Тақырыбы: Қазақстан Республикасы қылмыстық заңының құрылысы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе…………………………………………………………………. |
4
|
1. Тарау. Қылмыстық заң және оның міндеттері |
|
1.1 Қылмыстық заңның ұғымы және оның белгілері…………………… |
6 |
1.2 Қылмыстық заңның құрылысы …………………………………………….. |
11
|
2. Тарау. Қылмыстық заңның кеңістікте қолданылуы |
|
2.1. Қылмыстық заңның кеңістікте қолданылуы ………………………… |
16
|
3. Тарау. Қылмыстық заңның уақытта қолданылуы |
|
3.1Қылмыстық заңның уақытта қолданылуы……………………………… |
29 |
|
|
3.3 Қылмыстық заңның Қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекше бөлімінің нормаларында қолданылуы…………………………… |
45 |
|
|
Қорытынды …………………………………………………………… |
51 |
Пайдаланылған әдебиеттер және нормативті-актілер ………………… |
54 |
Реферат
Дипломдық жұмыс «Қылмыстық заңның құрылысы” тақырыбына арналған. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан,5 тараушадан тұрады.
Дипломдық жұмысымның кіріспесінде, бұл тақырыптың өзектілігі, қазіргі кездегі қылмыстық заңның құрылымы туралы мәселе жан-жақты қамтылады.
Бірінші тарауда қылмыстық заңның ұғымы, белгілері және құрылымы жан-жақты қамтылған.
Екінші тарауда қылмыстық заңның кеңістікте қолданылуының ерекшеліктері жан-жақты қарастырыла отыра сипатталып кеткен.
Үшінші тарауда қылмыстық заңның уақытта қолданылуының сипаты және қылмыстық заңның кері күшінің өзекті мәселелері талқыланады.
Жұмыстың қорытынды бөлімінде аталған тақырыптың тұжырымды ойлары, қылмыстық заңның құрылымын жетілдіру үшін қандай мақсатты шаралар жүргізілуге тиіс еекндігі баяндалады.
Кіріспе
Бұл бітіру жұмысы қылмыстық құқықтағы өзекті тақырыптардың біріне арналған. Қылмыстық заңның негізгі ұғымдарын, белгілерін, қылмыстық заңның кері күшін, кері күштің ҚР ҚК Жалпы және Ерекше бөлімі нормаларында қолдануға арналған.
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялаумен бірге елімізде саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларда түбегейлі өзгерістер жүруде. Жалпы халықтық референдум арқылы Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы қабылданды[1].
Мемлекет басшысы Н. Назарбаев 18 ақпан 2005жылы Қазақстан халқына жолдауында былай деп айтты: «біздің Конституциямыз әлемде демократиялық қоғамның негізгі міндеттеріне сәйкес келеді және мойындалады,- деді.[2]
Конституциялық ережелерге және қағидаларға сүйене отырып жұмыс істеп тұрған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі өзіне қылмыстық заңның уақытта және кеңістікте қолданылатын бірқатар ережелерін қосады. Осы ҚР ҚК бірінші рет іс-әрекеттің жасалу уақыты болып зардаптың туындау уақытына қарамастан қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасау уақыты саналады деп көрсеткен.
Сонымен бірге 1959ж. ҚазССР Қылмыстық кодексі алғаш рет неғұрлым қатал заңның кері күші болмайды десе, ҚР ҚК сәйкес сотталынған адамның жағдайын нашарлататын жағдайға немесе заңға кері күш болады дейді, соның ішінде жазаны өтеген немесе жазаны өтеп болған, бірақ соттылығы бар адамға қолданылады.
Сонымен жоғарыда айтылған мән-жайлар бітіру жұмысының өзектілігін дәлелдеп тұр. Бітіру жұмысында отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері пайдаланылды. Қылмыстық құқықтың бірден бір қайнар көзі ретінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін танимыз. Сондықтан да қылмыстық заңның кері күшінің ұғымын, қағидаларын білу маңызды.
Қылмыстық жауаптылықты тарылту және жеңілдету қылмыстық заңнамада көптеген іс-әрекеттерді қамтиды, оның ішінде қоғамға қауіпті іс-әрекетті қамтиды, тарылту қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімі нормаларында қолдануға жол беріледі.
Қылмыстық жауаптылықты тарылту және азайту барлық қылмыстарға қатысты қолданылмайды, әсіресе ауыр қылмыстық әрекеттерге заңнаманы әлсірету. Қылмыстық жаза тек сот үкімімен қолданылады:
- қылмыстық жауаптылық және жазаға тек нақты іс-әрекеттер жасаған жағдайда қолданылады;
- олар тек объективті қоғамдық қауіпті іс-әрекеттер үшін ғана жауапкершілікке тартылуы мүмкін;
- осы іс-әрекеттер қылмыстық заңмен көзделінген;
- қылмысты жасаған тұлғалар ғана жауаптылыққа тартылады, осы іс-әрекеттерді қасақана немесе абайсызда жасаған адамдар жауаптылыққа тартылады.
Жауапкершілік әр кездері заңның қатал шеңберімен шектеледі, нақтырақ айтқанда қылмыс жасауды көздеген санкция шеңберінде қаралады.
Адам санасының фотолистік буржуазиялық концепциясын жоққа шығаратын концепциялар батыс елдеріне тән қылмыстық заң кінәлі емес тұлғалардың, есі дұрыс еместердің, жасөспірімдердің қасақаналық және абайсыздығы болмауы барысындағы жауапкершілікті жоққа шығарады. Адам іс-әрекетін осылай түсіну жазаның мазмұнын түсінуге мүмкіндік береді.
Жазадан қашып құтылмайтындық әр ақыл есі дұрыс адам, қылмыс жасауға кінәлі деп табылмаған жағдайда, қоғамға қауіпті зардап келтірмейтін тұлға қылмыстық жазаға міндетті түрде сотталуы тиіс деп ұғынуымыз қажет емес.
Қылмыстық заңнаманың ережесі қылмыстық жауаптылық қоғам және мемлекет мүддесіне сәйкес қалыптастырылған, барлық азаматтарды басқадай шаралармен шектеу мүмкін емес.
Мемлекеттің табыиғатына сәйкес демократияны одан әрі дамыту және жетілдіру үшін, тұрақты түрде заңнама, соның ішінде қылмыстық заңнама жетілдірілуі тиіс. Осы мәселелерді әзірлеу қылымыстық заңның мәселелері монографиялық зерттеу және әзірлеу мәселесін болжайды.
Әділсоттылықты жүзеге асыру барысында соттар заңды басшылыққа алуы тиіс. Қылмыстық іс бойынша әділсоттылықты жүзеге асыру үшін қоғамға қауіпті, кейде ауыр зардаптарды қоғамның мүддесіне сәйкес қорғайды. Қылмыстық заңның ұғымы және маңызы, осы заңдардың түрі және құрылысы, ұғымы, қылмыстық құқық норманың мазмұны және маңызы мемлекеттік қылмыстық заңнаманың өзара қатынасы, кеңестік қылмыстық заңнаманың әрекеті, қылмыстық заңды талқылау және басқа да мәселелер айтылады.
Осы мәселелердің біразы жұмыстарда, еңбектерде қаралған. Осы аталған мәселелерге баса назар аудару сот тәжірибесінде, әсіресе қылмыстық заңның кері күшіне байланысты мәселеде айтылады. Сот органдарының әртүрлі деңгейінде сот қателіктерін түзеу мәселесі осы қылмыстық заңның кері күшінің әрекетіне байланысты шешілуде және қаралуда. Сондықтан осы мәселе қылмыстық құқықтағы өзекті тақырып ретінде бітіру жұмысын таңдауға себеп болды.
1.Тарау. Қылмыстық заң және оның міндеттері
- Қылмыстық заңның ұғымы және оның белгілері
Қылмыстық заң дегеніміз – қылмыстық жауаптылықтың негіздері мен қағидаларын белгілейтін, қандай қоғамға қауіпті іс – қимылдарды қылмыс деп тануды, оларды жасағандығы үшін қандай жаза қолдану керектігін және қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату мүмкіндіктерін анықтайтын, мемлекеттік билік органдарымен қабылданған нормативтік актіні айтамыз.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 1 бабының 1 бөліміне сәйкес, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары тек қана Қылмыстық кодекстен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтін өзге заңдар оларды осы Кодекске енгізгеннен кейін еана қолданылуга тиіс. Яғни, бір нормативтік бастаудың болуы қылмыстық – құқықтық ескертулерді жүзеге асыруды жеңілдетеді. Көптеген шет ел мемлекеттерінде Қылмыстық кодекс дара қылмыстық құқықтық акт болып табылмайды. Мысалы, Германияда Қылмыстық кодекске енгізілмеген, біртектес қылмыстар үшін жауаптылықты белгілейтін қылмыстық – құқықтық актілер қолданылады.[3]
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі дүниежүзілік интеграцияның өзгерістерін бейнелеп, ҚР Конституциясының мемлекеттің құқықшығармашылық қызметіндегі үстемдігін білдіреді. ҚР ҚК 1 бабының 2 бөлімінде қылмыстық заңның Қазақстан Республикасы Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделетіндігі көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Конституциясы қылмыстық-құқықтық сипаттағы бірқатар нормаларды (өлім жазасы туралы мәселелерді, қажетті қорғану құқығын, заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол бермейтін нормалар) қамтыған.
Егер, Конституцияны мемлекеттің құқықтық саяси негізін құрайды деп айтсақ, қылмыстық құқықтың қайнар көздеріне Конституцияның (қылмыстық саясаттын, қағидаларын олардың бағытын анықтайтын, заң аткару және құқық қорғау органдарының, жаза жүйесін немесе нақты бір қьлмыс құрамдарына қолдануды анықтаудың) барлық нормаларын жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, халықаралық құқықтың жұр таныған қағидалары мен нормалары және ҚР халықаралық шарттары құқық жүйесінің құрамдас белгісі болыа табылады. Егер де, ҚР халықаралық шарттарында, заңмен қарастырылғаннан өзге ережелер көрсетілсе, халықаралық шарттар қолданылады. Халықаралық құқықтың нормалары мен қағидалары халықаралық пактілерде, конвенциялар мен басқа да құжаттарда бекітілген. Мысалы: Адам құқықтарының Жалпы декларациясында, азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактіде, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Пактіде.
Атап айта кететін жағдай, Қылмыстық кодекске бірқатар баптар халықаралық шарттарға сәйкес енгізілген. Мысалы: 1961 жылғы Есірткі заттар туралы бірыңғай конвенция, 1971 жылғы жүйкеге әсер ететін заттар туралы Вена конвенциясы, есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымымен күрес туралы БҰҰ 1988 жылы қабылдаған конвенциясы.
Қылмыстық заң бүкіл Қазақстан Респуьликасының аумағында күші жүретін құқықтық акт болып табылады.
Қылмыстық заңның жоғары заңдық күші бар, бұл дегеніміз – қылмыстық заңның тұрақты түрде қолданылатындығын және заңи нәтижелерді тудыратындығын білдіреді. Қылмыстық заңның жойылуы немесе өзгерістерге ұшырауы тек қана Қазақстан Республикасының парламентімен жүзеге асырылады.
Қылмыстық заңға бірде – бір нормативтік акт қайшы келмеуі қажет. Егер де қайшы келетін болса, қылмыстық заң қолдануға жатады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі қылмыстық жауаптылықты қолдануды, қылмыстық жауаптылықтан босатуды және материалдық қылмыстық құқықтың басқа да ережелерін белгілейтін бірден – бір бастау болып табылады.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Қылмыстық – атқару кодексінің 170 бабы қылмыстық кодекске сәйкес емес деп айтуымызға болады. Осы бапқа сәйкес, өмір бойы бас бостандығынан айырудан шартты – мерзімінен босату сотталушының алдыңғы үш жылдың ішінде жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылығы болмаған жағдайда ғана қолданылады, деп көрсетілген. Ал, ҚР ҚК 70 бабы бұндай шектеулерді көрсетпеген.
ҚР ҚАК 170 б. 2 б. өмір бойы бас бостандығынан айыруды өтеу кезінде жаңадан ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған сотталғандар шартты мерзімінен бұрын босатуға ұсынылмайды, деп анықталған. Біздің ойымыз бойынша мәселенің бұлай шешілуі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексініңде, Қылмыстық – атқару кодексінің де аясына жатпайды. Сондықтан да, бұл тиым ҚР ҚК 70 бабына көрінеу кереғар келеді.
Қылмыстық заңға нормативтілік сипат тән, себебі ол өзінің қолдану уақыты барысында адамдардың жалпыға міндетті мінез – құлқын реттейді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 2 бабы ҚР ҚК міндеттерін анықтаған. Ол міндеттерге: адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, меншікті, қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, ҚР конституциялық құрылысын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау; бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыстардан сақтандыру болып табылады.
Өзіміз көріп отырғанымыздай, қылмыстық заң өзінің алдына екі негізгі міндетті қояды. Олар, ең алдымен, адамның, қоғамның, мемлекеттің мүдделерін қорғау мақсатындағы қылмыстылықпен қылмыстық – құқықтық күрес жүргізу.
Екінші міндет: қылмыстардан сақтандыру. Сақтандыру жалпы және арнайы сақтандыруды қамтып, жазаны орындау процесі барысында сотталған адамға қылмыстық емес мінез – құлықтың негіздерін қалыптастыруды білдіреді. Бұл міндеттің орындалуына мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған тиісті шаралар куә бола алады. Мысалы: бас бостандығына айыру мекемелеріндегі жазасын өтеп жүрген адамдардың саны жағынан біз өткен жылы үшінші орында болсақ, биыл он сегізінші орынға түстік. Бұл мемлекеттің қылмыстық саясатының ізгілендіруінің белгісі ретінде қарастырылады.
Қылмыстық заңның жалпы превенциясы қылмыс жасауға бейім басқа адамдарда заңға деген құрмет сезімдерін оятып, бекітуді білдіреді.
Осы аталған міндеттерді шешу үшін қылмыстық заң қылмыстық жауаптылықтың негіздері мен қағидаларын, адамға, қоғамға, мемлекетке қарсы қандай іс – қимылдардың қылмыс деп танылатындығын, қылмыс жасағандығы үшін белгіленетін жазаның түрлері мен қылмыстық сипаттағы басқа да шаралардың түрлерін анықтайды.
Қылмыстық заң жазалау қатерімен қылмыстық іс – қимылдарды жасауға тиым салады. Сонымен қатар, қылмыстық заң жасалған іс – қимылда қылмыс құрамының бар немесе жоқтығы туралы, заңды негіздерде кінәлі адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту, қылмыстық жауаптылықтан босату туралы сәйкес органдар мен лауазымды тұлғаларға нұсқаулар береді. Яғни, нақты іс – қимыл үшін жауаптылықты белгілейтін қылмыстық – құқықтық нормалар тиым салатын нормалар ретінде қарастырылады. Олар тәрбиелік немесе сақтандыру мазмұнында болады.[4]
Қылмыстық құқықтық нормалардың сақтандырушы функциясы оларда белгіленген санкцияға негізделеді. Санкция арқылы қылмыс жасауға бейім адамдарға сақтандыру – тәрбиелік әсер жасалады. Қылмыстық – құқықтық нормалар азаматтарда заңды мүлтіксіз сақтау, қылмыс жасаған адамдарға шыдамсыздық көрсетуді қалыптастыруға бағдарланған.
Қылмыстық құқықтың нормалары қоғамдық қатынастарды қорғап қана қоймайды, сондай – ақ оларды реттеуді жүзеге асырады.Құқық белгілі бір мінез – құлық ережелерін белгілей отырып, оларды реттейді.
Төртінші курс студенттерінің арасында жүргізілген анкеталық сауалнамаға сәйкес, келесідей қорытынды шығаруымызға болады: бізді қылмыс жасаудан ұстайтын бірден – бер тежегіш құрал қылмыстық жауаптылыққа тартылу қаупі. Яғни, сұралынған 80 адамның 75 –і қылмысқа, қылмыстық жауаптылықтан қорыққандықтарынан ғана бармайтындықтарын көрсетті. Ыңғайлы жағдай туындаған кезде, қылмыстық жолмен баюға қарсы еместіктерін жасырмады.
Осыған байланысты, орынды түрде көтерілетін мәселе – қылмыстық жазаны күшейту және мемлекет дамуының қазіргі кезеңінде өлім жазасын орынша қалдыру деп есептейміз.
Қылмыстық заң қылмыстық — құқықтық нормалардың көрініс нысаны болып табылады, да олардың жиынтығы қылмыстық құқықты құрайды. Сондықтан да бұл ұғымдар бір – бірімен байланысты. Заң мен құқық нормасы, заңдар жиынтығы мен құқықтық норма жиынтықтары, нысан және мазмұн сияқты арақатынасқа түседi.
Құқықтық мемлекет құру барысында заң, соның iшiнде қылмыстық заң та үлкен маңызға ие. Елде жүргiзiлiп отырған құқықтық реформа мемлекет пен қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында заң үстемдiгiн қамтамасыз етуге, құқықтық тәртiптi нығайтуға кең жол ашады.[5]
Соттың шешімдері, үкімдері, қаулылары құқықтың қайнар көзі ретінде қарастырылмайды. Олар тек қана нақты оқиғаға байланысты құқықтық нормалардың негізгі мазмұнын ашып, түсіндіреді.Соттың шешімі, қаулысы, үкімі тек нақты істерге байланысты ғана міндетті сипатта болады. Осы сияқты ҚР Жоғарғы Сотының басшылыққа алатын қаулылары да құқық нормасын шығармайды. Олар тек қана, құқықтық норманың мазмұнын ашып түсіндіреді, талқылайды.[6]
Заң әдебиеттерінде бұдан басқа да көзқарастар кездеседі. Мысалы, Қылмыстық құқық оқулығында былай деп көрсетілген: «қылмыстық істерге байланысты жоғарғы инстанция болып табылатын, РФ Жоғарғы Соты қылмыстық құқықты қолдану мәселесіне байланысты түсіндірмелерді шығаруға құқылы. Заң бойынша бұл түсіндірмелер барлық соттарға міндетті сипатта болады. Себебі, қылмыстық құқықтың нормаларын қолданатын барлық құқық қорғау органдары, сотқа жұмыс істегендіктен, Жоғарғы Соттың басшылыққа алатын түсіндірмелері оларға қатысты міндетті сипатта деп айтуымызға болады».[7] Яғни, берілген оқулықтың авторларының пікірі бойынша Жоғарғы Соттың бұл қызметі норма шығармашылық қызметіне жатқызылады.
Бірақ та, жоғарыда көрсеткеніміздей, бұл көзқарас ҚР ҚК 1 бабына кереғар келеді. Себебі, ол жерде қылмыстық заң тек Қылмыстық кодекстен тұрады деп, ал ҚР ҚК 3 бабында іс – қимылдың қылмыстылығы мен жазаланушылығы тек қылмыстық кодекспен анықталынады деп айқын көрсетілген.
Біздің қылмыстық құқықта сот прецеденті – нақты іске байланысты сот шешімі құқықтың қайнар көзі ретінде қолданылмайды. Сот прецеденті басқа елдерде құқықтың қайнар көзі ретінде қолданылады. Мысалы: Ұлабританияда, Канадада т.б.Кінәлі адамның қылмыстық жауаптылығын анықтау барысында сот заң ережелерін және жасалынған іс – қимылды бағалайды, түсіндіреді. Мысалы, ҚР ҚК 52 бабында жаза тағайындаудың жалпы негіздері көрсетілген. Қылмыс жасауда кінәлі деп танылған адамдарға, ҚР ҚК Жалпы бөлімінің ережелерін басшылыққа ала отырып, ҚР ҚК Ерекше бөлімінің сәйкес бабында көрсетілген шектерде әділ жаза тағайындалады. Жаза тағайындағанда сот iстелген қылмыстық сипаты мен коғамдық қауiптiлiк дәрежесiн, айыпкердiң жеке басының ерекшелiктерiн, мiнез-құлқын, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуiне және оның отбасының немесе асырауындағы адамдардың тiршiлiк жағдайына ықпалын толық есепке алады. қылмыс iстеген адамға оның түзелуiне немесе жаңа қылмыс iстеуден сақтандыруына қажеттi және жеткiлiктi әдiл жаза тағайындауы керек. Мұның өзi соттың жаза тағайындауында заң талаптарымен қоса өзiнiң құқықтық сана-сезiмiн басшылыққа алатынын көрсетедi. Алайда, құқықтық сана-сезiм құқық нормасы болып табылмайды. Ол сотқа тек қана қылмыстық құқықтық норманың мазмұнын дұрыс түсiнуге жөн сiлтейдi. Қылмыстық заң, басқа заңдар сияқты барлық лауазымды адамдар, азаматтар, заңды тұлғалар үшiн мiндеттi күшi бар заң нормасы болып табылады.[8] Оны қандай да бiр болмасын сылтаумен бұзуға немесе орындамауға жол берiлмейдi. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтық норманы бiлдiрудiң нысаны, ал оның нормасы оның мазмұнының көрiнiсi болып табылады.
