АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Қазақстан аумағындағы қорықтар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

 

 

География кафедрасы

 «050116 – География мамандығы

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан аумағындағы қорықтар

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ ……………………………………………………………………………………………. 

 3

1. ҚАЗАҚСТАН ҚОРЫҚТАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА …………..   

 5

2.     ҚОРЫҚТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІ ……………….

 9

2.1 .  Ақсу – Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы ……………………..

10

2.2 .  Алматы мемлекеттік табиғи қорығы ………………………………………..

18

2.3 .  Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы …………………………………….

25

2.4 .  Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы ………………………………….

30

2.5 .  Қорғалжың мемлекеттік табиғи қорығы ……………………………………

36

2.6 .  Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы ……………………………………..

41

2.7 .  Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы …………………………………………..

47

2.8 .  Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы ………………………………….

50

2.9  . Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы ………………………………………….

54

2.10  . Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы ……………………………………….

60

ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………………………….

65

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …………………………………………

66

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

Адам  баласы  ХХ-ХХІ  ғасырлар  аралығында  негізгі  қауіп-қатердің бірі — қоршаған ортаның нашарлауына тап болды. Осыған байланысты экожүйені әлемдік, аймақтық және ұлттық, дәрежеде қорғау жалпы мақсатқа жетудегі негізгі міндеті болып табылады. Әлемдегі ең ірі және беделді табиғат қорғау ұйымы халықаралық табиғат қорғау одағы (ХТҚО, ағылшынша қысқартылған атауы-JUCN) болып табылады, оған бірнеше мемлекеттер, сонымен қатар халықаралық және ұлттық үкіметтік емес бірлестіктер мүше болып кіреді. ХТҚО бүкіл әлемнен алты белгілі мақсатқа арналған бағытта жұмыс істейтін бірнеше мыңдаған сарапшыларды біріктіреді. Олардың бірі — қорғалатын территориялар жөніндегі Әлемдік комиссия (WCPA), табиғи экожүйені қорғаудың теориялық және практикалық мәселелері мен айналысады, табиғи қор жағдайларына сараптау мен бағалау жүргізеді, тәуелсіз мемлекеттер үкіметіне қорғалатын табиғи территориялар жүйесін құруға ұсыныстар дайындайды.

ХТҚО онжылдықта бір рет қорғалатын территориялардың Бүкіләлемдік конгресін өткізеді, онда табиғи экожүйелерді қорғаудағы қазіргі жағдай мәселелері қаралады және келешекке жоспар жасалады.

2003 жылы Дурбан қаласында (ЮАР) өткен бесінші Бүкіләлемдік конгресс комиссия жұмыстарын қорытындылай келе, биоәртүрлілікті қорғау және оның тұрақты дамуы үшін қорғалатын табиғи территориялар (ҚТТ) маңызын қайта бағалады. Оның ішінде, өткен онжылдықта табиғатты территориалдық қорғау мәселесінде ХТҚО келесідей нәтижелерге қол жеткізді:

— қорғалатын территориялар Биоәртүрлілік жөніндегі Конвенция пікірін іске асыруда негізгі топ болып танылды.

— 1992 жылдан бері әлемдегі ҚТТ-ның жалпы саны және олардың көлемі екі еседен көп ұлғайды: қазіргі кезде, Антарктиданы қоспағанда, құрлық бетінің 12%-ынан көбі қорғалады, тек территорияның, 10%-ына ғана қатаң қорғау тәртібі таралған.

— әлемдік мұраның табиғи және табиғи-мәдени нысаналар саны 101-ден  172-ге өсті, және де табиғи және мәдени қазыналарды қатар қорғау қажеттілігі одан да бетер ақиқат болып отыр.

Бұрын қорғалатын табиғи территориялардың адам баласының басқа саладағы мүдделерімен байланысы толық емес еді. Сондықтан Дурбан конгресі келешектің негізгі бастамасы қорғалатын табиғи территориялардың біртұтас жалпы жүйесін құру туралы қаулы қабылдады. Әлемдік үлгі талабы бойынша мемлекет территориясы көлемінің 10%-ынан көбі қорғалатын табиғи территория болу керек.

 

 

 

 

 

  1. ҚАЗАҚСТАН ҚОРЫҚТАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

 

Жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орын алатын Қазақстан, қорғалатын территориялардың әлемдік жүйесінің дамуына маңызды рөл атқарады. Біздің мемлекетімізде қорық құру тарихы 1922 жылдан басталады. Бұл жылы мәдени және көне табиғи ескерткіштерді қорғау жөніндегі Түркістан комитеті құрылған, ол алғашқы рет сол аймақта қорық құру қажеттілік мәселесін көтерді. 1926 жылы Орта Азия мен Қазақстанда бірінші рет Ақсу-Жабағылы қорығы ұйымдастырылды. Бес жылдан кейін, яғни 1931 жылы Наурызым мен Алматы қорықтары, 1936 жылы Бурабай қорығы, ал 1939 жылы Барсакелмес қорығы құрылды. Одан әрі қорықтармен бірге, қорғалатын табиғи территориялардың басқада түрлері — геологиялық, зоологиялық және ботаникалық қорықшалар, табиғи ескерткіштер және тағы басқа ұйымдастырылды. 1985 жылы біздің елімізде алғаш рет Баянауыл мемлекеттік ұлттық қорығы құрылды. /19/

Кеңес Одағы кезінде Қазақстанның қорықтары, ұлттық бақтары, қорықшалары мен табиғи ескерткіштері құрлықтың алтыдан бір бөлігін алып жатқан, үлкен мемлекеттік қорғалатын территорияларының біртұтас жүйесінде болатын. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан ауыр экономикалық жағдайды бастан өткізді, бұл жағдай қорғалатын табиғи территорияларды зор шығынға ұшыратты. Қаржының жетіспеушілігі жұмысшы адамдар санын қысқартуға және табиғат қорғау жөніндегі көптеген жете зерттелген мәселелердің жабылуына әкелді. Жағдай тек соңғы 6-7 жыл шамасында ғана оңалып келеді. Қазіргі кезде Қазақстан әлемдік экономикалық жүйеге одақтасуға және әлемдік бірлестіктің толық құқықты мүшесі болуға талпынып жатыр. Бұл мемлекеттік құрылыс пен қоғамдық өмірдің көптеген жақтарын өзгертуді талап етеді. Осындай талаптардың бірі ҚТТ ұлттық жүйесінің дамуы болып табылады, оның көлемі мемлекеттің бар территориясының 10%-ынан жоғары, сонымен қатар қорғалатын табиғи территорияның жалпы жүйесіне енген болу керек. Осы жолда біздің мемлекетіміз айтарлықтай жетістіктерге жетті.

1997 жылдың 17 шілдесінде қабылданған «Ерекше қорғалатын табиғи территориялар жөніндегі» ҚР Заңы негізін құрайтын заң шығару базасы жете дайындалды. Заң табиғат қорғау мемлекеттерін құру және олардың жұмыстары жөніндегі мәселелерді реттейді. Қазіргі заң шығаруға сәйкес ерекше қорғалатын табиғи территориялар — бұлар мемлекеттік табиғи-қорықтың қорын қорғау және қалпына келтірумен қамтамасыз ететін қорғаудың құқықты шаралар жүйесі немесе шаруашылық жұмыстардың реттелетін ережелері бар жер, су, орман және жер қойнауы байлықтары. Қорғаудың құқықтық шаралары төмендегідей бөлінеді: қорықтық, яғни қоршаған ортаның табиғи жағдайын бүлдіретін кез-келген шаруашылық жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады; және қорықшалық, яғни мемлекеттік табиғи — қорықтық қор нысаналарын сақтауға қауіп төндірмейтін және олардың өсіп-дамуына зиян келтірмейтін шаруашылық және кез-келген жұмыстарға тек белгілі маусым мен уақытта рұқсат беріледі. Қазақстан Заң шығаруында ұйымдастырылу мақсатына қарай, қорғау шаралары мен нысаналарды пайдалану ерекшеліктеріне байланысты қорғалатын табиғи территорияның 11 түрі бар:

—  биосфераны қосқанда, мемлекеттік табиғи қорықтар;

—  мемлекеттік ұлттық бақтар;

—  мемлекеттік табиғи қорлар;

—  мемлекеттік табиғи бақтар;

—  табиғи мемлекеттік ескерткіштер;

—  мемлекеттік қорықтық аймақтар;

—  мемлекеттік табиғи қорықшалар;

—  мемлекеттік зоологиялық бақтар;

—  мемлекеттік ботаникалық бақтар;

—  мемлекеттік дендрологиялық бақтар;

—  мемлекеттік табиғи қорықтар-сепартерлер.

Соңғы жылдары жаңа қорықтар мен ұлттық бақтар ұйымдастырылды. 2005 жылдың соңында Қазақстанның 113 қорғалатын табиғи территорияларының жалпы көлемі 21036283,2 га болды, яғни мемлекеттің бар территориясының 7,72%-ы. Қазіргі күнде біздің елімізде жалпы көлемі 1075498 га 10 мемлекеттік табиғи қорықтар мен жалпы көлемі 1456597 га 8 мемлекеттік ұлттық бақтар бар. Реснубликаның қорғалатын табиғи территориялар жүйесі даму үстінде және ҚТТ-ның жалпы және аймактық жүйесіне біртіндеп еніп жатыр. Соңғы жылдары Дүниежүзілік Банкі және Жалпы Экологиялық Қоры қолдауымен Батыс Тянь-Шань мен Алтайда трансшекаралық қорғалатын территориялар мен экологиялық дәліздер құру жөніндегі жобалар іске асты. Қазақстан реформа жүргізе отырып әлемдегі дамыған мемлекеттер қатарына сеніммен кіреді. /24/

Мұндағы қорықтардың басты мақсаты — табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен қоса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау болып табылады. (1-сурет.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сурет

 

  1. ҚОРЫҚТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІ

 

Совет елінде қорықтар ұйымдастырудың негізіне ғылыми принциптер алынды. Оның мәні мынадай еді: 1) қорық үшін бұрын пайдаланылмаған табиғаттың тамаша орындары бөлінеді; 2) онда табиғаттың басқа да байлық көздерімен бірге, сирек кездесетін хайуанаттар мен өсімдіктер қорғалатын болады; 3) қорықтар табиғи-географиялық аймақтардың үлгісі (эталоны) қызметін атқаруға тиіс; 4) ондағы табиғи процестер сол қалпында өзгерместен жүргізілуге тиіс; 5) ең алдымен сирек ұшырасатын, жойылып кету хаупі төніп тұрған табиғи орындар қорыққа айналдырылады. Сөйтіп, қорық – табиғаттың бұрынғы қаз-қалпындағы қайталанбас сұлу көрінісі, соның үлгісі, табиғи лаборатория болып қалыптасады. /11/

Табиғат байлығын тиімді, дұрыс пайдалану дегеніміз – мүмкіндігінше оны рәсуа етпей, ыждағаттылықпен халық игілігіне асыру, қалпына келтірілетін түрлерінің қайтадан көбейтілуіне жол ашу деген сөз.

Табиғат – күрделі комплекс. Ондағы барлық құбылыстар бір-бірімен тығыз байланысты. Міне, осы байланыстардың бірі үзілсе, табиғатта белгілі шамада өзгерістер болуы мүмкін. Бірақ, табиғат болжап білу едәуір қиын. Әсіресе, көлемді жерлерді игеру, су қоймаларын жасау және тағы басқа жұмыстарды жүзеге асырғанда бұл мәселе күрделіліне түседі.

Соңғы жылдары ғылым мен техниканың шарықтап өсуі, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы, қала мен село санының өсуі қоршаған табиғи ортаны ластанудан қорғау проблемасын алға қойды. Демек, содан келіп, табиғат қорғаудың экономикалық қана емес, сонымен қатар денсаулық сақтау мен эстетикалық мәнінің де зор екендігі жайлы ұғым туады. Шынында да, орман құрылысқа қажетті ағаш, халық тұтынатын бағалы аң терілері мен жеміс-жидек қана беріп беріп қоймай, ол сонымен бірге тірі организмнің тыныс алуына қажетті оттегінің сарқылмас қоры болып табылады. Өзендер бізге тек кемелердің жүзуі мен су электр станцияларын салу үшін ғана қажет емес, сол сияқты олар пайдаланылатын ауыз судың да алып арнасы. Бізді қоршаған ортаның көптеген әсем көріністері ғасырлар бойы ақындардың жырына, композиторлардың әсем ырғақты әніне арқау болып келеді. Революцияның жалынды жыршысы Максим Горький «Мені қаңғыбастықтан құтқарған табиғат» десе, орыстың атақты ғалымы В.В.Докучаев «Біздің топырағымыз алтыннан да қымбат» деген болатын. Туған жер табиғаты – халқымыздың ұлттық мақтанышы. /15/

Біз табиғатты халық үшін, бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін қорғаймыз. Табиғат – адамның ежелден бергі тіршілік етіп келген және мәңгілік мекен ете беретін алтын бесігі.

Қазақстандағы қорықтар – шаруашылыққа пайдаланудан алынған, әр түрлі географиялық аймақтарда орналасқан, табиғатқа тұрақты және комплексті зерттеу жүргізетін ғылыми мекемелер. Мұнда табиғи процестердің даму заңдылығы кеңінен зерттеледі. Жабайы жануарларға санақ жүргізу әдістері, орман және ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күресудің биологиялық әдістері, хайуанаттар қорының азайып-көбеюіне әсер ететін факторлар, сирек аңдар мен өсімдіктерді қалпына келтіру мәселесі терең талданып, қорықтағы табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді.     

 

2.1. Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы

 

Талас Алатауының батыс бөлігінде қорық ұйымдастыру мәселесін, Орта Азия мемлекеттік университетінің профессоры А.А.Бродскийдің ұсынысы бойынша, 1922 жылы ескі заман ескерткіштерін, табиғатты және өнерді қорғаудың Түркістан комитеті көтерген болатын. Осы комитеттің университетінің көрнекті ғалымдары профессор Д.Н.Кашкаров, М.Г.Попов, Е.П.Коровин, М.В.Культиасов, Н.А.Димо Ақсу мен Жабағылы өзендері ағысының, жоғарғы жағында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл өңір табиғатының сұлу көріністеріне, өсімдіктері мен жануарлар дүниесіне таң қалған олар Тянь-Шанъ тауының осы бөлігі қорыққа айналдыру керек деген қорытындыға келді. Жабағылы мен Ақсу өзендерінің жоғарғы жағында қорық боларлықтай біраз артықшылықтар бар: мұнда тек осы өңірге тән, әлі ешқандай кәсіптік мақсатқа пайдаланылмаған өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі тіршілік етеді. Ландшафтысы сондай әсем, сәулетті және ғылыми тұрғыдан алғанда үлгі боларлықтай. 1926 жылдың 14 шілдесінде Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы ұйымдастырылды. Бұл қорықты ұйымдастырудағы негізгі мақсат- Батыс Тянь-Шаньның ландшафтың сол табиғи қалыпта сақтап, осы тау жүйесіндегі табиғат комплекстерінің даму заңдылығын зерттеу. Міне, Қазақстандағы тұңғыш қорық дүниеге осылайша келген еді. Бұл қорықта хайуанаттар жүйесіндегі алғашқы ғылыми зерттеуді 1926 жылы А.П.Коровин бастады. Одан кейін бұл жұмысты Л.М.Шульмин жалғастырды.

Одан кейін бұл қорықта зерттеу жұмыстарын жүргізуге геологтар В.Г.Мухин, В.Б.Тризна, палеонтолог С.И.Сергулкова келді.

Ақсу-Жабағылы қорығы қазірде ЮНЕСКО жасаған дүние жүзілік қорықтар тізіміне енген. Күні бүгінге дейін Ақсу-Жабағылы қорығы Қазақстандағы ең жақсы қорықтардың бірі болып қалып отыр.

Жер бедері мен ауа райы. Ақсу-Жабағылы қорығы Талас Алатауының солтүстік-батыс бөлігінің біразын және оған көршілес Өгем жотасын алып жатыр. Оның негізгі территориясы Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Леңгір және Алғабас аудандары жерінде орналасқан.

Қазірде қорықтың жалпы жер көлемі 74416 гектар, оның 20616 гектары Түлкібас ауданында, 50576 гектары Леңгір ауданында болса, 224 гектары Алғабас ауданының үлесіне тиеді. Қорықтың орталығы Түлкібас темір жол станциясынан 18-20 шақырымдай жердегі Ново-Николаевка ауылында.

Ең биік шыңдары мәңгі мұзбен таласқан, ірі құзды Талас Алатауы шығыста Талас өзенінің жоғарғы ағысынан батыста Шыршық пен Келес өзендерінің жоғарғы ағысына дейін 250 шақырымнан аса қашықтыққа созылып жатыр. /1/

Ақсу мен Жабағылы өзендерінің басталар жоғарғы жағынан жан-жаққа Жабағылы, Алатау, Балдыбірек және басқада біраз тау жоталары кетеді. Арнасын осы жоталардан алатын өзендер Арысқа келіп құяды. Жабағылы тауының ең биік шыңы теңіз деңгейінен 2915 м, Алатаудікі — 4042 м, Өгем жотасынікі — 4072 м биіктікте. Таудың беткейлері көбіне тік келеді. Алатау жотасы мен Балдыбірек тауының солтүстік беткейі — 1800-2500 м биіктікте жайпақтала келіп, жазыққа айналады. Тау беткейлеріне тән қасиет — онда орман ағаштары жоқ. Тек кейбір учаскелерде ғана ойдым-ойдым болып өскен орманды көруге болады.

Қорық территориясынан ағып өтетін өзендер, Топшақ пен Майданталдан басқалары Арыс өзенінің тармақтары болып саналады. Қорықтағы ең ірі өзен Ақсу. Ұзындығы 120 км, ені 20м, тереңдігі 0,5 метрдей, суы тасыған кезде 2 метрге дейін ағыны қатты тау өзені. Мұнда су түсінің өзгеріп тұруы қызық-ақ; мамыр айында көгілдір түсті болса, ал жаз айында, өзен тасыған кезде оның түсі сүт ақ бурыл болады. Жабағылы өзенінің ұзындығы Ақсуға қарағанда екі еседей қысқа, суының түсі тасыған уақытта сары болады, кейде ондағы саз қоспаларының әсерінен қызыл түсті де болып келеді. Ақсу-Жабағылы қорығында көлдер жоқтың қасы. Тек көлемі бірнеше ондаған шаршы километр болатын көлшіктер мәңгі мұздар маңында немесе өзендер иірімінде пайда болады. Қорық жерінде бұлақтарда бар. Бірақ  көбі  күзге  қарай  құрғап  қалады. Тауда мәңгі қар теңіз деңгейінен 3300 м биіктікте жатады. Мұздардың жалпы көлемі мәңгі қар көлемінен 4-5 есе кем. Жабағылы өзенінің жоғарғы жағында қалыңдығы 11 м, Бөгелітор жотасының теріскей беткейінде 14 м көшпелі мұз бар. Олардың ішіндегі ең ірісі Ақсай жотасында. Оның ұзындығы 1600 м, ені 350 м. Мұнда пайдалы қазбаларда мол. Темір, мыс, қорғасын қорлары көптеп кездеседі.

