АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазақстан Республикасында сақтандыру шарты экономикалық қатынастары

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САҚТАНДЫРУ         

ЗАҢДЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУ АЛ­ҒЫ ШАРТТАРЫ

1.1 Сақтандыру және сақтандыру қызметінің түсінігі

1.2 Сақтандырудың дамуының тарихы

1.3 Сақтандыру экономикалық қатынастарының айрықша

категориясының бірі ретінде

 

2 САҚТАНДЫРУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ НЫСАНДАРЫ

2.1 Сақтандырудың түрлері

2.2 Сақтандыру қатынастарының субъектілері және қатысушылары

 

3 САҚТАНДЫРУ ШАРТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ

ҚАТЫНАСТАРДЫ  РЕТТЕЙТІН ШАРТТАРДЫҢ БІРІ РЕТІНДЕ

3.1 Сақтандыруды жүзеге асыру негізіндегі сақтандыру шарттары

3.2 Сақтандыру шартын орындау, өзгерту және күшін жою негіздері

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелері адамның және азаматтың өміріне, денсаулығына, мүліктеріне, еңбек ету бостандығына, меншік суъектілері мен объектілеріне, кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, қоршаған ортаны қорғауға қатысты сақтандыру құқығының жалпы принциптерін белгілеуге, сақтандыру саласындағы мемлекеттік саясат басымдықтарын айқындауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің бір түрі сақтандыру қызметінің конституциялық негіздерін құруға және сақтандыру туралы заңдарды қабылдауға байланысты мән-жайларды белгілі бір дәрежеде регламенттейді.

Осы орайда сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметінің конституциялық негізін құруға ат салысатын Қазақстан Республикасы Конституциясының  1- бап 1- тармағында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып саналады. 28-бабының 2-ші тармағында Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп отырады. Сонымен қатар 29-бап 1- тармағында Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.[1]

Бұл ретте аталған конституциялық нормалардың тікелей сақтандыру құқықтық бағытты ережелері 6-баптың 2- тармағында, 13- баптың 1-тармағында, 24- баптың 2-тармағында,  28- бабында, 31- бабында көрініс тапқанын байқаймыз.

Сақтандыру ел экономикасының стратегиялық секторы ретінде мемлекетке, азаматтарға және шаруашылық жүргізуші субъектілерге келтірілген материалдық залалдарды өтеу жолымен қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Осы орайда сақтандыру сақтанушының (азаматтың, адамның, жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның) мүліктік мүдделерін сақтандыру қорғауы арқылы қауіпсіздендіруді нысаналайды. Демек, сақтандыру кезінде сақтандыру қорғауымен өмірді сақтандыру бойынша азаматтың (сақтандырылған адам) өміріне, денсаулығына, еңбек ету қабілетіне, мүлікті сақтандыру бойынша заңды немесе жеке тұлғаның пайдалануындағы, билік етуіндегі, иелігіндегі мүліктеріне, сондай-ақ жауапкершілікті сақтандыру бойынша заңды немесе жеке тұлғаның мүлігіне не жеке басына келтірілген зиянды сақтанушының өтеуіне байланысты мүліктік мүдделер қамтылады.[2, 431 б.]

Нарықтық даму жағдайындағы сақтандыру ісі (сақтандыру) қандай болмасын қоғамдық-экономикалық формацияларда тиісінше дамып қалыптасатын және асқан қажеттілігімен ерекшеленетін әрі тиісті сақтандыру салалары бойынша жұмыс істейтін, қоғамдық пайдалы шаруашылық жүргізуге, тұлғалардың еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруына, қоршаған ортаға байланысты орын алуы ықтимал (орын алатын) тәуекелдерге орай қатысушылары (сақтандырушылары, сақтанушылары, сақтандырылғандары, пайда алушылары) нақтылы айқындалып, құқықтары мен міндеттері белгіленген материалдық мазмұнды қоғамдық қатынастар ауқымында мақсатты сақтандыру қорын және сақтандыру резервтерін құруды, сондай-ақ ұлттық сақтандыру жүйесінде өтеу (өтеттіру) механизмін іске қосатын сақтандыру жағдаяттары (оқиғалары) туындаған кезде тиісті заңнама және шарт негізінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жолымен сақтандыру қорғауының қамтамасыз етілуін нысаналайтын кәсіпкерлік сипатты — бағдарлы экономикалық институт болып табылады. Сақтандырудың экономикалық аспектісі мақсатты ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру және оларды әр түрлі төтенше әрі қолайсыз құбылыстар салдарынан келтірілген зиянды өтеу үшін пайдалану жөніндегі нысандар мен әдістердің жиынтығынан тұратын экономикалық (ақшалай) қатынастар жүйесі ретінде жұмылдыру, өтемдік (қайта бөлуші) және қорғау -алдын алу функциялары арқылы көрініс табады.

Бүгінде сақтандыру рыногын дамытудың негізі проблемалары тұрғысынан өмірді және жеке басты сақтандырудың жаңа түрлерін дамыту, сақтандыру ұйымдарын корпоративтік басқару жүйесін енгізу, мамандандырылған қайта сақтандыру ұйымдарын құру, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметі жөніндегі статистикалык және өзге де деректер базасын қалыптастыру, сақтандыру компанияларының қызметін автоматтандыру мәселелері және т.б. айқындалып отыр. Бұл ретте сақтандыру рыногының кейбір проблемалары қатарына: сақтандыру ұйымдарының өз тәуекелдерін басқаруы сапасының төменділігін; рыноктағы жекелеген сақтандыру ұйымдары белсенділігінің жеткіліксіздігін; сақтандыру ұйымдарының өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтанушыларға заем беру жүйесінің дамымағандығын; сақтандыру ұйымдарының қызметтер көрсетуі сапасының төменділігін; сақтан-дыру бизнесі саласындағы алаяқтыққа қоса ерікті сақтандыру бойынша қызметтер көрсетудің шектелуін және т.б. жатқызуға болады.

Осы дипломдық жұмыстың мақсаты:

— cақтандыру және сақтандыру қызметіне  түсінік беру;    

— сақтандырудың  дамуының тарихын зерттеу;

-сақтандыру экономикалық қатынастарының айрықша        категориясының бірі ретінде қарастыру;

-Сақтандырудың түрлеріне, сақтандыру қатынастарының субъектілеріне және қатысушыларына тоқталу;

-сақтандыруды жүзеге асыру негізіндегі сақтандыру шарттары және сақтандыру шартын орындау, өзгерту және күшін жою                                                                        негіздері туралы анықтама беру.

 

 

 

 

 

 

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА

САҚТАНДЫРУ    ЗАҢДЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУ АЛ­ҒЫ ШАРТТАРЫ

 

1.1 Сақтандыру және сақтандыру қызметінің түсінігі

 

 

Сақтандыру дегеніміз, сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені.

Сақтандыру қызметі — сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызметі.

Сақтандыру қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптармен түрлерге бөлінеді. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі «өмірді сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады.

«Өмірді сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:

  • өмірді сақтандыру;
  • аннуитеттік сақтандыру;

«Жалпы сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:

  • жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;
  • медициналық сақтандыру;
  • автомобиль көлігін сақтандыру;
  • темір жол көлігін сақтандыру;
  • су көлігін сақтандыру;
  • жүктерді сақтандыру;
  • 3) -7) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, мүлікті сақтандыру;
  • әуе көлігін сақтандыру;
  • кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;
  • автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
  • темір жол көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
  • әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
  • су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
  • тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
  • шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру;
  • 10)-14) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру.

Ерікті сақтандыру нысанында әрбір сыныптың мазмұны және оны жүгізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

Сақтандыру түрі, сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шегінде әзірлейтін және беретін сақтандыру өнімі болып табылады. Сақтандыру ұйымы өзі әзірлеген сақтандыру түрі бойынша қызметін уәкілетті мемлекеттік органмен сақтандыру ережелерін келіскеннен кейін ғана жүзеге асыруға құқылы.

Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың бөлек сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заң актілерімен белгіленеді.[3, 39б.]

Қазақстан Республикасының аумағында қайта сақтандыруды жүзеге асыру жөніндегі қызмет осы заңда көзделген заңда көзделген тәртіппен лицензиялануға тиіс.

Қайта сақтандыру бара- бар емес қайта сақтандыру қызметін де жүзеге асыру құқығын береді.

«Жалпы сақтандыру» саласы бойынша немесе «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензисы бар сақтандыру ұйымы бара бар қайта сақтандыру жөніндегі қызметін өзінің лицензисында  көрсетілген сыныптарда ғана қайта сақтандыру лицензиясынсыз жүзеге асыруға құқылы.

«Жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымының тек қана «жалпы сақтандыру» саласында қайта сақтандыру жөніндегі қайта сақтандыру жөніндегі лицензия алуға және бара-бар қайта сақтандыру жөніндегі қызметті де, бара-бар емес қайта сақтандыру жөніндегі қызметті де жүзеге асыруға құқығы бар.

Қайта сақтандыру қайта сақтандыру жөніндегі лицензия негізінде қызметтің ерекше түрі ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы «өмір сақтандыру» және «жалпы сақтандыру» салалары бойынша бара-бар қайта сақтандыруды да жүзеге асыруға құқылы.

Заңда қайта сақтандыру ұйымын құру, лицензиялау және оның қызметін тоқтату талаптарын қайта сақтандыруды қызметтің ерекше түрі ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымдарына қатысты келтірілген.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі:

Сақтандыру қызметі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге  асыратын кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрі болып табылады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметінен басқа қызметтің мынадай түрлерін:

  • уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен инвестициялық қызметті;
  • тиісті жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беруді (сақтандыру ұйымы үшін);
  • сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатуды;
  • ақпарат берілімдерінің кез келген түрлерінде сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі жөнінде арнаулы әдебиет сатуды;
  • бұрын өз мұқтаждары үшін сатып алынған (сақтандыру(қайта сақтандыру)ұйымы үшін) немесе оның қарамағына сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты келіп түскен (сақтандыру ұйымы үшін) мүлікті сатуды немесе жалға беруді;
  • сақтандыру қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетуді ;
  • сақтандыру (қайта сақтандыру)саласында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргізуді;
  • сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалы болуды;
  • сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы консоциум немесе жай серіктестік құруға, қатысуға құқылы.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кәсіпкерлік қызмет ретінде көзделмеген мәмілелерді жүзеге асыру мен операцияларды жүргізуіне тыйым салынады.

 Сақтандыру ұйымдары, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтандырушыларға (сақтандырушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қор құруға құқылы. Қордың құрылу тәртібі мен қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.

Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып, өзінің сақтанушыларына сатып алу сомасы шегінде қарыз беруге құқылы.

Сақтандыру ұйымы аннуитет шарты қолданылатын кезеңде актуарийдің қорытындысы негізінде уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен тұрақты беріліп тұратын сақтандыру төлемінің мөлшерін ұлғайтуға құқылы.[4, 160 б.]

Ортақ сақтандыру кезінде сақтандыру шартының талаптары ортақ сақтандыру шартымен белгіленетін жағдайларда жетекші сақтандыру ұйымының міндеті мен өкілеттігін өзіне қабылдайтын сақтандыру ұйымының сақтандыру ережелеріне сәйкес айқындалады. Ортақ сақтандыру шартына қатысушы сақтандыру ұйымы сақтандыру шартын сол сақтандыру түрі бойынша олардың ережелерінде көзделгенінен өзгеше жағдайларда жасасуға құқылы.

Лицензиясында тиісті сақтандыру сыныбы көрсетілмеген сақтандыру ұйымының ортақ сақтандыру ісіне қатысуына тыйым салынады.

1) Уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы жоқ бірде-бір тұлғаның:

өз атынан сақтандыру, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға, негізгі немесе қосымша қызмет түрі ретінде сақтандыру брокерінің, актуарийдің немесе уәкілетті аудитордың қызметін көрсетуге;

2)өзінің атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен  жарнамада «сақтандыру ұйымы», «қайта сақтандыру ұйымы», «сақтандыру брокері» деген сөздерді немесе оның өз атынан сақтандыру немесе қайта сақтандыру операцияларын жүзеге асыруды білдіретін не сақтандыру брокері, актуарий немесе уәкілетті аудитор ретінде көрінетін туынды сөздерді (сөз тіркестерін) пайдалануға құқығы жоқ.

Сақтандыру брокерінің қызметі ерекше қызмет түрі болып табылады және оны уәкілетті мемлекеттік орган лицензиялауға тиіс.

Сақтандыру брокерінің өзі қатысып жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша өкілеттігімен жауапкершілігі сақтандыру (қайта сақтандыру)шартының тараптарымен жасалатын тиісті шарттармен белгіленеді.

Сақтандыру брокерінің жарғылық капиталының ең аз мөлшеріне және оның қызметінің өзге де жағдайларына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.

Сақтандыру брокері, уәкілетті мемлекеттік органға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзі анықтаған төлем қабілетсіздігі фактілері туралы дереу хабарлауға міндетті.

Сақтандыру агентінің сақтандыру рыногында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттігі сақтандыру ұйымының тиісті құжаттарымен белгіленеді.

Сақтандыру агентінің өкілеттігі болмаған жағдайда оның сақтандыру агенті ретінде қызметіне жол берілмейді.

Сақтандару ұйымы, өзінің атынан сақтандыру агенті сақтандыру ұйымынан алған өкілеттік шегінде жасаған сақтандыру шарты бойынша қабылдаған міндеттемелерді сақтандыру ұйымының өзі  тікелей қабылдаған міндеттемелер ретінде орындайды.

 Сақтандыру агенті сақтандыруға міндетті талаптар, оның ішінде сақтандыру құжаттамасы бланкілерінің есебінен жүргізумен сақтау, қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу мәселелері жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасы талаптарымен ескеріле отырып, сақтандыру ұйымының ішкі құжаттарында белгіленеді.

Сақтандыру ұйымы сақтандыру делдалдығы операцияларын жүргізуге өзі уәкілдік берген сақтандыру агентерінің тізілімін жүргізіп отыруға міндетті.

Актуарийлік қызметті жүзеге асыру уәкілетті мемлекеттік орган берген лицензиясы бар жеке адам актуарий болуға құқылы.

Актуарийлік қызмет заңға және  уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес, сондай-ақ актуарийлік қызметті жүзеге асырудың халықаралық принциптері (стандарттары) ескеріле отырып жүзеге асырылуы тиіс.

Актуарийлік есептеулер мынадай негіздер бойынша:

  • сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша –бастамашылық актуарийлік есептеулер жүгізіледі.
  • Қазақстан Республикасының заңдарында көздеген жағдайларда- міндетті актуарийлік есептеулер жүгізіледі.

Актуарийлік есептеулер жүргізу кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы міндетті актуарийлік есептеулер мен қорытындыларды жасау және дайындау үшін қажетті, актуарий талап еткен қолда бар құжаттар мен мәліметтердің бәрін беруге міндетті. Актуарий өзінің қарауына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы табыс еткен құжаттар мен мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін жауап бермейді.

Актуарий өзі жасаған актуарийлік есептеулермен қорытындылардың  дұрыстығымен дәлдігіне Қазақстан Республикасының заң актілері жауап береді.

Актуарий, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерін қалыптастыру жөніндегі талаптарды сақтамағандығы туралы өзі анықтаған фактілерді уәкілетті мемлекеттік органға дереу хабарлауға міндетті.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің аудитін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы бар уәкілетті аудитор жүзеге асырады.

Сақтандыру қызметінің аудитін жүзеге асыруға қойлатын талаптар уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленеді.

Уәкілетті аудитор, жүргізілген аудит туралы қорытындының көшірмесін, уәкілетті мемлекеттік органға оның жазбаша сұратуы бойынша беруге міндетті.

Уәкілетті аудитор, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз құрылымында ішкі аудит қызметі (аудиторы) болуы міндетті, оның қызметі лицензиялауға жатпайды.[5, 272 б.]

Ішкі аудит жүргізу тәртібі, уәкілетті мемлекеттік органның талаптары ескеріле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті ішкі құжаттарында  белгіленеді.

Сақтандыру компаниясының қаржылық-шаруашылық қызметінің маңызды бағыты сақтандыру резерві және меншік капиталының қаражаттарын инвестициялау болып табылады.Жинақтаушы сақтандыру арқылы жиналған сақтандыру сыйақысының бір бөлігін инвестициялау сақтандыру келісім-шарттарын орындаудың қажетті элементі сақтандырудың тәуекелді түрлері (ең алдымен мүліктік тәуекелден сақтандыру) бойынша сақтандыру сыйақысын инвестициялау табыстың қосымша және елеулі көзі болып табылады.

Сақтандыру компаниясын сақтандыру операцияларынан кейін, табыс көзі ретінде  екінші болып келетін олардың инвестициялық қызметі дұрыс дамымай отыр. Сонымен қатар, Қазақстандағы сақтандыру қызметі нарығындағы өскен бәсекенің салдарынан сақтандыру тарифтерінің төмендеуі, әлеуетті сақтанушының тәукелден қорғаудың баламалы әдістерін таңдауы сақтандырушылардың инвестициялық белсенділігін дамыту проблемасын, ең көкейкесті проблемалардың қатарына қояды.

Сақтандыру компаниясының активтері қарқынды түрде өсуде және 2005 жылда 44,1 млрд.теңгеге жетті. Институционалды инвесторлардың  (сақтандыру компаниясы және зейнетақы қорлары) активтерінің тұрақты өсуі ең сапалы және өтімділігі жоғары қаржылық инструменттерге активтерге орналастыру үшін сәйкес шарттарды жасауға алғы шарттар қояды. Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарын реттеу және қадағалау агенті (ҚҚА) бұл бағытта белгілі бір шаралар жүргізуде. Бірақ, оның мүмкіншіліктері отандық қаржы нарығының белгілі даму ерекшелігіне байланысты шектеулі. Сондықтан, сақтандыру компаниялары және зейнетақы қорлары экономиканың нақты секторын ұзақ мерзімді ресурстармен қамтамасыз етуде елеулі рөль атқармайды.

Бастапқы кезеңде сақтандыру резервтері ең бірінші мемлекеттік бағалы қағаздарға (атап айтсақ, Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің бағалы қағаздарына) инветицияланады.

Сақтандыру резервтерін жұмсаудың екінші маңызды көзі- мемлекеттік емес бағалы қағаздар болып табылады. Олардың үлесіне инвестициялық потфельдің төрттен бірі тең. Алайда, сақтандыру компаниялары оларды сатып алу арқылы экономиканың нақты секторын инвестициялау деген сөз емес. Өйткені, корпоративті қағаздардың көп бөлігі екінші деңгейдегі банктердің  борыштық міндеттемесін  және аз бөлігі нақты сектордағы кәсіпорындардың облигацияларына тиесілі.

Сақтандыру ұйымдарының қызмет ету стандарттарын бекіту, корпоративтік басқаруды жетілдірудің ынталандырмасын қалыптастыру, тәуекел қаупі үлкен қаржы нарығының аймағында қадағалау ресурстарын шоғырландыру, өмірді жинақтаушы сақтандыру және аннуитет жүйесін дамытудың ынталандырушы жағдай тудыру мақсатында 2004 жылдың 3-ші желтоқсанында «салық салу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұл заңда аннуитетті сақтандыру бойынша корпоратиті табыс салығының мөлшерлемесі алынатын сақтандыру сыйақысының  сомасынан 2%-тен 1%-ке дейін төмендетіледі.

Қазіргі таңда, республикада жеке сақтандыру секторы дамымай отыр. Жеке сақтандыруды жүргізудің ерекшелігі (оның ішінде өмірді сақтандыру) қазіргі таңдағы проблемалармен байланысты: Халықтың табыс деңгейінің төмендігі; Посткеңестік кезеңдегі жеке сақтандырудың жағымсыз тарихы; Сенімді қаржы инвестициялық инструментердің шектеулігі; Болашақта әлуетті сақтанушылардың сенімсіздігі; Халықтың жекелеген сақтандыру делдалдарымен сақтандырушылардың сақтандыру мәдениетінің төмендігі;Ұзақ мерзімді жеке сақтандыруда халықтың қатысуы үшін экономикалық ынталандырманың болмауы. Бұл тізімге, халық тарапынан сақтандыруға деген сенімнің болмауын кіргізе аламыз. Бұл өткен кезеңдердегі ірі дауларға және КСРО мемлекеттік сақтандыру сомаларының құнсыздануымен байланысты.

Сондай-ақ, жеке сақтандырудың дамуына халық жинақтарын басқа тәсілдермен қалыптастыруды қолдану (жылжымалы мүлік, жылжымайтын мүлік, шетел валютасын сатып алу) кедергі болып отыр. Мұның себебі- бос қаражаттар салыстырмалы нақты құндылықтарға салынған кездегі отандық экономиканың инфляциялық кезеңі. Мемлекеттік міндеттерді шешу үшін қаражаттарды тарту проблемасы бірінші деңгейдегі маңыздылыққа ие және ұзақ мерзімді инвестициялық ресурстардың көзі болып табылатын жеке сақтандыру (оның ішінде өмірді сақтандыру) қосымша қаражаттарды тартуға мүмкіндік береді. 2004 жылы сақтандыру мәселері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңның жобасын әзірлеу  жұмыстары жүргізілді. Берілген заңнамалық жобаны әзірлеудің негізгі мақсаты Еуропалық Одақтың Директивалары мен Халықаралық сақтандыру қадағалауы принциптеріне сәйкес отандық сақтандыру заңнамасын үйлестіру болып табылады. Реттеу және қадағалау механизмдерін жетілдіру және сақтандыру қадағалауның жаңа принциптерін енгізумен қатар, сақтандыру индустриясының мына аспектілері қарастырылған:нарық инфрақұрылымы, нарық қатысушылары,қолданылатын түсініктер, сақтандырудың сыныпталуы, нарықты одан әрі ырықтандыру және басқалар. Берілген жобаны ойдағыдай өткізу отандық сақтандыру индустриясынның деңгейін дүниежүзілік тәжірибе деңгейіне жақындатуына және нарықтың халықаралық сақтандыру және қайта сақтандыру жүйесіне шығу жолдарын жеңілдетеді.[6, 116 б.]

