Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Халықаралық қатынастар факультеті
Теориялық және қолданбалы
саясаттану кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Қазақстан 2030 стратегиясы бағдарламасы бойынша саяси дамудың алғышарттары
«Саясаттану»
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………….
І-бөлім. ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСЫМ МАҚСАТТАР МЕН ОЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ………………………………
ІІ –бөлім. ҚОҒАМДЫ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ ПРОЦЕСІ. ҚОҒАМДЫ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ – ҰЗАҚ ТА ЖАУАПТЫ ПРОЦЕСС…………………………………………………………………………………………….
ІІІ-бөлім. ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ……………………………………………………………………………………………
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………….
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:…………………………………
КIРIСПЕ
Тақырыптың өзектiлiгi.
Бұл жұмыс қазақ елi өз тәуелсiздiгiн алып өркениеттi ел демократиялық құқықтық мемлекет құруға ұмтылып жатқан кезендегi Қазақстан Республикасының “Қазақстан-2030” бағдарламасы бойынша саяси дамуының алғышарттарын зерттеу мәселесiне арналған.
Қазақстанның қазiргi саяси өмiрiнде терең әрi тез өзгерiп жатқан қарама-қайшылығы мол, ескi стеротиптерден бас тарту мен жаңа даму түрiн iздеу, саяси-тарихи тәжiрибенi талқылау мен таяу және алыс болашақтағы мақсаттарға бағыт-бағдар жасау сияқты маңызды процестер жүрiп жатыр. Қазақстан Республикасы тәрiздi тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғамға өтiп жатқан мемлекетте елдiң саяси дамуының алғышарттарын талқылап, зерттеу мәселесi өте маңызды. Қазақстан қоғамының түбегейлi модернизацияға ұшырауы бұрынғы қалыптасқан саяси жүйенiң, қарым-қатынастар мен саяси дамудың өзгеруiне әсер еттi. Жаңа демократиялық қондырғылар, түсiнiктер, саяси институттар қалыптасты.
Қазақстан Республикасындағы жалпы қоғамдық-саяси даму ерекшелiктерi негiзiнде саяси қатынастардың жаңа формалары мен даму үрдiстерiн, әрбiр ұлттың ерекшелiктерiн сақтай отырып, олардың ортақ мүдделерiн қарастыру-қоғамның саяси тұрақтылығын қамтамасыз етер негiзгi мүмкiндiк көздерi. Ал бұл мүмкiндiктерді іске асыруда қоғамдағы саяси және әлеуметтiк институттардың ықпалы мен рөлi айқын сезiлiп отыр. Тақырыптың маңызы Қазақстанның тәуелсiз мемлекеттiлiгiн нығайту кезеңiндегi жаңа мiндеттер мен үлкен өзгерiстер жағдайында арта түсуде.
Саяси даму – кез-келген қоғам өмiрiнiң барлық салаларымен тығыз байланыста дамитын және оның iшкi саяси тұрақтылығына тiкелей әсер ететiн аса маңызды саяси-әлеуметтiк фактор ретiнде қоғамдық ғылымдар, оның iшiнде саясаттану ғылымындағы өзектi мәселелердiң бiрi болып саналады. Республика Президентi Н,Ә. Назарбаев өзiнiң Қазақстан халқына Жолдауында.. “қоғамның бекем тұстарының бiрi оның саяси тұрақтылығы мен бiрлiгiнде жатыр ”, — деп атап көрсеттi.
Тақырыптың зерттелу деңгейi.
Президент Н.Ә. Назарбаевтың ”Қазақстан-2030” Жолдауы халқымыздың өсiп-өркендеуiн, қауiпсiздiгiн және әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған, ел дамуының үлкен бiр кезеңiне арналған мемлекеттiк бағдарлама болып табылады.
Қазақстан Республикасының саяси дамуы мәселесiн қарастыру жолында ”Қазақстан-2030” даму стратегиясын басшылыққа алдық. Елбасы онда атқарылған iстерге баға берiп, алдағы жылдағы атқарылар iстiң нақты нысаналарын көрсетiп бердi.
Қоғамдағы демократияландыру – ұзақ та күрделi процесс. Демократияны дамыту – меншiк қатынастарын реформалау мен нарықтық экономикаға өту, яғни экономиканы тығырықтан алып шығудың, ұлттық мемлекеттiң қалыптасуына қолайлы жағдай туғызудың толассыз жолы. Саяси саладағы басты мақсат – жас егемен мемлекеттi қуатты президенттiк республика етiп қалыптастыру. Қазақстандық қоғамды демократияландыру үрдiсi, тәуелсіз мемлекетті қалыптастыру мәселелерi Ө.Байгелдiнiң, М.А. Биекеновтiң, Ж.Х .Жүнісованың, Т.Омарбектiң және Әбiш Кекiлбаевтің және т.б ғалымдардың еңбектерiнде жан-жақты қарастырылған.
Өтпелi кезендегi экономикалық саясаттың ерекшелiгiн, оның бүгiнгi деңгейiн, елiмiздiң нарықтық экономикалық жүйеге көшуiнiң проблемалары мен перспективасын, жалпы мемлекеттiк экономикалық саясаттың стратегиясын қарастыру мәселелерi Р.Ю.Қуатовтың, А.Е. Болғанбаевтың, К.А. Берденованың және т.б. еңбектерiнде барынша ауқымды зерттелген.
Қазақстан – 2030 стратегиясы бойынша иновациялық экономика құру бойынша ғылыми шикiзаттық емес факторды дамыту мәселелерiн талдауда, бiлiм беру, мәдени – рухани қызметтi ашып көрсетуде, олардың бүгiнгi проблемалық мәселелерiне арналған конференция материалдары, Конституция және т.б. елеулi рөл атқарады.
Қазақстан Республикасын демократияландыру, оның қоғамдық – саяси, әлеуметтiк – экономикалық және рухани дамуы мәселелерiн жан-жақты зерттеуде төмендегi газет – журналдардың материалдары қамтылды: «Ақиқат», «Саясат», «Азия», «Егемен Қазақстан» , «Казахстанская правда», «Полис», «Түркiстан» .
Диплом жұмысымның мақсаты мен мiндеттерi.
Жұмыстың негiзгi мақсаты – Қазақстан Республикасының саяси, әлеуметтiк және рухани дамуының алғышартьтарын ашып көрсету және елдегi ахуалды терең таразылау, дамуымыздың әлемдiк тәжiрибе тұрғысынан талдау және реформаларды іске асыру мен жаңа институттардың қалыптасу дәрежесін үздік әлемдік тәжірибемен салыстыру болып табылады.
Осы алдымызға қойған мақсаттан мынадай мiндеттер туындайды:
- Қазақстанда қалыптасқан қоғамдық саяси ахуалды анықтап,
оның даму үрдiстерiн айқындау;
- қазақстандық қоғамды демократияландыру процесiнiң ерекшелiктерiн саралау, оның басым бағыттары мен негiзгi принциптерiн зерттеу;
- қазіргі кезендегi экономикалық саясатты жүзеге асырудың
қазiргi жай – күйi мен оның ерекшелiктерiн талдап көрсету;
- республикадағы демократиялық өзгерiстердiң қоғамның бiлiм
және мәдениет мәселелерiне ықпалын ашып көрсету;
Дипломдық жұмыс құрылымы.
Дипломдық жұмыс кiрiспеден, төрт бөлiмнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
Кiрiспеде тақырыптың өзектiлiгi анықталып, оның зерттелу дәрежесi сипатталады. Сонымен бiрге жұмыстың мақсаты мен мiндеттерi көрсетiледi.
“Президент Жолдауындағы басым мақсаттар мен оларды iске асыру стратегиялары” атты бiрiншi бөлiмде Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан – 2030 Ел халқына Жолдауы туралы, ондағы елiмiздiң iшкi және сыртқы саясатына, саяси экономикалық және әлеуметтiк дамуына байланысты мақсат – мiндеттер айқындалады. Сонымен қатар Президенттiң ”ұзақ мерзiмдi басым мақсаттар мен оларды iске асыру стратегиялары”, 1998-2000 жылдарға арналған неғұрлым маңызды мiндеттерге талдау жасалынады.
”Қоғамды демократияландыру процесi” – деп аталатын екiншi бөлiмде Қазақстан қоғамын демократияландыру үрдiсiнiң қалыптасуы, оның жүзеге асырылу ерекшелiктерiне тоқтала келiп, мәселенiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк салалардағы негiзгi принциптерi мен мiндет – мақсаттары анықталады.
”Өтпелi кезеңдегi экономикалық саясаттың ерекшелiгi” деген үшiншi бөлiмде елiмiздiң салауатты экономикалық өрлеу стратегиясының басты мiндеттерi көрсетiлiп, нарықтық экономиканың қалыптасу ерекшелiктерiне, меншiк институттары, кәсiпорындарды жекешелендiру, шетел инвестицияларын қорғау және алу және т.б. мәселелер талданған.
“2030 – стратегиясы : бiлiм және мемлекет мәдениет мәселелерi” атты төртiншi бөлімінде Қазақстан Республикасындағы бiлiм және мәдениет проблемаларының бүгiнгi таңдағы даму ерекшелiктерi, елiмiздегі жаңаша бiлiм беру жүйелерiнiң құрылып жатқандығы туралы, демократиялық саяси мәдениет және басқа да мәселелер қарастырылды.
- бөлім. Президент жолдауындағы басым мақсаттар мен оларды iске асыру стратегиялары.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша, Елбасымыз жылма – жыл халықты iшкi және сыртқы саясатымыздың басты бағыттарынан хабардар етедi. 1998 жылғы 30 қыркүйекте Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев ”Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл– ауқатының артуы” атты 2030-шы жылға дейiнгi дамуын байыптайтын ұзақ мерзiмдi Стратегия ұсынды. Онда Президент аталмыш Стратегияны жүзеге асыруда ағымдағы жылы атқарылған iстерге баға берiп, алдағы жылдарда атқарылар iстiң нақты нысаналарын көрсетiп бердi . Бұны өз отандастарымыз құптап қарсы алды.
Президенттiң Қазақстан халқына арналған Жолдауы алыс және таяу шетелдердегi баспасөз беттерiнде кейiнен жазылып, оқырмандар назарын өзiне қатты аударып отыр. ”Қазақстан-2030” бағдарламасы әлдебiр дерексiз абстрактты идеология емес, ол – ең алдымен , нақты iс-қимылдың айқын жоспары. Ал, ол жоспары өзiнiң кезең-кезеңiмен жүзеге асырылуы тиiс. Ол үшiн нақты iс-қимыл мен жұрттың бәрiне айдай айқын нәтиже керек.
Елбасы өзiнiң Жолдауының кiрiспесiн: ”Мен сiздерге, Қазақстан халқына қоғамымыздың болашағы мен мемлекетiмiздiң мұраты хақындағы өзiмнiң пайымдауымды жолдап отырын. Мен сiздермен келер ғасырға жаңа мыңжылдыққа, алыс перспективаға ендеп бойлайтын болашақ жайлы өзiмнiң ой толғаныстарыммен бөлiскiм келедi. Бiздiң өзiмiздiң болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргiмiз келедi, осыны айқындап алатын уақыт жеттi ”,- деп басталды.
Алға қойған мақсат та нақты: ”Осынау болашаққа қол жеткiзiп, өз мұратымызды iске асыруға жәрдемдесе алады-ау” деген сенiм ұялату. Бүгiнгi қиындықтар бiздi күш – қуатымыз бен ертеңге деген үмiтiмiзден айырмауға тиiс. Сенiмдiлiктiң бiрден – бiр көзi – қазақстандықтардың төзiмдiлiгi мен түсiнушiлiгi, бiздiң қоғамымыздың алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу жолындағы бiртұтастығы және халықтың барлық жiктерi мен топтарының ортақ мiндеттерiн шешуге бағытталған стратегия айналасындағы топтасуы, саяси және экономикалық реформалар жүргiзуi жөнiнде жинақталған тәжiрибе, әлемдiк даму процесi туралы бiлiмдiлiгiмiздiң молая түскендiгi.
Жолдауда Қазақстанның тәуелсiздiк жағдайында дамуының алғашқы екi кезеңi айқындалған . Алдыңғы кезеңнiң мәнi “Басталып кеткен аласапыран өтпелi кезеңнiң буырқанған жағдайына дербес мемлекет ретiнде табан тiреп қалуға” келiп сайса,” қазiр бiз тұрақтану кезеңiне өтудемiз”.
Аса маңызды құжаттың негiзгi тараулары: «Бiз бүгiн қай жерде тұрмыз?» , «Қазақстан мұраты», «ұзақ мерзiмдi басым мақсаттар мен оларды iске асыру стратегиялары», «Күн тәртiбiнде: 1998-2000 жылдар», Үкiметке 1998 жылға 8 нақты тапсырма деп аталуының өзi көп президент жәйдi аңғартса керек .
Президент өз жолдауының ”Күн тәртiбiнде: 1998-2000 жылдар” деген тарауында былай деп атап көрсеткен болатын: ”Егер бiз ХХI жүзжылдықтың басына дейiн келесi үш жылға арналған мiндеттерiмiздi белгiлеп, оларды орындай алмасақ, осы айтқанымыздың бәрi де құрғақ қиял, жел сөз болып қалу қаупi бар.
Бiздiң көптеген азаматтарымызды дәл бүгiн келешектiң онша алаңдатып отырмағаны аян, өйткенi қазiр проблемалар еңсе көтертпей тұр. Адамдардың көпшiлiгi таяу уақытта аздап болса да нақтылы нәтижелердi сезбейiнше, олардың ұзақ мерзiмдi мақсаттар мен жақсы деген уағдалардың өзiне сенiмсiздiкпен қарары анық. Шынында да ол адамдардың басым көпшiлiгiн бүгiнгi күннiң проблемалары қатты толғандырады. Олардың бәрiне де өмiр бiрақ рет берiлген. Сондықтан да тым алыстағы ең жақсы деген болашақтың оларды қызықтыра қоймайтыны белгiлi. Алайда, ең таяудағы уақыттың iшiнде тұрмыс едәуiр жақсара бастаса, көз алдымызда экономикалық өрлеу күшейе түссе, онда әлгi алыстағы болашақтың өзiне-өзi жақындап, адамдардың көпшiлiгiне түсiнiктi бола түсетiнi сөзсiз .
Қоғамымызда Президент Жолдауы өте зор мүдделiкпен талқыланылуда. Бұған мысал ретiнде елiмiздiң әртүрлi аймақтарында тұратын адамдардың 1998-2000 жылдарға арналған бiрiншi кезектегi басыңқы мiндеттердi басқаша ретпен белгiлеудi ұсынғанын айтсақ та жеткiлiктi. Ал, бұл жылдарға арналған неғұрлым маңызды мiндеттердiң Жолдауда мынандай ретпен түзелгенi мәлiм.
- iргелi елдермен белсендi қарым-қатынас жасау.
Қазақстанның энергетикалық секторына капитал тарту және елiмiздiң әскери доктринасын әзiрлеу арқылы ұлтық қауiпсiздiктi нығайту;
- ауылдың неғұрлым өткiр проблемасын шешу;
- кедейшiлiк пен жұмыссыздыққа қарсы күрес;
- iшкi саяси тұрақтылық пен қоғамның бiрлiгiн нығайту жолымен экономикалық өркендеуге жету;
- барлық әлеуметтiк – экономикалық реформаларды аяқтау, ең алдымен, бюджет саласындағы реформаларды аяқтау, соның нәтижесiнде зейнетақыларды, жалақыны және әлеуметтiк жәрдемақыларды толық көлемiнде уақтылы төлеу;
- қолайлы инвестициялық ахуал туғызу;
- үкiмет пен мемлекеттiк қызмет реформаларын жеделдету, сыбайлас жемқорлық пен қиянатқа қарсы күрестi күшейту”.
Ал, адамдар бiрінші кезектегi орынға үкiмет пен мемлекеттiк қызмет реформаларын қоюды ұсынады. Өйткенi, үкiмет дегенiмiз нақты орталық орган ғана емес, тұтас алғанда мемлекеттi басқару. Мемлекеттiк басқару жүйесiн реформалап, жетiлдiре түсу керек. Әкiмшiлiктерге реформа қажет. Жаңа бағдарламаны жаңа адамдар жүзеге асыруы тиiс. Бағдарламаны жүзеге асырушы практиктердiң командалары Президенттiң жанындағы орталықта ғана емес, сонымен қатар әрбiр ауданда, әрбiр қалада, әрбiр облыста болуы керек. Әрбiр кәсiпорынның, әрбiр ауданның, әрбiр ауыл мен селоның, рентабельдi шаруашылық жүргiзетiн қандай да болсын кез-келген әрбiр субъектiнiң таяудағы үш жылға арналған даму жоспары болуы шарт. Ол жоспар Президент Жолдауында көрсетiлген нақты мiндеттер сөзсiз жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған болуы тиiс. Олардың барлығы да жергiлiктi үкiмет билiгi тарапынан елеулi қолдау тауып отырғаны жөн.
Шынында да, өкiмет билiгiн реформалап алмай тұрып, өкiмет билiгiнiң өз менталитетiн, оның қалыптасып қалған әдеттерiн, дәстүрлерiн жалпы өмiр сүру салтын түбiрiмен өзгертпей тұрып, ұлттық қауiпсiздiгiмiздi нығайту, ел экономикасына сырттан капитал тарту, ауылдың проблемасын шешу, инвистициялық ахуал туғызудың мүмкiндiгi жоқ. Олай ету реформалаудан өткiзiлген жаңа өкiмет билiгiнiң ғана қолынан келедi.
Стратегияның ”Бiз бүгiн қай жерде тұрмыз”, ”Қазақстанның мұраты ” деп аталатын тараулары қазақстандықтардың реформаға артып отырған мүдделерi мен үмiттерiн, көздейтiн мақсаттарын саралап көрсетуге арналған. Егер олар басым маңыздылығы жағынан саты-сатыға, кезек-кезекке бөлiнiп, тәртiпке келтiрiлiп, егжей-тегжейлi жүйеленбесе, бұл құжат күллi ұлттың күш жiгерiн ортақ мақсатқа жұмылдыра алатын стратегия мен тактика қызметiн атқара алмас едi. Үшiншi негiзгi тарау, мiне, осыған арналыпты. Онда 1998-2000 жылдарда атқарылар жетi ұзақ мерзiмдi басымдық жеке-жеке талданады. Сол арқылы ұзақ бағдарламаны кезең – кезеңге бөлiп iске асырудың ұғынықты әдiстемесi жасалынған.
Ұзақ мерзiмдi басым мақсаттар мен оларды iске асыру стратегиялары Жолдауда мынадай ретпен түзелген:
- ұлттық қауiпсiздiк;
- Iшкi саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы;
- Экономикалық өсу;
- Қазақстан азаматарының денсаулығы, бiлiмi мен әл-аухаты;
- Энергетика ресурстары;
- Инфрақұрылым, әсiресе көлiк және байланыс;
- Кәсiби мемлекет.
Алғашқы кезекке ұлттық қауiпсiздiктi сақтауды жүзеге асыру қойылған. Ұлттық қауiпсiздiк, яғни бұл елiмiздiң аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсiз егемен мемлекет ретiнде дамуын қамтамасыз ету болып саналады. Тәуелсiз жас мемлекетiмiздiң ұлттық қауiпсiздiгi – азаматтарымыздың көркеюi мен жүргiзiлiп жатқан реформалардың табысқа жетуiнiң басты кепiлi болып табылады. Оны қамтамасыз етудiң алғышарты қоғамның ынтымағы мен iшкi саяси тұрақтылығы. Бұл оңай мiндет емес. Алайда Жолдауда атап көрсетiлгендей Қазақстан: ”ең жақын және тарихи достас Ресеймен арадағы сенiм мен тең құқылы қарым-қатынасымызды дамытып нығайта бередi.
ҚХР-мен өзара тиiмдi негiздегi осындай сенiммен тату көршiлiк қатынастарымызды жалғастырады ”. Сонымен қатар бiз Орталық Азия мемлекеттерiмен, Орта Шығыс елдерiмен байланыстарымыз бен интеграциялық процестердi күшейте беремiз. Бүгiнде Қазақстан Республикасы АҚШ және басты демократияшыл индустриясы дамыған мемлекеттер мен байланысын күшейтiп, БҰҰ, Халықаралық волюта қоры, Дүниежүзiлiк, Азиялық, Еуропалық және Ислам даму банктерi сияқты халықаралық институттар мен форумдардың көмегi мен қолдауын барынша пайдалану жолындағы саясатты ұстануда. Мiне, осылайша Стратегияда ұлттық қауiпсiздiк пен қоғамдық тұрақтылыққа шешушi маңыз берiлген.
Төле би бабамыздың ”Бiрлiк жоқ жерде – тiрлiк жоқ ”деген қасиеттi тұжырымды пiкiрi Президентiмiз Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауының ”Iшкi саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы” жайлы екiншi ұзақ мерзiмдi басымдығына темiрқазық етiп алыпты. Мұның өзi Президенттiң 1998 жылды ұрпақ сабақтастығы жылы деп жариялауымен үндесiп жатыр.
Осылардың өзi-ақ Елбасымыздың халық бiрлiгi, оны тарих сабақтары негiзiнде рухтандыру, ұрпақтар сабақтастығы жете мән беру мәселелерiне аса үлкен маңыз берiп отырғанын көрсетсе керек.
