АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазақстан Республикасындағы индустриалды — инновациялық дамуы

МАЗМҰНЫ

 

 

   КІРІСПЕ…………………………………………………………………………….3                                                                                                             

 

1    ИНДУСТРИАЛДЫ ДАМУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ                                                                            МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  • Қоғамның индустриалды дамуының тарихи-теориялық,эволюциялық негіздері…………………………………………………………………………………………………6
  • Индустриалды дамудың экономикалық,құқықтық механизмдері……………..16
  • Ұлттық экономиканың индустриалды дамуы оны жетілдірудің әлемдік тәжірибе…………………………………………………………………………………….22

 

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ –ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ; ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
    • Қазақстан Республикасынның индустриасын қайта құрылымдаудың қажеттілігі және оны дамыту механизмдері…………………………………………….31
    • Қазақстан Республикасында индустриалды-инновациялық стратегясы жүзеге асуы туралы………………………………………………………………………………..47
    • Қазақстан Республикасында индустриалды саясатты дамуын жетілдіру жолдары………………………………………………………………………………………….45

 

   ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………………..52

   ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………………………………….54

    ҚОСЫМША

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

      Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму үлгісін қалыптастыру алдағы жылдардың басты бағыты болып отыр. Экономиканың негізгі секторы болып табылатын өнеркәсіпті қайта индустрияландыру оның даму үрдістерін жеделдете түсетіні белгілі. Республиканың жалпы ішкі өніміндегі өнеркәсіптің жалпы қосылған кұнының үлесі 30% құрайды. Соңғы жылдары қол жеткен табыстармен катар ол жерде орын алып келе жатқан кемшіліктер де аз емес. Өнеркәсіпте шешімін таппаған мәселелер макроэкономикалық, аймақтық-салалық және қаржы аясына теріс ықпалын тигізуде. Өндіргіш күштерді орналастырудағы аумақтық диспропорция, шикізаттық бағыттың басым болуы, толық өндірістік циклды интегралданған кешендердің аздығы, оңдеуші салаларда негізгі қорлардың тозу дәрежесінің 30-40 %-ды құрауы, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың басым көпшілігінде икемді технологияның аздығынан нарық конъюнктурасының өзгерісіне тез бейімделе алмайтын өндірістік қуаттың 20-50% — дай ғана пайдаланылуы — өнеркәсіптің индустриялық деңгейін көтеруді талап етіп отыр.

Ғаламдану үрдістері мен халықаралық бәсекелестіктің күшеюі, жаңа технологиялық өндірісті қалыптастыру арқылы ғылыми деңгейі жоғары инновациялық бағытта өнім өндіру отандық өнеркәсіпке тез арада өзгерістер енгізуді қажет етуде.

«Жаңа экономика кең тұрғыда — бұл жоғары технологиялар, ғылымды көп қажет ететін, барлық салалар мен сегменттерде инновациялармен қаныққан экономика. Шикізаттық және индустриялық экономикадан санаткерлік ресурстарға, ғылымды көп қажет ететін және ақпараттық технологияларға негізделген осынау сапалық басқа құбылысқа көшу әлемдік шаруашылықтың барынша маңызды үрдістерінің біріне айналды» -деп Н.Назарбаев атап өткен.[1]

Сондықтан да өнеркәсіпті қайта индустрияландырудың ұзақ мерзімдік бағдарламасын дайындау әлемдік экономикада болып жатқан үрдістерге сәйкес ішкі экономикалық проблемаларды шешуге бағытталады. Демек, ұлттық экономиканың индустриялық саясаты ауқымында өнеркәсіптің инновациялық, ұйымдастыру-технологиялық, құрылымдық деңгейін жаңа сатыға көтеру өзекті проблемаға айналып отыр.

Өнеркәсіпті дамыту бағдарламасының негізгі міндеттеріне отын-энергетикалық қуаттарды толық пайдалану, мұнай-химиялық өнеркәсіпті және оның негізінде әртарапты өнім өндіретін өндірістерді құру

 (пласстмассадан тауарлар, лак, бояу бұйымдары, дөңгелектер резіңке-техникалық бұйымдар өндіру және т.б.), қара және түсті металл өңдеу салаларын (құбыр өндірісі, сортталған прокат, кабель өндіру және т.б.), мұнай-газ, металлургия, электроэнергетикалық және көлік кешендері үшін құрал-жабдықтар өндіретін өндірістерін жандандыру жатады.

Өнім сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру, амортизациялық саясатты жетілдіру, техникалық және білікті мамандарды дайындау мен қайта даярлау жүйесін құру, сыртқы нарықта өнімді жылжыту және өндірісті әртараптандыруды қамтамасыз ететін жаңаша инфрақұрылым құру — мүның бәрі қазіргі заманның талабы.

Өнеркәсіптің индустриялық деңгейін көтерудің түп қазығына технологиялық базис жатса, ал оны қалыптастыру үшін ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмыстарды жандандыру қажет болып отыр. Бәсекеге қабілеті жоғары сұраныс талаптарына сай келетін тауар өндіру үшін өндірістік кәсіпорындардың технологиялық деңгейі мен ғылыми жаңалығы бар өнім өндірумен ерекшеленетін өнеркәсіптің технологиялық базасын көтерудің экономикалық механизмін анықтау таңдалып алынған тақырыптың өзектілігін анықтайды.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Ұлттық өнеркәсіптің нарықтық экономикаға бейімделуінде мемлекеттің ұстанған ұтымды бағытын теориялық және әдіснамалық түрғыда зерттеу үшін оның негізін қалаушылар мен олардың ой-пікірлерін ары қарай жалғастырушы кептеген экономист ғалымдардың еңбектеріне сүйенуді және ондағы маңызды ұсыныстарды қолдануды қажет етеді. Олардың қатарына батыстың Д.Кейнс, А.Смит, Д. Рикардо, И.Шумпетер, П.Самуэльсон, К.Маркс сынды ғалымдарын жатқызуға болады.

ТМД елдерінде өнеркәсіптің салалары мен кәсіпорындарын жаңаша индустрияландыру мәселелерін әртүрлі деңгейде талқылап, экономикалық маңыздылығын зерттеген ғалымдар көптеп кездеседі. Мемлекеттің экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға ету үшін жағдай жасау және өнеркәсіпте бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа арналған тауарлар, қызмет түрлерін көрсету өндірісін дамыту тетіктері жөніндегі пікірлерді ресейлік ғалымдар Л.Бокарева, А.Булатова, С.Батчиков, А.Вольский, В.Дементьев, Ю.Корнилов, Д.Львов, А.Лисенков, В.Мартынов, Е.Матросова, А.Пранович, А,Цыгичко, А.Шуваева өз еңбектерінде жан-жақты қарастырған.

Қазақстандағы экономикалық өрлеу үрдістеріне сай өнеркәсіпті қайта индустрияландырудың негізгі басымдықтары мен бағыттарына жататын  импорт  алмастыру,  құрылымдық-салалық,   инновациялық, инвестициялық саясатты жүргізуде экономикалық тетіктерді қолдану тиімділігі жайында белгілі экономист-ғалымдар О.Баймұратов, Е.Байбарақов, К.Бердалиев, Ө.Ескараев, Ж.Ихданов, Д.Қабдиев, М.Кенжеғозин, К.Қажымұрат, Н.Мамыров, Қ.Оқаев, К,Сағадиев, А.Сейітқазиева және тағы басқа ғалымдар өздерінің теориялық ізденімдері мен зертгеулерінде, ғылыми еңбектерінде аталған проблеманың әртүрлі тұстарын қарастырып, олардың тәжірибеде қолданыс табуына өз үлестерін косты. Соған қарамастан, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан нарық талаптары мен Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру алдындағы дайындық жұмыстары өнеркәсіпті жаңаша индустрияландырудағы инновациялық, инвестициялық саясаттың маңыздылығын зерделеуді, Қазақстан өнеркәсібінің индустриялық деңгейін көтеру жолдарын анықтауды, оның ұйымдастыру-экономикалық, құқықтық тетіктерін жетілдіруді, инновациялық, игвестициялық ресурстармен қамтамасыз етудің жолдарын айқындауды талап етуде. Сондыктан да, аталған мәселені теориялық және әдіснамалық тұрғыда саралау қажеттігі дипломдық зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтауға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсатына – ҚР-ның индустриасын құрылымын қайта құру, индустриалды даму саясатын жетілдіру арқылы өнеркәсіптің индустриялық деңгейін көтерудің теориялық және әдіснамалык негіздерін қалыптастыру, оны жүзеге асырудың экономикалық,құқықтық механизмі бойынша нақты ұсыныстар жасау жатады. Аталған мақсатқа жету үшін дипломдық жұмыста келесі міндеттерді шешу көзделді:

индустрияландыру және қайта индустрияландыру үрдістерінін тарихи-теориялық мәселелеріне шолу жасау арқылы оның алғы шарттарын, кезеңдерін анықтау, қағидаларын бір жүйеге келтіру

— экономиканы әртараптандыру саясатына сәйкес өнеркәсіпті қайта индустрияландыру    үрдістерін    жүргізудегі     мемлекеттің    ұтымды
бағытын анықтау;

— Қазақстан   индустриасының құрылымын құрылымдау қажеттілігі;

—   өнеркәсіптің   индустриялык,  деңгейін   көтерудің  экономикалық механизмін және құқықтық механизмдерін жетілдіру және мемлекеттік қолдау тетіктерін ұсыну;

 Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізіне отандық және шетелдік экономикалық мектептердің өнеркәсіпті дамыту және оны жаңа индустриялық деңгейге көтеру жөніндегі ізденістері мен зерттеу нәтижелері алынды. Ұлттық өнеркәсіпті өркендетуге бағытталған Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшіне енген жарлықтары, заңнамалық және нормативтік-қүқықтық актілері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары кеңінен колданылды.

 Зерттеу объектісіне Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің салалары мен өндірістік кәсіпорындары жатады.

Зерттеудің пәніне индустриалды дамудың экономикалық,құқықтық механизмін жүзеге асырудан туындайтын ұйымдастыру-экономикалық, қатынастары жатады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

-экономикалық жүйені индустрияландыру және қайта индустрия-ландыру үрдістерінің тарихи-теориялық мәселелері жаңа экономикалық жағдайда зерделенді;

— индустрияландыру үрдістерінің мазмұны кеңінен ашылып, алғашқы рет оның даму кезеңдері, алғы шарттары, қағидалары эволюциялық негіздері талданады

-ҚР индустриясын қайта құрудың қажеттілігі және оны дамыту механизмдері.

 

 

 

 

 

1 Индустриалды дамудың теориялық және методологиялық негіздері

 

1.1 Қоғамның индустриалды дамуының тарихи-теориялық,эволюциялық негіздері

Әлемде біртұтас индустриялық қоғам құру туралы ілімнің пайда болуы француз ғалымы Раймон Аронның атымен тығыз байланысты болып келді. Оның айтуынша әртүрлі елдердегі индустрияландыру үрдістері нөтижесінде бірегей индустриялық қоғам құруға болады. Оның советтік жоне батыстағы жүйелерін біртүтас индустриялық қоғамның түрлері деп санауға болады.

Қоғамның экономикалық және әлеуметтік-саяси даму деңгейі ғылыми-техникалық прогресстің деңгейіне байланысты екені бәрімізге белгілі. Өз кезінде австриялық экономист Йозеф Шумпетер индустриялық дамудың циклдық үлгісін үсынған, әрбір циклдың үзақтығы оның пікірінше 50-60 жыл қүрайды екен. Кезекті циклдың басталуы өнеркәсіптік революциямен байланыстырылады, сөйтіп сол қоғамдағы жаңа өндірістік-экономикалық ортаның пайда болуын дөлелдейді.

Әрбір индустриялық цикл, Шумпетердіц айтуы бойынша, қоғамның экономикалық даму негізін қүрайтын факторларға тікелей байланысты болады. Индустриялық циклдың бір мерзімінен екіншісіне өтудегі факторлар арасындағы айырмашылыққа экономика салаларының әркелкі дамуы жатады. Сонымен бірге әрбір индустриялық цикл қоғамдағы экономикалық өркендеудің іргесін қүрайтын жаңа салалардың пайда болуы ғана емес, сонымен бірге осы салалардағы түбегейлі өзгерістерге де байланысты болады.-

Бірінші индустриялық циклдың басталуын Шумпетер бірінші өнеркәсіптік революциямен байланыстырады жөне ол 1785 жылдарда басталды деп түжырым жасайды. Өндірістік үрдістерде судың энергиясын белсенді түрде пайдаланумен сипатталады, сойтіп ол металлургия және тоқыма сияқты іргелі салалардың пайда болуына ықпалын тигізді.

Екінші индустриялық цикл кезінде бу двигателдерінің пайда болуына байланысты тоқыма және металлургия салаларын (болат құю өнеркәсібі пайда болады) әрі қарай дамыта отырып, теміржол көлігі саласының пайда болуы арқылы сол уақыттағы экономиканың инфрақұрылымын түбірімен өзгертті.

Үшінші индустриялық цикл электр жөне химия энергиясын пайдалануға байланысты жаңалықтар ашуға байланысты енеркәсіптік революцияның басталуымен байланысты болды. Бүған, жеке алғанда, ішкі жану двигателін ойлап табуды жаткызуға болады. Осы кезде химия өнеркәсібі мен автокөлікті дамыту салаларының қалыптасуы басталды. Төртінші индустриялық циклдың факторларына атом энергиясы мен электроника жатады. Оларды пайдалану қалыптасқан салалардың құрылымын түбірімен өзгертті. Сөйтіп авиакосмостық, радиоэлектроника, электрондық машина жасау сияқты жаңа салалардың пайда болуына өсер етті.

Осыдан бастап бесінші индустриялық циклдың басталуы ақпараттар мен телекоммуникация облыстарында пайда болған жетістіктер негізінде ақпараттар жүйесінің дамуымен байланыстырылады. Бүл циклдың аяқталуы шамамен 2020 жылдар деп болжануда. Осы бесінші цикл индустриялық дамудың аяқтаушы циклы болып, соданкейінгі жаңа пост  индустриялық (индустриядан кейінгі) қоғамға өтудің жаңа сатысы болып табылады. Ауыр қол еңбегін механикалық еңбекпен ауыстыра отырып, адамзат дамуында жаңа дәуір, яғни индустрияландыру дәуірі басталды. Машина мен механизмдердің жаңа түрлерін пайдалану арқасында өндірістік үрдісте адам өзінің әлеуметтік-рухани жағдайын жақсартуға мүмкіндіктер ашты.

Француз ғалымы Эминэльдің пікірі бойынша техникалық прогресс тек экономикалық заңдарды қолдануды жаңартып қоймай, сонымен бірге олардың мазмұнын да өзгертіп отырады, экономикалық билік ірі корпорациялардың, яғни алып алпауыт  кәсіпорындардың үлесіне тиеді.   Ал,   постиндустриялық қоғам тұжырымдамасын түңғыш рет американ социологы Даниель Белл әзірлеген. .Онда индустрияландыру үрдістерін толық аяқтағаннан кейін қоғамда экономикалық ерекшеліктсрге басты назар аударылады да, ол постиндустриялық қоғамның бес белгісімен анықталады:

  • экономиканың тауар өндіруден қызмет көрсету сфера-
    сына бет бүруы;
  • жүмыскерлердің жалпы санында білікті мамандар мен
    техниктер үлесінің артуы;
  • теориялық білімнің манызьның күшеюі;
  • технико-экономикалық ортаның технологияны бақылау-
    ға бейімделуі;
  • қоғамның жаңа «санаткерлік технология» үрдісін дамы-
    туға бет бүруы.

Жаңа индустриялық қоғам теориясы Американың көрнекті экономист-ғалымы Джон Гелбрейттіц бірқатар еңбектерінде, соның ішінде «жаңа индустриялык қоғам» (1967 жыл) еңбегін-де орын алған. Онда жаңаша капитализмііің экономикалық жүйесі екі түрлі сектордың жиынтығынан түратындығы қарас-тырылған. Біріншісіне, баға, шығындар, технологияға негіз-делген қоғам жене мемлекетгегі билігі үстем ірі корпора-циялар жататын болса, екіншісіне үсақ фирмалар, азайып бара жатқан қолөнеркәсібі, қызмет көрсету аясы және т.б. жатады. [2]

XX ғасырдың ортасынан бастап өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі белгілі бір деңгейге дейін көтерілді. Мысалы, жедел дамыған елдерде оның деңгейі 60 жылдардың аяғында 13-15 мың АҚШ долларына дейін жетіп, содан кейін оның тұрақтану немесе төмендеу үрдістері қалыптасқан. Едәуір қысқару 60-жылдардың ортасында АҚШ-та, ҰлыБританияда, Францияда байқалды. Индустрияландыруды кеш бастаған елдерде (Жапония, Италия), өңдеу өнеркәсіп салаларының үлесі 70 жылдардың басына дейін өсіп, содан кейін қайта құлдырай бастаған. АҚШ-та, Жапонияда, Францияда жалпы ішкі өнім көлемінде өнеркәсіпке қарағанда қызмет көрсету аясындағы өнім көлемі жоғары болған.

Экономикасы дамыған АҚШ-та 1960-1996 жылдар аралығында жалпы ішкі өнімнің қүрылымында ауылшаруашылығының үлесі 4% дан 2%-ға дейін, енеркәсіпте 34%-дан 28%-ға дейін төмендесе, қызмет көрсету аясында, керісінше 58%-дан 70%-га дейін артқан, Жапонияда ауыл шаруашылығының үлесі 13%-дан 2%-ға, өнеркәсіптің 37%-дан 32%-ға дейін азайып, қызмет керсетуде 45%-дан 60%-ға дейін көтерілген. Ал, Германияда ауыл шаруашылығында 6-дан 2-ге, өнеркәсіпте 46-дан 34-ке түскен, қызмет көрсету аясында 40-тан 59-ға көтерілген, Францияда сәйкес 9-дан 3-ке, 40-тан 24-ке түсіп, қызмет көрсетуде 43-тен 68% артқан. Демек, индустриялық деңгейі жоғары мемлекетгердің бәрінде де ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпке қарағанда қызмет көрсету аясының жалпы ішкі өнімдегі үлесі көтеріліп отырған .[3]

Одан кейінгі онжылдықта көптеген бағыттар бойынша әлемде алға суырылып шыққан аралас экономикаға негізделген ;‘жаңа индустриялық елдер» (Тайвань, Сингапур, Оңтүстік Корея, Гон-Конг) пайда болды. Мәселен, Оңтүстік Корея экономикасының өрістеуіне себепкер болған — мемлекетгік экономикалық жоспарлау Кеңесінің дайындаған шаруашылық-ты дамытудың бес жылдық жоспары еді. Қазіргі кезде оларда экономиканы мемлекет тарапынан реттеудің басты бағытына экономикалық өсуді, өнеркәсіп өнімдерінің экспортың үлғайтуды ынталандыру жатады. Осы елдерде экономикалық ынталандыру әдістерін жүйелі түрде қолдану өз нәтижесін беріп отыр.

Аталған елдерде мемлекет араласатын экономика салаларында импорттық саясат пен қаржы-несие жүйесі қамтылмаған. Көпшілік сүранымдағы тауарларға (үн, қант, кофе, дәрі, телевизор), сонымен қатар, көптеген өндірісі монополияланды-рылған немесе өмірге қажетті экономиканың дамуында маңызды орын алатын (электр қуаты, отын, болат, химиялық өнімдер) тауарларға баға белгілеу орталықтан қатаң бақылауға алынған.

Аралас экономиканың артықшылығын дөлелдейтін екі шартгы факторлар бар:

Біріншісі. Ресурстарды бөлудің тиімділігі. Ол өндірісте ресурстардың жинақталынған түрлерін тиімді пайдалануды талап етеді, жаңа технологияны ендіріске барынша көптеп енгізуге күш салады.

Екіншісі. Еркіндік. Нарықтық аралас жүйенің маңызы экономикалық емес ерекшелігінің маңызына, оның жеке еркіндікке негізделуі жатады.

Демек, ондай елдерде өнеркәсіптің салалық қүрылымында кен өндіру салаларының үлесі төмендеп, өңдеуші өнеркәсіптің үлесі жоғарылап отырады. Әсіресе, машина жасау жоне химия өнеркәсібінің үлесі артып келеді. Дамыған елдердің өңдеу өнеркәсібінде капитал жөне материал сыйымдылығы жоғарғы салалардан (металлургия, химия өнеркәсібі) ғылыми сыйымдылығы жоғары салаларға (электроникаға) қарай ауысуы жүріп жатыр. Соның әсерінен әлемдік нарықта «босаған қуысты» жаңа индустриялық дамыған мемлекеттер иемденуде, Олар дөстүрлі еңбек сыйымдылығы жоғары салалары орташа және төмен деңгейде дамушы елдерге қарай ығыстыруда.