Климаты. Қорықта ауа райы өте құбылмалы. Қысы суық кейде қалың қарлы болса, жазы ыстық, жауын-шашын тапшы келеді. Қаңтар айындағы орташа температура — 4,9 градус болса, шілдеде ол +21,6 градус. Көбіне көктемде бұл жер жауын-шашынды келеді. Жалпы алғанда, қорықтың ауа райы Тянь-Шаньның басқа жоталарына қарағанда ылғалды болады.

Өсімдіктер дүниесі. Жер бедері мен ауа райының әр түрлі болуы өсімдіктер дүниесінің алуан түрлі болуына жағдай жасайды. Тасты, құзды келетін альпі белдеуінде (3000-4000 м) топырақ онша қалың емес. Субальпі белдеуі (2000-3000 м) қоңыр топырақты келсе, орманды-дала белдеуі (1200-2000 м) қызыл-қоңыр топырақты, ал тау етектері сұр топырақты болып келеді. Ақсу-Жабағылы қорығы өсімдіктер дүниесіне бай. Оның территориясында мүктің 61, қынаның 58-ден астам, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1336 түрі өседі. Қорық территориясы түгелімен биіктігі 1200 м-ден 4200 метрге дейін болатын таулы өңірде орналасқандықтан, мұнда жартылай шөлейтті, далалы, орманды-далалы, субальпі мен альпі белдеуіне тән өсімдіктерді кездестіруге болады. Жартылай шөлейтті белдеуге тән баданалы қоңырбас, арпабас, қияқ, қозықұлақ, шоқайна сияқты шөптерді Ақсу, Талдыбұлақ, Жабағылы өзендері бойынан 1100-1250 м биіктік аралығынан кездестіреміз. Қорық орманында ағаштардан қара арша, балғын арша және сауыр арша деп аталатын аршаның үш түрі өседі. Таудағы тоғайларда жапырақты ағаштардан — талас терегі, тал мен қайыңның бірнеше түрлері кездеседі. Тау беткейлерінде жабайы алма, түркістан доланасы, кавказ тауында өсетін каркас, мойыл бақтарын көрсек. онда аздап шетеннің екі түрі, үйеңкі ағашы, жоңғар доланасы кездеседі. /14/

Бұталы ағаштың 60-тай түрі бар. Олардың ішінде үшқаттың 8 түрі, итмұрынның 10 түрі, қарақат бұталар көбірек таралған. Сондай-ақ, ақ тікенектің 3 түрі, тобылғының 2 түрі, шиенің 3 түрі, бадам осы арадан табылады. Өсімдіктер тұқымдастарының жалпы саны 438, түр саны 1306. Оның ішінде күрделі гүлділер тұқымдастарының саны — 69 (түр саны — 216), бұршақ тұқымдастар — 14 (131), астық тұқымдастар — 41 (122), ерінді гүлділер — 24 (70), шатырша гүлділер — 34 (69) болса, раушан гүлділер тұқымдастарының саны — 24 (түр саны — 68), қалампыр тұқымдастар — 18 (49), сабынкөк тұқымдастар — 12 (48), айлық тұқымдастар — 21 (40), айқыш гүлділер — 21 (39). Ал басқа бірқатар өсімдіктің тұқымдастар саны 1 -ден 8 -ге дейін ғана. Оларға мына өсімдіктер жатады: қияқ гүлділер тұқымдастарының тұқым саны — 7 (түр саны 32), алабота тұқымдастар — 8 (14), ойран шөптің тұқым саны — 4 (14), көкнәрдің тұқым саны — 6 (13), жасаң шөп -4(12), сүттіген — 1 (12), шермен гүлділердің тұқымдас саны — 5 (12), қоңыраубас тұқымдастары — 5 (10), қожағай — 1 (8), күреңот — 2 (8), бәйшешектің тұқым саны — 4 түр саны — 8. Басқа — өсімдік тұқымдастарының тұқым саны — 87, түр саны — 66. Енді осы өсімдіктердің жалпы өсімдік түрлерімен салыстырғандағы процент есебі мынадай: күрделі гүлділер тұқымдастарының процент есебі 17,4, бұршақ тұқымдастардың процент есебі 9,5, қалғандарының жалпы өсімдік түрлерімен салыстырғандағы процент  есебі  8,9-дан  0,6 процентке дейін.

Жалпы алғанда Ақсу-Жабағылы қорығы территориясының 30 проценті аршалы алқап. Арша — аса бағалы, мәңгі жасыл өсімдік. Оның қылқанды жапырақтары мен бұталарынан эфир майы көп алынады. Ал бүршігі мен жемісі қыста құстарға таптырмайтын азық. Ақсу-Жабағылы қорығында жапырақты орман көлемі онша көп емес, бар болғаны 210 гектардай өзен аңғарындағы жерлерді қамтиды. Қорық территориясында жайқалып өскен тау шабындығы 22-23 мың гектардай жерді алады. Тау беткейлері мен өзен аңғарында шабындық түлкі құйрығы, қылтықсыз арпабас, қоңырбастың бірнеше түрлері, жатаған бидайық, тянь-шань жоңышқасы, қоңыраубас шөп түрі, беде, кәдімгі ақбас жусан, қарабас шалғын, ұсақ гүлді киікоты сияқты шөптер қаулап өседі. Субальпі шабындығында тау қаршығаның бірнеше түрі, қазтамақ, гельцер қалампыры, кекіребас, бөденешөп, адыраспан тән болса, ал альпі белдеуінде альпі қоңырбасы, тау таспасы, тасжарған, сарғалдақ, қазтабан, қияқтың бірнеше түрлері кездеседі. /18/

Қорық территориясында жемшөптік, дәрі-дәрмектік, техникалық эфир майлы жеміс беретін өсімдіктер көп-ақ. Қазақстанда шипалы маңызы бар 3 мың өсімдік түрі болса, соның 200-дейі қорық территориясынан табылады. Мұнда, әсіресе, емдік қасиеті жоғары қылша, қараандыз, шайқурай сияқты өсімдіктердің қоры мол. Сонымен қатар, халық медицинасында талас қорғасыны, ұсақ гүлді киікоты, жиек жалбыз, құмзере өсімдіктері пайдаланылып келеді. Жемшөптік өсімдіктер — жабайы тянь-шань жоңышқасы, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде қорық жерінде жайқалып өседі. Техникалық, соның ішінде тері илеуге жарамды шөптерден — рауғаш, итқұмық, таран  кездеседі. Ал  эфир  майлы  өсімдіктерге шаған, сасыр, заре, әртүрлі жыланбас жалбыз, көкбас жалбыз, райханның екі түрі жатады. Жеміс-жидек беретін өсімдіктерден жабайы алманы, шетенді, шиені, қарақатты, қарлығанды, сиыр бүлдіргенді, жуаны, рауғашты, тікен жидені, қышқыл шөпті айтпай кетуге болмайды. Тауға әртүрлі реңді сән беретін қызғалдақ, құртқашаш, жарықгүл, желайдар, қалампыр сияқты өсімдіктер гүлдеген кезінде маңайды құлпыртып жібереді. Тек таралу аймағы қорық территориясы және онымен көршілес учаскелермен шектелетін эндемик өсімдіктер түрі — 17. Олардың ішіндегі майысқыш қияқ, талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, лаңса, шоқайнаның бірнеше түрлері, сүт жапырақ бар. Қорықта реликті өсімдіктердің үш түрі кездеседі. Олардың бірі — Талдыбұлақ, Машат, Ақсу аңғарында ұшырасатын жалған масақша деп аталатын өсімдік. Ленец Минквице қорықпен көршілес Даубаба тау етегіндегі тасты жерлерде өседі. Сол тау мен Машат маңында реликті өсімдіктің үшінші түрі — қаратау лепидолофасы кездесіп қалады.

Жануарлар дүниесі. Қорық жерінің таулы және ауа райының құбылмалы болып келуі жер шарының әртүрлі екендіктерінде мекендейтін сан алуан аңдар мен құстардың осында шоғырлануына жағдай туғызған. Оның шағын территориясында Европа, Солтүстік Африка, Англия жоне Орта Азияның әртүрлі ландшафтыларында мекендейтін хайуанаттар ұшырасады. Соңғы деректерге қарағанда, қорық территориясында және оған жақын тау етектерінде құстың 238, сүт қоректілердің 42, бауырымен жорғалаушылардың 9, қос мекенділердің 2 және балықтың 2 түрі мекендейді екен. Қорықта қанаттылардан кекілік, ұлар, шіл, бөдене, кептер секілді кәсіптік маңызы бар құстар тіршілік етеді. Ақсу-Жабағылы қорығында таралған әрі Қазақстанда тек Тянь-Шаньды  мекен  еткен  сирек  кездесетін  қанаттылардың   бірі  — көкқұс.  (2-сурет.)

Олар Піскем мен Өгем қыраттарында жиірек кездеседі. Ақсу-Жабағылы қорығында саны өте аз, ерекше қорғауды керек етіп отырған жыртқыш құстар да бар. Олардың ішінен биік тау құздарында мекендейтін сақалтай немесе қозықұмайды, сондай-ақ жыланжегішті, лашынды, ителгіні атауға болады. Ақсу-Жабағылы қорығының,  әсіресе,  кәсіптік  маңызы  бар  сүт   қоректілерді,

Көкқұс

2-сурет.

қорғауда рөлі зор. Бұлар — арқар, таутеке, елік, марал, жабайы шошқа, барыс, мәлін, тас сусары, аккіс, түлкі, борсық, ұзынқұйрықты суыр және мензбир суыры. Батыс Тянь-Шань тауының жоталарында маң-маң басып, марғау қозғалған қоңыр аюларды көргенде бір таңданып қаласың. Негізінен ормандарда тіршілік ететін бұл ірі жануар қорық территориясында ағаш өспеген ашық тау беткейлерін мекендей береді.  Жаз  айларындағы  бұл  аюдың  сүйсіне  жейтін  азығы — рауғаш пен сасыр. Тастарды қопарып, олардың арасынан  насекомдарды да теріп жейді. Күз айларында жеміс бақтарынан алма, алмұртты жесе, азық құрамында суыр, қарақас, тоқалтістер, де болады. Қорық жеріндегі аю саны едәуір. (3-сурет.)

Қыста бұл хайуанаттар үңгірлерде аз уақытқа ұйқыға кетеді. Басқа жыртқыштардан — қасқыр, қызыл түлкі, сусар, ақкіс және аққалақ сияқты, терісі бағалы аңдар кең тараған. Кейде тау етектерінде қарсақ та көзге түсіп қалады. Қорық территориясында кемірушілерден кең таралғаны — ұзынқұйрықты суыр. Оның үлкен колониясы Қызөлген көлінің төңірегінде, онда 200-250-дей суыр тіршілік етеді. Ақсу-Жабағылы қорығында бауырымен жорғалаушылардан сарықарынды кесіртке, қалқантұмсықты, қарашұбар және сұр жыландар кездесіп қалады. Әсіресе, қалқантұмсықты жылап тас арасында көбірек көрінеді. Қорық территориясынан ағып өтетін кейбір өзендерде қарабалық және талма балықтары тіршілік етеді, бірақ балықтың бұл екі түрінің саны мардымсыз ғана. /20/

Қорықтың болашағы. Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы — бүгінде шет ел ғалымдарын да қызықтырып, олардың назарын өзіне аударып отыр. Қазіргі кезде мұнда республикамыздың және одақтас республикалардың бірнеше университеттері мен институттарының   қызметкерлері, студенттері ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өндірістік практикаларын өткізуде. Сондай-ақ, қорықты көруге жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен, шет елдерден ғалымдар, арнайы экспедициялар, туристер келіп жатады. Ақсу-Жабағылы қорығын табиғаттың адамға тартқан тамаша сыйы деп бағалай отырып, оның жандана, гүлдене беруі үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек. Бұл қорық аңдармен құстардың, өсімдіктердің өсіп-өнуін, даму заңдылықтарын зерттейтін табиғат лабораториясы ретінде ондағы объектілерді зерттеу жұмысы қазіргі өмір талабына сай тереңдей түсуі керек. Келешекте бұл аймақты мекендейтін арқар, аю, марал сияқты кәсіптік маңызы бар хайуанаттардың биологиясын, қорықтың табиғи жағдайына бейімдеуін ғылыми тұрғыдан зерттеуге баса назар аудару керек.

Сондай-ақ саны аз болғандықтан, халықаралық табиғат қорғаудың «Қызыл кітабына» енгізілген көк немесе мензбир суырының мекендейтін қоныстарының барлығы осы қорық меншігіне бөлінгені орынды. Өйткені, бұл бағалы аңның жойылып кету қауіпі бар. Мензбир суырының қазіргі қоныстарын қорық территориясына қосу — оны сақтап, санын арттырудың бірден-бір жолы.

Қоңыр аю

3-сурет.

 

2.2. Алматы мемлекеттік табиғи қорығы

 

Алматы мемлекеттік табиғи қорығы — алып тұлғалы Алатау қойнауында орналасқан. Бұл қорық Іле Алатауындағы Кіші Алматы орман шаруашылығының территориясында 1931 жылы ұйымдастырылды. Бұдан кейінгі жылдары қорықтың жер көлемі бірнеше рет өзгерді. 1935 жылы қорық территориясына Үлкен Алматы, Талғар, Есік, Түрген, Шелек, Таушелек, Табанқарағай орман алқаптары қосылды. Ал 1936 жылы оған тағы да Сөгеті даласы, Бұғыты тауы және Қаракүлтек жері енді. Ол кезде қорықтың жер көлемі 856,7 мың гектарға дейін жеткен еді. 1937 жылдан бері қорықта ғылыми бөлім жұмыс істей бастады. 1943 жылы Алатау өңірінде орналасқан бұл қорық территориясында 34 мыңдай қарақұйрық мекендесе, соның жартысын майдан мақсаты үшін аулауға рұқсат етілді. Күнгей және Іле Алатауындағы ормандардан ағаш дайындау жаппай өріс алды. 1945 жылдан кейін қорық территориясының көлемін қысқарту ешбір дәлелге сыймайтын сияқты еді. 1946 жылы Таушелек орман алқабы Орман шаруашылығы министрлігіне берілді, ал одан кейін қорық қарамағына тек Шелек орман алқабы мен тау етегіндегі далалық учаскелер қалдырылды. 1952 жылы бұл қорық жабылып қалды да ондағы жұмыс тоқталып қалды. Алматы қорығы әуелі Табанқарағай орман алқабында қайтадан ұйымдастырылды. Ол кезде қорықтың орталығы Шелек ауылында болатын. 1964 жылдары бұл қорыққа Талғар өзендерінің сол және оң жақ қабағында өскен орман алқабы берілді. Оған Іле өзені жағасында орналасқан «Әнші тау» да кірді. Алматы корығының территориясы 89,6 мың гектар. Бір-бірінен оқшау екі учаскеден тұрады. Оның бірі — Іле Алатауының орталық бөлігінде орналасқан таулы аймақ (көлемі 71681 га), екіншісі Қалқан шөлді аймағы (17850 га). Қорықтың орталығы Алматы қаласынан 25 шақырым жерде, Талғар қаласына таяу орналасқан. Онда ғылыми лаборатория мен табиғат музейі, қорық қызметкерлеріне арналып салынған үйлер бар.

Қорық қызметкерлері алдында ғылыми жұмыстардан басқа, осы өлкенің табиғат байлықтары — жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, таудың сұлу көрікті орындарын өз қалпында сақтап, келесі ұрпаққа жеткізу міндеті тұр. Алматы қорығының негізгі ғылыми міндеті — Іле Алатауы қойнауындағы табиғат комплексін қорғай отырып, оны жете зерттеу болып табылады.

Жер бедері мен ауа райы. Алматы қорығы Іле Алатауының теріскей беткейінен орын тепкен. Биік шыңдарын мәңгі мұз бен қар басқан сұлу шыршалы ормандарына қараса көз тоймайтын әсем тау кімді болсада қызықтырмай қоймайды. Ғажап қой, тау іші шіркін! Тау шыңынан күн сәулесі көтеріле орман іші құстардың әніне бөленеді. Алатау бауырында сылдырап аққан мөп-мөлдір өзендер мен көкорай шалғындары, шыршалары, қия-шатқалдары көздің жауын алып, «табиғаттың бізге тартқан жомарт сыйын ардақтап, қорғаныңдар» дегендей болады. Алматы қорығына Іле Алатауының орталық бөлігі — теңіз деңгейінен 1400-5017 м биіктік аралығыыда орналасқан Талғар тау жоталары енеді. Жер бедері күшті тілімделген. Жерінің 25 мың гектарын тасты құздар алып жатыр. Шөлді аймақтың тау етегіне жақын орналасуы оның ауа райына үлкен әсерін тигізеді. Соған сәйкес таудан төмен түскен сайын жылына болатын жауын-шашын мөлшеріде азая береді. Мәселен, теңіз деңгейінен 1000 м биіктікте 500 мм, ал 2400-3000 м биіктікте 780-870 мм жауын-шашын жауады. Жазда тауға әрбір 100 м көтерілген сайын ауа температурасы 0,71 градус төмендейді. Тауда самал жел соғып, жаздың салқындау болуы да жасыл шабындықтың жайқалып өсуіне жағдай жасайды. Қыс айлары онша суық болмайды. Бұл қорықта паналайтын хайуанаттардың қыстан күйлі шығуына көмектеседі. Қорық территориясы кіші-гірім өзеншелер арқылы бөлінетін бірнеше тау қыраттарынан тұрады. Ондағы суы мол саналатын негізгі өзендер — Талғар мен Есік. Басын мәңгі мұздардан алатын бұл өзендердің ені 3-5 м, тереңдігі 0,5-1 метрдей болып, ағысы қатты келеді. Өзендердің су деңгейі тіпті тәулік ішінде бірнеше рет өзгереді. Жаз айларында су деңгейінің тәуліктік ауысуы кейде 40-50 см-ге дейін жетеді. Тауда нөсерлеп жауған жаңбырдың арты селге айналатын жағдайларда кездеседі. /6/

Өсімдіктері. Алматы қорығының бір артықшылығы — тау беткейлерінде орманды-дала, субальпі және альпі өсімдік белдеулерінің ұштасып жатуы. Шөлді аймақ «әнші тау» төңірегін қамтиды. Орманды-дала белдеуі қорық жерінде 1300-2600 м биіктік аралығында өтеді. Оның төменгі етегінде жапырақты ағаштар мен бұталар өседі. Олардың көпшілігі жабайы жеміс ағаштары. Бұл белдеудегі ормандағы негізгі ағаш түрлері — алма, өрік, долана, көктерек, тал. Бұталармен топтаса қарақат, итмұрын және үшқат ұшырасады. Қорықта жапырақты орман тұтасып жатпай, ойдым-ойдым болып, өзен аңғарларында, тау жоталарында кездеседі. Көктерек жоталардың солтүстік және шығыс беткейлерінде көбірек болады. Жалпы жабайы жеміс ағаштарының алып жатқан аумағы 157 гектардай. Жеміс бақтары, негізінен, Талғар өзендерінің бойын алып жатыр. Алма ағаштарының биіктігі 7-8 м, ал өрік 5-7 метрдей келеді.

