АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік кәсіпорындардағы құрал-жабдықтар лизингі

 

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………….

 

2

1.

ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДА ЛИЗИНГТІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ….………………………..

 

 

4

1.1

Лизинг ұғымы, түрлері және оны өндірістік кәсіпорындарда пайдаланудың маңызы………………………………………………………………….

 

4

1.2

Лизингтік  қатынастарды нормативтік-құқықтық реттеу…………….

6

1.3

Лизинг жүйесіне қатысушылардың  ерекшеліктері  мен алатын тиімділіктері…………………………………………………………………………………

 

11

 

2.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА СУСЫН ШЫҒАРАТЫН КӘСІПОРЫНДАРДА ЛИЗИНГТІ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ………………………..

 

16

2.1

Қазақстан Республикасындағы  лизингтік қатынастардың дамуын  отандық сусын шығаратын кәсіпорындарда пайдалану жағдайын бағалау……………………………………………………………………………

 

 

16

2.2

Қазақстан Республикасы сусын шығаратын  кәсіпорындарының өндірістік-экономикалық қызметінің жағдайын талдау………………..

 

23

 

3.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРЫНДА ЛИЗИНГТІ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ЖОҒАРЛАТУ ЖОЛДАРЫ……………………………………

 

33

3.1

Сусын шығаратын кәсіпорындардың өндірістік қызметінде лизингті ұтымды пайдалану тетіктері…………………………………………….

33

3.2

Кәсіпорындарда лизингті  пайдалану тиімділігін  арттырудың озық үлгілері мен шетел тәжірибесі…………………………………………………

 

3.3

Қазақтан Республикасында лизингтік қатынасты жетілдіруінде мемлекеттің орны…………………………………………………………………………….

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………….

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ…………………………………………

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 

Қазақсан Республикасы өнеркәсіптік кәсіпорындардағы құрал-жабдықтар лизингі

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу тақырыбының  өзектілігі.  Қазақтан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты.  Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік  ахуалын одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын  арттырудың маңыздылығы да артуда.

         Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың  негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Бұл тұрғыда, өнім өңдеудің түпкі кезеңіне  дейінгі жұмыстарды  қамтитын өндірістік кәсіпорындарға деген  жауапкершілік те ұлғая түсуде. Осы тектес кәсіпорындардың қатарына тамақ өнеркәсібіндегі  су өнімдерін өндіретін кәсіпорындарды жатқызуға болады.  Аталған саланың  ел экономикасындағы маңызы  оның  ішкі нарықтағы азық-түлік  қауіпсіздігін  сақтауда, мемлекеттің экспоттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда,  отандық өзара байланысты кәсіпорындардың тиімділігін   арттыруда және олардың сыртқы  өндірушілерге  тәуелділігін  төмендетуде,  ауыл шаруашылығы өнімдерін  мақсатты пайдалануда  және бәсекеге қабілетті  өнімдер шығару арқылы мемлекеттің әлемдік нарықтағы  беделін  артыруда көрініс табады.

Статистикалық мәліметтер

Әйтсе де, ғаламдық даму үдерімінің қазіргі кезеңінде  қолда бар жетістіктерге қанағаттану  жеткіліксіз. Тынымсыз  ізденіс пен нәтижелі іс — әрекетті арқау еткен әлемдік  нарық өндірушілері  барынша жаңа нарықтарды игеруге, ондағы тұтынушыларды жаулауға белсене кірісуде. Нарықтың бұл қатал шарты отандық өнім өндірушілердің қауқарын нығайтуды,  өнімдерінің  бәсекелік  қыспақтарда сұранысы  жоғары  өнім өндіруге тиімді  әсері бар тетіктерді  айқындауды және сол арқылы  мемлекеттің азық – түлік қауіпсіздігін қамтамсыз  ету мәселесін шешуді қажет етеді. Бұл жағдайда Республика Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы  Қазақстан халқына Жолдауында     ерекше айтылған: «Экономика біздің дамуымыздың  басты басымдылығы, ал экономикалық өсімнің  барынша жоғары қарқынына  қол жеткізу —  негізгі міндетіміз  болып  қала береді.

          Біз бұған өз эконмикамыздың  бәсекелестік  қабілетін арттыру арқылы,…

Қол жеткіземіз».

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Аталған мәселе бойынша ғылыми  көзқарастарды теориялық және әдіснамалық  тұрғыда көптеген ғалымдар өз еңбектерінде  қарастырып өткен. Олардың қатарында ……………..

         Бүгінде елімізде құқықтық реформалар барысында көптеген өзгерістер болып жатыр. Әр түрлі заңдар қабылданып, құқықтық мемлекетімізді нығайта түсер түбегейлі шаралар жүргізілуде. Сондай өзгерістердің бірі еліміздің нарықтық экономикаға көшуімен ілесіп келген күрделі құбылыстардың бірі — «лизинг» терминінің кең орын алуы.

         Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың заңына байланысты еніп отырған бұл ұғымның маңызы зор. Нарықтық экономикалық қатынастың заңы қатаң сұраныс,  ағымдағы нарық талаптарына  икемделіп қызмет еткен ғана жетістікке қол жеткізеді. Ал мемлекеттік дотацияға сүйеніп келген шаруашылықтар, зауыт — фабрикалар мұндай қатаң талапқа төзе алмай,  тоз-тоз болып тарап кетеді. Яғни белшесінен борышқа батып, банкротқа ұшырайды. Олар жаңа экономикалық қатынасқа орай бұрынғы шаруашылықтар орнына қайта құрылған өндірістік кооперативтер. Алайда олардың құрал-саймандары, яғни техникасы бүгінгі күннің талабына сай емес, сапалы өнім беруге жарамсыз. Міне, еліміздің экономикасының өркендеуіне әсер ететін осындай мәселелерді шешуде инвестициялық құрал ретінде — мүлікті жалдау шартының бір түрі  лизингті қолдану оң нәтиже беретіні сөзсіз.

Өз қызметін қалыпты жүзеге асырғысы келетін кәсіпорындар өздерін қандай да болсын мүлікпен қамтамасыз ету үшін оларға екі мүмкіндік береді:

  • Сатып алу(өз қаражаттары есебінен)
  • Жалға алу

Қазіргі кездегі кәсіпорындардың көпшілігі сатып алуға қаражаты жетіспеушілігінен  жалға алуға келіп жүгінері сөзсіз. Мұндай жағдайда туындайтын бір мәселе, осы  қажетті мүлкі бар және оны ұзақ мерзімге жалға беруге дайын кәсіпорынды табу. Әрине, бұл мәселені  шешу қиынға түседі, себебі мүлікпен иемденетін кәсіпорындар оны жалға беруге емес, оны сатуға тырысады. Мұндай қиындықтан шығудың жолдарының бірі – осы мүлікті үшінші тұлғаның мүддесі үшін сатып алатын және оны жалға беретін адамды табу.

Осыған сәйкес, лизингтік қатынастардың міндеті өзінің клиентіне қажетті мүлікті сатып алып, келісілген мерзімге тиісті ақыға жалға беру болып табылады.

         Қазіргі кезде лизинг дегеніміз кәсіпкерлік қызмет деген әр түрлі ойлар бар. Мысалы, Ресей ғалымы В.А.Горемыкин лизингті банкілік немесе коммерциялық қызметтерге қарағанда кәсіпкерлік қызметтің жоғарғы деңгейіне жатқызады, өйткені ол қаржылық бизнесте, өндірісте және құрал-жабдық пен мүлік нарығында кең көлемді білімді қажет ететінін айтады.

         Лизинг — әлем экономикасында шапшаң дамып келе жатқан қызметтер шеңберіндегі коммерциялық, кәсіпкерлік қызметтің салыстырмалы жүйеде  жаңа түрі деп атауға болады.

         Лизингтің тарихына көз жүгірсек, көптеген ғалымдардың ойы бойынша  қазіргі мағынадағы лизинг 1952 жылы АҚШ-тың Сан-Франсиско қаласының ең бірінші лизинг компаниясының ашылуымен тұспа –тұс келеді.

         Босх мырза Колифорния штатындағы азық- түлік өндірісімен айналысатын кішігірім фирманың басшысы -тұғын. Әскери ведомстваның үлкен тапсырмасын орындау үшін оған автокөлік паркін ұлғайту керек болады. Бұл фирманың капиталы шағын болғандықтан бұл мақсатта қолдану үшін қаржы көздері жоқ еді. Сонда Босх керекті машиналарды арендалауды жөн көрді, сонымен оларды алу процесін қаржыландырды. Мұндай операцияның тиімді екенін байқап және кейбір фирмалар оның жасаған операциясын қайталағысы келетінін естіп, Босх 20 мың доллар капиталы бар лизинг фирмасын құрды. Екі жылдан кейін бұл фирма құны үш миллион доллардан асатын машиналар мен құрал-жабдықтарды жалға беріп отырды. Осыдан кейін Босх мырза 400 мың доллары бар екінші бір лизинг фирмасын ашады. Қазақстан мен Ресейде,  сонмен қатар  ТМД  елдерінде  лизинг өзінің  дамуын  1989 жылдан  бастады деп  айтуға  болады.  Шет елдегі лизингтік ұйымдық нысандардың ішінен мұнда әзірше  тек қана қаржылық лизинг компаниялар және лизинг операцияларын орындайтын коммерциялық банктер дамып отыр.

         Алғаш рет Қазақстан заңдарында «лизинг» термині   ҚазССР –нің «ҚазССР-дегі кәсіпкерлердің дамуы және шаруашылық қызмет еркіндігі туралы » заңының 21 бабында қолданылды. Кейін «лизинг» термині келесі нормативтік құқықтық актілерде : 1994 жылы 18 наурыздағы «Қазақстандық фрахталық компаниялар және транспорттық  лизингтік компаниялар құру туралы «, 1994 жылдағы 10-шы қазандағы «Азия лизинг мемлекеттерінің қатысуы мен лизингтік компаниялар құру туралы», 1998 жылғы 15-ші сәірдегі «Ауыл шаруашылығында лизингті ұйымдастыру шарттарымен тәртібі жөніндегі ережені бекіту туралы «, сондай-ақ басқа да нормативтік актілерде көрініс тапты.

         Лизинг жалдаудың бір түрі болғанымен оны бір-бірінен айыра білу керек. Лизинг алушы жалға алушы сияқты мүлікті тек ұзақ пайдалануға ғана алмайды. Оған сонымен қатар меншік құқығымен байланысты сатып алушының міндеттері жүктеледі: мүлікті төлеу, мүліктің кездейсоқ  жойылуынан болған зиянды өтеу, мүлікті сақтандыру және техниаклық қызмет көрсету, сондай-ақ жөндеу. Бірақ, мүліктің меншік иесі лизинг берушінің өзі болады. Лизинг мәмілесінің объектісінің жойылуы немесе оны пайдаланудың мүмкіншілігі қарызды толық төлеу міндетінен босатылады. Лизинг алушы жалға алушы сияқты мүлік пайдалану құны үшін ай сайын ақшасын жалға берушіге төлеп тұрады. Ол мүлікті пайдалану үшін лизинг берушіге мүліктің толық құнын өтейді. Кемшілік болған жағдайда лизинг беруші кепілдік міндеттерден түгелдей босатылады. Бұл жағдай негізделген, өйткені лизинг беруші мүлікті лизинг алушының сұрауымен және оның мүддесіне сатып алды. Сондай-ақ міндеттердің бұлай бөлінуі мүлік алушының мүлікті күтіп ұстауының кепілі болып табылады.

         Жалға алу шарты мен лизинг шарты тараптардың арасында тәжрибеде қалыптасқан басқада айырмашылықтар бар. Лизинг бойынша төлемдерді есептегенде мүліктің сатып алу бағасы,  лизинг  шарты жасалған мерзім, қалдық құны және үстеме бағалары есептелінеді. Жалға беру кезінде төлем мөлшері көбінесе нарықтық конъюктураға (сұраныс және ұсыныс) байланысты есептелінеді. Жалға алу шартына қарағанда лизингте тәжрибе көрсеткендей шарттың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін алдын ал келісілген баға бойынша мүлік лизинг алушының жеке меншігінде қалады. Мұндай жағдайда бөлке шарт жасу қажеттігі туындайды.

         Лизинг әлемнің көптеген едерінде өз дамуын тауып, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың пайдалы әдістерінің бірі болып саналғанмен, Қазақстанда әлі де болса оның дамуы нысандары мен жолдары анықталуда. Қазіргі экономикалық дағдарыстық жағдайында көптген кәсіпорындар өндірістің техниаклық жаңаруына ірі мөлшердегі қаражаттарды салуды жүзеге асыра алмай отыр. Осыған байланысты барлық меншік нысанындағы отандық өндірістегі қолдауға  соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлікті және өндіріс аясын дамыту үшін қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік беретін лизигнгтік бизнесті дамыту қажеттілігі туындауда. Шағын кәсіпкерліктен инвестициялық лизингтік жоспарына қолдау көрсету осы процеске қатысатын негізгі субъектілерін анықтауға негізделуі керек- олар ретінде лизингтік компаниялар түсуі керек. (7)

Менің бұл тақырыпты таңдауымның себебі, қазіргі  Қазақстан жағдайында кәсіпкерлік қызметтің өркендеп дамуында шешілмей жатқан мәселередің  бірі  қаржы  ресурстар  жеткіліксіздігі.  Шағын  және  орта  кәсіпкерлікті  несиелендіруде  қаржы  институттарының жоғары талап қоюы. Елімізде қабылданған индустриалды-инновациялық сратегиясында негізгі қорларды тездетіп жаңарту, өндірістік секторды дамытуға басты назар аударылған.   Қазақстандағы негізгі құралдардың  80 пайызға жуығы тозған және тез арада жаңартуды талап етеді. Моральдік, физикалық тозған құрал жабдықтар мен сапалы бәсекелі өнім өндіру мүмкіндігі төмен. Сонымен бірге нарықта жаңадан жұмыс жасап жатқан шағын кәсіпорындар, кәсіпкерлер қызметін жандандыруға, мәселелерді шешуде — лизинг маңызды орын алады. Бұрынғы постсоциалистик елдердің   барлығында дерлік қазіргі таңда кәсіпорында, өндіріс орындарында ескірген негізгі құралдарды жаңарту мәселесі өзектілердің бірі. Өндірісте жоғары ғылыми техникалық құрал жабдықтарды негізе отырып, шығаратын өнім сапасын , оның бәсекелестік қабілетін арттырамыз. Бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіру қарсаңында, отандық өндіріс орындары мен кәсіпорындардың өндірген өнімдері,  халықаралық сапа талаптарына жоғары бәсекеге төтеп беруі қажет. Міне бұл мәселелерді шешудің бірден бір тиімді жолы – лизинг арқылы шешуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДА ЛИЗИНГТІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

  • Лизинг ұғымы, түрлері және оны өндірістік кәсіпорындарда пайдаланудың маңызы

 

«Лизинг» түсінігі шет ел   және отандық әдебиеттерде де кәсіпкерлік қызмет тәжрибесінде де кең қолданылады. Лизинг мәнін дұрыс түсінбеушілік, әр түрлі көз қарастар мен тұжырымдар  лизингтік  қатынас  жұмысына  кері  әсерін  тигізіп  отыр.  Лизингтің  қаржы-коммерцияалық, құқықтық  және  техникалық аспектілері  бар. Жобамен қазіргі экономикалық, қаржылық әдебиеттерде лизингтің 100-ден астам анықтамалары бар. Ол анықтамаларды келесі белгілеріне сүйеніп, лизингті тар және кең мағынада түсіндіре аламыз:

  • лизинг келісім шарттарының экономикалық-құқықтық мазмұны;
  • келісім мерзімі;
  • лизинг келісімінің обькетілер шеңбері;
  • келісім  шартқа қатысушылардың саны мен құрамы және т.б. белгілеріне қарап оған анықтама бере аламыз.

         Лизингтік қызмет біздің елде инвестициялық қызметтің бір түрі болып саналады, яғни негізгі құралдарды сатып алып, оны лизингке беру. Басқаша айтқанда, лизинг – бұл лизинг  беруші  тарапынан  уақытша  бос  қаржысын  лизинг  алушы  эканомикасына  салу, яғни  инвестициалау құралы.  Келісім  шартта  көрсетілген  негізгі  құралдарды  лизинг беруші  сатушыдан  сатып  алып,  оны  лизинг  алушыға  құнын айлап  өтеу шарты негізінде  пайдалану  құқығы  мен  кәсіпкерлік  мақсатта  қолдануға  береді.  Лизинг  беруші  негізгі  құралдарды  сатып  ала  отырып,  сол құралдардың  болашақта  лизинг  алушымен  пайдалануын  қаржыландырады,  ал  сосын  өз  шығындарын  лизингтік  төлемдер  арқылы  өтеледі. Нәтижесінде  лизинг  берушінің  инвестициялық  қызметі  негізінде  лизинг  алушының  негізгі құралдар құрамы толығады.

         Әлемнің көптеген елдерінде лизингтік қызмет инвестициялық бағытталғандығы мен сипатталады. Лизинг механизімінің мәнін түсінуде әр елде әр түрл ерекшеліктері бар. Көп жағдайда лизингті аренда түрінде түсінеді немесе құрал-жабдықтың, көлік құралдарының, өндіріс обьектілерінің ұзақ мерзімді арендасы ретінде түсінеді. Лизингке мұндай анықтама беру оның мән мағынасын толық ашпайды. Лизинг қаржылық ерекшелігімен арендадан ерекшелінеді.

          Лизинг алушы – бұл ұзақ мерзімге пайдалануға тек құрал жабдықты ғана емес, сонымен бірге меншік құқығымен байланысты  міндеттер де орындаушы. Олар:

  • мүлікке төлем;
  • мүліктің кездейсоқ бүлінуіне байланысты өтемдер;
  • мүлікті сақтандыру мен техникалық қызмет көрсетуге байланысты төлемдер.

Лизинг затына меншік ету  құқығы лизинг берушіде қалады. Лизинг алушы жалгер  сияқты әр айда оны пайдаланғаны үшін емес, оның толық құнын өтеу үшін төлем төлейді. Лизингке алынған заттың бүлінуі  немесе жойылуы лизинг алушы міндетттерінен босатпайды. Сонымен бірге, арендаға алғанда екі жақты келісім шарт жасалады, ал лизингке алғанда екі немесе оданда көп жақты келісім  шарт жасалады. (№1-2 сызба )

Экономикалық қарым-қатынаста лизинг көп жағдайда қаржылық операция түрінде қарастырып,  қор салымының бір түрі  деп түсінеді. Кез келген лизинг келісімінің негізгі өзегі ол қаржылық, несиелік операциялар болып табылады.       

