АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазақстан Республикасының қаржы секторларын талдау және дамыту

Мазмұны

 

Кіріспе………………………………………………………………………………………………………

 

  1. Қазақстанның қаржы секторының экономика жүйесіндегі орны мен мәні……………………………………………………………………………………………………………….

1.1  Қаржы секторының тұрақтылығының мазмұны және сыныптамасы……..

     1.2  Қазақстанның қаржы секторының мониторингі және даму негіздері……………………………………………………………………………..

 

  1. Қазақстан Республикасының қаржы секторларының негіздерін талдау………………………………………………………………………………………………………….

2.1 Ұлттық Банктің валюталық саясатының қаржы тұрақтылығына әсері……………………………………………………………………………………………………………..

2.2 Қазақстанның банктік секторы, оның несиелік  саясаты және басқа секторларға ықпалы…………………………………………………………………

2.3 Қазақстан жинақтаушы зейнетақы қорларының негізгі көрсеткіштері……………………………………………………………………………………………….

2.4 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру секторының даму үрдістері……………………………………………………………………………………………………….

 

  1. Қазақстан Республикасының қаржы секторының дамуының кейбір мәселелері……………………………………………………………………………………………………

3.1 Кластерлік саясаттың есебінен қаржы секторының дамуы…………………..

3.2 Алматы аймақтық қор орталығына (РФЦА) қалыптасу және қаржы секторының  даму перспективасы…………………………………………………………………

 

Қорытынды………………………………………………………………………………………………..

Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………………………………………………………

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі санаулы жылдар ішінде тек өз экономикасын құрып қана қоймай, жалпы экономикада өз мүмкіндіктерін кең ауқымды пайдаланып, әлемдік нарықта бәсекеге төтеп беретін, Орталық Азиядағы алдыңғы қатарлы дамушы елдер қатарына шықты.

 Еліміздің қаржы секторы тәуелсіздік жылдарында, әсіресе соңғы жылдары серпінді дамып, алға қарай сапалы қадам жасады. Оны халықаралық сарапшылар да қуаттайды. Халықаралық сарапшылар Қазақстандағы қаржы нарығының қарыштап, даму барысын бақылап отыр. «Сіздерді Батыс елдеріне ұсына алатын да өкілдер бар» — деді әлемдік Банк басшысы Джеймс Вульфенсон.

Астана қаласында 2007 жылғы 15 қарашада Қазақстан қаржыгерлерінің VI Конгресінде сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: «Біздің нарыққа шетелдік банктер мен өзге де ойыншылар келеді. Біздің жаңа дамып келе жатқан қаржы секторларымыз салыстырғанда олар қолайлы орында болып тұр. Отандық қаржы секторы бұған дайын болуы керек ».

           Сондықтан, диплом жұмысының мақсаты қаржы секторларын талдау және дамыту болып табылады.

           Қазіргі танда Республикамыздың қаржы секторларын тұрақтандыру және дамыту жөнінде көптеген мәселелер бар. Олар:

 — құнды қағаздар нарығын бүгінгі күн талабына сай етіп құру.

— қаржылық қордың нарығына қарапайым халықты тарту. Құнды қағаздар сатып алуға кез келген Қазақстан азаматының мүмкіндігі болуы шарт.

— зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту, бұл бағдарлама бойынша біздегі зейнетақы қорларының инфляцияға тәуелділік қаупінен ажырауы тиіс және жеке кәсіппен айналысқан азаматтардың да зейнетақымен қамтамасыз етілуі тиіс.

 — сақтандыру саласын дамыту, ел экономикасының барлық саласында сақтандыру енгізу қажет.

 — қаржылық дағдарыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі. Біздің нарыққа келген кез келген инвестор, банкир, кәсіпкер біздің қаржы институттарының қауіпсіздігіне сеніп, біліп келулері тиіс.

— шағын несие институттарын дамыта түсу.

— Оңтүстік астананы халықаралық қаржы орталығына айналдыру. Алматы алып бизнес ошағына айналуы үшін қаржыгерлер қаржы салуы тиіс. Мемлекеттік органдар тиімді жағдай, инфрақұрылымын дамытуға күш салуы тиіс.

 Ендігі міндет осы жетістіктерді баянды етіп, ілгерілете беру және Қазақстанның қаржы секторын дамыту жөнінде үшінші бөлімінде кейбір мәселелерді қарастырдым.  Осы орайда ең алдымен жалпы таңылған халықаралық стандарттарға негізделген реттеу арқылы қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі таңда экономиканың әлемдік нарықта бәсекелестік қабілеттілігін арттыратын маңызды сектор-банк секторы болып табылады. Диплом жұмысында банк секторы туралы екінші бөлімінде қарастырып және банктін қаржы секторында басты орын алатының көрсеттім. Себебі, банк секторы арқылы елдің барлық салалары тікелей ақшалық қарым — қатынаспен байланысып қана қоймай, ақша нарығындағы ресурстардың қозғалуы мен жылжуын, ағылуын және олармен байланысты қаржы институттарының қызметін реттейді. Міне, осындай аты аталған және аталмаған басқа да себептер арқылы банк секторы экономиканың бәсекеқабілеттілігін арттыратындығын көруімізге болады.

Сондықтан Қазақстанның банк секторын бәсекеге қабілеттілігін арттыру, бұл еліміздің экономикалық өміріне дамыған мемлекеттердің Оңтүстік Корея, АҚШ, Германия, Турция және басқалардың қатысуы осы елдің банк секторларымен байланыс орнату үшін тұрақты және бүгінгі күн талаптарына жауап беретін банк секторын құру қажеттілігі және оны одан әрі жетілдіруді талап етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қазақстанның қаржы секторының экономика жүйесіндегі орны мен мәні

 

1.1  Қаржы секторының тұрақтылығының мазмұны және сыныптамасы

 

      Еліміздің қаржы секторы тәуелсіздік жылдарында, әсіресе соңғы жылдары серпінді дамып, алға қарай сапалы қадам жасады. Оны халықаралық сарапшылар да қуаттайды. Халықаралық сарапшылар Қазақстандағы қаржы нарығының қарыштап, даму барысын бақылап отыр. «Сіздерді Батыс елдеріне ұсына алатын да өкілдер бар» — деді әлемдік Банк басшысы Джеймс Вульфенсон. Бұл жөнінде Алматыда болған қаржыгерлер конгресінде де атап өтілді. Бұл конгресс 2006 ж 19 қаңтарыңда өткен еді, оған еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаев қатысып қаржыгерлер алдына жеті мәселені атап — атап беріп, шешімін табуды аманат етті.

Алғашқысы, құнды қағаздар нарығын бүгінгі күн талабына сай етіп құру.

Екіншісі, осы қаржылық қордың нарығына қарапайым халықты тарту. Құнды қағаздар сатып алуға кез келген Қазақстан азаматының мүмкіндігі болуы шарт.

Үшіншісі, зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту, бұл бағдарлама бойынша біздегі зейнетақы қорларының инфляцияға тәуелділік қаупінен ажырауы тиіс және жеке кәсіппен айналысқан азаматтардың да зейнетақымен қамтамасыз етілуі тиіс.

Төртінші міндет, ол — сақтандыру саласын дамыту, ел экономикасының барлық саласында сақтандыру енгізу қажет.

Бесінші міндет, ол — қаржылық дағдарыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі. Біздің нарыққа келген кез келген инвестор, банкир, кәсіпкер біздің қаржы институттарының қауіпсіздігіне сеніп, біліп келулері тиіс.

Алтыншы міндет, шағын несие институттарын дамыта түсу.

Жетінші міндет — әсем Алматыға қатысты, Оңтүстік астананы халықаралық қаржы орталығына айналдыру. Алматы алып бизнес ошағына айналуы үшін қаржыгерлер қаржы салуы тиіс. Мемлекеттік органдар тиімді жағдай, инфрақұрылымын дамытуға күш салуы тиіс. Президент қаржыгерлер конгрессінде бұл жеті міндетті тек қаржыгерлерге ғана емес, үкіметке де үлкен сын болмақ.[1]

Ендігі міндет осы жетістіктерді баянды етіп, ілгерілете беру. Осы орайда ең алдымен жалпы таңылған халықаралық стандарттарға негізделген реттеу арқылы қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету уәкілетті қадағалау органы ретінде ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі үшін басты бағыт болып табылады.

Бұл агенттік ҚР-сы Президентінің 2003 ж 31 желтоқсандағы № 1270 жарлығымен бекітілген. ҚР — ның Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі. ҚР-ң Президентіне тікелей бағынышты және есеп беретін, мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік — орган болып табылады. Агенттік өзінің қызметін ҚР-ның Конституциясына, ҚР-ның заңдарына, ҚР-сы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Агенттік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мемлекеттік реттеу мен қадағалау жөніндегі негізгі функцияларды, оның ішінде   шоғырландырылған   негізде,   ҚР-ның  заң  актілерінде көзделген    жағдайларда   банктік,    сақтандыру,    жинақтаушы зейнетақы және бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу мен қадағалау жөніндегі негізгі функцияларды орындайды. «Шоғырландырған қызмет негізінде, Агенттік: —   өзі белгілеген тәртіппен банктер мен ломбардтар ашуға және оларды ерікті түрде қайта ұйымдастыру және таратуға, банктерге еншілес ұйым құруға және сатып алуға, сондай-ақ банк тура немесе жанама дауыс беретін заңдытұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысуға, сондай-ақ банктің заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді олардың арасында жасалған шарт бойынша айқындау мүмкінділігін иеленуге рұқсат береді не рұқсат беруден бас тартады, ҚР-ның аумағында, ал резидент банктер үшін республика аумағынан тыс жерде филиалдар мен өкілдіктер ашуға, жеке және заңды тұлғаларға банктің және банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім береді».

2008 ж Еуроодақтың директивалары тұрғысынан қаржылық ұйымдарды реттеудің негізгі рәсімдерін қайта қарау көзделіп отыр. Сонымен қатар еліміздің қаржылық қызмет көрсету бөлігінде, ДСҰ-ға кіру шарттарын; интеграциялық процестерді; Алматыда халықаралық қаржы орталығын құру үшін жағдайларды айқындау бойынша жұмыс жүргізуде.

Бұл айтылғандармен қоса қаржы рыногының одан әрі дамуы үшін мәселелер бар:

  1. Банктік сектор.

2006 ж. 4 ай ішінде банктік сектор тұрақты дамыды. Бұл ретте банктік сектордың жай — күйін сипаттайтын негізгі көрсеткіштің динамикасы оң болды. 2006 жылғы 1 ақпанындағы жағдай бойынша ІІ-ші дәрежелі 35 банк жұмыс істейді, оның ішінде 1 банк консервация жағдайында. Осы жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша шетелдік қатысуы бар 15 банк (ҚР — ның резидент емес банктерінің еншілес 9 банктерін қоса алғанда ) және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ.

Банктердің жиынтық меншікті капиталы 354,7 млрд тг дейін (валюталық баламасы (1,5) 7,1 млрд АҚШ долларынан астам) 2,0% өсті. Банктердің жиынтық активтері 2,1% төмендеді және 56,6 млрд тг жуық болды.

2006 ж. 1 ақпандағы бағаланған жағдай бойынша банктердің кредиттік протфельдің құрылымындағы стандарттық кредиттердің үлесі 55,9% , күмәнді кредиттер — 41,3 % үмітсіз кредиттер — 2,8 % болды.

2006 ж. 1 ақпандағы ІІ-ші деңгейлі банктердің жиынтық табыс сомасы 30,8 млрд тг. болды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғаңда 12,41 % өсті. Ал банктердің бөлінбеген таза табысы 3,1 млрд тг. болды, бұл былтырғы жылдық көрсеткіштен жоғары , яғни 41,9% — өсті. Қазіргі таңда 14 банк жабылу үстінде тұр.

  1. Сақтандыру нарығы.

Сақтандыру ұйымдарын кезең-кезеңімен капиталдандырудың үш жылдық жоспары енгізілуде. Бұл отандық сақтандыру ұйымдарының тұрақтылығын жоғарылату, сондай — ақ шетелде сақтандыруға бағытталатын сыйлықтардың көлемін қысқарту үшін қажет.

2006 ж. 1 ақпандағы жағдай бойынша 36 сақтандыру ұйымдары сақтандыру қызметін жүргізуге лицензия алған, оның 2 адам өмірін сақтандыруға, 29 автокөлік жүргізуші ұйымдары, 8 сақтандыру брокерлік, 26 актуаршілік, 34 аудиторлық ұйымдар мен 68 аудиторларда бар.

Сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері 2006 ж, 113,0%- өсті , бұл 44,1 млрд тг. құрды. Жиынтық меншікті капитал 167,8% — өсті. Бұл 24,1 млрд теңге. Сақтандыру резервтері 14,7 млрд тг. құрды. Сақтандыру премияларының көлемі 2006 ж 40,0 млрд тг. құрды, бұл өткен жылдың көрсеткіші бойынша 11,1 млрд тг. жоғары, яғни (38,4 %). Сондай — ақ міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру көлемінің көрсеткіші 4,4 млрд тг., ерікті түрдегі сақтандыру 4,6 млрд тг., және ерікті түрдегі мүлікті сақтандыру 31,0 млрд тг. құрды. Қазіргі танда 11 сақтандыру ұйымы жабылу үстінде.

  1. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі.

2006 ж 1 ақпандағы жағдай бойынша республикада 14 ЖЗҚ жұмыс істейді, республика бойынша олардың 73 филиалы мен 75 өкілдіктері бар. Оның ішінде 2 корпоративтік және 1 мемлекетгік қор.

Жыл басынан бері жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақ ақшасы 38 % өсті және 2006 ж 1 ақпанда 356,0 млрд теңге болды. Міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының саны 2006 ж басынан бері 6,5 млн адамға дейін ұлғайды. Таза инвестициялық табыс сомасы ағымдағы жылдың қаңтар айында 6,5 млрд тг. құрады. Осы жылдың жинақтаушы зейнетақы қорларының номиналды табыс коэффиценті 5,02% құрды.

Зейнетақы жүйесін дамыту үшін мыналар аса қажет:

  • Ұлттық компаниялардың, олардың еншілес компанияларының, даму   институттарының   акцияларының   бір бөлігін жария айналымға жіберу;
  • Стратегиялық маңызы бар ұзақ мерзімді, оның ішінде инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру   үшін зейнетақы активтерін тарататын үкімет, Қазақстанның Даму   банкі   кепілдік   берген   бірінші   класты   бағалы қағаздар эмиссиялары;
  • Құнсыздану бойынша   индекстелген   ұзақ   мерзімді мемлекеттік қағаздар эмиссиясы.

Қазіргі уақытта агенттік бірқатар мүдделі ведомстволармен бірге ҚР-ның 2006-2008 ж.ж. арналған жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту бағдарламасын әзірлеу үстінде.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесін мемлекеттік реттеудің басымдылықтарының бірі жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуын қамтамасыз ету және зейнетақы активтерінің кірістілігін көтеру болып табылады. Бұл ретте ұлттық зейнетақы жүйесін дамытудың белгілі бір кезеңдерінде әрі қарай оң кірістілікпен жабылатын теріс кірістіліктің пайда болуына жол беріледі.

Жоғарыда баяндалған жәйттерге байланысты агенттік ең төменгі шекті инвестициялық кіріс деңгейін белгілеуді ұсынады. Инвестициялық кірістің жетіспеушілігі жағдайында зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым (ЗАИБЖҰ) немесе ЖЗҚ оны меншікті капиталдың есебінен төменгі шегіне дейін қалпына келтірілетін болады.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесің дамыту бағдарламасының жобасы:

  • Зейнетақы активтері  портфелін ұзақ  мерзімді  қаржы құралдарымен қалыптастыруға жағдай жасайды;
  • Құнсыздану деңгейін    есепке    ала    отырып,    нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшеріндегі жинақталған     зейнетақы     қаражатының     сақталуына мемлекеттік    кепілдік    берудің    орындалу    тәртібін көздейді.                      
  1. Бағалы қағаздар рыногы.

Агенттік бағалы қағаздар рыногының лицензиаттарын пруденциалдық реттеу жөніндегі халықаралық стандартқа сәйкес келетін және Еуроодақтың директиваларының ережелерге ескерілген жаңа нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуде. Жақын уақытта инвестициялық портфельді басқарушыларға, брокерлер — дилерлерге және тіркеушілерге арналған пруденциалдық нормативтер бойынша жаңа талаптар күшіне енеді. 2006 ж 1 ақпандағы жағдай бойынша корпоративтік бағалы қағаздар рыногында 57 брокер — дилер, 19 тіркеуші, 10 кастодиан банк, 2 өзін — өзі реттеу ұйымы және инвестициялық портфельді басқаратын 14 жұмыс істейді. 2006 ж 1 ақпанда қолданылып жүрген акциялар эмиссиясымен 2605 акционерлік қоғам тіркелді. Айналыста 2924 қолданылып жүрген акциялар эмиссиясы және жиынтық номиналды құны 409,8 млрд тг. болатын қолданылып жүрген 110 мемлекеттік емес облигациялар эмиссиясы болды. 2006 ж 1 ақпандағы жағдайы бойынша КАSЕ — де жасалатын мәмілелердің негізгі үлес салмағы бұрынғыша «А» санатындағы ресми тізім бойынша КАSЕ — дегі сауда — саттыққа жіберілген 134 мемлекеттік емес бағалы қағаздарға сай келеді. Бұл факт — бағалы қағаздар рыногының басты инвесторлары — ЖЗҚ — ның , банктердің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтерін «А» санаты бойынша КАSЕ ресми тізіміне «В» санатындағы 42 енгізілген эмиттердің бағалы қағаздарына орналастыруға жататындарының нәтижесі болып табылады.[2]

Биыл көп жағдайларда әлемдік стандарттарға сәйкес келетін «Инвестициялық қорлар туралы» жаңа Заң күшіне енді. Осы Заңға ұжымдық инвестицияларды жаңа бір сапалы деңгейге көтеруге қабілетті негізгі көз ретінде үлкен үміт артылып отыр.

Заң толыққанды жұмыс істеуі үшін агенттік қазір парламент Мәжілісінде талқыланып жатқан Салық кодексіне бірқатар толықтырулар жасады.

Сонымен бірге, шетелдік инвестицияларды біреуді жеңілдететін «валюталық реттеу туралы» жаңа заң жобасы Мәжілісте қаралу үстінде.

  1. Банктгк операциялардың кейбір түрін жүзеге асыратын ұйымдар секторы

2006 ж. 1 ақпандағы жағдай бойынша банктік және өзге де операцияларды орындауға 77 ломбард, 85 несиелік серіктестік пен 47 өзге де ұйымдар лицензия алған, оның ішінде 2 ипотекалық компания.

2006 ж. 1 қаңтарында несиелік серіктестердің жиынтық активтер сомасы 10,2 млрд тг., 121,7% , міндеттеме — 5,7 млрд тг., 123,0 % өсті, баланс бойынша өзіндік капитал 120,1 % өсіп 4,5 млрд тг құрады.

Несиелік серіктестіктердің кредиттік портфель 2006 ж 1 қаңтарында стандартты кредиттер 82,4 % құрды, оның ішінде күмәнді кредиттер — 17,4% , үмітсіз кредиттер 0,2%. 2004 ж 1 қаңтарындағы көрсеткіш бойынша стандартты — 66,8% , күмәнді — 30,7 %, үмітсіз — 2,5 % құрды.

Жалпы айтар болсақ, тәуелсіздік жылдар ішінде өнірде күші басым болып табылатын тиімді қаржы секторын құру үшін көп нәрсе жасалды. Біз тәуекелдерді бірдей басқаруға негізделген қаржы секторына келуіміз керек. Реттеуші органның стратегиясы дәл осы бағытта дамиды. Бұл жөнінде Ресей экономисті, академик О.И. Лаврушин өте ұтымды жазған: «Банктер өндірістің экономикалық субъектісінің бірі бола тұрып, өзі өсіп, өркендеп келе жатқан елдің, қоғамның азаматы. Банкінің азаматтық саясаты оның жұмысынан лажсыз көрінуі керек».

 

  • Қазақстанның қаржы секторының мониторингі және даму негіздері

 

     Астана қаласында 2007 жылғы 15 қарашада Қазақстан қаржыгерлерінің VI Конгресінде сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: «Біздің нарыққа шетелдік банктер мен өзге де ойыншылар келеді. Біздің жаңа дамып келе жатқан қаржы жүйемізбен салыстырғанда олар қолайлы орында болып тұр. Отандық қаржы секторы бұған дайын болуы және Үкімет қаржы секторының шығындарын азайту жөнінде қамдануы керек. Жұмысты келісе жүргізу керек».

Сондай-ақ отандық банктердің іс-әрекеті мөлдірлігін арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыру керектігін атап өтті. «Әр банк, әр қаржы ұйымы өз жұмысының барысын көру стратегиясына ие болуы керек. Жаңа қаржы өнімдерін дамытып еңгізу, соңғы инновациялық жетістіктер авангардында болу, менеджмент сапасын арттыру керек» — деді.[3]

«Қаржыгер күніне» дейін 2 апта бұрын қаржы блогын басқаратын вице-премьер Өмірзақ Шөкеев Үкіметте селекторлық кеңес барысында қараша айынан бастап Қазақстанда әлемдік және ішкі рыноктар мониторингі мен онда қалыптасқан жағдайды шұғыл елеу жүйесі еңгізілетінін айтты.

Бұл жүйе Премьер — министрдің тапсырмасына сәйкес әзірленді. Оны әзірлеуге Үкімет, министрліктер, Ұлттық Банк, АФН және өзге де құрылымдықтар мамандары қатысты. Әзірленген мониторинг жүйесі көрсеткіштердің бес блогынан тұрады, олар үнемі тексеріліп отырады. Жүйе әлемдік қаржы және ішкі рыноктарға, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге, экономиканың нақты секторы мен мемлекеттік қаржыландыру секторына мониторингті қамтиды.

