Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Жамантаева К.А.
Қазақмыс корпорациясының Балқаш көліне тигізетін антропоэкологиялық әсері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
мамандығы 5В060800 — Экология
Алматы 2013
Жұмыстың тақырыбы: «Қазақмыс» корпорациясының Балқаш көліне тигізетін антроэкологиялық әсері
Жақын келешекте біздің елдің тағы бір аса ірі су нысаны- Балқашқа Аралдың тағдырын қайталау қаупі төніп тұр. Күні кеше ғана , аптап ыстығы бет қаратпайтын шөлдердің ортасында орналасқан кербез Балқаш көлі өзінің аса бай өсімдіктер және жануарлар дүниесімен ерекшеленіп жататын. Сол Балқаш қазірде шөлейттеніп, өзінің табиғи келбетін жоғалтуда. Көл су жетіспеушілігіне ұшырап, біртіндеп таяздап барады. 1970 жылдары салынған Қапшағай СЭС салынуымен, осы әдемі көлдің жұтаңдануы басталды деп айтуға болады. Қапшағай су қоймасы оның бір жылдық ағынын, «жеп отыр» және су қоймасының сағасындағы суды түгелдей пайдаланып отыр. Су қоймасы осындағы табиғи ландшафтты танымастай өзгертіп, оның экологиясына үлкен нұқсан келтіріп отыр.
Дипломдық жұмыста Балқаш проблемасына қатысты мәселелерге назар аударту, әдебиетке шолу арқылы, бұл проблеманың аса маңыздылығын барынша көрсете отырып, бүгінгі күні Аралдың тағдырын қайталайын деп отырған Балқаш көлінің қайталанбас экожүйесін сақтап қалу болып табылады.
|
МАЗМҰНЫ
|
Беті |
|
КІРІСПЕ |
2 |
|
НЕГІЗГІ БӨЛІМ |
4 |
1 |
БАЛҚАШ КӨЛІНЕ ФИЗИКА — ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
|
6 |
1.1 |
Балқаш көлінің физика — географиялық орны
|
6 |
1.2 |
Балқаш көлінің табиғат жағдайы ерекшеліктері
|
12 |
2 |
БАЛҚАШ КӨЛІНЕ ТИГІЗЕТІН АНТРОПОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ
|
15 |
2.1 |
Балқаш көлінің суын пайдаланудағы экономикалық – экологиялық жағдайы
|
15 |
2.1 |
«Қазақмыс» корпорациясының көл суына тигізетін антропоэкологиялық әсері
|
17 |
2.3 |
Балқаш көлі суының құрамындағы ауыр металдардың деңгейі
|
|
3 |
БАЛҚАШ КӨЛІНІҢ ҚАЗІРГІ САПАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ
|
|
3.1 |
Көлдің қазіргі сапалық жағдайын бағалау
|
18 |
3.2 |
Балқаш көлі экожүйесінің бұзылу зардаптары және оны қорғау шаралары
|
44 |
4 |
Еңбек қорғау қауіпсіздік шаралары
|
48 |
|
ҚОРЫТЫНДЫ
|
50 |
|
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
|
52 |
КІРІСПЕ
Балқаш туралы сөз айтпастан бұрын Арал туралы айта кету керек. Аралдың басына түскен апатты жағдай туралы кезінде көп айтылып, қаншама , жазылып , көптеген шаралар ұйымдастырылды, қыруар қаржы құрдымға кетіп Аралдың табанына көмілді. Бүгінгі күні Арал трагедиясы көп айтылмайды, себебі бұлтартпас шындықпен ешкімде таласа қоймас.Дегенмен де Аралдың осындай күйге түсуіне мұрындық болған обьективті жағдайлардың болғаны да рас, ондайлардың қатарына халқының саны күн сайын өсіп отырған Орта Азия ауыл шаруашылығының суармалы жерлеріне өте көп мөлшерде тұщы су қажет болды.
Жақын келешекте біздің елдің тағы бір аса ірі су нысаны- Балқашқа Аралдың тағдырын қайталау қаупі төніп тұр. Күні кеше ғана , аптап ыстығы бет қаратпайтын шөлдердің ортасында орналасқан кербез Балқаш көлі өзінің аса бай өсімдіктер және жануарлар дүниесімен ерекшеленіп жататын. Сол Балқаш қазірде шөлейттеніп, өзінің табиғи келбетін жоғалтуда. Көл су жетіспеушілігіне ұшырап, біртіндеп таяздап барады.
Балқаштың жағдайы жақсы кезінде жылына, басым түрде Іле өзенінен 12 шаршы шақырым тұщы су алып тұратын. 1970 жылдары салынған Қапшағай СЭС салынуымен байланысты, осы әдемі көлдің жұтаңдануы басталды деп айтуға болады. Қапшағай су қоймасы оның бір жылдық ағынын, «жеп отыр» және су қоймасының сағасындағы суды түгелдей пайдаланып отыр. Су қоймасы осындағы табиғи ландшафтты танымастай өзгертіп, 160 шаршы шақырымдық аумақтағы тоғай-шілік орманды жойып жіберді, өзеннің эндемигі- маринка балығы, су тышқанын өсіру кәсіпшіліктерін түбегейлі құртты.
Осыдан сәл кейін Қытай тарапы Іле өзенінің саласы- Таш өзеніне бөген салып, Іленің суын азайтты. Одан біраз уақыт аралығында Қытай тағы да Іленің жоғары бөлігіне бөген салып , өзен ағынын тағы да азайтты. Бүгінгі күні Іленің ағыны бастапқы көрсеткіштің жартысын ғана құрап отыр. Осылайша Қытайдан мол су аламыз деген, ұзақ мерзімдік стратегиялық есептеулер, жұмсартып айтқанда, іске аспады.
Ертеректе Балқаш бойының тұрғындары көлді Ақ теңіз және Жұмбақ көл деп екі түрлі атап келген. Ақ теңіз деп көлдің батыс жағалауын мекендеген жұрт атаған. Оған себеп: негізгі өзендер Іле, Ақсу, Көксу, Тентек және толып жатқан жер асты сулар көлге батыс жағынан құяды да, ондағы көл суының жартысы тұщы болып келеді және сырт көрінісі мөлдір ақ түсті болды. Ал, көлдің оңтүстік-шығысын мекендеген ел “Жұмбақ көл” деп ат қойған.
Бұл тұстан көлге Лепсі, Аягөз өзендері құяды, ал жер асты сулары бұл жағынан көлге қосылмайды. Экологиялық апат мәселесі қазір бар әлемді толғандырып отыр. Уақыт алмасқан сайын адам қолымен «екінші табиғат» (өндірістік өркениет деген мағынада) жасалып, алға қарыштап қадам басқан сайын жаңа қиындықтар мен шешімі түйткілді мәселелер көбейе береді. алқаш көлі — ғаламшардағы ең көне көлдердің бірі. Жаратылысы бөлек, жұмбағы мол. Батыс бөлігі ерекше тұщы сулы болса, шығыстағы айдыны айрықша ащы болып келеді. Көлдің батыс бөлігінің 1 литр суында 0,5 грамм тұз болады (бұл кейбір ауыз сулардан тұщырақ), ал шығысындағы тұздылық мөлшері бұл көрсеткіштен он есе көп болып келеді.
Бірақ, көлдің осы қалпы ғасырлар бойы сақталып келеді. Балқаш осы алаптағы ең төменгі ойысты өңірде орналасқан. Көл табиғи тепе-теңдігін тұрақты сақтап келеді. Көлдің жағалауларында тұзды сорлар ( мәселен, Тасарал ауылы маңындағы тұзды сор — бұл жерден қазір «Балқаш Тұз» кәсіпорны тұз алуда) кездеседі. Қаншама уақыт бойы жиналып келе жатқан минералды түзілімдер осындай жерлерде жиылып, емдік қасиеті мол сорларға айналған.
Балқаштың тағдыры — жарты ғаламның тағдыры деп айтуға болады. Көл тіршілігі оның картада көрсетілген көк сызықты кемерімен шектелмейді. Оған әсер ететін факторлар көп. Балқаштың тағдыры — Алатаудың басынан, Қытайдың даласынан басталады деп айтуға болады. Себебі көл арнасына су жинайтын алап сонау Іленің арнасына құйылатын бастау бұлақтардан, Алатаудың мұзарт шыңдарынан. Мыңжылдық мұз көбесі сөгілмеген мұздықтардан басталатын еспе өзен, өзек-жылғалар ойыс-ойпатта орналасқан көлге арналанып ағып құйылады. Балқаш тағдырының түйткілді түйіндерін таратып шешу үшін жаратылыстану ғылымдарының барша саларына жүйелі сараптау жүргізген жөн.
Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі: қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану қазіргі кезде бірден — бір өзекті проблема болып табылады. Адамзат қауымдастығының қол жеткізген ғылыми-техникалық жетістіктерінің қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуі үнемі артуда. Биосферада антропогендік негізде пайда болған қоршаған ортаны зақымдаушы заттардың белсенділігі артуына қажетті мүмкіндіктер туындап отыр.
Бұл аймақтағы негізгі қауіп көзі — көлдің экологиялық жағдайы болып отыр. Себебі Балқаш көлінің проблемасы күн өткен сайын күрделене түсуде. Тек өткен ғасырдың өзінде көл деңгейі 2 метрге төмен түсті. Жағалаудың 7-8 шақырымына дейінгі жерлерде өскен қамыс, кұрақ қурап қалды. Көлдің күре тамыры болып табылатын Іле өзенінің Қытай жерінен Қазақстанға өтер басынан алынған судың құрамы өте ластанған. Су құрамында темір 7,3 есе, мырыш 4,6 есе, мыс 3-4 есе, нитрит 1,7 есе өсіп кетті. Бұл жағдай Қытай жеріндегі Іленің бойына егілген күріш алқаптарынын әсерінен болуда.
Балқаш мыс комбинатынан суға төгіліп жатқан зиянды заттарды айтпағанның өзінде Балқаш қаласындағы атмосфералық ауаға жыл сайын 668 мың тонна зиянды қалдықтар шығарылады. Тек қана Қытай ғана емес Балқаштың экологиясының күрделене түсуіне Қазақстан өндіріс орындары да өз үлесін қосуда. Соның ішінде «Қазақмыс» корпорациясы зауыттары ерекше орын алады. Яғни менің ғылыми-зерттеу жұмыстарымның мақсаты- осы өндіріс орнының көл экологиясына тигізіп отырған кері әсеріне арналады.
Іле — Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер (әсіресе Қапшағайдан төменгі бөлігі) өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші болуда. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтеріледі. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үйреншікті жағдайға айналды . Осы жағдайлар негізінде көл жағалаулары батпақтанып, сорлар мен тақырларға айналуда. Іле — Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы да осы факторлардан зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу тіпті азайды.
Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, гербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы да жиі байқалатын көрініске айналды.Қазіргі кезде адамзат шаруашылықтық іс- қызметінің табиғи ортаға деген зиянды әсері етуде. Соған орай биосфераны сақтап қалу мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Адамның тіршілік көзінің көпшілігі осы проблемаларды шешумен тікелей байланысты.Сондықтан қазіргі кезде адамзаттың шаруашылық әрекеті салдарынан туындап отырған экологиялық қауіпті түсіндіретін және экологиялық қауіпсіздік жолдарымен қамтамасыз ете алатын айтарлықтай зерттеулер қажет.
Ғылыми жаңалығы:
— Балқаш көлі су алабының экологиялық жағдайына талдау жасалды;
— Қазақмыс корпорациясының көлге тигізетін әсері бағаланды;
— Зерттеу аймақтарындағы судағы ауыр металдардың мөлшері
анықталды.
- Көлдің экологиялық — экономикалық жай — күйіне баға берілді.
Жұмыстың мақсаты: Балқаш көлінің қазіргі экологиялық жағдайын бағалау.
Жұмыстың міндеттері:
— Балқаш көлі су алабының экологиялық жағдайына талдау жасау;
— Қазақмыс корпорациясының көлге тигізетін әсерін бағалау;
— Зерттеу аймақтарындағы судағы ауыр металдардың мөлшерін анықтау.
— Көлдің экологиялық — экономикалық жай — күйіне баға беру.
Зерттеу нысаны: Балқаш көліне әсер ететін өндіріс орны «Қазақмыс» корпорациясының шаруашылық іс-әрекетінің қоршаған ортаға тигізіп отырған кері экологиялық ықпалы.
Жұмыстың қолданыстық маңызы: антропогендік факторлардың әсерінен болатын әртүрлі өзгерістерге талдау жасай отырып, жалпы экожүйенің тұрақтылығын бағалауға арналған Экология мамандығының студенттері мен оқытушы қауымға ұсынылып отырған диплом жұмысындағы құнды материалдарды қосымша ақпарат ретінде ұсынуға болады. Бүгінгі күні екінші Аралдың тағдырын қайталауға шақ қалып отырған Балқаштың тағдыры іс жүзінде, біздің елге ғана емес, экологиялық сипатты бұл құбылыстың жахандық қауіпке айналатын түрі бар.
Мұндай жағдайда бүгінгі Балқаш проблемасы, бүкіл Еуразияға, тіпті әлемдік биосфера облысына да өзінің кері әсерін тигізуі әбден мүмкін. Өткен ғасырдың аяғында жүргізілген Балқаш пен Балқаш бойындағы аумақтағы өзендер мен су қоймалары режимінде елеулі гидрологиялық, гидрохимиялық және гидробиологиялық өзгерістердің орын алғанын көрсетті.Бұл өзгерістердің туындауына табиғи фактордан гөрі адамның шаруашылық іс-әрекеті факторының басымдық рөлі болғаны атап көрсетілді.
Іле-Балқаш су шаруашылығы алабының қазіргі күйінің қалыптасуы 1970 жылы Қапшағай су қоймасын салу кезінен басын алады. Осы кезеңде сонымен бірге аса ірі суармалы массивтер Ақдала, Шеңгелді және Үлкен Алматы каналы сияқты нысандар пайда болды.Осы кезеңге дейінгі Іле өзенінің гидрологиялық режимі басым түрде табиғи факторлармен анықталатын.Өзеннің осы уақыттағы орташа көпжылдық ағыны 467 м3/сек. құрап, шартты-салыстырмалы режимді саналды. 1970-1995 жылдар аралығында Іле-Балқаш су шаруашылығы алабының жай-күйіне Қапшағай су қоймасының әсері, оның ішінде шаруашылық нысандарының, әсіресе суармалы күріш алқаптарының, шаруашылық іс-әрекеті нәтижесінде қоршаған ортаға бөлінетін органикалық заттарыңың, ауыр металлдар мен улы химикаттар қалдықтарының кері әсерлері көріне бастады. 1974-1986 жылдар аралығында , осы кері факторлардың барлығы, бір ғана бағытта, яғни өзеннің сағасы- Балқаш көліне бағытталып отырды.Осы жағдайлардың барлығы Балқаш көліне келетін өзен ағынының күрт азаюына әкелді, мұның өзі, көлдің батысы мен шығыс бөліктерінің су мен тұз айналымына әсерін тигізіп, көл деңгейінің төмендетті және көл суының минералдануын күрт арттырды.Қапшағай аймағы мен Балқаш көлі арасындағы су ағынының кемуі үйреншікті жайтқа айналды.
Балқаш көлінің негізгі ластауышы рөлін бүгінгі күні осы өңірдің аса ірі шаруашылықтық нысаны болып отырған «Қазақмыс» корпорациясының тау-кен және өңдеуші кәсіпорындары және ауыл шаруашылығы мен коммуналдық кәсіпорындары болып отыр. Су бассейнінің ластануы, Іле өзеніне келетін су мөлшерінің азаюы, Балқаш көлі деңгейінің төмендеуі т.б. факторлар осы бай өлкенің биоалуандығына да кері әсерін тигізіп, фито және зоопланктон массасының күрт азаюын тудыруда.Іле өзенінің сағасында және көл акваториясында балықтың саны тым азайып кеткен, балықтың әртүрлі ауруларға шалдығуы жиілеп, құнды балықтардың саны азайғаны белгілі болып отыр.
Осы дағдарыстың шырқау шегі кезеңінде (1970-89 жылдары) яғни жер үсті суларының суару және басқа мақсаттарға жұмсалуының қарқынды кезеңінде жылына 3,12 км3 су жоғалып отырған , Оның 2,43 км3 Іле өзеніне келсе, ал Ақсу және Аягөз өзендерінен судың келуі біржолата тоқтайды. Диплом материалдарында осы проблеманың астары , туындау себептері, көлдің бүгінгі жағдайы мен оның астарласқан экологиялық проблемалары біртұтас мәселе аясында қарастырылады.
- Балқаш көліне физика-географиялық сипаттама
1.1 Балқаш көлінің физика-географиялық орны және ашылу тарихы
Балқаш көлі — Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі. Көл Балқаш -Алакөл ойысында орналасқан. Балқаш көлі — Қазақстандағы Каспий мен Аралдан кейінгі үшінші ағынсыз үлкен ірі айдын болып табылады.Теңіз деңгейінен 340 метр биіктікте жатыр. Көлемі 501 мың км2, ұзындығы 605 км, ені — 9 — 74 км аралығында. Ең терең жері- 26 м. Жағасының ұзындығы 2383 километр, орташа тереңдігі 6 метр.
Оңтүстік-батысында судың түсі сұрғылт-сарғыштау, шығысында -көгілдір. Балқаш көліне Іле, Қаратал, Лепсі, Ақсу, Аягөз, Бақанас, Тоқырау, Мойынты өзендері құяды. Барлық су көлемінің 80 пайызын Іле береді. Балқашта көптеген ірі шығанақтар, мүйістер, түбектер бар. Ірі аралдары: Басарал және Тасарал.[1]
Қазақстан табиғатының байлығы және өзгешелігі сонша, оның жомарт қолмен бүкіл әлемнің ғажайыптары жиналған таңғажайып қазына-байлыққа теңеуге мәжбүрміз. Қазақстан табиғатының адам таңғаларлық көп түрлілігі ғажайып табиғат кешені Жетісуға да тән. Дәл осында » Жеті өзен өлкесінде» жер шарындағы ең бір үлкен құрлық ішілік тұйық су қойманың біреуі-көгілдір көл Балқаш орналасқан. Нәзік осы жұмбақ көлдің әрі қорғансыз сұлулығы оны «Жетісудің інжу-маржаны» деп атауға мәжбүр етеді. Балқаш өңірінің шексіз кеңістігінің қол тимеген табиғаты, далалармен аптап шөлдер, бір кездерде осы алаптарда буырқана аққан, ол қазір құмдар жұтып қойған көкшіл шаңғыз Балқашқа құятын ешкімге бас имеген тау өзендерінің долы ағындары, осылардың бәрі ең көпті көрген саяхатшыларды таң қалдырады.
Қазақстан табиғатының адам таңғаларлық көп түрлілігі ғажайып табиғат кешені Жетісуға да тән. Дәл осында » Жеті өзен өлкесінде» жер шарындағы ең бір үлкен құрлық ішілік тұйық су қойманың біреуі-көгілдір көл Балқаш орналасқан. Балқашты кім ашқаны белгісіз, алайда ертедегі қытайлар және моңғолдар сызған карталарда оның көрінісі кездеседі. Көл туралы алғаш рет XIII ғасырларда дерек алған еуропалық Рубрин мен Плано Карпини еді. Үзік-үзік және саяхатшылардың әрқашан анық бола бермейтін байқаулары өзінің ғылыми мәнін бүгін де жоғалтқан жоқ. Орыстардың Балқашпен таныстығы Иван Грозный заманынан бастау алады. Ермактың басқыншылық жорықтары мен Сібірді отарлаудан соң Ресейдің назары оңтүстік аумақтарға түсті.1767 жылы Балқаш көлі алғаш рет Ресей карталарынан орын алды. Ол орыс көпестері мен елшілері әңгімелерінің негізінде жасалған Семень Ремезьдің «Барлық сусыз және өту мүмкіндігі шамалы тасты далалық жердің сызбасы» болатын.
Орыстардың Балқашпен таныстығы Иван Грозный заманынан бастау алады. Ермактың басқыншылық жорықтары мен Сібірді отарлаудан соң Ресейдің назары оңтүстік аумақтарға ауысты. 1767 жылы Балқаш көлі алғаш рет Ресей карталарынан орын алды. Ол орыс көпестері мен елшілерінің әңгімелерінің негізінде Семень Ремезть «Барлық сусыз және өту мүмкіндігі шамалы тасты далалық жердің сызбасы» болатын. Пайдаланылған деректер тексерілмеген шамамен берілгендіктен көлдің геологиялық сипатының (кординаты, көлемі, жағалау сызығы т.б) дәлдігі айтарлықтай нашар бейнеленген. Бұл сызбада Балқашты теңіз деп атаған. 1730 жылы Стокгольмде басып шығарылған, Ф.И.Стролеиберг құрастырылған » Ресей мен Ұлы Татарияның картасында» көл «теңіз» деп берілген. Дегенмен де теңіз көлдің жалғыз аты емес.
