АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазақстан Республикасындағы шаруа (фермер) қожалығының құқықтық жағдайы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

ОРТА АЗИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАРУА (ФЕРМЕР) ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

 

Алматы — 2009

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………..

 

1 ШАРУА (ФЕРМЕР)  ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ  ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ  ЖАЛПЫ  СИПАТТАМАСЫ

  • Шаруа (фермер) қожалығының түсінігі, оның белгілері ……………………..
  • Шаруа (фермер) қожалығының  негізгі  аграрлық кәсіпкерлікпен айналысудың ұйымдастыру  нысандары………………………………………………………

 

  1. ШАРУА (ФЕРМЕР) ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ  МҮЛІКТІК  КЕШЕНІНІҢ  ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІ
    • Шаруа (фермер) қожалығының  мүліктік  кешенінің  түсінігі  мен құрамы……………………………………………………………………………………………………..
    • Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу  үшін жерге құқығының түсінігі мен түрлері…………………………………………………………………………………………………..
    • Шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің құқықтарының жүзеге асыруы……………………………………………………………………………………………………..

 

  1. ШАРУА (ФЕРМЕР) ҚОЖАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚОРҒАУДЫҢ  ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛРІ
    • Шаруа (фермер) қожалықтарының  қызметін  мемлекеттік  қолдау…
    • Шаруа (фермер)   қожалығының қызметін   тоқтатудың  шарттары….

 

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………………..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ҚАЙНАР КӨЗДЕРДІҢ  ТІЗІМІ……………………………..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

К І Р І С П Е

 

         Еліміз тәуелсіздік алғалы бері, осы тәуелсіздіктің алуына куә болған азаматтар өмірінде көптеген өзгерістер болды. Өмір, идеялар, құндылықтар, формация – барлығы аяқ астынан аударылып түсті. Жеке меншік, азаматтық қоғам, жеке кәсіпкерлікті реттейтін азаматтық құқық “басын көтеріп”, терең тыныс алуға мүмкіншілік алды.

Жер – кез келген мемлекеттің байлғы, ол табиғаттың  өзі берген өндіріс құралы, онда  еңбектің қажетті алғышарттарының материалдық қуаты бар, нақты  бір құқықтық негіздерде жерге меншік және иелену құқығына ие болу сәйкесінше тиісті  құқықтар мен міндеттерді  тудырады, сондықтан да жер әртүрлі тарихи катаклизмдер кезінде әрқшан саясаткерлер мен қоғамның назарының орталығында  болды.[1]

 Жер  реформасының проблемалары Қазақстандағы агаралық сектордағы реформалармен тікелей  байланысты. Агаралық сектордағы реформаның басты  бағыттарының бірі агаралық өндірістің  бөлшегі  ретіндегі шаруа (фермер)  қожалақтарын дамыту  болып  табылады. 2003 жылғы статистикалық мәліметтерге жүгінсек, Қазақстанда 142 мыңға жуық шаруа  (фермер) қожалықтары  бар екен.   

Шаруа (фермер) қожалықтарының құрылуын және қызметін  реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы қазіргі кезде қалыптасу сатаысында жатыр. Осыған байланысты шаруа (фермер) қожалықтарының түсінігі, құрылу жағдайлары, мүліктік  кешені, ұйымдық-құқықтық нысанына байланысты заңнаманың мәселелері нақты анықталмаған.

     Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауында еліміздің аграрлық саясатының ертеңі туралы баяндады.   Биыл үш жылдық аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асыру аяқталады. Бiз елiмiздегi аграрлық бизнестi мемлекеттiк реттеу мен қолдау жүйесiн негізiнен қалыптастырдық. Үстіміздегі жылы ғана ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға республикалық бюджеттен 57,9 млрд. теңгеден аса қаржы бөлінеді. Бұл рекордтық сан.

      «Агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заң қабылдау қажет.

   Алдағы уақытта Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіруіміз, біз бұл мәселені талай мәрте талқылаған болатынбыз, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабылеттілігіне айрықша талаптар қоятын болады. Ендігі жерде ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру мен өңдеу саласында кластерлік бастамашылықты іске асыру арқылы аграрлық өндірісті индустрияландыруға айрықша назар аудару қажет деп санаймын. Жеке меншiк сектордың назарын нақ осыған аудару керек, сондай-ақ кредиттердi де, атап айтқанда, агроиндустриялық саясат арнасында осында тарту керек.[2]  Міне осы мақсаттарды  жүзеге асыруда шаруа  қожалықтар үлкен үлес қосуы   керек.  Бірақ олар бүгін осы  міндетті  атқар алады ма?

         Нарықтық экономикалық қатынастарға өту жағдайларында азаматтық қатынастардың жаңа субъектілерінің  түрлері пайда болу кезеңінде, олардың барлығын қорғау және қолдау  қажеттілігі туындады. Бұл міндет, әрине, жас мемлекетімізге жүктелді. Сондай жаңа буыны бекімеген субъектілердің  бірі шаруа (фермер) қожалықтары болып табылады.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында шаруа (фермер) қожалықтарының қызметін ұйымдастыру шұғыл баяулап кетті деуге болады. Ресми статистика бүгінгі күні шаруа (фермер) қожалықтарының нақты  даму динамикасын көрсете алмайды. Қазір барлық құрылған шаруа (фермер) қожалықтары, ең  оптимистік бағалауларды алғанда, ауыл шаруашылығының жалпы өндірісінің 3-4% ғана береді.

Шаруа (фермер) қожалықтарының қызмет етуінің теориясы мен практикасын анализдей келе осы жеке кәсіпкерлік құрылымның қызметінің тиімсіздігінің бірқатар себептерін анықтап өтуге болады.

Осындай  себептердің бастыларының бірі ауыл шаруашылық өнімге деген бағаның төмендігі болып табылады. Мысалы, сүттің бағасы көтерілгеннің орнына, түсіп барады. Ауыл шаруашылық өнімдернінің сатып алу бағасы жанар-жағар май бағасынан айтарлықтай төмен, сондықтан бұл шаруа (фермер) қожалықтарының қызметінің рентабельділігін төмендетеді.[3]

Табиғи-климаттық факторлердің өзгемелілігі (шұғыл континентальді климат) және осының тікелей  еңбек нәтижесіне әсер етуі, өнімді  өндіру  уақытының ұзақтылығы бұл шаруашылық түрін қаржыландыруды  қиындатады. Мысалы, суармалы егін егу дамымаған  аймақтарда  шаруалар банктерден миллиондап несие алып, оның “жерге көміп тастап”, табиғаттың шаруа еңбегіне оң көзімен қарауын тілеп отырады.

Шаруа (фермер) қожалықтарының  дамуына кедергі  болатын себептердің  біріне мал басының азаюын және осы саладағы кадрлердің аздығын атап өткен де  дұрыс.

Шаруа (фермер) қожалықтарының азаматтық құқықтық қатынастардың  тең  қатысушысы ретіндегі дамуына әрекет етуші факторлардың бірі заңнаманың дамымағандығы және мемлекет тарапынан болып отырғау қолдаудың көлемінің  аздығын айтқан жөн деп санаймын. Мемлекеттің қолдауынсыз шаруа (фермер) қожалықтарының  дамуы мүмкін емес.

Шаруа (фермер) қожалықтарының қызметінің  реттейтін арнайы  заңдар “Шаруа (фермер) қожалығы туралы” және “Жеке кәсіпкерлік туралы” заңдарының кейбір баптарының арасында қарама қайшылықтар бар. Айтар болсақ, ол шаруа (фермер) қожалығына заңнамамен берген анықтамасына да  байқалады. “Шаруа (фермер) қожалығы туралы”  заңына сәйкес “Адамдардың жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруы ауыл шаруашылығына арналған жерлерді ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен, сондай-ақ осы өнімді ұқсатумен және өткізумен тығыз байланысты отбасылық-еңбек бірлестігі шаруа (фермер) қожалығы деп танылады”. Бірақ бұл жерде шаруа (фермер) қожалығы отбасылық еңбек бірлестігі ме, әлде жай тікелей ауыл шаруашылық мақсатындағы желерде жұмыс  істейтін еңбек бірлестігі деген сауалдар туындайды.

Өзіміз білетіндей жаңа Жер кодексінің  қабылдануы және заңнамадағы соңғы өзгертулер шаруа (фермер) қожалықтарына жер учаскелерін бұрынғадай пайдалану құқығымен ғана емес, сонымен қатар жеке меншік құқығымен де  алуға  мүмкіндік беріп отыр. Осы кезде шаруа (фермер) қожалықтарының жаңа құқықтарын талдау қажеттілігі туындайды. Міне  осының  бәрі жұмыс тақырыбының өзектілігін көрсетеді.

 Жұмыстың  мақсаты келесідей  болып келеді:

  • шаруа (фермер) қожалықтарына қатысты заңнаманың даму тарихына көңіл бөле  отырып, шаруа (фермер) қожалықтарының түсінігіне, белгілеріне және олардық негізгі  аграрлық кәсіпкерлікпен айналысудың ұйымдастыру  нысандарына жалпы құқықтық түсініктеме беру, олардың арақатынасын талдау;
  • шаруа (фермер) қожалығының мүлкінің құқықтық режиміне түсінік беріп, оның жерге құқығының мазмұнының  құқықтың  аспектілерін талқылау;
  • шаруа (фермер) қожалығының мүшелерінің құқықтарының  жүзеге асыру  шарттарын айқындау;
  • шаруа (фермер) қожалығының қызметін мемлекеттік  қорғаудың кепілдіктері мен шектерін көрсету;
  • шаруа (фермер) қожалықтарының қызметін тоқтатудың ерекшеліктерін көрсету.

   Айта  кетер бір жағдай, шаруа (фермер) қожалықтарының  құқықтық табиғатын зерттейтін ареайы әдебиеттер, әсіресе  жаңа заңмаға сәйкес, өте  аз болып келеді. Сондықтан бұны тақырыпты терең  құқықтық зерттеу  қажеттілігін көрсететін мән-жайдың  бірі ретінде  қарастыру керек деп санаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ШАРУА (ФЕРМЕР) ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

 

1.1. Шаруа (фермер)  қожалығының түсінігі, оның белгілері

 

Азаматтардың  ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге  байланысты қызметі  әртүрлі  ұйымдық-құқықтық нысандарда жүзеге асырылады: акционерлік  қоғамдар, шаруашылық серіктестіктер, ауыл шаруашылық кооперативтер, шаруа (фермер) қожалықтары, жеке қосалқы шаруашылық және  тағы да  басқалар. Жер және агаралық реформалар жүргізу барысында ауыл шарушылық тауар  өндірушілерінің  құрамында  және құқықтық жағдайында  біршама өзгерістер болды. Осының нәтижесінде осы саладағы  жеке  сектор – шаруа (фермер) қожалықтарының пайда болуының алғышарттары жасалынды. Осыған байланысты  1990 жылы 21 мамырда “Қазақ КСР-дағы шаруа  қожалығы туралы” Қазақ КСР-ның Заңы, кейін 1998 жылы 31 наурызда “Шаруа (фермер) қожалығы туралы”  Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған болатын.

 Шаруа  (фермер) қожалықтарының  түсінігін берер алдында шаруа  (фермер) қожалықтарының Қазақстандағы даму тарихына  көз жүгіртіп өтейік.

Жалпы шаруа  (фермер) қожалықтарының  ауыл шаруашылық өндірісінің ұйымдық құқықтық нысаны  ретіндегі түсінігі алғаш рет Кеңес СРО және одақтық республикалардың 28 ақпан 1990 жылғы жер туралы заңнамалар Негіздерінде пайда  болды. Шаруа  (фермер) қожалықтары тек  қана жерге  деген ерекше  құқықтарға  ие  болғанда  ғана агроөндірістік сеторда жеке туелсіз ауыл шарушылығы тауарларын өндіру тетігі  бола  алады.  Жерлерді жалға беру 20-30 жылдардағы тыйым салудан кейін  7 сәуір 1989 жылы КСРО Жоғарғы  сотының Президиумы қабылдаған жарлықпен қайтадан заңдастырылған болатын. 90 жылдардың  басында қабылданған КСРО және  одақтық республикалар заңнамалар Негіздерімен жерге жалға алу  ғана емес, сонымен қоса жерді  өмір бойы  мұра  бойынша  иелену көзделеген болатын. Ал қазіргі  кездегі  нарықтық қатынастар дамуымен жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының жер кодексінде жерге  жеке меншік  құқығы белгіленді.

КСРО құлағаннан кейін жаңадан пайда  болған республикалардың заң шығарушылары шаруа (фермер) қожалықтарының құқықтық жағдайына  басқаша  қарауға әкелді.

Қазақстанда шаруа қожалақтары туралы республикалық заңнаманың жобасын жасауда шаруа қожалықтарының  ауыл шаруашылық өндірістің  дамуына қосатын үлесі, оның  құқықтық жағдайы, жерге деген құқығы,  шаруа қожалығында  жалдамалы  жұмыс күшін қолдану мәселелері, колхоздар мен совхоздардың  тағдырына  байланысты өткір пікірталастар болды.

Осы пікірталастардың нәтижесінде  1990 жылы мамыр айында Қазақ КСР-ның “Шаруа шаруашылығы туралы” заңы қабылданды (кейін атауы Қазақстан Республикасының “Шаруа қожалығы туралы” заңы деп өзгертілді), осы  заң шаруа  (фермер) қожалықтарын құрудың, қызмет етуінің және  қызметін тоқтатуының заңды  негізі  болды. Аталған заңмен шаруа  қожалықтарының  дамуының құқықтық негіздері және  оның  қызметінің қағидалары  белгіленді.

1990 жылғы  заңда шаруа  қожалықтарына жерді беру және өмір бойылық жерді  мұрагерлік құқықпен берудің  мәселелері регламенттелді. Біз білетіндей  кеңестік дәуірде жер тек  қана  мемлекеттің меншігіндегі объект болып саналаған. 16 қараша 1990 жылы  қабылданған Қазақстан Республикасының Жер кодексі азаматтарға жерді  беру  туралы  ережені  одан әрі  дамытты. Аталған кодекс Қазақстанда 5 жыл тұрған азаматтарға  жерді  өмір бойы  пайдалну құқығымен беруді қарастырды,  мемлекеттік  органдардың жер қатынастарын  реттеуге  байланысты өкілеттіктерін белгіледі, жер учаскелерін  пайдалануға берудің  тәртібін және жерді  иелену және  пайдалану құқығының  тоқтатылуының  негіздерін бекітті.

Шаруа  қожалықтарының  қызметін ұйымдастыруды одан әрі белсендендіру үшін Республика министрлер кеңесінің  3 желтоқсан 1991 жылы № 474 жылғы  қаулысымен Шаруа  қожалықтарын қолдау және дамыту  бағдарламасы бекітілген болатын. Аталған бағдарламада  шаруа  қожалықтарына  жер беру, оларды  қаржыландыру, несиелеу, материалдық-техникалық және  өндірістік  қаматамасыз ету  мәселелері  қарастырылды.

1991 жылы  маусымда  қабылданған Қазақстан Республикасының “Жекешелендіру туралы” заңы әртүрлі  меншік  нысандарының қалыптасуына жағдай  жасауға,  кәсіпкерлікті және бәсекелестікті дамытуға, нарықтық экономиканы  қалыптастыруға  бағытталған болатын.   1992 жылы жылы 14 қаңтарда қабылданған “Мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын жекешелендірудің ерекшеліктері  туралы” Қазақстан Республикасының заңы ауыл шарушылық кәсірпорындарын жекешелендіріп, оларды мемлекеттік шаруашылық жүргізудің  өзге  түрлеріне қайта  құру, соның  ішінде  шару  қожалықтарына  қайта  құрудың ерешеліктерін қарастырды. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 5 наурыздағы Жарлығымен бекітілген 1993-1995 жылдардағы Қазақстан Респуликасындағы жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы агроөндірістік  кешендегі жекешелендірудің  бір бағыты ретінде мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарын шаруа  қожалықтарына  қайта  құруды қарастырды.

