АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Қазақстан Республикасындағы жастар саясатын қалыптастыру

МАЗМҰНЫ


КІРІСП
Е……………………………………………………………………………………………………….3

1 ЖАСТАР САЯСАТЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ……………………………………………………. 10

1.1. Мемлекеттік жастар саясатының рөлі мен маңызы…………………………. 10

1.2. Қазақстанның егемендігі — жаңа жастар саясатын қалыптастырудың алгы
шарты…………………………………………………………………………………………….. 12

2 ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  ЖАСТАР САЯСАТЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҮРДІСІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ………………….. 18

2.1. Мәдениет пен білім саласындағы жастар саясаты………………18

2.2. Жастарды әлеуметтік саладағы қорғау саясаты…………………………………..33

3 МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ
БАСЫМДЫҚТАРЫ………………………………………………………………………………..49

3.1. «Қазақстан — 2030» Стратегиясына орай Мемлекеттік жастар саясаты
дамуының перспективалары…………………………………………………………………..49

ҚОРЫТЫНДЫ ……………………………………………………………………………………..56

СІЛТЕМЕЛЕР………………………………………………………………………………………..62

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………………..65

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы алғашқы атқарылуы тиіс мәселе жастар саясатының қалыптасуы, жүзеге асырылуы болып табылады. Бұл салаға басымдық берілуінің басты себебі Республиканың демократиясы мен экономикасы дамыған елге айналуға көмек болар тіректерді түзуінде жатыр.

Бүгінгі таңның ең ұлы мұраты — тәуелсіздік идеясын қалыптастыру болып отырғаны анық. Жас ұрпақтың санасын қалыптастыру мақсатында Республикамызда жастардың жаңа саясаты жасалуда, әлеуметтік белсенділік мәселесіне, республиканың мемлекеттік тәуелсіздігінің нығаюы барысындағы жастардың орны мен рөліне баса назар аудурылуда.

Біріншіден, қазіргі кезеңдегі ел дамуындағы ең өзекті мәселе мемлекеттің жастарға деген жаңаша қарым-қатынасын қалыптастыру болып табылады. Бұл жөнінде Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев былай деген болатын: «Біз бұл ретте жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен, болашаққа жаңаша көзқарасы бар жас ұрпаққа сүйене отырып, бұқаралық сананы төзімділікпен жаңғыртуға тиіспіз» [1]. Осы теориялық-әдістемелік тұжырымға еліміздің жүзеге асырып жатқан жастар саясатының маңызы мен рөлі жинақталған.

Екіншіден, Қазақстан қоғамының дамудың жаңа сатысына көтерілген кезеңінде жастар әртүрлі әлеуметтік топтардың конгломератынан тұратын (топтарды) ерекше демографиялық топты құрап отыр. Ол топ саяси көзқарастарымен, ұлттық құндылықтарға деген ұмтылыстарымен ерекшеленеді.

Үшіншіден, қазақ ұлты жастарының ұлттық идеясы өз дәрежесінде емес. Оны тіл, діл, дін, салт – дәстүр салаларындағы келеңсіздіктерден байқауға болады. Олардың санасы жеке меншіктік, бай және кедей психологиясы дәрежесінен аса алмайтын жағдайда.

Төртіншіден, кейбір саяси партиялардың атынан шығып жүрген жастар ұйымдары акциялары арзан ырду — дырдулардан әрі бара алмауда. Оларды Отан сүйгіштік рухта, әртүрлі саяси күштердің жетегінде кетпейтіндей етіп тәрбиелеу қажет. Мақсат — Қазақстандағы мемлекеттік жастар саясатын корпоративтік мүдделер шегінен шығарып, оны жалпыұлттық дәрежеге көтеруде болмақ.

Бесіншіден, жастар арасындағы девиантты мінез — құлық көбеймесе азаяр емес. Есірткі мәселесі жастар үшін үлкен күрделі проблема. Оған қарсы күресті бүкіл қоғам болып жүргізіп,бұл мәселе қоғамдық ұйымдардың да алдындағы міндеттердің бірі екенін ескеру керек.

Мемлекеттік саясаттың басты мақсаты — жастардың шығармашылық, жаңашылдық қуатын қоғамды алға бастар күшке айналдыру. «Бақытты бала, бесікте еркін өседі» [2] — деп белгілі саясаткер Әлихан Бөкейханов айтқандай, алтыншыдан, бұл мәселе жастар арасында орын алып жатқан негізгі заңдылықтарды жинақтап және сараптап, ғылыми тұжырым мен ұсыныстарды қарастырып, мемлекеттІк жастар саясатын тұтастай ойластырғанда ғана шешімін таппақ. Осы айтылғанның барлығы егеменді Қазақстанның

 

стратегиялық бағыттарының жүзеге асудағы маңызын, дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігін айқындайды.

Мәселенің ғылыми зерттелу деңгейі. Жастар саясатын зерттеу кезек күттірмес мәселелердің бірі болып табылады. Өткен он төрт жылдың ішінде әлеуметтік және гуманитария салалары бойынша жарық көрген ғылыми және публицистикалық еңбектер жастар қызығушылығының қалыптасуы саясат тақырыбын баян еткендігі байқалады. Кеңес дәуірінде жазылған жастар мәселесіне қатысты зерттеулер мен диссертациялар негізінен идеологиялық бағыт шырмауынан шыға алмады.

Қазақстан тәуелісіздігін алысымен жастар мәселесімен қатар, саяси мәселелерге жаңа қырынан қарап зерттеу кең өріс алды. Бірінші кезекте Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев рөлінің ел дамуындағы маңыздылығын көрсететін Е. Н. Ертісбаев, И. Н. Тасмағанбетов, М. Б. Қасымбектовтердің жұмыстарын атап өткен жөн [3]. Мемлекеттік дамудың жаңа сатысы бұрындары әлеуеметтік-гуманитария ғылымы қарастырмаған түрлі бағыттар мен мәселелерді зерттеуге үлкен мүмкіндік береді. 1990-жылдардан бастап, жастар саясаты тақырыбы ғылымының түрлі салаларын (саясаттану, философия, педагогика, тарих, әлеуметтану) қызықтыруда.

Республикамыздағы жастар саясатының тұжырымын жасаудың заңды актілері бола тұра, мемлекеттік органдар бұл мәселеде немқұрайлылық танытып келеді. Жастар саясатына деген қызығушылықтың өте үлкен екенін осы тақырыпқа қатысты жоспарлы жұмыстардың күн санап өсіп келе жатқандығынан байқауға болады.

Бұл жас ұрпақтың күш-қуатын әлеуметтік, психология, саясаттану, тарих, этнография, педагогика, экономика, демография, статистика, құқық және тағы басқа тәріздІ ғылым түрлерімен бірге зерттеуге болатындығымен түсіндіріледі. Р. Б. Әбсаттаровтың, Т. С. Садықовтың, Е. 3. Батталхановтың, А. К. Бақаевтың, Л. А. Байділдиновтың, С. Я. Дьяченконың, Ш. Е. Джаманбалаевтың, Ж. Жоробековтың, Г. Ж. Ибраеваның, А. С. Сәрсенбаевтың, Г. Т. Телебаевтың, А. Т. Шайкеновтың, Е. А. Кузнецовтың, Ш.А. Құрманбаеваның, С. 3. Нарматовтың, А. А. Нұрмағанбетовтың, Т. С. Сәрсенбаевтың,            М. Б.Тәтімовтың, А. Ш. Ишмұхамедовтың [4] және тағы басқа ғалымдар ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, елімізде орын алып жатқан қоғамды қозғаушы жастардың интеллектуалды және инновациялды мүмкіндіктерін пайдалану тәрізді мәселелерді қарастырды. Республикамыздағы демократиялық реформаларды жүзеге асырудағы жастар рөлін тарих тұрғысынан зерттеп диссертация жазғандар: О. А. Құрамысов, Н. 3. Нығматуллин, А. К. Самаевтар [5]. Жастар ортасында саяси-мәдениеттің қалыптасуы, жастар мәселесінің саяси аспектісі тақырыбы Н. П. Калашникованың, Д. А. Калетаевтьң, В. И. Зыряновтың диссертациялық жұмысына арқау болды [6].

Бұл зерттеулердің барлығы жастар проблематикасын әртүрлі қырынан қарастырғанымен, сондай — ақ, еліміздегі жастар саясатының қалыптасуы мен жүзеге асу мәселесі әлі де болса дау туғызып жүргендіктен жаңа зерттеулер өз-өзінен сұранып тұр. Ғылыми жұмысты жазу барысында мерзімді баспасөз материалдары пайланылды. Әсіресе, Т. Галимовтың, Г. Арабаеваның, С. Тупицынның, В. Веденконың, Ж. Сағадидің, Т. Устинованың, А. Тесленконың, Д. Қазымбетовтың және т. б. еңбектері көп көмектесті.

Қоғамның күн санап дамып бара жатқандығын және саяси-әлеуеметтік оқиғалар қарқын ала бастағанын ескере келе жастар мәселесіне арналған зерттеулер әлі де жетіліксіз, шикі екендігін атап өткім келеді. Жастар тобы ортасындағы жаңа әлеуеметтік ойдың қалыптасуы, саяси мәдениеттіліктің дамуы, ұлтаралық қарым-қатынас пен ғылыми, кәсіби белсенділіктің артып келе жатқандығы назардан тыс қалып отыр.

Елміздің дербес, өз алдына жеке ел болып дамып келе жатқандықтан, автор «Қазақстанның егемендігі — жаңа жастар саясатын қалыптастырудың алғы шарты» деген мәселеге ерекше тоқталуды жөн деп тапты. Бодандық құрсаудан құтылған соң, ұлттық сана қалыптасып Қазақстан демократиялық дамудың сара жолына түсті. Осы орайда еліміздегі көппартиялық жүйе, ой-пікірдің алуандығы, жаңа экономикалық қатынастар жастардың әлеуметтік белсенділігіне әсер етпей қоймасы анық.

Жастар мәселесі мен саясатын бүгінгі таңда зерттеуде егеменді республика қалыптасуының жаңа тарихын ескеру өзіндік ерекшелігі болып табылады. 1991 жылы Тәуелсіздік алған кезде жаңа нарықтық катынастарға көшкен кезде, мемлекеттік құрылымның жаңадан инстиуттарға бүлінген кезінде ғылым саласындағы ұғынықтылық және әдістемелік аппаратар ғылым саласында қайта қарастыруда қажет етеді. «Жастар — Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі азаматтары»[7]. Ғалымдар бірінші кезекте «жастар саясаты» дегенге анықтама беруі керек, себебі біз «жастар саясаты» дегенде «жаңа жастар саясатын» сөз етеміз. Бірнеше ғылыми еңбектер «жастар саясаты» дегенге өздерінше анықтама беруге тырысты. Кейбір ғалым-зерттеушілер бүл ұғымға жастардың жеке түлғасына әсер етпей олардың өмір сүруіне жағдай жасаудағы мемлекеттің спецификалық өзіндік әрекеті деп санайды [8].

Келесі бір зерттеушілер тобы бұл ұғым жастардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын жүзеге асыруды және сақтаудағы теоретикалық-практикалық негізділік деп есептейді.

Алайда, біздің пайымымызша «жастар саясаты» жастардың қоғамдық-саяси потенциалын және олардың өзіндік қарым-қабілеттерін жүзеге асыруға бағытталған жалпымемлекеттік проблема. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңында «мемлекеттік жастар саясаты -мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және кұқықтық шаралар жүйесі»[9]. Біздің бұл көзқарасымыз, ресейлік ғалымдар: И. М. Ильинскийдің, Н. Сердюкованың, В. Цыпленконың, И. Маримованың пікірлерімен үндес. Мұндай бағыт «қоғамның өзін-өзі жаңа, жоғары деңгейге көтерілуіне көмектеседі»[10].

Ғылыми әдебиеттерде жастардың қоғамдағы орны жөнінде әртүрлі түсінік беріледі. Зерттеуші-ғалымдардың бірі жастарды әлеуметтік әрекеттің субъектісі деп таниды. Біз бұл тәрбиелік процеске кері әсер ететін қате тұжырым деп санаймыз. Бүгінгі қоғамның жаңа келбеті әлеуметтік топтағы индивидтардың қызметіне өзіндік жаңалықтар қосуда. Жастар мемлекет өмірін саясат объектісі деп танығанда ғана оған белсене аралсады. Осы жұмыстыңавторы осы позицияны құптайды. Мәселеге осы тұрғыдан қарау бірінші кезекте мемлекеттің өзіне тиімді болмақ.

Жастар дамуын танып-білу деңгейіне баға берер болсақ, мәселеге қоғамның қайта қалыптасу кезіндегі саяси және әлеуметтік тұрғыдан қарау жетіспейді. Жастар ортасында жаңа сананың пайда болуы, саяси мәдениеттіліктің жаңа деңгейі, ұлтаралық мәдениет, жастардың ғылыми, кәсіби белсенділіктері назардан тыс қалып отыр. Біздің ойымызша, жастардың шығармашылығы, саясатта жаңа бағыттардың пайда болуы, дарынды жастарды іздеп табудағы жаңаша жолдарды табу, нарықтық қатынасқа өту кезінде жастардың белсенділігін арттыру, жекеменшіктің жаңа түрлерін қалыптастыру, үндірістің жаңа сапасы, коммерцияға, мэдени өмірге араласу, элеуметтік-саяси инфроқұрылымдарды дамыту, мемлекеттік қүрылымды басқару бағыты өзекті болмақ. «Сөздерінде жалын бар, Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін!»[11] — деп Мағжан Жұмабаев айтпақшы, демократиялану кезеңінде жастар мәдениеттілігі мен әдептілігі ісінде плюрализм негіздерінің қалыптасуы, халықтың тарихы, ұлттық мұрасы, адамзат құндылықтары мен жаңа еңбек және кәсіби қатынастар даму кезінде зерттеулердің көкейкестілігі арта түспек.

Соңғы кездегі саяси оқиағаларга қатысты жаңа мәліметтердің пайда болуына байланысты зерттелінген мәселелерді қайта қарап шығу қажет. Бұл үрдістер біріншіден, әлеуеметтік және жеке бас пайдасының ерекшеліктерін түбімен өзгертеді; екіншіден, саяси ойындар мен қажеттіліктер жаңа құрылымның пайда болуына әсер етеді және саяси жүрістің объектілері мен субъектілерінің өзара айырбасына түрткі болады; үшіншіден, орын алып жатқан өзгерістер мен жаңалықтардың эволюциялық дамуына, қарым-қатынастардың динамикалық негізде әртүрлі болуына ықпал етеді; төртіншіден, саяси арена және саяси қайраткерлер мен фукнционерлердің жаңа типін қалыптастырады.

Жастар саясатының әсіресе, саясат ғылымында жеткіліксіз зерттелуі бірнеше себептерге байланысты. Біріншіден, Қазақстанның егеменді ел ретінде танылғанына он төрт жылдан енді ғана асты. Бұл тарихи уақытта жаңа жастар саясаты феноменін ғылым толық танып болмады және қалыптасу процесі де әлі аяқталған жоқ. Өткен уақыт мемлекеттіліктің негізгі ұстанымдарының қалыптасуымен, ашық демократиялық қоғам құрудағы тоталитарлық режимнен өтпелі кезеңге өтудің тұрақсыз тенденцияларымен сипатталады. Біз жаңа мемлекеттіліктің пайда болуының басында және оның саяси, әлеуеметтік институттарының даму кезеңдерінде тұрмыз. Екіншіден, орын алып жатқан оқиғалар мен процестерді зерттеудің әдістемелік, ғылыми, теориялық негіздері енді жасалуда. Қазіргі кезеңде зерттеушілер, ғалымдар өзіндік ерекшеліктерді, тенденцияларды, басымдықтарын, негізгі бағыттар мен құралдарды анықтап, сараптап көрсетуге ұмтылуда.

   Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі жастар саясатының қалыптасуы мен жүзеге асуындағы ерекшеліктерін сараптау болып табылады. Бұл мақсаттарға жету үшін төмендегідей міндеттер белгіленді;-    жас ұрпақты халықтың ерекше әлеуеметтік-демографиялық топ ретінде
статусын   және   жаңа  әлеуеметтік-саяси   жағдайдағы   олардың   саяси   және
әлеуметтік белсенділігін анықтау;

—  әдістемелік және теориялық тұрғыдан кешенді мемлекеттік жастар
саясатын қажеттілігін негіздеу;

— жаңа жастар саясатын қалыптастырушы негізгі шарттардың бірі ретінде
өтпелі   кезеңдегі   тәуелсіз   Қазақстанның   әлеуметтік-саяси   ерекшеліктерін
зерттеу;

—    республикада   жүргізіліп   отырған   жастарды   әлеуеметтік   қорғау
мемлекеттік саясатын зерттеу, ұйымдастыру құрылымын сараптау;

—  бұрынғы КСРО кезінде жүргізІлген жастар саясаты мен жаңа жастар
саясатын жүзеге асыру механизмдерімен салыстыра отырып сараптама жүргізу;

—  жастар     ортасындағы     ұлттық     сананың     қалыптасу     үрдісінің ерекшеліктерін зерттеу;

—    мемлекеттік   құрылымдар   мен   қоғамдық   ұйымдарға   әлеуметтік
сауалнамалар,   статистикалық   деректердің   есебі,   материалдық   жағдайын,
жұмыспен  қамту,  жастардың  бос  уақытын  тиімді  ұйымдастыру,   олардың
құқықтық мәртебесін жақсартуға арналган заңдар мен мемлекеттік құжаттар
негізінде теориялық-практикалық ұсыныстар әзірлеу.

Қорғауға ұсынылатын диссертациялық жұмыстың негізгі ұсыныстары:

  1. Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік бағыты
    айқындалған мемлекет екенін ескере отырып, біздер үшін жастар саясатын
    қалыптастыру және жүзеге асыру оңды болмақ. Қазақстан егемендігін алған
    сәтте  саяси  мемлекеттік құрылым,  өндіріс тәсілі,  нарықтық қатынастарға
    өтудегі   жаңа  экономикалық  реформалардың   енгізілуі   салдарынан   жастар
    саясатының бағыты елеулі қиындықтар мен күрделіліктерге тап болғандығын
    ескеру керек.
  2. Қазақстанның тәуелсіздігін   қалыптасу  және   нығайту   процесінде
    қоғамның   демократиялануы   және   мемлекеттің   экономикалық   негіздері
    жастардың   әлеуметтік   мәртебесіне,   әлеуметтік-саяси   белсенділігіне   әсер
    еткенін ойдан шығармау қажет.
  3. Мемлекеттік жастар саясаты күн санап өзгеріп жатқан қоғамдағы
    саяси-экономикалық жаңалықтар   мен   қоғамның   жаңа   санасына   (жастар
    санасының да) сай құрылуы қажет. Жастар ортасы қоғамның реформаланушы
    және   шынайы   идентификациялық   процестердің   —   этникалық,   азаматтық,
    әлеуметтік ықпалында болып табылады. Жас ұрпақтың ұлттық санасы өзгеріп
    жатқанын ескере отырып, жаңа мемлекетгік құндылықтардың қалыптасуы
    жолында саясатты жүргізген жөн. Жастардың қоғамдық-саяси іс-шараларға
    араласуы көппартиялық, ой-пікір алуандығы, сөз бостандығы және адам құқы
    тәрізді демократиялық құндылықтарды орнықтыру және жүзеге асыру ісі тіпті
    өз дәрежесінде емес.
  4. Егемендік алғаннан кейінгі жаңа қоғамдық құрылымның әлеуметтік-
    экономикалық құрылымының ең әлсіз қорғалған тобы жастарды әлеуметтік
    жағынан қамқорлыққа алу қажет. Бұл орайда жастар ортасында әлеуметтік-
    психологиялық мәселелерді  жүйелі  түрде  шешу  қажет.   Бұл  өз  кезегінде
    девианттық мінез-құлықты жастарды жөнге салуға, қылмыс әлемінің өршіп
    кетпеуіне жәрдемдеседі. Жас ұрпақты әлеуметгік қорғау саясаты мемлекеттің
    дамуында үлкен маңызға ие.
  5. Мемлекеттік жаңа жастар саясатын жүзеге асыру үшін, мемлекеттік,
    аудандық және жергілікті   жерлердегі   ұйымдастыру   жұмыстарын   шешу
    жұмыстарына баса назар аударған жөн. Биліктің білім, денсаулық сақтау, білім,

әлеуметтік қамсыздандыру, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және әрбір жеке тұлғаның рухани қажеттлгін өтей білетін реформаларды сауатты үйлестіре білген жағдайында ғана «Қазақстан — 2030» Стратегиялық Бағдарламасының он жылдықтарға жоспарланған бір тармағы ретінде жастар саясатын жүзеге асыру мүмкін болмақ.

  1. Жастар саясатының  рөлі  мен  маңызын  және   оның  қалыптасуы
    Қазақстанның тәуелсіз ел болып қалыптасуының басты шарттарының бірі
    болып  табылады.  Біздің  еліміздің  әлемдік демокартиялық  қауымдастыққа
    интеграциялануы   жастар   ісінде,   ұлттық   таным,   дәстүр,   рухани-мәдени
    құндылықтар мәселесінде еліктеу т.б кемшіліктерге тосқауыл қоя отырып,
    әлемдегі өзге мемлекеттерден тәжірибе алмасуға да көңіл бөлу керек.

          7.Саясаттанушы, заңгерлер және мемлекеттік қызметкерлер даярлайтын
жоғары   оқу   орындарында   жастар   саясатының   проблемаларына   арналған
арнайы курстар болмай отыр.  Сондықтан соны жоспарға енгізіп, талапты
жастардың назарын   қордаланып жиналған проблемаларды шешуге аударсақ
одан біз көп нәрсе ұтқан болар едік.

  1. Республикадағы әр    бағыттағы    жастар    қозғалыстары     мен
    ұйымдарының  бастарын біріктіріп материалдық құндылықтар мен қатар рухани
    құндылықтарды да естен шығармайтын бірыңғай ұлттық мүддеге бағытталған
    Республикалық жастардың органын құратын мезгіл пісіп жетілді.                                                            Демографиялық жағынан алғанда жастар Республикада көпшілікті құрайтынын ескеріп, Қазақстан Республикасы Парламентінде жастардың әл-ауқаты мен жастар проблемаларын көтеру үшін Жастар ұйымының атынан бір ғана емес кем дегенде он депутат болып, жастар фракциясы болуы керек.

Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі. Зерттеудің теориялық-эдістемелік негізі ретінде біз тэуелсіздіктің негізгі үстанымдарына, жастар саясатына, экономканың элеуметтік бағытына, нарықтық қатынастарға, еңбек мэселесі қарастырылған, білі, элеуметтік қамсыздандыу жэне т. б. нақты анықтама берілген Елбасының «Қазақстан — 2030», «Тәуелсіздігіміздің бес жылы», «Бейбітшілік кіндігі», «Тарих толқынында», «Сындарлы он жыл», «Еуразия жүрегінде» кітаптарына, еңбектеріне, жолдауларына сүйенеміз. Зерттеуде негізгі дереккөздер болып табылатын Президенттің республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын зерттеуге арналған Жарлығы мен басқа да құжаттарында жастар саясатын дамыту мэселесіне жаңаша қарап, талдау аңғарылады.

Зерттеудің негізгі дерек көздері. Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдар мен өзге де заң актілері, Н. Ә. Назарбаевтың жарлықтары, зерттеуге арналған кезеңдердегі сөйлеген сөздері, ағымдағы мұрағат құжаттары, эксперттік және басқа да бұқаралық сауалнамалар, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің мемлекеттік жастар саясатына, саяси партиялар мен жастар қозғалысының, монографиялар, мақалалар, зерттеу қызметтерінің ғылыми жарияланымдары құрайды.

Демократиялық, экономикалық жағдайдың жаңа нарықтық жағдайларға бейімделу деңгейІн, білім беру мен кәсіптік деңгейлерінің көрсеткіштерін «Қазақстан жастары — 2000» жобасының өткен Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің республикалық әлеуметтік зерттеулерінің, 1999 жылғы халық санағының қорытындылары бойынша, Біріккен Ұлттар Ұйымы даму бағдарламасының тапсырысы бойынша 1999-жылы Қазақстанда басылған «Азаматтық даму туралы есеп», 2004 жылғы «Қазақстандағы кедейшіліктің себептері мен оларды шешу жолдары», 2003-2004 жылдары жарық көрген «Адам дамуы туралы есеп» материалдарының негізінде сараладық.

Зерттеудің хронологиялық шегі. Қазақстаннық 1991 жылы Егемендік алған тұсынан бастап, бүгінгі күнге дейін. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мәселесіне келгенде әсіресе соңғы онжылдықтар қарастырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ЖАСТАР САЯСАТЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Мемлекеттік жастар саясатының рөлі мен маңызы

 

Бұл тарауда зерттеліп отырған мәселенің теориялық және методологиялық негіздері қарастырылады. Жастардың әлеуметке бейімделу мәселесі Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар тарапынан жүргізіліп отырған жастар саясатының қалыптасу процесіне шолу жасалады.

Мемлекеттің егемендігін нығайтудағы, қоғамды демократияландыру жолындагы қазақ мемлекетінің прогрессивті даму процесіндегі жастар рөлі, халықтың әлеуметтік-демократиялық тобы ретінде саналатын жастар статусы, ТМД жэне әлем елдеріндегі жастар саясатын жүзеге асырудағы ерекшеліктер мен жалпы бағыттар қарастырылады.

Жастардың әлеуметтенуі қазіргі қоғамда болып жатқан процестерден тыс жүре алмайды. Бүл процесті дұрыс арнаға түсіру үшін жаңа мемлекеттік жастар саясатын тереңірек жетілдіру қажет. Бұл қоғамның реформалануы тұсында жас ұрпақтың нарықтық қатынасқа ерте бейімделуіне әсер етеді. «Қазақстанның Жастары» мемлекеттік бағдарламасын қабылдайтын уақыт жетті.

Қазіргі қоғамда жастар саясатын қалыптастыру төмендегідей шарттарға негізделеді:

  • біріншіден, мемлекеттің ұзақ мерзімді стратегиясына негізделген жас
    ұрпақтың қоғамдық-саяси қуатын реттейтін жүйе құру уақыты пісіп жетілді;
  • екіншіден, XX ғасыр ғылыми технологияның жарысқа түсер кезеңі
    болса, XXI ғасыр идеялар мен ұйымдық құрылымдардың бәсекеге түсер тұсы.
    Егер қоғамда білімді азаматтар көп болса, ноу-хау кез-келген адамға ұғынықты
    болады. Жаңа идеялардың жүзеге асуы жаңа әлемдік құрылым жағдайындағы
    мемлекеттің орнын   анықтайтын   болады.   Осы   орайда   Елбасымыз   Н.   Ә.
    Назарбаевтың «Білімді ұрпақ — болашағымыздың алтын кілті»  — деп жиі
    қайталайтыны сондықтан;

—  үшіншіден,  әлемдік тәжірибе көрсеткендей,  нарықтық экономикаға
қадам басқан сәтте қоғамның бір бөлігі, әсіресе, жастар ерекше әлеуметтік
қамқорлықты қажет етеді. Жастарды елдің болашағы деп танитындықтан,
оларға қатысты әлеуметтік қорғау саясатын жастар саясаты аясында жүргізу
керек. Жастар саясаты мемлекеттік істің бір тармағы ретіндегі дербестігі өз
соңынан төмендегідей ұсыныстардың болуын талап етеді.

  • Мемлекеттік жастар саясаты бүрынғы армандаған идеялар негізінде жас
    ұрпақты қалыптастыру тұрғысынан болмауы керек.
  • Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың негізгі өзегі — атқарушы
    билік құрлысындағы  жастар   ісі   органдары.   Бұл  дегеніміз  республикалық
    деңгейде жастар саясаты мемлекеттік саясаттың бір бөлшегі ретінде заңды
    тұрғыда   бекітілуі   тиіс,   жалпы   республикалық   бағдарламалар   жергілікті
    деңгейде  жоспарланып,   қаржылық,  материалдық  және  кадрлық  ресурстар
    шоғырлануы қажет.

Алайда, алғашқы кезекте мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың кешенді бағдарламасын, жүзеге асырудың мехнизмдерін ойластырып алған жөн. Мұндай бағдарлама тұжырымды ұсыныстарға негізделуі керек. Оны зерттеушілер, тәжірибешілер, мамандармен, қызығушылық танытқан тұлғалармен бірлесе, ақылдаса отырып әзірлеген жөн.