Ежелгі қытайлар оны «Си-Хай» деп атаса, түріктер мен моңғолдар «Ақ теңіз» немесе «Көкше теңіз», жоңғарлар -Балқаш (батпақ) десе, қазақтар -Аңырақай (сопақша немесе жоңғарлардың көз жасы) және Қаз көл (қаздар көлі),Аққаз (аққу көлі) деп та атапты.
Жоңғарларға тұтқынға түскен және осы өлкеде болған швед офицері Ренат көлдің анығырақ жазбасын бергенге дейін ұзақ уақыт бойы ешкім көл туралы дәл мәліметтерді білмеді. Көлдің шын орны мен өлшемдері, географиялық мәртебесі жэне аты да белгісіз болатын. Бұл жағдай көптеген аңыздардың туындауына түрткі болды. Тек 1834 жылы астроном Федоров Балқаштың жағалауының бір бөлігін картаға түсірді. XIX ғасырдың ортасында еуропалық жаратылыстанушылар үшін Балқаш өңірі бүкіл әлемнен шексіз далалармен, шөлдермен бөлінген әлі жұмбақ болып келеді. Өлкеде еуропалық шекара гарнизондарының әскерлері тұрды.
1840-1843 жылдары Балқаштың алғашында шығыс, кейін батыс, одан кейін оңтүстік жағаларын құрамына әскери топограф Т.Ф.Нифантоев кірген А.И.Шренктің экспедициясы зерттеді.
Т.Ф.Нифантоев 1852-1853 жылдары көлдің жағалауын түгелдей түсіріп ,алғаш рет оның картасын сызды. Жетісуді А.П.Федченко мен Н.А.Северцовтың экспедициялары аралаған соң, Балқаш алабының балықтары туралы бірінші мәліметтер пайда болды. Осы материалдар негізінде профессор К.Ф.Кесслер ғылым үшін балықтың 76 жаңа түрлерінің жазбасын жасады.
XIX ғасырдың ортасында еуропалық жаратылыстанушылар үшін Балқаш өңірі бүкіл әлемнен шексіз далалармен, шөлдермен бөлінген әлі жұмбақ болып келеді. Өлкеде еуропалық шекара гарнизондарының әскерлері тұрды. Бұл жерде алғашқы жаратылыстанушылар мен географтар ірі әскери отрядтардың құрамында болды.
Бұл алап Тянь-Шань мен Жетісу Алатауының мұздықтарын қамтиды.
Бүгінгі Балқаш-созылыңқы келген, таяз сулы, бумерангқа ұқсайтын су қойма. Көлге 26000 бұлақ пен кішігірім өзендердің суын жинайтын бес ірі өзен құяды. Сумен бірге өзендер көлге 10 млн. тоннаға дейін тұз және шамамен 30 млн. тонна тұнба алып келеді. Бақанас, Ащыөзек, Тоқырауын, Қарабұлақ, Мойынты, Сарыбастау секілді Солтүстік Балқаш өңірінің өзендері суларын көлге жеткізбей, құмдарда жоғалтады.
Балқаш алабы Қазақстанның оңтүстігіндегі Еуразияның нақ ортасында, Қапшағай қақпасының батыс жағында орналасқан кең байтақ ойыста жатыр. Оңтүстікте Балқаш өңірінің кеңістігі Жоңғар Алатауы жоталарымен шектеседі, шығыс және солтүстік шығыста-Шыңғыстау мен Тарбағатай қырқалары, ал Солтүстікте Арал-Ертіс су айрығының қыраттары қоршап жатыр. Балқаштың су жинау алабының ауданы -390 км2. Сумен бірге өзендер көлге 10 млн. тоннаға дейін тұз және шамамен 30 млн. тонна тұнба алып келеді. Оңтүстіктен Балқашты Тауқұм мен Сарыесік атырау шөлдері қоршап жатыр.Олардың ортасындағы Балқашқа мол суын алып келетін Іле өзенінің алабы шамамен 140 мың км. Өзеннің жалпы ұзындығы 1450 км шамасында, оның 635 км-і Қытай аумағына тиесілі.
Іле —Балқаш алабы Республиканың оңтүстік шығысын түгелдей алып жатыр. Оңтүстіктен Балқашқа Тауқұм мен Сарыесік атырау шөлдері ентелейді.Олардың ортасында Іле өзені Балқашқа ұмтылады. Іле өзенінің алабының ауданы шамамен 140 мың км2 (шамамен өзен алабының 36% ) оның ішінде 62,6 мың км2 (шамамен өзен алабының 45 %) ҚХР шегінде орналасқан. Өзеннің жалпы ұзындығы 1450 км шамасында, оның 635 км Қытай аумағына тиесілі. Жылына орта есеппен осы ауданнан 22,45 км2 тұщы су жиналып, оның шамамен 17,05 км2 ге тең бөлігі ҚХР шекаралас аумағына тиесілі. Балқаштың қалған өзен алаптарынан жиналатын ағындысының жалпы көлемі жоғарыда көрсетілген көлемінен айтарлықтай аз немесе 6,4 км2 -ін құрайды және оның тек жарым жартысы ғана көлге жетеді.
Қаратал — Балқаш алабындағы су қоры жөнінен екінші орын алады.Оның ұзындығы 390 км, су жинау алабының ауданы 19,1 мың км2. Жетісу Алатауының солтүстік беткейінде Қарой мен Шыжы өзендерінің қосылуынан басталады. Осы екі саласын қосып алған ол кең тау аралық ойысқа шығады,онда өзінің ең ірі саласы болып табылатын Көксу өзенін қосып алады[3].
Балқаш өңірі бірнеше географиялык зоналардың шекарасында орналасқан. Көлдің табиғат жағдайларының көптүрлілігі соншама,мұнда жер планетасының 5 климаттық белдеулері түгелдей бір уақытта кездеседі, олар Оңтүстік Балқаш өңірінің шөлдік ландшафттары, Солтүстік Балқаш өңірінің және Іле Алатау жоталары тау етектерінің далалық ландшафттары, орташа тау ормандары мен биік таулардағы альпілік шалғындар, алып тауларды жапқан мұздықтар және мұздық маңының тундралық ландшафттары.
Балқаш Еуразия материгінің ортасында, жан-жағынан шөлдер қоршай орналасқан.Сол себепті Балқаш өңірі аса құрғақ және ондағы жауын-шашын мөлшері аз, анда-санда ғана жауады. Мұнда қалың қар да түспейді. Қардың қалыңдығы 40 см-ден асуы сирек құбылыс. Есесіне қарсыз қыс қатал мінезімен ерекшеленеді. Балқаштың мұзы өте берік: оның қалыңдығы 1,5 метрге жетеді. Дауылдата соғатын өзімшіл батыс желдері мұз құрсау кезеңінде мұз қабыршықтарын сындырып, мұз сынықтарын тайыз суға қарай айдай отырып, биіктігі 15 м-ге жететін зор мұз үйінділерін түзеді.
Көлдің географиялық орны оның климатының ерекшеліктерін туындатады. Шұғыл континенталды климат күндізгі және түнгі, жазғы және қысқы температуралардың үлкен айырмашылықтарының болуын қажет етеді. Абсолютті минимум мен абсолютті максимумның айырмасы 900 С-ға жетеді, ал бұл аптап ыстық пен қақаған аяз патшалығындағы орташа жылдық температураның шамасы 5-70 С-тан аспайды.
Оған қоса Балқаш өңірінде жыл бойы дерлік өздерінің ессіз билігіне айтарлықтай кедергі келтірмейтін желдер соғады. Көлді кемеге жарамсыз ететін де осы желдер. Ең қатерлі де қуаттысы — батыс желдері.
Өзінің шөл далада шалқып жатуына Балқаш Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауынан арқырай ағып шығып, суын көлге құйып жатқан тау өзендеріне қарыздар. Көл солтүстігіндегі зор тауаралық ойыста жатыр. Кейбір геологтар өз кезінде диаметрі жүздеген шақырым болатын осы шұңқыр өте ертедегі алып метеоридтердің соққысынан пайда болды деген тұжырым айтқан болатын. Бірақ бұл тұжырым әлі күнге дәлелденбеген. Жалпы,Балқаштың пайда болу тарихы, оның «ата тегі» ерекше.
Геологиялық тарихтың кейінгі,Тянь-Шань әлі жоқ кезеңінде,қазіргі Балқаш-Алакөл ойысының ауданы тегіс таулардан тұратын.Сол кезеңде Орталық Азияның климаты ыстық әрі ылғалды болуы себепті бұл аумақта қылқан жапырақты ну ормандар таралады.Кейінірек осыдан 2,5 млн. жыл бұрын жер қыртысының дифферциялық тектоникалық қозғалыстары басталады да,жердің алғашқы бетінде бірінші қыртыстар — болашақ тау жоталары пайда болады. Осылайша Шу-Балқаш суайрығының күмбезі көтерілді. Балқаштың жазық шоқылары қалыптаса бастайды және қазіргі кездегі Жоңғар Алатауының орнында төбешіктер пайда болады. Климат та өзгеріске ұшырап ылғалдылығы азайып континентальдығы арта түседі.
1,5 млн. жыл бұрын Шу-Іле суайрығы мен Солтүстік Балқаш өңірінің ұсақ шоқылары шапшаң өсе бастайды. Жер бетінің жеке бір орында бұлайша көтерілуі, оның басқа бір жерін төмендеуге мәжбүр етті.
Осылайша, Алакөл ойысы пайда болды, ол көтерілген барлық таулардың ортасынан тау аралық Еміл ойысына карай ағызды. Сол замандағы климат суықтағы мен континентальдығы өсе түсуімен сипатталды. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі де климаттың салдарынан өзгеріп отырды.
Жер қыртысының жаңа қозғалыстары Солтүстік Балқаш өңірінде ұсақ шоқылы жер бедерінің қалыптасуына алып келсе, Жоңғар Алатауында жекелеген таулар мен тауаралық ойыстар жүйесін қалыптастырды
Кішігірім төбелер Хантәңірі секілді төбелері көк тіреген шыңдармен алмасты. Олар осыдан 500 мың жыл бұрын бірінші мұз құрсануға ұласты.
Мұз құрсануының соңынан Алатау өзендерінің ағындысы күрт өсті, мұздық суларының қуатты ағындары тау беткейлерін бұза бастады және ысырындылармен аумақ бедерін айтарлықтай өңдеуден өткізді. Кішігірім төбелер Хантәңірі секілді төбелері көк тіреген шыңдармен алмасты. Олар осыдан 500 мың жыл бұрын бірінші рет мұз құрсануға ұласты. Мұз құрсанудың соңынан Алатау өзендерінің ағындысы күрт өсті, мұздық суларының қуатты ағындары тау беткейлерін бұза бастады және ысырындылармен аумақтың бедерін айтарлықтай дәрежеде өңдеуден өткізді. Дәл осы кезде Балқаш маңы ойысы пайда болды және оның батыс бөлігі өзен суларымен толыса бастады.
Шамамен 100 мың жыл бұрын Хантэңірі таулары күшті мұз құрсануынан өтіп, соңынан күшті жылынуға ұшырайды.Мұздықтардың қарқынды еруі қазіргі Балқаштың бесігі болған Балқаш-Алакөл ойысын және шағын уақытша көлдерді ернеулерінен асыра толтырады. Балқаш деңгейінің ең жоғары көтерілуі мен төмендеуінің 7 кезеңін бөліп қарауға болады. Көл тарихы таулық мұз құрсану мен мұнда жатқан неотектоникалық үдерістермен тығыз байланысты.Жер қыртысының қозғалысы, өзен ағынының қалыптасуы және өзендердің ұзаруы сияқты күрделі табиғат үдерістері Балқаштың пайда болуына алып келеді. Ғалымдар Балқаш-Алакөл ойысының тұтас палеотарихында ежелгі көл шұңқырлар орындары өзгермегенін дәлелдеді. Тек жағаларының сұлбасы ғана өзгеріп отырған.
340,00
1879 1889 1899 1909 1919 1929 1939 1949 1959 1969 1979 1989 1999
Годы
Балқаш көлі деңгейінің өзгеру графигі (1999 жыл)
Балқаш өңірінің табиғаты қатал да әсем. Жазда құмдар және шаңды дауылдар патшалық құрса, қыста қарлы борандар соғады.Ландшафтардың әртүрлілігі , таңғажайып жартастар, тораңғы тоғайлары, Балқаштың құмдақ жағажайлары бар мүйістері, шексіз құмдар және күмістей жылтылдаған ақселеу толқындары – осының бәрі шынында да Балқашты Қазақстанның інжу-маржаны етеді.
Балқашта балықтың 20-дан астам түрі бар, мұның 6 түрі көлдің өзіндік балықтары ( Балқаш көкбасы, балқаш алабұғасы). Кәсіптік маңызы бар балықтарға сазан, көксерке, балқаш алабұғасы, шармай, аққайран жатады. Жағалауда қабан, қасқыр, түлкі, қоян; құстардан қаз, үйрек, қырғауыл, шағала, аққу, т.б. мекендейді. Кеме қатынастары үзілмейді.Басты пристаньдары — Бурылбайтал, Бөрілітөбе. Көлдің суын Балқаш кен-металлургия комбинаты өндірістік қажеттілікке кеңінен пайдаланады.
Атырабының климаты континенттік. Шілде айының орташа температурасы 240 С, қаңтарда -80С-қа жуық. Жауын-шашынның орташа мөлшері 120 мм. Ауаның ылғалдығы-55-60%.Желдің орташа жылдық жылдамдығы 4,5-4,8 м/ сек. Жел солтүстік және солтүстік-батыс бағытында басым соғады. Балқаш қарашаның аяқ кезінде қатады, сәуір айында мұзы көше бастайды. Осындай байлығы бар, Балқаштың қазіргі жағдайы өте ауыр, ол Аралдың кейпін қайталауда.Балқаштың ең бірінші қатері — көл суы аумағының кішірейіп бара жатқандығы [1].
Қызғылт гранитті құздары , саялы көктерек тоғайлар , өйткені, шалғындық шөптері мол, мың метрден астам биіктікке бой созып жатқан Солтүстік Балқаш өңірінің оазисі – Бектауата шыңын ашық күндері жүздеген шақырымнан көруге болатындықтан, оны «Балқаш өңірінің маягы» деп атайды. Бектауата тауы көлемі жағынан онша үлкен емес (4000 га.) алайда оның қойнауы шатқалды келеді, мұнда әралуан құбылыстағы шыңдар мен жартастар көптеп орналасқан. Бектауата тау сілемінде үңгірлердің пайда болуы табиғи құбылыс, өйткені желдің, жаңбырдың әсерінен тау жыныстары әртүрлі өзгерістерге ұшырап отырады. Бектауата жерінің қуаңдығына қарамастан әр түрлі өсімдіктерге бай болып келеді.
Ботаниктер 500 га жерде 300 түрлі шабындық және далалық өсімдіктердің өсетінін анықтаған және оның ішінде 50 түрлісі дәрілік өсімдіктер: итмұрын, тобылғы, долана, ырғай, қарақат т.б. Бұл жерде сирек кездесетін Кесслер таспашөбі сақталған, «Бектауата тиіні» деп аталатын өсімдік Қызыл кітапқа енгізілген. Табиғаттың құбылысына таң қалатын тағы бір жайт – осындағы жалаң тастарда – арша ағашының өсуі деп айтуға болады. Бұл ағаштың ерекшелігі- ол айлап жауын-шашын түспеген күннің өзінде, тау-тас қуысындағы ылғалды өз қажетіне жарата алуы болып табылады. Бұл жерде сонымен бірге басқа аймақтарға таралмаған тырбиған көртышқанның болуы. Тау еркесі – арқар тұқымдастарын да кездестіруге болады.
Кең даланың көгалды жерлері көптеген құстарға: кептер, алабұлбұл, сарғалдақ, сандуғаш, шақшақай, сарыторғай, шымшық және т.б. бай болып келеді.Әрине, табиғи ортаның осындай байлықтарын қорғап-сақтап, келешек ұрпаққа аманат еткізіп жеткізу, бүгінгі күннің еншісінде екендігі түсінікті. Бектауата тау қойнауында көгілдір тау хрустальдары(«су тас») мен сирек кездесетін минерал- кварцтың түрлері кездеседі.
Табиғи факторлар әсерінен өзгеріске ұшыраған тау жыныстары ғажайып формаларға айналып, әр түрлі атауларға ие болған: «Саңырауқұлақ», «Сандық», «Тасбақа», «Үш тіс» және «Сарықұлжа».
1.2. Балқаш көлінің табиғат жағдайы және экономикалық әлеуеті ерекшеліктері
Балқаш өңірі — әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі.Шөлді болып келетін кең дала Балқаш көлінен нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен белгілі.
Ертеде Қазақстан жерінде кеңінен таралған аңның бірі жолбарыс Сыр бойының Шу, Іле, Қаратал тағы басқа өзендердің сыңсыған қалың қамыс тоғайларынның арасында тіршілік еткен. Жолбарыс санының бірте -бірте азайып, құрып кетуіне қалың қамысты тоғайлардың сиреуі, онда тіршілік ететін қоректік жануарлардың азаюы әсер еткен. Өтуге болмайтын шытырман тоғайдың арасынан жабайы шошқаны да кездестіруге болады. Іле өзенінің атырауын секемшіл елік, сайғақ пен қарақұйрық,түлкі мен борсық та мекендейді.
Балқаш өңірі — әр түрлі құстар мекені. Көлдің шеткері түпкірлерінде қызғылт және бұйра бірқазан ұя салып балапандармен бірге үлкен сап түзеп, жүзіп жүреді.Бұл аймақтың өсімдіктері өзара үйлесімдік тауып далаға ерекше нәр беріп тұрады. Олар: сексеуіл, жыңғыл, жусан, қарандыз, мия, түйетікен және сасыр. Сонымен қатар талды ормандары, тораңғы және жыңғылды шағын тоғайлармен ұштасып жатады. Сулы жерлердің бәрінде қамыс, жөке, құрақтар өседі. Осы ну тоғайлы, қоғалы жерлер көптеген сүтқоректілердің, құстардың, балықтардың тіршілік алаңы сияқты. Балқаш өңірінде сасыр, жусандармен араласа өскен қызғалдақ пен бәйшешек даланы ерекше сәнге бөлейді.Оның жіңішке бұғазбен жалғасып жатқан батыс пен шығыс бөліктерінің минералдары екі түрлі болып келеді. Батыс бассейні бұрын суы көп болған Іледен толығатындықтан суы тұщы болса, шығыс бөлігі — ащы. Қазір көлге Іле, Қаратал және Лепсі өзендері құяды. Кей жылдары қатты тасыса Аягөз өзенінің суы жетеді. Бұл көл төрт облысты — Алматы, Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарын тоғыстырып тұр. Батысында ең сусыз және тіршілік иелері аз кездесетін Бетпақдала жерімен шектеседі.
Балқаш — Іле бассейнінің балық аулауда алатын орны ерекше. Қазақстанда ауланатын жалпы балық өнімінің үштен біріне жуығы Балқаш көлінің үлесіне тиеді. Іле — Балқаш бассейнің биологиялық тіршіліктің түр-түрін, бағалы балықтарды өсіру сияқты балық шаруашылығы тұрғысынан алып қарағанда да маңызды су қоймаларының бірі. Ондағы ауланатын балықтардың көпшілігі жерсіндірілген балықтар. Әсіресе көксерке көптеп ауланады. Бір кездегі бағалы Ь
- Қысқа периодтік көпжылдық (3-7 жыл),
- ғасыр ішілік (20-30 жыл),
- ғасырлық (60-200 жыл),
- көп ғасырлық (1800-1900 жыл).
ХУІП-ХХІ ғасырлардағы Балқаш көлінің деңгейінің тербелісінің жалпы сұлбасын келесі түрде көрсетуге болады:
1810-1840 жж. — минимумы шамамен 1840-1845 жылдарға келетін деңгейдің төмен түсуі;
1845-1852 жж. — максимумы шамамен 1850-1852 жылдарға сәйкес келетін деңгейдің жоғары көтерілуі;
1853-1885 жж. — минимумы 1884-1885 жылдарға сәйкес келетін су деңгейінің төмен түсуі;
1886-1910 жж. — максимумы 1908-1910 жылдары байқалған су деңгейінің көтерілуі;
1912-1946 жж. минимумы 1946 ж. байқалған көл деңгейінің төмен түсуі;
1947-1961 жж. -максимумы 1961 ж. болған деңгейдің көтерілуі;
1962-1974 жылдарға дейін жалпы алғанда деңгейдің төмен түсу тенденциясы байқалғанмен, деңгейдің жоғары белгіде тұрақтануы байқалды;
1975-1987 жж. — минимумы 1987 ж. байқалған деңгейдің төмен түсуі;
1988 жылдан бастап осы кезге дейін көл деңгейінің біртіндеп көтерілу тенденциясы сақталуда.