Сонымен, қылмыстық заң дегеніміз – қылмыстық жауаптылықтың негіздері мен қағидаларын белгілейтін, қандай қоғамға қауіпті іс – қимылдарды қылмыс деп тануды, оларды жасағандығы үшін қандай жаза қолдану керектігін және қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату мүмкіндіктерін анықтайтын, мемлекеттік билік органдарымен қабылданған нормативтік актіні айтамыз.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 1 бабының 1 бөліміне сәйкес, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары тек қана Қылмыстық кодекстен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтін өзге заңдар оларды осы Кодекске енгізгеннен кейін ғана қолданылуга тиіс.
- Қылмыстық заңның құрылысы
ҚР Қылмыстық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім жеті тараудан тұрады.
Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімі ҚР ҚК міндеттері мен қағидаларын, қылмыстың түсінігін, қылмыстық жауаптылықтың негізін, қылмысқа қатысуды, іс – қимылдардың қылмыстылығын жоятын мән – жайларды, жазаның түсінігі мен мақсатын, жазаның түрлерін, жаза тағайындаудың жалпы негіздерін және де қылмыстылықпен қылмыстық – құқықтық күрестің басқа да ережелерін анықтайды.
ҚР ҚК көптеген нормалары реттеуші сипатта, оларды қолдану нақты қылмыс жасаумен байланысты емес. Сонымен бірге, ҚР ҚК Жалпы бөлімінде құқық қолдану сипатындағы нормалар да бар. Мысалы, ҚР ҚК 43 бабының 4 бөлімінде түзеу жұмыстарынан қасақана бұлтару барысында, түзеу жұмыстарын бостандығын шектеу, қамау немесе бас бостандығынан айырумен алмастыру көрсетілген.
Реттеушінормалар келесі түрлерге бөлінеді:
- Декларативті: қылмыстық заңның міндеттерін белгілейтін;
- Жалпы реттеуші, қылмыстың, қылмысқа қатысудың, соттылықтың жалпы түсінігін беретін;
- Мадақтайтын, мысалы: шартты түрде босатудың, мерзімінен – бұрын шартты түрде босатудың, бас бостандығынан айыру жазасын басқа жазаның жеңіл түрімен алмастыру шарттарын белгілейтін;
- Рұқсат беретін, қажетті қорғану, қылмыс жасаған адамда ұстау барысында зиян келтіруді анықтайтын;
- Босататын, ескіру мерзімінің өтуіне, жәбірленушімен татуласуына, сотталған адамның ауруға шалдығуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуды көздейтін нормалар.[9]
ҚР ҚК Жалпы бөлімінің нормаларын бұлай бөліп қарастыру шартты түрде.
ҚР ҚК жалпы бөлімінде құқық қолданатын нормалар өте көп емес. Олар, айппұл төлеуден қасақана бұлтарған (41б.); қоғамдық жұмыстардан қасақана бұлтарған (42б.); түзеу жұмыстарынан (43б.); бостандығын шектеуден бұлтарған (45б.) жағдайда жазаның басқа түрімен алмастыратын нормалар.
Ерекше бөлімнің баптары бір қылмыс үшін жауаптылықты белгілейді. Бірақ та кейбір жағдайларда бір баптаекі қылмыс үшін жауаптылық көрсетілінеді. Мысалы: ҚК 200 бабының 1 бөлімі коммерциялық немесе банктік құпияны жинағандығы үшін, ал 2 бөлімі — коммерциялық немесе банктік құпияны, оның иесінің келісімінсіз заңсыз жариялағандығы үшін жауаптылықты белгілейді.
Заңдарды кодификациялаудың көп жылдық тәжірибесіне сәйкес, жаңа ережелер қосымша нөмірлермен заңның жүйесін сақтай отырып, Қылмыстық кодекске енгізіліп отырады. Мысалы: ҚК 330-1, 330-2, 330-3, 347-1 баптары.
Қандай да болмасын қылмыстар үшін жауаптылықтың жойылуы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі нумерацияның өзгеруіне әкеліп соқтырмайды.
Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң баптары диспозициядан және санкциядан тұрады. Кодекстiң Ерекше бөлімі бабындағы қылмыстың атауын және оның белгілеріне сипаттама беретін норманың бір бөлігін диспозиция деп атаймыз.[10] Мысалы, Қылмыстық кодекстің 120-бабындағы әйелді зорлаудың диспозициясы былай: “зорлау, жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық қатынас жасау” деп көрсетілген. Қылмыстық құқықта диспозиция төртке бөлінеді: жай, сипаттаушы, бланкеттік және сілтемелі.
- Жай диспозиция. Жай диспозиция қылмыстық іс-әрекеттің атын ғана айтып қояды, оның нақты белгілерін ашып көрсетпейді. Жай диспозиция қылмыстық іс-әрекеттің мазмұны мен оның белгілерін ашып көрсетілмегеннің өзінде жеткілікті түрде түсінікті болған жағдайда қолданылады. Мысалы, 125 баптағы “Адамды ұрлау”.
- Сипаттамалы диспозиция. Қылмыстың барлық белгілерін заңның өзінде нақтылап көрсететін диспозицияны сипаттамалы диспозиция деп атаймыз. Жай диспозицияға қарағанда қылмыс құрамын айқындайтын сипаттамалы диспозицияның артықшылығы күмән тудырмайды.
- Сипаттамалы диспозицияға 175-бапта көрсетілген ұрлық құрамын мысал ретінде келтіре аламыз. Яғни, бұл жеде ұрлықтың өзіне тән белгі, оның жасырын түрде жасалатындығы көрсетілген.
- Бланкеттік диспозиция. Бланкеттік диспозиция бойынша бапта көрсетілген нақты қылмыстың құрамын анықтау үшін басқа зандарға немесе нормативті актілерге, үкімет қаулылары мен жарлықтарына, бұйрық тар мен ережелерге, нүсқауларға жүгіну қажет. Яғни, қылмыстық заңның талаптарының бұзылуы орын алғандығы туралы мәселені шешу басқа зандармен немесе нормативті актілермен анықталады. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 295-бабындағы темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзуы. Бүл қылмыс құрамын анықтау үшін көлік құралдарының осы түрлерінің қауіпсіздігі мен пайдалану ережесін рет-тейтін тиісті нормативті актіні басшылыққа алу қажет. Егер осы сияқты бланкеттің нормаларды ҚК-тің өзінде тізіп көрсете берсек, сонда кодекстің баптарының көлемі тым ұлғайып, оны пай-даланудың өзі қиынға түсер еді. Мысалы, тау-кен немесе құрылыс жүмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзудың (245-бап) өзі осы баптың диспозициясына көптеген қиын әрі күрделі ережелер мен бұйрықтарды көрсететін жазуды талап етер еді. Сондықтан да заң шығарушы мұндай реттерде бланкеттік диспозицияны пайдаланудың тиімділігіне жол беріп отыр.
- Сілтемелі диспозиция нақты қылмыс құрамын анықтау үшін, осы заңның басқа баптарына сілтеме жасайды. Бүл диспозиция бойынша қайталап жатпау үшін қылмыстың осы құрамын анықтаған қылмыстық заңның тиісті бабына, баптың тармағына сілтеме жасайды. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 96-бабы, 2-бөлігіндегі кісі өлтіруді алайық. Онда “Н” тармағында осы Кодекстің 97—100-баптарында көзделген әрекеттерді қоспағанда, бұрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру делінген. Бұл жерде бұрын адам өлтірген деген ұғымға қатысы болатын қүрамдарды қайталап жатпас үшін, заң шығарушы сол үғымдарға анықтама берілген баптарға тиісінше сілтеме жасап отыр.
Қылмыстық заң мазмұнына сай: а) қылмыстық құқықтың қағидаларын белгілейді; б) қандай iс-әрекеттер қылмыс болып табылатындығын анықтайды; в) бұл қылмысты жасаған тұлғаларға қолданылатын жаза түрiн анықтайды.
Санкция дегеніміз нақты қылмыс үшін жазаның түрлері мен көлемдері берілген қылмыстық – құқықтық норманың бір бөлігі.
Санкция нақты нормада қарастырылған іс – қимылдың заңдық бағалануын білдіреді. ҚР ҚК санкцияларында әдетте «немесе — немесе» деген қағидаларға сәйкес, балама жазалар белгіленген. Мысалы, ҚР ҚК 130 бабында жала жабу үшін айыппұл, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе түзеу жұмыстары көрсетілген. Бірқатар қылмыстар үшін санкцияда бір жазаның түрі көрсетілуі мүмкін. Мысалы, ҚР ҚК 96 бабында адам өлтіргені үшін алты жылдан он бес жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы көрсетілген.
Қылмыстық жазалар соттың үкімде жазаның мөлшерін өзгертуіне байланысты нақты анықталған және салыстырмалы анықталған деп бөлінеді.
Нақты анықталған жазаларға өлім жазасы жатады. Яғни, санкцияда дара, жалғыз бір ғана жаза көрсетіледі. Нақты анықталған санкция қолданыстағы қылмыстық кодексте жоқ. Бұл жаза түріне мысал ретінде, 1959 ж. Қылмыстық кодекстің 273-1 бабын «милиция қызметкерінің өміріне ауырлататын жағдайда қастандық жасау өлім жазасымен жазаланады» келтіруімізге болады. Осы мысалдан көріп отырғанымыздай, өлім жазасына балама басқа жаза түрі санкцияда көрсетілмеген.
Салыстырмалы – анықталған санкция жазаның түрі мен мөлшерін көрсетеді.
Салыстырмалы – анықталған санкция келесі түрлерден тұрады: жазаның жоғары және төменгі шегі көрсетілген санкция; жазаның тек жоғары шегі көрсетілген санкция; жазаның тек төменгі шегі көрсетілген санкция.
Жазаның жоғары және төменгі шегі көрсетілген санкцияға мысал ретінде: ҚР ҚК 179 бабын келтіруімізге болады: яғни, қарақшылық үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы көрсетілген.
Жазаның тек жоғары шегі көрсетілген санкцияға мысал ретінде: ҚК 178 бабын келтіруімізге болады: яғни, тнау үшін заң шығарушы төрт жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын белгілеген. Заң шығарушы бұл жерде жазаның төменгі шегін тікелей осы бапта көрсетпеген. Жазаның төменгі шегін анықтау үшін біз ҚК Жалпы бөліміндегі 48 бапты қарап, бас бостандығынн айыру жазасының төменгі шегі алты ай екендігін анықтаймыз. Ендеше сот осы алты айдан төменге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындамауы қажет.
Жазаның тек төменгі шегі көрсетілген санкцияда жазаның тек төменгі шегі көрсетіліп, жоғары шегі көрсетілмейді. Бірақ та бұл санкцияның түрі біздің Қылмыстық кодексте орын алмаған.
Санкциялардың көпшілігі жазаның екі немесе одан да көп түрлерінің баламасын көрсетеді. Бұл соттарға кінәлі адамға жазаны дараландырумен байланыстыжасалған іс – қимылдың қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.
Қылмыстық заңға келесідей талаптарды қоюға болады. Заң нақты, түсінікті, басқа нормаларға кереғар болмауы қажет. Сондай – ақ құқықтық нормалар бір жағынан – тұрақты, екінші жағынан – динамикалық болуы қажет.
- Тұрақты норманы тиянақты түрде зерттеп, талдау қажет. Себебі, уақыт өте бұл нормаларды білетін, осы нормаларды қолданатын адамдардың саны өседі. Осы норманың қолдану мерзімімен қатар, норманы қолдану тәжірибесін жалпылау және зерттеу мүмкіндігі де туындайды. Осыған байланысты, құқық қолданушылық қызметі жақсарып, әдеттегі қателіктердің саны азаяды. Норманың өміршеңдігі оның беделі мен маңыздылығын арттыра түседі. Ал екінші жағынан норма өмірдің қажеттіліктерінен арта қалып, ескіруі де мүмкін. Норманы қолдану процесі барысында, оның кемшіліктері табылуы мүмкін. Бұл жағдайда, норманы жойып немесе оны өзгерту қажеттілігі туындайды. Бірақ та назар аударатын басты мәселе, қылмыстық заң маңызды құқықтық акт болғандықтан, жиі – жиі өзгерістерге ұшырамас екен дейміз. Себебі, заң шығарушымен енгізілген кейбір олақ өзгертулер құқық қолдану тәжірибесінде әртүрлі дәрежедегі түсінбеушіліктрерді тудыруды. Мысалы, ҚК Ерекше бөлімінің кейбір баптарында бір ғана субъектінің жауаптылығын көрсететін бірнеше бөлімдер бар. Қылмыстық кодекстің 13 тарауына енгізілген өзгерістер белгілі бір алаңдатушылықтарды туындатады. Олар қылмыстың субъектісіне байланысты. Атап айтқанда, ҚР ҚК 307 бабы. Сондықтан да, заңға енгізілетін өзгерістер жан – жақты түрде зерттелінуі қажет.
Сонымен бірінші тарауымызды аяқтай келе шығарған қорытындымыз қысқаша қылмыстық заңның негiзгi қырлары мен маңыздылығын көрсетуге мүмкiндiк бередi.
- Негiзгi қыры: ол оның мемлекет билiгiнiң жоғарғы органдарының құқықтық актiсi, негiзгi мiндетi қорғау болып табылады. Соның iшiнде: тұлғаны, оның құқықтары мен бостандықтарын, табиғи, айналамыздағы ортаны, меншiктi, қоғамның және мемлекет мүдделерi мен мұқтаждықтарын, барлық құқықтық тәртiптi қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау;
- Қылмыстық заң Қазақстан Республикасы Конституциясы мен жалпылама танымал принциптер және халықаралық құқықтық нормаларына негiзделедi; Айтылғандарды қорыта келе, келесі тұжырымдарды атауымызға болады:
Қылмыстық кодекс дегенiмiз барлық қылмыстық заңдардың белгiлi бiр жүйеге келтiрiлген жиынтығы болып табылады. Кодексте қылмыстық құқықтың жалпы ережелерi мен принциптерi, нақты қылмыс түрлері мен олар үшін қолданылатын жаза түрлері мен мөлшері көрсетілген.
Қылмыстық кодекс Жалпы және Ерекше бөлiмнен тұрады. Қылмыстық кодекстiң Жалпы бөлiмiнде жоғарыда айтылған қылмыстық құқықтық жалпы ережелерi, мiндеттерi, қылмыс пен жазаның түсiнiгi, қылмыс пен жазаны жоятын мән-жайлар, т. б. мәселелер қарастырылады. Жалпы бөлiмнiң баптары өзара бiр-бiрiмен тығыз байланыста болады. Мысалы, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын жағдайлар жаза тағайындауда және шартты жазаны қолдануда мiндеттi түрде есепке алынады.[11]
Ерекше бөлiмде жекеленген нақты қылмыс түрлерi үшiн жауаптылық және жаза белгiленген. Ерекше бөлiмiнiң бабы диспозиция және санкциядан тұрады.
Қылмыстық Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң баптары топтық және түрлiк болып екiге бөлiнедi. Топтық баптар бiр тектес қылмыстардың ортақ және соларға тән белгiлерiн анықтайды. Мысалы, қылмыстық кодекстiң 366-бабында — әскери қылмыстардың түсiнiгi берiлген. 307-бапта лауазымды тұлғаның түсiнiгi айтылған. Топтық баптардың түсiнiгi әр түрлi тарауда орналасқан, әр түрлi қылмыс топтарын бiр-бiрiнен жiктеуге мүмкiндiк бередi. Түрлiк баптар бойынша заңда көрсетiлген жекелеген қылмыстық белгiлерi және осы қылмысты iстегенде қандай жаза тағайындалу керек екендiгi көрсетiледi.
2. Тарау. Қылмыстық заңның кеңістікте қолданылуы
2.1. Қылмыстық заңның кеңістікте қолданылуы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде төмендегідей жағдай көрсетілген:
- Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған адам осы Кодекс бойынша жауапқа тартылуға тиіс.
- Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғастырылған, не аяқталған әрекет Қазақстан Реслубликасының аумағында жасалған қылмыс деп танылады. Қылмыстық заң Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфінде және ерекше экономикалық аймағында жасалған қылмыстарға да қолданылады.
Қылмыстық заңның күші белгiлi бiр территория бойынша шектелген. Осыған байланысты белгiлi бiр аумақтың бар болуы және оны бекiту, мазмұнды қатаң сипатқа ие болған. Бiрiншiден, бұл Қылмыстық кодекстiң қорғау және сақтандыру сияқты негiзгi мiндеттерді орындауымен байланысты. Екiншiден, қылмыстық заңның кеңiстiктегi күшiнiң қолданылуында заңдылық, заң алдындағы теңдiк немесе жауаптылықтан бұлтармау сияқты қылмыстық құқықтық қағидаларының iске асыру мiндеттерiмен анықталады. Үшiншiден, халықаралық құқық нормалары және оған сәйкес конвенциялардың бар болуы бұл мәселелердi шешудегi әсерiнiң болуы. Сонымен қатар, мемлекеттiк шекараның, азаматтықтың түсiнiгiн беретiн құқықтық норманың елеулi рөл атқаруы.[12]
Қылмыстық заңның кеңiстiкте қолданылуы сәйкес мемлекеттік органдармен нақты мемлекеттің аумағында заңды нақты қолдануды білдіреді. Қылмыстық заңның кеңістікте қолданылуы бес қағида негізінде жүргізіледі: 1) аумақтық; 2) азаматтық; 3) нақты; 4) әмбебап; 5) қорғаншылық.
Осы аталған қағидалардың ішіндегі бастысы, үстемі – аумақтық қағида болып табылады. Аумақтық қағиданың мәні келесідей: Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған адам осы Кодекс бойынша жауапқа тартылуға тиіс.
Осыған байланысты, қылмыстық – құқықтық юрисдикцияның кеңістіктегі шектерін анықтау мемлекеттің аумағымен тікелей байланысты. Халықаралық құқыққа сәйкес, мемлекеттің аумағы деп – белгілі бір мемлекетке тиісті, соның шегінде мемлекет өзінің суверенитетін жүзеге асыратын жер шарының бір бөлігін айтамыз.
Мемлекеттің аумағына: құрлық, су, су мен құрлықтың астындағы қойнау, су мен құрлықтың үстіндегі әуе кеңістігі кіреді.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 қаңтардағы “Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы туралы” заңының 1-бабына сәйкес, Қазақстанның аумағын құрлық, су, жер қойнауы және әуе кеңiстiгi шегiн айқындайтын сызық және осы сызық бойынша өтетiн беткi қабат құрайды. Мемлекеттiк шекара белгiленедi:
құрғақ аумақта — жер бедерiнiң сипаты нүктелерi сызықтары жатады.;
су аумағында – Қазақстан Республикасының iшкi суларынан басқа, аумақтық теңiз жағалауындағы теңiз сулары.
әуе кеңiстiгi аумағында – Қазақстан Республикасы құрғақ немесе су аумағы үстiндегi берiлген аспан кеңiстiгі.
Мемлекеттiң құрлығы оның аумағындағы құрғақ аймақ болып табылады. Ал мемлекеттiң су аймағын iшкi (ұлттық) сулар және территориялық сулар құрайды. Аталған екi су аймақтарының айырмашылығы шетелдiк кемелер мен әскери кемелердiң жүзу уақытымен (режимi) байланысты. 1982 жылғы БҰҰ теңiз құқығы жөнiндегi Конвенциясына сәйкес iшкi суларға:
- теңiз сулары, соның iшiнде аумақтық теңiздердiң енiн есептеу үшiн қабылданған тiк шығу түзулерiнен жағалау жаққа орналасқан мемлекет-архипелагтардың сулары;
- порттардың сулары;
- жағалауы белгiлi бiр мемлекетке тиесiлi шығанақ сулары, егер оның енi 24 теңiз милiнен аспайтын болса, сондай-ақ тарихи шығанақтар.