Нарықтың негізгі көрсеткіштерінің өсуін ынталандыру мақсатында, атап айтсақ нарық сыйымдылығын арттыру және шетелге қайта сақтандырудың үлесін азайту мақсатында, ҚҚА  сақтандыру ұйымдарын кезеңмен капитализациялаудың 3 жылдық жоспарын құрды. Сондай- ақ бұл бағдарламаның мақсаты сақтандыру ұйымдарының жеткіліктігінің негізгі көрсеткіштерін әлемдік стандарттарға сәйкес келтіру болып табылады. Бұл өз кезегінде олардың қаржылық тұрақтылығын нығайтуға  және сақтанушы сенімін арттыруға ат салысады.

2004 жылы ҚҚА Ресей Федерациясы теритториясына кірген Қазақстандық көлігі иелерінің азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандырумен байланысты проблемаларды шешу туралы жұмыс атқарды. Бұл жұмыстың нәтижесі Ресей теритториясына кірген Қазақстандық көлік иелері үшін көлік құралдарының иелерінің азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақысының мөлшерін азайту болды. Коэфицент мөлшерін азайту, Ресей Федерациясы  мен Қазақстан Республикасының өзара мүдделерін ескере отырып жасалды.

2004 жылы сақтандыруды кепілдендіру жүйесін жетілдендіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Бұл осы жүйенің тұрақтылығын және міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін тұтынушыларының заңды құқықтарымен мүдделерін қорғау дәрежесін көтереді.    

Күшіндегі сақтандыру туралы заңнама сақтандырудың қолданылатын жіктелінуінің күрделенуімен ерекшеленеді. Қазір Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» заңының 6-шы бабына сәйкес сақтандыру салаларға, класстарға,түрлерге жіктеледі.

Сақтандыруды салаларға бөлу сақтандырудың әр түрлі объектілерімен байланысты. Сақтандырудың барлық түрлерін екі сомаға бөлу қарастырылған, олар:

  • өмірді сақтандыру;
  • жалпы сақтандыру;

Аталған сақтандыру саласының біріншісі заңмен қорғалатын игіліктердің арасындағы ең жоғарғы құндылық болып табылатын азаматтар өміріне қатысты болып келеді. Өмірді сақтандыру саласы бірқатар болмай қоймайтын объективтік сипаты бар өмірлік жағдайларда сақтандырылған (пайда алушы) тұлға ақша төленуін қарастырады.

Бұл тұлғаның қартайған шағында мүліктік мүдделерін кешенді қамтамасыз етуге, адамды жерлеуге шығындарды өтеуге сол сияқты мүмкіншілік береді. Осы себептен өмірді сақтандыру өмірді азаматтық құқықтық тәсілдермен қорғаудың бір жолы болып келетінін айтуға болады.

Ерікті нысанда сақтандыру өмірді сақтандыру саласына өз кезегінде кластарды енгізеді. Ерікті өмірді сақтандыруда екі класс қарастырылған, олар:

1) өмірді сақтандыру;

2) аннуитетті сақтандыру.

 

 

1.2 Сақтандырудың дамуының тарихы

 

 

Сақтандыру көне заманнан дамыған. Оның тарихы үш сатыдан тұрады.Бірінші сатыда, антиялық дәуірден 14 ғасырға дейінгі сақтандырудың негізі қаланды.Оның бірінші нысаны екі мың жылдықтан біздің эрамызға дейінгі вавилон патшасы Хаммурапи заңыннан көрініс тапқан, сауда керуенінің қатысушыларының арасында жасалған келісімде , егер олардың біреуі жағымсыз жаңалықтан қатерленсе ,онда қалғандары онымен қайғысымен бөлісіп шығындарына көмектескен. Аналогиялық шарт Палестинада және Сирияда жасалған. Теңіздегі қауіптілік шығындарын ішінара бөлісу туралы келісім Персид шығанағы Ежелгі Греция және Финик жағалауында сатып алушылармен жасалған. Ежелгі Римде ішінара нақты сақтандыру кеңінен тараған, онда кәсіптік бірлестіктердің қатысушыларына ауырып, қайтыс болған жағдайда материалдық көмек көрсету болған. Әскерде қайтыс болған,жұмыстан шығарылған , басқа өңірлерге көшірілген отбасыларға және әскерлерге көмек көрсету үшін арнайы бірлестіктер құрылды.

Сақтандырудың екінші сатысы 14 ғасырдан 15 ғасырдың ортасына дейінгі кезеңдерді қамтиды.Италияндық теңіз кемесінде сақтандырудың кейінгі бірлестігі дамиды. Сақтандыру шартының  кейіпі болып банкирмен сатып алушы(купцом) немесе сот билеушісі(судавладельцем) арасында жасалған теңіз суда шарты болып саналады. Біртіндеп суда шарты сақтандыру шартына ауысып, теңіз сақтандыру полисі түрінде толтырыла  бастады (полис италиян тілінен «дәлелдеме» деп аударылады).Теңіз рейс полисі аяқталғаннан кейін жайылып кеткен , сондықтан олар аз ғана сақталған. Ең көне сақтандыру полисі болып біздің заманымызға жеткен 1347 жылы Генуеде құрылған сақтандыру шарт полисі саналады. Теңіз сақтандыру жұмысының жариялану куәлігі болып 1393 жылы сексен сақтандыру шартын бір апта ішінде құрған генуэз нотариусының жұмыс хроникасы болып табылады.Италиядан кейін теңіз сақтандыруы Испания, Германия, Голландия, Португалияда дами бастады.16 ғасырдың аяғында Швейцарияда және Германияда малды сақтандыру үшін ауыл шаруашылық бірлестік құрылды.18 ғасырдың басында сақтандырудың үш түрі пайда болды: теңіз, от, мал. От сақтандыру отаны болып Англия және Германия саналды. Германиядағы сақтандырудың бұл түрінің мақсаты мүліктері өртеніп кеткен, өрттен қайтыс болған қатысушыларға материалдық қамтамасыз ету. Осыған байланысты 1677 жылы Гамбургта генералды от кассасы, ал 1701 жылы Берлинде «от сақтандыру жарғысы» қабылданады. Англияда от сақтандыру 1666 жылы кейін кейін әйгілі Лондон өртіне кейін пайда болды.

18 ғасырдың екінші жартысында мүлікті сақтандыру басталады (Гамбургте 1779 жылдан, Лондонда 1786 жылдан бастап). Кейінірек өмірді сақтандыру пайда болады. 1762 жылы Англияда ең алғаш рет өмірді сақтандыру математика-статистика әдістерінің негізінде қазірге дейін жүзеге асырылып келе жатыр.

Сақтандырудың үшінші сатысы 19 ғасырдың ортасын және сақтандыру нарығының қазіргі кезеңін қамтиды.

Сақтандыру-өндірістік қатынаста бөлінбейтін болып саналатын адамдар арасында қоғамдық экономикалық қатынастың ежелгі категориясы.

Сақтандырудың алғашқы мәні «қорқыныш»сөзімен байланысты жекелей алғанда «сақтандыру» түсінігі (ішкі сақтандыру) кей кезде қандайда бір істің маңыздылығын қолдауда, қандайда бір нәрсенің сәттілігіне кепілдік беру ретінде және тағы басқа қолданылады.

Ағымдағы уақытта берілген термин жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін мүлікті және мүліксіз сақтану құрылымының мағынасында жиі қолданылады. [7, 34 б.]

Сақтандырудың алғашқы формалары ерте кезде пайда болған. Осы уақыттың бастауына дейін жетуі бойынша, сол құл иеленуші қоғамы кезінде сақтандырудың шарт түрлерін қарауға болатын уағдаласулар жасалған. Бұл уағдалар қозғалмайтын мүліктерге, саудаға, ссудалық шарттарға, сондай-ақ теңіз кемелеріне тиісті болады. Бұл уағдалардың негізгі мәні теңіз бойынша тасу кезіндегі жүктер және суда шығындалу мүмкіндігінің тәуекелінен, берілген келісімге мүдделі, тұлғалар арасында таратып берілуі көзделеді.

Сақтандырудың негізгі формаларының шығуы негізінде өзара міндеттерімен қамтамасыз етілген ұжымдық өзара көмек болады.

Ынтымақтастық қатысушыларының өзара сақтандыру кезінде берілген қызметтің тегіннен пайданы алу өзінің мақсаты қылдырып қойылмағанын атап өткен жөн. Олар шығынның өздеріне түсуі мүмкіндігіне орай шығынның азаюы туралы қам жеді. Осыған сәйкес жүйелер теңіз сақтандыру аумағында осы уақытқа дейін қозғалыста.

Бірлескен сақтандырудың алғашқы ынтымақтасы уақыт өткен сайын осындай операциялардан пайда алуынан және кәсіпорын принцптерінде құрылған коммерциялық мамандандырылған сақтандыру компанияларында құрыла бастады. Олардың пайдасы істің зиянсыз жүргізілу мүмкіндігінен және сақтандыру төлемінің арнайы қарастырылған бөлігінен жатақталды.

Мүлікке деген мүдделерінің артуынан, эканомиканың дамуымен сақтандыру компанияларының саны өсті және басқа да халықтың шаруашылық жинағы,олардың айналымдағы капиталы ұлғая түсті.

Сақтандыру ісі шаруашылық етудің әкімшілік-әміршілік жүйесі жағдайында КСРО мемлекеттік монополиясы болып табылады.

КСРО-да мемлекеттік сақтандырудың басты басқармасы болып (олардың органдарымен бірлескен мемлекеттерде, облыстарда, қалаларда және аудандарда) мемелекеттік сақтандыру саналады.

Мемлекеттік сақтандыру жүйесі 1958 жылға дейін КСРО масштабында нақты орталықтандырылды. 1958 жылдан Мемлекеттік сақтандыру жүйесінің бөлігі  республиканың қаржы одақтарының министірлігіне жүргізуге тапсырылады.

1967 жылдан 1991 жылға дейін Мемлекеттік сақтандыру жүйесі одақты-республикалық болды.Ол КСРО Минқаржысына бағынған КСРО Мемлекеттік сақтандыру басқармасымен басқарылды.

Сақтандыру ісін дамытудың маңызды рөлін 1984 жылдың 30-шы тамызынан КСРО Министрлер Кеңесінің «Сақтандыру органдарының жұмыстарының сапасын көткру және Мемлекеттік сақтандыруды алдағы уақытта да дамыту бойынша шаралар туралы» қаулысында жүргізді. Коммерциялық қаржылық және шаруашылық тәуекелдерді шаруашылық жүргізуші субьектлері үшін күнделікті шындыққа айналған кездеде және мұндай тәуекелдерді сақтандыру тәжірбиесіде шындыққа айналғанда, кәсіпкерлікті заңдастыруға байланысты ахуал күрт өзгерді.  

КСРО-дағы сақтандыру ісін монополиядан айыру «КСРО операциялары туралы» заңның қабылдауымен, соған сәйкес кооперативтерге  мемлекеттік сақтандыру органдпрында өзінің мүлкімен өзгеге мүліктік мүдделерді сақтандыруға, сондай-ақ, кооперативтік мекемелер құруға; сақтандыру жағдайы мен тәртібін және түрлерін анықтауға рұқсат етілуіне байланысты тек 1988 жылы ғана басталды.

Дегенмен, әуелгі бастан кооперативтік ұйымдар заңмен айқындалған салалармен шектеліп қалған жоқ, және мүліктік, несиелік сақтандыру және  өмірді сақтандыру бойынша әр түрлі операциялар жүргізе бастады.[8, 264 б.]

Мемлекеттік емес сақтандыру ұйымдарын құруды жеделдетуінің маңызды рөлін 1990жылдың 19маусымында КСРО министірлер Кеңесінің бекітілуінде жүргізді. «Шектелген жауапкершілікпен акционерлік ұйымдар және серіктестіктер туралы» ережесі және «Халықтық шаруашылықтың демонополизациясы бойыша шаралар туралы» қаулысы (1990ж.16 тамыз). Соңғы қаулы сақтандыру нарығы араларында бәсекелестің әр түрлі сақтандыру ұйымдары қызмет жасаудың мүмкін екендігіне  тікелей бағытталған.   1991жылдың қаңтар айынан Қазақстан Республикасының сақтандыру органдары дербес жұмыс жасауды көздеді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Коммерциялық сақтандыру компаниясы ҚазақСРО мемлекеттік сақтандыру Басқармасының  негізінде қайта құрылды. Даусыз, бұл сақтандыру ұйымы балама сақтанушымен салыстыру бойынша аса пайдалы сақтандыру жағдайы болып шықты. Оның өкімінде, сақтандыру нарығында жүргізуші рөлін сақтауға рұқсат ететін, маманды негізгі құрам, филиалдардың тарамдалған желі, маңызды сақтандыру резервтері болып табылады.[9, 96 б.]

Сонымен, 1995 жылдың сәуір айында мемлекеттік сақтандырудың республикалық жүйесінде қайта құру және жекешелендіру басталды.  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік коммерциялық сақтандыру компаниясаның Басқармасы республика аумағы бойынша филиалдардың желін сақтаусыз, «Сенім сақтандыру компаниясы» акционерлік ұжымында түрлендірілді. Осы қалыппен, әр түрлі меншік формаларындағы сақтандыру ұйымдарының қызметі үшін кең мүмкіндіктер ашылды. [10, 116 б.] 

Сақтандыру ұйымдары қызметінің мемлекеттік реттеуін Қазақстан Республикасының Ұлтық Банкісінің сақтандыру қадағалау Департаменті жүзеге асырады.

Ұлттық сақтандыру нарығында сақтандыру қатынасын реттеудің заң шығару негізі болып, 2000 жылдың 18 желтоқсан айынан «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңы саналады.

Сақтандыру нарығын қалыптастырудың алғашқы кезеңінде мемлекеттік сақтандыруды қадағалаудың негізгі назары, осындай қызмет түріне сақтанушылардың өткізу жүйелерінің ұйымдарына мақсатталады. Қазіргі уақытта қызмет көрсететін сақтандырушылардың қаржы жағдайларының саралауына үлкен назар аударылады. Бұл ұлттық сақтандыру жүйесінің тұрақтылығын ұлғайтуға көмегін тигіздіреді.

Қазіргі жағдайда сақтандыру-бұл өмірдің әр түрлі салаларында барынша жиі болатын жағдайларында теріс әсерінен заңды тұлғалар мен азаматтардың мүдделерін қорғау әдістерінің бірі.

Адамдар жиі өрттерден, су тасқыны, сел және осылар сияқты тағы да басқа жағдайлар нәтижесінде өздерінің қозғалмайтын және қозғалатын мүліктеріне айырылу мүмкіндігіне сақтануды қалайды. Кәсіпкерліктің дамуы тиісінше тәуекелдердің өсе түсуіне әкелді, олар іскерліктегі әріптестердің сенімсіз болып шығуы, нарықтағы бағалар (құндылықтар) кенет өзгеріп кетуіне, шарт бойнша әріптестердің банкротқа ұшырауына байланысты болуы мүмкін шығындар болады.Өз кезегінде бұл сақтандырудың дамуына қосымша түрткі болды. Уақыт ағымында мұндай қажеттілік азаймайды, керісінше азаматтар мүліктік жағдайы жақсаруының және кәсіпкерлік дамуының салдарынан сақтандырудағы қажеттілік одан әрі өсе түседі.

Айтылғандардың сенімділігін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен №491 27 қараша, 2000 жылы бекітілген, 2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын қабылдау фактісі растайды. Бұл бағдарламының мақсаты ретінде қазіргі заманға сәйкес және тұрақты ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастыру белгіленген (аталған). Мұндай сақтандыру нарығы мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық субъектілердің мүдделерін қорғаудың шынайы құралы болуы қажет. Осымен қоса тиімді сақтандыру жүйесін құру, мемлекеттік әлеуметтік  саясаттың бір құрамасы ретінде де танылуы керек.

Бағдарламада атап өтілгендей, сақтандыру саласы адам өмірінің өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтерінің барлық жағын қамтиды. Сақтандырудың дәстүрлі орынын толтыру (компенсациялық) міндетімен бірге өзге де міндеті қарастырылған. Енді сақтандыру жинақтау- қаражат сақтау міндетін де атқару қажет. Сақтандырудың мәні бірқатар факторлармен анықталады. Ол мемлекет тарапынан қаралған шаралар көлемі мен сипатынан тәуелсіз халық пен ұйымдардың әртүрлі мүдделерін қосымша қорғауды ұсынуға мүмкіндік береді. Табиғи және техногендік апаттар, әсерлерін жою бойынша шығындардың негізгі ауыртпалығы қазіргі уақытта оның мүикіншіліктері объективті шектеулі болып келетін мемлекеттік бюджетке түседі. Сақтандыру осы қолайсыздықты жоюы тиіс. Бұдан басқа сақтандыру механизмін пайдалану өндірісте қолданылып жүрген технологияның жетілдірілуіне, кәсіпкерлік қызметтің жедел дамуына мүмкіншілік береді.

Сақтандыру жүйесі республика экономикасы тұрақты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды көтеру үшін қосымша негізді құруға, азаматтармен шаруашылық субъектілер мүлкін сақтандыруға әсер етуі қажет.

Сақтандыру мәселелері медицинаны қоса алғандағы әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелеріне тікелей қатысты. Қазіргі заманғы сақтандыру индустриясын құру мемлекетке келесі міндеттер қатарын шешуге мумкіндік береді:

  • табиғи-техногендік сипаттағы қарастырылмаған шығындарды толтыруда мемлекеттік бюджетке ауырпалықты азайтудың;
  • нарықтық экономика қағидаларына сай сақтандыру жәрдемімен әлеуметтік қамтамасыз етудің жекелеген мәселелерін шешуге жинақталған зейнетақыны төлеуге, еңбекке қабілеттілікті жоғалтуға, асыраушының қайтыс болуына, жұмыссыздыққа жәрдем ақыларды төлеуге, денсаулық сақтауға қатысты шығындардың орнын толтыруға;
  • халықпен ұйымдардың қаражаттардың ұзақ мерзімді негізде ұлттық экономикаға шоғырландыруға.

Мемлекет бұдан бұрын жеткілікті қуатты әлеуметтік кепілдіктер жүйесін қамтамасыз етуге қабілетсіз болып шықты. Кепілдіктерді қамтамасыз ету міндеті қазір сақтандырудың «иығында» болып тұр. Осымен бірге бірқатар мамандықтардың қауіптілігінің дәрежесі өсе түсті. Құқық қорғау органдары ұйымдасқан (кәсіби) қылмыспен бетпе-бет келді, техногендік апаттар саны өсті. Нарық жағдайында (жаңа еңбек қатынастарында) адамның өмір сүруі үшін өмірмен денсаулыққа келтірілген зардаптарды қалпына келтіруде қандайда болсын бір мүмкіншілігі болуы өте маңызды. Жоғары қауіптілік көздерімен келтірілген зардаптардың орнын толтыру, соның ішінде автомобиль көлігі және басқа мәселе де өзекті. Мұның барлығы Қазақстан Республикасында  нарықтық қайта қалыптасу кезеңінде сақтандыру саласында ең маңызды өзгерістер басталуына негіз қалаған заңдардың, өзге нормативтік құқықтық актілердің қабылдануына әкелді. Бірінші кезекте өзге тиымсыз қылып көрсеткен сақтандырудың толығынан мемлекеттік жүйесінен бас тартылады. Бәсекеге негізделген сақтандыруға жол беріледі. Сақтандыру кәсіпкерлік түрлерінің біріне айналды, және  қазір ол кәсіпкерліктің ең жоғарғы ұйымдастырылған түрлерінің бірі. Сақтандырумен әлеуметтік міндеттердің орындалудың маңыздылығын есепке ала отырып, мемлекет сақтандыру дамуын бақылаусыз өз бетімен жібере алмады. Сондықтан сақтандырудың дамуы қазіргі заманғы құқықтық салалардың бірінің сақтандыру құқығының дамуымен бірге болады. А.И.Худяковтың анықтамасына сәйкес: « Сақтандыру құқығы елдегі сақтандыру ісін ұйымдастыру және сақтандыру қызметін жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы».

Сақтандыру ісінің дұрыс ұйымдастыру мәнін төмендетпей, сақтандыруға жататын  жағдайлар әсерінен зардап шеккен тұлғалар мүліктік өтем жасау мақсатына жетуді қамтамасыз ететін тікелей құралы болып жеке жасалған азаматтық-құқықтық шарт келетіні айтып кетейік. А.И.Худяков азаматтық құқық үлесіне шарттық сақтандыру міндттемесінің жалпы құрылысын  анықтауды жатқызады. Біздің көзқарасымыз бойынша, азаматтық құқық көзқарасынан шарттық қатынастар шеңберінде пайда болатын барлық мәселелерді қажетті реттеу, сақтандыру қатынастарын ықылассыз қатысушыларына азаматтық-құқықтық әсер етудің шегі мен мазмұнын анықтау қажет. Шарттың толық құнарлы жүйесінің болмауы, біздің көзқарасымыз бойынша, КСРО кезіндегі қалыптасқан сақтандырудың әлсіз жақтарының бірі болды.

