Қазақстан Республикасындағы қаржылық қызметтің құқықтық негіздері
ЖОСПАР
Кіріспе …………………………………………………………………………:::::::……………..4-6
І.ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛАРДЫҢ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
І.1. Қаржылардың түсінігі мен мәні ………………………………………………….7-14
І.2. Мемлекеттің қаржылық қызметінің теориялық мәселелері…………14-17
І.3. Қаржы құқығындағы, қаржылық қатынастарды реттеудің құқықтық негіздері……………………………………………………………………………………………….18-29
ІІ.ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ІІ.1. Мемлекеттің ақша қорының әлеуметтік –экономикалық мәні……30-41
ІІ.2.Бюджеттің құрылымдық элементтері мен Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі………………………………………………………………………………………42-64
ІІ.3. Қазақстан Республикасының қаржы саласындағы мемлекеттік басқаруды іс-жүзіне асыратын органдардың құқықтары мен міндеттері ……………………………………………………………………………………………………………..64-74
Қорытынды …………………………………………………………………………………….75-76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………………..77-78
Кіріспе
Қазақстан Республикасының егемендік алуына орай отандық қаржы жүйесі біртіндеп қалыптаса бастады. Әрине, мұнда нарықтық экономика мен ұлттық экономиканың ерекшеліктері басты назарға алынуда. Дегенмен, қолданыстағы қаржы жүйесі әлі де болса өзіне жүктелген қызметтерін толықтай жүзеге асыра алмай отыр. Сондықтан да бұл саладағы құқықтық, экономикалық зерттеулердің көтерер жүгі ауыр.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуы мен өз тұрақты экономикасын дамытуды бастауы халықаралық деңгейде көптеген проблемаларды шешу қажеттігін айқындап берді. Себебі, Кеңестер Одағы кезіндегі халықаралық қаржылық келісім-шарттар уақыт талабына сай келмеді, тіпті олар Қазақстан Республикасының экономикалық және саяси мүдделеріне нұқсан келтірерліктей дәрежеде болғандығы айқындалды. Сондықтан, 1995 жылдан бастап, мемлекет аумағында КСРО жасаған барлық халықаралық қаржылық-келісім-шарттардың күші жойылып, халықаралық қаржылық ынтымақтастықты орнықтырудың жаңа кезеңі басталды.
Қоғамымызда болып жатқан өзгерістер: мемлекеттің егемендік алуы, қоғамның демократиялық жаңаруы, жекешелендіру саясаты, нарықтық экономикаға бет бұру, мемлекеттік және ұжымдық меншіктермен қатар жеке меншік институтының өркендеп өріс алуы біздің елімізде қаржылық және инвестициялық қатынастарды заман талабына сай қалыптастыруды қажет етті. Қаржылық қатынастарға байланысты келісім-шарттарға қол қойылғанына қарамастан, көп жағдайларда, оларды жүзеге асырудағы қиындықтарға байланысты көптеген проблемалар толығымен шешілмейді. Олардың басты себебі – конвенция мәтіні мен тәжірибе арасындағы сәйкессіздік, конвенция ережелерін толық түсінбеушілік, мемлекеттердің қаржы жүйесінің бір жүйеге келтірілмеуі болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі: Мемлекеттің дұрыс дамуы үшін экономикалық және технологиялық алғышарттар орындалуы қажет, сондай-ақ, институционалды шарттар да сақталуы керек, яғни, жоғарыдағы алғышарттардың сақталуын қамтамасыз ететін нормалар мен ережелер анықталып, олардың ролі нақты көрсетілуі керек және қабылданған заң актілерінің жүзеге асырылуы жеткілікті деңгейде қаржыландырылуы қажет. Бұл мәселелер бюджеттердің көмегемен жүзеге асырылады.
Бюджет мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін экономиканың барлық секторларының қаржаттарын жинақтау құралы ретінде қолданылады. Бюджеттің көмегімен ұлттық табысты сектораралық, салааралық, территорияаралық қайта бөлу, экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру, әлеуметтік саясатты қаржыландыру жүзеге асырылады
2007 жылдан бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 30 пайызға көбейтуді; 2006 жылдың 1 шілдесінен арнайы әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін; соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдарға 2,4 есе (2472 теңгеден 5974 теңгеге дейін); соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 1,2 есе (5871 теңгеден 7313 теңгеге дейін); Ұлы Отан соғыс кезеңінде қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне 1,6 есе (2781 теңгеден 4326 теңгеге дейін); қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына бір жарым есе (2884 теңгеден 4429 теңгеге дейін); қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдеріне, ерлеріне 2,7 есе (927 теңгеден 2472 теңгеге дейін); Ұлы Отан соғысы жылдарында қажырлы еңбегі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ тылда алты айдан аз емес уақыт жұмыс істеген (қызмет еткен) адамдарға екі есе (1030 теңгеден 2060 теңгеге дейін); 1988 – 1989 жылдардағы Чернобыль АЭС – індегі апат зардабын жоюға қатысушылар қатарындағы адамдарға төрт есе (515 теңгеден 2060 теңгеге дейін) көбейтуге тапсырамын. Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуетті құрылымдардың зейнеткерлері үшін зейнетақы мөлшерінің бір жолғы сараланған өсімі жүүргізілсін. Сонымен қатар мен Үкіметке республикамыздағы әлеуметтік жүйені жақсарту үшін тағы да бірқатар шараларды іске асыруды жүктеймін: 2007 жылдан бастап зейнетақылық және әлеуметтік төлемдерді ағымдағы айдан кешіктірмей төлеуді жүзеге асыруға көшіру керек, бұл мақсатқа шамамен 30 миллиард теңге бөлінсін деп Елбасы Жолдауында мәлімдеді.
Қаржылардың маңыздылығы жөнінде классик ғалымдар: «Салықтар қоғамның кластарға бөлініп, мемлекеттердің қалыптасуына қатысты пайда болған бұқара билікті қамтамасыз ету үшін төленетін азаматтардың төлемдері» екендігін атап өткені бізге тарихтан мәлім. Бұл тұжырымнан байқағанымыздай қоғамның даму тарихында бір де бір мемлекет қаржысыз қызмет еткен емес, себебі ұжымдық қажеттіліктерді өтеу барысындағы өз қызметін жүзеге асыру үшін мемлекетке белгілі ақша қоры қажет. Осыдан келіп, қаржы ауыртпалығының ең аз мөлшері мемлекеттің белгілі бір қызмет түрлерін жүзеге асыруда шығарған шығынын өтеумен анықталады. Айталық, мемлекеттік басқару, қорғаныс, сот, қоғамдық тәртіпті сақтау сияқты мемлекеттік қызмет түрлері көбейген сайын, қаржылық қызметтің түрі де көбеюі тиіс.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеті: Тақырыпқа байланысты материалдар жинақтау және сараптау, сол арқылы елімізде қаржылық қызметтін құқықтық негіздерін толығымен теориялық және тәжірибелік мәселелерін жеткілікті қамтып, іс жүзінде іске асыру.
Зерттеу жұмыстың объектісі: Қазақстан Республикасындағы қаржы құқығының қызметі.
Зерттеу жұмыстың пәні: Қаржы құқығының басты мәселелері мен атқаратын қызметтері, Қазақстан Республикасындағы қаржы қызметің құқықтық негіздері болып табылады.
Зерттеудің әдістемелік негіздері: Берілген мәселені зерттеу барысында Ресей ғалымдарының, қазақстандық ғалымдар еңбектерінің зерттеулеріне, деректерге, мерзімдік басылымдардағы мақалаларға және интернет сайттарындағы ақпараттарға сүйендім. Ресейлік ғалымдар Г.В. Петрованың, Н.И. Химичеваның еңбектерінде қаржы құқының мәселелері бірқатар зерттелген. Келесі Ресейлік ғалымдар В.А. Кашиннің, А.В. Брызгалиннің, С.Г. Пепеляевтің, Д.Ю. Мельниктің, Д.Г. Черниктің және т.б. зерттеулерінде халықаралық қаржылық мәселелері біршама қарастырылған.
Қаржы теориясы, салық субъектілері, қаржылық қатынастар, қаржылық заңдарды бұзғандығы үшін жауапкершілік және халықаралық қаржы жүйесіне қатысты еңбектері жарияланған қазақстандық ғалымдар мен практикалық қызметкерлер қатарында А.И. Худяков, М.А. Сәрсембаев, М.Т. Оспанов, С. Ержанов, Н.Е. Наурызбаев, С.М. Найманбаев, Е.В. Порохов, Ө.С.Серімов, З.С. Булутай, М.М. Қалиев, А.В. Карпекин, Д. Баймұхамбетова, Д.Н. Филимоновтардын қазақстандық журналдары мен газеттеріндегі мақалаларын, интернет сайттарын, сонымен қатар өзіміздің ғалымдардың тақырыпқа сәйкес газет-журнал беттерінде жариялаған мақалаларын қолдандым .
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, соның ішінде әр тарау үш бөлімнен және қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы дипломдық жұмыс 78 беттен құралады.
І. Тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛАРДЫҢ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
І.1. Қаржылардың түсінігі мен мәні.
Қаржылардың қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінде алатын орны, олардың мұқтаждықтарын қамтамасыз ету жөнінде атақаратын рөлі өте зор екені әркімге белгілі. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және тірегі, сондай-ақ оның міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептеледі. Қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикалық өсіп дамуына белсенді, пәрменді түрде ықпалын тигізеді. Бұл жерде күнделікті қоғам өмірінде, тіптен өндіріс аясында да көбінесе қаржыларды ақша немесе қаражат деп түсінетінін айта кетуіміз қажет. Ақшалардың атқаратын функциясын білмейтін адамдар кемде-кем шығар. Ақшалар құн өлшеу, айналым, айырбас және т.б. құрал ретінде жалпыға бірдей құндылық баламасын көрсетеді.
Ал қаржылардың атқаратын басты рөлі мемлекетке жүктелген функцияларды орындау қоғам және экономика мұқтаждықтарын қанағаттандыру болып саналады, сондай-ақ сатып-алу, сату, айырбастау және тұтыну процестерін жүзеге асырмайды. Тағы бір айта кететін жәйт, ақшаларды пайдалану А-Т және Т-А процесінде, тікелей жұмсау түрінде көрініс тапса, ал мемлекеттік қаржыларды жұмсау – бөлу нысанында жүзеге асырылып, тікелей пайда табу көзделмейді. Бірақ теориялық тұрғыдан алғанда, ақша қаражаттары мен қаржылардың арақатынасын қарастырсақ онда кейбір ақша қаражаттарының қаржылық ресурстарды білдіргенімен қаржы түсінігінің өте кең мағынада болатынын байқаймыз.
Өркениетті, нарықтық мемлекеттердің өзінде де қаржыларға айрықша көңіл бөлінеді. Себебі, осы дамыған елдердің қаржы жүйесі арқылы ұлттық табысты қайта бөлу көрсеткіші елу проценттен асып отыр. Осыған байланысты, олардың мемлекеттік бюджеттерінің көлемі де күрт өсіп отырады.
Сонымен, қаржылардың көпқырлы ұғым екенін байқадық. Сондықтан, оның мәнін ашып көрсету мақсатында оны бірыңғай термин ретінде қарастырсақ онда негізгі үш қырынан көрініс табатынын көреміз.
Біріншіден, қаржылар деп өндіріс және тұтынуда экономикалық ресурстардың бір түрі ретінде пайдаланылатын ақшаларды және ақша қаражаттарын айтуға болады. Осы өндіріс пен тұтынудың ақшалай нысанадағы ресурстары, жоғарыда айтқанымыздай, қаржылық ресурстар болып есепетелінеді. Олар мемлекетте немесе шаруашылық субъектілерінің қарамағында әртүрлі ақша түріндегі табыстардың, аударымдар мен түсімдердің есебінен қалыптастырылып, қоғамның әлеуметтік және басқа да мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, жұмыскерлерді материалдық жағынан ынталандыруға, өндірісті ұлғайтып, жетілдіруге пайдаланылады.
Екіншіден, қаржылар ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде қаржыландыру терминімен байланысты болады. Сондықтан болар, бұл жерде қаржы термині мемлекетті, кәсіпорындарды, кәсіпкерелерді, аумақтарды, әлеуметтік-экономикалық т.б. бағдарламаларды қаржылық ресурстармен қамтамасыз етудің қайнар көзін, көлемін, түрлерін және тәсілін білдіреді.
Үшіншіден, арнайы және дербес экономикалық категория ретінде қаржылар бөлу қатынастарын көрсетеді. Нақты бағыттарға арналып ақша бөлу түрінде жүзеге асырылатын қаржыландырудың өзі бөлу болып табылады. Қаржылардың арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлімдерінде және шаруашылықтың әрбір деңгейінде қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлу процестері жүзеге асырылады. Жасалған ұлттық табыстың құнын қайта бөлу ақшалай табысты мемлекеттік деңгейде, кәсіпорындар мен кәсіпкерлік қызмет деңгейінде бөліктерге бөлу арқылы жҹргізіледі және осы жағдайларда туындайтын көптеген қатынастар қаржылық қатынастар деп аталады. Сонымен қаржылардың ақшалармен өте тығыз байланыста болатынын және ақшалардың қаржылар болмысының міндетті көрінісі ретінде сипатталатынын білдік. Ақшалардың тауар айырбасында, өзіндік айналымда болуы, қолдан-қолға өтуі ақшалай қатынастар түріндегі айрықша нысандағы процестермен көрсетіледі [1].
Осы айрықша нысандағы экономикалық қатынастар қаржылар болып саналады. Сонымен, қорыта келіп айтсақ, экономикалық категория ретіндегі қаржылардың өте маңызды белгілері қаржылық қатынастардың бөлу сипатында болуы, ақша нысанындағы құнның тек біржақты қозғалысын білдіруі. Қорытынды ретінде тағы бір айта кететін жәйт, қаржылардың материалдық негізі өндіріс болып табылады. өйткені шаруашылық субъектілерінің ақшалай табыстары мен экономикалық өнімді жасау және оны өткізу нәтижесінде құралады. Сонымен бірге, қаржылар сол өндіріс аясының өзіне қызмет көрсетеді, яғни өндірістің ұлғайтылуына, дамуына және құрылымдық өзгертулеріне жағдай жасайды. Қаржылардың арқасында мемлекеттің мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, әртүрлі меншік нысанына негізделген шаруашылықты дамытуға, аумақтар арасындағы экономикалық байланыстарды жүзеге асыруға қажетті ақша қаражаттарын мемлекет қарамағына жұмылдырады. Қаржылардың негізінде, олардың көмегімен шаруашылық қызметтердің нәтижелерін тексеру және бақылау жүзеге асырылады.
Енді осы қаржылар жөнінде оқымысты ғалымдардың көзқарастарына көз жүгірте отырып, салыстырып көрейік. Қаржылық құқық саласының көрнекті ғалымы Худяков А.И. “қаржы” термині латынның “финис”, яғни қандай да істің бітуі, ақыры немесе төлемнің, жалақының төлену мерзімі деген сөзінен туындаған дейді [2]. Орта ғасырлық латын тілінде fіnatіo, fіnancіo деген сөздер міндетті ақшалай төлем деген мағынада айтылған болатын. Он сегізінші ғасырда француздар fіnancе, яғни финанс деп мемлекеттің кіріс және шығысын, мемлекет мҹліктерінің жиынтығын немесе мемлекеттік шаруашылықты айтатын болған.
Қазіргі кезде “финанс” – қаржы терминінің мағынасы ақшалармен тығыз байланысқан. Сондықтан болар, көптеген жағдайларда азаматтар қаржыларды қолда бар немесе құжат жүзіндегі ақшалар деп түсінеді. Ал экономистер азаматтардың қаржылары; мемлекеттің қаржылары, заңды тұлғалардың қаржылары деп бөледі. Кейбіреулер тар мағынада қаржылар тек мемлекет пен заңды тұлғалардың ақша қаражаттарын қамтиды деп түсіндіреді.
Осы терминнің тағы бір сирек айтылатын мағынасы “мемлекеттік ақшалар” түсінігімен сәйкес келеді.
А.И.Худяковтың айтуынша қаржы термині қандай да болмасын мағынада түсіндірілсе де, ең дұрысы мемлекет қарамағындағы ақша қаражаттары деген тұжырым.
Егер арнайы мағынада қаржыларды – мемлекеттік қаржылар десек, яғни белгілі бір қорларға бөлінетін, мақсатты бағыты болатынын, пайдаланылу тәртібі белгіленетінін және оларды қалыптастырып, бөлетін органдардың бар екенін байқаймыз деп жалғастырады, өз ойын А.И.Худяков. Осы қорларға жиыстырылған ақша қаражаттары әрдайым мемлекеттік меншік нысанында болады. Сондықтан, материалдық мағынада қаржылар деп, мемлекет меншігіндегі ақша қаражаттарының жиынтығын айтамыз.
Қаржылар экономикалық категория ретінде де айқындалады. Экономикалық мағынада қаржылар деп, мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі қатынастардың жиынтығын айтамыз. Дәлірек айтсақ экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады. Қаржыларға байланысты тағы бір көңілге қонбайтын, санаға симайтын нәрсе олардың құрамында ақша қорларын пайдалану жөніндегі қатынастардың енгізілуі.
Бұл жерде былайша түсіндіруге болады: ақшалардың өзіндік тұтынушылық күні жоқ болғандықтан оларды пайдалану тек айырбастау қатынастарында немесе экономист айтқандай, “А-Т”, “Т-А” қатынастарында жүзеге асырылады. Алайда бұл қатынастар тауар-ақша қатынастары болғандықтан, қатысушы екі жақтың заң жүзіндегі тең құқықтылығына негізделеді. Ал қаржылық экономикалық қатынастардың бір жағында оның тұрақты субъектісі ретінде әрдайым мемлекеттің біртұтас өзі немесе мемлекет уәкілдік берген мемлекеттік өкілетті органы тұрады және осы қатынастар қаржылық құқықтық нормалармен реттеледі. Сонымен қатар, қаржылық-экономикалық қатынастардың бір жағында әрқашанда билікші субъект тұрғандықтан екі жақтың тең құқықтылығы жөніндегі сөз қозғалмайды. Ал тауар-ақша қатынастары, яғни сату-сатып алу қатынастары азаматтық құқық, еңбек құқығы және тағы да басқа құқық салаларының нормаларымен реттеледі. Бұл жерде айта кететін бір жәйт, мемлекет қаржыларды пайдаланудан өзін аулақ ұстағанымен олардың жұмсалу процестеріне ат үсті қарай алмайды. өйткені қаржылар өзінің ақша қаражаттары болғандықтан, олардың талан-таражға түспей, заңды негізде, мақсатты бағытта, ұтымды және тиімді түрде пайдаланылуын (жұмсалуын) ұйымдастырады. Қаржылар мемлекттің өсіп-дамуының материалдық негізі болып табылады деп жоғарыда айтып өткенбіз. Сондықтан қаржылардың атсалысатын басты бағыт – қажеттілігі мемлекетті және қоғамды ақшалай қамтамасыз ету.
В.И.Белинский қаржыларды экономикалық категория ретінде және қаржылық ресурстар ретінде қарастыру қажет деген пікір айтады. Осы автор қаржыларды ақша қҗжаттары қорларын құру және оларды орталықтандырылған, сондай-ақ орталықтандырылмаған негізде бөлу жөнінде туындайтын экономикалық қатынастар деп түсіндіреді. Қаржылардың материалдық негізі өндірістік қатынастар болып табылады. Сонымен қатар қаржылардың туындауының және өмірден орын алуының бірден-бір шарты тауарлық өндірістің және айналымның өздеріне тән құндылық категорияларымен болуы. Кейбір экономистер қаржыларға ақша қаражаттарын, натуралды ресурстарды, кіріс және басқа игіліктерді немесе кіріс және шығысты, сондай-ақ, ақша қорларын жатқызады [3].
Қаржылардың құндық экономикалық категория емес екеніне ешкімнің күмәні жоқ болғандықтан, олардың шынайы нақты объектісі ақша қорлары болып табылады. Ал қаржылардың пайдалану негізіне белгілі бір кезеңдегі, яғни қазіргі кездегі объективтік құндылық заңының әрекет ықпалы және қоғамның тауарлық өндірісінің дамуы жатады. Бұл жерде құн екі нысанда көрініс табады – тауар және ақша ретінде. Ал ақша айналымы (А – Т — А) җдайы өндірістің бір ерекшелігі, яғни үзбей жҹргізілетін қоғамдық қызметтің саласы болып есептеледі. Осы ақша айналымының негізінде екінші рет құн нысандары туындайды және олардың әрқайсысы айрықша қоғамдық қатынастарды көрсеткендіктен шаруашылық механизімінің белгілі бір элементтерін құрайды. Қаржылар осы нысандардың бірі ретінде ақшалай-қаржылық қорларды қалыптастыру және пайдалану жөніндегі ақшалай қатынастардың жүйесі болып табылады.
Бұл жерден байқайтынымыз, қаржылардың ақшалай қатынастарға негізделетіні және күнделікті өмірде, іс жүзінде ақша ресурстары ретінде көрініс табуы.
Тағы бір айта кететін жәйт, ақшалардың өзі немесе ақша қаражаттары қаржылар жөніндегі ғылымның объектісі болып табылмайды. Қаржылардың құрамындағы ақша қаражаттарының атқаратын функциясы ақшалардан бөлек болады. Сондықтан, ақшалар және қаржылар өз алдына бөлектенген экономикалық категориялар болып табылады. Негізінде қаржылардың өзіне тән функциясы – бөлу (жиынтық өнімді және таза табысты) және бақылау функциясы бар. Бұл жерде автор үшінші функция жөнінде, яғни жұмылдыру функциясы туралы сөз қозғамаған. Ал ақшалар тауар – ақша қатынастары жағдайында бірнеше функция атқарады: құн өлшемі ретінде; төлем құралы ретінде; айналым құралы ретінде; қазына құрау құралы ретінде; дүниежүзілік ақша ретінде.
Ақшалар жалпыға бірдей құндылық баламасы ретінде шаруашылық айналымына қызмет етеді және мемлекет аумағындағы барлық айналымдар мен әрбір шаруашылық операциясын тексеруге мүмкіндік береді.
Қаржылардың экономикалық категория ретінде ақшалардан айырмашылығы, олар тек ақша қаражаттары қорларын құру, бөлу немесе пайдалануға байланысты ақшалай, яғни экономикалық қатынастардың ерекеше аясын көрсетеді. Алайда қаржылардың осы сипаттамасы олардың толық маңызын айқындай алмайтын сияқты. Себебі мемлекеттік бюджетте, кредиттік және кассалық жоспарларда, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық жоспарларында қатынастар емес белгілі бір мөлшердегі ақша қаражаттарының сомасы көрсетіледі. Бұл сомалардың шаруашылық қызметтердің қаржылық нәтижесі екені белгілі.
Сондықтан қаржылық ресурстар деген ұғымды қарастырсақ, онда оның мемлекет қарамағындағы немесе қандай да болмасын меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қаражаттары қорларының жиынтығы екенін байқаймыз, деп тұжырымдайды Белинский В.И. [4].
Ресейлік ғалым Горбунова О.Н. қандай да болмасын мемлекетте жиынтық қоғамдық өнімді және ұлттық табысты бөлу, сондай-ақ қайта бөлу процестері ақшалай нысанда болады, ал “қаржы” термині француздың финанс, яғни кәсіпорын, мемлекет қарамағындағы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы мен оларды қалыптастыру, бөлу және пайдалану жүйесі болып табылды дейді.
Мемлекеттік қаржыларды өзінің материалдық мәні бойынша ақша қаражаттары қорларынан тұрады және олар орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттары қорларын жұмылдыру (жинақтау), қайта бөлу, сондай-ақ пайдалану процесіндегі қоғамдық экономикалық қатынастардың атқарылуымен тікелей байланысты болады.
Горбунова О.Н. мемлекет өзінің экономикалық және әлеуметтік процестерін басқару жөніндегі қызметтерінің барысында кіріс және шығыстарға ақша нысанында, әртүрлі ақша қорларын құра отырып есеп жүргізгендей, қаржыларды ақша қаражаттары емес, олар тек ақша қаражаттары қорларын жинастыру, қайта бөлу және пайдалану жөніндегі адамдардың арасындағы қатынастар болып табылады деген. Бұл жердегі көзге түсіп отырған кемшілік қаржылар экономикалық тұрғыдан алғанда, жәй ғана қатынастар емес арнайы экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ал материалдық мағынасына келсек, онда қаржы тек мемлекеттің меншігіндегі ақша қаражаттары қорларының жиынтығы деп айта аламыз.