Басым бағыттар ретінде төмендегілерді алуға болады: мемлекет жастар саясатын ақпараттық-сараптамалық жағынан қамтамасыз ету, жастардың өз еркімен іс-шаралар ұйымдастыруға жағдайлар жасау; жастар құқығының қорғалауын бақылау; жастар мен жасөспірімдер қылмысының алды-алу; жастардың салауатты өмір салтын ұстануы; жастардың ұлттық құндылықтарды тануы; дарынды жастарды қолдау; жас отбасыларды қолдау; азаматтық пен ұлтжандылыққа тәрбиелеу [12];

Бағдарлама тек қана жастарды әлеуметтік қамқорлыққа алуга ғана негізделмеуі керек, сондай-ақ өзгелерге көмек қолын созуға жарайтын жастардың өсуіне де қолдау көрсетуі тиіс.

Мемлекеттік жастар саясаты елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі болып табылады. Жастар саясаты өз кезегінде кез-келген елдің — алтын қазығы. Сол себепті де, мемлекеттік шаралардың негізгі ұстанымдары жастардың қорғалуын; жастардың белсенділіктерін көтермелеуіне; жастар саясаты аясында өтілетін түрлі басқосуларды марапаттауына бағытталуы шарт.

Жастар саясатын ойластырып, жүзеге асыру қазіргі Қазақстан үшін кезек күттірмес мәселелердің бірі. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси басымдықтарының дамуы қоғам мен жастардың өзара түсіністікпен қарым-қатынас жасауында жатыр.

Жастар саясатының маңыздылығы сондай-ақ жастардың өмірлерінде алғаш рет кедергілермен кезігіп, өз қүқықтарымен танысып, қоғам алдындағы міндетін сезінуімен түсіндіріледі.

Жастар саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет жастардың қоғамның белсенді бір бөлігі екендігін мойындайды. Мойындай отыра, мемлекеттік құрылымдағы жастардың рөлі мен орнын бағамдайды [13].

Осылайша, республикада жастардың қордаланған мәселелерін шешуге бағытталған біртұтас мемлекеттік бағдаралама жасау идеясы пісіп жетілді. 2004 жылы мемлекеттік деңгейде қабылданған Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты туралы Заңының осы жолға жасалған алғашқы қадам деуге болады.

Осы орайда, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты жастардың рухани, мәдени, білім алуы, кәсіби қалыптасуы мен дене тәрбиесін

дамытуы үшін әлеуметтік — экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау, бүкіл қоғам мүддесі үшін олардың шығармашылық әулетін ашу мақсатында жүзеге асырылатындығын баса айтқан жөн

Елдегі қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайды ескеріп және Жастар саясаты туралы Заңды талқылап, кейбір мәселелерде түзетулер енгізіп, бүгінгі күн талабына жауап беретін, әрі болашаққа қызмет ете алатын беделді құжатқа айналдыру қажет.

 

  1. 2 Қазақстанның егемендігі — жаңа жастар саясатын қалыптастырудыңалғы шарты

 

Қазақстанда XX ғасырдың, 1990-жылдардың басында басталған Республиканың тәуелсіздігі үшін күрес елді тарихи ақиқаттың алдына алып келді. Әлемдік саясаттың мінберінде өз тұғырын тапқан елдің егемендігін алып берді. Қазақстанның мемлекттік егемендік алуымен республика мен халықтың тұрмыс-тіршілігін арттыратын саясат жүргізуге мүмкіндік алдық. «Саяси және экономикалық реформалардың қазақстандық моделін іздеу қарқын алды…»

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жаңа қоғамдық құрылымды түзеу экономикалық және саяси қатардағы әлеуметтік қатынастардың түбегейлі өзгеруімен, әлеуметтік құрылымның алмастырылуымен, әртүрлі меншік түрлерінің қалыптасуымен, еңбек қатынасының өзгеруімен байланысты. Осы және басқа да үрдістер үлкен қиындықтармен және текетірестермен қатар өрілген және бұрыннан қалыптасқан адамдардың, топтың, ұлттың, халықтардың арасындағы әлеуметтік қатынастардың бұзылғандығынан өте баяу дамиды. Бүгінгі таңда кесел болып жабысқан ескі көзқарастардан, кеңестік идеялардан сананың серпілуі, адамдардың демократиялық және еркіндік құндылықтарын бойына сіңіру жүріп жатыр. Өтпелі кезең қиындықтарының біртұтастығы мен ерекшеліктері бірнеше әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуді қажет етеді.

Жастарды осы міндеттерді шешуге жұмылдыру, олардың әлеуметтік-саяси белсенділігін көтеру, мүмкіндіктерін пайдалану, жаңа сапалы ұрпақты тәрбиелеу, бойына қазақтандық отаншылдық пен азаматтылық қасиетін дарыту негізгі мақсат болып табылады. Бұл жағдайда, өзіндік жолды және әлеуметтік-саяси дамудың өзіндік моделін табу өте маңызды. Жаңа модель Қазақстандағы ұлттардың ерекшелігін, тарихи мұрасын, салт-дәстүрін, ділін ескеретін, нарықтық қатынастарға сүйенетін дамыған елдердің сан ғасырлық тәжіриебесін таңдауы қажет. Бұл тұжырымдаманың ең маңызды бөлігін жастар саясаты құрайтыны сөзсіз.

Республиканың экономикалық-саяси, рухани-мәдени жағынан дамуы, алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесін және ұлттық-тарихи құндылықтарын ескеріп, нарықтық қатынастарға өтудің сатысын қалыптастыра отырып демократиялық мемлекет құру — Қазақстан үшін даму баспалдағы  болып табылады.

Қазақстанның мемлекеттік егемендігінің тұжырымдамасы қазіргі кезде қалыптасқан ішкі экономикалық-саяси жағдайларды және геосаяси, мәдени, халықтың рухани жэне білім күш-қуатын, этникалық ерекшеліктерін, қоғамның тұрақтылығы мен ұлттық келісімін ескере отырып жасалады.

Мемлекеттік егемендік ұғымы өткен он жылдың нәтижесі көрсеткендей өз ішіне бірнеше шарттардың болуын қажет етеді.

Біріншіден, бұл экономикалық тәуелсізділікке қол жеткізу; Қазақстанның әлемдік экономикалық қауымдастыққа мүшелікке өтуі; өтпелі кезеңде бұл міндеттерді жүзеге асыруда елді экономикалық құрдымнан алып шығу үлкен қажыр-қайратты талап етеді.

Екіншіден, мемлекеттік егемендік — дамудың өзіндік жолын таңдап алу, жаңа саяси құрылымның қалыптасуы, қоғамдағы әрбір адамды қорғауды құқықтық және әлеуметтік механизмдерін қарастыру, әлеуметтік таптардың бәріне тең жағдай жасау.

Үшіншіден, мемлекеттік егемендік — өлкенің мәдени-тарихи дәстүр негізінде көркеюі, қоғамның тұрақтылығы ретінде ұлттық бірлік саясатын жүргізу.

Төртіншіден, мемлекеттік егемендік — адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жаңа тұлғаны қалыптастыруды көздейді.

Жоғарыдағы мақсаттарға жету үшін қоғамның барлық прогрессивті күштерін пайдалану қажет. Оның бірі — жастар. Бір жағынан жастардың өзі -әлеуметтік қорғауды қажет етеді, екінші жағынан — олардың үлкен мүмкіндіктері бар. Сондықтан да, Қазақстанның егемендігін нығайту ісіне жастарды белсенді араластыру керек.

ЕгемендІ Қазақстанның мемлекеттік құрылысына қосқан жастардың үлесі өз кезегінде жаңа жастар саясатының қалыптасуына түрткі болды. 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңы қабылданысымен тарихта алғаш рет республиканың өз бетімен әлемдік қауымдастыққа өтуі басталды [14].

Қазақстан Республикасы мемлекетін құрудың алғашқы жылдарында жастар аса белсенді рөл атқарды. Бұл 1986 жылдың желтоқсанындағы жастар өздерінің демократиялық көзқарастарын танытқанынан бастап, 1991 жылы Республиканың егемендігі жарияланғанға дейін жағдайларда жастардың жеке тұлға бостандығы мен адам құқықтарын қорғауға негізделген демократиялық қоғам құруды сезінуінен бастау алды. Бұл кезеңді жастардың саяси өрлеуі деп атауға болады.

Кез келген елде, саяси жүйеде жастардың қолдауына ие бола білу аскпектісі де аса мыңызды болып табылады. Бұл заңдылық әрбір елдің идеологиясына, оның ішінде жаңадан құрылып жатқан елдің де идеологиясына темірқазық болады. Сөзімізге дәлел ретінде өткен ғасырдың 30-жылдарында АҚШ-та жүргізілген Франклин Рузвельттің жастар бағдарламасын алсақ болады. Жас американдықтардың ұжымдық-патриоттық санасын ту етіп көтеріп, ұтымды жоспарланған қоғамдық жұмыстар жүйесімен елді қысылтаяң шақтан алып шықты. Жапон билеушілері де осы тектес жобаны пайдаланған болатын. Дәстүрлі жапон құндылықтары мен жапон ұлтының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты жастар жаңа ақпараттық өркениетті қалыптастыруға жұмылдырылды [17]. Алайда, жастарды кері мақсатта пайдалану жағдайлары да кездеседі. Мысал ретінде, «Юнгфольд» тәрізді неміс жастарының ұйымы негізінде қалыптасқан неміс фашистік ұлтшылдарын атауға болады [18]. Германияның ұлтшыл партиясы жастарды тәрбиелеудің социалистік жүйесін өте ұтымды пайдаланды. Олар христиандық уағыздардың өңін айналдырып, жалпы адамзаттық құндылықтарды жоққа шығарды. Бұл жастардың ұлтшыл немістерге көзсіз сенуге, ал немістердің екінші дүниежүзілік соғысты бастауға әкелді.

Қазақстандағы жастар саясатының қалыптасу мәселесіне қайта оралатын болсақ, 1991 жылы жастар қоғамның барлық бөлігіне әсер ете алмағанымен белгілі бір деңгейде қоғамның нақты күшіне айналды.

Мемлекет пен жастар ұйымдарының арасындағы қарым-қатынасты реттеуде 1991 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қабылдаған «Қазақ ССР-нің мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңы жетекші рөль атқарды. Осылайша, жастар институциялық деңгейде де, практикалық деңгейде де қоғамға заңды түрде араласа алатын әлеуметтік-демографиялық топ ретінде танылды. Алайда, жастар ұйымдарының басшылары бұл мүмкіндіктерін пайдаланбады. Нәтижесінде сол кезеңде (1992-1995 ж. ж. ) Парламентте және басқа да билік органдарында жастардың саны аз болды. Бұл жаңа жағдайдадағы саяси тәжірибесіздіктен, саяси технологияның дамымығандығынан, нақты бағдарламалардың жетіспеушілігінен болған кемшіліктер деп түсінгеніміз жөн. Дәл сол уақытта мемлекеттік қызметке кадр дайындайтын номенклатуралық жүйе бұзылған болатын. Бұл уақтытқа дейін жас шенеуніктерді компартия «тәрбиелеп» келгені бізге белгілі. Бүл үшін мектеп партасынан, одан соң студенттік орталардан ұйымдастырушылық қабілеттері жоғары және карьераны алдыңғы орынға қоятын жастар іріктеліп алынатын. Кеңестік жүйенің құлдырау кезінде «кадрлық жұмыс» талаптарына жауап бере алатын адамның

 жеке қасиеттері төмендеп, болашақ қызметкерлерді іздеу ісі әлсіреп кетті. Кадрлық іріктеу жүйесін бұзған протекционизм факторын да атауға болады. Нәтижесінде «өтпелі кезеңде» жастар ұйымдары басшыларына кәсіби дайындығы төмен кадрлар келді. Жаңаша басқару әдіс-тәсілі болмағандықтан 1991-1993 ж. ж. биліктің негізгі позициясын коммунистік номенклатураның бұрынғы өкілдері иемденді. Жастар жас мемлекеттік басқарылым құрылымдарына қатыспағандықтан мемлекет егемендігінің ішкі реформаларға қарсылық білдіруіне осы жағдайлар әсер етті.

Десе де, жастар ескі жоспарлы экономикадан, нарықтық қатынастарға өтуде қаржылық-шарушалық істеріне белсене араласты. Экономика, қолданбалы ғылым салаларында білім алған жастар арасынан бизнес-элита қалыптаса бастады.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жастарды мемлекеттік құрылымдарға тарту шараларынан басқа, сол кезде өзекті болған бағдарламалар да жүргізІліп жатты. Олар жастар ұйымдарының жұмыстарын жаңа бағытта институтциялау арнасында жүрді. Мемлекеттік басқарылымға тарту мақсатында дарынды жастарды іздестіру шаралары жүргізілді. Осылайша, 1992 жылы «XXI ғасыр иңтеллектісі», «Компьютерлік шығармашылық орталығы» қорлары, қазақстандық-американдық жоғарғы сынып оқушыларының «Жігер» жобасы, «Балалар XXI ғасыр қүрылысшылары» және т. б.

Әлемдік қауымдастыққа мүше болуда өзге елдердің алдында көзге мақтанышпен көрсетер жайттар саясаттан бастап экономикаға дейін, спорттан

бастап рок музыкаға дейін жалғасады. Сондықтанда жастар арасындағы әріптестіктің нығаюы, мамандармен, студенттермен алмасу елдің ішкі саясаттағы ашықтығын көрсетіп, мемлекеттің дамуына ықпал етеді. Әлемдік тәжірибе жастар мәселесіне байланысты проблемаларды шешетін арнайы мемлекеттік құрылымдар құру керектігін айтады. Бұл әлемдік қауымдастыққа мүше елдер алдында беделдің артып, жастардың саяси талап-тілектеріне байқатпай араласуға, олардың қызығушылықтарын жалпыұлттық құндылықтарга қарай бағыттауға көмектеседі. Жастардың мәселелеріне қатысты құрылымдар әлемнің 42 елінде жұмыс істеуде. Мысал ретінде Германиядагы отбасы, қарт адамдар, әйелдер мен жастар федералды министрлігі қүрамындағы Германия Халықаралық Бюросын атауға болады. Жапонияда Премьер-министрдің жанында жастар проблемасымен айналысатын арнайы басқарма бар. Оның аппаратында 3 мыңға жуық мемлекеттік қызметкерлер жұмыс істеуде. 1995 жылдың соңынан бастап, Франциямен студенттер алмасу тәжірибесі енгізілді. Қазақстан мен Германия арасындағы жас мамандармен алмасу ісі 1992 жылы жолға қойылды. Біздің елдің Германиямен жастар ісінде қоян-қолтық жұмыс істеуіне тарихи жағдайлар да себепші болып отыр. Қазақстанда неміс диаспорасының көптеген өкілдері өмір сүруде. Жыл сайынғы хаттамаға сәйкес жастар мәселесіне қатысты семинарларға біздің елден жастар ісінің мамандары, әлеуметтік қызметті ұйымдастырушылар, шығармашылық адамдар, жас тілшілер қатысады. Қазақстандағы этникалық немістердің миграциясын бәсеңдету мақсатында Германияның федералды министрлігі жеке кәсіпкерліктің дамыту және қолдауға бағдарламалар әзірленді. Қазақстанда, Францияда, Германияда тіл үйрету курстары жұмыс істеп, ақпараттық-анықтамалық орталықтар құрылған. Ана тілінен емтихан қабылдау орталықтарымен қатар үш ел арасында жастармен алмасу бағдарламасы өте жақсы жұмыс істеуде. Халықаралық тэжірибеге орай тек біздің елдің жастары шетелге шығьш қоймайды, сол тәрізді біздің елге де дэл сол шамада шетелден жастар келеді.

Республиканың тәуелсіздігін нығайту процесіндегі жаңа жастар саясатын жасауға негіз болған жастар мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастың келесі бір маңызды аспектісіне өтсек. Ол — мемлекеттік егеменділік тұжырымының басты шарттарының бірі, нарықтық қатынастар мен либерализациялану тұсындагы жас ұрпақтың рөлі.

КСРО ыдырауынан соң, «ауру» экономиканы мұраға алған ТМД елдерінің барлығы қиыншылықтарды сезінді. Посткеңестік республикалардың әлеуметтік-саяси жүйесі үшін оның қүрылымдық жаңаруы аса маңызды больш табылады. Алайда мемлекеттік монополия кезІнде дамыған жэне әлемдік қауымдастыққа өтуде бэсекелестікке төтеп бере алмайтын экономиканы қайта жаңгырту оңай емес. Экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу белгілі бір уақыт мерзімін талап етеді. Ұзақ уақыт өмір сүрген экономкиалық қатынастарды бір күнде бұзып, жаңалау мүмкін емес.

Қазақстанның болашағы — қоғамның идеялық бірлігінде — деп аталатын кітапшасында: «Міне, сондықтан да жаңа экономкиалық көзқарасты қалыптастыру бүгінде айырықша орын алады»[15], — деп атап көрсетеді Елбасы Н. Ә. Назарбаев.

Экономиканы қайта құрудың құрылымының мәні мен мазмұны бір әлеуметтік-экономикалық жүйеден екіншісіне өту кезінде өзінің экономикалық, шарушылық және саяси институттардың іс-шараларын сауатты түрде дер кезінде түзеп, өтпелі кезеңнің шиеленістері мен артық ауыртпашылықтарынан айналып өтіп, қоғам мен экономиканы жаңа қоғамдық-саяси және экономиалық жағдайға дайындау, болуы мүмкін кризистердің алдын алып, ескертіп отыруға негізделеді.

Өтпелі кезеңнің алғашқы сатысының барлық мәселелері сапалы түрде шешімін тапқан жоқ. Әлеуметтік сала, білім, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет саласы тіпті құлдырап кетті де, оларды жөнге келтіру мәселесі белгіленбеді.

Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитет жастардың кәсіпкерлігін дамыту заңдары негізінде нарықта тапшы мамандарды дайыдау ісін қолға алды. Ұлттық Банкте, республиканың Қаржы министрлігінде осы мақсаттар үшін қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылды.

Осылайша, нарықтық құрылымдарды қалыптастыру мен оларды кадрмен қамтамасыз ету саясаты қатар, кейде қарама-қарсы жүріп отырды. Бұл өз кезегінде тәртіпсіздік пен жұмысқа деген селқостыққа, тіпті пирамидалы қаржы құрылымдарындағыдай ашық түрде алдап-арбауға алып келді. Десек те, 1993 жылдың орта кезіне қарай өз ішіне 34 млрд. сом көлемінде қаржы қоры бар 180 банк (оның ішінде 97 коммерциялық, 60 жеке, 9 кооперативтік) енетін нарықтық инфроқұрылымның тармақталған жүйесі құрылды. Сол кезде республикада 4, 9 мың брокерлік орны бар 5 биржа, 21, 2 млн. сом қаржы қоры бар 37 сақтандыру компаниялары және 56. 6 млн. сом қаржылық қоры бар 54 ақпараттық-маркейтингтік фирмалар жұмыс істеп тұрды [19]. Жаңа фирмалар мен бөлімше басқарушыларының орташа жасы 31, 4-ті құрады. Басқарма мен бөлім басшыларына шамамен 30 жастан, ал 5 мың брокерлік биржаның тек 3 пайызын жасы 35-тен асқандар құрады. Тұтастай алғанда республикадағы нарықтық инфроқұрылым қажыр-қайраты мол жас экономистермен толықты.

Нарықтық құрылымды қалыптастырудағы жас экономистердің рөлі өсіп келе жатыр. Бұл жаңа жұмыс түрлерімен және жас элитаның білім деңгейінің жоғарылығымен, республикадағы көп ұлттылық, салт-дәстүр, еңбек дағдылары мен мамандық таңдауға деген шарттардан шығатын еңбек потенциалының дәстүрлі реңкімен байланысты. Жаңа шаруа құрылымдарына тікелей ат салысумен қатар, жастар өз еріктерімен жеке корпоративті кәсіби одақтар құруға талпынды. Әр жылдары Жас брокерлер Ассоциациясы, Республика банкирлерІнің «дөңгелек үстелдері», жас кэсіпкерлер мен менеджерлер Конгресі, Аймақты дамыту қоры, «Қазақстан фермерлері» қозғалысы т. б. бой көтерген болатын. Алайда, қоғамның баяу экономйзациялануынан, жастар арасындағы ескі ұжымдық сананың сарқыншағынан, жастардың саяси мэдениеттілігінің төмендігінен және олардың қызығушылықтарын дұрыс реттелмегендіктен бұл бастамалар аяқсыз қалды.

Бұл жаңашылдықтың лебі қазақ ауыл жастарын да шарпып өтті. Аграрлық саладағы меншіктеу реформасы жүзеге асқан соң, 1990 жылдардың орта түсында 32 мың ауылшаруашылық құрылымдары жұмыс істеді [21]. Бұл салаға бар-жоғы 1 млн. 840 мың ғана жас қатысты [20]. Жастардың жаппай ауылдан қалаға ағылып, жұмыссыздардың саны мен элеуметтік потологияның бүршік жаруына ықпал етуі осы құбылыстың объективті экономикалық себебі болып табылады. Өкінішке орай осы жастар категориясына қатысты үкімет ешқандай бағдарлама (ең болмағанда АҚШ-тағы «ұлы депрессия» 1929-1933 жылдарындағы қоғамдық жүмыс тәрізді болса да) әзірлемеді.

Осылайша, өтпелі кезеңнің қиындықтарына, республикадағы жалпы бұқараның өмір сүру деңгейінің төмендегеніне қарамастан жастар саясат, экономика, білім саласына бейімделіп қана қоймай, жаңа шаруашылық құрылымдарын құруға белсене араласты. Келесі бір жастар тобы үшін нарықтық қатынастарға өту бэсекелестік қаулаған қоғамда өзін-өзі көрсетіп,ойлағанын жүзеге асыруға еркіндік алып берді. Біз тек жастар саясаты бағдарламысын дүрыс жүзеге асырып, қажетті қаржымен қамтамасыз еткенде ғана қиын кезеңнен қалған жараны емдей аламыз.

Біз жастар саясаты мемлекет пен қоғамның, партиялар мен қозғалыстардың негізгі саяси бағыттарының алғашқы қатарында болуы керек деп санаймыз. Ол ұлттық-этникалық генофондымызды, қажетті әлеуметтік-экономикалық, саяси-қүқықтық орта қалыптастыруға, жан-жақты даму үшін мэдени-ағарту шараларын орындауға, элеуметтік статусты көтеруге, жастардың интеллектуалды жэне білім деңгейін көтеруге бағытталуы тиіс.

Жастардың қызығушылығын жүзеге асыруды қолдай отырып, қоғам өзі туралы, өзін алға жетелейтін жаңа күш туралы ойлайды.

Республикамыздағы мемлекеттік жастар саясатының негіздері жөніндегі заң мемлекеттік стратегияның, үзақ мерзімді саясаттың қүрамдас бөлігі ретінде қарастырылу керек жэне саяси мақсаттар мен тікелей байланысты міндеттердің біртіндеп атқарылуына бағытталуы тиіс. Біздің қоғам тотаритарлық мемлекеттік қатардан нарықтық қатынастарға негізделген гуманды демократиялық қоғамға ауысуда. Қазіргі жағдайда жастарға қатысты мемлекеттік саясаттың бастапқы құқықтық факторы оның элеуметтік статусы болып табылады. . Жастардың қолдануына ие болу үшін мамандық таңдау, жұмысқа түру, отбасы мүшелерінің денсаулығын нығайту, рухани дүниені қалыптастыру жэне элеуметтік байланыстарға бағытталған кепілдігі бар құқықтық механизм жүйесін ұсыну қажет. Республиканың нарықтық қатынастарға өтуі оңай емес. Осы жағдайда қазір немесе алдағы жылдарда жастар арасындағы әлеуметтік қиындықтар мен оның орын алуын заң белгілі бір деңгейде жеңілдетуге күш салған жөн. Алдағы уақыттарда жас ұрпақ санасының қалыптасуына, оның жаңа әлеуметтік ортаға бейімделуіне барынша ықпал етіп, жастардың шығармашылық және интеллектуалдық күш-жігерінің артуына қажетті жағдай туғызу аса керек.

Жоғарыда айтылғандарды • қорытындылай келе, Қазақстанның зайырлы мемлекет ретінде қалыптасуы жастардың элеуметтік жағдайын түзеуге, Қазақстан азаматы атына лайық патриоттық рухта тәрбиелеуге, жастарды өздігінен жұмыс істеуге тартуга жэне басқа да мәселелерді шешуге мүмкіндік туғызады. Демократиялық қоғам қүру жолындағы Қазақстанның таңдауы жаңа міндеттерді орындауды көздейді.’

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  ЖАСТАР САЯСАТЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҮРДІСІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

  1. 1. Мәдениет пен білім саласындағы жастар саясаты

 

Саясаттану ғылымында саяси құндылықтарды зерттеумен саяси мәдениет айналысады. Қоғамдағы саяси мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде саяси күрестегі мән — жайды анықтаушы саяси құндылықтар мен рәміздер көрінеді. Саяси мәдениет саясаттың субьективті өлшемі болып табылады. Онда саяси институттардың қызметі мен құрылысы, қоғамның қатынасы, осы институттар мен оның құрамдарына қоғам мүшелерінің ара қатынасы қарастырылады. Саясаттанушылар қоғамдағы саяси мәдениетті негізінен үшке бөледі. Олар адамдардың билік стуруктурасына қатынасы, қоғамның басқа өкілдеріне қатынасы, сондай — ақ, жеке өзінің саяси белсенділігі жатады. Бұл мәселе біздің зерттеуімізде    жастардың    саяси    мәдениеті    мен    білімділігі    деңгейінде қарастырылады.

Қазақстан жастарының 1996 жылдың 9 — шы, 10 — шы қазанында өткен бірінші форумында мемлекетіміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев «жастардың алдындағы негізгі мақсат өз білімдерін арттыру» дегенді атап өтті [22]. Ол мемлекеттің тегін орта білімнен бас тартпайтынын бекітті, сол себепті мектептер заңды тұлға мәртебесін иеленді. Бұл деген мектептерді барлық бюджеттен тыс табысқа (демеушілік т. б. ақшаға) салынатын салықтан босатылатынын білдіреді. Сонымен қатар, Президент мектептерге басқалай да көмек көрсетілетіні туралы да айтты. Мысалы, жаңа буын оқулықтарын шығару; мектептерді компьютермен қамтамасыз ету; бағдарламалар жасау т. б.. Бірақ, елбасының айтуынша, «бізге керегі орташа білім емес». Сол себептен мемлекет жас мамандарды жоғары дамыған мемлекеттерге тәжірибе алмасуға жібереді. Білім беруді дамытуды қамқорлыққа алудың үлгісін көрсететін Н. Ә. Назарбаевтың пікірінше, Қазақстандық менеджмент институты болып табылады. Осыған байланысты республика аумағынан тысқа бармай — ақ білімді болу таңқаларлық нәрсе емес. Шетелге шығу қажеттілігі туындамайды да. Президенттің айтуынша, мұндай оқу орындарын аймақтарда құру керек. «Білімді біртіндеп жинақтау керек. Ал ең бастысы, жастардың білімге деген құштарлыгы болуы тиіс, онсыз барлық бастаулар нәтижесіз болады» — деп елбасы білім саласындағы мемлекет саясаты туралы ойын аяқтайды.

Расында да жастардың өмірлік маңызы бар мәселелерінің бірі білім мен кәсіби дайындық алумен байланысты. Қазақстан жастарына бүгінгі таңда кәсіби-білім беру үрдісін 722 оқу орны жүргізеді. Бүгінгі таңдағы мемлекеттік оқу орындарында 99 535 адам оқиды. Соңғы оқу жылында Қазақстанның білім беру инфрақұрылымы жоғары білімді 55 445 маман дайындады.

1998/99 дан 1999/2000 жылдарға дейін олардың саны 3 675 адамға көбейді. Бүгінгде таңда бұл сан әлі өсуде.

Қазіргі қоғамдық қатынастарды модернизациялаудан, реформалардың табысты өтуіне мүдделі қоғам жастардың білім алуын, үздіксіз білім алу идеясы іске асырылуын қамтамасыз етуді қарастырып отыр. Қазақстанның ертеңгі күні толығымен жастардың білім деңгейімен анықталады.