Әлемдік шаруашылықта қүрылымдық озгерістер негізінен салалық кешендердің ішінде қалыптасып, салаішілік пропорцияларды жетілдіруге ықпалын тигізіп отыр.[2]

Зерттеушілердің басым бөлігі дамудың циклдық теориясын (Кондратьев циклдары) қолдайды, оны әлемдік шаруашылықтың ғылыми-техникалық прогрестің табиғатын үлкен циклдары шеңберінде экономикалық даму қарқындарының тербелістерімен байланыстырады. Жаңаша экономикалық даму теориясындағы басым бағытты инновация контексінде қарастырайық: циклдық теория мен қоғамдық даму кезендерін отандық және шетелдік бірқатар ғалымдар индустрияға дейінгі, индустриялық және постиндустриялық даму деп үшке боледі. Индустрияға дейінгі дамуды аграрлық даму кезеңі деп те атайды.

 

                                                                                                               1-кесте

                                Индустриалды даму сатылары

 

   Экономика

Сипаты

Ауысу факторлары

Аграрлық

Ауылшаруашылық өндірістің басымдылығы

Жұмыс күшінің болуы. Капитал жинау. Қарапайым экономикалық қатынастар.

Индустриялды

Тұрғындар мен өндіріс үшін өнім шығаратын зауыттардың, фабрикалардың болуы. Экономикалық құрылымда өндірістің басымдылығы. Өндіріс құрылымының тік интегралдануының басымдылығы

Жаңалықтар мен ашулар. Капитал нарығын сақтау мен дамыту. Ерекше мобильдену

Постиндустриалды

Жоғарғы технологиялардың дамуы. Өндірістің, сауданың және капиталдың жаһандануы. Қызмет көрсету секторының өсуі. Инфрақұрылымның рөлінің күшеюі.

Инкрементальді инновациялардың күшеюі. Автоматтандыру және роботтандыру. Өндірістік және технологиялық кластерлердің рөлінің күшеюі. Адам капиталына инвестициялардың өсуі. Венчурлық капиталдың рөлін арттыру

Дерек көзі:МукановД.Индустриально-инновационное развитие Казахстана

потенциал и механизмы релизаций-Алматы: Дайк –Пресс,2004.-С.18

 

Қазақстан бет бұрып отырған индустриялық қоғамның оғап дейінгі қоғамнан айырмашылығы қайта индустрияландырылған өнеркәсіптің күрт өсу салдарынан табыс көлемінің қарқынды түрде артуы болмақ. Көптеген салаларда механикалық, автоматты, ақпараттық технологиялар енгізу арқылы инновациялық тауарлар өндіруге қол жеткізу нәтижесінде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге мүмкіндіктер пайда болуға тиіс. Әрине бүл үзақ мерзімді алатыны сөзсіз.

Соңғы кезде АҚШ- тың және дамыған елдердің постиндуслриялық қоғамға өту женінде қуанышы қойнына сыймай жариялауы айтулы нәтиже бермеді. [4] Оның себебіне әлемдік нарықта аренаға жаңа технологиялар өндіретін орта азиялық мемлекеттердің инновациялық өнімдер өндіру арқылы суырылып алға шығуы да әсерін тигізді.

Енді советтік кеңістіктегі индустрияландырудың тарихи-теориялық үрдістерін зерттеп қарайтын болсақ, ондағы ғылыми-техникалық прогрестің дамуы салдарынан индустрияландыру шараларын кеңінен жүргізуге үмтылыстың болғанын байқауға болады. Жиырмасыншы ғасырда елімізде эволюциялық даму үрдістерінің салдарынан индустриялық қоғамның негізі қаланды. Тек ғылымда ғана емес, нақты тожірибеде КСРО-ның халықшаруашылық жоспарларында көлем және сапа көрсеткіштсрінің өсу қарқынына ерекше мән берілді. Негізгі салалар бойынша директивті көрсеткіш ретінде қоғамдық өнім өндірісінің өсімшесі саналды және ол қатаң түрде қадағаланып отырды. Елімізде қысқа мерзімде экономиканы индустрияландыру шаралары жүргізілді. Содан кейін соғыс жылдары қираған шаруашылық қалпына келтіріліп, өндірісті техникалық реконструкциялау қолға алынды. Бір салаларда өндірісті кеңейту жөніндегі жоспардың орындалу дәрежесі басқаларының дамуына кедергі келтіріп отырғанын жоққа шығаруға болмайды. Себебі сыртқы экономикалық байланыстардың нашар дамуы жағдайында басқаша болу мүмкін емес еді.

Пайдалы қазба байлықтардың бай кеніштерінің болуы Қазақстанда ауыр индустрияны, өсіресе ол кен өндіру, мұнай, көмір, түсті металлургия салаларын баса дамыту үшін негіз болды. Бүл салалар республиканың индустриялық бейнесін, оның өнеркәсібінің шикізаттық бағытын үзақ уақытқа белгілеп берді. Риддер полиметалл комбинаты, Қарсақпай мыс комбинаты, Ертіс мыс қорыту зауыты және басқа қайта қүрылған кәсіпорындар базасында жүмыс істеді. Шымкент қорғасын зауыты, Балхаш мыс қорыту және Ащысай полиметалл комбинаттары салынды. Текелі полиметалл жөне Жезқазған мыс қорыту комбинаттары, Өскемен қорғасын-мырыш зауыты жоне басқалар салынып, өркендеп жатты. Мүның көпшілігі тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Совет еліндегі түсті металлургияның ең ірі кәсіпорындары еді. Әсіресе, ауыр индустрия кәсіпорындарының ескілерін қалпына келтіру, жаңаларын салу және техникалық жағынан кайта қүру, оған сай келетін қуатты энергетикалық база жасауды талап етгі. Осыған байланысты Қарағанды ОЭС-і, Ульба СЭС-і, Балхаш мыс балқыту комбинатының, Шымкент қорғасын зауытының, Ақтөбе химкомбинатының, Ащысай полиметалл комбинатының және т.б. жылу электр станциялары салынды. Электр қуатын өндіру республикада 1913 жылмен салыстырғанда 486 есе өсті. Сонымен бірге, жеңіл және тамақ өнеркесібінде елеулі табыстарға қол жеткізілді. Алматыда аяқ-киім және екі тігін фабрикалары, Семейде тері илейтін комбинат және ет комбинаты, Атырау балық-консерві және Алматы жеміс көкөніс комби-наттары, нан жөне май шығаратын зауыттары қатарға қосылып, ойдағыдай жұмыс істей бастады.Қазақстанның индустриялық дамуының мұндай жоғары қарқында жүргізілуі Ресейдің, Украинаның және Кеңес Одағының басқа өнеркәсібі дамыған республикаларының жан-жақты көмегінің және сан-алуан шаруашылық байланыстардың арқасында жүзеге асырылды.

Қазақстанның индустриялық дамудағы зор табыстарына қарамастан, бүл үрдісте бірқатар кемшіліктерге де жол берілді. Олардың ең негізгісіне республика өнеркәсібінің шикізаттық бағытқа бет бүруы жатады. Бүл оның орасан зор табиғи ресурстарымен айқындалған еді. Статистикалық мәліметтерге сүйене отырып айтатын болсақ, біздің еліміз әлемдік темір рудасы қорының шамамен 8 пайызына, әлемдік уран қорының 25 пайызға жуығына иелік етеді. Мүнайдың барланған қоры бойынша Қазақстан әлемде 12 орын алады. Және болжам бойынша 2015 жылы мүнай өндірудің келемі жағынан алғашқы ондық елдерінің қатарына кіруге тиіс. Қазақстан көмір ендіретін ел ретінде әлдеқашан танылған. Республикадағы көмір қоры 35,8 миллиард тоннаны қүрайды.

Солай бола тұра, машина жасауды айтпағанда мүнайды, газды, түсті металдарды өңдейтін, әсіресе машина жасаудың жетекші салалары станок, прибор, автомобиль, трактор және басқа ауыл шаруашылық машиналарын жасайтын кәсіпорындар аз болды. Жеңіл өнеркәсіптің бірсыпыра жетекші салаларының нашар дамуы немесе болмауы салдарынан түтыну тауарларының көпшілігі (киім, аяқ киім, металдар жене т.б) республикадан тыс жерлерден тасылып әкелінсе, көмір, мүнай, рудамен бірге Қазақстаннан Ресейге, Орта Азия және басқа республикаларға түз, мақта, астық, жүн жоне басқа ауылшаруашылық өнімдері мен шикізаттары жөнелтіліп жатты.

Әсіресе, Қазақстанға негізінен Ресейден көп мөлшерде машиналар, металл бүйымдары, цемент, ағаш жүктері жоне т.б. тасып әкелінді. Сөйте түра, өзінің тұтынуынан артық өнім өндіру экспортты үлғайта отырып, импорт үшін төлейтін қаржы табуға көмектесті. Нарықтық қатынастарға тосқауыл қойылып, оның орнына экономикалық үрдістерді басқаруда қатаң билеп-төстеуші тетікті қолданған тоталитарлық экономика қалыптасты.

Жиырмасыншы ғасырдың аяғында бүл жүйе тарап, нарықтық экономикаға көшу басталды. Бүл транзиттік экономиканың негізін қүрайтын әлеуметтік-экономикалық түрақты түрде дамудың үлгісін жасауды талап етгі.

Индустриялық даму стратегиясын ресейлік экономист-ғалымдар Д.Львов, В. Дементьев 4 кезеңге бөлген.

Бірінші кезенде капиталистік емес, соның ішінде, үйымдастыру-экономикалық сипат алатын шараларды жүргізу басты орын алады. Ол жаңа салаларда мамандар мен шикізаттардың көп жинақталуын қамтамасыз ете отырып. машина жасау өнеркәсібінің технологиялық ядросын күшейтуді, ондағы жинақталған резервтерді жүмылдыра отырып пайдалануды қажет етеді. Ол үшін ішкі нарықтың тұтынушылығын қанағаттандыруға қабілетті өндіріс қуаттарын барынша пайдалану, экспортқа бағытталған салалардың құрал-жабдықтармен жабдықтаушылар байланысын кеңейту; отандық машина жасаудың ұдайы түрде дамитын өндірістік базасын жаңартуды қарастырады.

Екінші кезеңнің негізгі міндетіне базалық салалардағы ресурстарды үнемдейтін технологияға көшу арқылы оның қүрылымын жетілдіру және оны экономиканың басқа салаларында пайдалану жатады

Үшінші кезеңде жаңа технологиялар негізінде отандық өндірісті   жаппай   қалпына  келтіру жүмыстары қолға алынып, Ресей өнеркәсібінде кешіккен индустриялық модернизацияны аяқтау үшін жоғары технологиялық шаралар жүргізіліп, тұтынушылықты қамтамасыз етуді қалпына келтірудің ауқымдары анықталады.

Төртінші кезенде экономикада инновациялық дамудың перспективалық үлгісіне өту перспективасы бар салалардың салыстырмалы артықшылықтарын қалыптастыру негізінде жүргізілуі тиіс. Ал бізде мүндай даму стратегиясын жүзеге асыру үшін барлық жағдай бар деп есептеуге болады.

Енді, әлемдік экономикадағы индустрияландырудың бірнеше негізгі сатыларын атап өтейік. Алғашқы саты жиырмасыншы ғасырдың ортасына дейін жалғасып, ауыр индустрияның дамуымен сипатталады. Экономикалық жағынан қуатты базалық салалар, яғни тау-кен өндірісі, металлургия, энергетика дамыды. Келесі сатыда индустриялық жағынан дамыған тұтынушылық сипаты бар өнім өндіруші салалар басым болды. Оларға телевизордан бастап автомобильге дейін өнім өндіретін салаларды жатқызуға болады .[5]

Қазіргі кезде елдерді аграрлық және индустриялық деп бөлуден гөрі, оның орнына индустриялы-технологиялық экономикасы бар елдерді дамыту қажеттігі туды. Себебі, әлемдегі елдерді аграрлық және индустриялық етіп жіктеу өнеркәсіптік төңкерістен кейін капитализмнің және өндірісте ірі машиналық дәуірдің басталуына байланысты болды. Әйтсе де аграрлық жоне индустриялық деп бөлудің қажет болмауын ауыл шаруашылығында машинаны, автоматтандырылған жүйелерді, кешенді механикаландырылған еңбекті пайдалану, жоғары технологиялардын жаңа үлгілерін енгізумен түсіндіруге болады. Соңғы уақытта индустриялық дамыған елдер арасында белгілі бір градациялар пайда болып, индустрияландыру денгейін анықтауды қажет етіп отыр. Біреулерінде аграрлық сектор басым болса, екіншісінде өнім өндіру, үшіншісінде өңдеу өнеркәсібі үстем болады. Елдер экономикасын ілгері дамуына көп жағдайда климатгық, географиялық орналасуы, шикізат базасының көлемі, ресурстардың қорлары және т.б. көптеген факторлар ықпалын тигізетіні белгілі. Осыған байланысты    соңғы кезде ғылыми әдебиеттерде индустриялы-шикізатты және индустриялы-технологиялық деп бөлуге көп мән беріліп жүр. Ұлтгық экономика шикізатты өндіруде техниканың жаңа үлгілерін пайдаланып, автоматтандырылған, механикаландырылғап еңбекті қолданса, индустрияландырудың бірінші түріне жатқызуға болады. Ал, шикізатты өндеуден өнім өндіруге, содан кейін тұтынушыға дайын өнімді жеткізуге дейін барлык технологиялық тізбектілік жаңа техника, технологияға алдыңғы қатарлы инновациялық жетістіктерге негізделсе, онда оны индустрияландырудың екінші түріне, яғни индустриялы-технологиялық деп атауға болады.

Қазір әлемде нашар дамыған, артта қалушы және даму жолына енді түскен елдердің көпшілігіне индустриялық-шикізатты бағыт сәйкес келсе, ал дамыған елдер инустриялык-технологиялық мақсатты ұстанып отыр. Әрине аралық жағдайда қалған елдер де бар. Оларда өндіру мен өндеу секторларының үстемдігі анық емес, түрақсыз, әртүрлі өзгерістерге үшырауға бейім келеді. Совет дәуірі кезінде макроэкономикалық артықшылық ауыр өнеркәсіп кешенінде болуына байланысты советтік жоспарлы экономикада индустриялы-технологиялық деңгей басым болғаны сөзсіз. 1960 жылдардағы шаруашылықтың шығынды жүйесінің басым болуына карамастан жоғарыда аталған индустриялы-технологиялық денгейі жоғары болды.

Әрине. экономикалық жүйенің түбегейлі өзгеруі, қайта құру үрдістері, тоқырау мен дағдарыстар, жекешелендіру меи мемлекет меншігінен алу үрдістерінде болған қарама-қайшылықтар мен шиеленістер ТМД елдері экономикасын индусгриялы-технологиялық державадан индустриялы-шикізатгық деңгейге түсірді. Себебі, бұрын шикізатты саглдан түскен валюта түсімінің 60-70%- ы индустриялық бағыттағы технологияны сатып алуға бағытталатын еді. Яғни. ол өндіргіш күштерді дамытуға, жаңа өндірістер ашуга, жүмыс орындарын техникамен жарақтандыруға, модернизациялау жүмыстарын жүргізуге пайдаланылатынды.

Алайда, нарықтық экономикаға өтуге байланысты меншік түрлерін өзгеріу, жекешелендіру іс-шараларын   жүргізу, жалпыхалықтық меншікті кең ауқымда қайта қүру иңдустрияландыру үрдістерінің баяулауына әсерін тигізді. Ол өнеркәсіп кәсіпорындарын еңбек ұжымдарына, ұжымдық немесе акционерлік меншік иелеріне жеңілдікпен беру жәнс сауда мен қызмет көрсету аясының обьектілерін сату немесе түрғын үй купондарына сату арқылы іске асырылды. «Мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру» туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес концерндер, корпорациялар, бірлестіктер, одақтар ерікті түрде қүрылды. Бүл үрдістер 1991-1992 жылдарда жүргізіліп, жекешеленді-рудің бірінші кезеңін анықтады.

Екінші кезеңде (1993-1995 ж.) 200-500 мыңға дейін адам жүмыс істейтін орташа кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру, ірі және бірегей кешендерді жеке жобалар бойынша жекешелендіру жүмыстары орын алды.

Үшінші кезеңде (1996-1998 ж.а.) мемлекетгік меншіктегі ірі және алып кәсіпорындар жекешелендірілді. Конкурстан тыс шетелдік басқаруға қазақстандық «Жезказғанцветмет» АҚ, «Кармет» АҚ, «Соколово-Сарыбай» ТӨК, «Донской» ТӨК, «Феррохром» АҚ жоне т.б. кәсіпорындар берілді. Меншік нысандары бойынша 2000 жылы жеке меншік 83%, басқа мемлекеттердің меншігі-14%, мемлекеттік меншік- 3% қүрады 16/.

Қазіргі кезде республика енеркәсіп енімінің 85 пайызға жуық көлемі жекеменшік секторда өндіріледі. [1]

Жекешелендіру үрдістерін жүргізуде кешенді түрде әзірленген бағдарламаның болмауынан кейбір субьективті факторлардың орын алуы экономиканың түбірін қүрайтыи өнеркәсіптің технологиялық құрылысының ыдырауына әкеп соқтырды.

Экономикалық жүйеде болған күрт өзгеріс. меншіктің жаңа нысандарының пайда болуымен жекешелендіруге қатысты болған құрылымдық қайта қүру шаралары технологиялық құрылысты дамыту орнына ыдыратуға әкеп соқтырды.

Тұтас өндіріс блоктарын жүйелі түрде өзгертетін әртүрлі кезеңдердегі макрожүйені қалыптастыратын технологиялық құрылыс жөнінде технологиялық кластерлср бойынша   дайындамалар бар. Экономикалық ғылымда индустриялы жене басқа да дәуірлерде кездесетін бес негізгі технологиялық құрылысқа сипаттама берілген .[1]

Онда әлемдегі басым технологиялық қүрылыс 60-70 жылдардағы түтас үдайы ондірістік жүйе ретінде қалыптасса, 70 жылдардағы құрылымдық, дағдарыстан кейінгі дамығаи елдердегі экономикалық өсудің технологиялық базасын қүрады. Бүл технологиялық қүрылыстың анықташы компоненті ретінде микроэлектроника, бағдарламамен қамтамасыз ету, есептеуіш техника, ақпаратты өңдеу, ондіріс пен басқарудағы үрдістерді автоматтандыру, космостық байланыстың жаңа түрлеріне жету саналады [8]. Болашақта жаңа технологиялық қүрылыстың компоненттеріне биотехнология, жасанды интеллект жүйесі, ауқымды ақпараттық жүйе, жоғары жылдамдықтағы тасымалдаудың кешенді түрлері және т.б. жатады. Технологиялық қүрылыстағы өзгерісгер экономиканың эволюциялық теориясында слеулі орын алды.

1990 жылдардан бастап «постиндустриалдық қоғам» термині қолданысқа енуіне байланысты дамыған елдердің бәрінде өнеркәсіптің үлесі қызмет көрсету секторының үлесінен төмендеу қалып, азая түсуін жалғастырды. Халықтың аз ғана бөлігі оөнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы нақты еңбекпен айналысты. Мысалы, АҚШ-та өндірістік сектор экономиканың  17%-ынғана қүрайды.

Кейбір елдсрдегі ғылыми сыйымды жоғары технологиялық қүралдарды пайдалану керсеткіштерін қарайтын болсақ, онда 1997-2000 жылдар аралығында едәуір артқанын байқауға болады.

Жоғарыда карастырып өткен экономикасы дамыған АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия секілді мемлекеттерде ғыльми сыйымдылығы жоғары өнім өндіретін өндірістің жалпы өнеркәсіптегі үлесі 1997 жылы АҚШ-та -14,7%, Жапонияда — 15,7%, Үлыбританияда — 11,7%,

Германияда -8,3% қүраған, ал технологиясы жоғары өндірістің үлесі АҚШ-та — 32%, Жапонияда — 22%, Үлыбританияда — 4,4%, Германияда —    6%,    Францияда-3%    болды.

