АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Қазақстан Республикасының ішкі туризм индустриясы

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШІКІ ТУРИЗМНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

  • Туризм туралы түсінік
  • Қазақстандағы ішкітуризмнің қазіргі жағдайы

1.3 Қазақстанның қазіргі экономикасында ішкі туризмнің рөлі

1.4 Қазақстанда қазіргі таңда кездесетін туристік аймақтар

 

2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИЗМ ИНДУСТИЯСЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2.1 Ішкі туризм индустриясының даму мәселелеріне теориялық негіздеме

2.2 Қазақстан туризм индусриясының құрылымы

2.3 Туризм дамуының ғаламдану концепциясын құрастыру

 

3 ІШКІ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ

3.1 Қазақстандағы ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктері

3.2 Халықаралық маңызы бар белседі жобаларды іске асыру

 

  1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМНІҢ БОЛАШАҒЫ

4.1 Туризмды дамытудың негізгі бағыттары

4.2 Ішкі туризм – қазына байлығымыз

  • Облыстар тұрғысынан туризм дамуының жай-күйi
    • Шығыс Қазақстан облысындағы ішкі туризмнің жай-күйіне баға беру
    • Туризм саласын дамыту жолында Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың 2009-2011 жылдарға өңірлік бағдарламасы

4.4 Облыстың туристік мүмкіншіліктері және ішкі туризм көлемдерінің өсу қарқыны

  • Балалар мен жасөспiрiмдер туризмi – iшкi туризмдi дамытудың және туристiк мәдениеттi тәрбиелеудiң негiзiн қалаушы факторлардың бiрi

4.6 Туризмді дамыту мемлекеттік бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижилер

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Ішкі туризм — мемлекет жарнамасы сонымен қатар ішкі туризм — қазына байлығымыз. Қазіргі таңда дүниежүзлік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен келісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт – дәстүрі бар. Дәл осы тәрізді біздің көркем де, әсем жеріміздің түпкір – түпкірінде өзіне ғана тән гаухарларын табуға болады. Мәселен, Жамбылдаң Мыңбұлағы, Көкшетаудың Оқжетпесі, Алматының шөлейт аймақтарында орналасқан Тамғалы және басқа да аты аңызға айналған жерлерді айтуымызға болады. Өкінішке орай, туристердің көпшілігінің әуелі танысып өтетін интернет беттерінде Қазақстанның барлық туристік жерлері туралы біліп, танысуларына мүмкіндік жоқтың қасы. Қызығушылық тудыратындай айтылмаса, жазылмаса, көрсетілмесе шетелдік емес, жергілікті азаматтардың да жеріміздің әсем жерлеріне баруы қиын – ақ, және еліміздің ішкі туризмі өкінішке орай әзірге мақтанып айтарлықтай дәрежеде емес. Сол себепті де Қазақстанда қазіргі таңда көтеріліп жатқан өзекті мәселелердің бірі – туризм болғандықтан, біз дәл осы Қазақстанның ішкі туризмнің бүгінгі жетістіктері мен кемшіліктерін қарастырғанды жөн санадық.

Жұмыс барысында Қазақстанның ішкі туризмін мына тұстардан қарастырдық:

— Ішкі туризм индустриясының даму мәселелері;

— Қазақсанның ішкі туризмінің қазіргі жағдайы;

— Қазақсанның ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктері;

— Ішкі туризмінің дамуының алғы шарттары;

— Қазақстанда қазіргі кезде кездесетін туристік аймақтар;

Осыған байланысты дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты мынандай бөліктерден тұрады:

— Қазақстандағы ішкі туризм дамуының мүмкіншіліктерін қарастыру;

— Қазақсанның ішкі туризмінің қазіргі жағдайына шолу жасау;

— Ішкі туризм дамуының алғы шарттарын белгілеу;

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы. Туризмнің дамуы барлық жақтан қарап келгенде де тек оң әсерін тигізеді. Мысалға, мұнай өнеркәсібі қоршаған ортаны қатты ластайды, жергілікті тіршілікке үлкен мөлшерде зиянын тигізеді. Ал, туризм саласы, керісінше табиғаттың тазаруы мен күтілімін талап етеді, осыдан туристік кәсіпорындар қызметі тек жалпы экономикаға емес, сонымен қатар, қоршаған ортаға да өз пайдасын тигізеді.

Осы дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстанның туризм индустриясын қалыптастырудың және дамыту мәселелерін қарастыру, туризмнің аз тексерілген аспектілерінің мүмкіндіктерін ашу және әлемдік туристік индустрияға ену болашағын зерттеу.

Зерттеу пәні: Қазақстан Республикасының ішкі туризм индустриясы.

Зерттеу нысаны: Қазақстандағы ішкі туризм индустриясының қазіргі жағдайы мен болашағы.

Зерттеу міндеті:

– Ішкі туризмді дамыту мәселелеріне теориялық негіздеме жасау;

– Қазақстандағы ішкі туризмнің әлемдік деңгейге жету барысында қазіргі даму жағдайына сипаттама беру;

  • Қазақстан Республикасында ішкі туризмді дамытудың әлеуметтік – экономиканың алғы шарттарын қарастыру.

 

 

 

1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШІКІ ТУРИЗМНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

 

  • Туризм туралы түсінік

 

 

Қазіргі кезде адам қызметінің әртүрлі формалары бар, олар жалпы жағдай жасауға және әлемді тануға бағытталған. Халық тұрмысының жақсаруы жаңа әлемді ашуға адамның қажеттілігін, соның шінде саяхатқа құштарлығын арттырады. Саяхат дегеніміз – туризм.

Туризм тек орын ауыстыру емес, ол көптеген экономикалық және әлеуметтік аспектілерді құрайды. Соңғы он жылда туризм мықты дербес индустрияға айналды. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның мәліметтері бойынша туризм әлемнің өндірістік- сервистік нарық айналымының 10%-ын қамтамасыз етеді. Туризм сферасына әлемдік ұлттық жиынтық өнімнің 6%- ын, әлемдік инвестицияның 7%-ын, әр 16 жұмыс орны, әлемдік тұтынушы шығындарының 11%-ын, барлық салық түсімінің 5% келеді. Бұл сандар туризм индустриясының экономиаға тікелей әсерін көрсетеді.

Туризм түсінігіне теориялық және практикалық тұрғыдан нақты анықтама берілуі керек.

Көптеген авторлар туризмге толық анықтама беруге тырысты. Әр пікір өзгеше болып табылады және бұл терминнің көптеген өлшемін көрсетеді. Алайда туризмнің әр түрлі түсіндірмесін жинақтап қорыту, белгілі бір «оптимум» таңдау өте қиын.

1980 жылы Манила декларациясы «Туризм – халықтар өмірінде маңызды орын алатын әлеуметтік, мәдени, білім және экономика ауданында, мемлекет өміріне және оның халықаралық қатынастарына тікелей әсер ететін қызмет түрі» (Филиппин, қазан 1980 жылы) — деп жариялады. 1993 жылы БҰҰ-ның статистикалық комисииясы туризмге кең анықтама берді: «Туризм – бұл өзінің тұрғылықты жерінен басқа жерде болатын, бір жылдан аспайтын уақытта демалу, іскерлік және басқа да мақсаттарда саяхаттайтын тұлға қызметі» [1].

Халықаралық туристік Акдемия баспасында берілген анықтамада  (Монте Карло): туризм – көңіл көтеру, демалу немесе емделу үшін жаяу немесе қандай да бір трнспорт түрімен жасалатын саяхат.

П.Г. Олдактың пікірінше, қазіргі ғылыммен жинақтап айтқанда: «Туризм- бұл өмір сүрумен және жұмыс орнын ауыстырумен байланыссыз халықтың қозғалысы, демалу, емделу, ғылыми іскерлік және мәдени кездесулер мақсатында саяхаттау» — дейді.

Қазіргі күнге дейін «туризм» түсінігінің көпшілік қабылдаған нақты анықтамасы жоқ. Жоғарыда келтірілген анықтамалар оның тек кейбір жақтарын қамтиды. Бірінші анықтамада әлеуметтік және экономикалық жақтары, ал екіншісінде – әлеуметтік және құқықтық жақтары (адам уақытын есептеуге арналған туризмнің шектелген уақыты) көрсетілген.

Туризмнің әлеуметтік жақтарының басым болуы бақыланып отыр, бұл адамдардың қоғамдақ – экономикалық өмірін әлеуметтендіру тенденциясымен түсіндіріледі. Бұрыңғы ҚСРО кезінде тіршілк деңгейінде барлық әрекеттің әлеуметтік аспектісі алдыңғы орында болды. Туризмде бұл мағына айтпаса да түсінікті. Профсоюз жолдаманың өзі төлеп немесе арзан бағамен және көрсетілген қызметті тегін ұсынып отырды.

Қазір «туризм» терминін кең және терең түрде түсіндіру керек. Біздің ойымызша туризм анықтамасы екі бағытта беріледі:географиялық және экономикалық. Туризм географиялық тұрғыдан сұраныс және ұсыныстың кеңістік – территориялық қолданылу негізін білдіреді. Экономикалық тұрғыдан туризм сұраныс және ұсыныстың тұтынушылық шаруашылық негізі.

Туризмге экономикалық тұрғыдан бірнеше анықтама берілген:

Г.А. Папирян,туризм ол қызметтер жиынтығы,оларды тұтыну барысында ғана байқауға болады және ол өндірістік өнім сияқты жүйелі түрде ұдайы өндірілмейді.

П.В. Шульгиннің ойынша, қазіргі туризм анықтамасы 2 көзқарасты көрсетеді. Оның бірі туризм индустриясы – халық шаруашылығы құрылымында ерекше саланың қалыптасуы. Ол барлық келушілерге сұраныстарын қанағаттандыру үшін маманданған бірқатар өндірістік қызметтер мен қызмет көрсету мекемелерінің жиынтығы. Екіншісі, туризмді дербес салаға бөлу. Егер туристік мекемелерге қатысты туризмнің өзіне тән еңбек ұсынысының ортасы болса, онда бұл қызмет туризмді дамыту және ұйымдастыру ерешеліктеріне байланысты болады. Біздің ойымызша, туризмнің экономикалық мәнініе нақты анықтама «қазіргі туризмнің экономикасы» жұмысында берілген: «Туризм қызмет және тауар нарығының бөлігі болып табылады». Сұранысқа ішкі және халықаралық туристік нарық жатады, ал ұсынысқа транспорт, туристік көрікті жерлер және бос уақыт түрі, туристік нысандар, қызмет көрсету жүйесі және инфрақұрылымы, сондай- ақ жарнамалық анықтамалық қызмет жатады.

Біздің ойымызша, туризм дегеніміз – рекреация, емдік, танып білу және әр түрлі қызметпен айналысу мақсатында келген елінде тұрғылықты жерін ауыстыру немесе жұмыс істеуге байланысты емес адамдардың уақытта және кеңістіктегі қозғалысы. Бұл анықтама географиялық мәнге ие [2].

Туризмнің негізгі түсініктерін анықтай отырып оның дамуына себепші боатын және әсер ететін факторларға тоқтаймыз. Схема бойынша олар төмендегідей (сурет 1).

 

 

1 сурет. Туризмнің негізгі түсініктерін анықтай отырып оның дамуына әсер ететін факторлар [2]

 

Аталған факторлар біздің мемлекетке тән және Қазақстанның әлемдік туристік бірлестікте орнын айқындайды.

Туризмнің дамуына әсер ететін негізгі фактолар статистикалық және динамикалық болып бөлінеді. Статистикалық факторларға табиғи – географиялық факторлар жиынтығы кіреді. Олардың өзгермейтін және қалпына келмейтін мағынасы бар. Динамикалық факторларға демографиялық, әлеуметтк – экономикалық, материалды – техникалық және саяси факторлар жатады. Олар уақытта және кеңістікте өзгеретін әртүрлі бағасы, мағынасы болады [3-4].

Бұл факторлар жалпыланып айтылған және туризм ңегізгі аспектілерін көрсетпейді. Туризмге әсер ететін факторлар тағы да сыртқы (экзогенді) және ішкі (эндогенді) болып бөлінеді. Сыртқы факторлар туризмге демографиялық және әлеуметтік өзгерістер арқылы әсер етеді. Бұл факторлар тобына: тұрғындар жасы, жұмыс істейтін әйелдер санының өсуі және әр жанұяға кірістің өзгеруі, тұрмысты және жанұяны кеш құру, тұрғындар құрамында баласыз жанұяның көбеюі, иммиграциялық шектеулердің азаюы, төленетін іс – сапардың өсуі және жұмыс уақытының қолайлы графигі, зейнетке ерте шығу, туризмге жағадайлардың өсуі жатады.

Аталған көрсеткіштер тура немесе жанама түрде адамның бос уақыт құрылымына әсер етеді. Бұл туризмнің дамуына объективті әлеуметтік демографиялық жағдай туғызады. Сондықтан туризмді дамыту бағдарламасын құрғанда бос уақыт бюджетін және тұрғындарының уақыт құрылымын анықтау керек.

Экзогенді факторларға:

  • экономикалық факторлар;
  • қаржылық факторлар жатады.

Алайда біздің ойымызша, бұл факторлар ерекшелініп тұрады және оларды бөлек қарастыру керек, өйткені олар туризмнің дамуын көбірек анықтайтын факторлар болып табылады.

Сонымен қатар экзогенді факторларға:

  • саяси;
  • құқықтық бақылаудың өзгеруі;
  • технологиялық өзгерістер;
  • транспорт инфрақұрылымының және сауданың дамуы;
  • саяхаттың қауіпсіздік жағдайының өзгеруі жатады.

Ішкі факторлар – бұл факторлар туризм сферасына тікелей әсер етеді. Ең алдымен оларға материалды техникалық факторлар жатады. Бұл жерде біз ішкі факторлар туризмге ғана емес, туризм индустриясына да қатысты деп көрсеткіміз келеді. Себебі олар таза экономикалық көрсеткіштерге ие.

Мысалы, орналастыру орындарының, транспорт, тамақтану, орындары, рекреациялық сфера, жекеше сауда және т.б. өсуі.

Туризмнің дамуын тежейтін факторлар қатарына төмендегі суретте көрсетілген факторлар жатады (сурет 2) [3].

 

 

2 сурет. Қазақстан Республикасында туризмді дамытуға кедергі ететін негізгі экономикалық факторлар [3]

 

 

  • Қазақстандағы ішкітуризмнің қазіргі жағдайы

 

Туризм – демалыспен, бос уақытпен, спортпен, сондай-ақ мәдениетпен және табиғатпен тілдесумен тікелей байланысты, жеке және ұжымдық толық жетілудің жолы ретінде жоспарлануы жеке тәжірибеге негізделуі тиіс қызмет.

Туризм – әлемдік экономикада басты рөлдердің бірін атқарады. ДТҰ-ның деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттық өнімнің бір бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әрбір 9 жұмысшының орнын қамтамасыз етеді. Қазіргі туризм индустриясы ірі жоғары табысты және жоғары деңгейде дамып жатқан халықаралық саудадағы қызмет көрсетулердің бірі. Халықаралық туризм әлемдік экспорт табысының 8 пайызын, экспорттағы қызмет көрсетулердің 37 пайызын алады. Ішкі туризменен түскен табыс, табыс көлемі бойынша мұнда, мұнай өнімдерін және автомобиль экспорттаудан кейінгі үшінші орынды алады. Қазіргі деңгейдегі жағдай жаңа мыңжылдақта да қала бермек. Ал туризмнінң өсуіне негізгі себеп болатын, ол туризм әлемдегі дәстүрлі аудандардан басқа, жаңа территориялардың пайда болуы. Осыған байланысты Қазақстанда әлемдік туристік нарықтағы өзінің орнын алып қалуға зор мүмкіншілігі бар. 1993 жылы Қазақстан Республикасы ДТҰ – ға нақты мүше болып кірді [3].

Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым саласының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылығын жүргізудің субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі жол көлігінің, халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты.

Біздің ғасырымызға дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек Жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан ішкі туризмнің тарихи алғы шарттары болып табылады.

Қазақстанның тәуелсіздік алуы ішкі туристік қызметті реттеумен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз болып қаланды. Туризмнің тез және тұрақты өсуің, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық саласына, және қоғамның әл-ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып, үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімді даму бағдарламасында туризмді басты сала деп анықтады.

Қазіргі туризм — бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғарғы сортты бидайды әлемдік нарыққа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату едлдің энергия көздері азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді.

Шетелдік экономистердің есебі бойынша 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды.

Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту – ұзақ мерзімді,экономикалық тиімді болашақ (сурет 3) [4-5].

 

 

3 сурет. Туризм жалпы алғанда, мемлекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді [5]

 

Қазақстанда ішкі туризмнің дамуы үшін нормативтік – құқықтық база құрылды. 2001 жылдың маусымында «Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» жаңа заң қабылданды. Ол Қазақстан Республикасының экономикасының бір саласы ретінде туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негізін айқындайды. Заңға сәйкес Қазақстандағы туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері болып: туристік қызметке жәрдем беру және оның дамуына қолайлы жағдайлар жасау, туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау, сонымен қатар Қазақстан туризм үшін қолайлы ел туралы түсінікті қалыптастыру саналады [8].

1993 жылы Қазақстандағы туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы, 1997 жылғы «Жібек жолының тарихи орталықтарын жаңдандыру. Түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, 1997-2000 жж жеке туризм инфрақұрылымын құру туралы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасын қабылдады. 1997 жылы 2030 жылға дейінгі туризмді дамыту стратегиясы жасалды.

Қазіргі уақытта 2000 – 2015 жылдарға арналған туризмді дамыту жөніндегі республикалық бағдарламаның жобасы жасалған. Бұл бағдарламаның басты мақсаты республикада қазіргі заманға сай жоғары нәтижелі жеке бәсекеге қабілетті туристік немен құру, экономиканың қосалқы салаларын өркендету. Сонымен қатар ол Қазақстанның ішкі туристік бейнесін қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған.

Мемлекет басшысының «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жанару жолында» атты халыққа Жолдауында туристік сектор шикізаттық емес саладағы ел экономикасының мамандануын анықтайтын мемлекеттің ұзақ мерзімге арналған жеті кластерінің қатарында экономикалық басымдықтардың бірі болып белгіленеді.

Қазақстанның мәдени – тарихи және демалыс зоналарын жетілдіру мен сақтауға, саланың ғылыми – әдістемені қамтамасыз етілуіне, кадрларды дайындауға және қайта дайындауға үлкен мән бөлінетін болады [6].

Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шауашылық жүргізуші субъектілердің құрылу және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық, тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуі дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.

Осындай көрсеткіштерге ие болып отырған туризм саласы Қазақстан Републикасында енді бой көтеріп келеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Мемлекеттің экономикасына валюталық кірістің көзі ретінде туризмді перспективті салалардың бірі» деп бірнеше рет атап өтті. Бірақ, бүгінгі таңда Қазақстанда туризм саласы қажетті әлемдік стандарттардан артта қалып отыр.

Бұл бір қатар төмендегі жағдайлармен анықталады, олар (сурет 4) [6].

 

4 сурет. Қазақстанда туризм саласы қажетті әлемдік стандарттардан артта қалып отыру себебі [6]

 

Сонымен қатар туризм индустриясын нарықтық бәсекелестікке сай құру үшін ұиымдастырушылық, инновациялық және экологиялық негіздің дамымағандығы, туризмнің ғылыми негізінің өңделмегендігі.

Туризм индустриясын үлкен көлемді бизнес негізінде дамытуды қалыптастыру және рекреациялық потенциалды, рационалды пайдалану «Қазақстан 2030» стратегиясын, «Қазақстан Республикасында туризмді дамыту концепциясы», «Қазақстан Республикасының Туристік қызмет туралы» заңын және басқада нормативтік – құқықтық актілерін жүзеге асыру мақсатында бағытталған [6-8].

Қазақстан Республикасы Үкіметінің туризм саласындағы белгілеген барынша маңызды міндеттерінің бірі – Қазақстанды орталықазиялық өңірдегі туризм орталығына айналдыру.

Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты сырттан келушілер туризмі және ішкі туризм көлемін арттыру есебінен халықты жұмыспен қамтуды, мемлекет пен халық кірісінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру.

Қойылған мақсаттарға сәйкес бірнеше кезектегі міндеттер қарастырған (сурет 5) [8].

 

 

5 сурет. Қойылған мақсаттарға сәйкес бірнші кезектегі міндеттер [8]

 

Мемлекеттік бағдарланы іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі туристік қызметті мемлекеттік реттеу және қолдау жүйесін дамытудан, қазақстандық туристік өнімінің маркетингінен және ілгеріленуінен, экологиялық туризм — тұрақты даму факторынан, балалар мен жасөспірімдер туризмі — ішкі туризмді дамытудың және туристік мәдениетті тәрбиелеудің негізін қалаушы факторларының бірінен, кадрлар дайындау, туризм қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесінен және туризм саласын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуден, туризмді ақпараттық қамтамасыз етуден, туристер қауіпсіздігін қамтамасыз етуден, туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықтан және халықаралық маңызы бар туризм саласындағы «белсенді» жобаларды іске асырудан тұрады. Мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер және оның көрсеткiштерi

Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру барысында туристер ағынының тұрақты өсiмiн былайша қамтамасыз ету көзделедi:

бiрiншi кезеңде (2007 — 2009 жылдар):

iшкi туризм бойынша 2007 жылғы 3,4 млн. туристен 2009 жылы 4,0 млн. туристке дейiн;

сырттан келушiлер туризмi бойынша 2007 жылғы 4,5 млн. туристен 2009 ж 6,0 млн. туристке дейiн.

екiншi кезеңде (2010-2011 жылдар)

iшкi туризм бойынша 2010 жылғы 4,1 млн. туристен 2011 жылы 4,5 млн. туристке дейiн;

сырттан келушiлер туризмi бойынша 2010 жылғы 7,0 млн. туристен 2011 ж 9,5 млн. туристке дейiн.

Шартты түрде орта есеппен бiр шетелдiк турист өзiнiң болуы уақытында бюджетке 63500-гe жуық теңге әкелсе, 2007 жылдан 2011 жылды қоса алғандағы дейiнгi кезеңде сырттан келушiлер туризмiнен бюджетке түсетiн түсiм 603250 млн. теңгенi құрайды.

Сырттан келушiлер туризмi есебiнен сонымен қатар халықтың жұмыспен қамтылуы 2007 жылғы 447,6 мың адамнан 2011 жылы 550,0 мың адамға дейiн қамтамасыз етiледi [8].

Мемлекеттiк бағдарламада көрсетiлген шаралар кешенiн iске асыру туристер ағынын ел азаматтарының да, шетелден келушiлердiң де есебiнен одан әрi көбейтуге жәрдем ететiн болады. Ақырғы қорытындысында бұл ұлттық турөнiмнiң тартымдылығын елеулi арттыруға әкеледi және Қазақстанның қызмет көрсетулердiң халықаралық саудасы шеңберiнде халықаралық кәсiпкерлiк пен әскери ынтымақтастықтың маңызды саласы ретiнде әлемдiк туристiк нарыққа кiруiне жәрдем ететiн болады. Мемлекет экономикасының шикiзаттық емес секторы iшiндегi бiршама кiрiстi саласына айналуға мүмкiндiгi бар, дамыған бәсекеге қабiлеттi туристiк индустрия құрылатын болады. Бұл ретте республикада Қазақстанның орталықазиялық өңiрдiң туризм орталығына айналуына нақты жағдайлар мен мүмкiндiктер жасалады.

 

1.3 Қазақстанның қазіргі экономикасында ішкі туризмнің рөлі

 

 

Қазақстанда сырттан келушілер барынша кең көлемі Астана, Алматы қалаларында, Атырау, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында байқалады, бұл ретте іскерлік туризм басым. Көрсетілген қалаларда, сондай – ақ Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында неғұрылым сыртқа шығушылар туризімі дамыған (сурет 6) [8].

 

 

6 сурет. Шығу туризмінің үлесі – 55 пайызды, ішкі – 51 пайызды, келу – 3 пайызды құрайды [8]

 

Ішкі туризмнің барынша дамуы Астана, Алматы қалаларында, Шығыс Қазақстан, тұтастай алғанда Қарағанды туризімінде Алматы және Ақмола облыстарында байқалады, республика бойынша туризмнің барлық түрлері мен барынша көп туристке Алматы, Астана қалаларында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Атырау және Ақтөбе облыстарында қызмет көрсетілген.

Бұл өңірдегі туристердің сапар мақсаты негізінен іскерлік және кәсіби мақсат, бос уақыт, рекреация және демалыс, сондай – ақ шоп — турлар болып табылады (сурет 7) [8].

 

 

7 сурет. Қазақстан Республикасындағы туризм түрлері бойынша туристік ағын көлемінің өсу серпіні (мың. адам) [8]

 

2001 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдар саланы дамытуға қажетті қаржылай қаражатты бөліп келеді, алайда, талдау көрсеткеніндей, облыстардағы туритсік индустрияның дамуын тежеуші факторлардың бірі жергілікті атқарушы органдардың экономикалық өсімді қамтамасыз ететін басымдықтардың бірі ретінде аталған салаға жеткіліксіз назар аударуы болып табылады. Айталық, ішкі туризмді дамытудың 2003 — 2005 жылдарға арналған өңірлік және республикалық бағдарламасын іске асыруға Солтүстік Қазақстан облысында жыл сайын орта есеппен 400 мың, ал 2006 жылы 329 мың теңге, Павлодар облысында жыл сайын бес жүз мың теңгеден және Қостанай облысында — 1,5 млн. теңге шегінде бөлінеді.

Қазақстан Республикасы Статистка Агентігінің деректері бойынша 2005 жылы Қазақстан Республикасының аумағында 515 туристік объект болды, оның ішінде: 273 мейрамхана, 7 кемпинг, 36 санаторий, 15 санаторий — профилакторий, 12 профилакторий, 5 емдеу профилакорий орталықтары, 4 пансионат, 29 демалыс аймағы, 27 демалыс үй, 24 туристік база, 35 сауықтыру лагері, 4 таушаңғылық базасы, 13 қонақ үй, 9 аңшылық үй ,1 балалар мен жасөспірімдер туризмнің орталығы, 7 сауықтыру кешені, 6 мұражай, 2 кесене, 1 туризм жөніндегі мемлекеттік кәсіпорын және басқалары (клубтар, қолөнершілер қалашықтары) — 5.

2005 жылғы қолданыстағы 385 қонақ үй мен басқа орналастыру орынының 340 жекеменшік нысанында, 22–сі мемлекет меншігінде және 23-і басқа мемлекеттердің меншігінде болды.

Елде үш, төрт, бес жұлдызды 78 қонақ үй жұмыс істейді, қалған қонақ үйлер басқа санаттарға жатады.

Туристік қызметке жасалған талдау Астана және Алматы қалаларына шекараның арғы жағынан келген туристер сапары іскерлік мақсатта болатыны және олар сапалы әрі қызмет көрсетулердің толық жиынтығын ұсынылатын қонақ үйлерге тоқтағанды жөн санайтынының көрсетті. Елдің іскерлік орталықтары ірі қалалардағы халықаралық деңгейдегі қонақ үйлер желісінің одан әрі дамуы дәл осы іскерлік туризмге байланысты болады.

Алайда, қонақ үйлерді, пансионаттарды, демалыс үйлері мен базаларын қосалғанда орналастыру объектілерінің материалдық базасы, сондай-ақ санаторйлік-курорттық мекемелер моральдық және физикалық тұрғыдан тозудың жоғары шегіне жетуіне сипатталады.

Қазаіргі ішкі туризм экономикалық құбылыс ретінде индустриалды формасы бар, ұлттық экономиканың жалдам дамуының катализаторы болып, ілгері басып, жаңа жұмыс орындарын бареді, ұлттық кірістің өсуіне әсер ететді, жергілікті инфрақұрылымның дамуын және жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін көтереді. Туризм индустриясы инвестицияның жылдам өтелуі мен жоғары дәрежелі тиімділікпен айқындалады. Яғни, туризм мемлекет экономикасына қолайлы жағдай тудырып, оның дамуына әсер етеді (кесте 1) [8].

 

1 кесте

 

Облыстар тұрғысынан туризм түрлері бойынша қызмет көрсетілген келушілер саны [8]

 

 

 

 

  Облыстар

Туризм түрлері бойынша қызмет көрсетілген келушілер саны

Барлығы

Оның ішінде

Сырттан келушілер

Сыртқа шығушылар

Ішкі

Қазақстан Республикасы

1817402

304664

217961

1294777

Ақмола

58529

1377

480

56672

Ақтөбе

63733

9222

4765

49746

Алматы

152593

971

32080

119542

Атырау

91873

30963

5122

55798

Шығыс Қазақстан

168320

8434

3200

156686

Жамбыл

40101

2204

4416

33481

Батыс Қазақстан

36498

6333

7905

22260

Қарағанды

161477

14387

14164

132926

Қостанай

39148

4482

2424

32242

Қызылорда

15141

2020

746

12375

Маңғыстау

59050

8203

2487

48360

Павлодар

60353

2626

2900

54827

Солтүстік Қазақстан

53843

6237

8911

38695

Оңтүстік Қазақстан

55020

4172

1217

49631

Астана

251432

31090

31783

187749

Алматы

510281

171133

95361

243787

 

Ішкі туризмнің барынша дамуы Астана, Алматы қалаларында, Шығыс Қазақстан, тұтастай алғанда Қарағанды туризімінде Алматы және Ақмола облыстарында байқалады, республика бойынша туризмнің барлық түрлері мен барынша көп туристке Алматы, Астана қалаларында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Атырау және Ақтөбе облыстарында қызмет көрсетілген.

Бұл өңірдегі туристердің сапар мақсаты негізінен іскерлік және кәсіби мақсат, бос уақыт, рекреация және демалыс, сондай – ақ шоп- турлар болып табылады.

2000 жылы Қазақстанға 100 әлем мемелекеттерінің өкілдері келді. Зерттеген уақыт барысында Қазақстанға туристерін жіберетін мемлекеттер ішінен 1-ші орынды Германия, 2-ші орынды Ресей, содан кейін Туркия, АҚШ және Жапония елдері [8-9].

Көрсеткіштерді анализдеп, Германия азаматтарын резидент емес туристерге қызмет көрсету басымдылығы Қазақстанда үлкен неміс диаспорасының барлығымен түсіндіріледі: Ресей, екінші орында, бұл географиялық жақындалық және біздің мемлекеттер арасындағы ескі байланыстар (сурет 8) [8].

 

 

8 сурет. Туризмнің басым түрлері бойынша туристік ағымдар көрсеткіші [8]

 

Туркия үшінші орында тұр. Бұл тарихи тамырлардың, тілдің, мәдениеттің жалпылығы, сонымен қатар Түркияның Қазақстанға деген кәсіпкерлік ортаға қызығушылығы. АҚШ және Жапония Қазақстанға негізінен экономикалық тұрғыдан құштар.

Біз Қазақстанға туристерді жіберуші мемлекеттерді 6 категорияға бөлдік (сурет 9) [8-9].

 

 

 

9 сурет. Қазақстанға туристерді жіберуші мемлекеттердің 6 категорияға бөлінуі [8-9]

Осы категорияға сәйкес 2005 жылы бірінші категорияда Ресей, Германия, Қытай, Түркия. Екінші категорияда жіберуші мемлекеттер болған жоқ, үшінші категорияда Ұлыбритания, АҚШ, Оңтүстік Корея, төртінші категорияда Австрия, Бельгия, Үндістан, Австралия, Нидерланд және Франця, Италия және т. б. Бесінші категорияда Дания, Ирландия, Малайзия, Норвегия, Сингапур, Филиппин, Финляндия, Швеция жатады. Алтыншы категорияға қалған мемлекеттер яғни, Аргентина, Египет, Иордания, Жаңа Зелендия, БАЭ, Португалия, Тайланд және т. б. Жатқызамыз [10].

Шетелдік туризмді дамыта отырып, оның әсерінің нәтижесін үйрену керек. Әрине бүгінгі күнде шетелдік туризмнің дамуы Қазақстанға ешқандай әсер еткен жоқ. Сонда да жалпы қабылданған шетелдік туризмнің әсерін келтірейік. Н.Ю. Малашенко туризм дамуының дамушы мемлекеттерде экономикалық – әлеуметтік және экологиялық әсерін бөліп көрсетеді. Біз тек экономикалық әсерін шетелдік туризмге қатысты жағдайларды көрсетеміз (кесте 2) [10].

 

  • кесте

 

Дамушы елдерде шетелдік туризм дамуының экономикаға әсері [10]

 

Пайда

Зиян

Халықаралық еңбек бөлінісіне қатысудың ұлғайуы

Нақты валютаның ағып кетуі

Жергілікті ресурстарды пайдалану

Дәстүрлі жұмыстан кетуі

Нақты валютаны және шетелдік капиталды тарту

Жұмыссыздық қаупы

Жергілікті іскерлік айналымның өсуі

Маусымдылық жұмыс бастылық

Ұлттық тауар және қызмет өндірісінде құрылымды жылжуы

Инфляция

Жұмыс бастылықтың ұлғаюы

Шетелдік компанияларға басшылықтық узурпациясы  (басымдылық )

Жеке табыстың өсуі

Халықаралық экономикалық коньюнктураға, сәнге, саяси жағдайға бағыныштылығы

Аймақтың диспропорция балансы

Экономикалық кризистердің және дамудың жөнге келтірілмеуі

Шетелде мемлекеттің экономикалық имиджін жасау

Дамушы мемлекеттерде туризм дамуының бір ерекшелігі ұлттық туризмнің болмауы және осы жерде қалыптасқан туризм индустриясы сыртқы сұранысты қанағаттандыруғы бағытталған. Бұл Қазақстанда да өз дәрежесінде байқалады. Жалпы менің ойымша шетелдік туристерді тарту негізінде туризм индустриясын қалыптастыру және дамыту – жақын болашақтың жұмысы [1].

Жыл сайын көрме алаңдары ұлғаюда, республиканың туристік ұиымдарының өкілдіктері кеңеюде, жарнамалық – ақпараттық өнімнің сапасы артуда. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінде Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінде 2004 жылғы қарашада Қазақстанның бірінші туристік өкілдігі ашылды. Бүкіләлемдік туристік ұйымның іс — шаралары күнтізбесіне енгізілген KITF – Қазақстан халықаралық жәрмеңкесі алматы қаласында, «Белуха» халықаралық туритсік фестивалі Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын өткізіледі. 2005 жылы KITF жәрмеңкесіне әлемнің  23 елінен 200-ден астам компания қатысты, ал 2006 жылы оның экспоненттері 30 елден 450 компания болды. Сонымен қатар негізгі мақсаты туристер ағымының елдің орталық және солтүстік өңіріне тарту, ел ордасы – Астананың үшінші мыңжылдық қаласы ретінде имиджін қалыптастыру болып табылатын «Астана — Демалыс» халықаралық Қазақстандық туритсік көрме жыл сайын өткізіліп тұрады.

Бүгінде республика іс жүзінде туризмнің қолданыстағы барлық түрін ұсынып отыр. Туристк кластерді дамыту шеңберінде республикада туризмді дамытудың іскерлік, экологиялық, мәдени — танымдық, сондай-ақ шұғыл түрлері сияқты басым бағыттары айқындалады.

Елде әртүрлі туристік қызмет көрсетулерде қазақстандық және шетелдік азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға кең мүмкіндікті қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешеннің жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасалуда, ұлттық туристік өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін стандарттар әзірленіп қабылданды (кесте 3) [10].

 

  • кесте

 

Өндірілген өнім (жұмыстар мен қызмет көрсетулер) көлемі (млн. тең) [10]

 

Жұмыстар мен қызмет көрсетулер

2003 жыл

2004 жыл

2005 жыл

БАРЛЫҒЫ
оның ішінде:

9055,0

22386,9

29944,0

Туристік фирмалар

2926,2

3204,2

5028,0

Қысқа мерзімде тұруға арналған қонақ үйлер және басқа да орындар, оның ішінде:

2181,4

14530,7

17737,5

мейрамханалары бар қонақ үйлер

1547,5

12886,4

15927,0

Жұмыстар мен қызмет көрсетулер

2003 жыл

2004 жыл

2005 жыл

мейрамханалары жоқ қонақ үйлер

524,4

1297,5

1533,3

жастар туристік лагерлері және таулы туристік базалар

33,5

41,4

57,7

кемпингтер

148,9

0,7

басқа да тұрғылықты жерлер

76,0

156,5

218,8

 

Қазақстан Республикасында туризмнің материалды- техникалық базасын дамытуға инвестициялар тарту үшін жағдайлар айқындалды. Ішкі туризмді дамыту көлік инфрақұрылымын дамытумен тікелей байланысты. Елімізге туристер негізінен әуе көлігімен келеді. Ішкі туризм мақсатында көбіненсен автожол көлігі пайдаланылады. Жыл сайын респуликалық маңызы бар жолдар тізбесі толықтырылып, олардың құрамында ірі туристік нысандарға апаратын жолдар бар.