«Бізге рейтингтік агенттіктер жұмысын, елдік рейтингтер мониторингі мен Қазақстан орнын үнемі бақылап отыру керек. Ішкі қаржылық валюта рыноктары, отандық компаниялар, қаржы институттарының құнды қағаздар бағамы, валюта нарығында сауда көлемдері, алмастыру бағамының динамикасы — осының барлығы үнемі көңіл бөлуді талап етеді», — деп атап өтті Ө. Шүкеев.

Сондай-ақ өтімділік дағдарысы салдарынан баға белгілеу құлдырап кеткен шетелдік рынокта қазақстандық эмитенттер акцияларын сатып алу туралы Қазақстан Үкіметінің хабарламасы маңызды көңіл бөлуді талап етеді. Бұл әдістің тиімділігі аз, себебі акцияларды халықаралық қорлар биржасында сатып алу қазақстандық компаниялардың беделін ұзақ мерзімді келешекте жоғалтуға әкеледі. Акциялар бағасының белгіленуі инвесторлардың кәсіпорындарға қалай қарайтынын, олардың әлеуетін қалай бағалайтыны туралы маңызды ақпарат береді. Егер жоғары баға белгілеулер мемлекеттік көмек күтумен байланысты болатын болса, бұл теріс көрсеткіш екені белгілі, себебі сыртқы инвесторларға өз қаражатымен баға белгілеуді қолдайтын мемлекетке емес, компаниялардың өзіне сенгені қажет. Бұл Қазақстанда ресурстық байлықтың ақша байлығына көшудің маңызды процесі жүріп жатқан кезеңде маңызды. Мысалы Норвегияның шикізатты сатудан алынатын жоғары кірісті жинақтау арқылы келешек ұрпаққа қажетті болашақ қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тәжірибесі дәлел бола алады. Норвегия бюджеттік түсімдердің маңызды көзі болған қордан жыл сайын ірі табыс алып тұрады. Қордың әртараптандырылған портфелінің артықшылығы оның мұнайға тәуелсіздігі мен шикізатқа арналған бағаға тән волатильдікке ұшырамайды. Мұнай резервінің бітуі бұл жағдайда ұлттық мұнай байлығының бітуін білдірмейді. Қазақстанның күн тәртібінде экономикалық дамуға қатысты мәселелер өте көп. Бүгінгі күні қанша жұмсау керек мәселесі — барынша күрделі сұрақ. Бастысы — Ұлттық қордың болуы, ал мемлекеттік шығындардың өсуі бәсеңдеуі керек. Әйтпегенде экономиканың тұрақсыздануына ұшырауымыз мүмкін, себебі осы кезеңде бюджет кірісі Ұлттық қор қаражатын жұмсамай даму жобаларын қаржыландыру үшін жеткілікті болып отыр. Қазіргі уақытга Ұлттық қор сыртқы жағдай нашарлаған жағдайда маңызды бюджеттік резерв болып табылады.

Отандық банктер мамандарының пікірінше 2007 және 2008 жылдар шегінде қазақстандық эмитенттердің акциялар мен облигациялар нарығы үшін негізгі проблема — қысқа мерзімді шетелдік инвестор алып сатарлардан қашқақтау сезімі. Инвесторлар төлемдік теңгеріс тапшылығының мүмкін болатын шұғыл өсуінен және оның салдарынан қазақстандық банктердің қаржылық көрсеткіштерін төмендететін теңгенің шұғыл құнсыздануы салдарынан микроэкономикалық жағдайдың нашарлауынан секемденеді. Олар сыртқы нарықтарда өтімділік тапшылығынан салдар шеккендер және олар үшін шикізаттық емес салаларда өсу қарқынының төмендеуі ерекше қауіп тудырады.

Қазақстандың акциялардың үлгілік портфелінің негізгі бөлігін (шамамен 70%), бүгінгі танда (және келешекте) мұнай-газ және металлургия саласының қағаздары құрайды (және құрайтын болады). Шикізаттық емес сектор компанияларының акциялары портфельде 20%, $1 млрд-тан астам активті «екінші деңгейлі» банктерде — шамамен 10% құрайды.

2007 жылғы желтоқсан басында Астана қаласында Қаржы министрлігі мен Астана қаласы әкімі, «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ, «Қазақстан ипотека компаниясы» АҚ және екінші деңгейлі банктер арасында серіктестік туралы келісімге қол қойылды.

Осы келісімге Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қаржылық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезекті іс-әрекеттер жоспарын іске асыру шегінде қол қойылды және осы жоспарды іске асыруға арналып республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатты мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша тараптардың бірлескен қызметін анықтайды.

Келісімге қол қоюға ҚР Премьер-министрі К. Мәсімов, «Қазына» басқарма төрағасы Қ. Келімбетов, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Б. Сұлтанов, «ҚИК» АҚ басқарма төрағасы А. Ибадуллаев, Индустрия және сауда министрі Ғ. Оразбақов, Астана қаласының әкімі Асқар Мамин қатысты. «Қазына» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасы бойынша осы келісім бойынша серіктес банк ретінде мыналар қатысады: «БТАБанк» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, «АльянсБанк» АҚ, «Банк «Каспийский» АҚ, «Евразийский банк» АҚ, «Темірбанк» АҚ, «Цеснабанк» АҚ және «Банк «ЦентрКредит» АҚ. Мәселе бағасы — Қазақстанның отандық, авангардты құрылыс саласын қаржыландыруға жұмсалатын 4 млрд. доллар.

Осы мәселе бойынша АҚШ-та болған ипотека дағдарысынан кейін отандық экономиканың меншікті құрылыс саласынан нақты тәуелділігі байқалғанын атап өту керек. 2007 жылдың аяғы мен 2008 жылдың басында қалыптасқан жағдай бойынша бұл тәуелділік Үкіметпен жоғарыда аталған сомаға бағаланды. Сондай-ақ бұл тәуелділік келесі жылдың 1 соңы мен  2 тоқсанында барынша кең ауқымда көрінеді деген қауіп бар, себебі осы салада адамдар мен қаржы ресурстарының деңгейі барынша жоғары деңгейде, сондықтан құрылыста өсу қарқынының құлдырауынан болатын соққы «белден төмен» ұруы мүмкін.

Бұл проблемалар істің негізгі жағдайын қаржы секторында ғана емес, артық, тұрақсыз және қамтамасыз етілмеген қаражатпен көтерілген тұтас экономикадағы жағдайды анықтай алады. Кез келген қаржы менеджері меншік және қарыз қаражаттардың оңтайлы қатынасы 2/3 және 1/3 (60/40 артық емес) болуы керектігін нақтылай алады.[4]

Орталық Азия — Экономикалық стратегия институтының (ОА-ЭСИН) атқарушы директоры А. Құрманованың айтуынша — қазіргі кезде мемлекеттік қаражат ерекше көмек көрсете алмайды, олардың барлық банктер мен құрылысшыларға жетпеуі мүмкін. Сондықтан осы секторларды қайта құру тереңірекке баратын болады. «Америкада және Еуропада проблемалар елеулі болып қала береді, бірақ Таяу Шығыстан немесе Қытайдан инвесторлар келуі мүмкін» — дейді ол.

          Экономика институтының директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Оразалы Сәбденовтың ойы бойынша- екінші деңгейлі Қазақстан банктері шетелден 54 млрд доллар қарызға алған. АҚШ-тағы ипотека дағдарысы өзімен құрылыс бизнесін тарта отырып біздің банк жүйесінде көрініс тапты, олардың 60%-ы тоқтап қалды. Үкімет шұғыл тәртіпте осы саладағы жағдайды қалыпқа келтіру үшін бюджеттен қаражат бөліп отыр. Көптеген проблемаларда ішкі факторлар мен сыртқы факторлар да қатысып отырғанын атап өту керек. Осы  көрсетілген сома ағымдағы жылдың 3-4 тоқсандарында туындаған өтемділіктің дағдарысымен ілескен (екінші деңгейлі банктер кредиттеріне елде пайыздық мөлшерлемелердің өсуін әкелген) халықаралық синдикатталған қарыздар қаражатын талап еткеннен кейінгі қарыз қалдығы болуы мүмкін деген болжамы бар. Екінші деңгейлі банктердің ұзақ мерзімді кезеңге және төмен пайыздық мөлшерлемелерге 2005 — 2007 жылдарға кезекті синдикатталған қарыз алғандығы туралы РR-жарияланымдарды еске алайық. Ұлттық Банк те екінші деңгейлі банктердің сыртқы қарыз алуларына қойылатын талаптардың артатындығын да ескерткендей болып еді.

Ринат Гайнуллин («Альфа-Банка» аналитигі) инвесторлар Қазақстан экономикасының баяулау қаупін асыра беретіндігін ескертеді. «Құрылыста проблемалар мен қазақстандық банк қарыздары туралы барынша көп айтылады. Қазақстандық экономика елеулі шамада өзінің шикізаттық сипатын сақтап қалды — кезінде кемшілігіміз саналатын, бүгінгі күні артықшылыққа айналып отыр». Ол құрылыста оның ойынша баяулай болатындығын, бірақ оның келесі жылғы экономика үшін елеулі өзгерістер еңгізбейтіндігін растады. Қоғамдық пікірді қалыпқа келтіру біреудің мойнында болуы керек, және ол үлкен сыртқы қарыздармен байланысты қауіптерді қарастыруы керек болады. Өз жұмысыңның нәтижесін көру стратегиясына ие болу керек. Ішкі және сыртқы нарықтарға мониторинг жүргізу жүйесіне ие болу керек. Ол туралы Қаржыгерлер Конгресінде ел Президенті айтып кетті. Елдің қауіпсіздік кеңесінің соңғы отырысында Үкіметте болжалды-аналиткалық жұмысты күшейту қажеттігі туралы айтылды. Осы туралы Вице-премьер Ө. Шүкеев те айтып кетті. Осы адамдар сенімін отандық банктер ақтамай отыр. Және осылардың салдарынан 2007 жылға арналған ел бюджетіне салынған кейбір әлеуметгік жобалар жүзеге асырылмай қалды.[5]

Бүгінгі күнгі экономиканың қарқынды өсуі елеулі түрде соңғы 5-7 жылдары ішінде жүзеге асырылған мұнай-газ секторына ірі инвестициялармен негізделген.

Қазақстан инвестициялар көлемі бойынша Шығыс Еуропа мен ТМД елдері арасында бесінші орынға ие. Бірақ тек шикізаттық секторға тартылған шетелдік капиталдың келуін оң құбылыс деп қарауға болмайды. Ол елдің өңірлік, салалық және әлеуметтік даму теңсіздігін онан әрі тереңдете түсті. Осының салдарынан Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігін жоғалтуы болуы мүмкін. Шетелдік капиталды бәсекеге қабілетті өнім өндіретін салаларға және жоғарғы қосылған кұнды өнім шығаратын өндірістерге салудың басым бағыттарын нақты анықтау керек.

Дүниежүзілік Давос форумы Қазақстанды бағалаушы мемлекеттер тізіміне еңгізді. Бізді нарықтық экономикалы ел ретінде таныды. Елеулі бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша Қазақстан 61-орында, былтырғы жылы 56-орынды иемденген едік. Осы жылы ТМД елдері арасында осы көрсеткіш бойынша Қазақстан 58-орындағы Ресейден асып өтті. Макроэкономика бойынша біздің жағдайымыз нашар емес. Экономиканың өсу қарқыны бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші орынға ие. Нарықтық тиімділік бойынша біздің көрсеткіштеріміз жаман емес.

Әлемдік экономикада акценттерді қайта қарау бақыланып отыр. Егер бұрын экономиканың жалпы әлеуетінде 70-75%-ды негізгі қорлар, ресурстар, машиналар, жабдықтар мен жылжымайтын мүлік қаласа, қазіргі уақытта әсемнің дамыған елдерінде 70% білімге берілген. Бұл инновациялар, ақпараттық технологиялар, инфрақұрылымдық құраушылар, ғылым, ноу — хау. Тіпті жаңа термин пайда болды -наноэкономика. Барлық экономикасы дамыған әлем елдері осы бағытта дамып келеді. Осы жолды тандамасақ, кейініректе қаламыз.

«Давос» экономикалық форумының деректері бойынша «технологиялық дайындық» санатында Қазақстан 77-орында. Инновациялық индексі бойынша—84-орыңда, бизнес шарттары бойынша — 85-орында. Қоғамдық даму бойынша — бұлар қоғам институттары, саяси жүйені жаңғырту, жемқорлық деңгейі, сайлау барысы — 80-орында. Мысалы, Финляндия институттар мен жаңа технологиялар бойынша бірінші орынға ие. Осы екі фактор арасындағы айырмашылық елеулі.

Осы шындық жағдайында экономикалық тұрақтылық ғылыми инновацияларды еңгізу, «білім экономикасы», мамандардың жоғарғы біліктілігі арқылы ғана құрала алады. Зияткерлік ресурс пен адам ресурсына ерекше көңіл бөлінуі керек. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, жалпы дағдарыс кезеңінде экономикалық пайда салдарынан бизнес немесе өзге салаларға кеткен жас ғылымдарды жоғалтып алдық. Бұл шығындар ғылым, жалпы ел үшін ештеңемен салыстыруға келмейді. Бүгінгі күні мемлекет басшылары елде ғылымның дамуына ерекше көңіл бөледі. Жақын жылдарда осы саланы қаржыландыру бірнеше рет өседі. Себебі мыңжылдықтар шекарасында өзіне ғылымдағы қиыншылықтарды сезіңді, алайда бөтен технологияларды біздің топыраққа механикалық көшіру тиімді бола қояды дегенге сене қоймайды. Жапонияда, Қытайда болып өткен экономикадағы өсулер жаңа технологияларды көшіруден болған дегенге келмейді. Бір жағынан қазіргі заманғы әзірленімдерді қолдануға мүдделіміз, себебі қалыс қалуымыз тіпті алшақтап кететін болады. Бірақ бір жағынан бәсекелестік артықшылықтарымызды іздестіріп табуымыз керек (ғарыштық әлеуетті пайдалансақ та). Жапониядағы бірегей еңбек тәртібі бөтен технологияларды пайдаланып қана қоймай, Батыстағыға қарағанда оларды тиімдірек етуге мүмкіндік берді.  Сондықтан біздің елімізге де басымдылығы білім деңгейі болып табылатын өз ерекшелігімізге сүйенуіміз керек. Бізде мамандардың біліктілігі өте жоғары, шығармашылық адамдар өте көп, көптеген талантты адамдар осы саламызды тастап кетті. Осы кезде біздің шикізаттық артықшылығысыз, біздің зияткерлік ресурстарымыз бен біздің технологияларды біріктіру өзекті мәнге ие болып тұр. Бұндай тәсіл әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіруді қамтамасыз етіп ұлттық экономикамыздың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.[6]

2008 жылы аналитиктердің ойынша Қазақстанда қаржылықты қозғап әлемдік экономиканың барысын өзгерткен өтімділік дағдарысы біздің елге келесі жылы оң қалыпта келуі мүмкін — қазақстандық экономиканың үлкен құрылымдық әртараптандырылуына көмектесетін болады.

Бұдан басқа Қазақстанның шикізат секторына тәуелділігі келесі жылы біздің пайдамызға шешілуі мүмкін (ағымдағы жылдың желтоқсан айында өткен МІМЕХ биржасындағы сауда нәтижелерінің қорытындысы бойынша мұнай құны 1 баррельге 100 АҚШ доллары бағамынан асып түсті) және әлемдегі саяси аренадағы қалыптасқан жағдайды есепке алып, осы экономика сегментіне инвестициялар көлемі елеулі түрде көтеріледі.

«Қазақстанда қаржы рыногында дамудың 2008 жылға арналған жалпы болжамы барынша нашар» деп есептейді Экономикалық стратегия Интституты — Орталық Азия атқарушы директоры (ИНЭС-ЦА). Оның пікірінше рейтингтік агентгіктер болжамының соңғы төмендеуі мен елде құрылыс нарығының құлдыруынан оңалу екіталай. Алайда ол Үкімет пен Ұлттық Банктің көрсетілген проблеманы 2007 жылғы IV тоқсанда қолға алғанын ескермеген шығар (әңгіме рейтингілік агентіктермен келіссөздер туралы болып отыр) және олар қабылдаған күш осы жылдың бірінші жартыжылдығында нәтиже береді.

Барынша оптимистік көзқарасты «Альфа Банк» АҚ қазақстандық акциялар нарығында инвестациялық стратегия жөніндегі аналитик Ринат Гайнуллин білдіріп отыр, ол банктік секторда жағдай 2008 жылғы екінші жарты жылдықта елеулі түрде жақсарады деп есептейді.

«2008 жылдың екінші жартысында, мүмкін одан да ерте, американдық ипотекалық қағаздар нарығында тұрақтану жағдайда, инвесторлар қазақстандық экономиканың өз орнында болып қана қоймай мұнай-газ секторы саласындағы жеңістерге орай динамикалық түрде өсіп келе жатқанын байқайды, сол жағдайда банктердің қазақстандық эмитенттерді қағазда сатып алуы басталады», — деген Гайнуллин мырза. Ұжымдық қарыздар мен синдикатталған банкаралық несиелер деңгейінде өтімділік тарылғанымен жағдай капитал нарығындағыдай емес, олар жабылып қалған еді. Ринат Гайнуллин пікірінше бейресми әңгімелесуде батыстық инвестициялық банкирлер капитал рыноктарының қазақстандық банктер үшін «жабықтығы» сыртқы факторлар емес, ішкі себептермен байланысты.[7]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қазақстан Республикасының қаржы секторларының негіздерін талдау

 

2.1 Ұлттық Банктің валюталық саясатының қаржы тұрақтылығына әсері

 

Қазақстан егемендігін алып нарықтық қатынасқа түскеннен кейін 1993 жылы қараша айынан бастап өзінің ұлттық валютасын теңгені енгізді. Осыдан кейін банктік жүйені реформалау қажеті туындады. Бұл өзгеріс Ұлттық Банк пен Үкіметке экономиканың, ақша-несие және валюталық саясатын, айырбастау бағамының тұрақсыздығына байланысты көптеген қызметтерді өз қолына алуға тура келді.

1994 жылдан бастап, ақша-несие саясатының жүргізілуі Ұлттық Банкпен барлық классикалық құралдарымен реттеле бастады.

Қаржы секторының  даму деңгейі және ақша айналымы бір-бірімен тығыз байланыста болады, яғни экономикалық циклдің жаңаруы осы ақша айналымымен қатар жүреді. Ақша айналымы жүйесіндегі тиімді саясат экономиканың дамуына әсер етсе өз кезеңінде экономиканың дамуы да ақша жүйесіндегі саясаттың ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

Елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың тереңдей түсуі ақша жөніндегі біздің ұғымымызға ақша айналымын қадағалауға мемлекеттің қаржы жүйесінің құрылымына әсер етпей қойған жоқ.

Нарықтық қатынастардың құрылымына да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де ақша зор рөл атқарады. Ақша—ол экономикалық өмірдің негізгі бір феномені болып табылады,- нарықтық қатынастардың құрамды бір бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Осыған орай ақшаның әлеуметтік— экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, экономиканы ойдағыдай дамыту мақсатымен, ақшаны неғұрлым толық пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.

Ақша — мемлекеттің шаруашылық субьектілері нақты байлансы ретінде қатысады. Сондықтан ақша айналымының көрсеткіштері елдің экономикалық жағдайы туралы мәліметтерін, басқа елдермен халықаралық салыстырулар жүргізуге қатысады. Ақша айналымы жүйесіндегі тиімді саясат қаржы секторын дамуына жағдай жасайды. КСРО негізінде құрылған ТМД елдерінің нарықтық қатынастарға өту кезінде жүргізілген іс-шараларынан кейін ақша айналымында қандай өзгерістер пайда болғанын, және уақыт өткен сайын Қазақстанның экономикалық жағдайындағы көптеген ауытқулардың, оған әсер ететін факторлардың және тағы да сол сияқты түрлі себептердің қандай жолдармен шешілгені зерттелді.

Қазақстанда 1992 жылдан бастап нарықтық өзгерістер аясында жүргізілген баға белгілеуді босату шаралары бағаның кенет көтерілуіне, сонымен бірге инфляцияның қарқындап өсуіне әсер етті. 1993 жылы айналымдағы ақша 6,3 есе, ал баға 21,7 есе өсті; 1994 жылы 125 пайызға өсті; осы көрсеткіштер 1995 жылы 216 және 160 пайыз болды. Ал 1996 жылы ақша массасының өсу қарқыны одан әрі баяулап, инфляцияның біртіндеп төмендеуін байқатты.

Жалпы экономикадағы инфляция деңгейін тұтыну бағасының индексі (ТБИ) керсетеді. ТБИ үй шаруашылығының «тұтыну қаржысының» үлес салмағын есептеу кезінде бірсыпыра тауарлар мен көрсетілген қызмет бағасының өсу индексінің қорытындысымен есептеледі. Қазақстанда ТБИ 1991 жылы белгіленді. Бағаның және тұтыну тауарлары құрылымының өзгеретіні ескеріліп, ТБИ-дің құрылымы әлсін-әлсін қайта қаралды.

Тәуелсіз Қазақстанның тәжірбиесі инфляцияға қарсы күресте энергоресурстарына, монополды құрылымдарының өніміне және көлік қызметтеріне баға белгілеуде, сондай-ақ өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға қайшысын жоюға мемлекеттік реттеудің қажеттілігін аңғартты.

1992-1993 жылдары егемен елдердің бірсыпырасы өз ұлттық валютасын енгізуіне орай КСРО Мемлекттік банкі мен Ресей Орталық банкісінің 1961-1992 жылдардағы банкноталарының айналыстан ығыстырылуына байланысты оларды Қазақстанға заңсыз әкелу мөлшері қауырт өсіп, соның салдарынан тауарлар бағасы жоғарылап, халықтың тұрмысы төмендеді.[8]

Елбасы 1993 жылы 12 қарашада «Қазақстан Республикасына Ұлттық валюта енгізу» туралы Жарлыққа қол қойды.