1970 жылы Іле өзенінде Қапшағай су бөгені салынғаннан кейін Балқаш көлінің деңгейі негізінен Қапшағай бөгетінен жіберілетін су мөлшеріне тәуелді болып отыр. Іле алабынан қайтарымсыз алынатын су мөлшерінің өсуі Іле өзенінің атырауы ауданын қысқартып, Балқашқа жеткізетін су көлемін кемітті. Оның үстіне соңғы кезде Іле өзені суының 80%-қалыптасатын ҚХР-да солтүстік аймақтарды қарқынды игеру және ауыларуашылығын дамыту үшін Іле алабынан алынатын су мөлшерін бірнеше есе өсіру мақсатында жаңа каналдар тартылып, су қоймалары салынуда [8].
Есептелген мәліметтер бойынша Іле өзенінің ағындысы соңғы жылдары 5% -ға дейін кеміген. Соңғы ақпараттарға қарағанда ҚХР аумағында Іле өзенінен Эби-Нур көліне тартылатын канал және Іле суының бір бөлігін Тарим өзені алабына бұру жобаланған. Алынатын су мөлшері жылына Іле ағындысының 15-40%-ын құрайды [9].
- Балқаш көліне тигізетін антропоэкологиялық әсер деңгейі
2.1 Балқаш көлінің суын пайдаланудың экономикалық – экологиялық жағдайы
Балқаш экологиясы — Балқаш көлі алабындағы табиғи ресурстарды тиімсіз пайдаланудың нәтижесінде Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында 20 ғасырдың аяғында қалыптасқан табиғи, әлеуметтік және экономикалық жағдай. Оны негізгі 2 себеп тудырды.
Ішкі себеп — Қапшағай су электр стансасының салынуына байланысты (1970) Іле өзені арнасының бөгелуі. Құрғап қалған аумақтардан көтерілген шаң-тозаңның әсері биік таулы аймақтардағы мұздықтардың еріп, ұсақтануына әкелуде. Осы шаралар Балқаш көлінің деңгейін тұрақтандырғанмен, су сапасы жылдан-жылға нашарлауда.Сыртқы себеп — Балқаш алабындағы су қорының жартысына жуығы Қытай мемлекетінің аумағында қалыптасады. Бұл халықаралық деңгейде реттелетін мәселе.[10]
Өткен ғасырдың өзінде көл деңгейі 2 метрге төмен түсті. Жағалаудың 7-8 шақырымына дейінгі жерлерде өскен камыс, құрақ қурап қалды. Бұл біріншіден, жылдар бойы сақталып келген табиғаттың тепе-теңдік заңын бұзды. Яғни аптап ыстықтан судың булануы артты. Аң, құс құтты мекенінен айырылды. Көктемде тасыған су мен аралдарда қалып қойған балықтар да қырылуға ұшырады. Көлдің күре тамыры саналатын Іле өзенінің Қытай жерінен Қазақстанға өтер басынан алынған судың құрамы өте ластанған. Мысалы, су құрамындағы темір 7,3 есе, мырыш 4,6 есе, мыс 3-4 есе, нитрит 1,7 есе өсіп кеткен. Бұл Қытай жеріндегі Іленің бойына егілген күріш алқаптарынын кері әсері.
Балқаш мыс комбинатынан суға төгіліп жатқан зиянды заттарды айтпағанның өзінде Балқаш қаласындағы атмосфералық ауаға жыл сайын 668 мың тонна зиянды қалдықтар шығарылады. Сондықтан қазіргі негізгі мақсат — Балқашты экологиялық апатттан алып шығу жолдарын қарастыру болуы тиіс. Ол үшін алдымен Іле өзенінің аралдарын, арналарды құмнан тазарту керек. Сосын осы ауыз суды буланып кетуден сақтап тұратын құрақ, қамыс, сексеуіл тұқымдарын әр арнаға жағалай сеуіп, арнайы күтімге алған жөн болар еді. Балқаштың келешегін осындағы елдің болашағынан бөліп-жарып қарастыруға болмайды. Мысалы, құрақ өсімдігі Балқаш өңірінің 45-50 градустық ыстығының өзінде ағын суды қалыптан тыс буландырмайды. Ал қоңыржай салқын көл жағдайы осындағы аң-құсқа да жағымды орта. Сексеуілдің түбі құмды, яғни Бетпақ даланың құмын желмен сусытпай, берік ұстап тұрады. Үкімет қаржысынан бөлінген қаражатқа әзірге осындай жұмыстар атқарылса нұр үстіне нұр болар еді.
Көлдің экономикалық пайдасы да аз емес. Жалпы көлге құятын өзендер суының 70 пайызына жуығы жыл сайын буға айналып, атмосфералық ауа қабатына көтеріледі. Бұлттар жазда ақ маржан жауын, қыста ұлпа қар болып Балқаш шөлі мен Тянь-Шань шыңдары аралығын нәрлендіріп, биологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз етеді.
Іле өзенінен қоректенетін суармалы жерлердің 64 пайызы Ақдала күріш алабын суландырып, елдің азық-түліктік қауіпсіздігіне өз үлесін қосып отыр. Кезінде ақ сазанымен атағы шыққан Балқаш тек Қазақстан емес, Кеңес Одағы бойынша жыл сайын ауланатын сазан балығының 40 пайызын беріп отырған. Ал өткен ғасырдың қырқыншы жылдары Америкадан әкеліп жерсіндірілген ондатралар аз мерзімде 800 мыңға дейін өсіп, экономикалық пайда келтіруде. Бұл қымбат терілі аң популяциясы осы көлге толықтай жерсіндіріліп, өзін жақсы сезінеді.Қазіргі міндеттердің бірі- осы көлдің төңірегіндегі тіршілікті сақтап қалуға бағытталуы керек.
Жер бетінде қазіргі таңда су қорын сақтау проблемасы ең алдыңғы қатарға шығып отыр, себебі қорыта айтқанда сусыз өмір, тіршілік формасының болуы мүмкін емес. Ал Балқаш сияқты Карағанды, Алматы, Жамбыл облыстарын өзінің табиғи байлығымен жарылқап жатқан маржан көлді сақтау- осы өңірдегі тіршілік біткенді сақтау деп ұғынылуы керек.
Көлдің балығы, аң-құстары мен жан-жануарлар популяциясы тіпті баға жетпес байлық ретінде танылуы керек. Сондықтан бұл көлді аман сақтап, оны келесі ұрпаққа таза күйінде қалдыру бүгінгі ұрпақтың арқалар аманаты болып отыр. Соңғы кездері көлдің нашарлап бара жаткан экологиялық ахуалы туралы жиі айтылуда. Бұл бір ғана Қазақстан емес, бүкіл әлем елдері назарын аударып отыр. Біздің жеріміздің қойнауы тек қазына, байлық емес, ол бүгінгі күні түрлі улы газдар, күкіртті сутегі және өзге де тіршілікке қауіпті химиялық қосылыстарға да «бай» ортаға айналып отыр. Бұл кері факторлардың барлығы адам денсаулығына зардапты әсерін тигізуде. Демек, адамзат өз өміріне қатерлі жағдай-факторларды өзі жасап отыр деп айтуға болады.
Елімізде жүргізілген экономикалық өзгерістердің барлығы экологиялық жағдайды қорғау саясатынсыз іске асты. Осыдан келіп, «Экономикадағы экологиялық жендеттік синдромы» пайда болды. Кеңес Одағы тұсында « Біз табиғаттан рақымшылық күтіп отырмаймыз. Оның бермегенін тартып аламыз» деген солақай тұжырым жасалғаны белгілі. Мұның арты неге әкелгені баршамызға аян.[11]
Қазақстан ғалымдары тағы бір экологиялық апат қаупін болжайды. Олардың айтуынша, Балқаш көлінің құрғап кету қаупі бар. Балқаш көлемі бойынша орталық Азиядағы төртінші көл болып табылады.Көлдің 3 миллион жергілікті халқының тұрмысы мен аймақ экономикасы үшін орасан зор мәні бар деп саналады. Көл жағасында тұратын жергілікті тұрғындардың өздері су деңгейінің соңғы 30-40 жылдар ішінде айтарлықтай азайғанын айтады. Көбі 3 миллион халықтың тұрмысына қажетті суды қамтамасыз етіп, аймақтың «қан тамыры» қызметін атқарып келетін Балқаш көлінің құрғап кетуінен сақтанады. Су деңгейінің төмендеуіне табиғи өзгерістер де ықпал етуде.[12]
2.2 «Қазақмыс» корпорациясының көлге тигізетін антропоэкологиялық әсері
«Қазақмыс» корпорациясы еліміздің табиғи қазба байлықтарын өндіру және өңдеумен айналысатын жетекші компаниялардың бірі. Компания мыс, алтын, мырыш, күміс, электр қуаты және мұнай өндіру салаларында елеулі активтерді иеленеді. «Қазақмыс» Қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші әрі 17 кенішке, 10 тау-кен фабрикаларына және екі мыс балқытушы өндірістік кешенге иелік етеді.
Кәсіпорын мыс рудасын өндіруден бастап мыс катанкасын және дайын мыс шығару өндірісіне толықтай интеграцияланған. 2010 жылы компания меншігіндегі кеніштерінен 303 мың тонна катодты мыс өндірді. Ал «Kazakhmys Copper» бөлімшесі басқа да металдардың ауқымды көлемін өндіруді жолға қойып келеді. Олардың арасында мырыш, күміс және алтын өндірісі жақсы дамығанын айтуға тиіспіз.
«Қазақмыс» тобы Лондон қор биржасында ең ірі 100 компанияның қатарынан ойып тұрып орын алған Қазақстанның ірі металлургиялық алыбы. Сондай-ақ, отандық қор биржасында да компанияның құнды қағаздары саудаланып жатқаны белгілі. Бүгінде корпорацияның өнімдерін өткізу көлемі 3,2 млрд. долларға жеткен. Осы ретте кәсіпорын шамамен 61 000 адамды жұмыспен қамтып отырғанын айта кетуіміз керек. Олардың басым көпшілігі қазақстандық азаматтар екені айтпаса да түсінікті.
«Қазақмыстың» стратегиялық мақсаттарына келер болсақ, алып кәсіпорын өндірістік активтерді оңтайландыру, өндірісті ұлғайту жөніндегі жобаларды іске асыруға және Орталық Азия аумағындағы табиғи ресурстарды игеру мүмкіндігін кеңейтуге баса мән беріп отыр. Осы ретте Қазақстанның металлургиялық алпауыты Балқаш мыс балқыту зауыты мен Жезқазған кен байыту фабрикаларында модернизациядан өткізіп, өнім өндіруді жаңа сапаға көтере бастады. Мәселен, «Қазақмыс» тобының Балқаш мыс балқыту зауытындағы №1-ші Ванюков қазандығындағы агрегаттарға алғаш рет мазут ысытқыш құрылғыларын пайдалануды қолға алды. Бұл құрылғыны қолдану қазандыққа жылу берудің жаңа тәсілі болып табылады. Жаңа технологияны енгізу мыс балқытудың сапасы мен тиімділігін арттыра түседі.
2011 жылы Ванюковтың қазандығындағы екінші агрегатқа жаңа құрылғы орнату жоспарланып отыр. Бұл үшін 700 мың АҚШ доллары қарастырылған. Қазандық агрегаттарын мазут ысытқыш құрылғыларымен жабдықтау сынақтарының нәтижесі өте жоғары. Бұл әдіс күкірт концентратын қайта өңдеуге және мыстың шөгінді шлакпен араласып кетпеуін қамтамасыз етеді. Мазут ысытқыш қондырғылар қауіпсіз әрі жұмыс істеуге қолайлы. Сондықтан мұны Балқаш мыс балқыту зауытына енгізілген инновациялық жетістік деп айтуға толық негіз бар. Жаңа технологияны ендіруге кәсіпорын қомақты қаржы жұмсаған. Сонымен қатар, «Қазақмыс» корпорациясы Жезқазған қаласындағы кен байыту фабрикасындағы тазарту жүйелерін модернизациялаудың бірінші кезеңін сәтті аяқтады. Бұл мақсатқа 50 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалған. Фабрикадағы тазарту жүйелерін заман талабына сай жабдықтау өндіріс ошағындағы экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған корпорацияның кешенді бағдарламаларының бір бөлігі болып табылады.
2011 жылға белгіленген жоспар бойынша өндіріс ошағын қайта жабдықтаудың екінші кезеңі іске асырылады. Бұл үшін шамамен 2 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінген. Жаңа қондырғылардың орнатылуы жұмыс орындарындағы ауаны тазартып, шаң-тозаңнан арылтып қарапайым кеншілердің қарқынды жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызып отыр. Кен байыту фабрикасындағы жұмыс істеп тұрған 78 тазартқыш қондырғылардың 57-сі жаңарған. Заманауи технологияға негізделген бұл қондырғылар шаңды басудың жаңа жүйесімен жарақтанған. Мамандар кәсіпорын модернизациядан өткеннен кейін, ауаны шаңнан тазартып отырудың тиімділігі 75 пайыздан 99,5 пайызға дейін жоғарылайтынын тілге тиек етуде.1953жылы Балқаш көлінің солтүстік-шығыс жағалауындағы Тораңғылық бұғазында «Балқаштүстіметалл» өндірістік бірлестігінің және жылу-электр орталығының қалдықтар сақтайтын қоймасы іске қосылды. Аумағы атшаптырым жерді алып жатқан «қоқыс қалашығының» сол дәуірдегі жоспарлы қызмет мерзімі 2010 жылға дейін деп белгіленген екен. Міне, арада 50 жылға таяу уақыт өткенде, осы жылдар ішінде қоймасына кен байыту фабрикасы шығарған қалдықтардың 600 миллион тоннаға таяу қоры, оған қоса 15 мың тоннаға жетеқабыл күл жинақталған қалдық сақтау орталығы биылғы жылы жабылуы керек.
Балқаш қаласының, Көкше теңіздің экологиялық хал-ахуалы туралы соңғы жылдары жиі әңгіме қозғалып келеді. Бетпақдаланың құмы Табақкеңтақыр атты тасты шөлге ұласатын, солтүстігінде Арқаның ұсақ шоқыларына жалғасар өңірдің шегінде орналасқан мысшылар қаласының экологиялық ахуалы шын мәнісінде сын көтермес жағдайда. Біз жоғарыда мысалға келтірген қалдықтар сақтау қоймасына өнеркәсіптік күл-қоқыспен бірге «Балқаштүстіметалл» өндірістік бірлестігінің кәсіпорындары пайдаланған су да құйылады. Көл жағасынан небары 300 метр жерде орналасып, аумағы 1742 гектарды қамтып жатқан қоймада 30 361,0 мың текше метр шайынды жинақталған. Осынау көлшіктің сапалық құрамын тексерген экологтар көл жағасындағы шайынды суда ауыр металдардың иондалу процесі тұрақты жүріп жатқанын, оның айнала қоршаған ортаға тұрақты түрде ауысып, таралып жатқанын айтады.
Балқаш көлінің жағалауында байыту комбинаты алғаш салына бастаған өткен ғасырдың отызыншы жылдарында академик Қаныш Сәтбаев «Комбинаттың құрылысы дұрыс жобаланбаған» деп жазған болатын. Сол тұста Балқаш мыс-металлургия зауыты құрылысының орнын таңдау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның мүшесі бола жүріп, ғалым Қоңырат кенішінің, Балқаш комбинатының ауызсу қоры аздау алапта, теміржол құрылысы әлі тартыла қоймаған кезеңде салынып жатқанын сынаған екен.
Қ.Сәтбаевтың сол дәуірде тілге тиек еткен жайттары уақыт алмаса келе күрделі мәселелерге айналып отырған жайы бар. Жетісудың жеті өзені құятын Балқаш көлінің айдыны табиғат тылсымының күшімен жартылай тұщы, жартылай ащы сулы. 2008 жылы республикалық бюджеттің қаржыландыруымен құны 1328, 0 миллион теңге тұратын Тоқырауын-Балқаш су жүйесі салынып, қолданысқа берілді. Тоқырауынның құмға сіңіп, көлге жер асты жылғалары арқылы құятын суын сору үшін Төменгі Тоқырауын алабына жеті бұрғы орнатылған. Мамандардың айтуынша, қала тұрғындарын сумен толық қамтамасыз ету үшін жеті бұрғы емес, 46 бұрғы керек екен. Ал Балқаш пен қала маңындағы Қоңырат, Шығыс Қоңырат, Шашубай кенті тұрғындары ауызсу тапшылығын ілгеріден сезініп келеді. Қала іргесіндегі әскери бөлімдер мен Тораңғылық ауылының тұрғындары ауызсуды Балқаштан алдырып ішеді.
Ал Арқаның шағын өзендері қатарынан саналатын Тоқырауын өзенінің де соңғы жылдары арнасы тартылып, жағасындағы тал-бұта сиреп кеткен. Атауының өзі тоқырап ағар момақан жайын меңзеген Тоқырауын Балқаштың 46 бұрғысы бірдей қосылса, тамыры құрғап, талықсып қалатынын да айтады мамандар…
Тұрғындар тұтынатын ауызсудың мәселесімен бірге мұнда тұрмыста пайдаланылған су шайындылары шығарылатын құбырлар жайы да қалыпты емес. Мысшылар шаһарының барша шайынды суы арнайы құрылғылармен тазартылмаған күйде Көкдомбақ ойпатына құйылады. Көкдомбаққа су айдайтын коллектордың қысым туғызар бөлігі, міне, бірнеше жыл бойы үзіліссіз пайдаланылып келеді. Осы коллектордың едәуір бөлігі темір-бетон құбырлардан жасалғандықтан, аралық суағарлар темірден жасалғандықтан жиі болатын апатты жағдайлар маңайды тұтастай ластандыруда.
Қаланы сумен қамтып отырған 165 шақырымдық су жүйесі құбырлары мен 157 шақырымға созылып шарбақталған канализациялық құбырлар сонау 1934 жылы салынған. Қазір бұл құбырлардың 80 пайызы жарамсыз десек те болады. Сондықтан да, Балқашта бір үйдің құбыры жарылса, тұтас тұрғын орамы сусыз қалатын оқиға өте жиі болады. Осынау орайсыз шаруаның бір ұшы Балқашта құбырларды тазартумен айналысатын мекеменің жоқтығына барып тіреледі. Эколог мамандар бұл орайсыздықты осыдан бірер жыл бұрын «тарихи шешімін күткен мәселе» деп тапқан болатын. Қазір қаланы инженерлік қорғау жүйесіне керекті шаруалар шешімін күтіп, тазалау орталығының құрылысы жүргізіліп жатыр.
Қала маңында жинақталған тұрмыстық-өнеркәсіптік қалдықтарды залалсыздандыру тарапында, негізгі жұмыстар арнайы полигонда жүргізілуі керек. Мұндай полигон қаладан сегіз шақырым жерде орналасқан. Мұнда тұрмыстық қалдықтан гөрі өнеркәсіптік қалдықтар басым. Осының өзі едәуір мәселе тудырады. Мәселен, аталмыш полигонда қазір 4 298,634 мың тонна өнеркәсіп қалдықтары қордаланса, мұның 4 290,42 мың тоннасы қауіптілігі үш және төрт класты болатын заттар. Өнеркәсіп қалдықтарын залалсыздандыру жұмыстары небары 12 пайызға орындалып отыр. Жалпы, Балқаш аймағындағы зиянды қалдықтарды жою мәселесін шешу үшін салалық және аймақтық үлкен бағдарлама керек. Олай болмаған күйде, экологиялық ахуал жақсара қоймайды…
Қадағалаушы орган өкілдерінің айтуынша, Көкше көлдің ластануына барынша үлес қосып отырғандардың басында Балқаш түсті металлургия зауыты тұр. «Қазақмыс» корпорациясына қарасты бұл өндірістік бірлестіктің бұлайша тайраңдауына қоршаған ортаны қорғау мекемелерінің салғырттығы «дем беріп» отырған көрінеді. Тиісті органдар лас қалдық суды көлге тоғытатын өндірістік арнаның қоршаған ортаға келтіретін залалын тексермеген, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізуді қолға алмаған. Осыған байланысты, Қазақмыс корпорациясы басшылығының атына және Нұра-Сарысу экологиялық департаментіне ұсыныстар жолданыпты.
