МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАНКТІК ҚЫЗМЕТ.
1.1. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіндегі банктік қызмет. .
1.2. Банктер Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының ажырамас институты ретінде. . . . . . . . . . .
- БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.
2.1. Банктік қызметті мемлекеттік реттеудің түсінігі, түрлері. . .
2.2. Банктік қызметті мемлекеттік реттеу саласындағы арнайы құзірлі мемлекеттік органдар. . . . . . . . . .
ҚОРЫТЫНДЫ. . . . . . . . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
- нормативтік-құқықтық актілер. . . . . . .
- арнайы әдебиеттер. . . . . . . . .
КІРІСПЕ
Банктік қызметтің қазіргі таңдағы экономикамыздағы алатын орны ерекше. Банктік қызметті мемелекеттік реттеуді жетілдіру жолында 2003 жылы 4 шілдедегі «Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемелекеттік реттеу және қадағалау туралы» Заңы негізінде банктік қызметті мемлекеттік реттеу жаңа жүйеге негізделіп, іс жүзінде асырылуда. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы А. Г. Сайденовтың пайымдауынша «Бүгінде Қазақстан қаржы жүйесінің қарқынды дамып келе жатқан сегменті болып банктік сектор табылады…»1.
Халықтың және заңды тұлғалардың қаражатын тарту, онымен түрлі қаржылық операцияларды жүзеге асыратын институтттар ретіндегі банктердің ерекшеліктерін ескере отырып, банктің банкроттығы –– бұл оның салымшылары мен клиенттерінің тойтарылмайтын банкроттығы екендігін аңғару қиын емес. Банкроттық қатері төніп тұрған немесе банкроттыққа ұшыраған банк өз салымшыларының қаражатын пайдаланғаны үшін сыйақыны айтпағанда, ол бойынша негізгі қарызды өтеуге мүмкіндігі болмайды. Осыдан банк салымшылары мен клиенттерінің мүдделерін қорғау механизмін құру мәселесі туындайды. Мұнда қоғамның мүддесі жөніндегі мәселені шешуде мемлекет ерекше рөлге ие болады.
Аталмыш мәселе қазіргі таңда өзектілікке ие болып отыр, өйткені республикамызда банктік қызметтің дамуымен қатар жеке тұлғалардың салымдары мен заңды тұлғалардың депозиттерінің көлемі де өсу үстінде. Сонымен қатар, банктер мемлекеттегі төлем айналымының дамуына өз септігін тигізеді.
Бүгінде, Қазақстандағы банктік қызмет аясындағы мемлекеттік басқару процестері өтпелі нарықтық кезеңдегі аса күрделі реформалар мен ұзаққа созылатын әр қилы түрлендірулер ауқымында жүзеге асырылуда. Егемен елімізде қарқынды жүргізіліп жатқан нарықтық түрлендірулерге орай нарықтық экономиканың аясындағы банктік қызметті басқару реттеуге айтарлықтай назар аударылып, тиісті заңдар шығару ауқымын кеңейту шаралары көзделіп отыр. Сонымен бірге банктік қызмет аясын мемлекеттік басқару мемлекеттік қаржы, валюта, ақша-кредит саясатын, оның ішінде монетарлық саясатын, оның ішінде монетарлық саясатты жүргізудің тиімді құралы ретінде танылғандықтан және түбегейлі реформаларға байланысты өзекті проблемалары мен мәселелері көп мемлекеттік қызмет болғандықтан, сондай-ақ мемлекет пен қоғам мүдделері тұрғысынан алғанда қажеттілігіне байланысты қазіргі кезде алдыңғы қатарға шығып отыр. Қазақстан Республикасының елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан –– 2030» –– барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы жөнінде Қазақстан халқына жолдауында: «экономиканы ілгерілеті мақсатында таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтаруға, фискальді және монетарлық
қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз» 1 А. Г. Сайденов. «Развитие финансового сектора Қазахстана» // Банки Казахстана № 10. 2006 г. стр 3.
деген болатын.
Орта ғасыр ойшылы Монтескье «Мемлекеттерде адамдардың меншігі қорғалатын болса, онда адамдарда түрлі кәсіптерге баруға тәуекел етеді. Себебі олар өз меншігіне ешкім қол сұқпайды деп санайды және сондықтан өз байлығын айналымға жіберуге қорықпайды, себебі олар сол тауар айналымынан үлкен кірісті көздейді» дейді.1
Қазіргі таңда мемлекетімізде жүргізіліп жатқан жан-жақты реформалар, банк жүйесі мен банктік қызмет аясына да айтарлықтай ықпалын тигізуде.
1Сейтжанов А. А Банктік қызметті мемлекеттік басқару. з. ғ. к. ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертация – Алматы, 2005.
1.1.Мемлекеттің пайда болуының алғашқы кезеңінде қаржының ешқандай бөлімшелері болмады және ол тек «қазына» деген жалпы түсінікпен айқындалған. Мемлекет функциясының кеңеюіне, мемлекеттік аппараттың және әкімшілік аумақтық бөліністердің күрделенуіне байланысты мемлекеттің қаржылық қызметінің шеңбері кеңейе бастайды, ал мемлекетті қаржы құрылымдана және белгілі бір жүйеге топшылана түсті.
Материалдық мағынада қаржылық жүйе ақша қорларының жиынтығы болып табылады.1
…экономикалық тұрғыда әрбір қор ақша қорын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыруға байланысты қатынастар жиынтығын құрайтын қаржылық-экономикалық институт болып табылады.
Қаржылық жүйе белгілі бір (анықталған) қаржылық-экономикалық институттардың жиынтығы болып табылады.
Қаржылық жүйе туралы сөз қозғағанда «қаржы» ұғымының қай мағынада қолданылып тұрғанын айқындап алу керек.
Егер ол кең мағынада қолданылса (яғни мемлекеттік қаржымен қатар жекені де қамтыса), онда қаржылық жүйе, қаржыны осылай түсінуді жақтаушылардың көзқарасы бойынша, институттардың үш тобымен айқындалады.