Iшкi суларға сонымен қатар, мемлекет аумағындағы өзен мен көлдердiң және басқа да қойнаулардың сулары жатады. Енi 1982 жылғы Конвенцияға сәйкес 12 мильден аспайтын теңiз жағалауының сулары да аймақтық сулар болып есептелінедi. Жалпы ережелерге сәйкес, аумақтық сулардың 12 мильдiк енi материктiң, аралдардың ең үлкен су қайтуы сызығынан бастап есептеледi.
Аумақтық сулардың құқықтық режимiнiң ерекшелiктерi: бұл сулар арқылы кез келген мемлекеттің кемесiнiң еркiн жүзiп өтуiне рұқсат етілген. Яғни, шетелдiк кеме iшкi суларға кiрмей жүзiп өтуi қажет. Аумақтықсуларда бейбiт мақсатта шетелдiк кемелердiң осы тәртiппен өтуi аумақтық теңiздер туралы конвенцияда көрiнiс тапқан.
Жер қойнауы деп – жер қабатының бiр бөлiгi ретiнде өндірістік немесе басқа қажеттiлiктердi қанағаттандыратын жер қойнауының астыңғы және үстiңгi қабатындағы пайдалы қазбалардi айтамыз. Қойнаудың мемлекеттік қорын мемлекеттің шекарасы шегіндегі пайдаланатын және пайдаланбайтын участоктер құрайды.
Кеңестік дәуір авторларының пікірі бойынша, әуе кеңістігі деп Кеңес Одағының құрлық және су кеңістігінің, яғни, аумақтық сулардың үстiмен өтетiн, халықаралық шарттармен анықталған, әуе кеңiстiгiн айтуға болады.[13] Әуе кеңiстiгiнiң шекарасы деп құрлық және су аумағының үстiндегi тікелей өтетін қабат аталады. Мемлекеттің аумағының әуе шекарасы болып, оның әуе кеңістігінің жанындағы және жоғарысындағы шектері қарастырылады. Әуе кеңістігінің жанындағы шекарасы болып, мемлекеттік шекараның құрлықтағы және су кеңістіктерінде өтетін жанындағы сызықта айтамыз. Халықаралық құқыққа сәйкес, бұл шекара мұхит деңгейінен 100-110 км. Шегінде деп белгіленеді.
Бұл шекарадан төменгі әуе кеңістігі мемлекеттік аумаққа жатады да, мемлекеттік қылмыстық – құқықтық юрисдикциясы қолданылады. Бұл шекарадан жоғарыда орналасқан жердің үстіндегі кеңістік ғарыштық кеңістік болып табылады да, халықаралық құқықтық режимге ие болады.
Қазақстанның аумағына заң шығарушы арқылы құрылықтық шельф те жатқызылған. Құрылықтық шельфтің құқықтық жағдайы 1958 жылғы құрылықтық шельф туралы халықаралық Конвенциямен белгіленген.
Құрлықтық шельф деп, құрлықтың су астындағы табиғи жалғасын айтамыз. Құрлықтық шельфтердiң ұзындығы жағалаудан есептегенде, 350 теңiз милінен аспауы тиiс. Шельфті сондай-ақ, су түбi және су асты қабатын құрайды.
Құрлықтық шельфтің ішкі шекарасы аумақтық теңіздің сыртқы шегі болып табылады. Құрлықтық шельфтің сыртқы шекарасын аумақтық сулардың қайту суларынан бастап есептегендегі 200 теңіз милі қашықтығы құрайды. Назар аударатын мәселеміз, Мемлекеттің қылмыстық — құқықтық юрисдикциясы құрлықтық шельфте, тек бірқатар қылмыстар үшін ғана қолданылады. Мысалы, құрылықтық шельфтің ресурстарын барлаумен ббайланысты қылмыстар немесе қоршаған ортаны қорғаумен байланысты қылмыстар. Қылмыстық – құқықтық юрисдикция құрылықтық шельфтегі барлық жасанды құрылымдарға, атап айтқанда, аралдарға, құрылымдарға, су асты кабельдеріне байланысты қолданылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі ерекше экономикалық аймақта жасалынған қылмыстарға қатысты да қолданылады.
Ерекше экономикалық аймақ – халықаралық құқық ерекше құқықтық статус берген, аумақтық теңiзге жалғасатын, енi 200 мильден аспайтын аудан. Мемлекет өз аумағында жасанды аралдарды құруға және қолдануға, ғылыми зерттеулер жүргiзуге, қоршаған ортаны қорғауға құқылы.
Ерекше экономикалық аумақтың ерекше құқықтық статусы мынада: жағалау мемлекеті теңіз түбін жауып жатқан, тірі немесе өлі табиғи ресурстарды барлауға, өңдеуге, сақтауға құқылы. Жағалау мемлекетінің жалпы құқықтық юрисдикциясы экономикалық аумақ шеңберінде жасанды аралдарды, құрылымдарды, жасау мен пайдалануға, теңіз ортасын ғылыми зерттеу, қорғау мен сақтауға қолданылады.
Ерекше экономикалық аумақтың шегінде қылмыстық – құқықтық юрисдикция тек қана, осы аумақ көлеміндегі мемлекеттің тәуелсіз құқықтарын жүзеге асырумен байланысты ғана қолданылады.
ҚР ҚК 284 бабына сәйкес, экономикалық аймақ шегінде жасалған қылмыстар үшін жауаптылық туындайды:
- Қазақстан Республикасының ерекше экономикалық аймағында қауіпсіздік аймақтарын заңсыз құру, сол салынған құрылыстың және теңіздегі кеме жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдарын салу, пайдалану, күзету мен жою ережелерін бұзу;
- Қазақстан Республикасының ерекше экономиаклық аймағының табиғи байлықтарына тиісті рұқсатсыз жүргізілген зерттеу, барлау, игеру.
Қылмыстық – құқықтық юрисдикция, сондай – ақ Қазақстанның портына тіркелген теңіз және әуе кемелеріне де қолданылады. ҚР ҚК 6 бабының 3 бөліміне сәйкес, әскери кемелерге аумақтық суларда, шет мемлекеттердің аумақтық суларында немесе портында тұқрса да Қазақстанның қылмыстық – құқықтық юрисдикциясы қолданылады. Егер де, әскери кеме немесе оның экипажы арқылы шет ел жағалау мемлекетінің ережелері сақталынбаса, немесе қылмыс жасалынса бұл кеме жағалау мемлекетінің порты мен аумақтық суларынан шығарылып тасталынады.
Азаматтық кемелерге қатысты да мәселе осылай шешілуі керек. Бірақ та, азаматтық сауда – саттық кемелерінде қылмыс жасалынған кезде мәселе келесідей жолмен шешілуі қажет:
Жағалау мемлекетінің қылмыстық – құқықтық юрисдикциясы қолданылады:
- Қылмыстың нәтижесі жағалау мемлекетіне қатысты болса;
- Жасалынған қылмыс елдің тыныштығы мен аумақтық сулардағы тәртіпті бұзса;
- Кеме капитаны, дипломатиялық агент немесе консулдық лауазымды тұлға көмек сұрап, жергілікті өкімет органдарына барса;
- Есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететін заттармен заңсыз сауда – саттық жасауды тыю мақсатында.
ҚР ҚК 6 бабының үшiншi тармағы Қазақстан Республикасның туының астында су немесе әуе кеңiстiгiнде жүрген кемелерде жасалған қылмыс үшiн жауаптылықтың тәртiбiн реттедi: “Қазақстан Республикасының портына тiркелген де ҚР шегiнен тыс ашық су немесе әуе кеңiстiгiнде жүрген кемеде қылмыс жасаған адам, Қазақстан Республиксының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.”
Қандай жағдайда болмасын қай жерде болмасын ҚР әскери әуе және су кемелерi Қазақстан Республикасы территориясының бiр бөлiгi ретiнде саналады, яғни ашық суларға шыққан кезде, сондай-ақ шет мемлекеттiң портында тұрақта тұрған сәтiнде ҚР кемесiнде жасалған қылмыс ҚР Қылмыстық Кодексiмен сараланады.
Дурмановтың көзқарасы бойыша, КСРО шекарасына кез келген шетел әуе кемесенiң ұшып кiрген, ұшып шыққан және КСРО аумағының үстiмен ұшып жүрген кезінде осы кемеде болған тұлғаларға қатысты кеңестiк Қылмыстық кодекс қолданылады, ал сол әуе кемесiнде жасалған қылмыстар КСРО аумағында жасалған деп саналынып, КСРО-ның Қылмыстық Кодексiмен сараланады.
ҚР ҚК 6-бабының төртiншi бөлiмiнде шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерiнiң және имунитеттi пайдаланатын өзге де азаматардың қылмыстық жауаптылығы туралы мәселелер халықаралық құқық нормалары негiзiнде шешiлетiндiгi атап айтылған.
Дипломатиялық иммунитет шетелдiң дипломатиялық өкiлдiктерiне, олардың басшылары мен қызметкерлерiне берiлетiн құқықтар мен мүмкiндіктердiң жиынтығы. Дипломатиялық иммунитет мәселелерiн реттейтiн нормалар 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясында көрсетілінген. [14]
Кейбір оқулықтарда дипломатиялық иммунитет эксаумақтық деп те беріледі. Бұл дегеніміз. Жергілікті соттарға бағынбауды білдіреді.[15]
Дипломатиялық иммунитетке ие адамдар қылмыс жасаған кезде, олардың жауаптылығы туралы мәселе, халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешіледі. Яғни, 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясы; 1963 жылғы консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясы; 1975 жылғы мемлекеттің өкілдіктері туралы Вена Конвенциясына сәйкес шешіледі.
Дипломатиялық иммунитетке ие адамдардың қатарына: дипломатиялық миссиялардың басшылары, дипломатиялық агенттер, консулдық лауазымды тұлғалар жатады. Дипломатиялық иммунитет, сондай – ақ жеке қол сұқпаушылық дипломатиялық қызметкерлердің отбасына да қолданылады.
Дипломатиялық өкiлдiктердiң қызметтершiлеріне өз иммунитеттерiн заңға қайшы мақсаттарда пайдалануына жол берiлмейдi.
Дипломатиялық қолсұқпаушылық құқығын шетелдердiң өкiлдерi, парламенттiк және үкiметтiк делегация мүшелерi, сондай-ақ Қазақстанға халықаралық келiссөздер өткiзуге келетiн шетелдiк делегация қызметкерлерi, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын оларға жол серiк болған отбас мүшелерi қолданады. Ал халықаралық үкiметаралық емес ұйымдар мен осы ұйымдардың негiзiндегi шет мемлекет өкiлдiктерiнiң лауазымды тұлғалары халықаралық келiсiм-шарттарға байланысты ие болады.
Консульдiк лауазымды тұлғалар Қазақстан Ресубликасының қылмыстық юрисдикциясынан тек өзiнiң қызмет ету аясында иммунитетке ие болады. Ал дипломатиялық курьерлер өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде ғана жеке қолсұқпаушылық құқығына ие бола алады, яғни олардың тұтқындалуы немесе ұсталынуы мүмкiн емес.
Шет мемлекетпен арнайы келiсiм-шарттардың негiзiнде дипломатиялық өкiлдiктiң консулдық лауазымды тұлғалары, сондай-ақ әкiмшiлiк-техникалық персоналы өзара екi жақтылық келісім қағидасына сүйене отырып, дипломатиялық қолсұқпаушылық құқығына толығымен ие болады.
Заң аталған тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы мәселелерiнiң дипломатиялық жолмен шешiлуiн бекiтедi. ҚР Президентiнiң 1995 жылдың 19-маусымындағы “Қазақстан Респбуликасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы” заң күшi бар жарлықтың 28-бабына сәйкес мұндай тұлғалар Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге қудаланады.
Қылмыстық заңның кеңiстiкте қолданылуы тек аумақтық қағидамен шектелiп қана қоймайды. Қазақстандық азаматтардың және азаматтығы жоқ тұлғалардың жауаптылығының барлық үлгіленрді қамти алмағандықтан, ол қылмыстық заңның кеңiстiктегi азаматтық, нақты және әмбебап қағидаларымен толықтырылады.
Азаматтық қағидаға сәйкес, егер Қазақстан Республикасының азаматы белгiлi бiр қылмысты шетелде жасайтын болса, онда ол қылмыс жасағаны үшiн сол мемлекеттiң сотымен жазаланбаса, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы бойыша жауап бередi.
1991 жылғы 20 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасының азаматтық туралы” Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматы деп заң күшiне енген күннен осында тұрақты тұрған және азаматтығын осы заңның негiзiнде алған тұлғалар танылады. Заңның 6-бабында былай делiнен: “Қазақстан Республикасының аумағында тұрған және оның азаматы болып табылмайтын тұлға барлық құқықтар мен бостандықтарға ие болады, сондай-ақ Конституциямен, Заңдармен және Қазақстан Республикасының мемлекетаралық келiсiмшарттарымен бекiтiлген барлық мiндетердi атқарады…”
Азаматтығы жоқ тұлғалар деп белгiлi бiр мемлекеттiң азаматы болып табылатындығын дәлелдейтін құжаттары жоқ тұлғалар танылады.
Қазақстан Республикасынан тысқары жерде қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғаларға қатысты қылмыстық заңның күшi ҚР ҚК 7-бабымен анықталады. Аталған тұлғалардың жасаған iс-әрекетi сол мемлекетте қылмыс деп танылатын болса және олар сол мемлекетте жауапқа тартылмаған болса, онда олар ҚР ҚК бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
ҚК 7-бабының төртiншi тармағына жүгiнсек, егер де шетел азаматтары Қазақстан Республикасынан тыс жерде Қазақстан Республикасының мүддесiне қарсы бағытталған қылмысты жүзеге асыратын болса, онда ол тұлға қылмысы үшiн және басқа да халықаралық келiсiм-шартарда орын тапқан жағдайларда жасаған қылмысы үшiн Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
Бұл жағдайда басқа мемлекетте жасалған қылмыс нәтижесiнде туындаған сотталғандық және басқа да қылмыстық-құқықтық салдар Қазақстан Республикасының мүддесiне қайшы келмеген болса, Қазақстанда жасалған қылмысты саралауда ешбiр қылмыстық-құқықтық маңызға ие болмайды. ҚК 7-бабының үшiншi тармағы Қазақстанның шетiне дислокацияланатын әскерилердiң қылмыстық жауаптылық жағдайы атап айтылады. Аталған тұлғалардың шетелде қылмыс жасауы Қазақстан Республикасының заңымен саралануда жалғасын табады.
Көптеген әдебиеттерде қылмыстық заңның кеңiстiкте қолдануының – нақты және әмбебап қағидаларын кездестiруге болады. Алғашқысы халықаралық қылмыстармен және де халықаралық сипаттағы қылмыстармен (мысалы, есiрткi заттарын жасау, сату немесе таратумен байланысты қылмыстармен) күресу қажеттiлiгiнен туындайды. Яғни Қазақстан Республикасының осындай қылмыстармен күресуі бойынша конвенцияларға қатысуы аталған қылмыстар орын алған кезде (яғни, бұл қылмыстар Қазақстан Республикасының халықаралық келiсiм шартында, сондай-ақ Қазақстан Репсубликасы заңында тыйым салынған болып табылады) оның заңымен реттелуiн талап етедi.[16]
Әрине, ҚР ҚК 7-бабы қылмыс жасаған шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға басқа мемлекетте сотталмаған болса және Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық жауапқа тартылса қолданылады.
Әмбебап қағидасы қылмыскердi беру қағидасымен тең дәрежеде тұр. Яғни, қылмыскердi берудi, белгiлi бiр тұлғаны аумағында қылмыс жасаған мемлекетке беру, немесе жасаған қылмысы сол мемлекеттiң мүддесiне қарама-қайшы болатын болса,не ол тұлға сол мемлекетiң азаматы болатын болса, аталмыш мемлекетке беру деп түсiнуге болады.
Ал Қазақстан Республикасынан тысқары жерде қылмыс жасап, Қазақстанның аумағында тұратын шетел азаматтарын немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды беру мәселесi екiжақты келiсiм-шартардың (мысалы, өзара құқықтық көмек көрсету туралы келiсiм-шарт) не халықаралық келiсiмдер негiзiнде шешiледi. Айта кететiн бiр жайт, ҚК 8-бабының, 1-тармағына сүйенсек: “басқаКурс советского уголовного права. мемлекеттiң аумағында қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер халықаралық шартта өзгеше белгiленбесе, ол мемлекетке берiлмеуге тиiс”, делiнген.
Қылмыстық заңның кеңiстiкте қолданылуының аумақтық қағидасы шетел азаматтарының, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалардың шетелде Қазақстанның мүддесiне қарсы қылмыс жасау мүмкiндiгiне байланысты туындаған мәселелердi шеше алмайтындығы байқалады. Бұл жерде қылмыстық заңның нақты қағидасының маңызы зор болып табылады.
Нақты қағиданың мәнi мынада, Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмайтын шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының жеке адам, қоғам және мемлекет мүддесiне қарсы бағытталған қылмысы үшiн қылмыстық жауаптылыққа ҚР ҚК негiзiнде тартылады.
Қылмыстық құқық теориясында аталған қағидалардан басқа, қылмыстық заңның кеңістікте қолдану мәселелерін шешу барысында қорғаншылық және оккупациялық қағидалар қарастырылады.
Оккупациялық қағида аумақтық қағидадан алынады да, мәні келесідей сипатта болады: оккупацияланған аумақта жасалынған қылмыстарға оккупацияны жүзеге асырған мемлекеттердің заңының қолданылуы.[17] Бұл аумағына соғыс кезінде немесе жеңілгеннен кейін әскер енгізілген мемлекеттердің келісімімен жүргізіледі.
Аумақтық қағидадан алынған келесі қағида қорғаншылық қағидасы болып табылады.
Қорғаншылық қағидасының негізгі мәні мынада: шетелдерде орналасқан әртүрлі әскери құрылымдардың қызметшілері эксаумақтыққа ие. НАТО – ға қатысушы – мемлекеттердің қарулы күштерінің статусы туралы 1951 жылғы 19 маусымдағы Конвенцияға сәйкес, американ қарулы күштері НАТО елдерінде абсолютті иммунитетке ие болып табылады.
ҚР ҚК 8-бабы қылмыс жасаған тұлғаларды беру мәселелерiне арналған. Қазақстан Республикасының азаматы шетелге берiлмейдi, егер ол осы мемлекет территориясында қылмыс жасаған болса. Сәйкесiнше, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасынан тыс жерде қылмыс жасап, Қазақстанда тұратын болса, олар халықаралық келiсiм-шарттар негiзiнде шетелге қылмыстық жауаптылыққа тартылуға немесе жазасын өтеуге берiлуi мүмкiн. Мұндай халықаралық келiсiмдер Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасында 1993 жылы 14 қаңтарда бекiтiлген. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да шетелдермен жасасқан аталған шарт сипатындағы көптеген құжаттар бар.
1993 жылғы 22 қаңтарда қабылданған азаматтық, отбас және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы Минск Конвенциясының[18] 56-бабына сәйкес, қатысушы-мемлекеттер талапқа сай бiр бiрiне, өздерiнiң территориясында тұрған тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшiн немесе сот үкiмiн жүзеге асыру үшiн беруге мiндеттелдi. Қылмыскердi беру оны аз дегенде 1 жылдан кем емес және одан да ұзақ мерзiмдерге бас бостандығынан айыруға жүзеге асырылады.
Егер де сұрап отырған қылмыскер сол елдiң азаматы болса, онда оны беруден бас тартылады. Мұндай жағдайда Конвенцияның 72-бабында айтылғандай, қатысушы мемлекеттер сұраныс жасаған жақтың территориясында қылмыс жасаған өз азаматтарына өз заңының негiзiнде қылмыстық құдалауды бастайды.
12 шiлде 1994 жылы Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасында қылмыс жасаған тұлғаларды беру туралы Келiсiм-шарт Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiмен ратификацияланды. Оның мақсаты, сол тұлғаларды қылмыс жасағаны үшiн қылмыстық жауапкершiлiкке тарту немесе соттың үкiмiн жүзеге асыру болып табылады.[19]
Негiздерде көрсетiлмеген басқа да қылмыстар үшiн ұстап берiлген адамды сұраныс жасаған жақтың келiсiмiнсiз қылмыстық жауаптылыққа немесе жазаға тартуға болмайды. Қылмыс жасаған адамды ұстап беру туралы өтiнiштi алған сәттен бастап, ұстап беру мәселелерiнiң шешiмi 15 күннiң iшiнде берiлуi тиiс. Ұстап беру өтiнiшiнiң мазмұны, келiсiм-шартқа отырған жақтың заңы бұзылуының сипаты мен қауiптiлiгiн, қылмыскердiң жеке басының мiнездемесi, сонымен қатар, тигiзiлген материалды зардаптарының мөлшерiн қамтуы қажет.[20]
Қылмыскерлерді беруден бас тарту, құқықтық институт ретінде ежелден белгілі. Бірақ та, саяси қылмыскерлерді беруден бас тарту түріндегі қағида ретінде француз буржуазиялық революциясы кезеңінде нақты қалыптасты деп айтуымызға болады. 1793 жылғы якобиндер конституциясында «француз халқы өз елінен бостандық ісі үшін қуылған барлық шетелдіктерге баспана беріп, тирандарға баспана беруден бас тартады»,- деп көрсеткен.
