АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастарының дамуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастарының  дамуы

 

 

Алматы 2007 ж.

Реферат

 

Диплом жұмысының көлемі 52 беттен тұрады, 5 кесте, 1 сызба, 10 формула көрсетілген. Сондай-ақ, жұмыс 25 әдебиетті қолдана отырып жазылған. Диплом жұмысы 8 бөлімнен, 2 тараудан тұрады.

Диплом жұмысының негізгі қолданылған кілтті сөздері: еңбек рыногы, жұмыс күші, еңбек ресурстары, жұмыссыздық, жұмыспен қамту, жалақы.

Жұмыстың негізгі мақсаты: Қазақстан рыногындағы еңбек қатынастарының жай-күйін жан-жақты зерттеу арқылы еңбек қатынастарын ұйымдастырудың экономикалық тиімділігін  арттыру жолдарын анықтау. Еңбекпен қамтудағы теориялық және практикалық қажеттіліктерін негіздеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының жағдайы, жұмыссыздық деңгейі, жұмыспен қамтудағы кепілдік, кәсіби біліктілігін арттыру.

Диплом жұмысының міндеті: Қазақстанда экономиканың қарқынды дамуы нәтижесінде жаңа-жаңа жұмыс орындары пайда болып жұмыс күшіне сұраныс артты. Бұл Қазақстан рыногындағы еңбек қатынастарын тиімді орналастыруды талап етіп отыр. Осы мәселелерді жан-жақты талдап экономикалық тиімді тұстарын айқындау, тың пікірлер ұсыну болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              Сын-пікір

 

 

Қазіргі экономикалық жағдайда Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығын реттеу, еңбек қатынастарының дамуы- экономикалық дамудың өзекті мәселелерінің бірі. Ол үшін елдің экономикалық деңгейі мен оның даму қарқыны, жұмыспен қамту, халықтың әл-ауқатын жақсарту, мемлекет тарапынан және басқадай жолдармен жеңілдіктер көрсету, еңбектің экономикалық тиімділігін арттыру қажет екендігіне көп көңіл бөлінген.

Бұл диплом жұмысында тақырып жан-жақты талданған, әсіресе қазіргі кезде Қазақстанда кең етек алған шетелдерден қоныс аударушыларды жұмыспен қамту, олардың мүмкіндігін тиімді пайдалану мәселелері статистикалық және социологиялық деректер негізінде әжептәуір қарастырылған.

Сетерхан Қ. Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастарын дамыту, еңбек нарығын реттеудің  жолдарын бұл саланы зерттеп жүрген ғалымдардың еңбектерінің негізінде өз пайымдарымен толықтырған. 

Диплом жұмысы қорғауға лайықты деп есептеймін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 
 
МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ      

 

  1. ЕҢБЕК РЫНОГЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНДЕГІ                ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ
  • 1. Жұмыс күші- еңбек рыногындағы экономикалық
  • қатынастардың нысаны
  • 2. Еңбек рыногының институттары мен ұйымдары:
  • әлемдік тәжірибе

           1.3. Еңбектің экономикалық тиімділігі: мәні және көрсеткіштері

 

  1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ

ДАМУЫ

         2.1. Қазақстандағы еңбек қатынастарының дамуы

         2.2. Қазақстан Республикасындағы еңбек миграциясы:

         сипаты, өзекті мәселелері

         2.3. Еңбек қатынастарын мемлекеттік реттеу: мәселелері

       

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

     

                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       КІРІСПЕ

 

Халықты еңбекпен қамту Қазақстан Республикасының  еңбек нарығындағы бүгінгі күннің ең маңызды мәселелері болып отыр. Оның басты мақсаты халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықты жою.  Осы мәселелерді шешу үшін ең алдымен еңбек нарығын жүйелі түрде талдап, сонан соң ондағы болып жатқан өзгерістерді бағалап әрбір аймақтың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек рыногы, жұмыс күші рыногы, еңбек ресурстар рыногы басқару жүйесін жетілдіру қажет.

Осыған байланысты еңбекке жарамды жастағы халықты жұмыспен қамту және оны экономика салаларында пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселелері. Еңбекке қамтудың негізгісі еңбек ресурстың өсуіне байланысты экономикалық белсенді халық санын да өскендігін байқауға болады.

Нарықтық экономикаға өту нәтижесінде халықты жұмыспен қамту құрылымы да айтарлықтай өзгерді. Облыс бойынша материалды өндіріс сферасында жұмыс істейтіндердің саны жыл сайын төмендеуде. Ал өнеркәсіп саласында жұмыс істейтіндердің саны жыл сайын азайғанмен, еңбек ресурстарының жалпы санына шаққандағы пайыздық үлесі біршама өскендігін көрсетеді. Материалдық өндіріс сферасының ең басты бөлігін ауыл шаруашылығы саласы алып отыр. Олай болса халықты жұмыспен қамту саясатын ең алдымен ауыл шаруашылығын көтеруден бастау қажет.

Жұмыс істейтіндер, жалпы жұмыс істейтіндер халыққа білім беру саласы, денсаулық сақтау, дене шынықтыру, әлеуметтік қамтамасыздандыру салаларында жұмыс істейтіндер, кейінгі орында тұрғын-үй коммунальдық шаруашылығы және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету салаларында құрайды. Бұл аталған салалардың барлығы өсу тенденциясына ие болып отыр.

Осы аталған мәселелерді шешу еңбек нарығының негізгі элементтерінің бірі болып табылатын халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметіне тікелей байланысты.

Азаматтарды жұмыспен қамтудың төмендеуінің негізгі факторларының бірі болып облыстағы ірі кәсіпорындардың, ұйымдардың жұмыс істеуінің тұрақсыздығы мен тоқтап тұрулары, қаржылық дағдарыс жағдайлары қосымша жұмыс орындарын ашуға теріс әсерлерін тигізеді. Бос жұмыс орындары мен қызмет орындарының жетіспеушілігі әсіресе ауылдық жерлерде қатты сезіледі.

Жұмысқа орналасуға тілек білдіргендердің ішінде жұмысқа орналастырылғандардың жалпы республикалық деңгейімен салыстырғанда орналастыру деңгейі төмен болып отыр.

Ресми түрде тіркелмеген жұмыссыздардың саны мен өздігінше жұмыспен қамтылғандардың саны “көлеңкелі” экономика мен жеке шаруашылықтарда басым болып отыр. Оларды есепке алудың дұрыс жолға қойылмағандығынан жұмыспен қамтылғандығынан жұмыспен қамтылғандар туралы мәліметтер дәл болмайды. Ресми түрде еңбек табысы жоқ жұмысшылардың басым көпшілігінің “көлеңкелі” табысы немесе жасырын жұмыс орындары бар.

Жоғарыда атап өткендей қандай да бір мәселені шешу үшін ол жайында толық хабарда болуымыз керек. Олай болса, нарықтық экономиканың дәл қазіргі қалыптасқан жағдайына байланысты пайда болған еңбек мәселелерін шешу үшін еңбек нарығының белсенді жұмыс істеуі үшін қажетті барлық құралдарды іске қосу керек. Олар:

— еңбек ресурстарының ұдайы өсу процессінің мониторингісін құру негізінде экономикалық белсенді халық санын, жұмыспен  қамтылғандарды, жұмыссыздарды есепке алу жүйесін жетілдіру;

— жасырын жұмыспен қамтылғандарды, жасырын жұмыссыздарды өзіндік жұмыспен қамтылғандарды айқындау, олардың еңбек табысы жөніндегі мәліметтерді анықтай отырып салық жүйесін жетілдіру;

— кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту негізінде жаңа жұмыс орындарын құру;

— жұмыссыздардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, яғни кадрларды дайындау және қайта дайындау, кәсіптік бағдар беру жүйелерін жетілдіру;

  • жұмыссыздарды жұмыспен қамтудың жаңа икемді формаларына ынталандыру қажет;

Мен өзімнің дипломдық жұмысмды орындау барысында мынандай әдебиеттерді (кітаптар, журналдар, мақалалар, заңдар т.б.) пайдаландым. Олар:

Нұрсұлтан Назарбаев. Стратегия ресурсо-сбережения и переход к рынку. М., 1992, 352 с.

Әубәкіров Я. Ә. Экономикалық теория. Алматы, 1999, 278 б; 

Крымова. Экономикалық теория. Алматы, 2000, 380 б;

Әкімбекова. Экономикалық теория. Алматы, 2000, 461 б;

Жатқанбаева Е.Б. Экономикалық теория. Алматы, 2006, 300 б;

Жұмабаев С.К. Еңбек рыногы экономикасы. Алматы, 2003, 270 б;

Қ.Бодаухан. Нарыққа өту жолында ұлттық аймақ экономикасының әлеуметтік бағыттылығын арттыру мәселелері. Алматы, 1997. (кандидаттық диссертация. ).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ЕҢБЕК РЫНОГЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ  ЕТУДЕГІ

            ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ

 

1.1.Жұмыс күші- еңбек рыногындағы экономикалық 

                             қатынастардың нысаны

 

Еңбек рыногында жұмыс күші бар жағынан сатылады, ал екінші жағы оны сатып алады. Сондықтан жұмыс күші деген ұғымға тоқталайық. Жұмыс күші дегеніміз адамның физикалық және ой қабылеті, осы қабілетін ол материалдық және рухани игіліктерді өндіруде пайдаланады. Жұмыс күшінің еңбекке деген қабылеті әр түрлі болады, алайда еңбек кезінде оның барлығы бірдей қолданылмайды. Сондықтан, жұмыс күшінің нақтылы еңбекке қажет қабылеттері бағаланады, белгілі кәсіп жасауға жұмсалынған жұмыс істеу қабылеттері өмірге, тіршілікке қажет заттарға айырбасталынады. Демек еңбек рыногы дегеніміз “жұмыс істеп жүрген” жұмыс күші рыногы. Ол қоғамда туған жұмыс күшіне деген сұраныспен, кәсіптік қабілет пен оны бағалаумен, жұмыс күшті белгілі уақыт ішінде пайдалану қатынастармен байланысты. Бұл жерде айырбастау, сату, сатып алу объекті ретінде еңбекке деген қабілеттің істе көрінуі, басқаша айтқанда, іске қосылған жұмыс күші болмақ. 

Еңбек басқа өндіріс факторлары сияқты жалақы деп аталады, табыс әкеледі. Жалақы еңбекке марапаттау ретінде көрінеді. Бұл даусыз шындықты барлық зерттеушілер мойындады.

Маркстің концепциясы біріншіден, еңбек болмақ, құнның қайнар көзі, сол себепті оның құны жоқ, тауар емес деп дәлелдейді. Бұл мынаған негізделген, сатылатын еңбек емес, жұмысшының еңбекке деген қабілеттілігі, яғни жұмысшы мен оның жанұясының өмір сүру құралының құнын анықтайтын жұмыс күші көрінеді.

Еңбек рыногы- бұл еңбек мөлшері және институттары, ұдайы өндірісті қамтушы жұмысшы күші және еңбекті пайдалануды көрсететін экономикалық механизмдер жүйесі. Барлық рыноктағы сияқты еңбек рыногында да еңбекке ұсыныс және еңбектің анықталған түріне сұраныс құрайды.

Еңбек нарығы (жұмыс күші нарығы)- бұл жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс сәйкестігінің жалпыға ортақ формасы. Ол тұтынушы сұранысына сәйкес экономикалық секторларына жұмыс күшінің біртіндеп орналасу механизмінің икемділігіні қамтамасыз етеді. 

         Еңбек рыногы пайда болуы және іске кірісуі үшін ең кем дегенде оның құрылымында мына бөліктер болу қажет.

— еңбек рыногының субъектілері (жалданған еңбеккерлер және олардың кәсіподағы, жұмыс берушілер және олардың одақтары, мемлекет және оның органдары);

— субъектілер қабылдаған экономикалық бағдарламалар, шешімдер мен заң нормалары;

— рынок механизмі (жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс, оның бағасы, бәсекелестік);

— жұмыссыздық және оған байланысты әлеуметтік төлемдер;

— рынок инфрақұрылымы.

Еңбек рыногының жоғарыда аталған бөліктері бірлесіп жұмыс

күшіне деген сұраныс пен оның ұсынысын теңестіруге, адамдардың еңбекке және қызмет түріне ерік таңдау құқын іс жүзінде асыруға, белгілі әлеуметтік қорғау жүйесін құруға бағытталады. 

 

         Еңбек рыногының екі түрін көрсетуге болады:

— біріншісі, жұмыс күшінің территория жүзінде жылжуға бейімделген, яғни жұмыс орындарын еңбеккерлермен фирма арасында ауыстыру жолмен толтырады. Мұндай рынокты сыртқы рынок деп атайды.

— екіншісі, еңбеккерлердің фирма ішінде жылжуына бейімделген. Бұл рынокты кейде ішкі рынок деп атайды.

    Әдетте, еңбек рыногының үш моделін атайды, американдық,

жапондық және шведтік.

         Американдық моделінде экономиканың бәсекелестік жағдайын қолдау саясаты, оның аса орталықтануына жол бермеу, кәсіпкерлерді белсенділікке және қызметкерлерді жеке табысқа, ақша табуды мақсат етуге итеру тән. Қызметкерлер кәсіпорындар арасында жиі алмасады, оқу орындарында кәсіптік даярлау толық болады, кәсіпорындар өндірістік оқуға кететін шығынды азайтуға тырысады. Кәсіпорындарда жалақы шартпен, ұжымдық келісіммен тағайындалады. Кәсіподақтар кәсіп нышанасымен құрылады. Штаттық және федеральдық жұмыссыздықты сақтандыру қорларына кәсіпорындар мен қызметкерлер әрқайсысына бөліп жарнама төлейді. Қордың негізгі сомасын кәсіпкерлерден түсетін салық құрайды. Бұл салық төленген жалақының белгілі бір пайызы ретінде алынады. Осындай саясаттың нәтижесінде қызметкерлердің территориялық және кәсіптік жылжымалдылығы, жұмыссыздық деңгейі басқа елдермен смалыстырып қарағанда жоғары болады. Мұның барлығы бұл елде сырт рыногы басым екенін көрсетеді.

         Жапондық модельдің ерекше бір сипаты- “Өмір бойына жалдану жүйесінің” орын тебуі, яғни қызметкерлер осы жүйе бойынша еңбекпен қамтамасыз етілуіне кепілдеме алады. Кепілдеме заңды түрде бекітілмеген, жалданған қызметкерлер мен кәсіпкерлердің ұзақ жыл бойы қатынастарынан туған нәтиже. Мұндай жүйені кәсіподақтар қолдап, фирмаға түзу ниетпен қарайды. Жапонияда кәсіподақтар компания ішінде құрылады және қызмет істейді. Фирма қызметкерлердің кәсіптік дайындау мен біліктілігін жоғарылатумен шұғылданады, ол олардың еңбекке, жұмыс сапасына дұрыс көзқарасын тәрбиелейді. Өз ойымен қызметкерді бір жұмыс орнынан екіншісіне, бір бөлімнен басқасына ауыстырып тұрады. Бұрынғы кезде жалақы деңгейі қызметкердің стажы мен жасына байланысты болатын, кәзір оның біліктілігі мен еңбек тиімділігін де ескеретін болды. Мұндай еңбек рыногын жабық ішкі рынок деп сипаттайды. Жапондық модельді фирма басшыларының қызметкерлерге әкелік қамқорлықпен қарауы, олардың өндірістен тыс өміріне көңіл бөлуі және де фирманың жан-жақты қызметіне еңбеккерлердің құштарлығы сипаттайды. Бұл жерде сапа үйірмелері үлкен роль атқарады. Кейінгі жылдары Жапонияның үлкен экономикалық дағдарысқа душар болғаны белгілі. Осыған байланысты дәстүрлі “өмір бойы жұмысқа жалдау жүйесі” өзгертіліп жатыр, тұрақты жұмыспен қамтылатын адамдар саны азаюда.

         Шведтік модельдің ерекшелігі мемлекеттің белсенді түрде жұмыспен қамтамасыз ету саясатын жүргізуі. Мемлекет органдары қызметкерлерді кәсіптік дайындау мен қайта дайындау, жұмыс орнын жасау, жұмыс іздеп жүргендерді бос жұмыс орнын табу үшін кәсіптік бейімдеу және мәлімет беру, жаңа жұмыс орынына жету үшін жәрдем ақша беру арқылы жұмыс күшінің бәсекелестік қабілетін арттыруға көп көңіл бөледі. Осы бағытта Швеция басқа елдерге қарағанда едәуір көп қаражат жұмсайды. Жұмыспен қамту саясаты жалпы экономикалық шаралармен тығыз байланысты, атап айтқанда, шек қойылған салық саясатымен,еңбек ақы төлеудегі “ынтымақтастық саясатымен” халықтың әлсіз топтарын қолдау т.б.

         Мемлекет әлеуметтік қызметтерді қажет ететін секторларда жұмыспен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Осындай өзара байланысты кешенді мемлекет саясаты арқасында елде жұмыс күшіне деген сұраныс және жұмыспен қамту мәселелерінің шешілуі жоғары деңгейде болып отыр.

         Ресейлік модель- бұл модельдің айқын нышандары білінбегенмен, кейбір нұқсандары оның сыртқы еңбек рыногына жақын екенін байқатады. Мысалы, жұмыс күшінің жылжымалдылығы осы уақытқа дейін өте төмен, мамандар және білікті жұмысшылар дайындауда мемлекет оқу орындарының рөлі әлі де басым. Кәсіпорындардың әлеуметтік объектін муниципалдық басқару органдарының меншіктігіне берілуі сыртқы еңбек рыногын бекіте түседі.