Сондай-ақ тексеріс нәтижесі Нұра өзенінің ахуалы да оңбай тұрғанын көрсетті. «Өзен маңындағы аумақ күл мен тұрмыстық қалдықтардың қоймасы болуға шақ қап тұр. Өзеннің арнасын толтыратын негізгі салалар — Шерубай-Нұра мен Соқыр өзені суларының құрамында мұнай өнімдері, фенол, аммоний азоты, нитриттер мен органикалық заттардың көрсеткіші жоғары екенін көрсетті.
Биылғы жылы 85 мың тонна балық аулау жоспарланып отыр. Мұның ішіне теңіз, өзен-көлдің балықтары кіреді. Кейбір мамандар балықтың азаюына табиғаттың құбылысы әсер етеді деген сыңай танытады. Бұл мәселеге кейіннен тоқталамыз. Қазақстанның экспортқа балық өнімдерін шығаруы ертеде де болған, қазір де жалғасын табуда. Мәселен, 2008-2009 жылдары экспортқа 37 мың тонна балық өнімі шығарылған. Тұтынушылар – Ресей, Германия, Литва сияқты мемлекеттер. Ал, өзімізге шет елден көбінесе мұхит балықтары импорт ретінде жеткізіледі. Оның көлемі 58 мың тоннаға дейін жетеді. Балық шаруашылығын өркендету үшін Елбасы Н.Назарбаевтың қолдауымен жаңа заң қабылданды. Мұның ішінде балық шаруашылығын барынша көтеру, мәденитетін дамыту, балық өсіруге қолайлы жағдай жасау қарастырылып отыр. Тіпті субцидия бөлу де ойластырылған. Әрине, бағдарлама, заң қабылдағанмен түпкі шешім қаржыға келіп тіреледі.
Көрші Қытай мемлекеті жылына 42 млн. тонна көлемінде балық өнімдерін өндіреді. Оны адам басына шаққанда 32-33 келіден келеді. Ал, Қазақстанда жалпы өндірген балық өнімі адам басына шаққанда 4 келіден ғана келіп отыр. Ғалымдар да қарап отырған жоқ сияқты, олардың есебінше, қазақстандықтарды қанағаттандыру үшін адам басына 14 келі балық өнімі керек. Осы жоспарды қанағаттандыру үшін жылына 272 мың тоннадай балық аулау қажет. Бір қызығы елімізде осы балық өнімін өңдейтін кәсіпорынға балық Ресейден әкелінеді. Әзірге өнім Алматы, Астана, Қостанай, Қарағанды, Ақтау қалаларына жөнелтілуде. Балқаш көліне балық тұқымын өсіріп жіберу күні бүгінге дейін нақты белгіленген жоқ. Балқаш балығын молайтып, оның уылдырық шашуына мүмкіндік жасау, нақты бір қамқорлық көрсету – кезек күттірмейтін жайт. Балық өсіретін тоғандарды жүзеге асыру керек. Ертеде Бектауата маңында сондай тоғанның болғаны анық. Балқаш көлінің тағы бір байлығы – ондатр. Бүгінгі күні ондатрдың тұқымы құруға айналған. Малға азық іздегендер қамысты шапты. Ал, ондатр қамыспен күнелтеді. Көл маңын туристік өлкеге айналдыру жөнінде біраздан бері әңгіме қозғалып келеді. Қазір де шет елден дем алушылар келіп, жаз айында көлдің рахатын көреді.
Балқашқа арнайы іссапармен келген Елбасы Н.Ә.Назарбаев шет елге барудың қажеті қанша, мынандай табиғаттың өз сыйы – Балқаштың айна көлі тұрғанда деп тиісті орындарға тапсырма берген. Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының хатшысы Боранбай Кенжебеков те туризм жөнінде өз ойын бөліскен.Балқаш көлі жағалауында туризмді дамытуда мардымды ештеңе қолға алынған жоқ. Мына Ақжайдақ жағалауын тілге тиек етіп жүргендер бар. Құптаймыз, туризмге сұранып-ақ тұр. Бірақ, ауыз су мәселесі қалай шешіледі. Туристерді жағалауға жеткізу үшін қазіргі заманның жайлы ұшқыр техникалары керек. Соның негізін дәл бүгіннен бастап қолға алмасақ ертең кешігеміз.Көлге қамқорлық жасай отырып, игілікке пайдаланатын тұстары баршылық. Тек демалу емес, туристік саяхат жасауға да бетбұрыс жасаған жөн. Әзірге, бизнестің бір түрі – көл үстіндегі сервистің жоқтығы. Дүние жүзінде сирек кездесетін ғажайып Тораңғы тоғайын аралатып, көрсетудің өзі неге тұрады. Мұнан бірнеше жыл бұрын «Балқаш түстімет» ӨБ-нің көл үстіне саяхат жасайтын арнайы кемесі болды. Бір-екі сағаттың ішінде көлдің үстін айналып, тұрғындарды шаттыққа бөлейтін.Бұрын Талдықорған өңіріндегі Текеліде қорғасын өндірілген. Қазір де сол өзен арқылы қалдық шлактар көлге түседі екен. Әсіресе, жауынды-шашынды күндері көрініс беріп қалады. Оның өзі де көлдің табиғи қалпын сақтауға кері әсер ететіні сөзсіз. «Балқаш түстімет» ӨБ 1995 жылдан бері өндірісте пайдаланған суды көлге жібермейді. Бертіс бұғазының түбі тазарып келеді. Институт ғалымдары көл түбіне шөккен руданың қалдықтарын зерттеді. Олардың топшылауынша бұл қалдықтардың суға аса зияны жоқ екен. Газбен қосылып ұшқан кейбір зиянды қалдықтарды көл суы бойына сіңіре бермейді, ұшып кетеді. Әрине, ауаға тараған соң зияны болады. Аймақтың экологиясы күкірт қышқылы цехы іске қосылғанан бері біраз жақсарды. Мәселен, 2008 жылдың маусымынан бері өндірістің күкірт диоксидін пайдаланып, күкірт қышқылын алу жүзеге асырыла бастады. Күкірт қышқылы цехының газды толық пайдалануы – металлургия өндірісінің қалыпты жұмыс жасауының бірден-бір көрінісі.
Балқаш көлі стансасының «Казгидромет» кешенді лабораториясы қаланың төрт бақылау орнында атмосфералық ауа тазалығының мониторингісін жүргізуде. Демек, қоршаған ортаны қорғау гидромет лабораториясының мәліметі бойынша, атмосфералық ауа сапасы жақсарып келе жатқанға ұқсайды. Диоксид күкіртінің шамадан тыс жіберілуі азайды. Алайда, жүйелі жүргізіліп отырған сараптама экология саласында кемшіліктің бар екенін айғақтайды. Тексеру барысында орынсыз шығарындылар кездескені анықталды. Мемлекеттік экологиялық талаптарды орындамау, қоршаған ортаны ластау көздерін тізімдеу жобасы жүзеге асырылмаған. Көпшілік жағдайда өндіріс процесінің мониторингісі өткізілмейді. Шаң тазарту тұтқыштары пайдаланылмайды. Өндіріс қалдықтарын рұқсатсыз өртеу жиі кездеседі. Енді бір сәт «Казгидромет» қоршаған ортаны қорғау лабороториясының мониторингісіне жүгінейік.
Соңғы кезде Балқаш көлінің Бертіс шығанағындағы құбыр жүйесінің істен шығуына байланысты шаруашылық тұрмыс суларының төгінділері жіберілген. «Балқашсу» кәсіпорны да рұқсат етілмеген апатты төгінді су жіберген. Қала кәсіпорындары арасында Балқаш жылу электр орталығы ғана көлге төгінді құяды.
Көлдің негізгі қайнар — көзі Іле өзені болып табылады. Іле суының басым бөлігі Қапшағай су қоймасын толтыру үшін және ауыл шаруашылық мақсаттарында қолданылатындықтан, Балқашқа келетін су мөлшері табиғи деңгейден едәуір кем боп шығады. Қытай болса, Іле суын батыс Қытай аймақтарын дамыту үшін елеулі көлемде қолданайын деп отыр.
Көлдің деңгейін қадағалап жүретін ғалымдар «Балқашты қорғаудың арнайы шаралары енгізілу керек» дейді. Алайда арнайы шаралар тұрмақ, көлдің құрғап біту қаупі астында қалғанын жұрт біле де бермейді. Әйтсе де, қарапайым халық қауіптің бар екенін білмегенімен, ғалымдар бұл проблемамен талай жыл айналысып келеді. Балқаш көлі құрғап кетсе, аймақта экологиялық апат орын алып, жергілікті халық басқа жерлерге көше бастауы мүмкін. Балқаш Аралдың тағдырын тартса, зардап шегетін Қазақстан ғана емес бүкіл Еуразия аймағы болмақ. Балқаш тек біздің ғана табиғи қазынамыз емес, ол- бүкіл әлемнің қазынасы. Аралдың ғаламдық дәрежедегі ықпалы жөнінде бәрі де біледі. Оның құрғап кетуі тек Орталық Азияға ғана әсер етпей, Қытай, Монғолия, Еуропаға да теріс әсерін тигізеді. Сондықтан көлдің құрғап кетуін болдырмау шараларын бүгіннен бастап енгізбесе, Балқаштың суы, көлді мекендеген құстар, айналасында тұратын халық он жылдан кем уақыт ішінде осы жерден ғайып болуы әбден мүмкін.[13]
Балқаш көлімен шектесетін облыс әкімдіктерінің жауапты қызметкерлері мен эколог — мамандар кездесіп, аталған көл мен сол өңір аумағындағы су бассейндерінің қазіргі хал- ахуалына катысты сөз қозғап, ондағы экологиялық жағдайды жақсартуға байланысты мәселелерді қозғаған. Олар Қытай мемлекеті суғарылатын жер көлемін көбейтпесе деп алаңдап отыр. Болжам бойынша, аспанасты мемлекеті жыл сайын суғармалы жер көлемін 3,64 есеге өсіруі әбден мүмкін. Бұл өз кезегінде Іле — Балқаш бассейнінің су балансына кері әсерін тигізіп, Балқаш көлінің жағдайын нашарлатып жібермек. Мұндай жағдайда Балқаш Арал тағдырын қайталауы да мүмкін. Қазіргі кезде мамандар бұл апаттың алдын алу үшін түрлі шараларды іске асырып жатқанын айтады. Мәселен, Балқаш көлінің экожүйесін анықтайтын ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде, сол сияқты, көлдің ауасы мен су сапасын анықтайтын арнайы жүйе іске қосылды. Бірақ, бұл шаралардың нақты нәтижесін көру үшін қытайлық мамандар осы мәселенің түпкілікті шешілуіне ат салысуы керек.
Ал, егер біздің көрші мемлекет Іле өзені суының 15 пайызын иеленіп жатса, онда келешекте Аралға туған күн Балқашқа да келмек. Бұл өз кезегінде климаттың өзгеруіне де әжептеуір эсер етуі ықтимал. Сол себептен Балқаш проблемасын шешу үшін, бұл мәселені, қалайда халықаралық деңгейде көтеріп, дүниежүзіндегі мемлекеттер назарына шығару керек.
Балқаш көлі тек су көзі емес, ол біздің климатты қалыптастырушы нысан. Егер көл жойылып, оның маңы тұзға айналатын болса, онда біздің тауларға тұз жауатын болады. Олай болған жағдайда біздің қорда тұрған суымыз да жоғалар еді. Қазіргі кезде көлдің деңгейі жаман емес, бірақ судың сапасы нашар, суда жүзетін балықтар түрлі ауруларға шалдыққан. Ал, бұл мәселені шешуге арналған арнайы бағдарлама жоқ, отандық ғалымдар өз еркімен жұмыс істейді, бірақ нақты қаржылай қолдау болмағандықтан оның нәтижесі болмай жатады. Балқаш мәселесін Қытаймен бірлесіп шешу керек, жалпы сол бағыттағы трансшекаралық өзендердің проблемасы реттелуі тиіс. Ал мұндай келісімге келу үшін екі мемлекет келісім шартқа отырып, тәртіп орнату қажет. Себебі, Іле мен Қара Ертіс өзендері, негізінен, осы екі республика аумағына ағады ғой.
Ендеше, жыл сайын екі ел қанша су алатынын анықтап алуы тиіс. Сол сияқты, жіберілетін су қай мерзімде қай мемлекетке ағызылатынын да белгіленуі қажет. Сосын барып бұл мәселелер бойынша екі мемлекеттің Сыртқы істер министрліктері деңгейінде құжаттар дайындалып, оларға қол қойылуы керек. Ал, біздің сыртқы істер министрлігінің мамандары осындай шаруашылық мәселелерін айтарлықтай деңгейде көтере білуді қажет деп ойлайды. Министрлік мамандары жақсылап экологиялық проблемаларды саудаға салып, оларға да, бізге де тиімді етіп, ел мүддесін қорғай алатындай болуы тиіс, мәселен, Шардара су қоймасының мәселесін шешу үшін Өзбекстанмен қанша келіссөз жүргіздік, бірақ оған қарамастан жыл сайын бізді су басып кетеді.Себебі, Сыртқы істер министрлігінің мамандары экологиялық проблемаларға жеткілікті көңіл бөліп, эколог мамандардың пікіріне құлақ аспайды.
Кез келген елдің экологиялық проблемалары көршілес мемлекеттердің экожүйесіне міндетті түрде әсер етпей қоймайтыны белгілі. Қазіргі жаһандану уақытында көптеген елдердің мамандары әлемнің әр түпкірінде туындаған экологиялық проблемаларды бірлесіп шешу қажеттігін түсініп отыр. Біз үшін көрші Қытай, Ресей және Орталық Азия мемлекеттерімен арадағы қарым-қатынасты нығайту маңызды рөл атқарады. Әлбетте, Қазақстанды аталған мемлекеттермен тек тарихи, мәдени және экономикалық мәселелер бойынша ғана байланыстырып тұрған жоқ, сонымен қатар аймақтағы ортақ экологиялық жағдай да жақындастырады.
Соңғы 10-15 жылда аймақтағы кейбір су бассейндері мен Балқаш көлі төңірегінде экологиялық жағдай тым нашарлап кеткен. Атап айтқанда, ол өңірлердегі өзен-көлдердегі судың құрамында түрлі химиялық қалдықтар мөлшері бірнеше еселеп артып, ондағы балықтар саны азайған. Осы орайда ел үкіметінің алдына қойып отырған басты мәселе -Балқаш көлін тым болмаса бүгінгі көлемінде сақтап қалып, аймақтың экологиялық жүйесін оңалту болып отыр. Сөз жоқ, бұл көлдің болашағы тек Қазақстанның ғана қолында тұрған жоқ. Оған әсіресе, Қытай Халық Республикасының да тікелей қатысы бар. Мәселен, Қытай жерінен бастау алатын кейбір өзендер біздің ел аумағына жеткенше бірнеше метрге таязданады және оның су құрамынан сульфат, нитрит, пестицит пен ауыр металдар анықталған[14].
Қазақстандық су мамандары «егер шұғыл шара қолданылмаса жақын жылдары Балқаш көлі Арал қасіретін тартады» деген болжам айтып отыр.
Мамандардың есебі бойынша, Қазақстандағы 100 текше километр жер беті су қорының тек 55 пайыздан асатын бөлігі Қазақстан аумағында құралып, қалғаны көршілес республикалардан алынады екен. Балқашқа құйылатын судың 80 % Іле өзені берсе, қалған 20 % басқа өзендер береді. Егер Қытай жағы Іле суының 15 пайызын ғана алса, Балқашқа Арал теңізінің кейпін кию қаупі арта түседі.
Қытай қазір Шыңжаң-Ұйғыр ауданына орталықтан көптеп адамдар көшіріп, онда керемет ауыл шаруашылығын дамытып, өнеркәсіп орындарын салып жатыр. Оның бәріне су керек. Сондықтан олар қазір Іленің бойында көптеген су қоймаларын салып, қатты жұмыс істеп жатыр. Қазір дүние жүзінде ауа райының жылуы салдарынан біздің таулардағы мұздар еруде. Соның салдарынан әзірге Балқаш өз деңгейін ұстап тұр, болмаса баяғыда-ақ екінші Арал болар еді. Бірақ таудағы мұздардың еруі де қауіпті мәселе, себебі екі жарым мың километр жердегі Аралдан ұшқан тұздар тау мұздықтарына шөгіп оны тез ерітіп жатқанын ғалым мамандар тексеріп айтып отыр. Балқаш бес жүз шақырым жерде ғана. Біз өткен ғасырдың елуінші жылдарымен салыстырғанда тау мұздықтарының 3/1 жоғалтыппыз. Бұдан әрі мұздықтар одан да тез ериді деген болжам бар. Егер мұздықтар еріп кетсе, Балқаш батпаққа айналып, бұл маңай шөлейттенуге ұшырайды.
Кезінде жылына 16 текше километр суды Балқашқа құйып отырған Іле қазір, тек қана 11 текше километр су құйып отыр. Демек, қытайлықтар 5 текше километр суды алып жатыр. Алда оны жетіге дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Сондықтан Іленің болашағы өте қауіпті. Біз осы жолмен кете берсек, Балқаш Аралдың кейпін киеді. Бірақ Арал теңізі суының көлемі мен ауқымы арқасында жиырма жылға шыдады ғой, ал Балқаш тез арада — үш-төрт жылда суалып кетеді, себебі ол өте таяз, көлемі Аралға қарағанда он есе аз. Қазақстан көршілес Қытаймен шекаралас өзендер мәселесін реттеуге ұмтылып келіссөздер жүргізіп жатқанына жеті жылдан асты. Қытай шекаралық өзендер туралы халықаралық конвенциялардың біреуіне де қол қоймай отыр.
Қытай мен Қазақстанның көзқарасы бір-біріне қайшы келіп жатыр. Уақыт созу қытайлықтарға тиімді және олар әдейі созып, өздерінде үлкен суару кешенін салып алып, «іс бітіп, қу кеткеннің» тірлігін жасамақшы көрінеді[15].
Балқаш көлінің ластануы қазіргі кездегі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Бұл өңірде болып жатқан қазіргі антропогендік оның ішінде техногендік процестер әсері шегінен асып отыр. Осыған орай, біз зертеулерімізде статистикалық әдістерді қолдана отырып, оның ішінде корреляциялық және регрессиялық талдаулар арқылы Балқаш көлінің суының ластануы мен ихтиофаунаның көлемінің тәуелділігін анықтадық. Көптеген шетелдік және отандық зерттеулерде келешекке болжау жасау үшін статистикалық әдістер қолданылады. Бұл әдістер табиғи ресурстарды сақтауға және қайта қалпына келтіруге және де пайдалану стратегиясын жасауға көмектеседі.
Балқаш өңірінің қазіргі биоресурстар жағдайын талдай отырып, оның қорының төмендеп, жойылуға шақтығын көреміз. Сондықтан да экожүйені қалпына келтіру және сақтау үшін, биоресурстарды сақтау сценарийлерін қарастырып, оның техногендік әсерінің тәуелсіздігін, оның ішінде көлдің түрлі ингредиенттермен ластану деңгейін анықтау қажет болады. Зерттеулердін мақсаты өңірдің қазіргі экологиялық жағдайына баға беру, кешенді ластауыш ингредиенттердің ихтиофаунаның өсуіне әсері және ауланатын балық көлемінің тәуелділігін анықтау, сонымен қатар осы ластанушы ингредиенттер әкелетін экономикалық шығынның көлеміне баға беру болып табылады. Зерттеулерді қазіргі компьютерлердегі арнайы технологияны пайдалана отырып іске асыруға болады. Технологияның негізіне аумақты экологиялық жағдайына және ластаушы ингредиенттеріне карап аудандастыру және ластануына байланысты келтірілетін шығынды есептеу жатады . Бұл технология осы мәселелерді зерттеуде және оны шешуде, басқаруда, болжауда көмектеседі. Біз Балқаш көлінің ластануынан, Балқаш мыс комбинатына келетін экономикалық шығынды есептедік.Бұл қоршаған ортаға әкелетін экономикалық шығын күнен-күнге өсуде, бұл жағдай Балқаш көлінің экожүйелерінің деградациясына әкеліп соқтыруы мүмкін.[17]
2.3 Балқаш көлі суының құрамындағы ауыр металдардың деңгейі
Балқаш көлінің суында көптеген микроэлементтер бар, соның ішінде ауыр металлдар алдыңғы қатарда орын алады. Олар көлдің жағалауларында орналасқан өнеркәсіп орындарынан жіберілген ақаба сулармен келіп түседі және түтінмен шыққан улы заттардың атмосферадан су бетіне түсуінен құралады. Балқаш маңы топырағы құрамындағы ауыр металлдар келтірілген. Салыстыру үшін Жердің граниттік қабатындағы ауыр металлдардың құрамы қатар келтірілген.