1.2 Индустриалды дамудың экономикалық, құқықтық

механизмдері

 

 

Өнеркәсіпті өркендетудің негізгі факторына шаруашылық субъектілерінің қызметінің институционалды және заңнама шарттарын нақтылау және бюджет-қаржы жүйесін жетілдіру жатады. Қазіргі кезде өнеркәсіп салаларын жандандыру үшін қолдау көрсету мемлекеттің негізгі міндеті болып көзделуде. Қазақстан өнеркәсібін дамытудың басты бағытына ішкі түтыну нарығын бәсекеге қабілеті жоғары отандық тауарлармен толықтыру мақсатында импорттық тауарларды ығыстыру көлемін 15-20%-ға дейін төмендету болып отыр

Осыған байланысты өнеркәсіптің индустриялық дамудың үйымдастыру-экономикалық механизмін әзірлеу. оның тиімді жүмыс істеу әсерінен экономикада оң нәтижелерге жетудің мүмкіндіктерін анықтау біздің көздеген мақсатымыз болып табылады..

Индустриалды дамудың экономикалық механизмі:

біріншіден, Фискалдық жүені мемлекеттік реттеу механизмі ;

екіншіден, Өнеркәсіптің инвестициялық белсенділігін көтерудің экономикалық механизмі;

үшіншіден, салық саясатын мемлекеттік реттеу механизмі;

төртіншіден, тарифтік жүйені мемлекеттік реттеу механизмі;

бесіншіден, инновациялық саясатты мемлекеттік реттеу механизмі;

2003-2015 жылдарға индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру механизмінде Даму институттарына үлкен мән берілгені жөнінде жоғарыдағы параграфтарда айтып өттік. Себебі Үкіметтің бюджет қаржыларынан құралған арнаулы қорлары коммерция жолына түссе өзінің алдына койған мақсаттарына жете алмай қалу каупі туады. Стратегияны жүзеге асыру үшін Даму банкі, Инвестициялық және Инновациялық қорлар, экспортты сақтандыру Корпорациялары, сонымен бірге маркетингтік — аналитикалық, инжинирингтік және технологияны трансферттеу орталықтары қүрылды. Өндірілген өнім идеясынан, оны өндіріске енгізу және жүзеге асыруға дейінгі буындарды толық қамтитын, сызба бойынша мемлекет бюджет каржыларын стратегияда жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыруға жүмсауды жоспарлап отыр. Жаңа институттарды қүру кезінде ҚР Үкіметі мүнайды экспорттаудан түскен табыстың көп бөлігін өңдеу өнеркәсібін дамытуға жүмсауды қарастырып отыр. Жанадан қүрылған мемлекеттік институттар өңдеу өнеркәсібіне бағытталған инвестициялық саясатын жүргізуге ықпалын тигізуі тиіс деп ойлаймыз. Өңдеу өнеркәсібі құрылымында оң өзгерістер болу үшін екінші деңгейлі банктер көмегі аз болып отыр.

Даму банкісінің қаржыландыру орган ретінде жобаларды несиелендіру мүмкіндігі жоғары болуы тиіс. Бірақ, мемлекет бюджетінен қүралған бүл банктің негізгі мақсатына коммерциялық жұмыстар және бизнес кұрылымдардың функцияларын орындаумен шектеліп отыр, сондықтан бюджет каржылары бәсеке қабілеті жоқ жобаларға салынуда. Осыған орай Үкімет басшылары арасында әр түрлі пікірлер қалыптасты. Жаңадан құрылатын немесе жұмыс істеп жатқан өндірістер мен кәсіпорындардың акционерлік капиталына қатысу, яғни өз үлесін косу туралы немесе акцияларын, басқада бағалы қағаздары пакетін сатып алу арқылы, жаңа өндірістер қүру кезінде жана заңды түлғалар ретінде қатысу сияқты пікірлер экономиканың шикізаттық емес секторын, әсіресе жоғары технологиялық жөне ғылыми сыйымды өндірістерді дамытуда қайткенде де бюджет қаржыларын ысырапсыз пайдалануға болатындығын сараптайды. Негізгі мақсат — жеке кәсіпкер екінші деңгейлі банктер үшін жобаның бастапкы сатыларын да тәуекел деңгейінің жоғарылығынан ресурстар тартуға көмектесу болады, Инвестициялық кор шикізаттык емес секторда жеке инвесторлармен олардың жарғылық қорына қатысу жолымен тәуекел деңгейін бөлісу жатады. Фискалдык саясат өнеркәсіп салалары кәсіпорындарының жұмысын ынталандыру үшін белгілі бір деңгейде салық тәртібінің жетілдіруімен байланысты болмақ. Әсіресе ғылыми қамтымды және қосылған қүнның үлесі жоғары өнім өндірумен айналысушы кәсіпорындарға корпоративті табыс салығын біршама азайту, қосылған құн салығын жеңілдету, салық салу режимін саланың түріне, көсіпорынның өнім өндіру ерекшелігіне, ішкі және сыртқы нарықтағы алатын үлесіне, әлеуметтік мәніне, инновациялық белсенділігіне қарай жекеленген (селективті) тәртібін ұйымдастыру қажет. Бұл ғылымды дамыту, ғылыми-техникалық және иннова-циялық үрдістері өнеркәсіп кәсіпорындарындағы негізгі қорларды жаңартуды ынталандыруға, ғылымды көп қажетсінетін және жоғары технологиясы жоғары жаңа өндірістерге инвестициялық тартымды етуге ықпалын тигізеді. Осы орайда салық төлеушілердің жиынтық жылдық табысынан косымша шегерімдерге, қайта енгізілген тіркелген активтер бойынша мүлікке салық төлеуден және нақты инвестициялық немесе инновациялық жобаны іске асыру үшін алынған және пайдаланылатын телімдерге жер салығын телеуден босату құқығы түріндегі инвестициялық салық преференцияларын беру арқылы жүргізу керек екендігі Стратегияда айтылған. Дегенмен ғылым мен инновациялық кызмегті, инновациялық әзірленімдер мен ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу және ғылым мен иннова-циялык зерттеу жүмыстарын ынталандыруда салық заңнамасына өзгерістер жыл сайың енгізіліп отырылуы тиіс деп түжырым жасаймыз. Себебі бүл да өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына көрсетілетін жеңілдіктердің негізгі түріне жатады.

Өнеркәсіптің индустриялық-инновациялық дамуын қалыптастыратын құрылымға:

-индустриялык-инновациялық дамудың экономикалық тетіктер жүйесіне — салық саясаты-ғылыми шығындарын үнемі арттырып отыратын субъектілер үшін, жаңа технологияны игеруші шағын және орта бизнес үшін салық жеңілдіктерін бекіту, белгілі бір мерзімге венчурлық бизнесті салықтан толық босату; инновациялық қызметтің қаржы- несиелік механизмі -жеңілдік несиелер беру, жеңілдетілген амортизациялар; жаңа технологиялар нарығын дамыту — технологияны сатып алу-сату механизмін пайдалану;

-индустриялық-инновациялық қаржыландыру жүйесіне инновациялық қорлар, инвестициялык-инновациялық банктер, бюджеттік қаржыландыру, шетел инвестициялары, кәсіпорын-ның өз қаржылары;

-инновациялык инфрақүрылымдар жүйесіне — технопарктер, технополистер, бизнес-инкубаторлар және т.б., жаңалықтарды тарататын және өндіріске енгізетін дербес түрде жүмыс істейтін фирма-делдалдар күру, ынталандыру қорларын қалыптастыру және т.б.;

-мемлекеттік және өнеркәсіптік, салалық инновациялық бағдарламалар жасау — мемлекет, өнеркәсіп, сала және халықаралық деңгейде дайындау жатады. Ынталандырудың тағы бір әдісіне салық жеңілдіктер жүйесі жатады, жеке алғанда, жаңа құралдардың амортизация мерзіміне қатысты болады. Жеделдетілген амортизация режимінің экономикалық мазмүны белгілі: негізгі капиталдың кайтарылған қүнының айналым жылдамдығын арттыру арқылы кәсіпкерлер пайда табу мүмкіндігіне ие болады. Инновациялык жобалар үшін жеделдетілген амортизацияны қолдану түтынудағы жаңа бағытқа жол ашуда жоғары бағаға ие болады, Техника мен ресурсты үнемдеуде инвесторларға капиталдан қайтарым мерзімінін алғашқы жылдарында шығындарды азайтуға, сөйтіп жобаны жүзеге асыруда қызығушылықты көтеруге мүмкіндік береді.

Ынталандырудың тиімді әдісіне тағы инвестициялау шарттарын жақсарту несиелік ставкаларды төмендету жолымен жүргізу жатады, ол капиталды алуға жол ашады. Ал инвестициялау тәуекелі төмендеу болады, ол өз кезегінде инновациялық қызметтің тиімділігін көтеруге ықпалын тигізеді.

Жеңілдікпен несиелендіру саясаты бюджеттен жаңа техника мен технологияны енгізуге жеңілдік несиелерін беруді, сонымен бірге банктен несие алуды қамтиды. Банктік несиелендірудің бюджеттен несие алуға қарағанда айырмашылығы берілген қаржылардың қайтарымы мен ақылы қағидаларын орындауында, сөйтіп ол несиелерді мақсатты түрде пайдалануды ынталандыру мен жобаны жүзеге асырудың өте аз мерзімде іске асуын ынталандырады. Сөйтіп, мемлекет несие беруші банкке салық жеңілдіктерін береді (табысқа салық ставкаларын азайту), сөйтіп инновациялық қызметті несиелендіруде банкті ынталандырады. Одан басқа, мемлекет банкке несиені компенсациялау үшін төмендетілген пайызға дотация береді. Бүл несиенін қайтарымдылығы мен ақылы болуына кепілдік береді. Ал кәсіпорынның өзі несиені төлеуде өз инновациялық қорын кепілдікке үсынуына болады

Құқықтық механизмдер

Өнеркәсіпті жандандыру, оны индустриялык-инновациялық бағытта дамыту, құрылымын жетілдіру жөніндегі заңнамалық жүйеге келетін болсақ,, осы уақыт аралығында ҚР-ның »Инновациялык қызмет туралы» Заңы, ҚР Үкіметінің «2001-2015 жылдарға инновациялық даму бағдарламасы»‘. ҚР «Теріс пиғылды бәсеке турлы» Заңы, ҚР «Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» Заңы, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасыньщ Кодексі, ҚР Үкіметінің «Отандық тауар өндірушілерді корғау жөніндегі жекелеген шаралар және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Қаулысы, ҚР Үкіметінің «Экономикалық жағдайды түрақтандыру және отандық тауар өндірушілерді қорғау жөніндегі шаралар  тураль  Қаулысы,  ҚР «Демпингке  қарсы  шаралар туралы'» Заңы, ҚР «Инвестициялық қорлар туралы» Заңы, «Қазақстанның инвестициялық коры туралы». «Сауда қызметі туралы», «Сауда-өнеркәсіп палатасы туралы», жөне тағы бірқатар заң жобалары әзірленіп, Салық кодексі мен «Инвестициялар туралы'» заңға және тағы басқа нормативтік-қүқықтық актілерге өзгерулер мен толықтырулардың топтамасы әзірленді.

Жоғарыда аталған заңдар протекционистікті күшейтуге емес, күрылымдық кайта қүруға ықпал етуте, өндіріс салаларының бәсекелік қабілетін қалпына келтіруге, ішкі нарықтағы бәсеке шарттарын қалпына келтіріп қоймай, сонымен бірге отандық тауар өндірушілердің мүддесін сырткы нарықта да корғауға көмектесуі тиіс деп ойлаймыз. Республикадағы заңдарды жүзеге асыру үшін арнаулы атқару және бақылау функцияларын орындайтын өкілетті органдар қүрылған. Олар демпингке қарсы, қорғау және компенсациялық шараларды қолдану облысында салааралық үйлестірумен айналысады. Дегенмен, осы аталған заңнама-қүқықтық жүйенің жетілдіре түсу өзектілігі басым. Себебі олардың өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарындағы индустриялық-инновациялық әлеуетті көтеруді басты  Инвестициялық преференциялар адрестік сипаттағы артықшылығы бар инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда қолданылатыны ҚР «Инвестициялар туралы» Заңында көрсетілген. Сондықтан өнеркәсіп салаларында инновациялық үлгідегі тауар өндіретін өнеркәсіптік кәсіпорындарға инвестициялық преференциялар мен инновациялық — инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы меншігіндегі мүліктерді қайтарусыз беруде заттық гранттар беру, кеден алымдарынан босату өңдеу өнеркәсібін дамытуға өз үлесін қосады. Инвестициялық салық преференциялары фиксирленген активтегі инвестиция көлеміне байланысты анықталған мерзімге 5 жылдан артық емес уақытқа беріледі. Отандық өндірісті көтеру үшін инвестицияны мемлекеттік қолдау мақсатына қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру және жана жүмыс орындарын қүру және сақтау, жаңа технологияны қолдануда жүмыс істеп түрған өндірістерді кеңейту және жаңарту, қоршаған ортаны қорғау шараларын жүргізу қажет болады.

Дегенмен, отандық экономикадағы келелі оң өзгерістер «Инвестициялар туралы» Заңға және тағы басқа заң актілеріне жаңа өзгерістер енгізуді талап етеді. [9]

 Үкіметтің 2001 жылы №617 Қаулысымен бекіткен «2001-2015 жылдарға инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы'» мен 2002 жылы қабылдан-ған »Инновациялық қызмет туралы»‘ ҚР Заңының аясында жүргізілмек [10].

Кәсіпорын өнімінің әлемдік нарыкқа шығуының негізгі жолына халықаралық сапа стандарттарыньщ талаптарын орындау және оны өндіріске енгізу қадамдары жатады.

Бүл үшін, ең алдымен ҚР 1999 жылы қабылданған »Стандарттау туралы» және «Сертификаттау туралы» Заңдардың кәсіпорындарды халықаралык стандарттарға көшуге ынталан-дыратын жаңа нүсқасын қабылдау қажеттігі туындады. Қазіргі колданыста жүрген бүл заңдардың негізгі максаттарына мына-лар жатады:

-өнімнің сипатына пайдалану мақсатына сай таіаптар мен мөлшерлерді бекіту:

-өнімнің адам өміріне, қоршаған ортаға қауіпсіз болуын қалыптастыру;

-өнімнің сапасына байланысты тұтынушылардың көзқарастарын қорғау;

-мемлекеттің. кәсіпорындардың қауіпсіздігін камтамасыз ету;

-өнімнің бәсекелік қабілетін арттыруда кедергілерді жою және т.с.с. [11, 12].

Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін бәсекелік қабілеттіліктің басты қүралы ретінде ИСО-9000 және 14000 талаптарын өндіріске енгізу, стандарттау, метрология және сертификаттау мәселелері бойынша әлемдік сауда үйымымен өзара байланыс-ты үштастыратын ақпараттық орталықтарды дамыту саналады.

Өндірістегі өнімдердін сапалық қасиеттерін арттыру да осы стандарттау жүйесінің тиімділігімен байланысты. Кез-келген өнімнің жобасынан бастап дайын өнімге айналуына дейінгі кезеңнің барлығы да осы стандарттың талаптарымен қадағала-нады. ҚР Үкіметінің 2000 жылдың қарашасындағы №1787 «Қазақстан Республикасындағы өнімдердің сәйкестігін бакы-лау» туралы каулысына сәйкес міндетті түрде сертификациядан өтуге тиіс біртекті өнімдердің тізімі белгіленген.

Кәсіпорыннын сапа жүйесін жетілдіру бағытында көптеген ізденістері мен өзіндік тәжірибелері бар халыкаралық үйымның негізгі мақсатына- барлық мемлекеттерге ортак сапа стандарттарын енгізу саналады.

Стандарттау туралы халыкаралық үйым 1979 жылы «‘Сапаны басқару және сапаны қамтамасыз ету» жөнінде техникалық комитет күрған болатын. 1985 жылы бүл үйым сапаны қалып-тастыру максатында бес халықаралык стандарттың жобасын дайындады, ал 1986 жылы ИСО-9000 сериялы стандарт дайындалды, оның қатарына

— ИСО-9001  — Жобалау, дайындау. өндіріс, жөндеу және
қызмет көрсету;

ИСО 9002 — Нақты өндіріс;

ИСО 9004 — Сапаны және сапа жүйесін жалпы баскару
жатады [13].

Қазір бұл стандарттар әлемнің 73 мемлекетінде енгізілген. Осы ИСО 9000 стандарттары кәсіпорындардың өнімдерін сертификаттаудың базасына айналды. Біздің мемлекетіміз де ИСО 9000 стандартгарын енгізіп ҚР СТ ИСО 9000-2001 талаптарын дайындады.

Өнімнің сапасын стандарттау және сертификаттау бір-бірімен өте тығыз байланысты болғандықтан өнімнің бәсекелік қабілетін арттыруда бұл екі жүйені  өзара тиімді пайдалану қажет 2004 жылы ‘»Техникалық реттеу туралы» Заң күшіне енді. Осы Заңға сәйкес мемлекет өнімнің қауіпсіздігіне жауап береді. Сапа, толык өзіндік құн, шығындар және өнімнің бәсекелік қабілеті    жоғары    тауар    өндірушілердің    негізгі    мақсатына сапаның халықаралық стандартына көшу жатады. 2003 жылдың басында әлемдегі 800 мың кәсіпорындар өздерінің сапа жүйесін сертификаттаудан өткізді. Ал бізде 1 қарашаға дейін 16 кәсіпорын ғана сертификаттаудан өтті. Дамудың индустрияландыру-инновациялық стратегиясына сәйкес маркетингтік-аналитикалық зерттеу орталығы, экспорттык операциялар мен инвестицияны сақтандыру жөніндегі мемлекеттік корпорация, инжиниринг және технология трансферті орталыктары сияқты қүрылымдар алғашқы кезде тауар өндірушілерге жаңа технологиялар сатып алуға, ішкі және сыртқы нарықты бақылап отыруға және ондағы өз өнімдері үшін нарык «қуыстарын» іздестіруге көмектеседі. Егерде өнім өндіруші кәсіпорындар осы міндеттерді дүрыс шеше білсе, онда жаһандандырудың кең жолына түсуге барлық мүмкіндіктер ашылады. [14]

Салық саясатында мемлекеттік реттеудің мсханизмін қалыптастырудың негізгі бағыттарына:

-салық  салуды  әрі  қарай  жетілдіру  және  халықаралық
стандартқа сәйкестендіру;

басым салаларды дамытуға қаржыларын салуда өндеуші сектордың өндірістеріне салық салу жеңілдіктерін беру;

өнеркәсіп кәсіпорындарының қарыздарының себептерін анықтау үшін қаржы жағдайын талдау.

Өнеркәсіп кәсіпорындарының инновациялық дамуы мемлекет тарапынан қаржы және салык, жеңілдіктері мен преференцияларының бөлінуін қажет етеді. Басым бағыттағы салаларға жеңілдетілген корпоративті табыс салығын салуды қайта қолға алу және өндеу салаларына үзақ мерзімді салық демалыстарын енгізу, оны беру механизмін анықтау, жаңа өнім түрлеріне қосылған құн салығынан белгілі бір мерзімге босату, жаңа техника мен технологияны игеруге байланысты жүмыс түрлерін кеңейтуде пайдаға салынатын салыкты алып тастау, жоғары технологиялық және ғылыми камтымды қүрал-жабдықтарды кеден алымынан босату және т.б. шаралар жүргізумен тығыз байланыста болады.