Сырттан келушілер туризмі мен ішкі туризм көлемін ұлғайтудың негізгі факторлардың тармақталған көлік желісін дамыту және жолаушылар тасымалының барлық түрлереінің географиясын кеңейту болып табылады. Осыны ескере отырып, ұлттық тасымалдауышы-«Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы мен «Жолаушылар Тасымалы» акцоинерлік қоғамы туризм саласындағы уәкілетті органның  қолдауымен 2002 жылдан бастап Алматы – Тараз — Шымкент – Ташкент — Самарканд- Үргеніш — Бішкек – Рыбачий — Алматы бағыты бойынша «Жібек Жолы меруерті» мамандырылған поезын ұйымдастыру жөніндегі жобаның бірінші кезеңін іске асырды.

Болашақта Тегеранға дейін екінші кезеңді, Қытайдың Шынжан Ұйғыр автономия округы арқылы Пекинге дейін үшінші кезеңді жүзеге асыру жоспарлануда.

2003 жылдан бастап 2005 жылды қоса алғандағы кезеңде Қазақстан Республикасының шетелдермен туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастығының нормативті — құқықытық базасы кеңейді. Қазіргі кезде туризм саласында 26 келісім қолдануда. Жапония, Грекиямен, Франциямен, Катармен, Сауыд Арабиясымен, Словениямен, Польшамен, Монғолиямен, Малазиямен туризм саласында ынтымақтастық туралы келісім жобалары конрагенттерге келісу үшін жіберілген. Қазіргі уақытта БҰҰ мамандырылған мекемесі болып табылатын ДТҰ — мен ДТҰ — ға мүше елдердің туристік әкімшіліктерімен ынтымақтастық нығайтылды.

Резидент еместердіе ел экономикасына шетелдік валюта ағынының тұрақты артуы есебінен елдің төлем теңгерімі жақсарып отырғанын айта кету керек, туризм саласын қаржыландыру мәселесі шешілуде. 2001 жылдан бастап 26 млн. 111 мың теңге көлеміндегі қаржылық қаражат, халықаралық көрмелерге қатасумке республикада халықаралық туристік жәрмеңкелер өткізілуді қосалғанда, туристік қызмет жөнінде іс- шаралар ұйымдастыруға бөлінді.

2003 жылдан бастап туристік іс — шаараларды қаржыландыру көлемі бағдарламаны қабылдауға байланысты 32 млн. теңгеге, 2004 жылы 34 млн. теңгеге артты және 2005 жылы бөлінген қаржы қаражат сомасы 39,5 млн. теңгені құрады [15].

 

1.4 Қазақстанда қазіргі таңда кездесетін туристік аймақтар

 

Қазақстандағы туризмдік аймақтар туралы сөз қозғағанда ойымызға келері тоғыз жолдың торабы – әлемге әйгілі Тау Түрген шатқалы. Алматыдан Шығысқа қарай тау бөктерлеп 90 километр жол жүрсеңіз, жаң – жағыңызды ылғи да бау – бақша мен терек, кайың, қарағаш, емен, шетеннің жасыл жапырағы орап отырады да шыңдары көкке қол созған асқақ таулардың қойнауына кіріп кетесіз. Шатқалға кіргеннен сізді жақпар – жақпар жартастар қоршап алады. Қожыр – қожыр қойтастар арасынан бой көтерген шыршаның түбіне назар салсаңыз. «тамырлы тасты жарып шыққан ба» деп таң қаласыз. 44 шақырымға созылған бұл шатқалдан көкорай шалғын майданды, мөлдірдеген көлдер мен көлшіктерді, тасты тесе, құмды қопара тесіп шыққан тау бұлақтарын көресіз. Ол – ол ма, сіз бұл шатқалда бұрын соңды көрмеген тау сарқырамаларын тамашалау бақытына ие боласыз. Сол сарқырамалардың ішінде биіктігі 30 метрден асатын тік жартастар мен құлама құздары, шыршалар мен қарағайларды аралап өтіп төмен құлаған Аюлы сарқырамасы сіздің есіңізде мәңгі қалуы сөзсіз. Тасты тіліп, тауды үңгіп жатқан Бозкөл сарқырамасы да сіздің қиялыңызға қанат бітіреді. Толқындары тастан тасқа секіріп барып омақаса құлап, қайта көкке шапши аққан Асы өзенін бойлай өрлесеңіз ежелгі қорғандарды, тақтатастардағы таңбаларды көресіз. Бәрінен де Асының ақбалығын аулап, дәмін татып қайтпасаңыз, «Түрген шатқалында болдым» дегеніңіз бекер.

Алматыға қайтар жолда Есік қорғанына тоқтайтыныңыз сөзсіз.Өйткені мұнда дүние жүзін аралап шыққан «Алтын адам» табылған қорған бар. «Алтын адам» ол алтын әшекейлермен тігілген сауатымен жерленген сақ көсемінің мәйеті. «Есік » қорғаны біздің дәуірімізге дейінгі 5-4 ғасырлардағы сақтар заманына жатады.

Колорадо штатындағы Гранд Каньомен салыстыруға әбден лайық Шарын каньонын көру бір ғанибет.(Қосымша А).

Шарын каньонын көру бір ғанибет болса, Шарын өзені құятын Іле жағалауын тамашалау да сондай бір тамаша құбылыс.

Шарынға жетпей онға бұрылсаңыз тақтақ жол сізді әйгілі Көлсайға бірақ апарады.(Қосымша Б).

Ал Шарыннан өтіп, Қулық тауын ары ассаңыз, алдыңыздан менмұндалап атақты Қарқара жайлауы қол бұлғайды. Бұл жайлаудан шығысқа қарай жүрсеңіз шалғаннан кілем төсеп Шәлкөде шақырады. Одан әрі Хан — Тәңірін бір көрмей қайтпайсыз.

Сонымен қатар еліміздің әйгілі мақтаныштарының бірі- солтүстіктегі, Астана мен Көкшетау қалаларының арасында Бұрабай алабы бар. Міне осы Бұрабай аймағы әрқашан өзектіжәне туризмнің қалыптасуына қазіргі кездегі тың мәселелердің бірі болып табылады. Көкшетау Бұрабай аймағы- Солтүстік Қазақстан аймағының ең әдемі жері, демалыс орындарының, шипа жайлардың спорт — сауықтыру лагерлердің өлкесі. Өзінің әсемділігімен, бірегейлігімен Қазақстан, Ресей және ТМД елдерінің түкпір –түкпір жерлерінен он мыңдаған адамдарды баурап алуда. Бурабай қымыз, балшық емдеулермен және арасан су тоғандарымен әйгілі. Дауалы жердің бір ерекшелігі оның таза ауасымен татырауындардың және қылқанда ормандардың қанық жұпар иісінде.

Бұрабай — халықаралық мәннің дауалы жері. Біртұтас дәрәгерлер мен демалушылардың айтуы бойынша Бурабайдың басты емшісі – табиғат. Оның негізгі «бес кабинеті» бар: орман, су, тау, ауа және күн.

Өсімдік және жануарлар әлемінің киелі орны, әсемдік пен көл молдығы Көкшетау Бұрабай аймағының тағы бір әсем аты – ол «Қазақстанның інжу маржаны».

Еліміздің келесі «інжу- маржаны» болып табылатын Оңтүстік Қазақстан өңірінің табиғи ерекшелігі мен тарихи ескеткіштері атап өтпеуге болмайды. Еліміздегі саусақпен санарлық туризм саласының мамандарының сөзіне құлақ түрсек, оңтүстік өңір туризмді қолға алу үшін таптырмайтын орын санатында. Тек, әттегенайы әлемге әйгілі орталықтардың қатарында қарастыруға болатын мұраны елеп – екшейтін жанның жоқтығы ғана. Айталық, Түлкебас ауданы мен Талас Алатауының солтүстік батыс бөлігі арқылы жайылып жатқан шекарасын Өгем жотасының солтүстігіне дейін жалғайтын Ақсу Жабағалы қорығы кез — келген туристі тамсандыратын деңгейде екені анық. Аталмаш қорық өткен ғасырдың бастапқы ширегінде, атап айтсақ, 1926 жылдардың еншісінде құрылған Баиыс Тянь –Шань табиғи қойнауын қалайда сақтап қалу мақсатында қорық ретінде бекітілген бұл өңір еліміздегі тұңғыш қорық болып табылады.

Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би, Түлкібас аудандарынаң жерінде жатқан теңіз деңгейінен 1500-5000 метр биіктікте жатқан қорықтың көріктілігін бір сыры Жетісудың жеті өзені аталатын бастауын Тянь-Шаньнан алатын Ақсу Жабағалы, Майдантал өзендерінің кесіп өтерінде жатыр [6].

Аталмыш қорықты туристер келетін орын деп айырықша атауымыздың себебі, бұл қорық ЮНЕСКО — ның әлемдік таңдаулы қорықтар қатарына кірген. Жерінің аумағы сексен мың гектар көлеміндегі жер жанатында таулы өңірінде сирек кездесетін шөптер болса, беткейінің қалың шырша мен арша екені көзге шалынады. Шыңдары шағылысып көз қаритын мұз басқан қорықты қар жарып Ақсу өзені ағып өтеді. Тағы бір айта кетекерлік жайт дәрі жасау өндірісі мен алға шыққан елдерді мұндағы өсімдіктер әлемі де қызықтырады екен. Қорықтың жануарлар әлемі де таңдай қақтырарлық, мұнда жоғалып кеткен динозаврлар мен ыстық өңірге ғана тән піл болмаса да қызыл кітапқа енген көптеген жануарларды кездестіруге болады.

Сүтқоректілердің 42 түрі: арқар, таутеке, елік, марал, барыс. Тянь-Шань қоныр аюы, борсық, сусар, құстардың 238 түрі: гималай ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қарақ құтан, бозторғай, сары торғай, ителгі секілді;бауырмен жорғалаушылардың тоғыз түрі: алай жалаң көзі, сары бауыр кесіртке, қалқан тұмсықты қара шұбыр жылан, т.б.; қос мекенділердің екі түрі: жасыл құрбақа және көлбақа; сонымен қатар өзендерінде балықтың екі түрі тіршілік етеді.

Осы тәрізді жер санаты саналатын Оңтүстіктегі тағы бір – Қазығұрт. Кәдімгі сіз бен біз білетін «Қазығұрттын маңында кеме қалған» деп басталатын Қазығұрт осы. Талас Алатауының оңтүстік батысындағы мекен талайларды тамсандырғаны мен өзіміз үшін әншейін «демалатын орын» санатында ғана.

Шымкеттің маңындағы көлемі 55 шақырымға созылатын өңір діни әпсаналардың бірінде су басқа ғаламға азғындарды қалдырып, жақсыларды алып шығатын Нұқтың кемесі осы Қазығұртта тоқталған делінеді. Кей деректерде кеме Арабияның Жудды тауында, қай мәліметтерде Арарат тауында қалған делінгенімен, түркілік танымда жер етіндегі топан судан соңғытіршілік осы таудың баурайынан қайта басталған деген сенім бар. Таудың құлап ағатын Қаражансау өзені тау баурайының көркіне көрік қосуда.

Қазақ атаулының туристі тарта алуының бір көзі – бал қымыз екен. Осы Төле би ауданының Диханкөл ауылында туристер үшін қымыз тартылатын арнайы орын жасақталып, оған мемлекет тарапынан бір миллион қаржы бөлінген. Себебі, шет елден келген ғалымдардың көбі осы өңірінің қымызының денсаулыққа тигізген пайдасы барлығын зерттегені мен жариялағаны туристердің қызығушылығын оятқан.

Сонымен қатар, қазақ жерінде тек табиғи орталықтар ғана емес, тарихи жаухарларымыз да бар. Өңірдегі алқалы ғимараттардың бірі Яссауидің кесенесі. 16 ғасырдың еншісіне жататын ғимараттардың тарихының өзі тыңдаған жанның таңдайын бір қақатырады.Кеңес одағы кезінде бұл кесенеге еш назар аударылмағанымен де, 1978 жылдан бастап Республикалық деңгейде мұражай санатына енді. Ал, 1989 жылы Қазақстан Үкіметінің шешімімен «Әзірет Сұлтан қорық мұражайы» деп аталынды (Жергілікті халық Яссауиді Әзірет Сұлтан деп атаған). Мұнан соң аз уақыт өткен соң ЮНЕСКО – ның қызыл кітабына еніп, 1997-2000 жылдар аралығында Түркия елінің қолдауымен толық қалпына келтірілді. Келіп кететін зиялы қауымның барлығы кесенені туризм аймағына айналдыру идеясын айтқанымен, оны тыңдайтын құлақ болмау салдарынан үнемі сөз жерде қалып келеді [6-10].

Келесі ретте ұялмай айтатын ауылымыздың аты – Ақ Сүмбе. Бұл көне қаланың орны. Қаратаудың қойнына кіріп жатқан Ақ сүмбе ауылы Ақ сүмбе өзенінің жағасында орналасқан. Көлденеңі 75, ені 60 метрге созылатын қала орны ықылым замандардан сыр шертеді. Қыш ыдыстарының сынығы 10-15-ші ғасырдағы қала екені дәлелдесе, кей ғалымдарының пікірі бұл Дешті Қыпшақтардың мұнарасы дегенге жуықтайды. Мұның қатарында Баба Түкті Шашты Әзіздің мазараты орны тепкен. Мұның барлығы туристер үшін аса ғажап құндылықтар санатында. Дегенімен де құм басқан өңірдегі көне мекенлерге қарай бастайтын тастақ та жол жоқ. Осының басында қонатын жері мен су болмаса алыстығы шағыл құмның ортасына жанын қинап қай турист барсын?! Жалпы мұндағы жәдігерлерге қарап, туризм саласын дамытуда үлкен иүмкіндік бар екні дәлелденген нәрсе.

Ресми деректерге жүгінсек, Кеңес заманы тұсында Қазақстанның Алакөл аймағы мен айыр қалпақты ағайының Ыстықкөлі туристерді тарту мақсатында бірдей қолға алынған. Тап қазір Ыстықкөл барша қырғыздың мақтанышы. Алакөліміз болса баяғы жартас бір жартаскүйінде қалып отыр. Алакөлмен жалғасын табатын Жоңғар Алатауы қойнауындағы «Көл асу», Жоңғар қапасы, Тазжау, Ойжайлау секілді орындарының күтіп жатқаны қаншама уақыт.

Сасықкөл, Ұялы және Жалаңашкөл өзендерінің қосылып Алакөл болып жалғасын табатын өзен Алматы облысының шекарасында.

Осылайша отанымыздың екі – үш облысының ең көрікті де , көрнекті өңірлеріне ғана қысқа шолу жасау мақматымыз- таныстыру ғана емес, осыншама көркем жерлеріміз қазіргі заманымызға сай отандық экономикамызбен мәдениетімізге пайдасын тигізе алама деген сұрақтарға жауап іздеу. Біз бұл жерде жер асты қазба байлықтары туралы айтқалы отырған жоқпыз, біз бұл жерде жер бетінлегі табиғи сұлулықты қайткенде ел назарына салуға болатыны туралы аз кем ойымызды ортаға салмақпыз [6].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИЗМ ИНДУСТИЯСЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

2.1 Ішкі туризм индустриясының даму мәселелеріне теориялық негіздеме

 

Туризм факторларын анықтап және анлиздеп болған соң туризм индустриясын зерттеуді бастау керек. Туризм индустриясы экономиканың жеке саласы ретінде жоспарлы экономика жағдайында болған жоқ.

Туризм индустриясы терминінің анықтамасын берейік:

«Туризм және туризм индустриясы» түсінігі ұқсас және бір мағыналы сияқты. Ғылыми әдебиеттерле ғалымдар бұл терминге әртүрлі анықтама береді. «Туризм индустриясы» түсінігі өте көлемді және қиын. ҚСРО кезінде оған бірінші рет П.Г. Олдак анықтама берген: «Туризм индустриясы туризм қызметін сату және құруға маманданған қызмет көрсетуші мекемелерімен мінезделеді немесе туристердің төлеу қабілеттілік сұранысын қанағаттандыруға мамандырылған экономиканың бөлек саласы».

С.Р. Ердаулетовтың ойынша туризм индустриясы туризмнің шаруашылық деңгейіy анықтайды. «Туризм индустриясы» — таза экономикалық категория болып табылады. И.В. Зорин, В.А. Квартальнов туризм индустриясын шаруашылық құрылымның дербес звеносы деп анықтады; комплексті салалар мен бөлімдерден құралған экономикалық жүйе, олардың функциялары демалыс пен көңіл көтерудің барлық түріне қиын және әртүрлі сұранысты қанағаттандырумен шектеледі [6-12].

Біздің ойымызша, «туризм индустриясы бұл табиғаттағы рекреациялық байлығына сүйенетін, сервис инфрақұрылымның барлық формалары кіретін демалу және көңіл көтеруге қоғамнаың сұранысын қанағаттандыратын қиын, шаруашылық, өндірістік және әлеуметтік қызметтің көрқырлы жүйесі».

«Туризм және туризм индустриясы» терминнің анықтамасы жалпы қаылдағаннан бірнеше айырмашылығы болу керек. Олардың айырмашылығы теориялық бағыттың «Туризм» терминіне географиялық тұрғыдан қарау. Туризм – бұл саяхат, ал саяхат – ғасырлардан қалыптасқан түсінік, олар саяхатшы – географтармен жасалған географиялық ашылулар. Сондықтан туризм – бұл таза географиялық түсінік.

«Туризм индустриясының» экономикалық мәні бар. Индустрия сөзі үлкен өнеркәсіп деген мағынаны білдіреді (л.т. «industria»- қызмет). «Туризм индустриясын» экономикалық тұрғыдан қарау бұл саланың масштабтылығы мен тиімділігіне аз капиталдың сиымдылығы және құйылған қаржының тез өтелуіне байланысты.

«Туризм индустриясының» ерешк қасиеттері:

Туритік мекемелердің ресурстарға байланысты орналасуы, өндірістің маусымдылық және циклді мінезі, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымға үлкен инвестицияның міндеттілігі жатыр.

Туризм индустриясының оң және теріс жақтары оның экономикадағы және қоғамдағы орнын анықтайтын факторлардың бір бөлігі ғана. Туризм индустриясын дамытуды дұрыс түсіну үшін экономикалық саланың оң және теріс жақтарын бөліп көрсету керек [12].

