АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазақша күрестің дамуы және спортшының дайындығы

 

«Қазақша күрестің дамуы және спортшының дайындығы»

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

5В010800- мамандығы – Дене шынықтыру және спорт

 

 

Мазмұны

 

 

Кіріспе……………………………………………………………………………..

 

І-тарау.

 

 

1.1.

Ұлттық күрестің даму тарихы……………………………………………

 

1.2.

Күресшілердің жан-жақты дайындығы………………………………

 

1.3.

Күш…………………………………………………………………………………..

 

1.4.

Шапшаңдық………………………………………………………………………

 

1.5.

Ептілік………………………………………………………………………………

 

1.6.

Шегініс әдісі……………………………………………………………………..

 

ІІ-тарау.

 

 

2.1.

Қазақша күрестің жаттығу методикасы……………………………..

 

2.2.

Саналық,  белсенділік, жүйелілік және  күнделікті үрдісі………………………………………………………………………………..

 

2.3.

Жаттығу кезінде спортшының күйін бақылау үрдісі………….

 

ІІІ-тарау.

 

 

3.1.

Спорттық құрал –жабдық туралы және жаттығу орнын әзірлеу………………………………………………………………………………

 

3.2.

Жазғы жаттығу алаңдарын жабдықтап дайындау……………….

 

3.3.

Палуандардың салмақ дәрежелері……………………………………..

 

3.4.

Психологиялық дайындық…………………………………………………

 

3.5.

Спортшылар үшін тамақтану режимі…………………………………

 

 

Қортынды…………………………………………………………………………

 

 

Әдебиеттер тізімі………………………………………………………………

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Ұлттық күрестің  дамуының тарихы.

     Күрес өнерін қай халық болмасын бұл спорт түрін жан –тәнімен сүйеді. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан –ұрпаққа оны байытып,  жаңғырта біздің бүгінгі күнімізге дейін жеткізіп отыр. Бұл әрине, ең алдымен көңіл қуантатын нәтиже. Иә спорттың халықтық және ұлттық түрлеріне  мұнша қамқорлық жасауның арқасында советтік физкультураның әрі қарай гүлденуіне  игі әсерін тигізді. Өзіміз қырын сырын сөз еткелі отырған қазақтың ұлттық спорттық өнерлерінің ішіндегі шоқтығы биік, ежелден халық арасына кең тараған қазақша күресті алайық.Алдымен тарихқа үңілейік.

     Қазақ халқы революцияға дейін негізінен көшпелі сипат алған.  Яғни елін, жерін сыртқы жаулардан қорғау үшін әрбір қазақтың ұлы жауынгері болуы тиіс еді. Жауынгер күшіті де, айлакер болмаса ол жауынгер емес, мінекей, осы тұрғыдан келіп әрбір қазақтың қара домалақ баласы күреспен айналысатын. Той домалақтар немесе бас қосулар күрессіз өтпейтіні дәстүрге айналған. Жай палуан мен түйе палуан арасындағы күрес өнері шеберлерінің есімдері марапатталып, оларды халық басына көтерді

     Жалпы қазақша күрес өнерін сөз еткенде алдымен ауызға ілінетін мына есімді кім білмейді? Ес білгеннен бастап қай –қайсымыз болмасын ол есімді құдірет тұта жаттық, сондай күшті де, алып болсам деп армандап өскеніміз айдан анық. Ол күш атасы Қажымұхан әрбір күрес өнеріне келген қазақтың осы есімге зор қарыздар екені сөзсіз. Кезінде әлемді аузына қаратқан, кейіннен аты аңызға айналған қазақтың батыр ұлы, күш атасы Қажымұханның өзіде халқының төл өнерінен алғаш сусындап, үйрегені хақ. Ендеше бүгінгі жарқын өміріміздің Қажымұхандардың алғаш  күрес тұсауланы кесті, тәй –тәй  басқаннан бұл төл өнердің әдіс –айлаларын бес саусақтай беске біліп өскен олар өзге күрес тәсілдерін жатсынған жоқ. өйткені қазақша күрес бүгінгі ареналардағы күрес түрлерінің қай –қайсына болсын жақын да, ұқсас. Яғни бұл кіріспеміздің басындағы пікірімізде жанданды деген сөз.

     Бүгінгі күннің әлем назарын аударған есімдерінде халық жатқа біледі: Амангелді Гавсаттаров, Әбілсейт Айханов, Қабден Байдосов, Нұрғали Оспанов. Айта берсек көш құлаш тізім жалғаса береді. Бұлардың қай –қайсы болмасын ә дегеннен  шындықта күресіп, күрес әліппесін қазақша күреспен ашқаны айқын. Күрес әліппесі осыдан барып тағыда бір шындық алдымыздан шығады. Болашақ әлем чемпиондары осы күрес әліппесін енді енді парақтап ашып ауылда жүргені айдан анық нәрсе.

     Енді сол күрес талапкерлеріне, алыс ауылдардан келіп, біздің институтымыздың табалдырығынан аттаған  қазақ жастарын осы күрес әліппесі керек пе, керек емеспе? Керек болғанда қандай ? ауадай қажет десек тіптен қателеспейміз әсіресе бұл күрес әліппесі қазақ тілінде қолдарына тисе, тіптен нұр үсіне нұр болар еді. Бұл біздің күрес әліппесін, яғни ережелерін, айла тәсілдерін тағыда басқа қырларын, тіптен өткен тарихын болашақ жас палуанға кедергісіз үйретуге зор көмегін тигізетіні сөзсіз.

     Мінекей алпыс айлалы ұлттық күресіміздің осы айтылғандарын зердесіне тоқи білген институт түлектері республикамыздың түкпір –түкпірлеріне аттанып сол жерлердегі талапкерлерге күрес өнерін үйреткен кезде  бұл күрес әліппесі олардың ойынынан, көңілінен шығып жатса кұба –құп әзірге жас палуандарға «сәт сапар» тілейміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І-тарау.

 

  • Ұлттық күрестің даму тарихы.

 

     Ұлттық өнерімізді сөз еткенде алдымен ілігетіндерінің бірі қазақша күрес. Ертеден –ақ бұл күш сынасу өнері той -томалақта әрдайм көрнекті орын алып отырды.

     Иә сан ғасырлар бойы айдыны аспасы, тұғырдан түспеген осынау ұлттық өнеріміздің бір –түрі қазақша күрес советтік заманымызда да жойылып кеткен жоқ. Үкіметіміз бен партимыздың әкелік қамқорылығың арқасында қазақша күрес қайта өзгеше бір жаңа серпінмен өркен жая дамып, халықтық өнерге айналды. Спорттың халықтық өнері және ұлттық  түрлері  советтік физкультурамыздың одан әрі дамуына зор ықпал жасайтындығы баршамызға белгілі жайт. Қазақша күрес жөнінде де айтарымыз осы. Ол ертеден ақ қазақ халқының бір жағынан көңіл көңіл көтеретін ұлттық өнері ойыны болса , екінші жағынан жауынгерлерді  алғырлыққа, ептілікке үйретіп, жаумен бетпе –бет шайқасқа алдын –ала осы қазақша күрес арқылы баулыйтын еді. Қазақша күресте тік қалыпта аяқпен қимыл жасай жүріп, қос қолды қарсыласының белінен немесе арнайы жасалған белдеуден, киімнен ұстап жығуға әрекеттер жасалады.

     Техникалық жағынан қазақша күрестің қалыптасқан әр қилы әдіс айлалары өте көп. Бұл көбнесе қазіргі еркін және классикалық күреске ұқсас. Аяқтан қаға іліп –шалып, бастан асыра лақтыру, жамбасқа алу, сондай –ақ шалқая бере кеуде  арқылы лақтырып жіберу сияқты әдістерді ауылда өскен әрбір қазақ баласының білетіні сөзсіз.

     Бұрын қазақша күрестен өткен жарыстар ешқандай салмақ дәрежелеріне қарамай өткізіле беретін. Өзінен  әлде қайда салмақты қарсыласымен күресу, әрине кімге де болса қолайсыз болады. 1938 жылы Алматыда өткізілген қолхозшылардың тұңғыш республикалық спартакиядасының программасына қазақша күресте енгізілді. Осы спартакиядада палуандар  алғаш рет үш салмақ дәрежесі бойынша жеңіл салмақ-65 килограмға дейін орташа салмақ-75 кг. Дейін, ауыр салмақ-75  кг  жоғары күресті. Салмақ дәрежесі бойынша  Семей облысының  өкілдері С. Адасқанов, К.Алтыбасаров және И.Туменов жеңіс тұғырына көтеріліп, чемпион тәжін киді.

     1939 жылы Семей қаласында республика біріншілігі өтті. Палуандар үш салмақ дәрежесі бойынша күресті. Салмақ дәрежелері бойынша жеңіл салмақта Құрбанбаев (алматы облысы) орташа салмақта Досқалиев (Батыс Қазақстан облысы), ауыр салмақта Мусин (Павлодар)  жеңіс тұғырына көтеріліп, чемпион тәжін киді.

     Мұнда республикалық абсолюттік чемпион атағын Батыс Қазақстан өкілі Досқалиев жеңіп алды. 1940 жылғы Қазақ ССР –інің 20 жылдығына орай өткізілген біріншілік 5 (бес) салмақ дәрежесі (аса жеңіл, жеңіл орташа, жартылай ауыр, ауыр салмақтар бойынша өткізілді. Осы жарыстың республикалық біріншілікте салмақ дәрежесі бойынша Байдәулетов, Төлегенов, Макманов, ,Жұмабаев  жеңіс тұғырына көтеріліп чемпион  тәжін киді. 1952 жылы  Ашхабад қаласында Орта Азия республикаларының Қазақстан бойынша өткен кезекті Спартакияданың программасына ұлттық күрестерде енді. Бұл жарыста класикалық күреске неғұрлым Нұрбай Жармағанбетов, Алмас Мұсабеков, Қанат Байшалов, Рахым Оспанов және басқалар ауылда өсіп, онда қазақша күрестің «бапкерлерінен» тәлім алған. Қазақстанда бірінші рет СССР спорт шебері атанған Қабден Байдосов еркін күрестен Орта Азия мен Қазақстан бойынша ең күшті палуан.

     1981 жылы 10-14  шілде күндері Жезқезған қаласында қазақша күрестен ІІІ- бүкіл Қазақстандық жастар ойындарының программасындағы турнир болып өтті. Төрт күнге созылған жарыс ұлттық өнеріміздің бір түрі қазақша күрестен небір дүлдүл палуандарымыздың өсіп келе жатқандығын толық дәлелі болғандай. Әрине бұл жарысқа тек әр жылы республикамызда қазақша күрестен болып жатқан үлкенді –кішілі жарыстарды қоссақ, ұлттық өнеріміздің бұқаралық спорт түрінің біріне айналғанын аңғарғандаймыз. Мұндай ведмство аралық жарыс республикамызда тұіңғыш рет өткізіліп отыр. Бұл жарыстың тағы бір ерекшелігі бұған 1960-1963 жылдардың ралығындағы туған ең үздік жас палуандар ғана қатыса алды. Жарыс қызықты да, табысты өтті.

     Осы ұлттық өнеріміздің дамуына өздерінің зор үлесін қосып жүрген, Қазақстанның әлде неше  дүркін чемпионы Жұмажан Экенов, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушылары, СССР спрот шеберлері Марат Жақитов, Диханбай Биткозов, кезінде талай рет әлемді аузына қаратқан палуан Аманжол Бұғыбаев, СССР біріншілігінің чемпионы, самбодан халықаралық дәрежедегі спортшебері Алмас Мұсабеков,  әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі СССР спорт шебері Қанат Байшолов сияқты белгілі маман, белгілі палуандарымызды көрермендер қатарында бұл жарыста болуы жас палуандар үшін үлкен сыи болды. Иа тағы бір ескертіп кететініміз, бұл жарысқа үздіктердің үздігі, күштілердің күштісі ғана қатысты. Шынында да, алмастың жүзіндей жарық –жарық жас өрендер көпшілікті өнерімен тәнті етті, күрес кілемі үстінде естен кетпес қызықты белдесулерге қарап отырып, қазақша күрестің тағыда алпыс айлалы өнер екендігіне көзіміз жетті. Сонымен  төртінші күні әділ қазылар жеңімпаздарды атады. Командалық есепте «Қайрат» ерікті спорт қоғамы бірінші орынды жеңіп алды. «Қайрат»ерікті спорт қоғамының командасын бұл жарысқа, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушы, СССР спорт  шебері Марат Жакитов пен оның шәкірті СССР біріншілігінің чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алмас Мұсабеков дайындағын болатын. Қалған  жүлделі екі орынды «Еңбек» ерікті спорт қоғамы мен «Буревестник» студенттер қоғамы бөлісті.

     Еңбек ерікті спорт қоғамның командасын бұл жарысқа дзю –до күресінің аға жаттықтырушысы, СССР спорт шебері Бауыржан Жаналин дайындады. «Буревестник» студенттер қоғамының командасын бұл жарысқа Қазақтың политехникалық институтының аға оқытушысы Нығмет Ордабаев физкультура және спорт комитеті Совет Одағының Батыры С.Жақсыгүловтың жүлдесі үшін қазақша күрестен республикалық турнир өткізіп отыруды бекітті. Бұл жарыс Каменка ауданы, Камаенка селосында алғаш рет өтті. 1977 жылы Ұлы Октябрь революциясының 60 жылдығы құрыметіне еліміздің астанасы Москвада әр республиканың күрес түрлерінен палуандар өнер көрсетті. Мұнда біздің республикамыздан Қазақтың физкультура институтының қазақша күрес бөлімінің студенттері Қазақ ССР –нің спорт шеберлері Байжан Абдуллаев пен Дәулет Байжігітов кілемге шықты. Мінекей, осы салтанатта қазақша күрес  көрермендерге қатты ұнады, жоғары бағаланды. 1978 жылы Қызорда қаласында қазақша  күрестен Қазақстан чемпионының біріншілігі өтті. Үш күнге созылған жарыстың қортындысында Қызылорда облысының командасы І-ші орынды жеңіп алды. Екінші, үшінші орынды Алматы қаласы мен Жамбыл облысының командалары бөлісті. 1980 жылы Семей қаласында ҚАЗАҚ ССР- нің кубогы үшін жарыс болып өтті. Жарыс қортындысында Семей облысының командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші, үшінші орынды Алматы қаласымен Жамбыл облысының командалары бөлісті. Мұнда республиканың абсалюттік чемпионы атағын Семей облысының құрама командасының мүшесі  Казақ ССР-нің спорт шебері Х.Ысқақов жеңіп алды.

     Москвада болып өткен мына бір көңіл аударарлық оқиға көңілден кетпейді. Қазақтың физкультура институтының  3 курс туденті Жақсылық Үшкемпіров қазақ жастары арасында  тұңғыш рет олимпияда чемпионы қазақтың қаршығадай жігітінің класикалық күрестен жарық-жарық еткен қағлез қимылмен, өнерімен ешкімді де бет қаратпай, олимпияда чемпионы болу шынында да зор мерей, айта қаларлықтай қуаныш еді.

     Мұндай жетістікрге жетуіңіздің сыры неде ?- деген журналистердің сауалына Жақсылық көп кідірмей: «Осындай биікке жеткізген айналайын қазақша күреске мың мәрте рақымет» деген болатын.

     Рас-ау, қазақша күрес әрбір қазақтың ұлына жақында етене емеспе? Жоғарыда бұл аталмыш күресіміздің әлемдік аренада берік орын алған самбо мен класикалық күрестен аса айырмашылығы жоқ екенін айттық. Ендеше  қай күрестің түрімен болса да, талай –талай чемпиондық тәжі киіп жатқан қазақ жігіттерінің есімдерін  осы орайда тағы бір атап өткенді жөн көрдік. Өйткені олар Жақсылық тәрізді қаршадайынан айналысып келген қазақша күреске қарыздар екені даусыз.