         Қазақстан тәжірибесіне келсек, Ресеймен салыстырғанда, еңбек рыногын қалыптастыруда біраз алда болса керек. Жұмыс күшінің жылжымалдылығы жоғары, әр түрлі кадрлар дайындауда жеке меншіктегі оқу орындары кәдімгідей үлкен роль атқарады. Ал әлеуметтік объектілерге келсек, Қазақстанда пәтер-үй мен коммуналдық шаруашылық саласында реформа жасалғанына біраз жыл болып қалды. Сонымен қатар зейнет жүйесіндегі реформа, жалпы экономикалық реформа, Ресейге қарағанда жақсы нәтиже беріп отыр. Сондықтан екі елдегі еңбек рыногының ұқсастығынан гөрі айырмашылықтары уақыт өткен сайын көбейіп жатыр.

         Рыноктың даму дәрежесіне қарай, талдау мақсаты және де басқа қолданылатын критерийлер бойынша рынокты әр түрлі сегменттерге бөлуге болады. Мысалы, еңбек қатынасының тұрақтылығына қарай еңбек рыногын үш секторға бөледі:

— бірінші сектор. Бұл секторда еңбеккерлер  тұрақты және толық уақыт жұмыс істейді, олардың жалақысы жоғары болып келеді. Қызметкерлердің шеберлігін арттыруға, өндірісті басқаруға қатысуына жағдай жасалынады. Жұмыс орнында озық технология қолданылады, кәсіподақ рөлі күшті болып келеді;

— екінші секторда адам жартылай жұмыспен қамтылады, маусымдық жұмыс тараған, жұмыс орындары қарапайым және мәртебесі төмен, еңбек ақы мардымсыз, әлеуметтік қорғау жүйесі жете дамымаған, кәсіподақ орын теппеген;

— үшінші сектор жұмыссыздарды біріктіреді. Мемлекеттің еңбек рыногына ықпал жасау дәрежесіне қарай екі сегментті айыруға болады;

— Мемлекет жұмыспен қамту жөніндегі қызмет орындары реттейтін рынок. Сан тұрғысынан оған ресми тіркелген жұмыссыздар, жұмыс іздеп жүргендер және кәсіптік бейімделуге  дайындауға және қайта дайындауға құштар жұмыссыздар жатады. Осы контингент жұмыс күшінің ұсынысын қалыптастырады;

— Бақылаудан тыс қалған жұмыс күші рыногы. Бұған жұмысқа орналасумен айналысатын ресми органдарының бақылауынан тыс қалған жұмыс күшінің ұсынысының бір бөлегі және бос жұмыс пен оқу орындары жатады. Олар жұмысқа жұмыс берушілермен тікелей түйісу арқылы орналасады.

         Еңбек рыногының өзгеше сегменті ретінде жасырын еңбек рыногын атауға болады. Бұл рынокқа ресми секторда жұмыс істеп жатқан адамдар жатады, бірақ олар толық жұмыс уақытын әр себеппен пайдаланбайды.

         Жасырын рынокты екіге бөлуге болады: ресми және бейресми түріне. Ресми түріне статистика тіркейтін жұмыс уақытын амалсыз толық пайдаланбаған адамдар жатады. Ал бейресми бөлігін әлеумет тану зерттеушілер әдістерімен анықтауға болады.

         Жұмыс күшін жұмысы мен жасы, денсаулығы мен біліктілік деңгейіне орай бөлек-бөлек сегменттерді белгілеуге болады. Әсіресе, зерттеу жүргізген кезде және әлеуметтік саясатын құрған кезде мына сегменттерге ерекше көңіл бөліну тиісті:

— әйелдер жұмыс күші;

— жастар жұмыс күші;

— егде адамдар жұмыс күші;

— мүгедектер жұмыс күші;

    Ғылыми-техникалық  прогрестің кезеңінде экономикада және еңбек рыногында маңызды өзгерістер болып жатыр. Қызметкерлердің кәсіптік білімі дамуы, компьютерлік , информациялық технология материалдық өндірісте және қызмет істеу саласында жұмыс орнын қысқартып, жұмыссыздықты көбейттіріп отыр. Осы жағдайда еңбеккерлер өз құқын қорғауды күшейте түсті. Үкімет пен жұмыс берушілерді өз талаптарына көндіруге мәжбүр етті: Жұмысты икемді графикпен істеу, әлеуметтік қорғау жүйесін күшейту, жұмыстан босату тәртібін қатаңдату және т.б. Оның үстіне экономика дамуының жаңа тенденциялары бұрынғы еңбек жағдайын реттеу шарттарына қайшы келеді, өмірге еңбекті ұйымдастыру және жалақы төлеудің жаңа түрлері енеді. Осының барлығы дүниеге жаңа түсінік- “еңбек рыногының икемділігі” түсінігін әкеледі. Бұл түсініктің қалыптасуы әр түрлі бағыт және формада болады; стандарттан тыс толық жұмыс уақытын пайдалану тәртібі, жұмыс істеудің стандарттан тыс формалары, жұмысқа алу және одан босату мәселелеріне икемділік таныту, шығынды азайтуға әкелетін жалақы жүйелерін қолдану және т.б.

         2005 жылдың екінші тоқсанында (алдын-ала деректер бойынша) жалдамалы қызметкерлердің саны 4,6 мың адамды құрайды, бұл өткен жылдың тиісті тоқсанындағыға қарағанда 255,1 мың адамға (5,8%-ға) көп. Олардың 38,8 пайызы мемлекеттік ұйымдарда, 41,7 пайызы мемлекеттік емес ұйымдарда, 12,5 пайызы жеке тұлғаларда, 7 пайызы шаруа (фермер) қожалықтарында жұмыс істеді. Ірі және орта кәсіпорындарда 2,6 млн. адам немесе жалдамалы қызметкерлердің жалпы санының 55,4 пайызы жұмыс істеді.

         Республика экономикасында 2005 жылдың екінші тоқсанында 7,3 млн. адам жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтылғандар құрамында жалдамалы қызметкерлер үлесі-63,8 пайызды, өз бетімен жұмыспен қамтылғандар-36,4 пайызды құрады. Республиканың өнеркәсібі мен құрылысында 1,3 млн. адам жұмыспен қамтылады; ауыл және балық шаруашылығында-2,4 млн. адам, қызмет көрсету секторында-3,6 млн. адам. Жұмыссыздар саны 2005 жылдың екінші тоқсанында 634,1 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі 8 пайыз.

         2005 жылдың мамырында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 31,5 мың теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15,2 пайызға өскен. Жалдамалы қызметкерлердің еңбек ақысының көбеюі өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша байқалады. Өнеркәсіптегі қызметкерлердің жалақысы ағымдағы жылдың мамырында 2004 жылдың тиісті айына қатысты.

         Еңбек рыногы-жұмысшысының өз еңбегінің нәтижелі болуына, жұмысының көлемі мен сапасынкөтеруге мүдделілігін арттырудағы ең басты құрал. Ол күрделі экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығын сипаттайды. Айталық, біріншіден бұл жұмысшы мен жалпы қоғам арасындағы қарым-қатынас. Еңбек ақы төңірегіндегі жалақы мөлшерін белгілеу, ұжымдық келісім-шарттыбекіту секілді мемлекеттік саясаттың қажеттілігі, яғни мемлекеттік реттеу қызметі. Екіншіден, еңбек ұжымы мен ұйымдар арасындағы қарым-қатынастар, басқаша айтқанда, еңбек ақы мөлшерінің ұйымдардың қаржы-шаруашылық есебімен тығыз байланыстылығы.

         Еңбек ақының мәні оның қызметімен анықталады, ол жұмысшының материалдық және мәдени қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті болуы тиіс.

         Бұрынғы Кеңес тұсындағы жоспарлы-бөлу ақының ара қатынасын реттеу қабілетсіздігін байқатты.

         Экономикасы дамыған елдердің тәжірибесін зерттеу еңбек рыногын реттеу механизмі өзіне тиесілерді қамтитынын көрсетті;

— еңбек келісім шартын бекіту негізінде барлық мүдделі тараптардың мүддесін толық көрсетуге мүмкіндік беретін көп деңгейлі ұжымдық-келісім шарттық жүйені;

— жеке табыс салығын реттеудің салықтық жүйесін, сондай-ақ жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсайтын шығындарын;

— еңбек ақы төлеудің жекелеген шарттарын ең төменгі кепілдік жалақы түрінде мемлекеттік реттеу;

Кәзіргі жағдайда жұмысшыларға еңбек ақы төлеу нысаны, жүйесі мен мөлшері, сонымен қатар басқа да табыс түрлері ұйымының шешімімен белгіленеді. Бірақ кәсіпорындар, меншіктің түрі мен ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, міндетті түрде, еңбекке ақы төлеудің ең төменгі мөлшерін және жұмысшыларды әлеуметтік қорғаудың заңмен бекітілген шарттарын қамтамасыз етуі тиіс.

Жұмысшылардың негізгі еңбек ақысына нақты орындалған жұмыстар үшін төлемдер, мерзімінен тыс жұмыстар үшін қосымша төлемдер, жұмысшылардың кінәсіне жатпайтын ақаулар үшін төлемдер, жұмыстың күрделілігіне сәйкес төленетін үстеме ақы жатқызылады.

Жұмысшылардың еңбек ақысын есептеу кәсіпорында қабылданған еңбекке ақы төлеу жүйесі мен нысандарына, ұжымдық келісім шарттарына, материалдық ынталандыру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Еңбек ақы жұмысшы мен жұмыс беруші үшін еңбек ақы шығындарының экономикалық тиімді шегін анықтайды.

Еңбек ақының негізгі көзі-еңбекке ақы төлеу қоры. Сонымен бірге жалақының екінші түріне жұмысшыларға ұжым еңбегіне қосқан жеке нәтижелері үшін төленетін түрлері төлемдер жатқызылады. Бұл кезде жұмысшыларға сыйақы беру орындалған жұмыстың сапасын бағалай отырып, ынталандыру қорын еңбекке араласу коэффициентінің көмегімен жұмысшылардың арасында бөлу арқылы жүзеге асырылады.

Қорта келгенде еңбекке төлеу шығындарының есебін сапалы түрде жетілдіру әрбір ұйымында алғашқы есеп құжаттарын бір жүйеге келтіру шараларының кешенін жасаумен, әрі енгізумен байланысты, оның қорытындылаушы кезеңі нақты шығындарды тиісті объектілердің өндірістік шығындарының құрамына енгізу болып табылады.

Жоғарыда айтылғандай, есептелген еңбек ақы аналитикалық есепте тек шығындар бабы бойынша ғана емес, сонымен бірге төлем түрлері (заттай және ақшалай) бойынша да топтастырылуы тиіс. Жұмысшыларды әлеуметтік қорғау саясаты алғашқы және бухгалтерлік құжаттарда қосымша көрсеткіштерді (еңбек ақы төлемдерінің заттай, ақшалай және басқада түрлері) енгізуді талап етеді.

Еңбек рыногының икемділігі қазіргі өндіргіш күшінің даму деңгейінің  талабына жауап ретінде пайда болған құбылыс, экономиканы дағдарыстан шығаруға, оның өсуіне, кәсіпорынның тиімділігін арттыруға, еңбек потенциалын толық пайдалануға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар ол тұрақсыз жұмыс орын санын көбейтеді, қызметкерлердің әлеуметтік қорғауын әлсіретеді. Бұл мәселелерді шешуге тек тек рыноктың шама шарқы жетпейді. Сондықтан мемлекет жағынан қызметкерлерді пайдалануда тұрақтылық пен икемділікті үйлестіретін ұтымды реттеу механизмі қажет.

Жұмыспенқамту жеке тұлғалардың олардың жеке және қоғамдық сұраныстарын қанағаттандыруымен байланысты, оларға еңбекақы немесе еңбек табыстарын әкелетін, заңға қайшы келетін іс-әрекеттері сондай-ақ осыған байланысты пайда болатын еңбек рыногындағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың теңестіру дәрежесінің сипаты ретіндегі әлеуметтік-экономикалық қатынастар. Жұмыспен қамтудың формаларын зерттеу осынау аса күрделі әлеуметтік-экономикалық категорияның мазмұнын толығырақ ашуға мүмкіндік береді. Тек осы проблемалардың барлық аспектілеріне жан-жақты зерттеудің негізінде ғана жұмыспен қамту саясатының басымдылықтарын таңдап оларды жүзеге асырудың пәрменді стратегиясын құруға болады.

Қазақстан жағдайына  келсек, жұмыспен қамту туралы соңғы заң бойынша жұмыссыздыққа байланысты жәрдем ақша деген түсінік мүлде жойылды; Сонымен, қазақстандық жұмыссызға әр жұмыс орынын іздеу моделіне келесі түзетулер енгізу болады: жәрдем ақша орнына ең мұқтаж болғанына материалдық көмек беріледі, материалдық көмек мөлшері оның бұрынғы жалақысы мен стажына емес, есеп айыратын көрсеткішке тәуелді. Бұл жағдайда жұмыссыздық жоғары деңгейлі дәмегер жалақының жоғары болуынан туды да жорамалдау қиын.

Еңбек жағдайы өзініңң ең кең мағынасында еңбек процесіндегі адамның жұмыс істеу қабілеті мен денсаулығына әсер ететін факторлардың, яғни сыртқы күштердің жиынтығы болып табылады. “Еңбек жағдайы” терминін қолдауда оның әртүрлі мағана беріледі. Біреулер үшін бұл жалақы деңгейі болса, екіншілер ұшін бұл жұмыс уақытының ұзақтылығы, ал үшіншілер үшін еңбектің ауыртпалық деңгейі және т.б. Мұның бәрі әрине дұрыс және бұл тізімді шексіз десек те болады. Шын мәнінде адамға, оның денсаулығы мен еңбек қабілеттілігіне әсер ететін факторлар өте көп. Олардың бір тобын біз қарастыруға тиісті әлеуметтік-экономикалық факторларды құрайды. Әлеуметтік- экономикалық факторлар еңбеккерлердің бүкіл қоғамдағы жағдайын анықтайды. Олар Қазақстан Республикасының конституциясында: мамандардың еңбекақысын, дайындау және қайта дайындау мәселелерін, жалпы алғанда әлеуметтік игіліктер  мен кепілдіктерді реттейді, еңбек заңдарында орын табады. Мемлекеттің нормативті құқықтық актілері бір аусымдағы (смена) жұмыс уақыты ұзақтығын, санитарлық нормалар мен ережелерді, зейнеткерлік жаста, жүктілік пен босану жеңілдіктерін, көп балалы жанұяларға жеңілдіктер және басқа да еңбек қатынатарына байланысты толып жатқан мәселелерді қарастыруы мүмкін.

 

1.2. Еңбек рыногының институттары мен ұйымдары:

           әлемдік тәжірибе

 

Нарықты экономиканың жеке секторларында ең басында құрылған стихиялық қатынастар уақыт өткен сайын ұйымдасқан сипатқа ие бола бастайды. Біздің пікірімізше, бұл жерде белгілі тәртіп қалыптасу тенденциясы көзге түседі (энтропияға ұмтылудан өзгеше). Еңбек рыногында қатынастар дамуы, сөзсіз институттар (институциялар) мен ұйымдар пайда болуына итереді.

Еңбек рыногы институтына нормативтік жарлық (реттеуіштер) және де еңбек саласындағы қатынастардың ұзақ уақыт бойы болған үлгілері, мысалы, жеке адам және ұжым еңбек келісімдері, тарифтік автономия, кәсіпорынды басқаруға қатысу және т. б. жатады.

Еңбек рыногы ұйымы дегеніміз жоспарланған және бірдей әрекет жасау үшін адамдары белгілі мақсат бағытында біріктіру, мысалы, жұмыс берушілер одағы, кәсіподағы, еңбекті басқару органдары және т.б. Солармен бірге кейбір елдерде (мысалы Германияда) кәсіпорын кеңесін құрайды. Олар кәсіпорын уставы бойынша институт, ал кәсіпорын ішінде ұйым ретінде қарастырылады.

Еңбек рыногы институты мен ұйымдары объективті негізде пайда болады, өйткені олар әлеуметтік қатынасын үйлестіреді; жалақы деңгейін орнатуда жеке де жұмыс беруші мен жұмыс алушылар арасындағы келісім жасауға байланысты шығынды едәуір үнемдеуге көмектеседі.

Тарифтік автономия дегеніміз үшінші жақтан, әсіресе мемлекеттен, тәуелсіз түрде жұмыс беруші мен жұмыс алушы арасындағы еңбек келісім шарттарын үйлестіру құқы. Мысалы, Германияда тарифтік келісім туралы заң бойынша келісімнің екі жағы ретінде кәсіподақ және жұмыс берушілер одағы не жеке жұмыс беруші болады. Жеке жұмыс алушы, өзінен-өзі түсінікті себеппен, тарифтік келісімнің бір жағы ретінде бола алмайды.