Туризм индустриясының оң жақтарын төменде көрсетілген схемада көрсетілген (сурет 10).

 

 

10 сурет. Туризм индустриясының оң жақтары [12]

 

Туризм индустриясының оң және теріс жақтары оның экономикадағы және қоғамдағы орнын анықтайтын факторлардың бір бөлігі ғана.

Туризм индустриясының оң және теріс жақтарын анықтаудан кейінгі анықтайтын мәселе ол туризм индустриясының құрылымы және қазіргі этапта оны басқару құрылымын анықтау қажет.

 

Келесі төмендегі суретте туризм индустриясының теріс жақтары толық қарастырылған (сурет 11) [12].

 

 

11 сурет. Туризм индустриясының теріс жақтары [12]

 

Біздің атап өткен туризм индустриясы дамуының оң және теріс жақтары тұрақты емес, олар біздің ұлттық экономикамыздың жаңа секторларының қалыптасуына байланысты өзгертіліп және толықтырылып тұрады [12].

 

2.2 Қазақстан туризм индусриясының құрылымы

 

 

Қазақстанда В.Г. Волошин туризм индустриясының құрылымын көрсетті (сурет 12). Біз Қазақстанның туризм индустриясының альтернативтік, бірыңғайландырылған құрылымын ұсынамыз.

Біздің берген нұсқамыздың негізгі айырмашылығы табиғи рекреациялық потенциалды енгізу. Қазақстан үшін табиғи рекреациялық потенциал факторы оның масштабтылығы, әр түрлілігі және қайталанбайтындылығы жағынан тең келмейтін байлық. Қазақстан экономикасының қазіргі даму этабында туризм индустриясына құйылатын қаржының жетіспеушілігі кезінде бұл факторының құрылымының басты элементі болуы керек.

Көрсетілген құрылым туризм индустриясының қазіргі бөлімін қамтиды және Қазақстан Республикасының жаңа туристік саясаттың құрылуына негіз бола алады. Демек, туризм индустриясы қиын экономикалық жүйе.

Қазақстанда туризм индустриясының дамуы мемлекеттің бюджетіне қаржы түсіріп, туризммен байланысты және Қазақстан экономикасының басқа саласына қатысты қиын әлеуметтік, демографиялық және басқа мәселелерді шешуге көмектеседі (сурет 12) [12].

 

12 сурет. Қазақстан туризм индустриясының құрылымы [12]

 

Көрсетілген құрылым туризм индустриясының қазіргі бөлімін қамтиды және Қазақстан Республикасының жаңа туристік саясаттың құрылуына негіз бола алады.Сонымен қатар туризм индустриясы Қазақстан экономикасының басқа салаларына қатысты қиын экологиялық, демографиялық және басқа да туындаған мәселелерді шешуге көмектеседі (кесте 5) [15].

 

  • кесте

 

Туристік индустрияның негізгі көрсеткіштері (2006 жыл) [15]

 

 

Туризм түрлері бойынша қызмет көрсетілген келушілер саны, мың адам

Туристік қызметтен түскен кіріс, млн. теңге

Бюджетке түскен қаржы, млн. теңге

 

Барлығы

Оның ішінде

кіріс

шығыс

ішкі

Барлығы:

10649,0

4365,0

3004,0

3280,0

30553,4

6526,5

Оның ішінде:

 

 

 

 

 

 

Туристік ұйымдар

456,1

40,4

218,0

197,7

5902,6

554,6

Орналастыру объектілері

1361,3

264,2

 

1097,1

23153,5

5317,5

Санаторийлік –курорттық мекемелер

209,6

69,0

 

140,6

256,0

532,6

Айрықша қорғалатын табиғи аумақтар

391,6

130,4

 

261,2

9,1

2,2

Мәдениет мекемелері

2412,0

828,6

 

1583,4

1232,2

119,6

 

Батыста туризмннің әлеуметтік – экономикалық мәнін бұрыннан түсінген. Сондықтан да ХХ ғасырдың 80 – жылдардың аяғында туристік ұйымдардың әр түрлі эксперттері мен барлық мүмкіндіктегі комиссиялары 2000 жылдар және одан жа ары 2025 жылдары туризм қандай болады? – деп болжам жасауға ұмтылған, себебі оның әсерлі даму стратегиясын құрастыру қажыет болды. Сол кезде, 80 – шы жылдары, туризм өзінің мәні бойынша халықаралық қызмет түрлерінің ең бір алғашқы біріші дәрежелі болады деп жазылды. Мұны біз оны дамытуға жұмсалып, жатқан қаражаттың динамикалық көтерілуінен біле аламыз және де бірінші жоспарға үлкен трансұлттық қаржылық топтар өздерінің транспорт қорымен, қонақ үй комплекстік байланысымен, электронды есептеуіш және ақпараттық орталықтарыменен ене бастады [14].

Әлемдік туристік нарықты 2020 жылға дейінгі аралықта маңызды сегменттер есебінде ДСҰ круизді, конгресс туризмді, тақырыптық – қалалық туризм, мәдени туризм, эксклюзивті және спорттық туризм, сондай – ақ жағажайлық демалысты атады. Ал сол кезде әлемде 2020 жылы болжаған туризмнің келу саны 156,1 млн. адамды құруы мүмкін.

Қазақстан үшін бұл кезеңде әлемдік туристік нарықта оқиғалы және сорттық туризм маңызды сегмент болып табылады, оған Республикада жеткілікті рекреациялық ресурстары бар.

Әлеуметтік туризм және еңбекшіледің демалысы бойынша халықаралық ассоциациясының президенті Ж. Фошенің ойынша, туризмді дамыту тек қаржылық табыс түсіру негізінде ғана болса және де әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық аспетілерді көрсете алмаса, мұндай жұмыс ұзаққа бармайды, адамдар мен оны қоршаған орта үшін келешегі жоқ деген.

 

2.3 Туризм дамуының ғаламдану концепциясын құрастыру

 

Туризм дамуының ғаламдану концепциясын құрастыру әлемде әлеуметтік мәнге ие, егер де адам дамуының ұзақ мерзімдік болжамын асүйенетін болсақ, онда туризм дамуының максималды дәл ғаламдық концепциясы үшін адам дамуының экологиялық және демографиялық ұзақ мерзімдік болжамдарын анализдеу керек. Ал мұндай ұқсас болжамдары әр елдің ғаламдары үзбей зерттеп отырады.

Вашингтондық «World Watch» институты өзінің шығарған жылдық «Әлемнің қазіргі жағдайы 1998» атты баяндамасында мынадай ескертулер бар, яғни әлемдік ресурстарды (қолдану) пайдалану келесі 50 жылдың ішінде бірден көбейеді. Біздің жер шарындағы халық 60%- ға көбейеді деп болжануда. Сонда 6 миллиардқа жуық адамға тағы да 3,5 млрд. адам қосылады. Бұл өзімен бірге табиғи ресурстар шығынның көлемін үлкейтеді. Баяндама айтылғандай, соңғы 50 жылда әлем өзінің орман массивінің тең жартысын жоғалтып алған [14-15].

Әрине экономиканың мұндай саласн қарыштатып дамыту үшін көп көлемде табиғи ререациялық ресурстарды қлдануға тура келеді. Бұл өз кезегінде маңызды проблемаға айналып отыр. АҚШ– та, Еуропада, Қытайда, Үндістанда, Таяу Шығыста және Африкада су қоры азаюда. Баяндамада әлем елдерін планетамызды қоршаған ортаға қажетті экологияны қарастыруға шақырады. Бұл қазақстан үшін де көкейтесті мәселенің бірі.

Келесі бір адам дамуындағы маңызды, ұзақ мерзімді болжам жер халқының санағы жайындағы демографиялық болжам. 2001 жылы БҰҰ есебі бойынша халықтың саны ұдайы өсіп отырады деп болжаған, яғни 2050  жылы 9,3 млрд– қа және де 2150 жылы 10 млрд. Деңгейінде тұрақталады делінген. Бірақ та кейінгі кездері демографтар жиі– жиі мүлдем басқа болжамдар жасап отыр. Әрине бұл демографиялық факторлар туризм индустриясының қарыштап дамуына үлкен әсер етуі сөзсіз, себебі түсінікті де.Келесі бір адам дамуындағы ұзақ мерзімдік маңызды болжам планетамыздағы ғаламдық тұрақтану. Бұл өз кезегінде туризм дамуының концепциясын нақтылай түсінуге елеулі әсер етеді.

БҰҰ–ның 2002 жылы 21- наурызда шыққыан баяндамасында Судың Дүниежүзілік күнін атап өту кезінде, егер де дәл қазіргідей сол масштабта әлем суды осылай пайдаланатын болса, 2025 жылы 2,7 млрд. адам су тапшылығына кезігеді делінген. Тағы 2,5 млрд. Адамның тұщы суға жетуі шектелген болады [16].

Ең бір су жетіспеушілік салдарынан дау– жанжал туындайтын әлемдегі аумақтардың бірі Орта Азия. Сондықтан да Сібірлік өзендерінің суын осы аумақтарға бұру мәселесі өте актуалды болып отыр. Бұл мәселе Кеңестік заманда да талқылып, белгісіз себептермен кейінге ысырылып қойды. Қазіргі кезде бұл «өзендерде бұрмалау» жобасы Қазақстан мен Орта Азияның қызығушылығын тудырып отыр. Егер де бұл жоба іске асыра болса, онда аумақта тек қана туризм индусриясын дамытып қана қоймай, бірқатар өзекті мәселелердің шешім табары сөзсіз. Халықаралық туризмді мамандар біріншіден қызметтер мен тауарлардың халықаралық саудысының бөлігі ретінде қарастырады. Ол кезегінде халықаралық сауды – саттық теориясының абсолюттық басымдылық теориясын; салыстырмалы басымдылық; факторлардың қарым – қатынасын қатыстырады.

Абсолюттык басымдылық халықаралық туризмде маңызды рөль атқарады. Керемет табиғи және тарихи – мәдени ескерткіштер шығу туризмінен басқа елдердің алдында абсолютты басымдылықты байқатады. Абсолюттык басымдылықты табиғи ескерткіштер бойынша мына топтар иемденеді: Непал, Қытый, Пәкітан (территориясында әлемдегі ең биік шыңдар 8 мың метрден жоғары, оның ішінде Эверест те бар), АҚШ (Гранд- Каньон); Венесуэла (әлемдегі ең биік сарқырама) және т.б.

Абсолюттык басымдылықты тарихи – мәдени ескерткіштер бойынша мына топтар иемденеді: Египет (Гиза – Дахшур ауданындағы пирамидалар, ежелгі Фивтер); Греция (Афинадағы Акрополь, Бассаедегі Аполло Эникурийдің храмы); Франция (Версальдағы саябақтар мен сарайлар және Фонтенбло); Ресей (Санкт-Петербург, Мәскеудегі – Қызыл алаң және Кремль); Қытай (Қытайдың ұлы қорғаны) және т.б.

Жоғарыда аталып кеткен елдер өздерінің абсолютты басылымдылықтарын халықаралық туристік нарықта керемет туристік өнім құрап пайдаланып өз секторын қалыптастырады.

Қазақстанда өзінше орналасқан бірқатар табиғи ескерткіштер кейбір абсолютті басымдылықты иемденеді. Мысалы, әлемдегі ең солтүстіктегі таулы шың Хан – Тәңірі, биктігі теңіз деңгейіне жеті мың метрден доғары, әрі Алматы сияқты мегаполистің қасында орналасқан. Жақын маңда аэродром болғандықтан Алматыдық турфирмалардың қызметкерлері Алматыдан альпинистерді верталетпен 3,5-4,5 сағатта Хан-Тәңірінің астына апарып тастай алады. Бұл басқа жеті мың метрлік шыңдары бар елдердің алдыңдағы айқын басымдылық.

ХХ ғасырдың соңғы он жылында ТМД елдерінде туризм индустриясына келген тікелей инвестицияның көлемі үлкен емес. Сондықтан да мамандардың айтуынша мұндай инвестициялардың нәтижесін әзірге Батыс елдері пайдалануда. Басқаларына қарағанда инвестицияның кең тараған түрі жобалы несиелеу, жобаға біге қатысу, басқаруға келісім-шарт жасау.

Қазақстан Республикасы шетелдік инвесторларға тартымдылығы келесідей басты 3 негіздермен анықталады (сурет 13) [17].

 

 

13 сурет. Қазақстан Республикасы шетелдік инвесторларға тартымдылығының басты 3 ненегізі [17]

 

2000-2005 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының өкілетті ұымдар мен 171 инвестициялық келсім- шарт 1240 млн. доллар көлемінде түзілген. Оның ішінде туризм саласына 12,21 млн. доллар тартылған [16-17].

Туризм саласына мұндай аз көлемдегі инвестицияның негізгі себептері бар (сурет 14).

 

 

14 сурет. Туризм саласына аз көлемдегі инвестицияның негізгі себебі [17]

 

Жаңа инвестициялық саясаттың негізгі міндеті– Қазақстандағы өрт кезенінің жағдайында инвестициялаудың қазіргі моделін нақты жағдайларға адаптациялау. Олардың бірі- инвестициялық қаржыландыру бюджеттік емес көздерінде мобилизациялау. Бұның арқасында дамыған мемелекеттерде капиталды салымдардың және ұлттық шаруашылықтың негізгі бөлігін қамтамасыз етеді [17].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 ІШКІ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ

 

3.1 Қазақстандағы ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктері

 

Халықаралық мамандар қазіргі туризмді құлдырауды білмейтін әдемдік экономика саласына жатқызады. Кіріс жағынан ол тек мұнай экспорты, мұнай мен автомобильге ғана жол береді. Шикізат сату елдің энерго тасымалдаушыларын шығынға ұшыратады,ал туриндустрия жанданып келе жатқан ресурстарда жұмыс істейді.Осыдан келіп туризмді дамыту шикізат сатудан тиімдірек пе деген ойға еріксіз берілесің.

Сонымен қатар Қазақстанның ішкі туризмі – мемлекетіміздің жарнамасы болып табылады. Алайда соңғы жлдары кіріс және ішкі туризмге деген сұраныс өсуде. Халықаралық талдаушылар мен мамандардың ойынша туризм де Қазақстанның өсуі мен өркедеуіне зор ықпалын тигізеді. Осы орайда Алматының туристік инфрақұраламы еліміздегі ең дамыған инфрақұрылым болып отыр. Қаламыздың туристік қызметтері даму үстінде: 600 астам туристік агенттіктер бар, 80–нен астам шетелдік компаниялармен байланыстар орнатылған. Өткен жылғы көші қон қызметінің көрсеткіші бойынша қаламыхға көпшілігі «іскерлік туризм» өкілдері арқылы алыс жәен жақын шет елден 76000 қонақ келген. Туристік агенттіктер туристерге қызмет көрсету арқылы мемлекеттік бюджеттің кірісін ұлғайтып отрғандығын байқатуда. Туристтік агенттіктері арқылы турстік қызмет көрген туристердің саны күні бүгінге өсіп келеді. Ішкі маршруттық көрсеткіштер 3,3 есе өсті.

Қала әкімшілігі туризм дамуына ерекше көңіл бөліп отыр. Алматының туристік индустрия орталығына айналуы қазіргі таңдағы ең негізгі мәселе.

Алматының әсемдігін біз басқа елден келген туристерге көрсетіп, оларды қонақ – жайлалақпен қарсалып, олардың көңілдеріне жақсы әсер қалдырып, Алматы жайында өз елдеріне жеткізіп, қайтадан келулеріне ықпал етуіміз қажет.

Еуропа мен Азияда Қазақстандық нарықтың жаңа мүмкіншілігі мен Алматы қаласының туризмнің алға жылжуы үшін әртүрлі әсерлі шешімдер өңделіп жатыр. Демалыс орындары салынып парктермен фонтандар, ескертіштер қалпына келтірілген.

Көк – Төбені өз қалпына келтіріп, көптеген қонақтардың ұнататын демалыс орнына айналды. Қаланың инфрақұрылысының өркендеуімен тыныштығы Оңтүстік астанаға туристердің көбеюіне бағытталып отыр. «Медеуді» қайта қалпына келтірумен туристік кешен құрылысын салу жайында жоспар бекітілген. Асыл тауларды сақтап қалу, «Шымбұлақты» өркедеті мақсатында бірнеші шаралар ұйымдастырылып отыр [6-18].

Түргендегі үлкен шаңғы курортының құрылысы басталды. Іле Алатауының солтүстігін игеруде жаңа жобалар қолданылып отыр. Оңтүстік астанаға туристің көбеюі мен Алматының көптеген қонақтарды кұтуі өте тығыз байланыста болады. Сондықтан да қонақ үйлері өркендеуі қажет. Үстіміздегі жылы Алматыға 1,5 есе іскер туристердің келуі жоспарлануда. Сол себептен бес жұлдызды қонақ үйлер мен турисстік класстер құрылысы туралы жобалар жасалынуда. Инфрақұрылыстың болашақта дамуына жетінші қысқы Азия ойындармен 2014 жылы Қысқы Олимпиаданың Алматыды өту үшін кандидатурасын ұсынады.

Еуропа елдерінен 42 туристік әкімшіліктерінің өкілдері келген осындай форумнан соң туризмнің жаңа импульсі, өркендеу, әлемдік туризм қоғамымен тығыз байланыста болып, қаланың имиджін нығайтып, туристік әлеуетті нығайтады. Осының бәрі біз үшін көп мүмкіншілікке жол ашады. Аталған іс – шара аясында «Атакент көрме кешенінде» 27– 29– шы сәуір аралығында өткен KITFF – 2006 «Туризм және саяхат» халықаралық Қазақстандық туристік жәрменкесі ұйымдастырылады [19].

Сонымен бірге Алматы Халықаралық Әуежайда туристік анықтаманың қызметін құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қазақстан Туритік Ассоциациясымен бірге «Қазақстандағы туризм» біртұтас ақпараттық интернет порталын құру жоспарлануда.

Әрине Алматы қаласы үшін экологиялық іскери және мәдени танымдық туризм түрлерін дамыту жолдары дамып келеді. Алматының табиғи кешенін ескере отырып, отандық және шетел туристері үшін жаңа туристік бағдарлар жасалып өңделуде. Жұмыс барысында «көшпенді өркениет мұражайы», «сақ қорғандары» атты мұражайын, халықтың өнерін дамыту, этнографиялық орталығын ашу жоспарланып отыр.