Көлдің түптік шөгінділерінде және Бертіс қойнауында көптеген элементтердің — титан, марганец, барий, ванадий, хром, никель, молибден және кобальт Жердің граниттік қабатындағы құрамындағы концентрациясына жақын. Стронций, мыс, қорғасын, молибден сынды металлдар фондық құрамынан біршама есе жоғары, бұл жағдай антропогендік факторлардың өсуімен түсіндіріледі.
Бірқатар элементтердің — мырыш, мыс, қорғасын сияқты элементтердің Бертіс қойнауы топырағы құрамында өте жоғары концентрацияда болуын ерекше атап өткен жөн. Оның себебі 50 жылдан астам уақыт бойы Балқаш тау-металлургиялық комбинатының (БТМК) ақаба сулары осында жіберіліп отыруымен түсіндіріледі. Батыс Балқаш пен Біртіс қойнауында қалайының ондық концентрациядан біршама жоғары екендігі анықталып отыр, ал кадмийдің құрамы өткен жылдары тек жекелеген учаскелерде кездесіп отыр, сондықтан оның концентрациясының өсуі туралы айту әлі ертерек[18].
Ауыр металлдардың көл суында таралуы біршама басқаша болып келген. (Кесте 2). Зерттеулер көрсеткендей микроэлементтердің құрамы жылдан-жылға және жыл ішінде өзгеріп отыратыны анықталды. Осы жағдаймен әртүрлі авторлардың алған нәтижелерінің бір-бірінен өзгешеленетіндігі түсіндіріледі.
Кесте 2 көріп отырғандай алдыңғы жылдары марганец, мыс, мырыш, барий, титан, бор концентрациясы төмендеу болса, ал 2011 жылы никельдің, мырыштың және кадмийдің шектік концентрациясы (ПДК) жоғары болып келген. Балқаш суының өнеркәсіптен шығатын ақаба және тұрмыстық қалдық суларымен ластануы жоғары болып отыр. Таранғалық қойнауында ТКК-ының қалдықтар сақтау орнынан келіп түскен мыс концентрациясы 35-300, фенол мен мұнай өнімдерінің концентрациясы 4-6 ШРК құрап отыр.Көлдің ең ластанған бөлігі Балқаш қаласына жақын орналасқан Бертіс қойнауында мыстың ШРК-сы 10 есе, мырыштікі 2ШРК-ға жетіп отыр. Бұл жерге сонымен қатар мыс қорыту зауытынан күніне 75 тонна зиянды химиялық заттар төгіліп отырғаны мәлім болып отыр (Электрохимия институтының мәліметтері бойынша).
Дегенмен аса зиян шектіріп отырған жағдай көлдің және қоршаған ортаның ауадан ластануы болып отыр. Яғни, комбинат мұржаларынан жылына 9 мың тонна әртүрлі зиянды (улы) химиялық заттар көл айдынына түседі .
ҚР ҰҒА мәліметтері бойынша бірқатар ауыр металлдар тұздарының ШРК -сы 3,3-тен 10,6-ға дейін өсіп отырғаны белгілі. Бұл жағдай соңғы 20 жыл ішінде фитопланктонның 2,5 есеге төмендеуіне әкеліп соқтырды. Мәліметтерге сүйенсек, көлге жыл сайын Балқашмыс зауытынан 90 млн тонна ақаба су құйылады екен, ал олармен бірге көл айдынына 300 кг-нан артық мыс, қорғасын және күшала (мышъяк) келіп түседі (кесте 2)[19].
кесте 2
Балқаш көліндегі ауыр металдардың аймақ бойынша таралуы 2011 жыл, мкг /дм.
Элемент |
Батыс Балқаш |
Шығыс Балқаш |
|||||
|
аудан |
|
аудан |
||||
|
I |
IV |
ІІІ
|
V |
VI |
VII |
VIII |
Марганец Хром Қорғасын Мыс Мырыш Никель Кадмий |
40 21 50 10 60 44 62 |
27 150 60 11 20 29 71 —
— |
34 220 80 35 70 52 7
—
— |
36 245 90 10 44 68 13 —
— |
53 240 10 11 28 71 15 —
— |
46 180 130 12 24 74 20 —
— |
53 170 150 12 36 79 23
—
— |
Кесте 3. Балқаш көлінің көп жылдық химиялық көрсеткіштерінің өзгерісі.
Жыл |
пермангаттық тотық |
Минералды азот мг/дм қосындысы |
Минералды ерітілген фосфор |
Судың минералдығы г/дмЗ |
2001 |
7,4 |
0,293 |
0,017 |
3,20 |
2002 |
9,0 |
0,293 |
0,026 |
2,98 |
2003 |
7,8 |
0,330 |
0,034 |
2,90 |
2004 |
7,4 |
0,362 |
0,040 |
2,90 |
2005 |
6,7 |
0,158 |
0,019 |
2,93 |
2006 |
6,8 |
0,137 |
0,025 |
3,01 |
2008 |
5,9 |
0,097 |
0,025 |
3,02 |
2009 |
6,5 |
0,110 |
0,016 |
2,91 |
2002 |
10,2 |
0,144 |
0,014 |
2,90 |
2003 |
6,6 |
0,106 |
0,015 |
3,01 |
2004 |
7,6 |
0,090 |
0,014 |
3,05 |
2005 |
8,8 |
0,086 |
0,018 |
3,08 |
2006 |
8,7 |
0,278 |
0,014 |
2,84 |
2007 |
(8,2) |
(0,265) |
(0,023) |
(2,6) |
Балқаш көліндегі минералды судың бөлінуі және көлдің көлемін ұлғайтуға үлесі бар бірнеше өзендер өз әсерін тигізуде. Балқаш көлінің батыс жағы минералды, оңтүстіктен гөрі тұзы аз. Бірнеше жылдар бойы алынған анализдер бойынша көлдегі тұздың мөлшері 40 — 50%0. Осы тұздар көлдің 8 гидрохимиялық ауданында минералдың көбеюі аңғарылды. Сонымен қатар 1970 — 90 жылдары аталған аудандардағы 35%0 тұз, ал 2004 — 2005 жылдары 47%0 ке жетті. Балқаш көлінің тұздылығы Кестеде көрсетілген.[20]
Кесте 4. Балқаш көлі суындағы еритін тұздар саны, млн.т
Жылдар |
Су деңгейі |
Батыс Балқаш |
Шығыс Балқаш |
|
Көл |
||
|
метр |
г/дм3 |
млн т |
г/дм3 |
млн т |
г/дм3 |
млн т. |
1929 |
184 |
1,31 |
55,3 |
3,88 |
188,5 |
2,50 |
243,8 |
1931
|
209 |
1,37 |
66,7 |
3,82 |
226,0 |
2,69 |
292,7 |
1938 |
150 |
1,56 |
63,3 |
4,04 |
217,3 |
3,07 |
290,9 |
1951 |
197 |
1,11 |
52,3 |
4,40 |
252,9 |
2,93 |
305,2 |
1968 |
211 |
1,04 |
55,1 |
4,42 |
258,1 |
2,90 |
313,2 |
1979 |
183 |
1,22 |
57,0 |
4,03 |
226,1 |
2,76 |
233,1 |
1988 |
279 |
1,10 |
62,1 |
3,47 |
221,0 |
2,39 |
288,0 |
1999 |
118 |
1,85 |
65,3 |
4,43 |
224,6 |
3,21 |
289,9 |
2008 |
147 |
1,42 |
60,3 |
4,00 |
241,0 |
3,14 |
301,0 |
1958 — 1961 жылдары қар, жаңбыр суының көбеюінен карбонат қышқылы төмен мөлшердегі тұзбен қосылды. 1999 — 2007 жылдары тұздың мөлшері өте төмен мөлшерді көрсетті. Соңғы жылдары Қапшағай су қоймасы салынғаннан бері Іле өзенінің гидрохимиялық режимі бұзылған. Соңғы жылдары 5,04 млн. тұз, ал 1970 — 1989 жылдары жыл сайын 4,60 млн түсіп отырды. Тұз құрамы әр түрлі деңгейде көріне бастады. Жазды күні 0,4 — 0,6 г/дм3 , ал тамыз айында 0,2 — 0,3 г/дм3. Орта есеппен көп жылдар бойы көлдің ауқымы 10,3 км3 — 1970 — 1989 жылы, 11,2 км2 — 1999 — 2007 жж. Соңғы жылдары 5,04 млн тұздар Іле өзені арқылы 4,60 млн.тоннаға дейін түсті. Келтірілген мысалдар бойынша көлге келіп құйылатын өзендердің минералды сулардың азаюы үлкен әсер етуде.[21]
Ертеректе үлкен су ағысы Іле өзенінде жаздың күні құятын оңтүстік Балқаш пен батысына қазіргі уақыттан гөрі аз мөлшерде түсетін. Қазіргі уақытта өзен ағысының баяулауына байланысты Батыс Балқашта тұздың түсу мөлшері көбеюде. Жел қатты тұрған жағдайда тұзды сулар қозғалысы арқылы Іле өзенінің режимі бұзылуда.[22]
- Балқаш көлінің қазіргі сапалық жағдайын бағалау және қоршаған ортаны қорғау шаралары.
3.1 Көлдің қазіргі сапалық жағдайын бағалау.
Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Іле-Балқаш экология комитеті Балқаш қаласы бойынша Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 09.01. шыққан Экологиялық Кодексін, ҚР әкімшілік құқық бұзу Кодексін және т.б. заң актілерін басшылыққа алады. Инспекторлардың негізгі міндеттері тұрғындардың экологиялық мәдениетін көтеру мақсатында экологиялық білім жөнінде үгіт — насихат жұмыстарын және қоршаған ортаны қорғау мәселесі төңірегінде мемлекет саясатын жүргізу.
Инспекторлық тексерістер 2009 жылы келісілген жоспар бойынша жүргізіліп отырды. 2009 жылғы жоспар ҚР ҚОҚ Министрлігінде бекітіліп, ай сайын Қарағанды облысы бойынша УКПС жэне СУ мен келісіліп отырды.
Тексеріс жоспарына шағын және орта кәсіпкерлік субьектілер кіргізілді, бірақ 2009 жылдың 1 жартыжылдығында инспекциялық тексерістер ҚР Үкіметінің 21.02.08 жылы шыққан №178 «Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерді тексеруге жарияланған мораторий» қаулысының шығуына байланысты жүргізілген жоқ.
Өтпелі кезең ішінде сондай — ақ заңды және жеке тұлғалардан түскен өтініштер бойынша жоспардан тыс тексерістер 17 шілдеде шыққан «ҚР жеке кәсіпкерлік мәселелерінің кейбір заң актілеріне толықтырула мен өзгерістер енгізу туралы » қаулысын есепке ала отырып жүргізілді.Өтпелі кезең ішінде сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардан түскен өтініштер бойынша жоспардан тыс тексерістер жүргізілді.«Балқаштүстіметалл» ӨБ мыс зауытында күкірт қышқыл цехының құрылысы аяқталды, 2008 жылдың 7 маусымынан бастап цех мыс балқыту өндірісінен күкірт диоксидін пайдаланып күкірт қышқылын алу үшін шығарылған газдарды қабылдай бастады.Күкірт қышқылы цехының газдарды толық пайдалану жағдайының бірі- металлургия өндірісінің қалыпты жұмыс жасауы болып табылады. Цехтың қалыпты жағдайда жұмыс жасауы үшін біраз құжаттар жасалынды.Күкірт қышқылын өндіру біртіндеп қалыпты жағдайға келді.
Балқаш көлі станциясының Казгидромет кешенді лабораториясы қаланың 4 бақылау орнында атмосфералық ауа тазалығының мониторингісін жүргізуде, 4-ші бақылау орны №16 мектеп жанында жыл басынан жұмыс жасап келеді. Балқаш көл станциясының қоршаған ортаны қорғау гидромет лабораториясының мәліметі бойынша атмосфералық ауа сапасының жақсарып келе жатқандығы айтылған. Диоксид күкіртінің шектеулі рауалы шоғырлану шамадан тыс жіберілу жағдайы 2007 ж 11-ден 3-ке, 2008ж 4-тен З-ке азайды, ал 2010 жылы оның 5 немесе 10 рет көтерілгені байқалған жоқ.
Кесте 5.
Атмосфералық ауа сапасының мониторингі
№ |
Сараптама саны |
Шектеулі көтерілуі |
рауалы |
шоғырланудың |
||
|
|
1 рет |
|
5 рет |
|
10 рет |
1. |
2007ж.-1356 |
59 |
|
19 |
|
4 |
2. |
2008ж.-1356 |
29 |
|
6 |
|
2 |
3. |
2009ж.-1356 |
0 |
|
0 |
|
0 |
Тексеру барысында агрегаттардан орынсыз шығарындылар, мемлекеттік экологиялық сараптама талаптарын жөнімен орындамау, қоршаған ортаның ластану көздерін тізімдеу жобасының жоқтығы, өндіріс процесінің мониторингісінің өткізілмеуі, шаң тазарту заттарын пайдаланбау, немесе олардың жұмысының бұзылуы, өндіріс қалдықтарын рұқсатсыз өртеу кемшіліктері атап өтілді.Балқаш көлі қоршаған ортамен өзіндік байланыста өмір сүріп жатқан жеке табиғи жүйе болып табылады. Мұнда кез келген дамыған экологиялық жүйедегі сияқты, тірі табиғат пен өлі табиғат компоненттері өзара тығыз байланыста бір- біріне әсер етіп қалыптасқан өмірді сақтау барысына әсерін тигізеді.
Балқаш көлі ағынсыз, шектеулі аридті климат зонасында орналасқан су қоймасы болып табылады. Бұл жағдай оның өмір сүру мүмкіндігіне көп әсерін тигізеді. Көлге бірнеше өзен құяды (Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз). Олардың ішіндегі ең үлкені Іле өзені, одан көлге құятын су ағыны 82% құрайды. Көлдің батыс жағалауы суының минералдануы осы уақытқа дейін 1,0,-1,6 г/л құраса, шығысында- 2,1-3,0 г/л құрайды. Көл суының ұлғайуына негізгі рөл атқаратын Іле өзені, одан келетін су көлемі жылына 12 текше км. құрайды (1970ж. дейін), басқа өзендердің Балқашқа құятын су көлемдері 3,0 км3.- дан аспайды. Балқаш көлінің гидрохимиялық тәртібінің қалыптасуы көптеген антропогендік және табиғи факторлар әсерінен болса да, негізгі рөл Іле өзеніне жатады. Ластаушы заттардың басым көпшілігін — 1259,4 т (76,4 %) Іле өзені әкеледі, сонан соң Қаратал, Лепсі, Ақсу және Аягөз өзендері. Өзен Қазақстан территориясына ластаушы заттарды ҚХР — дан әкеледі, олар Қапшағай су қоймасына түсіп, ішкі су қоймасы процесстерінің арқасында Іле өзені мен Балқаш көліне транзит арқылы келеді.
Балқаш көлі Солтүстік Балқаш халқына үлкен өмірлік маңызды рөл атқарады. Бұл су қоймасы өзіндік географиялық объект ретінде ғана қызықты емес. Көлдің суы мыс алудағы технологиялық процесстерде, жылу электр орталығында электрэнергия өндіруде пайдаланылады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығында жер суаруда, балық аулауда пайдаланылады. Ал қала тұрғындарына демалыс орны болып табылады. «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» филиалының мәліметі бойынша көлдің ихтиофаунасы Қазақстанның басқа су қоймаларынан алынған 9 балық түрімен көрсетілген. Олар жайын, көксерке, ақмарқа, қаракөз, табан балық, сазан, мөңке, беріш. 2006 жылдан бастап осы уақытқа дейін көлдің суының деңгейінің төмендегені байқалады. Осы уақытта деңгей 28 см азайды, ол су қоймасының морфометрикалық жағдайының өзгеруіне әкеліп соқты. 2006-2008 жылдар кезеңінде көлдің суының жалпы ауданы 580 км2 азайды; оның ішінде Батыс Балқаштың үлесіне 402 км2 (69%) келсе, Шығыс Балқашқа 178 км2 (31%) тиген.
Осыған орай Балқаш көлінің ауданы 248,9 км2 азайды: Батыс Балқаш 178,5 км2 (72%), Шығыс Балқаш 70,4 км2 (28%), бұл Батыс жағына қарағанда 2,5 есе аз. Көл деңгейінің көтерілуі көлдің тазаруына және токсикологиялық жағдайының жақсаруына әсер етеді. Көлдің газдық құрылымы тиімді, судың оттегі мен қамтылуы 60-90% деңгейінде. Көлге өндірістік кәсіпорындардан шыққан техногенді ластаушы заттар қатты әсер етуде.
Алайда, өндірістік ластаушы заттар мен қатар, жергілікті тұрғындар да тұрмыс қалдықтары мен үйінділерді жөнсіз қалдырып судың ластануына өз үлестерін тигізуде. Көлді негізгі ластаушылар «Балқаштүстіметалл» өндірістік Бірлестік және Балқаш жылу электр орталығы. «Балқаштүстіметалл» өндірістік Бірлестік сумен қамтамасыз ету жүйесі тұйық. 1995 жылдан бері ағынды су төгінділері бірлестік бойынша қалдық сақтауышқа су айналымы тұйық жүйесін кіргізуіне байланысты тоқтатылған. Өндірістік ағын сулар қалдық сақтауышта тазартылып, байыту фабрикасының технологиялық процессінде қайта пайдаланылады.
Қазіргі уақытта көл қалыпты биоэкологиялық жағдайда, себебі тиімді деңгей — 342,0 м. құрайды. Судың деңгейінің төмендеуі 2005 жылмен салыстырғанда ҚХР аумағында суды пайдалану көлемінің 4,5 км3 өскендігімен байланысты болуы мүмкін, ол Балқаш көлінің су деңгейінің шектен төмен түсіп кетуіне әкеледі.
Су деңгейінің төмендеуі судың кермектілігмен минералдануының артуына әкеледі, бұл деген технологиялық процесстерді сумен қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандырмайды. Сондықтан экомониторингтік зерттеулер жүргізіп, Балқаш көлін ластаудағы «Балқаштүстіметалл» өндірістік бірлестігінің үлесінің қаншалықты екенін анықтау кажет.
Су ресурстарын қорғау шаралары оларға антропогендік әсерді төмендетуіне бағытталған. Мұны Казгидрометтің Балқаш көлін мониторингілеу стансасының жұмыстарының көрсеткішінен көруге болады. Бертіс айлағының жағасында «Қазақмыс Корпорациясының» кәсіпорындары, кемежай мекемесі, «Балқаш балық» АҚ және олардың су транспорты, саяжайлар орналасқан. 2007 жылмен салыстырғанда айлақ суының сапасы жақсарды. Су ластану орта көрсеткіші (ИЗВ) Бертіс айлағында 3,6 -ға тең, бұл сапаның 4- класқа сәйкес — «ластанған», өткен жылы бұл көрсеткіш 5-класқа- « өте лас» сәйкес болған. Су сапасы мыс пен мырыш иондарының азаюына байланысты өзгерді.
Көлдің суы мыс алудағы технологиялық процесстерде, жылу электр орталығында электро энергия өндіруде пайдаланылады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығында жер суаруда, балық аулауда пайдаланылады. Ал қала тұрғындарына демалыс орны болып табылады. «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» филиалының мәліметі бойынша көлдің ихтиофаунасы Қазақстанның басқа су қоймаларынан алынған 9 балық түрімен көрсетілген. Олар жайын, көксерке, ақмарқа, қаракөз, табан балық, сазан, мөңке, беріш. 2006 жылдан бастап осы уақытқа дейін көлдің суының деңгейінің төмендегені байқалады. Осы уақытта деңгей 28 см азайды, ол су қоймасының морфометрикалық жағдайының өзгеруіне әкеліп соқты. 2006-2008 жылдар кезеңінде көлдің суының жалпы ауданы 580 км2 азайды; оның ішінде Батыс Балқаштың үлесіне 402 км2 (69%) келсе, Шығыс Балқашқа 178 км2 (31%) тиген. Осыған орай Балқаш көлінің ауданы 248,9 км2 азайды: Батыс Балқаш 178,5 км2 (72%), Шығыс Балқаш 70,4 км2 (28%), бұл Батыс жағына қарағанда 2,5 есе аз. Алайда, өндірістік ластауыш заттар мен қатар, жергілікті тұрғындар да тұрмыс қалдықтары мен үйінділерді жөнсіз қалдырып судың ластануына өз үлестерін тигізуде.