     Кезінде Француз күресінен талай халықаралық турнирлердің жеңіпазы атанған күш атасы Қажмұхан Мұңайтпасовты кім білмейді?! Еркін күрестен СССР –дің спорт шеберлері Қабден Байдосов, Абілсейт Айханов, Аманкелді Габсаттаров , Аманжол Бұғыбаев, Амантай Иманқұлов, Сайлау Мұхашев сондай –ақ самбодан СССР спорт шеберлері Е.Қалдыбеков, жақын болғандықтан біздің қазақша күрестің ережелері алынды. 1953-1954 жылдары қазақша күрестен өткізілген республикалық жарыстарда бұл ұлттық спорт өнеріміздің техникалық жағынан класикалық күреске жақындай түскеніне куә боламыз. 1955 жылы қазақша күрес бойынша тұңғыш ереже жарыққа шықты. Алғашқы жазбаша түрінде шыққан ереже кітапшаның авторы Мұзафар Рақымкулов.

     1959 жылы СССР халықтарының екінші спартакиядасы кезінде Москвада ұлттық спорттық күрестің  түрлері бойынша жаттығулар мен спортшылардың Бүкіл Одақтық семинары болды. Семинарға одақтық және автономиялық республикалардан 20 өкіл қатысты. Мұнда жарыс ережелері талқыланды. Қортындыда біздің «қазақша күрес» грузиндердің «чида обасы» және молдавиялық «триньта» жоғарғы баға алды. Спартакияданың чемпиондары, Қарағандылықтар Ж.Татиев пен С.Аманжолов осында өз өнерлерін көрсетті. Қай халықта да болсын, ұлдарының денсаулығы мықты, күшті, сұлу, денелі, күш сынасқанда қарсыласын алып жығар әдіс –айласы мол болғанын қалайтынын қалайтыны белгілі. Қай елді алсақта, күресусіз ел жоқ. Әр елде өзіндік ерекшелігі бар күрес дамыған. Республикамызда кең тараған күресімізді мақтан тұта отырып, оның одан әрі дамуына жанашырлар қолдан келген үлесін, көмегін тигізіп келді. Қазақша күрестің өсіп -өркен жая беруіне Қазақтың мемлекеттік физкультура институты көп көмегін көрсетті. 1970 жылы Қазақтың мемлекеттік физкультура институтында алғаш рет қазақша күрес бойынша бөлім ашылды. Осы жылы қазақша күрес ережесі қайта өңделіп, бүгінгі талапқа сай жарық көрді. Ұлттық спортық күресіміз, қазақша күрестің жарыс ережесі қайта  өңдеген қазақтың мемелекеттік  қыздар институтының дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі доцент міндетін атқарушы М.Р.Рақымқұлов, Қазақтың физкультура интитутының күрес кафедрасының меңгерушісі, СССР –дің және Қазақ ССР –нің еңбегін сіңірген жаттықтырушы, доцент міндетін атқарушы П.Ф.Матущак, Қазақтың мемлекеттік физкультура институты күрес кафедрасының аға оқытушысы, СССР спорт шебері, Қазақ ССР-нің еңбегі сіңген жаттықтырушы С.К. Сатыбалдиев, Қазақ ССР-нің күрес педерациясының мүшелері, СССР спорт шеберлері К.Р.Байдосов, А.К.Қазымбетов, А.Р.Габсаттаров, Р.Айханов, М.Сұлтанбаев, Л.Отешевтер.

     Биыл он жеті жыл қатарынан істеп жатқан бұл бөлім талай қазақтың баласының тұсауын кесті, бағын жандырды. Бұл бөлімде екі жылдай оқыған жастарымыз күрестің класикалық, самбо, дзю-до, еркін күрес түрлерін тез арада меңгеріп латынына көзіміз жетті. Яғни бұл қолға алған ісіміздің болашақ чемпиондарды дайындауда ұшан теңіз көмегі тиеді екен.

     Қазір біздің институт түлектері республиканың түкпір –түкпірінде қазақша күрестен сабақ береді. Қазақша күрестен тұңыш рет Қазақ ССР –нің спорт шеберлері атанғандар Есімов, Садықов, Оразбековтер. Ал олардың ізбасарлары жыл сайын көбейіп келеді. 1973 жылы Өзбекістанның астансы Ташкент қаласында ұлттық спорттық күрестердің түрлері бойынша Орта Азия мен Қазақстанның біріншілігі өткізілді. Бұл жарықа қатысқан құрама командасының палуандарыда қатысты. Орта Азия мен Қазақстанның біріншілігінде тұңғыш рет аса жеңіл салмақта Қазастан мемлекеттік фикультура институның І-курс студенттері Қазақ ССР –нің спорт шебері Мейірхан Аманбаев жеңіс тұғырына көтеріліп, чемпион атанды. Жеңіл салмақта ұлтттық күресімізден Қазақстан құрама командасының мүшесі, Қазақ ССР-нің спот шебері Рашид Сапарғалиевта (Семей облысынан) жеңіс тұғырына көтеріліп, чемпион тәжін киді. 1974 жылы Жамбыл облысындағы «Қайрат» ерікті спорт қоғамының бастамасымен Қазақ ССР Министірлер Советінің жанындағы физкультура және спорт комитеті екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған Жазылбек Қуанышбаевтың жүлдесі үшін қазақша күрестен болған републикалық турнир өткізіп отыруды бекітті. Бұл жарыс Мойынқұм ауданы, Фурмнов селосында алғаш рет өтті. 1975 жылы Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауданында фурмнов селосында екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың жүлдесі үшін қазақша күрестен болған републикалық турнирге Алматы қаласының палуандар командасы да қатысуға жолдама алды. Алматы қаласының құрама командасы құрамының көбі Қазақтың мемлекеттік физкультура институтының студенттері еді.

     Бұл республикалық турнирде палуандарымыз табыспен оралды. Қазақтың мемлекеттік физкультура институтының студенттері: Мәлік Сүлейменов, Серғали Жақсылықбаев, Бақтияр Жүнісов жеңіс тұғырына көтеріліп чемпион атанды.

     Сонымен қатар, Қазақ ССР –нің спорт шебері (норамысн орындады) деген атаққа ие болды. 1995 жылы Ашхабад қаласында Орта Азия мен Қазақстан біріншілігі өтті. Бұл жарыста Қазақстанның палуандарыда қатысты. Орта Азия мен Қазақстанның біріншілігінде алғаш рет аса жеңіл салмақта Қазақстанның мемлекеттік физкультура институтының ІІІ-курс студенті, Қазақстан құрама командасының мүшесі, ұлттық күресіміздің Қазақ ССР –нің спорт шебері Мейірхан Аманбаев жеңіс тұғырынан екінші рет көтеріліп, чемпиондық атақты жеңіп алды.

     1976 жылы Жезқазған облысы, Жанарқа селосында Қазақша күрестен Қазақ ССР –нің кубогын 12 облыстан келген 100-ден аса палуан сарапқа салды. Нәтижесінде түгелдей студенттерден құралған Алматы қаласының командасы бірінші орынды имденсе, екінші, үшінші орындарды Жезқазған, Алматы облыстарының командалары бөлісті. Бұл жарыста республиканың абсолюттік чемпионы атағын Жамбыл облысының өкілі Қазақ ССР-нің спорт шебері, самбодан СССР спорт шебері Ерген қалдыбеков жеңіп алды. 1977 жылы Қазақ ССР Министірлер Советінің жанындағы  дайындаған болатын. Он салмақ дәрежесі бойынша 48-ден 100-ге дейін чемпиондық тәжді киген жігіттердің есімдерімен таныс болыңыздар: Б.Отарбаев, «Қайрат», Е.Сабитов «Еңбек», С.Верегин, А.Верегин екеуіде «Еңбек» К.Адиябеков «Еңбек», Е.Қалдыбеков «Қайрат», И.Удовиченко, О.Пономеренко, Е.Цукенов «Еңбек», Г.Абуов «Қайрат», бұдан кейін ақ жарыстар жиіледі. Жаңа жарыс, жаңа чемпиондар  осы уақыт ішінде 170-ке жуық палуан Қазақ ССР-нің спорт шебері атағын жеңіп алды. Шындығын айтсақ, қазақша күрестің республикамызда жан –жақты дамуы әлемдік аренадағы басқа күрес түрлері мен қазақ жастарының етене араласуына  жол ашты. Иә, Қазақ ССР –нің спорт шеберлері бұл жолда табысты өнер көрсетуде. Бақтияр Жүнісов, Мейірхан Аманбаев, Ерген Қалдыбек, Дәулет Байжігітов, Хамит Ысқақов және басқалар самбодан, Серғали Жақсылықбаев дзю-додан, Сейдаптал Байбукашев еркін күрестен СССР спорт шеберлері атағын жеңіп алысты.

     Қазақша күрес…. Бұл ұлттық спорт өнеріміздің келешегі зор екенін жоғарыдан толық дәлелдеп айтып шыққан секілдіміз. Сөз соңында айтарымыз қазақша күрестің бүдан да әрі кен тыныспен, соны серпінмен дамуына физкультура ұйымдарын, спорт өнерін сүйетін қалың бұқара, әсіресе ертең осы аталмыш өнеріміздің  маманы ретінде институт бітіретін сенің тигізер үлесін, көмегінің зор екендігінде дау жоқ.

 

  • Күресшілердің жан-жақты дайындығы

 

     Қазақша күрес- ұлттық спорттық өнеріміздің ішіндегі күрделі түрлерінің бірі болып саналады. Мұнда жан-жақты дайындығы мол, күшті төзімді, қайратты, епті палуан болмай жеңістен –жеңіске жету, табыстан –табысқа жету мүмкүн емес. Кілем үстінде белдескен екі палуанның қайсында жоғарыда айтылған қасиеттерін мол болса, сөз жоқ сонысы жеңіске жетеді. Қазақша күреспен айналысатын палуанның бойында күш қайраты мол болумен қатар, ол өте сезімтал болу керек. Себебі кейбір белдесулер аз уақыттың ішінде, көзді ашып жұмғанша өте шығады. Белдесулер кезінде аданың бойындағы сан қасиеттер сынға түседі. Бірнеше секунтқа, кейде 10 минутқа  созылатын жекпе –жектерде, жаттығу барысында бойға жинаған әдіс –айла, күш, шапшаңдық, бәрі –бәрі сынға түсетін болады. Кейде жеңісті осы қасиеттердің бірі қамтамасыз етсе, екінші бір жолы жетпей жатады. Сондықтанда  палуанның жан –жақты дайындығы туралы әңгіме қозғалғанда оның тактикалық, психологиялық дайындығы және жылдамдық, төзімділік сияқты қасиеттердің бірлесе бас қосуын жиынтығын айтамыз. Міне өмірде осындай жан –жақты дайындықтан өткен палуан ірі –ірі жарыстарда табыстан –табысқа жетіп, жақсы өнер көрсететінімізді байқап жүрміз. Жан –жақты дайындығы жақсы палуандар белдесу кезінде тактикалық айла –тәсілдерді де дер кезінде  қолдана алады.

     Оған өмірімізде кездесіп жүрегн  мына бір мысалды келтірейік. Кілем үстінде (кездесіп жүрегн) белдесу басталғаннан соң үстін –үстін үдемелі шабуыл жасап, өзіне керекті ұпайын жинап алады. Содан соң толық қорғанысқа көшеді. Ол өзінің белдескен бәсекелесінің мықты шабуылын нәтижелі аяқтауына мүмкүндік бермейді. Осындай кезде палуанға күш –жігер, қайрат, төзімділік қажет. Міне осындай жағдайда ғана ол бәсекелесінің мықты қорғанысын бұзып, жіберген есесін қайталап, алға шығып жеңіс тұғырына көтеріледі. Палуан жан-жақты дайындық кілемдергі белдесулер, жарыстар барысында және көптеген жаттығулар жаттығулар арқылы шыңдалады. Арнаулы жаттығулар дегенде біз күш, шапшаңдық сияқты қасиеттерді адам бойында қалыптастыруға, дамытуға, әсерін тигізетін спорт түрлерін айтамыз.

     Ал жас талапкерлерге күшті палуан атану үшін құрыштай күш, жарық еткен шапшаңдық керек.

 

 

 

 

  • Күш.

 

     «Күш атасын танымайды» -дейді халқымыз. Табиғи күш немесе қара күштің ролін ешкім жоққа шығармайды. Бұл әсіресе палуан үшін қарсыласының дүлей шабуылына қояр қалқан немесе қарсы шабуылдарға ауадай қажет. Күш –бала жастан спортпен айналысатындарға бағынатын биіктік. Жекпе –жек кезінде түскен зор қысымнан, үлкен салмақтың нәтижесінде бүлк –бүлік ойнаған бұлшық ет сан түрге, сан күйге түседі. Сондай –ақ, жекпе –жек кезінде  палуан әрқилы күшке түсетін тәсілдер, әдістер қолданады, дене ширығады, жекпе –жек басында өзінше,  аяғында өзінше күш жұмсалады. Күш неғұрлым көп болса, соғұрлым әдістерді ақпа –нақ қолданасың, ойын әрі жылдам, әрі шапшаң жүзеге асады.

     Мінекей, осы ерекшеліктер қай палуанға болсын күш керек екенін айқындап бергендей. Табмғм күштің өзі жекпе –жек кезінде тез сарқылады. Оның әрдайым көзін ашып, байтып отыру керек. Бұл үшін арнаулы жаттығулар бар. Оған керекті нәрселер мыналар: алдымен өз денеңді күтіп баптау. Спорттық киімдер, штанга, гирлер, гантелдер, доп, блоктар, эспондар, резина амартизаторлар және т.б құрал жабдықтар керек. Палуанның өз күшін арттыру үшін жеке әдістерді іске асыруға әріптес палуан қажет. Ол палуанның айта қаларлықтай күші, әйтпесе ауыр салмағы болуы  тиіс. Жоғарыда аталған спорттық құрал –жабдықтар арқылы күнделікті жұмыс істеп отыру керек.

     а\ Жаттығуларды  қайталап істеп, қашан бұлшық еттер талып, шаршағанша орындай беру керек. Неғұрлым ол жаттығулар жеңілдеген сайын, оның санында, қайталау жиілігінде арттырған жөн. Әрбір жаттығулардың бір сериясы –бірнеше рет қайталанып болған соң палуан үзіліс (2-5 мин) жасайды. Бұл үзілісте бірнеше тыныс жаттығуларын орындайды және ширыққан бұлшық еттерді бір уақыт босаңсытып, әлсіздікке берілесің. Күн сайынғы жаттығу ойындарының күрделілігі артқан сайын, оның саныда артады. Бұл әдіс арқылы күштің көп уақытқа дейінгі шыдамдылығы арта береді.

     б\ Үлкенді –кішілі жаттығулардың ауқымын, қысымын арттыру, оларды қайталау (жұлқу, лақтыру, итеру, серпілу, тартылу, отырып- тұру, еңкейю және басқалар).

     Жаттығулардың өзі жоғары, төмен, орта болып бөлінеді. Палуан түсер салмақта арта береді. Мысалы гирлерді, тастарды лақтыру, сонан соң бас арқылы екі қолмен лақтырып, қайта қағып алуға дағдылану, әрине ондай кезде (қолмен лақтырып), кейін шалқайғаның дұрыс. Бұларды қас –қағым сәтте, әрі дәл істегенше қайталай берген абзал. Осы әдісті қолдану күшті дамытуға көп әсерін тигізеді, екіншіден палуанның жылдамдығын, шалттығын, шапшаңдығын арттырады.

     в\ Әріптесіңмен күш сынасу, қарсыластың тежеп отыру, яғни тер төге отырып үйренген, жаттыққан серияларды қайталап отыру.

Изотетрикалық әдіс.

     Бұл әдіс жаттығуларды жиі –жиі қайталау арқылы (5-10 рет) бұлшық еттерді жетілдіру. Осы қайталаулар уақытпен (2-ден 8-секундқа дейін) өлшеніп отырды.

     Бұл жаттығулар құрал жабдықтармен, немесе оларсыз, тіптен әріптес арқылы да жүзеге асырылады. Техникалық әдістерді жүйелі түрде қолдануға статикалық қысым тиімді. Сондықтанда, арнаулы жаттығулар әрқилы жүргізіледі. Сонымен бұл әдістің көмегімен бұлшық еттердің, арқаның аяқтың күшін арттыруға болады. Әртүрлі лақтырудан тұратын осы жаттығулар, дененің барлық нүктесіне қысы түсіреді. Бұл үшін қарсыласыңды дененің әр қилы  иілу бұрышында ұстап тұруға тырысу керек. Бұлшық еттерді шырықтырудың сан –түрлі ортақ әдістері бар. ( мысалы: турникке тартылу). Мұны істеу қолды ию арқылы, денені әртүрлі жағдайда ұстау керек. Тартылған кезде әрқилылықты  сақтаған жөн.