Алатауға сән беріп тұрған қылқан жапырақты ормандар 1400-2800 м биіктікте орналасқан. Ормандағы ежелгі ағаш түрі — Тянь-Шань немесе Шренк шыршасы. Тянь-Шаньның жасыл қылқанды шыршасы — көне дәуірден біздің заманымызға дейін жеткен асыл қазына. Оның қоры тек қана Қырғызстан мен Қазақстан тауларында сақталған. Шырша орманының жалпы көлемі 500 мың гектар болады деп шамаланса, оның 300 мың гектары біздің республиканың, 200 мың гектары Қырғызстанның тау беткейлерінде. Алматы қорығында орман көлемі 6084 гектардай жерді алып жатыр. Тоғызыншы бес жылдықта қорық қызметкерлері 121 гектар орман ағашын қолдан отырғызды. Шырша орманының су балансын сақтауда, топырақ қорғауда, селді тасқынға қарсы күресу ісінде атқаратын рөлі зор. Шырша ағашы таудың солтүстік беткейінде өседі. Таудың шығыс және батыс беткейлерінде ол сиректей түсіп, оңтүстік жағында мүлдем кездеспейді. Сондықтан да тұтас шырша орманы алқаптары тауларымызда сирек кездеседі, көбінесе, ойдым-ойдым шағын учаскелерге бөлініп кетеді. Шырша өте баяу өсетін, қалыптасуы үшін көп жылдарды керек ететін ағаш. Алматы қорығындағы шырша орманының көлемі 5,3 мың гектардай болады. Таудың теріскей жағында ескен шырша орманы саялы келеді де, олардың арасында шетен, тал, үшқат, қара ырғыз және бүлдірген өседі. Бұл ағаштардың кепкен жемістері осында қыстап қалатын құстар мен аңдар үшін жақсы азық болып табылады.

Орманды-дала белдеуінің ашық алаңдарында шабындық-көкмайса шөптер өседі. Таудың салқын самалды қыраттарында боз, бетеге, қарабасшалғын бетеге, жусан сияқты өсімдіктер жайқалып, жақсы өседі. Сондай-ақ бұталы ағаштар арасында тау таспасы, қозықұлақ, ширатылған қоңыраубас, шабынды қоңырбас, аюбалдырған, тағы басқа балауса шөптер көктемде қаулап шығып, тау беткейін көкорай шалғынға айналдырады. Алматы қорығының шырша орманының жоғарғы жағын субальпі белдеуі алып жатыр. Белдеу теңіз деңгейінен 2600-3000 м биіктікте орналасқан. Бұған тән өсімдік — биіктігі 0,5-                 1 м болып өсетін арша. Бұл бұталы ағаш таудың күнгей беткейін ала 700 жылға дейін жасайды.

Альпі белдеуі 3000-3600 м биіктікте орналасқан, одан әрі қар мен мәңгі мұз орын тебеді. Бұл өңір көлемінің 70-80 процентін қой тастар мен құздар алып жатады. Ондағы құздардың жарылуынан, бұзылуынан пайда болған тасты шөгінділер үнемі қозғалыста болады да, шөп өспейді. Альпі белдеуінде көбіне доңызсырт шөптері өседі, аздап дәнекті шөп түрлері кездесіп қалады. Қорықтың әр белдеуінде ауа райына байланысты әр алуан өсімдіктер өседі. Алатауда дәрі-дәрмек алынатын өсімдіктердің көптеген түрлері кездеседі. Олардың бастылары — долана, итмұрын жемістері және кәдімгі киікоты, тасшөп. Осындай адам денсаулығына қажетті шикізат беретін өсімдіктер қорын, олардың биологиялық ерекшеліктерін терең зерттеу де қорық қызметкерлерінің абыройлы міндеті.

Жануарлар дүниесі. Қорықтың жер бедерінің күрделілігі, ауа райының әр белдеудегі ала-құлалығы, соған сәйкес өсімдік түрлерінің көптігі жан-жануарлар түрлерінің кең таралуына әсерін тигізеді. Мұнда құстардың 200-ден аса, ал сүт қоректілердің 40-тай түрі тіршілік етеді. Қорықтың шырша орманында самырсын құсы, шырша торғайы, шиқылдақ торғай, қызылқұйрық торғай, тоқылдақтар мекендесе, орманды-дала белдеуінде кәдімгі мысықторғай, қара шымшық, бұлбұл, маубас жапалақ, қара қарға, үкі, кептер, құр және басқа да алуан түрлі құстар тіршілік етеді. Таудың биік құздарында ұлдар мен қозықұмай ұшырасады. 1965 жылы Алматы қорығына үлкен сары шымшықтың 145-тейі жіберілген. Онда ол жақсы жерсініп, жасыл орман алқабын зиянды насекомдардан қорғауға үлкен септігін тигізіп отыр.

Қорықтың Іле өзені бойындағы шөлді бөлімшесінде қорғауға алынған құстың бірі — қырғауыл. Жетісу қырғауылы біздің елдегі тауық тұқымдас құстардың ең ірісі де сұлуы. Қамқорлыққа алып, жағдай туғызудың нәтижесінде бұл құстың Алматы төңірегіндегі қоры 3 мыңнан асып отыр. Шөлді өңірде, сонымен қатар жылқышы, бұлдырық сияқты құстар тіршілік етеді. Қорық жерінде жыртқыш құстардан қаршыға, жағалтай, үкі, жапалақ кездеседі. Олар ұясын ағашқа салып, балапанын сонда басып шығарады. Негізгі қорегі — ұсақ кемірушілер мен торғайлар. Таудың биік құздарында өлекселермен қоректенетін құмай да тіршілік етеді. Бұл айтылған мәліметтер Алматы қорығында қанатты достардың көп екендігін сипаттайды. Олардың санының көбейе түсуі мәуелі орманды оның зиянкестерінен қорғап қалуға әбден көмектеседі. Біздің орман, дала, бау-бақшамызды зиянды насекомдардан қорғайтын бұл құстарға қорықта жақсы қамқорлық жасалған.

Қорықта елік, таутеке, арқар, марал, қоңыр аю, барыс, сусар, тиін сияқты аңдар да бар. Әсіресе, орманды-дала белдеуінде елік көбірек кездеседі. 1975 жылы қорық қызметкерлерінің жүргізген санағына қарағанда, онда 560-тай елік бар екендігі анықталды. Елікпен бірге тау биігін жайлаған хайуанаттың бірі — таутеке. Ол қорықта альпі және субальпі белдеулерін қоныс еткен. Жазда Алатау қойнауында мәңгі мұзға жақын жүреді де, қысқа қарай шырша орманына жақындап жайылады. Әсіресе, қаңтар-ақпанда таутекені таудың күнгей беткейінен көбірек кездестіруге болады. Қорықшылардың 1974 жылғы есебі бойынша таутекенің саны 560-тан асып отыр. Елік пен таутекеге қарағанда мұнда марал сирек кездеседі. Ол жапырақты және  қылқан жапырақты орманды мекен етеді. Саны әлі де шамалы. 30-шы жылдары Іле Алатауында арқар да едәуір кең таралған болатын. Арқар қорықтың таулы бөлігінде, тек адамның баруы қиын кейбір жоталарда мекендейді. Қазіргі уақытта қорықтың шөлді бөлімшелерінде арқар Кіші және Үлкен Қалқан тауларында кездеседі. Бұл маңда олар қоныстанатын 10 мың гектардай жер болғанымен жазда су көзінің тапшылығынан әрі азық қорының жетіспеуінен олар көршілес — Алтынемел, Матай жоталарына кетіп қалады. Биік тау құздарын мекен еткен аңның бірі — барыс. Кейде тау тұрғындары оны «ілбіс» деп те атайды. Бұл — бүкіл таулы аймақта сирек кездесетін және бірте-бірте жойылып бара жатқан аң. Қазір Қазақстанда бар болғаны 500-дей барыс бар деп есептелсе, соның 4-5-еуі ғана Алматы қорығында. Барыстың саны бүкіл дүние жүзінде күрт азайып кеткендіктен ол қорғауға алынып, табиғат қорғаудың халықаралық «Қызыл кітабына» енгізілген. Тұрғылықты халық тарапынан да қамқорлыққа алынған. /10/

Барыс — ерекше сымбатты, күшті және епті аң.  (4-сурет.)

Барыс

4-сурет

Қорық жерінде жыртқыш аңдардың ірісі — қоңыр аю да баршылық. Мұнда аюлар қыста тау үңгірлерінде аз уақытқа ұйқыға кетеді. Әсіресе, аюды күзде жабайы алма мен өрік өскен бақтарда жиі ұшырастыруға болады. Оқта-текте бұл маңда қасқыр да кездесіп қалады.1960-1964 жылдары Іле Алатауының шырша орманына тиін жерсіндірілді. Қазіргі уақытта ол бұл жерге жақсы көндігіп, саны өсіп келеді. Оның негізгі қоректері — шырша жаңғағы мен бүрі.

Қорықтың болашағы. Алматы қорығының негізгі міндеті — осы өлкедегі табиғат байлықтарын қорғап, оның қорын молайту. Алматы қорығында халық шаруашылығы үшін маңызы зор шырша орманы, тау жағдайына төзімді қойлардың жаңа тұқымдарын шығаруға негіз болатын арқар, «алтын мүйізді» марал сияқты табиғат байлығының әр алуан түрлері қорғалады. Оларды ғылыми тұрғыдан зерттеп, халық игілігіне пайдалану үшін көптеген мамандар еңбек етуде. Бұл мәселеде қорық қызметкерлерінің атқарған істерімен қоса, атқарар жұмыстары да ұлан-ғайыр. Өз учаскелерін бақылау, ондағы хайуанаттар санын есепке алу, олардың тіршілігін биологиялық қызықты материалдар жинау қорықшылардың біліміне де байланысты. Сондықтан да олардың білімін жетілдіру ісіне көп көңіл бөліп отыру керек. Әсіресе, бұл жұмысқа маман кадрларды көптеп тарту орынды. Олар материалдық жағынан ынталандырылып, арнаулы киіммен қамтамасыз етілсе, бұл жұмыста кадрлардың тұрақтануына мүмкіндік туады. Қорықтағы бағалы аң-құстардың санын жылма-жыл есепке алып отыру керек. Келешекте қорық жұмысын одан әрі дамыту үшін оның лабораториясын түрлі құралдармен жабдықтау мәселесін тезірек шешу де өзінің жемісін беретіндігі даусыз. Осындай жұмыстарды іс жүзіне асырсақ, Алматы мемлекеттік қорығының жағдайы жақсара бермек. Ал оны озық үлгідегі қорыққа айналдыруға барлық мүмкіндік бар.

 

2.3. Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы

 

Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы Қостанай облысындағы Наурызым және Семиозер ауданының территориясында 1934 жылы ұйымдастырылды. Әуелде бұл қорық Қазақстанның жазық даласының ең оңтүстігіндегі Наурызым қарағайлы орманын сақтап қалу мақсатымен құрылған еді. Сонымен бірге оның құрамына аң-құстар мекендейтін аймақ, өзендер мен көлдер кіреді. Қорықтың жалпы көлемі 320 мың гектар еді. Міне, осы қорық болып аталған жетпіс жылдан астам уақыттың ішінде Наурызым көлдері, ормандары талай өзгерістерді бастан кешірді. 1951 жылы ол жабылып, оның базасында орман шаруашылығы құрылды. 1960 жылы қайтадан қорыққа айналды. 1961 жылы өзгеріп, орман-аңшылық шаруашылығы деп аталынды. 1966 жылдың 18 — қазанында ол қайтадан Наурызым мемлекеттік қорығы ретінде жұмыс істей бастады. 1968 жылы Қазақ ССР Министрлер Советінің жанындағы қорықтар және ауыл- шаруашылығы Бас басқармасының қарамағынан алынып, орман шаруашылығы мемлекеттік комитетінің қарамағына берілді. Қазір де ол облыстық орман шаруашылығы Бас басқармасына бағынады. Әрине, мұндай өзгерістер қорық өмірінде айтарлықтай із қалдырды, қорық едәуір мерзім күтімсіздікке ұшырады. Бірнеше рет өрт болып, Наурызымның сирек кездесетін жасыл қарағайын едәуір азайтып жіберді. Көлдің суы өте төмендеп кетті.

Жоғарыда айтқанымыздай, ұйымдастырылатын кезде қорықтың жалпы көлемі 320 мың гектар болса, қазір 85,7 мың гектар ғана, яғни 3,5 есеге кеміп кеткен. Наурызым қорығының территориясы бірнеше жеке учаскелерден тұрады. Онда Терсек (көлемі 4665 га), Сыпсың (7043 га) және Наурызым (37063 га) орман алқаптары мен Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын көлдері бар. Олардың үлесіне бетегелі-жусанды 5 мың гектар тың жазық дала кіреді. Осы алшақ орман алқаптары қарағайлы орман шаруашылығына бөлінген, Сыпсың мен Терсек қарағайлары Соснов орман шаруашылығына қараса, Наурызым қарағайының батыс бөлігі Бесағаш орман шаруашылығына және Ақсуат маңындағы қарағайлар Наурызым орман шаруашылығына енеді. Қорықтың осындай шалғай учаскелерінің бір-бірінен ара қашықтығы 20-дан 80 км-ге дейін жетеді. Қорықтың орталық усадьбасы Наурызым поселкесінде орналасқан. Ол ауданнан — 31 км, ал облыс орталығынан — 24 км қашықтықта. Қорық аймағындағы орманды алқаптар — аңдармен құстар тіршілік ететін, қоныстайтын және паналайтын өте қолайлы мекендер. 1966 жылы Наурызым қайтадан қорық болып құрылғанда, оның алдында орманды қалпына келтіру, көлдерді қорғау, ондағы су құстарының тіршілік ерекшеліктерін, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін зерттеу міндеті тұрды. Наурызым қорығының байлығы тек орман ғана емес, онда жабайы аңдар мен құстар, ал өзен-көлдерінде балықтар да мол. /9/

Жер бедері мен ауа райы. Наурызым қорығы Қостанай облысының Торғай ойпатында орналасқан. Мамандардың, ғалымдардың айтуынша, бұдан 20 мың жыл бұрын Қостанайдың солтүстігін алып мұз басып жатқан. Мұз ери келе, оның тастай суы, «Торғай қақпасымен» жылжып терістікке шегіне берді, сонымен қоса суыққа төзімді өсімдіктер мен жануарлар да шегінді. Бұл маң құрғап, климаты жыли бастады. Сөйтіп қазіргі Наурызым ауданы көлемінде жартылай шөлейттік белгілері бар дала пайда болды. Континентті қысы суық, ызғарлы; жазы ыстық. Қаңтардың орташа температурасы -18-19 градус. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 200-250 мм шамасында. Территориясы негізінен қызыл-қоңыр топырақты келеді, онда кішігірім өзендер мен көлдер орналасқан. Аралары өзен аңғарларымен бөлінген төбелер кездеседі, абсолютті биіктігі 120-140 м.

Ормандары мен өсімдіктері. Қорықтың орман көлемі 17662 гектары түгел орманды алқап аталғанымен, оның тек 4396 гектарын орман алып жатыр. Онда қарағай — 934, қайың 805, көктерек 1034 га жерге орналасқан. Жоғарыдай айтылғандай, қорықтың жері үш оқшау орман учаскелерінен тұрады. Бұлардың арасындағы көлемдірегі — Наурызым қарағайы. Бұл қарағайлы алқап Сарымойын және Ақсуат көлдері атырабында батыстан шығысқа қарай 20 км-ге созылып жатыр, ені 10 км. Топырағы құмайтты, орманды-дала өсімдіктері өседі. Наурызым қарағайлы орманы — Қазақстанның жазықтық бөлігінің ең оңтүстігінде орналасқан. Ол — ерте дүниенің жұрнағы. Мұнда қарағай, аққайың, көктерек, қызыл тобылғы, тал, мойыл, папоротник өседі. Қалың орманда қоян, елік құр ерісін жайылады. Орманмен қанаттас бетелі-жусанды, бозды шексіз дала жатады. Мұнда суыр, зорман, күзен, дуадақ, безгелдек, аққоян, қосаяқ, сибир елігі, аққұр сияқты кейбір бағалы және өте сирек кездесетін аңдар мен құстар мекендейді. Орман алқабы негізінен қайыңнан тұрады. Оның шет жағасында далалы жерде өсетін бұталар кездеседі. Бұта мен ағаштардың  аралықтарындағы  аралдарда көбіне  құм селеу немесе құм бетеге кездесетін құмды дала орналасқан. Сыпсыңның шоқ-шоқ қайың орманының көбірек бөлігі құмды ойпатының табанындағы ылғалды жерде немесе оның беткейінде кездеседі. Бұл аймақтар ақ қайыңның өсуіне өте қолайлы. Терсек қарағайлы орманы жеке-жеке шоғырланып тұрады. Бұлардың аралығындағы учаскелерінде дала өсімдіктері өседі. Терсектің орманды аралдарының орталық бөлігін қолдан отырғызылған қарағайлар алып жатыр. Шоқ қарағайдың шетінде қайың, көктерек және тобылғы өседі. Ал қарағайдың неғұрлым қуаңшылық учаскелерінде қына да кездеседі. Сыпсың мен Терсек орманы — орман құстары мен аңдары қоныстанатын және паналайтын қолайлы аймақ. Наурызым ормандары — тек табиғат ескерткіші ғана емес, ол бұл үшін ылғал қорын жинаушы да болады. Бұл орман бүкіл аудан климатына әсер етеді.