Қаржылар жиынтық қоғамдық өнімді және ұлттық табысты білетін экономикалық құрал болып табылады.
Мемлекетті басқарудың ең жақсы тәсілі ақша қаражаттарының көмегімен басқару болып есептелінеді. Ақша қаражаттарын реттей және ақша қорларын құруға бағыттай отырып кейіннен сол құрылған қорлардан қажетті, белгіленген тараптарға қаражаттарды біліп, пайдалану арқылы мемлекет көптеген аялардағы қызметтерді ынталандырады немесе кейбір бағыттар бойынша тежей алады.
Ресейлік оқымысты заңгер А.Жданов қаржыларды мемлекеттің және жеке мекемелердің ақша қорларын құру, білу және пайдалану жөніндегі экономикалық қатынастар, ал қаржы жүйесін қаржылардың әртүрлі буындарының өзара байланыстары мен жиынтығы ретінде түсіну қажет деп көрсеткен.
Ресейлік ғалым О.Н. Горбунова қаржы жүйесін екі тұрғыдан қарастырған:
а) әрқайсысы тиісті ақша қорларын құратын және пайдаланатын қаржылық институттардың жиынтығы;
ә) өздерінің құзыреттерінің шегінде қаржылық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен мекемелердің жиынтығы ретінде [5].
Ал қаржылық институттардың жиынтығы өзіне орай мемлекеттің қаржы жүйесін құрды. Қаржы жүйесі мемлекеттің нарыққа өту жағдайында дамуының өзгешеліктерін көрсете отырып мынадай буындардан тұрады:
- Федералдық, федерация субъектілерінің бюджеттерінен және муниципалдық бюджеттерден тұратын бюджет қоры;
- Бюджеттен тыс орталықтандырылған мақсатты қорлар;
- Бюджеттен тыс орталықтандырылмаған мақсатты қорлар;
- Шаруашылық субъектілер мен салалардың қаржысы;
- Мүлікті және жеке басты сақтандыру;
- Мемлекеттік және банктік кредит [6].
Қаржы жүйесі мемлекеттің қаржылық қызметін тікелей жүзеге асыратын қаржылық органдар мен кредиттік, яғни мемлекеттік органдар мен мекемелердің жиынтығы деген пікірге көптеген авторлар қосылуда. Худяков А.И. ұйымдастырылуы бойынша қаржы жүйесін мемлекеттің қаржылық мекемелері, яғни қаржылық ведомстволар, салық органдары, мемлекеттік банктер, мемлекеттік сақтандыру компаниялары құрайды деп түсіндіреді.
Қаржылық органдар жүйесін әдетте қаржы министрлігі басқарады. Қаржы министрлігі, қаржылық басқармалар, аумақтардағы қаржылық басқару органдары, қазынашылық, қаржыларды басқаратын бірыңғай мемлекеттік басқару органдарының жүйесі болып табылады. Ұлттық (орталық) банк басқаратын кредиттік мекемелер, қаржыларды жұмылдыруға ат салысатын салық органдары мен кеден мекемелері де қаржылық қызметті жүзеге асырады.
Негізінде “қаржылар” ақша түріндегі қоғамдық өнімдерді білуге байланысты экономикалық қатынастардың едәуір аумағын қамтиды. Қаржылардың ақша сипатында болуы, олардың экономикалық құндылық категориясына жататындығын және оларды жүзеге асыру нысаны болып табылатындығын көрсетеді. Қаржыларды экономикалық категория қатарына біліп, жеке-дара шығаруымыз үшін олардың мағынасын зерттеп, зерделеп білуіміз қажет.
Экономикалық теория курсынан қоғамдық қатынастар құрамына кіретін ақшалай қатынастарды экономикалық қатынастар деп айтатынын білгенбіз. Ал экономикалық қатынастар өндірістік қатынастарға қосылатындықтан қоғамдық қатынастар өндірістік қатынастардың бір білігі ретінде базистік қатынастарға жатады.
Қазақстандық экономист-ғалым Мельников В.Д. қаржылардың қаржылық қатынастардың қалыптасуын және туындауын былайша көрсетеді: қоғамдағы ұдайы өндіріс процесі бір-бірімен тығыз байланысқан және өзара тәуелді төрт сатыдан тұрады: өндіру (өндіріс); білу; айырбастау; тұтыну.
Осы ұдайы өндірістің төрт сатысы арқылы қоғамдық өндіріс процесіне қатысушылардың арасындағы тауарлық қатынастардың бар жоғы анықталады, өйткені өндірілген өнімдер бұл жерде сату-сатып алуға жататын тауарға айналады. Бұл өнімдер тұтынудан бұрын білу ғана емес, солармен қатар қатынасқа қатысушылардың да талаптары мен мүдделерін қанағаттандыруға тиісті. Осыдан байқайтынымыз өндірілген материалдық немесе материалдық емес өнімдер, көрсетілген қоғамдық өнім ретінде заттай және ақшалай тҹрінде көрсетіледі.
Қоғамдық өнімнің жаңағыдай екі формаға қалыптасуы, олардың әрбір қоғамдық өндіріске қатысушылардың мұқтаждықтарын өтеу үшін ақша, баға, өзіндік құн, қаржы, жалақы төлеу және тағы басқа құндылық категорияларын пайдалануларына жол береді [6].
Бұл жерде өндірілген өнімдер мен басқа да қажетті заттар, қызметтер – ақшаның, яғни жалпыға бірдей балама және құндылық өлшемінің көмегімен өлшенеді. Қаржылардың экономикалық категория ретіндегі қызметтері қоғамдық жиынтық өнімді білу кезінде анық көрінеді.
Қаржылардың мағынасын түсіну үшін жекеленген кәсіпорынның өндірістік қорларын өзіндік айналымынан шығарылатын өнімдерді өткізу (сату) кезіндегі ақша түріндегі дербес қозғалысымен және құнның біліну мезгілінен бастап қарастыру қажет.
Кәсіпорын осы өнімдерді өткізу барысында тиісті ақша қаражаттарын немесе ақша қорларын құрайды. Бұл жерде оның ақша қорлары ретінде айналым қорын, амортизациялық қорды, жалақы төлеу қорын, әлеуметтік бағыттағы қорларға аударымдарын, пайда және т.б. атап өтуге болады.
Табылған пайданың немесе табыстың бір бөлігі орталықтандырылған қорларды қалыптастыру үшін мемлекет қарамағына аударылады да, ал екінші ең көп бөлігі өндірушіде қалады. Өндіруші оны өз қалауы бойынша пайдаланады. Көбінесе пайда мен табыстың қолдағы біліктері өндірістік процесті үзбеуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек құрал-жабдықтарын сатып алуға, сондай-ақ пайданың және бір бөлігі өндірістің басты факторы – негізгі қорларды қалыптастыруға жұмсалады. Сонымен материалдық өндіріс аясында (кәсіпорындар, өнеркәсіптер т.б.) жасалған құнның бір бөлігі өндірушілерде қалса, едәуір бөлігі жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатында мемлекет қарамағына берілетінін білдік.
Бұл құндар ақша түріндегі дербес қозғалысқа ие болғаннан кейін мемлекеттік кіріс ретінде мемлекеттің қаржылық қызметінің аясына қосылады. Бұлардан басқа, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардан, мемлекеттік емес заңды тұлғалардан, акционерлік, кооперативтік, қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдардан түсетін (салықтар, алымдар және басқа міндетті төлемдер түрінде) қаражаттар мен мемлекет тарапынан халықтан ерікті түрде жұмылдырылған (мемлекеттік заемдар, мемлекеттік лотореялар, жинақ банктеріндегі салымдар (аманаттар) және т.б.) қаражаттар арқылы мемлекет деңгейіндегі қаржылық қатынастардың формасы пайда болады. Осы қаржылық қатынастар орталықтандырылған ақша қаражаттары қорларын – республикалық және жергілікті бюджеттерді, сақтандыру қорларын бюджеттен тыс қорларды қалыптастырады.
Экономика өмірінде ақша қаражаттары, әдетте, құнның баламалығы (эквиваленттілігі) негізінде, яғни тауар және ақша түріндегі құнның қозғалысы негізінде пайдаланылады. Баламалық принцип басқа да экономикалық категорияларға – баға, өзіндік құн, жалақы төлеу, несие және т.б. тән болып табылады [7].
Қаржылық қорды басқа ақша қаражаттарынан ерекшелендіріп тұратын өзгешелік, олар (қаржылар) экономиканы басқарудың қандай да болмасын деңгейіндегі ақша түріндегі құнның біржақты қозғалысының негізінде құралады.
Сонымен, қаржылардың айрықша экономикалық категория ретіндегі өздеріне тән ерекшеліктері ақша түріндегі құнның міндетті түрдегі бір жақты, баламасыз қозғалысы болып табылатынын айқындадық.
Қаржылардың экономикалық табиғатына келсек, онда олардың тауар-ақша қатынастары мен құн заңының әрекет етуінен туындайтынын байқаймыз.
Ақаша қаражаттары қорларының қалыптастырылуы және олардың тауарлық қатынастарда (А-Т) пайдаланылуы қаржылардың көмегімен жҹргізіледі. Орталықтандырылған ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру жөніндегі міндетті түрдегі субъектісі, әрқашанда мемлекет болып табылатынын білдік.
Мемлекеттен басқа қоғамдық өндіріске қатысатын субъектілердің ақшалай қызметтері, қаржылық қызметке жатпайды, ал олардың қаражаттары немесе ақшалай ресурстары (“А-Т”, “Т-А”) процесіне қатысатындықтан қаржы түсінігімен қамтылмайды деген тұжырымға келеміз.
Сонымен, қорыта келгенде қаржылар деп, мемлекеттің ақшалай кірістерін жиыстыру, білу және пайдалану процесінде туындайтын экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз.
Енді осы жоғарыда айтылған барлық ғылыми көзқарастарды тұжырымдасақ “қаржы“ терминінің екі мағынасы бар екенін көреміз: 1) материалдық; 2) экономикалық категория ретінде. Материалдық мағынада “қаржы” деп мемлекеттің өз қарамағындағы ақша қаражаттары қорларының жиынтығын айтамыз.
Мемлекеттік қаржылық ресурстарды әрдайым белгілі бір ақша қорлары ретінде көрсетілгендіктен оларды жоспарлау, есепке алу және мақсатқа сәйкес жұмсау процестерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді және жеңілдетеді.
Экономикалық категория ретінде “қаржы” деп, мемлекеттің ақшалай ресурстарын жоспарлы түрде қалыптастыратын және білетін, сондай-ақ олардың пайдалануын ұйымдастыратын экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз.
І.2. Мемлекеттің қаржылық қызметінің теориалық мәселелері.
Мемлекеттік ақша қорлары, әрқашанда мемлекеттің қаржылық қызметінің түпкілікті объектісі болып есептелінеді. Қаржылық қызметінің процесінде қаржылардың үш функциясы жүзеге асырылады. Олар мына төмендегідей болып келеді:
- ақша қорларын жұмылдыру (жиыстыру) функциясы;
- мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды (материалдық өндіріс аясындағы және аясында емес) ақшалай қамтамасыз ету функциясы;
- бақылау функциясы;
Бірінші функцияның мәні мынада: жаңа, қаржылар туралы сөз қозғағанымызда мемлекеттің өз меншігіндегі ақша қаражаттары болмай, мемлекет бола алмайды дегенбіз. Ендеше осы функция арқылы мемлекет өз мұқтаждықтарын өтеуге қажетті ақша қаражаттарын жиыстырады және осы қаражаттарды ақша қорларына қалыптастырады, яғни мемлекет өтеуге қажетті ақша қаражаттарын жұмылдырады.
Бірақ біз мемлекеттің алға қойған негізгі мақсаты – тек ақша қаражаттарын жиыстыру ғана емес екенін білеміз. Сондықтан екінші функция мемлекеттің өзіне және өз тарапынан жасалатын қызметтеріне жұмсалатын шығындарды өтеуге байланысты ақша қорларын пайдаланудан тұрады.
Үшінші функция мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру және білу, сондай-ақ қандай да болмасын шаруашылық субъектілерінің осы қорлардан алған ақша қаражаттарын мақсатқа сай пайдалануларын кезіндегі барлық әрекеттерінің дәрыс және заңды болуын қамтамасыз етуге бағытталған. Аталған функциялар туралы айта кететін бір жай бар [8].
Қаржылардың функциялары жөніндегі оқымысты ғалымдар әлі де пікір- талас тудырып ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, қалыптасқан көзқарасқа келе алмай жатқан жәйттер бар. Қазіргі қаржылардың функциялары турасында – білу және ұдайы өндіріс атты екі концепция өмірден орын алып отыр.
Бірінші концепцияны жақтаушылар, қаржылар қоғамдық ұдайы өндірістің екінші, яғни білу сатысында, ақша түріндегі қоғамдық өнімнің құнын білу процесінде пайда болғандықтан, оларға тек білу функциясы ғана тән болады деп есептейді.
Осы концепцияға сай қаржылар білу және бақылау функцияларын ғана атқарады. Бұл жердегі қателік бірден көзге түсіп тұр, өйткені қаржылардың басқа да білу процесіне қатысатын экономикалық (баға, ақша, жалақы төлеу, несие т.б.) категориялар бар екенін білеміз.
Осы білу функциясының көмегімен жалпы қоғамдық өнімді және оның ең басты білу және қайта білу процестері жүзеге асырылады. Бөлу функциясы қаржылардың бөлу категориясы ретіндегі мағынасын ашып көрсетеді. Бақылау функциясы, осы бөлу және қайта бөлу процестері кезінде заңдылықтың, сондай-ақ мақсатқа сәйкестіліктің сақталуын қамтамасыз етеді. Ал екінші, ұдайы өндіріс концепциясы бойынша қаржылардың үстінде аталып, қарастырылған үш фукнциясы көрсетіледі. Бұл концепцияны қолдаушылар, қаржылар, қоғамдық ұдайы өндіріс сатыларын (бөлу, айырбастау және тұтыну) бәрінің категориясы болып есептелінетіндіктен, оларды тек бөлу категориясымен шектеу дұрыс емес деп тапқан.
Олар келтірген дәлелдер мына төмендегідей болып келеді:
- Қоғамдық ұдайы өндірістің сатылары бір-бірімен тығыз байланысқан;
- қаржылар тек қана ұдайы өндіріс сатыларын ғана қамтамасыз етіп қоймай, қоғам өмірінің барлық аяларын қамтиды;
- қаржылар қоғамдық өнім қозғалысының барлық сатыларында пайдаланылатын жан-жақты бақылау құралы болып табылады.
Мемлекетке қажетті ақша қаражаттарын жұмылдырудың (жиыстыру) тікелей түсім көзі материалдық өндіріс аясында жасалатын ұлттық табыс болып есептелінеді.
Ұлттық табысты бөлу кезінде мемлекеттің, кәсіпорындар мен бірлестіктердің және азаматтардың кірістері құралады.
Мемлекеттің қарамағында ең мол ақша қаражаттары қорлары – бюджеттен бар екенін білеміз. Бюджет арқылы, әр түрлі ақша қорларын құру нәтижесінде қоғамдық өндіріске қатысушылар тапқан кірістер басқа қатысушылардың мұқтаждықтарына пайдаланылады. Қаржылардың бақылау функциясы бар екенін бірі мойындайды. Қаржылар белгілі жүйеден құрылатынын білеміз.
Қаржы жүйесі деп, мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, білу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын және әрқайсысы белгілі бір қаржылық құқықтық институттардың материалдық көрінісі (қорлары) болып табылатын қаржылық-экономикалық институттардың жиынтығын айтамыз.
Ал қаржылық-экономикалық институттар дегеніміз мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Орталықтандыру дәрежесі мен осы институттарға жататын ақша қорларының түрлері бойынша Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің институттары қаржылары орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып екіге бөлінеді.
Орталықтандырылған институттар (қаржылар) мына төмендегідей болып келеді:
- Жалпы мемлекеттік орталықтандырылған қаржылар республикалық бюджет арқылы көрсетіледі.
- Жергілікті орталықтандырылған қаржылар. Жергілікті өкілді органдардың бюджеттері арқылы көрсетіледі. Жергілікті бюджеттерге мыналар жатады: облыстық бюджеттер; Астана және Алматы қалаларының қалалық бюджеттері; қаладағы аудандық бюджеттер; аудандық бюджеттер.
- Мемлекеттік банктердің қаржылары. Осы банктердің ақша қорлары мынадай көрініс табады: жарғылық қор; резервтік қор; өндірістік-әлеуметтік даму қоры; қысқа мерзімге несиелеу қоры; ұзақ мерзімге несиелеу қоры; валюталық аударым қоры; материалдық марапаттау қоры және т.б. Бұл қорлар мемлекеттің орталықтандырылған несиелеу қорларын қалыптастырады.
- Мемлекеттің мүлікті жүне жеке басты міндетті сақтандыру қаржылары, мынадай сақтандыру қорларымен көрсетіледі: жарғылық қор; сақтандыру резервтік қоры; ағымдағы түсімдер қоры; сақтандыруды дамыту қоры; әлеуметтік-мәдени шаралар қоры; алдын алу шараларын қаржыландыру қоры; сақтандырудың қалпына келтіру түрлері бойынша запастағы қорлар жүйесі; әлеуметтік бағыттағы: мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры; жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры және т.б. қорлар [9].
Мұнда айта кететін бір жәйт бар. Банкілердің қаржыларын оқулықтарда, көбінесе, банкілік кредит деп айтатынын көріп жүрміз. Былайша айтқанда, банкілік қызметтің кредит (несие) беру жағымен ғана шектелген. Бір жақты көзқараспен шектеліп қоймай, бұл қаржыларды қаржы жүйесінің институты деп алып қарасақ, онда олардың тек банкілердің ссудалық қорларын кредит беру түрінде жұмсайтын институт ғана емес, сонымен қатар осы қорларды қалыптастыратын да институт екенін көреміз. Сондай-ақ бұл институт тек мемлекеттік банкілердің қызметі мен солардың ақша қорларын қамтиды.
Ал мемлекеттік емес банкілердің қызметтері қаржылық қызметке жатпайды. Жеке басты және мүлікті міндетті сақтандыру институты туралы да осыны айтуға болады. Бүл институт қаржы жүйесінің ерекше институты ретінде қалыптасады және оның әрекеттері мемлекеттің қаржылық қызметі болып есептелу себебі, аталмыш қызмет мемлекеттік сипатта болады, сондай-ақ мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырылады.
Сақтандыру қызметімен айналысатын мемлекеттік емес заңды ұйымдар мен мекемелердің әрекеттері қаржылық қызметтің құрамына кірмейді, сондықтан бұл қызметтер қаржылық құқықтың пәніне жатпайды.
Негізінде, мемлекеттік емес заңды ұйымдар мен мекемелердің және азаматтардың ақшалай қорлары мен қаражаттары қаржылар жүйесінің құрамына кірмесе де, олардың ақша жөніндегі қызметтері азаматтық-құқықтық нормалармен реттелетінін білуіміз керек. Азаматтық-құқықтық әдістермен реттеу реттеу арқылы өнім (тауар) өндірушілердің құқықтарымен мүдделері қорғалады. Ал егер құқықтық реттеу қаржылы құқықтық әдістері арқылы жүзеге асырылса, онда ол мемлекет мүддесін көздеу болып табылады.
Қаржылық қатынастардың тауар-ақша қатынастарынан туындайтынын және оларға қызмет ететінін білеміз. Сондықтан мемлекеттің қаржылық қызметінің мақсаты тек қаржыларды қалыптастыру емес екені белгілі.
Орталықтандырылмаған институттарға (қаржыларға) мыналар жатады: Мемлекеттік басқару органдарының қаржылары. Министрліктердің, ведомстволардың және басқа да басқару орталықтарының орталықтандырылған ақша қорларын білдіреді. Бұл салалық орталықтандырылған қорлар халық шаруашылығы саласының немесе басқа да шаруашылық жүйелерінің орталық басқару звенолары болғандықтан министрліктер мен ведомстволардың қарамағына берілген ақша қаражаттарынан тұрады.
- Мемлекеттік шаруашылық субъектілерінің қаржылары. Осы субъектілердің, яғни мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қорларын білдіреді: жарғылық қор, өнеркәсіпті, ғылымды және техниканы дамыту қорлары; резервтік қорлар және т.б.
- Мемлекеттік қазыналық ұйымдар мен мекемелердің қорлары. Осы субъектілердің ақша қорларымен көрсетіледі.
Қаржы жүйесі жөнінде кейінгі кезде қалыптасқан көзқарастарды салыстырмалы талдау жасау мақсатында қарап өтеміз. Е.Б.Стародубцеваның айтуынша қаржы жҹйесі жалпы мемлекеттік, салалық және қоғамдық қаржылық қатынастардан тұрады, сондай-ақ оның құрылу негізіне функционалдық бағдары, аумақтар, жүйенің бірыңғайлығы сияқты үш элемент жатады.
І.3. Қаржы құқығындағы, қаржылық қатынастарды реттеудің құқықтық негіздері.
Енді қаржылық реттеу мәселелеріне тоқталамыз. Қаржыны реттеу дегеніміз, мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамына кіретін қаржыларды теңдестіру процесі. Республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің теңдестірілуі өкімет органдары пен атқарушы — әкімші органдардың бюджеттік – қаржылық саясаты жөніндегі басты мақсаты болып табылады. Яғни, қаржыны реттеудің мақсаты қаржы жүйесінің барлық құрама бөліктерінің өзара қатынастарын қамтамасыз ету және тұтастай алғанда әрбір қаржы қорын теңдестіру.
Мемлекеттік қаржылық қатынастарды реттеу саласындағы құрылымын: Қазақстан Республикасының Президенті; Қазақстан Республикасының Парламенті; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті; Қазақстан Республикасының Үкіметі. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган. Қаржылық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган. Қаржыны атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі. Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган. Мәслихат; Жергілікті атқарушы орган және тағы басқа органдар құрайды. Қазақстан Республикасының Президентінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Президенті қаржылық қатынастарды реттеу саласында: республикалық бюджетті әзірлеу және оның атқарылуы туралы есеп беру тәртібін айқындайды. Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды. Қазақстан Республикасының аумағында төтенше мемлекеттік бюджетті енгізу туралы шешім қабылдайды және оны әзірлеу тәртібін айқындайды. Мемлекеттік жағдай мен республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауда алдағы жылға арналған Қазақстан Республикасының бюджет саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес құрады және ол туралы ережені бекітеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемі мен бағыттары жөнінде шешімдер қабылдайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы есептерді бекітеді. Ұлттық Банктің қызметін қадағалайды, есебін бекітеді, төрағасын тағайындайды және босатады. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасыны Парламенті қаржылық қатынастарды реттеу саласында:
Республикалық бюджетті, сондай-ақ республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді. Қазақстан Республикасының Парламенті қаржы саласын реттейтін, атап айтсақ бюджет, салық, кеден, валюталық, сақтандыру, құнды қағаздар тағы басқа қаржылар жөнінде заңдарды қабылдап оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Қазақстан Республикасының Парламенті Қазақстан Республикасының Үкіметінің төрағасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің төрағасын тағайындауға келісім береді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті бюджеттік қатынастарды реттеу саласында:
Республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүргізу тәртібін белгілейді;
Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік қаржы бақылауының стандарттарын әзірлейді, сондай-ақ оларды бекітеді және олардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
Республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асырады;
Төтенше мемлекеттік бюджеттің атқарылуына бақылауды жүзеге асырады;
Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады [10].
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаржылық қатынастарды реттеу саласында: Қазақстан Республикасының Парламентіне республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді. Жергілікті ақша қаражат қорларының жобаларын әзірлеу тәртібін айқындайды; Республикалық қаржының атқарылуын қамтамасыз етеді, республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару тәртібін айқындайды; тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулы қабылдайды; қарыз алуды жүзеге асырады; шикізат секторы ұйымдарының тізбесін бекітеді; орта мерзімді фискалдық саясат жобасын әзірлеу тәртібін айқындайды; қаржылық инвестициялық жобаларды қарау тәртібін айқындайды. Салықтық емес түсімдерді алуға жауапты және олардың түсуіне бақылауды жүзеге асыратывн уәкілетті мемлекеттік органдардың тізбесін, оларды бюджетке аудару тәртібін айқындайды. Мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру қажеттік туралы шешімдер қабылдайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру тәртібін, мемлекеттік және мемлекеттік кепілдік берген қарыздарды алу, пайдалану, өту және оларға қызмет көрсету, оларды тіркеу мен есепке алу, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың мониторингі мен оны басқару тәртібін айқындайды. Мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалған тауарларды өткізуден түсетін ақшаны пайдалану тәртібін айқындайды. Қазақсатн Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервін пайдалану тәртібін айқындайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртібін айқындайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктің тізбесін айқындайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы аудиттің өткізілуін қамтамасыз етеді. Төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджетке қаржыларды алып қоюлардың және жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге қаржылық субвенцияларды аударудың тәртібі мен кезеңділігін айқындайды: Жалпы сипаттағы ресми трансферттер көлемдері есептерінің әдістемесін айқындайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің орта мерзімді фискалдық саясатын бекітеді затта нормаларды бекітеді.