- халықтың ақша –қаражаттары (олар қорға бірікпейді);
- заңды тұлғалардың (мекемелердің) ақша қорлары;
- мемлекеттің ақша қорлары.
Қаржыны тар мағынасында түсінгенде экономистер үш үлкен сфераны бөліа көрсетеді.
- кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың қаржысы;
- сақтандыру;
- мемлекеттік қаржы
Белгілі ғалым А. И. Худяновтың пікірінше, бұл жүйеде банктік кредит туралы мәліметтің болмауы белгілі бір түсінбеушілік жағдайға алып келеді.
Көпшілік экономистердің және заңгерлердің пікірінше қаржылық жүйе келесі институттардан тұрады.
- бюджеттік жүйе;
- бюджеттен тыс орталықтандырылған мақсатты қорлар;
- кәсіпорындардыі, мекемелердің, ұйымдардың, халық шаруашылығы салаларының қаржысы;
- мүліктік және жеке сақтандыру;
- кредит (мемлекеттік және банктік).
Қаржы жүйесін аталған институттарға бөлуге қазақстандық ғалымдар тарапынан қатаң сынға ұшырады.2
«… мемлекеттің қаржылық жүйесінің қалыптасуынегізінде қаржыны жеке мемлекеттік деп бөлу жатыр. Сонымен қатар, жалпы елдің қаржылық жүйесін және жеке мемлекеттің қаржылық жүйесінің ара жігін ажырата білу жүйесін
1 А.И. Худяков. Финансовое право Республики Казахстан. Общая часть- Алматы, ТОО «Баспа», — 2001. стр. 31.
2 Там же. Стр. 35.
және жеке мемлекеттің қаржылық жүйесінің ара жігін ажырата білу қажет» –– деп А. И. Худянов ой топшылайды. Біз өз тарапымыздан бұндай пікірге толығымен қосылып құптаймыз.
Жеке қаржы келесідей негізгі институттардан тұрады:
- ұйымдар қаржысы (коммерциялық және коммерциялық емес);
- сақтандыру ұйымдарының қаржысы;
- банктер қаржысы;
- мемлекеттік емес арнайы қорлар қаржысы (мысалы, мемлекеттік емес зейнетақы қорлары).
Әлбетте жоғарыда атап өтілген жағдайларда мәселе өздеріне тиесілі қорларды жеке меншік құқығында иемденетін мемлекеттік ұйымдар туралы болып отырғандығы анық.
Мемлекеттік қаржы келесідей қаржылық-экономикалық институттардан тұрады:
- бюджеттік жүйе;
- бюджеттен тыс мақсаттағы қорлар;
- мемлекеттік сақтандыру қаржысы (егер мемлекетте мұндай сақтандыру түрі болса);
- мемлекеттік банктер қаржысы (егер осындай банктер болса);
- мемлекеттік кәсіпорындар мекемелердің сондай-ақ шаруашылық жүйе, орталықтарының (басқару органдарының мемлекеттік басқару органдарының ) қаржысы.
Жеке және мемлекеттік қаржы құрамына кіретін институттар елдің толық қаржылық жүйесін құрайд, ал мемлекеттік қаржы құрамына кіретін институттар мемлекеттің өз қаржылық жүйесін құрайды.
Жоғарыда аталған институттарға жекелей тоқталатын болсақ, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы № 126-II Заңының 4-бабына сәйкес, сақтандыру дегенiмiз, сақтандыру ұйымы өз активтерi есебiнен жүзеге асыратын сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешенi.
Ал, сақтандыру қызметi — сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде не Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын қызметi.
Аталмыш заңның 11-бабына сәйкес, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметi сақтандыру қызметi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асыратын кәсiпкерлiк қызметтiң негiзгi түрi болып табылады.
- Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметiнен басқа қызметтiң мынадай түрлерiн:
1) инвестициялық қызметтi;
2) тиiстi жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегiнде өзiнiң сақтанушыларына қарыз берудi «өмірді сақтандыру » саласында қызметті жүзеге асыратын (сақтандыру ұйымы үшін);
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметiн автоматтандыру үшiн пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етудi сатуды;
4) ақпарат берiлiмдерiнiң кез келген түрлерiнде сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi жөнiнде арнаулы әдебиет сатуды;
5) бұрын өз мұқтаждары үшiн сатып алынған (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн) немесе оның қарамағына сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты келiп түскен (сақтандыру ұйымы үшiн) мүлiктi сатуды немесе жалға берудi;
6) сақтандыру қызметiне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетудi;
7) сақтандыру (қайта сақтандыру) саласында мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргiзудi;
8) сақтандыру агентi ретiнде сақтандыру делдалы болуды;
9) осы Заңның 52-бабының 1-тармағында аталған қызметтi;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi («өмiрдi сақтандыру» саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары үшiн) ;
11) сақтандыру ұйымдары арасындағы не сақтандыру ұйымдары мен ассистанс қызметін көрсететін өзге де заңды тұлғалар арасындағы бірлескен қызмет туралы шарттың негізінде жүзеге асырылатын ассистансты;
12) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген қызметті жүзеге асыруға құқылы.
- Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кәсiпкерлiк қызмет ретiнде осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген мәмiлелердi жүзеге асыруы мен операцияларды жүргiзуiне тыйым салынады.
- Сақтандыру ұйымдары, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн қор құруға құқылы. Қордың құрылу тәртiбi мен қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
Сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылардың (сақтандырушылардың, пайда алушылардың) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қорға сақтандыру ұйымдарының міндетті қатысуы Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тағы бір кең таралып келе жатқан институты инвестициялық қорлар болып табылады. «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы бюджеттен тыс инвестициялық қорларға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді. Осы заңның 1-бабының 10-тармақшасына сәйкес, инвестициялық қор — осы Заңға сәйкес құрылған акционерлiк немесе инвестициялық пай қоры, ал инвестициялық пай қоры болып пайға, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесiнде сатып алынған өзге де активтерге ақы төлеуден алынған, пайларды ұстаушыларға ортақ үлестiк меншiк құқығымен тиесiлi және басқарушы компанияның басқаруындағы ақша жиынтығы табылады.