Жануарлар дүниесі. Жануарлар әлемінің көптүрлілігі ландшафтың алуантүрлілігіне байланысты. Қорық жерінде омыртқалы жануарлардың 351 түрі, яғни аңдардың 44 түрі, құстың 290 түрі, бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділер 3 түрден, балықтың 11 түрі белгілі. Құстар фаунасыңда 155 ұялайтын түр, 135 түр ұшып өтетін, қаңғыған немесе қыстайтын болып табылады. Сирек кездесетін құстардың 44 түрі бар. 36-сы Қазақстан Қызыл кітабына, 23-і табиғат қорғаудың Халықаралық Одағының Қызыл кітабына (ТҚХО) енгізілген. Наурызымда жыртқыш құстар алуантүрлілігімен ерекше 28 түр бар, оның 19-ы ұялайды. Тек Наурызымда бір жерде төрт қыран түрі: бүркіт, қарақұс, аққұйрық су бүркіті, дала қыраны ұялайды. Қарақұстың ұялайтын тобы — 40 жұп, қырандар — 18-20, ителгілер — 16-20, бүркіттер — 3-4 жұп. Наурызым қорығы кең далаға әкеп табиғат ананың орната салған табиғи музейі десе де болғандай. Тұзды көлдің жағасына өскен қалың орман, құмдауыт төбешіктер толған қарағай, ақ қайыңдар мен аралас өскен жыңғыл, тобылғы. Ал, хайуанаттар, өсімдіктер дүниесі адам таң қаларлықтай мол. Мұнда құстың 200-ден, сүт қоректілердің 30-дан, қос мекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 10-нан астам, ал құрт-құмырсқа сияқтылардың 700-ге жуық түрі кездеседі. Өзен-көлдерде балықтың 10-ға жуық түрі тіршілік етеді. Қорықтың қалың ормандарында және көгілдір көлінде бұта, орман құстары мен су қанаттылары кеңінен таралған. Бетегелі-жусанды жазық далада шөл және шөлейт аймақтарының құстары да қоныстанған. Осы аймақтарда құр, аққұр, қаз, үйрек, дуадақ, безгелдек, сұңқар секілді бағалы және өте сирек кездесетін құстар мекендейді. /30/

Құр — салмағы 1,6 килограмға дейін жететін, ірі қауырсынды құс. Қорық төңірегінде құр көбіне қарағай, қайың және көктерек сияқты ағаштардың арасын мекендейді. Бұрын Наурызым қарағайлы ормандарында көп болған. Қорыққа шектесіп жатқан шағын ғана жазық дала аймағында таралған аңдардың бірі — суыр. Бірақ, олардың саны өте аз. Мәселен, осы аймақтың 3-5 мың гектар тың жерінде 1975 жылы небары 20 ғана дала суыры кездескен. Біздің өлкемізде ертеде дала суыры мол болғанымен қазір оның кездесетін жерлері сиреп, саны жылдан-жылға азайып отыр.  (5-сурет.)

Наурызым қорығының   оныншы   бесжылдыққа   жоспарлаған ғылыми-зерттеу жұмыстары негізгі үш мәселеден тұрады: 1. Наурызым  қарағайлы  орманын  қалпына келтірудің, орман ағашын өсірудің экологиялық және агротехникалық ерекшеліктері.

  1. Табиғат комплекстерін және көлдердің құстар фаунасын сақтау мақсатында Наурызым қорығындағы көлдердің тұзды су режимін реттеу.
  2. Наурызым қорығындағы дала өсімдіктерінің жиынтығын сақтау және қалпына келтіру.

Наурызым қорығы — үнемі зерттеулер жүргізілетін қорықтардың бірі. Ол бірнеше жылдар бойы ММУ ғалымдары мен студенттерінің далалық зерттеу жұмыстары орнына айналды, мұнда, орнитология мен экология саласында жұртшылыққа танымал жұмыстар орындалды, Наурызым қорығына ірі ғалымдар А.Н.Формозов, А.Г.Воронов, А.М.Чельцов-Бебутов, И.А.Крупеников және т.б. есімдері тығыз байланысты. Қорықтың бірегей табиғатын зерттеуге шетел ғалымдары қызығушылық танытуда. 2002 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі «Солтүстік Қазақстан далалары мен көлдері» номинациясы құрамына ЮНЕСКО Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұра тізіміне Науырзым мемлекеттік табиғи қорығын енгізуді ұсынды. Рамсар конвенциясы бекітуімен қорық көлдері халықаралық дәрежедегі су-батпақ жерлері мәртебесін алады. Келешекте қорық ядросы ретінде Наурызымды енгізіп, Биосфералық территория ұйымдастырылуы мүмкін.

Қорықтың болашағы. Қорықта халық шаруашылығы үшін зор маңызы бар көкорай шалғын, жасыл желекке бөленген орман іші толы бағалы құстар мен аңдар сияқты ресурстар қорғалады. Оларды ғылыми тұрғыдан зерттеп, халық шаруашылығы пайдасына асыру үшін көптеген мамандар еңбек етуде. Бұл мәселеде қорық қызметкерлерінің атқарғанымен қоса, істелуге тиісті басқа да жұмыстары мол. Наурызым қорығы — казақ жерінің көркем  бір  мақтанышы,

 

Дала қыраны

 

5 сурет.

ғажайып мол табиғат байлығының қорғау, оның қорын арттыру қорық қызметкерлерінің, әсіресе қалың жұртшылықтың қасиетті борыштарының бірі болуы тиіс.

 

2.4. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы

 

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы — 1939 жылы ұйымдастырылған. Ол Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігіндегі Барсакелмес аралында орналасқан. Әкімшілік-территориялық бөлінісі жағынан қорық Қызылорда облысының Арал ауданына қарайды. Арал станциясында қорықтың орталық базасы бар. Барсакелмес аралынан Арал қаласына дейінгі қашықтық теңізбен жүзгенде 180 км. Ал ең жақын жаға — Құланды түбегі. Ол аралдың солтүстік батысында, су жолына қарағанда неғұрлым жақын, яғни 22,5 км қашықтықта орналасқан. Жылдың барлық маусымында қорықпен Арал қаласы арасында қатынас болып тұрады. Мамыр айынан қарашаға дейін Арал портының жүк таситын кемесі қорыққа қажетті жүктерді жеткізеді. /2/

Барсакелмес — оңтүстік батыстан солтүстік шығысқа қарай созылған арал, оның жағасында шығанақ жоқ, кеме тоқтауға өте қолайсыз. Аралдың ұзындығы 28 км, батыс бөлігінің ені 11,5 км, ал шығыстағы ені 2,5 км, аралдың жалпы көлемі шамамен 185 шаршы км. Қорықтың орталық усадьбасы аралдың солтүстігінде көтеріңкі жазықтау жерде, теңізден 2 км қашықтыққа орналасқан. Орталықтың Аралдың шығыс және батыс жағасынан бірдей қашықтықта орналасуы қорықты бақылауға — өте ыңғайлы. Сонымен қатар, қорықта екі кардон бар. Аралдың шығыс шетіндегі кардонның жанында Өзбекстанның метеорологиялық станциясы орналасқан. Бір — бірінен ара қашықтығы 13-15 км-дей. Алғаш рет Арал теңізінің картасында Барсакелмес аралы 1831 жылы  белгіленген. Бұл  аралды  тұңғыш рет зерттеуші лейтенант А.И.Бутаков болып саналады. 1929 жылы Барсакелмес аралында аң шаруашылығы ұйымдастырылған болатын. Мұнда, сұр кекіліктер, қырғауылдар, ор қояндар, қарақұйрықтар және ақбөкен сияқты бағалы хайуанаттар жіберілген. Сол кезде бұл құстар мен аңдар құрлықта өте сирек кездесетін. Бұл бағалы жануарлар жаңа жерге тез жерсініп, көбейе бастады. 1935 жылы балпақты жоспарлы түрде аулау басталды. Бірақ кейіннен аңшылық шаруашылығы онша табысты болмаған соң ол жабылып қалды. 1939 жылы осы шаруашылықтың негізінде Барсакелмес қорығы құрылды. Барсакелмес қорығы алғашқысында саны азайып құрып бара жатқан бағалы тұяқты аңдардың бірі — ақбөкенді қорғау мақсатында құрылды.

Жер бедері мен ауа райы. Барсакелмес қорығы орналасқан ұзынша келген аралдың жағалауы аз тілімденгендіктен, қолтық, қойнау шығанағы көп емес. Бұл арал — сазды, тақырлы, ал қалған жері құмды келеді. Биіктігі 100 м-дей үстіртті келген оңтүстігі теңізге тік жарқабақ болып тіреледі, солтүстік-батысы ойпаттау. Жері көбіне белесті, сирегірек төбелер де кездеседі. Аралдағы құм төбелерде көптеген өсімдіктер өседі. Мұнда өсетін өсімдіктердің көбі хайуанаттардың сүйіп жейтін қорегі болып саналады. Төбелердің биіктігі 6-7 метрге жетеді. Қыс айларында мұндай төбелердің арасы әр түрлі хайуанаттардың паналауына қолайлы келеді. Бұл аралда тұщы су өте тапшы. Жер асты суы көбінесе ащы келеді. Аралдың жер бедері соңғы жылдары едәуір өзгерістерге ұшырады. Арал теңізі деңгейінің төмендеуіне байланысты оның жағасынан су кейбір жерлерде 200-300 метрге дейін қашықтап кетті. Осы себеппен аралдағы ащы көлдер кеуіп қалды. Олардың орнына үлкен көлемді cop пайда болды. Сондай-ақ, бірнеше жыл қатарынан жауын-шашын болмағандықтан мұндағы тұщы сулар, бөгеттер кеуіп қалды. Аралдың ауа райы республикамыздың солтүстігіндегі қоңыржай шөлді аймақтар секілді. Жазы өте ыстық, қысы суық болады. Мұнда қыс 2-2,5 айға созылады. Жылдық жауын-шашын 100-200 мм мөлшерінде түседі. Қыста ауаның жоғары температурасы -30 градус болса, ең ыстық шілде айында +38, +39 градус болады. Қараша айынан бастап ауа райы суыта түседі де, ал ақпанның аяғында қар ери бастайды. Наурызда орташа температура -3,5 градус болады. Қыс айында жауған қар жерде көп жатпайды, оның себебі түскен қарды көбінесе солтүстік-шығыстан соққан жел ұшырып алып кетеді. Арал теңізі аралдың ауа райына айтарлықтай өзгеріс келтірмейді. Жазда ауаның ылғалдылығы өте төмен, ал жауын-шашынды күндер аз болады.

Қорыта  айтқанда,  Барсакелмес  аралы — өзінің  жер  бедері, климаты, топырағы жөнінен аймақтық ерекшелігі бар және бүтіндей, тұтас бағалы объектілерді қорғауға және терең зерттеуге өте қолайлы орын. /13/

Өсімдіктері. Аралдың өсімдіктері де көбіне шөл даланың өсімдіктері типтес. Оларға негізінде көп жылдық бұталар мен раң тәрізді шөптер жатады. Қазіргі кезде бұл өңірдің флорасы толық анықталып отыр. Мұнда 256 түрлі жоғары сатыдағы күрделі гүлді өсімдіктер өседі. Солардың ішінде алабота тұқымдастар, күрделі гүлділер, дәнді шөптер, айқыш гүлділер тұқымдасы, бұршақ тұқымдас өсімдіктер көбірек кездеседі. Аралдың сазды, тақырлы аймақтарына көбіне жусан, бұйрығын, кейде сексеуіл мен итсигек өседі. Сондай-ақ, тек аралдың шөлді өңірінде ғана өсетін күйреуік, қара жусан,    қара және ақ сексеуілдер сияқты өсімдіктер де кездеседі. (6-сурет.)

Қарасексеуіл

6-сурет

 Аралда қылша, рауғаш, итсигек, адыраспан, жанаргүл, нәр, сораңшөп сияқты дәрілік өсімдіктер өседі. Улы өсімдіктерге сидам құланқұйрық, ұшырмауық, укекіре, найзақара жатады. Қазірге тек кішігірім реликті өсімдіктерден тікенек киеуілі, шоберт ақтікені, қоян жоңышқа немесе бал жапырақ кездеседі. Сөйтіп, қорық флорасының ішінде халық шаруашылығы үшін маңызы бар көптеген пайдалы өсімдіктер кездесетіндіктен оларды жан-жақты зерттеудің және қорғаудың маңызы өте зор. Үстірттің шет жағасындағы құмды жерлерде бидайық, бетеге, арпабас, қоңырбас, мортық сияқты көптеген жабайы жануарлар сүйсіне жейтін өсімдіктер өседі. /26/

Арал теңізі деңгейінің төмендеуі Барсакелмес аралында кездесетін -өсімдіктер дүниесіне де өз әсерін тигізуде. Жабайы хайуанаттардың азық қоры жеткіліксіз. Сол себепті де қорық территориясының қолда бар өсімдіктер дүниесіне ерекше қамқорлық жасау керек.

Жануарлар дүниесі. Барсакелмес қорығындағы хайуанаттардың тіршілік ету жағдайы шөлді аймаққа ұқсас, Аралда жан-жануарлар түрлері өте аз. Мұнда аңдардың 12, құстардың 200-ге жуық, жыландардың 8, қос мекенділердің 1 түрі кездеседі. Ал Арал теңізі жағасындағы шөлді аймақтарды мекендейтін жануарлар дүниесімен салыстырғанда Барсакелмес аралында Бауырымен жорғалаушылардың 27, құстардың 95, сүт қоректілердің 30 проценті ғана кездеседі. Мұндағы шөлді өңірде кездесетін аңның бірі – құлан. (7-сурет.)

Құлан

7-сурет

Бұл — сымбатты жануар. Құлан есектен үлкендеу, жылқыдан аздап кішілеу келеді, салмағы 320 килограмға дейін болады. Құланды қорыққа әкеліп жерсіндіру жұмысы   1953   жылы   басталды.   1953-1964   жылдары   19 құлан Түрікменстанның оңтүстігіндегі Бадхыз мемлекеттік қорығынан осында әкелініп жіберілген.   1956  жылдан  бері көбейе  бастады, 1976 жылы бұл аралда 157 құлан мекендеді. Құлан біздің елімізде кездесетін жабайы жылқының бір түрі. Қазіргі кезде жоғарыда айтылған екі қорықта ғана кездеседі. Бадхыз қорығында оның бір мыңдайы таралған. Құлан өткен ғасырда көптеген шекаралас елдерде және республиканың шөл, шөлейтті аймақтарында мол тараған аңның бірі болған. Дәмді еті мен терісі үшін талан-таражға салып, аулаудың салдарынан тұқымы азайып, саны кеміп кеткен. Қорықта құландар мекендейтін аймақтан қарақұйрықты да кездестіруге болады. /29/

Қазіргі уақытта жер жүзінде тек осындай шағын территорияда орналасқан Барсакелмес қорығында ғана шөл даланың көркі — құлан, қарақұйрық және ақбөкен сияқты тұяқты аңдар бір жерде мекендейді. Сондықтан да қорықтың бұл хайуанаттарды қорғауда рөлі өте зор. Қорықта кең таралған аңның бірі — балпақ немесе зорман. Зорман республикамыздың негізінен шөлді және шөлейтті аймақтарында кең тараған, терісі бағалы аңдардың бірі. Қорықта жыртқыш андардың түрі онша көп емес. 1948-1949 жылдардың өте аязды қысында аралға мұз арқылы түлкі және қарсақ енген. Қорықта таралған жан-жануарлардың көбірек кездесетіні — құстар. Қарабауыр, бұлдырық, итала қаз барылдауық қаз, шүрегей, қараала қаз сияқты кәсіптік маңызы бар құстар мекендейді. Жыртқыш құстардан көксары, кезқұйрық, сазқұладыны бар. Аралдың негізгі сазды, сортаң шөлді аймақтарында ең көп кездесетін құстардың бірі — кішкентай бозторғайлар. Өзеннің жағасындағы қамыс тоғайының арасына сары шымшық, қамысторғай, қаратамақ және сұр қаз, ал сирек жағдайда барылдауық қаз бен шүрегей ұялайды. Сонымен қатар, өзеннің ортасындағы аралда өгіз, сұр және көк шағала, су құзғыны және басқа шағаланың төрт түрі мен қызылаяқ балшықшы кездеседі. Аралда қос мекенділердің бір түрі — жасыл құрбақа кең таралған. Ол осы шөлді даланың ылғал тапшылығына және жоғары температурасына жақсы бейімделген. Бауырымен жорғалаушылардың арасынан көбінесе жұмырбас кесіртке кездеседі. Ол жусан, бұйырғын өсетін сазды, шөлді жерлерде мекендейді. Мұнда тақырдың жарылған қуыстарына жасырынып тіршілік ететін кесірткенің бірі — ысылдағыш геккон тіршілік етеді.

Қорыта айтқанда, Барсакелмес мемлекеттік қорығының жануарлар дүниесі онша көп емес. Әсіресе, қорықтың негізгі объектісі — тұяқты аңдардың саны өсіп отырғанын жоғарыдағы келтірілген мәліметтер айқын көрсетеді. Барсакелмес қорығында табиғат байлықтарын қорғау мен ғылыми жұмыстар жүргізу үшін барлық қамқорлық жасалған.

Қорықтың болашағы. Барсакелмес қорығының негізгі міндеті -табиғат байлықтарын қорғап, оның қорын молайту. Барсакелмес аралындағы қорық — айтарлықтай ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізіліп жатқан тамаша, шағын мекеме. Қорық территориясындағы бағалы аңдар — халық байлығы, табиғат көркі. Сондықтан да оларды қорғап, санын көбейтуде Барсакелмес қорығының орасан зор маңызы бар.