Айналымға теңгені енгізу инфляцияның қарқындауы және бұрынғы одақтас республикалардың өзара байланысының үзілуі мен саяси ала ауыздығы тереңдей түскен қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында өтті.

Теңгені енгізгеннен кейін 2,5 айда, 1994 жылы 1 ақпанында теңгенің курсы долларға қарағанда 2,5 есе төмендеді, Кәсіпорындар мен бюджеттің арасындағы өзара есептеу маусымы басталғанда теңгенің бағамы- 1 долларға 11,58 теңгеден 43,3 теңгеге жетті.

1995 жылы орта кезеңде Ұлттық Банк пен Қаржы министрлігі қаржы рыногында қазыналық вексельдерді, одан соң міндеттемелерді, ноталарды және басқа мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарғаннан кейін теңгенің құлдырауын тежеуге мүмкіндік туды. Инфляция теңге енгізілген 1993 жылы 2500 пайыз болса, 1994 жылдың бас кезінде 1260 пайызға дейін төмендеді, 1995 жылы Қазақстанда инфляция 58 пайыз болды. 1997 жылы мемлекеттің алтын валюта қоры кәсіпорындарды жекеменшіктендіру және шетел инвестицияларына басқаруға беру сияқты инфляцияланбайтын көздерден түскен 700 млн доллармен толықты. Бұл жылы теңге бағамының ауытқуы тиынмен, ал инфляцияның деңгейі пайыздың бөліктерімен есептелетін жағдайға жетті.

1994 жылы таңдап алған монетарлық үлгінің өзгермейтіндігі және теңге мен инфляцияны қатаң қадағалау экономиканы кеселге ұшырататының түсінген қаржы сарапшылары 1999 жылдың сәуірінен бастап теңгенің өзгермелі бағамын енгізу туралы шешім қабылдады. Теңге девальвациясы импорт алмастырушы өнеркәсіп салаларының өркендеуіне, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өсуіне, мұнай бағасының көтерілуіне қолайлы жағдай туғызады. Теңге девальвациясы енгізілгеннен кейінгі 9 айдың ішінде елдің ЖІӨ 5,3 пайызға өсті.

Айналымдағы қолма — қол ақша 1996 жылды 1995 жылмен салыстырғанда 30,8%-ға өскен, ал 1998 жылды 1997 жылмен салыстырып қарағанда 26,0%-ке төмендеген. М1 агрегатының өсуі қолма-қол ақшаның өзгеруімен және М1 / МО қатынасының өзгеруімен анықталады.

М2 / М1 қатынасын қарастырып отырған кезендерде ұдайы өсіп, М1 / МО қатынасына жақындады. МЗ/ МО қатынасы да тұрақты түрде өсіп отырғаны байқалады. (1-кесте)

1-кесте

Қазақстан бойынша МЗ агрегатының динамикалық көрсеткіштері

(кезең аяғында)

 

Жыл-дар

мз

агрега-ты млн тг

Нақты өсім млн тг

Өсу қарқыны %-пен

Өсу қарқыны %-пен

1%-өсімнің абсолютті мәні млн тг

1995 жылмен салыс-тырганда

Алдыңғы жылмен салыс-тырғанда

1995 жылмен салыс-тырғанда

Алдыңғы жылмен салыо тырғанда

1995 жылмен салыс-тырганда

Алдыңғы жылмен салыс-тырғанда

1995 жылмен салыс-тырғанда

Алдыңғы жылмен салыс-тырғанда

1995 жылмен салыс-тырғанда

Аддыңғы жылмен салыс-тырғанда

1995 жылмен салыс-тырғанда

Алдыңғы жылмен салыс-тырғанда

1995

115795

1996

134991

19196

19196

116,6

116,6

16,6

16,6

1156,4

1997

172999

57204

38008

149,4

128,1

49,4

28,1

1352,6

1998

148549

32754

-24450

128,3

85,9

28,3

-14,1

1734,1

1999

273880

158085

125331

236,5

184,4

136,5

84,4

1485,0

2000

397015

281220

123135

342,9

144,9

242,9

44,9

2742,4

2001

576023

460228

179008

497,5

145,1

397,5

45,1

3969,2

2002

764954

649159

188931

660,6

132,8

560,6

32,8

5760, 1

2003

971749

854102

204943

837,6

126,8

737,6

26,8

7647,2

2004

1634681

1518886

662932

1444,7

168,2

1344,7

158,2

9718,7

2005

2065348

1949553

430667

1783,6

126,3

1683,6

116,3

1635,2

         Дерек көзі: ҚР статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша есептелген

 

Қоғамдық құбылыстар мен процестер әрқашанда даму және кему үстінде болады, экономикада да ақша айналымының көрсеткіштері әрдайым өзгеріп отырады, сондықтан ақша массасының МЗ агрегатының көрсеткіщтерін пайдаланып, олардың уақыт өткен сайын өзгеруін зерттеп талдау жасау арқылы жүзеге асырылды. Сонымен 1995-2003 жылдары орта есеппен Республикадағы МЗ агрегаты 372266,3 млн теңгені құрайды, ал жылына 194955,3 млн теңгеге өсіп отырган. 1995-2003 жылдары Қазақстанда МЗ агрегатының орташа жылдық өсу қарқыны 104,6%-ке тең, яғни жылына орта есеппен 4,6%-ке өсіп отырған.

1998 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкпен Екінші Деңгейдегі банктердің баланстық шоттарында Халықаралық валюта қоры бойынша ақша несие және қаржы статистикасына өзгертулер енгізіліп МЗ агрегаты қолдануда. МЗ- халықтық және банктік емес заңды тұлғалардың шетел валютасындағы басқа депозиттері.

Сонда Қазақстан бойынша 1995-2005 жылдар аралығындағы халықтың шетелдік валютадағы басқа да депозиттерінің орташа мөлшері 394900,4 млн теңге болғанымен, жыл сайынғы МЗ агрегатының мөлшері 106013,6 млн теңгеге өсіп отырған.

Қазіргі кезде нарықтық экономика жағдайында Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының негізгі мақсаты болып жалпы бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету болып саналады. Қаржы секторының тиімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету Орталық Банктің негізгі міндеті деп те айтуға болады.

Қаржы ұйымдарының жетекшісі ретінде Орталық Банк инвестициялар мен қор жинаудың арасындағы делдалдығының тиімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады, бұл істер қаржы секторлар арқылы жүзеге асырылады және экономикалық өсуге әрекет етеді.

1993 жылы Ұлттық валютамыз теңгені енгізгеннен кейін және 1995 жылы өзіміздің жеке Банкнота фабрикасын іске қосқаннан соң Ұлттық Банкпен қадағаланатын ақша-несие саясатында көптеген өзгерулер болды. Респуб-ликамызда қолма-қол ақша жағдайы өзгерді Ұлттық валютаны енгізгеннен бастап, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын қатаң жүргізгеннен кейін қаржылық тұрақтылыққа жету және инфляция деңгейі ұстап тұруға мүмкіндік туды.[9]

1994 жылы инфляция деңгейі 1258,3 % құраған, 2000 ж. — 2,8%-ті құрады. Макроэкономикалық тұрақтылықтың арқасында 1999-2000 жж. және 2001-200ғ жж. ЖІӨ-нің өсуіне әсер етті. Бағаның күрт өсуіне байланысты өндірістің көлемі төмендеді. 1998-1999 жж. аралығында өндіріс көлемі тұрақтана бастады. Ал 1999 жылдан бастап өндіріс қайта құлдырады. Буп құлдырау Қазақстанға валюталық түсімдердің келуін қысқартты және тағы да сол сияқты проблемалар теңгенің бағамын одан әрі төмендетті. Теңге мен инфляцияны қатаң қадағалау экономиканы дағдарысқа ұшыратпау үшін қаржы сарапшылары теңге девальвациясын ұсынды. (2-кесте)

2-кесте

Қазақстан Республикасының экономикасындағы бірқатар негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер өзгерістерінің динамикасы

                                                                                            (%)

 

Көрсеткіштер

Жылдар:

1998

1999

2000

2001

2002

2003

2004

2005

ЖІӨ дефляторының индексі

1441,5

1620,6

259,1

139,1

115,9

105,6

107,4

117,5

Номиналды ЖІӨ-нің индексі

1320,0

1439,2

239,5

139,8

117,9

103,7

104,2

128,7

Ақша массасының индексі

91,6

676,1

209,0

116,6

128,2

86,1

183,4

145,9

Накты ЖІӨ-ң индексі

 

88,8

92,4

100,5

101,7

98,2

101,6

109,5

МЗ нақты ақша массасының индексі

41,7

80,7

83,8

110,6

81,5

170,7

124,2

Дерек көзі: ҚР статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша есептелген

 

Қазақстан Үкіметі 1999 ж. сәуір айынан бастап теңгенің еркін өзгермелі бағамын енгізуге шешім қабылдады. Бұл шешім доллардың теңгеге шаққандағы бағасын 1-2 есеге өсірді. Экономиканың жандануына теңге девальвациясы оң жағдай туғызды. Бұл құбылыстар мен процестердің өзгеруімен бірге ақша айналымының көрсеткіштері де өзгеріп отырды. Мұндағы қоғамда болып жатқан құбылыстардың, яғни көрсеткіштердің бәрі бір-бірімен тығыз байланысты.

1999-2003 жылдары Республикада дағдарысқа қареы әдістерді қолданудың әсерінен макроэкономикалық жағдай жақсара бастады, қолма-қол ақша массасы 190039 млн тенге құрады, яғни жылына 16,3% өсіп отырды ол дегеніміз экономикаға қатты қауіп төндірмейді. Ал МЗ агрегаты жылына орташа есеппен 34%-ке өсіп отырды, бұл өсу ақша мультипликаторының өсуі болып саналғандықтан экономикаға тиімді болып саналады.

1996 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» жаңа Заңымен резиденттерден резидент емес адамдардың пайдасына өтетін, Ұлттық банкпен лицензиялауға жататын валюталық құндылықтарды қарастырушы және капитал қозғалысы арқылы жүргізілетін валюталық заңнамасы олардың ұйымдастырушылық-құқықтық формасына және экономиканың салаларына қарамастан, сыртқы экономикалық қызметтің барлық субъектілері үшін валюталық операцияларды лицензиялау тәртібіне бірізділікпен келу жолдарын қарастырады.

2000 жылы Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңына валюталық құндылықтарды пайдаланумен байланысты операциялардың лицензияланған түрлері тізбесін анықтаушы толықтырулар енгізілді: бөлшек сауданың жүзеге асырылуы және шетелдік валюталық адамдарға қызмет көрсетуді ұсыну; шетелдік банктерде, сондай-ақ, мемлекеттің заңнамасы бойынша оларды тіркеу құқығына сәйкес басқа да қаржы институттарыңда шоттарды резиденттермен (Қазақстан валютасындағы шотын қоса) ашу; резиденттердің шет елдегі (банктердің брокерлік-дилерлік қызметін қоспағанда) инвестициялары; резиденттермен мүліктік құқықтардың жылжымайтын мүлкі төлеміне резидент емес адамдардың пайдасына аударымдар; резиденттермен 120 күнен астам мерзімде резидент емес адамдардың пайдасына тауар, жұмыс және қызмет көрсетуге аванстық төлемдерді, сонымен қатар, олардың экспортын белгілеген мерзімімен 120 күннен аса уақыт резиденттермен тауарлар экспортын төлеуде алынған валюталық табыс мерзімінің асып кетуін қарастырушы импорттық мәмілелер бойынша шоттарын жүзеге асыруға арналғаы аударымдар; резиденттермен резидент емес адамнан несие ретінде алынған шетелдік валютаны үшінші тұлғалардың шотына аудару. 

Қаражаттық рыноктың дамуы және оған жаңадан қатысушылардың пайда болуымен валюталық заңнамаға енгізілген өзгерістермен сәйкес тізбесі кеңейтілген капитал қозғалысымен байланысты операцияларды есепке алып, реттеуге келу амалдарының өзгертілуі. Өйткені, лицензиялау қаржылық және сауда операцияларын жүзеге асыру кезінде әкімшілік кедергілердің бірі болып табылады, сондықтан, валюталық реттеу тәжірибесінде валюталық рынокқа әсерін тигізетін басқа да әдістері қолданыла бастады.

Сонымен, лицензиялаудың қажеттілігі туралы талабы капитал қозғалысымен байланысты валюталық операциялардың келесі түрлеріне таратылмайды: Зейнетақы активтерінің жинақталуымен байланысты мәмілелер бойынша халықаралық аударымдар; жинақтық сипатты сақтандыру және қайта сақтандыру келісімшарттары бойынша халықаралық аударымдар. Бұл аталған бағыттарда пруденциялдық реттеу шараларын жетілдіре түсуімен байланысты.

Бұдан басқа, мемлекеттік органдардың лицензия алумен келісілетін тізбесі қысқартылды, ал лицензиялауға жататын валюталық қүндылықтарды пайдаланумен байланысты операциялардың тізбесі жойылды: экспорттық-импорттық мәмілелер бойынша баламалы 5 мың АҚШ долларынан аспайтын мөлшердегі капитал қозғалысымен байланысты операциялар; резиденттердің халықаралық қаражат ұйымдар арқылы Қазақстан аумағында айналымға жіберілген құнды қағаздардағы инвестициялары; үшінші тұлғаның шотына резидент емес адамнан несие ретінде алынған шетелдік валютаны қосудың қарастырылуы бойынша: мемлекеттік және мемлекетпен кепілдік берілетін несиелердің операциялары; шетелдік банктерден тартылған, мемлекет тарапынан кепілдік берілмеген және шоттардың құжаттандырылған формаларын қарастырушы несиелері; мемлекеттарапынан кепілдік берілмеген, экспорттық несиелер бойынша шетелдік мемлекеттік агенттіктерде сақтандырылған экспорттық-импорттық мәмілелерді қаржыландыру мақсаттарында тартылған несиелері.

Құнды қағаздар рыногын дамыту бағдарламаларын іске қосу мақсаттарында зейнетақы активтерін басқару бойынша, оның ішінде осы заңды тұлғалар үшін осындай операцияларды жүргізуге бас лицензияны алудың құқығы қарастырылатын компанияларға арналған валюталық операцияларды лицензиялаудың жеңілдетілген тәртібі енгізілді. Кешегі күнге дейін ҚР-ның жеке резидент тұлғалары үшін әкетілетін валютаның алынған жерін жариялау туралы растайтын құжаттарсыз-ақ баламалы 3 мың АҚШ доллары сомасында қолда бар шетелдік валютаны ҚР аумағынан тысқары алып кетудің нормасы белгіленген еді. Енді Қазақстан Ұлттық банкі (ҚҰБ) нормативтік құқықтық актілеріне енгізілген өзгерістеріне орай, аталған норма 10 мың АҚШ долларына дейін үлғайтылды.

1999 жылы енгізілген шетелдік валютаның нақты көрсеткішті құнынан заңды тұлғалармен қолда бар шетелдік валютаның 1% өлшемді мөлшерін әкетуге салынатын кедендік баж салығы 2001 жылдың 23 мамырында жойылған болатын. Заңцы тұлғалар — резиденттерге ішкі валюталық рыноктағы шетелдік валютаны сатып алуға арналған негіздемесінің тізбесі кеңейтілді. Занды тұлғалар — резидент емес адамдарға ҚР ішкі валюталық рыногындағы шетелдік валютаны сатып алу жөніндегі қойылатын шектеу, тек ағымдық валюталық операцияларды жүргізу нәтижесінде алынатын теңгелей қаржыларында алынып тасталды.

Республикаға резидент емес адамдардан келіп түсетін мүліктерді қарастырушы капитал қозғалысымен байланысты Валюталық операцияларды тіркеу ережелерімен сәйкес, мынандай операциялары бойынша есепке алуды ұйымдастыру және тіркеу тәртібі белгіленді: резидент емес адамдардан 120 күннен астам мерзімде несиелерді, оған қоса, қаржылық лизингті алу; резидент емес адамдарға 120 күннен астам мерзімде резиденттердің экспорттық-импорттық мәмілелерін несиелеу; Қазақстан Республикасындағы резидент емес адамдардың тікелей және портфельдік инвестициялары, рези-дент емес адамдардың зинеткерлік меншік нысандарына ерекше құқығы бар резиденттерге толық берілетін төлеміне аударымы, резидент емес адамдардың мүліктік құқтары болатын жылжымайтын мүлікке аударымы.

Осылайша, тіркелім есепке алу сипатын иемденіп, елдің сыртқы қарызы мен төлем балансы жәй-күйін дәлелді және уақтылы статистикалық есепке алу, сондай-ақ, талдауды жүзеге асыру үшін жүргізіледі.

Соңғы жеті жылдың ішінде Қазақстандағы мұнай және ілеспелі газ өндіру көлемі екі есеге жуық өсіп, 2001 жылы 40 млн тоннаны құрады. Болжам   бойынша  2010  жылы   шығарылатын мұнай қорларының көлемі жыл сайын 100 млн тоннаға жететін болады.  2001  жылы сыртқы бағалар өзгерісі ықпал етуімен туындаған ағымдық шот балансының нашарлауына қарамастан, тікелей   шетелдік   инвестициялардың   (ТШИ) таза қүйылымы ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 5% деңгейінде  сақталады.   Жаңа  кен  орындарын барлау және өнеркәсіптік пайдаланылуын бастау Қазақстанға ТШИ-дың одан әрі қүйылымын қамтамасыз ететін болады. Бұған қоса, тұтастай алғанда,  сыртқы  қаржыландырудың өсу қарқындары және неттоның біртіндеп төмендеуі қазіргі уақытта Қазақстанға капиталды инвестициалау неғүрлым пайдалы бола түсті, дұрыс пайдаланбаса,   республикадан   тысқары   алып кетуі де мүмкін деп сеніммен айтуға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда капиталды резиденттермен әкетілуіне қойылатын шектеулерді сақтау, экономикадағы капитал ағыстарының үйлесімсіздігін   туғызады   және   бірқатар   келеңсіз зардаптарға алып келеді.

Еркін қалқымалы бағамның саясатын сақтау кезінде шетелдік валютаның мүмкіндігі артық ұсынылуы бағамды айырбастауда оның нақты көрсеткіші жағына, яғни шынайы қымбаттай түсуіне қысым жасайтын болады. Бұл басқа да теңгермелі жағдайлар кезінде өнеркәсіптің өндеуші кәсіпорындары бәсекелестік қабілетіне теріс ықпалын тигізеді. Экономиканың шикізатсыз секторы бәсекелестік қабілеттілігінің төмендеуі экономиканың салалық шоғырлануын күшейтіп, Қазақстанның экономикасын бағалық сыртқы күйреуге тіптен қауқарсыз болуына алын келеді, сөйтіп, экономикалық саясаттың ұзақ мерзімді мақсаттарына жету үшін қосымша қарбаластықты жасайды.

Болашақтың орташа мерзімінде төлем баланстың салыстырмалы орнықтылығына жету, қаржыларды тиімді тартуды арттыру міндетіне және келесі міндеттерді шешу дәнекерлігі арқылы қаржы құралдарды пайдалану капиталдың жылысуына қатаң бақылау қоюмен валюталық реттеу саясатына назар аударуды іске қосуға мүмкіндік береді.

Қолайлы табыстылыққа жету мақсатымен инвестициялық портфельді әртараптандыру және инвесторлардың тәуекел етуін әртараптандыру үшін жағдай жасау қаржыларды салуға арналған, оның ішінде, шетелдік активтердегі мүмкіндіктермен құралдары тізбесін кеңейте түсу талабын алға тартады. Өдірістік-шаруашылық қызметі мақсатымен шетелдік коммерциялық кәсіпорындарға тартылатын тікелей инвестициялар есебінен республиканың экономикалық шамасын кеңейту болашағы бар жаңа рыноктар мен транзакциялық шығындарды қысқартуға бойлай енетін отандық кәсіпорындардың өндірістік база-сын ұлғайтуға бейімдеуі тиіс.

Рыноктың ішкі қорын дамыту және инвестициялардың неғұрлым күрделі жаңа құралдардың пайда болуы резидент емес адамдардың белсенді түрде қатысуынсыз мүмкін емес.

Валюталық тәртіпті жүйелі түрде ырықтандыру экономикалық маңызды операцияларды жүргізу кезінде транзакциялық шығындарды әжептәуір төмендетеді және резиденттердің неғүрлым кең ауқымымен мұндай операцияларды жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалады. Ырықтандырудың ұзақ мерзімді мақсаты валюталық тәртіптің қолданысты шектелімдерін біртіндеп жою жолымен орнықты экономикалық өсуіне көмектесуден түрады.

Валюталық тәртібті ырықтандыру үрдісінің барысында келесі ішкі және сыртқы тәуекелдіктердің назар аударылуы бойынша қабылдау қажет.

Әлемдік тауарлық рыноктарының бағалары, әсіресе, мұнай бағасы едәуір дәрежеде болуын экономикалық және саяси факторлардың ықпал етуімен расталды. Сыртқы бағалық күйреуі кең ауқымды ауытқуымен және жалғастығымен сипатталады, мұның өзі, елдің төлем қабілеті сыртқы жойылымдылығымен жағдайдың елеулі тұрақсыздығын туғызады. Валюталық тәртіпті тез және алдын ала келіспей ырықтандыру сыртқы сектордың орнықтылығы үшін және тұтастай экономика үшін ұнамсыз зардаптарына алып келуі мүмкін.

Күрделі операцияларды ырықтандыру ішкі және әлемдік пайыздық мөлшерлемелері жақындасуының бірден бір құрамы болып табылмайды, сонымен бірге, Қазақстанның және қалған елдердің валюталық, сондай-ақ, сақтандыру тәуекелділігінің айырмасы пайыздық мөлшерлемелердің толықтай теңестірілуіне мүмкіндік бермейді. Шетелдік активтердегі инвестициялық қатынастарында тәртіптің тез ырықтандырылуы шетелдегі жиналған қаржылардың жылысуын туғызып, соның өзі, елдегі инвестициялаудың барабар құралдары және ішкі қорлар рыногы дамуының пайда болуына бейімдемейді, сөйтіп, шынайы сектор тарапынан соларға сұраныстың өсуі кезінде ішкі қаржылық ресурстардың жетіспеуіне алып келеді.