 

  • Шапшаңдық

 

     Көзді ашып жұмғанша…. мінекей, бұл ұғым төзімділікке, жылдамдыққа бағытталып айтылған. Ал, палуан немесе, спортшыға бұл аса қажет қасиет. Аса күшті палуан бола тұрып, шапшаң болмасаң онда өзіңді бесаспап палуан деп атау әбестік болар еді. Шапшаңдық, жылдамдық, арқылы ойына алған әдіс –айланы көзді ашып- жұмғанша, тез қолданасың, бұл арқылы жекпе –жек тағдыры шешіліп қалуы да мүмкүн. Реакцмя тез шешімге келу, жалт –жұлт еткен қозғалыс…. әрине, шапшаңдықтың өзі әдістерді тез, әрі жылдам қолдану, сөйтіп жеңістің биігінен көріну.

     Палуанның шапшаңдығы, қозғалғыштығы оның нервтік процестеріне байланысты. әрбір кішігірім өзгерістерге сезімталдықпен жауап беру, жекпе –жек кезінде әдіс –тәсілдерді жағдайға қарай тез қолдана білу де шапшыңдық. Қарсыласының жағдайы, шыдамдылығы, денесінің қозғалыс күші… бәрі –бәрі есепке алыну керек. Соған сәикес шапшаңдықпен қарсы әрекетке көшіп, шабуылдап, қарсыласының есін жиғызбау керек. Күш бүлік –бүлік ойнаған бұлшық ет, шапшаңдық… осылар тізе қоса кетсе, палуанның алмайтын қамалы, жеңбейтін қарсыласы бола қояр ма екен? Бұлшық еттің дер кезінде босаңсыта, қатайта алмаған палуан ешуақытта шапшаң қимылдай алмайды. Тез, әрі ойдағы әдістерді тап басып қолдануға қосымша шыдамдылық керек. Шапшаңдықтың сапасын, бағасын, әрқилы әдістерді, айлаларды қолдануға шеберлік деңгей беретіні анық.

     І. Жаттығуларды көптеген әдістерді жеңілдетілген жағдайда жасау әдісі де бар. Мысалыға әдістерді жүзеге асыруда жеңілдеу әріптес қажет. Бұл тездікке, шапшаңдыққа баулыиды. Еңкейіп тұрып жүгіру, шатанганы жұлқи және итеріп көрегенде жеңіл салмақты қалаған дұрыс.

     ІІ. Бұл кезекті әдіс қарама –қарсы жағдайды сыбаға етіп тартады. Бұл қиын да, ауыр, күрделі жаттығулар болады. Бұл жоғарғы қарқынды қимылдағанда өте керек…. қарқын… Ауыр мен  жеңіл қабаттасқан күрес өнері жалпы қиын өнер. Қарқынды қимыл ғана сені биікке жетелейді, жеңістің шыңына  ентіктірмей жеткізеді. Сондықтанда жаттығу жасағанда қарқынды шабуылға біртін-біртін ауысып отырған жөн. Бұл алқын –жұлқын қимыл қашан әбден қалжырап шаршағанша жалғаса берген жөн. Қимыл мейлі қарқынды болсын, мейлі бәсең болсын, әрбір -әдіс айла нақпа –нақ қолдануыды жүзеге асыру керек. (Сондай –ақ инитационды жаттығуды да қол қалт еткенде қолданған абзал). Яғни, ешқандай қарсылассыз, әріптессіз әдіс –айланы ойша, өзінше жасау.

ІІІ. Жаттығуды команда арқылы ойда жоқ жерден жасау. Мұнда қимыл тездігі қатар жүру тиіс. Себебі, ойда жоқ жерден әдіс қолданғанда сенде қапы қалмауың керек. Мұндайда екінші бір адам команда береді. Команда дауыспен де, шапалақтаумен де, ысқырықпен де беріледі. Бұл сонымен бірге қол және дене қымылы арқылы берілуі ықтимал. Нағыз палуанға дұрысыда осы. Белгі берілгенде палуан ол әдісті аса бір тездікпен, шапшаңдықпен орындауы тиіс.

     Сондай-ақ, шапшаңдықты арттыру үшін қозғалысы мол спорттық ойындарды да пайдаланса нұр үстіне нұр. Жүгіру акработикалық ж»не гимнастикалық жаттығулар. Оншақты рет арқа және мойын арқылы лақтыруды жүзеге асыру да шапшаңдыққа баулиды. Мұндай жаттығулар, әрине өте көп. Оны шапшаңдықпен көзі ашып –жұмғанша орындай білу ғана шеберлік деп танылса керек.

     Күш пен шапшаңдық… осы екі ғажайып қасиетті жалғастырып, толықтырып тұратын тағы бір тамаша қасиет бар. Ол  -шыдамдылық. Көп палуанға осы қасиет жетпей жатады. Жетпегендіктен де жекпе –жектерді ала –құла өткізіп жарыс соңына жете алмай, бәйгенің қалың шаңына көміліп қалады. әрбір жекпе –жек, әрбір дүбірлі жарыстың құрыш шыдамдылығы бар палуан ғана жететіні күмәнсіз.

     Шыдамдылық организімінің мүмкүндігіне байланысты. Организм, нерв клеткаларының еңбекқорлығы, тыныс системасы мен қан айналымы. Бұлардың бәрі жүк, қысым көбейген кезде жұмыс істей бастайды. Спорттық тәжірбиеде екі түрлі шыдамдылықтың түрі болады екен. Жалпы және арнаулы.

     Жалпы шыдамдылық –физикалық ауыртпалық кезінде организімнің мүмкүндігі.

     Арнаулы шыдамдылық –ұзақ уақыт болған спорттық жарыстар кезіндегі қозғалыс пен әрекетке, жекпе –жек кететін энергия.

     Қазіргі кезде қайбір жекпе –жек болсын қозғалыста, қимылда, әрекет те өте жоғарғы шапшаңдықпен жасалынады, немесе қаншама шыдамдылық керек десеңішші. әрине, арнаулы шыдамдылық жалпы шыдамдылықтың жалғасы ретінде дамиды, шыдамдылықты дамыту үшін мынадай әдістер қолданылып жүр: жаттығулардың көлемі мен интенсивтілігін арттыру, оларды қайталау; ауыспалылық:

     Көлемін арттыру әдісі –орындалған физикалық жаттығулардың уақытын сабақтан –сабаққа ұзарту. Бұл әдіс жаттығу сабақтарының санын да көбейтуге мәжбүр етеді. 9 минут (3-3-3) уақыт. Осы уақыт ішінде шыдамды болу, осы уақытқа шыдамдылықтың жетуі тиіс. Әрине бұл аз.  Жекпе –жек осындай уақытқа жетсе, сенің шыдамдылығың 13-15 минутқа жетуі (мүмкүн) керек. Сонда палуан шаршамайды, шалдықпайды.

     Интенсивтілікті арттыру әдісі де осыған ұқсас. Сабақтан –сабаққа физикалық жаттығулардағы (жекпе –жек мерзімінің) қарқынды артуы. Артырғанда да бір қалыпты арттырып отырғанын қадағалау керек.

     Ауыспалы әдіс. Мұнда физикалық жаттығулар (жекпе –жектер) әрқилы қарқынды жүреді.

     Аралық әдісі. Бұл жекпе –жектердің араларындағы демалыс сәттерін дұрыс пайдалану, яғни бір үзілістен соң басқа жаттығуларды орындап отыру. әрине, бұл палуандардың өте тамаша жаттыққан кезде қолданатын әдіс.

     Қайталау әдісі. Болып жатқан сабақта өткен сабақтағы болған жаттығуларды қайталау. Яғни бірнеше сабақ қатарынан интенсивті жаттығуларды қайталау, жепе –жектің әр бөлімін палуан әрқилы қарсыласпен өткізген жөн. Жекпе –жектерді қарқынды өткізе отырып, қарсылас палуанның да күшті де шыдамдысын таңдаған абзал.

 

  • Ептілік

 

     Әдетте адамдардың бұл икемділігін –«мысықтай епті екен» деп екі үш ауыз сөзбен бере саламыз. Расында да, палуанға ептілік керек-ақ.  Бұл мүмкүндік арқылы қозғалысты қас –қағым сәтте болжамдап, тез әрі тап басып, жекпе –жектегі  әрі күрт өзгерістерге тез-тез икемделіп, әдіс қолдану кез –келгеннің қолынан келе бермейді.

     Епті палуан күрес техникасын тамаша меңгереді, меңгере отырып, ол әдіс –айланы жеріне жеткізе орындайды, өзінің қимыл – қозғалысын да үнемдеп жұмсай береді.  Мұндай палуандар бір әдіспен қимылдап, екіншісіне тез ауыса алады, өте қауіпті жағдайлардың шырмауынан оп –оңай құтылып кете береді, өте шешімді, батыл да сенімді, жүреді.

     Ептілік ойда –жоқ жерде пайда болған нәрсе емес. Күнделікті  өмірден жаттығулардан мысалдап жиналған тәжирбие жиынтығы. Жекпе –жектер әрқилы болады. «Жаттығу неғұрлым қиын болса, айқаста жеңіл болады», -деген қанатты сөз палуандарға тән. Жаттығуларда неғұрлым тер көп төгілсе, неғұрлым олар күрделі, ізденісі мол болса, онда  ептілік те күрделене түседі.

     Арнаулы жаттығулар ептілікті дамытуға көп әсерін тигізеді: ұзындыққа, биіктікке секіру, жүгіру, үштік секіріс, сондай –ақ акроботикалық жаттығулар, баскетбол, футбол ойындарын үзбей ойнау, баспен дөңгелеп асу, екеу ара алға, артқа домалау, итерісу, гранат лақтыру т.б. Бұлардан басқа арнаулы жаттығулар: көпірге тұру, күрес әдістері.

     Икемділік, орамдылық. Күшті, шыдамдылықты, ептілікті дамытумен бірге икемділік қасиетін дамытуды да ұмытпаған абзал. Икемділіксіз жоқ жерде өте икемді әдіс –айларады үйрену оңай болмаса керек. Әсіресе көпір әдісін қолдану мұнсыз бас имейді, бағынбайды.

     Икемділік қасиеті арқылы әдіс –айлалардың көпшлігін тез үйренуге  болады. Икемділікті дамыту үшін әріптесімен арнаулы жаттығулар өткізу қажет.

     Икемділік қасиетін ұйқыдан тұрғаннан  бастаған жөн. әрине, бұл таңертеңгі физзариядка. Мойын мен арқаның бұлшық еттерін күрес іліппесін үйренгеннен бастап күш салған жөн. әрине, бұликемділіктің, иілгіштіктің өзін жас кезден бастап дамытпаса кейін бәріне де кеш болатыны сөзсіз. Ал арнаулы жаттығулар не дейді, соны тыңдап көрелік:

  1. Басты алға, артқа, екі жақа ию. Басты бір жақа қарай бұру, айналдыру.
  2. Денені алға ию және жан –жақты иілу, бұрыс және денені шыр айналдыру.
  3. Кілемге қолды тіреп тұрып, маңдайды тигізу және аяқтарыңды кеңге салып еңкейіп әлгі қимылды қайталау, мойынды алға, артқа ию және айналдыру.
  4. Көпір жағдайда тұрып, алға, артқа қозғалу (қолсыз және қолдың көмегімен).
  5. Бас пен қол арқылы тіреу жасау, аяқтарды ию, оңға, солға.
  6. Көпірден бас арқылы аунап түсу.
  7. Қайтадан көпірге айналып тұру.
  8. Арқанды қабырғаға қаратып, қолмен артқа еңкейіп, тіреуіш еткенше еңкеию.
  9. Жаңағы қимылды әріптесіне белден ұстатып қайталау.
  10. Сонсың өзін қолдың көмегімен осы қимылды қайталау.
  11. Өзәнше арқа құлау және келесі бұрылғанда ішіңмен, басыңды тигізе түсу.
  12. Сонсоң қарама –қарсы.

Әрине осы айтылғандарды ылғи, үздіксіз істеп, жаттығып отырған абзал.

 

  • Шегініс әдісі.

 

     Әрине, бұл әдіс те күшті  көбейтуге бағытталған. Бұл әдіс те денеге  қысым түседі. Ауыр жүк көтеру немесе әріптесінің өзі де түйдек –түйдек шабуыл жасауы тиіс.

     Мысалы, штанганы жайлап қана денеге қысым түсіре отырып, төменді –жоғарылы көтеру. Ал мойнын бұлшық еттерін өсіру әріптесін басының артқы жағынан (қарақұстан) итеріп, төменгіе июге тырысады. Ақтың бұлшық еттерін өсіру үшін жоғарлы –төменді секіру қажет. Өте жоғары қысым түсетін жаттығуларды жеңіл жасалатын жаттығулармен ауыстырып отыру керек. Бір ғана түрлі жаттығу жасауға әдеттенбеген жөн. Мінекей, осындай жаттығулар жасағанда жылдамдықты, шапшаңдықты арттыруға көңіл аударған жөн. Кезекті жекпе –жектен кейін бірден күшті жаттығу жасауға болмайды. Араға біраз уақыт салып барып істеген абзал. Сонымен күшті арттыруға  бағытталған жаттығула бара –бара күрделене түседі. Мысалыға айырықша (жарыс алдындағы) маусымды арнаулы жаттығуларға көңіл аударылады.!

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ -ТАРАУ.

 

  • Қазақша күрестің жаттығу методикасы.

 

     Методика. Осы бір сөз тілге оралғанда палуанның жалпы физикалық дайындығы, шеберлігі еске түседі. Содан барып, ауыр жаттығулар кезінде біз сөз етіп отырған ұлттық спорт түрін меңгеріп, өнерін ұштап жүрген палуанның көңіл күйі, рухани жан дүниесі туралы көптеген ойлар жанғырып. өзінше арналған пікірге шақырады. Біз сөз етеп отырған палуан жай адамдар емес, ол совет адамы. Ол қай жерде болсын, әсіресе оқу жаттығу кезінде өзінің ішкі дүниесінің рухани байлығын арттырып отыру тиіс. Бұл жерде тағыда жаттықтырушының ролін жоққа шығара алмаймыз. Тамаша қасиеттерді шәкірттерінің бойына  құя білетін бірден -бір тұлға сол ғана. Ал, тамаша қасиеттерді  санай бастасақ, олар біршама. Олардың бәрін бойға сіңіру, ол дамдық парызың.

     Сөзден сөз туарды, әрекет  әрекетен жалғасып жатады. Сондай –ақ осыдан келіп, мынадай міндеттердің туындайтынын айта кеткен жөн.

  1. Денсаулықты сақтау.
  2. Қайсарлық, жігерлікті және жалпы физикалық дайындық.
  3. Теориялық білім алу және оны нығайту.
  4. Күрес техникасы мен тактикасын меңгеру.
  5. Жаттығу мен жарыстарға жүйелі түрде қатысу.

 

1.2 Саналық,  белсенділік, жүйелілік және  күнделікті үрдісі .

 

Жаттығулардың өзіндік принциптері бар. Енді солар туралы бірер сөз:

     І. Саналық принципі. Жаттықтырушының араласпайтын жері жоқ десе боларлық. Себебі осы принцип негізінде де атқарар жұмыс біршама. өйткені шәкіртінің жаттығу кезінде қандай күйде  жүретіні  оған алақандағыдай көрініп жүреді емеспе? Әрине. Бұл ең алдымен жаттықтырушының елгезектігіне, сезімталдығына байланысты. Шәкіртінің жаттығу сабақтарына деген ықыласы қандай екендігі тәжірбиелі жаттықтырушы бірден аңғарады. Оған жаттығуға қандай мақсатпен келгенін түсіндіре  білу, жеткізе білі керек. Сабақтың мақсаты неде жатыр, ол несімен маңызды? Мінекей, осының бәрін, санқилы әдістерді түсінікті де, әрі тез үйренуге, тез меңгеруге жағдай туғыза білген абзал.

