АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Қазақстан Республикасындағы қазіргі кітап ісі

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………

5

 

 

 ІТАРАУ  Кітап бизнесінің тарихы…………………………………………………………

9

 

 

1.1    Қазақ  кітап  ісінің  тарихы  мен  теориясы………………………………………….

9

1.2 Кітап  бизнесі  және  кітап  нарығының  үлес  салмағы…………………………

17

 

 

ІІ ТАРАУ Қазақстан Республикасындағы қазіргі  кітап ісі…………………..

26

 

 

2.1Қазіргі кітап  ісі  және  кітап  таралымына  қатысты  мәселелер…………….

26

2.2 Жоғары  технологияға  негізделген  басылым  сапасы  баспа  деңгейінің  көрсеткіші………………………………………………………………………………………………..

 

30

2.3 Қазіргі басылымдардағы кітап жарнамасының көрінісі………………………..

35

 

 

ІІІ Тарау Қазақстандағы кітап бизнесінің дамуы мен болашағы………….

40

 

 

3.1 КСРО тұсындағы Қазақстан кітап бизнесінің дамуы…………………………….

40

3.2 Тәуелсіз Қазақстандағы кітап бизнесінің даму болашағы……………………..

44

 

 

 ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………

58

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі………………………………….

60

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

           Кітап – адамзат тарихындағы тұңғыш бұқаралық ақпарат құрал. Оның шығуы, дамуы жазу мәдениетімізбен тығыз байланысты. Арғысы тас кітаптан, одан ғана қағаз бетіне түсе бастады. Сол дәуірдегі біздің алғашқы қолжазбаларымыз — әл-Фарабидің, М. Қашқаридің шығармалары.

           Интеллектуалдық білімнің қайнар көзі – кітап болғандықтан 
Қазақстандағы кітап рыногі мен кітап басылымын сөз ету — өз алдына бөлек дүние.

Тақырыптың өзектілігі: Кітап бизнесі – жұртшылыққа мерзімді емес баспа өнімдерін таратып сатумен шұғылданатын сауда түрі. Кітап бизнесі туралы білім жүйесін зерттегенде кітап өнімнің тауарлық құнын ғана емес, тұтыну құнын бірге қарастыру керек. Бұл – киер киім, ішер ас емес, сонда да адам боп өсіп толысуымыз үшін бірден-бір азық. Ми, руханият азығы. Дәлірек айтқанда, рухани тауар. [1]

 Кiтапты тауарға айналдырып саудалау оның сонау папирус бумасы, күйдiрiлген балшыққа, тақтайшаға не қайың қабығына жазылған түрлерiнен басталғаны белгiлi. Тiптi, сол замандарда- ақ қолжазба кiтапты көшiретiн орын даяр өнiмдi, яки қолжазба кiтапты сататын дүкендер де болған.[2]

 Көне гректер кiтап сатушыны библиопол деп атапты. Осы сөзден француз кiтаптанушысы Г.Пеньо «Библиология жөнiндегi түсiндiрме сөздiк» деген кiтабында «библиополистика» атты термин туғызған. Бүгiнде библиополистика алғашқыдағыдай кiтап бизнесі деген ғана мағына  емес, кiтап бизнесінің теориясы, тарихы, ұйымдастырылу негiздерi деген ұғымдарды бiлдiредi. [3]

Папирус қағаздары мен ағаш қабығына, теріге, жарғақ бетіне ою-өрнек  арқылы жазылған кітаптарды сауда айналымына шығару  әуелі Көне Шығыс мемлекеттерінде бой көрсеткен Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римнің кітап сатушылары тұңғыш рет кітап сату жабдығын жасап, оларды орналастыру, жарнамалау шараларын жүзеге асырды. Батыс Еуропада XIII-XIV ғасырларда университеттер мен ірі монастырьлар жанында кітап сатушылар корпорациясы құрыла бастаған. Мұнан соң қолжазба кітаптарды, ксилографиялық әдіспен немесе ағаш бетіне түсірілген өрнектер арқылы алынатын басылымдарды таратумен айналысушы тұрақты кітап рыногі ашыла бастады. Көне Русьте кітап бизнесі тұңғыш рет Григорий Печорский заманында (шамамен 1120-жылдар) пайда болып, І Петр реформалары тұсында айтарлықтай өрістеді.Мәскеу университеті жанынан ашылған кітап ләпкесінің қызметіне М.В. Ломоносов та көңіл бөліп отырған. Санкт-Петербург ғылым академиясы жанынан құрылған Кітап палатасы академияның өз басылымдарын сатумен әрі сырттан кітаптар әкелумен айналысты. Ресейдегі кітап бизнесінің дамуына оқырмандарға бағыт-бағдар беріп отыратын  «Кітап хабаршысы» (1884-1916), «М.О. Вольф серіктестігіне қарайтын кітап дүкендерінің хабаршысы»(1897-1917),  «Кітап биржасы»(1905-07), «Книжник»» (1898-1912). «Кітап сатушылар хабаршысы»(1900-05), «Кітап, оқу және кітапхана ісі хабаршысы» (И.Д.-Сытин серіктестігі, 1907-11) сияқты газет, журналдар ықпал етті.[4]

Қазақ даласында кітап бизнесі Ұлы Жібек жолдары арқылы дамыды. Батыстан шығысқа, шығыстан батысқа қарай жөңкілген сауда керуендері қазақ жеріндегі кітап бизнесіна айтарлықтай әсер етті.  Қазақ топырағынан шыққан ғұламалар мен ойшылдар , қарапайым жұртшылық әлемде болып жатқан мәдени өзгерістер мен жаңалықтар туралы сол кітаптардан мағлұмат алды. Қытайдан, Бұхара мен Ташкенттен келетін кітаптардың қатарын Ресеймен қарым- қатынас күшейгеннен бастап Қазан, Уфа, Орынбор қалаларында жарық көрген кітаптар толықтыра бастады. XVIII ғасырдың ортасында Стамбулдан Қазақстанға түрлі діни кітаптар, көбінесе Құран кітабы жеткізілетін. Кітап бағасы өте қымбат болатын. Тек феодалдар мен ақсүйектердің қолы жететін. [5]

Қазақ даласында арнаулы кітап бизнесі жүргізетін құрылымдар болмағанмен, оның қызметін әл-ауқаты жоғары қазақ байлары мен татар саудагерлері атқарды. Қазақстандағы кітап бизнесінің дамуы  тек XVIII ғасырдың аяғы мен  XIX ғасырдың басынан басталады. Кітаптардың көбі Петербургтан, Мәскеуден, Қазаннан шығарылатын. Кітаптардың көпшілігі діни сипатта болды.[6]

Кітап бизнесінің ары қарай дамуы деп кітап дүкендерінің ашылуын айтуға болады. 1895-жылы Верныйда капитан Шавров ең алғаш  кітап дүкенін ашады.

Семей қаласында Косаревтің кітап дүкені болса, Ақтөбеде жертөледе кітап  дүкені болған. Сатушысы да өз иесі еді. Біртіндеп Қостанайда, Шымкентте, Жамбылда кітап дүкендері ашыла бастайды.  Кітап бизнесі жеке меншік иелерінің қолында еді. Көп жағдайларда бұл – аса ауқатты емес, табысы орташа,бірақ білімді адамдар болатын. Кітап бизнесі айтарлықтай табыс көзі бола алмады. Саудагерлер үлкен табысқа жетпей, көп шығынға ұшырады. Мысалға, Орал қаласындағы «Знание – сила» (Күш –білімде) деген дүкен 1840 жылы ашылып, кейіннен көп шығынға батып  жабылды. [7]

Нашар дамыған кітап бизнесі сол кездегі оқырмандардың аз сұранысын да қанағаттандыра алмады.

Кітап басылымдарының Қазақстанға өтуі бірнеше жолдармен жүрді.  Бірінші буржуазиялық-демократиялық революция кезінде Қазақстанға кітаптар көп мөлшерде түсе бастады. Қазақстанға жер аударылып келген социал-демократтардың әсері де болды. Мысалға, 1904 жылы Орал қаласына Петербургтен жер аударып келген Н.И.Шилова үгіттеу-насихаттау жұмыстарын жүргізді. Ол өзінің  ағасымен үйірме ашып, соны басқарады. Заңсыз хабарлама қағаздар таратумен айналысты. «Жұмысшыларға жолдау» сияқты түрлі үгіт қағаздарын таратты. Қазақ даласында арнаулы кітап бизнесі жүргізетін құрылымдар болмағанмен, оның қызметін әл-ауқаты жоғары қазақ байлары мен татар саудагерлері атқарды. Қазақстандағы кітап бизнесінің дамуы  тек XVIII ғасырдың аяғы мен  XIX ғасырдың басынан басталады. Кітаптардың көбі Петербургтан, Мәскеуден, Қазаннан шығарылатын. Көпшілігі діни сипатта болды.[8]

Архив материалдарына сүйенсек, кітап дүкендері мен кітапханаларды тексеру кезінде марксистік-лениндік бағыттағы әдебиеттер табылған.

Қостанай, Орал, Верный, Семей және басқа да қалалардағы кітап дүкендеріндегі әдебиеттің көпшілігі марксистік-лениндік бағыттағы классиктердің шығармалары мен революционерлердің шығармалары еді. Кітап дүкендеріне түскен жаңа кітаптар туралы «Степь», «Уральский дневник» газеттерінде жарияланып отырды.[9]

1913жылы қазақ, орыс, татар, араб тілдеріндегі басылымдарды сатумен 14 кішігірім кітап дүкендері айналысты. Басқа әдебиеттермен қатар социал-демократтық бағыттағы кітаптар мен брошюралар да кітап бизнесінда елеулі орын алды. ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап қазақ жерінде кітап бизнесінің жүйелі жолға қоюға А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Сералин секілді ағартушылар үлес қосты. [10]

 Республикамыздағы кітап бизнесі  проблематикалық күйде екендігін айтып кету керек. Оның себебі мынада: біріншіден, еліміздегі кітап бизнесі және кітап басылым рыногі айтарлықтай дербестікке жете қойған жоқ. Кітаптың өзі бағасын азайтып, құнын жоғалтуда. Кiтап сату iсiнiң бәсеңдеуiнiң тағы бiр себебi – дәл кiтапта берiлетiн ақпаратты басқада көздерден алуға болатын мүмкiндiктердiң кеңейе түскендiгi деп ойлаймын. Мысалы, коммуникациялық байланыс құралдары (телефон, телефакс), бұқаралық ақпарат құралдары. Бұл құралдар кiтапқа деген сұранысты шегерiп отыр.

Өзiмiз де керектi ақпаратты  кiтаптан гөрi аталған құралдардан алуға көбiрек талпынатынымыз жасырын емес. Себебi, уақыт үнемдеу жағынан осы құралдардың жеделдiгi кез келген адамға тиiмдi.  Керектi мәлiмет туралы қай еңбекте жазылған, ол қайда бар деп, оны оқып, iздеп жатқаннан гөрi, Интернетке  кiрiп, тез арада керектi сайттан мәлiметтердi алған шапшаңырақ болады. Дегенмен бiлiмдi санаға құю жағынан кiтаптың еш нәрсемен салыстыруға келмейтіні сөзсіз.

Кітаптың бағасы түскенде, кітаптың саудадағы бағасы көтерілді, ал рухани бағасы, яғни оқырманды тарту құны төмендедi.
Екiншiден, басқа тiлдегi кiтаптар өтiмдi болып, қазақ кiтабының құны түстi. Еліміз нарық заманының табалдырығынан аттап, капиталистiк қоғам талабына бейiмделе алмай, қалай қиналса, ендi кiтап та сол күйдi бастан кешуде. Басқа елден келген өзге тiлдегi көздiң жауын алатын түрлi-түстi кiтаптардың көлеңкесiнде қалып, сөрелерден тапжылмай тұр.
Оған кiтап кiнәлi емес, әрине. Кiтапты шығаруды, оны сапалы, мазмұнды етiп шығаруды, баспадан шыққан жаңа өнiмдi насихаттауды,жарнамалауды, таратуды, ең маңыздысы кітап бизнесін дұрыс жүйеге қойып  ұйымдастыра алмағандықтан екенін айта кеткен жөн. 

Келесі маңызды мәселе – кітап бизнесіндағы қосымша құн салығы. Бұның өзі  кітаптың оқырманға жетуін қиындатады. Тақырыбымның өзектілігі де осында.

Бітіру жұмысының құрылымы:

Қазақ басылымдары мен отандық және шет елдік авторлардың тақырыптарына сай құрылған. Зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеу барысында қолданылатын әдістерге: тарихи, систематикалық, салыстырмалы, анализ т.б жатады.  Осы дипломдық жұмысын жазу барысында келісім, жарғы, конвенция іспетті халықаралық құжаттарды табуда қиындық туындады.Бітіру жұмысындағы қолданған мәліметтерді екі топқа бөлуге болады.

Зерттеудің әдісі:

Жоғарыда аталған міндеттерді шешу үшін мынадай әдістерді қолдандық: жинақтау, салыстырмалы,ой қорыту, ғылыми түсіндірме.

Ғылыми жаңалығы: Қазақстан Республикасындағы кітап бизнесін дамыту үшін арналған шаралар  анықталды.

Негізгі бөлімім 2 тақырыпты қамтиды.  Қазақстан кітап бизнесін зерттедім.  Кеңестік кезеңдегі Қазақстандағы сауда ісінің тарихы мен басты кемшіліктеріне тоқталып, тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары кездескен қиындықтарды талдадым. Бүгінгі заманның талабына сай, интернет-дүкендердің Қазақстан кітап садасын дамытудағы маңызын қарастырдым.

Дипломдық жұмыстың  мақсаты  — өндіруші-баспагерлер мен оқырман арасындағы делдалдар санын мейлінше азайту жолдарын іздеп,еліміздегі кітап бизнесінің   басты кемшіліктерін зерттеу деп түсіндім.

Егер 70-80 жылдары ең көп оқитын елдердің қатарында болсақ, қазір аз оқитын елге айналдық. Бұның басты себебі –  Қазақстандағы кітап тарату және кітап бизнесінің дұрыс жолға қойылмағандығынан. Егер кітап бизнесін жүйелі жолға қоймасақ, бар оқырмандарымыздың 20%-нан айырылатынымыз айдан анық. 

Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспе, 3 тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І ТАРАУ  КІТАП БИЗНЕСІНІҢ ТАРИХЫ

 

1.1 Қазақ  кітап ісінің  тарихы  мен  алғышарттары 

 

Өзімді  көптен  толғантып  жүрген  баспа  әлемінің  қыр —  сырымен  жақын  танысу ниетінде  осы  тақырыпты  зерттеуді  мақсат  еттік.  Қазіргі   кітап   ісінің  хал – ахуалы,  оның  Ғ.Мүсірепов  айтқандай  “Таратпасақ   кітап  басып  керегі не?”-  деген  мәселесін  бүгінгі  нақты  мысалдармен  анықтауды  жөн  көрдім.

 Кітап – деген  қасиетті  ұғымды бір   ғана  сөзбен  жеткізу  мүмкін  емес.  Сонау  ғасырлар  бойғы  адамзат  өркениетінің  айғағы  болып  келген  қазақ  кітабының  қазіргі  таңдағы  рөлі  қандай?  Қолдану  аясы  қалай?  Өмірлік  қартаймайтын  кітап  деген  қарияның  дәл  бүгінгі  күнгі жай – жапсарына,   қазіргі  қазақ  кітап  ісінің  жетістігі  мен  кемшіліктеріне  тоқтала кетер  болсақ,  қазақ кітабының  тарихы 1807 жылы  жарық  көрген  “Сейфүлмәліктен”  бастау  алады.  Яғни  қилы  да,  күрделі   екі   ғасырлық  тарихы  бар деген  сөз.  Кітап- ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани мұра, дүниеден озып бара жатқан қарттардың өмірі енді басталған жас ұрпаққа деген өсиеті. Адамзаттың бүкіл тарихы кітапта жазылған. Кітап адамзатпен бірге дамып отырады, онда барлық ғылымның негізі қаланды. Бүкіл әлемдік тарих, адамзаттың тарихы жазылған кітап- адам өмірінің өткені ғана емес, болашақты қалай игеру туралы құжат. Ақиқат пен орасан күштің арқасында табылған қайғы- қасіреттің құжаты және болашақтың жоспары.

Құдайға  шүкір,  Тәуелсіздік  тұлпары  тақымымызға  тиіп,  егеменді  ел  болдық.  Тәуелсіздік  жылдарында  айтарлықтай  кітапқа  деген көзқарас  түп – тамырымен  өзгерді.  Ұзақ  жылдар  екі  бүйірімізден  қысқан  цензура,  тоталитарлық  режимнің  қысымы  ағытып,  ақтарылып  кеткен  кезде,  кітап  ісі  керісінше  көрініске  айналып,  кітапқұмарлыққа,  атаққұмарлыққа,  дінқұмарлыққа  жол  беретін  болды.  Қолынан келгеннің  бәрі  сапасыз  кітап  шығаруға  мәстүр  болып  кетті.  Мұндай  кітаптардың   саны   жылдам  өсіп,  тұрмыстық  сипатқа,  альбомға  көшті.  Міне,  осындай  келеңсіз  көріністердің  аясында  кітап  өнері  мен  мәдениетінде едәуір  проблемалар  туындады.  Қазіргі  қазақ  кітаптарының  критериіне,  мазмұнын,   тақырыбын  ашып    айтатын  күн  туды.

Нағыз  ұлттың  ұлт  екенін  көрсететін  кітаптар   қандай  болу  керек?  Ұлттық  ерекшелік,  ұлттың  ұлт  екенін көрсететін  белгілер,  оның  мәдениетінен  тайға  таңба басқандай  бояуы  қанық  көрініп  тұруы керек.  Сол  сияқты  ұлтық   кітаптардың  кескін – келбеті, бітімі  туралы  не  айта аламыз.  Мысалы,  Иранның  бір – екі  кітабын  іші –сыртын ақтарып,  ұстап  көрдім.  Әр  елде  шығатын  кітаптардың  әрқайсысының  өз  мәнері  бар.  Безендірілуі  мен   суреттелуінде,  мұқабасында  қарапайым  ғана  қаріптерінің  ерекшелігінде   сияқты.  Иран  кітаптарының   иллюстрациясында  бір  нәзік  тіл  бар,  бояуы  анық,  ерекше  ертегі  әлемі  сияқты  қасиеті  бар.   Сондай – ақ   Жопонияның  кітаптарынан   да  осыны  байқауға  болады.  Жапон  кітаптарының  илюстрациясы  әсем   табиғатымен,  жануарларымен,  аң,  құстарымен  ерекшеленеді.  Өкінішке  орай,  бізде   ұлттық  идеядағы  кітаптарды  айтып  мақтана  алмайсың.  Бізде  мұндай  ерекшеліктер  тек  садақ,  жебе  мен  салт  атты  батырмен  ғана  шектеледі.

Бизнес  әлеміндегі  кітап  ісі  көне  сала  екендігі  о  бастан белгілі  жәйт.  “Бизнес”  ағылшыннан  аударғанда   іс,  іскерлік  деген  мағынаны  білдірсе,  кітап  бизнесі – кітап  ісін  ұйымдастыру,  экономикалық – құқықтық,  өндірістік  —  шығармашылық  салаларын  бір  жүйеге  негіздей  отырып  басқару  болып  табылады.  Нарықтық  экономика деңгейіндегі  кітап  бизнесі   қазір  не  күйде?  Нендей  өзгешеліктер  енгізілуде?  Экономикалық  заңдылықтар  қазір   кітапты  тауар  ретінде  бағалауға   қоғамды  мәжбүр  етуде.   Олай  болса,  баспа  ісінің,  яғни  кітаптың  мән – маңызы  қалай  сақталынады?  Қандай  тиімді,  тиімсіз  жағдаяттар  орын  алуда?  Міне,  осындай  түйіні  табылмаған  сан  түрлі  сауалдарға    өзімізше  осы  жұмысымызд  жауап   беруге  тырыстық.  

  Арада  біраз  жылдар  өткесін,  уақыт  оқу  білімнің  маңызын  дәлелдеп  берді.  Қазіргі  қоғамда  нарықтың  қыспағына  түсе қоймаған  ешбір  сала  жоқ.  Еліміз  де  жаңа  дәуірге – экономикалық  қайта  құру,  ерік бостандығы,  демократия  дәуіріне  аяқ  басты.  Қазіргі  кезеңде баспа  мәселесіне  жаңа  қырынан  салмақтылықпен  қарайтын  мезгіл  туды.  Халықтың  рухани  білімін  көтеретін  кітап  басу ісін жүйелеу,  реттеу,  мемлекеттің  маңызды  саласы  деп  қарау  қажеттілігі  күшейді.  Артта  қалған  жылдар  ішіндегі  баспа  саласында  жасалған  өзгерістер  мен  ізденістердің  нәтижесі  бүгінгі  күні  өз  жемісін  беріп  келеді.

Қазақ  кітабының  бұл  күндері  бар  ғаламға   жайылып  кеткен  даңқын,  оның  өркениетті  таңғажайып  құбылысқа   айналып  алған  атын,  оның  халық  мәдениетіндегі   орны  бөлек  қордалы  затын  қазіргі    күндері  кім  жоққа шығара  алар   екен?  Өзіне  жүктелген  мәртебесі  биік  білімдік  те  танымдық  қызметін  Қазақ  кітабының  көтеріңкі  леппен,  асқақ  ойлы  шабытпен  атқарылып  келе  жатқаны  қай  заман!  Ұлы  қазақ  ғұламаларының,  ақындары  мен  жырауларының,  теңдесі   жоқ  ұл – қыздарының  ақыл – ойы  мен  абыройы  асқан  зерделі  еңбегі  арқылы  жарық  көрген  өлмес — өшпес  кітаптар  халқының  жүрегіне  нәр  құйып,  биік – биік  мақсаттарға  жетелеуден  бір  танған  емес.  Ол  оқырмандарын  өмір  қойнауларына  терең араластыра,  өнер – білімге  деген  құштарлығын  оята,  жақсылық атаулыға  шақыра  отырып,  қалың  жұрттың  творчестволық  белсенділігін  арттыруда  қисапсыз  мол  еңбек  етті  әрі  еңбек  ету  үстінде.  Қазақ  кітабы  бүгін  атам  заманнан  бері  айтылып,  айтыла – айтыла  халық  жадында   жатталып  келе  жатқан  және  қанша   заман   өтіп,  өмір  ағыны  қанша  жаңарып  жатса  да  иә  ескіріп,  мәнін  жоғалтпайтын,  иә  тозып,  өңінен  айрылмайтын  “Кітап – білім  бұлағы”,  “Кітап – ақылшың,  досың,  жолдасың”,  “Кітап – адамзат   ақыл – ойының  мұхитында  толассыз  жүзіп  келе жатқан  корабль”  дейтін  аталы  аяулы  ғақлия  сөздерді   өн  бойына  дарытып,  өмір  сүретін  қасиетті  құбылыс / 1 /.

Осының  бәрі,  әрине,  оның  қазіргі  күйі,  бүгінгі  бейне  тұласы.

Алдымызда бітіру   жұмысымызды  зерттеу  барысында,  кітап   ісінің  даму  деңгейін,  бағыттарын,  ерекшеліктері  мен  проблемаларын  толыққанды ашып,  зерттеп,  саралау  үшін  кітап  ісіне  қатысы  бар  нәрселердің  бәрін  рет – ретімен,  жан – жақты талқылауымыз  керек  екені  белгілі  жайт. 

Түйіндей  келгенде , бүгінгі қазақ  кітап  ісі  күннен – күнге қарыштап,   алға  қарай  дамып,   кемелденіп  келеді. Баспа ісін жасампаздыққа бағыттаған ілгері баспаларымыз  көбейіп,  көркейіп   келеді. Жалпы қазақстан  баспалары  мен  қазақ  кітап  ісіне талдау жасау бітіру жұмысымыздың негізі болып отыр.  Алға қойған мақсатымыз аты айтып тұрғандай, қазақ   кітап  ісінің  даму  деңгейі  жайында мағлұмат жинап, олардың тағлымын жадымызға түю, еліміздегі  баспа ісі,  кітап  ісі  саласындағы  ерен еңбектерді  жинақтаған  мәліметтеріміз негізінде ашып көрсету, сол арқылы баспа басылымдарының жетістіктері мен кем тұстарын тарата талдап, шама- шарқымызша бағасын беруді міндет етіп алдық.

     Бір айта кететін жайт: қазақ кітабының тарихы мен кітаптану негіздеріне қатысты бірді- екілі оқу құралдары болмаса, жалпы баспа ісіне байланысты қазақ тілінде әдебиеттің жұтаңдығы жұмысымызға көп қиындық келтірді. Көп мәліметтерді орыс тілді әдебиеттерден,  газет -журналдардан алдық, олардың бір қатарын шамамыз жеткенше аудара пайдаландық. Осы жағынан келгенде, зертеуіміздің қажеттілігі бар деп санаймыз. Болашақ баспагерлерді оқыту кезінде кейбір тұжырымдарымыз қажетке жарап жатса, мақсатымыздың орындалғаны болар еді.

     Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде — қазақ   кітап  ісі  туралы, жалпы кітап ісі жөнінде бірсыпыра ойларымызбен бөлісіп, зерттеуіміздің мақсаты мен міндеттерін тәжірибелік мәнін айқындауға орын берілді. Негізгі бөлім екі тараудан тұрады.  Бірінші тарау:  “Қазақ   кітап  ісінің  тарихы  мен  алғышарттары”,  “Кітап  бизнесі  және  кітап  нарығының  үлес  салмағы”  деп алсақ,  екінші  тарауды:  “Қазіргі кітап іс  және  кітап  таралымына  қатысты  мәселелер”,  “Жоғары  технологияға  негізделген  басылым  сапасы  баспа  деңгейінің  көрсеткіші” – деген  тараушаларға  бөлдік.        

Кітап жазу- жазушының, ғалымның, ақынның ұлы шығармашылық еңбегі, ұзақ еңбек етуді талап ететін, басқаларға оқу мүмкіншілігін ұсыну. Барлық кезеңде халық кітап шығарушыларға құрмет көрсеткен. Ең алғашқы бұқаралық ақпарат құралы- баспа кітаптың “Төртінші билік”жүйесіндегі орны айрықша маңызды екені еш талас туғызбасы белгілі. Бұл жөнінде белгілі кітаптанушы ғалым, елімізде баспа ісі және полиграфия саласын 15жылдай басқарған білікті маман, тәжірибелі ұстазымыз Шериаздан Рүстемұлы Елеукенов мынандай құнды тұжырым жасайды: “Баспа кітап- күллі баспасөз атаулының атасы. Газет, журналдардың шығуы жыжымалы литерасыз, баспаханасыз, бояу мен баспа пресінсіз мүмкін бе еді? Газет Еуропада Гутенбергтің “В4- 2” деп аталатын станогын ойлап табылғаннан кейін, ХVIII ғасырдың басында пайда болды. Ресейде алғашқы баспа газет “Ведомости “ Петр І тұсында  1702 жылы дүниеге келген. Қазақ  баспасөзінің тұңғышы “Түркістан Уалаятының газеті “1870 жылы шықса, қазақ тіліндегі алғашқы баспа кітаптары XIX ғасыр басында бой көрсете бастады” / 2 /

Тіршілік  айдынында  бірден  туа  қалған  данышпан  да,  Жерден  тысқары  тұңғиық  дүниеге  бірден  заулап  ұшқан  ғарышкер  де  болмаған.  Тіршілік  айдынында  бірден  туа  қалған  данышпан  да,  Жерден  тысқары  тұңғиық  дүниеге  бірден  заулап  ұшқан  ғарышкер  де  болмаған.  Ұлылардың  өзі  де  ұлылық  тұғырына  неше  қилы    кедергілер  мен  тосқауылдарды  жеңіп,  кедір – бұдыр  жолдардан  өтіп  барып  қонған.  Кітап  біткеннің  баршасы  да,  оның  ішінде  қазақ  кітабының  дамуы  да  сондай – сондай  қиялдардан  өтіп,  бүгінге  жеткен.

Украйн  ғалымы  М.Ф  Яновски  “О книге.  Опыт  анализа понятия книга” деген еңбегінде кітап туралы елу шақты анықтаманы тексеріп шығады, ақыры өз нұсқасын ұсынады. “Книга- продукт человеческого   творчества,  воспринемаемая оргонами зрения или осязания  в  устойчивой  форме”  деген  қағида  жасайды  / 3 /

Алайда  ғалымдар  бұл  пікірге толық қосылмайды. Кітап қасиетін бір тұжырым аясына сиғызу қиын. Кітап  әлемі  ұшы- қиырсыз күрделі  дүние.

Орыстың  ғалымы  А. Беловицкая  “кітап”  дейтін  котегорияға тек   нақтылы кітапты-  кітап  басылымның  ғана  емес  “кітап  ісі  деген ұғымды да сиғызыпты. Кітап жүйесінің барша саты- салалары диалектикалық бірлікте, бір-бірімен тығыз байланыста қаралады. Оның әрқайсысында бұрынғы сатының шындығы және болашақ сатының мүмкіндігі сақалған. Осыны негізге ала отырып, Беловицкая “кітап нысандары” деген ұғым енгізеді. Сонда редакциялық- баспагерлік, кітапханалық- библиографиялық, кітап бизнесі – бәрі кітап формасы болып  шығады.

Кітап  ісінің  мән — мазмұны – кітап басылымында,  оның  кітап өндірісі  мен  кітап  тарату  салалары арқылы қоғамдық санаға айналуында. Мысалы, әдеби туынды әдебиет шығармасына айналса, мұның өзі кітап ісі арқылы жүзеге асады.

“Кітап  ісі – кітаптану ғылымының бас категориясы, кітап басылымы  ғана  емес,  рухани   және  материалдық  өндірістің  тұтас арнасы.

Кітаптану  саласын  зерттеуші ғалым, профессор       Ш.Елеукеновтың  “Кітаптану  негіздері”  атты  еңбегіндегі  пікіріне   сүйенсек: “Кітап ісінің рухани саласы деп отырғанымыз – редакциялық – баспагерлік, кітапханалық – библиографиялық  салалар.  Баспа репертуарын қалыптастыру, түскен  қолжазбаның  проспектісін редактор  тарапынан  саралау, автор шығарамасына баспаның  берер бағасы,  шығарма  қолжазбасы бойынша редакциялық  жұмыс жүргізу, түпнұсқаның  баспалық  нұсқасын  әзірлеу,  болашақ   кітапты   көркемдеу, полиграфиялық  мәнерлік,  кітап  конструкциясын  жасау,   корректурасын жүргізіп, қатеден арылды деген, жөнделген таза беттерді қайта қарап шығу, сигналдық дананы мақұлдау – міне бұл жұмыстардың бәрі редакциялық – баспагерлік тезден өткізіледі /4/

Рухани саланың және бір тармағы – кітапханалық- библиографиялық  жұмыс. Кітапхана өзіне түскен кітап қорымен  жұмыс істейді,  оқырманға  барынша  көмек  көрсету  жағын  ойластырады.

     Қазақ  кітабының  жай – жапсарына  үңілмес  бұрын кітап  деген  ұғымға  анықтама  беріп,  өзімізше  пайымдама  жасап  өтейік.

Біз  білетіндей, “кітап” ең  алдымен  жан  азығы,  рухани  өмірдің  айнасы,  күллі  адамзаттың  өткен  өмірі,  еткен  еңбегі мен  тарихи  әлеуметтік,  рухани  қатнастардың  дәнекері.  Өткенді  өрнектеп,  осы  шақты  оюлай  түсетін  ұғым  ретінде  де түсіндіріледі.

ХХІ ғасыр – тасқынды ақпараттар ғасыры. Қазіргі   таңда  әлемнің   қай  түкпірінде  не  болып  жатқанын  көзді  ашып жұмғанша білуге болады  “жаңалық”  деп  қабылдағаныңыз бес минуттан кейін ескіріп  жатқан  уақытта  ақпаратты   ең  соңынан біліп, “е-е” деп отыратын  аймақтар да жоқ емес.

Дегенмен,  проблемалар  жоқ  деуге  болмайды. 1991  жылға  дейін   мемлекеттік  баспалар  белгілі  бір  салаға мамандандырылып  мемлекет  тарапынан  қаржыландырылып  өнім  өндіріп  келді.  Ал  нарықтық  экономикаға  өткен  алғашқы  жылдарда  баспа ісінің  ең  басты  проблемасы  баспаны   сақтап  қалу  болды  да,   кітап  басушылар  әр  түрлі  салаларда  өнім  шығара  бастады.  Бұл  қазақ  кітап  ісінің  белгілі кезеңдерінің  бірі  еді.

Нарық   жылдары   Республикадағы жүгі ауып, дөңгелегі қисайған  ауылдарға  соққы  болып  тиген  бір   жайт –  “мәңгілік  парасат” ғимараттарының  жабылуы. Қолда бар мәліметтерге жүгінсек, соңғы он жылдың ішінде  төрт  мың  ауылдық  кітапхана  талан — таражға түсті. 1993жылғы  санақ  бойынша  7023    кітапхана   болса, 2004 жылы  олардың   2630 ғана қалыпты. Бір ғана  Алматы облысында  685 кітапхананың  есігіне   қара   құлып   салынып,  терезесіне тақтай шегеленді.

2001-  2002 жылдары   Мәдениет,   ақпарат  және қоғамдық келісім   министрлігінің   қолдауымен кітапхана қорын байыту үшін арнайы мемлекеттік тапсырыстармен шығарылған кітаптардың едәуір маңызы  болды. Алматы қаласында 2003 жылы өткен “Ұлы жібек жолымен” атты    ІІ халықаралық  кітап  және  полиграфия     жәрмеңкесі де  кітапхана  ісіне  көп        қолдау көрсетті. Осындай  игі істердің нәтижесінде  2004 жылы санақ барысында отандық кітап қоры 67,8 милион дана, соның  ішінде ауылдық кітапхана қоры  34,2 милионға жеткен. Бұл — 1000 тұрғынға  шаққанда 67,4  дана   жаңа басылымнан келеді  деген сөз. Бірақ бұл әлі де жеткіліксіз. “ИФЛА (халықаралық кітапхана  қауымдастығының     федерациясы)      ұсынысы   бойынша, 1000  тұрғынға   250   жаңа басылымнан келуі керек. Әлемдік стандарттауға  сәйкес,   көпшілік   кітапхана    қорының  5 — 10 пайызы соңғы   жылдардағы басылымдар, ал 50 пайызы соңғы 5-10 жылда жарыққа шыққан басылымдар болуға тиіс. Дамыған елдерде  10 жыл көлемінде   кітап қоры толық жаңартылады. Ал бізде 100 жылда бір рет жаңарады” —  дейді    кітапхана қызметкері   Б.   Шаймерденқызы.

Кітап қоры бірінші проблема болса, екінші проблема – кітапхананы   заман      талабына   сай   жабдықтау,   яғни   модельді кітапханалар  санын   көбейту. 2004 жылдың  14 қарашасында  Мәдениет ақпарат және  қоғамдық  келісім   министрлігі  әр  облыста  2 —  3   модельді   кітапхана   ашу    керектігін айтқан  болатын. Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылында заманауй құрал – жабдықпен жабдықталған   кітапхана   ашылып,  бір   жылдың   ішінде  оқырман санын  700 ге арттырған. Тағы бір мәселе –маман кемшілігі.    Кітапханашы  кітапты  алып — беріп қана тұратын жай  адам емес, ол оқырманның сұрауын дәл әрі тез қанағаттандыратын, оқырманды кітап оқуға  баулитын,   жаңа   технологияны  меңгерген жан — жақты  маман болуы  керек.  Ауыл   кітапхана   қызметкерлерінің 8,8 пайызы ғана жоғары білімді, ал 43,6 пайызы арнаулы білім алғанын ескерсек, бұл мамандыққа     дұрыс   көзқарас ,  жақсы жарнама керек екені сөзсіз. Келесі проблема- білімпаздар ғибадатханасының ғимараты. Оның көпшілігі   күрделі      жөндеуді   қажет  етіп тұр. Мұның  қатарына  қақаған қыста көмір таба алмай, мезгілсіз бірер айға жабылатын кітапханаларды  қосыңыз.  Қазақ  халқы ежелден –ақ  “қашықтан  —    қашық — білімді мен білімсіздің арасы , қымбаттан-қымбат –асыл         ердің данасы”  деген  ғой. “Асыл ердің данасы” ақпаратпен қамтамасыз етіп,  біліммен    сусындатып,  мыңды   жығар   білекті   ету  үшін ел болып,  жұрт  болып  ертерек  қамдану   керек.   Түптің  түбінде “Қолымды мезгілінен кеш сермедім,   кітап  қорын көбейтсем,  өстер  ме  едім!” деп жүрмесек болғаны.

Еліміз  тәуелсіздік  алған  жылдарда,  нарықтық  экономикаға  бет  бұра  бастаған  тұста,  шаруашылықтың   өзге  салалары  сияқты  кітап  өндірісі  де  көптеген   қиыншылықтарды  бастан өткізді.  Жұртың  жаппай  бизнеспен  айналысуы  халық  арасында   “Оқу  не  керек?”  деген  ұшқары  ұғымды  қалыптастырып  үлгерді.

“Кітап  ісінің материалды саласы дейтініміз полиграфия мен кітап      бизнесі       салалары.  Кітап         полиграфиялық     өндірістен материалдық  пішім   алып,   бой түзеп шығады. “Киген   киіміне  қарап қарсы алады,  ақылына қарап шығарып салады” дейтін дәл осы кітап әлеміне арнайы айтылған ба дерсің”/ 5 /

Осы    орайда    қазақстандағы     полиграфияның   тарихына, бүгініне тоқтала отуді жөн көрдік. Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері атты “Білім” баспасынан 2005 жылы шыққан анықтамалықта былай делінген:

ХҮІІІ   ғасырдың   аяқ   кезінен  бастапқазақ  тіліндегі бірен- саран кітаптар Қазан, Орынбор, Ташкент, Петербург, Уфа, Тройцк, Астрахан басылып тұрғанын білеміз.

ХІХ ғасырдың басында “Барлық тілдердің үстеулерінің салыстырмалы сөздігі” қазақ халқының дастан- жырлары жарық көрді.

ХХ ғасырдың бас кезінде қазақстанда қолөнер үлгісіндегі бірнеше баспа бөліктері пайда бола бастайды. Шағын баспаханалар Орал, Петропавл, Қызылорда, Орда, Семей қалаларында ұйымдастырылды. Бұларда қолмен жүргізілетін “Американка”, “Аусбург” сияқты ескі машиналар пайдаланылыпты.

Мәскеу полиграфистері Қазақстанға көмек ретінде полиграфиялық жабдықтар жібере бастады. Бұлар АССР-ның сол кездегі астанасы Қызылорда қаласының баспаханаларына орналастырылды. Олардың қуаты алты милион басылым беттен аспады.

“1924 -1932 жылдар  аралығында республиканың полиграфиялық базасы едәуір ұлғайды. Оның қуаты жылына 8 милион басылым бет болса, 1940 жылы бұл көрсеткіш 10 -12 милионға жетті” / 6 /

Республика полиграфиясының техникалық базасы соғыстан кейінгі кезеңде одан  әрі нығайтылды. Бұрын жұмыс істеген баспаханалардан басқа    сол   жылдары   Алматыда полиграфия комбинаты құрылыпты. Оның жалпы қуаты 160милион басылым бет болыпты.

“1967 жылы  ҚазССР Министрлер Советінің “Республикада полиграфия өнеркәсібі мен кітап басу ісінің  материалдық – техникалық базасын одан әрі нығайту туралы    қаулысының маңызы зор болды”/ 7 /

1973 жылдың  аяғында  Алматыда   кітап   фабрикасы пайдалануға берілді. Республикалық полиграфия кәсіпорындары базасында Алматыда “кітап”   өндірістік   бірлестігі   құрылды.    Оған кітап   фабрикасы,   Алматы   полиграфиялық комбинаты , билет-бланк және оперативті баспахана ,  дәптер баспаханалары кірді.

1977 жылы  арнайы  мамандандырылған Алматы  полиграфиялық училищесі тұңғыш рет оқушылар қабылдады. Полиграфия кәсіпорындарында 70 ші жылдың аяқ кезінде  7000 нан астам қызметкерлер мен қызмет етушілер жұмыс   жасады.  Кітап безендірілуі — өнер. Оның сапалы шығуы баспагерлер мен баспаханашылардың мамандық     дәрежесіне,      шеберлігіне   және полиграфия техникасы мен технологиясының   замана талаптарына сәйкестігіне байланысты. Кітаптың сыртқы киімінің, нысанының  әдемілігі материалына да байланысты. Тиісті қағаз, бояу болмаса, кітап сиқы бұзылады.

“Кітап өзі информация көзі бола тұра, сол информациядан туындайды. Адамдардың қоғамдық – практикалық  қызметі негізінде  туған информация санада қорытылып, күрделі  материалдық процестен өтіп, кітап киімін киеді”

Кітап — әлеуметтік құбылыс дегенде, біз бұл қағида                 арқылы кітаптың маңызды белгісін, сол арқылы     ішкі     табиғатын, қасиетін аңғарамыз. Бұқаралық ақпарат құралдары – газет, журнал,   радио, теледидар секілді , кітап – дара сананы  қоғамдық                      санаға айналдырудың маңызды нысаны / 8 /

Кітап түптеп келгенде газет, журналдарда  айтылған пікірлердің құяр сағасы секілді. Жарияланғанды жүйелеп, жинақ   құрастыруға болады.  Мұндай   міндетті   бұқаралық   ақпарат    құралдары      мойнына жүктей алмаса керек.  Бұл кітаптың бір артықшылығы.

Кітап ісі Қазан төңкерісінен кейін түгелімен мемлекет        иелігіне алынды. Халық ағарту комиссериятының жанынан       Мемлекеттік баспа орыны (Госиздат) құрылғанын білеміз.

Ал 1949 жылы кітап ісі жүйесі тағы бір өзгеріске ұшырады.  КСРО кітап ісі жүйесі көрнеу бұтарланып кетті. Тек араға он жыл       салып барып, кітап ісі салаларының қолдан жасалған                 оқшаулануы жойылып, тұтас жүйе ретінде қайта қалпына келтіріле бастайды.

Қазақстанда кітап ісі қайта тұтастану жолынан өтті. Негізінен библиографиялық жұмыспен айналысатын Республикалық кітап         палатасы жұмыс жасады.

ҚазақССР Мемлекеттік кітап палатасы  Қазақстан Орталық Атқару Комитеті мен ҚазақССР Халық Комиссарлары                    Советінің бірлескен қаулысы бойынша ұйымдастырылды. Соның  негізінде міндеттері, атқаратын қызметі, құқықтары ҚазақССР            Халық Комиссарлары Советінің 1938жылы қабылдаған ережеде  белгіленіп берілді. Өз жұмысын баспасөз өнімдерінің міндетті     даналарын қабылдап, мемлекеттік тіркеуге алып, оны            Республиканың ірі кітапханаларына бөлу. Палата мемлекеттік библиографиялық, баспасөз статистикасының, кітапхана          католоктарын орталықтандырудың , библиографиялық анықтамалар берудің және баспа полиграфия, кітап бизнесі істері   жөніндегі         ғылыми   —  техникалық     хабардың      ғылыми      орталығына       айналды / 9 /.

Кітап ісі жүйесі тек мемлекет, үкімет тарапынан ғана басқарылып қойған жоқ. Кітап ісін жолға қоюдың түйінді мәселелері              партияның Орталық Комитеті қаулы  қаралары негізінде шешіліп   отырды.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін кітап ісін басқаруда біраз  уақыт ескі жүйе сақталып келді. Комитет аты өзгеріп,  министрлікке айналды, бірақ бұрынғы қалыптасқан жүйеге елеулі өзгеріс        енгізілмеді. Бұл салада реформа енді-енді қолға алына бастады.         Тендер нәтижесінде Алматы полиграф комбинаты мемлекет        меншігінен жеке меншікке көшті. Кітап ісін материалдық-          техникалық жағынан жабдықтау да кәсіпкерлер иелігінде.  Басқа министрліктердей баспа саласын басқару тәртібіне үлкен               өзгерістер енгізілуде. Жекеменшік баспалардың көбеюі, басқа да жаңалықтар шаруашылықты басқару мәселесінбасқаша шешуді           талап етті.осы және басқа бірқатар себептермен кітап ісін және    бұқаралық ақпарат құралдарын түгел бір жүйеге қосу қажеттігі туды.    Бұл жаңа буын, тың жүйе қазір Қазақстан Республикасы  Ақпарат         және қоғамдық келісім министрлігі деп аталады.

 

1.2  Кітап  бизнесі  және  кітап   нарығының  үлес  салмағы

 

Кеңес дәуірінде баспалар  өз саласына қатысты немесе          қажет деген басылымдарды басып шығарса, ал кітап сатушылар      олардың мүддесіне қарай ұсыныстар тізбегін жасапты. Қазір              болса, олардың көпшілігі өздерін нарықтың белсенді элементтері             деп санайды. Сондықтан, баспа тұтынушыларының сұранысы                 мен қызығушылығындағы  өніммен қамтамасыз ету үшін оларға           түрлі ассортименттер ұсынып, одан таңдауға түскен басылымның       “қайта басу” процесіне нұсқау беріп отырады.

Дегенмен, мұнда айтарлықтай айырмашылық жоқ. Кез         келген кезеңде тұтынушы сұранысын қамтитын нақты бір топқа     арналған бағдардағы жоспарды іске асыруда кітап шығаратын                 оны тарататын жеке баспалар мен кітап дүкендері жұмыс жасап           келеді.

Бүгінде Республикамыздағы кітап ісімен шұғылданатын         баспа мен баспагерлер Қазақстан Республикасының Ата  заңындағы заңдарға сай жұмыс  жасайды. Сонымен қатар “Баспа ісінің заңдылықтары” туралы Қазақстан Республикасының заңды жобасы          да жасалған. Бұл заңды жоба 1999 жылдың 16 қазанындағы              тәуелсіз мемлекеттер достастығы аясындағы мемлекеттер           өкілдерінің қатысуымен өткен ХІҮ парламентаралық жиында қабылданған. Бұл заң баспа өнімдерін басатын, даярлайтын,         тарататын орындардың арасындағы қарым-қатынастарды реттеп    отырады.

Баспалардың  басым бөлігі нарықта өз орнын белгілеуді           және нарықтық экономиканы ескере отырып, ұжымдық құрылым қызметі мен бағдарламасын нарыққа бейімдеуді басты мақсат          тұтады.

Бітіру  жұмысымызды  әрі  қарай  жандандыра  түсу  үшін  “басқару”  мен  “менеджмент”  атты  терминдерге  тоқталуды  жөн  көрдік.  Өйткені  кез  келген  бизнес  түрі  бұл  екі  ұғымды  айналып  өте  алмайды.  Бұл  егіз  ұғым  болғанмен,  екеуінің  бір – бірінен  айырмашылықтары  да  жоқ  емес.  “Басқару”  адамзат  қызметінің  түрлі  салаларында  кездеседі,  ал  “менеджмент”  тек  экономикалық — әлеуметік  жүйелерді  басқаруға  негізделеді.  Менеджментті  басқа  сөзбен  қойылған  мақсатқа  жету  жолы   деп  айтуға  болар  еді.  Ал  бұл  жолда  еңбекті,  сананы,  адамдар  арасындағы  қарым – қатынастардың  күрделі  жиынтығын  зерттеуді  қолға  алу  керек.  Ол  үшін  ғылыми  негіз,  тәжірибе  мен  өнердің  ауадай  қажет  екенін   түсіну  қиын  емес.  Бір  жағынан  менеджмент  кешенді  ғылым  ретінде  дамыса,  екіншіден  кәсіби  деңгейде  орындалатын қызметтің  өзін — өзі  басқаратын  түрі.  Кез  келген  үрдісті  басқару  күрделі  де жан –жақты  зерттеуді  талап  ететіні  анық.   Өндірістік,  ұйымдастырушылық,  ақпараттық  қызметтерді  біріктіре  отырып  басқаруға  икемделетін  кәсіби  мамандар  бар,  олар – менеджерлер  болып  табылады.

Қазір  кітап базарына ықпал етуші жаңа факторлар да        нарықта белең ала бастады:

— тұтынушы тауарын өндіру жүйесінде , сонымен қатар кітап индустриясында  бәсекелестік ешкімді аямай отыр.  Мұнда  тұтынушы    әмиянына   қол  сұғатын сатушылар  саны  көп – ақ;

— қазір кітап бұрынғы  рухани  құндылығын  жойып  көбіне ақпарат  пен  ермек  ету қолданысында  бәсекеге  түсуде;

— кітап  өндірісіндегі  шығын  да  әп – сәтте  шарықтап           кетті.  Тек,  жалға алған  қызмет   орнының  бағасын  ескерсек,           қазіргі  баспагерлер күн  көрінісінің әлеуметтік  жағдайынан бағдар      алуға болады;

— жаңа  оқырман  потенциялын  тарту  күрделілік туғызып       отыр.  Әсіресе,  кітап  нарығында,  бәсекелестердің арасынан              оларды  өзіңе  алып  шығу  қиын  -ақ;

—  дүкен  сөресінде  кітапты  орналастыру  көлемі  де        шектелді.  Ал  сөредегі  орын  баспалар   үшін  қатал  күресті  талап     ететін  “өміршең  кеңістік”  болып  табылады. / 10 /

Кітаптар,  сонымен  қатар баспалар  көпшілік  қауымға  идея,  ақпарат  және ермекке  арналған  хабарлармен  қамтамасыз  етуде  мол  табысқа  жетеді.  Осындай  жетістіктерге  қол  жеткізу  үшін  кәсіпкерлер қызметінің бағытын анықтап,   ұжымдық  құрылымды  қайта  қарастыру  барысында  мынадай  сауалдарға  жауап  іздестіруге тиіс:

—  орта  және алыс  перспективаларда  фирма  қандай  мақсатқа жету  үшін  жұмыс  жасайды?

