ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОРТАЛЫҚ – АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
«Экономика факультеті»
«Қаржы және есеп кафедрасы»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты
Қорғауға жіберілді:
«Қаржы және есеп»
кафедрасының меңгерушісі
э. ғ. д. , профессор Сигарев М.И.
«____» _____________ 2008жыл.
АЛМАТЫ 2008 жыл.
ЖОСПАР
Кіріспе………………………………………………………………………………
I БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ.
1.1.Инвестицияға жалпы мазмұндама…………………………………….
1.2. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының алғы шарттары…………………………………………………………………………….
II БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
инвестициялық саясатын талдау.
2.1. Қазақстан Республикасының инвестиция тартудан әлемде алатын орны……………………………………………………………………
2.2. Қазақстандағы Республикасының инвестициялық белсенділігін арттыру……………………………………………………………….
2.3. Инвестицияны негізгі басым өндіріс салаларына тарту….
III БӨЛІМ. Қазақстан Республикасының
инвестициялық саясатының даму
перспективалары.
3.1. Инвестицияны елімізге тарту және инвесторлар үшін жағдай жасау…………………………………………………………………………….
3.2. Қазақстандық кәсіпорындардың инвестициялық саясатын жетілдіру жолдары……………………………………………………………………
Қорытынды…………………………………………………………………
Қолданылған әдебиеттер тізімі:………………………
Кіріспе
Кез келген мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыраттты. Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Мемлекеттің инвестициялық қызметі оның экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.
Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар барлық ұйымдық-құқықтық кәсіпорындардың қаржылық-шаруалылық тәжірибесінде қаржылық инвестициялар да кеңінен етек жайып келеді. Акционерлік қоғамдар жыл өткен сайын көптеп ашылу үстінде, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекет те уақытша бос ақша қаражаттарын тарту үшін қарыздық құнды қағаздарды кеңінен пайдаланатын болды. Туынды құнды қағаздар (фьючерстер, опциондар және т.б.) нарығы да дамып келе жатыр.
Осы айтылғандар мемлекет тарапынан қазіргі заман талаптарына, нарықтық экономика талаптарына сай инвестициялық саясат жүргізуді қажет етеді. Кез-келген мемлекет инвестициялық саясаты мүмкін болған инвестициялық жобалардың ішінен өзінің стратегиялық мақсаттарына сай нұсқаларын таңдап ала білумен сипатталады. Сонымен қатар, инвестициялық саясат жобаларды қаржыландырудың оңтайлы көздерін тартуды, оларды тиімді орналастыруды, нәтжижесінде инвестициялық табыс табуды немесе капитал өсімін қамтамасыз етуі керек. Сондықтан да инвестицияларды дұрыс басқару қазіргі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр.
Дипломдық жұмысымның тақырыбы – «Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты» болып табылады. Жұмыстың негізгі мақсаты — Қазақстан Республикасының ұстанатын инвестициялық саясаты, оның қызметін басқару, инвестиция тартудың күрделі мәселелерін шеше отырып елімізге тарту. Инвестицияны өз елімізге тартудың негізгі себептері, қиыншылықтары мен кедергілері, инвестицияны негізгі тетік көздеріне, экономикалық-қаржылық, стратегиялық және тактикалық маңызы бар басым салаларға бағыттау менің дипломдық жұмысымның басты мақсаты болып табылады. Нарықты зерттеп, еліміздің экономикасына тура баға беріп, жоспарлы стратегия негіздеріне сүйене отырып, инвестициялық сипаттағы тиімді шешімдер қабылдаулың бастапқы негіздерін игеру болып табылады.
Жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметін басқарудың негіздері, инвестициялық саясатты қалыптастырудың және жүзеге асырудың принциптері қарастырылады.
Екінші тарауда инвестициялар бойынша шешімдер қабылдаудың әдістері қарастырылып, оларды нақты тәжірибе жүзінде қолдану жағдайлары қарастырылады. Әлемдік тәжирибеде кеңінен қолданылатын инвестициялық жобаларды талдау әдістері мысалдармен өрнектей отырып кестелермен толықтырдым.
Үшінші тарау қазіргі таңдағы еліміздегі артта қалып қойған немесе дамымай қалған салаларды дамыту және сол салаларға инвестиция құю қызметімен, белсенділігімен, олардың инвестициялық қызметін қаржыландыру ерекшеліктерімен байланысты мәселелері және оларды шешудің жолдарына арналады.
I БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ.
1.1.Инвестицияға жалпы мазмұндама.
Инвестиция — лизинг келісімшартын жасасқан сәттен бастап, қаржы лизингі құралдарын қосқандағы мүліктің барлық түрі (жеке қолданысқа арналған тауарлардан басқа), сонымен қатар, заңдық тұлғалардың жарғылық капиталына инвестордың салатын оларға деген құқығы немесе кәсіпкерлік қызмет үшін қолданылатын тіркелген активтердің өсуі. Бағалы қағаздар нарығына сәйкес инвестиция деген акциялар, облигациялар және т.б. қаржы құралдарын алуды білдіреді.
Тікелей инвестициялар: тікелей инвестициялау кәсіпорны тікелей шетел инвесторына жай акциялардың немесе акционерлер дауысының кем дегенде 10 пайызы немесе осындай қатысудың баламасы тиесілі.
Портфельдік инвестициялар: Қазақстан қор биржасында бағалы қағаздардың бағасын белгілеу баға белгіленетін акциялардың құнын түзету үшін қолданылады. Шетел инвестицияларын тіркеу, компаниялардың шоттары, сондай-ақ екі жақты көздер деректерді салыстырып тексеру үшін пайдаланылады.
Қаржылық туынды құралдар: жүргізілген мәмілелердің көлемі аз және бөлек санатта көрсетілмеген («Портфельдік инвестициялар» бабы бойынша борыштық бағалы қағаздардың құрамында көрсетіледі).
Басқа инвестициялар: Басқа инвестициялар бойынша деректер, ең алдымен, банктер мен кәсіпорындардың сыртқы активтері мен міндеттемелері жөніндегі есеп нысанымен қамтамасыз етіледі. Есептің нысаны ТБ және ХИП компиляциялық талаптарына сәйкес әзірленді және баға мен бағам ауытқулары нәтижесінде операциялық өзгерістер мен құн өзгерістерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттiк инвестициялар: Индустриялық-инновациялық даму саласында жүзеге асырылатын мемлекеттiк инвестициялардың көздерi республикалық және бюджет қаражаты, сондай-ақ мемлекет бақылауындағы кәсiпорындардың (дамудың мемлекеттiк қаржылық ұйымдары, ұлттық компаниялар, мемлекеттiк кәсiпорындар) қаражаты болады.
Бюджеттiк инвестициялар басымдықтарының арасында индустриялық-инновациялық даму үшiн зияткерлiк және инфрақұрылымдық негiз құратын салалар қалуы тиiс. Бюджеттiк инвестициялар олардың болуы жоғары технологиялы өндiрiстiң қалыптасуының маңызды қосымша шарты болатын қажеттi базалық және әлеуметтiк инфрақұрылым дамытуға бағытталып, өңiрлерде iскерлiк және инвестициялық белсендiлiктi күшейтуге ықпал ететiн болады.
Бюджеттiк инвестицияларды тiкелей индустриялық-инновациялық сектор салаларына жiберу негiзгi қызметi несие капиталының сыртқы және iшкi рыноктарына қаражатын тарту болып табылатын қазiргi және құрылатын дамудың мемлекеттiк қаржылық ұйымдары арқылы, сондай-ақ экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшiн институционалдық инвесторлар қаражаттары арқылы жүзеге асырылатын болады. Әр өндiрiстiң әлеуетiн айқындағаннан кейiн инвестициялық саясатты Қазақстан экономикасының шикiзаттық емес секторының барынша тар учаскесiне бағыттауға күш салу керек. Осындай жағдайда ғана өндiрушi сектормен бiрге ұзақ мерзiмдi перспективада Қазақстандық экономиканың негiзiн құрайтын бiрнеше жаңа қуатты салалар пайда болуы мүмкiн.
Басқаша айтқанда, мемлекеттің инвестициялық және әкiмшiлiк ресурстары шектеулi және барлық ресурстарды көптеген салаларға бөлшектеу қосылған құны жоғары, бiрақ салыстырмалы түрде алғанда, халықаралық ауқымда бәсекеге қабiлетi жоғары eмec деңгейдегi орташа дамыған бiрқатар салалардың пайда болуына әкеп соғады.
Индустриялық — инновациялық дамуда мемлекеттiк индустриялық саясатты жүзеге асырудың басқа құралы ұлттық компаниялар болуы тиiс. Мемлекет экономиканың стратегиялық салаларында осы компаниялардың меншiк иесi ретiндегi оларды ресурстарын шикiзаттық емес сектордың жоғарғы технологиялы өндiрiсiн дамытуға инвесторлар, сондай-ақ өнiмдi тұтынушылар ретiнде де белсендi түрде тартуы тиiс.
- Қазақстан Республикасының «Тікелей инвестицияларды қолдау туралы» Заңын инвестициялық жобаларды сараптауды ұйымдастыру мен жүргізу бойынша баптарын жетілдіру;
- отандық және шетелдік инвесторлардың құқықтарын теңдестіру мақсатында жаңа «Инвестициялар туралы» заңды жетілдіру;
- «Құнды қағаздар нарығындағы инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы» Заң қабылдау;
- инвестициялық жобалардың қаржылық тиімділігін бағалау бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірлеу, жобаларды талдау үшін нақты қаржылық көрсеткіштер мен қаржылық ақша ағындарын негізге алу;
- инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау үшін экономикалық көрсеткіштер жүйесін әзірлеуде экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық сипаттағы факторларды ескеру; инвестициялардың тиімділігінің экономикалық негіздерін анықтау барысында өндірістік шығындарын толық есепке алып, кәсіпорынды да, тұтынушыны да қанағаттандырарлық табыс алынуы тиіс;
- инвестициялық жобаларды бағалау бойынша әдістемелік нұсқауларда тәуекелділік факторларының міндетті түрде ескерілуі, инвестициялық жобаларға инфляция деңгейін ескере отырып түзетулер енгізу;
- инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың уақытша әдісін әзірлеу.
Аталған шаралардан басқа инвестициялар және инвестициялық жобалау туралы біртұтас заңдық және нормативтік-құқықтық негіздерді дәлірек айтқанда, «инвестициялық кодексті» қалыптастыру қажет. Бұл инвестициялық саясаттың және инвестициялық жобалауды жетілдірудің негізгі бағыттарын нақты анықтауға мүмкіндік береді.
1.2. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының алғы шарттары.
Қазақстан біздің экономикамыздың дамуына инвестиция тартуға айрықша маңыз береді. Республикада даму үшін барлық қолайлы мүмкіндіктер жасалған, ал ол мүмкіндіктер жылдан-жылға жақсара түсуде.
“Глобал Инсайттың” жуырдағы есебіне сәйкес, Қазақстандағы саяси, экономикалық және қаржы тәуекелдерінің болжамы ТМД-ның барлық елдері бойынша орташа көрсеткіштен әлдеқайда төмен. Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарық экономикасы бар. Өткен бесжылдықта Қазақстан экономикасының орташа жылдық өсуі 10%-дай болды.
Өскелең экономикалық өсім мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағыттылығын елеулі түрде кеңейтуге мүмкіндік берді, мұның өзі отандық экономиканың беріктігін дәлелдейді. Үш жылда ғана елімізде жан басына шаққандағы ІЖӨ 30%-ға өскен.
Экономика өсуінің жоғары қарқыны бізге 2008 жылдың өзінде ІЖӨ-нің өсуін 2000 жылмен салыстырғанда 2 есе өседі деп жоспарлауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде Қазақстан экономикасының түрлі секторларында аса ірі трансұлттық компаниялар мен әлемге танымал брендтер ойдағыдай жұмыс істеуде.
Мәселен, швейцариялық “Корика Эйджи” компаниясымен бірлесіп, алюминий электролиз зауытының құрылысын жүргізудеміз; “Базель” компаниясымен газ химиясы кешені салынатын болады; “Дженерал Электрик” локомотивтер жинастыруды жоспарлауда; “Самсунг” компаниясымен бірге сұр бетон өндіру жөніндегі жұмыстар басталды; “Хевен Хаус” тұрмыстық және офистік жиһаздар шығарады; “Шкода” маркасының автомобильдерін жинау конвейері жолға қойылды. “Пилкингтон” және “Штайнерт” секілді әлемдік компаниялармен бірлесіп, елімізде әйнек өндірісін салу көзделуде.
Мен қазір Қазақстанның мұнай-газ саласын инвестициялайтын аса ірі трансұлттық компанияларды атаған жоқпын. Әлемде мұнай-газ кешені Қазақстанға инвестициялар тартатын негізгі сала деп санау қабылданған. Бірақ та бүгінде біздің бюджетте осы сектордан түсімдер 25%-дан аспайды. Тау-кен өндірісі саласы, түсті және қара металлургия, феррохромды өндіріп, әлемдік рынокқа ұсыну қазіргі таңда еліміз табыстарының негізгі бөлігі болып табылады. Және бұл салалар тұрақты түрде дамып келеді. “Қазақмыс” компаниясының Лондон биржасына шығуына орай біздің тауарларымыз әлемдік рынокқа танымал болды.
1993 жылдан бастап тікелей шетелдік инвестициялардың бүкіл көлемі 50 миллиард АҚШ долларына жуықтады. Елімізге шетелдік инвестициялар ағынының динамикасы тұрақты түрде ұлғайып келеді: егер 2003 жылы 5 миллиард АҚШ долларына жуық инвестиция тартылса, 2005 жылы оның көлемі 1,5 есе ұлғайып, 6,4 миллиард АҚШ долларын құрады. Осы тұста Мемлекет басшысы Қазақстан экономикасына бүгінгі таңда өзінің қаржы ресурстарын әлемнің 60-тан астам елі бағыттап отырғанын айтқан болатын. Инвестициялардың барынша үлкен ағыны АҚШ-тан, Нидерландыдан, Ұлыбританиядан, Италия мен Қытайдан бағытталған.
Осымен бір мезгілде ішкі инвестициялар да ұлғайып келеді. 2005 жылы ғана негізгі капиталға инвестициялар 20 миллиард АҚШ долларына шамалас болған. Үстіміздегі жылдың төрт айында олар 1,3 есе өскен.
Мұның бәрі — еліміздің осы заманғы экономикалық жүйе құрудағы табыстары мен одан әрі дамудың мол әлеуетін дәлелдейді. Бұл мемлекет пен бизнестің бірлескен күш-жігерінің нәтижесі.
Бүгінде еліміздің алдында жаңа, өршіл міндеттер тұр. Қазақстанда әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіру үшін барлық алғышарттар бар. Үстіміздегі жылдың 1 наурызындағы президентіміздің Қазақстан халқына жолдауында ол осы мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін стратегияның басымдықтарын атаған болатын..
Бұл міндетті орындау үшін және шикізаттық бағыттан арылу үшін елімізде 2015 жылға дейінгі Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы әзірленді. Оны іске асыру ел экономикасын 3,5 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл үшін Қазақстанда Даму банкі, Инновациялық қор және басқа даму институттары құрылып, оларды капиталдандыруға мемлекеттік қаражаттан 1 миллиард доллардан астам жұмсалды. Мұнда да шетелдік инвестициялардың капиталы үшін қызметтің кең ауқымы бар. Мемлекет басым бағыттарда айрықша преференциялар жасауда.
Бұл, ең алдымен, Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық “секірістерге” негізделген елді дәйектілікпен экономикалық жаңарту. Мұндай “секіріс” сыртқы дүниеге ашық ұлттық экономика жағдайында ғана қамтамасыз етіле алады, мұндай экономика әлемдік тауарлар, қызметтер, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар рыногының табысты да серпінді бөлігі бола алады және болуға тиіс. Бұл үдерісте біз халықаралық компаниялар тарапынан келетін инвестицияларға үлкен рөл жүктейміз. Сондықтан да елдің инвестициялық ахуалын жақсарту үшін тұрақты жұмыс істеудеміз.
Президентіміздің Қазақстандық III инвестициялық саммитінде мемлекет басшысы сегіз жыл бойы ойдағыдай жұмыс істеп келе жатқан Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысы болатынын еске салып өткен болатын. Біз әр кездесуде шетелдік инвесторлар үшін туындайтын барлық кедергілерді, соның ішінде салық және заңнамалық кедергілерді жою үшін елдің ішіндегі барлық проблемаларды егжей-тегжейлі талқылаймыз, деп атап айтты Нұрсұлтан Әбішұлы.
Мемлекеттің инвестициялық саясатында даму институттарына белсенді рөл жүктеледі, олардың қызметі 2015 жылға дейінгі Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыруға бағытталған.
Бүгінде бұл институттардың инвестициялық жобалар портфелі қаржыландырылуы мақұлданған 134 жобадан тұрады, олардың жалпы сомасы 4 миллиард АҚШ долларына жуық болса, даму институттарының қатысуымен 1,5 миллиард доллар болады.
Даму банкі Оңтүстік Қазақстан облысында тоқыма кластерін жасау бойынша бірнеше жобаларды қаржыландыруда, сондай-ақ Ақтау халықаралық теңіз сауда портын дамытуда. Бұл екі жоба шетелдік инвестицияларды тиімді жағдайда тартуға әзір.
Қазақстанның Инвестициялық қоры отандық жобалармен қатар Қытайда, Ресей мен Қырғызстанда халықаралық жобаларды қаржыландыруға кірісті.
Ұлттық инновациялық қор капиталдану көлемі 100 миллион АҚШ доллары болатын қазақстандық 5 венчурлық қор құрды. Ол сондай-ақ капиталдану көлемі жарты миллиард АҚШ доллары болатын 4 шетелдік: Еуропалық, Америкалық, Орталықазиялық және Малайзиялық венчурлық қорларға қатысуда.
Даму институттары әлдеқайда тиімді жұмыс істеуі, жалпыұлттық басымдықтарға шоғырлануы үшін “Қазына” тұрақты даму қоры” АҚ құрылды.
Бүгінде туризм, тамақ өнеркәсібі, тоқыма өнеркәсібі, металлургия, мұнай-газ мәшинесін жасау, құрылыс материалдары және көлік логистикасы секілді 7 басым кластерді қалыптастыру жөніндегі жұмыстар басталды. Бұл бағыттағы алғашқы қадам Оңтүстік Қазақстан облысында арнаулы экономикалық аймақ құру болды, біз мұнда тоқыма кластерін дамытамыз. Атырау облысында мұнай-химия технопаркін дамыту үшін осындай шаралар жоспарланған.
Кәсіпкерлікті, экономиканы әртараптандыру мен инвестициялар тартуды белсенді ету мақсатында — таяудағы уақытта елде іскерлік ортаны жетілдіру және бизнес жүргізу жағдайларын жақсарту жөнінде бірқатар шешуші шаралар қабылдау жоспарланған.
Біріншіден, мемлекет инфрақұрылымды – жолдарды, көпірлерді, әуежайларды, телекоммуникациялар мен электр энергетикасын белсенді дамытатын болады. Осы айда “Байқоңыр” космодромынан ақпараттық саланы дамыту, байланыс пен Интернеттің тарифтерін төмендету үшін қазақстандық тұңғыш Жер серігі ұшырылды. Біз осымен бірге екінші спутникті әзірлеуге кірістік, ол еліміздің аумағы мен жер қойнауының мониторингін қамтамасыз етеді. Қазақстан ғарыштық державаға айналып, өзінің ұшыру қондырғысын дамытатын болады.
