінде театр қойған тарихи немесе ауыз әдебиеті тақырыбына негізделген басқа спектакльдер сияқты «Алдар көсе» спектаклінде де қаһарман мен халықтың тағдыр тұтастығы жайындағы ой толғам көтерілді. Бұл ойдың негізгі салмағы Алдар бейнесіне жүктелді.
Алдар көсе рөлінде ойнаған Ш.Айманов өз қаһарманын ешқашанда мойымайтын, айлакер, тапқыр, жігерлі жан ретінде шығарды. Ол спектакль оқиғасын басынан аяғына дейін жеңіспен аяқтап отырды. Алдар –Айманов жауларын қаншалықты қатал әшкерелеп, аяусыз мысқылмен мінеп отырса, халыққа ол соншашықты сезімталдық, ықылас, құрмет көрсетеді.
Қазақ театрлары соғыс жылдарында орыс пен батыс классикасына сирек назар аударды. Соғыстың бас кезінде Шымкент театрында оның актерлері Ленинград студиясында оқып жүрген кезде бауыр басқан «Кешіккен махаббат» пен «Зұлымдық пен махаббат» қойылып жүрді. Оның біріншісінде Х.Бөкеева Людмила рөлінде ойнады. 1944 жылы режиссер Насонов А.Островскийдің «Мысыққа күнде той бола бермесін» қойды. Мұнда ол 1940 жылы Қазақ академиялық драма театрында қойған спектаклін қайталап шықты(30.32).
Қазақ театрының дүниежүзілік классиканы меңгерудегі аса зор табысы Қазақ академиялық драма театры 1943 жылы қойған «Асауға тұсау» спектаклі болды. Бұл спектакль көрермендердің ең сүйікті спектакліне айналды. Бұл спектакль сол кездегі қазақ және орыс театр мәдениетінің өзара қарым-қатысы мен өзара әсерінің жемісті болатындығын дәлелдеді. Орыс режиссері О.И.Пыжова мен Б.В.Бибикова қазақ актерлерімен қол ұстаса отырып, тек қазақ театрына ғана емес, қоюшы режиссерлердің өздеріне де елеулі кезең болып табылатын сахналық өнер туындысын жасады.
Ең алдымен пьесалар сәтті іріктеліп алынды. Бұдан әрине режиссерлер мен театр ұжымы өздерінің түсінікті, түйсігі жағынан Шекспир комедияларына жақынырақ еді деген ұғым тумайды. Қазақ театрының аударма комедиясындағы қол жеткен табысы Шекспир, Мольер, Гольдони арқылы келгендігі жұртқа мәлім.
Қазақ сахна өнерінің тарихында соғыс жылдары аса маңызды, әрі қызықты болып табылады. Қазақ театрының осы аз уақыт ішіндегі аса жемісті еңбегінің нәтижесінде жасалған спектакльдердің бірсыпырасы еліміздің мәдени өмірінің алтын қорына кіреді. Олар қазіргі заман тақырыбына қойылған «Намыс гвардиясы» тарихи тақырыпқа арналған «Ақан сері–Ақтоқты» және классикалық шығарма «Асауға тұсау» спектакльдері.
Қазақ театрының қайраткерлері бұл жылдары бойындағы барша шығармашылық күшін аямай еңбек етті. Сахнаға жаңа спектакльдер әзірлеудің үстіне олар әскери бөлімдерге, ауруханаларға, республикамыздың колхоз, совхоздарына барып үнемі ойындар көрсетіп отырды. Көптеген концерт бригадалары майданның алғы шебіне барып, Кеңес армиясы жауынгерлерінің алдына өнер көрсетті. Кейде тұтас ұжымдар республиканың шалғай аудандарына гастрольге шықты. Соғыстың қиын күндерінде артистер жаяу- жалпылы шұбап колхоздарға барып, бара сала еңбекшілерге егін жинауға, шөп шабуға көмек көрсетті. Қазақ актерлері бұл жылы қажырлы еңбектің үлгісін танытты(53). Күнделікті жұмыстың, жүріс-тұрыстың қиыншылығына қарамастан олар өздерінің шығармашылығына биік талап қойып, ойын-сауық, спектакльдердің көркемдік дәрежесіне ерекше мән беріп отырды. Оларға шығармашылық жағынан өсе түсуіне Қазақстанға көшіп келген кеңес сахнасы шеберлерінің де көмегі аз болған жоқ.
«Намыс гвардиясы» спектаклі жоғары бағаланды. Премьера болғанан кейінгі республикалық газеттердің беттерінде спектакльдің көрермендер көңіліне қонғандығы атап көрсетілді. Барлық пікір бір арнаға құйылып, «Намыс гвардиясы» спектаклі біздің қаһарман жерлестеріміздің ерлігін паш еткен жоғарғы дәрежедегі көркем спектакль, ол Академиялық қазақ театры ұжымының елеулі шығамашылық табысы дегенге сайды(25.34).
«Намыс гвардиясы» – шын мәнінде де Ұлы Отан соғысы жайындағы қазақ пьесаларының ең таңдаулысы болды. Ол қазақ драматургиясынан елеулі орын алды. Ұлы Отан соғысынан көп жылдар кейін де тек «Намыс гвардиясы» пьесасында ғана жауынгершілік парыз тақырыбының ойдағыдай шешім тапқаны баспасөз беттерінде атап көрсетілді(24.35). Бұл пьеса республиканың облыстық театрларының сахнасында кейіннен орын алды. Ал Академиялық қазақ драма театрының спектаклі Ұлы Отан соғысы кезіндегі ең таңдаулы спектакль ретінде қазақ театрының тарихына кірді, көп жыл бойына сол спектакль сахнадан түспеді. Жеңіс күні де, жеңімпаздар Қазақстанға оралған күні же спектакльді көрерменде тағы да өзгеше ыстық ықыласпен қабылдады.
Бұл спектакльдің өмірінің ұзақ болуы, көрермендерге үздіксіз әсер етуі пьесаның өзекті тақырыпқа жазылып, тез сахнаға шығарылғандығында ғана емес еді. Сонымен бірге оның идеялық–көркемдік қасиетінің биіктігінде болатын. Актерлердің өздері пьесаға өзгеше ықыласпен назар аударып отырды. «Намыс гвардиясы» актерлер өз ойындарын автордың ойына бағындырып, оның ешбір жерін өзгертпей орындап отырған өзгеше спектакль болды. «Намыс гвардиясымен» салыстырғанда Ә.Әбішевтің «Қырағылық» пьесасы мен К.Финнің «Петр Крымов» пьесасы бойынша қойылған спектакльдер театрды зор табысқа жеткізген жоқ бола тұғын.
Соғыс жылдарындағы қазақ драматургиясының тарихында халық ерлігінің салтанатты тақырыбы М.Әуезовтың «Қара қыпшақ Қобыланды» пьесасында зор күшпен, ерекше мәнмен танылды. Бұл пьеас батырлар жырының материалдарына негізделді. Әуезов шығармасының орталық түйіні–қара қыпшақтар елінің қызылбас шапқыншыларына қарсы күресті. Шапқыншылардан өз жерін құтқару үшін күресіп жатқан елдің ешқашан да жеңілмейтіндігі жайындағы ой пьесаның өн бойына қызыл жіп болып тартылған.
Соғыстың аяғында жазылған Әуезов пьесасы қазақ театрының ең көпшіл спектакльнің бірі болып алды. Оның соғыс біте облыстық театрларда қойылуы ұжымдардың шеберлігін сынайтын емтихан іспеттес болды. Әуезовтың бұрынғы шығармалары сияқты, бұл пьесаның да мрамардан қашаған мүйсіндей қаһармандары актерлерден нағыз сахналық шеберлікті талап етті.
Қазақ сахна өнерінің тарихында соғыс жылдары аса маңызды, әрі қызықты кезең болып табылады. Қазақ театрларының осы аз уақыт ішіндегі аса жемісті еңбегінің нәтижесінде жасалған спектакльдердің бірсыпырасын республикасы мәдени өмірінің алтын қорына кірді. Олар қазіргі заман тақырыбына қойылған «Намыс гвардиясы», тарихи тақырыпқа арналған «Ақан сері–Ақтоқты» және классикалық шығарма «Асауға тұсау» спектакльдері. Сахнаға қайта лайықтап, өңделген «Еңілік–Кебек» трагедиясының жаңа нұсқасы мен драматург Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш –Баян сұлу», «Ақан сері–Ақтоқты» трагедиялары, Ш.Құсайынов пен Пеншевскийдің «Алдар көсе» комедиясы да қойылған.
Бұл спектакльдерге ортақ жай-халық өмірінің тарихи ерлігі, олардың азаттық жолындағы күресі мен жан сұлулығын ашып күрсетеді, соны паш етушілік. Мұнда ой-нысана «Қобыланды» спектакльіне де тән.
Осы айтылған ұлттық драматургиялық туындылардан Академиялық драма театры репертуарында берік орын алып, ұжымның шын мәніндегі кезендік табысы болғаны – «Ақан сері -Ақтоқты» трагедиясы.