Елеулі маңызы бар тағы бір жәйт, ол әр жұмыс берушілер және әр жұмыс алушылар бірлестігі тарифтік серіктес бола бермейді. Ол үшін екеуі де демократиялық негізде құрылу керек, екі жақты партиялық саясаттан, шіркеуден және мемлекеттен тәуелсіз және зауытаралық ұйым ретінде болуы керек. Германияда тарифтік келісім әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеуде өте маңызды роль атқарады: татуластыру, қорғау қызметін атқарады және еңбек рыногы саласында ұйымдастырушылық бастаманы енгізеді. Тарифтің келісімі заң тұрғысынан екі бөліктен тұрады: нормативтік бөлігінде жалақы, жұмыс уақыты мөлшері және т.б. туралы мәліметтер болады; ал міндеттеу бөлігінде екі жақтың құқы мен міндеттері көрсетіледі. Тарифтік келісім ең алдымен келісімге келген жақтың мүшелеріне, яғни тарифтік келісімге қол қойған жұмыс берушілер одағының мүшелері және кәсіподақ мүшелеріне маңызы бар.

         Германия тәжірибесіне тағы да келсек, 90%-ға жуық жұмысшылар мен қызметкерлер тарифтік келісіммен қамтылған, тек қана жеке бір салаларда ең алдымен, қызмет ету саласында олар кең орын теппеген. Тағы бір ерекшелігі: бір жұмыс беруші мен бір кәсіподақ арасында фирмалық тарифтік келісім болады, мысал ретінде белгілі “Фольксваген” фирмасын атауға болады. Еңбек ақы туралы тарифтік келісім жалақы түрлерін, еңбек ақы төлеу топтарын анықтайды, ал басқа еңбек жағдайлары (жұмыс уақыты, демалыс және т.б.) рамалық, типтік келісімнің тақырыбы болып келеді. Бұған білімге ынталандыру, жыл аяғындағы төлемдер, жұмыс сменасы және т.б. туралы келісімдер жатады. Тарифтік келісімнің көп болғаны келісімге әр түрлі уақытта келумен  және сала мен аймақ деңгейінде жасалуы. Тағы бір айта кететін жағдай әр тарифтік келісім еңбек министрлігінің тарифтік тізімінде (регистрінде) міндетті түрде тіркелуі.

         Тарифтік келісімнің келесі елеулі жағы- жұмыс жағдайына минимальдық стандарт орнату. Кәсіпорын деңгейінде, келісіммен бекітілген уақыт мерзімінде, тарифтік келісімнің мазмұны өзгермеуге тиіс. Германиядағы әлеуметтік еңбек қатынастар жүйесі әлеуметтік серіктестік ойдың іс жүзінде аса бір жарқын асырылғанын көрсетеді.

         Қазақстанда әлеуметтік серіктестік ой мен принциптерін әлеуметтік еңбек қатынасын реттеу тәжірибесіне енгізу әрекеттері жасалынып жатыр. Әлеуметтік серіктестік дегеніміз еңбек қатынасының бір түрі: ол белгілі стратегиялық мақсат бірлігін сезінгендіктен туады, келіссөз жүргізу арқасында ымыраға келіп, әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін оптимальдық балансқа келтіреді. Әлеуметтік серіктестік келесі принциптерге негізделеді:

— әр жақтың тең құқықтылығы және олардың өкілдерінің өкілеттілігі;

— міндеттерді өз бетімен қабылдау және оларға іс жүзінде асырылуы;

— міндеттерді қабылдаудағы әр жақтың жауапты болуы;

— ұжымдық келісімі орындалуын қадағалау.

Әлеуметтік серіктестік екі жақты не үш жақты қатынас

түрінде көрінуі мүмкін: кәсіподақ қызметкерлері (қызметкердің басқа өкілдері), жұмыс берушілер және мемлекет (мемлекет өкіл еткен органдар).

         Бірқатар елдердің тәжірибесі көрсеткендей, үш жақты өкілдік жүйесі (трипартизм) көп жағдайда әлеуметтік даудан сақтап қалады, экономиканың тұрақты дамуына сенімді негіз жасайды.

         Әлеуметтік серіктестігін енгізу нәтижесі көбінесе әр түрлі деңгейде келісім жасауымен көрінеді. Қазақстанда негізгі келісім түрлеріне басты келісім, салалық (тарифтік) келісім, аймақтық келісім және ұжымдық келісімдер жатады. Және жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек келісімі туралы айтқан жөн. Қазақстанның еңбек заңында 8-11 баптарында еңбек келісімінің жасау мазмұны, мерзімі мен шарттары айтылған. Сонымен Қазақстанда еңбек рыногының әр  түрлі институттарын қалыптастыратын жақсы заң негіздері жасалынған. Ал бірақ оның іске асырылуы ойдағыдай болмай отыр. Осы жерде халықтың көзге түсер бөлігі өзінің еңбек қатынасы туралы тиісті келісім жасамайтынын айтсақ жеткілікті. Жұмыс берушілердің не олардың өкілдерінің кәсіпорынды басқаруға қатысуы көп жағдайда бос сөз екені белгілі. Аталған келісімнің түрлері көбінесе формальды түрде жасалынады. Сондықтан мемлекет, ғылыми қоғам, әсіресе кәсіподақ қозғалысының басшылары жағынан еңбек таласын мәдениетті шешуде, адамдардың құқықтық сапасын көтеруде және екі жақ кеңесу, өзара көну, ымыраға келу дайындығын тәрбиелейтін мемлекет құрылымын жасауда ұшан-теңіз күш жұмсау қажет болып тұр.

         Еңбек рыногы ұйымының қатарына, ең алдымен, кәсіподақтарды жатқызамыз. Олар жұмыс алушылардың мүддесін қорғайды және олардың өкілі ретінде есептелінеді. Кәсіподақ қозғалысы Англияда ХҮІІІ ғасырдың ортасында басталып, кейін бірте-бірте басқа елдерде- Франция, АҚШ, Германияда тарады. Англияда бірінші кәсіподақ- тред- юниондар –тоқыма өнеркәсіп саласында пайда болды. Ал оның алдында қарапайым “достық         қоғамдар” атты ұйымдар, зақымдану, ауру, туыстарын жерлеу және ереуіл кезінде бір-біріне материалдық көмек көрсету үшін сақтандыру кассалары болған. Бірте-бірте осы қарапайым бірлестіктер кәсіби клубтарға айналды. Клубта жұмысшылар маңызды экономикалық мәселелерді талқылады. Жұмыс күшіне сұраныс, кәсіпорындағы еңбек жағдайы, жалақы деңгейі және т.б. Бұл клубтар да болашақ кәсіподақтың негізін құрады. Кейінде кәсіподақтар ереуіл кезінде оны басқару үшін сайланған укақытша құрылған комитеттерден туды. Бұл ұйымдардың өзіне тән қасиеттердің бір-бір кәсіптік, кейде өте тар маманды жұмысшылардың бірігуі болды. Осы себепті бұл ұйымдар кәсіподақ деп аталды. Мамандық бойынша бірігіп, жұмысшылар бір-бірімен бәсекелеске түсуі азайды, қожайын алдында өз мүдделерін қорғады.

         Ұзақ уақыт бойы кәсіподақ қызметі негізінен жалақы деңгейін сақтау, сирек жағдайда оны көтеру үшін күреспен шектелді. Күрестің бір әдісі “жабық цех” принципін қорғау болды. Кәсіпкерлерден тек кәсіподақ мүшелерін жұмысқа қабылдауды, жалақы мөлшерін төмен түсіртпеуді көздеді. Ал осы талаптар орындалмаса, кәсіподақ бойкот, ереуіл қаупін төндірді.

         Бірінші кәсіподақтар “жергілікті” болды, сан жағынан шағын, көбінесе бір-бірімен байланысы болмады. Дағдарыс кезінде не ереуіл жеңіске ұшырағанда, олар көбінесе таралынып кететін.

         ХХ ғасырдың басында капитал шоғырланып, монополиялар пайда болып, кәсіпкерлердің қуатты одақтары құрылады. Осыған орай кәсіподақтар шоғырлану мұқтаждығы туады, өйткені цех бойынша құрылған кәсіподақтарының күштері ыдырай бастады. Ірі кәсіподақтар бірлестіктері пайда болып, халықаралық кәсіподақ хатшылығы құрылды. Еркін кәсіподақтар еңбек қатынасы жүйесін құруда ажыратылмайтын элемент болды. Жұмыс берушілермен келіссөз жүргізу кезінде кәсіподақ тең құқылық серігі ретінде болды. Кейбір елдерде кәсіподақтар экономикалық саламен шектелінбей, қоғамның саяси және әлеуметтік дамуына маңызды үлес қосуда.

         Көп елдің заңы бойынша кәсіподаққа кіру құды бостандықтың негізгі түрі болып саналады, осыған орай еркін және тәуелсіз кәсіподақ құруға құқықтық негіз пайда болды. Заң сәйкес әр кәсіпорында, ұйымда біреуден көп кәсіподақ құруға болады, бұл қазіргі кәсіподақтарды өз қызметін жоғары сапалы атқаруға итеріп отырады. Ал екінші жағынан, бұл келісім жасауды қиындатады, өйткені әр кәсіподақ тек өзімен келіссөз жүргізгенін қалайды.

         Кәсіподақ қозғалысының объективтік дамуы салалық кәсіподақ ұйымдарын өз еркімен біріктіруге алып келеді. Соңғы жылдары кәсіподақ қозғалысы күшінен айырыла бастады, кәсіподақ мүшелерінің саны азайып жатыр. Соған қарамастан, батыс елдегі кәсіподақ қозғалысын мұқият талдай келсек, ол белгілі қорытындыға әкеледі: егер елдегі кәсіподақ мүшелері күшті ұйымдасса онда ұлттық байлықтың қоғамның әр түрлі топтары арасында біркелкі бөлінуіне мүмкіндік туғызады.

         Кәсіподақтар кәсіпкерлер шешіміне де әсер ете алады. Мұндай мүмкіндіктер заңмен беріледі, мысалы, олар кәсіп орынның бақылау кеңесіне және кәсіпорын кеңесіне қатысады. Германияда еңбек жөніндегі директор жұмысқа алыну және одан босану кезінде жұмысшылар пікірімен санасу керектігін ескереді. Бұл тәртіп қазіргі қазақстандық кәсіпорындар тәжірибесінен тіптен өзгеше болып тұр.

         Кәсіподақ қызметінің оң және негативті жақтары бар, осыдан екі қарама-қарсы көзқарас туған. Кәсіподақты жақтаушылар оны қызметкерлердің ұжымдық пікірін жеткізетін, еңбек өнімділігін көтеретін және теңдік принципін бекітетін механизм ретінде қарастырады. Шынында, көп жағдайда жұмысшылар еңбек өнімділігін көтеретін өз резервтерін басқалардан жақсы біледі. Егер олар өз кәсіподағына сеніп, бағалы информацияны қызметкерлердің пайдасына қолданады деп ойласа, онда кәсіп одақ қызметі еңбек өнімділігін өсіруге көп себебін тигізеді.

         Кәсіподақ, тарифтік серік ретінде, маңызды роль атқарады, олар жеке келісімге қарағанда ұжымдық келісімді саудалап алып, біраз артықшылыққа ие болдырады. Кәсіподақ әрекеттері теория және методология тұрғысмынан дәлелді болып келеді. Сондықтан оның жалақы деңгейіне және жұмыспен қамтамасыз етуге тиетін әсері күн өткен сайын күшеюде. Кәсіподақ артықшылығы- ұйымдасқан жұмысшылардың келіссөз жүргізерде жақсы позицияда болуы, өйткені ереуілдің әр түрін қолдануға, шын мәнінде, мүмкіншілік туғызады. Бұдан басқа, келісім жасау шығындары елеулі қысқарады; ең соңында, сайлау кезінде кәсіподақ күші ерекше өседі, өйткені оның нәтижесіне үлкен ықпал жасай алады.

Қазақстандағы демократиялануды одан әрі тереңдету ісі азаматтық қоғам институттарын дамытумен де тікелей байланысты, өйткені тұрақты жұмыс істейтін үкіметтікт емес сектор азаматтарды қоғамдық істерге тартады, саяси қатысу мен белсенділікті арттырады. Ал азаматтық қоғам институттарын дамыту мен ынталандырудың бірден- бір ұтымды жолы- билік тарапынан оларға деген сенімнің нығаюы, әлеуметтік әріптестіктің дұрыс жолға қойылуы. Билік пен азаматтық қоғам арасында жасампаздыққа негізделген өзара әрекеттесу мен өзара жауапкершілік болуы тиіс. Қазақстанда жаңа саяси және экономикалық жүйелер қалыптасты, сәйкесінше, полиэтикалық қоғамның өмірін қамтамасыз етумен динамикалық дамуына, оның ішінде ұлтаралық қатынастарды жаңа жағдайларға бейімдеуге қажетті тетіктер мен шарттар жасалған. Дегенмен бізде мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттесуінің терезесі тең жүріп отыр деп айтуға әлі ертерек.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік құрылысының көкейкесті міндеттерінің бірі жаңа азаматтықтың базасында адамдардың жаңа қауымдастығын қалыптастыру болып табылады. Қазақстан бір мезетте демократия, азаматтық қоғам мен мемлекет құру үстінде. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2003           жылы 14 қазан айында Астанада сөйлеген сөздерінде былай деді: “Қәзіргі таңда мемлекет пен бейүкіметтік ұйымдар арасындағы байланыс мүлдем жаңа принципалды деңгейге көтерілуде. Әңгіме мемлекет пен бейүкіметтік ұйымдардың жаңа модельдегі өзара әріптестігі қалыптасуында”.

Мемлекеттік және бейүкіметтік ұйымдар арасында мемлекеттік әкімшіліктердің гранттарын конкурс түрінде үлестіру, бұл жағдайда бейүкіметтік ұйымдарға түрлі жоба мен талаптарын қаржыландыру түрінде үкімет өзінің белсенділігін көрсетеді, себебі мұндай қаржыландыру жобасы көп жағдайда бюджеттік схемаға енбеген. Әрине, тәртіп бойынша конкурс бірнеше шектеулі тақырыптармен көрсетіледі. Бұл өте шағын мәселені шешуде күшпенн қаражатты үнемдеп, бір бағытқа жұмсауға негізделеді. Ұйымдық құрылымдық механизмдер арқылы билік қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, мемлекет тарапынан қаржыландыратын жаңа заңды тұлға (ұйым) құрады. Ол заңды тұлғаның қызметі азаматтар мен өзге де қоғамдық бірлестіктерді тарта отырып, әлеуметтік маңызы бар көп міндеттердің ішінен өзіне тиістісін шешу болып белгіленеді. Сонымен қатар азаматтық қоғамды дамыту мәселесі Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеумеп нақтылау жөніндегі ұлттық комиссияның жұмысында шешуші орынға ие. Осған орай комиссия қызметін біз өз алдына бөлек, арнайы тарауша ауқымында қарастыруды жөн көрдік. Бұл жерде айта кететін бір маңызды нәрсе- өткен жылғы көктемде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы ұлттық комиссия 2015 жылға дейін арналған Қазақстандағы азаматтық қоғамды дамыту туралы тұжырымдаманың жобасын әзірлеген болатын. Мұнда мемлекет пен үкіметтік емес сектордың өзара әрекеттесу механизмдеріне ерекше назар аударылған.

Қазақстан Республика Үкіметі әзірлеген заңдардың үлес салмағы депутаттардың бастамасымен қабылданған заңдардың үстем түсіп жататынын алға тартып, оған ықпал етіп отырған себептерге:

  • заң жобаларын әзірлеу мен қабылдауға қоғамның атсалысуын заңнамалық жолмен регламенттелмеуін;
  • азаматтық қоғам мүдделерінің ескерілмеуін, олардың әлсіз артикуляциялануы мен агрегациялануын;
  • парламентшілердің қызметін қаржылық, ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық жағынан әлсіз қамтылуын жатқызды.

Ал парламенттің тиімділігін көтерудің көп жолдарының ішінде аталған сарапшылар қолданылмай келе жатқан тың резервті- азаматтық қоғамның әлеуметін кеңінен пайдалануды ұсынған болатын.

Қорта айтқанда, Қазақстандағы мемлекеттік органдардың үшінші сектордың проблемалары мен келешегіне қызығушылық таныту азаматтық қоғам институттарын бүкіл ел аумағындағы қоғамдық саяси белсенділікті арттыруына байланысты болып отыр.  

 

1.3. Еңбектің экономикалық тиімділігі: мәні  және  көрсеткіштері

 

Өндірістің тиімділігін арттыру қоғамдық еңбектің жалпы шығындарын үнемдеуге байланысты қарастырылады. Қазіргі жағдайда, өндірістің интенсивті огонторларының маңыздылығы жоғарлауда, сондықтан да еңбекті үнемдеу­өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру және осыған байланысты басқару әдістерін жетілдіру жолдары сияқты ұйымдастырушылық резервтерін қолдану есебінен шешілуі мүмкін, экономикалық тиімділік­бұл материалдық игіліктерді өндіру процесіндегі адам еңбегінің нәтижесі (өндірісте шығарылған өнім саны, халық шаруашылығында қайта қалыптасқан құн өсімшесі). Бірақ тиімділік өздігінен адам қызметін толығымен сипаттай алмайды. Оның толық сипаттамасын анықтау үшін нәтиженің қандай шығындармен алынғанын, яғни нәтиженің алуға қанша шығын жұмсалғанын білу қажет. Бірдей еңбек шығындары әртүрлі нәтиже беруі мүмкін, және керісінше, нақты бір нәтиже әртүрлі еңбек шығындарымен алынуы мүмкін. Қоғамдық өндірістің мақсаты аз мөлшердегі еңбектің, материалдық және ақшалай шығындарды жұмсай отырып, көп мөлшердегі нәтиже алу. Сондықтан да алынған нәтижені жұмсалған шығындар мөлшерімен салыстыру керек, яғни нәтиже мен шығындардың абсолютті айырмашылықтарын салыстыру керек.