Қысқаша айтсам, Алматы еліміздің туристік индустриясының орталығына айналып, дүниенің түкпір – түкпірінен келген туристерді құдайшыл қонақ қонақ жайлылықпен қарсы алатын бейбіт және қауіпсіз жеріміз халықаралық диалогтың дамуына үлкен үлес қосады деген үмітеміз. Туризм басқа экономикалық сектормен салыстырғанда мультипликаторлықтың аса үлкен пәрменділігіне ие. Ол тікелей және жанама түрде экономиканың 32 секторына әсер етеді (бұл турфирмалар, көліктін барлық түрлері, қонақ үй кешендері, тамақтандыру жүйесі, демалыс үйлері, санаторийлер, ұлттық кәсіптер, парктер және тағы басқалары). Онымен қоса бұл әлемдік өндірістегі әрбір тоғызыншы жұмыс орны.

Шетелдік экономистердің санағы бойынша, 100 мың турист, қалада 2 сағат болғанда 350 мың доллар жұмсайды (17.5 доллар 1 сағатқа бір адамға). Отандық есептердің бергендіріне қарағанда біздің әрбір шетелдік турист орташа алғанда 700 доллар жұмсайды. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның көрсеткіштері бойынша әлемдегі саяхаттаушы адамдар саны 1997 жылы 613 миллионнан 2020 жылы 1,6 миллиардқа жетеді. Халақаралық туризмнен түскен пайда 1997 жылы 443 миллиард доллардан 2020 жылы 2 трлн. долларға жетеді. Триллиондар жайлы армандамай- ақ қояйық. Қазақстанға дамыған туристік державаларға кірсе де, соңғы уақыттарға дейін әлемдік статистика

Қазақстандағы халықаралық туристік нарықтың субъектісі ретінде қарастырмаған болатын. Халықаралық сарапшылардың «Қазақстандық үкіметтің Қазақстанды туристік потенциалы бар ел ретінде көрсетуге еш ықыласы жоқ» деген көзқарасы көпке дейін сақталды (бірақ оның мүмкіндіктері аз емес еді) [19].

Бұл жайлы қонақ жай шаруашылығы мен ұлттық парктерінің мамандарының квалификациясын көтеруге келген Карл Дуйсенбергтің Қауымдастығының мамандары айтқан болатын. Соңғы 4-5 жылдар ішінде Қазақстан мемлекеттік дәрежеде ірі туристік биржалар мен жәрменкелерге қатыспаған еді (бұл жағдай 2001 жылы түбірімен өзгерді).

Дүние жүзілік Туристік Ұйымға көп қаржы қарыз болдық. Нәтижесінде біз бұл халықаралық ұйымның ақпараттық демеушілігінен айырылып қалдық. Сәкесінше, 1998 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімнің 0,09 %-ын туризм құрады. Туризм және Спорт агенттігінің экономикалық сараптамасы Қазақстанның төлем ақы балансында тоғыз жыл бойы «Туризм» саласына байланыты дұрыс қаржы бөлінбегенін анықтады. Қазақстан Республикасының статистика агентігінің мәліметтері бойынша туристік шаруашылықтан алынатын салықтар үлесі бюджетке кіретін жалпы кірістің 1998 жылы 0,1% құраса, 1999 жылы 1,1 % құраған. Қазақстан Республикасының турфирмалар мен агнеттіктердің кірген кірісі 2000 жылы не бары 9 миллион доллар құраған [19].

Біздің туритік нарық ат үсті дамыған болатын, өйткені елде нақты мемлекеттік стратегия болмады. 90-шы жылдардың бірінші жартысында нарықтың басты жағдайын айқындаушы шоп – туризм болды. Олар әлемді белсегді түрде тани бастағандардың алғашқысы болды, ал олар арқылы әлем біздің ел жайлы біле бастады. Уақыт өте бұл жағдай басылды. Екінші толқын бастау алғанда турфирмалар зиялы туризм жасай бастады, дегенмен астыртын сауданың жылдық мөлшері Қазақстанның сыртқы сауда айналымында шамамен 1 миллиард доллар құрайды.

Турфирмалардың басым көпшілігі бұрынғысынша саяхатқа шығару туризмімен айналысады. Бұл Қазақстаннан қаржының ағылуына әкеліп соқтырды.

Қазақстан Республикасының Туризм және Спорт Агентігінің берген мәліметтері бойынша 2001 жылдың бірінші жарты жылдығында елде 532 туристік ұйымдар жұмыс істеген. 2000 жылы туристік ұйымдар 146,9 мың туристке қызмет көрсеткен, Қазақстанның туристік фирмаларының қызметін 23,8 мың шетел азаматтары пайдаланды. Ал қазір 2008 жылғы Қазақстан Республикасының Туризм және Спорт Агентігінің берген мәліметтері бойынша елімізде 1163 туристік фирма тіркелген және 2008 жылы туристік қызметтер көлемі 66,0 млрд. теңгені құрады немесе 2007 жылмен салыстырғанда нақты өлшемде 22,6 %-ға өсті, соның ішінде туристік фирмалар көрсеткен қызметтер – 15,4 млрд. теңге немесе 15,2%-ға көп, туристерді орналастыру объектілері көрсеткен қызметтер – 50,6 млрд.теңге немесе 25,1%-ға көп. (Қосымша В).

Туристер көбінесе демалу (туристердің жалпы санының 35%) және іскерлік мақсаттарында (58,5%) саяхаттады. Туристік фирмалар мен орналастыру объектілері қызмет көрсеткен туристер саны 4,2 %-ға азайды (2007 жылы – 3,2 млн. адам, 2008 жылы — 3,0 млн. адам). Өткен жылы туризмнің барлық түрлері бойынша туристік ағынның төмендеуі байқалды. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 2008 жылдың қорытындысы бойынша шетелге шыққан қазақстандықтар саны — 8,2%, ел ішінде саяхаттайтын туристер саны — 3,8%, келуші туристердің ағыны – 3,5 %-ға азайды.

Шетелдік туристерге қызмет ету бастапқыда азғана турфирмаларды қызықтырған еді. Туризмнің бұл саласын дамыту көп қаржылай салымды талап етті. Бұл жағдайдың теріс қыры Қазақстанның туризм объектісі ретінде имиджінің қалыптасуының конципциясының жоқтығынан күшейе түсті. Квалификацияландырмаған басқару басқа проблемаларды тудырды; әкімшілік формальды істердің қиындауы (визалар, шетелдік азаматтардытіркеу, кедер процедуралары), дамымамаған инфрақұрылым, қатаң салықтық режим, тұрғылықты халықтың туристерді бейбітшілікпен қабылдамауы. Тіпті интернет жүйесінде Қазақстандағы туристерге қауіпті елдердің тізіміне кіргізген мәліметтер де шыққан.

Қазақстан Республикасының статистика агнтігінің берген мәліметтері бойынша 2001 жылы Қазақстандықтардың ең көп баратын жері – Түркия (30,4%), Қытай (19,2%), Германия (19,5%), БАӘ (6,8%) (сурет 15) [19].

 

 

15 сурет. Облыс тұрғындарының ең көп баратын мемлекеттері (пайыз бойынша) [19]

Ескерту: Түркия – 93,6%, БАӘ – 2,3%, Германия – 0,9%, Басқалары – 2,7% [19]

 

Елге келетін туристер санын көбейту мақсатында туристік ұйымның шетелге шығарған туристің саны елге келетін туристік азаматтар санымен теңесуі керек деген айла қолданып көрді.

Бұл іске тек қана жекемешік турбизнес өкілдері ғана емес, сонымен қатар шетелдіктер де қарсы болды. Солардың біреуінің ойынша, «тек сауатты ойластырылған саясат қана жағдайды өзгерте алады және 25 пайызға емес, барлық 50 %».

Туристер келмегендіктен, қонақ үй сеторы дамымай отыр. 1997 жылғымен салыстырғанда қонақ үй саны 40 % азайды, 6-7 жыл ішінде 605 қонақ үй жабылып қалды. Егер 1999 жылы 205 қонақ үй жұмыс істеп, нөмірлік қор 15 пайызға ғана жүктелген болса, 2000 жылы Республикалық Статистика Агентігінің санағынща 159 қонақ үй ғана бары анықталды. Қазіргі таңда қонақ үйлердегі, турбазаладағы, кемпингтердегі сыйымдылық жүктеменің 35%-ын құрайды. Туристік кластағы қонақ үйлер үлкен сұранысқа ие (екі және үш жұлдызды немесе үлкен және орташа қонақ үйлер), бірақ баға тарифтері бойынша олар ТМД елдеріндегі сондайақ отельдерден ұтылып отыр.

Қазақстанда әуе жолдары да жақсы дамыған, бірақ авиабилет бағасының қымбаттығы Қазақстанның туритік өнімбағасын үлкейтеді, ол сәйкесінше халықаралық нарықта бәсекелестігін төмендетеді. «Мұнай өнімдерін өндірмейтін Қырғызстанда авиабилет құны мұнайлы ел Қазақстандікімен салыстырғанда екі есе арзан» деген болатын қазақстандық турфирмалар.

Кадрмен қамтамасыз ету әлі нашар. Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік, жекеменшік, ресейлік филиалдарды қосқанда туризм менеджерін дайындайтын 28 жоғары оқу орны бар деп саналады. Қазақстанның туристік потенциалы жайлы оқытушылардың жеткілікті дәрежеде білмеуімен және туристік салада жұмыс тәрбиесінің аздығы нәтижесінде болашақ мамандар шынайы рыноктан қол үзіп қалады. Мысалы, Алматыда туристік нарықта 5-10 кәсіпқой менеджерлер сұранысқа ие.

Қазақстанда ішкі туризмнің дамуының басты себебі мемлекет бұл іспен экономика саласы ретінде мемлекеттік дәрежеде айналыспағанын мойындауымыз керек. Бұл салаға көз қарас өзгергеннен бастап туристік ұйымдар елге туристер кіргізуімен қызу айналыса бастады. Бұған түрткі болған ел басының бұл саланы өте пайдалы екенін айтқан мәлімдемесі еді.

 

3.2 Халықаралық маңызы бар белседі жобаларды іске асыру

 

Туристік өнімнің және туризм индустриясын бәсекеге қабілеттілігін кластерлік дамыту арқылы арттыру кластерлік буындар құру, олардың өзара іс- қимылын жақсарту және іс – қимылдың республикалық шебер– жоспар түрінде ұсынылған басым жоспарын жүзеге асыру процессін жылдамдатуға көмектеседі.

Түрлі Еуропалық және Азиялық нарықтардағы ахуалды зердделу нәтижесінде мынадай қорытынды жасауға болады:

Тұтастай алғанда Орталық Азияның және дәлірек айтқанда Қазақұстанның әлі де болса жаңа халықаралық туристік бағыттар бөлігінде белгісіз болып қалып отыр;

«Қазақстан» сөзі жиі танылады, бірақ әлі де арнаулы туристік имиджі жоқ;

Қазақстанның халықаралық туристік нарықта табысты айқындалуы үшін аталған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2007-2011 жылдары үш басымдылықты туристік нарық айқындалады:

  1. Ресей, Германия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Түркия, Қытай;
  2. Франция, Жапония;
  3. АҚШ, Азия, Тынық мұхит өңірінің елдері.

Сөйтіп, Қазақстанды Орталық Азия мен Еуразиядағы жаңа ірі тартымды туристік нысан ретінде алға ілгерлету стратегиясын әзірлеу қажет [8-14].

Экономиканың өсімен қамтамасыз етудің жаңа бағыттарын қалыптастыру мен туризмді дамытуды мемлекеттік кең ауқымды қолдау жөніндегі міндеттер шеңберінде маңызды мән мынанадай «белсенді» жобаларды іске асыруға беріледі:

  1. Алматы қаласын және Алматы облысын дамыту:

Дамудың бас жоспарлары мен туристік кластер құру мен дамытудың шебер – жоспарлары шеңберінде алматы қаласы мен Алматы облысында туризм мен спорт инфрақұрылымын дамыту үшін жағдайлар жасау;

Қапшағай қаласында Дисней Лэнд Парк және Лас-Вегас үлгісі бойынша туризм және ойын-сауық индустриясының құрылысын қамтамасыз ету үшін техникалық – экономикалық негіздеме мен жобалық – сметалық құжжаттама әзірлеу;

Ілеспелі қызмет көрсетулер саласын қалыптастыру мақсатында «қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы АҚ жанындағы инфрақұрылымды амыту үшін жағдайлар жасау.

  1. Астана қаласын және Ақмола облысын дамыту:

Шучинск – Бұрабай курорттық аймақтағы ойын – сауық индустриясын қосалғанда ілеспелі қызмет көрсетулер саласын дамыту үшін жағдайлар жасау. Бұрабай табиғи ұлттық паркінде экологиялық туризм инфрақұрылымын дамыту.

  1. Жібек Жолы бойында туризмді дамыту:

Тек қана мәдени құндылықтарын басымдық танытатын Өзбекстанменг салыстырғанда Қазақстанның бәсекелік артықшылығы Жібек Жолының Қазақстандық бөлігінің бірегей табиғат ландшафттары мен эндемикалық флора және фаунамен және көшпелілірдің тарихи – мәдени мұрасымен, әрі көне қалалар халықтарының мәдениетімен үйлесім тапқан құрама турлар болып келуінде.

Аталған жобаны іске асыру үшін мыналар жоспарланып отыр:

«Жібек Жолы меруерті» халықаралық туристік поезын ұйымдастыру жөніндегі жобаның екінші кезеңің Алматы – Тегеран бағдары бойынша жүзеге асыру жөнінде мемелекетаралық келіссөздер жүршізу және бағдарды Қытайдың Шынжан – Ұйғыр автономиялық округі арқылы 2008 жылдың аяғына қарай Пекин қаласына дейін ұзартуды қамтитын үшінші кезеңін іске асыруға дайындау;

«Қорғас» және «Достық» шекара пунктерінен оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласына дейін жол бойы инфрақұрылымының нысандарын көрсете отырып жол каратсын жасау;

Түркістан қаласында, оның ішінде БҰҰ, ДТҰ мен ЮНЕСКО – ның өңірлік бағдарламасының «Жібек жолы: өңірлік ынтымақатстық және даму мақсатында әлеуетті нығайту» халықаралық жобасын шеңберінде қонақ үйлер мен керуен – сарайлар желісін салу және оларды дамыту.

  1. Каспий теңізінде жағажай және круиз туризмін дамыту:

Жобаны іске асру мақсатында мыналар жоспарланып отыр:

Каспий теңізі бойынша Ақтау-Астрахань-Махачкала-Баку-Энзели-Түркменбаши-Ақтау халықаралық круизін дайындау және оны ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау.

Қазақстан-ғаламшардың бірінші ғарыш айлағы жобаның шеңберінде Байқоныр қаласында ғарыш туризмін дамыту үшін жағдайлар жасау. Жобаны іске асыру үшін 2008 жылдың соңыны дейін жаңа технолгияларды пайдалана отырып Байқоныр қаласының маңында ойын-сауық индустриясы бар туристік кешен құрылысын салу жөніндегі мәселелерді пысықтауды көздейді [20].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • . ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМНІҢ БОЛАШАҒЫ

 

4.1 Туризмды дамытудың негізгі бағыттары

 

Мақсаттарымен міндеттерге сәйкес туристік саланы дамытудың мынадай негізгі бағыттары белгіленеді:

Туристік қызметті мемлекеттік реттеу. Туризмдегі мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру туристік қызметті жүзеге асырудың өзгерген әлеуметтік — экономикалық жағдайларға толықжауап беретін мақсаттарына, қағидаттарына және міндеттеріне сай жаңа көзқарастарды талап етеді. Бүгінгі таңда атқарушы билік органдарымен туризм саласында әрекет ететін ұйымдардың арасындағы өзара іс-қимылды реттеудегі мемлекеттің ролін арттыру қажет. Саланы орталықтандырып басқару Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігіне жүктеледі [25].

Туризмді кешенді дамытудың табысты іске асырылуын қамтамасыз ету саланы мемлекеттік басқару әдістерін дұрыс таңдауға тікелей байланысты. Қазіргі уақытта, саланы мемлекеттік реттеу мынадай шараларды жүзеге асыруға бағытталуға тиіс:

  • Республикалық және аймақтық деңгейлерде туризмді дамыту саясаты мен жоспарлауды үйлестіру;
  • Туристік индустрия саласындағы қарым-қатынасты ретке келтірумен жетілдіруге бағытталған заңнамалық және нормативтік құқықтық базаны қамтамасыз ету;
  • Сапалы туристік өнімнің ажырамас бөлігі ретінде туристерді қорғауды және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • Статистиканы және зерттеу қызметін жетілдіру;
  • Білім және оқу стандарттарын қоса алғанда, туризмге арналған кадрларды кәсіптік даярлау;
  • Туризм саласында мүдделі министрліктер мен ведомстволар, сондай-ақ мемлекеттік және жеке секторлар арасында жоғары деңгейдегі үйлестіруді қамтамасыз ету;
  • Туризмді дамытудың нақты аудандарында жерді пайдалануды және құрылыс салу нормаларын қолдануды бақылау;
  • Тарифтерді, туристік ұйымдардың, тасымалдау-шылардың қызметін лицензиялауды, туристік обьектлердің сапасын және қызмет көрсетудің стандарттарын бақылау;
  • Ел беделін қалыптастыру, қазақстандық туристік өнімнің маркетинг және жылжытылуы жөніндегі басым шараларды белгілеу, оның ішінде туристік көрмелерді және басқа іс-шараларды ұйымдастыру;
  • Халық арасында туризм құндылықтарын және қоршаған ортаны қорғауды насихаттау;
  • Халықтың түрлі әлеуметтік-демографиялық санаттарымен топтары арасында әлеуметтік туризмді дамыту үшін қолайлы жағдай жасау;
  • Визалық және кедендік рәсімдерді барынша оңайлату:
  • Мемлекеттің туристік көрнекті орындарын құру және қорғау;
  • Туризм инфрақұрылымының аса маңызды базалық компоненттерін жасау.

Туризм инфрақұрылымын дамыту. Республикада жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік- экономикалық өмірді реформалау туризмді және оның инфрақұрылымын толық қамти қойған жоқ. Туризмнің материалдық базасының нашарлығынан Қазақстан жыл сайын миллиондаған долларды жоғалтуда, бұл туристік салаға күрделі қаржыны, сондай-ақ отандық және шетелдік инвесторлар қаражатын тартуды қажет етеді.