ІІ. Белсенділік принципі. Бұл принципте палуанның ерік –жігері зор роль атқарады. Күреске деген таудай талабы бар палуан бұл қиындықты да жеңіп шығатыны сөзсіз.  Жаттықтырушының айтқанын бұлжытпай орындап отыруды өзінше талдап, қағидаға айналдырған жөн. Жігерлікте, бәріде белсінділікпен ұласып, осындай жаттығуларда кімнің –кім екені білінеді. Себебі, атақ құмарлық спортшыны жарға жығады. өзімшілдікті, өркөкіректі бойына таратқан спортшыдан да жақсы палуан шықпайды.

ІІІ. Жүйелік және күнделікті принципі. Болашағынан  үміт күттіртетін палуан өзінің күнделікті жаттығуларын бір жүйеге түсіріп алады, онымен ешқайысын жібермейді. Иә, жақсы палуан шығуға бұл принциптің тигізер көмегі өте зор. Жүйелілік және күнделілік палуанның шеберлігін шындап, биіктен –биікке жетелейді.

     Енді жарыс жүйесі жайлы бірер сөз. Қазақша күрестен өтетін барлық жарыстар қазақша күрестің ережесі бойынша өтуі керек. Жарыстар айналым айналым жүйесі және жарыстан шығып қалу тәртібі бойынша жүргізіледі. Айналым жүйесі бойынша әрбір спортшы (команда) барлық қарсыластары мен (командалармен) кездеседі. Бұл жүйе жарысқа түскен палуандардың сол сияқты командалардың нешінші орынды икемденгенін айқындап береді.

     Жарыстан шығып қалу жүйесінің мәні –палуан (команда) қазақша күрестің  белгіленген ережесі бойынша алған айып ұпайлары алтыға, сегізге жеткен соң жарыстан шығып қалады.

     Ауыл –селолық, қалалық, облыстық, республикалық жарыстарды ұйымдастыруға сол жердегі спорт қоғамдары жауапты. Көп жылдық тәжірбие көрсеткендей күрес секциясына жаңа қатынасулар 4-5 ай жаттыққан саны ғана, ал разряд бар палуандарды екі жарым ай өткеннен кейін жарысқа қатысқаны жөн. Өйткені оның спорттық техникалық шеберлігі жарыста ғана артады.

     Қазақша күрес секциясының әрқайсысының жеке календарлық жарыс жоспары болуы керек. Осы календарлық жарыс жоспарында спортшылардың бірнеше рет ашық кілем жарыстарында, өзінің физкультура колективінің біріншілігінде басқа колектив палуандары мен жолдастық кездесулерге, ауыл, село, аудан, қала, облыс, республика және басқа да  ауқымдағы жарыстарға қатынасуы, қамтылуы тиіс.  Жарыстар –спорттық тәжірбие алмасудың ең бір жақсы жолы. Онда жаттығу сабақтарында кеткен кемшіліктері, қателері айқын байқалады. Жарыстарды  жиі –жиі ұйымдастыру, ұлттық күресіміздің ел арасында кең өріс алуына спорт секциясына қатынасушы талапкерлер қатарының көбейюіне көп әсерін тигізеді. Жарыс физкультура колективтерінің өміріндегі үлкен мереке, сондықтан да оған жауапты қарап, тыңғылықты әзірлену керек.

     Жарыс жайлы нұсқаулар ол  өткізілісімен екі –үш ай бұрын жасалуға тиіс. Онымен болашақ жарысқа қатынасушылар түгел танысып шығулары керек. Жарысқа әзірлену барысында кілем, төсеніш, жол төсеніштер қатар таразы, қоңырау және қажетті документациялар да алдын –ала дайындалып қойылады. Палуандардың белдесулер өтетін жері әдемі безендірілуге тиіс.

     Жарыс басталар алдында оған қатынасушылардың парағын, жарыс туын салтанатпен көтеруді ұйымдастырып, жарыс аяқталған соң жеңімпаздарды (құттықтау) награттауды, туды түсіруді салтанатпен өткізу керек. Жарысты ұйымдастыруды, даярлауды белгілі бір жауапты адамдарға міндеттеген жөн.

     Жарыстың ойдағыдай өткізілуі тыңғылықты даярлық жұмыстарының қандай дәрежеде жүргізілуіне тікелей байланысты. Оны бірнеше кезеңдерге бөлген дұрыс.

     Мол тәжірбие ол жүйеліліктің арқасында көп жылдарды араға салып, біртіндеп жиналады. Алғаш рет күрес аренасының табалдырығын аттаған жас палуан осы өнерге келгеніне төрт-бес жыл болған кәнігі палуанның жаттығуларын жасай алмайды. Сондықтан да, тез арада жас палуаннан көпті талап ету, ол өрескелдік болар еді. Мұндай талап жас палуанның күрес өнеріне деген ынтасын азайтады. Жаттықтырушы мұндай жағдайды есте тұтқаны абзал.

     Керекті құралдармен жұмыс істеу бұл әдіспен жұмыс істей білу,  жас палуанның көңіл көкжиегін кеңейтумен бірге осы күрес өнерін меңгеруіне көп көмегін тигізеді. Осы мәселеге диафрагмалар, кинограммалар, оқу –жаттығу кезінде фильмдер қызмет етеді. Көрнекі құралдармен жұмыс істеу, республикамыздың түкпір- түкпіріндегі қаладан шалғай жатқан ауылдарды тиімді, әрі керекті тәсіл. Тек бір қашатын нәрсе сол көрсетілген филімдерді қатарынан, бірнешеуін қою, онша көп пайда бермейді, жас палуан әдіс –айлаларды шатастырып алуы мүмкүн.

ІҮ. Мегеру принципі. Жоғарыда айтқанымыздай жас талапкерлерге бірден күрделі әдістерді үйрену өте зиян. Ондай әдістерді алдымен үйретіп, содан соң күрделі, қиын әдістерді біртіндеп меңгерткен абзал. Бұл меңгеру принциптерін жаттықтырушылар әрқашанда көкейде ұстап, жас палуанның үйрену мүмкүндігін ескерген дұрыс. Әйтпесе ә дегенде күрделі әдістерге баулыимын деп жүріп, енді ғана күрес өнерінің табалдырығын аттаған жас талапкерді үркітіп алуымыз мүмкүн.

Ү.тұрақтылық принципі. Дүбірлі жарыс өтіп жатады. Мұндай кезде талай –талай атақты палуандарда жүреді. Қырағы көз, күрес әдістерін жақсы білетін жанкүйер спортшы мына бір жайды жарыс барысында аңғаруы, ойға тоқитыны рас. Ол әлгі мықты палуандардың 3-4 сүйікті әдістері бар екендігі, сол азғантай ғана әдістерді жеңетіндігі. Неліктен бұлай? өйткені олар көп жылдық үйрену, меңгеру тәжірбиесінде әлгі әдістерді өте жетік біледі. Жарысатрды тұрақты да қапысыз қолданып, үнемі жеңіс биігінен көрініп отырады.

 

  • Жаттығу кезінде спортшының күйін бақылау үрдісі

 

     Көңіл-күйдің көтеріңкі болуы әрқашанда қолға алған ісінің өнімді де, жемісті де дамуына көп көмегін тигізеді. Спортшыда осындай. Оның көңіл –күйінің неғұрлым  көтеріңкі болуы- бұл жеңіске бір табан жақын деген сөз. Сондықтан да, спортшының жаттығу кезінде көңіл –күй дәрежесін тексеріп отырған дұрыс. Мінекей, бұл үшін СССР күрес федерациясының жаттықтырушылар алқасын төмендегідей функциялы сынақ сәттерін ұсынады.

     І. Ортостатикалық сынақ. Ұйқыдан соң төсекте жатып 1 минут ішінде қан соғысы анықталады. Содан соң тұрып, тағы да осы уақыт мөлшері ішіндегі әлгі  істегенімізді қайталаймыз.

     Міне, осыдан кейін барып, жатқан кездегі мен тұрған жағдайдағы қан соғыстарынан бірін –бірінен аламыз. Егерде қортындысында 6-10 рет қан соғысы шықса, онда спортшының көңіл –күйін жақсы деген сөз. Ал, бірақ бұл 10-18 болса, қанағаттанарлықта асып кетсе, онда организм сау емес деген сөз. Яғни, организім қажығандығы, шаршағандығы немесе ауырғаны деп білеміз.

     ІІ. Рюфье (Рюфье интекісі) сынағы. Бұл сынақ қан соғысының жиілігін өлшеу арқылы жүргізеді. Ұйықтап тұрғаннан кейін бірден үш жағдайда өлшенеді. Жатып (р1, р2) тұрып (р3) өлшенеді. Энергия, барлық жағдайда 1 минут ішіндегі алынған көрсеткіштерді мына формулаға саламыз:

                              ИР –Р123=200

                                                      10

     Егер алынған нәтиже нолден кем болса, онда көңіл –күй тамаша дей беріңіз. 0-мен 5-тің арасында болса, жақсы да, 6-дан 10-ға дейін қанағаттанарлық. Ал егер одан асып кетсе, көңіл –күй өз деңгейіндегідей емес. Сынақ аптасына 3-4 рет жүргізіледі.

ІІІ.комплексті сынақ.. Оверға (коверға индексі) бірнеше ауыр жаттығулардан кейінгі өлшенген нәтиже. Мысалыға сынаққа төрт жаттығу түрін алалық. Осы жаттығуларды (30-рет отырып, 30-секунтта тұру.: сондай –ақ осы уақыт мөлшерінде жоғарғы қарқынмен бір орында жүгіру: минутына 150 қадам жасап, үш минут бір орында жүгіру:  секіргішпен 1 минут секіру жасағаннан кейін, 30 секунттан соң қан соғысын өлшеу керек. 2 минуттан кейін, тағы да (р2) және 4 минуттан кейін, тағыда (р3) өлшенеді. Бұл көрсеткіштер мына формулаға салынады:

                            ИК-        150000_______

                                              Р123

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III – ТАРАУ

 

  • Спорттық құрал –жабдық туралы және жаттығу орнын әзірлеу.

 

     Әдетте, күреспен шұғылданатындар маусым талғамайды. Оны үйретуге онымен айналысуға қысы да, жазы да бір. Ауа райына байланысты бірде спорт залында, бірде далада жаттығулар, жарыстар өткізуге  әбден  болады. әрине, бұл үшін спорттық құрал –жабдықтар керек. Арнайы сайыс кілемі болса, онда құба –құп. Ал болмаса ше? Онда гимнастикаға арналған кілем де жарап жатыр.

     Осы айтылған кілем шаршы типтес, дөңгелек болғаны дұрыс. Ол неғұрлым жұмсақ, әрі теп –тегіс, әрі серіппелі болса өте жақсы. Көлемі 6х6, немесе 8х8 м болса, қалыңдығы 10 сантиметрден кем болмағаны 20 см –ден артық болмағаны жөн. Егер кілем арнайы  қалыпқа салынған болса, оның  шетінен бәрі қапталуы тиіс.

     Сайыс кілем туралы бүге –шігесіне дейін толық айтпас бұрын, сәл кілем орнын тебер спорт залы жайлы, оның қандай болатындығы туралы бірер сөз айтуды жөн көрдік. Күрес залдарының көлемі ең көп дегенде 9х9 метр болуы керек. Зал қабырғаларының беті  тегіс болса, сол жөн. Кілем залдың кақ ортасында  орналасады. Оның жан –жағына 1-2 метр кілеммен жұмсақ маталар төселеді. Кілемнің нақ ортасында дияметр 10 см болатын дөңгелек болады. Ол да кілем түсінен басқа болғаны абзал. Зал ішінде әрдайым тазалық болуы тиіс. Осында арнаулы киім ілетін шкаф, душ, дәрігерге арналған бөлмелер болса, онда дұрыс болғаны. «тирзи» айна тәрізді заттарда осында болса, жарысқа қатысушыларға бұл әлде қайда тиімді.

 

  • Жазғы жаттығу алаңдарын жабдықтап дайындау.

 

     Біз жоғарыда күрес залының сайыс кілемінің қандай болатындығын біршама сөз еттік. Енді жаз маусымы кезінде жаттығу алаңдары қалай дайындалады, қалай жабдықтау жөнінде қысқаша айтып береміз. Далада, таза ауада өткен жаттығу болсын, жарыс болсын аса пайдалы

 

  • Палуандардың салмақ дәрежелері.

 

     Күресте салмақ зор роль атқарады. Палуан жарыс кезінде өзіне тән салмаққа үйренеді. Алайда жаттығу кезінде палуандар әр қилы салмақтағы жігіттермен жиі күресетіні абзал. Бұл аса пайдалы тәсіл. Ал жаттықтырушы көбнесе, өзінің шәкірттерінің салмақ дәрежелерін жарыс алдында, яғни жаттығу кезінде хабардар етеді.

     Жарысқа қатысушылар ерекшеліктері бойынша төмендегідей топтарға бөлінеді.

  • жеткіншектер (12-13 жас)
  • кіші жастағы жас өспірімдер (14-15 жас)
  • ересек жастағы жас өспірімдер (16-17 жас)
  • жасөспірімдер (18-19 жас)
  • ересектер (20 жастан жоғары)

 

Келісілген  осы топтар бойынша салмақ дәрежелері көрсетіледі. Біз төменде қазақша күресте кездесіп салмақ дәрежелерін келтіріп отырмыз.

 

                          Жекіншектер  тобы

 

  1. Аса жеңіл салмақ 20 килограмға дейін.
  2. Екінші аса жеңіл салмақ 29 кг –нан 32 кг –ға дейін.
  3. Бірінші жеңілдеу салмақ 32 кг –нан 35 кг –ға дейін.
  4. Екінші жеңілдеу салмақ 35 кг- нан 38 кг –ға дейін
  5. Бірінші жартылай салмақ 38 кг- нан 41 кг – ға дейін.
  6. Екінші жартылай салмақ 41 кг –нан 44 кг –ға дейін
  7. Бірінші жеңіл салмақ 44 кг –нан 47 кг –ға дейін.
  8. Екінші жеңіл салмақ 47 кг –нан 50 кг –ға дейін.
  9. Бірінші жартылай орта салмақ 50 кг –нан 53 кг –ға дейін.
  10. Екінші (орта ) жартылай орта салмақ 53 кг-нан 56 кг-ға дейін.
  11. Бірінші орта салмақ 56 кг –нан 59 кг –ға дейін.
  12. Екінші орта салмақ 59 кг –нан 62 кг –ға дейін.
  13. Бірінші жартылай ауыр салмақ 62 кг –нан 65 кг –ға дейін.
  14. Екінші жартылай ауыр салмақ 65 кг –нан 68 кг –ға дейін.
  15. Бірінші ауыр салмақ 68 кг –нан 71 кг –ға дейін.
  16. Бірінші ауыр салмақ 71 кг –нан жоғары.

 

Кіші жастағы жасөспірімдер тобы

 

  1. Бірніші аса жеңіл салмақ 35 кг –ға дейін.
  2. Екінші аса жеңіл салмақ 35  кг- нан 38 кг –ға дейін
  3. Бірінші жеңілдеу салмақ 38   кг- нан 41 кг – ға дейін.
  4. Екінші жеңілдеу салмақ 41 кг –нан 44 кг –ға дейін
  5. Бірінші жартылай жеңіл салмақ 44 кг –нан 47 кг –ға дейін.
  6. Екінші жартылай жеңіл салмақ 47 кг –нан 50 кг –ға дейін.
  7. Бірінші салмақ  50 кг –нан 53 кг –ға дейін.
  8. Екінші жеңіл салмақ 53 кг-нан 56 кг-ға дейін.
  9. Бірінші жартылай орта салмақ 56 кг –нан 59 кг –ға дейін.
  10. Екінші жартылай орта салмақ 59 кг –нан 62 кг –ға дейін.
  11. Бірінші орта салмақ 62 кг –нан 65 кг –ға дейін.
  12. Екінші орта салмақ 65 кг –нан 68 кг –ға дейін.
  13. Бірінші жартылай ауыр салмақ 68 кг –нан 71 кг –ға дейін.
  14. Екінші жартылай ауыр салмақ 71 кг –нан 74 кг –ға дейін.
  15. Бірінші ауыр салмақ 74 кг –нан 77 кг- ға дейін.
  16. Екінші ауыр салмақ 77 кг –нан жоғары.