Мұндай салыстыру салыстырмалы мөлшер­ тиімділікті береді.

Жұмысшы еңбегі адам іс­әрекетінің ең күрделі түріне жатады және оны бағалау нақты нәтижелермен орындалған және түрлерін сандық бағалаудың болмауының салдарынан тікелей жолмен әрқашанда алына бермейді. Сондықтан да оның тиімділігін өлшеу үшін жанама әдістер қолданылады.

Жұмысшы еңбегін бағалаудың критериі оның еңбегінің тиімділігі болып табылады: тиімділік = нәтиже жұмысшы еңбегінің шығындары. Бұл жағдайда кәсіпорын персоналы еңбегінің нәтижесінің тек қана экономикалық емес, сонымен қатар әлеуметтік нәтижемен де көрініс табатындығын білу керек. Шығындар тірі және заттанған басқару еңбегі түрінде көрінеді. Тәжірибеде жұмысшылар еңбегінің тиімділігін бағалау үшін «еңбектің экономикалық тиімділігі» деген тармағындағы ұғым, кең көлемде қолданылады, ол басқару қызметін оптимальды және ұтымды қолдану есебінен материалдық өндірісті басқару саласында алынатын тірі және заттық еңбекті үнемдеуді білдіреді. Жұмысшылар еңбегінің тиімділігін бағалаудың критериі сандық көрсеткіштердің болмауының себебінен сапалық көрсеткіштермен анықталатын әлеуметтік тиімділік болып табылады. Кәсіпорын персоналы еңбегінің экономикалық тиімділігінің қағидалары еңбек тиімділігін сандық жағынан да өлшеуге мүмкіншілік береді, сондықтан да ол тәжірибеде қолдануға қолдау тапты. Персонал еңбегінің тиімділігін анықтау үшін бағалау жүргізілетін қағидалар мен көрсеткіштерді қалыптастыру қажет. Қағидалар ретінде жұмысшы еңбегі нәтижелері мейілінше жалпы сандық сипаттамасын қарастырады. Басқару аппараты қызметінің және нәтижелері басқару еңбегінің көрсеткіштері болып саналады. Олар қағидаға қатысты болып табылады және оны анықтаудың негізі болып саналады. Осылайша, еңбек көрсеткіштерінің жиынтығы бағалау қағидаларын білдіреді. Еңбектің экономикалық тиімділігін анықтау үшін әртүрлі әдістер қолданылады. Кәсіпорын көрсеткіштері және берілген ақпарат көлеміне сәйкес персонал еңбегінің ұйымдастырылуы: қабылданатын ақпараттардың сапасы мен жылдамдығы; топтар қызметтерінің орындалуы және басқа да тәсілдер. Басқару саласындағы еңбекті сипаттайтын көрсеткіштерге жататындар: ақпараттарды өңдеудің еңбексиымдылығын төмендету; басқару персоналдарының ақпараттарды өңдеу мерзімін қысқарту; еңбекті ұйымдастыруды жақсарту есебінен басқару персоналының жұмыс уақытын жоғалтуларын қысқарту; басқару саласындағы еңбексиымды операцияларды автоматтандыру. Бұл сандық мөлшерде өлшенетін көрсеткіштер, басқару саласындағы персоналдардың біліктілігін жоғарлату, жұмыс сапасы мен еңбек жағдайын жақсарту және тағы да басқа көрсеткіштер мүлдем өлшенбейді немесе толық өлшенбейді.

Өндіріске әсер ететін еңбектің сандық түрде өлшенетін көрсеткіштеріне жататындар:

табыс өсімшесі, өткізілетін өнім көлемінің жоғарылауы, еңбек өнімділігінің жоғарылауы, қор сиымдылығының төмендеуі, қор қайтарымдылығының өсуі, айналым құралдары жылдамдығының артуы, өндірістік емес шығындардың төмендеуі, өнімнің еңбексиымдылығының азаюы, өнімнің өзіндік құнының төмендеуі, еңбекақыны үнемдеу, жұмыс уақытын жоғалтуды азайту өндіріс мәдениетін жоғарлату, еңбек шарттарын жақсарту, өнімнің сапасын жоғарлату, өндірістік персоналдардың біліктілігін жоғарлату, өндірістің техникамен жабдықтау деңгейінің өсуі.

Адамдық ресурстарды қолданудың тиімділігін келесі көрсеткіштер сипаттайды:

— Еңбек өнімділігінің жоғарлауы;

— Еңбек өнімділігінің жоғарлауы есебінен өндірілген өнімнің жоғарлауы;

— Базистік кезеңнің шарттарымен салыстырғанда есептік кезеңдегі жұмысшылар еңбегін салыстырмалы түрде үнемдеу;

—  Еңбекақы қорын салыстырмалы түрде үнемдеу;

— Еңбек өнімділігі мен орташа еңбекақы қорының қатынасы.

Осы көрсеткіштердің негізінде еңбек тиімділігін бағалау үшін кәсіпорындардың мәліметтерін қолдана отырып талдау жасайық.

Және жұмыс күшін қолданудың нәтижесі­бұл жұмысшының нақты еңбегі, ол өндірілген нақты өніммен есептеледі, сондай ақ жұмысшының қол жеткізген еңбек тиімділігімен анықталады.

 

                                                                         Кесте 1.

 

Көрсеткіштер

белгіленуі

кезең

Абсолюттік өсімше

өсу қарқыны (%)

1

өндірілген өнім көлемі млрд.тг.

N

47.8

52.6

+4.8

110.04

2

Жұмысшылардың орташа тізімі саны, барлығы: оның ішінде қызметкерлер, басқарушылар; жұмысшылар.

R

2605

 

 

 

307

2298

2497

 

 

 

304

2193

­108

 

 

 

­3

­105

95.85

 

 

 

99.02

95.43

3

Еңбек өнімділігі, мин. тг.

W

18.35

21.06

+2.71

114.77

4

Еңбекақы қоры, мин. тг.

V

70.97

81.87

+10.9

115.36

5

Бір жұмысшының орташа еңбекақысы тг.

Y

27245

32790

+55.45

120.3

               

 

 

Балқаш кен металлургия комбинаты бойынша 2004/2005 жылдардағы жұмысшылардың саны, құрамы, еңбек өнімділігі және еңбекақысы туралы мәліметтер.

Кәсіпорында есептік кезеңде жұмысшылар саны (R) мен еңбек өнімділігінің (W) жоғарылауы нәтижесінде өндірілген өнім (N) саны артқан, осы байланыстарды формулалардың көмегімен мәліметтерді пайдалана отырып анықтайық:

                                          N=R*W                      (1)

Талдау абсолютті айырмашылықтар көмегімен жүргізейік, яғни төмендегі формуланы пайдаланамыз: 

                                          N=  R*W       (2)

Мұнда, ∆R- өткен кезеңнен салыстырғандағы жұмысшылар санының орташа тізімдік санының обсалюттік өсімшесі (R –R )

  W -өткен кезеңдегі еңбек өнімділігі.

Жұмысшылар санының өзгеруінің өндірілген өнім көлеміне әсері:

 

                                        R=-108* 18,35= — 1981,8 млн. тг.

 

Еңбек өнімділігінің жоғарлауының нәтижесіндегі өндірілген өнімнің көлемінің өзгерісін анықтау үшін келесі формула қолданылады.

                          Nw= W*R1      (3)       

 

Мұндағы   W- еңбек өнімділігінің өсімшесі (W1-W0)

R1-есептік кезеңдегі жұмысщылардың орташа тізімдік саны.

Мәлімметтерді берілген формулаға қоятын болсақ;

                        NW=2,71*2497=6766,87 млн. тг.

Еңбек өнімділігінің 2,71 млн тг –ге жоғарлауы өнім көлемін 6766.87 млн тг-ге арттырады.

Есептеу нәтижесінде алынған абсолюттік ауытқу мөлшері 6766,87 -1981.8=4785. 07 млн тг≈4,8 млрд. тг. яғни есептеудің дұрыстығын дәләлдейді

Еңбек өнімділігінің жоғарлауы есебінен өндірілген өнім көлемінің өсімшесінің өткен кезеңдегі еңбек өнімділігіне бөлетін болсақ еңбек күшін салыстырмалы үнемдеу мөлшерін алуға болады

                           ЭR=   Nw /W0 = 6766,87 / 18,35= 368,76 = 368

Еңбек өнімділігінің 6766.87сапаға жоғарлауы есебінен өндіріс көлемінің артуының өсімшесі жұмыс күшін 368 адамға үнемдеуге мүмкіндік берді. Бұл есептік кезеңдегі еңбек өнімділігі жағдайында кәсіп орын базистік өнім көлемін 368 адамға аз жұмысшылар санымен қол жеткізе алатындығын дәләлдейді.

Еңбек шығындарының тиімділігін талдау еңбекақы қорын салыстырмалы үнемдеу, жұмысшылар санының әсерін, орташа еңбекақы мөлшерін, еңбекақы қорына еңбек өмінділігі мен өндірілген өнім көлемінің пакторлық талдауын, сондай-ақ орташа еңбек ақы мен еңбек өнімділігі өсімшесі қарқының қатынасын анықтаумен сипатталады.

Еңбекақы қорының жұмысшылар саны мен орташа еңбекақы мөлшеріне тәуелділігі келесі түрде көрсетуге болады. V=R*Y

мұндағы, V-еңбекақы қоры;

R-жұмысшылар саны;

Y- бір жұмысшының орташа еңбекақысы.

Абсолютті  айырмашылықтар әдісі бойынша еңбекақы қорына әсер еткен пакторларға талдау жүргізейік. Жұмысшылар санының әсері келесі формула бойынша анықталады:

               VR= R*Y0=(-108)*27245= -2942460. тг.

Абсолюттік ауытқудың мөлшері: 10903405=10,9 млн. тг. құрайды.

Абсолюттік айырмашылықтар әдісі тәжірибеде басқару шешімдері мен қорытынды жасау үшін қолданылдаы, бірақ оның нәтижелері әрқашанда нақты емес

Шаруашылық жағдайларды есептеулердің дұрыс әрі нақты болуы интегралды әдісті қолдануды қажет етеді:

                            VR = Y0* R+ R* Y/2     (5)

                             Vy=R0* Y+ R0+ Y/2      (6)

Берілген формулаға мәліметтерді қойып пакторлардың әсерін қарастырайық:

                               VR=27245*(-108)+(-108)*554512=-3242890 тг.

                                Vy=2605*5545+(-108)*554512=14145295 тг.

Бұл әдіс бойынша ауытқу мөлшері 10903405 млн. тг. құрады

Еңбек өнімділігі мен орташа еңбекақы-еңбекақы бойынша шығындарды үнемдеуге әсер ететін ең басты факторлар.

Еңбекақы бойынша шығындардың абсолютті үнемделуі есептік және базистік кезеңдердегі еңбекақы қоры мөлшерлерінің айырмашылығы ретінде анықталады. Бұл көрсеткіш шығындардың абсолютті өзгерістерін сипаттайды, бірақ олардың өзгерістерінің нәтижелігін көрсетпейді, сондықтан да еңбекақының салыстырмалы үнемделуін анықтау керек. Бұл үшін жұмысшылар санын үнемдеуге негізделген формуланы қолданамыз:

                                Эү=Y0R=27245*368.76=10046866 тг.

Мұндағы, Э-жұмысшылар санының салыстырмалы үнемделіуі. Жұмыс үшін 368 адамға үнемдеу еңбекақы қорын 10.04 млн. тг. үнемдеуге әкелді.

Еңбекақы бойынша шығындардың салыстырмалы үнемделуі еңбекақы мен еңбек өнімділігі өзгерістерінің қатынасының негізінде құрастырылған формула бойынша анықталады.

                                 ЭvV0*(Iy-Iw)/Iy                    (7)

Мұндағы, Iy-орташа еңбекақының өсу қарқыны; 

                  Iw-еңбек өнімділігінің өсу қарқыны.

Мәліметтерді формулаға қоятын болсақ;

                               ЭV= 70,97*(120,3- 114,77)/120,3=3,26 млн. тг.

Қарастырылып отырған кезеңде еңбек өнімділігінің салыстырмалы өзгеруіне сәйкес, еңбекақы мөлшерінің 3,26 млн. тг. үнемделуі байқалады.

Енді еңбектің экономикалық тиімділігін есептеу әдістеріне тоқтала кетейік. Өндірісті басқару процесі кәсіпорынның жан-жақты қызметіне әсер ететіндіктен, бұл еңбектің өндірістік қызмет көрсеткіштеріне әсерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда тиімділік басқаруға кеткен шығындармен өлшенетін, кәсіпорынның өндірістік қызметіне персоналдық әсер етуінен алынатын үнемдеумен түсіндіріледі.

Еңбектің экономикалық тиімділігі (Е.m) жыл бойынша есептегенде төмендегі формула бойынша анықталады:

                                    Е.m=Э.Н/Ш.б              (8)

Мұндағы,  Э.н -экономикалық нәтиже:

                   Ш.б. –басқаруға кеткен жиынтық жылдық шығындар

Басқарушы персонал өз қызметі арқылы өндірілетін өнімнің еңбек сыйымдылығының қысқаруына, жұмыс ырғақтылығының жоғарлауына, негізгі өндірісті материалдық –техникалық жабдықталуының қамтамасыз етілуін оптимизациялауға әсер етеді. Сондықтан да оның экономикалық тиімділігін мына формула бойынша анықтауға болады:

                                   Еt =Kw/Шн       (9)

Мұнда, Еt –еңбек өнімділігінің жоғарлауы есебінен басқарушы персоналдың экономикалық тиімділігі;

Үнемдеуді басқару сферасынан да анықтауға болады мұнда оған мынандай факторлар әсер етеді; басқарушылық персоналдық еңбек шығындарының төмендеуі, жұмыскерлердің шартты басталуы, жұмыс уақыты шығындарын қысқарту.

Басқару еңбегінің тиімділігін бір жұмысшыға келетін еңбек өнімділігі және басқару мен өндіріс шығындары қатынасының мөлшері сияқты көрсеткіштермен анықтауға болады.

Басқару персоналының жылдық өнімділігін келесі формула бойынша анықтайды:

                                       ЭЖ.ө.= N /ОТС         (10)

Мұндағы, Э.Ж. –басқару персоналының жылдық еңбек тиімділігі;

                                N-тауарлық (жалпы) өнімнің көлемі;

                                ОТС –басқару персоналының орташа тізімдегі саны, адам.

Еңбек тиімділігінің әдістемелік мәселелерінің арасында оның анықтаудың принциптері туралы сұрақтар аса маңызды орынға ие. Тиімділік жөніндегі көзқарастарда персонал еңбегінің нәтижесі техникалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік, экономикалық және т.б. көрсеткіштермен сипатталады. Тиімділік элементінің қатынасы (нәтиже және шығындар), оны жоғарлатудың келесі мүмкіндіктерімен түсіндіріледі: шығындарды өзгертпей нәтижені салыстырмалы түрде тез қарқынмен ұлғайту. Жұмысшылар еңбегінің тиімділігін жоғарлату қоғамдағы нарықтық қатынастардың дамуы жағдайындағы кәсіпорындағы оның негізгі мәселелеріндұрыс бағалап, оңтайлы шешімдер қабылдаумен түсіндіріледі.

Тиімділіктің жоғарлауын кәсіпорынның интенсивтідаму факторларына жатқызады.

Интенсификациялау процесін сипаттау үшін тірі және заттанған еңбекке жұмсалған шығындарды ескеру қажет. Бірақ, соңғы кезекте еңбек тиімділігі -өндіріс тиімділігін жоғарлату мен интенсификациялаудың жалпылама көрсеткіші болып табылады.

Еңбек туралы ғылым кешенді түрде еңбектің экономикалық тиімділігін жоғарлату, адамдық капиталдың шығармашылық потенциялын ұтымды түрде қолдану, еңбек мотивациясы мен ұйымдастырылу әдістерін тұрақты түрде жетілдіру, адамның еңбектік іс -әрекеттерінің шарттарын жақсарту мен оның әлеуметтік жағынан қорғалуын қамтамасыз етуді қарастырады.

әлемдік тәжірибеде, ең басты өндіргіш күш адам болып саналады. Әрбір жұмысшы, жеке топтар мен толықтай қоғам еңбектік қызметті жүзеге асыру мүмкіншіліктері мен қабілеттеріне ие және оның тиімділігін іске асырады.

Еңбек процесінің тиімділігін жоғарлату еңбектің техникалық базасын жетілдіру және оны ұтымды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін барлық элементтерін қарастыруды талап етеді.

Еңбек тиімділігінің әдістемелік мәселелерінің арасында оның анықтаудың принциптері туралы сұрақтар аса маңызды орынға ие. Тиімділік жөніндегі көзқарастарда персонал еңбегінің нәтижесін техникалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштер мен сипатталады. Тиімділік элементтерінің қатынасы (нәтиже және шығындар) оны жоғарлату, нәтижені өзгертпей шығындарды төмендету, шығындардың жоғарлауына қарағанда салыстырмалы түрде нәтижені тез қарқынмен ұлғайту. Жұмысшылар еңбегінің ерекше сипаты мен оның өндіріс нәтижесіне әсерін ескере отырып, тиімділікті кешенді түрде бағалау керек. Жұмысшылар еңбегінің тиімділігін жоғарлату қоғамдағы нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында кәсіпорындағы оның негізгі мәселелерін дұрыс бағалап, оңтайлы шешімдер қабылдаумен түсіндіріледі.