 

2.5. Қорғалжың мемлекеттік табиғи қорығы

 

Қорғалжың мемлекеттік табиғи қорығы Целиноград облысының Қорғалжың ауданында орналасқан. Ол Тың өлкесінде табиғаттың әсем де бағалы жерін сақтау мақсатымен 1958 жылы ұйымдастырылды. Бұл қорық Целиноградтың оңтүстік-батыс жағында 140 шақырымдай жердегі Қорғалжың көлінің оңтүстік жағалауын алып жатыр. Ол кезде оның жер көлемі 15 мың гектардай еді. 1961 жылы қорық Қорғалжың орман-аң шаруашылығы болып қайта құрылды. 1968 жылы Қазақ ССР Министрлер Советінің шешімі бойынша осы шаруашылық тағы да қорыққа айналды. Ондағы мақсат -табиғаттың көрікті орнын сақтау, аң-құстарына тиіспей, оның көбеюіне қолайлы өріс-қонысты қорғау, сөйтіп, бұл өңірдегі хайуанаттар мен өсімдіктер дүниесін тікелей зерттеу лабораториясына айналдыру еді. Қазір қорық аймағына Теңіз, Қорғалжың көлдер жүйесінің біразы енеді, Жер көлемі 183,7 мың гектар. Оның көпшілік бөлігі Асаубалық, Қоқай, Есей, Қорғалжың және Теңіз көлдерінің еншісінде. Сондай-ақ Бозарал түбегі және Мыңжылқы аралы да қорық аймағына енгізілген. Жағаларында жайқалып қамыс-құрақ өскен. Әсірес, қамысты қопалар Нұра және Құланөтпес өзендерінің Қорғалжың көліне құяберіс атырауында шоғырланған. Қорықтың біраз жерін жусан, бозшөп сияқты өсімдіктер кездесетін дала аймағы алып жатыр. /25/

Республикамыздың бұл өңірінде қорық ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар. Көктемде осы су торабы арқылы Каспий теңізі жағалауында, Пакистанда, Үндістанда және Солтүстік Африкада қыстап шыққан жыл құстарының солтүстікке қарай ұшу жолы өтеді. Сәуір, мамыр айларында Қорғалжың мен Теңіз көлдерін су құстары мекендейді. Ғылыми қызметкерлердің есебіне қарағанда, Қорғалжың көліне 32 мың қасқалдақ, 10-12 мыңдай үйрек, көптеген аққу, қаздар және басқа да құс түрлері жұмыртқалайды екен. Сондай-ақ, онда дүние жүзінде саны тым азайып кеткен аққұтан, қызыл жемсаулы қасқалдақ, бірқазан, сары ала қаздарды да кездестіруге болады.

Қорғалжың — қорығының мақтанышы — дүние жүзінде өте сирек кездесетін әсем, ғажайып құс — қоқиқаз (фламинго). Қорықтың осы   қазды  қорғаудағы рөлі  зор. Қорық  территориясында да, көршілес жерлерде де кіші-гірім өзендер мен көлдер көп. Бұлар бір жағынан қорық табиғатының шөлді аймақтан ерекше болуына ықпал етсе, екіншіден, мұнда шөл мен далалық өңірлердің өсімдігі мен жан-жануарларының мол болуына әсерін тигізеді. Өзендер мен көлдердің сулары көктемде қардың еруіне байланысты көбейеді де, жазда азаяды.

Өсімдіктері. Қорықтың территориясында көбінесе жусан, көкпек, боз селеу секілді өсімдіктер өседі. Булардың барлығы сол жердің шөлді аймаққа жақын екендігін дәлелдейді. Өзен, көл жағаларында құрақ, қамыс, тал биік те бітік өседі. Мұның өзі қорық өңіріне көрік беріп, оны шөл даладан өзгеше етіп, табиғатын байыта түседі. Қорық даласнада Арқа жеріне кең тараған бұтаның түрі — қызғылт тобылғы орманын көреміз, оның маңында теңіздей толқыған бидайық, кілемдей құлпырған бозшөп жайқалады. Қорғалжың көлінде суда өсетін өсімдіктердің 22 түрі кездеседі. Олардың ішінде құрақ, қоға, көл қамысы және жебе жапырақ кең таралған.

Жер бедері мен ауа райы. Қорғалжың қорығы шөлді, дала аймағына орналасқан. Ол негізінен Қорғалжың және Теңіз сияқты екі ірі көлдің территориясын алып жатыр. Қорғалжың-көлінің көлемі 39,6 мың гектардай, жағаларының ұзындығы 135 километрдей, көлдің солтүстік және шығыс жағасы қыратты, тілімделген, батысы мен оңтүстігі жадағай. Орташа тереңдігі 2 метрдей. Суы тұщы, жағалауында қамыс-қоға өседі. Көл жайылма келеді, гидрохимиялық құрамында әр түрлі, оның жүйесінде бірнеше су қоймалары бар. Көл суы ертеректе өте мол болған, бірақ кейінгі жылдары Нұра өзенінің суын кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы қажетіне көбірек пайдалануға байланысты ол көлге жетпей қалып, көл бірнеше ұсақ көлшіктерге бөлініп кеткен. Теңіз көлінің көлемі 156 мың гектардай, жағаларының жалпы ұзындығы 450 километрдей, сортанды келеді. Тереңдігі 3-5 метрдей. Суы ащы, жағалауында қамыс-қоға сияқты өсімдіктер кездеспейді, тек балдырларға өте бай. Қорықтың шығысында — Нұра, оңтүстігін жағалай Құланөтпес өзендері ағады. Бұл өзендердің де жағалары қалың қамыс, көк шалғын — түрлі аңдар мен құстардың мекендеуіне қолайлы. Басқа жердің ауа райына қарағанда, қорық орналасқан ауданның климаты өзгешелеу, оған оның территориясына кіретін жағасы қопалы Қорғалжың көлі үлкен әсерін тигізеді. Қыста ауаның температурасы +38 +39 градусқа жетеді. 125-130 күндей аязсыз шуақ болады. Алғашқы суық қыркүйекте түсіп, мамыр айының басында ғана аяқталады. Жылына 200 мм шамасында жауын-шашын түседі. /27/

Жануарлар дүниесі. Ауа райы, өсімдігі сияқты жер құрылысына сәйкес жануарлары да әр түрлі бұл қорықтың территориясында құстардың 225, сүт қоректілердің 30, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 10 шақты түрі таралған. Қорғалжың көлінде балықтың көбеюі үшін қолайлы жағдай бар. Мұнда шортан, мөңке, қарабалық, аққайран, шабақ, алабұға. сазан мекендейді. Қорғалжың және Теңіз көлдерінің басты назар аударарлық байлығының бірі — су құстары. Бұл көлдерде олардың 119 түрі жұмыртқалайды, 106 түрі мұнда қоныс аудару және қыстайтын жерлеріне ұшу мезгілдерінде мекендейді. Осы қорықтың «құс базары» деп аталуы өте орынды. Мәселен, мұнда жалпақ тұмсық құстардың 27 түрі және балшықшылардың 30 түрі бар. Бірқазан, дуадақ, көкқұтан сияқты құстарда жайлайды. Бұл құс базарында жер шарында өте сирек кездесетін аққұтан, жемсаулы қызыл қасқалдақ, бұйра бірқазан, поляр жапалағы, жемсаулы қарашақаз, тұрпан, жалбағай, күжіркей және басқа құстар бар. Қорғалжың көлінде шағалалар, қасқалдақтар, қызыл үйректер және қызыл тұмсық үйректер көптеп жұмыртқалайды. Мұнда еліміздегі аққудың ең көп колониялы ұясының бірі орналасқан. Бұл айдың көлде осы аталған су құстарымен бірге тұз құстары да көп болады. Теңіз көлінде мекендейтін қанаттылардың түрі онша көп болмағанымен мұнда олардың ерекше түрлері қоныстанады. Бұл көлде көгілдір, сұр, қарабас шағалалар, өгіз шағалалар, қаратұмсық шағала, жіңішкетұмсық және бізтұмсық шағалалар тобымен ұялайды. Сондай-ақ, Теңіз көлі Солтүстік Азиядағы сары ала немесе итала және қара ала қаздардың ең бір жаппай мамырлайтын орны. Бұл көлдің басты айрықша ерекшелігі — мұнда қоқиқаздар ұялап мамырлайды. Осы көгілдір өлке — қызыл қаздың ұя салатын солтүстіктегі ең шеткі мекені.

Қоқиқаз немесе қызылқаз — дүние жүзінде өте сирек кездесетіндігімен назар аударады. Бұл елімізде, тек Қазақстан жерінде — осы Теңіз көлінде ұялап, жұмыртқа салады. Оны кейде қызылқанат деп те атайды. Ол көлдің адам аз баратын аралдарында жұмыртқалап, балапандарын сонда өргізеді. Оның ерекшелігі бірнеше жүзден немесе мыңнан бір жерге тобымен ұялайды. Қызылқаз — дүние жүзіндегі ең бойшаң құстардың бірі. Оның биіктігі — 1,5 м болса, салмағы орташа — 4 кг-ға жетеді. Орыстың белгілі табиғат зерттеушісі Г.С.Карелин «Төрт аяқтылар ішінде түйенің ерекше көрінетіндігі сияқты, бұл ғажайып құс қанаттылар ішінде сырт пішінімен таң қалдырады» деп дәл тауып , айтқан. (8-сурет.)  

Айдын-шалқар көл еркесі — аққу. Қорықтың айдын — көлдерінде сыбырлауық аққуда тіршілік етеді. Көгілдір айдын байлығы — қоңырқаз. Бұл қаз жағасында жайқалып қамыс-құрақ, қоға өсетін  өзен-көл құсы. Қорықтың алқабында қоңырқаз Қорғалжың көлінде және Нұра өзені бойында таралған. Бұл аймақтарда көктемде және күзде қоңырқаздар көптеп кездеседі. Сонымен қатар, түлкі, қарсақ, жабайы шошқа, күзен, зорман, ондатр, суырларда көбірек кездеседі. /31/

Қорықтың болашағы. Бұл қорықтың ғылым үшін зор маңызы бар. Табиғат байлығы мол Қорғалжың қорығының бүгінінен ертеңі қызық. Ол республикамыздың табиғаты сұлу, айдын көл еркелері атанған құстар мен суда жүзген балығы мол інжу-маржандарының бірі. Сондай-ақ, ол ғалымдарымыздың туған өлке фаунасы мен флорасының табиғи дамуын зерттейтін лабораториясы.

Қорыта айтқанда, Қорғалжың қорығының негізгі объектісі — су байлықтары, көбінесе су құстары болып табылады.

 

Қоқиқаз

 

 

8-сурет

2.6. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы

 

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы — 1976 жылы 4 тамызда Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданы территориясында құрылған алтыншы мемлекеттік қорық. Бұл қорықты ұйымдастырудағы негізгі мақсат — бірегей Марқакөл көлі мен оны қоршаған ландшафтың қорғау, маңайда сирек кездесетін бағалы аңдар мен құстарды және көктемде балық уылдырық шашатын өзендер арналарын қорғау, сонымен бірге жанға сая болатын орманын, ақ шабағы шаршыған айдын-көлі мен өткел бермейтін асау өзендерінің сұлу да әсем табиғатын табиғи қалыпта сақтау мақсатында құрылды. Қорықтың қазіргі көлемі 75048 га, оның едәуір бөлігін (46045 га) Марқакөл көлі су айдыны алып жатыр. Құрғақ жері екі бөлімге: оңтүстік-шығыс жағалауы мен Азутау жотасының солтүстік баурайы, Тополевка өзені аңғары мен Күршім жотасының су айрығы бөлігіне бөлінген. Қорық көлемі 2221 га қорғалатын аймақпен қоршалған. Демалу шараларын іске асыру үшін көл айдынының шығыс бөлігінен көлемі 1500 га аймақ спорттық және әуесқой балық аулауына бөлінген. Қорықтың орталық үй-жайы Урунхайка елді мекенінде орналасқан. Қорық жері Оңтүстік Алтай тауында орналасқан, ол Оңтүстік Сібірдің таулы-тайгалы ландшафтысының оңтүстік-батыс шеті болып табылады. Физикалық-географиялық аудандастыруға сәйкес Алтай таулы облысының Оңтүстік Алтай провинциясына жатады.

Жер бедері мен ауа райы. Марқакөл — Алтайдың ең ірі су қоймасы. Ол теңіз деңгейінен 1500 м биіктікте әдемі тау аралық шұңқырда орналасқан.  Көл сопақша  созылған пішінді және  солтүстік-шығыстан  оңтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Оның ұзындығы 38 км, енінің ең кең жері 19 км, жаға сызығының ұзындығы 106 км, тереңдігі 24-27 м. Көл шұңқыры қоршаған жоталардан: Күршім — солтүстік пен батыстан, Азутау — оңтүстік пен шығыстан, Сорвенковский-солтүстік-шығыстан пайда болған. Жоталардың теңіз деңгейінен биіктігі 2000-3000 м. Ең биік жері — Ақсу-Бас (3304,5 м). Көлдің пайда болуы альпі тектоникалық айналымының төрттік дәуірдегі мұздық кезеңінің бірімен байланысты. Сол кездегі көтерілулер мен төмен түсулер нәтижесінде қазіргі жоталар мен тауаралық шұңқырлардың қатпарлы жүйелері қалыптасқан, олар кейін мұздыққа айналған. Осы мұздықтар ізі Күршім жотасы ұшында жақсы байқалады. /5/

Марқакөлдің батыс, солтүстік және солтүстік-шығыс жағалауы ені 1-2 км көл маңы шалғынды жазық болып табылады. Көлді қоршап тұрған жоталардың тайгалы баурайлары салыстырмалы тік жарлы, түбінен тасқынды өзендер мен жылғалар ағып өтетін аңғарлар мен шексіз ормандардың бөлінуі оларға тән. Ормандарда балқарағай басым, тек солтүстік баурайларында қалың самырсынды — балқарағайлы екпе ағаштар кездеседі. Қарақат, үшқат, таңқурай және тобылғының биіктігі екі метр қалың өскен тоғайларынан тұратын, өтуі қиын биік шөптер орман үшін тән жағдай. Жотаның су айрықтарын субальпі мен альпі шалғындары, мүкті-қыналы, бұталы және тасты тундра алып жатыр. Тау шыңдары — әдеттегі тақыр тастар үшін тау жынысты үлкен домалақ тастар. Олар жиі үлкен көлемді жерді алып жатады. Күршім жотасының солтүстік-шығыс бөлігінде қарлы шың құздар бар. Олар үлкен тік жарлы сайларға тілімденген және олардың түп жағында тоған тәрізді альпі көлдері бар. Сорвенский және Азутау шыңдары тегістеу келген, күмбез тәрізді. Марқакөл көліне су 95 әр түрлі су көзінен келіп құяды. Едәуір ірі өзендер — Тополевка, Төменгі Елопка, Тихушка, Матабайка мен Тығыз кілт. Бұлар кәдімгі тау өзендері, салыстырмалы жіңішке тасты арналы, ені 2-5 м, тереңдігі 2-3 м және өз сағасында атырауға ұқсас қиякөлең-қырықбуынды салдар түзеді. Қара Ертіске құйылатын, тек бір ғана өзен Қалжыр (ұзындығы 128 км) Марқакөлден басталады. Көлдер қыста қатады, 6 қарашадан 4 желтоқсан арасында, орташа 20 қарашада мұз қатады. Қалжыр өзенінің қайнар көзі ғана қатпайды, онда көк ала үйрек, айдарлы сүңгуірлер мен үлкен бейнарық қыстайды. Кейбір өзендер арналарында (Тополевка, Урунхайка) шағын жылымдар болады. Көлдерде мұз жарылуы орташа 9 мамырда, ал мұздың толық босауы 27 мамырда жүреді.

Ауа райы қатаң континентальды, қысы қары көп әрі қатаң және жазы қоңыржай әрі ылғалды. Марқакөл ауданы Қазақстан мен Алтайдың ең салқын жері. Қазан басында алғашқы қар түседі. Қар жабыны әдетте қарашаның  бірінші жартысында, ал кейбір жылдары (1984) қазанның екінші, үшінші он күндігінде тұрақталады. Қар 110-170 күн жатады. Қар жабынының орташа тереңдігі 87 см, қардың ең қалың кезеңі наурыздың бірінші, екінші он күндігінде байқалады, яғни осы кезде қар көп түседі. Кей жылдары (1984-1985) қар 150-200 см-ге дейін түседі. Әсіресе, 1996, 1997, 1998, 2000, 2001 жылдары қыста қар өте көп түседі, Марқакөл елді мекендеріндегі үйлердің шатырына дейін қар көміп қалды. Қар әдетте көл жағалауларында мамырдың бірінші онкүндігінде, ал тау су айрықтарында мамырдың соңы мен маусымның басында ериді. Мамырдың екінші жартысында (1983,1984) және тамыздың үшінші онкүндігінде (1978,1979) қар жауып, қатты суықтардың болуы жиі кездеседі. Марқакөл қорығында төрт табиғи аймақта алты табиғи белдеу: нивальды (қарлы) аймақта биік таулы нивальды белдеу, альпі тундралы-шалғынды аймақта альпі-тундралы және субальпі белдеулері, таулы-орманды аймақта таулы-тайгалы белдеу, таулы-орманды-далалы аймақта таулы орманды-далалы және таулы шалғынды-далалы белдеу орналасқан.

Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. Марқакөл шұңқыры ландшафтысы флораға бай, жоғары өзекті өсімдіктердің 1000-дай түрі, сонымен қатар ағаштың 12 түрі мен бұтаның 22 түрі бар. Мұнда Қазақстан қызыл кітабына енгізілген, құрып кету қаупі бар және сирек кездесетін 15 өсімдік түрі — таңдамалы қылтанақ, дала және кәдімгі тау шымылдық, сібір қандығы, қар дәуаяғы, ала күлте қызғалдақ, қызғылт семізот, алтай рауғашы, мақсыр маралтамыры, секпіл шолпан кебіс, сабақсыз тегістұқым, жапырақсыз орашық, альпі дифазиаструмы, алтай тау тобылғысы, фукс сүйсіні, бұйра лалагүл кездеседі. Қорықтың Алтай-Саян аймағы зәузат қорының эндемиктік түрлерін сақтауда маңызы зор (Алтай сабынкөгі, шашылған шегіргүл, алтай бәрпісі, ұқсас қазтамақ). Көлде және оның түбінде хайуанат пен өсімдік организмдерінің 160-тан астам әр түрлі пішіндері тіршілік етеді. Көлде жүзген балықтардың негізгі төрт түрін атап өтуге болады. Солардың бірі — албырттар тұқымына жататын майқан немесе қаяз балығы. Дене тұрқы 46-70 см, шоғырланбай, бытырап жүріп, тіршілік ететін балық. Мұндағы хариус — тұщы су балығы. Марқакөлде ол мұз ерісімен уылдырық шашып көбейеді. Дене тұрқы 20-30 см, салмағы 450 грамдай, омыртқасыз жәндіктермен қоректенеді. Дене пішіні 7-30 см, салмағы 250-300 грамдай болатын теңге балық та осында тіршілік етеді. Уылдырығын мамыр-маусым айларында шашады. Бұрынырақ Марқакөлден талма көбірек ауланатын, кәсіптік маңызы бар болатын. Оның дене тұрқы 30-75 см келген. Соңғы жылдары бұл балықтардың қоры азайып кеткен. Қорықтың жануарлар әлемі алуан түрлі. Омыртқасыздардан көл мекендеушілер құрамы жақсы зерттелген. /8/

Қорықта қосмекенділерден кәдімгі құрбақа мен сүйіртұмсық көлбақа, ал бауырымен жорғалаушылардан секіргіш және жасыл кесіртке, кәдімгі сұржылан мен кәдімгі су жыланы тіршілік етеді.