Ұлттық туристік өнім ерекшелігін ескеріп, тұрақты туристер ағынын қамтамасыз етуге қабілетті елдің туризм инфрақұрылымын дамыту үшін:

  • Жалпы пайдалану және туристік мүқтажды қанағаттандыру үшін жол-көлік инфрақұрылымын дамыту;
  • Ілеспе инфрақұрылымды: қолданыстағы және ықтимал туристік аймақтардағы сумен, электрмен жабдықтау, кәріздер және катты қалдықтарды жою жүйесін, телекоммуникацияларды дамыту;
  • Туристік кешендерді, этнографиялық мүражай-ларды және демалыс аймақтарын құру;
  • Тарихи-мәдени және этнографиялық ескерткіштерді қалпына келтіру және мүражайға айналдыру;

Жыл бойы пайдаланылуын ескере отырып, туристік обьектілер жобаларын, оның ішінде орташа және шағын орналастыру құралдарын жасау және оларды салу қажет [26].

Маркетинг стратегиясын әзірлеу. Ұлттық туристік өнім және оны дамытудың әлеуметіне сәйкес маркетинг стратегиясын әзірлеу қажеттілігі бар.

Маркетинг стратегиясын іске асыру мақсатында мемлекет мынадай міндеттер белгілеп отыр:

  • Сапалы туристік қызмет көрсетуді ұсынатын туристік орталық ретінде Қазақстан туралы туристер жіберілетін негізгі елдерде жағымды пікір қалыптастыру;
  • Қазақстанды ерекшелейтін сипаттамаларға және артықшылықтарға негізделген маркетингтік іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
  • Қосымша мүмкіндіктер бере отырып, төлем қабілеті жоғары деңгейдегі туристерді тарту;
  • Жеке сектордың маркетингтік жұмысына қолдау көрсету;
  • Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай, Жапония және тағы басқа туристер ағынының дәстүрлі нарықтарына ұлттық туристік өнімнің енгізілуін күшейту;
  • Рыноктың жаңа сегментерін айқындауға бағытталған зерттеулер жүргізу;
  • Ел аумағында орналасқан көрнекті туристік орындар мен нысандардың бүкіл ауқымын әлемдік рынокқа жылжыту;
  • Ғылыми негізделген өткізу элеуетін ескере отырып, республика аумақтарына туристік ағынның теңдестіре бөлінуін қамтамасыз ету;
  • Жыл ішінде туристік инфрақұрылымның бірқалыпты жүктемесін камтамасыз етуге бағытталған маркетингтік және базалық тэсілдерді қолдану арқылы туризмнің маусымдық жылжытылуын күшейту;
  • Ұлттық, туристік өнімді жылжытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану;

Туризмді дамытудың тұрақты сипатын насихаттау қажет. Қазақстанның туристік бейнесін қалыптастыру жерлері Ұлы Жібек жолының учаскесінде сан алуан тарихи оқиғалардың ғасырлар бойғы куәгері ретінде Қытай мен Еуропаны жалғастырып жатқандығына қарамастан, Қазақстан әлі де болса, туристік бағыт ретінде әлемге танымал бола қойған жоқ.

Қазақстанның тартымды туристік беделін құру тиісті кең ауқымды шаралар кешенін әзірлеуді талап етеді.

Беделді көтерудің негізгі іс-шаралары Қазақстанның туристік фирмаларымен агенттіктерінің халықаралық туристік көрмелерге, жәрмеңкелер мен конференцияларға, оның ішінде ДТҰ тарапынан өткізілетіндеріне қатысуы, сондай-ақ Қазақстан республикасының аумағында осыған ұқсас іс-шаралар ұйымдастыру болуға тиіс. Қазақстанды Еуразияның қоғамдық және мәдени қүбылыстар орталығына айналдыруға ықпал ететін конгрестік туризмді дамытудың маңызы бар.

Туризмдегі халықаралық ынтымақтастық ЮНЕСКО және ДТҰ-ның Ұлы Жібек жолына байланысты жобаларын әзірлеумен іске асыруға қатысу, шет мемлекеттермен екіжақты және көп жақты келісімдер жасасу арқылы жүзеге асырылады.

Елдің туристік беделін қалыптастыруда республика аймақтарында және шет елдерде туристік ақпараттық орталықтарды ұйымдастыру да маңызды рөл атқарады.

Туристік ұйымдар мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінің өзара бірлескен іс-қимыл жасау тәжірибесін пайдалануға лайықты назар аудару керек. Елдің туристік элеуетін жарнамалауда ұлттық авиатасымалдаушы мен басқа да көлік кәсіпорындары пәрменді көмек көрсете алады.

Шетелде Қазақстан туралы сапасы жоғары полиграфиялық және аудиобейне жарнама материалдарын шығару және белсенді түрде тарату қажет. Қазақстанға туристерді таруға өлкетану жарияланымдары, жарнама баспа қызмет, оның ішінде туристік фирмалар мен қонақ үйлердің жарнама-баспа қызметі өз ықпалын тигізеді. Жаңа ақпараттық технолгияларды пайдалануға, оның ішінде Интернет жүйесінде Қазақстанның туристік фирмаларының WEB-сайттарын құруға айрықша мән беру қажет.

Туристік ағынды жөнелтуші елдердің туристік агенттіктері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап Қазақстан бойынша танысу саяхаттарын ұйымдастырудың тиімділігі мол болады.

Қолайлы туристік беделді құруға Қазақстанда халықаралық дәрежеде әртүрлі мәдени, спорттық және туристік іс-шаралар өткізу ықпал етеді.

Қазақстанның туристік беделін қалыптастыруда есепке алудың компьютерлендірген бірыңғай жүйесін іске қоса отырып, республика аумағына шетелдік азаматтардың кіруі, шығуы мен болуы тәртібін, визалық және кедендік рәсімдерді оңайлатудың зор мәні бар.

Сондай-ақ, қонақжай республика беделін жасауға туристер жиі болатын орындарға қазақша, орысша мәтіндеріне латын транскрипциясымен қосаберілген ақпараттық таблолар мен жазбалардың жасалуы мен орнатылуы өз септігін тигізеді.

Елде халықаралық туризмді одан әрі дамытуды ынталандыру, мемлекеттің туристік элеуетінің әлемдік туристік рыноктағы түсау кесерін өткізу жөніндегі жұмысты күшейту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 қазандағы №1604 қаулысымен бекітілген Қазақстанның туристік беделін қалыптастыру жөніндегі 2000-2003 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтиды. Оған Қазақстанға туристер тарту жөніндегі көпжақты қызмет және халықаралық туристік рынок жүйесіндегі елді интеграциялау кіреді.

Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қаіпсіздік туризмді дамытуға, ең алдымен келушілер ағынын көбейтуге немесе азайтуға әсер ететін басты фактор.

Туристің қауіпсіздігі мемлекет саясатына, турфирмалар қабылдайтын шараларға, сондай-ақ туристің жеке басының іс-әрекетіне тікелей байланысты.

Тұтынушыға туристік сапар барысында қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ақпарат беру оған қауіпсіздікті басқа да тауарлар мен қызмет көрсетулермен бірге қауіпсіздік пен сапа баға тұрғысынан алып қарағанда, маңызды әлемент болып саналатын және салыстыруға тұрарлық туристік өнімнің ажырамас бөлігі ретінде үғынуға көмектеседі.

Мемлекеттік органдардуристік ұйымдар мен халықаралық ұйымдар саяхатшылардың денсаулығы үшін қауіп тудыратын табиғи апаттар, әлеуметік тәртіпсіздіктер, террорлық әрекеттер, көлік жұмысындағы елеулі іркілістер, індет және басқа факторлар сияқты туризмге ықтимал қауіптер туралы ақпарат береді [25-26].

Кадрлар даярлау мен ғылыми қамтамасыз ету. Қызмет көрсетумен байланысты және табыстылығы едәуір дәрежеде осы салада жұмыс істейтін кадрлардың сапасына байланысты болатын қызмет — туризмде адамдар ресурсын жоспарлау айрықша мәнге ие.

Қазақстандағы тиімді туристік салаға сәйкес кадрлар элеуетін қалыптастыру үшін:

Жаңа буындағы «Туризм» мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білімнің мемлекеттік стандартын әзірлеу;

Туристік кадрларды даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарында туристік қызметтің әртүрлі қажетілігі мен даму деңгейін ескере отырып, мамандануын анықтау;

Мамандарды оқытуда олардың отандық туристік ресурстарды игеруіне, оларды пайдалану әдістеріне, жаңа ақпараттык технологияларды, білуіне тілдік дайындауға негізінен иек арту;

Орта арнаулы оқу орындарында бірінші деңгейдегі туристік қызметшілерді даярлауды ұйымдастыру;

Жалпы білім беретін оқу орындарында туристік сыныптар, секциялар мен үйірмелер құруға көмектесу;

Бүдан бүрын таратылған балалар мен жас өспірімдер туризмінің республикалық және аймақтық станцияларын қайта қалпына келтіру;

Ұлы Жібек жолының (1700 км) қазақстандық учаскесіндегі туристік-рекреациялық қорларды қайта жаңғыртуға және тугендеуге, зерттеу жұмыстарына ерекше назар аудару қажет.

Қазіргі заманғы туризм индустриясын құру саланы дамыту проблемаларын, туризм рыногы дамуының құрылымын, тетігі мен заңдылықтарын ғылыми тұрғыда зерделемейінше, сондай-ақ саланы дамытудың ғылыми қамтамасыз ету жүйесін құрамайынша мүмкін болмайды. Дегенмен, Қазақстанда бұл мәселелер туризм экономикасын зерттеушілер үшін әлі күнге игерілмеген «тың» күйінде қалып отыр.

Әлі күнге дейін ұлттық экономика теориясына туризм халық шаруашылығының толыққанды саласы және ғылыми жағынан талданатын пән ретінде қарастырылмайды. Сол себепті республикада аталған тақырып бойынша ғылыми әдебиет аз шығарылады. Бүған қоса, Қазақстанда Кеңес кезеңінен бері «туризм» деген үғым елеулі табыс түсіретін экономика саласынан гөрі спортпен және денсаулықты нығайтумен жиі байланыстырылады.

Ең алдымен, Қазақстан Республикасының рекреациялық ресурстарын түгендеу және олардың мониторингі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қажет. Экономиканың саласы ретінде туризмді ғылыми қамтамасыз ету үшін оны болжауды және дамытуды тиісті ғылыми құрылымдар қажет. Проблеманы шешудің ықтимал шешімі ретінде туризмнің ғылыми-зерттеу институтын құру ұсынылады.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Жоғары аттестациялық комитетінің (ЖАҚ) ғылыми мамандықтары тізбесіне «Туризмнің құқықтық нргіздері», «Туризм географиясы», «Туризмнің педагогикасы мен психологиясы» жаңа ғылыми бағыттарды енгізудің қажетгілігі пісіп жетілді. Бұл республикада ғалымдар контингентін құруға және туризмді дамытудың ұйымдастыру мен басқарудың, дамытудың мәселелері мен проблемаларының бүкіл кешенін ғылыми зертеумен қамтуға мүмкіндік береді.

ЖАК-тың номенклатурасындағы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жіктемесіндегі мамандықтар атауын біріздендіру қажет, бұл ғылыми зерттеулер жүргізу және осындай зерттеулер үшін кадрлар даярлаудағы бірізділікті күшейтуге ықпал ететін болады. Сондай-ақ, туристік мамандық пен мамандандыруды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тарифтендіру аныктамаларымен сәйкестендіру қажет [25].

Осы Тұжырымдама Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың негізгі мақсаттарын, міндеттЬрін және басымдықты бағыттарын айқындайды. Алға қойылған міндеттерді іске асыру және көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасында Туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу қажет.

 

4.2 Ішкі туризм – қазына байлығымыз

 

Қазақстанда Бурабай, Алакөл, және Көлсай сыңды керемет орындар баршылық. «Бүгінде кейбір туристік фирмалар осы бағыттарды басшылыққа ала отырып, қызықты саяхат бағыттарын ойлап тапқан. Дегенмен көп азамат демалыс уақытын шет елде өткізгенді қалайды. Мысалы биыл олардың саны 60 пайызға өсіпті [26].

Қазақстандықтардың басым көпшілігі Ыстық көл жағалаулары мен Түркияның танымал шипажайларында демалуды қалайды. Қазақстан саяхатшылары қауымдастығы ұсынған мәлімет бойынша демалыс уақыттарын шетелде өткізетін саяхатшылар қатары 60 пайызға өскен екен. Бірақ биыл сыртта демалу мәселесі қиындап отырған көрінеді.

Мысалы: Ыстық көлде демалу өте арзан. Мәселен өткен жылы Қырғыз пансионаттары 700 мыңнан аса адамды қабылдапты. Бір айта кететін жәйт, Алматы маңында да 700-ден аса демалыс бағыттары демалушыларға ұсынылатын болады. Қазақстандықтар қай жерде дем аламын десе еркі өзінде, Бурабай, Алакөл, және Көлсай сыңды керемет орындар баршылық. Бүгінде кейбір туристік фирмалар осы бағыттарды басшылыққа ала отырып, қызықты саяхат бағыттарын ойлап тапқан.

Қытаймен шекарамызда Жоңғар қақпасы бар. Мәселен ол жерге бет алды саяхатшылар бара алмайды. Қанша айтқанымен бұл шекара. Сол себептен де бірнеше күнде құжаттарыңызды жинастырып, біздің компания апарып келе алады [29].

Ішкі туризмның басты проблемасы әлі де жоғары деңгейде қызмет көрсете алмауда. Кейбір саяхатшылар осыған байланысты отандық демалыс орындарына беттемейді. Ал екінші біреулері қайта өркениеттен бойын алшақтап, біраз тыныққанды ұнатады.

Дегенмен Түркияда демалуға әркімнің қалтасы көтере бермейді. Оның үстіне биыл Қазақстанның азаматтық авиациясы тек «Эйр Астана», компаниясына Түркияға адам тасуға рұхсат етіп отыр. Бұрынғыша арзан бағалы бағыттар енді ұмыт болған, орта есеппен бір отбасы Түркияда 3 мың долларға демалып қайтады екен. Ал Еуропада дем алу қазақстандықтар үшін өте қымбатқа соғары белгілі. Мәселен Түркияда бір адам мың доллар жұмсаса, Парижде екі есе қымбат. Соңғы жылдар Қазақстандық туристер Испания, Чехия, Болгария, сыңды Шығыс еуропаға сапар шеге бастапты. Алайда Экзотикалық Африкаға баруға әлі де болса ынта білдірушілер мүлде табылмайды. Десекте егер де шетелге шығуға бел бусаңыз міндетті түрде медициналық сақтандыру құжатын жасауды ұмытпаңыз. Бұл ауырып қалған жағдайыңызда емделу бағасын толық тегін етпесе де біраз жеңілдіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді [26].

Бүгінде Азия мен Африка мемелекеттеріне арнайы жұқпалы дерттерге қарсы егу шараларынан өтпегендерді мүлде кіргізбейді

сіз арнайы егу шарасынан өтпеген болсаңыз елге кіргізбейді. Яғни қандай дәрі қабылдап егілу керектігін алдын ала саяхатқа жіберіп отырған компания мамандары құлақдар етеді. Сондай ақ сақьтандыру құжаты да мұнда болуы міндетті

Туризм-бұл елдің әлеуметтік жағдайын танытатын қырларының бірі. Дегенмен арнайы сауалнама нәтижесі бойынша Қазақстандықтар биыл шетелде демалуға асығып отырған жоқ сыңды.

 Жалпы ішкі өнімдегі туризмнің үлесі 2005 жылы 2,4 пайыз болса, 2011 жылы 5 пайызға дейін жетеді (сурет 16) [25].

 

 

 

16 сурет. Туризмнің басым түрлері бойынша туристік ағымның артуы

БОЛЖАМ [25]

 

«Халақаралық сарапшылардың бағалауы бойынша туризм саласындағы мемлекеттік бағдарламаны оңтайлы жолға қою мен еліміздегі туризмді дамыту арқылы 2011 жылдың соңына таман  сыртқы туризм мен ішкі туризм көлемін екі есеге артыруға болады. Бұл өз кезегінде валюталық түсімдерді де молайта түседі. Статистика мәліметтеріне сәйкес, бір шетелдік турист республикада болған уақытында ел бюджетіне орта есеппен 500 доллардан артық қаражат түсіреді.

Республикалық бюджетке валюталық түсімнің орташа көрсеткіші шамамен бұл кезеңде 5 млрд. АҚШ долларына тең болады (сурет 17) [25].

 

 

17 сурет. Сырттан келушілер  туризмінен бюджетке түсетін қаржының мөлшері 2007-2011 жылдар аралығында (млн. теңгеде) БОЛЖАМ [25]

 

  • Облыстар тұрғысынан туризм дамуының жай-күйi

 

Iшкi туризмнiң барынша дамуы Астана, Алматы қалаларында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы және Ақмола облыстарында байқалады.

Тұтастай алғанда, республика бойынша туризмнiң барлық түрлерiнен барынша көп туристке Алматы, Астана қалаларында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Атырау және Ақтөбе облыстарында қызмет көрсетiлген. Бұл өңiрлердегi туристердiң сапар мақсаты негiзiнен iскерлiк және кәсiби мақсат, бос уақыт, рекреация және демалыс, сондай-ақ шоп-турлар болып табылады.

Астана, Алматы қалаларында, Атырау, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында сырттан келушiлер туризмiнiң барынша кең көлемi байқалады, бұл ретте iскерлiк туризм басым. Көрсетiлген қалаларда, сондай-ақ Алматы, Қарағанды, Солтүстiк Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында неғұрлым сыртқа шығушылар туризмi дамыған [27].

2001 жылдан бастап, жергiлiктi атқарушы органдар саланы дамытуға қажеттi қаржылай қаражатты бөлiп келедi, алайда, талдау көрсеткенiндей, облыстардағы туристiк индустрияның дамуын тежеушi факторлардың бiрi жергiлiктi атқарушы органдардың экономикалық өсiмдi қамтамасыз ететiн басымдықтардың бiрi ретiнде аталған салаға жеткiлiксiз назар аударуы болып табылады. Айталық, туризмдi дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған өңiрлiк және республикалық бағдарламасын iске асыруға Солтүстiк Қазақстан облысында жыл сайын орта есеппен 400 мың, ал 2006 жылға – 329 мың теңге, Павлодар облысында жыл сайын – 500 мың теңгеден және Қостанай облысында – 1,5 млн. Теңге шегiнде бөлiндi [27-30]. 

Iшкi туризмнiң барынша дамуы Астана, Алматы қалаларында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы және Ақмола облыстарында байқалғандықтан Шығыс Қазақстан Облысын ішкі туризм дамитын облыс ретінде қарап мысал ретінде ішкі туризмінің жай күйіне баға бердік.