Заңның 4-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасында инвестициялық қорлардың мынадай түрлерi:
1) акционерлiк инвестициялық қор;
2) ашық, аралық немесе жабық нысандарда құрылуы мүмкiн
инвестициялық пай қоры жұмыс iстейдi.
Инвестициялық қордың инвестициялық қызметi осы қор акционерлерiнiң немесе пай ұстаушыларының кiрiстер алуы және мұндай инвестициялау кезiнде қауiптiң азайтылуын қамтамасыз ету мақсатында акционерлiк инвестициялық қор тиiстi лицензиясы болған кезде дербес немесе қорды басқарушы компанияның қор активтерiн инвестициялауынан тұрады.
Инвестициялық пай қоры заңды тұлға болып табылмайды.Егер инвестициялық пай қорының ережесiнде өзгеше көзделмесе, қор шектелмеген мерзiмге құрылады. Инвестициялық пай қоры активтерiне меншiк құқығындағы үлес басқарушы компания шығаратын паймен куәландырылады.Инвестициялық пай қорының активтерiн оның пайларын ұстаушылар арасында бөлуге және олардан үлестi заттай бөлiп алуға жол берiлмейдi.
Инвестициялық пай қоры активтерiнiң ең төменгi мөлшерi пайлар шығарылымын тiркеу күнi, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген елу мың айлық есептiк көрсеткiштi құрайды. Бұнымен қатар жинақтаушы зейнетақы қорларды қарастыруды жөн көрдік. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 ж. 20 маусымдағы № 136-1 Заңының 1-бабының 16-тармақшасына сай, жинақтаушы зейнетақы қоры — зейнетақы жарналарын тартуды және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға. Заңның 33-бабына сай жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) ашық;
2) корпоративтiк болуы мүмкiн.
- Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жұмыс iстейтiн және тұратын жерiне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады.
- Корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорлары сол жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары және акционерлерi болып табылатын бiр немесе бiрнеше ашық тұлғалардың алушы-қызметкерлерi үшiн құрылады.
- Салымшының (алушының) заңды тұлғамен — акционермен еңбек шартын бұзуы, корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты бұзу, осы Заңның 23- бабы 1- тармағының 1) 3) тармақшаларында көзделген талаптар туындаған кездегі еңбек шарты бұзылған жағдайлардан басқа реттерде, үшiн негiз болады.
41-бапқа сәйк жинақтаушы зейнетақы қорларының:
1) зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға;
2) өзiнiң қызметi үшiн комиссиялық сыйақылар алуға;
2-1) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес берiлетiн лицензия негiзiнде зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi және бағалы қағаздар рыногындағы өзге де қызмет түрлерiн дербес жүзеге асыруға;
2-2) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша сот органдарында салымшының жазбаша өтініші бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен оның мүдделерін білдіруге;
3) зейнетақы шартының ережелерiне сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
- Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) алушыларға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен зейнетақы төлеуге;
2) жинақталған зейнетақы қаражаттары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асыруға;
3) салымшыға және ақпарат алушыға жылына кемiнде бiр рет, сондай-ақ оның сұрауы бойынша кез келген сұралатын күнгі оның жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай-күйi туралы ақы алмай ақпарат беруге және осы Заңның 50-бабында көзделген қағидаларды ескере отырып, оның жинақталған зейнетақы қаражаттары туралы ақпаратқа қол жеткiзуiнiң электронды және өзге де тәсiлдерiн қамтамасыз етуге міндетті.
Жинақтаушы зейнетақы қорының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпаратты беру тәсiлi салымшымен (алушымен) келiсім бойынша анықталады.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жеке зейнетақы шотында ақша болмаған немесе салымшы (алушы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көрсетілген тұрғылықты мекен-жайының өзгергенi туралы жинақтаушы зейнетақы қорына хабарламаған жағдайларда жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға (алушыға) өткен жылғы жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпарат жiберуді жүзеге асырмайды;
4) алушының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етуге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдары мен зейнетақы шартының ережелерiн бұзғаны үшiн жауап беруге;
6) салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне немесе сақтандыру ұйымына осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен аударуға;
7) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болмаған жағдайда зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға шарттар жасасуға;
8) бұқаралық ақпарат құралдарында уәкілетті органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен қаржылық есептiлiктi және уәкiлетті орган белгiлеген тәртіппен өзге де есептілік пен өз қызметi туралы ақпаратты жариялауға мiндеттi. Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы қорларына жарналар бойынша табысқа кепiлдiк немесе уәде қамтылған ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Pecпубликасының заңдарымен жариялауға тыйым салынған өзге де мәліметтердi жариялауға жол берiлмейдi;
9) жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы шартың жасасқан азаматтарға тең жағдайларды қамтамасыз етуге;
10) алып тасталды;
11) салымшымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;
11-1) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Орталыққа мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы салымшылармен жасасылған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiмет ұсынуға;
12) салымшымен ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;
13) әрбiр жеке тұлғаның тұратын жерiне қарамастан, олармен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу және оны бұзу кепiлдігін қамтамасыз етуге мiндеттi. Жинақтаушы зейнетақы қорлары әрбiр филиалдың және өкiлдiктiң осы қызметтердi көрсетуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
- Салымшылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында жинақтаушы зейнетақы қорларына:
- осы баптың 1-тармағында белгiленген қызмет түрлерiн және осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында белгiленген жағдайларды қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметке;
- өз мұқтаждары үшін сатып алған мүлікті сатып алу-сату мен жалға беруді және уәкілетті орган белгілейтін қаржы құралдарымен мәмілелерді қоспағанда, мүлікті сатып алу-сатуды жүзеге асыруға;
- сақтандыру қызметіне;
- зейнетақы активтерiн кепiлге беруге;
- акциялардан басқа бағалы қағаздар шығаруға;
- алып тасталды;
- мыналардың:
қаржылық ұйымдардың;
акциялары Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне листингтің ең жоғарғы санаты бойынша енгізілген, қаржы ұйымдары болып табылмайтын заңды тұлғалардың;
жинақтаушы зейнетақы қорын автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуды қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға тыйым салынады.