 

 

 

 

  1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢБЕК  ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ  ДАМУЫ

 

1.1.Қазақстандағы еңбек рыногы: жағдайы, мәселелері,   

                                тенденциялары

 

Еңбек нарығында мамандардың сұранысы имен ұсынысы реттеу, олардың өзгеруін болжау Қазақстан Республикасының білім беру және ғылым министрліктермен, және одан бұрын экономика және бюжетті жоспарлау Министрлігімен, себебі мамандарды дайындау экономиканың даму тенденциясымен тығыз үйлесіп іске асу керек.

Бюджетаралық қатынас проблемелары сақталуда. Әлеуметтік трансферттер мен мекен жайы әлеуметтік көмектің көздері- жергілікті бюджеттердің қаражаттары. Оңтүстік аймақтағы облыстарда халықтың әр түрлі саны, экономикалық дамудың бірдей емес деңгейі бір тұрғынға кеткен жергілікті бюджет шығындарының саралануын тудырады.

Еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамту саласындағы үдерістер әрқашан әлеуметтік-экономикалық даму аспектілерінің орталық мәселелері болып табылады. Өйткені елдің тұрақты дамуы тікелей тұрақты жұмыспен қамтылу және еңбек нарығы саласындағы әртүрлі қолайсыз жағдайлардың алдын алумен байланысты.

Нарықтық қатынастарға көшу мен экономикалық реформалауға байланысты жаңа тәуелсіз елдерде жұмыспен қамтылу, жұмыссыздық мәселелері пайда болады. Еліміздегі нарықтық экономикаға әсер ететін қаржылық және экономикалық тұтқалардың, нарықтық инфрақұрылымының жетілдірілуі көптеген әлеуметтік мәселелерді, әсіресе еңбекке және жұмыспен қамтылу саласындағы мәселелерді өте маңызды ете түсті.

Жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақстандық еңбек нарығы аймақтық еңбек нарықтарының қарама-қайшылықтарын бойына жинақтаған. Сондықтан да жұмыс күші еңбек нарығын саралау үшін және сол негізде макродеңгейде біртұтас стратегия құру үшін облыстардағы жұмыспен қамту мәселесіне толық талдау жасау қажет.

Қарағанды облысында халықты жұмыспен қамту үдерісінің Қазақстан экономикасындағы ерекшеліктері аймақтың жетекші индустриалдыи орталықтарының бірі болуымен шартталған. Аймақ экономикасында өтпелі кезеңдет құрылымдық диспропорциялар күшейе түсті, нәтижесінде 2000 жыл металлургиялық кешеннің үлесіне өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 78,3 пайызы тиесілі болды. Бұл сектордың негізгі шаруашылық субъектілері шет ел компаниялары: “Испат-Кармет және “Қазмыс” корпарациясы” болып табылады. 

Қазақстан Республикасының 2003 жылы экономикалық белсенді 7657,3 мың халқының 726,2 мың халқы Қарағанды облысында шоғырланған. Оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны Республикада 6985,2 мың адам, ал Қарғанды облысында 671,5 мың адамды құрайды. Республикалық жұмыспен қамту деңгейі 91,2 пайыз болса, Қарағанды облысындағы жұмыспен қамту деңгейі Республикалық деңгейден 1,3 пайызға жоғары, яғни 92,5 пайыз облыстағы жұмыспен қамтылған халықтың 477,9 мың адамды (71,1%) жалдамалы жұмысшы күші категориясын құраса, 193,6 мың  адамды (28,9%) өзіндік жұмыспен қамтылғандар қатарына жатады.

Қарағанды облысының статистика басқармасының мәліметтері бойынша, 2003 ж. жұмыспен қамтылған 671,5 мың адамның 329,7 мыңы, яғни 49,1 пайызы облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында (ірі, орта және шағын кәсіпорындардың шеңберінде) жұмыс жасады. Бұл көрсеткіш 2002 жылмен салыстырғанда 0,3 пайызға өскен.

Бірақта аталған кәсіпорындардың шеңбері бойынша жұмыспен қамтылғандар санының өсу қарқыны 2001 жылғы қарқынмен салыстырғанда- 1,8 пайыз, 2002 ж. салыстырғанда 2,4 пайыз кеміді. (1сур).

 

                                                                                        120

            380                                                                                     100

            370   366,5                  99,6     102,7     102,7    100,3

            360                 85,9                                                              80

            350        86,8

            340                                                         328,8    329,7       60

            330                                          320,3

            320                 315      313,8                                                 40

            310

            300                                                                                       20

            290

            280                                                                                       0

                      1998     1999     2000     2001     2002     2003

                                         жылдар

 

Жұмысшылар саны, мың адам

Алдыңғы жылға пайызбен

1-сурет. 1998-2003 жж. Кәсіпорындарда жұмыс жасайтындар санының  

 динамикасы

Негізгі экономикалық қызмет бойынша жұмысшылар санының 2003 жылғы өзгеруі 1-суретте келтірілген.

Келтірілген деректер жұмыскерлер санының 2003 жылы алдыңғы жылмен салыстырғандағы өсімі негізінен қызмет көрсету саласының есебінен болғанын көрсетеді. Жұмысшы күшінің айтарлықтай өсімі сауда, автомобильдер мен үй тұрмысында пайдаланылатын бұйымдарды жөндеу ұйымдарында (мұнда 2002 ж. салыстырғанда 12,5 пайызға өскен), сондай-ақ жылжымайтын мүлік операциялары мен, жалға беру және кәсіпорындарға қызмет көрсетумен айналысатьын ұйымдарда да (10,1%) байқалады. Сонымен бірге жұмысшылар санының өсуі білім беруде (5,7%), денсаулық сақтауда (2,2%), сондай-ақ мемлекеттік басқару (4,1%), мейманхана мен мейрамханаға (2,7%), қаржылық қызмет саласында да (2,0%) байқалған. 

 

 

 

 

Кесте-1 Экономикалық қызмет түрлері бойынша жалдамалы жұмыс жасайтындардың саны (ірі, орта және шағын кәсіпорындарда)

 

—————————————————————————————-

Экономикалық         2001ж.    2002 ж.   2003 ж.    Алдыңғы   жиынға

Қызмет түрлері                                                         жылға %         %

—————————————————————————————- 

Облыс бойынша       320 313   328 782   329 680    100,3         100

 Ауыл, орман, 

балық шаруа-ғы       8717        8822        8718         98,8           2,6

Өнеркәсіп, құры-с   160 634   160 043   155 125     96,9          47,1

Қызмет саласы         150 962  159 917   165 837     103,7        50,3

 

 

Аталған қызмет түрлеріндегі жұмысшылар саны өсуі білім беру мекемелерінің, оқушылар топтары мен сыныптары санының ұлғаюы және денсаулық сақтау мекемелеріндегі штаттың көбеюіне орай мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру үдерістеріне байланысты болады.

Сонымен қатар 2003 жылы экономиканың нақты секторындағы салаларда алдыңғы жылмен салыстырғанда жұмысшылар саны кеміді. Әсіресе ауыл шаруашылығында жұмысшыларды еңбек жағдайы, еңбекақы көлемі қанағаттандырмағандықтан, кадрлардың тұрақтамауы, сондай-ақ бірқатар ұйымдардағы (“Алтай” ЖШС, Гагарин атындағы ААҚ, “Пржевальский” атындағы ЖШС және басқалары) жұмыскерлердің келісім шарт мерзімі аяқталуына байланысты ол 1,1 пайызға кеміді. Ауыл шаруашылығындағы еңбекақы 2003 жылы ең төмендердің бірі болды  (10310 теңге).

Өнеркәсіпте жұмыскерлер саны 3,1 пайызға қысқарды. Сонымен бірге тау-кен өнеркәсібінде талданып отырған кезеңде 6,8 пайызға кеміді, бұған аталған қызмет түріндегі көптеген ұйымдардағы (“Миготэкс” ЖАҚ, “УкрКазуголь” ЖШС, “Трансэнерго” ЖШС) жұмыс көлемінің қысқаруы, сондай-ақ “ГРК АБС-Балқаш” ААқ-дағы бірқатар кендердің жабылуы әсер етті.

Өңдеуші өнеркәсібінде жұмыскерлердің саны 2,5 пайызға кеміді. Бұған РГП “Еңбек –Қарағанды” филиалдарындағы қылмыстық түзеу жүйесіндегі мекемелерде жұмыс көлемінің болмауы, “Испат-Кармет” ААҚ-дағы зейнетке шыққан жұмыскерлер орнының толмауы, “Каргормаш” ААҚ және “Қазақмыс корпорациясы” ААҚ-дарын қайта ұйымдастыру әсер етті (әлеуметтік сала объектілерін қайта ұйымдастыруға және т.б. байланысты).

Құрылыста жұмыскерлер саны 2003 ж. 5,2 пайызға кеміді, бұл Алматы-Астана жолдарының учаскесіндегі құрылыс жұмыстарының аяқталуына (“JRDO” ЖАҚ ҚФ) және “Ақшатау-Қарағанды” жолдары учаскесін жөндеудің аяқталуына (“Тодини” ҚФ), сондай-ақ “Шахтопроходка” ЖАҚ құрылыс фирмасының жойылу деңгейінде тұруына, “Шахтостроймонтаж-сервис” ЖШС және “Агат” ЖШС-да жұмыс жасайтындар санының кемуіне және басқаларға байланысты.

Сонымен, жұмыспен қамтылғандар санының өзгеру қарқыны материалдық өнімді шығаруға қарағанда қызмет көрсетуде айтарлықтай маңызды болып отыр. Экономиканың бұрынғы қызмет түрінде жұмыспен қамтылған адамдардың айтарлықтай шамасы еңбек нарығынан ығыстырылып, өзге салаға ауысып, қайта оқу немесе өз өндірісін ашу қажеттілігі туындайды.

Өткен жылы облыста жұмыскерлер санының қысқаруына әкелетін кәсіпорындарды қайта құрылымдау, қайта ұйымдастыру, банкроттық және жойылу үдерістері өтіп жатты, бірақ олар жұмысшылар санын өсірген кәсіпорындар санымен жабылды. Сонымент 2003 жылы жұмыспен қамтылғандар санын өсірген кәсіпорындар саны жұмысшылар санын қысқартқан 1026-ға қарсы 1562-ні құрады. Сонымен бірге жұмысшылар санын өсірген кәсіпорындармен бірге оны кеміткен кәсіпорындар санының өсу қарқыны байқалады, бұл жұмысшылар санын өсіру қарқынын жоғарылатуды бәсеңдететін фактор болып отыр (2-кесте). 

                                                                                                       кесте-2

2001-2003 жж. жұмыскерлерлер санын өсірген

және кеміткен кәсіпорындар саны                                                                                                                                                                                                                                                

———————————————————————————————  

                           2001ж.   2002 ж.  2003 ж.   Алдыңғы жылға

                                                                               %- бен

—————————————————————————————————                            Жұмыскерлер санын өсірген

кәсіпорындар саны, бірлік            1254        1271      1562           122,9

Жұмыскерлер санын кеміткен

Кәсіпорындар саны, бірлік            729          797        1026           128,7

—————————————————————————————————

Жалдамалы жұмыскерлердің айтарлықтай саны қалалық елді мекенде шоғырланған. 2003 жылы, кәсіпорындардың талданып отырған шеңбері бойынша, қалалық кенттерде 307,6 мың адам немесе жұмыс жасайтындардың жалпы санының 93,3 пайызы, ауылды елді мекендерде 22,1 мың адам (6,7%) еңбек етті. Алдыңғы жылмен салыстырғанда қалалық елді мекенде жұмыс жасайтындардың саны 2,4 мың адамға (0,8%) өсті, ауылда1,5 мың адамға (6,5%) кеміді.

2003 ж. облыстың 18 аймағының 8-інде жұмысшылар санының өсуі, 10ында төмендегені байқалады, ал 2001 және 2002 жж. Жұмысшылар санын өсірген қалалар мен аудандар саны басым болды (кәсіпорындардың қарастырылып отырған шеңбері бойынша).

Жұмыспен қамтылғандардың өсу қарқынының айтарлықтай жоғарысы 2003 жылы Осакаров ауданында байқалған (алдыңғы жылға-123,3%). Сонымен бірге серіктестер бойынша жұмыс жасайтындар саны Балқаш (100,3%), Теміртау (101,2%), Сатбаев (103,6%) қалаларында өсті. Ал жұмысшылар санының өсуі Шет (104,4%), Ұлытау (104,1%), Қарқаралы (100,6%) аудандарында байқалады. Жаңаарқа ауданында жұмыс жасайтындардың саны алдыңғы жылғы деңгейде қалды. Жұмыспен қамтылғандар санының айтарлықтай төмендеуі Ақтоғай ауданы (6,98%) мен Приозерск (5,8%) қаласында тіркелген.

2003 жылы облыстың ірі және орта кәсіпорындарында 299,2 мың адам жұмыс жасады, бұл 2002 жылға қарағанда 0,2 пайызға аз.

Жұмыскерлердің жалпы санындағы 152,7 мың адамды немесе 46,3 пайызды әйелдер құрайды (2002 ж.-45,6%). 2002 жылмен салыстырғанда олардың саны 1,8 пайызға өсті. Жұмыс жасайтын әйелдер санының айтарлықтай өсімі мемлекеттік басқармада (9,5%), ауыл шаруашылығы, аң аулау және орман шаруашылығында (5,6%), сауда, автомобильдер мен үйде пайдаланатын заттарды жөндеуде (4,7%) байқалады (3-кесте).

 

                                                                                                      кесте-3

Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыс жасайтын әйелдердің

Саны (ірі, орта және шағын кәсіпорындар шеңбері бойынша), адам

——————————————————————————————-

Экономикалық                                       Алдыңғы    Жұмысшылар санын-

қызмет түрлері     2002 ж.    2003 ж.       жылға       дағы әйелдердің үлес

                                                                    %- бен           салмағы 

———————————————————————————————

Облыс бойынша

     Барлығы           149 961    152 717        101,8                 46,3

Ауыл, орман,

балық шаруа-ғы   2564          2705             105,5                 36,6

Өнеркәсіп және

құрылыс               48 999      48 387           98,6                   28,5

Қызмет саласы     98 398      101 625         103,3                 60,6

———————————————————————————————

 

Облыс бойынша 2003 ж. кәсіпорындар мен ұйымдардағы 85,4 мың адам немесе жұмысшылардың тізімдік санының 25,9 пайызы жұмысқа қабылданған. Алдыңғы жылмен салыстырғанда қабылданған жұмысшылардың саны 11,3 мың адамға немесе 11,7 пайызға кеміді.Оның ішінде қайта құрылған жұмыс орындарына 3892 адам қабылданған, бұл жұмысқа қабылданған жұмыскерлердің жалпы санының 4,6 пайызы (4-кесте).

Осы кезеңде 87,8 мың адам жұмыстан шыққан, бұл тізімдік санның 26,6 пайызы. 2002 ж. салыстырғанда жалпы шыққандар саны 2,5 пайызға кеміді.

Жұмысқа қабылданғандар мен шыққандар арасындағы қатынасты сипаттай отырып айта айта кететіні, егер 2002 жылы қабылданғандар саны шыққандар санынан 7,3 пайызға асса, онда 2003 ж. керісінше, шыққандар саны қабылданғандар санынан 2,9 пайызға асты. Басқаша айтқанда жұмыскерлердің жұмыстан шығуы олардың қабылдануымен 97,2 пайызға толықтырылды.

 

                                                                                          кесте-4

Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмысшы күшінің

                   2003 ж. қозғалысы

———————————————————————————————

Экономикалық    қабыл-    Оның ішінде               Қысқа-            Өзге                                                                                                            

қызмет түрлері   данғаны   қайта құрыл-   Шық- руға       Өз     себеп-                              

                                              ған жұмыс       қаны   байла-   еркі-  термен

                                              орындарында              нысты   мен

———————————————————————————————

Облыс бойынша

     барлығы           85 401       3892               87848   4983    62 401  20 464

Ауыл, орман,

балық шаруа-ғы   4492             1                   5687     302      3794     1591

Өнеркәсіп және

     құрылыс           41 995        2143              48 149   2011   30 642  14496

Қызмет саласы      38 914        1748              34012    1670   27 965   4377

———————————————————————————————    

 

Сонымен қатар жұмыстан шығу өнеркәсіпте 87,2 пайызға, ауыл шаруашылығында-79,1, қызмет саласында 114,4 пайызға жұмыскерлерді қабылдаумен толықтырылды.

Жұмыстан шығудың негізгі себебі кадрлар тұрақтамауы болып отыр. 2003 ж. 62,4 мың адам өз еркімен жұмыстан шыққан, бұл барлық жұмыстан шыққандар санының 71 пайызын құрайды. Өз еркімен жұмыстан  шыққандардың айтарлықтай саны өнеркәсіпке (41,3%) келеді.

“Қазақмыс корпорациясы” ААҚ-да ең үлкен тұрақтамау байқалады, онда өнеркәсіпте өз еркімен 12,7 пайызы жұмыстан кеткен, сондай-ақ осындай жағдай “Испат-Кармет” ААҚ-да (9,1%), “Қазақмыс корпорацисы” ААҚ-ның Қарағанды құю зауыты Қарағанды филиалында (7,2%) да кездеседі.