Бірыңғай сыныптаманы бекітеді және оны жасау тәртібін айқындайды; Қаржылық бағдарламаладың тиімділігін бағалауды жүргізу тәртібін айқындайды. Орталық атқарушы органдардың сондай-ақ олардың аумақтық органдарының және оларға ведомствалық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санына лимитін бекітеді.
Жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгілік құрылымын және жергілікті атқарушы органдардың штат саны лимитін бекітеді;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есепті жасайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің орта мерзімі фискалдық саясатының жобасын әзірлейді; тиісті қаржы жылына арналған республикалық қаржы туралы, қаржыға өзгерістер мен толытырулар енгізу туралы заңдардың жобаларын әзірлейді және оларды қарауға Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс етеді; тиісті қаржы жылына арналған республикалық қаржы туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді; қаржылық өтінім жасаудың және табыс тәртібін айқындайды; мемлекеттік мекемелердің өз иелегінде қалатын тауарларды өткізуден түсетін түсімдер мен ақша шығыстарының болжамын жасау нысанын белгілейді; бюджет түсімдерін болжау әдістемесін айқындайды; бірыңғай бюджет сыныптамасының жобасын әзірлейді; жылдық қаржыландыру жоспарын әзірлейді және бекітеді. республикалық қаржыны нақтылау жөнінде ұсыныстар енгізеді; қаржылық бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік қарыз алуды және борышты жоспарлау мен талдау жүзеге асырады.
Бюджеттік кредиттеуді жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады.
Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қаржылық қатынастарды реттеу саласында:
Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының жобасын әзірлейді.
Басым қаржылық инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастырады.
Гранттарды тартуға басымдылығы бар өтінімдердің тізбесмін қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізеді.
Қаржылық инвестициялар мен гранттардың тиімділігне бағалауды жүргізеді. Қаржының атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган: Республикалық қаржыны атқарады және жергілікті қаржылардың атқарылуына қызмет көрсетуді жүзеге асырады [11]. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобаларын әзірлеуге қатысады.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық қаржы туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеуге қатысады.
Қаржылық қорға түсетін түсімдерді болжауға және мемлекеттік қаржыға кірістердің түсуі саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындауға қатысады.
Республикалық қаржылық қордың түсімдері мен оны қаржыландырудың жиынтық жоспарларын бекітеді және оларға өзгерістер енгізеді.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне рұқсаттар береді.
Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеуді жүзеге асырады.Мемлекеттік мекемелердң міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге асырады .Уақытша бос бюджеттік ақшаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға орналастырады; Банктік шоттардан шетел валютасын қайта айырбастау тәртібін айқындайды. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жабу және жүргізу тәртібін айқындайды. Бюджеттік есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды. Есептік жасаудың және табыс етудің тәртібін айқындайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздарын алады, пайдаланады тіркейді, өтейді және оларға қызмет көрсетеді, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында өзі шығарған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды жүзеге асырады [12].
Мемлекеттік емес қарыздардың мемлекеттік кепілдіктері бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді, Бюджет қаражатын игеру мониторингін жүзеге асырады. Республикалық бюджеттің атқарылуы барысында республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бюджеттік есепке алу есептілік жөніндегі әдістемелік басшылықты жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша келіссөздер жүргізеді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздар шарттарына қол қояды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығарады, мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер береді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздарына және мемлекеттік кепілдіктері бар мемлекеттік емес қарыздарға қызмет көрсетуге екінші деңгейдегі банктерді конкурстық негізде айқындайды жне оларға уәкілеттік береді. Республикалық бюджет қаражаты есебінен бюджет кредиттерінің берілуін, оларға қызмет көрсетілуін жәнге олардың нысаналы пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады, олардың есепке алынуын, мониторингін және қайтарылуы қамтамасыз етеді. Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган: Мемлекеттік қаржылық бақылау обьектілері қызметінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкесітгіне ішкі бақылауды жүзеге асырады.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы ол бойынша есеп және есептілік жүргізу гранттардың мемлекет кепілдік қарыздардың мемлекет активтердің мемлекеттік мекемелердің тауарлар сатуынан түскен өз иеліктерінде қалатын ақшаның пайдаланылуы бөлігінде Қазақстан Республикасының заңдары талаптарының бұзылу себептеріне баға береді.
Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан әкімдігі: жергілікті бюджет жобасын әзірлейді және оны мәслихатқа табыс етеді. Жергілікті бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді және мәслихатқа оның атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді [13]. Тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы жергілікті өкілді органның шешімін іске асыру туралы қаулы қабылдайды. Жергілікті атқарушы органның орта мерзімді фискалдық саясатын бекітеді. Экономикалық бюджеттік жоспаарлау бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарды құрады.
Облыстың республикалық маңызы бар қаланың астананың ауданның бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды.
Бюджеттік комиссия- бюджет жоьасын уақытылы және сапалы әзірлеу мен бюджетті нақтылау және атқару жөнінде ұсыныстар жасауды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын комиссия. Республикалық бюджетті комиссия және облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың астананың ауданның бюджеттік комиссиялары өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
Бюджеттік комиссиялардың құзыретіне: алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясат жөнінде ұсыныстар талдап-жасау; тиісті қаржы жылына арналған бюджеттер жобаларының көрсеткіштерін айқындау жөнінде ұсыныстар талдап-жасау. Алдағы үш жылдық кезеңде және жоспарланып отырған қаржы жылында қаржыландыруға арналған бюджеттік бағдарламаларды іріктеу орта мерзімді фискалдық саясатты негізге ала отырып, оларды іске асыру тетігін айқындай жөнінде ұсыныстар талдап-жасау.
Республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе түсімдерін қысқартуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар талдап-жасау.
Тиісті қаржы жылына арналған бюджеттерді нақтылау жөнінде ұсыныстар талдап-жасау. Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау нәтижелерін қарау және сролар бойынша ұсыныстар талдап-жасау.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдар тиісінше бюджеттік комиссияның отырыстарын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызметке жауапты болады [14].
Бюджеттік комиссияның төрағасы болмаған кезде оның функцияларын бюджеттік комиссия төрағасының өзі тағайындаған орынбасары орындайды.
Бюджеттік комиссияның хатшысы бюджеттік комиссияның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді, бюджеттік комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындайды. Жұмыс органы бюджеттік комиссия айқындайтын мерзімдер мен күн тәртіптеріне сәйкес бюджеттік комиссияның отырыстарына материалдар дайындайды. Бюджетті жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет түсімдерінің көлемін және басымдықты ескере отырып, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу процесі болып табылады [15]. Бюджет бір қаржы жылына жоспарланады. Кезекті қаржы жылына арналған бюджеттің жобасымен бір мезгілде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттің болжамы жасалады.
Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды. Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясатын Қазақстан Республикасының Үкіметі ағымдағы жылдың 1 — маусымына дейін бекітеді және ол міндетті түрде жариялануға жатады. Жергілікті атқарушы органның алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімде фискалдық саясатын жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін бекітеді және ол міндетті түрде жариялануға жатады. Орта мерзімді фискалдық саясатты әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Заттай нормалар – қажетті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді тұтынудың немесе пайдаланудың заттай көрсетьікшетір. Заттай нормаларды қолдану бюджетті жоспарлау мен атқарылу кезінде міндетті болып табылады. Заттай нормаларды орталық мемлекеттік органдар әзірлнйді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Орталық мемлекеттік органдар мемлекеттік бюджеттің және республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды көрсетікшетерін есекере отырып, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына заттай нормаларды өзгерту немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстар енгізу құқылы [16].
Бюджет түсімдерін болжауды республиканың немесе аймақтық орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспары және үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясат негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. Тауарлардың құны түріндегі бюджетке түсімдерді көрсетуге гранттар алған кезде ғана, сондай-ақ тек Қазақстан Республикасы бектікен халықаралық шартта көзделген жағдайлар жол беріледі.
Қаржы бақылау комитеті республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі құзыретінің шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомсвтосы болып табылады. Комитеттің негізгі міндеттері:
Республикалық бюджеттің атқарылуын ішкі бақылауды және жергілікті бюджеттердің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыру;
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ішкі бақылаудың және жергілікті бюджеттердің атқарылуын сыртқы бақылаудың әдіснамасын және әдістемесін әзірлеу .
Қойылған міндеттерге сәйкес Комитет мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау саласында орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтерінің іс-әрекетін үйлестіреді;
Орталық мемлекеттік органдар жүзеге асыратын бақылаудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар береді;
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне және мәслихаттардың тексеру комиссияларына бақылау жүргізудің тиісті кесімдерін, сондай-ақ хабарлық үшін тиісті бюджеттердің атқарылуын бақылау жоспарларын жібереді.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаттарының мақсатсыз әрі тиімсіз пайдаланылуын анықтау, тыю және болдырмау жөнінде шаралар қолданады;
Обьектілер лауазымды адамдарының республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттарын пайдаланудағы іс-әрекеттерінде қылмыстар белгілерін анықтаған жағдайларда бақылау материалдық, Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылуының өзге де фактілерін құқық қорғау органдарына береді;
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау саласында кадрлардың біліктілігін көтеруді және қайта даярлануын ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитет мыналарға құқылы:
- мыналарды бақылауды жүзеге асырады;
- республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасы талаптарын сақтауы;
- республикалық бюджетке түсімдер: шаруашылық серіктестіктеріндегі мемлекеттік үлестерге табыс, республикалықмемлекеттік кәсіпорындар таза тыбысының үлестері, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер, мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүліктерді сатудан алынған қаражаттар толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету бөлігінде мемлекеттік органдардың қызметі.
Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сатып алу-сату республикалық мемлекеттік мүлікті жалдау, сондай-ақ Қазақстан Ресвпубликасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің тиісті өтінуі болған жағдайда, оларды сенімді басқару шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуы. Республикалық бюджеттен берілген бюджет қаражаттарының, оның ішінде кредиттердің, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың мақсатты пайдаланылуы.
Республикалық бюджет, оның ішінде мемлекет тапсырыс бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері алған қаражатты пайдаланудың тиімділігі. Республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігі. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасы талаптарының бұзылу себептеріне баға беру.Бекітілген республикалық бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) экономикалық тиімділігіне және орындылығына баға беру.
- өздері белгілеген мерзімде бақылау обьектілерінен республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттар, анықтамалар, ауызша және жазбаша түсіндірмелер сұрау және алу;
- орталық атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтерінен жоспарлар, есептер және өзге де қажетті ақпарат алу;
- республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуында анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша бақылау обьектілерінің лауазымды адамдарын тыңдау;
- республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына бақылау жүргізуге мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын тарту;
- заңмен қорғалатын коммерциялық және өзге де құпиялар құпиялылығы режимінің саталуын ескере отырып, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу мәселелеріне жататын құжаттамамен кедергісіз танысу;
- нормативтік құқықтық базаны және бақылау жүргізу әдістемесін жетілдіру мәселелері бойынша іс-шаралар әзірлеу;
- акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттері иеленуге және пайдалануға берілген мемлекеттік органдарға мемлекеттік сыртқы немесе ішкі бақылау органдарының қызметкерлерін акционерлік қоғамдар тексеру комиссияларының құрамына кіргізуді ұсыну. Шетел мемелекеттерінің мемлекеттік аудит пен бақылау органдарымен және халықаралық ұйымдарымен байланыстырады қолдау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олармен ынтымақтастық туралы шарттар мен келісімдер жасасу және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы халықаралық ұйымдардың құрамына кіру [17]. Бақылау нәтижелері бойынша бақылау жүргізу актілерін және ұйымдарын лауазымды адамдарының орындауы үшін міндетті жұмыстағы бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жазбаша нұсқамен жіберу; бақылау жүргізу барысында алынған құжаттардың куәландырылған көшірмелерін немесе тізілімін акт бойынша бақылау обьектілеріне қалдыра отырып, құқық қорғау органдарына бақылау жүргізу актілерін берген оларға құжаттардың тұпнұсқасын қоса тіркеу; республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жүргізуге шарттық негізде және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен келісім бойынша тәуелсіз жеке аудиторлық ұйымдарды олардың көрсеткен қызметіне республикалық бюджеттен осы мақсаттарға бөлінген қаражат шегінде ақы төлей отырып, тарту; құқық қорғау, салық және өзге де мемлекеттік органдардан оларға Комитет және оның аумақтық бөлімшелері берген бақылау жүргізу материалдары бойынша қабылданған шаралар туралы толық ақпарат алу; бюджет қаражатын пайдаланудағы бұзушылық фактілері бойынша тексеру жүргізу туралы қылмыстық қудалау органдары қаулыларының негізінде жоспардан тыс бақылау жүргізу; әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолдану [30].
Комитетің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтеріне консультациялар беру, бюджеттік заңнаманы қолдану практикасына италдауға және қорытуға қатысу, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау және өз құзыреті шегінде тиісті нормативтік құқықтық кесімдер жобаларын әзірлеу; және тағы басқа қаржылық қызметтерді іс жүзіне асырады.
Қазіргі өтпелі кезеңде Қазақстан Республикасының экономикасына, соның ішінде банктік қызметтерге мемлекеттік ықпал ету механизмінің теориялық және практикалық проблемеларының маңыздылығы күн санап өсе түсуде. Банк жүйесінің барлық деңгейлеріндегі банктердің қызметін мемлекеттік реттеу механизмінің тиімді қолданылуы осы жүйенің және ел экономикасының дамуына өзіндік үлесін қосатыны мәлім.
Нарық жағдайындағы банктердің қызметін мемлекеттік реттеу мемлекеттік басқарудың басты функциясы болып табылады. Осындай мемлекеттік ықпал ету-реттеудің негізгі мән-жайына әдетте банктердің қызметін ұйымдачстыруға қажетті жалпы қағидалар мен жағдайларды белгілеу және қамтамасыз ету арқылы олардың өз коммерциялық операцияларын адал бәсекелестік тұрғысынан жүзеге асырылуларына мүмкіндік жасау, сондай-ақ өтпелі кезең талаптары мен өзгерістеріне орай банктік ортадаңы жүріп-тұру қағидаларын түзетіп отыру жатады.
Демек, Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын банк жүйесі Қазақстанның экономикалық дамуы үрдісінде шешуші рөл атқаратындықтан аталмыш жүйедегі банктік қызметтерді қоғам өміріне және заңға сай қатаң реттеу-қадағалау жөніндегі мемлекет мүдделігін туындатады.
Мысалы, халықаралық банктік қатынастар ауқымындағы, соның ішінде Еуропалық Одақтың банктік жүйесіндегі мемлектеттік басқару:
- Ешбір банк мекемесі реттеу мен қажағалаудан тыс қалмауға тиіс;
- Қадағалау мен реттеу банктердің қызметіне сай болуға тиіс деген дәстүрлі принциптердің негізінде жүзеге асырылады.
Банктік қызмет аясында жаңаша сипатта жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік реттеудің бағдары мен мақсаты, әдетте ақша-кредит, әлеуметтік-экономикалық және әкімшілік саяси жүйелеріндегі процестермен айқындалады. Банк жүйесі мемлекеттің басқарушы-реттеуші аясы ретінде көрініс табады.
Қазақстанның көрнекті ғалымы-академик М.Баймаханов мемлекеттің ұғымы мен функцияларын сипаттау барысында: «Мемлекеттің басқарудың құқықтық нысанын, реттеуді және ықпал етуді пайдалануы оның міндетті белгісі болып табылады» деген түйінді пікірін білдірген.
Өтпелі кезеңдегі банктік қызметтерді ұйымдастыру-реттеу бастауы мемлекеттік реттеудің жетекші субьектісі мемлекеттің тиісті саясатын қоғам өмірінде тиісінше іске асыру арқылы айқындалады.
Біздің ойымызша, бұл жерде айтылмыш мемлекеттік реттеумен қатар мемлекеттік басқарудың пәрменді функцияларының бірегейі мемлекеттік бақылау-қадағалаудың да банктік қызмет аяларында жан-жақты жүзеге асырылатынын білуіміз қажет. Мысалы, мемлекеттік қадағалау барысында: банктік қызметке қатысулардың іс-әрекеттерінің жалпы бағыты белгіленіп, үйлестіріледі; олардың заңды мүдделері мен құқықтарын жан-жақты қорғау қолға алынады; банктік қызметтер аясындағы мемлекет саясатының басымдылықтары айқындауы; банктік шарттарды жасау, тіркеу және лицензиялау тәртібі белгілейді.
Ресей ғалымы А.Прозоров қазіргі банк жүйесіндегі мемлекеттік реттеу моделін зерделей келіп, өз көзқарасын былайша тұжырымдаған: «Банк жүйесі қаржылық-құқықтық реттеу обьектісі болып аыады. Өйткені ол мемлекетке тән міндеттер мен функцияларды үзбей жүзеге асыруды және мемлекеттік билік мүдделеріне қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылатын мемлекеттің қаржылық қызметінің процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарымен тығыз байланысқан».
Банктік қызметті мемлекеттік реттеу-қадағалау туралы Қазақстан Республикасының заң актілеріндегі әдістер көбінесе тиісті атқарушы билік органның құзыретіне жатады.
Тікелей әкімшілік немесе жанама экономикалық ықпал ететін әкімшілік-құқықтық әдістер мемлекеттік басқарушы қызметтің әдістері болып табылады.
Қазақстан Республикасының банк жүйесі мен банктік қызметтерге байланысты жүргізілетін мемлекеттік реттеу шаралары басқарушылық ықпалдың оралымдығынмен ерекшелінеді.
Қазақстандық ғалым Л.Жиленкованың пайымдауынша: «Ел экономикасының деңгейіне аса қомақты капиталдың нақтылы арзан баға бойынша болуы айтарлықтай әсер етеді. Мемлекеттік басқару осындай капиталдың тиімді салаларға банк жүйесі мен басқа да қаржы рыноктары арқылы салынуына орасан зор ықпалын тигізеді» [24].
Демек, банктік операцияларды тиісті бағытта жүргізу барысында экономика секторлары инвестициялар нысанындағы қаражаттармен қамтамасыз етіледі.
Л.Давыдова мен Д.Райманов «Қазақстан Ұлттық Банкі банктердің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының мүдделерін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесін тұрақтыландыру мақсатында банктердің қызметтерін реттеуді жүзеге асырады» деген ойларын баяндаған. Сонымен қатар, олар банктік қызметті банктік (яғни Ұлттықы Банк тарапынан) реттеу әдістеріне пруденциалдық нормативтер елгілеу және инспекциялау жатады деп түсіндірген.
Қазақстандық экономист — ғалым И.Исаев банктік қызметті бақылау және қадағалау жөніндегі өз көзқарасын: «Банк жүйесінің ел экономикасында атқаратын рөлі мен алатын орны өте зор болады. Сондықтан кредиттік-банктік ая мемлекеттік органдар тарапынан мұқият жүргізілетін қадағалау мен ретеудің обьектісі болып саналады. Республикасындағы банктердің үстінен жүргізілетін бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының банктер туралы және өзге де заңдарын сатауды, сондай-ақ банктер мен олардың мекемелерінің жұмыстарын ұйымдастыруды және банктердің шаруашылық-қаржылық қызметтеріне мерзімді (кезеңді) тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені ретінде көрініс табады» деп түсіндіре отырып қалыптастырылыған.
Жоғарыда, заңтанушы және экономист ғалымдар тұжырымдаған ғылыми экономист ғалымдар тұжырымдаған ғылыми көзқарастар мен пікірлерді салыстыра отырып мынадай қысқаша қорытынды жасауға болады: Қазақстан Республикасының банк жүйесі мен банктік қызмет аясы қоғамдық-мемлекеттік маңызы бар мемлекеттік реттеу — құқықтық ықпал ету обьектісі болып табылатындықтан мемлекеттік ұйымдастырушы-реттеуші қызметтер банктік реттеу, әкімшілік-құқықтық реттеу, валюталық реттеу қаржылық-құқықтық реттеу түрінде көрініс табады .
Біздің ойымызша, өтпелі кезеңдегі қазақстан банктерінің қызметін мемлекеттік реттеудің қазіргі теориялық үлгісі ретінде әлеуметтік-экономикалық, заңдық-әкімшілік және саяси реттеуді алуға, сондай-ақ осы мән-жай туралы диссертациялық зерттеу барысында нақтылы ұсыныстар жасауға болады.
Өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық, заңдық-әкімшілік және саяси реттеу жөніндегі ұсыныстарды нақтыландыру мемлекетті реттеудің қазіргі даму кезеңіндегі нақты мақсаттарына байланысты болатынын ескеруіміз қажет.
Белгілі Ресей ғалымы заңтанушы Ю.Козлов «Мемлекеттік реттеу тар мағынасында – мемлекеттік басқару функциясы. Бүгінде осы функция тек экономиканы ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік – мәдени аяны реттеуді де басымды болып табылады. Мемлекеттік реттеудің мәні мен механизміне: жалпы қағидаларды белгілеу жолымен нормативтік реттеу, басқаруға байланысты шешілуге тиіс нақтылы міндеттерге (мәселелерге) сәйкес оны жедел түзету; белгілі бір қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың орындалуына бақылау жүргізу; тиісті қағидалармен реттелінген қоғамдық қатынастардың қатысушыларының құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік қорғау; олардың қызметтерінің жалпы бағытын айқындау және үйлестіру; оның тиісінше жүзеге асырылуына жәрдемдесу; құрылымдық саясаттағы басымдылықтарды айқындау; мемлекеттік келісім-шарт жасау; тіркеу; лицензиялау және т.б. жатады» деген қорытынды жсаған.
Ю.Козловтың осындай қорытындысына орай «банктік қызметтер аясын мемлекеттік реттеу мемлекеттік және коммерциялық банктер үшін қолайлы (ыңғайлы) ұйымдастырушы, құқықтық және экономикалық жағдайлар құруға бағытталады» деген пікірімізді білдіреміз.
Банк жүйесіндегі және банктердің қызметтеріне байланысты мемлекеттік қадағалау, соның ішінде банктік қадағалау жөніндегі Ресей заңгер-ғалымы А.Братконың көзқарасы мемлекеттің ақша-кредит жүйесінде шынайы орын алған нақтылы мән-жайларға байланысты өзгеше көрініс тапқан, А.Братко «Банктік ақдағалау Ресей Банкінің банктік қызметті реттейтін заң актілерін, өзі белгілеген нормативтік актілерді, соның ішінде қаржылық нормативтер мен бухгалтерлік есеп қағидаларын кредиттік ұймыдардың сақтауын және орындауын ара қашықтықты сақтай отырып және көзбе көз бақылауды. Банктік қадағалаудың мәні мен маңызды банктік қызметті реттейтін заңдар мен Ресей Банкінің нормативтік актілеріне кредиттік ұйымдардың шешімдері мен іс-әрекеттерінің сәйкес келуін тексеруден тұрады.
Қазіргі банктік қадағалау банк жүйесін толығымен қамтамайды. Өйттткені оның обьектісі тек банк жүйесінің екінші деңгей болып табылады. Ал банк жүйесінің жоғарғы деңгейі Ресей Банкі қандай болмысын мемлекеттік органның қадағалауы мен тексеруінен тыс қалған» дей отырып, шет елдердегі орталық банктердің мемлекет тарапынан міндетті түрде тексерілетінін шегелеп көрсеткен.
Бұл жерде ескеретін бір маңызды жайт, Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттің ақша-кредит саясатын іске асыратын, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін мемлекеттің қаржылық агенті ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметімен және өкілді билік органдарымен тығыз байланысты болатын нарықтық-мемлекеттік айрықша мәртебелі институт сипатындағы іс-қимыладры мен ұйымдастыру-реттеу қызметтерінің ауқымы заң жүзінде нақтылы белгіленгендіктен, олардың мемлекеттік бақылау-қадағалау назарына тыс қалмайтын білу қажет.