Республикамыздағы тәрбие беру, орта, арнайы және жоғары білім беру мен сол салалардағы әлеуметтік мәселелерге талдау жасайық. Айта кететін жайт, халықтық білім беру жүйесі қайта құру кезеңінің басында дағдарысқа ұшыраған. Ойландыратын факт: 50-жылдардағы халықаралық бағалау бойынша КСРО жастардың интеллектуалдық дайындық коэфициенті бойынша дүние жүзінде үшінші орын алған болса, ал 80-жылдардың басында 42 — орынға түсті. Бұған жылдан жылға білім беруге бөлінген мемлекет қаржысының азая беруі себеп болды.

Көптеген оқу орындарында ғимараттар, оқу корпустары, кабинеттер норматив пен тазалық талаптарының 60-70% (әсіріесе жеке меншік оқу орындарында) ғана жауап береді..

Әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі бойынша бозбалалар мен бойжеткендердің 45%-ы анағүрлым маңызды құндылықтардың ішінде жоғары оқу орындарында білім алуды жатқызады. Бұл өз жағынан нарықтық экономика жағдайларында кәсіби білім алу деңгейінің маңызының жоғарылығын айқындайды. Қазіргі кездегі жастар арасындағы жоғары білім алуға деген сұраныс шындыққа емес, потенциалды сұранысқа бағытталуымен сипатталады. Жоғары оқу орындарының түлектері арасындағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейде болуы осыған байланысты. (жастардың 36, 7%-ы мамандық бойынша жұмысқа орналасуда қиындықтарға ұшырайды). Аталған қорытынды келесімен түсіндіріледі: көбі үшін жоғарғы мектеп әлеуметтік қорғау қызметін өз мойнына алды (мектептен кейінгі жұмыссыздықтан, әскери қызметтен қорғау). Дамыған нарықтық экономикалы қоғамнан «алынған» мінез-құлық стандарттарының ықпал ету үрдісі жүріп жатыр, жастардың халықаралық еңбек нарығына бағытталуының, бейімделуінің кеңеюі жүріп жатыр. Бұған жастардың экономист, заңгер мамандығын меңгеруге деген кәсіби бейімделуі дәлел болады. Жақын болашақта Қазақстан жастары негізінде заңгерлер мен экономистер мемлекеті ретінде танылмақ.

Жастардың жаңа үрпағының әлеуметтік мәртебе мен материалдық игілікті қамтамасыз етуші мамандықтарға қайта бейімделуі — қазіргі болмыс тенденциясы. Екінші орында мамандық тартымдылығы, болашақ қызметтің мазмұны мен сипаты тұр. Бұл жағдайларда жастардың кәсіби анықталуы туралы айту қиынға соғады. Бүгінгі таңда кәсіби таңдау мен кәсіби мақсаттар туралы айту тиімді.

Білім беру секторындағы қалыптасқан жағдай көбінесе қоғамда тұрақталған әлеуметтік-экономикалық жағдайға негізделеді. Көп жағдайда жастардың кәсіби таңдауы материалдық ресурстардың өткір жетіспеушілігіне байланысты анықталады.

Бүгінгі таңда республикамызда басталған реформа білім берудің барлық компонеттерін түбегейлі өзгертуге бағытталған. Бұл реформаның стратегиялық белгісі болып жаңа ұрпақ қалыптастыру идеясы аталды.

Осыған байланысты білім беру қызметі де өзгерді. Енді бұл қызмет көрсету саласы емес, рухани өндіріс саласы.

Республика үкіметінің міндеттері 1998-2000 жылдардағы Бағдарламасында білім берудің барлық сатыларын «оның тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында»  [23] реформадан өткізу қажеттілігі нұсқалған. Онымен қазіргі жүйенің артта- қалып қойғандыгы мен төмен сапасы мойындалады.

Жаңа ғасырда білімділік пен интеллект ұлттық байлықтың қатарына жатқызылуда, ал адамның рухани саулығы, оның әр бағыттағы дамуы, кәсіби дайындығының кең ауқымдылығы, шығармашылыққа ұмтылу мен стандарттан тыс мәселелерді шешу қабілеті мемлекеттің дамуының басты факторына айналады.

Қазақстанда 1990-шы жылдарда білімге, ғылымға және мәдениетке бөлінген шығындардың төмендеу үрдісі жүріп жатты. Олар қазіргі кезде, түрлі бағалау бойынша, жалпы ішкі өнімнің 0, 5-1%-ын ғана құрайды, ал орташа және дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш 3-7%-дан төмен түспейді [24].

Әрине, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңның 7, 10-баптарында бекітілген ғылыми шығармашылыққа қатысу мен рухани даму, білім алу бойынша әлеуметтік қызмет көрсетуді алуға жастар қүқығының кепілі түрлі білім алудың формаларын жасауға, әрбір түлғаның рухани потенциялын дамытуға алғы шарттар жасады.

Алайда олардың іске асырылуы автоматты түрде өткен жоқ, жылдан-жылға нарықтық қатынастармен, уақыт талаптарымен, қоғамда бекітілген халықаралық нормалармен орныққан. Мұның барлығы оқу орындарының мәртебелерін әкімшілік тұрғыда көтеру менжүргізілді. Көптеген институттар, университет немесе академия мәртебелерін иеленді. Біртіндеп дэстүрлі қабылдау емтихандары тестілеуге ауыстырылды, қоғамдық-саяси пәндер блогы қысқара бастады, оқытушылар құрамының жүктемесі ауырлай түсті, еңбек ақыны уақытысында төлемеу, жағымсыз болса да, үйреншікті құбылысқа айналды.

Сонымен қатар мемлекеттік емес (жеке меншік, акционерлік) жоғары оқу орындарындардың көбеюі бәсекелестікті құра бастады. Олар талапкерлерді, оқытушыларды (жоғары төлемақы, тұрақты төленетін төлемақы) тартып, оларға қажетті мамандықтар бойынша білім беруін жауапкершілікке алған.

Бұл жағдайда мемлекеттік жоғары оқу орындарындары заңға сәйкес мемлекетке қажетті мамандықтарды дайындайтын факультеттерге студенттерді жинақтап, ақылы топтар құруға мүмкіндік алды. Айта кететін жағдай, мемлекеттік жоғары оқу орындарында бюджеттік қаржыландыру қиыншылықтарына қарамай мемлекет бөлген жеңілдіктерді сақтап қалды.

Бұл жағдайда жоғары оқу орындарындарға конкурстан тыс бірінші топтағы, екінші топтағы мүгедек балалар, жетім балалар, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар алынды.

Барлық жоғары оқу орындары мен арнайы орта оқу орындарында ауылдық квота қосылған.. Сонымен бірге, жалпы алғанда, ауыл жастарына днген ауыл. Қазақстан халықтары Ассамблеясының бірінші сессиясыньщ ұсыныс хаттарына сәйкес Қазақстанның аз санды халықтарына жоғары оқу орындарындарға қабылдау жоспарының 10%-ы мөлшерінде жеңілдік жасалған болатын. Алайда іс жүзінде бұл жеңілдіктерді қарастыруға мүмкіндік болған жоқ, себебі оларды бақылау механизмдері мүлдем болмаған [25].

ОАОО-дың дамуын нормативті-құқықтық қамтамасыз етуді іске асыру мақсатында «Арнайы орта оқу орындары туралы» Типтік уақытша ереже жасалып, бекітілді. Соған сәйкес өндірістік салаға арнайы мамандарды дайындаушы техникумдарды қайта мамандандыру жұмыстары жүргізілді.

1991-1995 жылы ОАОО-да жаңа мамандықтар ашылды: 0108-коммерциялық қызмет, 0110-менеджмент, 0112-маркетинг, 0113-аудиторлық, 3204-тауар жүргізу, материалдық-техникалық қамтамасыз ету мен өткізу. 1993 жылы 24 — мамырда № 240 «ССУЗ-дың жаңа оқу багдарламалық құжаттануын жасау туралы» Білім министрлігінің жарлығына сәйкес [26]  1994 жылдың 1-қыркүйегінен бастап оқу үрдісіне нарықтық қатынастарга жақын 180 оқу жоспарлары енгізілді.

«1995 жылы Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңымен оқушылар мен студенттер стипендияларының көлемі ССУЗ-р үшін ең төмен төлемақының үш еселі көрсеткішінің 80%-ын, ал жоғары оқу орындары үшін 100%-ын құрайды, бұл бекітілген саладан 3, 7 есе көп. Жетім балалар, ата-анасының қамқорынсыз қалған студенттер мемлекет қамқорына алынды (тегін тамақтану, киім-кешек, жатақхана). Сонымен қатар тамақтану мен киім-кешек қүнынан 3% мөлшердей халықтық шараларға, жеке гигиена заттарына, кітаптарға ақша бөлініп қалалық көліктерге жол билеті берілген.

       Оқушылар мен студенттерге демалыс кезінде теміржол мен әуе көліктерімен жүруге жеңілдіктер жасалған. 3000-нан астам дарынды студенттер мен аспиранттар конкурстық негізде шетелге оқуға жіберілді (батыс мемлекетері мен АҚШ-қа 2762 адам, ТМД елдеріне — 218). Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы» жарлығына сәйкес 1995-1996 оқу жылына 370 степендиант жіберілген болатын, ал бұл көрсеткіш 2006-2007 жылы 3000 студентке жетіп отыр. Шетелдегі оқу орнына төленетін ақша көлемі 25 мың АҚШ долларын құрады [27].

Сол себептен көптеген жоғары және орта оқу орындарында, мектептерде қайырымдылық қорлары, өзара көмек беру мен несиелеу қоғамдастықтары, кәсіпкерлікті демеу қауымдастықтары тағы басқа құрыла бастады. Олар жастардың өмірін жеңілдетіп, нарықтық қатынастарда жұмыс істеуге дағдыландыруға бағытталған. Бірлестіктің жаңа түрі болып студенттер одағы мен жерлестік ұйымдар болып отыр.

Жастар, туризм және спорт жөніндегі облыстық басқармасы жастардың мәселелерін шешуге ат салысты. Мысалы, Қызылордалық басқарма жұмыс беру орталығымен бірлесе отырып, оқудан тыс уақытта студенттерді жұмыспен қамтамасыз етуін ұйымдастырған. Көптеген студенттер почтаны аудандық бөлімшелерде, инвестициялық қорларда, балалар бақшасында, фирмаларда, жеке меншік кәсіпорындарда дилер мен супервайзерлер болып, шет тілін білетіндер бірлескен фирмаларда қызмет істей бастады.

Көкшетауда жетім студеттерге ауыл шаруашылығы институтының «Студенттік жастар орталығы» үлкен көмек көрсетіп отырды. Қалалық медицина колледжінің ем көрсету мекемелеріне патронаждық көмек көрсетуші студенттерге ынталандыру сыйақылар беріліп түрды, ал педагогикалық институтында оқу үрдісі кезІнде жетІм балаларға уақытысында алты шағын жалақы көлемінде ақша төленіп отырған. Оқу орнын бітірушілерге сол кездегі тарифтер көлемінде материалдық көмек көрсетіліп отырды. Қаланың барлық студенттік асханаларында тамақтануға жеңілдік талондары енгізілді [28]. Қазақ мемлекеттік басқару академиясында 1994-1995 жылы күндізгі бөлім студенттеріне тегін тамақтану үйымдастырылган болатын.

Алайда, Алматы, Қостанай, Тараз, Ақмола, Семей студенттерінің Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясының бүгіндеқаржының жетіспеуінен жабылып қалған. Әлеуметтану және саясаттану институтының жүргізген кешенді мониторингтің негізіне келесі үш фактор анықтаушы болады: ата-анасының материалдық жағдайы, оқу орны және тұрғылықты орны.

Директивалық органдарға берілген хаттың мәлімдеуінше, студенттердің 41%-ы стипендиядан стипендияға дейін күн көрген, 12, 4%-ында ақша тек тамақтану мен киімге ғана жеткілікті болған, 10, 5%-ы әзер күн көрген, 7, 5%-ы қарызбен өмір сүрген. Студенттердің 24%-ы үйлерінде, 47, 7%-ы жатақханаларда, 13, 8%-ы пәтер жалдап, ал 12, 8%-ы туған-туыстарында

тұрған. Үйде тұрғандардың 61, 5%-ы арнайы орта оқу орындарында оқиды, ал жатақханаларда тұрғандардың 82, 8%-ы жоғары оқу орындарының студенттері [29].

Сарапшылар көптеген студенттер білім беру саласына қанағаттанбау туралы қауіпті тенденцияны байқап отыр деген пікірде. Әсіресе халықаралық юрисдикциямен, нарықтық экономикамен, халықаралық экономикалық қатынастарға байланысты сұранысқа ие және тапшы пәндер бойынша білім беру сапасына наразылық білдіруде. Оқу үрдісін жаңалау, жаңа бағдарламаларды құру жұмыстары қаржы мен орындаушылардың тапшылығына тірелді. Профессорлық-оқытушылар құрамына да сөгіс жарияланып жатты. Олардың көбі бюджеттің қатаң талаптарына тап болғандықтан кем дегенде екі-үш жерде қызмет етуге мәжбүр болған. Ал, бұл әрине білім сапасын төмендеуге алып келді.

1992 жылдан бастап оқу орындарының студеттер саны қысқара бастады . Бұл кезеңде жастардың бәріне ортақ, сонымен қоғам үшін өкінішті жастардың өздерінің интеллектуалдық, шығармашылық, эвристикалық қабілеттерін төмендету тенденциясы байқалған.

Мемлекеттік жоғары оқу орындары үшін жалғыз нақты мүмкіндік болып экономиканың жалпы жағдайына, оның болашағы мен жергілікті ерекшеліктеріне сэйкес олардың санын, қүрылымын, білім беру үрдісінің мазмұнын оптимизациялау табылады. Әкімшілік — территориялық жергілікті қүрылымга сэйкес құрылған ескі жүйе жаңа жағдайга келіспейді, ал болашақ, эрине колледждер мен лицейлерді қамтушы ірі университеттік орталықтардың алдында.

Екіншіден, мемлекеттік жоғары оқу орындарындардың коммерциялануы белгілі дәрежеде өтуі тиіс, әйтпесе, бұл ұғым мен оны тасушы өзінің негізгі мазмұны мен мемлекеттік мәртебесін жоғалтып алады.

Бұл жағдайда білім берудің ұқсас формасы болып мемлекеттік емес, нақтырақ айтқанда жеке меншік оқу мекемелері: академиялар, университеттер, жоғары мектептер, колледждер, лицейлер, курстар, практикумдер және т. б. табылады. Республикамыздағы білім берудің жеке меншік секторы Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңын қабылдағаннан кейін қалыптаса бастады. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Білім беру туралы» Заңына өзгерістер енгізу туралы заңында (1993, сәуір) білім беру қызметін жүргізу үшін лицензия алу қажеттілігі анықталған болатын. Қысқа мерзім ішінде республикамызда он шақтысы мемлекеттік емес жоғары және арнайы орта оқу орындарының құрылды. Білім беру нарығында алғашқылардың бірі болып келесі жеке меншік оқу орындары ашылады: «Қайнар», «Тұран», «Әділет» жоғары құқық мектебі, Д. А. Қонаев атындағы университет, Алматы менеджмент мектебі, Алматы құқықтану мен халықаралық қатынастар институты, Санкт-Петербург Халықаралық славян институтының филиалы, ондаған колледждер мен лицейлер. Олардың ашылуы ауқатты тұрғындардың аса қажетті мамандықтарға деген сұраныстарына және саяси координаталар жүйесіндегі жаңа жағдайына байланысты. Белгілі қаржылық қаражатқа ие бола отырып, олардың оқытушылар құрамын таңдауда,

соңғы басылымдар мен әдебиеттермен қамтамасыз етуде, студенттердің практикасының ірі фирмаларда өтуін таңдауда еркіндігі мен мүмкіндіктері мол болған. Сонымен қатар, олардың міндетті емтихандардың орнына әңгімелесуді енгізуі психологиялық ұтқырлық ретінде танылады. Бұл тұлға бостандықтарының бірі — білім алуға құқыгы ретінде қарастырылған. Осының барлығы жастардың көз алдында олардың беделін арттырып, білім беру қызметі нарығын кеңейтіп, мемлекеттік жоғарғы оқу орындары мен Білім министрлігімен бәсекелестік элементтерін құрайды.

Мемлекеттік емес жоғары оқу орындарын тексеруден материалдарын қарағанда, материалдық-техникалық жабдықталудың нашарлығы, әдістемелік оқу құралдарының аз болу, білікті профессор-оқытушылар құрамының жетіспеушілігі фактілері анықталды. Бірқатар мекемелердің білім беру қызметін лицензиясыз жүргізгені анықталды. Қазақстан Республикасының Білім министрлігі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 35-бабына сәйкес және «лицензиялау туралы» заңның күшін иеленген Қазақстан Республикасының жарлығының 7, 10 — шы баптарына сәйкес 1996 жылы қаңтарда лицензиясыз қызметпен тапқан пайданы мемлекет табысына алу туралы мемлекеттік емес оқу орындарының атына шағым хат жазған болатын. Сонымен қатар, бір кездері Білім министрлігінде жетілдірілмеген нормативтік база салдарынан білім беру талаптарына толық сәйкес келмейтін оқу орындарына бір жылға (бір жыл мерзіміне) лицензия беру туралы теріс шешімдер қабылданған.

Ең алдымен жастарға қиындық тудыратын мәселе, біздің ойымызша, оқу орындарын лицензиялау, аттестациялау, аккредитациялаудан өткізу бойынша нормативтік базаны жетілдіру бойынша жұмыстарын жүргізу қажеттілігінен туындайды.

Мемлекет «Білім беру туралы» заңның орындалуын бақылауға алуға, орта мектептегі балаларды оқытуға жеткілікті қаражат бөлуге, оқытушылардың жалақысын қарастыруға міндетті.

Қазақстан Республикасы Президентінің Стратегиясында «Қазақстан -2030» анықталған ұзақ мерзімді мақсаттардан шыға отырып, Республиканың білім беру органдары оқуды барлық жағынан қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыруда. Жаппай оқыту бағдарламасы Білім және ғылым министрлігімен, ішкі істер, экономика министрлігімен бірігіп жасалған болатын. Қазақстан Республикасы Үкіметі 2000 жылы тамызда №812 «Қазақстан Республикасындағы орта білім беру жүйесін ары қарай реформалау шаралары туралы» Қаулысын қабылдады. [30].

Жаппай оқыту бағдарламасы XXI ғасыр білімді адамдар ғасыры, жаһандану ғылым — техникалық прогресс ғасыры мектеп жасындағы балаларды оқуға толық қамтуға бағытталған мемлекетіміздегі әр бала білім алуы қажет деп санады.

Республика астанасы — Астана қаласының жалпы білім беру мектептерінің негізінде мектеп жасындағылардың әлеуметтік қамсыздандырылуы мен жұмыстарының бағыттарын қарастырайық. Барлық қалалық мектептерде жаппай оқыту қорлары құрылған. Оларға мектепке қажетті бөлінген қаржының 2%-ы аударылған. Мектептердің барлығында буфеттік тамақтану ұйымдастырылса, ал мектептердің 13%-ында ыстық тамақтану ұйымдастырылған. «Қамқор» қайырымдылық акциясының барысында киім қабылдау орындары ашылып, мұқтаж балаларды киім, аяқ киім, тегін тамақтанумен қамтамасыз ету бойынша демеушілер жүмыс жүргізуде. 2000-2001 оқу жылының есебі бойынша жазғы саулықтандыру компаниясының өту кезеңінде балалардың 77%-ы демалган. Жалпы алғанда жергілікті бюджеттен балалардың сауықтандырылуына 13 млн теңге бөлінді. Білім беру органдарының бақылауында тәрбиеленуі қиын балалар мәселесі де бар. Жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылықтың алдын-алу шаралары бойынша кешенді бағдарлама жасалып шығарылған. «Астаналық білім беру» бағдарламасында материалдық демеуді қажет ететін балалар үшін интернат ашу қарастырылған. Құқықтық тәрбие беруді арттыру мақсатында қалалық білім беру басқармасы мен қалалық юстиция басқармасының ортақ жоспары құрылып, жасөспірімдер істері бойынша инспекция мен қалалық білім басқармасы тығыз байланыста жұмыс істеді. Жетім балалар мен көп балалы отбасынан шыққан балаларға жеңілдіктер қарастырылған — ай сайын қалалық көлікке жол билеті мен кітаптар бөлінді. Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арнайы интернат ашылды, ондай балалардың біраз бөлігі үйде оқытылды. Сонымен бірге, отбасындағы түсінішпеушілікке ұшырап, қазіргі қиын кезеңде жиі кездесетін таршылық пен мұқтаждықтың ауыр жүгінен азап тартып, ата-аналарымен дауласып, үйінен қаңғырып кеткендер жиі кездесті. Олар балалар үйіне орналастырылып, қамқорлыққа алынды. Алайда, жетім балалар санының өсуіне байланысты интернат сандарын көбейту, қалалық балалар үйіне қосымша ғимараттар салу, жасөспірімдердің әлеуметтік құқықтарын қайтару мекемелерін салу қажет. Бұл шараларды Астана қаласында ғана емес, ертеңгі күні «өзін-өзі жоғалтқан ұрпақ» пайда болмас үшін, республика көлемінде жүзеге асырған жөн.

«Білім беру туралы» заңмен бекітілген білім берудің ұлттық моделі ертерек кәсіптендіруді қарастырады. Өз кезінде бұл жалпы білім беру мектептерінің  бағыт алу бойынша жұмыстарды жүргізуді міндеттейді де, кәсіби ұйым басшыларына түлектерді жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін кәсіпорындармен тікелей келісім-шарт жасауды жүктейді.

«2000-2005 жылдардағы астаналық білім беру» бағдарламасы бірқатар жобаларды қамтиды. Олардың ішінде «Дарын», «Жаз», «Жетім балалар»,

«Кемтар балалар» жобалары бар. Бұлардың атауының өзі олардың әлеуметтік бағытталуын көрсетіп тұр.

«Дарын» жобасы дарынды балалардың дамуына анағүрлым әлеуметтік-педагогикалық жағдайлар жасау, олардың шығармашылығын іс-жүзіне асыру, сонымен бірге бірқатар мамандар мен қоғам назарын дарында балалар проблемасына аударуға бағытталған. Жобаның негізгі мазмұны құрамында білім беру жүйелерін, отбасы, әлеуметтік институттарды қамтитын дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесін қалыптастырудан танылады. Жобаны іске асыру нәтижесінде 2005 жылға дейін дарынды балаға, оқушыға өзінің дербес қабілеттеріне сәйкес өзін-өзі қалыптастыруға мүмкіндік бере алатын көп деңгейлі жүйе құрылады. Дарынды мектеп оқушыларын рухани және дене дамуына, білім алуына, кәсіби дайындалуына арнайы жағдайлар жасалады.

«Жаз» жобасы астаналық оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастырудың кешенді ведомствоаралық бағдарламасын жасап шығаруға байланысты. Балалар, мектеп ПТМ оқушылары мен коллледж оқушыларының денсаулығын сақтау мен нығайтуға себепкер болатын, әлеуметтік-мәдени, білім беру құндылықтарына баулудың жеке мүмкіндіктерін жетілдіретін механизм мен жағдай жасаумен байланысты. Жобаның негізгі мазмұны жазғы демалысты ұйымдастыру кезінде сау, тәрбиелік және білім беру мәселелерін шешуге, жеке мүдделері мен қызмет ету салаларының жеке қызығушылықтарын (спорт, туризм, өлкетану, экология, музыка, т. б.) қанағаттандыруға бағытталған. Астана қаласының, аудандық жэне қалалық әкімшіліктің, кәсіпорынның бюджеттен тыс қорларының, кәсіподақ және қоғамдық ұйымдардың балалар, жасөспірімдер мен негізгі және орта кәсіби білім беру орындарының оқушыларының жазғы демалыс бағдарламасын іске асыру бойынша білім беру басқармасының ұйымдастарушылық шаралары Жобаны іске асыру құралы болып табылады. Жобаны іске асыру нәтижесінде жазғы еңбек пен демалыстың барлық түрлерімен жыл сайын астананың балалары мен жасөспірімдерінің 85%-ы (кем дегенде) қамтылады.

«Жетім балалар» жобасы ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар мен жетім балалардың элеуметтік қорғалуын, оқуын, дамуын, жағдайларын, сапалы кәсіби дайындығын және жұмысқа орналасуын қамтамасыз етуші шараларды кешенді іске асырумен байланысты. Жобаның негізгі мазмұны мыналардан тұрады:

-әлеуметтік жетімдіктің алдын-алу бойынша жағдай жасау, қосымша әлеуметтік көмек қажет ететін балалары бар отбасыларына дифференцияланған көмек көрсету;

-ата-анасының қамқорынсыз және жетім қалған балалар мен жетім балаларды әлеуметтендіру жүйесін жетілдіру;

-балалардың білім алуына кепіл бере алатын жағдай жасау;

-ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар мен жетім балалардың психологиялық-медициналық-педагогикалық бақылаудан өту, қоғамдағы интеграциясы мен әлеуметтік үйрену үрдістерін жақсарту мақсатында жеке дамуын қамтамасыз ету;

Соңғы тенденция білім беру саласындагы жастар жағдайының нарықтық стандарттарының эволюциясындағы кемшіліктердің бірі болып табылатын білім беру қызметінің нарығындағы ұсыныс пен сұраныс арақатынасының нақты анықталмауының дәлелі бола алады. Бұл жағдайда кәсіби білім беру жүйесі еңбек нарығының «сұраныстар» «жедел жауап беру» тәртібінде біршама тәжірибе алуы керек. Бұл жастар арасындағы жұмыссыздықтың төмендеуіне септігін тигізеді. Дегенмен де, соңғы жылдары жоғарғы оқу орындарында және колледждерде түлектердің біршама ұлғаюы байқалады. Ал олардың кәсіби-техникалық мектептердегі саны динамикалық және тұрақты түрде азаюы байқалады (1996 жылы 79017 адамнан бастап, 2000 жылы 41527-ге дейін).

Жағдайды өзгертуге «2000-2005 жылдардағы Астаналық білім беру» бағдарламасы шеңберінде жасалған «Еңбек нарығы жағдайларындағы бастапқы және кәсіби орта білім беру» жобасы әсер етеді.

Жоба нарықтық экономика өту шартындағы бастауыш және орта білім беру жүйесін құруға арналған. Нарықтық экономика әлеуметтік және ғылыми-техникалық жағдайлары қамтылған, мамандандырылған мектептердің оқушыларының жақсы тәрбие алуын қамтамасыз етеді.

Жобаны құру идеясы, бастауыш және орта білім беру жүйесі жалпы білім беру жүйесінің құрылымдық бірлігі болып табылатындығына байланысты туындаған. Сондықтан білім беру жүйесін дамытудың жаңа бағыттары мамандық бойынша білім беру ұйымын дамыту кезеңіне ене алады, және мамандық бойынша дайындық мәселесі, инновация мәселелері бұл жерде негізгі рөл атқарады. Алайда, бастауыш және орта мамандық бойынша білім беру мектептері өз міндеттерін қазіргі заманға сай етіп орындауы үшін жаңа педагогикалық мақсаттар (ол мақсаттар арқылы мамандықты меңгеру өз-өзін дамытуға айналады) алға қойылуы шарт.

Жобаны жүзеге асырудың негізгі тәсілдері астаналық тұгынушылық деңгейіндегі еңбек нарығының дамуындағы жетістіктер мен ұстанымдарын зерттеу және болжау негізіндегі бастауыш және орта білім беру жүйесінің бір бөлігі, кәсіпорындардың технологиялық құрылымындағы өзгертулер, әртүрлі мамандықтар бойынша мектеп бітірушілердің болжанған үлгілерін құру, білім беру кезеңінің жаңа мазмұнын ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз етуді де жүзеге асыру болып табылады.

Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде астанадағы тәжірибелі мамандары бар өндірістік-шаруашылық кешендердің сұраныстарын қанағаттандыратын мамандандырылған Жоғары оқу орындарындағы кадрлар даярлаудың тиімді жүйесі қалыптасады.

Жоғарыда келтірілген жобаларды елдің барлық аймақтарында жүзеге асыруға болады.