Қазақстандағы жер реформаларының  одан әрі дамуына Қазақстан Республикасы Президентінің “Жер қатынастарын реттеудің кейбір мәселелері  туралы” 24 қаңтар 1994 жылғы және “Жер қатынастарын одан әрі  дамыту  туралы” 9 сәуір 1994 жылғы Жарлықтары ерекше  ырғақ берді, бұл нармативтік  құқықтық актілерге сәйкес азаматтар енді жерді өмір бойы мұрагерлік  негізінде  иеленуге ақылы түрде республика территориясында  тұру  уақытына қарамастан ала алатын болды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы  бөлім) бірінші  болып шаруа (фермер) қожалығы терминін енгізді  және оны заңды  тұлға  құрмай кәсіпкерлікті  іске  асырудың  бір  түрі  ретінде таныды.  21 мамыр 1990 жылғы Қазақ КСР-нің “Шаруа  қожалығы туралы”  заңының көптеген ережелері жаңа Азаматтық кодекске және өзге де  нормативтік  актілердің, әсіресе 22 желтоқсан 1995 жылғы қабылданған “Жер туралы” заңның талаптарына  сәйкес келмеген болатын.

Жоғарғы  айтылғанның  негізінде шаруа  (фермер) қожалықтары туралы заңнаманы қайта  қарай  қажеттілігі туындады. Осыған байланысты  бірқатар жаңа  нормативтік  құқықтық актілер  қабылданды, олар  Қазақстан Республикасының “Жеке кәсіпкерлік  туралы” 19 маусым 1997 жылғы және “Шаруа  (фермер) қожалықғы туралы” 31 наурыз 1998 жылғы заңдары  қабылданды.

Қазақстан Республикасының “Шаруа (фермер) қожалығы туралы” 31 наурыз 1998 жылғы заңы шаруа  (фермер) қожалығына “Адамдардың жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруы ауыл шаруашылығына арналған жерлерді ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен, сондай-ақ осы өнімді ұқсатумен және өткізумен тығыз байланысты отбасылық-еңбек бірлестігі шаруа (фермер) қожалығы деп танылады”  деген түсініктеме береді.

Заңнаманың осы түсініктемесін талдай  отырып, Л.К. Еркінбаева шаруа (фермер) қожалықтарының келесідей  белгілерін бөліп шығаруға болады дейді.[4]

Біріншіден, шаруа (фермер) қожалығы заңды тұлға құрмай  жеке кәсіпкерлікпен айналысудың  бір түрі  болып табылады. Әрекет етуші  заңнамаға сәйкес жеке  кәсіпкерлік  болып азаматтардың пайда  табуға бағытталған, азаматтардың  өздерінің мүлікіне негізделген және азаматтардың  өз атынан, өз тәуекеліне және өзінің  мүліктік  жауапкершілігіне негізделген белсенді  қызметі табылады. Яғни шаруа (фермер) қожалығының  субъектілері  болып заңды тұлға құрмай, заңды  тұлғаның белгілеріге ие емес кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке  азаматтар табылады. Шаруа (фермер) қожалығына осындай  құқықтық статус беру заңды  тұлға құрудың  шығындылығымен түсіндіріледі, мысалы құрылтай  құжаттарын дайындау, нақты  бір жарғылық қорды  толықтыру және заңды тұлғалар жеке  кәсіпкерлер  қарағанда  салықты  көп төлейді. Заң әдебиеттерінде көрсетілген субъектілердің  құқықтық статусіне  байланысты  даулар бар, мысалы  Ресей заңнамасына  бойынша олар заңды  тұлғалар болып саналады.

Екіншіден, заңнама шаруа  (фермер) қожалықтарының  негізгі  қызметі  ретінде   ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, осы өнімді ұқсату, өткізуді  бекітеді.  Сонымен қоса  көрсетілген қызмет түрлері ауыл шаруашылық мақсатындағы  жерлерде  жүзеге асырылады.

Менің  ойымша, занаманың мұндай  талаптары  өте  дұрыс. Ол біріншіден, жергілікті  атқарушы  органдарға осы талаптарды негізге  алып ауыл шаруашылығын жүзеге асыруға  жарамады жерлерді беруге міндеттейді, екіншіден, осы талаптың орындалуы іс жүзінде жердің нысаналы мақсатында орындалу қағидасын орындалуына өз септігін тигізеді.

Үшіншіден, шаруа  (фермер) қожалықтарының құқықтық статусінің бір ерекшелегі және өзгешелігі олар тек  жай жеке кәсіпкерліктің нысаны болып табылып қана қоймай, отбасылық-еңбек  бірлестігі болып табылады. Осыған сәйкес шаруа (фермер) қожалығының мүшесі болып ортақ шаруашылықты бірлесіп жүргізетін жұбайлар, балалар, асырап алынған балалар (қыздар), ата-аналар және басқа да жақын туыстар болып табылады. Осы тұлғаларды  шаруа (фермер) қожалығының мүшесі  ретінде тану үшін олардың туыстық қатынатары ғана емес, сонымен қоса жеке еңбегімен қатысуын да қосуымыз керек.  Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңның  бір кемшілігі онда  шаруа қожалығына  мүшелік жасының ең  төменгі  мөлшері көрсетілмейді. Өндірістік  кооператив мүшелері  де оған жеке  еңбегімен қатысады, осы белгісі  бойынша  шаруа (фермер) қожалығы өндіріс кооперативіне  ұқсас болып  келеді  деуге  де болады, “Шаруа (фермер) қожалығы туралы” заңға қарағанда “Өндірісітік кооператив туралы” заң кооперативке  қатысушылардың  төменгі  жасын 16 жас деп белгілейді. Осыған сәйкес аталаған заңға қажетті  өзгерістер енгізіп кету  керек. Біздің  заңнамаған қарағанда Ресейде шаруа (фермер) қожалығына  мүшеліктің  ең  төменгі  жасы  16 жас  деп белгіленген.

         Төртіншіден, шаруа  (фермер) қожалықтарын тек  қана жеке тұлғалар құра алады. Жаңа заңнамаға сәйкес шаруа (фермер) қожалығының  мүшесі болып шетел азаматтары  және  азаматтығы жоқ адамдар да  таныла алынады. Бірақ “Шаруа  (фермер) қожалығы туралы” заңның 4 бабы серіктестік басшысына  қатысты  императивті норманы  бекітіп кетеді, оған сәйкес “18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының іс-әрекетке қабілетті кез келген азаматы шаруа (фермер) қожалығының басшысы бола алады”.  Шаруа (фермер) қожалығының басшысы ұйымдармен, азаматтармен және мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста оның мүдделерін білдіреді және заңмен тыйым салынбаған азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асырады.  Ауырған немесе ұзақ уақыт орнында болмаған жағдайда шаруа (фермер) қожалығының басшысы шаруашылық мүшелерінің біріне өз қызметін атқаруға уәкілеттік бере алады. Шаруа (фермер) қожалығының басшысы ауысқан жағдайда оның мүшелері қожалықты тіркеген органға бұл туралы ортақ өтініш беріп хабарлайды. Құқық мұрагері атына жер туралы заңңарға сәйкес жер пайдалану құқығына мемлекеттік акт беріледі (“Шаруа  (фермер) қожалығы туралы” Заң, 1-бап).

         31 наурыз 1998 жылғы “Шаруа (фермер) қожалығы туралы” заңының 1-бабына 1-тармағына сәйкес “адамдардың жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруы ауыл шаруашылығына арналған жерлерді ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен, сондай-ақ осы өнімді ұқсатумен және өткізумен тығыз байланысты отбасылық-еңбек бірлестігі шаруа (фермер) қожалығы деп танылады”. Бірақ осы  заңның  1-бабыны, 3-тармағы шаруа (фермер) қожалығының ұйымдық-құқықтық нысаны  ретінде бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт негізінде, жалпы үлестік меншік базасында құрылатын жай серіктестікті көрсетеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 228-бабына  сәйкес “Жай серіктестік  бірлескен қызмет туралы  шарт негізінде құрылады. Бірлескен қызмет туралы  шарт (жай серіктестік  шарты) бойынша тараптар табыс табу немесе заңға  қайшы  келмейтін өзге  де  мақсатқа қол жеткізу  үшін бірлесіп  әрекет жасауға  міндеттенеді”. Көріп отырғанымыздай,  бұл түсініктемеде тараптардың  арасында отбасылық қатынастар болу  керек деп  көрсептеген, ал “Шаруа (фермер) қожалығы туралы” заң  беретін түсініктемеде шаруа (фермер) қожалығының  мүшелігі отбасылық мүшелік  қағидасына негізделген. Сәйкесінше аталған заңның 1-бабының 1-тармағы мен сол заңның 1-бабының 3-тармағының және Азаматтық кодекстік 228-баптары арасында  елеулі қайшылықтар бар.

Ғалымдардың  пікіріне келсек, Г.А.Волков “шаруа (фермер) қожалығының  отбасылық-еңбектік  белгісі оны басқа да  ауыл шаруашылық кооперативтерінен және  ауыл шаруашылығындағы  өзге  де кәсіпкерлік  қызмет  субъектілерінен айырады” дейді.[5]

Н.Н. Веденин “отбасы ғана шаруа  қожалығының ядросы болып табылады” деп қорытынды  жасайды.[6] Профессор К.А. Шайбековтің  ойынша “Отбасы мәселесі әдебиетте аз зерттелген. Отбасы негізінен  үш көзқарастан қарастырылады: демографиялық, рухани-тәрбиелік, мүліктік-құқықтық және шарушылық-экономикалық бірлік ретінде мүлдем зерттелмеген. Отбасылық факторге адамдық фактор секілді үлкен көңіл бөлу  керек”.[7]

Осы ойды жалғастыра келе Ю.Г.Басин “Шаруа қожалығының отбасылық белгісі мыналарда көрінеді:  мүшелер арасындағы тығыз байланыстар, мүдделердің  бөлінбейтіндігі,  қатынастардың терең сенімге  негізделуі”[8], -деп қорытынды  жасаған.

Жоғарыда айтылған пікірлерден шаруа (фермер) қожалықтарының  мүшелеге тікелей отбасылық қатынатарға негізделуі  керек. Бірақ олай  болса, заңнамадағы  қайшылықтарды жою қажеттілігін  көреміз.

С.П.Вареникова[9] шаруа (фермер) қожалықтарын агаралық кәсіпкерліктің жекелеген ұйымдық-құқықтық нысаны ретінде сипаттайтын негізгі  белгілеріне мыналарды  жатықызуға  болады дейді:

  • шаруа (фермер) қожалығы ауыл шаруашылық және онымен байланысты өзге де қызметті  жүзеге асыру  үшін құрылады және бұл жерде ауыл шаруашылық қызмет негізгі  қызмет түрі  болып табылады;
  • шаруа (фермер) қожалығы пайда табуға негізделген тек ауыл шаруашылық қызмет қана емес, сонымен қоса жеке кәсіпкерлікпен айналысуға  қажет құқық қабілеттігіне ие;
  • өз қызметін жүзеге асыруда, өндірістің бағытын, құрылымын және  көлемін анықтаудағы толық  экономикалық тәуелсіздік;
  • шаруа (фермер) қожалығының негізінде бірлескен ауыл шаруашылығын жүзеге асырушы адамдардың отбасы-туысқандық қатынастары жатыр, өйткені шаруа (фермер) қожалығының мүшелері болып жұбайлар, балалары, асырап алынған балалар, ата-аналар және өзге  туысқандар табылады;
  • шаруа (фермер) қожалығының қызметі көбінесе нақты бір шектерде  жалдамалы еңбек тартумен байланысты шаруа (фермер) отбасының жеке еңбегіне негізделеген;
  • шаруа (фермер) қожалығының құқық қабілеттілігі жерге құқықты мемлекеттік тіркеуден басталады;
  • шаруа (фермер) қожалығының мүлкінің құқықтық режимі өндіріс құралдаына және өзге де  мүлікке  қатысты  ортақ бірлескен меншік нормаларына бағынады; шаруа (фермер) қожалығының мүшелеренің  бірі одан шыққан кезде, шаруашылықтың  өндіріс құрал-жабдықтары бөлінуге жатпайды, қожалықтан шыққан адамның бұл мүлікке  ортақ меншіктегі өз үлесіне  сәйкес ақшалай  өтемақы  алуға құқықғы бар;
  • шаруа (фермер) қожалығы өз міндеттемелері бойынша  толық мүліктік  жауапкершілікте  болады және заңнамамен  өндіріп алынуға  мүмкін болатын барлық өзіне тиесілі мүлікпен жауап  береді;
  • шаруа (фермер) қожалығы өзіне тиесілі  мүлікпен  өзінің санауынша кез-келген әрекеттер жасай алады, сонымен қатар, мүлікті басқалардың  меншігіне беру, меншік  ие болып  қала отырып, пайдалану, иелену, билік ету құқықтарын басқа басқа адамдарға беруге, мүлікті кепілге  беруге  және  ол мүлікке  өзге де  билік етуге;
  • шаруа (фермер) қожалығының жеке және заңды  тұлғалармен қатынатары шарттық негіздерде  құрылады;
  • шаруа (фермер) қожалығын басқа тұлғаларға қатысты оның басшасы өкіл етеді, оның атына куәлік  беріледі және жер учаскесін беру  туралы жер актісі  ресімделеді немесе онымен жерді  жалға беру  шарты  жасалады;
  • шаруа (фермер) қожалығының қызметіне салықтарды есептеу, қоршаған ортаны  қорғау, заңнаманы бұзу жағдайын қаспағанда мемлекеттік, шаруашылық және  өзге  органдар мен ұйымдар, лауазымды  тұлғалар тарапынан   қол сұғуға жол берілмейді.

Қолданыстағы заңнама шаруа (фермер) қожалығының  құрылу  тәртібін анық белгілейді. Шаруа (фермер) қожалығы ерікті негізде құрылады және жер пайдалану құқығын мемлекеттік тіркеуден өткізген кезден бастап құрылды деп есептеледі. Кәсіпкерліктің өзге түрлерінен ерекшелігі шаруа қожалықтары өзін тіркеуден кейін емес, өзін жер пайдлану  құқықғын тіркеуден кейін әрекет  қабілеттілікке  ие  болды. Бұл шаруа (фермер) қожалықтарының жер пайдалану және жермен, соның  ішінде  ауыл шаруашылық жерлерді пайдаланып қызмет  жасауымен тікелей  байланысты.

Шаруа  (фермер) қожалықтарының жер пайдалану құқығын тіркеу  Қазақстан Республикасының Президентінің 25.12.1995 жылғы  “Жылжымайтын мүлікке құқықты және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік  тіркеу  туралы” заң күші бар жарлығымен реттеледі. Аталған заңның 1-бабының бірінші  тармағаына сәйкес мемленкеттік  тіркеу дегеніміз – тіркеуші  органның жылжымайтын мүлікке  меншік  құқығын және өзге құқықтарды, өзге де ауырпалықтарды есепке  алу  процедурасы.