Баспана беру құқығы – тәуелсіз мемлекеттің өзінің негізгі заңдарында, басқа мемлекеттерде қудаланған адамдарға, өз жерінде қылмыстық жауаптылыққа тартпай тұруға мүмкіндік берулерін жариялауы.
Сонымен: қылмыскерлерді беру заңды егер де ол, бейбітшілікті сақтау және халықтардың өзара ынтымақтастығы үшін жүзеге асырылса.
Халықаралық әдет – ғұрыпқа сәйкес саяси қылмыскерлер берілмейді.
2.2. Қылмыстық заңның уақытта қолданылуы
Қылмыстық заңға сәйкес, әрекеттің қылмыстылығы мен жазаланушылығы сол әрекет жасалған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгіленеді. Қоғамдық қауіпті іс-әрекет (әрекетсіздік) жүзеге асырылған уақыт, зардаптардың басталған уақытына қарамастан, қылмыс жасалған уақыт деп танылады.
Осы ережелерді басшылыққа ала отырып қылмыстық заңның мезгілдегі күші негіздерімен ғана әрекеттің қылмыстылыққа немесе жазалылыққа жататындығын анықтауға болады.
Әрекеттегі іске асырылып отырған заң деп өзінің күшіне енген және де белгіленген тәртіптерге сай өз күшін жоғалтпаған заңды аитамыз.
Республиканың заң және өзге де нормативтік қүқықтық актілермен әзірлеу, ұсыну, талқылау, күшіне енгізу және жариялау тәртібі арнаулы зандармен және Парламент немесе оның Палаталарының регламенттерімен реттеледі. Мұндай заң, Қазақстан Республикасы 24 наурыз 1998 жылғы шыққан «Нормативті құқықтық актілер» туралы заңы болып табылады.
Қылмыстық құқық теориясында, қылмыстық заңды жариялау және күшіне енгіу тәртібі былайша белгіленген:
- Егер заң күшіне енуі туралы сол заңның өзінде белгіленсе, яғни сол мерзімге жеткен күннен бастап заңды күшіне енген болып (жарияланған күннен немесе нақты көрсетілген мерзімнен) саналады;
- Қазақстан Республикасында заңдардың жариялануы және күшіне ену тәртібі туралы заңға сәйкес қабылданған заңдар «Парламент Жаршысында» жарияланса, он күннен кейін (егер заңда оның күшіне енуінің басқа мерзімі көрсетілмесе) заңды күшіне енеді.
Жалпы мерзімдерді есептеу қағидаларына сәйкес, белгіленген мерзімнің соңғы тәулігінің өтуінен кейін ол заң күшіне енген болып ескерілінеді.
Қылмыстың жасалу уақытын анықтау қылмыстық заңды дәлме – дәл дұрыс қолдану үшін қажет. Қылмыс құрамдарының материалды және формальді болуына сәйкес, олардың жасалу, аяқталу уақытын анықтаудың қалыптасқан ережелері бар.
Қылмыстық заң әртүрлі негіздерген байланысты өзінің күшін жоюы немесе тоқтатылуы мүмкін. Қылмыстық заңның күшінің тоқтатылуы келесі жағдайларда:
- Қылмыстық заң басқа жаңа заңмен алмастырылса;
- Заңда көрсетілген заңның қолдану мерзімі өтсе;
- Егер қылмыстық заң белгілі бір мерзімге не болмаса ерекше мән – жайлардың болуымен байланысты шығарылса, ол өзінің күшін белгіленген мерзім өткеннен кейін немесе аталған мән – жайлардың жойылуымен өзінің күшін жоюы немесе тоқтатуы мүмкін.[21]
Әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын, жауаптылықты немесе жазаны жеңілдететін немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңілдететін заңның кері күші болады, ягни осындай заң күшіне енгенге дейін тиісті әрекет жасаған адамдарға, оның ішінде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бірақ соттылығы бар адамдарға қолданылады.
Егер жаңа қылмыстық заң адам сол үшін жазасын өтеп жүрген әрекеттің жазаланатындығын жеңілдетсе, тағайындалған жаза жаңадан шығарылған қылмыстық заң санкциясының шегінде қысқартылуға тиіс.
Әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгілеитін, жа-уаптылықты немесе жазаны күшейтетін немесе осы әрекетті жасаған адам-ның жағдайын өзге де жолмен нашарлататын заңның кері куші болмайды.
Қылмыстық кодекстің 5-бабы қылмыстық заңның кері күшін қолдануға, яғни жаңадан қабылданған қылмыстық заңның күшінің, оның заңды күшіне енгенге дейінгі істелген іс-әрекетіне қолданьлуына мүмкіндік береді.
ҚК 5-бабы бірінші бөлігіне сәйкес, әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын, жауаптылықты немесе жазаны жеңілдететін немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңілдететін заңның кері күші болады, яғни осындай заң кушіне енгенге дейін тиісті әрекет жасаған адамдарға, оның ішінде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бірақ соттылығы бар адамдарға қолданылады.
Жаңа қылмыстық заң мына жағдайларда әрқашанда кері күшіне ие: а) әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоюға;
б) жауаптылықты немесе жазаны жеңілдетуге;
в) қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңілдетуі. Әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын заң, ол әре-
кеттің қылмыс қатарынан (яғни, Қылмыстық қодекстен) алынып тасталуы немесе осы әрекеті үшін жазаланушылығының жойылуы.
Жаңа заңның, ескі заңмен салыстырғанда жауаптылықты немесе жазаны жеңілдететіндігін анықтау үшін, екі заңның диспозициясы мен санкциясын салыстыру негізінде шешілуі қажет.
Өзгеріске енбеген диспозицияда жаңа заң неғұрлым жеңілірек болады, егер ол:
а) Жазаның бір ғана түрі басқа — жеңіл жазамен ауыстырылса (мысалы, бас бостандығынан айыруды, түзеу жұмыстарына ауыстыру);
б) бұрынғы қарастырылған жазаның бір ғана түріне (мысалы, бас бостандығынан айыру) жаңа заңның санкциясына басқа да неғұрлым жеңілірек жазалар енгізілсе (мысалы, бас бостандығынан айыру немесе түзеу жұмыстары немесе айыппұл);
в) Сол аталған жаза мерзімінің ең жоғарғы жазалау шегін төмендетсе (мысалы: 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырудың орнына, 2 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен ауыстырылуы);
г) сол аталған жазаның ең төменгі жазалау шегін төмендетсе (мысалы: 2 жыл-дан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды, 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен ауыстырылуы);
д) негізгі жазаны өзгертпестен қосымша жаза алынып тасталса;
е) негізгі жазаны өзгерту мүмкін емес болған жағдайда қосымша жазаның түрі және мерзімі жеңілдетілсе;
ж) жаңа заң бойынша жазалау, алдыңғы заңмен салыстырғанда күшейтілсе немесе жеңілдетілсе, яғни нақты әрекетке сәйкес неғұрлым жеңілірек жаза қолда-нылуы мүмкін. Бүл орайда алдыңгы заңда белгіленген жазаның ең жоғарғы шегінен, тағайындалған жазаның шегі жоғары болмауы тиіс.
Қылмыстық заңның кері күшін қолдану ережелері сотталған және жазасын өтеп жүрген немесе ескі, қатаң, жазамен жазасын өтеген бірақ соттылығы бар адамдарға қолданылады.
Егер жаңа қылмыстық заң адам сол үшін жазасын өтеп жүрген әрекеттің жазаланатындығын жеңілдетсе, тағайындалған жаза жаңадан шығарылған қылмыстық заң санкциясының шегінде қысқартылуға тиіс (ҚК 5-бабы 2-бөлігі).
ҚК 5-бабы үшінші бөлігіне сәйкес, мына жағдайда қылмыстық заңның кері күші болмайды:
а) егер ол әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгілесе;
б) егер ол жауаптылықты немесе жазаны күшейтсе;
в) егер ол әрекетті жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен нашарлататын болса.
Қылмыстық құқық теориясы қылмыстық заңның уақытта қолданылуының үш типін бөліп қарастырады: сол мезеттегі күші; ультрабелсенділік, немесе заңың өзінен — өзі асуы; ретробелсенділік, немесе заңның кері күші.[22]
Қылмыстық заңның сол мезеттегі күші дегеніміз, яғни қылмыстық заңның заң күшіне енгеннен кейін жасалынған қылмыстарға ғана қолданылуы. Басқаша айтқанда, жаңа қылмыстық заң, заң күшіне енгеннен кейін пайда болған қоғамдық қатынастарды реттейді. Бұл тезис жалпы ереже ғана емес, қылмыстық заңның уақыттағы қолданылуының негізгі қағидасы болып табылады.
Ультрабелсенділік дегеніміз, іс – қимылдың қылмыстылығы мен жазаланушылығы, осы іс – қимыл жасалған кезде қолданылған заң арқылы анықталынады. Яғни, қылмыс күші жойылған немесе алмастырылған қылмыстық заң кезінде жасалынса, осы жойылған немесе алмастырылған заң қолданылады.
Бұндай жағдайда, қылмыстық заңның қолданылуының өзіне берілген мерзімненасуын, яғни оның жаңа қылмыстық күшіне енгеннен кейін де ұзақ мерзімде қолданылуын айтамыз. Бұл жағдай, кінәлінің қылмыстық жауаптылыққа тартылуының кейбір жағдайларға байланысты ұзақ мерзімге созылуымен түсіндіріледі. Яғни, осыған байланысты, кінәлі адамды қылмыстық жауаптылыққа тартудың созылуының нәтижесінде, бір емес бірнеше қылмыстық заңның күші жойылып кетуі мүмкін.
Іс – қимылдың қылмыстылығы мен жазаланушылығы, осы іс – қимыл жасалған кезде қолданылған заң арқылы анықталынатындықтан, қылмысты жасау кезі мен үкімді шығару арасында қанша уақыттың болғанына және қаншама қылмыстық заңдардың ауысқанына қарамастан, осы іс – қимыл жасалған кезде күші жүрген заң қолданылуы қажет.
Қылмыстық заңның сол мезеттегі күші ережесі, жаңа қылмыстық заң қолданылған кезеңде жасалынған қылмыстарға қатысты осы жаңа заңның қолданылуын білдіреді. Бірақ та, бұл жалпы қағидадан бір ауытқу бар, бұл заңның ретробелсенділігі немесе қылмыстық заңның кері күші деп аталынады.
Қылмыстық заңның кері күшінің ерекше сипаты мынада, қылмыстық заңның кері күші тек арнайы заңда көрсетілген реттерде ғана қолданылады. Яғни, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде тек жұмсақ заңдар ғана кері күшке ие болады. Олар:
- Іс – қимылдың қылмыстылығын жоятын, яғни әрекетті декриминализациялайтын қылмыстық заңдар;
- Жазаны жеңілдететін қылмыстық заңдар;
- Қылмыс жасаған адамның жағдайын басқа да жолмен жақсартатын қылмыстық заңдар.
Қылмыстық құқық теориясында заңның кері күшінің екі түрі қарастырылады: жай және ревизиялық.
Қылмыстық заңның жай кері күші келесі жағдайда орын алады: жұмсақ қылмыстық заң соттың үкімі әлі заңды күшіне енбеген қылмыстарға қатысты қолданылады.
Қылмыстық заңның ревизиялық күші: жұмсақ қылмыстық заңның соттың үкімі заңды күшіне енген қылмыстарға қатысты қолданылады.
Сонымен, жаңа жұмсақ қылмыстық заң қолданылады: А) Тергеудегі адамдарға қатысты;
Б) Қылмыстық іс сотта жатқан адамдарға қатысты;
В) Жазаны өтеп жатқан адамдарға қатысты;
С) Жазасын өтеп болған адамдарға қатысты.
3. Тарау. Қылмыстық заңның уақытта қолданылуы
3.1. Қылмыстық заңның уақытта қолданылуы
Қылмыстық заңның уақытта қолданылу мәселесі қылмыстық заңның кері күшінің әрекет ету мәселесі ретінде пайда болды және дамыды. Осы қағиданың өмір сүруі жөнінде Цицеронның сөздерінде айтылады. Бірақ та осы кезеңде қалыптасқан құқыққа деген көзқарастар процесс ретінде, жаңа заң аяқталмаған істерге қолданылуы жатпайтындығы анықталды, шешілетін қатынастардың пайда болу уақытысына қарамастан өндірістегі барлық істерге қолданылды. Рим империясының кезеңінен бастап Феодосий І 393 жылғы Конституцияда қылмыстық заңның қағидасын белгілейді. Одан кейін әйгілі император Феодосия ІІ(440ж.) атымен аталған «Феодосиандық норма» пайда болды, онда барлық заң тек келешектегі уақыт үшін әрекет етеді деп көрсетті, егер тек заң шығарушы оған тікелей кері күшін енгізген жағдайда. Одан кейін осы ережелер Юстинианның кодексіне енді.[23]
Орта ғасырларда адам (құдайдың құлы ретінде қабылданды, ол еш талассыз билікке бағынуға тиіс болды. Қылмыскерлер өзіне белгілі бір заңды қолданылуын талап етуге құқығы болмады, сондықтан да сот әділсоттылықты жүзеге асыруда заңды басшылыққа алмады, шіркеумен талқылану жолымен қалыптасқан діни сенім-нанымды басшылыққа алды. Қылмыстық заңның уақытына байланысты күшіне деген басқа да көзқарастар тек ХVІІ ғасырларда пайда бола бастады.
Ағылшын буржуазиялық революциясы кезеңінде Дж.Лильберн «Англияның негізгі құқықтары және еріктері» деп аталатын пэмфлеттерінде былай деп жазды: сот әрекетін жасау кезеңінде өмір сүрген заң негізінде ешкім де сотталған бола алмайды. Қылмыстық заңдар және олардың уақытының әрекеті жөнінде Чезаре Беккария өзінің «Қылмыстар және жазалар» жөніндегі еңбегінде неғұрлым нақты жазылды, онда қандай болмасын қоғамдық игіліктің мазмұнына байланысты заңмен көзделген жазадан аспайтын белгілеуге құқылы емес», деді.[24]
Орыс криминалисі А.Д.Градовский былай деп жазды: «Азамат елдің жұмыс істеп тұрған заңнамаларында тиым салынған және тиым салынбаған шараларды көруге құқылы, олармен жасалынған бір де бір іс-әрекет қылмыс болып саналмайды «ex post Fast», яғни осыны жасағаннан кейін.[25]
ХVІІ ғасырдың аяғында ХІХ басында құқықтың классикалық мектебінің шеңберінде бір-бірінен бағыты бойынша ерекшеленген үш негізгі мектеп бөлініп шықты. Бірінші бағыттың өкілдері философтар (И.Кант, Ф.Гегель) өзінің көзқарастарын заң логикасынан туындайтын құқықтың қағидасына негіздеді, осыған байланысты қандай болмасын заңның кері күшін жоққа шығарды. Екінші бағыттың жақтастары (Н.С.Таганцев, К.Биндинг), керісінше неғұрлым жеңіл және соғұрлым қатал заңға кері күшке ие болу үшін ерекше кедергіні көрмеді. Үшінші бағыттың жақтастары (Л.С.Белогриц –Котляровский, К. Малышев, И.А. Неклюдов және т.б). осы заңның келіп түскендігін қолдану үшін, кінәлі үшін неғұрлым қолайлы заңның кері жасаудың уақытын қолдануды сұрады.
Қылмыстық заңның кері күші қағидасының дамуының кеңестік тарихи 1917 жылғы оқиғалардан көрсеткеніндей ескі және жаңа заңдардың коллизиясы кеңестік билікпен төңкерістік ар және төңкерістік құқықтық сананың қылмыстық заңдарының мазмұнының қатынастарына байланысты шешілді. М.И. Блум және А.А.Телленің атап көрсеткеніндей жаңа төңкерістік заңнама қоғамдық өмірдің барлық саласына жылдам ене бастады. Ол заңдардың кері қағидасымен шектеле алмады, әсіресе қылмыстық құқық саласында.[26]
Қылмыстық заңның кері күші қағидасының бірінші рет заңмен бекітілуі 1922 жылғы қылмыстық-іс жүргізу кодексінде көрініс тапты.
Мың тоғыз жүз жиырма екі және мың тоғыз жүз жиырма алтыншы жылғы қылмыстық кодекстер мың тоғыз жүз жиырма төртінші жылғы Кеңестер Одағы және одақтас республикалардың қылмыстық заңнамаларының негізгі бастаулары секілді қылмыстық заңның уақыттағы әрекетінің күші сияқты мазмұнының нормасы болмады. Осыған байланысты назарға алынатын бірінші акті ретінде 1926 жылғы ВЦИК-тің Қаулысы танылады, онда Жаңадан қабылданған қылмыстық заңның кері күшінің мәселелері нақты реттелінген.[27]
М.И. Блумның мәліметінше 30 жылдардың басына дейін және 1958ж. Қылмыстық заңнама негіздері күшіне енгенге дейін «Кеңестік заң шығарушы неғұрлым қатал қылмыстық заңның кері қағидасын ұстанды.[28]
Жаза 1997жылғы ҚР қылмыстық кодексінде әлеуметтік әділеттікті, сотталушыны түзеуді және жаңа қылмыстарды жасаудан сақтандыру мақсатында соттың үкімімен тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде қарастырылады (38статья).
Бұдан да нақтырақ 1922 және 1926 жылғы ҚК-де нақтырақ айтылған еді. Мың тоғыз жүз жиырма екінші жылғы ҚК өзінің міндеті ретінде мемлекеттің еңбеккерлерін тек қылмыстардан ғана емес, сондай-ақ қоғамға қауіпті элементтерден де қорғауды мақсат етіп қойды, бұл қорғау жазаны қолданумен бірге, сондай-ақ басқа да әлеуметтік қорғау шараларын қолданумен жүзеге асырылды (5 статья). Мың тоғыз жүз жиырма бесінші жылғы ҚК «жаза – терминін қолданбаса да, қылмыскерлерден басқа, қылмыстық ортамен немесе басқа да іс-әрекет осымен байланысты қауіптілік келтіретіндерге әлеуметтік қорғау шарасын қолдануды тікелей айтты (7 статья). КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық заңнамаларының (1924ж.) Негізгі бастауларының 22 статьясында айтылғанындай, жер аудару және (высылко) оларды соттық жауапкершілікке тартуға қарамастан, сондай-ақ сотпен ақталған жағдай да, әлеуметтік қоғамға қауіпті деп танылып, тұлғаларға қолданылады.
Түбегейлі сипаттағы маңызды өзгерістер 1958 жылы болды, онда КСРО Одағы және одақтас республикалар сот өндірісі қылмыстық негіздері және қылмыстық заңнама негіздері, одан кейін (59-60 жылдары) республикамен қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстері қабылданды.
Жаңа қылмыстық заңнама бірқатар демократиялық қағидаларды бекітті. Ол анықтағанындай, мысалы, «қылмыстық жауаптылыққа және жазаға тек қылмыс жасады деп, кінәлі деп танылғандар тартылады (1959ж. ҚазССР ҚК 3 статья). Сонымен бірге өзінің қылмыстық ортамен байланысы бар «әлеуметтік қауіпті» қылмыс жасамаған адамдарға қатысты жазаны қолдануға тиым салынды. Осы статьяда мыналар, ешкім де қылмыс жасады деп кінәлі деп танылмайтындығы, сондай-ақ заңға сәйкес соттың үкімінсіз ешкім де қылмыстық жауаптылыққа тартылмайтындығы айтылған.