Сонымен, құзыретті мемлекеттік органдардың реттеу және қадағалау жөніндегі қызметтері көбінесе коммерциялық банктердің операцияларын регламенттеуге бағытталғанын байқаймыз.
Ресей ғалымы Ю.Крохина Ресей Банкі жүзеге асыратын ақша-кредиттік және т.б. реттеу шараларын сипаттай келіп, оның ішінде валюталық реттеуге ерекше тоқталып өткен. «РФ Оратлық банкі бірқатар әкімшілік іс-шараларды қолдану арқылы валюталық реттеуді талаптарға сай жүзеге асыру мүмкіндігіне қол жеткзуді. Осындай шараларға:
- экспортан түскен валюталардың бір бөлігін міндетті түрде сату туралы шешім қабылдау;
- валюталық рынокта шетелдік валютаны сатып алу – сату жөніндегі коммерциялық банктердің операцияларын лимиттеу;
- «валюталық коридорды» белгілеу»;
- отандық банктерге валюталардың қайтарылуын тежеп отырған экспорттаушыларға экономикалық және әкімшілік ықпал ету әдщістері жүйесін әзірлеу жатады.
Ресей Банкі валюталық реттеуді қолма-қол шетел валютасы айналысын реттеу және валюталық қызметті лицензиялау арқылы жүзеге асырады» деген пікірін Ю.Крохина көптеген дәлелдермен сипаттап көрсеткен.
ІІ.Тарау. Қазақстан республикасының қаржылық құқық ерекшеліктері
ІІ.1. Мемлекеттің ақша қорының әлеуметтік-экономикалық мәні
Қоғамның экономикалық және әлеуметтік құрылымын қалыптастыру және дамытуда қаржылық жүйені және оның құрамына кіретін мемлекеттің бюджетін мемлекеттік реттеу үлкен роль атқарады, ол мемлекетке экономикалық және әлеуметтік саясатын жүргізуге әсерін тигізеді. Мемлекеттік бюджет арқылы мемлекеттің ақша қаражатын қалыптастыру және пайдаланудың бағытталған қызметі жүргізіледі.
Экономикалық құрал ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің ақшасының пайда болуын және жұмсалуын көрсетеді, ол мемлекеттің алдындағы тұрған міндеттер мен функциялары қаржылармен қамтамасыз етуге арналған. Осы міндеттерге байланысты бюджет екі функцияны: бөлу және бақылау функцияларын атқарады.
Бөлу функциясының мазмұны мемлекеттің территориялары, экономиканың салалары, қоғамдық қызметтің салалары арасында қаржылық ресурстардың қайта бөлінуі процесстерімен анықталады. Сала-аралық бөлу бір жағынан, бюджетке экономиканың әртүрлі салаларындағы кәсіпорындармен ұйымдардың енгізетін төлемдеріне, екінші жағынан – бюджеттік қаражат есебінен арнайы мақсаттағы әртүрлі қорлардың қалыптасуы және олардың кейінгі қолданылуына негізделеді. Территорияаралық қайта бөлу белгілі бір территориялық бірліктердің бюджетіне белгілі бір міндетті төлемдердің аударылуы және бюджеттік реттеудің әртүрлі формалары арқылы жүзеге асырылады: ол әрбір әкімшілік территориялық бірлікке өзінің ақша қорын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бюджеттің бөлу функциясы экономикалық және әлеуметтік дамудың өзекті мәселелеріне ақша қаражаттарын бағыттауға, қоғамдық өндірістің дамуына жоғары жетістіктерге жетіп, оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бақылау функциясының негізінде сәйкес бюджеттік түсімдердің және шығыстардың көрсеткіштері көрсетілетін бюджеттік ресурстардың қозғалысы жатыр.
Бюджеттік көрсеткіштердің нақты адрестік сипаты материалдық өндіріс және материалдық емес саладағы әрекеттердің жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін құрал болып табылады.
Бюджетке түсетін төлемдердің уақытылы немесе толық түспеуі, бюджеттік қаржылардың рұқсатсыз қолданылуы және біркелкі қолданылмауы өндірістік жоспарлардың орындалмауын, мемлекеттегі экономиканың тұрақсыздығын көрсетеді. Мұндай жағдайда бюджеттік көрсеткіштер тек қана экономиканың инидкаторы болып қана қоймай, бұл жіберілген қателіктермен кемшіліктерді жоюға бағытталған нақты шараларды дайындаудың және қолданудың негізі болып табылады.
Бюджеттің бақылау функциясы әрекет етуінің өте кең көлемімен және барлығын қамтитындығымен ерекшеленеді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық мағынадағы қаржылық қатынастардың жиынтығы ретінде бірнеше ерекшеліктермен сипатталады:
- бюджеттік қатынастар бөлу сипатында болады;
- олар тек қана ақшалай нысанда жүзеге асырылады;
- бюджеттік қатынастар мақсатты ақша қорларын қалыптастыру және пайдалануға байланысты болады [34].
Бұл белгілер басқа да қаржылық қатынастарға тән болуы мүмкін, бірақ, бюджеттік қатынастар мемлекеттің қолында бағаланатын қоғамдық өнімнің шоғырлануына және олардың жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қолданылуына әсерін тигізеді.
Мемлекеттік бюджеттің өмір сүруі ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері және шығыстарына байланысты болады. Кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, ал шығыстар орталықтандырылған ақша қаражаттарының мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөлінуін көрсетеді.
Бюджеттік байланыстардың мақсатты бағытталған сипаты, мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражат қорларының қозғалысының нысандары бюджеттік байланыстардың сәйкес қаржылық жоспарларда көрсетілуіне әкеледі, осы жерден мемлекеттік бюджеттің құқықтық мазмұнын көреміз.
Соныменен, бюджетте – мемлекеттің бюджетке салық төлейтіндермен және салықтық емес төлемдерді төлейтіндермен, сондай-ақ, бюджеттік қаржыларды алушылармен қаржылық қарым-қатынасы, яғни, мемлекеттің халықпен және шаруашылық субъектілермен бюджеттік қаржыларды қалыптастыру және бөлуге байланысты өзара қарым-қатынасы көрсетіледі.
Ақша қаражаттарын бюджетке жинақтау мемлекетке мәдениетті, білім беру саласын, денсаулық сақтау салаларын дамытуға, кірістері шағын отбасыларына көмек көрсетуге, тұрғын үй мәселелерін шешуге бағытталған әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ақша ресурстарын жинақтай және бөле отырып, мемлекет өзді-өздігімен реттелетін рыноктық механизмнің әрекет етуін ретке келтіріп отыру мүмкіндігін алады. Мемлекеттік бюджет арқылы жинақталған ақша қаражаттары жеке кәсіпкерлік арқылы қанағаттандыру мүмкін емес, жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады. Оларға мемлекеттік басқару, азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігі, әлеуметтік бағдарламалар, экология, қорғаныс жатады.
Мемлекеттік бюджеттің құқықтық мазмұнын толығырақ және дәлірек ашу үшін, біз мемлекеттің қаржылық қызметінің түрі ретіндегі – қаржылық жоспарлаудың түсінігін ашуымыз керек.
Мемлекеттің қаржылық қызметі, яғни мемлекеттің және мемлекеттік органдардың, сондай-ақ, мемлекетпен өкілеттілік берілген тұлғалардың мемлекеттің ақша қаражатын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыруы әрдайым жоспарлы сипатта болады.
Мемлекеттің ішкі өнімінің айналымы материалды – заттай және бағаланатын нысанда жүзеге асырылады. Бағаланатын нысандағы ішкі өнімнің айналымы нәтижесінде қаржы қатынастарының пайда болуы, қайта бөлінуі, және пайдаланылуының ұйымдастырылуы қатынастары пайда болады, осы мемлекеттің қаржылық қызметінің мәнін көрсетеді. Ал, қаржылардың пайда болуы, бөлінуі және қайта бөлінуі, пайдалануды ұйымдастыруы процесстерін басқару қаржылық жоспарлаудың көмегімен жүзеге асырылады, оның объектісі мемлекеттің ақша қорлары және бірінші кезекте мемлекеттік бюджет болып табылады.
Қаржылық қызметтің осы түрі – қаржылық жоспарлардың жасалуы, бекітілуі және орындалуын ұйымдастыру процесстерін көрсететін қызмет болып табылады, себебі қаржылық жоспарлау қаржылық жоспарлардың жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі.
Қаржылық құқық теориясы қаржылық жоспарлаудың екі түрін атайды. Бірнішіден, ол тікелей дерективті жоспарлау. Жоспарлаудың ондай түрі мемлекеттік меншікке негізделген экономикалы мемлекеттерге тән. Ондай жоспарлау мемлекетті басқарудың шектен тыс номенклатуралығына, қатаң иерархиялық сипатына байланысты. Ол жоспарлық міндеттемелердің мәжбүрлілігімен сипатталады. Бұл әртүрлі теріс әсерлерге: тауар өндірушілерді дербес емессіздікке, ынтасыздыққа алып келеді. Бірақ, кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, мұндай жоспарлаудың түрінде жақсы жақтарда бар, себебі ол қаржылық процесстерді жеткілікті түрде нақты, тез және тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
Нарықтық экономикалы дамыған мемлекеттерде қаржылық жоспарлау «жоспар — болжам» қағидасына негізделіп жүргізіледі. Бұл жоспарлаудың түрі экономикалық процесстерге жеңіл әсер етеді. Бұл жерде бағдарламалы –мақсатты тәсіл қолданылады, және мұндай жоспарлаудың міндеті: экономиканың тиімділігін арттыруға белсенді әсер ету; қаржылық және басқа да ресурстардың экономикалық және әлеуметтік бағдарламалармен үйлесімділігін қамтамасыз ету; қаржыларды жұмсауда қажетті пропорция мен үстемділік анықтау.
Мемлекет экономикаға әсер ететін әртүрлі әкімшілік, қаржылық, экономикалық, ақша-кредиттік тәсілдерді қолданады. Солардың біреуі фискалдық саясат болып табылады. Фискалдық саясат ретінде өндірістің нақты көлемінің өзгеруіне бағытталған, еңбекпен қамтамасыз етуді көбейтуге және инфляцияға бақылау жүргізуге бағытталған, салық салу саласындағы және үкіметтік шығындар саласындағы шаралардың жиынтығын айтамыз. Бюджеттік саясаттың ірі бағыты ретінде ақша қаражаттарын экономикалық ілгерілеуге, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа бағытталған мақсаттарға қолдануды айтамыз. Осы мақсатта соңғы уақытта ғылыми-техникалық прогреспен, экономиканың құрылымдық қайта құрылуымен байланысты ұзақ мерзімді салымдар жүргізілуде.
Мемлекеттік қаржылардың экономикаға әсерін екі негізден көреміз:
- Мемлекеттік шығындардың өсуі экономикадағы сұраныстың көбеюіне, яғни, өнімдерді шығарудың және еңбекпен қамтамасыз етудің өсуіне алып келеді.
- Салық салуды көбейту жеке үй шаруашылық кірістерінің азаюына, өнімдердің шығарылуының және еңбекпен қамтамасыз етілудің азаюына алып келеді.
Сондықтан, мемлекет өзінің фискалдық саясатын анықтауда және жүргізуде өте мұқият болуы, мүмкін деген шаралардың барлығын қолдануға тиісті.
Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері.
Қаржылық жоспарлаудың объектісі, біз жоғарыда атап өткеніміздей қандай да бір мемлекеттік ақша қоры болып табылады, қаржылық жоспарлау ақша қорының кіріс және шығыс бөлігін қамтиды, яғни қаржылық жоспар кірістер мен шығыстар сметасы болып табылады.
Негізінен, жалпы ереже бойынша, кірістерменен шығыстар бір – біріне тең болуы керек, бірақ, көп мемлекеттерде мемлекеттік бюджеттің тапшылығы үнемі байқалып отырады.
Мемлекеттік басқару органдары жүргізетін көптеген қаржылық операцияларды жоспарлау мақсатында, олардың орындалуын есепке алу және талдау жасау үшін, және мемлекеттік қаржылардың мемлекеттің экономикасына әсерін, қаржылардың және төлем балансының жағдайын бағалау үшін, бұл операцияларды классификаторлар негізінде бірыңғай топтарға жіктеу керек.
Қаржылық операцияларды бір жүйеге келтірудің негізі ретінде мемлекеттік органдарға келіп түсетін және олардан шығарылатын ақша қаражаттарының табиғатын пайдалануға болады. Қаржылық операцияларды бірыңғай топтарға біріктіруге мүмкіндік беретін негізгі критерийлер ретінде: кірістер мен шығыстар; қайтарылатын немесе қайтарылмайтындығы; ақылы немесе ақысыздығы; ағымдағы немесе капиталды; қаржылық активтер немесе міндеттемелер; т.б. қарастыруға болады.
Ғалымдар бюджеттік құрылым ретінде бюджеттік жүйені, яғни әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің жиынтығын атайды. Кейбір ғалымдар бюджеттік құрылымның құрамына бюджеттік жүйеден басқа кірістер мен шығыстардың қағидаларын және оларды ажырату тәртібін жатқызады.
Пискотин М.И. ойы бойынша бюджеттік құрылымға сондай-ақ, бюджеттердің құрылымына барып түсетін салықтарменен кірістерді анықтау тәртібі де жатады. Жоғарыдағы аталғандарға қарап, бюджеттік құрылымның құрамына бюджет жүйесінің жататынын көреміз.
Бюджет жүйесі дегеніміз – сол мемлекет территориясында әрекет етуші барлық бюджеттердің жиынтығы.
А.И. Худяковта, бюджеттік реттеудің бірнеше әдістерін көрсетіп кеткен:
- бюджеттік жүйеге кіретін бюджеттер арасында бөлу;
- кейбір түрлерінің арасында нақтылы бекітілген кірістерді анықтау;
- әртүрлі бюджеттердің реттеуші кірістерін анықтау;
- бюджетаралық дотация;
- бюджетаралық кредиттеу.
ҚР «Бюджет жүйесі туралы» 1999 ж. заңына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі дами түсіп, оның орнығуына жол берілді десек болады.
Ол заңның 1 бабында әртүрлі терминдердің түсініктері берілген, мысалы, бюджет – дегеніміз, орталықтандырылған ақша қоры, ол заңдармен бекітілген салықтар мен басқа да түсімдер негізінде қалыптасып, мемлекеттің өз функцияларын жүзеге асыру үшін арналады, ал бюджеттің құрылымы деген термин – бюджеттік жүйені ұйымдастырылуы мен оның құрылу қағидаларын көрсетеді.
Заңның 1 бабында берілген анықтамаға сәйкес, Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеті дегеніміз – республикалық және жергілікті бюджеттердің өзара құрылымы болып табылады. Онда, мемлекеттің экономикалық және қаржылық мақсаттары арасындағы қарым – қатынастар, әртүрлі сатыдағы және әртүрлі секторлардағы бюджеттер арасындағы қарым-қатынастар, бюджетке түсетін әртүрлі кірістер мен шығыстардың құрылымы мен мөлшері, республикалық бюджеттің тапшылығы (профициті) және т.б. көрінеді.
Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі – экономикалық қатынастар мен құқықтық өзара құрылымы болып табылады.
Ондай жүйені негізгі элементтері: Республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер.
Бюджеттік жүйе төмендегідей қағидалар негізінде қалыптасады: олар бюджеттердің бірлігі, толықтылық, нақтылық, жариялылық, және республикалық бюджеттік жүйеге кіретін барлық бюджеттердің дербестігі. Өкінішке орай, заңдағы ол қағидалар қазіргі бюджеттік жүйедегі бастамалар болса да, олардың түсінігін ашуға көңілді аз бөлген, бірақ, 01.04.99ж. «Бюджеттік жүйе туралы», қазіргі күшіндегі заң оларды былай айқындап кеткен:
- Бюджеттік жүйенің бірлігі – олар үшін ортақ құқықтық база екендігімен, ақша жүйесінің бірлігімен, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігімен бекітілген қайта бөлу кезіндегі бюджеттердің қарым-қатынастарынан көрінеді;
- Бюжеттердің толымдылығы – бюджеттердегі кірістердің барлығының толық және міндетті көрсетілуімен, Қазақстан Республикасындағы салықтық және бюджеттік заңдар арқылы анықталған шығыстардан көрінеді;
- Бюджеттердің нақтылығы – ҚР Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауына сәйкес оларды ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуы индикативті жоспарының өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі;
- Бюджеттердің тәуелсіздігі — әртүрлі бюджеттер арасындағы кірістерді бөлудегі нақтылы айқындалған нормалардан көрінеді.
Заң бюджеттің құрылымын қаржылық құқыққа сәйкестендіріп, оның 6 бабына сәйкес бюджет мынадай бөлімдерден тұруы тиіс дейді:
- Түсімдер – Үкіметтік қарыз алулар мен арнайы грант алуларды қоспағандығы бюджетке түсетін барлық кірістерден тұрады;
- Арнайы алынған трансферттер (гранттар) – тауарларды немесе қызмет көрсетулерді сатып алуға, кредит беруге немесе өтелмеген борышты төлеуге байланысты емес тегін және қайтарылмайтын төлемдер.
- Шығыстар – кредиттеу мен мемлекеттік қарыздардың негізгі соммасын жою үшін кететін шығыстарды қоспағандағы бюджеттен шығатын барлық шығыстардан тұрады;
- Кредиттеу – таза кредиттеулер мен бюджеттен кредиттеу үшін жүргізілетін төлемдер, ол заңды тұлғаларға не жеке тұлғаларға қайтарымды негізде ақша қаражаттарын беру.
- Бюджеттің дефициті (профициті) – Кірістер мен арнайы алынған трансферттер (гранттар) бөлімдерінің жалпы мөлшері мен Шығыстар және Кредиттеу бөлімдерінің жалпы мөлшері арасындағы айырмашылықтан тұрады;
Қаржы Министрлігі бюджеттік саясаттың басты мақсаттары мен, алдағы жылдың бюджеттік саясатын, өтіп бара жатқан бюджеттің орындалуының бағасы, және ақша – кредиттік саясаттың басты бағыттарын айқындап отырады. Осы арқылы ол, мемлекеттің қаржылық балансын анықтайды. Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдан мемлекеттің қаржылық балансы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі үшін жергілікті бюджеттердің параметрлерін, олардың республикалық бюджетпен қарым-қатынастарын айқындауға жол береді. Алдағы жылдың Республикалық бюджеті осы жылдың 15 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының Парламентінің палаталарының ортақ отырысында қарастырылып, бекітіледі.
Егер, Парламентпен өтіп бара жатқан жылдың 15 желтоқсанына дейін алдағы жылдың Республикалық бюджеті бекітілмесе, онда Қазақстан Республикасының Президенті Парламентпен бюджет бекітілгенге дейінгі күші бар, «Алдағы қаржылық жылдың 1 кварталының республикалық қаржылық жоспары туралы» заң күші бар Жарлығын қабылдайды [35].
Қаржылық жоспардың орындалуы Республикалық бюджет үшін анықталған тәртіпте жүзеге асырылады.
Соныменен, бюджет түсімдермен шығыстардан тұрады. Бюджеттің кіріс операциялары шығыстардағы қажеттіліктерді қаржыландыру үшін және мемлекеттік кредиттерді беру үшін жүзеге асырылады. Бюджеттің негізгі түсім көздерін қамтамасыз ететін салықтар болып табылады.
Кез келген мемлекет өзінің шынайы тәуелсіздігін мемлекеттік кірістер жүйесінің нақтылы механизмімін құру негізінде қалыптастырады. Оның негізгі саласы ретінде – халықтың жалпы жағдайын көтеру үшін, мемлекеттің қаржылық жағдайын жақсарту үшін төленетін, кәсіпкерлік пен шаруашылық субъектілердің жағдайын ескеретін, бюджетке төленетін міндетті төлемдер болып табылады. Олардың мемлекеттегі басқа кірістерден басты айырмашылығы, олардың міндетті түрдегі төлетіндігінен көрінеді.
Салық төлеуші ондай төлемдерді заңдармен бекітілген тәртіппен, мерзімде міндетті түрде төлеуі тиіс. Сондай-ақ, ондай міндеттілік комплексті болып табылады, себебі онда – салық төлеушінің төлеу міндетімен қоса белгілі бір мемлекеттік органның ондай төлемдерді міндетті түрде алу міндеті де көрінеді.
Бюджетке төленетін міндетті төлемдер салықтық және салықтық емес болып бөлінеді.
Салықтық төлемдерге – салықтар жатады да, ол – қайтарымсыз, ақысыз түрдегі міндеті бюджетке төленетін төлем болып табылады, салықтық емес төлемдерге – салыстырмалы-қайтарымды болып келетін мемлекеттік баждар, алымдар және міндетті төлемдер жатады.
Мемлекеттік бюджетке төленетін міндетті төлемдердің түрі:
Салықтар дегеніміз – мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру үшін, мемлекеттің шығыстарының орнын толтыруға арналған – мемлекеттік қорлар құру үшін мәжбүрлі түрде, ақысыз, қайтарылмайтын, міндетті түрдегі ақшаларды алу болып табылады.
Салықтар материалдық төлемдер ретінде төленеді, ол оның экономикалық мәнін ашудағы негізгі белгісі болып табылады. Оны төлеу: салық төлеушінің мүлкінің мемлекетке өтуінен көрінеді. Негізінен әдебиеттерде салық – ақша төлемі ретінде көрсетіледі. Әрине ол дұрыс, себебі салықтардың көпшілігі ақшамен есептелінеді. Бірақ, Қазақстан Республикасының салықтық заңдары салық төлеудің заттай нысанын да көрсетіп кеткен. Олар, мысалы, жер қыртысын пайдаланушылардың тапқан табыстарының бір бөлігін, сондай зат есебінде мемлекетке беруінен көрінеді.
Салықтардың екінші экономикалық маңызы – ақшаларды қайтарымсыз түрде алу болып табылады. Салықты төлеу кезінде салық төлеушіден мемлекетке кететін бір – жақты ақша қозғалысы ғана болады.
Салықтық міндеттеме бір – жақты болып табылады да, мемлекет келіп түскен ақша соммаларын қайтаруға міндеті емес.
Салықтың экономикалық мағынасының үшінші белгісі – оның ақысыз төлем екендігінде. Яғни, салық ретінде төленген ақшалар үшін ешқандай тауарлар берілмейді. Салық белгілі бір тауарлар мен мемлекеттің көрсеткен жұмысы үшін төленетін төлем емес. Салықтың ақысыздығы оның басқа бюджетке төленетін міндетті төлемдерден айыратын басты белгісі болып табылады.
Салықтың 4-ші экономикалық белгісі – салықтың тұрақты экономикалық қатынастар тудыратындығында. Бұл тұрақтылық салық төлеуменен байланысты ақша төлемдерінің тұрақтылығында ғана емес.
Салықтық қатынастардың тұрақтылығы салық салынатын объект – салық төлеушінің меншігінде болған кезде, салық салынатын объект – салық төлеушінің меншігінде болған кезде, салық субъектісі болған кезде қамтамасыз етіледі. Салықтық қатынас белгілі бір төлемінің төлеу міндеттілігінің орындалуымен аяқталмайды, ол салық салу объектісі және субъектісі болған кезде болады.
Осы жерден салықтың бесінші экономикалық белгісі пайда болады, ол салық салудың объектісінің болуыменен сипатталады.
Салықтың 6-шы экономикалық белгісі – оның жекеленген нақты сипатының болуында. Әрдайым заңды немесе жеке тұлға арқылы төлем субъектісі болады. Өз субъектісінсіз салық болмайды, себебі ақшаны алудың көзі болмайды.
Салықтың 7-ші белгісі төлемнің белгілі мөлшерімен сипатталады. Негізінен, дамыған мемлекет салық белгілейтін өзінің нормативтік құқықтық актілерінде әрдайым салықтың мөлшерін қандай да бір тәсілмен белгілеп береді (кіріске байланысты процентпен, нақты белгіленген сомма түрінде).
Салықтың 8-ші белгісі салықтың төлеу мерзімдерінің нақты анықталғандығында.
Соныменен, салық төлеу мерзімі салықтық міндеттеменің құрамдас элементі болып табылады. Бұл мерзімдердің бұзылуы әрбір жіберілген күнге белгілі бір көлемде өсім төлеуге байланысты салық төлеушінің жауаптылығын тудырады. Салықтардың мерзімдерінің көрсетілуі, оны мемлекеттік алым сияқты басқа төлемдерден ажыратады.