Азиялық даму банкі, ТАСИС, Халықаралық дамудың америкалық агенттігі, БҰҰ — ның дамыту бағдарламасын, бүкіләлемдік банктің экономикалық дамыту институты, «Сорос-Қазақстан» қоры білім беру ісіне қыруар ақша бөледі. Басқа да қаржыландыру көздері бар, тек оларға жобаның бағытын дұрыс түсіндіріп, бұл ұйымдарға сауатты, негізделген жобалар ұсыну керек.

Жоғарыда айтылғандарға мына дәйек дәлел бола алады: «Антас» қазақ-неміс орталығы 1992 жылы Оралда жергілікті жастар үшін менеджмент, курсын компьютер техникасының негізін, бухгалтерлік іс, салықтық заңнамалар негіздері бойынша курстар ұйымдастырды.

Саратовтың «Сайколледж» ғылыми фирмасыньщ мамандарының көмегімен оқушылар сирек кездесетін психотехнологиялық сәттілік туралы білім ала бастады. 1995 жылы АҚШ-тың халықаралық даму Агенттігі және «Еуразия» қоры «Антасқа» 22000 АҚШ доллары көлемінде қайрымдылық грант бөлді. Мұндай қаржыға білім беру орындарының жұмысшылары ақысыз білім бағдарламасын жасады. «Антастың» тәжірибесінің жоғары деңгейде екенін оның «Еуразия» Батыс Қазақстандық менеджмент және тілдер институтын (сырттай және іштей бөлімдерімен) ашқанынан көре аламыз. Жаңа жоғары оқу орнының дамуы үшін Англиядағы Щеффилд Унивеситетінен білікті мамандар шақырылды.

Қала және облыс әкімдерінің орынбасарлары, ірі кәсіпкерлер және кеңесшілер тобынан тұратын Одақ мүшелері қаржыландыру мәселесін тереңінен талқылауда [31].

Мұндай істің нарық шартына сай жүзеге асуын Қазақстан Менеджмент және экономикалық болжау институтының қаржылық және басқару бағытынан көруімізге болады. Бұл оқу орнында Батыс елдерінің профессорлары сабақ береді. Бұл институтты бітірушілер — экономиканың және іс әкімшілігінің магистрлары – дәрежесі жоғары төлемақысы жақсы төленетін жұмыс орындарына орналасады және олар шет тілін міндетті түрде меңгерген болуы керек [32].

Осылайша, білім беру жүйесінің әртүрлілігі қиындықтарға қарамастан жүзеге асуда. Білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру

кадрлар даярлау сапасын жоғарылатуды, білім беруді жан-жақты дамытуды, барлық жоғары оқу орындарында заң нормаларының орындалуын көздейді [33].

Астанадағы Еуразиялық университеттің студенттерімен кездесуде елбасы Н. Ә. Назарбаев білім беру жүйесін реформалау мәселесіне кеңінен тоқталды. Елбасының ойынша білім берудің басты шарттары оның мақсаттылығына, көпдеңгейлілігіне, мазмұнының жаңаруына және бІлім беру жүйесін басқаруды демократиялауға байланысты орындалады.

Білім берудің әлемдік деңгейіне жоғары оқу орындарын қаржыландырудың жаңа механизмі, бітіруші түлектерді әлеуметтік қорғау енгізілуі шарт. Жоғары білімді информациялауға, оқытудың жаңа технологиясын енгізуге, жалпы компьютерлендіруге, әлемдік интернет жүйесіне қосылуға баса назар аударуымыз қажет.

«Білім туралы» заңның қабылдануына сәйкес республикада білім беру ісіне мемлекеттік монополия жүргізілді. Қаржы мәселесі тек мемлекеттік бюджетке қатысты көтеріледі.

Білім беруге қатысты жаңа заңнама ұлттық-мәдени ерекшеліктері бар мемлекеттік саясатты қолдайды. Сондай-ақ осы саладағы басқару ісін демократиялау кезеңін тереңдетуді жэне әкімшілікті шектен тыс пайдалануды, жоғары оқу орындарының өз бетімен жұмыс істеуін дамытуды да қолдайды.

2001 жылы жоғары оқу орны жүйесінде құрылымдық реформа жасалды. Білім беруді нығайту үшін Жоғары оқу орындарын аккредитациялау жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда еліміздің 52 жоғары оқу орны аккредитациядан өтті. Мектептегі орта білімді әлемдік білім беру кеңістігіне шығару үшін мемлекет 12 жылдық білм беру жүйесін жоспарға енгізді. Осы мәселе бүгінгі таңда әртүрлі деңгейде талқыланылып, 2002 жылы тамыз айында «Қазақстан Республикасының балалар құқы туралы» Заңы қабылданып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 12 жылдық білім беру проблемасын Республикалық деңгейде зерттейтін ғылыми — практикалық зерттеу орталығы құрылды. 2003 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 2003 -2005 жылдарға арналған «Ауыл мектебі» бағдарламасы қабылданды. 2004 жылы наурыз айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен жалпыға бірдей ұлттық тестілеу енгізіліп, жалпы білім беретін орта мектептің қорытындысы мен кәсіптік немесе мамандыққа білім беретін оқу орындары емтихандарын біріктіріп өткізуді қолға алды.

  • жылы қазан айында Елбасы 2005 -2010 жылдар аралығындағы
    Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту бағдарламасын бекітті. Оның
    негізгі Стратегиясы 2010 жылға дейін Қазақстан әлемдік білім беру жүйесіне
    ықпалдасуы керек.
  • жылы қаңтар айында Қазақстандағы адам дамуының ұлттық есебі
    «Білім алу әркім үшін: жаңа мыңжылдықтың негізгі мақсаты» бағдарламасы
    тұсауын кесті.

Егер жоғары және орта оқу орындары білім беру кеңістігінің тарылуына қарамастан жастар түрлі қызмет көрсетуге наразылық білдіретін болса, онда ғылым күрделі, қиын жағдайға ұшырайды. Жастардың ғылымға көзқарасының төмендеуі 80-90 — жылдары байқалды.

Мұндай құбылыстың себептері ғылымның дәрежелі басқару және қаржыландырудың салаларында жасырын тұрды. Ғылыми аппараттар дамып, бюрократия ғылымнан өзіндік күшке айналды. Еліміздегі көп салалы институттарда ғылым мәселесі маман-ұйымдастырушылар үшін басты мәселе болды. Көптеген ғалымдардың қолындағы монополия мынадай кейіпте болды: Зерттеудің тақырыбы нэтижелерінің басылымға берілуі. Қорғауға жіберу және талқылау, аспиранттар мен кандидаттардың ғылым саласында азаюы; 1991 жылдың басында республиканың ғылым саласындағы қызметкерлерінің 38% -ын жастар құрады; Кандидаттар — 12, 3%-ын, ғылым докторлары мүлде болған жоқ. Сол жылдары республикада кандидаттардың орташа жасы — 43 жас, докторлардың орташа жасы — 59 жас болды [34].

Әрине ғылыми мектептер мен бағыттардың ешқандай ұтымдылығы жайлы айтудың қажеті жоқ. Бағалардың либерализациялануы мен нарықтық қатынасқа көшу алғашқы үш жылда эвристикалық және технологиялық потенциалға айтарлықтай зиян келтірді. Осылай бола тұра тамаша әсер де байқалды. Ғылыми мекемелер мен ғылыми қызметкерлердің жалпы санының күрт төмендеуімен өтпелі кезеңнің үш жылы ішінде ғылым докторларының саны 400 адамға көбейді және әлі де көбейіп келеді.

Егер 1988 жылы республикада 40 мың ғалым болса, соның ішінде 800 доктор және 13 мыңнан астам ғылым кандидаттары еді [35], ал 1995 жылдың соңына қарай ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды 289 ғылыми мекеме, соның ішінде — 111 ғылыми-зерттеу институтутары; 56 жоғары оқу орындары, 28 жеке құрылымдық бюролар жүргізді. Сонымен қатар, 262 тәжірибелік өндіріс орындары, 600-ге жуық ғылыми-өндірістік бірлестіктер мен өндіріс орындары жұмыс істеді. Ғылыми жұмыстармен 30 мың адам, соның ішінде 1 012 ғылым докторлары мен 7 302 ғылым кандидаттары айналысты [36].

Дегенмен бұл кезеңге ғылыммен айналысатын жастар санының 3 есеге жуық кемуі, аспирантураға немесе ізденушілікке ешқандай конкурстардың болмауы тән болды.

Мұндай жағдайда бір ғана дұрыс шешім Қазақстан ғылымының әлемдік деңгейге бетбұруы болды, бұл болашағы жоқ ғылыми бағыттарды жабу, ғылыми бюрократтық аппараттың күрт төмендеуі, «ғылым-техника-өндіріс» толық цикл элементтерінен тұратын жаңа ұйымдасқан құрылымдар құру арқылы жүзеге асырылды. Түрлі типтердегі акционерлік ғылыми-техникалық қоғамдар, талдау орталықтары, осыған ұқсас бұрынғы кеңестік бағыныңқылық құрылымдарды тарта отырып осындай ұйым болуы қажет еді. Бұл ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкциялық ғылыми жұмыстарды қаржыландыруда мемлекеттің араласу үлесін төмендетеді, ғылыми-техникалық потенциалды сақтап қалады және ұлғайтады, ғылымның тізімдік принциппен жасалуын тоқтатады.

1995 жылы Президент және республика Үкіметінің шешімімен ғылыми-технологиялық бағыт бойынша жұмыс істеуге негізделген 4 ұлттық ғылыми орталық құрылды. Бұл орталықтар аталған республикалық ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша басты ұйымдарға айналды [37]. Бұлар ядорлық, минералды шикізатты кешенді түрде өндіру, радиоэлектроника және байланыс бағдарламалары, биотехнология бағдарламалары. Бұлар ғылымның осы салаларын дамытуға және бәсеке тудыруға қабілетті өнім шығаруға негізделген.

Ғылым саласында қызмет көрсетуші компаниялармен бірге кіші және орта фирмалар құрыла бастады. Мұндай ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарымен байланыстағы компаниялар мен өндіріс орындары батыста технопарк немесе технополис атауына ие болған технологиялық трансфер аймағына айналуы мүмкін. Мұнда жас ғылыми қызметкерлердің алатын орны, маңызы зор. 1995 жылы бірнеше осындай кіші жастар фирмасы жұмыс істеді, олардың көптеген қызметекрлері Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі мен жастар ісі, туризм, спорт министрлігінің көмегімен «Кроскорпорейшн» (АҚПІ), «Фесто» (Германия) сияқты ірі фирмаларда іс-тэжірибеден өтті. Әрине бұл барлық мәселені шешпейді, дегенмен экономикалық дағдарыс жағдайында қандайда бір деңгейде ғылыми-техникалық потенциалды сақтауға және ғылыми ұрпақ байланысының толығымен жойылып кетпеуіне септігін тигізеді.

Білім берудің 50 жылдығына арналған Ғылым Академиясының сессиясында сөйлеген сөзінде еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев ғылымның жас потенциалын сақтау үшін олардың дайындығын тереңдете түсу керектігін және дайындықты мектептер мен институттардан бастау керектігін атап айтты. «Біздің мақсатымыз — қазіргі жағдайларда қолдануға келмейтін идеялар жүгін арқаланбаған ғылымның жаңа буынын дайындау. Ең алдымен бұл қоғамдық ғылымдарға қатысты. Біз жылда мемлекет қаржысымен «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елдерге жүздеген жас студенттерді, оқытушыларды, аспиранттарды жіберімуіміз тегін емес» [38].

Енді мәдениет және демалыс саласындағы жастар саясаты жайлы мәселеге көшер болсақ. Осы мәселе өткен ғасырда қазақ саясаткерлері назарынан тыс қалған емес. Әлихан Бөкейханов: «Рухани мәдениет белгісі фарсыда Фирдоуси, гректе Сократ, ағылшында Шекспир, орыста Толстой, бізде өз елімізше Абай, Қозы Көрпеш, Ер Тарғындарды шығарған ақындар»- деген [39]. Өкінішке орай, қазіргі таңда жастардың басым көпшілігі бос уақыттарын кітаптар оқып өткізбейтіндігі ешкімге құпия емес.

Жалпы демалудың пассивті түрі басым — теледидар бағдарламаларын көру, туысқандармен қатынас. Көшедегі қарым-қатынас, ресторан, бар, дискотекаларға бару, достармен отырыс жасау, т.б. демалу түрлері рухани байлықты қалыптастыратын демалу түрлерін ығыстырып шығарды. Жастар кітапханаға, киноға, театрға баруды мүлдем қойған. Жастар мәдениетіндегі қарама-қайшылықтың ушығуы мэдениет пен жастар сұранысының арасындағы алшақтықтың ұлғаюынан көрінеді. Сонымен жастардың 46%-ы демалуға арналған уақыттың аз екенін көрсеткен. Жастар демалысында ойын-сауық бағыты басым. Теледидар мен тележарнама тұтынушылық қоғамдағы мәдениет рухани байлықтардың түрлерін, өмір стилін, таратуда.

Ауыл жастарының демалыс мәселесі әлі де күрделі мәселе болып отыр. Мәдени мекемелердің оптимизациялануы рухани және мәдени байлықтардың қалыптасуына еш әсерін тигізген жоқ. Ауыл жастары әлі де әлеуметтік-мәдени мекемелердің жетіспеушілігін сезінуде.Ішімдік, нашақорлық жас ұрпақты сипаттайтын негізгі белгі болып отыр.

Осылайша, қоғамдық дамудың әлемдік тенденциялары жастарға әрі дұрыс, әрі бұрыс әсерін тигізуде. Жастардың өзін-өзі айқындау процесі қарама-қайшылық сипат алған. Дәстүрлі және жаңашылдық құндылықтар жүйесі белгілі бір дәрежеде бір-бірімен байланыспайды. Жастардың құндылық беталысында жекелілік және тұлғаның бостандығының маңызы арта түскен.

Мәдениет саласына нарықтық қатынасты енгізу оның бұрынғы инфроқұрылымының бұзылуына әкелді, ал онымен бірге балалар және жасөспірімдер кітапханалары, кинотеатрлары, оқушылар алаңы, жас техник натуралистер, балалар театрлары жэне басқа да бірлестіктердің жойылуына әкеп соқты. Осылайша, 1991 жылы Қазақстанда 2391 балалар және жастар клубы жэне 10958 киноқондырғылар жұмыс істесе, 1995 жылы олардың 1 139 -ы және 2 167-сі гана қалған.

Жоғарыда аталған клубтардың көптеген тобы Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Семей және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жекешеленіп кеткен. Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Көкшетау және Солтүстік Қазақстан облыстарында 626-дан 1 170-ке дейін кино қондырғылар жекеленіп кеткен.

Мәдениет үйлерінің, клубтардың оқушылар сарайының қамтамасыз етілуі кәсіпорындар мен өндіріс орындарына бөлінген қаржылар арқылы жүргізілетіндіктен қысқартудың негізгі себебі қаржыландыру көздерінің тапшылығынан болды. Кәсіпорындарды қаржыландыру жағынан қиыншылыққа түсуіне байланысты олар жоғарыда аталған мәдени ағарту орындарын қаржыландыруға мекемелерді жалға алудың қымбаттауына және оларды қамтамасыз етуге жүмсалатын бюджеттік қағаз ақшалардың қысқаруы кітапханалар мен мәдени клубтар органдары жүйесінің байланысының 1990 жылдың 1 жартысында 1 287 жэне 1 642-ге дейін қысқаруына әкеп соқты. Сонымен қатар, әсіресе үлкен қалаларда субмәдениеттің жаппай көтерілісі болды.

Субмәдениеттің немесе контрмәдениеттің негізгі элементтері жастардың дәстүрлі байлықтардан бас тартуы және оларды контрқұндылықтарға, ягни сөз еркіндігі, жаңа өмірге жеке қатысы, аралас сезімдерге толық сену болып табылады.

Жастардың контрмәдениетінің негізгі аспектісі жастар тобының заңды емес іс-әрекеттерінде көрінетін қоғамдық саяси өмірден бас тартуы болып табылады. Жеке мәдениеттің бар болуына байланысты бұл топтардың қоғамға қатысы сатылы түрде, сондықтан әрқашан әлеуметтік тәртіпті бұзудың элементтерін сақтайды және жалпы тәртіп нормаларынан ауытқығандарға мүмкіндігінше қиындайды. Жастардың уақытын бос өткізу мәселесі қылмыс мәселесімен тығыз байланысты. Егер жастардың бос уақытын тиімді өткізетін жағдайлар болмағандықтан олардың қылмыстық жолға түсуі оңай.

Мәдениетті дамыту проблемаларымен кешенді түрде айналысу керек деп ойлаймыз, мұны ұлттық білім беру, ұлттық бұқаралық ақпарат құралдары, ұлттық жалпы интеллектілік әулет деп түсіну керек [40].

Бос уақыттарында немен айналысатындары туралы жастардан сұрағанда олардың ішінде тек 9%-ы театр, музей, көрмелерге баратындыгы, 4%-ы көркемөнермен айналысатындығы анықталды.

Қазіргі кезде жастарға ең- қолайлысы мәдени-көпшілік іс-шаралар (мысалы, 1997 жылы 1 желтоқсанда өткен «Жастар СПИД-ке қарсы акциясы) Сонымен қатар КВН, фестивальдар, конкурстар өткізіледі. Бүгінгі таңда республиканың КВН командалары әртүрлі лигаларда ойнайды:

-Жоғарғы ресейлік лига. АМИК (1997 жылы Сочи қаласында болған фестивальда Ақтау, Алматы және Семей қалаларының командалары қатысты.

-Бірінші лига. Воронеж қаласы (Ақтау қаласының командасы)

-КВН — АТИКС лигасы. (Қазақстан Республикасының Жоғарғы лигасы -мемлекеттің көптеген командалары.

КВН суперлигасы(бүгінгі таңда ең дамыған структура).

-Кубоктық ойындар, сонымен қатар аймақтық лигалар.

Сонымен қатар «Жас Қанат», «Жігіттің Сұлтаны», «Үкілі Домбыра», «Айша Бибі» т. б. секілді республикалық конкурстарды атамай кетуге болмайды.

Мемлекеттік емес шығармашылық ұжымдар мен ұйымдар пайда бола бастады. Олардың қатарына «Тамаша» ойын-сауық отауы жатады.

«Бауыржан шоу» сатира театры, Жәния Әубәкірованың жеке музыкалық мектебі, «Пен-клуб», жеке көркем галлереялары мысалы, «¥май — Тэңірі», «¥лан», «Рүх», «Вояджер», «Искандер», «Іңкэр» сияқты, сондай -ақ, жеке телерадиокомпаниялар (Тотем, Нұр, Рахат, КТК т. б. ), түрлі киностудиялар жатады, Ұлттық өнерді жаңғырту іс-шаралары жүргізілді. Өткен жылдардағы әскери-патриоттық тәрбие пайдаланылды. Бірақ көрермендер аудиториясын жаулап алуда олар әрине, ақпараттардың электрондық құралдардан қалып отырды.

Дарынды жастарды қолдау мақсатымен 1992 жылғы 11 наурыздағы Министрлер кабинетінің № 686 қаулысы бойынша жастарға өндіріс, ғылым, мәдениет, өнер саласындағы жетістіктері үшін берілетін «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы тағайындалды. Осы жылдары 31 адам оның лауреаты атанды.

Сонымен қатар, Еуропаның «Латын Америкасының барлық мемлекеттері өздерінің ұлттық және рухани байлықтарын квота бөлу және үгіт жүргізу арқылы сақтайды және тікелей экспортқа шек қойған.

Тұрмыстың мәңгі проблемаларына өнер құралдары арқылы тиімді ықпал ету мақсатында синтездеуге талпыныс жасалды. 1995 жылы Алматы қаласында «Мир полярных сил» атты жастар шығармашылық топтары пайда болды. Сондай — ақ, «Көксерек», «Асса» тәуелсіз көркем галлерея, авангардтық бағыттағы «Жаңа академия» шығармашылық топтары құрылды. Бұл жастар керкем ұйымдарының үлкен шығармашылық болашағы бар. Олар нарықтың қатал кезіндегі жастарды эстетикалық түрде тәрбиелейді. Музыкалық мәдениет саласындағы қазақстандық жастар шоу-бизнесі де дамудың алғашқы сатысында. Бір қызығы мемлекеттік органдар да, бизнесмендер де, саясаткерлер де бұған ешқандай көңіл бөлмеді, ал батыста бұл өзінің рейтингісін көтерудің ең өнімді тәсілі болып табылды. 1992 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан «Жас қанат» атты поп-музыканың конкурсы жоғарыда аталған барлық мәселелерді қанағаттандыратын мүмкіндігі мол және қазіргі кездегі жастардың музыкалық дәстүрлерін қалыптастыруға септігін тигізіп, оларды ешқандай идеологиялық қысымсыз тәрбиелер еді.

Өтпелі кезең жағдайында ескі амал-тәсілдер, ұрандар, өлеңдер тиімсіз болып табылады, анағұрлым жағдайда егде жастағы адамдардың сағынышын, ал жастардың кекесін реакциясын тудырады. Сол себептен мәселені өркениетті шеңбер ішінде шешу керек немесе оны авангардизмнің өзіндік ауруы ретінде қабылдап, оны өз мақсатында пайдалану қажет. Мысалы, Ресей президенті -Ельцин мен АҚШ президенті — Клинтон өздерінің сайлау алдындағы компанияларында оны шебер пайдалана білген, яғни көмекшілері арқылы керемет поп-музыка шоуларын ұйымдастырған.

Жастардың бос уақытын ұйымдастыру мен мәдениет саласындағы мәселелерді шешу үшін жалпы мәдениет әдістерін пайдалана отырып, тұлғаны жетілдіру идеясына негізделген реттеуші жүйелі саясат жүргізілуі тиіс. Осы мақсатта жастарға насихат орталықтарын құру тиімді болар еді.

Олардың қызметін мемлекеттік бюджет пен мәдениет қорлары арқылы жүргізуге болады. Сонымен қатар жастар мәдениетінің даму қорын қалыптастыруды қарастыруға болар еді. Оның көмегімен қол өнерін, дәстүрлі ұлттық әдебиетпен байланысты көне алфавитін, ұлттық фольклорын зерттеу мен этнографиялық ансамбльдерді ұйымдастыруды қаржыландыруға болар еді. Жастарды әлем мәдениетіне тартудың бірден-бір тиімді жолы халықаралық туризмнің дамуы және «спутниктік» бюроға тепе-тең келетін жастардың туристік ұйымдарын құру болып табылады. Біздің ойымызша, жастардың әлем мәдениетіне жақындасу тарту әлем мәдениетін меңгеру бойынша орталықтарын құру арқылы шешуге болады. Сондай -ақ, шыққан шығындарды коммерциялық кәсіпорын, мәдениет және демалыс ұйымдарынан алынатын салық есебінен төлеуге болар еді. Сонымен қатар жалпықалалық эстетикалық тәрбие беру орталықтарын жоғарыда аталған жастар орталықтарымен қатар құруға болады.

Қазақстандағы білім жүйесі елдің өзгермелі мұқтаждығына сәйкестендіруі тиіс, жүйенің жасанды білім беру кеңістігіне интеграция жасауы қажет. Барлық деңгейдегі сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету — халықтың тұрмыс сапасын жақсарту және түпкі есепте адам дамуы үшін бір мезгілде маңызды да тиімді элемент болып табылады. Білім сапасы, оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен мұғалімдердің біліктіліктерін қосқанда, қайта қарауды талап етеді. Білім сапасын жақсарту үшін мектеп қызметтері мониторингі жүйесін құру қажет. Білім секторындағы проблемалар мұғалімдердің жалақысын өсіруді қосқанда, білімге жұмсалатьн шығындардың көлемін ұлғайтусыз шешімін таппайды.

Сонымен, өтпелі кезеңнің ерекшеліктері мен нарықтық қатынастың құрылуы қоғам, жастар, ғылым, білім және мәдениет арасындағы байланыс

 

жиынтығы мен жүйесін түбегейлі өзгертті. Егер де олар ертеректе бірқалыпты дамыса (тотаритарлық режим мен идеологиялық диктат жағдайында), қазіргі кезеңде бұл жағдай өзгерген. Мемлекет демократия мен экономикалық либерализм негіздерін бірте-бірте енгізе, ауыр экономикалық жағдай салдарынан маңызды салалары: білім, ғылым және мәдениет — өз бетімен жіберіп қойған. Алайда, жастар осылармен біріккенде ғана толық азамат сипатына ие бола алатынын естен шығармауымыз керек. Өркениетті елдердің барлығы да еркіндік бере отырып, бұл салаларға толығымен қаржылай көмек көрсетеді.

2.2 Жастарды әлеуметтік саладағы қорғау саясаты

 

Өтпелі кезеңде Қазақстандағы әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуы негізінен экономикалық құлдыраудың, жоғары инфляция мен жұмыссыздықтың келеңсіз әлеуметтік — экономикалық салдарын жұмсарту жолымен жүрді. Атап айтқанда, бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар (жұмыспен қамтылу, зейнетақы, әлеуметтік сақтақцыру), әлеуметтік төлемдерді индекстеу механизмдері және азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына қолдау көрсету жөніндегі мекемелердің желісі құрылды.

Алғашқы жылдары Қазақстанда шын мәнінде еңбекке берілетін әлеуметтік кепілдіктер, тегін білім алу мен медициналық қызметтер түріндегі және тағы басқа халықты элеуметтік қорғаудың ескі үлгісі бұзылып, ал

 қалыптасу үстшдеп әлеуметтік қорғаудың жаңа үлгісі үшін қаржылай қаражат жетіспеді.

Қазақстан халқының әлеуметтік қорғау жүйесінің даму ерекшелігі, мұнда әлеуметтік сақтандырудың қосалқы жүйелері мен әлеуметтік көмектің (әлеуметтік қамсыздандыру) арасында айқын меженің жоқтығы болып табылады. Саясатты ары қарай дамыту үшін белгілі бір қажетті жоспарлар құру керек. Жастарды қорғау әлеуметтік проблемасы жастардың ортасында қалай көтерілсе, қоғамда да сондай орынды алып отыр. Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет болғаннан бері жастардың санының өсуін байқаймыз. Мемелекеттің ең басты мақсаттарының біріне жаңа нарықтық қатынастарға көшу барысында жастардың интеллектуапдығын, қызығушылық жаңашылдық күшін жоғалтпау үшін оларды әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз ету қажет.

Мәселе түсінікті болу үшін, жастарды қорғаудың әлеуметтік шараларының заңдылық негізделуіндегі нақты іс — әрекеттерді талдай отырып қарастырайық.

Осы жылдың 10 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа жарлығы қабылданды «пунктің 2-ші қаулысы бойынша жаңадан отбасы құрған жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі қозғалды. Барлығы 26 мың кредит бөлінді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті №340 — шы жастардың әлеуметтік қызметін құру туралы жаңа қаулы қабылдады.. Осы сияқты қаулылар мен жарлықтар 1994 жылға дейін шыға берді.

1994 жылдың 12 сәуірін еліміздегі заңнамалары бойынша жастардың тарихта қайталанбас сәті деп санауға болады. Дәл осы күні №165 2 — ші қаулы шықты. 1994 жылғы республикалық бюджет жайында 7 пунктке қатысты 1-3 пунктардың 4 және 5 бөлімдері, баптың 9-11 бөлімдері, 7 заңның «Қазақ ССР-нің мемлекеттік жастар саясаты туралы заңы 1997 жылдың сәуір айына дейін қабылданды [41]. Осы заң қабылданған соң мемлекетте жастарға бөлінетін қаражаттың жетпейтіндігі сезіле бастады. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті 30 мамырда жаңа қаулы қабылдаған №573-ші қаулыда «Жоғары оқу орындарында, техникалық училищелерде оқушыларға материалдық қамсыздандыру туралы кейбір заң актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы қаулы қабылданып, өкінішке орай, ол қаражат жетіспегендіктен орындалмады және элі күнге дейін орындалмай келеді.

Сол жылғы күздің 5-ші қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің қолдауымен кейбір заң актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы қаулысы қабылданды. 1996 жылдың 24 мамырында Қазақстан Республикасы Президенті дарынды балаларға мемлекет тарапынан көмек көрсету туралы құжатқа қол қойды. Өкінішке орай, бұл қаулы қаражат жетіспегендіктен орындалмады.

Республикамыздың 3 — тен 1 бөлігін құрайтын жастарға көрсететін әлеуметтік қорғау жүйесінің қалыптасуын қарастырамыз. Еліміздің өркендеуіне байланысты жастар демократияға сүйеніп тек қана азаматтық, қоғам кұрып қана қоймайды, сонымен қатар, өздерінің қорғау құрылымын жасайды.