 

  • Шығыс Қазақстан облысындағы ішкі туризмнің жай-күйіне баға беру

 

Шығыс Қазақстан облысының аумағында мәдени-танымдық туризмнің өзегін қалыптастыратын тарихи, мәдени ескерткіштер және тарихи-мәдени мұражай-қорықтар (2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 627 сәулет, тарихи және мәдени  ескерткіш, соның ішінде 15 – республикалық маңызы бар мемлекеттік қорғауға алынған) бар.

Облыс аумағында жалпы көлемі 1784536 гектар 10 ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар, оның 50811 гектар алаңында суқоймалары бар, 641258 гектар жерді орман басып жатыр.

Шығыс Қазақстан облысы ішкі және сырттан келушілер туризмін дамыту үшін экология жағдайы қолайлы және қажетті ресурстарға ие [27].

Бүгінгі күні өңір:

  • Экономиканың дамуының жоғары қарқыны;
  • Инвестициялық тартымдылық:
  • Тиімді геосаяси және жағрафиялық жағдайы;
  • Көліктік қолжетімділік;
  • Ойын-сауық индустриясы;
  • Жағымды табиғи-климаттық жағдайлар;
  • Бай тарихи және мәдени мұра;
  • Ғасырлық қонақжайлық салт-дәстүр.

Туристік индустрияның кәсіби кадрларын дайындайтын білім беру

мекемелерінің болуымен сипатталады.

Облыстың бар туристік әлеуетін бірегей ету экологиялық, мәдени-танымдық, жағажай, тау-шаңғы және іскерлік туризмді дамыту болып табылады, ол ұзақ мерзімді келешекте қазақстандық және халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті кешенді туристік өнімді қамтамасыз етеді [].

Мұндай өнімді жасау негізінде қолайлы климаттық жағдай, су, бальнеологиялық ресурстарының болуы, бай ландшафтты-рекреациялық әлеует, сонымен қатар өзіндік тарихи-мәдени мұра, халықаралық маңызы бар бірегей мұражайлық кешендердің болуы жатыр.

Шығыс Қазақстан облысының негізгі танымал туристік, рекреациялық аймақтары (сурет 18) [27].

 

 

18 сурет. Шығыс Қазақстан облысының негізгі танымал туристік аймақтары [27]

 

Бұл аумақтарда ТМД ғана емес, алыс шетелдердің көптеген туристерін тартатын Оңтүстік Алтайдың негізгі табиғи ескерткіштері шоғырланған.

Туризмнің дамуына кедергі келтіретін проблемаларды шешуге жүйелі және кешенді көзқарас болған жағдайда ғана қолда бар әлеуетті іске асыру мүмкіндігі туады.

 

  • Туризм саласын дамыту жолында Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың 2009-2011 жылдарға өңірлік бағдарламасы

 

Шығыс Қазақстан облысының бірегей туристік әлеуеті бар. Туризм дамуының күшті жақтары болып табылатындар: ыңғайлы географиялық жағдай (Еуразия орталығы), Ресей Федерациясымен, Қытай Халық Республикасымен және Монғолиямен шекаралас ынтымақтастық, ұлан-ғайыр аумақ және табиғат ландшафтының сан алуандығы, бірегей рекреациялық ресурстар, бай мәдени-тарихи мұра, сондай-ақ көрші мемлекеттердің шекаралас өңірлерінде қазақ диаспорасының тұруы.

Туристік қызметтердің негізгі жеткізушілері туристік ұйымдар болып табылады, олар — туристік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар 99 туристік ұйым мен жеке кәсіпкерлер және 16 туризм нұсқаушылары. Туристік ұйымдардың көбін әлемнің көптеген мемлекеттерінде инновацияға негізделген, экономикалық өсімнің тиімді генераторы болып табылатын шағын және орта кәсіпорындар құрайды [27].

2008 жылдың І-жартыжылдығында туристік фирмалардың саны артып, нақты туристік қызметпен айналысатын 46 туристік фирма мен 9 жеке кәсіпкер болды. Орналастыру орындарын есепке ала отырып, көрсетілген қызметтер көлемі 767,0 млн. теңгені құрады. Сырттан келушілер туризмі 7 094 адамды құрады, сыртқа шыққан туристердің саны 3 970 адамды құрады, ішкі туризмға қатысқандардың саны 106 785 адам. Облыста 148 мейманханалық шаруашылық кәсіпорындары 667,2 млн. теңгеге қызмет көрсетіп, 92,5 мың адамға қызмет етті. Орналастыру объектілерінде бір реттік сыйымдылығы 12,7 мың төсекке арналған 4220 нөмір бар [28].

Туризмнің дамуы көлік инфрақұрылымын дамытумен тікелей байланысты. Резидент емес туристер облысымыздың аумағына көбінесе автожол  немесе әуе көлігімен келеді.

Ішкі туризм мақсатында автожол көлігі жиі пайдаланылады. Турлар мен экскурсиялық бағдарларды ұйымдастыру автомобиль жолдарының жағдайына байланысты. Облыста жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығы 11,7 мың шақырымды құрады, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 3,4 мың шақырым, облыстық маңызы бар жолдар 8,3 мың шақырым.

Туризм объектілеріне апаратын республикалық маңызы бар автомобиль жолдары төменде көрсетілген кестеде анықталды ( кесте 6) [27-28].

 

6 кесте

 

Туризм объектілеріне апаратын республикалық маңызы бар автомобиль жолдары анықталды [72-28]

 

Оңтүстік рекреациялық аймағы

 

Абай ауданы, Семей қаласының маңы

 

Семей-Қайнар күрделі жөндеу қажет, 2000-2010жылдарда орташа

жөндеу жоспарланған, жол маңындағы сервис: ЖҚС – 4, тамақтану пунктері – 1;

 

 

Үржар ауданы

 

 

Алматы-Өскемен – күрделі жөндеу қажет, жол маңындағы сервис: ЖҚС – 2, тамақтану пунктері – 5;

Таскескен-Бақты – жағдайы қанағаттанарлық, 2008-2010 жылдарға қайта  жаңғырту жоспарланған, жол маңындағы сервис: ЖҚС – 9.

 

 

 

Аягөз ауданы

 

Алматы-Өскемен – күрделі жөндеу қажет, жол маңындағы сервис: ЖҚС – 1, тамақтану пунктері – 3, ТҚКС – 1;

Қарағанды-Аягөз-Ботагөз – күрделі жөндеу қажет, жол маңындағы сервис: ЖҚС – 4, тамақтану пунктері –2

.

Солтүстік-Шығыс рекреациялық аймағы:

 

 

Катонқарағай ауданы

 

 

Өскемен – Зырян – Рахман қайнарлары – жағдайы жақсы, 420-450 шақырымға күрделі жөндеу қажет, 2008-2010 жылдарда орташа жөндеу жоспарланған, жол маңындағы сервис: ЖҚС – 5, тамақтану пунктері – 2.

 

Шығыс рекреациялық аймағы:

 

 

Күршім ауданы

 

 

Зайсан-Қалжыр-Теректі – жағдайы қанағаттанарлық, 2008-2010 жылдарда орташа жөндеу жоспарланған, жол маңындағы сервис: ЖҚС – 2, тамақтану пунктері – 2.

 

Орталық рекреациялық аймағы:

 

Зырян ауданы

 

Өскемен-Зырян- Большенарым – жағдайы қанағаттанарлық, 2008-2010 жылдарда күрделі жөндеу жоспарланған, жол маңындағы сервис: ЖҚС – 6, тамақтану пунктері – 7.

Батыс рекреациялық аймағы (5 кесте жалғасы):

 

Риддер қаласы

 

 

Өскемен-Риддер – жағдайы қанағаттанарлық, 2008-2010 жылдарда орташа жөндеу жоспарланған, жол маңындағы сервис: ЖҚС – 4, тамақтану пунктері – 8, мейманхана — 1.

 

 

Ұлан ауданы

 

Өскемен-Семей – жағдайы жақсы, 2000-2010 жылдарда орташа жөндеу, көпірлерді жөндеу жоспарланған, жол маңындағы сервис: ЖҚС – 4, тамақтану пунктері – 8.

Алматы-Өскемен – жағдайы қанағаттанарлық, жол маңындағы сервис: ЖҚС – 2, тамақтану пунктері – 2.

 

Зайсан ауданы

 

Омбы-Майқапшағай – жағдайы қанағаттанарлық, жол маңындағы сервис: ЖҚС – 3, тамақтану пунктері – 2.

 

Глубокое ауданы

 

Өскемен-Шемонаиха – жағдайы қанағаттанарлық, жол маңындағы сервис: ЖҚС – 3, тамақтану пунктері – 2.

Облыстың рекреациялық аймақтарына апаратын облыстық маңызы бар жолдар белгіленді:

 

Жолдардың 95% немесе 11,1 мың шақырымында қатты жабын бар. 457 жанар-жағар май құю станциасы автомобильдерге отынын құю қызметін жүзеге асырады.

Туризм дамуының басым бағыттарынан келіп-кету бағыттарын және ішкі бағыттарды бөліп көрсетуге болады. Облыста болып қайтқан туристер негізінен Ресей Федерациясынан, Германиядан, Қытайдан, Франциядан туыстарына барып қайту мақсатымен, іскерлік мақсаттармен, сондай-ақ демалу және танымдық мақсатпен келді. Әлеуметтік өмір деңгейінің жақсаруына, жаңа демалу объектілерінің іске қосылуына байланысты ішкі туризм көрсеткіші артты. Ішкі туризмнің үлесіне барлық сатылған жолдамалардың 90 %-дан астамы және олардың құнының 50 %-ға жуығы келеді.

Шығыс қазақстандықтар сапарының негізгі бағыттары Ресей, Германия, Қытай, БАЭ, Түркия болды. Аталған елдерден басқа туристер тағы да әлемнің 20-дан астам елінде болып қайтты.

Облыс аумағында 15 санаторийлер, емделу пансионаттары және демалу базалары жұмыс істейді. Қонақ үй шаруашылығы 38 қонақ үйінен тұрады, оның 5-нің мейрамханалары бар, 16-ның мейрамханасы жоқ және 17-сі аз уақыт тұруға арналған. Объектілер санының өсуі және олардың толығуының тұрақтылығы байқалады .

Облыс аумағында 670 тарихи-мәдени мұра ескерткіштері, сондай-ақ туристік жағынан қызықты бірнеше ондаған бірегей табиғат объектілері орналасқан [30].

Туристік фирмалар «Көшпенді», «Белуха етегіне», «Зүбаржат сақинасы», «Алтай сүрлеулерімен», «Тас ертегісі» және т.б. көптеген турларды әзірлеуде.

Өлкенің жақсы табиғат ландшафты, балықты өзендер мен көлдердің көптігі, жабайы аң мен құс аулау фирмаларға суда жүзу, балық аулау, аң аулау турларын және ғылыми турлар, пантамен емделуді және санаторилік-курорттық демалу ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мәдени-танымдық турлар ескіліктің, халық тарихының, мәдениетінің әуесқойлары үшін қызықты. Оларға Қатон-Қарағай ауданындағы қонақтар үйлері қызмет көрсетеді, мұнда жергілікті жердің салт-дәстүрімен, ұлттық тағамдарымен танысып, омарталарды және марал өсіру фермаларын аралауға болады.

Семей өңірі де қызықсыз емес. Мұнда бай мәдени-тарихи мұраны танымдық, ғылыми және этникалық туризм объектісі ретінде қарауға болады. Тұғындарға мына сауықтыру орталықтары қызмет көрсетеді: «Рахмановские ключи», «Барлық Арасан» санаторилері, «Княжьи горы», «Изумрудный», «Алтайские Альпы», «Голубой Залив», «Долина царей», «Алтайская бухта», «Белая Уба», «Климовка», «Громотуха», «Айгерім», «Алакөл» демалу базалары және т.б [29-30].

Туристік саланың одан әрі перспективалы дамуы, туризм саласындағы атқарушы органдардың алдында тұрған шешілмеген міндеттерді орындау, туризмді дамыту және жоспарлау саясатын мемлекетаралық, мемлекеттік және жеке деңгейлерде үйлестіру, мемлекеттік басқару нысандарын қамтамасыз ету және облыста туризмнің дамуын қолдау үшін Туристік саланың дамуының 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы әзірленді және орындалуда. Облыстық бюджеттен немесе өзге тартылған қаражаттардан қаржыландыруды есепке алғанда, бағдарламаны орындау нақты шаралармен бекітілген.

Бағдарламаның мақсаты – Шығыс Қазақстан облысында туризмнің дамуы үшін қолайлы жағдайлар туғызу және оны экономиканың табысты салаларының біріне айналдыру.

Облыста туризм инфрақұрылымының дамуы өз қаражаттары және туристік ұйымдардың банктердегі несиелері есебінен жүргізіледі.

Туризм инфрақұрылымын дамыту және нығайту мақсатында 2009 жылдың бірінші жартыжылдығында бюджеттен тыс қаражаттар (басқа көздер, өз қаражаттары) игерілді:

  • объектілер құрылысына22 607,0 мың теңге;
  • объектілерді реконструкциялауға8 506,0 мың теңге;
  • күрделі жөндеуге1 810,0 мың теңге;
  • ағымдағы жөндеуге75 838,0 мың теңге;
  • МТБ-ны нығайтуға1 117,0 мың теңге.

Нақтылап атап айтқанда, мына төмендегі жаңа объектілер іске қосылды (сурет 19) [27-28].

 

 

19 сурет. Іске қосылған жаңа объектілер [27-28]

 

Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, Шығыс Қазақстан облысының туристік имиджін қалыптастыру мақсатында бірыңғай қазақстандық экспозиция шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті облыстың туристік ұйымдарымен бірлесіп мына халықаралық туристік көрмелерге қатысты:

  • Утрехт қаласындағы (Нидерланды корольдігі) «Vacantiebeurs – 2006» халықаралық туризм және демалу көрмесі;
  • Мадрид қаласындағы (Испания) «FITUR – 2006» халықаралық туристік жәрмеңкесі;
  • Берлин қаласындағы (Германия) «ITB – 2006» халықаралық туристік биржасы;
  • Мәскеу қаласындағы (Ресей Федерациясы) «Саяхат және Туризм», MITT – 2006 халықаралық туристік көрмесі;
  • Алматы қаласындағы халықаралық туристік көрме.

Осы шараларға қатысу халықаралық деңгейде маркетингті қамтамасыз етуге және ұлттық туристік өнімнің жылжуына, Шығыс Қазақстанның туристік әлеуетімен танысуға, жарнамалық-ақпараттық қамтамасыз етуде жаңа бағыттардың қалыптасуына және Шығыс Қазақстан Облысының туристік өнімі брендінің жылжуына ықпал етті. Шығыс Қазақстан облысының табиғи кешені және оның құрамдас бөлігі, мәдени-тарихи ескеркіштері өзінің туристік мүмкіншілігі жөнінде бірегей Географиялық және саяси ерекшелігіне байланысты ол экологиялық таза қалпын сақтап қалды. Шығыс Қазақстан аумағы шөлдерімен, даласымен, тайгасымен, тауларымен, өзендерімен, көлдерімен табиғи ландшафтар спектрімен бай.

Облыстың қырық жеті туристік фималары облыс тұрғындарына, сондай-ақ жақын және алыс шет елдер туристеріне маршруттар ұсына алады.

Альпинистер мен тау туристеріне Белуха тауына саяхат ұсынылады. Туризмді дамыту жөніндегі негізгі бағыттар: экологиялық туризм, панта емі, саноториялық, қорықтарда болу (экосоқпағы), ауыл үлгісіндегі демалыс, альптурлар, рафтингтер, арнайы турлар: геологиялық, археологиялық, орнитологиялық.

Қатонқарағай ауданында туристарға радон ваннасын қабылдаумен денсаулық курсын ұсынатын «Рахман көздері» санаториясы, «Долина царей» пантамен емдеу демалыс базасы орналасқан.

Зайсан ауданында туризмнің мына бағыттары әзірленген: шоп-турлар (Қытай), балық аулау туры, этнотурлар және маршруттар: сауыр тауларын, «Сауыр және Тарбағатай жоталарының тау етектерін» суретке түсіру; аңшылық турлар: «Қасқыр аулау», «Марал- тау ешкісі» құрама аңшылығы, Зайсантохты».

Сондай-ақ Алакөл көлінде демалыс базасы, «АСА», «Өскементурист», «Алтай Изумрудный» туристік фирмаларына қарайтын Бұқтырма жағалауында туристік базалар, Риддер қаласының шетінде орналасқан «Климовка», «Белая Уба», «Громотуха» демалс базалары жұмыс істейді [32].

Семей өңіріндегі бай тарихи- мәдени мұраны танымдылық, ғылыми және этникалық туризм ретінде қарауға болады.

Туризм саласында туристік рыногқа халықаралық деңгейде қыйсындастырылған бәсекеге қабілетті туристік қызметтер әзірлеп енгізу, сондай-ақ бәсекелестік ортаны құру үшін туристік қызметтерді сертификаттау және стандарттау жөніндегі шараларды іске асыру қажет. Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы келісімге сәйкес сауда қызметін дамыту мақсатында ағымдағы жылдың 1 наурызынан Қазақстан Республикасы азаматтарының бір күндік визасыз ҚХР болулары үшін «Майқапшағай- Жеменей» шекаралық сауда орталығы жұмыс істей бастады.

Оның ашылуы Қытайдың шекаралық өңірлерімен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға жәрдем етеді, сондай-ақ тұтасымен облыс экономикасын дамытуға маңызды ықпал етеді. Біздің ойымызша шекаралық сауда орталығындағы ассортимент және баға біздің рыногымызда бағаның арзандауына ықпалын тигізеді. Бұдан басқа, келісіммен Қытай рыногында қазақстан тауар өндірушілерінің өнімдерін жеңілдіктермен сату көзделген, бұл біздің облыс , әсіресе шекаралық өңірлер үшін өте маңызды.

 

4.4 Облыстың туристік мүмкіншіліктері және ішкі туризм көлемдерінің өсу қарқыны

 

 

Облыс өзінің туристік мүмкіншіліктері бойынша бірегейлі. Бірақ та сонымен бірге ол жетілмеген, бұл саланың әлеулеттік мүмкіншіліктері бүгінгі күні тек 10 — 15 % ғана пайдаланылады, осыған байланысты белгілі бір түзетулер енгізуді талап етеді. Қазіргі уақытта бұл саланы дамытудың өңірлік бағдарламасы жасалып, бекітілген, соңынан оларда құрылыстандырудың бас жобасын жасау үшін демалыс аймақтарына тексеру жүргізілуде. Белуха тауына, Марқакөл, Зайсан көлдеріне, табиғи емдеу- сауықтыру көздеріне, қорықтарға және басқа да бар туристік маршруттарды дамыта отырып, жаңа маршруттар ашу ойластырылуда [27-34].

