МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………….3
1 ҚОҒАМНЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН ҚАМСЫЗДАНДЫРУДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ТЕОРИЯЛАРЫ
1.1 Экономикалық өсудің буржуазиялық және қазіргі заманғы теориялары…………………………………………………………………………………………………6
1.2 Экономикалық өсу, мәні және оның факторлары…………………………………21
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 ҚР-ның экономикалық өсуді қамтамасыз ететін индустриалы-инновациялық саясаты……………………………………………………………………………..27
2.2 Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет етуінің нәтижесі…………………………………………………………………………………………………..35
2.3 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың инновациялық негіздері…………………………………………………………………………………………………..40
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………………48
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ…………………………………………………………50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………….51
КІРІСПЕ
Қазақстан ХХI ғасырдың баспалдағында нарықтық экономикаға бейімделіп, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп дүниежүзіне таныла бастады. Жақын арада Президентіміз Н.Ә Назарбаевтың халыққа Жолдауында өтпелі кезеңде жетістіктерімізді атап, осы уақыттағы және болашақтағы ұстанатын жолымызды, яғни экономика саласындағы атқаратын қызметінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін айқындап көрсетті.Қазақстан экономикалық – әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында айқындалған стратегиялық бағдарламаның негізінде, біз жас буын оқымыстылар, ғалымдар өз үлестерін аянбай қосатыны белгілі.
Диплом жұмысымның тақырыбының өзектілігі. Ұлттық экономикамыздың жеткен жетістіктерімен қоса әліде болса, шешілмеген осал тұстарымыз да баршылық. Біздің борышымыз Қазақстанның өркенниетті елу елдің қатарына қосылуы үшін аянбай еңбек етуімізді талап етеді. Қазіргі экономикалық өсу, қоғамдағы әл-ауқаттылық жағдайы, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырыру, өндірістік тиімділік бүгүнгі күннің өзекті мәселесі. Ғылыми салада бүгінгі жаңа теориялық ізденістерін тереңдетіп жетілген және жетілмеген тұстарына көңіл бөліп, одан ары дамытуға өз үлесімізді қосуға атсалысқанымыз жөн деп санаймын.
Менің дипломдық бітіру еңбегімнің тақырыбы: «Экономикалық өсу және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» — жайында, негізгі мақсат экономикалық өсудің теориялық бағыттарына көңіл бөле отырып, қазіргі нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономиканы одан ары жетілдіруімізді қажет етеді. Ээкономикалық өсудің мәнін, ұғымын, нысандарын талдап және оның факторларын экономикалық тиімді жүргізу туралы анықтауы болып табылады. Экономикалық өсуді қамтамасыз етуде Қазақстанның экономикасы үшін келесі маңызды мәселелерді қарастырған дұрыс. Алдымен әлемдік тәжірибелерге сүйеніп ғылыми жетістіктерінің альтернативті нұсқаларына көңіл бөліп, біздің ұлттық экономикамыздың ерекшелік қасиеттеріне баса назар аудара отырып, тұрақты әлеуметтік экономикалық дамуды қамтамасыз ету керек.
Бүгін экономикалық өсудің негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып отыр. Өткен шақпен салыстырғанда өндіру көлемін екі – үш есе ұлғайтуға қол жеткіздік. Бүгінгі Қазақстан тұрақты, тиімді, әрі сенімді әріптес екеніне барша әлемге аян, ақиқат.
Алдымыздағы міндетіміз экономикалық дамуды жеделдетуіміз үшін экономиканы диверсификациялауға бағытталған индустриялдық-инновациялық статегияны іске асыру. Экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін:
— еліміздегі және өңірдегі бекем тұрақтылықты нығайту;
— өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
— жаһандану талаптарына сәйкес экономиканы серпінді дамыту;
— шикізаттық емес секторларды ілгерілетуге баса ден қою;
— жаңа технологияларды дамыту қажет.
Диплом жұмысымның бірінші тарауында экономикалық өсудің буржуазиялық және қазіргі жаңа теорияларына сараптама жасалды. Экономикалық өсу ұғымын анықтап, мәнін ашуға және оған әсер еруші факторларына тоқталдым. Экономикалық өсудің кейінсшілер теориясында, соғыстан кейінгі жылдарында әлемге танымал ілімнің жетістіктеріне баса назар аудардым.
Екінші тарауда, Стратегияның негізгі мақсаты – бәсекелестікке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсіптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау.
Индустриялы – инновациялық даму бағдарламасына сәйкес біз экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустриялануын тездетуге, машина жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын жолға қоюға тиіспіз. Яғни инновация – негізгі қозғаушы күш болмақ.
Енді осы тұрақты экономикалық өсудің бүгінгі таңдағы ең негізгі қозғаушы факторы болып отырған Индустриялы – инновациялық даму стратегиясының мақсаттары мен міндеттері туралы тоқталып өтсем деймін.
Стратегияның басты мақсаты шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әр тараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистік – технологиялық экономикаға өту үшінт жағдай жасау болып табылады.
Өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа негізделген тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулер өндірісі мемлекеттік индустриялы – инновациялық саясаттың басты нысаны болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан 2030» Бағдарламасында Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуында тұрақты экономикалық өсуге, халықтың өмір сүру деңгейін, әл – ауқат жағдайын көтеруге, жоғары индустриалды қоғамды қалыптастыруға қол жеткізу мақсаттары көрсетілген.Эконимакылық өсудің негізгі мақсаты болып халықтың материалдық әл – ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету табылады.Қазіргі кезде өндірістің тиімділігін арттырып, экономикалық өсуге жетудегі маңызды фактор – ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін игеру, тиімді пайдалану.Техникалық прогресс экономикалық өсудің маңызды қозғушысы болып табылады, мысалы, АҚШ-та нақты ұлттық табыстың өсімінің үштен бір бөлігін анықтайды.
Республикамыздың 2003-2015 жж. Индустриалды-инновациялық дамуы Страгиясының басты мақсаты тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік – технологиялық экономикаға көшіру мақсатында өндіріс салаларын диверсификациялауға негізделген.
Қазігі кезде әлемде және отандық экономикада терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер орын алуда. Аталған өзгерістер экономикалық парадигманың өзгеруіне қажетті тарихи алғышарттарды қалыптастырды. Ұзақ уақыт бойы қоғамдық әл-ауқат көздері ең алдымен материалды-техникалық базаның қалыптасуы тұрғысында қарастырылады, ал елдің даму деңгейі материалды өндіріс көлемін арттыру қарқындарымен анықталады.
Экономикалық ғылымдар және экономикалық тәжірибесі көрсеткендей инновациялық даму жаңа технологиялар экономиканы тиімді модернизациялауды қамтамасыз етеді.
Егер, өткен шаққа көз салатын болсақ, Кеңестік Одақ кезеңінде материалдық-техникалық қамсыздандыру, соғыстан кейінгі жылдар қарқынмен дамып, жүелі іске аса бастады.
«Экономикалық өсу теориялары» шеңберіндегі бірқатар теориялар, атап айтар болсақ:
- Харрод Экономикалық -Домардың моделі;
- өсудің неоклассикалық бағыты;
- Экономикалық өсудің некейнстік бағыты;
- Өсудің қазіргі заманғы жаңа теориялары және т.б негізі болып табылады.
Нақты бір өсу қарқынына жетуді көздеген кез-келген ел нақты теорияларды арқа етері сөзсіз. Әрине барлық теорияны дұрыс, сәтті практикалық қолданысқа ие деп айту өте қиын…
Қазіргі экономикалық теорияларда экономикалық өсу теорияларының негізін ағылшын экономисті Рой Харрод пен американдық экономист Евсей Домар салды.
Мен өз дипломдық жұмысымда Рикардо, Маркс, Энгельс, Тодаро, Фишер және т. с. с. шетелдік ғалымдардың «Экономикалық өсу теориясы» шеңберінде бірқатар теориялары мен көзқарастарын, сонымен қатар көптеген Қазақстандық ғалымдардың зерттеулерін қарастырып өттім. Атап айтсақ: Ә. Я. Әубакиров, Н. К. Мамыров, У. К. Шеденов, Оразалі Сәбен, Б. Ахметов, О. Беймұратов, С. А. Тұрғынбаева, С. С. Сатубалдин, С. С. Оспанов, Д. К. Кабдиев және Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтің жолдаулары мен стратегиялары.
1 ҚОҒАМНЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУДАҒЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛАР
- Экономикалық өсудің буржуазиялық және қазіргі заманғы теориялары
Кез-келген қоғамның гүлденуінде немесе құлпыруында роль ойнайтын ұзақ мерзімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету проблемалары сонау меркантилистер теориясында үлкен орынға ие болған.Буржуазиялық әдебиеттерде соғыстан кейінгі жылдарда алдыңғы орынды алған бұл теорияның таралуының объективті негізі – социолизімнің күшеюі мен екі әлемдік жүйелердің экономикалық жарысы болып табылады. Экономикалық қарқынның проблемасы империализмнің колониалды жүесінің қалауымен байланысты өрши түсті, дамушы елдердің экономикалық артта қалуының алдын алу міндеті жас ұлттық мемлекеттерде өндірістің өсу қарқынымен байланысты.
Экономикалық өсу тақырыбы аясында мәселелердің өзектілігі — өсу теориясының тарлуының негізінде терең және ішкі себептердің жатуында: алдыңғы қаталы дамыған елдерге экономикалық даму қарқынының баяулауы, жұмыссыздықтың асқынуы, мемлекеттік монополистік копитализмнің күшеюі – мұның бәрі ұдайы өндіріс темпі, экономикалық өсу, өрлеу проблемаларынт алға тартты.
«Экономикалық өсу теориялары» шеңберіндегі бірқатар теориялар, атап айтар болсақ:
1) Харрод-Домардың моделі;
2) Экономикалық өсудің неоклассикалық бағыты;
- Экономикалық өсудің неокейнстік бағыты;
- Өсудің қазіргі заманғы жаңа теориялары және т.б негізі болып табылады.
Нақты бір өсу қарқынына жетуді көздеген кез-келген ел нақты теорияларды арқа етері сөзсіз. Әрине барлық теорияны дұрыс, сәтті практикалық қолданысқа ие деп айту өте қиын…
Қазіргі экономикалық теорияларда экономикалық өсу теорияларының негізін ағылшын экономисті Рой Харрод пен американдық экономист Евсей Домар салды. «Халықаралық экономикалық теория» еңбегінде Харрод сыртқы сауда мультипликаторы концепциясын тұжырымдады. «Экономикалық цикл» кітабінда ол экономикалық циклге кейнстік анықтама береді, яғни оның себебі мультиплекатор мен акселератордың арақатынасы дейді. Дәл осы арақатынас Харродты экономикалық өсу аясын зерттеуге әкелді, бұл туралы ол ең алғаш 1939 ж «Динамика теориясының очеркі» атты мақаласында жариялады, ал кейініректе бұл туралы 1948-жылы «Экономикалық динамика теория» кітабында мәлімдеді.
Экономикалық өсудің неокейнстік бағыты. Экономикалық өсудің неокейнстік теориялары Кейнс теориясының сыны процесінде пайда болды. Бұл теория дағдарыстың жағдайындағы экономика негізінде қалыптасты. Ол техникалық прогрестен, халықтың өсуінен абстакцияланды. Алайда, оның қолдануы қысқа мерзімге есептеледі. ҒТП бұзыла бастады, сөйтіп одан абстакциялану мүмкін болмай қалды. Капиталистік елдердің дамуының әркелкілілігі күшейе түсті. Германия, Франция, Жапония, Италия елдерінде өсудің жоғары темпі байқалды. Бұл жағдай мұқият түсіндіруді талап етті, ал Кейнс теориясы мұндай мәселені шешуге қабілетсіз болды.
Экономикалық өсу теориялары әр түрлі коньюктуралық жағдайға жарамды, жалпы ұдайы өндіріс теориясын жасауға талпыныспен түсіндіріледі. Неокейнстік экономикалық саясаттың басты мақсаты – толық жұмысбастылыққа жету болуы тиіс дейді. Олардың пікірінше, осындай жолмен жұмыспен қамту мәселесін шешуге брлады. Буржуазиялық әдебиеттерде соғыстан кейінгі жылдарда алдыңғы орындарды алған бұл теорияның таралуының объективті негізі – социолизмнің күшеюі екі әлемдік жүйелердің экономикалық жарысы болып табылады. Американ экономисті Э.Домар «Халықаралық конфликт өсу проблемасын өмір сүрудің шарты етеді» дейді.
Экономикалық даму темпі проблемасы империализмнің колониалды жүйесінің құлауымен байланысты өрши түсті, дамушы елдердің экономикалық артта қалуының алдын алу міндеті жас ұлттық мемлекеттерге өндірістің өсу темпімен байланысты.
Өсу теориясының таралуының негізінде терең және ішкі себуптер жатыр.Алдыңғы қатарлы капиталистік елдерде экономикалық даму темпінің баяулауы, жұмыссыздықтың асқынуы, мемлекеттік монополистік какапитализмнің күшеюі – мұның бәрі капиталистік ұдайы өндіріс темпі проблемасын алға тартты.
Экономикалық өсудің неокейнстік теориясының мазмұны. Бұл концепциялардың Дж.М. Кейнстің көзқарастары болды, яғни капиталистік экономиканың стихиялы механизмі сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ете алмайды, нәтижесінде адамдардың және материялдық ресурстардың толық емес жұмысбастылығы орын алды, капиталистік экономиканың тұрақтылығына жету үшін тиімді сұраныс проблемасының маңызы зор тиімді сұранысты анықтайтын факторларға әсер ете отырып, экономиканы мемлекеттік реттеу капиталистік экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ететін жағдайда.
Неокейнстіктердің негізгі проблемасы — өткізу проблеиасы болып табылады, яғни егер сұраныстың қозғалуындағы өндірістік ресурстардың толық тұтынылуын қамтамасыз етсе, онда экономика динамикалық тепе-тең жағдайда болады. Тиімді сұраныстың өзгеруі өндірістің нақты деңгейін және оның потенциялды мүмкін деңгейден ауытқуын анықтайды. Ұлттық табыстың өсуі (ұлттық табыстан сұраныс деңгейі тәуелді) кейнстіктердің пікірінше, капитал қорлануының функциясы болып табылады, ал капиталға сұраныс ұлттық табыстың өсу темпімен анықтайды.
Экономикалық өсудің неокейнстік моделіне маңызды орынды тұтыну мен қорлану арасындағы сандық өзара байланысты қарастырулар алады. Неокейнстіктер экономикалық өсудің басты фактпры ретінде инвестицияны, басқаша сөзбен, капиталдың қорлану нормасын санайды. Басқа фактор ретінде өндірістің капитал сыйымдылығын (капиталдың шығарылған өнімге қатынасы) айтады. Буржуазиялық экономистер бұл коэффиценттің индустрияландыру кезінде артқанын «кемелденген экономика» кезінде төмендегенін байқаған. Ал кейбір кейнстіктер бұл коэффицент үнемі тұрақты дейді.
Кейнстіктер инвестицияларды екіге бөледі:
- туынды – тұтынудың өсуінен пайда болған;
- тәуелсіз – техникалық прогреске, мемлекет саясатына, халық саныныңөсуіне негізделген.
Бұл жалпы алғанда, жасанды болып келеді. Тәуелсіз (автономды) инвестициялар шындығында тіпті тәуелсіз емес. Олар жалпы капиталистік ұдайы өндірістік, пайда нормасының қозғалысына тәуелді. Неокейнстік теорияда қолдану проблемасы жинақпен байланысты қарастырылады. Егер инвестициялар жинақтарға тең болса, онда экономика қиыншылықтарды сезінбейді. Жинақтардың инвестициялардан артып кетуі кәсіпорындардың жүктелмеуінен және жұмыссыздыққа әкеледі. Инвестициялардың сұраныстың жинақтардан артуы бағалардың өсуіне әкеледі. Жалпы жинақтау мен қорлану арасындағы пропорция ұлттық табысты пайдлануды талдауда үлкен қызығушылық тудырады, бірақ неокейнстіктер осы 2 – дәрежелі байланыстардың көмегімен негізгі экономикалық процестерді түсіндіруге тырысады. Өздерінің теориялық талдаулары арқылы олар өсу темпіне айтарлықтай түсіндірмелер береді. Мысалы, Э. Хансен АҚШ-тағы өндірістің өсу темпінің баяулауын соғыстан кейінгі жылдарда жеке капитал салымдары мен тұтыну сұранысына әсер ететін автономды күштерінің әсері әлсіреуімен түсіндіріледі. Оның ойынша, АҚШ-тың бүкіл жүйесі инвестициялық мүмкіндіктер баяу ұлғайып жатса да, жинақтаудың өсуіне бағынады. Оның себебін ол тұтыну сұранысының жетіспеушілігінен, нәтижесінде күштерді толығымен пайдаланбаудан, капитал сыйымдылығы коэффицентінің төмендеуімен материалдық өндіріс сферасына қарағанда капитал сыйымдылығы төмен болатын қызмет көрсету сферасының ұлғаюынан көреді.
Мультипликатор мен акселератор үйлеуі негізінде цикілдік кейнстік моделі құрылған. Мұндағы негізгі мәселе – сұраныс мәселесі.