Солтүстiк Ирландия, Югаславия, Перу, Ауғаныстан, Камбоджа мен Руанда тәрiздi мемлекеттердiң Президентiмiз мысалға алып отырған алауыздықтың орын алуынан, ауызбiрлiктiң жоқтығынан қасiрет шеккенi белгiлi. Мұндай жағдай ”әртүрлi топтар оларды қандай мүдделердiң – саяси, идеологиялық, дiни, этникалық немесе таптық мүдделердiң бiрiктiретiне қарамастан, қарама-қарсылық күйде болса ” бетiн аулақ қылсын, сөз жоқ, орын алуы мүмкiн. Нақты мысал өз тарихымызда да кездеседi. Ел мүддесi жолында қызмет атқарған қазақ зиялыларын 1925-1933 ж.ж Қазақ — өлкелiк комитетiнiң бiрiншi хатшысы болған Ф.И.Голощекин әртүрлi топтың құрамында деп, ”Рысқұловшылдық”, ”Қожановшылдық”, ”Сәдуақасовшылдық” тәрiздi көптеген қолдан жасалған жiктеулерге жол ашты. Ал бiздiң бүгiнгi күндегi басты мiндетiмiз Президентiмiз көрсетiп отырған “бiрлiкке апаратын жолдағы бұрынғы кедергiлердi жойып, жаңа кедергiлерді болдырмау“ болып табылады.
Салауатты экономикалық өрлеу мәселесі стратегияда мықты нарықтық экономикаға, мемлекеттiң белсендi рөліне және шетел инвестицияларын тартуға негiзделедi.
Орталықтағы және жергiлiктi жерлердегi өкiмет экономикаға араласудың барлық түрiмен, дән себу, егiн жинау және басқалармен айналасуды тоқтатуға тиiс. Мемлекет жекеше сектор басты рөл атқаратын нарықтың заңды шеңберлерiн құра отырып, экономикада маңызды, бiрақ шектеулi рөл атқаруға тиiс. Яғни, меншiк құқықтарын рәсiмдеуге, бәсекелес рынок пен монополияға қарсы күрестi реттеудiң сенiмдi құралдарын құруға, фискальды және монетарлық саясатты қолдауға, әлеуметтiк қорғау жүйесiн дамытуға, қажеттi инфрақұрылымды, бiлiм берудi, денсаулық сақтауды дамытуды қамтамасыз етуге және мықты экономикалық саясат жүргiзуге бағытталған құқықтық және нормативтiк база жасауды аяқтау көзделiп отыр.
“Шетел инвестицияларын тиiсiнше қорғауда және пайданы керi қайтарып алу мүмкiндiктерi бұрынғысынша назарда бiрiншi кезектегi мәселелер қатарында ұсынылады. Экономиканың бiрнеше секторы бар: табиғи ресурстарды игеру, инфрақұрылым, коммуникациялар және ақпарат, елiмiз үшiн бұлар тұрақты маңызға ие .Осы салаларды дамыту экономикалық өрлеуге ғана емес, әлеуметтiк салаға да, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа кiрiгуiне ықпал етедi. Бұл капиталды қажет ететiн салалар, оларды дамыту үшiн шетел капиталымен қатар мемлекеттiң қатаң стратегиялық бақылау қажет. Бiрақ тiптi Адам Смиттiң де мойындағанындай, жекеше секторды қызықтырмайтын кейбiр қоғамдық мұқтаждар да бар. Мұндай жағдайларда және осы мұқтаждарды қамтамасыз етудегi соңғы шара ретiнде мемлекет оны өз мойнына алады.”
Барлық қазақстандықтардың өмiр сүру жағдайларын, денсаулығын, бiлiм мен мүмкiндiктерiн ұдайы жақсарту, экологиялық ортаны жақсарту маңызды мәселелердің қатарында.
Мемлекеттiң, бiр жағынан, ауруды болдырмау, екiншi жағынан, салауатты өмiр салтын ынталандыру жөнiндегi қадамдары халықтың денсаулығына әсер ететiн маңызды фактор екенiн әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отыр. Аурулардың алдын алу дегенiмiз таза су мен кенеулi асты пайдалануды, тазарту жүйелерiнiң болуын, қоршаған ортаны ластайтын және экологиялық зиян келтiретiн объектiлердi қысқартуды, басқа да қауiптi факторларды төмендету жөнiндегi осыған ұқсас шараларды бiлдiредi.
Салауатты өмiр салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесiмен айналасуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есiрткiлердi, темекi мен алкоголдi тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с.с. бағытталған.
Экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер мен стандарттау органдары стратегияда қойылған мақсаттардың басымдығына сәйкес жұмыс жүргiзуге тиiс. Кез келген сапасыз тамақ өнiмдерiн өткiзушiлер мен жасап шығарушыларға, табиғи ортаны ластаушылардың бәрiне берiк және қат-қабат тосқауыл қойылуы қажет.
Қазақстан табиғи ресурстардың, әсiрiсе энергетика ресурстарының орасан қорына ие. Қазақстан елiнiң аумағында, мұнайлы алғашқы он елдiң қатарына қосарлық мұнай мен газ кен орындары бар. Сонымен қатар Қазақстанда көмiрдiң, уранның, алтынның және басқа да бағалы минералдардың мол қоры бар .
Энергетикалық ресурстарды пайдалану стратегиясы мынадай элементтердi қамтиды:
Бiрiншiден, Қазақстан елi өз қорларын жедел әрi тиiмдi пайдалану үшiн үздiк халықаралық технологиялар, ноу-хау, iрi капиталдар тарту мақсатымен басты халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзiмдi әрiптестiкке барады.
Стратегияның екiншi бөлiгi – мұнай мен газ экспорты үшiн құбырнамаларының жүйесiн құру. Тәуелсiз экспорт арналары көпрезидент болғанда ғана көршiлердiң бiрiне тәуелдi болудан және келесi тұтынушыға баға жөнiнен кiрiптар болудан құтылуын көздейді.
Үшiншiден, отын ресурстарын пайдалану жөнiндегi әлемдiк қауымдастықтың iрi елдердiң мүддесiн Қазақстанға, оның әлемдiк отын өндiрушi ретiндегi рөліне бағыттау.
Төртiншiден, шетел инвестицияларын тарту арқылы Қазақстан iшкi энергетика инфрақұрылымын құру мен дамытуды, iшкi қажеттiлiк пен тәуелсiз бәсекелестiк проблемаларын шешетiн болады.
Ақыр соңында, бесiншiден, бұл стратегия осы ресурстардан түсетiн келешек кiрiстердi барынша үнiмшiлдiкпен пайдалануды көздейдi.
Белгiлi бiр дәрежеде көлiк және байланыс саласы бiршама дамыған, ал ұзақ мерзiмдiк келешекте жан-жақты өсу стратегиясына iлесуге тиiс. Бұл стратегия автомобиль жасау, туризм, қызмет жүйесi, жол және күрделi құрылыс салаларынын барған сайын дамыта беруге және отандық өнiмнiң өзiндiк құнындағы көлiк шығасысын кемiтуге жәрдемдесетiн болады.
Телокоммуникациялар нарықтық тетiктер қызметiн ақпарат алуды кеңейту мен олардың берiлуiн жүзеге асыру арқылы қуаттап отырады.
Телефондар, факстер мен электрондық почта – осы заманғы бизнестi дамытудың өмiрлiк маңызды әрi объективтi тұрғыдан қажеттi шарты.
Ақпараттық технологиялар, оның басқа түрлерiмен салыстырғанда, өз мәнiсi жағынан неғұрлым ”көпшiл” әрi икемдi бола отырып, бизнестi, экспорттық қызметтi дамытуға және экономиканы орталықсыздандыруға барынша жәрдемдеседi. Олар ұлттық экономикаларды шоғырландырады және аймақтың ауқымын кеңейте отырып, әлемдiк экономикалық байланыстарды нығайтады.
Бүгiнгi таңда Қазақстан Республикасының алдында, ең алдымен, болашақта әлемнiң дамыған елдерiнiң осындай инфрақұрылымдарымен бәсекелесуге қабiлеттi дербес тәуелсiз және тиiмдi телокоммуникациялық қызмет көрсету жүйесiн құру мiндетi тұр.
Қазақстанда нарықтық экономика үшiн оңтайлы болатын мемлекеттiк қызмет басқару құрылымының осы заманғы, тиiмдi жүйесiн жасау; басым мақсаттарды iске асыруға қабiлеттi Үкiмет құру; ұлттық мүдделердiң сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру – халықтың алдында тұрған мiндет.
Үкiмет пен жергiлiктi өкiметті түпкiлiктi қалыптастыруға мүмкiндiк беретiн жетi негiзгi стратегия принциптерi мынаған саяды:
- Неғұрлым маңызды бiрнеше функцияларды ғана орындауға жұмылған ықшам әрi кәсiпқой үкiмет.
- Стратегиялар негiздегi iс-қимыл бағдарламалары бойынша атқарылатын жұмыс.
- Нақтылы жолға қойылған мекеме аралық үйлестiру.
- Министрлердiң өкiлеттiктерi мен жауапкершiлiктерiн, олардың есептiлiгiн және олардың қызметiне стратегиялық бақылауды арттыру.
- Министрлiктердiң iшiнде, орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жекеше секторға қарай орталыққа тәуелдiлiктi жою.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл да ымырасыз күрес.
- Кадрларды жалдау, даярлату және жоғарылату жүйелерiн жақсарту.
Бiздiң басымдықтарымыз өзгерiссiз күйiнде қалады. Бұл – ХХI ғасырдың талабына қарсы тұруға қабiлеттi әрi ұзақ мерзiмдi ұлттық мүдделердi қамтамасыз етуге бағытталған, белсендi, жан-жақты және үйлесiмдi сыртқы саясат.
Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамыту басым бағыттар болып қала бередi. Азия мен Таяу Шығыстың негiзгi елдерiмен өзара iс-қимылға зор маңыз берiледi.
Қазақстанның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және ел iшiндегi реформаларға қолайлы жағдай туғызу мақсатында Үкiметтiң алдында осы мемлекеттермен арадағы негiзгi шарттар және келiсiмдердi бұлжытпай жүзеге асыру мiндетi тұр.
Осыдан бiр ай бұрын Мәскеуде қол қойған Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараны делимитациялау туралы шарттың тарихи маңызы зор. Тарихымызда тұңғыш рет бiз өзiмiздiң стратегиялық әрiптесiмiз Ресеймен заң жүзiнде ресiмделген мемлекеттiк шекараға ие болдық.
Осылайша бiз соңғы жылдары ұзына бойы 14 мың шақырымнан асатын шекараны толығымен межелеуге қол жеткiздiк. Бұл бiздiң мемлекеттiк құрылыстағы жоспарларымызды жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызатын ұлттық қауiпсiздiгiмiздiң маңызды кепiлi.
Бiз стратегиялық тұрғыдан Қазақстанның мүдделерi толығымен ескерiлген жағдайда Бүкiләлемдiк Сауда ұйымына тезiрек кiруге мәселесі ұлттық қауiпсiздiгiмiздiң маңызды кепiлi.
Бiз стратегиялық тұрғыдан Қазақстанның мүдделерi толығымен ескерiлген жағдайда Бүкiләлемдiк Сауда ұйымына тезiрек кiруге ықыластымыз.
Қазақстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына, ТМД, ЕуроАзЭС-тi реформалауға, БЭК –тi құру жөнiндегi жұмыстарға да ерекше мән бередi.
Бiздiң елiмiз үшiн барлық бағыттар бойынша ЕҚЫҰ мен бұрынғысынша iс-қимыл жасау маңызды болып қала бередi. 2009 жылы осы ұйымға төрағалық етуге бiздiң кандидатурамыздың ұсынылуына барынша жауапкершiлiкпен қараймыз. Бүгiнгi бастамалар сонымен қатар осы мақсаттарға қол жеткiзудi көздейдi.
Қазақстанның әлемде қуатты экономикасы бар әрi халықаралық қоғамдастықтағы тамыры берiк өңiрлiк держава ретiнде қабылданатынын да естен шығармағанымыз абзал. Бұл мәртебенi қастерлеуiмiз және елiмiздiң қазiргi әлемдегi беделiн нығайту үшiн қосымша күш жiгер жұмсауымыз керек.
Бiз қаруланбау мен ядролық қарусыздану жолын таңдап алып, әлемдiк қауымдастықтың алдында өңiрлiк қауiпсiздiктiк факторына айналдық. Қазақстан Семей ядролық сынақ полигонын өз еркiмен жапты. Әлемдегi төртiншi ракеталық-ядролық әлеуеттен бас тартып, күллi дүниеге үлгi көрсеттi.
Қазақстан Еуразия кеңестiгiндегi интеграциялық процестердiң бастамашы әрi белсендi қатысушысы болды.
Бiздiң елiмiздiң әлемдiк аренадағы есiмi Азиядағы өзара iс-қимыл мен сенiм шаралары жөнiндегi кеңестi шақыру туралы ұсынысымен тiкелей астасып жатыр десек асыра айтқандық емес. Өзiндiк төлтума құжат-сенiм шараларының катологын қабылдаған Сыртқы iстер министрлерiнiң Алматыдағы соңғы кездесуi – мен 1992 жылдың өзiнде БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 – сессиясында жасаған бастаманың ойдағыдай iске асуының жақсы айғағы.
Егер 1991 жылы әлемдiк қоғамдастықтың iс жүзiнде Қазақстанға қандай да бiр ықыласы аумай келсе, бүгiнгi күнi Қазақстанды әбден танып, құрметтеп отыр.
Таяуда белгiлi Ресей ғалымы,академик А. Агенбегян атап көрсеткендей, «Қазақстан мен Қытай сияқты екi ел бүгiнгi таңда жоғары экономикалық даму қарқынына жетiп отыр»..
- бөлім. Қоғамдағы демократияландыру процесi.
Қоғамдағы демократияландыру – ұзақ та жауапты процесс
Әлемдiк тарихқа көз жiберсек қоғамды демократияландырудың сан қилы жобаларының бiрсыпырасы жүзеге асты да. Мәселен, ХVII ғасырдағы Американ Конституциясы немесе Ұлы Француз буржуазиялық революциясының азаттық пен теңдiк ұрандары. Ал, Қазақстан қоғамындағы демократия туралы мәселенi халқымыздың тарихынан бастаған жөн болар. Мәселен, Дала демократиясы, хандардың сайланумен қатар Қасым ханның қасқа жолы, Есiм ханның ескi жолы мен Тәуке ханның ”Жетi жарғысы” қазақ даласындағы демократияның алғашқы көрiнiстерi емес пе, сахарадағы демократияның мықты тұғырларды тiрек еткенiне билер институты да куә болып табылады .
Алайда Егемен Қазақстанның ұлттық тәуелсiздiкке бағытталған жолы өте ұзақ болды.
Сонау ХV ғасырдағы ұлан ғайыр кең далада көне феодалдық мемлекеттiң мұрагерi ретiнде қазақ хандығы шаңырақ көтердi. Түрлi тарихи жағдайлардың пәрменiмен бірнеше ғасырлар бойына Қазақстанның аймақтары Ресей империясының құрамына ендi. Осыдан кейiнгi кезеңде Қазақстанның саяси тарихи ұзақ уақыт Ресей империясы тарихының қосымшасы болып қана келдi .Адамзаттық қоғам құру жөнiндегi идея Ресейде тек ғасыр басында ғана көтерiле бастады, ал шет аймақтарына тым кеш естiлдi. Дегенмен, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және т.б. либерал демократтық бағыттағы қазақ зиялылары ұлттық мемлекет құрудың жолдарын, оның келешек өзiндiк келбетiн талқылай бастады. Маңайына алдындағы қатарлы зиялыларды топтастырған ”Қазақ” газетi кезiнде бұл мәселеге байланысты маңызды мақалалар арнады. Қазақстандағы тарихи даму өркендей келе 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа ұласып, ол жаңа ұлттық сананы оятуға әкелдi. Оның соңы патшалық ресейдегi революцияға ұласты.
Ресейде социалистiк революция жеңiп, 1922 жылғы КСРО құрылған соң Қазақстан алғашқыда автономиялық республика, ал 1936 жылдан бастап одақтық республика ретiнде сол мемлекеттiк құрылымға ендi. Соның салдарынан бұрынғы патшалық Ресейдiң басқа да халықтары сияқты қазақтар да жетпiс жылдан астам социалистiк сипаттағы мемлекеттi ұжым болып құру тәжiрибесiн бастан кешiрдi. Бұл тарихи эксперименттiң негiзiн буржуазиялық демократия деп айдар тағылған, жеке меншiктi түбiмен жоққа шығарған марксизм-ленинизм идеологиясы құрады. Марксизм негiзiн салушылар мемлекетсiз коммунистiк қоғам құруды мұрат тұтты. Сондықтан да олардың пайымдауынша, болашақта мемлекет мен азаматтық қоғам қарым-қатынасы жөнiнде сөз қозғаудың мәнi болмады. Мемлекет болмаған жерде құқықтық қарым-қатынас та, құқықтың институттардың да болмайтыны белгiлi, олай болса онда құқықтың өзi де болмақ емес.
К. Маркс қоғамы үстемдiксiз ғана емес, өкiметсiз деп елестеттi. Үкiмет жоқ жерде басқаруды да ешкiм қажетсiнбейдi, яғни ”халықты басқару” демократия дегеннiң де мәнi болмайды.
Сондықтан да В.И.Ленин ескi мемлекеттiк жүйенi қирату қажеттiгiн айта отырып, адамзаттық қоғам және құқықтық мемлекет ұйымдарын ауызға алмады. Адамзатты азат ету ақыр соңында таптық айырмашылықты жоюға, одан соң азаматтық қоғам мен мемлекеттiң бөлiнуiн жоюға, сондай-ақ жеке адам мен ұжымдық өмiр сүрудi үйлестiруге жеткiзедi деп есептеледi. Нәтижесiнде, шынайы социализм жағдайында, жалпы мүдделердiң кепiлi мен тiлегiн бередi деп есептелген мемлекет шын мемлекет мәнiнде күллi қоғамды өзiне бағындырып, жұтып қояды.
Марксизм-ленинизмнiң утопиялық идеолгиясын жүзеге асыруға тырысу ХХ ғасырдағы аса ауқымды тарихи оқиға болды. Планетаның түрлi бөлiктерiнде ондаған мемлекеттер социализмдi өзiнiң қоғамдық дамуындағы тарихи мақсат ретiнде жариялады. 1936 жылы салтанатты түрде қабылдаған КСРО Конституциясында көптеген азаматтық құқық пен еркiндiк жария етiлсе де, iс жүзiнде оның бәрi қағаз бетiнде ғана қалды. КСРО –дағы жаппай қудалаудың, қуғын-сүргiннiң бұрын болып көрмеген шарықтау шегiне жетудiң дәл осы уақытқа келуi де тегiн емес, ол қазақстан халықтарының басына да қара бұлт болып төндi. Мысалы, қазақстанда әдейi қолдан жасалған 1932-1933 жылдардағы аштық қазақ халқының тең жартысына жуығын қаусатып кеттi, ал үштен бiрi ата қонысын тастауға мемлекет мәжбүр болды. Бiртұтас қазақ ұлты бөлшектенiп, Иран, Ауғаныстан, Тәжiкстан, Түркменстан, Өзбекстан, Қырғыстан, Ресей, Түркия, Қытай мен Монғолия жерлерiне шашырап кеттi. Бүгiнде қазақ халқының шағын топтары әлемнiң 44 елiнде тұрады. Олардың өкiлдерi 1992 жылғы Алматыда өткiзiлген әлем Қазақтарының 1-құрылтайында ғана тұңғыш бас қоса алды.
ХХ ғасырдағы әлеуметтiк трагедия тәжiрибесi КСРО мен басқа да социалистiк елдердiң қоғамдық дамудағы өз үлгiсiн жалпы адамзаттың өркениеттегi қалған дүниеге қарама-қарсы қоюы тарихи тығырыққа әкелiп тiрейтiндiгiн айқын дәлелдедi. Қаншама халықтың қанын сүлiктей сорып, отарлық езгiге салып, зорлық – зомбылыққа ұшыратқан, табиғи байлығын шексiз талапайға салған алып елдегi 1917 жылғы Қазқстанда орнаған әлеуметтiк-экономикалық жүйе ғасырымыздың 90-жылдарының басында iштей күйредi. Халықтың ескi жүйеден босанып шығуы Шығыс Еуропа мен Балттық Республикаларын басталып , Орта Азия мен Қазақстандағы дейiн ретпен жүзеге асты.
Отандық тарихымызда қазақ халқының ұлттық өркендеуiндегi көкейкестi мәселелердi шешудiң шынайы мүмкiндiгi туып отырған бүгiнгi сәтте бiз тек ғана ашық, демократиялық азаматтық қоғам құра білгенде ғана, әлемдiк өркениеттiң, жалпы адамзатың тәжiрибесiне қол арта алғанда ғана сәттi қадам жасауға болатындығын түсiнiп отырмыз.
Бүгiнгi өркениеттiң аса бағалы көп сипаттарының iшiнде әрбiр мемлекетте қоғамдық өмiрдi демократияландыру қажеттiгiн түсiнуге негiзделген, әлемдiк қауымдастықта құрметтi орынға лайық адам құқығы ерекше орынға ие. Сөз жүзiнде адамдардың еркiндiгi мен құқығын айғайлай жариялағанымен де, тотаритарлық қоғам өз табиғатында қоғамда шынайы демократия орнатуға дәрменсiздiгiн танытты. Сондықтан да елдiң қожасы деп жарияланбаған еңбекшiлер iс жүзiнде партиялық – мемлекеттiк машинаның елеусiз теңгермешiлiк жоғары өнiмдi еңбекке деген ынта-ықыласты жойды. Адам қоғамның идеологиялық диктат пен өмiр ағысын қатаң реттеу жағдайында өзiндiк таңдау құқығынан мүлде айырылды. Бұл жағдай ең алдымен тұлғаның демократиялық құқығы мен еркiндiгiн жоққа шығарған тоталитарлық саяси режим басқаруының салдарынан болды.
Құқықтық мемлекет құру мен қоғамды демократияландыру-қайшылықты, ұзақ та күрдделi процесс. Бұл бiздiң жас мемлекетiмiздiң аяғынан қаз тұру жолынан да жақсы байқалады. Тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғам өмiрiне өту қажеттiгiн айқын болған күннен бастап-ақ Қазақстан тұрғындарының алдында ең алдымен қалыптасып келе жатқан демократиялық жетiстiктердi қорғаудың механизiмдерiн жасаудың мiндетi туындады. Сол маңызды механизмнiң құрамдас бiр бөлiгi –Қазақстан мемлекетiнің егемендiгi мен тәуелсiздiгi.