Салықтың соммасының әрдайым мемлекеттің кірісіне түсуі, салықтың 9-шы экономикалық белгісі болып табылады. Бұл белгісіне байланысты да салық басқа алымдармен төлемдерден ажыратылады.
Салықтың 10 – шы экономикалық белгісі оның төленуі меншік нысанының ауысуына алып келетіндігінде. Мемлекеттік кәсіпорындардың төлейтін төлемдерін «міндетті аударылымдар» — деп атаймыз және олар бұл кәсіпорындардың кірістерінің қайта бөлінуі процессін көрсетеді.
Енді салықтың заңдық белгілерін қарастырайық:
- Салық мемлекеттің белгілеген міндеті. Қазақстан Республикасының Конституциясында бұл міндеттілік көрсетілген. Мемлекет оны біржақты тәртіппен ешкіммен келіспей белгілейді. Қазақстан Республикасында ҚР «Республикалық референдумы туралы» 2 қараша 1995ж. Конституциялық заңында бюджеттік, салықтық мәселелері референдум объектісі бола алмайтындығы көрсетілген.
- Салық әрдайым тек құқықтық нысанда болады. Салық пайда болғандағы алғашқы кезеңде діни көзқарастармен реттелген. Бірақ, мемлекеттің орнығуы және дамуы барысында ол мемлекеттің тікелей қарамағына көшеді. Қазіргі мемлекет үшін салықтың құқықтық нысанда болатындығы сөзсіз, ол жазбаша нысанда нормативтік құқықтық акт арқылы көрсетіліп, заңмен белгіленген тәртіпте қол қойылып жариаланады.
- Салық мәжбүрлі сипатта болады.
- Салық төлеу – салық төлеушінің заңдық міндеті болады.
- Салық төлеу мемлекеттік жауапкершілік шараларымен қамтамасыз етілген.
- Салық бұл заң арқылы бекітілген төлем.
- Салық төлеуде ақшаны заңды түрде алу орын алады.
- Салық – тұрақты қаржылық міндеттеме болып табылады.
- Салық міндетті төлем болады.
Салықтардың әртүрлі жіктелу негіздеріне байланысты түрлері.
- Тікелей және жанама салықтар. Тікелей салық дегеніміз – салық салу субъектісі бір мезгілде өзі салық төлеуші болып табылатын салық. Жанама салық төлеуде – салық салу субъектісі басқа тұлға да, ал салықты төлеу міндеті басқа тұлғаға жүктеледі. Мысалы: қосылған құнға салық, акциздер және кедендік алымдар мен баждар.
- Салықты төлеу нысанына байланысты ақшалай және натуралды нысанда төлеу (жер қойнауын пайдаланудың кейбір түрлері).
- Субъектіге байланысты: жеке тұлғалар төлейтін және заңды тұлғалар төлейтін салықтар.
- Салықтың атқаратын рөліне байланысты (бюджеттік реттеудің құралы ретінде): бекітілген және реттеуші салықтар.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының салық кодексіне сәйкес келесідей салықтардың түрлері алынады:
- Корпоративті табыс салығы;
- Жеке табыс салығы;
- Қосылған құнға салық;
- Акциздер;
- Әлеуметтік салық;
- Жер салығы;
- Транспорт құралдарына салық;
- Мүлік салығы;
- Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдері.
Сондай-ақ, бюджетке салықтардан басқа да міндетті төлемдер келіп түседі. Оларға жататындар: алымдар, баждар, төлемдер.
- Алым сияқты міндетті төлемнің құқықтық мазмұнын анықтау үшін, оның салықтық төлемнен негізгі айырмашылықтарын анықтау қажет.
- Алым бір реттік төлем болып табылады, ал салықтық төлемдер үшін – тұрақты ұзаққа созылған қатынастар тән;
- Алым салыққа қарағанда экономикалық мағынада салыстырмалы эквивалентті болып табылады, заңдық мағынада салыстырмалы қайтарылатын төлем болып табылады. Алым төлегені үшін субъект белгілі бір құқықтарды иеленеді немесе мемлекеттен қандай да бір рұқсаттарды алады.
- Салыққа қарағанда, алымды төлеу салыстырмалы ерікті түрде болады. Мысалы, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға, егер қандай да бір қызметпен айналысқысы келсе алым төлеуге міндетті.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Республикалық бюджетке мынадай алымдардың түрлері түседі:
- Бағалы қағаздарды эмиссиялауды тіркеу үшін алым;
- Қазақстан Республикасының территориясында автотранспорт құралдарының жүргені үшін алым;
- Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды тіркегені үшін алым;
- Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым;
- Аукциондық сатулардан алым;
- Радио-желілік ресурстарды пайдаланғаны үшін алым;
- Базарларда тауарларды өткізгені үшін алым;
- Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
- Гербтік алым;
- Жекеленген кәсіпкерлік қызмет түрімен айналысу құқығы үшін алым;
- Азаматтық әуе транспорттарын мемлекеттік тіркегені үшін алым;
- Теңіз, өзен транспорттарын тіркегені үшін алым.
Бюджеттік жүйе – мемлекетте жұмыс істейтін барлық бюджеттердің жиынтығын білдіреді. Бюджеттен тыс қорлардың жиынтығымен мемлекеттік қаржылардың жиынтығын құрайды. Бюджет жүйесінің құрылысы мемлекеттік басқару органдарының құрылысымен анықталады. Біздің мемлекетіміз унитарлы мемлекет болғандықтан басқару органдарының екі деңгейі бар: орталық және жергілікті. Орталық басқару органдарына ҚР Парламенті, ҚР Президенті, ҚР Үкіметі, ҚР Қаржы министрлігі және ҚР Кіріс министрлігі, орталық атқару органдары, ҚР бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті жатады. Жергілікті басқару органдарына жергілікті өкілді органдар – маслихаттар, жергілікті атқару органдары — әкімдер және әкімшілік жатады.
Осыған сәйкес мемлекеттік бюджет екі деңгейдегі бюджеттерден – республикалық және жергілікті бюджеттерден тұрады. Сондай-ақ мемлекеттік қаржылардың ішінде бюджеттен тыс қорлар үлкен роль атқарады. Қазір мемлекетімізде тек екі бюджеттен тыс қорлар бар. Олар мемлекеттік Зейнетақы қоры және Ұлттық қор. Бұрын, 1999 жылғы Бюджет жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабыданға дейін бірнеше бюджеттен тыс қорлар болған (жол қоры, міндетті медициналық сақтандыру қоры, геологиялық-іздестіру жұмыстарын жүргізу қоры, әлеуметтік қор, еңбекпен қамтамасыз ету қоры, табиғатты қорғау қоры, экономиканы қайта құру қоры, кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелстікті дамыту қоры, т.б.). Қазір бұл қорлар қысқартылған. Қазіргі кезде салықтар мен басқа да міндетті төлемдер республикалық бюджетке барып түседі де, әртүрлі салаларға және территорияларға бөлінеді. Жергілікті бюджеттерге барып түсетін кіріс көздер бар, бірақ олар аз көлемде.
Мемлекеттегі бюджеттер бір-бірімен тығыз байланыста бола отырып, қызмет етеді. Республикалық бюджет Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған Заңмен, жергілікті бюджеттер жергілікті маслихаттардың шешімдерімен бекітіледі. Бюджеттердің жобалары атқару органдарымен: республикалық бюджеттің жобасы – Қазақстан Республикасының Үкіметімен, жергілікті бюджеттің жобасы – жергілікті әкімдермен жасалады. Сосын олардың орындалуын атқару органдары қамтамасыз етеді. Жергілікті бюджеттердің орындалуын маслихаттардың жанынан құрылған тексеру комиссиялары, ал республикалық бюджеттің орындалуын – Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті тексереді.
Бюджеттердің құрылысы:
- Түсімдерден:
- кірістерден;
- алынған ресми трансферттерден, қайтарылған кредиттерден;
- Шығыстардан;
- шығындардан, кредиттерден;
- Бюджет тапшылығынан (профицитетінен)
- Бюджет тапшылығын қаржыландырудан (профицитті қолданудан) тұрады.
Мемлекеттік басқаруды және мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін бірнеше шаралар комплексі қабылданады. Оларды біз бюджеттік бағдарламалар дейміз. Бұл бағдарламалар ағымдағы бюджеттік бағдарламалар және дамудың бюджеттік бағдарламалары деп бөлінеді. Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар заң актілеріне сәйкес, тұрақты сипатта болатын мемлекеттік басқару функцияларын орындауға бағытталған немесе бір мезгілдік шараларды жүргізуді көрсететін бағдарлама. Дамудың бюджеттік бағдарламалары Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және институционалды дамуына бағытталған бағдарламалар болып табылады.
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары ҚР Конституциясына негізделеді, бюджет Кодексінен қабылдануы көзделген және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер ҚР бекіткен халықаралық шартта Бюджет Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының қолданылуы:
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары республиканың бүкіл аумағына қолданыста болады және барлық жеке заңды тұлғаларға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті органдардың тиісінше республикалық және жергілікті бюджеттерден тиісті қаржы жылына арнап ақша бөлу туралы актілері, қайтарымды негізде ақша бөлу туралы ережелерін қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жояды.
Тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар, тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы заңдар, тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы маслихаттардың шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы маслихаттардың шешімдері, сондай-ақ ҚР Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың оларды іске асыру туралы актілері тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде ҚР бюджет заңдарына қайшы келетін ережелер көзделсе, онда ҚР бюджет заңдарының ережелері қолданылады. Дипломдық жұмысымда мемлекеттік қаржылардың түсінігі, қоғамдағы орны, маңызы мен мақсаты қарастырылады. Бюджет қызметінің бағыт-бағдарлары және жаңаша сипатта дамуы мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жөүйедегі процестермен айқындалып отыр. Қаржылардың мемлекетіміздегі алатын орын мен маңызы өте зор екендігі белгілі. Бюджетті қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді. Бюджеттік қаржылар қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінен елеулі орын алады, сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикасының өсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде ықпалын тигізеді. Сондықтан бюджеттік қаржылар мемлекеттің материалдық тірегі, базасы болып табылады және базистің құрамына жатады.
2007 жылдан бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 30 пайызға көбейтуді; 2006 жылдың 1 шілдесінен арнайы әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін; соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдарға 2,4 есе (2472 теңгеден 5974 теңгеге дейін); соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 1,2 есе (5871 теңгеден 7313 теңгеге дейін); Ұлы Отан соғыс кезеңінде қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне 1,6 есе (2781 теңгеден 4326 теңгеге дейін); қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына бір жарым есе (2884 теңгеден 4429 теңгеге дейін); қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдеріне, ерлеріне 2,7 есе (927 теңгеден 2472 теңгеге дейін); Ұлы Отан соғысы жылдарында қажырлы еңбегі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ тылда алты айдан аз емес уақыт жұмыс істеген (қызмет еткен) адамдарға екі есе (1030 теңгеден 2060 теңгеге дейін); 1988 – 1989 жылдардағы Чернобыль АЭС – індегі апат зардабын жоюға қатысушылар қатарындағы адамдарға төрт есе (515 теңгеден 2060 теңгеге дейін) көбейтуге тапсырамын. Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуетті құрылымдардың зейнеткерлері үшін зейнетақы мөлшерінің бір жолғы сараланған өсімі жүүргізілсін. Сонымен қатар мен Үкіметке республикамыздағы әлеуметтік жүйені жақсарту үшін тағы да бірқатар шараларды іске асыруды жүктеймін: 2007 жылдан бастап зейнетақылық және әлеуметтік төлемдерді ағымдағы айдан кешіктірмей төлеуді жүзеге асыруға көшіру керек, бұл мақсатқа шамамен 30 миллиард теңге бөлінсін деп Елбасы Жолдауында мәлімдеді.
Мемлекеттің дұрыс дамуы үшін экономикалық және технологиялық алғышарттар орындалуы қажет, сондай-ақ, институционалды шарттар да сақталуы керек, яғни, жоғарыдағы алғышарттардың сақталуын қамтамасыз ететін нормалар мен ережелер анықталып, олардың ролі нақты көрсетілуі керек және қабылданған заң актілерінің жүзеге асырылуы жеткілікті деңгейде қаржыландырылуы қажет. Бұл мәселелер бюджеттердің көмегемен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бюджет кез-келген мемлекеттің өмір сүруінің міндетті шарты болып табылатын ақша қаражаттарын қалыптастыруды, бөлуді және пайдалануды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін, мемлекеттің негізгі қаржылық заңы болып табылады. Мемлекеттік бюджет мемлекеттік органдарға өз функцияларын орындауды қамтамасыз етеді. Бюджет мемлекеттің ішкі жэне сыртқы саясатын жүргізу үшін экономиканың барлық секторларының қаржаттарын жинақтау құралы ретінде қолданылады. Бюджеттің көмегімен ұлттық табысты сектораралық, салааралық, территорияаралық қайтабөлу, экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру, әлеуметтік саясатты қаржыландыру жүзеге асырылады
ІІ.2. Бюджеттің құрылымдық элементтері мен Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.
Бюджет мәселесі мемлекет және қоғам үшін өте маңызды. Себебі мемлекеттік бюджет – бұл қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік қатынастарды реттейтін басты механизмдердің бірі. Қазақстанда өткізілетін экономикалық және саяси реформалар мемлекеттің қаржы сферасын, соның ішінде бюджеттік жүйесін қозғамай өте алмайды. Мемлекеттік бюджет Үкімет басшылығына экономиканы қадағалауға, әр түрлі әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға, жағдайы төмен адамдарға жәрдем беруге мүмкіндік береді.
Қазақстанның бюджеттік жүйесі қалыптасқан. Республикалық бюджет туралы заң жыл сайын қабылданып тұрады. 2004 жылы Қазақстан Республикасының бюджет кодексі бекітілді. Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, Бюджет Кодексінен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданыста болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың тиiсiнше республикалық және жергiлiктi бюджеттерден тиiстi қаржы жылына арнап ақша бөлу туралы актiлерi, осы актiлердiң қайтарымды негiзде ақша бөлу туралы ережелерiн қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн күшiн жояды. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдар, тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттардың шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы мәслихаттардың шешiмдерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың оларды iске асыру туралы актiлерi тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi. Егер заң актiлерiнде және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына қайшы келетiн ережелер көзделсе, онда Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының ережелерi қолданылады. Бюджет жүйесi мынадай принциптерге негiзделедi: 1) бiрлiк принципi — Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бiрыңғай бюджеттiк заңдарының қолданылуын, соның iшiнде бiрыңғай бюджеттiк сыныптауды, бюджет процесiн жүзеге асырудың бiрыңғай рәсiмдерiн пайдалануды қамтамасыз ету; 2) толықтық принципi — Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық түсiмдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегiнуге жол бермеу; 3) реалистiк принципi — бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет көрсеткiштерiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi жоспарының бекiтiлген (түзетiлген) өлшемдерi мен бағыттарына сәйкес келуi; 4) транспаренттiлiк принципi — мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджеттердi және олардың атқарылуы туралы есептердi, мемлекеттiң фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты мiндеттi түрде жариялау; бюджет процесiнiң ашықтығы, мемлекеттiк қаржы бақылауын жүргiзу; 5) дәйектiлiк принципi — бюджеттiк қатынастар аясында бұрын қабылданған шешiмдердi мемлекеттiк басқару органдарының сақтауы; 6) тиiмдiлiк және нәтижелiлiк принципi — бюджеттердi бюджеттiк бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгiлi бiр нәтижелерге қол жеткiзу қажеттiлiгiн негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткiзу үшiн қажеттi оңтайлы көлемiн пайдалана отырып әзiрлеу және атқару немесе бюджеттiк қаражаттың бекiтiлген көлемiн пайдалана отырып ең үздiк нәтиженi қамтамасыз ету; 7) басымдық принципi — бюджеттiк процестi республиканың немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру; 8) жауапкершiлiк принципi — бюджет процесiне қатысушыларды Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңдарын бұзғаны үшiн жауапқа тарту; 9) бюджеттердiң дербестiк принципi — түрлi деңгейдегi бюджеттер арасында түсiмдердiң тұрақты түрде бөлiнiп тұруын орнықтыру және заңға сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiнiң заңға сәйкес бюджет процесiн дербес жүзеге асыру құқығы, жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы барысында қосымша алынған кiрiстердi, заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, жергiлiктi бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берiлмейтiндiгi, тиiстi өтемсiз төмен тұрған бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берiлмейтiндiгi. Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе түсiмдерiн қысқартуды көздейтiн Қазақстан Республикасы заңдары жобаларының ережелерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң оң қорытындысы болған жағдайда ғана енгiзiлуi мүмкiн. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қорытындысы Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары ескерiле отырып жасалады. Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе түсiмдерiн қысқартуды көздейтiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары жобаларының ережелерiн Республикалық бюджет комиссиясының мiндеттi түрде қарауына жатады. Заңда көрсетiлген актiлер жобаларының ережелерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң (Республикалық бюджет комиссиясының) қорытындысы ағымдағы жылдың бiрiншi жартысында берiлген жағдайда қолданысқа келесi қаржы жылынан ерте енгiзiле алмайды. Қорытынды ағымдағы жылдың екiншi жартысында берiлген жағдайда аталған ережелер қолданысқа жоспарланып отырған жылдан кейiнгi қаржы жылынан ерте енгiзiле алмайды. Жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе түсiмдерiн қысқартуды көздейтiн жергiлiктi өкiлдi органдар шешiмдерiнiң жобалары әкiмдiктiң оң қорытындысы болған жағдайда ғана мәслихаттардың қарауына енгiзiлуi мүмкiн. Әкiмдiктiң қорытындысы тиiстi бюджет комиссиясының ұсыныстары ескерiле отырып жасалады.
Жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе түсiмдерiн қысқартуды көздейтiн жергiлiктi атқарушы органдар актiлерi жобаларының ережелерiн тиiстi бюджет комиссиясының мiндеттi түрде қарауына жатады.
Заңда көрсетiлген ережелер әкiмдiктiң (тиiстi бюджет комиссиясының) оң қорытындысы болған жағдайда қолданысқа келесi қаржы жылынан ерте енгiзiле алмайды. Нормативтік актілерде көрсетiлген ережелер тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдарға және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттардың шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы мәслихаттар шешiмдерiне, сондай-ақ оларды iске асыру туралы нормативтiк құқықтық актiлерге қолданылмайды. Бюджеттердiң түрлерi мен деңгейлерi. Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегi бюджеттер бекiтiледi, атқарылады және дербес болып табылады: республикалық бюджет; облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi. Қазақстан Республикасында заңда белгiленген жағдайларда төтенше мемлекеттiк бюджет әзiрленуi, бекiтiлуi және атқарылуы мүмкiн.
Бюджет Кодексінде айқындалған салықтық және басқа да түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттiк органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттiк саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекiтiледi. Бюджет Кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсiмдер, есебiнен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегi жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджетi, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi болып табылады. Тиiстi қаржы жылына арналған облыстың бюджетi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының шешiмiмен бекiтiледi. Заңда айқындалған салықтық және басқа да түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттiк органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиiстi аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi болып табылады. Тиiстi қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешiмiмен бекiтiледi.
Төтенше мемлекеттiк бюджет республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң негiзiнде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгiзiледi. Төтенше мемлекеттiк бюджеттi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен бекiтiледi. Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгiзу және оның күшiн жою туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы төтенше мемлекеттiк бюджеттi енгiзуге және оның қолданылуын тоқтатуға негiз болып табылады. Төтенше мемлекеттiк бюджеттiң қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламентi дереу хабардар етiледi. Төтенше мемлекеттiк бюджеттiң қолданылу уақытына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның және тиiстi қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегi жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттар шешiмдерiнiң қолданылуы тоқтатыла тұрады. Төтенше мемлекеттiк бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзiлген мерзiм iшiнде қолданыста болады. Төтенше мемлекеттiк бюджеттiң қолданылуы тоқтатылғаннан бастап республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және тиiстi қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегi жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттардың шешiмдерiне сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерiнде төтенше жағдай енгiзiлген ретте төтенше мемлекеттiк бюджет енгiзiлмейдi. Қазақстан Республикасының бiрнеше аймақтарының аумақтарында бiр мезгiлде төтенше жағдай енгiзу төтенше жағдайдың зардабы ұлттық мүдделерге және республиканың экономикалық қауiпсiздiгiне нақты қатер төндiруi мүмкiн болатын ретте ғана төтенше мемлекеттiк бюджет енгiзуге негiз бола алады.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi шотында шоғырландырылатын, мемлекеттiң қаржылық актив түрiндегi, сондай-ақ, материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiк түрiндегi активтерi Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мемлекеттiң тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтердiң және, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердiң қорлануына, экономиканың шикiзат секторына тәуелдiлiгiн және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады. Жинақтау функциясы қаржылық активтердiң және, материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiктердiң қорлануын қамтамасыз етедi. Тұрақтандыру функциясы шикiзат ресурстарына әлемдiк бағаның конъюнктурасына республикалық бюджеттiң тәуелдiлiгін төмендетуге арналған. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзiлiк және iшкi тауар мен қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегi және шет елдердегi экономикалық жағдай, республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтары ескерiле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi сақтала отырып айқындалады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсiмi мен жұмсалуы ұлттық және шетелдiк валюталармен жүргiзiледi. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөнiндегi есебi мен есептiлiгі ұлттық валютамен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалатын сенiмгерлiк басқару туралы шарттың негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады.
Қаржылық жоспарлаудың объектісі, біз жоғарыда атап өткеніміздей қандай да бір мемлекеттік ақша қоры болып табылады, қаржылық жоспарлау ақша қорының кіріс және шығыс бөлігін қамтиды, яғни қаржылық жоспар кірістер мен шығыстар сметасы болып табылады.
Негізінен, жалпы ереже бойынша, кірістерменен шығыстар бір – біріне тең болуы керек, бірақ, көп мемлекеттерде мемлекеттік бюджеттің тапшылығы үнемі байқалып отырады.
Мемлекеттік басқару органдары жүргізетін көптеген қаржылық операцияларды жоспарлау мақсатында, олардың орындалуын есепке алу және талдау жасау үшін, және мемлекеттік қаржылардың мемлекеттің экономикасына әсерін, қаржылардың және төлем балансының жағдайын бағалау үшін, бұл операцияларды классификаторлар негізінде бірыңғай топтарға жіктеу керек.
Қаржылық операцияларды бір жүйеге келтірудің негізі ретінде мемлекеттік органдарға келіп түсетін және олардан шығарылатын ақша қаражаттарының табиғатын пайдалануға болады. Қаржылық операцияларды бірыңғай топтарға біріктіруге мүмкіндік беретін негізгі критерийлер ретінде: кірістер мен шығыстар; қайтарылатын немесе қайтарылмайтындығы; ақылы немесе ақысыздығы; ағымдағы немесе капиталды; қаржылық активтер немесе міндеттемелер; т.б. қарастыруға болады.
Ғалымдар бюджеттік құрылым ретінде бюджеттік жүйені, яғни әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің жиынтығын атайды. Кейбір ғалымдар бюджеттік құрылымның құрамына бюджеттік жүйеден басқа кірістер мен шығыстардың қағидаларын және оларды ажырату тәртібін жатқызады.
Пискотин М.И. ойы бойынша бюджеттік құрылымға сондай-ақ, бюджеттердің құрылымына барып түсетін салықтарменен кірістерді анықтау тәртібі де жатады. Жоғарыдағы аталғандарға қарап, бюджеттік құрылымның құрамына бюджет жүйесінің жататынын көреміз.
Бюджет жүйесі дегеніміз – сол мемлекет территориясында әрекет етуші барлық бюджеттердің жиынтығы.
А.И. Худяковта, бюджеттік реттеудің бірнеше әдістерін көрсетіп кеткен:
- бюджеттік жүйеге кіретін бюджеттер арасында бөлу;
- кейбір түрлерінің арасында нақтылы бекітілген кірістерді анықтау;
- әртүрлі бюджеттердің реттеуші кірістерін анықтау;
- бюджетаралық дотация;
- бюджетаралық кредиттеу.
ҚР «Бюджет жүйесі туралы» 2004 ж. заңына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі дами түсіп, оның орнығуына жол берілді десек болады.