Көлді негізгі ластаушылар «Балқаштүстіметалл» өндірістік Бірлестік және Балқаш жылу электр орталығы. «Балқаштүстіметалл» өндірістік Бірлестіктің сумен қамтамасыз ету жүйесі тұйық. 1995 жылдан бері ағынды су төгінділері бірлестік бойынша қалдық сақтауышқа су айналымы тұйық жүйесін кіргізуіне байланысты тоқтатылған. Өндірістік ағын сулар қалдық сақтауышта тазартылып, байыту фабрикасының технологиялық процессінде қайта пайдаланылады.
Қазіргі уақытта көл қалыпты биоэкологиялық жағдайда, себебі тиімді деңгей — 342,0 м. құрайды. Судың деңгейінің төмендеуі 2005 жылмен салыстырғанда ҚХР аумағында суды пайдалану көлемінің 4,5 км3 өскендігімен байланысты болуы мүмкін.
Су деңгейінің төмендеуі судың кермектілігі мен минералдануының артуына әкеледі, бұл деген технологиялық процесстерді сумен қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандырмайды. Сондықтан экомониторингтік зерттеулер жүргізіп, Балқаш көлін ластаудағы «Балқаштүстіметалл» өндірістік бірлестігінің үлесінің қаншалықты екенін анықтау кажет. Мұны Казгидрометтің Балқаш көлін мониторингілеу стансасының жұмыстарының көрсеткішінен көруге болады. Бертіс айлағының жағасында «Қазақмыс Корпорациясының» кәсіпорындары, кемежай мекемесі, «Балқаш балық» АҚ және олардың су транспорты, саяжайлар орналасқан.
2007 жылмен салыстырғанда айлақ суының сапасы жақсарды. Су ластану орта көрсеткіші (ИЗВ) Бертіс айлағында 3,6 -ға тең, бұл сапаның 4- класқа сәйкес — «ластанған», өткен жылы бұл көрсеткіш 5-класқа- « өте лас» сәйкес болған. Казгидромет көрсеткіштерін «Балық шаруашылығы» ғылыми-өндіріс орталығының Балқаштағы филиалы (БШ ҒӨО БФ) қолдайды, қазіргі жағдайда көлдің гидрологиялық, гидрохимиялық жэне гидробиологиялық ерекшеліктері антропогендік салмақты көтере алады.
«Балық шаруашылығы» ғылыми өндіріс орталығының көрсеткіштері бойынша көлдің биоэкологиялық күй-жағдайы нормаға сәйкес. Бірақ, 2006 жылы басталған көл деңгейінің төмендеуі судың тұздығының және кермектігінің өсуіне, Балқаш-Іле экологиялық жүйесіне зардап әкеледі. Бұл көл биотасының сандық және сапалық көрсеткіштері мен балық өндірісі жағдайының бүлінуіне әкелуі мүмкін. Көлге антропогендік салмақ жағада орналасқан өнеркәсіп комплекстерінің су мен биоценозды ластауы әсерінен ғана емес, Іле мен Қаратал өзендері арқылы көлге түсетін лас заттардың, әсіресе олардың құрамындағы микроэлементтердің шектеуден асып кеткен кең спектрі әсерінен болады. ы. «Балқаштүстіметалл» ӨБ көлге ықпал аймағы ластау көзінен 73 км-ге дейін оңтүстіктен батысқа дейін созылып жатыр. Ықпал аймағына Бертіс айлағы, Тораңғылық, Шұбар-түбек, кіші Сары-Шаған шығанақтары, жартылай Томар мен Қорыс мүйістері кіреді.
«Балқаштүстіметалл» өндірістік бірлестігінің ауаны қорғау туралы жасаған шаралары солтүстік Балқаш аймағына антропогендік салмақты азайтуға зор әсер етеді.
Су сапасы мыс пен мырыш иондарының азаюына байланысты өзгереді. Тораңғылық шығанағының жағасында 300 м қашықтықта «Балқаштүстіметалл» ӨБ -нің қалдық қоймасы орналасқан. Су сапасы 3-класс ластану көрсеткіші — 2,6 тең.Казгидромет көрсеткіштерін «Балық шаруашылығы» ғылыми-өндіріс орталығының Балқаштағы филиалы (БШ ҒӨО БФ) қолдайды, қазіргі жағдайда көлдің гидрологиялық, гидрохимиялық жэне гидробиологиялық ерекшеліктері антропогендік салмақты көтере алады. «Балық шаруашылығы» ғылыми өндіріс орталығының көрсеткіштері бойынша көлдің биоэкологиялық күй-жағдайы нормаға сәйкес. Бірақ, 2006 жылы басталған көл деңгейінің төмендеуі судың тұздығының және кермектігінің өсуіне және Балқаш-Іле экологиялық жүйесіне зардап әкеледі. Бұл көл биотасының сандық және сапалық көрсеткіштері мен балық өндірісі жағдайының бүлінуіне әкелуі мүмкін. Балқаш көлінің гидрохимиялық режим пішімі көптеген антропогендік және табиғи факторлардан әсер алғанмен, негізгі қасиет көлге 82 пайыз су әкелетін Іле өзеніне байланысты. 3 жылда көл деңгейі 28 см. төмендеді, бұл көлдің морфометриялық қасиеттеріне өзгеріс енгізді. Осы уақытта судың аумағы 580 км2-қа азайды.
Көл деңгейінің төмендеуі Қытай халық республикасының территориясында су қолданудың 4,5 км3-ке көбеюіне байланысты болуы мүмкін, мұндай жағдай 80-жылдары көл деңгейінің белгілік мөлшерден күрт төмендеп кетуіне әкеліп соққан.
Көлге антропогендік салмақ жағада орналасқан өнеркәсіп кешендерінің су мен биоценозды ластауы әсерінен ғана емес, Іле мен Қаратал өзендері арқылы көлге түсетін ластауыш заттардың, әсіресе олардың құрамындағы микроэлементтердің шектеуден асып кеткен кең спектрі әсерін тигізеді. «Балқаштүстіметалл» ӨБ көлге ықпал аймағы ластау көзінен 73 км-ге дейін оңтүстіктен батысқа дейін созылып жатыр. Ықпал аймағына Бертіс айлағы, Тораңғылық, Шұбар-түбек, кіші Сарышаған шығанақтары, жартылай Томар мен Қорыс мүйістері кіреді. «Балқаштүстіметалл» өндірістік бірлестігінің ауаны қорғау туралы жасаған шаралары солтүстік Балқаш аймағына антропогендік салмақты азайтуға зор әсер етеді. Балқаш көлінің Бертіс шығанағына құбыр жүйесінің жұмыс істемеуіне байланысты, шаруашылық тұрмыс суларының төгінділері жіберілген 2008 жылы қоршаған ортаға осындай 20 апаттық төгінді болған.Қала кәсіпорындары арасында Балқаш жылу электр орталығы ғана көлге төгінді құяды. 2008 жылы көлемі 84,9 млн текше/метр нормативті -таза су төгілген. 2009 жылдың I жартыжылдығында төгілген нормативті таза судың көлемі 49832,8 текше/метрді құрады. Балқаш көлінің Тораңғылық жағасында ірі қалдық сақтауыш орналасқан. Ол 1953 жылдан бері жұмыс жасауда, ауданы — 1742 га. 2009 жылдың 01.01 қарасты онда 586 382 801, 3 тонна қалдық, 14 003 т. күл жиналған. Бұл қалдық сақтауышқа «Балқаштүстіметалл» өндірістік бірлестігінің көлемі 30 361,0 мың текше/метр өндіріс ағындылары жіберіледі.
Кесте 6. «Казгидромет» қоршаған ортаны қорғау лабораториясы мониторингісі бойынша 2009 жылгы маусым айындағы Балқаш көлінің сапалық жағдайы.
№ |
Бақылау пунктінің аты |
Судың ластану индексі |
Судың сапалық жағдайы |
||
|
|
Маусым 2008 ж. |
Маусым 2009 ж. |
Маусым 2008ж. |
Маусым 2009ж. |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Балқаш көлі, Бертыс шығанағы |
4,10 |
2,72 |
5 кл. — ласт-шы |
4кл. — ласт-шы |
2 |
Балқаш көлі, Кіші Сарышаған |
2,86 |
2,95 |
4 кл. — ласт-шы |
4 кл.-ласт — шы |
3 |
Балқаш көлі, Тораңғылық |
2,64 |
2,22 |
4 кл. — ласт-шы |
Зкл.бірқалыпты |
Тоғандардағы, құрғатқыш каналдардағы бақылау ұңғымаларындағы судың сапалық құрамының анализі айтылған объектілерде қоршаған ортаға зиян ауыр металдар иондарының жинақталып жатқандығын көрсетеді. Қалдық сақтауыштың қолдану уақыты 2012 жылға дейін. Аталған қалдық сақтауышты консервациялау және жаңасын салу бұл объектінің су қоймасына ғана емес, қалаға да тигізетін әсерін жоққа шығаруға көмектеседі.Қаланы және оның маңайындағы тұрғын жерлерді ішетін сумен қамтамасыз ету Тоқырау жер асты суларымен жүзеге асады.2008 жылы Тоқырау-Балқаш жаңа су құбырының құрылысы аяқталды, ол Республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға салынды. Сонымен қатар, Төменгі- Тоқырауын жерасты суларының 7 су ұңғымалары жұмысын жандандырды, алайда, бұл су құбырының қалыпты жұмыс жасауы үшін барлығы 46 ұңғыма қажет. Қаланың тұрмыста пайдаланылған ағынды сулары, кәсіпорындардың өндірістік ағынды сулары тазартусыз Көкдомбақ қойнауына жіберіледі. №6 коллектордың арынды бөлігі қосымша құралсыз пайдаланылады. Коллектордың көпшілік бөлігі темірбетон құбырларынан жасалынған. Құбырлардың ескіруі жиі апаттарға әкеледі, оның әсерінен қоршаған орта зардап шегеді. Бертіс шығанағында екі фекальді сорғыш станциялары орналасқан. Мұндағы құбыр желістері қанағаттанарлықсыз жағдайда. Коллекторда апат бола қалса, тұрмыстық ақаба сулары жергілікті жер бедеріне ағып, №3 сорғыш станциясының маңайына жиналады.Сорғыш стансаларында апат болған жағдайда қоршаған орта ластанады, себебі соңғы 2-3 жылда ағынды су жиналатын жүйе апаттық жағдайда. «Балқаштүстіметалл» ӨБ өндірістік канализациясына 9% тұз қышқылының ертіндісі құйылып кеткен, сол үшін мыс балқыту кешеніне заңды тұлға ретінде айып салынды. Түсті металлургияның өндірістік қалдықтары «БТМ» Өндірістік Бірлестігіндегі қалдықсақтауышында жиналады.Қалдықтарды залалсыздандыру әдісінің бірі- оларды арнайы полигондарда көміп тастау болып табылады. Қатты тұрмыстық қалдықтардың полигоны қаладан 8 шақырым жерде орналасқан.Қалада қалдықтарды пайдалану деңгейі төмен және барлық пайда болған қалдықтар қалалық полигондарға жіберіледі, алайда, оларды пайдалану шешімін дұрыс орындамауына байланысты кемшіліктер көп кездеседі. Тексеріс кезінде құрылыс және тұрмыс қалдықтарының белгіленген территорияда рұқсатсыз орналасуы және жанармайдың төгілуі фактілері тіркелді.Барлық түзілген өндіріс қалдықтарының жалпы көлемі — 4 386, 45 мың т. құраған.Қатты тұрмыс қалдықтарының жалпы саны — 39, 307 мың т. Өндіріс қалдықтарының пайдалануы пайызы — 17, 77 %
Кесте 7.
Қалдықтар туралы ақпарат
Қалдықтар туралы ақпарат |
Өтпелі кезең бойынша |
Өткен жыл бойынша |
Қара металлургия қалдықтары (өтпелі кезеңде), мың тонна |
650,0 |
380,6 |
Қара металлургия қалдықтары (барлық кезеңде), мың тонна |
12500,8 |
1567442,6 |
Түсті металлургия қалдықтары (өтпелі кезеңде), мың тонна |
3 971,0 |
5 741,2 |
Түсті металлургия қалдықтары (барлық кезеңде), мың тонна |
1 668 016,5 |
1 665 456,4 |
Қайтарлама шикізат ретінде пайдаланғаны, мың тонна |
1407,6 |
1 200,02 |
ЖЭО қалдықтары (өтпелі кезеңде), мың тонна |
421,0 |
362,6 |
ЖЭО қалдықтары (барлық кезеңде), мың тонна |
14418,6 |
13 997,6 |
Қайталама шикізат ретінде пайдаланғаны, мың тонна |
1413,6 |
1200,2 |
Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарға байланысты мәселелерді шешуде аймақтық және өндірістік бағдарламаларды дайындау қажет.Қоршаған ортаның ластануын азайту тікелей кәсіпорындардың табиғатты қорғау шараларын орындауына байланысты. Бұл шаралардың орындалуы облыстың ауа және су бассейіндерінің жақсаруына әсерін тигізеді.[1]
Балқаш көліне құятын өзен сулары, ауыл шаруашылық егіндерін суаруға өте көп мөлшерде жұмсалуда, ол бұдан әрі өсетін болса, Балқаш көліне үлкен қауіп төнері анық.
Кезінде Балқаш көлі жағалауында: балық және аң аулау шаруашылығы, бау-бақша, егін және аң аулау шаруашылықтары жақсы дамыған болатын. Іле — Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа кұятын судың көлемі 25 %-ға азайды. Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле — Балқаш су алабының табиғи жүйесінде қалыптасқан тепе-теңдік заңын бұзды.
Балқаш ауданының күріш өсіретін аумағында сульфатты тыңайтқыштарды қолдану Іле өзені қайтарым суларында сульфат мөлшерін 74-90-нан 235 мг/л-ге өсірді, ал Іленің ескі арнасында 108-219 мг/л-ге жетіп отыр. Ақдала күріш массивінен пайдаланған сулар негізінен екі канал бойынша жіберіледі, олар: арнайы қазылған канал және Іленің ескі арналары. Бұл суларда нитрит, органикалық қосылыстар мен металлдар ионы ШРК нормасынан бірнеше есе асып отыр. Күріш алқаптарындағы ластанған сулар жер асты суларын (грунт суларын) ластап отырғаны анықталды. Ал ол сулар өз кезегінде Балқаш көліне жетіп, көлдің ластануына өз үлестерін қосуда. Іле өзеніне гербицид пен пестицид тыңайтқыштарының жіберілуі орын алып келеді. Ақдала және Қаратал массивтерінен коллекторлы-дренаж сулардың Балқаш көліне түсуін тоқтату керек.
Іле — Балқаш бассейіндегі 1980 — 1998 жылдары судың пайдалану мөлшері орта есеппен 70 жылдардан 5% дейін артты. Судың пайдалану мөлшері де ерекшеленеді . 1980 жылдары судың бетіндегі құрғақтығы 36% артты. Судың қоректену мөлшері де 3% артты.[23] Бұл аймақ Қазақстан Республикасының ең ерекше жергілікті аудандарының бірі болып табылады. Өзіндік климаттың жағдайы, жердің өнімділігі, таулы өзеннің ағынының қамтамасыздануы бұл жердің сулануының және мал шаруашылығының дамуына әсер етті.
Іле — Балқаш бассейнінде мемлекет бойынша ең үлкен суармалы алқаптар — 648,5447га, жыртылатын жерлер — 5 мың га , 25,9 мың га — көп жылдық отырғызуылар, 11,9 мың га — шабындық, 41,4 мың га –жайылымдық жерлер тіркелген.
Биологиялық алуандықтың қысқаруы өкінішке орай көртеген шаралардың іске асырылуына қарамастан бүгінгі күні барлық деңгейде жүріп жатыр. Іле өзені атырауындағы көптеген көлдер құрғап кетті, су-батпақты тоғайдың 2/3 бөлігі жоғалған. Қамыс құрағының ауданы қысқарып, мұнда өмір сүретін жан-жануарлар саны мен түрлері де азайып отыр.Әсіресе сүтқоректілер — жайран, тау қошқары (тау ешкісі),қарақал құм мысығы, персид камшаты (выдра), түркістан сілеусіні, ал құстардың ішінде дуадақ, көкқұтан, сұңқар, бірқазан т.б. құстардың саны күрт төмендеп кетті.
Тянь-Шаньның далалық белдемінде және тау етегінде тың жерлерді игеруде, пестицид тыңайтқыштарын қолдану нәтижесінде өсімдіктердің көптеген түрі жоғалып кетті, кейбір жерлерде қайта тұздану орын алып отыр. Әсіресе Іле өзені жағалауындағы және атыраудағы сексеуіл тоғайларының жоғалу каупі жоғары болып отыр. Олармен бірге тырналар, ақ және қара ләйлек (аист) саны азаюда. Жалпы алғанда Іле-Балқаш экожүйесін жылдам қалпына келтіру шараларын жасамаса ертеңгі ұрпаққа қалдыратын байлығымыздан айырыламыз жэне экологиялық зардаптарға ұшырайтынымыз анық[25].
Балқаш көлін құтқару бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты су экожүйелерінен айырылу Қазақстанды ғана емес Еуразияны да бұрын-соңды болмаған экологиялық апаттың ошағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығындай сақтау мен қорғау адамзат баласының парызы.
Балқаш көлі аз уақытта тартылып, Арал секілді тұзы бұрқыраған сорлы аймаққа айналып шыға келуі ықтимал. Ал, бұл келеңсіздіктің алдын алу үшін Қазақстан мен Қытай өзара келісімге келіп, Іленің суына кедергі келтірмеулері керек. Әйтпесе, бүгінде тұзы талай жерге барып қалған Арал секілді тағы бір сор тек қазақ жерінің ғана емес, жер жүзінің экологиялық ахуалын нашарлатады.
Балқаш көлі кезінде сазан балығымен аты шыққан болатын.Одан жылына 11-12 тонна балық ауланатын, қазір бұл жүйе түбегейлі өзгерді. Көл суының тартыла бастауы, су тұздылығының артуы, жем қорының азаюы сияқты тікелей және жанама факторлар Балқаш -Іле алқабындағы балық қорының дағдарысқа ұшырауына әсерін тигізбей қоймайды.
Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде
орналасқандықтан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады. Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі: Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстінде бұрынғы кездерде Аягөз, Сарқанд жэне Басқан өзендері Балқашқа кұйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бұл өзендер Балқашқа құймайды.
Аталған антропогендік жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлауына Іле өзені бойына салынған Қапшағай суқоймасы да әсер етеді. 1970 жылы Қапшағайда Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған қосымша Іле өзенін қоректендіріп отырған Шелек өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп, онда көлемі 300 мың м3 су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты.Бұл аймақтың өсімдіктері әсіресе елсіз даладағы шабындықтар мен батпақты жерлердегі өсімдіктер өзара үйлесімдік тауып далаға ерекше нәр беріп тұратын. Олар: сексеуіл, жыңғыл, жусан, қарандыз, мия, түйетікен және сасыр.
Сонымен қатар талды ормандары тораңғы және жыңғылды шағын тоғайлармен ұштасып жатады. Сулы жерлердің бәрінде де қамыс, құрақтар өседі. Осы ну тоғайлы, қоғалы жерлер көптеген сүткоректілердің, құстардың, балықтардың тіршілік алаңы сияқты. Балқаш өңірінде сасыр, жусандар мен араласа өскен қызғалдақ пен бәйшешек даланы ерекше сәнге бөлеп тұрады. Ғалымдардың пікірінше, Балқаш аймағының проблемасы ең алдымен, Қытай Халық республикасының Іле өзенінен суды мол ала бастауына байланысты туындап отыр. Бұл аймақта 3 миллионға жуық қазақстандық тұрады. Қытай жағы бүгінде қаншама өндіріс өндіріп жатыр. Суды өздеріне алып, қалдықтарын жіберіп, сол суды барынша ластап жатыр[27].