Құстар фаунасы алуан түрлі. Марқакөл шұңқырында әр түрлі жылдары белгіленген 258 түрдің, корық құрылғалы бері 239 түрі табылды. Оның 140 түрі ұялайды. Марқакөл көлінде суда жүзетін құстардың 17 түрі мекендейді. Айдарлы сүңгуір, сусылдақ үйрек, сүр үйрек, сарыайдар үйрек, маңырауық үйрек, үлкен бейнарық, отүйрек, даурықпа және ысылдақ шүрегейлер едәуір көп кездеседі.

Қорықта Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар құстардың 19 түрі кездеседі. Оның  ішінде сегізі қара дегелек, сұр тырна, үкі, балықшы тұйғын, аққұйрық су бүркіті және алтай ұлары ұялайды. Бірегей балыққоректі жыртқыш — балықшы тұйғынның ұялайтын популяциясы он жұп. Ол республикадағы негізгі болып табылады.

Қорықта тіршілік ететін сүтқоректілердің 58 түрінің ішінде тайга мен биік тау өкілдері басым. Мұнда бұлан, елік, сібір ешкісі, ал жыртқыштардан қоңыр аю, қасқыр, түлкі, сібір сілеусіні, құну, бұлғын, ақкіс, сарғыш күзен, сарыкүзен, сасық күзен, американ су күзені, аққалақ, құндыз, тұяқтылардан марал бар.               (9-сурет.)

Анда-санда барыс пайда болады. Насеком қоректілерден алтай көртышқаны мен жертесерлердің бірнеше түрі, жарқанаттардан су жарқанаты, Брандт жарқанаты, құлақты жарқанат, терістік жарқанаты; қоян тәрізділерден — аққоян мен алтай шақылдағы кездеседі. Сонымен қатар тиіндар отряды өкілдері — алтай тиіні, сұр суыр, борша – тышқан, ұсақ тышқан тәрізді кеміргіштер, сонымен қатар Оңтүстік Алтай эндемигі -Страутман тышқаны тән.

Көл маңының табиғат көркіне көз тұнады. Тау етегінен жоғары қарай өрмелей өскен қол саласындай ну орман. Тау жоталарының теріскей беткейінде орман ағаштары 1700-1800 м, ал күнгей беткейінде теңіз деңгейінен 2300-                2400 м биіктікке дейін өседі. Айдын көл жағасынан тауға көтерілген сайын дала, орманды-дала, субальпі және альпі белдеулеріне тән өсімдіктерді кездестіруге болады. Тау етектері мен өзендері бойында қайың, көктерек және теректер өседі.

Мұнда мүк, қына, алтайтырбық қайыңы да кездеседі. Жалпы алғанда, қорықта өсімдіктердің алуан түрлері таралған. Тіпті орманның өзінің 19 түрі кездеседі. Сондай-ақ, қорық жерінде алуан түрлі палеонтологиялық қазба байлықтар бар. Марқакөл қорығы аң-құстар түрлеріне өте бай. Онда сүт қоректілердің 40, құстардың 200-ден астам түрі мекен етеді. Оған қоса бұл аймақта қос мекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 6 түрі таралған. Тәулігіне орман ішін аралаған адамға 20-30 құр кездестіруге болады. Көл бетінде су еркесі — аққу қалықтайды. Сол сияқты бұл қорыққа бұрын осы маңда мекендеген марал, камшат және басқа да аңдарды қайта жерсіндіру мәселесі ойластырылған. /16/

Келешек сұлулығына көз тоймайтын Марқакөл жағасында қорықтың орталығы бой көрсетіп, онда ғылыми лаборатория, табиғат музейі және қорықшыларға тұрғын үйлер салынады деген жоспарлар бар. 2005 жылы қорық шекарасын кеңейту жөніндегі көптен күткен жоба жұмысы жүргізілді, оған Тихушка мен Қалжыр өзендері  аңғары  арасындағы  Күршім  жотасына  жақын баурайы мен Марқакөлдің солтүстік және батыс жағалауы кіреді. Жан аямай қорғау нәтижесінде қорық ормандары өрт пен кесуден сақталады, шалғындар өзінің көп гүлдері және ашық бояуларымен көз тартады, ал Марқакөл біздің жеріміздегі ең таза және ең әдемі көлдердің бірі болып қалады!

Марал

9-сурет

2.7. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы

 

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы — 1984 жылы 12 шілдеде Қазақ СРО Министрлер Кеңесі қаулысымен заңды түрде ұйымдастырылды, ол Маңғыстау облысының оңтүстігінде Ералы ауданында орналасқан. Оның көлемі 223300 га. Арал-Каспий су айрығының табиғи келбеті қайталанбас ерекше, онда кең көлемді қиыршық тас — тасты шоқы Үстірт орналасқан. Қорық жерінде үстірт 1-3 км жіңішке жолақ, ал солтүстігінде ені 5-10 км болып орналасқан. Қорықтың негізгі орталығы — Кендірлісер соры, оның көлемі 50 мың га. Оған жалғасып жатқан төбелі — адырлы Қарынжарық ойпатын түзеді. Сазды тасты-қиыршық тасты жазықтықтан үстірт ойпатқа бірден түседі. Үстірттің батыс бөлігі жіңішке ұзын таспа болып бүкіл қорық арқылы созылып жатыр, Ал оның шекарасынан тыс батыс бағытына тағы 80 км-ге созылады. Үстірт сатысының жалпы биіктігі 200-250 м.

Климаты. Аймақтың ауа райы жағдайы өте катаң. Атақты ғалым Эдуард Эверсманн бұл өлкені «қатаң жер» деп сипаттады, ол дерлік екі ғасыр бұрын жұмбақ үстіртке алғаш ғылыми сипаттама берді. Шын мәнінде ауа райы қатаң континентальды, ішуге жарамды тұщы су дерлік жоқтың қасы, адамның бұл аймақта ұзақ уақыт болуы мүмкін емес. Мұнда жазы өтe құрғақ және ыстық, жекелеген жылдар да температура +40 градусқа жетеді. Қыс айларында температура жиі -41 градусқа төмендейді. Осы кезеңде қатты жел мен қарлы боран жиі болады. Дегенмен кей жылдары қыс қарсыз өтеді. Көктайғақ пен жұт едәуір жиі. Жауын-шашын аз, олардың жылдық орташа мөлшері 120 мм-ге зорға жетеді.

Үстірт жері қазіргі ботаника-географиялық аудандастыру бойынша Сахара, Гоби шөлі облысының Солтүстік тұран провинциясы құрамына кіреді. Қорық нағыз немесе орта шөл аймағының Үстірт және Маңғыстау өңірінің түйіскен жерінде орналасқан.

Өсімдіктер дүниесі. Мұнда сараң өсімдіктер басым. Үстірттің орталық бөлігіндегі өсімдіктер негізін баялыш бұйырғын және боз жусан құрайды. Қорық жерінде Үстіртке тән ландшафт пен өсімдік түрлерінің барлық алуан түрлілігі кездеседі. Мұнда жонның сазды-тасты жерлерінде бұйырғын ақ жусанмен сонымен қатар, түйесіңір мен бұталы шырмауық араласып өскен. Үстірт алдындағы ізбестің жалаңаштанған жерінде түйесіңір мен шырмауықтан басқа, қараған мен итсигек, ал жусанды-сораңды жабында біржылдық астық тұқымдастар — шығыс мортығы мен арпаған өседі. Ылғалдылығы жоғары сазды жерлерде ылғал сүйгіш шалғын астық тұқымдастарынан ажырық, қазоты, қамыс өседі. Кей жерлерде жантақ пен кендір қара сексеуіл ағашының нағыз тоғайлары көзге түседі, көбіне жиде, жыңғыл аласа бұталар түрінде, лианамен шырмалған түйешырмауық пен жібілген көп кездеседі. Үстірттің батыс бөлігіндегі жыраларда жыңғыл мен астық тұқымдастар, қамыс, алабота қатысқан мезофильді сәйкес өсімдіктер кездеседі. Адырының биіктігі 20-40 м, Қарынжарық шұңқырының ірі адырлы құмдарында жүзгін мен қоянсүйек араласқан ақ сексеуіл тоғайлары кездеседі. Адыр баурайларында тасшөп, қау, жусан, жантақ тағы басқа өседі. Адырлар арасындағы сайларда қара сексеуіл жиі кездеседі. /3/

Қорық ауданы флорасында 43 тұқымдас 163 туыстың өзекті өсімдіктерінің 250 түрі бар. Қорықта Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген, сирек кездесетін өсімдіктердің төрт түрі: кәдімгі жұмсақ жеміс, майда қатыран, хиуа ақсорасы мен берік сүттіген кездеседі. Қатаң ауа райы жағдайына қарамай, қорық жануарлар әлемі бай және алуан түрлі. Мұнда сүт қоректілердің 50-ден астам түрі тіршілік етеді, оның ішінде сирек кездесетін қызыл кітаптық түрлер — итаю, шағыл мысығы, сабаншы, қарақал кездеседі. Қазақстан Қызыл кітабына қара кірпі, ала жертесер, шұбар күзен және қорықта анда-санда кездесетін қарақұйрық, сонымен қатар, саны үнемі азайып бара жатқан үстірт жабайы қойы  енгізілген.

Жануарлар дүниесі. Қорықта Қызыл кітаптық түрлерден басқа, құмтышқандар, соқыртышқан, қосаяқтар, саршұнақтар, ақбөкен, құм қояны және басқалар әдеттегі түрлер болып саналады. Қорықта белсенді жыртқыштар да — қасқыр, түлкі, қарсақ, шүйебөрі де кездеседі. 200-дей құс түрі бар, небары 52 құс түрі ғана ұялайды. Үстіртте дуадақ, саны өте аз, ең саны көп-бозторғайлар. Үстіртте жиі кекілік пен көк кептерді, сирек құзғын мен құмайды кездестіруге болады. Қорықта бауырымен жорғалаушылардың 27 түрі, оның ішінде кесірткенің 17 түрі мекендейді. Жалтырауық және тарақ саусақты жармасқылар үстіртте, тасты баурайлар жырасында және Қарамай тауында тіршілік етеді. Жыландардан үстірт пен қорықтың құмды сайларынан түрлі түсті қарашұбар оқжылан, қалқантұмсық жылан және абжыланды кездестіруге болады. (10-сурет.) /22/

Аб  жылан

10-сурет

Тасбақа қорықтың дерлік барлық -жерінде, едәуір ылғалды жерлерде қос мекенділердің жалғыз түрі жасыл құрбақа, бұлақта балықтың бір түрі кездеседі.

Үстірт қорығы жерінде көптеген басқа да көзге түсер нысаналар сақталған. Ең алдымен бұлар әр түрлі тасқа айналған ежелгі омыртқасыздардың қалдықтары, өсімдіктер және басқалар. Батыс Үстірт маңы мен Қарынжарық құмынан адамдардың неолитикалық тұрған жерлері, Күнград, Жаңа-Өзен, Ақтау топырақ жолы бойында ескі жерленген жерлер табылды. Бұл жол Хорезм шахының ежелгі көш жолының тармағы, ол Хиуаны Каспий теңізі және Жайықтың төменгі ағысымен байланыстырып тұрған. Қорықта жол Көгісем құдығына тіреледі.

 

2.8.  Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы

 

Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы — Қазақстан Алтайы тау жүйесіндегі биогеоценозды кешенді қорғау мақсатында 1992 жылдың 3 шілдесіндегі №І519-ХІІ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Қаулысымен құрылды. Оның көлемі 56078 га, ол Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс шекарасында, екі әкімшілік аудан жерінде — Риддер және Зырянда орналасқан.

Негізгі тау жоталары: Линей, Коксин, Иван және Ульба, өте биік емес және бедері бүлінген сипатта. Линей белкасының гранитті қалдықтары — бірегей түзілістер, бұлар өткен ғасырлардың ерекше геологиялық ескерткіштерінің бірі. Қорық территориясы құрылысына перм және девон кезеңдерінің атылып шыққан тау жыныстары, сонымен қатар ең жас төрттік дәуір түзілістері қатысады. Тауда Сидяшиха, Линейчиха, Каменушка, Палевая арналары бар Қара және Ақ Уба өзендерінен тұратын гидрологиялық жүйе жақсы дамыған. Осы өзендердің қайнар көзінде қар дәуірінде пайда болған ұсақ биік таулы көл жиынтықтары  бар.  Ең ірі көлдер Кедр және Щербаков. Олар орман және альпі аймақтары шекарасында орналасқан. Ондаған ұсақ жылғалар жоғарыда батпақ түзеді, оның ішінде Батыс Алтайдағы Қара Убаның шығар жеріндегі «Гульбище» ірі батпағы. Өзендердің негізгі қорегі — қар, сондықтан су тасуы мамыр-шілдеде, ал қараша мен наурызда су аз болады. /4/

Климаты. Қорық территориясы әр түрлі аймақ қиылысында Оңтүстік Сібір мен Орталық Азия таулары, Батыс Сібірдің кең жазықтықтары мен Қазақстан шөлдерінде орналасқан. Мұхиттан және ашық теңіздерден аулақ орналасқанына байланысты ауа райы қатаң континентальды, жылдық және тәуліктік температурасы +1,5 градус. Жылы кезең ұзақтығы 130-145 күн. Жазда, мамыр соңынан қыркүйек ортасына дейін, ауа темиературасы күндізгі уақытта +18+24 градуста болатын қолайлы ауа райы басым. Ең ыстық ай шілдедегі ауаның орташа температурасы +16,7 градус. Қысы салыстырмалы жұмсақ, ең суық ай қаңтардың температурасы -12,9 градус, ең төменгі температура -46,7 градус. Температураның тәуліктік ауытқуы онша жоғары емес: желтоқсанда ол 3,5 градустан, ал шілдеде 10,5 градустан аспайды. Ең жоғарғы температура +41,5 градус. Қардың ең қалың жабыны Иванов жотасы адырында байқалады. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 3-4 м/сек, қаңтарда жоғары және шілдеде төмен болады. Кейде жел жылдамдығы 15-20 м/сек-қа жетеді.

Өсімдіктер дүниесі. Қорықтың топырақ жабынында орта тау және биік тау «белдеулеріне тән негізгі топырақ түрлері: ақшыл-сұр орман, таулы-орман, таулы-шалғынды альпі, таулы орманды шалғынды топырақтар, сонымен қатар шалғынды-батпақты және батпақты топырақтар бар. Батыс Алтайға тән өсімдік бірлестіктерінің алуан түрлілігі белгіленіп отыр: ұсақ жапырақты және таулы-тайга ормандары, субальпі және альпі шалғындары, биік таулы тундра.                        (11-сурет.)

Қара және Ақ Уба өзен аңғарларында көлемі шағын ұсақ жапырақты ормандар орналасқан. Негізгі орман құрушы ағаштар: қотыр және үлпек қайыңдар, сонымен қатар тал түрлері. Шілік тоғайларда алтай үшқаты, орта тобылғы, сібір шетені, қызыл қарақат әдеттегідей болып табылады. Шөптесін өсімдіктердің түр саны шектеулі, олардың арасында ақезу бәрпі, биік тегеурінгүл,  тілік  балдырған,  сібір  кәдісі,  орман  бетегесі,  ұсақ   торлы   жуа,

Лангсдорфа айрауығы тағы басқа кездеседі. Теңіз деңгейінен 1700-1900 м биіктіктегі орманның жоғарғы жолағын самырсындар мен балқарағайлар алып жатыр. Негізгі орман түзуші ағаштар — самырсын мен балқарағай. Субальпі және альпі шалғындары теңіз деңгейінен 1800-2200 м биіктікте орналасқан. Субальпі шалғындары орманның жоғарғы шекарасына кіреді,  сөйтіп биіктік 2,5 м  қалың  шөптесінді шалғынды құрайды. Оның құрамында әдетте жалпақ жапырақты горькуша, марал тамыры, шай тиынтығы болады. Ылғалдылығы жоғарғы жерлерде көбіне қызғылт семізот пен суық, семізот қалың болып өседі.

Алтай күнгелдісі субальпі шалғыны

11-сурет

Қорық флорасында 84 тұқымдас 339 туыстың 804 түрі бар. Басты тұқымдастардың үлестік қатынасында Голарктиканың қоңыржай  аймақтарындағы флораны көрсетеді. Оның маңызды белгісі — өзгешеліктің жоғарғы дәрежесі. Мұнда 60 эндемиктік және субэндемиктік түрлер өседі. Оның 5-еуі тар таралған эндемиктер, тек қорық территориясынан ғана белгілі. Қазақстан Қызыл кітабына 25 түр енгізілген: қауырсынды қау, кәдімгі баранец, ұсақ торлы жуа, қандық, тамшылы шолпанкебіс, алтай рауғашы, көктем жанаргүлі, дала тау шымылдығы, алтай тау тобылғысы, мақсыр маралтамыры, қызғылт семізот және басқалар. Жалпы алғанда, қорықтың бар флорасының 10,2 % немесе 82 өсімдік түрі ерекше қорғауды қажет ететін топқа жатады. /17/

Жануарлар дүниесі. Қорықтағы жануарлар әлемі алуан түрлілігі ішіндегі ең көзге түсетіндері: сүт қоректілер, құстар мен насекомдар. Сүт қоректілердің 6 отрядының яғни, насеком қоректілер, қолқанаттар, қоян тәрізділер, жұптұяқтылар, кеміргіштер мен жыртқыштардың 52 түрі бар. Соңғы 2 отряд өкілдерінің саны көп, сонымен қатар шаруашылықта, экологиялықта маңызы зор түрлер болып табылады. Ірі жыртқыштардан аю мен түлкі сирек, сілеусін барлық жерде кездеседі. Қасқыр тек 1982 жылы бірінші рет Коменушка өзенінің аңғарында пайда болды. Қазіргі кезде Уба мен Тургусун өзендерінің жоғарғы жағында аз кездеседі. Құну өте аз кездеседі, жылына 1-2 дарасының іздері Линей және Коксин жоталары маңынан есепке алынады.