«Қылмыстық кодексі күшіне енгізу жөніндегі» ҚР заңының 7 статьясында былай деп жазылды: «Аса қауіпті рецидивист деп танылатын тұлғалар» ҚазССР ҚК 23-1 статьясы бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын ерекше режимдегі түзеу колониясында өтейді. Бұл мынаны білдіреді: ҚазССР ҚК әрекеті кезінде аса қауіпті рецидивист деп танылғандар және ҚР ҚК күшіне енген кезде, ерекше режим колониясында, егер жасаған қылмыстары ерекше қауіпті рецидив деп танылмаса да осы колонияларда қалдырылады. Осы жағдайда заңшығарушы неғұрлым жеңіл заңға кері күшті жүргізуді, сондай-ақ қатал заңға кері күшті жүргізу. Құқықтық мемлекет қағидасы – заңдылық қағидасын өрескел бұзу болып танылады.[29]
Қылмыстық заңның кері күші қағидасы дамуының тарихи аспектісін қарау қылмыстық заңнаманы өркениет және ізгілік жолымен дамытудың белгілі бір заңдылықтары деп тануға мүмкіндік береді.
Осындай заңдылықтардан әртүрлі тарихи кезеңдерде кері шегінуге қарамастан қылмыстық заңның кері күшінің ережесі, біздің көзқарасымызға ҚР ҚК бекітілген және қылмыстық құқықтағы әділеттілік қағидасына толықтай жауап береді.
Қоғамдық қатынастарды дамыту және нығайтудыа заңнамалардың орны зор, соның ішінде қылмыстық құқықтық. Қылмыстық заңды басшылыққа ала отырып, қылмыскерлермен, сондай-ақ қоғамға қауіпті элементтермен күресе отырып, кінәліге қылмыстық жаза шарасын қолданады.
Қылмыстық – құқықтық нормалардың ерекшелігі мынада, олар әділсоттылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік билік органдарымен қолданылады. Осы жағынан қылмыстық құқық нормасының басқа да құқық салаларын қолдану жағдайынан ерекшелігі бар. Оның келесідей ерекшелігі ретінде, тиісті құқықтық ерекше актілерінің көмегімен нақты өмірлік жағдайларға қолданылуы мүмкін. Қылмыстық құқық нормаларын қолдану анықтама, тергеу, прокуратура және сот органдарынан үлкен шығармашылық күшті, терең қоғамдық-саяси және құқықтық дайындықты, қылмыстылықпен күресуде істі білу және тәжірибені терең игеруді талап етеді. Сот қызметін сипаттай отыра А.Я. Вышинский былай деп атап өтті, белгілі бір дәрежеде жол берілмейтіндігі көзқарасын біле отыра, сот қызметіне заңшығарушы сипат береді. Судъя өзінің алдында тұрған сот процесіндегі міндеттердің барлығын шеше алмайды. Заң формуласы әрқашанда толық, жалпы, типтік сипатқа ие. Заң – бұл нақты өмірлік жағдайға қолданылатын қағида. Бұл ереже қылмыстылықпен күрес жүргізетін мемлекеттік билік органдарына қатысты дұрыс қарастырылмаған.
Сонымен бірге, қылмыстық заңды қолдану процесі өзінің звеноларында осы іс бойынша нақты фактілерді және жайларды анықтап болғаннан кейін әрқашанда қылмыстарды саралауға және жазаны анықтауға мән берілмейді. Бірқатар жағдайларда бұл қылмыстық заңды қолдану процесі, қылмыстық заңды дұрыс қолданудың негізгі алғышарты болып іс бойынша тергеу, прокуратура және сот органдларымен объективті шынайылықты анықтау. Қылмыстық іс бойынша тергеу және сот талқылауы процесінде объективті шынайылықты анықтау қажеттілігі, қылмыстық сот негіздерінің баптарында көрініс тапқан.
Сот қызметі ең алдымен іс бойынша шынайылықты бағыттауға арналған. “Материалда шынайылық ұғымы” – М.С. Строговичтің пікірінше, қылмыстық іс бойынша мән-жайлар фактілерді анықтауға жатады, осы фактілерді саралау жасалған қылмыс үшін жазаны анықтауға мүмкіндік береді. Қылмыстарды саралау және жазаны анықтау шынайы фактіге сәйкес белгіленген фактіні анықтау, яғни іс бойынша материалды шынайылықты анықтау негізі болып танылады. Осымен келісе отырып, қылмыс жасаған адамға жаза шарасын таңдай оырып, анықтауға мүмкіндік береді.
Бірінші жағдайда соттың қылмыстық іс бойынша шынайылықты анықтауға бағытталған. Соттың қызметі ғылыми негізді анықтауға бағытталған, көрсетіліп жатқан фактілердің сыртқы жағын анықтауға мүмкіндік береді. Тек осындай мәселені қою құқықтық саралау бөлігіндегі сот-прокурор органдары жұмысының сапасына талапты күшейтеді. Қылмыстық іс бойынша қарастырылып жатқан фактіні қараудағы құқықтық мәнінің маңызын анықтау міндетті түрде субъективизимге салып келеді және қылмыстық заңды дұрыс қолдану үшін қолайлы жағдай туындатады.
Құқықтық факті сот талқылауының пәні болады немесе болмайтындығына қарамастан объективті шынайылықтың бір бөлшегі болып танылады. Қылмысты тек құқықтық ұғым ретінде қарастыруымыз керек. Қылмысты жасаған кеззден бастап, оны жасаған адам қылмыстылықпен күресу жүктелген белгілі бір органдармен бірге белгілі бір қатыста болды. Осы қатынастардан қылмыстық-құқықтық қатынас туындайды, бір жағынан жасалынған қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілік, екінші жағынан қылмыстылықпен күресуге уәкілетті мемлекет органдарының міндеті. Соттың осы танымдық қызметі әрқашанда осы факті бойынша құқықтық белгілерді анықтауға және қолданылатын құқықтық норманың шынайы ұғымын түсінуге, яғни заңды талқылау жатады.
Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауаптылықтың қажетті негізі болып жұмыс істеп тұрған қылмыстық заңмен көзделген тұлғаның қылмыс құрамында болуы танылады. Нақты қылмыс құрамдарын анықтай отыра, заңшығарушы осы қылмыс құрамының жиынтығын құрайтын тиісті элементтерді көздейді.
Әділсоттылық органдарының қызметін дұрыс деп айтуға сөз жоқ. Онда танымның объективтік заңдылықтарына және қылмыстық істің барлық мән-жайларын бағалаудағы нысанамен байланысты. Құқықтық саралау процесінің бағалау түсінігінің қателігі мынадан көрінеді, осыны түсіну қылмыстық іс бойынша шынайылықты анықтап бағалауға мүмкіндік береді. Осы бағалау кезінде процестің өзіне дербес сипат береді. Сонымен бірге қоғамдық-саяси және құқықтық маңыздылығы фактісін анықтау біріңғай сараланады. Осы процестің мазмұны — шынайылықты анықтау, мәлім нәрседен мәлім емес нәрсеге ауысу, нысаны бойынша заңды қолданылатын фактілерді, оқиғаларды және осы іс бойынша мән-жайларды анықтау. Бағалау негізінде қылмыстылықпен күресудегі қоғамның тәжірибесі жатыр. Сотпен анықталған шынайылықтың мазмұны болып қылмыстық іс бойынша оны қорғауға негіз болып табылатын қоғамдық-саяси және құқықтық саралау жатады. Сот шынайы мазмұны мәселесін шешу негізінен мемлекеттің стартегиялық міндеттеріне сәйкес келеді, шынайылық әрқашанда жан-жақты, ол шынайылық және олардың өзара қатынасының жиынтығыныан құралады. Ешқашанда жекелеген тұрмыс (зат, құбылыс) идеяның бір жағы (шынайылығы) екендігін ұмытпауымыз қажет. Соттың фактіні және процессті анықтау процесі оның құқықтық мәні әрқашанда әртүрлі. Сот қызметінің әр звеносының өзінің ерекшелігі бар. Құқықтық белгілердің фактісін нақты анықтау үшін оны саралау қылмыстық заңның кері күшін анықтауда маңызы зор.
Қылмыстық заңының кері күші деп оның күшіне енуіне дейін жасалған жаңа қылмыстық заңның тарауын түсінеміз. Қылмыстық заңның кері күшінің басқа құқық салаларына қарағанда, әсіресе қылмыстық- іс жүргізу заңдарына, азаматтық құқық саласына қатысты заңдарға қарағанда өзіне тән ерекшеліктері бар.
Қылмыстық заңның кері күшінің жалпы қағидасы ҚР ҚК бойында нақты көрсетілген.
Жаза іс-әрекетін белгілейтін немесе жазаны күшейтетін заңның кері күші болмайды. Бұрынғы жұмыс істеп тұрған 1958 ж. заңнама Негіздеріне қарағанда, қылмыстық заңның кері күшінің ұғымын анықтады және неғұрлым қатал заңның кері күші болмайды деді. М.А.Чельцовтың жазуынша неғұрлым жеңіл немесе неғұрлым қатал заңдардың кері күші жөніндегі мәселе туындамайды, әр заң іс-жүргізу барысын жақсартуға материалды шынайылыққа жетуді қамтамасыз етуге бағытталған, сондықтан жаңа заңды қлдану ешкімнің құқығын шектемейді.
Ал, Б.А. Галкин болса, осы уақытқа жасалған жаңа заңның күшіне енуі тек кейбір азаматтардың қылмыс жасаған уақытқа дейінгі әрекеті ретінде ғана емес жаңа заңмен қарастырылады, осы жағдайда бұрынғы заңда басталған осы құқықтың жалпы ережесін сақтай отырып жалғасады.[30]
Заңшығарушымен берілген заңды талқылау заңның шынайы мағынасын жалпы міндетті анықтауды білдіреді. Тиісінше, осы заңды талқылау кез келген жағдайда қылмыстық заңды қолдану жағдайында күші болады, нақтырақ айтқанда, қылмыстық заңды талқылау мазмұны бар актіні шығару барысында жасалса.[31]
КСРО Жоғарғы Соты Пленумы және одақтас республикалар Жоғарғы Соты Пленумы түсіндірмелерінде берілген қылмыстық заңды талқылау, заңды дұрыс түсіну мазмұнында және жаңа норманы құрамайтын ретінде осы түсіндіру шығарылғанға дейін жасалған іс-әрекеттерге қатысты қолданылады.
Бірақ та заңның жалпы нормасы нееғұрлым қатал заңның кері күшіне жол бермегендіктен, осындай күшке ие болу тек заңға байланысты, осы жөнінде жаңа қылмыстық заңда немесе арнайы нормативті актіде айтылуы тиіс.
Кеңестік қылмыстық заңнама тарихында жаңа неғұрлым қатал қылмыстық заңнамаға кері күшін беру тек сирек жағдайларда кездесті. Мысалы, 19 октябрь 1922ж. ВЦИК-тің декретімен 1922ж. РКФСР ҚК 114 статьясына кері күш берілді. Осыған байланысты В.И.Лениннің нұсқауы бойынша парақорлықпен күресуге байланысты осы қылмыс үшін жаза елеулі түрде күшейтілген.
“РСФСР Қылмыстық кодексін күшіне енгізу жөніндегі” ВЦИК-тің 1922ж. 24 май Қаулысымен анықталғанындай, осы іс-әрекет күшіне енгізілгенге дейін соттық тәртіппен қаралмаған Қылмыстық кодекстегі барлық іс-әрекеттерге қатысты қолданылады.[32]
Бұл қаулы 1917-1922ж. кезеңінде қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қандай болмасын іс-әрекеттің жазаланбаушылығын анықтауды білдірмейді. РКФСР ҚК көзделген барлық іс-әрекеттер, егер олар ҚК күшіне енгенге дейін жасалса, өмір сүріп тұрған заңдардың негізінде және қалыптасқан сот тәжірибесіне сәйкес қылмыстық жазаға тартылады. Мың тоғыз жүз жиырма екінші жылғы РСФСР ҚК бойынша мүмкіндікті жазаға қаарғанда жаза неғұрлым қатал болмады, осылар бұрынғы жұмыс істеп тұрған қылмыстық заңнама бойынша қолданылуы мүкін еді.
Неғұрлым қатал заңның кері күші жекелеген заңдарда арнайы нұсқау жолымен тек жазаны күшейту үшін тарады. Бұл жерде шектеу қылмыстық және қатал жазаланатын белсенді іс-әрекеттерге немесе жұмысшы табына және төңкерістік қозғалысқа қарсы немесе патшалық құрылыс кезеңіндегі жауапты немесе құпия қызметке қатысты танылды.
Осы ауыр іс-әрекеттер Кеңестер билігінің бірінші күнінен бастап, қатал жазаланды. Мысалы, 1918ж. Революциялық Трибуналдың үкімі бойынша азғырушы Малиновский ату жазасына кесілді.[33]
Аталған қылмыстар 1922ж. РСФСР ҚК 67 стаьясы бойынша, одан кейін 1927ж. мемлекеттік қылмыстар жөніндегі Ережелердің 13 статьясы бойынша жазланды.
Заңның осы статьяларының кері күшіне нұсқау аталған статьяларға царизм кезінде жасалған іс-әрекеттерді еске салу жолымен көрініс тапқан.
Қайтадан немесе жауаптылықты күшейтуді белгілейтін барлық қылмыстық заңдарға қатысты, егер кері күші жөнінде ескерту болмаса, сот тәжірибесі осындай іс-әрекетті сөзсіз жоққа шығарды.
КСРО Жоғарғы Соты 1960ж. РСФСР ҚК 108 статьясы 2 бөлігі бойынша қасақана ауыр дене жарақатын келтіретіндігі үшін кінәліні соттауды дұрыс емес деп тапты, өйткені қылмыс 1926 ж. РСФСР ҚК-нің әрекеті бойынша жасалған, жаңа ҚК 108 статьясы 1926ж. РСФСР ҚК 142 статьясы 2 бөлігімен салыстырғандағы қылмыс үшін жазаны күшейтеді.[34]
Егер жаңа қылмыстық заң бұрын қылмыс жасағандарға қатысты қылмыстық жазаны күшейтсе немесе белгілесе немесе осы бойынша сотты болса немесе әкімшілік жазаға тартылса, онда жаңа заңды күшіне енгізгеннен кейін орын алған жағдайлар ескерілуі мүмкін.[35]
РСФСР ҚК 154 статьясы 3 бөлігі бойынша 285 июль 1962ж. РСФСР Заңының редакциясында бұрын алыпсатарлықпен айналысқан адамның ұсақ алыпсатарлықпен айналысуы жазаланады, осы заң шағарылғанға дейін ҚК 154 статьясы 3 бөлігі бойынша ұсақ алыпсатарлықты қайтадан жасаған тұлға жауаптылыққа тартылады. Алыпсатарлық (ұсақ емес) үшін соттылығы бар тұлға 1962ж. 25 июльдегі шыққан заңға дейін, ұсақ алыпсатарлықты жасаса, РСФСР ҚК 154 статьясы 3 бөлігі бойынша жауаптылыққа тартылды.
“Бұзақылық үшін жауаптылықты күшейту жөніндегі” КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиум 26 июль 1966ж. 9 статьясы 1 бөлігіне сәйкес ұсақ бұзақылығы үшін, осындай іс-әрекетті жасаған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылады, егер оған жыл ішінде ұсақ бұзақылығы үшін әкімшілік әсер ету қолданылса.
Бұрынғы жұмыс істеп тұрған 1960ж. редакциясындағы РСФСР ҚК 206 статьясы ұсақ бұзақылық жасаған тұлға егер оған жыл ішінде ұсақ бұзақылығы үшін қоғамдық немесе әкімшілік жаза шарасы қолданылса қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Егер 26 июльлде 1966ж. Жарлық шығарылғаннан кейін жыл ішінде тұлғамен ұсақ бұзақылық жасалса, осыған дейін және Жарлық шығарылғанғадейін бұзақылық үшін әкімшілік әсер ету шараларына тартылса, ол Жарлықтың 9 статьясы 1 бөлігі бойынша санкция өзгеріссіз қалдырылған жағдайда жауаптылыққа тартылды. Бірақ 26 июльдегі Жарлық ұсақ бұзақылық үшін жазаланатын қылмыстық жаза үшін жазаны күшейтті. КСРО Жоғарғы Соты Пленумы 1966ж. 3 декабрьдегі Жарлығының 9 статьясы 1 бөлігі бойынша ұсақ бұзақылығы үшін жауаптылыққа тартылады, деді, егер олар Жарлық шығарылғаннан кейін ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылса және қайтадан ұсақ бұзақылық жасаса.[36]
Соттың үкімі бойынша тұлғаны аса қауіпті рецидивист деп таныған жағдайда сот (РСФСР ҚК 24 ст. 1к ескертпесіндегі) жаңа ҚК күшін енгізілгенге дейінгі орын алған соттылықты ескереді (заңның өзінде көзделген жағдайлардан басқа), соттың үкімі бойынша қауіпті рецидивист деп тану осы ескертпеде көзделген жаңа іс-әрекетті жасау барысында мүмкін, жаңа ҚК күшіне енгеннен кейін қылмыстық ескертпесінде нақты көрсетілген.
Қазақстан Республикасы ҚК бабының 1 бөлігіне сәйкес қылмыстық іс-әрекетті жоққа шығаратын қылмыстық заңның кері күші болады. ҚР ҚК ҚазССР-нің ҚК-де көзделген 80-нен астам қылмыстарды қылмыстардан алып тастады. Іс-әрекетті толықтай қылмыс емес әрекет еткен жағдайда заңның кері күшін көрсету қиындық тудырмайды. Мысалы, ҚР ҚК шетелдік валютамен заңсыз операция жасағандығы үшін ҚазССР ҚК 210 статьясы, жыныстық ауруды емдеуден жалтарғандығы және басқа адамға жыныстық ауруды жұқтырғандығы үшін 100 статья, өз еркімен еркекпен еркектің жыныстық қатынас жасағандығы үшін жауаптылықты алып тастады.
Осыған байланысты жаңа ҚК осындай әрекеттерді қайталап жасағандығы үшін қылмыстық жауаптылық ретінде әкімшілік преюдициядан бас тартты, ҚазССР ҚК 166 статьясы -3, 1бөлігіндегі (бензин немесе басқа да жанар-жағар материалдарын заңсыз босатқандығы үшін), 166 статья-2 (сауда ережесін бұзу), 164 статья (жеке еңбек қызметінің тиым салынған түрлерімен айналысу), 199 статья-3 (еңбекпен түзеу мекемелерінде, тергеу изоляторында, тәрбиелеу – еңбектік профилакторияларында ұсталып жатқан адамдарға тиым салынған заттарды заңсыз беру), 181 статья (әскери міндетінің әскери тіркеуден жалтаруы), 180 статья-2 (әкімшілік қадағалаудың ережесін өрескел бұзу), 201 статья-2 (құмар ойындарды ұйымдастыру), 204 статья-1 (каратэге заңсыз үйрету), 209 статья-1(заңсыз фармацевтикалық қызмет), 209 статья-2 (медициналық мақсаттағы дәрілік, диагностикалық, профилактикалық және косметикалық құралдарды, бұйымдарды және техникаларды, емдік-профилактикалық тұтынудағы, тағамдық қоспа, азық-түлік өнімдері өндірісі, сатып алу және өткізу ережесін бұзу), 211-213 статья (қолдан жасалынған күшейтілген спирттік ішімдіктерді және оларды дайындау үшін аппараттарды дайындау, өткізу және сақтау), 212 статья-(спирттік ішімдіктерді саудалау құқығын бұзу) және басқаларын толықтай қылмыстық іс-әрекеттерден алып тастады. Әкімшілік преюдицияны ҚК-н алып тастаудың негізі болып, әкімшілік құқық бұзушылықтың құқықтық табиғаты оны қайталап жасағаннан өзгермейді, ол әкімшілік құқықбұзушылық болып қала береді.
Сонымен бірге кейбір жағдайларда ҚР ҚК әкімшілік преюдицияның болуы барысында бұрын қылмыстық жаза көзделген іс-әрекеттер үшін жауаптылықты сақтап, әкімшілік преюдицияны шығарып тастап, заңшығарушы оның қоғамға қауіптілік дәрежесін көтеріп, жаңа қосымша белгілерді қосты. Мысалы, ҚР ҚК 221 бабы (азаматтың салық төлеуден жалтаруы – ҚазССР ҚК 81 статьясы) төленбеген салықтың «ірі мөлшерінің» белгісі енгізілді. Ірі мөлшер бес жүз айлық есептік көрсеткішті құрайды. Әкімшілік преюдициядан бас тарта отырып және қоғамдық қауіпті іс-әрекетті көтеретін жаңа белгілерді қоса отырып, заңшығарушы заңсыз кәсіпкерлік үшін (ҚазССР ҚК 165 статья, ҚР ҚК 190 бап); заңсыз аңшылық (ҚазССР ҚК 163 статья, ҚР ҚК 288 бап); жануарларға қатігездікпен қарау (ҚазССР ҚК 200 статья-2, ҚР ҚК 276 бап) үшін жауаптылықты сақтап қалды.