1 қаңтар 2004 жылдан бастап «Салық салу» мәселелері жөнінде ҚР кейбір заңнама актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде ҚР Заңы күшіне енгені мәлім. Онда кен өндірушілерге салык. салу жөнінде ҚР Салық Кодексіне бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. Жеке алғанда, кенді пайдалану келісім шарттарына салық режимі үлгісі заңнама өзгерістеріне үшыраған. Соның біріне шикі мүнайды экспорттауға жаңа салық түрін рентаны енгізу жатады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Ұлттық экономиканың индустриалды дамуы оны жетілдірудің әлемдік тәжірибесі

 

 

  Тәуелсiздiк алғаннан кейiн Қазақстан жаhандық экономикада әлемдiк тауар рыноктарына мұнай, газ, қара, түстi, жерде сирек кездесетiн және қымбат металдар мен уран өнiмдерiн шығаратын ел ретiнде қарастырылады. Ауыл шаруашылық өнiмдерiнен астық экспортының келешегi бар[15].
      Қазақстанда пайдалы қазбалардың iрi қорларының болуы оның салыстырмалы экономикалық артықшылығы болып табылатындықтан, ол қазiргi уақытта классикалық экономика сценарийi бойынша дамуда.
      Өндiрiстiң және шикiзат ресурстары экспортының қарқынды дамуы экономикаға экономикалық дағдарыстан шығып, соңғы үш жылда экономикалық өсудiң жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi.
      Өнеркәсiптiң шикiзат салаларына шетелдiк инвестицияларды тарту және қаржы саласында құрылымдық-институционалдық өзгерiстердi жүзеге асыру жөнiнде мемлекеттiк саясаттан жүргiзiлуiне байланысты Қазақстан экономикасының дамуында iлгерiлеу байқалуда, елде өмiр сүру деңгейi жоғарылауда және ұзақ мерзiмдi кезеңде индустриялық сервистiк-технологиялық даму сатысына өтуге мүмкiндiк беретiн қаржы ресурстары жинақталуда.
      Бүгiнгi таңда Қазақстанды әлемдiк қоғамдастық нарықтық экономикадағы мемлекет ретiнде мойындап отырғанын атап өту керек, ол ТМД елдерiнiң iшiнде бiрiншi болып инвестициялық ел рейтингiне ие болды.
      Дүниежүзiлiк Банк Қазақстанды әлемдегi инвестиция салуға ең тартымды 20 елдiң қатарына қосты. Тәуелсiздiк жылдары Қазақстан экономикасына 21 млрд. астам АҚШ долл. Тартылды.Стратегиялық тұрғыдан алғанда қабылданған үлгiге сәйкес Қазақстан бәсекелестiкке және әлемнiң барлық елдерiмен өзара тиiмдi ынтымақтастық орнатуға негізделген тауарларды, қызметтердi, капиталды және жұмыс күшiн экспорттауға бағдарланған ашық экономикалы ел ретiнде қалыптасады.          ХХ ғасырдың орта шені дүниежүзілік шаруашылықтағы әлемдік өзгерістердің куәсі болды.Көрсетілген уақыттың ең басты ерекшелігі дамушы елдер құрамынан «жаңа индустриялы елдердің» бөлініп өсіп шығуымен байланысты. [18]

«Жаңа индустриялы елдердің» өздернің көптеген экономикалық көрсеткіштері бойынша дамушы елдердің қалған көпшілік бөлігінен ерекше. Бұл елдердің дамушы елдерден ерекшелігі бір жағынан, өнеркәсібі дамыған елдерден айырмашылығы, екінші жағынан, дамудың «жаңа индустриялы моделі» пайда болғанын көрсетеді[17].

Бұл модельді сипаттау үшін Азиялық және Латын Америкасының жекелеген елдерінің тәжірибесін талдау қажет. Ал, шын мәніне келсек, дамушы елдердің барлығына дерлік экономикалық өрлеудің ерекше үлгісі болып, «азия жолбарыстары» атанған – Оңтүстік Корея, Тайвань, Сингапур және Гонконг елдері. «Жаңа индустриялы елдер» деген жаңа ұғымға жоғарыда аталған азиялық 4 елден басқа Латын Америкасының – Аргентина, Бразилия, Мексика сияқты мемлекеттерін қосамыз. Айта кету керек, 1995 жылы Мексика өнеркәсібі дамыған елдер «клубына» 25-ші мүше ел болып қабылданды. Жоғарыда аталған 7 мемлекет «жаңа индустриялы елдердің» бірінші толқынына жатады. Олардың өкшесін баса «жаңа индустриялы елдердің» екінші толқыны өздеріне назар аудара бастады. Олардың қатарына Малайзия, Үндістан,Тайланд, Чили елдері; үшінші толқынға — Кипр, Тунис, Түркия, Индонезия; төртінші толқынға – Қытай және Филиппин елдері жатады.

БҰҰ «жаңа индустриялы елдер» қатарына кіретін елдерді мынадай критерийлер арқылы анықтайды:

  • жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің көлемі;
  • ЖІӨ-нің жылдық орташа қарқынының өсуі;
  • ЖІӨ-дегі өңдеуші өнеркәсіптің үлесі. Бұл үлес 20%-дан артық болуы керек;
  • өнеркәсіп бұйымдары экспортының көлемі және оның жалпы экспорттағы үлесі;
  • шетелдегі тікелей инвестициялардың көлемі.

Осы көрсеткіштер бойынша «жаңа индустриялы елдер» басқа дамушы елдерден көш ілгері келеді, тіпті бірқатар дамыған елдердің өзінен алда тұр. Мысалы, 1952-1993 жылдары Тайвань ЖІӨ көлемін 170 есе арттырды (бұл уақыт ішінде халқының саны 2,5 есе көбейді), ал, сыртқы сауда айналымын – 534,6 есеге ұлғайты. Экономикалық өсуінің жылдық орташа қарқыны – 8,7%-ға жетіп, инляция деңгейі – 3,6%–дан аспады.

Әлеуметтік даму көрсеткіштері бойынша Тайвань дүние жүзінің жетекші елдері қатарында.Соңғы 40 жыл ішінде Азия елдерінің экономикасының даму қарқыны 5%-дан жоғары болды, сол уақыт аралығында еуропалық елдердің бұл көрсеткіші 2%-дан асқан жоқ.

«Жаңа индустриялы елдердің» елдердің экономикасы дамуының жоғарғы қарқыны халықтың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз етті. Соңғы 30 жыл шеңберінде жан басына шаққандағы  жылдық табыс бұл елдерде 4 есе өсті. 

1995 жылы Оңтүстік Шығыс Азия арасынан біріші болып «өнеркәсібі дамыған ел» статусына ие болған Сингапурды ерекше атап өту керек. Бұл статусты оған ресми түрде Экономиаклық ынтымпқ және даму ұйымы берді. 30 мерзіміндегі тұрақты экономикалық өсуі Сингапурды шағын ғана айлақтан (порт) дүние жүзінің ең бай елдері тізбесіндегі 9-орынға шығарды (жиынтық ұлттық өнімді жан басына шаққандағы есебі бойынша). Саяси тұрақтылық жағдайында елдің өнеркәсібі жыл сайын орта есеппен 8,4%-ға өсіп отырды, ал елдің әрбір азаматы өзінің өмір сүру деңгейін орта есеппен 7 есеге арттырды. Сингапурдың орта статистикалық адамының жылдық табысы елдің бұрынғы билеушісі-Ұлыбританиядан жоғары. Ұлыбританияның колониясы болып келген Гонконгтың да әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері метрополияның көрсеткіштерінен асып түседі. Айта кететін бір жайт, 1997 жылдың шілде айында Гонконг Қытай Халық Республикасының қарауына өтеді. «Жаңа индустриялы елдердің» экономикалық моделін қарастырғанда біз оның тиімділігін қамтамасыз еткен ішкі және сыртқы факторларды іздеуіміз қажет. Ең маңызды ішкі фактор-мемлекеттің ел аумағындағы көреген және икемді ішкі экономикалық саясаты.[21]

Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, халықаралық экономикалық қатынастарға белсенді араласатын мемлекеттер оны (экономикалық қатынастарды) шетелдік инвестицияларды тарту мен сыртқы сауданың өсуін ынталандырудан бастайды. Олар өз экономикасының құрылымын жетілдіру процесіне технологиялық тізбектің (шикізаттан ғылыми сыйымды тауарларға дейін)  барлық буындарынан өтеді. Халықаралық еңбек бөлінісі тұрғысынан ең қолайлы, ең пайдалы деген салаларды модернизациялау мен дамыту үшін экспорттан түскен табысты пайдаланады.

АҚШ, Германия, Жапония елдері осы жолмен жүріп өткен. АҚШ өзінің экономикалық өсуін шикізат, астық , мақта, мыс, көмір т.б. тауарларды экспорттаудан бастаған. Германия 50-жылдары – көмір, қара металл, химия өнімдерін экспорттаудан бастаған.

60-жылдары осы бағытты Шығыс Еуропа мен Латын Америкасының бірқатар елдері және «жаңа индустриялы елдер» таңдап алды.Олардың барлығы дерлік экономикалық өсудің сыртқы көздерін пайдаланады. Бұл көздерге шетелдік капиталды молынан тарту және өнеркәсібі дамыған елдермен техника мен технологияны сатып алудың арналарын көбейту жұмыстары жатады.

     Экспорттың құрылымын әртараптандыру үшiн индустриялық саясатты қолдану түрлi елдердiң тарихи өткен кезеңiнде импортты алмастыруға және экспортқа бағдарланған саясаты мысалдарынан айқын байқауға болады. Негiзiнен осындай саясат қолданылған Латын Америкасы (Мексика және Бразилия) және Шығыс Азия (Оңтүстiк Корея және Сингапур) елдерiне жасалған талдаудан экспортқа бағдарлану арқылы тұрақты экономикалық өркендеуге қол жеткiзуге болатындығы туралы негiзгi қорытынды жасауға болады[18].
      Тарихи өткен кезеңде Латын Америкасы елдерi де, Шығыс Азия елдерi де импорттың орнын басу және экспортқа бағдарланған кезеңдерiнен өткен. Шығыс Азия елдерiнiң белгiлi бiр кезеңде импортты алмастыру саясатынан бас тартып, экспортты қолдау саясатына кө шуі, ал Латын Америкасының импорт алмастыруға ерекше көңiл аударуы осы елдердiң ерекшелiгi болып табылады.
      Экономикалық теория тұрғысынан алғанда экспортқа негізделген саясаттың табысты болуы түсiнiктi, себебi өзiнiң iшкi рыногының әлеуетiн сарқып тауысқан елдер өздерiнiң экономикалық даму процесiн тоқтатпау үшiн сыртқы рыноктарды игере бастауға мәжбүр болады. Латын Америкасының елдерi импорт алмастыруды қолдай отырып, нақты бәсекелестікке емес, жасалған әкiмшiлiк және тарифтiк тосқауылдарда негізделген салаларды құрғандығын атап өту керек. Бұл салалар нығайып алғаннан кейiн жаңғыртудың және өнiмдiлiктi арттырудың орнына өз ресурстарын импортты алмастыру саясатын одан әрi сақтап қалу мақсатында мемлекет арқылы өз мүдделерiн барынша қорғап қалуға бағыттады. Осының салдарынан ресурстар тиiмдi бөлiнбей, ұлттық экономикалар халықаралық бәсекеде ұтылып жатты

Бірқатар себептермен жекелеген «жаңа индустриалды елдер», өнеркәсібі дамыған, мемлекеттердің ерекше саяси және экономикалық мүдделері шеңберінде болды. Мысалы, АҚІІІ-тың саяси мүдделері Шығыс Азиядағы «комму­низм ықпалына» қарсы тұру үшін Тайвань мен Оңтүстік Кореяда болды. Бұл екі елге орасан зор экономикалық көмек пен әскери қолдау көрсетілді. Мысалы, Тайваньға 1,5 млрд. доллар көлемінде көмек берілді. 1950—1965 жылдары Тайваньның жиынтық инвестицияларының 34%-ы АҚШ-тан келді. Мұның өзі Тайвань экономикасының дамуына зор серпін берді.[22]

„Жаңа индустриалды елдер» экономикасының қазіргі құрылымын қалыптастыруда тікелей инвестициялардың ықпалы зор болды. 80-жылдары «жаңа индустриалды ел­дер» экономикасына тікелей инвестициялар дамушы елдерге арналған барлық күрделі қаржының 42%-на жетті. Өнеркәсібі дамыған елдердің ішінде «жаңа индустриалды елдерге» кәсіпкерлік капиталды жеткізуші негізгі инвестор АҚІІІ болды. Олардың «жаңа индустриалды елдерге» тікелей инвестициялары шетелдік инвестициялардың жалпы көлемінің 10%-ын құрады. Тікелей инвестициялардың көлемі бойынша екінші орында Жапония келе жатыр.

Жапондық инвестициялар «жаңа индустриалды елдердің» өнеркәсібін дамытып, олардың экспортының бәсекелік қабілетін арттырады. Жапон капиталы «жаңа индустриалды елдердің» өңдеуші өнеркәсіп өнімдерін экспорттаушы мемлекеттерге айналуына айрықша әсер етті. Тек, 80-ші жылдардың бірінші жартысының өзінде Жапон инвестицияларының көлемі Тайваньда 2 есеге артты, Гонконгте 61 %-ға өсті. Осы уақыт ішінде Жапон капиталының көмегімен бұл елдерге жоғары сапалы дайын өнімдерді экспорттауға мүмкіндігі бар өндірістік база құрылды. Оңтүстік Кореяға келтірілген 80-жылдардағы шетелдік инвестициялардың жартысынан астамы жапондық инвестициялар болды, және осы инвестициялар есебінен станок, электротехникалық жабдықтар, теңіз кемелерін жасау кешендері құрылды.

Азиялық «жаңа индустриалды елдерде» кәсіпкерлік ка­питал ең алдымен өңдеуші өнеркәсіп пен шикізат салаларына бағытталды, ал Латын Америкасы елдерінде сауда, қызмет көрсету, өңдеуші өнеркәсіп салаларында қолдынылды. Шетелдік капиталдың «жаңа индустриалды елдердің» экономикасына көптеп келуінің нәтижесінде бұл елдерде шетел капиталын пайдаланбайтын шаруашылық салалары жоқтың қасы. Латын Америкасы және «жаңа индустриалды елдердің» экономикасына тартылған қаражаттардың табыстылығы (рентабелділігі) 1993 жылы мынадай болды: Аргентина — 57,96%, Бразилия — 83,5%, Мексика — 39,87%, Чили —38,92%, Индонезия — 78,67%, Оңтүстік Корея— 26,03%., Тайвань— 103,98%, Тайланд — 121,27%, Филиппин — 165,18%. Көрініп тұрғанындай, азиялық «жаңа индустриалды елдерде» инвестициялардың табыстылығы Латын Америкасы елдеріне қарағанда анағұрлым жоғары.

Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуында 60-жылдары қалыптасқан жағдай, трансұлттық корпорациялардың мүдделері мен даму стратегиясы бағыттарының бірқатар азиялық мемлекеттердің мүмкіндіктері мен ұмтылыстарына сай келгенін көрсетті. Дамушы елдердегі импортқа тосқауыл боларлық әртүрлі шектеулер мен ол елдердің төлем қабілетінің төмендігі трансұлттық корпорацияларды тауар экспортынан гөрі жергілікті жерде қажетті өндірісті қалыптастыруға ынталандырды. Тауар экспорты емес, капиталдың өзін шетке шығарудың тағы бір себебі дамыған елдердің тауарға толы рыноктарындағы құбылмалы конъ­юктура мен бәсекенің шиеленісуі болды. Сондықтан өндіріс шығындарын кеміту үшін күрес капитал қозғалысын бастады. Сөйтіп өздерінің жаңа «қоныстарында» трансұлттык корпорациялар ғылыми сыйымды (наукоём­кий) өндірістерді қалыптастырып, дамытуға бағыт алды.

Міне, халықаралық экономикалық конъюктураның осындай өзгерістеріне нақ «азиялық жолбарыстар» дайын болып, оларды өз мақсаттары үшін пайдаланды [18].

Трансұлттық корпорациялардың Азия аймағын игеруіне мынадай жағдайлар түрткі болды:

1) «Жаңа индустриалды елдердің» қолайлы географиялық жағдайы. Олардың бәрі дүниежүзілік сауда-экономикалық   жолдардың   қиылысында  және  АҚШ,   Жапония сияқты дүниежүзілік шаруашылық орталықтарына жақын орналасқан;

2) «Жаңа  индустриалды  елдердің» бәрінде дерлік өнеркәсібі дамыған елдерге ниеті түзу (лояльный), көзқарасы оңды саяси режимдердің үкімет басында болуы;

Бұл елдерде саяси тұрақтылық сақталып, демократиялық және саяси жаңартулар экономикалық реформалар пайдасына қарай бағытталды. Шетелдік инвестициялардың қауіпсіздігіне жоғары дәрежелі кепілдіктер берілді;

3) Еңбек сүйгіштік, зейінділік, тәртіптілік, үқыптылық сияқты   азиялық    „жаңа индустриалды елдердің» халықтарына тән экономикалық емес факторлар да өзінің белгілі ролін атқарды. Азия және Латын Америкасы елдеріндегі «жаңа индустриалды модельдер» жарысында жоғарыда келтірілген адами қасиеттер өзінің шешуші фактор екенін хөрсетті.

Бұл екі модельдің мәніне ой жіберсек, біріншісі (азиялық модель) ұлттық экономиканы дамытуда сыртқы рынокқа, экспортқа бағытталған, екіншісі (Латын Америкасы елдеріне тән) импортты алмастыру өндірісіне сенім артқан.

Бірінші модельді жақтаушылардың қатарына кезінде АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа елдері де болған, ал екінші модель тек Латын Америкасы елдеріне тән құбылыс.

Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткеніндей, импортты алмастыратын өндірісті дамыту бірқатар дамушы елдердің экономикалық өсуіне игі әсерін тигізді. Импортты алмастыру стратегиясы шаруашылық құрылымдарын диверсификациялауға көмектесті. Көптеген дамушы елдерде өздері үшін маңызды бірқатар жаңа өндірістер қалыптасып, өзін-өзі қамтамасыз ету мәселесінде оңды нәтижелер әкелді.

Протекционизмді ұлттық рынок   пен   кәсіпкерлікті қорғау шарасы ретінде оңды-солды қолдану отандық кәсіпорындардың масылдығын сақтап, монополистердің өз жағдайын пайдаланып экономикалық тиімсіз жұмысының өзінен пайда табуын жалғастырады. Ал мұның өзі тоқыраудың басталуы деген сөз.

Латын Америкасындағы «жаңа индустриалды елдердің» (Бразилия, Аргентина, Мексика) импортты алмастыру стратегиясы өзінің «ұнамды» ролін атқарып, бұл елдерде диверсификацияланған ұлттық экономиканы құруға көмектесті. Сонымен қатар бұл елдер өнеркәсібі дамыған елдерден артта қалуын қысқарта алмады, себебі, басым экспорттық стратегиясыз Латын Америкасы мемлекеттері өз экономикаларын жаңартудың қажетті деңгейін қамтамасыз етуге шамалары жетпей отыр. Айта кету керек, Латын Америкасы «жаңа индустриалды елдерінің» экономикалық потенциалы азиялық елдермен салыстырғанда едәуір қуатты. Мысалы, Бразилияның жиынтық ішкі өнімінің көлемі Шығыс Азия «жолбарыстарының» жиынтық ішкі өнімдерінің қосындысынан сәл-ақ кем. Сонымен, экспорттың басым және жедел дамуынсыз экономиканың қажеттіктерге сай жаңаруын қамтамасыз етуте болмайтындығын Латын Америкасы «жаңа индустриалды елдерінің» практикасы көрсетіп отыр. Олардың экономикалық өсу дәрежесі ішкі экономикалық мәселелерді шешуге дәрменсіз күйде. Оған қоса экспорттың шамалы ғана өсуі төлем балансының тапшылығына әкеліп соғып, несиелерге сұранысты ұлғайтып, олардың сыртқы экономикалық проблемаларын шиеленістірді.

90-жылдардың   ортасына   қарай   Латын    Америкасы «жаңа  индустриалды  елдерінің»  кейбіреулері  бүкіл   80-жылдар бойы созылған дағдарыстан шыға бастады. Еркін экономикалық   реформалар нәтижесінде  экономикалық өсу қарқыны қайта жоғарылап, сауда балансыңда оңды сальдо қалыптаса бастады. Бұл елдерге Чили мен Бразилия елдері жатады. Латын Америкасы «жаңа индустриалды елдері» ішіндегі ең ірі мемлекет Бразилия ашық экономика саясатына қайта оралды. Елдің ішкі рыногында бәсекелі күрес жағдайын жасау үшін импорттық тарифтерді төмендету жұмыстары жүргізілуде.

1995 жылдан бастап МЕРКОСУР – еркін сауда аймақтары елдерінде (Бразилия, Аргентина, Парагвай және Уругвай) кедендік кедергілерді алып тастау жоспарланып, іске аса бастады. Бұл жаңа реформалардың ойдағыдай жүзеге асып, аталған елдердің экономикалық өсуін қамтамасыз етер-етпесін жақын болашақ көрсетеді. Азияның «жолбарыстары» болса экономиканың экспортқа бейімделген тиімді және икемді моделін (үлгісін) жүзеге асырды. Бұл модель бойынша экспортқа бейімділік пен импортты алмастыру стратегияларын белгілі мерзім ішінде қатар жүргізуге болады. Бұл елдерде экспортқа бейімділік саясатын жүргізу импортты алмастыру индустриясын бір жола тоқтатқан жоқ, қайта екеуінің икемді тепе-теңдігін сақтады. Дегенмен, жаппай экспорттық жаулап алуға (экспансияға) көшкенде бұл елдердегі импортты алмастыру саясаты да, кезеңі де аяқталды.

Азияның «жаңа индустриалды елдері» қазіргі заманғы өндіріс құрылымын қалыптастыруға дейін халық шаруашылығын иңдустриализациялауға дем беретін дәстүрлі салаларды жандандыруға күш салды. Шығыс Азия және Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің көпшілігінде (Тайвань мен Оңтүстік Кореяда — 50-жылдары; Малайзияда — 60-жылдары; Тайландта — 60-70-жылдары; Филиппинде — 50-60-жылдары импортты алмастыру саясаты күшті болды.