Инфрақұрылымда мұнай мен газды әлемдік рыноктарға тасымалдау мәселесінің зор маңызы бар екені сөзсіз. 2010-2015 жылдарға қарай Қазақстанда мұнай өндіру 2 есе ұлғайып, газ өндіру көлемі 40-50 миллиард текше метрге жететіні белгілі. Солтүстік Каспий мұнай құбырын дамыту және оның қуатын бүгінгі 23 миллион тоннадан 60 миллион тоннаға дейін ұлғайту – бұл бірінші маршрут. Екіншісі – Ресей арқылы Балтық бойына. Өздеріңізге мәлім, былтырғы жылы Қытайға 1000 шақырымдық мұнай құбыры пайдалануға берілді, ол жылына 20 миллион тонна мұнай өткізуге қабілетті және бұл бағыт дамытылатын болады. Қазақстан аумағы арқылы Батыс Қытай жағына қарай газ құбырын салу мәселесі қарастырылуда. Сонымен бірге осы айда біз Әзірбайжан үкіметімен Қазақстанды Баку-Жейһан тұрба құбырына қосу туралы келісімге қол қоямыз. Ішкі және сыртқы мұнай, газ құбырлары – инвестициялау үшін өте қызықты нысандар.
Қазіргі кезде мемлекеттің жол салуға орасан мол қаржы бөліп отырғанын айтып өткеніміз жөн. Жыл сайын біз 1500 шақырым автомобиль жолдарын жөндеп, қалпына келтіреміз, 300-400 шақырым темір жолдар саламыз. ҚХР-ға қарай теміржол магистралін кеңейту басталмақ. Батыс Қытай өте қауырт дамып келеді, сондықтан да қазақстандық компаниялар бұл үдеріске белсене қатысуға ұмтылады.
Жуырда қабылданған Қазақстанның 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы аясында мемлекет Алматы, Астана және Атырау қалаларындағы тораптық әуежай-жинақтаушыларды дамытатын болады, мұның өзі әуе тасымалдарының тиімділігін арттыруға және елдің көліктік әлеуетін іске асыруға жәрдемдеседі. Ірі ауқымдағы жобалардың бірі – Ұлттық ақпараттық супермагистральді іске асыру жөніндегі жұмыс жүріп жатыр.
Екіншіден, фискалдық ахуал бизнес пен халықтың сұранысына барынша сәйкестену жағына қарай өзгеріске түседі. Атап айтқанда, ішкі төлемге қабілетті сұранысты ұлғайту және сату жөніндегі айналымды жариялы ету мақсатында ҚҚС ставкасын 15 пайыздан 2008-2009 жылдары 13-12 пайызға дейін кезең-кезеңмен төмендету көзделіп отыр. 2008 жылдан бастап сондай-ақ әлеуметтік салық ставкасы орта есеппен 30%-ға төмендейді деп күтілуде.
Сондай-ақ таяу уақытта өңдеу өнеркәсібінің салалары, соның ішінде мұнай химиясы кәсіпорындары үшін инвестициялық преференциялар тетігін енгізу жоспарланған. Құрал-жабдықтар импортын кеден төлемдерінен босату да инвесторларға елеулі қолдау болмақ. Сол секілді инвестициялық жобаларға, инженерлік құрылыстарға арналған жер учаскелерін инвесторлардың меншігіне мемлекеттік грант түрінде тегін беру ниеті бар.
Үшіншіден, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру және бюрократиялық кедергілерді азайту жөніндегі қызметке айрықша назар аударылады. Біз қабылданатын мемлекеттік шешімдердің барынша мөлдірлігін және ашықтығын қамтамасыз етуге ұмтылудамыз. Электронды үкімет құру және әкімшілік реформалар пакеті осыған бағытталған. Халыққа “бір терезе” қағидаты бойынша қызмет көрсету одан әрі дамиды.
Төртіншіден, мемлекет пен жеке меншік әріптестігі тетігінің де шетелдік әріптестермен өзара тиімді ынтымақтастық үшін үлкен әлеуеті бар. Бизнес пен қоғам арасында өзара тығыз байланыс орнату әлемдік практикада қалыпты құбылысқа айналды. Мұндай ынтымақтастық осы секторлардың тұрлаулы дамуына жағдай жасап, қоғамдағы тұрақтылыққа және қоғамдық мүдделерге қол жеткізуге жәрдемдеседі.
Бесіншіден, ішкі өңірлік жобалар перспективалық жобалар болып табылады. Кез келген елдің ойдағыдай дамуы бүкіл өңірлерді дамытпайынша мүмкін еместігі баршаға белгілі. Қазақстан көрші мемлекеттермен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға көп күш-жігер жұмсауда. Мәселен, биылғы жылы Ресеймен бірлесіп, жарғылық капиталы 1,5 миллиард АҚШ доллары болатын Еуразиялық даму банкі құрылды. Бұл қуатты құрал ЕурАзЭҚ аясында нақты міндеттерді шешуге көшу мүмкіндігін туғызады. Еуразиялық банк сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге, өңірлерде инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға жәрдемдеседі деп білемін. Банк ЕурАзЭҚ аясында ғана емес, сонымен бірге бүкіл ТМД аумағында қызмет көрсететінін атап айтқым келеді. Тұтастай алғанда, Қазақстан экономикалық интеграция саясатын, соның ішінде төрт мемлекеттің – Белоруссияның, Қазақстанның, Ресейдің, Украинаның Біртұтас экономикалық кеңістігі аясында жүргізіп отыр. БЭК аясында негізгі құжаттарға көп кешікпей қол қойылады деп ойлаймын.
Демек, Қазақстанның шетелдік әріптестермен өзара тиімді ынтымақтастығы үшін елеулі әлеуеті бар. Бұл ретте бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар туғызу мемлекеттің басым міндеті болып табылады.
Қазақстан капиталдар мен инвестицияларды тартудың, өңірлік өндірістер мен аса ірі әлемдік компаниялар филиалдарын, ең жаңа технологиялар мен ноу-хаулар орналастырудың орталығы бола алады және болуға тиіс. Инвестициялық тартымдылық – бәсекеге қабілеттілік қасиеті деп білеміз.
Осында, Алматы қаласында өңірлік қаржы орталығы құрылатынын сіздер білесіздер деп ойлаймын. Қазірдің өзінде тиісті заңдар қабылданды, қала аса ірі әлемдік банктер мен компаниялар жұмыс істей алатын осындай орталық болуы үшін жағдайлар жасалуда.
Біз Еуразияның кіндігінде орналасқанбыз, серпінді дамып келе жатқан экономикамыз бар, демократиялық қоғам құрып жатырмыз – осының бәрі кез келген бизнес үшін табысқа жетудің кепілі болып табылады, дей келіп шетелдік әріптестерімізге қазақстандық іскерлермен тығыз ынтымақтастық орнатуға жаңа мүмкіндіктер беріп, іскерлік топтар арасындағы байланысты нығайтатынына сенімімді білдіремін..
Бүгінгі Қазақстан бұдан 15 жыл бұрынғыдай емес. Қазір Қазақстан бүкіл әлемге белгілі. Солай болса-дағы, шетелге шыққанда біз кейде Қазақстанның мүмкіндіктері, оның бүгінгі күні мен болашақ жоспарлары туралы Батыста әрдайым және барлық жерде жеткілікті біле бермейтінімен кездесіп жүрміз. Бұдан былай біз одан да биік асуларды бағындырамыз деген сенімдемін.
II БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
инвестициялық саясатын талдау.
2.1. Қазақстан Республикасының инвестиция тартудан әлемде алатын орны.
Егер еске түсірер болсақ, 1991 жылы әлемдік қоғамдастық үшін Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағының басқа мемлекеттерінен айырмашылығы аз және бастапқы мүмкіндіктері ең қолайлы бола қоймаған “жарықшақтарының” бірі болып көрінетін.
Ал бүгінде біздің еліміз әлемнің барынша серпінді дамып отырған мемлекеттерінің бірі ретінде сипатталады. Қазақстан инвестициялар үшін өңірдегі барынша тартымды елге айналды. Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, Орталық Азияға келген барлық шетелдік инвестициялардың 80 пайыздан артығы Қазақстанда шоғырланған.
Елге тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жан басына келетін көлемі бойынша Қазақстан ТМД мемлекеттерінің арасында көшбасшы болып қалуда, сондай-ақ ТМД елдерінің арасында инвестициялық сыныптың халықаралық рейтингін алған бірінші ел болып табылады. Бүкіләлемдік банк Қазақстанды әлемнің инвестициялар үшін барынша тартымды жиырма елінің қатарына қосты.
Қазақстанның дүние жүзілік шаруашылыққа интеграциялануға ұмтылысы оның халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастарына белсенді түрде қатысуын талап етеді. Бұл қатынастардың толыққанды мүшесі болу үшін Қазақстанға бірталай проблемаларды шешуге тура келді. Heгізгі валюталық саясаттың бipi — теңге құнының тұрақтылығын орнықтыру және оны еркін ауысатын валюталарға айырбастауды мейлінше ырықтандыру. Мұның өзі бip жағынан, теңдестірілген (баланстылған), екінші жағынан, шетелдік тауарлар мен валюталар үшін ашық ұлттық рыноктың болуын талап етеді. Теңгенің еркін ауысатын валюталармен салыстырғандағы курсының (құнының) орнықтылығы. Қазақстан экономикасы үшін дүниежүзілік рынокқа шығудың тиімді жолы.
Қазақстанда қазірдің өзінде теңгенің ел ішінде еркін ауысуына (внутренняя конвертируемость) ic жүзінде қол жеткізіліп отыр. Ішкі еркін ауысу дегеніміз — ол теңгенің ішкі валюта рыногында шетелдік валютаға өзгермелі курс бойынша еркін айырбасталу мүмкіндігі. Ал, теңгенің толық ауысу (полная конвертируемость) мүмкіндігіне жетуі үшін елдің саяси-экономикалық және қаржы-қаражат турақтылығы, алтын, валюта резервтерінің қорлануы, ТМД елдерімен валюталық ынтымақтастық механизмінің қалыптасуы қажет.
90-жылдардың ортасына қарай теңгенің ішкі ауысуының тұрақсыздығы экономиканың, сонымен қатар қолда бар ақша айналымының едәуір “долларлануына» әкелді.
Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялануға ұмтылыстары қарыз капиталының дүниежүзілік рыногына шығуына, портфельдік және тікелей инвестициялар операцияларына қатысуына мол мүмкіндіктерт береді. Керісінше, егер валюталық шектеулерге, шетелдік капитал үшін қолайсыз инвестициялық ахуалға, ұлттық валютаға тұрақты сенімсіздік жағдайларына жол бepiлce аталған мүмкіндіктерден айырыларымыз анық. Бұл факторлардың бір-бірімен тығыз байланысты екендігіне ешкімнің кумәні болмаса керек. Осы тізбекті үзіп алмай, экономикалық реформалар бағытымен тынбай қозғалу, шаруашылық жүргізу механизмін, соның ішінде валюта рыногын дамыта беру Қазақстанның дүниежүзілік рынокта өз орнын табуының кепілі.
Қазақстанның валюта саясатының маңызды бағыттарының бipi ТМД елдермен экономикалық және валюта одағын қалыптастыру. Бұл арада Еуропалық Одақ шеңберінде қалыптасқан бай тажірибені пайдалану қажет.
Қазақстанның Халықаралық валюта Қоры (МВФ) сияқты халықаралық қаржы ұйымдарына мүше болып Kipyi ел экономикасын жандандыру үшін қарыз, касіпкерлік капиталдарын келтірудің оңтайлы жолы болып отыр. Халықаралық экономикалық және қаржы ұйымда-ры біздің елге бірқатар несиелер береді. Дегенмен, Қазақстанның қазіргі кезеңдегі төлем мүмкіндіктің төмендегі оған бөлінген кредиттердің тауар жеткізуге байланыстырылып, немесе белгілі бip нормалармен (инфляция деңгейі), бюджет тапшылығы т. б.) шектеліп, инвестициялық жобаларға бекітіліп отыр. әрине мұндай жобаларды жедел жүзеге асыру мүмкін емес, ал оның кейбір бвліктерінің пайдаланылмай қалуы да ғажап емес.
1997 жылдан бастап Қазақстан үкіметі өз жұмысының басты бағыттарының бipi шетелдік Инвестицияларды тарту және оларды тиімді орналастыру деп ұйғарып отыр. Инвестицияларды дамушы мемлекеттерді былай қойганда, дамыған елдердің өзінің пайдаланатындығы белгілі.
Шетелдік инвестициялар рыногындағы ахуал оларға деген Шығыс Еуропа және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің орасан зор сұранысына байланысты елеулі шиеленісіп келеді. Осының нәтижесінде капиталды импорттаушылар арасында үлкен бәсеке к,алыптасып отыр. Қазіргі уақытта әзірге капиталды тарту мәселесінде Қазақстанның бәсекелестик қабілеті төмен болып отыр. Қазақстан әлі де болса қызмет көрсету және инфрақұрылымды дамытудың шетелдік инвесторларға қолайлы деңгейіне жеткен жоқ. Кептеген заңдарда, нормативтік актілерде шетелдік капиталмен жұмыс істеу жүйесінің өзінде де әлі айқындық жоқ. Біз әрбір инвестормен жеке келісуге мүмкіндік беретін жеңілдіктер мен преференциялардың (жеңілдетілген кеден бажы) икемді жүйесін қалыптастырып, орнықтыруға ұмтылуымыз қажет.
Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тарту бағдарламасын әзірлеу қажет, ол мынадай қағидаларды қамтуға тиіс:
— Біздің елімізге шетелдік бизнесмендердің келуіне байланысты барлық рәсімдерді оңайлату. Біз визалар алу, шекара және кеден бақылауымен ету, жұмыс істеу құқығына және ел ішінде жүріп-тұруға руқсаттар беру женіндегі барлық ережелерді және тағы басқаларын қайта қарауымыз керек.
Күллі іскер әлем қарым-қатынас жасасатын ағылшын тіліне қазақстандықтарды жаппай оқытуды ұйымдастыру қажет. Бұл бәрінен бұрын мемлекеттік қызметшілер мен қызмет көрсету саласында істейтін адамдарға қатысты, өйткені, тәжірибе кврсетіп отырғандай, ipi бизнес тілдік кедергілері бар елде нашар бейімделеді. Нақ сондықтан да дамушы елдердің көпшілігі осындай, бip қарағанда ұсак, мәселеге мейлінше салиқалы назар аударады.
Біздің авиажелілеріміздің, әуежайларымыздың, ондағы қызмет керсетудің қолайлылырына, жоғары сапалы мейманханаларының, телекоммуникациялардың болуына көп нәрсе байланысты. Біздің мақсатымыз шетелдік бизнесменге неғұрлым жеткілікті ықылас көрсету, оның уақытын үнемдеу болуға тиіс. Бұл қызметтердің құны оны әдетте екінші кезекте ғана толғандырады.
— Инвестицияларға немесе кредиттерге салық үзілістердің жеңілдікті ставкаларды, салық шегерімдерін беруді қоса алғанда, салық жеңілдіктерін, жеделдетілген амортизацияны, жеңілдікті кеден бажын және тағы басқаларын енгізуге баруға тұрады. Олар мемлекеттік басымдықтарды іске асыру үстінде жаңа құрылыс салу жайында әңгіме қозғалған жерде және тек қана сонда болуға тиіс.
Тым жан-жаққа шашырай берудің қажеті жоқ қарапайымнан курделіге қарай жүріп отыру қажет. Бүгін біздің инфрақұрылым объектілеріне — энергетикаға, газ және мұнай құбырларына, әуежайларға, мейманханаларға, байланыс құралдарына, автомобиль және темір жолдарға, су құбырларына назар аударуымыздың қажеттігі айқын. Бұл міндеттерді шешпейінше, елде қолайлы инвестициялық, ахуалдың экспорт пен сауданың, бизнестің өмір суруін қамтамасыз етудің куллі жүйесінің жақсы жұмыс icтeyi мүмкін емес.
Импортты алмастыру және бәрінен бұрын халық тутынатын тауарларды, тағам мен ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу өнімдерін алмастыру жайында байсалды түрде ойлану қажет.
Ақыр соңында, аймақтық басымдықтарды әрі ең алдымен халықты жұмыспен қамту тұрғысынан айқындау қажет. Жеңілдіктер мен преференциялар жүйесі басымдықтар жүйесімен қатар ұластырылуға тиис. Бұл ретте жеңілдіктер берудің барлық ықтимал қиянаттарына сенімді тосқауыл қоя отырып, мейлінше ұқыпты түрде ойластырған жөн.
— Жер мен жылжымайтын мүлікке берілетін құқық түріндегі гранттар, қызметкерлерді оқытуға арналған демеу қаржы, әр турлалымдарды азайту түріндегі субсидиялар сияқты нысанды да пайдалану қажет. Бірақ тағы да басым болып табылатын салаларда ғана.
— Үкіметтің капиталды сыртқа шығаруға, әр түрлі қызметтер мен жергілікті шикізатты артықшылықты пайдалануга арналған кепілдіктерін күшейту қажет.
— Үйлестірілген және оралымды жұмыс жүргізу үшін тікелей шетелдік инвестициялармен айналысатын арнайы мемлекеттік орган құру қажет.
Шетелдік инвестицияларды тарту бағдарламасымен қазірдің өзінде мамандар жұмыс icтeп жатыр. өз уақытында ол жария етіледі.
2.2. Қазақстандағы Республикасының инвестициялық белсенділігін арттыру.
Қазақстанда өзіндік өндірісті дамыту экономикамыздың шикізат секторынан тәуелділік мәселесін шешуде маңызды орын алады. Осы жағдайларға байланысты отандық кәсіпорындарды техникалық жаңаландыру сауалдары көкейтесті болып отыр. Әр түрлі дереккөздерге сүйенсек, Қазақстанда негізгі құралдардың тозу деңгейі 60%-дан 80%-ға дейін жететін көрінеді. Бұл, әрине, кәсіпорындардың тиімді инвестициялық саясат жүргізуіне қолайлы жағдайлар жасауды талап етеді.
Кәсіпорындар үшін инвестициялық жобаларды қандай қаражат көздері арқылы қаржыландыру және оларды қалай жүзеге асыру мәселесі өте маңызды. Осы тұрғыдан қарағанда кәсіпорындардың инвестициялық әлуеті меншікті және тартылған қаражаттар есебінен қалыптасады.
Егер Қазақстандағы кәсіпорындардың өздерінінің өндірістік деңгейін дамыту мақсатында инвестициялық жобаларын қаржыландыру құрылымына көз жүгіртер болсақ, онда тартылған қаражаттардың жыл санап басым үлес алып, өзінің маңыздылығын көрсетіп келе жатқандығын байқауға болады
1-кестеден байқайтынымыз, өндірісті инвестициялауға салынған меншікті қаражаттардың үлесі 2003-жылы 64,3% құраса, 2007-жылы бұл көрсеткіш 61,0% дейін төмендеген. Сәйкесінше, инвестициялауға тартылған қарыз қаражаттардың үлесі 35,7%-дан 39,0%-ға жетіп жығылған. Сонымен қатар, меншікті қаражаттардың абсолюттік өсімі 2003-2007 жылдары 209% құраған.
Кәсіпорындардың инвестициялық қаражаттар тарту құрылымы да көңіл аудартады. Әдетте, қарыз қаражаттар тарту экономиканың қаржы институттары жүйесі – банктер, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, лизингтік компаниялар, шағын несие ұйымдары. Қаражаттар тартудың нысандары алуан түрлі болады.