ҚазССР Қылмыстық кодексімен заңның кері күші қылмыстылық және жазаланушылық іс-әрекетіне тарады. Бірақ та 1965ж. А.А.Тилле әділетті түрде былай атап өтті «жазаны жеңілдететін заңдар жөнінде емес, неғұрлым жеңіл заңдар немесе қолайлы заңдар жөнінде айту неғұрлым дұрыс деді, бұл жерде кінәлінің жағдайы ҚК Жалпы бөліміне қатысты заңның жеңілдеу жолымен жеңілдетіледі,- деді.[37]
Осыған тағы мынаны қосуға болады, тұлғаның жауаптылығының жеңілдеуі немесе күшеюі қылмыс құрамының жеңілдетілген немесе ауырлатылған мән-жайларының өзгеру жолымен де жүзеге асырылуы мүмкін.
Жаңа қылмыстық кодексте жәбірленуші мен қылмыстың арнайы субъектісін сипаттайтын басқа да белгілер қолданылған, заң шығарушы мысалы, жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі жауаптылығын (ҚР ҚК 197 бап) жеңілдетті және кәмелетке толмағанды қылмыс жасауға тартқандығы үшін жауаптылықты күшейтті (ҚР ҚК 131 бабы) немесе басқа да қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасау (ҚР ҚК 132 бабы); ата-анасы, педагог немесе басқа да адамдармен, кәмелетке толмағанды тәрбиелеуге байланысты заңмен өзге де жүктелген адамдар жауаптылығы.
Қылмыстылық жауаптылықты күшейту немесе өзгерту қылмыстық субъективтік жағын құрайтын белгілерді қылмыс құрамына қосу немесе шығару жолымен жүзеге асырылады. Мысалы, ҚР ҚК 103 бабына денсаулыққа ауыр зиян келтірудің белгісі ретінде кәсіби еңбек қабілеттілігін толықтай жоғалтуды қоса отырып, заңшығарушы мынаны атап көрсетті, мұндай зардаптар кінәге енгізілуі мүмкін, егер олар кінәлі үшін көрінеу түрде жасалса, яғни тікелей қасақаналықпен жасалса, онда денсаулыққа ауыр зиян келтіру қатынасы басқа жағдайларда ҚК 103 бабына сәйкес тікелей және жанама қасақаналық нысанында да жасалады. ҚР ҚК 103 бабы бойынша толық кәсіби еңбек қабілеттілігін жоғалту белгісі бойынша жаңа ҚК күшіне енгеннен кейін жасаған жағдайда ғана қылмыстарды саралау мүмкін.
Кей жағдайларда заңшығарушы нормаға сараланған құрамдарды қосу арқылы жауаптылықты күшейтті. Мысалы, денсаулыққа ауыр зиян келтіру қылмысы үшін жауаптылықты күшейту үшін, осы нормаға сараланған белгілерді қосты, мысалы, бұзақылық ниетпен, ұлттық, нәсілдік, діни, қызғаныш немесе кек алу ниетінде, жәбірленушінің органдарын немесе тінін пайдалану мақсатында (ҚР ҚК 103 бабы 2 бөлігі, «ж», «3», «и» тармақтары, ҚазССР ҚК 93 статьясы). Шындығында, бұл өзгерістер 1 қаңтар 1998 жыл қылмыс жасағандардың әрекетін саралау үшін ескерілмеуі мүмкін.
Қазақ ССР-інің 4 қараша 1972 жылғы Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қаз ССР ҚК-нің 7 статья 1 бөлігін (ауыр қылмыс ұғымы) енгізілді, онда қоғамға қауіпті қасақана қылмыстар тізімі жас ауыр қылмыстарға жатқызылғандығы көрсетілді және енгізілді.[38]
Қазақ ССР ҚК көрсетілген ережелерін ескере отырып, қылмыстық құқық ғылыми барлық қылмыстарды төрт топқа топтастырды.
А) аса ауыр 10 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылуға немесе өлім жазасына қасақана қылмыстар үшін жазаланса.
Б) ауыр қылмыстар – 1 бөлігі аса ауыр қылмыстардан басқа ҚК 7 статьясы – 1 бөлігі тізіміне енгізілгендер.
В) неғұрлым ауыр емес қылмыстар – ауыр қылмыстардың арасында, яғни 7 статья 1 бөлігіне енгізілген қылмыстар тізіміне енгізілген аралық жағдайда тұрған қылмыстар және қоғамға үлкен қауіп келтірмейтін қылмыстарға жатқызылған қылмыстар, мысалы, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, ұрлау барысында ірі шығын келтірумен және т.б. байланысты.
Г) үлкен қоғамдық қауіптілік келтірмейтін қылмыстар – бұл қасақана немесе абайсызда ең төменгі қоғамдық қауіптілік дәрежесіндегі қылмыстар, бас бостандығынан айырылуға, сондай-ақ неғұрлым жеңіл жазаға немесе бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаланады.[39]
Ең алғаш рет ҚР ҚК көзделген қылмыстық іс-әрекетті жоққа шығаратын мән-жайлар «орынды тәуекел (35 бап) және «бұйрықты немесе өнімді орындау (37 бап); «Жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру (34 бап-1) 1998ж. 1 қаңтарға дейін жасалған қылмыстық істерді қарау барысында қолданылуы мүмкін.
Ұстау барысында зиян келтіру мәселесі ҚазССР ҚК бойынша 13 статьяға (қажетті қорғану) қатысты шешілді. ҚР ҚК бұл институт 32 бапта көрсетілген, оның кері күші бар, өйткені ұстау барысында ҚазССР ҚК 13 статьясында көзделген шабуыл жасаумен, зорлықпен, өмір үшін қауіп төнумен байланысты шектелмейді.
ҚР ҚК 36 бабымен көзделген дене немесе психикалық зорлау қылмыстық іс-әрекетті жоятын мән-жай ретінде, кері күші жоқ және 1 қаңтар 1998ж. жасаған қылмыстық істерді қадағалау тәртібімен қарау үшін негіз болып табылады, өйткені бұл мән-жай қылмыстық-құқықтық мағынада іс-әрекеттің болуы немесе болмауы мәселесін шешу барысында бұрын ескерілді. ҚР ҚК 53 бабы жазаны жеңілдетуші ретінде кері күші бар, өйткені 1 қаңтар 1998 жылы жасалған қылмыстарға таралады.
ҚР ҚК 56 бабы ҚР ҚК 10 бабы 2 бөлігі сияқты маңызы шамалы және орташа ауырлықтағы қылмысқа дайындалған әрекетті қылмыстық емес іс-әрекет деп танылды, өйткені ол 1 қаңтар 1990 жылы жасалған қылмыстарға тарайды.
ҚР ҚК қылмыстық жауаптылықтан босатудың келесідей түрлері белгілі:
- ескіру мерзімінің өтуіне байланысты (69 бап);
- шын өкінуіне байланысты (65 бап);
- жәбірленушімен татуласуына байланысты (67 бап);
- жағдайдың өзгеруіне байланысты (68 бап).
1 ҚР ҚК 69 бабы (ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату) ҚазССР ҚК салыстырғанда қылмыс жасаған адамның жағдайын кей жағдайда нашарлатады.
Мысалы, ҚазССР ҚК 43 статьясына сәйкес, ескіру уақыты үзіледі, егер де осы бапта көзделген мерзім өткен уақытқа дейін адам қылмыс жасаса, онда екі жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айыру үшін жаза тағайындалады. Осы жағдайда ескіру мерзімін есептеу жаңа қылмыс жасаған кезден бастап есептеледі. ҚР ҚК егер адам жаңа қылмыс жасаған жағдайда ескіру мерзімін үзуден бас тартты, осы жағдайда әр қылмыс бойынша ескіру мерзімі дербес есептеледі (ҚР ҚК 69 бабы, 4 бөлігі). Бұл новелланың кері күші бар, өйткені 1 қаңтар 19898 жылға дейін қылмыс жасағандарға таралады.
Ең алғаш рет ҚК жалпы бөлімінде маңызы шамалы және орташа ауырлықтағы қылымыстарды жасау барысында шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату көзделген – ҚР ҚК 1 бөлігі, осыны қолдану үшін тұлға қылмыс жасап болған соң өз еркімен келуі қажет, қылмысты ашу үшін әсер ету керек, келтірілген шығынды немесе басқа да жолмен қылмыстың нәтижесінде келтірілген зиянды толтыру қажет.
Бұл бап жеңілдететін мән-жай ретінде кері күші бар. ҚК 65 бабы 1 бөлігінде көзделген шарттардың болуы барысында басқа санаттағы қылмыстарды жасаған тұлғалар 65 бабы 3 бөлігіне сәйкес ҚК Ерекше бөлімі арнайы тиісті баптарында көзделген жағдайда ғана қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Егер ҚазССР ҚК қараған мұндай ескерту ҚР ҚК бабында болса, онда оның да кері күші болады.
ҚР ҚК 67 бабы өлім келтірумен немесе денсаулыққа ауыр зиян келтірумен байланысты алғаш рет орташа ауырлықтағы қылмыс жасаса қылмыстық жауаптылықтан босатуды көздейді, егер осы тұлға жәбірленушімен келіссе және жәбірленушіге келтірілген зияндылығын толықтырылған жағдайда жүзеге асырылады. Бұл бап ҚР ҚК 65 бабы 1 бөлігі сияқты 1998ж. 1 қаңтарға дейін жасалған қылмыстар ісін қарау барысында 1-ші немесе 2-ші сатыдағы сотпен ескеріледі, сондай-ақ қадағалау тәртібімен заңды күші бойынша қарастырылады.
ҚР ҚК жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату институты қолданылады. Бірақ та ҚазССР ҚК 45 статьясы 1 бөлігіне сәйкес жағдайдың өзгеруіне сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылса және қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасауға байланысты кез келген қылмысты жасауға байланысты босатылса, ҚР ҚК 68 бабына сәйкес мұндай босату маңызы шамалы немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау барысында мүмкін болды, сонымен бірге бұл қылмыс алғаш рет жасалып ҚазССР ҚК осындай шектеудің мазмұны болмаса. Сонымен ҚР ҚК адамның жағдайын нашарлатады және сондықтан 687 баптың кері күші жоқ, яғни осы жағдайда 1 қаңтар 1998ж. жасалған қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасау барысында ҚазССР ҚК 45 бабы 1 бөлігін басшылыққа алуы тиіс: Көрсетілген нұсқаулар, қылмыстық репрессияны азайта отырып, қылмыстық құқықтағы ізгілік қағидасын жүзеге асыру болып танылады.[40]
Жазадан босату шартсыз болуы мүмкін:
1)жазаны өтеуден айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату (ҚР ҚК 75 бабы);
2) әскери қызметшіні әскери қызметке жарамсыз болып қалуына байланысты науқастығына қарай жазаны ары қарай өтеуден бостау (ҚР ҚК 73 бабы 4 бөлігі);
3) шартты мерзімінен бұрын жазаны өтеуден бостау (ҚР ҚК 70,84 баптары);
4) шартты соттау (ҚР ҚК 63, 64 баптары);
- жүкті әйелдерге және жасөспірім балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру (ҚР ҚК 72 бабы);
- науқастығына байланысты жазаны өтеуден босату (ҚР ҚК 73, бабы).[41]
ҚР ҚК 70 бабы сотталушыға маңызы шамалы және орташа ауырлықтағы қылмыс үшін тағайындалған жазаның 1/3 мерзімінен кем емес, ауыр қылмыс үшін 1/2 және аса ауыр қылмыс үшін 2/3 кем емес бөлігін өтеп болғаннан кейін мерзімінен шартты түрде босатылады. Егер мерзімінен шартты түрде босату ҚК 74 бабы 7 бөлігінде көзделген негіздер бойынша алынып тасталады. Кәмелетке толмағандарға қатысты мерзімінен-шартты түрде босату үшін төмендету көзделген.
Қазақстан Республикасының ҚК ҚазССР ҚК қарағанда (41 статья-1) үкімінің кейінге қалдырылуын көздемеді. Бірақ та 1998 жылға дейін сотталынғандар ҚК 41-1 бабын қолдануға байланысты жазадан босатылмайды деп санауға болады.
ҚР ҚК 72 бабы сотқа жүкті әйелдерді және он алты жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді жазаны өтеуді кейінге қалдыруды көздеуі Қаз ССР ҚК 41-1 статьясында үш жылға дейін мерзім болды. Жазаны атқаруды кейінге қалдыруды қолдану құқықтық әдебиетте сотталушыға немесе нәрестеге ізгілікті қолдану боп табылады, сонымен бірге заң немесе тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа немесе үкім шығарған кезде жауаптылыққа тартылған кезде қолданылған. Мұндай жағдай нақтырақ айтқанда пара берген кезде және парақорлыққа делдал болған жағдайда, КСРО одақтас республикаларының қылмыстық кодексін қабылдау барысында, осы нормалар өзгеру барысында қолданылады.
Мысалы, РКСФСР 1926ж. ҚК 118 статьясы пара бергендігі және парақорлыққа делдал болғандығы үшін 1 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзіміне соттады. Осыған ұқсас бап ҚазССР 1959ж ҚК 147 бабында 1 бөлігі бойынша 3 жылға дейін бас бостандығынан айыруды немесе 1 жыл түзеу жұмыстарына жіберілді, 1 бөлігі бойынша (пара беру немесе парақорлыққа делдалдық, әлденеше рет жасау немесе парақорлық үшін бұрын сотталған) – 3 айдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға сотталды. КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының 1962ж. 20 ақпандағы Жарлығына сәйкес «Парақорлық үшін қылмыстық жауаптылықты күшейту жөніндегі» Жоғарғы Кеңес Президиумына 13 июль 1962ж. Жарлығымен ҚК 147 бабына өзгеріс енгізілді, онда пара бергендігі үшін жауаптылықты көздеп, 1 бөлігіндегі жазаны күшейтіп бас бостандлығынан айырудың мерзімін 3 жылдан 8 жыл мерзімге дейін, 2 бөлігінде 7 жылдан 15 жылға дейін күшейтті: Парақорлыққа делдалдың 146-1 бабына жеке бөлініп шығарылды, жаза ретінде 1 бөлігі бойынша бас бостандығынан айыру 2–ден 8 жылға дейін, 2 бөлігі бойынша 7-ден 15 жылға дейін ұзартты.
Сонымен 1959ж. ҚазССР ҚК алғашқы редакциясында 1926ж. РКСФР ҚК 118 статьясы, сондай-ақ 1959ж. ҚазССР ҚК 147 статьясы 13 июль 1962ж. КазССР Жоғары Кеңес Президиумы Жарлығы редакциясымен неғұрлым жеңіл жарна көздері көрсетілген статьяларға қатысты аралық заң болып танылды.
Құқықтық әдебиетте «аралық заңның» әрекет етуі жөнінде әртүрлі көзқарастар айтылған ережеден туындаған жағдайда, ол әрқашанда қылмыс жасаған уақытта қылмыстық заң қолданылуы тиіс (күшіне енген заң және оны жоғалтқан) – деп жазды И.И. Солодкин, — аралық заң тек өмір сүріп тұрған уақытында қолданылды, яғни күші жүріп тұрғанда.[42]
Осыған ұқсас көзқарасты В.И. Кудрявцев айтты, аралық заң қолданыла алмайды, өйткені ол қылмыс жасау кезінде, сотпен істі қарау барысында оның күші жүрмеді.[43]
Бұған қарама-қайшы көзқарасты Л.Зайцев, И.Тишкевич, Л.Горелик айтты, олардың ойы бойынша аралық заң қолданылуға жатады, егер ол істі сотпен қарау кезінде әрекет еткен заңмен салыстырғанда неғұрлым жеңіл болса.[44]
Осы авторлардың позициясын Н.Д. Дурманов жақтады, оның ойынша да сотталу кезінде неғұрлым қатал заңмен алмастырылса да жазаны жеңілдететін аралық заң қолдануға жатады.[45]
М.И.Блум және А.А. Тилле болса осы соңғы позицияларды «бәтуаластырып» және барлық талаптарға жауап беретін шешімді табуды ұсынды. Олардың пікірінше аралық заңның болуы барысында «қылмыс қылмыстық іс-әрекетті» жасау уақытында сараланады, бірақ жаза тағайындау кезінде оның деңгейі неғұрлым жеңіл «аралық заңға сілтей отырып» шектеледі.[46]
М.А.Блум және А.А. Тилленің ұсынысын А.И. Бойцов және Б.В. Волженкин қолдады.[47]
Аралық заңды қолдануды жоққа шығаратын авторлардың пікірінше және оның қылмыс жасаған кездегі әрекетпен және заңмен салыстыру дұрыс емес.
Қазақстан Республикасының Конститутциясы да, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі де мұндай талаптардағы мазмұны жоқ. ҚР Конституциясы 77 бабы 3 бөлігі «5» тармағына сәйкес, «егер құқық бұзушылықты жасағаннан кейін ол үшін заңмен жауапкершілік алынып тасталынса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады. ҚР ҚК 5 бабы 1 бөлігінде көрсетілгендей: Қылмыстық іс-әрекетті жоққа шығаратын, жазаны жеңілдететін немесе қылмыс жасаған тұлғаның жағдайын басқа да жолдармен жақсартатын қылмыстық заңның кері күші болады деп көрсетілген, осындай заңның күшіне енгенге дейін тиісті әрекеттер жасаған тұлғаларға таралады. Осы ережелерден туындағанындай, егер жаңа заң қылмыстық іс-әрекетті жойса немесе оның жазаланушылығын жеңілдетсе, осы бойынша іс қозғалған немесе қозғалмағандығына, қылмыстық жауаптылыққа тартылған, тартылмағандығына қарамастан қолданылады, үшінші заңда қабылдаған іс-әрекетті жазалауда «аралық заңмен» салыстыру қажет.
Осыған ұқсас көзқарасты С.Л. Мокринскиде айтады, оның ойынша әртүрлі кезеңдерде қабылдаған қылмыстық заңдардың ішінде кінәліге неғұрлым қолайлы заң қолданылуы тиіс: мемлекет осыны иеленгендерден кепілді алуы қажет емес, егер ол мәнісінде құқықтық мемлекет болып қалғысы келсе,- дейді.[48]
Тиісінше, егер жаңа (екінші) заң іс-әрекеттің жазаланушылығын белгілесе немесе жазаны күшейтсе, бұрынғы жасалған қылмыстарға басқалай құқықтық бағалау берілмейді; өйткені мұндай заңның кері күші болмайды, және үшінші заңмен көзделінген жазаланушылықты қылмыс жасаған уақыттағы заңмен салыстыру қажет.
Я.М. Брайшен әділетті түрде былай деп сынға алады, аралық оны шығарған уақытқа дейін пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылмайды. Осыған байланысты Я.М. Брайшен былай деп көрсетті, осындай көзқарасты басшылыққа ала отырып, «аралық заңға немесе жауаптылықты жеңілдететін қылмыс жасау уақыты кезіндегі немесе «аралық» заңмен салыстыруға болмайды деді.[49]
Мысалы, М.П.Блум және А.А.Тилле кез келген «аралық заңды» қабылдамау позициясының ақтаңдақты тіректері бар. Егер «аралық» заң бұрынғы заңның әрекетін жойса, М.Н.Блум және А.А.Тилле бұрынғы қатал жаңа заң осы іс-әрекетті қалпына келтіре алмайды.
Мұндай ситуация мысалы, пойызды стоп-кранмен өз бетімен тоқтатқан жағдайдағы әрекет 1 қаңтар 1961 жасалса, РК ФСР қылмыстық кодексімен 1961ж. күшіне бұл іс-әрекет қылмыстық іс-әрекеттен алынып тасталынды, 3 июль 1965ж. РКФСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен осы іс-әрекет үшін қылмыстық жауаптылық белгіленді (ҚК 213 статья).
Қылмыстық іс-әрекетті жоққа шығаратын «аралық заң» іс-әрекетімен жазаны жеңілдететін «аралық заңның» арасында түбегейлі айырмашылық жоқтың қасы. Біріншісінің іс-әрекетімен келісе отырып, екіншісімен де келісуге болады.