Тек, Гонконг пен Сингапур ғана өздерінің тарихи, географиялық жағдайлары мен ішкі рыноктың шектеулігіне байланысты өз өндірістерін негізінен экспортқа бейімдеді. Бұл елдердің импортты алмастыру саясаты күнделікті және ұзақ мерзімді халық тұтынатын тауарлар шығаруда көрініс тапты.

Басқаша айтқанда импортты алмастыру стратегиясы елдің салыстырмалы артықшылықтары жоқ өндірістерінің өндіргіш күштерін дамытуға бағытталды.

Азияның «жаңа индустриалды елдері» еңбек сыйымдылығы жоғары экспортқа бейімделген өндірісті дамыта отырып, тәжірибе мен капиталдың мол қорлануына сәйкес капитал сыйымдылығы жоғары салаларға көше бастады. Негізгі салалардың қарқынды дамуы бұл елдердегі дәстүрлі өндірістерге (тоқыма, тігін т. б) зиянын тигізбей, қайта олардың өсуіне жаңа серпін берді. Барлық салалар белсенді түрде сыртқы рынокқа жұмыс істеді. Сонымен қатар тұрақты түрде өсіп келе жатқан экспорттың құрылымында өңдеуші салалардың басымдығы айтарлықтай біліне бастады.

Азияның «жаңа индустриалды елдерінің» экспортқа бейімділігін айта отырып, олар тек қана сыртқы рынокқа жұмыс істеді деп кесіп айту дұрыс болмаған шығар еді. Экспортқа бейімделген, еңбек сыйымдылығы жоғары  салалар

өнеркәсіптің негізгі салалары бола отырып, ішкі тұтынудың көптеген қажеттіктерін де (мысалы, машиналар, металдар, жабдықтар т.б.) қанағаттандыруды өз мойнына алды. Сонымен, Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде экспортқа бейімделген экономикалық саясат тиімді импорт алмастырумен үйлестіріліп, аймақтық экономикалық өсуге қосымша қарқын берді.

Азиялық «жаңа индустриалды елдердің» даму тәжірибесі олардың халықаралық еңбек бөлінісінде өндірістік шығындардың салыстырмалы заңын белсенді түрде қолданғанын көрсетеді. Бұл тәжірибенің негізгі ерекшеліктерін былайша қорытуға болады:

  1. Азиялық «жаңа индустриалды елдердің» экспорттық саясаты дүниежүзілік рыноктағы серіктестерінің қажеттіктерін жан-жақты қамтамасыз етуге бағытталған саясат;
  2. Сыртқы рынокқа бейімделудің алғашқы кезеңінде рыноктары тұрақты және сыйымды, дамыған елдер артықшылықтармен пайдаланады. Даму процесінде рыноктар бірте-бірте диверсификацияланып, басқа да дамыған және дамушы елдердің рыногына қарай қозғалысын бастайды;
  3. Экспорттық тауарлар тізбесі тұрақты түрде жаңаланып, олардың дүниежүзілік рыноктағы өз «қуысын» іздеу процесі үздіксіз жүреді;
  4. Еркін экономикалық аймақтарға тән инвестициялық және салықтық жеңілдіктер белсенді түрде пайдаланылады.[16]

Азиялық «жаңа индустриалды елдердің» жетістіктері батысгерманиялық, жапондық «экономикалық кереметтің» (экономическое чудо) қисынды жалғасы болып табылады. Дегенмен, олардың экономикалық өсуінің жедел, шапшаң қарқынмен жүзеге асуы дүниежүзілік шаруашылықта теңдесі жоқ құбылыс болды. Егер Жапонияға «экономикалық керемет» елі атануы үшін 100 жыл керек болған болса, «Азия жолбарыстары» бұл аралықты 25 жылда, яғни Жапониядан 4 есе жылдам жүріп өтті. 80-жылдардың орта шеніне қарай дүниежүзілік қоғамдастықта өнеркәсібі қарқынды дамып келе жатқан елдердің жаңа тобының қалыптаса бастауы дүниежүзілік шаруашылық дамуының объективті көрінісі деп бағалауға әбден болады. 

Әлеуметтік-экономикалық прогрестің сатыларымен жоғарылап келе жатқан «жаңа индустриалды елдер» халықаралық еңбек бөлінісі жүйесінде көрнекті рөл атқара бастады. Нақтылай айтсақ, олардың елдер арасында экономикалық ресурстардың ауысуын қамтамасыз ететін халықаралық сауда өрісіндегі жетістіктері және үлесі айтарлықтай болып отыр.

«Жаңа индустриалды елдердің» халықаралық еңбек бөлінісіндегі орны мен рөлі олардың нақты мүмкіндіктерінің жиынтығымен анықталады. Азиялық «жаңа индустриалды елдердің» сыртқы рынокқа бейімделуі олардың дүниежүзілік экспорттағы үлесінің күрт жоғарылауын қамтамасыз етті.

Азиялық «жаңа индустриалды елдердің» өнеркәсіп өнімдері экспортының жоғары қарқынын бағалай отырып, олардың экспортындағы дәстүрлі тауарлардың да маңызды ролін көрсеткен жөн. Айталық, Оңтүстік Корея   мен   Тайваньның    жалпы     экспортындағы    шикізат     пен    азық-түлік

экспортының үлесі, қатарына қарай 7,1 және 7%, болды. Оңтүстік Корея экспортындағы құндық үлестеріне сәйкес екінші орында — аяқ киім, Тайваньда — ойыншықтар мен спорт тауарлары болды.

Азиялық «жаңа индустриалды елдердің» экспорттық рыногымен, әсіресе машиналар мен жабдықтер экспортымен салыстырғанда Индия мен Латын Америкасы елдерінің позициясы едәуір төмен екендігі байқалады.

 Дамушы елдердің ішіндегі шетелдік капиталдың ірі импорттаушылары болуымен қатар «жаңа индустриалды елдер» 80-жылдардың соңына қарай капиталды экспорттаушылар болып та қалыптаса бастады. «Жаңа индустриалды елдердің капиталды шетке шығару географиясы едәуір кең. Олар ең алдымен өнеркәсібі дамыған елдер, Азия-Тынық мұхит аймағының елдері т. б. капиталдың жаңа рыноктары. Оңтүстік Кореяның АҚШ-қа экспорттық экспансиясының мақсаты капиталды американ экономикасына мейлінше мол салу арқылы жаңа технологияларға қол жеткізу, ал Тайваньның экономикалық мүдделері өздерінің құрлықтық ағайындарының орасан зор рыногын «жаулауда» болып отыр. 90-жылдардың орта шенінде Тайваньның Қытайдағы  инвестицияларының  көлемі  9  млрд.   доллардан   асып   түсті.  Өз

кезегінде Гонконгтың     кәсіпкерлері     Қытайда    тіркелген     бірлескен кәсіпорындардың жартысынан астамының құрылтайшылары.

 XX ғасырдың 50-жылдарынан бастап дүниежүзілік шаруашылықта жүріп жатқан интернационалдандыру процесінің өрлеуі барлық дамушы елдерді, соның ішінде, әсіресе «жаңа индустриалды елдерді» едәуір қамтыды.

Тауар айырбасы, еңбек және капиталдар рыногын интернационалдандыруға қаржы рыноктарын интернационалдандыру процесі қосылды. Мұның өзі «жаңа индустриалды елдердің» қаржы потенциалының өсуін, валюталық жағдайларының тұрақтануын және олардың несие беру мүмкіндіктерінің артуы мен ұлттық қаржы рыноктарының дамуын көрсетеді.

Капиталдар қозғалысының интернационалдану процесі дамушы елдерді айтпағанда, дамыған елдердің өзінде де толық қалыптасып бола қойған жоқ. Соның өзінде де кейбір «жаңа индустриалды еддер» бұл бағытта елеулі қадамдар жасады. Бұлардың қатарына 70-жылдары қалыптасып, жедел дами бастаған жаңа халықаралық қаржы орталықтарын жатқызуға болады. Мұндай орталықтар, ең алдымен Сингапур және Гонгонгте ашылып, өз қызметін атқара бастады. Жүргізілетін несие-қаржы операцияларының көлемі бойынша Азиялық «жаңа индустриалды елдер» қазірдің өзінде Лондон, Париж, Цюрих сияқты дүние жүзіндегі ең ірі қаржы орталықтарымен иін тіресіп тұр.

Азиялық «жаңа индустриалды елдердің» экономикалық эволюциясының ерекше бір белгісі олардың бір-біріне мүдделілігі дәрежесінің тұрақты түрде ұлғаюы. Тек қана өнеркәсібі дамыған Батыс елдеріне қарай бейімделген экономикалық саясат ендігі уақытта өз аймағынан, шекаралас елдерден де серіктестер табуға ұмтылыстармен толықтырыла түсуде. Бұл, әрине, олардың өз тауарларының бәсекелік   мүмкіндіктерін   тұрақты   түрде   жоғарылатуға бағытталған саясатына кереғар келмейді. 90-жылдардың орта шенінде өз тауарларының бәсекеге қабілеттілігі жағынан алда тұрған дүние жүзі елдерінің бірінші бестігіне Сингапур, Гонконг, Тайвань елдері кіреді. Бұл елдердің таңдап алған экономикалық стратегиясының негізгі бағыты ғылыми сыйымды өнімдер өндіруді тұрақтандыру болып отыр.

Жаңа индустриалды елдердің экономикалық жетістіктері, олардың дүниежүзілік шаруашылыққа мейлінше интеграциялануы бұл елдердің тұрақты түрде экономикалық өсуінің сенімді кепілі. ХХІ ғасырда да бұл елдердің дүниежүзілік экономикадағы бәсекелік күресте жаңа, жоғары нәтижелерге жеткендігіне біз куә болып тұрмыз.

Бірінші Азиялық Барыс болу үшін біздің басымдықтарымыздың қатарына макроэкономикалық көрсеткіштер саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе енгізілуге тиіс. Ол-инфляция мен бюджет тапшылығының төмен болуын, ұлттық валютаның күшеюін, жинақтау нормасының жоғары болуын көздейді. Бұл рецепт Жапонияда, Кореяда, Индонезияда, Тайвань мен Чилиде іске асты. Қазақстанда да іске асады.

Әрине дамыған елдер қатарына қосылу үшін сол елдрдің даму жолын зерттеп, олардың ұлттық экономикамызға тиімді жақтарын ала білуіміз қажет. Біздің елімізге, әсіресе, Оңтүстік Шығыс Азияның бірнеше жаңа индустриялы елдерінің ұстанған саясаты ыңғайлы болып отыр, яғни «Азия айдаһары мен жолбарысы» атанған елдер қысқа мерзімді аралықта индустриялы – инновациялық саясатты тиімді жүргізу арқылы үлкен жетістіктерге жетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ; ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР

 

2.1 Қ.Р-ның индустриясын қайта құрылымдаудың қажеттілігі және оны дамыту механизмдері

 

 

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы бірқатар әлеуметтік-экономикалық табыстарға қол жеткізді. Минералды-шикізаттың ресурстар экспорты экономикалық өсудің жоғарғы қарқынын төлем балансын жақсартуға мүмкіндік берді. Бірақ, өсім сапасы жоғары технологиялар есебінен жүзеге асырылмағандықтан ұзақ мерзімге сақтала бермейді. Минералды-шикізаттың ресурстар, толық қолдану есебінен экономиканың одан әрі қарай дамуына алғышарттар құрайды.

Жаһандану жағдайында отандық кәсіпорындар шетелдік кәсіпорындармен бәсекелік күреске дайын еместігі анық байқалуда. Қ.Р. әрі қарай дамуында тек өндірістің тұрақтануы мен өсім ғана емес, сонымен қатар оның құрылымын қайта құру қажеттігі туындауда.

Қазақстанда үлкен руда қорлары, отын-энергетикалық ресурстар минералды шикізат, сирек кездесетін құнды және жез металдар қоры бар, сондай-ақ негізінен, өнімі шетелдерге жіберілетін пайдалы қазбаларды табудың және өндеудің күшті индустриясы бар.

Кеңес одағы дәуірінде өндірілетін жалпы көмірдің 20%, хром рудаларының  95%, мыстың 30%, мырыштың 50%, қорғасынның 70%, фосфордың 90%, темір рудасының 10% Қазақстанның еншісіне тиетін.

Соңғы жылдары ел экономикасының отандық тұтынушылардың төлем қабілетінің қысқаруынан, ішкі нарықтың тарылуынан және сыртқы тұтынушылар сұранысының артуынан сыртқы нарықтарға бағытталу тенденциясын күшейтіп отырған шикізаттық салалар мен аз деңгейде өнім өндіретін салалардың үлестік салмағының артқандығын байқауға болады.

Дегенмен жылдам әрі тиімді түрде дамуға қабілетті экономиканы қалыптастыру және соның негізінде әлеуметтік-экономикалық мәселелерді, әсіресе, халықтың әл-ауқаттылық деңгейінкөтеру мен адам өмірінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін шешу үшін еліміздің индустриялық өндірісінің өндірісін құрылымын өзгерту немесе қайта құру қажеттілігімен анықталады.

Индустрияның құрылымын өзгерту-қыруар қаржы мен көп уақытты талап ететін үрдіс. Сол себептен бастапқыда құрылымдық өзгерістерді мақсатқа сай және тұрақты түрде жүргізуге қажетті жоғары дәрежедегі инвестициялық белсенділікті, әлемдік тәжірибеде сынақтан өткен сан алуан құралдарды қолдана отырып, қамтамасыз ететін тиімді құрылымдық саясатты игеру керек. Аталмыш саясат қалыптасқан макроэкономикалық, сала аралық және сала ішілік қатынастарды түбегейлі өзгерту мен осы мақсатта ақша қозғалысын неше ресурстарын және өзге де қаржы құралдарын құрылымдық өзгеріске ұшырайтын кешендерге салаларға және өндірістерге тарту жолдарын қарастыру қажет. Осылайша, еліміздің құрылымдық саясатын жүзеге асырудың жемісі ретінде экономикамызда құрылымдық өзгерістер мен дамулардың орнытуына жағдай жасалады. Сондай-ақ, шикізаттар мен аралық өнімдер өндірісінен бәсеке қабілеттілігі жоғары саналатын дайын өнімдер өндірісіне өту және халықтың әл-ауқаттылық деңгейін көтеруге бағытталған әрі қарқындылығы жоғарғы салалар мен ғылым сыйымды жоғары сапалы өнімдер өндірісін ұйымдастыруға негізделіп, еліміздегі индустрияның дамуына қажетті ғылыми-техникалық алғышарттарды қалыптастыратын жекелеген инфрақұрылымдық салаларды жедел дамыту жолдарын айқындауға мүмкіндік туындайды. [23-24]

Сонымен нақты мақсатқа бағытталған құрылымдық саясатты жүргізу-еліміздің халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі беделді орнын алуына, әлемдік шаруашылықтағы интеграциялық байланыстарға белсенді түрде қатысуына және тиімді шетелдік капиталдарды тарту қабілетінің артуына жағдай жасау және отандық экономиканың құрылымын дамыған елдер экономикасының құрылымына бірте-бірте жақындату жолындағы қажетті шарттардың бірі болып табылады.

Қазіргі таңда құрылымдық сасатты жүзеге асырудың кешіктірілуі еліміздің экономикалық тәуелсіздігін жоғалтуына, өндірістік әлуетінің бұзылуына және әлемдік шаруашылықтың шикізат омағына айналуына әкеп соқтыруда. Сондықтан құрылымдық өзгерістерді іске асыру үшін әрбір кезеннің нақты міндеттерін шешу арқылы құрылымдық саясаттың тиімділігін арттыруға, алдыңғы қатарлы жаңа өндірістер мен ғылым сыйымды салаларды кеңейту үшін қажетті инвестициялық ресурстарды қалыптастыру мен шоғырландыруға, маңыздылығы жоғары салалардың алма-кезек ауысуын қамтамасыз етуге, дәстүрлі өндірістерді қайта құруға және олардың ескірген түрлерін анықтап жабуға бағытталған мемлекеттік іс-шараларды нарық тетігімен үйлестіре отырып, қатаң әрі тұрақты түрде жүргізіп отырылуымен анықталады.

Индустрил құрылымын қайта құру үрдісі екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген капиталистік елдерде құрылымдық саясатты жүргізудің ең басты мақсаты ретінде тиімді түрде жүзеге асырылады. Құрылымдық өзгерістер Жапония, Оңтүстік Корея, Таивань, Индонезия секілді елдердің экономикасын қайта құруда ерекше мәнге ие болды. Аталмыш елдердің құрылымдықты қайта құруды жүргізу жөніндегі тәжірибелерін сараптай отырп, әрбір елдің тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізуі үшін міндетті түрде еңбек күштері мен стратегиялық маңызы зор қорлардан тұратын басты байлығын тиімді жолмен қолдануы қажет екен деген тоқтамға келуге  болады.

Біздің елімізде мұндай байлықтың көзін, сөзсіз, табиғи минералды ресурстар мен шикізаттар құрайды. Осы ресурстарды тиімді пайдалану арқылы экономикалық өсуді қамтамасыз етуге болады. Дегенмен, экономикалық өсудің тұрақтылығын сақтап қалу үшін міндетті түрде жоғары сапалы дайын өнімдер өндірісін дамыту тиімдірек болар еді. Сондықтан жоспаолы экономикадан нарықтық қатынастарға негізделген экономикаға өту кезенінде өзін- өзі ақтайтын және табиғи байлықтарды  экспорттауға бағытталған құрылымдық саясаттын орнына өндірістің соңғы нәтижелерін шығаруға, яғни дайын өнім өндіруге және нарықтық коньюктураның ықпалымен тез арада қайта құрылуға қабілеттілігімен әрі икемділігімен ерекшеленетін индустриал құрылымын қалыптастыруға бағытталған саясатты бірте- бірте орнықтыру керек. Қазіргі таңда отандық  Индустрияның отын- шикізаттың бағыттағы салаларының үстемдігін тез арада жоюға мүмкіндіктің жоқ екендігін ескере отырып, үкіметіміздің бір жағынан- шикізатты өндіру мен пайдалану төлемақысын көтеру, оларда лицензиялау және экспортты квоталау секілді іс- шараларды, екінші жағынан- өндіріс орындарын қорларды үнемдейтін технологиялармен жабдықтау арқылы жаңарта отырып, келешекте ел экономикасының табиғи ресурстарға деген қажеттілігін төмендетуге бағытталған іс- шараларды атқару арқылы өз тетіктері мен ынталандыруларды жүйелі түрде әрі аса ұқыптылықпен жүзеге асырған жөн.

Индустрил салаларының құрылымын қайта құру- экономикалық өсудің деңгейіне қарай өзгеріп отыратын маңызды экономикалық және ғылыми- техникалық артықшылықтарды қалыптастыруға және еліміздің әлемдік шаруашылыққа ену қажеттілігі мен шарттарын өзгертуге мүмкіндікті береді. Дәл қазіргі кезеңде мемлекетіміз үшін төмендегідей болымдықтарға негізделген индустриялық құрылымда қайта құру үлгісі аса тиімді болып табылады

— экспортқа бағытталған салалардағы әсіресе, металлургия және отын- энергетика индустрияларындағы соңғы өндірістерді жасау;

— өндіруші саланың индустриалдағы үстемдігін жою;

— өндіріске энергия мен ресурстарда үнемдейтін технологияларды енгізу;

— ғылым сыйымды және аз капитал сыйымды салаларды дамыту;

Осындай артықшылықтар негізінде индустрияны дамыту үшін өндірістің тиісті технологиялық құрылымдарын қамтамасыз етуге қатысты үрдістерге мемлекеттің  белсене  араласуы  тиімдірек   болар еді. Себебі индустрия  құрылымын қайта  құру технологиялық  дамудың келешегі мен тығыз байланысты болып келеді.  Мемлекеттің  бар күшін  қай технологиялық құрылысты   дамытуға  бағытайтыны  ел экономикасының   өркендеуіне   және Қазақстанның    жаңа технологиялық шыңға шығуына өзіндік септігін  тигізеді.

Жоғарыда айтылып  өтекндей, ресурстарды үнемдейтін  технологияларды қолдануға бола  назар назар аудару өндіруші салалардың индустриедағы үлес салмағын  азайтуға  мүмкіндік береді. Әйтсе де   еліміздің үздіксіз дамуын қамтамасыз етуге   артықшылықтары   мен маңыздылығына байланысты  аталмыш  салалардың  ұзақ уақыт бойы  экономикадағы   беделін сақтап қалатындығы  анық байқалады.