Ол заңның 1 бабында әртүрлі терминдердің түсініктері берілген, мысалы, бюджет – дегеніміз, орталықтандырылған ақша қоры, ол заңдармен бекітілген салықтар мен басқа да түсімдер негізінде қалыптасып, мемлекеттің өз функцияларын жүзеге асыру үшін арналады, ал бюджеттің құрылымы деген термин – бюджеттік жүйені ұйымдастырылуы мен оның құрылу қағидаларын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеті дегеніміз – республикалық және жергілікті бюджеттердің өзара құрылымы болып табылады. Онда, мемлекеттің экономикалық және қаржылық мақсаттары арасындағы қарым – қатынастар, әртүрлі сатыдағы және әртүрлі секторлардағы бюджеттер арасындағы қарым-қатынастар, бюджетке түсетін әртүрлі кірістер мен шығыстардың құрылымы мен мөлшері, республикалық бюджеттің тапшылығы (профициті) және т.б. көрінеді.
Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі – экономикалық қатынастар мен құқықтық өзара құрылымы болып табылады.
Ондай жүйені негізгі элементтері: Республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер.
Кiрiстер, бюджет кредиттерiн өтеу, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер, сондай-ақ мемлекеттiк қарыздар бюджеттiң түсiмдерi болып табылады. Шығындар, бюджет кредиттерi, қаржы активтерiн сатып алу, қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеу бюджеттiң шығыстары болып табылады. Бюджеттiң құрылымы мынадай бөлiмдерден тұрады: 1) кiрiстер: салықтық түсiмдер; салықтық емес түсiмдер; негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер; ресми трансферттер түсiмдерi; 2) шығындар; 3) операциялық сальдо; 4) таза бюджеттiк кредит беру: бюджеттiк кредиттер; бюджеттiк кредиттердi өтеу; 5) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо: қаржы активтерiн сатып алу; мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер; 6) бюджет тапшылығы (профицитi); 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану): қарыздар түсiмi; қарыздарды өтеу; бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы. Бюджеттердi бекiту және бюджеттердiң атқарылуы туралы есептердi түзу осы баптың 1-тармағында көрсетiлген құрылым бойынша жүзеге асырылады.
Салық және басқа да мiндеттi төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусiз негiзде берiлетiн, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттiң қаржы активтерiн сатуға байланысты емес, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiне сәйкес бюджетке eceптелуге тиiстi ақша бюджет кiрiстерi болып табылады. Салықтық түсiмдер — Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер. Салықтық емес түсiмдер — Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген, негiзгi капиталды, байланысты гранттарды сатудан түсетiн түсiмдерге жатпайтындардан басқа, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде белгiленген бюджетке төленетiн мiндеттi, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ, ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусiз негiзде берiлетiн ақша. Мынадай ақшалар негізгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер болып табылады: мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан түсетiн ақша; мемлекеттiк материалдық резервтен тауарларды сатудан түсетiн ақша; мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiн жеке меншiкке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда жер учаскелерiн өзге құқықтық нысандарда өткiзуден түсетiн ақша; мемлекетке тиесiлi материалдық емес активтердi сатудан түсетiн ақша.
Ресми трансферттер түсiмдерi — бюджеттiң бiр деңгейiнен екiншісiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке түсетiн трансферттер түсiмдерi. Кiрiстердiң жаңа түрлерiн енгiзу, қолданылып жүргендерiнiң күшiн жою немесе оларды өзгерту осы Кодекске мiндеттi түрде өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзiле отырып жүзеге асырылады. Нысаналы ресми трансферттердi қоспағанда, кiрiстердiң нысаналы мақсаты болмайды. Мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн ақша тиiстi бюджетке есептелуге тиiс. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде мемлекеттiк мекемелердiң өздерiнiң негiзгi қызметiне жатпайтын, төленетiн ақысының мiндеттi сипаты болмайтын әрi жеке және заңды тұлғамен келiсiм бойынша айқындалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу құқығы көзделген болса, мұндай тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақша мемлекеттiк мекеменiң иелiгiнде қалуы мүмкiн. Мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн өздерiнiң иелiгiнде қалған ақша заңға сәйкес және Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындаған тәртiппен пайдаланылады.
Қайтарылмайтын негiзде бөлiнетiн бюджет қаражаты бюджет шығындары болып табылады. Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлiнедi: мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн қамтамасыз ететiн шығындар; тұрақты сипаты жоқ iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзуге байланысты шығындар; мемлекеттiк тапсырысқа арналған шығындар — мемлекеттiк саясатты iске асыру мақсатында (мемлекеттiк органдардың өздерiнiң тұтынуына арналмаған) өндiрiлетiн тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) мемлекеттiк органдардың ақы төлеуi; жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер — қызметкерлерге еңбегi үшiн ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жеке тұлғаларға ақшалай нысандағы төлемдермен байланысты шығындар; субсидиялар — мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын шаруа (фермер) қожалықтары мен заңды тұлғаларды өтеусіз және қайтарылмайтын негізде қаржыландыру; ресми трансферттер — бюджеттiң бiр деңгейiнен екiншiсiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына трансферттер төлеу; мемлекеттiң мiндеттемелерiн орындауға арналған шығындардың өзге де түрлерi.
Субсидиялар нақты саланы немесе қызмет аясын әлеуметтiк-экономикалық дамыту мiндеттерiн iске асырудың басқа, неғұрлым тиiмдi тәсiлi болмаған реттерде ғана Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда берiлуi мүмкiн. Субсидия берудiң басым бағыттары орта мерзiмдi фискалдық саясатпен айқындалады. Ресми трансферттердiң жалпылама сипаты да, нысаналы мақсаты да болуы мүмкiн. Нысаналы сипаты бар ресми трансферттер нысаналы трансферттер болып табылады. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерi республикалық және жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу кезiнде оларды болжауға болмағандықтан жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейiнге қалдыруға болмайтын қаржыландыруды талап ететiн шығындарды қаржыландыру үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң құрамында құрылады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың резервi: төтенше резервтi; шұғыл шығындарға арналған резервтi; облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiнiң, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң кассалық алшақтығын жабуға арналған резервтi қамтиды.
Төтенше резерв Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында ғана пайдаланылады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервi Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетуiне де пайдаланылуы мүмкiн. Шұғыл шығындарға арналған резерв Қазақстан Республикасының немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайларды жою, соттардың шешiмдерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн орындау мақсатында ғана пайдаланылады. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шұғыл шығындарға арналған резервi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiмен айқындалатын көзделмеген өзге де шығындарға пайдаланылуы мүмкiн. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң кассалық алшақтығын жабуға арналған резерв оларда кассалық алшақтық пайда болған жағдайда облыс бюджетiне, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiне кредит беру үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделедi.
Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң кассалық алшақтығын жабуға арналған резерв оларда кассалық алшақтық пайда болған жағдайда аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне кредит беру үшiн облыстық бюджетте көзделедi. Кассалық алшақтықты жабуға қарыз беру қаржы жылы шегiнде алты айға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады және республикалық немесе жергiлiктi бюджеттi нақтылауды талап етпейдi. Қазақстан Республикасы Үкiметi резервiнiң және жергiлiктi атқарушы орган резервiнiң жалпы көлемi тиiстi бюджет түсiмдерi көлемiнiң екi процентiнен аспауға тиiс. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiнен ақша бөлу тиiстi қаржы жылына арналған республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерде бекiтiлген көлемдер шегiнде тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн күшiн жоятын шешiмдерi бойынша жүзеге асырылады. Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемiнде пайдаланылған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган қажет болған кезде Қазақстан Республикасының Парламентiне немесе тиiстi мәслихатқа тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу арқылы Қазақстан Республикасының Yкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган резервтерiнiң мөлшерiн ұлғайту туралы ұсыныстар енгiзедi. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның резервiнен бөлiнген ақша қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған немесе iшiнара пайдаланылған жағдайда, бюджет бағдарламасының әкiмшiсi бөлiнген ақшаның пайдаланылмаған бөлiгiн ағымдағы қаржы жылының соңына дейiн тиiстi бюджетке қайтаруды қамтамасыз етедi. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Бюджет тапшылығы (профицитi) таза бюджеттiк кредит берудi және қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегерiп тастағандағы операциялық сальдоға тең. Терiс белгiмен алынған шама — бюджет тапшылығы, оң белгiмен алынған шама бюджет профицитi болып табылады. Бюджет тапшылығының жол берiлетiн шектi мөлшерi әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарымен белгiленедi. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) Бюджет тапшылығын қаржыландыру — қарыз алу және бюджет қаражатының бос қалдықтары есебiнен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету. Бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемi алынған қарыздар сомасының, бюджет қаражаты қалдықтары қозғалысының қарыздар бойынша негізгi борышты өтеу сомасынан асып түсуi ретiнде белгiленедi. Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәнi оң белгiмен белгiленедi және бюджет тапшылығының шамасына сай келедi. Бюджет профицитiн пайдалану — қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеуге бюджет профицитiн, қарыздар қаражатын, бюджет қаражатының бос қалдықтарын жұмсау. Бюджет профицитiн пайдалану көлемi қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеу сомасының алынған қарыздар және бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы сомасынан асып түсуi ретiнде белгiленедi. Бюджет профицитiн пайдалану мәнi терiс белгiмен белгiленедi және бюджет профицитiнiң шамасына сай келедi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздерi: шикiзат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетiн нақты түсiмдердiң тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекiтiлген олардың жылдық көлемiнен асып түсуi ретiнде айқындалатын республикалық бюджеттен берiлетiн ресми трансферттер; республикалық меншiктегі және кен өндiру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетiн түсiмдердiң есебiнен айқындалатын республикалық бюджеттен берiлетiн ресми трансферттер; шикiзат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетiн республикалық бюджетте жоспарланған түсiмдер сомасының он процентi мөлшерiнде есептелген республикалық бюджеттен берiлетiн ресми трансферттер; ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түскен түсiмдер есебiнен айқындалатын жергiлiктi бюджеттiң ресми трансферттерi; Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетiн инвестициялық кiрiстер; Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де түсiмдер мен кiрiстер болып табылады.
Негiзгi қызметi табиғи ресурстарды өндiру мен өңдеу болып табылатын заңды тұлғалар шикiзат секторының ұйымдары болып табылады. Шикiзат секторы ұйымдарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн түсiмдер — шикiзат секторы ұйымдарынан бюджетке салықтың мынадай түрлерi бойынша түсетiн түсiмдердiң жиынтығы: корпорациялық табыс салығы; қосылған құнға салынатын салық; үстеме пайдаға салынатын салық; бонустар; роялти; жасасқан келiсiм-шарттар бойынша Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөнiндегі үлесi.
Шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдер болжамы шикiзат секторының тауарларына республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарында айқындалған дүниежүзiлiк тұрақты есеп айырысу бағалары ескерiле отырып жасалады. Заңда көрсетiлген ресми трансферттердi, сондай-ақ республикалық меншiктегi және кен өндiрушi және өңдеушi салаларға жататын мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетiн жоспардан тыс түсiмдер есебiнен айқындалатын республикалық бюджеттен берiлетiн ресми трансферттердi республикалық бюджеттi тиiсiнше түзету негiзiнде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындап, республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударады. Нормативтік актілерде көрсетiлген ресми трансферттер, сондай-ақ республикалық меншiктегі және кен өндiрушi және өңдеушi салаларға жататын мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетiн жоспарлы түсiмдер есебiнен айқындалатын республикалық бюджеттен берiлетiн ресми трансферттер тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiледi.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түскен түсiмдер есебiнен айқындалатын, заңда көрсетiлген ресми трансферттер мәслихаттың тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы шешiмiмен бекiтiледi, ал жоспардан тыс түсiмдер есебiнен айқындалған ресми трансферттердi жергiлiктi бюджеттен бюджеттi атқару жөнiндегі жергілiктi уәкiлеттi орган жергiлiктi бюджеттi тиiсiнше түзету негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетiн инвестициялық кiрiстер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қаржылық активтерге және, материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiктерге орналастырудан құрылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры: тұтас алғанда ағымдағы қаржы жылы бойынша шикiзат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң бекiтiлген және нақты көлемдерi арасындағы айырма ретiнде айқындалатын республикалық бюджет шығынын өтеуге жұмсалады. Өтем мөлшерi республикалық бюджеттiң түсiмдер бойынша толық атқарылмаған жалпы сомасынан аспауға тиiс. Түсiмдердiң жалпы нақты көлемi олардың бекiтiлген көлемiнен асып түскен жағдайда өтем жүзеге асырылмайды; Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн мақсаттарға арналып берiлетiн нысаналы трансферттер түрiнде; Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға және жыл сайын аудит өткiзуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалады.
Рұқсат етiлген қаржылық активтердiң және, материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiктердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңестiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын жеке және заңды тұлғаларға кредит беруге және мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз ету ретiнде пайдалануға болмайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есебiнен республикалық бюджеттiң шығынын өтеу оның атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңестiң келiсiмiмен қаржы жылының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Парламентiнде республикалық бюджеттi нақтыламай-ақ жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берiлетiн нысаналы трансферттердiң көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiледi. Активтердi Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңес — Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын тиiмдi пайдалану және оны қаржылық активтерге және, материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастыру жөнiнде ұсыныстар талдап-жасайтын консультациялық-кеңесшi орган. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама бюджет түсiмдерi мен шығыстарын сыныптама объектiлерiне топтамалық кодтар бере отырып, функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама бюджет жүйесiнiң барлық деңгейдегi бюджеттерi көрсеткiштерiнiң салыстырымдылығын қамтамасыз етедi. Бюджет процесi бiрыңғай бюджеттiк сыныптама негiзiнде жүзеге асырылады. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама бюджеттердiң барлық деңгейлерi үшiн бiрыңғай және мiндеттi болып табылады. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама Қазақстан Республикасы заң актiлерiнiң, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулыларының негiзiнде әзiрленедi. Бiрыңғай бюджеттік сыныптаманы бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi. Барлық деңгейдегi бюджеттер түсiмдерiнiң белгiлi бiр сипаттамалар бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына негiзделген топтамасы бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы болып табылады. Бюджет түсiмдерi сыныптамасының топтамасы санаттан, сыныптан, iшкi сыныптан және ерекшелiктен тұрады. Санаттар түсiмдердi экономикалық белгiлер бойынша топтастыру болып табылады. Сыныптар мен iшкi сыныптар түсiмдердi олардың көздерi мен түрлерi бойынша топтастырады. Ерекшелiк бюджетке төленетiн төлем немесе түсiм түрiн айқындайды. Мемлекет функцияларының орындалуын, республикада мемлекеттiк саясатты iске асыруды бейнелейтiн функционалдық және ведомстволық белгiлер бойынша бюджеттiк қаражаттардың жұмсалу бағыттарын айқындайтын барлық деңгейлердегi бюджеттер шығыстарының топтамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы болып табылады. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы негiзiнде бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерiн, функционалдық топтармен бюджеттiк бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) топтастыру арқылы жасалатын бюджет шығыстарының ведомстволық сыныптамасы қалыптастырылуы мүмкiн. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi — бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлауға, негiздеуге және iске асыруға жауапты мемлекеттiк орган. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi оған жүктелген функциялар мен өкiлеттiктерге сәйкес айқындалады. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бюджет қаражатын бюджеттiк бағдарламалардың мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет шегiнде дербес пайдаланады, олардың тиiмдi, нәтижелi және нысаналы пайдаланылуына жауапты болады. Мемлекеттiк органдардың құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бола алмайды. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдар республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi болып табылады.
Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың үлгiлiк құрылымы негiзге алына отырып айқындалады. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнен қаржыландырылатын жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкiмдігі уәкiлеттiк берген атқарушы органдар, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкiмдерi мен мәслихаттарының аппараттары облыстық бюджеттiк бағдарламалардың, республикалық маңызы бap қалалардың, астананың бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiлерi болып табылады. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгi уәкiлеттiк берген атқарушы органдар, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi мен мәслихатының аппараттары аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi болып табылады. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерiнiң аппараттары осы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiлерi болып табылады. Бюджеттiк бағдарлама — бюджеттiң мемлекеттiк басқару функциялары мен мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi шығыстары. Бюджеттiк бағдарлама бюджет шығыстарының бюджеттiк бағдарлама шеңберiндегi бағыттарын нақтылайтын iшкi бағдарламаларға бөлiнуi мүмкiн. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi болуға тиiс. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты бюджеттiк бағдарламаны орындау кезiнде қол жеткiзiлуге тиiс белгiлi бiр түпкi нәтиже болып табылады. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты айқын, нақтылы және қол жететiндей болуға тиiс. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты жекелеген мiндеттерге бөлiнедi, олар бюджеттiк бағдарламаның мақсатына жетудiң жолдары болып табылады. Бюджеттiк бағдарламаның атауы мен мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттiк функцияларды, сондай-ақ мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының мемлекеттік, салалық (секторлық) аймақтық бағдарламалармен айқындалған мақсаттарын көрсетуге тиiс.
Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес мемлекеттiк басқару функциялары мен мемлекет мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған тұрақты сипаты бар немесе дамудың бюджеттiк бағдарламаларына жатпайтын бiржолғы шаралар өткiзудi көздейтiн ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар; бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған дамудың бюджеттiк бағдарламалары болып бөлiнедi. Белгiлi бiр функцияларды атқаратын мемлекеттiк басқару деңгейiне байланысты бюджеттiк бағдарламалар: республикалық бюджетте бекiтiлетiн республикалық бағдарламалар; облыстық бюджетте, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнде бекiтiлетiн облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана бағдарламалары; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнде бекiтiлетiн аудандық (қалалық) бағдарламалар; республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнде бекiтiлетiн қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттiк бағдарламалары болып бөлiнедi. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандық (қалалық), сондай-ақ қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттiк бағдарламалары жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар болып табылады. Бюджеттiк бағдарламалардың бiр әкiмшiсi бойынша бюджетте бекiтiлетiн және бюджеттiк бағдарламалардың түрлi әкiмшiлерi арасында қаржы жылы iшiнде бөлiнуге тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламалар болып бөлiнедi. Мұндай бюджеттiк бағдарламаларды бөлу Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулысымен немесе жергiлiктi атқарушы органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
Бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалау iске асырылатын бағдарламалардың түпкi мақсатқа қол жеткiзу дәрежесiн айқындау үшiн шығыстардың тиiмдiлiк, уақтылылық, сапа, нәтижелiлiк өлшемдерi қолданыла отырып жүргiзiледi, осы өлшемдер арқылы: бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлау сатысында олардың есебiн және негiздемесiн талдау; бюджеттiк бағдарламалардың ағымдағы атқарылуын және мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайына олардың ықпал етуiн талдау; бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру мен бақылаудың барлық сатыларында оларды атқарудың неғұрлым тиiмдi және нәтижелi әдiстерi мен тәсiлдерiн талдап-жасау жүзеге асырылады.
Бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалау бюджеттiк өтiнiмдер, паспорттар, бюджеттiк бағдарламаның iске асырылу барысы туралы есептер, бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру жоспарлары негiзiнде жүргiзiледi. Бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiне бағалау жүргiзудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. Бюджеттiң атқарылуын сыртқы бақылау кезiнде бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүргiзу тәртiбiн Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi айқындайды.
Бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру үшiн мемлекеттiк мекемелер жүзеге асыратын операцияларды бейнелейтiн экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы болып табылады. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру санаттан, сыныптан, iшкi сыныптан және ерекшелiктен тұрады. Санат шығыстарды экономикалық белгiлерi бойынша топтастырады. Сынып пен iшкi сынып шығыстарды мемлекеттiк мекемелер жүргiзетiн операциялардың негiзгi түрлерi бойынша топтастырады. Ерекшелiк бюджеттiк бағдарламаны iске асыру үшiн мемлекеттiк мекеме жүргiзетiн операцияның түрiн айқындайды.
Бюджетаралық қатынастар мынадай принциптерге негiзделедi:
1) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiнiң — республикалық бюджетпен өзара қатынастарда, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң жоғары тұрған облыстық бюджетпен өзара қатынастарда теңдiгi;
2) түсiмдердi тиiмдi бөлу, ол түсiмдердiң ара жiгiн ажыратудың мынадай өлшемдерiн бiр мезгiлде сақтауды ескередi: төмен тұрған бюджеттерге тұрақты сипаты бар, сыртқы факторлардың әсерiне тәуелсiз салықтық және салықтық емес түсiмдер бекiтiледi; мемлекеттiк мекемелер көрсеткен қызметтер үшiн төлемақы болып табылатын салықтық және салықтық емес түсiмдер аталған қызметтер көрсету қаржыландырылатын бюджет кiрiсiне түседi; қайта бөлiну сипаты бар, сондай-ақ салық базасы әркелкi орналастырылатын салықтар бюджет жүйесiнiң неғұрлым жоғары деңгейлерiне бекiтiледi; салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi бекiткен кезде оларды жинаудың неғұрлым жоғары дәрежесiн қамтамасыз ететiн бюджет деңгейiне артықшылық берiледi; нақты аумақтық байланыстылығы бар салықтық базадан алынатын салықтар жергiлiктi бюджеттерге бекiтiледi;
3) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң бюджеттiк қамтамасыз етiлу деңгейлерiн теңестiру;
4) жергiлiктi атқарушы органдардың бiрдей деңгейде мемлекеттiк қызмет көрсетуiн қамтамасыз ету;
5) мемлекеттiк қызмет көрсетудi ұсынудың барынша тиiмдiлiгi мен нәтижелiлiгi — мемлекеттiк қызмет көрсетудiң неғұрлым тиiмдi және нәтижелi жүргiзiлуi мен ұсынылуын қамтамасыз ете алатын мемлекеттiк басқару деңгейiне мемлекеттiк қызметтер көрсетудi бекiтiп беру;
6) мемлекеттiк қызмет көрсету деңгейiн оны алушыларға барынша жақындату — қызметтердi алушылардың қажеттерiн жақсылап есепке алу және мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатымен, көрсетiлетiн қызметтердi атқаруды бюджет жүйесiнiң мүмкiн болғанша неғұрлым төмен деңгейiне беру;
7) бюджеттiң әрбiр деңгейiнiң алынған ресми трансферттер мен кредиттердiң тиiмдi және нысаналы пайдаланылуы үшiн жауаптылығы.
Ресми трансферттер жалпы сипаттағы трансферттер, ағымдағы нысаналы трансферттер, дамуға арналған нысаналы трансферттер болып бөлiнедi. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандарын айқындаған кезде бюджеттер деңгейлерiнiң әрқайсысының салықтық әлеуетi, аймақтардың объективтiк бюджеттiк қажеттiлiктерiн бағалау нәтижелерi, бекiтiлген заттай нормалар ескеріледi. Бюджетаралық қатынастарды pеттеу нысандары орта мерзiмдi фискалдық саясатқа сәйкес белгiленедi. Нысаналы трансферттер мен кредиттердi жергiлiктi атқарушы органдар тек қана олардың нысаналы қызметiне сәйкес пайдаланады. Нысаналы трансферттер мен кредиттердiң нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған сомалары осы трансферттер мен кредиттердi бөлген жоғары тұрған бюджетке ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейiн мiндеттi түрде қайтарылуға жатады.
Нысаналы трансферттер мен кредиттердiң қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары осы трансферттер мен кредиттердi бөлген жоғары тұрған бюджетке қаржы жылы аяқталғаннан кейiн он күн iшiнде мiндеттi түрде қайтарылуға жатады.
Республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттерден бюджеттiк кредиттер тиiсiнше облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiне және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiне қаржы жылы iшiнде бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыруға және кассалық алшақтықты жабуға берiлуi мүмкін. Төмен тұрған бюджеттерге бюджеттiк кредиттер заңға сәйкес берiледi.