 

1-сызба – Аренда  келісім-шартының сызбасы

 

Аренда беруші                              аренда келісімі                   Аренда алушы

 

 

2 –сызба. Лизинг келісімінің сызбасы

 

 

Жабдықтаушы сатып алу келісімі Лизинг беруші аренда келісімі Лизинг алушы

 

«Лизинг» термині ағылшынның «to leasе» деген етістігінен шыққан, мағынасы «жалға алу». Лизинг терминінің көптеген анықтамасы бар, бірақ ол анықтамалардың барлығы лизинг формаларын толық сипаттай алмайды. Лизинг қаржы – коммерциялық, құқықтық, техникалық аспкетілерге ие. Әртүрлі саладағы мамандар (юристтер, коммерсанттар мен кәсіпкерлер, маркетолог, банкир, сыртқы экономикалық сала қызметкерлері) лизингті инвестициялық – банктік  немесе аренделық, кейде іскерлік қызметке жатқызады .

Лизинг – іскерлік  қарымқатынастың бір түрі, өйткені лизинг шаруашылық тәжрибеге нақты енген өнім өткізудің, инвестициялаудың басты формасы.  Мұндай тар  және біржақты анықтамалар мен лизинг — бұл аренда, қаржыландыру,  несиелеу,  тауар өткізу қызметтерінің жиынтығы.  Лизингтің көп жақты табиғаты мынадай жаңа жұптардың құрылуына себепші, олар:  лизинг – несие , несие – аренда, аренда – сату, лизинг – сатып ал         у, жалдау –сатып алу, сату — қарсы лизинг, сатып алу – лизинг.  Сондықтан кейбір жағдайда лизинг сауда – қаржылық немесе қаржылық – экономикалық операция ретінде жүреді. Австралиялық бизнесмен Вольфганг Хойлер өзінің «Европадағы бизнесті қалай жасау керек» деген кітабында мынадай сұрақ қойған: «Лизинг – аренда келісім шарты ма, әлде несие келісімі ме?» — жауап: «Жалпы лизинг ерекше келісім, жоғарыда аталғанның екеуін де қамтиды.»

Е. Кабатов, Е. Чекмаров,  В. Перов сияқты «Лизинг» түсінігін кеңінен талқылаушылардың көзқарасы  бойынша, лизинг – бұл күрделі, кешенді келісімдік қатынас, өйткені онда екі немесе оданда көп келісімдер қамтылады (сату –сатып алу және мүлікті жалға беру келісімдері) .

Е.Чермаковтың тұжырымы бойынша: мүлікті жалға беру – лизинг мәнінің өзегі болып табылады. Ал қосымша қызметті мүлікті сату – сатып алу қатынастары атқарады. Экономикалық мәні бойынша лизинг – қаржылық операцияның жаңа түрі ретінде қарастырылады. Егер лизингті белгілі бір уақытқа қайтару негізінде арендаға алатын болсақ, онда біз оны негізгі құралдарға жасалған тауарлық кредит ретінде қарастыруымыз керек.

Өз қаржылық рессуртарын пайдалану мен банктік несиенің баламасы ретінде, лизинг – капиталға салымды қаржыландырудың өзіндік ерекше формасы болып табылады. Бұл процесс өнеркәсіптік кәсіпорынға бірденнен көп қаржылық шығындалмай ақ қажетті мүлікті сатып алуға  және негізгі құралдарды үздіксіз жаңартып отыруға мүмкіндік береді.

Лизинг түрлерінің жіктелуі отандық және шетелдік тәжрибе мен теорияда айтарлықтай салмақты зерттеліп жатыр. Лизинг түрлерін көрсеткенде оның жіктелу белгілеріне сүйенеміз.  Жіктемелік белгілеріне жататындар:

  • қатысушылар құрамы;
  • лизингке берілетін мүлік түрі;
  • оның өтімділік деңгейі;
  • амортизация жағдайы;
  • қызмет көрсету көлемі;
  • операция өтететін нарық секторы;
  • салықтық және амортизациялық жеңілдік қатынасы;

 —    лизингтік төлемдер сипаты;

 Лизингтің түрлері:

1.Қайтарымды лизинг – сатушы лизинг берушіге мүлікті  сатады және сол мүлікті  өзі (сатушы) лизингке алады.

2.Туынды лизинг (вторичный) – бұл лиизнг түрінің ерекшелігі, келісімшарт белгілі бір себептермен бұзылған немесе мерзімі аяқталып, мүлік лизинг берушіде қалған жағдайда, мулікті  басқа лизинг алушыға жалға беру.

  1. Банктік лизинг – лизингтің бұл түрінде лизинг беруші ретінде банк болады.
  2. Толық лизинг – бұл лизингтің түрінде лизинг мүлігіне техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу жұмыстары лизинг берушімен жүргізіледі.
  3. Сублизинг — бұл лизингтің түрі алынған құрал жабдықты лизинг алушы (сублизинг беруші) кәсіпкерлік мақсатта уақытша пайдалануға үшінші жаққа береді (сублизинг алушыға), яғни сублизинг келісім шартымен әр айда төлеу міндетімен.
  4. Таза лизинг – мұнда толық лизинг шартына керісінше болады.

Лизингтің көптүрлілігіне қарамастан, олардың барлығы лизингтің классикалық моделінің өзгешеліктері болып табылады. Яғни уақытша бос қаржысы жоқ кәсіпорын лизингтік компанияға іскерлік ұсыныспен шығады. Лизинг алушы  керек затты тауып, сатушыны анықтағаннан кейін лизинг беруші лизинг затын сатып алып, лизинг алушыға белгілі бір төлем негізінде жалға береді. Келісім шарт мерзімінің аяқталуына немесе келісімдегі талаптардарға сәйкес, лизинг заты лизинг берушіге қайтарылады, не лизинг алушыда қалады немесе лизингтік келісім ұзартылады.

3-сызба – Классикалық  қаржылық лизинг

 

                                                      Мүлікті таңдау

ЖАБДЫҚТАУШЫ                                                                     ЛИЗИНГ АЛУШЫ

                   Сату-сатып алу             Мүлікті жеткізу          лизинг                 Лизингтік

              Мүлікке          келісім шарты                                                келісім шарты                төлемдер

төлем

 

 
   

 

 

                                        ЛИЗИНГ БЕРУШІ          

                                                                                                            Сақтан-

             Кредиттік            Кредиттік                                         Сақтандыру     дыру

                      келісім                төлемдер                   Сақтандыру         төлемдері       өтемі

             шарт                                               келісім шарты

Қаржыландырушы мекеме (банктер, қорлар және т.б.)

Сақтандыру компаниясы

 

 

 

 

 

 

Лизингтің операция жасалатын нарық секторына байланысты лизинг    мынадай формаларға бөлінеді:

  1. Ішкі лизинг – мәмілеге қатысушылар тек бір мемлекеттің заңды тұлғалары немесе азаматтары болған жағдайда;
  2. Сыртқы лизинг (халықаралық лизинг) – мәмілеге қатысушы жақтардың әр түрлі ел заңды тұлғалары немесе азаматтары болған жағдайда;

Халықаралық лизинг өз кезегінде  келесі түрлерге бөлінеді:

  1. Импорттық – егер, лизинг беруші ретінде шетелдік заңды тұлға  қатысса;
  2. Экспорттық – егер, шетел заңды тұлғалары лизинг алушы ретінде қатысса;

Біздің елде кең тарағаны ішкі және имапорттық лизинг болып табылады.

Арендаға алынған мүлікке қызмет көрсету түрі бойынша лизинг келесідей бөлінеді:

  1. Таза лизинг – бұл жағдайда лизинг мүлігіне қызмет көрсету, жөндеу жұмыстарын лизинг алушы жүргізеді;
  2. Толық емес немесе (таза емес) лизинг – барлық жөндеу, техникалық қызмет көрсету жұмыстарын лизинг беруші жүргізеді. Көбінесе лизингтің бұл түрін өндірушілердің өздері пайдаланады. Әдетте лизингтің бұл түрі қымбат болып келеді, өйткені лизинг беруші техникалық қызмет бойынша, тағыда басқа шығындар жасайды.
  3. Бөлшкеті (бөлшкетеп қызмет көрсету) – лизинг беруші көрсетілетін қызметтің белгілі бір бөлігін ғана жасайды.

Қаржыландыру түрлеріне қарай  мынадай түрлері бар:

  1. Шұғыл – мүліктің бір жолғы арендасы;
  2. Қайта жаңартушы лизинг – лизингтік келісім шарт мерзімі аяқталған жағдайда ұзартуға мүмкіндігінің болуы. Лизингтің бұл түрінің ерекшелігі: егер, лизинг затының тозуына немесе келісім шартта көрсетілген басқа да себептерге байланысты лизинг алушы алынған затын жаңа түріне ауыстыруға құқы бар. Қайта жаңарушы  лизингі бойынша оның объектілерінің мерзімі, алынған мүліктің түрінің қандай болатыны алдын ала келісілмейді.
  3. Бас лизинг – бұл қайта жаңарушы лизингтің бір түрі, лизинг алушыға жаңа келісім шарт жасамай ақ лизинг мүлігін толықтыра алады. Бұл лизинг түрі ұдайы үздіксіз жұмыс жасайтын кәсіпорындарда, серіктестерімен қатаң келісімшарт кооперациясын ұстанатын кәсіпорындарда немесе бұрын лизингке алынған затты тез арада ауыстыру керек болған жағдайда пайдалануға тиімді.

Қатысушылар құрамына (субъектілеріне) байланысты келісімнің мынадай түрлері болады:

  1. Тікелей лизинг – лизинг мүлігінің меншік иесі (сатушы) өзі тікелей лизингке береді (екі жақты келісім). Бұл лизингті біз классикалық лизинг деп айта алмаймыз, өйткені мұнда лизингтік компания қатыспайды.

 

4-сызба – Тікелей  лизинг процесі үшін

 

1

               Өндіруші                                                             Жалға алушы

2

 

                          1) Құрал жабдық

                          2) Арендалық төлемдер

 

  1. Қайтарымды лизинг — өзара   байланысты келісімдер жүйесі, мүлік иесі лизинг затын лизингтік компанияға, банкке немесе инвестициялық қорға сатады және сол жерде сатқан затын өзі ұзақ мерзімді пайдалануға жалға алады. Қайтарымды лизинг кепілдің бір баламасы болып табылады. Лизинг заты ретінде қолданыстағы заттарды да алуға болады. Қайтарымды лизинг аз шығын жұмсай отырып, қосымша қаржы тартудың  тиімді жолдарының бірі.  Мұнда құрал жабдық иесі өз мүлкін екінші жақ меншігіне сатады, сонымен бір мезгілде сатып алушыдан ұзақ мерзімді жалға алу келісім шартын жасайы. Әдетте сатып алушы ретінде коммерциялық банктер, инветициялық, сақтандыру, лизингтік компаниялар болады. Мұндай операциялардың  нәтижесінде құрал жабдықтың иесі ғана өзгереді, ал оны пайдаланушы бұрынғысынша өзгермейді, тек қосымша қаржыландыруға ие болады. Инвестор шын мәнінде оның бұрынғы иесін несиелендіреді, нәтижесінде мүлікке меншік құқығын алады. Мұндай операциялар көбінесе іскерлік құлдырау жағдайында қолданылады, кәсіпорын қаржылық жағдайын тұрақтандыру мақсатында.

 

5-сызба – Қайтарымды  лизинг процесі үшін

 

         Сату-сатып алу

          келісім шарты

Лизингтік компания

 

Сатушы және жалға алушы

кәсіпорын

Қаржылық лизинг

 келісім шарты                   

 

Сонымен бірге сақтандыру келісімдерін жасауды ұмытпау керек. Егер сақтандыру келісімін лизинг беруші жасаса, лизингтік төлемдерге кіргізіледі, ал лизинг алушымен жасалса лизингтік төлемдерге кірмейді. Формалары мен түрлеріне байланысты әрбір лизингтің өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктерді нақты білген жағдайда лизинг түрлерін қателеспей ажыратуға мүмкіндік береді.

  1. Жанама лизинг – мұнда лизинг затын беру немесе тапсыру делдардар арқылы жүргізіледі. Бұл түрдегі лизингті классикалық лизингке жатқыза аламыз, өйткені бұл келісімде жабдықтаушы, лизинг беруші және лизинг алушы қатысады.
  2. Жеке дара лизинг – бұл лизинг түрі күрделі және өте ірі көлемдегі қаржыландыруды талап ететін келісімдерде пайдаланылады, яғни әуе, темір жол, теңіз техникаларын алуда қолданылады. Лизингтің бұл түрін топтық немесе акционерлік деп те атайды. Мұнда  жабдықтаушы, лизинг беруші банктер бірнешеу болуы мүмкін. Лизингтің бұл түрінің ерекшелігі келісімге қажетті қаржы акция шығарып, оны лизинг беруші компаниялар арасында бөліну арқылы  шоғырландырылады, ал қалған жетіспеген қаржы банктер мен инвестициялық компаниялардан тартылады.
  3. Сублизинг – бұл лизингтің түрі бойынша алынған құрал жабдықты лизинг алушы (сублизинг беруші) үшінші жаққа береді (сублизинг алушыға) кәсіпкерлік мақсатта  уақытша пайдалануға, яғни сублизинг келісім шартымен әр айда төлеу міндетімен. ҚР «Қаржы лизингі туралы» заңына сәйкес, құрал жабдықты сублизингке беру үшін жазбаша түрде лизинг берушінің келісім болуы қажет. Халықаралық сублизинг,  халықаралық лизингтің бір түрі болып табылады. Олда ҚР «Қаржы лизингі туралы» заңы мен реттеледі. Халықаралық сублизингтің айрықша ерекшелігі болып, лизинг затының ҚР шекарасынан ары –бері лизинг келісім шарты мерзімінде өтіп жүруі. Сублизингтің негізгі артықшылығы, ол жалға беруші жалгерлік төлемдерді талап ету құқықығына ие. Әдетте келісім шартта ескертілгендей үшінші жақтың (сублизинг алушыға) банкроттық жағдайында жалгерлік төлемдер негізігі жалға берушіге жүктеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7-сызба – Сублизинг  схемасы

 

 

  Лизинг беруші

             Сату-сатып алу

келісім шарты

                                                                                     Қаржылық лизинг келісім

                                                                                          шарты

 

Құрал жабдық-  пен жабдықтаушы

 

 

 

 

          Құрал жабдықты жеткізу

 

 

Лизинг алушы

                         Сублизингтік келісім.                                           

                         мүлікті жеткізу                                                       Сублизингтік келісім.

                                                                                          Мүлікті  жеткізу.

 

 

Сублизинг алушы

             №1

 

 

 

 

 

Сублизинг

алушы

№2

 

 Мүліктің түріне байланысты  лизинг түрлері:

  1. Қозғалмалы мүлік лизингі (құрал-жабдық, техника, автокөлік, кеме, ұшактар және т.б.), лизинг заты жаңа немесе бұрын пайдаланылған болуы мүмкін;
  2. Қозғалмайтын мүлік лизингі (ғимарат, құрылыс );

Мүлік құнының өтелу  деңгейіне байланысты лизинг келесі түрлерге бөлінеді:

  1. Толық өтемді лизинг (немесе толыққа жақын) – егер, келісім мерзімінде толық немесе соған жақын деңгейде амортизация өтелсе және лизинг затының құны өтелсе, онда лизинг толық өтемді болып табылады.
  2. Толық өтемсіз – бір лизингтік келісім мерзімінде лизинг затының амортизациясының бір бөлігі ғана өтеледі.

Өз құнынын өтеу  деңгейіне байланысты (мүлік амортизациясы) былай бөлуге болады:

  1. Қаржылық лизинг – бұл серіктестер арасындағы өзара қарым-қатынас, лизингтік келісім мерзімі аяқталғанға дейін лизингтік төлемдер, мүліктің амортизациясының көп мөлшерін немесе толық өтейді. Сондай-ақ лизинг берушінің пайдасын қамтып, шығындарын жабады. Бұл лизингтің өзіндік ерекшеліктері:
    1. Лизинг берушінің, лизинг алушының және үшінші жақтың (өндіруші немесе сатушының) қатысуы;
    2. Лизинг берушінің шығындары өтелу мерзімінде келісімді бұзуға болмайды;
    3. Лизингтік келісім мерзімінің ұзақтылығы әдетте мүліктің пайдалану мерзіміне жақын болады;

Қаржылық лизинг – ұзақ  мерзімді келісім, мұнда жалдау төлемінің есебінен мүліктің амортизациялық төлемдері толық төленеді. Мұнда келісімді мерзімінен бұрын тоқтатуға болмайды, сондай ақ мерзімдік төлемдер-сатып алу, жеткізу шығындарын және пайданы қамтиды. Лизингтің бұл түрінде орнату,  техникалық қызмет көсету жұмыстары жалдаушыға жүктеледі. Бұл келісімде,  мерзімі біткенде мүлікті жеңілдік бойынша немесе қалдық сомасы бойынша сатып алу қарастырылған. Оперативті лизингке қарағанда қаржылық лизинг мүлік иесінің тәуекелін төмендетеді. Мәні бойынша банктің ұзақ мерзімді келісімінің талаптарына ұқсас, яғни алынған мүліктің толық құнын төлеу, мерзімдік төлемдер (негізгі және пайыздық жағы, яғни мүлік құны мен пайда), келісімді орындай алмай жатса, жалдаушыны «банкрот» деп жариялау құқының болуы және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

8-сызба. Қаржылық лизинг механизмі

 

2

         Жалға беруші                                                              Өндіруші

 

                             4                    1                   3

 

Жалдаушы                                                                                                                                               

 

1) құрал жабдықты алуға өтініш

     2) құрал жабдыққа төлем

3) құрал жабдық

4) жалгрлік төлем

 

2.Оперативті лизинг – бұл ағымдағы аренда келісімі, әдетте мұндай келісім мерзімі алынған мүліктің амартизация мерзімінен аз болып келеді. Сондықтан келісім бойынша белгіленген арендалық төлем мүліктің толық құнын өтей алмайды, нәтижесінде мүлікті бірнеше рет лизингке беруге тура келеді. Оперативті лизингттің негізгі ерекшелігі – лизинг  алушының келісімді мерзімінен бұрын тоқтатуға құқықығы бар. Сонымен бірге мұндай келісім мен алынған мүліктің ағымдағы жөндеу жұмыстарын және орнату, тағыда басқа қызмет түрін көрсетуі мүмкін. Сондықтан лизингтің бұл түрін кейде қызметтік деп атайды.