Шығыс Қазақстан туристік қызметтің барлық спектрін ұсынды:

 

  • Тренингтер;
  • Рафтингтер;
  • Велосипедтік;
  • ат турларын;
  • балық аулау;
  • альптурлар.

 

Сауықтыру қызметтері:

қонақ үйлерінде;демалыс базаларында;пантаемі;санаториялық — курорттық емделу;балалардың демалыс лагерлері;пляждық туризм.

Туризмнің қарышты және орнықты дамуын облыстың сырттан келушілер және ішкі туризм көлемдерінің өсу қарқыны дәлелдейді (кесте 7) [27].

 

7 кесте

 

Туризмнің қарышты және орнықты дамуын облыстың сырттан келушілер және ішкі туризм көлемдерінің өсу қарқыны [27]

 

 

Жыл

 

 

Туристік фирма

лардың саны

Резидент емес туристердің саны (адам)

Резидент туристердің саны (адам)

Ішкі туристердің саны (адам)

Көрсетілген қызмет көлемі (мың теңге)

2006

72

10 781

9 083

196 798

974 490,4

2007

92

14 814

11 571

276 451

1 499 000,0

2008 жылдың

І-жарты

жылды

ғы

101

7 094

3 970

106 785

767 000,0

 

2006 жылғы сәуір айының 20-22 аралығында Новосібір қаласында Халықаралық көрме өткізілді. Көрмеге Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры А.И. Провкин, туризмді дамыту жөніндегі бөлім бастығы Т.В. Снегирева және «Туризм империясы» ЖШС қызметкерлері қатысты. Бұл Сібірдегі ірі көрмелердің бірі, ал Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы шекаралық ынтымақтастыққа байланысты бұл форумға қатысу бізге өзіміздің туристік өнімдерімізді ұсынуға және жаңа қарым-қатынастар орнатуға өте жақсы мүмкіндіктер береді.

Сонымен қатар, халықаралық және ішкі туризмнің дамуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау болып табылады. Қазіргі уақытта бес әуекомпаниясының («Air Astana», «SСAT», «Сибирь», «Тулпар Авиасервис», «ГТРК «Россия») халықаралық Мәскеу, Санкт-Петербург, Баян-Өлгей, Астана, Алматы, Қарағанды ішкі бағыттары бойынша жүйелі рейстер бар.

2007 жылы Семей, Зайсан қалаларына, Үржар, Күршім, Катон ауылдарына ұшатын әуе рейстері ашылды. 2007 жылы әуе көлігінің қызметтерін 131 468 000 турист пайдаланды, оның ішінде 15 454 адам халықаралық, 51 330 адам ішкі әуе желілерімен, 15 142 адам халықаралық, 49 542 адам ішкі әуе желілерімен келді [31-32].

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында халықаралық әуемен тасымалдауға рұқсат алған әуеайлақтары Өскемен және Семей қалаларында орналасқан. Келушілерді тіркеу сапасы мен мерзімдерін қысқарту мақсатында Өскемен қаласының әуеайлағында қайта жоспарлау жүргізілді, шекаралық және кедендік бақылаудан өтудің технологиялық сұлбасы өзгертілді, шекаралық кабиналар ауыстырылды, кедендік «жасыл» дәліз ресімделді.

Дегенмен, жалпы әуе көлігін пайдалану арқылы іске асатын сапарлардың санын арттыру үшін жолаушылар тасымалының жағрафиясын кеңейту, әуепаркін жаңарту, баға және тариф саясатын белгілеу, қызмет көрсету сапасын арттыру қажет.

  • Балалар мен жасөспiрiмдер туризмi – iшкi туризмдi дамытудың және туристiк мәдениеттi тәрбиелеудiң негiзiн қалаушы факторлардың бiрi

 

Бала жастан туризмнiң әр түрiмен айналысу азаматтық сезiмге, туристiк мәдениетке және қонақжайлылыққа тәрбиелеуге мүмкiндiк бередi, iске асыру кезiнде туризм экономиканың пәрмендi секторы ретiнде табиғат пен қоғам үшiн ең төмен салдарлар әкеле отырып, мемлекеттiң тұрақты дамуын қамтамасыз етуге ықпал ететiн болады.

Балалар мен жасөспiрiмдер (мектеп жасындағы) туризмiн дамытуды мектептiк бiлiм беру жүйесiндегi он жылдықта жойылған мектептен тыс балалар мен жасөспiрiмдер мекемелерiн қалпына келтiру, көптеген пәндер бойынша оқу бағдарламаларын уақыт талабына сәйкес жаңарту арқылы кешендi түрде жүргiзу қажет:

оқу бағдарламаларының тақырыптық жоспарларына туристiк техника мен дайындық, Қазақстанның тарихи объектiлерiн, бiрегей табиғи ескерткiштерi бiлiмдерiн, жердi бағдарлау және карта бойынша бағдарлау дағдыларын қалыптастыру жөнiнде сабақтар енгiзу арқылы туристiк бiлiмнiң жалпы бiлiм беру деңгейiн жетiлдiру;

балалар мен жасөспiрiмдердiң мектептен тыс туристiк мекемелерiнiң желiсiн: балалар мен жасөспiрiмдер туризмi станцияларын республикалық буыннан аудандық буынға дейiн, туристiк клубтарды, балаларға арналған туристiк базаларды қалыпқа келтiру және кеңейту (сурет 20) [27-33].

 

 

20 сурет. Балалар мен жасөспiрiмдер туризмі жан –жақты ықпал етеді [27-33]

 

Туризмнің әр түрімен жастайынан айналасу азаматтық сезімді тәрбиелеуді, туристік мәдениетті және қонақжайлық идеологиясын жалпы мемлекеттік идея ретінде қабылдау сезімін тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Оны іске асыру кезінде табиғат пен қауым үшін ең аз зардаптармен мемлекеттің табанды дамуын қамтамасыз ететін экономиканың әрекетшіл секторы ретінде туризмді шынайы дамыту мүмкін.

«Менiң Отаным – Қазақстан» жобасын iске асыруға, сондай-ақ туризмнiң белсендi түрлерiн ұйымдастыру кезiнде гидтер және экскурсияшылар ретiнде жастарды кеңiнен тартуды қамтамасыз ету (кесте 8) [27-33].

4.6 Туризмді дамыту мемлекеттік бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижилер

 

Бағдарламаны іске асыру барысында орналастыру орындарын есепке ала отырып, туристер ағынының тұрақты өсімін былайша қамтамасыз ету көзделеді:

сырттан келушiлер туризмi бойынша 2006 жылєы 10,7 мың адамнан 2008 жылы 23,4 мың адамға дейiн, 2009 жылы 33,4 мың адамға дейiн, 2010 жылы 43,4 мың адамға дейiн, 2011 жылы 51,5 мың адамға дейiн;

сыртқа шығушылар туризмi бойынша 2006 жылєы 9,1 мың адамнан 2008 жылы 13,5 мың адамға дейiн, 2009 жылы 15,5 мың адамға дейiн, 2010 жылы 17,7 мың адамға дейiн, 2011 жылы 19,7 мың адамға дейiн;

ішкі туризм бойынша 2006 жылєы 196,8 мың адамнан 2008 жылы 316,4 мың адамға дейiн, 2009 жылы 356,4 мың адамға дейiн, 2010 жылы 398,4 мың адамға дейiн, 2011 жылы 400,7 мың адамға дейiн;

Туризм саласындағы жұмысшылардың саны 2006 жылғы 1,5 мың адамнан 2008 жылы 2 мың адамға дейiн және 2010 жылы 2,5 мың адамға дейiн артады.

Бағдарламада көрсетiлген шаралар кешенiн iске асыру туристер ағынын ел азаматтарының да, шетелден келушiлердiң де есебiнен одан әрi көбейтуге жәрдем ететiн болады. Ақырғы қорытындысында бұл облыс туризмінің тартымдылығын елеулi арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға әкеледi.

Экономиканың шикiзаттық емес секторы iшiндегi бiршама кiрiстi саласына айналуға мүмкiндiгi бар, дамыған бәсекеге қабiлеттi туристiк индустрия құрылатын болады [27-32].

Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi 2007-2011жылдары Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру үшiн республикалық бюджет қаражатынан қаржыландыру сомасы 59318221 мың.теңгенi құрайды, оның iшiнде:

2007 жылы — 2329668 мың теңге; 2008 жылы — 20637405 мың теңге; 2009 жылы — 30635357 мың теңге; 2010 жылы — 2774656 мың теңге; 2011 жылы — 2941135 мың теңге.

Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылатын болады.

Бұл ретте Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру үшiн қажеттi бюджеттiк қаражат көлемi тиiстi жылға республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.

Жергiлiктi бюджеттер есебiнен өңiрлiк деңгейде өткiзiлетiн туризмдi дамыту жөнiндегi iс-шаралар қаржыландырылуы мүмкiн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Ішкі туризим, туристердың туған жеріне деген сүйіспеншілігін тударады, салт-дәстүрмен танысуға мүмкіндік береді және өз мемлекетінің әсем жақтарын ашуға ат салысады. Қазақстан Республикасындағы туризм 2008 жылы туристік қызметтер көлемі 66,0 млрд. теңгені құрады немесе 2007 жылмен салыстырғанда нақты өлшемде 22,6 %-ға өсті, соның ішінде туристік фирмалар көрсеткен қызметтер – 15,4 млрд. теңге немесе 15,2%-ға көп, туристерді орналастыру объектілері көрсеткен қызметтер – 50,6 млрд.теңге немесе 25,1%-ға көп. Туристер көбінесе демалу (туристердің жалпы санының 35%) және іскерлік мақсаттарында (58,5%) саяхаттады. Туристік фирмалар мен орналастыру объектілері қызмет көрсеткен туристер саны 4,2 %-ға азайды (2007 жылы – 3,2 млн. адам, 2008 жылы — 3,0 млн. адам). Өткен жылы туризмнің барлық түрлері бойынша туристік ағынның төмендеуі байқалды. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 2008 жылдың қорытындысы бойынша шетелге шыққан қазақстандықтар саны — 8,2%, ел ішінде саяхаттайтын туристер саны — 3,8%, келуші туристердің ағыны – 3,5 %-ға азайды.

Қазақстан Республикасында ішкі туризм әлі де болса бір тұтас индустрия ретінде қалыптаспаған. Бірақ туризм саласына мемлекет белсене қатысатын болса, Қазақстан экономикасындағы үлкен табысты шаруашылыққа айналуға болады. Әрине 5 жыл өтсін, 10 жыл өтсін деген ой – пікір болмайды, бірақ осы салада оң өзгерістер қалыптасып келеді, әлемнің туризм саласы дамыған елдерден үйрену керек, өзіміздің мамандарды дайындау қажет және де өзіміздің үйімізге махаббатпен, сүйіспеншілікпен қарауымыз керек.

Толығырақ айтқанда мынандай қорытынды шығаруға болады:

  1. Қазақстанда ішкі туризмді дамыту бағытында аса ірі потенциалды мүмкіншіліктер бар, бірақ ішкі туризмнен түскен табыс ұлттық табыстың 0,1%-ын ғана құрайды. Республикамыз көп ғасырлық салт – дәстүріне, ғажап архитектуралық құрылыстарын, қызықты мәдени ескерткіштерге, мұражай жүйелеріне, мәденй мекемелеріне және фальклорлық этнографиялық халықтар ассамблеяларына, өсімдіктердүниесімен жануарлар дүниесіне, климаттық және туристік зоналарына, табиғи ландшафтыларға ие. Соңғы жылдары халықаралық туристік индустрияда көзқарастың оң өзгеру тенденциясы байқалып, яғни халқы тығыз емес және өзіндік мәдени ерекшеліктері бар елдерге қызығушылық байқалып отыр.
  2. Қазақстанның туристік дамыту бағыты маусымдық қана, сондықтан біздің туристік фирмалар көрсетіп отырған туристік қызметті диверсификациялау және туристік өнімді модернизациялау керек.
  3. Туристік өнімнің жылдам қозғалуына жарнама үлкен әсерін тигізеді. Қазақстандық туристік фирмалар бұқаралық ақпараттар құралдарындағы жарнаманы жақсы қолдануда және де интернетті тиімді пайдалану қажет.
  4. Туризмнің әлеуметтік мәдениетке әсері зор. Туризм индустриясын дамыту жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, шетелдік валютаның мемлекетке түсуінің өсуіне, ірі және кіші мекемелердің дамуына, жергілікті көліктік инфраструктураның жаңаруына, оның ішінде байланыс және сервистің дамуына алып келеді. Осы дамумен жеогілікті, аймақтық және халықаралық экономикалық, саяси байланыстарды жақсартады.
  5. Туризм қоршаған ортаның едәуір жақсаруына әсерін тигізеді, себебі туризм қоршаған ортамен тығыз байланысты.

Қысқа және нұсқа айтқанда, Республика бойынша ішкі туризмнен түскен кіріс 14,6% артып, 35 млрд. теңгені құрады,сондай ақ бюджетке 7 млрд. теңге аударылды, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 8% артық

Жұмыс істеп жатқан туристік фирмалар саны 2008 жылы 1136-ны құрады да, алдыңғы жылмен салыстырғанда 6.7% — ке артты. Қонақ үйлердің және басқа да орналастыру орындарының саны 17.6% — ға, яғни 385 — тен 453 ке артты (оның ішінде мемлекеттік меншікте 30 басқа мемлекеттердің, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының меншігінде — 31, жеке меншікте — 351, шетелдік қатысумен бірлескен кәсіпорындардың меншігі – 41).

Сонымен қатар Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы жасалды.

Мемлекеттік бағдарламада көрсетілген шаралар кешенін іске асыру туристер ағынын ел азаматтарының да, шетелден келушілердің де есебінен одан әрі көбейтуге жәрдем ететін болады. Ақырғы қорытындысында бұл ұлттық турөнімнің тартымдылығын елеулі арттыруға әкеледі және Қазақстанның қызмет көрсетулердің халықаралық саудасы шеңберінде халықаралық кәсіпкерлік пен әскери ынтымақтастықтың маңызды саласы ретінде әлемдік туристік нарыққа кіруіне жәрдем ететін болады.

Мемлекет экономикасының шикізаттық емес секторы ішіндегі біршама кірісті саласына айналуға мүмкіндігі бар, дамыған бәсекеге қабілетті туристік индустрия құрылытын болады. Бұл ретте республикада Қазақстанның орталықазиялық өңірдің туризм орталығына нақты жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

  1. Гуляев В.Г. Новые информационные технологии в туризме. – М.: Приор, 1998 – 123 б.
  2. Квартальнов В.А. Туризм. — М., 2001 ж. – 88 бет.
  3. Сенин В.С. Введение в туризм. — М., 1993 ж. – 80 бет.
  4. Квартальнов В.А. Туризм. — М.: Финансы и статистика, 2002 ж. – 145 бет
  5. Ердавлетов С.Р. География туризма Казахстана. – Алматы: Ғалым, 1992. –115 б.
  6. Ердавлетов С.Р. Казахстан туристский. – Алматы, 1989 жыл – 134 б.
  7. Қазақстан Республикасының Туристік қызмет туралы заңы. – Алматы, 2001. – 36 б.
  8. Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы. Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 47, 499-құжат; «Егемен Қазақстан» 2007 жылғы 1 қаңтар N 1
  9. Жолдасбеков А.А. Пыхарев А.Н. Мамадиаров М.Д. Организационно — правовые основы туристской деятельности в РК. // Учеб. метод. пособие – Алматы: Ғылым, 1998 ж. – 87 б.
  10. Карпова Г. А. Экономика современного туризма. – М.: 1998 ж. – 146 б.
  11. Маринин М. М. Туристские формальности и безопасность в туризме. — М.: Финансы и статистика, 2004 ж. – 67 бет.
  12. Дуисен Г.М. Основы формирование и развития индустрии туризма в Казахстане. – Алматы, – 23 б.
  13. Ильина Е.Н. Основы туристской деятельности. — М.: Советский спорт, 2004ж. – 68 бет.
  14. Александрова А.Ю. География мировой индустрии туризма. – М.: Аспект Пресс, 1998. – 312 бет.
  15. Биржанов М.Б. Индустрия туризма. — М., 2001 ж. — 132 бет.
  16. Жукова М.А. Индустрия туризма: менеджмент организации. – М., 2003 ж. – 96 бет.
  17. Квартальнов В.А. Романов А.А. Международный туризм: политика развития. – М.: Советский спорт, 1998 ж. – 131 б.
  18. Квартальнов В.А. Туристский бизнес и система обучения кадров предприятий обслуживания. – М., 1990 ж. – 214 б.
  19. Кон В.Л. Услуги и их социально – экономическая роль/Перевод с польского. — М.: Прогресс, 1967 ж. – 228 б.
  20. Гуляев В.Г. Новые информационные технологии в туризме. – М.: Приор, 1998 – 123 б.
  21. Пузакова Е.П. Честникова В.А. Международный туристский бизнес. – М.: «Экспертное бюро, 1997 ж. – 239 б.
  22. О развитии туризма как доходной отрасли Ресаублики Казахстан. Официальные материалы. – Алматы: Раритет, 2001 жыл. – 56 б
  23. Румянцева З.П. Саломатина Н.А.Менеджмент организации. – М.: Инфра, 1996 ж. – 214 б.
  24. Сапрунова В.Б. Туризм: эволюция, структура, маркетинг. – М.: Ось– 89, 1997 ж. – 312 б.
  25. Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы. Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 47, 499-құжат; «Егемен Қазақстан» 2007 жылғы 1 қаңтар N 1
  26. Реальные возможности туристского рынка Казахстана. Деловой мир. – Астана, 2000 жыл. — №5. – 56 б.
  27. Шығыс Қазақстан Облысында туризмді дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы. Өскемен 2008 жыл.
  28. Зорин И.В. Энциклопедия туризма. – М.: финансы и статистика, 2002 ж. – 145 бет.
  29. Чигаркин А.В. Памятники природы Казахстана. – А.: 1980 ж. – 236 б.
  30. Қазақстан Республикасындағы туризм. Статистикалық жинақ. – Алматы, 2004 жыл. – 36 б.
  31. Stat.kz.
  32. tourist.kz.
  33. tourinfo.kz.
  34. www.ecotourism.kz.
  35. www.google.kz.