Балқаш көлі- ұзындығы 700 шақырымға жуық, қайталанбас табиғи су қоймасы. Балқаш суының 80 пайызын Іле өзенінен алады. Ғалымдардың пікірінше, Балқаш аймағының проблемасы ең алдымен, Қытай Халық республикасының Іле өзенінен суды мол ала бастауына байланысты туындап отыр. Бұл өз кезегінде орташа тереңдігі 6-ақ метр Балқаш көлінің тартылып, түбіндегі тұздың ауаға ұшуына, сөйтіп жақында орналасқан тау мұздықтарының еруіне және көлдің айналасында мекендейтін халықтың денсаулығына кері әсерін тигізетін болады. Екіншіден дүние жүзінің халықтарын көтеріп Қытайға қысым жасамаса болмайды.Балқаш көлі кезінде сазан балығымен аты шыққан болатын. Одан жылына 11-12 тонна балық ауланатын.
Қазір бұл жүйе түбегейлі өзгерді. Көл суының тартыла бастауы, су тұздылығының артуы, жем қорының азаюы сияқты тікелей және жанама факторлар Балқаш -Іле алқабындағы балық қорының дағдарысқа ұшырауына теріс әсерін тигізбей қоймайды. Басқосуда қоршаған ортаны қорғау министрі жуырда өтетін Балқаш форумында осы көлге қатысты мемлекеттік бағдарлама қабылданатынын да жеткізді. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін қаншалықты қаражат керек екенін де жасырмады. Іле-Балқаш өңірі мен Балқаш көліндегі экологиялық мәселелерге қоғам назарын аударту және көлдің экожүйесін сақтап қалу дәл бүгінгі таңда елімізге қажетті-ақ[25].
3.2 Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары және оны жақсарту жолдары.
Қазақстанның інжу-маржаны саналатын Балқаш көлі экологиялық апат алдында. Оның үстіне ғалымдар ғаламдық жылынудың салдарынан соңғы жылдары әлемдік мұздықтардың еріп, климаттың өзгергені байқалып отырғанын айтады. Осының әсерінен флора мен фаунаға бай көл маңы экологиялық дағдарысқа ұшырады. Балқаш көлі шөлейт жэне шөл табиғат белдемдерінде орналасқандықтан , оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.
Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарқанд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған.
Іле — Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер (әсіресе Қапшағайдан төменгі бөлігі) өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші болуда. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтеріледі. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді.Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда.
Іле — Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, гербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалуда.
Іле — Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық ондатра терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған.Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін кұстардың түрлері де азайып кеткен. «Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б. құстар қазір өте сирек кездеседі.
Іле — Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, «Әнші құм» атты табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорыққорлар бар. Жетісу деп аталатын бұл аймақта 3 млн. астам халық тұрады. Ең ірі қалалары — Алматы, Талдықорған, Жаркент.
Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелері Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендерінің, Сарышаған полигоны мен Текелі қорғасын-мырыш комбинаттарының шаруашылық іс-әрекеттерімен тығыз байланысып,осы аймақта тұратын тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр. 1999 жылы «Балқаш көлін құгқару, оның бүгінгісі мен болашағы» атты халықаралық деңгейдегі экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды. Оның негізгілері:
- Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды реттеу.
- Қапшағай суқоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін тұрақтандыру.
- Ақдала және Шарын массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту.
- Жер асты суларын пайдалану.
- Суармалы жерлердің көлемін шектеу.
Балқаш көлінің экологиялық жағдайының күрделі апатты аймаққа айналуының бір себебі, ол Қазақмыс корпорациясы өндірістерінің көл маңында орналасуы. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, жалпы табиғат қорғаушыларының жан айқайы Корпорацияның ортаға тигізетін әсерін азайту мақсатында төмендегідей жоспарлар қабылданған.
Кен өндіру қоршаған ортаға елеулі әсерін тигізіп отырады, және біздің мақсатымыз өндірістік қызметімізді жүргізу барысында да, ол аяқталған соң да зиянды әсерді басқара білу және оны азайту болып отыр. Ол энергияны, су мен өзге де ресурстарды ұтымды пайдалануды; атмосфераға, маңайдағы аумаққа және су нысандарына жылыжайлық газдардың, өндіріс қалдықтарының және зиянды заттардың таралуын азайту, сондай-ақ жауапкершілікпен басқаруды және жердің биологиялық алуан-түрлілігін сақтап қалу жолында жер ресурстарын қалпына келтіруді білдіреді.Біздің бөлімшелеріміз жүзеге асырып келе жатқан интеграцияланған жүйенің құрамдас бөлігі ретінде, біз қызметімізден қоршаған ортаға келетін зияндылық әсері көрсеткіштерін жүйелі түрде анықтап алып, бақылауда ұстау жөніндегі шараларымызды ендіріп отырмыз, әрі өндірістік шешімдер қабылдағанда оларды ескеріп отырамыз.
Экологиялық аудит бағдарламасы біздің экологиялық көрсеткіштерімізді жақсартуға негіз бола алады және де сол саладағы прогресті қадағалауға септігін тигізеді.Компания пайдаланылған су, қалдықтар, күл мен шлактар сияқты қоршаған ортаға тарайтын эмиссиялар үшін міндетті төлемдер жасап отырады, және тоқсан сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға есеп беріп тұрамыз. Уәкілетті органдардың тарапынан біздің кәсіпорындарымызда табиғатты қорғау заңнамасының сақталуы нысанасына инспекциялық тексерістер өткізіліп отырады.
Энергия тұтыну және жылыжайлық газдардың таралымы.Қазақмыс кеніштерінде және басқа да өндіріс нысандарында электр энергиясын тұтынып, жылу энергиясын өндіруінің нәтижесінде және төрт электр станциясында көмір жағудың және көлікке арналған отындарды пайдалану нәтижесінде жылыжайлық газдардың (ЖГ) елеулі таралуын жүргізіп отыр. Қазба отындарды пайдалану нәтижесінде шығатын ЖГ таралымына қатысты қатайтылып келе жатқан заң талаптары біздің көмір шығарумен, электр энергиясын өндіретін және мұнайды барлаумен айналысатын бөлімшелеріміз үшін ұзақ мерзімді қатерлер бола алады. Біз, энергия үнемдеу және жаңа технологияларды қолданудың есебінен, кәсіпорындардың тарататын жылыжай газдарын азайтуға ниеттіміз.
Атмосфераға таралатын зиянды заттар.Мыс балқытушы зауыттар тастандылары атмосфераға тарағанда ауаның құрамын ластап, демікпенің асқынуын және тыныс алу жолдарының басқа да дерттеріне шалдықтыратын күкірт газының (SO2) елеулі көлемін шығарып тұрады. Өндірістік қызметтен таралатын заттар қатарына сонымен бірге , азот тотығы (NO), мышьяк, күл мен шаңның бөлшектері кіреді. Біз кәсіпорындарымыздың атмосфераға тарататын барлық заттарының көлемін кеміту жолында тырыса жұмыс атқарып, мониторинг жүргізіп келеміз.
Су пайдалану және шығарынды заттар. Жалпылай индустриялану мен халық санының арта түсуімен байланысты оларды сумен қамсыздандыру барған сайын шектеулі болып барады. Кен өндіру жұмысы судың көп көлемін қажет етеді, ол су қорлары шектеулі аймақтардағы кәсіпорындар мен тұрғындар арасында су ресурстарына деген бәсекелестік қатерін тудырады.
Қазақстанда сумен қамсыздандыру жыл маусымына және географиялық орналасуына тікелей байланысты болады. Біздің қызметіміз жүргізіліп отырған кейбір аудандарда судың қорлары шектеулі ғана, әсіресе жылдың құрғақ маусымында. Осыған байланысты, су ресурстарын тиімді пайдалану бірқатар өндірістік кәсіпорындардың ұзақ мерзімді өміршеңдігі үшін ең маңызды шарт болып табылады. Оның үстіне, жергілікті су көздеріндегі судың сапасын бір қалыпта ұстау үшін және олардың ластануын болдырмау үшін барлық кәсіпорындар жергілікті су қоймаларына төгілетін шығарындыларын мұқият бақылауда ұстаулары қажет. Осылайша, Жезқазғандағы өндірістік кәсіпорындарда Қара Кеңгір өзенінен су пайдалануды әрі оған шығарынды заттардың ағуын мейлінше төмендету мақсатымен суды қайталап пайдалану жүйесі енгізілген.
Экономикалық қысым мен суды жөн-жосықсыз пайдаланудың арта түсуі Іле-Балқаш бассейніндегі экожүйеге қатер төндіруде. Орталық Азиядағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Аймақтық орталықтың әзірлеген су ресурстарын басқарудың интеграцияланған жоспарының аясында, су ресурстарын ұтымды пайдалану туралы Келісімге қол қойылған. Келісімге сәйкес, суды пайдалану мен су қоймаларының ластануын бірте-бірте қысқартуға бағытталған бірқатар іс-шараларды іске асыру жөніндегі міндеттемелер қабылданды.
Жер ресурстарын басқару.Өндірістік кәсіпорындардың қызмет ету мерзімдерінің ішінде жер ресурстарына келтірілетін залалды мейлінше кемітудің, және биологиялық алуан-түрлілігін қорғаудың қажет екендігі ерекше есте ұсталатын қағидат. Жергілікті заңнама, барша пайдаланылып болған нысандар бойынша аумақтардың қалыптарына келтірілулерін талап етіп отыр. Kazakhmys Copper бөлімшесінде осы мақсатта жер қойнауын пайдалануға жасасқан келісім-шарттардың бірі болып табылатын арнаулы резервтер қарастырылған.
«Балқашмыс» өндірістік кәсіпорны аршылған жыныстарды пайдалану, ландшафттарды қалпына келтіру мен кеніштердегі пайдаланылып болған кеңістіктердің орнын толтыру үшін күл шлактарын пайдалану, сонымен қатар, өндірістік кәсіпорындардың аумақтарын көгалдандыру сияқты жер ресурстарын басқару жөніндегі алуан-түрлі іс-шараларды жүргізіп отыр.
Өндіріс қалдықтары. Тау-кен металлургия қызметі, сондай-ақ электр энергиясын өндіріп шығару, елеулі көлемде қалдықтардың шығарылуын жүзеге асыруда, мұның өзі қоршаған ортаның ластануына апарады және олар тиісті түрде пайдаға асырылмаса, орналасқан аумақтың сырт келбетін барынша тартымсыз етеді.Кен өндіруші кәсіпорындары босаң және аршымалы жыныстар сияқты қалдық түрлерін шығарады, олар үйінділер түрінде қордаланып, қызметтері аяқталған соң, өз аумақтарын рекультивациялап, кеніштердегі пайдаланылып болған бос кеңістіктерді толтыруда қолданылады.
Металлургиялық объектілер жергілікті жер бедеріне және су қоймаларына түсетін тастандыларды болдырмау мақсатында арнаулы қалдық қоймаларында және шлак үйінділерінде қордалануы қажетті болатын аса қауіпті қалдықтар мен шлактарды өндіріп шығарып отыр. Электр станциялары күл шлактары сияқты тығыз қалдықтар шығарады. Мұнан өзге қалдықтарға су тазартқыш нысандардағы тұнбалар, күкірт қышқылы өндірісінің шламдары және шаруашылық-тұрмыстық сипатты қалдықтар кіреді.
Қалдықтарды пайдаға жаратудың қосымша тәсілдері ретінде, силикат кірпішін өндіру қолға алынған. Kazakhmys Copper бөлімшесінде пайдаланылған шиналарды жөндеу жөніндегі зауыт іске қосылды.
Қоршаған ортаға деген саналы көзқарас.Қоршаған ортаға келетін залалдың салдарлары мен себептерін толық ұғынып, солардан барынша хабардар болу, қызмет көрсету көрсеткіштерін жақсартып, мәдениетін өзгерту үшін өте қажет. Осы мақсатпен ҚР Қоршаған Ортаны Қорғау министрлігінің өкілдерімен кездесу, қоғамдық жиналыстар және үкіметтік емес ұйымдармен семинарлар өткізу, сондай-ақ республикалық және аймақтық ақпарат құралдарында экология тақырыбына түрлі мақалалар жазып, жариялау сияқты іс-шаралар кеңінен жүзеге асырылуда.
«Балқаштүстіметалл» ӨБ кәріз жүйесіне 9% тұз қышқылының ертіндісі құйылып кеткен, сол үшін мыс балқыту кешеніне заңды тұлға ретінде 254600 теңге әкімшілік айып салынды. Осы жіберілген кемшілік үшін учаске бастығына 5 айлық ақшасының көлемінде немесе 636500 теңге айып салынды. Мамыр айында «Балқаштүстіметалл» ӨБ қалдықсақтауыштық көлге белгісіз біреулердің су қабылдағыш құдықтың 6 шандорлық жылжытқыштарын алып кеткендіктен, көлге төгінді су құйылған. Сол үшін екі айыппұл салынды:
100 айлық көрсеткіш заңды тұлғаға – көлге апаттық төгінді жасалынғаны үшін ҚР ЭК п.2,п.4 199 бабына сәйкес 1027 300 теңге көлемінде хаттама №537 қаулы №5 жасалып, 22.05.09 ж., айып төленді.
ЦСХ құрғатқыш каналына жіберілген төгінді су үшін цех бастығына 2 айлық көрсеткіш көлемінде 254600 теңге айып салынды, хаттама №539 қаулы № 522 22.05.09 ж. айып төленді.
Қоршаған ортаға жасаған зардапты жою үшін 2 009,658 мың теңге көлемінде шағым жасалынып ҚР ЭК пп.2п.4 199 бабына сәйкес №538 хаттама жасалып, айып төленді. №3 ЦПШ скруберінің суару жүйесінің құбыр желісінде кеткен кемшілік үшін ҚР ЭК пп.2п.4 199 бабы, ҚР І бөлім 240 баптары бойынша участок бастығына бес айлық көрсеткіш есебінде 630065 теңге айып салынды, хаттама № 241 және қаулы № 241 20.05.09 ж., айып төленді.Тамыз айында «Балқаштүстіметалл » ӨБ жоспардан тыс тексерісінде құрғату каналындағы судың деңгейі көл суының деңгейінен жоғары болғандықтан жіберілген кемшілік үшін 10 айлық көрсеткіш көлемінде 1296000 теңге ҚР ЭК 203, 244 баптары бойынша айып салынды, Хаттама № 320, қаулы № 524.
«ПЛК-2» сорғыш станциясының тоқтатылуына байланысты 09.11.2009ж. «Қазақмыс Корпорациясының» металлургия кешенінде жоспардан тыс тексеріліс жүргізілді. Тексеріс қортындысы бойынша Балқаш көліне рұқсатсыз 07.11.09-14.11.09 жж. аралығында жіберілген су төгінділері үшін бас энергетикке 10 айлық көрсеткіш көлемінде айып салынды, Хаттама № 082, 19.11.09 ж., қаулы № 082 19.11.2009ж. Цех бастығына 10 айлық көрсеткіш көлемінде айып салынды, Хаттама № 083 19.11.09. ж., қаулы №083 19.11.09ж. және кәсіпорынға заңды түрде 8 847 463 теңге заңды айып салынды, Хаттама № 092, 19.11.09 ж., және зиян әкелгені үшін 9 732 209 теңге салынды.
Осы жылдың қараша айында Балқаш қаласының прокуроры қаулысы негізінде Қазақмыс корпорациясының ЖЭО – да кешенді тексеріс өтті. Тексеріс барысында бетондалған науаларды қолдануда экологиялық талаптарды бұзғаны үшін ПТО бастығына ҚР ЭК пп3п.4 199 бап, ҚР Ко АП 1 б. 240 бап бойынша 15 айлық көрсеткіш көлемінде айып салынды, хаттама № 00093 09.12.09ж, қаулы № 032 09.12.09ж.
Еңбек қорғау қауіпсіздік шаралары
Еңбекті қорғау бұл барлық шаруашылықта, өндіріс орындарда техника қауіпсіздігін енгізу санитарлық гигиеналық жағдай жасау деген ұғымды білдіреді. Міне осы шараларды қолданғанда ғана өндірістік жарақаттар мен кәсіби аурулардың алдын алуға болады. Жұмысты ұйымдастыру және жүргізу барысында жеке бастың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін киімдер, құралдар қажет болады. Оларды дұрыс пайдалану әдістерін үйрету еңбек керлердің ауруға шалдығу, жарақат алу қаупін азайтуы керек.
Академик В.В.Вернадский (1934) жер бетінде қоршаған орта мен тірі организмдерге әсері жағынан химиялық заттардан асатын күштер табиғатта кездеспейді деп атап көрсеткен. Химиялық заттарды өндірістің жетекші салаларында қолдану өнім сапасының түбегейлі жақсаруына, оның көлемінің күрт өсуіне, солардың негізінде өндірістік шығындардың азаюына мүмкіндік жасайды.Жер жүзінде халық шаруашылығының барлық салаларында химия ғылымдарының жетістіктерін кең көлемде қолдану адамдарға қоғамдық, материалдық және рухани өмірінің қоршаған ортамен тығыз және күрделі байланыстарын түсінуге көмектеседі.
Шаруашылыққа жұмысқа орналасқан еңбеккерлер шаруашылық әкімшілігімен еңбек-шарт жасасады. Еңбек шартты жұмысшыға еңбегіне байланысты айлық ақша төлеудің жолдары, тегін мамандық алуға дайындау және кәсіби іскерлігін арттыру мәселелері, ауруға шалдыққанда немесе уақытша еңбек қабілетін жоғалтқанда берілетін төлем ақы, адамның жас ерекшелігіне байланысты зейнет ақы қарастырылған.
Еңбек заңы жұмысшылардан жұмыс атқару барысында тәртіпті қатал сақтау, еңбек құралдарына жүйелікпен қарау және қауіпсіздік ережелерін сақтауды қажет етеді.Егін шаруашылығындағы бөлімше бастықтары және бригадирлер жұмысшыларды арнаулы киіммен, улы химикаттардан қорғайтын құралдармен қамтамасыз етеді. Еңбек қауіпсіздігін сақтау инженері мерзімдік жұмыстар басталарда жұмысшыларға еңбек қорғау туралы арнаулы нұсқау беру, үйрету сабақтарын жүргізеді.Еңбекті қорғауды дұрыс ұйымдастырып, жұмыс барысында жарақат алу қаупі аз болғанда еңбеккерлердің жұмыс өнімділігі де жоғары деңгейде өтеді.
Жоғарыда келтірілген мәселелерді уақтылы шешу үшін еңбек орындарын паспорттап, олардың санитарлық-техникалық гигиеналық жағдайларын тексеріп тұру қажет. Тексеру барысында еңбек орындарындағы ауа тазалығы, температуралық режим бақыланады және сонымен бірге қауіпті жағдайлардың пайда болу мүмкіндіктері қарастырылады. Қоршаған ортадағы шан-тозаң мөлшері, құралдар мен агрегаттардың қауіпті тербелуі т.б. назарда ұсталуы міндетті.Еңбек қауіпсіздігін сақтау инженері шаруашылықтағы еңбек қорғаудың жылдық жоспарын бекітеді.Бекітілген жоспарда еңбек қорғауға бөлінетін қаржының мөлшері белгіленіп, оның жұмсаудың тәртібі қаралады. Бірақ соңғы жылдарда шаруашылықтағы еңбек қорғау мәселесіне қаржы белгілі экономикалық қиыншылықтарға байланысты, аз бөлінуде.
Еңбек қорғау дегеніміз – еңбек процесінде қауіпсіздікті, адамның денсаулығы мен жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ететін заңды шығару актілерінің әлеуметтік-экономикалық, техникалық, гигеналық және емдеу – сауықтыру шаралары мен құралдар жүйесі.Еңбек қорғау жұмыстарын ұйымдастыру және жұмысты орындауға жіберілген адамдардың еңбегін қорғау жауапкершілігі кәсіпорын, мекеме басшыларына жүктелген.Зертхана басшысы өндірістік жарақаттанудың барлық оқиғаларына және кәсіптік улануға жауап береді. Жазатайым жағдайлардың себептерін тексеріп, оларға акт жазуды ұйымдастырады.
Мемлекет, өзі өкілеттік берген органдар арқылы, ғылыми негізделген стандарттар, нормалар мен ережелер негізінде өндірісте еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін талаптар белгілейді. Жұмыс берушілерге белгіленген стандарттардың ережелер мен нормалардың кәсіпорындарға қамтамасыз етуін, сондай-ақ ұжымдық шарттарға белгіленген өз міндеттемелерінің орындалуын, еңбекті қорғау жөніндегі күшіндегі заңнамада көзделген кепілдіктерден төмен емес деңгейдегі қызматкерлер құқығын қамтамасыз етуі тиіс.
Өз кезегінде кәсіпорын қызметкерлері заңнамада және басқа нормативтік актілерде, ұжымдық шарттарда белгіленген еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалардың талаптарын сақтау міндетті.Адам ағзасы мен денсаулығына әсері бойынша токсикологиялық бағалаудан өтпеген заттарды, шикі заттарды, материалды қолдануға тыйым салынған.