1 – кесте
Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері
млн. теңге
Көрсеткіштер |
2003-жыл |
2004-жыл |
2005-жыл |
2006-жыл |
2007-жыл |
Меншікті қаражаттар |
492 683,0 |
751 801,0 |
792 909,0 |
917 061,0 |
1 080 000 |
үлесі, % |
64,3 |
62,5 |
58,6 |
59,5 |
61,0 |
Тартылған қаражаттар: |
273 182,7 |
451 503,3 |
559 202,4 |
625 207,4 |
690 131,0 |
Банктік несиелер |
39 683,0 |
115 889,0 |
103 768,0 |
129 237,0 |
139 000,0 |
үлесі, % |
14,5 |
25,7 |
18,6 |
20,7 |
20,1 |
Шет елдік инвестициялар |
169 594,0 |
197 949,0 |
281 716,0 |
239 594,0 |
246 500,0 |
үлесі, % |
62,1 |
43,8 |
50,4 |
38,3 |
35,7 |
Бюджеттік қаражаттар |
45 517,0 |
76 267,0 |
104 501,0 |
164 982,0 |
185 000,0 |
үлесі, % |
16,7 |
16,9 |
18,7 |
26,4 |
26,8 |
Өзге инвестиция көздері |
18 388,8 |
61 388,3 |
69 217,4 |
91 394,4 |
119 631,0 |
үлесі, % |
6,7 |
13,6 |
12,4 |
14,6 |
17,3 |
Жалпы инвестициялар |
765 867,0 |
1 203 304 |
1 352 111 |
1 542 268 |
1 770 131 |
Тартылған қаражаттардың құрылымында банктік несиелердің үлесі артып келеді. Айталық, 2003-жылы тартылған қаражаттардың құрылымында банктік несиелердің үлесі 14,5% болса, 2007-жылы бұл көрсеткіш 20,1% жеткен.
Өзге инвестиция көздерінің құрылымында лизингтік несиелердің ерекше орын алатынын айта кету керек. Негізгі құралдарға салынған инвестициялардың құрамында лизингтік несиелердің үлесі дамыған елдерде 20-30% құрайды, дамушы елдерде 10-20% дейінгі шамамен сипатталады. Қазақстанда аталған көрсеткіш 2003-жылы небәрі 1% құраса, 2004жылы 2% жеткен. Көршіміз Ресейде бұл көрсеткіш 5% құрайды. Бұл, әрине, отандың тауар өндірушілердің негізгі қорларын жандандыру мәселесіне қажетті көмек бере алмайтындығының куәсі.
Бүкіләлемдік банктің мәліметтері бойынша, кәсіпорындарға шағын несиелер берумен айналысатын ұйымдар екі миллионнан астам кәсіпорындарға қызмет көрсетеді, ал олардың несиелерінің жалпы сомасы 2 млрд. АҚШ долларын құрайды. Ал шағын несиелердің жалпы экономикадағы несиелердегі үлесі дамыған елдерде 20% құрайды. Біздің елімізде шағын несиелердің үлесі небәрі 2% ғана жетеді.
Қазақстан экономикасының негізі болып саналатын шағын бизнес субъектілеріне тоқталар болсақ, олар үшін инвестициялық қаражаттар тарту қазіргі таңда ең көкейтесті мәселе болып отырғаны анық. Олар үшін бүгінде инвестицияларды қаржыландырудың бірден-бір көзі – банктік несиелер болып отыр. Шағын несие ұйымдары мен лизингтік компаниялар елімізде енді ғана қалыптасу үстінде. Шағын кәсіпорындарға берілетін банктік несиелердің үлесі де жыл санап азайып келеді (1.1-кесте).
1.1-кестенің мәліметтеріне сүйенсек, банктік мекемелердің шағын бизнес субъектілерін қаржыландыруға жұмсаған қаражаттары соңғы жылдары абсолюттік көрсеткіші бойынша динамикалық түрде артып келеді. Айталық, аталған секторға берілген несиелер 2003-жылы 39,9 млрд. теңгені құраса, 2006-жылы бұл көрсеткіш 196,2 млрд. теңгеге жеткен, яғни, бір көзбен қарағанда, соңғы бес жыл ішінде шағын кәсіпорындарға берілген банктік несиелердің сомасы 5 есе өскен.
Алайда, осы несиелерді жалпы несиелер құрылымындағы үлесі тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда кері көріністі байқаймыз. Жалпы экономикаға берілген несиелердің құрылымында шағын кәсіпорындарға берілген несиелердің үлесі 2003-жылғы 26,8%-дан 2006-жылы 20,0%-ға дейін төмендеп кеткен. Бұл еліміздегі шағын бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасының әлі де болса «жаяу баяңмен» іске асырылып жатқандығын көрсетеді.
2.1-кесте
Банктердің шағын бизнес субъектілеріне несиелік салымдары
млрд. теңге
Несиелік салымдар |
2003-жыл |
2004-жыл |
2005-жыл |
2006-жыл |
2007-жыл |
Жалпы банктік несиелер |
148,8 |
276,2 |
489,8 |
672,5 |
978,1 |
Шағын бизнеске несиелер |
39,9 |
74,2 |
122,0 |
146,5 |
196,2 |
— ұлттық валютада |
22,3 |
40,7 |
46,7 |
55,5 |
104,4 |
қысқа мерзімді |
12,5 |
23,2 |
24,1 |
30,7 |
48,3 |
ұзақ мерзімді |
9,9 |
17,6 |
22,6 |
24,8 |
56,2 |
— шет ел валютасында |
17,5 |
33,5 |
75,3 |
91,1 |
91,8 |
қысқа мерзімді |
8,0 |
17,0 |
36,1 |
32,4 |
32,4 |
ұзақ мерзімді |
9,5 |
16,5 |
39,2 |
58,7 |
59,4 |
Жыл бойындағы өсім, % |
64,0 |
85,1 |
64,4 |
20,0 |
33,9 |
Шағын бизнеске берілген несиелердің үлесі, % |
26,8 |
26,9 |
24,9 |
21,8 |
20,0 |
Еліміздегі кәсіпорындық сектордың дамуын және отандық бәскелестік қабілеті жоғары тауарлардың өндірілуін қамтамасыз ету үшін аталған кемшіліктерді жоюдың немесе төмендетудің шараларын іздестіру қажет. Арнайы қаржы-несиелік мекемелер жүйесін қалыптастыру арқылы қолайлы инвестициялық жағдайлар жасайтын қаржылық инфрақұрылымды жетілдіре түсу қажет. Бұл жерде құнды қағаздар нарығының экономиканың нақты секторына ақша ағындарын тиімді орналастыратын ролін көтеру де шешуші роль атқарады.
Инвестициялар.
- 2006 жылғы 1 тоқсанда инвестициялардың өсуі байқалды. Аталған кезеңнің неғұрлым жоғары көрсеткіштері Шығыс Қазақстан облысында 2,4 есе жəне Астана қаласында 1,8 есе болып байқалды. Ақтөбе жəне Қызылорда облыстарында инвестициялар көлемінің тиісінше 6,5% жəне 13,1% төмендеуі байқалды.
Тұтастай алғанда ел бойынша 2006 жылғы 1 тоқсанда инвестициялар кен өндіру, өндеу өнеркəсібіне, ауылшаруашылығына, көлікке, байланысқа жəне жылжымайтын мүлікпен операцияларға бағытталды. Бұл ретте инвестициялардың үлкен бөлігі негізгі капиталға салынды.
- Инвестициялардың негізгі көлемі кəсіпорындар мен жеке тұлғалардың меншікті қаражаты (оның ішінде кредиттер), олардың үлесі шамамен 64,2%, одан кейін шетелдік инвестициялар, олардың үлесі шамамен 20,2%, мемлекеттік бюджет қаражаты, шамамен 7,4%, басқа заемдық қаражат, шамамен 8,1%, болып табылады
Қазiргi кезде дамып келе жатқан елдердiң басты көрсеткiштерiнiң бiрi ел экономикасына тартылған тiкелей инвестицияның көлемi. Бұл саяси жүйеге деген сенiмдiлiктiң көрсеткiшi. Саяси жүйесi тұрақсыз елдерге ешкiмнiң де өз қаржысын салмайтыны белгiлi ғой. Осы көрсеткiш бойынша Қазақстан ТМД елдерiнiң арасында ерекше орынға ие. Әлемдiк банк Қазақстанды дүниедегi инвестиция салуға тартымды 20 елдiң қатарына қосып отыр. Қазiргi кезде Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция көлемi 50 миллиард доллардан асып отыр.
Бұл Қазақстандағы саяси жүйенiң қалыптасқанын бүкiл әлемнiң мойындап отырғанын көрсетедi.
Қостанай облысының 2007 жылдың қаңтар-сәуір айлары ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпараты.
Негізгі капиталға инвестициялар . 2007 жылдың басында негізгі капиталға 18706,6 млн.теңге сомасында инвестициялар салынды, ол 2006 жылдың ұқсас мерзіміне 182 % құрады.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың -8389,6 млн.теңге сомадағы (жалпы көлемінің 79%) жеке қаражаты есеп берген кәсіпорындар бойынша негізгі капиталға инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көздері болып табылады, ол 2006 жылдың қаңтар-сәуірінен 1,4 есе артық..
Республикалық бюджеті қаражаты есебінен 730,5 млн.теңге игерілген (жалпы көлемінің 4,9%) немесе өткен жылдың деңгейіне қарағанда 118,5%, жергілікті бюджеті қаражаты есебінен 299,3 млн.теңге игерілген (жалпы көлемінің 2%) немесе 35,7 есе артық, шетел инвесторлары -1613,6 млн.теңге (жалпы көлемінің 10,7%).
Заем қаражаты 509,4 млн.теңге құрады (жалпы көлемінің 3,4%) ол 2006 жылдан 73,6 есе артық.
Пайдалануға 65479 ш.метр тұрғын үй қосылды, немесе 2006 жылдың тиісті мерзіміне 161,7%.
2.3. Инвестицияны негізгі басым өндіріс салаларына тарту.
Қара металлургия — өзінің негізгі өнімдерін екінші рет қайта өңдеудің аяқталған кезеңін қамтамасыз ететін ғаламат сала және, сонымен бірге басқа салалар мен өндірістердің қалдықтарын кәдеге жаратуға қабілетті болып табылады. Қазақстан үшін қара металлургия — екінші дүние жүзілік соғысынан кейінгі жылдары ғана пайда болған ауыр өнеркәсібінің салыстырмалы түрдегі жас сала. Қазақстанда шойын, болат, бұйымдарды илемдеу және ферроқорытпа өндіріледі.
Болатты өндіру және тұтыну көлемі әрқашан мемлекеттің экономикалық қуатының негізгі көрсеткіштерінің қатарына кіретін. Сондықтан, Қазақстан Республикасы Үкіметімен елімізде импорттың орнын басатын және экспорттық әлеуетін көтеретін, металлургиялық кешенінде жоғары тауарлық дайындықтағы өнімді шығару өсімін қамтамасыз ететін, ғылымды қажетсінетін бәсекеге қабылеттілігін құруға бағытталған бірқатар Бағдарламалар әзірленді. «Қазақстан Республикасының 1999-2003 жылдарға арналған тау-кен металлургия кешенін дамытудың тұрақты жұмыс істеуін және стратегиялық басымдылығын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық Бағдарламасымен шағын және орта өндірісін құру жолымен ғылыми әзірлемені іске асыру және жоғары тауарлы дайындықтағы бәсекеге қабілетті өнімдерін шығару бойынша технологияны меңгеру мақсаты қойылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында 2003-2005 жылдарға арналған металургиялық кешеніндегі төртінші және бесінші өзгертіп жасау өндірісін құруды қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық Бағдарламасы әзірленген, мұны іске асыру республиканың металлургиялық саласында жаңа технологияны негіздеу мен әзірлеуге жағдай жасайды. Осындай өндірістерді ұйымдастыру импорт бойынша шығынды бірқатар төмендетуге, жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттылық базасында жаңа жұмыс орындарын құруға, осы өнімге ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
Бағдарлама материалында қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы металлургиялық кешенінің өндірістік жағдайы былай сипатталады:
елімізде қазіргі кездегі өндірісті дамыту үшін ғылымды қажетсінетін, жоғары технологиялық, арнайы материалдар мен қорытпаларының өнеркәсіптік өндірісі мүлдем жоқ;
машина жасау, мұнай газ, таулы-металлургиялық, жеңіл, тамақ және өнеркәсіптің басқа салалары, құрылыс индустриясы, ауыр машина жасау және кеме жасау үшін темір қақтау және металл өнімдеріне талап етілетін сұрыптау жүргізілмейді.
ең озық технология негізіндегі — ұнтақты металлургия, электрометаллургия, гальванотехника, жаңа литейлі мен химиялық технологиялар және т.б. материалдар мен металл бұйымдарының өнеркәсіптік өндірісі жоқ.
балансы аяғына дейін есептелмеген, металлдардың екінші ресурстары жеткіліксіз тиімді пайдаланылады, ал шетелге шығару бақылаусыз жүргізіледі.
Мұндай мақсаттар сервистік-технологиялық экономикасының ұзақ мерзімді жоспарына өту үшін шикізаттық бағытталуынан, жағдайларды дайындауынан бастап өтуіне жағдай жасайтын, экономика саласын әртараптандыру жолымен еліміздің тұрақты дамуына жетуге бағытталған Қазақстан Республикасы Индустриалдық-инновациялы дамудың 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясында да қойылған.
Ғаламдық нарық. ХХ және ХХІ ғасырларда шетелдегі халықаралық экономикалық қатынастарды дамытудың негізгі бағыттары металлургия өнеркәсібінде толығымен пайда болған экономиканың ғаламдығы болып табылды. Халықаралық шаруашылық байланысы ғаламдық масштабтағы ресурстарды қайта бөлу және өндірістің тиімділігін көтеру құралына айналды, яғни бұл дүние жүзілік металлургия дамуының мынадай тенденцияларына әкелді:
дүние жүзілік нарығында ірі біріктірілген компаниялардың рөлін көтеруге;
өнімнің нарығында жоғары қосылған құн бәсекелестігінің шиеленісуіне және ішкі саудада ұлттық қорғаныс шараларын қолданудың таралуына;
металл өнімдерін өндіру шығындарының төмендеуі бойынша жұмыстарын активизациялау, осы жағдайда өндірістің анағұрлым шығын түрлері аз мөлшердегі салық пен көліктік шығынды қамтамасыз ететін, анағұрлым арзан табиғи және энергетикалық ресурстары, жұмыс күші бар елдерге ауысады.
2000-2001 жж. тоқыраушылықтан кейін дүние жүзілік экономикасында оң тенденциялары байқалады. Ғаламатты ЖҰӨ-ң өсуі 2002 ж. 3 пайызды, 2003 ж. -3,6 пайызды құрады, ал 2004 ж. 4,2 пайызға өсуі болжанды. Дүние жүзілік экономиканың көтерілуі және металл өнімдеріне сұраныстың өсуі, әсіресе барлық материалды қажетсінетін экономика жағынан, бірінші кезекте Қытайда (2003 ж. оның экономикасының өсуі 9 пайызға, ал болатты тұтыну 34 пайызға өсті), сондай-ақ Индияда және басқа азия елдерінде металл салалары үшін, болат пен шикізатқа дүние жүзілік бағасының елеулі өсуіне әкелді.
Мысалға, АҚШ-та ыссы соғылған болаттың тоннасы 2001 ж. 230-249 доллар, 2004ж. қаңтарда оның құны 330 долларды құраса, ал мамырда -550-600 доллар болды. Францияда 2004 жылдың қаңтарынан болаттың бағасы 60 пайызға көтерілді. Тіпті, 2001 жылы шойынның тоннасы дүние жүзілік нарығында 100 доллар болса, ал қазір ол 300 долларға жетті.
Металл өнімдері бағасының өсуінің тағы да бір себебі, теңіз тасымалдары тарифінің қарқынды өсуі фонында жетекші дүние жүзілік жеткізушілердің темір рудалық шикізатына босату бағасының көтерілуінен болды.
Бағаның өсуі, сонымен қатар шикізаттың маңызды бір түрі — қара металл сынықтарына да қатысты. Қара металл сынықтарының нарығы 2003 жыл ішінде бірнеше рет бағасының өсуін басынан өткізді, және қазір оның бағасы бірқатар өңірлерде тоннасы 300 долларға көтерілді. Бүгінгі таңда темір рудасына жоғары бағасынан басқа қара металлургияда, келешекте қара металл сынықтарының жетіспеушілігіне байланысты, бірқатар проблемалар туындайды. Экологиялық талаптардың және аса тиімділігінің әсерінен дүние жүзілік металлургия үшін шикізаттың осы түрлеріне құндылығы әрқашан өсуде. Батыста соңғы кездері сынықтардан барлық болаттың 70 пайызға жуығы күйдіріледі (Ресейде әзірше тек үштен жуығы).
Американ валютасына айырықша әлсіреуі, сонымен бірге металлға құнының көтерілуіне әкелді. Ірі тұтынушылардың бірі болып табылатын американдықтар үшін еуропалық импорттың құны көтерілуде, бұл АҚШ-ң ішкі өндірушілері бағасының көтерілуін ынталандырады, яғни өзінің жағдайын құнының есебінен қалпына келтіруге тырысады.
Шойын мен болат халықаралық институттың статистикасы бойынша (IISI) 2004 жылы болаттың ғаламды өндірісі 8,8 пайызға көтерілді және 1,05 млрд. тонна рекордтық деңгейге дейін жетті, оның тұрақты өсу жылдамдығы — 2-3 пайыз. IISI мәліметтеріне сәйкес, болатты шығару Жапонияда 2004 ж. 2 пайыздан 112,7 млн.т., АҚШ — 5,2 пайыздан 98,5 млн. т., Ресей — 2,5 пайыздан 65,3 млн.т., Оңтүстік Корея — 2,6 пайыздан 47,5 млн.т., Германия — 3,6 пайыздан 46,4 млн. т., Украина — 4,9 пайыздан 38,7 млн.т. дейін, Бразилия — 5,7 пайыздан 32,9 млн. т. дейін, Индия — 2,7 пайыздан 32,6 млн.т., Италия — 5,6 пайыздан 28,3 млн. т. көтерілді.
Азия елдерінде болатты өндіру 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 13,2 пайыздан 499,3 млн.т. өсті. Егер Қытайды санамағанда, өсу көрсеткіші 3 пайызды құрады.
Ең ірі болатты өндіруші Қытай болып қалуда, ол 2004 ж. 272,5 млн.т. болат өнімдерін (2003 ж. салыстырғанда -23,2 пайызға көтерілген) балқытты. Жалпы дүние жүзілік болатты өндіруде Қытайдың үлесі 2004 жылы 25,8 пайызды құрады. Бұл ұлттық экономиканы салқындату бойынша ел басшылығымен қабылданған шаралар болатқа ішкі сұранымының көлеміне ғана әсер етті. Сонымен қатар, өркендеп келе жатқан қытай өндірісі дүние жүзі нарығындағы бағалық дүрлікпені төмендетуге қабілетті.
Қазіргі кездегі жағдай. Ішкі технологиялық байланыстардың түрлері бойынша қара металлургияның ірі кәсіпорындары металлургия-энергохимиялық комбинаттарын ұсынады.
Қазіргі кездегі жағдай. Қара металлургияның ірі кәсіпорындары ішкі технологиялық байланысының түрі бойынша металлургия-энергохимиялық комбинаттарын ұсынады. Болатты тоқтаусыз құюуы қазіргі кездегі металлургияның бірден-бір ірі жетістіктері болып табылады. Оны пайдалану өндірістік процессті айырықша жеңілдетеді және құю процессінде толық механизациялау және автоматтандыру үшін жағдай жасайды.