Аталған заңның талаптарына сәйкес арыз беруші, яғни шаруа (фермер) қожалығы тіркеуші  органға келесідей  құжаттарды  тапсыруы  тиіс:

  • жер пайдалану құқығын тіркеу  туралы  өтініш;
  • жер пайдалану құқығын растайтын құжат;
  • тіркеу  үшін төленетін алымды төлегендігін растайтын құжат;
  • шаруа қожалығы мүшелерінің жеке  басын растайтын  құжаттар.

Жер учаскесіне ортақ меншікті  тіркеу  кезінде  тіркеу  туралы  өтінішке барлық меншік  иелері қол қояды және  барлығының жерге деген құқығын растайтын құжаттары  табысталады.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу  үшін құжаттарды  қабылдаудан бас тарту  тек оларды  мазмұны  мен құрамы  заң талаптарына сәйкес  келмегенде  ғана мүмкін (Жарлықтың 13-бабы). Жаңа  өзгерістерге  сәйкес  тіркеуші  орган тіркеу құжаттарын алғаннан кейін 5 күн үшінде тіркеуді  жүзеге асырады.

Жер учаскесіне деген құқықты  мемлекеттік  тіркеу қажет құжаттар 2 данада беріледі, біреуі түпнұсқа екіншісі көшірме болуы тиіс.  Тіркеу жүзеге асырылғаннан кейін түпнұсқалардың  барлығы құқық иеленушілерге  қайтарылады. Тіркеу  үшін құжаттарды  алған кезде  тіркеуші  орган құжаттардың  қабылданған күнін міндетті  түрде  белгілеуі  керек.

Шаруа  (фермер) қожалықтары мемлекеттік  тіркеуді  жеке  кәсіпкерлер ретінде жүзеге асырады. Ондай  тіркеудің  тәртібі Қазақстан Республикасының “Жеке кәсіпкерлік  туралы” Заңымен реттеледі. Аталмыш заңның 9-бабына сәйкес  ол келесідей  жүзеге асырылады.

Шаруа  (фермер) қожалықтарының мемлекеттік  тіркеуі келу сипатына  ие, яғни міндетті  емес сипатта. Шаруа (фермер) қожалығы азаматтардың тұрғылықты орны бойынша территориалдық салық органында  есепке алынады. Сонымен қоса шаруа  (фермер) қожалықтары міндетті  мемелкеттік  тіркеу шарттары да  заңда  көрсетіліп  кеткен, ол келесі жағдайда  мүмкін:

1) егер тұрақты сипатта жалдамалы  жұмысышылардың еңбегін пайдаланса;

2) егер шаруа  (фермер) қожалықтары кәсіпкерлік  қызметтен жеке тұлғаларға заң актілерімен белгіленген  салық салынатын жылдық жалпы табыстан асатын мөлшерде  табыстар алса.

Егер осындай  критерийлерге  сәйкес  келетін шаруа (фермер) қожалығы өз қызметін мемлекеттік  тіркеуден өтпей  жүзеге асырса, оның  қызметі  сот шешімен тоқтатылады.

Басқа жағдайларда мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болмауы шаруа (фермер) қожалығының қызметіне шектеу  бола  алмайды. Бірақ шаруа  (фермер) қожалықтарын тіркеудің практикалық маңызы  жоғары. Өйткені өз қызметін мемлекеттік тіркеусіз жүзеге асыратын шаруа (фермер) қожалығы мәмілелер жасаған кезде өзін кәсіпкермін атауға  құқығы жоқ.

Шаруа (фермер) қожалығын тіркеу  үшін қожалық төрағасы мемлекеттік  тіркеу  үшін салық органдарына қажетті құжаттардың  жиынтығын береді, олар:

1) белгіленген нысандағы өтініш, онда: мүшелердің аты-жөні,  туған жері және орны, жеке басын куәлендіретін құжаттар, тұрғылықты жері  көрсетілуі тиіс;

2) мемлекеттік  тіркеуге алымды төлегендігін растайтын құжат. 

 Қазақстан Республикасының Үкіметінің “Жеке кәсіпкелерді тіркеу үшін алынатын алым ставкасын және жеке кәсіпкерді мемлекеттік  тіркеу туралы  куәліктің нысанын бекіту  туралы” 6 желтоқсан 2001 жылғы №1586 қаулысына сәйкес шаруа  (фермер) қожалықтарын тіркеу  үшін алнатын алымның көлемі алымды төлеу кезінде төрт еселенген айылық есептік көрсеткішке тең болады.

Салық органдары шаруа  (фермер) қожалықтарын тіркеуді өтініш берілген күні жүзеге  асырады. Тіркеу нәтижесін белгіленген нысандағы жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжат беріледі.

Шаруа (фермер) қожалығы Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығының тең құқықтық өндірістік бірлігі болып табылады.           Шаруа (фермер) қожалығы өз қызметінің бағытын, өндірісінің құрылымы мен көлемдерін дербес айқындайды, өнімді өсіреді, ұқсатады және сатады, сондай-ақ шаруашылық жүргізумен байланысты басқа да мәселелерді шешеді.

Тақырыпты ашу  кезінде көңіл бөлетін бір  жағдай шаруа қожалығы және фермер қожалығы түсініктерінің арақатынасын анықтау. “Шаруа” және “фермер қожалықтары” арасында нақты  айырмашылықтар бар. Жалпы шаруа  (фермер) қожалықтары ортақ меншікке негізделген отбасы  кәсіпкерлігі нысанында жүзеге асырылады. Бір сөзбен айтқанда шаруа  қожалығы бір отбасымен құрылады.

Шаруа қожалықтарына  қарағанда фермер қожалықтары екі  нысанда жүзеге асырылады:

а) өзіндік кәсіпкерлік  нысанында, ол бір адаммен меншігіндегі мүлік негізінде  жүзеге асылады, яғни өзіндік  кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермер қожалығы;

б) бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт негізінде, жалпы үлестік меншік базасында жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығы, яғни онда кәсіпкерлік  қызмет ортақ үлестік  меншік негізінде  бірнеше адаммен немесе бірнеше отбасымен жүзеге асырылады.

Көріп отырғанымыздай шаруа  және фермер қожалықтарының арасында  айтарлықтай өзгешеліктер бар, бірақ қанша айтқанымен олардың құқықтық жағдайлары бірдей  болып келеді, олар бір тәртіппен құрылады, бірдей нысанда  қызмет етеді, бірдей  жеңілдіктерге ие, тек  қана құрамдарына  қатысты  өзгешеліктері  бар. Шаруа  (фермер) қожалықтарының ұйымдық құқықтық нысандары жайлы бітіру  жұмысының келесі бөлімінде толық айтылып кетпек.

Сонымен, Қазақстан Республикасында шаруа (фермер) қожалықтарының қалыптасуы, олардың  қызметін реттейтін заңнама  біршама уақыт ішінде  қалыптасып, өзгеріп, дамып, бүгінгі  күнгі  сипатына  келіп отыр. Шаруы (фермер) қожалығы болып жеке азаматтардың ауыл шаруашылық мақсатағы  жерлердеауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, ұқсату  және өткізумен баланысты қызметті  жүзеге асыратын және пада  табуға  бағытталған отбасылық-еңбек бірлестігі болып табылады. Ол жеке кәсіпкерлікті жүзеге асырудың  бір түрі  ретінде заңнамаға сәкес  құрылады және қызмет етеді.

 

1.2. Шаруа (фермер)  қожалығының  негізгі  аграрлық кәсіпкерлікпен айналысудың ұйымдастыру  нысандары

 

Қазақстан Республикасының 19 маусым 1997 жылғы “Жеке кәсіпкерлік  туралы” заңы азаматтардың  кәсіпкерлік қызметімен айналысудың екі  түрін бөліп көрсетеді, олар өзіндік кәсіпкерлік  және  азаматтардың бірлескен кәсіпкерлігі. Өзіндік кәсіпкерлік бір азаматтың   жеке меншігіндегі мүлік немесе өзге  мүлікті  пайдалану немесе билік  ету құқығы негізінде жүзеге асырылады. Бірлескен кәсіпкерлік азаматтардың тобының жеке меншігіндегі мүлік немесе өзге  мүлікті  пайдалану немесе билік  ету  құқығы негізінде жүзеге асырылады.

Жоғарыда  аталған заңның 4-бабына сәйкес бірлескен кәсіпкерлік ортақ бірлескен меншік  немесе ортақ үлесті меншік  негізінде  жүзеге асырылады. Ортақ бірлескен кәсіпкерлік ерлі–зайыптылардың ортақ меншігіне негізделген бірлескен кәсіпкерлік, шаруа (фермер) қожалығының немесе жекешелендірілген  тұрғын үйге ортақ бірлескен меншікке негізделген отбасылық кәсіпкерлік және  жай  серіктестік  нысандарында  жүзеге асырылады.

Жеке кәсіпкерлік  туралы  заң шаруа (фермер) қожалығын отбасылық кәсіпкерліктің бір нысаны деп қарай отырып, шаруа (фермер) қожалығының аграралық кәсіпкерлікпен айналасуының келесі нысандарын бөліп көрсеткен:

  • кәсіпкерлік қызмет бірлескен ортақ меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы;
  • өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермер қожалығы;
  • бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт негізінде, жалпы үлестік меншік базасында жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығы.

Жоғарыда көзделген тізім шаруа (фермер) қожалығының  ұйымдық-құқықтық нысандарының  шекті  тізімі  болып табылмайды, заңнамамен шаруа (фермер) қожалығының өзге де нысандары  көзделуі мүмкін деп белгіленген.

21 мамыр 1990 жылғы Қазақстан Ресубликасының “Шаруа қожалығы туралы”  Заңына қарағанда 31 наурыз 1998 жылғы Қазақстан Ресубликасының “Шаруа (фермер) қожалығы туралы Заңы қалыптасқан ортақ меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығына өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген және бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт негізінде, жалпы үлестік меншік базасында жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалықтарымен толықтырды.[10] Оны біз заңның атауына “фермер” сөзін қосуынан да  көре  аламыз.

Шаруа (фермер) қожалығының нысандарынан көретініміз кәсіпкерлік қызмет бірлескен ортақ меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік шаруа қожалығы нысанында  жүзеге асырылады. Ал өзіндік кәсіпкерлік және бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт негізінде, жалпы үлестік меншік базасында жай серіктестік нысанындағы кәсіпкерлік  фермер қожалығы негізінде  жүзеге асырылады.

Кәсіпкерлік  қызмет бірлескен ортақ меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығында іскерлік  айналымға жұбайлардың  бірі  түседі және  ол шаруа  қожалығы атынан әртүрлі  мәмілелер жасайды. Шаруа қожалығы атынан іскерлік  қатынастараға түсетін жұбайлардың бірі екіншісінің келісімімен қатынастарға түседі. Жұбайлардың бірінің  екіншісіне келісімі мемлекеттік  тіркеу кезінде белгіленеді, ал жеке кәсіпкерлік мемлекеттік  тіркеусіз жүзеге асырылған кезде ол келісім нотариалдық нысанда  кәуаландырылады. Егер іскерлік айналымға отбасы  атынан түсуге жұбайлардың бірінің нақты  анықталған келісімі  жоқ болса, іскерлік  айналымға  қатысушы  жұбайдың бірі кәсіпкерлікті өзіндік кәсіпкерлік  нысанында  жүзеге асырып жатыр деп танылады.

Кәсіпкерлік  қызмет бірлескен ортақ меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығында отбасы  мүшелерінің  құқықтары  тең  сипатта  болады. Кәсіпкерлік  қызмет бірлескен ортақ меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығындағы мүшелік күрделі  құқықтық қатынас болып келеді, онда еңбектік, басқарушылық, мүліктік  аспектілер жиылған және отбасылық-туыстық қатынастарға негізделеген.

Жер қатынастарының субъектісі  болып табылу үшін  шаруа  қожалығы құқық қабілеттігіне ие  болуы тиіс, яғни белгілі бір құқықтарға ие  болып, міндеттерді  атқара алу керек. Құқық қабілеттігімен қатар қатар шаруа  қожалығы өз әрекеттерімен  құқықтарға ие  болып міндеттерді  атқару үшін әрекет қабілеттегіне ие  болуы тиіс. Құқық қабілеттігі мен құқық субъектілігінің болуы шаруа қожалығының  құқық субъектілігін анықтайды.[11] Бұл ереже шаруа (фермер) қожалығының  басқа ұйымдық құқықтық нысандарына  да  қатысты  қолданылады.

Шаруа қожалығының құқық субъектілігі туралы  айта отыра адамның құқық қабілеттлігі мен әрекет қабілеттілігі туралы  айтуымыз керек, өткені нақты жер учаскесіне құқықты куәландіретін мемлекеттік акт азамат-шаруа қожалығы басшысына беріледі.

Кәсіпкерлік  қызмет бірлескен ортақ меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығының жер құқық субъектілігі туралы айтқан кезде ортақ құқық субъектілік  туралы  айтуымыз керек. Өйткені шаруа  қожалығының қызметінің негізін қалайтын жерге деген меншік құқығы немесе пайдалану құқығы шаруашылық мүшелерінің ортақ меншігінде болады.

Кәсіпкерлік  қызмет бірлескен ортақ меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығының мүлігі оның мүшелеріне ортақ бірлескен меншік  негізінде  тиесілі  болады.

Шаруа (фермер) қожалығының ұйымдық құқықтық нысанының келесі түрі өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермер қожалығы. Бұл жерде  енді  сөз шаруа  қожалығы емес фермер қожалығы туралы  болады.

Өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермер қожалығының кәсіпкерлік  қызмет бірлескен ортақ меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығынан айрмашылығы:

1) оның мүшелік  құрамында — өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермер қожалығы негізінен бір адамның еңбегіне негіделеді;

2) өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермер қожалығына жалдамалы еңбек күші  тартылуы мүмкін;

3) фермер қожалығы ортақ меншікке  негізделменегендіктен оның табысы тікелей өзіндік  кәсіпкерлікті  жүзеге асыратын фермерге тиесілі болады.

Шаруа (фермер) қожалығы өзіндік  жеке кәсіпкерлік  нысанында  жүзеге асырылған кезде фермер некеде  болып оның жұбайы кәсіпкер ретінде көрсетілмесе, кәсіпкерлік  қызметті  жүзеге асыру үшін екінші жұбайдың келісім қажет етілмейді. Ол  жұбайлардың  бірінің  тарапынан кәсіпкерлік  қызметпен айналысуға нақты  бір шектеулер жасауға мүмкіндік  берер еді.  Бірақ егер өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермер қожалығында некеде  тұратын азамат ерлі-зайыптылардың ортақ меншігіндегі мүлікті  пайдаланса, егер заң актілерімен, неке шертымен немесе ерлі-зайыптылардың арасындағы өзге де  келісіммен өзгеше көзделмесе, жұбайының ондай  падалануды  жүзеге асыруға келісімі қажет болады. Пайдалануға келісім беретін жұбайдың үлесіне қатысты болады. Айта кетер жағдайдай ондай келесім кәсіпкерлік  қызметпен айналысуға емес,  жұбайлардың  бірінің ортақ меншігіндегі үлесін пайлануға берген келісімі болып табылады. Егер кәсіпкер болып табылмайтын ерлі-зайыптылардың  бірі өз үлесін фермер қожалығы қызметіне пайдалануға өз келісімен бермесе ол сот алдында мүліктегі үлесін шығарып беру  туралы мәселе қоя алады.