Жинақтау қорлануға теңестіріледі, өндірістік және өндірістік емес инвестициялар арасында үнемі айырмашылық бола бермейді. Жұмыс істеушілердің тұтынуы капиталистердің тұтынуымен теңестіріледі. Нақты тұтынудың орнына психологиялық категория ретінде «тұтынуға бейімділік» келеді. Көптеген формулалардың кемшілігі параметрлердің тұрақтылығы да болып табылады. Мысалы, Харродта капитал сыйымдылығы коэффиценті тұрақты, ал негізінде ол еңбек өнімділігінің өсуі мен техникалық прогрестің нәтижесінде өзгеріп отырады. Бірқатар экономистер өсу формулаларын барынша қарапайымдауға қарсы шығып, ұдайы өндіріс процесіне әсер ететін кейбір қосымша факторларды ескере отырып, неғұрлым күрделі модельдер құрды. Олар еңбектің ролін, оның өнімділігінің артуын, техникалық прогрестің ролін ескере бастады, капитал салымдары құрылымдарының мақсатты өзгеруінің критерийлерін іздестіре бастады. Бұлар көпфакторлы моделдер деп аталады.
Модельдеудегі жаңа момент – экономикалық өсудегі көп секторлы модельдер жасау (ағылшын эконмисті Р. Стоун ) болды, мұнда өсу моделдері баланстық кестелермен, « шығын-өнім шығару» моделімен үйлестірілді.
« Шығын-өнім шығару» моделі экономика салалары арасында байланысты көрсетуге талпынады, ол шахматтық баланстық кесте түрінде құралады, онда әрбір сала екі реттен қатысады: өндіруші және сатып алушы ретінде.
Горизонтальды сызық бойымен әрбір салада өндірілген өнімдер мен қызметтердің бөлінуі, ал вертикалды сызық бойымае сол саланың шығындары көрсетіледі.
Экономикалық өсудің көпсекторлы моделін жасау экономикада құрылымдық жылжуларды бейнелеуге, экономикалық бағдарламалау үшін және салалық құрылымының өзгеруі үшін негіз болуға бағытталады. Бұл модельді қарастыру буржуазиялық экономистердің нақтылыққа ұмтылуын көрсетеді, алда олар танымал оң нәтижелерге жетеді. Стоционарлы қоғам моделінен бастаған олар өсу моделіне өтті. Техникалық прогреске, ұлттық табысты бөлуге, капитал-өнім қатынасының өзгеруіне абстракциялана отырып, осы бағыттың экономистері нәтижесінде осы факторларды модельде қамтыды. 1 – бір тауар, бір өндіріс факторы қарастырылады. Келешекте сызықты бағдарламалау негізінде басқа да факторлар қарастырылды. Экономиканың әр түрлі секторындағы капитал салымдарының салыстырмалы тиімділігі проблемасын талдауда, математикалық аппаратты жетілдіруде экономистер көптеген жетістіктерге жетеді.
Алайда, модельдің мәнділігі осы модельдің негізінде жатқан ғылыми емес экономикалық теорияның, әсерінен төмендеді. Оларға «шекті пайдалылық» теориясы, «өндіріс факторлары» теориясы, «капитализм дамуындағы дағдарыссыздығы» теориясы объективті экономикалық процестердің мазмұнын бейнелемейді. Ұлттық табысты құруда тек еңбек қана емес, сонымен қатар капитал мен табиғи ресурстар да қатысатыны туралы тұжырымдаған «өндіріс факторларының» теоретиктері сондай-ақ ұлттық табыстың өсу факторларының нақты ролін дәлелдейді. Қоғамды барлық табыстардың соммасы ретінде ұлттық табыстың мөлшері мен көздерінің құруына әкеледі.
Мемлекеттің көмегімен дағдарыс пен жұмыссыздықты жоюға болатыны туралы көзқарас тұрақты « балансталған» өсу моделі негізінде жатыр. Модельде капитализмнің антогонистік қарама-қайшылығы, оның заңдылығы саналады.
Көптеген маңызды әлеуметтік-экономикалық факторларда моделінде ешқандай көрініс таппайды. Оларға таптық күрес, капиталдың қорлану көлеміне, жұмыс күшінің құнына әсер ететін факторлар, ақшалай және нақты жалақы арасындағы қатынас, т.б. жатады. [14, 183 б]
Неокейнстіктердің экономикалық өсуге болжау жасау. Болжаулар ретсіз және конъюктураның өзгеруін алдын-ала болжау мақсатын көздеді. Ал қазірде болжаулар экономикалық саясаттың міндеттерін шешу мақсаттарын көздейді: тиімді экономикалық өсуді, толық жұмысбастылықты, инфляцияның алдын алуды қамтамасыз ету және т.б. Қазіргі экономистер және тұтас экономикалық институттар жекелеген елдердің және әлемдік капиталистік экономикалық дамуын болжауға көп көңіл бөлуде. Мұндай болжамдар үш түрлі болады:
- ұзақ мерзімді (10-25 жыл)
- орта мерзімді (3-5 жыл)
- қысқа мерзімді (1 жыл)
Қазіргі буржуазиялық саяси экономияның маңызды, жаңа элементтерінің бірі ұзақ мерзімді болжамдар жасау болып табылады.Бұл бағыттағы экономистер болжамдар жасауда екі түрлі әдісті қолданады. Біріншісі, индивидуалды жоспарлар мен фирмалардың болжамына анкеталық сауалнамаларға негізделген микроталдауға сүйенеді. Мұндай мәліметтер мемлекеттік секторға қатысты мәліметтермен қосылады. Біруақытта мемлекеттік және жеке индивиттердің жоспарлары құрылады. Мұндай әдістің кемшілігі сауалнама жолымен алынған мәліметтердің күдіктілігі болып табылады, өйткені фирмалар өздерінің нақты мақсаттары туралы хабарлап отыруға мүдделі емес. Жоспар негізіне жеке кәсіпорындардың мүдделері жатады, бұл бүкіл экономика аумағында ірі проблемаларды шешуде мемлекеттің араласуын шектейді.
Екінші әдіс макроэкономикалық талдауға негізделеді, яғни жалпы мақсаттарды көздейді. Бұл үшін статистикалық мәліметтердің эксполяциясы мен эконометриялық әдістер қолданылады. Эконометриялық әдістер экономикалық айнымалылар арасындағы қатынастарды зерттеуге негізделеді. Эконометрика өткен экономикалық әрекеттерді түсіндіреді экономикалық айнымалылар арасындағы өзара ықтимал байланыстарды сипаттайтын математикалық теңдеулер құру жолымен болашақты анақтайды.
Болжауларда экономистер саяси экономияның барлық методологиялық бастаулардың көрінісін тапты.
Неокейнстіктер капиталистік экономиканы реттеудің тікелей және жанама әдістерін жасады. Экономикалық дамуға мемлекеттің жанама әсер ету әдістеріне: салық саясаты, бюджеттік қаржыландыру, несиелік саясат, амортизациялық аударымдар жатады. Әдебиеттерде бұл әдістер автоматты тұрақтандырғыш, несиелік тұрақтандырғыш, институционалды тұрақтандырғыш атауына ие болды.
Капиталистік елдер үкіметтері Кейнспен ұсынылған ссудалық пайызды реттеуді кең қолданды. Ал қазір пайыз нормасының өзгеруі бірінші кезекте негізгі капиталға капитал салымын қолдау үшін ұзақ мерзімді несиелеуге қатысты жүргізіледі.
Американдық экономистер практикада қолданыс тапқан жеткіліксіз қаржыландыру принципін алға тартты. Мұнымен байланысты «реттелетін инфляция» белсенді экономикалық саясаттың қажетті элементі ретінде қарстырылады. Мемлекеттік несие өндірістің салалық құрылымының өзгеруінде, экспорттық салаларды ынталандыруда, экономиканың артта қалған салаларын қолдауда, инфроқұрылымды дамытуда, тахникалық прогресті алға тартуда маңызды роль ойнай бастады.
Несиелік саясат аясында мемлекетпен жүргізілетін барлық іс шаралардың жиынтығы, мемлекеттің ссудалық капитал рыногындағы операцияларын, коммерциялық банктердің міндетті резервтер нормасының өзгеруі, тұтыну және ипотекалық несиелердің арзандауы немесе қымбаттауын қоса айтқанда капитал салымының динамикасына және оның құрылымына айтарлықтай әсер етеді. Алайда, бұл саясат басқа да мемлекеттік-монополистік іс-шаралар секілді қарама-қарсылық сипатқа ие. Бұл алдымен мемлекеттік қарыздың және инфляцияның өсуімен байланысты.
Реттеу әдістерінің бірі – жеделдетілген амотизация болып табылады. Э. Хансеннің пікірінше, амортизайиялық аударымдардың өсуі инвестициялық сұраныстың жалпы қыскаруының орнын толтыруы мүмкін. Амортизациялық аударымдарды реттеу туралы ұсыныс белгілі объективті негізге ие. Амортизация үлесі жалпы капиталист салымына артады және капитал салымдары негізгі капиталды амортизациялау деңгейіне тәуелді. Жалпы, бұл тенденция техникалық прогреспен байланысты. Капитализм жағдайында ол өндіріс өсуінің төмен темпінде қорлану нормасының төмендеуі нәтижесінде күшейеді.
Жеделдетілген амортизация және корпорацияға салықтық жеңілдіктер капитал салымдарын ынталандырады. Олар ең алдымен жаңа, әсіресе әскери салымдарға әсер етеді, экспортқа жұмыс істейтін салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Мұндай шаралар монополия пайдасының өсуіне әкеледі, жаңа салаларға капитал салымдарымен байланысты тәуекелді төмендетеді. Сонымен қатар жеделдетілген амортизация корпорацияға салықтық жеңілдіктер салалардың дамуының әркелкілілігін және олардың арасындағы диспропорцияны күшейтеді. Негізгі қорлардың қызмет етуі өзгеріссіз қалса да амортизациялық аударымдардың өсуі инвестициялық сұраныстың жалпы қысқаруының орнын толтыра алмайды. Бұл яғни қандай да бір уақыт арасында негізгі қорлар жаңартылып тұрады. Сонымен қатар амортизациялық аударымдардың өсуі қайта қорлануға бағытталған таза қорлануға сұранысты азайтады. Яғни инвестицияларға кедергі болып тұрған қарап сатардың жеткіліксіздігі емес, рыноктың кемшілігі.
1960-70 жж. буржуазиялық экономистер арасындағы мемлекет тарапынан түзету шаралары балансталған және тұрақты өсу үшін жеткіліксіз деген түсінік орын алды. Олардың назарын Франциядағы «индикативті жоспарлау» тәжірибесі аударды. Ағылшын және американ экономистері мемлекеттік жоспарлаудың қажеттілігі туралы идеяны жиі айтатын болды.
Буржуазиялық экономистердің ойынша, жоспарлау өндіріс құралдарына меншік сипатымен байланысты емес, және жоспарлы шаруашылықты жеке меншік негізінде құруға болады. Бұл жасалған бағдарламалар экономикалық жағдайды талдау мен қол жеткізуге тиісті мақсаттарды анықтауды қамтиды. Олар сондай-ақ міндеттердің 2 типін құрайды: нақты, яғни ұлттандырылған салаларға қатысты заңдық сипатқа ие негізгі қызметтер мен өндіріс салалары бойынша және басқа да барлық салалар үшін тапсырмалар. Мұндай жағдайда олар кепілдемелік сипатқа ие. [9, 15 б]
Бағдарламалардың орындалуын қадағалау жанама сипатта. Сонда да экономикалық бағдарламалау мемлекеттің экономикаға араласуына жаңа мүмкінліктер береді. Ол экономиканың өсу темпін арттыру, экономикадағы құрылымдық жылжуларды ынталандыру міндеттерін алға тартады. Осымен байланысты мақсатты реттеу шаралары жасалады. Бағдарламалау көмегімен монополиялар пайдасын арттыра алады, еңбек етушілердің эксплуатациясын күшейте алады.
Осылайша, біреулер өсу темпінің артуына пайдаға қатысты ұлттық табысты қайта бөлу жолымен қол жеткізуге болады десе, басқалары өсу темпінің артуына жалақыға қатысты ұлттық табысты қайта бөлу. Экономикалық өсудің посткейнстік теориясының кейбір өкілдері өз теорияларын Маркстың ұдайы өндірісті талдаумен байланыстырады. Негізінде олар қоғамдық өндірістің бірінші және екінші бөлімшелерінің технико-экономикалық өзара байланысында өсу мен бөлудің өзара байланысының негізін табуға тырысады. Посткейнстіктердің жасаған қорытындылары экономикалық процестерді бейнелейді және реакционды саясаттың негізделуі үшін қызмет етеді.
Н. Калдор моделі. Неокейнстік экономикалық ойдың өкілдері Дж. Робинсон, Н. Калдор, Л. Назинетти және т.б әр түрлі бағыттарда тепе-тең, балансталған экономикалық өсуді зерттеу дәстүрін жалғастырды. Тепе-тең өсу моделін нақты өсу моделіне жақындатуға ұмтыла отырып, олар бұл моделге ұлттық табыстың пайда мен жалақы арасында бөліну, жетілмеген бәсеке, инфляция, өнімнің тұтыну және өндіріс игілігіне бөліну факторларын қосты. Кейнстік теорияға сәйкес инвестициялар экзогенді болып табылады – олар пайда нормасын анықтайды. Сондықтан Калдор бойынша жағдай келесі 2 сценарий негізінде сипатталады:
1) Инвестициялардың өсуі олардың жинақтан да жоғары болуына әкелсін. Мұндай жағдайда инфляция табыстың жалақыдан да тез өсуінен болады. Өйткені жалақының өсуі ұжымдық келісімнің негізінде ғана іске асырылғандықтан. Жалақының тек тұтылынып, ал пайданың кейбір бөлігінің жинақталуы жинақтың өсуіне әкеледі, сөйтіп ол инвестицияны қуып жетеді.
2) Керісінше, егер инвестициялар жинақтан төмен болса, еңбек келісімі бойынша бекітілген жалақыға қарағанда тауар бағасы тез түседі, нәтижесінде жинақ та төмендейді және тепе-теңдік қайта орнайды.
Экономикалық өсудің неоклассикалық теориясы. Экономикалық өсудің неоклассикалық теориясының пайда болуы мен таралуы біріншіден, кейнстік теорияға негізделген мемлекеттік – монополиялық реттеу (мемлекеттік шығындардың өсуі, мемлекеттік бюджет тапшылығы, инфляцияның күшеюі) тәжірибесінің теріс салдарымен, ал екіншіден, экономиканың даму темпі жоғарылап, ал жұмыссыздық төмендейтін салыстырмалы жағымды конъюктурамен түсіндіріледі. Осындай ортада өндірістің өсуі пайдаланылмаған күштер есебіне ғана емес, сонымен қатар жаңа техника енгізу, еңбектің өнімділігін арттыру есебінен де мүмкін екендігі туралы сұрақ туады. Ұшіншіден, өсудің кейнстік теориясы капитал жеткіліксіздігі мен жұмыс күшінің үлкен ресурстары орын алатын дамушы елдер үшін ұсынылмаған.
Экономикалық өсудің неоклассикалық теориялары неокейнстік моделдерді сынау процесінде пайда болды. Осылайша кейнстік модельдің кейбір нағыз сезімтал белгілері алға тартылды. [7, 57 б]
- Бұл модельдерде өндірістің өсімі жаңа капитал салымдарының функциясы ретінде қарастырылады, ал өсім пайдаланылмай қалған өндірістік күштерді пайдалану үшін жаңа жұмысшыларды тартумен де қамтамасыз етеді.
- Модельдер өндірістің капитал сыйымдылығының өзгеріссіздігінен дәлелдейді, өндірістің екі немесе одан да көп капитал сыйымды әдістерінің арасында таңдауға мүмкіндік бермейді.
Бұл теорияның көрнекті өкілдері американ экономисті Р. Солоу және ағылшын экономисті Дж. Мид. Бұл бағыттың өкілдері өндіріс факторларының иелері шекті өніммен марапатталған жағдайдағы еркін бәсеке тұпсырымына сүйенеді.Олардың пікірінше өндіріс факторларының бағасына әсер ететін еркін бәсеке механизмдері арқылы басты өндіріс факторларының толық пайдаланылуына қол жеткізуге болады. Егер, мысалы, капитал салымының темпі өте жоғары болса, онда өндіріс құрал-жабдықтарына бағалар жоғарылайды. Соңғысы капиталистерге капитал сыйымдылығын төмендетудің шараларын іздестіруге мәжбүр етеді, бұл капитал бағасының төмендеуіне әкеледі. Бұл теорияның тағы бір ерекшелігі – оның өсу факторы ретінде тек капитал салымын ғана емес, басқа да компоненттерді – еңбек, табиғи ресурстар, техникалық прогресс, т.б қарастыруында. Соңғысы дербес факторы ретінде немесе басқа факторлардың өнімділігіне әсер ету құралы ретінде қамтылады.
Өсудің қазіргі теорияларының ерекшелігі – олар өсуді тепе-теңдіктің бұзылуы емес, қалыпты жағдай деп түсіндіруінде. Әңгіме, сұраныс пен ұсыныс сәйкес болатын балансталған өсу туралы болып отыр.