Тәжірибе көрсеткендей, валюталық бағамға алыпсатарлық шабуылдың тәуекелділігі әрдайым экономикадағы іргелі макроэкономикалық тұрақсыздықтың болуымен анықтала бермейді. Капиталды жұмылдыру дәрежесін арттыру, алыпсатарлыққа тән болатын қысқа мерзімді опера-циялардың санын ұлғайтуға алып келеді, сондай-ақ, инвесторлардың ішкі және сыртқы конъюнктурасын сезінетін болжағыштығына өте тәуелді болады.[10]

Валюталық реттеуді әкімшілік шектеулерін жоюмен шетелдік валютадағы құрамдары арқылы мәмілелердің мониторингін, оған қоса, ішкі валюталық рыноктағы алыпсатарлық операцияларды бақылау және жолын кесу үшін тез жасалатын мәмілелер жүйесін жетілдіру қажет. Валюталық тәртіптің талаптарын жұмсарту артықшылығы болатын күрделі қаржылардың операциялары және бақылаудың қолданысты тетіктері қатынасындағы операцияларымен қорытындыланып, мұның өзі, операциялардың тіркелуін талап етушілер немесе мұндайды талап етпеушілер разрядында лицензиялауға жатады және сол разрядынан бірізділікте ауыстырылатын болады.

 

2.2 Қазақстанның банктік секторы, оның несиелік  саясаты және басқа секторларға ықпалы

 

      Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі санаулы жылдар ішінде тек өз экономикасын құрып қана қоймай, жалпы экономикада өз мүмкіндіктерін кең ауқымды пайдаланып, әлемдік нарықта бәсекеге төтеп беретін, Орталық Азиядағы алдыңғы қатарлы дамушы елдер қатарына шықты.

Қазіргі таңда экономиканың әлемдік нарықта бәсекелестік қабілеттілігін арттыратын маңызды сектор-банк секторы болып табылады. Себебі, банк секторы арқылы елдің барлық салалары тікелей ақшалық қарым — қатынаспен байланысып қана қоймай, ақша нарығындағы ресурстардың қозғалуы мен жылжуын, ағылуын және олармен байланысты қаржы институттарының қызметін реттейді. Міне, осындай аты аталған және аталмаған басқа да себептер арқылы банк секторы экономиканың бәсекеқабілеттілігін арттыратындығын көруімізге болады.

Банк секторы — нарықтық экономиканың маңызды қурылымдарының бірі. Банктер халық шаруашылығының бардық салаларымен тікелей және күнделікті байланыста болады. Олар қаржылық делдалдар ретінде шаруашылық ұйымдардың капиталдарын, тұрғындардың ақшалай қаржыларын, шаруашылық қызмет процесінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тартады және оларды уақытша пайдалануға береді, ақша есептеулерін жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызметтерді көрсетеді. Банктер нарықтық экономикада маңызды қаржылық делдал болып табылады.

Қазақстан экономикасының нарыққа өтуіне байланысты банктер алдында жаңа мүмкіндіктер ашылды. Сонымен бірге нарықтық қатынастардың дамуына және басқа да қаржы секторларының дамуына байланысты банктердің экономикалық рөлі күшейді. Олардың жұмысында бірінші орынға әкімшілдік — әміршілдік әдістердің орнына қаржылық әдістер шықты.

Қазақстан егемендігін жариялағаннан кейін банк жүйесінің қалыптасуы басталды және тұрақтылығы төмен бола тұра ондағы мекемелердің саны қарқынды өсуімен сипатталды. Жаңа банкілер ашылуы мен қабілетсіз немесе нашарларының жабылуы қосарлана жүрді. Мұндай белсенділіктің экономикалық себептері — экономикалық нақты сектордың дағдарысының үдеуі, инфляцияның өсуі, банк қызметтерінің басқа түрлерімен салыстырғанда әлеуетті жоғары табыстылығы. Осы орайда, салықтар коммерциялық банкілер үшін осы уақытқа дейін, экономиканың басқа салаларына қарағанда, айтарлықтай төмен болғанын атап өту керек. ҚР Ұлттық банкі мен Қаржы министрлігінің құнды қағаздар операцияларынан алынған табыс сияқты инвестициялық несие үшін банк сыйақысы 2004 жылғы 1 қаңтарына дейін салықтан босатылған болатын. Ұқсас салық пұрсаттылығы нәтижесінде ҚР банк жүйесінің басқа қаржы институттарына қарағанда бәсекелестік артықшылығы болды және бола береді. Қор және сақтандыру нарықтарының жеткілікті дамымауы жағдайында оның қаржы нарығында оның орны ерекшелеу болады, сөйтіп банкілерге салық жеңілдіктерінен түсетін пайдаларына толықтыру ретінде сыйақының жоғары пайыздарын қамтамасыз етеді. Бастапқыда банк жүйесі, негізінен, бір құрылымды болды. Банкілік операциялар жүргізе алатын банкілік емес ұйымдар атымен жоқ болды. Дегенмен кейінгі кездері ондай ұйымдардың өсуі байқала бастауда. Ырықтандыру саясатының арқасында банк жүйесі кеңеюде, оның құрылымы күрделенуде, әр қилы түрде болуда, әр түрлі, меншіктегі қаржы ұйымдары құрылуда, отандықтан басқа, шетел институттары да қызмет көрсете бастауда. Банк саласы бір қалыпсыз жүйенің басты ерекшеліктеріне ие болуда, бұл оны басқару мен реттеуде бір қалыпсыз әдістерді қолдануды қажет еткізеді.

Банк жүйесінің жай-күйі көбінесе банктердің меншікті капиталының көлеміне байланысты. Оған қатысты іс жүзінде әлемнің көпшілік елдерінде барлық пруденциялық нормативтер есептелінеді.

ҚР коммерциялық банктер меншікті капиталының серпінін талдай отырып, тұтас алғанда оның өсуі (3-кесте) жүріп жатқанын атау керек. Дегенмен өсу қарқыны жылына ондаған пайыздарға жетсе де, меншікті капитал көлемі активтердің озық жүрген қалыптасуымен салыстырғанда 0,2%-ға төмеидейді. Бұл үрдіс, біріншіден, экономиканың басқа секторларының банкке деген сенімімен түсіндіріледі. Бірақ та, екінші жағынаи, ЖІӨ-ге қатысты меншікті капиталдың мөлшері әлі де болса жеткіліксіз.

3-кесте

ҚР коммерциялық банктері жиынтық меншікті капиталының серпіні

Көрсеткіштері

1999 ж.

2000 ж.

2001 ж.

2002 ж.

2003 ж.

2004 ж.

Жиынтық меншікті капитал

 

 

 

 

 

 

(ЖМК), млрд теңге

47,3

69,0

97,6

122,2

162,8

223,5

ЖМК өсу қарқыны, %-бен

45,8

41,4

25,3

    34,0

37,3

4,8

Меншікті капиталдың

2,7

3,4

3,75

    3,72

4,3

   1667,9

ЖІӨ-ге қатынасы, %-бен

 

 

 

 

 

 

Активтер, млрд теңге

195,8

341,2

527,9

    784,0

     1146,0

36,4

ЖІӨ-ге активтер, %-бен

11,3

16,9

20,3

25,1

30,5

13

Меншікті капиталдың

активтерге қатынасы, %

 

24

 

20

 

18

 

16

 

14

 

21

           Дерек көзі: Статистический бюллетень НБК 2003 г. № 1,  2004 г. № 12

 

Банк капиталының мұндай жай-күйі жуық жылдары Қазақстанның банк жүйесі объективті түрде экономиканың кредиттерге қажеттілігін қанағаттандыра алмайтынын жорамалдайды. Банк жүйесінің меншікті капиталының дәстүрлі көлемі ЖІӨ-нің 6-7%-ын құруға тиіс. 2001 жылды қоспағанда ЕДБ санының қысқарған жағдайда меншікті капитал тұрақты артты (3-кесте). 2002 жылдан басталған кезенді банк жүйесі үшін кенет өзгеріс деп санауға болады: активтер күрт өсті де, пайда арта бастады. Меншікті капиталдың өсу қарқынының төмендеуін 2001-2002 жылдары ҚР ЕДБ пайдаларының азаюы (4-кесте) және менеджмент қызметінің әлсіздігімен түсіндіруге болады.

4-кесте

Меншікті капиталға ағымдағы пайданың қатысы

  (%)

 

2000 ж.

2001 ж.

2002 ж.

2003 ж.

Ағымдағы пайданың меншікті капиталға қатынасы, %-бен

13,8

7,5

6,05

11,8

             Дерек көзі: Статистический бюллетень НБК 2004 г. №2

Кәсіпорындарды қайта бағалау және мұнай бағасының құлауы нәтижесінен 2001 ж. болған ЕДБ пайдасының қысқаруы, қарызға алушы-кәсіпорындар табыстылығының құлдырауына әкеп соқтырды, активтердің сапасы нашарлады. 5-кестеден көрініп тұрғандай, 2000 жылдың III тоқсанынан бастап, сенімсіз кредиттердің көлемі күрт өсті, бұл тиісінше, меншікті капиталға, оның атаулы көлемі 25 пайызға өскеніне қарамастан кері әсерін тигізді.

5-кесте

Меншікті капиталдың сенімсіз кредиттерге қатынасы

(%)

 

2000 ж.

2001 ж.

 

1 тоқсан

2 тоқсан

 3 тоқсан

4 тоқсан

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

Меншікті капиталдың үмітсіз кредиттерге қатысты

 

 

7,5

 

 

7,3

 

 

7,7,

 

 

12,3

 

 

16,9

 

 

23,5

 

 

15,9

 

 

10,8

      Дерек көзі: Статистический бюллетень НБК 2002 г. №5

 

      Тек 2001 жылдың IV тоқсанында сенімсіз кредиттердің елеулі қысқаруы және ЕДБ-дің меншікті капиталының өсу қарқыны басталды.

Банк секторының капиталдануының артуы — үлкен, әрі әжептәуір көп уақыт пен еңбекті талап ететін жұмыс. Бұл проблеманы шешу жолы, бұдан әрі Ұлттық банкінің акция эмиссиясымен Қазақстан қор нарығында ЕДБ-ді ынталандыру. Банк бизнесі әжептәуір пайдалы және отандық инвесторлар ЕДБ-дің акцияларын сатып алады.

Парасатты талдауды талап ететін қазіргі маңызды мәселе —  екінші дәрежелі банктердің несие беру проблемасы (6-кесте). Оның дамуында кредит көлемінің ЖІӨ-ге қатысты өсуінің озып кетуі байқалады, мұнда еліміздің 10 ірі банкісінде басқаларымен салыстырғанда кредит көлемінің өсуі ерекше жоғары. Егер 2001 ж. банк жүйесі бойынша жалпы өсу 70,8% болса, ал аталған онында — 86,2%, 2002 ж. тиісінше — 34,8% және 36,6. Бұл ірі банкілердің халықаралық агенттіктерден несие рейтингілерін алуы және де оның салдары ретінде, капиталдардың халықаралық нарығының арзандау ресурстарын пайдалану мүмкіндігімен түсіндіріледі.

 6-кесте

ҚР ЕДБ-тер кредиттері сапалық және сандық сипаттамалары

(млн теңге)

 

01.01.00

01.01.01

01.01.02

01.11.03

01.12.04

Барлық берілгені

148,8 (100%)

276,2 (100%)

489,8 (100%)

672,4 (100%)

978,1 (100%)

Кредиттердің өсу қарқыны, % -бен

59,2

85,6

77,3

37,3

45,5

ЖІӨ-нің өсу қарқыны

2,7

9,8

13,5

9,8

9,3

ЖІӨ-нің 1% өсуіне несиелердің өсуі , %-бен

21,9

8,7

5,7

3,8

4,9

ЖІӨ-ге несиелер, %-бен

7,3

10,6

15,1

17,8

21,2

 

оның ішінде валюта түрлері бойынша

ұлттық валю-мен

68,5 (46,0%)

135,3

(49,0 %)

141,3 (28,8%)

211,9 (31,5%)

435,4 (44,5%)

шетел валютасымен

80,3 (54,0%)

140,9     (51,0%)

351,7 (71,2%)

460,5 (68,5 %)

542,7 (55,5 %)

 

оның ішінде субьектілер бойынша

 

Шар-лық жүргізетін суб-лер

140,6 (95,0)

261,6 (94,7 %)

459,0 (93,7%)

613,8 (91,3 %)

856,3 (87,5 %)

халыққа

8,2 (5,0 %)

14,6 (5,3%)

30,8 (6,3%)

58,6 (8,7%)

121,8 (12,5 %)

 

оның ішінде мерзімі бой-ынша

 

қысқа мерзімді

75,4      (50,7%)

143,2   (51,8%)

241,1 (49,2 %)

289,0 (43,0 %)

369,8 (37,8 %)

Орта және ұзақ мерзімді

73,4 (49,3%)

133,0 (48,2 %)

260,1 (50,8 %)

383,4 (57,0 %)

608,3 (62,2 %)

            Дереккөз: Статистический бюллетень НБК, 2003. № 12, с. 31. Финансы РК: статистический ежегодник, г. Алматы, 2004 г.

 

   Сонымен қатар, экономикалық өсудің кредит ауқымдылығы төмендейді. 1999 ж. ЖІӨ-нің әрбір пайызының өсуіне кредиттердің 21,9%-ға өсуі, 2000 ж. — 8,7; 2001 ж. -5,7; 2002 ж. — 3,8; 2003 ж.- 4,9%-ға өсуі қажет болды. Бұл цифрлар банк кредиттерінің экономиканың нақты секторын қаржыландыру көздерінде, кредиттеу серпіні өскеніне қарамастан аз үлес алатынын көрсетеді. ЖІӨ-нің өсуіне басқа да негіздер: банкілердің меншікті қаражаттары, халықаралық кредиттер, шетелдік инвестициялар әсер етеді. Оның үстіне, соңғыларында, кредит мөлшерлемесі төмен, демек, олар ЕДБ-тердің кредиттеріне қарағанда арзан. Қаржыландырудың кредиттік емес кездеріне шаруашылық жүргізетін субъектілер, әсіресе, ірі компаниялар қол жеткізеді. ЕДБ кредиттеріндегі олардың үлес салмағы төмендейді, ал халыққа несие беру үлесі артады.[11]

Тұжырымдағанда: орта жәңе ұзақ мерзімді несиелердің үлесі өсуде, яғни еліміздің халқы тек тұтынушылық мұқтаждыққа ғана емес, сонымен бірге өндірістік мақсаттарға да пайдалана бастады. 7-кестеде кредит нарығының серпіні берілген.

7-кесте

ҚР-ның коммерциялық банктердегі несие көлемінің өсуі

 

       Банктер

01.01.2001 ж.

01.01.2002 ж.

01.01.2003 ж.

млн теңге

үлесі, %-бен

млн теңге

үлесі, %-бен

млн теңге

үлесі, %-бен

Халық банкі

51493

18,5

84454

13,7

8511

25,5

Қазкоммерцбанк

67415

24,2

142572

28,3

77248

23,2

ТұранӘлем

56110

20,1

113857

22,5

66223

19,9

Орталық кредит банк

12470

4,5

   21849

4,3

19778

5,9

АСҚ банк

8708

3,1

25129

5,0

9488

2,8

Нұрбанк

5806

2,1

10664

2,1

9350

2,8

Темірбанк

8929

3,2

14569

2,9

4546

1,4

АБН Амро Қазақстан

4595

1,6

6540

1,3

4263

1,3

Каспий

3327

1,2

8232

1,6

5995

1,8

Қазақстан Ситибанк

9916

3,6

15244

3,0

1673

0,5

Барлық баикілер бойынша қорытынды

228768

82,1

443855

87,7

326946

98,0

          Дерек көздері: «Статистический бюллетень», 2003, №11, стр. 88, 67, 63, 2000-2001 жылдардағы деректер — доллар бағамы бойынша

 

Несие қоржынының ең үлкен үлесі — Халық, Қазкоммерц және ТұранӘлем банктерінде. Несиенің үлесі Халық, Орталық Несие және Каспий банктерінде үдемелі өсуде. Бұл көрсеткіштің елеулі темендеуі Темірбанкте және әсіресе, Қазақстан Ситибанкінде байқалады.

Қазақстан Республикасында несиелік саясаты банк секторында басты рөлді атқарады. Несиені басқарудың негізгі әлементіне жете дамыған несиелік саясат, несиелік қоржынды тиімді басқару, несиеге жасалатын тиімді бақылау сияқты банктің жұмыстары жатады. Несиелеу процессін басқарудағы ең маңыздысы бұл банктің несиелік саясаты болып табылады.

Қазіргі экономикалық әдебиеттерде несиелік саясатқа қатысты екі қөзқарас қалыптасқан, біріншісі, несиелік саясат макроэкономикалық деңгейдегі банктік саясат ретінде қарастырса, екіншісі, несиелік саясат — бұл банктің несиелік процессін ұйымдастырумен байланысты банк саясаты ретінде қарастырады.

Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі танда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ, несие беру мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап «өз клиентін» таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Сондай-ақ, несиелік саясат банктің бүгінгі иелігіндегі немесе ертең еңгізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен анықталады. Мысалға, кәсіпорындарға қысқа мерзімді несиелер (айналым қаражаттарын толықтыруға) және ұзақ мерзімді инвестициялық несиелер (өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта қаруландыруға, ғылыми-техникалық инновацияларды енгізуге) берген қолайлы.

Несиелік саясатта қарыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты тәуекелдігі жоғары операцияларды немесе жобаларды қаржыландыру үшін тағайындалатын несиелер туралы да айтылуға тиіс.

Несиелік саясатпен банк қызметкерлерін таныстыру, оларды соған сай келетін ережелермен және нұсқаулықтарға үйрету, банкте несиелік саясатты еңгізудің негізгі әлементі болып табылады.

Жалпы, несиелік саясатта қарыз алушы туралы қажетті ақпараттар жинау және несиелік қабілетіне талдаудан бастап, несиелік талдау және аудит, ссудалар бойынша мүмкін болар зиян процесін қамтитын несиелік процестің барлық кезеңдері көрсетіледі.

     Қазақстанның экономикасына берілген екінші деңгейдегі банктердің несиелеу жағдайына талдау жасайтын болсақ, соңғы бес жылда банктің несиелері 25 есеге өсіп, 2007 жылдың соңына 7129,9 млрд. теңгені құрады. ЖІӨ-ге қатысты несиелердің үлесі осы уақыт ішінде 17,9 %-дан 34,7%-ға дейін өскен. (8-кесте)

8-кесте.

ҚР ЕДБ-дің экономикаға берген несиелерінің динамикасы мен құрылымы мерзім соңына қарай

Жылдар

2002ж.

2003ж.

2004ж.

2005ж

  2006ж

  2007ж

Экономикаға    берген несиелер млрд   теңге,    соның ішінде

672,4

978,1

1 484, 3

2592,1

  4 690,9

  7 129,9

Банктік емес занды тұлғаларға берілген несиелер

613,8

856,3

1 180,2

  1 923, 3

3156,9

4604,7

Жеке тұлғаға берілген несиелер

58,6

121,8

304,1

668,8

1534,1

2525,2

Шағын кәсіпкерлікті несиелеу млрд теңге

 

146,5

 

196,2

 

288,4

 

470,2

 

861,0

 

1469,3

            Дерек көздері: «Статистический бюллетень», 2008, №1, стр. 88, 62, 2002-2007 жылдардағы деректер

 

Бұл кестеден экономиканы несиелеу қарқынының экономикалық өсу қарқынынан жоғары болып отырғандығын көруге болады.

ЕДБ-дің экономика салалары бойынша берген несиелер серпінін 9-кестеден көруге болады.

9-кесте.

ЕДБ-дің экономика салалары бойынша берген несиелер серпіні мен құрылымы, кезеңнің соңына

 

Көрсеткіштер

2002 ж

2003 ж

2004 ж

2005 ж

2006 ж

2007 ж

Барлық несиелер,      млрд теңге

 

672,4

 

978,1

 

1 484, 0

 

    2 592,1

 

4691,0

 

6013,0

Өнеркәсіп

үлесі,%

230,8

273,5

289,6

437,7

521,8

600,7

34,3

28,0

19,5

16,9

11,1

15,9

Ауыл шаруашылығы

үлесі,%

197,8

276,9

398,7

163,9

206,7

231,2

29,4

28,3

26,9

6,3

4,4

3,8

9-кестенiң жалғасы

Құрылыс

үлесі,%

76,7

117,4

125,2

313,5

658,4

955,9

11,4

   12,0

8,4

12,1

14,0

15,9

Көлік

үлесі,%

42,7

75,2

158,9

96,0

106,7

127,4

6,4

7,7

10,7

3,7

2,3

2,1

Байланыс

үлесі,%

12,8

7,7

19,7

21,7

32,3

29,0

1,9

0,8

1,3

0,8

0,6

0,5

Сауда

үлесі,%

20,3

31,4

56,2

638,4

1087,8

1390,1

3,0

3,2

3,8

24,6

23,2

23,1

Басқалар

үлесі,%

91,3

196,0

435,9

920,8

2077,2

2678,7

13,6

20,0

29,4

35,5

44,3

44,5

      Дерек көздері: «Статистический бюллетень», 2008, №2, стр. 23,  2002-2007 жылдардағы деректер

 

Экономиканың салаларын несиелеу құрылымында сауда, құрылыс, көлік және байланыс салаларын несиелеу тез өсті. Сонымен, құрылыс индустриясын несиелеуге 2002 ж 76,7 млрд теңге жұмсалса, 2007 жыл ішінде өсіп, 955,9 млрд. теңгені құрады. Сауда саласын несиелеуге 2002 ж 20,3 млрд теңге жұмсалса, 2007 жыл ішінде өсіп, 1390,1 млрд. теңгені құрады. Көлік саласын несиелеуге 2002 ж 42,7 млрд теңге жұмсалса, 2007 жыл ішінде өсіп, 127,4 млрд. теңгені құрады.[12]

Сонымен қатар, банктердің несие қоржынының өсуі ірі және қаржылық тұрақты кәсіпорындарға ғана емес, несие қабілеті төмен қарыз алушыларға да несиелік қызмет көрсету арқылы, сондай-ақ жаңа несиелік өнімдерді (ипотека, тұтынушыларды несиелеу, шағын және орта бизнесті несиелеу және т.б. сияқты) еңгізу арқылы банк қызметінің кеңеюімен байланысты банк тәуекелдерінің ықтималдылығын арттырады. Бұл несие қоржынының сапасына ықпал етеді.

Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақтылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді.(10-кесте)

 

10-кесте

Банк секторының тұрақтылығы несиелердің сапасына байланысы

Көрсеткіштер

2002 ж

2003 ж

2004 ж

2005 ж

2006 ж

2007ж

Қызмет көрсетілмейтін несиелер (несиелердің жалпы сомасынан)

2,0

2,1

2,9

2,2

1,6

1,5

Несиелер бойынша залалдарға құрылған провизиялар:

— несиелердің жалпы сомасына

 

 

5,4

 

 

6,2

 

 

6,7

 

 

5,6

 

 

5,0

 

 

5,0

— жіктелген (күмәнді және үмітсіз) несиелердің жалпы сомасына

20,6

15,8

15,3

13,4

10,5

9,2

      Дерек көздері: «Статистический бюллетень», 2008, №2, стр. 32,  2002-2007 жылдардағы деректер

 

Банк секторының тұрақтылығының өзгермелі көрсеткіштеріне жоғары кестеде берілген көрсеткіштергі жатқызады.

Несиелер бойынша залалдарға құрылған провизиялардың берліген несиелердің жалпы сомасына қатысты үлесі 2002 жылы 5,4%-ды құраса, ал 2007 жылы 5%-ға дейін азайса, ал олардың жіктелген (күмәнді және үмітсіз) несиелердің жалпы сомасына 2002 жылы 20,6%-ды құраса, ал 2007 жылы 9,2%-ға дейін төмендеген.

Соңғы жылдары отандық банктеріміздің несиелік операциялардан табатын табыстары артып отырғандығы белгілі. Мұндағы несиелердіңсапасын олардың пайдалылығына қарай бағалауға болады. Бірақ та соңғы жылдары таза табыстың банк активтеріне мен меншікті капиталы бойынша қатысты шамасы төмендеуі байқалады, яғни бұл көрсеткіш 2002 жылы активтер бойынша 1,8 % және меншікті капиталы бойынша 12,8% құраса, ал 2007 жылы аталған көрсеткіштер төмендеген. Бұл негізінен жалпы банк секторы бойынша несиелік портфелдегі стандартты несиелер үлесінің 95%-дан 56%-ға төмендеуі немесе күмәнді және үмітсіз несиелердің үлесінің жоғарылауына тікелей байланысты.

 2007 жылы экономиканың дамуының негізгі факторы несие десек, банктердің экономиканы несиелеуге қатысты иекемді саясатын қалыптастыру, оны іске асырудың маңызы зор. Бірақ бүгінгі экономикадағы ахуал банктердің жұмсақ саясат жүргізуіне мүмкіндік бермей отырғаны жасырын емес.

Қазіргі таңда банк секторы бәсекеге қабілеттілігін арттыруда еліміздің экономикалық өміріне дамыған мемлекеттердің Оңтүстік Корея, АҚШ, Германия, Турция және басқалардың қатысуы осы елдің банк секторларымен байланыс орнату үшін тұрақты және бүгінгі күн талаптарына жауап беретін банк секторын құру қажеттілігін, оны одан әрі жетілдіруді талап етеді.

Қазақстанның әлемдік нарық құрылымында банктер тиесілі орнын алуы үшін банктік сектордың тиімділігін арттыру мәселелерінің теориялық өңделуі қажет, ал бұл осы сферадағы мемлекеттік саясаттың маңызды шарты болып табылады.

Жалпы алғанда банк жүйесінің экономиканың бәсекелестікке қабілеттілігінің үлесін арттыруда, мынадай мақсатты шешімдерді шешу арқылы қол жеткізуге болады:

—  еліміздің банк жүйесінің қапыптасу ерекшеліктерін, кезеңдерін банк саласындағы қабылданған заңдармен, құжаттармен танысу арқылы оның қалыптасу қызметтерін жүйелеу;

—  осы саладағы шетеддік және отандас ғалымдардың еңбектерімен танысу арқылы теориялық қызметтерін жүйелеу;

—  банк секторындағы түбегейлі өзгерістердің келбетін статистикалық мәліметтерге сүйене отырып сараптамалау;

—  Қазақстан Республикасы   банк жүйесінің экономикадағы орнын нақты мәліметтермен сипаттау арқылы кешенді басқару, менеджмент функцияларын жүзеге асыру бағыттарын айқындау.[13]

Негізінен банк жүйесін нығайтуда банкаралық ақша нарығының дамуы үлкен роль атқаратынын ескеру қажет. Қаржы нарығын құру экономиканы басқаруда несиелік институттардың рольдерінің өзгеруін және экономикалық қатынастар жүйесінде несие мәнінің артуын білдіреді.

Қорытындалай келсек, банк жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда банктер қызметтер саласын дамытудаға және жақсартуға елдің төлем жүйесінің жетілдірілуі ықпал етті. Шетелдік эксперттердің бағалауы бойынша Қазақстан ТМД елдеріндегі ең жақсы төлем жүйесінің бірін құрды. Ол есептесуге қажетті ақша көлемін минимумға дейін азайтуға және олардың айналымдылығын жоғарылатуға мүмкіндік берген

Банктік сектордың қаржылық жағдайы, қазіргі уақытта коммерциялық банктер экстенсивті дамудан интенсивті дамуға өтуде, ол өз кезегінде олардың қаржылық қуатын нығаюын, көрсетілген қызмет түрлерін көбейтуге әкеледі, сондай — ақ экономиканың нақты секторын инвестициялаудың және ақша — несие саясатыи жүзеге асырудың мәнін арттырады;

Қазірде Қазақстанның банк жүйесінің таяудағы перспективаға тиімді қызметі мен дамуы банктік сектордың 2004 – 2008 жылдардағы даму; Бағдарламасымен анықталған. Осы кезеңде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктерді лицензиялау және олардың қызметін реттеу әдістері мен процедураларын жетілдіруді іске асырады деп көзделген.

     Несиелеу бөлімшелермен жүзеге асырылуын кеңейту және тарту, яғни микроқредиттеу жұмыссыздық пен кедейшілікке қарсы тұруға жол ашады.

Банктік қызметтер нарығын дамыту және банк жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды жетілдіруде қосымша рекомендациялар ретінде банктерге өз қызметінде репо, трасталық операциялар, андеррайтинг ипотекалық кредиттеу сияқты басқа да жаңа дәстүрлі емес банктік операциялардың түрлерін кең қолдануды жүзеге асыру қажеттігі туындап отыр.

 

2.3 Қазақстан жинақтаушы зейнетақы қорларының негізгі көрсеткіштері

 

Нарықтық экономика бірқатар экономикалық реформалардың соның ішіңдегі елдегі зейнетақы жүйесін реформалауды талап етті. Жаңа меншіктік бөлу, өндіру және тұтыну қатынастарына ұқсас, зейнетақымен қамтамасыз етудің мүлде жаңа жүйесін құру Қазақстанның еңбекке жарамсыз азаматтарын қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда өзекгі мәселе болып табылады.

Бүгінгі күні республикадағы зейнетақының қызмет көрсету нарығын 14 жинақтаушы зейнетақы қоры (ЖЗҚ) құрайды, олардың республиканың түрлі аудандарында 72 филиалы және 73 өкілдіктері бар. Олардың әрекет ету мерзімі ішінде, оларда зейнетақы қорларының 648,580 млрд. теңге жинақталған. Зейнеткерлік жасы тұрақты болып келеді, яғни ерлер үшін 63 жас және әйелдер үшін 58 жасты құрайды.(11-кесте)

11-кесте

Қазақстан Республикасындағы халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы

Жылдар

Барлық халық

Оның ішінде

Әйелдердің өмір сүру ұзақтығы артық

 

 

 

 

        еркектер

       әйелдер

 

 

1995

63,5

58,0

69,4

11,4

1996

63,6

58,0

69,7

11,7

1997

64,0

58,5

69,9

11,4

1998

64,5

59,0

70,4

11,4

1999

65,5

60,3

71,0

10,7

2000

65,5

59,8

71,3

                      1,5

2001

65,8

60,5

71,32

10,82

2002

66,0

60,7

71,52

10,82

2003

65,83

60,45

71,46

11.01

2004

66,18

60,62

72,0

11,38

2005

65,91

60,30

71,77

11,47

        Дереккөз: «Казахстан в цифрах. Статистический сборник / Под ред. Абдиева К.С.»        

     Алматы, 2005. с. 27. Статистикалық жылнама, Алматы, 2006, 18-бет.

 

Біздің елде жыл сайын зейнетақы мөлшерін көтеріп отырады, ал соңғы жылдары зейнетақы төлемдерінің номиналды өсімі, тұтыну бағаларының индексінен алда болды. 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап, республикадағы минималды зейнетақы мөлшері 5800 теңге, ал 2006 жылы — 9500 теңгені құрады.

Қазіргі уақытта зейнетақы нарығында 8 зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын Ұйым (ЗАИБЖҰ) және 14 ЖЗҚ — нан тұрады, олардың ішінен «Мемлеметтік жинақтаушы зейнетақы қоры» (МЖЗҚ) ЖЗҚ АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» ЖЗҚ АҚ зейнетақы активтерін өздері басқарады. Бүгінгі күні салымшылар саны 7649 мың адамға жетті. Жалпы салымшылар ішінде 37,34% «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖЗҚ АҚ салымшылары болып келеді және оған өз жинақ қорларын құруға, инвестициялық табыс алу мақсатында басқаруға сенім артады.

Біздің елдегі зейнетақы мөлшері халықаралық стандарттар бойынша ғана емес, кейбір ТМД елдерімен салыстырғанда едәуір төмен болып табылады, мысалға Ресеймен салыстырғаңда, алатын эейнетақы мөлшері зейнеткерлердің ең төменгі өмір сүру деңгейін қолдау үшін жеткіліксіз, нәтижесінде қосымша кіріс көздері керек болып табылады. Зейнетақы қорларының тиімділігінің төмендігі, ол өндірістердің құлдырауынан, көлеңкелі және бейресми экономика үлесінің көптігімен түсіндіріледі. Республиканың зейнетақы жүйесінде зейнеткерлік жасына қатысты бірқатар сәйкессіздіктер бар. Кейбір мамаңдықтар үшін, мысалға әскери қызметкерлерге зейнеткерлік жасы еңбек жасы 25 жыл болғанда, ерлер үшін 45 жас қаралған. Басқа мамандықтар үшін еңбек стажының минималды көрсеткіші орындалған кезде зейнетақыға тәуелсіз, жұмыстан кету кұқығына ие болады. Сонымен зейнетакьі жүйесіндегі көптеген параметрлерге өзгерістерді енгізуді қажет етеді. Жұмыспен қамтылғандар санымен зейнеткерлер саны арасындағы арақатынастың үнемі нашарлап отыруы, жұмысшылардың санын сақтауға біршама әсер етеді.[14]

Зейнетақы жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер хронологиясы:

— 1991 жылға дейін-тек қана әлеуметтік сақтандырудың формалды белгілері болған және идеологиялық принциптер негізінде ұйымдастырылған, әлеуметтік қамтамасыздандыру жүйесі;

—  кәсіподақтардың зейнетақыны төлеуге қатысуы;

— өндіріс рентабелділігі бойынша алынатын жарналардың дафференциациясы;

— зейнетақы арқылы жұмыссыздық пен жанұяға байланысты кейбір мәселелерді шешу;

— зейнетақының көп бөлігі мемлекеттік бюджет дотациясы есебінен төленеді, яғни мемлекет жалғыз меншік иесі және жұмыс берушінің ролін атқарады;

— жұмыскер өзін-өзі қамтамасыз ету міндетін мойнына алмайды.

1991 жылы — ҚР мемлекеттік зейнетақы қорының кұрылуы, оның қызмет етуінің сақтандыру принциптерін аныктау және мемлекеттің кейбір категорияларын зейнеткерлер алдында міндеттерді нақты анықтап алу болып табылады.

1992 жылы — қосымша зейнетақымен қамтамасыз ету институтын құруға рұқсат еткен «Мемлекеттік зейнетақы қорлары туралы» ҚР Президентінің Жарлығы жарияланды.

1993 жылы — сақтандыру жарналарының мөлшері көбейтілді.

1994  жылы — зейнетақы хронологиялық төленбеуінің басталуы.

1996 жыны — ҚР Үкіметімен ҚР-дағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін реформалау концепциясы мақұлданды (бірақ бекітілген жоқ), сақтандырушыларға дербес шот енгізу тәжірибесі басталды.

1997 жылы — мемлекеттік емес зейнетақы қорлары жөніндегі заң кабылданды.

Жоғарыда айтылғандарға сэйкес біздің зертеудің негізгі мәселесі, ұлтық зейнетақы жүйесін нарықтық экономикамен әлемдік стандарттарға сәйкестендіру сондықтан реформалаудың тағы бір бағыты зейнетақы жүйесін қаржыландыру болып табылады. Нарықтық экономика аясында зейнетақы реформасын қаржыландырудың негізгі бағыттары анықталуы және зейнетақы жүйесін мемлекеттік реттеу ұйымдарының құрылымы реформасының бастапқы кезеңінде өңделіп енгізілуі тиіс.

Зейнетақы жұйесін реформалау жаңа жинақтаушы зейнетақы қорлары жүйесін құрудың негізі болуы және оларды мемлекет тарапынан қолдауда неғұрлым катаң болған дұрыс. Мұнда назарға алатын негізгі аспектілер келесілерден тұрады:

— зейнетақы қорлары мекемелерінің процедурасы;

— зейнетақы жинақтарының есебі;

—  зейнетақы қорлары активтерін сақтау;

—  зейнетақы қорларының қаржы құралдарын басқару;

— зейнетақы қорларының инвестициялық кызметтері және зейнетақы активтерін бағалау;

— қорлардың тұрақтылығын қамтамасыз ету;

—  қатысушылардың құқықтарын қорғау;

— зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін дамыту және салық салу мәселесін шешу;

—  қорларды өзгерту, біріктіру және жою.

Осы жоғарыда аталған аспектілер әлі де толық емес, сондықтан оларды арықарай жетілдірген жөн. Бірақ ол зейнетақы қорының қызметтеріндегі маңызды аспектілерді неғұрлым кеңірек қарастыруға мүмкіндік береді. Әрекет етуші заңда жаңадан қабылданған занды жаңадан камта отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларының құрамына қатысты шектеулер қарастырмаған. Сондықтан, жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары және мемлекеттік федералды-ұйымдар үшін ЖЗҚ-на қосымша шектеулерді енгізген орынды. Осы тезисті қолдай отырын, екі маңызды пікір айтуға болады:

— мұндағы мәселе мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз ету, яғни мемлекетке қатысты қосымша зейнетақы жөнінде болуы тиіс;

— мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру кезінде, жұмыскерлерді ұстауға байланысты шығындар орталықтан бекітілуі керек.

Егер ЖЗҚ-ның аймақтық дамуын қарастыратын болсақ, онда аймақтар бойынша дамуы толығымен көрсетілген қорлар: «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖЗҚ АҚ «Қазақстанның Халык Банкінің» ЖЗҚ АҚ, «Құрмет» ЖЗҚ АҚ, «Сенім» ЖЗҚ АҚ, «Ұлар — Үміт» ЖЗҚ АҚ және т.б. болып табылады.

Ең көп салымшылар және активтердің ең көп сомасы Қазақстан Халық Банкі зейнетақы қорына тиесілі, ол ЖЗҚ нарығның- 27,7%, содан кейін «МЖЗҚ» -18,0% және «Ұлар — Үміт» -17,6% кұрайды.

1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы нарығында күрделі өзгерістердің пайда болуына 1997 жылдың 20 маусымында кабылданған Қазақстан Республикасындағы «Зейнетақымен камтамасыз ету туралы» Заңы себепкер болды. 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі зейнетке шыққан тұлғалар және еңбек етуші  тұлғалар, олар зейнетақы төлеу орталықтары арқылы зейнетақы алу мүмкіндігіне ие болды. Ал 1998 жылдың 1 каңтарынан бері қарай еңбек ететін тұлғаларға өздерінің жеке зейнетақы шоттарын ашып, қаражат жинақтауына жағдай жасалды.

Әлемде негізінен зейнетақы жүйесінің екі түрі белгілі: Бөлу немесе ынтымақтастық жүйе және жинақтаушы жүйе.

Ынтымақтастық қағидаға негізделген зейнетақы жүйесіне сәйкес, зейнеткерлер өз зейнетақысын жұмыс істеп жүрген жұмысшылар есебінен алады. Осы кездегі ауыртпалықтар жұмысшыларға түседі — өйткені зейнетақы қорына түсетін қаржы бөлу ставкалары жоғары болады, тағы зейнеткерлер үлесі жұмыс істеуге кабілетті адамдар үлесіне қарағанда тез өседі. Бұл өте шығынды жүйе.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі қорлар жұмысшылардың өз жалақысынан міндетті жарналарды аударуы негізінде қалыптасады. Әдетте, зейнетақының мөлшеріне бюджеттің жай-күйі, жұмыспен қамтылған адамдар саны әсер етсе, жұмыссыздар санының әсері жоқ. Оған қосымша салымшылар ерікті жарналарды төлей алады. Аталған жүйеде зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін ұтымды құру, жеке зейнетақы қорларын дамыту және т.б. шаралар жүргізіледі. Жинақтау зейнетақы жүйесінде тәуекелділікке бару қажеттігі туындайды және әлеуметтік қорғаудың кепілдемесінің төмеңдеуі орын алады.[15]

Зейнетақы жүйесін ұйымдастыру түрін таңдаудың негізгі критерийіне қаржы тұрақытылығын қамтамасыз ету жатады. Қаржы тұрақтылығының факторларына:

— ортақ жауапкершілігі бар жүйе үшін бұл зейнеткерлер мен жұмыскерлер санының арақытынасы орташа зейнетақы мен орташа еңбек ақының арақатынасы, сонымен қатар жарналардың жиналу деңгейі;

— жинақтау жүйесі үшін — активтерден қайтарым,  болашақ зейнетақының шамасы, өмір сүру ұзақтығы мен еңбек өтілінің арақатынасы жатады.

Өмір сүру ұзақтығы мен жоғары зейнетақы аталған жүйеде аударым жарнасының жоғары болуын талап етеді. Қайта құрудың мақсаты біреу — қартайған адамдарды қорғау және экономиканы дамытуға ат салысу.

Біздің елімізде тогыз жылдан (1998-2006) бері жұмыс істеп келе жатқан зейнетақы жүйесіндегі институтцияналды инвесторлар ретіндегі жинақтық зейнетақы қорлары Қазақстанның қаржы нарығында маңызды рөл атқара бастады. ЖЗҚ корпорациялық бағалы кағаздар нарығының дамуындағы негізгі фактор болып қана қоймай, сонымен бірге, ел тұрғындарының өмір сүру деңгейіндегі алатын орны жоғарылай бастады. Жеке тұтыну және ипотекалық несиелеу саласында, сондай-ақ, жылжымайтын мүліктер нарығындағы халықтың инвестициялық белсенділігін арттыруда ЖЗҚ банктерге қарыз бере отырып, олардың банктік төлем қабілеттіліктерінің негізгі көрсеткіші болды. Бұл жағдай басқа факторлармен қатар өз кезегінде зейнетақы активтерінің жедел қарқынмен өсіп отыруына мүмкіндік берді

Зейнетақы активтері 2006 жылдың нәтижесі бойынша жылдық ЖІӨ индикативті көлемінің 10,5 процентін құрады және ол ресми мәліметерге сәйкес 8,7 трлн. тг. немесе 68 млрд. долларды құрайды екен. Макроэконамикалық жоспар бойынша бұндай өсім карқыңдылықты білдіреді, өйткені 2002-2005 жылдар аралығында аталған көрсеткіш 8-9 процентті құраған болатын. 2006 жылы зейнетақы активтерінің өсімі (+40,3%) теңгемен есептегенде ЖІӨ өсуінен (+18,9%) екі есе қарқынмен өскен. Үкіметтің қысқа мерзімді индикативті жоспары бойынша ІЖӨ 14% деңгейінде өсу қажет. Осындай өсу динамикасы бола тұра, жинақтық зейнетақы жүйесінің көрсеткіштері жинақтық банк активтерінің көрсеткіштерінен әлде қайда артта қалған. Қазақстанның қаржы нарығындағы банк секторы соңғы жылдары белсенді өсу қарқынына ие болып отыр.

ЖЗҚ салымшыларының санының өсу динамикасына келетін болсақ, олар, міңдетті ерікті және кәсіби ерікті зейнетақы жарналары деп бөлінеді және сәйкесінше 2007 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша олардың саны сәйкесінше 8573071, 35174 және 3749 адамды құраған. Осылайша олардың жалпы саны 8572833 құрайды. Осы жерде айта кететін жағдай, көптеген салымшылардың зейнетақы шоттарын ашып, бірақ, оған жарна аудармау жағдайының көптеп кезедесетіндігі. Бұл, көбінесе көлеңкелі экономиканың болуымен байланысты, нақтырақ айтатын болсақ, зейнетақы реформасы жүргізілмеген эконамика салалары жалпы эконамиканың 30%-ін құрайды.