Шаруа  (фермер) қожалықтары өз міндеттемелері  бойынша өндіріп алуға болмайтын мүлікті қоспағанда  өзіне тиесілі  барлық мүлікпен жауап  береді. Өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермер қожалығын жүзеге асырушы азамат өзіндегі өндіріліп алнатын барлық мүлкімен, сонымен қоса, ерлі-зайыптылардың ортақ меншігіндегі үлесімен де  жауап  береді.  Азамат өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермер қожалығын ерлі-зайыптылардың  ортақ меншігіндегі негізінде  жүзеге асырса, фермер қожалығы міндеттемелері үшін ерлі-зайыптылардың  ортақ мүлігінен де  өндіріліп алынуы  мүмкін.

Шаруа (фермер) қожалығын келісі ұйымдық-құқықтық нысаны бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт негізінде, жалпы үлестік меншік базасында жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығы болып табылады.

Егер өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермер қожалығы бірлескен ортақ меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығынан айырмашылығы оның  мүшелерінің құрамында және  жалдамалы  еңбек  күшін тартуда  болса, жай серіктестік  негізіндегі фермер қожалығы мүлдем өзгеше құқықтық нысан болып келеді[12], өйткені:

  • ол туыстық-отбасылық емес негізде жеке кәсіпкерлермен құрылады;
  • бірлескен қызмет туралы шартпен ресімделеді;
  • жай серіктестіктік мүлкі ортақ үлесті меншікте  болады;
  • шартта өзгеше көзделмесе, серіктестік қызметінен алынған табыс (пайда) оның  мүшелері  арасында олардың  ортақ мүліктегі  үлестеріне  пропорционалды  бөлінеді;
  • фермер қожалығының жалпы шығыстары мен шығындары серіктестіктің ортақ меншігімен жабылады, ол жеткіліскіз болғанда қалған шығында қатысушылардың арасында үлестеріне пропорционалды бөлінеді.

Жай серіктестік  нысанындағы феремер қожалығының қызметі  ҚР Азаматтың кодексінің 12-тарауымен реттеледі. Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік шарты) бойынша тараптар табыс табу немесе заңға қайшы келмейтін өзге де мақсатқа қол жеткізу үшін бірлескен әрекет жасауға міндеттенеді (АК-ның 228-бабының 1-тармағы).

Бірлескен қызмет туралы шарт және жай серіктестік ұғымдары өзара байланысты ұғымдар. Бұл ұғымдар 228-бапта әртүрлі жиынтықта берілген (ол, заң тұрғысьжан алғанда кейде дәл емес әрі тексерілмеген). Мысалы, бір жағдайда бірлескен қызмет туралы шартпен (жай серіктестікпен) жиынтықта, басқа жағдайда — бірлескен қызмет туралы шарт (жай серікгестіктің шарты), ал үшінші жағдайда — жай серіктестік бірлескен қызмет туралы шарт негізіңде құрылады деп баяндалған.

Бап «жай серіктестік» деп аталғандықтан жай және шаруашылық серіктестіктерінің арақатынасы туралы мәселе туындайды. Басты айырмашылық АК-ның 228-бабының 1-тармағында бекімін тапқан — жай серіктестік занды тұлға болып табылмайды.

Шаруашылық серіктестігі — коммерциялық ұйым больш табылатын занды тұлғаладың бір түрі.

Әсіресе жай серіктестік пен толық серіктестік арасында ұқсастық көп, себебі екі жағдайда да серіктестік құрған азаматгар, оның борышы бойынша өздерінің барлық мүліктерімен жауап береді. Бұлардың айырмашылығы соңда, бірінші жағдайда азаматтар занды тұлға құрмай-ақ қызметен айналысады, екінші жағдайда — занды тұлға құрады. Екінші жағдайда занды тұлға құқықтын азаматтық айналымдағы өзінше дербес субъектісі ретінде туыңдайды. Жай серіктестік құрғанда құқықтың жаңа дербес субьектісі туындамайды, ал қатысушылары ары қарай қатыса береді.[13]

Сол, заңды тұлға құрмайтын қызметке азаматтардың кәсіпкерлік қызметі негізделеді. Мысалы, Жеке кәсіпкерлік туралы заңда жеке кәсіпкерлік субъектілеріне занды тұлға құрмаған және заңды тұлға нышандары жоқ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады делінген (Заңның 1-бабының 2-тармағы).

Бірлескен қызмет туралы шарттың қатысушыларынын құқықтары мен міндеттері шарттың мазмұнын құрайды.

Қатысушылардьщ міндеттеріне мыналар жатады: мүліктік жарналар енгізу; серіктестіктің ортақ ісін жүргізуге қатысу.

Жай серіктестіктің қатысушыларының құқықтары мыналар: серіктестіктің ортақ істерін басқаруға және жүргізуге қатысу құқығы; ақпаратқа құқық; жай серіктестік қызметіне қатысуға құқықты басқаға беру құқығы және қатысудан бас тарту құқығы; ортақ мүлікке қатысты туыңдайтын, оның ішінде табыстан үлес алуға қүқық.

Өз мақсаттарына жету үшін бірлескен қызмет туралы шарттың қатысушылары ақшалай немесе басқа заттай не өз еңбегімен жарна енгізеді.

АК-ның 230-бабында серіктестіктің қатысушыларының жарналары туралы сөз болады. Жай серіктестіктің шаруашылық серіктестігінен айырмашылығы да осында. Заңды тұлға болып табылатын шаруашылық серіктестігінің қатысушылары салымдарын серіктестіктің жарғылық қорына қосады (59-бап).

Өндірістік кооператив мүшелерінің жарналары аталуы жағынан жақындау, олар кооператив мүшелерінщ мүліктік жарналары (пайлар) деп аталады (96-бапты қара). Кооперативте еңбекке қатысу міңдетті болып табылады, ал жай серіктестікте жарналарды еңбекке қатысу арқылы қосуға жол берілген.

Бірақ бұл сырттай ғана ұқсастық. Жай серіктестік нысанындағы фермер қожалығы мүлкінің құқықтық режимі бір жағынан, және занды тұлға мүлкі, екінші жағынан, әртүрлі болып келеді. Шаруашылық серіктестіктері мен кооперативтер, заңды тұлға ретіңде барлық мүліктің, оның ішінде қатысушылар салымдарының меншік иелері болып табылады. Жай серіктестік нысанындағы шарушылық серіктестікте, оған қатысушылар мүліктің меншік иелері болып қалады, мүлік оларға ортақ үлесті меншік құқығында тиесілі. Бұл, қатысушылар мүліктің өздері қосқан үлесінің ғана меншік иесі дегенді білдірмейді, себебі жарна ақшалай да, еңбек салымымен де енгізілуі мүмкін.

АК 230-бабында ақша және басқа мүлік жайында сөз болады. АК-ның 115-бабьша сәйкес мүлікке заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады.

Бұл нормаға түсініктеме беру тәртібінде еңбек салымына кәсіби білімді, дағды мен шеберлікті, сондай-ақ іскерлік беделді, іскерлік байланысты жатқызуға болады (РФ АК-ның 1042-бабы).[14]

Қатысушылардың әрқайсының салымдарын ақшалай бағалағанда тараптардың өзара келісімі керек. Әркімнің үлесінің мөлшері шарт бойынша салым мөлшеріне қарай анықталады.

Ортақ мүлікке салымдар қосудың мөлшері мен тәртібі бойынша қатысушылар келісімін бірлескен қызмет туралы шарттың елеулі талабы деп тану қажет (АК-ның 393-бабы).

Шарттың қатысушыларының ортақ іс жүргізуі серіктестік қатысушыларының міндеті де, құқығы да. Жалпы ереже бойынша, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың ортақ істер жүргізуі олардың ортақ келісімі бойынша жүзеге асырылады ( АК-тің 229-бабы).

Шығындар мен залалды фермер қожалығының барлық қатысушылары жабады, ол жалпы ереже. 231-бабы ортақ шығындар мен болатын залалдарды жабу тәртібін анықтауды қатысушылардың өздерінің құзырына қалдырған. Бірлескен қызмет туралы шартта мұндай тәртіп көзделмеген жағдайда ғана 231-бапта көзделген тәртіп күшіне кіреді.

Бұл жердегі басты қағида мынау: ортақ шығындар мен залалдар шартқа қатысушылардың ортақ мүлкі есебінен өтеледі, ал жетпей қалған сомалар осы мүліктегі олардын үлестеріне қарай бөлінеді. Бұл принцип ортақ меншік туралы нормаларда да қолданылады (АК-ның 215-бабы).

Жалпы шаруа  (фермер) қожалықтарының қандай ұйымдық-құқықтық нысаны болсын, олар заң алдында тең  деп саналады. Оның  қандай  бір нысанына болсын нақты  бір артықшылықтар бірілмейді.

Сонымен, Қазақстан Респуликасының  әрекет етуші  заңнамасы шаруа (фермер)  қожалығының  негізгі  аграрлық кәсіпкерлікпен айналысудың ұйымдастыру  нысандары ретінде кәсіпкерлік қызмет бірлескен ортақ меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы, өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермер қожалығын, бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт негізінде, жалпы үлестік меншік базасында жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығын бөліп көрсетеді.  Шаруа (фермер) қожалығының нысандарынан көретініміз кәсіпкерлік қызмет бірлескен ортақ меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік шаруа қожалығы нысанында  жүзеге асырылады. Ал өзіндік кәсіпкерлік және бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт негізінде, жалпы үлестік меншік базасында жай серіктестік нысанындағы кәсіпкерлік  фермер қожалығы негізінде  жүзеге асырылады.

 

 

  1. ШАРУА (ФЕРМЕР) ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ МҮЛІКТІК КЕШЕНІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІ

 

2.1. Шаруа (фермер)  қожалығының  мүліктік  кешенінің  түсінігі  мен құрамы

 

Шаруа (фермер) қожалығы бүгінгі күні Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығының тең құқылы өндірістік  бірлігі болып табылады. Шаруа (фермер) қожалығы өз қызметінің бағытын, өндірісінің құрылымы мен көлемдерін дербес айқындайды, өнімді өсіреді, ұқсатады және сатады, сондай-ақ шаруашылық жүргізумен байланысты басқа да мәселелерді шешеді. Сөз жоқ, шаруа (фермер) қожалығы нақты  бір қызметпен айналысуы үшін оған нақты  бір мүліктік  негіздер керек.

Шаруа (фермер) қожалығының мүліктік  кешенін шаруа (фермер) қожалығының  жүргізу  нысанына  байланысты оны құраған азамат және/немесе азаматтардың меншігіндегі немесе өзге де мүліктіктік құқыққа негізделеген мүліктер құрайды. 

ҚР АК шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің ортақ меншігінің құқықтық режимін анықтағанда шаруа және фермер шаруашылығының арасын сараламайды. Ол шаруа (фермер) қожалығының мүлкі, олардың арасындағы шартта өзгеше белгіленбегендіктен, бірлескен меншік құқығында оньщ мүшелеріне тиесілі болады деп белгілейді (АК-ның 224-бабының 1-тармағы).

Жоғарыда атап кеткендей кейінгі арнаулы заңнама біртұтас шаруа (фермер) қожалығы ұғымында оның үш негізгі формаларын бөліп алды. Жеке кәсіпкерлік туралы заң шаруа (фермер) қожалығының негізгі формалары деп, біріншіден, кәсіпкерлік қызмет бірлескен меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік формасында жүзеге асырылатын шаруа қожалығын; екіншіден, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермер шаруашылығын; үшіншіден, бірлескен қызмет туралы шартқа негізделген жай серіктестік формасында ұйымдасқан фермер шаруашылыгын таниды. (Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 8-бабы). Шаруа (фермер) қожалығының формаларын осылай бөлу 1998 жылғы 31 наурыздағы «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» Заңда да бар (Заңның 1-бабының 3-тармағы). Сонымен, шаруа (фермер) қожалығы шаруа қожалығының бір түріне, фермер қожалығының екі түріне бөлінген.

Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңның 4-бабына сәйкес “Шаруа (фермер) қожалығының мүлкі ортақ бірлескен немесе ортақ үлестік меншік құқығында оның мүшелеріне тиесілі болады”. Бұл ережемен келісуге болмайды. Осы бапқа сәйкес шаруа (фермер) қожалығының меншігіндегі мүлік оның  мүшелеріне ортақ бірлескен немесе ортақ үлесті меншік құқығында ғана болуы  мүмкін сияқты. Кәсіпкерлік  қызмет бірлескен меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік нысанында  шаруа (фермер) қожалығын жүзеге арасында оның  мүлігі мүшелерге ортақ бірлескен және бірлескен қызмет туралы шартқа негізделген жай серіктестік нысанында шаруа (фермер) қожалығын жүзеге асырғанда оның  мүлкі оның  мүшелеріне ортақ үлесті меншік құқығында болатынына күмән жоқ. Бірақ бұл ереже өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермер қожалығына қолданылады деп айта  алмаймыз, өйткені өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермер қожалығын бір азамат құрады және  онда ортақ меншіктің қандай да бір түрі  болуы  мүмкін емес.[15]

Шаруа (фермер) қожалығының мүліктік кешенінің құрамы заңнамада белгіленіп кетеді. Шаруа қожалығы мүшелерінің бірлескен меншігінде оның мүшелерінің ортақ қаражатына шаруашылық үшін сатып альшған жер учаскесіндегі екпелер, шаруашылық және өзге де қора-қопсы құрылыстары, мелиорациялық және басқа да құрылыстар, өнім беретін мал мен күш көлігі, құс, ауылшаруашылығы және өзге техника мен жабдықтар, көлік құралдары, құрал-сайман және басқа мүлік болады (АК-ның 224-бабының 2-тармағы және Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңының 4-бабыың 2-тармағы). Шаруа қожалығы жүргізілетін жер учаскесі, шаруашылық мүшелері мүлкінің маңызды құрамдас бөлігі болғанымен, олардың меншігінің құрамына кірмейді.

Шаруа қожалығы мүшелерінің бірлескен меншігі бір мақсат үшін — кәсіпкерлік қызмет түрінде шаруашылық жүргізу үшін құрылады. Бірақ, шаруа ауласындағы бірлескен меншіктің құрамына кірген мүлік, өз мақсатында пайдаланылмаса, бірлескен меншік болып қала береді. Тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізуге немесе ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуге арналмаған мүліктер, шаруа қожалығының мүшелері больш табылатын адамдардың қаражатына алынса да, ондай қожалық мүшелерінің бірлескен меншігіне жатпайды. Мысалы, бұл адамдарда жеке немесе ортақ меншігі құқығыына жиһаз, радиоаппаратура, тұрғын үй болуы мүмкін. Бірақ бұл заттар бұларға шаруа қожалығы мүшелерінің бірлескен меншігі құқығыңда емес, меншік құқығының өзге түрлерінің субъектілеріне тиесілі сияқты. Мысалы, ерлі-зайытылар — шаруа қожалығының мүшелерінде ерлі-зайыптылардың бірлескен меншігі ретінде тұрғын үй немесе өзге мүлік болуы мүмкін, бірақ олар ерлі-зайыпты болса да бұл мүліктер шаруа қожалығы мүшелерінің бірлескен меншігі бола алмайды.[16] Сондықтан да ортақ меншіктің сипатын оның құқықтық режимін анықтағаңца ескеру қажет. Және де, шаруа қожалығы мүшелерінің бірлескен меншігі туралы норманың диспозитивті екендігін ескерсек, мүшелердің келісімімен бұл меншіктің өзге құқықтық режимі белгіленуі мүмкін.