9-сызба. Оперативті лизинг үшін

 

                                           5

Жалға беруші                                                            Өндіруші

      (Лизингтік компания)                     2

                              4

                                                 1                      3

 

 

                                             Арендатор

                                            (Жалдаушы)

 

  • құрал жабдықтарды алуға өтініш
  • алынған құрал жабдыққа төлем
  • құрал жабдық
  • жалгерлік төлемдер
  • келісім мерзімінің аяқталуымен құрал жабдықты қайтару

 

 Оперативті лизинг обьектілері болып тез ескіретін құрал-жабдықтар (компьютер, көшірме құралдары, әр түрлі оргтехникалар) кіреді. Жалпы оперативті лизинг талаптары лизинг алушыға тиімді, өйткені лизинг алушының келісімді мерзімінен бұрын тоқтату құқығы бар және ескірген тозған негізгі құралдарын жаңа технологиялық құралдар мен ауыстыруға мүмкіндік береді. 

Кемшілектері : басқа лизинг түрлеріне қарағанда айтарлықтай жоғары арендалық төлем, алдын ала аванс төлеу талабы,  арендалық келісім шартта       келісімді  мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда айып пұл төлеу туралы тармақтың болуы.

Бұл лизинг түрі бойынша лизинг алушы мынадай құқықтарға ие:

а) келісім мерзімін ұзартуға;

б) лизинг затын қайтаруға;

в) және сатып алуға;

 

1.2 Лизингтік қатынастарды нормативтік –құқықтық  реттеу

 

         Бүгінде лизинг жай арендалық қатынас ретінде көптеген мемлекеттердің экономикалық саясатының бір бөлігі болып қалыптасып, экономика дамуының басты құралдарының бірі  болып отыр.

Мемлекеттің қатысуынсыз лизингтік қатынастың белсенді дамуында алғы шарт жоқ. Лизингті дамытудағы мемлекеттің басты міндеті нормативті-құқықтық базасының өміршеңді жағдайын қалыптастыру. Лизингтік қатынастың дамуына  ыңғайлы экономикалық жағдай қалыптастыру, мемлекет тарапынан инвестициялауға кепілдік беру және салықтық преференциялар қажет.

         Қазақстанның лизингтік қатынастарды реттеу 05.07.2000 ж. Қазақстан Республикасының «Қаржылық лизингі туралы» заңын қабылдағаннан кейін белсенді дами бастады.

         Қазақстан Республикасының «Қаржылық лизингі туралы» заңының 1-бабы 1-пунктне сәйкес  «Қаржылық лизинг турлы заң Қазақстан Республикасының конституциясына негізделеді және аталған заң, азаматтық кодекс, нормаларымен тағыда басқа Қазақстан Республикасының нормативтік актілерінен тұрады. Аталған статьияның екінші пунктіне сәйкес егер, Қазақстан Республикасы мен халықаралық келісімдер ратификацияланған жағдайда, келісім шарттар халықаралық келісімдер тәртібіне сәйкес жүргізіледі».

         Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде лизингтік қатынас 8 бабымен мен реттеледі және инвестициялық қызметтің ерекше түрі ретінде емес, келісім шарт ретінде қарастырылады.

         Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодкестің  565-бабына  сәйкес «лизингтік келісім бойынша лизинг беруші лизинг алушымен көрсетілген мүлікті өз меншігіне алуға міндеттеледі, және оны лизинг алушыға міндетті төлем негізінде кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға береді» .

         Сондай ақ алынатын мүлікті және сатушының келісімі бойынша лизинг беруші таңдауы мүмкін.

Сонымен лизинг:

  • лизингтік құқықтық қатынас үш жақты қатысушылар (лизинг алушы, лизинг беруші және сатушы) келісімі болып табылады;
  • лизинг беруші – мүліктің меншік иесі;
  • лизинг алушы – мүлікті кәсіпкерлік мақсатта пайдаланушы;

Атап кету керек, Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодкесі бойынша  келісімдегі лизинг заты болып тұтынылмайтын кез келген зат бола алады, кәсіпкерлік мақсатта пайдаланылатын және құнды қағазбен  табиғи ресурстар болмауы қажет.

Азаматтық кодексте көрсетілгендей:

  • Лизинг келісім қатысушылары келісім талаптарын еркін түрде өзара келісе отырып жасай алады;
  • Лизинг алушы – лизингтік мүліктің жоғалу қауіпі тәуекелін алып жүруші жалғыз ғана субъект. Келісім шартта өзгеше көзделмесе, кездейсоқ қаза болу немесе мүліктің бұзылуы бойынша тәуекел, лизинг алушыға мүлікті берген күннен бастап жүктеледі;
  • Лизинг алушы мен лизинг беруші арасында жасалған келісім негізінде лизинг алушы сатушыдан қаржылық лизинг заты болып табылатын мүлікті талап етуге құқылы. Сонымен бірге мүліктің сапасы бойынша тапсырыс мерзімі бойынша келіспеушіліктер туындаса тікелей сатушыдан талап ете алады. Егер, лизинг алушы сату-сатып алу келісімінің қатысушысы болған жағдайда, оға  міндеттер мен құқықтар жүктеледі. Бірақ, лизинг алушы лизинг берушінің келісімінсіз сатушымен жасалған сату – сатып алу келісім шартын бұза алмайды.

Сонымен, сатушы мен қарым-қатынаста лизинг алушы және лизинг  беруші  ортақ кредиторлар ретінде жұмыс жасайды. Лизигнтік қатынаста құқықтық реттеудің басты аспектілері болып мемлекеттің фискалды саясаты табылады.  Қазақстан Республикасының лизингті қатынастарды дамытудағы мемлекеттің жүргізген  жоспарлы іс әрекеттерінің нәтижесінде лизинг қызметі біршама түсінікті, айқын және қол жетімді болып қалыптасты. Сонымен бірге салықтық жағы да біршама жеңілдеді.Бұған мысал ретінде еліміздің салықтық Кодексінің  әр жылдағы енгізіліп жатқан өзгерістерді айта аламыз.

         Лизинг — Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының басты маңызды саласы болып, жоғары технологиялық өндірістердің ашылуына жол ашады. Еліміз отандық өңдеу өнеркәсіптерін дамытуға бет алған тұста, халықаралық лизинг ерекше маңызды роль ойнайды.

         Лизингтік қатынаста лизинг беруші шет елдік компания болса, онда бұл лизингтік келісім бойынша мүлікті жалға беру Қазақстан Республикасының «Шет елдік инвестиция туралы»  заңының 9- бөлімнің 1- бабына  сәйкес  шет елдік инвестициялық қызмет түрі болып саналады. Сондай ақ аталған заңға сәйкес шетелдік инвестицияға  мемлекет тарапынан кепілдік беріледі.

         Кедендік заңнамаларға да бірқатар өзгерістер енгізілген.

Қазақстан Республикасының Кедендік кодексінің 1бөлімнің 191 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметімен  кедендік режимнің уақытша шеттен әкелінетін лизингтік заттарының тізімін бекітеді. Аталған заңның 3- бөлімі 192 — бабына сәйкес  жоғарыда аталған уақытша шеттен әкелінетін  лизинг заттарын   тізімін лизингтік келісім шарт талаптарына сәйкес анықтап отырады. Уақытша сырттан әкелінетін аталған лизинг  заттарының  мерзімін сырттан әкелуші тұлғалардың өтініші бойынша Қазақстан Республикасының кедендік қызмет органдарымен өзгертіліп отырады. Қазақстан Республикасының «Қаржы лизингі туралы» заңының 3-бөлімінің 192-бабына сәйкес лизингтік келісім талаптарына енгізілген өзгерістерді негізге ала отырып,  Қазақстан Республикасының Үкіметімен бектітілген тізімге  енген уақытша сырттан әкелінетін лизинг заттары толығымен кедендік баждан және салықтан босатылады (2-бөлім 192 бап).

     Сонымен, Қазақстан Республикасының лизингтік қатынастардың дамуына барлық  жағдайлар жасалған, соның ішінде:

  • нормативтік-құқықтық базасы;
  • мемлекеттік кепілдік;
  • қолайлы экономикалық жағдайлар;
  • салықтық преференциялар;
  • кедендік льготтар;

 

Лизинг қатынастарды реттеу бойынша негізгі нормативті-құқықтық актілер.

  1. Қазақстан Республикасының «қаржы лизингі туралы» заңы 5.07.2000 жыл №78-11.
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлімі) 1.07.1999 ж. №409-1.
  3. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі (Салық кодексі) 12.06.2000 ж. №209-11.
  4. Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексі 13.07.1999 ж. №411-1.
  5. Қазақстан Республикасының «Инвестиция туралы» заңы 8.01.2003 ж. №373-11.
  6. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 21.08.2001 ж. №1092 кедендік режимнің уақытша сырттан әкелінетін тауарлар мен көлік құралдарының  тізімін бекіту туралы қаулысы (11.06.2003 ж. № 569 Қазақстан Республикасының Үкіметімен енгізілген өзгерістер мен қосымшалар қаулысымен).
  7. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы 28.04.2004 ж. №475 «Лизинг берушімен қаржылық келісім шарт негізінде лизингке беруге арналған негізгі құралдар импортын жасағанда  қосыша құн салығынан босатылатын негізгі құралдар тізімін бекіту туралы» («Кахстанская правда» от 13.05.2004 г. №101, «Бюллетень бухгалтера» №23 за 2004г.)
  8. Қазақстан Республикасының бюджетті жоспарлау және экономика министірлігінің салықтық саясат және болжау департаментінің Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына 28.04.2004 ж. №475 берген түсініктемесі.
  9. Бухгалтерлік есеп стандарты 17 «Аренда есебі»(9)

Лизинг пайдаланудың тиімділігінде  оның нормативтік – құқықтық базасы айтарлықтай роль ойнайды, яғни олар: лизинг механизмі, бухгалтерлік есеп жүесі, салықтық жеңілдіктер деңгейі .

         Қазақстан Республикасының лизингтік  қатынастарды реттеудің нормативтік – құқықтық базасы келесілерді қамтиды:

  • Азаматтық – құқықтық реттеу:
  • Қазақстан Республикасының Азаматтық кодкесі;
  • Қазақстан Республикасының « Қаржылық лизинг туралы» заңы;
  • Қазақстан Республикасының «Қаржы лизингі туралы заңына кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы;
  • Салықтық реттеу:
  • Қазақстан Республикасының Салық кодексі,
  • Қазақстан Республикасының Үкіметінің « Лизинг беруші мен шет елден әкелінетін, яғни импортталатынқұрал жабдықтың (қаржылық лизингке беру мақсатында) немесе негізгі құралдарды қосымша құн салығынан босатылатындардың тізімін бекіту туралы қаулысы;
  • Кедендік реттеу.
  • Лизингтік операциялардың бухгалтерлік есебінің қағидалары.

Лизинг есебі «Қаржылық лизингі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 22-ші бабына сәйкес бухгалтерлік есеп жөніндегі заңнама талаптарына сай жүзеге асырылады. Қаржылық жалды (лизинті) есепке алудың тәртібі 17- «Жалдың есебі» Бухгалтерлік есеп стандарттарына және оған арналған әдістемелік ұсынылымдарда келтірілген. Лизинг затын лизингті алушыға  берудің мерзімі бухгалтерлік есеп стандартындағы және «Қаржылық лизинг туралы» Қазақстан Республикасының Заңындағы айқындаушы критерий болып табылады. Ол ұзақтығы бойынша лизинг заты құнының барлық немесе едәуір бөлігінің (кемінде 80%) амортизация мерзімімен салыстыруға болатындай болуы тиіс.

Лизингтік қатынастарды реттеуде, оның құқықтық базасының дамуында 2004 жылы үлкен өзгерістер жасалды. Ол біріншіден, Қазақстан Республикасының Салық кодексі және Қаржы лизингі туралы заңға 2004 жылы 10 наурызда енгізілген өзгерістер мен толықтырулар. Нәтижесінде Қазақстан әлемдік станарттарға жауап беретін, лизингтің дамуына жол ашатын заңға өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер мен толықтыруды енгізуді талқылауға атсалысқандар: Қазақстан қаржыгерлер Ассоцияциясы, Ауыл шаруашылық министірлігі , Қазақстан Республикасының парламантінің Аграрлық комитеті, сондай-ақ Қазақстанның лизингті дамыту қоры.

         Қазақстанның жеке меншік секторын лизингтік қатынастарға ынталандыруға бағытталған пресс-конференцияда 2004 жылдың 26 ақпанда өткен Қазақстан Қаржыгерлер Ассоцияциясы кеңесінің жетекшісі Сембаевтың айтуы бойынша қабылданған  жаңа заңдық актілер мен өзгерістер бұрынғы Кеңес Одағы елдері ішіндегі ең икемді болып табылады.

         Нәтижесінде негізгі құралдарға жасалған инвестиция құрамында лизингтің үлесін дамыған елдердегі көрсеткішке жеткізеді. Қазіргі лизингтің құқықтық базасы өзіне қаржылық лизингтің дәстүрлі анықтамаларын қамтиды. Қаржылық  есептің халқаралық стандарттары мен қабылданған жіктелу белгілеріне жауап береді.

Әлемдік банк институттың( International Finance Corporation) жорамалы бойынша 2005 жылы лизингтік инвестиция Q 170 млн.$, ал 2006 жылы 550 млн. $ жетеді дейді.  Аталған өсулердің барлығы  қабылданған заң мүмкіндігіне байланысты.

Лизингтік заңдылықа енгізілген толықтырулардың маңыздылығы:

  • қаржылық есептің халықаралық стандартарына жауап беретін лизинг анықтамасы;
  • қаржылық аренданың алғашқы 36 ай мерзімінде лизинг мүлігін талап еткен жағдайда салықтық жоғалтудан қорғау;
  • бір клиентен екінші клиентке құралдарды қайта жалға беру мүмкіндігі;
  • сублизинг пен қайтарымды лизингтің анықтамаларын нақтылау;
  • қарапайымдылығы, лизинг алушыдан құралдарды талап етудің соттық емес, қарапайым тәртібі;

Қазақстанда лизингті дамыту бағдарламасының жетекшісі Амангелді Омаровтың айтуы бойынша жаңа қабылданған заңның ең маңыздысы лизинг анықтамаларының өзгеруі, лизингтің пайдалану аясын кеңейтеді.

         Заңның бұрынғы редакциясы бойынша аренда қаржы лизингі бола алады егер, бір мезгілде екі талапқа жауап берсе. Олардың ең бастысы қаржы лизингінің мерзімі алынған құрал жабдықтың пайдалану мерзімінің 80 %-нан асуы қажет. Лизинг мерзіміндегі минималды шектеу еліміздегі лизингтің дамуындағы кері жақтары еді.

Мысалға Қазақстан Республикасының қабылданған амортизация нормасы бойынша компьютердің пайдалы қызмет ету мерзімі 10 жыл, онда лизинг мерзімі 8 жылы болуы керек. Ал бұл лизинг алушыға да лизинг берушіге де тиімді емес. Физикалық тозудан бұрын моральдік тозып кетеді. Тағыда ұқсас жағдай ғимарат лизингісінде , мұнда лизинг мерзімі 40-50 жыл болуы керек, ал ондай кең көлемді инвестициялар біздің елде кең көлемді жұмыс  жасап жатқан жоқ. Жаңа редакция бойынша бұл шектеулер алынып лизингтің мерзімі минималды 3 жыл болып өзгертілді.

Қазақстан Республикасының «Қаржылық инвестициясы туралы» заңына сәйкес келісімге қатысушы  кәсіпекер, жеке тұлғалар және заңды тұлғалар  бола алады. Лизинг беруші – бұл лизинг келісіміне қатысушы, яғни өз қаржысына немесе тартылған қаржысына құрал жабдық сатып ала отырып , оны келісім шарт негізінде негізінде лизинг алушыға береді. Бір лизинг келісімінде   лизинг беруші бір  мезгілде оның екінші қатысушысы бола алмайды. Сатушы болса бір мезгілде лизинг  алушы ретінде де қатыса алады (қайтарымды лизингте).

         Лизинг алушы – лизинг келісімінің қатысушысы, кәсіпкерлік мақсатта келісім шарт негізінде  құрал жабдықты лизингке  алушы. Келісм шарт бойынша құрал жабдықты лизингке беру үшін мына үш жағдайдың бір немесе бірнешеуіне жауап беруі қажет:

  • біріншіден, негізгі құралдарды лизингке алушының жеке меншігіне беру немесе сол негізгі құралдарды лизинг келісім шартында белгіленген бағамен алуға құқығын беру;
  • екіншіден, қаржылық лизинг мерзімі негізіг құралдардың пайдалану мерзімінің 75 %-нан жоғары болуы тиіс;
  • үшіншіден, лизинг төлемдерінің ағымдағы құны толық лизинг мерзіміндегі негізгі құрал құнының 90%-нан көп болуы тиіс. Лизинг затына заң бойынша ғимарат, құрылыс, көлік, құрал жабдық, инвентарьлар, жер учаскелері  және тағыда басқа тұтынылмайтын заттар жатады. Құнды қағаздар мен, табиғи ресурстар лизинг затына жатпайды.

Сондай-ақ лизинг келісім шартының бұзылуы немесе уқытының бітуі, сонымен бірге лизинг алушының банкроттық жағдайында лизинг затына иелік ету құқұығы да өзгеріске ұшырады. Лизинг алушы банкроттық немесе жойылу жағдайында лизинг затын қайтаруы тиіс. Бұл жағдайда лизинг затына арест салуға, кофискелеуге жол берілмейді.

Сонымен заңға енгізілген толықтырулар қайтарымды, қайтара, сублизинг және т.б. сұрақтарға нақты жауап береді.

 Лизинг заңнамаларында жасалған оң өзгерістерге қарамастан мүдделі жақтар(лизингтік компаниялар, банктер мен инвесторлар) лизинг дамуына кері әсер ететін факторларды жою мақсатында, заң шығарушы органдармен жұмыс жасауды көздеп отыр.(9)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Лизинг жүйесіне қатысушылардың  ерекшеліктері  мен алатын тиімділіктері

 

Лизинг — барлық лизингтік қатынасқа қатысушыларға өзекті мәселе, яғни олар: құрал жабдықты алушы, инвестор, лизингтік компания, мемлекетке (экономиакның басымды саласына инвестиция салу мәселесі бойынша) және банкке (лизинг нәтижесінде ұзақ мерзімді, тұрақты кіріс алу мәселесі бойынша).