Штаттың қысқаруы мен кәсіпорынның жойылуы себепті 2003 ж. 5,0 мың адам жұмыстан босатылған, бұл 2002 жылға қарағанда 20,4 пайызға көп. Жұмыстан босатылғандардың жалпы санындағы олардың үлес салмағы 2002 ж. 4,6 пайызға қарсы 5,7 пайызды құрады.

Жұмыстан босатылғандардың жалпы санындағы әйелдер 31,7 пайызды, қабылданғандар санындағы әйелдер 34,2 пайызды құрады (2002 ж. сәйкесінше 31,7 және 33,1%).

Қызметкерлер санаты бойынша жұмыс жасайтындар құрылымындағы айтарлықтай бөлікті жұмысшылар (59,5%), ал 40,5 пайызды  қызметшілер құрайды (5- кесте).

 

                                                                                           кесте-5

2001-2003 жылдардағы қызметшілер санаты бойынша жұмыс

                        жасайтындар саны, мың адам

———————————————————————————————

Экономикалық                                             2003- Жалпы сандағы үлес

қызмет түрлері    2001ж. 2002 ж. 2003 ж. 2002   2001 ж. 2002 ж. 2003ж.

                                                                       жж.%

——————————————————————————————-Облыс бойынша

жұмыскерлердің

саны, барлығы:      320,3    328,8    329,7     100,3    100        100         100

Жұмысшылар        197,1    198,7    196,2     98,7      61,5       60,4       59,5

Қызметкерлер,

      ондағы:             123,2    130,1     133,5    102,6    38,5       39,6       40,5

Жетекшілер            27,2      27,8       27,6       99,3       8,5         8,5        8,4

Мамандар               86,8      92,6       96,3      104       27,1        28,2       29,2

———————————————————————————————

 

Келтірілген деректер 2003 ж.жұмысшылар санының 1,3 пайызға кемігенін көрсетеді, жұмысшылар санының өсуі негізінен қызметшілер санының өсуінен болған- 2,6 пайызға, оның ішінде мамандар- 4 пайызға. Жұмыспен қамтылғандар құрылымындағы жұмысшылардың үлес салмағы 0,9 пайыздық пунктке кеміді, сонымен бірге қызметшілердің үлесі мамандар есебінен осындай шамаға өсті.

Біліктілік деңгейіне, лауазымына және орындалатын жұмыс сипатына байланысты жұмысшы күшінің сапалы құрамы қызметкерлер санаты бойынша жұмысшылардың құрылымын айтарлықтай толық сипаттайды.

Жұмыспен қамтылғандардың жалпы санындағы біліктілігі жоғары және орта деңгейлі мамандардың үлесі 29,2 пайызды құрайды, бұл 2002 жылға қарағанда 1,0 пайыздық пунктке жоғары (республика бойынша-38,0%), барлық салалардағы білікті жұмысшылар- 27,4 (0,9 пайыздық пунктке жоғары), республика бойынша 21,0%.

Біліктілігі жоқ жұмыскерлердің үлесі алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,3 пайызға кеміді және 14,8 пайызды құрады (республика бойынша 15,8%).

Жас мөлшері бойынша жұмыс жасайтындар құрылымында әрбір екінші жұмыскердің жасы 30-49 жас аралығында. Осы жас санатындағы жұмыскерлердің саны 168,9 мың адам (51,5). Әрбір бесінші жалдамалы жұмыскер 50 жастан асқандар (72,5 мың адам, 22,1%), әрбір оныншы 25 жасқа дейінгілер (32,6 мың адам, 9,9%).

Алдыңғы жылмен салыстырғанда барлық жас шамасындағы топтардан 2003 ж. жұмыспен қамтылғандар санының өсуі тек 50 жас және одан асқандарда байқалады. Кейінгі жылы осы жас шамасындағы жұмысшылар 9,9 мың адамға көп болды (15,8%). Сонымен қатар 30 жасқа дейінгі жұмыс жасайтын жастардың саны 2,0 мың адамға кеміді (2,2%-ға), 30 дан 49 жасқа дейінгі жұмыспен қамтылғандар саны 10,7 мың адамға қысқарды (5,9%).

Атап өтетіні, еңбек нарығының шиелінісуіне жұмыс жасайтын зейнеткерлердің еңбегі пайдалануда. 2003 ж. облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында 12769 зейнеткер жұмыспен қамтылған, ал жыл соңына жұмыссыздардың тіркелген саны 8159 адамды құраған.

Сонымен, талданып отырған жылда облыс экономикасында 2001 ж. халықты жұмыспен қамтудағы басталған өсу қарқыны сақталуда. Аталған қарқынды сақтап қалу мәселесі өзектілердің бірі болып отыр. Халықты тиімді жұмыспен қамту саласындағы мәселелер экономиканы көтеру, өндірістің тұрақтылығын сақтау жолымен жүзеге асырылады. Экономикадағы құрылымдық өзгерістердің жылдамдатылуы тиімділіктің жоғарылауына, халықтың экономикалық жағдайға бейімдеушілік мүмкіншілігініңкеңеюіне, сонымен бірге еңбекке сұраныстың көбеюіне әсер тигізеді.

 

2.2.Қазақстан Республикасындағы еңбек миграциясы:                         сипаты, өзекті мәселелері

 

Тәуелсіздік алуымен-ақ Қазақ елінің өмірінде елеулі өзгерістер көптеп болып, он шақты жылда бір ғасырға тартарлық істер атқарылды. Ең бастысы- экономикада тұрақтылық байқалып, ел еңсесін көтеріп, есін жиды. Қазақстан басқа да алпауыт елдермен иық тіресе отырып, ертеңіне нық сеніммен қадам басты.

Елордамыз Астанаға көшіп, дүниежүзінде ел беделі артып, елбасының ұзақ уақыттағы көреген саясаты айқындала бастады. Ұлтаралық қатынас, тұрақты саясат күнделік тірлікке айналып, ел іргесі бекіп, бейбіт заман орнықты. Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап Елбасы “Алты Алашқа” сауын айтып шетелдерде жүрген 5 миллионға жуық қандасымызды Отанына оралуға шақырды.

Содан бері мінеки, он бес жыл өтті. Он бес жыл тарих үшін қас қағым сәт болуы мүмкін. Бірақ жылға бергісіз күндер, ғасырға бергісіз жылдар болады. Соңғы он жылда ғасырға татитын оқиға болды десек артық айтқандық болмас. Жаңа мыңжылдыққа Қазақстан тәуелсіз дербес  мемлекет болып қадам басты. Әлеуметтік- экономикалық жүйе өзгерді. Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының және әлемдік қауымдастықтың, БҰҰ-ның тең құқықты мүшесі болып, өз егемендігін заң жүзінде де, іс жүзінде де дүниежүзіне тегіс мойындатты. Қысқасы дүние картасында Қазақстан атты өз билігі өзінде, өзгелермен терезесі тең жас мемлекет пайда болды. Әлем дамуының бүгінгі қарқыны тым тегеурінді. 70 жыл бойы айдарынан жел есіп келген алып ел- Кеңес Одағының өзі де оған төтеп бере алмай, әлем картасынан жоғалып тынды. Сол күйреген алып империяның аумағында тәуелсіздікке ие болған біз сияқты елдердің өткен он жылдықта басынан кешкендері тағдыр талайы әрқилы. Біреулер экономикада бауырын әлі жазып кете алмай жатса, біреулер ел ішіндегі бірлігін сақтай алмай, бір-біріне қарсы қапу жұмсауға дейін барды. Біреулері тұрмыс жағдайының нашарлығынан халқының босқын атанып, өз жерінен өзі безіп кетуіне жол берсе, енді біреулері реформаны желеу еткен жел сөз иелерінің көшедегі айқай-сүреңінің шырмауынан шыға алмай келеді. Шүкір біздің еліміз ондай-ондай сорақы жағдайлардан атымен аулақ, басқасын айтпай-ақ тек ұлттық саясаттың маңызды бір бөлігі болып табылатын демографиялық мәселеге тоқталғанды жөн көрдік.

1999 жылғы тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш адам санағы Қазақстан халқының саны 1989 жылғы КСРО- ның соңғы санағымен салыстырғанда 1 миллион 246028 адамға кемігендігін көрсетті. Яғни, 16 миллион 199154адамнан 14 миллион 953126 адам қалған. Мемлекетіміз демографияның осы бір олқылығын шетелдік қандастарымыздың отанына оралу арқылы толтыруды қолға алып жатыр. Осы жылдар аралығында елімізге 500 мыңнан астам қандасымыздың оралуы- осының айғағы. Соңғы жалпыхалықтық санаақта қазақтың үлес салмағы байырғы отанында 54 пайызға жетсе, оралмандардың бұған қосқан үлесі барлығына шүбәміз жоқ. Қазақстан тәуелсіздігіни алған күннен бастап, көші-қон саясатына мән берілгені рас. Дегенмен, экономикалық-әлеуметтік жағдайға байланысты, көштің тоқыраған кездері де болған. Мәселен осы жылдар аралығында квота кестесіне назар аударайық.

 

—————————————————————-      

Жылы                        Квота берілген отбасы саны

        —————————————————————-

         1993 жылы                        10  мың  отбасы   

        —————————————————————-

         1994 жылы                           7  мың  отбасы

        —————————————————————-

         1995  жылы                            5  мың  отбасы

        —————————————————————-

         1996  жылы                             4 мың  отбасы

        —————————————————————-

         1997-1998 жж.                        3  мың  отбасы

           —————————————————————-

         1999  жылы                             500  отбасы

        —————————————————————-

         2000-2001 жж.                         600  отбасы

        —————————————————————-

         2002  жылы                              2650  отбасы

        —————————————————————-

 

Дүниежүзі қазақтарының ҚҚ құрылтайындаНұрсұлтан Әбішұлы 2003 жылғы көші-қон квотасы- 5 мың, 2004 жылғы квота- 10 мың, 2005 жылы- 15 мыңға жететіндігін мәлімдеген болатын. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда, әжептәуір алға ілгерілеушілік екендігі айтпаса да түсінікті. Әрине 2015 жылға да көп уақыт қалған жоқ. Небәрі 12 жылдың ішінде халқымыздың санын табиғи өсіммен 5 миллионға жеткізу қалайда мүмкін емес екен. Демограф Мақаш Тәтімовтың айтуына сүйенсек, елімізде әлеуметтік жағдай түзеліп, өлім-жітім азайып, туу көбейген жағдайдың өзінде халық саны 1,5 миллионға дейін өсетін көрінеді. Яғни 3,5 миллион халық шетелден көшіп келуі керек. Өйткені сараласақ, тарихта өз халқының жоғын жоқтап, жыртысын жыртқан елдер ұтпаса ұтылғант емес. Мысалы, ХХ ғасырдың орта шенінде қайта мемлекет құрған кезде тұрғындар саны аз болған еврейлер де, халық саны әлемде ең көп болған қытайлар да өздерінің шетелде тұратын қандастарын отанға оралуға шақырып, олар үшін қолданылатын ұлттық саясаттарын белгілеп, заңдық негіздерін жасаған. Олар күні бүгінге дейін осы саясаттарын жүйелі жалғастырып, өз оралмандарымен ойдағыдай жұмыс жүргізу арқылы ұлттары санын бірнеше еселеп арттырумен қатар мол инвестиция мен жаңа технологияларға қол жеткізіп, аймақтық және әлемдік державаларға айналып отырғанын мойындамау әбестік болар. Бір халықтың ұлттық тәуелсіз мемлекетінің болуы- сол халықтың жер бетіндегі барлық өкілдеріне ортақ Отан болып саналады. Ал жиһандану жағдайында шетелдерде өмір сүріп отырған аз санды ұлт өкілдері өздерінің ұлттық қасиеттерінен оңай айрылады. Оны сезгендер “Есің бар да еліңді тап” деген қағиданы ұстанып, өздері тарихи отаным деп санаған ұлттық тәуелсіз елдеріне қоныс аударып, қалың халқымен қауышып, өздерінің ұлттық болмысымен өмір сүруді аңсайды және сол үшін батыл қадамдар жасайды.

Бір елдің- бір халықтың бөлініп жарылуы мен қайта бірігуі де- өткен ғасырдың басты ерекшелігі.

Қазақстаннан сырт жерлерде тұратын отандастарға қамқорлық жасауда соңғы он жылда қол жеткен табыстарымыз аз емес. Алыстағы ағайынды ұшақпен көшіріп алатын ел Қазақстаннан басқа қайда бар! Әйтседе, бұл жетістіктеріміз бен табыстарымызға тоқмейілсіп, орта жолда іркіліп қалуға болмайды. Біздің алдымызда жаңа міндет, биік мақсаттар тұр. Тәуелсіз Қазақстанның шет елдегі қазақ диаспорасы арасындағы байланыс бұрынғыдан да тығыз, әрі барынша жемісті, нәтижелі болуға тиіс. Бұл міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыру бүкіл        халқымыздың өсіп-өркендеуіне, жаңа мың жылдықта жаңа асуларға көтерілуіне тікелей ықпал етеді.

Алыс- жақын шет елдерден көшіп келген ағайындарды құшақ жая қарсы алып, ерулік беріп оларды жергілікті елмен етене танысып, сіңісіп кету үшін Қазақстандық ағайындардың да қосар үлесі зор. “Елге ел қосылса құт”-деген халқымыз ежелден намысшыл, бірлікшіл, бірін-бірі ыстық ықыласымен, ізгі ниетімен жарылқайтын халық болған.

Жалпы Ертіс павлодар өңіріне де алғашқы оралмандар 1991 жылы көшіп келе бастады. Олардың басым көпшілігі Моңғолиядан болатын.Арнайы деректерге жүгінсек, 1992 жылдың тамызына дейінгі уақыт аралығында облысымызға Моңғолиядан барлығы 923 жанұя немесе 5011 адам келген екен. Бүгінгі күні аймағымызда тұратын оралмандардың 85-90 пайызын Моңғолиядан келген ағайындар құрайды, қалғандары жақын шетелдерден қонысаударып келгендер.

Қазіргі таңда аймағымыз көлемінде тек қана Моңғолиядан келген 3000-ға жуық отбасы, 12-13 мыңдай адам байырғыи елмен етене араласып көппен бірдей тіршілік етіп жатыр. Олардың ішінде ғылым докторы, дәрігер, мұғалім, әртүрлі инженерлер мен журналистер және өнер адамдары барынша маманды жұмыстарын атқарып, егемен еліміздің болашағының гүлденуіне өз үлестерін қосып жатса, басқалары өз беттерімен  қам қарекеттерін жасап, нарық жағдайына бейімделіп келеді.

Сол алғашқы жылдардың өзінде-ақ еліміздегі экономикалық және әлеуметтік қиыншылықтарға қарамастан атамекеніне оралған қандастарымызды ұйымшылдықпен қабылдау, оларға қажетті әлеуметтік- тұрмыстық жағдай жасау, еңбекке орналастыру мақсаттарында бірқатар игі шаралар жүзеге асырылды.

Бұл орайда жалпыға бірдей жетіспей жатқан қиыншылықтың да бары рас. Бірақ еліміз көлемінде бұдан басқа да халыққа ортақ қаншама әлеуметтік мәселе шешімін таба алмай жатқаны да шындық. Бірақ Елбасымыздың жоспары, салиқалы саясатының арқасында еліміз көптеген қиыншылықтарды артқа қалдыруда. Еліміз егемендік ала салысымен шет елдегі қандастарымызды тарихи отанына тарту ұлттық саясат ретінде қызу қолға алынғаны түсінікті. Осы орайда тек қана оралмандар мәселесіне арналған бірқатар проблемалар әлі күнге дейін шешімін таба алмай келе жатқаны рас.

Қазақ диаспорасының басым көпшілігі тұратын Қытай мен Өзбекстандағы қандастарымызды көбірек көшіріліп алыну мәселесі. Олар арнайы көмек қажет ететіні белгілі. Ал, Қытай мен Қазақстан арасында көші-қон туралы келісім жасалатын уақыт жеткен сияқты. Өйткені миллиардтан асқан қытайдың ассимиляциясы да ерекше жүргізіліп жатыр. Ол    жақтағы қазақтар қаймағы бұзылмай тұрғанда елге алуымыз, елдігіміздің тағы бір айғағы болса керек.

Қазақстан Республикасының оралмандар мәселесін ұлттық саясат деңгейінде қарастырып, жүргізуін әлемдік өредегі көргендік пен саясаткерлік деуге тұрады. Бірақ бір өкініштісі біздің- атқарушы органдарымыздың оралмандар саясатын жүзеге асыруы халықаралық деңгейді былай қойғанда, мемлекеттік талаптарға да сай келмейді. Өйткені Елбасының оралмандар мәселесін шешуді дәйекті түрде қолдап, саясаттық, заңдық және қаржылық негіздер жасап отырса да атқарушы органдардың оны жеткіліксіз орындауын қалай түсінесіз. Егер үкіметтік мекемелер Елбасының оралмандар саясатының маңызын түсінбесе немесе түсінгісі келмесе, онда халқымыздың болашақ дамуына қатты нұқсан кееледі-ау деп алаңдаймыз. Біздің алаңдауымыз ұзаққа созылмаса екен. “Орынында бар оңалар” деген халқымыз қашанда болашағынан үмітін үзбеген ғой. Еліміздің ертеңі жарқын болса елге ел қосылып, ұлттық рухымыз асқақтай берсін.