Шаруа қожалығында бірлескен меншіктің құқық субъектілері әрқашанда сол қожалықтың мүшелері — жеке тұлғалар болады. Шаруа (фермер) қожалығы, ҚР заңнамасына сәйкес, занды тұлға болуы мүмкін емес.

Шаруа қожалығы мүшелерінің шеңбері «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» Заңның 1-бабының 2-тармағында анықталған. Бұлар — ерлі-зайыптылар, олардың балалары, оның ішінде асырап алғандары, ата-анасы және ортақ шаруашылықты бірге жүргізуші жақын туыстары.

Шаруа қожалығы мүшелерінің бірлескен меншігін иелену, пайдалану және оған билік ету, негізінен, бірлескен меншіктегі мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету туралы жалпы ережеге бағынады. Бірақ мұнда шаруа қожалығының басшысын заңның бөліп қарауына байланысты бірқатар ерекшелік бар. Шаруа қожалығының басшысы жасы 18-ге толған ҚР азаматы болуға тиіс. Шаруа қожалығының басшысы басқа тұлғалармен және мемлекеттік органдармен қатынастарда оның мүддесін қорғайды, қожалық мүшелері атынан азаматтық-құқықтық мәмілелер жасайды («Шаруа (фермер) қожалығы туралы» Заңның 1-бабының 4-тармағы).

Егер шаруа қожалығының мүшелері ортақ мүлік үшін бірлескен емес, үлесті меншік режимін белгілесе, онда ортақ мүлікті иелену, пайдалану және оған билік жасау үлесті меншікті иелену, пайдалану және оған билік етудің АК-да белгіленген ережелері бойынша болады.

Шаруа қожалығы үшін маңызды бір мәселе — жемістердің, өнімдердің және шаруа қожалығы қызметінің нәтижесінде алынған өзге табыстардың құқықтық тағдыры, себебі қожалықтың өзі кәсіпкерлік құрылым болып табыс алу үшін құрылады. Бұл табыстар шаруа қожалығы мүшелерінің ортақ мүлкі деп танылады, олар мүшелердің өзара келісімі бойынша пайдаланылады (АК-ның 229-бабының 3-тармағы). Фермер қожалығындағы мүлікті меншіктеу мәселесі күрделірек. Біріншіден, бұл қожалықтың заң бөліп алған екі формасында мүліктің құқықтык, режимі әртүрлі, және ол шаруа қожалығындағы мүліктің құқықтық режиміне сәйкес келмейді. Жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермер қожалығында, әдетте, бірсубъектік меншіктің құқықтық режимі белгіленеді. Жай серіктестік формасында ұйымдастырылған фермер қожалығында ортақ үлесті түріндегі көпсубъектік меншіктің құқықтық режимі белгіленеді.

Екіншіден, фермер қожалығындағы меншіктің құқықтық режимін анықтауды «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» Заңның кейбір нормаларындағы қайшылықтар қиындатып отыр, ол бір жағынан «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңға ілесе шаруа (фермер) қожалығының формалары ретінде аталған үш форманы бөліп алады. Екінші жағынан, ол, шаруа (фермер) қожалығын, ауыл шаруашылығына арналған жерді пайдалана отырып жеке кәсіпкерлікті жүзеге асырушы адамдардың отбасы-еңбек бірлестігі деп санайды, бірақ бұл анықтамада ол шаруа және фермер қожалықтары арасына саралау жасамайды және қожалық мүшелерішң шеңберін тек ерлі-зайыптылармен жөне жақын туыстармен шектейді. (Заңның 1-бабының 1 және 2-баптары).

Ал, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермер қожалығы, мүлде, тіптен отбасы еңбек бірлестігі емес. Сондықтан да ол отбасы-еңбек бірлестігі ретінде фермер қожалығы мүшелерінің ортақ меншігіне ие болмайды және бола алмайды да, «Жеке көсіпкерлік туралы» Заңға сәйкес жеке кәсіпкерлікті, бірлескенге қарағанда, бір азаматтың өзі, өзіне меншік құқығында тиесілі мүлік базасында, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге құқық негізінде жүзеге асырады (Заңның 3-бабының 2-тармағы).

Бірлескен қызмет туралы шарт негізінде серіктестік формасында ұйымдастырылған фермер қожалығын да отбасы-еңбек бірлестігі деп қарастыруға болмайды. Жай серіктестік АК-ның 12 тарауында реттемеленген, ол бұл серіктестіктің қатысушыларын бір отбасы мүшелерінің шеңберімен шектемейді. Олар туыстық қатынаста тұрмайтын адамдар да болуы мүмкін. Жай серіктестік оның мүшелерінің ортақ үлесті меншігі базасында жұмыс істейді, ол меншікті мүшелер бірлескен меншікке өзгерте алмайды, себебі бұл меншік заң құжаттарында тікелей көзделген реттерде ғана туындайды. Фермер қожалығының үлесті меншігін иемдену, пайдалану және оған билік ету АК-ның үлесті меншік туралы жалпы ережесіне бағынады.

Бұл айтылғандарды ескерсек, АК-ның шаруа (фермер) қожалығының меншігі туралы нормалары түзетуді қажет етеді, себебі олар осындай формадағы фермер қожалығына емес, шаруа қожалығына есептелген. Түзетуді, жоғарыда аталғандай, «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» Заң нормалары да қажет етеді.

Заңнама шаруа (фермер) қожалығындағы мүлікті ол тоқтаған жағдайда бөлуді ерекше реттемелейді. Бөлу тәртібі, негізінен АК-ның мүлікті ортақ меншік құрамынан бөлу және еншілеу туралы жалпы ережелеріне сәйкес келеді. Бірақ өндіріс құралдары шаруа қожалығы мүшелерінің біреуі шыққанда еншілеуге жатпайды, ол шыққан соған шамалас ақшалай өтем алуға құқылы. Бұл шаруа (фермер) қожалығының одан ары қарай  қызмет  ете беруінің негізді  кепілі  болып табылады.

Қысқаша айтқанда қаруа (фермер) қожалығының мүліктік  кешені дегенде қожалықтың  меншік  құқығындағы мүліктерді  айтуысыз керек. Оның  құрамына қожалық мүшелерінің меншігіндегі жер учаскесіндегі екпелер, шаруашылыққа арналған және өзге  де қора-қопсылар, мелиорациялық және басқа да  құрылыстар, өнім  беретін және жұмысқа жегілетін мал, құс, ауыл шаруашылығына арналған  және  өзге  де техника мен жабдықтар, көлік  құралдары, керек жарақтар және қожалық үшін оның  мүшелерінің ортақ қаражатына сатып алынған басқа да мүлік кіреді.

 

2.2. Шаруа (фермер)  қожалығын жүргізу  үшін жерге құқығының түсінігі мен түрлері

 

Жер  құқық қатынастарының объектісі  ретінде әртүрлі түсініктерде  сипатталады.  Бір жағдайда ол мемлекеттік және  меншік  объектісі боса, екінші  жағдайда ол пайдалану  құқығының объектісі болып келеді. Осыған сәйкес жер пайдалану  процесінде екі  топтағы жер қатынастары пайда  болады: біріншіден, Қазақтсан Республикасы территориясы шегіндегі жерлерге меншік  құқығына байланысты қатнастары, екіншіден жерді пайдалануға байланысты  туындайтын құқықтық қатынастар.[17] 

20 маусым 2003 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының жер кодексі және “Жер қатынастарына байланысты кейбір Қазақстан Республикасының заң актілеріне өзгерістер мен толықтырылулар  енгізу туралы” 29 желтоқсан 2003 жылғы заңы шаруа (фермер) қожалығының  жерге құқығын түбірімен өзгертті  десек болады.

Жоғарыда айтылған нормативтік  құқықтық актілерге сәйкес жер учаскелері шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншік құқығымен немесе өтеулі уақытша жер пайдалану қүқығымен 49 жылға дейінгі мерзімге, ал шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу үшін (маусымдық жайылым) уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен ҚР Жер кодесі және Қазақстан Республикасының “Шаруа (фермер) қожалығы туралы” заңына сәйкес беріледі. Жер учаскесін шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін алуға басым құқықты жеке еңбегімен қатысу негізінде шаруашылық жүргізетін, арнаулы ауыл шаруашылығы білімі мен біліктілігі бар, ауыл шаруашылығында іс жүзіндегі жұмыс тәжірибесі бар және осы ауданда, қалада, ауылда (селода), кентте тұратын азаматтар пайдаланады.

Айтылғанды түйіндей келе шаруа (фермер)  қожалығын жүргізу  үшін жерге құқығының былай сипаттауға болады:

  • жер учаскелері шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі;
  • жер учаскелері шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жеке меншік құқығымен берілуі мүмкін;
  • жер учаскелері шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін өтеулі өтеулі уақытша жер пайдалану құқығымен 49 жылға дейнгі мерзімге дейін дейін берлуі мүмкін;
  • шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу үшін (маусымдық жайылым) уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен берілуі мүмкін;
  • жер учаскесін шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін алуға басым құқықты жеке еңбегімен қатысу негізінде шаруашылық жүргізетін, арнаулы ауыл шаруашылығы білімі мен біліктілігі бар, ауыл шаруашылығында іс жүзіндегі жұмыс тәжірибесі бар және осы ауданда, қалада, ауылда (селода), кентте тұратын азаматтар пайдаланады.

 Жер пайдалану  құқығы әртүрлі мәнде  қарастырылады. Субъективтік мағынада жер пайдалану құқығы мемлекет меншігіндегі  жерді мемлекеттің азаматқа пайдалану және иелену құқығымен беруін айтады. Осындай құқық негізінде азаматтар мемлекет  қолдауы негізінде жерді  пайдаланады және оған иелік  етеді.[18]

Жер пайдалану құқығы жерді пайдалану  және қорғауға байланысты құқықтық қатынастарды қамтитын нормалардан тұратын жер құқығының институты  ретінде сипатталады.[19]

Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу азаматтардың  жер пайдалану құқығы  жалпы  азаматтардың жер пайдалану институтының  бөлшегі  ретінде мемлекет бекіткен және  мемлекет меншігінде болатын жер учаскесін иелену және пайдалануды реттейтін құқықтық нормалардың  жиынтығы болып саналады.

Жер пайдалануға байланысты  шаруа (фермер) қожалығының құқықтары қаншалықты  кең  болғанымен ол мемлекетке жерден нақты  бір пайда табуға кедергі жасамайды. Мемлекет жерден ол жер кімнің  иелегінде  болғанынан қарамастан пайда  ала алады. Ондай  пада  алу  кезінде кез келген экономикалық тәсілдерді  қолдана алады.

Мемлекет жерді шаруа (фермер) қожалығына пайдалануға берген кезде, тек  жерден пайда  алу құқығын береді. В.К.Григорьевтің ойынша “пайдалану құқығы меншік құқығының бір бөлшегі ретінде  жеке беріледі”.[20] Осы пікірмен келісе отырып Л.А. Кусаинова мемлекет жерді  шаруа (фермер) қожалығына  пайдалануға бере отырып, егер жер өзіне  нақты  бір мақсаттараға қажет болса, егер жер нысаналы  мақсатында  пайдаланбаса немесе жерді  пайдалануды  реттейтін заңнаманы бұзылса, жерді қайта  алып қоя алады  дейді.[21]

Қазақстан Республикасының  Жер кодексіне сәйкес шаруа (фермер) қожалығының жер пайдалану  құқығы:

  • жер пайдалану құқығын табыстау;
  • жер пайдалану құқығын беру;
  • жер пайдалану құқығының  әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен  ауысуы (мұраға алу) арқылы туындайды.

Шаруа (фермер) қожалығына жерді  пайдалануға табыстау тікелей  мемлекет жүзеге асыруымен жүреді.

Жер пайдалану  құқығын шаруа (фермер) қожалығына беру дегеніміз бір жер пайдаланушының өзінің жер пайдалану  құқығын басқаға беруін білдіреді. Жер  пайдалану  құқығының  әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен  ауысуы құқық мирасқорында жер пайдалану  құқығын заң  бойынша мұраға алған кезде пайда  болады.

 Шаруа (фермер) қожалығының жер пайдалану құқығын табыстау, беру және оның  ауысуы жер учаскесінің нысаналы мақсаты ескеріле отырып жүзеге асырылуы тиіс.

Жер пайдалану  құқығы:

  • мемлекеттік органдар актілерінің;
  • азаматтық-құқықтық мәмілелердің негізінде;
  • ҚазақстанРеспубликасының заңдарында көзделген өзге де негіздерде туындайды.

22 желтоқсан 1995 жылғы Қазақстан Республикасының “Жер туралы” заң күші бар Жарлығымен салыстырғанда 20 маусым 2003 жылғы Қазақастан Республикасының жер кодексі ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді шаруа  (фермер) қожалықтарына жеке меншікке  беруді қарастырды. Енді шаруа (фермер) қожалығының жүргізуші  азаматтар жерді  бұрынғыдай тұрақты  немесе уақытша тегін пайдалану құқығымен емес, сонымен қатар өздерінің  жеке меншік  құқығына алуға  мүмкіндіктері  пайда  болды.

Жер учаскесін жеке меншікке  беру – жермен байланысты  азаматтық-құқықтық мәміле  болыптабылады. Меншік  иесінің  бұл билік  ету  функциясы заңнамамен көрсетілген тәртіпте  жүзеге асырылады.[22]

Азаматтың жергілікті атқарушы органға берген өтініші және бөліп шығарылатын жер учаскесінің орналасқан жері туралы қоса берілген келісілген материалдар оған жер учаскесіне құқық беруге негіз болып табылады.

Шаруа (фермер) қожалығының  жүргізу  үшін ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскесін азаматтарға жеке меншікке берудің бір әкімшілік аудандағы (қаладағы) шекті (максималды) көлемі 22 қазан 2003 жылғы Қазақстан Республикасының Үкіметінің “Шаруа (фермер) қожалығының  жүргізу, Қазақстан Республикасының заңды  тұлғасын немесе оның  аффилийрленген тұлғасын ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің  Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде болуының, сонымен қатар шетел азаматтарында, азаматтығы жоқ адамдарда, шетелдік заңды  тұлғаларда тауарлық ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін пайдалану құқығында болудың бір әкімшілік аудандағы (қаладағы) шекті (максималды) көлемін бекіту  туралы” № 1071 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметімен облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана)  өкілді  және  атқарушы  органдардың  бірлескен ұсыныстары  негізінде белгіленеді.

Шаруа  (фермер) қожалығын жүргіземін деген азаматтарға жер жеке меншікке жер учаскесі орналасқан жер бойынша қалалық немесе аудандық атқарушы  органдарға берген өтініші  негізінде арнайы жер қорының жерінен және босалқы жерден беріледі. ­Өтініште:

  • жер учаскесін пайдаланудың мақсаты;
  • оның көлемдері;
  • орналасқан жері;
  • жер пайдалану түрі;
  • басқа жер учакесінің болуы немесе болмауы;
  • шаруа (фермер) қожалығының құрамы көрсітілуі тиіс.

Жер учаскесін жеке меншікке беру туралы өтінішке шаруа (фермер) қожалығының басшысы  мен оның  мүшелері  қол қояды.

Шаруа (фермер) қожалығының  жерге меншік құқығы:

  • меншік құқығын табыстау;
  • меншік құқығын беру;
  • жеке меншік құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен  ауысуы (мұраға алу) арқылы туындайды.