Лизинг артықшылықтары негізінен қазіргі елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты маңыздылығы келесі мәселелерде айқындалады:

 а) Мемлекет үшін:

Қалыптасқан  экономикалық жағдайда инвестициялық жандандыру мәселесінде лизингтің даму қажеттілігі мемлекет үшін ең өзекті мәселелердің бірі.

  • бұл қаржы құралы, инвестициялық қызмет үшін барлық қаржы қаражатын жұмылдыруға мүмкіндік береді;
  • өз механизімі арқылы инвестициялық ресурстардың өндірісті қайта жабдықтауға жұмсалуына кепілдік беред;.
  • мемлекет лизингтік қызметті қолдау арқылы, мысалға салық жеңілдіктері инвестициялауды қаржыландыруға бюджеттік шығындарды айтарлықтай азайтады. Әсіресе шағын кәсіпорын лизингті пайдалану арқылы өз кәсіпкерлік қызметінің дамуы, қосымша жұмыс орындарының ашылуына және тағы сол сияқты көптеген әлеуметтік – экономикалық мәселелердің шешілуіне ықпалын тигізеді.

б) Лизинг алушы үшін:

  • тиімді, рентабельді жобасы бар кәсіпкер бірденнен көп көлемді қаржы шығындамай-ақ  құрал жабдық алып, өз өндірісін бастауға мүмкіндік береді;
  • кәсіпорын мүлкіне салынатын салықты азайтады, яғни алынған мүлік жалгерлік мерзімі бітпегенше көп жағдайда жалға берушінің балансында тіркеледі;
  • Қазақстан Республикасы « Қаржы лизингі туралы» заңына сәйкес барлық жылжымалы мүлік құралына жататын, лизинг обьектісі болып табылатын (негізгі құралдардар активті бөліміне қатысты) 3 коэфицент бойынша негізгі құралдарға  жеделдетілген амортизациялық әдіс қолдануға рұқсат етілген;
  • лизинг алушының бухгалтерлік есебі жеңілдетіледі, өйткені негізгі құралдар бойынша амортизациялық аударым, салық төлеу және қарызды басқару есебі лизингтік компаниямен жүргізіледі;
  • келісім шартта қарызды өтеудің ыңғайлы және икемді схемасын қарастыруға болады;
  • жоғарыда аталғандарға қоса банктегі лизинг алушының жағдайын қарастырайық. Бұл банк үшін тиімді, өйткені банк балансы жеңілдетіледі, ал ол өз кезегінде банктің экономикалық көрсеткіштерінде оң өзгерісті көрсетеді. Мысалға аяқталмаған өндіріс құны лизингке алғанда бірте-бірте өз құны құрамына енгізіледі де, ал ол  «капитал» категориясына кері әсер етпейді;

в)  Лизинг беруші үшін:

  • лизингтік компания инвестор сияқты капиталға салған салымы үшін лизингтік кіріс алады. Мұнда тәуекелдік әдеттегі несие беруге қарағанда төменірек болады.
  • төлемдер толық өтеліп біткенше лизинг беруші заңды иесі болып табылады. Төлемді төлеу тәртібі бұзылған жағдайда құрал жабдықты қайтарып алуға құқығы бар. 
  • лизинг алушының банкроттық жағдайында да лизинг берушінің құрал жабдықты қайтарып алып, өз міндеттемелерін өтеуге болады.
  • лизинг беруші лизинг алушыға ақшалай қаражат бермейді , оған бақылау жасау мүмкіндігі төмен. Керісінше оған тікелей өндіріс құралдарын береді.
  • қаржылық лизинг ( 3жылдан кем емес) арқылы алған кірісіне салық төленбейді;
  • лизинг беруші кеден баждарын төлеуден босатылады, Қазақстан республикасы территориясына лизингке беру мақсатында алып келінетін құрал жабдықтар салықтан босатылады;

г)  Лизингтік мүлікті сатушы үшін:

  • лизинг дамуына тек лизинг алушылар ғана емес, сонымен бірге ірі өндірушілер де мүдделі, өйткені лизинг арқылы олардың шығарылған өнімдерін өткізу нарығы кеңейіп жатыр. Лизингке берілген құрал жабдықтың бөлшек құралдарын сату арқылы, оларды жөндеу, модернизациялау жұмыстары арқылы кіріс көбейеді.

Сонымен қатар лизингтің обьективті кемшіліктері бар. Олардан келесілерді атап көрсетуге болады:

  • инфлияцияның елеуі өзгерісі жағдайында лизинг алушыға құрал- жабдықты қалдық құн боиынша сатып алу тиімсіз болуы мүмкін;
  • қаржылық лизинг алғанда ғылыми техникалық прогресс нәтижесінде моральді тозуы мүмкін, бірақ лизингтік төлемдер келісім шарт мерзімі біткенше төленеді;
  • лизингтік келісімге қатысушылар санының көп болуы лизингтік операцияны ұйымдастыруда қиындық туғызады, яғни әкімшілік шығындар мен лизингтік келісімді дайындауға кететін уақыт шығыны;
  • лизинг берушіге құрал жабдықтың моральді тозу тәуекелі жүктеледі (әсіресе лизингтік келісім мерзімі оның амортизациялық мерзімінен аз болса), ал лизинг алушы үшін лизинг арқылы алған мүлік құны оны сатып алған кездегі құнынан жоғары болады;
  • егер, лизингке алынған құрал жабдық жұмыстан шығып қалса (бұзылу, сыну) да лизингтік төлемдер толығымен төленеді;
  • банк кредиті мен салыстырғанда лизингтің қымбаттылығы, яғни лизинг беруші жоғары комиссиялық төлем алады, өйткені оған берілген негізгі құралдың тозу тәуекелі жүктеледі. Сонымен бірге лизинг алушы келісімді бұзған жағдайда ескіген құрал жабдықпен қалу тәуекелі де бар. Ал ескірген құрал жабдықты екінші рет лизингке беру мүмкіндігі төмен.
  1. Қазақстан Республикасында сусын шығаратын кәсіпорындарда лизингті пайдалану мүмкіндіктері мен тиімділігін талдау

 

2.1. Қазақстан Республикасындағы  лизингтік қатынастардың дамуын  отандық сусын шығаратын кәсіпорындарда пайдалану жағдайын бағалау

 

Қазақтанда лизингтің қалыптасуы мен дамуының 15 жылдық тарихы бар. Оны біз келесі этаптарға бөліп көрсетуімізге  болады.

    Бірінші этап (1989-1992). Ішкі нарықта лизингтің туылуы. Бұл кезде көптеген лизингтік компаниялар құрылды. Олар бір реттік тәртіппен  көп көлемде лизингтік операциялар жасады. Олар «КРАМДС – лизинг» 1989ж., «Казтех лизинг» 1990ж., «Инвестлизинг» , «Техника Лизинг», Туран банктің еншілес кәсіпорны «Туранлизинг» 1991ж. және т.б.

Атап кететін жайт, Қазақстан лизингінің дамуы европа құрылымымен ұқсас. Европадағы сияқты Қазақстанның да алғашқы лизинг компаниялары жобаларды қаржыландыруға артық қаражаттары бар банктерде құрылды. 1992 жылдың орта кезінде Қазақстанда коммерциялық банк құрамында       120 лизингтік компания және 20-ға жуық лизинг фирмалары жұмыс жасады.

Олар келесі бағыттар бойынша лизингтік қызмет көрсетті:

  • аймақтық көтерме делдалдық кәсіпорындар мен компаниялардың және облыстық, аудандық агроөнеркәсіптік кешеніндегі жабдықтаушы кәсіпорынның пунктерінің иелігіндегі техникалық құралдарды уақытша пайдалануға бер;.
  • коммерциялық банктердің лизингтік операциялары;
  • шет ел фирмалары мен біріккен кәсіпорын , сондай -ақ шет елдік компанияның халықаралық экспорт импорт және т.б. қызметі. Бірінші этапта лизингтік компанияның негізгі клиенттері болып корпоративті кәсіпорындар жатады;

 

Екінші этап (1992-1994). Қазақстан эконмикасындағы қолайсыз жағдайдың туындауына байланысты лизингтік қызметке қысымның болуы. 1992 жылғы жаппай ырықтандырудың, баға еркіндігінің нәтижесінде гиперинфляция жағдайында көптеген маманданған лизингтік кәсіпорындар өз қызметтерін тоқтатты немесе делдалдық саудаға көшті.

        Үшінші этап (1995-2000) – қазақстандағы лизингтік бизнесті мемлекеттік қолдау, ынталандыру, яғни лизингтік қызметтің жандану, инфрақұрылымның кең көлемді дамуы 1995 жылдан бастау алды. Тұрақты лизинг компаниялары құрыла бастады. Мұндай нәтижелер ҚР Үкіметімен қабылданған «лизингтік қатынастарды реттеу» туралы құқықтық – нормативтік актілер есебінен болды. Олардың негізгісі 1994 жылы қабылданған №266 «Шетел инвестициясы» туралы заңы. Онда отандық нарықта лизингтік қатынастардың дамуына мемлекет жағынан қолдау көрсету жағы қарастырылған. Негізгі бағыты болып, ауыл шаруашылық техникасы нарығы болды. 1995 жылы Америкалық және Батыс германиялық фирмалар мен ауыл шаруашылық техниаксын алуға қол жеткізілді.

1995 жылы лизинг бойынша өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптерге қызмет көрсететін «Азия лизинг» аймақтық компаниясы құрылды.

 Сондай –ақ ҚР Ауыл шаруашылық министірлігі жанынан лизингтік қор құрылды. АҚ «Кең Дала» 1995ж., АҚ «Агро-лизинг» 1995ж., БК «Cenral Asia Leasing» 1997ж., «КазАгроФинанс» 1999ж. 100% мемлекеттік қаржыландыруымен. Лизингтік операциялардың басым бөлігі мемлекеттің қаржыландыруымен жасалды. 1996-2000 ж.ж. лизингтік операцияларға мемлекет есебінен 4,5 млрд. тенге қаржы жұмсалған. Лизингтік операцияларға мемлекеттің қатысуының оң және теріс жақтары болды.  Оң жағы пайыздық ставканы төмендетсе( 36-40 %-дан 12-15 %-ға ), теріс жағы бақылау сапасын төмендетті. Техниканың негізгі бөлігі қайтарымдылығы төмен ауыл шаруашылығы ұжымдарына берілді. Олар облыстық әкімшіліктердің заңдық құқығы жоқ кепілдіктермен берілді. Жаппай қайтарымсыздықтың нәтижесінде мемлекеттік лизингтік қор таратылып, оның қызметі мемлекеттік қаржы –лизингтік компаниясы  «КазАгроФинанс» ЖАҚ берілді.

2000 жылы 5 шілдеде қабылданған «Қаржылық лизинг» туралы заң лизингтік қатынастардың  дамуының төртінші кезеңі банктік этаптың дамуының бастамасы болды. Бұл қабылданған заң да лизинг алушы, лизинг беруші , жабдықтаушы (сатушы) құқықтары мен міндеттері нақты көрсетілген. Лизинг алушының құқығын қорғауға көп көңіл бөлінген.

Қабылданған заң көптеген банктерде еншілес лизингтік компаниялардың ашылуына түрткі болды. Статистикаға жүгінсек 2000 жылы жасалған лизингтік келісімдердің басым бөлігі әліде мемлекеттің  үлесінде, яғни  мемлекет 100% қаржыландыруы мен құрылған компанияларда. Бұл компаниялар Үкіметтің ауыл әлеуетін көтеру мақсатында құрылған еді. Жаңа қабылданған заң еліміздің алдынғы қатарлы коммерциялық банктері мен лизингтік компанияларының құрылуына ықпал жасады. 2000-2003 жылдары 9 лизингтік компания құрылды. Бұл этаптағы негізгі оқиға – 2003 жылы қаңтарда құрылған АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (ЮСАИД) мен Халықаралық қаржы корпарциясының бірлескен «Қазақстандағы лизингті дамыту» бағдарламасы. Аталған бағдарламаның мақсаты еліміздегі шағын  және орта  бизнеске  лизинг арқылы инвестиция алуына мүмкіндік жасау және олардың қатысуымен жасалатын лизингтік келісімдер көлемін арттыру.

Халқаралық қаржы корпарациясы лизингтік қатынастарды дамытуда дамушы және дамыған елдерде көшбасшы болып табылады. Ол 35 елде лизингтік қатынастардың дамуына көмек көрсетіп, 30 жылда 50 елдің лизингтік секторына 1млрд. АҚШ доллар қаражат жұмсаған.

Әлемдік тәжрибеге сүйене отырып, Қазақстанның лизингтік даму бағдарламасы келесілерді қамтиды:

  • лизингтің құқықтық – нормативтік базасын талдау, жетілдіру;
  • лизингтік қызмет нарығы қатысушыларын, банк мамандарын , лизингтік компания мамандарын оқыту және лизинг алушы кәсіпорындарға кеңес беру;
  • шет елдік те жергілікті де инвесторлармен байланыс орнату;
  • Лизингтің артықшылықтарын түсіндіре отырып, БАҚ арқылы жариялау, түсіндіру;

Бағдарламаға қолайлы құқықтық жағдай туғызу үшін мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жұмыс жасау керек. Шет елдік инвесторлар мен жергілікті кәсіпорындарға түсіндіру, кеңестік жұмыстар, қаржылық институттар мен жеке компанияларды оқыту үшін кең көлемді білімдік компаниялар жүргізу керек. Мамандардың бағалауы бойынша Халқаралық қаржылық корпарациясы  2003 жылы Қазақстанның лизингтік компаниясы мен бірге 440 лизингтік келісімді қаржыландырған, ол 2002 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Келісімдердің жалпы құны 84 млн. $ құрап, оның 70 % шағын және орта бизнеске жұмсалған.

Алғашқы лизиннгтік компаниялар ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында мемлекеттің қатысуымен құрылды. Лизингке берілген ауыл шаруашылығы техникасының 60 %-ға жуығы «ҚазАгроФинанс» , 27 % «Астана Финнас» ЖАҚ үлесіне тиесілі болды. Сонымен бірге бұл салада Ресей  ауыл шаруашылық техникасын ұсынушы «Агромашлизинг»  ЖАҚ қызмет жасайды.

Ал егер тек коммерциялық лизингтік компанияларды қарастыратын болсақ, лизингке тартылған құралдар ішінде 50% көлік құралдарымен жол жөндеу техникасы құрайды. Лизингтік компаниялар сұраныс жағдайында бірінші кезекте өндірістің жоғары өтімді құралдарын қаржыландырады. Бұл лизинг берушінің тәуекелін төмендетумен түсіндіріледі. Қазіргі біздің нарықта құрал жабдық пен жабдықтаушы қазақстандық, ресейлік және шет елдік компаниялар жұмыс жасауда. 2004 жылдан бастан Қазақстан Республикасының лизингтік дамуы 5 этабына көшті. Бұл дегеніміз кешенді қайтақарау, яғни лизингтік заңдарды жетілдіру.

Еліміздегі лизингтік компанияларының басым бөлігі Алматы қаласында орналасқан: Альфа Лизинг, Альянс Лизинг, АТФ лизинг, БТА лизинг, Казтранслизинг, Медикал лизинг Груп, Нуринвест.

 Агромашлизинг, Астана –финанс, Зерновая , КазАгроФинанс лизингтік компанияларының басты офистері Астанада орналасқан.

Еліміздегі лизинг компанияның көбеюі  лизигнтік индустрияның нақты дамуына және ауыл шаруашылығы мен шағын кәсіпкерліктің дамуына мол жағдай жасайды.

Лизингтік қызметтің негізгі тұтқалары болып отын энергетикалық, металлургиялық, көлік, сауда, ауыл шаруашылығы салалары жатады.

2004 жылы лизингтік келісімдер көлемін 2-есеге көбейтуді көзделіп отыр. Аталған компаниялардың негізгі талап ететін заңдық және бухгалтерлік құжаттары жалпы ұқсас, бірақ кейбір ерекшеліктер бар: аванстық төлемнің көлемінде, пайыздық ставкаларында, лизингтік обьектінің минималды және максималды  құнының көлемінде. Көпшілік компанияларда лизингтік келісімдер 40-350 мың $-ға дейін түрленуі мүмкін, ал бірқатар компаниялар ірі келісімдерді ( 2-4 млн.$ дейін) қаржыландырады. Лизингтің жылдық пайыздық ставкасы 18-22 %  құрайды. Аграрлық саланы қолдау мақсатында мемлекеттік субсидия алатын кейбір компаниялар, ауыл шаруашылық секторы үшін біршама төмен ставкалар қолданылады. Халықаралық қаржы корпарациясының жорамалы бойынша лизингтік нарықтың кеңеюі коммерциялық лизингтік компаниялардың жылдық пайыздық ставкаларын 15-17% дейін төмендетеді. Яғни  Ресейлік лизингтік ставкаларына сәйкес келеді. Халықаралық қаржы корпарациясының жүргізген зерттеуі бойынша 2005- 2006 жылдары Қазақстанның лизингтік секторы кеңейіп 500-600 млн. $-ға көбейеді деген жорамалы бар. Лизингтік нарықта көптеген жаңа компаниялар құрылып, банктер лизингтік келісімдерді тікелей қаржыландыра бастайды. Қазақстанның лизингтік саласының дамуы басқа Орта Азия елдерінің көрсеткіштерінен кем емес, тек жасалған лизингтік келісімдер көлемі бойынша Өзбекстаннан кейінгі орында. Бұрынғы постсоциалистік    елдермен салыстырғанда еліміздің заңдық актілері  лизингтің дамуына қолайлы болып табылады. Соңғы жылдары қабылданған заңдық актілер мен енгізілген өзгерістер лизингтік қызметтің қарқынды дамуына мүмкіндік жасап отыр.