—  баспаның  ұжымдық  құрылымы  осы  мақсатқа  бағытталған ба?

—  оның  барлық  бөлімдеріндегі  қызмет  жүйесі  нарық  талабына  кірігіп,  тиімді  жұмыс нәтижелерін  бере ме?  

—   тұтынушы  сұранысына  қарай  жұмыс  жасайтын  баспа  оның  қызметкерлері  “қызмет  көрсету  жүйесі”  деген  мекеме екендігін мойындай ма?

—  ұжымдық  құрылымдарға  ішкі  байланыстар  ақпарат  алуда белсенділік танытып,  әрі  оған  “бюрократтық  емес” тұрғыда шешімдер қабылдай  ала  ма?

—  баспаның  өзге  бөлімдері  бірегей  мақсатқа  жету  үшін ауызбірлікте  жұмыс істей біле  ме?

—  барлық бөлімдер қызу жұмысқа жұмылдырылған ба,  әрі олардың  осы  энергиясы  бәсекелестікке бағытталды ма екен?

—  қызметкерлер  жұмыспен қамтылған ба, олардың жұмыс жайы немесе  орыны  қызмет  жасауға  ыңғайлы  ма? / 11 /

Міне,  осы  жоғарыда  аталған  сауалдарды  алдына  қойып,  оны шешуге  барлық  қуатын  жұмсаған  фирма  нарықта  өз  орнын  нығайтып,  әр базар күресінде  бәсекелестік күшін  арттырады.

 Қазақстандағы  кітап  жүйесінің  ең  басты  мақсаты  да – тұтынушылардың  сұраныстарын  қамтамасыз  ету.  Бүгін  қызмет,  оқу  мен  кәсіби  бағыттардағы,  нарықтық  экономикада  кітаптарды  жаппай   тарату  негізгі  жоспарлардың  біріне  айналған.  Өйткені,  тек  осындай  жолмен қазақстандық  азаматтардың  осы  бағыттағы  білім  деңгейлерін  өрістетуге,  іскерлікті  жетілдіріп  кәсіби  өрені  дамытуға  болады.  Міне  осындай  еңбек  нәтижесінде   өндірістің  қалыпты  деңгейде  жұмыс   істеуі  мен  оның   дамуындағы  өзекті  мәселелерге  жаңаша  көзқараспен,  тың  бастамамен  келетін  жаңашыл  кәсіпкерлерді  нарықтың  бәсекесіне  шығара  алдық.

Мұндай  игі  істерге,  әрине  еліміздегі  экономика  мәселелерімен қабаттаса  өрілген,  өзге  салалармен  қатар  кітап  индустриясы  да  көптеген  келелі проблемаларға  килікті.  Жоғарыда  атап  өткен  мәселелермен  қатар,  қазір  баспагаерлердің  де  көз  тігетін  “кітап  экспорты”, сол секілді құн  салығы  да  жылдар  бойға  ұрандап  алға  тартар  салмақты  проблемаға  негіз  болғаны   анық.

Еліміздегі  кітап  экспортына  келер  болсақ,  қазір  одан  импорттың  саны  артып  отырғанының  айғағы  боламыз.  Бұл  тұрғыда  интернет  желісінде  өз  ассортименттерін  ұсына  алатын баспалар болмаса,  экспортта  табысты  шұғылданып  жүрген  қазақстандық  көтерме  саудагерлерді  байқай  бермейсіз.

Көршілес  жатқан  республикаларда екі милиондай  қазақтар  бар. Бұл  да  бүгінгі  нарық  зертттеуінде  көзге  ілігетін  тұтынушылар. Олардың  сұранысын,  тіпті  Кеңес  үкіметі  тұсында  “Қазкітап”  бірлестігі  қамтамасыз  етіп  отыруды  қолға  алған  екен.  Мәселен,  “Қазкітап”кітапсауда  бірлестігінің  бастығы  Болат  Бодаубаев  “Қазақ  әдебиеті”  (23  маусым,  1989 жыл)  газетіндегі  мақаласында  пікірін  былайша  өрбітеді:  “Қазкітап”  бірлестігі  қазір  көршілес  республикаларымыздың  (Қарақалпақ,  Өзбекстан,  Түркмения)  кітап  бизнесі  ұйымдарының  барлығымен өзінің  қарым – қатынасын  түпкілікті  жақсарта  түсуге  білек  сыбана  шындап  кірісті.  Біз  оларға  республикалық  баспаларымыздың  тақырыптық  жоспарларын  шығарған  бойда  жібереміз  және  оны  жергілікті  халыққа  кеңінен  таныстыруын,  қазақ  тілінде  шығатын  кітаптарға  қалағанынша  тапсырыс  беруін  өткіземіз.  Жоғарыда  атап  өткеніміздей,  айдағы  айларда  РСФСР-дың  қазақ  ағайындар  көбірек  тұратын  облыстарын  тегіс  аралап  шығуды,  сөйтіп  арада  үзілген  байланыстарды  қайтадан  жалғастыруды  көздеп  отырмыз” / 12 /

Сол  секілді  осы  мәселеге  қатысты  бертінде  “Қазкітап”  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігінің  төрайымы  Ерік – Раиса  Есенбаеваның  тілшімен  сұқпатында:  “Бұрын  тираж  белгілеу  үшін  арнайы  басқосу  өтетін,  1994  жылдан  бері  кітап  шығару мен   сату  орындарының  тираж  белгілеу  жиыны  болған  жоқ.  Қазір  баспалармен  шартқа  отырамыз.  Күні  кеше  Мәскеудегі  үлкен  кітап  жәрмеңкесіне  қатыстық.  Көп  кітабымыз  өтті.  Жалпы,  ол  жақтағы  жұрттың  кітапқа  ықыласы   суй  қоймапты.  Оны  айтасыз  көршілес  Өзбекстан,  Қарақалпақстандағы  қазақтар  бізден  қазақша  кітапты  көп  алады.  Үкіметке  соқпай  бірден  бізге  келеді.   Қазір  біз  мекемелерді  айтпағанда  жеке  кітап  сатушылармен   бірлесіп  жұмыс жасайтын  болдық.  Түркістан  қаласында  тұратын  бір  азамат  үнемі  15 — 20 мың  теңгеге түрлі  кітаптар  алып  кетеді.  Өз  айтуынша  сол  кітаптың  көпшілігін  поезда  кетіп  бара  жатқанда сатып  үлгіретін  көрінеді.  Қалай  десек  те,  бір  маусымда   қырық  милион  дана  кітаптың  жиырма  милионын  сатып  үлгердік” / 13 /

Міне  қазір  қазақ  кітаптары  өтпейді  дегенге  мен  сенбеймін.  Тәуелсіз  елдің,  тұрақты  экономикасында,  сыртқы  қарым – қатынастардың  жолы  ашылып  тұрғанда  бұл  аталмыш  нарық  мыңдаған  адамға  жұмыс  тауып  береді.  Тек  еліміздің  ішінде  кітап  нарығының  болашағы  зор  екеніне  күмән  жоқ.  Мәселен,  бұған  республикамыздың  мектептеріндегі  оқушылар  мен  жоғарғы  оқу  орындарындағы  оқитын  студенттер,  оған  мұғалімдер  мен  дәрігерлерді,  ғылыми  және  техникалық  интелегенция  өкілдерін  қосыңыз.  Осылардың  бәрі   қазақстандық кітап  рыногының  потенциялды  тұтынушылары  болып  табылады.

Ешқашан  да үлкен  қиыншылықтарсыз  үлкен  істер  болмайды – дейді ғұлама  ғалым   Ф . Вольтер.  Расында,  қазақстандық  баспагерлер  итшілеп  Ресейден,  өзге  аймақтардан  қымбат  қағаз  тасып,  кітап  басуға  арналған  материалдарын  да  “арзанға  түссін”  деп  біреу  арқылы  басқа  елден  алдырып  басып    шығарған  басылымға  жиырма  пайыздық  құн  салығымен  үкіметпен  айырысқанда  түсетін  табыс  көлемі  олардың  көңілдерін  қанағаттандырмақ  түгілі,  түңілтіп  жіберуші  еді.   Тәуелсіз  ел  болып  етегімізді  жинап  жатқанда  осы рухани  сусынның  қоры  ізгі  мақсатпен  кітапханаларға  кітап  беретін  болса,  онда  оған  салық  төленетін  заман  да  болған.  Өйткені,  біздегі  салық  Кодексінде  ешкімнің  жағдайы  қарастырылмаған. Тегін  берсең  де,  ол  бухгалтерияда,  салықшылар  алдында  сатылған  болып  көртетіледі.  Ал  сатылған  тауарларға  салық  төленеді.  Біздегі  заң  солай… /14 /

Дегенмен,  бүгінгі  күні  қосымша  құн  салығы  16 пайызға  төмендеп,  ал  балалар  әдебиетін  шығаратын  баспалар  мұндай  міндеттемеден  босатылған.  Қосымша  құн  салығын  қойғанда,  қазір  кітап  тарату  саласында  “дүкеншілер”  де  баға  белгілеуде  ешкімді  аяп  тұрған  жоқ.

Экономика  өркендеген  сайын,  халықтың  әлеуметтік  жағдайын  жақсартуға  мүмкіндік  туады.  Нарықтық  экономика  қазақстанды  әлемнің  барлық  елдерімен  байланыстырып  отыр.  Экономиканың  өсуі,  дамуы,  экономикалық  реформалардың  үсті – үстіне  қабылдануының  арқасында,  нарықтық  экономикамыз  тұрақты  болған  кезде  бізді  көрші  алып  мемлекеттер  сыйлай  алады.

Кітап  нарығының  тауарлар  мен  жаңа  баспалар  үшін  есігі  айқара  ашық.  Оған  кірігу  сондай  қарапайым  және  сондай  көп  шығынды  талап  етпейді.                                                                          

Қазір  Алматының  өзінде  жүздеген  баспа  жұмыс  жасап жатыр.  Олардың  өзіндік  ерекшелігі,  басылым  түрлері  де  қилы  болып  келеді.  Жалпы  бет – бейнесіне  байланысты  бүгін  құрылымы  мен  ұйымдастырылуы   әр – түрлі  үш  баспа  түрін  бөліп  қарастыруға  болады:

  • кәсіби оқырмандарға  арналған  мамандандырылған  баспа;
  • көпшілік оқырманға  арналған  мамандандырылған  баспа;
  • көпшілікке арналған әдебиеттерді  қамтитын баспа  немесе  оны  әмбебеп  баспа  деп  атап  та  жүрміз / 15 /

Бұл  бспа  түрін  белгілі  бір  оқырман  топтарына  арналған  және  осы  оқырмандарын  қамту  тәсілі  мен  сауда  жүйесі  деңгейіне  қатысында  ерекшеліктері  арқылы  ажыратуға   болады.

Кәсіби  оқырмандарға  арналған  мамандандырылған  баспа  бірыңғай топ  тұтынушыларымен  жұмыс  жасайды.  Олардың  кәсібін  белгілеу  арқылы  арнайы  әдебиеттерді  таңдау  мүмкіндігін  қолдана   алады. 

Көпшілік  қауымға  арналған  мамандандырылған   баспа  тауарын  сатуда  потенциалды  тұтынушысын  анық  ажырата  біледі.   Алайда,  алдында  аталған  баспадан  айырмашылығы  мұнда  тұтынушылар  потенциялы  бірегей  бола  бермейді.  Тек   олардың  мүддесіне  орай,  мәселен  діни,  мәдени  және  әлеуметтік  топтардың   сұранысын   қамтамасыз  етеді.  Мұндағы  нарық  сегменті,  мәселен  хобби, өнер,  жол  сапарлар,  дін  сынды  салаларды  ерекшелейді.  Мұндай  баспа  өзінің  тұтынушыларына  арнайы  салалық   журналдар  мен  тікелей  сатылым  жүргізу  арқылы  шыға  алады.  Оларға  жеке  бөлшек  саудамен   айналысуға  тура  келеді.  Мұндай  жағдайларда  кітап   дүкендерінде  бәсекелес  тауар  арасында  жиі  көрініп,  тұтынушылар  көзіне  іліну  мүмкіндігіне  ие  болады.

Көпшілікке  арналған  әдебиеттерді  қамтитын  баспа  бүтіндей  бөлшек  саудаға  тәуелді  болып  отыр.  Ғылыми  танымдық  әдебиеттер  мен  беллетристика  барлық  жерде  оқырман  қауымы арасында  өзінің  тұтынушыларын   тауып  жатады.  Мұндай  арнаға  бейімделген  ірі  баспалар осы  нарыққа  барлық  ассортименттерімен  еніп,  нақты  белгіленген  көншілік  оқырмандарын  айқындап  үлгереді.

Кез  келген  баспа  осы  аталған  түр  ерекшеліктеріне  бейімделе   бермейді.  Алайда,  осы  түр  негізінде   баспа  қызметінің  бағытын  ашу  үшін  белсенді  құрылым  жүйесін  жасауға  оң  септігін  тигізеді. /16/

Міне   осы  тұрғыда  қазір  еліміздегі  баспалар  да  өз  құрылымын  айқындауда  барлық   күшін  жұмсап  жатыр.

Алматыда  таяуда  ғана  баспагер  Ахмет  Дюсенбаевтың жобасымен  құрастырылған  “Парсы  пррозасы”  атты  кітап   жарық  көрді.                                                                                                            Бүгінгі  таңда   баспа  ісі  ең  тиімді  сауда  көзі  болып   табылады.  Кітап  өндіріп  сату  Ресейде  де  ең  тиімді,  әрі  пайдалы  сауда  көзі.  Егер  дұрыс  жолға  қойылса  біздің  елімізде  де  өзге  мемлекетерден   кем  қалмайтын  еді.  “Известия  -қазақстан”  газеті  мен   “Дильдар”  баспа  үйі  бірлесе  отырып, қазіргі   заман  жанрында  жазылған  ұлттық  әдебиеттер  арасында  “Бағдар”  атты тұңғыш  бәйгесін  жариялады.  Бұл  жоба  қазіргі  қазақстан  авторларына  өз  шығармашылықтарын  көрсетіп  қана  қоймай,  кітаптарын  жарыққа  шығаруға  мүмкіндік  берді.  Қазіргі  кезде  кітап  дүкендеріне  кірсеңіз,  бүгінгі  күн  авторларының  кітаптарының  өте  аз  екенін  аңғарасыз.   Көршіміз  Ресейде  қазіргі  заман  үлгісінде  жазатын  Маринин,  Данцов,  Акуниндердің  кітаптары  әрі  өтімді,  әрі  тартымды  болып  табылады.  Жоқ  әлде  бізде  сондай  авторлардың  жоқ  болғаны  ма?  Әлде  бар,  бірақ  өздерін  оқырмандарға  таныта  алмай  жүр  ме? Деген  ойкеледі. Демек, жас  қаламгерлерді оқырман   назарына  ұсынып,  олардың   шығармашылық  аясын  кеңіту  мақсатында — осы  “Бағдар”  бәйгесі  ұйымдастырылған  деп  түсінеміз /17/

Жоғарыда  кітап  басып,  оны  сату  арқылы  баспагерлер  қанша  пайда  түсіруге  болатынын  атап  өткен  болатынбыз,  бірақ дәл  қазір  қазақстан  баспагерлері  үшін  олай  болмай  тұр.  Кітап  өз  құнын   ақтау  үшін  оны  бес мың  данамен  шығаруымыз  керек.  Бірақ,  ондай қаржыны   авторларымыздың  бәрінің  бірдей  қалтасы  көтере  бермейтіні  тағы  бар.   Кітап  шығару  ісі  арзанға  соқпайтын  іс.  Мысалы  кішкентай  қалта  кітапшасын  өзімізде  шығару  үшін  шамамаен   5000 АҚШ  доллары  жұмсалады.  Кітапты  шығару  құны  қандай  қағазбен  шығатынына,  таралым  данасына  тікелей  байланысты.  Талантты  жас  авторларды  табу  және  баспа  бизнесін  жолға  қою  оңай  шаруа  емес. Қазір  еліміздің  кітап  қорының  негізгі  бөлігін – оқулықтар,  анықтамалықтар құрайды. Ал,  көркем  әдебиет  1 — 5  пайызды  құраса,  фантастикалық және  шытырман  оқиғалы  әдебиеттер  жоқтың  қасы  деуге  болады.

Отандық  авторларымыздың  тағы  бір   ақсайтын  тұсы  — шет елдерде  біздің  қазіргі  заманғы  авторларымыздың  аударылған  кітаптарын  кездестіре  алмайды  екенбіз.  Атақты  жазушымыз  Дулат Исабеков:  “Мен  шет  елдерде  сапарда  болған кезімде  қазіргі  қазақ  жазушыларының  шет  тіліндегі  кітаптарын  іздей  бастаймын.  Өкінішке  орай  жазушыларымыз  шет   елге  танымал  емес”  деген  екен.

“Көп  даналы  кітап  басу  ісіндегі үлкен  проблема   1000 данамен  шығаруға  жеткізуіміз  керек.  Қазақстанда  кітап  сататын  орындар  өте  аз.  Бұл кітаптың  сатылуына,  жариялануына  кері  әсер  ететін  бірден  бір  фактор  болып  табылады.  Мысалы  Германияда  әр  10000  адамға  60 кітап  сататын  дүкеннен   келеді,  Ресейде  60000 адамға  бір  кітап   дүкені,  ал Қазақстанда  одан  да  аз  деуге  болады /18/. 

Бүгінгі  таңда  қазақстаннның  кітап  нарығы  неліктен  90 пайызға  Ресей  кітаптарына  толы?  Неліктен  біз  кітап  дүкендерімізден  Абайдың,  Чеховтың,  Шекспирдің  қаптаған  сериялы   кітаптар  мен  басқа  өнімдерден   гөрі  шығармаларын  көре  алмаймыз.

2004 жылдан  бастап  Қазақстан  Республикасы  ТМД  елдерінің  мерзімді  басылым,  кітап  басу,  кітап  тарату мен  баспаханалар  аясындағы  бірлестік  бойынша  мемлекетаралық  кеңесте  төрағалық  етті. 2005 жылдың  1мен 3 дейінгі  аралықта  Алматыда  Орта  Азиялық  мемлекеттердің  қатысуымен  “Ұлы  Жібек  Жолымен”  атты  ІІІ – халықаралық  кітап және  баспахана  жәрмеңкесі  өтті.  2005 жылдың   19 тамызында  өткен  ХҮІІ ғасыр  Мәскеудің  халықаралық  кітап  және  баспахана  жәрмеңкесі  аясында  Мәскеу  қаласында  ТМД  мемлекет  қатысушыларының  “кітап  өнері”  атты  ІІ –халықаралық  конкурсы  болып  өтті.  Конкурстың  гранприіне  “Кентавры  великой  степи”  кітабы  ие  болды.  “Арткнига”  компаниясы  бойынша  ІІ –дәрежелі  дипломмен  “Атамұра”  баспаханасынан  шыққан  Пауло  Коэлоның  “Захир”  романы  марапатталды.  “Менің  елім”  номинациясы  бойынша  ІІІ – дәрежелі  дипломды  “Алматыкітап”  баспаханасынан  шыққан  “Традици  и  обряды  казахского  народа”  атты  кітап  алды.  Осы  сияқты  дипломдар  “Победа”  номинациясынан  мына  кітаптар  озып  шықты:  “Балалар  әдебиеті”  және  “Фолиант”  баспасының  өнімі  “Тағзым – поклонимся  тем  годам”  сонымен  қатар  “Күлтегін”  баспасынан  шыққан  “Полный  атлас  помятников  Орхона”  атты  кітап  иеленді /19/

Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздік  алғанынан  бастап  кітап   басудың  жаңа  кезеңі  саналады.  2005 жылы  377  баспадан  8650  баспа  қағаздары  шығарылды.  Ең  атақтылары  мыналар:  “Алтын  қор”,  “Алаш  мұрасы”,  “Отырар   кітапханасы”,  “Ғибратты  ғұмыр”, “Лауреаты   Нобеловской премий”,  “библиотека  мировой   литературы” ,  “Детская  энциклопедия”,  “Детская  мировая  литература”,  “Современная  казахская  поезия”,  “современная  казахская  проза  және   басқалар.

Мемлекетт  және  ақпарат министрлігінің  ақпарат   және  Мұрағат  комитеті  баспалар  арасында  мемлекеттік  тапсырыспен  кітап  шығару  жөнінде  мемлекеттік  саясатты  жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАЗІРГІ  КІТАП ІСІ

 

2.1 Қазіргі  кітап  ісі  және  кітап  таралымына  қатысты  мәселелер

 

     Біздің елдегі баспа ісінің дамуы  1920  жылдан басталады,  сол жылы Қырғызстанның  бірінші астанасы  Оренбургте  мемлекеттік баспа ісі  — Киргосиздат туралы  ереже қабылданды ,кейіннен  ол Киргосиздат  болып өзгертілді. Қазақстанның кітап басу ісі 70  жылдары  мен  өткен  жүз жылдықтың  80 жылдары алға басты. 60 -шы  жылдармен салыстырғанда  баспа атаулары бойынша кітап шығару таралымы  мен  айналымы бойынша екі есеге өскен.  Ал баспахананың материялдық  — техникалық базасы үш есеге өткені байқалды.

Еліміздегі   кітап  бизнесі   қазір    не  күйде?  Бұл  өте  күрделі  сұрақ,  әрі  оған  біржақты  жауап  бере  қою  мүмкін   емес.  Әрине,  ең  бірінші  ауызға   түсері  тәуелсіздік   орныққалы   болып  жатқан   түрлі  өзгерістер.  Нарықтық  экономиканың  біздің  елімізге  сауда  бизнесін  алып  келгені   анық.  Нарық  заңдарына  бой  алдыра бастаған   қазақ  халқы   да  коммерцияның  әліппесін  игере   бастады.   Бірінші  тарауымызда   атап  өткендей  алғашқы жылдарда  кітап  дүкендері  мен   кітапханалар  жаппай  жабылып  қалды.  Олардың  орнына  түрлі  ойын – сауық  орталықтары  ашылып,  кітап  шетке  ысырылды.  Адамзат  тарихының  түп – тамыры  есептелетін  ұлы  кітап  қолданыстағы  қарабайыр  тауарға  теңгерілді.  Кітап   тауар   ретінде  қарастырылғанмен,  оның  өзге тауарлардан  шоқтығы    биік  екендігі  ескерілмеді.  Яғни  бұдан  шығатын  қорытынды:  елімізде  кітап  шығару   мен  тарату  тоқырауға  ұшырады.  Неге?  Өйткені  кітап  басқа  тауарлардан  қымбат  болды.  Ал  оның  қымбаттауына  әсер  етуші  бірнеше  жағдай – себептер  бар.  Бұл, ең  алдымен,  шикізаттың  шеттен  тасылуы  екенін   айтып  өткен  болатынбыз. 

Бұл  күнде  кітап  тарату  фирмаларының  дүкендерінен  түрлі  саладағы  әдебиеттерді  таба  аласыз.  Бұндай  кітап  таратумен  айналысатын  фирмалардың  саны   өсіп  те  келеді.  Әр  фирма  өздігінше  бағыт    таңдауға  талпыныс  жасауда.  Ірі – ірі  кітап  тарату   фирмаларына  “Алматыкітап”,  “Академкнига”,  “Раритет”,  “Руханият”,  “Гулянда”,  “Эврика”,  “ЭкономикС»   сынды  ЖШС –ді  жатқызуға  болады.  Кітаптың  оқырман  қолына  жетуіне   зор  еңбек  сіңіруші  топ  — осы  кітап  таратушылар. 

Әрқайсысының  ерекшелігіне  тоқталар  болсақ,  “Алматыкітап”  дүкендеріндегі  тауарлық  ассортимент  салыстырмалы   түрде  аса  көп емес.  Оның  негізін  балалар  әдебиеті  мен  көркем  әдебиет  құрайды.  Бағалары  да  біршама  жоғары.  Сауда  орны  әсем безендірілген,  кең,  сатып  алушылар  үшін  өте  ыңғайлы.       Бірақ  сатушы – кеңесші  залда  жоқ.  Дүкендерінде  кеңсе  тауарлары  да  бар.  