Бұл орайда демократияны дамыту-меншiк қатынастарын реформалау мен нарықтық экономикаға өту экономиканы тығырықтан алып шығудын, ұлттық мемлекеттiң қалыптасуына қолайлы жағдай туғызудың толассыз жолы. Саяси саладағы басты мақсат – жас егемен мемлекеттi қуатты президенттi республика етiп қалыптастыру. Бiздiң мемлекетiмiзде барлық азаматтардың теңдiгi барлығының заң алдындағы бiрдей жауапкершiлiгi, кiмнiң қай ұлтқа жататындығына қарамастан бiрдей екендiгi әуелден-ақ нақты көрсетiлген, әрине. Кейбiр жағдайда жергiлiктi ұлт-қазақтардың мүддесi, бiрқатар мемлекеттердегi сияқты ерекше ескерiледi. Мұндай жағдайларға ұлттық мәдениеттi, тiлдi өркендету, қазақ диаспорасының рухани – мәдени және басқа да байланыстарын қалпына келтiру, оларды өз Отанына қайтып оралуына қолайлы жағдайлар туғызу жатады.
Бұл орайда басқа елдер деңгейiмен салыстырмалы түрде алғандағы экономикалық байлыққа қол жеткiзудiң алғышарты – бүкiл қоғамдық өмiрдi демократияландырған тұрақты құқықтық мемлекет құру екендiгiн түсiну шарт. Бұрынғы социализм орнына орнығып жатқан қоғамдық жүйенiң аты жөнiнде даурығудың қажетi шамалы, бұл – кәдiмгi көпті укладты нарықтық экономикаға негiзделген қалыпты демократиялық қоғам. Мұндай қоғамда әрбiр адамның алдында басқамен тең мүмкiндiк ашылатындығына, өзiнiң мұратын еркiн таңдауына, экономикалық, әлеуметтiк, ұлттық және саяси мүдделерiн жүзеге асыруға кең жол ашылатындығына сенемiз. Оның үстiне, мұндай демократиялық қоғамда ең алдымен заң халықтың еркi мен салқын қанды ақылы үстемдiк етедi, ал экономикалық жетiстiктерге iскер, еңбек сүйгiш адамдар ғана қол жеткiзбек.
Құқықтық демократиялық мемлекетке Конституцияның аса жоғары мемлекеттік мәнге ие екендiгi белгiлi.
КСРО өзiнiң 70 жылдық тарихында ұлттардың этникалық топтардың, аз халықтардың теңдiгi мен құқығы жөнiнде жар салудан жалыққан емес, ал шындығында Конституциялық заң ережелерi орындалмады. Шынайы демократия болмағандықтан да заң әрқашан қағаз жүзiнде қалып отырады, оны жүзеге асырудың заңды кепiлдерi мен құқықтық механизмдерi болады. Тек егемендi Қазақстан Республикасы жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкiндiгi туып отыр.
Қоғамды демократияландыру оның нарықтық экономикаға қарай iлгерi жылжуының аса маңызды шарты. Ол шара барлық азаматтарды қоғамның саяси, экономикалық және рухани өмiрiне кеңiнен тартып, олардың белсендi атсалысуын қажет етедi. Қоғамды демократияландыру дегенiмiз қоғамның мүшелерiн оның сан салалы өмiрiне қатыстыру түрлерiн жетiлдiре беру барысындағы ұзаққа созылатын күрделi процесс. Бiздiң жас республикамыз өзi өмiр сүре бастаған уақыт iшiнде қоғамды демократияландыру саласында қыруар жұмыс атқарды. Мұның жарқын дәлелi – бiздiң Ассамблеямыздың құрылуы, оның жүргiзiп келе жатқан белсендi қызмет.
Демократиялық құқықтық мемлекет құру, елiмiздiн Конституциясында атап көрсетiлгендей, Қазақстан Республикасының басты саяси мiндетi болып табылады. Ал мұндай мемлекеттiң «басты құндылықтары адам, оның өмiрi, еркi және еркiндiгi» екендiгi және белгiлi. Мiне, сондықтан да Республика Конституциясындағы бұл жолдар мемлекеттiк өмiрдiң мәселелерiн неғұрлым демократиялық әдiстермен шешу болып табылатынын атап көрсетедi.
Саяси өмiрдi демократияландыру процесi – Қазақстан тәрiздi жас, егемен мемлекет үшiн, айтарлықтай қайшылықты әрi мүлде жаңа мемлекеттік мәселе болып табылады. Оның үстiне демократиялық азаматтық қоғамды әлдеқашан құрып үлгерген елдердiң тарихи тәжiрибесi бiздiң Республика бастан кешiп отырған өтпелi кезеңде әрбiр елдiң өзiне тән ерекшелiктерi және әртүрлi мiндеттерi көрiнiс беретiнiн көрсетiп бердi.
Тәуелсiздiк алғалы берi Қазақстанда да осындай күрделi процестер жүрiп жатыр. Мұндағы ерекшелiктер: 1 – ден, бiздiң елiмiз бүгiнде дүниежүзiлiк бұрынғы КСРО құрамындағы елден бiртiндеп егемен мемiлекетке, халықтың саясат субъектiсiне айналуда, 2-ден, бұрын мемлекет Мәскеу басқаратын және Орталыққа жүгiнген Қазақстанның дербес нарықтық экономика жолына өтуi белең алып келедi. Ақырында Қазақстанда бұрынғы тоталитарлық, әмiршiл-әкiмшiл социалистiк жүйеден демократиялық құқықтық және әлеуметтiк мемлекеттерге өту басталды.
Әрине, мұндай құбылыстар тек Қазақстанда ғана емес, бұрынғы кеңестiк империя құрамында болған басқа да одақтас республикаларда, сондай-ақ Ресейдiң өзiнде де орын алуда.
Бiздiң ойымызша, Қазақстан үшiн көрнектi үлгi болатын елдер бәрiнен бұрын, шын мәнiнде демократиялық, құқықтық, зайырлы мемлекет құрып үлгерген, азаматтық қоғам қалыптасып қалған, көп партиялық саяси жүйе шынайы әрекет ететiн, тәуелсiз бұқаралық ақпарат құралдары iс жүзiнде өрiс алған, сондай-ақ осыларға азаматтың құқықтық және саяси мемлекет мәдениет деңгейi сәйкес келетiн елдер болуы тиiс екендiгi еш күмән туғызбаса керек. Кез келген өркениеттiң, соның iшiнде Батыс Еуропаны және АҚШ-ты қоса алғанда, демокраия механизмiнiң қалыптасуын салыстыра талдау, Қазақстанда демократиялық қоғам құруға қажеттi практикалық маңызы бар нақты материал және тарихи тағылым бере алады. Десек те, бұл жерде Қазақстанның Шығыс елi екендiгiн, бәрiнен бұрын мұндағы халықтың басым көпшiлiгiн азиялықтар құрайтындығын ұмытпағанымыз жөн. Менталитетi, дәстүр – салты жағынан Қазақстанда Еуропа елдерiнен және АҚШ-тан көрi шығыстық және азиялық елдердiң демократияға бару тәжiрибесi әлде қайда тартымды және жақын. Қоғамды демократияландыру дегенiмiз не? Мәселен, аталмыш Жолдауда экономикалық реформаларды одан әрi тереңдету, мемлекеттiк құрылымдар, оның iшiнде алдымен Үкiметтiң жұмыс жүйесiн түбегейлi өзгерту сияқты ауқымы кең мемлекеттік мәселелермен қатар саяси реформаларды тереңдете түсу проблемалары да барынша қамтылған. Қоғамдағы демократиялық өзгерiстерге тiкелей жол ашатын саяси жүйенi реформалаудың маңызы орасан зор.
Бүгiнгi қазақстандық қоғамдағы демократиялық үрдiстер мәселесiне тоқталатын болсақ, алдымен Қазақстанда Президенттiк билiк жүйесi орныққанын атап өтуге тиiспiз. Бiздiң елiмiздiң Конституциясында да осылай делiнген. Әлемде билiк жүйесiнiң түр-түрi бар: парламенттiк, монархиялық, президенттiк. Алайда, бiздер үшiн қазiргi жағдайдағы ең тиiмдiсi- президенттiк билiк. Неге?
Бiрiншiден, президенттiк билiк өтпелi кезең үшiн таптырмайтын, бiрден – бiр өзiн ақтай аларлықтай билiк болып табылады. Президенттiң харизмалық күш-қуаты мен оның сан алуан мемлекеттiк мемлекет мәнi бар шешiмдерге тiкелей араласуы көппрезидент жағдайларда түрлi тығырықтардан алып шығары сөссiз.
Екiншiден, бiздiң қазақ қоғамында Батыстағы сияқты ғасырлар бойы қалыптасқан парламенттiк дәстүрлер жоқтың қасы. Жоғарыда айтып өткенiмiздей, демократияның мәнiн тарихи тұрғыда жақсы сезiнсек те тура бүгiнгiдей батыстық либералдық құндылықтар жағы кемшiндеу соғып жатыр.
Үшiншiден, қазiргi Қазақстандық қоғамдағы саяси партиялар мен қозғалыстардың өзi де көптеген объективтiк себептерге орай айтарлықтай қуатты емес. Бұл жерде әңгiме билiк үшiн күрес және күрестiң өркениеттi формалары хақында болып отыр.
Республика Президентiнiң бастамасымен өз бастауын алатын қоғамдағы соңғы өзгерiстер: Қазақстан – 2030 стратегиялық бағдарламасы, Қазақстан Президентi Н.Ә. Назарбаев “Елдегi жағдай, iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы: жаңа ғасырда қоғамды демократияландыру, экономикалық және саяси реформа” атты жолдауында Қазақстан қоғамын одан әрi демократияландыру турасында: ”Мен бүгiн сiздерге демократиялық принциптерге арқа сүйейтiн Қазақстанды таңдап алуды ұсынамын…. Мемлекетi тиiмдi де әдiл басқаруға негiзделген жаңаша құрылымдар мен жаңаша тәртiптi таңдап алуды ұсынамын ” – деп атап көрсеттi . Ал жоғарыдағы Жолдаудың өз кезегiндегi ”Қазақстан- 2030”стратегиялық бағдарламасымен мейлiнше үндестiк тауып отырғанына күмән жоқ.
Қоғамды демократияландыру ондағы азаматтардың саяси белсендiлiгiн арттыра берудi, пiкiрлердiң әр алуандығын, түрлi саяси партияларды, кәсiподақтардың, әйелдердiң, жастардың ұйымдарын құруды, адамдардың дiни нанымдарына жол ашып жандандыра түсудi көздейдi.
Менiң көзқарасым бойынша, еркiн өмiр сүруге және белсендi қызмететуге, бiрiншiден, өз жұмысын елдiң Конституциясының талаптарына сай құра бiлетiн, екiншiден, бүкiл қызметi республикамыздың егемендiгiн нығайта түсуге, көп ұлтты мемлекетiмiздiң халықтарын демократия, азаматтардың тең құқығы мен бостандығы, прогресс пен әдiлеттiк принциптерiнiң негiзiнде одан әрi топтастыруға бағыттаған саяси ұйымдар мен қоғамдық қозғалыстардың ғана құқығы болуы тиiс. Алайда өмiрiмiзде кездесетiн уақытша қиындықтарды тiлге тиек етiп, оларды өздерiнiң қызметтерiне Конституцияға қарап, әрекет түрлерi мен тәсiлдерiне баруға тырысатын партиялар мен адамдардың жекелеген топтары да бар екенi шындық.
Қоғамды демократияландыру ұлттық сана – сезiмдi оятады, ұлт мәдениетiнiң, айырылып қала жаздаған тiлiмiздiң, дәстүрiмiздiң, әдет-ғұрыпымыздың және басқа да салттарымыздың қайта өрлеп, дамуына iзгi ықпал етедi.Тап осындай жаңа толқынның пайда болуы арқасында республикамызда ұлттық-мәдени орталықтар құрылып, белсене жұмыс iстеп келедi. Этносаралық қарым-қатынастардың жарасымды үйлестiгi мен ұлтаралық қатынастардың мәдениетi арта түстi, қазақстандықтардың этносаяси ортақтастығы негiзiнде әртүрлi ұлт өкiлдерiнiң арасында жаңаша қарым-қатынас түрлерi қалыптасып келдi.
Ұлы Махатма Ганди: ”Дүниенi өзгерту үшiн өзiмiз өзгеруiмiз қажет”, — деп едi. Демократияның сырт түрiн орнату қиын емес. Ешкiм де о бастан демократ, патриот, реформатор, социалист, ұлтшыл және басқа да бiреулер болып тумайды. Әркiм бiрте-бiрте солай қалыптасады. Олай болса, әрбiр отбасында, мектептерде, жоғары оқу орындарында, ұйымдар мен мекемелерде адамдарға, әсiресе жас ұрпаққа, бейбiтшiлiк, жалпыұлттық келiсiм, Қазақстандық патриотизм рухында тәрбие берудiң маңызы мен рөлiн арта түсуi қажет деп ойлаймын.
Демек, құқықтық мемлекет құру, қоғамдық өмiрдi демократияландыру, ынтымақ Қазақстан Республикасының әлемдiк қауымдастықтың лайықты, толық мүшесi болып енуiнiң басты шарты болып табылады. Онсыз мемлекетiмiздiң әрбiр азаматының жоғары экономикалық деңгейге көтерiлуi, өз өмiрiн мазмұнды өткiзетiн еркiн адам дәрежесiне жетуi мүмкiн емес. Жалпыұлттық келiсiм мен әлеуметтiк-саяси тұрақтылық елiмiздiң демократиялық дамуының қажеттi бағыты.
Ресейдiң, Украинаның, Түркiменстаның Президенттерi жеке жолдауларында, Өзбекстан Президентi телефон арқылы сөйлесу барысында құжаттың негiзгi қағидаларына өздерiнiң қолдауларын бiлдiрiп, көптеген ұстанымдар бойынша көзқарастар бiрлiгiн атап көрсеттi.
Ресейден, Түркиядан, Жапониядан, сондай – ақ, ЕҚЫҰ, ДИАҚБ пен НАТО – дан ресми тұлғалардың БАҚ–тардың және аналитикалық қауымдастық өкiлдерiнiң жан-жақты түсiндiрмелерi келiп түстi.
”Елдегi ахуалға Сiз берген бағаны, әсiресе демократиялық реформалардың кең ауқымды бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi сiздiң идеяларыңызды зор қызығушылықпен оқып шықтым. Альянс мүшелерi Қазақстанның Орталық Азияда қауiпсiздiктi қамтамасыз етудегi және өңiрлiк тұрақтылықты орнықтырудағы шешушi Республика елiн мойындайды және қауiпсiздiктiң лаңкестiк, жаппай қырып-жою қаруларын тарату, Ауғанстандағы ахуал секiлдi жалпы мемлекет мәселелерiн шешу үшiн, ортақ мақсаттарға қол жеткiзу үшiн және ортақ мүдделер игiлiгi жолында сiздiң елмен ынтымақтастықты күшейтуге әзiр, — деп хабарлады. Мемлекетiмiздiң басшысына жолдаған хатында НАТО-ның бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер.- Еуроатлантикалық әрiптестiк кеңеснiң және бейбiтшiлiк жолындағы әрiптестiк бастамаларының аясында НАТО сiздiң елiңiздiң реформаларды жүзеге асыру, атап айтқанда, қауiпсiздiк пен қорғаныс саласында жүзеге асыру жөнiндегi күш-жiгерiне белгiлi бiр үлес қоса алатын бiрқатар маңызды бағдарламаларды ұсынады. ”Осы тұрғыда, деп атап өткен бас хатшы, альянсқа мүше мемлекеттер НАТО – мен жеке әрiптестiк iс-қимыл жоспарын дамытуға Қазақстанның әзiрлiгiн құптайды, бұл жоспарын дамытуға Қазақстанның әзiрлiгiн құптайды.
Мемлекет басшысының Орталық Азия мемлекеттерiнiң одағын құру туралы бастамасы Ресей саясатшылары мен сарапшылары арасында барынша үндестiк туғызады. Ресейдiң Үкiметтiк топтарында бұл идея бiрiншi кезекте Өңiрлiк тұрақтылық пен қауiпсiздiктi нығайтуға бағытталған деп санайды.
Жолдаудың саяси блогын талдай келiп, ресейлiк мас-медиа ”саяси өзгерiстердi өршiлдiк сипатта жүзеге асыру ” атап айтқанда, билiктiң жергiлiктi деңгейiнде сайланбалықты кезең-кезеңмен ендiру стратегиясы туралы жазуда.
Қытайда дипломатиялық,қоғамдық және ғылыми топтар арасында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының мазмұны үлкен қызығушылықпен қабылданды. ”Синьхуа ” агентiгi және Жэньминь жибао орталық газетi осы тақырыпқа тиiстi ақпараттар жариялады.
Оларда ҚР-ның осы заманғы дүниеде сыртқы саясаттағы басымдықтарының Жолдауда қуатталғаны, олардың бiрi ҚХР–мен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту болып табылатыны атап көрсетiлген. Сондай-ақ Қазақстанның ХХI ғасырдың сынақтарына қарсы тұруға қабiлеттi, белсендi, жан-жақты және теңдестiрiлген сыртқы саяси стратегия жүргiзiп отырғаны атап өтiлген. Қытай БАҚ–тары: ”Қазақстан лидерiнiң экономиканың жедел дамуы және қоғамдық тұрақтылықты сақтау елдiң байыппен және нық тұрғыда алға жылжуының аса маңызды факторлары және кепiлдiктерi болып табылады дегенi ақиқат екендiгi сөссiз” деп жазуда.
Қытайдың сарапшы топтары Президент Н.Назарбаевтың Орталық Азия мемлекеттерiнiң одағын құру бастамасына, сондай-ақ Жолдаудың Өңiрлiк ынтымақтастық мен экономикалық байланыстарды тереңдетуге қатысты қағодаларын үлкен қызығушылық бiлдiрiп отыр.
Түркияның қоғамдық саяси топтарына Президенттiң Қазақстан халқына Жолдауы айтарлықтай оң үндестiк туғызды. Жетекшi түрiк газеттерi ”Заман ”, ”Йени чаг”және ”Реферанс ”осы оқиға туралы хабарлар басты. Орталық Азия мемлекеттерiнiң одағын құру бастамасы кең үндестiк туғызды. Түрiк сарапшылары ”Н. Назарбаев әлемдiк ауқымдағы саясатшы болып табылады ” деп атап көрсетуде.
Түркия ¦жетекшiлерiнiң үн қосуын атап өткен жөн, ол ”Йени чаг” газетiнiң беттерiнде топтастырылып берiлдi. Көрнектi саяси және қоғамдық қайраткерлер Қазақстан басшысының ОАМО құру жөнiндегi бастамасына қызу қолдау көрсеттi. Болашақ одақтағы Түркияның мүмкiн болатын рөлi туралы айта келiп, қоғамдық – саяси ұйымдардың жетекшiлерi өз елдерiнде “үлкен ағаның қате саясатынан әлдеқашан бас тартқанын” атап өтуде. ”Одақты өзара мүдделерi ескере отырып, мемлекеттердiң тең құқылы қатысу қағидасы негiзiнде құрған жөн болады”.
”Мицубиси” корпорациясының вице-презиленттi М.Такашиманың пiкiрiнше, Мемлекет басшысының жолдауы ”Қазақстанның Өңiрiндегi айқын көшбасшылық Республика елiн танытады”.
ЕҚЫҰ ДИАҚБ жетекшiсi Жолдау қағидаларын iске асыру Қазақстанда саяси реформаларды тереңдетуге қызмет етiп қоймайды, сонымен бiрге бүкiл Орталық Азия өңiрiнде демократияны дамытуға серпiн бередi, деп санайды. Осы тұрғыда ол Президент Н.Назарбаевтың Орталық Азия Мемлекеттерiнiң одағын құру туралы бастамасын құптау бiлдiрдi. ЕҚЫҰ ДИАҚБ сайлау жүйесi мен қылмыстық құқықты жетiлдiруде, алқа билер институтын енгiзуде, жазаны өтеу орындарының мониторингiн одан әрi дамытуда Қазақстанға бұдан былай да жәрдемдесетiнiн мәлiмдедi. Сонымен бiрге ынтымақтастықтың бiрқатар жаңа салалары: дiни және нәсiлдiк төзiмдiлiк, өңiрлiк интеграция салалары белгiлендi. К.Штрохалдың сөзiне қарағанда Қазақстаның бұл салаларда жинақтаған үлкен оң тәжiрибесi ЕҚЫҰ — ның нақтылы жұмысында үлгi бола алады.
”Бiздiң өңiрiмiз халықаралық геосаяси қатынастар жүйесiнде маңызды орын алады деген сiздiң бағаңызбен келiсемiн, — деп жазды Мемлекетiмiздiң басшысына жолдаған хатында Түркiменстан Президентi Сапармұрат Ниязов.
Осы тұрғыда Орталық Азия мемлекеттерiнiң арасындағы ынтымақтастықты одан әрi дамыту мәселесiнде өзектi сипат бар екенi анық. Бiздiң байланыстарымыздың түрлi қырлары бойынша диалог қалай құрылатыны көп бұл ретте өңiрдi экономикалық, әлеуметтiк, гуманитарлық және басқа салаларда тиiмдi дамытудың болашағын айқындап бередi.
Deeutsche Bank директорлар басқармасының мүшесi Тессен фон Хайдарбек Жолдау туралы өз пiкiрiмен бөлiстi. “Өз сөзiнде Президент сiздiң елiңiздiң өткен мерзiмдегi бiрқатар орасан жетiстiктерiн атап көрсеттi. Deutsche Bank пен қазақ әрiптестерiнiң бұрыннан қалыптасқан iскерлiк қатынастары арқасында бiз қаржы секторындағы елеулi реформалар мен өзгерiстердiң куәгерi болдық”, — деп жазады ол.