Театрға өз үнімен келген драматург Ғ.Мүсірепов бұл трагедиясында үлкен проблемалық мәселе көтерді. Пьесаға өзек болған негізгі оқиғалар қазақтың ардагер ұлы, серілігімен аты шыққан әнші Ақан тағдырымен тығыз байланысты. Драматург Ақан арқылы бас бостандығы үшін болған күресті, шиеленісе шешілетін тартысты көрсетті. Спектакльді қойған режиссер М.И.Гольдблат шығарманың идеясын ашуға көп еңбек сіңірді. Ол өзі қойған ұлттық спектакльдің баса көрсету үшін көптеген шартты сахналарды енгізеді. Спектакльге салтанатты сәнділік беруге тырысқан. Мұның өзі әсем бояулармен дайындалған декарациялар мен көпшілік қатынасатын сахналарда ерекше байқалып отырды.
Көтеріңкі романтикалық сазда қойылған «Ақан сері–Ақтоқты» спектаклі театр сахнасында ұзақ уақыт бойы қойылып келеді. Біраз үлгісі жасап барып, бұл спектакль Академиялық драма театр репертуарына берік орнын қайта алып отыр. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде «Ақын трагедиясы» деген атпен астананың талғампаз қауымына көрсетілген болатын.
Ш.Аймановтың режиссурасымен қойылған бұл спектакльді көркемдеуші –суретші А.Ненашев, Ш.Мусин (Ақан), З.Шәріпова (Ақтоқты), Қ.Әділшінев (Науан), Ы.Ноғайбаев (Балуан), М.Сүртбаев (Жалмұқан) тағы басқа актерлер жасаған сахналық образдар жұртшылық назарын аударған-ды. Театр бұдан басқа халық ертегілері негізінде жазылған Ш.Құсайыновтың «Алдар көсесі» мен Ә.Тәжібаев пен Г.Рошальдің «Жомарттың кілемін» көрсеткен. Соңғысын қойған режиссер Ә.Ысмайылов. Бұл спектакльдерде Қ.Қуанышбаев, Қ.Бадыров, Ш.Айтматов, Х.Бөкеева секілді актерлер өз шеберліктерін танытып, шығармашылық биографияларының тың белестерін ашты(6.54).
Қазақ театрының қайраткерлері бұл жылдарда бойындағы барша шығармашылық күшін сарқа еңбек етті. Соғыс жылдарында сахнаға жаңа спектакльдер әзірлеудің үстіне олар әскери бөлімдерге, ауруханаларға, республиканың колхоз, совхоздарына барып, үнемі ойындар көрсетіп отырды. Көптеген концерт бригадалары майданның алғы шебіне барып, Кеңес Армиясы жауынгерлерінің алдында өнер көрсетті. Кейде тұтас ұжымдар республиканың шалғай аудандарына гострольге шықты. Соғыстың қиын күндерінде оларға аяқ артар лау да болмады. Артистердің жаяу–жалпылы шұбап колхоздарға барып, бара сала еңбекшілерге егін жинауға, шөп шабуға көмек көрсетісті.
Қазақ актерлері бұл жылдары қажырлы еңбектің үлгісін танытты. Күнделікті жұмыстың, жүріс–тұрыстың қиыншылығына қарамастан олар өзінің шығармашылығына биік талап қойып, ойын–сауық, спектакльдерінің көркемдік дәрежесіне ерекше мән беріп отырды. Олардың шығармашылық жағынан өсе түсуіне Қазақстанға көшіп келген кеңес сахнасы шеберлерінің де көмегі аз болған жоқ.
Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталды. Ел–жұрттың алдында соғыс зардабынан күйреп–қираған шаруашылықты қалпына келтіру міндері тұрды. Академиялық театр сахнасы осы мәселеге сәйкес репертуарлар қарастырды. Уақыт талабына сай шығармалар жарыққа келді. Мысалға: «Достық пен махаббат», «Миллионер», «Гүлден, дала», «Менің махаббатым», «Бір семья» т.б. Аударма пьесалар да сахнада кеңінен қойылып, жұртшылық ілтипатына бөленді. «Мылтықты адам», «Терең тамырлар», «Намыс соты», «Ревизор», «Таланттар мен табынушылар», «Найзағай», «Жеңімпаздар», «Шыңыр түбінде», «Қонақ үйдің қожасы», «Сараң» т.б көрермен көңіліне шықты.
1946 жылдың сәуір айында Қазақтың академиялық драма театры 20 жасқа толуымен байланысты Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды(25.54). 1949 жылы қойылған «Абай» қойылымы шығармашылық үлкен жеңіс еді.
Ш.Айманов пен Я.Штейн қазақтың ұлы ақының эпикалық деңгейін көтеріп, халқымыздың рухани өмір жолын аса шынайы көрсетті. Инсценировка негізінде қойылған «Абай» туындысына және оған қатысқан Ш.Айманов, Х.Бөкеева, С.Қожамқұлов, Р.Қойшыбаева, Қ.Бадыров, Қ.Қуанышбаев, Е.Өмірзақов, суретші В.Голубович сияқты бір топ орындаушыларға Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағы берілді
Соғыстан аман есе, жеңіспен қайтқан азаматтарын қарсы алған бүкіл елмен бірге, қазақ театрлары да өзінің өнерлес достарын құрмет–қуанышпен қарсы алып, қатарлары толды. Және 1950 жылдары театрлар құрамына арнайы сахна өнерінің білімін алған жас кадрлар келді. Айталық, тек Академиялық драма театрының құрамына 1952 жылы Ташкент ГИТИС–інің актерлік бөлімін бітіріп Нұрмұхан Жантөрин, Ғабдолла Сүлейменов, 1953 жылы Алматы театр училищесінен Зәмзәгүл (Шәріпова) Досанова, ал 1954 жылы Мәскеу ГИТИС–інің актерлік бөлімін Кеңес Одағының халық әртісі, профессор Иосиф Моисеевич Раевскийден оқып бірірген: Ыдырыс Ноғайбаев, Махпуза Байзақова, Таңат Жайлыбеков, Рәбиға Қаныбаева, Ақыл Құланбаев тағы басқалар келіп қосылуы, театрдың шығармашылық күшін нығайтты.
Ұлы Отан соғысы бітісімен соғыс тематикасы ұмыт бола қалған жоқ. Қайта ол бұрынғыдан да терең, жаңғыра түскен еді. Бұл міндетті орындауда жол бастаушы болған Академиялық драма театры, кеңес адамдарының жеңімпаздық құдыретін сипаттаған Б.Чирсковтың «Жеңімпаздар» атты пьесасы өз сахнасына қоюды таңдады.
Бұл пьесаны қоюға театр 1947 жылдың басында арнайы, белгілі кеңес режиссері Г.А.Товстоноговты шақырып, спектакльдің сахналық көркемдеу жұмысын Э.В.Чарномский атқарған.
«Жеңімпаздар» – ерекше жоғарғы идеялы, саяси өткір, психологиялық өзгеше шешімде жазылған шығарма. Автор өзінің бұл пьесасын соғыс оқиғаларының эпопеясы етіп біреуді көздеген. Пьесадағы негізгі қайшылықтар – әртүрлі әскери доктриналарға қарсы тұрған кеңес әскери басшылығының позициясы ірі масштабта берілген (16.57). Осыған сәйкес, мұндағы тарихи даму процесі және адамдар тағдырлары өмірлік шындықпен жеткізілген. Адамдар тағдырлары мен мемлекет тағдырының бірлестігін көрсету арқылы автор өзінің түпкі ойын кеңінен тұжырымдаған деуге болады.
Чирсков өзінің пьесасын әскер драма деп өте дәл атаған. Соғыстың қайнап жатқан кезінде, үлкен–кіші демей, әрбір солдаттың, әрбір командирдің Отанға, халыққа деген беріктігі, өлім мен өмір сынынан өтіп отырады. Мұндағы барлық мақсат генерал Муравьевтың – «Бізге тек қана соғысты ұту емес, бейбітшілікті де ұту қажет» – деген сөздерімен әрбір жауынгердің жауапкершілігі бір жерден шығып отырды. Пьесаның саяси –идеялық күші де осы бірлестікте.
Қазақ театрының спектаклі де осы тұрғыдан шешілген. «Жеңімпаздарды» қойған Г.А.Товстоногов кеңес адамдарының қайсар мінезін, мұқалмас қайратын баяндайтын спектакль жасауға тырысқан. Сол себепті ол, кейіпкерлер бейнелерінің психологиялық ерекшеліктерін анықтауға аса көніл бөлген(19.58).
Соғыс жылдары театр сахнасында сирек көрсетілген колхоз өмірі соғыстан кейінгі дәуірде қайтадан қолға алынды. Әсіресе, 50-жылдардан бастап қазақ театры бұл тақырыпқа бірыңғай бет бұра бастады. Ғ.Мұстафинның «Миллионері» (1950, мамыр), Ә.Тәжібаевтың «Гүлден, даласы» (1952, қазан) мен М.Иманжановтың «Менің махаббатым» (1953, қараша) пьесалары сахнаға шықты.
1958 ж. Мәскеуде өтетін Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне даярлық 1956 жылдан басталды. Мәскеу көрерменіне, талғампаз сыншы қауымға қандай спектакльдер апару керек деген сауал туды. Спектакльдерді іріктеу жұмысы басталды. Фольклорлық, тарихи тақырыптар негізінде қойылған сахналық туындыларды іріктеу онша қиынға түскен жоқ. «Ақан сері–Ақтоқты», «Шоқан Уәлиханов», «Асауға тұсау» Мәскеуге апаруға лайық деп бағаланды. Ал, замандас келбеті, замана тақырыбына бағышталған спектакльдер ішінен Қазақтың академиялық драма театры қойған «Жалғыз ағаш орман емес» атты спектакль қазақ театр өнерінің осы кезеңдегі татымды дүниесі ретінде ұсынылды. Онкүндік кезінде Мәскеу көрермендері де, ондағы театр сыншылары да бұл спектакльді жақсы атап өтті. «Советская культура» газеті «Жалғыз ағаш орман емес» спектаклі туралы арнайы мақала жариялап: «Қазақтың академиялық театры Мәскеуде тұңғыш рет спектакль көрсетіп, қала тұрғындарының ризалықпен қол соққанын естіді. Сәт сапар, достар!»(59), –деп жазды. Осының алдында республикалық «Социалистік Қазақстан» газеті спектакльді талқылау мәжілесінен есеп және көлемді мақала жариялап, сахналық туындының құндылығын республиканың баспасөзі де атап өткен болатын(5.60).