Бірақ, бұл мемлекетті бақылау құралы ғана болып табылмайды. Сонымен қатар бұл мақсат мемлекеттік бақылаумен қоса демократиялық күшіне сай келіп, оны күшейте түседі.

Осындай органдармен жастардың әлеуметтік жұмыстары шықты. Бұндай органдар кәмелет жасқа толмағандардың және жастардың негізгі қиыншылықтарын ұйғарып отыру үшін шығарылған Қазақстан Республикасы министрлер Кабинетінің № 340 — шы қаулысы бойынша жастардың әлеуметтік қызметі (1993 жыл) Білім беру министрлігі денсаулық сақтау мәдениет және т. б. министрліктер мүгедек және кәмелетке толмаған жастардан бастауды ұйғарды [42].

Сол кезде болған жастардың спорт және туризм ісімен айналысатын министрлік ұйымдастырушы — анықтамалық және методикалық көмек, қайтадан бюджеттен қаражат бөлуге көмек көрсетуге, жаңа кадрларды даярлауда белсенділік танытып, үлкен үлес қосты.

Соңғы үш жылда республикада 68 жастар бөлімшесі «сенім телефондары» арқылы жастармен байланыста болды. Осындай жұмыс жүргізу негізінен облыс орталықтарында көрініс тапты. Олар жастарды еңбек биржалары мен ақыл — кеңес беретін орталықтармен байланыстырды. Бұл «сенім телефондары» Ақмола, Павлодар облыстарында, сондай — ақ, Алматы мегаполисінде көп таралып, тиімді қызмет көрсетті [43].

Олардың одан әрі дамуы статустарының материалдық қамтамасыз етілуі мемлекетаралық жастар ассоциациясының жұмыстарына байланысты болды.

Жастардың көп бөлігі әлі де қатал экономикалық жағдайларға әзір емес. Бұл жастардың материалдық және психологиялық қиыншылықтарымен байланысты.

Жастардың әлеуметтік қатысы, біріншіден субъективті елдегі мәселелерге әсер етеді. Мүмкін осының бәрі экономикалық — әлеуметтік дағдарыстан толығымен шшуы мүмкін жастардың реформалық қатысы облыстар аралығьшда негативті түрде бекітілді. Осы зерттеулердің нәтижесін қорыта келгенде, Қазақстандағы реформаны өткізуге жастардың 35, 8% — ы өзінің негативті қатысының барлығын жоққа шығармады. Жастардың әлеуметтік базасының жартысы Астаналық жастар болып табылады. Олардың 46% жұмыссыздар мен үй шаруашылығындағылар, 42, 8% -ы көлік және байланыс жұмысшылары, 39, 6% — ы құрылыс жэне техника жұмысшылары болып табылады. Осының ішінде сыни көзқараста көбінесе жастар тобы (19-25 жас) -44 %. Егер де аймақтарға бөліп қарасақ, Батыс Қазақстан облысы (53, 5 %), Қарағанды облысы (49, 3 %), Қостанай облысы (42, 9 %), Астана қаласы (47, 6 %), Алматы қаласы (46, 7 %)- ды көрсетті [44].

Қазақстан жастарының ұғынуларын монетаристік экономикалық курстың нәтижесінен байқауға болады, яғни жастардың үштен бір бөлігі елімізде жүргізіліп отырған азаматтық өзгерістердің сұрақтарына және

 қызығушылықтарына    толық    жауап    бере    алмайды.    Мүмкін,    олардың экономикалық қызығушылықтарына қысымшылық жасалып жатқан шығар.

Респонденттердің 46,9 пайызы осы жүргізілген курсқа өздерінің қанағаттанушылықтарын білдірді. Нарықтық курстың жақсы қабылдаған көптеген маңызды бөлігін Алматы облысының 64, 7% Қызылорда облысының 56, 6% -ын жастар құрайды. Өзгерістерге деген жастардың оң қарым-қатынастары қамтамасыз ету деңгейіне тікелей тәуелді: өзгерістерді ұстанушылардың әл-ауқаты жоғары деңгейде болса, соғұрлым олардың көрсеткіштері де жоғары болады (37, 7% -дан 57, 8% қамтамасыз етілгенге және 60% байларға дейін). 16, 7 пайызы жүргізіліп отырған өзгерістерге деген өздерінің ұсатанымдары туралы айта алмады. Барлық жағдайға байланысты бұл дүниетанымдық жоспарларының жалпы бейімділігінің себебі бойынша барлық қарым-қатынаста дәлелдемелік ұстанымдарының жеткілікті түрде қалыптаспағандығының және көптеген басқа ақпараттардың жеткіліксіздігінің, жастардың өмір сүру мәселелерінің айғағы.

Жастардың әлеуметтік-экономикалық бейімдеу процесі әрқашан да күрделі және қарама-қайшы жағдайда өтеді. Қазақстан жастарын бейімдеу үлкен оңтайлы дәрежемен сипатталады. Жастардың көпшілігінің кемшіліктерІнен гөрі артықшылықтары көп, яғни бүл бейімдеудегі танымдықтардың озықтығын білдіреді.

Бейімделудің екі түрі бар: біріншісі, белсенді түрде болашаққа сеніммен қарау, екіншісі, енжарлық-торығушылық. Екіншіден гөрі біріншіні меңгеру жастардың төзімділік дәрежесінің жоғарғы деңгейде екенін көрсетеді.

Сонымен, өзгерістердің әлеуметтік базасын жақтау жастар жағынан алғанда жоғары тұр. Бірақ, біз жауап беруге қиналғандардың санын есепке алатын болсақ, онда оның тұрақсыздығын көрсетеді.

Ал өзгеріске байланысты таңдалған курсқа қанағаттанбаушылықтарын білдірген жастардың көбінің санасында мемлекеттің саясатына деген скептикалық қарым-қатынастардың қалыптасқандығын көрсетеді.

Қазақстандық қоғам өзгерістерінің нәтижесі жан батарлық жағдайда әлеуметтік қорғалмаған жергілікті тұрғындарға әсерін тигізді, яғни еліміздің жастарының өзгерістерді жақтаудагы әлеуметтік базасының қауіпсіздігін туғызды.

Жастардың әлеуметтік субъективтілігін талдау олар өз танымдарын әртүрлі даму кезеңдерінде үнемі өмірлік жоспарларының сатысында қалыптастырумен болады. Оның әлеуметтік және кәсіби мәртебесі жай ғана көрінеді. Ол өзіне еш нәрсе алмайды, егер алатын болса, ондай жағдайда әлеуметтік тәжірибенің, жеке әлеуметтік-тарихи естің және жағымсыз әлеуметтік-психологиялық кертартпалықтарының жеткіліксіздігін көрсетеді, яғни осындай ұрпақ қайта құру дәуірінен кейін қалыптасты. Бұндай жағдайда жастардың кеңіл-күйіне баға беруде аса қызығушылық танытады. Сондай-ақ, бұл олардың жеке болашағының жақсы болатынына нық сеніммен қарайтынын, ал 38, 3% өздерінің сенімсіздіктерін және үштен бір бөлігі келешегінің жақсы болуы не болмауы жөнінде ешқандай болжам жасамағандықтарын айтады. Бұдан біз жастардың алдағы келешектеріне өзіндік баға беруде әртүрлі деңгейдегі талаптанушылықтарын көруге болады. Қазіргі таңда нақты сеніммен анықтап айтатын нәрсе ол жастардың төрттен бір бөлігінен көбі жаңа қоғамды экономикалық қарым-қатынастарға кәсіби, ұйымдастырылған және психологиялық түрде бейімделген, сонымен қатар олар өздерін көрсетудің әр түрлі амалдарын таба алатын болды.

Сұралған жастардың көбі өтпелі кезеңнің ертеңгі күніне сенімсіздікпен қарайды. Бүгінгі өмірге деген қанағаттанбаушылықтарын білдірген жастардың өмірлік мәні материалдық жағдайымен, тұрғын үй мәселесімен және жұмыспен байланыстырады.

Ал жас жігіттер мен қыздардың көбі өздерінің келешектеріне деген сенімсіздікпен қарауы, олардың әлеуметтік ұстанымдарының даму сатысы енді қалыптасып жатқанын айтады. Сондықтан «Сенімділік», «Сенімсіздік» және «Екіұштылық» сияқты қарым-қатынастар қалыптасып, осыдан бастап аса салыстырмалы көрсеткіштер пайда болады. Бұлардың таралымдарының өзгеруі жас жеткіншектердің өмірлік іс-әрекеттерін жүзеге асырумен, сол ірі инновациялық потенциялдарын таратуымен байланысты болады.

Қазақстанның болашағы көбінесе жастардың өз келешектеріне детерминдік баға беруінде. Қазақстанның болашағына баға беруі жастардың қабылдауынан көрінеді: жастардың бестен бір бөлікке жуығы Қазақстанның 10-15 жылдан кейін өтпелі экономикалық ел болатынына сенеді. Енжарлық, селқостық танытқан жастардың арасында 14% — ы Қазақстанның саясат пен әлеуметтік экономиканың ауыр кезеңіне сай нашар дамыған ел болады деп қарайды. Осындай сыни баға беру орыс ұлт өкілдерінің (20%) транспортта, байланыста, өнеркәсіпте, құрылыста жұмыс істейтін және астаналык жастардың арасында кеңінен тараған. Жастардың оннан бір бөлігі Қазақстанның болашағы аграрлы — индустриялық мемлекет болатынына сенеді, ал 8, 1% жастардың көзқарасы бойынша индустриялы-аграрлық мемлекет болады деп сенеді. Ал қазақстандық жастардың оннан бір бөлігі өз еліне 10-15 жылдан кейін тоталитарлық кезеңнің зардабынан құтылған, кеш дамыған ел ретінде көргісі келетінін айтты. Сондай-ақ, жастардың аз ғана бөлігі Қазақстанның келешегі кең дамыған индустриялды мемлекет деп жастардың 5,4% санайтын болса, ал жай индустриялды мемлекет деп 6 % санайды.

Көріп отырғанымыздай, жастардың көпшілігі Қазақстанның келешегінің дамуына 37, 4% — дамушы ел деп баға берді. Осы көрсеткіш жастардың дұрыс, әділ баға беруін көрсетеді. Аз болса да кездесетін жағдай, яғни жастардың 23, 6% -ы Қазақстанның келешегін нашар дамушы ел деп бағалап, селқостық танытады. Жастардың оннан бір бөлігі (11, 4%) Қазақстанның жақын арадағы келешегіне кең дамыған ел болады деп оң бағасын беретін жастар да кездеседі.

Сонымен, біздің жастарымыз өздерінің және елдің жақсы келешегі жайлы асыра сілтеушілікпен байланыстырмайды. Сонда да, олар дұрыс, әділ бағаларын бере алады. Бүгін де жастардың жартысы өздерінің келешегін өздері тұрып жатқан, оның болашағына сеніммен қарайтын ел келешегінін жақсаруымен байланыстырады.

Жас буынның шынайы өмірге деген қанағаттанбаушылық танытудың бірнеше себебі бар. Бұл тұрғыда жастарға бағытталған мемлекеттік бағдарламаны жоспарлау барысында жастар бойындағы еңбек потенциалы мен шығармашылық мүмкіндіктері пайдалануына ұсыныс жасау керек.

Жалпы, зерттеу нәтижесінде жас буынның әлеуметтік-психологиялық тұрақтылығы біршама жоғары деңгейінде екендігі көрсетілді. Сұраудан өткен жастардың 6% жэне 47, 5% өз көңіл-күйін орташа және өте жақсы деп бағалады. Әлеуметтік белгілі адамдар яғни өздерінің әлеуметтік психологиялық «Менін», көбінесе мекеме басқарушылары мен әртүрлі қоғамдық бірлестіктердің формалары (68, 6%) , мемлекетттік жұмысшылар (62, 2%), әскери адамдары (63, 3%), заң қорғау органдарының (65, 7%), фермерлер (59, 7%) құрайды.

Жастардың 7% — ы пессимизмнің шырқау шегіне жетті. Бұл жағдайдың себебі жастардың өзін-өзі бағалау қасиетінің әр алуандығымен түсіндірілді. Жастардың өзін-өзі бағалау қабілеті көбінесе олардың психологиялық ықпалы және материалдық байланысы.

Кейбіреулер болашаққа уайыммен, сенімсіздікпен және қорқынышпен қарайды. Ал енді біреу үмітпен, оптимизммен қарайды «Тұлға мінезінің түпкірінде өмірге деп қанағаттанушылықтың сан түрлі түрлерінің қилысы жатыр. Адамдардың өмір сүру тәртібі әртүрлі қалауларымен айқындалады». («Өмірін аман сақтау», «тез баю», «әлеуметтік статусын сақтау», «жұмыссыздыққа ұрынбау», «уақытты көңілді өткізу» т. б. ), Осындай құндылықтардың ауыспалылығына адамдардың бойында тығырыққа тірелу сезімі пайда болды», — дейді америкалық әлеуметтанушы Д. Кэмпбэл. Өткізілген сауалнама нәтижесінде жағымсыз көңіл-күй жоғары деңгейде көрсеткен мына топтар: жұмыссыз адамдар 63%, үй шаруасымен айналысатындар 47, 6%, құрылыс, өндіріспен айналысатын адамдар 41, 4%, денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін жастар 40, 4%. Жастардың әлеуметтік — психологиялық сезімдері жүргізілетін реформа болып жатқан процеске толық қатынас білдіру. Жоғарыда айтылған жайттардың синтездік ашық өмір жағдайымен болған проблемалардың шешушісі және радикалды трансформацияның байланысымен әлеуметтік стратификация, әлеуметтік поляризациясының бірі болып табылады.

Жастар өз мемлекеті үшін өмір сүру деңгейін әр қалай бағалайды: өте жақсы деген бағаны 62, 7%, берді, нашар деп бағалағандары 19, 8%. Өз мемлекетімен өмір сүру деңгейі нашар деп бағалаған жастардың көбісі Алматы, Астана қалаларында жэне сонымен қатар өмір сүруде. Ауылдық жерде тұратын жастардың берген сыни сипаттамасы біршама төмен. Бұның мүмкін себебі өмірлік жалпы қажеттіліктің төменгі деңгейде болуына байланысты.

Орташа қаржы табысымен өмір сүруге кеткен ақша мөлшерінің ең аз көрсеткіш деңгейін анықтай алмады. Өтпелі кезеңге дейінгі жағдайдағы 4 еселік айырмашылық пайда болды. Ал 1998 жылы бұл айырмашылық 11, 3 есеге өтті. Ең бай халықтың 10%, 27% табысқа ие болды. Ал халықтың ең кедей бөлігі (10%) тек 2, 3% табысқа ие болды. Кіші дәрежелі әлеуметтік қорғаныс топтары сақталып қалды [45]. Бұрын мемлекеттен жәрдемақы ала алатын азаматтар енді өздеріне ғана сеніп отыр. Жастар арасында қазір кедейшілік.

2001 жылдың 23 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамтамасыз ету» туралы іске асырылған Заңның үшінші бабы «жұмыссыздықтан мемлекеттік әлеуметтік қорғау», деп өзгертіліп, осыған орай әлеуметтік қорғау шараларын мемлекеттік деңгейге шығарып, пайдалануды жиілету қажет деп шешті.

Айта кететін жағдай, жастарды ойландыратын мәселелердің ең бастысы болып жұмыссыздық қаупі (47, 9%) танылды.

Бүгінгі таңда, әлеуметтік зерттеулердің нәтижелерінің көрсетуінше, жас ұрпақтың 31, 9% жұмыс таба алмайтын адам жағдайына түсетініне сенімді. Бұл жастардың басым бөлігі облыс орталықтарының (35, 7%), орыс ұлты өкілдері (28%) құрайды. Бұл жағдайға қатысты жастар бағалауының аймақтық бөлінуі нашар облыстарды айқындаған болатын. Ақтөбе (41%), Павлодар (40, 6%), Солтүстік Қазақстан (37, 4%), Қарағанды (37, 1%).

Сонымен қатар сұралған жастардың 45, 6% да жұмыссыздар қатарына қосылуы мүмкін. Бұл тенденция көбінесе Батыс Қазақстан (54, 9%), Жамбыл (54, 7%), Қостанай (54, 3%) облыстарында және Астана қаласында (52, 4%)кең қанат жайған [46]. Айта кететін жағдай, неғұрлым білім деңгейі жоғары болса, соғұрлым көп жастар жұмыс таба алмау мүмкіндігін айтады. 33, 3% толық емес ортадан 51, 1% жоғары білімді жастар. Көріп отарғанымыздай, нарықтық экономиканың нығаюына белгілі дәрежеде жастарға ықпал етеді.

Жастардың оннан бір бөлігі ғана жұмыссыздық қаупіне ұшырамайтындығына нық сенімді. Жастардың бұл аз ғана бөлігі жоғары табысқа иеленуімен ерекшеленді, 29, 5% — ының ай сайын отбасының жан басына 10000 теңгеден аса мөлшерде табысқа ие. Халықтың бұл бөлігінің әлеуметтік  кәсіби құрылымы кәсіпкерлер мен фермерлерден (24%), түрлі жекеменшік ұйымдардың және кәсіпорындардың басшыларынан (21, 6% ), полиция, сот, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік органы қызметкерлерінен құралады.

«Жұмыссыздықтың жүз — келбеті — жастар» — деп аталған тезис өз өзектілігін бүгін де жоймаған. Нарықтық қатынастарды енгізу еңбек саласындағы әлеуметтік қорғау мәселесін үдете түседі. Жастар қысқаруда бірінші кезекте тұрады да, жұмыссыздардың қатарын толықтырады.

Статистиканың ресми мәліметтері бұл туралы нақты айтады. Қазақстан Республикасында 1999 жылдың аяғында жұмыссыз азаматтардың тіркелген саны 251381 адам немесе экономикалық белсенді халықтың 3, 6%, олардың 28, 9% немесе 72679 адамын жастар қүрайды.

1999 жылдағы жұмыссыздық көрсеткіші бойынша (жастар арасындағы) Қызылорда облысы (4187 адам немесе облыс бойынша тіркелген жұмыссыздардың жалпы санының 42, 3%), Атырау облысы (4357 адам немесе 33, 1%), Маңғыстау облысы (6681 адам немесе 36, 8%), Жамбыл облысы (3154 адам немесе 32, 5%), Шығыс Қазақстан (11130 адам немесе 31, 1%), Оңтүстік Қазақстан (5606 адам немесе 29, 9%), Қарағанды (5726 адам немесе 29, 6%), облыстары алда келе жатыр [47].

Тағы бір жағдай — тиімді жұмыс табудың мүмкін еместігі. Сауалнама жауаптарына байқалғаны — респонденттердің жұмыс табатынына сенімі үлкен

емес. Бірақ толық сенбейтіндердің саны көп емес, 4-5% -ға жуық. Әрине, мұндай жағдайдың объективтік себептері бар. Мамандарды дайындау жүйесі экстенсивті экономикаға дағдыланған, мамандарды әзірлеу кезінде бірінші орынға сапа емес, сан қойылған болатын. Нарық мұнымен келіспеді, жұмысты кейде дипломы бар мамандар да таба алмай жатады, сол себепті мамандарды дайындауды нарықтық экономикалық қатынастарға сәйкес ұйымдастыру қажет. Нарықтық қатынастар кезінде жұмыссыздық мәселесін шешуде кімнен көмек күту керек екенін жақсы білу керек. Жұмыссыздық мәселесін шешу кезінде респонденттер келесі үш факторға негізделді.

  1. Қазақстан үкіметінің қызметі;
  2. Туысқандардың, таныстардың, достардың көмегі;
    З.Өзкүші.

Бір қызығы, ешбір респондент кәсіподақ ұйымдарына, кәсіпорын әкімшілігіне сенбейдІ. Бұл бір жағынан, Қазақстан үкіметі әлеуметтік саясатты дұрыс жүргізіп жатқандығын танытса, екінші жағынан, үкімет саясатын орындау кезінде әкімшілік, кәсіпорындардың баяулығын анықтайды. Кәсіподаққа көңілдің аз бөлінуі бұл ұйымның нашар белсенділігі туралы айтады. Ал іс жүзінде нарықтық қатынастар кезінде жұмыссыздықпен күресетін сол кәсіподақ болуы тиіс.

Біздің ойымызша, соңғы нарықтық реформаның нәтижелерін талдау мынаны көрсетеді: жастардың нарыққа дайындықсыздығын тек төтенше және психологиялық фактордың ықпалымен негіздемеу керек. Әдетте, жас ұрпақтың өндірістің жаңа формаларын, жұмысбастылығын, материалдық игіліктердің бөлінуін қабылдау мен санамалау процестері көптеген мемлекеттердегі реформаға ұқсас.

Нарықтық қатынастар мен заңдардың іске асырылуының басында — ақ мемлекет құқықтық кепілдік пен әлеуметтік қорғауды, түрлі мамандар мен кәсіп иеленушілеріне нарыққа дайын болмаған жағдайда қайта дайындау мен қайта аттестациялаудан мүмкіндікті қамтамасыз етуі қажет. Нарықты өздік реттеуге, қызмет сапасына қойылатын нарықтық талаптарға, еңбек ресурстарын нарықпен басқару мен реттеуге бірден көшу бозбалалар мен бойжеткендер үшін жаңа құндылықтарды түсіну ізсіз өтпейді. Нарық жас ұрпақты өзінің жеңілдіктер мен мемлекеттік қамқорынан айырады бұл жағдайда жастар арасында абыржу туғызады.

Республика экономикасында жекеменшіктің ауысуы жүреді. Мемлекеттік меншік секторы азайып, жекеменшік секторы ұлғаюда. Жаңа кадрлар мен мамандарды қайта бөлу үрдісінің жылдамдатуына жаңа құрылымдық элементтерді қалыптастыру әсер етті. Мысалы, биржадагы жастар саны 45-50 %, коммерциялық банктерде — 46-62 %, броккерлік кеңседе — 52-73%, түрлі қорларда — 54-69%, дүкен, кафемейрамханаларда -58-83% құрайды т. б.

Дайын өнімді шығаратын орташа және шағын кәсіпорындар, қолөнер шеберханалары, шағын бизнестің басымдықта дамуы құрылымдық саясатта жастар белсенділігін өндірісте, еңбек пен экономикада арттырудың маңызды фактор болып табылады.

Өзге шетел мемлекеттерінің тәжірибесі көрсеткендей, дәл осындай өндірістің (өнім) түрі нарықты тез арада халықтың тұтынудың қажетті тауарлармен басым түрде өндіріп қоймай, жоғары дәрежедегі еңбек ресурстарын жұмыспен қамтуға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Мысалы, АҚШ-та шағын кәсіпорында 1 ден 99 адамға дейін саны бар барлық жұмыскерлердің 54, 5% экономика саласында жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш Жапонияда 7, 7% құрады. 100 ден 500-ге дейін жұмыскерлері бар орташа ұйымдарда 24, 0%, бен 14, 6%АҚШ-та орташа құрлыс ұйымдарда 7, Жапонияда — 20, Германияда — 22, ал АҚШ-ң жабық ұйымдарында — 6 адам жұмыс істейді. Бізде бұл сияқты барлық кәсіпорындар мен ұйымдарда адамдар саны бұрын 200-450 адамды құрайтын. Қазақстанда экономикалық реформалаудың алғашқы кезеңінде шағын және орташа кәсіпорындардың дамуы үшін қолайлы жағдай болған. Мысалы, 1500 — ден аса өнеркәсіптік кәсіпорындар жоғарыда аталғандарға сәйкес келетін, олардың 32-сінде 15 адамға дейін адам, 79 -ында 16 -29 ға дейін, 66-сында 30-дан 200- ге дейін адам жұмыс істеген. Бір сөзбен айтқанда, республикада жүз адамға дейін жұмыс істейтін өнеркәсіптік сектордың кәсіпорындарындағы жұмыскерлер 55% құрады. Қазақстандағы мұндай кәсіпорындар қарқынды түрде дамиды. Орташа кәсіпорындарда 60 адамға жуығы бар. Республика бойынша жүргізілген статистика шаруа қожалықтарында 1-2 адам, 32% -ында 3-4 адам, 15% — ы, 5- тен жоғары адам жұмыс істейтіндігін көрсетеді. Қазіргі таңда республикада мындаған фермерлік шарушылықтар жұмыс істейді. Бұларға жердің айтарлықтай көп ауданы бөлінген.

Жаңа өндірістік қатынастардың жағдайындағы республикадағы шағын кәсіпорындардың алып өндірістік бірлестіктерге қарағанда артықшылықтары көбірек. Біздің ойымызша, дамудың тиімділігі мен болжауы тұрғысынан маңызды жақтарын ажырату орынды деп ойлаймыз.

Біріншіден, шағын және орташа кәсіпорындар азырақ автоматтандырылған өндіріске негізделген, нарықтың тез өзгеретін сұраныстарына оңай бейімделіп, жаңа технология мен өнімнің түрлеріне тез арада өте алды.

Екіншіден, осы сияқты кәсіпорындардың бір орыннан екінші орынға оңай орын ауыстыратындығын ескере отырып, оларды жеткілікті шикізат пен бос еңбек ресурстары бар аймақтардың барлығына ауыстыруға болады.

Үшіншіден, шағын және орташа кәсіпорындар өзінің қызметі үшін үлкен салымдарды қажет етпей, қысқа мерзімде шығындарды өтей алады.

Төртіншіден, егер мұндай кәсіпорындардың саны артса, олар артық еңбек ресурстары бар аймақтарға жағдайды жеңілдетіп, бос жұмыс күшті қоғамдық пайдалы еңбекпен қамтамасыз ете алады.

Жалпы халықтық меншіктердің объектілерін жекешелендіру мен оларды жеке тұлғалар мен еңбек ұжымдарына өткізу бойынша мемлекет арқыл жүзеге асырылатын шаралар жастардың еңбек ұжымдарына ағылып келуіне көмектесуде. 1990-шы жылдары «Мемлекетті меншік пен жекешелендіру туралы» Заңға сәйкес Қазақстанда алдымен шағын және орташа кәсіпорындарды жекешелендіру басталды. Мұның барлығы әрине, жас кадрлар

мен мамандардың мемлекеттік сектордан жеке және дербес секторларға өтуге ынталандырып отырды. Алайда, мұнымен қосажастарға көмек көрсетудің тиімділігін ең алдымен, жастардың арасында пайда болатын әлеуметтік -экономикалық проблемаларды шешуде, кәсіби оқыту мен қайта мамандандыруды арттыру қажет. Республика өткеріп жатқан қиындықтарға байланысты үкімет бұл мақсаттарға жеткілікті қаржыны бөлгісі келсе де бөле алмайды. Сондықтан да жастарды әлеуметтік-экономикалық кепілдендіру үшін барлық облыстар, қалалар, аудандар мен еңбек ұжымдарында әлеуметтік қорғау орталықтарын құру орынды. Бұл орталықтар тек мемлекет қаржысынан ғана құрылуы шарт емес.

Оңтайлы қозғалыс ретінде соңғы кездері жұмыссыз халықтың жалпы құрылымында жастар үлесінің төмендеу бет алғандарын атап өткен жөн. Егер 1995 жылы жастар ресми тіркелген жалпы саннан 46, 5% — ды құраса, 1999 жылы оның үлесі 28, 9%-ға төмендеді. Бұл жұмыссыздықты жоюда аса оңтайлы қозғалыс боп табылады. Бұл бағыттың өз түсіндірмесі бар.

—   біріншіден,   жоғары   кәсіби   білімнің   реформасы   жастардың   оқу
орындарында оқу мерзімін айтарлықтай қысқартып, нәтижесінде жастар еңбек
қызметіне ертерек араласа бастады.

екіншіден, ғылыми-техникалық даму ғасыры жоғары мамандандырылған мамандардың тартылуын ұйғарады. Жастар техногенді дәуірдің жаңа талаптарына зеректеу, оның үстіне жоғары әлеуметпен өзін-өзі жетілдіру мүмкіншіліктеріне, білім деңгейін көтеруге іскерлікке ие.

—  үшіншіден, мемлекеттік саясат үлкен инновациялық әлеуметіне, жас
ерекшелік   мүмкіндіктері,   нарықтық   экономика   жағдайындағы   неғұрлым
жоғары деңгейдегі бейімделу мүмкіндіктер мен бәсекеге қабілеттілігіне қарай
жастарды халық шаруашылығының саласындағы еңбек қызметіне барынша
тартуға бағытталған.