Еркін бәсекеден тыс балансталған өсу шарты – тұрақты ақша жүйесі болып табылады.Сондықтан неоклассикалық теорияның жақтаушылары мемлекеттің экономикаға араласуын тұрақтылықты бұзудың факторы ретінде қарастыра отырып, мемлекеттік инфляциялық шығындарға қарсы шығады.
Неоклассикалық теория негізінде «алтын ғасыр» моделі жасалды. Бұл моделде ұлттық табыстағы жинақ үлесі тұрақты деп қаьылданады, өсу темпі техникалық прогресс пен өз алдына қызмет ететін халықтың көбеюіне тәуелді және тұтынудың өсуіне, әл-ауқаттың артыуына тәуелді емес.
Неоклассикалық теорияда негізгі ролді өндіріс факторларының бар болуы және оларды тиімді пайдаланылуында потенциялды мүмкін өсу темпі проблеммасы пайда болды. Бұл Кобб-Дугластың өндірістік функциясында жақсы сипатталады. Олар ең алғаш АҚШ-тың өңдеу өнеркәсібінде өнім көлеміне капитал мен еңбек шығындарының әсерін эмпирикалық жолмен анықтауға тырысты. Осыдан жасаған олардың тұжырымы: өнім бір-бірін шексіз ауыстыра алатын екі фактор – капитал мен еңбектің функциясы болып табылады. Кіші квадраттар әдісін пайдалана отырып, Коб пен Дуглас өнім мен капитал еңбек шығындары арасында статистикалық байланыс орнатты.
Кобб-Дуглас функциясы экономикалық өсудің жекелеген факторларының ролін сандық бағалау жұмыстарына бастама болды. Ол екі бағытта жүзеге асады:
- өндіріс масштабына тәуелсіз факторларының тұрақты тиімділігі алғышарттарынан бас тарту;
- ұлттық табыстың өсуіне әсер ететін үшінші айнымалы ретінде, дербес фактор ретінде техникалық прогрестің әсерін ескеру.
Бұл зерттеулер практикалық қызығушылық тудырады, алайда өндірістік функцияның теориялық негізі бұрынғыша «шекті өнімділік» теориясының антиғылымдық постулаты болып қала береді.
Өсудің неоклассикалық теориясы сондай-ақ «кемімелі табыстылық заңына», «шекті өнім» категориясына негізделеді.
Неоклассикалық теорияның өкілдері өсудің көзі ретінде пайданың өсуін айтады. Кәсіпорынның толық жүктелмеуінің, жұмыссыздықтың себебі неоклассиктердің пікірінше, инвестиция мен техникалық прогрестің төмен темпі, оның негізінде пайданың, техникалық жаңашылыққа ынтаның төмендігі жатыр. Бұл тезисте олардың практикалық қолданылысқа ұсынылуы негізделеді. Олар жалақыны көтеруге, әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерге, шығындардың көбеюіне бағытталған мемлекеттің шараларына қарсы шығады, пайдаға салықты төмендетуді және жанама салықтарды ұлғайтуды ұсынады.
Өсудің неоклассикалық теориясының «көтерілуі» олардың техникалық қамтуымен тығыз байланысты. Өзінің алғашқы вариантында бұл теория ұлттық табысты бөлудегі өзгерістерді түсіндіре алмады. Оның өкілдері өндіріс факторлары ның өсу темпіндегі өзгерістерді олардың шекті өнімдерінің өзгеруімен түсіндіреді.Бірақ та табысты бөлудегі қатынас бұрынғыша қалады. Егер өзгеріс болатын болса, онда «шекті өнімділік» заңы әсер етпейді. Олар бұған келіспейді. Сондықтан да олар ұлттық табысты бөлудегі пропорцияның бұзылуының себебі техникалық прогресс екенін дәлелдеуге ұмтылды. Егер техникалық прогресс капиталды-интенсивті сипатта болса, онда капиталдың шекті өнімі мен пайдп нормасы жалақыға қарағанда тез өседі. Бұған тағы ресурстарды алмастыру икімділігінің әсері қосылады.
Өсудің неоклассикалық теориясының қазіргі вариянты – монетарлық теория болып табылады. Бұл теорияның авторлары М. Фридмен және Шварц (1869-1960жж.). АҚШ-тың монетарлық тарихы кітабында ұдайы өндіріс процесінің тұрақсыздығының бұзылуының себебі ақша сферасындағы қозғалыстар болып табылады және «ұзақ мерзімді жоспарда ақшалардың тұрақсыздығы экономикалық өсудің тұрақсыздығына әкеледі». Олардың ойынша, ақша массасының қысқаруы экономикалық өсу темпінің баяулауына, ал көбеюі – жылдамдамдауына әкеледі. Бірақ бұл теорияның осы тұжырымы нақты дәлелдеулерден шықпағандықтан, нақты практикаға жақындығытөмен.
Экономикалық өсудің неоклассикалық теориясының тамыры өнімді өткізу проблемасы ескермегендігін тұрады. Бұл экономистер минималды шығындарда максималды пайда алу мүмкіндігінде өндіріс шығындарына назар аудара отырып, ұдайы өндіріс проблемасын бір жақты талдайды. Олар осы мақсаттарда жалақының төмендеуі өткізу шарты мен сұраныстың азаюына әкелетінін ескермейді. Бұл теория экономикалық дағдарысты ескермейді, тұрақты тепе-теңдік концепциясына негізделгендіктен, нақты өмірден мүлдем алыс.
Неоклассикалық бағытты сынауда посткейнстіктер белсенді араласады. Мысалы, осы бағыттағы итальян экономисті Т. Сраффа еркін бәсекенің билік етуі туралы тезистің әлсіздігін алға артады, неоклассиктердің ұлттық табысты «әділетті» болу және ресурстарды тиімді пайдалану арқылы максималды пайда табуға ұмтылысын нәтижесіз дейді. Рикардоның құн теориясына сүйене отырып, Сраффа неоклассиктердің табысты бөлу, «шекті өнімділік», «шекті пайдалылық» теорияларын сынға алды.
Жалпы экономикалық өсу проблемалары ертеден бері экономистердің назарында болған. Солардың ішінен бес негізгі проблеманы алуға болады:
- Экономикалық өсу факторлары;
- Қазіргі және болашақтағы тұтынудың арақатынасы және олардың өсу темпіне әсері;
- Экономикалық өсу мен табыстарды бөлудің өзара әсерлесуі;
- Эконмикалық өсудің тарихи тенденциясы;
- Тепе-тең (тұрақты,балансталған) өсу шарттары. [5, 237 б]
Кез-келген державаның гүлденуінде немесе құлдырауында маңызды рөл ойнайтын ұзақ мерзімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету проблемалары сонау меркантелистер теориясында үлкен орынға ие болған.
Ағылшын классикалық мектебінің экономикалық өсудің жекелеген маманданған теориялары болмады. Бірақ ол ұлттық байлықтың өсу факторларымен және оның табысты болуымен арақатынасымен анықталады. Классиктердің бұл тақырып шаңбаріндегі қысқаша тұжырымы келесідей:байлықтың өсімі өндіріс факторларының көлемімен және олардың өнімділігімен анықталады.
Р. Солоудың неоклассикалық өсу моделі. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін өсу теориялары соғысқа дейінгі дағдарыс кезеңмен салыстырғанда басқаша бами бастады. 1950- жылдары көптеген батыс елдерінде тұрақты өсу кезеңі басталды. 1950- жылдардың ортасынан бастап, Экономикалық өсу теорияларының дамуының жаңа кезеңі басталды, ол1970 жылға дейін жалғасты. Осы кезеңде басты ролді Р. Солоудың өсу моделі алды. Американ экономисті Р. Солоу өзінің ғылыми жұмыстарын негізінде журнал мақалалары тұрінде жариялады. Басты еңдектері: « Сызықты бағдарламалар және экономикалық талдау», және «Өсу теориялары». Солоу моделінің негізі оның «экономикалық өсу теориясына үлес» мақаласында салынған. Ол Харрод-Домар моделіндегі экономиканың тұрақсыздығының негізгі себебі өндіріс факторлары – еңбек пен капитал арасындағы қатаң арақатынасты сипаттайтын капитал сыйымдылығының тұрақты, белгіленген көлемі болып табылады. Мұндай жағдайда осы факторлардың бірі «жүктелмеген» болып қалады. Неоклассикалық теорияның принциптеріне сәйкес капитал мен еңбек арасындағы қатынас айнымалы болуы тиіс.
Экономикалық өсудің қазіргі жаңа көзқарастарының сипаты.Ұзақ мерзімді экономикалық өсудің себептерін түсіндіруде неоклассикалық талдаудың әлсіздігі дәстүрлі теорияның көңілінің толиауына әкелді. Олардың жағдайына сәйкес эконмика ұзақ уақыт мерзімде өсудің қандай да бір ішкі көздері жоқ. Мұндағы талдау капитал мен еңбек ресурстарының арақатынасы ұзақ мерзімді жоспарда тепе-теңдікке жететінін көрсетуге бағытталады. Мұндай біржақты әдісте сыртқы «шоктардың» немесе техникалық прогрестің жоқтығы нәтижесінде кез-келген экономиканы нольге әкеледі.Халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ-нің өсуі технологиялардың өзгеруінен пайда болатын уақытша құдылыс ретінде қарастырылады. Мұндай теория әлемдік экономиканың әр түрлі бөліктеріне ұзақ мерзімді экономикалық өсудің феноменін түсіндіре алмауы таң қаларлық емес.
Дәстүрлі неоклассикалық модельге көңіл толмаушылық 1980-1990 жж. өсу темпінде ел аралық айырмашылықтарла қарыздық дағдарыстың тереңдеуімен күшейе түсті. Дәстүрлі теория бұл құбылыстарға қанағаттанарлық түсіндермелер бере алмады. Неоклассикалық сызбада техникалық прогрестің себептерін көру мүмкін емес, себебі ол экономикалық субъектілердің шешіміне мүлде тәуелді емес. Капиталдың тапшылығы 3-әлемде инвистициялардың жоғарғы рентабельділігіне әкеледі. Үлкен сыртқы қарыздары бар елдерге арналған Әлемдік Банк пен Халықаралық валюталық қормен құрылған инвистициялардың өсуіне еркін нарық құру саясаты бағытталады. Инвистициялардың өсуі, күтілгендей, өмір деңгейі мен еңбек өнімділігінің өсуін тудыруы тиіс. Алайда, сыртқы сауда мен ішкі нарықтың еркіндікте болуына қарамастан, көптеген дамушы елдер стагнациядан шыға алмады және жаңа шетел инвистицияларын тарта алмады, олар тіпті өз капиталының шетелге ағып жатқанын да тоқтата алмады. Кедей елдерден бай елдерге капитал құйылуының мұндай табиғи емес бағыты өсудің жаңа теорияларының, соның ішінде, әсіресе эндогенді теориясының пайда болуына әкелді.Оның пайда болуы даму теориясы аясында 90 ж. Маңызды құбылыс болды.
Эндогенді өсу теориясы. Жаңа теория эндогенді өсуді – қоғамдық өндіріспен басқарылатын елдегі экономикалық жүйені анықтайтын ЖҰӨ-нің тұрақты артуын талдауға бағытталады.
Неоклассикалық теорияға қарағанда бұл модель ЖҰӨ-нің өсуін ұзақ мерзімді тепе-теңдіктің табиғи өнімі ретінде қарастырады. Өсудің жаңа теориясының басты мақсаты – факторлар мен өсу темпінде ел аралық алшақтықты түсіндіру болып табылады.
Эндогенді өсу модельдері сырт көрінісі бойынша неоклассикалық теорияға ұқсайды, бірақ қорытындылар жасауда олардан ерекшеленеді. Жалпы, эндогенді өсу модельдері неоклассиктердің капиталдың кемімелі шекті өнімділігі туралы алғышартын теріске шығарады, және көбінесе капитал салымдарының рентабельділігіне әсер ететін сыртқы эффектілерге көп көңіл бөледі. Техникалық прогреске көп көңіл бөлінсе де бұл модельде ұзақ мерзімде ол экономикалық өсудің жалғыз мүмкін себебі емес.
Дамуды жылдамдату үшін жинақтардың ролін күшейте отырып, жаңа теория дәстүрлі теорияға қарсы шығатын бірқатар қорытындылар жасады. Ең алдымен сыртқы экономикалық байланыстардың болмауынан елдер арасында өсу темпін автоматты түзету мүмкін емес – олар өзгеріссіз қалады және елде техникалық даму мен жинақтау деңгейіне тәуелді болады. Сонымен қатар бай және кедей елдерде жан басына шаққандағы табыстар мен ішкі жинақ нормалары біркелкі болмайды. Елде ұзақ мерзімді немесе уақытша тежелуінің асқынуы және елдің экономикалық артта қалуына әкеледі.
Эндогенді өсу моделінің ең қызық аспектісі – кедей елдерден бай елдерге жасанды капитал құйылымын түсіндіру, бұл өз кезегінде 1-ші және 3-әлем елдеріндегі табыстық алшақтықты күшейтеді. Инвестициялардың потенциялды жоғары рентабельділігі көбінесе адам капиталына (білім беру жүцесі), инфроқұрылым мен НИОКР-ға комплементарлы инвестициялардың төмен деңгейімен түсіндіріледі. Кедей елдер осы инвестиция түрлерінен салыстырмалы тиімділігі аздарын шығарып,тастайды. Жеке инвестор өзі үшін жоғарыда аталған сфераларға инвестиция салып, оған аз қолайлық келсе, онда ол инвестиция салудан бас тартады, яғни еркін рынок мехонизмі комплементарлы инвестициялардың қажетті деңгейін қамтамасыз етпейді.
Мұндай қосымша инвестициялар қоғамдық, сондай-ақ жеке пайда әкелетіндіктен мемлекет ресурстарды бөлуді жақсарта алады, өз есебінен қоғамдық тауарлар мен қызметтер көрсетеді бір уақытта жеке инвестицияларды ынталандырады. Сондықтан да эндогенді өсу модельдері даму процесінде мемлекеттің белсенді араласуын қолдайды.
У. Ростоу: экономикалық өсу стадиялары.Оның пайда болуы көбінесе 3-әлем сфералардың әсер етуі үшін болған 1950-60 жж. жүргізілген қарулы соғыс кезеңіндегі саяси күреспен байланысты. Бұл теорияның ең көрнекті өкілі американ экономисті және тарихшысы У. Ростоу болды. Оның теориясына сәйкес әлсіз даму жағдайынан шығу кез-келген ел өтуге тиісті стадиялар немесе қадамдар сериясымен сипатталады. У. Ростоу өзінің «Экономикалық өсу стадиялар» кітабында былай дейді: « Кез-келген қоғамның экономикалық құрылғысы мына бес түсініктің бірінің көмегімен түсіндіріледі:
1) Дәстүрлі қоғам
2) Жылдам даму үшін жасалған алғышарттардың жетілуі
3) Өзін өзі ұстап тұратын өсуге ұмтылу
4) Технологиялық кемелденуге ауысу
5) Бұқаралық тұтыну арасы
Бұл стадиялар сипаттамалық оазиске ие болумен қатар және қазіргі қоғам дамуының процесстерін жалпылаумен қатар оларға өзіндік ішкі логика және жалғасушылық тән, осылайша олар экономикалық өсудің бір теориясын құрайды. Ростоу бойынша, барлық дамыған елдер тез дамудан өзін-өзі ұстап тұратын өсуге өту стадиясынан өткен. Ал дамушы елдер қазірде дәстүрлі қоғам немесе жылдам даму алғышарттарының жетілу стадиясында.
Жылдам дамуға өту үшін олар белгілі бір алғышарттарды орындауы қажет. Срндай басты шарттардың бірі – экономикалық өсуді жылдамдату мақсатында ішкі және шетелдік жинақтарды қозғалту.
Льюис моделі. Қазіргі жаңа экономикалық өсу теорияларының бірі – Нобель силығының иегері А. Льюистің моделі болып табылады. 1950 ж. Ортасында құрылған Льюистің екі секторлы моделі 3-әлем елдерінің еңбек шығынды экономикасы үшін маңызды теория болды.
Льюис моделінде әлсіз экономика 2 сектордан тұрады:
- Натуралды ауыл шаруашылығымен, жабық қайта қоныстандырумен және еңбектің нолдік шекті өнімділігімен сипатталатын дәстүрлі сектор. Мұндай жағдай Льюиске осы секторда шығынды жұмыс күші түсінігін енгізуге тура келді.
- Әлсіз дамыған экономикада дәстүрлі сектормен қатар, жоғары өнімді қазіргі индустриалды сектор да бар, оған қалалық өнеркәсіп жатады. Қала өнеркәсібіне ауыл шаруашылығынан жұмыс күші ақырындап жылжи бастайды. Модельде ауылдан қалаға жұмыс күшінің миграциясына және индустриалды секторда жұмыспен қамту және өндірістің өсуіне үлкен мән беріледі. Индустриалды секторда миграция мен жұмысбастылық экономикалық өсуге тәуелді, ал ол өз кезегінде капитал қорлануымен және өнеркәсіпке инвестиция деңгейімен анықталады. Мұнда жалақы дәстүрлі сектордағы жұмысшының орташа табысын бірнеше есемейді. Оның пікірінше, қаладағы жалақы ауылдағыға қарағанда 30 % -ға жоғары болуы тиіс, өйткені олардың арсындағы мұндай алшақтық миграцияны, яғни жұмыс күшінің ауылдан қалаға ауысуын ынталандырады.