«Жалғыз ағаш орман емес» спектаклінде көрермен жұртшылық бұрынғы «Гүлден, даладағы» кейіпкерлері Телғара, Жанас, Арман, Анар, Тоқбике, Ұлсүйгендермен қайта дидарласады. Алайда, екі пьесадағы ұқсастық осымен ғана бітеді. «Жалғыз ағаш орман емес» бүтіндей жаңа жоспарда шешілген, жаңа пьеса еді. Режиссер Ә.Мәмбетов тырнақалды спектаклін жаңа шешімге құраған: нәтижесінде «Гүлден, далаға» қарағанда «Жалғыз ағаш орман еместе» кейіпкерлер әректі нанымды, тартыс ширақ болып шықты.
Кәсіби диплом иесі, жаңа көзқарастағы жас та жалынды режиссер Әзірбайжан Мәмбетовтің үлкен сахнаға келуі өнерсүйер жұртшылықты елең еткізді. Қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваториясының актерлік бөлімі мен театр жанындағы студияны тәмамдаған үркердей талантты топ: Ф.Шәріпова, А.Әшімов, Н.Мышбаев, С.Оразбаев, Р.Сейтметов, Ә.Молдабеков, Е.Жайсаңбаев, Т.Тасыбекова, С.Қожақов, Б.Имашеваларды өнер толғауы құдіретті ұжымға өзгеше леп берді. Қарымды режиссер Ә.Мәмбетов пен жоғарыдағы жас артистер арасындағы шығармашылық байланыс қомақты нәтижелерге қол жеткізді.
Кезекті қойылымдар дүниеге келді. «Ана –Жер Ана», «Абай», «Қобыланды», «Дон Жуанның думаны», «Адасқан ұл», «Қозы Көрпеш–Баян сұлу», «Вьетнам жұлдызы» қойылымдары өнеріміз өнеріндегі рухани құбылысқа айналған еді. 1966 жылы Қазақстанның мемлекеттік сыйлығын ең бірінші болып аталмы театр алған. |
Қазақ театры әлемдік ауқымда таныла бастады. Монументальдық эпикалық масштабтағы сүйікті де салмақты сахналық туындыларды жарыққа әкелген Ә.Мәмбетов режиссурасы өз көрермендерін риза ете түсті. Шығармашылық ыңғайдағы әртүрлі пікір таластар үлкен театрымыздың дәстүр жалғастыру ырғағына пәлендей залалы тигізбегені тарихтан да белгілі.
Лауреат қойылымдарының саны артты. Бірқатар артистер тобы мемлекет тарапынан әртүрлі атақ–даңқтарға ие болды. Гострольдік сапарлар жиіледі: Мәскеу, Өфе, Қазан, Нөкіс, Бішкек шәһарларында табысты өнер көрсеткен академиялық ұжым құрамының гүлденіп, апа, аға буын артистерімен кейінгі жас толқын өкілдерінің өзара ортақ тіл тауып шығармашылық тату–тәті ынтымақ салтанатын бастан кешірген ғажап шақтары еді, осынау жылдар аралығы. Яғни «Мәмбетов дәуірінің» шырқау кезеңі болатын. Осы жылдары өзінің інілері Е.Обаев, В.Пұсырманов, Р.Сейтметов режиссураға келіп араласқан еді.
- ТЕАТРДЫҢ ЖАҢАША ДАМУЫ (1972-2007).
2.1. Жаңа кезең және Егемендік жылдардағы театр кезеңдері
Театр өмірінің үшінші (1972-92) және төртінші (1992-2007) кезеңдері.
1972-92 жылдардың нәтижелері де атақты режиссер Әзербайжан Мәмбетов ұймдастырушылығымен тығыз байланысты болды. Ол директор әрі бас режиссер міндетін атқара жүріп, тағы да сәтті деген бірнеше қойылымдарды жұртшылық назарына ұсынды. «Қан мен тер», «Көктөбедегі кездесу», «Біз періште емеспіз», «Қарагөз», «Ваня ағай», «Юлий Цезарь» сияқты ірі қойылымдар көрермендердің ыстық ілтипатына бөленді(5.74).
Бұл қойылымдарға сахнада бұрыннан қызмет істеп келе жатқан өнер шеберлермен бірге, Г. Әспетова, Ш.Ахметова, Қ.Тастанбеков, Ә.Кенжеев, Ә.Боранбаев, Т.Мейрамов, Б.Жаңғалиева, Т.Жаманқұлов, Қ.Сұлтанбаев, Ш. Меңдиярова, Ж.Мейрамова, М.Өтекешова, У.Сұлтанғазин, Ғ.Байғошқарова секілді талантты артистер тобы тартылды.
Театрдың гострольге шығу аясы кеңи бастады. Театр халықаралық театр фестивальдарына қатысып, 1973 жылы Ш.Аймановтың «Ана –Жер Ана» спектаклімен Иранның Шираз қаласында Азия, Африка және Латын Америкасы театрларының халықаралық фестивалінде өнер көрсетті. 1984 жылы Францияның Нанси қаласында театр Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш– Баян сұлу»спектаклін халықаралық театр фестивалінде көрсетті.
1974 жылы басты рольдегі Асанәлі Әшімов, Қаленнің ролін ойнаған Ыдырыс Ноғайбаев, Ақбаланы ойнаған Фарида Шәріпова, суретшісі, авторы Әбдіжәміл Нұрпейісов, режиссер Әзірбайжан Мәмбетов – барлығы бес адам КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
1976 жылы қазақ театры өзінің жарты ғасырлық мерекесін кең көлемде қызу тойлап, сахна саңлақтарыздың бәрі де бірегей Серәлі Қожамқұлов Еңбек Ері атағына ие болды. Театр «халықтар достығы» орденімен марапатталды.
Буын алмасу, толық ауысу процестері табиғи жолмен жүріп жатты. Әйтсе де, үлкен, егде артистеріміздің бақилы болып, немесе құрметті демалысқа шығуларына байланысты театр құрамында бірен–саран кездесіп жатар кедір–бұдырларды уақыт талабы ескермей қалған жоқ. Театрдағы әрбір тұлғаның орны бөлек десек, мәселен, аса талантты актерлер, халық артистері Ыдрыс Ноғайбаевтың, Әнуар Молдабековтердің өмірден мезгілсіз өтулері қайсыбір қойылымдардың тоқтап қалуына әкеп соқтырды. «Ваня ағай», «Қан мен тер», «Ана –Жер Ана», «Өкінішті өмір» т.б.
1963 жылы театрға арнайы үй (1962; арх.А.А.Леппик, А.И.Рапинский, В.З.Кацаев; Коммунистік пр., 38) тұрғызылып(30.14), пайдалануға берілді. Мұнда 1981 жылға дейін спектакльдер қойып, көрермендерге мәдени қызмет көрсетті. Сол жылдың қаңтар айында театр ұжымы қазіргі сәулетті жаңа үйге қоныстанды.
1980 жылдарда театр жаңа ғимаратқа көшті. Оның архитекторлары Ж.О.Баймырзаев, М.Ф. Жақсылықов, А.С.Қайнар баев болды. Ол Абай проспекті бойындағы архитекторлық ансамбльді құрайды. Көлемдік композициялық құрылыс өзегіне үлкен және кіші көрермендер залы алынған. Оның қасбетіндегі пилондар тізбегі ғимараттың класси калық шешімін айқындай түседі. Негізгі көрермендер залының (815 орынды) алдында 3 қабат кеңістігімен ұласқан кең фойесі бар. Фойені айнала |
|
буфет, театр музейі, тынығу орындары орналасқан.Фойе төбесіндегі әсем люстра мен оның қабырғасындағы театр тақырыбына жасалған әсем барельефтер ғимарат интерьерін көріктендіре түседі. Кіші залдың (250 орынды) жылжымалы сахнасы эксперименттік спектакльдер қоюға лайықталып жасалған. Сахнаны 3 түрлі жағдайға келтіруге болады(62). Ғимаратты әсемдеу ісінде гранит, мәрмәр, ұлутас, алюминий, жасанды былғары т.б. қолданылды. |
|
Театр ғимараты алдынан 1981 жылы М.О. Әуезов ескерткіші орнатыл ды. Бұл әсем ғимаратты жобалауға қатысқан архитекторлар ұжымы: мүсінші Е.А. Сіргебаев; арх. О.Ж. Баймырзаев, А.С. Қайнарбаев т.б. Қазақ ССР Мемлекттік сыйлығына 1982 жылы ұсынылды. |
Өмір озады – көне тозады. Бұл өмір заңы. Жас толқын төрге озады, бұл да өмірдің өз қағыдасы. М.Омарова, Қ.Тілеуова, А.Омаров, С.Мерекенов, О.Кенебаев, Б.Қаптағаев, Б.Нұрсалықов, О.Қиымов, Н.Тәжімова, Ж.Мақановтардың соңдарынан 90 екінші жартысында сахнаға келген Ш.Асқарова, Ш.Жанысбекова, Е.Біләлов, Д.Ақмолда, А.Боранбаев, Д.Жүсіптер жедел елесті. Олар бірі бас рольдерде, бірі шағын рольдерде кезектесе өнер жарыстырып, театр режиссерлері Ә.Рахимов, С.Асылханов, Б.Атабаев, Қ.Сүгірбеков қойылымдарында шығармашылық тұрғыда үлкен тәжірибе жинақтады.