Сақтандыру шартын қарастыруда біз әкімшілік (қаржылық)  құқық саласына жататын құқықтық нормалар әрекетін ескермесек болмайды. Сақтандыруға арналған заң актілерінде  аталған  шартты қарастыруда да пайдаланылатын түсініктер жиынтығы бар.

Сонымен, сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома (сақтандыру самасы) шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді. Сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде сақтандыру жүзеге асырылады.

Осыған дейін біршама уақыт бұрын сақтандыру қатынастарын кешенді реттейтін заң актісі болып Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 3 қазанынан «Сақтандыру туралы» заң күші бар Жарлығы саналды. 2000жылдың 18 желтоқсанында Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» жаңа заңы қабылданды, қазір ол заңгерлер тарапынан жоғары бағаланады. Онда сақтандыру ісін ұйымдастыруды қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келтіруді қамтамасыз ететін шаралар қарастырылған. Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтін нормалардың көбісі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 803-845 баптарын қамтитын 40-шы «Сақтандыру» деп аталатын тарауында мазмұндалған. Сақтандырудың жекелеген түрлерін реттейтін бөлек нормативтік актілердің де бірқатар саны бар, мысалы 1996жылдың 31 қазанынан №1319 Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысымен 1997жылдың 2 сәуіріндегі №460 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген және тағы басқалар.

Сақтандыру қызметіне бақылау жүргізу туралы ережелер Қазақстан Республикасының 1995жылдың 30 наурызында қабылданған «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» заңында мазмұндалған. Сонымен бірге сақтандыру туралы жекелеген нормалар Қазақстан Республикасының 1995жылдың 31 тамызынан «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңында да бекітілген.

Сақтандыру құқығы онда арнайы түсіндіруді талап ететін терминдердің елеулі қолданылатын құқықтық салалардың біріне жатады. Түсіндіру түсініктер (терминдер) қолданылатын нормаларды талқылаған кезде оларды әр түрлі түсіну қауіпімен қорғайды. Сонымен бірге түсініктерді анықтау бұл қазіргі құқықта кең қолданылатын тәсіл, ол нормативтік актілерді заң техникасы көзқарасынан жетіктеу қылуға мүмкіншілік береді (материалды артық қайталамауға мүмкіндік береді). [11, 320 б.]

Сақтандырусақтандыру шартымен анықталған, сақтандыру ұйымының жеке активтері есебімен тікелей сақтандыру төлемдерін қалыптастыратын сақтандыру жағдайы немесе басқа жағдайлардың пайда болуындағы заңды және жеке тұлғалардың заңды қызығушылығын мүліктік қорғау жөнінде қатынастар  кешенін ұсынады.

Сақтандыру қызметі Қазақстан Республикасы заң талаптарына сәйкес мемлекеттік өкілетті органның лицензиясы негізінде қалыптасатын сақтандыру шарттарын орындау және бекітумен байланысты сақтандыру ұйымдарының қызметі.

Сақтандыру жағдайысақтандыру шарты сақтандыру төлемін төлеуді қарастыратын жағдай. Сақтандыру жағдайы- табиғи әсер, техногендік сипат және нақты адам әрекеті ретінде өз пайда болу себебін иемденетін жағдай. Сонымен қатар, сақтандыру жағдайы ретіндегі  қарастырылатын жағдай кездейсоқтылық және ықтималдық  белгілеріне иемденуі қажет. Сақтандыру жағдайының түсу ықтималдығының деңгейі шарт жақтарымен өз бетінше бағаланады, сонымен қатар жағдайдың ықтималдылығы болмай қоймайтындыққа  жақын болмауы қажет, соңғысы орын алса мұндай жағдай кездейсоқ болмайды. Жағдай орын алудың ықтималдылығымен кездейсоқтығының талаптары жинақтау сақтандыру шарттары бойынша қарастырылатын фактілерге (оқиғаларға) қолданылмайды.

Сақтандыру жағдайларының түрі заң актілерімен (сақтандыру міндеті болып келген кезде) және шарттарымен (сақтандыру ерікті болып келген кезде) қолданылмайды.

Актуарий- сақтандыру ( қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарты бойынша міндеттемелер мөлшерінің экономикалық- математикалық есептеулерін жүзеге асыруға байланысты қызметті атқаратын жеке тұлға.

Сатып алу сомасы— жинақтаушы сақтандыру шартын қолдану мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының алуына құқығы бар ақша сомасы.

Сақтандыру ережелері-белгілі бір сақтандыру түрі бойынша сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын айқындайтын сақтандыру ұйымының құжаты.

Қайта сақтандырушы (цедент)— өзі қабылдаған сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымы.

Қайта сақтандыру— сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымы қабылдап, кейінен өздерінің арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымына сақтандыру тәуекелдерінің бәрін немесе бір бөлігін беруге байланысты қызмет және соған байланысты туындайтын қатынастар.

Сақтандыру сыйақысы— сақтандырушының сақтандыру шартымен аннуитетте  анықталған мөлшерде сақтанушыға сақтандыру төлемін жүргізудің соңғы міндеттемелерін қабылдау үшін төлеуге міндетті ақша сомасы. Сақтандырушыдан алынған сақтандыру сыйақылары сақтанушының меншік құқығына жатады.

Сақтандыру сомасы-сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайының пайда болуындағы жауапкершіліктің шектеулі көлемін ұсынатын ақша сомасы.

Сақтандыру төлемі— жинақтаушы сақтандыру шартында анықталған, сақтандыру жағдайының келіп түсуінде немесе мерзімнің келіп түсуінде сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандырушы мен сақтанушыға төленетін ақша сомасы. Сөйтіп, сақтандыру төлемі сақтандырушы іс жүзінде төлейтін ақшалай сома болып келеді. Осыдан сақтандыру төлемінің сақтандыру сомасынан айырмашылығы көрінеді.

Келтірілген түсініктер тізімі аяқты болып табылмайды, бірақ олардың кейбіреулерін сақтандыру қатынастарын одан әрі қарастыру жүрісінде ашу орынды болып келеді. [12]

Белгілі бір сақтандыру жағдайлары болған кездерде ақшалай қордың есебінен сақтандырудың орнын толтырып, соның жәрдемімен (сақтандырылған) жеке және заңды тұлғалардың мүліктік қатынасы бойынша сақтандыру мүдделерін қорғау болып табылады. Бұл ақша қорлары сақтандыру төлемдерінен және заңда тыйым салынбаған өзгеде көздерден түскен қаржы арқылы қалыптасады.

Сақтандырудың түрлері. Сақтандырудың бөлімдері:

-міндетті дәрежелері бойынша: а)ерікті; б)міндетті;

-сақтандыру объектісі бойынша: а)жеке; б)мүліктік;

Міндетті сақтандыру-заң талабының күшімен жүзеге асырылатын сақтандыру.(Өз денсаулығын сақтандыру міндеті азаматқа жүктелмеуі керек).

Ерікті түрде сақтандыру-екі жақтан да өз еркімен жүзеге асырылатын сақтандыру.

Азаматтың жеке басына байланысты өз өмірін, денсаулығын жұмысқа қабілетті және басқа да мүдделерін сақтандыру жеке басын сақтандыруға жатады.

Мүлікті сақтандырумен сол мүдделерге байланысты, азаматтық- құқықтық жауапкершілік және кәсіпкерлік тәуекелдікті қосқанда- мүліктік сақтандыруға жатады.

Азаматтығы жоқ, шетел азаматтары, өз қызметтерін ҚР аумағында жүзеге асырып жатқан шетелдік заңды тұлғалар ҚР заңды тұлғалары және азаматтарымен бірдей сақтандыру құқығын пайдаланады.

ҚР сақтандыру ұйымдарындағы шетелдік инвесторлардың жарғылық қордағы қатысу үлесі 50% аспауы керек.

Сақтандырушы тиісті сақтандыру түрлерін іске асыруға құқылы лицензиясы бар, сақтандыру қызметін жүзеге асыру үшін құрылған- коммерциялық ұйым.

Мемлекеттік емес сақтандыру ұйымдары шаруашылық жүгізу құқығына негізделген кәсіпорын түрінде құрылды. Ұйымдастыру құқылық және меншік түрлерінің тәуелсіздігіне қарамастан, сақтандыру ұйымдарының жарғылық қорларының көлемін Қаржылық нарықты қадағалау және реттеуі бойынша агентті ақшалай қаражатын қалыптастырып белгілейді. Мемлекетік тіркеу мезгілінде сақтандыру ұйымының қоры ең аз шамадағы мөлшердің 50%-нан кем емес ақша түрінде қалыптасуы  тиіс, сондай-ақ тиісті банкінің берген қаражаты арқылы дәлелденуі керек. Қордың қалған бөлігі сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензияны алу мезгілінде, құрылтайшылық құжаттарының мөлшерін қарастырғанға дейін қалыптасып үлгерулері керек.

Сақтандыру компанияларының пассивті және активті операциялары айрықша сипатта болады да, банктердің осыған ұқсас операцияларынан өзгешелеу  болып көрінеді.

Сақтандыру компаниялардың пассивтері заңды және жеке тұлғалардың сақтандыру сыйақылары төлемдерінің есебі негізінде қалыптасады.

 

 

1.3 Сақтандыру экономикалық қатынастарының айрықша

категориясының бірі ретінде

 

 

Сақтандыру қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын  бейнелейтін  көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік – экономикалық  қызметтің барлық жағын  қамтиды. Сақтандыруға  түрткі  болатын  басты себеп — бұл өндіріспен адам өмірінің қауіп — қатерлі  сипаты. Сондықтан өндіріс процесстерін жалғастыру, азаматтардың  жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл- ауқатын қолдап  отыру мақсатында оларды сатып  алу  үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық  аспектілерді натуралдық–заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін  қажетті  қаражаттары  болуы тиіс.Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады. [13, 34 б.]

Сақтандырудың мақсаты ұдай өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:

  • қатынастардың ықтималдық сипаты;
  • қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда- мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде).

Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:

  1. сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
  2. сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
  3. оның іс-қимылы ақша қорын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;
  4. сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
  5. ақша қорын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді

Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субьектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын  арнаулы қаржы- несие институты ретінде қарауға болады.

Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағандарға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру- қолайсыз құбылыстармен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.

Сақтандырудың экономикалық мәні бұл категорияның қоғамдық  арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.

Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін  жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.

Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатта пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.

Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын құруды ұсынады, өйткені сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі айналымымен қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.

Сақтық қатынастарының бір бөлігін салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен (кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып) қоғамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы болады. Бұл қатынастармен қорлар байланысы және жалпы ұлттық сипаты бар төтенше уақиғаларды ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда тұрақты жұмыс істейтін қорлардан басқа (жалпы мемлекеттік материалдық резервтерден, Үкімет резервтік қорларынан) кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың ерікті қайрымдылықтары есебіне қосымша қаражаттар жұмылдырылуы мүмкін. Бұл қорлар халыққа, өндіріспен инфрақұрылымның объектілерін жаңғыртуға, экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға келтірілген зиянды өтеуге пайдаланылады.

Қатынастардың екінші бөлігін біршама тар арналымдағы қорларды- әлеуметтік қорлармен әлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана отырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғауға болатындығы. Бұл қатынастардың іс- әрекеті халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттігімен байланысты.

Үшінші бөлік қатынастардың тұйық аясын пайдалана отырып және олардың осы жиынтығы шегінде бұл қатынастардың баламалылығына жете отырып, адамдардың денсаулығымен әл-ауқатын, олардың мүлкін, сонымен бірге шаруашылық жүргізу субъектілердің мүлкін сақтық қорғау жөніндегі қатынастар болып табылады. Бұл- жалпы сақтандырумен өмірді сақтандыру және шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін мүлікті сақтандыру.

Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық сақтандыру болып табылады.

Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдістері.

Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.

Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын-ала қарастырады; жарналардың мөлшері және оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық қатынастырының қатысушылары арасындағы арнайы келісім шартпен анықталады.

Сақтық қатынастарының бірінші бөлігінде – қоғамдық қорғауда бюджеттік әдіс пайдаланылады, екінші бөлікте әлеуметтік сақтандыруда – қос әдіс, үшінші бөлікте жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыруда тек сақтық әдіс пайдаланылады.

Ірі апаттар мен нәубеттердің зардаптарын жою жөніндегі шараларды қаржыландыру үшін қайрымдық қайыр көрсету алымы немесе белгілі бір уақиға шалмаған қатысушылар арасындағы қаражаттарды бөлу сияқты көмекші әдістер қолданылуы мүмкін. Сонымен бірге, өзін-өзі сақтандыру негізінде ақша қаражаттарын немесе материалдық босалқы қорларды қалыптастыру әдістеріде болуы мүмкін. Мұндай әдіс ауыл шаруашылығында (босалқы қорлар жем –шөп, тұқым, отын және т.б. қорлар), материалдық өндіріс сферасының  кәсіпорындарында (шикізаттың, шала фабрикаттардың, басқа материалдардың босалқы қорлары) қолданылады, азаматтардың жекеше жинақ ақшалары олардың сақтық босалқы қорлары ретінде қаралуы мүмкін.

  Сақтандыру экономикалық категориясының материалдық ақшалай иелері сақтық қорлары бола алады, олар қоғамдық ұдайы өндірістің элементтері, сақтық қатынастары қатысушыларының жарналары, мемлекеттік бюджет қаражаттары, қаржаттардың ерікті аударымдары, қайыр көрсету және сақтық қатынастары қатысушыларының тарапынан болатын бірқатар басқа айырмашылықты төлемдер есебінен қалыптасатын ақшалай немесе материалдық  қаражаттардың резервтері болып табылады.

Сақтық қорлары — қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын-ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.

Мүліктік мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және оның орнын толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қоры материалдық немесе ақша қоры нысанында жасалады. Сақтық қорларында қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.

Сақтық қорларының басқа қорлардан ерекшклігі: олар алдын-ала тұтыну қорларына  да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол табыс ретіінде тұтынылмайтын және қолдануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден- бір бөлігі.

Нарықтық экономикада сақтық қатынастарының едәуір бөлігі коммерциялық қатынастар болып табылады. Ең алдымен бұл жалпы сақтандырумен өмірді сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі өзгеше сақтық қызметтерін көрсетуге түрленеді. Бұл қызметтер көрсетудің бағасы сақтық тарифтері мен жарналары түрінде болады.

Клиенттерді тарту үшін сақтық ұйымдары  клиентураға қызмет көрсетуді жақсартады, қызметтер көрсетудің ассортиментін кеңейтеді, зияндарды өтеу жөніндегі кепілдіктерді арттырады. Сақтандырушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық сақтық қорлары белгілі бір уақытқа тікелей арналымында- сақтық төлемдерін төлеу үшін пайдаланылмауы мүмкін. Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің  шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара келісім шарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді.   Сақтық жүйесі республика экономикасының сенімді, әрі орнықты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтармен шаруашылық жүргізуші субьектілерінің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс. Сақтандыру, табыс (пайда) түсіру мақсатымен комерцияның шектес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі сақтық ісі ретінде болып көрінеді.

Сақтандыру – сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдайы немесе өзгеде оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаладың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені.

Сақтандыру процессі сақтандыру шарты негізінде немесе өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады.

Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтық сыйақыларын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтық жағдай пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына шарт жасалған өзге де тұлғаға ( пайда алушыға) шартта белгіленген соманың шегінде  сақтық өтемін төлеуге міндеттенеді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:

  • міндеттемелік дәрежесі бойынша — ерікті және міндетті;
  • сақтандыру объектісі бойынша — жеке және мүліктік;
  • сақтық өтемді жүзеге асыру негідері бойынша- жинақтаушы және жинақтаушы емес.

Міндетті сақтандыру — заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады.

Ерікті сақтандыру — тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.

Сақтық қызметі — сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық  ( қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде  жүзеге асырылатын қызмет.

Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі  зиянның орнын, егер бұл процесс дүлей апатпен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса, толтырумен байланысты.

Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық- құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы сақтандыруға жатады.

Сақтандыру нарығы-бұл сатып алу-сату объектісіне сондай-ақ сақтандыру қызметі көрсетілетін және онда сұраныспен  ұсыныс қалыптасатын экономика қатынасының жүйесі. Сақтандыру нарығының объективті даму негізі – алдын-ала болжамаған жағымсыз жағдайлар оқиғасында зардап шеккен шаруашылықтармен азаматтарға ақшалай көмек көрсетумен қалыпты ұдайы өндіріс процессін қамтамасыз етудің қажеттілігі.

Сақтандыру нарығын сақтандыру қызмет көрсетуге қатысатын сақтандыру ұйымдарының (сақтандырушылар) жиынтығы ретінде  де қарастыруға болады. [14, 84 б.]

Қызмет көрсететін сақтандыру нарығы әр түрлі құрылымдық буындарды қосатын күрделі жүйені білдіреді. Сақтандыру нарығы буындарының бірі болып сақтандыру компаниялары саналады. Тек сақтандыру компаниясында ғана қоғамның сақтандыру қорғанысын қамтамасыз ету мақсатымен сақтандыру қорын пайдалану және құру процесі жүзеге асырылады.   Сақтандыру компаниясы- сақтандырудың шарттарын жүзеге асыратын, айрықша құрылымын білдіретін сақтандыру қорына қызмет көрсететін тарихи анықталған қоғамдық форма.

Сақтандыру нарығының құрылымын институционалдық және аймақтық аспектілерде қарастыруға болады.

Институционалдық аспектіде ол акционерлік, корпоративтік өзара және мемлекеттік сақтандыру компаниялары ретінде берілген. Аймақтық аспектіде жергілікті (аумақтық), ұлттық (ішкі) және әлемдік(сыртқы) сақтандыру нарығын алып көсетуге болады.

Сақтандыру қызмет көрсетуіне сұраныс пен ұсыныс масштабына байланысты ішкі, сыртқы және халықаралық сақтандыру нарығын алып көрсетуге болады.

Сақтандыру нарығында ұсынылған өзіне тән сипатты ерекшеліктері бар тауарлар болып, кез-келген тауар сияқты тұтыну және айырбас құнына иеленген, сақтандыру қызметін көрсету болып табылады. Сақтандыру қорғанысын қамтамасыз ету, яғни, сақтандыру шығындарды жабу сақтандыру қызметін көрсетудің тұтыну құны болып саналады. Сақтандыру арқылы шығындарды жабу оқиғалары шартта анықталған жағдайда нақты объектінің сақтандырумен қамтамасыз етілгенін білдіреді. Айырбас құнын- бұл өз көрінісін сақтандыру тарифінде, содан соң жарнада немесе төлемде табатын сақтандыру қызметін көсетудің бағасы. Сақтандыру қызметін көрсетуге белгіленген баға сұраныспен ұсынысты салыстыру жағдайында бәсекелестік негізінде қалыптасады, бірақ, осы қызметтерді көрсетуге жұмсалатын қажетті шығындар оның негізіне, яғни, сақтандыру өтемдерінің мөлшерімен шығындар ісін жүргізуге мүмкіндік береді.

Сақтандыру арқылы шығындарды жабу, тауар ретінде белгілі бір ерекшеліктерге ие, мәселен, сақтандыру төлемін өтеуді қарастыратын сақтандыру  шартын жасау бір мезгілде құнның материалдық формалармен қоса қабаттасып жүрмейді.

Ол тек сақтандыру оқиғасының болуы жағдайынан ақшалай көмек алуға сақтанушының құқысы бар екендігін көрсетеді. Сақтандыру қызмет көрсетуінің сатып алу сату сақтандыру шартының қорытындысымен ресімделеді және оны растау үшін сақтанушыға сақтандыру полисі беріледі.

Сақтанушы пайдалана алатын сақтандыру түрлерінің тізімі сақтандыру нарығының ассортиментін көрсетеді. Кең пайдалану үшін ұсынылған сақтандыру түрлерінен басқа, жеке жағдайларда нақты объект немесе сақтанушы үшін сақтандырудың жеке жағдайлары әзірленуі мүмкін.   Сақтандыру нарығының жағдайы көптеген факторлардың іс әрекетімен анықталады және олардың ішіндегі бастылары болып: тәуекел жағдайын, сақтанушының ақшалай табыстары, сақтандыру тарифтері, сақтандыру қызмет көрсетуін ұсыну саналады. Аталмыш уақытта нақты аумақта қалыптасатын сақтандыру қызмет көрсету жағдайын жүзеге асыру сақтандыру нарығының конъюктурасы болып аталады. Конъюктура бірінші кезекте сақтандыру қызмет көрсетуінің сұраныспен ұсыныстың тепе- теңдік дәрежесін сипаттайды және осыған байланысты сақтандырушы үшін қалай болса солай сақтанушы үшін қолайлы немесе қолайсыз болуы мүмкін.

Сақтандыру нарығы – бұл сақтандыру қатынасының нақты қатынасушылары қызмет көрсететін экономикалық ауқымды кеңістік:

  • сақтандыру қызметін көрсететін сатушылар;
  • көрсетілетін сақтандыру қызметтерін сатып алу;
  • сақтандыру делдалы;
  • қоғамдық бірлестік;

Сақтандыру қызметін көрсететін сатушылар- бұл тікелей сақтандыру компаниялары (сақтандыру қоғамы, сақтандыру компаниясы), яғни  сақтандыру операцияларын жүргізетін мамандандырылған ұйымдар. Тек қана солар сақтанушы залалдарын өтеу үшін белгіленген сақтандырудың резервті қорын құруды жүзеге асырады.