Одан әрi Тессен фон Хайдарбек “ Жолдауда белгiленген бағыттар төтенше маңызды және таяудағы болашаққа қатысты түйiндi мақсаттарды танытады. Олардың кейбiреулерi бiз мүшесi болып табылатын және осыны мақтан ететiн Шетелдiк инвесторлар кеңесiнiң бұрынғы мемлекет мәжiлiстерiнде талқылаған болатын.”, деп атап өткен.” Мен бағалы қағаздар рыногын дамыту туралы шешiмдi маңызды деп бiлемiн, ол қаржы секторы үшiн инвестициялық құралдардың негiзiн кеңейтуге және қазақ кәсiпкерлерiнiң капитал рыногына қолжетiмдiлiгiн арттыруға жеткiзедi.”, деп атап көрсеткен банк басшысы.
Қорытындыда Тессен фон Хайдарбек Deutsche Bank Қазақстанның одан әрi дамуына өз үлесiн қосуға әзiр екенiн бiлдiрдi.
“Молодежь Эстонии” атты жетекшi орыс тiлдi газетi “ “Қазақстан жаңару жолында” атты көлемдi мақала жариялады .
Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына келiп түскен шетелдiк Үнқосулар халықаралық қауымдастықтың осы құжаттағы негiзгi қағидаларға принциптi түрғыда қолдау бiлдiретiнiн дәлелдедi. Мемлекет басшысының Орталық Азия мемлекет одағына кіру туралы бастамасы барынша көп халықаралық үндестiк туғызды.
Шет мемлекеттердiң халықаралық және үкiметтiк емес ұйымдардың Жолдауға баға беруiнiң негiзгi өзегi Қазақстанның әлеуметтiк- экономикалық дамудағы табыстарын мойындау, әлеуметтiк саладағы мәлiмделген кең ауқымды қадамдарды қуаттау, сондай-ақ демократиямен азаматтық қоғамды дамыту жөнiндегi бағдарламасы болып табылады.
Қазақстанның негiзгi қозғаушы күшi -өнеркәсiп ,оған 30 млрд.доллар сомасында тiкелей шет елдiк инвестициялар жұмсалуда. Сыртқы сауда көлемi 33 млрд.долларды құрады . Оның негiзгi сауда әрiптестерi Еуропадалық одақ , Ресей , Швейцария және Қытай болып табылады. Экономикалық саладан басқа Президент Нұрсұлтан Назарбаев, сондай-ақ, әлеуметтiк дамудың, демократиялық және саяси реформалардың, бiлiм беру, тұрғын үймен қамтамасыз ету саласындағы қолдау бiлдiрудiң және жоғары тұрмыс деңгеиiн орнықтырудың маңыздылығын атап көрсеттi.
“….Президент Нұрсұлтан Назарбаев саяси реформалар жүргiзуге шақырып, батыс демократиясының қағидаттарына және өзiнiң әлеуметтiк прогресiмен және саяси саналуандылығымен белгiлi Шығыс Азия елдерiнiң озық үлгiсiне негiзделген демократиялық даму бағытына нық қолдау бiлдiрдi.Қазақстан экономикалық , әлеуметтiк және саяси дамуда қол жеткiзген табыстар бұрын Кеңес Одағының құрамында болған бұл елдiң бүгiнде барынша жоғары қарқынмен ойдағыдай дамып отырғанын айқын көрсетедi”,- деп атап өткен басқа бiр “Нау-на” атты қоғамдық-саяси газет.
“..Өзiнiң халыққа Жолдауында Н.Назарбаев үкiметтiң жуырда қабылданған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес 2015 жылға қарай экономиканы белсендi ету жөнiндегi жоспарын iске асырудың маңыздылығын атап көрсеттi” — деп жазады Малайзияның “Бернама ” ақпараттық ұлттық агенттiгi.
Әзербайжанның ”Бакинский рабочий” газетi Президенттiң Қазақстан халқына ақпандағы Жолдауында арналған ауқымды мақала жариялады, онда ”Тәуелсiздiк жылдары елде табысты жұмыс iстеп тұрған нарық экономикасы құрылды ” деп атап өтiлген . Экономиканы түбегейлi реформалауға арқа сүйеп отырып, Қазақстан басшылығы қысқа мерзiмде нарық реформаларын жүргiзiп , тиiстi заңнама жасай бiлдi. Бұған қоса жетекшi халықаралық сарапшылар республика қаржы жүйесiнiң алдыңғы қатарлы деңгейiн де қуаттап отыр. Қазақстан ТМД елдерiнiң арасында бiрiншi болып тұрақты әлеуметтiк – экономикалық дамуды қамтамасыз ету, қолайсыз сыртқы факторларға тәуелдiлiктi азайту үшiн ұлттық қор құрған болатын.
Одан әрi газет былай деп жазады: ”Қазақстан халқы дүние жүзiнде халықаралық қауымдастыққа берiк ұстанымы бар Өңiрлiк держава ретiнде қабылданады. Қазақстан халқы бұл мемлекеттік мәртебенi құрмет тұтады және осы заманғы әлемде өз елiнiң беделiн нығайту үшiн қосымша күш жiгер жұмсауда”.
Президент Жолдауы Грузияда кеңiнен талқылануда ”Вечерный Тбилиси” газетi ”2005 жылғы жолдауда республика өткен жылға талдау жасалған Қазақстан басшысы Бүкiләлемдiк банктiң ақпараты бойынша ел халқының орташа деңгейдегi табысы бар мемлекеттер тобына қосылғанын атап көрсеткен ” деп жазды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың Орталық Азия мемлекеттерiнiң одағын құру туралы бастамасы ресейлiктердiң ерекше қызығушылығын туғызды. ЕурАзЭЅ бас хатшысы Григорий Рапота атап өткендей , мұндай қадам әбден заңды. Қазақстан посткеңестiк барлық интеграциялық процестердiң негiзгi бастамашысы және белсендi қатысушысы болып табылады. Григорий Рапотаның пiкiрiне қарағанда ,азиялық мемлекеттердiң өңiрлiк одағы қазiргi бар Достастықтың аумағында мемлекетаралық тиымдарының қызметiне оң әсер етедi.
ММУ-дың Азия және Африка институтының директоры Михаил Мейер Азия елдерi халықтарының альянсын негiзiнде тiлдер мен мәдениеттердiң” сан ғасырлық тарихи ортақтығы жататын табиғи да қисынды қауымдастық деп санайды. Мұндай одақ Қазақстанның өңірдегі және әлемдегі ұстанымын күшейтіп, Еуразия елдерінің ғана емес, сонымен бірге Шығыстың проблемаларын шешуге көмектеседі дейді тарихшы. Михаил Мейер былай деп мәлімдеді: Президенттеріңіздің жаңа бастамасы іске асыру және нақты нәтижелері тұрғысынан әлде қайда тиімді болып көрінеді. Бәлкім, бұрынғы кезде еуразиялық одақ қалай басталғаны секілді бұл да кең тұрғыдағы бірігуге серпін берер. Осы жылдары біз еліміздің «әуелі экономика содан кейін саясат» деген айқын қағидатын ескере отырып, демократияландыру бағытында алға жылжыдық. Бұл өзін өзі ақтады. Байсалдылықтан жамандық көргеніміз жоқ. М. Тэтчердің «… мен мүмкіндігі әрі тәжірибесі жоқ кез келген елде, мейлі ол азиялық немесе азиялық емес ел болсын ешбір проблемаларға ұшыраспай бір деммен демократияны енгізу мүмкін дегенге сенбеймін» деген сөздерін еске түсірген орынды. Басқа елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, демократия дегеніміз қоғамның барлық топтары үйренуге тиіс- барынша ұзақ процесс. Көптеген елдердің ғасырлар бойы қалыптасқан либералдық дәстүрлері бар, алайда олар шырқау биігіне әлі де жете қойған жоқ. Біз бәрін жоқтан бастаған едік қой және демократияның өзі – адамның ой-санасы мен мінез-құлық мәдениеті екенін ұмытпағанымыз жөн. Осы пікірлер құрметтеуге лайық деп санаймын. Біздің шығыс даналығы, сабырлылығы мен сақтығы дәстүрлеріне адал болғанымыз абзал. Саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасы.
Біздің ортақ жетістіктеріміз саяси жүйені одан әрі жаңарту және демократияны дамыту жөніндегі жүйелі және көп бағытты жұмысқа көшуімізге мүмкіндік беріліп отыр. Мен бүгін бастамалар дестесін – Саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасын ұсынып отырмын. Бұл бағдарлама мемлекеттік, саяси және қоғамдық институттарды реформалауға бірыңғай әрі біртұтас тұрғыдан келуді көздейді. Мұндай қадамның мәні- Қазақстанды батыс демократиясының дәстүрлері мен қағидаттарына және Оңтүстік Шығыс Азияның іргелі мемлекеттерінің тәжірибесіне, біздің көпұлтты және көпдінді халқымыздың дәстүрлеріне сәйкес одан әрі демократияландыру. Саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасы бүкіл қоғамның үндесуі негізінде ғана жүзеге асырылуға тиіс екені анық. 2005 жыл тарихқа саяси реформаларды белсенді түрде алға бастыру мен оларды бүкілхалықтық талқылау жылы ретінде енуі керек. Бұл жұмысқа Қазақстанның барлық азаматтары, көрнекті тұлғалар, қоғамдық пікірдің көшбасшылары, ел дегдарлары тартылуы тиіс деп санаймын, мұның өзі оған барынша ашық әрі бұқаралық сипат береді.
Біз батыстық демократия елдері мен серпінді дамып келе жатқан Азия (Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Корея, Түркия және басқалары) мемлекеттерінен сыртқы сарапшы мамандар, сондай-ақ беделді саяси қайраткерлерді ынтымақтастық үшін шақыру мүмкіндіктерін жоққа шығара алмаймын. Саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасының талқылануын үйлестіруді Демократияландыру және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияға жүктеймін. Бұл комиссия осы Жолдауда өзім баяндаған саяси бастамалар негізінде:
-жалпыхалықтық пікірсайыстың нәтижелерін талдау және қорытындылауға;
-пікірсайыс нәтижелері бойынша Жалпыұлттық бағдарламаның алғашқы заңнамалық жобасын әзірлеуге;
-саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде Президентке және Парламентке ұсыныстар әзірлеуге;
-сондай-ақ саяси реформалар пакетінің түпкілікті қабылдау және күшіне енгізу жөніндегі жұмысты үйлестіруге тиіс, ең әуелі қолданылып жүрген Конституциямыздың әлеуетін барынша пайдалануымыз қажет. Біздің Конституциямыздың әлемде демократиялық қоғамның негізгі міндеттеріне сәйкес келетіні танылып отыр. Егер атына сын айтылып жүрсе, оның ережелерінің орындалуына қатысты болып жүр. Бүкіл әлемде демократия мен заңды сақтау ажырағысыз болып танылады. Халқымыз қабылдаған ел Конституциясы бізге не берді? Тиімді жұмыс істеп жатқан қос палаталы Парламент — еліміздің заң шығарушы билігі. Конституция оған ел бюджетін бекіту мен оның орындалуын бақылау құқығын берді. Парламент көпшілік дауыспен Премьер-Министрдің, Ұлттық банк төрағасының тағайындалуына келісімін береді, Үкіметке сенімсіздік білдіруге, оны орнынан түсіру қажеттілігін мойындатуға құқылы, сондай-ақ кез келген министрді қызметінен босатуды талап ете алады. Парламентте саяси партиялардың фракциялары өкілдік етеді. Парламент ел Конституциясына өзгерістер енгізу құқығына ие. Үкімет мүшелері Парламент палаталары алдында тұрақты есеп беріп отырады. Сенат Жоғары сот судьяларын сайлайды, Бас прокурор мен ҰҚК төрағасын тағайындауға келісімін береді. Біздің елімізде Президент, Парламент депутаттары мен мәслихат депутаттары баламалы негізде еркін және жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Конституциялық Кеңес, Есеп Комитеті сияқты маңызды мемлекеттік органдар тең негізде Президент, Мәжіліс және Сенат құрады. Орталық сайлау комиссиясын өз кезегінде Мемлекет басшысының ұсынысы бойынша Мәжіліс сайлайды. Бұл тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесінің айқын белгісі. Мұндай жағдайда әңгіме Конституцияда берілген құқықтарды анық пайдалану жайында болуға тиіс. Сондай-ақ заңдардың бұзылмауы нақтылы сақталуы жайында болуға тиіс. Атқарушы билік реформасындағы. қолымыз жеткен жағдайды және дамудың алдағы келешегін ескере келе,
— билікті одан әрі орталықсыздандыру;
— мемлекеттік басқару жүйесін реттеу мен оның тиімділігін арттыруға бағытталған атқарушы билікті реформалауды одан әрі жүргізу қажет деп санаймын.
Біз атқарушы билік жүйесін орталықсыздандыру бағытында белгілі қадамдар жасадық, әкімдердің сайланбалылығын енгізуге қажетті жағдай туғыздық. Біз биылғы тамыз айында облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аудандар әкімдерінің тәжірибелік сайлауларын өткіземіз және кезең-кезеңімен ауылдық округтер, ауыл, елді мекен әкімдерін сайлауды қолға алып, 2007 жылы оны аяқтаймыз. Сонымен бір мезгілде Үкіметтің Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін айқындайтын, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді шектеу процесін аяқтайтын заң жобаларын әзірлеп, Парламенттің қарауына енгізуі керек.
Сонымен қатар Үкімет Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуын қолдау жөнінде Мемлекеттік бағдарлама әзірлеуге тиіс. Содан кейін ғана елімізде жергілікті өзін-өзі басқаруды түпкілікті енгізуге болады. Атқарушы билік қызметінің ашықтығы ережеге айналуы керек. Қазір жергілікті атқарушы билік халықпен кездесіп, есеп беруде. Бұл дұрыс. Олар халықтың елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардан хабардар болуына, пікір алмасулар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік туғызады. Бұл – атқарушы органдардың халықтың алдындағы жауапкершілігі мен есептілігін арттыруға қол жеткізудің, халықты мемлекеттік басқару процесіне кеңінен тартудың бірден-бір жолы. Мұндай кездесулер қоғамдық-саяси өмірдің бұлжымас ережесіне айналуы керек. Әкімшілік реформаларды одан әрі тереңдете беру қажет. Бұрынғы көнерген және ырыққа көнбейтін мемлекеттік тетікті үздік әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, азаматтарымыз мүддесі үшін осы заманғы қоғамдық-саяси процестерді серпінді басқаруға қабілетті тетікке айналдыру ісін аяқтауымыз керек. Алқалы орган ретінде Үкіметтің өзінің жұмысының тиімділігін және әрбір Үкімет мүшесі-министрдің дербес жауапкершілігін арттыру қажет. Үкімет жеке өзі үшін және барлық атқарушы билік тармақтары үшін жауап береді. Оның еліміз Конституциясы өзіне берген құқықтар мен өкілеттіктерді толығымен пайдалануы керек. Жергілікті органдарға өкілеттіліктің бір бөлігін беру арқылы биліктің орталық деңгейінің қолындағы басы артық мемлекеттік функциялардың санын қысқарту қажет. Осы заманғы басқарушылардан тұратын пәрменді әрі ең бастысы құрамы жағынан «аз да болса саз» болсын дегендей, оңтайлы мемлекеттік аппарат жасақталуға тиіс. Мемлекеттік органдар тарапынан азаматтар мен ұйымдарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мен мерзімін қысқарту үшін «Электронды Үкімет» қалыптастыруды жеделдету қажет. Мемлекеттік қызметті жетілдіру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру – атқарушы билікті реформалаудың кілті болмақ. Бұл үшін:
— мемлекеттің әкімшілік қызметтер көрсетуін жетілдіру;
— басқарудың бюрократтануын төмендету;
— мемлекеттік аппараттың кәсіби деңгейін оңтайландыру қажет.
Оған негіз бар. Қазақстанда қазірдің өзінде «Мемлекеттік қызмет туралы» заң қабылданған. Мемлекеттік қызметке қабылдау конкурстық негізде компьютерлік тестілеу арқылы жүзеге асырылады. Жылына мың жарымнан астам адам білім алатын Мемлекеттік қызмет академиясы құрылған. Үкімет өзінің күш-жігерін жалпы реттеушілік функциялар мен ереже туындатушылық жұмыстарға шоғырландыруы керек. Оның құрылымы мемлекеттік саясат басымдықтарына сәйкес түзілуге тиіс болса, министрліктер – мемлекеттік қызметтің түрлеріне қарай нақты функционалдық бөлініс негізінде жасақталуға тиіс. Үкіметке мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі мен сапасын бағалаудың бірыңғай жүйесін әзірлеуді тапсырамын. Әрбір мемлекеттік ведомствоның тұтастай және жекелей алғандағы шенеуніктің қызметін бағалаудың стандарты атқарылған жұмысының тиімділігі болуға тиіс. Тұрғындарға қызмет көрсетудің сапасын жақсартуға, «Жалғыз терезе» қағидаты бойынша тұрғындарға қызмет көрсету орталықтарын құру, мемлекеттік қызметшілер үшін (ИСО) сапа менеджменті жүйесін енгізу; сыйақыны қазіргідей жалақыға қосылып кететін үстемақыға айналдырмай, таңдаулыларға ғана беру; мемлекеттік қызметтің тәртібі мен этикасын сақтауды қамтамасыз ету керек. Биліктің заңшығарушы тармағының саяси беделін күшейту туралы Жоғарыда айтқанымдай, саяси жаңару процесі, ең әуелі, биліктің заңшығарушы тармағының саяси беделін күшейтуді талап етеді. Мұны қолданылып жүрген Конституцияның шеңберінде атқарған жөн және солай істеу қажет. Конституцияның әлеуеті әлі де толық пайдаланылып жүрген жоқ. Орталық сайлау комиссиясын, Конституциялық кеңесті және Есеп комитетін құрудағы Парламенттің қос палатасының рөлін арттырудың қажеттігін де талқылау керек. Парламенттік көпшілік негізінде Үкімет құрамын жасақтаудың тетіктері мен әлеуметтік-экономикалық сала министрлерінің кандидатураларын тиісті комитеттерде талқылау мәселелері де егжей-тегжейлі пысықтауды қажетсінеді. Мұндай мәселелерді шешу халық өкілдерінің атқарушы билік органдарына деген ықпалы мен бақылауын жаңа деңгейге көтереді. Сондай-ақ, мәслихаттардың бақылау өкілеттіктерін кеңейтуді де қарастыру қажет. Бұл мемлекеттік билік жүйесін орталықсыздандыру, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің рөлін арттыру жолындағы маңызды қадам болады. Сот жүйесі мен азаматтарды құқықтық қорғау реформасы Біз демократиялық қоғамдастықтағы жалпыға ортақ стандарттарға сәйкес келетін кең ауқымды сот жүйесі реформасының қарсаңында тұрмыз. Сот жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу үшін және қоғамның қажеттіліктеріне сай келетін тиімді сот төрелегін жүргізу үшін Комиссия құрылып отыр. Біздің алдағы уақытта мынадай мәселелермен:
— сот өндірісін оңайлату, оның объективтілігін, сондай-ақ сот актілерінің тұрақтылығы мен уақтылы орындалуын қамтамасыз ету;
— сот жүргізу шеңберінде және сот шешімдерін атқару кезеңінде азаматтар құқығына берілетін кепілдіктерді күшейту;
-сот корпусының тәуелсіздігін қамтамасыз ету заң шеңберіндегі әділетті шешімнің кепіліне айналуға тиіс; судьялардың біліктілігін арттыру – мұның өзі Қазақстанның сот жүйесін 21 ғасырдағы шаруашылық, инвестициялық және сауда проблемаларына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді;
— қылмыстық сот жүргізу мен сот шешімдері шеңберінде адвокаттардың рөлін арттыруды қамтамасыз ету;
— қылмыстық сот жүргізу тәжірибесіне алқа билер соты институтын енгізу қажет. Осы мақсатта 2005 жылы «Алқа билер туралы» заң қабылданып, «Сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы» Конституциялық заңға және алқа билер сотын енгізу мәселелері жөнінде басқа да заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізуге тиіс;
— сот рәсімдерінің ашықтығы мен анықтығын барынша қамтамасыз ету мәселелерімен шұғылдануымыз қажет.