“Руханият”:  Дүкені  өте  улкен.  Тауар  ассортименті  жиырма  мыңнан  асады.  Балалар  әдебиеті,  қазақстандық  баспалардың  кітаптары,  көркем   әдебиет  пен  әйелдер  романдары,  Ресейлік  детективтер  көптеп  көрініс   береді.  Қосымша  ретінде  кеңсе  тауарлары,  открыткалар  сатылады.   Бағалары  орташа,  тек  кітап  сөрелерінің  биіктігі  қолайсыз –үш  метр.  Жоғарғы  сөреден  кітап   алу   үшін  кеңесшіні  шақырып,  баспалдақпен  алу керек.

“Гулянда”:  Бұл   дүкен  екі  бөлімнен  тұрады.  Бірі  көркем  әдебиет,  екіншісі  іс кітаптары.  Көркем  әдебиет  бірінші  қабатта,  іс  кітаптары  екінші  қабата  орналасқан.  Ассортименттің  негізін  көркем  әдебиет  құрайды.  Жалпы  ассортименті – он  мыңнан  жоғары.  Сөрелері  бөлімдерге  бөлінбеген.  Тұтынушы  әр  кітапты  өзі  іздеуге  мәжбүр.

Қазақ  кітабын  тарату  оңай   шаруа   емес.  Жоғарыда  аталған  фирмалардың қай – қайсысының  да  сауда  айналымындағы   тауарларының  дені   шетелден  әкелінген  кітаптар.  Ал  қазақ  кітаптары  тек  бір  сөедегі  әдебиеттерді  құрайды.  Келесі  сөреде  Қазақстандық  әдебиеттер  орналасады.  Бұл  қазақ кітабын  ешкім  алмайды  деген   ұғым  тудырмауы  керек.  Мұндай   фирмалардың  дүкендеріне  жеткенше  кітаптың  басынан  талай  шырғалаң  өтеді.  Кітап  құны  жоғарылайды,  сөреге  түскен  кезінде  қазақ  кітабы  өз  оқырманының әлеуметік  ахуалына  сай  емес  болып  шығады.   “Мемлекеттік  қаржы  министрлігі  елдің  бюджетіне  кітап  бизнесі  мен  салығынан қаншалық   аз  ақша  түсетінін  ескерсе  жөн  болар еді.  Өйткені  көп  салықтың  арқасында  еліміздің   санасын  кітаптан  алшақтатқанна  ешбір  пайда  жоқ”/20/

Ал  кітап  дүкендерінің   сөрелерін  бермей  тұрған  шетелдік  әсем   безендірілген  кітаптар  өзіміздің  авторларымыздың  шағын  тиражбен  шыққан  кітаптарын  көрсетпей  жібереді.  Әсіресе  қазақ  тіліндегі  әдебиеттің  өте  аз  тиражбен  шығуын  ескерсек,  ол  тарату торабына  түспей  тұрып –ақ  өтіп  кетеді.  Тіпті  мұндай  кезде  кітапханаларда  оларды  сатып  алуға  үлгермей жатады.

“Қазіргі  кезде Қазақстандағы  кітап  жүйесінің  қалыптасуы  мен  қызметі  нарықтық  экономиканың  талаптарына  сай  болмай  отыр.  Ең  өзектілері  қатарына  оқу  ж әне  кәсіпкерлік   қызмет  бағытындағы  кітаптар  тапшылығы,  шағын  кітап  дүкендерінің  “тіршілік  ету”   күрделілігі,   кітап  ағымдарын  бақылауға  алудың  шектен  тыс  орталықтандырылуы,  нақты  аймақтық  нарықтың  қажеттіліктерін  айқындай  алмау т.с.с.   мәселелерді  жатқызуға  болады /21/.  Мұндағы  аталынып  отырған  келеңсіз  жайттар  әлі  де  өмірде   кездесіп  жүр.  Орталықтандыру  дегеннің  өзі  шағын  кәсіпкерлікті  тұншықтыру болып  табылады.  Ал  ол  өз  кезегінде  қоғам  үшін  орны   толмас  қажеттіліктерге  ұрындыруы  сөзсіз.  Өйткені  шағын   кәсіпкерліктіжандандыру  нарықтық,    экономикалық,  әлеуметтік  тұрақтылықты   алыптастырмақ.

Қазақстандағы  кітап  таратушы   фирмалар  бұрынғы  “Қазақкітап”  сияқты  тарату  торабын  құруды мақсат еткенмен   қазірде  бүкіл  елге  кітап  тарататын  мекеме  жоқ.  “Қазақстан  бойынша   ір  кітап  дүкендерінің   бірқалыпты  жүйесі  қазір  жоқ.  “Қазақкітап”  жекешеленген  соң –ақ   ол  қамтамасыз  ететін  алыс  аудандардағы   дүкендер  жабылуға  мәжбүр  болды.   Соның  салдарынан  Қазақстандағы  кітап  бизнесінің   инфрақұрылымы  түгелдей  ыдыраған” /22/. Бұл  ненің   көрінісі?  Бұл  аймақтағы  қазақ  кітабына  деген зор  сұраныстың  бар  екендігін  көрсетеді.  Тек  соған  кітап  тарататын  мекемелердің   аяғы  жетпей  жатқаны   бармақ  тістетіп  отыр.   Кітап  бизнесі  қазірде  мынадай   кісіге  жұмыс  тауып  бере  алады.  С.Асылбекұлының  “Кітап  бизнесі  бүгіні  мен  болашағы”  атты  мақаласындағы   Қарағандылық  кітап  сатушының  сөзіне  сүйенер   болсақ,  ол  көп  мәлімет  береді: “…кітап  бизнесіна  көштім.  Қазір  қалада  бір  жекеменшік  кітап  дүкенім,  бірнеше  киоскім  бар.  Олардан түсетін  табыс  менің  ауқатты  тұрмыс  құруыма  әбден  жетеді.   Кітап  өтпейді  деген  бос  сөз  екен,  қазір  мен  Алматыдағы  кітап  баспаларының  өнімін  алып  тұрамын.  Әрине,  кез  келген  кітапты   емес.  Сатып   алушыларымның   қандай  кітап  қалайтынын  ескерем” /23/. 

Міне,  осындай  сөздерден  кейін  қазір  шалғайдағы  қалалар  мен аудандарда да  кітап  бизнесі  қолға  алынып  жатқанына  көз  жеткізуге  әбден   болады. Бірен – саран  кітап  дүкендері  болашақта  жанданып,  қанатын  кеңге  жаяды  деп  үміттенуге  толық  негіз  бар.  Өйткені,  істі  бастау  қиын,  бастаған  соң  тастау  қиын.

“Оқырмандар  кітаптың  көркемделуін  басты  назарда  ұстайды.  Оқитын  адамдар — 30  пайыз  десек,  әсемдік  үшін  кітап  жинайтындар — 70пайыз /24 /.  Ащы  да  болса,  ақиқат.  Сыртқы  мұқабасының  әсем  болғаны  қай  кітапқа  болса  да   жарасымды.  Бірақ  барлық  кітап  бірдей  шыға  бермейді.  Өйткені, кітап  мазмұнын  ашатын  мұқабалар  бірінде  сирек  құбылыс.  Ақшасы  болмаса  мұқабаға  ойланып,  бас  қатырмайды,  бір  кортонды   бояйды да жібере  салады.  Бар  болғаны  сол.  Ал  жаңа  технологиямен  безендірілген  кітаптың  өзіндік  құны  да  қомақты  болады.  Сондықтан   орыс  тілді  кітаптар  әсем  безендіріліп, иллюстрацияланғаннан соң  өтімді  де  келеді.  Қазақ  кітаптары  арзан  қағазға,  нашар  мұқабаға  да  көне  береді.   Ал  қазіргі  тұтынушының  тым  талапшыл   екенін  кітап  шығарушы  қауым   ескере  бермейді де.  Сонымен – ақ  көп  оқырманынан  алыстап  қалады.  “Тығырықтан  шығу  үшін  кітапқа  тауар  ретінде  қарау  керек  секілді.  Бұл  орайда  оның  тұтынушыны  тартатындай  сырт  көрінісі  болу  керек.  Ал  қазақ  кітаптарының  қағаз  сапасы  төмен,  сыртқы  мұқабасының  безендірілуі  де  айтарлықтай  емес.  Бәлкім,  сондықтан  да  ерекше  безендірілген,  түрлі – түсті  орыс  тілді  кітаптар  өз  оқырмандарын  тез  табатын  шығар”.

Кітап  бизнесінде  қанат  жайып  келе  жатқан  көптеген  таратушы  мекемелердің  арасында  бірден – бір  үздігі  ретінде  қарастыруға  тұрарлық  фирма – ол  “Экономик С”.  Енді  осы  фирманың  қызметін  бақылай  отырып,  Қазақстандағы  кітап  таратудың  қандай  жетістіктері  барын,  кемшіліктері  мен  проблемалары  қалай  шешіліп   жатқанына  көз  жүгіртіп  көрейік.

“Экономик С”  кітап  тарату  фирмасы  1992  жылылы  өзінің  ірге  тасын  жеке  кәсіпорын  ретінде  қалады.  1997  жылдан  бері  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестік  болып  заңға  сәйкес  өзгереді.

“Экономик С” ЖШС –і  негізінен  кітап  өнімдерін  сатады,  оған  қосымша  ретінде  кеңсе  тауарлары  мен  открыткаларды  да  таратумен  айналысады.  Алматы  қаласында  төрт  дүкені  және  бір  қоғамдық “Мәдениет”  атты  кітапханасы  бар.  Сонымен  қатар  еліміздің  бірнеше  қалаларында  өзінің филиалдарын  ашқан.  Мысалы,  Ақтөбедегі,  Тараздағы,  Шымкенттегі,  Астанадағы  “Экономик С”  атты  кітап  үйі  мен  дүкендері,кітап  салоны  бар.  Серіктестіктің  қызметін  бас  директор  басқарады. 

Алматы  қаласында  тауар  айналымы  кітап  дүкендерінің  санына  тікелей   байланысты.  Әр  дүкен кемінде  алты,  сегіз  мың  кітап  аталымын  қамтып  отыр.  Жер – жердегі  бөлімдер   де  солай  сатып   дағдыланған.  Бірақ,  қанша  дегенмен, отандық  баспалар  мен  авторлардың   кітаптары  сұранысты  толық  қамтамасыз  ете  алған  жоқ.  Бірақ  бұл  кітап  дүкендерінің  өмір  сүруіне  кері  әсерін  тигізіп  отырған  жоқ.   Өйткені,  көрші   ресейлік  баспалар  жан – жақты  жұмыстарымен  көзге  түсіп  отыр.  Солардың   қарқынды   жұмыстарының  арқасында  Қазақстандық  кітап  нарығы ешбір  аталымға  дефицит  сезініп  отырған  жоқ.  Оның  үстіне  қазақ  елінің  кітап  ісі  артта  қалмаса  да,  алдыға  жылжи  алмай  келе  жатыр. Оның  бір  себебі  ретінде   Ресейдегі  Қосымша  құн  салығының  алынып  тасталуы болар.  “Кітап  ісі  мен  кітап  тарату  ісінің  даму  логикасы Ресейдегідей  кітапқа  ҚҚС  қолданбауды  көрсетеді.  ТМД  елдерінің  кітап   тарату  ассоциациясы  мен  Қазақстанның   кітап  шығарушылар  мен  таратушылар  ассоциациясының  мүшелері    Польша,  Испания,  Германия  сияқты  көптеген  елдерде    кітапқа  ҚҚС  төленбейді” /25 /.   Яғни,  кітап  ісі  еркін  дамуда  деген  сөз.  Ресейде  ҚҚС  болмағаннан   кейін  орыс  баспалары  жауыннан  соң  қаулаған  саңырауқұлақтай  қаптап  кетті.  Олар  өз  кітаптарын  өткізу  үшін  бұрынғы  КСРО  көлеміндегі  елдердегі  тапсырысты,  сұранысты  зерттеп,  сол  елдердің  нарығын  өз  өнімдерімен  толтырып  отыр. 2006  жылдың   16  наурызында  Астана  қаласында  “Әлеуметік  маңызды  әдебиет түрлері”  атты  бюджеттік  бағдарлама  бойынша    2005  жылы  шыққан  кітаптар  жәрмеңкесі  болды.  Көлемін  көтеру  шықан   әдебиеттердің  сандық    және  сапалық  деңгейіне  әсер  етті.  2005  жылы  377   атаулы   баспалардан  8650  баспалық  қағаздар  шығарылған.  “Әлеуметтік  маңызды  әдебиет  түрлері”  атты  бюджеттік  бағдарлама  бойынша  мынадай  түр  мен  тақырыпта  басылды:  балалар  әдебиеті,  энциклопедиялық  әдебиет,  сөздік – анықтамалық  әдебиет,  “Қазіргі  қазақ  прозасы”,  “Қазіргі  қазақ   поэзиясы”,,  “Документалды – көркем  әдебиет”,  музыкалық  әдебиет,  заң  әдебиеттері,  қоғамдық – саяси  әдебиет,  ғылыми  — атақты  әдебиет  және  тағы  басқа /26/

Ең  атақтылары  мыналар:  “Алтын  қор”,  “Алаш  мұрасы”,  “Отырар  кітапханасы”,  “Ғибратты  ғұмыр”,  “Лауреаты  новеловской  премии”,  “Библиотека  мировой  литературы”,  “Детская  энциклопедия”,  “Детская  мировая  литература”,  “Современная  казахская  поэзия”,  “Современная  казахская  проза”  және  басқалар.

 

 

 

 

2.2  Жоғары  технологияға  негізделген  басылым  сапасы  баспа   деңгейінің  көрсеткіші

 

Мәдениет  және  ақпарат  министрлігінің  ақпарат  және  мұрағат  Комитеті  баспалар  арасында  мемлекеттік  тапсырыспен  кітап  шығару  жөнінде  мемлекеттік  саясаття  жасайды.  Мемлекеттік  бағдарламаны  жүзеге  асыру   барысындағы  бюджеттік   тапсырыстар  мен  тематикалық  жоспарларды  қалыптастырудың  басты  күші  халықтың  сұранысындағы  қажетті  әдебиеттерді  жоғары  сапалы  өнімдер  өндірісіне  жүктейді.  Кітап  басудың  ең  даңықты  бағыты  көпұлтты  қазақстандық  мәдениетті,  ұлттық  және  әлемдік  мәдени  мұраны  насихаттайтын  әсем  безендірілген   балалар  әдебиеті,  әлемдік  балалар  классикасы.  Қазақстанның  белгілі  тұлғаларының  мемуарлары,  музыкалық  әдебиет  пен   басқа  да  басылымдар  болып  табылады.  Қоғамның  әлеуметтік   және  рухани  дамуы  үшін  ұлттық   әдебиет  пен  жазбаның  бірігуі  мен  ең  үздік  әлемдік,  ғылыми,   мәденй  жетістікткр    негізінде  мемлекеттік   тілдегі  гуманитарлық  білімнің  толықтай  қорын  қалыптастыруды   алға  қойып отыр.  2006  жылы  “Мемлекеттік тіл – тұғырың”,  “Литература  на  языках  народов  Казахстана”,  “Сардар”  серияларында  кітаптар  шығарды. 

Бұл  күнде  “Мәдени  мұра”  мемлекеттік  бағдарламасы  іске  асырылуда.  Осыған  байланысты  министрлік  тарапынан  қандай  нақты  іс – шаралар  жүзеге  асып  жатыр?  Кітап   арқылы  біз  өткенге  көз  жібереміз,  жақсысынан  тағылым аламыз.  Қымбат  мұра  ретінде  бағалаймыз.  Кітап   туралы:  “Мен  одан  артық  қайырымды  көршіні,  одан  әділ  досы,  одан асқан  елгезек  жолсерікті,  одан  артық  көнбіс  ұстазды,  одан  асқан  дарынды   ақылшыны  білмеймін” —  деген  екен  араб  жазушысы  Әл – Жахаз.   Ендеше,  кітап –қоғамның  рухани  жағынан  дамуында  қуатты  құралы  ғана  емес,  өшпес  із  болып  қалар  мәдениеттің  қайнар  бұлағы  әрі  өзекті  саласы  да / 27 /

Осы  басты байлықтың  қатарынан  орын алар  құндылықтарға  тоқталар  болсам,  жүз  томдық  “Бабалар  сөзі”  сериясы,  он  томдық  “Қазақтың  ата  заңдары”,  он  томдық  “Қазақ әдебиетінің  тарихы”,  бес  томдық  “Қазақ  музыкасының  антологиясы”, жүз  томдық  “Әлем  әдебиеті  кітапханасы,  жиырма  томдық  “Ежелгі  дәуірден  бүгінгі  күнге дейінгі   қазақ  халқының  философиялық  мұрасы”,  жиырма  томдық  “Әлемдік  философиялық  мұра”,  екі  томдық  “Ежелгі  дүние  авторларының   шығармаларындағы  Қазақстан   тарихы”,  он  томдық  “Әлемдік  саясаттану  ой – санасы”,  он томдық   “Әлемдік  психология  ой – санасы”,  он  томдық “Экономикалық  классика”,  “Синонимдер  сөздігі”  және  де  тағы  басқа  сериялармен  көптеген  кітаптар  жарық  көруде  /  28/

Бұл  серияларда  қандай  мекемелер  әзірлеп,  қандай  баспалар  шығарып  жатыр?.  “Мемлекеттік  сатып  алу  тиуралы”  заңға  сәйкес  әр  серияны  конкурста жеңіп  алған  баспалар  шығарады.  Мысалға  екі  үшеуін  атап  айтар  болсақ:  “Бабалар  сөзі”  сериясы  негізінен  ғылыми  басылам.  Мұны  М.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  институтының  ғылыми   кеңесі  ұсынған.  Көп  томдық  бұл  серия  қазақ  халқының  са  бай, көп  жанрлы  рухани  мұрасының  барлық үлгілерін түгелге  жуық қамтиды. 

“Қазақ  әдебиеті тарихы”  сериясын  да  осы ғалымдар әзірлеуде. “Қазақтың  ата  заңдары”  сериясының  жетекшісі  көрнекті  ғалым,  академик   ағамыз  Салық  Зиманов.  “Қазақтың  ата  заңдары”  қазақ  құқығының  бүкіл  адамзаттық  мәдениет  тарихында  өзіндік  авталатын  орны  бар,  құнды  еңбек.  Заң  әдебиеттерін  шығаруға мамандандырылған  “Жеті жарғы” баспасынан  оның  төрт  томы  жарық  көрді.  Белгілі  тарихи  тұлғалардың,  ойшылдардың,  жаһангеллердің,  ғылым  мен  мәдениеттің  көрнекті өкілдерінің  еркіндік  идеялары  топтастырылған.

“Жазушы”  баспасы  шығарған  “Ежелгі  Шығыс  философиясының”  бірінші  толы  “Мәдениеттану”  сериясы  бойынша  “Жиырмасыншы  ғасыр мен  мәдениетінің  антропологиясы”  атты  кітаптардың  бүгінгі  оқырман  үшін,  жалпы  зерттеуші  ғалымдар  үшін  баға  жетпес   еңбек  екені  сөзсіз.

Мемлекеттік  баспа  бағдарламасы бойынша  2002 жылдан  бері  “Раритет”  баспасынан  басылып   жатқан  “Алтынқор”  сериясымен  ХҮ  ғасырдан  бастап,  осы  күнге  дейінгі  ақын  жазушыларымыздың  ең  үздік,  еңі  таңдаулы  шығармаларынан  түзілген  көп  томдық (жүз томдық)  басылымның  қырыққа  жуық  томы  оқырман  игілігіне  айналды.

2001  жылдан  бері  “Өлке”  баспасы  шығарып  келе жатқан  “Отырар  кітапханасы”  сериясы  рухани  дүниемізге  жаңаша  серпін  берген  бастама  болғаны  сөзсіз.  Сол  бастама  2002 — 2005 жылдары  да  өз  деңгейін  биіктетіп,  әдебиетімізге  келген  жаңа  есімдерді  дәріптеумен  қатар,  ғылыми – зерттеу  еңбектерге  де  жол  ашты.  Осы  үрдіс  жылдан- жылға  ауқымын  кеңейтіп,  қанатын  жайып,  толысып  отырса,  рухани  мәдениетіміздің  бай  қазынасына  айналары  сөзсіз.

Ал  енді  қоғамдық  саяси  әдебиеттерге  келсек,  “Елорда”  баспасынан  әдемі безендіріліп,  жақсы  түптеліп,  қолымызға  тиіп  жатыр.  Кезінде  қуғын – сүргінге  ұшырап,  өмірден  ерте  кеткен  Алаш  арыстарының  көп  томдық  шығармалары “Алаш  мұрасы”  сериясымен  “Алаш”  атты  баспадан шығуда.  Осы  уақытқа  дейін  шығып  келе  жатқан  қазақ    әдебиетінің  көрнекті  өкілдері  А.Байтұрсыновтың, Ж.Аймауытовтың, С.Торайғыровтың, М.Көпейдің,  т.б көп  томдықтары  рухани  қазынамызға  айналуда.  Мұның  өзі  қол  жете  бермейтін  үлкен  жетістік  деп  ойлаймыз.

Мемлекеттік  тапсырыс  бойынша  шықан  кітаптар  қандай  жүйемен таратылады?  Десек,  бұндай  кітаптар  кітапханаларға  тегін  беріледі  екен.  Бүгінде  “жекеменшік  баспалар  көбейіп  кетті,  кітаптардың  да  сапасы  төмендеді” деген  сөздерді  жиі  естиміз.  Бірақ  бұл  олай  емес,  баспа   көбейсе  авторлардың  кітап  шығаруға,  оқырманмен  қауышуына  жол  ашылғандық  деп  білеміз.  Ал,  қоғамдық  сұраныстан  туындаған  мемлекеттік  тапсырыспен   шығатын  әлеуметтік  маңызды  әдебиет  түрлерінің  сапасын анықтайтын  салалық  комиссиялар  жұмыс  жасайды.  Тақырыптық  жоспарларын  әр  баспа  редакциялық – баспа  кеңестерінде  талқылаудан  өткізіп,  іріктелген  қолжазбаларды  пікірімен  ұсынады.  Баспа  бағдарламаларын  қалыптастыру  кезінде  әдебиет түріне  қарай  Жазушылар  одағы  мен  ғылыми  институттардың,  ондағы  мамандардың  ұсыныстары  мен  пікірлері  негізінде  асақұнды  жазбалар  жоспарланып   отыратынын  білеміз.

Тағы  бір  айта  кетуге  тұралық  жайт,  жаңадан  ашылған  кейбір  баспаларда  кәсіби  мамандар  жетіспейді.  Кітап  қаржысын  толық  өзі  көтеріп  алған  автор  әрі редактор, әрі  корректор  болып шыға  келеді.  Тіпті,  автор  теріп,  беттеп  әкелген  қолжазбаны  сол  күйінде  кітап  етін  шығаратын  баспалар да кезеседі.  Мемекетік  стандартқа   сәйкес  емес,  көркемдік  деңгейі  төмен,  мазмұны  нашар,  сапасыз кітапты  көріп  жүрегің  сыздайды.  Жекенің  аты – жеке,  еш  нәрсе  айта  алмаймың.  Сондықтан мемлекеттік  тапсырыстан  тысбасылып  жатқан  кітаптарға  әр  баспаның  өзі  жауап беретінін  естен  шығармауымыз  керек секілді. Қоғам  және  адам  өмірінде  мерейтойлар  жеткілікті  болып  жатады.  Ал,  осы  мерейтойлар  мемлекеттік  баспа  бағдарламасында  андай   принциптік  негіздерде  қамтылып,  іске  асырылады? еген  сауалға  тоқталар  болсақ,  Парламантіміздің  он  жылдығына  орай  әдебиеттер  “Мұрагер”,  Қазақстан  Республикасының  Конститутциясының  он  жылдығына  арналған  әдебиеттер  “Экономика”,  “Жеті жарғы”  баспаларынан басылып  шыққан  екен.

Қазақстан  өз тәуелсіздігінің  алғаннан  бері он  жеті  жылға  аяқ  басты.  Осы  уақыт   ішінде  қай – қай  салада  болмасын тың  өзгерістер  болып  жатыр,  деректер  де,  көзқарас  та  жаңаша  бағытта  сипатталуда.  “Қазақстан  энциклопедиясынан”  “Қазақстан”  ұлттық  энциклопедиясының  жеті  томы   жарыққа  шығыпты.

Жеті  буын — жаңа   ұрпақ  өсіп  келе жатыр.  Балалар   әдебиетінің  жай – күйіне  келер  болсақ, мемлекеттің басты   мақсаты – балалар  мен  жасөспірімдерді  жалпы  әлемдік  құндылықтар  негізінде   тәрбиелеу.  Осы  орайда,  “ жалын”,  (“Жас  толқын”),  “Аруна” (“Шығыстың  ұлылары”, “Балаларға  арналған  энциклопедия”),  “Балалар  әдебиеті”,  “Қазақпарат”,  (“Мектеп”  кітапханасы),  “Раритет”,  “Балауса” (“Әлем  балалар  әдебиеті”)  баспаларынан  шыққан  кітаптарды айта  кеткен  жөн.