Ірі болатты балқыту зауыттары біртұтас өңірлердің экономикалық әл-ауқатын анықтайтын кәсіпорындар болып табылады. Яғни, бар жоғы үш конверторлық болатты балқыту пешінде жылына 5 млн.т жуық болатты балқытатын «Миттал Стил Теміртау» АҚ (бұрынғы Қарағанды металлургиялық комбинаты) тұрақты жұмысы жоғары білікті он мың мамандарға қызмет көрсететін бірқатар ірі кәсіпорындардың қауыртты және келісілген жұмыстарын талап етеді. Электро энергиялық өндірушілері мен жеткізушілерді, сондай-ақ темір жол және автокөлік жолдарының жүктемесін есепке ала отырып, Қарағанды көмір шахтасының, руда кенін және Қостанай, Қарағанды, Ақмола және Қазақстанның басқа облыстарының флюстық қосындыларының қызметін үйлестіруді талап етеді.
Бірақ, «Миттал Стил Теміртау» АҚ-ң барлық өнімдері түржиыны бойынша бір типті — табақты болып табылады. Еліміздің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету және саланың аз тәуелсіздігімен сұраным конъюнктурасынан осы өнімнің түріне Қазақстанда және болат өнімдерінің сұрыптамасы бойынша аса икемді басқа өндірістерді құру қажет.
Машина жасау.
Машина жасау саласына 1/3 құнындағы дүние жүзілік өнеркәсіп өндірісі (экономикасы жоғары дамыған елдерде — 35-40 пайыз, ал дамушы елдерде -15-20 пайыз) және өнеркәсіпте 24-36 пайызы келеді. Әр жылдары дамыған елдердің үлесі машина жасауда 90-нан 92 пайызға ауытқиды.
Дамыған елдердегі машина жасаудың ерекшелігі дамушы елдермен салыстырғанда жоғары экспорттық және экспорттың жалпы құнының жоғары үлес салмағы болып табылады. Дамыған елдердің көпшілігінің машина жасау өнімінің үлесі экспорттық жалпы құнының 25 пайызынан асады. Машина жасаудың анағұрлым толық құрылымындағы ірі елдердің экспортындағы машина мен жабдықтардың үлесі соғұрлым жоғары (Жапониядағы жоғарылығы — 64 пайыз, сондай-ақ машина мен жабдықтардың барлық экспортындағы жартысына келетін АҚШ пен Германияда — 1986 ж. 48 пайыздан). Экспорттың жалпы құнының 1/3 аса машина жасау өнімі Францияға, Ұлыбританияға, Италияға, Канадаға, кіші жоғары дамыған елдердің ішінде -Швейцария мен Швецияға келеді.
Көпшілік дамыған елдердің дамушылардан айырмашылығының тағы бір ерекшелігі, экспорттық суммарлық құнындағы машина мен жабдықтардың өнеркәсіптік өніміндегі жалпы құнының үлесімен оларды салыстырғандағы үлесінің аса жоғары болуы болып табылады. Бұл дүние жүзілік нарығында дамыған елдердің машина жасау өнімдерінің жоғары сапасымен және бәсекеге қабілеттігінен көрінеді.
Дүние жүзілік машина жасауда жалпы машина жасау (түрлі жылдары 35 пайыздан 37 пайызға дейін), көліктік (33-35 пайыз) және электроникамен қоса есептегенде электротехника (30-31 пайыз) иеленеді.
Көліктік машина жасаудың рөлі электротехниканың айырықша өте тез және жалпы машина жасаудың баяу дамуы кезінде төмендейді. Әсіресе соңғысында ауыл шаруашылық машиналарын өндіруін дамытудың баяулауынан және жабдықтардың кейбір түрлерін (мысалға, тоқыма) шығарудың қысқаруынан, жол-құрылыс машиналарын, ауыр машина жасау өнімдерін шығару анағұрлым көтерілді, өте жаңа ішкі салалар пайда болды (кеңселік жабдықтарды, роботтарды және т.б. өндіру).
Бүгінгі кезде жалпы машина жасау станок жасауды және өндірістік жабдықтардың барлық түрлері мен ауыл шаруашылық машиналарын өндіруді өзіне кіргізетін, өте кең ауқымдағы категория. Ол дамыған және дамушы елдерде бір текті емес. Біріншіден, саланың ішінде станок жасауды, ауыр машина жасауды және т.б. меңгерген, екіншіден, жалпы машина жасау ең алдымен ауыл шаруашылық машиналарын шығаруды ұсынады. Дамушы елдерде ауыл шаруашылық машина жасауды және аз қиындықтағы жабдықтарды шығаруда ілгерілеу көрінеді және дамыған елдердің машина бұйымдарының өте қиын түрлерін өндіруіне бағдарланады.
Одан басқа ауыр машина жасау өнімдерін шығару ұсынылды. Ауыр машина жасау бұйымдарының толық номенклатурасын дүние жүзінде тек екі ел — АҚШ және Ресей шығарды. Германия мен Жапонияда толық профилі болды. Англия оларға жақын. Барлық басқа елдер жетіспейтін бұйымдарын сырттан кіргізуі керек. Франция, Италия, Швеция, Бельгия, Чехия және Словакия, тіпті Швейцария мен Финляндия, Австрия және т.б. сияқты мемлекеттер ауыр машина жасаудың көптеген бұйымдарын сыртқа шығарады, олар ауыр жабдықтардың бір немесе бірнеше түрлеріне маманданады, ал жетіспейтіндерін импорттайды. Дамушы елдерде (Бразилия мен Индиядан басқа) ауыр машина жасау өндірісі мүлдем дамымаған.
Электротехникалық өнеркәсіпте электрондық индустрия, тұрмыстық тауарлармен қатар өнеркәсіптік, ғылыми және әскери бағыттағы бұйымдарды шығарады; электротехниканың ірі ішкі саласына айналған тұрмыстық электр құралдарын өндіру өсуде. Электроэнергетикалық және электрлі орналастыру жабдықтарын шығару масштабы көтерілуде.
Қазақстандағы машина жасаудың 37 іріленген ішкі саласы номенклатурасының ішінен 14 ішкі сала және темір өңдеу дамыған. Бірақ Қазақстан Республикасының ЖҰӨ-де машина жасаудың үлесі 1990 ж. 15,9 пайызға төмендеді және 2003 жылы 3,2 пайызды құрады. Қазіргі кезде машина жасау кешенінің үлесіне 5 пайыздан аспайтын өнеркәсіп-өндірістік негізгі қорлары, өндірістік бағыттағы негізгі капиталындағы инвестиция көлемінен барлығы 0,7 пайыз және жылсайын енгізілетін өнеркәсіп-өндірістік қордың құнынан 0,86 пайызға жуығы, өнеркәсіп-өндірістік персоналдың жалпы санынан 12,5 пайызы келеді.
Машина жасаудың ірі және орта кәсіпорындардың саны 1999 жылы 1876-дан 2003 жылы 208-ге дейін төмендеді. Жалпы санында машина жасау кәсіпорындарының зауыттары — машина жасау өнімдерінің қорытынды түрлерін өндіретіндер тек 6 пайызын ғана құрайды. Көпшілік кәсіпорындардың өндірістік қуаттылығы шығарылатын өнімнің төмен сұранысына байланысты 10-15 пайызға жуығы пайдалынылады. Машина жасау өнімінің экспорттық үлесі экспорттық жалпы көлемінен 2 пайызды, ал машина мен жабдықтардың импорттағы үлес салмағы — 43 пайызды құрайды. Ішкі нарықта отандық өнеркәсіп бұйымдары үлесінің 13 пайызына жуығы машина жасау өнімі. Бұл ең бірінші қазақстандық машина жасау өндірісінің төмен бәсекеге қабылеттілігімен байланысты. Ол түгелдей дерлік Ресей мен ТМД-ның басқа елдерінен жеткізілетін материалдар мен басқа ресурстардың жинақтамаларына пайдалануға негізделген, және жоғары көлік шығындарын есепке алғанда ақырғы өнімнің аса жоғары құнын анықтайды. Сонымен қатар, соңғы жылдары машина жасау кешенінің инфрақұрылымы, инжиниринг, қолданбалы материалды енгізу, маркетинг және сатудан кейінгі қызмет көрсетуін есепке алғанда артта қалу проблемасы шиеленісті.
Саладағы еңбек өндірісінің өсуі ірі және орта кәсіпорындардың өнеркәсіп — өндірістік персонал санының төмендеуімен және машина жасауда шағын кәсіпкерлік субьектілерінің санының өсуінен ілесіп отырды. Бірақ жалпы отандық машина жасау үшін төмен инвестициялық белсендік тән болуда. Инвестицияны қаржыландырудың негізгі көзі — шаруашылық обьектілерінің (96,5 пайызы) жеке меншік қаржаттары болып қалуда. Негізгі қордың тозу деңгейі — 43 пайыз, соның ішінде олардың белсенділік бөлігі 40 пайызға дейін.
Дамыған елдерден дамушы — жаңа индустриализация елдеріндегі төмен және орта қиындықтағы өндірістің алға жылжуы жалпы тенденциясы болып табылады. Бұл — машина жасау өндірісінің ақырындап қиындауы, құрылымдық және ғылыми-техникалық қатынаста дамыған елдердің деңгейіне жетуі, дамушы елдердің төмен және орта қиындықтағы өндірісті өткізуімен ілесуі.
Аталған жаңа процестер мамандануы мен кооперацияның күшеюіне тенденцияның әсерімен жүргізіледі. Олар бірінші кезекте өндіріс масштабының көтерілуімен негізделеді. Мамандану мен ел аралық кооперациялауды дамыту — қазіргі кезде зәру қажеттілік. Осыған байланысты, барлық континент нарығына есептелген өндірістік және кооперациялық жүйені құрайтын ҰАК-ң тәжірибесі анықталған технико-экономикалық негіздемесін және жеке елдер шеңберінен алыс шығатын ұлтаралық өндірістік-кооперациялық кешендерін құру тенденциясын иеленеді, жеке өндіріс пен кәсіпорындардың оптималды масштабтарының өзгеруі жағдайы бойынша күшейе түсетін болады.
Қазақстан экономикасын техникалық жаңартуының масштабты мақсаты машина жасау кешенінің басымды дамуының қажеттілігімен негізделеді.
Машина жасау саласында қажеттілер:
— жоғары технологиялық, бәсекеге қабілетті өнімді шығаруды қамтамасыз ететін аса тиімді кәсіпорындарға селективті инвестициялық қолдау;
— халықаралық кооперацияны кеңейту, бірлескен кәсіпорындармен және дүние жүзінің алдыңғы қатарлы фирмалар өндірісін құруға ықпал жасау;
— техникалық жаңарту мен өндірісті дамытуды мақсатты қаржыландыру.
Жобаларды қаржыландыру критериі — технологиялық тартымдылығының актуалдылығы, алдыңғы қатарлы ноу-хоу трансфертінің жағдайы және оның жеке дамуы, бәсекеге қабылеттілігі және өнімнің экспорттық әлеуеттігі. Аталған бағыттағы прогресі үшін дағдарысты факторлары алдыңғы қатарлы компанияларда тәжірибе алмасу жолымен ұлттық ғылыми, инженерлік және жоғары білікті жұмысшы кадрларын мақсатты дайындау, қажетті мамандықтардың жүйеленген тізбесін құру және тиісті дайындық бағдарламасын қаржыландыру болып табылады.
Салааралық машина жасаудың әлеуеті жобаларды іске асыру жағдайы бойынша жоғарылайтын болады:
— конструкциялық машина жасау материалдарын ( болат құбырларды және т.б. жалпақ және сұрыптап қақтау) шығару бойынша және машина жасау дайындықтарының арнайы өндірісін дамыту;
— қазіргі заманғы өндірісін (порошокты металлургия, композициялық материалдар және т.б.), перспективалы құралдар мен метиздерді жандандыру;
— материалдарды өңдеу технологиясын дамыту (пісіру, кесу және т.б.);
— машина жасауға қажетті майлау материалдары және лактыбояумен жабу өндірісі;
— инжинирингілік мәдениетті, жобалаудың ақпараттық жүйесін және өнеркәсіптік дизайнын құрастыру;
— икемді автоматтандырылған өндірісті енгізу, құрал жасаудың салалық өнерекәсібін дамыту
Соңғы жылдары машина жасаудың соңғы өнімінің қосылған құнына қазақстандық өндірушілерінің үлесін көтеру мақсатымен, технология мен өндірістің (соның ішінде стратегиялық серкітестіктерді тартумен) жаңа әзірлемесі бойынша венчурлық кәсіпорындарды қолдау қажеттілігі анықталды.
Қазақстанның Инвестициялық қоры машина жасау кешенін жаңартуды Қазақстанның Индустриалды-инновациялық стратегиясын іске асыру жоспарындағы бірден-бір басымды бағыты ретінде қарастырады. Қазіргі кезде Қордың қарастыруында ауыл шаруашылық, мұнайгаз және көліктік машина жасау өнімдерін шығару жобаларын есепке алғанда бірнеше жобалары бар.
Құрылыс материалдарын өндіру.
Құрылыс материалдар өнеркәсібі — бұл өзіне 20-ға жуық дербес салаларын енгізетін, кешендік сала, олардың көпшілігінің құрамына өндірістің бірнеше түрлерін иемденеді, осыған қарамастан әрбір сала құрылыс материалдарының жалпы нарығында жиынтықтығын құрап, дербес жұмыс істейтін өзінің нарығын құрайды.
Құрылыс материалдары өнеркәсібі өзіне мынадай өндірістерді кіргізеді: цемент, асбест, асбесті цементтік бұйымдар, құрама темір бетондық/бетондық конструкциялар мен бұйымдар, қабырғалық материалдар, табиғи тастардан әшекейлі материалдар мен бұйымдар, құрылыс керамикалары, кеуекті толтырғыш, полимерлік шикізат негізіндегі құрылыс материалдары, әктік, гипстік және тұтқырғыш материалдар және олардың бұйымдары, санитарлы-техникалық бұйымдар, жылу жүйелері, жылу оқшаулағыш материалдар, әйнектен, руда емес және басқа материалдардың бұйымдарын.
Қазақстанның құрылыс материалдары өнеркәсібінде 90 мың адамға жуық жұмыс істейтін 600 кәсіпорындарын ұсынады. ЖІӨ-ң салымы 501,74 млн. АҚШ долларына (0,7 пайыз) жуығын құрайды. 2003 жылы Қазақстан нарығының сыйымдылығы 800 млн. АҚШ долларын құрады.
Қазақстан асбестті қайта өңдеуші, керамикалық, форфорлы-фаянстық, керамзиттік, цементтік, әйнек өнеркәсіптерін дамыту, сондай-ақ әк, бояу, жылу оқшаулағыш материалдарын және т.б. дамыту үшін бай шикізат жағдайларын иеленеді. Қазақстан асбест қорлары бойынша дүние жүзінде 3-ші орынды иеленеді, 60-қа жуық волластонит кеніші анықталды.
Қазақстанда цементті өндіру үшін қажетті карбонатты және кремнеземисті шикізаттардың ірі қорлары ашылған және барланған. Карбонатты шикізаттың негізгі кеніші (11) республиканың барлық аймағында орналасқан, және 3 млрд. тоннадан аса жалпы баланстық қорын құрайды.
Әйнек өнеркәсібі үшін қажетті 8 әк кеніші мемлекеттік баланспен есепке алынған, өнеркәсіптік категориясы бойынша 15,2 млн. тонна жалпы қорды құрайды. Әкті күйдіру үшін қажетті әк кеніші көптеп таратылуымен (49) сипатталады. Жиынтық қоры 480,2 млн. тоннаны құрайды.
Цемент пен құрылыс әгін өндіруге пайдаланылатын бордың 13 кеніші ашылған. Жиынтық қоры 136,14 млн. тоннаны құрайды.
Қазақстан жоғары сапалы цементті өндіру үшін артықшылықпен пайдаланылатын, кремнеземисті түрлерін (опоктар, диатомиттер, трепелдер) кеңінен қолдануымен тартымды.
Керамикалық, фарфорлы-фаянстық және әйнек өнеркәсібінде пайдалану үшін қажетті, бетониттік топырақтың 29 кеніші мемлекеттік баланспен есепке алынған. Олардың қорлары барлық өнеркәсіптік категориялар бойынша 1 млрд. тоннадан асады. 40 млн. тоннаға жуығын құрайтын әйнектік құмдардың негізгі кеніші (13) барланған.
Қазақстан аумағында қабырғалық тастарды, кірпіштік блоктарды, безендіруші плиткаларды, микрокальцитті, қиыршықтасты, мәрмәр үгіндіні, кесек тасты өндіру үшін қажетті руда емес материалдардың 429 кеніші ашылған.
Статистикаға сәйкес, (осы өндіріс бойынша экспорт, импорт) құрылыс материалдарын пайдалануда импорттың үлесі — 50 пайыздан асады. Сонымен қатар, өндірушілер өнімдердің көпшілігі астыртын импортқа шығарылатын фактілерін атауда, осыған сәйкес жергілікті өндірушілердің сұранысын қанағаттандыру үлесі бірқатар төмен.
Тарихи айқындалған шикізатты өндіру маңындағы салада, өнімдерді жоғары деңгейде өңдеу жеткіліксіздігі туындаған. Қазіргі кезде тауарлы өнімнің 6 пайыздан төмені экспортқа шығарылады. Бірақ, соңғы жылдары құрылыс материалдарының бірқатар перспективалы түрлерін өндіруде оң тенденцияларының өсуі анықталды: құрылыс мақсаттары үшін гипс, цемент, бояулар, керамикалық плиткалар, жиналмалы құрылыс конструкциялары, рубероидтар.
Құрылыс материалдары индустриясын серпінді және тиімді дамыту мақсатында, ҚР Үкіметімен «Қазақстан Республикасында 2005-2014 жылдарға арналған құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіруді дамыту бағдарламасы» әзірленген. Бағдарламада өнімнің материалды, энергияны және жұмсалған еңбекті төмендету, құрылыс материалдарының ассортиментін көтеру және сапасын жақсарту мақсатында жаңа технология мен жоғары өндіруші жабдықтарды енгізу қарастырылған.
Құрылыс материалдары индустриясының қосылған құн тізбегі өзіне, өнімді зерттеу және әзірлеу звеносын, дайын өнімді өндіру, сақтау және тасымалдау, оны қаптау, сондай-ақ дистрибуция мен сату процесін енгізеді.
Қазақстанда құрылыстың өзіндік құны ТМД елдерінің ішінде ең жоғары болып саналатынын атап өту керек, мұның негізгі себебі — республикада құрылыс материалдарына бағаның жоғары болуы болып табылады. Отандық материалдарды өндіру ассортименті мен көлемі қазіргі кездегі құрылыс қажеттілігін толығымен қанағаттандырмайды, ал олардың нарықта жетіспеушілігі, жоғары құнындағы үлкен үлестің көлік шығынын құрайтын импорттық өнімнің орнын толтырады.
Индустриалды-инновациялық даму стратегиясын, сондай-ақ Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын іске асыру құрылыстың құрылымы мен қарқынының өсуіне тікелей әсер етеді, яғни өз кезегінде құрылыс материалдары өнеркәсібінің құрылымдық алға жылжу жағдайы туады.
Салада жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар негізгі материалдарындағы құрылыс кешенінің қажеттілігін қамтамасыз етпейді және құрылыс көлемінің активті өсуінен көбірек қалуда. Осы проблеманы қысқа мерзімде шешудің бірден бір жолы — кластерлік тәсіл, яғни біріңғай технологиялық тізбекке байланысты — шикізатты өндіруден бастап соңғы өнімді шығаруға дейінгі өндірісті құру.