Соттардың тәуелсіздігі және әділеттілігі жөніндегі мәселеге арнайы назар аударғым келеді. Біз соттардың жалақысын көтердік, сөйтіп олар бүгінде табысы ең жоғары мемлекеттік қызметшілерге айналды. Біз судьялардың зейнетақымен қамтамасыз етілуін қоса есептегенде, оларға берілетін барлық әлеуметтік кепілдіктер пакеті жайында да ойланғанымыз жөн. Судьяларды лайығымен материалдық және әлеуметтік қамтамасыз етуді қажырлы да адал еңбектерінің өтеуі деп қана емес, жемқорлықтан сақтандыратын өтімді шараның бірі ретінде қарастырған жөн. Судьялар арасындағы парақорлықты адамгершілік тұрғыдан алғанда абыройсыздық деп бағалап қоймай, мұны экономикалық жағынан да тиімсіз етуіміз керек. Судья өз қызмет орнын қадірлеуге тиіс және заңды немесе кәсіби этиканы бұзған жағдайда өзінің мемлекеттік қызметте болу құқығынан ғана емес, барлық әлеуметтік кепілдіктерден де айырылатынын білуі керек. Мұның бәрі де қосымша бюджеттік шығындар жасауға мәжбүр етеді, бірақ ол өзін ақтайды. «Арзан сот төрелігі тым қымбатқа түседі» дейтін ежелгі мәтел осыдан шықса керек. Сайлау туралы.Сайлау заңнамасын одан әрі жетілдіру қажеттігін де талқылау міндет. Орталық сайлау комиссиясына сайлау процесіндегі құқықтық қамтамасыз етудегі кемшіліктерге байыпты талдау жасауды тапсырамын. 2005 жыл ішінде Орталық сайлау комиссиясы халықаралық стандарттар мен қоғамымыздың даму деңгейіне толық сай келетін, сайлау тетіктерін сапалық жағынан жақсарту жөнінде тиісті ұсыныстар әзірлеп, енгізуге тиіс. Мен тек осындай тұрғыда ғана барлық азаматтардың еркін әрі кепілді ерік-ниетін білдіруін қамтамасыз ететін дәйекті бағытты жүзеге асыруға болады деп білемін. Азаматтық қоғам институттарын дамыту туралы. Ең бастысы – Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының, сөз бостандығының, бірлестіктер мен саяси ерік-жігердің білдірудің кепілдіктерін одан әрі дамыта беру. Бізде қазірдің өзінде тиісті нормативтік база бар. «Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Жарлыққа сәйкес омбудсменнің құқық қорғау мүмкіндіктері кеңейтілді, ендігі жерде нақтылы іс-қимыл қажет. Сөз бостандығы – Қазақстанның аршынды демократиялық дамуының негізгі шарттарының бірі. Тәуелсіз Қазақстанда саяси себептер бойынша сотталған адамдар жоқ. Сөз бостандығын, ақпарат алу мен таратуды қамтамасыз ететін барлық қажетті құқықтық және басқа да шарттар алдағы уақытта да дәйекті түрде жасалады әрі қорғалатын болады. Сонымен қатар сөз бостандығын пайдаланудағы шектен шығушылыққа қатаң тосқауыл қойылуы шарт. Сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес туралы. Қазақстан кеңестен кейінгі кеңістікте алғашқылардың бірі болып жемқорлыққа қарсы заңнама қабылдап, халықаралық конвенцияларға қосылды. Жазаланған шенеуніктер де аз емес. Көп іс тындырылды. Соған қарамастан, біз осы проблемамен шұғылданатын әрі өзіміз берген ақпараттарға сүйеніп біздің жұмысымызға баға беретін халықаралық ұйымдармен тиісінше жұмыс істей алмай жүрміз. Қазақстан біздің өңірде ғана емес, басқа да жерлерде кейінгі кезекке ығысып кетпегенін толық сеніммен айта аламын. Алайда өтпелі экономика сырқатының өзіне тән шығасысы да болмай қалмайды. Уақыт өтті, ахуал өзгерді, ендігі жерде заңнама ізерлей талдау мен жетілдіруді талап етіп отыр. Шенеуніктердің сыбайластық іс-әрекетіне ерікті немесе еріктен тыс тиісті жағдай туғызатын заңға тәуелді барлық актілер қайта қаралуға тиіс. Бизнесті мемлекеттік қызметтен түбегейлі бөліп тастау керек. Акционерлік қоғамдардың, олардың қожайындары мен соларға іш тартатын тұлғалардың көмескілігін, банк жүйесінің көмескілігін, рұқсат беруші органдардың көптігін, заңды айналып өту үшін пара беретіндердің жазасыздығын және тағы басқа келеңсіздіктерді түбірімен отап тастайтын уақыт келді. Бұл үшін не істеу керек?
- Бір жерде ғана төлқұжат тіркеп, салық төлеушінің есептік нөмірі, жүргізуші куәлігі және т.б. құжаттар ала алатын, «жалғыз терезе» қағидасы бойынша тұрғындарға қызмет көрсететін орталықтар құру. Тәжірибе ретінде биыл Астана мен Алматыға осыны жасап көру керек.
- Лицензиялар мен рұқсаттамалар санын күрт қысқарту.
- «Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамдар туралы» заңға тиісті өзгертулерді қабылдау.
- Мемлекеттік қызметші өз бизнесін сатқанын немесе басқаруға бергенін міндетті түрде жария етуге тиіс.
- Мемлекеттік қызметшінің жеке бизнеспен айналысуына және компаниялардың мүдделерін жақтауына тыйым салатын Ар-ұждан кодексін әзірлеу керек.
- Тәртіптік кеңестерді Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке түпкілікті беру, орталық бюджетке ауыстыру және оларды заңгер мамандармен нығайту керек. Оған ал зейнет жасына жақындаған шенеуніктерді орналастырумен шұғылдану әсте қажеті жоқ. Кеңес мемлекеттік қызметшілердің этиканы және Ар-ұждан Кодексін орындауын қадағалауға тиіс.
- Пара алушыларды ғана емес, пара берушілерді де жазалау керек.
Бизнестегі жалақы деңгейіне жақындата отырып, мемлекеттік қызметшілердің жалақысын көтеру керек. Мен тиісті мемлекеттік құрылымдар мен лауазымды тұлғалардың іс-қимылын реттеу туралы жиі айтып келемін. Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттік дербес әрі тәуелсіз болуға тиіс. Оны Президенттің тікелей бағынысына көшірген дұрыс. Үкіметке осы мәселелер бойынша нақты ұсыныстар енгізу мен оның орындалуын бақылауға алуды тапсырамын. Сонымен бірге мемлекеттік қызметшілерді жемқор етіп көрсетіп, жөн-жосықсыз айыптауларды тыйып тастайтын кез де жетті. Егер бұл көпе-көрінеу жала болса, онда мұны мемлекеттік қызметші сот арқылы дәлелдеуі керек. Егер олай болмаған жағдайда, дабыл тексерілуі тиіс. Мен сіздерге өзімнің саяси реформаларға көзқарасымды баяндап бердім. Аталған барлық мәселелерді қолданылып жүрген Конституцияның шеңберінде жүзеге асыруға әбден болады. Менің бастаған реформалардың талқылануы, және оны оппозицияның да талқылауы барысында, еліміздің бұдан былайғы саяси құрылымының түрлі нұсқаларының да қарастырылып жатқанын біз білеміз. Егер олар ел мен халықтың мүддесін көздейтін болса, онда оппозицияның пікірін де құрметтеу керек. Мен 2005-2007 жылдары алға қойған жұмысты аяқтауды ұсынамын. Сол кезде әрі қарай қалай жылжуымыздың керектігі айқындалады. Мен Конституцияның тұрақтылығы – қоғамның тұрақтылығы екеніне кәміл сенемін. Ойланбай жасалған өзгерістер ел ішінде берекетсіздік туғызады. Конституцияның қандай да бір ережелеріне түзетулер енгізуді ұсынбас бұрын, қолымыздағы нұсқасын зейін қоя зерделегеніміз жөн. Өзара бас қосып, осы мәселені егжей-тегжейлі талқылаған танымал заңгерлеріміздің үлкен тобына мен зор ризашылығымды білдіремін. Олар маған Конституцияны қорғау, оның тұрақтылығын қамтамасыз ету жайында өтініш жасады. Ата заңға өзгертулер енгізуге болады. Бұл өзгертулердің басты мәселесі – халқымыз президенттік басқарудың қазіргі жүйесін бұдан былай да қолдай ма әлде елдегі толып жатқан саяси партиялардың билік жүргізуін қалай ма? Нақ сол себепті мен төл Конституциямыздың мүмкіндіктері жайында мен тағы да қайталап айтып тұрмын. Ең демократиялық шешім халықтың өзінің еркі деп ойлаймын. Уақыты жеткенде, біз азаматтарымызға бұл жөнінде сауал салатын боламыз. Сөйтіп, біз халқымыз бен еліміздің қажетіне қарай шешім шығаратын боламыз. Біздің сыртқы саясаттағы басымдықтарымыз. Біздің басымдықтарымыз өзгеріссіз күйінде қалады. Бұл– ХХІ ғасырдың ығытына қарсы тұруға қабілетті әрі ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған, белсенді, жан-жақты және үйлесімді сыртқы саясат. Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамыту басым бағыттар болып қала береді. Азия мен Таяу Шығыстың негізгі елдерімен өзара іс-қимылға зор маңыз беріледі. Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ел ішіндегі реформаларға қолайлы жағдай туғызу мақсатында Үкіметтің алдында осы мемлекеттермен арадағы негізгі шарттар және келісімдерді бұлжытпай жүзеге асыру міндеті тұр. Осыдан бір ай бұрын Мәскеуде қол қойылған Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараларды делимитациялау туралы шарттың тарихи маңызы зор. Тарихымызда тұңғыш рет біз өзіміздің стратегиялық әріптесіміз Ресеймен заң жүзінде ресімделген мемлекеттік шекараға ие болдық. Осылайша біз соңғы жылдары ұзына бойы 14 мың километрден асатын шекараны толығымен межелеуге қол жеткіздік. Бұл біздің мемлекеттік құрылыстағы жоспарларымызды жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызатын ұлттық қауіпсіздігіміздің маңызды кепілі. Біз стратегиялық тұрғыдан Қазақстанның мүдделері толығымен ескерілген жағдайда Бүкілдүниежүзілік Сауда Ұйымына тезірек кіруге ықыластымыз. Қазақстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына, ТМД, ЕурАзЭқ-ті реформалауға, БЭК-ті құру жөніндегі жұмыстарға да ерекше мән береді. Біздің еліміз үшін барлық бағыттар бойынша ЕҚЫҰ-мен бұрынғысынша іс-қимыл жасау маңызды болып қала береді. 2009 жылы осы ұйымға төрағалық етуге біздің кандидатурамыздың ұсынылуына барынша жауапкершілікпен қараймыз. Бүгінгі бастамалар сонымен қатар осы мақсаттарға қол жеткізуді көздейді. Қазақстанның әлемде қуатты экономикасы бар әрі халықаралық қоғамдастықтағы тұғыры берік өңірлік держава ретінде қабылданатынын да естен шығармағанымыз абзал. Бұл мәртебені қастерлеуіміз және еліміздің қазіргі әлемдегі беделін нығайту үшін қосымша күш-жігер жұмсауымыз керек. Бізді бүгін не алаңдатып отыр? Мен бұдан әрі экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңаруымыздың жолында елеулі кедергі болуы ықтимал. ХХІ — ғасырдың қазір кезде көрініп жүрген объективті қатерлеріне сіздердің назарларыңызды арнайы аударғым келеді. Бұл қатерлер қыр астында жатқан жоқ. Біздің еліміздің бейбіт еңбегі мен прогресі баршамызға және әлемдік қоғамдастықтың ұстанымына байланысты. Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастады. Екіншіден, географиялық орналасуы жағынан алғанда Қазақстан белортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы. Сондықтан да біз осы проблемаларды шешу үшін барлық мүдделі мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен бұрынғысынша белсене ынтымақтасатын боламыз. ХХІ ғасыр қатерлерінің ішінде халықаралық лаңкестік ерекше орын алып отыр. Қаңтар айының аяғында Алматыда 40 халықаралық ұйымдар басшыларының қатысуымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Лаңкестікке қарсы комитетінің көшпелі отырысы өтті. Осы халықаралық зұлматқа қарсы күрес жүргізу үшін әлемдік қоғамдастықтың үлкен күш-жігер жұмсауы керек. Біз өзіміз лаңкестікке қарсы коалицияға және Ирактағы жағдайды тұрақтандыруға саперлік отрядымыздың қатысуын нақ осындай ұстанымдар тұрғысынан пайымдаймыз. Осы тұрғыда еліміздің өз ішінде де белсенді іс-қимыл жасалып жатыр. Жоғарғы Сот төрт лаңкестік ұйымды заңсыз деп жариялады. «Экстремистік қызметке қарсы қимыл жасау туралы» Заң қабылданды. Лаңкестіктің ушығуы жағдайында біз өңірдегі барлық мемлекеттер мен мүдделі елдердің іс-қимылы мен белсенділігін үйлестіруді сапалық жаңа деңгейге көтеру жолында қадамдар жасауға әзірміз. Өңірдегі жағдай туралы. 15 ғасырдың соңына дейін Орталық Азия әлемдік экономиканың маңызды өңірі болып келді. Біздің өңіріміз Шығыс пен Батысты жалғастырып келді. Халықтар аумақтар мен ұлттарға бөлінген жоқ. Жібек жолының саябыр тартуы Орталық Азияны мешеу шет аймаққа айналдырды. Тәуелсіздік алғанымыздан кейін соңғы 500 жылда алғаш рет біздің өңіріміз әлемдік экономика үшін қайтадан экономикалық маңызына ие болды. Біз өзіміздің транзиттік мүмкіндіктерімізді нығайтып келеміз, әлемдік нарыққа бағалы тауарлар – мұнай, газ, кен, ауыл шарушылығы шикізатын шығаратын өңірге айнала бастадық. Қазірдің өзінде көне Жібек жолының бойымен өтетін ХХІ ғасырдың жаңа мұнай-газ құбырлары, авто және теміржолдарының сорабтары айқындала бастады. Біз Азия «жолбарыстары» мен Еуропалық Одақ табыстарының сырына қаныға бастадық. Келесі бір жағынан Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тәуелсіздік алған елдер арасындағы халықаралық жауығу мен қақтығыстар да тоқтаған емес. Жаһандық экономикада ірі нарықтардың маңызы да үлкен. Біз, сонымен қатар, ұлы державалардың осы өңірде экономикалық басымдыққа ие болу жолындағы бәсекелестігін де байқап отырмыз. Осы жаһандық геоэкономикалық проблемаларға қатысты дұрыс тұғыр ұстанудың маңызы үлкен. Біздің алдымызда таңдау тұр: бірі – әлемдік экономиканың мәңгілік шикізаттық қоржыны болып қалу, екіншісі тағы бір империяның келуін күту немесе Орталық Азияның барынша интеграциялануына қарай қадам жасау. Мен осының соңғысын ұсынамын. Бұдан былайғы интеграциялануымыз — біздің өңіріміздің тұрақтылығына, прогреске, экономикалық және әскери-саяси тәуелсіздікке апаратын жол. Тек осындай жағдайда ғана біздің өңірді әлем құрметтейтін болады. Тек сонда ғана біз қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, лаңкестік пен экстремизмге қарсы пәрменді күрес жүргізетін боламыз. Мұндай бірлестік, сайып келгенде, біздің өңірде өмір сүріп жатқан қарапайым адамдардың мүдделеріне толық сай келеді. Мен Орталық Азия елдері Одағын құруды ұсынамын. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан арасында жасалған мәңгілік достық туралы шарт осындай бірлесу үшін берік негіз бола алады. Мен өңіріміздегі басқа да елдерді де естен шығарып отырғанымыз жоқ. Біздің экономикалық мүдделеріміз де, мәдени-тарихи тамырымыз да, тіліміз, дініміз де, экологиялық проблемаларымыз да, керек десеңіз сыртқы қатерлеріміз де ортақ. Еуропалық Одақтың сәулетшілерінің өздері де осындай алғышарттарды армандаған да болар. Біз тығыз экономикалық интеграцияға көшуіміз және ортақ нарық пен ортақ валютаға қарай ілгерлеуіміз керек. Біз осылай жасағанда ғана өзіміздің әрқашан бірге болуымызды аңсаған арғы ұлы бабаларымызға лайық бола аламыз. Алайда алдымен патшалық империя, кейіннен сталиндік ұлттық саясат осы бірліктен қорқып, өңірді әкімшілік-ұлттық аумақтарға бөлшектеп тастаған еді. Ол кезде «Бөліп ал да, билей бер» деген саясат үстемдік етті. Қазір бізге келесі ұрпақтарымыз үшін өңіріміздегі теңқұқылы халықтар жүруге тиіс жаңа жолды нұсқайтын сәт туды. Біздің туған Қазақстанымыз үшін жауапкершілігіміз.Олардын келешегіне кәміл сене беруге болатын көрінеді. Ал оларға ілесе алмай, демократиялық ынтымақтас-тыққа әзір қол жеткізе қоймаған еуро-палык аумақтагы кешегі кеңестік рес-публикалардан күдер үзушіліктің жөні жоқ сёкілді. Т.Карл мен Ф.Шмиттер кейбір әріптестері шиге шаншып бағып жаткдн «Әзірбайжан және басқа да… «стан»-дарды (бұл аталмыш ға-лымдардың өз тіркесі), яғни бұрынғы кеңестік мүсылман республикаларын да аттап өтпейді. Екі ғалым бұларда «электораттық демократшы бүркемеленген автократиялық тәжірибе көгеріп-көркейіп жатыр», дейтін үзілді-кесілді тұжырыммен де, ондай «ахаулы демократиялар шешімін таппай отырған тартыстар мен дәрменсіз саясаттың салдарынан ерте ме, кеш пе, бәрібір, автократиялық үрдіске көшеді» дейтін үзілді-кесілді болжаммен де келісе қоймайды. Бүгінгі транзитологияның аузынан түспей жүрген «будан режим-дер» мен «электорализм» қисындары бір кезде Орталық Америка елдеріне байланысты да айтылғанын, аталмыш елдердің бәрібір демократияға өтпей қалмағанын тілге тиек етеді.
Карл мен Шмиттер авторитаризм мен тоталитаризмнен кол үзу кезінде кездеспей қалмайтын дағдарыс.тан біреулер шыға алады, біреулер шыға алмайды дейтін бал ашушылық пен жоғарыдан басталған реформалардан гөрі төменнен басталатын реформа табыстырақ болады деген кағиданың да қайта қарайтын түстары аз емес деп біледі. Олар авторитаризмге оралу қаупін тым асыра бағалаушылық бар екендігіне тоқталып, шынтуайтқа кел-генде, автократияның бүрынғы түріне оралуға Сербиядан басқа, демо-кратиялык ынтымактасуға үмтылудан бүлтарып кетуге Әзірбайжаннан баска нақты кадам жасаған бір де бір ел жоқ екендігіне назар аударды. Ал кешегі кеңес республикаларының Батыс транзиттеріндегідей реформаны бас-тамас бұрын әрқайсысының өз ішінде келісім-шартқа отырмағандығын этностық және азаматтық сәйкестілік мәселелерінің күрделілігімен түсіндіре-ді. Сондай-ақ, олар бір емес, бірнеше (тәуелсіздік, саяси-экономикалық, әлеуметтік) реформаны қатар жүргізіп жатқан қоғамда әзір ынтымақшыл реформа орнай қоймайды дейтін түқыртпа түжырымға да мойын үсынбайды. Қаайта ондай «көп өлшемді» реформа аталмыш қоғамдардағы әлеуметтік орнықтылыққа себепші болды деп санайды.
Расында да, тәуелсіздік алған үлттар өтпелі кезеңнің кейбір кедір-бүдырына кешіріммен қарады. Демократия аңсағандар экономикалық реформалардың акауларына төзімділік көрсетті. Тоталитарлық идеология қисындарынан әбден мезі болған халық таптык жіктелістің сокпағымен кетуден бас тартты. Саяси қуғын-сүргін зардаптарын көп тарткдн қоғам әлеуметтік алауыздыққа. қүлық танытпады. Қысқасы, демократияның жолы кешегі кеңес кеңістігі үшін де, біреулер ойлағандай, айқын, сара, даңғыл, енді біреулер айтқандай, қалғандарға атымен үқсамайтындай, тым күрделі, тым киын, тіпті кауіпті болып шыққан жоқ. Түптеп келгенде, олардың алдында да күллі адамзатқа ортақ жолдан басқа жол жоқ болып ш ы қты.
Менталитет ұғымын абсолюттендіруге, әсіресе, еуроцентристік астамшылдық көзқарастағы мамандар әуес. Әуелде үлттық дамудың экономикалық тетігі болып отырған капитализм мен либералдық демократия тек англосаксондық өлемге ғана тән деп есептелінгенді. Кейін Бжыс христиандық қоғамына тән делінді. Алайда, ол үрдістер бүгінде ка-толицизм, мүсылман, буддизм, право-славие, конфуцийшілдік, иудаизм кеңіс-тігіне кеңінен қанат жайып отыр. Жан басына табысты екі еселеу үшін англо-саксондар болып табылатын Британия мен АҚШ-қа қырық жеті-қырық сегіз жыл керек болса, оларға жатпайтын Жапонияға отыз бір жыл, Индонезияға он жеті жыл, Оңтүстік Кореяға он бір жыл, Қытайға, бар болғаны, он жыл керек болды. 2020 жылы дүние жүзіндегі ең ірі экономикаға ие 5 мемлекеттің төртеуі, аса ірі экономикаға ие 10 мемлекеттің жетеуі Азияда болады деп болжам жасалуда. Ендеше, өндірістік капитализм де бір кездегі терімшілік, малшылық, балықшылық, егіншілік сияқты тіл, дін, үлт, күрлық таңдамайды деген сөз. Сондай-ақ, капитализм мен демократияға өткеннен ұлттық сипатымыз жойылып, не әлсіреп кетеді деген көзқарас та шикі болып шықгы. Бүрындары ағылшын, француз, неміс, итальян, испандар капитализмге өткеннен өз ұлттық мерейлерін биіктетпесе, аласартып алмағаны қандай анық болса, бүгінгі қытай, жапон, корей, малайзиялықтардың да капитализмге өткеннен ұлттық сапасы күшейе түспесе, азая қоймағаны көзге ұрып түрған шындық.
Жалпы, капитализм мен демократияны тек бір өркениетке ғана теліп, қалған дүниеге атымен жат қүбылыс санаудың ешқандай тарихи дәйегі жоқ. Терімшіліктен егіншілікке, аңшылықтан малшылыққа көшу қандай эволюциялық жол болса, аграрлық экономикадан өнеркәсіптік экономикаға, дәстүрлі қоғамнан осы заманғы қоғамға өту де сондай эволюциялық жол. Егер бір кездегі бақташы-жауынгер тайпалардан капи-талистер мен демократтар шықпайтын болса, дүниеде ешкім де капиталист немесе демократ болмас еді. Тіпті, «капитализм» мен «демократия» тер-миндері де шықпас еді. Өйткені, демократия терминін Жерорта теңізі маңайын ежелден мекендеп отырған байырғы саудагер және отырықшы халықгар емес, бүрын теріскей жазираларда дәурендеп, Балқан асып барған бақташы-жауынгер грек тайпалары шығарды. Көшпелі жауынгер ортада бес қаруы беліндегі еркектердің бар мәселені төрт көздері түгел түрып, бірлесіп шешетін әдеттен жаңа орта мен жаңа жағдайға бейімделіп, жаңа саяси жүйеге айналып еді. Жерорта теңізінің теріскей жағалауына солтүстік-тегі жазиралар мен ормандардан қоныс аударып барып, жаңа Рим мемлекет-тілігінің негізін қүрған, бүрынғы малшы тайпа латындар жаңа мекендерінде базар ашып, малдарын қалған қауымдармен айырбасқа салып, малдың басын негізгі төлем түріне айналдырғандықтан, «капы»—»бас» деген сезден шығарып, «капитал», «капитализм» терминдерін дүниеге әкеліп еді.