Сондай-ақ  2004 жылы 10 наурызда қабылданған №532-11  «ҚР Қаржылық лизинг туралы» заңының қабылдануына байланысты лизинг қызметінің дамуында жаңа серпіліс туындады. Лизингтік қызметті құқықтық қамтамасыз етуіміз қажет, бірақ ол лизингтің дамуына толық жағдай болып табылмайды. Лизингтік сектордың жалпы қалыптасып, дамуы ол жұмыс істейтін экономиканың жағдайына байланысты. Бірінші кезекте шағын және орта бизнесті қаржыландыратын қаржы институттарына тәуелді. Соңғы жылдардағы экономикалық өсу жағдайындағы  Қазақстанда кәсіпкерлікті  дамыту мен инвестициялаудың ең тиімді  механизімі  болып табылады. Қазіргі уақытта лизингтік компаниялардың алдында өз портфелдерін барынша көп қатысушыларға бөліп беруі қажет, шағын және орта бизнесті қаржыландыруы керек, ал ол өз тәуекелінің төмендеуіне көмектеседі. Қазақстанның  лизингтік қызмет нарығының дамуының айтарлықтай  жоғары потенциалы бар. Лизинг икемді және жоғары пайдалы экономикалық  тетік,    яғни еліміздің басымды салаларына инвестиция тарту құралы, отандық өндіріс дамуын, шағын бизнеске қолдау көрсету және коммерциялық банктер үшін сенімді кіріс көзі болып отыр.

  Азаматтық–құқықтық  реттеу Қазақстан Республикасы лизингтік операцияларын азаматтық құқықтық реттеу 1999 жылы қабылданған. Азаматтық кодекстің 29 бабы «Мүліктік қарыз» бойынша  және 2000 жылы шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасы «Қаржылық лизинг» туралызаңы мен реттеледі. Азаматтық кодекске  2004 жылы 18 наурызда өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Лизинг анықтамасы заңға сәйкес қаржылық лизинг  – инвестициялық қызметтің бір түрі, лизинг беруші сатушыдан жабдықты лизинг алушыға кәсіпкерлік мақсатта уақытша пайдалануға 3 жылдан кем емес  және белгілі  бір төлем негізінде. Лизинг затын келісім бойынша  лизингке беру келесі талаптардың кем дегенде біреуіне  жауап беруі керек:

  • лизинг затын лизинг алушының меншігіне беру немесе келесім шартта белгіленген баға бойынша лизинг алу құқығын беру.
  • лизинг мерзімі лизингке алынған заттың пайдалану мерзімінің 75%-нан асуы қажет.
  • жалпы лизинг мерзімі үшін төлемдердің ағымдағы құнының 90%-нан асуы қажет.

Халықаралық лизинг – заңда  көрсетілгендей халықаралық лизинг болып табылады, егер лизинг беруші немесе лизинг алушы тұлғаның біреуі Қазақстан Республикасының резиденті болмаған жағдайда. Халықаралық лизингті валюталық реттеу заңнамаға сәйкес, лизинг затын еліміз территориясына лизинг алушымен – Қазақстан Республикасының резидентімен алып келген            жағдайда 100 мың $ эквивленттен асса және 180 күннен асатын келісім жасаса, онда Қазақстан Республикасының Ұлттық   банкінде тіркеуге тұруы тиіс.

Қайталама лизинг —  заңда қарастырылғандай лизинг келісмі бұзылған  немесе мезімі біткен жағдайында, лизинг затын қайталама лизингке беру мүмкіндігі бар. Қайталама лизингке берген жағдайында, лизинг беруші сатушыны жазбаша ескертуі керек. Онда лизинг заты жаңа лизинг алушыға берілгені жөнінде және берілген уақыт мерзімі көрсетілуі тиіс. Қайталама лизингте сатушымен мен лизинг заты, лизингке берушімен таңдалған болып есептелінеді.

Лизингтік төлемдер заңда анықталғандай лизингтік төлемдер кезеңдік төлемдер ретінде, лизингтік келісім шарт мерзіміндегі жалпы лизингтік төлемдер жиынтығын  көрсетеді. Бұл төлемде лизинг затының келісім шарт жасау кезіндегі құны мен лизингтік келісім — шарт 2003 жылдан бастап Қазақстан Республикасының барлық банктері қаржылық есептің халықаралық стандарттары бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесі дамыған, ашық және мемлекеттің аралсуынан қорғалған.

Қазақстан лизингтік қызмет нарығы  2000 жылдан дами бастады. Жасалған лизингтік келісімдердің негізгі бөлігі мемлекеттің 100 %  қатысуы мен құрылған «Қазагрофинанс» компаниясына тиесілі еді. Бұл компания ауылдағы әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында «Агро азық-түлік» бағдарлама аясында Үкіметпен құрылған еді.

Қазақстандық коммерциялық банктер лизингтік қызметпен айналысу үшін, бөлек лизингтік компания құру арқылы жұмыс жасағанды жөн санайды.

        Бүгінгі таңда Қазақстанда 20-ға жуық лизингтік компания жұмыс жүргізіп жатыр, оның 8-гі жергілікті банктердің еншілес компаниялары болып табылады.  Олардың үлесіне еліміздегі лизингтің 51%-дан көбі тиесілі, ал 26 % «Казагрофинанс» компаниясының еншісінде.

        Негізгі құралдарға жасалған жалпы инвестицияның құрамында лизинг 1% ғана құрайды. Бұл 2002 жылмен салыстырғанда 4 есе жоғары.

 

1-кесте. Негізгі құралдарға жасалған инвестиция бойынша

 

Көрсеткіштер

2002 жыл

2003 жыл

ауытқу

+/-

%

Негізгі құралдарға жасалған инвестиция   млн долл. АҚШ

 

 

Инвестиция көлемі, млн долл АҚШ

 

 

Лизингтік келісім үлесі

7797,4

 

 

21,1

 

 

0,26

8449,7

 

 

85,2

 

 

1,00

652,3

 

 

64,1

 

 

0,74

108,3

 

 

4,03 есе

 

3,8 есе

 

Лидингтік келісім мөлшері орташа есеппен  2003 жылы 168,9 мың $ құраған, лизингке берілген мүліктің ең төменгі құны 1,4 мың $ болған. Ал лизингке берілген мүліктің сол кездегі максималды құны 5,873 мың $  тең болды.

Пайыздық ставкалары —  атап кетуіміз керек 2002-2004 жылдары лизинг нарығында пайыздық ставкаларының төмендеуі байқалады. 2002 жылы минималды пайыздық ставкасы 13 %, ал  2004 жылы  нарықта жаңа ойыншылардың көбейуі мен  бұл пайыздық көрсеткіш  9 %-ға төмендеді. Сонымен бірге максималды пайыздық көрсеткіш 2002 жылмен салыстырғанда 2004 жылы 22-18 % төмендеді.

        Лизингке берілген мүлік құны мен мерзімі. Лизинг келісім  мерзімдері бойынша негізінен 3-4 жылдық келісімдер жасалған (Казагрофинанс пен Астана финанс компанияларын қоспағанда, өйткені  олардың ауыл шаруашылық техникасын 6-7 жыл мерзімге лизингке берілген). 2004 жылы орташа лизингтік келісім 133,1 мың $ болып, 2003 жыл көрсеткіштерімен салыстырғанда 13% жоғарлаған. Өткен жылы лизинг затының минималды құны 500$ құраса, максималды құны 4 млн.$ болды. Лизингтік компаниялар клиент бизнесінің түрлеріне ешқандай шектеу қоймайды. 2004 жылдың соңғы көрсеткіштері бойынша лизингтік компания клиенттерінің 95% шағын және орта бизнес кәсіпорындары құрайды. Лизингтік келісімдерді негізгі қаржыландыру көздері коммерциялық банктердің кредиті  лизингтік келісімдердің 85% құрайды. Ал қалған бөлігі өз қаражаттары мен қаржыланады.

Ескерту: Коммерциялық банктер өз еншілесін компанияларын Ұлттық банк бекіткен шектеулері бойыша өзінің меншікті капиталының 10% көлемінде ғана қаржыландыра алады.

2004 жылы Қазақстанның 6 лизингтік компаниясы 60 млн.$ несие алған.

Лизинг саласында тәжрибесінің өсуімен қаржылылық есептің халықаралық стандарты  (МСФО)-ға өтуіне байланысты 2005 жылы таға  басқа лизингтік компаниялар сыртқы нарыққа шығару потенциалды мүмкіндіктер алады.

Лизингтік операциялардың басым бөлігі Алматы қаласы мен Алматы облысындарында жасалған. Лизингтік операциялар аймақтар бойынша тең емес, аймақтық экономикалық дамуына сәйкес. 2004 жылы жағдай біршама өзгерді Алматы қаласы мен Алматы облыстарында келісімдер біршама азайған, керісінше Астана қаласы мен Ақмола, Солтүстік  Қазақстан облыстарында көбейген.

Солтүстік қазақстан, Ақмола, Асана қаласында ірі келісімдер жасалған Оңтістік Қазақстан, Батыс Қазақстан обылыстарында келісімдердің басым бөлігі жасалған.

Лизингтік қызмет нарығында шешімін таппай жатқан мәселелер бар. 2004 жылы лизингке берілген мүліктердің құрылымында өндірістік құрал жабдықтардың үлесі өскен. Бұл өсім импортталған құрал-жабдықтарға қосымша құн салығын төмендетуіне байланысты. Лизингтік компания жетекшілері айтуы бойынша импорт кезінде қосымша құн салығы салынбайтын мүліктердің тізімінде қазақстанда қажетті позициялардың барлығы қамтылмаған, яғни шектеулі. Келесі басты  мәселелердің бірі әсіресе шағын шаруа қожалықтары үшін сублизингтің дамуы.

«Қаржылық лизинг» туралы заңда сублизингті қаржылық лизингтің бір түрі ретінде нақты көрсетілген. Бірақ, қаржылық лизингтің   салық заңдарының формалары толығымен сублизингті қамтымайды және оның дамуын қолдамайды.

Лизинг заты және көлік құралдарына меншік құқығын бөлу мәселесі де өзкетілердің бірі. Қаржы лизингінің ерекше белгілерінің бірі, ол лизингке берілетін мүлікке меншік құқығы лизинг берушіде, ал лизинг алушыға тек пайдалану құқығы ғана беріледі. Тәжрибеде күнделікті лизинг заты  болып табылатын көлік құралдарын тікелей лизинг алушыға да, лизинг берушіге де жүргізіледі. Екі вариантта да кемшіліктер бар, лизинг алушы көлік құралдарын есептен шығару тәуекелі немесе тіркеу процесінің қиындығы.  Бұл мәселенің шешімі Қазақстан Республикасының көлік  құралдарымен оларға тіркемелерді есепке тіркеуге алу ережесіне өзгеріс енгізу қажет.  

Лизингтік қызмет нарығының даму келешегі бүгінгі таңда қаржылық  лизинг анықтамасы  қаржылық есептің халықаралық стандартына жақындаған. Сонымен бірге акциянерлік компаниялардың  қаржылық есептің халықаралық стандартына (МСФО) өтуі компания жұмысы айқындылығын көрсетеді. Ал мұндай қызмет айқындылығы инвесторларды көптеп қызықтырады.   Бұл аталған мәселені шешу әсіресе лизингке инвестиция тарту арқылы біз негізгі құралдарды тез жаңартуға мүмкіндік аламыз. Қаржылық лизинг шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда айтарлықтай негізгі механизмдердің бірі. Сәйкесінше лизингке сұраныс жақын жылдары жоғарлауы тиіс. Лизинтік компаниялар жорамалы бойынша Қазақстанда 2-3 жылда лизингтің көлемі 600 млн. $-ға  жетеді. Бұл шамамен негізгі құралдарға инвестицияның 5% құрайды. Лизинг көлемінің ұлғаюы, дамауы лизинтік компаниялар арасында бәсекелестердің жоғарлауына, ал ол өз кезегінде лизингтік қызметтің сапасын пайыздық сыйақының төмендеуіне алып келеді.  Лизингтік қызмет нарығы, инвесторлар және өндірушілер үшінде басты мәселе болып келе жатыр.

Осындай лизингтік қызметті пайдалану арқылы өз қызметін жандандырып жатқан Қазақстандық минералды су    өнімдерін өндіруші кәсіпорын «Алекс» ЖШС-ің  жағдайын қарастырсақ.

«Алекс» ЖШС-ң қысқаша сипаттамасы. Сарыағаш қаласының (Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағш ауданы) батыс бөлігінде 7 км-дей қашықтықта орналасқан «Алекс» ЖШС-гі 1993 жылы құрылып, содан бері үзбей қалыпты қызмет етіп келеді. Кәсіпорын заңды форма ретінде «Жауапкершілігі шектеулі серіктестік» формасын таңдаған. Кәсіпорында барлық кадрларды қоса алғанда 588 адам жұмыс істейді. Бүгінгі таңда кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты 90 млн. тоннаға жетіп отыр. Зауыт минералды сулардың түрін өндірумен айналысады. Олардың кең тараған негізгі екі түрі : әр түрлі көлемдегі ыдыстағы газдалған және газдалмаған «Сарыағаш» минералды сулары. «Сарыағаш» минералды сулары 1,5 л., 1 л. және 0,5 л. пластик мөлдір ыдыстарда өндіріледі.

Кәсіпорнында негізгі бір зауыт бар, ол зауыттың құрылымы төмендегідей:

1.Негізгі технологиялық цехтар:

  • №1,2,3,4 – кешенді қондырғысы;
  • пластик ыдыстарды жасау байынша цех;
  • суды салқындату бойынша-салқындату цехы;

2.Көмекші цехтар:

  • тауарлы шикізаттық цех;
  • электро цех;
  • зауттық лаборотория;
  • ауа мен қамтамасыз ету үшін ауа компрессоры;
  1. Жалпы зауыттық шаруашылық:
  • әскериленген ведомствалық күзет;
  • тауарлы-көліктік басқару;
  • өртен құтқарушы топ;
  • материалды ресурстарды басқару бөлімі.

Қазіргі кезде «Алекс» ЖШС-де 588 адам жұмыс істейді, соның ішінде 491 адам өндірістік персонал және 97 адамға жуығы мамандар мен техник-инженерлер. «Алекс» ЖШС-де  негізгі өндірістік процесс минералды суды құю болып табылады. Кәсіпорын пластиктік ыдыстардағы минералды суды алғашқы өндірушілердің бірі болып табылады. Минералды  су  тек  Сарыағаш қаласында өндіріледі және олар судың тазалығын дәлелдейтін мөлдір түсті пластик ыдыстарға құйылады. Фирманың өндіретін минералды суы ерекше табиғи, емдік-ас, жұмсақ су болып табылады. Су 2000 м. шамадағы тереңдіктен өндіріледі, ал шамамен +70С жылылықта болады, соңынан арнайы қондырғыларда салқындатылып ыдыстарға құйылады. Осы жағдайлар оның экологиялық таза болуына ықпал жасайды. Өндірістік процестер керамикалық – бактериялық фильтірлерді, насостарды, компрессорларды, тоңазытқыштарды, ыдыстарды және т.б. пайдаланып отыр.

 

 2.2. Қазақстан Республикасы сусын шығаратын  кәсіпорындарының өндірістік-экономикалық қызметінің жағдайын талдау

 

 Алекс жауапкершілігі шектеулі серістігі негізінен минералды табиғи экологиялық тазу су шығарумен айналысады. Шығарған өнімдері көптеген халықаралық сертификаттарға ие.

 

2-кесте  «Алекс» ЖШС-ң   2003-2004 жж. негізгі техника экономикалық көрсеткіштері

Негізгі көрсеткіштері

өлшем бірлігі

2006 жыл

2007 жыл

ауытқулар

1

Өткізілген өнімнен түскен табыс

мың тг.

6020639

6103870

83231

101,4

2

Өткізілген өнімнің өзіндік құны

мың тг.

5114009

4983124

-130885

97,4

3

Жалпы табыс

мың тг.

906630

913453

6823

100,8

4

Кезең шығындары

мың тг.

443919

421312

-22607

94,9

5

Негізгі қызметтен түскен табыс

мың тг.

462711

524744

62033

113,4

6

Негізгі емес қызметтен түскен түсім

мың тг.

-3463

-2341

-1122

67,6

7

Салық салынғанға дейінгі жиынтық табыс

мың тг.

459248

485463

26215

105,7

8

 Таза пайда

мың тг.

291787

296563

4776

101

9

1тг. кеткен шығын

тг.

0,92

0,88

-0,04

95,7

10

Өнімнің рентабельділігі

%

5,3

5,5

0,2

103

11

Сату рентабельділігі

%

4,9

4,9

0

0

12

Өндіріс рентабелділігі

%

6,0

6,3

0,3

105

13

Персоналдың орташа тізімдік саны

Адам

1013

1048

+35

103

14

1 персонал-

дың өнімділігі

мың тг

5943,4

6021,3

77,9

101,3

15

Еңбек ақы қоры

мың тг.

162355,5

182955,6

20600,1

112,7

16

1 персоналдың орташа айлық жалақысы

тг

13356,0

14548,0

1192,0

108,9

17

Негізгі қорлардың орташа  жылдық құны

мың тг.

 449256,5

534262,5

85006

118,9

18

Айналым қорларының орташа жылдық құны

мың тг

551332,0

572641,3

21309,3

103,9

19

Қор  қайтарымдылығы

тг

13,4

11,4

-2

85,1

20

Қор сыиымдылығы

тг

0,08

0,09

0,01

112,5

21

Қормен жабдықталу

мың тг.

374,4

431,9

57,5

115,4

22

Амортизация сомасы

мың тг

1202193

1171294

-30899

97,4

 

Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер арқылы кәсіпорынның істеп жатқан жұмыстары тиімді ме, әлде тиімсіз бе екенін анықтай аламыз. Егер тиімсіз болса, оған қандай іс шараларды жүзеге асыруға болатындығын анықтауымыз қажет. Яғни кәсіпорын қызметінің тиімсіз болуына әсер еткен факторларды жою. Осы бөлімде   1- кестеде көрсетілген негізгі көрсеткіштерді талдап, оның өсуі мен төмендеуінің негізгі себептерін анықтап білуге тырысамыз.

         Кестені қарастыратын балсақ 2 жыл бойынша мәліметтер арасында біршама айырмашылықтардың бар екендігін байқаймыз.

Енді сол өзгерістердің себебін анықтап талдап шығуға тырысайын.

1-ші көрсеткіш — өткізілген өнімнен түскен табыс деп аталады, және ол 2002 жылы 6020639 мың тг. құраса, 2003 жылы 6103870 мың теңгеге дейін көтерілген  оның себебі   2003 жылы тауар шығару   келісімі ұлғайғаны және жаңа  технологияларды қолдану арқылы өнімнің өзіндік құны  төмендеп отыр.