Сақтандыру компаниясының қызметі қызмет көрсету аясына жатады және алдын ала келісілген сақтандыру жағдайларының зардабы кезінде ақшалай өтемді алуға сақтанушы құқығы болжамдайтын шығындарды сақтандыру арқылы жабуды көрсетеді.

Сақтандырудың заңды қызметі сақтандырушы қызметі ретінде анықталады және ол сақтандыру және қайта сақтандыру келісім шарттарының орындалуына және бекітілуіне байланысты. [15, 160 б.]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 САҚТАНДЫРУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ НЫСАНДАРЫ

 

2.1 Сақтандырудың түрлері

 

 

Сақтандырудың өзі бірнеше түрге бөлінеді. Қазақстан  Республикасы­ның заңдары бойынша, сақтандырудың түрлері,  оларға: 

1) міндетті түрде сақтандыру.

2) ерікті түрде сақтандыру.

Сақтандыру  объектілері бойынша:

1) жеке сақтандыру

2) мүлікті сақтандыру.

Міндетті түрде сақтандыру, заң негізінде жүзеге асырылады,  яғни заңмен міндеттелген. Міндетті сақтандыру, ол заң актісімен  бекітіледі. Міндетті сақтандырудың тәртібімен, жағдайы Үкіметпен  бекітіледі. Заңмен ерекше белгіленген,  өз өмірін міндетті түрде  сақтандыру, ол жерде азаматтардың  денсаулығы барлығы заңмен  шартпен  қаралған. Міндетті сақтандыру ол, жолаушыларды тасмалдаушы болуы және жеке сақтандыруда қажет. Кейбір елдерде  міндетті сақтандыру шартты түрде жүзеге аспайды, оларда  сақтандыру  жағдайы, заңдарында белгілеген, осы заңда көрсетілген жағдайды  орындаған адамдар тараптары болып табылады. Қазақстан  Республикасының заң шығарушылығы бойынша, бұл міндетті түрдегі  сақтандыру, қандайда бір шарт нысанында ерікті түрде жүзеге  асуы  керек. Құқықтық актілерде келесі қатынастар қарастырылған және  шарттада көрсетілуі керек, сақтандырушы келесі жағдайда,  сақтанушымен міндетті шарт жасауы керек, ол сақтандыру заңы  арқылы алдын-ала реттеліп отыруы керек. Сақтандырушы ұсыныс  жасауға құқылы, яғни сақтандырушыға да, сақтанушығада ұтымды болуы керек. Осындай міндеттерде заңшығарушы­лық міндетті  сақтандыруда, екі тарапқа тең болады. Келесі негіздерге байланысты,  міндетті сақтандырудың белгілеріне байланысты келесі негіздерге  бөлуге болады:

а)  заң шығару актісімен және парламент актісімен жүзеге асады.

б)  міндетті сақтандыру жағдайы заң шығарушылықпен бекітіледі  және  сақтандыруды реттейді. Заңшығарушы өзіне заңды қоса,  міндетті сақтандыруда да белгіленген және Үкімет қаулысында,  осының негізінде ұйымның тәртібі белгіленеді. Сақтандыру жағдайы  құқықтық актіде ескертілеген, осы шартта тараптарды тікелей  белгілейді. Одан басқа тараптардың құқығы, шартта сақтандырушы  жағдайды жақсартуы, заңшығарушылықпен салыстырғанда.

в)  сақтанушылар, міндетті сақтандырудан жалтарса, онда оларға   әкімшілік не қылмыстық жауапкершіліктері жүктетіледі, яғни  жағдайдың ауыр жеңіліне байланысты болады.

Міндетті сақтандыру, кез келген сақтандыру ұйымына шексіз  құқық бере алмайды. Ол онда сақтандыру ісін монапализімге алып  келеді. Меншік нысаның принципінде бұзады. Сондықтан да заңда  альтернативалық сақтанд­ы­ру қарастырылған-сақтанушылар кез келген  сақтандыру ұйымдарында сақтана алады. [16, 24-26]

Кейбір жағдайларда  сақтандыру ұйымы кейбір  сақтандыру түрлерін  жүзеге асырмаса,  сақтанушы келген кезде, яғни сақтандырушыға тиімді болмаса да,  бірақ сақтандырушыда сол сақтандыру түріне арнайы рұқсат қағазы  болса, ол онда сақтандыруға міндетті. Сондықтан да сақтандыру  ұйымдары, міндетті сақтандыруда жалғыз құқылы болып табылмайды,  сонымен бірге міндетті болып табылады.

Сақтандыру туралы заң және Қазақстан Республикасының   азаматтық кодекістің (ерекше  бөлімі) өзінде де міндетті  сақтандырудың түрлерін бекітпейді, бұны тек қана заң актілерімен  бекітіледі. Міндетті түрдегі сақтандырудың ең көп тараған түрі: әуе жайындағы, темір  жолындағылар,  су  қызметіндегілер,  ішкі  су  қызметкер­лері және  аудан аралық автобустар, халықаралық көлік құралдары. Осы  міндетті  сақтандыру түрлерін көп тараған деп айтуға болады.

Мемлекет міндетті түрдегі сақтандыру түрлерін орындау  мақсатымен байланысты, заң шығарушылар бірнеше шара түрлерін  қарастырған. Сондықтан да сақтанушы міндетті сақтандыру шартын  орындамаған жағдайда, сақтандырушы сот тәртібімен міндетті  сақтандыру шартын орындауын талап етуге құқығы бар. Бұны  жүзеге  асыратын сақтандыру ұйымы, яғни сол ұйымның міндетті түрде  сақтандыруы туралы рұқсат қағазының болуы қажет, сақтандыру  түрлеріне байланысты.

Міндетті сақтандыру шарты тасмалдаушының жолаушылар  алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін, міндетті  сақтандыруды жүзеге асыру процесінде  туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы  азаматтық – құқықтық жауапкершілігін, міндетті сақтандыру туралы заңдарға Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі,  «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңы, осы  заң және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік  құқықтық  актілер жатады.Тасмалдаушылардың жолаушылар алдындағы  азаматтық – құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудан (бұдан  әрі – міндетті сақтандыру) туындайтын және басқада заң актілерін  қолдану аясына қатысты қатынастар қарастырылады.

Осы заңда тікелей реттелген қатынастардан басқасы осы актілермен реттеледі. Осы заң тасмалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігімен қосымша сақтандыруды ерікті тәртіппен жүзеге асыру құқығын шектемейді.

Міндетті сақтандыру объектісі, тасымалдаушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген міндетіне байланысты тасымалдау кезінде жолаушының өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеуге мүліктік мүддесі міндетті сақтандыру объектісі болып табылады.

Міндетті сақтандырудың мақсаты және негізгі қағидалары. Міндетті сақтандыру тасымалдау кезінде жолаушының өміріне, ден­саулы­ғына және мүлкіне зиян келтірген мүліктік мүдделерін сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, арқасында қорғау мақсатында жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың негізгі принціптеріне мыналар жатады:

— зардап шеккен адамдарының мүліктік мүделерінің осы сақтандыру заңында көделген тәртіппен және көлемде қорғауды қамтамасыз етуі.

—  тасымалдаудың міндетті сақтандыру шарты болған жағдайда , оның жолаушыларды және олардың мүлкін тасымалдау.

— тараптардың міндетті сақтандыру шарты бойынша, өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз теуі.

Міндетті сақтандыру шарты және оны жасау тәртібі. Міндетті сақтандыру шарты өміріне, және денсаулығына, мүлкіне тасымалдау кезінде зиян келтіруі, мүмкін үшінші тұлғаның (жолаушының) пайдасына сақтандырылуы мен сақтандырушы арасында жасалған келісім болып табылады. Сақтанушы сақтандырушыны   таңдауға ерікті. Сақтандырушы сақтанушының міндетті сақтандыру шартын жасауына қарсы болмауы тиіс.

Міндетті сақтандыру шарты бойынша, сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал сақтанушы сақтандыру жағдайы басталған кезде, пайда алушыға заңда көзделген тәртіппен және мөлшерде сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді. Міндетті сақтандыру шарты сақтанушының жазбаша өтініші негізінде жасалынады. Сақтандырушы сақтанушыдан, заң талаптарына сәйкес міндетті сақтандыру шартына қажетті мәліметтер беруін талап етуге құқылы. Міндетті сақтандыру шартын жасау сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру заңдарының талаптарына сәйкес рәсімделген сақтандыру полюсін беруі мен куәландырады.[17]

Сақтандыру полюсі жоғалған жағдайда сақтандырушы сақтанушы­ға (сақтандырылған адамға) оның жазбаша өтініші негізінде сақтанды­ру полюсінің көшірмесін беруге міндетті. Мұндай жағдайда сақтанды­рушы сақтанушыдан сақтандыру полюсі бланкілерін дайндау құнының және көшірмесін рәсімдеуге  жұмсаған шығыстың өтелуін талап етуге құқылы, 0,1 айлық есептік көрсеткіштен артық емес. Сақтандыру полюсінің нысаны мен мазмұны бойынша  қойылатын талаптары сақтандыру қызметін реттеуі мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мекемелік органдар белгілейді.

Міндетті сақтандыру шартының күшіне енуі, қолдану мерзімі және аумағы. Егер міндетті сақтандыру шартында басқаша көзделме­се, міндетті сақтандыру шарты сақтандыруды төлеуге тійіс сақтандыру сыйлықақысын , ал оны төлеген кезде бірінші сақтандыру жарнасын төлеген сәттен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады және сақтандыру мерзімі ішінде қолданылады.

Міндетті сақтандыру шарты, жоғарыда көрсетілген сәттен бастап, яғни күшіне енген кезден бастап 12 ай мерзімге жасалынады. Міндетті сақтандыру шарты, сақтандырудың барлық мерзімі ішінде қолданыла­ды және бірінші басталған сақтандыру жағдайы бойынша өз қолдануын тоқтатпайды. Егер жолаушыларды және олардың мүлкін тасымалдауды жүзеге асыру құқығы 12 айдан аз кезең ішінде аяқталса, онда міндетті сақтандыру шартының қолдануы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледі.

Міндетті сақтандыру шартының қолдануын мерзімінен бұрын тоқтату. Осы шартты оны тоқтатудың Қазақстан Республикасының азаматтық кодекісінде көзделген жалпы негіздерден басқа келесі жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.

— тасымалдаушының немесе сақтандырушының қызметі тоқтатыл­ған­да.

— соттың шартты жарамсыз деп тану туралы шешімі қабыл­дан­ған­да.

— сақтанушының талап етуі бойынша.

Конституция көрсетілген жағдайда міндетті сақтандыру шартын тоқтату үшін негізгісі ретінде көзделген жағдайлардың пайда болға­ны­нан бастап міндетті сақтандыру шарты тоқтатылған болып санала­ды, бұл туралы мүдделі тарап басқа тарапқа тез арада хабардар етуі тиіс. Міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату үшін сақтанушы (ол сақтанушы қайтыс болған жағдайда-оның мұрагері) сақтанушыға жазбаша өтініш береді. Өтінішке сақтану полюсі, не оның көшірмесі қоса беріледі. Міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушы сақтандыру сыйлық ақысының бір бөлігін қайтаруға құқылы.Ұстау мөлшеріне сақтандыру үшін іс жүргізуіндегі шығыстары соған енгізіледі.

Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері және оны төлеу тәртібі. Теміржол тасымалдаушылары жүзеге асыратын тасымалдаушының міндетті сақтандыруы бойынша,сақтандыру сыйлықақысының мөл­ше­рі тасымалдаушының сақтандыру шартының қолдануы кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында жолаушыларды және олардың мүлкін тасымалдаудан алынған (алынуға тиісті) кіріс сомасының 0,2 проценті болады және бір айдан алынған (алынуға тиісті) кірістен ай сайынғы жарналары түрінде төйленеді. Бірінші сақтандыру жарнасы­ның мөлшері алынған кіріске байланысты кейінгі қайта есеп айырысу арқылы тасмалдаудан түскенді жоспарлап отырған айлық кіріске сәйкес белгіленеді. Темір жол тасымалдауының жүзеге асыратың тасымалдаушының міндетті сақтандыру шартың жасаған кезде сақтан­ды­ру сыйлық ақысының мөлшері сақтандырушы өзі жүргізген сақтан­ды­ру тәуекелің бағалау нәтижелері бойынша,бірақта тасымалдау­шының сақтандыру шартының қолданылуы негізінде Қазақстан Республика­сы­ның аумағында жолаушыларды және олардың мүлкін тасымалдаудан алынған кіріс сомасының 0,5 процентінен аспайтын мөлшерінде көбейтуі мүмкін.

— Ерікті түрдегі  сақтандырудың жүзеге асуы,тараптары өз еркімен келіп, шартқа отырады. Яғни заң жүйесіне күштеу көрсетілмейді. Ерікті сақтандыру түрін,жағдайы және тәртібін  тараптардың келісімі­­мен жүзеге асады. Сондықтан да ерікті сақтандыру шартының ен негізгі қайнар көзі ретінде, екі тарап келісімге келген шарты болып табылады.

Сақтандырылған объектісі деп сақтандыу қорғауына жататын объекті, яғни ол объекті неге бағытталған және сақтандырылған объекті. Бұл сақтандыру шартының пәні ретінде, не сақтандырылды сол болып табылады. Объектінің ішіндегі мүлікті сақтандырған кезде объектінің ішіндегі мүлік шартқа түседі. Осыған сәйкес азаматтық кодексте мүліктік деп былай түсіндіреді, ол мүліктің игілігі және құқығы. Яғни сол мүлік қайда қатысуына байланысты, (ақша, құнды қағаздар, және тағы басқалары. Мүліктің өзі екіге бөлінеді: қозға­ла­тын және қозғалмайтын мүлік болып, оның ішінде: бөлінетін және бөлінбейтін мүлік болып.

Қозғалмайтын мүлік деп — жер учаскелері мен тығыз байланыста тұрған заттар, оларға: ғимараттар, кәсіпорындар басқада мүліктік кешендер. Яғни олардың орнын ауыстырса қандайда бір шығынға келеді.[18]

Қозғалатын мүлік деп – ол мүліктің орнын ауыстырғанда, шығын болмайды, болсада аз мөлшерде болады.

Бөлінетін мүлік деп – оны бөлген кезде, ол мүлік жоғалтпауы керек. Яғни өз қызыметін жоғалтпайтын болуы.

Бөлінбейтін мүлік деп – оны бөлген кезде, ол мүлік өз мақсатын жоғалтады. Яғни өз қызметін тоқтатуға мәжбүр болады.

Азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандырғанда, міндетті­лі­гі бойынша сақтандыру жауапкершілігі тәуекелде болады, осының негізінде пайда болатын себепті шығындар өмірге, денсаулыққа немесе басқа тұлғаның мүлкіне, сондықтан да міндеттілігі бойынша жауапкершілігі, ол шарт негізінде туындайды. Демек сақтандыру объектісі тәуекел болуыда мүмкін, осы міндетті сақтандырудың екі түріене шығады:

а) өзінің орындауына жатпайтын міндеттіліктері.

б) үшінші адамға себепті шығындар келуі.

Бірінші түріне байланысты, сақтанадырушы өз міндеттерін бұзуы бойынша. Міндеттемені орындамау немесе тійісті дәрежеде орын­да­мау, (мезгілінде орындамау, тауарлармен жұмыстарды толық орындамау), тиісінше орындамау, оның бұзылуы деп түсіндіріледі. Тиісті дәрежеде орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда, борышқор бұл туралы несие берушіге дереу арада хабардар етуге міндетті. Міндеттемені бұзғаны үшін борышқорды жауапқа тарту, несие берушінің талап етуі бойынша жүргізіледі. Міндетін бұзған борышқор, кридиторға кетірген шығынды толық түрде өтеуге міндетті. Сондық­тан­да сақтандыру объектісі азаматтық-құқықтық жауапкер­шілігін сақтандырушының бұзуы, өз міндетіне қатысты тәуекел етеді.Яғни басқа тарап шеккен шығынды өтейді, тексеруші агентіне келген шығыны оның міндеттемесін орындауына жатпайды. Басқа сөзбен айтқанда келген шығынлар, сақтандырушы өзінің тексеруші агентіне төлеуі керек, тәртіп бойынша шығындарды қайтару, өзінің міндетіне жатпайтын міндеттерді орындаған кезде, сақтандырушы оның алдында жауапты болады.

Сақтандыру шарты азаматтық-құқықтық жауапкершілігі  сақтан­ды­ру шартындағы міндеттемелерін орындамауы үшінші тұлғаның алдында ерікті түрде немесе міндетті түріне алып келуі мүмкін. Қазіргі өмір тәжірибесінде, тасмалдаушы өзінің клиентіне  мүлкіне келтірген зияны үшін, сақтандыру жауапкершілігі пайда болады.

Тағы бір түрі ретінде азаматтық құқықтық сақтандыру жауап­кер­ші­лігі сақтандыруға түскенде, шарт негізінде болмайды. Осыған сәйкес бір тұрға, келесі бір тұлғаға (зиян шегуші) келтірген шығынын толық төлеуге міндетті. Осыдан келе, зиян келтірген тұлға, зиян шеккен тұлғаға келген шығынды өтеуге міндетті. Яғни бұл жерде зиянды өтеген кезде, үшінші тұлғаға зиянды өтеген кезде шарт негізінде жүзеге аспайды. Бұндай міндеттемелердің түрінде диліктілік (құқық бұзушылық) немесе қорғаушылық міндеттемелері. Бұндай міндеттемелердің жауапкершілігіне байланысты, сақтандыр түріне байланысты объектісі ретінде түседі.

Бұндай жауапкершіліктің жалпы жағдайы азаматтық заңшығару­шы­лық­пен бекітіледі, оларға:

а) зиян шегу.

б) зиян келтірушінің құқыққа қайшы әрекеті.

в) арақатынасындағы байланс құқыққа қайшы болғандықтан

     келген зиян келуі.

г) зиян келтірушінің кінәсі.

Заңды тұлғаның зиян шегуі, мүліктік негізде болады. Жеке тұлғаның зиян шегуі мүліктік сипатта болуы да мүмкін және зиян шегушінің жеке жүйесіне де зиян келтіруі мүмкін. Бұл жерде зиян шегуіне байланысты, мысалы: зиян келтірушінің себебінен, зиян шегушінің автокөлігіне ғана емес сонымен қоса денсаулығынада келуі. Бұл көлік құралдарында көп кездесетін жағдайлар.

Сақтандыру түріне байланысты, сақтандырушының орнына зиян келтіруші түсуі мүмкін. Жалпы тәртіппен зиян келтірушінің жауапкершілікте болуы, ол кінәлігіне байланысты. Азаматтық заңға сәйкес жеке тұлға қызметіне байланысты, жаныгндағыларына аса қәуіпті дәрежеде болса немесе келтірсе, онда шектірген шығынды өтеуге міндетті, қауіптілік дәрежесі қайнар көзіне себепті болғанда. Бұл жерде зиян келу себебі, қандайда бір дүлей күштің әсерінен болғанын дәлелдей алмаса.

Жоғары деңгейдегі қауіптілік қайнар көзі деп, көп несе қызметі деп түсіндіріледі, ол қызметті жүзеге асырғанда жоғары деңгейдегі қауіптілік дәрежесі пайда болуы мүмкін, оны толық түрде адамдар тарапынан бақылауы мүмкін болмайды. Мүлікке зиян келгенде оған жауапкершілік, зиян келтіруіне себеп болған осындай қайнаркөздерді оны пайдалану мақсатына бағытталған, сондықтан да өзінің өндіруіне байланысты пацда болған, ерекше қасиеті, мысалы:автокөлікті өзінің ойлауы бойынша автокөлікті жүргізсе, жол тәртібіне қарамай.

Субъектінің жауапкерілігі зиян келтіргені үшін, қайнар көзіне жоғары деңгейдегі қауіптіліктің себепшісі, оның иегері болып табылуы. Оны түсіну жолы, заңды тұлға  немесе жеке тұлға, осы қайнар көздің қауіптілік дәрежесін жүзеге асыру, бұндай күш оның меншік құқығына шаруашылық құқығын жүргізу, жедел басқару құқығы немесе басқа негіздерге байланысты – жалдау шарты, айырбас шарты, көлік құралдарын сенімгерлік арқылы басқару. Егерде зиян шегуші тұлғаның алдында жауап бермесе, ол иегері болып табылмай­ды. Еңбек қатынасында белгілі механизімді басқаруы, ол осының қайнаркөзінің иегері  болып табылады.

Жоғары дәрежедегі қауіптілік қайнар көзінің қауіптілік себебінің болуы, кенеттен келген зиянның болуы, өзінің кінәсінің болмауы негізінде болса осы қайнар көздің иесі жауаптылық міндетіне ие болады. Бұл міндеттіліктің барлығында сақтандыру объектісі болып міндеттіліктікті де жатқызуға болады. Бұл сақтандыру түрінде сақтандырушы болып, көлік құралдарының иегері болып табылады, сақтандырудың объектісі болып — көлік құралының иегерінің жауапкершілігі, яғни үшінші тұлаға зиян келтіргені үшін жауапкершілігі. Бұл сақтандырушының жауапкершілік мөлшерін алдын ала анықтау мүмкін емес, сол сияқты келген шығынды да анықтау мүмкін болмайды. Көбінесе бұлар автокөлік құралдарында кездесетін мәселе, бұнда сақтандыру құнын белгілеу, өз тәртібімен және өз жағдайымен жүргізіледі. Сақтандырушы зиян келген субъектіге төлемді төлеу кезінде, ұзақ мерзімде де төлеуі мүмкін, яғни ол шеккен зиянына байланысты.