Осы тармақтың 7) тармақшасында аталған заңды тұлғалардың жинақтаушы зейнетақы қорына тиесілі жарғылық капиталға қатысу үлесі және акцияларының саны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мөлшерден аспауға тиіс.
4.Жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық орнықтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында сақталуы міндетті пруденциалдық нормативтер белгіленеді. Пруденциялдық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәнін, есеп-қисап әдістемесін, сондай-ақ тиісті есептілік нысандары мен оны табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.
5.Жинақтаушы зейнетақы қорының, онымен және оның құрылтайшыларымен аффилиирленген, жинақтаушы зейнетақы қоры қатысатын консорциумдар мен қарапайым серіктестіктерге қатысушы тұлғалар мен ұйымдардың қызметін реттеу шоғырландырылған негізде жүзеге асырылуы мүмкін. Реттеуді шоғырландырылған негізде жүзеге асыру ережесін уәкілетті орган белгілейді.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бухгалтерлiк есеп жүргiзiп, жеке қаражаты және зейнетақы активтері бойынша уәкiлеттi органға және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне бөлек қаржылық және статистикалық есеп бередi.
Салымшылардың (алушылардың) жеке шоттарыңдағы міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының есебi уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен бөлек жүргiзiледi. Зейнетақы жарналары есебінің дұрыс жүргізілуіне және инвестициялық кірістің салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шотына есептелуіне уәкілетті орган бақылау жасайды.
Зейнетақы активтерiн және жеке зейнетақы шоттарындағы жинақталған қаражатты есепке алуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар уәкiлетті органның нормативтік құқықтық актiсiмен белгіленедi.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары бухгалтерлік есепте және есеп беруді жасау кезінде пайдаланылатын құжаттардың есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Сақталуға жататын негізгі құжаттардың тізбесі мен олардың сақталу мерзімін уәкілетті орган белгілейді.( «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 ж. 20 маусымдағы № 136-1 Заңының 49-бабы). «Қазақстанның Инвестициялық қоры» акционерлік қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы N 501 қаулысы негізінде жарғылық капиталына даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негізделген 100 пайыз мемлекеттiң қатысуымен «Қазақстанның Инвестициялық қоры» акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Қор) құрылған болатын. Мыналар:
«1) шикiзаттар мен материалдарды тереңдетiп өңдеудi жүргiзетiн, қазiргі заманғы және озық технологияларды пайдалана отырып бәсекеге қабiлеттi әрi табысты өнiм шығаратын, сондай-ақ өнеркәсiптiң перспективалы кәсiпорындарына өндірiстiк қызметтер көрсететiн жаңадан құрылатын, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындардың жарғылық капиталына инвестицияларды жүзеге асыру;
2) инвестициялардың көлемiн кеңейту жолымен Қазақстан Республикасында корпоративтiк бағалы қағаздар рыногының дамуын ынталандыру, сондай-ақ қор рыногының қазiргi заманғы құралдарын қолдану үшiн жағдайлар жасау;
3) Қордың кәсiпорындардың жарғылық капиталына және оларды басқаруға қатысуы есебiнен ықтимал инвесторлар үшiн кәсiпорындардың тартымдылығын арттыру;
4) отандық және шетелдiк кәсiпорындардың арасында өндiрiстiк кооперацияны қамтамасыз ету, толықтыратын, сабақтас өндiрiстердi дамыту үшiн шетелдiк инвестицияларды жүзеге асыру;
5) шетелдегi қазақстандық кәсiпорындардың инвестициялық белсендiлiгiн арттыруға жәрдемдесу;
6) халықаралық тәжiрибе мен стандарттарды қолдану негiзiнде инвестициялық портфельдердi басқарудың озық практикасын әзiрлеу;
7) Қордың инвестициялық жобаларына қатысу үшiн менеджерлердi даярлау Қор қызметiнiң негiзгi мiндеттерi болып белгiленді.
- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қордың жарғысын және инвестициялық декларациясын бекiтудi, Қордың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн;
2) республикалық бюджет қаражаты есебiнен 23 000 000 000 (жиырма үш миллиард) теңге сомасында Қордың жарғылық капиталының акцияларына ақы төлеудi және мынадай мекен-жай бойынша: Алматы қаласы, Зеньков көшесi, 80 орналасқан ғимаратты беруді;
3) «Қазақстанның Инвестициялық қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеудi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгізудi;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсiн.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Қор акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын берсiн».
Барлық мемлекеттерде сияқты, Қазақстан Республикасының да қаржылық жүйесінде банктер қаржысы ерекше орынға ие болады. Бұл мәселеге кеңінен тоқталмастан бұрын, аталмыш институттың тәуелсіз Қазақстан Республикасында даму аспектілеріне тоқталып кетуді жөн санадық.
1997 жылдың басымен салыстырғанда Қазақстан Респуликасында 1997 жылдың 1 шілдесінде қалыптасқан жағдайға байланысты: жеке тұлғалар салымдары 19, 3 % -ға (1997 жылдың 1 шілдесінде олар 23, 1млд теңгені құраған), заңды тұлғалар депозиттері 1, 09 %-ға (1997 жылдың 1 шілдесінде 53, 36 млд теңгені құрады) көбейген болатын.
Банктік жүйеге тек қана мемлекеттік әсер ету арқылы ғана банктердің банкроттығының алдын алуға, олардың салдарын жеңілдетуге болады. Бұл мәселе Қазақстан Респуликасында банктер санын қысқартуға байланысты өзектілікке ие болған.
Осылайша, 1995 жылдың 1 қыркуйегінде қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстанда 147 банк және 1043 филиал қызмет етсе.
1996 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда 130 банк және 1036 филиал қызмет еткен. 1996 жылдың 1 сәрінде олардың саны сәйкесінше 123 және 1009 – ды құрады. 1997 жылдың 1 тамызында 98 банк қалды . 1998 жылдың
14 қантарында қалыптасқан жағдайға сәйкес банктер саны 77 дейін кеміді .