Құрылыс материалдарын кластерлік құру үш кезеңде жүзеге асырылатын болады. Бірінші кезеңде — шикізат базасын дамытудың перспективалы бағыттарын анықтау қарастырылады, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды техникалық қайта жабдықтау және кеңейтуге кірісу, сонымен бірге, құрылыс материалдары өндірісінде технологиялық тізбегінің жетіспейтін звеносын құру. Екіншіде — жаңа кәсіпорындарды құрумен қатар, кластердің өзін құрастыру да негізінен аяқталуы тиіс. Осындай жағдайда кластер өңір аралық және салааралық байланыстардың анық айқындалуы жоспарлануда. Үшінші кезең — кластердің барлық кәсіпорындары бәсекеге қабілетті және өнімдерін экспортқа бағдарлаған өндірісін көтеруге тиіс мерзім болып табылады.
Құрылыс материалдарының өнеркәсібін дамытудың негізгі алғы шарты — құрылыстың серпінді дамуы ( әсіресе Алматы қ., Астана қ., Батыс-Қазақстан және Атырау облыстарында).
Құрылыс саласында соңғы 5 жылда орта жылдық өсуі жылына 10 пайызға жетті, бұл экспорттың құрамдас бөлігінің перспективалы бекуін қарастыруға жағдай жасайды. Қазақстандық құрылыс материалдары үшін әлеуетті өңірлік нарығына Қытай, Ресей, Иран, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғыстан сияқты елдер кіреді.
Экспортты бағдарлау өнеркәсібінің алға қойылуына географиялық тиімді орналасуы әсер етуі мүмкін. Ресейден басқа, ТМД-ң көрші республикаларында құрылыс материалдарының жоғары технологиялы өндірісі мүлдем жоқ.
Тұрғын үй, сонымен қатар өндірістік құрылыс қажеттілігін сапалы, үнемді, экологиялық таза, қазіргі заманғы түрлерінің өнімдері және материалдарымен қамтамасыз ету, бірқатар шаралардың, соның ішінде мыналарды әзірлеу мен жүзеге асыруды талап етеді:
— саладағы жұмыс істеп тұрған өндірісті қайта құру және жаңарту, сондай-ақ тоқтап тұрған өндірісті қалпына келтіру;
— мемлекеттік қаражат есебінен салынатын тұрғын үй құрылысына импорттық құрылыс материалдарын азырақ пайдалану мәліметі;
— ресурстық базаны дамыту: шикізатты өңдеудің аса прогрессивті әдістерін енгізу бойынша шараларды қамтамасыз ету, алдыңғы қатарлы технологияны пайдалану, жер қойнауы мен геологиялық барлау жұмыстарына геологиялық танысу жүргізуді кеңейту;
— лицензиялау процедураларын оңтайландыру және оңайлату;
— отандық құрылыс өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне жету мен көтерудің маңызды құралдары — стандарттау мен сертификаттаудың ұлттық жүйесін дамыту, халықаралық стандарттаудың талаптарына сай, сапа жүйесі мен экологиялық менеджментті әзірлеу және енгізуді кәсіпорындарында түсіндірме жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау;
— кәсіпорындарда жаңа тиімді энергия — мен ресурсты жинақтау технологиясын меңгеру және енгізу бойынша шараларды әзірлеу;
— ғылыми зерттеуге бюджеттік қаржыландыруды көтеру, ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің мемлекеттік қолдауы бойынша нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру, ғылымды қажетсінуді, ресурсты үнемдеуді және экологиялық таза технологияны әзірлеуге бағытталған зерттеулерді дамыту, шетелдік алдыңғы қатарлы технологияны тартуымен жүйені әзірлеу;
— темір жол тасымалдауына тарифтерді реттеу;
— шетел кәсіпорындарымен кооперациялық байланыстарды дамыту, шетел инвестицияларын тарту, жаңа технологияны өткізу саласында ынтымақтастықты қалпына келтіру мақсатында, өнеркәсіптің перспективалы саласы құрылыс материалдарының презентациясы бойынша ақпараттық жұмыстарды өткізу;
— жоғары сапалы бәсекелік өнімді өндіруші-кәсіпорындарды салықтық және тарифтік жеңілдіктермен қамтамасыз ету, осындай жеңілдіктер алу жағдайына қатысты кәсіпорындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
ҚИҚ құрылыс материалдары саласын дамытуға белсенді қатысады. Қазіргі кезде Қазақстанның барлық өңірлерін қамтитын, 49 жобалар қарастырылуда. Соның ішінде өнеркәсіп бойынша: қабырғалық материалдар — 15 жобалар, руда емес құрылыс материалдары — 6, цемент — 2, табиғи тастардан қаптағыш материалдары — 8, жасанды тастардан қаптағыш материалдар — 3, әйнек — 1, минералды негізде жылуоқшаулағыш материалдар — 8, әк -1, санитарлы-фаянстық бұйымдарды — 1, құрғақ құрылыс қоспасы — 3 өндірісі. Екі жобалар бойынша қаржыландыру басталды: «Руда емес құрылыс материалдарын өндіру» (Жоба бастамашысы «Мырзабек-АТГ» ЖШС, Маңғыстау облысы) және «Еден жабындыларын өндіру» («Строикомплект-А» ЖШС, Қарғанды облысы, Қарағанды қ.).
Жобаларды географиялық қарастыру мынадай түрде бөлінеді: Ақмола облысы — 9 жобалар, Алматы облысы — 9 жобалар, Ақтөбе облысы — 4 жоба, Шығыс-Қазақстан облысы — 4 жоба, Жамбыл облысы — 3 жоба, Батыс-Қазақстан облысы — 4 жоба, Қарағанды облысы — 3 жоба, Қызылорда облысы — 1 жоба, Қостанай облысы — 2 жоба, Маңғыстау облысы — 5 жобалар, Павлодар облысы — 1 жоба, Солтүстік-Қазақстан облысы — 1 жоба, Оңтүстік Қазақстан облысы — 6 жобалар.
Қазіргі заманға сай ірі масштабты өндірісті цемент, табақты әйнек, керамикалық плиткалар, санитарлы-фаянстық бұйымдар, жаңа тиімді қабырғалық материалдар (кеуекті бетон) жобаларын құру Қазақстанның құрылыс индустриясы үшін жүйелік құруын іске асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Цемент, қиыршықтас және кесектас өндірісі бойынша кәсіпорындарды осы өнімдерді негізгі пайдаланушылардың аумақтық жақындығын есепке алып, шикізат қорына жақын орналастыру болжануда. Мұндай талаптарды Батыс — Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстары, Алматы және Астана ққ. қанағаттандырады.
Керамикалық кірпіш зауыттарын Орталық (Астана) және Батыс Қазақстанда ( Орал) орналастыру жоспарлануда. Бұл жұмыс істеп тұрған зауыттардың Қазақстанның оңтүстік өңірінде — Алматы қ. мен Алматы облысына артықшылықты шоғырланғандығымен шарттасылған. Сондай-ақ, осы өңірлерде қалыпты ғана емес, сонымен қатар қаптамалы кірпіштерді пайдалануының тұрақты өсуі байқалады.
Керамикалық плиткалар зауыттарын Солтүстік (Көкшетау қ.) мен Оңтүстік Қазақстанда (Алматы облысы) орналастыру жоспарлануда. Шешім осы өңірлерде плиткаларды жоғары тұтынуымен шарттасылған: Алматы қ. мен Алматы облысында республика бойынша жалпы тұтынуының 70 пайызға жуығын, ал Астана қ., Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында — 12,5 пайыздан аса пайдаланады.
Руда емес материалдардың қорларымен Қазақстанның Оңтүстік және Шығыс өңірлері жоғары қамтамасыз етілген болып табылады. Батыс өңірі қабырғалық тастар, кірпіш блоктар, сәндік қаптама плиткалар, әк ұн, құрылыс әктері және тағы басқа өндірістер үшін шикізат ретінде пайдалануға болатын ұлулы әктас қорлары бойынша айырықша лидер болып табылады. Қазіргі кезде негізгі өндіруші және өңдеуші қуаты Оңтүстік Қазақстанда шоғырланған. Жаңа өндіруші кәсіпорындарды Шығыс және Солтүстік Қазақстанның перспективалы кеніштерінде орналастыру мақсатқа сай болар еді. Сонымен бірге, Қазақстанның Батыс өңірлеріндегі ұлулы әктасты өндіретін кәсіпорындардың өндірістік базасын принципті жаңарту қажет. Жаңа өңдеуші қуатын Батыс Қазақстанда, республиканың Солтүстік және Оңтүстік өңірлерінде орналастыру орынды.
III БӨЛІМ. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының даму перспективалары.
3.1. Инвестицияны елімізге тарту және инвесторлар үшін жағдай
жасау.
Мемлекеттiк инвестициялық саясаттың индустриялық-инновациялық дамуға қатысты мақсаты қаржыландыру көзiн, жеке сектордың мемлекеттiң араласуынсыз шамасы келмейтiн салаларды инвестицияларды қолдау мен тартудың тиiстi тетiктерiн айқындау болып табылады.
Мемлекеттiк инвестициялық саясатты жүргiзу шикiзаттық емес өндiрiстердi дамыту мақсатында жеке инвестицияларды ынталандыру және мемлекеттiк инвестицияларды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар кешенiнiң үйлесiмi болады.
Стратегия аясында мемлекеттiк инвестициялық саясаттың барлық мүмкiн болатын тетiктерiн пайдалану көзделiп отыр.
Жеке инвесторлар үшiн жағдайлар жасау.
Машина жасау, жеңiл, жиhаз, фармацевтика, қағаз және өнеркәсiптiң басқа да бiрқатар өңдеушi салаларын (металлургия және тамақ өнiмдерi мен сусындар саласын есепке алмағанда) дамытуға соңғы үш жылда жыл сайын 68-ден 130 млн. AҚШ доллары, ал мұнай өндiру саласында 1773-тен 2300 млн. AҚШ доллары салынды.
Жер қойнауы инвестициялары жеке инвестицияларда айтарлықтай үлеске ие, олардың экономиканың басқа салаларын дамытуға мультипликативтi әсерi болар едi. Мұндай тиiмдiлiктi алу мақсатында жер қойнауын пайдаланушылармен келiсiмшарт жасасу кезiнде инвесторлардың кiрiстерiнiң бiр бөлiгiн iлеспе қайта өңдеу өндiрiстерiн құру мен дамытуға салу, отандық өндiрушiлердiң жабдықтар мен қосалқы бөлшектер жеткiзiп беруiне тапсырыстар орналастыру жөнiндегi мiндеттемелерiн ескертiп айту керек.
Қызметтiң басым түрлерiне тiкелей отандық және шетелдiк инвестициялар ағыны өсiмiнiң есебiнен ел экономикасын теңгермелi дамытуды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасына 2003-2005 жылдар кезеңiнде тiкелей инвестициялар тарту бағдарламасы әзiрленiп, оның негiзгi бағыттарының бiрi өңдеушi өнеркәсiптi дамыту болып табылады.
Алайда, өңдеушi өнеркәсiптiң, оның iшiнде инновациялық сектордың салалары жеке инвестор үшiн тартымсыз болып қалып отыр. Осыған орай өңдеушi өнеркәсiпке жеке инвестициялар тарту үшiн қолайлы инвестициялық жағдай жасау мемлекеттiң мiндетi болып табылады.
Жеке инвестицияларды тарту процесiн ынталандырудың экономикалық тетiктерi ретiнде инвестициялық салық преференциялары, мемлекеттiк заттай гранттар және «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметтiң басым түрлерi кәсiпорындарының тiркелген активтерiне салымдарды жүзеге асыратын инвесторларға берiлетiн бiрқатар кепiлдiктер қолданылатын болады. Алайда Заңда көзделген преференциялар (артықшылықтар) аталған салалардың коммерциялық тартымсыздығымен салыстырғанда берiлетiн жеңiлдiктердiң сәйкес келмейтiнiн ескере отырып, индустриялық-инновациялық сектордың салаларын дамытуға тиiсiнше ықпал ететiн жағдайда емес. Осыған орай оларды фискалдық саясат шараларымен толықтыру қажет.
Экономикалық тетiктердiң қолданылуы ұйымдық сипаттағы iс-шаралармен толықтырылуы тиiс. Қазақстан Республикасының және оның өңiрлерiнiң инвестициялық мүмкiндiктерi туралы ақпаратты ұсыну көлемi мен сапасы инвесторлардың ел экономикасына капитал салу туралы шешiм қабылдауына айтарлықтай әсер етедi. Осыған байланысты инвестициялық мүмкiндiктермен таныстыру жөнiнде жүргiзiлетiн жұмыс аясында индустриялық-инновациялық сектор салаларын дамытуға күш салынуы тиiс. Перспективалы жобаларды iздестiру жөнiнде ықтимал инвесторларға да, жеке инвесторды қызықтыратын инвестициялық жобаларды сәйкестендiретiн әрi әзiрлейтiн кәсiпорындарға да тiкелей қызмет көрсететiн ақпараттық-консультативтiк орталықтарды тiкелей өңiрлердiң өзiнде құру жөнiнде жұмыстар ұйымдастырылатын болады.
Индустриялық — инновациялық дамудың iрi инвестициялық жобаларын бiрлесе iске асыруда инвесторлармен, әсiресе трансұлттық компаниялармен ақпараттық — тұсаукесер iс-шараларын өткiзуден гөрi барынша белсендi сұхбат жүргізуге көшу қажет.
Бұдан басқа, басым өндiрiстердiң инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында мемлекет мыналарға бағытталған шараларды қолға алады:
миноритарлық акционерлердiң құқықтарын қорғауды күшейту және корпоративтi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру;
кәсiпорындарды тiркеудiң оңайлатылған жүйесiн енгiзу;
қызмет түрлерін лицензиялаудың ашық жүйесiн құру;
қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына кәсiпорындардың өтуiн жеделдету.
3.2. Қазақстандық кәсіпорындардың инвестициялық саясатын жетілдіру жолдары .
Стратегиялық тұрғыдан инвестициялар кәсіпорындардың дамуын, техникалық жарақтануын және экономикалық өсуін анықтайтын негізгі буын болып табылады. Елімізде болған соңғы жылдардағы өзгерістерге байланысты кәсіпорындар үшін де біршама қолайлы инвестициялық жағдай қалыптасты. 2003жылы 8-қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» Заңы инвестицияларды ынталандырудың экономикалық негіздері мен принциптерін анықтап, еліміздегі инвестициялық жағдайды одан әрі жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар отандық кәсіпорындардың инвестициялық қызметін жетілдіруге кедергі болатын бірқатар, әлі де болса шешуін таппаған, мәселелер бар:
- ұлттық экономиканың шикізат көздеріне бағытталғандығы;
- өңдеуші өнеркәсіптің өнімділік деңгейінің төмендігі;
- ішкі нарықтағы тауарларға деген тұтынушылық сұраныстың төмендігі;
- өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның жете дамымағандығы;
- кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық жағынан артта қалғандығы;
- ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын инвестициялық шығындардың төмен деңгейі және т.с.с.
Өкінішке орай, жалпы ішкі өнімде (ЖІӨ) инвестициялардың деңгейі төмен болып қалып отыр – небәрі 19%. Еліміздегі инвестициялар деңгейін екі есеге дейін арттыру қажет. Қазіргі кезде инвестициялардың басым бөлігі (80%-ға дейін) негізінен айналымдық қаражаттарға немесе қысқа мерзімді негізгі құралдарға бағытталуда. Елден сыртқа қарай капитал ағындары орын алуда. Осы орайда кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ынталандыру бірінші кезектегі мәселе болып отыр.
Қазақстандық кәсіпорындардың халықаралық деңгейде бәсекелестік қабілетін арттыратын маңызды фактор – инновациялық жобаларға салынатын инвестицияларды ынталандыру болып табылады. Елімізде инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін инвестициялар тарту бойынша біршама тәжірибе жинақталған, мысалға, Қарағанды, Екібастұз, Өскемен, Шымкент қалаларында инновациялық сипаттағы жобалар іске асырылған болатын. Айта кету керек, жаңа өндірістердің басты ерекшілігі – бастапқы шикізат көзі ретінде техногендік өнімдер, өнеркәсіптік тауарлар және өндірістік қалдықтар қолданылды, ал негізгі шикізат көздері, баршаға мәлім, экспортқа және басқа елдерге жөнелтілуде.
Сонымен қатар, қазіргі таңда Қазақстанда инновациялық қызметтің қажетті инфрақұрылымының жоқтығынан, инвестициялық жаңалық ашқан кәсіпорындар бірқатар қиындықтарға тап болады. Сол себепті жаңа технологияны ойлап табудан, оны жүзеге асырып, өндіріске енгізуге және өнімдер шығаруға дейін ұзақ уақыт кетеді. Атап айтсақ, қаржы институттары, әдетте, технологилық сипаттағы инвестициялық жобаларды тәуекел деңгейінің жоғары болатындығына байланысты қаржыландыруға құлықсыз. Сондай-ақ, несиелерді кепілдендіруге жоғары талаптар қойылады, ғылыми-зерттеу жұмыстарының құнын бағалау механизмі жоқтың қасы, несиелердің мөлшерлемелік деңгейі әлі де болса жоғары деңгейде қалып отыр.
Жоғарыда айтылған мәселерді шешумен қатар, инвестициялар туралы заңнаманы да жетілдіріп, инвестициялық белсенділікті арттыратын жағдайлар жасау керек. «Инвестициялар туралы» жалғыз заң еліміздегі инвестициялау және инвестициялық жобалау мәселелерін шешуге жеткіліксіз. Атап айтқанда, тікелей, қоржындық және ішкі инвестицияларды тарту арқылы инвестициялық жобаларды тиімді құруға және жүзеге асыруға кедергі болып тұрған келесі жағдайларды айтуға болады:
- заңнамалық актілердің жетілмегендігі, шет елдік және отандық инвесторлар үшін айырмашылықтардың орын алуы және жиі өзгерістерге ұшырауы;
- инвестициялық жобаларды талдау және бағалау мамандарының төмен біліктілігі және жауапкерсіздігі, олардың жиі алмастырылуы;
- инвестициялық жобалаудың әдістемелік негіздерінің жоқтығы; бұл өз кезегінде шетелдік әдістемелердік отандық экономикалық жағдайларына үйренісіп кетуіне біраз бөгеттер жасады, нәтижесінде оларды қолданудың тиімділігін төмендетіп жіберді.
Қазіргі таңда кәсіорындардың тиімді инвестициялық саясат жүргізуі үшін аталған мәселелерді шешу қажет, атап айтқанда келесі шараларды жүзеге асыру керек:
- салықтық жеңілдіктер мен инвестициялық преференцияларды тек жаңа кәсіпорындарға жаңа өнімді өндіру барысында ғана беру;
- Қазақстан Республикасының «Тікелей инвестицияларды қолдау туралы» Заңын инвестициялық жобаларды сараптауды ұйымдастыру мен жүргізу бойынша баптарын жетілдіру;
- отандық және шетелдік инвесторлардың құқықтарын теңдестіру мақсатында жаңа «Инвестициялар туралы» заңды жетілдіру;
- «Құнды қағаздар нарығындағы инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы» Заң қабылдау;
- инвестициялық жобалардың қаржылық тиімділігін бағалау бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірлеу, жобаларды талдау үшін нақты қаржылық көрсеткіштер мен қаржылық ақша ағындарын негізге алу;
- инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау үшін экономикалық көрсеткіштер жүйесін әзірлеуде экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық сипаттағы факторларды ескеру; инвестициялардың тиімділігінің экономикалық негіздерін анықтау барысында өндірістік шығындарын толық есепке алып, кәсіпорынды да, тұтынушыны да қанағаттандырарлық табыс алынуы тиіс;
- инвестициялық жобаларды бағалау бойынша әдістемелік нұсқауларда тәуекелділік факторларының міндетті түрде ескерілуі, инвестициялық жобаларға инфляция деңгейін ескере отырып түзетулер енгізу;
- инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың уақытша әдісін әзірлеу.