Келесі сақтандыру түрі болып, жеке сақтандыруда жатады. Жеке сақтандыру түріне өмір, денсаулығы, еңбек қабілеттілігі және т.б. азаматтың жеке өзімен байланысты.

Бұл сақтандырудың объектісі болып, сақтандыру кезінде өмірі, денсаулығы, еңбек қабілеттілігі. Кейбір кезде жеке сақтандыру түріне, кәсіпқойлық еңбек қабілеттілігін сақтандырады: әншілер даусын, аяғын, бишілер, аяқ-қолын. Бұл түрін кеңейте келе, ауқымыда кеңейе түсті. Мысалы: ішімдіктерден, жұқпалы аурулардан сақтандыру.

Жеке сақтандыру міндетті сақтандыру болыпта және ерікті сақтандыру түріне жатады. Жеке міндетті сақтандыру, Қазақстан Республикасының заң шығарушылығына сәйкес міндетті сақтандыру, өзінің өмірін немесе денсаулығын сақтандыру. Демек міндетті сақтандыру өмірін және денсаулығын, бұл жерде сақтандырушы ретінде, сақтанушы өзі болуы, онда заңсыз болады. Осындай сақтандыру түріне кәсіпкер (жұмыс беруші) өз қызметкерлерін бақытсыз жағдайлардан сақтандыруы өз өндірісінде. Бұндай сақтандырутүріне жолаушыларды тасмалдаса сақтандыру (бұл кейбір елдерде міндетті сақтандыру түріне жатады). Жеке сақтандыру объектісі болып, жеке тұлғаның нені сақтандыруына байланысты, сол сақтандырғаны объекті болып табылады. Бұл жерде тек қана заңмен тыйым салынған шектеулер, яғни оны сақтандырса заңға қайшы болады, оның заңдылық күші болмайды. Осы шектеулер, жеке сақтандырудың ерікті, міндетті және мүліктік сақтандыруында да шектеулер қойылуыда мүмкін. Мысалы, осы шартың пәні ретінде қылмыстық жолмен тапқан мүлік болмайды және контрабандалық жолмен келген заттарды және заңға қайшы волюталық операциялар және  т.б.[19, 122-123 б.]

Ерікті түрдегі сақтандыру объектісі, ол тараптардың келсімімен арқылы жүзеге асады. Яғни тарап тардың нені сақтандыруына байланысты болады. Міндетті сақтандыру объектісінің айырмашылы­ғы, міндеттіде оъектісі көрсетіледі.   

 

 

2.2 Сақтандыру қатынастарының субъектілері және қатысушылары

 

 

Сақтандыру шартының элементтеріне тараптар негізгі роль атқарады. Сақтандыру қатынастарының субъектілері болып– сақтанушы мен сақтандырушы табылады. Сақтанушы–сақтандырушымен шарт жасасқан тұлға. Заңды тұлғалар мен азаматтар сақтанушылар бола алады. Бұл орайда А.И Худяковтың сақтанушыға беретін анықтамасы әлдеқайда қолайлы болып көрінеді. „Сақтанушы–қандайда бір мүддені (өзінің немесе үшінші жақтың) сақтандыратын және сақтандырушыға ол сақтандыру төлемін жасайтын тұлға“. Басқаша айтқанда, сақтанушы сақтандырушы ұсынатын сақтандыру қызметтерінің тапсырысшысы болып табылады.

Сақтандырушы –  сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған соманың (сақтандыру сомасының) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті тұлға Сақтандыру құқықтық қатынастарының субъектілеріне Азаматтық кодекс сақтанушы мен сақтандырушыны қоса алғанда, пайда алушыны мен сақтандырылған адамды да жатқызады. АК-тің 815-б 1-т. Сәйкес сақтандырылған адам өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға.

Қазақстан Республикасының азаматтық кодекісінің 33 бабына сәйкес “Заңды тұлға” деген, өзіндік меншіктері бар және ол меншіктерімен кез келген уақытта жедел басқару құқығына ие болатын заңды тұлғаларды айтамыз.

Заңды тұлға негізінен екіге бөлінеді:

Біріншісі – коммерциялық,  екіншісі – коммерциялық емес.

Коммерциялық бағыттағы заңды тұлға, өзінің іс әрекеті арқылы пайда табуды көздейді және пайда өзара бөлініске түседі.

Коммерциялық емес заңды тұлға, өзінің түпкі мақсатында пайда табуды және оны бөлуді көздемейді.

Сақтанушы азаматтарға, Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекетің азаматтығындағы адамдар және азаматтығы жоқ адамдар жатады.

 Адам дүниеге келген кезден бастап сақтану құқығына ие болады да, ол адам қайтыс болған кезде ғана ол тоқтатылады (Азаматтық кодекстің 17 бабы). Алайда сақтану қабілеттілігі он сегіз жастан бастап пайда болады. Он төрт жастағы жасөспірімдер үшін сақтандыру келсім шартын олардың тынан әке-шешесі, асырап алушысы, және бала құқығын қорғаушылар (опекуны). Он төрт жаспен он сегіз жас арасындағы жасөспірімдер үшін әке-шешесінің, асырап алушысының келісімдері керек.Егерде жасөспірім кәмелеттік жасқа толып, бірақ сот оны әрекет қабілетсіз деп таныса, ол өз іс-әрекетіне жауап бере алмаса, онда сақтандыру жұмыстарын қорғаушысы жүргізеді. Сақтанушы міндетті не ерікті сақтандыру шарттарын ерікті, кіммен келісім шарт жасауға керектігін өздері таңдайды. Бұл сақтандыру ұйымдарында бәсекелестікті өрістетіп бір кәсіпорынның сақтандыру нарығында монополияға жол берілмейді.

Сақтанушы екі жақты келісім шарт өз еркімен жасағандылықтан азамат қайтыс болған жағдайда, заңды тұлға болса тарап кеткен жағдайда, ондай жағдайларда автоматты түрде тоқтатылады. Ал кейбір жағдайларда келісім шарттың жалғасуы мүмкін, қайтыс болған адам үшін басқа адам, заңды тұлға үшін басқа кәсіпорындар шартты жалғастыруы мүмкін, егерде ол келісім шартта көзделсе. Егерде сақтанушы азамат қайтыс болса, оның сақтандыру құжаттары мұрагер азаматқа, арнайы мұрагерлік құжаттар арқылы ауыстырылады да, егерде сақтанушы заңды тұлға тарап кеткен болса, оны сатып алған немесе басқа заңды жолмен иеленген иегері, кейінгі заңды тұлға сақтанушы заңды тұлғаның сақтандыру келісім шартындағы көрсетілген іс әрәкеттерді жүргізе алады.

Бұл шаралар Қазақстан Республикасының азаматтық кодекісінің 45 бабында көрсетілген.

Енді сақтанушы заңды тұлғаның қайта құрылуына қайта тоқталайық. Заңды тұлғаның қайта құрылу түрлеріне мыналар жатады: бірнеше заңды тұлғалардың өзара келсімі арқылы бірігуі, тұлғалардың толық қосылуы, тұлғалардың бір-бірінен бөлінуі (толық немесе ішінара), не қайта жаңарылып құрылуы.

Егер бірнеше заңды тұлғалар өзара келсіммен бірігіп іріленетін болса онда жаңадан пайда болған заңды сақтанушы тұлғаның міндеттері мен құжаттары пайда болады, бұрынғы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары жаңа тұлғаға берілуі заңдастырылған.

Ал бір заңды тұлға өз еркімен қосылатын болса, онда қосылушы тұлғаның міндеттері мен құқықтары қосып алған заңды тұлға жалғастырады.

Егер заңды тұлға жаңа мәртебемен қайта өзгеріліп қайта құрылса, онда жаңа пайда болған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері белгіленгеннен кейін, мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң күшіне енеді.

Сақтандыру шаралардың жүргізушілердің келісім шарттағы екінші жағы “Сақтанушы”. Егер сақтадырушы тұлға сақтанушының мүддесін қорғаушы, ол келісім шартта көрсетілген сақтанушыдан шыққан шығындарды өтеуші ретінде қатысады. [20, 9-12б] Қазақстан Республикасының заңы бойынша, сақтандырушы болып кез келген заңды тұлға бола алады. Республикадағы кез келген тұлғалар, азаматтар сақтандыру жұмысымен айналыса алмайды.

Егер сақтандырушы мекеме коммерциялық іс-әрекетпен шұғылданатын болса, ол өзінің айналым қорын ұлғайтуыда мүмкін, не керсінше болуы мүмкін, бұл жерде қауіп- қатер болады.

Мемлекеттік емес сақтандырушы мынандай нысанда құруға болады:

  1. Акционерлік қоғам.
  2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде құруы.

Акционерлік қоғам да, әрекеті шектелген мекеменің бірлестік те енуі де Азаматтық кодекстің 58 бабында көрсетілген.

Шаруашылық серіктестік, бұл мемлекеттік емес коммерциялық мекеме болғандықтан, жеке меншіктің құқығына ие.

Шаруашылық серіктестік мүшелері, құрылтайшылары, кәсіпкер­лер бірлестігі болып табылады. Әр құрылтайшы кәсіпкер, шаруашы­лықты құру үшін әр мөлшерде үлестерін қосып, ереже негізінде “салымдық қор” құрайды.

Шаруашылық серіктестік мекеме коммерциялық болып құрылған­дық­тан негізгі мақсаты коммерциялық әрекет, шаралары арқылы “ережелік қорды” молайту, пайда табу. Алайда біздің Республика­мыз­да коммерциялық емес сақтандыру мекемелері де бар, мысалы: оған міндетті денсаулық сақтандыру саласының сақтандыру қоры. Бұл мекеме сақтандыру қорынан түскен пайданы, әлеуметтік салаға пайдалануға бағытталады. Мұндағы түскен пайданы бөліске түсірмей, әлеуметтік салаға қызмет көрсету саласының жақсартуға жұмсалады. Сондықтан да бұл комерциялық заңды тұлға саласында бола алады.

Сақтандырушы мекеме болып құрылған шаруашылық серіктестік жоғарыдағы негізгі екі құжатпен жұмыс істейді.

Сақтандыру мекемелерінде басқарудың алқалық органдары құрылады, оларға:

  1. Басқару апараты.
  2. Бақылау комиссиясы.
  3. Ревизиялық комиссия.

Бақылау кеңесі және басқа да комиссиялар жатады.

Мұндағы басқару апаратының іс-әрекеттері, сайлануы Қазақстан Республикасының азаматтық кодекісінің 60 бабында көрсетілген.

Сақтандыру мекемесінің мүшелері шаруашылық серіктестіктің төмендегідей құқықтары бар:

  1. Құрылтайшыларының құжаттарына сәйкес, сақтандыру мекеме­сі­нің басқару қызметіне араласа алады.

Сақтандыру мекемесінің шаруашылық іс әрекеттерінің аппарат­тары­мен танысуы ол құжаттарды көріп, және  де пікірлермен танысуға құқығы бар.

Мекемеге түскен пайданы бөлісу іс әрекеттеріне қатысуға пайданы бөлісу кезіндегі құрылтайшыны қатыстырмауға мекеме басшысының құқығы жоқ.

Егер сақатндырушы кәсіпорын тараса, онда өзінің үлесіне тиісті үлестерін алуға немесе оны сатуға қалған мүліктерді бөлуге құқығы толық түрде болады.

Сақтандыру мекемесінің мүшелерінің міндеттері:

  1. Мекеменің құрылтай құжаттарын орындау;
  2. Құрылтай құжаттарында көрсетілген мерзімде, нысанда көрсетілген мөлшерде өз үлестерін қосып отыру;
  3. Мекеменің коммерциялық құпия деген мәліметтеріндегі құпиялық ақпаратты сақтау;
  4. Бұлардан дабасқа арнайы міндеттер болуы мүмкін, бірақ ол құрылтай құжаттарында көрсетілуі керек.  

Сақтандыру компанияларында (Акционерлік қоғам)  «Бақылау кеңесі» құрылуы мүмкін. Бақылау кеңесі – акционерлерді, құрылтай­шылардан және сырттан арнайы шақырылған маман-эксперттордан тұрады. Басқару кеңесі сақтандыру компаниясының сақтандыру операциясының қызметіне бақылау жасайды. Бақылау кеңесі сақтандыру компаниясының сыртынан заңды тұлға ретінде әрекет етуге құқығы жоқ.

Басқару кеңесі жұмыс істеу құқықтарын ережеде көрсетілуі керек. Сақтандыру компаниясының атқару органының алқаларынан не тұлғалардан тұрады. Егер алқалары болса онда басқару дерекциясы, басқару апараты, басқару кеңесі болады да, жеке тұлғаның басқаруы болса Директор, басты Директор, Президенті болады да компанияның қызметін ұйымдастырады да, басқарады. Басқару кеңесінің және акционерлердің жалжпы жиналысында есеп береді, одан жауап алады.

Сақтандыру компаниясының атқарушы органы  «бақылау кеңесі» мен  «жалпы жиналыс» шешетін мәселерден басқасының барлығында шеше алады және компанияны басқару қызметі мемлекеттік заңдармен белгіленеді және құрылтай құжаттарында көрсетіледі.[21, 156-158б.]

Компанияның ақша қаражатына және материалдық игіліктерді дұрыс жүргізілуін сырттан аудиторлар шақыртып тексертуге болады. Аудиторды компания мүшелерінің (акциялық үлесі 10 проценті оданда көп болса кезкелген уақытта шақырта алады. Мемлекеттік емес сақтандыру мекемесінің құрылтайшылары төмендегідей бола алады:

1.ҚР азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және шет елдің азаматтары.

2.мемлекеттік емес заңды тұлғалар.

3.мемлекеттік кәсіпорындар.

4.шетел заңды тұлғалры.

Мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттік емес сақтандыру компания­ларының құрылтайшылары бола алады, егер меншік иегерінің келісімі және мемлекеттік құқықтары бар тұлға ретінде болса. Мемлекттік сақтандыру кәсіпорындары. Мемлекеттік сақтаныру мекемелерінің шаруашылық жүгізуші кәсіпорын ретінде ашылады. Мемлекеттік меншікте құрылған сақтандыру мекемелері екі түрлі салада қызмет етеді.

  1. Республиканың меншігі негізінде құрылған мекемелер, республикалық сақтандыру органдары болып табылады.
  2. Комуналдық меншік негізінде құрылған мекемелер, комуналдық мемлекеттік сақтандыру органдары болып табылады.

Егерде олар өздерінің қызмет көлемін кеңейту үшін басқа жерлерден мемлекеттік меншік негізінде сақтандыру органдары ашатын болса, онда олар  «филиал» деген атаққа ие болады да мемлекеттік меншіктегі кәсіпорын ретінде қызмет көрсетеді. Бұл екі салада құрылған сақтандырушы кәсіпорындар мемлеккеттік министрлік­тердің, комитеттердің, тағы да басқа мемлекеттік орган­дар­дың субъектісі бола алады. Яғни бұл сақтандыру кәсіпорындар мемлекеттік меншікте болғандықтан тікелей мемлекеттік министр­ліктер мен комитеттердің құзырында болады. Кейбір салада құрған сақтандыру мекемелеріне компания деген атақ берілуі де мүмкін. Бұндай аталу қате, компания – бұл жекешеленген кәсіпорын, ал біз мемлекеттік меншікте құрылғандықтан оған бұл атақты беруге болмайды.

Мемлекеттік сақтандыру мекемесінің басшысының құқықтары мен міндеттері туралы.

Сақтандыру мекемесінің басқарушысы меншік иесінің алдында (құзырлы органға) мекемені барлық жағдайда жауап береді. Сондықтан ол мекемені басшысы басқарады да, мекеме қызмет істеу үшін барлық шараларды өзі атқарады.

Басқарушы жалғыз өзі мекеменің мүддесі үшін барлық кәсіпорындармен келісім сөздер жүргізеді. Сақтанырушы мекеменің басқарушысының орынбасарында құзырлы орган тағайындайды, алайда сол мекеменің басшысының ұсынысымен келісе отырып тағайындайды.

Сақтандыру мекемесінің дүние мүлкі, сақтандыру қорларымен қоса алғанда еш нәрсеге бөлінбейді не үлеске, не пайға, не жұмыскерлерге. Сақтандырушы мекеме мемлекет меншігінде болғандықтан мемлекеттік сақтандырудын бір саласынан басқа салаға ауыстыра береді, сақтандырушы мекеме жаңа саланың құзырындағы мекеме нұсқауларын, бұйрықтарын орындауға тиіс.    

Сақтандыру мекемесі басқа да шаруашылық кәсіпорындар сияқты мемлекеттік заңдарды қолдайды, заңдарды қолданып жүзеге асыру, сақтандыру мекемесі үшін міндетті, яғни сақтандыру мекемесі мемлекеттік заңдарды қолданбай қоюға құқығы жоқ. Сақтандыру мекемесі заңсыз жолмен түскен пайданы мемлекеттік немесе жергілікті бюджетке тәртіп бойынша алынады.

Әрине мемлекеттік сақтандырушы орган заңмен барлық жағынан да берік түрде қоршалып қойылған. Осылай болу керекте сияқты, өйткені мемлекеттік сақтандырушы орган пайда табуын түпкі мақсат ретінде ұстамайды, оның негізгі мақсаты мемлекеттің белгілі бір қызметіне жүзеге асыру болып табылады.

Мекемелердің еш қандай құқық, биліктері жоқ екен деуге болмайды. Мекеменің өзіндік құқықтарымен билік шендері бар.

Мемлекеттік сақтандырушы мекеме өзінің құқығын сот арқылы қорғай алады. Егерде құзыретті орган өзіне қатысты іс-әрекеттерді, пайданы заңсыз тәркілеуі және ережеде жоқ заңсыз

Әрекеттерді жасаса, сотқа талап арыз беріп, құзырлы органның шешімін бұза алады. Мемлекеттік сақтандыру органдарын заң арқылы мемлекеттің өзі арқылы қорғайды.

Мемлекетік сақтандыру мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығы туралы.

Мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік меншікті Қазақстан Республикасының азаматтық кодекісін сақтай отырып, “Сақтандыру туралы” сүйене отырып шаруашылық жүргізу құқығына ие болып отыр.

Мемлекеттік сақтандыру кәсіпорны, мемлекеттің құзырлы орган­ның субъектісі болғандықтан төмендегі кәсіпкерлік жұмыстарды, оның келсімінсіз жүргізе алмайды:

  1. Сақтандыру кәсіпорны негізгі қорда тұрған дүние мүліктерді сақтауға, айырбастауға, көп жылдық арендаға беруге, басқа кәсіпорынға ақысыз пайдалануға беруге құқығы жоқ.
  2. Сақтандыру кәсіпорнын өзінен басқа, пайда табу мақсатында филлиалдар ашуға, басқада меншік иелерімен бірігіп шаруашылық серіктестіктерін құруға не бұған мүше болуға, басқа жеке меншік сақтандыру мекемелерімен сақтандыру қызметін қосылып жүргізуге түскен пайдадан не негізгі қордағы капиталдар арқылы пайда табуға құқығы жоқ.
  3. Сақтандыру мекемесі өзінің қызмет көрсету арқылы түскен пайдадан жеке кәсіпкерге ҚР Ұлттық банк белгілеген мөлшердегі проценттен төмен кредит беруге құқығы жоқ.

Сақтандырушы кәсіпорынды жабу, тарату үшін меншік иесінің шешімі не сол меншікке құзырлы орган шешімі және заң шешімі  (сот шешімі) арқылы.Сот үкімімен төмендегі жағдайда таратылады: егер кәсіпорын банкрот болса, мемлекеттік тіркеу заңсыз деп танылса, заңды тұлғаның ережесін жүйелі түрде бұзған кезінде, сотқа бұл кәсіпорынды тарату туралы мемлекеттік органдардың талабы бойынша, банкрот болған жағдайда мекеме кридиторларыда сотқа талап арыз беруі.

Тарату комиссиясы кәсіпорынды тарату тәртібін және тарату уақытын, кредиторларға хабарлау, сот органдарына хабар беру, жалпы жиналыста хабарлама жасайды.

Шетелдік заңды тұлғасы- компания, фирма, кәсіпорын мекемесі және т. б. Әрине Қазақстан сақтандырушы­ларының сақтандыру саласы шетелдегідей сапалы емес және сақтандыру қатері қымбат емес, шетелдік сақтандыру қатерін алсақ онда оған төлейтін қаражат жоқ, сондықтан да мемлекет сақтандыру саласын көтеруі керек, оны тәжірибеге енгізуі керек. Осылардан кейін барып шетел сақтандырушы кәсіпорындарынан үйренуіміз керек. Сондықтан бұларды біздің еліміздің сақтандыру нарығына шетелдік инвесторларды енгізуіміз керек болады. Сақтандыру қызметінің сала­сын жақсарту мақсатында қайта сақтандыру түрін кіргіздік. Бұл бүкіл әлемдік тәжірибеде бар. Қайта сақтандырылу құрылымы: Қазақстан сақтандырушысы – шетелдікі қайта сақтандырушы, бұл жерде Қазақстанның валютасы шетелге кетеді, біздің сақтандыру­шы­ға да қалады.