Бағзы заман тарихшылары білетін бүл жойттерді қазіргі заман саясатшылары көрер көзге естен шығарып, ежелдеи бері табиғат пен адамзат, уақыт пен қоғам демократиянын айқын үлгісі АҚШ-тагы демократия болып табылады. Мұндай демократияда азаматтардың саяси партиялар мен билік институт-тарына сенімі төмендегенмен, демокра-тиялық құндылықгар мен. кағидаларға сенімі төмендемейді Партияларды, парламентгі, өкіметгі сынағандарымен, демократияның өзін сынамайды. Ал үшінші толқын демократиясында демократиялық сенімдерден гөрі демократиялық рәсімдер басым түсіп жатады. Демократиялық құндылық-тардың мықтап орнықтағандығынан, әртүрлі бұрмалаушылықта орын алады. .Ондай қоғамдағы азаматтардың біраз бөлігінің демократиядан гөрі авторитаризмге көбірек іш тартуы мүмкін. Ал енді туындап жатқан демократия, атының өзі айтып тұрғандай, әлі екі деңгейдің екеуіне де жете қоймаған, авторитаризм ықпалы әлі көбірек балаң демократия немесе жартылай демократия.
Т.Иногучи Қиыр Шығыстағы үш демократиялық үлгіні талдай келіп, олардың болашағынан күдер үзбейді. Өйткені, демократиялану — процесс. Ол бір күнде немесе бір жылда тәмамдала салмайды. Кезеңнен кезеңге көшіп ұзаққа созылады. Мәселе, соны сылтауратып, арқаны кеңге сала бермей, қоғамдағы калған процестерге де қарқын бітіретін демократиялану процесін бірінші кезекте жеделдетуде болып түр. Әлемдік ауқымда өрістеп жатқан түбегейлі процестің жай-жапсарына жан-жақты және байыппен қарауымыз керек. Енді үлкен мемлекеттер де, шағын мемлекеттер де үйреншікті үрдістер ауқ.ымында өмір сүре алмайды. Талай нәрседен бастартып, талай нәрсені үйренуге тура келеді. Біз бұған тәуелсіздік алған бойда ақ бет бұрдық.
Өйткені, осы заманғы қоғам орнатуға керекті талай нәрсеге иеміз.Осы заманғы қоғам индустриялануды, урбанизмді, сауаттылық деңгейінің жоғарылығын, білімділікті, ауқаттылықты, әлеуметтік қамқорлықты, күрделі де жан-жақты жаңа кәсіби қүрылымдарға ңғайлылықты талап етеді. Жаман болсын, жақсы болсын, бүлардың бірталайына қолымыз жетті. Менталитеттік мүмкіндіктерімізде құдайға шүкір. Көшпенді тұрмыс
құлақ кесті құлдықты, діни фанатизмді, әлеуметтік көнтерілікті, билікке бас
ұрушылықты мойындаған емес.»Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ»,
«өзің еиілгенге иіл: ол — әкеңнің құлы емес, өзіңе шүйілгенге шүйіл:
ол—құдайдың ұлы емес» дейтін қағиданы әлге дейін ұмытпай келген
теңдікшіл, бостандықшыл халықтың жігерін тоталитаризм біржолата жер
жастандырып кете алмады. Кешегі кенеуік етіп тұрған қызыл тоталитаризмге алдымен қол көтерген қауымбыз.
Демократиямызда әліге дейін балаңдық байкалып жүрсе, тоталитарлық топас психологиядан туындап жаткан әлеуметтік патологиядан емес, жылдар бойы өз билігі өзінде болмай келгендіктен өрбіп жатқан тәжірибенің аздығынан, бір кездегі Роберт Дальдің айқанындай, жаңа демократиялық институттардың қыр-сырына ойдағыдай қанығып болмағандығымыздан болып отыр деп білеміз. Көп ретте, осы заманғы демократия болмысына шорқақтығымыз да байқалып қалып жатады.
Ол мемлекеттің саяси құрылымын «кім билеп отырғанына»,»кімнің мүддесін көздеп отарғанына қарай сипаттады. Билік бір кісінің де, бір топтың да, бүкіл халықтың да қолында болуы мүмкін. Бірақ, олар тек өз мүддесін көздеп отырма, жоқ бүкіл қоғамның мүддесін көздеп отыр ма? Соған байланысты ол күллі қоғам мүддесін көздеп отырған билікшіні монарх, билікшіл топты аристократия, көпшілік билігін полития деп атап, бұл санатты жақсы билік деп таныды. Ал өз мүддесін көздеп билік құратын жеке билікшіні тиран, билікші топты олигархия, көпшілік билігін демократия деп атап, ол санатты «жаман билік» деп таныды.
Бұл, әрине, біздің жыл санауымызға дейінгі V ғасырдағы 158 грек қалаларындағы билік үрдістерін салыстыра отырып жасалған жүйелеу еді. Одан бері мемлекеттер әлемнің барлық жерінде де пайда болды. Оның бәр-бәрі бұрынғы грек қалаларының үрдісіне келе бермейді. Соған байланысты мемлекет теориясы да өзгерді. XVI ғасырда Томас Гоббс пен Жан Боден де билік иесі (егемен) қағидасын қалыптастырды. Олардың уәждеуінше, бүл басқаруды тәртіптей-тін бірден бір жоғарғы және мызғымас билік. Бүл қисынды ежіктей келіп, Боден басқарудың ең жақсы түрі абсолютизм деп тапты. Билікші заңды қалай өзгертуге де құқылы, бірақ өзі ешқандай заңға бағынбайды. Сонда ол ешкімге, ешқандай күшке қолжаулық болып кетпейді. Тек тәңірдің заңы мен адамдардың табиғи құқықтарына ғана құлақ асады. Гоббс те егемендікті өз айтқанымен жүргізетін өктем билік деп түсініп, «Левиафан» атты кітабында бұзықтық атаулыға жол бермей, айбарымен ықтырып отыратын аждаһа биліктің сипаттамасын жасады.
Өзіңіз байқап отырғандай, бұл баяғы жаппай аңшы кездегі қақпаны қанды, шоқпары майлы, жолы болғыш аңшыны айрықша қасиет иесі санап, көсем тұтқан заманға барып тірелетін билікті сакральдау, қасиет түту, билікшіні әуелден Жаратқанның айрықша шарапаты түскен нысаналы тұлға санап, әулие тұтудан өрбіп жаткан қагида. Оны бұзса, пенделердің ықпалы бұзады деп, қоғамнан аулақтатып, тұмшалай түсетін түсінік. Келе-келе ол түбегейлі өзгеріске ұшырады.
- бөлім. Қазiргi кезеңдегi экономикалық саясаттың ерекшелiгi.
Қазақстанның егемендi ел болып, экономикалық реформаны жүзеге асыра бастағанына жетi жылдан асты. Егемен ел болған соң өзiнiң дербес мемлекеттiк құрылысын жасап, ата заңын қабылдап, әлемнiң елдерiмен жүргiзетiн сыртқы саясатын айқындап, шаруашылықтың бұрынғы социалистiк жоспарлы бiр орталықтан басқарылатын жүйесiн жойып оның орнына нарықтық экономикалық жүйеге көшу үстiнде. Бiр жүйеден екiншi жүйеге көшу қиындықсыз, ауыртпалықсыз болмайтыны белгiлi.
Нақтырақ айтсақ капитализмге өту үшiн өтпелi кезеңнiң бiрнеше түрi бар. Ондай кезеңдi Жапония да, Германияда да, Шығыс Еуропа елдерi де бастан кештi.Бiрақ әр елдiң өтпелi кезеңi өзiнше, өз ерекшелiктерiмен өттi.
Қазақстандағы өзгерту процесi экономиканың бiр баспалдағынан екiншiсiне көшуге байланысты емес, бiр экономикалық жүйеден түбегейлi өзге екiншi жүйемен алмасуына байланысты. Бұл кезеңнiң экономикасы тек қана өтпелi кезеңге тән және де кеңестерден соңғы түрi болды. Ол тарихта бұрын болған өтпелi кезеңнiң ешқайсысына да ұқсамайды.
Адамдардың санасына жетпiс жыл бойы шаруашылықтың нарықтық тәсiлiн еске салатын нәрсенiң бәрi шығарылып тасталды, бұрынғы КСРО халықтары басынан кешкен идеологиялық ықпал жасауды басқа халықтар көрген жоқ. Ал Қазақстанның халқы нарықтық экономикадан бейхабар болатын, өйткенi феодализмнен социализмге капитализмнен аттап өткендi, оны және бiз мақтан тұтатынбыз. Сондықтан да бiздiң алдымызда нарықтық экономиканы жаңартудың мiндетi тұрған жоқ. Оны нөлден бастау қажет болды. Жоспарлы жарлықпен алып тастай алмайтын әдiстерi мен тәсiлдерiн ұзақ уақыт бойы өзгертуге тиiспiз.Нарықтық экономиканың тетiктерi баяу. әрi ұзақ уақыт қалыптасып бекитiн болады.
Сондықтан да халықтын көпшiлiгi нарыққа бағдарланған реформаны, әсiресе, оның өндiрiстiк кемуi. инфляцияның өсуi, жұмыссыздықтың көбеюi, түрғындардың нақты өмiр деңгейiнiң төмендеуi сияқты қашып құтылмайтын салдарларын саналы түрде қабылдауға дайын емес-тi. Ал халықтың қолдауынсыз, тым болмаса оның көпшiлiгiнiң келiсiмiнсiз түбегейлi жүйелi реформаны жүзеге асыру аса қиын. Мiне, Қазақстанның реформасының бiрiншi брегейлiгi осы.
Социализмнен капитализмге көшудiң. кеңестерден кейiнгi өтпелi кезеңнiң ешбiр теориясы жоқ. Сондықтан да нарықтық жүйеге ауысудың және экономиканы тұрақтандырудың бағдарламасы бұрыннан қалыптасқан нарықтық экономиканы дәстүрлi қайталанбасы дағдарыстан шығуға қолданылатын теориялық сызбаға немесе басшылардын ”ақылға сүйенуiне ” негiзделген болатын. Бұл Қазақстанның реформасының екiншi брегейлiгi едi.
Қазақстан бұрынғы кеңестiк жүйеден терең дағдарысқа. экономикаға көптеген „әлеуметтiк-экономикалық және саяси өткiр мәселелерге ие болып қалды. Мұның бірi өзгеру дағдарысының мәселелерiне барып қосылып. реформаны одан әрi күрделендiрiп. оған айырықша сипат бердi. Бұл Қазақстан реформасының үшiншi бiрегейлiгi болатын.
Қазақстандағы реформа мемлекеттiк жүйенiң бұрынғысын шұғыл түрде күйретiп. жаңасы туындап, аяғынан тұрып жатқан кезде. Бұрынғы бiртұтас экономикалық кеңестiк ажырап. Көп жылдар бойы қалыптасқан шаруашылық және технологиялық байланыстар түгелiмен үзiлген жағдайда жасауға тиiс болды. Мұның өзi экономикадағы дағдарысты одан әрi тереңдетiп көптеген жаңа мәселелер туындатты.
Өтпелi кезең ең кемi 15-17 жылға созылатын тұтас бiр түбiрлi өзгерiс дәуiрiн құрайды деп санауымыз керек. Капитализмнен социализмге көшу 20 жыл бойы жүргiзiлгенi белгiлi.
Халықаралық сарапшылардың дерегi бойынша. Батыс елдерде үзiлiп қалған нарықтық түрлерi мен әдiстерiн қалпына келтiру үшiн 15-20 жыл қажет еткен. Мәселен Чилиде мұндай кезең 12-14 жылға созылды. Бiзде өтпелi кезең көпке созылмайды деп айтуға негiз жоқ.
Қазақстандағы макроэкономикаалық саясаттың дамуына үңiле қарасақ, онда реформаның бес жылы iшiнде елiмiз бiрнеше схеманы бастан кешiрдi деген қорытындыға келемiз. Ол схемалар тұрақтандырудың макроэкономикалық бағдарламасы, экономикалық дағдарыстан шығудың бағдарламасы, рынокқа көшудiң бағдарламасы, тағы басқа түрлерде жүргiзiледi.
Үкiметтiң айтуынша, бiздер iс жүзiнде дағдарыстың ең төменгi құлдырау шегiне жетiп, одан шыға бастадық және дамудың инвестициялық кезеңiне көшпекпiз.
Өтпелi кезеңде ел экономикасында, халықтың тұрмысында елеулi өзгерiстер орын алды. Елiмiздiң барлық жерiнде өндiрiс көлемi қысқарды.
Жалпы алғанда дамудың күретамыры әрдайым бәсекелестiк болып табылады. Сондықтан да нарықтық экономика жағдайында монополия болмауға тиiс сияқты. Сонымен бiрге қазiргi кезеңде кейбiр салаларда қзiрге монополия да қажет секiлдi. Мәселен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, телекоммуникация, электрмен жабдықтау, темiржол және басқа кейбiр салаларда мемлекеттiк монополия керек. Сол монополия арқылы халықтың жағдайын дұрыстау үшiн бағаны бiр деңгейде ұстап тұруға мүмкiндiк туады.
Қазiр жүрттың бiз қай бағытта, қайда бара жатырмыз деген мәселеге келгенде абдырап қалатыны рас. Сондықтан да болашақ ұрпақтың тағдыры үшiн бiздiң бағытымызға, алдағы перспективаларымызға айқындық керек. Бүгiнiмiздi талдап, саралай келiп, стратегиялық жоспарларымыз бен бағдарламаларымызды нақты, ғылыми тұрғыдан негiздi өте отырып белгiлеуге тиiспiз. ХХI ғасырдағы өркениеттi және дамыған мемлекеттiң басты белгiсi- ғылым мен жаңа техника, озық технология мен информатика. Мұнсыз ешбiр қоғамның қазiргi кезде алға iлгерiлеуi, өрлеуi мүмкiн емес.
Осы тұрғыдан ғылым мәртебесi жоғары болуының объективтi негiзi- ол өндiрiстiң және қоғам дамуының деңгейi жоғары болуы. Неге десеңiз, ғылымның нәтижелерi тек дамыған өндiрiсте, дамыған қоғамда ғана өз күштерiн жүзеге асыра алады. Дамыған елдердiң барлық iрi-iрi компаниялары мен фирмаларында ғылыми және жобалау топтары жұмыс iстеуi де сондықтан. Олар өзара бәсекелестiкте артта қалмау үшiн де осындай топтарды ұйымдастыруға мәжбүр.
Мен стратегиялық мүдделер, мiндеттер және мақсаттар деген үш мәселе бар деп санаймын. Республикамыздың стратегиялық мүдделерi, бiрiншiден, ол Қазақстанның мемлекеттiгiнiң қалыптасып келе жатқан моделiнiң анықталуы және дамуы.
Екiншiден, қазақ ұлтының жағдайы- Қазақстан Республикасы мемлекеттiгiнiң басты жүйе құрайтын факторларының бiрi болып табылатындығы.
Стратегиялық мақсаттар: бiрiншi Қазақстанның экономикалық дамуының моделiн анықтау. Екiншi- қазақ ұлтының мүдделерiн қамтамасыз ету және оларды республикадағы басқа ұлттардың мүддесiмен келiстiру. үшiншi- Қазақстанның дүниежүзiлiк жан-жақты сыртқы саясатын анықтау. Ол ең алдымен бейбiтшiлiк сүйгiш саясат, сонымен бiрге тең құқықты әрiптестiк (партнерство), мәселен Ресеймен де, Орта Азия елдерiмен де, басқа елдермен де.
Стратегиялық мiндеттер: Бiрiншi – жекешелендiру саясатындағы мемлекеттiк саясатты анықтау және жүргiзу. Қазiр жекешелендiруде үлкен реформалар жасалуда. Ол кезде меншiктегi мемлекет үлесiн анықтау керек, Қазақстанның өз меншiгiнде басқа ешқашан сатылмайтын не қалды, бiздiң ұрпақтарымызға қалуға тиiс. Сондай-ақ басым бағыттар, инвестициялық саясат анықталуға тиiс. Мұндағы бiрiншi мәселе – меншiк жайын дұрыс шешiп алу. Екiншi өндiрiс аяқтанбай, оның технологиясы жолға қойылып, механизiмi жасалмай, бiздiң экономикамыздың мәселесi де шешiлмейдi, әлеуметтiк, саяси, ұлттық проблемалар да жүзеге аса алмайды.
Мемлекеттiк экономикалық саясаттың стратегиялық мақсаттары болашақта реформаның үш кезеңiн құрайды:
- 1996-1998 жылдары — өндiрiстiң құлдырауын тоқтату және
экономикалық тұрақтандыру:
- 1999-2000 жылдары- экономикалық өсудi қалпына келтiру:
- 2006-2010 жылдары – тұрақты экономикалық өсу.
Ұзақ мерзiмдi болашаққа елiмiздiң экономикасының дамуына интеграция, информатизация мен телекоммуникацияның, демографиялық және экологиялық мәселелер сияқты жалпыәлемдiк тенденциялар, сонымен бiрге ауыр өнеркәсiптiң құрамы, экспорттық өнiмдердiң номенклатурасының шектелмелiгi қаржының едәуiр бөлiгiнен зейнетақыға, жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы төлеуге жұмсалуы, тұрғындардың көпшiлiгiнiң тыныс-тiршiлiк, яғни өмiр сүру деңгейiнiң нашарлығы сияқты iшкi факторлар да өз әсерiн тигiзедi.
Қазiргi заманда елдiң өз ұлттық мүддесiн сақтап қалу қабiлетi оның әскери күш-қуатына емес, қайта экономикалық мүмкiндiктерiнiң қаншалықты мол екендiгiне, ол экономиканы шаруашылық қызметтiң iшкi және сыртқы еркiндiгiнiң көмегiмен қаншалықты қуатты ете бiлуге байланысты. Мұның бүгiнгi Ресейге де, бүгiнгi Қазақстанға да тiкелей қатынасы бар. Өйткенi, мұның өзi қазiргi ең жоғары мүдде экономикалық реформаны неғұрлым тиiмдi жүргiзу, сөйтiп, оны барынша бай және еркiн ете түсу болып табылады. Біздің өмірімізді түбегейлі өзгертіп, Қазақстан тәуелсіздікке ие болған өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының тарихқа озғанына да көп уақыт өте қойған жоқ. Сана мен сезімнің шиеленісі мен ширығуы жағынан бұл ерекше жылдар болды. Бұл біздің мемлекетіміздің алдағы жүрер жолын айқындайтын аса маңызды шешімдер қабылданған жылдар болды, сол кезде қабылданған бір ғана бұрыс шешім еліміздің жүрер жолының бағыт-бағдарын елеулі өзгеріске ұшыратуы әбден ықтимал еді. Осы уақыттың ішінде халық менің елімізге басшылық етуіме өзінің шынайы сенімін білдірді. Мен болсам, Сіздердің сенімдеріңізді ақтауға тырысып. біздің стратегиялық бағытымыздың негізгі бағдарларын әр жыл сайын өздеріңізбен бірге саралап келемін. Міне, бүгін, араға он бес жылдай уақыт салып, мен сіздерді біздің бірлесе атқарған жұмысымыздың қорытындысын шығаруға шақырып отырмын. Біздің мақтан тұтарлық істеріміз жеткілікті. Біз неден бастадық, жол басында қолымызда не болды, сол кездегі біздің нақты мүмкіндіктеріміз қандай еді? Әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуал шын мәнінде сын көтермес күйде еді. Қазақстанның экономикалық және саяси мүмкіндіктері сырттан осылай бағаланды: экономикасы әлжуаз, қазынасы бос, саяси жүйесі балаң, Кеңестер Одағы заманының Конституциясы бойынша өмір сүріп жатқан, одан бар болғаны белгілі бір әскери әлеует қана еншілеген ел саналдық. Былайғы дүние бізді көзге де ілген жоқ, әлемдік қоғамдастықты біздің ядролық қару–жарағымыз ғана алаңдатты. Енді 20 – 25 жылдан кейін мемлекеттік басқарушылардың жаңа ұрпағы «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының» қорытындысын шығарып, біздің әуел бастағы әлеуетімізді және өзгерістердің нәтижесін елеп-екшер болса: «Шынымен, солай болды ма екен», деп таң-тамаша қалары анық. Сонда олардың бізге қызыға қарарына көзім әбден жетеді. Біздің батылдығымызға, жігерімізге, қабілетімізге, сайып келгенде, еркіндігімізге қайран қалары анық. Өйткені бүгінгі күні біз жасаған дүниені рухы күшті жандар ғана жасай алатын еді. Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық: біз жақсы өмір сүргіміз келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен де бұрын балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қаладық. Бұған сіздер мен біздер өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік. Өзіміздің төл теңгеміз айналысқа енген, экономикалық тәуелсіздігіміз аныққа шыққан 10 жыл кезеңді алайықшы. Бұл 10 жыл — елімізді тұрақты еткен, экономикамызды өркендеткен төл Конституциямыздың да мүшелді мерекесі. Біз ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарық экономикасын құрды. Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика бар. Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз жеті жүз доллардан сәл ғана асса, 2004 жылдың соңында ол екі мың жеті жүз долларға жетті, ендеше биылғы жылы біздің жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз енді үш мың доллардай болады деген болжамымыз бар. Мен 2010 жылы жан басына шаққанда жалпы ішкі өнімді 5800 АҚШ долларынан асатын мөлшерге, яғни Чехия, Венгрия, Польша, Малайзия сияқты елдердің бүгінгі деңгейіне, ал 2015 жылы шамамен 9000 АҚШ доллары мөлшеріне жеткізуге күшіміз жетеді деп санаймын. Жалпы сатып алу қабілетінің шамасы жағынан бұл цифрларға біз қазірдің өзінде жақынбыз. Біз еліміздің жалпы ішкі өнімін 2000 жылмен салыстырғанда, 2010 жылы екі есе ұлғайтуды жоспарласақ та, бұл көрсеткішке 2008 жылы-ақ жететінімізге сеніміміз мол. Бүгін экономикалық өсудің негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып отыр. Көмірсутегі шикізатын өндіру көлемін 1985 жылмен салыстырғанда, біз 225 пайыз ұлғайтуға қол жеткіздік, ал былайғы дүниеде ол небәрі 1,3 есе шамасында ғана өсті. Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екені барша инвесторларға әлдеқашан аян ақиқат. Қазақстанның қаржы жүйесі де топжарғандар қатарында танылды, ал мұны жетекші халықаралық сарапшылардың өздері мойындап отыр. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету, сыртқы қолайсыз факторларға тәуелді болмау үшін Ұлттық қор құрды. Бүгінгі күні Ұлттық қорда 5,3 миллиард доллар жинақталып отыр. Ұлттық қорды қоса есептегенде, еліміздің алтын-валюта резервтері, тұтас алғанда, 14 млрд. АҚШ долларынан асып түсті. Осыдан 10 жыл бұрын бұл жайында армандаудың өзі қиын еді. Біз ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізіп келеміз. Айталық, 2004 жылы сыртқы сауда айналымы көлемінің оң сальдосы 7 миллиард доллардан асатын 33 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл 1994 жылмен салыстырғанда, 3 еседен астам өсті деген сөз.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында негізінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ауқымымен шектелген біздің сыртқы саудамыздың географиясы да біршама тарамдала түсті. Қазақстан тауар айналымының құрылымында 2004 жылы Еуропалық одаққа мүше елдер, Ресей, Швейцария мен Қытай алғашқы орындарға шықты. Осылайша біз өзіміздің әлемдік экономиканың бөлінбес бөлігіне айналып, жаһандық бәсекелестік арнасына еркін енгенімізге анық көз жеткіздік. Бүкіл дүниежүзілік банктің сыныптамасы бойынша қазіргі уақытта Қазақстан кірісі орта деңгейдегі елдердің тобына кіреді. Егер өмір сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстыратын болсақ, онда соңғы 10 жылда қазақстандықтардың орташа ақшалай кірісі 5 есе; ал орта айлық жалақысы 6 есеге жуық; ең төменгі табыс мөлшері 25 есе; зейнетақылардың орташа айлық мөлшері 4,6 есе; жеке тұлғалардың банктердегі депозиттері мен бір кісінің жасайтын салымының көлемі тиісінше 35 және 37 есе өскенін көреміз. Биылғы жылы кепілді тегін медициналық көмек көлеміне жұмсалатын мемлекеттің шығысы 2003 жылмен салыстырғанда 1,7 есе өсті. Экономикамыздың қарқынды өсуі мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік бағдарлануын едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді, мұның өзі экономикамыздың айтарлықтай бекемдік деңгейіне жеткенін айғақтайды.