Облыстық бюджетке түсетiн салықтық түсiмдер: облыстық мәслихат белгiлеген кiрiстердi бөлу нормативтерi бойынша жеке табыс салығы; облыстық мәслихат белгiлеген кiрiстердi бөлу нормативтерi бойынша әлеуметтiк салық; қоршаған ортаны ластағаны үшiн төленетiн төлем; облыстық маңызы бар ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдары арқылы жүрiп өткенi үшiн алынатын алым; облыстық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастырғаны үшiн төленетiн төлем; жер үстi су көздерiнiң ресурстарын пайдаланғаны үшiн төленетін төлем; орманды пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем; жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем болып табылады. Облыстық бюджетке түсетiн салықтық емес түсiмдер: коммуналдық меншiктен түсетiн кiрiстер: облыстық әкiмдiктiң шешiмi бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысы бөлiгiнiң түсiмдерi; облыстық коммуналдық меншiктегi мемлекеттiк акциялар пакеттерiне дивидендтер; облыстық коммуналдық меншiктегi заңды тұлғаларға қатысу үлесiне кiрiстер; облыстық коммуналдық меншiк мүлкiн жалға беруден түсетiн түсiм; облыстық бюджеттен берiлген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер); уақытша бос бюджет ақшасын депозитке орналастырудан алынған сыйақылар (мүдделер); облыстық коммуналдық меншiктен түсетiн басқа да кiрiстер; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн түсiмдер; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алулар өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұл, санкциялар, өндiрiп алулар; облыстық бюджетке түсетiн салықтық емес басқа да түсiмдер болып табылады. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан түсетiн ақша негiзгi капиталды сатудан облыстық бюджетке түсетiн түсiмдер болып табылады. Облыстық бюджетке түсетiн ресми трансферттердiң түсiмдерi: аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнен түсетiн ресми трансферттер; республикалық бюджеттен түсетiн ресми трансферттер болып табылады. Облыстық бюджеттен берiлген кредиттердi өтеуден, мемлекеттiң oблыстық коммуналдық меншiктегi қаржы активтерiн сатудан, облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарының қарыздарынан түскен түсiмдер облыстық бюджетке есептеледi. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiне түсетiн салықтық түсiмдер: 1) жеке табыс салығы; 2) әлеуметтiк салық; 3) жеке тұлғалар, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың мүлкiне caлынатын салық; 4) жер салығы; 5) бiрыңғай жер салығы; 6) жеке және заңды тұлғалардың көлiк құралдарына салынатын салық; Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген спирттiң барлық түрiне; Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген алкоголь өнiмiне; Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген темекi бұйымдарына; Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген құрамында темекi бар басқа да бұйымдарға; ойын бизнесiне; лотерея ойынын ұйымдастыруға және өткiзуге;
Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған жеңiл автомобильдерге (мүгедектер үшiн арнайы жасалған қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа); бензинге (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынына акциздер; жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiнтөленетiн төлем; орманды пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем; қоршаған ортаны ластағаны үшiн төленетiн төлем; жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем; жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем; жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым; қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алынатын лицензиялық алым; заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым; аукциондардан алынатын алым; республикалық маңызы бар қаланың, астананың ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдары арқылы жүрiп өткенi үшiн алынатын алым; консулдық алымнан және республикалық бюджеттiң есебiне алынатын мемлекеттiк баждардан басқа, мемлекеттiк баж; жылжымайтын мүлiкке және олармен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым; механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым; қалалық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төленетiн төлем болып табылады. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiне түсетiн салықтық емес түсiмдер: коммуналдық меншiктен түсетiн кiрiстер: республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдiктерiнiң шешiмi бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысы бөлiгiнiң түсiмдерi; республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгіндегi мемлекеттiк акциялар пакетiне дивидендтер; республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегi заңды тұлғаларға қатысу үлестерiне кiрiстер; республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкiлдi органдарының шешiмдерi бойынша өткiзiлетiн мемлекеттiк лотереялардан түскен кiрiстердiң түсiмдерi; республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгiнiң мүлкiн жалға беруден түсетiн кiрiстер; республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен берiлген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер); уақытша бос бюджет ақшасын депозитке орналастырудан алынған сыйақылар (мүдделер); республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгiнен түсетiн басқа да кiрiстер; республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердің тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) өткізуiнен түсетiн түсiмдер; республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алулар өткiзуден түсетiн ақша түсiмi; республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар; республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiне түсетiн салықтық емес басқа да түсiмдерi болып табылады. Негiзгi капиталды сатудан республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiне түсетін түсiмдер: республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан түсетiн ақша; жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсімдер; жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төленетін төлем болып табылады.
Республикалық бюджеттен түсетiн ресми трансферттер республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiне түсетiн ресми трансферттердiң түсiмдерi болып табылады. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен берiлген кредиттердi өтеуден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгiндегi мемлекеттiк қаржы активтерiн сатудан, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының қарыздарынан түсетiн түсiмдер республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiне есептеледi. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн салық түсiмдерi: 1) облыстық мәслихат белгiлеген кiрiстердi бөлу нормативтерi бойынша жеке табыс салығы; 2) облыстық мәслихат белгiлеген кiрiстердi бөлу нормативтерi бойынша әлеуметтiк салық; 3) жеке тұлғалардың, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың мүлкiне салынатын салық; 4) жер салығы; 5) бiрыңғай жер салығы; 6) жеке және заңды тұлғалардың көлiк құралдарына салынатын салық; Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген спирттiң барлық түрiне; Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген алкоголь өнiмiне; Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген темекi бұйымдарына; Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген құрамында темекi бар басқа да бұйымдарға; ойын бизнесiне; лотерея ойынын ұйымдастыруға және өткiзуге; Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған жеңiл автомобильдерге (мүгедектер үшiн арнайы жасалған қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа); бензинге (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынына акциздер; жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем; жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым; қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алынатын лицензиялық алым; заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым; аукциондардан алынатын алым; механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым; жылжымайтын мүлiкке және олармен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым; жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым; аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төленетiн төлем; консулдық алымнан және республикалық бюджеттiң есебiне алынатын мемлекеттiк баждардан басқа, мемлекеттiк баж болып табылады. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн, салықтық емес түсiмдер: коммуналдық меншiктен түсетiн кiрiстер: аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiктерiнiң шешiмi бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысы бөлiгiнiң түсiмдерi; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiндегi мемлекеттiк акциялар пакетiне дивидендтер; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiндегi заңды тұлғаларға қатысу үлестерiне кiрiстер; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) өкiлдi органдарының шешiмдерi бойынша өткiзiлетiн мемлекеттiк лотереялардан түсетiн кiрiстердiң түсiмдерi; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiнiң мүлкiн жалға беруден түсетiн кiрiстер; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнен берiлген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер); ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiнен түсетiн басқа да кiрiстер; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) өткiзуiнен түсетiн түсiмдер; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алуды өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн басқа да салықтық емес түсiмдер болып табылады.
Негiзгі капиталды сатудан аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн түсiмдер: аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан түсетiн ақша; жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсімдер; жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төленетін төлем болып табылады. Облыстық бюджеттен түсетiн ресми трансферттер аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн ресми трансферттердiң түсiмдерi болып табылады. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен берiлген кредиттердi өтеуден, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiндегi мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қарыздарынан түсетiн түсiмдер аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне есептеледi.
Республикалық бюджеттiң шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызмет көрсетулер: Қазақстан Республикасының Президентiн және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және күзету; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң жұмыс iстеуi; сайлаулар мен референдумдар өткiзу; Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуын стратегиялық және орта мерзiмдi жоспарлау; мемлекеттiк бюджеттi болжау және республикалық бюджеттi жоспарлау; салық қызметi органдарының қызметi; республикалық бюджеттiң атқарылуын және жергiлiктi бюджеттердiң есеп-кассалық қызмет көрсетуiн ұйымдастыру; республикалық меншiктi басқару; банкроттық рәсiмдерiн, оңалту рәсiмiн және таратудың соттан тыс рәсiмiн жүргізуді ұйымдастыру; мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру; мемлекеттiк қаржы бақылауы; кеден қызметi; мемлекеттiң сыртқы саяси қызметi; iргелi ғылыми зерттеулер жүргiзу; мемлекеттiк статистикалық есеп; мемлекеттiк қызметтiң бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру; ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметтiң әртүрлi салалары мен аяларында мемлекеттiк сыйлықтар беру және мемлекеттiк наградалармен марапаттау; 2) қорғаныс, қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк: мемлекеттiң қорғанысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету; орталық атқарушы органдар өткiзетiн жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру; мемлекеттiк материалдық резервтердi қалыптастыру және сақтау; ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; терроризмге және экстремизм мен сепаратизм көрiнiстерiне қарсы күрес; мемлекеттiк құпиялардың қорғалуын қамтамасыз ету; облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын iс-шараларды қоспағанда, жалпыға бiрдей әскери мiндеттi орындауға байланысты iс-шараларды ұйымдастыру; облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы қызметтi ұйымдастыру; жаhандық немесе аймақаралық ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды жою; кәсiби авариялық-құтқару қызметтерiнiң iс-әрекетiн ұйымдастыру және қамтамасыз ету; мемлекеттiк өртке қарсы күрес қызметiнiң жұмысын қамтамасыз ету; азаматтық қорғаныс жүйесiн ұйымдастыру; азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарына мемлекеттiк кадастр жүргiзу; экономикалық және қаржы салаларындағы құқық қорғау қызметi; құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметi: әдiлет саласындағы қызмет; азаматтар мен мемлекеттiң мүдделерiн құқықтық қорғау; заңдылықты және құқық тәртiбiн қамтамасыз ету; мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу; сот сараптамасы қызметi; сот жүйесiнiң жұмыс iстеуi; қылмыстық-атқару жүйесiне қызметiн ұйымдастыру және қамтамасыз ету; бiлiм беру: республикалық бiлiм беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы бiлiм беру; республикалық мектеп олимпиадаларын өткiзу; республикалық деңгейде орта кәсiптiк бiлiмi бар мамандар даярлау; жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмi бар мамандар даярлау; республикалық деңгейде кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау; республикалық бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес шет елдердiң мектептерiнде оқып жүрген отандастарымызды оқулықтармен, оқу-әдiстемелiк кешендермен қамтамасыз ету; оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер, көмекшi оқу құралдарын, бағдарламалар әзiрлеу; республикалық маңызы бар бiлiм беру ұйымдарында балаларды оңалту; денсаулық сақтау: жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету; табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезiнде республикалық деңгейде шұғыл медициналық көмек қызметiн ұйымдастыру; республикалық маңызы бар мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық оңалту; психиатриялық бұзылулардан (аурулардан) зардап шегiп жүрген және қатаң бақылауға алу талап етiлетiн адамдарға медициналық көмек көрсету; сот-медицина және сот-психиатрия сараптамасын жүргiзу; ауру адамдарды шетелде емдеудi ұйымдастыру; ерекше қатерлi инфекцияларға қарсы әрекет; республикалық маңызы бар мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары үшiн қан, оның компоненттерi мен препараттарын өндiру; санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын республикалық деңгейде және мемлекеттiк шекара мен көлiкте қамтамасыз етуi; Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес әскери қызметшiлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, олардың отбасы мүшелерiне, сондай-ақ әскери қызметшiлердiң, құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң арасынан шыққан зейнеткерлерге және азаматтардың басқа да санаттарына медициналық қызмет көрсету; жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын шығыстардан басқа, азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы қызмет; әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру: Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға бюджет қаражаты есебiнен зейнетақы төлемдерi; мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар; мемлекеттiк арнаулы жәрдемақылар; арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар; зейнеткерлердi, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген мемлекеттiк жәрдемақы алушыларды жерлеуге жәрдемақы; бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы; баланы бір жасқа толғанға дейін бағып-күту бойынша тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы; әскери қызметшiлердiң, құқық қорғау, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң отбасыларына Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген әлеуметтiк төлемдер; саяси қуғын-сүргiн құрбандарына және одан зардап шеккендерге Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген әлеуметтiк төлемдер; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мiндеттемелерi болып табылатын әлеуметтiк төлемдер; көшi-қон iс-шаралары; мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк: қазақтың ұлттық мәдениетi мен басқа да ұлттық мәдениеттердi қайта өркендету, сақтау, дамыту және тарату; республикалық маңызы бар театр және музыка өнерiн қолдау; мәдениет және мемлекеттiк жастар саясаты саласында әлеуметтiк маңызы бар iс-шаралар өткiзу; республикалық маңызы бар тарихи-мәдени мұраның сақталуын қамтамасыз ету; республикалық деңгейде спорттың ұлттық және бұқаралық түрлерiнiң дамуын қолдау; жоғары жетiстiктер спортын дамыту; Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командалары мүшелерiнiң халықаралық спорттық жарыстарға дайындалуы және қатысуы; Қазақстан және оның туристiк мүмкiндiктерi туралы ақпарат әзiрлеп, халықаралық туристiк рынокта және мемлекеттiң iшiнде тарату; республикалық маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету; республикалық кiтапханалардың жұмыс iстеуi; бұқаралық ақпарат құралдары арқылы республикалық деңгейде мемлекеттiк ақпарат саясатын жүргiзу; мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халықтарының басқа да тiлдерiн дамыту; агроөнеркәсіптік кешен, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары: су ресурстарын қорғауды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, су шаруашылығы баланстарын, су ресурстарын кешендi пайдалану және қорғау схемаларын әзiрлеу, су ресурстарын пайдалану мен қорғауды болжау, су ресурстарын пайдаланудың ақпараттық-талдау жүйесiн қамтамасыз ету; судың мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк су кадастрын жүргiзу; су беруге байланысты емес трансшекаралық су шаруашылығы құрылыстарын және республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану; авариялық қаупi ерекше республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелердi қалпына келтiру; суармалы жерлердiң мелиорациялық жай-күйiнiң мониторингi және оны бағалау; республикалық маңызы бар орман қорының, жануарлар дүниесiнiң, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк есебiн, табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрларын жүргiзу, ормандар мен жануарлар дүниесiнiң мемлекеттiк мониторингі; орман орналастыру; орман тұқым шаруашылығы және селекция; мемлекеттік орман кадастрын, жануарлар дүниесiнiң, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрларын жүргізу; ормандарды өрттен қорғау, зиянкестерден және орман ауруларынан қорғау жөнiндегi авиациялық жұмыстар; балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау және молайту; балық аулауды мемлекеттiк реттеу және балық қорларын қорғау; республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстау, мемлекеттiк табиғат-қорық қорын қалпына келтiру; қоршаған ортаның мемлекеттiк мониторингi; республикалық деңгейде қоршаған ортаны қорғау жөнiнде iс-шаралар өткiзу; гидрометеорологиялық мониторинг; стратегиялық,трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын жүргiзу; республикалық деңгейде жер қатынастарын реттеу; мемлекеттiк жер кадастрын, жер мониторингiн жүргізу; топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар; жануарлар ауруларының диагностикасы, эпизоотияға қарсы жұмыс, соның ішінде ветеринариялық дәрі-дәрмектерді, олардың қорын қоса алғанда, сатып алу, жеткізу, сақтау, қолдану, сондай-ақ жануарлар мен құстардың қатты жұқпалы ауруларының ошақтарын жою және дезинфекциялау; ветеринариялық дәрі-дәрмектерді, жем-шөпті және жем-шөп қоспаларын тіркеу сынақтары, байқау, сондай-ақ ветеринариялық дәрі-дәрмектердің сапасына шағым жасау кезінде олардың серияларын (топтарын) бақылау; фитосанитариялық мониторинг; карантиндегі өнімнің лабораториялық сараптамасы мен егіс және екпе материалдарындағы жасырын түрдегі ауру жұқтыруды анықтау; карантиндік объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою; пестицидтерді (улы химикаттарды) олардың қорымен қоса, оларды жеткізуге, сақтауға және қолдануға байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу; мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу, мемлекеттік азық-түлік астығы резервін сақтау және ауыстыру; аграрлық азық-түлік нарығында сатып алу операцияларын және баға интервенциясын жүргізу; сорт сынақтары, тұқымдық және екпе материалдың сорттық және егістік сапаларын айқындау; ауыл шаруашылығы өндірісін агрохимиялық және агроклиматтық қамтамасыз ету; агроөнеркәсіптік кешенді техникалық қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу; агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, оның субъектілеріне бәсекелес нарықта жоқ немесе жете ұсынылмаған қызмет түрлерін ұсыну; агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесін ұйымдастыру; екінші деңгейдегі банктердің ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу жөніндегі кәсіпорындарға беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкаларын субсидиялау; ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін басқару мен нарығы жүйелерін дамыту; өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруды қолдау; өсімдіктердің жоғары бағалы сорттарының, ауыл шаруашылығы жануарларының, құстар мен балықтардың тұқымдары мен түрлерінің тектік қорын сақтау және дамыту; өнеркәсiп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi: мемлекеттiк өнеркәсiп саясатын iске асыру; отын-энергетика кешенiн дамыту; энергияны сақтау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру; жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, сейсмологиялық ақпарат мониторингi; мемлекеттiк геологиялық зерттеу; геологиялық ақпаратты қалыптастыру; кенiштер мен шахталарды жабу және жою, техногендiк қалдықтарды көму; республикалық маңызы бар мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзу; құрылыс нормалары мен стандарттарын иелену және әзiрлеу; көлiк және коммуникациялар: халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ оларда жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және ұстау; су көлiгi қызметiн ұйымдастыру және реттеу; кеме қатынасы жолдарын, шлюздердi ұстау және кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; теңiз жолдарын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету; әуе және су көлiгiн мемлекеттiк реттеу; әлеуметтiк маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру; магистралды темiр жолдарды дамыту; аэроғарыш қызметi; радиожиiлiк спектрi мен радиоэлектрондық құралдар мониторингi; экономикалық қызметтi реттеу: стандарттау, метрология және сертификаттау; патенттердi, тауар белгiлерiн тiркеу және қорғау; мемлекеттiк инновациялық саясат; мемлекеттiк экспорттық және импорттық бақылау; саудалық және демпингке қарсы реттеу; бәсекелестiктi қорғау және табиғи монополияларды реттеу; шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау;
Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiне берiлетiн ресми трансферттер; Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берiлетiн ресми трансферттер; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің орны толтырылмаған залалдарын өтеу; үкiметтiк борышқа қызмет көрсету және оны өтеу; мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау. Республикалық бюджеттен, сонымен қатар: кадрларды қайта даярлауды және аталған мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруды қоса алғанда, заңда көрсетiлген қызмет түрлерiн орындайтын орталық мемлекеттiк органдар мен басқа да мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн қамтамасыз етуге; Заңда аталған бағыттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға, халықаралық ынтымақтастыққа, қолданбалы ғылыми зерттеулерге және нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуге; орталық мемлекеттiк басқару органдарының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларына жұмсалатын шығыстар қаржыландырылады.
Орталық мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiн ұстауға арналған шығындар Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiмен бекiтiлетiн штат санының лимитi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн заттай нормалар негiзiнде жоспарланады.
ІІ.3. Қазақстан Республикасының қаржы саласындағы мемлекеттік басқаруды іс жүзіне асыратын органдардың құқықтары мен міндеттері.
Бюджеттік жүйе – мемлекетте жұмыс істейтін барлық бюджеттердің жиынтығын білдіреді. Бюджеттен тыс қорлардың жиынтығымен мемлекеттік қаржылардың жиынтығын құрайды. Бюджет жүйесінің құрылысы мемлекеттік басқару органдарының құрылысымен анықталады. Біздің мемлекетіміз унитарлы мемлекет болғандықтан басқару органдарының екі деңгейі бар: орталық және жергілікті. Орталық басқару органдарына ҚР Парламенті, ҚР Президенті, ҚР Үкіметі, ҚР Қаржы министрлігі және ҚР Кіріс министрлігі, орталық атқару органдары, ҚР бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті жатады. Жергілікті басқару органдарына жергілікті өкілді органдар – маслихаттар, жергілікті атқару органдары — әкімдер және әкімшілік жатады.
Осыған сәйкес мемлекеттік бюджет екі деңгейдегі бюджеттерден – республикалық және жергілікті бюджеттерден тұрады. Сондай-ақ мемлекеттік қаржылардың ішінде бюджеттен тыс қорлар үлкен роль атқарады. Қазір мемлекетімізде тек екі бюджеттен тыс қорлар бар. Олар мемлекеттік Зейнетақы қоры және Ұлттық қор. 2004 жылғы Бюджет жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабыданға дейін бірнеше бюджеттен тыс қорлар болған (жол қоры, міндетті медициналық сақтандыру қоры, геологиялық-іздестіру жұмыстарын жүргізу қоры, әлеуметтік қор, еңбекпен қамтамасыз ету қоры, табиғатты қорғау қоры, экономиканы қайта құру қоры, кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелстікті дамыту қоры, т.б.). Қазір бұл қорлар қысқартылған. Қазіргі кезде салықтар мен басқа да міндетті төлемдер республикалық бюджетке барып түседі де, әртүрлі салаларға және территорияларға бөлінеді. Жергілікті бюджеттерге барып түсетін кіріс көздер бар, бірақ олар аз көлемде.
Мемлекеттегі бюджеттер бір-бірімен тығыз байланыста бола отырып, қызмет етеді. Республикалық бюджет Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған Заңмен, жергілікті бюджеттер жергілікті маслихаттардың шешімдерімен бекітіледі. Бюджеттердің жобалары атқару органдарымен: республикалық бюджеттің жобасы – Қазақстан Республикасының Үкіметімен, жергілікті бюджеттің жобасы – жергілікті әкімдермен жасалады. Сосын олардың орындалуын атқару органдары қамтамасыз етеді. Жергілікті бюджеттердің орындалуын маслихаттардың жанынан құрылған тексеру комиссиялары, ал республикалық бюджеттің орындалуын – Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті тексереді.
Енді қаржылық реттеу мәселелеріне тоқталамыз. Қаржыны реттеу дегеніміз, мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамына кіретін қаржыларды теңдестіру процесі. Республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің теңдестірілуі өкімет органдары пен атқарушы — әкімші органдардың бюджеттік – қаржылық саясаты жөніндегі басты мақсаты болып табылады. Яғни, қаржыны реттеудің мақсаты қаржы жүйесінің барлық құрама бөліктерінің өзара қатынастарын қамтамасыз ету және тұтастай алғанда әрбір қаржы қорын теңдестіру.
Мемлекеттік қаржылық қатынастарды реттеу саласындағы құрылымын: Қазақстан Республикасының Президенті; Қазақстан Республикасының Парламенті; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті; Қазақстан Республикасының Үкіметі. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган. Қаржылық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган. Қаржыны атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі. Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган. Мәслихат; Жергілікті атқарушы орган және тағы басқа органдар құрайды. Қазақстан Республикасының Президентінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Президенті қаржылық қатынастарды реттеу саласында: республикалық бюджетті әзірлеу және оның атқарылуы туралы есеп беру тәртібін айқындайды. Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды. Қазақстан Республикасының аумағында төтенше мемлекеттік бюджетті енгізу туралы шешім қабылдайды және оны әзірлеу тәртібін айқындайды. Мемлекеттік жағдай мен республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауда алдағы жылға арналған Қазақстан Республикасының бюджет саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес құрады және ол туралы ережені бекітеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемі мен бағыттары жөнінде шешімдер қабылдайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы есептерді бекітеді. Ұлттық Банктің қызметін қадағалайды, есебін бекітеді, төрағасын тағайындайды және босатады. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасыны Парламенті қаржылық қатынастарды реттеу саласында:
Республикалық бюджетті, сондай-ақ республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді. Қазақстан Республикасының Парламенті қаржы саласын реттейтін, атап айтсақ бюджет, салық, кеден, валюталық, сақтандыру, құнды қағаздар тағы басқа қаржылар жөнінде заңдарды қабылдап оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Қазақстан Республикасының Парламенті Қазақстан Республикасының Үкіметінің төрағасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің төрағасын тағайындауға келісім береді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті бюджеттік қатынастарды реттеу саласында:
Республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүргізу тәртібін белгілейді;
Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік қаржы бақылауының стандарттарын әзірлейді, сондай-ақ оларды бекітеді және олардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
Республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асырады;
Төтенше мемлекеттік бюджеттің атқарылуына бақылауды жүзеге асырады;
Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаржылық қатынастарды реттеу саласында: Қазақстан Республикасының Парламентіне республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді. Жергілікті ақша қаражат қорларының жобаларын әзірлеу тәртібін айқындайды; Республикалық қаржының атқарылуын қамтамасыз етеді, республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару тәртібін айқындайды; тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулы қабылдайды; қарыз алуды жүзеге асырады; шикізат секторы ұйымдарының тізбесін бекітеді; орта мерзімді фискалдық саясат жобасын әзірлеу тәртібін айқындайды; қаржылық инвестициялық жобаларды қарау тәртібін айқындайды. Салықтық емес түсімдерді алуға жауапты және олардың түсуіне бақылауды жүзеге асыратывн уәкілетті мемлекеттік органдардың тізбесін, оларды бюджетке аудару тәртібін айқындайды. Мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру қажеттік туралы шешімдер қабылдайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру тәртібін, мемлекеттік және мемлекеттік кепілдік берген қарыздарды алу, пайдалану, өту және оларға қызмет көрсету, оларды тіркеу мен есепке алу, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың мониторингі мен оны басқару тәртібін айқындайды. Мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалған тауарларды өткізуден түсетін ақшаны пайдалану тәртібін айқындайды. Қазақсатн Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервін пайдалану тәртібін айқындайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртібін айқындайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктің тізбесін айқындайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы аудиттің өткізілуін қамтамасыз етеді. Төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджетке қаржыларды алып қоюлардың және жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге қаржылық субвенцияларды аударудың тәртібі мен кезеңділігін айқындайды: Жалпы сипаттағы ресми трансферттер көлемдері есептерінің әдістемесін айқындайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің орта мерзімді фискалдық саясатын бекітеді затта нормаларды бекітеді.