Қорық ормандарында терісі бағалы мына аңдар: бұлғын, сары күзен мен сарғыш күзен әдеттегідей кездеседі. Барлық өзендерде өткен ғасырдың 50-ші жылдарында жерсіндірілген құндыз бен американдық күзен мекендейді. Кеміргіштердің көбі жыртқыштармен тығыз байланысты әсіресе, терісі бағалы аңдармен, өйткені олардың негізгі қорек нысаны болып табылады. Бұлар  ең  алдымен,  ең  көп  санды  түрлері:  қызыл,  қызғылт-сұр  пішен,  су тоқалтістері, кәдімгі және Орталық Азия орман тышқандары. Тіпті жайылма және альпі шалғындағы бүкіл өмірін жер асты індерінде өткізетін бураубасты сарғыш күзен, сілеусін, аю, борсық және қасқыр жейді. Қорық ормандарындағы ең көзге түсетін кеміргіштер: ұшар, тиін және борша тышқан. Қазақстандағы ең ірі тұяқты бұлан мен ең кішісі құдыр, сонымен қатар марал мен елік қорықта аз кездеседі. Бұған себеп-қысқы кезеңде қорғалатын территориядан тыс, қары аз жерлерге қоныс  аударып  кетуі. Осындай  қоныс аудару кезінде көп бөлігі қаскерлердің қолына түседі.

Қорықтағы құс фаунасы, толық емес мәліметтер бойынша, 130 түр, оның ішінде шамамен 100 түрі ұялайтын құстарға жатады, Олардың ішінде торғай тектестердің көптеген түрлері басым: жасыл, арай, саяшыл, қоңыр сарықастар, самырсын құс, ала бұлбұл, қызылтамақ бұлбұл, кәдімгі сайрауық, орман қызылқунағы, кәдімгі құралай және басқалар. Қазақстан үшін сирек, керемет әдемі көкқұйрық бұлбұл мен көкшіл бұлбұл тек қорықта ғана ұялайды. Сұр құрдан басқа, тауықтектестер: құр, меңіреу құр, ақшыл мен тундра шілі аз кездеседі, бірақ биотоптардан көзге түсіп тұрады. Орманның барлық түрінде тоқылдақ тәрізділер: бұрмамойын, қара тоқылдақ және үшсаусақты тоқылдақ, ал су қоймаларында үйректер кездеседі. Қорықта басқа омыртқалы жануарлардан балықтар (сібір хариусы, талма балық), бауырымен жорғалаушылардың 4 түрі су жыланы, дала сұр жыланы, секіргіш және жасыл кесіртке және қосмекендер кәдімгі құрбақа, сүйіртұмсық бақа кездеседі. /32/

Омыртқасыз жануарлар әлемі бай және алуан түрлі, бірақ зерттелмеген. Қызыл кітаптық түрлер: әдемі қыз инелік, дала шегірткесі, түйіршікті деракантина, керемет және Геблер барылдауық қоңыздары, буылтық құрт — ерекше эйзения, моллюска — монохойдес акулеатасы — ерекше тартымдылары болып табылады. Мұнда табиғатты әшекейлейтін сирек қоңыз түрлері хош иісті қоңыз, кішкене мүйізтұмсық, балауызшы және тағы басқа күндізгі көбелектер махаон, апаллондар — кәдімгі, подалирий, Феба, Клариус кездеседі. Түнгі көбелектерден әдемілері Гебкірекейі мен түнгі кіші тауыс көзі.

Қорықта ғылыми-зерттеу жұмыстары енді ғана басталды. Келешектегі алғашқы мақсат — қорықтағы барлық биологиялық және табиғи-ландшафты нысаналарға инвентаризация жүргізу, Қара Уба мұздықтары маңында қалдық фитоценоз бен жануарлардың сирек кездесетін түрлердің жағдайларына мониторингті бақылау жасау үшін тұрақты мекеме ұйымдастыру.

 

2.9.  Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы

 

Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы — Тентек өзені атырауындағы жануарлар мен өсімдіктер әлемі, табиғи бірлестіктерді, сонымен қатар, Алакөл көлі аралдарындағы мойнақ шағаланың бірегей популяциясын және басқа топтас құстарды қорғау мақсатында 1998 жыл 21 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысымен құрылды. Ол Алматы облысының Алакөл ауданымен Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында орналасқан.

Қорықтың алғашқы көлемі 12520 гектар болатын, сонан кейін 20743 гектарға кеңейтілді. Қазіргі уақытта оған Тентек өзені атырауы мен Алакөл көлі аралдары кіреді. Бір бөлімше айналасында көлемі 21547 га 2 шақырымдық қорғау аймағы құрылған. Қорғалатын аралдар, үлкен арал төбе, орта және кішкене арал төбе айналасында да көлемі 5130 га 2 шақырымдық аралдық аймақ белгіленген. Мұның ішінде аң, балық аулауға, қайықтар кішкене кеме мен басқа да жүзетін заттар тұрағына тыйым салынады.  Алакөл  Сасықкөл көлдер жүйесі Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігі Тарбағатай мен Жоңғар Алатауы тау жүйелері арасындағы шөлді ойпатты алып жатыр. Ойпат ортасында ірі көл жүйелері — Сасықкөл, Қошқаркөл, ұялы Алакөл, Жалаңашкөл орналасқан. Қазіргі ландшафттар Мұздық дәуірден кейінгі ксеротермиялық кезеңде пайда болған көл бедері сатылы ойпаң жер жазықтығы түрінде, ол ежелгі теңіз және тұзданған көл шөгінділерінен қалыптасқан, көлді cop топырақты, шалғынды-батпақты және cop шалғын топырағы басым 10-25 шақырым жолақ жиектейді. Алакөл шұңқырында топырактың шөлді түрі басым. Өзендер мен көлдердің жайылма сатылы жағаларында шалғынды тоғай өсімдіктері астында аллювиальды шалғын топырағы, ал батпақ пен көлдің төменгі жағалауларында қияқ-қамысты құрамасында шалғынды-батпақты топырағы кездеседі. Бұйырғын-көкпекті өсімдіктері таралған жерлерде тақырлар мен тақыр тәрізді топырақтар кездеседі. Эфемерлі-жусанды өсімдіктер астында шалғынды сұр топырақ кең таралған, бұл cop топырақты жерлерге тән. Алакөл шұңқырының биіктеу жерлерінде карбонаты аз сұр топырақтар дамыған. /21/

Климаты. Аймақ ауа райы қатаң континентальды, жазы құрғақ және қысы салыстырмалы суық, қары аз және желді. Ауаның жылдық орташа температурасы 6,2-7,2 градус аралығында ауытқиды, ең жоғарғы +42 градус және ең төменгі -14,0 градус, шілдеде +24,1 градус. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 146 мм-ден 279 мм-ге дейін. Орташа температурасы                                0 градустан жоғарғы жылы кезең ұзақтығы 8-8,5 ай. Қазанның соңы мен қарашаның басында алғашқы қар түседі. Көл маңы жазықтығында қар жабыны қарашаның екінші жартысында қалыптасады, ал наурыздың соңы мен сәуірдің басында қар еріп кетеді. Алакөл ойпаты — Қазақстандағы ең желді жердің бірі. Жоңғар қақпасы арқылы екі қарама-қарсы бағытта жыл бойы кезектесіп соғатын жергілікті жел едәуір тән. Желдің пайда болуы Жоңғар қақпасының екі жағындағы атмосфералық қысымның үлкен айырмашылығының болуына байланысты. «Атырау» бөлімшесі Сасықкөл көлінің оң жағалауына жатады және Жоңғар Алатауынан басталатын суы мол Тентек өзені пайда болған. Өзен өзінің төменгі бөлігінде Россыпи сайында бірнеше салаға таралады. Олар — мөлшері шамамен 25-те 20 шақырымдай кең атырау түзетін тармақ. Атыраудың сулы-батпақты жерлері қалың өскен қамыс пен жүзетін литоральды ландшафттан, батпақты ойпаң жер мен көл, тармақ иірімдердің күрделі жүйесінен тұрады. Атыраудың шығыс бөлігіндегі суда жүзетін және су маңы құстарының ұялауы үшін ең маңыздысы Суқұзғын, Бірқазан, Жалыкөл және Онағаш көлдері арасындағы көлдер жүйесі, ал батыс бөлігінде — Байбала мен Қарамойын көлдер арасы. Су маңы және жүзіп жүретін өсімдіктер — құрақ, аил қоғасы, теңіз түйнекөлеңі, көл қамысы, жүзгіш шылаңы басым топтар.

Өсімдіктер дүниесі. Өзен мен арналарда кәдімгі сары тұңғиық, ақбоз тұңғиық, шөгінді мүйіз жапырақ, жебе жапырақтар, жүзгіш сальвиния, тік кірпібас, теңіз және тік ароматтары, балдыршөп, масақты егеушөп, қосмекенді таран, кәдімгі дүңгіршек кездеседі. Тұңғиықтың көп өскен жері — Оңағаш, Жалынкөл, Опытное және Күгімбай өзендері. Атыраудың көл иірімдерінде және көптеген арналарда тұңғиық едәуір кең тараған. /23/

Уақытша су басқан шұңқырларда қамыс, аил қоғасы, теңіз түйнекөлеңі, қиякөлең, шоғыр сәлемшөп басым. Батпақты жерлерде қамыс, қоға түйнекөлең бірлестіктері, ал батпақты-шалғынды топырақтарда айрауықтар, қияқтар, ажырықтар мен қараматаулар кездеседі. Шалғынды cop топырақты ойпатты көл сатыларында қамыс араласқан сораңдар тобы басым. Өрт пен кесуден қатты сиреген теректі — талды орман негізінен Тентек өзені жағалауынан кездеседі. Тентектің төменгі жағында биік дінді теректі-талды ормандарда бірлі — жарым қайың аралас үйеңкіден тұратын қалың шілік тоғайлары бар. Алаңқайларда итмұрын, татар үшқаты және жыңғыл кездеседі.

Жануарлар дүниесі. Тентек атырауында ежелден көптеген — бұйра және қызғылт бірқазан, үлкен суқұзғын, жалбағай, бақылдақ құтан, көкқұтан және үлкен аққұтан, көп шағаласы, аққанат және қара қарқылдақ, өгіз шағалалары, үлкен және кіші әупілдек, қызыл қасқа сутартар, сутартар, тартардың (кіші және мәстек) негізгі ұялар шоғырланған болатын. Атыраудағы көлдерде суда жүзетін құстардан — қасқалдақ, қызылбас сүңгуір, қызыл тұмсық сүңгуір, үлкен сұқсыр және сұр үйрек басым; саны аз — қарамойын сұқсыр, сұрқаз, сыбырлақ аққу, жалпақ тұмсық, шүрегейлер ақкөз сүңгуір; сирек кездесетіндер — қызыл жемсаулы маймаққаз, кіші және сұржақ сұқсыр үйрек, сұңқылдақ аққу, қылқұйрық үйрек, ақбас үйрек және тағы басқа. Мұнда 2000 жылы ақжағал қарқылдақтың, ал 2004 жылы кіші шағала ұялары бірінші рет пайда болды. Қамыс қопасы арасындағы құстардан басым кездесетіндері — сайрауықтар, қызғылт сары айқабақ, жалпаққұйрық бұлбұлша, бұлбұл  шырылдақ, мұртты шымшық, кәдімгі және  қамыс  құрқылтайы,  көкек,   қара  қарға, қарабас қаратамақ. Атырау өзендері мен қамысты жерлерді мекендейтін сүт  қоректілер  — доңыз, ондатр, су тоқалтісі, су жертесері, сібір  еліктері. (12-сурет.)

 Жағалаудағы шөлді жерлерде қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, ақкіс, сасық күзен, аққалақ, қалқанқұлақ кірпілер мекендейді. Кемірушілерден құмқояны, жыңғыл құмтышқаны, қызылұрт саршұнақ, үлкен және кіші  қосаяқ, соқыртышқан тағы басқа әдеттегі түрлер болып табылады.

Қорықта сүт қоректінің небары 33 түрі ғана кездеседі. Алакөл көлінің орталық, едәуір терең бөлігінде үш қорықтық аралдар (Үлкен Аралтөбе, Орта және кіші Аралтөбе) орналасқан, олар ұзындығы 17 км және шеңбері 40 км шағын аралдар тобын түзеді. Халық аралды Тасты (Каменные) деп атайды.

Ол оңтүстік жағынан 30-40 км, батыс жағынан 40-50 км және солтүстік-шығыс жағалаудан 10-15 км алшақта орналасқан. Арал қыраты біртіндеп сатылы түрде төмендейді, олар сұр қоңыр, жетілмеген тасты топырақта баялыш, тасбұйырғын, теріскен, боз жусан, рауғаш, изен және тағы басқа басым сирек шөлейтті өсімдіктер мен жабылған. Шоқы етегі шағыл — жұмыр ұсақ тасты саз топырақты және шағын cop топырақты жерлерден тұрады. Жағаны бойлай ұсақ шағыл және жұмыр тастардан тұратын үймектері, сонымен қатар ашық жерлері бар лагуна тәрізді шығанақтары бар. Шоқы баурайында түз, кіші және  дала  бозторғайы,  сарғалдақ  торғайлары  кездеседі,

Сібір еліктері

12-сурет

 

қалың жыңғыл ішінде қылаң торғай ұялайды. Соңғы 35 жылда Орта арал үлкен халықаралық даңққа ие болды. 1968-1969 жылдары орнитологтар бұл жерден құстың жаңа түрі — мойнақ шағаланы тапқан болатын, ол қорық болашағының белгісіне айналды. Бұл арал шеттен қарағанда, 60 м биіктікте орналасқан, шөлді тасты шағыл ұсақ тасты шоқы. Аралдың ұзындығы 1,5 км, ені 0,5 км. Оның оңтүстік-батыс бөлігі құз жыныстары көрініп тұратын тік жарлы, оның кертпештерінде су құзғыны мен боз шағаланың көптеген ұялары орналасқан. Қорық территориясынан ботаниктер 57 тұқымдасқа жататын 193 туыстың 269 түрі өсімдігін анықтады. Күрделі гүлділер, ала бұталар, қоңыраубастар, бұршақтар және ерінгүлділер тұқымдастары алуан түрлілігі мен  сипатталады.   Зоопланктонға    ұсақ    шаян   тәрізділер  мен зымырықтардың 197 түрі кіреді. Тентек атырауының макрозообентосына су түбі омыртқасыздарының 69 түрі жатады. Инеліктердің 39 түрі кездеседі. Басқа насеком түрлері әлі толық зерттелмеген. Алакөл қорығы балық фаунасы 15 түрден тұрады, оның ішінде Қазақстан Қызыл кітабына енген балқаш алабұғасы бар. Сазан, бозша, мөңке, табан, теңбіл салпы ерін балық, балқаш шармайы және тағы басқа кәдімгі түрлер болып саналады. Алакөл қорығы территориясынан қосмекендінің небары 2 түрі және бауырымен жорғалаушылардың 14 түрі белгілі. Бұлардың ішінде көл бақа, секіргіш кесіртке, түрлі түсті кесіртке, шығыс айдаһаршасы, сарыбас және су жыланы, өрнекті қара шұбар жылан, дала сұр жыланы, қалқан тұмсық жылан, қорық үшін кәдімгі түрлер болып табылады. Қорықтың қазіргі шекарасында 272 құс түрі, сонымен қатар, Тентек атырауында 263 түр және Алакөл аралдарында 87 құс түрлері анықталған. Қазақстан Қызыл кітабына енген, сирек кездесетін және құрып бара жатқан құстардан Алакөл шұңқырында 38 құс тіркелген, оның 27-сі ұялайды. Қазіргі кезде қорық ішінде 15 «қызыл кітаптық» түрлер — бұйра, бірқазан, жалбағай, қара дегелек, сұңқылдақ аққу, ақбөз сүңгуір үйрек, ақбас үйрек, аққұйрық су бүркіті, жыланшы бүркіт, сұр тырна, ақбас тырна, дуадақ, жекдуадақ, безгелдек, қарабас өгіз шағала, мойнақ шағала, үкі кездеседі. Тағы 9 түр (қызғылт бірқазан, дала қыраны, қарақұс, бүркіт, ителгі, қарабауыр бұлдырық, қылқұйрық бұлдырық) шұңқырда қорық территориясынан сырт ұялайды. Алакөл қорығының алғашқы құрылған жылдары өсімдік пен жануарлар әлемін зерттеуде үлкен жұмыс жүргізілді. Омыртқалы жануарлар фаунасы едәуір толық зерттелді, омыртқасыз жануарлардың негізгі топтарын зерттеу жұмыстары басталды. Фенологиялық және гидробиологиялық бақылаулар жүргізіліп жатыр. Флора мен фауна зерттеулерінің бірінші кезеңінің маңызды қорытындысы 2004 жылы жарыққа шыққан Алакөл қорығының ғылыми еңбегінің бірінші томы болып табылады. /28/

Қазіргі кезде қорғалатын территория көлемін кеңейту жөнінде белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметімен Қазақстандағы БҰҰ өкілдігінің ұзақ уақытқа созылған «суда жүзетін ұшып өтуші құстардың тіршілік ортасы ретінде жалпы маңызды сулы батпақты жерлерді кешенді қорғау» атты жобасы іске асырыла бастады.