Ғабит Мүсірепов атындағы жастар мен Балалар театры сахнасында әбден ысылған Ғ.Әбдіналиева, Б.Әбділманов, К.Нұрланов, Б.Әлпейісов, Б.Қожалардың үлкен қарашаңырақ атанған театрдың сахгасына ауысып келулері өзгеше серпіліс әкелгендей болды.
Артистер қауымы әлемдік драматургияның інжу маржандарынан сусындады. Осы заманғы пьессаларда шабыт толғады. Бір топ жастар мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаттары атанды(5.63). Осы жылдары Халық артистері мен еңбек сіңірген артистеріміздің қатары да толыға түсті. Әртүрлі деңгейдегі беделді сыйлықтардың иелері де осы театр құрамының шырайын кіргізері сөзсіз.
Бұл тұста, отыз жылға жуық аталмыш ұжымды үздіксіз басқарған Әзірбайжан Мәмбетов Алматының жас та жаңадан құрылған Қ.Қуанышбаев атындағы сазды–драма театрының көркемдік жетекшілігіне бекітілген еді.
Егемендік алу жылдары, сөз жоқ, қуаныш әкелді. Ел –жұртымыз Орталық әмірінен арылып, өз бетінше тіршілік жасауы әлбетте үлкен салтанат еді. Өнеріміздің де арқа басы кеңіді. Бұйрық, жарлық жоқ. Жоспар, міндеттеме дегендер атыман жойылды. Жоғарғыдан арнайы үкіммен бекітіліп берер қасаң репертуардан құтылған еркін театрдың іркілген тұтастары да жоқ емес еді. Ол қаржы–қаражат мәселесі. Жалақыдан өзге тиын–тебенге ділгір болып қалған ұжым мүшелері гострольдік сапарларға шықпақ түгіл, кезекті статционарлық қойылымдар- дың жасау–жабдықтарынан тарығып қалды. |
Лондондағы Жазушылар мен драматургтер театрының көркемдік жетекшісі, белгілі режиссер Грэхам Уайбраудың айтуынша: ағылшындық драматургтердің пьесасы үлкен сахнада бір жыл жүргеннің өзінде Англиядағы миллионерлер қатарына қосылады екен. Бұған әбден сенуге болады. Ал бізде қалай? Қаламгерлеріміз қаламақы дегенді ұмытып қалды… Кейбірі мүлдем жазбай кетті. Қаламақыдан үмітін үзгенмен, қиын жанрдан жанкештілер қол үзіп кете алмады. Жетпіс пен алпыстың арасындағы айтулы драматургтеріміздің қазақ драматургиясына серпін әкелгені, жаңалықпен келгендігі, өндіре жазғаны , әлі де солардың жазып жүргені–ешкім дау айта алмас ақиқат. Республиканың барлық театрларында кем дегенде екі–үш пьесасы жүрген белгілі драматургтеріміздің, айтыңыздаршы қайсысы миллионер? Кітаптарын шығара алмай, демеуші іздеп, сабылып жүргендері. Егер олармен пікірлесе қалсаңыз, театрлардан көк тиын да алмайтындығын айтады. Қазақ драматургтері тәлтіректеп күн кешіп жатқан театрларға өкпелей алмайды, қаламақы мәселесін шешуге тиісті орындардың бейғамдығына ашынады.
2006 сәуірде болған «Терезесі тең» ағылшын режиссер Грэхам Уайбрау мен қазақ жазушы–драматургі Дулат Исабековтің әңгімесінде «Англиядағы кейбір театрлар арнайы әлеуметтік сауалнама жүргізіп, көрерменнің қай жанрда, қандай тақырыптағы пьеса қызықтыратынын зерттеп, соған орай спектакль қояды. Лондондағы 300 театр Шекспирді, Бернард Шоуды, Чеховті біркелкі қоятын болса, 300 театрдың барлығының өмір сүруінің қажеті қанша? Бір –бірін қайталап жатса, жеке–жеке театр болуға қандай қақысы бар? Драматургия – талас–тартыс. Тартыс болмаса, драма болмайтыны белгілі. Спектакльді соңына дейін көрмей, көрерменнің кетіп жатқаны бұл да талас. Өйткені көрермен өз көзқарасын дұрыс деп тауып кетіп жатады. Мысалы, Бернард Шоудың өзін былтыр басқаша, биыл басқалай қойса дәстүрлі театрға үйреніп қалғандар «Мынау Бернард Шоудың пьесасы емес» деп қарсылық білдіріп, шығып кетеді. «Бұл театрға келмеймін» деп ат–тонын ала қашатындар да, міндетті түрде келетіндері де баршылық» дейді.
Ал бізде, мемлекеттік тапсырыспен пьесалар жазып, мемлекеттің қаржысымен театрларда қойылады, ал ағыншындарда олай емес екен. «Театрымыздың 40 пайызын жергілікті қалалық қаржыландырып отыратындықтан олардың тапсырысын орындаймыз» (20.66). Тапсырыспен қойылған спектакльдерге көремендері тартуды әкімшілік өз мойнына алады екен. Жыл сайын 19 премьера қоюларына толық мүмкіндігі бар. Бұл біз үшін өте көп. Режиссер, актер, драматург ешкімге ұқсамайтын жаңа үлгідегі спектакль қоямын десе, өз еркі.
Ал енді, бізді театрымыздың тарихындағы қиын–қыстау кездерге оралсақ, театрда сахна жиһаз–жабдығы, кейіпкерлер киім–кешегі проблема болды. Театрға 1993 жылдан бастап басшылыққа келген ҚР халық артисі, Мемлекеттік және Жастар Одағы сыйлықтарының лауреаты, елге сыйлы, көрнекті өнер қайраткері Тұңғышбай Жаманқұловқа үлкен ұжымның күрделі проблемалары оңайға соққан жоқ, тұс–тұстан демеушілер іздеп, табаны тозды. Кеңестік немқұрайлықпен салынған ғимарат бұл кезде қараусыз қалып әбден ескірген еді. Сахна механикасы, жарық , дыбыс беру, жылу жүйелері иесіз қалып, бүгінгі технологияға сай болмай қалған. Соның бәрін қақпаған есігі қалмай жүріп қаражат тауып, жаңа басшы жөнге келтірді. Ғимарат жөнделді, қазіргі заманға сай дыбыс бері, жарық аппаратуралары бюджеттен тыс сатып алынды. Облыстарға гострольдер ұйымдастырылды, әсіресе театр бұрындары болмаған шығыстағы, солтүстіктегі ел–жұртымыз сүйікті театрымен сағынып көрісті, ризашылықтарында шек болмады.
Жаңа басшылық жыл сайын Халықаралық Театр күніне орайлап өз фестивалін ұйымдастырды. Бұл еліміздің экономикасындағы өте ауыр жылдарда театрдың шығармашылық ұжымын әлеуметтік жағынан қолдаудың ең дұрыс жолы еді. Жыл сайын ең үздік актерлік жұмыс, озық режиссура, т.б. номинациялар белгіленіп, оны кәнігі сарапшылар сараптар, аяғы өнер мерекесіне айналып отырды. Театр ұжымы жаңа басшылықтың қыруар еңбегінің арқасында бірі қалмай пәтерлі болып, жаңа келген жастар да жатақханаға жайғастырылды(41.20).
Ең бастысы, шығармашылық ұжымға суреткерлік еркіндік берілді. Көркемдік Кеңес жағынан драматургиялық лаборатория құрылды, өйткені драматургия–сапасы жағынан да, саны жағынан да мәнсіз еді. Қаламақының мардымсыздығына байланысты тәжірбиелі де тіс қаққан драматургтер театрдан қол үзіп қалған болатын. Жас қаламгерлердің тәжірибесіздігі әйтпесе қайсыбір пысықай жазғыштардың ептілігі арқасында бұрынғы репертуарға кездейсоқ ілігіп кеткен әлжуаз дүниелер театр талабын қанағаттандырмағаны жасырын емес–ті.
Әйтсе де, театр бұл жылдары өзіне тиген бостандықтың арқасында қандай тығырықтан да шығармашылық намыспен шыға білді. «Абылай хан», «Томирис», «Мәңгілік бала бейне», «Қабыл – Адам–Ата перзенті», «Турандот ханшайым», «Абылайдың ақырғы күндері», «Абай», «Ревизор» сынды күрделі қойылымдарға иек артты. Сиректеу болса да осы заманғы тақырыптарды да ұмытқан жоқ. Ұжым құрамы мүлдем жас артистермен толығып, алдағы қояр межелі туындыларын сұрыптау үстінде. Жыл сайын өтетін Республикалық фестивальдардан театрдың жүлдесіз қайтқан кезі болған емес. Қанжығасына Бас жүлде, бірінші орыннан төмен бәйге байламай келеді.