 

                              Жас өспірімдер тобы

 

  1. Бірніші аса жеңіл салмақ 45 кг –ға дейін.
  2. Екінші аса жеңіл салмақ 45  кг- нан 48 кг –ға дейін
  3. Бірінші жеңілдеу салмақ 48   кг- нан 52 кг – ға дейін.
  4. Жартылай жеңіл салмақ 52 кг –нан 56 кг –ға дейін.
  5. Жеңіл салмақ 56 кг –нан 60 кг-ға дейін.
  6. Бірінші жартылай орта салмақ 60 кг –нан 65 кг –ға дейін.
  7. Екінші жартылай орта салмақ 65 кг –нан 70 кг –ға дейін.
  8. Бірінші  жартылай ауыр салмақ 68 кг –нан 71 кг –ға дейін.
  9. Екінші орта салмақ  70 кг –нан 81 кг –ға дейін.
  10. Жартылай ауыр салмақ 81 кг –нан 87 кг- ға дейін.
  11. Ауыр салмақ 87 кг –нан жоғары.

 

                         Ересектер тобы

 

  1. Аса жеңіл салмақ 48 кг –ға дейін.
  2. Жеңілдеу салмағы 48 кг –нан 52 кг –ға дейін.
  3. Жартылай жеңіл салмақ 52  кг-нан 57 кг –ға дейін.
  4. Жеңілсалмақ 57 кг –нан 62 кг –ға дейін.
  5. Бірінші жартылай салмақ 62 кг –нан 68 кг –ға дейін.
  6. Екінші жартылай орта салмақ 68 кг –нан 74 кг –ға дейінгі.
  7. Бірінші орта салмақ 74 кг –нан 82 кг –ға дейін.
  8. Екінші орта салмақ 82 кг –нан 99 кг –ға дейін.
  9. Жартылай ауыр салмақ 90 кг –нан 100 кг –ға дейін.
  10. Ауыр салмақ 100 кг –нан жоғары.

 

     Жарыс басталғанда бір салмақ дәрежесінде бәсекеге түскен палуан жарыс аяқталғанша осы салмақ дәрежесі бойынша белдесулер өткізуі керек. Жарысқа қатысушы палуандардың салмағы келесі күні күрестің салмақ дәрежесінен асып кетсе, палуан жарыстан шығып қалады және де жекелік, командалық орын есептелінбейді.

     Сонымен қатар қазақша күресте палуанның палуаны болады. Халқымыз мұндай палуандарды «Түйе палуан» деп атайды. Бұл құрметті атақты жеңіп алу, жарыстың соңғы күні өткізіледі. Енді қазақша күрестен жарысқа қатысқан спортшылар үшін разрядтардың қалай берілетіндігіне тоқтала кетейік. Қазақ ССР –нің спорт шебері атану үшін республика біріншілігінде күрестен өткізілетін республикалық турнирлерде 12 бірінші разрядты палуан қатынасқан жағдайда чемпион атану, үш жыл бойы екі рет бірінші разрядты  он спортшы қатынасқан республика біріншілігінде жүлделі орындарға ие болуы керек. Бірінші разрядтың нормасын орындау үшін, бірінші разрядты бар үш спортшының жыл бойына өткен әр түрлі жарыстарда жеңу, республиак біріншілігінде жүлделі орынға ие болуы керек. Қазақша күрестен екінші разряды бар бес палуанды ұту, екінші разряды бар он палуанды жығу керек. Үшінші разряды бар жирма палуанды жыл бойына өткен жарыстарда жеңген спортшыға дейінде екінші разряды беріледі.

     Қазақша күрестен разрядтың нормасын орындау үшін кез –келген бастауыш физкультура колективтерінде өткен жарыстарда үшінші разряды бар бес палуанды, жыл бойына разряды жоқ он палуанды жеңген жеңістері де есепке кіреді.

     Спортшыларға разрядтық атақ беру үшін жаттықтырушы әрбір жарыстан кейін жарыс протоколдарын белгілі спорт қоғамдарына тапсырып отырады. Қазақ ССР –нің спорт шеберлері және бірінші разрядты палуандар жарыс кезінде күніне төрт белдесуге дейін өткізеді. Ал екінші, үшінші разряды бар ересектерге күніне тек үш белдесуге ғана рұқсат беріледі. Жасөспірімдер арасындағы белдесу күніне екеуден артпауы керек. әр кездесу 6 минутқа созылады. 3 минут күрестен кейін олар 1 минут үзіліске шығады. Қазақ ССР –нің спорт шеберлері және палуандар үшін белдесу 10 минутқа созылады. Бес минут күресінен кейін олар бір минут үзіліс алады.

 

  • Психологиялық дайындық.

 

     Өзінің қарсыласыннан әлдеқайда тегеурінді, әдіс –айласы мол бола тұрып, көп жағдайда жеңіліп қалу, сайыс кілемі үстінде жиі кездеседі.сонда әлекедей жалынған палуанға не жетпеуі мүмкүн?

     Нендей нәрсе? «Күш атасын танымайды» деген қанатты сөзде зор мағына бар. Төрт құбылысы тең палуанды ғана біз осы метал арқылы есептей аламыз. Ал неліктен ол жеңіліп, қай жағдайда ақсап жатады?

     Ертеден –ақ халқымыз палуанның сайысқа салар алдында рухани күш беріп,  атан сала биікке көтере, оның бойындағы толғанысты, қорқынышты қууға тырысқан. Толғаныс, қашан жекпе –жек басталғанша бұл психологиялық сезім палуанның ішкі жан –дүниесінде үстемдік етсе, онда сөзсіз қажып жан алып, жан беріскен сайысты көңілдегідей өткізбейтіндігі анық.

     Жарыс алдында бұл психологиялық жағдай әр палуан әр қилы жағдайда жол табады. Оларға да мамандарымыз соғы кезде өздерінше айдар тағып, оның себептерін ашуға, алдын –ала болдырмауға тырысып жүр.

     Палуан өзін жарыс алдында өте сергек сезінеді, қолдаған әдіс –айлаларды да өте үйлесімді. Қысқартып айтқанда, палуанның ішкі жан –дүниесі жекпе –жекке толық  дайын тұрды. Соңғы аталған психологиялық сезім кілемге шығардың алдындағы ұзақ уақыттың ішінде спортшыны билейді қанша сыр бермесе де, палуанның ішкі жан –дүниесі «Безгекше» қалтырап тұрады. Жекпе –жек мезгілде палуан жиі шатасып, не істеп, не қойып жүргенін сезінбей қалуы да мүмкүн. Бапкер үшін мұндай кезде үлкен сын. Қайткенде де, ол өзінің шәкіртіне сын көзбен қарап, оның қандай күйде екенін білу керек.

     Апатия кезінде бұлшық еттер босайды, қозғалыс баяу, сыртқы кейпі әлсіз, қан соғулары кәдімгідей. Ал жауынгерлік дайындықта бұған қарама –қарсы. Бұлшық еттері бүлік –бүлік ойнап еркін жүреді, қозғалыстары шып –шымыр, қан соғысы жоғары. Ал соңғы түрінде бұлшық еттері солғын, қимылы жүрдім –бардым, сөздерін үзіп –жұлқып айтады, қан соғысы өте жоғары.

     Жарыс алдында алқым –жұлқым қимыл, спортшының көңіл күйін өзгертуі мүмкүн. Жайлап қозғалып, жүзіп жүргендей әдемі  қимыл жасау жақсы әсер етеді.

     Ең бастысы спортшының өзін -өзі қолға алуы. Көңіл –күйін қалыпқа түсіруге, өзіне -өзі бұйрық берген абзал.

     Жекпе –жекке шығар алдында палуанның ішкі толғанысын қалыпқа келтіру үшін массаж жасауда көп пайдалы. Палуан тыныс алу гимнастикасын қолданғаны дұрыс. Психологиялық қасиеттердің жақсы қалыптасуына дәрігердің бақылауы тікелей керек. Десе де, медициналық дәрі –дәрмекті спортшылар дәрігердің қатаң бақылауы мен қолдану керек. Қайтсе де, ең бастыс құрыштай берік психологиялық сезім керек.

 

  • Спортшылар үшін тамақтану режимі.

 

     Халық айтса, тек айтпайды. Өйткені ол өмірден алынады. Өмірден алынған нәрсенің, өмірі ұзақ болады. Мәселен «Ас адамның арқауы» деген даналық сөзі ұрпақтан –ұрпаққа тарап келе жатса да, мәнін жоймай келеді.

     Бұл сөз спортшы адамға да тән нәрсе. Кейбіреулер айтады: «Спортшылар тамақты үнемі жейді» дейді. Жаны бар сөз.

     Әрине бұл көбнесе өз салмағын бір қалыпта ұстау үшін керек. Кейде салмақ қуу керек. Ондайда тамақ рационын өзгертуге тура келеді. Сонымен спортшыға жағдай болса, тамақты неғұрлым уақытында ішу қажет. Ал ғылым жолында дәлелденген күніне төрт рет. Төменде біз сол тамақтардың шамамен қай уақытта және қандай мөлшерде ішілуіне жас жас спортшының назарын аударамыз.

     Ертеңгілік екі рет, түсте бір рет, кешке бір рет тамақтану керек. Күнделікті ішілетін тамақтың колориясы былайша бөлінеді: бірнеше таңертеңгілік тамақтың күндік рационының 25-30, екіншісі 15, түскі  тамақ 40-50, кешкі тамақ 20 %  болады.

     Бірінші тамақты ертеңгі бой жазудан кейін, екіншісін одан 2 сағат өткен соң іші керек. Түскі тамақты 3-4 сағаттан кейін, ал кешкі тамақты ұйқыдан бір жарым, екі сағат бұрын ішкен жөн. Таңертеңгісіне бутерброд, жұмыртқа, сүт ішкен дұрыс. Күрес өнерімен жаңадан айналысып жүрген тәжірбиесі аз палуандар түскі тамақ кезінде бірден майлы тағам жеуден бастайды. Бұл мүлдем дұрыс емес.

     Малы тамақ қарын бездерінің жұмысын қиындатады, қалған тағмдардың қорытылуына кедергі жасайды. Сондықтан түскі тамақ кезінде алдымен салат, жеміс –жидек жеген дұрыс. Жеміс –жидек асханадан үнемі табыла бермейді. Болмаған жағдайда оның орнына «Сарағаш», «Есентуки» сияқты минералды сулады пайдалануға болады. Кейбір спортшылар қызмет бабына байланысты күніне 3 рет тамақтануға уақыты болады.

     Мұндай жағдайда күдік рационның 10 % ертенгісін 40-50 % түсте,

20-25 % кешкісін ішу керек. Спортпен көптен бері айналысып келе жатқан палуандар сорпа мен еттің күш қосатынын жақсы біледі. Салмағын азайтатын спортшылар жарыс кезінде кейде мына тәжірбиені көп қолданады.

     Ыдысқа майдалап туралған қүс етін салады да, 2,5-3 сағат бойы қайнатады. Содан соң піскен еттің сорпасын бір стаканын палуан белдесулердің алдында ішсе, бұл оны әжептеуір әлдендіріп, күш қосады.

     Мұндай тәжірбиені палуандарымыздың арасында Қазақтың физкультура институтының қазақша күрес бөлімінің түлегі, Қазқстан мен Орта Азияның екі дүркін чемпионы, Қазақ ССР-нің спорт шебері, самбо күресінен СССР спорт шебері Мейірхан Аманбаев, Қазақтың физкультура институтының қазақша күрес бөлімінің түлегі, екі мәрте Социолистік Еңбек Ері атағын алған Жазылбек Қуанышбаев атындағы қазақша күрестің өтетінін республикалық турнирдің чемпионы, Қазақ ССР –нің спорт шебері, самбо күресінен СССР спорт шебері Бақтияр Жүнисов, Қазақтың физкультура институтының қазақша күрес бөлімінің түлегі, Қажымұхан Мұңайтпасов атындағы күрестің қазақша күрестен спорт шебері, самбо күресінен СССР спорт шебері Дәулет Байжігітов және жақсы қолдана біліп, табыстан –табысқа жететін. Жарыстың алдында 75-100 грамм қант жеуге болады.

     Кейбір спортшылар жарысқа дейін күнделікті тамақтың мөлшерін азайту арқылы, моншада булану арқылы 2-3 кг салмақ кемітеді. Бұдан кейін тәжірбиесі аз, жаңадан күрес өнерімен айналысып жүрген споршыларымыз өлшенгеннен кейін шыдай алмай іле –шала су ішеді. Түрлі тағамдарды тойып жеп алады. Бұл мүлдем дұрыс емес. Мұндай жағдайда спортшының көп энергиясы ішкен тамақты қорытуға жұмсалады.

     Әсіресе суды көп ішкен палуанның қолдары тез талады, шаршағыш келеді. Сондықтан, су орнына мұндай жағдайда ыстық шай ішкен жөн. Алпыс айлалы күрес өнерімен айналысқан палуан шыдамды, төзімді болуы керек. Осы жақсы қасиеттердің бәрі палуанның бойынан табылса, одан жақсы палуан шығатыны сөзсіз.

     Кейбір палуандарға салмақты көбейту ауадай қажет болып табылады. Олар команданың намысын қорғау үшін керек. Мұндайда салмағын көбейтетін палуандарға  тәулігіне 4-5 ретен тамақтанып, режимін бұзбаған жөн. Палуанға сүт, қымыз, шұбат ішу керек. Теріс түсініп қалмаңыздар. Бұл семіру емес, салмақ көбейту. Жаттығуды ешқандай үзуге болмайды.

     Қазақша күрестен өтетін жарыстар, көбіне ертеңгісін немес кешкісін болады. Егер ертеңгілік уақытта өткен жарыстан кейін салмақ көбейіп кетсе, түскі тамақтың мөлшерін азайту керек. Кешкі тамақ кезінде лимон салағн шай, сорпа аздаған құс етін жеуге болады.

     «Ақылдасып пішкен тон келте болмайды» дегендей бапкердің шәкіртімен ақылдаса отырып, жасаған жоспарлары әрі дәл, әрі тиянақты, әрі мазмұнды болып шықса, олардың еңбегінің жемісті, табысты болғаны. Мұндай жоспарлар қазіргі палуандардың белдесулерінің жақсы аяқталуына игі әсерін тигізіп жүр.

 

 

IV – ТАРАУ

 

4.1 Палуандар жарысын қалай өткізу керек.

 

     Бұл жарысты ұйымдастырушылардың қай –қайысына болмасын зор жауапкерешілік жүктейді. Өйткені жарыс көңілдегідей өткізілсе, палуан үшін де, оны ұйымдастырушыларға да зор мәртебе. Ал көңілдегідей өткізу үшін үлкен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізгені жөн. Жарыс барысындағы әрбір детальға зор ынтамен қарап, кемшіліктерге жол бермеуге алдын –ала дайындық жүргізілуі тиіс. Сондықтан да, дайындық жұмыстарына мынау үлкен, мынау майда –шүйде деп қарамаған жөн. Енді сол жарысты қалай ұйымдастыру керек? Мысалыға жарыс белгілі адамдардың атынан ұйымдастырады. Жарыс кезінде сол адамның өзі, ағайын туыстары қатысып отырса, нұр үстіне нұр болар еді. Сонымен бірге жарыс көңілдегідей өту үшін оған ең алдымен көпшілік жанашыр қауым, содан соң жергілікті үйымдар бас көз болғаны жөн.

     Жарыстың қызықты, тартымды өтуі, жақсы ұйымдастырылуы –спортты насихаттаудың ең тиімді, жақсы жолы. Әсіресе, жарыстың өткізілетін орнына көңіл аудару керек. Яғни, оны жасыл желек жамылған әсем табиғаттың аясында, стадиондарда, спорт залдарында өткізуге болады. Қай жерде өткізілсе де, онда көпшілік көңіл аударатын көрнекті құралдарды пайдаланған абзал. Көз тартатын плакаттар, мағынасын ашатын қабырға газеттері, дәстүрлі жарыстардың бұрынғы жеңімпаздарының суреттерін немесе тізімдерін іліп қойса, оның артықтығы болмайды. Жарыс болатын күнге дейін, мүмкүн бір ай бұрын ба жұртшылық көп жүретін көрнекті жерлерге хабарландырулар беріп тастаса тіптен тамаша. Өйткені бұл көпшілікті осы жарысқа тартудың жақсы бір жолы. Қазқша күрестен өтетін жарыстардың түрлеріне оны өткізу тәртібіне көңіл аударайық.