Біздің елімізде сақтандыру және қайта сақтандыру қызметін жүргізу үшін, мемлекет олар туралы мәліметті алады. Осыдан барып біздің елде де қайта сақтандыру өрістеп, дамып, тәжірибе жинақтап келеді.

ҚР сақтандырушы болғандықтан өзін қайта – сақтандыратын шетел сақтандырушысы кәсіпсрын туралы толық құжаттар жинақ­тай­ды. Шетел инвесторлары еріксізден ҚР өздерінің филиалдарын, не өкілдерін енгізуі керек. Сақтандыру, қайта – сақтандыру қызметін жүргізу үшін, ол үшін оларға:

  1. Егер өздерінің ережелерін орысша, қазақша аударып нотариуспен куәландырылған болса.
  2. Филлиалдың не өкілдерінің, сенім хатында және басшылары ҚР заңдарына сәйкес болулары керекте, бұның бәрі қазақша- орысша жазылулары керек.
  3. Жұмыс істеуге берген өтініш пен бірге, бұл мекеменің өз елінде заңды, құқылы екенін дәлелдейтін құжаттар және ақша қаражаттарын төлейтінін дәлелдейтін банк құжаттары, осының барлығы қазақша, орысша жүргізілуге тиісті.

Міне осыдан барып сақтандырушылар бізде жұмыс істейтіндер арасынан өздері қайта сақтандырушылармен кездесе алады. Сақтандырушылар шетел сақтандырушыларының арасынан қайта сақтанушыларды тауып ала алады.

Сақтандырушылардың қатысушысы болып  сақтандырушы, пайда табушы, сақтандыру жүйесіндегі арнайы мамандар:сақтандыру агент­тері және сақтандыру броккерлері.

Қазіргі уақытта көп тараған, сақтандырушы өзінің мүддесін сақтандырмай, үшінші тұлғаның мүддесін сақтандыру. Заңды тұлға көз қарасымен қарағанда, сақтандыру шарты басқа үшінші тұлғаның пайдасына жасалған болып есептеледі. Үшінші тұлғаның пайдасына жасалатын шарты, шарт болып есептеледі және тараптардың келсімімен бекітіледі. Яғни борышқор тарап, өз борыштарын кредитордың алдында емес үшінші тұлға алдында өтейді. Үшінші тұлға борышкерден борыштарын шарт негізінде талап етуге талап етуге құқығы бар.

Міндетті сақтандыру, сақтандырушының міндеті үшінші тұлғаны сақтандыру, заң талаптарына сәйкес, ерікті сақтандыруда сақтандыру­шы шартта үшінші тұлғаны белгілеп ала алады, сақтандырушы ретінде. Үшінші тұлғаны сақтандыру жеке де болуы мүмкін және мүліктікте болуы мүмкін.

Жеке сақтандыру шартының сақтандыру объектісі ретінде, оның өмірі, денсаулығы, еңбек қабілеттілігі және үшінші тұлғамен байла­нысты басқа да мүдделері жатады.

Мүлікті сақтандыру объектісі ретінде сақтанушының мүлкі ретінде және сонымен тығыз байланысты мүдделері.

Міндетті сақтандыру шартында сақтанушы қарсылық білдіруі, оның заңдылық күші болмайды. Шарт жасау кезінде сақтанушының пайдасына жасалса, осы шарт бойынша сақтандырушының өз міндет­терін атқарудан басталмайды. Сақтанушының міндеті сақтандырушы болып табылмайтын, сақтандырушының өз міндеттері сақтандыру жағдайына түскен кезде пайда болады, ол сақтандыру шартымен белгіленеді. Сақтандырушы сақтанушының өз міндеттерін айтуға міндетті.[22]

Сақтанушының ауысуы, шарттың ауысуына алып келеді, жүзеге ауысуына байланысты сақтандыру объектісі және сақтандыру жағдайна байланысты болып келеді. Сондықтан да бұндай ауысулар, азаматтық заңдылықтарда көзделген тәртіппен жүзеге асуы керек және тараптардың келісімі болуы.

ҚР жеке міндетті сақтандыру тізіміне мемлекеттің қызметінің кейбір түрлерін жатқыза аламыз. Олар қызмет барысында өздерінің денсаулығы мен өмірімен тәуекел етеді: судьялар, прокурорлар,әскери қызметкерлер,ішкі істер қызметкерлері, салық комитетінің қызметкер­лері, кеден қызметкерлері. Бұл сақтандырулар мемлекеттің атынан жүргізіледі, яғни мемлекеттік бюджет арқылы.

Сақтандырушыға қатысушы ретінде мамандандырылған қатысушы ретінде, сақтандыру агенті де табылады. Сенімхат сол сақтандыру ұйымының жетекшісінің немесе соған қол қоюға өкілеттілігі бар тұлға қол қою арқылы, құрылтай құжатын береді және сол сақтандыру ұйымының мөрі арқылы қойылып жүргізіледі. Сенімхат 3 жылдан артық мерзімге берілмеуі керек. Егерде сенімхат ұзартылған мерзімі көрсетілсе, оның 3 жылға дейін күші болады, одан соң әрекет ету мерзімі көрсетілмесе, онда ол берілген күнен бастап 1 жылға дейін күші болады.

Сақтандыру барысында қатысушысы болып броккерде табылады. Сақтандыру брокері деп – заңды тұлға және азамат аралық қызметті жүзеге асыратын, сақтандыру аумағында, өзінің кәсіпкерлік қызметі. Брокердің ең негізгі белгісі, сақтандырушы мен сақтанушы арасында­ғы қатынасын бекітуші. Сақтандыру броккерінің ролі, субъектіге сақтандыру нарығында ұтымды жағдайды көрсетеді. Сондықтанда брокермен сақтандыру агентінің айырмашылығы, броккер өзінің көрсеткен қызметі үшін сый ақысын алады, ал сақтандыру агенті- коммерциялық өкілдік ретінде жүзеге асады.

ҚР сақтандыру нарығы дамымағаны, сақтандыру нарығында сақтандыру броккерлік институты қалыптаспаған. ҚР сақтандыру ұйымдары, сақтандыруды қорғау мен тәуекел етуді қамтамасыз ету жағдайында емес. Сондықтанда Қазақстанда осындай жағдайға сәйкес сақтандыру қорын ұсынуы керек. Шетел сақтандыру компаниялары­ның қызметін ҚР территориясында жүзеге асыруға рұқсат берілме­ген. Сондықтанда шетел инвесторлары еріксіз түрде ҚР сақтандыру компанияларында қайта сақтандыруна тура келеді. Ол ондай тәуекел­дерді шетел сақтандырушысымен сақтандырылған, соны еріксіз қайта сақтандырады.

Шетел сақтандыру броккерлерінің қызметін жүзеге асыру,  солардын негізінде жасалған Қазақстаның мекемелері арқылы өз қызметін жүзеге асыруы мүмкін. Сондықтан да шетел сақтандыру брокерлік компаниялары өз қызметтерін жүзеге асыруы мүмкін. ҚР территориясында өкілдіктер, филиалдар арқылы ғана емес, шарт жасау бойынша да Қазақстанның кез келген заңды тұлғасымен немесе біріккен мекеме ретінде, ұйымдармен кез-келген мүлкінің бір бөлігі сол брокерлік компанияға жататын болса, ал басқа бөлігі Қазақстан заңды тұлғасына немесе жеке тұлғасына жататын болса. Сондықтан да осы заңды тұлға Қазақстанның брокерлік ұйымы болып саналады және ол өз брокерлік қызметін өз атынан жүзеге асырады.

Егерде брокерлік қызметпен жеке тұлға айналысса, жеке кәсіпкер ретінде қызметпен айналысса онда ондай субъект тіркелуі керек. Шетел брокерлік компаниялары ҚР сақтандыру нарығын сіңіре бастады. Сақтандыру шартының дамуы республикаға шетел сақтандыру жүйесі енеді, брокерлік ұйымдар сол арқылы сақтандыру шеңбері үлкейеді, жағдайы және сапасы да өзгеріп жақсарады.      

 

 

 

 

 

3 САҚТАНДЫРУ ШАРТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ

ҚАТЫНАСТАРДЫ  РЕТТЕЙТІН ШАРТТАРДЫҢ БІРІ РЕТІНДЕ

 

3.1 Сақтандыруды жүзеге асыру негізіндегі сақтандыру шарттары

 

 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде әрі сақтандыру шартын жасасу жолымен сақтандыру жағдайы орын алған кезде сақтанушы жеке немесе занды тұлғаның мүліктік мүдделерін сақтандыру қорғауымен қамтамасыз етуіне (сақтандыру төлемін төлеуіне), былайша айтқанда сақтандыру рыно-гының экономикалык негізін құрайтын сақтандыру өнімдері рыногында сақтандыру шартын жасасу арқылы сақтанушыға (тұтынушыға) сақтандыру қызметтерін көрсетуіне байланысты кешенді сипатты қоғамдық қатынастарды білдіреді. Бұл ретте бірден байқалатын жағдай, қандай болмасын сақтандыру өнімін сатуға байланысты сақтандыру қызметтерін көрсету, былайша айтқанда сақтандыру тек сақтандыру шартының негізінде жүзеге асырылады. Осы орайда Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 803-бабына назар аударсақ, онда:        1. Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді. 2. Сақтандыру-сақтандыру шарты негізінде жүзеге асырылады» деп көрсетілгенін байқаймыз.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің аталған бабының ережелерін былайша түйіндеуге болады: сақтандыру шарты тек қос тараптың — сақтанушы мен сақтандырушының арасында көбінесе пайда алушының не үшінші тұлғаның пайдасына жасасылған келісім ретінде көрініс табады; сақтандыру шарты нақтылы сақтандыру түрі бойынша сақтандыру міндеттемесінің туындауын негіздейді; сақтандыру шартының негізінде сақтандыру корғауы қамтамасыз етіледі; сақтандырудың қандай болмасын түрі (сақтандыру өнімі) сақтандыру шартының негізінде жүзеге асырылады.

Демек, сақтандыру рыногындағы сақтандыру салалары бойынша сақтандыру өнімдерін сатуға орай сақтандыру қызметтерін көрсету негізіндегі сақтандыру шарты осы ауқымда туындайтын қоғамдық қатынастарды нақтылы — жекелей реттейтін құқықтық құрал болып табылады. Сонымен қатар, ол заңи факті ретінде сақтандыру міндеттемесін туындатады. Сақтандыру шарты қос тарапты, тараптардың келісіміне қарай консенсуалды, сақтандыру қорғауын нысаналауына орай сақтандыру сыйлық ақысының және сақтандыру төлемін төленуіне байланысты ақылы, сондай-ақ сақтандыру сыйлықақысы мен сақтандыру төлемінің ақша түрінде жүзеге асырылуына қарай ақшалай шарт сипатында ерекшеленеді.[23, 177 б.]

Сақтандыру шартын жасасу мақсатында сақтанушы (жеке немесе занды тұлға) өзіне белгілі мән-жайларды және сақтандырылуға тиіс мүдделерін көрсете отырып сақтандырушыға жазбаша нысандағы өтінішін табыс етеді. Бұл ретте сақтандырушының міндетіне сақтанушыны сақтандыру ережелерімен таныстыру, сақтанушының сақтандыру шартын жасасу жөніндегі тілегін білдіретін өтінішін қабылдап алу және тараптар (өздері) келіскен мерзім ішінде сақтандыру шартын жасасуға болатындығы немесе болмайтындығы жөнінде шешім қабылдау жатады. Осы орайда сақтандырушы белгіленген нысандағы сақтандыруға алу туралы өтінішті сақтанушыға оның толтыруы үшін ұсынуы ықтимал. Сақтанушы жасасылатын шарт бойынша сақтандырушыға сақтандыру жағдайының орын алуы ықтималдығын әрі оның салдарынан келтірілетін ықтимал залалдар мөлшерін айкындауға мүмкіндік беретін барлық жағдаяттар, олардың ішінде, әсіресе, елеулі маңызы бар мән-жайлар және осы сақтандыру түріне орай жасасылған басқа да сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді табыс етуге міндетті.

Қос тарап сақтандырудың барлық мән-жайлары бойынша ортақ келісімге кол жеткізген (келген) жағдайда сақтандыру шартын жасасу туралы шешім қабылданады. Бұл ретте сақтанушы мен сақтандырушы тиісті заңнамалык не өзге де нормативтік құқықтық актілерде аса елеулі мән-жайлар (шарттылықтар) ретінде танылатын жағдаяттар бойынша келісімге келуді нысаналайды. Осыған байланысты айта кететін жәйт, өкінішке орай Қазақстан Республикасының сақтандыру заңнамасында аса елеулі мән-жайлар тізілімі берілмеген. Тек Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 832-бабының 1-тармағының 2-абзацында «Қандай болғанда да сақтандырушы әзірлеген сақтандыру ережелерінде немесе шарт жасасу кезеңінде сақтанушыға жіберілген сақтандырушының жазбаша сауалына накты айтылған мән-жайлар елеулі деп танылады» деген ереже көрініс тапқан.

Осындай баяндаулар желісіндегі елеулі әрі маңызды сақтандыру шарттылықтарының мағынасын түсіну үшін халықаралық сақтандыру практикасындағы сақтандыру шартын жасасу жәйттеріне назар аударсақ аталмыш ауқымдағы: басталған кезінде сақтандырушыны сақтандыру өтемін (сақтандыру төлемінің сомасын) төлеуге міндеттейтін оқиға; сақтандыру шарты колданыста болатын аумақ; сақтандыру объектісі; сақтандыру сомасы; сақтандыру өтемін төлеу тәртібі және мерзімі; сақтандыру шарты колданыста болатын мерзім; сақтандырушының міндеттемелер бойынша жауапкершілігінің кезеңі; сақтандыру сыйлықақысының (жарнасының) мөлшері және оны төлеу тәртібі; тараптардың сақтандыру шарты бойынша міндеттемелерді орындамауы не тиісінше орындамауы жағдайының құқықтық салдарлары шарт бойынша тараптар арасындағы дауларды реттеу тәртібі сияқты мән-жайлардың елеулі болып танылатынын көреміз. Біздің ойымызша, Қазақстан Республикасының аумағында жасасылатын сақтандыру шарттары бойынша аса елеулі жағдайларды айқындау үшін, бірінші кезекте, сақтандыру ережелері мен сақтандыру шартының мән-жайларын қарастыру қажет.

Сақтандыру қызметтерін көрсетуге орай сақтандыру шартын жасасу кезінде негізге алынатын сақтандыру ережелерінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 825- 1-бабының 2-тармағына сәйкес: 1) сақтандыру объектілерінің тізбесі; 2) сақтандыру сомасын анықтау тәртібі; 3) сақтандыру тәуекелдері; 4) сақтандыру жағдайларынан алып тастау және сақтандыруды шектеу; 5) сақтандыру шартының қолданылу мерзімі мен орны; 6) сақтандыру шартын жасасу тәртібі; 7) тараптардың құқықтары мен міндеттері; 8) сақтанушынын сақтандыру жағдайы туған кездегі іс-әрекеті; 9) сақтандыру жағдайының туғандығын және шығын мөлшерін растайтын құжаттар тізбесі; 10) сақтандыру төлемін жүзеге асырудың тәртібі мен шарттары; 11) сақтандыру төлемі немесе сақтандыру төлемін жасаудан бас тарту туралы шешімді қабылдаудың мерзімі; 12) сақтандыру шартын тоқтату талаптары; 13) дауларды шешу тәртібі; 15) қосымша талаптар болуға тиіс. Сонымен бірге осы баптың       4-тармағында «сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы келісім бойынша сақтандыру ережелерінін, негізінде сақтандыру шартын жасасу кезінде анықталатын қосымша талаптарды көздейтін сақтандыру шарттары жасалуы мүмкін» деп айтылған.

Ал осы Кодекстің 826-бабының 1-тармағына орай сақтандыру шартында: 1) сақтандырушының атауы, орналаскан жері және банктік реквизиттері; 2) сақтанушының (егер ол жеке адам болса) тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса) және тұрған жері немесе (егер ол занды тұлға болса) оның атауы, орналасқан жері және банктік реквизиттері; 3) сақтандыру объектісін көрсету; 4) сақтандыру жағдайын көрсету; 5) сақтандыру сомасы мен сақтандыру төлемін жүзеге асырудың тәртібі мен мерзімдері; 6) сақтандыру сыйлық ақысының мөлшері оларды төлеудің тәртібі мен мерзімдері; 7) шарттың жасалу күні және қолданылу мерзімі; 8) егер олар сақтандыру қатынасына қатысушылар болса, сақтандырылған адам мен пайда алушы туралы көрсету; 9) шарттың (сақтандыру полисінің) нөмірі, сериясы; 10) шарттың талаптарына өзгерістер енгізу жағдайлары мен тәртібі; 11) сатып алу сомасын (жинактаушы сақтандыру үшін) төлеудің шарты және оның мөлшері болуға тиіс.

Бұл ретте көрініс тапқан осындай мән-жайлар заң жүзінде айқындалған сақтандыру шарттылықтарына жатады. Дегенмен, сақтандыру түрлеріне орай қос тарап келісімге кол жеткізуге тиіс аса маңызды сақтандыру шарттылықтары нақтыландыруды қажет етеді. Мәселен, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 825-1 және 826-баптарында айқындалып, белгіленген сақтандыру ережелері мен сақтандыру шартына қойылатын талаптарды талдай отырып мынадай қорытындыға келуге бола-ды: 1) өмірді сақтандыру шартын жасасу барысында аса елеулі мән-жайлар ретінде: сақтандырылған тұлға (адам); сақтандыру жағдайы; сақтандыру жарнасы; сақтандыру өтемі (төлемі); сақтандыру қорғауының мерзімі; сақтандыру төлемін (өтемін) төлеу түрлері; сақтандыру шартын жасасу нысаны көрсетілуге тиіс; 2) мүліктік сақтандыру шартын жасасу кезінде аса маңызды шарттылықтар ретінде: сақтандыру объектісі; сақтандыру тәуекелдері; сақтандыру жағдайлары; сақтандыру сыйлықақысының мөлшері; сақтандыру сыйлықақысын төлеу мерзімі; сақтандыру төлемінің (өтемінің) мөлшері; шарттың қолданылу мерзімі айқындалуға тиіс. Сақтандыру шартында орын алуға тиіс (заң жүзінде белгіленген) талаптардың толық көрсетілмегені үшін сақтандырушы жауапты болады. Осыған байланысты сақтандыру шарты бойынша дау туындаған жағдайда ол сақтанушының пайдасына шешіледі.

Сақтандырушы мен сақтанушының сақтандырудың барлық елеулі мән-жайлары бойынша келісімге келуі занда көзделген нысанда ресімдеуді талап етеді. Осы орайда сақтандыру шарты: тараптардың бір құжат жасауы арқылы, сақтанушыны біржақты тәртіппен сақтандырушы әзірлеген үлгілік шарттылықтарға (сақтандыру ережелеріне) қосу және сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисін беруі жолымен, тараптардың шарт жасасуға өз ерік-ықтиярымен келіскендігін әрі оның барлык елеулі мән-жайлары бойынша (ортақ) келісімге қол жеткізгендігін құжатпен растауға мүмкіндік беретін өзге де әдіспен жазбаша нысанда жасасылады. Бұл ретте ескеретін маңызды жәйт, міндетті сақтандыру бойынша шарттың жазбаша нысаны Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң-намалық актілерінде, ал ерікті сақтандыру бойынша сақтандырушының тұрғысынан не сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы келісім арқылы айқындалады.

Сақтандыру шарты (insurance policy) сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген кезден бастап, ал оны бөліп-бөліп төлеу кезінде алғашқы сақтандыру жарнасын төлеген кезден бастап күшіне енеді. Сақтандыру сыйлықақысы сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға сақтанушының сақтандырушыға міндетті түрде төлейтін ақшалай сомасы болып табылады. Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері, оларды төлеудің тәртібі мен мерзімдері шарт жүзінде белгіленеді. Сақтандырушы мен сақтанушы сақтандыру шарты бойынша төленуге жататын сақтандыру сыйлық ақысының мөлшерін айқындау барысында, сақтандыру объектісі мен сақтандыру тәуекелінің сипатын ескере отырып, сақтандырушы әзірлеген сақтандыру сомасы өлшемінен өндірілетін сақтандыру сыйлықақысының ставкасын белгілейтін сақтандыру тарифін қолдана алады. Сонымен бірге сақтандыру шартында сақтандыру сыйлықақысын мерзімдік сақтандыру жарналары түрінде бөліп-бөліп төлеудің де көзделуі ықтимал.[24, 45 б.]

Сақтандыру сомасы сақтандыру объектілері сақтандырылушы адам (тұлға) сақтандырылған ақша сомасы болып табылады және ол сақтандыру жағдайы басталған кездегі сақтандырушының сақтанушы алдындағы жауаптылығының шекті мөлшерін білдіреді. Сақтандыру сомасының мөлшері де шарт жүзінде белгіленеді. Сақтандыру төлемі сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтандырушының сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасынын, шегінде сақтандыру өтемі ретінде төлейтін ақшалай сома болып табылады. Сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтау тәртібі, аталған төлемді жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері сақтандыру шартында нақтылы белгіленеді.