1996 жылы театр артистері М.Байсеркеновтың «Абылайдың ақырғы күндері» қойылымы бойынша Египеттің Каир қаласында, 2003 жылы театр Иранда өткен халықаралық театрлар фестивалінде М.Әуезовтың «Айман Шолпан» спектаклін көрсетіп , көрермен көңілінен шығып қайтты.
Театрдың бүгінгі жаңа басшылығы, оның тәжірибелі көркемдік жетекшісі, халық артисі, професср Есмұхан Обаевтың алдында тұрған мақсаттар да салмақты. Есмұхан Обаев жас режиссер ретінде 1965 жылы Мұхтар Әуезов атындағы театрына 40 жылдығы шамасында әкемтеатрдың табалдырығын аттаған болатын. Мәскеудің көркем театрында үш жылдық жоғары режиссерлер курсын бітірген. Одан кейін Ғ.Мүсірепов атындағы жастар театрында бірталай спектакльдер қойып халық аузына іліне бастады. 1990 жылдары Өнер Академиясына үш-төрт жыл ректор болды. Мәдениет министрлігінің бірінші орынбасарлығы қызметінде 10 жыл бойы, ал Әуезов театрында директорлық қызмет атқарғанына 8 жылдай болды. Әуезов драматургиясында өзінің қоймаған пьесасы жоқ, Сәбит Мұқанов шығармасынан «Ботакөзді» тұңғыш рет қойған. Одан кейін ол кісінің «Мөлдір махаббатын» сахналады. Отыздың екеуіне қараған шағында Қазақстанға еңбек сіңірген өнер қайраткері деген атаққа ие болды. 42 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды. Елуді еңсерген ректорлық кезінде профессор деген лауазым алды. Өнерге келгені үшін өзін бақытты адам деп санайды. «Театр өнері адам жанына соншалықты жақын, сахнада мұңыңды да, шеріңді де, қуанышыңды да айта аласың»(17.65). Оны белгілі өнер шебері өте жақсы сезінеді. Театр– өзінің бір ғасырлығына үлкен шығармашылық табыспен келеріне нық сенімді.
Қазіргі кездегі театр репертуарында 30,40 жыл бұрын қойылған «Ана–Жер-Ана», «Қарақыпшақ Қобыланды» секілді рухани әлемде сілкініс тудырған спектакльдер әлі де сахнадан түспей жүр. Себебі, театрдың рухын асқақтатып, тірілтетін құдырет – репертуар. Бүгін театрдың сахнасында 42 спектакль жүріп жатыр. Осылардың барлығы бір күннің тірлігін қамтитын өзегі тар дүниелер емес, ұлттың, халықтың бітім-болмысын, қайғы-қасіреті мен қуаныш махабатын, заман өзгергенімен қайталап алдымыздан шыға беретін пенделік проблемаларын жаңаша ұғындырып отыратын туындылар. Сондықтан оларға режиссерлік жаңа көзқараспен қарау арқылы көрермендерге ұсынудан ұтпаса, ұтымайды.
Бұға қоса Шекспирді айтпағанда, татар, қырғыз, өзбектердің пьесаларын да сахналау дәстүрі үзіле қойған жоқ. «Ана – Жер-Ана», «Қарақыпшақ Қобыланды» пьесаларындағы көтерілген адами проблема ешқашан ескірмейді. Оған қоса несін жасырамыз, театрға жыл сайын өміршең, көрермендерді сілкінте аларлық шығарма туғызатын 30-40 драматург жоқ. Сондықтан «Қарақыпшақ Қобыланды» жаңа сапалық сипатпен көрерменге ұсыну арқылы біз соғыстың азамат үшін қаншалықты қасірет екенін тағы бір еске салсақ, «Ана – Жер-Ана» қоғам проблемалары уақыт ағымына сай сөз болады. Сонау 1926 жылы тұңғыш рет сахналанған «Қаракөз» спектаклі бір ғасырға жуық уақыт өтсе де өзінің өзектілігін әлі күнге дейін жоғалта қойған жоқ. Себебі-сол заманның Қаракөзі қоғамдық құрылыстың, сондағы салт-дәстүрдің шеңгелінен құтылуға талпынған, малға сатылмай, өз теңіне қосылуды армандай жүре есінен адасқан ару болса, талантты режиссер Болат Атабаев сол ұлы Мұхтар Әуезовтың «Қаракөзін» жаңаша қайта сахналады. Бүгінгі Қаракөз де теңдікті, бостандықты аңсаған дала аруы. Бірақ мұнда Сырым мен Мөржан бәйбіше екеуі айтыса бермейді. Даланың жазылмаған заңына сәйкес Мөржан қалыптасқан дәстүрді қолдан шығарғысы келмейді.
Осыған қатысты біз өткенімізден бас тартпауға тиіспіз және ілгеріде жазылған шығармаларды заманына қарай бейімдеп, бүгінгі өзекті мәселелерді сол арқылы көрсетуді драматургия мен режиссураның табысы деп білуге тиіспіз. Мұхтар Әуезовтың шығармашылығының өміршеңдігі міне, осында.
Театр тұтастай алғанда адам проблемасымен айналысатындықтан, сахналанатын дүниелер де уақыт қанша алға жылжығанымен заманмен үндесе алатын, кез-келген сәтінде сол проблемаларды көтере алатын астары терең болуы шарт. Рас, театрда жыл маусымында кездесетін науқан секілді қте шығатын пьесалар да сахналанып жатады. Бірақ оларға уақыт төреші, күні ертең сахнадан түсіп қала береді.
Адами проблемалардың үлкен-кішісі болмайды. Бәрі айналып келгенде қоғамды ілгері дамытудың бір-бір тетігі ретінде өмірдегі өз орнын дұрыс анықтау тиіс. Олай етпесе қоғамда тоқырау, дағдарыс басталады да, бұл түптеп келгенде мемлекттің ілгерілеуін тежейді. Сондықтан да театр өзіндегі қойылымдардың қоғамды дамытушы, ілгерілетуші күш болуына, етектен тартар әрқилы әрекеттерді батыл көрсетуді негізгі мақсаты деп санайды.
Осыған орай бір мысал айта кетсек. Өзбектің Б.Салимов деген талантты режиссер келіп, «Ат жылаған түн» дейтін спектакль қойды. Сондағы өзі кедей, өзі пақыр бір адамды жұрт біткен әжуалап, орынды-орынсыз кемсіте береді. Әйелі құрсақ көтермеген, ел секілді мінерге аты жоқ сол бейшара Құдайға жалбарынып, бір ат беруін сұрайды. Құдай тілегін қабыл етеді. Сол ерен жүйрік жалғыз жылқысын ақыры ақылдастары сойып тастайды. Атқа қоса тұқымын жалғастырар бала беруін де өтінген еді. Әлгі өлген аттың басын лақтырып жатып сол пақыр: «Әй, Құдай, мен сенен бала сұрап едім. Сен маған оны бермей-ақ қой. Ол да мына зымиян заманда мен секілді сорлы тірлік кешпесін, қаптаған қос аяқты иттер оны да қор қылмасын» деп зарлайды. Бұл да өлмейтін тақырып.
Иран-Ғайыптың «Мен — келемін» деп аталатын пьесасын былтыр ғана сахналады. Сонда әлдебір адам рахат өмір сүру үшін аңдардың ортасына барады. Бірақ «Сен адамсың» деп оны сыйғызбайды, қудалап, өлтірмек те болады. Ол адамдарға қайтып оралады. Келсе адамдар аңнан бетер қиянат көрсете бастайды. Осыдан соң ақиқат аспанда шығар деп болжайды. Егер онда да әділдік, адалдық, тазалық болмаса, онда соларды ертіп өзім қайта ораламын деп ой түйеді. Мұның астарында әрбір пендені ойлантуға тиісті терең философиялық мән жатыр(9.25).
Баққожа Мұқайдың бірнеше жыл жүріп жатқан «Өмірзая» пьесасын алалық. Мансап үшін туған әкесін жындыханаға апарып тастаған миллиция капитанының қылығы қалайша көрерменнің бей-жай қалдырады.
Сондықтан Қазақ Ұлттық академиялық театр көне дүниелерді көрсетумен ғана шектеліп, тың дүниелер тудыра алмай келеді деген пікірмен келіспеймін. Қазір де өткір, жасампаз жаңа қойылымдар бар, болашақта да бола береді. Дулат Исабековтың «Актриса» деп аталатын пьесасы да бүгінгі қалыбымызды сипаттаумен бірге адами қасиетті, пендешілікті, тоғышарлық пен кісілікті тұтастай көрсете аларлық ірі дүние. Баласы қатты сырқаттанған актриса оны емдеуге қаражат таппай, ақыры кезінде өзімен қызметтес болған, бірақ дарынсыздығынан театрды тастап, коммерциямен айналысып кеткен адамның алдына барады. Сонда әлгі: «Е-е! Кезінде мені менсінбеп едің… Мен саған 20 мың доллар берейін, бірақ бір арманыма жеткіз» деген талап қояды. Бұл пьесадағы оқиға да күні ертең сахнадан түсетін тақырып па?
Кеңестер тұсында мәдениет министрлігі жанында репертуарлық-редакциялық кеңес болды. Сол кездегі шолақ ойлы министрдің кесірінен елде жаппай қысқару басталғанда осы бөлім де жойылды. 40-50 жыл жұмыс істеген репертуарлық-редакциялық кеңеске сонау Мұхтар Әуезовтен бастап барша драматургтер өз туындыларын ұсынатын. Терең білімдар әрі талантты драматургтер, өнертанушылар жұмыс ітеген бұл кеңес әр шығарманы жіті саралап, татымды немесе тақырып аясы тар бір күндік дүниелерді әр тетрдың мүмкіндігіне орай жолдап отыратын.