Осы жұмыста қарастырылған негізгі теориялық бағыттардың, өкілдердің көзқарастары пікірлерін келесі негіздерде қорытындылауға болады:
- Харрод пен Домар экономикалық өсуді тек бір ғана факторға – капитал қорлануына тәуелді дейді. Харродтың пікірінше табыс көлемі 1-4 % дейін өскен жағдайда табыстағы жинақ үлесі де 4 есеге ұлғаяды дегенді мүлдем елестеуге болмайды, яғни капитал қорлануы табысқа тәуелсіз.
- Неоклассиктер бойынша, экономикалық тұрақтылыққа жетуде тиімді сұраныс проблемасының маңызы зор, олардың алдындағы негізгі проблема — өткізу проблемасы, яғни егер сұраныстың қозғалуындағы өндірістік ресурстардың толық тұтынылуын қамтамасыз етсе, онда эконмика динамикалық тепе-теңдік жағдайында болады. Неоклассиктің пікірінше, ұлттық табыстың өсуі капитал қорлануының функциясы болып табылады. Олар экономикалық өсудің басты факторы – инвестициялар дейді.
- Неоклассиктер өсудің көзі ретіндепайданың өсуін айтады. Кәсіпорынның толық жүктелмеуінің, жұмыссыздықтың себебі – инвестиция мен техникалық прогрестің төмен темпі, осының негізінде пайданың, техникалық жаңашылдыққа ынтаның төмендігі. Олар жалақыны көтеруге, әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерге шығындардың көбеюіне қарсы шығады, пайдаға салықты төмендетуді және жанма салықтарды ұлғайтуды ұсынады. Бұл теорияның монетарлық бағытының пікірінше, «ұзақ мерзімді» жоспарда ақшалардың тұрақсыздығы экономикалық өсудің тұрақсыздығына әкеледі. Ақша массасының қысқаруы экономикалық өсу темпінің баяулауына, ал көбеюі – жылдамдауына әкеледі. Осы бағыттың көрнекті өкілі Р. Солоу: « пайыз ставкасы халық санының өсу темпі мен бүкіл экономикалық өсу темпіне тең болуы тиіс.»
- Өсудің жаңа теориялары, соның ішінде эндогенді өсу теориясы неклассикткрдің капиталың кемімелі шекті өнімділігі туралы алғышартын теріске шығарады және капитал салымдарының рентабельділігіне әсер ететін сыртқы эффектілеріне көп көңіл бөледі. Экономикалық өсудің тежелуі – адам капиталына, инфреқұрылым мен НИКОР-ға инвестициялардың төмендігі. Олар даму прцесінде мемлекеттің белсенді араласуын қолдайды.
Льюис өзінің екі секторлы моделінде дәстүрлі сектордан индустриалды секторға өту мақсатында қала өнеркәсібінде (индустриалды) жалақыны 30 % -ке дейін көтеруді ұсынды.
Жалпы экономикалық өсу проблемаларын былайша көрсетуге болады:
- экономикалық өсу факторлары;
- қазіргі және болашақтағы тұтынудың арақатынасы және өсу темпіне әсері;
- экономикалық өсу мен табыстарды бөлудің өзара әсерлесуі;
- экономикалық өсудің тарихи тенденциясы;
- тепе-тең (тұрақты, балансталған) өсу шарттары.
Осымен, біздің міндетіміз жоғарыда атслған теориялардың негізінде қазіргі кезде қоғамның әл-ауқатын көтеру мақсатында экономикалық өсуді жан-жақты қарастырып, позитивті жақтарын ескерген жөн. Әрине әрбір ұлттық экономиканың ерекшеліктеріне байланысты экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін басты тетіктерінің қызметі оңтайлы іске асыру оңай шаруа емес. Сондықтан да әлемдік тәжіоибеге көңіл бөлу, жетістіктерге мән беру, алдағы уақытты тұрақты дамудың кепілі болып табылады.
1.2 Экономикалық өсу, мәні және оның факторлары
Қажеттіліктердің жоғарылауы, дәстүрлі ресурстарды пайдалану, халық санының өсуі екі бірегей міндетті: экономикалық өсу мен экономиканың тиімділікті шешуді көздейді. Экономикалық өсу жасалынатын пайдалылықтардың көлемінің көбеюі, яғни халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауы болып табылады.
Өздігінен экономикалық өсу қарама-қайшылықтарға толды. Сөйтіп өндірістің және материалды игіліктердің тұтынуының ұлғаюын олардың сапасы мен өиір сүру жағдайының нашарлануының, тазартқыш құрылғыларды үнемдеудің арқасында жүзеге асыруға болады, ал өндірістің уақытша өсуіне ресурстарды жемқорлықты пайдаланудың нәтижесінде жетуге болады. Мұндай өсу не тұрақсыз, не мүлдем мәнсіз болып келеді. Сондықтан экономикалық өсу әлеуметтік тұрақтылық пен оптимизммен үйлескенде мән-мағынаға толы болады. Мұндай өсу бірқатар салмақталған мақсаттарға жетуді көздейді: өмір сүру ұзақтығын көбейту, ауруға шалдығу мен жарақаттану, мертігуге ұшырауды төмендету, білім беру мен мәдениет деңгейін жоғарылату, қажеттіліктерді толық қанағаттандыру мен тұтынудың рационалдығы, әлеуметтік тұрақтылық пен өз келешегіне деген сенімділікті арттыру, кедейшілік пен өмір сүру деңгейлеріндегі айырмашылықтарды жеңу, максималды жұмысбастылыққа жету, қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық қуіпсіздікті жоғарылату, қылмысты төмендету, т. с. с.
Экономикалық өсудің жолдары – бұл ұлғаймалы ұдайы өндірістің тарихи қалыптасқан бастапқы жолдары. Әрине өзінің біріншілігінің нәтижесінде ол экономиканың бірқатар салаларын қамтитын көптеген мәселелерімен соқтығысады. Ал бұл мәселелерді атап өту экономикалық қатынастарының кейінгі дамуында болмау үшін маңызды. Экономикалық жағдайы бойынша алдыңғы қатарлы елдермен салыстырғанда жан басына шаққандағы табыс деңгейі төмен, нашар дамыған елдер әлемнің үлкен бөлігін құрайды. Бұл елдер дами алады, бірақ тқазіргі кезде экономикалық дамығындардан артта қалып отыр. Бұл жерде экономикалық өсудің экстенсивті жолы басым және олардың даму мәселелері үлкен қызығушылықты тудырады.
Даму кілті басты 4 факторларға негізделген:
- Халық
- Табиғи ресурстар
- Капитал жинақтау
- Техника
Сондықтан экономикалық даму жағдайында осы факторлармен байланысты сұрақтарды қарастыру қажет. Олар: табиғи ресурстарды пайдалануды жақсарту және оны анықтау, халықтың жұмысбастылығы жайлы мәселелер, капитал салымының техника экономикалық прогресі туралы негізін қамтиды.
Экономикалық өсудің категориясы кез-келген шаруашылық жүелер кезінде қоғамдық өндірістің маңызды сипаттамасы болып табылады.
Экономикалық өсу – уақыттың белгілі бір ткезеңіндегі қоғамдық өнімді сандық және сапалық жетілдіру болып табылады. [7, 15 б]
Экономикалық өсу уақыттың әрбір берілген бөлігінде ресурстар шектеулігінің мәселелерін шешу белгілі бір дәрежеде жеңілдетуді және адам қажеттіліктерінің неғұрлым кең шеңберін қанағаттандыру мүмкіндігін білдіреді.
Экономикалық өсу бір-бірімен тығыз байланысты екі әдіспен анықталып, өлшенеді: белгілі бір уақыт аралығындағы айнымалы, не болмаса потенциалды ЖҰӨ-нің көбеюі ретінде және белгілі бір уақыт аралығындағы кезеңнің жан басына шаққандағы нақты ЖҰӨ-нің көбеюі ретінде екі анықтама да қолданыла береді. Мысалы, егер басты назар саяси әскери потенциялының мәселелеріне арналса, онда бірінші анықтама сәйкес келеді. Бірақ жеке елдер мен аймақтардағы халықтың өмір сүру деңгейін салыстыру кезінде екінші анықтама сәйкес келеді. Сөйтіп Үндістанның ЖҰӨ-і Швейцарияның ЖҰӨ-інен 70 % -нан асады, әйтсе де Үндістан Швейцариядан халықтың өмір сүру деңгейі бойынша 60 есеге артта қалып отыр. Әдетте бұл анықтамалардың кез-келгенінен экономикалық өсу пайызбен, өсудің жылдық қарқындарымен өлшенетіндігі шығады.
Ең жалпылама түрдегі экономикалық өсу өндіріс пен оның факторларының (өнімділігінің) нәтижелерінің сандық және сапалық өзгеруін білдіреді.
Қазіргі кезде әртүрлі ұлттар, халықтар мен олардың үкіметтерімен жүргізілетін экономикалық талқылаулар мен пікір сайыстарда экономикалық өсу мәселелері алдыңғы қатарларда тұр. Нақты өндірістің өсіп келе жатқан көлемі кез-келген шаруашылық жүйе соқтығысатын мәселелерді: адамдардың шексіз қажеттіліктерін шектеулі ресурстар жағдайында қанағаттандыруды белгілі бір дәрежеде шешуге мүмкіндік туғызады.
Экономикалық өсудің экстенсивті және интенсивті түрлерін ажыратуға болады. Бірінші жағдайда қоғамдық өнімнің көбеюі өндіріс факторларының сандық көбеюінің: өндіріске еңбек, капитал (өндіріс құралдырын), жердің қосымша ресурстарын жұмылдырудың нәтижесінде жүзеге асады. Бұл кезде өндірістің технологиялық базасы өзгермейді. Өйткені дәнді дақылдардың неғұрлым үлкен көлемін алу мақсатында тың жерлерді жырту, электр станцияларын құру мен сатық жинайтын комбайндарды үлкен көлемде шығару үшін жұмысшылардың неғұрлым ұлкен көлемін тарта беру – осының бәрі қоғамдық өнімді көбейтудің экстенсивті жолдарының мысалы. Экономикалық өсудің бұл типі өнімнің өсіміне жұмысшылар саны мен олардың мамандану құрамының сандық өсуінің және кәсіпорын қуаттылығының көбеюінің арқасында, сонымен қатар орнатылған жабтықтың көбеюінің арқасында қол жеткізуге болады. Нәтижесінде бір жұмысшыға есептегендегі өнім шығару бұрынғыдай қала береді.
Ал экономикалық өсудің интенсивті түрі кезінде қолданылатын еңбек, капитал мен басқалардың көлемі өзгеріссіз қала берсе де бастысы өнімділік тиімділігінің жоғарылауы мен өндірістің барлық факторларын пайдаланудан түскен кері қайтарымдылықтың өсуі болып табылады. Мұнда негізгісі болып өндіріс технологияларының жетілуі, өндірістің негізгі факторларының спасының жоғарылауы табылады. Интенсивті экономикалық өсудің маңызды факторы – еңбек өнімділігінің жоғарылауы. Бұл көрсеткішті бөлшек түрінде белгіленуге болады: ЕӨ =Е/Ө, мұндағы ЕӨ — еңбек өнімділігі, Е – натуралды және ақша түрінде өрнектелген жасалынған өнім, Ө — еңжек бірлігінің шығындары (мысалы, адам – сағат).
Экономикалық өсудің интенсивті түрі неғұрлым тиімді және сапалы жасалынған өндіріс факторларының кең қолданылуына негізделген өнім шығару ауқымының көбеюімен сипатталады. Өндіріс ауқымының өсуі неғұрлым жетілдірілген техникаларды, алдыңғы қатарлы технологияларды, ғылыми жетістіктерін, аса үнемді ресурстарды, жұмысшылар мамандануын көтеруді қолдану арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл фактордың арқасында өнім сапасын жоғарлауына, еңбек өнімділігі мен ресурстарды жинақтаудың өсуіне, т.с.с. қол жеткізіледі.
ХХ ғасырда етек алған ғылыми-техникалық революция жағдайында батыстың индустриалды елдерінде дамудың артықшылықты үлгісі ретінде интенсивті экономикалық өсу мойындалды.
Экономикалық өсуді өндіріс пен олардың факторларының нәтижелерінің өзгерістерін көрсететін өзара байланысты көрсеткіштер жүесінің көмегімен бағалауға болады. Нарықтық экономика жағдайында тауарлар мен қызметтерді өндіруді қамтамасыз ету үшін өндірістің 3 факторы қажет: еңбек, капитал және жер (табиғи ресурстар). Яғни (Ү) – жиынтық өнім, еңбек – (L), капитал — (К), және табиғи ресурстар — (N) шығындарымен өрнектелетін функция: Y=f(L,K,N) [6, 135 б]
Экономикалық өсуді сипаттау үшін бірқатар көрсеткіштер қолданылады. Олардың көмегімен өндірістің жекелеген факторларын қолданудың нәтижелелілігі өлшенеді.
Экономикалық теория жиынтық ұсыныс жағындағы факторларды бөліп көрсетеді. Оларға:
А) табиғи ресурстардыңкөлемі мен сапасы;
Б) еңбек ресурстарының көлемі мен сапасы;
В) негізгі капиталдың көлемі;
Г) ғылыми техникалық прогрестің деңгейі.
Жиынтық сұраныс факторларынан жоғарыланған ұлттық өнімді сатуға байланысты және жиынтық сұраныстың барлық элементтері барлық көбейіп жатқан ресурстардың толық жұмсалуын қамтамасыз етілуі керек. Бұдан басқа жиынтық сұраныспен байланысты факторларға ресурстарды тиімді бөлу де жатады.
Факторлардың маңыздыларының бірі болып еңбек шығындары табылады. Бұл фактор біріншіден, ел халқының санымен анықталады. Бірақ халықтың белгілі бір бөлігі еңбекке жарамдылар санына енгізілмейді және еңбек нарығына шықпайды, оларға оқушылар, зейнеткерлер, әскелер, т.б жатады. Ал жұмыс істегісі келетіндер еңбек күшін құрайды. Бұдан басқа еңбек күшінің құрамында жұмыссыздар, сонымен қатар жұмыс істегісі келіп, бірақ оны таба алмай жүргендер көрсетіледі. Сөйтіп, 1999 ж. АҚШ-та бүкіл халықтың жұмысбастылары 52 % құраған.
Әйтсе де еңбек шығындарын жұмысбастылар санымен өзгерту нақты жағдайды толық мөлшерде көрсетпейді. Еңбек шығындарының неғұрлым нақты өлшемі болып еңбек уақытының соммалық шығындарын ескеруге мүмкіндік беретін жұмыс істелген адам-сағат көлемдерінің көрсеткіштері табылады. Жұмыс уақыты шығындарының көбеюі бірқатар факторларға тәуелді: халық өсімдерінің қарқындарына, жұмыс істеу ықыласына, жұмыссыздық деңгейі, зейнетақымен қамсыздану деңгейіне, т.б. Барлық факторлар уақыт аралығында және елдер бойынша экономикалық дамудың қарқындары мен деңгейлеріндегі бастапқы айырмашылықтарды құра отырып өзгереді.
Ғылыми техникалық прогрес экономикалық өсудің басты құрылғысы. Ол берілген ресурстарды шығарылатын түпкі өнімді көбейту мақсатымен жаңадан алмастыруға мүмкіндік береді. Бұл кезде әдеттегідей жаңа, неғұрлым тиімді, пайдалы салалары пайда болады. Тиімді өндірістің көбеюі, ұлғаюы экономикалық өсудің негізгі факторы ретінде қалыптасып келе жатыр.
Мемлекет экономикалық өсуді реттеуде маңызды рөл атқарады және ол бұл процесті ынталандыру үшін қандай тиімді шараларды қолданатындығын қарастыру қажет:
- кейнсиандықтар экономикалық өсуді сұраныс факторларының көзқарасы жағынан ғана қарастырады. Олар әдетте өсу қарқындарының төмендігін ЖҰӨ -нің қажетті өсімін қамтамасыз етпейтін жиынтық шығындардың болжанбайтын деңгейімен түсіндіреді. Сондықтан олар капитал салымды ынталандыратын құрал ретінде пайыздың төмен ставкаларын («арзан ақшалар» саясатын) насихаттайды. Ал қажет болған жағдайда капитал салымның жоғарғы деңгейі инфляцияға әкелмес үшін үкіметтік шығындар мен тұтынуды шектку үшін бюджетті-қаржылық саясат қолданылуы мүмкін;
- кейнсиандарға қарама-қайшы «ұсыныс экономикасының» жақтаушылары экономикалық жүйенің өндірістік потенциалын көтеретін факторларға сүйенеді. Әсіресе, олар жиеақтау мен капитал салымдарға ынталандыратын, еңбек сіңіру мен кәсіпкерлік тәуекелділікті мадақтайтын құрал ретіндегі салықтардың төмендеуіне шақырады. Кейнсиандықтар көбінесе қысқа мерзімді мақсаттарға, атап айтқанда нақты ЖҮӨ-нің жоғарғы деңгейін сақтап отыруға, жиынтық шығындарға әсер етуге назар аударса «ұсыныс экономикасының» жақтаушылары толық жұмысбастылық пен өндірістік қуаттардың толық қамтылуы кезінде қоғамдық өнімнің өсуін қамтамасыз ететін факторларға сүйене отырып, ұзақ мерзімді мәселелерді қарстырады.