         2-ші көрсеткіш өткізілген өнімнің өзіндік құны.  Базалық жылы ол  5114009 мың теңгені құраса,  есепті жылы бұл көрсеткіш 49833124 мың теңгеге дейін төмендеп отыр. Өзіндік құнның төмендеуінің себебі жаңа технологияларды қолднуы болуы мүмкін.   Сонымен  қатар  шикізатқа,  электорэнергиаға  кететіншығындардыт  төмендеуі  де  әсер  етуі  мүмкін.

          3-ші  көрсеткіш – бұл  жалпы  табыс.  2003-жылы    906630 мың  теңге  болған  болса,  2004  жылы  913453 мың  теңгеге  жеткен.  Базалық  жылмен  салыстырғанда  6823 мың  теңгеге  өскен. Жалпы  табыстың  өсуінің  негізгі  себептерінің  бірі  өнімді  шығаруға  кеткен  шығындарды  азайтуы,  өткізілген  өнімнен  түскен  табыстың  өсуі  болуы  мүмкін. 

          4-ші  көрсеткіш-кезең  шығындарына  тоқталатын  болсақ,  бұл  көрсеткіш  есепті  жылы  443919 мың  теңге  болған  болса,  базалық  жылы  421312 мың  теңгеге  дейін  төмендеп  отыр. Есепті  жылы  шығындар        22607 мың  теңгеге  дейін  төмендеп  отыр.  Оның  себебі  2004 жылы  әкімшілік  шығындар  және  пайыздар  бойынша  шығындардың  төмендеуі  болуы  мүмкін.

          5-ші  көрсеткіш – негізгі  қызыметтен  түскен  пайда.  Бұл  көрсеткіш  бойынша  есепті  жылы  базалық  жылмен  салыстырғанда  пайда 1,13есе, яғни 62003 мың  теңгеге  өсіп  отыр.  2003 жылы  негізгі  қызметтен  түскен  пайда  462711 мың  теңге  болса,  2004 жылы  524744 мың  теңгеге  жетіп  отыр.  Себебі  табыс  өсіп  отыр.

         6-шы көрсеткіш негізгі емес қызметтен түскен түсім. Бұл көрсеткіш бойынша  нәтиже шығынды болып отыр, яғни есепті жылы базалық жылмен салыстырғанда зиян көлемі 0,67 есе,  1122 мың теңгені құрап отыр.

         7-ші көрсеткіш салық салынғанға дейінгі жиынтық табыс. Бұл  көрсеткіш бойынша табыс есепті жылы базалық жылмен салыстырғанда 26215 теңгені құрап, 1,057 есеге өсіп отыр.

8-шы  көрсетеіш  таза  пайда  деп  аталады.  Кестеден  көріп  отырғанымыздай  базалық  жылмен  салыстырғанымызда,  есепіт  жылы  таза  пайда  1,01есе  өсіп  яғни  ауытқушылық  4776 мың  теңге  құрап  отыр.Бұның  негізгі  себебі  өткізілген  өнімнен  түскен  табыс  пен  жалпы  табыс  2004 жылы  өсіп  отыр.

9-шы көрсеткіш 1теңгеге кеткен шығындар көлемі. Мұнда есепті жылмен  базалық жылды салыстырғанда шығын 0,04 теңгеге азайған, яғни 95,4 пайызды құрап отыр. Бұл өзгеріс өндіріске енгізілген жаңа технологияның есебінен болуы мүмкін. Олар лизингке алынған жаңа құрал жабдықтар.

10-ші  көрсеткіш — өнімнің  рентабельділігі.  Базалық  жылы  бұл  көрсеткіш  5,3%-ды  құраса,  есепті  2004  жылы  ол   5,5%-ға  көтеріліп,  өсу  0,2%-ға  тең  болды.  Көрсеткіштің  бұлай  өзгеруіне  әсер  еткен  факторларға  жалпы  табыстың  өсуі    мен  2004 жылы  өнімнің  өзіндік  құнының  төмендеуін  жатқызуға  болады.

11-ші   көрсеткіш – сату  рентабельділігі  болып  табылады.  2003 жылы  бұл  көрсеткіш  4,9%-ға  тең  болса,  2004 есепті  жылы  ол  4,9%-ға  болып қалып отыр. 

12-ші көрсеткіш өндіріс рентабілділігі. Бұл көрсеткіш есепті жылмен базалық жылды салыстырғанда 0,3 мың теңгеге өсіп, 105 пайызды құраған.

13-ші  көрсеткіш – қызметкерлердің  тізімдік  саны.  Базалық  2003 жылы  қызметкерлердің  саны  1013 адам  болды,  ал  есепті  жылы  бұл  көрсеткіш  35 адамға  өсіп,  1048 адамға  жетті.  Бұның  басты  себебі  өндіріс  көлемін  ұлғайтуға  байланысты  жаңа  еңбек  күші  керек  болады,  сонымен  қатар  жаңадан  сатып  алынған  техникалар  бойынша  да  жоғары  білімді  мамандар  жұмысқа  алынды.

14-ші көрсеткіш 1 персоналдың өнімділігі. Бұл көрсеткіш бойынша есепті жылы базалық жылмен салыстырғанда  қызметкерлердің өнімділігі 1,013 есеге өсіп, 77,9 мың теңгені құрап отыр. Мұндай өзгеріске жоғары тиімді технологияны пайдалану әсер етуі мүмкін. 

15-ші  көрсеткіш – еңбек  ақы  қоры.  Еңбекақы  қоры  2003 жылы  162355,5 мың  теңге  болған  болатын,  ал  2004 жылы  ол  20600,1 теңгеге  өсіп,  182955,6 мың  теңгені  құрап  отыр.  Бұл  ауытқудың  басты  себебі  2004 жылы  кәсіпорын  қызметкерлерілің  саны  өскен  болатын.  Осы  көрсеткіштің  еңбекақы  қорының  өсуіне  әсері  мол.

           16-ші  көрсеткіш – орташа айлық  еңбекақы  мөлшері.  Есепті  жылы  бұл  көрсеткіш  13,356 мың  теңге  болған  болса,  2004 жылы  ол  1192  теңгеге  жоғарылап,  14,548 мың  теңгеге  дейін  жетті.  Бұған  кәсіп  орындағы  ынталандыру  жұмыстары  көп  әсерін  тигізді,  яғни  жұмысты  жақсы  істеген  жұмысшыға  жалақы  деңгейін  бір  шама  өсіріп  отырды. 

           17-ші  көрсеткіш – негізгі  қорлардың  орташа  құны.  Бұл  көрсеткіштің  сапасы   2003 жылы   449256,3 мың  теңгені  құраса,  ал  2004 жылы  бұл  сома  534262,5 мың  теңгеге  дейін  жетіп  отыр.  Ауытқу  85006 мың  теңгені  құрап  отыр.  Көрсеткіш  сапасының  бұлай  ауытқуының  басты  себебі  есепті  жылы  лизингке алынған тиімділігі  жоғары  негізгі  қорларды  игеру,  яғни  жаңа  ғылыми  техналогияларға  сай  техникалардың әсерінен болуы  мүмкін. 

18-ші көрсеткіш айналым қорларының орташа жылдық құны. Бұл көрсеткіш бойынша ауытқу 21309,3 мың теңгені құрап, 103,9 пайызды құрап отыр.

19-ші  көрсеткіш – қор  қайтарымдылығы.  Базалық  жылы  бұл  көрсеткіш  13,4 теңгеге  тең  болған  болса,  есепті  2004 жылы  ол  11,4 теңгені   құрап  отыр.  Бұл  жердегі  ауытқу 1,4 есе  немесе  2 теңгеге төмендеп  отыр.  Оның  себебі  негізгі  қорлардың  орташа  құнының  өсуі  болып  табылуы  мүмкін. 

         20-шы   көрсеткіш – қор  сыйымдылығы  деп  аталады.  Бұл  көрсеткіш  2003 жылы  0,08 теңгені құраса,  2004  есепті  жылы  0,09 теңгеге  өсіп  отыр,  ауытқу 12,5 %-ға  тең.  Көрсеткішке  негізгі  қорлардың  орташа  құны  мен  өткізілген  өнімнен  түскен  табыс  әсер  етіп  отыр.  Кестеде  көріп  отырғанымыздай  негізгі  қорлардың  орташа  құны  базалық  жылды  есептік  жылмен  салыстырғанда  есепті  жылы  ол  1,18  есе  өсіп  отыр.  Қор  сыйымдылығының  да өсуіне  осы  себеп  былуы  мүмкін

.   21-шы  көрсеткіш – қор  жабдықталу  деп  аталады.  Бұл  көрсеткіш  2003 жылы  371,4 мың  теңгеге  тең  болса,  есепті  жылы  ол  1,15 есе  өсіп   431,9 мың  теңгені  құрады.  Оған  әсер  еткен  2004 жылы  негізгі  қорлардың   орташа  құынның    534262,5 мың  теңгеге  артуы  мен  қызметкерлердің  тізімдік санының  ұлғайуы  болып  табылады.          

 

.            

 

 

 

 

 

 

 

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРЫНДА ЛИЗИНГТІ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ЖОҒАРЛАТУ ЖОЛДАРЫ

 

3.1    Сусын шығаратын кәсіпорындардың өндірістік қызметінде лизингті ұтымды пайдалану тетіктері

 

 Біз жоғарыда кәсіпорынның техникаэкономикалық негізгі көрсеткіштерін қарастырып, талдадық. Ал енді «Алекс »  ЖШС-ң қаржылық қызметін жеке-жеке талдап, есептеп көрейін.

 

  1. Төлем қабілеттілік коэфициенттері:

 

  • Қарызды абсолютті ақша қаражаттары    

жою коэф-ті              =                                               ; 

                                   ағымдағы міндеттемелер                      

 

 

                                 61352                                              58644

     2003 жылы =                         =0,02 ;    2004жылы  =                       =0.03

                              2809671                                            1020754

 

Оңтайлы мәні: 0,2-0,25

 

 

2)  Жабудың (покрытия)        ақша қаражаттары + қар. мін. салық + деб. мінд.

        аралық коэфи-ті        =

                                                           ағымдағы міндеттемелер

 

Оңтайлы мәні: 0,7-0,8

 

                        64325+808536

2003 жылы =                             = 0,3

                            2809671

 

 

                        58644 + 784483

2004 жылы =                                  = 0,8

                            1020754

 

 

                                                           ағымдағы активтер

3) Төлем коэфициенттері =

                                               ағымдағы міндеттемелер

 

                          4728152

2003 жылы =                     = 1,6

                           2809671

 

                           1859157

2004 жылы =                       = 1,8

                         1020754

 

3-кесте. «Алекс » ЖШС міндеттемелері бойынша көрсеткіштер

Көрсеткіштер

Оңтайлы мәні

2003 жыл

2004 жыл

ауытқу

+/-

%

Қарызды абсолютті жою коэфициенті

0,2-0,25

0,02

0,8

7,08

40

Жабдықтаудың аралық коэфициенті

0,7-0,8

0,3

0,8

0,5

20

Төлем коэфициентері

2-2,5

1,6

1,8

0,2

25

 

   Кәсіпорынның   қаржылық  жағдайын  талдау   тек  белгілі-бір  уақыт  аралығындағы  кәсіп  орынның  қандай  жағдайа  тұрғанын    ғана  емес,  сонымен  бірге  кәсіп  орынның  қаржылық  тұрақтылығын  ұамтамасыз  ету  мақсатында  тиімді  басқару  үшін  де  қажет.

       1-ші  көрсеткіш  бойынша,  яғни  қарызды  абсалютті  жою  коэфициенті  бойынша  көрсеткіш  мәні  оңтайлы  емес.  Себебі,  2003жылы  да,  2004 жылы  да  көрсеткіш  мәні   оңтайлы  мәннен  төмен  болып  отыр.

       2-ші  жабдық  аралық  коэфициенті  бойынша  көрсеткіш  мәні  2003 жылы  0,8-ге  тең  болып,  оңтайлы  мәнге  тең  болып  отыр. 

       3-ші  көсеткіш  төмен  коэфициенті  мәні  бойынша  есепті  жылы  да,  базалық  жылы  да  оңтайлы  мәннен  төмен  болып  отыр.

 

                    ІІ.     Қаржылық  тұрақтылық  коэфициенттері:

 

     1)  Қарыз  капиталы  мен  мен-            міндеттемелер  жиынтығы

            шіктік капитал қатынасы       =     меншікті    копитал

 

 

           Оңтайлы  мәні:    1-ден   жоғары  емес.

 

 

 

                             2905927

  2003  жылы  =                         =1,5;

                               1822225

 

 

                              1020754

  2004  жылы =                             = 0,5;

                              1760175

 

 

      2)  Міндеттемелер           меншіктік  капитал

   коэфициенті      =

                                              кәсіпорын  мүлкі ( баланс  сом)

 

 

Оңтайлы  мәні;  0,7-ден  жоғары.

 

                                  1822225

2003 жылы =                         =0,3

                                   4728152

 

                                   1760175

2004 жылы =                              = 0,6

                                   2780929

3)   Қарыз  копиталының                      қарыз копиталының жиынтығы 

                     үлесі                    =      

                                                                  кәсіпорын   мүлкі

            Оңтайлы  мәні;  0,3-тен  төмен.      

 

 

                             2905927

2003  жылы =                               =  0,6

                                      4728152

 

                                     1020754

2004  жылы  =                             =  0,3

                                     2780929

 

 

4-кесте. «Алекс»ЖШС-ң   негізгі экономикалық көрсеткіштер

Көрсеткіштер

Оңтайлы  мәні

2003жыл

2004жыл

Ауытқу

1

Қарыз  капиталы мен меншік  капитал  қатынасы

1-ден  жоғары  емес

1,5

0,5

-1

2

Меншіктік  коэфициент

0,7-ден  жоғары

0,3

0,6

0,3

3

Қарыз  капиталының үлесі

0,3-тен  төмен

0,6

0,3

-0,3

 

                 ІІІ.      Іскерлік   белсенділік   көрсеткіштері.

 

 

   1)    Капитал   айналымының                  Өнімді өткізгеннен түскен табыс   

жалпы  коэфициенті           =

                                                                        Баланс  соммасы

 

 

 

                           6020639

          2003жылы   =                             = 1,2;

                                     4828152

 

 

                                    6103870

2004 жылы  =                               = 2,1;

                                       2780929

 

 

 

 

 

  2)    Меншік   капиталының                 Өнімді өткізгеннен түскен табыс

айналымдық  коэфициенті    =

                                                                      Меншіктік  капитал 

 

 

                                               6020639

2003 жылы    =                                        = 3,3

                                               1822225

 

 

                                           6103870

2004 жылы =                                          = 3,4

                                           1760175

 

 

 

3)   Дебиторлық  міндеттемелердің            Өнімді өткізгеннен түскен табыс

      айналымдық  коэфициенті          =

                                                                     Кезеңдегі дибеторлық мәнінің орт мәні

 

 

 

              2003 жылы  =           6020639       = 3,1

                                               1915212,5

 

 

             2004 жылы =            6103870        = 8,2

                                            741375,5

 

 

 

 

4)    Дебиторлық  мәндердің                                     365 күн

           айналымдық орташа мерзімі    =

                                                                     Дебиторлық мән-дің айналым коэ-ті

 

 

 

 

                 365 күн

2002 ж =                    =117

                 3,1

 

                     365 күн

2003 ж =                         = 44

                         8,2

 

5-кесте. «Алекс» ЖШС-ң негізгі экономикалық көрсеткіштер

Көреткіштер

2003жыл

2004жыл

Ауытұу(+ — )

1

Капитал айналымының жалпы коэфициенті

1,2

2,1

+0,9

2

Меншіктік капиталдың айналымдық коэфициенті

3,3

3,4

+0,1

3

Дебиторлық міндеттемелердің  айналымдық коэфиценті

3,1

8,2

+5,1

4

Дебиталдық міндеттемелердің айналымдық орташа  мерзімі

117

44

— 73

 

 

 1-ші  көрсеткіш  капитал  айналымының   жалпы  коэфициенті.  Бұл  көрсеткіш  1 – жыл  ішінде  қанша  рет  толық  өндірістік  цикл  мен  айналым  жасалатындығын  көрсетеді.  Менің  кәсіп  орыным  бойынша  2003 жылы  1,2  рет  болса,  есепті  жылы  2,1 рет  болды.  Бұл  көрсеткіш  кәсіпорынның   жалпы  копиталын  пайдалану  тиімділігі  жоғарылағанын  көрсетеді.  Егер  активтің  2003 жылы  ақшалай  бірлігі    1 теңге   2 тиын  әкелсе,  2004 жылы

 ол  2 теңге  1 тиынға  дейін  жоғарылап  отыр.

       2-ші  көрсеткіш  меншікті  капиталдың  айналым  коэфициенті.  Бұл  көрсеткіш  қызметтің  әртүрлі  аспектілері  бойыншасипатталады:  коммерциялық  жағынан  сату  артықшылығын  немесе  олардың  қажеттілігін  аныұтайды;  қаржылық  жағынан   салынған  меншікті  капиталдың   айналым  жылдамдығын,  ал  экономикалық  жағынан  кәсіпорынның  меншіктік  иесінің  тәуекел  ететін  ақша  қаражаттарышың  бепсенділігін  анықтайды.  Менің  кәсіпорыным  бойыншы  бұл  көрсеткіш  өскен,  2003 жылы  меншікті  капитал 3,3 рет  айналса,  2004 жылы  3,4  ретке  жетіп  отыр.  Бұл  кәсінорын  акционерлерінің  қаржыларын  тиімді  пайдаланғанын  көрсетіп  отыр.

        3-ші  көрсеткіш  дебйторлық  міндеттемелердің  айналым  коэфициенті.  Бұл  көрсеткіш  дебиторлық  міндеттемелердің  сапасын  бағалау  үшін  қолоданылады,   кәсіпорынмен   берілген   коммерциялық  несиенің   кеңейтілгенін   немесе  төмендегенін  анықтайды.  Оның  өсуі  сатылатын  несйенің  қысқартылуын,  ал  төмендеуі – берілетін  несиенің  көлемінің  өскенін  көрсетеді.  2003 жылы  ол  3,1рет   болған  болса,  2004 жылы   8,2 рет  болды,  яғни  несие  көлемінң  қысқарғанын  көрсетіп  отыр. 