Екіншіден, драматургтердің ойға алған дүниесін алаңсыз аяқтап шығуына да жағдай тудырылатын. Кез-келген драматург репертуарлық-редакциялық кеңеске келңп, қандай тақырыпқа қандай пьеса жазып жатқанын немесе жазбақ ниеті барын білдірітін. Екі жақты уағдаластықтың нәтижесінде келісім-шартқа отырып, болашақ туындының 25 пайыз қаламақысың алатын. Бұл бір жағынан драматургтің жауапкершілігін арттырса, екіншіден, оның материалдық жағдайын да шешіп беретін.
Осындай құрылымның қажет екенін дәлелдеп, бірнеше дүркін министрліктің табалдырығын тоздыра-тоздыра, міне, ақыры Е.Ертісбаевтың тұсында соған қолын жеткізді. Енді осы бөлімнің құрамындағы музыка, драматургия салаларындағы білікті азаматтардың үлкен шаруа атқаратыны сөзсіз.
Бірақ, театр жалпы әдебиетшілер мен өнер адамдарына – артистерге, сазгерлерге, суретшілерге қаламақы төлеудің бір үлгідегі Ережесі жоқ. Онсыз репертуарлық-редакциялық бөлімді құрғанымызбен, ақы төлеу мәселесін шешу жағынан Ереже жасау қолға алынды. Өйткені, пьеса жазған драматургке қаламақы төленетін болса, соны сахналауға бір кісідей қатысатын сазгерлер, суретшілер, тіпті актерлер неге сырт қалу керек? Жаңа Ережеде осылардың баршасын қамту көзделеді.
Несін жасырамыз, кезінде үлкен қызметтер атқарған әлдебір лауазым иесінің кеудесін кернеген менмендіктен кейін де арыла алмайтыны секілді, театрда да жиырма жыл бұрын әлдебір рольді орындағанына кеуіп-пісіп, ізденбей жүре беретін актерлерде кездесіп қалады. Егер Ереже болса мұндайлардың да жолы кесілер еді.
Драматургтердің еңбегі Авторлық құқықты қорғау агенттігі арқылы қорғалады. Ал, режиссердін, актердің құнын кім қандай негізге сүйене отырып қорғайды? Сондықтан театр тарапынан дайындалып жатқан Ережеде спектакльді сахналайтын, көрермен алдына шығаратын біршама театр ұжымының құқығын қорғау қарастырылмықшы. Қазір артистің құқығын қорғайтын Заң немесе Ереже бар ма? Жоқ, әрине.
Драматургия мен режиссураның бүгінгі ең өзекті мәселесі–ауызбірлікті қалыптастыру.
Жасыратын несі бар, кейде алып келген дүниесінің бірде-бір сөзін өзгертпей, кейіпкерлердің қимыл-әрекетін өзгеріссіз сахналауды қалайтын драматургтер де болады. Олар сахна өнерінің, режиссер талап-талғамының өзіндік өрнегі болатынын түсінгісі келмейді. Мұндай жағдайда тәп-тәуір пьеса сахналанбай қалады немесе сахналанған күннің өзінде көрермендер хошеметіне бөлінбейді.
Драма театры ғана емес, бұл опера театрына да қатысты ортақ мәселе. Мәселен, «Абай» операсын сахналау алдында композиторлар мен либреттосын жазған ақындар арасында талай айтыс-тартыстың болғанын, ақыры түсінісе келе кесек туындының дүниеге келгенін білеміз. Драма театрында да мұндай пікірталастардың көп болғаны рас және бұл шығарманы сомдай түсуге септіген тигізеді.
Кезінде пьеса авторлары мен режиссерлардың бірлесе жұмыс істеуіне қолайлы жағдайлар тудырылатын. Шығармашылық үйі, Одақтар үйлері дейтіндер жұмыс істейтін. Оған қоса шартқа отырған соң драматургтерге қаламақы төленіп, олар әлгі шығармашылық үйлерінде режиссерлермен бірлесе отырып, өз туындысын қайта қарап шығатын. Өнерін ойлаған үкімет алдағы кезде осыны да ескергені жөн деп ойлаймын.
Қоғамдағы секілді театрлардың да дәуірлеу, құлдырау кезеңдерінің болып тұратынын жоққа шығара алмаймыз. Товстоногов кезінде: «Театр он-он екі жылда бір дәуірлеп, бір құлдырап тұрады» дегенді айтып кеткен болатын. Ол көрерменге емес, театрдағы жұмыстың ұйымдастырылуына, соның басында отырған адамның шеберлігі мен қабілет-қарымына байланысты.
Мұхтар Әуезов атындағы театрға келсек, алғашқы құрылған кезінде білікті режиссерлардың жоқтығынан тырнақалды қойылымдардың қарадүрсінділікке бой алдырғаны жасырын емес. Кейінірек Жұмат Шанин, одан соң Асқар Тоқпанов секілді табиғи таланты мен терең білімі астасқан режиссерлар тұсында театр да аяғынан қаз тұра бастады. Бұған қоса Ресейдің атақты режиссерлары келіп, спектакльдер қойды.
Осындай атақты режиссерлар кеткен соң театрда қайтадан құлдырау кезеңі басталды. Өйткені аға буын өкілдерінің ісін ілгерілетіп алып кетерлік дарында жастар әлі тәрбиелене қоймаған болатын.
Елуінші жылдардың екінші жартысында Мәскеуден оқы келген Әзірбайжан Мәбетов театр жұмысын қолына алды да, бірден серпіліс тудырды. Театрдың дәуірлеу кезеңі тоқсаныншы жылға дейін, яғни отыз жыл бойы жалғасты.
Әзірбайжан Мәмбетов кеткен соң театрдағы серпіліс те біршама саябырсып, 5-6 жыл бойы қоңырқай тірлік басталды(24.285). Тартымды қойылымдар азайып, көрермендер сиреді. Екі мыңыншы жылдан бастап қайтадан театр беделі арта түсті. Бұрын көрермендер залы қаңырап бос тұрса, қазір билет таппай жүргендер көбейе бастады.
Сыры неде десеңіз, айтайын. Асанәлі Әшімов бастаған нарқасқа тұлғалар қайтып оралды. Жас сайыпқырандар қатары толыға түсті. Ғ.Әбдінәбиева, Құлжанов, Тұсіпов және басқа да киноәлеміне бет бұрған артистер өнер табалдырығын театрдан аттаған болатын. Сол актерлер ойнайтын спектакльдерге қазір жас көрермендер ағылып келетін болды.
Және тағы бір айтатыным, театр синтетикалық, яғни сан қырлы болуы керек. Көрермендерді жалықтырып алмайтын қрйылымдарды көрсету үшін жанр жағына да көңіл бөлу отыру керек. Жуырда өзі елеусіз қалғанымен, шығармалары арқылы жарық жұлдыздай жарқ еткен Шәмші Қалдаяқов туралы «Сыған серенадасы» пьесасы сахналанды. Бұл музыкалық шығарма. Ұлы сазгердің тағдырын тамашалап отырған жұрт біресе күлсе, енді бірде еріксіз жылайды. Ең соңында марш орындалғанда, залға жиналғандар соңы әнұран ретінде тік тұрып қосыла шырқай жөнеледі. Біздің қазіргі әнұранымыз театр сахнасында алғаш рет осылайша шырқалған болатын.
2.2 Театр тарихына үлесін қосқан театртану тарланы –
Бағыбек Құндақбайұлы
Қазақтың еңбек сіңірген қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, білікті театр сыншысы, өлкетану докторы, профессор Бағыбек Құндақбайұлы қазақ театртану көшіне елуінші жылдарда келіп қосылған болатын. Сорабдал сыншының содан бергі шығармашылық жолына зер сала үңілсек, зейнетінен бейнеті мол саладағы өзіндік қол таңбасының құс жолындай сайрап жатқанына куә боласыз. Бұл кісі театртану мамандығы бойынша қазақ топырағында тұңғыш рет кандидаттық, кейін докторлық диссертация қорғаған ғалым. Бүгінде ұлттық ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет пен өнер институтының бөлім меңгерушісі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттың өнер академиясының профессоры.