- әр түрлі теориялық бағыттардың экономистері экономикалық өсуді ынталандырудың басқа да мүмкін болатын әдістерін ұсынады. Мысалы, кейбір ғалымдар экономикалық өсуді ынталандыру үшін өнеркәсіп құрылымдарының қалыптасуында үкімет өзіне тікелей белсенді қатысушы рөлін алатын индустриалды саясатты үгіттейді. Сонымен қатар үкімет жоғары өнімділікті салалардың дамуын тездететін және төмен өнімділікті салалардан ресурстардың қозғалысын жылжытатын шараларды жүзеге асыруға жол береді. Білім беруге бағытталған шығындар да жұмыс күші сапасының жоғарылауы мен еңбек өнімділігінің өсуіне де ықпал ете алады.
Экономикалық өсуді ынталандырудың мүмкін болатын әдістерінің көптігі мен қиыншылықтарына қарамастан эконмистердің барлығы экономикалық өсу қарқындарының көбеюі оңай мәселе еместігі мен капитал сиымдылық пен жинақтарға бейімділік реттеу шараларына оңай берілмейтіндігі туралы ортақ ой-пікірді бөліседі.
Жоғарыда айтылғандардың бәрінен келесідей қорытындыны айтуға болады:
- экономикалық өсуді жан басына шаққандағы нақты ЖҰӨ-нің өсуі немесе потенциалды ЖҰӨ-нің өсуі ретінде анықтауға болады. Ол ішкі және халықаралық әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін қолданылатын өндіріс өсімін қамтамасыз етеді.
- Экономикалық өсу келесі факторлармен анықталады: табиғи және еңбек ресурстары, капитал, технологиялар.
- Экстенсивті өсу кезінде жұмыссыздық деңгейінің қысқаруына қол жеткізіледі және өсу қарқындарын жоғарылатуға мүмкіндік беретін толық жұмысбастылыққа жету. Бірақ ол уақытша құбылыс, өйткені толық жұмысбастылық жағдайы жыл сайын толықтандырыла алмайды және келесі жылы өсу қарқыны өзгеріссіз қалады.
- Дамудың экстенсивті түрінде жұмысшылардың көбісі жоғары маманданбаған.
- Экстенсивті өсу көбінесе тоқыраушылық сипатқа ие. Іс жүзінде техникалық прогрес жоқ, өндірістік негізгі қорлар моральді және физикалық тозады, жұмысшылардың қор қаруландыруы төмендейді.
- Дұрыс салықтық және инвестициялық саясат кезінде мемлекет экономикалық өсуде маңызды рөл атқаруы мүмкін.
Жоғарыдағы мәселелерді қарастыра келе дамудың экстенсивті жолы өзін сарқып бітті.Жаңа, әлі даму үстіндегі экономикалық қатынастар жағдайында экономикалық жаңа өрлеуге жол бермей тек қайшылықтарға әкеледі. Сондықтан объективті түрде экономикалық өсудің үлгісін ауыстырып, халық шаруашылығын интенсивті даму жолына қою керек. Бірақ интенсивті жолдың өзі экстенсивтіден туындағанын ұмытпау керек. Жаңа экономикалық қатынастардың дамуына негіз құрып, экстенсивті өсу жолы бүкіл әлемнің ұлттық шаруашылықтарының дамуына үлкен үлесін енгізді. [10, 72 б]
- ҚР-НЫҢ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 ҚР-ның экономикалық өсуді қамтамасыз ететін индустриялды- инновациялық саясат
Дамыған елдер тәжірибесі бойынша тек қана нарықтық принциптер негізінде материалдық-техникалық базаның қалыптасуы мүмкін емес. Елдегі инновациялық даму мемлекеттік араласуынсыз оң нәтиже бермейді, сондықтан инновация мен инвестиция мемлекеттік реттеудің оъбектісі болып табылады.
Көптеген дамушы елдер табиғи ресурстарға бай бола тұра, тұрақты дамуға қол жеткізе алмады. Қысқа мерзімде шикізат экспорты бұл елдердің мемлекеттік қазынасына табыс әкеліп, тұрғындардың әл-ауқатын көтереді. Алайда, уақыт өте келе жоғары табыс экономиканы құлдыратады, яғни мемлекетті шикізат экспортынан және оның рыноктағы жағдайынан тәуелді етіп, шикізатты аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды және шикізатты күндердің күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз.Дәл осы жағдайдан шығудың бір ақ жолы бар, ол – жоғары технологиялық өндірісті дамыту.
Қазіргі таңда ел экономикасы дамудың шешуші факторлары – ғылым мен инновациялық технологиялар екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз. Бүкіл әлемде озық технология мен техниканы насихаттайтын 1951 ж. Калйфорнияда құрылған дүние жүзіндегі ең алғашқы технопарк – АҚШ-тағы «Силикон аңғарының» пайда болуына негіз болды. Өткен ғасырдың 80-шы жылдары технопарктр тек АҚШ, Еуропада ғана емес, Канада, Сингапур, Аустралия, Бразилия, Үндістан, Қытай, Жапонияда да құрыла бастады.
Жапондықтар жаңа өнімді ойлап табу және оны жазып шығару жылдамдығынан американдықтар мен еуропалықтар да басып озады. Жаңа автокөлік Жапонияда 1 айдан кейін шықса, АҚШ-та 4, Еуропада 2 айдан кейін шығады. Жапондықтар үшін өнімнің сапасын қажетті деңгейге жеткізу үшін 4 ай жеткілікті, АҚШ-та бұл көрсеткіш – 11 ай.
Ал Қытайда жаңа техника мен жоғары технологияны өндіріске еңгізуімен 1950 ж. Құрылған ҒТИП (ғылыми-техникалық индустриалы паркет) айналысады. Онда технологиялық жетістіктер коммерциялық және өндірістік жағынан қарқынды жылдамдықпен игеріледі. ҒТИП қарамағынан әр түрлі саладағы ғылыми орталықтар мен кәсіпорындар кіреді. ҒТИП олардың құрылуына жағдай жасайды, ғылыми зерттеулерін жүргізуге көмектеседі, ақпарат және қаржымен қамтамасыз етілуін қадағалайды, бір сөзбен айтқанда, кәсіпорынға «қолайлы орта» жасайды. Қытай экономикасына үлкен үлес қосып, инновацияны дамытып отырғанын ҒТИП құрамына кіретін кәсіпорын санының өсуінен байқаймыз. 1991 ж. – 2587, 1992 ж. – 9678, 1996 ж. – 13722, 2000 ж. – 20796.
Ал Корея Республикасының ( Оңтүстік Корея) ғылым мен техниканы соңғы 50 жылда өте қарқынды дамытты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемдегі ең кедей елдердің бірі болып шығып, соғыстан кейінгі зерттеулердің басым бөлігін қорғаныс, ядролық және космостық салаларға бағыттады. Корея Республикасы ғылыми-техникалық саясатын өткен ғасырдың 60-жылдардың ортасында қолға алды. 1967 ж. басты міндеті ғылыми-техникалық саясатты жобалау және жүзеге асыру болып табылатын Ғылым және Технология Министрлігі құрылды және Ғылым мен техниканы қолдау туралы заң қабылдады. Осыдан кейінгі дамуы 5 жылдық кезеңдерге жоспарланған.
Финляндия 1991 жылға дейін экспортының жартысын КСРО-ға жіберетін. КСРО тарап кеткеннен кейін және 90-шы жылдардағы экономикалық дағдарыс Финляндия экономикасына да жағымсыз әсер етті. Мысалы, жұмыссыздық деңгейі 1991 ж. 3,5 %-дан 1993 ж. 20 % дейін өсіп кетті. Осы келеңсіз жағдайдан шығу үшін Финляндия Үкіметі 1991 ж. жаңа экономикалық бағдарлама қабылдады. Оның міндеті – Финляндияны дамыған елдердің қатарына қосу. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатымен Үкімет ұлттық инновациялық жүені құрды. Оның қызметін тікелей Финляндия Президенті қадағалайды.
1990 ж. бүкіл КСРО елдерінің экономикасында жағымсыз жағдай қалыптасты. Қазақстанда барлық салалар дағдарысқа ұшырап, ғылымға көңіл бөлінбеді, көптеген кәсіпорындар жұмысын тоқтату, бөлшектену, тіпті қайта құрылу сияқты құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Мұның бәрәнің себебі – нарықтың қатал талабы болды. Тозған құрал-жабдық, шығыны көп икемсіз өндіріс, тиімсіз басқару, сын көтермес қаржылық жағдай және осы сынды мәселелер аяғына шырмауық болып оралды.[16, 41б]
Нарыққа көшу процесі аяқталғаннан кейінгі жылдарда экономиканың жаңданып дамуы шикізат (газ, мұнай, металл) сатудан түскен валюталық түсімдерге тікелей байланысты болды. 2000-2002 жылдарда Қазақстанда экономикалық өсу байқалды, бірақ бұл өсім шикізат сатудан түскен пайдп есебінен, яғни « көз бояушылық» екенін түсінген ҚР Үкіметі қырағылық танытып, елдің индустриалық-инновациялық саясатын қолға алды. 2002 ж. шілде айында ҚР Президентінің жарлығымен « Инновациялық қызмет» туралы заң күшіне енді.
Әрбір ел дүниежүзілік рынокта өз орнын тауып, үлесінен айрылмауға тырысады. Бұл тікелей инновацияларға қатысты екендігі мәлім. ХХ ғасырдың 50-60-шы ж.ж. дамыған елдер қолға алған мәселе де осы болатын. Алайда, мемлекет құқықтық-нормативтік негізін жасап, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырып немесе басқа қаржы ресурстарынын жұмылдырып, бағыт бермесе, бұл саланың қарқынды дамуы да екіталай.
Іс жүзінде ғылыми зерттеулер мен инновациялық процестерді мемлекеттік қолдаудың негізгі кең тараған 3 әдісі бар:
1) Ғылыми зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуымен мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ірі лабораториялар қалыптастыру, нәтижесін ақысыз түрде көпшілікке ұсыну. Әдетте, бұл лабораториялар қорғаныс, энергетика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мәселелерін шешуімен айналысады;
2) Қайтарымсыз негізде субсидиялар бөлуде мемлекеттік емес лабораторияларда іске асырылатын ғылыми зарттеу жұмыстарына қайтарымсз негізде мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінеді. Негізгі қойылатын шарт – зерттеулер барысы бойынша толық есеп беру, алынған нәтижені ашық түрде жариялау;
3) Ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибеге инвестиция бөлінегн жеке бизнеске салық жеңілдіктерін ұсыну;
Мемлекетті қаржылық қолдау және инновайиялық құрылымдарды құру үшін оған көп мөлшерде қаржы қажет. Осы мәселе қазір елімізде күрделі мәселелердің бірі болып отыр, сондықтан қаржыландыру сырттан инвестиция тартуға негізделген. Инвестициялық, инновациялық қорлар, Даму банкі, экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру корпарациясы сияқты даму институттары құрылды.
Бұл мәселелердің шет елдерде қалай шешілетініне назар аударып көрелік. Жапонияда инновацияларға 2 дүниежүзілік соғыстан кейін көп көңіл бөліне бастады. Елде шағын және орта кәсіпорындар бүкіл экономиканың негізін құрайды.
Инновациялар саласындағы мемлекеттік 2 қызметін атауға болады.
Мемлекет: |
1) Құқықтық-нормативтік жағының қамтамасыз етеді, қаржыландырады. |
2) Бюджеттен немесе басқа көздерден |
Ал мемлекет инновациялық саясатты солар арқылы жүргізеді. Шағын кәсіпорындар барлық кәсіпорындырдың 99 % —ын құраса, олардың ЖҰӨ-дегі үлесі 52 %-ды құрайды. Мемлекет саясатының шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлікті қолдаудың мәні қажетті капитал салымы мен жұмыссыздық туралы деректерді сәйкестендіру болып табылады.
Мемлекеттік деңгейде кәсіпорындарға мынадай қолдау көрсетеді:
1) Мамандандырылған мемлекеттік мекемелер (шағын инновациялық кәсіпорындарға кеңес беретін комиссиялар, кәсіпорындарды қолдайтын бас басқарма, регионалдық органдар, мемлекеттік даму корпорациясы, шағын инновациялық кәсіпорындар акодемиясы, шағын инновациялық кәсіпорындардың бүкіл Жапондық регионалдық орталық комитеті) жаңадан құрылған шағын кәсіпорындарға көмек көрсетеді.
2) Қаржылық кепіл беру мен қаржылық көмек көрсету;
Оны 59 филиалы бар мемлекеттік қаржылық корпорация, 102 филиалы бар ұлттық қаржылық корпорация, 117 филиалы бар сауда және өндірістік кооперацияның Орталық банкі, шағын инновациялық кәсіпорындарға арналған кредиттерді сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады.
Шағын және орта бизнесті қолдану жапондық жүйесінің негізгі элементі ол құқықтық-нормативтік қамтамасыз ету болып табылады. Оған « Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау» туралы заңнан бастап « Жаңа қызмет түрін еңгізуде туындайтын төтенше жағдайлар» туралы заңға дейін т.б. заңдар кешенін қамтиды.
Жапонияда орталық банктер кредитінің 47 %-ын, ал жергілікті коммерциялық банктер 100% кредитті шағын және орта кәсіпорындарға береді. Шағын инновациялық кәсіпорындарды қолдаудың арнайы механизмдері қолданылады. Олар « жеңіл қарыздар» деп аталады. Егер жай қарызды 4-8 %-бен алса, шағын инновациялық кәсіпорындар қарызды осының жартысымен алады.
Шет елдер тәжірибесінен инновацияны дамытудағы мемлекеттің рөлінің өте маңызды екендігіне көз жеткіздік, енді елімізде инновациялық үрдістерді дамытуға қандай мемлекеттік қолдау көрсетілетінін және жалпы инновациялық дамудың ерекшеліктеріне тоқталайық.
Экономикалық ғылымдар және экономикалық даму тәжірибесі көрсеткендей инновациялық дамуда жаңа технологиялар экономиканы тиімді модернизациялауды қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе ҚР үшін өте маңызды, өйткені 1990 ж. бастап елімізде технологиялық дағдарыс қалыптасты. Өндірістің технологиялық деңгейі құлдырады, ғылыми өнімдердің шығуы азайды, ғылыми-техникалық потенциалымыз қысқарып кетті, сондай-ақ бұрынғы экономикалық жүйе түгелімен жойылды, еліміз өзінің ішкі сұранысын қамтамасыз ете алмай қалды. Осының салдарынан да ЖІӨ көлемі де 1990 ж. салыстырғанда 1995 ж. 40%-ға дейін азайды.
Ал ЖІӨ-нің 0,5 %-ға өсуімен экономикалық дағдарыс кері бұрылып экономикалық жаңдану кезңіне өттік. Осы жылдардағы ЖІӨ көлеміне назар аударсақ тек қана 2003 жылы 1993 жылғы деңгейге жеткен екенбіз. Сонымен қатар елімізде ғылым мен ғылыми-техникалық қызметтерге қаржы бөлу өте аз, оның көлемі 0,9 %-ды құрап отыр. Ал индустриалы-инновациялық саясатты жүзеге асыра алмасақ, онда 2015 жылы болжам бойынша оның үлесі 0,6%-5а дейін кемиді екен. Бұл стратегияны жүзеге асырған жағдайда 2015 жылы болжам бойынша ғылым және ғылыми-инновациялық қызметке ЖІӨ-нен бөлінетін қаржы 1,7 % -ға дейін өсуді жоспарлап отыр. Егер бұны дамыған елдермен салыстырсақ ғылымға бөлінетін қаржы Францияда – 45 %, АҚШ пен Германияда – 36 %, Жапонияда – 20% құрап отыр.
Еліміздегі стратегия жүзеге аспағандағы және асқандағы ЖІӨ-нің құрылымының болжамы стратегияны жүзеге асырғанда және оны жүзеге асырмағандағы үлесі.
Еліміздегі инновациялық саланы мемлекеттік қолдауы ҚР-ның «Инновациялық қызмет» туралы заңынан көруімізге болады. Оның негізгі бағыттары келесідей:
1) Инновацияның басым бағыттарын анықтап, инновациялық бағдарламаларды жасау;
2) Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыру қажетті инвестицияны жұмылдыру және жағдай жасау;
3)Инновациялық инфрақұрылымды құру;
4)Мемлекеттік бюджеттен инновациялық бағдарламалар мен жобаларды мақсатты қаржыландыру;
5) Бәсекеге жарамды өндірісті құруға мемлекеттің араласуы;
6) Мемлекеттік тапсырыспен орындалатын инновацияларды міндетті түрде рынокпен қамтамасыз ету;
7) Отандық инновацияларды шетелге шығару. [1, 6 б]
Елімізде ғылыми-техникалық инновацияларды дамыту үшін арнайы даму институттары құрылған. Оның ішінде 3 қаржылық және 2 қызмет көрсету институттары бар.