Аталған шаралардан басқа инвестициялар және инвестициялық жобалау туралы біртұтас заңдық және нормативтік-құқықтық негіздерді дәлірек айтқанда, Инвестициялық кодексті қалыптастыру қажет. Бұл инвестициялық саясаттың және инвестициялық жобалауды жетілдірудің негізгі бағыттарын нақты анықтауға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылық шикізаттарын қайта өңдеу.
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту Қазақстанның экономикалық саясатының бірден-бір маңызды басымдығы болып табылады. Бір жағынан, қолайлы экономикалық алғы шарты бар, атап айтқанда, кең ауқымды өндірістік қуаты жұмсалмаған ( өз уақытында бүкіл Кеңес Одағының қажеттілігін қанағаттандыруға болжанған), еліміздің ішкі нарығында сұранысы қанағаттандырылмаған, үлкен аймақтағы ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жері, сондай-ақ Қытай мен Ресейдің дамыған нарығындағы айырықша экпорттық әлеуеті. Екінші жағынан, әлеуметтік факторы — Қазақстан тұрғындарының жартысынан көбі ауылды жерде тұрады. Өнеркәсіпті жетілдіру және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта даярлау бойынша отандық бастаманы қолдау қажеттілігі — әсіресе Еліміздің Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруінде ерекше актуальды болуда.
Қазақстанның Инвестициялық қоры өзінің мақсаттарына сай бірінші кезекте Агоөнеркәсіптік кешен өндірісі құралдарының қайта өндіру және өндіру салаларының дамуына бағдарланады. Сонымен бірге, өзара байланыстың талдауы АӨК салаларында қайта өңдеуді дамыту кезінде жеткізушілердің тұрақсыздығынан, жоғары құнына және шикізат сапасының бір текті еместігінен тежелетіні анықталды. Осы мәселелерді жою үшін ауыл шаруашылық өндірісінің дамуына елеулі жұмсалымды талап етеді, атап айтқанда ескі және жаңа тұқымдық пен тұқым өсірушілік шаруашылығын құруды қалпына келтіру, қазіргі кездегі агротехнологияны енгізу, тиісті инфрақұрылымды құру және т.б. Осылай туындап отырған жағдайда, шикізатты өндіруден бастап оны тереңірек қайта өңдеуге дейінгі қосылған бағасының сатылас-біріктірілген буынын құруды қарастыратын аса перспективалы және экономикалық тиімді жобаларды ұсыну.
Басымды тобына мынадай салалар жатады:
- ет пен былғары шикізатын өндіру және қайта өндіру;
- сүтті өндіру және қайта өндіру;
- жүнді өндіру және қайта өңдеу;
- жеміс-жидек пен көкөністі өндіру және қайта өндіру;
- мақтаны өңдеу және қайта өндіру;
- ауыл шаруашылық техникасын өндіру.
— 1990 ж. Қазақстанда ІММ 9,82 млн., қой мен ешкі 36,22 млн., шошқа 3,26 млн. басын құрады. Етті өндіру 1,55 млн.тоннаны, тері — 7,55 млн. дананы құрады. Реформа жылдарында малдың барлық түрлерінің басы қысқарды және қазіргі кезде: ІММ 4,85 млн. басы, МММ 12,15 млн., шошқа 1,35 млн. құрайды. Саланың қайта өндіру кәсіпорынының ішінен тек азы ғана кризистен шықты. 2004 ж. 0,7 млн. тонна ет және 126,0 млн кв.дм. тері өндірілді, 8,68 мың тонна шұжық бұйымдары, 2,36 мың тонна ет консервілері және 6,20 млн. кв.дм. тері шикізаты импортқа шығарылды. Осындай бола тұра ет бұйымдарын тұтыну көлемі жыл сайын өсуде, және 1990 ж. деңгейінен 45,3 пайызға жетті. Ет ел тұрғындарының азық-түлік балансындағы аса маңызды элементі болып қалуда.
Жоғары экономикалық және экологиялық тиімділікті қамтамасыз ету үшін қалдықсыз ет комбинаттарын құру перспективалы, яғни мұнда негізгі өнімнен басқа, қанды, қалдықты өнімді, теріні, мүйізді, тұяқты және іш-құрылысына дейінгі тағы басқаларды қайта дайындау жолға қойылатын болады. Алынған өнім бұдан әрі тамақ өнеркәсібінде (тамақ қаны), жеңіл өнеркәсібінде (тер), құрылыс индустриясында (қайта дайындалған мүйіз және тұяқ), кетгут өндіру үшін (шектер), тыңайтқыш және тағы басқа мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін. Осындай жағдайда, малды сою мен қайта даярлауға байланысты, өзара байланысты өнеркәсіптердің кластерлерінің дамуына да жол ашылуы мүмкін.
Мұндай кластерлер мал шаруашылығын қайта қалпына келтіру және дамыту үшін жағдайы бар: тұқымдық шаруашылық, жайылым, жем, қайта өндіру қуаты бойынша кәсіпорындарды Қостанай, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік-Қазақстан, Шығыс-Қазақстан облыстарында құрылуы мүмкін.
— Ұсақ мал шаруашылығына ірі фермаларға шоғырландыру есебінен жетуге болатын, шикізаттарды тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету саланы дамытудың қажетті жағдайы болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстандағы малдың 80 пайызынан көбі жеке шаруашылықтың иелігінде. Туындаған құрылымды өзгерту біраз жылды алады. Бұған дейін Қордың мақсаты — өзінің құрылымында жеке ірі мал шаруашылығының бөлімі бар қайта өңдеу компаниясына қолдау жасауды және дамытуды көздейді.
1991 жылға дейін сүт саласының қайта дайындау кәсіпорындарында 60 пайыздан аса сүт қайта даярланды, және де өнеркәсіптік қайта даярлауға 85 пайыздан аса екінші шикізат пайдаланылды, бұлардан сүт қанты (сарысуы), казеин және казеинаттар, кілегейлі және майсыз құрғақ сүт (КҚС және МҚС) әзірленді. 150-ден аса түрі бар сүт өнімдерінің ассортименті ұсталынды және үнемі жаңарып отырды. Қазіргі кезде 1990 жылмен салыстырғанда шаруашылықтың барлық категориясындағы сүт өндіру көлемі 27-ден аса пайызға (5,64-тен 4,28 млн. тоннаға дейін) қысқарды, оның өнеркәсіптік қайта даярлау үлесі 60 пайыздан 12,2 пайызға дейін елеулі төмендеді.
Соңғы өнімнің пайдалылығын көтеру мақсатында сүт өнімдерінің әр қилы түрлері үшін өндірісті әртараптандыру және өнеркәсіптік процесстерінің технологиялық өзара байланысын пайдалану қажет. Жоғары қосымша бағадағы аса перспективалылар: ірімшіктер, құрғақ сүттер, йогурттар, ашытқы сүт өнімдері, балмұздақ, консервіленген сүт, UHT — сүтті өндіру болып табылады.
Қайта өндіру өндірісін шикізат көзіне жақын орналастыру мақсатқа сай болады, яғни дәстүрлі сүтті мал шарушылығының өңірлерінде: Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс-Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында.
Өнімнің жаңа түрлерін өндіруді инвестициялау, сондай-ақ шикізат базасын дамыту жолымен сүт өнімдерін өндіретін жұмыс істеп тұрған ірі компаниялардың байланысын құруды енгізу мақсатқа сай болар еді.
— 1990 жылы Қазақстанда 35,7 млн. басты қой болған кезде қой жүнін өндіру 107,9 мың т. құрады. Реформа жылдарында МММ басы елеулі қысқарды, тұқымдық қордың сапасы шаруашылықты ірілеу және шағын жеке меншіктердің қойларды ретсіз ұстауынан сапасы төмендеді. 2003 жылы 1990ж. деңгейінен басы үш есе аз болғанда, жүнді өндіру 4 есе — 25,9 мың т. аз болды.
Жүнді қайта өндіру тоқыма, трикотажды, тігін, кілем фабрикаларын шикізат және материалдармен қамтамасыз ете отырып, жеңіл өнеркәсібінің қосымша бағасының буынында маңызды звено болып табылады. Сонымен қатар саланы қалпына келтірудің маңызды әлеуметтік және мәдени ықпалы бар, өйткені мал шаруашылығын дамытуымен ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етеді және халық дәстүрін сақтауға жағдай жасайтын болады.
Қазақстанның кең ауқымдағы табиғи жайылымы қойды арзан өсіруіне жағдай жасайды, бұдан барып жүннің өзіндік құнын тиісті төмендетеді. Осының арқасында жуылған жүн және оның өнімдерін қайта даярлау (топс, тоқыма, мата, киім, кілемдер және т.б.) дүние жүзілік нарықта бәсекеге қабілетті және экспорттық ақшалай түсімнің елеулі көзі болуы мүмкін. Мұны жүн мен оның қайта даярланған өнімдері табыстың бірден-бір негізгі көзі болуына әсер еткен Австралия мен Жаңа Зеландия тәжірибесінің көрсеткішін атауға болады. Бұл елдер жүннің аса бағалы типтері — жіңішке және супержіңішке өндірісінде мамандандырылған. Қазақстанда биязы жүнді мал шаруашылығы Шығыс-Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында дамыған. Биязы жүнді малды өсіруге, жүнді дайындауға, жемді дайындауға, ветеринарлық қызметті ұсынатын, жүнді алғашқы қайта даярлауға, топсты, тоқыманы, матаны, көрпені өндіруге, ет өнімдерін, теріні, етті сүйекті ұнды, медициналық шикізатты және косметикалық өнеркәсіп үшін шикізатты (ланолин) өндіруге мамандандырылған кәсіпорындарды, дистрибьюторлық және сауда ұйымдарын, сондай-ақ ғылыми-зерттеу мекемелерін қамтитын өңірлік кластерлер құрылуы мүмкін.
Мұндай кластерлерді құру ҚИҚ-тың қатысуымен жүнді алғашқы өңдеудің Семей фабрикасының базасында басталған. Жоба Шығыс-Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарындағы мал шаруашылығын, дайындау ұйымдарын, жүнді алғашқы өңдеу фабрикасын, жүнді-тоқыма өндірісін, етті қайта даярлау кәсіпорынын енгізетін сатылас-интеграциялық буынын құрауды қарастырады. Жобаны іске асыру Қазақстандағы мал шаруашылығының биязы жүнді қалпына келтіруге септігін тигізеді.
— 1991 жылға дейін жеміс-көкөніс консервілері 7 жемісконсерві зауыттарында өндірілді және жылсайын 40-тан аса консерві цехтерінде 300 миллион (120 мың тонна) шартты банкі, соның ішінде бала тамақтары 25,0 МШБ (10,0 мың тонна) жуық. Осындай жағдайда жылсайынғы жеміс-көкөніс консервілері мен бала тамақтарына қажеттілік, тиісінше 1,0 млрд. шартты банкі (400 мың тонна) және 100 МШБ ( 40 мың тонна) құрады. Бұл кезеңде жеміс-көкөніс консервілерінің 60 түріне дейін, соның ішінде бала тамақтарының 25 түріне жуығын кәсіпорындар дайындады.
Жеміс консерві өндірісінің негізі көлемі: Алматы, Жаңашар, Қаскелең, Мичурин мен Талдықорған (Алматы облысы), Сайрам мен Түлкібас (Оңтүстік-Қазақстан облысы), сондай-ақ Жамбыл облысының консерві зауыттарына бағытталған болатын. Шағын цехтар Қазақстанның әрбір облыстарында болды.
Реформа жылдарында ауыл шаруашылығын ірілеу және ауыл шаруашылығының жалпы кризисіне байланысты жеміс пен көкөністі дайындау көлемі анағұрлым қысқарды.
Саланы қалпына келтірудің және дамытуының мақсатқа сай болуы еліміздің оңтүстігіндегі, соның ішінде Ресейде табиғи-климаттық жағдайларының қолайлылығымен, және қайта өңдеу өніміне сұранымының өсуімен негізделеді. Көкөністер мен жемістерді қайта даярлаудың шикізат базасына байланыстығын ескере отырып, қалпына келтіру және Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында жаңа өндірісті құру анағұрлым перспективалы.
Қазақстанның оңтүстік жерлері егіншіліктің тәуекелді зонасына жататынына байланысты, жеміс, жидек, көкөністің әр қилы түрлерін қайта даярлауға болжанған өндірісті құру жолымен әртараптандыру тәуекелдігі орынды болады.
Өндірістің тиімділігін көтеру үшін, тұқым, сүйек, жмыха, кондициялық емес шикізатты қосқанда, кешенді қайта даярлауды дамыту қажет. Нәтижесінде жоғары қосылған бағадағы өнім алынуы мүмкін: фармацевтикалық және косметикалық өнеркәсіп үшін шикізат, тамақ қосындылары, бағалы жем компоненттері, тыңайтқыш және т.б.
Бір текті сападағы шикізатты қайта даярлауға арналған тұрақты жеткізуге қабілетті жеміс шаруашылығы мен қой шаруашылығын нығайту процесі бірнеше жылды қажет етеді. Осыған байланысты, Қорға жақын уақытта жеке шикізат базасы бар немесе жоспарлаған компаниялардың жобаларын қаржыландыру мақсатқа сай болар еді.
— 1990 жылы Қазақстанда мақтаны жалпы жинау 324,1 мың тоннаны, 2003 жылы — 386,8 мың тоннаны құрады. Өндірістің өсуі егіс алқабының 119,7 мың га-дан 199,5 мың га-ға дейін көтерілуі есебінен жетістікке жетті және егіннің шығуы 27,1 ц/га-дан 19,7 ц/га-ға дейін төмендеді. Егін шығуының төмендеуі, ең бірінші тұқымдық шаруашылығы санының жетіспеушілігіне, дренаждық жүйенің бұзылуына және агротехникалық іс-шаралардың уақытылы жүргізілмеуіне байланысты.
Мақта-шикізаттың алғашқы қайта даярлауы жеткілікті дамыған: елімізде жылына 755 мың тонна шикізатты қайта даярлау бойынша жиынтық қуатындағы 19 мақта тазалау зауыттары бар. Қазіргі кезде барлық өндірілген мақта-волокно экспортқа шығарылады. 2003 жылы 125,5 мың тоннаны, немесе өндірілген көлемінің 95 пайызын экспорт құрайды.
Тереңірек қайта өңдеуге қатысты, 2003 жылы мақта-мата тоқыма өндірісінің көлемі 3,74 мың т. құрады, бұл 1990 жылғы (39,9 мың т.) деңгейінен бірқатар төмен, м/м маталарын өндіру көлемі — 1990 ж. 151,3 млн. м2 орнына 19,9 млн. м2. Өндіріс көлемінің төмендеуі, өндірістің жеткіліксіз тиімділігінен отандық өнімнің төмен бәсекеге қабілеттілігімен түсіндіріледі.
Саланың интенсивті даму жағдайында көрші Қытайдағы тоқымаға, матаға және трикотажға аса тәуір сападағы жоғары технологиялық өндіріске жұмсалым есебінен жеткені сияқты мақтаны тереңірек өңдеуде, отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін көтеру. Сатылас-интеграциялық буынды құрауды қарастыратын, мақтаны өндіру мен қайта даярлаудың барлық үш кезеңін: қазіргі заманғы техника мен агротехнологияны қолдануымен элиталық тұқымдық материалдарынан мақтаны өсіруді; шикізат пен тиісті өнімдерді (тұқым, линта, улюка) кешендік қайта өңдеуді; қазіргі кездегі жабдықтарда экстра-класс өнімдерін өндіруімен талшықты тереңірек қайта өндіруді өзіне кіргізетін аса перспективалы жобалар болып табылады.
— Қазақстанда ауыл шаруашылық техникасы паркінің қазіргі заманғы жағдайы мынадай цифрлармен сипатталады: 72-ден 82 пайызға дейінгі техникалар 1991 ж. дейін шығарылған, 15-18 пайызы — 1994 ж. дейін және барлығы 3-10 пайызға дейіні — 2004 ж. дейін шығарылғандар, 1991 ж. дейін шығарылған барлық техниканың 78 пайыздағы тракторлар, 72 пайыздағы астық жинайтын комбайндар, 82 пайызда сепкіш, 76 пайызда жатка және 85 пайызда топырақ өңдегіш техникалар жоюға жатады. Ауыл шаруашылығының техникалық жарақтандыру деңгейінің төмен болуы, оның тиімділігінің өсуін тоқтататын бірден-бір басты факторы, тұқымдық алаңының қысқару себебі, ауыл шаруашылық дақылдарының технологиялық жандануының қысқаруы, өсімдіктердің зиянкестері мен ауруларының таралуы, егінді жинау кезіндегі шығыны (ауыл шарушылық дақылдар егінінің 30 пайызы машина-трактор паркінің тозуының әсерінен жоғалады), ауыл шаруашылығы өнімдері мен топырақ құнарлылығы сапасының төмендеуі болып табылады.
Елімізде ауыл шаруашылығы техникасының негізгі түрлерін жаңартудың жылсайынғы қажеттілігі: 3200 тракторларды, 3000 астық жинау комбайндарын, 6500 сепкіштігін, 800-1000 жаткаларды құрайды. Соңғы бірнеше жыл ішінде Републикада орта есеппен жылына жылсайынғы пайдалануының 10 пайызынан аса тракторларға және сепкіштерге, 25 пайызы — жаткаларға жүргізілді. Ауыл шаруашылық техникасына негізгі қажеттілігі импорттың есебінен, сонымен бірге өз кезегінде көлемі сұранымды жаппауынан қамтамасыз етіледі.
Республиканың ауыл шаруашылығына жаппай тұтынушыларға есептелген және ресурсты үнемдейтін технологияның сұраныстарына жауап беретін арзан, үнемді, жоғары өндіруші, универсалды машиналар қажет. Отандық ауыл шаруашылығының машина жасауы жоғары тұтынуынан мынадай бағыттары бойынша дамуы мүмкін және қажет етеді, атап айтқанда трактор және комбайн жасау, топырақты өңдеу және себетін техниканы өндіру, тракторлық прицеп, жатка, шөп жинау техникасы, шашыратқыш, мал шарушылығы үшін жабдықтар. Ауыл шаруашылығының машина жасауын дамыту бірінші кезекте импорттың орнын басатын мақсаттарға сәйкес, сонымен бірге саланың өнімі басқа елдерге, ең алдымен шекаралас аудандарға және Орталық Азия елдеріне табысты экспортталуы мүмкін.
Ауыл шаруашылығының машина жасауын дамыту үшін таяныш төшкесі мына кәсіпорындар болып табылады: республиканың Солтүстік өңірлеріндегі 3 зауыты — «Астана-Агропромтехника» ЖШС, «Қазахсельмаш» Корпорациясы ЖШС (Астана қ.), Қостанай дизел зауыты және Батыс-Қазақстанда 1 зауыт — «Уральскагрореммаш» ААҚ (Орал қ.) . Осы кәсіпорындардың айналасында жиынтықтығын жеткізуші ретінде және ұқсас өнімді өндіретін өндірістің технологиялық буыны құрылатын болады. Осы технологиялық буындағы қосымша бағасы кооперацияның әсерінен өсетін болады. Солтүстік Қазақстанда бірнеше жыл ішінде ауыл шаруашылығының машина жасау секторында кластерлерді құрастыруға болады.
Медициналық препараттар, косметика және тұрмыстық химия.