Сөйтіп, сақтанушы өзі жасасқан сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде, айқындалған тәртіппен және нақтылы мерзімдерде сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге, сақтандыру тәуекелінің жай-күйі туралы сақтандырушыны хабардар етуге, сақтандыру жағдайының басталғандығы жөнінде сақтандырушыға хабар беруге, сақтандыру жағдайы салдарынан туындайтын залалдарды азайту мақсатында шаралар қолдануға, сондай-ақ сақтандыру жағдайының басталғандығы үшін жауапты тұлғадан талап қою құқығының сақтандырушыға өтуін қамтамасыз етуге міндетті болады. Ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде, айқындалған тәртіппен және нақтылы мерзімдерде сақтандыру төлемін жүзеге асыру, сақтанушыны сақтандыру ережелерімен таныстыру, сақтанушыға (сақтандырылған адамға) сақтандыру жағдайы басталған кезде оның залалдарын азайту мақсатында жұмсаған шығындарын өтеу, сақтандыру кұпиясын қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауға ат салысады.

Бүгінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 809, 809-1, 810,811, 812, 824-баптарына және 845-бабының 3-тармағына орай мынадай сақтандыру шарттары: 1) жеке сақтандыру шарты; 2) мүліктік сақтандыру шарты; 3) бас полисті беру жолымен сақтандыру шарты; 4) жеке сақтандыру бойынша жинақтаушы сақтандыру шарты; 5) аннуитеттік шарт; 6) кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты; 7) зиян келтіргендігі үшін азаматтық-кұкықтық жауапкершілікті сақтандыру шарты; 8) сақтандыру шарты (шартты бұзу ықтималдығы) бойынша азаматтық-құкықтық жауапкершілікті сақтандыру шарты; 9) қайта сақтандыру шарты; 10) өзара сақтандыру шарты жасасылады. Осы орайда ескерілуге тиіс маңызды жәйт, сақтандырушы мүліктік сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырылатын мүлікті жан-жақты қарап тексеруге, бағалауға және қажет болған жағдайда оның шынайы құнын анықтау мақсатында сараптама тағайындауға құқылы. Сонымен қатар, ол жеке сақтандыру шартын жасасуы кезінде сақтандырылатын тұлғаның (адамның) денсаулығы жай-күйінің нақтылы жағдайын айқындау үшін осы адамды медициналық тексеруден өткізуге құқылы.

Мүліктік сақтандыру шартын жасасқан сақтанушы қайтыс болған жағдайда сақтанушының кұқықтары мен міндеттері мұрагерлік тәртібімен тиісті мүліктерді қабылдап алған (иеленген) тұлғаға (адамға) ауысады. Сақтандырылған тұлғаның (адамның) пайдасына өзінің келісіміне орай жеке сақтандыру шартын жасасқан сақтанушы қайтыс болған жағдайда, аталмыщ шартта айқындалған құқықтар мен міндетгер сақтандырылған адамға ауысады.

Сақтандыру шарты мынадай жағдайларда: 1) шартты жасасу сәтінде сақтандыру объектісі болмаса; 2) құқыққа қарсы мүдделер сақтандыру объектісі ретінде көрініс тапса; 3) сақтандыру объектісі соттың зандық күшіне енген тиісті шешімінің негізінде тәркіленуге жататын мүлік не қылмыстык, жолмен алынған немесе қылмыстың заты болып есептелетін мүлік болып табылса; 4) сақтандыру жағдайы ретінде басталу мүмкіндігі мен кездейсоқтық белгілерінен айырылған (ажыраған) және шарттың қолданылу шегінде ықтималды әрі объективті болуға тиіс оқиға көзделсе осындай мән-жай жөнінде тараптар немесе кем дегенде сақтанушы алдын ала білген болса; 5) шарт жасасу кезінде сақтанушы алдын ала заңсыз пайда табу мақсатын нысаналаса, оның ішінде шарт сақтандыру жағдайы басталғаннан кейін жасасылса да; 6) кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты сақтанушыдан өзге тұлғаның мүддесіне немесе пайдасына жасасылған болса; 7) шарт бойынша жауапкершілікті сақтандыру кезінде сақтанушыдан басқа түлғаның жауаптылық тәуекелі сақтандырылған болса; 8) сақтандырылған тұлғаның келісімін алу мідетті болатын жағдайларда оның келісімі болмаса; 9) шарттың жазбаша нысаны сақталмаса жарамсыз деп танылады. Сақтандыру шарты жарамсыз деп танылған жағдайда сақтандырушы сақтанушыға одан алған сақтандыру сыйлықақыларын не сақтандыру жарналарын, ал сақтанушы (пайда алушы) сақтандырушыға одан алған сақтандыру төлемін қайтаруға міндетті.

Сонымен, осылайша қысқаша сипатталған сақтандыру шартының негізінде ерікті сақтандырудың барлық түрлері жүзеге асырылады. Осы сақтандыру шартына байланысты соңғы түйін ретінде ескерілуге тиіс маңызды жәйт, Қазақстан Республикасындағы міндетті сақтандыру тек заңнамалық актілер негізінде жүзеге асырылатынына қарамастан, тиісті міндетті сақтандыру барысында сақтандырудың осы түрін реттейтін заңнамалық актіге әрі көп жағдайларда Қазақстан Республикасының Аза-маттық кодексіне сәйкес сақтандырушы мен сақтанушының арасында міндетті сақтандыру шарты жасасылуға тиіс.

Бүгінгі танда Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілеріне әрі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес сақтандырушы мен сақтанушының арасында міндетгі түрде: жекеше нотариустардың азаматтық-құкықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты; өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шарты; қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру каупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты; аудиторлық ұйымдардың азаматтық-кұқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты; міндетті экологиялық сақтандыру шарты; көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың стандартты шарты; көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың кешенді шарты; тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты; қызметкерінің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруы кезіне оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты; туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасасылады.

Бұл орайда мынадай маңызды жағдаятты ашып көрсетуге болады: міндетті сақтандыру міндетті сақтандыру шартының негізінде сақтанушының есебінен жүзеге асырылады; міндетті сақтандыру шарты міндетті сақтандырудың нақтылы түрі бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған сақтандырушы мен тиісті мүдделері не азаматтық-құқықтық жауапкершіліктері міндетті сактандырылуға жататын сақтанушы арасында жасасылады; міндетті сақтандыру шарты сақтандырушының  сақтанушыға сақтандыру полисін беруі жолымен жазбаша нысанда жасасылады; сақтандырушы тиісті сақтанушымен міндетгі сақтандыру шартын жасасудан бас тарта алмайды; сақтанушы сақтандырушыны тандауға ерікті.

Сонымен, сақтандыруды жүзеге асыру негізін қалыптастыратын ерікті сақтандыру шарты тараптардын ортак, шешімге келуін білдіретін келісім әрі сақтандыру құқықтық қатынасын туындататын заңи факті ретінде қос тарапты, консенсуалды,  ақылы, мерзімді және алеаторлы сипатымен ерекшеленеді, сондай-ақ сақтандыру міндеттемесінің және азаматтық-құқықтық міндеттеменің пайда болуын негіздейді. Сақтандырушы мен сақтанушының арасында сақтандыру шартының жасасылғанын растайтын факті сақтандырушының сақтанушы беретін біржақты құжаты — тиісінше ресімделген сақтандыру полисі белгілі бір сақтандыру саласы бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру түріне (түрлеріне) байланысты туындайтын сақтандыру құқықтық қатынасының шарттық негізін білдіреді. Міндеттемелік құқықтық қатынас ауқымындағы (жүйесіңдегі) сақтандыру шарты болмысының басты мән-жайы сақтандыру міндеттемесінің өтемдік сипатының сақталуын нысаналайды. Осы орайда ескерілуге тиіс маңызды жәйт, тек тиісті заңнамалық актілер негізінде жүзеге асырылатын міндетті сақтандыру кезінде де сақтанушы мен міндетті сақтандыруға лицензиясы бар кез келген (ол таңдаған) сақтандырушының арасында міндетті сақтандыру шарты жасасылады.[25, 12 б.]

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 803,804-баптары, 806-бабынын 4—6-тармақтары, 809-бабы, 809-1, 810, 811, 812- баптары, 825,825-1,826,826-1,826-2,826-3,827-баптары, 832, 834, 841, 842, 843, 844-баптары, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы, 6-бабының 5-тармағы, 7-бабы, «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-кұқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағының 1) тармақшасы және 2-тармағының 1) тармақшасы, 9-бабының 2-тармағының 1) тармақшасы, 11-бабы, 12— 15-баптары, 23-бабы, «Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы, 5-бабының 2-тармағы, 6-бабы, 8-бабы, 9,10,11,12-баптары, «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-тармағы, 5-бабынын 2-тармағы, 6-бабы, 8-бабы, 9, 10, 11, 12-баптары, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы, «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы, 8,9,10-баптары, «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағы, 6-бабының 2,3-тармақтары, 7-бабы, 10-бабы, 11, 12, 13, 14, 15-баптары, «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-тармағы, 8-бабы, 9,10,11-баптары, «Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы занының 6-бабының 2-тармағы, 7-бабы, 8, 9, 10, 11-баптары, «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағы, 7-бабы, 10-бабы, 11, 12-баптары ерікті және міндетті сақтандыру шарттарының барлық мән-жайын әрі болмысының нысанын заң жүзінде негіздейді.             Сөйтіп, «Сақтандыруды жүзеге асыру негізіндегі сақтандыру шарттары» ұлттық сақтандыру рыногының салаларында өзіне тән сақтандыру қызметтерін көрсететін (сақтандыру өнімдерін сататын) мамандандырылған әрі лицензияланған сақтандырушы (сақтандыру ұйымы) мен өзінің сұранысы негізінде қажетті сақтандыру өнімдерін (көрсетілетін қызметтерді) тұтынатын әлеуметтік сақтанушының (жеке немесе занды тұлғаның) арасында Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің және тиісті заңнамалық актілердің ережелері мен принциптеріне сәйкес ерікті немесе міндетті түрде жасасылатын, аталмыш тараптардын құқықтары мен міндеттерін белгілейтін, сақтандыру міндеттемелерін, оның ішінде азаматтық-құқықтық және қаржылық құқықтық міндеттемелерді, сақтандыру қорғауының шегін айқындайтын, сондай-ақ шарттық сипаттағы материалдық сақтандыру құқықтық қатынастарының туындауын негіздейтін ресми жазбаша құжат ретінде тиісті ережелер мен принциптерді білдіретін құқықтық нормалардың жиынтығынан қалыптасатын сақтандыру құқығы Жалпы бөлімінің институтын құрады.

 

 

3.2 Сақтандыру шартын орындау, өзгерту және күшін жою негіздері

 

 

Сақтандыру шартын орындау, яғни сол шарттан шығатын міндеттер – міндеттеме шарттары мен ұзақ талаптарына сәйкес тиісінше орындауға тиіс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда – іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзгеде талаптарға сәйкес орындауға тиіс.

Сақтанушының ең негізгі міндеті болып, сақтандыру төлемін төлеу болып табылады. Сақтандыру қатынасында сақтандыру төлемі эквиваленті де болып келеді, сақтандырушыға төленетін төлем ретінде және сақтандырушы шығынның орнын толтыру ретінде.[26, 25-27 б.]

Сақтандыру төлемінің төлеу міндеттілігі, сақтанушының персоналдық міндеті, сақтандырылуға жатқызылмайды, пайда табушы және заңдармен шартпен де емес оларға жатқызылмайды.

Сақтандыру төлемінің мөлшері шартпен белгіленеді. Ерікті түрдегі сақтандыруда сақтандыру төлемінің мөлшерін тараптардың келісімімен бекітіледі, олар кез келген мөлшерін белгілеуге құқығы болады. сақтандыру төлемінің құнын бағалауға жол берілмеуі керек, оның жүзеге асырылу тәртібі монополияға қарсы заңдармен бекітіледі. Одан басқа сақтандырушы болып мемлекеттік мекеме түссе, сақтандырудың жүзеге асуын белгілеу, мемлекеттің сұрауы бойынша тарату тәртібі (сақтандыру ұйымының меншігі) өкілітті тұлға өз ұйымының сақтандыру жағдайын бағалауға құқығы бар, сол сияқты сақтандыру төлемінде. Шеттелген және әрекетсіз деп сақтандыру ұйымының келесімі сақтандыру жағдайын сақтандыру нарығында бағаласа, сақтандыру төлемін белгілі бір деңгейде бекітуі.

Кез келген жағдайда сақтандыру төлемінің мөлшері, сақтандыру құнының мөлшерден асып кетуі мүмкін емес. Шартпен қарастырғандай болады. Сақтандыру құнын анықтау жоғары денгейдегі сақтандыру шығынының орнын толтыру шыққан шығын орнын толтыру белгіленген сақтандыру жағдайында сақтандыру құнымен тең болуы мүмкін.

Міндетті сақтандыруда тараптарды алдын ала жазылғаны бойынша ақылдасып сол заңның мазмұнында есептеліп тұрғанымен, осы міндетті сақтандыру түрін реттейді. Бұл жағдайларда императивтік заңның алдын ала жазылуы сақтандыру төлемінің жоғарысына ғана әсер етеді, бекіткен мөлшерде азайтудан тараптар түсіп кетуге құқылы. Сондықтан да заңда келесі нысандар қарастырылған: міндетті сақтандыру түріндегі сақтандыру төлемі, заңмен белгіленгеннен асып кетуге болмайды. Сондықтан да сақтандыру төлемінің мөлшерін заңмен бекітсе, мысалы: 100 теңге сақтандыру объектісі сақтандырылса, бірақта тараптары оны 80 теңгеге төмендетуге құқығы бар. Егерде шартпен белгіленген бағасы 120 теңге болса, онда бұндай жағдайлар құқыққа қайшы болады және тараптары 100 теңгені пайдалана алады. Бұндай жағдайларда артық төленген сақтандыру төлемін аударса, артығын сақтандырушыға қайтарып беруі керек. Сақтанушының артық төлеуге сақтандыру төлемін қайтаруды талап ету құқығы сақтандыру шартының алдын ала әрекет етуі үшінде берілуі мүмкін. Сақтандыру төлемінің мерзімі және тәртібі шартпен белгіленеді. Міндетті сақтандыру түрінде, заңмен белгіленуі тиісті. Заңда алдын ала жазылып көрсетілген болса, онда екі тарапқа да міндетті.

Сақтандыру төлемін әртүрлі жолмен төлеуге болады, оны алдын ала төлеуі мүмкін не мерзімінен кешіктіріп төлеуіде мүмкін. Өз тараптарының келісуі бойынша. Жоғарыда айтқандай сақтандыру төлемі заңмен белгіленсе, шарттың алғаш әрекет етуінен бастап жүзеге асады. Шарт күшіне енген соң тараптар басқа жағдайлармен өзгертуге болады. сондықтанда сақтандыру жағдайынын төлемі, сәйкес келмеуі мүмкін. Шарт жасау уақытына байланысты сақтандырудың алғаш әрекет етуімен жүргізіледі. Бұнын әртүрлі жолдары бар. Көп жағдайда сақтандыру төлемінің бағасы, сақтандыру құнының пайызымен анықталады және ақшанын құнына да байланысты болады. Шарттта белгіленгені бойынша сақтандыру салымын салмаса уақытының өту мерзімі шарттың тоқтатылуына алып келеді, егер шартта басқаша белгілемесе. Сақтанушы мерзімі көрсетілген төлемнің мерзімін бұзса қосымша берген мерзімді сақтанушы ешқандай себептерге қарамастан шартты тоқтатуға құқығы бар. Осы мерзімге дейін сақтанушы сақтандыру төлемінің жартысын ғана төлесе, шарт тоқтатылған кезде сақтанушы ол жартылай төлеген төлемді қайтарып бермеуге құқығы болады. Сақтандырушының сақтанушыдан алған сақтандыру төлемі, ол оның меншігі болып табылады. Ал мемлекеттік сақтандыру ұйымдары оның шаруашылық қызметін жүргізуге құқығы болады. сақтандыру төлемінің меншігі былай көрсетіледі. Сақтанушының меншігінен сақтандырушының меншігіне ауысады.[27, 171-177 б,]

Басқа елдерде сақтандыру ісінің тәжірибесінің (оның ішінде РФ заңдылықтарында) сақтандыру төлемін, сақтандыру сыйлық ақысы деп түсіндіріледі.

Қазақстан Республикасының заңдарының түсіндірілуіне сәйкес (сақтандыру құны) екіге бөлуге болады: ол біріншіден – сақтандырылған объектінің сақтандырылған құны. Екіншіден – сақтандырушының белгілеген мөлшердегі міндеті, сақтандыру аяқ-асты жағдайлары болған кезде. Кейбір елдердің заңдарында сақтандыру құны сақтандырушының міндетіне байланысты болмайды, сондықтан да шыққан шығынның орнын толтыру сақтандыру құнынан асып кетуі мүмкін. Осындай жағдайларды шетел элементімен сақтандыру шартын жасаған кезде, шартта көрсетілуі керек, дау тумас үшін. Сақтандыру құнының мөлшерін шартпен белгілеу керек. сақтандыру шартының тенденциясы сақтанушының пайдасына жасалынатыны көрініп тұрады. Егерде сақтандырушы сақтандыру құнын көтерсе, онда шыққан шығынның орнын толтыру кезінде сол құрлым көлеміде үлкен болады. егерде сақтандыру шартында азайту құны қарастырылса, актідегі белгілегеннен төмен болса, сол сақтандыру түрін реттейтін актіде, онда құқықтық актіде нақты белгіленген көлемі қолданылады.

Ерікті түрдегі сақтандыруда сақтандыру құнының көлемін талаптар өз бетімен белгілейді. Бірақта сақтандыру туралы заңда кейбір шектеулер бекітілген. Ол көбінесі мүлікті сақтандыруға байланысты, ол жерде сақтандыру құны мүліктін шынайы бағасынан асып кетуі мүмкін емес, яғни шарт жасаған кездегі мүліктің бағасынан. Сақтандыру сомасы қатынасы, сақтандыру құны сақтандыру деңгейіндегі объектіні қамтамасыз етуге көрсетеді. Бұл объектіні қандай шаралармен сақтандыру, қорғауын көрсетіледі. Ерікті жеке сақтандыру сомаларын шектеу жүзеге асырылмайды. Ол тараптарды келісімімен анықталады. Өйткені заңда адам өмірін бағалау көрсетілмегендіктен мүлікті сақтандыру «нақты шығындардан» ол оның жоюына немесе сақталған мүліктің зақымдалу нәтижесінде сақтандыру аяқасты жағдайларынан алып келуі. Шығын келді деп төлемді сақтандыру шығынының орнын толтыру арқылы төлеудің аз дегенде 3 жағдайы болады: біріншіден – төлем, шыққан шығынға ғана жатады, (егерде құрылыс, өрттен ғана сақтандырылса, бірақ оны өрт емес судың әсерінен жойылса, онда оның шыққан шығының төлеуге жетпейді) егерде сақтандыру аяқ-асты жағдайларында басқа сақтандырылған мүлік жойылса, оның шығынын толтыруға жатпайды. Екіншіден – төлемді төлеу тек сақтандыру аяқ-асты жағдайларында келген шығынмен байланысты болады. Үшіншіден – шыққан шығын нақты болу керек, әрекет мәніне байланысты. нақты шығынның мөлшерін анықтау сақтандырылған мүлікке байланысты. онда тараптары сақтандыру құнына байланысты есептеуі керек, ал оның құны шарт жасаған кездегі құнымен қаралуы керек. Мүлікті сақтандырудағы мөлшері, сақтандырудағы аяқ-асты жағдайларының орнын толтыру, олар сақтандыру құныны мөлшеріне байланысты болады және нақты шығындар сақтандыру шартында қандай сақтандыру жүйесі қамтамассыз етуіне байланысты болады. Негізінде сақтандыру жүйесін қамтамассыз етудің үш жүйесі көрсетілген (оны тәжірибеде сақтандыру жүйесінің жауапкершілігі деп атайды).

1) Сақтандыру жүйесін пропорционалдық қамтамасыз ету, сақтандырған мүлікке келген шығынның орнын толтыру пропорционалдық түрде болады. Сақтандыру құны қанша құрауына байланысты, мүліктің құнына байланысты.

2) Алғашқы тәуекелді қамтамасыз ету жүйесі, бүкіл зияндар сақтандыру құнының шеңіне байланысты толық төленеді. Берілген жүйедегі сақтандыру шығыны, сақтандырылған мүлікке сақтандыру жағдайының себебінде келген шығынды, оның екіге бөлуге болады. Сақтандыру сомасын жабатын шығындар, сақтандыру сомасынан асып кететін шығындар. Бұл шығындар сақтандыру тәжірибесінде бірінші тәуекел деп айтылады.[28, 110-111 б.]

3) Қамтамасыз ету шеңі, шыққан шығынның орнын толтыру белгіленген шегінде қамтиды. Қамтамасыз етудің шеңі көбінесе қабылдау міндетті сақтандыруда шыққан шығынның орнын толтыруы шектеулі заңды үлгіде болады. Шығынның орнын толтыру кезінде, шығынның 70 пайызы ғана емес, сақтандыру жағдайында келтірілген болса, ерікті сақтандыруға келетін болсақ, қамтамасыз етуден шеңі оны үлкен тәуекел болған жерде ғана қолданылады. Ол жерде сақтандырушы шыққан шығынның орның толтыра алмайтын болса. Қамтамасыздандырудың шегінің аз мөлшері, ол франщиза заңмен де реттелуі мүмкін.

Франщиза – сақтандыру шартында қарастырылғандай сақтандырушы зиянның орнын толтырудан босатылады, белгіленген мөлшерде аспайтын.