     І. Шеберлік шыңдау жарыстары, ашық кілем белдесулер. Бұл жарыстарды жаттықтырушылар жас палуандардың дайындық деңгейін анықтау, разряд көрсеткіштерін орындау, шеберлік шыңдау және жарыстағы қазақша күрес секциясына көптеп тарту мақсатында өткізеді.

     ІІ. Тіркеу жарыстары. Тіркеу жарыстары физкультура колективтерінің, ауыл –село, аудан, облыс және республика құрама командаларын құру үшін ең күшті деген палуандар арасында өткізіледі.

     ІІІ. Байқау жарыстары. Байқау жарыстары да спорттық шеберліктің артуы мен қазақша күресті насихаттауға жақсы жағдай туғызады, сонымен қатар жарыста әрбір жаттықтырушы өз шәкірттерінің шеберлігін қанша атқарғандығын қаншама қаблеттілігі бар екенін білдіреді.

     ІҮ. Жолдастық кездесулер. Бұл –колхоздар, совхоздар,спорт қоғамдары, аудандар, қалалар, облыстар, жоғарғы оқу орындары және республикадағы әртүрлі жаттықтырушылардың арасындағы жолдастық кездесулер. Мұндағы палуандардың тәжирбие алмасуы, спортшылардың арасындағы достық  қарым – қатынастарын нығайтуға, споршылардың техникалық шеберлігін арттыруға септігін тигізеді.

     Жарыс сипатына қарай жекелей,  жекелей командалық және командалық болып бөлінеді. Жекелей жарыстарда әр салмақ дәрежелері бойынша палуанның кол жеткен жемістері, табыстары айқындалады.

     Жекелей — командалық жарыстарда әрбір спортшының кол жеткен жемістер, табыстары есептелінеді, ал одан кейін соның негізінде команданың алған орны анықталады.

     Жарыстар түр сипатына қарай былайша бөлінеді.

а\ Ведмство аралық жарыс.

Ведмствоаралық әр түрлі спорт  қоғамдарының жұмыстың жай –жапсарын тексеру үшін өткізіледі. Мұндай ведмствоаралық жарыс республикамызда 1981 жылы жазда Жезқазған қаласында тұңғыш рет өткізілді.

 Бұл жарыстарда 1960-1988 жылдар аралығындағы туған он уездік жас  палуандар ғана қатыса алады. Үш күнге созылған жарыстың қортындысында «Қайрат» ерікті спорт қоғамы бірнеше орынды иеленсе, қалған жүлделі екі орынды «Еңбек» ерікті спорт қоғамы мен «Буревестник» студенттер қоғамы бөлісті.

б\ Аймақтық жарыс.

     Олар совхоздарда, колхоздарда, қалаларда, аудандарда, облыстарда, республикада палуандардың өсуін бақлау мақсатында өткізіледі. Осы жарыстарда қай облыстарда қазақша күрестін жақсы қойылғанын білуге болады. Бұл жарыстарға спортшылар қай ерікті спорт қоғамдары, ведмстволардың қармағында екендігіне қарамастан, тұған жеріне байланысты қатынаса береді.

     Енді жарыс жүйесі жайлы бірер сөз. Қазақша күрестен өтетін барлық жарыстар қазақша күрестің ережесі бойынша өтуі керек. Жарыстар айналым айналым жүйесі және жарыстан шығып қалу тәртібі бойынша жүргізіледі. Айналым жүйесі бойынша әрбір спортшы (команда) барлық қарсыластары мен (командалармен) кездеседі. Бұл жүйе жарысқа түскен палуандардың сол сияқты командалардың нешінші орынды икемденгенін айқындап береді.

     Жарыстан шығып қалу жүйесінің мәні –палуан (команда) қазақша күрестің  белгіленген ережесі бойынша алған айып ұпайлары алтыға, сегізге жеткен соң жарыстан шығып қалады.

     Ауыл –селолық, қалалық, облыстық, республикалық жарыстарды ұйымдастыруға сол жердегі спорт қоғамдары жауапты. Көп жылдық тәжірбие көрсеткендей күрес секциясына жаңа қатынасулар 4-5 ай жаттыққан саны ғана, ал разряд бар палуандарды екі жарым ай өткеннен кейін жарысқа қатысқаны жөн. Өйткені оның спорттық техникалық шеберлігі жарыста ғана артады.

     Қазақша күрес секциясының әрқайсысының жеке календарлық жарыс жоспары болуы керек. Осы календарлық жарыс жоспарында спортшылардың бірнеше рет ашық кілем жарыстарында, өзінің физкультура колективінің біріншілігінде басқа колектив палуандары мен жолдастық кездесулерге, ауыл, село, аудан, қала, облыс, республика және басқа да  ауқымдағы жарыстарға қатынасуы, қамтылуы тиіс.  Жарыстар –спорттық тәжірбие алмасудың ең бір жақсы жолы. Онда жаттығу сабақтарында кеткен кемшіліктері, қателері айқын байқалады. Жарыстарды  жиі –жиі ұйымдастыру, ұлттық күресіміздің ел арасында кең өріс алуына спорт секциясына қатынасушы талапкерлер қатарының көбейюіне көп әсерін тигізеді. Жарыс физкультура колективтерінің өміріндегі үлкен мереке, сондықтан да оған жауапты қарап, тыңғылықты әзірлену керек.

     Жарыс жайлы нұсқаулар ол  өткізілісімен екі –үш ай бұрын жасалуға тиіс. Онымен болашақ жарысқа қатынасушылар түгел танысып шығулары керек. Жарысқа әзірлену барысында кілем, төсеніш, жол төсеніштер қатар таразы, қоңырау және қажетті документациялар да алдын –ала дайындалып қойылады. Палуандардың белдесулер өтетін жері әдемі безендірілуге тиіс.

     Жарыс басталар алдында оған қатынасушылардың парағын, жарыс туын салтанатпен көтеруді ұйымдастырып, жарыс аяқталған соң жеңімпаздарды (құттықтау) награттауды, туды түсіруді салтанатпен өткізу керек. Жарысты ұйымдастыруды, даярлауды белгілі бір жауапты адамдарға міндеттеген жөн.

     Жарыстың ойдағыдай өткізілуі тыңғылықты даярлық жұмыстарының қандай дәрежеде жүргізілуіне тікелей байланысты. Оны бірнеше кезеңдерге бөлген дұрыс.

     Бірінші кезең:

а\ Жарыс өткізу мезгілі мен орнын айқындау:

б\ Ережелерді белгілеу және жұмсалатын қаржының мөлшерін жарыс өткізетін ерікті спорт қоғамының мәжілісінде бекіту:

в\ Жарыстың бас төрешісі мен жауапты секретарын тағайындау:

       Екінші кезең:

а\ Жарыс өткізудің программасымен кестесін белгілеу:

б\ Жарыс өткізетін жерді таңдау және жаьдықтау:

в\ Төрешілер колекциясын жасақтау:

г\ Жарыс жайлы алдын –ала хабарлар тарату, плакаттар шығару:

      Үшінші кезең:

а\ Жарысқа қатынасушыларды қарсы алу және орналастыру:

б\ Спортшылардың документациясын мандат комиссиясында тексеріп, олардың жарысқа қатынасу –қатынаспау мәселесін шешу:

в\ Жарысқа қатынасушыларды программамен және кейбір шарттармен таныстыру:

г\ Төрешілер коллегиясын жасақтауды аяқтау:

д\ Төрешілер семинарын өткізу:

е\ Спортшылардың салмақ дәрежесін анықтайтын төрешілерді белгілеу:

ж\ Төрешілер бригадаларын құру:

 

     Осы жұмыстар біткеннен кейін бас төреші жарысқа дайындықты соңғы рет тексеріп шығады. Біз төменде өмірде кездесіп жүрген жарыстың программасының мынадай бір үлгісін сіздерге ұсынып отырмыз:

І-ші күн. 800-ден 900-ге дейін жарысқа қатынасушы палуандардың салмақ дәрежелерін анықтау.

900-ден 1000 арасында жереби тастау, жарыстың І –ші айналымы  кестесін жасап, кімнің кіммен кездесетінін білу.

1200-де төрешілер өз орындарына келеді.

Осыдан кейін белдесулер басталады.

1500-ден  1700-ге дейін үзіліс.

1700 – ден 1730-ға  дейін палуандар мен төрешілердің салтанатты парады, паратты қабылдау, рапорт беру, құттықтау, жарыстың басталғанын жариялау, ту көтеру:

І. Қазақстан республикасының гимнін орындау, жарысқа қатынасушылардың салтанатты шеруі:

1730-дан 2200-ге дейін жарыс одан әрі жалғастырылады.

2200-де төрешілер алқасының мәжілісі: жарыстың бірінші күнінің қортындысын шығару және бекіту, түрлі шағымдарды қарау.

 

4.2 Салмақ қуу.

 

     Күрес өнерінде жүрген спортшыға бұл әр кезде де керек болатыны сөзсіз. Палуандар әдетте, салмақ дәрежесі бойынша сайысқа түсе алады. Осыған байланысты жаттықтырушылар алдында шәкірттерін қай салмақ дәрежесіне салынады өзін жақсы  жағынан көрсете алады деген сауал туындағаны анық. Сонда қателспеу үшін не істеу керек?

     Әрине, палуан өзінің салмақ дәрежесінде күресуге тиіс екені белгілі нәрсе. Дегенмен, кейде команда қажеттілігіне орай, немесе палуанның өз күрес нәтижесіне байланысты салмақ қууға тура келеді. Мысалыға палуанға  ә дегенде өз бойынан 1,5-3,5 килограмға дейін  салмақты  «лақтырып» тастап, біршама жеңілдеу керек. 1-2 килограмм салмақты азайту онша қиын емес. Бұл үшін жарыстың басталуына  екі –үш күн қалғанда айналысса жеткілікті. Әрине, салмақты азайту үшін тамақты күніге мөлшерден аз ішу керек. Әсіресе, сұйық, тұзды тамақтарды. Егер тез арада 300-400 грамм салмақ куу үшін жаттығу кастюмімен алқым –жұлқым қимылдап, сонан соң 10-15 минут тапжылмай отыру керек.

     Сонан кейін орамалмен мұқият сүртіну абзал. Бұған бар болғаны жарты сағат кетеді. Себебі, спортшыға тез арада жарыс алдында өлшенуі керек. Палуан ұйқыға кетер алдында мына жағдайды ескеру қажет. Өз салмағында спортшы бұл жағдайда 1 кг, ал салмақ куушы 500 грамға дейін салмақ артықтығы мен болуы жөн. Ал, 3,5 кг салмақ куу үшін оған кемінде жарыс басталғанға дейін он күн керек. Жаттықтырушы спортшымен салмақ қуудың графигін жасайды, тамақтанудың режимін қатаң сақтап отырады. Бұл үшін тамақтың сіңімділігі (калороия) азайтпайды, тек тамақтанып күнделікті қабылдау көлемін азайтады. Яғни, сұйық тамақ мөлшерін шектейміз. Жаттығулар жаттығу кастюмымен өтеді.

     Кейбір палуандарға жарыс алдында салмақ қосуы керек болып қалады. Мұнда не істеу керек. Бұған тек қана 1-2 кг салмақ қосу керек болғанда келісуге болады. Мұндайда палуанға сайысқа шыққанда қиындау тиіп жатады. Тек алғашқы сайыстарға дес берсе, қалғаны бұрынғы арнасына түседі. Жарыс алдында спортшы ауыр тамақтардан қашуы тиіс (май, қаймақ т.б.). Себебі   майлы тамақтарды сіңіруге үлгермей жатады. Осыдан барып, палуанның сайыс кезінде «жұмыс істеу» қаблеті азаяды. Сондықтан да, сайысқа бұдан гөрі аш қарын түскені жақсы. Күрес өнерін енді бастап жүрген спортшыға салмақ кууды ұсынуға болмайды.

 

4.3 Монша мен массажды қалай қолданған тиімді

 

     Ауыр жекпе-жектерден кейін моншаға түсіп шығу қандай ғажап болса, массаж (уқалау) жасау бұлшық еті бұлт-бұлт ойнаған палуан үшін өте қажет. Массаж… Бойкйез денеңді жадыратып, сірескен бұлшық еттерді қалыпқа түсіреді. Жадыраған дене жұмыс істеуге құлшынып тұрса, одан артық не керек. Палуанға да керегі осы ғой.

     Жарыс алдында болсын, жарыс кезінде болсын, массаж жасап тұрудың пайдасы болмаса зияны жоқ. Сондықтан да, жаттықтырушыға массаж жасаудың негіздерін біліп қана қоймай , оларды өз шәкірттеріне үйрете білуі қажет. Спортшы өз организмінің мүмкіндігін сараптай отырып масаждың қандай түрлерін қолдану керектігін білген жөн. Біз сөз етіп отырған қазақша күрес болсын,  әйтпесе күрес түрлерінде де жаттығу процесінде де және жарыстарда да массаждың жарым-жартылай түрі қолданылады.

     Бұл дененің бұлшық еттерінің жұмыс істеу қабілетін арттырады. Ал массаждың жалпылай түрі моншада іске асырылады. Әр қилы температурада ыстық бу арқылы жасалынған массаждың әсері тіптен шексіз. Мұндай кезде құрғақ бу болса нұр үстіне нұр. Дегенмен моншада да шектен тыс ұзақ болу зиян. Алдымен бумен біршама уақыт теріні жіпсітіп алып, сонан соң  жылы сумен жылынғаннан кейін, сыпырғышпен денені бірсыдырғы ұрғылаған жөн. Бұл көріністе 10-15 минуттай болған дұрыс. Бұдан кейін салқын суға сүңгіп алса, құба — құп. Шайынған кезде де салқын судың пайдасы ұшан теңіз. Мұндайда есте тұратын нәрсе жарысқа дайындық кездерінде физикалық ауырлық көбірек түскен жағдайда ыстық температураның шұғыл ауысып тұруы спортшы үшін  аса пайдалы емес.

     Бұл кездері кезекті булы кеңістен кейін жылы сумен, немесе салқынмен жылы суды ауыстырып шайынған абзал. Мінекей  бірнеше рет буды кеңістікке бөлген соң аздап дем алып, сонан кейін массажға кірісу керек (массажды жаттықтырушы немесе коммандалас жігіттер жасайды). Сонымен бұл моншаның массажбен

     Ауа ваннасы. Күн сәуесін жылдың ыстық уағында жаз айларанда қабылдайтын болсақ, ол ауа ванннасын жыл бойына қабылдауға болады. Жалаңаш денеге тиген ауа терідегі нерв ұштары арқылы ішкі ағзаға жағымды әсерін тигізеді. Алғашқы кезде ол адам ағзасына салқындау тиеді, содан бірте-бірте соған дағдыланып кетеді. Мұның өзі денені шынықтырып, адамды салқынға ,тіпті аязға төзімді етеді. Ауа ваннасын ашық жерде, көлеңкеде, бөлмеде қабылдауға болады. Бірақ алғашқы температура 20 градус жылылықтан кем болмауы тиіс. Ауа ваннасын қабылдар кезінде әуелі 10-15 минуттан бастап, күніне 10 минуттан қосып, ақырында бір – екі сағатқа дейін ұзартуға болады.  Адамның денесі салқынға үйренген сайын сегіз –он градустық салқын температураға  да шыдайды. Ауа ваннасы денеден керектік заттардың алмасуын қан тарауын, жүрек, ми жұмысын, адамның іскерлік қаблетін жақсартады.

     Сонымен спортшының жеке басының гигенасы теріні күту, шынығу спорттық киімдерді таза ұстау. Көзге көрінбес милиондаған тесіктерден теріні күтсең, бүкіл организімге мұның тікелей ұшан теңіз пайдасы бар. Бәрін айтта бірін айт, дегендей жеке бастың тазалығы осы теріні күтуден басталады, десек қателеспейміз. Теріні күту дегеніміз өзі оны таза ұстау. Бұл әсіресе, жоғарыда айтқанымыздай спорттық жаттығу, жекпе –жектер кезінде аса көңіл аударғанды қажететеді. Мұның ешқандай құпиясы жоқ. Көп терлегенде, тері тез кірлейтіні анық нәрсе. Жиі –жиі жуынып, шайынып отыру керек. Егерде душ болмаған жағдайда күнделікті белуардан мұздай сумен жуынып отырғанды ұмытпаған жөн. Аптасына бір рет моншаға барып, бұл кез –келеген адамның бұлжымас қағидасы ғой дейміз. Теріні күту, палуанға керек десек, бұл артық айтқандық емес. Жаттығуға олар таза болып келу тиіс. Тырнақ алынып, шаш қысқа болса құба –құп жаттығу кастюміңді жуылған таза күйде ұстаған абзал. Өзіңнің жеке сүлгің, сабының болуы керек.