         4-ші  көрсеткіш    дебиторлық  міндеттемілердің  айналымының  орташамерзімі.   Ол  кәсіпорын  бекіткен  клиенттерінің  төлем  уақытын  өкрсетеді.  Бұл  көрсеткіштердің  төмендеуі – тура,  ал  өсуі – кері  әсер  береді.  2003жылы  ол  117 күн  болса,  2004 жылы  44 күн  болды,  яғни  тура  әсер  болып  отыр. 

 

 

 

 

 ІV.    Кәсіпорынның   рентабельділігін  бағалау  көрсеткіштері.

 

 

 

 

  1).   Кәсіпорын  мүлкінің                   таза  пайда

          рентрбелділігі.            =                                                          х 100

                                                       кәсіпорын мүлкінің (активінің)

                                                      орташа  өлшемі

 

 

 

                                    291787

              2003 ж   =                                   х  100 = 36

                                   793210

 

 

 

                                     296563

   2004 ж  =                                 х   100 = 16

                                  1847632,5

 

 

 

 

2)    Меншіктік  копиталдың                таза  пайда

 рентабелділігі                =                                                 х   100

                                                        меншіктік  копиталдың

                                                            орташа  құны

 

 

 

                                291787

       2003ж =                                         х 100 = 18

                               1607343,5

 

 

 

                                296563

       2004ж =                                           х  100 =16

                                1791200

 

 

6-кесте. «Алекс» ЖШС-ң  рентабельдiлiк кәрсеткiштерi

 

 

Көрсеткіштер

Ауытқу

2003жыл

2004жыл

1

Кәсіпорын  мүлкінің  рентабельділігі

-20

36

16

2

Меншікті  капиталдың  рентабельділігі

-2

18

16

 

1-ші  көрсеткіш – кәсіпорын  мүлкінің   рентабельділгі.   Ол кәсіпорын  рентабелділігі  деңгейін  көрсетеді.  Базалық  жылы  ол  36%-ды  құраса,  есепті   2004  жылы  16%-ға  дейін  төмендеп  отыр. 

         2-ші  көрсеткіш – капиталының  рентабелділігі.  Ол  кәсіпорынның  рентабелділігін  бағалау  көрсеткіші.  Ол  2003 жылы  18%-ды  құрады,  ал  2004  жылы  2%-ға  төмендеп,  16%-ды  құрап  отыр.   Кәсіпорынның  төлем  қабілеттігігі  көрсеткіштері  кәсіпорынның  нақты  дір  уақытта  несие  берушілермен  өзінің  қаражат  көмегімен  қысқа  мерзімде  өтеу  мүмкіндігін  сипаттайды.  Қаржылық  тұрақтылық  көрсеткіштері  тартылған  капиталдыңқорғалған  дәрежесін  көрсете.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2.  Кәсіпорындарда лизингті  пайдалану тиімділігін  арттырудың озық үлгілері мен шетел тәжірибесі

Жасыратыны жоқ, әсіресе ауылдағы ағайынның шаруаны өрге бастыра алмай, «Былай тартсаң арба сынып, былай тарсаң — өгіз өліп» дегендей, дінкесі құрығанына да біраз уақыт болды. Нарық қыспағына  тіркелген шаруа қожалықтардың күні сонау кеңес заманынан мұраға қалған жамау–жасқаулы ескі тракторлар мен комбайындарға қарап қалды. Бірқатар шаруалардың тек айыр мен күрекке сүйеніп қалғандары да бар. Ал, жаңасын сатып алуға кедейшілік шаужайдан тартып, қия бастырмайды. Банктен несие алайын десе, кепілге қояр жөні түзу мүлкі жоқ.

Бұл тек ауыл шаруашылығы құрылымдарының басындағы ғана жағдай емес. Жалпы алғанда, республикадағы өндіріс орындарының орта есеппен алғанда 60-80 % негізгі қорлары азып тозып кетті.

Біз қарастырған «Алекс» ЖШС өз өнімдерінің сапасын көтеру, оның нарықтағы бәсекелестікке төтеп беру, басқа да мәселелерін лизинг арқылы шешуді жөн көрген. Олар минералды су құю цехына германиялық жоғары тиімді құрал жабдықтарды лизингке алды. Ол жоғары технологиялық құрал-жабдықты пайдалану арқасында кәсіпорынның қаржы–экономикалық жағдайында оң өзгерістерді байқаймыз.Оларды атап кетер болсақ:

 Біріншіден, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік берген.

Екіншіден, өнім сапасын жоғарлатуда, сұраныс талаптарын қанағаттандыру бойынша бірқатар сұрақтарды шешуде негіз болған.

Үшіншіден, ескірген құрал жабдықтарды жаңартуға жол ашты.

Жалпы лизинг пайдалану кәсіпорнынның экономикалық жағдайының жақсаруына оң өзгерістер әкеледі.

         Бұл орайда, лизингтің ең басты артықшылығы: лизинг ұсынатын компания кәсіпкерге пайдалануға берген мүліктің меншік құқығын қанағат тұтады. Яғни, сіздің шаруашылық жүргізу үшін құрал жабдық сатып алуыңызға өндіріс жабдықтары қажет. Ал оны сатып алуға қаржыңыз жетіспейді. Сіз лизинг компаниясына хабарласып, лизинг беруші мен шартқа отырып, алатын жабдығыңыздың құнының 20-30% төлейсіз, алған жабдығыңыздың не техникаңыздың қалған құнын келісімді өсім пайызымы мен бірнеше жыл ішінде бірте-бірте төлеп құтыласыз. Міне, содан кейін лизинг беруші мен есептескеннен соң, жабдық өзіңіздің меншігіңізге айналады.

         Қазақстанда лизингтік қызмет нарығы 2000 жылдан бастап белсенді дами бастады. Соның ішінде лизингтік мәселелердің негізгі үлесі мемлекеттің 100% қатысуы мен «Казагрофинанс» лизинг компаниясына тиесілі. Ол ауылдағы әлеуметтік өзекті мәелелерді шешу үшін Қазақстаннның агро азық-түлік бағдарламасының шеңберінде Үкіметтің бастамасы мен құрылған болатын. Коммерциялық банктер лизингі мен өздерінің арнайы құрылған еншілес компаниялары арқылы айналысуды лайық көреді. Бүгінгі таңда республикамызда 20-ға тарта лизинг компаниялары жұмыс істейді, оның   8-і                  

жергілікті банктердің еншілес компнииялары, олардың еліміздегі жалпы лизинг көлеміндегі үлесі 51% , ал 26% -ы «Казагрофинанс» лизинг компаниясының үлесінде.

         2006 жылы Қазақстандағы жалпы инвестицицялар көлеміндегі лизинг үлесі 1% төңірегінде болды. Бұл, әлі де болса тым аз, дегенмен 2003 жылдың көрсеткіші мен салыстырғанда 4 есе ұлғайған өсім бар.

         Лизингілер мемлекеттің  қолдауымен, негізінен ауыл шаруашылығы құрылымдарына трокторлар мен комбайынарды, басқа ауыл шаруашылығы  құрал-жабдықтарын сатып алуға көптеп беріле бастады. Оның мерзімі де инвестицияның бұл түрін пайдаланушылар үшін, едәуір жеңілдіктер берілді. Атап айтқанда, үш жылдан 7 жылға дейін алуға болады. Лизингке берілген мүліктердің жалпы құрылымында жол құрылыс техникасы екінші орын алады. Оның себебі, республикамызда жолдарды жақсарту жөніндегі ірі бағдарламалардың жүзеге асырыла бастағандағын және «Астана- жаңа қала» еркін экономикалық аймақ шегіндегі құрылыстың қарышты дамуы.

         Соңғы жылдар кәсіпкерлік лизингтің пайдасы мен артықшылықтарын түсіне бастады. Оған 2006 жылы -991, ал 2007 жылы 1222 лизинг жасалғаны дәлел. Өткен жылы лизингтік мәмілелердің  орта мөлшері 1693,0 мың долларды құрады. 2006 жылдың тоғыз айында лизингке берілген мүліктердің 47 пайызын ауыл шаруашылық техникасы құрады. Лизингке берілген ауыл шаруашылығы техникасының 60 пайызын «Казагрофинанс» акционерлік қоғамы  беріп отыр. International Finance Corporation (IFC) мамандарының мәліметтері бойынша, 2003 жылы лизинг көлемі 85 миллион долларға жетті. Ал биыл бұл цифр дәлелделген мәліметтер бойынша 257 миллион долларға жетеді деп болжанып жатыр.

         Бұдан бес жыл бұрын ауыл шаруашылығында лизинг агробизнестің  ажырамас бөлігіне айналатындығын ешкім тап басып айта алмас еді. «Казагрофинанстың» қолдауымен фермерлерге төрт пайызға дейінгі жылдық өсім үш жылдан жеті жылға дейін ауыл шаруашылығы техникалары берілді. «Казагрофинанстың» лизиннгісінің бел көтере алатындай арзан болуы мемлекеттің қолдау көрсетуінің арқасында болып отыр. Бюджеттік көтермелеудің нәтижесінде республикамыздың 700-ден астам шаруа қожалықтары 5,3 мыңнан астам агротехникаларға ие болды. «Казагрофинанс» қол жеткенді баянды ете отырып, енді өнімді өңдеп ұқсататын кәсіпорындарға лизингтік қолдау көрсетпекші.

Лизингтің артықшылықтарын шығыс қазақстандық фермерлер бағалай білді. Үкіметтің ауылды өркендетуге бөлген  3,5 млрд. теңгеден астамын олар лизинг арқылы ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға  жұмсады. Осы жобаны жүзеге асырудың алғашқы жылы (2006 жылы) олар небәрі 100 миллион теңгенің көлемінде ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартқан болса, биыл неғұрлым қымбат тұратын техникаларға тапсырыс берді. Төрт жылдың ішінде лизинг бойынша алынған техникалар бойынша  бірде бір шағым түске жоқ. «Казагрофинанстың »  Шығыс Қазақстандық филиалы да олардың өтініштерін ескере отырып, лизинг бойынша төлем мерзімін 8 жылға дейін ұзартты. Несиелік лизингтің пайыз өсімі 3-4 пайыз шамасында. Ал келесі жылдан бастап ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін жабдықтарға  сұраныс ұлғаймақ. Филиал директоры Тимур Сапарғалиевтың айтуынша  2005  жылы қожалықтардың тапсырыстар портфелі милиард теңгеден асып түсетін болады .

2009 жылы республика бюджетінінен лизинг бағдарламасы бойынша мал шаруашылығы кәсіпорындарына технологиялық жабдықтар тарсатып алуға 900 миллион теңге қаржы бөлінбек. Бағдарламаны жүзеге асыратын оператор «Казагрофинанс» лизинг компаниясы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы  Министрлігінің   мал шаруашылығы департаментінің директоры Совет Сәтіғұлдың айтуынша, мұндай шара Қазақстандағы орта және ірі тауарлы мал шаруашылығын  дамытуға ықпал ететін болады, сондай-ақ осы салада жұмыс істейтін қазақстандық кәсіпорындардың технологиялық жарақтануын едәуір жақсартады. Лизингті дамыту  бағдарламасы бойынша жабдықтар сатып алуға әр түрлі бағыттағы мал шаруашылығы кешендері мен құс фабрикалары тапсырыс бере алады. С.Сәтіғұлдың айтуы бойынша, 2004 жылы еліміздің ауыл шаруашылығы кәсіпорындары лизинг бағдарламасы бойынша 400 млн. тенгеге жуық қаржыға ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды.

Соңғы жылдары осы бағдарламаны жүзеге асыру жолында бірқатар заңнамалық шаралар жүзеге асырылды. Айталық, «Қаржылық лизинг туралы» ҚР заңына түзетулер енгізілді, лизинг берушілер қосымша құн салығынан босатылды.

«БанкЦентрКредит» акционерлік қоғамының 2002 жылдың қаңтарынан бері өз жұмысын бастаған. «ЦентрЛизинг» еншілес лизинг компаниясы да кез келген саладағы лизингтік жобаларды жүзеге асыруға бел шешіп кірісті.  Копания  кәсіпорының  қай  жерде  орналасқанына  қарамастан  Қазақстанның  кез-келген  аумағында  қызмет  көрсетеді. Оның  талаптары  бойынша  лизингтік  мәмілелердің  ең  төмен  мөлшері  35 мың  доллордан  кем  болмауы  керек («БанкЦентрКредит»    АҚ  клиенттеріне  жеңілдік  жасалады).  Лизинг  мерзімі-37 айдан  7жылға  дейін,  лизинг  өсімі  жылына  17-ден  23%-ға  дейін,  лизингіне  алынатын  жабдық  құнының  30%-ы  алдын  ала  төленеді,  лизингке  қойылған  тауар  міндетті  түрде  тауар  алушының  есебінен  сақтандырылуы  тиіс.

«ЦентрЛизинг»  ЖШС  өзінің  тауар жеткізушілерінің аяасын  барған  сайын  кеңейте  түсуде.  Оардың  ішінде  әртүрлі  жабдықтар  мен  техникаларды  өндіретін  «VOLVO   Truck  Corporation»  «METEKC»  ЖАҚ,  «Ивановская  Марка  Центральная  Азия»,  «Спецтехника»  сауда  үйі,  Италияның  макарон  өнімдер  жабдықтарын  шығаратын  «PAVAN S.p.А» сияқты  әлеуметті  фималар  мен  компаниялар  бар.  Лизинг  бағдарламасына  көптеген  шетелдік  банктер  мен  қаржы  институттары  ынта  білдіріп  отыр.  Қазақстан Республикасы  Үкіметі  «Ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  өңдейтін  кәсіпорындар  үшін  жабдықтарды    лизингтік  несиелеу»  бағдарламасы  бойынша  несие  беретін  банктерді  белгіледі.  Олардың  ішінде  «Валют-Транзит» банкі  мен  «Казкоммерцбанк»  бар.  Бұл  банктер  конкурс шарттары  бойынша  ет  өңдеу,  майлы  дақылдарды,  тері  өнімдері  мен  шикізатты  өңдеуге  7 жылға  0,5  пайыз  жылдық  өсіммен лизинг  несиелерін  беретін  болды.  2006-2007 жж  агроазық-түлік  бағдарламасы  шеңберінде  «Ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  өңдеу  кәсіпорындары үшін  жабдықтар  лизинг  несиесі»  бағдарламасы  бойынша  биылдың  өзінде 675 млн.теңге  қаржы  бөлініп  отыр.  Ал,  оны  кімдер  алып, қалай  пайдаланады,  бұл  бөлек  әңгіме.

 

  • Қазақтан Республикасында лизингтік қатынасты жетілдіруінде мемлекеттің орны

 

Негізі, лизингтің анықтамасы   анықтамасына қарасақ, лизингтік бизенс, лизингтік индустрия, лизингтік қызмет, лизингтік операциялар деп келеді. Сондықтан лизингті бизнестің бір түріне жатқызуға әбден болады.  Қазір тек қана кредит беру саласында ғана емес,    банкттер лизинг салсында да белсенді жұмыс   жасап жатыр. Бұл – банк қызметінің ауқымды бір бөлігі. Бірақ банкттің лизингтік копаниялары не істеп отыр? Мемлекеттік лизинг компанияларынан банктің лизингтік компанияларының айырмашылығы неде? Мемлекет тиімді жағдайлармен, төмен ставкалармен несие береді. Мемлекеттің алғашқы ставкалары бар болғаны бір пайыз еді. Бұл негізгі ақшаның қайтарымы болса болғаны деген сөз. Сосын 4-6 пайызға көтерілді. осы жүйені банкттер арқылы ұйымдастырып еді, ол 12-15 пайызға дейін өсіп кетті. Бірақ ол кездерде банкттердің пайыздық ставкалары 36-40 пайыз болатын. Онымен салыстырғанда 12-15 пайыз, әрине, төмен көрсеткіш.

Қазір Қазақстанның ең үлкен қаржылық – лизинг компаниясы «Қазагроқаржы» АҚ-тың лизингтік операциясының қаржы көлемі 180 млн. доллардан асып отыр. Бұл компания мемлекеттік  бағдарлама бойынша лизингтік тек 4 пайызбен ғана, 7  жылға береді. Мұның өзінде жеке қаржы есебінен және сырттан қаржы есебінен беретін басқа да бағдарламалары бар.  

Ал қазіргі банкттік-коммерциялық лизинг 15-20 пайызды құрап отыр. Одан төмені жоқ. Өйткені қазір инфляция деңгейі жоғары. Сондықтан табыс табу үшін олар өз пайыздық ставкаларын көтеруге мәжбүр. Бәсеке жоқ, лизингтік компаниялар мен құрал-жабдықтың аз кезінде олар монополиялық тенденсиялар көрсетіп, өз пайыздық ставкаларын жоғары көтеріп отырды. Алатын лизингтік төлемдердің де деңгейін жоғары ұстады. Елімізде біртіндеп лизингттік компаниялардың саны көбейіп келеді. Бұлардың арасында да бір –бірімен бәсеке пайда болды. Лизингтік келісімдердің шарттары тұтынушыға қолайлы бола бастады. Демек, лизингтік нарықта бірталай оң өзгерістер болып жатыр дей аламыз.

Лизингттік жүйе шағын шаруаларға қолайлы ма? – деген сұраққа жауп бететін болсақ, лизинг саласында әлі қағазбастылық көп. «Айқын» газетінен лизингке техника алу үшін шаруаға 27 түрлі құжат тапсыруды сұрағанын оқыдым.  Шаруа сол толған құжатты дайындап,   тапсырумен айналысама, әлде өз тірлігімен шұғылданама? Ондай қағазбастылықпен айналысуға шаруаның уақыты да, шыдамыда жетпейді. Сосын олардан  бизнес-жоспар жасауды талап етеді. Шаруалардың бизнес – жоспар жасауға  білім — қабілеті жетеді деп ойламаймын. Нарықтық жүейеде бизнес — жоспарды арнайы компаниялар әзірлейді. Шағын және орта бизнесті дамытып, оған қолдау көрсету үшін ұйымдастыру шаралары дұрыс болуы қажет.  Оларға аса   қатты талап қоюдың қажеті де, реті де жоқ. Әрине ірі мақсатты лизингте тәуекелділік те, қауіп-қатерде мол болады. Ал шағын жобада үлкен бюрократияны болдырмаған абзал.