Франщизаны екі түрге бөлуге болады: шартты және шартты емес.

Шартты франщизада сақтандырушы зиянның орнын толтырудан босатылады, франщизада белгіленген сомадан аспағанда. Ол сомасынан асып кетсе, онда зиянның орнын толық толтыруға міндетті. Мысалы: 100 мыңға сақтандырылған мүлік, франщизада сақтандырылған мүліктің құнынан 5 пайыз мөлшерде белгіленсе (5000-ды құрайды). Ал сақтандыру жағдайында мүлікке 3000 дай шығын келсе, сақтандырушы шартта қарастырылғандай босатылады. Ал егер шығын 5000-нан асып кетсе онда толық төлейді. Заңда сақтандыру аяқ-асты жағдайлары болғанда, шығынның орнын толтырудын келесі түрлері қарастырылған: сақтандыру аяқ-асты жағдайлары болғаннан кейін сақтанушы, сақтандырушымен келісіп өз құқықтарын ұсынуға болады. сақтандырылған мүлікке сақтандыру жағдайын орнын толтыруды және сақтандыру сомасын толық ала алады. Мысалы: автокөлік сақтандыру құны 40 мың теңгеге сақтандырса, сақтандыру жағдайы нәтижесінде оған келген зиян 60 пайыз болса, демек онда шығынның орнын толтыру зиян келгенге байланысты 24 мың теңге төленеді. Бұндай жағдайда сақтанушының екі мүмкіншілігі болады:

— зақымданған мүлікті өзіне қалдыруға сақтандырушыдан 24 мың теңгені алуына болады.

— оған автокөлікті соған беріп сақтандырушыдан 40мың теңгені алуға болады.

Төлемді ұсыну кезінде есеп айырысуда банк клиенттінің ұсынысын өз міндетіне алады. Банк басқа банкті операция жасауға қатыстыруға құқығы болады, клиенттің ұсынысы бойынша есеп шотына ақша аударған кезде, банктің міндетті ұсынысты орындау туралы клиентке уақытылы хабардар ету керек. Есеп айырысудың тағы бір түрі ақшалай түрде емес чек арқылы есеп айырысуға да болады. Чек құнды қағаз деп есептелінеді. Чекпен сақтандыру төлемін төлеуге, шығынның орнын толтыруға және заңды тұлғаларда есеп айырыса алады.[29, 94-99 б.]

Шартты өзгерту, күшін жою жалпы тәртіп бойынша сақтандыру шартында тек қана тараптардың келісімімен ғана жүзеге асады. Егерде ол ҚР-ның Азаматтық кодексте заң шығару актілерімен сақтандыру туралы және шарттың өзімен тікелей қарастырылмаса. Азаматтық кодексте қарастырылғандай тараптардың біреуінің талап етуі бойынша шарт өзгертілуі немесе тоқтатылуы, соттын шешіміменде болуы мүмкін. Тараптардың біруі тек шарттың мәнді белгілерін бұзған кезде. Шарттың мәнді белгілерін бұзу деп – тараптардын біреуі, шартты жасаған кезде бекітілген талаптарды орындамау. Соның негізінде келесі тарапқа үлкен зиян келуі. Шартты өзгерту немесе күшін жою талаптары сотқа тараптың біреуінің бас тарту өтініші түскен кезде өзгерістермен күшін жоюлары болуы мүмкін, өзгертулер мен күшін жою немесе берілген мерзімінде ұсыныстарының жауабын алмау, бұл ұсыныстар шартта, заңда бекітілген болса, ал олай болмаған жағдайда 30 күн ішінде болуы керек. Шартты жоюылған кезде тараптардын да міндеттері тоқтатылады. Шартты өзгертулер енгізген соң міндеттерің өзгертуі бойынша жүргізіледі. Жалпы қағидамен ҚР Азаматтық кодексі бекіткендей, шарттың күшін жою немесе өзгертулер енгізуіне дейінгі міндеттерін тараптар, шығынның орнын толтыруды талап етуге құқығы болмайды. Егерде ол заңмен тікелей қарастырылмаса. Сақтандыру туралы заңдарда қарастырылғандай сақтанушының төлеген сақтандыру салымын толық немесе ішінара қайтару. Шарт бұзылған немесе өзгертілген ретте егерде тараптардын келісуімен немесе шарттын өзгеру сипатынан өзгеше туындамайтын болса, міндеттемелер шартты өзгерту немесе бұзу туралы талаптар келісімге келген кезден бастап, ал шарт сот тәртібімен бұзылған немесе өзгертілген жағдайда шартты бұзу немесе өзгерту туралы соттың шешімін заңды күшіне енген кезден бастап тоқтатылған немесе өзгертілген болып есептеледі. Сақтандыру шартының қолданылуы: 1) сақтандыру объектісінің болмысы тоқталған; 2) сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылған адамның кайтыс болуына орай ол ауыстырылмаған; 3) шартта өзгеше көзделмесе, сақтандырушы сақтанушынын, ауыстырылуына қарсылык білдірген, сақтанушы мүліктік сақтандыру объектісін өз иелігінен шығарған; 4) өзінің кәсіпкерлік тәуекелін немесе осы қызметіне байланысты азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырған сақтанушы белгілеген тәртіппен кәсіпкерлік қызметін токтатқан; 5) сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығы жоқка сайылған және сақтандыру тәуекелінің болмысы сақтандыру жағдайына қарағанда, өзгеше мән-жайлар бойынша тоқтатылған; 6) соттың сақтандырушыны мәжбүрлеп тарату туралы шешімі занды күшіне енгізілген не уәкілетті мемлекеттік органның сақтандырушының ерікті таратылуына рұқсат беру туралы шешімі күшіне енгізілген жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.

Демек, аталған жағдайларда сақтандыру шартын тоқтату үшін негіз ретінде көзделген мән-жайлар орын алған уақыттан бастап тиісті шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған болып есептеледі. Бұл орайда мүдделі тарап дереу баска тарапты хабардар етуге тиіс. Сақтандыру шартының мерзімінен бұрын тоқтатылуы сақтандырушының кінәсіне орай шарт талаптарының орындалуына байланысты көрініс тапқан жағдайда, сақтандырушы сақтанушының өзіне төлеген сақтандыру сыйлық ақысын не сақтандыру жарналарын оған толық мөлшерде қайтаруға міндетті. Сақтандырушының сақтандыру шартын кез келген уақытта бұзуға құқығы бар. Бұл ретте оған, егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтандырушыға төлеген сақтандыру сыйлық ақысының не сақтандыру жарналарының сомасы қайтарылмайды. Негізінен алғанда сақтандыру шарты, егер аталмыш шартта өзгеше көзделмесе, орын алған алғашкы сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру төлемі жүзеге асырылған кезден бастап өзінің қолданылуын тоқтатады.

Егер шарты бұзуға немесе өзгертуге бір тараптың шартты едәуір бұзғаны негіз болса, екінші тарап шарттың бұзылуынан немесе өзгеруіне келтірілген залалдың орнын толтыруды талап етуге құқылы.

Сақтандыру туралы заңдарда шартты өзгерту немесе тоқтатуларды екі негізге байланысты бөледі:     

1)Жалпы негізбен Азаматтық кодексте қарастырылғандай міндетті түрлеріне де қолданылады.

2)Арнайы негіздерде, тек қана сақтандыруға ғана байланысты.

Басқа тараптың жағдайын бұзу заңдарда және тарапта қарастырылғандай орындау мерзімін бұзу және тағы басқа жағдайларын бұзуы. Бұл жерге келетін болсақ сақтанушының сақтандыру төлемі және сақтандыру салымын мерзімінде төлемеу. Ал сақтандырушы мерзімімен шығынның орнын толтырмау.

Белгіленген тәртіппен келесі тарапты банкрот деп тану. Сақтанушы да, сақтандырушы да банкрот болуы мүмкін. Бұл жерде сақтанушы өз міндетін атқарған болса, онда сақтандырушы шартты күшін жоюға талап етуге құқығы жоқ.[29]

Мемлекеттік органдардың актілерін өзгерту немесе күшін жою келісім шарт негізіне байланысты. ҚР Азаматтық кодексінде белгіленгендей бір жақты шартты өзгерту немесе күшін жоюы тараптар келесі тарапқа бір ай ішінде хабардар ету керек.

Сақтандыру шартының тоқтау негізі болып сақтандырылғанның қаза болуы. Бұл жердегі сақтандыру түрінде сақтандырылғанның қаза болуы сақтандыру аяқ-асты жағдайларынан емес басқа бір себептерден қаза болса. Сақтандыру шартына тоқтатылуына негіз бола алатын сақтандырушы шыққан шығынның орнын толтырмаған кезде, егерде шартта, заңда басқаша көзделмесе. Сақтандыру шарты жедел аяқталуда мүмкін, сақтанушы немесе сақтандырушы талап еткен жағдайда, тараптардын келісіміменде жүзеге асады. Тараптар бір-біріне шартты жедел аяқталу туралы 30 күн ішінде ескертуі керек, сол шарттын тоқтату белгілегенге дейін. Шартты жедел аяқтау кезінде сақтанушы толық төлеген салымын, сақтандырушы қалған мерзіміндегі сақтандыру салымын қайтарып береді. Керекті қорғаныс жағдайындағы әрекетін, ол құқыққа қайшы әрекеттерден өз үлесін қорғау мақсатында, бұған келетін зияндарға қарсы, ондай әрекеттер жасамаса үлкен шығын келетін болса, онда оның алдын алу әрекеттері ретінде есептелуі де мүмкін.

Құқыққа қайшы (қылмыстық және әкімшілік) әдейі осындай әрекеттерін жасау, егерде ол тұлға оны істегенінің құқыққа қайшы әрекет істеуі және соның солай болуын тілесе, оның орындалуына жол берілсе.[30]

Абайсыздықта жасалған құқыққа қайшы әрекеттер, егерде тұлға оны жасағанын оның болмауына жеңіл ойлармен есептеген болса.

Сақтандырушы негіздерге байланысты сақтандыру аяқ-асты жағдайының орын толтырудан босатылуы мүмкін, сақтандыру аяқ-асты жағдайының нәтижесі, әскери әрекеттерінің негізінде болса, егерде шартта әскери әрекеттердің тәуекелі қарастырылмаса. Бірақта бастартқан соң сақтандырушы, сақтанушыға сақтандыру төлемін қайтарып беруі керек. заңның әрекеті сақтандыруға «әскери тәуекелді сақтандыру» жеке қарастырылмаған халықаралық сақтандыру тәжірибесінде әскери тәуекелді сақтандыру ол мүліктік зияннан сақтандыру болып түсіндіріледі, яғни әскери әрекеттердің нәтижесінде сол сақтандырылған мүлікке зиян келетіні.

Ондай шартты жасаған кезде әрекетсіз болып табылады оларға:

-Жалпы негізде Азаматтық кодексте қарастырылғандай әрекетсіз келісімдер жасауы.

-Арнайы негіздерде сақтандыру заңдарында қарастырылған.

1) Сақтандырушы мен шарт жасаған кезде оның қызметін жүзеге асыратын лицензиясының болмауы.

2) Шарт жасаған кезде, бәсекелестікке байланысты жалған ақпараттарды беру, тарату.

3) Жеке сақтандыру шартын жасаған кезде 14 жасқа толмаған болса немесе жасалған тұлғасы әрекетсіз деп танылса, өз әрекетіне жауап бере алмайтын кездерінде жасаса және жанылысу негізінде жасаса, қорқыту, күштеу, алдау негіздерінде жасалса.

Талап қою мерзімінің өтуі белгіленген тәртіппен талап қоюы, сондай-ақ борышкер адамның борышты немесе өзге міндеттерді мойындағандығын дәлелдейтін әрекеттер жасауы арқылы үзіледі. Үзілістен кейін талап қою мерзімінің өтуі қайтадан басталады, үзіліске дейінгі жаңа уақыт жаңа мерзімге есептелмейді. Ерекше жағдайларда талапкердің жеке басына байланысты мән-жайлар (ауыр науқас, дәрменсіз халде болуы, сауатсыздық және т.б.) бойынша талап қою мерзімі өтіп кетуінің себебін сот орынды деп таныған кезде, азаматтың бұзылған құқығы қорғауға тиіс. Талап қою мерзімінің өтіп кету себептері орынды болып, егер ол талап мерзімінің соңғы 6 ай ішінде орын алған болса, ал егер ол одан көп немесе тең болса, аз болса сол мерзімнің өту кезінде танылады.[31]

Әрекет ететін заңдарға сәйкес дауларды сотта қарастыру оның ішінде сақтандыру шартына шығатындығы, сақтандырушы, сақтанушы пайда табушы осылар мемлекеттік баждан босатылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Өмір, әсіресе қазіргі кезең өте күрделі кездейсоқ  жағдайларға толы. Адамның өмір сүру әрекеті негізінде жол  апатына, тонауға, ауырып қалуға, нарықтық экономикалық жағдайда алдын-ала болжаған ақша, не материалдық шаралары  пайда әкелмей, керсінше зиянға ұшырауы әбден мүмкін. Сондықтан да, осы мәселені дипломдық тақырыбымызға негізгі нышыны етіп отырмыз.

Жұмыстың кіріспе бөлімінде «сақтандыру қоры» ұғымына жан-жақты анықтама беріп, оның пайда болу тарихына, мақсат-міндеттеріне тоқталдық.

Бірінші, « Қазақстан Республикасында сақтандыру заңдылығының даму алғы шарттары» тарауының бірінші, «сақтандыру және сақтандыру қызметінің түсінігі» тараушасында «сақтандыру» сөзінің әр тілдердегі мағынасына тоқталып, мысалдармен оның тиімділігін дәлелдеп, сонымен қатар сақтандыру қорының ашылу шарттарына тоқталдық. Қазақстан Республикасының заңдылығы бойынша кәсіпкерлік қызмет көрсетудің түрлілігі ретінде сақтандыруға жататын сақтандыру келісімдерін жасау және орындау жолдары мен сақтандырудың терминологиясына талдау жасадық. Кейбір сақтандыру түрлерінің конструкциясы сақтандырушыға ақша қаражаттарының жинақталуын жүзеге асыру жолдарына анықтама береді.   Сақтандыру жүйесінің мемлекет тарапынан жасайтын қадағалау шараларының ретіне және мемлекеттік сақтандыру қорларына салыстырыла талданған. Сақтандырудың әлеуметтік сақтандыру және кәсіпкерлік қызметтің түрлері ажыратылды. Мемлекеттік емес және мемлекеттік сақтандыру ұйымдарының құқықтық мәртебесі анықталған. Сонымен қатар, сақтандыру мен қаржылардың өзара қатынасы туралы сұрақты қарастырылған.

  Екінші, „Сақтандыру құқықтық қатынастарының ұйымдастырушылық нысандары“ тарауының „Сақтандыру түрлері“ тараушасында сақтандырудың бірнеше түрлері белгіленген. Оның ішінде міндетті түрде сақтандыру және ерікті түрде сақтандыру мен сақтандыру  объектілері бойыша жеке сақтандыру және мүлікті сақтандыру анықталған. Міндетті сақтандырудың белгілеріне байланысты да бөлу жүзеге асырылып, міндетті сақтандырудың мақсаты және негізгі қағидаларына, принціптеріне, оның сақтандыру шарты мен оны жасау тәртібін нақтыладық. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері және оны төлеу тәртібі жайлы сөз қозғалып, ерікті түрдегі сақтандырудың жүзеге асуы, тараптары, объектісі нақтыланады. Ал, екінші „Сақтандыру қатынастарының субъектілері және қатысушылары“ тараушасында сақтандыру субъектісінің қатысушы жақтарына анықтама беріліп, сақтандыру шараларын жүргізудің талаптарына тоқталадық. Сақтандырушы мекеме болып құрылған шаруашылық серіктестіктің жұмысы мен міндеттері анықталады. Мемлекеттік емес және мемлекеттік меншікте құрылған сақтандыру мекемесінің қызметі талданып, мемлекеттік сақтандыру кәсіпорны, мемлекеттің құзырлы орган­ның субъектісінің кәсіпкерлік жұмыстары және де сақтандырушы кәсіпорынды жабу, тарату реті қарастырылды.

Екінші «Сақтандыру шартын орындау, өзгерту және күшін жою негіздері» тараушасында сақтандыру шартын орындау, яғни сол шарттан шығатын міндеттер ҚР Азаматтық кодексінде белгіленгендігі қарастырылып, міндеттеме шарттардың ұзақ талаптарына сәйкес тиісінше орындауға тиіс екендігі, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда – іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындауға тиістігі сөз болған. Осыған ұқсас басқа елдердегі сақтандыру ісінің тәжірибесі түсіндірілген.

Негізінде сақтандыру жүйесін қамтамасыз етудің үш жүйесі көрсетілген (оны тәжірибеде сақтандыру жүйесінің жауапкершілігі деп атайды). Есеп айырысудың түрлері де сөз болады. Соңғы жылдардағы біздің елімізде бірте-бірте жаңа сақтандыру рыногы қалыптасуда, сондықтан бұл жерде басымдық сақтандырудың ерікті түрлеріне берілуде, сонымен бірге неғұрлым маңызды әлеуметтік түрлер бойынша мемлекет міндетті сақтандыруды атап өтті.

Бүгінгі таңда сақтандыруға қойылатын нарықтық-экономикалық талаптар сақтандыру заңнамасының тиімділігін әрі икемділігін, төтенше табиғи құбылыстарға байланысты және техногендік ортада орын алуы ықтимал сақтандыру жағдайларына қатысты шараларды, сақтандыру тәуекелдерін бағалау мән жайларын, сақтандыру тарифтеріне, актуарийлік есептеу мен қорытынды жасауға қатысты мәселелерді жеңілдетуді, сондай ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының  сақтандыру рыногындағы адал бәсекелестікті қолдауға бағытталған қызметіне тең құқықтық жағдай жасау деңгейін қамтамасыз етуді және т.б. нысаналауда.

Қорыта айтқанда дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасындағы сақтандыру жүйесінің барлық түрлеріне тоқталып, оның даму, қалыптасу тарихына да тиянақты тоқталуға тырыстық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл.
  2. Шихов А.К. Страхование . М., ЮНИТИ- ДАНА, 2000. 431 бет.
  3. Манес А. Основы страхового дела // Страховое дело.- 1993. -№ 3.- 39 с.
  4. Никольский П. А. Основные вопросы страхования. – Казань,1895.-160с.

5.Жуйриков К.К. Страхование: одна из платформ казахстанского барса.-Алматы:РПГ «Бiз — мы»,1998.-272 с.

  1. Сембеков А.К. Финансовые аспекты функционирования страховых компаний.- Караганда:Полиграфия,1998 .-116 с.
  2. Коломин Е.В. Теоретические вопросы развития страхования. //Финансы СССР. -1991.-№9.- 34 c.
  3. Мотылев Л.А. Государственное страхование в СССР и проблемы его развития.М.:Финансы, 1972. — 264 с.
  4. Жуйриков К.К., Ким Г.В. Государственное страхование в Казахстане. Алма-Ата 1992 г.
  5. Воробьева С.М. Страховой рынок Республики Казахстан. Караганда, 2000.-116 с.
  6. Худяков А.И. Страховое право Республики Казахстан. – Алматы:Жетi Жаргы, 1997. — 320 с.
  7. Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126 Заңы» Егеменді Қазақстан» 2000 жылғы 22 желтоқсан N 322-323
  8. Батыргожин Н. Итоги государственной программы развития страхования в Республике Казахстан на 2000-2002 годы // Рынок ценных бумаг Казахстана №2 2003г. – 34 c.
  9. Баймуратов И., Елубаева Ж. Перспективы развития системы страхования Казахстана в условиях глобализации // Финансы Казахстан №4 2004г.- 84 c.
  10. Зейнельгабдин А.Б. Финансовая система: экономическое содержание и механизм использования. – Алматы:Каржы-каражат, 2007.- 160 с
  11. Сулейменов М.К., Покровский Б.В., Жакенов В.А. и др. “Договор в народном хозяйстве”. Алматы 1997г.
  12. О проекте Закона РК “об обязательном социальном страховании”. Постановление Правительства РК от 11 декабря. 2001года.
  13. О проекте Законе РК “ Об обязательном страховании гражданско- правовой ответственности перевозчика перед пассажирам” Постановления Правительства РК от 20 декабря 2001 года.
  14. Белых В.С., Кривошеев И.В. Страховое право. М.,2002 г.
  15. Журавлев Ю.М. «Словарь-спровочник терминов по страхованию и перестрахованию» Издательство «Анкил» М.1994 год.
  16. Алексеева С.С. «Государство и право» Москва 2003 г.

22.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және ерекше бөлімдері). Алматы: ЮРИСТ, 2005 жыл.

  1. Найманбаев С.М. «Сақтандыру құқығы» Оқу құралы. Аламаты «Жеті жарғы» 2007 жыл.
  2. Словарь страховщика /Ефимов С.Л., Лозовский Л.Ш., Райзберг Б.А., Ратновский А.А., М.. ОАО «НПО» Издательство «Экономика», 2000.
  3. Манес А. «Основы страхового дела» Санкт-Петербург 2001 г.
  4. Скамай Л.Г., Мазурина Т.Ю. Страховое дело. М., ИНФРА-М, 2004
  5. Белых В. “Теория хозяйственного права в условиях становления и развития рыночных отнешений ”. // “Государство и право”. 2005 г.
  6. Сербиновский Б.Ю., Гарькуша В.Н. Страховое право. Ростов н/Д. Феникс, 2004 г.