Алдыңғы уақыттарда экономикалық өсу факторы ретінде посткеңестік елдерде инновация екінші деңгейдегі жоспар болып келді. Бірақ әлемдегі дамыған елдер тәжірибе сі және отандық тәжірибе бойынша тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу инновациялық қызметсіз жүзеге аспайтындығына көз жетті. Міне осы себептен соңғы 3-4 жылда инновацияға деген көзқарас өзгереді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Ұлттық академия ғалымдарымен кездесуінде атап өткендей, «елімізде ұлттық инновациялық жүйе құратын уақыт келіп жетті» деп атап көрсетті.
ҚР-ның бүгінгі таңдағы ұлттық инновациялық жүйесі негізінен үш құрылымдық қолдау және іске асыру бағыттарынан құралады. Олар:
- ҒЗТКЖ ұйымдары, яғни бұған ғылыми зерттеу институттары, инкубаторлар, инновациялық орталықтар, технопарктер, кәсіпорындар, жоғарғы оқу орындары, құрастырушылық орталықтар, кластерлер, шағын бизнес сасллары қатысады;
- Мемлекеттік реттеудің тікелей және жанама құралдары: заңдар, жарлықтар, стратегиялар, салық және несие жеңілдіктері, лизингтің дамуы және т. б.
- Қаржылық институттар: банктер, инвеститциялық сақтандыру және зейнетақы компаниялары, инновацияляқ қорлар, инновациялық банктер, венчурлық қорлар, даму институттары, экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация және Даму банкі.
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңінде экономикада кәсіпкерлік қызмет даму үстінде. Кәсіпкерлік, әсіресе шағын кәсіпкерлік рыноктық жүйеде толық қанды қызмет ету үшін кәсіпорын жаңа технологиялар мен жаңалықтар ашып отыруы керек. Сонда ғана олардың шығарған тауарлары мен қызметтері бәсеке қабілетіне ие болады. Бірақ бүгінде отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметі мардымсыз болып, соның салдарынан отанды тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі әлсіз екендігі белгілі.
Әйтсе де бұл инновациялық жобаларға көптеген қаржы қажеттілігі туындап отыр, ол қаржыларды ЖІӨ-нің құрамынан көп мөлшерде ала алмаймыз, өйткені елімізде бұдан басқа салаларға қаржы сұранысы туындап отыр, әсіресе әлеуметтік салаларға.Сондықтан қаржы тартудың бірден-бір көзі инвестиция тартуды ынталандыру болып табылады. [12, 192 б]
Ал Ұлттық инновациялық қор геостационарлық спутникті құру және іске қосуды қаржыландырудан бастады. Осы орайда Үкімет «ҚР космос саласының 2005-2007 жылдардағы дамуы» деген мемлекеттік бағдарлама жасады. Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық аясында бірқатар маңызды зерттеулер жүргізілуде, оның ішінде қуаты 70 Мвт болатын шағын атом станциясын құру және радияциялық техниканы пайдалана отырып, шуды изоляциялайтын материал өндіру қолға алынды.
Индустриялық саясат дегеніміз мемлекеттік бәсекеге түсуге қабілетті және тиімді ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшін кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенін білдіреді.
Яғни, еліміз осы мәселелерді шешіп жоғары бәсекеге қабілетті алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылу үшін, тұрақты экономикалық өсуді және экологиялық тиімді өндірісті қамтамасыз ету мақсатында « Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегиясын» қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады. Сондай-ақ Елбасымыз биылғы жылы « Бәсекеге қабілетті Қазақстан», «Бәсекеге қабілетті экономика» және «Бәсекеге қабілетті халық» деген Қазақстан халқына жолдауында, еліміз үшін өзекті мәселелердің бірі индустриялы-инновациялық стратегияның негізгі бағыттарын атап көрсетті.
Стратегияның негізгі мақсаты – бәсекелестікке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсіптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау.
Индустриялы-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес біз экономиканы шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустриялануын тездетуге, машина жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын жолға қоюға тиіспіз. Яғни, инновация – негізгі қозғаушы күш бомақ.
Енді осы тұрақты экономикалық өсудің бүгінгі таңдағы ең негізгі қозғаушы факторы болып отырған индустриялы-инновациялық даму стратегиясының мақсаты мен міндеттері туралы тоқталып өтсем деймін.
Стратегияның басты мақсаты шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларының әр тараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады.
Өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа негізделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндірісі мемлекеттік индустриялы-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Дүниежүзілік экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстанның қазіргі таңдағы экономиканың дамуында мынадай мәселелер орын алуда:
- экономиканың бір жақты шикізатты бағыттылығы;
- әлемдік экономикаға ықпалдасудың әлсіздігі;
- ел ішіндегі салааралық және өңіраралық ықпалдасудың бостандығы;
- ішкі рынокта тауарлар мен қызметтерге тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика);
- өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның жеткілікті дәрежеде дамымауы;
- кластерлік желілердің дамымауы, яғни бір орталыққа шоғырланбауы;
- мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика салаларында қорлардың тез тозуы;
- кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалушылығы;
- ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық (ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлінуі;
- ғылым мен өндіріс арасында ұтымды байланыстың болмауы;
- мамандардың және кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазіргі заманның жүйесінің болмауы;
- экономиканың өндеуші секторына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшін ынталандыру көздерінің болмауы;
- ЖІӨ-нің 1 долларына электр энергиясының жұмсалу деңгейі бойынша, сондай-ақ экономика салаларындағы еңбек өнімділігі бойынша кейбір индустриялық дамыған елдерден 7-10 еседен астам артта қалып отырмыз;
- Қазақстан кәсіпорындарының негізгі қорлары құлдырау алдында, 2001 жылдың басында құралдары тозу дәрежесі орта есеппен 29,7% құрады. Ал бұл ел экономикасының бәсекеге түсу қабілетінің төмендеуіне душар етеді. Егер Қазақстанда ЖІӨ-нің 1 долларын өндіруге 2,8 киловатт сағат жұмсалатын болса, Ұлыбритания, Германитя, Италия және Жапония елдерінде бұл көрсеткіш – 0,22-0,3; АҚШ, Франция, Туркия, Кореяда – 0,4-0,6; Канада мен Қытайда – 0,8-1,2 киловатт сағатты құрайды. [18, 10 б]
Осы мәселелерді шешу қызметі барысында стратегияның келесі міндеттерін атап өтсе болады. Стратегияның міндеттері:
- өңдеуші өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4 % мөлшерінде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігін кемінде 3 есе арттыру және ЖІӨ энергия сиымдылығын 2 есе төмендету;
- өңдеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының өнімділігін арттыруы;
- кәсіпкерлік құрылымды қалыптастыру, бәсекелестік артықшылықты жетілдіретін қоғамдық институттарды қамту, қосылған құнға барынша қол жеткізе отырып, нақты өндірістерде қосылған құн тізбегіндегі элементтерді игеру;
- ғылымды көп қажет ететін және жоғарғы технологиялық экспортқа негізделген өндірістер құруды ынталандыру;
- сапаның әлемдік стандартына көшу;
- дүниежүзілік ғылым-техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңірлік және дүниежүзілік экономикамен ықпалдасуды күшейту.
Осы стратегияны іске асыру мерзімі 2003-2015 жылдарды қамтиды және ол даму барысында келесідей кезеңдерден тұрады:
1 кезең 2003-2015 жылдар аралығын қамтиды;
2 кезең 2005-2010 жылдар аралығын қамтиды;
3 кезең 2010-2015 жылдар аралығын қамтиды;
Күтілетін нәтижелер: Индустриялы саясатты белсенді жүргізу экономиканың өсу қарқынын жылына 8,8-9,2 % қамтамасыз етеді. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖІӨ-нің көлемін 3,5-3,8 % еседей ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа өңдеуші өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4 %-ға дейін жеткізуге, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігін кемінде 3 есе арттыруға және ЖІӨ-нің энергия сиымдылығын 2 есе төмендетуге мүмкіндік береді ЖІӨ құрылымында ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтің үлестік салмағын 2000 жылғы 0,9 %-дан 2015 жылы 1,5-1,7 %-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, нарықтық экономикалы мемлекет экономикада құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруда жеке сектормен ынтымақтастық орната алады. Осындай ынтымақтастықтардың көрнекі мысалдары Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Молазияда және соңғы 30 жылда өздерінің экономикалық даму саласында ірі бетбұрыс жасаған басқа елдер де бар.
Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін Даму банкінің қызметін жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделіп отыр. Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметті ынталандыруға бағытталған белсенді мемлекеттік ғылыми және инновациялық саясат жүргізуді көздейді. Стратегияны ойдағыдай іске асыру экономиканың адам капиталын, өндірілген және табиғи капиталды тиімді пайдалануға негізделген тұрақты өркендеуіне алып келетін оның құрамында сапалы өзгерістер жасауға, Қазақстанның әлеуметтік дамуының құрылысының сапалық жаңа деңгейіне шығуына ықпал етуі керек.
Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері мен саясатын жетілдіру жөніндегі жекелеген ұсыныстарды негіздеу үшін Стратегияны тиісті бөлімдеріне импортты алмастыратын және экспортқа бағытталған саясатты іске асыру жөніндегі шет елдердің тәжірибесі, оның ішінде экспорттық саясаттың әр қилы түрлері мен кзеңдері, сондай-ақ әлемдік рыноктарда бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізуге мүмкіншілік беретін факторлар келтірілген.
Қорытындылай келе, индустриялы шараларды атқаруымыз керек:
- елдегі инновациялық саясатты жүзеге асыруды келесідей күштерді қалыптастыру және нығайту;
- мемлекеттік мекемелердің қызметін индустриялы-инновациялық дамудың мақсаттарына сәйкес қайта құру. Бұл – білім, ғылым, қаржы, фискалдық және тарифтік саясатты жетілдіруді қажет етеді;
- индустриялы-инновациялы дамуды халық арасында насихаттау;
- отандық өнімдердің халықаралық рыноктарда бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін әлемдік стандарттар мен сертификаттарға көшу;
- инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау көрсету, шағын инновациялық бизнесті ынталандыру. [4, 52-60 б]
- Эконмикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет ету
нәтижесі
Экономикалық өсудің негізгі мақсаты болып халықтың материалдық әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету табылады. Материалдық әл-ауқатты көтеру экономикалық өсудің басты мақсаты ретінде келесі негізгі құраушылармен нақтыландырылады:
- Халықтың орташа жан басына шаққандағы табысы. Бұл мақсатқа қол жеткізу жан басына шаққандағы Ұлттық табыстың (ҰТ) өсу қарқынынан көрінеді.
- Бос уақытты көбейту. Бұл мақсат елдің нақты ЖІӨ және ҰТ көрсеткіштерінде көрінбейді, бірақ қажетті игіліктің бірі болып табылады. Сондықтанда бұл мақсатты бағалау кезінде жұмыс күнінің немесе аптаның белгілі бір қарастырылып отырған уақытта қысқаруын, қызметкерлердің еңбек қызметінің ұзақтығын ескеру қажет
- Халықтың түрлі әлеуметтік топтары арасында ҰТ-ң бөлінуін жақсарту. Егер нақты ҰТ өсіп, дұрыс бөлінбесе, онда экономикалық өсу халықтың көпшілік бөлігі үшін тиімсіз болар еді, себебі олардың әл-ауқаты бір қалпында қалады немесе одан да нашарлай түседі. Сондықтан да экономикалық даму процесінде әлеуметтік қорғау қағидасы ұсталуы керек.
- Өндірілетін тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсарту және әртүрлендіру. Бұл көрсеткіштер нақты ҰТ-қа тікелей көрініс алмайды. Бірақ жоғары сапалы және дефференцияцияланған тауарлар тұтынушылық қажеттіліктердің қанағаттандырылуы деңгейін жоғарылатады, ол өз кезегінде тауарлар мен қызметтерге шығыстарды көбейтеді, ал олардың жиынтық мөлшері өндірілген ҰТ көлемін сипаттайды.
Жоғарыда көрсетілген экономикалық өсу мақсаттарына жетуде халық шаруашылығының өнеркәсіптік өндіріс салаларыныңи тиімді қызмет етуін арттыру қажет. Қазіргі кезде өндірістің тиімділігін арттырып, экономикалық өсуге жетудегі маңызды фактор – ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін игеру, тиімді падалану. Техникалық прогресс экономикалық өсудің маңызды қорғаушысы болып табылады, мысалы АҚШ-та ол нақты ҰТ-тың өсімінің 3/1 бөлігін анықтайды. Техникалық прогресс өз құрамына өндірістің жаңа әдістерін ған емес, сонымен қатар өндірісті басқару мен ұйымдастырудың жаңа формаларын да қосады. Тәжірибеде техникалық прогресс пен инвестиция тығыз байланысты, техникалық прогресс үнемі инвестиция таратады. Техникалық прогреспен қатар экономикалық өсуге әсер ететін факторларды да атап өтуге болады: табиғи ресурс, еңбек ресурсы, мемлекеттің саясаты, елдегі әлеуметтік, мәдени және саяси атмосфера, ЖҰӨ-нің абсолютті және салыстырмалы үлесінің өзгеруі; инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейі; экспорт-импорт арақатынасы. [11, 112 б]
Көрсетілгендерді Батыс экономистерінің М. П Тодаро мен С. Кузнецтің дамыған елдерге тән экономикалық өсуге берген сипаттамаларынан да көруге болады. Халықтың жоғарғы қарқыны, халықтың жан басына шаққандағы табысының өсуі, ЖҰӨ-нің өсуі, халықтың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру, өндіріс фактолрларының өнімділігінің өсуі, техникалық прогресс т. б.
Қазіргі кезеңде « Экономикалық өсу сапасы» деген ұғым кездеседі. Ол халықтың материалдық әл-ауқатын жақсарту, тұлғаның үйлесімді дамуының негізі ретінде бос уақытты көбейту, әлеуметтік инфрақұрылым салаларын дамыту, адам капиталына инвестиция бөлу, жұмыссыздарды еңбекпен қамту сияқты негізгі құраушылармен сипатталады. Осыдан жоғары индустриалды қоғам болу үшін, алдымен адам капиталын, адамның өмір сүру деңгейін жақсарту, яғни адам маңызының күннен күнге артуын байқауға болады. Сондай-ақ, экономикалық теорияда «экономикалық өсу сапасы» әлеуметтік бағыттылықпен байланысты айтылады.
Экономикалық өсу сапасының негізгі құраушылары төмендегілер:
- Халықтың материалдық әл-ауқатын жақсарту;
- Тұлғаның үйлесімді дамуының негізгі ретінде бос уақытты көбейту;
- Әлеуметтік инфрақұрылым салаларын даму деңгейін көтеру;
- Адам капиталына инвестицияны өсіру;
- Адамдардың өмірі мен еңбек етуінің қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз ету;
- Жұмыссыздар мен жұмысқа қабілетсіздерді әлеуметтік қорғау;
- Еңбек рыногында ұсыныс көлемінің артуына сәйкес толық еңбекпен қамтылуы.
Сонымен, экономикалық өсу – қоғамдық өндірістің өсуінің және сапалы түрде жетілдірілуі, нақты ұлттық табыстың, нақты ЖІӨ-ң артуы кезіндегі ұлттық шаруашылықтың дамуы.Ал кәзіргі экономикалық өсуге келсек, ол өндірістің ұзақ мерзімді өсу қақарқынының халық санының өсу қарқынынан тұрақты түрде артуы кезіндегі экономикалық даму. Қазіргі экономикалық өсуге тән белгілер: жан басына шаққандағы ЖІӨ өседі, жоғары дамыған елдерде ол – 25000$; халықтың білім деңгейі жоғарылайды; аграрлық сектор үлесі азаяды; урбанизация процесі жүреді; ЖІӨ-нің экспорт үлесі өседі; ЖІӨ-гі жинақ үлесі біртіндеп өсе бастайды; экономика мен әлеуметтік – саяси даму арасында тығыз байланыс туындайды (демократизация процесі). [20, 18 б]
Экономикалық өсудің кез-келген түрі, мейлі ло өндіріс масштабын ұлғайту немесе оның сапалы сипаттамаларын жаңарту болсын, қосымша инвестицияны талап ету мүмкіндігі экономикалық өсудің негізгі қорғаушысы мен реттеушісі болып табылады. Инвестицияны рационалды орналастыру және оның тиімділігін көтеру экономикалық өсуді тездетеді. Л. Бальцерович бойынша экономикалық даму қарқынын анықтайтын факторлар 4 топқа бөлінеді:
— экономиканың дамуының бастапқы деңгейі: ( мысалы, жан басына шаққандағы табыспен өлшенетін);
— адам капиталы, яғни халықтың білім деңгейі.;
— шаруашылық жүргізудің ішкі шарттары, яғни экономикалық құрылыс;
— шаруашылық жүргізудің сыртқы шарттары, яғни әлемдік экономика конъюктурасы.
Нобель силығының лауреаты Сайман Кузнец әлемнің дамыған елдеріне тән экономикалық өсудің 6 сипатын көрсетеді:
- Халықтың жоғарғы өсу қарқыны;
- Халықтың жан басына шаққандағы табысының жоғары өсу қарқыны;
- Өндіріс факторларының өнімділігінің өсуінің жоғарғы қарқыны;
- Қоғамның әлеуметтік және идеологиялық өзгерістері;
- Басқа шет елдерден өткізу рыногін және шикізат көздерін табу қабілеттілігі;
- Дүниежүзі халқының 5/1 бөлігіне тән экономикалық өсу нәтижесін қамту.