Жастар санын экономикалық қызмет түрлері бойынша бөлу олардың мына салада көбірек екендіктерін анық көрсетеді. Мейманханалар мен мейрамханалар (жұмыскерлердің жалпы санынан 36, 4%), қаржы қызметі (31,5%), балық аулау мен балық шаруашылығы (30, 1%), мемлекеттік басқару (29, 5%), денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтер (29. 4%).

Жұмысқа тұруға кедергі келтіретін себептердің арасында жастардың бағалауы бойынша тұрып жатқан жерде жұмыс орындарының болмауы (49. 3%) алда келеді. Бұл бағам көп жағдайда 59% әскери қызметкерлерге, 53, 7%мемлекеттік қызметкерлерге, 53, 6% жұмыссыздарға, 54, 5% ғылым -мәдениет пен білім қызметкерлеріне, 54% бойынша ауылдық аймақтардың қала типтес ауылдар мен шағын қалалардың жастарына тән.

Осылайша, жастардың материалдық қамсыздандырылуы көтерілуі, жастар арасындағы жұмыссыздықты жою мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғау мәселесін шешуде жүйелікке жақындауды талап етеді. Жаңа жұмыс орындарынның ашылуына, ғылым мен мәдениеттің, қаржы саласының (мектептер, кітапханалар, денсаулық сақтау) дамуына қаржы бөлу, фермерлікті қолдау, әскери қызметкерлерді материалдық қамтамасыз ету, ауылдық аймақтарда шағын және орта бизнесті дамыту тағы сол сияқтылар жатады. Бұл

шаралардың барлығы жұмыссыз халықты оның жастарды өңдірістік қызметке тартуға, қоғамда әлеуметтік жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік — экономикалық проблемалардың ішінде денсаулық сақтау ерекше орын алады. Мемлекеттің тиімді саясатынсыз бұл салада және халықты қорғаудың кешендік жүйесінде мемлекеттің дамуындағы прогреске сенуге болмайды. Ұ лт денсаулығы кез-келген дамыған мемлекеттің ерекше белгісі. Бұл аспектінің біздің республикамызға сәйкестігін қарастырайық.

Әлеуметтік ресурс ретінде жастардың рөлінің төмендегенін олардың денсаулық көрсеткіштерінен айқын аңғаруға болады. Қазіргі кезде жас ұрпақтардың денсаулығының төмендеу тенденциясы негативті дамуға ие болуда. Өсіп келе жатқан ұрпақтардың алдыңғы буынға қарағанда, қай жағынан алып қарасақ та денсаулығы төмен. Төмендеудің біраз факторы ондаған жылдар бойы, тіпті кейбіреуі соңғы кезде пайда болды.

Жастардың өзіндік бағалауы бойынша, денсаулық жағдайы дұрыс бағаламаудың алтыншы бөлігінің болуымен анықталады. Жастардың жасы үлкен-кішілігіне қарай бөлінуін талдағанда денсаулықты өзіндік бағалауда айтарлықтай айырмашылық байқалған. Жастық кезең үлкейген сайын физикалық және психологиялық жағдайларды бағалау көрсеткіштері соғұрлым жоғары. 15-18 жастағылардың — 5%-ы, 26-29 жастағылардың -14%-ы өздерінің денсаулықтарын нашар деп бағалаған. Осылайша, денсаулықтың төмендеу процесінің «жасару» тенденциясын байқауға болады. Арнайы статистикалық мәліметтер шартты тенденцияны растайды.

Арнайы медициналық мекемелер жастар саясатына қатыспайтын сияқты, сонымен бірге жастар басқа тұрғындармен салыстырғанда медициналық көмекке аз жүгінеді. Егер барлық өмір сүрген уақыттағы медициналық көмекке жүргіну «шыңына» көз салсақ, ана болудың бірінші жылдары мен жүкті болған кез (балалық шақ пен қартайған шақ пен бірге) осы «шыңға» сәйкес келеді.

Республика жағдайында, әсіресе соңғы кездері осы кезең «шың» болып есептеледі, себебі туып көбеюшілік бізде жоғарыда аталып кеткен өмір сүрудің нашар жағдайлары мен тұрғындардың сауатсыздығына негізделген.

Балалар өлімі туралы мәліметтер берілген кестеден, біздің республикамызда 1989 жылдан бастап балалар өлімі белгілі дәрежеде азайғанын көруге болады. Бірақ мемлекеттік статистикалық комитеттің мәліметтері бойынша, балалар өлімі 1970 жылмен салыстырғанда 1,5 есе өскен, мұнда бұл көрсеткіш Литвадағы балалар өлімі дәрежесінен 3,7 есе, Белоруссиядағыдан 3, 4 есе, Латвиядағыдан 4 есе жоғары.

Ана болуға қамқорлықтың аздығынан аналар өлімі көп орын алуда, бұл көрсеткіш бұрынғы социалистік елдерден 2-4 есе, дамыған капиталистік елдерден 4-7 есе жоғары. Мұның негізгі себептері медициналық көмек көрсетудің тиімсіздігі, талапқа сәйкес медициналық қондырғылар мен дәрі-дәрмектердің болмауы.

Нәрестелердің шетінеуі мен аналар өлімінің көрсеткіштері мемлекеттің адамдардың денсаулықтарын сақтау мен нығайтуға бағытталған саясатын көрсетеді. Республикадағы аналар өлімінің коэффициенті тұрақты емес және соңғы жылдар аралығында 100 мың тірі туылғандарға 1991 жылғы 67, 2 %- дан 2001 жылы 48, 6 % межелерінде ауытқып отырды [49].

Жалпы БҰҰ Қазақстанда 1990 — 2015 жылдар арасында аналар өлімінің коэффициентін үш ширекке азайтуды жобалайды [50].

Қазіргі жағдайда репродуктивті денсаулық пен жыныстық тәрбиеге көп көңіл бөлінуде. Қазіргі заманға жастарға «сексуалды акселерация» сипаты тән.

Зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, жыныстық қатынасты бастауға жастар көбінесе 18 жастан (28, 1%) және отбасы құрудан бастап (29, 2%) бейімделеді. Сөйте тұра, 17, 1 % жеткіншектер мен бойжеткендер сексуальды тәжірбиені 18 жасқа дейін алуға болады деп есептейді. Жастардың физиологиялық жыныстың

дамуы психологиялық дамуға қарағанда ерте басталады. Жыныстық қатынасты ерте жастан бастаған жастардың жүкті болудың алдын-алу мен бала тууды реттеуде белгілі тәжірибесі болмайды. Сұралған жастардың 17% жүкті болудың алдын-алу тәсілдерімен таныс емес. Олардың ішінде әсіресе 15-18 жастағы жастардың орны ерекше (22, 1%). Мұның нәтижесі, әдетте ерте жүкті болу және түсік тастау болып табылады. Жастайынан түсік тастау қыздардың репродуктивті және психологиялық көңіл-күйіне кері әсерін тигізеді. Бұл жерде ерте түсік тастау жағдайының төмендігін статистика көрсетіп отыр. Егер 1995 жылы 15 жасқа дейінгі түсік тастаудың 392 жағдайы белгілі болса, 1999 жылы 177 түсік жасалынған. Соңғы 4 жылда 15-18 жас арасындағы қыздардың түсік тастауы 2, 5 есе төмендеді. Бұған жүкті болудың алдын-алудың қазіргі заманғы әдістеріне кең насихаттау себеп болды. Сонда да бұл проблема әлі де орын алуда жэне белсенді саяси жұмыс жүргізуді талап етеді.

Өзінің денсаулығын нашары экологиялық жағдайдың нашарлығынан (10, 5%), психологиялық жүктеменің көптігінен (7, 1%), нашар тамақтанудан (5, 5%) деп есептейтіндігін социологиялық зерттеулер көрсетті.

Нарықтық жағдайда ең негізгі байлық-денсаулық екендігін жастар түсіне бастады. Денсаулық болса, жұмысқа қабілеттілік, белсенді өмір сүру артатындығы, осыған байланысты лайықты өмір сүру мүмкіндігі зор екендігі белгілі.

Сұралған жастардың 80% — дан астам үшін ең қымбат нәрсе «деннің саулығы» деп есептейді. Бұны түсіндіру мынадай аспектілерге байланысты.

Жастардың бұл құндылыққа назарының артуы табиғи және қазіргі кезеңде мәнді деген жайттардың жас адамның денсаулығына жағымсыз әсерін тигізетінін ескертеді. Бұл құндылықтың күшінің

басымдылығының себебі мынада:

— Жұмыс саласының әсері:

1) жұмыссыздықтан адамның жан дүниесінің

құлазуы , шамадан тыс шаршау, өмірдегі қолайсыз жағдайлар бірінші кезекте денсаулыққа кері әсерін тигізеді;

2) қатты шаршау жұмысқа ерте, яғни жас кезінен араласу, оқу мен
жұмысты қатар алып жүру, дене күшінің шамадан тыс көп талап ету де

денсаулыққа әсер етеді.

-көшіп -қону: ауылдық жерден қалаға қоныс аудару кейбіреулерге жақсы жағынан әсерін тигізсе, енді біреулерге жағымсыз жағынан әсерін тигізеді, әлеуметтік жағдайдың нашарлауы, ата ананың қамқорлығынан, үйреншікті ортадан кету де денсаулыққа кері әсерін тигізеді.

  • өмірдегі келеңсіз жайттар: қыздардың ерте есеюі; кәмелетке толмай
    екіқабат болуы және оны үзу өміріне өшпес із қалдырады;
  • тәрбиеден ауытқу: темекі тарту, ішімдікпен әуестену — нашақорлық,
    мүгедектік пен өлімнің себепкері. Бұлар жас адамның ағзасына әсер етіп,
    денсаулығын бұзады;

жыныстық қатынасқа шек қойылмау; жас адамдарға қатысты бірінші
кезектегі СПИД, жастардың тәрбиесіздігі, ол жайлы хабарсыздығы

жыныстық қатынастағы аурулардың негізгі пайда болу базасы; қарбаластық; шешімІ табылмаған тауқыметтер жастар санасына кері
эсер етіп, өмірге немқүрайды қарауға жетелейді;

қамтамасыздық деңгейі; элеуметтік жағдайдың ауырлығы, ішер астың
жетіспеушілігі,     сауықтыру    кешендерінің    жоқтығы     өмірлік    тыныстың
тарылуына экелІп, денсаулығын нашарлатады.  Азық — түліктің,  элеуметтік
қызмет саласының қымбаттауы салауатты өмір сүруге кері эсерін тигізеді.
Тұрғындардың    экономикалық    эл-ауқатын    көтерумен    бірге    жастардың
жағдайын    мемлекеттік    қамқорлыққа    алу    әлеуметтік    қорғаудың    кезек
күттірмейтін саласы. Нарықтық қатынас жағдайында эл-ауқатымызды жақсарту
— медициналық қызмет көрсету деңгейіне, дэрігерлердің қызметін пайдалану
мүмкіндігіне,     денсаулықты     жақсарту     шараларын     нығайтуға;     дұрыс
тамақтануды ұйымдастыруға тікелей қатысты. Жас буынның денсаулығына
қатысты   бұл   түйінді   мэселенің   шешімі   тікелей   экономиканың   өсуіне,
жастардың   психологиялық   және   элеуметтік   жағдайының   тұрақтануына,
түрмысы төмен, аз қамтылған түрғындарға мемлекет тарапынан әлеуметтік
көмек көрсетуге байланысты.

Әлеуметтік зерттеу нэтижесі мынаны көрсетеді: қазіргі жастардың 76% білімнің қүндылығын бағалайды, Дей тұрғанмен сол жастардың 13% ақылы оқуға қаражаттың жоқтыгынан өздерінің таңдаған мамандығына сай білім ала алмайды. Жастардың 14% отбасында студентті асырауға қаржының жоқтығын көрсетеді.

Экономикамыздың нарықтық қатынасқа көшу жағдайында енгізілген мемлекеттік грант жүйесі барлық жастардың бірдей жоғары білім алу мүмкіндігін қанағаттандыра алмайды. Тек экономиканың өсуі мен халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруы ғана білім алу мүмкіндігін шешетінін баса айту керек.

Мемлекетіміздің білім беру және жұмыспен қамтамасыз ету салаларына ерекше көңіл бөлу қажет. Мемлекеттік ұйымдар запасқа шыққан жас әскери қызыметкерлерді, тұрмысы төмен отбасының жас азаматтарын, түрмеден бостандыққа шыққан жастарды, оқуын тастап кеткендерді, денсаулық мүмкіндігі шектелген балалар мен жетім балаларды жұмысқа алуға мекемелермен келісімге келуі керек. Әлеуметтік жағдайы төмен жастар ға жұмыс орнын ашуды нормаға лайық заңдастыруды жетілдіру қажет [51].

Мемлекет жастар мен жас отбасының шаруашылықпен айналысуына, тұрғын үй салуына, білім алуына, ұзақ мерзімді несие жүйесін енгізіп, экономикалық жағдайын жақсартып, олардың отбасьшың кіріс табысын молайтуға жағдай жасап, заңдастыру шараларын қолдау керек.

Қазіргі заман талабына сай уақытша жұмыспен немесе екінші мамандықпен қамтамасыз етіп, жастарға кәсіптік бағдар беру жүйесін енгізген жөн.

Жастарды әлеуметтік жағынан қамтамасыз етуге аз да болса кепілдік жасау керек. Жас азаматтардың жан-жақты жетілуіне жасалатын кепілдіктер жүйесіне жататындар:

—  өмір сүру деңгейі; КТУ мен жоғарғы оқу орнын бітірген жастарды
жұмыспен  қамтамасыз  ету,  жұмысқа орналаспаған  күнде  өмір  сүрудің ең
төменгі деңгейінде өтемақы төлеу;

—   жас   отбасының   тұрмысына   қажетті   заттар,   тұрғын   үй   салуға
жеңілдетілеген несие беру;

  • әлеуметтік инфрақұрылымдық объектілер балалар бақшасы, мектеп,
    балалар және спорт алаңдары, дүкендер, үйлер мен тұрғын үй кеңістігін
    жобалағанда және салғанда міндетті түрде жастардың талабымен санасу қажет;
  • спорттық-сауықтыру, мәдени-ағарту (музей, көрмелер, кинотеатрлар)
    мекемелеріне бару үшін неғұрлым арзан бағаны анықтау;
  • қала іші мен сыртына қатынайтын көліктермен жүру үшін оқушылар
    мен студенттерге жеңілдік жасау;

—   жастарды   тегін   оқыту   мен   емдеу   мемлекеттің   оларға   жасаған
қамқорлығының бір бөлігі болуы керек.

Күрделі экономикалық жағдайда жастар саясатын айқындайтын әлеуметтік қызмет көрсетуді қалыптастыруды құқықтық көзқарасқа негіздеу керек. Әлеуметтік, тағы да басқа көмек тікелей жастарға қажет, сондықтан жастар саясатын айқындауда оларды әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету ережелері мен заңдарының маңызы ерекше.

Аталған бағыттардан басқа тағы да төмендегі шаралар қажет:

— жас отбасына әлеуметтік көмек көрсету;

жеткіншектер    мен    жастарға,    әсіресе    мүгедектерге     олардың талпыныстары мен мүмкіндіктерін жүзеге асыруга көмектесу.

  • Жеткіншектер мен   жастардың   арасындағы   құқық   бұзушылықпен
    адамгершілікке жат қылықтарды болдырмау.
  • Арнайы тәрбиелеу  мекемелеріндегі   кәмелет  жасына  толған  кұқық
    бұзушыларға байланысты жеке-жеке педагогикалық ықпал ету.
  • Арнайы тәрбие   мекемелерінен   шыққан   және   бас   бостандығынан
    айрылғаннан кейінгі жас азаматтарды әлеуметтік жағынан реабилитациялау.
  • Жастарды құқықтық жағынан қорғау, оларға құқықтық нұсқау және
    кеңес беру.
  • Жас азаматтардың кәсіпкерлік қызметіне қолдау көрсету және осы
    қозғалыстардың дамуына тиісті жағдайды жасау.
  • Жергілікті басқару органдары жергілікті жағдайды  ескере  отырып
    жастарға көмек көрсетудің басқа да түрлерін өздері анықтайды.

Көптеген әскерден қайтқан жастар азаматтық өмірге оралғаннан кейін бұдан былайғы өмірлік болашағының белгісіз болуымен күресіп жүргенін тәжірибе көрсетіп отыр. Өмірлік нақты осы жағдайға тән нәрсе әскерден босаған жігіттердің әлеуметтік құқықтары мен кепілдіктерін жүзеге асыратын нақты механизмінің жоқтығы. Осының салдарынан жастар арасында әскерде қызмет етудің беделі айтарлықтай түсіп кетекені байқалады.

Жастардың көпшілік бөлігі әскери міндетін орындауды дұрыс қабылдамайды және Отанды қорғау деген жігіттің құрметті ісімен ешқандай байланысы жоқ деп есептейді. Әскерде қызмет етудің беделінің түсіп кетуінің негізгі себептері жауынгерлердің ортасындағы жарғыға қарама-

қайшылықтардың болуы, жауынгерлердің ақшалай табыстарының деңгейінің төмен болуы, оның салдары әскери қызметтен қашқақтау болып табылады.

Көріп отарғанымыздай, әскерден оралған жауынгерлерді әлеуметтік жағынан қорғау жөнінде мемлекеттік деңгейде іс-шара әзірлеу керек.

Мамандандырылған сот органдары жас азаматтардың, жастар ұйымдарының құқықтары мен бостандықтарының құқығын қорғайтын құралдар болып табылады. Осы жүйенің аясында олар кәмелетке толмаған азаматтармен олардың бірлестіктерІн істерін қорғай алады. Мұндай жүйе төмендегілерді қарастырады.

— Соттар мен адвокаттардың мұқият дайындығы.

  • Сот процесіне арнайы дайындығы бар педагогтарды, психологтарды,
    әлеуметтік саланың    қызметкерлерін,    дефектологтарды    және    медицина
    сарапшыларын тарту.
  • Сот тәртібі мен істерді қараудың тиімділігін немесе тиімсіздігін анықтау
    үшін әдейі   құрылған   әлеуметтік   профилактикалық   қызметінің   алғашқы
    қортындысын алғаннан кейін істерді ашудың жеке тәртібі.

—  Ересек құқық бұзушыларға арналған тергеу және сот жұмыстарын
жүргізуден басқа арнайы орындардың болуы.

  • Атқару органдары мен басқару органдары осы салада реформа жүргізуге
    тиіс, оның   мэні   бірыңғай   әлеуметтік   жастар   қызметінің   тарап   кеткен
    буындарын бір жүйеге біріктіру. Бүгін қолда бар мүмкіндіктерді (кәмелетке
    толмағандық ісі жөніндегі комиссия, еңбекпен қамту бюросы, мектептен тыс
    мекемелердің жүйесі, жатақханалардағы тәрбиешілер) қосымша материалдық
    шығынсыз және жаңа жұмыс орындарын құрмай-ақ кеңейтуге болады.
  • Балалар мен жастарға әлеуметтік көмек көрсету және қолдау жүйесіне,
    қиын жағдайларда қалған жастардың айтарлықтай әлеуметтік мұқтаждарын
    қанағаттандыру, оларды әлеуметтік реабилитациялау және толыққанды өмір
    сүру үшін жағдай жасау тиісті. Мемлекет жастар арасындағы есірткімен,
    маскүнемдікпен   жасөспірімдермен   жастардың   арасындағы   әлеуметке   жат
    дұрыс жолдан таю құбылыстарымен күресте әлеуметтік шиленісті төмендету
    жөнінде кезек күттірмес шара қолдану керек.

Жастар арасында құқықты бұзу және қылмысқа жол бермеу үшін, құқықтық сабақтар жэне алдын алу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру мақсатымен жоғары және орта оқу орындарында жедел жастар отрядтарын құру керек, мектептерде 9-11 сыныптарға факультативті сабақтар, құқықтық тәрбие туралы дәрістер енгізу керек.

Жастарға әлеуметтік көмек көрсету, бойынша тәжірибелік, жұмысқа орналасу, денсаулық, құқық, білім алу деген сұрақтарға ұйымдық көмек арқылы жанұяда, мектепте, қоғамда қарым-қатынас проблемаларын шешуге өмірлік бағыттарды таңдауда және ортада қалыптастыруға көмек беретін түрлі мекеме жүйесі сияқтылардан тұрады. Жастарға арналған әлеуметтік қызмет желілердің дамуы арқылы орындалады.

Әлеуметтік қызметтердің нашақорлықтан токсикоманиядан, араққорлықтан емделген, жас жанұяларға патронаждық көмек көрсету және   т. б. әлеуметтік қызметтер демобилизацияланған әскери қызметкерлерге, жас мүгедектерге қатысты реабилитациялық шараларды жүргізуге, психологиялық, есірткіге қарсы, педагогикалық, заңгерлік көмек көрсетуге бағытталады [52].

Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер, арнайы қызметтің кешенін кеңейтуде, соның ішіндегі жастардың еңбек биржасын, әлеуметтік -психологиялық көмек орталықтарын есірткіге қарсы қызметтерді, балалар мен жастар үшін баспаналар, кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға әлеуметтік реабилитация мекемелерін, кеңес беру және заңгерлік көмек көрсету орталықтарын жас отбасыларына көмек көрсететін қызметтерді, орталықтарды

КҰРУ-

Қорыта   келе,   Қазақстан   жастарының   қазіргі   әлеуметтік   жағдайы

өркендеген, гүлденіп тұрған кезеңді басынан кешіріп жатқан жоқ, Жастық пен жұмыссыздық мемлекетте қазір аса маңызды болғанымен, бірден бірі ғана емес оларды мемлекеттік іске жастардың саяси қатысуына бағытталған жастар саясатының  құрылуы кезінде ескеру қажет.

2000 жылы 4 қазанда Астана қаласында болған Қазақстанның жастар қозғалысының көшбасшыларымен кездесуде, ел Президенті Н. Ә. Назарбаев жастар проблемаларын мемлекеттік тұрғыда шешудің жолдарын көрсетті [53]. Ол дарынды жастардың мемлекеттік грант арқылы жоғарғы білім алуға мүмкіндігі бар екендігін айтты. Мемлекеттік қызметке конкурспен қабылдаудың арқасында, әр адам өзінің білім деңгейімен басқару органдарында өз қызметтерін атқаруға құқығы бар.

Сонымен қатар, Президент жұмысқа орналасу сұрақтарын жұмыссыз жүрген жастарды жол салу жұмыстарына жұмылдыру және қоғамдық жұмыстарға тарту арқылы шешуге ұсыныс жасады. Ал «Қазақстанның болашағы үшін» қозғалысына микрокредит бағдарламасына кірісуге кеңес берді және бастапқыда шағын бизнеспен айналысу үшін банктерде қор құру және жастарға микрокредит беруді ұйымдастыру. Елбасының пікірі бойынша, ассоциация ретінде 45 ұйымды біріктіп тұрған «ҚБҮ» базасында Қазақстанның бірыңғай жастар ұйымын құру керек. Сонымен қатар, Елбасы Республиканың алдыңғы заңнамалық базасын талдай отырып, жастар туралы жаңа заң қабылдау қажет екенін айтты. Нәтижесінде, 2004 жылы жазда «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы қабылданды. Жаңа жастар саясатын қалыптастыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жастардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, жас ұрпақты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ

  1. 3. 1 «Қазақстан — 2030» Стратегиясына орай Мемлекеттік жастар саясаты дамуының перспективалары

 

Мемлекеттік жастар саясатының даму сатылары «Қазақстан — 2030» Стратегиясына сәйкес келеді. «Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» деген қазақ мақалы эпиграф ретінде ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына стратегиялык даму Жолдауында жазылған «Еліміздің қандай болатынын және жастарымыздың қалай өсіп жетілетінін көрер уақыт жетті» дейді Президент Н. Ә. Назарбаев [54]. Болашақ жастардікі, дегенмен мемлекет олардың үлкен өмірге барар жолына үлкен ықпал жасайтын арнайы нақтыланған, қалыптасқан жастар саясатын жасауы керек. Қазақстан 2030 стратегиясында негізінен мемлекеттік жастар саясатының негізі, бағыты жасалған. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев студент жастарға арналған жолдауында «жастардың жан-жақты дамуы біздің мемлекетіміздің мүддесімен сәйкес. Қазақстан 2030 Сратегиясы сіздер үшін жасалды, ол біздің елімізді үшінші мыңжылдыққа бастайды. Сіздердің сол стратегияны қолдағандарыңызға ризашылық білдіремін» — деп баса көрсеткен.

1991 жылы қабылданған «Қазақстан Кеңестік Социалистік республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты» заңына 14 жылдан асты. Ал жаңа мемлекеттік жастар туралы Заң қабылданар аралығындағы кезеңдегі қоғамдық — саяси жағдайларға тоқталайық. Содан бері мемлекеттің қоғамдық -саяси бағыт, экономикалық құрылымы өзгерді. Бұрынғы Конституциядағы баптар, заң актілері рухани ескірді де, оған қарама — қарсы баптар жасалды. Осының нәтижесінде мемлекеттік позиция түсініксіз, заңды тұрғыдан бекітілмеген жаңа көзқарасқа сәйкес емес. Сондықтан, ел басшылары жастар саясатына байланысты, барлық мәселелерді шешуге кірісті. 2001 жылы қыркүйектің бірінші күнінен бастап Ақтау қаласында Қазақстан жастары конгресі өтті. Оны ұйымдастырған Тәуелсіздігіміздің он жылдығына байланысты құрылған мемлекеттік комиссия, Маңғыстау облысының әкімі және «Қазақстан болашағы үшін» атты жастар ұйымы болды. Бұл форум жұмысына Қазақстан өлкесінен 500 белсенді жастар қатысты. Олардың негізгі мәселесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатына байланысты жаңа заң қабылдау болатын.

Қатысушылардың алдында ел Президенті Н. Ә. Назарбаев жастарға мемлекеттің ықпалына байланысты жаңа саяси негізгі тезистерді атап өтті. Негізгі жетістік — аға буынжастарға тәуелсіз мемлекетті аманат етеді. Оның ойынша қазіргі жастар саясатының негізі жастарға мемлекеттік баптау жағдайларын жасау емес, қоғамдағы мамандықтарды, көзқарастарды, саяси сенімділігін таңдау еркіндігін беру. Мемлекет басшысының ойынша ішкі саясат, жастардың дамуына жастарды оқуға және жұмыс істеуге болатын қызығушылығын арттыру. 150 мың жастар халық шаруашылығын дамыту үшін Оңтүстіктен Батысқа қоныс аударды. Келесі бағыт қазіргі жастардың ішінде

елді басқара алатын білікті басшылардың шығатынын көрсетіп отыр. «Қазақстан 2030» Стратегиясының негізгі бағыты жастар үшін жазылғаны белгілі. Оларға мемлекеттік басқару қиынға түседі. Сол үшін Президент жастар ұйымдарының саяси іс — қимылдарына баса көңіл бөлуде. Бүгінде республикамызда 150 балалар және жастар ұйымы тіркеліп, жұмыс істейді. Солардың 15 шақтысы мемлекеттік қоғамды құрап, республикалық статусқа ие болды.

2004 жылғы қабылданған жастар саясаты туралы заңда кәмелеттік жас пен 29 жас аралығындағы (қазіргі заңда 30 жасқа дейін) адамдар жастар болып саналуы көзделген. Қазіргі кездегі республикамыздағы жастар саны 3 миллион 787 мың адамды құрайды жэне олардың қуаттылығы мен белсенділігін бағыттау қажет. Президентіміз қазіргі кезде барлық жастарды бір ұйым түріне біріктіруді қолдайды, бұл жөнінде көтерілген мәселе нәтижесіз аяқталды. Елбасының ұсынысы бойынша бұрынғы комсомол түріндегі бір тұтас ұйым құру мәселесі емес, әртүрлі жастар қозғалысы бірлесіп, бір шеңбер аясында жұмыс істей алатын, пікір алмасып, туындаған мәселелер мен сұрақтарды шешудің жолын бірлесіп іздейтін, қиын жағдайда мәмілеге келуге машыққан жалпы бірлестік құру.