Қазақстандағы  кітап  нарығының  бүгінгі  күніне  шолу  жасап  көрер  болсақ,  бұл  күнде  оны  зерттеумен  Комкон — 2  Евразия айналысады. Комкон -2  жылына екі  рет  сатылған  кітаптарға  зерттеу  жүргізеді. К –ТиЖиАй(Қазақстанның  индексі) –бұл Қазақстанның  алты  қаласындағы  халықтың  бұқаралық  ақпарат  құралдарын  пайдаланатын  аудиториясын, сұранысын  зерттеумен  айналысатын  ұйым  болып  табылады.

К –ТиЖиАй  — Комкон -2 Евразия  компаниясының негізінде  2001 жылы  құрылып,  содан  бері  жұмыс жасап  келеді.  Қазіргі   кезде  Қазақстанның  индексі  халықаралық  Гловал  Тижи  жобасының  бір  бөлігі.  Бұл  жоба  әлемнің  ырық  еліне,  бес  континетте  зерттеу  жүргізіледі.  Олар  ақпаратты  адамдар  арасында  сұқпат  жасау  арқылы,  сауалнамалар  жүргізу  арқылы  жинайды.  Бүгінгі  кітап  дүкендерінің  тұтынушыларына  жүргізілген  зерттеулерге  сүйенсек  бүгінгі  таңда  әрбір  адам  өзіне  керекті кітапты  таңдауына,  талғамына  қарай  тауып  оқый  алады.  Баспадан  шықан  кітаптардың  тұтынушылары  кімдер  деген  сауалға тоқталсақ.  Қазақстандықтардың  16  жастан  жоғары  32,9 кітапқұмарлар  болып  табылады.  Бірақ, бұл аз ба,  көп   па?  Экономикалық  қырынан,  халықтың  бүгінгі  жағдайына  қарағанда  орта  есепті  құрайды  екен. Өйткені  кітап   аса  қажетті  зат  емес  деуімізге  болады. Көпшілік  тұтынушылар  үшін – кітап  көңілсергітер  құрал  емес. Детективтер  мен  шымшытырық  оқиғалы  жанрда  жазылған  рамандар  барлық  әдеби  жанырлардағы  кітаптардың  ішінде  бірінші  орынды  иеленеді.

16  мен  19  аралығындағы  жастардың  25,1  пайызы  детективтер мен  фантастикалық  әдебиеттерді  оқиды  екен, ал,  ғашықтық  романдарды  10,3  пайыз  45 — 54  жастағы адамдар  оқиды екен. 

Алматыда әрбір  екі  жыл  сайын  өтіп  тұратын  кезекті         

ІҮ  халықаралық  кітап   және  полиграфия  өнімдері  “Ұлы  Жібек  жолымен”  атты  жәрмеңке  өтті.  Біз   сол  жәрмеңкеге  барған   кезімізде  дәл  бүгінгі  қазақ  кітабының  қаншалықты  дәрежеде  дамығандығын,  қандай   жолға  қойылғандығын  болжай  алдық.

 Кітап – заманалар  толқынында  тербеліп  үстіндегі  қымбат  қазынасын  ұрпақтан – ұрпаққа  жеткізіп келе  жатқан  ой  кемесі.  (Р.Бекон)

Қазақша  кітаптар  қайтсе  өтеді?  Қалай  өтеді?  Ол   неге  байланысты?  Кім  жауапты?  Сөреден  қозғалмайтын  кітаптарды қозғауға  болады.  Рас  бұл  іс  сатушының  насихаттауына  да  байланысты  дейміз.  Бірақ  оның  жағдайын кім  ойлап  жүр?  Жақсы кітап  өтеді  дерсіз?  Ал,  өмірде  орлай  емес.

Қазір  құдайға тауба  Республикамыздағы  баспаларда  сапалы  безендірілген,  қарағанда  бірден  көз  тартарлық  кітаптар  жеткілікті – ақ.  Бірақ  сол  кітаптардың  өтпей  баспа  қоймаларында  шаң  басып қалып  қоюы  алаңдатарлық  проблема.  Неге?  О  баста  атап  өткендей  еліміздегі  баспаларымыз  кітап  ісін  жандандыру,  кітап  тарату,  кітап  жарнамалау   деген  іс  шараларды  оны – мұны  сылтауратып,  уақтылы  жүргізбей  артта   қалуда.  Бұл  жұмыс  бізде   әлі де  кенже   қалып  келеді.

Сатып  алынбаған  кітаптарды   маклатураға,  соңынан   өртеуге  өткізу  үшін  жасаған  тізім  әр ауданда  жүздеп  саналады.  Тек  қана  қазақ   кітаптарын    сатуды  ұйымдастыратын  республикалық  комитет  құрылу  қажет.  Әйтпесе,  қазақ  тілді   әдебиет  аяққа  таптала береді /29/.

Қазақ  кітабының  таралу  өрісінің  тарылуы,  ашығын   айтар  болсақ,  алыстағы  елді  мекендерге  барар  жолдың  кесілуі.

Қазақстандағы  кітап  ісінің  нарық экономикасына  бейімделе  бастағанына  біраз   жыл  болды.  Баспа  ісінің  негізгі  күн  көрісі  өнім  шығару  мен   оны  тарату,  яғни  сату болғандықтан, мұнда басылым  өнімдерін  таратушылармен,  өнімді  өткізетін  ірі  жүйелермен,  ал   қазіргі  кезде  Интернет – дүкендермен  байланыс  орнату  өте  қажет /30/

Соңғы жылдары  қазақстандық  кітап  өнімінің  жалпы  таралымы  екіжарым  есе төмендеп  кетсе  де, ассортименті  жағынан  керісінше  өсе  бастады.  Бүгін  “қандай  кітаптар  шығару тиімді?”  деген  сауал  өте  өзекті  болып  табылады.   Оған  дұрыс  жауап  беру  үшін  кітапты шығармас  бұрын,  оның  таралымы мен  тарату  мүмкіндіктерін  айқындау  маңызды.  Ал  ол  үшін  тұтынушылар  нарығына  зерттеу  жүргізіп,  олардың  сұранысын  белгілеген             дұрыс /31/.

Алматы   кітап бизнесі  нарығында  қазіргі  кезде  тұрақты  орынды  жоғарыда  аттары  аталған  “Эврика”  дүкендер  желісі,  “Гулянда”  сауда  үйі,  “Алматыкітап”  дүкендері,  “Экономик С”  дүкендер  жүйесі,  жаңа  “Руханият”  дүкені,  “Раритет”  компаниясының  “Книжный  мир  семьи” дүкені  мен  “Кітап  әлемі”  иеленіп  отыр /32/.

Өткен  жыл  оңтүстік  астанамыздағы  кітап  нарығы  алып  кітап  дүкендерінің  пайда  болуымен  ерекшеленеді.  Бірінші    клуб  типтес  формадағы  “Книгомания”  кітап  дүкені.  Бұл  жерде  оқырман  қауым  өз  сұраныстарына  орай  сүйікті  кітаптарының  авторларымен  кездесіп,  пікір  алмаса алады  және  сол  сияқты жаңа  заман   талабына  сай  Интернет – кафе, жай  кафелер жұмыс  жасайды.  Әрі  әдебиетшілер  балалармен  сабақ  өткізіп  тұрады  екен.  Бұның  бәрі  кітап оқырмандарының  уақыттарын  текке  өткізбей,  қалағандарынша  кітаптармен  танысып,  әрі  ыңғайлы,  әрі тиімді  өткізулеріне  арналып  жасалған  шаралар.

Екінші  жаңадан  ашылған  “Меломан”  компаниясының  кітап  дүкендері  жүйесі.  Бұнда  да  оқырманның  көңілін   аударарлық  көптеген  жақсы  кітаптарды  кездестіріп,  авторлармен  кездесулер  өткізіліп  тұрады.  Шет  елдерде  әсіресе  балаларға  арналған  кітап  сататын  дүкендерде  балаларға  арнап  бар  жағдай  жасалған  екен.  Онда   балалар  өздеріне  кітап   оқуға   ыңғайлы  орын   тауып  алады  да  сонда  отырып  немесе  жатып  оқи  алады   екен.

  Иә,  біздің  елімізде  дәл  бүгінгі  таңда  кітап  ісі  алға  қарай   даму  үстінде.  Оның  жеткен  жетістіктері,  алған  биіктері  де  баршылық.  Қазақстан  баспаларынан  шыққан  кітаптардың  безендірілуі,  қағазы,  бояуы,  мұқабасы,  желімделуі  жағынан  ресей  кітаптарынан  кемшілігі  жоқ – ақ.  Дегенмен  де  арзанқол  өңі  солғын  кітаптар  да  кездесіп  жатады /33/.

Біз  биылғы  жылы  өткен  “Баспа  және  полиграфия  өнімдерінің  халықаралық   жәрмеңкесінде”  болған   кезімізде  осыған  куә  болдық.  Мысалға  атап айтар  болсақ,  жәрмеңкеде  ұсынылған  “…балалар  әдебиетін  шығаратын  “Аруна”,  “Алматыкітап”  сияқты  баспалардың  кітаптары  ресей  баспаларының  өнімдерінен  ешқандай  кемшілігі жоқ.  Олар  кітаптарын  орыс  және  қазақ  тілдерінде   қатар  шығарыпты.  Бұл   кітаптардан  жас  ұрпақ  өз   халықтары,  отаны,  елі  туралы қызықты  да  құнды  мағлұмат  ала — алады  екен.  Мысалы  “Аруна”  баспасында  балаларға  арналған “Сен  білесің  бе?”  атты тамаша  серия  бар.  Бұл  серия  бойынша  аз  болса  да  әсем  безендірілген,  түрлі – түсті  суреттермен  орыс – қазақ  тілдерінде  “Қазақ  композиторлары”,  “Қазақ  киносы”,  “Қазақ   дастарханының  мәзірлері”,  “Қазақ  ат  ойындары”  ж.т.б  көптеген  кітаптар  бар /34/.

Халықтың  сана – сезімі  есейген   кезде  оған  бәрінен  бұрын  рухани  байлық    керек – ақ.

 

2.3 Қазіргі басылымдардағы кітап жарнамасының көрінісі

 

Жалпы қазақ тілді кітаптардың кең көлемде таралып, оз оқырманын адаспай табуында жарнамалау мен насихаттау ісінің рөлі зор. Ал қоғамымыздағы орын алып жатқан кітап оқылмайды, қалай таратамыз, жетіспейді деген  мәселенің орын алуын Қазақстандағы жарнама ісінің дұрыс жұмыс істемеуімен түсіндіруге болады. «Әрдайым есте ұстайтын нәрсе—жарнама мен маркетинг, бұл қаржы күресі ғана емес, ой, идея жаршысы» [25] десек, әрбір іс кітаптарында дамыған алдыңғы қатарлы елдер тәжірибесінен маңызды мәліметтерді өзімізге сіңіру артықтық етпесі анық. Бізге ең алдымен оқырман сұранысын анықтау керек. Ол дегеніміз баспагерге өзі шығарған кітабын ертең кім алатынын анықтау дегене сөз. Сондықтан батыс баспагерлері бұған ерекше көңіл бөледі екен. Олар өқырман сұранысын анкета, тест жүргізу арқылы анықтап отырады. Оқырман сұранысын анықтап алғаннан кейін оларға дер кезінде ақпарат беру қажет, яғни алдын-ала іске асырылатын жарнамалық шараларды жүзеге асырады. Олар: бірінші, каталог шығару.Шет ел баспалары айына екі рет каталог шығарса, оқырман каталогтан қарап, өзіне қажетті кітапқа тапсырысбереді немесе кітап дүкендерінен сатып алады деген сияқты.

Екінші, жарнамалық жобалар мен листовкалар таратады.

Үшінші , кітапханаларға, кітап дүкендеріне, сауда орындары мен мекемелерге поакаттар тарату.

Төртінші, Тапсырыс бланкілерін тарату. Мекемелер мен кәсіпорындарға баспадан шыққан кітап жайлы қысқа мәлуметтері бар бланкілер таратып, баса менеджері тапсырыс саны көрсетілген бланкілерді қайта жинап алады. Бесінші, бұқаралық ақпарат құралдарына жарнама беру. т.б. с.с. шаралар өткізеді екен [26].

Осыдан маркетингтік саланы қолға алғанымыз жөн.  Өйткені нарықты зерттеуден баспагер де, кітап таратушы да ұтпаса, ұтылмасы анық. Одан кітаптың нарықтағы рөлін өзге тауарлармен салыстыра отырып, оның өтімділігі өз елімізде не күйде екенін зерделеп, қайта өз істері жанданып, алға басуына мүмкіндік туады. Өкінішке орай, осындай іс-шаралар елімізде орындалмайды. Қазақ кітаптарын өз оқырмандарымен қауыштыратын да осы жарнама екенін ескерсек, жарнама жергілікті нарықта кітапқа деген сұранысты тудырады, тұтынушы табуға көмектеседі.

          Жарнама ісінің дұрыс жүргізілмеуін тек бір жақты қарастыру қете. Өйткені елімізде жарнамалау ісін қолға алып, арбасын сүйрететін, яғни осы саланы даярлайтын арнайы оқу орындары жоқ.  Демек, осы бағытымыздың шетке ысырылып жатқандығы тәжірибесі мол, атқару қызметтің қыр-сырын меңгерген арнайы мамандардың жоқтығымен де түсіндіруімізге болады.  Одан шығатын қорытынды, алдымызда тағы бір міндет бар, ол—жарнамалау ісімен айналысатын арнайы курстар ашып, сала мамандарын даярлап шығару.

           Десек те, Қазақстанда мүлдем кітап жарнамаламау ісімен айналыспайды деуге болмайды. Өйткені белгілі бір деңгейде бұл іс те өз жұмысын атқаруда. Бірақ өте аз мөлшерде, және баяу.  Бұл қарқынмен жұмытар жүргізу 16 млн-нан астам қазақ халқының қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды.   1961 жылдан 1992 жылға дейін тұрақты шығып тұрған «Кітап жаршысы» газетімізбен он бес жылдық үзілістен кейін ғана қайта қауышқанымызға қуандық.   «Мақсат—ең болмаса, оқырмандар баспалардың қандай кітап шығарып жатқанынан хабардар болсын дегендік»,— деп республикалық анықтамалық –сараптамалық басылымының бас редакторы Қанат Қайымның айтқанындай, газет белгілі тұлғалардың кітапқа қатысты жарияланымдарын, көтерген өзекті проблемаларын көптің талқысына ұсынуда да айтарлықтай жұмыстар атқару үстінде. Сонымен қоса әр жылдарда жыққан кітаптар мен жаңадан шыққан кітаптарды поэзия, проза сынды салаларға бөле отырып, жарнамалап, әсем безендіріп тұрақты түрде оқырман игілігіне ұсынуда. Өкінішке қарай, таралымы—үш-ақ мың данамен шығатын басылым еліміздегі ұйымдастыру, насихаттау жұмыстарын халыққа жүйелі түрде жеткізіп, жылда өтіп тұратын акцияларға халықты қатысуға ынталандыруға, шақыруға арналған еңбектерді де үздіксіз жариялап тұрады. Оған дәлел,  осы жылдың сәуір айында шыққан сүйінші данасында «Бір ел—бір кітап» атты ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұсынысымен ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігі өткізіп келе жатқан  акция. Акцияның мақсаты—ұлттық әдебиеттегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, рухани мұрамызды сақтау, өнегелігімізді таныстыру болып табылады. Көңілі ояу көпшілікке алдыңғы жылы Абайдың «Қара сөздерімен» басталған, сондай акция аясында былтыр Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман» романын ел болып оқығанымыз естен шықпаған болар. «Бір ел—бір кітап» акциясы биыл Мағжан Жұмабаевтың махаббат жырларына арналып отыр. Акцияны ұйымдастыру комитетінде Фариза Оңғарсынова, Алдан Смайыл, Ғарифолла Есім, Қайрат Жұмағалиев сынды беделді тұлғалардан құралғанАл өтетін негізгі орталық—кітапханалар. Елімізде өткен жылдардағыдай әр түрлі формада 500-ден аса іс-шара, атап айтсақ—поэзия күндері, оқу марафондары, фестивальдар , конкурстар өткізілмек. Міне осындай халықты жыр жауһарларымен сусындатуға арналған акцияларға қатысуға шақыратын газеттің келесі беті кітаптарды жарнамалауға арналған. Бұл арнайы және тұрақты айдарлардың бірі. «Денсаулық» сөздік түрінде жазылған ерекше энциклопедия адам ағзасы туралы негізгі деген мағлұматтар береді

Қазақ жазушыларының балаларға арналған повесть, әңгімелері жинақталған «Қазыналы керуен» атты кітабы, Сүлеймен Бекеновтың  екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында фащистік Германияға тұтқынға түскен, кейін партизандық соғысқа араласып елге келгеннен кейін тағдыр тәлкегіне түсіп жазақсыз, көтерген қияметіне орай «Қазақ тұтқыны» деген атаумен шыққан кітабын, ұлы Абайдың «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп…» атты сыршыл лирикаларымен қоса қара сөздері де берілген кітабын  т.б. әртүрлі саладағы  денсаулық, әдет-ғұрыпқа арналған кітаптарды жарнамалаған. Осы беттерден «Балалар әдебиетінің алтын қоры» сериясы бойынша шыққан

Е. Өтетілеуовтің мектеп жасына дейінгі балаларға арналған өлеңдері мен тақпақтары, санамалары мен жұмбақтары , ертегілері мен аңыздары кірген «Ең күшті адам» атты кітабы мен балалар әдебиетінің классигі Мұзафар Әлімбаевтың шығармашылығының жаңа өлеңдері, тақпақтары мен жаңылтпаштары, жұмбақтарымен толығып, балаларға арналған таңдаулы туындылары іріктелінген «Балдәурен» атты кітабымен де танысып қаласыз.

С. Абдахмановтың  бұрынғы «Үш ғасыр жырлайды», «Бес ғасыр жырлайды» жырларының үлгісімен шыққын «Жиырмасыншы ғасыр жырлайды» атты Қазақ поэзиясының антологиясының да кітап қорымызға үлесін қосып жатқанын көріп қаласыз. М. Неталиевтің мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып балаларына арналған повесть, әңгімелер жинағының шыққанынан да хабардар боласыз. Әр кітап таныстырылып болғаннан кейін қай жылы шыққаны, қай баспада дайындалғаны, мекен-жайы, қай серия бойынша шыққандығы туралы мәліметтер берілген. Сонымен қоса әр кітаптың мазмұнын қызықты, тартымды етіп, қызықтыра жазған. Газеттің аты айтып тұрғандай, үлкен мағынаға ие. Қызықты, түрлі-түсті суреттермен әсем безендірілген. Қаріптері оқуға ыңғайлы.  Сонымен қатар, «Әдебиет айдыны», «Айқын», «Қазақ әдебиеті» т.б. кей қазақ басылымдары ара-тұра шығып жатқан жаңа кітаптармен таныстырып, жарнамалап тұрады. Десек те, онсыз да аз ғана данамен шығатын қазақ басылымдарын оқитын аудитория ауқымы көп емес. Өйткені орыс тілді оқырмандар саны басып кеткен десек те болады. Ал, қазақ тілді оқырмандардың бәріне 2000 дананың ар жақ бер жағында шығатын, жаңадан шыққан кітаптармен таныстыратын газеттер қайдан жете қойсын.

          Басылымдарды аздап болса да жарнамалап, аяғынан тұруға тәй-тәй басып келе жатқан жарнама ісі заман ағысынан қалмай,  жеке сайттар арқылы электронды интернет жүйесінде де жұмыстарын жалғастыруда. Әрине ауыз толтырып айтатындай емес, бірақ көш ілгерілеудің, алға басушылықтың көріністері байқалады. Көбіне топырақ шашпай, бір ғана ZAMANA.KZ∕∕BASPAHANA HTML деген сайтқа кіріп көрдік. «Замана» деген осы аталымда пресс клубы бар, газеті бар, баспаханасы бар, бейнестудиясы бар баспа үйі екен. Электронды ақпарат құралының боп саналатын сайттың беттері әсем безендірілген екен. Айрықша ақпарат, Жағымды жаңалықтар, Мұрағат,  Шұғыл  хабарлар, Төтенше жағдайлар атты айдарларымен толықтырылған. Келесі беттерінде фотосуреттер, бейнематериалдар сияқты қосымша құралдар арқылы алуға болатын ақпараттарды топтастырыпты. Ал бізге ең керегі кітаптар әлеміне келсек,  «Жуырда «Замана» Баспа үйінен «Бедеулік пен белсіздік… Бұл дерттің де дауасы бар» атты кітап жарыққа шы­ғады. Онда дәстүрлі медицина мен халықтық медицинада қолданылып, өзін ақтаған емдеу тәсілдерімен қатар шариғат, зиярат жасау арқылы емделу және қолдан ұрықтандыру жолымен бала табудың жай-жапсары жан-жақты баяндалады. Сондай-ақ бұл кітаптан болашақ нәрестенің жынысын болжап, қала­уынша ұл не қыз табуға мүмкіндік беретін тамақтану диетасымен және жоспарлы түрде жүкті болудың кестесімен де таныса аласыздар» деген әдемі жарнамаланған мәтінге көзіміз түсті. Тереңірек іздесек, алдымыздан бірнеше кітапты жарнамалаған түрлі-түсті бояулармен боялған , әдемі кітап мұқабаларына көзіміз түсті. «Әдетте үлкен бір іс бастағанда, сапарға шығарда, ас қайырғанда, тойларда, тағы басқа жақсылық жағдайларында мін­детті түрде ақ бата беріледі. Мұндайда жұртшылық ортадағы жасы үлкеннен, ізгі ниетпен жақсы тілек күтеді. Жылы сезімге толы, жүрекке ұялайтын, мағыналы бата бере білу де өнер. Осы орайда Сізге «Замана» баспасынан шыққан «Бата бере білесіз бе?» атты кітап үлкен көмекші болады деп сенеміз, Бұл туралы Сіздер «За­мана» Баспа үйінен жарық көр­ген «Өзіңді өзің емдей біл» атты кітаптан то­лық мағлұмат ала ала­сыздар. Ол кітапта түр­лі-түрлі ау­ру­лар­­дан айығу жолдары көрсеті­ліп қа­на қоймай, денсаулық күтімі­не қатысты кеңестер де молы­нан берілген.«Өзіңді өзің емдей біл» атты кітап қазір барлық жердегі газет сатушылар арқылы саудаға түсті. Кітаптың редакция­лық бағасы 100 теңге ғана» , «Ғалам толы ғажайып» адам баласы қадым замандардан бepi табиғат таңғажайыптарына таңдай қаға таңырқаумен келеді. Өркендеу барысында талай жұмбақтардың сыры анықталды. Ғылым мен техника қарыштай дамып, жаңалық деген күн сайын ашылуда. Десек те қоршаған ортада адам сырын ұғына алмайтын құпиялар әлі де көп. Табиғат адамды таңдай қақтыруын ешқашан койған емес. Журналист Ертай Бекқұлдың құрастыруымен жарық көрген бұл кітапта сондай тылсым құпиялы құбылыстар жайлы қызықты мағлұматтар айтылады», «Құрметті ата-ана! Сіздерге ұсынылып отырған бұл еңбегімізде бауырыңыздан әлі де алыстамаған, шарана иісі маңдайынан кетпеген балғын нәрестеге тіл үйретуден бастап, санасын қалыптастыруға арналған дүниелер топталды. Өздеріңіздің көмектеріңізге және баланың есте сақтау қабілетіне сүйене отырып, олардың тілін дамыту, сөздерді байланыстыруға үйрету, сөздік қорын байыту, сондай-ақ ойлау қабілетін жетілдіру қиындықтарын бірге көтерісуге ұмтылдық. Кітаптағы тақпақ түрінде берілген жаттау-жаттығулар баланың көз алдындағы заттар мен құбылыстарды өз бетімен бақылап, оларды бір-бірінен ажырата білуге үйретеді деп сенеміз» [27] деген әдемі сөздермен аяқтайды. Кітаптың қанша тұратын құнын да жазуды ұмытпаған  қызметкерлер аталған кітаптарды қай жерден алуға болатындығы туралы мәліметтерді де берген. Кітап іздеп , білгісі келетіндер үшін өте пайдалы болмақ. Оқуға қызықты, ақтарып қарап шығуға ыңғайлы, керекті  мәліметіңмен танысуға өте тиімді екен деген ойға келдік. Осындай жақсы да жаңа бастаманың бастауын ары қарай жандандырып әкетсек, қазақ кітабын жарнамалап, насихаттап, таратуда біраз белестерге шығатынымызға күмән жоқ. Алайда кітаптарымыздың бұқаралық ақпарат құралдарында да жарнамалау ісіне көп көңіл бөлуіміз керек. Баспа маркетингі дегеніміз өнімнің шықпай тұрып, шыққақнан кейін де, өнімнің оқырман қоржынына түскенге дейінгі процесс екенін ескерсек, оқырман сұранысынан бастап, басылымдардың таратылуына дейінгі жұмыс үрдісінің артар жүгі жеңіл емес.  