Қазіргі кезде, ерікті жинақ зейнетақы жүйесі әлі де болса жеткілікті түрде дамымаған күйінде қалып отыр, жалпы салымшылардың 0,4% құрайды. Міндетті зейнетақы салымдары бойынша мына қорлар ең көп салымшыны иемденіп отыр: «Казақстан халық банкі» ЖЗҚАҚ-1724803, МҰЗҚ ЖЗҚ АҚ — 2384846, «Ұлар Үміт» — 1299291. Алдыңғы орында мемлекеттік ұлттық зейнетақы қоры тұр, яғни, оның үлесінде, барлық салымшылардың 27,7%. Қалған екі қор 20% және 15% салымшыларға ие, яғни, барлық салымшылардың 62,7% -ін аталған үш қор құрайды екен.

Зейнетақы қызметін көрсететтін рыноктағы жинақтық зейнетақы қорларының қаншалықты бәсекеге қабілетті екендігін байқау үшін жинақтық зейнетақы сомасының әр бір салымшыға шаққандағы сомасын салыстыруға болады. Салымшыларға шакқандағы зейнетақы жинағының салымшыға шаққандағы мөлшері жағынан «Грантум» ЖЗҚ АҚ бірінші орында тұр (256270 теңге). 2006 жылдың қорытыңдысы бойынша зейнетақы жинақтарының мөлшері бір салымшының басына шақканда қысқа мерзімді жоспардан, яғни, 106,1 мың теңгеден әлде қайда жоғары. Ондай көрсеткіш, Қазақмыс (176,2 мың тг), Халық банкі ЖЗҚ АҚ (147,4мың тг.), Сенім (144,7 мың тг.), Ұлар Үмгг (122,8 мың тг.), ТАБ Қазақстан (117,6 мың тг.) және Отан (115,8 мың тг.) Ол, балтырғы жылмен салыстырғанда әлде қайда жоғары.

Дүниежүзлік тәжірибе халық қаржысын инвестициялық мақсаттарға пайдалану кезінде көптеген жетістіктердің болғанын дәлелдейді. Оларды пайдалану ұжымдық инвесторлар мен қаржы делдарының рөлін аткарушы мемлекеттік емес институттардың қызметі арқылы жүзеге асырылып отырған. Нарықтық эконамикасы дамыған елдердің тәжірибесі ұлттық инвестицияның жалпы көлемінде осы институттардың салымының үлес салмағының едәуір көп екендігін аңғартады. Мұндай институттарға институционалды түрдегі ірі инвестор рөлін атқарушы және халықты зейнетақымен қамтамасыз ету жолымен әлеуметтік міндеттерді шешуші мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорлары жатады.

Қорытыңдылай келе, мемлекеттік емес зейнетақы қорларының активтері ұзақ мерзімді айналысқа негізделгендіктен, Қазақстан экономикасына аса қажетті ұзақ мерзімді инвестицияның бір көзі, сонымен қатар, Қазақстанның қор биржасының өзіндік тұрақтаңдырушысы бола алады және қазіргі уақыттағы аса үлкен қаржылық инвестор болып табылады. Осыған орай бұл қаражаттарды ұйымдастырып, дұрыс бөлетін арнайы жоспарды қарастыру қажеттілігі туындайды.

 

2.4 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру секторының даму үрдістері

 

Марк Твеннен бақытсыздықты болжайтын балгерлерден қорқасыз ба деп сұрағанда, жазушы «өзіне сенімді екенін, өзінің өмірі сақтандырылғанын, әрі сақтандыру компаниялары маған . . . өлуге жол бермейді» деп жауап береді.

Бұл — әрине, үлы адамның әзілі. Бірақ та шындығында, қаржы нарығында заңды және жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау бойынша азаматтық-құқықтық қатынастар жүйесіне, олардың өмірі мен денсаулығына, ақша қорланымдарына жай ғана емес, аса стратегиялық рөл беріледі. Берілген проблемаға бір қалыпсыз тәсілмен келу келесі аксиоманы қалыптастырады: дарынды, денсаулығы мықты, әрі қорғалған адамсыз тұрақты және дамушы экономика құрылмайды, күшті экономикасыз егеменді мемлекет болмайды. Қазақстан дербестік алғаннан кейін бұл маңызды сегментті ақша-қаржы кеңістігінде реформалауы табиғи нәрсе.

Ұлттық сақтандыру жүйесінің қалыптасуы мен дамуын талдау арқылы, оның негізгі кезендерін анықтау керек. Нарық жағдайында қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына тәуекелдіктердің сан алуандығы және көптігі тән. Және де мүмкін болатын ысырап ықтималдығы артады, бірінші кезекте, жағымсыздықтарды ұлттық экономиканың түрлі сатылы деңгейлерінде, тәуекелдіктерді реттей отырып басқару арқылы, мейлінше азайту қажеттілігі туады. Алайда, мемлекеттік сақтандыру әлеуметтік, қоғамдық тәуекелдіктерді реттей отырып басқарумен, сақтандыру қатынастарының тәртібін, түрлерін және шарттары заңдық негіз арқылы реттеумен шектеледі. Сондықтан тәуекелдіктерді басқару проблемасы — шаруашылық жүргізетін субъектілердің бірінші кезектегі міндеттері. Мұндай жағдайда кәсіпқой сақтандырушылар арқылы сақтандырудың мәні арта түседі. Нарықтық реформалардың бастапқы кезендерінде сақтандыру үдерісін анықтайтын ережелер болмады, бұл сақтандыру қызметінде тәжірибесі жоқ көптеген компаниялардың пайда болуына әкелді. Көптеген компаниялар сақтандыру қызметтің көп түрінің бірі ғана деп есептеді. 1994 жылдан 1998 ж. дейін олардың саны 22-ден 71-ге дейін өсті. Одан кейін бес жыл ішінде құлдырау жүрді. 2005 жылдың басында барлығы 34 компания жұмыс істеді. Сөйтіп, әлеуетті сақтандырушылар тараптарынан мүдделілік танытқан кезде сақтандыру қызметтерінің нарығы Қазақстанда өзін-өзі реттеді.  Әлі де  ол әрі республикалық,  әрі  аймақтық деңгейлерде ұйымдастырудың осы заманғы түрлерін, аймақтық деңгейлерін іздестіруде. Бұл — қоғамдық бірлестіктер, әлеуметтік-қаржы топтары, аймақтық одақтар т.б. болуы мүмкін.

Ұлттық нарықттағы құрылымдық-атқарымдық сақтандыру қызметтері әлеуметтік-экономикалық қатынастардың даму деңгейіне және нарықтағы өзара қатынасушыларға бейімделген зандық сақтандыру негізінің жағдайына тікелей байланысты. Сақтандыру нарығының ауқымдарына байланысты, оны қосалқы жүйе мен сегметтерге бөлуде қатысушылар қызметін реттеуде түрлі тәсілдер қолданылады. Нарықта сақтандыру қызметтері дамыған елдерде, әдеттегідей, әрбір қатысушының әрекетіне айқын анықтама беріледі. Сақтандыру жүйесі азырақ дамыған мемлекеттердің зандарында сақтандыру қызметтері нарығын құру және негізгі қатысушылар әрекеті туралы түсіндірілулер беріледі. Бұл Қазақстанға да қатысты: «Сақтандыру қызметі туралы» заңда сақтандыру нарығы құрылымдық-атқарымдық өзара байланыстары айқын көрсетіліп толық анықтамасы келтірілмейді. Тек қана сақтандыру қызметіне қатысты занды және жеке тұлғалардың құрылымдалмаған тізімі ұсынылады. 2003 жылғы 10-шілдедегі «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 10-бабына сәйкес сақтандыру нарығына қатынасушыларға мыналар жатады:

  • сақтандыру (қайта сақтандырушы) ұйымдары;
  • сақтандыру қоры;
  • сақтандыру агенті;
  • сақтанушы, сақтандырудан пайда алушы;
  • актуарий (сақтандыру жарнасын есептеуші маман);
  • уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор);
  • өзара сақтандыру қоғамы;

сақтандыруға байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы өзге жеке және заңды тұлғалар.

Бұл институттардың өзара іс-қимыл нысандары сақтандыру нарығы қосалқы жүйесінің ауқымын, мазмұнын және негізгі міндеттерін баламалы түрде көрсетуі тиіс: сақтандыру саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдарды, сақтанушылар мен сақтандырушыларды, сақтандыру қызметтері инфрақұрылым нарығының объектілерін, бірақ өкінішке қарай, бұлар заңда жоқ. Сақтандыру ісінде мемлекеттің қатысуы мемлекеттік сақтандыруды дамыту мен сақтандыру бизнесін реттеу сияқты бағыттарда көрінуі тиіс.[16]

«Қазақстан Республикасындағы сақтандыру жөніндегі» Қазақстан Республикасы заңын қабылдауға байланысты «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» 1993 жылғы қайта құру заңында қазір ешқандай да ерекше мемлекеттік сақтандырудың жоқ екендігі ескертілген. Ол барлық жағдайларда кәсіпқойлық қызмет түрі ретінде қарастырылуы керек делінген. Айтылған заңды пайдалану тәжірибесі, бұл жақсы шешім болмағанын көрсетті және 1995 ж. 30-қазандағы (және келесілерінде) «Сақтандыру туралы» заңында сақтандыру қызметіндегі мемлекет рөліне қатысты баптар қарастырылды. Мемлекеттік сақтандыруды қадағалау мекемесі құрылып, оның құқықтары мен міндеттері анықталды, лицензиялау тәртібі нақтыланды. Яғни ішкі нарықты мемлекеттік бақылау мен біркелкі протекционистік (тамыр-таныстық) қорғау кезінде сақтандыру қатынасында өркениетті реттеудің жаңаруы басталды.

Мемлекеттің қатысуы оның орындайтын міндеттерінен айқындалады: қазыналық, экономикалық, кепілдік, бақылау-мониторингілік және т.б. Бірте-бірте бұл міндеттердің мәні өзгереді. Қоғамдық-экономикалық міндетті іске асыру үшін, мемлекет бюджет қорын қалыптастыруы тиіс. Оған, ең алдымен қаржы ресурстарын толықтыру үшін қазынашылық міндет тән. Мемлекет, өзара ережелерін заңда белгілеп, сақтандыру үдерісінің тәртібін реттей отырып, сақтандыру қатынастарына жанама түрде араласады. Ол мемлекеттік бюджетке, өзінің сақтандыру қорлары мен резервтеріне аударымдарды белгілейді. Яғни, сақтандыру саясатын жүргізу, сақтандыру жүйесін құру және сақтандыру қызметін біртұтас нормативті-әдістемелікпен қамтамасыз ету, сақтандыру заңдарының орындалуына   бақылау,   қазынашылықпен   тығыз   байланысты басқа да міндеттерді және белгілі бір әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға қол жеткізудегі реттеулер мемлекет құзырына жатады. Мемлекеттік сақтандыруға мемлекеттік бюджет пен оның шығыс бөлігін қалыптастыратын қазір заңдық және атқарушы билік органдарының қарамағындағы халықтың еңбекпен қамтылмағандарын әлеуметтік қамтамасыз етілуін қамтитын әлеуметтік  сақтандыру  енуі  тиіс.  Халықтың  бұл  тобына түсетін жәрдемақылар мен жеңілдіктер, олардың қоғамға енгізген еңбек үлесіне емес, адамдардың бұл санатының тек мұқтаждық және еңбекке   жарамсыздық   дәрежесімен   анықталады.   Сақтандыру төлемдерін   қоғамның   барлық   жұмысқа   жарамды   мүшелері мен жұмыс берушілердің сақтандыру жарналарынан жиналған қаражаттан төлеу қажет. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бүкіл халық үшін міндетті болуы тиіс. Оның әлеуметтік қорғанысын арттыру мақсатында міндетті сақтандыру тізбесіне әлеуметтік және медициналық сақтандыруды енгізу ұсынылады. Жарналар әлеуметтік салыққа енетін түсім бөлігінің есебінен жүзеге асырылады. Мемлекеттің міндетті ісі — кепілділік. Сақтандандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын құру міндетті сақтандырудың жаппай және әлеуметті мәнді түрлері бойынша сақтанушылардың мүдделерінің жоғарырақ қорғалуын қамтамасыз етеді. Бұл қордың құрылтайшылары ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкі болып есептеледі. Қатысушылары — сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асыратын барлық сақтандыру ұйымдары. Сақтанушыларға (сақтандырылған) мәжбүр болған кепілдікті төлемдер Қор арқылы тек, сақтандыру ұйымы таратылуға мәжбүр болған жағдайда жүзеге асырылады.

Жеке сақтандырудың мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудан айырмашылығы — жеке адамның сақтандыру қорын өз жарналары есебінен оның материалдық жағдайын жақсартуға бағытталған әрі ол ерікті сипатта болады. Сақтанушы тәуекелдікті таңдауға даэ сақтандыру компаниясын таңдауға да ерікті.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың міндеттілігі — әлеуметтік сақтандыру жүйесіне енгізілген адамдарды сақтандыру арқылы қорғауын күшейту; кепілдік; сақтандыру жарналарын жинау және қорларды қалыптастыру есебінен әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру үшін ресурстарды шоғырландыруға бағдарланған экономикалық; инвестициялық уақытша еркін ақша қаражаттарын мемлекеттік қағаздар, кәсіпорындар акцияларына, банкінің бағалы қағаздарына және басқа қаржы құралдарына жұмсаудан пайда алу есебінен сақтандыру қорларын арттыруға бағыттау; реттеу — сақтандыру тәуекелдіктерін бөлу міндеттерін орындау қажеттілігінен туындаған.

Мемлекеттік сақтандыру саласына жеке сақтандыру фирмалары шұғылданбайтын сақтандыру түрлері енгізілуі тиіс. Бұл әдетте, үлкен сақтандыру төлемдерін керек ететін, су тасқыны, жер сілкіну және ауыр табиғи-климаттық жағдайларға байланысты ірі мемлекеттік міндеттерді шешу үшін әскери тәуекелдіктерді, сыртқы қарыздар мен кредиттерді сақтандыру. Сенімсіз тәуекелдіктерге қызмет көрсету үшін, біздің пікірімізше, міндетті сақ-тандырудың берілген түрлері бойынша қаржыларын шоғырландыру орынды.

Одан басқа, мемлекет жеке сақтандыру бизнесін реттеуді жүзеге асырады, және де:

  • сақтандыру қызметінің  дамуына  мүмкіндік  жасайтын заңдармен қамтамасыз етеді;
  • сақтандырушылар мен    қайта    сақтандырушылардың бәсекеге   қабілеттігінің   артуын   бағдарлайды,   ұлттық сақтандыру бизнесі мен сақтанушылардың мүдделерін қорғайды;
  • ұлттық сақтандыру компанияларының қаржы тұрақтылығы үдерісін қамтамасыз етеді және сақтандыру сыйақыларын қайта бөлу тәртібін әзірлейді;
  • қаржы ресурстарын қаржы секторының даму тұкырымдамасына, оның ішінде сақтандыру бизнесіне сәйкес қайта бөлу арқылы сақтандыру бизнесінің құрылымын оңтайландырады.[17]

Мемлекетке сақтандыру қызметін сақтандыру мен реттеу саласында лицензиялау, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының бірегей тізілімін жүргізу, сақтандыру нарығы инфрақұрылымының сақтандыру делдалдары мен басқа өкілдерін тіркеу заңдардың талабының орындалуын қадағалау міндеттері жүктелген.

Мемлекеттің сақтандыру бизнесімен байланысының көп жақты жүйесі олардың өзара тәуелділігінен туған объективті шарттарының нәтижесі болады. Біріншіден, сақтандыру компанияларының қызметі мемлекеттік қаржы органдарымен реттеледі, екіншіден, сақтандыру компаниялары сақтандыру саласындағы қарым-қатынастарды тәртіпке келтіруге мүдделі. Сақтандыру қызметін басқару мен реттеуде мемлекеттік органдардың күш салу бағыттарын бөліп көрсетуге болады. Бұл:

  • сақтандыру жағдайы туған кезде сақтанушылар мүдделерін қорғауға бағытталған   сақтандыру   қатынастарын   ұйымдастыру нысанын  таңдап  алудың  әлеуметтік  мәнді  тәуекелдіктері  мен шектерін анықтау;
  • сақтанушыларға сақтандыруды қорғауды ұсынатын сақтандыру компанияларының қаржылық тұрақтылығын ынталандыру арқылы ұдайы өндіру үдерісінің үздіксіздігі мен тұтастығын қамтамасыз ететін сақтандыру қызметін ұйымдастыру;
  • міндетті әлеуметтік сақтандыруда сақтандыру қатынастарын ұйымдастыру нысандарын анықтау және сақтанушылардың тікелей қатысуын орнату;
  • ұлттық сақтандыру нарығы және сақтандыру жүйесінің қызметі инфрақұрылымының қалыптасуы және қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізу арқылы сақтандыру заңдарын сақтау үшін мемлекеттік қадағалауды дамыту; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға рұқсат беру; сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және тарататын ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін пруденциялық нормативтерден басқа, сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді белгілеу;
  • сақтандыру қызметі саудасын реттейтін халықаралық шамаларға сәйкес болатын сақтандыру ісінің стандарттарын жасау;
  • сақтандыру операцияларын жүргізу кезіндегі сақтандыру ұйымдары мен басқа да мүдделі тұлғалардың қызметіне монополияға қарсы бақылау жүргізу.

Сақтандыру қызметін реттейтін және мемлекеттік басқару органдарын нығайтуға бағытталуға тиісті ережелер, бір жағынан сақтандыру компанияларының қаржылық тұрақтылығының және төлем қабілеттілігінің өсуіне, екінші жағынан — сақтандыру нарығына қатынасушылардың сатып алу мүдделігі жиынтығының кеңеюіне мүмкіндік туғызады. Экономикалық еңбектерде бұл нарықтың түрліше түсінігі беріледі. Мысалы, Ф.П. Котлер, К.Р. Макконнел, С.Л. Брю, К.Е. Турбина, Л.Н. Клоченко және басқалар нарықты тауарды әлеуетті сатып алушылармен, ал сақтандыруда — түрлі қауіп-қатер және тәуекелдіктерден сақтандыруды қорғауды сатып алушылармен байланыстырады. Сақтандыруды қорғауға сұраным К.Е. Турбина мен Л.Н. Клоченко көрсеткендей, сақтанушылар сұранымы мен сақтандырушылар ұсыныстары арақатынасымен басқарылатын экономикалық кеңістік ретінде, анықталатын нарық болып табылады. Жалпы нарықтың анықтамасына және оның ішінде сақтандыруға сәйкес, оның құрамына сақтандыру ұйымдары мен компаниялар, серіктестер, бәсекелестер, қайта сақтандыру қоғамдары, сақтандыру делдалдары, сюрвейерлер (сарапшылар), актуарийлер (сақтандыру жарнасын есептеуші мамандар), аудиторлар, кеңес берушілер енеді. Сақтандыру өнімдері мен көрсетілетін қызметтер өндірістік сақтандыру қызметі шеңберінде жасалады, оның үдерісінде сақтанушыға әлеуетті қауіптіліктен сақтандыру қорғауын беру жүзеге асырылады.

Қызметтерді ұсынудың ойдағыдай жұмыс істеуі сақтанушының қаржы жағдайына, қалыптасқан конъюнктураны нақты бағалауын, сақтандыру компаниясының болашағын анықтауға бағытталған әдістер мен құралдарды пайдалану сипатына байланысты сақтандыру және қайта сақтандыру компаниялары жүзеге асырады. Сақтандыру ұйымының күй-жайын анықтаған кезде басқарудың алдын алу әдістерін пайдаланған және объектінің даму баламаларын бағалаған жөн, себебі, бұл ең алдымен күтпеген жағдайлардан құтылуға және жағымсыз жағдайларды азайтуға, яғни жағдайдың белгілерін анықтау, оның ішінде бір қалыпсыз әдістерді жүргізу дамуды болжауды әзірлеудің негізі болады. Бұл қиындық нышандарын, жағымсыз құбылыстарды табуға және бар мүмкіндіктерді анықтауға жағдай жасайды. Мұндай жағдайларда ұйымның маркетингілік сақтандыруын зерттеулер мен қажетті ассортимент пен мөлшерде сақтандыру қызметтерін көрсетуге бағытталған бүкіл сақтандыру компаниясын басқару ерекше рөлге ие болады. Сақтанушылар сұранымдары мен қажеттіліктеріне мақсатқа сай әсер ете отырып, сақтандырушылар бар сұранымды сақтандыру ұсынысының деңгейіне дейін өсуін ынталандырады. Бұл үшін түрлі әдістер, тәсілдер мен құралдарды, олардың ішінде жарнама, ұйымдық шаралар, сақтандыру қызметтері мен сақтандыру қызметін көрсетудің басқа нысандарының үйлесімін, оның ішінде тарифтерді саралауды пайдалануға болады.

Сақтандыру бизнесі ісінің тәжірибесінде басқарушылық сақтандыру шешімін қабылдаған кезде тәуекелдік жағдайларға бағдарлану, белгісіз ысыраптан құтылуға тырысу, сақтандыру тәуекелдігінің кез келген түрін жүйелі бағалау қажет. Сақтандырушылар, бәсекелестер және басқа сақтандыру қызметтері нарығына қатысушыларымен бұрынғы оңтайлыларын сақтап, әрі жаңа байланысты дамыту қажет.