BTA ORIX  LEAZING компаниясы  шағын және орта кәсіпкерікпен айналысушыларға қолайлы жағдай туғызып отыр.  Бұлардың жаңа лизинг жүйесі бойынша бүкіл құжаттар топтамасы дайын болса, екі аптаның ішінде құрал-жабдықты алуға мүмкіндік бар. Үлкен лизингтік жобаларды 1 жыл бойы дайындайсын. Құрал-жабдықты дайындап, өндіріске құю үшін тағы бір – бір жарым жыл кетеді. Оны ары қарай пайдаланып, нәтижесін көру үшін тағы 7-8 жыл керек.  Сонда жалпы есеппен алғанда, он шақты жылдан асып кетеді.

Негізі, лизинг – шағын және орта бизнеске техникалық-технологиялық жағынанан көмек көрсетудің бірден-бір таптырмайтын құралы. Бұл дүниежүзілік тәжірибе бар үрдіс. Біз де осы саланың дамуына лизинг жүйесін қолданатын болсақ,  қателеспес едік. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін оған дейін 5 мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Соның өзінде бұл сала аяғынан тік тұрып кетті дей алмаймыз. «2005-2007 жылдарға арналған шағын және орта бизнесті жедел дамыту бағдарламасы» да қабылданған. Индустриялық-инновациялық  стратегияны   дажүзеге асырудың негізгі құралы осы лизинг жүйесі болып саналады.

Қанша жерден мемлекет қолдау көрсетіп атсалысып жатса да,  коммерциялық жүйе де өзінше ат салысып  жатса да,  бұл сала әлі қарқынды дамып кете алмай жатыр, мұның сыры мынада:  15 жыл бұрын басталған бағдарлама 2000 жылдан бастап қана коммерциялық лизингке жол ашты. Өйткені осы уақытқа дейін лизингттің заңдық негіздері болған жоқ. Біз тек қана Үкімет қаулылармен ғана жұмыс  жасадық. Ең алдымен заң қабылданып Азаматтық кодекске, Салық кодексне,  Әкімшілік кодекске өзгерістер енгізген кезде ғана лизинг жүйесі  жақсы      нәтижелер көрсете бастады. 2003-2004 жылдары заңнамаға түбегейлі өзгерістер енгізілді, қолайлы жағдай туғызылды, ТМД елдері ішінде біз ең озық лизингтік заңнамады құрдық деп отырмыз.      Солай деуге толық негіз бар .  Лизинг жүйесі қауіп — қатері мол, тәуекелі басым операциялар екенін айттық. 2000 жылға  дейін ұйымдастырылған лизингтік операцияларда соның тәуекелін, қауіп-қатерін оны ұйымдастырушылар ескерген жоқ. Соның салдарынан біз негізгі көздеген мақсатымызға жете алмай қалдық. Қолға алынған іс нәтижелі жүзеге асқан жоқ. 2000 жылдан  кейін лизингттік операциялардың сақтандыру жүйесін талдап, қауіп қатердің алдын алу және оны болдырмайтын механизмдерін қолдануға ден қойылған. Оның кепіл зат, мемлекеттік кепілдік, сақтандыру жүйесі сияқты тағы да толып жатқан механизмдері бар. Былайша айтқанда,  лизингттік компаниялар өзінің қайтарымын қамтамсыз ету үшін 5-6 қорғаныс    жүйсін құрып алды. Қорғаныс амалдарының бәрін түгел қолданды. «Құрал-жабдықтың жалпы құнының 50 пайызына дейін алдын ала төле» деп талап қойды. Оның үстіне банкттің алымдар бар. Арзанға зат аламын деп талаптанып отырған адамға, әрине, бұл қиындау тиеді. Бұның бәрі лизингттік операциялардың құнын шарықтатып жіберді. Бұл лизингттік жүйенің тиімділігін көрсетпейді. Лизингтің қауіп-қатерінің бәрін алдын-ала талдап, қорғаныс амалдарын шамамамен, шектеп белгілеу қажет. Қазір шағын және орта бизнеске арналған лизингке   кепіл қоймайтын болды. Авансттық төлем деңгейін төмендету қажет. Лизингттің өзінде бұрынғы төлем қабілеттілігі маңызды емес,  бизнестің болашағы  зор болатынына сенімділік болуы қажет. Егер несие, лизинг алу жайлы тарихын болмаса да, өндірген өніміңе нарықта сұраныс жоғары екендігіне көз жетіп тұрса, онда төлем қабілеті де болады. Лизинг төлемін дер кезінде қайтаруға мүмкіндігі бар. Сонедықтан бұл жерде болашақ төлем қабілеті маңызды.

Қазір лизинг компаниялары арасында бәсеке артып келеді. Өйткені бұл жүйемен айналысуға ниет білдіріп,  сол бағытта жұмыс жасағысы келетін компаниялардың  қатары көбейіп келеді. Қазір елімізде 26 лизингттік компания жұмыс   істеп жатыр. 

Лизингттік операцияларды дамыту үшін көп мөлшерде қаржы бөлінуі қажет. Лизингттік жүйенің қарқын алып дамуы  2000 жылдардан басталады. Себебі, тап осы кезеңде елдің экономикасы  көтерілді. Кейбір салалар қарқынды дами бастады  да,    оларға жаңа техника қажет болды. Кез-келген өндірістің дамуына инвестицияның тартылуы мұрындық болады. Біз қазір қаржылық ресурстар жағынан кем де емеспіз.  Бірақ «Сол ресурстар лизингке берілуге тиімді ме? Банк жүелерінде қандай қаржы ресуртары жинақталған? Қысқа мерзімді салымдарды ұзақ мерзімді  лизингттік операцияларға салуға бола ма?» деген мәселеге мән беру керек. Расында да бұл қаржы ресурстары лизингке пайдалануға келмейді. Банкттер ары кеткенде 3 жылға, тіпті одан да аз мерзімге несие беруге мүдделі. Өйткені қаржының қайтарымы тез болыун қалайды. Сосын   екінші деңгейлі банктерге  Ұлттық Банкттің қойған шектеулері бар. Лизингтік опрецияларға қаржы жұмсау  өз капиталының 10 пайызынан аспауы  қажет. Соған байланысты лизингттік операцияларды  қаржыландыру деңгейі төмен болғандықтан, олардың тез өсіп кетуіне мүмкіндік аз. Бұл салада мемлекет әлі күнге дейін көмекке келіп жатыр. Қаржыландыру көлемін жыл өткен сайын арттырып отыр. 1996-2000 жылдары  бұл салаға мемлекет 1 млрд. тенге бөліп келсе,     соңғы жылдары оның көлемін 5 млрд. тенгеге артты. Өңдеу құрал-жабдықтарын сатып алу үшін 1,5 -2,0 млрд. тенге бөлінді.

Кейде  банктер ұзақ мерзімді лизингтік операцияларға қатысуға әрқашан ниет білдіре бермейді. Мұнадай жағдайда ұлттық қор, зейнет ақы қоры, сақтандыру компанияларында жиналған ұзын ақшалларды лизингттік операцияларға тарту керек. Бізде лизингтік рыноктың сыйымдылығы деген мәселеге келетін болсақ, ол 10 млрд. доллардан асып кетуі мүмкін. Ал қазір біздегі лизингттің көлемі жайлы статистикалық мәләметтер жоқ, әлі дайындалмаған. Біреулер 200 – 300 млн., енді біреулері 400 млн. доллар дейді. Ал біздің жорамалдар бойынша 700-800 млн. доллар. Биыл 1 млрд. доллардан асуы мүмкін. Бұл да дамушы елдермен салыстырғанда жап –жақсы көрсеткіш. «Лизингттің даму деңгейі қандай?» деген мәселеде көбінесе инвестициялардың бүкіл көлемі мен салыстырады. Лизингтің инвестициялық түрі бар ғой, бірақ құрал-жабдыққа,   жаңа техникаға салынған түрі. Мұның деңгейі пайыздармен өлшенеді. Мысалы, мұның деңгейі Рессейде 5 пайыз. Ал дамыған елдерде 25-30 пайыз. Бізде шамамен 3 пайздың шамасында, бірақ бізде бұл сала өте қарқынды өсіп келеді. Лизингтің күрт өсуі  ондаған жылдарға созылуы және экономиканың бүкіл бағыт – бағдарын өзгертуі мүмкін. Өйткені экономиканың барлық саласы дерлік жаңа техникамен жарақтанады. Экономикадағы лизингтік бизнестің рөлі, мәні мен маңызы мынада тұр: біздің экономикада ондаған жылдар бойы негізгі капитал-машина, құрал-жабдықтарын жаңарту процесін  жүргізбеді. Ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп немесе құрылысты алайық, сондай-ақ әуе, темір жол, тас жол транспорты, қалаларда автобус паркі техникаларының 70-80 пайызы ескірген. Олар моральдік жағынан да, күш қуаты жағынан да тозды. Енді соларды түбегейлі өзгертіп жаңғыртып жаңартуымыз қажет. Бірақ техниканың бағасы    тым жоғары. Сондықтан аталған кез-келген салада лизингттік әдісті пайдалану бүгінгі күні тиімді.

Лизингке алынатын техникалардың басым бөлігі шетелдерден әкелінеді. Сондықтан да олардың құны жоғары. Мүмкін техникаларды техникаларды жасап өзімзде шығаруды қолға алған тиімді,  бірақ Қазақстанда машина жасау өнімдерінің 95 пайызы сырттан тасылады. Бізге машина жасау зауттары көп болған жоқ. Барының өзі тоз-тозы шығып кеткен. Оның есесіне, жаңа машина жасау зауыттары пайда болып жатыр. Комбайн, жүк машиналарын құрастыруға да талаптанған кездер болды. Бірақ өз нәтижесін берген жоқ. Тап қазіргі кезде біз қалай деген де әлемдік рыноктан өз орнымызды еншілеуіміз қажет. Машина жасау саласында Ресей, Қытай немесе АҚШ пен Германия мен тайталасамын деп босқа жанталасқаннан Қазақстан ештеңе ұтпайды.

Еуропаның кейбір елдерінде кәсіпкерлік лизинг және тұтынушылық лизинг бар. Мысалы, Германия, Ұлыбританияның    атақты автокөлік зауттары жеңіл автокөліктерді  жеке адамдарға лизингке береді.  Біздің, тек біздің ғана емес-ау, ТМД елдерінің лизинг заңнамаларында жеке мақсатта пайдаланылатын, яғни тұтынушылық лизингке рұқсат етілмеген. Бізде лизинг ұғымы  тек қана кәсіпкерлік мақсатпен байланыстырылады. Мысалы, бізде жеңіл автокөлікті лизингке алу мүмкін емес,   оны  тек  қана жалға немесе несиеге алуға  болады.

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сонымен, лизингтік  қызмет нарығы,   лизингтік қатынастар  жағдайын зерттеп, талдау жасау арқылы  біз лизингтің еліміздегі кәсіпкерлік қызмет саласын, жалпы ел экономиканы  дамытуда ерекше маңыздылығына көз жеткіздік. Әлемдік тәжрибеге сүйене отырып, лизингтің жалпы қаржық қатынастардағы үлесінің басымдылығын көруімізге болады, ал ол лизингтің жоғары тиімді және икемді қатынас екендігіне айқын дәлел.

 Лизинг әлемнің көптеген едерінде өз дамуын тауып, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың пайдалы әдістері бірі болып саналғанмен, Қазақстанда әлі де болса оның дамуы нысандары мен жолдары анықталуда. Қазіргі қалптасқан экономикалық  жағдайда көптген кәсіпорындар өндірістің техниаклық жаңаруына ірі мөлшердегі қаражаттарды салуды жүзеге асыра алмай отыр. Осыған байланысты барлық меншік нысанындағы отандық өндірістегі қолдауға  соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлікті және өндіріс аясын дамыту үшін қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік беретін лизигнгтік бизнесті дамыту қажеттілігі туындауда. Шағын кәсіпкерліктен инвестициялық лизингтік жоспарына қолдау көрсету осы процеске қатысатын негізгі субъектілерін анықтауға негізделуі керек, яғни олар — лизингтік компаниялар.

. Елімізде қабылданған индустриалды-инновациялық сратегиясында негізгі қорларды тездетіп жаңарту, өндірістік секторды дамытуға басты назар аударылған.   Қазақстандағы негізгі құралдардың  80 пайызға жуығы тозған және тез арада жаңартуды талап етеді. Моральдік, физикалық тозған құрал жабдықтар мен сапалы бәсекелі өнім өндіру мүмкіндігі төмен. Сонымен бірге нарықта жаңадан жұмыс жасап жатқан шағын кәсіпорындар, кәсіпкерлер қызметін жандандыруға мәселелерді шешуде — лизинг маңызды орын алады. Бұрынғы постсоциалистик елдердің барлығында  барлығында дерлік қазіргі таңда кәсіпорында, өндіріс орындарында ескірген негізгі құралдарды жаңарту мәселесі өзектілердің бірі. Өндірісте жоғары ғылыми техникалық құрал жабдықтарды енгізе отырып, шығаратын өнім сапасын , оның бәсекелестік қабілетін арттырамыз. Бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіру қарсаңында, отандық өндіріс орындары мен кәсіпорындардың өндірген өнімдері,  халықаралық сапа талаптарына жоғары бәсекеге төтеп беруі қажет. Міне бұл мәселелерді шешудің бірден бір тиімді жолы ретінде – лизинг қарастыруға болады.

Сондықтан, еліміздегі лизингтік  қатынастардың дамуына  қолайлы жағдай жасауымыз керек. 2000 жылы Қазақстан Республикасында     5 лизингтік компания жұмыс жасады. Олардың жасаған лизингтік операциялар көлемі де шамалы болды.

         Бүгінгі таңда лизинг  нарығында 20 шақты компания бар, олардың 15-і лизингттік компания ғана емес, сонымен бірге коммерциялық банктер болып табылады. Олар лизингтік нарықта белсенді қызмет жасауда.

                             Лизингтік  қызымет  нарығындағы  шешілмеген  мәселе  лизингтің  Республикамыз  аймақтарында,  облыстарда  бірдей  дамымау,  мәселесі.  Лизингтік  қатынастар  негізінде  Астана,  Алматы  қалалаыры  төңіріндегі  басым.  Лизингті  дамыту  бағдарламасы   аясында  сол  аймақтарда лизингтің артықшылықтарын  түсіндіру, оқыту  жұмыстарын  жүргізу,  лизингтік  кампаниялардың  филиалдарын  көптеп  ашу  жұмыстарын  жүргізуіміз  қажет.

Еліміздегі лизингтік қызметпен айналысушыларға мемлекет көптеп қолдау жасауда. Ол бір жағынан лизингтік компания өз қызметін жандандыру арқылы кәсіпкерлікті дамытуға, жұмыс бастылық мәселелерін шешсе, екінші жағынан лизинг беруші компаниялардың қызметін пайдалану арқылы, еліміздің көптеген кәсіпорындары өз құрал жабдықтарын жаңартуға және сол арқылы өз қызметін дамытуға мүмкіндік алды.

Лизингке әр түрлі салықтық жеңлдіктер жасалған. Лизинг беруші мен  импортталған негізгі құрал мүліктері қаржы лизингі үшін, және оны лизинг алушыға жалға беру, қосымша құн салығынан босатылады. Лизинг алушы өзіне қажетті құрал жабдықтарды біршама арзан бағамен импортауға мүмкіндік алды. Тікелей өзі импорт жасайтын болса, онда қосымша құн салығы қосылады. Импорт кезінде қосымша құн салығы салынбайтын негізгі құрал тізімі тікелей Қазақстан республикасында Үкіметімен бекітілген. Сондай-ақ лизинг бойынша сыйақы да қосымша құн салығынан босатылады.

           Ең басты мәселелердің бірі, негізгі құралдардың физмкалық, моральдік тұрғыдан тозуы, оның ішінде Қазақстанның басты салаларындағы негізгі құралдардың тозуы. Қазіргі кезде Қазақстан кәсіпорындары жақын және алыс шет елден жаңа техникамен жарақтануға мүдделі болып отыр. Жоғары саплы, бәсеке қабілетті өнім шығаруға техникалық құрал жабдықтары ескірген. Кәсіпорндар да оны жаңартуға қаржы тапшылығын сезінуде.

         Бұл мәселердің ең тиімді жолдарының бірі лизинг болып табылады. Экономикамыздың барлық салаларында физикалык- моральдік тозған негізгі құралдарды тез арада жаңарту қажеттілігі туындап отыр. Халықаралық Қаржы корпарациясының қабылдаған «Лизингті дамыту» бағдарламасының негізінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелсін шешуде  лизингтің маңызды роль ойнайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ:

  • ҚР «Қаржы лизинг туралы» заңы, 2004 ж. 10- наурыз
  • ҚР азаматтық кодексі және салық кодексі
  • ҚР Президенті мен Үкіметінің актілер жинағы 2004 ж., №9
  • ҚР Президенті мен Үкіметінің актілер жинағы 2002 ж.,№26
  • Президенті мен Үкіметінің актілер жинағы 1996-№6
  • Егеменді Қазақстан 2004ж., 16 наурыз
  • Заң газеті 2001ж. 21 мамыр
  • Ресми газет, 2004 ж., наурыз
  • Библиотека бухгалтера пред. №5(166), май 2004г
  • Промышленность Казахстана, 2004 ж.,№12
  • Промышленность Казахстана, 2004ж., №6
  • Бухгалтер Бюллетень «МФСО» 2004ж., №1-6

10) Аль Пари, 2004 ж., №4

11) Транзитная Экономика 2004ж.,  №6

12) Бухгалтер Бюлетень 2004 ж.,№21

13) Қаржы қаражат 2004 ж., №2

14) Қаржы қаражат, 2003 ж., №6

15) Аграрлық нарық проблемалары 2004 ж., апрель-июнь

16) Лизинг как механизм развития инвестиций и предринемательство

      Василев Н.М, М: Дека, 1999 г

17) Газман В.Д.  Финансовый лизинг: Учеб. пособ. М.: ГУВШЭ; 2003г

18) Гормешыкин В.А. , Оснавы технологий лизинговых операции , М.: Ось-                

       89, 2000 г.

19) Джуха В.М . Лизинг- Ростов Н/Д : Феникс, 1999г.

20)  Лешенко М.Н.   Основы лизинга: Учеб. пособ. – М.: 2001г.

21)  Анализ финансовый состояни и инаестиционной привлекательностьи,                                               

        М.:Финансый и статистика     2003г

22)  Лизинг: Экономические правовые и организционые основы под редакции Тавасиева

23) Горемыкин  В.А.  Лизинг: Учеб. – М.: Дашков и К, 2003 г.

24) Анализ финансововго положения предриятия    К.Ш. Дюсенбаев

       Экономика, 1998г