 

 

 

 

 

 

ІІІ ТАРАУ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КІТАП БИЗНЕСІНІҢ ДАМУЫ МЕН БОЛАШАҒЫ

 

3.1 КСРО тұсындағы Қазақстан кітап бизнесінің дамуы

 

Кеңес өкіметінің ішкі саясатында кітаптардың идеологиялық құрал ретіндегі маңызына сай кітап бизнесін өрістетуге баса назар аударылды. Кітап бизнесі да, кітап сияқты идеологиялық және экономикалық функциялардан тұрады. Экономикалық мәселелердің ұтымды шешілуінен кітап бизнесінің идеологиялық функциясының орындалуы байланысты.[11]

 Кітап қоғамда бірінші кезекте, идеологиялық қызмет атқарады,бірақ тауар ретінде экономикалық заңдарға да бағынбай қоймайды. Кітаптың басқа тауарлардан да ерекшелігі осында.

 Кітап дүкендері – баспа өнімдерін сату, тарату ісімен шұғылданатын бизнесі орындары Бастапқыда жылжымалы кітап дүкендері жасақталып, халықтың әл-ауқатының төмендігіне байланысты кітаптарды тегін тарату жұмыстары ұйымдастырылды. 1920-30 жылдардан бастап халыққа кітапты жеткізудің тиімді жолдары қарастырылып, Қазақстанның барлық ауылдары мен қалаларында кітап дүкендері ашыла бастады.[12]

Азамат соғысы аяқталғаннан кейін, 1920 жылы 29 наурызда Кирвоенревком жанында редакциялық коллегия құрылады. Бұл редакциялық коллегия өлкедегі баспа ісін басқарумен айналысып, «Известия Киргизского края», «Бюллетень Киркрайревкома», «Вестник Киргизского края» деген газеттер және тағы басқа бюллетеньдер мен плакаттар шығарды.[13]

Қазақстанда газет, кітап, бюллетень және басқа да әдебиеттерді таратумен  Центропечать органдары елеулі рөл атқарды.1919 жылдың ақпан айына дейін Орал облысында жергілікті Центропечать органдары  Мәскеуден келген 5500 брошюра, 15000 дана кітап, газет, плакат таратты. Осы жылдың қазан айында облысқа Орталықтан 49 932 дана түрлі газеттер түсті.  1920-жылдың  қараша айында Петропавл уезіне Омбыдан 10 900 дана «Известия ВЦИК» және тағы да басқа газеттер түсті. Центропечать қазан айында және қараша айының басында 218 527 дана түрлі газет атауларын таратты. [14]

Қазақстанда 1923 жылға дейін кітап тарату ісі Центропечать органына жүктелген. Бұл орган 1918-жылдың 26-желтоқсанында құрылған болатын. Органның басты қызметі- кітап тарату.

1922 жылдан бастап Госиздатқа кітап тарату ісі тапсырылады. Госиздаттың қолына кітап дүкендерімен қатар барлық кітап фондтары тапсырылады. ҚазГосИздат тұсында кітап өнімдерін таратумен айналысатын Бизнесі секторы құрылады. Нәтижесінде Центропечать органының қызметі тек мерзімді баспасөз таратумен айналысу болады.  [15]

Төңкерістен кейін Қазақстанда мемлекеттік баспа ашылып, баспа ішінен кітап бизнесі бөлімі жасақталды. 1918ж. 23 қарашадағы БОАК қаулысымен арнаулы баспасөз орталығы құрылды. Баспасөз орталығына баспалардан шығып жатқан шығармалардың толық есебін алып, оларды мәдени-ағарту мекемелеріне, пошта-телеграф бөлімшелеріне, әскер құрамаларына, т. б. жеткізіп отыратын дүкендер, киоскілер ашу, газетшілер артельдерін ұйымдастыру жүктелді. Жылдан-жылға баспалардың қызметі қарқынды дамиды. Егер 1921 жылы 27 000 тиражбен 20 кітап жарыққа шықса, 1927 жылы баспа тиражы миллионға жуық 300 кітап шығарады.[16]

Кітап дүкендері мен киоскілерінің саны күннен-күнге көбейеді. Мысалға,   1925 жылы Орал қаласында бір адам (директор-сатушы) ғана қызмет ететін кітап дүкені ашылса, кейіннен 1931 жылы бұл дүкен кеңірек ғимаратқа ауыстырылып,екі қызметкер жұмыс істейді. Дүкен директоры Старобинский, сатушысы болып – Жолонс тағайындалады. Әдебиеттер көбінесе Мәскеуден, Ленинградтан, Саратовтан және жергілікті баспалардан әкелінетін.[17]

1925 жылы кітап дүкені Қызылордада ашылса, 1932 жылы Ақтөбеде 8 штаттық қызметкері бар П.С. Корсуновтың кітап дүкені ашылады. Кітап дүкендері Қазақстанның көптеген қалаларында, мысалға, Қостанайда, Семейде, Шымкентте, Павлодарда ашыла бастайды. 1930 жылға қарай Қазақстанда 15 кітап дүкені және 8 киоскі қызмет көрсетеді. Қазақстанға 2 671 000 данамен түрлі кітаптар жергілікті баспалардан түсті. Бірақ, негізгі жеткізуші Мәскеу, Ленинград, Қазан, Саратов қалалары болып қала берді.   [18]     

1930-1940 жылдар аралығында Орал, Ақтөбе, Петропавл, Қарағанды, Қостанай, Лениногорск, Гурьев, Шымкент, Қазалы, Семей, Ленгер, Түркістан, Арыс және еліміздің басқа да қалаларында кітап дүкендері ашылды. 1930ж. шілдеде Ресейде Біріккен мемлекеттік баспа құрылып, оның жанынан кітап бизнесі бірлестігі, 1931ж. Алматыдағы БМБ-нің өлкелік бөлімі жанынан «Қазкітапбизнесі» басқармасы ұйымдастырылды.  «Қазкітапбизнесі» — ның алғашқы бөлімшелері Алматы, Орал, Ақтөбе, Қарағанды, Шымкент және Шығыс Қазақстан облыстарында ашылды. 1932 жылы Шымкент қаласында  «Қазкітапбизнесі»-ның бөлімшесі жанынан 2 дүкен ашылды. 1940 жылға қарай кітап дүкендерінің саны екі есеге дейін өседі. Ал 1937 жылы Қарағанды қаласында «Қазкітапбизнесі» бөлімшелері  ашылады. 1941 жылы бұл қалада 5 кітап дүкені болады. Қарағанды облысының кітап бизнесі бөлімшесін М.М.Шишкина басқарады. 1970 жылы облыстық кітап бизнесі басқармасының санағы бойынша 78 кітап дүкені, 9 киоск, бибколлектор, 46 халықтық дүкендер жұмыс істеп, 300-ден астам штаттық жұмысшылар және 500 таратушылар қызмет істейді.  1937 жылы Оралда бибиколлектор мен  бірнеше кітап дүкендері ашылады.  1940 жылға қарай Орал облыстық кітап бизнесі бөлімшесінде 2 кітап дүкені, 2 киоскі және бибколлектор болады. Жылдық бизнесі айналым 100 000 рубльді құраса, 1970 жылға қарай бұл көрсеткіш 6 есеге дейін ұлғаяды. [19]

Кітап бизнесі қарқынды даму үстінде болады. «Қазкітапбизнесі»-ның арнайы бөлімшелері Қостанай, Петропавл, Қызылорда, Гурьев, Павлодар, Жамбыл, Семей қалаларында ашылады. 1940 жылы еліміздегі бүкіл кітап бизнесі жүйесі 30 кітап дүкенінен, 35 киоскіден тұрады. Бір жыл ішінде  сатылған кітаптар 1 345 000 рубль көлемінде пайда әкеледі. Ұлы Отан соғысына дейінгі бесжылдықта 55 миллион  данадан астам кітап жарыққа шығады. Соның 40 миллионы қазақ тіліндегі кітаптарды құрайды. [20]

Кітапты  басып шығару процестері жақсы дамығанмен, кітап тарату мен кітап бизнесінің деңгейі 1913 жылмен салыстырғанда әлі де төмен болды.  Ұлы Отан соғысы кезінде кітап бизнесі өте душар халге түседі. Бұл – соғыстың әсері еді. Егер 1940 жылдары «Қазкітапбизнесі» басқармасы 1 345 000 рубльге кітап сатса, 1945 жылы бұл көрсеткіш 486 000 рубльді құрайды.  [21]

ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін, халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру жылдары бірыңғай баспа өнімдерін сатумен шұғылданатын кітап дүкендерінің қатары біртіндеп көбейе түсті. Соғыстан кейінгі жылдары кітап бизнесі қалпына келе бастайды. 1948 жылы «Қазкітапбизнесі» 1 418 000 рубльге, бір жылдан кейін 2 470 000 рубльге кітап сатады. Бірақ, кітап сату және кітап тарату ісі әлі бір жүйеге қойылмаған еді. Бар жоғы 26 кітап дүкені мен 38 киоскі ғана жұмыс істеді.  1953 жылы КСРО-да Мәдениет министрлігі құрылып, сол тұстан бастап Қазақстанда да Мәдениет министрлігі қызметін бастайды. Мәдени-ағартушылық жұмыстарымен қатар бұл Министрлік еліміздегі кітап басу және кітап тарату ісімен айналысады. Главполиграфиздат екіге бөлінеді: Главиздат және Главполиграфпром. Кітап бизнесінің Одақтық басқармасы бастапқыда Главиздат құрамында болады. Ал 1954 жылдан кітап бизнесінің Бас басқармасы – «Главкниготорг» құрылады.  Бұл Қазақстанның 1953 жылдың тамыз айынан бастап Полиграфия және баспа басқармасынан бөлініп, Қазақ КСР жанынан кітап бизнесі ісінің Бас басқармасы – «Главкнигторг»-тың құрылғаның білдіреді. 1957 жылдың наурыз айынан бастап КСРО кітап тарату туралы жаңа қаулы қабылдады. Яғни, ауылды жерлердегі кітап бизнесіна — тұтынушылар кооперациясы жауапты болса, қалалардағы бизнесі – «Главкнигторг»  мойнында болды. [22]

Бірақ Қазақстандағы кітап тарату және кітап бизнесінда үлкен кемшіліктер байқалды. Бұл —  КСРО Мәдениет Министрлігінің қарамағындағы кітапсатушы ұйымдардың қателігі еді. Олар халық сұранысын дұрыс меңгермей, тапсырыс жабизнесі қателіктер жіберді. БАҚ арқылы насихаттау, жарнамалау жұмыстары мүлдем жүргізілмеді. [23]

1956-1959 жылдар аралығында Мәдениет Министрлігінде сатылмаған кітаптардың жалпы құны 4, 55 миллион рубльді құрады. Кітап дүкендері көбейгенмен, көптеген кемшіліктер қалды. Дүкендердің 95 % -ы 1-2 жұмыс орындық кішігірім кітап дүкендері еді. Бұл жердегі үлкен қиындық – кішкентай кітап дүкендерінде насихаттау, жарнамалау жүргізілмеді. Тағы бір қиындық тудырған жәйт – материалдық –техникалық базаның нашар болуы.

1958 жылдың қаңтар айынан бастап «Баскітапбизнесі» ұйымы «Қазкітапбизнесі» болып өзгертілді.  [24]

1959 жылдың 1 сәуірінен бастап КСРО-да кітап тарату ісін дамыту үшін жаңа қаулы қабылдайды. Баспалар сұранысқа сай кітап шығаруға міндетті болды.  Баспалар техникалық жабдықталды. Жаңа қабылданған қаулыға сәйкес, кітап сату қоғамдық орындарда жүзеге асты. Кітап сатушылар құрылыстар мен колхоздарға, совхоздарға барып, кітаптар сатты. Сонымен 1959 жылдың соңына қарай елімізде 437 кітап дүкені қызмет көрсетті. [25]

1959 жылы кітап бизнесінан түскен қаржы 13,8 миллион рубльді құрады. Бұл 1958 жылғы көрсеткіштен 1,1 миллион рубльға көп еді. Бір жылдан соң  кітап бизнесін жақсарту шаралары қолға алынады. Сол шаралардың нәтижесі деп кітап дүкендерінің көбейгенін айтуға болады.   

 Республикада тағы 50 дүкен, 1000-ға жуық киоскілер ашылады.  1960 жылдың қорытындысы бойынша  Мемлекеттік жоспар 97,9%-ға орындалады. Негізгі кемшіліктер:

1)Нашар материалдық-техникалық жабдықталу;

2)Оқырман сұранысының дұрыс зерттелмеуі;

3)Жарнама, үгіттеу жұмыстарының ұйымдастырылмауы;

        1960-1970 жылдар аралығында кітап дүкендерінің саны 134 дүкенге, яғни 71,2 %-ға көбейді. Керісінше, киоскілердің  75-і қысқарды.  [26]

        Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарында жаңа кітап дүкендер көптеп ашыла бастайды. Шымкент облысында керісінше жағдай болады.  Бұл жерде кітап дүкендері де, киоскілері де қысқарады. Бұл жағдайды «Знание» атты екі қабатты кітап бизнесі орталығының ашылуымен түсіндіруге болады. Кітап бизнесінан артта қалған аймақтарда киоскілердің ашылуы кеңінен   етек жайды.  1970 жылы кітап таратумен 6 мекеме айналысты: «Қазкітап», «Казпотребсоюз», «Союзпечать», «Военторг», «Академкнига», «Транспорт».[27]

  Республикада кітап бизнесімен айналысатын бас мекеме өз даму сатысында: бірде полиграфия және баспалар бас басқармасының (1947-49), бірде Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің (1953-57  және 1958-64), бірде Қазақ КСР мемлекеттік баспа комитетінің (1964-72), бірде Қазақ КСР баспа, полиграфия және кітап бизнесі істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің (1972-90) қарамағында жұмыс істеді.  Кеңес өкіметі  тұсында Қазақстандағы кітап бизнесін, негізінен, Қазақ республикасының бизнесі бірлестігі (Қазкітап) мен оның облыстық басқармалары, ал ауылдық жерлерде Қазақстан тұтынушылар одағының кітап бизнесі басқармасы (1969 жылдан)  жүргізіп келді. Сонымен бірге «Қазкітап» бірлестігі кітапханалар мен кітапхана коллекторларын әдебиеттерімен жабдықтап, қазақ баспалары шығарған басылымдарды «Союзкнига» арқылы одаққа, «Международная книга» арқылы дүние жүзіне таратып отырумен де айналысты.Кітап бизнесі жөнінен Қазақстан Кеңес Одағы бойынша РКФСР мен Украинадан кейінгі жетекші орында болды. Жүйелі жүргізілген кітап бизнесі арқылы Қазақстандағы барлық елді мекендер баспа өнімдерімен тұрақты қамтамасыз етіліп тұрды.  Одақтас республикалардың әдебиеті мен өнерінің онкүндіктері, кітап апталықтары, айлықтары, кітап мерекелері, кітап базарлары, тұтынушылар конференциясы сияқты мәдени-әдеби шаралар кезінде Қазақстан кітап бизнесі мол тәжірибе жинақтады. 1970 жылы 180 апталық пен айлық және кітап мерекесі, 400-ге жуық кітап базары  өтті. Сол жылы 140 мың сомның кітабы сатылды. Республика бойынша осы шаралардың бәріне бизнесі орындарымен бірге 1900-дан астам кітаптың қоғамдық насихатшылары қатысты. Жүйелі ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде 1970 жылы кітап бизнесінің тауар айналымы 28,4 миллион. Сомға жетті. Ал 1940 жылы 1,4 миллиондай ғана еді. 1973 жылы кітап бизнесі айналымы 37,7 миллион сомнан асып түсті. 1972 жыл ЮНЕСКО шешімімен Халықаралық кітап, кітап оқу және кітапхана  жылы болып жарияланған. Осы жылы КСРО-ның құрылуының 50 жылдығына орай Қазақстанда түрлі мәдени шаралар: кітап мерекелері, оқырмандар конференциялары, авторлармен кездесулер,кітап жәрмеңкелері, кітап көрмесі  өткізілді.[28]

          Қазақстандық баспалар мен кітапханалар одақтық және халықаралық кітап көрмелеріне белсене қатысты. Қазақстан жазушылары мен ғалымдары халықаралық конференциялар мен симпозиумдарға қатысты. Қазақстандық баспалардың кітаптары  барлық облыстарда және Одақтағы республикаларда үлкен сұранысқа ие еді. Қазақстан кітаптарын әлемнің 55 мемлекетінен 260 кітап фирмалары сатып алатын.[29]

Коммунистік қоғамның идеологиялық саясатына байланысты кеңестік сыртқы кітап бизнесі негізінен социолистік мемлекеттермен арада өрбіді. Социолизм идеяларына сай келмейтің кітаптарды оқуға тыйым салынғандықтан, оларды елге әкелуге, таратуға рұқсат етілмеді. Өзге елдермен арадағы кітап бизнесі шектеулі ғылыми әдебиеттерді әкелуден аспай, қатаң цензуралық бақылаудан өтті. Мұның соңы  КСРО халқының жаһандық мәдени-саяси, ғылыми-техникалық өзгерістерден тыс қалуына, сөйтіп ақпараттық оқшаулануына әкеліп соқты. [30]

Социолистік мемлекеттерде де кітап бизнесі кең өріс алды. 1969 жылы ГДР-де кітап бизнесі тауар айналымының 90 %-ы мемлекеттік дүкендердің үлесіне тиді. Венгрияда және Болгарияда 50%-тен астам кітап дүкендері тұтыну кооперацияларына тиісті болды. Капиталистік елдердің кітап рыногында XIX ғасырдың аяқ кезінен бастап кітаппен көтерме бизнесі жасайтын универсалды фирмалар үстемдік етті. АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Францияның кітап бизнесі монополиялары көптеген дамушы елдердің кітап рыногына бақылау жасайды. [31]

 1970-80 жылдары КСРО экономикасының көтерілуіне, халықтың кітапқа сұранысының ұлғая түсіуіне орай кітап дүкендерінің саны күрт өсті. 1984 жылы КСРО-да 17 мың кітап дүкені және 42 мыңнан аса киоскі болды. Ал Қазақстанда 1970 жылы кітап дүкендерінің саны 983-ке жетсе, кітап киоскілері 1600-ден асты. 1973ж-1175, 1977ж-1354. 1977ж бір ғана «Қазақ-кітап» бірлестігі жүйесінде 2103 киоскі мен 176 автодүкен жұмыс істеді. Кітап дүкендерінің саны 1970 жылы 1940 жылғымен салыстырғандв 7есе, 1955жылмен салыстырғанда бес жарым есе өсті. 1980жылдардың соңына қарай КСРО-ның идеологиялық және экономиқалық тоқырауға ұшырауына, халықтың сатып алу қабілетінің төмендеуіне байланысты кітап дүкендерінің тиімділігі азайып, саны айтарлықтай кеміді.[32]

 

 

 

3.2 Тәуелсіз Қазақстандағы кітап бизнесінің даму болашағы

 

1991жылы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, жаппай нарықтық инфрақұрылымдардың енуімен бірге, бастапқы жылдары бұрынғы кітап дүкендері едәуір өзгерістерге ұшырап, көпшілігі өзінің экономикалық оралымсыздығына орай жабылып қалды. [33]

Қазақстан Республикасының демократиялық даму  жолын таңдап, нарықтық экономикаға өтуіне байланысты, бұрынғы кітап бизнесі жүйесі түбегейлі өзгерістерге ұшырады.  Тәуелсіздіктің он жылында жүргізілген саяси-экономикалық реформалар барысында нарықтық құрылымдарға сай келетін жаңа кітап дүкендері көптеп қайта ашыла бастады. Қазіргі уақытта кітап дүкендері арнайы кітап бизнесін жүргізетін мемлекеттік және жеке құрылымдардың, баспалардың («Атамұра», «Жазушы», «Жалын», «Санат», т.б.) меншігінде жұмыс істейді. Кітап дүкендері атқаратын қызметтеріне байланысты әмбебап дүкен, салалық және кәсіптік дүкендер түрі ретінде қалыптасқан. Сонымен қатар тірек-пункт дүкендері, кітап үйлері, дүкен-клубтарды да кітап дүкендері қатарына жатқызуға болады. Әмбебап кітап дүкенінде барлық салалар жанрлардағы әдебиет түрлері-қоғамдық саяси, техникалық, ауыл шаруашылық, медициналық, геологиялық әдеби шығармалар сатуға қойылады. Кітап дүкендерінің бұл түрі өзі тұрған ортаға қарай ыңғайланып, тұтынушылардың кітапқа сұрынысы мен рухани талап-тілегін қанағаттандыруға қызмет етеді. Әмбебап дүкендер кітап бизнесіна ғана емес, сонымен бірге кітап насихатына да көңіл бөліп отыратын мәдени орталық болып саналады. Салалық дүкендерге белгілі бір әдебиеттер топтастырылды. Мысалы, ғылыми-техникалық әдебиеттер дүкені; медициналық әдебиеттер дүкені; ауыл шаруашылығы әдебиеттер дүкені, т.б. Кітап тарату жағынан: букинист-дүкен; жаздырым-дүкен; «кітап-почта» дүкені болып сараланады. Ал кәсіптік кітап дүкендері әдебиеттіңі белгілі бір саласын өзгелерге қарағанда неғұрлым іріктеп, жүйелеп, толықтырып отыратындығымен ерекшеленеді. Мұндай дүкендер  оқырмандарға қызмет етіп қана қоймай, белгілі бір кәсіпорын,мекеме, оқу орындарын әдебиеттермен жабдықтаумен де айналысады. Кітап дүкендері кітап бизнесімен бірге жұртшылықтың кітаптарға сұранысын тереңдете зерттеп, кітап тарату мен насихаттаудың неғұрлым тиімді түрлерін қарастырады. Бұл орайда кітап дүкендерінде кітапқа деген сұранысты зерттеудің төрт түрлі әдісі қалыптасқан:

  • Экономикалық- статистикалық әдіс. Бұл – белгілі бір ауданның, аймақтың мәдени-экономикалық ерекшелігі бойынша анықталған мәліметтерді өз дүкенінде пайдаланып, әрі кітап баспаларына жеткізу.
  • Есепке алу, тіркеу. Бұл баспалардың тақырыптық жоспары бойынша ұжымдық немесе жеке тапсырыстарды талқылаған кезде қолданылады.
  • Бизнесі-коммерциялық әдіс. Жарыққа шыққан, немесе, шығатын әдебиет түрлері бойынша библиографиялық анықтама жасау, оны бизнесі-саттық кезінде пайдалану.
  • Социологиялық-әлеуметтік әдіс. Бұл әдіс кезінде кітап дүкендерінің қызметкері кітап алушының сұранысы мен талғам-тілегін әр қырынан зерттейді. [34]

Кітап дүкендері оқырмандарға, тұтынушыларға қызмет көрсете отырып, кітап таралымы мен насихатының мәдени-көпшілік шараларын жүзеге асырады, жазушылармен, кітап кейіпкерлерімен, баспагерлермен кездесулер ұйымдастырады, оқырмандар конференцияларын, кітап айлықтарын, кітап көрмелерін өткізеді. Алматыдағы «Абай» Кітап үйі, Өскемендегі «Қасым Қайсенов» Кітап үйі осындай орталықтардың қатарына жатады.[35]

1997 жылы Алматыда 22 баспа («Алматыкітап» ААҚ, «Дәуір» баспасы, «Жібек жолы» шығармашылық-полиграфиялық бірлестігі, «Лем» баспа үйі, «Санат» баспасы т.б) мен кітап тарату ұйымдарын біріктіретін Қазақстан баспагаерлері мен кітап таратушыларының тәуелсіз қоғамдық-кәсіби қауымдастығы құрылды. 1990 жылдардың басындағы экономикалық дағдарыстардан кейін Қазақстандағы ішкі кітап бизнесі жүйелі жолға түсіп, қазіргі уақытта тұтынушы-оқырмандардың сұранысын толықтай қанағаттандыра алатын дәрежеге жетті. Сыртқы кітап бизнесіна еркіндік берілген соң алыс-жақын шет елдерден кітап тасымалдау ісі  өрістеді. Ашық қоғам жағдайында, адамдардың таңдау еркіндігіне шек қоймауды көздейтін демократиялық принциптерге сәйкес қазіргі уақытта Қазақстанда барлық салалардағы кітаптар еркін сатылымға шыққан. [36]

Егер еліміз 70-80-жылдары әлемдегі ең көп оқитын ел санатында болса, қазір ең аз оқитын елге айналды. Мұның мықты ұшы әлі күнге кітап тарату ісінің жолға қойылмағандығында. Қазақстан баспагерлері мен полиграфистерінің қауымдастығы қағаз жүзінде бар шығар, бірақ іс жүзінде жоқ. Бір кездері Э.Баталова басқарған «Алматыкітап» басшылығы Қазақстан баспагерлері мен кітап таратушылар қауымдастығын құрмаққа ниеттенгенін білеміз. Бірақ баспагерлер әр тарапқа тартып, ортақ мәмілеге келе алмаған. Мұның зардабын енді баспагер де, автор да, оқырман да тартып отыр.
Кітап тарату мәселесі жолға қойылмаса, тағы да 20 пайыз оқырманымыздан айырылып қалу қаупіндеміз. Ал бұл саланы зерттеп, кітап маркетингін жолға қоюға талпынып отырған ешкім жоқ.