Л.Зайцев, И.Тишкевич, И.Горелик «аралық» заңның әрекетін толықтай жоққа шығаратын позициямен келіспей отырып, негізгі түрде дұрыс жұмыс істеген жағдайда қылмыстарды саралау және онымен байланысы жазаның мөлшері қылмысты ашуға байланысты жүктелген мемлекеттік органдар қалай тиімді жұмыс істегеніне байланысты,- деді.[50]
И.И. Солодкин осы авторларға қарсы шыға отырып, «тергеу органдарының жұмысының саласына байланысты қандай заң қолданылуы қажет екендігін шешуіміз қажет деді. Осы органдардың нашар жұмыс істеуі кезінде ескіру мерзімі өтіп кетеді және кінәлі тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды,- деді.[51]
Әдебиеттерде айтылғанындай заңды әділеттілік нормалары бойынша талқылау қажет, әділеттілік заңның жоғары критериі болып танылады,- деді. Соңғы жылдардағы зерттеушілер А.И.Бойцов, А.М.Медведев, Л.В. Ипогамова – Хегай «аралық» заң іс әрекеті пайдасына қарай қорытындыға келеді.[52] Л.И. Бойцов «аралық» заң қылмыстық-құқықтық норманың өмір сүруінің, темпоральды коллизиялық нормасының коллизиялық нысаны болып табылады.
Сонымен бірге А.И. Бойцовтың айтуынша, «әділсоттылықтың жай жүруі және «сотталушының қайғыға берілуі аралық заңды қолдану пайдасына қарай жүргізуге пікір болады, өйткені ол сезімдік тәжірибелік қабылдаудан және утилитарды прагматизмнен тұрады. Бірақ та жаңа Қылмыстық кодекс осындай негіздеуге пікірлер береді. Әділеттілік қағидасына сәйкес заңдарда көрсетілмеген мән-жайлардың ықпал етуі, соның ішінде әділсоттылықтың жай жылжуы әділеттілік қағидасына қайшы келеді. Сонымен жоғарыда келтірілген пікірлер қылмыстық құқықтық негізі бар.
Кейбір мемлекеттердің қылмыстық заңдарында «аралық» заң әрекетін көздейтін нормалар бар. Мысалы, Болгария Республикасы ҚК 2 бабы 2 бөлігіне сәйкес, «егер де үкім заңды күшіне енгенге дейін өзінің ауырлығы жөнінен әртүрлі жазаға байланысты заңдар шығарылса, онда кінәліге неғұрлым қолайлы заң қолданылады.[53]
Осыған ұқсас ереже ФРГ-нің ҚК-де бар. Егер заң, іс-әрекеттің аяқталу кезінде әрекет етсе, шешім қабылданардың алдында өзгереді дейді – ФРГ ҚК $2 3 бөлігінде, онда жеңіл заң қолданылуы қажет дейді.
ТМД елдерінің «аралық» заңның әрекеті Белорусь Республика қарастырады, ҚК 9 бабы 4 бөлігінде неғұрлым жеңіл аралық заңды қолданылуды көздеді.[54]
Бұрын бірнеше рет «аралық» заңды жоғарғы сот сатысымен қолдану мәселесіне жетекші түсіндірмелер беру қажеттілігі жөнінде ұсыныс айтылды.[55]
3.2. Қылмыстық заңның қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекше бөлімінің нормаларында қолдануы
Жазаланушылықты жоққа шығаратын немесе жеңілдететін заңның қылмыстық заңдағы арнайы алу барысында әрқашанда кері күші болады. Осындай заңның кері күшін мойындау ізгілік және қылмыстық құқық жаза қағидаларынан туындайды, осылар қағидаларда айқын көрініс тапқан.
Егер заңшығарушы жаңа заң шығарылғаннан кейін жаза мақсаттарына жету үшін қайтадан белгіленген, неғұрлым қатал жаза белгілесе, онда жалпы ереже бойынша бұрын жасаған неғұрлым қатал жазаны қалдыруға негіз жоқ деп санайды.
1958ж. Негіздердің 3 статьясына сәйкес жазаны сақтау және өтеу үшін осындай іс-әрекеттер жасағандарға негіз жоқ, ол қылмыстық іс-әрекет болудан қалды. Осы іс-әрекет қылмыстық заңмен көзделген қылмыстық-құқыққайшылық болудан қалды, сондықтан осы қылмыстарға қатысты немесе жазаны өтеуді жалғастыру үшін осы қылмыстарды қолдануға негіз қалмайды.
Сонымен егер жаңа қылмыстық заң қылмыстылық және жазаланушылық іс-әрекетті жоққа шығарса, онда оның осы іс-әрекетті енгізуге дейін жасалғанға қатысты күші болады, осыған байланысты жаза қолднылмады немес толықтай өтелмеді.
«Қылмыстық заңнама Негіздерін, қылмыстық сотөндірісі және мемлекеттік және әскери қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық заңдарын күшіне енгізу тәртібі жөніндегі» 1959ж. 14 ақпандағы СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығына сәйкес тұлғаның тұлғаның соттлығының алынып тасталуына байланысты, жаңа заңнама бойынша қылмыстық іс-әрекет және жазаланушылық болмаған іс-әрекеттер алынып тасталды. Сондай-ақ 14 жасқа дейін қылмыс жасағандар (өйткені 1958ж. негіздер қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасты 12 жастан 14 жасқа көтерді).[56]
Қылмыстық іс-әрекеттің алынып тасталуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату амнистия бойынша жазадан босатудан ерекшеленеді. Өйткені, соңғы жағдайда іс-әрекеттің өзі қылмыстық және жазаланушылық болып қала береді, рақымшылық актісін шығарып болғаннан кейін жасалған актілер қылмыстық заң әрекетіне жатқызылады. Қылмыстық жауаптылықты жоққа шығаратын Заң қылмыстық құқықтық жалпы және ерекше бөлімдеріне де қатысты.
Жаңа қылмыстық заңның кері күші жазаланушылық іс-әрекетті жеңілдететін әрекеттерге қатысты мынаны білдіреді, осы қылмыс үшін жаңа қылмыстық заң статьясымен белгіленген шектерде жазаның жоғарғы шегін белгілейді, егер онда неғұрлым жеңіл жаза көзделсе, онда осы жаза шарасына өтуді білдіреді.
Егер жаңа заң жаза түрінің қандай болмасын жоғарғы шегін төмендетсе, онда жалпы ереже бойынша осы түрге тағайындалған жаза үшін жаңа шектен асырмайтын жағдайда төмендетіледі.
Жаңа қылмыстық заңды неғұрлым жеңіл немесе неғұрлым қатал деп мойындау бірқатар жағдайларда қиындықпен байланысты.
Жалпы белгі бойынша мынаны айтуға болады, егер жаңа заң жазаның неғұрлым қатал түрін көздесе, онда ол тиісінше жазаны күшейтеді және сондықтан кері күші болмайды және керісінше.
Егер баптың санкциясында көзделген неғұрлым қатал жазаның жоғарғы шегі, бұрынғы жұмыс істеп тұрған қылмыстық заңнама жазасы жоғарғы шегіне қарағанда аздау болса, онда жаңа заң жазаланушылықты жеңілдетеді және тиісінше кері күші болады деп санауға негіз бар. Егер бұрынғы жұмыс істеп тұрған қылмыстық заңды қосымша жаза көрсетілсе, жаңа заңда мұндай жаза болмаса, онда негізгі жазаның біріңғай жоғарғы және төменгі шегінде жаңа заңды жазаны жеңілдететін және керісінше деп мойындау қажет. Егер біріңғай жоғарғы мерзімде жазаның төменгі мерзімі ерекшеленіп көрсетілсе, қылмыстық салыстырмалы ауырлығы соңғысына сәйкес анықталады. Жазаның неғұрлым төменгі мерзімінде немесе мөлшерінде ол ауыр деп саналады.
Жазаны төмендету, егер соңғысы қылмыстық заңның әрекет ету жағдайында тағайындалса, онда қылмыстық заңның кері күші бойынша жаңа заңның бабында белгіленген жоғарғы шегіне дейін белгіленеді, егер онда нұсқау болмаса, осында немесе басқа да Жарлықта жазаны төмендету немесе осындай төмендетуді қолдану көрсетілмесе. Өйткені сот осы іс-әрекетті қылмыстық заңның жаңа статьясына қайта саралай отырып, істі мәні бойынша қарамайды. Жаңа жаза тағайындау мүмкіндігі жоқ, тек егер де неғұрлым жеңіл заңмен көзделген басқа жаза тағайындау мүмкіндігі болмаса, осы заңға байланысты арнайы нұсқау болмаса.
Қылмыстық заңдардың кері күші жөніндегі мәселе немесе ескіру жөніндегісоттылықты жою немесе алу, жазадан шартты түрде мерзімінен шартты түрде босату және мерзімінен бұрын босату, соттылықты алу іс-әрекеттің қылмыстылығын және жазаланушылығын анықтамайды, жаңа заңдар оны жеңілдетпейді және күшейтпейді.
Ескіру мерзімі жөніндегі статьялар (1 тараудың 1 көзделген рақымшылық статьялар қылмыстық-процессуалдық құқық нормаларына жақын). Ескіру мерзімі жөніндегі нормалар белгілі бір мерзім өтіп кеткеннен кейін қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайтындығы және үнемді атқаруға болмайтындығы жөнінде айтылған. Осы нормалардың қылмыстық іс-жүргізу нормаларына жақындығы мынамен анықталады, егер ескіру мерзімі сот талқылау сотысында анықталса, онда сот жасалған қылмыс көздейтін заң статьясы бойынша айыптау үкімін шығарады, бірақ сотталушыны жазадан босатады. Сонымен, ескіру жөніндегі нормалар қылмыстық жауаптылыққа тарту және үкімді орындауды жоққа шығарады, бірақ іс-әрекеттің қылмыстылығын және жазаланушылығын жоққа шығарады.
Сондықтан жаңа қылмыстық заңда ескірудің неғұрлым ұзақ мерзімін анықтау және ескіруді үзетін жаңа шарттарды енгізу жазаны күшейтуді білдірмейді. Тиісінше ескіру жөніндегі нормалар, қылмыстық-іс жүргізу заңнама нормалары сияқты. Әрқашанда кері күші болады.
Соттылықты жастық немесе алып тастайтын нормалардың осы іс-әрекеттің қылмыстылығына және жазаланушылығына еш қатысы жоқ. Соттылықты жоқ қылмыстық құқық шеңберінде, егер тұлға қайтадан қылмыс жасаса, егер соттылықты заңды ауңырлататын мән-жай ретінде көрсетілсе, осындай деп танылмайды. Тиісінше соттылықты жою немесе алуға байланысы статьялардың өзгеруі жазаны күшейтуді немесе жеңілдетуді білдірмейді. Сондықтан соттылықты жояны немесе алатын мерзімдерін және шарттарын өзгертетін жаңа заң шығарылғанға дейін жасалған іс-әрекетке қатысты қолданылады.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 14 ақпан 1959 Жарлығы «Қылмыстық заңнама негіздері және басқа да заңдарды күшіне енгізу жөнінде қылмыстық жауаптылыққа тарту және айыптау үкім атқарудың ескіру мерзімін белгіледі.
Жазадан босату, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарының ізгілік қағидасына негізделген ерекше институт қылмысты жасаудағы белгілі бір жаза тағайындайды.
Сотталушыларды осылай босату құзыретті мемлекеттік органдардың міндеті емес, құқығы саналады, ол мынаған қолданылады, Қылмыстық кодекс бабы жеткізілді деп саналады. Заң мерзімінен және мерзімінен-шартты түрде босатуды белгілейді, нақтырақ айтқанда мерзімінің белгілі бір бөлігін өтеу, өнегелі мінез-құлық, еңбекке деген адал көзқарас.
Заңда жаңа жағдайларды анықтау, мерзімінен-шартты түрде және шартты түрде босату шегін тарылту немесе кеңейту, қылмыстардың және қылмыскерлердің жекелеген санаттары үшін мерзімінен бұрын босату шектері, заңшығарушы жазаның мақсатына жету үшін мерзімінен шартты түрде босатуды тарылту немесе керісінше кеңейту қажет деп санайды әлде белгілі бір жағдайларда қолданбау деп санайды. Сондықтан жаңа қылмыстық заң мерзімінен-шартты түрде босатуды тарылтатын немесе жазаның қалған мерзімін неғұрлым жеңіл немесе басқа да мерзімінен бұрын босататын немесе сотталушылардың жекелеген санаттарына мерзімінен шартты түрде босатуды мән-жайлар жазаны күшейтетін заң ретінде, жазаны жеңілдететін заң ретінде қарастырылмайды. Егер жаңа заң сотталушылардың белгілі бір санаттары үшін мерзімінен бұрын босатуға тиым салынса, онда олар қылмыс жасаған кездегі заң бойынша тағайындалған жазаны толықтай өтейді.
Жаза міндеттерінен туындағанындай егер мерзімінен шартты түрде босату ісін қарау барысында сотталушының іс-әрекеті фактілі белгісі бойынша заң осы кезде мерзімінен-шартты түрде босатуға тиым салады, ол өз кезегінде кінәлі заң сатьясымен сотталса да басқаша айтылған.
Егер де жұмыс істеп тұрған заңнама бойынша жасалынған іс-әрекет өзінің белгісі бойынша жатқызылса, онда сотталушылар мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін, мерзімінен-шартты түрде босату немесе жазаны неғұрлым жеңіл түрімен алмастыру, осы іс-әрекет бұрынғы заңнама осындай босатуға жол берілмеді.
Қылмыстық заңның кері күші мәселесін шешу қылмыстық заңнама Ерекше бөлімі нормасына қатысты қолдануда тәжірибелік маңызы зор. Жалпы бөлімі нормасына қарағанда Ерекше бөлім іс-әрекеттің қылмыстылығын және жазаланушылығын анықтайтындар санатына жатқызылады. Осыған байланысты Ерекше бөлімі нормасын саралау қылмыстық заң әрекеті бағынысына байланысты едәуір қысқарады.
Жаңа ҚК белгіленген нормаларын негізінен екі топқа бөлеміз:
- қылмыстылық немесе жазаланушылық іс-әрекеті жоққа шығаратын, жауаптылықты немесе жазаны жеңілдететін нормалар ҚР ҚК 5 бабы 1 бөлігіне сәйкес кері күші болады;
- қылмыс жасаған адамның жағдайын басқа да жолдармен жақсартатын нормалар ҚР ҚК 54 бабы 1 бөлігіне сәйкес кері күші болады.
- Қылмыстылық немесе жазаланушылық іс-әрекетті, жауаптылыққа немесе жазаны күшейтетін нормалар ҚК 5 бабы 3 бөлігіне сәйкес кері күші болмайды.
Қылмыстық іс-әрекетті жоққа шығару арнайы нұсқауды көрсету жолымен жүзеге асырылады.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Кейбір заң актілеріне өзгерістермен толықтырулар енгізу жөніндегі» 12 мамыр 1995 жылғы Заң күші бар жарлығында Қаз ССР ҚК 76-5, 76-6,77, 80, 81-1, 86, 87 статьясы алып тастаудың қажеттілігі жөніндегі нұсқау көрсетілген.
Іс-әрекетті толықтай қылмыстан алып тастау, қылмыстық заңды басқа қылмыстық заңмен алмастыру барысында, іс-әрекет құрамы жаңа заңға енгізілмейді. Мысалы, бұрынғы ҚазССР ҚК алмастырған жаңа ҚР ҚК, жыныстық ауруды емдеуден жалтару және басқа адамды көрінеу жұқтыру жағдайында қалдыру (ҚазССР ҚК 100 статьясы 1 бөлігін) және басқа қылмыстарды алып тастады.
Мысалы, көлік қозғалысы және эксплуатациясы ережесін бұзу құрамы (ҚазССР ҚК 71 статьясы 1 бөлім), «басқа да мемлекеттік қылмыстар» тарауына кірген жаңа ҚК қалыпты көліктік қылмыстар ретінде қаралады, тікелей объектісі болып механикалық көлік құралдары қауіпсіздігі және эксплуатациялауды қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастар (ҚР ҚК 295 бабы). Осы жерден мынаны білуге болады 1 қаңтар 1998жылға дейін жоғарыда көрсетілген қылмыстық іс-әрекеттерді жасаған адамдар, сотпен қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайды, өйткені осы іс-әрекеттердің қоғамдық қауіптілігі бұрынғысынша сақталынған. Арнайы норма жалпы белгілердің барлығын өзіне қосуы тиіс, осы арнайы норманы тоқтату тиісті іс-әрекеттің қылмыстылығын және жазаланушылығымен толықтай жоюды білдірмейді. Осыған байланысты Ю.И. Ляпуновтың ойы дұрыс, іс-әрекеттің қылмыс емес екендігін шешіп алып, сол немесе басқа да баптардан шығарып, ол белгілі бір жалпы бөлім нормаларымен сәйкес келетіндігін анықтау қажет.
Қылмыстық істі жасалынған іс-әрекеттің қылмыс емес екендігіне байланысты шешу бұрынғы заң іс-әрекетінің уақытын жасауына байланысты қарастырылады.
Қазақстан Республикасы жаңа Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімі үшін кейбір бұрынғы құрамдарына жаңа баптарды енгізе және алып тастай отырып, көптеген құрамдарды мәніне қарай нақтылау, қылмыстық субъектісінің арнайы белгілерін көрсете отырып, жаңа міндетті белгілерді енгізу, қылмыс мақсаттарын және ниеттерін анықтау.
Кері күшке ие Ерекше бөлім нормаларының екінші тобын жауаптылықты немесе жазаны жеңілдететін нормалар құрайды.
Осы мәселені шешуге байланысты, 1 қаңтар 1998жылы жасалған қылмыстар, бір жағдайда ҚазССР ҚК бойынша, келесі жағдайда ҚР ҚК бойынша сараланады.
Санкцияға өзгеріс енгізген жаңа заң неғұрлым жеңіл болады, егер ол:
- негізгі жазаның неғұрлым ауыр түрін белгілесе;
- жазаның жоғарғы немесе төменгі шегін немесе соның біреуін төмендетсе;
- негізгі жазаны өзгертпестен бір немесе бірнеше жазадан бас тартады;
- негізгі және қосымша жазаны сақтай отырып, негізгі жазаның баламалы түрде неғұрлым қатал түрін тағайындайды.
М.И. Блумның мәліметінше, жекелеген шетелдік ғалымдар ХІХ ғасырда сотталушының өзіне жаза үшін неғұрлым қолайлы жаза немесе ескі заңмен белгіленген шараны қолдану мүмкіндігін ұсынады.
Кеңестік заң әдебиеттерінде осы мәселеге байланысты қарама-қайшы пікірлер айтылды. Кейбір авторлар жеңіл қылмыстық заңды анықтау барысында жазаның жоғарғы шектерін салыстыруды ұсынды,[57] басқалары төменгі шегін ұсынды.[58]
Біздің көзқарасымызша, жұмыс істеп тұрған ҚР ҚК басымдық мына позицияға берілуі тиіс, егер жаңа заң бір мезетте жазаның төменгі шегін арттырып, жоғарғы шегін азайтса, онда ол неғұрлым жеңіл деп саналады, өйткені, ҚК 55 бабы бойынша тиісті мән-жайлар барысында жаңа заңмен көзделген төменгі шегінде жаза тағайындауы тиіс, жоғарғы шегінен өтуге ол құқылы емес.[59]
Егер де жаңа заң бір мезетте жазаның төменгі және жоғарғы шегін арттырса, іс-әрекетті жаңа қылмыстық заңның тиісті бабы бойынша саралау қажет. Осы жерде сот жаза тағайындай отыра, жаңа ҚК жазаның жоғарғы шегін төмендетіп бөлігінде ғана кері күші болады, жазаның төменгі шегі бұрынғы қылмыстық заңның санкциясына сәйкес анықталады.
Теория және тәжірибе тұрғысынан одан да қиындау бұрынғы ҚК «ерекше ірі мөлшер» және «ірі мөлшер» ұғымының өзара қатынасы мәселесі жаңа ҚК-те шешу маңызды.
Түбегейлі маңызды сұраққа жауап мынамен анықталады: ҚР ҚК 175 бабы 2 тармағы ескертуі ҚазССР ҚК 76 статьясы «в» тармағын ескертуіне қатысты кері күші бола ма. Қазақстан Республикасы ҚК 175 бабы ескертуінің мағынасынан туындағанындай екінші тармаққа көрсету «қылмыс жасау кезінде жаңа белгі ірі мөлшерге кері күшті беруді жоққа шығарады. Сот-тергеу органдары ұрлаудың ерекше мөлшерді немесе ірі мөлшерді анықтау барысында қылмыстық іс-әрекеттің аяқтау немесе бұлтартпау кезеңімен аяқталуымен белгіленуі қажет.