Қазақстанның тұрақты даму жағдайына келер болсақ, Республикамыз табиғи ресурстарға бай ел болғандықтан, экономикалық өсу негізінен шикізатты экспорттау, яғни әлемдік рынокта мұнай, газ, уран және әр түрлі металдарды өткізу есебінен болады. Қазақстанның моно шикізатты бағыттағы ел болып қалмауы үшін жеңіл және тамақ өнеркәсібін, инфрақұрылымды, мұнай және газ өңдеуді, химия және машина жасау салаларын, қызмет сферасын, туризмді, өндірісті дамыту қажет. [17, 23 б]
Ел Президентінің 2004 жылға арналған үндеуінде экономикалық және әлеуметтік саясаттың, қоғамды одан әрі демократияландыру мен мемлекеттік басқару тиімділігін арттырудың, мәдениет, білім беру мен руханият салаларын дамытудың негізгі бағыттары баяндалған. Үндеуде Қазақстанның экономикалық өсуінің жоғарғы қатарының қамтамасыз ететін серпінді дамып келе жатқан отын-энергетика, металлургия, химия кешендері бар екенлігі айтылды.Слнымен бірге экономикалық теңдестірмелігін қамтамасыз ету, өңдеуші өнеркәсіпті, жоғары технологиялы және ғылыми қамтымды өндірістерді, өндірістік инфрақұрылымды және агроөнеркәсіп секторын ілгерілете дамыту жөніндегі маңызды міндеттер баса айтылды.
2003-2005 жылдарда ауылды өркендету кезеңнің жариялануына сәйкес, «Ауылдық аймақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының» мақсаты – ауылдың әлеуметтік дамуын жеделдету және жұртты тоқыраулы әрі экологиялық және экономикалық жағынан келешегі күмәнді ауылдық аумақтардан көшіруге және еңбекке орналастыруға жәрдем көрсету болып табылады. 2004-2005 жылдар ауыл экономикасына 150 млрд теңгеден аса қаражат жұмсау жоспарланған. Алдағы екі жылда денсаулық сақтау мұқтаждарына қосымша 30 млрд теңге, сонымен бірге 2003-2005 жылдары ауылдағы білім беру мен денсаулық сақтау ісіне, ауылды сумен жабдықтау объектілеріне инвестицияға мемлекеттік бюджеттен 15 млрд теңге бөлу жоспарланды. [4, 52 б]
2005 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспары бойынша, жаңа жұмыс орындарын құру мен еңбекпен қамтуды жоғарылатудың приоритетті бағыттары өңдеуші өнеркәсіп салалары: жеңіл, тамақ, машина жасау, минералды тыңайтқыштар өндірісі, сонымен қатар ауылшаруашылығын дамуымен тікелей байланысты салалар (ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін ұйымдастыру, т.б.) болып табылады.ЖІӨ-нің өсуін, халықтың экономикалық белсенді бөлігінің және еңбекпен қамтылу деңгейінің артуын есепке ала отырып, бес жылды бағашлау бойынша (2000-2005жж.) нақты жалақы өсімі 1,2 – 1,25 есені нақты табыс 1,5-1,6 есені құрайды.
Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы үшін отын-энергетикалық кешен Ұлттық экономиканың басқа салалары мен сфералары шоғырланатын негізгі сала болып табылады. Мысалы, отын-энергетикалық кешені қара және түсті металлургия өндірісімен, ауылшаруашылық сферасымен т. б. Байланысты. Қазақстанның ұлттық экономикалық тұрақтылығын көтерудегі өмірлік қажетті тауарлардың импорттан тәуелділігін қысқартуға көңіл бөлген дұрыс.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мақсатты бағыттары, ҚР-ның Индикативті жоспарында көрсетілген экономикалық өсуге, толық еңбекпен қамтуға, инфляцияны тежеуге, әлемдік рынокта бәсекеге қабілеттілікті жоғарылатуға, әлеуметтік бағытталған рыноктық экономикаға қол жеткізу. [13, 148 б]
Ұзақ мерзімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін алдымен елдің ішкі экономикалық жағдайын қалпына келтіру керек,яғни әлеуметтік, табиғи фактор мен технологиялық процестер арасындағы қайшылықты жағдайда тұрақты өсуге жету мүмкін емес. Тұрақты экономикалық өсуге жету үшін ең алдымен өндірістің құлдырауын тоқтатуды, өндірістің салалық құрылымындаүғы деформацияны түзетуді және тозған негізгі өндірістік қорларды жаңалауды қарастырып барып, өсуге жол ашу қажет. Сонымен, жоғары қарқынды экономикалық өсуді отандық өндірушілер үшін қолайлы жағдай жасау арқылы өнеркәсіптің ғылымды қажетсінетін салалары мен өңдеуші салаларында қамтамасыз ету керек және елдің негізгі қор жүйесін жаңалап, ресурсты үнемдеуші өндірісті жүзеге асыру қажет, қосымша елдің тұрақсыз қаржылық және ақша-несие жүйесін реттеп, инвестициялық тәуелділікті төмендету қажет.
Тұрақты өсу өндіріс деверсификациясын қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде отандық өндіріс өнімдері имопртталған өнімдерге қарағанда бәсекеге қабілеттілігі төмен, сондықтан біздің өнімдер шикізаттан басқа, әлемдік экономикада бәсекелесе алмайды. Өндірістің құлауы және оның регрессивті құрылымы – 2 еселі қауіпті фактор. Сондықтан да « 2010 жылға дейінгі аралықта ең алдымен келешекте бәсекелесе алу мүмкіншілігі бар, еңбекті қажетсінетін салаларға көңіл бөлінуде.тБұл приоритетті салаларды атап өтетін босақ, олар: ауылшаруашылығы, орман және орман өңдеуші, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, үй құрылысы және инфрақұрылымды жасау». Осы салаларды дамыта отырып, экономиканың тек құрылымды мәселелерін ғана емес, сонымен бірге еңбекпен қамту және кедейлік мәселесін де шеше аламыз. Сонымен, экономикалық дамусыз әлеуметтік инфрақұрылымды жасай да, қоғамды дамытады да, оны коррупция мен қылмыстықтан қорғай да алмаймыз. Сол себепті бұл мәселе бүгінгі таңда да және келешекте де басым мақсаттардың және маңыздылардың бірі болып табылады. [2, 78 б]
- Ұлттық экономиканың бәсекеге қбілеттілігін арттырудың инновациялық негіздері
Шаруашылықтың қазіргі әлемдік жүйесі ресурстардың алғашқы түрлерінің шектелігіне байланысты оларды тиімді қолануға деген қажеттіліктердің тереңдеуімен сипатталады. Ресурстарды тиімді қолдану ұлттық экономиканың әр түрлі секторлары мен құрылымдық деңгейлерінде инновациялық процестерінмен іске аспақ. ҚР-ның халықаралық еңбек бөлінісінің жүйесіне ену мен жақанды бәсекенің қымына төтеп бере алу мүмкіншіліктері инновациялық шараларды дұрыс ұйымдастырып, оны іске асыра білуімен байланысты. Олай болмаған жағдайда бәсекеге қабілеттіліктің барлық деңгейлерінде: тауарлық, фирмалық, салалық және мемлекеттік ауқымда олар қосымша құны жоғары бәсекелік артықшылықтары бар өнім өндіруде көптеген кедергілерге соқтығады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2004 жылғы Қазақстан халқына жолдауында инновациялық дамудың, яғни ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыруға бағытталған жаңа экономикалық саясаты белгіленген. Республикамыздың 2003-2015 жж. индустриалды-инновациялық дамуы Стратегиясының басты мақсаты тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшіру мақсатында өндіріс салаларын диверсификациялауға негізделген. [3, 16 б] Яғни бұл мәселелерге ұлттық ауқымда көңіл бөліне бастайды. « Үшінші мыңжылдықтағы ғылым» айдарымен өткен халықаралық конференцияда Елбасы: « Жаңа жүзжылдықтағы тұрақты даму стратегиясы отандық ғылым жетістіктеріне ресурстарды үнемдейтін және экологиялық таза технологиялар негізінде ғылыми сиымдылығы жоғары және бәсекеге қабілетті өнім өндіруге байланысты екендігі күмәнсіз», деп атап өтті. [23, 1 б]Жетілген экономика деп жаңа, әрі күрделі салаларда бәсекеге түсе алатын экономиканы атайды, ал бұндай жетістіктерге тек инновациялық қарқынмен ғана қол жеткізуге болады.
Егер қандай да бір салада бір өнімді басқа өнім тез алмастырып отырса, онда фирмалар өзінің техникалық артықшылықтарын сақтап қалып, өз өнімдерін бәсекелестерге қарағанда шапшаң енгізу үшін нарық субъектілерінің инновациялық белсенділігімен экономикалық өсім арасындағы шартты байланыс дәлелдеп отыр. Ұлттық экономикада ғылыми сиымдылығы жоғары және жоғарғы технологиялық салалардың болуы, олардың ішкі нарық пен әлемдік деңгейдегі бәсекелік артықшылықтары бар өнім шығару қабілеттерін түбінде ұлттық өндірістік бәсекеге қабілеттілігі мен ұлттық инновациялық жүйенің басты факторы бола алады. [28, 49 б]
Көздеген бәсеке ауқымына қарай инновациялық саясат сәйкесінше әр түрлі деңгейлерде – ұлттық, корпоративті, аймақтық, фирма, тауар төңірегінде жүргізілу ықтимал. Аймақтық және ұлттық деңгейде бизнестің бәсекеге қабілеттілігін кешенді түрінде бағалау жүйесінде олардың жүргізіп отырған инновациялық саясатына ерекше назар аударылады. Әлемдік деңгейде өнеркәсіп салаларындағы ғылыми зерттеулерге, ғылымға, жаңа технологиялық және инновациялық өнімге деген инвесторлардың салымының жылдан жылға арттыру бәсекеге қабілеттілігін дамытудағы өндірісті инновациялық тұрғыда дамытудың рөлі тереңдеп отырғанның белгісі
Мемлекеттің негізгі инновациялық саясаты келесі шараларды қамтуы тиіс:
— инновациялық шаралардың экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін қалау;
— өндіріс тиімділігі мен ішкі нарықтағы тауар өндірушілердің өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін технологиялық жаңалықтар енгізу негізінде арттыру;
— кәсіпкерлердің инновациялық белсенділігін көтеру және инновациялық іс-әрекеттерді асыруға бөлінген мемлекеттік қаржыларды тиімді қолдану;
— отандық инновациялық өнімді халықаралық нарықта өткізуді қолдау және республикадағы өнімнің осы түрі бойынша экспорттық әлеуметті арттыру.
Жаңа инновациялық саясат іске асқаннан кейін келесі нәтижелерді күтуге болады:
- өндірістік жүйедегі ресуртарды қолданудың тиімділігін арттыра отырып, бәсекелік артықшылықтың ерекше түрлімен ұлттық экономиканы жетілдіруде құрылымдық өзгерістер енгізу;
- халықтың әл-ауқатын, өмір сүру деңгецінің жақсаруы.
Қазақстанда ғылымды несиелеу, яғни ғылымныңЖІӨ-гі үлесі 0,3 %-дан аспай отыр, ал ЮНЕСКО дамушы мемлекеттерге ғылыми зерттеу жұмыстарына жұмсалатын шығындар ЖІӨ-нің 1 %-нан кем болмауын ұсынады. Қазақстанның стратегиялық мүдделеріне қарай 2010 жыл ғылымды қаржыландыру ЖІӨ-нің 2 % , ал 2015 жыл 2,5-3 % жеткізу қажет. Еуропалық одақ өзінің барлық мүшелеріне ғылымға салынатын қаржы үлесі ЖІӨ-нің 2,5 %-дық үлесін нұсқап отыр. Ғылыми техникалық өнімдер нарығын зерттеу нәтижелері бойынша өнеркәсіп, құрылыс, көлік, байланыс және ауылшаруашылық салаларындағы 2146 сұрастырылған мекемелердің тек 16,5 % ғана болашақта инновациялық процес негізінде жаңа өнім түрлерін шығаруды жоспарлап отыр екен. Егер отандық өндірушілер тарапынан инновациялық селқостық жалғаса беретін болса, онда өнімнің шығындары, сапа, қызмет көрсету папметрлері бойынша ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті өнім өндіру мүикіншіліктері шектеледі.Өйткені нарықтағы жаңа өнімнің сапасы мен бағасы, технико-технологиялық параметрлері бәсекеге қабілеттіліктің басты анықтаушысы. [25, 31 б]
Инновациялық саясаттың іске асуының белсенділігі негізгі қаржы мәселесіне, оларға деген экономикалық қажеттілікті анықтайтын нарықтық сұранымға, бәсекелік ортаның дамуына, ғылыми техникалық әлеуметтің дамуына, тұрғындардың менталитеті, олардың білімі мен мәдени деңгейі және сыртқы экономикалық байланыстарға тәуелді. Бұлардың әрқайсысы инновациялық процестерге тікелей немесе жанама түрде әсер етіп отырады.
Егер дамудың ішкі механизмдері мен сыртқы құралдары инвестициялық негіздер мен инновациялық жандандырумен ерекшеленсе онда ұзақ мерзімді және динамикалы экономикалық өсімге қол жеткізуге болады. Сондықтан Республикамызда келесі мәселелерді шешу қажеттілігі тұр:
— отандық тауарлар мен өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
— бәсекеге қабілеттіліктің әр түрлі деңгейлеріндегі мекемелердіңдаму механизмдері;
— технологиялар мен менеджменттегі, яғни ұйымды кәсіби басқарудағы инновацияның атқаратын рөлдерін дамыту мәселелері;
— отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі мен инновайиялық белсенділігін арттырудағы институционалдық факторлар жетілдіру.
Бәсекеге қабілеттілікті және экспортқа бағытталған өңдеуші салаларды дамыту мен жетілдіру ұлттық экономикамыздың шикізаттық бағытын алмастырып, тұрақты даму жолына түсуге кең мүмкіндіктер туғызады. Сонымен қатар, республикамыздың Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру қарсаңында өндірісті диверсификациялау мен инновациялық саясатты қарқынды түрде іске асыру қажеттілігі тұр. Өндіруші салалардың қарқынды түрде дамуы отандық экономиканы шикізаттық бағыттармен шартталып отырғандығы мұнай, газ, түсті және қара металдарға әлемдік нарықтың оңтайлы конъюктурасына байланысты болып отыр. Қазақстандағы экспорттық секторында ұлттық ҒЗТКЖ-на көп уақыт пен қаржы жұмсап отыру тиіс, инновациялық стратегияларды ұстанып отыру фирмалардың нарықтағы өміршеңдігін анықтайды. Сонымен қатар саладағы тәжірибе қисығы қиғаш болса, жаңа өнімді ең алғаш енгізіп, басым нарықтық үлеске қол жеткізген фирмалар өндіріс шығындарын төмендетуге негізделген бәсекелік артықшылықтарды қолдана алады. [15, 224 б]
Ноу-хау мен технологиялардың аппараттық тұйықтығы саладағы бәсеке интенсивтілігіне ықпал ете алатын мықты фактор болып саналады. Ерекше технологияларға потенттер мен біліктілігі жоғарғы деңгейдегі персоналдың болуы салаға жаңадан енгісі келетін және басқа да бәсекелестерге мықты тосқауыл бола алады. Әр фирма ерекше бәсекелік артықшылықтар беріп отврған технологиясын қорғап отыратындықтан, бақталастврдың мүмкіндіктері техникалық деңгейі жағынын бәрә бір толық қанды бәсекеге түсе алиайды.
Технологиялық инновацияларға өндірістік аяда ең алғаш рет зерттеу жүргізген ғалым И. Шумпетер еді. Ол өзінің « Іскерлік белсенділік циклдері» ілімінде экономикалық дамудың қорғаушысы кәсіпкрдің инновациялық әрекеттері деп көрсетті. Яғни, кәсіпкер экономика мен экономикалық өсімнің бәсекелік тұғыдағы құрылымдық өзгерісінің қайнар көзі.Жалпы инновацияларды өнім өндірудің кез келген кезеңінде енгізуге болады. Инновациялық өзгерістер технологиялық процесстерден басқа жабдықтар мен құралдардың жаңаша түрлерін енгізу мен тұтынушыларға тауарды сатуға дейін және сатудан кейін қызметтің ерекше, жаңашыл түрін көрсете отырып, дифференцияланған бәсекелік артықшылықтарға қол жеткізудің басты шарты.
Инновацияларды шартты түрде екі деңгейде қарастыруға болады:
- Өндіріске алғаш рет енгізіліп отырған жаңалықтар, идеялар ал бұларды енгізіп отырған инноваторлар жоғарғы деңгейдегі бәсекелік артықшылықтарға қол жеткізе алады.
- Имитатор – фирмалар енгізіп отырған қайталанбалы ноу-хау немесе жаңалықтар.
Бірінші деңгейдегі инновациялар мекемелердің барлығында жаппай қолданыс таба алмауы ықтимал. Екіншісі қатаң бәсеке талаптарына төтеп бергісі келетін фирмалдарда қолданыс табуы керек.