Палуан үшін тазалық ең басты нәрсе.

     Спортшыға керекті ең басты нәрсенің бірі –тазалық. Себебі оның өмірі қым –қиғаш жан алып, жан беріскен спорттық айқастарға толы. Әсіресе палуанның әрбір жекпе –жегінен кейін ерекше бір қажу, шаршау пайда болады. Сіркесі су көтермеген палуанды келесі жекпе –жекке дейін тынықтыратын бірақ нәрсе бар. Ол тазалық, дене шынықтыру және жаттығу. Сондықтанда адамның денесі таза болып жүргенде, адамның көңілі көтеріңкі сергек болуына дене шынықтыру мен жаттығу сабағының маңызы өте зор. Өйткені дене шынықтыру мен жаттығу сабағы нерв жүйесіне жағымды әсерін тигізеді, бұлшық еттерінің өсуіне организімдегі керектік заттар алмасуын жақсартады. Бойда жиналған пайдасыз заттарды денеден бөлуге көмектеседі. Сөйтіп организімді нығайтады. Дене шынықтыру мен жаттығу сабағының бізге көп пайдалы екенін де көріп отырсыздар. Енді, міне денені қалай шынықтыру әдістеріне қысқаша тоқталайық. Сумен шынығу денсаулық үшін маңызы өте зор. Таңертеңгі гимнастикадан соң сумен жуыну, жаттығудан кейін ваннаға түсу, шомылу қол бос уақытта, яғни жазғы каникулдарда теңізге, көлге жүзу, түрінде пайдалануға болады. Суға түсудің қолайлы мерзімі –таңертеңгілік мезгіл, ертеңгі жаттығу, гимнастикадан кейін. Сумен дене шынықтыруға жаз айларында, көктем кезінде денені үйреткен жөн. Организімді бұған үйреткен соң қыс –жаз демей, бұл әдітті үзбей жүргізе беру қажет. Ертеңгілік әдетке айналған соң, адам организімі қажетсініп тұрады. Алғашқы бастаған кезде су температурасы дене сүйсінерліктей жағымды болғаны жөн.  Таңертең жүгіріп содан соң бой жазу керек, таңертеңгілік гимнастика жасаған жөн болады. Күніне белуарға дейін салқын сумен жуынып денені кептіре қызарғанша сүрту (ысқылау) керек. Күн сайын екі рет (таңертең және кешке) жуынғанда ауызды салқын сумен тазалаған жөн. Жатар алдында аяқты салқын сумен жуу керек.

     Күн сәулесі. Күнді дене шынықтыруға пайдалануға болады. Күн сәулесін бір мезгілде қабылдаған жөн. Бірақ бірден ұзақ жаттығуға болмайды. Дене үсті күнге тегіс қызу үшін , ауа температурасы -18 градустан кем болмасын және адам алма кезек аударылып, арқасын, бүйірлерін кезекпен қыздыруы тиіс. Әуелі 5 минуттан қоса отырған жөн.

     Күніне бес минуттан коса отырып, соңында 1-2 сағатқа дейін жеткізіледі. Егер денеміз бір ай ішінде мрамордай жылтыр күрең түске айналса, күн сәулесі дұрыс қабылданды дей берінің. Күн сәулесі пайдалы  екен деп күн кезінде шамадан –тыс жатқан зиян. Ондай жағдайда күн тиіп, адамның жүргеі жиі соғып, ұйқысы қашады, ашуланшақ болады. Тәртіп бойынша күн ваннасынан кейін 10-15 минут көлеңкеде қайта тыныққан жөн болады.

Бапкер туралы бірер сөз

     Кейбіреулер ойлайды: жаттықтырушы мамандығында ешқандай күрделілік қиындық жоқ қой деп. Бұл сөзсіз қате пікір. Жаттықтырушылыққа үлкен ой,  талант керек. Ол білгір ұстаз, ол өзі жаттықтыратын спорт түрін бүге шігесіне дейін білетін тамаша спортшы. Мұнда да тынбай ізденбесең бұл салада босқа жүрдім дей бер. Өйткені сен халық арасынан ғажайып жас таланттарды – болашақ спорт жүлдыздарын қырағылықпен, көрегендікпен тани біліп, үлкен спорт керуеніне тарта білуің тиіс. Ал ондай «Ішімдегіні тап»  деп тымырайып жүрер, өрімдей жастарды тану үшін «Ерекше көз» керек.  Жаттықтырушы осы бір жалғыз ауыз сөзде үлкен мән мағына бар. Бұл сөз қазақтың кеңде де ұғымды сөзі «Бапкермен» ауыстыруға болады. Қазақ қазақ болғалы ол жауынгер халық. Жауынгер жаумен бетпе –бет келгенде, арыстандай айбатты, жолбарыстай шалымды болғаны дұрыс. Тағы бір мысал, ертеден –ақ палуан ойын –тойдың ерекше көркі болған. Халықтың ерекесі болған. Палуан жеңсе, халық хан сияқты төбесіне көтерген, керемет құрметтеген, мінекей, көріп отырсыздар халық ертеден –ақ батыр жауынгерін,  жеңімпаз палуанын нағыз ұл деп бағалаған. Ең бірінші орынға қойған, осы жерде айта кететін ұмытпайтын нәрселеріміз бұлардың нағыз «Шебер» болуына ең бірінші септігін тигізетін, жатпай –тұрмай көмектесетін, үйрететін адам –ол жоғарыда айтқан жаттықтырушы, немесе бапкер. Нағыз бапкер қандай болуы керек екенін жоғарыда біршама сөзбен өрнектедік. Мәселен осы ойларымызға тағы бір қосымша айтатын нәрсе қазақ халқында бұрын да, қазір де  ғажайып ат бапкерелері бар. Ол жүрік атты тай кезінен бір қараған да ақ айырады екен. Ендеше спорт жаттықтырушысын осы ат бапкері мен салыстырсақ әбестік болмайды ғой деп ойлаймыз. Тамаша бапкерлердің арқасында халық арасында жүрген таңғажайып спортшының аты шығады, даңқы алысқа кетеді. Жас талант табылды делік. Міне, ол үлкен спорттың қасиетті табалдырығын аттағаннан кейін-ақ  қамқор көңілге, аялық керек. Бапкер онымен бірге, тер төгіп, үздіксіз жаттықтырса онда еңбегінің жанғаны. Жаңа чемпион, тіптен олимпияда чемпиондары солардан шығады. Ал оған дейін қаншалықты ұзақ та, қиын жол жатыр. ГТО комплексінің алғашқы сатыларынан чемпиондық медальдарға дейін. Иә бұл бұраланы мол жолдан барлық жас өрен өте алмайды. Бұл жолдан нағыз жүйріктер, олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіріов тәрізді тер төге білетін, еңбек ететіндер ғана өтеді.

     Ай өтеді, жыл өтеді бапкердің сын көзі шәкірт шеберлігінің біртін –біртін өсуі. Тай жарыс, кұнан жарыс, бәйгеден соң, бәйг. Міне осылардан шәкірттің сүрінбей өтуі –бапкердің жекелей сапасына байланысты. Алғашқы оқу жаттығу, үйрету, шәкірттің алғашқы аяқ алысы. Бұл шақта бапкер шәкірттің неғұрлым жақынырақ тани түседі. (оның мінезі, әдеттері, ол қызығатын жайлар, мектептегі үлгерімі т.б.). оның ата –анасымен семья жағдайы мен танысу керек. Осының өзі жаттығуды жеңілдетеді, шәкіртті өзін қалаған бағытқа бұра білуде көмегін тигізеді.

     Сабақта жаттықтырушы шәкірттерінің барлығын көріп тұратындай мүмкүндіктер орналасуы керек. Себебі бұл олардың кез –келгеніне, кез –келген жағдайда айтқаныңды жеткізе білу, көмектесу үшін керек нәрсе алған тақырыбыңды түсіндіргенде ол ұғымды, қысқа әрі нақты болуы тиіс. Мұндай кезде неғұрлым шәкірттерге түсінікті терминдермен сөйлеу керек. Жаңа терминді түсіндірген дұрыс, сабақта даусыңды көтеруге, шәкіртіне қатты –қатты ұрсуға болмайды. әрине, тәртіп бұзғандарын жазалау керек.

     Әрбір сабаққа тыңғылықты, ұқыпты дайындалсаң, қапы кетепейсің. Егерде жаттығулар бір –біріне ұқсас болса, шәкірттерді жалықтырып жібереді. Шәкірттердің сабаққа деген қызығушылығы біртін –біртін жоғалады. Сабаққа келмей қалушылық та осыдан басталады.

     Бапкерге оқу және тәрбиелік жұмыстарын жүргізгенде балаларға лайық ойындық әдісті қолданып отыру керек. Әр сабақта өзіндік тартып тұратын, көтермелейтін, қызықтыратын қуаныш болса, қандай тамаша.

     Әрине жас спортшы, жас палуан алғашқы жарысты асыға күтеді. Егер шәкірт жеңсе қуанады, одан әрмен көңіліңде өзіне деген сенім оянады. Ал жеңілсе ше? Бұл жеңіліс жиі –жиі қайталана берсе ше? Қайталана берсе, өзіне -өзі сенімі үшті күйлі жоғалатыны сөзсіз. Жаттығуға да ол келуді қояды. Мінекей көрдіңізбе, жаттықтырушы мұндай кезде сенім отын жағу үшін не істеу керек деген сұрақ туындайды. Ең алдымен оны көтермелемей білу абзал. Күрес кезіндегі оның ұтымды қимылдарын, әдістерін айтып көңілдендіру тиіс. Оның қайткенде де сөз құдіретін пайдаланып, жеңіске деген құштарлығын арттырса, оятса құба –құп.

     Онда мұндай жағдайда сізден жаман бапкер шықпайды деген сөз. Бапкер шәкіртінің бойынан жылт еткен –жақсы қасиеттерді, өсуді көре білген абзал. Қате неғұрлым аз болса, бұл үшін бапкер өз шеберлігін арттырып ізденуі тиіс. Мына бір тамаша мәтел осы ойымызды құптай түсетіндей. «Ұстаздың аты жоғалмайды, ол өмір бойы оқи берсе». Әдемі емес не?

     Жасөспірімдермен жұмыс істей отырып, бапкер мына жайды үнемі есінде ұстау керек: «Жас адам физикалық даму, үсу үстінде, бірақ оның бойындағы моральдық қасиеттері әлі де қалыптаспаған». Бұл ұстазға үлкен жауапкершлік жүктейді. Ұстаздық өмірде өзін -өзі ұстай білу зор үлгі, зор қызмет атқарады. Жасөспірім өзінің бойындағы мүмкүндіктерін білмеуі, көрмеуі мүмкүн. Мұндайда тағы да жаттықтырушы ең сенімді көмекші «Жасөспірім өзінің бойындағы мүмкүндіктерін білуі үшін бапкерег түсіндіріп, жеткізіп отырса, жаман болмас еді. Сондай –ақ, жақсы ұйымшыл коллектив болуы үшін бапкер көп жұмыс атқаруы тиіс. Жолдастық сезім біріне –бірі көмектесе білу, коллектившілдік –міне, бұл әдемі қасиеттерді жас адамның бойына құя білу, ол да асқан шеберлік. Тамаша ұйымшыл коллективтен тамаша спортшыларды дайындау оңай да, жеңіл».

     Иә, жаттықтырушы мамандығы қиын да, күрделі де мамандық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

V – ТАРАУ

 

5.1 Қазақша күреспен айналысатын жасөспірімдер арасында өтетін оқу –спорттық жұмыстарының ерекшеліктері.

 

     Қай халықта болмасын ұлдарының денсаулығы мықты, күшті де, сұлу денелі, күш сынасқанда да қарсыласын алып жығар әдіс –айласы мол болғанын қалайтыны белгілі. Күшті де, сұлу алпыс айлалы, өнер иесі палуан жігітті халқы қошеметтеп отырған. Бұл дәстүр қазір де жалғасып келеді, әлі де жалғаса бермек. Мұндайда да бір (көңіл) фактіні, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген, Москвада болып өткен ХХҮІ олимпиададағы мына бір көңіл аударарлық оқиғаны көкейден өшіріп тастау мүмкүн бе, сірә әрине, жоқ. Өйткені, қазақ жастары арасында тұңғыш рет Жақсылық Үшкемпіров Олимпиада чемпионы атанды. Олимпиада чемпионы қазақтың қаршығадай жігітінің классикалық күрестен жарық –жұрық еткен қағлез қимылмен, өнермен Олимпиада чемпионы болу, шынында да, зор мерей, айта қаларлықтай қуаныш еді.

     Мұндай биікке Жақсылықты шаршатпай, шалдықтырмай жетелеп барған қазақша күрестің арқасы дер едік. Бұл биікке ел бірден жеткен жоқ. Баспалдақтармен біртін –біртін биікке көтерілді. Сол баспалдақтардың ішіндегі болашаққа жөн сілтеген, кейін де талай керегіне жараған, бала жастан сіңірген, үйреніп өскен қазақша күрестің ол үшін орны ерекше екені сөзсіз.

     Әрбір ауыл баласы алпыс айлалы өнерге жақын болып өседі. Олимпиада, одан қалса әлем чемпиондарының тұсауын кесіп, тәрбиелеген бұл өнеріміздің әлі де берері көп. Осы аталған өнеріміздің қыры –сырын зерттеп бұқараға кеңінен таратуда еңбек етіп жүрген жігіттер баршылық. Осыған дейін ауыз толтырып айтар игі істер жүзеге асты. Мысалыға : солардың ішінде шоқтығы биігі, көзге көрінетін 1970 жылы Қазақстан физкультура институның алғаш рет қазақша күрестен бөлім ашылғандығы. Биыл  он алтыншы жыл қатарынан істеп келе жатқан жатқан бұл бөлім талайдың тұсауын кесті, бағын жандырды. Бұл бөлімде екі жылдай сабақ  беріп, баулыған жастарымыз күрестің (классикалық, самбо, еркін күрес, дзю-до ) басқа түрлерін тез арада меңгеріп алатынына көзіміз жетті. Яғни бұл қолға алған ісіміздің болашақ чемпиондарды дайындауға үшан –теңіз көмегі тиеді. Қазір біздің институт түлекері республиканың түкпір –түкпірінде қазақша күрестен сабақ береді.

     Қазақтың физкультура институтының қазақша күрес бөлімінде қазақша күрестен алғаш рет Қазақ ССР-інің спорт шеберлері атанғандар М.Сүлейменов, С.Жақсылықбаев, Б. Жүнісовтар. Ал олардың ізбасарлары жыл сайын көбейіп келеді. Осы уақыт ішінде 130-ға жуық палуан Қазақ ССР –інің спорт шебері атағын жеңіп алды. Шындығын айтсақ, қазақша күрестің республикамызда жан –жақты дамуы әлемдік аренадағы басқа күрес түрлері мен қазақ жастарының етене араласуына даңғыл жол ашты.

     Бұл салада республика және мектеп оқушыларының арасында жастардың сүйіп оқитын «Лениншіл жас» газетінің жүлдесі үшін дәстүрлі турнир өткізіле бастауы да игі бастама. Жас өспірімдердің  денсаулығы зор қайратты етіп тәрбиелеу. Спорт түрлерінің санының ішінде ұлттық өнеріміздің бір туры қазақша күрестің ерекше мәні бар. Көптеген жастардың өмірде өздері аңсап соған ұқсап еліктейтін спорт «жұлдыздары » болады. Бізде қазақша күреспен өсіп -өркендеген қазір атты айдай әлемге одан қалса республикаға танымал спорт дүлдеріміз жоқ емес.