Профессор Б. Волженкин, осы позицияны қолдай отырып, мынаны атап өтеді: «инфляциялық процестердің даму күшіне байланысты және еңбекке ақы төлеу мөлшерінің өсуі, бағаның өсуі (Қазақстанда-АЕК) қылмыстық заң жағдайындағы ұрлау мөлшерінің өзгеру мәселесін білдіреді.[60]
Бұл позициямен профессор Ю.И. Ляпунов келіспеді, оның ойынша тиісті «ескертулерді» көрсете отырып, толықтыру қылмыс жасау кезінде «өзгеріс» танылады, өйткені ол негізсіз «ірі мөлшер» белгісін негізсіз жоққа шығарады, «оның сандық-құндық мазмұны ақшалай көріністе жазаны жеңілдетіп (жаңадан бағалауда) іс-әрекетке айналдырады.
Қорытынды
Қорыта келгенде айтарымыз, қылмыстық заңның кері күші Қылмыстық кодекстің 5-бабы қылмыстық заңның кері күшін қолдануға, яғни жаңадан қабылданған қылмыстық заңның күшінің, оның заңды күшіне енгенге дейінгі істелген іс-әрекетіне қолданылуына мүмкіндік береді.
Жаңа қылмыстық заң мына жағдайларда әрқашанда кері күшіне ие:
а) әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоюға
б) жауаптылықты немесе жазаны жеңілдетуге;
в) қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңілдетуі.
Әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын заң, ол әрекеттің қылмыс қатарынан (яғни, Қылмыстық кодекстен) алынып тасталуы немесе осы әрекеті үшін жазаланушылығының жойылуы.
Жаңа заңның, ескі заңмен салыстырғанда жауаптылықты немесе жазаны жеңілдететіндігін анықтау үшін, екі заңның диспозициясы мен салыстыру негізінде шешілуі қажет.
Қылмыстық заңның кері күшін қолдану ережелері сотталған және жазасын өтеп жүрген немесе ескі, қатаң, жазамен жазасын өтеген, бірақ соттылығы бар адамдарға қолданылады.
Егер жаңа қылмыстық заң адам сол үшін жазасын өтеп жүрген әрекеттің жазаланатындығын жеңілдетсе, тағайындалған жаза жаңадан шығарылған қылмыстық заң санкциясының шегінде қысқартылуға тиіс (ҚК 5-бабы 2 бөлігі).
ҚК 5 бабы үшінші бөлігіне сәйкес, мына жағдайда қылмыстық заңның кері күші болмайды:
а) егер ол әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгілесе;
б)егер ол жауаптылықты немесе жазаны күшейтсе;
в) егер ол әрекетті жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен нашарлататын болса.
Қылмыстық заңның кері күшін қолдану барысында әкімшілік құқықбұзушылықты қолданудан бас тартуды да ұсынды. Жалпы алғанда қылмыстық заңның кері күшін қолдану барысында біз қылмыскердің жағдайын жақсартатын мән-жайды анықтаймыз. Қылмыстылықты, жазаланушылықты жоятын немесе қылмыскердің жағдайын өзге де жолмен жақсартатын осы мән-жайлар осы тақырыпты нақты айттық. Сонымен бірге қылмыстық заңның кері күшін нақты анықтау барысында бұрынғы ҚазССР ҚК-де қылмыстық емес іс-әрекеттерге жатқызылды. Құқық қорғау органдарында, ғылыми мекемелерде осындай іс-әрекетті анықтап қылмысты дұрыс саралау және әділсоттылықты жүзеге асыруда маңызы зор.
Сонымен қылмыстық заңның кері күші көптеген қасақана жасалған қылмыстарыға жүре отырып, осыған байланысты бас бостандығынан айыруға сотталынғандарға да қолданылады. Әртүрлі шешімдер әртүрлі себептермен анықталады, олардың бірі ретінде жеткіліксіз әзірленгендігі, дәрежесінің критериінің дұрыс жолға қойылмауы. Екінші қылмыс неғұрлым ауыр болмағандығы жөніндегі талап қайталанып жасалған қылмыстық ауырлығының артуымен байланысты. Бір жағынан алып қарағанда бұл дұрыс, қылмыстардың салыстырмалы ауырлығы қылмыстардың ауырлығын бағалау үшін дұрыс негіз болып танылады. Бұл жағдайда бірінші рет ауыр қылмыс үшін сотталынған тұлға әрекетті қайталап жасаған жағдайда, бірінші қылмысқа қарағанда неғұрлым ауыр жағдайда болады.
Қылмыстық заңның кері күшінің қылмыстардағы келесі белгісі қылмыстардың біріңғайлығы және ұқсастығы. Қылмыстардың біріңғайлығы бұл тұлғаның белгілі бір қоғамға қарсы әрекеттерінің өсуін білдіреді.Сонымен бірге тәжірибеде қылмыстардың біріңғайлығының ұғымын анықтау елеулі қиындық тудыруда. Заңшығарушының қойған бастапқы мақсаты ретінде қылмыстық заңның кері күшін дұрыс анықтау және егер қылмыс жасалса жазаны күшейту танылады. Мемлекет ең алдымен қылмыстық азаюы үшін мүдделі болғандықтан ең алдымен ауыр қылмыстардың санының азаюына тікелей мүдделі.
Қылмыстық заңның кері күшінде анықтайтын келесі мәселе қылмыстық қасақаналық сипаты танылады. Осы сұраққа жауап беру ереже бойынша қиындық тудырмайды, кінәнің нысаны жөнінде іс-әрекетті саралау танылады.
Неғұрлым күрделі мәселе қайтадан жасалған қылмыстық субъективтік жағындағы мәселе кінәнің аралас (екі нысанымен) жасалады, құрамның әртүрлі элементтеріне психикалық көзқарас басқаша болады. Әдебиетте кінәнің аралас нысаны немесе оның кінәсінің аралас құрамына қатысты әртүрлі көзқарастар берілді.
Б.А. Куриновтың ойынша осындай шешім қабылдау қылмыс құрамына байланысты: формальды құрамда қасақаналық әрекетін қасақаналық деп санаймыз, материалды құрамда қылмыстың аяқталуы үшін зардаптың туындауы қажет, қылмыс әлде қасақаналық, әлде абайсызда деп саналады, кінә нысанының зардабына байланысты.
Е. Фролов және А. Свинкинмен ұсынылған критерийлер неғұрлым негізді болып саналады. Олардың пікірінше материалды құрамдар қасақана немесе абайсыздыққа жатқызылуы тиіс, осы қылмыс құрамдары зардапқа қатысты немесе қатысты болмағандығына қарамастан жатқызылады. Егер жасалынған іс-әрекет әкімшілік немесе тәртіптік іс-әрекет ретінде сараланса, қылмыс тек зардаптардың туындауы барысында танылады, кінәнің абайсыздық нысаны толықтай алғанда абайсыздық нысанымен сипатталады.
Неғұрлым жеңіл заңның кері күші болады, бірінші қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықты алып тастау барысында сынақ мерзімі немесе жазаның өтелмеген бөлігі алынып тасталады, бірнеше үкім бойынша жаза тағайындалмауы мүмкін. Егер мерімінен-шартты түрде босатылғанынан кейін жазаны жеңілдететін жаңа заң шығарылса, өтелмеген бөлігі есеп бойынша қысқартылуы тиіс, ол босатуға дейінгі мерзімде бірінші қылмыс үшін белгіленген жоғары санкциясының сомасынан аспауы тиіс.
Егер де жаңа қылмыс қысқартылған өтелмеген бөлігі өтіп кеткен уақытқа дейін жасалса, онда жаза бірнеше үкім бойынша тағайындалуы қажет, қосылуға тек өтелмеген бөлігі ғана жатады.
Осы ережелер мерзімінен шартты түрде босатылғаннан немесе шартты сотталуды жасағаннан кейін жасалуы тиіс, бірақ та сынақ мерзімі аяқталған кезге дейін жауаптылықтан босататын немесе бірінші іс бойынша жазаны қысқартатын рақымшылық актісі шығарылуы тиіс.
Бірақ та сот тәжірибесінің өзгерісінен кейін С.Г. Закутский мынадай пікір айтты: қылмыстық заңның кері күшін бұлтартпау шарасын таңдаған сәттен бастап есептемеу қажет, өйткені ол қамаудағы немесе тергеу изоляторындағы азаматтарға алдын-ала тергеу ретінде қарастырыла алмайды. Ажырату және бастау сәтінің ұқсас келуі, өтелмеген бөлігін толықтай қосу барысында барлық жазаларға тиісті.
Сонымен қылмыстық заңның кері күшінің фактілі ұзақтылығына тікелей тәуелділігі бар, біріншіден оқиғаны таңдауға байланысты ол соңғы жазаны есептеу үшін нақты уақыт болады, екіншіден осындай оқиғаның туындау уақыты, ол неғұрлым кейін туындаса, соғұрлым жазаның ұзақтысы қылмыстық заңның кері күшіне байланысты арта түседі. Егер осындай факт ең алдымен кінәнің мінез-құлқына емес сот-тергеу органдарының қызметіне тәуелді болса, жазаның жалпы мерзімі нәтижесінде осы қызметінің жеделдігіне және қылмысты ашуда, сотталушыны жауаптылыққа тартуда кедергі келтіруі мүмкін.
Қылмыстық заңның кері күшінің ұзақтығының тәуелділігі оны есептеу кезеңін бастауды таңдауына байланысты. Әдебиеттерде қылмыстық заңның кері күшіне байланысты әртүрлі пікірлер айтылған. Осының барлық мазмұнының пікірлері, әсіресе қылмыстық заңның кері күші жөнінде көптеген көзқарастар бар. Қылмыстық заңның кері күшінің жүруі оған тағайындалатын жаза шарасына осы шараларды қалай қабылдауына байланысты.
Қылмыстық заңның кері күшін қодануда соттың пікірлері есепке алынады, қылмыскердің тұлғасының қоғамға қауіптілігінің маңызын анықтауға байланысты, заң нормаларымен қылмыстық заңның кері күшінің мәселесі реттеліп көрсетілген. Сонымен осы тақырыпты жазу барысында қылмыстық құқықтағы өзекті мәселе қылмыстық заңның кері күші мәселесін нақты қарап, өзектілігіне баса назар аударылды.
Пайдаланылған нормативті-актілер мен әдебиеттер
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. – А., 1995 ж 30 тамыз (2007 ж өзгертулер мен толықтырулар).
- Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан экономикалық әлеуметтік саяси жедел жаңару жолында ҚР Президенттің Қазақстан халқына жолдауы. Егеменді Қазақстан, 2005ж. 19 ақпан.
- Крылова Н.Е., Серебренникова А.В. Уголовное право современных зарубежных стран. М., 1997г.
- Уголовное право. Общая часть. Под ред. В.Н.Петрашева. М., 1999г.
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік. Алматы, 2001ж.
- Курс уголовного права. Под ред Н.Ф.Кузнецовой. Т.1. М., 1999г.
- Уголовное право. Общая часть. Под ред. И.Я.Козаченко и З.А.Незнамовой. М., 1997г.
- Уголовное право. Общая часть. М., 1998г.
- Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы, 2001ж.
- Курс советского уголовного права. Часть общая. ЛГУ, 1968г.
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік. Алматы, 2001ж.
- Блум М.И: Действие советского уголовного закона в пространстве. Рига, 1974г.
- Уголовное право РК. Общая часть, Алматы.-1998г.
- А.В.Наумов. Российское уголовное право. Общая часть.Курс лекций – М.,1996 г.
- А.С.Шляпочников. Толкование уголовного закона. М., 1960г.
- С.Г.Келина. Советский уголовный закон. М., 1961г.
- Н.Д.Дурманов. Советский уголовный закон. М.,1967г.
- Теория государства и права.
- А.А.Герцензон. Уголовное право. Часть общая.
- М.Д.Шаргородский. Уголовный закон. М., 1948г.
- Брайнин Я.Н. “Уголовный закон и его применение” М-1967 г.
- Э.С. Телнов. Уголовный закон и преступление. Иваново, 1997г.
- М.И.Блум, А.А. Тилле. Обратная сила уголовного закона. М., 1969г.
- Республика Казахстан. Закон от 16 июля 1997г. О введении в действие уголовного кодекса Республики Казахстан //Ведомости Парламента Республики Казахстан. 1997- №15-16 ст 211.
- Президиум Верховного Совета СССР. О наказании лиц, виновных в преступлениях против мира и человечности и военных преступлениях, независимо от времени совершение преступление: Указ от 4 марта 1965г. //Ведомости верховного Совета СССР. 1965. №10, ст23.
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының әйел зорлағандығы үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың тәжірибесінде қолданылуы жөніндегі Қаулысы. -Алматы. 2004ж. 95-100 беттер.
- Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексіне түсінік. –А.,2001.
- Действие уголовного закона во времени и пространстве. Автореферат на соискание ученой степени кандидата юридических наук. Агыбаева Газиза Арыкбаевича. –Алматы, 2005.
- Тилле А.А. Время, пространство, закон. Действие советского уголовного закона во времени и пространстве. –М., 1965. -421с. 5-6 беттер.
- Беккария И. О преступлениях и наказаниях. –М., 1939.
- Грабовский А.Д. О действий законов во времени /Журнал гражданского и уголовного права. -1873.
- Блум Б.И., Тилле А.А. Обратная сила закона. Действие советского уголовного закона во времени. –М., 1969.
- Уголовное право. Общая часть. –М.,1992.
- Курс уголовного права. Общая часть. –М.,1999. Т.2.
- Карпец И.И. Индивидуализация наказание. –М., 1961.
- Кудрявцев В.И. Общая теория квалификаций преступлений. –М., 1999.
- Брайнин Я.М. Уголовный закон и уголовное применение. -М.,Ю.Л., 1967.
- Бойцов А.И., Волженкин Б.В. Уголовный закон: действие во времени и пространстве.1993.
- Полов А.И. Уголовный закон и его обратная сила. 1998
- Дурманов Н.Д. Советский уголовный закон. –М., 1967.
- Маркелов В.Н. Советское уголовное право. Общая часть. –Алма-Ата. 1961.
- Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. –А., Жеті-жарғы.
- Келина С.Г. Советский уголовный закон. –М., 1961.
- Игнатов А.И. Уголовное право. Общая часть: Курс лекций. –М., 1996.
[1] Қазақстан Республикасының Конституциясы А 1995ж.
[2] Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық әлеуметтік саяси жедел жаңару жолында Президенттің Қазақстан халқына жолдауы. 2005ж. 19 ақпан, Егеменді Қазақстан.
[3] Крылова Н.Е., Серебренникова А.В. Уголовное право современных зарубежных стран. М., 1997г. стр. 53.
[4] Уголовное право. Общая часть. Под ред. В.Н.Петрашева. М., 1999г. стр. 63.
[5] Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік. Алматы, 2001ж. 7б.
[6] Курс уголовного права. Под ред Н.Ф.Кузнецовой. Т.1. М., 1999г. стр. 84.
[7] Уголовное право. Общая часть. Под ред. И.Я.Козаченко и З.А.Незнамовой. М., 1997г. стр. 53
[8] Уголовное право Общая часть. М., 1998. Стр. 24
[9] Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы, 2001ж. 22б.
[10] Курс советского уголовного права. ЛГУ. 1968. Стр. 76
[11]А.Н. Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы, 2001. 21б.
[12] Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік. Алматы, 2001ж. 12б.
[13] Блум М.И: Действие советского уголовного закона в пространстве. Рига, 1974г. стр. 13.
[14] Уголовное право РК. Общая часть, Алматы.-1998, 25-26 бб.
[15] Курс советского уголовного права. Часть общая. ЛГУ, 1968г. стр. 130.
[16] А.В.Наумов. Российское уголовное право. Общая часть.Курс лекций – М.,1996 г. Стр.105
[17] Курс советского уголовного права. Часть общая. ЛГУ, 1968г. Т.1. стр. 139.
[18] Конвенцияны Қазақстан Республикасы 31 наурыз 1993 жылы ратификациялады.
[19] Уголовное право РК. Общая часть, Жетi жарғы, Алматы.-1998, 29-30 бб.
[20] http://www.zakon.kz
[21] Курс советского уголовного права. Часть общая. Т.1. ЛГУ, 1968г. стр. 107.
[22] Уголовное право. Общая часть. Под ред. В.Н.Петрашева. М., 1999г. стр. 77.
[23] Тилле А.А. Время, пространство, закон. Действие советского уголовного закона во времени и пространстве. –М.1965.421с.5-6 беттер.
[24] Беккария И. О преступлениях и наказаниях. –М., 1939. -215с.204-211бб.
[25] Градовский А.Д. О действий законов во времени/Журнал гражданского и уголовного права. -1873г.11бет
[26] Блум Б.И., Тилле А.А. Обратная сила закона. Действие советского уголовного закона во времени. –М., 1969. -130с. 96бет.
[27] Осында. 51 бет.
[28] Уголовный кодекс РСФСР //Сборник законов РСФСР -1922. ?20-21. 15-16 бб.
[29] Журшибаев С. История возникновение прав человека //Закон и время 1998. №5. 59-60 беттер.
[30] См.Б.А. Галкин. Советский уголовно-процессуальный закон. М.Госкомиздат, 1962, -с.72.
[31] см.М.Д. Шаргородский. Уголовный закон. –с.230.
[32] СУ РСФСР 1922г. №15. С.153.
[33] см.Н.В. Крыленко. Судебные речи. М., «Юридическая литература», 1964, с.22-38.
[34] «Советская юстиция», 1961, № 9. -С.29.
[35] В.Кудрявцев. Обратная сила нового Уголовного кодекса. «Советская юстиция», 1961. №13. -с. 4
[36] «Бюллетень Верховного Суда СССР», 1966. №6.
[37] Тилле А.А. Время, пространство, закон. Действие советского уголовного закона во времени и пространстве. -М.1965.121с.78-79беттер.
[38] Президиум Верховного Совета Казахской ССР. О внесении изменений и дополнений в УК Казахской ССР; Указ от 4 ноября 1972г. //Ведомости Верховного Совета Казахской ССР. 1972. №46. 14-17 беттер.
[39] Уголовное право. Общая часть. –М.1992. -410с. 69бет.
[40] Об основных моделях системы альтернативных мер, используемых в уголовной юстиции зарубежных государств см: Курс уголовного права. Общая часть. –М.,1999.Т.2, -352с. 150-152 беттер.
[41] Карпец И.И. Индивидуализация наказания. –М., 1961. 27бет.
[42] Курс советского уголовного права. Общая часть. –Л.1968. Т-2. 210с. 113-114беттер.
[43] Кудрявцев В.И. Общая теория квалификаций преступлений. –М., 1999. 336-337беттер.
[44] Зайцев Л., Тишкевич И., Горелик И. Действует ли промежуточный закон /Советская юстиция. 1966.№1.
[45] Брайнин Я.М. Уголовный закон и уголовное применение. -М.ЮЛ, 1967. -240с. 150-153 беттер.
[46] Блум М.И., Тилле А.А. Обратная сила закона. Действие советского уголовного закона во времени и пространстве. –М., 1969. 131 бет.
[47] Бойцов А.И., Волженкин Б.В. Уголовный закон: действие во времени и пространстве. –Спб, 1993. 110 бет.
[48] Мокринский С.П. Новый закон и старые гарантии (о дейтвии уголовного закона в пределах времени).-Спб.1909. 67 бет.
[49] Полов А.И. Уголовный закон и его обратная сила. –Спб.1998. 47бет.
[50] Зайцев Л., Тишкевич И., Горелик И. Действует ли промежуточный закон // Советская юстиция. -1966. №1. 7 бет.
[51] Курс советского уголовного права. Общая часть. –Л.1968. –Т.2 210 бет.
[52] Леониевский-Костарева Т.А. Консепция развития уголовного законодательства // Концепция развития российского законодательства. –М.,1999. -227-228беттер.
[53] Уголовный кодекс Республики Болгария.-Спб.2001. -28-29беттер.
[54] Уголовный кодекс Республики Беларусь. –Минск. 2001. -51бет.
[55] Зайцев Л., Тишкевич И., Горелик И. Действует ли промежуточный закон // Соевтская юстиция. -1966. №1. 7бет.
[56] Бюллетень Верховного Суда СССР», 1966. №6.
[57] Дурманов Н.Д. Советский уголовный закон. –М., 1967. 273-274беттер.
[58] Блум М.И., Тилле А.А. Обратная сила закона. Действие советского уголовного закона во времени. –М., 1969. 117-118беттер.
[59] Дурманов Н.Д. Советский уголовный закон. –М., 1967. 32-48 беттер.
[60] Волженкин Б.В. Еще раз об обратной силе уголовного закона // Законность. -1999. №11 30 бет.