Тап соындай банктік лицензиялары қайтару тенденциясы Ресей Федерациясында да байқалған. Екі жылдың ішінде шамамен 500 банк (Олардың ішінде 334 – і 1997 жылы), 300 – і ірі банктерге қосылу арқылы қызметтерін тоқтатқан болатын. Рсей Оралық Банкінің алдын ала болжамы бойынша 1998 жылы 1702 «тірі» банктердің ішінен олардың 200 – нен астамының лицензиялары кері қайтарылмақ болатын.
Қазақ КСР — інің 1990 жылдың 7 желтоқсанында қабылданған « Қазақ КСР – індегі банктер және банктік қызмет туралы » банктердің жарғылық қорын қалыптастыру тәртібінде мүлде ешқандай айрықша талап қоймаған. Жарғылық қор банк құрылтайшыларының ( акционерлерінің ) қарызға алған қаражаттарынан және де ақшалай емес құндылықтардан да құрала беретін. Бұл жағдай банк кредиторларының талаптарын қанағаттандыруға ешқандай да шындыққа жанасатын кепілдіктер бере алмайтын.
1993 жыл 14 сәірдегі Қазақстан Республикасының «Қазақстандағы банктер туралы » заңы кейбір түзетулер енгізді : жарғылық қорды қалыптастыруға кредитке алынған және кепіл пұл ретінде алынған қаражаттарды пайдалануға тыйым салынды.
Тек 1995 жылдың 31 тамызында шығарылған «Қазақстан Республикасындағы банкттер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы банктің жарғылық капиталын қалыптастыру тәртібіне қатаң талаптар белгіледі: банктің жарғылық капиталы құрылтайшылардың ( акционерлердің ) жеке қаражаты есебінен және тек ақшалай түрде құрылуы бекітілді.
Осылайша, республикада банктік қызметті мемлекеттік реттеудің жоқтығы немесе жеткіліксіздігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы О. Жандосовтың айтуынша мынандай жағдайға алып келді: «1991 – 1993 жылдары өздерін банк деп санау және банктік қауымдастық атынан сөйлеу құқығына заңды және жеке тұлғалардың кең шеңбері ие болды, шын мәнінде қияр асқабақтан қалай алыс болса, олар «банк» ұғымынан солай алыс еді » деп ой топшылаған.
Кәсіпкерлік қызметке байланысты мемлекеттік органдармен қабылданатын кез келген шешім бірінші кезекте қоғам мүддесін, екінші кәсіпкерлер мүддесін және соңғы кезекте мемлекет мүддесін ескеруі қажет деген пікірмен келіспеуге болмайды.1
Соңғы жылдары Қазақстан банктерінің сыртқы қарыздарының көлемі жыл өте артуы құзіретті мемлекеттік органдарды алаңдатуда. Мынадай мәліметтерге көңіл аударуды жөн санадық.
Жоғарыда Қазақстан респуликасы қаржы жүйесінің ең қарқынды дамып келе жатқан сегменті болып банктік сектор табылатынын атап өткенбіз. Осы мәселеге жеке тоқталып кеткенді жөн санадық. 2000 жылдың 1 қыркүйегінде қалыптасқан жағдайға байланысты банктік жүйенің жеке капиталының жиынтығы 6, 9 млд АҚШ долларының активтер жиынтығын 50, 2 млд АҚШ долларын (шамамен ВВП-ның 71 % ) құрайд. Халықтың банк жүйесіне сенімнің артуы банктердің ресурстық базасының қарқынды дамуына негізделеді. Соңғы 5 жылда банктік жүйедегі депозиттер 7 есе өсіп, 19, 3 млд АҚШ долларын құрады. (ВВП 27, 9 %). Халық салымы 5, 6 есе өсіп, 6, 3 млд АҚШ долларын құрады. Ресурстық базаның инвистициялық өсімі банктерге экономиканы белсенді түрде несиелеуге мүмкіндік береді. Соңғы бес жылдың ішінде экономикадағы банк кредиттері 510, 8 есе өсіп, 30, 3 млд АҚШ долларын құрады. Кредиттік қызметті дамытуға байланысты банктер кредиттеудің әр түрін игеруде. Оның ішінде тұтыну және ипотекалық несиелеуді, тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесін атап өтуге болады. Осылайша азаматтардың тұтыну мақсатына берілетін банктік кредиттер соңғы 3 жылдың ішінде 10 есе, ипотекалық несиелер соңғы 2, 5 жылда 9, 5 есе өсті.2
Мемлекеттің сыртқы қарыз көлемін шектеуге бағытталған саясаты банктерді қатты толғандыруда. Еске сала кетсек 2006 жылдың 21 сәуірінде Ұлттық Банк өкілдері банктердің ішкі және сыртқы міндеттемелеріне екі түрлі резервтік норматив енгізілетінін хабарлаған. Мемлекет бұны мемлекеттің жалпы сыртқы қарызының экономикаға қауіпті ВВП-ның 70 % асып кеткендігімен негіздейді.2
Fitch Ratings рейтингтік агенттігінің «Қазақстандағы банктік жүйе және пруденциялық реттеу: өсім тәуекелдері» атты жарияланған есебінде өзекті қауіптер кредиттеу көлемінің тез әрі қарқынды өсуі және банктердің шетелдік қорларға тәуелділігі анықталған. Банктердің өздерінің болжамдарына негізделе отырып берген Fitch аналитиктерінң кеңесіне сәйкес 2009 жылға қарай активтер мен кредиттердің 3 еседен артық өсімі күтілуде, соның ішінде, жеке тұлғаларды кредиттеу 5 есеге өскен. Елімізде орын алған тұтыну жарылысын ескеретін болсақ, ол кредит көлемінің 2009 ж 72 % дейін «ВВП-ның» өсуіне алып келеді. 2005 ж бұл көрсеткіш 40 % құраған.
1А. Г. Сайденов. Развитие финансового сектора Казахстана. // Банки Казахстана-№10, 2006. с.3.
2 Б. Абдуллин. Рост без првил ? // Континент — №10 (171), 2006. с 18.