Біз айрықша қысқа мерзімнің ішінде еліміздің дәл орталығында жаңа астанамызды тұрғыздық. Көрген жанның бәрі Астана көркіне тәнті болып жүр. Астана қазақстандықтардың мақтанышына айналды. Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиіс. Біз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз. .Инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыту. Біз экономиканы диверсификациялауға бағытталған Индустриялық – инновациялық стратегияны іске асыра бастадық. Бұл болашақтың бағдарламасы. Біз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды дамытуға кірістік, сол арқылы қазақстандық кластерлер жүйесінің дамуына жол аштық. Биылғы жылдың ортасына қарай біздің қолымызда нарықтың туризм, мұнай-газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік-логистикалық қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материалдары сияқты салаларда, кемінде 5 -7 кластерін жасау мен дамытудың жоспары болуы керек деп санаймын. Ел экономикасының шикізаттық емес салалардағы ұзақ мерзімдік мамандануын, міне, солар айқындайтын болады. Біз өзімізді жаңа технологиялар мен жаңа экономика әлеміне енгізетін экономикалық дамуды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесі – Ұлттық инновациялық жүйе жасауды қолға алдық.
Индустриялық-инновациялық дамудың инфрақұрылымы қазірдің өзінде қалыптасты. Мемлекеттік даму институттарын капиталдандыру жыл басында 730 млн. АҚШ долларын құраса, инвестициялық жобалар портфелі 1 млрд. 200 млн. АҚШ долларынан асып отыр. 2004 жылы 204 инвестициялық жоба іске асырылса, соның тең жартысы даму институттарының қолдауымен жүзеге асты. Біздің стратегиялық міндетіміз – бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу. Сондықтан да мемлекет пен жеке меншік сектор өзара сенім мен тиімділікке негізделген әріптестік қатынастарын жолға қоюы керек. Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес олардың барлық кәсіпорындары санының 90 пайыздан астамын құрайды, көптеген дамыған елдерде олар жалпы ішкі өнімнің 50 пайыздан астамын береді. Сондықтан да біздің шағын және орта кәсәпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек. Әрбір іскер қазақстандық осы ортаға кірігіп, инновациялық экономикадағы өз орнын табуға тиіс. Қазақстандықтардың бастамашылығына кең өріс ашу үшін жағдай жасалды, кәсіпкерлер ендігі жерде осы мүмкіндіктерді пайдалана білсе игі! Мен өңірлерді экономикада өршіл болуға шақырамын. Ендігі жерде жаңа идеологияға сәйкес заңнаманы сапалық жағынан жақсарту міндет. Қысқасы, сөзден іске көшетін, мемлекеттік кәсіпорындар мен мегахолдигтердің, ең алдымен ірі мемлекеттік компаниялар мен монополиялардың өздеріне үйлеспейтін міндеттерін шағын және орта бизнеске беру жөніндегі жұмысты тындыратын сәт туды. Сол арқылы біз бизнеске тың тыныс ашамыз. Бұл ретте бірқатар стратегиялық маңызды мемлекеттік компаниялар акцияларының пакеттерін басқаруды арнайы құрылатын мемлекеттік холдинг компаниясына беру қажет. Әлбетте бұл шараларға қарсыласу да, сөз бұйдаға салу да болмай қоймайды. Бірақ Үкіметтің батылдық танытып, бұл іске мықтап кірісетін кезі келді. Келесі бір мәселе туралы. Даму банкі мен Инвестициялық қорға барлық кәсіпкерлердің қолы жете бермейді.
Сондықтан «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» өзіндік бір «үлкен қаржылық маркетке» айналуға тиіс. Біз Қорға биылғы жылы респубикалық бюджеттен қосымша 10 млрд. теңге бөлеміз, сонда шағын бизнес субъектілерін кредиттеу мүмкіндігі 25 млрд. теңгеге дейін өседі. Биылдан бастап, банк кредиттеріне кепілдік беру мен сақтандыруды жүзеге асыруды қолға алу керек. Мұның өзі қомақты мемлекеттік қолдау болмақ. Биыл үш жылдық аграрлық азық-түлік бағдарламасын іске асыру аяқталады. Біз еліміздегі аграрлық бизнесті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесін негізінен қалыптастырдық. Үстіміздегі жылы ғана ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға республикалық бюджеттен 57,9 млрд. теңгеден аса қаржы бөлінеді. Бұл рекордтық сома. Агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заң қабылдау қажет. Алдағы уақытта Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіміз, біз бұл мәселені талай мәрте талқылаған болатынбыз, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне айрықша талаптар қоятын болады. Ендігі жерде ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру мен өңдеу саласында кластерлік бастамашылықты іске асыру арқылы аграрлық өндірісті индустрияландыруға айрықша назар аудару қажет деп санаймын. Жеке меншік сектордың назарын нақ осыған аудару керек, сондай-ақ кредиттерді де, атап айтқанда, агроиндустриалдық саясат арнасында, осында тарту керек. Қаржы секторын одан әрі дамыту үшін қазір құнды қағаздар нарығын дамыту мен 2005 – 2007 жылдары жинақтау зейнетақы жүйесін дамыту бағдарламалары қабылданды. Енді тек жұмыс істеу керек. Банктердің қызметі ашықтықтың айтулы өнегесі болуға тиіс.
Ең алдымен, мұның меншік құрылымы мен аффилирленген тұлғалар туралы мәліметтерге қатысы бар. Банк қабылдайтын шешімдерге елеулі ықпалы бар барлық тұлғалар уәкілетті органның келісімін ала отырып, өздерінің мәртебесін нақтылай түсулері керек. Банктердің инвестициялық қызметіне қойылатын талаптарды топтасу негізінде ретке келтіру қажет. Аффилирленген тұлғалармен жасалатын мәмілелер банктерді тәуекелге барғызбауы шарт. Қаржылық қадағалау агенттігінің бұл жұмысты батыл жүргізуі міндет.
III. Қазіргі кезеңдегі экономикалық саясаттың ерекшелігі.
Қазақстанның егеменді ел болып, экономикалық реформаны жүзеге асыра бастағанына жеті жылдан асты. Егемен ел болған соң өзінің дербес мемлекеттік құрылысын жасап, ата Заңын қабылдап, әлемнің елдерімен жүргізетін сыртқы саясатын айқындап, шаруашылықтың бұрынғы социалистік жоспарлы бір орталықтан басқарылатын жүйесін жойып, оның орнына нарықтық экономикалық жүйеге көшу үстінде. Бір жүйеден екінші жүйеге көшу қиындықсыз, ауыртпалықсыз болмайтыны белгілі.
Нақтырақ айтсақ капитализмге өту үшін өтпелі кезеңнің бірнеше түрі бар. Ондай кезеңді Жапонияда, Германияда да, Шығыс Еуропа елдері де бастан кешті. Бірақ әр елдің өтпелі кезеңі өзінше, өз ерекшеліктерімен өтті.
Қазақстандағы өзгерту процесі экономиканың бір баспалдағынан екіншісіне көшуге байланысты емес, бір экономикалық жүйеден түбегейлі өзге екінші жүйемен алмасуына байланысты. Бүл кезеңнің экономикасы тек қана өтпелі кезеңге тән және де кеңестерден соңғы (постсоветский) түрі болды. Ол тарихта бүрын болған өтпелі кезеңнің ешқайсына да ұқсамайды.
Адамдардың санасына жетпіс жыл бойы шаруашылықтың нарықтық тәсілін еске салатын нәрсенің бәрі шығарып тасталды, бүрынғы КСРО халықтары басынан кешкен идеологиялық ықпал жасауды басқа халықтар көрген жоқ. Ал Қазақстанның халқы нарықтық экономикадан бейхабар болатын, өйткені феодализмнен социализмге капитализмнен аттап өткенді, оны және біз мақтан түтатынбыз. Сондықтан да біздің алдымызда нарықтық экономиканы жаңартудың міндеті тұрған жоқ. Оны нөлден бастау қажет болды. Жоспарлы экономиканың жарлықпен алып тастай алмайтын әдістері мен тәсілдерін үзақ уақыт бойы өзгертуге тиіспіз. Нарықтық экономиканың тетіктері баяу, әрі үзақ уақыт қалыптасып бекитін болады.
Сондықтан да халықтың көпшілігі нарыққа бағдарланған реформаны, әсіресе, оның өндірістің кемуі, инфляцияның өсуі, жүмыссыздықтың көбеюі, түрғындардың нақты өмір деңгейінің төмендеуі сияқты қашып қүтылмайтын салдарларын саналы түрде қабылдауға дайын емес-ті. Ал халықтың қолдауьнсыз, тым болмаса оның көпшілігінің келісімінсіз түбегейлі жүйелі реформаны жүзеге асыру аса қиын. Міне, Қазақстанның реформасының бірінші бірегейлігі осы.
Социализмнен капитализмге көшудің, кеңестерден кейінгі өтпелі кезеңнің ешбір теориясы жоқ. Сондықтан да нарықтық жүйеге ауысудың және экономиканы тұрақтандырудың бағдарламасы — бұрыннан қалыптасқан нарықтық экономиканы дәстүрлі қайталанбалы дағдарыстан шығуға қолданылатын теориялық сызбаға немесе басшылардың «ақылға сүйенуіне» негізделген болатын. Бүл Қазақстанның реформасының екінші бірегейлігі еді.
Қазақстан бүрынғы кеңестік жүйеден терең дағдарысқа, экономикаға, көптеген әлеуметтік-экономикалық және саяси өткір мәселелерге ие болып қалды. Мұның бәрі өзгеру дағдарысының мәселелеріне барып қосылып, реформаны одан әрі күрделендіріп, оған айрықша сипат берді. Бүл Қазақстан реформасының үшінші бірегейлігі (уникальность) болатын.1
Қазақстандағы реформа мемлекеттік жүйенің бүрынғысын шүғыл түрде күйретіп, жаңасы туындап, аяғынан түрып жатқан кезде, бүрынғы біртүтас экономикалық кеңестік ажырап, көп жылдар бойы қалыптасқан шаруашылық және технологиялық байланыстар түгелімен үзілген жағдайда жасауға тиіс болды, мүның өзі экономикадағы дағдарысты одан әрі терендетіп, көптеген жаңа мәселелер туындатты.
Өтпелі кезең ең кемі 15-17 жылға созылатын тұтас, бір түбірлі өзгеріс дәуірін қүрайды деп санауымыз керек. Капитализмнен социализмге көшу 20 жыл бойы жүргізілгені белгілі.
Халықаралық сарапшылардың дерегі бойынша, Батыс елдерде үзіліп қалған нарықтың түрлері мен әдістерін қалпына келтіру үшін 15-20 жыл қажет екен. Мәселен Чилиде мүндай кезең 12-14 жылға созылды. Бізде өтпелі кезең көпке созылмайды деп айтуға негіз жоқ.
Қазақстандағы макроэкономикалық саясаттың дамуына үңіле
қарасақ, онда реформаның бес жылы ішінде еліміз бірнеше
схеманы бастан кешірді деген қорытындыға келеміз. Ол схемалар
түрақтандырудың макроэкономикалық бағдарламасы,
экономикалық дағдарыстан шығудың бағдарламасы, рынокқа көшудің бағдарламасы, тағы басқа түрлерде жүргізіледі.
Үкіметтің айтуынша, біздер іс жүзінде дағдарыстың ең төменгі қүлдырау шегіне жетіп, одан шыға бастадық және дамудың инвестициялық кезеңіне көшпекпіз.
Өтпелі кезенде ел экономикасында, халықтың түрмысында елеулі өзгерістер орын алды. Еліміздің барлық жерінде өндіріс көлемі қысқарды.
Жалпы алғанда дамудың күретамыры әрдайым бәсекелестік болып табылады. Сондықтан да нарықтық экономика жағдайында монополия болмауға тиіс сияқты. Сонымен бірге қазіргі кезеңде кейбір салаларда әзірге монополия да қажет секілді. Мәселен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, телекоммуникация, электрмен жабдықтау, теміржол және басқа кейбір салаларда мемлекеттік монополия керек. Сол монополия арқылы халықтың жағдайын дұрыстау үшін бағаны бір деңгейде үстап түруға мүмкіндік туады.
Қазір жүрттың біз қай бағытта, қайда бара жатырмыз деген мәселеге келгенде абдырап қалатыны рас. Сондықтан да болашақ үрпақтың тағдыры үшін біздің бағытымызға, алдағы перспективаларымызға айқындық керек. Бүгінімізді талдап, саралай келіп, стратегиялық жоспарларымыз бен бағдарламаларымызды нақты, ғылыми түрғыдан негізді ете отырып белгілеуге тиіспіз. XXI ғасырдағы өркениетті және дамыған мемлекеттің басты белгісі -ғылым мен жаңа техника, озық технология мен информатика. Мүнсыз ешбір қоғамның қазіргі кезде алға ілгерілеуі, өрлеуі мүмкін емес.1
Осы түрғыдан ғылым мәртебесі жоғары болуының объективті негізі — ол өндірістің және қоғам дамуының деңгейі жоғары болуы. Неге десеңіз, ғылымның нәтижелері тек дамыған өндірісте, дамыған қоғамда ғана өз күштерін іске асыра алды. Дамыған елдердің барлық ірі-ірі компаниялары мен фирмаларында ғылыми және жобалау топтары жүмыс істеуі де совдықтан. Олар өзара бәсекелестікте артта қалмау үшін де осындай топтарды үйымдастыруға мәжбүр.
Мен стратегиялық мүдделер, міндеттер және мақсаттар деген үш мәселе бар деп санаймын. Республикамыздың стратегиялық мүдделері, біріншіден, ол Қазақстанның мемлекеттігінің қалыптасып келе жатқан моделінің анықталуы және дамуы.
Екіншіден, қазақ үлтының жағдайы — Қазақстан Республикасы мемлекеттігінің басты жүйе қүрайтын факторларының бірі болып табылатындығы.
Стратегиялық мақсаттар: бірінші Қазақстанның экономикалық дамуының моделін анықтау. Екінші — қазақ ұлтының мүдделерін қамтамасыз ету және оларды республикадағы басқа ұлттардың мүддесімен келістіру. Үшінші — Қазақстанның дүниежүзілік жан-жақты сыртқы саясатын анықтау. Ол ең алдымен бейбітшілік сүйгіш саясат, сонымен бірге тең қүқықты әріптестік (партнерство), мәселен Ресеймен де, Орта Азия елдерімен де, басқа елдермен де.
Стратегиялық мівдеттер: Бірінші жекешелендіру саясатындағы мемлекеттік саясатты анықтау және жүргізу. Қазір жекешелендіруде үлкен реформалар жасалуда. Ол кезде меншіктегі мемлекет үлесін анықттау керек, Қазақстанның өз меншігінде басқа ешқашан сатылмайтын не қалды, біздің үрпақтарымызға қалуға тиіс. Сондай-ақ басым бағыттар, инвестициялық саясат анықталуға тиіс. Мұндағы бірінші мәселе-меншік жайын дұрыс шешіп алу. Екінші өндіріс аяқтанбай, оның технологиясы жолға қойылып, механизімі жасалмай, біздің экономикамыздың мәселесі де шешілмейді, әлеуметтік, саяси, ұлттық проблемалар да жүзеге аса алмайды.
Мемлекеттік экономикалық саясаттың стратегиялық мақсаттары болашақта реформаның үш кезеңін қүрайды:
- 1996-1998 жылдары — өндірістің қүлдырауын тоқтату және экономикалық түрақтандыру;
- 1999-2005 жылдары — экономикалық өсуді қалпына келтіру;
— 2006-2010 жылдары — түрақты экономикалық өсу.
Ұзақ мерзімді болашаққа еліміздің экономикасының дамуына интеграция, информатизация мен телекоммуникацияның, демографиялық және экологиялық мәселелер сияқты жалпы әлемдік тенденциялар, сонымен бірге ауыр өнеркәсіптің қүрамыы, экспорттық өнімдердің номенклатурасының шектелмелігі қаржының едәуір бөлігінен зейнетақыға, жүмыссыздыққа байланысты жәрдемақы төлеуге жүмсалуы, тұрғындардың көпшілігінің тыныс-тірішілік, яғни өмір сүру деңгейінің нашарлығы сияқты ішкі факторлар да өз әсерін тигізеді.
Қазіргі заманда елдің өз ұлттық мүддесін сақтап қалу қабілеті оның әскери күш-қуатына емес, қайта экономикалық мүмкіндіктерінің қаншалықты мол екендігіне, ол экономиканы шаруашылық қызметтің ішкі және сыртқы еркіндігінің көмегімен қаншалықты қуатты ете білуге байланысты. Мұның бүгінгі Ресейге де, бүгінгі Қазақстанға да тікелей қатынасы бар. Өйткені, мұның өзі қазіргі ең жоғары мүдде экономикалық реформаны неғүрлым тиімді жүгізу, сөйтіп, оны барынша бай және еркін ете түсу болып табылады.
Егер Қазақстандағы және Ресейдегі нарықтық реформалар неғүрлым табысты жүретін, адамдар ол реформалардың жемісті нәтижелерін неғүрлым тезірек көретін болса, онда жоғарыда атап көрсетілген мейлінше көп проблемалар солғүрлым тез екінші кезектегі мәселелерге айналады немесе біржола жойылады. Экономика — бәрін де айқындайтын ең басты нәрсе. Аса қуатты Германия мен Франция Бельгия, Голландия және Люксембург сияқты өте шағын мемлекеттермен біртүтас Еуропалық қауымдастыққа тең қүқықты әріптестер ретінде бірлесуі, міне, осыны көрсетеді. Мүның өзі бүкіл батысеуропалық кеңестіктегі тиімді экономикалық даму өзгерістердің орын алуы арқасында мүмкін болып отыр. Осы тұрғыдан алып қарағанда «Қазақстан — 2030» атты Президент бағдарламасының жүзеге асырылуының орасан зор (практикалық) маңызы бар.
Соңғы төрт-бес жыл көлемінде Қазақстанның саяси, экономикалық өмірінде өте күрделі өзгерістер болып жатыр. Бүлардың ең бастысы — республиканың кешегі кеңестік қоғамнан жаңа экономикалық, саяси-әлеуметтік қүрылымға көшуі. Екінші сөзбен айтқанда, ел нарықтық экономикаға бет бүрды. Нарықтық экономикаға көшу дегеніміз — қоғамда жаңа экономикалық қатынастардың қалыптасуымен, жекеменшіктің пайда болуымен тығыз байланысты.