Елдегі энергия   ресурстарын өндіру ошақтары мен энергия тұтынушыларға  бір-бірінен алшақ орналасқандықтан және құсты жол транзиттік  мұнай-газ құбырлары мен  электр желілері  бар болғандықтан энергия тасушыларды  тасымалдау кезінде   көп шығын шығарылады. Сол себептен  энергия тасымалдау   бағыттарын жақсарту, оны кешенді түрде  жүзеге   асыру  асыру және   көлік технологияларын  дамыту Қазақстандағы  отын-энергетика  кешеніне   жұмсалатын  шығындарды   едәуір  мөлшерде   азайтуға   септілік  тигізеді.

Еліміздің   индустрия  саласында   жоғары  температуралы технологиялардың  кеңінен  пайдаланылатындығы  белгілі. Мысалы, қара және  түрлі   түсті метталургия   мен химия  индутриясында   көп мөлшерде  жылу шығаратын  әр түрлі құрылыстағы   балқыту пештері  қолданылады. Осыған байланысты  жылуды пайдаланудың  түрлі құрылғылары  мен  екінші әрі  комбинацияланған  циклдерінің  іске  қосылғаны жөн.  Отын-энергетика қорларының айтарлықтай  басым бөлігі    энергия   сыйында   технологиялық  қайта өрлеу  үрдістерінде   энергия шығындары   ең  төмен деңгейде   болғанда, жоспарланған  қуаттылықтан  бір-бірлігіне  шаққандағы   өнім көлемінің   азаюы  салдарынан  ысырап  болуда.

Сондқтан өндірістік   ғимараттар мен  құрылыстарды   жылытуға және  желдетуге жылу мен отынның шамадан тыс   жұмсалуын қысқарту   мақсатында энергия  тасыушылар мен энерияны үнемдеу  мемлекеттік мәні   бар мәселелердің  бірі ретінде   алға қойылып, осы мақсатта үкімет тарапыннан міндетті   түрде тиімді  шаралардың атқарылғаныжөн.

Жұмыс істеп жатқан  кәсіпорындарындағы   өндірістің ерекшілігін ескере отырып, қолданыстағы  технологияларды жетілдіру мен жаңа  технологияларды   өндірісүрдісіне енгізу  экономиканың барлық  салаларында техникалық  қайта құруды  қамтамассыз ететін өндіруші индустрия   мен машина жасау саласының  ролін стқаруға   мүмкіндік береді.  Ауылшаруашылық шикізаттарын  өңдеу үрдісін  жақсарту және   өнім сапасын  көтеру  есебінен   тамақ индустриясының   үлесі көбейеді.  Мұнымен  қоса күннен  күнге  арта   түсетін тұтынушы    талғамдарына   негізделе   отырып,  өнім шығаратын  жеңіл индустрияның  үлес салмағы да   ұлғаяды.  Кәсіпорындарды   қайта  құру мен   жаңарту кезінде   тұрғын үй  құрылысы мен  жөндеу және құрылыс жұмыстарының   көбеюі   салдарынан  құрылыс  индустриясының  да  үлесі   артады. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда  металл  үнемдейтін  жаңа технологияларды пайдалану   нәтижесінде  қара және  түрлі  түсті  металлургия.

Салаларының   жалпы   индустрия   құрылымындағы  үлесі  де  азая түседі.

Алдыңғы қатарлы   индустрия   салаларында   қара және  түсті  металлургия, химиялық отын-энергия   кешендері,  экономикалық  лас  технологияларды,  моралды  және   физикалық  ескерген  құрал – жабдықтарды  қолданудағы   пайыз өте жоғары, шикізат   боз ағынның  өзіндік   дамудағы   айқын артта  және   табылатын  руда  сапасының  нашарлауы  байқалды.

Бүгінгі таңда  еліміздің   тауар түріндегі  темір  рудасына   деген қажеттілігі  Соколов – Сарыбай  кен орындарында  өндіріс   көлемінің  төмендеуі  және  кейбір  экономикалық  тұрғыдан  тиімсіз  кемшіліктердің  жабылуы   салдарынан  толығымен қанағаттандырылмауда.  Дегенмен, Ресей, Иран, Қытай, Германия секілді  елдердің   қатысуымен  Қашар және  Атасу  тау-кен  байыту   комбинаттарын  дамыту және  Лисаковск  ошағын  іске  қосу   арқылы   осы шикізаттың  өндіріс  көлемін арттыруға   шынайы мүмкіндік   тудырып отыр. Алалмыш  салалардың  құбырлар мен  қара металлдардың  прокат  өндірісін  еліміздің   қажеттілігіне   сай кеңейту  үшін  шикізат   түріндегі   темір  рудаларының   сапасын көтеру керек. Бұған келешекте  «Металл  Стил Теміртау» А.А.Қ-ын шикізат  түрінде   темір рудаларын  өндіріске   мамандыру және   екінші   қара  металлдардың  қолданысын  арттыру  қол жеткізуге  болады. Ал бұл өз кезегінде, ресми  құжаттардың дәлелдеуі бойынша, қара металлургия индустриясының энергия және материал сыйымдылығын төмендетіп, экономикалық ахуалды жақсартуға жағдай жасайды.

Хром рудалары мен мырыш индустриясының ең басты мәселесі – осы металдардың өндіріс көлемін арттыру және олардың негізінде темір қоспаларын, мырыш диоксидін, құрғақ үимиялық элементтерді және басқада жоғары технологиялық өнімдерді өндіру үрдістерін ұйымдастыру болып табылады. Осы мәселен шешу арқылы қара металургшияның мқоспалы шикі заттарын қолдану тиімділігін арттыруға болады.

Шикізат базасын тұрақтандыру мен оны жақсарта отырып, одан әрі дамыту түрлі түсті металлургия индустриясындағы ең басты мәселенің негізін құрайды. Аталмыш саладағы өндіріс көлемін ұлғайту үшін шикізаттарды қайта  өндеу мен балқыту шараларындағы терендігін арттыру, яғни мтитан негізінде түрлі түсті металл прокатының, жұқартылған мыстың, қапталмаған және эмальденген сымдар мен кабельдердің өндірісін құру тиімділігімен анықталады.

Түрлі түсті металлургияның шикізат базасын жетілдіру үшін отандық титан және қалайы кеніштерін игеруді бастап, Ақтөбе және Павлодар обылыстарындағы кен орындары есебінен «Балхашево» өндірістік бірлестігін шикізатпен қамтамасыз ету және Қоңырат бірлестігінің дәстүрлі кен аймақтарын қайта құра отырып, жаңа кен орындарын игеруді жалғастыру мүмкіншіліктері қарастырылғаны жөн. Қорғасын және мырыш индустриясын дамыту үшін Шығыс Қазақстандағы бірқатар жаңа кен орындарын іске қосып, Жәйрәм және Шалқия кеніштеріндегі өндірісті арттыру және Ащысай мен Текелі комбинаттары төңірегінде барлау жұмыстарын жүргізу керек.

Бақыршы, Васильковск және Ақбақай комбинаттарының өндіріс қуаттарын тез арада іске қосу және мемлекеттік емес кәсіпорындарға өздеріне тиесілі кен орындарында өндіріс көлемін ұлғайтуына жағдай жасау есебінен алтын кен  индустриясының шикізаттың базасын кеңейту қажет. Осының негізінде еліміздегі өңдеуші өндірістердің қуатын арттыра отырып, бағалы металдардың мемлекеттік қорын ұлғайтуға болады.

Түрлі-түсті металлургия саласын дамытудағы ең басты міндет – республикамыздағы сирек кездесетін және шашыраңқы орналасқан қазба байлықтар өндірісіне қажетті шикізаттар қорының отандық кәсіпорындарын құру арқылы осы металдарды әуеліде сыртқы нарықта, кейіннен ғылым сыйымды жаңа индустрия салалары пайда болғаннан соң ішкі анрықта өткізу болып табылады. Павлодарда орналасқан алюминий зауытындағы глинозем өндірісінің негізінде темір күйіндегі алюминий, алюминий прокаты және қоспаларының өндірісін құру мәселесі біртіндеп жүзеге асырылғаны жөн. Себебі, аталмыш өнімдердің өндірісі шамадан тыс энергия сыйымдылығымен ерекшелетіндіктен және ішкі нарықтағы сұраныстың шектеулігіне байланысты, қазіргі таңда оларды аз шығын жұмсай отырып Ресейден тасымалдауға болады.

Қара және түрлі түсті металлургия өндірісін дамыту үрлісі металл өңдеуші қуаттарды тиімді қолдану мен арттыруға ғана емес, сондай-ақ оларды дер кезінде материалды-техникалық құралдармен қамтамсыз етуге де тікелей байланысты. Бұл үшін отандық машина жасау саласын сапалы жаңа деңгейге жететіндей етіп қайта құру сұрақтары қарастырылуы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. [25-26].

КЕҢЕС Одағы дәуірінде еліміздің машина жасау индустриясы жалпы одақтың мұқтаждықты қанағаттандыруға маманданып, басты машиналар мен құрал-жабдықтар түрлерінің өндірісіне аса мән бергемен еді. Осының салдарынан аталмыш салада қалыптасқан құрылым барынша қиғаштанып, бір жақты ғана дамығандыү

Еліміздегі ауыр және энергетикалық машина жасау индустриясы төрт бағытта, атап айтқанда, тау-кен және металлургия саласына қажетті машиналарды жасауға және турбиналарға қажетті құрастырушы бұйымдар мен қосалқы бөлшектерді дайындаумен айналысты. Осы индустрияның құрамына көлік құралдарының өндірісі, оның ішінде тиеу-түсіру құрылғыларын жасау саласы енгізілмейді.

Электротехника индустриясы электротехникалық машиналар мен құрал-жабдықтар өндірісі, кабель өнімдері өндірісі, электр изоляциялық бұйымдар өндірісі және аккумулятор мен элемент өнімдері өндірісі секілді төрт бағытта жұмыс істеді. Аталмыш салада жарық техникалары мен құрал-жабдықтарын, автоматтандырылған электр желілерін, электрлі машиналар мен басқа да көптеген озық үлгідегі электротехникалық бұйымдарды жасау өндірістері секілді басты салаларға назар аударылмады.

Химия және мұнай индустриясына қажетті құрал-жабдықтар мен машиналар жасау саласы химиялық аспаптарды, мұнай кәсібі мен бұрғылау және геологиялық барлау жұмыстарына қажетті құрал-жабдықтар, сорғыларды және индустрияда қолданылатын құбыр желілері  мен аспаптарын шығаруға бағытталады.

Станок жасау индустриясы темір соғатын және қысыммен материал өңдейтін машиналарды метал кесетін станоктарда және ағаш өңдейтін аспаптарды жасауға негізделген, жалпы машина жасау саласында пайдаланылатын өнімдерді дайындауға мән берілмейді.

Құрал жасау индустриясы механикалық тетіктер мен электр қуаттарын өлшеуге және технологиялық үрдістерді реттеу мен бақылауға арналған аспаптарды және медициналық жабдықтарды өндіруге бағытталады. Қазақстанда автомобиль өндірісі тіпті дамымады, тек жеңіл және ауыр жүк машиналарын, автобустар мен троллейбустарды жөндеуде қолданылатын қосалқы бөлшектер мен құрастырушы бұйымдарды дайындау мен жинақтау және көліктер мен тракторларға тіркемелер жасау өндірістері аз ғана қуатпен жұмыс істеді.

Трактор, ауыл шаруашылығы машиналарын және мал шаруашылығы мен жем дайындау индустриясына қажетті машиналарды шығаруға бағытталған трактор және ауылшаруашылық машиналарын жасау өндірісі еліміздегі машина жасау индустриясының ең дағдарысты саласына айналды.

Құрылыс материалдарын және жол жөндеу мен комуналдық қызмет көрсету салаларында қолданылатын құрал-жабдықтарды жасау индустриясы төрт негізгі бағытта, атап айтқанда, жол жөндеу мен жер қазуға арналған машиналарды, құрылыс материалдар өндірісіне қажетті құрал-жабдықтарды және коммуналдық шаруашылықтар мен тұрмыстық қызмет көрсету мекемелеріне арналған. Құралдар мен аспаптарды шығаруға негізделеді. [27-28]

Қазақстанның оңтүстігінде қолдан суарылатын жер шаруашылықтары мен қожалықтарының дамығандығына қарамастан, жер өңдеуге арналған техникалар өндірісі құрылмаған. Елімізде индустрия және тұрғын үй мақсатында көптеген құрылыстарды салу кеңінен алға қойылғанымен, осындай құрылыстарға қажетті технологиялық құрал-жабдықтар жеткілікті мөлшерде өндірілмеген. Ал жеңіл және тамақ индустриясындағы қажетті техникалар мен өндірістік үрдістерді механикалардыру құралдарының өндірісі тіптен іске қосылмаған.

Осыған қарамастан жоғарыда аталған машиналар мен құрал-жабдық түрлерінің өндірістерін қамтитын машина жасау индустриясының үлестік салмағы 1990 жылы еліміздегі индустриялық құрылымның 16 пайызын құрай түсті. Ал бүгінгі таңда 2,4% үлеспен аталмыш құрылым соңғы орындардың біріне орналасты. Тіпті жыл өткен сайын үлестік салмағының төмендеуіне байланысты машина жасау өндірісінің өкілдеріне деген ішкі сұраныс импорт тауарлары есебінен қамтамасыз етіле бастады.

Сондықтан да машина жасау кешенін әлемдік стандарттар мен жоғары сапаа сай озық техникаларды шығаруға бағыттайтындай етіп қайта құруды және түрлендіруді қарастыратын даму стратегиясын жасалуы басымдық негіздегі сұрақтардың бірі болып табылады. Еліміздің машина жасау индустриясындағы ең маңызды салалардың құрамына трактор жасау өндірісі мен осы өндіріске қатысты өзге де салаларды, тау-кен индустриясы мен темір жол шаруашылығына арналған машиналар шығару мен комбайн жасау өндірістерін, мұнай-газ және мұнай өңдеу кешені үшін машина өндірісін, электронды және электротехникалық өнімдер шығару саласын енгізу қажет. Ал жоғары технологиялық өнімдердің макротехнологиялық сериялы өндірістерін құру осы саланың ең басты міндеттерінің біріне айналуы тиімді болып саналады.

Әзірге икемді өндірістік жүйелерді пайдалану есебінен аталмыш өнімдердің сериялы өндірісі АҚШ пен Ресейде сәйкесінше 80 және 20 пайызды құрса, елімізде мұндай өндіріс тіптен дамыған қалпында қалып отыр.

Сол себептен Қазақстан республикасының кешенді индустриалды- инновациялық қызмет шеңберінде жаңа инновациялық және инвестициялық бағыт еліміздің төртінші, одан кейін бесінші технологиялық деңгейлерге өтуін тездетуге мүмкіндік береді. Бұл үшін институционалды инфрақұрылымды орнатуға, индустриалды- инновациялық қызметке қатысты әр түрлі субьектілердің бірге жұмыс істеуіне жағдай жасауға, осы салада бәсеке ортасын қалыптастыруға және шағын инновациялық кәсіпкерлікті құруға бағытталған іс- шаралар кешенін тез арада шешу уақыт күттірмеитін мәселелердің бірі болып табылады. Мұндай шараларды атқару үшін шетелдік және отандық инвесторларды мүмкіндігінше көптен тартқан жөн, Индустрил құрылымын айтарлықтай жағымды өзгерістермен толықтыру және еліміздің тұрақты экономикалық өсуіне қолайлы шарттар қалыптастыру үшін аса маңызды салаларға ноу –хау және жаңа технология мен құрал жабдық түріндегі шетелдік инвесторларды тарту қажет. Алайда іс жүзінде шетелдік инвестициялар әзірше мұнай- газ өндірісімен тау- кен индустриясына құйылуда.

Индустрил құрылымын тиімді бағытта қайта құру үшін жоғарғы деңгейдегі мемлекеттік реттеу тетіктері мен бақылау қызметтерін пайдалана отырып, шетел инвестицияларын еліміздің экономикасын көтеру мен қайта құруды және оның тиімді түрде әлемдік нарыққа енуіне мүмкіндік беретін ғылым сыйымды өндірістер мен алдыңғы қатарлы салаларға бағыттау мақсатында кепілдіктер мен жеңілдіктер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         2.2 ҚР-да индустриалды-инновациялық стратегия жузеге асуы туралы

 

 Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы» Қазақстан халқына жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.  Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
      Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.[18]Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi — ­ЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы ­аламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.  Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделiп отыр. Бұл ретте осы институттар қосылған құны жоғары жаңа өндiрiстердi құруға және олардың жұмыс iстеп тұрғандарын дамытуға және келелi салаларды кешендi талдау, олардың ең маңызды элементтерiн анықтау негiзiнде ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулер мен әзiрленiмдерге қолдау көрсетуге инвестициялау саясатын жүргiзетiн болады.
      Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметтi ынталандыруға бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi көздейдi. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қаржы рыногын одан әрi дамыту және фискалдық, бiлiм бepу, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетiлдiру көзделiп отыр. Стандарттау саясаты шеңберінде экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдiк

 стандарттарға көшу көзделуде.Стратегияны ойдағыдай iске асыру экономиканың адам капиталын, өндiрiлген және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға негiзделген тұрақты өркендеуiне алып келетiн оның құрылымында сапалы өзгерiстер жасауға, Қазақстанның әлеуметтiк дамудың және қоғам құрылысының сапалық жаңа деңгейiне шығуына ықпал етуi керек. Экономиканы мемлекеттiк реттеу әдiстерi мен тетiктерiн жетiлдiру жөнiндегi жекелеген ұсыныстарды негiздеу үшiн Стратегияның тиiстi бөлiмдерiнде импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған саясатты iске асыру жөнiндегi шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық саясаттың әрқилы түрлерi мен кезеңдерi, сондай-ақ әлемдiк рыноктарда бәсекелестiк артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн факторлар келтiрiлген.

                                                                                                                      2 -кесте                                                                                                                                 

                       Индстриалды саясаттын инструменттері       

 

Қаржылық құралдар

Технологиялық дамуды ынталандыру

· Мемлекет инвестициялық, инновациялық фонд пен Даму банкімен бірлесе инвестор болады

· Экспортты сақтандыру

· Займдардың әртүрлілігі

· Салалық аймақтық жобалық фондтар

· Көп деңгейлі ақпараттық инфрақұрылымды құру

· Несиелік кепілдіктер

· Салықтық жеңілдіктер

· Лизинг

· Бюджеттен тыс инвестициялық қаражатты ынталандыру

· Ғылыми-техникалық салада мемлекет пен бизнестің әріптестігі

· Ғылыми жобалардың конкурсы

· Технопартер кластерлері

· Кеңес беру және инжинирингтік қызметтер

· Шетелдік әріптестермен бірге жоғары технологиялық ғылыми зерттеу орталықтары

· Интеллектуалдық меншік пен авторлық сыйақыға құқық алу процедураларын қорғау мен оптимизациялау

· Сапа стандарттары

· Өндірістіэколгияландыру

Дерек көзі:МукановД.Индустриально-инновационное развитие Казахстана

потенциал и механизмы релизаций-Алматы: Дайк –Пресс,2004.-С.22

 

 Жалпы алғанда Стратегияны iске асыру нәтижесiнде 2015 жылға қарай ел экономикасы сервистiк-технологиялық дамуға өтуге дайын болуы керек. Стратегияның мақсаты, мiндеттерi және оны жүзеге асыру қағидаттары Индустриялық саясат дегенiмiз мемлекеттiң бәсекеге түсуге қабiлеттi және тиiмдi ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшiн кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенiн бiлдiредi.
      Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттiк стратегиясы 2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған стратегиялық жоспарда белгiленген мақсаттарға қол жеткiзудi қамтамасыз етуi, сондай-ақ одан кейiнгi жылдары қазақстандық экономиканың сервистiк-технологиялық бағыттылығын қалыптастыру негiздерiн құруы тиіс.  Стратегияның басты мақсаты шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады.
      Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс.
      Экономиканың шикiзаттық секторын дамыту Үкiметтiң салалық және секторлық стратегиялары бойынша жүзеге асырылады.Стратегияның мiндеті:
      өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4 % мөлшерiнде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету;  өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру;
кәсіпкерлiк ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды ынталандыратын әрi бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн қоғамдық институттарды ұстау, қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып, нақты өндiрiстерде қосылған құн тiзбегiндегi элементтердi игеру;
ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа негiзделген өндiрiстер құруды ынталандыру; елдiң экспорттық әлеуетiн қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердiң мүддесiне қарай әртараптандыру; сапаның әлемдiк стандарттарына көшу; дүниежүзiлiк ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосылу арқылы әлемдiк шаруашылық жүйесiне және өңiрлiк экономикаға ықпалдасуды үдету болып табылады. 