Банктер өз қарыз алушыларын қаржыландыруды негізінен халықаралық нарықтан алынған міндеттемелер есебінен кеңейтуде. Шет елдік қорландыруға (фондирование) тәуелділік қайта қаржыландыру тәуекеліне және пайыздық тәуекелге әкеп соқтырады. Шетелдік валютада кредиттеудің мөлшерінің ұлғаюы қосымша кредиттік тәуекелдің көзі болып табылады», – Fitch аналитикалық тобының директоры Джеймс Уотсон санайды.1
Аталмыш мәселеге халықаралық қаржы ұйымдарының да назары ауып отыр. Халықаралық валюта қорының сарапшылары мемлекеттің кредиттік қаржылық жүйесінің проблемаларын көрсеткен болатын. Үстіміздегі жылдың 16-қазанында ХВҚ таяу шығыс және орталық Азия елдері департаментінің аға кеңесшісі Дэвит Оуэнның пайымдауынша, 2007 жылы үкіметтің міндеті болып инфляция өсімін шектеу және соңғы кезде банктердің сыртқы міндеттемелерімен қаржыландырылатын елдегі кредиттердің қарқынды өсуі мен кеңеюін ұстап тұру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру табылмақ. Оуэн мырза «ақша-кредит саясатын қатаңдату және қатаң пруденциалдышараларды қабылдау аса қажетті болады,» –– деп ой түйіндеген және бұл елдегі макроэкономикалық тұрақтылықты сақтап тұрудың өзекті шарттарының бірі болып табылады.
Банкирлер ХВҚ-ны консерватизмі үшін сынға алады. Бірақ біз қаржылық нарықтың дағдарысы алдында тұрмасақ та, бұл дағдарыс бізден алыс емес. Кредиттік ұйымдар ел экономикасына сапалы түрде игере алмайтын ақша мөлшерін тартты. Бұнымен кредиттік толтыру процесі кушею үстінде2 .
Кредиттік ұйымдар Ұлттық Банк енгізген жаңа минималды резервтік талаптарға (МРТ) алаңдаушылық білдіруде. Ұлттық Банк жаз айларынан бастап, жаңа шектеулерді қаржылық топтардың шетелден қарыз алуын шектеу мақсатында кезең кезеңімен енгізе бастаған.
Ал үстіңгі жылдың қазан айында Ұлттық банк төрағасы Ә. Сайданов МРТ-ның кезекті блогын енгізуді кейінге қалдыру туралы шешімін түсіндіре отырып, банктер шілдеде енгізілген шектеулерді (лимиттерді) «үлкен қиындықпен» орындап жатқандығын атап өтті.
… көшбасшы банктер резервтерге жаңа талаптар енгізілгеннен кейін халықаралық рыногтан өзінің бұрынғы қарыздарын жабуға (қайта қаржыландыруға) бағытталған кредиттерді белсенді тарта бастады. Осылайша «Тұран Әлем Банкі» 2006 жылдың 13 қыркуйегінде 1, 111 млд. АҚШ доллары көлемінде ірі синдициреленген (синдицированный) қарызды тартқандығы туралы хабарлаған. Бұл қарыз екі трапшта, 18 ай және 3 жыл мерзімге тартылды. Банктің баспасөз қызметі хабарлағанындай қарыз «жалпы корпоративтік мақсаттарға, сонымен қатар, 777 млн. доллар көлемінде алынған қарызды қайта қаржыландыруға» тартылмақ.
… үстіміздегі жылдың тамыз айында Казкомерцбанк 850 млн доллар
1Новые предостережения // Континент-№23(184), 2006. с.19. Материалы «Интерфакс Казахстан.»
2А. Иконников. Колосс на глиняных ногах.// Континент — №21 (182) 2006 с. 30.
көлемінде синдициреленген қарызды, 18 айға тартқан. Ал қыркуйекте Thomson Financia агенттігі хабарлағанындай, банк инвестициялық банктерге жаңа синдицириленген кредитті ұйымдастыруға өтініш жіберген. Оның көлемі 800 млн долларды құрап және ол алдыңғы тартылған кредитті жабуға бағытталмақ.
Ұлттық Банктің «алпауыт» банктерге қатысты жүргізіп жатқан іс-шаралары кері әер беріп отырған сыңайлы: Батыстан қарыз алуды қысқартудың орнына олар керісінше жаңа кредиттерді тартуда.
1998 жылы Ресейде бір күннің ішінде кәсіпорындар мен азаматтардың ақшасы бірнеше есе құнсызданып, кредиттерді қайтармауға әкеліп соқтырды, нәтижесінде оншақты банктік мекемелер құрдымға кеткен болатын. Бүгінгі таңда Қазақстанда да 1998 жылғы дағдарысқа дейін орын алған белгілерді көруге болады. Ең бастысы ақшаның шамадан тыс көптігі. 1998 жылға оқиғаға дейін де осылай болған.
Сол кезде де белгілі әлемдік қаржыгерлер «арзан ақша дәуірінің» келе жатқандығын айтқан болатын.
Бүгінгі таңда Қазақстанда қолжетімді арзан ақшаның шамадан тыс артуы оларды салудың сапалы құралдарының жеткіліксіздігімен суреттеледі. Қаржылық жүйенің өсу ырғағы өткен жылдар рекордтарын жаңартуда. Тамыз айында Қазақстан банктерінің жиынтық міндеттемелері жыл басымен салыстырғанда 25,72 пайызға, ал бір жылдың ішінде 68, 59 пайызға өсті. Сол жылы шетелдік кредиторларға жиынтық қарыз екі есеге артты. Банктердің жеке және заңды тұлғалардан тартылған салымдардың жалпы сомасы 2006 жылдың басынан 40, 6 пайызға өсті.
Өткен жылдың күз айларына қарай қаржылық жүйедегі қаржылық кредиттердің үлес салмағы 37,8 пайызға жетті, ал қайтарылмағандары шамамен үш пайызды құрады.