Қазіргі кезде экономикалық байланыстар мен қатар, ақпараттар мен технологиялардың да жаһандық сипатқа ие болуы ішкі нарықтағы бәсеке мен халықаралық бәсекеге де сәйкесінше өзгерістер енгізіп отыр. Мұны төмендегі тенденциялардан байқауға болады:
— Біртекті өнім ұсынып отырған жабдықтаушылар сыбайлас мекемелермен өндірістік байланыстарын нығайта отырып, шығындарын барынша азайтуға ұмтылысы;
— Мекемелердің бәсекеге қабілеттілігін көтеру мақсатында тік интеграция жүргізе отырып, құндылықтар шынжырын жетілдіру;
— Нарықтағы бәсеке интенсивтілігінің күшеюіне байланысты өз фирмаларының мүдделерін қорғауға бағытталған стратегиялық альянстарындың және диверсификация негізінде құрылған конгломираттардың көбеюі. [27, 40 б]
Менің пікірімше, ұлттық экономикадағы инновациялық белсенділік қана өнеркәсіптің жетекші факторы бола алады. Бұл мәселе жөнінде ресейлік экономистердің дұрыс пайымдауынша «ресейлік экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің көп факторлы мәселелері жан-жақты бағытта қарастырылуы тиіс». Бұл факторлардың ішінде жетекші орында инновациялық факторлар тұр, өйткені дәл осы факторлардың ықпалымен экономиканы құрылымдық түрде өзгертуге болады.
Мемлекттің экономикалық жағдайы мен экономикалық өсімінің мықты көрсеткіші алғышарттарын алдыңғы технология мен инновацияның, жұмыскелердің кәсіпқойлығының артуы қамтиды. Бірақ бұл процесс мемлекетімізде инновациялық әлеуеттің болуына қарамастан нарық субъектілері тарапынан толық қолданыс таппай отыр. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай ұлттық ресурстарды мақсатты түрде дұрыс шоғырландыру, инвестициялық ресурстарды стратегиялық бағытта қолдану бәсекелік ортаны қалыптастырып, фирма қызметінің тиімділігін арттыруға, инновациялық белсенділігін жеделдетуге және олардың ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, мемлекеттің инновациялық бағыттағы тұрақты өсімін анықтай алады. Респубдликамызда инновациялық белсенділікті арттыруға кедергі болып отырған негізгі факторларға келесілерді жатқызуға болады: бюджеттік қаржыландырудың жеткіліксіздігі, банкттердің несиелік мөлшерлемелерінің жоғарылығы, тапсырыс берушілердің төлем қабілетсіздігі сияқты макроэкономикалық факторлар. Салық кодексіндегі кемшіліктер кіші бизнестің дамуының басты кемшіліктерінің бірі болып, инновациялық процестердің де тежеуішіне айналуда. Оған қоса Қазақстанның экономикалық дамуы мен өндірістік қуатының артуына байланысты шет елдік бәсекелестер де өздерінің инновациялық өнімдерін әлемдік нарыққа, оның ішінде біздің елімізге экспорттауға контрстратегияларын күшейтіп отыр.
Соңғы кездері ҚР статистика агенттігінің ақпараттық-талдау мәліметтері бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерге бөлінетін мемлекеттік бюджет қаржыларының көлемі артып келеді. (Кесте 1)
Жалпы технологиялық инновацияларға жұмсалған барлық шығындар 26933,1 млн. теңгені құрап, оның ішінде инновациялық жобаларды инвестициялауға жұмсалған мекемелердің қаржылары – 95,8%, республикалық бюджеттен -0,1%, шетелдік қаржылар-0,9% және басқалары -1,6%-дан тұрды.
Кесте 1 — Жиынтық ішкі өнімге шаққандағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен өңдеулердің үлесі, (пайыз)
|
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
Жиынтық ішкі өнім, млрд. теңге |
3250,6 |
3776,3 |
4612 |
5542,5 |
Мемлекеттік Бюджеттің іргелі ғылымии зерттеуулерге жұмсаған шығындары, млрд. Теңге
|
2,3 |
2,7 |
2,9 |
3,6 |
ЖІӨ-ге шыққандағы іргелі ғылыми зерттеулерге жұмсалған шығындар үлесі, пайыз
|
0,07 |
0,07 |
0,06 |
0,06 |
Ғылыми-техникалық жұмыстардың көлемі, млрд. Теңге
|
9,2 |
13,8 |
4,4 |
18,5 |
Орындалған ғылыми-техникалық жұмыстардың ЖІӨ-ге шаққандағы үлесі, пайыз |
0,28 |
0,37 |
0,31 |
0,33 |
Алынған көзі: казахстан сегодня. Информационно-аналитичиский сборник / К.С Абдиевтің ред. Алматы, 2005. Қазақстан Республикасының статистикалық агенттігі
Республикамыздың нарықтық қатынасты даму жолындағы ұлттық экономикамыздың стратегиялық маңызы бар өзекті мәселелеріне отандық ғылыми сыйымды өндірістер мен дамушы салаларды дамыту, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға негізделген және мемлекетіміздің ғылыми- техникалық, өндірістік әлеуетін сақтау мен дамыту арқылы ұлттық бәсекеге қабілеттілік пен экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Постиндустриалды кеңістікте технологиялық прогрестің маңызды факторлардың бірі – мемлекеттің инновациялық саясаты болып отыр.Бұны экономикасы мықтап дамыған технологиялық дамудың жоғарғы сатысында тұрған мемлекеттерде экономиканың модернизациясына елеулі ықпалы болмай, керісінше, ұлттық экономиканың экспорттық секторға қарай бюағытының басымдығы ішкі және сыртқы нарықтардағы өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп отыр. Өнеркәсіптің өңдеуші салаларындағы бәсекеге қабілеттіліктің төменгі деңгейі ДСҰ-на кіруде бірқатар қиыншылықтар туғызуы ықтимал. Сондықтан қосымша құны жоғары дайын өнім мен жоғары технологиялық өнімдердің әлемдік нарығына шығуда өңдеуші салаларды да жедел түрде инновациялық бағытқа бұру қажеттілігі өзекті мәселеге айналып отыр.
Ішкі нарықтағы өндірістік әлеуеттің тиімділігін арттыру мақсатында өндіріс факторлардың қолданудың рационалдығын көтеру, негізгі қорларды жаңартуға, өндіріске жаңа және жоғары технологияларды енгізу, өнім сапасын әлемдік стандарттарға дейін көтере отырып, ДСҰ-на кіру барысында маңызы артып отырған мәселе — өнімнің ішкі және сыртқы нарықтағы көтеруге бағытталған болуы тиіс. [29, 166 б]
Мемлекетімізде инновациялық және технологиялық прогрестің тежелуі немесе баяу қарқынмен дамуы әлемдік нарықтың шикізаттың көзі болып қала беруіне соқтықтырады. Ал мұндай болашақ технологиясы жетік дамыған мемлекеттерге тәуелді еткізіп, прогрестің соңғы сатыларында жүруге итермелейді. Отандық өндірушілер мен тұтынушылардың қандай да бір тауар түрі бойынша сыртқы нарыққа тәуелділігі түбінде мемлекеттің халықаралық бәсекедегі орнын төмендетіп, оларды сатып алудан түскен қосымша құн мен валюталық түсімдер шетелдік бәсекелестердің өндірісі мен технологияларын жаңартуға жұмсалады.
Өндірістің индустриялды-инновациялық тұрғыда жедел дамуын талап етіп отырған шаруашылықтың қазіргі жағдайында келесі факторларды ескеру қажет:
— институционалды тұрғыда тиімді қызмет атқаруға қабілетті жеке меншік секторын қалыптастыру;
— өндірістік тұрғыда импорттың орнын алмастыру мен инновациялық саясаттарды алға қоя отырып, ішкі нарықтағы өндірушілердің өнімдері мен сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
— ресурстық тұрғыда инвестициялық жедел амортизация саясаттарын қалыптастыру мен еңбек ресурстарының тиімділігін көтеру;
— ұйымдастыру – басқару шаралары бойынша мемлекеттік стратегиялар мен өндіріс анклавтары арасындағы мүдделерді үйлестіру.
Қорыта келгенде, экономикалық тұрғыда дамыған мемлекеттер қатарына жоғарғы технологиялы өнімдер нарығында бәсекеге түсе алатын елдерді жатқызуға болады. Ал тиімді ұлттық инновациялық жүйе бәсекеге қабілетті ұлттық экономиканы құру мен қалыптастырудың басты механизмі. Дұрыс өңделген инновациялық саясат индустриялды-инновациялық дамудың жетекші тізгіні ретінде отандық ғылыми сиымды өндірісті дамыту мен бәсекеге қабілетті ұлттық экономиканың негізгі құралы бола алады. [21, 37 б]
ҚОРЫТЫНДЫ
Дамыған елдер тәжірибесі бойынша тек қана нарықтық принциптер негізінде материалдық-техникалық базаның қалыптасуы мүмкін емес. Елдегі инновациялық даму мемлекеттің араласуынсыз оң нәтиже бермейді, сондықтан инновация мен инвестиция мемлекеттік реттеудің объектісі болып табылады.
Көптеген дамушы елдер табиғи ресурстарға бай бола тұра, тұрақты дамуға қол жеткізе алмады. Қысқа мерзімде шикізат экспорты бұл елдердің мемлекеттік қазынасына табыс әкеліп, тұрғындардың әл-ауқатын көтереді. Алайда, уақыт өте келе жоғары табыс экономиканы құлдыратады, яғни мемлекетті шикізат экспортынан және оның рыноктағы жағдайынан тәуелді етіп, шикізатты аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды және шикізатты күндердің күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Дәл осы жағдайдан шығудың бір ақ жолы бар, ол – жоғары технологиялық өндірісті дамыту.
Қазіргі таңда ел экономикасы дамудың шешуші факторлары – ғылым мен инновациялық технологиялар екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз.
Дүниежүзілік экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстанның қазіргі таңдағы экономикасының дамуында мынадай мәселелер орын алуда:
- экономиканың бір жақты шикізатты бағыттылығы;
- әлемдік экономикаға ықпалдасудың әлсіздігі;
- ел ішіндегі салааралық және өңіраралық ықпалдасудың босаңдығы;
- ішкі рынокты тауарлар мен қызметтерге тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика);
- өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның жеткілікті дәрежеде дамымауы;
- кластерлік желілердің дамымауы,яғни кәсіпорындардың бір орталыққа шоғырланбауы;
Осы мәселелерді шешу қызметі барысында стратегияның келесі міндеттерін атап өтсе болады. Стратегияның міндеттері:
- өңдеуші өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқынының 8-8,4 % мөлшерінде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігін кемінде 3 есе арттыру және ЖІӨ энергия сиымдылығын 2 есе төмендету;
- өңдеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының өнімділігін арттыру;
- кәсіпкерлік құрылымды қалыптастыру, бәсекелестік артықшылықты жетілдіретін қоғамдық институттарды қамту, қасылған құнға барынша қол жеткізе отырып, нақты өндірістерде қосылған құн тізбегіндегі элементтерді игеру;
- ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық экспортқа негізделген өндірістер құруды ынталандыру;
- сапаның әлемдік стандартына көшу;
- дүниежүзілік ғылым-техникалық және инновацияялық процестерге қосыла отырып, өңірлік және дүниежүзілік экономикамен ықпалдасуды күшейту.
Осы стратегияны іске асыру мерзімі 2003-2015 жылдарды қамтиды және ол даму барысында келесідей кезеңдерден тұрады:
1кезең. 2003-2015 жылдар аралығын қамтиды;
2 кезең. 2005-2010 жылдар аралығын қамтиды;
3 кезең. 2010-2015 жылдар аралығын қамтиды.
Қорытындылай келе, Қазақстанның АЗ пен ИӨЖ құру бойынша саланың орны толтырылмай, мемлекеттің болашағы тек импортқа тәуелді болады.
Қазір Қазақстан стратегиялық таңдау алдында тұр. Бұл таңдау оның онжылдықтардағы тағдырын шешеді. Мұндай таңдаудың қажеттігі ішкі және сыртқы факторлармен шартталған. Бүгінгі таңда экономика қайта қалпына келу фазасына келді. Бірақ жоғары макроэкономикалық берген даму имульстері салыстырылмалы айтқанда таусылды. Экономикалық өсудің ішкі көздерін іздеу қажет. Олардың арасынан бәсекеге қабілеттілікті арттыру, отандық өнім өндірісін және ішкі және сыртқы нарықтарда сатуды кеңейту. Ал бұл технологиялық өзгерістерсіз мүмкін емес. Ал бұл қазір күрделеніп келе жатқан мәселелерді шешудің амалы. Егер Қазақстан бұл процеске қосылудан бас тартса, ол әлемдік ғылыми-техникалық прогрестен артта қалып, қуатты жоғары технологиялы шетелдік трансұлттық компаниялар үшін табиғи шикізат пен өткізу нарығының көзі ретінде бақылауынан тәуелді болуы ықтимал.
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ
1 ҚР – Қазақстан Республикасы;
2 АҚШ – Америка Құрама Штаты;
3 ҒТП – Ғылыми техникалық прогресс
4 ЖҰӨ — Жалпы ұлттық өнім;
5 НИОКР – Научно-исследовательские опотно конструкторные работы;
6 ЖІӨ — Жалпы ішкі өнім;
7 ҒТИП – Ғылыми-техникалық индустриалы паркет;
8 КСРО – Кеңес Совет Республикалар Одағы;
9 ҒЗТКЖ — НИОКР-дың қазақша аудармасы;
10 ҰТ – Ұлттық табыс;
11 ДСҰ – Дүниежүзілі Сауда Ұйымы.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1 Қазақстан Республикасының « Инновациялық қызмет » туралы заңы.- Алматы, 2002 ж.- 6 б.
2 Назарбаев Н. Ә. Қазақстан 2030.- Алматы, 1998 ж.- 78 б.
3 Назарбаев Н. Ә. Қазақстан Респусбликасының2003-2015жж. индустриалды-инновациялық дамуының стратегиясы.- Астана, 2003 ж.- 16 б.
4 Назарбаев Н. Ә. Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы.- Алматы, 2003 ж.- 52 б.
5 Хударков В. История экономических учений.- М., 1994 г.- с 237.
6 Аубакиров Я.А. Экономикалық теория.- Алматы, 1999 ж.- 135 б.
7 Тодаро М. Экономическое развитие.- М., 1995 г.- с 15.
8 Костюк В. К. История экономических учений.- М., 1997 г.- с 57.
9 Смит А. Исследования о природе и причинах богатства народов.- М., 1991 г.- с 15.
10 Храпунов С. Региональная экономика.- Алматы, 2000 г.- с 72.
11 Горфинкель В. Я., Швандер В. А. Курс предпринимательства.- М.,1997 г.- с 112.
12 Баймұратов О. Национальная экономическая система.- Алматы, Атамұра.- 2001 ж.- с 192.
13 Оразалі Сәбен. ХХІ ғасырға қандай экономикамен кіреміз.- Алматы, 1997 ж.- 143 б.
14 Гелбрейт Дж. Экономические теорий и цели общества.- М., 1976 г.- с 183.
15 Шеденов У. К. Сфера обслуживания: экономика развитого социолизма и удовлетворение насущних потребностей народа.- Алматы, 1983 г.- с 224.
16 Парамонов В. В. Экономика Казахстана(1990-1998гг.).- Алматы, 2000.- с 41.
17 Кубаев Е. Экономическая политика и экономический рост.- Алматы, 2000 г.- с 23.
18 Мамыров Н. К., Акчура Ф. С. Человеческое развитие в Казахстане.- Алматы, 2003.- с 10.
19 Маркс К., Энгельс Ф. Соч. Т. 46. ч 2.- с 22.
20 Бимендиева Л. А., Жылжақсынова Ш. П. Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет ету нәтижесі ретінде // Вестник КазГУ, Серия экономическая № 6 (46), 2004 ж.- 18 б.
21 Даулетова А. М. Бәсекеге қабілеттілікті арттырудың инновациялық факторлары // Аль- Пари №4, 2005 ж.- 37 б.
22 Селезнев А. Макроэкономические факторы роста производства // Экономист № 5, 1999г.- с 42.
23 Назарбаев Н. А. Участникам международной конференций « Наука третьего тысячилетия» // Казахстанская правда.- 2000ж., 11 мамыр.- 1 б.
24 Нуреев Р7 Теория развития: Институтциональные модели становления рыночной экономики // Вопросы экономики № 6. 2002 г.- с 13.
25 Есайдар У. С. Кәсіпорындардың инновациялық қызметін мемлекет тарапынан реттеу қажеттілігі // ҚазҰУ хабаршысы, экономика сериясы № 4, 2005 ж.- 31 б.
26 Казахстан сегодня: Информационно-аналитический сборник // ҚР статистикалық агенттігі.-Алматы, 2005ж.-с 26.
27 Сатубалдин С. С Азиатский кризис и экономика Казахстана // Материалы Международной конференций, посвященной 10 –летию независимости РК.- Алматы, 2001 г. Часть 1.- с 40.
28 Кабдиев Д. К. Рост государственного регулирования в условиях к переходу к рынку // Материалы Международной конференций, посвященной 10 –летию независимости РК.- Алматы, 2001 г. Часть 1.- с 49.
29 Оспанов С. С. Модели медотраслевого баланса – основнойинструмент стратегического планирования // Материалы Международной конференций, посвященной 10 –летию независимости РК.- Алматы: Қазақ университеті, 1998 г.- с 166.