Сақтандыру компаниялары істерінде мына қатерлер жиі кездеседі:

  • сақтандыру компаниясы қаржы-экономикалық әлеуетінің төмендеуіне байланысты;
  • сақтандыру компаниясы басқарымдылығының әлсізденуі мен жоғалуына әкелетін кадрлық әлеуеттің  деңгейінің жеткіліксіздігі;
  • сақтандыру ұйымының ғылыми және инновациялық мүмкіндіктеріне байланысты;
  • сапасыз жүргізу  нарық  үлесін жоғалтуға,   сақтандыру сыйақысының көлемі мен сақтандыру пайдасы мөлшерінің төмендеуіне  әкелетін  фирманың  дамуын  маркетингілік зерттеулеріне байланысты;
  • тәуекел менеджмент сақтандыруын ұтымды ұйымдастырмауының салдарынан сақтандыру компаниялары құнды қағаздарының пайдалылығы төмендеуіне әкелетін қаржылық тәуекелдіктер;
  • сақтандыру компаниясының сақтанушыларға қызмет көрсету бойынша нормативтік параметрлермен салыстырғанда немесе күтпеген жағдайлардан   немесе   кәсіпорындағы басқару ұйымы деңгейінің төмеңдеуінен ағымдағы шығындардың артуымен анықталатын өндірістік-сақтандыру тәуекелдіктері;
  • инвестициялық жобаны жүзеге асыру үдерісі себеп болған жұмсалынған қаражаттардың қайтарылмауына және табыс ала алмауына әкелетін инвестициялық тәуекелдік.

Қазақстан сақтандыру нарығындағы сақтандыру компанияларының меншікті қаржы ресурстарының жеткіліксіздігі, көбінесе, жеке   сақтандырушыларға   күрделі   қаржы   сыйымдылығының тәуекелдіктерін өтеуге мүмкіндік бермейді. Мұндай жағдайда, іс-әрекеттерді үйлестіру, мүдделерді қорғау және бірлескен инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін ерікті негізде сақтандырушылардың бірлестіктері құрылады. Ал, сақтандыру тәуекелдігін қайта бөлу немесе табыстау сақтандыруды, болмаса қайта сақтандыруды жүргізу арқылы жүреді. Сақтандыру компаниялары, өздерінің қайта сақтандыру жиынтықтарынан тәуекелдерді алып, ең қауіпті қатерлілері бойынша тарифтерін көтере отырып, оларды қауіптілік дәрежесі бойынша топтастырады. Сақтандыру компаниялары   бірлесе  және   көрсететін   қызметтерінің   өрісін кеңейте отырып, бәсекелестік ортада өзінің тұрақтылығын арттырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қазақстан Республикасының қаржы секторының дамуының кейбір мәселелері

 

3.1 Кластерлік саясаттың есебінен қаржы секторының дамуы

 

Кластерлердің ішкі табиғаты келесідей, кластерлер — бұл байланысты компаниялар және ұйымдар тобы, жанындағы пайданы қолданып, экономикалық мамандануды көрсетеді. Ешбір ел барлық кластерларда мамандандырылу мүмкін емес. Басымдылығы бар экономика салалары саны әрқашанда: шектеледі және осындай «негізгі» салаларды дамыту барлық экономиканы алға жылжыту қозғалтқышы болады. Яғни экономикаға ықпал ету көзқарасы тұрғыдан кейбір кластерлер басқалармен салыстырғанда мемлекет өркендеуі үшін әрқашанда аса маңызды болады.

Мемлекет мүмкіндіктері бюджет жағынан болсын әлде шешім қабылдау немесе оны жүзеге асыру артықшылығы жағынан болсын әрқашанда шектеулі. Үкімет экономиканың барлық салаларымен келісілген жұмыс атқарса, Қазақстанның қаржы секторы бұдан ұтар еді, бірақ шындьғында мемлекетте ең қауырт бағыттарға жұмсауға тиіс шектеулі мүмкіндіктері бар.

Егер жеке кластерлер, басқалармен салыстырғанда ел өркендеуіне шешуші маңызы бар болса, онда мемлекеттің борышы — оларға аса назарын аудару. Бұл кластерлер уақыт өте өзгереді, сондықтан оларды сұрыптау жиі қайта қарастырылып тұру қажет. Бірақ тәжірибелік қажеттілік осы немесе басқа кластерлер пайдасына таңдау жасау әрқашанда сақталады.

Кластерлерді сұрыптаудағы ойлау жүйенің ең басты мақсаты релеванттық факторларды саясат аспектілерінен тыс, бейтарап және мінсіз процесте қорытылады. Бар мүмкіндіктерді тіркеуден бастау қажет екендігін, көптеген елдер тәжірибесі көрсетті.Үкімет ұлттық ауқаттылық үшін үлкен пайда табуы мүмкін, егер ол компаниялар мөлшерлері бар, қаржы секторларымен қарқынды жұмыс істесе. Көптеген елдерде бұл стратегия «мықты жақтарды бекіту» сияқты белгілі. Кәсіпкерлік қуатта негізделген, іргетас бар жерде немесе тарихи қалыптасқан жағдайларда, келісілген мемлекеттік күш және кәсіпкерлік ең үлкен пайда әкеледі.

Егер тек қана бар мүмкіндіктерді қарастырса, онда біржақты сарапқа келуге болады. Бар потенциал бәсекелес аймақтағы потеяциалмен салыстырылуы керек. Басымдылық кластерлер бекіту түрлі нарық тартымдылығын бағалаумен көп жақындығы бар, атап айтқанда компанияларға не жасау қажет: өзінің мықты жақтарын түсіну, бәсекелестің мықты жақтарын түсіну қазіргі және болашақ, нарықтағы сұранысты түсіну. Бірге бұл факторлар кластер жұмыс істейтін, нарықта қанша пайда табуға болатынын анықтайды.

Таңдалған кластерлерге қатысты басымдылықтар және кластерлер жасау бойынша нақты жеткілікті күш шын мәнінде қатты ажыратылады. Даму үшін кластер таңдау дегеніміз ол қалыптасу факторларын бақылайтын, барлық институттар кластердің экономикалық даму үшін қажетті дегенді білдіреді. Бірақ әлемдік тәжірибе көрсетеді: бәсекелестіктің шектелуі, мысалы протекционистік шаралармен, кластердің жеткілікті дамуына бөгет жасайды.

Жақсы кластерлік саясат-бұл, ең алдымен, экономикаға бәсекелес болуға бөгет болатын мәселелерді анықтау және шешу. Мұндай мәселелерге кластермен пайдаланатын көлік инфрақұрылысын жақсарту, басқару деңгейін жоғарлатуға бағытталған инвестициялар, белгіленген қызмет көрсету және жеткізілім қамтамасыз ету үшін шет ел қаржы секторларын қатыстыру. Осы шаралардың кейбірі қаржы құралдарын талап етуі, басқалары талап етпеуі мүмкін. Кластерлік саясат бәсекелестікті жоғарлату мақсатымен, кластердің экспортты диверсификациялау мүмкіндігімен анықталады.

Экономиканың негізгі кластерлері диспропорциялық ара салмағы бар, тіпті барлығын бірге алғанда, экономиканың қалған бөлігімен салыстырғанда олар аз болады. Сондықтан, егер басқа қаржы секторларды қарқынды дамуға мүмкіндік беретін бірыңғай экономикалық стратегия жоқ болса, онда жиынтық экономикалық нәтиже жарытымсыз болады. Ең қолайлы кластерлік саясат екі әлементтің үлесуін болжайды: негізгі кластердерді жисақ жию және барлық қаржы секторлардың жағдайын жақсарту бойынша күш. Осы екі әлемент бір — бірін қуаттайды: кластерлік күштер экономиканың іскерлік ортасын жағымды өзгертусіз тиімді емес. Барлық экономиканың даму стратегиясы кластерлерді тіркеусіз шектеулі, өйткені ол кластерлердің детализация деңгейіне жетпейді және жалпы мемлекеттік шаралармен шектеледі.[18]

Кейбіреу үшін кластерлерді сұрыптау бәсекелеске араласу, әкімшілік жобалау әдістердің өзінің келешегі жоқ екендігін дәлелдегенге оралу болып саналады. Сондай-ақ, кластерлік экономикалық саясат компаниялар және салалар арасындағы ашық қарқынды бәсекелес, бәсекелестіктің мәні екендігін түсіну негізінде екендігін көз алмай бақылау дәлелдейді. Өнімділік және детализация, бәсекелес, кластердің жұмыс істеу үшін және оның инфрақұрылысы үшін ең тиімді бағдарламаларды дамыту деңгейін анықтауда белгілі рөлді ойнауды мемлекет жалғастырады.

Қазақстанның экономикалық шындығында кластерлер және қаржы секторлар тығыз байланысты. Экономиканың мұнай емес секторындағы көптеген кластерлер өнідірістің советтік экономикалық емес әдістер ықпалын сақтаған бірнеше профильдік салалармен үстірт сипаты бар. Жалпы еліміз жеке меншік кәсіпкерлікте қысқа тарихы, нашар басқару әдістері және шектеулі бәсекелес басымдылықтары бар.

Мұнай өңдейтін және мұнай химиялық өндірістің негізгі дамуы республикада бар. Инновациялык машина жасау өнідірісі ұсынылады, олардың кейбірі импортын орнын басу тәртіпте мұнай шығару жабдықтарын жасауға кірісті. «Батыс Қазақстан машина жасау» АҚ компаниясына жаңа қуаттылық еңгізу мұнай-газ жабдықтарын шығаруына көшуге мүмкіндік берді. «Павлодар машина жасау зауыт» АҚ конвейерінен импортын орнын басу тәртібінде күрделі мұнай шығару техникасын шығару жөнге келтірілді.

Жер қойнауын пайдаланушылар үшін тауар, қызмет және қызмет көрсету жабдықтауын бір тізімге қосу отандық компаниялардың бәсекелестік деңгейін жоғарлатуға мүмкін.

Алдын ала талдау нәтижесіне қарамастан, туризм, азық-түлік өнеркәсібі, мұнай-газ машина жасау, тоқыма өнеркәсібі, көлік-логистикалық қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материалдар өнідірісі перспективалық сала болып танылғаң, ал қосымша үйренуді талап ететін — био технология, фармацевтикалық өнеркәсіп, мұнай-газ секторында білім беру және қызмет көрсету, тек қана мұнай еңдеу кластеры республика үшін экспортты қайта құру орынды индустриялық негіз болуы мүмкін.

Үкіметке және кәсіпкерлердің жұмыс топтарына жеті кластер емес, сегіз кластер және нормативтік материалдар бойынша ұсыныстарды дамыту бойынша индустриялық мастер-жоспар жетілдіру керек. Индустриялық мастер-жоспар кластерлердің даму стратегиясына негізделу керек, сонын ішінде белгілі мақсаттағы кластерлер нарығын анықтау, корпоративті басқаруды жетілдіру, өндіріс үшін арнайы шарттарды қамтамасыз ету және инвестицияларды (салықтар, арифтер, амортизация және т.б.) шоғырлау, таңдалған өнідірістің дамуы және қолдауы облысында үкімет саясатын жетілдіру кіреді,

Кластерлерді құру кезінде тек қана экспорттық салаларды дамыту ғана емес, сонымен қатар ішкі нарыққа бағыталған өндірісті дамыту маңызды. Бұдан басқа, республикадағы қаржылық стратегияны ұлттық деңгейден аймақ деңгейіне жылжыту керек. Осыған орай, тек қана қаржы құрылысын ғана емес, сонымен қоса осы қарым-қатынастардың әдістемелік құрылыстардың Қазақстан үшін жаңа принципте бизнес және мемлекет арасындағы қарым-қатынас түрін болашақта өзгерту.

Осында басты бағыт ұлттық валюта-теңге бекіту тенденциясын сақтау кезінде макроэкономикалық тұрақтылықты ары қарай бекіту болын табылады. Монетарлық шаралармен теңге «тұрақтылығына толык мөлшерде жету мүмкін емес. Инфляция төмендемейді, Ұлттық банкте ақша массасын стерилдеу бойынша шығындар артып келеді, ол алтын валюталық қорларды қайта бағалаудан да шығынға ұшырайды. Егер бұл тенденцияларды жеңбесе, онда маңызды экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру қиындап кетуі мүмкін; агроазық-түлік, тұрғын және индустрия-инновациялық. Отандық өндіруші онда бәсекеге қабілетсіз болып шығады, ал ипотекалық кредит мөлшері инфляция пайызына өседі. Теңге тұрақталуы жобаланған мұнай өңдеудің өсуімен күшейеді.

Соңғы өнімді сатуды арттыру арқылы экспортты диверсификациялау үшін кластерлік жүйені ұсына отырып,  2005-2015 жж. ұлттық инновациялық жүйені (ҰИЖ) дамыту Мемлекеттік бағдарламаның басты әлементі болып табылатын, мемлекеттік басқару. Бағдарлама қазақстандық ғалымдардың зерттемелерін экономиканың нақты секторлар қажеттілігінен айырмауға шақырылған. Ғылыми идея тәжірибе-өнеркәсіптік немесе өнеркәсіптік зерттемелерде кең қолданылуы тиіс.[19]

Кластерлік қатынас республика әлемдік нарыққа шығатын, өндірісті сұрыптауға және тауарлар мен қызмет көрсету тізімін негіздеуге мүмкіндік береді. Өнеркәсіптік өндірістің 150 салалары мен түрлері зерттелді, жетеуі сұрыпталды.

     Ұлттық стратегияны нығайту үшін халықаралық экономикалық қатынастарға қатысудың негізінде жаңа технологияның дамуына, глобализациялану үрдісіне, әлемдік нарықтағы бәсекелестіктің нығаюына байланысты тиімді нәтижеге жету барысында жүзеге асырылуын прогрессивті көз қарастардың қалыптасуын талап етеді.

Бүкіл әлемдік деңгейдегі дамыған мемлекеттердің тәжірибесі (Солтүстік Америка, ЕС) мемлекеттік экономикалық саясатының даму тенденциясы макроэкономикалық реттеу саясатынан өндірістік және технологиялық бәсекелестік саясатының негізінде кластерлік даму экономикасына көшу орын алды.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай кластерлік модель дамуының тапқызбастай ерекшелігі ел экономикасының бүгінгі күндегі даму деңгейінің тиімділігін анықтап және қолдану үшін мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар ұлттық экономиканың бәсекеқабілеттілігін үзіліссіз жаңартып отыруды қамтамасыз ету механизімі ретінде де қарастырылады.

Кластерлік саясатты жүзеге асыру үрдісіндегі негізгі элементі келесі құрастырушылар болып табылады:

  • мемлекеттің өндірістік бизнестегі, өнімнің салалық, аймақтық өндірісін инновациялық ынталандыру үрдісі арқылы бәсеке қабілеттілігін жоғарылату. Инновация ғылым мен техниканың жетістіктерінің негізінде орталықтандырылып жинақталады;
  • ғылымның дамуы, білім сапасының жоғарлауы, мамандар біліктілігінің деңгейі. Индустрия ғылыммен қиылыспаса, онда оның болашағы болуы мүмкін емес;
  • өндірістік секторы мен қаржы сектордың арасындағы байланысты дамытуды ынталадырудағы мемлекеттік саясат.[20]

Кластерларды құру бойынша сараптау жұмыстарын ғылыми орталықтар мен универститеттер толығымен жүргізуде. Кластердің болашақтағы дамуы үшін ең перспективті салалар таңдалуда, соның негізінде «кластер скелеті» анықталады, яғни баяу дамушы салаларды қолдаудан арнайы бас тартып, жоғары технология даму негізіндегі салаларды белсенді қолдау болып табылады.

Алғашқы кезде кез келген жобалар университетпен қаржыландырылады, содан кейін бұл үрдіске жеке кәсіпорындар тартылады. Бұл кезде үкімет кәсіпорындардың қатысуымен ынталандыруды ғылым мен білімді қаржыландыруының салық жүйесіндегі льготтар немесс тікелей қаржыландыруға әсер ету, сонымен қатар мемлекеттік зерттеу орталықтары болып қарастырылады.

Қазақстан кластерлік саясатты дамыту арқылы осы моделдің экономикалық дамуының үш түрлі тәжірибесіне сүенуі ықтимал Батысеуропалық модель, Солтүстік Америкалық модель және Азиаттық модель. Кластерлік дамуға әсер еткен факторларға байланысты бұл аймақтағы бизнес пен мемлекеттің арасындағы қарым-қатынастың орнығуы өз алдына ерекшеленеді. Солтүстік Америкада — бәсекелестік, Азиада — мемлекеттің бизнеске қамқоршылық қатынасқа ие болуы, Батысеуропада  — келісім шарттық. (12-кесте)

   12 кесте

Кластерлік дамудың моделі

 

Кластерлік дамудың (моделдер) орталықтары

Батыс еуропалық орталығы (ЕО мемлекеттері)

Солтүстік Америкалық модель (АҚШ, Канада)

Азиаттық модель (Япония)

Модель туралы жалпы мәліметтер

Модельдің ең көрнекті мысалы

Финляндия, Оулу қаласы

Силикондық алаң

Хоккайда аралы

Модельдің пайда болу кезеңі

        1982жыл

        1992жыл

1990 жылдың бірінші жартысы

Модель спецификасын анықтаған негізгі факторлар

Ұлттық нарыктың көлемі

Ұлттық нарықтың аз көлемі

Ұлттық нарықтың көп көлемі

Ұлттық нарықтың аз көлемі

Табиғи ресурстармен қамтамасыз етілуі

              Төмен

          Жоғары

     Төмен

Өндірістің салалық құрылымы

           Біржақты

Әр түрлі   бағыттағы

      Біржақты

           Дерек көзі: Салин В.Н «Статистика финансов». 2002г.

 

 Мемлекет пен бизнестің мұндай ара қатынасы Солтүстік Америкадағы экономикалық жағдайының анағұрлым азырақ мемлекеттен тәуелділігін көрсетеді және соның негізінде мемлекеттің араласуын азырақ талап етеді. Мемлекет пен бизнес ара қатынасының Еуропалық моделінің қалыптасу негізі мемлекет экономикасының әлсіз жақтарын қолдау қажеттілігінен пайда болды деп қарастырамыз. Азиаттық моделге байланысты айтатын болсақ, берілген аймақтың көптеген тарихи елдері ұзақ уақыт дағдарыс жағдайында болды осылайша мемлекеттің экономикаға белсенді қатысуы түсіндіріледі. Бұл мемлекеттер әлемдік нарықтағы алатын ең төменгі алған орнына болсада белсенді күресуі керек.

Қазақстан үшін азиаттық мемлекеттердің тәжірибесі ең жақын болып табылады. Азиаттық аймақтағы елдердін мемлекеттік органдары жалпы мемлекеттің экономикалық дамуына белсенді қатысуды отандық өндірісті қорғау мақсатында өзінің басты парызы деп біледі. Жапондағы кластерлік саясатың даму үрдісінде іскерлік белсенділікті көтермелеу мәселесіне көп көңіл аударылып, жобаның даму жоспары дайындалды. Индустрияның дамуы қарқынын тоқтататын және бәсендететін факторлар анықталды: мемлекеттік мекемелерде «бір терезе» қағидасы құрылды, рәсімдеу процедураларын тиімдету, біріккен инфраструктуралық күштердің негізінде ақпаратпен жұмыс  жасау үрдісін жеңілдету және оңайлату орын алды. Тік, көлденең және аймақтық интеграциялану үрдісіне байланысты жаңа технологиялар өндірісі жетілдірілуі мүмкін. Бұл тәжірибе Қазақстан үшін ұлттық экономикасының бәсекеқабілеттілігін көтеру үшін маңызды әрі актуалды болып табылады.

Қазақстанда кластерлік дамуды белсендету барысында және мемлекеттің жалпы даму бағытын анықтау үшін экономиканың салалық құрылымын бағалау қажеттілігі туындайды. Таңдалған салалар мен аймақтарды әрі қарай дамыту үшін қолданылатын іс — әрекет бағдарламасын құрастыру қажет.

 Бәсекеқабілеттілігіне қол жеткізудегі ең бастысы ғылыми бағыттар мен білім беру мекемелерінің білім сапасын жоғарлату қажеттілігінің туындауы басты орын алып отыр. Білім мен ғылым өндірістің ұзақ мерзімді дамуына негізгі бірден бір әсер етуші факторлар мен басқару құралы болып табылады. Білім жүйесі өз оқушыларынан ең жоғарғы көрсеткіштерді талап етуі тиісті. Жұмыс берушілер мен оқу мекемелерінің арасындағы тығыз қарым-қатынаста бола отырып, бүгінгі күндегі қарқынды дамып отырған әрі сыртқы ортаның жылжымалылығына барынша сәйкес келіп отыруы тиесілі.

Сондай-ақ кәсіпорындардың білім сапасында және ғылыми-зерттеу жұмыстарына байланысты тәжірибемен сәйкестендіре отырып белсенді қатысуын талап ету сұрақтары да аса қажеттіліктердің бірі болып отыр. Әр мемлекетте зерттеулерді қолдау мен оған байланысты арнайы марапаттау жүйесінің белгілі бір саясатын қалыптастырған. Сонымен қатар Үкіметте зерттеу жүргізуге әр қашан қатысып отырады. Ол үшін мемлекет келесі әдістерді жүргізуі тиісті: өндірістік үрдіске инновация енгізген кәсіпорындарға салық төлеуге байланысты жеңілдіктер беру. Ғылым және техникаға байланысты дұрыс саясат еліміздегі бар бәсекеқабілетті нақты салалар бойынша жүргізілуі тиіс. Кәсіпорынның өзімен және зерттеу институттарымен жүргізілетін зерттеулерді жартылай қаржыландыру арқылы ынталандыру тиімді әрі мақсатты болады.

Қаржы рынок үшін кластерлік моделдің дамуы бұл белгілі бір қаржы институттардың арасындағы қарым – қатынас:

— кредиттік және депозиттік

— жинақтық зейнетақы және сақтандыру компаниялары

— валюталық және қор нарықтары

Бұлардың басты мақсаты қаржы шығындарын азайту, бәсеке қабілеттілігін жоғарлату және тартымды жақтарын пайдаланып әлемдік нарыққа өзінің қызметтерін ұсыну. Қаржы қызметтерідің басқа тауарлардан ерекшелігі, оны әлемдік нарыққа шығарудың қыйындығы. Өйткені бұл жерде тек  қана қызметтін сапасы ғана емес, мемлекеттің әлемдік нарықта алатын орны қатысады.   