Келешектегі кеңестік идеялогиясын қалыптастыру мәселесін соңғы кездері пайда болған діни секторлар емес, Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, қашанда қалыптасқан әмбебап идеология-патриотизм мен азаматтық болу тиіс. Мысал ретінде, Президент елімізде таяу уақытта жүзеге асырылатын «Алтын мыңдық» «Золатая тысяча» бағдарламасы бойынша, әр жыл сайын қазақстандық компаниялар мен ірі фирмаларға мыңнан аса Жоғарғы оқу орындарының ең қабілетті жэне білікті бітірушілері беделді қызметтерге қабылданатынын атап көрсетті. Еліміздің қорғаныс саласының қамтамасыз етілуіне тоқталған Елбасы эскери қызмет эрбір азаматтың борышы, ал жастарды әскер қатарына тарту азаматтық жэне эскери өмір арасындағы тепе-теңдіктің сақталуы үшін қажет екенін айтты. Елбасымыз жастарды тәрбиелеудің маңызды бір саласы ретінде салауатты өмір салтын қалыптастыру деп санайды.

Іскерлік пен ғылым саласында жұмыс істеп, мемлекетімізді басқару үшін азаматтарымыздың дені сау болуы жэне оны әрдайым нығайтып отыру қажет.

Ақтау қаласындағы жастар конгресінде сөйлеген өз сөзінде еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев жаңа мемлекеттік жастар саясатының негізгі мәнін сипаттай келе, жастарға еліміздегі республикалық басшылық тарапынан қолдау білдіретіндігін, мемлекеттік құрылымдарда еліміздің жастармен бірлесіп қызмет атқаруға даяр екенін білдірді. Ол жастарды сырттай бақылаушы ретінде емес, еліміздің саяси өміріне белсенді атсалысуына шақырады.

Сонымен қатар, форум делегаттары да өз ұсыныстарын алға тартты. ҚазМЗА студенттері, жастар жетекшісі Н. Өтешовтің айтуынша, ұсынылған «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң жобасын өздері жасаған. Қаз МЗА-ның студенттері алдағы заң жобасын жасайтын нақты топ құрамына енді. Ал, жастар саясатын дамытудың мемлекеттік қорлары делегациясы атынан оның төрағасы  Арман Құдайбергенов 2002 жылды «жастарды қолдау жылы» — депжариялап, Президент жанынан республикалық дәрежеде құрамына жергілікті қорлардың басшылары кіретін Ұлттық кеңес пен Алматы қорларына ұқсас аймақтық қорларды құруды ұсынды.

Ақтау конгресінен кейін, арнаулы министрлік пен ведмостводан өткен мемлекеттік жастар саясаты туралы заң жобасы 2001 жылдың соңында Парламент талқысына ұсынылды.

Республика Президенті жастармен өткен кездесулерінде еліміздің стратегиялық тапсырмасы қашанда жастардың заман талабына сай білімді тауып талап ететінін, мұнсыз еліміздің XXI ғасырда өркендеуі мүмкін еместігін айтады. Тәуелсіз, әрі зайырлы Қазақстанда өмір сүріп отырған жастарға елбасымыздың айтпақ ойының негізі «Қазақстан — 2030» Стратегиясын жастармен бірге жүзеге асыру. Еліміздің жаңа орталығы Астанадағы Евразия университетінің студенттерімен кездесуінде Н. Ә. Назарбаев білім саласы туралы айта келіп, «реформа в сфере образования находится в тескейнем взаимодействии со стратегией развития Казахстане до 2030 года» — деп атап көрсетті. Президент әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің студенттері мен профессорлық-ұстаздық құрамымен кездесуінде осы мәселеге толығырақ тоқталды.

Қазақстандағы білім жүйесін дамыту мемлекеттік саясаттың ұзақ мерзімді стратегиялық бағыттарының басым бөлігі болып табылады. Аталған сала қазіргі кезде жастар саясатының құрамына кірді. Оның дамуына қажетті қаражат көздері де қарастырылған. Жылдан жылғы білім беру жүйесін дамыту бағдарламасын қаржыландыру артуда. 1998 жылы білім беру жүйесіне мемлекетіміз жалпы ішкі өнімінің 3, 85 пайызын немесе 72 миллиард теңге көлемінде қаржы аударды. Бұл алдағы 1997 жылға қарағанда 12 миллиард теңгеге артық. Сондай-ақ, Республика басшылары білім беру саласының дамуы үшін қажетті болуы да қаражат көздерін қарастыруда.

Қазіргі кездегі білім беру саласына байланысты мәселелерді жалғыз мемлекет тарапынан шешуге болмайды. Жастар да өз кезегінде ұйымдастырушылық, іскерлік, мақсат қоюшылық сияқты жеке тұлғалық қасиеттерге ұмтылуы қажет. Бұл тәуелсіз Қазақстанның даму құрылысының жетістікпен жалғасуы үшін жастар қоғамын реформалаудағы үрдістің жоғарғы ұрпақ өкілдерінің табыстауына мүмкіндік берді.

Президент Н. Ә. Назарбаев 2030 стратегиялық жолдауында студент жастарға «я ориентировался имено на таких людей» [55] деп көрсетеді. Тұрақты өзіндік ізденіс, жан-жақты танымдылық сияқты қажетті студенттік дәстүрлерді де дамыту керек. Жаратылыстану факультеттерінің студенттері тарихты, әдебиетті, философияны танып білуге, ал гуманитарлық саладағы студенттер жартылыстану ғылымының төңірегіндегі мағлұматтар мен хабардар болуы тиіс. Тек сонда ғана жастар қоғамының іріктелген, тандаулы тобына айнала алады. Жастардың жаңа саясаты өзінің шағын әлемінде оқшауланған, қоғамдағы кесте емес, толық демократиялық мағынадағы жаңа Қазақстандық таңдаулы топтың мүмкіндігіне ие болуы қажет. Қазіргі жастар Батыс пен Шығыс мәдениетін меңгерген, білімді тұлға болулары керек. Бұл орайда жастарымыз өз халқының салтымен, оның тілімен және мәдениетімен үйлесімді

өмір сүретін Қазақстандық болып қалулары тиіс. Жас ұрпақты бір жақты ұлттық өнегелікпен шектемей, еуразиялық әлемдік ашық рухта тәрбиелеу қажет.

Мемлекеттік жастар саясатын жасау барысында білім беру 2030 жылға дейінгі стратегияның жүзеге асуы барысында мемлекет басшылығының алдына, міне осындай тапсырмалар мен мақсаттар қойылды.

Еліміздің даму барысындагы басылымдылықтардың ішінде білім беруден басқа да, денсаулықты нығайту мәселесі, барлық Республика азаматтарының материалдық жағдайын арттыру, сондай-ақ, жастардың да жағдайы қамтылған. Бұл «Қазақстан — 2030» Стратегиялық дамудың басым 7 бағытының 4-ші бағытындағы білім беру жөніндегі тапсырмалармен қатар көрсетілген.

Жастар саясатын дамытуда салауатты өмір салтына жігерлендіру сияқты қажетті бағытта бағдар ұстану да қамтылған. Бұл жайт сырқатпен күрес барысындағы нәтижелердің төмен жағдайында өте қажет, «Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды, тазалық пен санитария ережелерін насихаттайтын пәрменді ақпараттық іс — шаралар жүргізілуі қажет» [56].

Ол нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресті, маскүнемдік пен шылым шегуді қысқартуды, ана мен баланың денсаулығын сақтауды жақсартуды қамтуы тиіс. Осы мәселелер мемлекеттің, денсаулық сақтау органдарының, қоғамның басты назарында. Экономикалық көрсеткіштердің жақсаруы, экономиканың кетерілуімен бірге мемлекет тиімді демографиялық саясат үшін отбасыларына көмек пен қолдау көрсетуге мүмкіндік алады. Бұл процесс табиғи негізде жастарды, жас отбасыларын және жас буынды тәрбиелеу мәселелеріне ықпал етеді. Қажетті деңгейде көп балалы отбасыларының, жалғыз басты аналардың, жеке институттарын нығайту, қоғамдық мораль мәселелері шешілуі және жүзеге асырылуы тиіс. Жастар ата-аналарымен балаларының алдындағы жауапкершілікті сезіну, әйелдерге, қарт адамдарға, достарына құрмет рухында тәрбиелене отырып, дәстүрлі ұғымдармен адагершілік, мейірімділік жайлы түсінікке ие болады. Бұл қағидаларды жоғалтуға болмайды, ал соңғы жылдары жоғалғандарға қайта айналып соғу керек. «Жастар саясатында, — деп Президенттің халыққа жолдауында баса айтылғандай, — біз өз назарымызды жастарды, өсіп келе жатқан буынды, сондай-ақ жас отбасыларын назардан тыс қалдырмауымыз керек» [57].

Кедейшілікке және жұмыссыздыққа қарсы күрес секілді шараларды шешудегі жалпы мемлекеттік аспектілермен қатар ауыл экономикасын көтеру, соңғы нәтижесі зейнетақыны, жалақыны жэне жәрдемақыны уақытылы төлеуге негізделетін әлеуметтік-экономикалық реформаларды қорытындылау жастардың әлеуметтік мәселелерін шешуге әкеледі. Осы бағыт сондай-ақ мемлекеттік жастар саясатын дамытудың алғышарты болып табылады.

Мемлекеттің жас азаматтарына қамқорлығы өзінің оң нәтижесін берді. Балалық шақ, жастық шақ қоршаган әлемді ашудағы, отансүйгіштік сезімін тәрбиелеудегі жемісті кезең. Білім және ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде сөйлеген сөзінде Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев қазіргі жастар жаңа Қазақстанның тарихын жасайтынын, осы жолдағы жетістіктер мен

қателіктерді бағалайтынын атап өтті. «Еліміз үшін ел балғындарының жас кезінен тәуелсіз Қазақстанды мақтан тұтуды, оның тарихы мен заңдарын, мемлекеттік рәміздерді білу өте маңызды», — деп санайды Елбасы.

Өз елін мақтаныш тұтпауы, оның тарихымен егіз екенін сезінбеуі өзін-өзі сыйламағанмен бірдей, сондықтан отаншылдық сезімін тәрбиелеу мемлекеттік жастар саясатының ең басты міндеті. Қазіргі жағдайда бүкіл қазақстандықтар үшін Джонн Кеннедидің американ халқына «Елім мен үшін не істей алады деп сұрамаңыз, мен елім үшін не істей аламын деп сұраңыз», -деген жолдау сөзі өзекті. Сонымен қатар, А. Байтұрсыновтың «Ерім дейтін елі болмаса, елім дейтін ер қайдан болмақ»,- дегенін де естен шығармаған абзал.

Қазақстанның қазіргі даму кезеңінде жастарды, тәуелсіздік алған он жылдың ішінде елімізде өтіп жатқан демократиялық құрылымдарға қатысуға толық мүмкіндік туды. Нарықтық-қатынастар жағдайында жастардың белгілі бір бөлігі өзінің саяси және іскерлік әлеуетін көрсетіп, басқару органдары мен бизнес құрылымдарда өз орындарын тапты. Қаржы, сауда, ақпараттық технология, құрылыс, саясат, дипломатиялық қатынастар секілді салаларда жасы 25 пен 35 аралығындағы жаңа кәсіби мамандар пайда болды. Бұл мемлекеттік жастар саясаты республикада жас мамандар мен кәсіпкерлер өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асыра алатындай, өзіне және келешекте мемлекетке жұмыс істей алатындай, өз еңбегімен жаңа демократиялық мемлекет кұруға атсалысатындай негізде дамып жатқанын білдіреді, жастар өздерінің болашақ жаңа елін құруға қатысуға тек жастарды қорғайтын заңдық негіздемелерге сәйкесті жағдайлар болған жағдайда, елімізде түбегейлі экономикалық реформалар жүргізілгенде ғана мүмкіндік алады. Аңызға айналған комсомолдардың ізбасары болып табылатын Қазақстанның Жастар Одағы жастарды қолдау мақсатында жастар саясатында жастардың өз дербестігін, ұсыныстарын білдіруге, ел өміріне белсенді қатысуды ұсынды.

Мемлекет, жаңа мемлекеттік саясатты қалыптастыра отырып, ел келешегін ойлап толғанады, әрі жаңа буын үшін қолайлы шарттар жасауға талпынады. Өз кезегінде жастар үкіметтік құрылымдар тарапынан жастардың өзін-өзі таныту мәселелерін шешуге қызығушылығын көре отырып, кез-келген сала нақты табыстарға қол жеткізуге ынталы. Бұған сондай-ақ келешекке ұмтылыс, өзекті мәселелерге жаңаша көзқарас, нақты іс-әрекеттер жасауға ұмтылу да ықпал етеді. Алайда жастар ұйымдарын үкімет тарапынан жұмылдырылған қолдауының болмауы жастардың басым бөлігінің белсенділігін дамытуға кері әсер етеді. Бұл құбылысты, жастар қозғалысын біріктіріп, соған сәйкес дәреже бергенде ғана жоюға болады. Бұл міндетті Жастар Одагы өздерінІң басты міндеті ретінде алға қойып отыр [58].

Одақ келесі маңызды міндеті ретінде жастарға өздерінің өнегелі бағыттарын анықтауға көмектесуді, жастардың отаншылдық сезімін тәрбиелеуді санайды. Жастарды рухани дамытуды қолдау, олардың өзіндік танымын қажетті деңгейге көтеру, егемен Қазақстанның толыққанды және адал азаматы болуына көмектесу қажет. Жастар Одағымен жастар саясаты туралы жаңа заң жобасына бірқатар түзетулер дайындалды, ал оның өкілдері заңның соңғы нұсқасын дайындауға қатысуға ниет білдіруде. Жаңа заң бүгінгі күннің

талабына толық сәйкес келе отырып, ел жастарының негізгі контингентін жаңа демократиялық мемлекетті дамытуға, 2030-Стратегиясында ел алдына қойылған міндеттерді орындауға тартудағы нақты механизмге айнала алады.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында болашақ республикамыздың келешегін болжайды. «Біздің жас мемлекетіміз өркендейді, қанат жаяды, балаларымыз бен немерелеріміз бізбен бірге өседі. Олар өз буындарының жауапты және қуатты өкілдері болады . . . . » [59].

Бұл келешекте жүзеге асуы үшін дәл бүгінгі күні мемлекет өзінің басты ресурсы — адам ресурсын жоғалтпауы керек. Тек жастар жөнінде тыңғылықты ойластырылған мемлекеттік саясат қана тәуелсіз Қазақстанның алдына қойылған мақсаттарға: қысқа мерзімде әлемдік саяси аренада өз орнын табу және демократиялық, экономикалық дербес мемлекеттер арасында тең дәрежелі орынды алуға қол жеткізуге көмектеседі.

Жастар туралы заңның мәні мен маңызы, орындалуы және жетілдіру жолдары жөніндегі мәселені қорытындылай келе, төмендегідей нақты пікір ұсыныстарды айтқымыз келеді. Қазір не көп, жастар ұйымдары көп. Қазақстанда 150-ден астам жастар ұйымы бар. Олардың 15 шақтысы -республикалық. Бұл ұйымдар құжат жүзінде бар болғанымен, көпшілігі нақты іске келгенде, жастардың құқықтарын шынайы түрде қорғаудың орнына, әлдекімдердің қолбаласы болып жүр. Көпшілігі сайлау сияқты науқандардың қарсаңында ғана құрылады. Бұл ұйымдар 3 мың жастарды тотальды түрде бақылауға бағытталмауы тиіс. Ондай болған күнде КСРО кезіндегі комсомолға ұқсап кетеді. Бірақ оны біржақты теріс бағалау да қате. Ол жөнінде аз жазылмаған. КСРО жастар одағының дұрыс жақтары да болды. Ол жастарды қорғады, оқуы мен жұмысына дем берді. Оның қатарынан қаншама атақты адамдар шыққанын жасыруға болмайды.

  1. Әрине, КСРО жастар одағының заманы өтті, ескірді. Сондықтан оны
    қайталау орынсыз.  Оның орнына мемлекет алдына таза  жастар  мүддесін
    көздейтін жаңа одақ қажет. Бірақ, ондай одақ идеологиялық негізде емес,
    жастар ерекшеліктеріне байланысты мүдделерді қорғау тұрғысынан құрылуы
    керек. Ол қоғамдық аренада ұлттық — демократиялық сипатымен көріне біліп,
    ұлттық   салт-дәстүрлерді   жалғастырушы   және   жастарды   адамгершілікке
    баулитын ұйым болуы тиіс.
  2. Қазіргі кезде жастар арасында кездесетін проблемалар аз емес. Жастардың
    арасында кездесетін ең күрделі мәселе — жұмыссыздық. Елімізде 4 миллион жас
    қыз-жігіт бар  болса,   оның  500   мыңдайы   студент,   60-70   мыңдайы   әскер
    қатарында, 100 мыңдайы түрмеде отыр. 700 мыңдайы жұмыс істейді десек,
    қалған   1,5   миллион   жастар   қаңғып   жүр   деуге   болады.   Бұл,   әрине   өте
    қорқынышты сан. Мәселе, оларды шешудің тиімді жолдарын мемлекет алдында
    қоя білуінде.  Ал, мемлекет болса оларды еңбегіне қарай  қолдап, жәрдем
    көрсетуге    міндетті.    Ол    үшін    мемлекет    алдымен    жастар    жөніндегі
    проблемаларды   шешу   мәселесін   дәл   де,   нақты   айқындай   алуы   қажет.
    Қаржылық жәрдем, гранттарды бөлу, талаптыларға қолдау керсету және т.б. Ол

үшін жастар ісі жөніндегі комитет немесе ұлттық демократиялық жастар одағы жанынан жария қоғамдық кеңестер құрылса дұрыс болар еді [60].

Жастар мемлекетсіз де күнін көре алар. Бірақ, мемлекеттің жастарсыз күні жоқ. Міне, сондықтан жастар мәселесі мемлекет үшін алдыңғы орынға қойылуы керек.

  1. Ал жастардың міндеті — ешқандай лас саясатқа қатыспай, өз құқықтарын
    қорғай білуінде.   Қазір   жаңадан   «Айбын»,   «Қаһар»,   «Қайсар» «Болашақ»  және   т.б.қозғалыстар өмірге келуде. Бұлар қоғамдағы әділетсіздік, әлеуметтік теңсіздік,жұмыссыздық  сияқты  мәселелерді  Үкіметтің  алдына  мәселе  етіп   қойып шешімін табуға ықпал ету үшін күреспек. Бұл ретте бастамашыл топтың мүшелері былай дейді:  «Бізде көбіне демократия» деп атағанмен, ұлттық тұрғыдағы демократияны қару қылып ұстап жүрген саяси  топтар
    жоқтың қасы. «Қазір жастар ісімен Білім және ғылым министрлігі айналысатын
    болды.   Соның  ішінде  жастар   саясаты   жөніндегі  департамент  бар.   Онда
    отырғандардың  біразы  қазақша  білмейтін   қыз-жігіттер.   Мемлекеттік  тілді
    меңгермеген адамдар қызметпен айналысып отыр»[61].
  2. Жастарды саяси  ойындардың  құралы  болудан  сақтандыру шараларын
    белгілеу — басты міндеттердің бірі. Жастар ұйымдарын шарасыз күйде, яғни
    биліксіз  де,   қаржысыз  да  қалдыруға  болмайды.   Жекелеген   корпоративті
    (бизнестен, рулық, жүздік, отбасы-имандық) топтардың ықпалындағы тұрақсыз
    жастар   қоғам   үшін   қауіпті.   Сондықтан   республика   жастарының     ондай
    топтардан тәуелсіз республикалық ұлттық демократиялық одағын құру қажет.
    Ол мемлекет тарпынан қаржыландыратын парламент алдында есеп беретін
    әлеуетті ұйым болуы тиіс.   Жастар ісімен Білім және Ғылым министрлігінің
    айналысқаны  дұрыс,   бірақ  ол  жеткіліксіз.   Бұл   маңызды   іспен   басқа  да
    министрліктер айналысатын болуы керек. Жастардың республикалық ұлттық-
    демократиялық   одағы    министрліктердегі    және    басқа   да   ұйымдардағы
    (мемлекеттік емес ұйымдардағы және т.б.) жастар проблемасын шешу ісін
    үйлестіретін болады.
  3. 5. Жастарды жұмыспен қамту туралы арнайы заң керек. «Соңғы халық санағының қорытындысы бойынша, республикамызда тұратын 14 млн. 841,9 мың адамның 3 млн. 700 мыңын 16 мен 29 жас аралығындагы жұмыссыз жастар

құрайды екен. Статистика мәліметтеріне көз жүгіртер болсақ, әлгі 3 млн.700 мыңның 900 мыңы еңбекке жарамсыз, қалған 2 млн. 800 мыңы еңбекке қабілетті бол тұра жұмыссыз» [62]. Осы мәліметтердің бәрі жастарды жұмыспен қамту қажеттігін дәлелдейді.

  1. Студенттердің әлеуметтік жағдайы заңмен қорғалуы тиіс.
  2. Жастардың патриоттық   имиджін   жасау   ісін   стратегиялық   мақсаттар
    дәрежесіне көтеру қажет.
  3. Жастарды азғындыққа итермелейтін «батыстың ықпалымен» күрес шаралары қарастырылуы күн тәртібіне қойылғаны дұрыс. (альтерглобалистік қозғалыс) [63].

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Тәуелсіз, егемен мемлекет ретінде Қазақстанның дамуының қазіргі кезеңінде Республикада болып жатқан процестерді терең, әрі жан-жақты зерттеу және жинақтау қажет. Оларды талдамай, терең зерттемей, көне қазақ жерінде жаңаша мемлекет құруға түбегейлі жаңа қадамдар жасау, кейбір кемшіліктер мен қиыншылықтарсыз жүзеге аспайды және оңтайлы мерзімде демократиялық қоғам құру, экономикалық, саяси, мәдени-рухани салада терең, әрі күрделі өзгерістер жасау, бұқара халықтың санасындағы бұрынғы идеологиялық ойды өзгерту мүмкін емес. Әрине, бұл міндеттер қазақ халқының тарихында өтпелі кезеңді сипаттайтын ауқымды масштабты міндеттер.

Тоталитарлы режимнен демократиялық басқаруға, нарықтық экономикаға өтудегі өтпелі кезеңде Республиканың саяси басшыларының алдында туған күрделі мәселелермен қатар жастар мәселесіне қатысты әлеуметтік саясаттың да негізін қалыптастыру міндеті тұр.

Біздің ойымызша, жастардың саяси әлеуметтік жағдайларын қайта қарап, оның механизмдерін реттеу керек. Жастар алдымен қоғамдық саяси ортада қызмет көрсетеді, кез келген қоғамдық ортада жастар күші ең алдыңғы орында саналған және болашақта да солай саналады да. Бүл істің Қазақстан үшін маңызы өте зор, өйткені еліміз егемендік алғаннан кейін жаңа мемлекетіміздің іргетасын қалау үшін оған таза шығармашылық ақыл ой қажет. «Біз бұл ретте жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен, болашаққа жаңаша көзқарасы бар жас ұрпаққа сүйене отырып, бұқаралық сананы төзімділікпен жаңғыртуға тиіспіз» — дейді еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев [64]. 1997 жылы жастар саяссатының жаңа қоғамдық қызметінің жайлары қолға алынды, 1998 жылдың ақпан айынан бастап бір мезетте бірнеше топтар жастардың концепциялық істері жөнінде құжаттық жоспарларын жасады. Ол құжаттар 1999 жылғы 28 тамызда өткен бірінші студенттер мен жастар съезінің делегаттарына табыс етілді, және осы іс — жоспарлар еліміздің Президентінің жарлығымен бекітілді. Бұл Тұжырымдаманың басты маңызы республикамызда жастардың саяси іс жоспарларын алға қарай дамыту және жастардың саяси істері жөнінде мемлекеттік тұрғыдағы заңдарды талдап барып қабылдау. Сондай-ақ, жастар саясатында жас жеткіншектердің істеріндегі: ұйымдастырушылық, кұқықтық және әлеуметтік — экономикалық құрылымдарын реттеу істері қамтылған. Жастар мен мемлекет аралық қарым -қатынастан жастардың да саясатқа араласуға деген қызығушылығының бар екендігі ескеріліп қарастырылды. Осы реформаларды қабылдау жастарымызға келешекте үлкен есік ашылатынын және мемлекетіміз үшін үлкен маңызы болатындығы ескерілді. Бұл істерде мемелекет қайраткерлері дүниежүзі қауымдастығы белсене араласып іске кіріспесе болашақта ешқандай алға жылжушылық мүмкін емес және олай болмайды да. Сондықтан да, жастар ісінің саясаттағы басты бағыттарын нақты белгілеу ауадай қажет.

Қазіргі уақыттарда жас жеткіншектер елімізде болып жатқан маңызды оқиғаларға араласып, атқарылып жатқан іс шараларға назар аударып ат салысып отырады және осы іс шараларға өз көзқарастарын да білдіре алады.

 

Біздің ойымызша, қазіргі қоғамда демократиялық саяси әлеуметтік істерге баса назар аударылып, қарастырылуда және бүгінгі жастардың көпшілігі либерал демократтардың саяси бағыттарын жақтайтындығын байқауға болады. Қазір көптеген саяси партиялар, қоғамдық саяси қозғалыстар осы істер бағытында белсенді жұмыс жасауда. Дегенмен, бұл істерге жастар жағы көп араласпайды және бұл партиялардағы жас жеткіншектер шешуші кезеңдерде дауысқа ие бола алмай отыр.

Қазір жастарымыздың саяси істердегі белсенділігі басқалардан кем деп айтуға болмайды. Дегенмен, кейбір саяси іс — шараларға жастардың белсене атсалысып араласқандары аса көрінбейді. Тіпті өздерінің құқықтары бола тұрса да ел ішіндегі кейбір саяси істерге араласпайды. Азаматтық демократиялық қоғамдастықта қазір көптеген партиялар пайда болуда, олар саяси күштері арқылы өз мақсаттарына осы партиялардың қай — қайысына болсын мүше боп кіруге асықпайды, қоғамымыздың пайымдауынша жастарда әлі де болса құқықтық мәдениеттің төмендігі байқалады. Мемлекетіміздегі жастар позициясының тағы бір кемшілігі осы, Әсіресе, жұмыссыздықтың оларды көп істерден тыс қалдыратыны белгілі. Бір қарағанда жастарымыз тыныштықта алаңсыз жүргендерімен, өз мүдделері туралы мәселелер қаралған жиындар болса олардың 43,7 пайызы оны қолдайды. Аздаған топтары кейбір ой -пікірлерімен соттарға жүгініп, келсім шарттар, хаттар арқылы келісімдік нұсқаулар арқылы сайлауларға не референдумдарға қатысады. Жастардың жалпылама саяси көзқарастарының бағыты экономикалық, жұмыссыздық, әлеуметтік мәселесі тұрғысындағы проблемалардың шешілмеуімен байланысты болып келеді. Азаматтық құқықтардың толық сақталмауы жастарымыздың мәртебесін көзқарастарының бұрыннан өздерінің азамттық құқықтарының толыққанды сақталмауынан болар. Бұрын жастардың көптеген проблемалары бейбіт жолмен, жағымды мағынада шешіліп жалпы іс — шараларға айналған болса, қазіргі жағдайда жастар мәселесін нақты шешпесе, жастар арасындағы саяси — әлеуметтік жағдайдың шиеленісіп кетуі мүмкін.

Сондықтан, қайткен күнде де жастар проблемасын экономикалық, саяси -әлеуметтік тұрғыдан тездетіп нақты шешуі керек.

Жастардың әлеуметтік құрамы негізінде жастардың әлеуметтік құрылымына сәйкес келеді. Өзінің психофизиологиялық дамуына байланысты, жасөспірім — әрі сәби, бірақ оның әлеуметтік деңгейіне қарасақ, ол ересек адам. Жасөспірімдік жас аралығы — бұл экономикалық белсенділік пен жауапкершілік әлі толыққанды дамымаған кезең. Психологиялық жағынан алып қарасақ, жастар үлкендер тобына, әлеуметтік тұрғыдан ересектерге жатады.

Кез келген әлеуметтік ортаға пайда келтіретін жастардың іс-әрекеттері болуы мүмкін емес. Жастар қоғамдағы болып жатқан барлық қарама -қайшылықтарды бастан өткізуде. Алайда олардың жас ерекшеліктері құндылықтардың қалыптасуында көрінеді.