Оңтүстік Қазақстан облысының басты проблемаларының бірі Өзбекстан мен Қырғызстанмен шекараласатын 32 ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы болып табылады. 1999 жылғы санақ бойынша осы аудандағы халықтың саны 2.662 млн. адамды құрайды, немесе республика халқының жалпы санының 17,8 пайцызын құрайды.

Осы аймақтардың жалпы проблемалары:

  • шектес мемлекеттерден шетел жұмыс күшінің жағдайлық ағыны;
  • басқа мемлекеттерден келген қашқындар ағыны бұл еңбек нарығындағы шиеленіске, санитарлық-эпидемиялық жағдайдың нашарлауына, әлеуметтік инфраструктура объектілеріне күшейген жүктемесін алып келеді;
  • ауыз сумен қамтамасыз ету төмендігі;
  • бірнеше әкімшілік бірліктің мемлекеттік аймақтың иелену сұрақтарының шешілмеуі;
  • шектескен аймақтардан адамдардың кетуі.

2004-2005 жылдары реттелусіз еңбек миграциясы түрлі эксперттік баға болжам бойынша 300-350 мыңнан 1 миллион адамға жетті. 2004 жылы Н.Назарбаев өзінің бір сөзінде “жыл сайын Қазақстанға көрші елдерден бір миллионға жуық еңбек мигранттары келеді” деп мәлімдеген еді.

Қазақстанға ақша аударылымының жай-күйі, көлемі туралы 2000-2001 жылдардан бастап жүргізіліп келеді. Бірақ олардың көлемін айқындау қиын болып отыр. Өйткені Орталық азия елдерінде (ОАР және ТМД) еңбек миграциясының түрлері әрқилы және олардың негізгі бөлімдері коммерциялық өз бетімен кеткен миграция.

Коммерциялық миграция (бетімен кеткен) басқа елдерден ақша аудармайды, керісінше ақшаны қолына алып кетеді немесе товар сатып алып оны өз еліне апарып үстеме бағаға сатады. Әрине олар үшін ресми ақша аудару қажет болмайды.

Егер “бетімен кеткендер (челночники)” ақша аударуда өз басының кәсіпкерлігіне айналдырса бұл Қазақстан заңдарын бұзғандық болып табылады.

Еңбек миграциясы, ақша аударылымының кедей елдер үшін көптегентиімді жағы бар. Мысалы, Қырғызстан еңбек күшін шет елдерге шығару арқылы әсіресе Ош, Жалалабад облысы сияқты шығыс аймақтарында жұмыссыздықты азайтудың тиімді жолы болып отыр.

Біріккен Ұлттар Ұйымының өркендеу жобасы (ПРООН) шығарған мәліметтер бойынша кедейшілік 44-60 пайызға жеткен Қырғызстан, Тәжікстан сияқты елдер үшін ақша аудару кедейшілікті азайтудың тартымды факторы болып табылады.

Бірақ реттелусіз еңбек миграциясынан алдын-ала сақтандыру Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан сияқты елдерде құрылымдық өзгерістер жасау, жұмыс орынын құру, орта және кіші бизнесті өркендетудің ішкі мәселелерін шешудің жолы.

Еңбек миграциясы оны қабылдап жатқан және оған мүдделі елдердің қай-қайсысы үшін жайсыз қорытынды береді. Мысалы Қазақстандағы еңбек берушілер үшін әлеуметтік қосымша көмек тілемей, аз жалақыны қанағат тұтатын арзанқол еңбек күшін пайдаланғанның өзі кедей елдердің отбасын асырауына көмегін тигізеді. Бірақ олардың мемлекеттік бюджетке салық төлемеуі (ондай адамдар аз емес екенін ескерсек) елдің үлкен экономикасына (макроуровне) зиянын тигізіп, капитал және жұмыс күші көлеңкелі экономикаға өтіп кетуіне әкеліп соқтырады.

 

2.3. Еңбек қатынастарын мемлекеттік реттеу:

           бағыттары, мәселелері

 

Экономикадағы түбегейлі өзгеріс- адамның еңбекке көзқарасын қалыптастырып, оның атқарған жұмысына қарай берілетін еңбек ақыны талап етеді. Осыған орай мемлекеттің дамуымен халқының материалдық ахуалы олардың күн көрісі және жалақысымен анықталады. Тәуелсіздік жылдарынан бері саяси-экономикалық реформалардың дамуының жолының басты кепіліретінде біле отырып, халықтың тұрмыс деңгейінің жоғарлатуының бір көрнісі- жалақы саясатын жетілдіру болып табылады. Экономикалық саладағы мемлекеттік және жеке секторларда қызмет аясын кеңейтіп, жұмыс күшін жетілдіру арқылы өнім өндіру ісін кеңейту- жалақы деңгейінің мөлшерін экономикалық даму мүмкіндігіне орай жүргізу- халық тұрмыс көзінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын күн көріс ахуалын көтеретін қомақты жұмыстардың бір бағыты деп білген жөн.

Біржолата экономикалық тығырықтан шығару жолдарын қарастыруда және жаңа бағыт арнасында дамуда реформа қабылдау басты қажеттілік болды. Реформалық бағытта мемлекет дамуының келешегі елдігіміздің шынайы түрде баяндаумен қатар жүрді және жалақы деңгейін арттыру, ең біріншіден оны тұрақтандыру қажет болды. Бұл орайда мақсатты қадам ретінде “Ұлттық валютаны енгізу жағдайында тұтынуға бағытталған қаржыны реттеу жөніндегі төтенше шаралар туралы” қаулы қабылдады.

Егер 1994 жылғы нақты мәліметтерге сүйенсек Республика тұрғындарының 7 миллионға жуығы еңбек етуге қабілетті болған.Ал нақты еңбек еткендердің саны 4 миллионнан сәл ғана асты. Бұдан шығатын қорытынды жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекетте еңбек етуші 4 миллион адам қалған 15 миллион адамды асырауы керек болды. Бұған қоса мемлекеттік сектордағы жұмыс орындары нарық қатынасы заңының даму желісіне үйренбей жабылып жатты. Бірақ өндірістің қай саласы болмасын жандануының, оның жоғарғы тиімділікке жетуінің шешуші факторларының бірі-адамдардың еңбек нәтижесі мен табысына, жалақысына тікелей байланысты болуы, сол арқылы олардың өндірілетін өнімінің саны мен сапасын арттыруға мүдделі болуына қол жеткізу басты мәселе.

Мемлекеттің даму жолында өнім өндіру мен жалақы саясатын жетілдіру мақсатында бірқатар бағыттарды анықтау қажет:

  • кәсіпкерлік жолды анықтау;
  • өндірісті жандандыру;
  • стратегиялық мақсаттарды анықтау және жүзеге асыру шараларын жүргізу;
  • интенсивті даму бағытын қарастыру;
  • өнім өндіру желісін дамыту;
  • еңбек өтеміне сәйкес жалақы төлеу балансын ұстану.

Жалақыны тағайындау мен іс- шаралар жүргізу мемлекеттің экономикалық мүмкіндігімен анықталады. 2002 жылы орташа жалақы мөлшері республика бойынша 23 мың теңгені құраса, ішкі жалпы өнім деңгейінде біршамаөсушілік байқалды. Адам басына шаққандағы азық-түлік с атып алу мүмкіндігі Украйнада- 859 доллар; Грузияда- 684; Қырғызстанда- 321; Тәжікстанда- 187, ал Қазақстанда 1649 долларды құрады. Бұл көрсеткіштер Қазақстанда халықтың материалдық ахуалының жақсы бағыт алғандығын көрсетеді.

2004-2005 жылдары экономикадағы ілгерілеушілік қоғамдағы қызмет салаларының барлық тұсынан оңды қадамдары мен сапалы қызметтері және мардымды жалақы төлеу, яғни еңбек құнын жоғары бағалау сипатымен ерекшелене бастады. Қабылданған еңбек жолындағы реформалар қадамдары мен нәтижелері халық игілігіне жұмсалып, материалдық ахуалды жақсартуға біршама ықпал етті. Бұл жағдай оңды қадамдармен өсімді жалғасын 2005 жылы тапты. Халықтың еңбек ету қабілетін арттыратын нысандарды көздей отырып,жалақы деңгейін нақты көтере білді. 1998 жылдың соңғы айларында халықтың орташа жалақысы 9 518 теңгені құраса, 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап республика бойынша ең төменгі жалақы деңгейі 9 200 теңгені құрап отыр. Бюджеттік саланың барлық қызмет түрлерінде жалақы тұрақталып 32 пайыздық мөлшерге көтерілді. Елбасы жолдауынан кейін өз өрісін тапқан бұл ахуал әлеуметтік жағдайдың тұрақталып, дамуына қарай халық тұрмысы мен қоғамдық қатынастағы рөлін күшейтеді. Сонымен қатар айлық жалақы мөлшері арттырылуда. 2005 жылғы жалақы төлеу деңгейін көтеру мақсатында бюджеттен 53,2 млрд. теңге қаржы бөлініп, халықтың тұрмысы мен әлеуметтік мүмкіндіктерінің дамуына жаңаша сипат енгізді. Мемлекеттің экономикалық даму мүмкіндігіне орай 2003-2005 жж. Экономикалық-әлеуметтік бірқатар іс-шараларды іске асыруды дамытудың басты нысаны ретінде жалақы деңгейін арттыру мақсатында бюджеттік сала жалақы төлеуді 30 пайызға арттыру басты жолға қойылуда.

Әлеуметтік топтық қоғам шеңберінде өмір сүру қайсы бір мемлекет болмасын жат тірлік болып табылмайды. Себебі қоғамның саяси саласында мемлекеттің даму аясында тіршілік ете отырып, еңбек қатынасы негізінде мүмкіндіктерді анықтау, және сол арқылы қоғамның даму желісін мемлекеттік деңгейде шешу баянды істердің бірі болмақ. Осы орайда егемендік жылдарынан бастау алып, жүргізіліп және атқарылып жатқан әлеуметтік іс-шаралар ауқымы халықтың игілігіне материалдық ахуалды жақсартудың басты көріністері болып отыр. Әлеуметтік мүмкіндіктері шектелген тар ауқымды қоғамда күй кешіп отырғандар жағдайы мемлекеттің қолдауынсыз, оңалту шараларынсыз қадамдары өрге басулары  екіталай. Үкімет тарапынан бюджеттен бөлініп жатқан қаржылар желісі- тікелей осы қоғам ағымынан табиғи немесе болмысынан мүгедек болып, яки болмаса қарттығы мен жетімділігіне байланысты қалып қойғандарға жәрдемақылар, әлеуметтік икөмектер, әртүрлі жеңілдіктер, оңалту іс-шаралары, төлемақылар жүргізулеріне негізделеді. Мемлекет өзінің даму мүмкіндіктеріне орай қабілетті азаматтарды жұмыспен қамти отырып, әлеуметтік мүмкіндіктері шектелген азаматтарға қарау жасайды. Бірақ еңбек процесінде еңбек қатынастарының ерекшеліктеріне және мүмкіндіктеріне орай қабілетті жандарды белгілі бір мөлшерде жұмыстарын ұйымдастыра отырып, олардың күн көріс мүмкіндіктерін дамыту керек. Күн санап өсіп келе жатқан мүгедектер саны қоғамға өзінің тәуелділігін жүктей отырып, мемлекет алдында тек көмек күтетіні әлемдік проблема болып отыр. Ал, республикада әрбір оныншы адамның проблемасы осыған келіп тірелетіні белгілі.

Қоғамда жәрдемақы алатын әлеуметтік топ өкілдерінің бірі- мүгедектер. Сондықтан да мүгедектер мәселесі мен олардың қажеттіліктері мемлекеттік деңгейде қарастырылып, шешілуі тиіс. Ел болып, елдік еркіндігін орнатып, тәуелсіздік ұғымын сіңдіруді бастаған тұста 1991 ж. тұңғыш рет “Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы” заң қабылданды. Бұл заң негізінде мүгедектердің әлеуметтік қамсыздануы, қажеттіліктерін ескеру, сондай-ақ жәрдемақылар тағайындау тарифтері сияқты тұстары ескерілді. Қабылданған заң бойынша халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйғарымымен (ҚР Президенті мен Үкіметінің актілер жинағы, 244 бап) бірқатар мәселелерді шешу көзделген:

  • мемлекеттік зейнетақымен, жәрдемақымен және басқа да әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз ету;
  • зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
  • зейнеткерлерді, мүгедектерді, кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларын, халықтың мемлекеттік қолдауға мұқтаж басқа да топтарын қолдау мақсатымен өкілетті және атқарушы органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, қайырымдылық қорларымен өзара іс- қимыл жасу;
  • медициналық қызмет көрсету, емдеулер мен демалыс орталықтарына демалту бағдарламаларын іске қосу сияқты өзекті тұстары мемлекеттік қолдауға ие болып әлеуметтік көмек ретінде жүргізілуде.

Жыл санап өсіп келе жатқан экономиканың даму желісінің мүмкіндігі бюджет тарапынан жәрдемақылар мен әлеуметтік көмектер, төлемдер, жеңілдіктер және төлемақылар өтеуге негізделіп отыр. Мемлекет хақындағы мұндай істерді халық игілігінде жүзеге асыру қоғам ағымынан әртүлі себептерге байланысты қалып қойған азаматтар үшін оңалту жолындағы іс- қимылдар болып табылады. Экономикалық даму мейлінше тұрақталып, қоғам ағымының жалпы желісі күшейген сайын әлеуметтік ахуал назардан тыс қалмайды, қайсы бір мемлекет болмасын, оның даму деңгейі әлеуметтік салалардың қамтылуымен, халықтың тұрмыс- тіршілігімен анықталады. Халқының өткендегісіне ұлық ретінде қарау, оның саяси тәрбиелік мәнін ұлықты іс ретінде келешек ұрпаққа баяндау абзал тірлік  болып табылады.

Кез келген мемлекетте әлеуметтік институттар бар, олардың мақсаты әлеуметтік қорғау және қамсыздандыру болып табылады. Мемлекет шеңберінде әртүрлі жәрдемақылар мен көмектерді жүзеге асыру саясатын қолдауда қоғамдағы өркенді істермен айналысатын қайырымдылық қорлар, сақтандыру компаниялары, фондтардың рөлі ерекше. Бұл қайырымдылық қорлардың мемлекеттік жәрдемдер мен көмектерден бөлек жеке сектолы жұмыстардан қаржы көзінің бөлінуі немесематериалдық жағдай жасау негізінде қоғамдағы мүмкіндігі шектелген жандардың қажеттіліктерін өтеу жолындағы қайырымды іс болмақ. Мұндай шараларды жүзеге асыру негізінде өскелең жас буынды ұрпақтарға тәрбиелік мәні бар келелі істер менжақсы жағынан көрінсе, мемлекеттің қамтамкасыз етуіне қосымша қайырымдылық қорлар негізінде әрбір істер қоғамға өз үлесін қосуына мүмкіндігі бар.

2001 жылы шілде айында “Мемлекеттің мекендер бойынша белгіленген әлеуметтік көмектері туралы” заң қабылданды. Бұл мекендер бойынша жүргізілетін әлеуметтік көмектер ақшалай күйде беріліп, жүзеге асты. Мекендік әлеуметтік көмектер жүйесі 4 түрлі жәрдемақыларды қамтиды:

  • тұрғын үй бойынша көмектер;
  • ақшалай жүргізілетін өтемақылар мен жәрдемақылар;
  • 4 баласы бар жұмыс істемейтін аналар үшін балалары 7 жасқа толғанға дейін берілетін көмектер;
  • үйлерде тәрбиеленетін мүгедек балаларға берілетін жәрдемақылар.

Мемлекеттің бұл төрт мәселені назарға ұстап мекендік көмектерге тіркеуі, олардың қызмет аясының мүмкіндігінің кеңеюіне алып келеді. Төрт мекендік көмек бойынша мүмкіндігі шектелген жандарға берілетін жәрдемақылар мен түрлі көмектер олардың күн көрісін қамтамасыз етумен қатар мемлекетке төленетін салықтан да босатылуына алып келді. Мемлект тарапынан қолдауға ие болған мүмкіндігі шектелгендер тұрғын үй бағдарламасы бойынша барлық коммуналдық өтемақылардан босатылып, өмір сүру мүмкіндігі кеңейді. Бұл және өзге де әлеуметтік қамсыздандыру процесі мемлекет бақылауында бола отырып, экономикалық ахуалдың тұрақталып дамуына орай, жәрдемақылар мен түрлі әлеуметтік көмектердің де мөлшері өсіп, жандана түсері белгілі.

Жәрдемақылар төлену мүмкіндігі мен санатына орай 2001 жылы жарық көрген “Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау” тұжырымдамасына сәйкес мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты, жұмыссыздығы мен жасы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі толық ынтымақтастық қағидасына негізделген. Тұжырымдамада “Қазақстанның барлық азаматтары өмірдегі қатерлі жағдайлар туындаған кезде еңбек үлесіне және жүйеге қосқан жарнасына қарамастан, бірдей деңгейде мемлекеттік жәрдемақылар алады”- делінген болатын. Сондықтан да әлеуметтік қорғау бұл- кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылу сияқты өткір тұстарда пайдаланылатын мемлекеттің арнайы оңалту шараларын жүргізу және әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз етуде берілетін арнайы жүйесі болып табылады. Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік қорғаудың неғұрлым тиімді және кешенді жүйелері негізінде деп қарастыра отырып, мемлекеттік жәрдемақылар, міндетті әлеуметтік сақтандырулар, жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік көмектер сияқты басты қағидаларды әлеуметтік қорғаудың басты кепілі деп білген жөн. Мемлекет тарапынан мемлекеттік сферада осы және өзге де қағидалар ескеріліп, әрдайым төлемдер мен өтемдер жүргізіп отырса, әлемдегі басты буынды мемлекеттер қатарынан әлеуметтік толықтыруларжүргізудегі жетекші мемлекетке айналары белгілі. Ол үшін мемлекеттік функция ретінде жәрдемақылар төлеу санатын және жәрдемақы алушылар әлеуетін әрдайым бақылауда ұстаған жөн. Күн көріс деңгейімен жәрдемақы өтемінің жалпы сомасын шағып ортақ жүйеге енгізу керек. Себебі жәрдемақы алушы әлсіз топтар өзінің күнделікті тұрмыстағы қажеттілігін қамтамасыз етуі тиіс.