Елу жылға жуық уақыттан бері қазақтың театртану ғылымын кәсіби тұрғыда дамыту ісіне орасан зор еңбек сіңіріп келе жатқан Бағыбек Құндақбайұлының қаламынан көптеген ғылыми еңбектер туды. Оның сыншыға тән өткірлігі мен зерттеушілік зердесінің ауқымдығын танытатын «Режисура мен спектакль» (1971 ж.), «Путь театра» (1974 ж.), «Уақыт және театр» (1981 ж.), «Мұхтар Әуезов және театр» (1997 ж.), «Заман және театр өнері» (2001 ж.) кітаптары сахна өнерінің қыр –сырын терең аңғартатын туындылар. Елу жылға жуықтан бері қазақ театрының бүге-шігесін жіліктің майын шаққандай түбегейлі зерттеген театр тарихшысының қаламынан туған аталмыш еңбектерде ұлттық театрымыздың туу, өсу, қалыптасу және өркендеу кезеңдерінің бәрі толық қамтылған. Атап айтсақ, Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының жарты ғасырлық даму белестері мен шығармашылық келбеті орыс тілінде жарық көрген «Театр жолы» деп аталаты кітапта айықын ашылған(25.125). Автор Қазақстанда алғаш құрылған үйірмелердің болашақ театрымызға тигізген игі ықпалы мен театртанушы Н.Львовтың «Қазақтың академиялық драма театры» деген монографиялық кітабында есімі ерекше аталған Ж.Шанин шығармашылығына кеңінен тоқталған. Жалпы Бағыбек Құндақбайұлы алдыңғы буын театртанушылардың зерттеу нысаналарына ілікпей қалған маңызды мәселелердің бәрін қозғап, салмақты пайымдаулар жасаған. Ал, «Уақыт және театр» деп аталатын кітабында әр жылдарда жазылған мақалалары, зерттеулері мен көрнекті өнер қайраткерлерінің шығармашылық портреттерін енгізген. Ш.Құсайынов, Ә.Әбішев, Ә.Тәжібаев, Т.Ахтанов, Қ.Мұхамеджанов сынды драматургтердің пьеса жазу стильдері мен сан қилы образдар жасаудағы өзіндік ерекшеліктеріне, шығарманың тәрбиелік мәніне ғылыми-эстетикалық тұрғыда баға берді.
Б.Құндақбайұлы ұлттық театрымыздың дүниеге келіп дамуы мен қалыптасуына, бүгінгі көркемдік биікке көтерілуіне заңғар жазушымыз М.Әуезовтың тигізген әсерін өзінің ғылыми еңбектерінде үнемі қарастыра келіп, 1997 жылы «Мұхтар Әуезов және театр» атты монографиясында драматургтің шығармашылығына терең бойлап, жүйелі түрде талдау жүргізген. Мұнда жазушының Семейде оқып жүрген шәкірттік шағынан-ақ қазақ-татар жастары бірігіп өткізген «Шығыс кешімен» Қазан төңкерісінен кейін ұйымдастырылған «Ес-аймақ» мәдени-ағарту қоғамы жұмыстарының жандануына ат салысып, өзі де сол өнермен бірге шындалғаны әсерлі әңгімеленген. Автор М.Әуезовтың «Жалпы театр өнері мен қазақ театры» деген маңызды мақаласын негізге ала отырып, оның эстетикалық көзқарастарын анықтап, сахна өнерінің барлық компоненттеріне бірдей көңіл аударып, спектакльге қатысқан актерлердің шеберліктер мен режиссура туралы және жаңадан жазылған әрбір пьесаның жетістігі мен олқылығын театртанушыдай сараптағанына тәнті бола отырып, қазақ театрының теориясын қалаған да М.Әуезов екенін көрсетеді. Театртанушы бұдан кейін драматургтің «Еңлік-Кебек», «Қарагөз», «Айман-Шолпан», «Түнгі сарын», «Абай», «Қара қыпшақ Қобланды» тәрізді сахналық шығамаларының шоқтығы биік екеніне арнай тоқтолған болатұғын. Әрбір пьесаның неше рет драматург тарапынан өңделгенін, оның композиция жағынан қаншалықты ширағанын, кейіпкер бейнелері мен тілінің өзгеріс үстінде қалайша түлегенін бірнеше нұсқалар арқылы салыстыра отырып, өрелі ойлар өрбіткен. Сонымен бірге М.Әуезов аудармаларының мән-маңызына тоқталған. Б.Құндақбайұлының бұл кітабы М.Әуезовтің театрға байланысты шығармашылық қызметін ғылыми тұрғыда сипаттаумен құнды.
Сарабдал сыншының «Заман және театр өнері» деген кітабында қазақ театр өнерінің алыптары Ж.Аймауытов, Ж.Шанин, Қ.Қуанышбаев, Е.Өмірзақов, С.Қожамқұлов сынды тағы басқа сахна саңлақтарының өмір жолы, театр тарихындағы орны белгіленген. Монографияның келесі бөліміндерінде ғалымның театр фестивальдері мен гастрольдік спектакльдерге қатысты айтқан пайымдаулары да қызғылықты десек, кітапта соңғы он-он бес жыл көлеміндегі театр өнерінің даму үрдістері мен репертуар саясаты, театрлардағы ізденістер мен іркілістердің себептері, шығармашылық бағыт-бағдар мәселелері терең талданған. Сонымен қатар Б.Құндақбайұлы ұлттық театр өнерінің тарихына байланысты ұжымдық монографиялардың «Облыстық театрлар»(1964), екі томдық «Қазақ театрының тарихы» (1975,1978,көлемі 40б.т.), Мәскеуден шыққан 6 томдық «История советского драматического театра» (1966-1971), «История театроведения народов СССР» (1987) деген күрделі зерттеулердің қазақ театрына байланысты тарауларын жазды.
Ол театр өнерін сырттай бақылаушы емес, оның дамуына, тарихының дұрыс жазылуына ат саласып келе жатқан жанашыры. Кешегі Кеңес дәуірі кезінде ұлттық театрымыздың іргетасын қаласқан азаматтардың есімдерін атауға тыйым салынғаны белгілі. Соған қарамастан, өзінен де, өзгеден де шындықты талап ететін әділ сыншы қазақ театрының тарихының бірінші томына енген «Тұңғыш талпыну», «Театр туғанда» (68) деген тарауларында өз пікірін бүкнесіз білдірді. Бірақ заманның ызғары театртанушы ғалымға олардың атын ашық айтқызған жоқ. Тек жариялылықтың лебі ескеннен кейін ғана театр шежіресі қайта қарала бастады. Осы тұста Б.Құндақбайұлы ұлттық драматургиямыздың сүрлеуін салушы, тума дарын Жүсіпбек Аймауытұлының өмірі мен өнердегі өнердегі орны туралы бұрыннан жиған құнды деректерін жариялады. Оның «Жүсіпбек Аймауытов және театр өнері» деген көлемді зерттеуі «Шернияз» деген кітапқа кіріспе болып басылды(69). Автор өз кезеңінің өмір шындығын бүкпесіс дәл суреттеген драматург пьесаларының ерекшеліктері мен аудармашылық шеберлігін сөз еткен. Ең бастысы, Жүсіпбек Аймауытұлының театрды ұйымдастыруға белсене араласқанын және 1914 жылдан бастап режиссурамен алғаш айналысқан тұлғалардың бірі болғанын көпшілікке паш етті. Ол Жүсіпбек Аймауытұлының әншілік, композиторлық қасиеттерінің зерттелмей жатқанына қынжыла отырып, алдағы уақытта мұнымен арнайы мамандар шұғылданса деген игі тілегін де білдірген.
Белгілі ғалымның театр туралы ғылыми очерктері неміс, ағылшын, француз тіліне тәржімаланып, дүние жүзіне қазақ театрының сипатын танытып отыр.
Сыншы сахнада болып жатқан құбылысты қалт жібермей бағдарлап, оның әділ бағасын берумен бірге театрға байланысты термин сөздердің қазақша баламаларын дәл тапқан. Мысалы, бүгінде барлығымыз бірдей қолданып жүрген «актер»-«орыдаушы», «видение внутреннего зрения»- «көкірек көзімен көру» деген сияқты толып жатқан терминдерді төл тілімізге түсінікті етіп аударған.
Б.Құндақбайұлының шығармашылығын оның педагогикалық қызметінен бөле – жарып қарауға болмайды. Ол ұзақ жылдардан бері Т.Жүргенов атаындағы театр және кино институтының студенттеріне «Қазақ театрының тарихы» мен «Театр сыны» пәндерінен дәріс оқып келе жатыр. Бүгінде көп ұлтты республикамыздың түпкір- түпкірінде еңбек етіп жүрген актерлер ,режиссерлер, театр суретшілері профессор Б.Құндақбайұлынан тыңдаған мазмұнды дәрістерін ұмыта қойған жоқ. Ең бастысы, 1990 жылы осы институтьа Бағыбек ағаның бастамасымен бұрынғы қазақ топырағында болып көрмеген театртану бөлімі ашылды. Қазақ театртану ғылымын алға жылжыту үшін ана тілінде жазатын мамандар даярлау керектіген жете түсінген ұстаз өзінің білімімен тәжірибесін жас театртанушыларға үйретуден жалыққан емес.
Ия, көрнекті ғалым, театр сыншысы, майталман педагог Б.Құндақбайұлының қазақ театр өнерінің өркендеуі мен театр тарихын бей берекетсіз қалдырмауға қосқан үлесі мол.
Театр сыншысы Қажықұмар Қуандықовтың «Серке Қожамқұлов» (1996), «Тұңғыш ұлт театры» (1969), «Театрда туған ойлар» (1972) сияқты еңбектері қазір кезде өзінің мән мағынасын жоғалтпаған еңбектер. Осы еңбектер Қазақ драма театрының тарихын ашып жазудағы ең сарқылмас дерек көзі екенін айтуымыз керек. Қуандықов еңбектерінде сол кездегі дарынды, тума талантты аға–апаларымыздың театрға, өнерге қосқан зор үлесін ашып жазады.
Драматургия мен қойылым көркемдігі жөнінде, жекелеген актерлер мен режиссерлер, жалпы театр өнері жайында көптеген сыни дүниелер жариялаған, ұстанымы мықты сыншының азды – көпті еңбегіне деген ұрпақ құрметі ерекше болуға тиіс.