ҚР Жер кодексіне  сәйкес шаруа (фермер) қожалығын жүргізу  үшін жер учаскесіне жеке меншік  құқығының табысталуына мүдделі  азаматтар жер учаскесіне жеке меншік  құқығын жер учаскесінің  заңнамаға сәйкес анықталған  кадастрлық құнына тең бағамен сатып алуына немесе жер учаскесіне  меншік құқығын оның  кадастарлық  құнына қарай айқындалатын жеңілдікті  бағамен сатып алуына  болады.

Жерді  жеке меншікке жай бағамен немесе жеңілдікті  бағамен алудың  практикалық маңызы зор. Жер учаскесіне жеке меншік  құқығын жер учаскесінің  заңнамаға сәйкес анықталған  кадастарлық құнына тең бағамен сатып алған  тұлға жер учаскесімен Қазақстан Республикасының  заңнамасында тыйым  салынбаған  мәмілелердің  кез келген түрін жасауға  құқылы. Ал жер учаскесіне  меншік құқығын оның  кадастарлық  құнына қарай айқындалатын жеңілдікеті  бағамен сатып алған тұлға жер учаскесіне  меншік құқығы  мемлекеттік  тіркелген кезден басатап 10 жыл өткеннен кейін жер учаскесімен Қазақстан Республикасының  заңнамасында тыйым  салынбаған  мәмілелердің  кез келген түрін жасауға  құқылы.

Сонымен осы  бөлімнің қорытындысы  ретінде шаруа  (фермер) қожалықтарына  жер учаскесі жер учаскелері шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншік құқығымен немесе өтеулі уақытша жер пайдалану қүқығымен 49 жылға дейінгі мерзімге, ал шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу үшін (маусымдық жайылым) уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен беріледі деп айтамыз.

 

2.3. Шаруа (фермер)  қожалығы мүшелерінің құқықтарының  жүзеге асыруы

 

Қолданыстағы  заңнамаға сәйкес адамдардың жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруы ауыл шаруашылығына арналған жерлерді ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен, сондай-ақ осы өнімді ұқсатумен және өткізумен тығыз байланысты отбасылық-еңбек бірлестігі шаруа (фермер) қожалығы деп танылады. Заңды тұлға құрмай және зәңды тұлға белгілері болмаған жағдайда кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар шаруа (фермер) қожалығы субъектілері болып табылады.

ҚР “Шаруа (фермер) қожалығы туралы” Заңының 1 бабының 2-тармағына сәйкес шаруа (фермер) қожалығының мүшелері ортақ шаруашылықты бірлесіп жүргізетін жұбайлар, балалар, асырап алынған балалар (қыздар), ата-аналар және басқа да жақын туыстар болып табылады. Бап мазмұнын талдасақ шаруа (фермер) қожалығының мүшелері  арасында  отбасылық туыстық қатынастар болуы  керек. Жоғарыда  аталған баптың  2-тармағы мен 3-тарамағы арасында  қайшылықтар бар екекдігін жоғарыда  атап кеткенбі, өйткені өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермер қожалығын бір адам құрғандықтан онда  мүшелік жоқ, сәйкесінше мүшелер арасында отбасылық қатынастар жоқ, ал  бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт негізінде, жалпы үлестік меншік базасында жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығын мүлдем  араларында отбасылық қатынастары жоқ жеке кәсіпкерлер құрады, олардың  қосатын белгі – тек ортақ үлесті  меншік болып келеді. Сондықтан менің  ойымша, ҚР “Шаруа (фермер) қожалығы туралы” Заңының 1 бабындағы “отбасылық-еңбек бірлестігі” деген сөздерді “еңбек бірлестігі” деген сөздермен ауыстыру  керек сияқты.

Шаруа (фермер) қожалығының  мүшелері  ортақ бірлескен немесе ортақ үлесті  меншіктің  қатысушылары болады. Л Кусаинованың  айтуынаша, шаруа (фермер) қожалығының  мүшелерінің ортақ бірлескен меншігі ерлі-зайыптылардың ортақ меншігінен ажыратылады, өйткені шаруа (фермер) қожалығының  мүлкі өндірістік-шаруашылық мақсаттағы  мүлік  болып табылады және ол әрқашан ортақ меншікте  болады.[23]

         Шаруа (фермер) қожалығының мүшелерінің құқықтары  туралы  айтқан кезде  олардың  мүліктік  құқықтарын  айтуымыз керек. Шаруа (фермер) қожалығының  мүшелерінің немесе шаруа (фермер) қожалығының  жүргізу  азаматардың құқықтарын жүзеге асыруды ашу  үшін шаруа  (фермер) қожалықтарының ұйымдық құқықтық нысанына көңіл бөлуіміз керек.

Шаруа (фермер) қожалығының қандай  нысаны  болмасын оны  18 жасқа толған Қазақстан Республикасының  азаматы  басқарады. Шаруа (фермер) қожалығының  басшысы  қожалықты ұйымдармен, азаматтармен және  мемлекетттік органдармен қарым қатынаста оның  мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін білдіреді. Ауырған немесе ұзақ уақыт орнында болмаған жағдайда шаруа (фермер) қожалығының басшысы шаруашылық мүшелерінің біріне өз қызметін атқаруға уәкілеттік бере алады.

Кәсіпкерлік қызмет бірлескен ортақ меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы оның мүшелерінің ортақ бірлескен меншігіне  негізделеді. Заңға сәйкес шаруа (фермер) қожалығындағы мүшелердің үлесі  тең деп саналады, өйткені ол заңнамамен немесе шартпен нақты  үлестерге  бөлінбейді.

Кәсіпкерлік қызмет бірлескен ортақ меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы мүшелері егер олардың  арсындағы келісімде  өзгеше  көзделмесе, ортақ  мүлікті ортақ бірлесіп иеленеді және  пайдаланады. Ол деген кәсіпкерлік қызмет бірлескен ортақ меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығының мүшелері қожалық   меншігінде жер учаскесіндегі екпелерді, шаруашылыққа арналған және өзге де қора-қопсылар, мелиорациялық және басқа да құрылыстарды, өнім беретін және жұмысқа жегілетін малды, қусты, ауыл шаруашылығына арналған және өзге де техника мен жабдықгар, көлік құралдары, керек-жарақтар және қожалық үшін оның мүшелерінің ортақ қаражатына сатып алынған басқа да мүлікті ортақ бірлесіп иеленіп, қожалық қызметінің нәтижесінде алынған жемісті, өнімді және табысты шаруа (фермер) қожалығы мүшелері олардың арасындағы келісім бойынша пайдаланылады.

Отбасылық кәсіпкерлік нысанында  жүзеге асырылатын шаруа  қожалығы мүшелері  қожалық мүше мүшелерінің қайсысы мәміле  жасағанына қарамастан  бірлескен меншіктегі мүлікке билік  ету  барыл қмүшелердің  келісімі бойынша жүзеге асырылады.

Өзіндік  кәсіпкерлікті жүзеге асыруға  негізделген фермер қожалығын бір адам құрады сондықтан бұл жерде ортақ меншік туралы  сөз болмайды. Сондықтан шаруа (фермер) қожалығының мүлкін басқару, иелену және пайлану құқығын ешкімге  қарамай тікелей  өзі  жүзеге асырады.

Жалпы ережеге сәйкес өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермер қожалығын жүргізуші  азамат  ол фермер қожалығының басшысы болып табылады, фермер қожалығы атынан мәмілелер жасауға және жүмысқа жұмыскерлерді  алуға құқылы, бұл ретте жұмысшылар мен фермер қожалығы арасындағы қатынастар еңбек заңдарымен реттеледі.

Өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделеген фермер қожалығының қыземінің тижесінен алынған жеміс, өнім мен табыстың тағыдырына байланысты  да  заңнамада  қайшылықтар бар, мысалы ҚР “Шаруа (фермер) қожалығы туралы” Заңының 4 бабына сәйкес “шаруа (фермер) қожалығы қызметінің нәтижесінде алынған жемісі, өнім мен табыс шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің ортақ бірлескен немесе ортақ үлестік мүлкі болып табылады және олардың арасындағы келісім бойынша пайдаланылады” делінген, бірақ та ондай  жеміске, өнімге және табысқа  байланысты ортақ бірлескен де, үлесті де меншік құқығы пайда  болуы мүмкін емес, өйткені  ондай  жеміс, өнім және табыс феремер қожалығын бірден-бір және жалғыз жүргізуші  азаматтың  жеке меншігінде болады және оларды пайдалануда ол ешкімнің келісімін алмайды. Сондықтан осы  нормаларға байланысты Азаматтық кодекстің 224-бабының 3-тармағына және “Шаруа (фермер) қожалығы туралы” Заңының 4 бабына тиісті  өзгертулерді  енгізу керек.

Бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт негізінде, жалпы үлестік меншік базасында жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығының мүшелерінің құқықтарының жүзеге асырылуы өз нысандарға қарағанда  өзгеше болып  келеді. Оның  өзгешелігі жай серітестік  нысанындағы фермер қожалығының мүшелерінің оның  мүлкіне ортақ үлестік  құқығында жатыр.

Жай серіктестік  нысанындағы фермер қожалығының мүшесі оның қызметіне тікелей  қатысуға құқылы, қожалық қызметін жүргізу  мүшелердің жалпы келісімі бойынша жүзеге асырылады.

Бірлескен қызмет туралы  шарт негізіндегі фермер қожалығының мүлкі оның мүшелерінің үлесті мүлкінен құрылады. Обсалық кәсіпкерлік нысанындағы шаруа  қожылығына қарағанда  жай серіктестік мүшелерінің үлестері тең  болмауы мүмкін.Осыған сәйкес фермер қожалығы қызметінен  алынған жеміс, өнім және табыс қожалық мүшелері арасында олардың қожалықтағы мүліктік  үлесіне байланысты  бөлінеді. Сондықтан фермер қожалығы мүшелерінің қожалық қызметінің  жемісімен пайдалану құқықтары  барлықтарында  болғанымен, ондай  пайдаланудың көлемдері бірдей болмайды, яғни олардың үлестеріне сай  болады.

Шаруа (фермер) қожалығының мүшелерінің ерекше  құқықтарының  бірі шаруа (фермер) қожалығынан құқығы және шаруа (фермер) қожалығы таратылғанда одан үлесін алу құқығы болып саналады.

Шаруа (фермер) қожалығы мүшесі  кез келген кезде қожалықтан шығып, ондағы үлесін бөліп беруді  талап етуге құқылы. Шаруа (фермер) қожалығынан шығар алдында егер мүшенің  үлесі анықталмаған болмаса, оның қожалықтың  мүлкіндегі  үлесі анықталады.

Шаруа (фермер) қожалығынан шығу және одан өз үлесін алудың  бір ерекшелігі, ортақ меншіктің өзге  түрлеріне қарағанда қожалықтан оның  мүшелерінің бірі шыққан кезде, шаруашылықтың өндіріс құрал жабдықтары бөлінуге  жатпайды. Қожалықтан шыққан аддамның  бұл мүлікке меншіктегі өз үлесіне сәйкес ақшалай өтем алуға құқығы бар.

Шаруа (фермер)  қожалығы мүшелерінің құқықтарының  жүзеге асыруы шару (фермер) қожалығының ұйымдық құқықтық нысанына  байланысты, яғни ол шаруа қожалғы мүшесінің  қожалықтың  мүліктік  кешнін құрайтын мүлікке деген құқығының мазмұнымен анықталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ШАРУА (ФЕРМЕР) ҚОЖАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚОРҒАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕГІЗДЕРІ

 

3.1. Шаруа (фермер)  қожалықтарының қызметін  мемлекеттік  қолдау

 

Қазақстан Республикасының Конститутциясының 26-бабына сәйкес меншік құқығына және мұра  құқығына  заңнамамен кепілдік беріледі. Бұл ереже шаруа  (фермер) қожалықтарының жерге меншік және жер пайдалану  құқығына да  таралады. Құқықты қорғаудың мақсаты бұзылған немесе бұзылу қаупінде  тұрған құқықты  қалпына  келтіру. Осы  белгісімен ол меншікті  қорғаудан айырылады, өткені соңғысы әрдайым қорғауда  болады және меншік құқығының қамтамасыз етілуіне бағыталады.[24]

Қазақстан Республикасының  заңнамасымен шаруа  (фермер) қожалықтарының құқықтарын қорғаудың бірнеше  тәсілдерін бекітілген.

Біріншіден, шаруа (фермер) қожалығының  қызметіне мемлекеттің  араласуы шектелген. Мемлекеттік  органдар заңнамада көрсетілген кезден басқа кезде кез келген нысанда  шаруа  (фермер) қожалықтарының  қызметіне  араласуына  құқықтары жоқ.

Шаруа  (фермер) қожалықтарының қызметін ағымдағы тексеру уәкілетті  қадағалау  және бақылау  органдарымен, егер заңнамада  өзгеше көзделмесе, жылына бір мәрте  жүзеге асырылады, сонымен қоса  мұндай  тексерулер алдындағы  тексерулер бойынша  жасалған талаптарыды орындау  мақсатымен жүзеге асырылады.  Мұндай  шектеулер тексеру  нәтижелері бойынша  қылмыстық іс  қозғалаған кезде  қолданылмайды.

Бір мәртеден жиі бақылау мен қадағалауды  жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік  органдар жалақыны, зейнетақы төлеу, зейнетақымен қамтамасыз етуге байланысты Қазақстан Республикасының  заңдары белгілеген міндетті  мемлекеттік төлемдерді жүзеге асыру  фактілері  тексеріледі.

Екіншіден, бақылаушы  органдардың тексеру қорытындылары екі  жақты  актімен бекітілуі тиіс, онда ескертулер және оларды жою шаралары мен мерзімдері көрініс табады. Екі  жақта актіде нақты  бір келіспеу  фактілерін белгілеуге  құқылы.

Үшіншіден, мемлекеттік  органдар шаруа  (фермер) қожалықтарының  сұраулар бойынша кәсіпкерлік  қызмет жүргізуге байланысты әрекет етуші  заңнамаға түсініктеме береді, кеңестер және өзге мәліметтер  береді. Мемлекеттік  органдардың мұндай  мәліметтерді  беруден бас тартуға құқықтары жоқ.

Төртіншіден, шаруа  (фермер) қожалықтары жеке кәсіпкерліктің бір түрі  ретінде мемлекеттік органдарға тіркелу, жер алу, лицензия алу, мәліметтер алу және өзге де  мәселелер бойынша жүгінгенде, егер заңнамада тікелей  көзделмесе, ақша алымдары мен төлемдерді  төлемейді.