Қазақстан Республикасы Үкіметі тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнінде жалпы ұлттық қор құру арқылы, оның қызметінің негізгі бағыттарын яғни тұрмысы төмен азаматтарға материалдық, қаржылық ресурстарды беру, қызметтер көрсету, әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуына жәрдемдесу, облыстарда халықтың табысы аз топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі аймақтық қайырымдылық қорларын құру қарастырылуы тиіс және нарықтық қатынастарға көшу жағдайы және соған сәйкес Республикада экономиканың тұралап қалмауына байланысты жетім балаларды, қарттарды, сонымен қатар тұрмыс жағдайы нашар азаматтарды әлеуметтік, құқықтық және материалдық жағынан қамқорлыққа алу мәселесі қоғам үшін маңызды сипат алып, оларды үкімет тарапынан дер кезінде шешу табанды түрде міндеттейді.

Кез келген мемлекетте әлеуметтік топтар орын алған болса, онда әлділері әлсіздерін томаға тіремеуі керек емес, керісінше, арнайы құрылған мекемелер немесе мемлекеттің қолдауы негізінде әлеуметтік көмектер жүргізеді. Бұл орайда Орталық қазақстанда Қарағанды қаласында әлеуметтік жәрдемақы алатын 10343 адам бар, ал арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар 19043 адам. 2003 жылға дейінгі уақыт ішінде әлеуметтік көмек беруге 121230 мың адам, облыстық бюджеттен 10268 адам әлеуметтік көмек алған. Жыл басынан бері 27940 жағдайы төмен азаматтарға атаулы көмек көрсетілген.

Жекелеген қалалар бойынша да жергілікті бюджет есебінен бірқатар мәселелер де шешімін тауып жатыр. Алматы қаласы бойынша әлеуметтік деңгейде жәрдемақылармен әртүрлі көмектерді мемлекет тарапынан және жергілікті бюджет есебінен жүзеге асыру көзделген. 2003 жылғы мәліметтер бойынша жергілікті бюджет уақтылы қаражат бөлудің арқасында 5,6 мың отбасы 198,8 миллион теңгенің мекендік жәрдемін алған және мүгедек балаларды оңалту үшін 5 миллион теңге көлемінде қаражат төленген. Сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық қызыметтің төлемі үшін 206,8 миллион теңге көлемінде ақшалай өтемақы бөлінді. Сөйтіп бұл жәрдемақының жалпы сомасы 2003 жылы 576,9 миллион теңгені құраған.

Республика бойынша қаланың әрбір тұрғындары мен облыс жұртшылығына бөлінген қаражат жәрдемақы мен әлеуметтік көмектер ретінде жұмсалып, халық игілігіне жарауды көздейді. Мемлекет тарапынан эконом икалық, әлеуметтік және саяси қолдауға ие болған халықтың мұң –мұқтажын өтеу ағымы әлеуметтік сфераны қамтамасыз етудің басты бір көрінісі ретінде танылды. Әлеуметтік тұрғыда жан-жақты қамта масыз етілген халықтың тұрмыс-тіршілігінің жанданып, еңсесін көтеруде болған өзгерістермен кезек күтіп тұрған  толықтырулар күн санап артта қалып, жаңа даму белестеріне ұшырап отыр. Халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі республикамыздың заңының 13 бабының 1 бөлімінде қарастырылуына орай “мүгедектік бойынша және асыраушысынан айырылған реттер бойынша мүгедек немесе асыраушы деп танылған адамдардың жұмыс стажына қарамастан, егер ядролық қаруды сынауға себепті байланыста болса, зейнетақы тағайындалады”- деп қарастырылған. Осылайша мүгедектігінің ядролық сынақпен байланысы болған жағдайда зейнетақымен де қамтамасыз етіледі. Бұл қоғамның әлеуметтік сферада жан-жақты қамтылуы болып табылады. 

Мемлекет белгілеген арнайы жәрдемақылар алушылардан бөлек Президентіміздің “Ұлы отан соғысына қатысқандармен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға берілетін жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғау туралы туралы” 1995 ж. 28 сәуірдегі 2247 заң күші бар жарлығына сәйкес Ауған соғысына қатысқандар осы теңестірілгендер тобына кіреді. Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы” заңға сәйкес Ауғандықтар Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге теңестірілгендер ретінде 2.4 және 5.7 айлық есеп көлемінде мемлекеттік жәрдемақы алды. Осы жарлықтан кейін заң күшіне енген тұстан бастап ардагерлері мемлекет тарапынан әділ түрде қолдауға ие болған шешім нәтижесінде белгіленген жәрдемақылар алып отыр.

Қоғам дамуының келесі бір өзекті мәселеге айналған тұсы- жетім балалардың әлеуметтік қамтамасыз етілу деңгейі болып табылады. 2004 жылғы статистикалық мәлімет деректері бойынша Қазақстанда 73 мың жетім балалар бар екен. Бұған дейін 1999 жылы 3 мың жетім балаларды асырау құқығына ие болып, шет елге алып кеткен 10 мыңын Республика тұрғындары асырауға алған. Сондай-ақ балалар үйіндегі жетім балалардың 100 мыңын 3 жасқа дейінгілері құраса, 1990 жылы бұл көрсеткіш 121.4 болды, 2000 жылы 2.5 өсіп 292 құрады. Осыған орай еліміздегі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау міндетті құбылыс екендігінде дау жоқ. Мемлекетіміздің министрлер кабинетінің қаулысымен “Жанұялық жәрдемақылар белгілеу мен төлемдер жүргізу тәртібі туралы” шара бекітілді. Олардың қатарына: Жұмыс істемейтін аналарға, балалардың туылуына орай (жөргекпұл) жалғызбасты аналарға, төрт және одан да көп балалары бар аналарға (7 жасқа дейін), әскери қызметкерлер балаларына, иммунодефицид вирусына ұшырағандарға және СПИД ауруына шалдыққандарға және өзге де тұстарына мемлекеттік жәрдемақылар өтеледі. Сондай-ақ аяғы ауыр аналарға мемлекеттік демографияны қолдау негізінде бірқатар жеңілдіктер мен мүмкіндіктер жасау барысында барлық медициналық қызмет көрсетулермен дәрі-дәрмек, витаминдер тегін берілді. Бұл мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие болып, жәрдемақы төлемін алуына мүмкіндігін асыра түсері сөзсіз.

2004 жылы әлеуметтік саладағы мәліметтер төркіні атаулы көмектер мен жәрдемақылар негізінде халық игілігіне жұмсалды. Астана қаласы бойынша жергілікті бюджеттен жұмсалған әлеуметтік көмектің мөлшері 456 миллион теңгені құрады. Ал жәрдемақы алғандар санына тоқталсақ 12019 адам жергілікті бюджеттен арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алды. Республика бойынша мемлекеттік және жергілікті билік органдарының шешетін проблемалары яғни жәрдемақылар мен атаулы көмектер жүргізу бағдарламасының жүзеге асуы- қоғам игілігіндегі келелі жұмыстардың жанданып,жүзеге асуы болып табылады. 

Президенттің әлеуметтік жағдайды түзеуге белсенді түрде атсалысуы қоғам өмірінің әртүрлі желісінен көрініс береді. Соның бірі-  мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алушыларға мемлекеттік жәрдемақыларды 2006 жылдан бастап енген 1000 теңгеге арттыру мәселесі Елбасымыздың жолдауының өзекті тұстарының бірі болып табылады. Сондай-ақ 2005 жылы нақты шешімін тапқан “Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы” заңының 12 бабында баланың дүниеге келуінен бастап оның күтімі, жасына қарай жәрдемақының бөлінуі, әртүрлі санаттарының ескерілуі, жанұялық табысты есептей, баланың күтімі жөніндегі жәрдемақыны тағайындау мен төлеу және жәрдемақылар мөлшері қарастырылған.

Қазақстанның экономикасы өркендеп, халықтың әлеуметтік- тұрмыстық хал-ахуалы жыл өткен сайын жақсаруы қоғакмның барлық сферасына әсерін тигізді. Мемлекеттік өемақылар мен жәрдемақылар, әлеуметтік көмектер мен төлемдер, әртүрлі жеңілдіктер жүргізу қоғамдық игілік жұмыстардың өзекті тұстарының бірі болып табылады. Сондықтан да Қазақстан Республикасында халықты қорғаудың негізгі бағыттарының бірі- азаматтарға заңдарда көрсетілген жағдайлар пайда болған кезде мемлекет тарапынан әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау, есептеу және төлеу болып табылады. Бұл    жәрдемақылар мен әртүрлі көмек түрлерінің мөлшері шектеусіз. Өйткені қоғам дамумен қатар экономикалық ахуалымызда оңалту шараларын бастан кешіріп, мемлекет табысына орай ішкі жалпы өнім көрсеткіші алғашқы жылдары жан басына шаққандағы көлемі 700 АҚШ долларды құраса, күні бүгінгі жағдайда 2700 долларға жеткен. 

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Қорытынды

 

 

         Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүзеге асыру және негізінен еңбекке жарамсыз кедей азаматтарға, сондай-ақ, еңбек базарындағы жағдайы осал халыққа атаулы көмек көрсету есебінен кедейліктің ауқымын қысқарту және жұмыссыздық деңгейін төмендету болып табылады.

         Бағдарлама Қазақстандағы әр отбасының кемінде бір мүшесін жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған және жұмысы жоқ халықты еңбек етуге ынталандыратын жаңа жұмыс орындарын құруды көздейді. Аталған мақсаттарға байланысты экономикалық өсу негізінде, әлеуметтік салада дәйекті реформалар жүргізу жолымен халықтың тұрмыс деңгейін төмендетпей, көтеру, әлеуметтік бейімдеу шаралары, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына экономикалық және әлеуметтік қолдау көрсету негізінде кедейлікпен күрес жүргізу міндеттері де жүзеге асырылмақ. Ал жұмыссыздық деңгейін еліміздің тұрақты экономикалық-әлеуметтік дамуына қауіп төндірмейтін деңгейге дейін төмендету міндеті көзделіп отыр.

         Еңбек нарығындағы жағдайды бағалайтын маңызды көрсеткіштер –жұмыссыздық деңгейінің динамикасы, еңбек нарығының сыйымдылығы мен конъюнктурасы, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы және оның құрылымы. Біздің статистика еңбек нарығындағы, оның ішінде жастарға қатысты жағдайды толық көрсетпейді. Еңбек биржаларына сирек тіркеледі. Статистика ашық еңбек нарығының тек ғана ресми бөлігінің даму тенденциясын, мемлекеттік сектор тұрғысынан бағалауға мүмкіндік бере алады. Жұмыспен қамту қызметі еңбекке сұраныс пен жұмыс күшінің ұсынысының бір бөлігін ғана қамтиды. Мемлекет пен қоғам жастардың еңбек нарығының өзіндігінен жол табуын ғана күтіп отырмай жастарды жұмыспен қамтуды реттеудіңіргелі саясатын жүргізіп, оның тиімділігіне қол жеткізуге тиіс.

         Еңбек қызметінің ерекшеліктері арасынан алдыңғы орынға жұмыспен қамтудағы кепілдік, кәсіби даму және лауазымдағы өсім мүмкіндіктері шығады.

         Егер еңбек нарығының тар сегментінде жұмыспен қамтылғандар бизнестің өзгеріп отыратын конъюнктурасы тұрғысынан тәжірибелі болатын болса, жұмыс беруші олардың өндірістік тәжірибесінің жоқтығына назар аудармайды. Әйтсе де, ұйым қызметіне нарықтық экономика негіздерін білетін адам ғана жаңалық әкелетінін естен шығармау керек.

         Республикамызда тұрақты негізде жұмыс істей алатын жоғары білікті кәсіпқой жұмысшыларды тартудың тетіктерін әзірлеу керек.

         Бұл ретте біз өзіміздің отандық жұмысшыларды тәрбиелеп, олардың біліктілігі мен кәсіпқойлығын арттыруды естен шығармауға тиіспіз.

         Еңбек рыногында жұмыс күші жаппай жылжып оның сандық және сапалық құрылымы ылғи өзгеріліп отырады, өйткені өндірістің кеңеюі оның жаңартылуы, құрылымдық өзгерістері жұмыскерлердің ерекше жоғары дәрежеде дайындалуын талап етеді, олардың жаңа осы замандық мамандықты жете игеруді қалайды.

         Жұмыс күшіне жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздықтар жатады. Жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың болмысын мына көрсеткіштермен сипаттайды: институционалдық емес адамдар (рыногтық емес құрылымдарда істейтіндер), жұмыс істеушілердің саны, жұмыссыздардың саны, жұмыс күшінің құрамына кірмейтін адамдардың саны.

         Макроэкономикада осы көрсеткіштердің дәрежесі мен динамикасы бірнеше факторларға: демографиялық, жыныстық, жастық, этикалық, халықтың әлеуметтік құрамына жекелеген аймақ пен салыстырғанда еңбек рыногында сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасына тәуелді болады:

         Қазіргі кезде Қазақстанда жұмыс күшінің “көлеңкелі” немесе жасырын рыногы бар екендігін ұмытпаған жөн. Мысалға уақытша жұмыс, ұзақ сауда жасау, егіншілікпен және үй шаруашылығымен айналысу, жеке көлігімен тасымалдау, жөндеу жұмыстарын істеу, балаларды тәрбиелеу немесе оқыту қызметін көрсету сияқты жұмыстармен айналысатындар ресми статистикаға ілікпейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

 

  1. Әубәкіров Я.А. Экономикалық теория. Алматы, 1999, 278 б;
  2. Жұмабаев С.К. Еңбек рыногы экономикасы. Алматы, 2003, 270 б;
  3. Н.А.Назарбаев. Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку. М., 1992, 352 с;
  4. Жатқанбаев Б.Ж. Экономикалық теория. Алматы, 2006, 380 б;
  5. Әкімбеков. Экономикалық теория. Алматы, 2003, 461 б;
  6. Бодауханұлы Қ. Нарыққа өту жолында ұлттық аймақ экономикасының әлеуметтікбағыттылығын арттыру мәселелері (канд. дис.). Алматы, 1997;
  7. Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметі актілер жинағы. 1998, 30 қыркүйек;
  8. Қ. Жұмаханұлы. Жалақыны тұрақтандыру –теңге құнын тұрақтандыру. Сұхбат. 1994. 11-17 қаңтар;
  9. Қазақстан Республикасының статистикалық агенттігінің мәліметтері. “Қазақстан zaman”, 2005, 22 шілде;
  10. Кайсенова Г. О повышении заработной платы с 1 июля 2005 г. “Труд в Казахстане”, 2005, №6, с.52;
  11. Қазақстан –2030. Алматы, 1998;
  12. Садуакасов А. Дамудың бір кепілі –инвестиция. “Дала мен қала”, 2004, 27 шілде;
  13. Нұрақым Райханұлы. Экономика және әлеуметтік мәселе. “Базарда-жұмыс күші”. Ақиқат, 2002, №6.
  14. Нұрақым Райхан. Жарты жылғы қарқын. Еңбек рыногы. Ақиқат, 2005, №9.
  15. Ж.М.Жарылқасынова. Құрылыстағы еңбекке ақы төлеу шығындарының есебі. ҚазҰУ хабаршысы. 1№(53).
  16. Жараспаева. Еңбек жағдайын жақсарту- еңбеккерлердің құқығын қорғаудың бағыты. ҚазҰУ хабаршысы. 2005, №4(50).
  17. Д.Қалиасқарқызы. Еңбектің экономикалық тиімділігінің мәні. ҚазҰУ хабаршысы. 2006, №2(54).
  18. Хамбар Б. Болашақ мамандарды жұмыспен қамту мәселелері. Әлеуметтік саясат. 2006, №7.
  19. Майкл Уоттс. Нарықтық экономика әліппесі. Ақиқат, 2002, №4.
  20. Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Еңбек ресурстарын дамытудың тиімді жүйесін құру. Ақиқат, 2006, №4.
  21. Оразова Б.Б. Еңбек ресурстарымен басқару. Әлеуметтік саясат. 2006, №1.
  22. Хишауева. Қазақстанда еңбек ресурстарын қалыптастыру. Аль Пари 200, №2.
  23. Қазақ диаспорасы: бүгіні мен ертеңі –Казахская диаспора: настоящее и будущее. Астана, 2005, 352 б;
  24. О.Жандосов. Сұхбаттар мен мәліметтер. Алматы, 2004, 84 б;
  25. Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заң. Алматы, 2007, 32 б;
  26. Қ.Сансызбайұлы. Тәуелсіздікпен кіндіктес көш керуен. Алматы, 2006, 152 б;
  27. Әлем қазақтары Астанада бас қосты. Алматы, 2006, 200 б;