Қаржы секторында кластерлік моделдін дамуы есебінен мынадай жетістіктерге жетуге болады:

— салықтың төмендеуі: кластерлік модел ішіндегі иституттардың қосылған құнның көбею әсерінен карпоративтік салықтың азаюна әкеледі

— монопализацияның төмендеуі

— кластерге біріккен қаржы институттар белгілі бір мақсатқа тез жетіп, шығындарын азайтады

— инновациялық бағдарламалардың көбеюі

— кластерлік механизм арқылы жаңа бизнес және жаңа қаржылық инструменттерді еңгізудің жеңілдігі

— кластерлік модель — ресурстарды дұрыс пайдалануды қамтамасыз етеді.

 

 

3.2 Алматы аймақтық қор орталығына (РФЦА) қалыптасу және қаржы секторының  даму перспективасы

 

Шетел мамандарының болжауы бойынша Қазақстанда жақын арада бағалы қағаздар нарығының және қаржы секторының дамуына барлық жағдайлар бар. Осыған байланысты мемлекетімізде шетелдік және Қазақстандық инвесторлар мен эмитенттердің кең түрде белсендігін көтеретін жүйені құру көзделді. Бұл жүйенің аты — Алматы аймақтық қаржылық орталық (ААҚО).

Алматыда қаржылық орталықты құру туралы сұрақ 1995 жылдан бастап Елбасымызбен көтеріліп келе жатыр. Бірақ, оны іске асыру үшін көп ресурстар қажет еді. Сол кезде Қазақстанда және ТМД- ның баска елдерінде мұндай каражаттар ол кезде болған жоқ. Екінші рет бұл сұрақ 1999 жылы көтеріліп, сол жылы «Алматыны Орта Азиялық қаржылық орталық ретінде дамыту туралы» жоба қабылданған. Сол жобада неліктен Алматыны тандағанның төрт себебі көрсетілген. Олар:

  1. Қаржылык институттар. Алматы қаласында Қазақстанда бар қаржылық институттардың көбісі шоғырланған, соның ішінде шетел капиталымен.
  2. Инвестициялық климат. Алматыда инвестициялауға үлкен мүмкіндіктер бар. Соның ішінде екінші деңгейлі банктер мен жинақтаушы зейнетақының активтерін басқару компанияларға байланысты.
  3. Халыктың төлем кабілеттілігі. Алматыда табысы жоғары адамдарды жиі кездестіруге болады.
  4. Өмір сүру үшін барлық жағдайлар жасалынған. Алматы өзінің табиғатымен қызықтыратын өркениетті қала[21]

Бірақ, бұл мәселе тек соңғы 2-3 жылдар ғана кең көлемді талқылауға салынып, қарқынды дамый бастады. Нәтижесінде 2006 жылдың 5-ші маусымында Қазақстан Елбасы «ААҚО туралы» заңға қол қойды.

«ААҚО туралы» заңында негізгі мақсаты көрсетілген «ААҚО құрудың негізгі мақсаты болып бағалы қағаздар нарығын және қаржы секторын дамыту, халықаралық капитал нарығына интеграциялану, Қазақстан экномикасына инвестиция тарту, шетел кор нарықтарына Қазақстан капиталының шығуы». Бұл сөздерден бағалы қағаздар нарығын дамыту негізгі мәселе болып табылады. Бірақ мұндай тар мақсатты алдыға қою жайдан-жай нәрсе емес. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей қаржылық орталықта көптеген қаржылық қызметтер көрсетеді, бірақ оның белгілі-бір деңгейде мамандануы болады.

Ағымды жылдың ақпан айында Президент жарлығымен ААҚО қызметін реттеу агентігі құрылды және ол атқарушы орган болып саналады. Агенттік үкімет құрамына кірмейді, ол тікелей Президентке бағынады. Бұл уәкілетті орган қатысушыларды тіркеуден бастап аудитарлық компанияларға квалификациялық талаптар қоюға дейін өкілдіктерге ие.

Алғашқыда ААҚО-тың эмитенттерінің құрамына Қазақстандық банктер мен Ресей және Украина елдерінің орта деңгейлі компаниялар құрайды. Мамандардың болжауы бойынша, алдыда аталғандардың қатарына Ресей, Қытай және ТМД елдерінің компаниялары қосылады.

Қатысушыларға қойылатын талаптар қазіргі КАSЕ-де листинг кезінде қойылатын талаптармен пара-пар болып келеді. Бұл талаптар аудиторлық талаптардан басқа, Ресей биржаларда қойылатын талаптармен ұқсас болын келеді. Қазақстанда аудиторлыққа қойылатын талаптар басқа ТМД елдеріне қарағанда қатаңырақ болын келеді.

Алматы қаласында қаржылық орталығын кұру, оның техникалық-экономикалық негізін құруға шешім қабылданды. Жобаны техникакалық экономикалық негізіне сай құру үшін «The Boston Consulting Group» (ВСG) халықаралық консалтингтік компаниясын жобаға қатыстырды. Бұл компания өткен кезеңдерде Сингапур мен Тайландта қаржылық орталықты құрып, оларды дамытуға және Аргентина, Франция, Германия, Канада, АҚШ-та қаржылық нарықтарды дамытуға қатысты. «Маркетингтік-аналитикалық зерттеу орталығы» АҚ мемлекетіміздің тарапынан жобаның негізгі серіктестігі болды.

ВСG мамандарымен жасалған концептуалдық әзірлемелерді жүзеге асыру үшін, республикамыздың премьер-менистрдің бұйрығымен үш жұмыс тобы құрылды. Бұл топтың негізін Қазақстан қарыжгерлер ассоциациясы, Қазақстан қор биржасы өкілдері құрды. Олар келесі бағыттарда жұмыстар жүргізді:

  • Қор нарығында өтімділікті қамтамасыз ету;
  • Заңдық базаны жетілдіру;
  • Экономикалық ынталандыру мен бәсекелік салық мөлшерлемені құру.

«ААҚО туралы» заңға сәйкес қаржылық орталығының қатысушылары болып ААҚО қызметін реттеу агенттікте тіркелген және тиісті қызмет түрімен айналасуға қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттіктен лицензиясы бар кәсіби бағалы қағаздар нарығының қатысушысы болып табылады. ААҚО өзінше құқықтық режимі бар, арнайы аймақ түрінде құрылып жатыр. Бірақ республикамызда қүрылып жатқан басқа арнайы экономикалық аймақтарга қарағанда, ААҚО-та нақты көрсетілген территориясы болмайды. Территориялық қағидаты ААҚО-тың қатысушыларын тек Алматы қаласында офисі бар болуымен ғана негізделеді.

ААҚО-та арнайы салық режимі жұмыс істейді, осыған байланысты инвесторлар мынандай салықтың түрлерінен босатылған:

  • Акция бойынша дивидент және қарыздық құралдар бойынша сыйақыға салынатын салық
  • Бағалы қағазды сату кезінде құн өсімінен табысқа салынатын салық

Сонымен қатар қаржылық орталыққа эмитенттерді тарту мақсатымен экономикалық тартымды жағдайлар жасауда. Олар: Аудиттің бір бөлігін төлеп беру, листинг өту кезінде жеңілдіктер, 1-ші жылы листинг тегін болады, тіркеу бойынша алымнан босатылады.

Өткен жылы республикамыздың бюджетінен ААҚО-ты кұру үшін 1,5 млрд теңге жұмсалды. Шетелдік мамандардың есептеуі бойынша, ААҚО тек 2010 жылы ғана толығынан жұмыс істей бастайды және өзін-өзі қаржыландыру қолдан келеді.

Қазақстандағы акция нарығы толығымен өтімді емес болуда. Жүргізілген жекешелендіру кезінде, инвестициялық тартымды кәсіпорындардың акцияларының бақылау пакетін стратегиялық инвесторлар иемденді. Нарыққа қатысушылардың бағалауы бойынша еркін айналыстағы акциялардың көлемі 1% -дан аспайды. Сонымен қатар, қаржы нарығында акция бойынша мәмлелер биржадан тыс нарықта, тікелей түрде жүргізіледі. Бұл операциялардың нарықтық емес мінездемесін көрсетеді.[22]

Қазақстанның ішкі нарығындағы облигациялардың алғаш нарықтық көлемі көп болса, оның қайталама нарығы өтімді емес болуда. Оған басты себеп, нарықта институцияналдық инвесторлардың басым болуы. Ал олардың мақсаты, қарыз құралдарын уақыты өткенше ұстау, спекулятивті операцияларды жүзеге асыруды жүргізбейді. Қор нарығында қызмет атқарушы маркет-мейкерлер институтты өтімділікті қолдау мәселелерін шеше алмайды. Маркет-мейкер нарықта бағалы қағаздар котировкасына спредті төмендетпейді.

Бұл мәселені шешу үшін ААҚО-ның өтімділігін көтеретін маркет-мейкерлерді ындаландыру керек. Біз білетіндей, нарықтың өтімділігінің деңгейі инвесторлар мен эмитенттердің келуімен тікелей байланысты. Яғни, өтімділік деңгейі жоғары болса, шетелдік инвесторлар мен эмитенттер көптеп келеді және керісінше. Ал өтімділік өз нарықтағы қатысушылардың белсенділігінің көрінісі болып табылады. Бұл механизмді тиімді жұмыс істету үшін ААҚО мемлекетті қатыстыру арқылы жүзеге асырады. Үкімет нарықты зерттей отырып, өтімді кұрал ретінде мемлекеттік облигацияларды шығару керек. Содан соң мемлекет компаниялардың еркін саудада жүрген акциялардың көлемін ұлғайту керек. Алғашқы кезде Ұлттық Банк нарықта маркет-мейкердің функцияларын атқаруға болады.

      ААҚО-на бірқатар Ұлттық компаниялар 5-7% көлемінде өздерінің акцияларын саудаға шығарды: АҚ «Қазақтелеком», АҚ «Разведка Добыча КазМұнайГаз», АҚ «ҚазЖолдарТранс». Соған байланысты брокерлік қызметке қызығушылықтар арта бастады. Сонымен қатар ААҚО-қа қатысу туралы «Ренессан Капитал» (Ресей), «Тройка Диалог» (Ресей) инвестициялық компаниялар білдіріп отыр.

Қазіргі кезде Қазақстанда жеке инвесторларға көңіл бөлінбеуде. 2005 жылы қабылданған «Инвестициялық қор Туралы» занға дейін мұндай инвесторлар атымен жоқ болды. Бірақ қазір инвестициялық қорлар арқылы аз болсада өздерінің орның алып жатыр. Шетел дамыған мемлекеттерге қарайтын болсақ, АКШ-та халықың 91,1 млн-ны тікелей немесе қорлар арқылы акцияның иемденушісі болын табылады. 2000-2002 жылғы АҚШ нарығының нашар жағдайына қарамастан, 1999 жылмен салыстырғанда қазіргі кезде 7,1 млн-ға өсті. Ал Австралияда жасы 20-дан асқан халқының 55%-да (8 млн) тікелей немесе жанама түрде акцияның иемденушісі болып табылады. Ол Австралия қор нарығының 22%-ын құрайдьь

Бұдан көріп тұрғанымыздай жеке инвесторлардың болашағы зор. Бірақ біздің елде бұған көңіл аударып жатқан жоқ. Қазіргі кезде Қазақстан халқы өз бос жатқан қаражатын банктік депозиттерге немесе жылжымайтын мүлікке салады. Өйткені олардың бағалы қағаздар туралы хабарлары жоқ. Оларға бағалы қағаздар тәуекелі жоғары инвестиция болып көрінеді, кейбіреулері оның не екендігіде білмейді.

Оны шешу үшін брокерлік және инвестициялық компаниялар халыққа бағалы кағаздар туралы түсіндіру керек және онымен қалай ойнап пайда табуға болатынын көрсету қажет. Егер инвесторлар акпаратпен дұрыс камтылып және оларға сауатты консультациялар беріп жатса, олар дұрыс шешім қабылдай аладым және  ұзақ мерзімге қалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазіргі танда Қазақстан Республикасының қаржылық секторы жақсы нәтижеге жетті. Осы жетістікке жету үшін көптеген реформалар жүргізіліп, заң базасын рыноктық қатынастарға қарай өзгертілді. Қазақстан он бес млн. халқымен Орталық Азия өнірінде төрт бөлігін алып жатып, екінің үш бөлігінің табысын қамтиды. Бұл біздің экономикамыз үлкен жетістікке жеткенің көрсетеді.   

Жақынарада әлемдік экономикада акценттерді қайта қарау бақыланып отыр. Егер бұрын экономиканың жалпы әлеуетінде 70-75%-ды негізгі қорлар, ресурстар, машиналар, жабдықтар мен жылжымайтын мүлік қаласа, қазіргі уақытта әсемнің дамыған елдерінде 70% білімге берілген. Бұл инновациялар, ақпараттық технологиялар, инфрақұрылымдық құраушылар, ғылым, ноу — хау. Тіпті жаңа термин пайда болды -наноэкономика. Барлық экономикасы дамыған әлем елдері осы бағытта дамып келеді.

          Давос экономикалық форумының деректері бойынша «технологиялық дайындық» санатында Қазақстан 77-орында. Инновациялық индексі бойынша—84-орыңда, бизнес шарттары бойынша — 85-орында, қоғамдық даму бойынша- 80-орында. Мысалы, Финляндия институттар мен жаңа технологиялар бойынша бірінші орынға ие.

Осы шындық жағдайында экономикалық тұрақтылық ғылыми инновацияларды еңгізу, «білім экономикасы», мамандардың жоғарғы біліктілігі арқылы ғана құрала алады. Қаржылық ресурс пен адам ресурсына ерекше көңіл бөлінуі керек. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, жалпы дағдарыс кезеңінде экономикалық пайда салдарынан бизнес немесе өзге мемлекеттерге кеткен жас ғылымдарды жоғалтып алдық. Бұл шығындар ғылым, жалпы ел үшін ештеңемен салыстыруға келмейді. Бүгінгі күні мемлекет басшылары қаржы иституттарындағы мамандардың дамуына ерекше көңіл бөлуде. Жақын жылдарда осы саланы қаржыландыру бірнеше рет өседі. Себебі, мыңжылдықтар шекарасында өзіне ғылымдағы қиыншылықтарды сезіңді, алайда бөтен технологияларды біздің топыраққа механикалық көшіру тиімді бола қояды дегенге сене қоймайды. Жапонияда, Қытайда болып өткен экономикадағы өсулер жаңа технологияларды және инновациялар қолданумен пайда болды. Бір жағынан қазіргі заманғы әзірленімдерді қолдануға мүдделіміз, себебі қалыс қалуымыз тіпті алшақтап кететін болады. Бірақ бір жағынан қаржылық секторындағы бәсекелестік артықшылықтарымызды іздестіріп табуымыз керек.  Сондықтан біздің елімізге де басымдылығы білім деңгейі болып табылатын өз ерекшелігімізге сүйенуіміз керек. Бізде мамандардың біліктілігі өте жоғары, шығармашылық адамдар өте көп және ондай адамдарды іздестіру қажет. Осы кезде біздің экономикамыз шикізатсыз-ақ, Алматыны Қаржылық Орталыққа айналдыру және қаржы секторын жетілдіру арқылы  әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіруді қамтамасыз етуге мүмкіншілігіміз бар.

Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың әлі көптеген мәселелер бар. Қазіргі жағдайда қаржы секторындағы даму жағынан сақтандыру сферасы ең соңғы позицияны алады. Сондықтанда, өзіне көп көніл қажет етеді. Бұл инфраструктураның болуы, қаржы инструменттердің көбеюі және т.б. Соңғы жылдары әлемдік қаржылық бизнес сферасында көптеген өзгерістер пайда болып жатыр, соның бірі банктік және сақтандыру интеграциясы. Екі жақты специалистердің қосылуы, бұл қызметтердің сату көлемін және сату сапасын көбейту. Сондықтанда, мұндай қызметтерінің түрін еңгізу сақтандыру компаниялары үшін манызды 

Бүгінгі күні Қазақстанның  банктері рейтингтік агентіктердің ойынша ең дамыған,  тұрақтылығы жақсы қалыптасқан сектор және қызметтердін көпшілігі халықаралық стандартқа сай келеді. Осы нәтижелердің барлығы бізге Алматы қаласын Аймақтық Қор Орталығына айналуына әкеледі.

Қаржылық секторды бағалап отырып, біз оның  артықшылығын, кемшілігін және шешу жолдарын қарастырдық. Қазақстан өзінің мемлекет көршілерін экономика жағынан оза отырып, әлі де инвестициялық, инновациялық бағдармаларды қажет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

  1. 2006 жылғы 19 қаңтарында Қазақстан Қаржыгерлерініц V конгресінде оқыған Қазақстан Президенті — Н.Ә. Назарбаевтың баяндамасы
  2. Статисттическое обозрение Казахстана   №4 Агенство РК по статистики Алматы, 2006
  3. 2007 жылғы 15 қарашада Қазақстан Қаржыгерлерінің VI конгресінде оқыған Қазақстан Президенті — Н.Ә. Назарбаевтың баяндамасы
  4. Ашимов А. Стратегия вхождения Казахстана в число 50 конкурентоспособных стран // Финансы и кредит, №11, 2007.
  5. «Казахстанская правда» газетінің желтоқсан айларындағы нөмірлері 2007 ж
  6. Назарбаев Н.А. Стратегия вхождение Казахстана в число 50 наиболее конкурентоспособных стран мира // Казахстанская правда. 2 марта 2008.
  7. «Континент» журналы № 6 (228) наурыз 2008 ж.
  8. Бельгибаева К.К «Финансовая и банковская статистика»: Учебное пособие. —Алматы, Экономика 2000.
  9. Орманбаев А., Есегельдин Б. // «Қаржы және қаражат» №8. 1998.
  10. Концепция развития финансового сектора РК на период до 2010 г. –Алматы НБРК, 2006.
  11. О. Баймұратов «Қазақстан қаржы нарығы»: Оқу құралы. – Алматы, Экономика 2007
  12. Салин В.Н. «Статистика финансов». Алматы, 2006 г.
  13. Адамбекова А.А «Финансовый рынок Казахстана: становление и развитие» Алматы, Дәуір 2007.
  14. Отчет о человеческом развитии. Старшее поколение в Казахстане: взгляд в будущее. — Алматы: ПРООН, 2006.
  15. Расулов Р. «Зейнетақы қорларын дамыту жолдары». Қаржы – қаражат. 2007, № 11
  16. Кұлпыбаев С Қ. «Қаржы». —Алматы, Экономика, 2007.
  17. Давлетова М.Т. к.э.н доцент КазГАУ. «Қазақстан Республикасындағы сақтандыру секторы туралы». КазЭУ Хабаршысы. 2007, №3.
  18. Токаев К. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации. — Алматы, 2005.
  19. Сейітқасымов А. «Қазақстанда кластерлік саясатты дамыту жолдары». Қаржы – қаражат. 2007, № 6
  20. Павпов А.А «Развитие Казахстана в новом веке», Финансы и банки №3, 2007 г.
  21. Жаксыбаев М.И. «Алматы аймақтық қор орталығына айналуы». КазЭУ Хабаршысы. 2008, №2
  22. Сатиев С.А. «Қазақстанның қаржы секторының даму перспективасы». КазЭУ Хабаршысы. 2007, №3

 

 

 

[1]    2006 жылғы  19 қаңтарында Қазақстан Қаржыгерлерініц V конгресінде оқыған Қазақстан Президенті — Н.Ә. Назарбаевтың баяндамасы

 

[2]      Статисттическое   обозрение   Казахстана   №4 Агенство РК по статистики Алматы, 2006

[3] .   2007 жылғы  15 қарашада Қазақстан Қаржыгерлерінің VI конгресінде оқыған Қазақстан Президенті — Н.Ә. Назарбаевтың баяндамасы

[4]    Ашимов А. Стратегия вхождения Казахстана в число 50 конкурентоспособных стран // Финансы и кредит, №11, 2007.

 

[5]   «Казахстанская правда» газетінің желтоқсан айларындағы нөмірлері  2007 ж

[6]    Назарбаев Н.А. Стратегия вхождение Казахстана в число 50 наиболее конкурентоспособных стран мира // Казахстанская правда. 2 марта 2008.

 

[7] «Континент» журналы № 6 (228) наурыз 2008 ж.

[8]   Бельгибаева К.К «Финансовая и банковская статистика»: Учебное пособие. —Алматы, Экономика 2000.

 

[9]  Орманбаев А., Есегельдин Б. // «Қаржы және қаражат» №8. 1998.

 

[10] Концепция развития финансового сектора РК на период до 2010 г. –Алматы НБРК, 2006.

11 О. Баймұратов «Қазақстанның қаржы нарығы»:Алматы, Экономика 2007

[12] Салин В.Н. «Статистика финансов» Алматы, 2006 г.

 

[13] Адамбекова А.А «Финансовый рынок Казахстана: становление и развитие» Алматы, Дәуір 2007.

[14]  Отчет о человеческом развитии. Старшее поколение в Казахстане: взгляд в будущее. — Алматы: ПРООН, 2006..

 

[15] Расулов Р. «Зейнетақы қорларын дамыту жолдары». Қаржы – қаражат. 2007, № 11

[16] Кұлпыбаев С Қ. «Қаржы». —Алматы, Экономика, 2007.

[17] Давлетова М.Т. к.э.н доцент КазГАУ. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру секторы туралы. КазЭУ Хабаршысы. 2007, №3.

[18] Токаев К. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации. — Алматы, 2000.

 

[19] Сейітқасымов А. Қазақстанда кластерлік саясатты дамыту жолдары. Қаржы – қаражат. 2007, № 6

[20] Павпов А.А   «Развитие Казахстана в новом веке»,  Финансы и банки №3, 2007 г.

 

 

[21] Жаксыбаев М.И. «Алматы аймақтық қор орталығына айналуы». КазЭУ Хабаршысы. 2008, №2

 

[22] Сатиев С.А. «Қазақстанның  қаржы секторының  даму перспективасы». КазЭУ Хабаршысы. 2007, №3