Бесіншіден, шаруа  (фермер) қожалықтарының  қызметіне  байланысты кез келген даулы  мәселелер тек  сот тәртібімен шешіледі.[25]

Жоғарыдан  көріп отырғанымыздай  шаруа  (фермер) қожалықтары мемлекет тарапынан біршама қорғауға ие, бірақ мемлекет шаруа  (фермер) қожалықтарынының құқықтарын қорғап қана қоймай, ауыл шаруашылық өндірісті  дамыту мақсатында шаруа  (фермер) қожалықтарының  қызметін мемлекеттік  қолдауды  жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен шаруа (фермер) қожалықтарының  қызметін қолдаудың біршама тәсілдері қарастырылған. Мысалы “Шаруа (фермер) қожалығы туралы” Заңнына сәйкес қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын және орта есеппен алғанда жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны алпыс мың мәрте есептік керсеткіштен аспайтын шаруа (фермер) қожалығына  келесідей жеңілдіктер көрсетілген:

  1. Табиғи монополист кәсіпорындардың қызметін монополияға қарсы реттеуді қолдана отырып, электр энергиясымен, жылумен, сумен жабдықтау жөнінде қосылатын қуаттар үшін ақы төлеуден заңдарда көзделген тәртіп пен жағдайда босатылады.
  2. Шаруа (фермер) қожалықтары мемлекет қатысатын екінші деңгейдегі банктерде ақы алынбай есептік шот ашады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Басқармасының  2 маусым 2000 жылғы №266 қаулысымен бекітілген “Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің  банктік  шоттарын ашу, жүргізу және жабу  тәртібі туралы” Инструкцияның 8-тармағының 5-тармақшасына сәйкес шаруа (фермер) қожалықтары ағымдағы және кореспонденттік шоттар ашу кезінде келесідей  құжаттарды тапсырады:

  • қолдар (подпись) және мөр үлгілері белгіленген құжат;
  • клиентті салықтық есепке алуды растайтын салық органдары берген құжаттың  көшірмесі;
  • уәкілетті берген органның мемлекеттік тіркеу (қайта  тіркеу) фактісін растайтын белгіленген нысандағы құжаттың  көшірмесі.
  1. Жеке кәсіпкерлер ретінде бухгалтерлік есептілікті  оңайлатылған тәртіппен береді.
  2. Шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мемлекеттік мұқтаждар үшін тапсырыстар орналастыру кезінде басым құқыкты пайдаланады.
  3. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық қолдау шеңберінде тиісті жылға арналған мемлекеттік бюджетте белгіленген шекте жеңілдікті жағдайларда статистикалық және ақпараттық қызмет (қаражат), сондай-ақ ғылыми-техникалық талдамалар мен технологиялар алады.
  4. Шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін көзделген қаражат есебінен кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ісін жүргізеді.
  5. Шаруа (фермер) қожалықтары жекелеген салық түрлерін есептеу мен төлеудің Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес оңайлатылған не жалпы белгіленген тәртібін қолдануға құқылы.

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 65-тауаына  сәйкес  шаруа (фермер) қожалықтарына қатысты арнайы  салық режимі  қолданылады. Салық кодексінің 378-бабына  сәйкес шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнайы  салық режиміне сәйкес олар бюджетпен есепті ерекше біркелкі жер салығы негізінде жүзеге асырылады. Арнай салық режимі шаруа (фермер) қожалықтарына  акцизді  тауарларды өндіру, ұқсату және өткізуді  қоспағанда, шаруа (фермер) қожалықтарының ауыл шаруашылық тауарларын өндіру, ұқсату және өткізуге қолданылады.[26]

Шаруа (фермер) қожалықтарына  арнайы салық режимін қолдану құқығы оларда меншік құқығында және/немесе жер пайдалану  құқығында жер учаскелері  болған кезде  беріледі.

Арнайы салық режимін қолдану үшін шаруа (фермер) қожалықтары 20 ақпанға дейін орналасқан жері бойынша салық органына белгіленген нысандағы өтінішті береді. Ондай өтінішті  бермеу жалпы тәртіп бойынша салық төлеумен келісу деп саналады. 20 ақпаннан кейін пайда болаған шаруа (фермер) қожалықтары кәсіпкерді мемлекеттік  тіркеу туралы куәлікті  алған күні арнайы  салық режимін қолдану  туралы өтінішті  береді.

Арнайы салық режимі негізінде біркелкі жер салығын төлейтін шаруа (фермер) қожалықтары  бюджетке  келесідей салықтарды  төлеуден босатылады:

  • шаруа (фермер) қожалығының табысына салынатын жеке табыс салығы;
  • қызмет жүзеге асыруға байланысты айналымға салынатын қосылған құн салығы;
  • шаруа (фермер) қожалығының қызметі байланысты жер учаскесіне жер салығы және жер учаскесін пайдалану үшін алымы;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметі белгіленген нормативтер шегінде транспорт салығы;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметі белгіленген нормативтер шегінде мүлік салығынан.

 Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитетінің 20 қыркүйек 2004 жылғы № НК-УМ-08-1-18/7605 хатына сәйкес шаруа (фермер) қожалықтарына олардың банктерге салынған салымдары бойынша сыйақылары табысты төлеу көзінен салық салуға жатпайды.

  1. Ауылшаруашылық өндірісіне инвестицияларды жүзеге асыратын және арнаулы салық режимін пайдаланбайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарында көзделген тәртіппен және жағдайларда инвестициялық преференциялар берілуі мүмкін.
  2. Мемлекет отаңдық шаруа (фермер) рыногын дамытумен қорғауға жәрдемдеседі.
  3. Шаруа (фермер) қожалықтарын дамытуды мемлекеттік қолдаудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі. Мысалы Қазақстан Республикасының Үкіметінің 12 ақпан 1998 жылғы “Шағын және орта бизнес, фермер қожалықтарын дамыту, жұмыс орындарын жасауды несиелеу  туралы” қаулысына сәйкес 100 миллион АҚШ долллары  бөлінген болатын.

Ауыл шарушылығынң дамуына инвестициялар құятын инвесторлардың ауыл шарушылығындағы инвестициялық қызметін  стимулдандыру  үшін тікелей инвестицияларды қолдау  туралы  заңнамада көрсетілген шарттар мен тәртіптерде жеңілдіктер мен преференциялар қолданылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының “Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау” 4 маусым 1992 жылғы Заңы және осы саладағы өзге  де  заң актілерімен шаруа (фермер) қожалықтарының қыметін мемлекеттік қорғау мен қолдаудың өзге де шаралары көрсетілуі мүмкін.

 

         3.2. Шаруа (фермер)  қожалығының қызметін тоқтатудың  шарттары

 

Жалпы  ереже  бойынша  шаруа (фермер) қожалықтарының қызметі ерікті  және ықтиярсы  түрде тоқтатылуы мүмкін. Шаруа (фермер) қожалықтары өзінің құқықтық табиғаты бойынша жеке кәсіпкерліктің  бір түрі болып табылады, сондықтан шаруа (фермер) қожалығының  қызметінің тоқтатылуы  Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 21-бабы, Қазақстан Республикасының “Банкроттық туралы” Заңы, Қазақстан Республикасының “Жеке кәсіпкерлік туралы” Заңының VI-VII-тараулары және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 22 желтоқсан 1997 жылғы қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылық ұйымдарына банкроттық процедурасын қолдану ерекшеліктері туралы Ереже талаптарына  сәйкес  жүзеге асырылады.

Шаруа (фермер) қожалықтарының  қызметі  ерікті түрде:

  • шаруа (фермер) қожалығында оның қызметін жалғастыратын бірде де бір адам қалмаса немесе мұрагер шаруашылық қызметін жалғастырудан бас тартса;
  • өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыру түріндегі фермер қожалығын жүргізуші фермердің жеке қабылдаған шешімі негізінде;
  • кәсіпкерлік қызмет бірлескен ортақ меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығының және бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт негізінде, жалпы үлестік меншік базасында жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығының  мүшелерінің жалпы қабылдаған шешімі негізінде, шешім, егер қатысушылар арасында өзге келісім болмаса, оған мүшелердің жартысы дауыс бергенде қабылданды  деп есептеледі;
  • өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыру түріндегі фермер қожалығын жүргізуші жеке кәсіпкер қайтыс болса немесе ол сот шешімімен әрекет қабілеттігі жоқ деп танылса;
  • отбасылық кәсіпкерлікке негізделген және жай серіктестік нысанында қызмет ететін шаруа (фермер) қожалығының  мүлкі ажырасуына немесе өзге де себепке сәйкес бөлінген жағдайда тоқтатылады.

Жоғарыда көрсетілген нысандар бойынша шаруа (фермер) қожалығының қызметі  мемлекеттік  тіркеу реестрінен алынып тасталған кезден бастап тоқтатылды деп есептеледі.  Көрсетілген негіздердің 4 және 5-не  сәйкес мемлекеттік  орган сотта тиісті  нысандағы талап арыз береді, осы негіздер бойынша сот шаруа (фермер) қожалығының  қызметнің тоқтатпай тоқтата тұру  туралы  шешім шығаруы  мүмкін.

Шаруа (фермер) қожалықтарының  қызметі ерікті  түрде  тоқтатылған кезде олардың міндеттемелеріне байланысты  несие  берушілері бір ай ішінде  міндетті  түрде  ол туралы хабарлануы тиіс.

Шаруа (фермер) қожалықтарының қызметі ерікті түрде  тоқтағанға қарағанда олардың қызметін ықтиярсыз тоқтату тәртібі күрделірек және қиын болып келеді болып келеді.

ҚР “Жеке кәсіпкерлік туралы” Заңының 33-бабының 3-тармағына сәйкес жеке кәсіпкер ретіндегі  шаруа (фермер) қожалығының  қызметі ықтиярсыз түрде сот шешімімен:

  • банкрот болған;
  • шаруа (фермер) қожалығын жеке кәсіпкер ретінде құру кезінде  заңдардың түзетүге  келмейтін сипатта  бұзылуына жол берілуәне байланысты оны тіркеу  жарамсыз деп танылған;
  • лицензия алмай қызмет етсе, егер ондай қызмет лицензиялауға жатса, немесе заң актілерімен тыйым салынған қызметпен айналысқан;
  • календарлық бір жыл ішінде заңнама бірнеше рет немесе заңнаманы өрескел бұзған;
  • заң актілерінде көзделеген өзге де жағдайда тоқтатылады.

Шаруа (фермер) қожалықтарының  қызметін ықтиярсыз тоқтату мемлекеттік бақылау  және  қадағалау органдарының сотқа  берген шешімі бойынша жүзеге аысрылады.

Көрсетілген негіздердің  ішінде шаруа (фермер) қожалығының  банкроттығына қатысты  ережелер  маңызды болып келеді, өйткені ол ерікті және  ықтиярсыз түрде де жүзеге асырылуы  мүмкін. Көп жағдайда шаруа (фермер) қожалықтарының қасақана банкроттық жағдайлары да  орын алып жатады. Сондықтан шаруа (фермер) қожалықтарына  қатысты  банкроттық процедурасын қарастырып кетейік.

Жалпы банкроттық – борышкердің сотшешімімен танылған  оны таратуға негіз болып табылатын дәрменсіздігі. Борышкердің-шаруа (фермер) қожалығының  ақшалай  міндеттемелері  бойынша несие  берушілер талаптарын қанағаттандыра алмауы, еңбек шарты  бойынша жұмыс  істейтін адамдармен еңбегіне  ақы ақы төлеу  жөнінде есеп айырыса  алмауы, сондай-ақ бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті  төлемдерді қамтамасыз ете алмайтын қабілетсіздігі оның дәрменсіздігі деп танылады.[27]

  Шаруа (фермер) қожалығын банкрот деп тану туралы арызды борышқор, оның кәсіпкерлік  қызметіне  байланысты  азаматтық-құқықтық міндеттемелері  бойынша несие  берушілер, бюджеттік және бюджеттік  емес қорларға төленетін төлемдері  бойынша салық және өзге де уәкілетті органдар беруге құқылы.

Шаруа (фермер) қожалығының төлем қабілеті болмағанда өзін банкрот деп тану  туралы  өтініші кәсіпкерлік  қызметін мемлекеттік тіркеу  жері  бойынша, ал тіркеусіз қызмет атқарғанда  қожалық мүшелері орналасқан жері бойынша  сотқа беріледі. Өтінішке шаруа (фермер) қожалығының  барлық мүшелері қол қояды және онда заңды  тұлғаларға арналған талаптар болуы тиіс. Несие берушінің шаруа (фермер) қожалығын дәрменсіздігіне байланысты банкрот деп тану туралы сотқа беретін арызы несие беруші-заңды тұлғаға қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Шаруа (фермер) қожалығының  банкроттығы туралы істі  қозғау  және жүргізу заңды тұлғаларға арналған тәртіппен келесідей  ерекшеліктер мен жүзеге асырылады:

  • банкроттық туралы істер несие берушілердің борышкерге қойған талап самасына қарамастан сотпен қарастырылады;
  • сот ұйғарымымен өзгеше көзделмесе банкроттық туралы іс  қозағлуына байланысты борышкердің  мүлкіне басқарушылық тағайындалмауы мүмкін;
  • банкроттық кезінде сотнесие берушінің мүдделерін қорғау мақсатында борышкер мүлкіне немесе оның ортақ мүліктегі үлесіне  тыйым  салады, егер борышкерлер міндеттемелерін орындаудың қамтамасыз ету  шаралары белгіленбесе;
  • борышкердің өтініші  бойынша  бітімгершілік келісімге келу  үшін істі қарауды  бір айға дейін кейінге қалдырады. Бітімгершілік шарты  азаматтық-процессуалдық заңнама талаптарына  сәйкес жасалады және оған келіспеген несие  берушілерге қолданылмайды;
  • шаруа (фермер) қожалығы несие берушілердің талаптарын қанағаттандырған не қанағаттандыру мүмкіндігін растайтын немесе бітімгершілік шартқа байланысты  дәлелдемелерді ұсынбаса сот шаруа (фермер) қожалығын банкрот деп тану туралы шешім шығарады;
  • борышкер-шаруа (фермер) қожалығына қатысты банкроттық іс қозғалуы басқа да сот ешеімдерін орындалуын тоқтатпайды;
  • шаруа (фермер) қожалығының мәмілелерін жарамсыз деп тану соттың өз бастамсымен немесе мүдделі тұлғалардың  өтініші негізінде, заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.[28]

Жалпы айтқанда, шаруа (фермер) қожалығының қызметінің тоқтату жеке  кәсіпкердің қызметін тоқату тәртібімен байланысты болып келеді. Яғни шаруа (фермер) қожалығы өз қызметінің жеке кәсіпкер ретінде ерікті  және ықтиярсыз түрде  жүзеге асырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы

 

Сонымен, бітіру  жұмысында ауыл шаруашылық өндірістің  жекелеген тетігі  ретіндегі шаруа (фермер) қожалығының құқықтың жағдайының мәселелері  қарастырылды.

Сөз жоқ, агаралық кәсіпкерліктің бір түрі  ретіндегі шаруа (фермер) қожалықтарының  дамуы республиканың агроөндірістік  экономикасының дамуына өз үлесін қосуы  керек. Бірақ қазіргі шындылықта шаруа (фермер) қожалықтарының ел экономика-сындағы үлесі мен орны  қандай,  ол аргоөндірістің қайнар бұлағы  бола алама? Жүзеге асырылған анализ бүгінгі күні шаруа (фермер) қожалықтарының  құқықтық мәртебесінің әлі  күнге  дейін бір ізділікке  келмегендігін көрсетіп отыр.

Шаруа (фермер) қожалықтарының  құқықтық мәртебесіне   қатысты  қолданыстағы заңнама ол тікелей  ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерде  ауыл шаруашылық өнімін өндіруге, ұқсатуға және өткізуге байланысты отбасылық-еңбектік қатысу негізінде жүзеге асырылатын жеке тұлғалардың кәсіпкерлік  қызметі деп жалпы түсініктеме береді.