Кеңес өкіметі кезінде елімізде 1500 кітап дүкені (кітапхана емес) болыпты. Қазір аудан орталықтарынан бір кітап дүкенін таппайсыз. Кітап дүкені тұрмақ, газет сататын дүңгіршегі де жоқ аудан орталықтары бар. Ал негізінде, 10 мың тұрғынға бір кітап дүкені болу керек екен.

Қазіргі уақытта мемлекеттік тапсырыс бойынша баспалардан шығатын кітаптардың ең көп таралымы – 2000 дана екені белгілі. Ол кітаптар еліміздегі кітапханалар мен оқу орындарына тегін таратылып беріледі. Кітап дүкендеріне түспейді. Баспалар кейбір өтеді-ау дегендерін өздері үстінен қосып шығарып, сатқан болады. Бірақ ол да өздері жалдап отырған жердегі кітап сататын жалғыз бұрыштан ары ұзамайды. Ал баспагерлер бір-бірінің кітабына жанашырлықпен қарамайды. Қысқасы, баспалар кітап шығарумен айналысады, бірақ кітап таратумен айналыспайды.

Қазір Алматыда кітап сатумен «Книготорг» фирмасы ЖШС-ның Алматы филиалы, «Джагамбек и С» ЖШС, «Алматыкітап» ЖШС, «Атамұра-Мир кітаптар» фирмасы, «Эврика» фирмасы айналысады. Бары осы. Өкінішке қарай, Алматыкітап» та, «Атамұра» да тек өз өнімдеріне ғана жұмыс істейді. Оның үстіне жоғарыда аталған фирмалардың Алматы мен Астанадан басқа жерде кітап дүкендері де жоқ. Тек «Атамұра» баспасының ғана барлық облыс орталықтарында кітап дүкендері бар. Онда да, негізінен, тек өз өнімдерін сатады. Есесіне Алматыда Ресей баспаларының өнімдерін бизнесілайтын 43 кітап дүкені бар екен. «Гулянда», «Меломан» сынды кітап үйлері қазақ кітаптарын қоюдан қашқалақтайды. Қойған күнде де белгісіздеу бір бұрышқа тыға салады. Қазақша кітаптар амалсыз «Барахолкадағы» «Аягөз» базарына қарай жол тартады. Оның үстіне кітап бағасы да удай. Қосымша құн салығы (ҚҚС) қосылған соң кітаптың өзіндік құны өсіп кетеді. Мәселен, сіздің кітабыңызды жоғарыда аталған фирмалар 334 теңгеден алса, оны 530 теңгеден сатады.

«Кітап жаршысы» республикалық анықтама-сараптамалық басылымның бас редакторы Қанат Қайым былай дейді:
– «Кеңес заманында Мемлекеттік баспа комитеті болды. Ол әр облыстағы «облкниготоргтен» қандай қажетті кітаптар керектігі жөнінде өтініш жинайтын. Олар өз кезегінде аудандарға, аудан ауылдарға шығатын. Барлық кітапханаларда қажетті кітаптар үшін сараптау мен санақ жүргізетін бибколлекторлар жұмыс істейтін. Осылайша орталықтандырылған мызғымас кітап бизнесі жүйесі бар еді.

Осының бәрінен айырылдық. Басқаны айтпағанда, тіпті қазір бір ғимараттың ішінде отырған баспалар бір-бірінің қандай кітап шығарып жатқанын да газеті 1961 жылдан 1992 жылға дейін тұрақты шығып тұрды. Осы газетті біз он бес жылдық үзілістен кейін қайта шығаруды қолға алдық. Мақсат – ең болмаса, оқырмандар баспалардан қандай кітап шығып жатқанынан хабардар болсын дегендік. Өкінішке қарай, таралымы – үш-ақ мың дана. Елімізде 17 мың кітапхана болса, соған да жетпейді екен».
Осыдан кейін оқырман мәдениеті қалай қалыптаспақ? Негізі АҚШ-та қаланған «Бір ел – бір кітап» деген, яғни бүкіл қаланың бір көркем шығарманы бір уақытта оқуы сынды акцияларды науқандатып өткізген жақсы-ақ. Бірақ сол кітапты кітапханасы жоқ аудан, ауыл адамдары тауып оқи ала ма? Бұдан шығатын қорытынды, орталықтандырылған кітап бизнесі жүйесі ауадай қажет. Бұл үшін баспаларымыз күш біріктіріп, мемлекет тарапынан нақты қолдау қажет. Қысқасы, бұрынғы кітап тарату құрылымын қайта қалпына келтіру – Үкімет, не Мәдениет министрлігі қолға алып шешетін мемлекеттік мәселе.[37]

Қазақ тіліндегі кітаптар  қалай бағалануда? Онда интелектуалдық ой-қазына қаншалықты көрініс тапқан? Бұл сұрақтарға қазақ тілін жетік білмегендіктен сарапшылардың бірқатары жауап бере алмаса, екіншілері негатив көзқарас білдірген. Екіншілердің көтерген мәселесі — сапалы аударманың аздығы, рыноктағы жағдайымыздың қазақтілді аудитория сұранысын тұтастай қанағаттандыра алмауы.

    Қазіргі таңда ғылыми кітаптардың қазақ тіліне тәржімалану мәселесі сапалылықты қажет ететіні рас.  Қазақ тіліндегі ғылыми әдебиеттердің жеткіліксіздігі салдарынан, еліміздің жоғары оқу орындарындағы мемлекеттік тілде білім алушылар – 30-40 пайыздай ғана. Бұл мәселенің айтылғанына жылдар асты, мұның нақты шешімі әлі де табыла қойған жоқ. Осы мәселелерді шешу үшін орталықтандырылған әдіс керек деген ойлар қылаң беруде. Статистикалық мәліметтерге сүйенесек, еліміздің кітап базарында отандық өнімдердің үлес салмағы 25-30 пайызды ғана құрайды екен. Бұған не себеп? Бұл тығырықтан қалай шығуға болады? Қазақстанның халық жазушысы, «Жалын» баспасының директоры Бексұлтан Нұржекеев былай деген екен:

«Қазір баспа ісі тоқырауда деп айтуға келмес. Тоқырау өткен ғасырдың 97-98-ші жылдарында болды. Баспаға қаржы түспеді. Баспагерлер не шығаратынын білмеді. Шығаратынын біледі, бірақ немен шығаратынын білмеді. Қаржы жағынан өте қиналдық. Қазір баспаға ақша бөлінеді. Мемлекет тарапынан жылына бір рет тендер өткізіледі. Белгілі мөлшерде әр баспаға ақша бөлінеді. Сол ақшаның көлемінде әр баспа кітап шығарады. Бірақ мұнымен мәселе шешілді деуге болмайды. Жаңағы тоқырау деген сөз келмесе де соншалықты дамып кеттік деп тағы мақтана алмаймыз. Мына біз шет елдердің озық үлгілерін көп пайдаланатын елміз. «Өй, Америкада үйтеді екен, біз де сөйтейік, ағылшындар бүйтеді екен, бізде сөйтейік» деп шығамыз. Еліктейтін халық едік, ал ресейге келгенде біз осы кітап шығару жөнінен солардың үлгісін алмадық. Ресей баспа, баспаханаларды жекешелендіруден өте жақсы өтті. Қазір бүкіл қазақстанның кітап базарында ресейдің өнімдері бірінші орында тұр. Өзіміздің төл өнімдеріміз көрінер-көрінбес қана. Бір пұшпағында, бұрышында ғана. Ресейдің баспа өнері, баспахана өнері әлемдік дәрежемен бірдей болып кетті. Бұл дұрыс жолға қоя білудің арқасында. Біз басынан дұрыс жолға қоя алмадық. Содан әлі қиналып келеміз, қиналып келеміз. Мына «Тендер» деген нәрсе бір қарағанда әділетті сияқты. Ол ақша бөлу жағынан әділетті екені рас. Бірақ жақсы шығармаларды, оқырманға керек шығармаларды басып шығару жағына келгенде бұл жауап бере алмайды. Тендер – бұл кәдімгі бизнесінің тәртібі. Ал кітап бизнесі ғана емес қой! Бұл саясат, бұл мәдениет, бұл әдебиет, бұл жан-жақты сала, идеологиялық сала! Оны апарып кәдімгі бизнесінің тауарына айналдырып жібердік. Тауарлық жағы бар бұның, жоқ деуге болмайды. Сол жағынан тендер дұрыс жауап береді. Ал бірақ автордың жазғысы келетін шығармасы сенің тендеріңе қарамайды ғой! Сенің тендерің өтіп кеткеннен кейін жақсы шығарма тууы мүмкін! Ал оны сен шығара алмайсың. Оны тендерден де өткізе алмайсың. Тек келесі жылы, бәлкім одан арғы жылдары болмаса. Енді, бізде баспа көп дейді. Тендердің өзіне қазір 50-ден астам баспа қатысады. Жиырма-отыз шақты шығарма ұсынасың тендерге. Ал ол саған 10-ақ шығарма береді. Сонда көп шығармалар жылдан жылға өтпей, ескіреді! Көрдіңіз бе! Оқырманға дер кезінде тимейді! Мұның өзі үлкен зиян. Авторға да зиян. Ол анау шығарған дүниесіне дер кезінде ақша алғысы келеді. Сол ақшаны өзінің жаңа бір туындысына қолданғысы келеді. Өкінішке қарай бұл олай емес. Сондықтан мына кітабын шығарып болғаннан кейін авторда моральдық жағынан реніш пайда болады. Өйткені жазған дүниесін іліп әкетпейді!»
Ал жекешелендіруді Бексұлтан Қожекеев түсінбейтінін айтып, мынадай пікір білдірді: « Бізде жекешелендіру кеш, 98-ші жылдан бастап жүрді. Оған дейін «баспа орындары жекешеленбейді» деп келген. Кейін қаурыт түрде жекшелене бастады. Біз тендерге алғашында үш баспа ғана түскенбіз, 98-ші жылдары. Содан көбейді де кетті. Оның үстіне біз жекешеленген кезде ешқайсымызда баспахана болмады. Тек баспа деген атын ғана жекешелендірдік. Баспа үйімізде жоқ болды, түгіміз жоқ! Бұл енді қандай жекешелендіру болғанын түсіну қиын. Ал Ресейде олай болған жоқ. Онда баспаларға тұратын үйін қоса жекешелендіріп берді. Баспаханалары да бар. Бізде олай болмады. Біз кейін, осы үш-төрт жыл бұрын ғана мына Мұхтар Құл-Мұхамед министр болған кезде баспанаға ие болдық, Арада қанша жыл қиыншылық көрдік. Ал баспаханамыз әлі күнге дейін жоқ. Ортақ баспахана бар. Сол, тапсырыс беру арқылы қарым-қатынас жасаймыз. Бізде не үшін ресейлік үлгі қолданылмағанан түсінбеймін». [38]

Қазақстандағы келесі мәселе – мемлекеттік тендер. « Егер елімізде iрiлi-ұсақты 25 баспа бар десек, олардың бәрi  қазiр жекеменшiкке өткен. Өкiнiшке қарай, «өтті-ау» дегенімізбен олар  мемлекет қамқорлығының арқасында ғана күн көрiп отыр. Жыл сайын кiтап шығаруға арналған мемлекеттiк тендер өткiзiледi. Баспаларды өзара бақталастырып қойған “байқау” дегенге де бой үйретiп алдық. Баспа iсi маусымдық қызмет түрiне айналып барады. Көктем – “тендердi ұтып алу”, яғни егiс салу, жаз – қарбалас тiрлiк, кiтап дайындау – тұқым себу, оны отау, күтiп-баптау, күз – кiтап шығару – астық жи¬нау, қыс – кiрiс пен шығынды есептеу – министрлiкке есеп беру.  Ал “тендер” өтiсiмен, қарбалас жұмыс басталады.

Баспа атаулы неге мемлекеттiк тапсырысқа қарап қалды дейсiз? Шын мәнiнде, сол баспа директорларының өзiн сөйлетсеңiз, еңiрегенде етегi жасқа толады. Тiптi, ат пен түйеден қалап алған мемлекеттiк тапсырыстың өзiн жерден алып, жерге салып (алып болған соң, әрине), даттайтындары да бар. Өйткенi, кiтап шығаруға бөлiнген ақша оның шығындарын жабуға жетпейдi, ал оның сапасы, мазмұны бойынша министрлiкке есеп беру керек, әйтпесе, келесi жылғы “шұға бөлiстен” қалыс қаласың, т.с.с.

Бiз де баспа шығындарына бас қатырып көрейiк. Қазiр баспагерлердiң айтуынша, бес жүз беттiк сапалы, жақсы кiтапты шығарудың өзiндiк құны 600 теңге. Бұған автордың қаламақысын, дизайнер еңбегiн, баспа қызметкерлерiнiң айлығын қосыңыз. Ал министрлiк әр кiтапты шығаруға орта есеппен 500 теңгедей қаржы бөледi. Сонда баспалар жырымдап, 2000 тиражбен шығатын кiтаптан өзiнiң күн көрiсiне де аз-маз қаражат алып қалу керек. Әйтпесе, күн көре алмайды.

Сонда сырттай қарағанда, пайдасынан шығыны көп болса, мемлекеттiк тапсырыстан баспалар нелiктен демәлi? Мемлекеттiк тапсырыс бойынша он-он бес емес, жылына отыз-қырық, елу кiтап алғанда, әрине, кiтап шығарудан пайда түсуi мүмкiн. Екiншiден, мемлекеттiк тапсырыстың ақшасы арқылы көп баспа өз қызметкерлерiнiң шай-суын айырады, олардың қызметiн мемлекет есебiнен төлейдi. Бұл – үлкен баспалардың тәсiлi. Ал ұсақ баспалар қайтiп күн көредi? Құрамында редакторы, көркемдеушi-суретшiсi, беттеушi-дизайнерi, корректоры, терiмшiсi т.б. қызметкерлерi бар шағын баспада шын мәнiнде екi әлде үш адам ғана жұмыс iстейдi. Олардың өзi баспа директорының әйелi, қызы, баласы т.б. Бiр адам бiрнеше адамның жұмысын атқарып, оларға бөлiнген ақша баспаның шығындарын жабуға жұмсалады. Бұлай етпесе, олар да күн көре алмайды.

Осылайша, қазақша айтқанда, баспагердiң мойны ырғайдай болып шығарған кiтабы өз оқырманына жетiп жатыр ма? Әдетте, мемлекеттiк тапсырыспен шыққан кiтаптар бизнесіға түспейдi, кiтапханаларға таратылады. Республика облыстары бойынша мемлекет есебiнде тұрған 12 000 кiтапхана бар. Ал мемлекеттiк тапсырыс әр кiтапқа 2000 тираждан аспайды. Ендi 2000 кiтапты 12 000 кiтапханаға таратып көрiңiз. Жете ме? Әрине, жетпейдi. “Мәдени мұра” бағдарламасы бойынша шығып жатқан кiтаптардың тиражы 3000-нан аспайды. Шын кiтапқұмарлардың қолына түссе, бiр Алматының өзiнiң сұранысын толтыра алмайтындай көрсеткiш. Ендеше, мемлекет есебiнен бәленбай кiтап шығарып жатырмыз деп, бөрiктi аспанға атудың не қажетi бар?

Кiтапты шығарудан кемiмiз жоқ-ау. Маңдай терiн төгiп, кiтап басып жатқан баспагерлердiң еңбегi еш болмасын, әдiлдiгiн айтайық: қазiр мазмұнды, рухани азық боларлық бiршама кiтаптар жарық дүниенiң бетiн көрiп жатыр. Бiрақ жетiм баланың күйiн кешкен ол кiтаптар – көбiне тастанды, өйткенi олардың қамқор қолға – кiтапқұмар оқырманға жетуi қиын. Көзi ашық қаламгер қауымның өзi бiр-бiрiнен сұрап-бiлiп жүрiп, өз аяғымен сол кiтап шыққан баспаға барып сатып алмаса, көбiне жақсы кiтаптан қапы қалады.

Сонда соншама қаржы шығындалған iс өзiн-өзi ақтай ма?
Ал мемлекет “ақша бөлдiм” деп тоқмейiлсiп отырғанда, баспагерлер соңғы тиынын санап, күн көрiсi үшiн министрлiкке көз сатып отырғанда, нарықты басқа елдiң кiтаптары жаулай бастады. Iрi-iрi кiтап дүкендерi ашылып, сырттан әкелiнген өзге тiлдегi түрлi-түстi кiтаптарды көздiң жауын алғызып, қызықтырып, сөрелерге тiзiп қойды. Осыдан соң, “кiтап өтiмдi тауар емес, ол оқылмайды!” деп көрiңiз! Оқылмаса, самсаған кiтап дүкендерi қайдан пайда болды, өзге тiлдегi кiтаптар неге өтiмдi?

Мемлекеттiк тендер жарияланған күннен кейiн отыз күннен соң байқау өткiзiледi, құжат дайындау, байқауды өткiзу, оның жеңiмпаздарын анықтау, олармен келiсiмшарт жасасу – мұның бәрiне екi айдай уақыт керек. Яғни, биыл баспалардың қызу тiрлiгi жаз айларына тура келгелi тұр. Алты айда алпыс кiтап шығаратын баспалар кiтаптың сапасына жауап беретiнiн ұмытпаса болғаны. Өйткенi, олардың есеп беретiн адамы – министр немесе лауазымды шенеунiк емес, қарапайым халық – оқырман ғой». [39]

Басқа елдердегi кiтап бағаларымен салыстыра қарасақ, Қытайда кiтап өте арзан тұрады екен. Мүмкiн бұл мемлекеттiң өз iшкi саясаты шығар. Нақты бағасына келсек, Қытайда бiр кiтаптың бағасы бәтеңкенiң бағасынан 25 есе арзан. Бiр жағынан, кiтап арзан болғандықтан мүмкiн оның тұтынушылары да көп шығар. Ал, Токиода бiр кiтап 500 иен тұрады екен. 150 иен 1 долларға тең. Яғни, бiр кiтап 3 – 3,5 доллар тұрады. [40]

           С.Ф.Добкиннiң «Основы издательского дела и книгопечатания» еңбегiнде: «Кiтап сататын мекемелер баспалардың өз жоспарларын құруда үлкен роль атқарады. Кiтап сатушы адамдар күнделiктi миллиондаған кiтап сатып алушылармен әңгiмелесiп, соған сәйкес кiтапқа деген сұранысты, тұтынушылардың қандай кiтапқа қызығушылығы жоғары деген мәселелердi анықтайды. Олардың бәрiн жинақтай келе, ортақ бiр қорытынды шығарады. Осы қорытындыны баспаларға тапсырады. Сонымен қатар, сол баспаларға қандай тақырыпта кiтаптар шығаруды және қандай кiтаптарды қайта басып шығаруды айтып отырады»,- делiнген. Яғни, бұл – осы салалардың бiр- бiрiмен  өте тығыз байланысты екендiгiн аңғартады. [ 41]

          Кітап бизнесінің келесі проблемасы жарнамаға қатысты. «Агитация и реклама» деген мақаласында Маяковский: «Бiрде-бiр iс, тiптi ең әдiл деген iс жарнамасыз iлгерi баспайды» деп жазған екен. Сол айтқандай, бизнесі болғандықтан жарнама бiрiншi орында тұруы тиiс. Бiздiң қазiргi жағдайға келсек, жаңадан жарық көрiп жатқан кiтаптар жайлы насихаттау дұрыс жүргізілмейді. Мұндай насихатты радио, теледидар да жүргiзуi керек. Себебi, елдiң назары бүгiнде теледидар мен радиоға көбiрек ауған. Ал, сол кiтаптар жөнiнде теледидер мен радиодан хабарлап, айтып жатса, ел  бiлiп жүрер едi.

Жарнамаға қатысты тағы бiр ұсыныс: менiңше, әрбiр көше қиылыстары сайын iлiнiп тұрған жарнамалар қатарына жаңа шыққан Қазақстандық авторлар еңбектерiн, оларды қайдан алуға болатындығы  жөнiнде мәлiметтерi бар жарнамаларды қосса жақсы болар  едi. Мысалы, премьералар (театрлардағы, кинотеатрлардағы) туралы, өтетiн әр түрлi концерттер туралы ел арасында насихат жүредi ғой. Олар жөнiнде афишаларды кез келген жерден көруге болады. Сол сияқты, кiтаптар туралы осындай жарнамалылық керек. Тағы бір ұсынысым: түрлі мәдени шаралар мен концерттер кезінде кітап жәрмеңкелерін өткізу. Яғни, жаңадан шыққан кітаптарды бірден жарнамалап сату үрдісін жүзеге асыру. [42]

          Ал, осы жарнама жасау, сатып алушының сұранысын анықтау, оны қанағаттандыру, керек уақытында тауарды ұсына бiлу – бәрi маркетологтың мiндетi. Яғни, маркетологтың атқарған iсiне қарай   кiтаптың  сатылу деңгейi анықталмақ.[43]
          Кітап бизнесін дамытуда өзіндік орны бар интернет-дүкендерді де айтып кеткен жөн. Электрондық бизнесі-саттық Қазақстан интернетіне де жат емес — онлайн дүкендер соңғы екі жылдың ішінде бұл нарықта жақсы көрсеткіштерге жете білді. Бүгінде қазақстандық интернетте бизнесі-саттықты табысты әрі сапалы өткізіп жүрген кітап бизнесімен айналысып жүрген белгілі интернет-дүкендер баршылық.  Сондай бір белгілі  белгілі интернет-дүкен — «Флип.КЗ»-ті қарастырдым.  Осы дүкенді зерттеп,  жалпы интернет-дүкендердің Қазақстандағы кітап бизнесінда алатын рөлін анықтауға тырыстым.   Қазір әр қалада және үлкен ауылдардың өзінде интернет бар, алайда, пайдаланушылар желіде белсенділік танытуға асықпайды, олар әлі де болса, электронды пошта мен әлеуметтік желілер секілді негізгі ірі сервистерде уақытын өткізеді. Бұның себебі, біріншіден, тұрғындардың интернет-сауаттылығының аздығында; екіншіден, интернет-дүкендердің белсенді дамымауында және әлеуетті тұтынушылар үшін жеткілікті жарнама таратпауында. Тағы бір себеп — тауар пайдаланушының қолына жетпегенше, адамдар ақша төлеуге қорқады. Осындай себептер интернет-дүкендер Қазақстан кітап бизнесінда үлкен рөл атқармайтынын көрсетті. Бірақ бұл проблеманы шешуге болады, мысалы, почтаға сауқат келгенде салынған үстелме төлем немесе курьер сатып алушыға тауарды жеткізген кезде ақшаны бірден-ақ төлеуге болады.

FLIP.kz интернет-дүкені 2007 жылдың 20 қарашасында ашылды. Оның алдында 10 айдай электрондық бизнесі, сайт әзірлеу, серіктестерді іздеу және т.б. айналысқан екен. Дүкен ашылған кезде үш тауарлық топпен белгіленді: кітаптар, кеңсе заттары мен балалар әлемі.  Бұл дүкенде алғашында штатта 8 қызметкер болды, бүгінде олардың саны 18-ге жетіпті.  Зерттеуден ұққаным, кез-келген интернет-дүкен ашу барсындағы басты қиындық —  сенімді серіктестер мен жеткізушілерді тауып алу. Олардың барлығы осы нарыққа жаңадан келгендермен жұмыс жасауға дайын бола бермейді. Сол себепті, интернет-дүкен өзің жақсы жағынан көрсете білуі керек. Сонымен қатар, интернет-дүкенде бизнесі жасауға арналған тауарды дұрыс таңдау қажет, тауар санаттарының санын бірден ұлғайтудың қажеті жоқ, одан да бірте-бірте бар топтарды дамытып, жаңасын қосқан жөн. Тағы айта кететін бір жайт, қызмет көрсететін сайт барлық үлгілерге сай келіп жатса да, дизайн, функционал мен пайдалану жағы барлық талаптарға жауап беретін болса да, электронды дүкеннің иесі әлеуетті сатып алушыларға жарнама қажет екенін ұмытпау керек. Компания сатыпалушылар сайтқа келіп тұрған жағдайдың өзінде тауарды бірден сатып алмайтынын білуі қажет. Сайт пен компания тұтастай пайдаланушының сеніміне кіруі тиіс.