     Еркін күрестен СССР –дік спорт шеберлері Қабден Байдосов, Әбләсит айханов, Амангелді Ғабсаттаров, Аманжол Бүгібаев сондай –ақ самбодан СССР-дің спорт шеберлері Ерген Қалдыбеков, Керей Қойшыбеков,Алмас Мұсабеков, Нұрғали Оспанов, Дәулет Байжігітов және басқалар. Осылардың көпшілігі бала кездерінде ауылда өсіп, онда қазақша күрестен «Баңкерлерлерден» тәлім алған. Жоғарыда есімі аталған әлемді талай аузына қаратқан ағаларындай боламын деген жас өспірімдер спорт әлеміне тәй –тәй сапар шегеді.

     Жас өспірімдермен сабақ жүргізгенде жасына қарай : жастар, жас өспірімдер, ересектер т.б. бөліп жаттықтырғаны  дұрыс.  Бұл арада жаттықтырушылар қауымы бүгінгі заманға сай анатомия мен физиология, имхология, гигенемен, биомеханиканың, педагогиканың көп жеткен ғылыми табыстарына (жетектеріне арқа сүйей отырып жаттығу жұмысын жүргізу керек).

     Ешбір оқулықта айтылмаған нәрсе, қай жастан бастап қазақша күреспен айналысуға болады. Алайда, өмірдегі тәжірбие көрсетеді, жасөспірімдерді он жастан бастап, күрес сексиясына алаған жағдайда ғана организімі шеберліктің толысу деңгейіне 20-22 жаста болатындығын айқындай түйуіде 12-14 жастардағы жас өспірімдердің организімі есие бастауына байланысты. Морфологиялық өзгеріске ұшырайды міне осы кезде жасөспірімдердің бұлшық етерінің құрлыстық ересек адамдардың бұлшық еттерінің құрылысынан айырмасыз деуге болады. Бір анық анғарылатын жай 14 жастан бастап 18 жасқа дейін жасөспірімдердің салмағы мен күшінің өсуі қатар дамып отырады. Осы кезде олардың буын жүиесі қатая бастайды. Жаттығу кезінде 14-15 жастағы жас өспірімге қатал мұқият қараған жөн. Өсіп келе жатқан организімге қарап күшие түсетін, жеңіл жаттығула жасатуын, оны біртіндеп күрделендіріп отыру керек. Палуанның күш –қайратын салыстыруға ең қолайлы кезең 15-18 жас болып табылады. Жаттықтырушы жаттығу сабағын жүргізген кезде гантель, грилес созылғыш резиналар, штаңгі, сирікті жазушылар арқылы спортшылықты артырылып толығуына мүмкүндік тудырады. Әрбір жаттығу арасында қысқа тыныс алдырып( 20-30) секіунттық отырған жөн болдады.

     Мұндай күшке түсетін жаттығулады сабақтың соңғы бөлімінде өткізген жөн. Күшке түсетін жаттығулар жасаған кезде жасөспірімдерге қарау керек. Олар қызығып кетіп мүмкүндігіне қарамай асығыстық жасап, жоғарғы салмақ көтеруі мүмкүн. Жасөспірімдерге мүмкүндігінен жоғары салмақ көтеру зиян. Жаттықтырушы күшті толықтыру әдісін тең қолдана отырып ауыр затты көтеруді әр спортшының өз қаблетіне қарай бағдарлайды. Күшке түсетін жаттығуларды үстемелеп отыру жоспарымен сүйек буындарына әсер етеіндігі ғылыми дәлелдеген. Күшке түсетін тұрақты және үстемелі жаттығулар сүйектері жалпайып, көлемін өсіреді әсіресе оның омыртқаға тигізетін әсері үлкен. Осыдан барып сүйектердің сыртқы қабаты алынбайды және шығыны дөңес қырлары да, сүйектердің буын арқылы байланысқан жерлердегі бұлшық еттері де, өседі. Мұның бәрі марфо –физиологиялық өзгерістер болып саналады. Адам сүйегінің толысып биікке түсуіне қолайлы жағдай жасайды.

     Сүйектердің осылайша өзгеруінен пайда болатын, қозғалғыштық қасиеттері олардың өсуін жақсартып, тілектік қызметін толықтыра түседі осыдан барып, спортшымен қиын жаттығуларды тез арада жасай алатын қалге жетеді. Мысалы: тіземен, қолмен жүру, қолмен не баспен тұру сияқты жаттықтырады. Орындай сүйектері  мықты болмайынша оңай түспейді.

     Жастық шақ адам организімінің жан –жақты зерттелуіне дамуына мүмкүндік туғызады. Ең тамаша шақ жаттығу сабағы адам организіміне жетілдіруі мен қатар, нерв жүйесіне жағымды әсер тигізеді. Организімге керекті заттар алмасуын жақсартады, организімді нығайтады.

     Сабақ өткізіп жатқан кезде, жаттығулар арасында үзіліс беріп отырған дұрыс. Жаттықтырушы жаттығу сабағын өткізіп жатқанда шәкірттерінің дұрыс демала  білетін болса ғана шаршамайды, шалдықпайды, белдесуді сәтті аяқтайды. Белгілі спортшы атану үшін жан –жақты үлкен дайындық керек.

     Міне, сондықтанда жалпы дайындыққа қолданылатын нәрселер мыналар:

     Жеңіл атлетикадан. Қысқа қашықта жүгіру мен айналысу, конкей, шаңғы, тера лақтыру әдісімен жасөспірімдерге жаттығудың екінші жылы ғана үйретуге болады. Жаттықтырушы сабақ жүиесін біртіндеп күрделендіре келе, оны спорттық жарысқа ұштастырады. Жасөспірім белгілі бір техникалық әдіс айласын меңгеріп оны бір екі турын жай комбинациямен қоса практикалық әзірлікке бағыттайды. Тактикалық дайындық ересектер тобына кең көлемде өткізіледі.

     Комунистік партиямыз физкультура мен спортты дамытуға және кеңінен таратуға үнемі басқа аударып келеді. Еліміздің жаңа констетутциясында «Мемлекеттік бұқаралық дене тәрбиесінен спорт дамуына ықпал етеді» деп нақтылы жазылған.

     КПСС сьездерінің орталық комитет пленумдарының қаулы қараларында, сондайақ сессияларының шешімдеріне еліміздің барлық азаматтарының физкультура мен спортпен шұғылдануына демалысы мен дене тәрбиесін жетілдіре беруге қамқорлықты күшейте түсуі қажет. Үнемі жарқын көрініс тауып отырады. КПСС орталық комитетінің «Идеологиялық саяси тәрбие жұмысын одан әрі жақсарту туралы» 1979 жылы 26 сәіурдегі қаулысында, физкультура мен спортты одан әрі дамыту үшін шаралар қолдансын деп атап көрсетілді. Партиямызбен әкелік қамқорлығының арсында дене тәрбиесі спорт бүгінде барған сайын бұқаралық сипат алып, жас өспірімдерге комунистік тәрбие берудің, денсаулығын сақтаудың басты құралына айналды.

     Бұл туралы 1981 жылы КПСС орталық комитеті СССР министірлер советінің «Дене тәрбиесі мен спортты одан әрі дамыту жайлы» қаулысында біздің міндетіміздің бүге –шігесіне дейін толық, әрі әдемі айтылған. 1985 жылы 12 маусымдағы КПСС орталық комитетінің «Клуб мекемелері  мен спорт ғимараттарын пайдалануды жақсарту жөніндегі шаралар туралы» қаулысында көтерген мәселесі өте ауқымды, бүгінгі спорттық өмірімізге қажетті өткір мәселелерді көтеріп отыр. Сондай –ақ КПСС  ХХҮІІ сьезі мен Қазақстан компартиясының ХҮІ сьезінде еліміздің түкпір –түкпірінде дене тәрбиесін дамыту, өрістеу жөнінде айқында, киелі міндеттер қойғаны белгілі.

     Міне көріп отырсыздар, спорттық төл өнеріміздің бірі қазақша күресті барынша насихаттаудың пайдадан бөтен ешқандай зияны жоқ. Болашақ чемпиондар арамызда жүр оларды іздеп табу оңай емес. Сондықтанда ұлттық спорттық өнерімізді бұқаралық сипаттқа айналдырсақ бұл діттеген ойымыздан шығатыны анық. Мыңнан маңдайы жарқырап, «Жүйріктер» өздері ақ ертең бәйгеден келеді сонда олардың да біз тілге тиек етіп отырған қазақша күреске қарыздар болары анық, алғыс айтары даусыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

          Өзінің қарсыласыннан әлдеқайда тегеурінді, әдіс –айласы мол бола тұрып, көп жағдайда жеңіліп қалу, сайыс кілемі үстінде жиі кездеседі.сонда әлекедей жалынған палуанға не жетпеуі мүмкүн?

     Нендей нәрсе? «Күш атасын танымайды» деген қанатты сөзде зор мағына бар. Төрт құбылысы тең палуанды ғана біз осы метал арқылы есептей аламыз. Ал неліктен ол жеңіліп, қай жағдайда ақсап жатады?

     Ертеден –ақ халқымыз палуанның сайысқа салар алдында рухани күш беріп,  атан сала биікке көтере, оның бойындағы толғанысты, қорқынышты қууға тырысқан. Толғаныс, қашан жекпе –жек басталғанша бұл психологиялық сезім палуанның ішкі жан –дүниесінде үстемдік етсе, онда сөзсіз қажып жан алып, жан беріскен сайысты көңілдегідей өткізбейтіндігі анық.

     Жарыс алдында бұл психологиялық жағдай әр палуан әр қилы жағдайда жол табады. Оларға да мамандарымыз соғы кезде өздерінше айдар тағып, оның себептерін ашуға, алдын –ала болдырмауға тырысып жүр.

     Палуан өзін жарыс алдында өте сергек сезінеді, қолдаған әдіс –айлаларды да өте үйлесімді. Қысқартып айтқанда, палуанның ішкі жан –дүниесі жекпе –жекке толық  дайын тұрды. Соңғы аталған психологиялық сезім кілемге шығардың алдындағы ұзақ уақыттың ішінде спортшыны билейді қанша сыр бермесе де, палуанның ішкі жан –дүниесі «Безгекше» қалтырап тұрады. Жекпе –жек мезгілде палуан жиі шатасып, не істеп, не қойып жүргенін сезінбей қалуы да мүмкүн. Бапкер үшін мұндай кезде үлкен сын. Қайткенде де, ол өзінің шәкіртіне сын көзбен қарап, оның қандай күйде екенін білу керек.

     Апатия кезінде бұлшық еттер босайды, қозғалыс баяу, сыртқы кейпі әлсіз, қан соғулары кәдімгідей. Ал жауынгерлік дайындықта бұған қарама –қарсы. Бұлшық еттері бүлік –бүлік ойнап еркін жүреді, қозғалыстары шып –шымыр, қан соғысы жоғары. Ал соңғы түрінде бұлшық еттері солғын, қимылы жүрдім –бардым, сөздерін үзіп –жұлқып айтады, қан соғысы өте жоғары.

     Жарыс алдында алқым –жұлқым қимыл, спортшының көңіл күйін өзгертуі мүмкүн. Жайлап қозғалып, жүзіп жүргендей әдемі  қимыл жасау жақсы әсер етеді.

     Ең бастысы спортшының өзін -өзі қолға алуы. Көңіл –күйін қалыпқа түсіруге, өзіне -өзі бұйрық берген абзал.

     Жекпе –жекке шығар алдында палуанның ішкі толғанысын қалыпқа келтіру үшін массаж жасауда көп пайдалы. Палуан тыныс алу гимнастикасын қолданғаны дұрыс. Психологиялық қасиеттердің жақсы қалыптасуына дәрігердің бақылауы тікелей керек. Десе де, медициналық дәрі –дәрмекті спортшылар дәрігердің қатаң бақылауы мен қолдану керек. Қайтсе де, ең бастыс құрыштай берік психологиялық сезім керек.

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Дене тәрбиесiнiң iлiмi мен әдiстемесi. Б.А Ашмарин. – М;Просвещение,1990
  2. Ашмарин Б.А. Дене тәрбиесiндегi педагогикалық iзденiстiң iлiмi мен әдiстемесi. –М. ФиС, 1978
  3. Осокин Т.И. Бала-бақшадағы дене тәрбиесi. -М.: Просвещение. 1973
  4. Кәсiптiк-техникалық училищилердегi дене тәрбиесi. –М.: Жоғары мектеп, 1976
  5. Хухлева Д.В. Мектеп жасына дейiнгi балалардың дене тәрбиесi. — —
  • М.:Просвещение, 1976
  1. Фомин И.А.,Филин В.П. Дене тәрбиесiнiң жасерекшелiк негiзi. –М.:ФиС, 1972
  2. Дене тәрбиесi iлiмiне кiрiспе. Дене тәрбиесi институттарына арналған оқу қҰралы. Л.П.Матвеевтiң редакциясы бойынша. –М.: ФиС, 1983
  3. Дене тәрбиесi мҰғалiмдерiне арналған кiтап. С.Каюрованың редакциясы бойынша. –М.: ФиС, 1973
  4. Дене тәрбиесiнiң iлiмi мен әдiстемесi. Дене тәрбиесi институттарына арналған оқу қҰралы. М.Матвеевтiң,А.Д.Говикованың басқаруымен. 2-шi басылым. -–М.:ФиС, 1976. Т.1,1-2 тарау.
  5. Понамарев Н.И. Дене тәрбиесiнiң ´ëóìåòòiê қûçìåòi. –Ì: ÔèÑ. 1974
  6. Îðòà æ´íå ¾ëêåí æàñòàғûëàðäûº äåíå ò´ðáèåñi. È.Ò.Îñèïîâàíûº áàñқàðóûìåí. –Ì.: ÔèÑ, 1968
  7. Äåíå ò´ðáèåñi æ´íå åºáåêòi ғûëûìè ½éûìäàñòûðó. –Ì.: ÔèÑ, 1973
  8. Æàëïû äåíå ò´ðáèåñi iëiìií қàëûïòàñòûðó ì´ñåëåëåði. ÑÑÑÐ-äiº ªÀ, 1980, №3 31-41.
  9. Ãðè÷åíêî Ì.Ô., Ñàíîÿí Ã.Ã. źáåê, äåíñàóëûқ, äåíå ò´ðáèåñi. –Ì.: ÔèÑ,1974
  10. Æàëïû áiëiì áåðåòií ìåêòåïòåðäåãi 1-11 ñûíûïòàð äåíå ò´ðáèåñiíiº êåøåíäiê áàғäàðëàìàñû. –Ì, : Ïðîñâåùåíèå, 1985
  11. Æàëïû áiëiì áåðåòií ìåêòåïòåðäåãi 1-4 ñûíûïòàð äåíå ò´ðáèåñiíiº êåøåíäiê áàғäàðëàìàñû. Àëìàòû, Ðàóàí, 1994
  12. «Мектептегi дене тәрбиесi» журналы. 1985-1992 жылдардағы. Л.П.Матвеев. – М.: ФиС, 1991.
  13. Дене т´рбиесi бағдарламасы. 1-4, 1-11 ñûíûïòàðғà. Àëìàòû, 1993.
  14. Äåíå ò´ðáèåñiíiº òåîðèÿñû ìåí ´äiñòåìåñi. Åñìàғàíáåòîâ Ç. ¬àðàғàíäû. 1995
  15. Äåíå ò´ðáèåñi òåîðèÿñû ìåí ´äiñòåìåñiíiº ëåêöèÿ ñàáàïқòàðûíûº òåçèñi. ¬ûçûëîðäà. 1992
  16. Äåíñàóëûқ ñàқòàó òîëғàíûñòàð. Алматы «¬азақстан» 1989
  17. Адам организiмiнiң қызметi. Алматы «¬азақстан» 1983 Айтбаев Т;
  18. Дене тәрбиесiнiң психофизиологиясы. –М.: Рауан, 1983
  19. Тјтенаев Б.У. Казахские национальные игры и виды спорта. Алматы. 1976.
  20. Дене тәрбиесiнiң Ұжымының ережесi. –М,: Рауан, 1984
  21. Пашевский С.А., Старцева И.Д. Дене шынықтыру және мамандық. –М,: ФиС, 1983
  22. ЖОО-ның ОКГУ-ң дене тәрбиесi бойынша типтiк бағдарламасы. Алматы. Республикалық шығару кабинетi.