Көптеген ірі банктер әртүрлі банкілік емес бағыттағы құрылымдармен «тарамдалып» кеткен. Оларға лизингтік және инвестициялық компанияларды, активтерді басқару компаниялары, клиринг, қаржылық брокерлерді, сақтандыруды және т. б. жатқызуға болады. Бір жағынан бұның барлығы көптеген ірі Қазақстандағы банктер осы статусқа талпынатын «қаржылық супермаркет» атрибуттары болып табылады.Екінші жағынан еншілес компаниялардың қызметі қаржылық топтарға қатаң банктік нормаларға суйенбей тартылған активтерді пайдалануға мүмкіндік береді. Біздің кейбір банктер қарыздарды өздерінің еншілес инвестициялық компаниялары арқылы тартатындығы қызығушылық туғызады. Мысалы, «Тұран Әлем Банкі» өзінің рекордтық қарызын еншілес Тұран Alem Finance В. V.-ге тартқан. Бұндай ойындардың мәні жай бақылаушыға түсініксіз болып көрінуі мүмкін. Шын мәнінде тиімді жақтарының бірі болып тартылған активтерді қаржылық топтың қызығушылығын туғызатын проектілерге салу табылса, ал банк статусы мұндай инвестициялар жасауға мүмкіндік бермейді.
Ипотекамен қатар банктер әр түрлі құрылыстарды қаржыландыруда. Бұған кезекті Алматылық Apple Town мегапроекті мысал бола алады және оны Казкомерцбанк оңтүстік кореялық Woori Bank –пен бірге кредиттейді.
… біздің жылжымайтын мүлік нарығы шамадан тыс қызу үстінде. Егер сол 1998 жылды еске түсіретін болсақ, онда дәл сол Жапония мен Оңтүстік Шығыс Азия жылжымайтын мүлік нарығындағы дағдарыс осы елдердің алпауыт банктерінің күйреуінің себебіне айналған. Және де бұл жағдай Ресейдегі қаржылық дағдарыстың негізіне айналды.1
Қазақстан Республикасының 30 тамыз 1995 жылы қабылданған Конституциясының 26-бабының 4-тармағына сәйкес, әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополистік қызмет заңмен реттеледі және шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.
Қазақстан Респуликасы Азаматтық кодексінің 10-бабының 1-тармағына сәйкес, «кәсіпкерлік – меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жекеменшікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметті кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан оның тәуекел етуімен және мүліктік жауакершілігі мен жүзеге асырылады.»2
Бірақ кәсіпкерлік қызметтің бір түрі ретіндегі банктік қызметтің өзінің ерекшеліктері бар, олар:
- банк тек өзінің қаражатын ғана емес тартылған қаражатты да пайдаланады, сәйкесінше, салымшыларға да белгілі бір дәрежеде кәсіпкерлік қызметтің тәуекелі жүктеледі;
- банктік операцияларды жүзеге асыру мемлекеттік ақша-кредит саясатын жүргізудің қажетті элементі болып табылады. Осылайша, банктердің заңды тұлғалар ақшасын есептік шоттар ашу жолымен тартуы мемлекет белгілеген заңды тұлғалар ақшасын міндетті түрде банктік шоттарда сақтау ережесінен туындайды;
- банктік қызметке ерекше құқықтық реттеу режимі қолданылады;
- банктік қызметті реттеуші заңнамаға банктік құқықтық қатынас субъектілерінің жүріс-тұрысын қатаң және толық айқындау тән3.
Кәсіпкерлік қызмет ретінде банктік қызмет ерекше ережелермен жүзеге асырылатын салық салынуға жатады4 .
«Банктік қызмет –– коммерциялық банктер тарапынан барлық меншік
1А. Иконников. Колосс на глиняных ногах.// Континент — №21 (182) 2006 с. 30.
2ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдері) – Алматы: ЮРИСТ, 2006ж
3Абжанов Д. К. Государственно – првовое регулирование банковской деятельности в РК / Диссертация на соискание уч. степ. К.Ю.Н. Автореферат – Алматы, 1998 стр 9.
4Олейник О. М. Основы банковского права: Курс лекций. –– М.:Юристь, 1997. стр 28.
нысандарына негізделген кәсіпорындар мен барлық салалар мүдделеріне қатысты жүзеге асырылатын әмбебап банктік операциялар,» деп түсіндірген.
Н. Эриашвилли сол операциялардың ақша капиталын тарту және жұмылдыру, кредиттеуге делдал болу.
Шаруашылықтағы есеп айырысулар мен төлемдері жүргізу, бағалы қағаздар шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру, консультациялық қызмет көрсету сияқты түрлерін атап көрсеткен1
С. М. Найманбаев қалыптастырған банктік қызмет ұғымы, біздің ойымызша, бір жақты қоғамдық –– мемлекеттік сипатта көрініс тапқан сыңайлы: «Банктік қызмет деп қоғамдық – мемлекеттік материалдық мүдделер мен мұқтаждықтарды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Ұлттық Банкі мен басқа да кредиттік ұйымдардың банк жүйесін жетілдіруге, мемлекеттік банктердің ақшалай ресурстарын қалыптастыруға және оларды мемлекеттің саудалық қорлары ретінде пайдалануға бағытталған, банктер туралы заңдарда көзделген банктік операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыру жөніндегі қызметтерін айтамыз»2
М. Пессель банктік қызметтің әр түрі мен тұстарын талдау нәтижесінде: «Банк ақша қаражаттарын (салымдарды) жинақтайтын, кредит (заем, сауда) беретін, ақшалай есеп айырысуды жүргізетін, ақша, бағалы қағаздарды шығаруды (эмиссиялауды) жүзеге асыратын, мемлекеттер, кәсіпорындар, мекемелер және жеке есеп айырысулар кезінде делдал болатын айрықша экономикалық институт» деген анықтаманы қалыптастырған.
Сонымен қатар, ол «нарықтық экономикада жұмыс істейтін әр түрлі банк мекемелерін меншік нысандарына және қызметтерінің сипатына қарай мемлекеттік банк, акционерлік банк, халықаралық банк, эмиссиялық банк, сыртқы сауда банкі, депозиттік банк, жер банкі, ипотекалық банк, инновациялық жинақ банкі, тұтынушылық кредит банкі»3 деп бөлген.
Ал банктік құқық саласын жан-жақты зерттеуші ғалымдардың бірі О. Олейник «Банктік қызметті банктер тарапынан, сондай-ақ, басқа да кредиттік ұйымдар арқылы күнделікті және нақтылы жүзеге асырылатын банктік операциялардың жиынтығы деп түсіну қажет »4, — деген ой-пікірін айтады.