Қазақстан қоғамы қазіргі кезде ең басты шындықты — өтпелі экономикадағы барлық басқа мемлекеттер тәрізді республикадағы өзгерістердің негізгі қозғаушы күші тек меншік иесі ғана болып табылатынын үға бастады. Осы орайда Қазақстан мынадай міндеттерді жедел шешуі тиіс: кәсіпкерлікке байланысты түрақты зандық негіз жасау, жекеменшік секторының мемлекеттік қарыз беру (бәрінен бүрын валюталық) көздеріне рүхсат алу, нарықтық инфрақүрылымның тиімді институттарын қалыптастыру және өркендету сыртқы экономикалық қызметтің қолдауын қамтамасыз ету, кәсіпкерлер кадрларын дайындау және қайта дайындау жүйесін жасау.
Экономикалық реформалар — қоғамды демократияландырудың бір түрі. Ол реформалардың мақсаты — қоғамның мүддесіне сай нарықтық экономикаға көшу. Тарих нарықтық экономикаға көшудің толып жатқан мысалдарын біледі. Бірақ оның өзі нақты тарихи жағдайлардың ерекшелігіне байланысты әртүрлі қүралдармен және тәсілдермен жүзеге асырып келді. Англия нарықтық экономикаға көшудің классикалық озық үлгісін көрсетті.
Франция, Германия және Жапония сияқты елдерде мүның қиындықтарын жеңіп шығу үшін ондаған жылдар қажет болды. Алайда, сонымен қатар олардың бәріне бірдей ортақ нәрселер де бар еді. Олар нарықтық экономикаға көшуді өндіріс қүралдары жеке меншікке негізделген қоғамда жүзеге асырды.
Ал, Қазақстандағы тарихи жағдайлар мүлдем басқа. Біз нарықтық экономикаға мемлекеттік социалисттік меншікке негізделген қоғамның жағдайында көше бастадық. Сондықтан да біз өз республикамыздың нарықтық экономикаға көше бастаған кезінде душар болған қиындықтары себебінің түп-тамыры тап қазіргі нақты тарихи жағдайларда жатқанын айқын көре біліуіміз тиіс. Біз экономикадағы еркін бастаушылықтың қоғам азаматтары арасында жаңа қатынастарды қалыптастыруға ықпал ететін естен шығармауымыз керек. Нарық адамдары олардың қандас туысқандығына қарай емес, қайта нарықтық қатынастарға қаншалықты бейім әрі қабілетті екендігіне қарай бірден бағалай бастайды. Яғни, сайып келгенде, келеңсіз этикалық ескі әдеттер мен теріс түсініктерден арылуына ықпалын тигізеді.
Дайын өнім өндіруді, шикізатты неғүрлым терең өндеуді және бәсекеге төзімді өнеркәсіп тауарларын шығаруды дамытудың жаңа бағыты елге импортты қысқартуға, жоғары технологиялық өндіріс құруға шикізат ресурстарын экспорттау тәуелсіздігін әлсіретуге мүмкіндік берді. Сондай-ақэ алғаш дамытуға қолдау көрсету міндеті алға қойылып отыр.
Біз «Қазақстан — 2030» стратегиялық бағдарламасын қабылдадық. Аса маңызды бүл мемлекеттік қүжат экономиканың барлық секторларын дамытудың қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламасын әзірлеу үшін негіз болуға тиіс.
Қазақстанның экономикалық әлеуметтік жағдайын орнықтырып, ілгері дамытудың Президент Н.Ә. Назарбаев үсынған бағдарламасы еліміздегі әрбір адамның жеке мүддесін қорғауға бағытталған. Бұл бағдарлама — Қазақстан халқын өркениетті қоғамға — нарық саясатын барынша дамыта отырып, терең демократиялық өзгерістер жасау арқылы жете алатынымызды дәйекті түрде түсіндіреді. Жолдауда адамның сана сезімін нарықтық экономика мен демократиялық қоғамға қарай бағдарлау қажеттігі айрықша атап көрсетілген Жолдауда бостандыққа толық жеткізетін азаматтардың экономикалық тұрғьдан алғандағы аса қуатты, әрі дербес Қазақстандық жетілген қоғамын қүрудың бағдарламалары, мейлінше айқын бейнеленген. Жолдауда ел өмірін одан әрі демократияландыру, Парламент рөлін арттыру, билік арақатынасының өзгеріп, қоғамға әйелдердің рөліне назар аудару сияқты өзгеріс — жаңалықтар бар.
«Қандай тандау жасауымызға тура келетінін біз анық білеміз» дей келіп, Президент міндеттерді жіктеп айтып берген. Осы орайдағы ең басты мақсат — бейнесі жаңа уақытқа сай Қазақстанды қалыптастыру ісін одан әрі жалғастыру. «Қазақстан үшін экономикасы дамыған ерен ел болу аздық етеді, — деп атап көрсетті Н.Ә. Назарбаев — Қазақстан демократия мен адам құқықтарының жақтаушысы әрі сенімді символы болуға тиіс. Бұл айтқаным болашаққа тілек қана емес, бұл — бүгінгі күннің көкейтесті міндеті». Азаматтардың білім алуға, өнер мен техникалық шығармашылықты дамытуға, қоғамның мәдени өміріне еркін араласуға құқығы және т. б. жатады.
Адамның саяси санасы мен мінез-құлқына күшті әсер ететін мәдени фактордың бірі — білім болып табылады. Әрине, сауатсыз адамдар саясаттан алыста деген ой тумауы керек. Керісінше, өздерінің сауатсыздығынан олар саяси алдап-арбаушылықтың объектісіне айналып, саяси қозғалыстағы бүзақылық ықпал жетегінде кетуі мүмкін. Сонымен, сауатсыз адам саналы саясаттан тыс, яғни олар іс-әрекеттің субъектісі емес, объектісіне айналады.
«Қазақстан — 2030» стратегиясында «өскелең үрпақты білім беру ісімен толық қамту — ең басты және негізгі міндеті»2 деп атап көрсетілген. Бүгінгі күні білім беру жүйесінде жинақталып қалған түйінді мәселелерді білім беру мекемелерін компьютерлендіру ісінен тыс қарастыру еш мүмкін емес. Сондықтан да, Президенттің нақты тапсырмасына сәйкес, Республика Үкіметі орта білім беру мекемелерін, өсіресе ауылдың мектептерді компьютерлендіру ісімен шүғылдануда. Алайда, білім беру мекемелерін компьютерлендіру дегеніміздің өзі сандық көрсеткіштер арқылы ғана өлшенбек емес. Мәселе, жас үрпақтың қазіргі заман талабына сай жан-жақтылығын қамтамасыз ету жолындағы кеңінен ақпараттандыру процесі жайында болып отыр. Бүл ретте Азия даму банкісі көп жәрдем етуде.
Жоғары білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың түпкі мақсаты — институттар мен университеттердің оқу-бағдарламалық дербестігіне жол ашу. Білім беру ісінде этнопедагогика, үлттық білім беру моделі тәрізді мәселелер бүгінгі күннің аса өзекті мәселесі болып саналады. Өйткені, қандай да бір үлттық айшықтардан, белгі-рәміздерден, сыртқы мәні мен ішкі мағынасы біртүтас тәлім мен тәрбиеден тыс білім жүйесі болған емес, болмайды да. Ендеше, білім беру мекемелері тек кәсіби дәрежесі жоғары білімді маман даярлап қана қоймай, сонымен бірге ақыл-парасаты, кісілігі мол, зиялы азаматтар тәрбиелеп, өсіруге ұмтылуға тиіс. Яғни, кезек күттірмейтін мәселе — білім беру процесі мен тәрбие процесін тығыз ұштастыру, оқу бағдарламаларын осыған сәйкес негіздеп, осыған сәйкес қүру.
Адамның білім деңгейі жоғары болса, онда ол саяси бағыты анықталған, ең басты демократиялық бағыт-бағдарға икемдірек.
Батыс саясаттануында кең тараған «Азаматтық мәдениет» еңбегінде американ саясаттанушылары Г. Алмонд пен С. Верба бес елде жүргізілген салыстырмалы зерттеулерге сүйене отырып білімнің саяси сана мен адамның мінез-қүлқына ықпалының бар екендігін анықтаған.1 Егер адамның білім деңгейі жоғары болса, онда оның көптеген қоғамдық — саяси, әлеуметтік — экономикалық және рухани мәселелер бойынша өзіндік пікірі болады. Сонымен бірге Г. Алмонд пен С. Верба білімді адамның саяси пікір таластарға, үйымдарға белсене қатысатындығын да атап көрсеткен.2
Қазақстан Республикасында жаңаша білім беру жүйелерінің құрылып жатқандығы гуманизм, демократия, қоғам мен адамдардың еркін дамуына негізделген салалардың қүрылуы қуантарлық жайт. Бүл туралы Республика Президентінің жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық Кеңес білім беру саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымын бекітті. Тұжырымда білім берудің гуманистік түрін, жалпы адамзаттық құндылықтардың жоғарылығы, адамдардың еркін дамуы басты орынға қойылған. Бүл Қазақстан қоғамының өзгеруіне, демократиялық саяси мәдениеттің қалыптасуына үлесін қосады.
Қазақстан Республикасы егемен ел болып, дамудың жаңа жолына түсудің өтпелі кезеңін басынан кешіріп отыр. Халықтың санасында, іс-әрекетінде өткен дәуірдің де, бүгіннің де, болашақғында мәселелері бір-бірі мен араласып бейнелеуі басым. Халықтың біраз бөлігі болашақтан жақсы өмір күтумен күн кешуде. Болашақ дегеніміз бүгінгі күннен бастау алатыны түсінікті. Сондықтан әркімнің қазіргі саяси өмірге белсене араласып, қоғамның демократиялануына өз үлесін қосуы абзал. Әрине, ол үшін саяси білім, саяси белсенділік сияқты т. б. құндылықтар жиынтығы болып табылатын саяси мәдениет керек.
Мәдениеттің қалыптасуына танымдық білім тікелей әсер етеді. Тарих, құқық, экономика және т. б. өздері өмір сүріп отырған мемлекеттің, әлемнің тарихын, халықаралық аренадағы алатын орны, құқықтық әлеуметтік ерекшелігі т. б. арқылы жеке тұлғаның мәдениетінің қалыптасуына әсер етеді.
Бір қарағанда Стратегияда мәдениет мәселелері сөз болмағандай көрінеді. Ал шындығында, осында көзделген мақсаттың бірінің түп-төркіні айналып келгенде қоғамның мәдени деңгейін көтеруге тіреледі. Егер экономикамыз нығайса өнер мекемелерін салуға да мүмкіндік молаятыны, мемлекет қайраткерлерінің жағдайы да жақсартатыны өзінен-өзі түсінікті емес пе? Стратегияда «адам сапасы» деген үғым әлде-неше рет айтылған. Ол үғымға мәдениеттің жататыны белгілі.
Бүгінде Қазақстан Республикасы үшін саяси жүйедегі өзгерістерге сай өзін еркін сезінетін, қоғамдық қатынастардың көрінісін өзінде бейнелей алатын саяси мәдениет керек.
Жолдауда Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанда бұрын соңды дәл
бүгінгі мағынасындағы демократиялық институттар болмағандықтан, бүл үрдісті тақыр жерден бастауға тура келді. Сондықтан да біз жүртшылықтың демократия мәдениетін қалыптастыра отырып, бүл жолды бел-белесімен жүріп өттік. Сондықтан да біздің жолымыз үзақ әрі ауыр болды»1, — деп атап көрсетті. Демократиялық қоғамның саяси мәдениеті жеке адамның әлеуметтік-саяси мәселелермен айналысуы үшін жоғары білім мен моралдық дайындықты қажет етеді. Айта кететін жайт демократиялық саяси мәдениет конституциялық қүқықтық зандылықтың нәтижесі, яғни Конституция мемлекеттік қүқықтық тәртіптің ең жоғары заңцылығының көрінісі. Конституциясыз саяси мәдениет қалыптасуы өте қиын, тіпті мүмкін емес десек те болғандай. Негізгі Ата заңымыз қоғамдық мүдделер мен саяси таластарды шешуші бірден-бір қүрал.
Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке адамның қоғамдық — саяси өмірге қатысуына, өнермен және шығармашылықпен айналасуына, экономика мен саясатқа белсене араласуына мүмкіндік беріп, қамтамасыз етеді. Осылайша, азаматтардың саяси өмірге қатысуға мүмкіндігі бар болуы, әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың арасындағы сенімнің өсуі, әсіресе саяси қарым-қатынаста, адамдардың саяси санасының жаңаша бағытта өзгеріп, демократиялық қүндылықтарды түсініп, сезінуіне әсер етеді. Қазақстандық саяси мәдениет дамып, алдыға жылжыған сайын батыстың дамыған, яғни қалыптасқан плюрализм мен демократиялық институттар түрақты қызмет етіп түрған елдердің саяси мәдениетінің қалыптасу тәжірибесіне үлгі алуымыз керек. Сонымен қатар Қазақстан қоғамы «басқа модельдердің элементтерін сабақтастыра отырып, бірақ негізінен өзіміздің ерекшеліктерімізге, тарихымызға, жаңа азаматтығымызға және даму кезендерінің нақтылығын еске ала отырып, ұмтылыстарымызға сүйеніп өзіміздің жеке даму жолымызды»1, яғни өз мәдениетімізді қалыптастыруымыз керек.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы этностық қайта өрлеу, ұлттық сана-сезімнің жаңғыруы, тіл, мәдениет, ұлттық атрибуттар төңірегіндегі мәселелер қызу талқыланып, шешілуде. Көп саясаттанушылар осы мәселелер бойынша зерттеулер жүргізуде. Мұны қазақ қоғамында демократиялық негізде, құқықтық, мәдениет, дәстүр, әр адамның мүмкіндігін есепке алу негізінде жүргізу керек.
Қазір біз тұрақтану кезеңіне өтудеміз. Қазақстандағы саяси өмірдің тұрақтылығына саяси мәдениет пен қоғамның саяси жүйесінің сәйкестігі көп әсер етіп отыр, сондықтан да халықтың саяси сауаттылығына зор мән беру керек. Бізге жаңа мәдени революция емес, жаңа саяси мәдениет керек. Ол ұлттық дәстүрді, жалпы адамзаттық құндылықтарды басшылықтарды алуға тиіс.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бүгінде саяси жүйені жедел түрде реформалау мен қоғамды демократияландыру алдыңғы орынға шықты. Елдің саяси өміріндегі соңғы өзгерістер мен қоғамдық өмірдің жанданып, жаңа бір сапалы қалыпқа түсуіне қоғамдағы белең алған демократиялық бет бұрыстың айтарлықтай себепкер болғаны мәлім. Бұл, әрине, «тәуелсіздікке қолымыз жеткен соңғы жеті жылдан астам уақытта қоғамды демократияландыру барысында ештеңе тындыра қойған жоқпыз» деген сөз емес. Әр нәрсенің өз уақыты бар, Қазақстандық қоғамның да өз эволюциясы мен өз тар жол, тайғақ кешулері бар екендігін ұмытпаған жөн. Қалай болған күнде де елдің саяси өмірінде соны құбылыстардың бой көрсете бастағаны ақиқат. Мұның өзін саяси жүйенің дамуындағы өзіндік бір бет бұрыс деп те бағалауға хақымыз бар сияқты.
Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қоғамды демократияландыру мақсатын көздеген 1998ж. 30 қыркүйектегі Жолдауы мен Парламент тарапынан Конституцияға енгізілген өзгерістерден соң Қазақстандық қоғамның дамуында да сапалы үрдістердің белең ала баетағанына күмән жоқ.
Республика Президентінің бастамасынан өз бастауын алатын қоғамдағы соңғы өзгерістер елдегі кезекті демократиялық бетбүрыстарға алғышарт болды. Мәселен, Конституцияға енгізілген
өзгерістерге келер болсақ, қоғам демократиялана түскен сайын Конституцияда да соған сай өзгерістер болып түруы әбден мүмкін.
Мәселен, Американ Конституциясына 100-ден аса қомақты үсыныс жасалынып, 29 түзету енгізілгені белгілі. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан — 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауы экономикалық қүжат ғана емес, бүл — Қазақстанның барша халқының мүдцелерін үштастырып, үйлестіру жолы. Біздің баршамыздың ортақ игілігіміз оның іске асырылуына тікелей байланысты. Президенттің Жолдауда баяндалған Қазақстанның үзақ мерзімді даму стратегиясы бүған дейін жүргізілген сан салалы жүмыстың шын мәніндегі нәтижесі болды.
Президент Жолдауындағы басым мақсаттар мен оларды орындау шаралары іске асырылуда. Олар біздіңше мыналар:
- Біріккен Үлттар Үйымының, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының, Халықаралық Институттар мен қарым-қатынастың жандана түсуі;
- Еліміздің үлттық егемендігі мен аумақтық түтастығын қорғауда негіз бола алатын табиғи ресурстарымыздың игеріле бастауы;
- ғылыми-техникалық прогресс дамуда, қоғамның компьютерлендірілуі, ақпарат құралдары мен телекоммуникациялық технологиялардың дамуы
республикамызда үлкен мүмкіндіктерге жол ашуда; - Қазақстан Республикасы басқа тәуелсіз мемлекеттермен салыстырғанда экономикалық жағынан төмен болғанымен де, саяси түрақтылығы нәтижесівде әлемге танылып отыр.
Біздің бүгінгі күндегі мұратымыз «Қазақстан — 2030» стратегиясы бойынша мақсат — міндеттерді жүзеге асыру. Алдын ала бәрін болжау мүмкін емес, бүл жолда қандай қиындықтардың тосып түрғаны беймәлім. Алайда осынау міндеттерді орындау бүгінгі ұрпақтың үлесіне тиіп отыр. Оның нақтылығы мен дұрысын бағамдау — келешек ұрпақтың еншісі. Қандай іске де уақыт төреші. Мұратына жүрген жетеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан — 2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы: Білім, 1998. — 96 бет.
- Назарбаев Н. Ә. Ғасырлар тоғысында. Алматы. 1996
- Назарбаев Н. Ә. Қазақстанның болашағы — қоғамның идеялық бірлігінде. Алматы, 1993.
- Назарбаев Н. Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Алматы, 1992.
- Назарбаев Н. Ә. Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын // Ақиқат, 1998, №3.
- Назарбаев Н. Ә. Қазақстан халқының азаматтық тандауы — тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар: Қазақстан халықтары ассамблеясының IV сессиясындағы баяндама. Ақмола, 1997, 6 маусым. Алматы: Қазақстан, 1997.
- Кекілбайүлы Ә. Жабыла іске жұмылсақ, жағдай тез жақсарады //Ақиқат, 1998, №2.
- Байгелді Ө. Егемендік — ел бақыты (это священное слово свобода) Алматы, 1998.
- Байгелді Ө. Ел ертеңі-бүгіннен // Егемен Қазақстан, 1997, 25 қазан.
- Джунусова Ж. X. Республика Казахстан: Президент. Институты демократии. Алматы, 1996.
- Қуатов Р. Ю., Болганбаев А. Е. Экономика и проблемы переходного периода. Алматы, 1997.
- Қазақстанның — 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы: проблемалар және оларды шешудің жолдары. Алматы: Қазақстан, 1998. — 136-бет.
- Бабақұмаров Е., Жансүгірова Ж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы // Саясат, 1995, № 2.
- Ильин М. В., Мельвиль А. Ю., Федоров Ю. Е. Демократия и демократизация. (раздел учебного пособия). // Полис,1996, №5 -стр.146.
- Шмиттер Ф. Размышление о гражданском обществе и консолидации демократии // Полис, 1996, — 19-27.
- Озғанбаев Ө. Демократия бастауында // Ақиқат, 1996, №10, 11, 12.
- Нысанбаев Ә. Мақсат айқын болмай , бағыт түзу болмайды // Ақиқат, 1993, № 8.
- Есімов Ғ. Өтпелі кезең, ол не? // Ақиқат, 1995, № 8.
- Әженов М. Қазақстан қазіргі кезеңцегі әлеуметтік қүрылымы // Ақиқат, 1996, №3.
- Бижанов А. Қазақстандық патриотизм // Ақиқат, 1997, № 11.
- Назыханов К. Дала демократиясы // Ақиқат, 1995, № 10.
- Ержанов А., Юшібеков Д., Сыздықов Ү. Өтпес кезең: түйіндер мен түйткілдер // Ақиқат, 1995, № 4.
- Бабақұлы А. Татулық! Тендік! Тұрақтылық! //Ақиқат, 1998,
№ 1.
24) Омарбеков Т. Бірлік жоқ жерде — тірлік жоқ. // Ақиқат, 1998, №2.
- Қазақстан халқының тандауы — тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар. // Егемен Қазақстан,1997, 17 маусым.
- Қоғамдық келісім — Қазақстанның демократиялық дамуының негізі // Егемен Қазақстан, 1996, 30 сәуір.
- Омарбеков Т. Президенттік Республика — Қазақстан тандаған жол // Егемен Қазақстан, 1996, 7 наурыз.
- Ертісбаев Е. Бағдарлама кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы тиіс // Егемен Қазақстан, 1997, 6 желтоқсан.
- Смайылов Қ. Қазақстан XXI ғасыр: Әлеуметтік талдау және болжам // Егемен Қазақстан, 1996, 25 маусым.
- Сағымбаев Ғ. Демократия туралы не білесіз? // Түркістан, 1998, №11-14.
- Даму жолы даңғыл ма? // Азия, 1992, № 5.
- Стратегическая мысль — основа экономического роста // Егемен Қазақстан, 1997, 8 ноябрь.
- Сабденов О. Стратегия нуждается в практической подд ержке // Казахстанская правда, 1997, 8 ноябрь.
- Ертысбаев Е. Программа действий для нас, ценностной ориентир — для грядущих поколений // Казахстанская правда, 1997, 30 ноябрь.
- Берденова К. Т. Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономикалық даму негіздері. Алматы: Экономика, 1998.
- Биекенов М. А. Халықтың өзін-өзі басқаруы. Алматы, 1992.