Фармецевтика, косметика және тұрмыстық химия химиялық өнеркәсіпке жатады, олардың өнімдері — бұл жалпы сұраныстағы тауарлар. Шикізат ретінде табиғи және синтетикалық препараттар және ингриденттер ( органикалық және органикалық емес заттар) пайдаланылады. Осы сала үшін үлкен маңыздылығы — қауіпсіздікті, пайдалылықты, тиімділікті айқындайтын сапасы, сондай-ақ тұтынушылардың кең ауқымы үшін өнімге мүмкіндігі. Бұл салалар өндірістің ең пайдалы түрлерінің қатарына жатады және сондықтан да қатал бәсекеге қабілеттілігімен сипатталады. Өнімнің қосылған құнының үлесі 40-65 пайызды құрайды.
Қазақстан үшін импорттың орнын басу сипатындағы едәуір айқын көрінетініне қарамастан, аталған салалар айырықша экспорттық әлеуетке ие, және олардың өнімдері көрші елдерде қажетті болуы мүмкін. Отандық кәсіпорындар үшін экспорттық перспективалар өнеркәсіптік химияның осы категориясындағы өндірісті аса білімді ұйымдастыру және маркетингі жағдайында жеткілікті тартымды болуы. Жоғары сыйымдылықтағы нарыққа, атап айтқанда Ресей, Қытай, Орталық Азия, Украина және бірнеше басқаларға шығу жағдайлары бар.
Жалпы дүние жүзілік масштабта, тұрмыс сапасын көтеруге байланыстының барлығы, ал осымен тікелей байланысты фармацевтика, косметика және тұрмыстық химия инвесторлар үшін тартымды болып табылады. Аталған салалар жоғары инновациялығымен және ғылыми сыйымдылығымен сипатталады. Фармацевтика мен косметологиядағы фундаментальдық және қолданбалы ғылыми зерттеулердің тез өсу тенденциясы барлық дамушы елдердің осы салаға ұзақ мерзімді мүддесін көрсетеді.
Ғаламдық фармацевтикалық өнеркәсіп қаржыландыру айналымы бойынша бірінші орында болады. Дәрі-дәрмек заттары мен медициналық бұйымдар дүние жүзілік нарықта жыл сайын 5-10 пайызға көтерілуде және 1 трлн. доллар шамасына бағаланады. Оригиналды препараттардың нарығы жылына 1-3 пайыздан аспай өседі, негізгі өсімді дженерика қамтамасыз етеді. Фармацевтикалық нарықтың өсу қарқыны өңірлер мен елдер бойынша қатты дифференцияланған. Солтүстік Америкада сату орташа 10-12 пайызға, Еуропада (7 алдыңғы қатарлы елдер) 7-10 пайызға өсуде. Көлемі бойынша АҚШ-тан кейін, екінші орындағы Жапонияда дәрі-дәрмектердің бағасы бойынша үкіметпен енгізілген шектеулердің негізінде аса қарапайым қарқынмен 2-3 пайызға көтерілуде. Ал, қалған азия нарығындағы жылсайынғы сату орташа — 12-15 пайызға өсуде. Өте қарқынды өсіп келе жатқан аргентикалық нарық болып табылады — онда соңғы жылдары сату 37 пайызға өсті. Ресейде фармацевтикалық нарық белсенді дамуда. Соңғы жылдары ресей нарығындағы дәрі-дәрмектердің көлемі жылына 20-25 пайызға өсті.
90-жылдардың басында қазақстандық фармацевтикалық өнім дәрі-дәрмек заттарын жалпы пайдаланудың 3 пайызға азын қамтамасыз етті, косметика заттарын өндіретін өнеркәсіп тіпті болмаған, және тек тұрмыстық химия секторындағы жағдай анағұрлым қолайлы болды, өйткені отандық кәсіпорындар жеткілікті көлемде сабын мен кір жуғыш ұнтақтарын шығаратын. Қазіргі кезде медициналық препараттардың тұтыну нарығында 11 пайыздан аспайтын ішкі қуаттылықты жабуда (салыстыру үшін: Ресейде фармацевтикалық және медициналық өнімдердің жеке меншік өндірісінің үлесі түрлі көрсеткіштер бойынша 30 пайыздан 50 пайызға дейін ауытқиды).
Сарапшылардың бағалауы бойынша қазіргі кезде дүние жүзілік косметикалық нарықтың көлемі 200 млрд. доллар. аса құрайды. Косметика нарығының ғалами өсуі 5-8 пайызға жуығын құрайды. Және ең жоғары өсу көрсеткіші Батыс Еуропа елдерінде көрінуде. Сонымен қатар, осы елдерге дүние жүзілік нарығындағы сатудың аса үлкен үлесі жатады, оларға 28 пайызы, одан кейін Солтүстік Америка (27 пайыз), Тынық Мұхит өңірі (23 пайыз), Латын Америкасы (11 пайыз), Африка мен Жақын Шығыс (10 пайыз) келеді.
Қазақстанда косметикалық заттар мен тұрмыстық химия тауарларына қажеттілік негізінен импорттың есебінен қанағаттандырылады. Жиынтық ресурстардан отандық өндірісінің үлесі — айырықша емес, тауар категориясына қатысты 3-15 пайыз шамасында болады.
Шикізат фармацевтика мен косметика үшін кілттік ресурс болып табылады. Дайын дәрі-дәрмек заттарын өндіру үшін негізгі шикізат субстанция болып табылады. Қазақстанда дәрі-дәрмек заттарын өндіру кезінде 150 атауындағы субстанция пайдаланылады. Қазіргі уақытта косметикалық өнеркәсіп үшін косметикалық ингриденттерді тіркеудің халықаралық жүйесінің тізімінде шикізаттың 12500 атауы тіркелген. Республикада косметиканы өндіру кезінде осы кезге косметикалық шикізаттың 120-ға жуық түрлері пайдаланылады ( майлы спирттер мен қышқылдар, спирт пен қышқылдың ауыр эфирі, қышқылдың туындылары мен полимерлері, майлар, бояулар, биологиялық активті қосымшалар және т.б.)
Тұрмыстық химия тауарлары үшін жартылай косметикалық шикізаттар пайдаланылады, бірақ, негізінен спецификалық, немесе ағартушы әсері бар, немесе қатты майландыратындар қолданылады. Тұрмыстық химия тауарларын өндіру, сонымен бірге дайын реагенттерді араластырумен жүзеге асырылады. Негізгі бөлігін сульфат натрия/триполифосфат натрия, жеңіл активті заттар, желілік акилбензолдар, сода және фосфаттар, түрлі бағыттағы толтырғыштар.
Өндірістік процесстің маңызды құраушысы дамыған ғылыми-технологиялық инфрақұрылым, ең бірінші, саланың кәсіпорындарындағы, сонымен қатар ғылыми және білім мекемелері шеңберіндегі арнайы лабораториялар болып табылады. Лабораториялар жеке әзірлемелермен және дәрі-дәрмек препараттарын, косметикалық заттар мен тұрмыстық химия заттарын дайындаудың әйгілі рецептурасына бейімделуімен айналысады.
Рецептура мен шикізат — өндіретін өнімнің қолайлы сапасын қамтамасыз ететін басты компоненттер.
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша Қазақстанның фармацевтикалық нарығына қажеттілік жылына 300 миллион АҚШ долларын құрайды, соның ішінде тек қана өмірге қажетті дәрі-дәрмек заттары бойынша — 9 млрд. теңге. Фармацевтикалық нарығында 7000-ға жуық медикаменттер айналымда жүреді, денсаулық сақтау министрлігімен 6 мыңнан аса дәрі-дәрмек препараттары (Ресейде — 24 мыңнан аса) тіркелген.
Фармацевтикалық препараттар нарығының құрылымы дәрі-дәрмек заттарының типтері бойынша (ақша түрінде) мынадай:
— жаппай атаудағы арзан дженериктер (ТМД компаниялар тауашысы, төмен бағалы сегмент) — 27 пайыз, қысқаруға тенденция
— қазіргі кездегі дженериктер (Халықаралық патенттелмеген атауларындағы препараттар, жеке меншік сауда атауларымен, Шығыс Еуропа компанияларының тауашысы және Батыс Еуропаның дженерикалық компаниясы, сонымен бірге Индия, орташа бағалық сегмент) — 30 пайыз, тұрақты өсу динамикасы
— патенттелген сауда атауындағы және жаңа ұрпақ дәрі-дәрмектерінің оригиналды препараттар мен бренділер ( дамушы елдер тауашысы, жоғары баға сегменті) — 43 пайыз, патенттік қорғаудың мерзімі аяқталу себебі және осының 2-ші сегментке өтуі бойынша, сондай-ақ заңды базалардың жетілдірілуіне байланысты кейбір төмендетілген тенденциясы.
Бүгінгі таңда республикада 600 атауынан асатын, медициналық және фармацевтикалық (олардың көпшілігі шөптік дәрі-дәрмек шикізатын дайындаумен және галендік өнімдерді өндірумен айналысады), 100-ден аса атаулары негізгі өмірге қажетті маңызды дәрі-дәрмек құралдарының тізіміне кіретін, өнімдерді өндіретін 100-ден аса компаниялар жұмыс істейді. Өнімнің жалпы жылдық көлемі 22-23 млн. доллар шамасында бағаланады. Басты отандық медикаменттерді өндірушілер — «Химфарм» АҚ және «Ромат» ЖШС болып табылады.
Косметика мен тұрмыстық химия заттарын отандық өндіру дамудың жоғары қалыпсыздығымен ерекшеленеді. Сабынсу мен жуу құралдарының өндірісі анағұрлым деңгейде дамыған. Өнеркәсіп химиясының көрсетілген саласы үшін нарықта табыстың бірден бір кілтік факторы маркетингі мен сату жүйесін білімді құру болып табылады. Маркетингіде жарнаманың және тауарды жылжыту жағдайы мен формасының үлкен мағынасы бар.
Отандық өндірушілердің оң жағы көлік шығындары мен серіктестіктермен туындаған байланысы есебінен үнемдеуінен өнімдерге (импорттық ұқсастықпен салыстырғанда) аса төмен бағасы, сондай-ақ бәсекеге қабілетті өнімді жеткізудің жеделдігі болып табылады. Отандық өнімдер сыртқы түрінен, сапасынан ұтылады. Сондай-ақ, әлсіз жағы өндірістің дәстүрінің болмауы, төмен имиджі, жарнамалық бюджеттің шектелуі, тұтынушылардың психологиялық стереотипінде қалыптасқан, алыс шет елдерден шикізат жеткізушілерінің мерзімі және төлеу жағдайлары бойынша тәуелділігі болып табылады.
Макроэкономикалық тенденция сақталған кезінде медикаменттер, косметикалық заттар және тұрмыстық химия тауарларының нарығы жылына орташа 15-20 пайызға өсетін болады, тұрақты осы немесе басқа категориядағы тауарларға жаңа қажеттіліктер туындайтын болады. Осылай отандық өндірісті дамыту үшін жағдайларға жол ашылады, инновациялық биотехнологиялық дәрі-дәрмектер мен косметикалық заттар үшін ғылыми-өндірістік базалар қалыптасады.
Тұрмыстық стандарттар жақсарған жағдайда, сатып алушылардың артықшылықтығы ауысатын болады — сұраныс ақырындап аса қымбат өнімдер жағына ауысады, тұтыну мәдениеті түрленеді. Отандық өндірушілерге, өздерінің ұлттық позицияларын сақтап және бекітіп, жоғары бағалық сегменттері үшін номенклатураны кеңейту бағытында тауарлық ассортименттерге тиісті қайта жайғасымды уақытында жүргізулері қажет.
ҚИҚ фармацевтика, косметика және тұрмыстық химияның қазақстандық өндірістерін синергетикалық тиімді жағдайы бар, аса тартымды, тұрақты кластерлері негізінде қарастырады.
Ағаш өнеркәсібі. Қазақстанда ағаш өнеркәсібі кешенін дамыту.
Ағаш — басқа ресурстардан (мұнай, газ және т.б.) айырмашылығы, қоры таусылмайтын, ресурсы жаңарып тұратын және стратегиялық шикізат болып табылатын табиғи материал. Болжауларға қарағанда ағаш әрқашан тұрақты болып қалады, өйткені ағаш құрылыста, жиһаз, қағаз, орамдар жасау кезінде орны толмас материал.
Сұранымның дүние жүзілік нарығы және тенденциясы
Дүние жүзілік ағаш нарығының тауарлық құрылымы %
Ағаш шикізаты 21
соның ішінде қылқан жапырақты кесінділері 6
— «- жапырақты 5
баланстары 4
технологиялық жаңқа және қалдықтары 5
Ағаш кесу өнімі 26
соның ішінде қылқан жапырақты кесу материалдары 22
— «- жапырақты 4
Жапырақты ағаш материалдары 9
соның ішінде үйеңкі фанерасы 6
АЖТ 2
АТТ 1
Целлюлоза, қағаз, картон 44
соның ішінде целлюлоза 18
газеттік қағаз 8
басу және жазу қағазы 8
қағаз және картон орамдары 6
Барлығы 100
Ист.: ФАО, ООН
Ағаш секторының дүние жүзілік дамуын және ағаш-қағаз өнімдерінің нарығындағы қазіргі кездегі жағдайды талдай отырып, мынадай негізгі айқын көрінетін тенденцияларының болуын атап өту қажет:
1) Ағаш қағаз өнімдерінің, әсіресе ағаш өнеркәсібі өндірісінің даму және ағаш өнімдерін сату көлемінің көтерілу базисі болып табылатын қағаздың және картонның дүние жүзілік тұтыну деңгейінің тұрақты өсуі.
2) Көптеген елдердің ерекшелігі, ағаш өнеркәсібі өндірісінің жетілдірілген құрамына, бірінші кезекте ағашты, ағаш қалдықтарын, макуллатураларды қайта өңдеу бойынша өндірістің алға шығуын дамыту және осы өндірістерді сату нарығына жақын орналастыруды болжауы болып табылады.
3) Әсіресе шет елдер үшін жоғары потенциалы бар Ресей, ТМД елдерінің дамып келе жатқан нарығы тартымды болып табылады.
АӨК өнімдерін экспорттау
100 млн. куб.м. кесу материалдарын экспорттаудың 40 пайызынан аса Канадаға келеді. Ірі экспорттарына, сондай-ақ АҚШ — 7-9 млн., Швеция — 7-8, Финляндия -5 және Австрия — 4. Жапырақты кесу материалдарын жетекші жеткізушілеріне Малайзия — 5 млн.куб.м және АҚШ -2 млн.куб.м. жатады.
Фанера нарығында Индонезия басымды, 16 млн.куб.м дүние жүзілік экспортынан 9 аса оған жатады.
Басқа ірі жеткізушілер: Малайзия — 1 млн.куб.м., АҚШ- 2 млн. дейін.
Ағаш плиталары нарығында, сыйымдылығы 13 млн.куб.м жетеді, бір немесе бірнеше экпорттаушылардың айқын меңгергендері жоқ. Плиталарды басқаларынан көбірек Канада мен Бельгия — 2 млн.куб.м., Германия — 1,3 млн., АҚШ және Австрия — 1 млн.куб.м аса шығарады.
Целлюлозаны сыртқы саудада барлық өткізілудің үштен екіге жуығы дүние жүзілік нарығында үш елден: Канада- 8,2 млн.т., АҚШ — 5,6 млн.т. және Швеция — 2,9 млн.т. жөнелтіледі.
Қағаз нарығы экспорттардың көп санымен сипатталады. Бірақ, осы өнім бойынша да дүние жүзілік сауданың 50 млн. тоннасынан Канадаға 11млн., Финляндияға — 7, Швецияға — 6,5, АҚШ-5, Германияға- 4 млн.т. келеді.
Ағаш өнеркәсібін халықаралық айналымға тарту деңгейі әжептеуір жоғары. Ішкі нарықта іске асыру үшін кесу материалдардың, фанералардың, целлюлозалардың, қағаздардың, картондардың, ал ағаш плиталарын 15 пайыз, іскерлік ағаштарды 7 пайыз өндірісінің бесінші бөлігі бағытталған. Өндіріс пен тұтыну үшін ішкі нарықтың жоғары мәнділігіне қатысты дүние жүзінде, орман ресурстары, және ағашты қайта өңдеудің өнімдерін тұтынушыларды, сондай-ақ өндірушілердің дамыған мамандануы да бір қалыпты бөлінбегені анықталды
Жалпы % Ағаш шикізаты Кесу материалдары Фанера және плиталар
Орны % Орны % Орны %
Канада 20 7 4 1 44 4 7
АҚШ 13 1 24 2 9 2 8
Финляндия 10 17 1 5 5 11 2
Швеция 9 12 1 3 9 16 1
Германия 7 4 7 8 1 5 5
Франция 4 6 5 9 1 6 5
Индонезия 3 23 0 20 0 1 3
Малайзия 3 2 13 4 6 7 5
Австрия 3 18 1 6 4 8 4
ТМД 3,5 3 12 7 4 13 1
Басқалары 25 32 17 27
Импорт.
Ағаш өнеркәсібі импортында осыған ұқсас жағдайлар байқалады. Солтүстік жарты шарында орналасқан 30 жуық өнеркәсіптік дамушы елдердің 80 пайызынан аса дүние жүзілік импортпен қамтамасыз етіледі. Сатып алушы болып бірінші АҚШ шығады — дүние жүзілік импорттың 16 пайызы. Одан әрі: Жапония -14 пайыз, Ұлыбритания және Германия — 10 пайыздан, Франция мен Италия — 6 пайыз. Нидерландыда, Белгияда, Австрияда, Данияда, Испанияда, Швецияда, Швейцарияда, Қытайда,Оңтүстік Кореяда, Австралия мен Гонконгта (Қытайда алып-сату) импорт миллиард доллардан асады.
Ағашты қайта өңдеудің технологиялық ерекшеліктері.
Ағаш өнеркәсібінің тобы кесу материалдарымен және басқа ағаш материалдарымен жұмыс жасайды. Ағаштан жасалатын бұйымдардың тізімі айырықша кең. АҚШ-ң классификациясы бойынша осы өнеркәсіптің негізгі салалары өзіне мыналарды кіргізеді: — ағаш дайындау — ағашты кесу — фанерлі қабыршақты ұсақтау және дайындау — ағаш тараларын дайындау — ағаш ғимараттарының құрылысы — ағаштан басқа өнімдері. Ағаш одан әрі пайдаланылуы үшін материалдардың кейбір негізгі түрлеріне қайта дайындалуы қажет. Бұған ағаш өнеркәсібінің аталған алдыңғы үш саласы бағытталған. Осы салада 20 жуық технологиялық процесстер пайдаланылады, олардың ішінде: аралау, ұсақтау, комприссиондық формовка, авразивтік материалдармен өңдеу, бұрғылау, химиялық өңдеу және т.б.
Қазақстан нарығы.
Қазақстан үшін ағаш материалдарының (ағаш, жиһаз, целлюлозды-қағаз өнімдері және т.б.) 1 млрд. АҚШ доллары шамасындағы және елдердің ЖІӨ-нен 3 пайызындағы ішкі нарықтың жоғары көлеміне қатыстылығымен сипатталады. Осы жағдайда, импорттың үлесі — 50 пайызды құрайды, яғни отандық кәсіпорындардың өркендеуі үшін жоғары әлеуеті бар.
Қазіргі уақытта мамандардың бағалауы бойынша ҚР АӨК нарығының әлеуетті көлемі 4,0 млрд. жуық АҚШ доллары, соның ішінде жиһаз бойынша — 1,0 млрд. доллар. жуығын құрайды. Осылай қазіргі уақытта ішкі нарықтың өсуі жиһаз өндірісінің және осыған сәйкес ағаш пен тақта материалдардың өркендеуіне жағдай жасайды. Кесілмелі материалдар бойынша нарықтың сыйымдылығы отандық өндірісінің 45-50 пайыз өнімдерімен, негізінен төмен сапасындағы — 65-70 пайыз ағаш бұйымдарымен толтырылады.