Iске асыру мерзiмi    2003-2015 жылдар
                      1-кезең — 2003-2005 жылдар
                      2-кезең — 2006-2010 жылдар
                      3-кезең — 2011-2015 жылдар

        Қажетті ресурстар: Стратегияны iске асыруға жұмсалатын және қаржыландыру     инвестициялық сипаттағы тiкелей шығындардың көздерi болжамды көлемi жылына 1,2 млрд. АҚШ долл. құрайды. Бұл ретте Стратегияны iске асыруға жұмсалатын мемлекеттiк шығындардың құны 2002 жылғы бағалармен жылына 260 млн. АҚШ долл. құрайды. Республикалық және жергілiктi бюджеттерден қаржыландыру көлемi тиiстi жылға бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады. Стратегия iс-шараларын қаржыландыру үшiн Даму банкiнiң, Инвестициялық қордың, Инновациялық қордың қаражаты тартылатын болады. Бұл ретте жаңа инвестициялық және инновациялық институттарды құру iрi қаржы ресурстарын iздестiрудi қажет етедi.

Күтiлетiн нәтижелер: Индустриялық-инновациялық саясатты белсендi жүргiзу экономиканың өсу қарқынын жылына кемiнде 8,8-9,2 % қамтамасыз етедi. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖIӨ көлемiн 3,5-3,8 еседей ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4 %-ке дейiн жеткiзуге, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыруға және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендетуге мүмкiндiк бередi. Стратегияны iске асыру нәтижелерi 2015 жылы мұнай, газ кен орындарын қарқынды игеру жағдайында экономиканың және өнеркәсiптiк өндiрiстiң құрылымын түбегейлi өзгерiске ұшыратпайды.
Стратегияны iске асыру: ЖIӨ құрылымында өнеркәсiптiң үлестiк салмағын 2015 жылы 46,5 %-тен 50-52 %-ке дейiнгi мөлшерде ұлғайтуға; ЖIӨ құрылымында ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтiң үлестiк салмағын 2000 жылғы 0,9 %-тен 2015 жылы 1,5-1,7 %-ке арттыруға; ЖIӨ құрылымында өңдеушi өнеркәсiп үлесiнiң төмендеу қарқынын 2000 жылғы 13,3 %-тен 2015 жылы 12-12,6 %-ке дейiн төмендеуiн бәсеңдетуге (салыстыру үшiн бұл көрсеткiш индустриялық саясат жүргiзiлмесе, 2015 жылы 10,9 %-тi құрайтын едi). Сонымен қатар Стратегия iске асырылмаса, өнеркәсiптiк өндiрiстегi кен өндiру салаларының қосылған құнының үлесi, оның iшiнде мұнай өндiру 2000 жылғы 31,0 және 25,6% қарағанда 2015 жылы тиiсiнше 55-56 % және50-51 %-ке жетуi мүмкiн. Стратегияны iске асыруды есепке алғанда кен өндiру кәсiпорындары 46-47 %-тi ғана құрайды. Бұл ретте ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық өндiрiс орындарының үлесi 2000 жылғы ЖІӨ 0,1 %-нен 2015 жылы 1-1,4 %-ке дейiн артады. Өңдеушi өнеркәсiптiң қосылған құнының құрылымында сапалық өзгерiстер болады. Металлургияның және металдарды өңдеу үлесi өңдеушi өнеркәсiптiң қосылған құнының жалпы көлемiнiң 40,1 %-нен 27-28 %-ке дейiн төмендейдi, ал ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу үлесi 38,1 %-тен 45-46%-ке дейiн өседi. Бұл ретте ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялы өнiмнiң үлесi 2000 жылғы 0,6 %-пен салыстырғанда 9-11 %-тi құрайды[18].

      Стратегия мынадай қағидаттарға негiзделедi:
     — жеке сектормен серiктестiк;
     — инвестициялық және инновациялық ұсыныстардың өнеркәсiптің шикiзаттық емес салаларында өндiрiлетiн тауарлар мен қызметтердiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыруға бағытталуы;
     — өнеркәсiптi жаңғыртуға, оларға қолдау көрсету жөнiндегi рәсiмдердiң жариялылығы мен ашықтығына бағытталған жобаларды iске асыруға мемлекеттiк қаржылық және өзге қолдау көрсету;
      — қосылған құн тiзбегiн дамытуды қамтамасыз ететiн салаларға мемлекеттiк қолдау көрсету шараларының кешендi сипаты;
     — тең бәсекелестiк жағдайларды және салауатты бәсекелестiк ортаны қалыптастыруды қамтамасыз ету;
     — қандай да болсын жеке сипаттағы жеңiлдiктерден және преференциялардан бас тарту;
      — индустриялық саясаттың бәсекелестiк артықшылықтарды қалыптастыруға бағытталуы.
      Аталған қағидаттар сақталғанда және экономика құрылымында түбегейлi сапалық өзгерiстер болғанда, ол әртараптандырылған кезде алға қойылған мақсаттар мен мiндеттердi шешу Қазақстанда тұрақты экономикалық дамуға қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.  Экономиканың нақты секторы.2008 жылғы қаңтар-желтоқсандағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 10188.4млрд. теңгені құрады,бұл 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 2.1 көп .2007жылғы осы кезеңмен салыстырғанда кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 5,3%-ға, электр энергиясын,газ бен суды өндіру және бөлуде –6,4%-ға өсті,өңдеу өнеркәсібінде 2,6%-ға азайды 

 

Өндірістің физикалық көлем индекстері

 көзі:ҚР-ның Статистикалық агенттігінің ресми сайты.www.stat.kz

1-сурет.

Кен өндіру өнеркәсібінде 6271млрд тенгенің өнімі өндірілді.Бұл 2007 жылғы сәйкес кезеннен 5,3-ға жоғары Мұнай өндіру негізінен Атырау кәсіпорындарының есебінен артты .Сондай-ақ табиғи газ,көмір, мыс қойыртпаларының өндірісі өсті.Шығыс Қазақстан облысында қорғасын-мырыш кенін,Қостанай облысында темір кені және темір кенді шекем тастар щығару төмендеді.

2007жылғы осы кезеңмен салыстырғанда , электр энергиясын,газ бен суды өндіру және бөлуде –6,4%-ға өсті.Суды,жинау тазалау мен бөлу 11.2-ға, , электр энергиясын өндіру және бөлуде 6.6-ға,бумен ыстық сумен жабдықтаудың 4.3-ға көлемдері өскен. Кен өндіру өнеркәсібіндегі өсу қарқынының 2,8 %-ға дейін төмендеуіне және өңдеу өнеркәсібіндегі өндіру көлемінің 4,1 %-ға қысқаруымен байланысты 2009 жылы өнеркәсіп өнімдері көлемінің өсу қарқыны 0,4 %- ға төмендейді. Кен қазу өнеркәсібіндегі өндірістің өсуі негізінен 2009 жылы мұнай өндіру көлемінің 7,5 %-ға артуымен қамтамасыз етіледі. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндірудің қысқаруы негізінен металлургия өнеркәсібіндегі өндірудің қысқаруымен байланысты болып отыр. 2008 жылдың аяғында басталған әлемдік сұраныс пен тұтынудың елеулі қысқаруына байланысты, қара металлургия өнімдерін өндіру болжам бойынша 30%-ға дейін, түсті металлургия 2 %-ға дейін төмендейді. Құрылыста 2009 жылы 2 %-ға дейін төмендеу болжамдануда.

         Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің 2006 және 2007 жылғы Халыққа жолдауларында қолданбалы ғылымды өндіріс пен бизнеске жақындату керектігін, әсіресе ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жекеменшік сектордың үлесіне тиесілі болу қажеттігін баса көрсеткен болатын.

 Осы тұрғыда елімізде көптеген игі бастамалар қолға алынып та үлгерді. Айталық, «Парасат» холдингі өндіріс пен мемлекеттің ғылыми зерттеулерге тапсырысында «байланыстырушы арнасы» ретінде құрылып, холдингтің ғылыми ұйымдары мен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қызметін атқарады. Содай-ақ, өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірісіне ғылыми зерттеулердің озық нәтижелерін іске қосуда ынтымақтасуды көздеп, қазақстандық экспорт өнімдерінде жоғары технологияның өнімдерін арттыруды мақсат тұтады.

Ғылыми-технологиялық саладағы мемлекет пен жекеменшік салалардың өзара серіктестігі механизмдерін пайдалану ғылыми кәсіпорындардың ұйымдастыру-құқықтық формаларын өзгерту арқылы оларды акционерлік қоғамдарға айналдыру нәтижесінде мүмкін болды. Мемлекет экономиканы тек қана саяси тұрғыда басқарады, ал өнеркәсіптік активтер бойынша менеджер функциясын жекеменшік сектор мен ұлттық компаниялар атқарады. Осыған сәйкес, ғылым да табиғи технологиялық дамуында сол ғылым жемісін пайдаланатын тұтынушылармен бірдей құқыққа ие болуы қажет.

«Парасат» холдингі 2008 ж. 3 шілдеде ҚР үкіметінің қаулысымен жүз пайыздық мемлекеттік акция пакетімен құрылған болатын. Холдингтің негізгі қызметі Қазақстанның ғылыми-технологиялық дамуына қолайлы жағдай туғызу.

2008 ж. 21 тамызында Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қостанай қаласында өткен мәжілісте «жоғары технологиялық және инновациялық үлесі мол жобаларды таңдау» бойынша шаралар қабылдау қажеттігі жөнінде айтқан болатын. Сол себепті де елімізде құрылған «Парасат» холдингінің басты мақсаты болып серпінді ғылыми және инвестициялық жобаларды іске асырып, алдыңғы қатарлы ғылыми жетістіктер нәтижелерін ұлттық экономиканың әртүрлі секторларына енгізу табылады.

Аталған холдингтің компанияларының құрамына бес заңды тұлғалар: АҚ «Жер, металлургия және байыту туралы ғылыми орталығы», АҚ «Фитохимия ғылыми-өндірістік орталығы», АҚ «Ғылыми қоры», АҚ «Ғылыми-техникалық ақпарат ұлттық орталығы», АҚ «Ақпараттандыру ұлттық орталығы» кіреді. Холдинг ғылыми-инновациялық қызметтің – ақпараттан бастап зерттеулерге дейін және олардың нәтижелерін өндіріске ендіру сияқты – барлық аспектілерін қамтиды. 

«Парасат» холдингінің құрылуымен қатар жекеменшік сектор да өзіне ашылған жаңа мүмкіншіліктерді түсініп отыр. Бүгінгі күннің өзінде холдинг «Атамекен одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасымен» ынтымақтастық жөнінде меморандум қабылдады. Энергияны үнемдеу мен энергетикаға тәріздес бойынша ғылыми зерттемелерді іске қосу дайындалып қойды. «Қазатомөнеркәсібі» компаниясымен бірлескен ғылыми-техникалық жобалар тізімі мақұлданды. Олардың ішінде уранды жерасты сілтісіздендірудегі қалдықтардан рений мен сирек кездесетін элементтерді шығару жобасын іске асыру көзделуде[34].

«Парасат» холдингінің алғашқы көрнекті нәтижелерінің бірі болып тау-кен кәсіпорындарында пайдалы қазбалар алуда қолданатын минералдар негізінде жасалған ампулалар өндіру табылады.  

«Қазақмыс» корпорациясы үшін холдинг институттары кейбір технологиялық үдерістерді жетілдіруге, алынатын өнім көлемін арттыруға, қалдықтар құрамында қалып қоятын құнды құрауыштар көлемін азайтуға арналған регламенттер дайындап берді. Мұндай жұмыстар АҚ «Алтыналмас», АҚ «Өскемен титан-магний комбинаты» үшін де жүргізілді.

Холдингтің құрылуына аз-ақ уақыт өткеніне қарамастан, қыруар жұмыстар жасалынып жатыр. Инновациялық салаларда жұмыс жасайтын компаниялар дағдарыстарға төтеп бере алатындығын тарихтан көруге болады. Мәселен, 1998 жылғы азиаттық қаржылық дағдарысқа төтеп бере алған компаниялардың 41% инновациялық технологияларды пайдаланған болатын. Ал бүгінгі таңда дүниежүзін шарлаған экономикалық дағдарысты көптеген көреген экономистер мен қаржыгерлер инновацияны дамытуға үлкен түрткі болады деп пайымдайды. Бұл дағдарыс алыпсатарлық экономиканың күйрегенін көрсетеді. Ғылыми-техникалық зерттемелерге бай қазақстандық ғылым үшін мемлекет пен жекеменшік серіктестік арқылы өзара тиімді негізде бизнес үшін қажетті болу мүмкіндігі туындап отыр.[19]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               2.3 ҚР-да индустриалды даму саясатын жетілдіру жолдары

 

 

Бәсекеге қабілетті өнеркәсіптің индустрялық денгейін көтерудің негізгі тетіктеріне өнеркәсіптің өндеуші салаларының инвестициялық тартымдылығын көтеруге қолайлы жағдай жасау монополиға қарсы шараларын тиімділігін көтеру тауар нарығында монополиялық құрылымдардың пайда болуына тосқауыл қою өнеркәсіптің бәсекеге қабілетті өндеуші салаларын көтеру үшін селективті түрде преференциялар беру   бәсекелес ортаны қалыптастыру және қолдаудың тиімді механизмі ретінде сауда биржасын ұйымдастыру арқылы бюджетке салықты түсіруді көбейту мүмкіндіктерін ашу ішкі нарыққта демпингтік бағалармен күрес жүргізу бақылау әдістерін жетілдіру, кәсіпкерлердің табысынан бірнеше есе асатын айыппұл мен өсім салуға шек қою, демпингке қарсы іс қозғау ұйымдарын ұйымдастыруды жүзеге асыру, өнеркәсіп кәсіпорындарында менеджмент деңгейін көтеру, өнеркәсіпті индустрияландыруда ерекше кедергі түрі болып саналатын «көлеңкелі экономикаға» және жемқорлыққа қарсы аяусыз күрес жүргізу, ірі ұлттық компаниялардың табысының шетелге ағылуына тоскауыл кою жатады. Осы тарауда мемлекеттік инновациялық дамыту бағдарламасының негізінде өнеркәсіптің өрбір саласына қатысты арнайы инновациялық дамыту бағыттарын анықтау керектігі жөнінде үсыныстар берілді.

Өнеркәсіптің индустриялық деңгейін котерудің экономикалық механизмі дегеніміз сұранысты қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті ғылыми жаңалығы жоғары өнім өндіруге бейімді өнеркәсіп секторлары мен салаларын қайта индустрияландыруды жеделдету мақсаттарын айқындайтын және оған жетуді ынталандыруды үйымдастыратын экономикалық тетіктердің жиынтығы болып саналады. Экономикалық механизмнің негізіне қоғамның экономикалық және әлеуметтік, саяси дамуын анықтайтын басымдылықтарды белгілеу жатады. Экономикалық механизмнің өміршеңдігі мен тиімділігі — жоғары табысқа жетуді ынталандыратын мотивтердің жүйесін құру болып табылады.

Өнеркәсіптің индустриялық деңгейін көтерудің тиімді экономикалық механизмі:

біріншіден, халықаралық келісім-шарт қатынастарына сай сыртқы нарыққа өнім өндіру, жеке тұтынушылық пен мемлекеттік тапсырысқа сәйкес ішкі нарық сұранысын, экономиканың, аймақтың және жеке адамдардың сұраныстарын қанағаттандыру;

екіншіден, өндірісте тұтынушыға кажетті соңғы өнім өндіруді көздеу;

үшіншіден, мемлекеттік реттеу, қолдау және кәсіпорынның мүддесін қанағаттандыратын шаралар үйлесімділігін қамтамасыз ету;

тертіншіден, өнеркәсіптік және техникалық өндірісті ұтымды үйымдастыру, мемлекеттің қаржы ресурстарын өнеркәсіп салаларын дамытуда тиімді қолдану;

бесіншіден, инновациялық жаңалықтарды енгізуді ынталандыру, техника мен технологияның жаңаша үлгілерін экономикаға енгізу, сала ішіндегі жөне салалар арасында инновациялық технологияны бөлуде мемлекеттік саясатты белсенді жүргізу;

алтыншыдан, өндірісті реконструкциялау, жаңғырту шараларын жүргізуді қаржыландыру сияқты маңызды мәселелерді басты мақсат етіп қою жатады.[34]

Өнеркәсіптің инвестициялық белсенділігін көтерудің экономикалық механизмі өндеу салаларын инвестициялау үшін қажетті салық, бюджет және қаржы-несиелік реттеу күралдарының

бүкіл жиынтығын қамтиды, сөйтіп ол өндірістік, делдалдық, коммерциялық және инновациялык технологияға негізделген өндірісті инвестициялауға мүмкіндік береді. Экономиканың өсу жағдайында бүл механизм мынадай бірнеше бөлімнен түрады:

  • өнеркәсіпке бағытталған бюджеттік қаржыны ұтымды бөлу және тиімді пайдалануға ықпал ететін экономикалық тетіктер мен үйымдастыру шараларын үйымдастыру,
  • өндеу өнеркәсібінің инвестициялық қаржылық базасын қүру;
  • кәсіпорындар мен үйымдардың өз қаржыларының өсуіне ықпал экономикалық тетіктерін анықтау;
  • жеке кәсіпкерлердің инвестициялық белсенділігін ынталандырудың экономикалық механизмін әзірлеу;

— өнеркөсіпті дамытуда халықтың жинақтауларын пайдалану құралдарын анықтау;

— тікелей шетелдік инвестицияларды өңдеу өнеркәсібіне тарту шаралары,

— бағалы қағаздар нарығын дамыту және тағы басқа қаржыландырудың нарықтық көздерін анықтау.

Фискалдық жүйені мемлекеттік рееттеу механизміи жетілдіру аркылы өнеркәсіп кәсіпорындарының инновациялық дамуы үшін мемлекет тарапынан қаржы және салық жеңілдіктерін беруді қажет етеді. Басым бағыттағы салаларға жеңілдетілген корпоративті табыс салығын салуды қайта қолға алу және өндеу салаларына үзақ мерзімді салық демалыстарын енгізу, оны беру механизмін анықтау, жаңа өнім түрлеріне қосылған құн салығынан белгілі бір мерзімге босату, жаңа техника мен технологияны игеруге байланысты жұмыс түрлерін кеңейтуде табысқа салынатын салықты алып тастау, жоғары технологиялық және ғылыми камтымды құрал-жабдықтарды кеден алымынан босату жоне т.б. шараларды жүргізумен тығыз байланыста болады. Қазіргі кезде Қазақстандағы салық реформасы бюджеттің кіріс бөлігінің негізгі көзі болғанымен, экономикалық реттеудің тиімді механизмі бола алмай отыр. Қазақстандағы қолданыстағы Салық кодексі онеркәсіптік кәсіпорындарды ұдайы өндіріске ынталандыру үшін салық ауыртпашылығын томендетуге бағытталуы тиіс[34].

Салық саясатындағы мемлекеттік реттеудің ұтымды механизмі өнеркәсіпке салық салуды әрі қарай жетілдірдіру және халықаралық стандартқа сәйкестендіру, басым бағыттағы салаларды дамытуға қаржыларыи салуды өндеуші сектордың өндірістеріне салық салу жеңілдіктерін беру, өнеркәсіп кәсіпорындарының қарыздарының себептерін анықтау үшін қаржы жағдайын талдау арқылы каржылық көмек көрсету сияқты шаралар тиімділігін көтеруі тиіс.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың сырткы экономикалық байланыстарын дамытудың экономикалық механизмі өнеркәсіптің сырткы сауда құрылымында өндеуші салалардың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өнімдерін біртіндеп арттыру арқылы өндірістің тауар құрылымын жетілдіру, импорт алмастыру стратегиясын тізбекті түрде жүргізу, сыртқы саудадан сыртқы экономикалық байланыстардың кешенді жаңаша нысандарына өтуде инновациялық жаңғырту циклдарын толық немесе оның көп белігін қамтуды қарастыру қажет деп санаймыз.

Тарифтік жүйені мемлекеттік реттеу механизмін жетілдіру өнеркәсіпте шығындарды темендетеді. Тарифтік жүйені қолдануда бәсекелік қабілеті жоғары тауарлар мен қызмет түрлерін өндіретін ендірістік көсіпорындарға қолдау керсету қажет. Көлік шаруашылығы, энергетика, газ бен суды өндіретін кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуі өндіруші мен тұтынушы арасындағы арақашықтыққа байланысты болады. Сондықтан тарифті жоғары белгілеу өндеуші өнеркәсіп секторы үшін төлем қабілетінің темендеуіне әсерін тигізді. Тарифтік реттеуде экономиканы құрылымдық қайта құру мен инновациялық саясаттың тиімді қүралы болуына қол жеткізу қажет. Импорттық тарифтердің шектеулі мөлшерлемесін төмендету сұрақтарына өте сақтықпен қарау керек.