Бірыңғай сыныптаманы бекітеді және оны жасау тәртібін айқындайды; Қаржылық бағдарламаладың тиімділігін бағалауды жүргізу тәртібін айқындайды. Орталық атқарушы органдардың сондай-ақ олардың аумақтық органдарының және оларға ведомствалық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санына лимитін бекітеді.
Жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгілік құрылымын және жергілікті атқарушы органдардың штат саны лимитін бекітеді;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есепті жасайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің орта мерзімі фискалдық саясатының жобасын әзірлейді; тиісті қаржы жылына арналған республикалық қаржы туралы, қаржыға өзгерістер мен толытырулар енгізу туралы заңдардың жобаларын әзірлейді және оларды қарауға Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс етеді; тиісті қаржы жылына арналған республикалық қаржы туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді; қаржылық өтінім жасаудың және табыс тәртібін айқындайды; мемлекеттік мекемелердің өз иелегінде қалатын тауарларды өткізуден түсетін түсімдер мен ақша шығыстарының болжамын жасау нысанын белгілейді; бюджет түсімдерін болжау әдістемесін айқындайды; бірыңғай бюджет сыныптамасының жобасын әзірлейді; жылдық қаржыландыру жоспарын әзірлейді және бекітеді. республикалық қаржыны нақтылау жөнінде ұсыныстар енгізеді; қаржылық бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік қарыз алуды және борышты жоспарлау мен талдау жүзеге асырады.
Бюджеттік кредиттеуді жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады.
Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қаржылық қатынастарды реттеу саласында:
Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының жобасын әзірлейді.
Басым қаржылық инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастырады.
Гранттарды тартуға басымдылығы бар өтінімдердің тізбесмін қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізеді.
Қаржылық инвестициялар мен гранттардың тиімділігне бағалауды жүргізеді.
Қаржының атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган:
Республикалық қаржыны атқарады және жергілікті қаржылардың атқарылуына қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобаларын әзірлеуге қатысады.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық қаржы туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеуге қатысады.
Қаржылық қорға түсетін түсімдерді болжауға және мемлекеттік қаржыға кірістердің түсуі саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындауға қатысады.
Республикалық қаржылық қордың түсімдері мен оны қаржыландырудың жиынтық жоспарларын бекітеді және оларға өзгерістер енгізеді.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне рұқсаттар береді.
Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеуді жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекемелердң міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге асырады.
Уақытша бос бюджеттік ақшаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға орналастырады;
Банктік шоттардан шетел валютасын қайта айырбастау тәртібін айқындайды.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жабу және жүргізу тәртібін айқындайды.
Бюджеттік есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды.
Есептік жасаудың және табыс етудің тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздарын алады, пайдаланады тіркейді, өтейді және оларға қызмет көрсетеді, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында өзі шығарған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды жүзеге асырады.
Мемлекеттік емес қарыздардың мемлекеттік кепілдіктері бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді,
Бюджет қаражатын игеру мониторингін жүзеге асырады.
Республикалық бюджеттің атқарылуы барысында республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бюджеттік есепке алу есептілік жөніндегі әдістемелік басшылықты жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша келіссөздер жүргізеді, Қазақстан Респуьбликасы Үкіметінің қарыздар шарттарына қол қояды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығарады, мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер береді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздарына және мемлекеттік кепілдіктері бар мемлекеттік емес қарыздарға қызмет көрсетуге екінші деңгейдегі банктерді конкурстық негізде айқындайды жне оларға уәкілеттік береді.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен бюджет кредиттерінің берілуін, оларға қызмет көрсетілуін жәнге олардың нысаналы пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады, олардың есепке алынуын, мониторингін және қайтарылуы қамтамасыз етеді.
Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган:
Мемлекеттік қаржылық бақылау обьектілері қызметінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкесітгіне ішкі бақылауды жүзеге асырады.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы ол бойынша есеп және есептілік жүргізу гранттардың мемлекет кепілдік қарыздардың мемлекет активтердің мемлекеттік мекемелердің тауарлар сатуынан түскен өз иеліктерінде қалатын ақшаның пайдаланылуы бөлігінде Қазақстан Республикасының заңдары талаптарының бұзылу себептеріне баға береді.
Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуына бақылауды жүзеге асырады.
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан әкімдігі: жергілікті бюджет жобасын әзірлейді және оны мәслихатқа табыс етеді.
Жергілікті бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді және мәслихатқа оның атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді.
Тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы жергілікті өкілді органның шешімін іске асыру туралы қаулы қабылдайды.
Жергілікті атқарушы органның орта мерзімді фискалдық саясатын бекітеді.
Экономикалық бюджеттік жоспаарлау бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарды құрады.
Облыстың республикалық маңызы бар қаланың астананың ауданның бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды.
Бюджеттік комиссия- бюджет жоьасын уақытылы және сапалы әзірлеу мен бюджетті нақтылау және атқару жөнінде ұсыныстар жасауды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын комиссия.
Республикалық бюджетті комиссия және облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың астананың ауданның бюджеттік комиссиялары өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
Бюджеттік комиссиялардың құзыретіне: алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясат жөнінде ұсыныстар талдап-жасау; тиісті қаржы жылына арналған бюджеттер жобаларының көрсеткіштерін айқындау жөнінде ұсыныстар талдап-жасау.
Алдағы үш жылдық кезеңде және жоспарланып отырған қаржы жылында қаржыландыруға арналған бюджеттік бағдарламаларды іріктеу орта мерзімді фискалдық саясатты негізге ала отырып, оларды іске асыру тетігін айқындай жөнінде ұсыныстар талдап-жасау.
Республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе түсімдерін қысқартуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар талдап-жасау.
Тиісті қаржы жылына арналған бюджеттерді нақтылау жөнінде ұсыныстар талдап-жасау.
Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау нәтижелерін қарау және сролар бойынша ұсыныстар талдап-жасау.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдар тиісінше бюджеттік комиссияның отырыстарын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызметке жауапты болады.
Бюджеттік комиссияның төрағасы болмаған кезде оның функцияларын бюджеттік комиссия төрағасының өзі тағайындаған орынбасары орындайды.
Бюджеттік комиссияның хатшысы бюджеттік комиссияның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді, бюджеттік комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындайды.
Жұмыс органы бюджеттік комиссия айқындайтын мерзімдер мен күн тәртіптеріне сәйкес бюджеттік комиссияның отырыстарына материалдар дайындайды.
Бюджетті жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет түсімдерінің көлемін және басымдықты ескере отырып, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу процесі болып табылады.
Бюджет бір қаржы жылына жоспарланады. Кезекті қаржы жылына арналған бюджеттің жобасымен бір мезгілде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттің болжамы жасалады.
Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды. Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясатын Қазақстан Республикасының Үкіметі ағымдағы жылдың 1 — маусымына дейін бекітеді және ол міндетті түрде жариялануға жатады.
Жергілікті атқарушы органның алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімде фискалдық саясатын жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін бекітеді және ол міндетті түрде жариялануға жатады.
Орта мерзімді фискалдық саясатты әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Заттай нормалар – қажетті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді тұтынудың немесе пайдаланудың заттай көрсетьікшетір. Заттай нормаларды қолдану бюджетті жоспарлау мен атқарылу кезінде міндетті болып табылады.
Заттай нормаларды орталық мемлекеттік органдар әзірлнйді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Орталық мемлекеттік органдар мемлекеттік бюджеттің және республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды көрсетікшетерін есекере отырып, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына заттай нормаларды өзгерту немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстар енгізу құқылы.
Бюджет түсімдерін болжауды республиканың немесе аймақтық орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспары және үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясат негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тауарлардың құны түріндегі бюджетке түсімдерді көрсетуге гранттар алған кезде ғана, сондай-ақ тек Қазақстан Республикасы бектікен халықаралық шартта көзделген жағдайлар жол беріледі.
Қаржы бақылау комитеті республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі құзыретінің шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомсвтосы болып табылады.
Комитеттің негізгі міндеттері:
Республикалық бюджеттің атқарылуын ішкі бақылауды және жергілікті бюджеттердің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыру;
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ішкі бақылаудың және жергілікті бюджеттердің атқарылуын сыртқы бақылаудың әдіснамасын және әдістемесін әзірлеу.
Қойылған міндеттерге сәйкес Комитет мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау саласында орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтерінің іс-әрекетін үйлестіреді;
Орталық мемлекеттік органдар жүзеге асыратын бақылаудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар береді;
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне және мәслихаттардың тексеру комиссияларына бақылау жүргізудің тиісті кесімдерін, сондай-ақ хабарлық үшін тиісті бюджеттердің атқарылуын бақылау жоспарларын жібереді.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаттарының мақсатсыз әрі тиімсіз пайдаланылуын анықтау, тыю және болдырмау жөнінде шаралар қолданады;
Обьектілер лауазымды адамдарының республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттарын пайдаланудағы іс-әрекеттерінде қылмыстар белгілерін анықтаған жағдайларда бақылау материалдық, Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылуының өзге де фактілерін құқық қорғау органдарына береді;
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау саласында кадрлардың біліктілігін көтеруді және қайта даярлануын ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитет мыналарға құқылы:
- мыналарды бақылауды жүзеге асырады;
- республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасы талаптарын сақтауы;
- республикалық бюджетке түсімдер: шаруашылық серіктестіктеріндегі мемлекеттік үлестерге табыс, республикалықмемлекеттік кәсіпорындар таза тыбысының үлестері, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер, мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүліктерді сатудан алынған қаражаттар толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету бөлігінде мемлекеттік органдардың қызметі.
Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сатып алу-сату республикалық мемлекеттік мүлікті жалдау, сондай-ақ Қазақстан Ресвпубликасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің тиісті өтінуі болған жағдайда, оларды сенімді басқару шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуы.
Республикалық бюджеттен берілген бюджет қаражаттарының, оның ішінде кредиттердің, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың мақсатты пайдаланылуы.
Республикалық бюджет, оның ішінде мемлекет тапсырыс бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері алған қаражатты пайдаланудың тиімділігі.
Республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігі.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасы талаптарының бұзылу себептеріне баға беру.
Бекітілген республикалық бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) экономикалық тиімділігіне және орындылығына баға беру.
- өздері белгілеген мерзімде бақылау обьектілерінен республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттар, анықтамалар, ауызша және жазбаша түсіндірмелер сұрау және алу;
- орталық атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтерінен жоспарлар, есептер және өзге де қажетті ақпарат алу;
- республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуында анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша бақылау обьектілерінің лауазымды адамдарын тыңдау;
- республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына бақылау жүргізуге мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын тарту;
- заңмен қорғалатын коммерциялық және өзге де құпиялар құпиялылығы режимінің саталуын ескере отырып, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу мәселелеріне жататын құжаттамамен кедергісіз танысу;
- нормативтік құқықтық базаны және бақылау жүргізу әдістемесін жетілдіру мәселелері бойынша іс-шаралар әзірлеу;
- акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттері иеленуге және пайдалануға берілген мемлекеттік органдарға мемлекеттік сыртқы немесе ішкі бақылау органдарының қызметкерлерін акционерлік қоғамдар тексеру комиссияларының құрамына кіргізуді ұсыну. Шетел мемелекеттерінің мемлекеттік аудит пен бақылау органдарымен және халықаралық ұйымдарымен байланыстырады қолдау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олармен ынтымақтастық туралы шарттар мен келісімдер жасасу және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы халықаралық ұйымдардың құрамына кіру. Бақылау нәтижелері бойынша бақылау жүргізу актілерін және ұйымдарын лауазымды адамдарының орындауы үшін міндетті жұмыстағы бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жазбаша нұсқамен жіберу; бақылау жүргізу барысында алынған құжаттардың куәландырылған көшірмелерін немесе тізілімін акт бойынша бақылау обьектілеріне қалдыра отырып, құқық қорғау органдарына бақылау жүргізу актілерін берген оларға құжаттардың тұпнұсқасын қоса тіркеу; республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жүргізуге шарттық негізде және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен келісім бойынша тәуелсіз жеке аудиторлық ұйымдарды олардың көрсеткен қызметіне республикалық бюджеттен осы мақсаттарға бөлінген қаражат шегінде ақы төлей отырып, тарту; құқық қорғау, салық және өзге де мемлекеттік органдардан оларға Комитет және оның аумақтық бөлімшелері берген бақылау жүргізу материалдары бойынша қабылданған шаралар туралы толық ақпарат алу; бюджет қаражатын пайдаланудағы бұзушылық фактілері бойынша тексеру жүргізу туралы қылмыстық қудалау органдары қаулыларының негізінде жоспардан тыс бақылау жүргізу; әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолдану.
Комитетің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтеріне консультациялар беру, бюджеттік заңнаманы қолдану практикасына италдауға және қорытуға қатысу, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау және өз құзыреті шегінде тиісті нормативтік құқықтық кесімдер жобаларын әзірлеу; және тағы басқа қаржылық қызметтерді іс жүзіне асырады.
Қорытынды.
Қаржылық жүйенің жағдайы — мемлекеттегі жалпы экономикалық жағдайдың, азаматтардың әлеуметтік қорғалуының деңгейінің, мемлекеттің инвестициялық потенциалының, Қазақстанның қорғаныс қабылеттілігінің жэне оның еңбекті бөлугедегі әлемдік жүйедегі алатын орнының маңызды критериі болып табылады.
Қаржылық саясат — мемлекеттің қоғамдағы маңызды да өзекті мәселелерді шешуге байланысты декларациясы емес, ол мемлекет өзіне ала алатын нақты міндеттемелер. Қазыналық жүйенің дамуына, бюджетаралық қатынастардың жетілдірілуіне қарамастан, бюджеттік кризис көріністері бар және олар үнемі қайта туындап отырады.
Соңғы жылдардағы көптеген өзекті мәселелердің себебі — бюджеттің нақтылы болмауы. Кірістер қажетті көлемде түспейді, эконмикалық нақты секторын қаржыландыратындай табыс түспейді. Бюджетті жыл сайынғы секвестрлеу бұрын бюджеттің қорғалған деген баптарын да жеткілікті көлемде қаржыландыра алмай отыр. Бюджетке салынған көрсеткіштер шын мәніндегі көрсеткіштерге сәйкес келмейді. Тек қана биылғы жылы бюджет профициті болып, бюджеттің кіріс бөлігі жоспарланған кірістен көп түсті. Осы мәселеге сәйкес, елбасы өзінің халыққа жолдауында үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы мөлшерінің, жалақы мөлшерінің көбейетінін, әлеуметтік шаралардың жүзеге асырылатынын айтты.
Мемлекеттің ақша қоры мемлекеттің міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуге арналған, ақша қаражаттарын қалыптастыру жэне бөлу нысаны. Құқықтық акт ретінде орталықтандырылған мемлекеттің ақша қаражаттарын қалыптастыру, бөлу, пайдалануды ұйымдастырудың негізгі қаржылық жоспары ретінде танимыз. Олар сәйкес өкілді органдармен, атқару органдарының ұсынған жобалары негізінде бекітіліп, орындалуы атқару органдарымен қамтамасыз етіледі. Мұндай қаржылық жоспар бюджеттік қатынастарға түсушілердің заңдық құқықтары мен міндеттерін бекітеді.
Нарықтық экономикаға көшу кезеңінде Қазақстан Республикасының алдындағы тұрған әртүрлі сипаттағы міндеттерді шешу үшін мемлекеттік бюджеттің атқаратын ролі өте зор. Мемлекет өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін, мемлекет ретінде танылып өмір сүру үшін, мемлекеттегі болып жатырған әртүрлі процесстерді ақшамен қамтамасыз ету үшін, ақшаның ықпалымен әсер ету үшін белгілі бір қор қажет. Сол қор мемлекеттік бюджет болып табылады. Мемлекет осы бюджетке келіп түсетін эртүрлі кірістер мен түсімдерді және бюджеттен шығатын шығыстарды әртүрлі құқықтық актілеріменен реттеп отырады. Олардың ішінде маңызды құжат ретінде жыл сайынғы Қазақстан Республикасының Парламентімен және жергілікті сәйкес өкілді органдармен — маслихаттармен қабылданып отыратын бюджеттерді атауға болады.
Бұл мемлекеттік қаржы қорларының негізгі кіріс көзі — салықтар, алымдар, баждар, төлемдер болып табылады, сондай ақ, мемлекеттік кредиттің де бюджеттің кірісі ретіндегі ролі үлкен. Бүгінгі таңда Республикалық бюджетің көпшілік бөлігін салықтар құрайды. Жалпы, салықтарды көптеп белгілей беруге болмайды, себебі, біз салықтардың көп алынуының нәтижесінде күйреген мемлекеттерді тарихтан білеміз. Мысалы, дүние жүзін өзінің дінімен, құқығымен, спортымен «үш рет мойындатқан Ежелгі Рим салық салу саясатын дұрыс жүргізбегендігінен қираған. Онда 200 — ден астам салықтардың түрлері алынған екен. Сондықтан, мемлекеттің сәйкес органдары салық саясатын жүзеге асыруда өте мүхият болғаны, әртүрлі ақша — кредит құралдарын, тәсілдерді қолдануда тарихи тәжірибелерге көз тастай отырып, жұмыс жасағаны дұрыс. Бюджеттің Бюджет жүйесі туралы Заңда көрсетілген қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы үшін, шын мәніндегі шынайы әлеуметтік бюджет болуы үшін мемлекет алдындағы түрған міндеттерді кешенді түрде шешу қажет. Осы шаралар ретінде менің ойымша, келесілер болып табылады:
— экономиканы қаржылық сауықтыру;
— барлық деңгейдегі бюджеттердің нақты түрде бекітілуі;
— бюджеттік саясаттың мақсаттарын нақты түрде айқындау;
— бюджеттің кіріс бөлігін басым түрде жеке кәсіпкерлік бастамаларды
— ынталандыру шаралары негізінде көбейту;
— шығыстарды ұтымды түрде пайдалану бағдарламаларын жүзеге асыру;
— бюджетраралық қатынастарды реформалау.
Осы міндеттер мен шаралаларды жүзеге асыру үшін, ары қарай салықтық өзгертулер, салықтарды жинаудағы жетістікерді жоғарылатулар, салықтық басқару шараларын жақсартулар қажет. Мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалану мүмкіндігіне көңіл аударып, кейбір мүліктерді жекешелендіру немесе, мемлекеттік меншікті сақтап қалу мәселелерін шешу қажет. Атқару органдары салаларындағы қаржылық бақылау жүргізуді аса маңызды қызмет болып табылады. Осыған сәйкес, бүл қызмет түрін заң актілері арқылы осы қызметтің тиімді жүзеге асырылуын бекітіп, мақсатына сәйкес қолданбаған
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С., Мемлекет және құқық теориясы: Оқу құралы – Алматы:Жеті жарғы, 1997. – 96 б.
- Худяков А.И., Наурызбаев Н.Е. Налоги: понятие, элементы, установление, виды. –Алматы: Баспа, 1998. – С.10.
- Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 04.03.2006 жыл .Отан сақшысы. №8-9.
- Смит А., Исследование о природе и причинах богатства народов. — М., 1962. — Т 1. — С.355.
- Рикардо Д. Начала политической экономии 1 К. Маркс, Ф. Энгельс. М.: 1936. 2-е изд. — Т.21. – С и податного обложения. — М., 1937. — С.100.
- Тургенев Н. Опыт теории налогов. — М., 1937. — С.11.
- Тривус А. Налоги как орудие экономической политики — Баку, 1925. — С.12.
- Соколов А. Теория налогов. — М., 1928. — С.11.
- Основы налогового права. Учебно–методическое пособие /Под ред. С. Г. Пепеляева. – М.: Инвест Фонд, 1995. — С.496.
- Найманбаев С.М., Салықтық құқық: Оқулық. – Алматы: ҚазМЕМҒАҒЗИ 2002. – 356 б.
- Порохов Е.В., Конституционное обязательство по уплате налогов: Дис. канд. юрид. наук. – Алматы, 1997. – 230 с.
- Евстигнеев А. В. Основы налогообложения и налогового права.-М.:ИНФРА- М, — С.9.
- Худяков А.И., Налоговое право в Республике Казахстан. – Алматы:Жеті Жарғы, 1998. – 304 с.
- Порохов Е.В., Основы государства и права Республики Казахстан. – Алматы, 1997. – 302 с.
- Черник Д.Г., Налоги. 3-е издание. – М.: Финансы и статистика, 1997. — 343 c.
- К. Маркс, Ф. Энгельс. М.: 1936. 2-е изд. — Т.20. – С.34.
- Сенчагов В.К., Финансы, денежное обращение и кредит. Москва, Проспект, 2000, 168 б.
- Платонова Е.В., Новиков А. Финансовое право. Москва, Приор, 2000, 32 бет.
- Горбунова О.Н., Финансовое право. Москва, Юрист. 1996 ж. 104 – 105 беттер
- Вознесенский Э.А., Александров А.М. Финансы социализма. Москва, 1974 ж. 171 бет.
- Гуреев В.И. Российское налоговое право. – М., 1997. – С.23.
- Мухитдинов Н.Б. Горное право. – Алматы, 1992. – С.17.
- Қазақстан Республикасының Бюджет жүйесі туралы Заңы. 1 сәуір 1999 ж., 6-2 бап.
- Сартаев С.С., Назаркулова Л.Т. Становление Конституции Республики Казахстан: проблемы и перспективы. – Алматы:КИПМО, 2002. – 408 с.
- Антология мировой правовой мысли. В 5-ти томах. Античный мир и Восточные цивилизации. – М.:Мысль, 1999. — Т.1. – С.149.
- Цицерон. Соч. В 3 томах. – М., 1968. – С.67.
- Копабаев О.К., Конституционно-правовые основы организации государственной власти в Республике Казахстан в соответствии с принципом ее разделения на ветви : Монография. – Алматы: Жеті Жарғы, 1999. – 160 с.
- Республика Казахстан. Закон о налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс) от 12 июня 2001 года. – Алматы: БИКО, 2001. – 231 с.
- Булутай З.С., Субъекты налоговых правоотношений по действующему законодательству Республики Казахстан: Автореф. дис.канд. юрид. наук. – Алматы, 2003. – 29 с.
- Большой юридический словарь /Под ред. А.Я.Сухарева, В.Д.Зорькина, В.Е.Крутских. – М.:Инфра-М., 1999. – 790 с.
- Налоговое право: Учебное пособие /Под ред. С.Г.Пепеляева. – М., 2000 — 608 с.
- Қазақстан Республикасының Конституциясы – Алматы: Юрист, 2004 – 36 б.
- Конституция Республики Казахстан. Научно-правовой комментарий /Под ред. Г.С.Сапаргалиева. – Алматы:Нұр-пресс, 2004. – 560 с.
- Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030 //Казахстанская правда. – 1997 –11 қазан
- Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің 2005 жылғы 18 қазандағы № 273 және ҚР Қаржы Министрінің 2005 жылғы 29 қазандағы №386 , ҚР Жер ресурстарын басқару Агенттігі төрағасының 2005 жылғы 19 қазандағы №161-п, ҚР ақпараттандыру және байланыс Агенттігі төрағасының 2005 жылғы 27 қазандағы №369 бірлескен бұйрықтары // Налоговый вестник Казахстана. – 2005. — №45 (175). – 9-11 бб.