Жоғарыда атап өткеніміздей шаруа (фермер) қожалықтары туралы заңнаманың өзінің баптарының  ішінде және оның өзге заң нормаларына сәйкес қайшылықтары бар. “Жеке кәсіпкерлік  туралы” заңның  8-бабы шаруа (фермер) қожалығына ауыл шарушылық тауарларын өндіру, ұқсату және өткізумен үшін ауыл шарушылық мақсатындағы жерлерді пайдалана  отырып жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын шаруашылықтың  түрі  деп баға береді. Ал, “Шаруа (фермер) қожалығы туралы” заңы шаруа  (фермер) қожалығына “Адамдардың жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруы ауыл шаруашылығына арналған жерлерді ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен, сондай-ақ осы өнімді ұқсатумен және өткізумен тығыз байланысты отбасылық-еңбек бірлестігі шаруа (фермер) қожалығы деп танылады” деп түсінік береді. Көріп отырғанымыздай, бірінші  заңға қарағанда соңғысында отбасылық-еңбек бірлестігі деген түсінік бар, бұл заңнама арасындағы қайшылықты көрсетеді. Сонымен қатар, егер “Шаруа (фермер) қожалығы туралы” заңын арнайы  заң деп қабылдап, шаруа (фермер) қожалығын отбасылық-еңбек бірлестігі деп танитын болсақ, онда да ол баптың  арасындағы қайшылықтарды  байқаймыз. Айтып кетсек, аталмыш заңның 1-бабының 3-бабымен таныссақ, ол шаруа (фермер) қожалығының:  кәсіпкерлік қызмет бірлескен ортақ меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы; өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермер қожалығы және бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт негізінде, жалпы үлестік меншік базасында жай серіктестік түрінде ұйымдастырылған фермер қожалығы сияқты нысандарын бөліп көрсетеді.

Өзіміз көріп отырғандай өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермер қожалығын бір адам жүргізеді, содықтан бұл жерде  отбасылық-еңбек бірлестігі туралы сөз болмайды. Ал бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт негізінде, жалпы үлестік меншік базасында жай серіктестік түрінде ұйымдастырылған фермер қожалығын мүлдем отбасылық қатынастарда тұрмайтын жеке кәсіпкерлер жүзеге асырылады. Яғни отбасылық-еңбек бірлестігі шаруа (фермер) қожалығының ұыймдық-құқықтық нысандарына сәйкес келмейді. Сәйкесінше заңнама тиісті өзгертулер енгізу қажеттілігін көреміз.

Қазақстан Республикасында шаруа (фермер) қожалықтарының қалыптасуы, олардың  қызметін реттейтін заңнама  біршама уақыт ішінде  қалыптасып, өзгеріп, дамып, бүгінгі  күнгі  сипатына  келіп отыр. Шаруы (фермер) қожалығы болып жеке азаматтардың ауыл шаруашылық мақсатағы  жерлердеауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, ұқсату  және өткізумен баланысты қызметті  жүзеге асыратын және пада  табуға  бағытталған отбасылық-еңбек бірлестігі болып табылады. Ол жеке кәсіпкерлікті жүзеге асырудың  бір түрі  ретінде заңнамаға сәкес  құрылады және қызмет етеді.

Қазақстан Респуликасының  әрекет етуші  заңнамасы шаруа (фермер)  қожалығының  негізгі  аграрлық кәсіпкерлікпен айналысудың ұйымдастыру  нысандары ретінде кәсіпкерлік қызмет бірлескен ортақ меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы, өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермер қожалығын, бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт негізінде, жалпы үлестік меншік базасында жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығын бөліп көрсетеді.  Шаруа (фермер) қожалығының нысандарынан көретініміз кәсіпкерлік қызмет бірлескен ортақ меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік шаруа қожалығы нысанында  жүзеге асырылады. Ал өзіндік кәсіпкерлік және бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт негізінде, жалпы үлестік меншік базасында жай серіктестік нысанындағы кәсіпкерлік  фермер қожалығы негізінде  жүзеге асырылады.

Жұмыста заңнама және  агаралық құқық саласындағы ғалымдарының еңбектері негізінде шаруа (фермер) қожалықтарының мүліктік  кешенінің құрылымына талдау жасалынды және шаруа (фермер) қожалықтарының  жер пайдалану  құқығының жер-құқықтық аспектілері  қарастырылды. Шаруа (фермер) қожалығының мүліктік  кешені дегенде қожалықтың  меншік  құқығындағы мүліктерді  айтуысыз керек. Оның  құрамына қожалық мүшелерінің меншігіндегі жер учаскесіндегі екпелер, шаруашылыққа арналған және өзге  де қора-қопсылар, мелиорациялық және басқа да  құрылыстар, өнім  беретін және жұмысқа жегілетін мал, құс, ауыл шаруашылығына арналған  және  өзге  де техника мен жабдықтар, көлік  құралдары, керек жарақтар және қожалық үшін оның  мүшелерінің ортақ қаражатына сатып алынған басқа да мүлік кіреді.

Жалпы  шаруа (фермер) қожалығы экономикалық пайдалылық қағидасы негізінде қызмет ететін кәсіпкерліктің нысаны болып табылады. Шаруа (фермер) қожалығы жерге деген құқығының  субъектілері болып оның  басшысы мен мүшелері  табылады.

Шаруа (фермер)  қожалығы мүшелерінің құқықтарының  жүзеге асыруы шару (фермер) қожалығының ұйымдық құқықтық нысанына  байланысты, яғни ол шаруа қожалғы мүшесінің  қожалықтың  мүліктік  кешнін құрайтын мүлікке деген құқығының мазмұнымен анықталады.

Бүгінгі күні  шаруа (фермер) қожалықтарын азаматтардың ауыл шаруашылық мақсатындағы  жерлерінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, ұқсату және өткізумен байланысты жеке еңбектік құрылым ретінде  қалыптасып отыр. Заңнамаға сәйкес шаруа (фермер) қожалықтары мемлекеттік, жеке меншік кәсіпорындар мен ұйымдар қатарлас экономикалық  жүйенің   тең қатысушысы  болып табылады.

 Шаруа (фермер) қожалықтарының  пайда болуы – күрделі мемлекеттік-құқықтық және әлеуметтік-құқықтық құбылыс. Ол бүгінгі күні ауыл шарушылығын басты  құрылымы бола алмағанымен болашақта бұл құрылым ауыл экономикасын көтеретін негізгі буын болады  дегенге сенуіміз керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНАҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ

 

Нормативтік құқықтық актілер:

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30 тамыз 1995 ж., өзгертулер мен толықтыруларымен.
  2. Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат концепциясы. Қазақстан Республикасы Президенітінің №949 Жарлығымен бекітілген.
  3. Қазақстан 2030. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы. .// – Егемен Қазақстан. 1997 жыл 11 қазан.
  4. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. (Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ., 2005 жылғы 18 ақпан)
  5. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, 27 желтоқсан 1995ж., өзгертулер мен толықтыруларымен
  6. Қазақстан Республикасының Жер кодексі, 20 шілде 2003 ж.
  7. Қазақстан Республикасының “Шаруа (фермер) қожалығы туралы”  Заңы, 31 наурыз 1998 ж., ҚР 29.12.03 ж. N 512-II Заңымен енгізілген өзгертулер мен толықтыруларымен
  8. Қазақстан Республикасының “Жеке  кәсіпкерлік  туралы”   Заңы, 19 маусым 1997 ж.
  9. Қазақстан Республикасының Салық кодексі, 12 маусым 2001ж.
  10. Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы  туралы”  Заңы, 17 желтоқсан 1998  ж.
  11. Қазақстан Республикасының “Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау” Заңы, 4 маусым 1992 ж.
  12. Қазақстан Республикасының “Банкроттық туралы” заңы, 21 қантар 1997 ж.
  13. Қазақстан Республикасының Үкіметінің “Жеке кәсіпкелерді тіркеу үшін алынатын алым ставкасын және жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы  куәліктің нысанын бекіту  туралы” №1586 Қаулысы, 6 желтоқсан 2001 ж.
  14. Қазақстан Республикасының “Жер қатынастарына байланысты кейбір Қазақстан Республикасының заң актілеріне өзгерістер мен толықтырылулар енгізу туралы” Заңы 29 желтоқсан 2003 ж.
  15. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Басқармасының 2 маусым 2000 жылғы №266 қаулысымен бекітілген “Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің  банктік  шоттарын ашу, жүргізу және жабу  тәртібі туралы” Инструкциясы.
  16. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитетінің 20 қыркүйек 2004 жылғы № НК-УМ-08-1-18/7605 хаты.
  17. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 22 желтоқсан 1997 жылғы қаулысымен бекітілген “Ауыл шаруашылық ұйымдарына банкроттық процедурасын қолдану ерекшеліктері туралы” Ережесі.

 

 

 

Арнайы әдебиеттер:

 

  1. Амосова Л., лебедева Н. Крестьянское (фермерское) хозяйство: проблемы и перспективы развития. // Юрист – 2003. №5. С.40-43.
  2. Анохин Защита прав преприятий  малого бизнеса.// – Право и государство. 1992 № 6.
  3. Аяганов К.Т. Крестянские хозяства Казахстана. – А: 1998 г.
  4. Бектурганов А.Е. Амирганов И.В. Правовое обеспечение развития малого предпринимательства в Казахстана. – 2001 №3 – 48-54 с.
  5. Бобылев А.И. К вопросу об обороте земли сельскохозясвенного назначения. // – 2002. №7(31) – С. 89-90.
  6. Вареникова С.П. Организационно-правовые формы крестьянких хазяйств в Республики Казахстан. // Право и государство. — 1998. №2 – с. 16-18.
  7. Веденин Г.А. Приватизация и реорганизация предприятий АПК. // Государство и право. – 1993. №4. – с. 63.
  8. Волков Г.А Крестянское хозяство как субъект  земельных правоотношений. – Москва, 1993.
  9. Вольдман Ю. Об особенностях правового регулирования труда в крестьянских хозяствах. // Хозяство и прво. – 1998. № 4. – с. 38-44.
  10. Дайнеков И.В. Препринимательское право. – Москва, 1998. 374 с.
  11. Жетписбаев Б.А. Агарарное право РК. – Алматы, 2000. – 272 с.
  12. Еркинбаева Л.Қ. Шаруа (фермер) қожалығының қызметін құқықтық реттеу. Алматы, 2000.
  13. Еркинбаева Л.Қ., Рыскалиев Д.У. Право крестьянского хозяства РК. – Алматы, 1995.
  14. Есиркепов Т., Кемел М. Развитие сельскохозяственных преприятий Казахстана в  условиях приватизации. – Алматы, 1998. 336 с.
  15. Есимкулов С.Т. Правовое регулирование земельных отношений в условиях перехода Казахстана к рынку. // Известия Миннауки АНРК – 1996. №1 – С. 42-44.
  16. Культелеев С. Экологическое право Республики Казахстан. – Алматы, 2003. 272 с.
  17. Кусаинова Л.А. Крестьянкое хозяйство и новое земельное законодательство. // Фемида. – 1996. №8. – с. 59-68.
  18. Кусаинова Л.А. Право землепользования крестянских (фермерских) хозяств в РК. – Акмола, 1998.
  19. Кусаинова Л.А. Субъекты права собственности на имущество крестьянкого хозяства. // Вестник Минюста. – 1996. №7.- с. 34-37.
  20. Назарбаев Н.А. Қазақстан 2030 жолдауы.  Алматы, 1997.
  21. Правовое регулирование крестьянского (фермерского) хозяйства в Республике Казахстан. // Еркінбаева Л.К. – Алматы, 1999.
  22. Романкова И.В. Проблемы правоовго регулирования препринимательства  граждан в РК. – М,1997.
  23. Стамкулов А.С., Стамкулова Г.А.сЗемельное право Республики Казахстан (Общая часть). – Алматы, 2004. – 407 с.
  24. Сулейменов М.К. Право препринимательства в РК. – Алматы 1994.
  25. Устюкова В.В. Правосубъектность крестянского хозяства. – Москва, 1992.
  26. Устюкова В.В. Правовое положение крестьянских хозяйств и личного подсобного хозяйства в условиях аграрной реформы. – Монография /Отв. ред. З.С.Белякова. – Москва, 2000.
  27. Шайбеков К.А. Семейно-арендный подряд. Аренда. Алматы, 1992

 

 

[1] Кусаинова Л. Крестьянское хозяство и новое земельное законодательство. // Фемида — №8. – 13-бет.

[2] Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. (Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ., 2005 жылғы 18 ақпан)

[3] Амосова Л., лебедева Н. Крестьянское (фермерское) хозяйство: проблемы и перспективы развития. // Юрист – 2003. №5. 40-бет

[4] Правовое регулирование крестьянского (фермерского) хозяйства в Республике Казахстан. // Еркінбаева Л.К. – Алматы, 1999. 8-бет

[5] Волков Г.А. Крестьянское хозяйство как субъект земелных правоотношений (историко-правовой аспект). Автореферат. Москва. 1993. 12-бет

[6] Веденин Н.Н. Приватизация и реорганизация предпритий АПК. Государство и право. 1993. № 4. 63-бет

[7] Шайбеков К.А. Семейно-арендный подряд. Аренда. Алматы, 1992. 31-бет

[8] Басин Ю.Г. Вестник Каз ГУ №2. 1994

[9] Вареникова С.П. Организационно-правовые формы крестьянких хазяйств в Республики Казахстан. // Право и государство. — 1998. №2 – с. 16-18.

[10] Вареникова С.П. Организационно-правовые формы  крестянких хозяйств в Казахстане. // Право и государство. 1998. № 2. 17-бет.

[11] Кусаинова Л.А. Право землепользования крестьянских (фермерских) хозяйств в Республике  Казахстан. Ақмола, 1998. 31-32-беттер.

[12] Вареникова С.П. Организационно-правовые формы  крестянких хозяйств в Казахстане. // Право и государство. 1998. № 2. 17-бет.

[13] Азаматтық құқық. Жауапты ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г.Басин. Алматы, 2003. 470-бет

[14] Гражданское право. (Отв. ред. Ю.К.Толстой, А.П.Сергеев) Спб.,  М 1999. 458-бет.

 

[15] Еркинбаева Л.Қ., Рыскалиев Д.У. Право крестянского хозяства РК. Алматы 1995.

[16] Азаматтық құқық. Жауапты ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г.Басин. Алматы, 2003. 464-бет

[17] Мухитдинова Н.Б. Правоовые проблемы пользования недрами. Алматы, 1972. 93-бет.

[18] Кусаинова Л.А. Право землепользования крестьянских (фермерских) хозяйств в Республике  Казахстан. Ақмола, 1998. 5-бет.

[19] Стамкулов А.С., Стамкулова Г.А. Земельное право Республики Казахстан (Общая часть). – Алматы, 2004. 163-бет.

[20] Григорьев В.К. Вопросы теории земельного права. Москва, 1962. 4-бет

[21] Кусаинова Л.А.Көрс. еңбегінде. 7-бет

[22] Стамкулов А.С., Стамкулова Г.А.сЗемельное право Республики Казахстан (Общая часть). – Алматы, 2004 133-134 б.

[23] Кусаинова Л. Субъекты  права  собственности  на  иммущество крестьянского хозяйства. // Вестник Минюста. 1996. № 7. 34-бет

[24] Пронина М.Г., Романович А.И. Личная  собственность и ее гражданско-правовая  защита. Минск, 1984. 84-бет.

[25] Правовое регулирование крестьянского (фермерского) хозяйства в Республике Казахстан. // Еркінбаева Л.К. – Алматы, 1999. 21-бет.

 

[26] Худяков А.И. Налоговое право Республики Казахстан. Общая часть.  Алматы, 2003 г.

[27] Сулейменов М.К. Право препринимательства  в  РК Алматы 1994 г.

[28] Предпринимательское  право. Сборник нормативных актов. Алматы, 1998 г. 78-бет