Келесі мәселе — қағаз кітаптар мен электронды кітаптардың тиімді, ыңғайлы жақтарын зерттедім. Электронды форматтағы кітаптардың артықшылықтары бар болса да, қағаз кітаптар әлі біразға дейін маңыздылығын жоймайды екен. Бұған бірнеше себеп те таптым:

  • Біріншісі және ең маңыздысы, кітап бизнесі ұйымдары электронды кітаптардың нарығын дамытуда әзірге қызығушылық танытпайды, себебі қағаз кітаптардың азаюы олардың табысын азайтады;
  • Көп туындылардың электронды түріндегі нұсқалары жоқ. Барлық классиканы сандық жүйеге көшірту көп уақытты қажет етеді;
  • Қағаз кітаптардың артықшылығы эстетикалық мәнінде де. Сапалы қағазда басылған, көркем иллюстрациясы бар кітапты қолға алғанда жағымды әсерде қаласыз. Көптеген кітапсүйер немесе кітап жинайтын қауым үшін кітаптың тек іші емес, сырты да маңызды.
  • Кейбір адамдарға букридерді ақтарып, оның жұмысын түсінуден гөрі, қағаз кітап алып оқыған ыңғайлы;
  • Электронды кітаптарды оқуға арналған құрылғылар арзан емес;

Қағаз кітап ешқашан да өлмейді.  Бұл – бүгінгі күннің жауабы. Бірақ уақыт өте келе электронды кітаптар да дамитын шығар. Кейбір сарапшылардың айтуынша, қазақстандық электрондық коммерция нарығы ТМД елдері ішінде ең қарқынды дамып келе жатқандардың бірі. Сонымен қатар, олардың бәрі дерлік интернет-бизнесіға жарқын болашақ болжауда. Менің ойымша, келесі 1-2 жылдың ішінде Қазақстандағы электронды коммерция саласына елеулі өзгеріс әкелетін бірнеше жағдай болуы мүмкін:

  • Ірі бизнесі ұйымдары интернетке келіп, белсенділік таныта бастайды, интернет-дүкендер ашады немесе, тым құрығанда, тауарлар каталогы бар сайттарын ұсына бастайды;
  • Ұсақ интернет-дүкендер ірі желілермен бәсекеге түсе алмай, жабыла бастайды;
  • Кейбіреулері тауары шала дүкендер болып қайта мамандандырылады және тар шеңбердегі салада тауарларды сататын болады; [44]

Халық арасында сауалнама жүргiзу барысында (100 адам сұралды) тек 74  пайызы ғана кiтап сатып алуға  ақшасын бөлетiндiгiн бiлдiк. Оның өзiнде өз оқып жүрген, жұмыс iстеп жүрген салалары бойынша ғана кiтаптарды алады екен.  48 пайызы ғана қазақ тілді кітаптарды сатып алатынын айтты. Бұл көрсеткіш өте төмен. Тағы бір көрсеткіш – 16,4%. Бұл ай сайын кем дегенде 1 кітап сатып алатын белсенді оқырмандардың кем дегенде 1 кітап сатып алатын белсенді оқырмандардың пайыздық көрсеткіші. Сауалнамаға қатысқан адамдардың 16%  жалақысының 13%-ын кітап сатып алуға жұмсайды екен.  Бұл шамамен 2500-3000 теңгенің шамасы. Бұл адамдар жасы 25-34 аралығындағы жоғары білімі бар, қызметтегі адамдар. Бұл кітап оқу үрдісінің жастар арасында кең таралмағандығын көрсетеді.

1 миллионнан астам тұрғыны бар Алматыда кітап дүкендері аз емес. Дегенмен, сатылатын өнімнің көпшілігі алыс-жақын шетелдікі. Осы орайда, «Атамұра», «Эврика», «Гулянда» сынды ірі бизнесі жүйелеріне бас сұғып, 2009 жылдың қорытындысы бойынша анықталған ең өтімді қазақ тілді кітаптар тізімін қарастырдым.Олай болса:

  1. «Атамұра»  баспасынан «Атамұра кітапханасы» сериясымен жарық көрген М.Мақатаевтің өлеңдер жинағы топтастырылған «Аманат» кітабы үлкен сұраныста екен. Бағасы – 1000 теңге көлемінде. «Қазір бұл кітап бітіп қалды. Баспаға тапсырыс бердік. Жалпы осы сериямен жарық көрген Атамұра баспасының кітаптары тез сатылады», – деді Эврика дүкенінің көркем әдебиет бөлімінің меңгерушісі.
  2. М.Шахановтың «Атамұра» баспасынан жарық көрген «Эверестке шығу».
  3. Б.Соқпақбаевтың балалар әдебиетінң классикасына айналған «Менің атым Қожа» кітабы.  «Қазығұрт» баспасының бас редакторы Ұ.Оспанбайдың айтуынша: «Оқырман танымал авторлардың кітабына ұмтылады. Жас буынның кітаптарын көп біле бермейді, сол себепті іздемейді де».
  4. «Көркемсуретті Қазақстан тарихы» энциклопедиясы «Қазақ энциклопедиясы» баспасының өнімі. Қазақстанның жетістіктері, Алматының әдемі жерлері, елбасы Н.Назарбаевтың кітаптары жоғары сұраныста. Себебі дәл осындай кітаптарды сыйлыққа көп сатып алады екен.
  5. И.Есенберлиннің үлкен форматты түрлі-түсті безендірілген «Көшпенділер» кітабы. «Көшпенділер» баспасынан шыққан бұл кітаптің бағасы – 2000 теңге шамасында.
  6. «Жазушы» баспасының өнімі, 4 томнан тұратын «Абай жолы» кітабы дүкенінің сөресіне түсе сала сатылып кетеді екен. «Келесі тапсырыс бергенше оқырмандар іздеп қалады. Ал баспалар тапсырысты баяу жеткізеді», – дейді сатушылар.
  7. «Сен білесің бе?» сериясымен «Аруна» баспасында басылған танымдық, балаларға арналған иллюстрациялы шағын кітаптарды ата-аналар арнайы іздеп келіп сатып алады. Сонымен қатар «Аруна» баспасынан шыққан «Қазақ ертегілері», «Әжемнің ертегілері» кітаптары бағасы қымбат болса да, өтімділігі жоғары кітаптардың бірі. Бір ескеретіні, балаларға арналған кітаптардың бағасы 50 теңгеден басталады.
  8. Ш.Айтматов «Жан пида», «Ақ кеме».

9.«Ғибрат» баспасынан шыққан діни сауат ашатын кітаптар да жоғары       сұранысқа ие. «Гулянда» кітап дүкенінің сатушысы Ләйлә Дүйсенова: «Кейде ислам жайлы кітаптарды сөреге тізіп үлгермейміз», – дейді. [45]

  «Түркістан» газетіндегі мына мақалаға назарымызды салсақ, «Баспасөзге деген адам ынтасының iргетасы газет-журналдар арқылы қаланады. Ал сол рухани құндылықтардың жарық көргенге дейiн қиындықтары бiр бөлек те, оның оқырман қолына қалай жететiнi көбiмiздi ойландыра бермейдi. Әрине белгiлi бiр нүкте арқылы жазылып, күнделiктi газет-жорналдарын қолдарына алып отырған оқырмандарды айтпағанның өзiнде қажет кезiнде арнайы дүңгiршектерден сатып алып оқитын адамдардың өзi оның қандай еңбекпен жеткiзiлетiнiне назар аудара қоймайтындығы анық. Ең бастысы қазақ басылымдарына қарағанда, орыстiлдi басылымдардың құдайы берiп тұр. Осы күнге дейiн қазақ газеттерi орыс газеттерiнiң таралымы мен көлемiне жетпейтiндiгi жанды жабырқатады. Жас та, кәрi де жабысып орыс басылымдарына ұмтылады. Бiздiң рухани байлықтан қашықтап кетуiмiздiң өзi, күнi ертең үлкен орны толмас өкiнiшке айналуы мүмкiн. Тiптi, бүгiнгi таңда кiтап оқымайтындардың саны қарақұрым. Кiтаптың орнын компьютер басса, дүкендердi орыс тiлiндегi кiтаптар басты.
Қаламыздағы студент жастарға айналған жарнамалық дүкендерде “Неге кiтап сөрелерiнде Ресей баспаларының өнiмдерi көп болып тұр?” деген сұрақ мазалаған болатын. Дүкеннiң сырт келбетiнен, “Эврика” деген атауынан, табалдырығынан аттағаннан орысша әдебиеттерге тұнып тұрғанынан-ақ елiмiздегi кiтап бизнесін ресейлiк баспалар иеленiп отырғанын оңай аңғаруға болады. Сатушы қыз ойланбастан:
— Бiзде баспа аз ғой. Олар әкелген кiтаптардың көлемiне, оның суреттерiне қарап алып, таңдап сатамыз. Қарапайым балалар кiтаптарын қараңызшы, Ресей кiтаптарының қалыңдығы қандай? — деп жауап қатты.
“Гулянда” кiтап дүкенiне соғып, сыртында “Сүйiктi кiтаптар” — “Любимые книги” деген жазуды көрiп, қазақ кiтаптары толы дүкен шығар деген үмiтпен кiрсем, онда да сол көрiнiс. Бiр ғана сөрелерiнде бiрнеше қазақ кiтаптары жетiмсiреп тұр. Сатушы қазақ қызының:
— Девушка, я на ваш вопрос не буду отвечать — деген сөзiн естiгенде, өз тiлiнде сөйлемей, өзге тiлде жауап қайтарғанына iштей жаным күйзелдi. Мемлекеттiк тiлдегi кiтаптар көбiне мәжбүрлеудiң арқасында ғана сатылып жүр, ал жастарымыз шетел классикасын айтпағанда, өзiмiздiң белгiлi қаламгерлерiмiздiң шығармаларына тiстерi батпай жүргенiн мойындауымыз керек».

Намысты жанитын күн келдi. Бүгiнгi жедел ақпарат толқынының көлеңкесiнде қалып бара жатқан кiтап әлемiн қайтадан биiкке көтеру керек. Ұлттық рухани дүниемiздi қайта түлетуге, қазақ қаламгерлерiнiң шығармаларын халыққа таныстыруға, кiтап шығару iсiн жандандырып, кітап бизнесін жүйеге келіп, жолы әлi ашылады деген үмiт бар. Орталықтандырылған басылымдардың мемлекеттiк баспаханасы болуы шарт секiлдi. Сонда қазақ баспасөзiнiң көзi ашылып, бағы жанатын шығар.[46]

«Парасат» журналына берілген мына сұхбаттарды талдасақ, кітап бизнесінің деңгейінің көтерілуіне сеніміз артады. Сонымен кітап бизнесі пайдалы бизнес пе, әлде еңбек етуге татымайтын шаруа ма? Бұл жөнінде бизнесінің осы түрімен айналысатын В. атты қарағандылық орташа бизнес өкілі былай деді: «Мен бизнесі кәсібін Қарағанды қаласындағы орталық базарлардың бірінде киім-кешек сатудан бастадым. Алғашқы кездері табысым жаман емес еді, бірақ бір жылдан кейін ісім мандымай қойды. Өйткені, Ресейден, түркиядан, Қытайдан киім-кешек әкеліп сатушылар қаптап кетті, бәсеке күшейді. Кей кездері үйіме бір көйлек те сата алмай қайтып жүрдім, сөйтіп базардан жалдап алған орнымның ақшасын өз қалтамнан төлеуге мәжбүр болған күндерім көбейіп кетті. Бір күні қарама-қарсы қатардағы сөрелердің бірінде кітап сатып тұрған келіншекке көзім түсті. Болса да бизнесім жүрмей, зерігіп тұрған мен оның іс-әрекетін бақылай бастадым. Алғашқыда көкейімде : «Бұл бейшараның тапқан кәсібінің түрін-ай, жұрт тамағын асырай алмай жүргенде, кітапты қайтсін» деген бір астамшылық ойдың болғанын жасырмай-ақ қояйын. Бірақ, көп ұзамай менің бұл түсінігімнің күлі көкке ұшты. Әлгі келіншектің күніне бес-алты мың теңгенің бизнесін жасайтынына көзім жетті. Мен көп ойланбай, кітап бизнесіна көштім. Қазір қалада бір жеке меншік кітап дүкенім, бірнеше киоскым бар. Олардан түсетін табыс менің ауқатты тұрмыс құруыма әбден жетеді. Кітап өтпейді деген сөз бос сөз екен, қазір мен алматыдағы кітап баспаларының өнімдерін алып тұрамын. Әрине, кез келген кітапты емес. Сатып алушыларымның қандай кітаптарды қалайтындығын ескерем.

           Мен бұрын Қарағандыда қазақ тіліндегі әдебиеттер өте қоймайтын шығар деп ойлайтынмын, қазір ол ойымнан да айныдым. Қазақ тіліндегі көркем әдебиет туындылары мен ғылыми, танымдық кітаптар жақсы өтеді».

          Түркістандық А.атты  жігіт те осы ойды құптайды. Оның да қазір Шымкент, Түркістан қалаларында бірнеше жекеменшік кітап дүкені бар. Ол еліміздің оңтүстік өңірлерінде Ресей баспаларына қарағанда республикалық «Жазушы», «Рауан», «Білім», «Ана тілі», «Жеті жарғы», «Өнер», «Экономика», «Санат» секілді баспалардың өнімдерінің үлкен сұранысқа ие екенін жасырмайды. «Кітап  бизнесі саған не береді?» деген сұрағымызға, ол күліп : «Кәсіпкерлерге ондай сұрақ қоюға болмайды. Біздің жарнамалай бермейтін құпияларымыз болады.Осы бизнеспен айналысқалы өзіме бес бөлмелі,бау-бақшалы,жайлы үй сатып алғанымды айтсам да жеткілікті шығар. Және көңіліме тағы бір демеу болатыны —  өзімді жұртшылыққа сүйкімді жазушы, не дарынды ғалым болмасам да өз халқымның көзін ашып, оның рухын көтеруге шама-шарқымша үлесімді қосып жүрген азаматтардың бірімін деп есептеймін. Мен пайданы кейбір әріптестерім секілді арақ-шарап пен темекі сатып, өз халқын азғындық жолына итермелеу арқылы тауып жүрген жоқпын, менің бизнесім екі жақты тиімді бизнес : халқыма да, өзіме де. Жаратушыма осы үшін тәубе етемін».[47]

          Шынында да, түркістандық жас кәсіпкердің бұл ойына қосылмау қиын. Кез келген бизнес өзіңе де, халқыңа да пайдасын тигізіп жатса ған қасиетті емес пе?! Адал еңбекпен маңдайыңды тамшылатып жүріп тапқан байлығын сонда ғана сіңімді болмай ма ?

          Іргелі, толық білімді тек кітаптан ғана алуға болады. Оны, тіпті, қазіргі замандық құдіреті күшті радио мен теледидар атты кереметтердің өзі алмастыра алмайды. Радио мен теледидардың қызметіне негізінен өз тыңдаушылары мен көрермендерін күнделікті ақпарат жаңалықтарымен, кісінің  бос уақытында көңілін көтеруді көздейтін музыкалық, викториналық т.б эфирлік шоулармен қамтамасыз ету жатады. Сондықтан болашақта да фундаментальді білімнің бірден-бір көзі болып әртүрлі көркем әдебиет пен ғылыми еңбектерден, оқулықтар мен сөздіктерден құралатын кітап әлемі болып қала бермек. Ал XXI ғасыр білім мен ғылымның, өнердің, жаңа технологиялардың ғасыры деп айтсақ, бұл да кітап рыногының болашағы зор екеніндігінің тағы бір бұлтартпас дәлелі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Осы   екі  сөз  баспа  ісінің,  кітап  ісінің  пайда  болуынан   бастап,  даму  тарихына  дейінгі  қоғамдағы  рөлінің  маңыздылығын  анықтап  беріп  отыр.  Баспа  ісі  оның  ішінде  кітап  шығару  ісі  қай  қоғамның  да,   қай  мемлекеттің  де  ең  өзекті  салаларының  бірі.  Рухани  ойдың  дамуына,  адам  санасының  өсуіне,  әртүрлі  ақпараттармен  толысуына ықпал  ететін кітап   болса,  кітап  ісі  кез  келген   уақытта  көзден  таса қалдыруға  болмайтын,  асқан  жүктілікті  қажет ететін  жұмыс.

Біздің  бүгінгі  бітіру   жұмысымызға  арқау   болып отырған  осы  кітап  ісі.  Қазіргі  қазақ  кітап  ісінің  проблемалары  мен  ізденістері.  Тарихи  кезеңнің  қай  тұсында  болсын  маңызды  салаға  жатқызылатын  баспа  ісінің   тізгінін  өз  қолына  алған  мемлекеттер  үшін  маңыздылығы  өте зор.  Осы  тұрғыда  біздің  еліміздің  де  қолға  алар,  жіті  қадағалар  мекемесі,  кәсіпорны,  осы  кітап  шығаруды  жүзеге  асыратын  тиісті  орындар  болып  отыр.

Қазіргі  қазақ  кітап ісінің  даму  деңгейін  зерттеуді  біз  республикамыздағы  баспа  ісінің  жұмыстарын,  кітап  тарататын  дүкендердің  жұмыстарының  нәтижелеріне  сүйене  отырып  жүргіздік.

   Қазір  кітап  басу  ісі  алға  ілгерілеп  жылжып   барады.  Полиграфиялық  саладағы  жетістіктері  баспаның  деңгейін  арттырып,  халықаралық  жәрмеңкелерде  танылуына  жол   ашып  отыр.

Қазіргі  кітап  ісі  тәуелсіздік  алғалы  тәй – тәй  басып,  қаз – қаз  тұрып  келе  жатқан  ең  жас  саланың  бірі.  Кітап ісі  басынан  өте  қиын  күндерді  де  өткізді.  Дүкендердің  барлығы  дабылып,  орнына  түрлі  салондар  ашылып,  халық  ойын – сауыққа  бет  бұрған  секілденді.  Бірақ  ол  ұзақ  уақытқа  созылмасын  мінеки,  өмірдің  өзі  дәлелдеп  отыр.  Таңертеңнен  кешке  дейін  қаңырап  тұратын  автосолондар  мен  қымбат  мейрамханалардан  гөрі  қожайынға  су  болса  да  күнделікті  пайда  түсіріп  тұратын  бұрынғы  кітап  дүкендері  әлдеқайда  тиімді  емес пе?  Саудагерлер  қазір  мұны  түсінді,  соның  дәлелі  ретінде  соңғы  кезде  Алматы  секілді  ірі  қалалардағы  орталық  көшелердің  бүгін ана  жерінен,  ертең  ана  жерінен  кітап,  оқулық,  кеңсе  тауарларын  сататын  жекеменшік  дүкендер  қайта  ашыла   бастады.  Өте  қуанышты  жайт. Әрине  бүгінгі  тарату  ұйымдарының  көбейгені  олардың  өз  кезегінде  кітаптың  бағасын  төмендетуге  итермелеп  отыратын  құбылыс  емес  пе?  Яғни,  бәсеке  бар  жерде тауар  да  тез  өтетін болады.  Бұл   кітап  бизнесінің  бірсаты  жоғарылай  түскенін  көрсетеді.  Жалпы  кітап  рыногы  елімізде  енді – енді  орнығып  келе  жатқандығы  жалған  емес.  Бірақ   болашағы  зор  болмақ..  Өйткені  іс  басына  жаңа  буынның   талапшыл  жастары  келіп жатыр.  

Қорыта   айтсақ,  бітіру  жұмысымыздың  бірінші  тарауын  жалпы  қазіргі  кітап  ісінің  тарихы  мен  алғышарттарын  айқындауға, кітап  бизнесі  және  кітап  нарығының  үлес  салмағын  таразылауға  бүгінгі  көзқарас  негізінде  тоқталдық.  Ал,  екінші  тарауда Қазіргі  қазақ  кітап  ісінің  жай  күйіне,  кітап  таралымына  қатысты  мәселелерді  ашып  көрсетіп,  жоғары  технологияға  негізделген  басылым  сапасы  деңгейінің  көрсеткішін  сипаттап,  кітап  таратудағы  ерекшеліктерін  баса  нығайтуға  қолымыздан  келгенше,  дәйекті  тұрғыдағы  сараптамаларға  тоқталдық.

“Кітап ,  егер  ол  нағыз  кітап  болса,  өзінен — өзі  таралмайды.  Нағыз  кітаптың  сыртқы  түрі  тіпті  супер мұқабасында  оның   мықтылығына  көзімізді  жеткізетіндей  сөздер  жазылғанына  қарамастан,  адамдарда  мұны  сатып  алып,  оқып  шығуға  құштарлық  сезімін  оятатындай   ештеңе  болмайды.

Нағыз  кітап  оның бағасын  түсінетін,  құрметтей  білетін  адамдардың  күш – жігерінің  арқасында  өтеді.

Бұл  сөздер  академик  жазушы,  Ғабит  Мүсіреповтың  “Таратпасаң  кітап  басып  керегі  не?”  деген  ойымен   сабақтас  екен.  Демек  кітап  ісінің  өзге  проблемаларын  шешуге  ықпал  ететін  кітаптардың  таралу  ауқымымен  жылдамдығы  бірінші  мәселе.  Қандай  жақсы  кітап  болмасын,  таралмаса  өз  құнын  жоғалтып  алады.  Бұл   әсіресе  бүгінгідей  нарық  заманының  қатаң  талабына  төтеп  беруді  қажет  ететін  іс.  Сондықтан  Қазақстанның  кітап   ісіне   мемлекетік  дәрежеде  мән  беруіміз  керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан.- 2009, 6- наурыз, 1-б.
  2. Елеукенов Ш.  Кітап тарихы.—Алматы: Санат, 1997.
  3. Патеев Ш. Қазақ баспасөзі қоғамды біріктіреді. – Алматы: Айқын.—2008, 9-сәуір, №64(1001)
  4. Елеукенов Ш.Р, Шалғынбаева Ж. Қазақ кітабының тарихынан: (Ежелгі дәуірден 1917 жылға дейін).—Алматы: Санат, 1999.—177

5.Елеукенов Ш.Р, Шалғынбаева Ж. Қазақ кітабының тарихынан: (Ежелгі дәуірден 1917 жылға дейін).—Алматы: Санат, 1999.—177

  1. Майлықұтова М. Қазақ кітабын қалай таратамыз? — Әдебиет айдыны. – 2008, 20-қаңтар
  2. Шаханов М. Ресейдің рухсыз кітаптар шапқыншылығы.—Ана тілі.—2007, 26-сәуір
  3. Сыздықов М.Көңіл көкжиегін кеңейтетеін кітап рухани ғана емес, ұлттық та байлығымыз.

9.Жұмабай М. Қазақ кітап оқымайды емес….— Ана тілі.—22-наурыз

  1. Шаханов М. Ресейдің рухсыз кітаптар шапқыншылығы.—Ана тілі.—2007, 26-сәуір
  2. Сатиева К. Скинхедтерге тосқауыл қажет. – Алматы: Айқын апта. – 2008, 3-наурыз, №60(997)
  3. Бағдәулетқызы Ә. Қала кітап оқи ма?—Алматы ақшамы.—2007, 10-маусым
  4. Мұқашева Б. Кітап бағасы сапасы мен мазмұнында.—Алматы ақшамы.—2001, 25-желтоқсан
  5. Сыздықов М.Көңіл көкжиегін кеңейтетеін кітап рухани ғана емес, ұлттық та байлығымыз
  6. Дүтпаева Н. Кітап неге оқылмайды: Себеп пен Салдар, Қазақ әдебиеті.—2009, 30-қаңтар
  7. Қожакеев Т. Таңдамалы шығармалар. КӨптомдық.7-том.—Алматы: ҚАЗақпарат, 2007.—346 бет.
  8. Майлықұтова М. Интернет жүйесінде кітап тарату ісінің көрінісі. ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы.—2006,№1(20)
  9. Өмірбеков Ж. ИНтернет ешқашан кітаптың орнын толтыра алмайды.—Айқын апта.—2007, 4 қазан

19.Қалас Жамалұлы «Кітап бала көзімен». «Жұлдыз» 2008ж.№4

  1. Черепахов М.С. Жанры советской газеты. – М. : Высш. школа, 1972. –

      298 с.

 21 Амандосов Т.С. Публицистика-дәуір үні. – Алматы: Қазақстан, 1974.

  1. Дархан Бейсенбекұлы. Қазақ баласы не оқып жүр «Қазақстан

      мұғалімі» 2007ж. № 24-25.

23.Ыдырысов Т. Баспасөз – өмір айнасы. – Алматы: Қазақстан, 1967. – 204

  1. Тоқболатов Қ.Кітап пен саудаға ерік беру керек.—Алматы ақшамы.—

     1997, 19- қараша

  1. Майлықұтова М. Интернет жүйесінде кітап тарату ісінің көрінісі.

     ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы.—2006,№1(20)

  1. zamana.kz baspahana htlm