Егіншілікте химикат қолдануға қатысатын адам сол шаруашылықтың өзінде қауіпсіздік техникасы жөніндегі арнаулы курсты пысықтау дайындығынан өтеді. Бұл сабақтардан олар күнделікті жұмыс күн тәртібі мен адамдарға арнаулы куәлік беріледі. Барлық химикаттармен жұмыс істейтін адамдарға арнаулы киімдер (халат, қорғаныш көзілдіріктер, распиратор, қолғап, сабын, етік), сондай-ақ 0,5 л сүт тегін беріледі. Ол химикаттарды қолдану, механикаландыру, автоматтандыру еңбек өнімділігін арттыруға, әр түрлі химикаттардың адам үшін зиянды әсерін кемітуге мүмкіндік береді.
Бақ шаруашылығында қолданылатын улы химикаттармен жұмыс істеу кезінде қоршаған құралдардан пайдаланып, адамдар тыныс алу органдарына, терісіне, көзіне және киімдеріне препараттарды тигізбеуіне болады. Тыныс жолдарын қорғау үшін химикат шаңына қарсы распираторлар мен противогаздар немесе тамшы түрінде болып, физика – химиялық қасиеттері жағынан буланбайтын болса, әрі олар белгілі дәрежеде ауада шоғырланбаса ғана киіледі. Ал улы химикаттар теріге, көзге зиянын тигізбес үшін арнайы қорғаныш киімдері, аяқкиімдер, қолғаптар және қорғаныш көзілдіріктер киген жөн.
Химикаттардың биосфераға деген жағымсыз әрекеттерін жою үшін әрбір шаруашылық тыңайтқыштар мен улы химикаттарды қалай, қай уақытта, қандай мөлшерде және қандай зиянкестерге қарсы қолдану керек екендігі көрсетілген ұсыныстарды басшылыққа алу тиіс. Егер өсімдіктердің зиянды организмдерін жоюға қолданылатын химикаттарды сол ұсыныстарда көрсетілгендей етіп пайдаланса, олардың табиғи ортаны ластамай, жалпы тіршілікке зиянын тигізбей дақылдар өнімін молайтуға, сондай–ақ аман сақтауға үлкен көмегінің тиетіндігіне ешбір күмән келтіруге болмайды. Химиялық препаратты жеміс – жидек дақылдарын қорғау жұмыстарынан шығарып тастауға, яғни оларды пайдаланудан бас тартуға қазіргі кезде ешбір мүмкіндік жоқ. Оның себебі – басқа агротехникалық және биологиялық әдістердің жетілдірілмегендігі. Соған байланысты кейбір химикаттың егін өнімін жоғарылатудағы, әрі сақтаудағы пайдасын ескере отырып, оларды жалпы тіршілікке зиян келтірмейтіндей етіп пайдаланған дұрыс.
Еңбек жағдайының адам өміріне, денсаулығына қауіпсіз болуын қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылық қызметкерлері мен мамандарынан өндірісте еңбек жағдайын қорғау үшін мынадай мәселелерді ұйымдастыруды талап етеді:
- өндірісте (кездесетін) байқалатын қауіпті және зиянды жағдайлардан алдын-ала сақтандыру;
- еңбек жағдайын жақсартып өндіріс өнімділігін арттыру;
- өндірісте қызметкерлердің ауырып қалуына және зақымдануына жол бермеудің шараларын алдын-ала белгілеу;
- еңбек қорғау шараларының нақтылы жоспарын жасап, оны орындап отыру;
- минералды тыңайтқыштар мен пестицидтері қолданғанда еңбек қауіпсізділігін сақтаудың арнайы ережелерін білу;
Кез келген тәжірибе шаруашылығында ғылыми-өндірістік ұйымдас-тырудың бұрынғы жүйесі сақталып еңбек қауіпсіздігін қорғаудың және өндірістік санитария ережелерін бақылау жұмыстары жақсы ұйымдастырылуы керек. Еңбек қорғау жағдайына біріншіден шаруашылық бастығы және өндірістің әр саласының жетекші мамандары толық жауап береді. Өндірістік учаскелерде көрнекті жерде техника қауіпсіздігін сақтау және алғашқы дәрігерлік көмек көрсету жөнінде плакаттар ілініп, арнайы құралдармен, әдебиетпен жабдықталған бөлмелер бар.
Еңбек қорғау және техника қауіпсіздігін сақтауды бақылаудың жұмыс кестесі жасалып, соған сәйкесті жұмыс жүргізіліп тұрады. Дала жұмыстары басталудың алдында жұмысшылар арнайы жұмыс киімдерімен (етік, халат, комбинзон, қолқап) және қорғаныш көзілдіріктермен қамтамасыз етілп, улы химикат және минералды тыңайтқыш пен егісті өңдейтін жұмысшылар дәрігерлік тексеруден өткізіліп, техника қауіпсіздігін сақтау туралы ережелерді оқып сынақтан өткізіледі. Шаруашылықта өнім өндірудегі дала жұмыстарын жүргізу барысында механизаторлар, сушылар және басқа да жұмысшылар әр түрлі қауіпті және зиянды жағдайларға ұшырап отырады.
Улы химикаттар мен егісті өңдеудің тиімділігін арттыру үшін, өңдеу жұмыстары ертемен және кешке жақын желдің соғуы баяу (2м/сек) кезеңде жүргізіледі. Минералды тыңайтқыштар мен улы химикаттар адам организміне зиянды келеді, себебі олардың әсерінен көз жасаурайды, қол мен беттің терісі қызарады, сонымен қатар олар бас ауруына шалдықтырып, денені уландыруы мүмкін. Сондықтанда, оларды өндірісте қауіпсіз қолдану үшін олардың зиянды әсеріне қарсы арнайы еңбек құралдары мен тағамдар беріледі.
Шаруашылықта егісті өңдеу үшін тыңайтқыштар қолданылады. Олар арнайы қоймада сақталады, ол елді мекеннен және су қоймасынан 1000метр қашықтықта болуы тиіс.Улы химикаттар мен минералды тыңайтқыштарды тасымалдау, оларды тиеп-түсіру арнайы жабдықталған машиналармен орындалады, және егістікті өңдеу барысында белгіленген қауіпсіздік шараларды сақтау керек. Шаруашылықта өсімдіктерді өсіру үшін жүргізілетін агротехникалық жұмыстар толық механизацияландырылған, соның нәтижесінде еңбек шығыны мен өнімнің өзіндік құны төмендеп, дақылдан жоғары түсім алынады.
Егін жинау кезінде өрт қауіпіне қарсы шараларды ұйымдастыру жұмыстарына аса көңіл бөлінеді. «Еңбек қорғау» еңбек ету кезінде жұмысшылардың еңбек ету процесіндегі денсаулығын сақтайтын және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, олардың еңбек пен демалысқа құқығын қамтитын заң шығаратын, адамның өмір қауіпсіздігін, денсаулығын және жұмысқа қабілеттілігін сақтау жүйесін зерттейтін, соған қатысты құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдік профилактикалық және басқа шаралар мен құралдарды қарастыратын ғылыми жабдықтар жүйесі.
Жұмыстағы қауіпсіздік техникасының ережесін орындау қажет, олар:
— тапсырманы орындау кезінде бір адамды жауапты етіп тағайындау қажет, сол адамның айтқанын басқа жұмысшылар бұлжытпай орындауы керек;
— барлық жұмыс қоршаған ортаны қорғау заңына сәйкес жүргізілуі тиіс;
— студенттер зертхана жұмысына кіріспей тұрып бірінші қауіпсіздік техникасының ережелерімен танысу керек;
— қауіпсіздік ережесімен танысқан соң, студенттер кафедраның арнайы журналына қол қоюы тиіс;
— зертханада тек қана ақ халатта жұмыс істеп, жұмыс орнын таза және ұқыпты ұсталуы тиіс;
— жеңіл тұтанатын заттармен от көзіне жақын жерде жұмыс істеуге болмайды және улы, иісі күшті заттармен тек қана ауа соратын қондырғысы бар қорапта жұмыс істеу керек;
— қолданылған пипеткілерді, шпателдерді, химиялық перпараттарды арнайы, дезинфекциялық сұйық құйылған ыдысқа салу керек;
— зертханада жұмыс аяқталған соң, жұмыс орнын залалсыздандырып, зертханашыға өткізілуі тиіс, сонан соң қолды сабынмен жуу керек.Әрбір мекемеде, өндіріс орындарында, лаборатоияда қауіпсіздік техникасы, еңбек қауіпсіздігі, өндірістің санитарлық ережелері және де өрттен сақтану нұсқаулары, химиялық әсері бар заттардың қауіпсіздігі туралы ережелер болуы тиіс. Ереже көрнекті жерге ілінуі тиіс. Әрбір жұмысшы осы ережелермен таныс болуы керек.
Лаборатория басшысы мыналарды қамтамасыз етуге міндетті:
— Жұмыс ғимаратының, жабдықтар мен құрал — саймандардың барлық түрінің, қоршаудың сақтану қондырғыларының және т.б. қауіпсіздік күйін;
— Тақырыпқа сәйкес және барлық жұмыс орындарындағы нұсқаулар мен бас инженер бекіткен техника қауіпсіздігі ережелерінің болуын дайындауға;
— Жаңа жұмысқа қабылданғандар мен лабораторияда жұмыс істейтін қызметкерлерге техника қауіпсіздігі мен өндірістін санитариядан алғашқы және қайталау нұсқауларын өткізіп тұруға;
— Барлық қызметкерлердің техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария, еңбек корғау және өрттен сақтану шараларының ережелері мен нұсқауларын бұзбауын.
— Еңбек қорғау дегеніміз – еңбек процесінде қауіпсіздікті, адамның денсаулығы мен жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ететін заңды шығару актілерінің әлеуметтік – экономикалық, техникалық, гигиеналық және емдеу – сауықтыру шаралары мен құралдар жүйесі. Әрбір мекемеде, өндіріс орындарында, лабораторияда қауіпсіздік техникасы, еңбек қауіпсіздігі, өндірістің санитарлық ережелері және де өрттен сақтану нұсқаулары, химиялық әсері бар заттардың қауіпсіздігі туралы ережелер болуы тиіс. Ереже көрнекті жерге ілінуі тиіс. Әрбір жұмысшы осы ережелермен таныс болуы керек.
ҚОРЫТЫНДЫ
Балқаш көлі әлемдегі ірі су қоймаларының қатарына жата отырып, аумағында адам өмір сүруге қолайлы климат қалыптастырады, елді мекендердің шаруашылық жүргізуін қамтамасыз етеді, әрі елімізде атқаратын стратегиялық маңызы жоғары нысан болып табылады. Көлдің табиғи байлығымен бірге бұл ауданда бұрыннан қолданылып келе жатқан минералдық шикізаттың мол қоры бар. Балқаш көлін сақтап қалу тек мемлекеттік проблема болып қоймай,экологиялық ортақ проблема ретінде кең масштабта қаралуы тиіс. Бұл аймақта Арал теңізінің тағдыры қайталанбауы тиіс. Ол үшін аумақтың бүгінгі күні қалыптасып отырған гидрологиялық жағдайына дұрыс баға берілуі керек.Кезінде Балқаш көлі жағалауында балық және аң шаруашылығы, бау-бақша ,егін және аң аулау шаруашылықтары жақсы дамыған болатын. Осы Іле-Балқаш алабының ауыл шаруашылығы жүйесінде пайдаланылатын суының көлемі 1965-1990 жылдар аралығында 25%-ға азайды. Оның басты себептері негізіне адамның келеңсіз шаруашылық іс-әрекетімен бірге, біздің елдің негізгі су көздерінің трансшекаралық өзендер ретіндегі өзіндік ерекшеліктері де кіреді. Дипломдық жұмыста Балқаш көлінің экологиялық жағдайы зерттеліп, аймақта қалыптасып отырған аймақтық жайттарға баға беріледі. Негізгі экологиялық проблеманың бірі «Қазақмыс» корпорациясының көл экожүйесіне тигізетін әсері зерттелінді. Климаттық жағдайдан басқа Қапшағай бөгенін толтыруға, егістік алқапты суаруға және басқа шаруашылық қажеттер үшін жасалған су көлемі өзендер ағындысын кемітіп, Балқаш көліне құятын су көлемін азайтып отырғаны анықталды.Балқаш көлінің тарихи деңгейлік режимі қарастырылып, қазіргі қалыптасып отырған гидрологиялық режимге баға берілді. Алаптағы қайтарымсыз пайдаланған су көлемінің артуы Балқаш көлі деңгейінің күрт төмен түсуіне әкеліп соқтырғаны анықталды.
Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі: Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендері мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстінде бұрынғы кездерде Аягөз, Сарқанд жэне Басқан өзендері Балқашқа кұйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бұл өзендер Балқашқа құймайды.
Аталған антропогендік жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп жіберді. Бұл аса ірі экожүйенің одан әрі нашарлауына Іле өзені бойына салынған Қапшағай суқоймасы да өзінің кері әсерін тигізді. 1970 жылы Қапшағайда Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған қосымша Іле өзенін қоректендіріп отырған Шелек өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп, онда көлемі 300 мың м3 су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты.
Балқаш көліне қоятын ең суы мол Іле өзені (көлге құятын барлық су көлемінің 80%-н береді) трансшекаралық өзен болып табылады. Оның негізгі ағындысы қалыптасатын жоғарғы бөлігі ҚХР-да орналасқан. Сондықтан ҚХР-мен келісім жүргізуде Іле өзенінің санитарлық ағындысы, яғни Балқаш көлінің деңгейін 341 м-ден төмен түсіртпеуге мүмкіндік беретін шамадағы су көлемін жіберіп отыруға қол жеткізу керек.
Алаптың су қоймалары мен өзен суларының сапасын жақсарту үшін бірнеше шарттар орындалуы тиіс:
— шаруашылықтық-тұрмыстық және өндірістік ақаба сулардың
тазарту, ғимараттарының құрылысының біртіндеп көбеюімен
биологиялық тазартуға көшу;
— суды айналымдық және қайталанып қолдану жүйесін
өндіріс орындарында дамыту;
- ақаба суларды қолдану бойынша жүйелер құру;
- түсті және қара металлургия, құрылыс индустриясы мекемелерінде газ, шаң және т.б. ластағыш заттарды тастауды (сыртқа шығаруда) тазарту жүйесінен өткізу, ол үшін тазарту қондырғыларын орнату;
— қала серіктерін, ірі елді мекендерді кәріз жүйесіне қосу;
— мал шаруашылығында, құс фабрикаларында, ауыл шаруашылығында лас суларды табиғи су көздеріне жібермей тазартудан өткізу арқылы айналмалы түрде қайта қолдануды іске асыру.
Балқаш көлінің суын және жалпы Іле-Балқаш алабының экологиялық жағдайын бақылап отыру үшін мониторинг жүргізетін бөлімдер санын көбейту керек. Арал мен Балқаш сияқты су экожүйелерінен айырылу Қазақстанды ғана емес Еуразияны да бұрын-соңды болмаған экологиялық апаттың ошағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығындай сақтау мен қорғау әрбір Қазақстан азаматының міндетті борышы деп саналуы керек.Балқаш көлін құтқару- бүгінгі күннің айшықты талабының бірі болып қала бермек.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Абдукаримов Б.У., Модина Н.И. О современном экологическом состоянии Или-Балхашского региона. Материалы международного экологического форума «Балхаш-2000». Алматы,2003.
- Абдрасилов С.А. Русловые процессы и формирование
внутриконтинетальных дельт (на примере реки Или).- Алматы,2005.
3.Актуальные проблемы гидрометеорологии озера Балхаш и Прибалхашья. Под ред. И.И. Скоцеляса. С-П., Гидрометеоиздат,
1995.
4.Абросов «Озеро Балхаш» изд. «Наука» Ленинград 1973.
- Акишева Ф. Жеті өзен құйған жақұт көл экологиялық апатқа
ұшырымасын десек. Атамекен -2008.- 12 тамыз № 15.
6.Акишева Ф. Балқаш көлі Аралдың кебін кимеуі тиіс.// Атамекен. 2009ж. 25.03.
- 7. Әуезова Ә. Жетісудің жауһары Балқаш көлі// Қазақ тарихы-2006-
№2. 115-117б.
8.Бейсенова Ә.С. Шілдебаев Ж.Б// Экология оқулығы. Алматы,2005.
- Бродский А.К. Краткий курс общей экологии.-С-П.1996.166с.
10.Глухов В.В. и др.Экономические основы экологии.С.П.-1996.
11.Гирусов Э.В. Экология и экономика –М.Закон и право,1998.
12.Жүнісбаев Н «Аралым — арым, Балқашым бағым». Алматы, Қайнар,1998.
13.Давлетгалиев С.К., Джусупбеков Д.К.. Статистические
характеристики колебаний уровня озера Балхаш //Вестник КазГУ,
14.Джусупбеков Д.К. Вероятностный прогноз уровня и минерализации
воды озера Балхаш. Автореф. на соискание ученой степени
кандидата географических наук. Изд. «Қазақ университеті»-
Алматы, 2002. 26 с.
15.Достай Ж.Д. Научные и прикладные основы
управления гидроэкологическим состоянием бассейна озера Балхаш.
Материалы международного экологического форума «Балхаш-2000», Алматы,2003.
16.Гидрологические и водхозяйственные аспекты
Или-Балхашской проблемы. Под ред. А.А. Соколова, Л.,
Гидрометеоиздат, 1989. 207-298 б.
17.Есентугелов А. Оценка и перспективы экономического развития
Балхашского региона . Материалы межународного экологического форума
«Балхаш-2000». Выпуск 2 ,Алматы,2003.
18.Резванцев Б. Балқаш ғажайыптар көлі. 2008
19.Резванцев Б. Көлдің сұлу табиғаты жайлы. 2008 ж. 45-50б
20.Рысдаулетов М. Табиғатым — тағдырым// Алматы. Қайнар, 1991ж
21.Қожамқұлова Ж. Бір тамшы су Балқашқа.// География жэне
табиғат. 2004ж № 2 (8) 53-57б.
22.Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологическая
изученность.том13, Южный Казахстан, вып. 2, Алматы, 1996.
23.Проблемы гидроэкологической устойчивости в бассейне озера
Балхаш. Под редакцией А.Б. Самаковой. Изд. «Каганат»,
Алматы,2003.
24.Сәмиев Б. Балқаш бағымыз емеспе? // Дала мен қала. 2007ж. 22
маусым №25 — 9 б.
25..Мараков С.В. В джунглях Прибалхашья. М., Наука,
- 127б. 26.Современное экологическое состояние бассейна
озера Балхаш. Под редакцией кандидата геолог-минералогических
наук Т.К. Кудекова.
Изд. «Каганат», Алматы 2002. 71-114 б.
27.Тилекова Ж. Антропогендік факторлардың Балқаш көлінің
экологиясына әсері. // География жэне табиғат. 2006. №1. 21-24б.
Рауан, 1994.
- Мустафаев Ж.С.,21. Тонкопий М.С. Экология
и экономика природопользования. Алматы. Экономикс, 2003. С. 583.
29.Әуезова Ә. Жетісудың жауһары Балқаш көлі// Қазақ тарихы-2006-
№2. 115-117б.
30.В.Инюшин Айдындар тағдыры адамдар қолында. // Алматы,
Қазақстан 1989ж.
31.Насыров М.М. Современное состояние Или-Балхашского водохозяйственного бассейна. Материалы международного экологического форума «Балхаш-2000». Выпуск 2 ,Алматы,2003.
32.Мариковский П.И. Балхаш повторяет судьбу Арала. Материалы международного экологического форума «Балхаш-2000». Выпуск 2 ,Алматы,2003.
33.Мухамедов Э.К. Необходимые мероприятия для решения проблем озера Балхаш. Материалы международного экологического форума «Балхаш-2000». Выпуск 2 ,Алматы,2003.
34.Милковский И.М. Гидрологические основы управления внутриводоемными процессами в озере Балхаш. Материалы международного экологического форума «Балхаш-2000». Выпуск 2 ,Алматы,2003.
- Одум Ю. Основы экологии.,1986.
- Сагимбаев Г.К. Экология и экономика. Алматы,1997.
37.Упушев Е.М. Экономика природопользования и охрана окружающей среды.Алматы, Экономика, 1999.
38.Охрана окружающей среды и рациональное природопользование. Под ред. Супруновича С.Т., М.,1999.
39.Пономарева Н. Общая экология. Л.,1975.
- Тонкопий М.С. Экономика природопользования,,Алматы,1998.
Қосымша Е
Сурет 1. Балқаш мыс зауыты