Социализим бақылауындағы және соның көлеңкесіндегі «әкелер мен балалар» мәселесі бүгінгі өмірдің қалыпты, үйреншікті мәселесі болып кетті. Бұл мәселе жастардың саяси тәрбиесі жүйесінде туындайды және ол көбімізді мазаламайды. Бірақ, жаңа көзқарас тұрғысынан қарайтын болсақ, ол мәселені мәңгілік тақырыпқа жатқызуға болады. Сөзіміз дәлелді болу үшін Сократтың б. з. дейінгі 470 жылы айтқан мына сөзін мысалға келтірейік: «Қазіргі жастар кеңшілікте өмір сүруге үйреніп кеткен. Олар үлкендерді сыйламайды, мінез-құлықтары жаман, әдепсіз. Балалар ата-аналарын сыйламайды, асты қомағайлана ішеді, ұстаздарын адам екен демейді» [65].

Жастар мәселесі жайында америкалық прагматизм ұстанымы бойынша XX ғасырдың 70 — жылдары АҚШ Президентінің жастар ісі жөніндегі кеңесшісі С. Хесс былай деген: «Мен жастардың «жүйеге» атүсті, жауапкершіліксіз қарайтынынан қорқамын. Бұл олардың билік істеріне көп қатыспағаны салдарынан болар, бірақ, көп күттірмей олар өздері де «жүйеге» сіңісіп кетеді… Сондықтан, біз олардың қазіргі мінездері үшін емес, олар ұлтымыздың болашағы көшбасшылары болғандықтан, өзімізге тартып, түсіністікпен қарауымыз қажет»

Қазақстан      жастарының      саяси      әрекетінің      негізін      Қазақстан Республикасында көп партиялылық жүйе құрудагы олардың қатысын ескермей зерттеу  мүмкін  емес.  Жастар  саясатын  қалыптастырудың  барлық әдіс тәсілдері    ақпарат құралдарынсыз жүзеге асыру қиын болғандығы жасырын емес. Жастардың эстетикалық және адами құндылықтарына ақпарат құралдары, әсіресе, электронды ақпарат құралдарының әсері, қуаты күшті болып отыр. Озбырлық пен зорлықтың күні   —   түні насихатталуы жастардың психикалық санасына   үлкен   соққы   болып,   қоғам   мен   өмірде   тиісінше   мінез құлықтарының көрініс табуына ұласады. «Жас ұрпақтың тәні мен жанының дұрыс    жетіліп дамуы ісіндегі мемлекеттің алғашқы міндеттерінің бірі алкогольді ішімдік пен темекі жарнамасының көрсетілуін және күш культінің насихатталуына шектеу қою болып отыр» [66].

Жалпы алғанда, қоғамның институциялануына қосқан жастардың үлесі қомақты. Бүл жаңа партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың негізгі сүйенер әлеуметтік тірегі болды. Сөйте тұра, олардың бұл партиялардағы маңызы мен рөлі еліміздің қиын — қыстау кезіндегі рөлімен салыстыруға келмейтінін атап өткеніміз жөн. Ескі жүйені демонтаждауда демократиялық күштердің авангарды ретінде, бұқаралық саяси акциялар кезінде жаншушы армия, сайлау компаниясы кезінде волонтерлар, қоғамның модернизациялануы кезінде жастар әрқашан ең маңызды рөлдерді ойнады. Алайда, осынау ауқымды, үлкен істерге қатыса отырып олар өздерінің қызығушылықтарын, құқықтық тұрғыдан бекіте алмады. Үкімет те жастарды ізгі істер үшін де тым прагматты түрде қолданбауы қажет.

Бірінші кезекте ол жастарды қоғамдық өмірді ұйытушы, болашақ өркениеттің идеялдары мен мақсаттарын ұстанушы компонент ретінде қабылданғаны жөн [67].

Жастар үшін өмірлік маңызы бар: білім, ғылым, жұмыс орнын табу және мамандану, жастар кәсіпорындарының кейбір салықтық алымдардан босатылуы, қорлар, инновациялық орталықтар мен өзге шаруашылық бірлестіктер т.б. салаларда келешек ұрпақтың басымдықтары заңды рәсімделуі керек.

Жастардың саяси әрекетінІң динамикасын, оның қалыптасуын Қазақстан мемлекетінің қалыптасуындағы өзекті мәселелер тұрғысынан қарап әзірлеу керек. Демографиялық үрдістерді, әсіресе, жастардың саяси әлеуметтенуін қарастыру Қазақстан жастары саясатының өзіне тән ерекшелігін түсінуге көмектеседі. Саяси партиялар халықтың бүкіл тобының әлеуметтенуінде басым рөл ойнағысы және осының негізінде билік үшін күрес жүргізгісі келсе, жастардың қызығушылықтарын нақтылай түсініп, оларды заңдық негізде Парламентке ұсынып, мемлекеттік атқарушы органдардың оны орындауын қамтамасыз еткені жөн.

Сонымен бірге, жастар ұйымы өз арасында екі түрлі көзқарас бар екендігіне қарамастан, олардың түрлі мақсаттарын қарағанда, шектен шықпай, Конституцияны және басқа құқықтық актыларды пайдалана отырып, наразылықтарды, келісімдерді, бейтараптанған немесе ақылмен қарсылық көрсету келісімді саясаттарын өлшеп, шешіп барып өткізулері керек. Осы мақсатқа ұйымдар арасындағы байланыстардың жаңа формалары қажет. Ассамблеялар, конгрестер, ассоциациялар, «дөңгелек үстелдер» — билік монополияларының қатаң құрылымынан именбей, негізгі барлық жастар ұйымдарының жиынында олардың рухани ағымына жақын ұйымдардың бірігіп нығаюына мүмкіндік беруі керек.

Елдің көздеген демократиялық өсуіне жағдай жасау керек және жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру керек. Жастардың құқығын қорғау практикада дұрыс пайдаланылып, жастар қоғамы және жастарды қорғаушы күш ретінде жасөспірімдердің ойларын, құқық қорғау органдарында тәрбие институттарында, денсаулық сақтау органдарында оның жолдарын қарастыру керек. Жастардың нашақорлыгына байланысты проблемалар қазіргі дәуірде де азайған емес.

Жас ұрпақтың денсаулыгына жастардың ортасына мектептерде және оқу мекемелерінде өркендейтін бірқатар жағдайларды ойластыру керек. Ұлттық қауіпсіздікті сақтау үшін жастарды өз діндеріне бой ұсындыратын Қазақстандағы евангелия және топтасқан секталар саясатына ерекше бақылауға алу керек. Болашақта басқа дінге енгізудегі жұмыстардың өркендеуі республикадағы халықты арандатып қарама-қарсы ойлар туғызуы мүмкін.

Қазіргі уақытта діншілдік мәселесіне Қазақстан жастарының арасында дінге сенушілер мен сенбеушілердің тең дәрежеде екені байқалады. Сонымен қатар, жастар арасында негізгі мақсат айқындалып, дінге сену және сенбеу жағдайлары анықтала бастады. Жастар арасында дінді мойындаушылар санының өсуі байқалуда. Реформаны іске асуы, негізгі жол басшы ретінде ересек жастарды қоғамның ерекше тобы ретінде мемлекет олардың мүддесін қолдауы керек. Республиканың төрттен үш бөлігін құрайтын жастардың демографиялық жағдайының ерекшелігін еске ала отырып, біріншіден жастардың әлеуметтік — экономикалық күрделі жағдайларын шешу, болашақ ұрпақтың дербестігіне көмектесу мақсаты көзделіп отыр. Жастарды жұмыспен қамтамассыз етудегі үлкен үміт енді шағын кәсіпкерлікті дамыту болып табылады [68]. Еңбек нарығының- жағдайы осы саланың қалай даму жағдайына тәуелді. 1999-2005 жылдар арасында шағын кәсіпкерлікпен жастардың арасында 70% — ын қамтамасыз етуді жобалап отыр [69]. Жастардың еңбек биржаларын құру қажет, халықаралық еңбек ұйымының (МОТ) ұсынысы бойынша, жастарды жасы үлкен-кіші топтарға және әртүрлі категорияларға қарасты жергілікті бағдарламаларын жасау, жалпы қоғамдық және маусымдық жұмыстар жүйесін күйшейту, Республика басшылығымен келісе отырып, жұмысқа орналастыру жасын 16-дан 15-ке төмендету.

Білім беру аймағында әртүрлі деңгейдегі қоғам жастарының жоғары және орта білім алуға жеңілдіктерін қамтамасыз етілуі бір мәселе. Жүйелі түрде жастардың кеңінен білім алу процесі құрылымының негізгі орта мамандық және техникалық, кәсіптік білім жөніндегі пікірін анықтап, содан барып білім алу көлемі, мамандық алу мәселесі кең көлемде меңгерілмек. Осындай жолдармен әлеуметтік экономикалық қоғам құруға мүмкіндік беріп, тұтастығы мен тұрақтылығын бекітеді, өйткені бұл қай мемлекеттің болмасын негізгі шарты болып табылады.

Қазақстан жастары тек қана мемлекеттік жоғары оқу орнынан немесе орта білім мекемесін ғана емес, барлық жекешеленген түрдегі білім ордаларында білім алуға мүмкіндігі болуы керек.

Біздің ойымызша, ғылым санасында келешекте әлемдік жүйеге шыға алатын талапты, жас ғалымдарды қолдайтын мемлекеттік бағдарлама желісін құру керек. Бәсекелестікке төтеп беретін ғылыми өнім жасаушы жас мамандардың ғылым жасау жолында түрлі көмектер көрсетілуі керек. Қазір жастар арасында ортасында рухани мәдениет орнына, арзанқол ойын-сауық өнімдерін тұтыну жүріп, бүкіл мәдениет деңгейінің төмендеуін көрсететін қауіп-қатер жағдайы байқалады. Осыған байланысты мәңгілік мәдени құндылықтар мен бизнес арасында ақыл-оймен келісімге қол жеткізу керек. Бұл үшін мемлекет өз күшін демеушілермен біріктіреді. Өнерді көтеретін меценаттықты дамыту керек. Оның көздеген мақсаты әділетті, білім беруді дамыту болмақ.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының мақсаты құқықты берік ұстай отырып, экономикалық және ұйымдастыру жағдайларын және азаматтықты нығайту болады.

Соның ішінде қойылған мақсатты жүзеге асыруда жастар саясатының бірнеше басымдықтарын көрсетуге болады. Олар төмендегілер.

  • жастарды патриотизмге, Отанды сүюге, өнегелілікке, рухани өркендеуге
    баулу.
  • жастарды еңбек, білім және денсаулық сақтауда әлеуметтік құқықпен
    қамтамасыз ету,.

—   жастарға интеллектуалды дамуына    қоғамдық жағдай жасау және
қолдау.

— Қазақстан жастарын әлемдік мәдени — экономикалық, ғылым және білім
жүйесіне тарту.

Сонымен, жалпы қорытындылай келе, бізде жастар ісі жөнінде қандай іс жоспарлардың, қандай саяси бағдарламалардың жүзеге асып жатқаны жөніндегі зерттеуімізді аяқтай отырып, еліміз өтпелі кезеңдерден қандай қиыншылықтардан өтсе дағы жастар мәселесі өзекті түрде шешілуі қажеттігін

 баса айтпақпыз. Елбасының жарлығымен бекітілген жастар саясаты туралы Заң, келешекте жастардың әл — ауқатын жақсарту саяси іс — шараларына белсене араласу және 2030 жылға дейінгі стратегиялық іс жоспарларды жүзеге асыруға белсене атсалысуы басты жоспар болмақ. Айта кетер жай, жастарымыз мемлекетке ғана арқа сүйей бермеуі керек. Келешек жастарымыз ширақтық танытып, саналы түрде келешекте өз инициативаларын Үкіметте, Парламент мәжілісінде, Сенатында көтеруі керек. Әрине, жаңадан бекітілген «Мемлекеттің жастар саясаты туралы» Заң, мемлекетіміз бен жастар арасындағы өзара қарым қатынасты жақсартатын қадам болып, Қазақстандық қоғамның демократиялануына және экономикалық даму процесіне игі ықпал тигізері даусыз.

 

Сілтемелер

1.Назарбаев    Н.    Ә.    Барлық   Казақстандықтардың    өсіп-өркендеуі,
   қауіпсіздігі және ел — ауқатының артуы. Қазақстан — 2030. Алматы, 1997.- 21 б.

  1. 2. Бөкейханов Ә. Шығармалар, Алматы, 1994. — 190 б.
  2. Ертысбаев Е. К. Казахстан и Назарбаев: логика перемен. Алматы, 2001.
    — 573с., Ертысбаев Е. К. Демократизация в Казахстане: 1990 — 2000                  годы.   Выступления,   статьи   и   исследования.   Алматы,   Атамура,   2001.   —   352с.;
    Тасмагамбетов И. Н. и др. Казахстан: эволюция государства и общества,
    Алматы, 1996. — 390с.; Касымбеков М. Б. Становление института президентства
    в Республике Казахстан. Астана, Елорда, 2000. — 56с.;
  3. Абсаттаров Р.Б., Садыков Т.С. Воспитание культуры межнационального общения студентов: теория и практика. Алматы, 1999. — 211
    с.; Садыков Т.С. Теоретико-методологические основы модернизации системы
    образования в Республике Казахстан. Алматы, 1997. — 360 с.; Садыков Т.С.
    Интеллектуальный облик будущего. Алматы, 2005. — 157 с.;
  4. Курамысов О. А. Молодежная политика Казахстана: история, опыт,
    современность. Автореферат диссертации   кандидата   исторических   наук.
    Алматы,   1994.   —  31   с.;
  5. Калашникова Н. П. Государственная политика в области защиты прав детей в Казахстане. Автореферат диссертации кандидата   политических   наук,   Астана,   2002. -27с.;   КалетаевД.А Взаимодействие  государства  с  молодёжными  объединениями   в  контексте реализации  государственной молодёжной  политики  Республики Казахстан, Автореферат диссертации кандидата политических наук, Алматы, 2003. — 34 с.;
  6. Аллещенок С. В., Луков В. А., Поллыева Д. Р., Пучинский С. Б.
    Некоторые подходы к формированию государственной молодежной политики РСФСР //Молодежь и   общество:   проблемы   разработки   и   реализации региональной политики, Москва, 1991. — С. 5 — 6,
  7. Буренко В. И. Молодежная политика как управление социальными
    проблемами молодежи// Молодежная политика КПСС:  история  и
    современность, Москва, 1990. — 24 с.
  8. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы
    Заңы, 2005.- 1 б.
  9. Ильинский И. М. Молодежь СССР: новые явления и тенденции. //
    Молодежь-88. Москва, 1999. — 3 с.
  10. Жұмабаев М. Мен жастарға сенемін. // Жас азамат, 1918, №1, 18-
    тамыз.
  11. Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік жэне саяси
    жедел жаңару жолында» ел Президентінің халыққа Жолдауы, 2005. -176.
  12. Мухитов А. А. Развитие молодежной политики в Казахстане, Алматы,
    1999.-121с.
  13. Қазақстан Республикасы     мемлекеттік     жастар     саясатының
                 Тұжырымдамасы, 1999.
  14. Назарбаев Н. Ә. Тәуелсіздігімізге бес жыл, Алматы, 1996. — 3 б.
  15. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңы,
        Алматы, 1991, 16-желтоқсан.
  16. Хатаяма И. Цвет сакуры //Япония, 1987. — С. 17-21.
  17. Макаревич Э. Германия: программирование человека. // Диалог, 1994.
    №5.-С. 58-75.
  18. Коваль В. И., Штыров В. Г. Казахстан открывает двери (Справочник
    для бизнесменов), Алма-Ата, 1993. — С. 61-62.
  19. Есимов А. С. Приватизация — основа реформы сельского хозяйства
    //Саясат,1996.-№І.-С.4-6.
  20. Жастар ісі жөніндегі Министрліктің Есебі… С. 2.
  21. Назарбаев Н. Ә. 2030 Стратегиясын жүзеге асыру — жастардың
    еншісінде. //Егемен Қазақстан, 1998. -12 қазан.

 

  1. Государственный доклад 2000, Астана, 2000. -С. 72-73.
  2. Программа действий Правительства Республики Казахстан на 1998-
    2000 годы // Вечерний Алматы, 1998. — 15 апреля.
  3. Отчёт о мировом развитии. 1995. Трудовые ресурсы и глобализация
    экономики, Вашингтон, 1996. — С. 40-41.
  4. Отчет Министерства по делам молодежи, туризма и спорта «О
    реализации Закона «О государственной’ молодежной политике в                            КазахскойССР».-17с.
  5. Юридическая газета, 1995. — 16 октября.
  6. Білім Министрлігінің ағымдагы архиві, 1994 жылғы Есебі, Қ. 1, Тізбе
    1,Іс. 147, Парақ. 34-35.
  7. Деловая неделя, 1995. -№ 27.
  8. Кокчетавская правда, 1995. — 26 ноября.
  9. Жастар ісі жөніндегі Министрліктің Есебі,… — с. 25-27.
  10. Молодежь Республики Казахстан, Алматы: Казинформцентр, 1994. —
    39с.
  11. Панорама, 1996. — № 41. — октябрь.
  12. Панорама, 1996, № 46, ноябрь.
  13. Назарбаев Н. Ә. 2030 Стратегиясын жүзеге асыру — жастардың
    еншісінде. // Егемен Қазақстан, 1998. — 12 қазан.
  14. Известия, 1987. — 21 декабря.
  15. Султангазин У. М. Наука интернациональна // Народное хозяйство
    Казахстана, 1999. -№11.- 11с.
  16. Назарбаев Н. А. Выступление на сессии АН РК, посвящённой 50-
    летию ее образования // Учитель Казахстана, Алматы, 1996.
  17. Қыр баласы. Неміс мәдениеті, // Қазақ, 1915. — №106.
  18. Назарбаев Н. Ә. Тэуелсіздігіміздің бес жылы, Алматы, 1996, 271 б.
  19. 1997 жылы сәуірде бұл Заң іс жүзінде жұмыс жасауын тоқтатты.
  20. Собрание постановлений   Кабинета   министров   Республики
             Казахстан, 1993. — № 21. — С. 87-93
  21. «О состоянии дел в молодёжной среде и основных направлениях
    молодёжной политики в Республике Казахстан», Алматы, 1996. -С. 29-33.
  22. Государственный доклад 2000, Астана, 2000. — С. 72-73.
  23. По материалам «Отчёта о человеческом развитии» (ПРООН) — 1998.
  24. Государственный доклад 2000, Астана, 2000. — 37 с.
  25. Государственный доклад 2000, Астана, 2000. — 39 с.
  26. Время по Гринвичу, Алматы, 1999. — 30 ноября.
  27. Қазақстандағы кедейшіліктің себептері мен оларды шешу жолдары, Алматы, 2004. — 60 б.
  28. Мыңжылдық табалдырығындағы Қазақстандағы даму саласындағы
    Б¥¥ мақсаттары, Алматы, 1989. -176.
  29. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы
    Заң, 2004. — 56.
  30. Қазақстан Республикасы    мемлекеттік    жастар    саясатының
    Тұжырымдамасы. Алматы. — 1999.
  31. Стенограмма встречи Президента РК Н. А. Назарбаева с лидерами
    молодёжных движений Казахстана, Астана, 2000. — 4 октября. — 15с.
  32. Назарбаев Н.   Ә.   Барлық  Казақстандықтардың   өсіп-өркендеуі,
    қауіпсіздігі және ел — ауқатының артуы. Қазақстан — 2030. Алматы, 1997. -36.
  33. зарбаев Н. А. Стратегию-2030 претворять молодым (выступление
    в КазГНУ им. Аль-Фараби) // Казахстанская правда, 1998. — 6 января.
  34. Назарбаев Н. Ә.   Барлық  Казақстандықтардың   өсіп-өркендеуі,
    қауіпсіздігі жэне ел — ауқатының артуы. Қазақстан — 2030. Алматы, 1997. — 60 б.   57.  Назарбаев Н. Ә. Ел Президентінің Халқына Жолдауы «Барлық Казақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және ел — ауқатының артуы.Қазақстан — 2030». Алматы, 1997. — 42 б.
  35. 58. Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан — 2030», Алматы, 1997. — 17 б.
  36. Алияров Е. Наша цель — объединение молодёжи// Новое поколение
    2001.- 19октября.
  37. Назарбаев Н.   Ә.   Барлық  Казақстандықтардың   өсіп-өркендеуі,
    қауіпсіздігі жэне ел — ауқатының артуы. Қазақстан — 2030. Алматы, 1997. — 21 б.
  38. Жас Алаш, 2005. — 7 маусым.
  39. Жанбота Жанзақұлы М. «Қаһардың» «Айбаттан» айырмасы неде?
    //Жас Алаш, 2005. — 7 маусым..
  40. Елшібай Ғ. Бес мың бала қайда кетті?. // Жас Алаш, 2005. — 2 маусым

Сонда.

  1. Қонарбайұлы А . Жастар саясаты.//Айқын, 2005.-8 сэуір.
  2. Сократ, Сочинения. Москва, 1956. — 197с.
  3. Қазақстан Республикасы    мемлекеттік    жастар    саясатының
    Тұжырымдамасы. Алматы, — 1999.
  4. Казахстанский патриотизм  как  ведущий  фактор  консолидации
    общества   на   этапе   становления   и   развития   республики   Казахстан   как
    суверенного государства, Алматы, 1996. — С. 18-31.
  5. Малинецкий Г. Г. Нелинейная динамика — ключ к теоретической
    истории? // Общественные науки и современность, 1996. -№ 4. — С. 98-112.
  6. Программа поддержки и развития малого предпринимательства на
    1997-98 годы по городу Алматы, // Вечерний Алматы, 1997. — 31 октября.
  7. Индикативный план    социально-экономического    развития
    Республики Казахстан на 1999-2005 годы, Алматы. -1998. Глава 23, п. 3.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Абсаттаров Р.Б., Садыков Т.С. Воспитание культуры межнационального общения студентов: теория и практика. Алматы, 1999. — 211
    с.; Садыков Т.С. Теоретико-методологические основы модернизации системы
    образования в Республике Казахстан. Алматы, 1997. — 360 с.; Садыков Т.С.
    Интеллектуальный облик будущего. Алматы, 2005. — 157 с.;
  2. Аллещенок С. В., Луков В. А., Поллыева Д. Р., Пучинский С. Б.
    Некоторые подходы к формированию государственной молодежной политики РСФСР //Молодежь и   общество:   проблемы   разработки   и   реализации региональной политики, Москва, 1991. — С. 5 — 6,
  3. Алияров Е. Наша цель — объединение молодёжи// Новое поколение
    2001.- 19октября.
  4. Бөкейханов Ә. Шығармалар, Алматы, 1994. — 190 б.
  5. Буренко В. И. Молодежная политика как управление социальными
    проблемами молодежи// Молодежная политика КПСС:  история  и
    современность, Москва, 1990. — 24 с.
  6. Білім Министрлігінің ағымдагы архиві, 1994 жылғы Есебі, Қ. 1, Тізбе
    1,Іс. 147, Парақ. 34-35.
  7. Время по Гринвичу, Алматы, 1999. — 30 ноября
  8. Государственный доклад 2000, Астана, 2000. — 37 с.
  9. Государственный доклад 2000, Астана, 2000. — 39 с.
  10. Государственный доклад 2000, Астана, 2000. — С. 72-73.
  11. Государственный доклад 2000, Астана, 2000. -С. 72-73.
  12. Деловая неделя, 1995. -№ 27.
  13. Елшібай Ғ. Бес мың бала қайда кетті?. // Жас Алаш, 2005. — 2 маусым

Сонда.

  1. Есимов А. С. Приватизация — основа реформы сельского хозяйства
    //Саясат,1996.-№І.-С.4-6.
  2. Ертысбаев Е. К. Казахстан и Назарбаев: логика перемен. Алматы, 2001.
    — 573с.,
  3. Ертысбаев Е. К. Демократизация в Казахстане: 1990 — 2000 годы.   Выступления,   статьи   и   исследования.   Алматы,   Атамура,   2001.   —   352с.;
    17. Жұмабаев М. Мен жастарға сенемін. // Жас азамат, 1918, №1, 18-
    тамыз.
  4. Жастар ісі жөніндегі Министрліктің Есебі… С. 2.
  5. Ильинский И. М. Молодежь СССР: новые явления и тенденции. //
    Молодежь-88. Москва, 1999. — 3 с.

20.Индикативный    план    социально-экономического    развития
Республики Казахстан на 1999-2005 годы, Алматы. -1998. Глава 23, п. 3.

  1. Казахстанский патриотизм как  ведущий  фактор  консолидации
    общества   на   этапе   становления   и   развития   республики   Казахстан   как суверенного государства, Алматы, 1996. — С. 18-31.

2 2. Калашникова Н. П. Государственная политика в области защиты прав                    детей в Казахстане. Автореферат диссертации кандидата   политических   наук,   Астана,   2002. -27с.;   КалетаевД.А Взаимодействие  государства  с  молодёжными  объединениями   в  контексте реализации  государственной молодёжной  политики  Республики Казахстан, Автореферат диссертации кандидата политических наук, Алматы, 2003. — 34 с.;

  1. Курамысов О. А. Молодежная политика Казахстана: история, опыт,
    современность. Автореферат диссертации   кандидата   исторических   наук.Алматы,   1994.   —  31   с.;
  2. Мухитов А. А. Развитие молодежной политики в Казахстане, Алматы,
    1999.-121с.
  3. Макаревич Э. Германия: программирование человека. // Диалог, 1994.
    №5.-С. 58-75.
  4. Молодежь Республики Казахстан, Алматы: Казинформцентр, 1994. —
    39с.
  5. Мыңжылдық табалдырығындағы Қазақстандағы даму саласындағы
    Б¥¥ мақсаттары, Алматы, 1989. -176.
  6. Малинецкий Г. Г. Нелинейная динамика — ключ к теоретической
    истории? // Общественные науки и современность, 1996. -№ 4. — С. 98-112.
  7. Зарбаев Н. А. Стратегию-2030 претворять молодым (выступление
    в КазГНУ им. Аль-Фараби) // Казахстанская правда, 1998. — 6 января.
  8. Назарбаев Н. Ә.   Барлық  Казақстандықтардың   өсіп-өркендеуі,
    қауіпсіздігі жэне ел — ауқатының артуы. Қазақстан — 2030. Алматы, 1997. — 60 31.  Назарбаев Н. Ә. Ел Президентінің Халқына Жолдауы «Барлық Казақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және ел — ауқатының артуы.Қазақстан — 2030». Алматы, 1997. — 42 б.
  9. Назарбаев Н.   Ә.   Барлық  Казақстандықтардың   өсіп-өркендеуі,
    қауіпсіздігі және ел — ауқатының артуы. Қазақстан — 2030. Алматы, 1997.-36.
  10. Назарбаев Н. А. Выступление на сессии АН РК, посвящённой 50-
    летию ее образования // Учитель Казахстана, Алматы, 1996.
  11. Назарбаев Н. Ә. 2030 Стратегиясын жүзеге асыру — жастардың
    еншісінде. // Егемен Қазақстан, 1998. — 12 қазан.
  12. Назарбаев Н. Ә. Тәуелсіздігімізге бес жыл, Алматы, 1996. — 3 б.
  13. Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік жэне саяси
    жедел жаңару жолында» ел Президентінің халыққа Жолдауы, 2005. -176. 37.Назарбаев Н.Ә. Барлық Казақстандықтардың өсіп-өркендеуі,
    қауіпсіздігі және ел — ауқатының артуы. Қазақстан – 2030.Алматы, 1997-21 б
  14. Программа действий Правительства Республики Казахстан на 1998-
    2000 годы // Вечерний Алматы, 1998. — 15 апреля.
  15. Программа поддержки и развития малого предпринимательства на
    1997-98 годы по городу Алматы, // Вечерний Алматы, 1997. — 31 октября.
  16. Панорама, 1996. — № 41. — октябрь.
  17. Панорама, 1996, № 46, ноябрь.
  18. Сократ, Сочинения. Москва, 1956. — 197с
  19. Стенограмма встречи Президента РК Н. А. Назарбаева с лидерами
    молодёжных движений Казахстана, Астана, 2000. — 4 октября. — 15с.
  20. Тасмагамбетов И. Н. и др. Казахстан: эволюция государства и общества,Алматы, 1996. — 390с.; Касымбеков М. Б. Становление института президентства в Республике Казахстан. Астана, Елорда, 2000. — 56с.;