Бұл мәселеге қатысты соңғы еңбектердің санына Әшірбек Сығайдың көп жылғы шығармашылық ізденістерінен туындаған «Сахна саңлақтары» атты еңбегі жатады. Онда автор мемлекетімізге есімдері кеңінен таныс өнер қайраткерлерінің өмір, өнер жолдарын кәсіби деңгейде, жан –жақты байыппен талдап таразылап, әсерлі кескіндейді. Сонымен қатар жалпы қазақ сахна өнерінің келелі мәселелері, оның даму үрдісі мен көркемдік сипаты жайлы ой қозғайды.
Қорытынды.
Қорыта келе, Мұхтар Әуезов атындағы театр алғашқы құрылған кезінде білікті режиссерлардың жоқтығынан тырнақалды қойылымдардың қарадүрсінділікке бой алдырғаны жасырын емес. Кейінірек Жұмат Шанин, одан соң Асқар Тоқпанов секілді табиғи таланты мен терең білімі астасқан режиссерлар тұсында театр да аяғынан қаз тұра бастады. Бұған қоса Ресейдің атақты режиссерлары келіп, спектакльдер қойды.
Қазақ Ұлттық Мұхтар Әуезов атындағы театрымыздың тарихын аның қалыптасуы мен дамуы, қиын-қыстау кезінде түрлі қиыншылықтардан шығып, әрі қарай дамып, театр тарихындағы елеулі шығармашылық жетістіктеріне жетіп қазіргі танда өнердің «Қарашаңырағы» атанып, елімізде драмалық өнердің дамып, жетілуінің шырқау биігіне көтерді. Қазақ халқының сан қырлы қасиетін, талантын, тамаша құндылықтарын көрсетіп, көрермен көзайымына айналды.
Халық мәдениетінің барлық жағынан дамып, жас ұрпақты тарихи құндылқтарды құрметтеуге, халық өнерінің тарихын тануында театрдың мәніде зор.
Қазақстанның мәдениет тарихында «театр» ерекше орын алады. Қазақ жерінде пайда болған алғашқы театрлардың рөлі өз тарихи дамуын бастан өткеріп, тәуелсіздік алғаннан кейін тіпті арта түсті. Қазақ ұлты өткен тарихына көз тастап, төл тарихын түгендеу барысында – мәдениетіміздің жаршысы ретінде театр тарихын да зерттеп, зерделеу қолға алынды. Өкінішке орай күні бүгінге дейін осы ұлттық кәсіби театрымыздың ашылу тарихы бұрмаланудан арыла алмай келеді. Оған негізгі себеп, осы істің басы–қасында болған ұлт жанды қазақ халқының мәдениетін, әдебиетін, өнерін дамытуға айтарлықтай өз үлестерін қосқан Смағұл Садуақасов, Қошмұхамед Кемеңгеров, Дінмұхамед Әділов сияқты қайраткерлеріміздің атына кезінде тағылған Кеңес өкіметіне қарсы тұрған буржуазияшыл ұлтшылдар, тіпті соңғы екеуіне «халық жауы» деген жала лақаптар айтқан болатын.
Көрермендерді жалықтырып алмайтын қрйылымдарды көрсету үшін жанр жағына да көңіл бөлу отыру керек. Жуырда өзі елеусіз қалғанымен, шығармалары арқылы жарық жұлдыздай жарқ еткен Шәмші Қалдаяқов туралы «Сыған серенадасы» пьесасы сахналанды. Бұл музыкалық шығарма. Ұлы сазгердің тағдырын тамашалап отырған жұрт біресе күлсе, енді бірде еріксіз жылайды. Ең соңында марш орындалғанда, залға жиналғандар соңы әнұран ретінде тік тұрып қосыла шырқай жөнеледі. Біздің қазіргі әнұранымыз театр сахнасында алғаш рет осылайша шырқалған болатын.
Қазіргі кездегі театр репертуарында 30,40 жыл бұрын қойылған «Ана–Жер-Ана», «Қарақыпшақ Қобыланды» секілді рухани әлемде сілкініс тудырған спектакльдер әлі де сахнадан түспей жүр. Себебі, театрдың рухын асқақтатып, тірілтетін құдырет – репертуар. Бүгін театрдың сахнасында 42 спектакль жүріп жатыр. Осылардың барлығы бір күннің тірлігін қамтитын өзегі тар дүниелер емес, ұлттың, халықтың бітім-болмысын, қайғы-қасіреті мен қуаныш махабатын, заман өзгергенімен қайталап алдымыздан шыға беретін пенделік проблемаларын жаңаша ұғындырып отыратын туындылар. Сондықтан оларға режиссерлік жаңа көзқараспен қарау арқылы көрермендерге ұсынудан ұтпаса, ұтымайды.
Драматургия – талас–тартыс. Тартыс болмаса, драма болмайтыны белгілі. Спектакльді соңына дейін көрмей, көрерменнің кетіп жатқаны бұл да талас. Өйткені көрермен өз көзқарасын дұрыс деп тауып кетіп жатады. Мысалы, Бернард Шоудың өзін былтыр басқаша, биыл басқалай қойса дәстүрлі театрға үйреніп қалғандар «Мынау Бернард Шоудың пьесасы емес» деп қарсылық білдіріп, шығып кетеді. «Бұл театрға келмеймін» деп ат–тонын ала қашатындар да, міндетті түрде келетіндері де баршылық» дейді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
- Қазақ театрының тарихы, А., 1975-78. 1- том. 375-б
- Қазақ театрының тарихы, А., 1975-78. 2-том 360-б
- Львов Н.И. Казахский театр. М., 1961 195-б
- Құндақбаев Б. Режиссура мен спектакль. А., 1971 157-б
- Кундакбаев Б. Путь театра. А.,1974 150-б
- Құндақбаев Б. Уақыт және театр. А., 1981 157-б
- Құндақбаев Б. Әуезов және театр. А.,1997 60-б
- Құндақбаев Б. Заман және театр өнері. А., 2001 95-б
- Құндақбаев Б. Облыстық театрлар. А., 1964 125-б
- «История советского драматияеского театра. М., 1966-71. 355-б
- История театроведения народов СССР. М., 1987 240-б
- Қуандықов К. Серке Қожамқұлов А.,1996 100-б
- Қуандықов К. Тұңғыш ұлт театры Қ-О.1969 210-б
- Қуандықов К. Театрда туған ойлар А1972
- Сығай Ә. Сахна саңлақтары А.,1998 510-б
- Әуезов М. «Жалпы театр өнері мен қазақ театры» –А.,1964 254-б
- Әуезов М. Шығармалар. –Алматы: «Жазушы», 11-том.1969, 280.
- Бабкина М.П., Потабенко С.И. Народный театр Индии. М., 1964 254-стр
- Әуезов М. Уақыт және әдебиет, Алматы, 1962, 255-б.
- Қазақ театрының тарихы. Алматы, 1975, Т-1,325- б.
- ЛандауС.Г Из истории драматического театра в Омске(1765-1946). Омск, 1950.250 стр
- Незнамов М. Старейший русский театр на Урале. Чкалов,1948,625-стр
- Әуезов М. Әр жылдар ойлары. Алматы: 1959, 17-бет.
- «Казахстанская правда», // Ж.Махамбетова «Встреча ветеранов театра» 1996,31 январь
- Сансызбаев Н. «Театр тарихындағы шындық», «Қазақ әдебиеті». 2007, 20 мамыр
- Садуақасов С. Ұлт театры туралы. Қызылода, 1926, 57- бет.
- Данилов С.С. Русский драматический театр XIX века, часть I. М.,1957, стр.210
- Садуақасов С. «Ұлт театры», «Еңбекші қазақ». 1926, 26 қаңтар
- Садуақасов С. «Ұлт театры», «Еңбекші қазақ». 1926, 20 қаңтар
- «Еңбекші қазақ». 1927, №2 13қаңтар «Оқу комиссары С.Садуақасовпен әңгіме»,
- Мұхамеджанов Қ. Сәуле. – «Қазақ әдебиеті». 1961, № 9
- Богатенкова Л. Хадиша Букеева. А., 1965 122-б
- Орталық мемлекттік архивы, 1242-ф, 2-тізбе, 91-іс, 11-байлам, 65-66 бет
- Орталық мемлекттік архивы, 1242-ф, 2-тізбе, 207 -іс,8-бет
- Орталық мемлекттік архивы, 1242-ф, 91-тізбе, 93-бет
- Орталық мемлекттік архивы, 1242-ф, 91-тізбе, 124-бет
- Львов Н.И. Казахский академический театр драмы. А., 1957
- Львов Н.И Казахский театр. М., Искусство, 1961.
- Токарь Х. Спектакль о героических земляках. — «Казахстанская правда», 1942, № 28
- Сармұрзин Ғ. «Намыс гвардиясы». – «Социалистік Қазақстан»,1942, 18қараша; Жармағамбетов Қ. Жауға өшпенділікті кернете түседі; Герага П. Бағалы постановка – «Социалистік Қазақстан»,1942, 18қараша; Ж.Мұқанова «Зор мақтаныш көрдік». – «Социалистік Қазақстан»,1942, 29 қараша
- Маловичко А. Жанрдың қалыптасуы. –«Советский Казахстан», 1957, №8
- Тамаша театр. ––«Социалистік Қазақстан», 1945, 2 қазан.
- Қазақ көркем өнерінің мақтанышы –«Социалистік Қазақстан», 1946, 6сәуір.
- Байтерякова Д. «Одно дерево – не лес», –«Советская культура», 1958, 13желтоқсан.
- «Социалистік Қазақстан», 1958, 15 шілде.