Ағаш жаңқасы мен ағаш талшығы тақталары (бұдан әрі-АЖТ мен АТТ) бойынша нарықтың көлемі 250 мың куб.м және тиісінше 6,5 млн. кв.м. және импорт есебінен қамтамасыз етіледі.
Өндіріс динамикасы.
Саланың өндірісі бір қалыпты дамымайды. 90-жылдардың аяғынан бастап 2000 ж. дейін ағаш өңдеу өнеркәсібінде көтерілу байқалды, 2001 ж. өнеркәсіп өндірісінде төмендеу болды, ал соңғы екі жылда қайтадан көтерілуімен сипатталады. Осындай жағдайда 2003 ж. саланың өсуі 65,3 пайызында, алғаш рет өсу қарқыны бойынша өңделетін өнеркәсіпті өндіруші өнеркәсіптің алдына шығуына жағдай жасаған бірден-бір өнеркәсіп болып табылады.
Негізгі көрсеткіштердің динамикасы 1999 2000 2001 2002 2003
Өндірістік өнеркәсіптің көлемі млн. теңге 3236 5314 6202 6939 6767
Физ. көлемінің индексі, % 102,9 133,8 120 124,7 165,3
Өнеркәсіптегі саланың үлесі, % 0,1 0,3 0,3 0,3 0,2
Өнеркәсіп кәсіпорнының және өндірісінің саны 625 580 544 543
Салық салуға дейінгі табыс, млн.теңге -19,1 -8,6 13,5 55,3
өсу темпі, % 23,4 44,9 408,6
Негізгі қызметтен табысы, млн.теңге -16 -31,2 8,4 35,1
Рентабельділігі, % -1,8 -2,2 0,4 1,8
Кәсіпорын-өнеркәсіптің баға индексі,% 101,5 103 108,1 103,4
Негізгі капиталға инвестициялар млн. теңге 64 192 141 192
өсу темпі, % 95,3 276,5 68 128,1
Саланың қаржылық көрсеткіштерінде оң ілгерілулер болуда. Біраз жылдардан кейін қаржы-шаруашылық қызметінің теріс нәтижелерімен, соңғы уақытта кәсіпорын табыстарының көтерілу тенденциясы байқалуда, 2 пайыз деңгейіндегі пайдалылығы дайындау өнеркәсібінің басқа саладағы ұқсас көрсеткіштерімен салыстырғанда бірқатар төмен болып қалуда. Мұндай өзгерістер, соның ішінде негізгі капиталға инвестицияларымен де көрінеді, бірақ олардың көлемі айтарлықтай мәнді емес, ағаш өңдеу өнеркәсібінің дамуына сапалы жылжуын қамтамасыз етуге жағдай жасайтын, жұмсалымның елеулі өсуі жоқ.
Даму перспективалары.
Қазақстан арқылы «солтүстік-оңтүстік» ғажайып географиялық дәлізі өтеді: Ресейдің негізгі ағаш ағыны оңтүстік бағытта Қазақстан арқылы өтеді (Сібірдің шикізат базасы және Қытайдағы сату нарығы). Кейіннен экспорттау шикізатты дайындаудан бастап тереңірек және қалдықсыз қайта өңдеудің қосылған құнының біріңғай тізбегінің принципін жүзеге асыру, сатылас-интеграциялық құрылымын құру үшін тереңірек қайта өңдеудің логистикалық база мен кәсіпорынды құру мүмкіндігі.
Қазақстанның ағаш өнеркәсібі кешені синергетикалық әлеуетін иеленеді: кешендік жағдай кезінде, сондай-ақ кластерлердің құрылуы кезінде алдыңғы қатарлы технологияның құрылуына және одан әрі дамуына жол ашылады.
Ағаш өнеркәсібі кешенін дамыту бірнеше бағыттардан тұратын болады: жеке меншіктік шикізат базасын құру үшін орманды қалпына келтіру және ағашты отырғызу, ағаш дайындау және ағаш кесу бойынша кәсіпорындарды құру, ағашты тереңірек қайта даярлау бойынша кәсіпорындарын құру, дистрибуциялар желісін қалыптастыру. Мұның Қазақстан мен Ресей Федерациясының шикізат ресурстарын пайдалану есебінен мүмкіндігі болады, яғни барлық саланың дамуы үшін қажетті уақытты қысқартуына және барлық саланың бірінші кезеңінде-ақ ағашты қайта дайындау бойынша ірі кәсіпорындардың құрылуына жағдай жасайды.
Қазақстан үш өңірлерінде: солтүстік, батыс, оңтүстікте плантациялық өсіру үшін тиімді, кең аумағының болуымен ерекшеленеді. Ағашты өсіру тек қана экологиялық пайдалы іс немесе ағаш өнеркәсібі кешені компаниясына шикізат базасы туралы қамқорлық қана емес, сонымен қатар тартымды инвестиция болуы мүмкін. Дүние жүзілік тәжірибесін пайдалануға және ағашты секьюритизациялау немесе Қазақстанда орманды өсіруді қаржыландырудың көзі болып табылатын, зейнетақы қорларының қаржы қоржыны компонентінің бірі — орманды қаржы құралына айналдыруға жағдай туады. Дүние жүзілік тәжірибе орманды активтерге жұмсалым табысты инвестициялау болып табылатынын қуаттайды.Бұған қатысты орман активтеріне орташа өсуі немесе табыстылығын көрсететін NCREIF Timberland index анағұрлым айқын көрсеткіш. 90-шы жылдар бойы орман активтерінің табысы 10 пайыздан төмен түспеді, ал орташа мәні 17 пайыз деңгейінде ауытқыды.
Осылай ағаш өсіруге ҚИҚ-ң қатысуының қолайлы формасы ағашты өсіру, соның ішінде мемлекеттік ретінде де, сондай-ақ жеке капитал ретінде де қатысуымен Қазақстанда ірі орман инвестициялық компанияларын құру жолымен қатысып, қаржыландыруды құрастыру болып табылады.
Плантацияларда өсірілген орман, өнеркәсіптік пайдалану үшін кейінірек, плантациялық өсірумен қосарлана қол жеткізілетін болады, ағаш дайындау және орманды қалпына келтіру бойынша жобалар іске асырылуы мүмкін. Осыған байланысты, алдағы жылдары дайындау өнеркәсібінің басымдығы Сібірдің географиялық тығыз орналасқан, қуатты орманнан кіргізу болжанып отыр.
Шикізатты Ресейден импорттау бай шикізат базасынан басқа, басқа да фундаменталдық басымдығы бар — ағаштың тығыз сорттары, жұмыс күшінің құны мен шикізат. Ағашты импорттау мәселесін шешудің бірден-бір шешімі жылына 1 млн. куб.м. дейін дайындау әлеуетімен Ресейде дайындау базасын құру болып табылады. Ағаш дайындаудың осы көлемі болашақта шикізатпен бүкіл Қазақстанды, сондай-ақ Орталық Азияны да толық қамтамасыз ету мүмкіндігі бар.
Ағашты дайындау технологиялық қиын процесс болып табылады, ал ағаштан дайындалатын өнімнің номенклатурасы тұтыну заттарынан бастап автокөлік отынына дейін. Сондықтан ірі тонналық өндірісті жеке-жеке жүзеге асыру мүмкін емес. Тек ірі кешен шеңберінде ғана өзіндік құны арзандауы, сондай-ақ нарықта бәсекелестік үшін қажетті сапаға жетуі мүмкін. Одан басқа кешендік қайта даярлау кезінде орманды пайдалануды үйлестіру және жоғары қосылған құнындағы өнімдердің шығуын көтеру үшін жағдай туады.
Қазақстанның ағаш өнеркәсібі кешені құрылымының шикізат базасын жеткіліксіз өркендеуінен басқа дайын және сапаның жоғары деңгейіндегі өнімдерді шығару үшін елеулі ақауы сапалы отандық жартылай өнімдерінің (щиттер, АТТ, АЖТ) артта қалуы болып қалады. Алдағы жылдар ішінде негізгі өндірістік процесстерді меңгеруді және ағаш өңдеуде технологиялық артта қалуын жеңіп шығуды меңгеруін қажет етеді.
Құрылыс және жиһаз өнеркәсібі ағаш өнеркәсібі кешенінің негізгі соңғы тұтыну өнімі болып табылады. Қазақстандық жиһаз нарығында импорттың үлесі дәстүрлі жоғары, сондықтан импорттың орнын басу стратегиясын іске асыру үшін қазіргі заманғы жиһаз фабрикаларын техникалық қайта жарақтандыру мен құрылысы басымды болады.
Ағаш өнеркәсібі кешенінің кластеріндегі инвестициялық жобаларды іске асыру Қазақстанда ағаштың бұйымдарына көлемінің көтерілуіне және бағасының төмендеуіне әкеледі. Тереңірек қайта дайындау кәсіпорындарын құру өнім сапасының көтерілуін қамтамасыз етеді және экспортқа бағдарланған қазақстандық ағаш өңдеу өндірісінің пайда болуына жағдай жасайды.
Қорытынды
Кез-келген мемлекеттің қаржыны басқару жүйесіндегі маңызды салалардың бірі инвестициялық қызметі болып табылады. Мемлекеттің қаржылық ресурстары алдағы шығындарды қаржыландыруға және инвестицияларға жұмсалады. Инвестициялық қызметтің негізгі мақсаты, түптеп келгенде, кәсіпкерлік табысқа немесе капитал өсіміне қол жеткізу болып табылады. Инвестициялар мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді және келесідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
- қаржылық және материалдық ресурстарды жинақтау арқылы өздерінің кәсіпкерлік қызметін кеңейту;
- жаңа кәсіпорындарды сатып алу;
- бизнестің жаңа түрлерін меңгеру нәтижесінде өз қызметін әртараптандыру.
Инвестицияларды дұрыс басқара білу мемлекеттің экономикалық тиімділігіне, қаржылық тұрақтылығына, оның өз шаруашылық саласындағы өміршеңдігіне айтарлықтай әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан да, инвестициялық қызметті басқару мемлекеттің маңызды да жауапты міндеттерінің бірі болып табылады.
Бүкіл инвестициялық қызметті басқару жүйесі мемлекеттің инвестициялық саясатымен негізделеді. Инвестициялық саясатты әзірлеу барысына мемлекеттің басқару аппараты мен қаржы бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ маркетингтік, өндірістік және басқа да бөлімшелердің қызметкерлері қатысады. Бұл өз кезегінде, мемлекеттің бетке алған инвестициялық бағытының келешекте дұрыс сарында жұмыс істеуіне септігін тигізеді.
Мемлекет аталған міндеттерін жүзеге асыру үшін өзінің инвестициялық саясатын белгілі принциптерге сүйене отырып жүргізу керек. Кз келген мемлекеттің инвестициялық саясатының әлемдік тәжірибеде қалыптасқан принциптері келесідей:
- капитал салымдарын қаржыландыру көздернінің алуан түрлі болуы;
- іріктеушілік және ұқыптылық – инвестициялық жобаларды жан-жақты талдау нәтижесінде іріктеп, таңдап алу;
- мақсаттылық – инвестициялық бағдарламаның түпкі қажетті нәтижелерді қамтамасыз ету мақсатында бағытталуы;
- жүйелілік – инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті шаралардың жиынтығын жалпы ұлттық экономиканың даму деңгейімен байланыстыра отырып қалыптастыру;
- қамтамасыз етушілік – кез-келген инвестициялық жоба қажетті ресурстардың барлық түрімен (қаржылық, еңбектік, ақпараттық, материалдық)және қажетті мөлшерде қамтамасыз етілуі тиіс;
- өтелімділік – салынған қаржы-қаражаттардың барынша үлкен өсіммен қайтарылуы;
- инвестициялық белсенділікке ықпал ету мақсатында экономикалық және ұйымдастырушылық құралдарды қолдану.
Инвестициялық саясаттың іріктеушілік және ұқыптылық принциптерін жүзеге асыру мемлекеттің экономикалық өсіміне және жандана түсуіне септігін тигізетін инвестициялық бағыттарды (жобаларды) дұрыс таңдай білуді қажет етеді. Кез-келген мемлекет үшін инвестициялық саясатты жүзеге асыру және инвестициялық бағыттарды таңдау келесідей қажеттіліктерді қамтамасыз етуі керек:
- өзге кәсіпорындарға немесе жаңа өнімдерге қаражаттар салу мақсатында өзінің өндірістік әлуетін (потенциалын) дамыту;
- инвестициялық бағдарламалардың өміршеңдігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілетін салаларға капитал салу;
- бәсекелестік қабілеті жоғары, ішкі және сыртқы нарықтарда үлкен сұранысқа ие болатын өнімдер мен салаларға инвестициялар салу.
Инвестициялық сипаттағы басқарушылық шешімдерді қабылдаудың негізінде болжамдалған инвестициялардың көлемі мен болашақ ақша кірістерінің көлемін бағалау және салыстыру жатады. Салыстыруға жататын көрсеткіштер уақыттың әр түрлі мезетіне жататындықтан, мұндағы өзекті мәселе оларды салыстыру болып табылады. Оларды салыстыру барысында көптеген объективті және субъективті факторларға көңіл аударылады: елдегі инфляция деңгейіне, инвестицияланатын қаражаттардың көлемі мен олардан келетін ақша ағындарына, инвестициялық жобаларды талдаушы маманның біліктілігіне және т.с.с.
Стратегиялық тұрғыдан инвестициялар кәсіпорындардың дамуын, техникалық жарақтануын және экономикалық өсуін анықтайтын негізгі буын болып табылады. Елімізде болған соңғы жылдардағы өзгерістерге байланысты кәсіпорындар үшін де біршама қолайлы инвестициялық жағдай қалыптасты. 2003 жылы 8-қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» Заңы инвестицияларды ынталандырудың экономикалық негіздері мен принциптерін анықтап, еліміздегі инвестициялық жағдайды одан әрі жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар отандық кәсіпорындардың инвестициялық қызметін жетілдіруге кедергі болатын бірқатар, әлі де болса шешуін таппаған, мәселелер бар:
- ұлттық экономиканың шикізат көздеріне бағытталғандығы;
- өңдеуші өнеркәсіптің өнімділік деңгейінің төмендігі;
- ішкі нарықтағы тауарларға деген тұтынушылық сұраныстың төмендігі;
- өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның жете дамымағандығы;
- кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық жағынан артта қалғандығы;
- ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын инвестициялық шығындардың төмен деңгейі және т.с.с.
Қазіргі таңда кәсіорындардың тиімді инвестициялық саясат жүргізуі үшін аталған мәселелерді шешу қажет, атап айтқанда келесі шараларды жүзеге асыру керек:
- салықтық жеңілдіктер мен инвестициялық преференцияларды тек жаңа кәсіпорындарға жаңа өнімді өндіру барысында ғана беру;
- Қазақстан Республикасының «Тікелей инвестицияларды қолдау туралы» Заңын инвестициялық жобаларды сараптауды ұйымдастыру мен жүргізу бойынша баптарын жетілдіру;
- отандық және шетелдік инвесторлардың құқықтарын теңдестіру мақсатында жаңа «Инвестициялар туралы» заңды жетілдіру;
- «Құнды қағаздар нарығындағы инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы» Заң қабылдау;
- инвестициялық жобалардың қаржылық тиімділігін бағалау бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірлеу, жобаларды талдау үшін нақты қаржылық көрсеткіштер мен қаржылық ақша ағындарын негізге алу;
- инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау үшін экономикалық көрсеткіштер жүйесін әзірлеуде экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық сипаттағы факторларды ескеру; инвестициялардың тиімділігінің экономикалық негіздерін анықтау барысында өндірістік шығындарын толық есепке алып, кәсіпорынды да, тұтынушыны да қанағаттандырарлық табыс алынуы тиіс;
- инвестициялық жобаларды бағалау бойынша әдістемелік нұсқауларда тәуекелділік факторларының міндетті түрде ескерілуі, инвестициялық жобаларға инфляция деңгейін ескере отырып түзетулер енгізу;
- инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың уақытша әдісін әзірлеу.
Аталған шаралардан басқа инвестициялар және инвестициялық жобалау туралы біртұтас заңдық және нормативтік-құқықтық негіздерді дәлірек айтқанда, Инвестициялық кодексті қалыптастыру қажет. Бұл инвестициялық саясаттың және инвестициялық жобалауды жетілдірудің негізгі бағыттарын нақты анықтауға мүмкіндік береді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- Қазақстан Республикасының 2003-жылдың 8-қаңтарындағы «Инвестициялар туралы» Заңы Қазақстан,
- 06. 1998.Қазақстан Республикасының «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңы. 26. 06. 1998 // Егемен
- Балабанов И.Т., «Основы финансового менеджмента», Москва – 2002
- Игликов Е., «Инвестиционный потенциал финансовых институтов Республики Казахстан: состояние и перспективы», Рынок ценных бумаг Казахстана, 2005, №2
- Ковалев В.В., «Финансовый анализ», Москва – 2000
- Ковалева А.М., «Финансы фирмы», Москва – 2002
- Кучукова Н., «Стимулирование инвестиций и повышение конкурентоспособности казахстанской экономики», Қаржы-қаражат – Финансы Казахстана, 2004, №1
- Попов В. М., «Бизнес-план инвестиционного проекта», Москва – 2001
- Романовский М.В., Сабанти Б.М., «Финансы», Москва – 2002
- Сейтказиева А. М., «Инвестиционная деятельность предприятия», Алматы — 2006
- Сембеков Е., «Об отдельных вопросах совершенствования инвестиционного проектирования в Казахстане», Қаржы-қаражат – Финансы Казахстана, 2004, №2
- Тургулова А.К., «Проблемы и пепспективы обеспечения финансовыми ресурсами предприятий реального сектора экономики», Банки Казахстана, 2005, №3
- Шим Джей. К, «Финансовый менеджмент», Москва – 2004
- Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан 2030. Білім баспасы 2001 жыл.
- Назарбаев Н.А. Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку. — М., 1993.
- Нұрғалиев Қ.Р. Қазақстан экономикасы. Алматы 2000.
- Назарбаев Н.А. Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства. Алматы 1998.
- Ашимбаев Т.А. Экономика Казахстана. Алматы 2003.
- Қазақстан Республикасының Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы халыққа жолдау.
- Есимов А.С. Стратегическое развитие экономики Казахстана // Саясат-Политика, 1998, №3
Байкенова С.М. Сратегия как объект управления // Саясат-Политика, 2001, №5.
- Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы Алматы 2005 ж.
Назарбаев Н. Ә. Қазақстан — 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі қауіпсіздігі және әл — ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы, Білім, 2006ж.
- Антикризисное управление. Учебник под ред. Короткова Э.М. М.: ИНФРА-М, 2001.
- Антикризисный менеджмент Под ред. Грязновой А.Г.М:Экмос,1999.
- Теория и практика антикризисного управления. Учебник под ред. Беляева С.Г. М.:ЮНИТИ, 1996.
- Мухамбетов Т.И., Нукушев А.Г. Банкротство и антикризисное управление предприятием (учебное пособие). Алматы, 2000.
- Справочник кризисного управляющего. Под ред. Уткина Э.А. М.: Экмос, 1999.
- Управление развитием организации: модульная программа для менеджеров. Модуль «Антикризисное управление», М.,2000.
- Клейнер Г.Б., Качалов Р.М. Предприятие в нестабильной
экономической среде: риски, стратегии, безопасность. М.:Экономика, 2001. - Экономическая стратегия фирмы. Под ред, Градова А.П. СПб.: специальная литература, 2000.
- Востриков П. О банкротстве предприятий заемщиков и банков за рубежом // Хозяйство и право, №3,2002.
- Монич Ю. Банкротство предприятий в странах Центральной и Восточной Европы: цели, проблемы, результаты //Проблемы прогнозирования, №5, 2002.