 

2.10. Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы

 

Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы — еліміздегі қорықтар ішіндегі ең жасы. Ол 2004 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №224 арнайы Қаулысымен құрылған. Қаратаудың бірегей қалдық флорасын қорғау қажеттігі жайлы өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап, көптеген қазақстандық ботаниктер М.С.Байтенов, В.П.Голоскоков, Н.Х.Кармышева, тағы басқа жазған. «Қазақстандағы  қорықтық жұмыстардың ғылыми негіздері» комиссиясының торағасы, академик Б.А.Быков 1975 жылы қорықтың ұйымдастырылуы жайлы нақты шешімін ұсынды. 1982 жылы бірінші рет зоолог Е.И.Страутман бірге, ол сирек кездесетін жануарлар мен қалдық өсімдіктердің бай жиынтығы көлемі 140 мың га жотаның едәуір биік бөлігінде қорық құру қажеттілігі жайлы қысқа негіздемесін жазды. Зоологтар және ботаниктер далалық зерттеуде үш жыл бойы Ғылым академиясының «Қазақстандағы қорықтық жұмыстардың дамуы» бағдарламасына сәйкес, территорияға әр жылдарда зерттеулер жүргізді. Нәтижесінде территорияның жоспарланған көлемі 41,2 гектарға кішірейді. 1988 жылы TOO «Экожоба» Қазақстан биоресурстары мен экология Министрлігі тапсырмасы бойынша қорықтың техникалық-экономикалық негіздемесін жасады. Негіздеменің қосымша және ақтық шешімі 2002 жылы күзде Батыс Тянь-Шань биоалуан түрлілігін сақтау жөніндегі Трансшекаралық жоба бойынша Е.И.Рачковская жетекшілігімен жүргізілген ғылыми экспедиция нәтижелері болды. Созақ ауданының әкімшілігімен шекараны келіспегеннен кейін, қорыққа деген территория (34,3 мың га) Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданынан ғана берілді. Қорықтың орталық үй-жайы Түркістан қаласынан 40 шақырым жердегі Кентау қаласында орналасқан. Қорық территориясы Қаратау жотасының едәуір биік жері (Бессаз тауы — теңіз деңгейінен 2167 м биік) орталық бөлігінің оңтүстік баурайын алып жатыр. /7/

Жер бедері мен ауа райы. Анық шектелген жіңішке сілем адырларының беті онша тегіс емес, жергілікті жер бедері — орта тау. Қорықтың тек солтүстік шекарасында жалпақ тау өлкесі Бессаз үстірті орналасқан. Жер бедерінің айрықша ерекшелігі — өзіндік қатпарлы болуы. Тау жыныстарының жекелеген қабаттары жиі сығылған, өзгеріске ұшыраған, тіпті аударылып тасталған. Негізгі өзендер — Қантағы, Біресік, Баялдыр жотаның биік жерінен басталады. Олар аңғардың жоғарғы жағында жіңішке, арна тәрізді, жиі биіктігі кәдімгідей төмендейді, нәтижесінде керемет сарқырамалар пайда болады. Аңғардың төменгі бөлігі әдетте жайпақ әрі кең. Өзен тек жекелеген жерлерде ғана шатқалдың жіңішке қысылған жерінен өтеді, онда ауа, қатты су ағысы терең шұңқыр түзеді. Территория ауа райы — континентальды, құрғақ. Ауаның жылдық орташа температурасы 8-12 градус арасында ауытқиды. Ең суық ай -қаңтар, орташа температура -5 градус, ең ыстық ай — шілде 25-27 градус. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 400 мм шамасында, таудың жоғарғы бөлігінде 500 мм және жекелеген жылдарда 700 мм.

Өсімдіктер дүниесі. Қорық территориясы ботаника-география — аудандастыруы бойынша  Қаратау   провинциясының  Орталық аласа тау — орта тау аймағына жатады. Басым кездесетін өсімдіктері мүлде ерекше және өзіндік керемет. Олардың әрқайсысының құрамында эндемиктік флораның тұтас жиынтығы бар. Тау жусандықтарында эндемиктік түр — қаратау жусаны басым болып табылады. Далада бетеге басым, кавказ және қаратау қаулары да жиі қатысады. Мұнда көп жылдық тікенекті шөптер, шала бұталар мен бұташықтар басым. Қорықтың сирек өсімдіктер бірлестігіне сонымен қатар тоғайлы ормандар жатады. Олардың құрамында Түркістан доланасы, тұт, Сиверс алмасы мен Семенов үйеңкісі кездеседі. Үйеңкі шаған сияқты ежелгі үштік дәуір ормандарының тірі жарқыншағы. Дегенмен ол құрғақшылыққа шыдамды, сондықтан қорықта ашық құрғақ баурайларда жиі кездеседі. Сайлардың құрғақ түптері мен баурайлардың төменгі бөліктерінде көлемі 0,01-ден 0,5 га жерлерде жеке топ болып Шренк тобылғы түсі бірлестіктері кездеседі. Бұл Раушан гүлдер тұқымдасына жататын ерекше әдемі бұта монотипті туыстың өкілі, ол палеоген дәуірінен сақталған, Қазақстанның тек екі жерінде — Бетпақдала шөлі мен Қаратау тауында ғана кездеседі. Баялдыр және Қантағы өзендері аңғарларынан ең үлкен даралы белгілі, олардың ұзындығы 2,5 м, ал діңінің жуандығы 15 см. Олардың ұшар бастары шеңбері 3 метрге дейін жетеді, ал гүлдейтін бұтақтар саны 500-800-ден асады.

Сонымен, қорықтың жоғары өсімдіктер флорасы шамамен есептеу мәліметтері бойынша 400 түрдей болады. Ол жоғары дәрежедегі ерекшелігімен айрықшаланады, өйткені ол ежелгі және жаңа эндемиктік түрлердің жинағынан құрылған. Қорықтың қазіргі территориясының өзінде қаратау эндемиктерінің 53 түрі, Қаратаумен Батыс Тянь-Шаньның 10 эндемигі бар. Қызыл кітапқа 42 түрі енгізілген.

Қорықта монотипті туыстарды сақтаудың маңызы зор. Жоғарыда айтылған тобылғы түстен басқа тағы 4 өсімдік — Северцов бөгде шөл масағы, Регель тарбақай, жалған сорғыш және Северцов цилиндр жемісі бар. Тек қана осында сирек түрлер: Турчин жуасы, Тұрлан құмдақшөбі, қырықбуын тәрізді сайсабақ, Линчевский кемпіршөбі, Павлов сарыаңдызы, үшкір кекіре, мыңжылқы тиынтағы, Пятева танацетопсисі, мыңжылқы түймешетені, қаратау көкбасы популяциялары қорғалады. Қорықтың көптеген пайдалы өсімдіктері ішінде аты аңызға айналған тау, сағыз, тек 1929 жылы ғана аты әлемге әйгілі болған, сонымен 10-15 жыл бойы Кеңес Одағының жабайы өсімдіктер қорының ең танымалының бірі болды. Бұл жартылай шар тәрізді күрделі гүлділер тұқымдасына жататын онша биік емес шала бұта тасты-шағыл,  тасты  үстірт пен адырларда  өседі, Олардың тамырларында 40 % жоғары сапалы каучук болады. Басқада пайдалы өсімдіктер арасында едәуір есте қалатындары сәндік өсімдіктер. Сәуір соңы мен мамыр басында гүлдейтін Альберт   қызғалдағы   алаңқайлардың   керемет  әшекейі, олар сайдың тасты баурайларын толық алып жатады. Топырақ қабаты қалың беткейлерде Грейг қызғалдағы да көп болып өседі. Жартасты жерлерде бұл түрлер жиі қатар өсіп, табиғи будандар түзеді. (13-сурет.) /12/

Жануарлар дүниесі. Қорық территориясының жануарлар әлемі Қаратау жотасының барлық жеріндегі сияқты, соңғы 100 жылдықта елеулі өзгерістерге

ұшырады. Осы кезенде тянь-шань аюы мен барыс мүлдем жоғалды, ал көптеген

Альберт қызғалдағы

13-сурет

кәсіптік түрлер доңыз, елік, арқар, құм қояны және тағы басқа өте сирек кездесетін болды. Сонымен қатар мұнда қаратау тау қойы мекендейді. Қаратау тау қойы құйрықты қойдың жабайы ата-тегі, оны сұрыптау жұмысында әлі пайдалану мүмкіндігі бар. Қазіргі кезде оның саны аз, бірақ жақсы қорғалса, қалыпты деңгейге дейін қалпына келтіруге болады. Қорықта сүт қоректілердің небары 30 түрі белгілі, олардың ішінде екі қызыл кітаптық түрлер — тас сусары мен жайран бар. Тек кеміргіштер әдеттегідей, оның ішінде орман қарақасы және кәдімгі соқыр тышқан бар. Жыртқыштар — түлкі, қарсақ, қасқыр, сасық күзен кәдімгідей сирек. Қуыстар мен үңгірлерде үшкір құлақты, үлкен таға тұмсық және ергежейлі жарқанаттар жиі кездеседі. Қорық құстар фаунасы қызық әрі алуан түрлі, мұнда 80-дей түр кездеседі. Әсіресе, жыртқыштар көзге түседі, оның алатауы ителгі, бүркіт, жұртшы, боқалтақ қыран, жыланшы мен сақалтай Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген. Басқа жыртқыштардан күйкентай, құмай, жамансары кездеседі. Қосмекенділерден барлық жерде жасыл құрбақа көп, көлбақа сирек кездеседі. Қорықта бауырымен жорғалаушылардың 5 түрі белгілі. Аласа тауларда мекендейтін қызыл кітаптық сары бауырдан басқа, қалқан тұмсық жылан, түрлі түсті қара шұбар жылан, ұзын жалан кесіртпен сұр жармасқы мекендейді.

Омыртқасыздар фаунасы оның ішінде ең ірі класс Насекомдар арнайы зерттелмеген. Болжам мәліметтері бойынша 6 отрядтың қызыл кітаптық 18 түрі: инеліктер, дәуіттерден ағаш дәуіті, тік қанаттылардан дала шегірткесі, қоңыр қанатты шегіртке, тең қанаттылардан кармин бояулы ақ мия сымыры, карминді Виктория сымыры, қаттықанаттылар немесе қоңыздардан Гангльбауэр тамыржегіш қоңызы, қоснүктелі қан қызы, нүктелі қан қызы, жарғаққанаттылардан: дала сколиясы, сары қанатты сфекс және тағы басқа қабыршақ қанаттылар немесе көбелектерден Александр көбелегі мекендейтіні анықталған. Қорық территориясы соңғы уақытқа дейін қатты антропогендік жерлер астында болды. (шектен тыс мал жаю, ағаштар кесу).

Сондықтан қызметкерлердің басты міндеті — қатаң қорғау, қорғалатын барлық нысаналарды есепке алу және сирек кездесетін өсімдіктері мен жануарлар жағдайларына бақылауды ұйымдастыру. Оларды көбіне тиімді қорғау үшін қорық территориясын кеңейту қажет. Ең алдымен жотаның солтүстік жартасты баурайы есебінен, мұнда арқардың біраз басы мекендейді, ақбас құмайдың ұялы тобы бар, сонымен қатар сирек кездесетін қызыл кітаптық өсімдіктердің тіршілік ортасы.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорықтарда ғылыми жұмыстар бүкіл жыл бойы жүргізіледі. Ұзақ жылдарға жоспарланатын мұндай комплексті жұмыстардың теориялық және практикалық маңызы зор. Қорықтарда «Табиғат шежіресі жылма-жыл толықтырылып отырады. Онда ауа райы жөніндегі мәлімет, өзен-көл суының режим өзгерістері, өсімдіктердің гүлдеуі, жыл құстарының көктемде келіп, күзде қайтуы, қорғауға алынған хайуанаттардың көбеюі орман көлемінің ұлғаюы, жеміс-жидек өнімінің аз-көптігі және басқа деректер тиянақты тіркелінеді. Мұндай жан-жақты мәліметтер қорық территориясындағы табиғи процестердің көп жылғы даму заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан да өлкеміздің даңққа бөленген көрікті орындарын бұрынғы тамаша қалпында сақтау, саны азайған хайуанаттар мен өсімдіктер дүниесін қамқорлыққа алу қажет. Жасыл орман алқабын қорғау, бағалы хайуанаттар санын молайту, су құстары мамырлайтын және қыстайтын орындар мен балықтың уылдырық шашатын өзен-көлдерін қорғау арқылы қорықтар халық шаруашылығында маңызы зор міндеттер атқарып келеді, алда да осылай болмақ.

Біздің қорықтарда алдағы уақытта табиғи ресурстарды пайдалану және олардың қайталанбас сұлулығын сақтаудың ғылыми негізін жасау жөніндегі үлкен міндеттер тұр. Әсіресе, бұл мәселенің табиғат байлықтарын қорғап, оларды халық шаруашылығына тиімді пайдалану үшін зор маңызы бар. Бұл міндеттердің Қазақстан жағдайында да актуальды екендігі аян. Көлемі 2,7 миллион шаршы километр жерді алып жатқан байтақ өлке өзінің саялы да аялы қалың орман-тоғайы, оны мекендеген сан түрлі хайуанаттары, айдын-шалқар көлі, сарқырап аққан өзен суымен бай, көрікті. Біздің өлкеде 34 миллон гектар жыртылған құнарлы жер, 186,9 миллион гектар шабындықтар мен жайылымдықтар, 22 миллион гектар орман, Д.И.Менделеевтің периодтық кестесінің барлық элементтерін жинақтаған түрлі қазба байлықтардың ірі кен орындары, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көлдер мен су қоймалары бар, Соңдай-ақ туған өлкеміз алуан түрлі жан-жануарларға өте бай. Осы мол табиғат қазыналарын көздің  қарашағындай сақтап, қорғауда республикамыздағы қорықтардың маңызы зор. Ұлан-байтақ республикамызда келшешекте де осындай табиғи лабораториялар көбейе берсе дейміз.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Афанасьев А.Л. Зоогеография Казахстана (на основе распространения млекопитающих). Алма-Ата,1960.
  2. Афанасьев Ю.Г., Смирнов, Ю.А. Перспективы заповедника Барсакельмес в связи с усыханием Аральского моря Проблемы и перспективы комплексного развития производительных сил Кзыл-Ординской области. Алма-Ата, 1985.
  3. Бажанов В.С., Костенко Н.Н. Горы Актау Путеводитель по геологическим маршрутам Южного Казахстана. Алма-Ата, 1961.
  4. Байдавлетов Р.Ж., Зинченко Ю.К. Фауна и экология грызунов и зайцеобразных Западңо-Алтайского Государственного заповедника Проблемы охраны и устойчивого исполъзования биоразнообразия животного мира Казахстана. Алматы, 1999.
  5. Баймуканов М.Т. Нерестовое поведение Маркакольского ленка Вопросы ихтиологии,1966.
  6. Байтенов М.С., Кудабаева Г.М., Мырзакулов П.М., Тогузаков Б.Ж. Флора Алма-Атинского заповедника. Алма-Ата, 1991.
  7. Байтулин И.О., Мырзакулов П.М. К вопросу об организации Каратауского заповедника в Южном Казахстане Теоретические вопросы заповедного дела, Львов, 1985.
  8. Березовиков Н.Н. Гнездовая фауна птиц Маркакольского заповедника. Русский орнитологический журнал. 2005.
  9. Брагин Е.А., Брагина Т.М. Фауна Наурзумского заповедника. Рыбы, земноводные, пресмыкающиеся, Птицы, млекопитающие (аннотированные списки видов). Костанай, 2002.
  10. Быков Е.А. Региональный анализ флоры и ботанико-географическое районирование Казахстана Проблемы освоения пустынь. 1975.
  11. Быков Б.А., Ломакина Л.Т., Страутман Е.И., Джаныспаев А.Д. Гнездовая фауна птиц Алматинского заповедника Территориальные аспекты охраны птиц 8 Средней Азии н Казахстаңе. Москва, 1999.
  12. Жапарова Н.К., Ляшенко Н.В. О состоянии эндемичной флоры Сырдарьинского Каратау Вестник АН КазССР. 1984.
  13. Жевнеров Б.В. Джейран острова Барсакельмес. Алма-Ата, 1984.
  14. Заповедное дело в Казахстане. Алма-Ата, 1982.
  15. Зверев М.Д., Проскуряков М.А. Алма-Атинский заповедник. Алма-Ата, 1979.
  16. 3инченко Ю.К. Фауна млекопитающих Маркакольского государ-ственного заповедника.
  17. Охрана окружающей среды и природопользование Прииртышья. Усть-Каменогорск, 1990.
  18. Иващенко А.А., Книстаутас А.Ю. Аксу-Джабаглы. Алма-Ата, 1988.
  19. Иващенко А.А. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары. Алматы, 2006 ж.
  20. Кармышева Н.Х. Флора и растительность заповедника Аксу-Джабаглы. Алма-Ата, 1973.
  21. Ковшарь А.Ф., Иващенко А.А. Заповедник Аксу-Джабаглы. Алма-Ата, 1982.
  22. Котухов Ю. А., Иващенко А. А., Лайман Дж. Флора Западно-Алтайского заповедника. Алматы, 2002.
  23. Мониторинг биологического разнообразия заповедника Аксу-Джабаглы Под ред. проф. А.Ф. Ковшаря.
  24. Махмудов С.М. Қазақстанның қорықтары. Алматы, 1981 ж.
  25. Перспективы формирования природно-заповедного фонда Казахстана. Алма-Ата, 1989.
  26. 26. Рашек В.Л., Рашек В.А. Государствешіый заповедник «Остров Барсакельмес». Алма-Ата, 1963.
  27. 27. Сидорова Т.В. Сосудистые растения Кургальджинского заповедника. Москва, 1988.
  28. 28. Труды Алакольского государственного природного заповедника. Т.1. (Сост. Н.Н. Березовиков). Алматы, 2004.
  29. 29. Труды государственного заповедника Барса-Кельмес. Алма-Ата, 1950.
  30. 30. Флора и растительность Наурзумского государственного заповедника. Москва, 1975.
  31. 31. Хроков В.В. Заповедник Кургальджико. Алма-Ата, 1981.
  32. 32. Щербакое Б.В. Гнездовая фауна птиц Западно-Алтайского заповедника Территориальные аспекты охраны птиц в Средней Азии и Казахстане. Москва, 1999.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Диплом жұмыс жетекшісінің

П І К І Р І

 

          Студент – дипломант Маханова Гулназ «Қазақстанның аумағындағы қорықтар» тақырыбына жазған диплом жұмысы автордың тұрақты да тиянақты ізденуі, тақырыпқа қатысты әдебиеттерді ерінбей парақтап жинаған материалдарының жиынтығы болып табылады. Диплом тақырыбна сәйкес дипломант өз ізденулерін Қазақстанның аумағындағы қорықтарда алдағы уақытта табиғи ресурстарды пайдалана және олардың қайталанбас сұлулығын сақтаудың ғылыми негізін жасау жөніндегі үлкен міндеттерін көрсеткен.

          Сонымен қатар, дипломант Маханова Гулназ табиғат байлықтарын қорғау, оларды халық шаруашылығына тиімді пайдалану Қазақстан жағдайында да актуальды екендігін көрсеткен.

          Диплом жұмысы жиналған материалдарды және әдебиеттен алынған толық пайдалану арқылы хронологиялық жүйемен жазылғанын айта келіп, жасалған қорытындылары келшекте табиғат қазыналарын көздің қарашығындай  сақтап, қорғауда республикамыздағы қорықтардың маңызы зор, мемлекетіміздің экономикасының және көтерілуін, халықтың мәдени-әлеуметтік жағдайының дамыған 50 елдің деңгейіне көтерілуіне үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын. Диплом жұмыс көлемі, мазмұны, форматы, стилистикасы жағынан қазіргі күндегі талапқа жауап береді, ал оның авторының «Қазақстанның аумағындағы қорықтар» тақырыбында диплом жұмысын жазуды үлкен іздену және көптеген әдебиеттерді оқу арқылы жаңа деректер жинап қорытты.