Заңнама-қүқықтық жүйені мемлекеттік реттеу механизмі онеркәсіпті жандандыру, индустриялық-инновациялық бағытта дамыту, қүрылымын жетілдіруге бағытталады. ҚР-ның зандары протекционистікті күшейтуге емес, қүрылымдық қайта қүруға ықпал етуге, өндіріс салаларының бәсекелік кабілетін көтеруге, ішкі нарықтағы бәсеке шарттарын қалпына келтіріп қана қоймай, сонымен бірге отандық тауар өндірушілердің мүддесін сыртқы нарықта да қорғауға көмектесуі тиіс. Республикадағы зандарды іске асыру үшін арнаулы атқару жөне бақылау функцияларын орындайтын өкілетті органдар құрылған. Олар демпингке қарсы, қорғау және компенсациялық шараларды қолдану облысында салааралық үйлестірумен айналысады. Дегенмен, осы аталған заңнама-қүқықтық жүйені жетілдіре түсудің өзектілігі басым. Себебі, олардың өндеуші өнеркәсіп кәсіпорындарындағы индустриялық-инновациялық әлуетті көтеруді басты мақсат етіп үстағанда ғана жетістіктерге жетеді [37].

Инновациялық саясатты мемлекеттік реттеу механизмі. Өнеркәсіптегі инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың негізгі нысандарына ғылым мен техника жетістіктеріне сүйеніп, әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге жағдайлар жасау, өндірісті және қоғамды басқарудың әртүрлі салаларында бәсекеге қабілетті, жоғарғы технологиялық өнімдердің басымдылығын қамтамасыз ететін теңдестірілген өндірістік инфрақұрылымдар қүру, инновациялық қызмет   субъектілерін мемлекеттік қолдау жөне инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру, экономиканың жаңа технологиясы жоғары  секторын  қалыптастыру, экспортқа  бағдарланған өндірісті жаңғырту, ғылымның, білімнің, өндірістің және қаржы-несие саласының өзара ықпалдастығын қамтамасыз ету, инновациялық кызмет саласында халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу, ұлттық мүдделерді және санаткерлік меншікті қорғау жатады.

Осы тарауда кәсіпорындардың индустриялық-инновацциялык даму бағдарламасының әдістемесі ұсынылады. Оның негізгі мақсаты ретінде инновациялық жаңалыктардың мазмұнын анықтау, топтау жөне оларға кодтар беру, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жүмыстарды үйымдастыру, өндірісті үйымдастыруда оның техника-технологиялық деңгейін талдау жоне болжау, жаңалықтар мен инновациялар қоржынын қалыптастыру, инновациялық қызметті енгізу және оның тиімділігін есептеу жүмыстарын атауга болады.

Бағдарламаны жүзеге асыру барысында өндірістік кәсіпорындардың техника-технологиялык деңгейін көтеруге. Кәсіпорындардын техника — технологиялық маңызы жоғары инновациялық өнім өндіруін ынталандыруға, білім беру, техникалық акпараттар, ҒЗТЮК жүргізу және оларды ынталандыруға, кәсіпорындарда техникамен қайта жарақтандыру, реконструкция жүмыстарын жүргізуге, инновациялық өнім өндіру үшін кәсіпорынды кеңейту, жаңа цехтар ашу жүмыстарын жүргізуге, кәсіпорындардың өндірістік инфрақүрылымын кеңеиту және жетілдіруге, өндірістік кәсіпорындарда инновациялық өнім өндіруге бағытталған техника-технологиялық кұрылымды қалыптастыруға, инновациялық жаңа өнім түрлерін өндіру үшін ресурстарды, өндірістік алаңдарды тиімді пайдалануға, салалық, саларалық ғылыми-техникалық зерттеу орталықтарынын инновациялық жаңалықтарын кәсіпорындарға енгізу шараларын ұйымдастыру және басқаруға, өндіріске ресурстарды үнемдейтін жаңа технологияны енгізуге, бәсекеге кабілетті өнім өндіру аркылы сыртқы нарыққа шығу жұмыстарын жүргізуге ықпалын тигізеді

Өндеуші өнеркәсіптік кәсіпорынның индустриялық -инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру механизмі

Ол сыртқы және ішкі экономикалық тетіктерден тұрады. Сыртқы экономикалық тетіктерге шикізаттан өнім өндіретін салаларлы дамыту мақсатында әртүрлі жеңілдіктерді беру жолдарын (инвестиция префе-ренциялары, несие пайыздарының төмен болуы және ұзақ мерзімге берілуі, тарифтердің аз болуы жөне т.б.), кедендік баждарды селективті түрде салу және импорт алмастыру саясатын Бүкілөлемдік сауда ұйымына кіруге байланысты жетілдіру тетіктерін ұтымды пайдалану, инфляцияны ауыздықтау тетіктерін пайдалану, салалық амортизациялық саясатты белсенді жүргізу жатады.

Сонымен қатар шетелдік жөне ішкі инвестицияларды тарту, мемлекеттік Даму институттарынан қаржы тарту, әлеуметтік мәні зор ғылыми сыйымды жаңа технологиялар енгізіп кәсіпорындарға субсидиялар беру саналады. Ішкі экономикалык тетіктерге табысты ғылытми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды жүргізуде пайдалану, амортизациялық мөлшерлерді жетілдіру арқылы қор құру, мамандардың біліктілігін көтеру, өнімнің сапасын стандарттау және сертификаттау базасын қүру және енгізу, техникалық реттеу шараларын жүргізу арқылы өнімнің қауіпсіздігін қалыптастыру, ақпараттық менеджментті үйымдастыру, есеп жүргізу, жоспарлау, контроллинг жөне т.б. Мүның бәрі өңдеуші өнеркәсіптік кәсіпорындардың инвестициялык-инновациялық әлуетін көтеруге көмектеседі. Қорыта айтқанда, отандық енеркөсіпті индустрияландырудың жаңа сатысына көтерудің басым бағыттарына оның инвестициялық-инновациялық әлуетін қалыптастыру, тиімді салалық кұрылымын жетілдіру, технико-технологиялық базасын күшейту жатады. Осындай басым бағыттарды жүзеге асыру өнеркөсіптік кәсіпорындардың табысты молайтуына және жаңа нарықтарға шығуына мүмкіндіктер ашады.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Жүргізілген зерттеу нотижесінде келесідей қорытындылар мен үсы-иыстар жасалды:

  1. Экономикалық жүйедегі жаңа қүрылымдық езгерістер мен экономиканың өсу тенденциялары Кеңес одағы кезінде қалыптасқан индустрияландыру үрдістерін калпына келтіруді жоне оны ары карай жеделдету арқылы жаңа сатыға көтеруді басты мақсат етіп қояды. Өнеркәсіпті индустрияландыру үрдістерінің теориялық жоне әдіснамалық негіздерін қалау оны ары қарай дамытуда көмегін тигізеді. Сондықтан да жүмыста индустрияландыру үрдістерінің кезеңдері, сатылары, түрлері, қағидалары мен алғы шарттары анықталып, бір жүйеге келтірілді.
  2. Өнеркәсіпті индустрияландыру үрдісіерін жүргізудің төменгі сатысына кәсіпорындарда инновациялық технологияга негізделген белсенді түрде  жүргізілетін индустрияландыру үрдістері жататын болса, орташа сатыға кен ендіру, өңдеу жөне электр энергиясын, газды жоне суды өндіру және бөлу салалары, ең жоғары сатыға отандық өнеркәсіп жатады. Осы сатылардағы индустриялық деңгейді экономикалық құқықтық механизмдері жүмыста қарастырылды. Ал индустрияландыру үрдістерінің критерийіне қосымша құнды қалыптастыру саналады.
  3. Қазақстан өнеркәсібінің индустриялық деңгейін көтерудің экономикалық және құқықтық механизмдері бойынша ұсыныстар жасалды.

  Заңнама-қүқықтық жүйені мемлекеттік реттеу механизмі бойынша өнеркәсіпті жандандыру, индустриялық-инновациялық бағытта дамыту, құрылымын жетілдіруге бағытталады. ҚР-ның зандары протекционистікті күшейтуге емес, құрылымдық қайта құруға ықпал етуге, өндіріс салаларының бәсекелік кабілетін көтеруге, ішкі нарықтағы бәсеке шарттарын қалпына келтіріп қана қоймай, сонымен бірге отандық тауар өндірушілердің мүддесін сыртқы нарықта да қорғауға көмектеседі.

Инновациялық саясатты мемлекеттік реттеу механизмі

инновациялық қызмет   субъектілерін мемлекеттік қолдау жөне инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру, экономиканың жаңа технологиясы жоғары  секторын  қалыптастыру, экспортқа  бағдарланған өндірісті жаңғырту, ғылымның, білімнің, өндірістің және қаржы-несие саласының өзара ықпалдастығын қамтамасыз ету, инновациялық кызмет саласында халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу, ұлттық мүдделерді және санаткерлік меншікті қорғау жатады

       Салық саясатындағы мемлекеттік реттеудің ұтымды механизмі өнеркәсіпке салық салуды әрі қарай жетілдірдіру және халықаралық стандартқа сәйкестендіру, басым бағыттағы салаларды дамытуға қаржыларыи салуды өндеуші сектордың өндірістеріне салық салу жеңілдіктерін беру, өнеркәсіп кәсіпорындарының қарыздарының себептерін анықтау үшін қаржы жағдайын талдау арқылы каржылық көмек көрсету сияқты шаралар тиімділігін көтеруі тиіс.

Индустрия салаларының құрылымын қайта құру- экономикалық өсудің деңгейіне қарай өзгеріп отыратын маңызды экономикалық және ғылыми- техникалық артықшылықтарды қалыптастыруға және еліміздің әлемдік шаруашылыққа ену қажеттілігі мен шарттарын өзгертуге мүмкіндікті береді. Дәл қазіргі кезеңде мемлекетіміз үшін төмендегідей басымдықтарға негізделген индустриялық құрылымда қайта құру үлгісі аса тиімді болып табылады

— экспортқа бағытталған салалардағы әсіресе, металлургия және отын- энергетика индустрияларындағы соңғы өндірістерді жасау;

— өндіруші саланың индустриалдағы үстемдігін жою;

— өндіріске энергия мен ресурстарда үнемдейтін технологияларды енгізу;

— ғылым сыйымды және аз капитал сыйымды салаларды дамыту;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

  1. Назарбаев Н.   Жаңа   кезең   —   жаңа   экономика   //Егемен
    Казахстан — 2004. — желтоксан.  12б.
  2. Мировая экономика, Учебник /Под ред. проф. А.С. Булатова,
    -М, Юристь, 1999. С. 67- 69, С. 146-147.
  3. Monthly Bulletin of Statistics, P 34-35.
  4. Хан В.А,   Инновации   и   закономерности   экономического
    роста. Казахстан-спектор.- 2003-№4.- С. 40.
  5. Львов Д.,  Дементьев   В.   Новая   промышленная   политика
    России. //Экономист, — -№10. -С. 12.
  6. Пазылхаиров Г. Приватизационные процессы как реальная
    основа становления     индустриального   капитала  //Мысль,
    №4, С. 48-49.
  7. Канатчинова А.К., Оспанов Х.А. Модернизация структуры
    производства промышленности   Республики   Казахстан.   —
    Алматы: Ғылым. 1999. С. 129.
  8. Стратегия научно-технологического прорыва.  Сб.  научных
    трудов /Под ред Ю.В.Яковлев и О.М. Юня. — М.: МФК, 2001.
  9. Закон РК «Об инвестициях» Каз. Правда. №9-11.С
  10. Қазақстан   Республикасының     «Инновациялық,      қызмет

туралы» Заңы // Егемен Қазақстан. 2002. 9 шілде

  1. Қазақстан Респупликасының “Стандартизация туралы” Заңы

//Егемен Казакстан. 1999 жыл. 13 тамыз.

  1. Қазақстан Республикасының «Сертификация туралы» Заңы.

//Егемен Казақстан. 1999 жыл, 13 тамыз.

  1. Борисенко А.В, Алексеева Ю.И, Климова С.А. Мы говорим

качество — подразумеваем конкурентоспособность // Пищевая

промышленность. 2002. №9. C.80-81

  1. Назарбаев Н.А. Казахстан: Стратегия 2030 – Алматы«Білім»,1998ж.с38
  2. Бабинцева Н. С. Индустриялизация в развивающихся странах – М. 1982. -149с.
  3. Лаврентьев В.И. новые индустриальные страны Азий: Перестройка промышленной структуры /АН СССР. Ин-т востоковедение – М. 1990. –С 192.
  4. . Назарбаев Н.А. КР Президенті ‘Казақстан Республикасының 2003-2015 жылдарга арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясы’. 2003 16май.
  5. Назарбаев Н.А. КР Президенті Қазақстан халқына жолдауы 2005 www.akorda.kz
  6. Проблемы индустриялизаций развивающихся стран. АН/ СССР. Институт мировой экономики и международных отношений.
  7. Байгисиев М. Халықаралық экономика. – Алматы. -1998. с.105.
  8. Лозюк Н.И., Быков Г.Н. Проблемы индустриализаций развивающихся стран – Киев. – 1970. с. 254.  
  9. Андарова РК Проблемы экономического роста в условиях рынка РИОВАКРК- 2000.c342
  10. Кусаинов М. Сатегические приоритеты развития Казахстана до//2010 и 2030 года .Экономист -2003.-№11.- С. 17-24.
  11. Цветков В. Необходимый рост на основе высоких технологи // Экономист-2005.-№6.-С. 27-37
  12. Бенке И. Новые технологии в маркетинговых исследование и их необходимость для Казахстана // Аль-Пари – 2001. — №4. –С.16-19
  13. Корнев А. Потенциал роста машиностроения // Экономист. – 2004 -№11. –С. 33-42
  14. Фролов К., Махмутов Н., Москвитен Г. Приоритеты машиностроение // Экономист –2005. -№5. –С. 26-34
  15. Акчурин А. Некоторые проблемы инновационного развития РК // Қаржы-Қаражат-Финансы Казахстан -2005. -№3. –С.67-76
  16. Акчурин А. Управление инновационными процессами // Экономист -2005. -№5. –С. 46-53
  17. Муканов Д. Индустриально- инновационное развитие Казахстана: потенциалы и механизм реализаций –Алматы: //Дайк – Пресс,- 2004.-С.274
  18. Исахметов Т. Механизмы совершенствования инновационной политики современных условиях // Қаржы-Қаражат-Финансы Казахстан -2005. -№3. –С.77-81
  19. Айтекенов К., Исекешов А., Орынбаев Е. приоритеты индустриальной-инновационного развития РК на 2003-2005 годы. №=1096 от 17 мая 2003г.
  20. Өнеркәсіптік саясат — экономиканы мемлекеттік реттеудің құрамдас бөлігі — /в сб. «Стратегия подготовки экономических кадров: совершенствование форм и методов обучения». – Часть 3. – Алматы: Экономика. – 2003. – с. 70-78.
  21. Бәсекеге қабілетті өнеркәсіптің индустриялық деңгейін көтерудің кейбір мәселелері — /В сб. тр. «Наука и образование – ведущий факторстратегий» «Казахстан 2030» — Выпуск 1 – Караганда: -2004. –с.278-280.
  22. Өнеркәсіптің салалық құрылымын жетілдіру жолдары — /В сб. науч. тр. «Теоретический и практические аспекты индустриального-инновационного развития РК.» — часть 2. – Алматы. -2004. –с. 86-88.
  23. Өнеркәсіптің индустриялық инновациялық деңгейін көтерудің кейбір аспектілері — /В сб. науч. тр. «Вступление Казахстана в ВТО: анализ системных условий, конструктивное направленность, негативные последствия» -Часть 3. – Алматы: — Экономика. – 2004. – с. 65-77.
  24. Өнеркәсіптік инвестициялық-инновациялық әлеуетін қалыптастыру жолдары. — /В сб. науч. тр. «Вступление Казахстана в ВТО: анализ системных условий, конструктивное направленность, негативные последствия» -Часть 3. – Алматы: — Экономика. – 2004. – с. -47.

                                                                                                                               ҚОСЫМША А

 

 

 

Өндірістің физикалық көлем индекстері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                         ҚОСЫМША Б

 

 

 

 

бюджет 2009 – 2013 жылдарға арналған республикалық көрсеткіштерінің болжамы млрд.теңге

 

 

Көрсеткіштер атауы

2008 жыл

(есеп)

2009 жыл

(нақтыланған бюджет)

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Түсімдер

3 330,9

2 837,4

2 986,2

2 909,0

2 986,6

3 195,3

ЖІӨ-ге пайызбен

20,9

16,8

15,8

13,7

12,6

12,0

номиналды өсуі, %

147,1

85,2

105,2

97,4

102,7

107,0

Кірістер

2 152,8

1 529,5

1 531,9

1 646,6

1 817,3

1 997,8

Салықтық түсімдер

2 071,4

1 456,3

1446,8

1 561,6

1 732,3

1 912,8

Салықтық емес түсімдер

72,8

55,3

58,4

60,7

60,7

60,7

Капиталмен операциялардан түсетін түсімдер

8,6

18,0

26,7

24,3

24,3

24,3

Бюджеттік алып қоюлар, трансферттерді қайтару

92,4

101,4

91,5

151,1

139,7

168,1

Бюджеттік кредиттерді өтеу

13,3

14,0

12,4

20,8

27,9

27,9

Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0,1

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт

464,9

843,1

1 075,7

1089,0

1 000,4

1000,0

Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығына сәйкес трансферт

607,5

347,9

273,2

 

 

 

Шығыстар

3 658,4

3 411,0

3 644,0

3 423,9

3 543,2

3 781,0

ЖІӨ-ге пайызбен

23,0

20,2

19,2

16,1

14,9

14,2

шығыстардың номиналды өсуі, %

147,7

93,2

106,9

94,0

103,5

106,7

Тапшылық

-327,5

-573,6

-657,8

-514,9

-556,3

-585,7

ЖІӨ-ге пайызбен

-2,1

-3,4

-3,5

-2,4

-2,3

-2,2

 

 

 

ҚОСЫМША С

Қазақстан Республикасының 2009 – 2013 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамы

Көрсеткіштер атауы

болжам

 

2008

2009

2010

2011

2012

2013

 

ЖІӨ, млрд. теңге

15907,0

16865,2

18947,4

21221,0

23767,0

26621,0

 

ЖІӨ-нің нақты өзгеруі, өткен жылғы %-бен

103,2

101,0

103,0

103,8

104,1

104,3

 

ЖІӨ, млрд. АҚШ долл. ресми бағам бойынша

130,9

112,4

126,3

141,5

158,4

177,5

 

Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, АҚШ долл. ресми бағам бойынша

8339

7071

7846

8733

9721

10822

 

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі, млрд. теңге өткен жылға %-бен

94,4

102,0

103,5

103,5

103,5

103,5

 

Өнеркәсіптік өнім көлемі, өткен жылғы %-бен

102,1

100,4

101,6

102,7

103,2

103,5

 

мұнай және газ конденсатын өндіру,

млн. тонна

70,7

76,0

77,0

78,0

79,0

82,0

 

Мұнайға әлемдік баға (Brent қоспасы),

бір баррелі үшін АҚШ доллары

97,6

40,0

50,0

50,0

50,0

50,0

 

Құрылыс, өткен жылғы %-бен

101,9

98,0

102,1

102,5

102,8

103,0

 

Көлік қызметі, өткен жылғы %-бен

107,0

101,0

103,5

103,0

103,5

103,5

 

Бапйланыс, өткен жылғы %-бен

110,4

105,0

110,0

110,5

111,0

111,3

 

Сауда, өткен жылғы %-бен

102,1

101,0

102,0

103,0

103,2

103,5

 

Ақша-кредит саясаты көрсеткішінің болжамы*

 

Инфляция, % кезең соңына

9,5

11,0

7-9

6,5-8,5

6-8

5,5-7,5

 

Төлем балансы көрсеткіштерінің болжамы, млрд. АҚШ долл. *

 

Ағымдағы шот

8,9

-5,9

-3,6

 

 

 

ЖІӨ-ге шаққандағы ағымдағы шоттың сальдосы, %-бен

6,8

-5,2

-2,8

 

 

 

 

ҚОСЫМША Д

Өндірістің физикалық индекстері