А. А. Сейтжановтың пікірінше «… тек жалаң «банктік операциялармен» шектелі банктік қызмет ұғымының философиялық, экономикалық, құқықтық мәні мен маңызын толық ашып көрсетуге жеткіліксіз болатын сияқты».Сонымен бірге, «банктік қызмет» ұғымын «банктік операция терминіне көп қырлы мағына беріп байыту арқылы ғана дұрыс немесе ойдағыдай қалыптастыруға мүмкіндік туындайды және тағы бір назар аударатын өте маңызды жайт «банктік операция» банктік қызметтің «өзегі»
1Эриашвили Н. Д. Банковское право.-М., 2000 стр 45
2Найманбаев С. М. Мемлекеттік басқару: маңызы, ерекшеліктері // Ақиқат-2000 №5 44 бет.
3Пессель М. А. Проблема разделения власти и банковская система. // Деньги кредит. – 2000. -№1. стр 65. 4Олейник О. М. Основы банковского права. –М.; 1997. стр 7.
әрі «темір қазығы» болып табылады.1
Демек банктік қызмет ретінде жүзеге асырылатын банктік операциялардың түрлерін толығымен қарастырып өткеніміз жөн болады. Қазақстан Респуликасының (1995 жылғы 31 тамыздағы) «Қазақстан Респуликасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңында банк жүйесі ауқымында жүзеге асырылатын банктік қызметтер (банктік операциялар) егжей-тегжейлі айқындалып, белгіленген Аталмыш заңның 30-бабының 1-тармағында «Банк операцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ банктердің осы бапта белгілегне өзге де операцияларды жүргізуі банк қызметі болып табылады» деп айтылған.
Жоғарыда айтылған заңның 30 – бабының 2-тармағына сәйкес банк операцияларына мыналар жатады:
1) депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
2) депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
3) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
4) жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу жатады, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты саны көрсетіледі;
5) кассалық операциялар: қолма-қол ақшаны ұсатуды, айырбастауды, қайта санауды, сұрыптауды, қаттап бууды және сақтауды қоса алғанда, осы тармақтың 1), 2), 6)-9), 12) және 13) тармақшаларында көзделген банк операцияларының бірін жүзеге асыру кезінде оларды қабылдау және беру;
6) аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың төлемдер және ақша аударымдары бойынша тапсырмаларын орындау;
7) есепке алу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдері мен өзге де борышкерлік міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
8) банктік заем операциялары: банкке, ипотекалық ұйымға, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокерге және (немесе) дилерге және акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы компанияға тиесілі заңды тұлғаға төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысандағы кредиттер беру;
9) шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
10) банкаралық клиринг: төлемдерді жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау және растау, сондай-ақ олардың өзара есебін жүргізу және клиринг қатысушылары — банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың таза позицияларын айқындау;
11) төлем карточкаларын шығару;
12) банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау;
1Сейтжанов А. А. Банктік қызметті мемлекеттік басқару. з. ғ. к. ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертация. – Алматы, 2005. 19 бет.
13) төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;
14) аккредитив ашу (ұсыну) мен оны растау және ол бойынша
міндеттемелерді орындау;
15) банктердің ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беруі;
16) банктердің үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдемелерін және өзге де міндеттемелерді беруі жатады. 11.Банктер, осы баптың 2-тармағында көзделген банк операцияларымен қатар, уәкілетті органның лицензиясы болған жағдайда мына операцияларды жүзеге асыруға құқылы:
1) тазартылған қымбат бағалы металдарды (алтын, күміс, платина, платина тобына жататын металдар) құйма күйінде, тазартылған қымбат бағалы металдардан жасалған монеталарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
2) құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
3) вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдерді инкассоға қабылдау, төлемшілердің вексельдерді төлеуі жөнінде қызметтер көрсету, сондай-ақ делдалдық тәртібімен домицилденген вексельдерді, вексельдер акцептін төлеу;
4) лизинг қызметін жүзеге асыру;
5) өзінің бағалы қағаздарын (акцияларды қоспағанда) шығару;
6) факторингтік операциялар: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемсіз тәуекел етіп қабылдай отырып, төлем жүргізуді талап ету құқығын алу;
7) форфейтингтік операциялар (форфетингтеу): тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының қарыз міндеттемесін сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу;
8) сенімгерлік операциялар: сенімгердің мүддесіне және тапсырмасы бойынша ақшаларды, ипотекалық қарыздар және тазартылған қымбат бағалы металдар бойынша талап ету құқықтарын басқару;
9) сейфтік операциялар: сейфтік жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беруді қоса алғанда, құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызметтер.
- Банктер бағалы қағаздар нарығында мынадай кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы:
1) Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингін алған елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен не онсыз уәкілетті органның шешімі бойынша мемлекеттік бағалы қағаздармен, базалық активтерінің тізбесі мен оны сатып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейтін туынды бағалы қағаздармен — брокерлік;
2) Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингін алған елдердің бағалы қағаздарымен не онсыз уәкілетті органның шешімі бойынша мемлекеттік бағалы қағаздармен, сондай-ақ базалық активтерінің тізбесі мен оны сатып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейтін туынды бағалы қағаздармен, осы Заңның 8-бабында белгіленген жағдайларда өзге де бағалы қағаздармен — дилерлік;
3) кастодиандық;
4) трансфер-агенттік.
Банктердің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің жоғарыда аталған бір немесе бірнеше үйлесімді түрлерін жүзеге асыруына лицензияны уәкілетті орган береді.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген рейтингтік агенттіктердің тізбесін және ең төменгі талап етілетін рейтингін уәкілетті орган айқындайды.1
Бүгінде өскелең қоғам өмірінің әр алуан мүдделерінің түйісетін жері банк жүйесінің ауқымы болғандықтан, сондай-ақ, соңғы кездерде қаржы, валюта
1.2. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 5 маусым 2006 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Заңына (ары қарай «Заң») сәйкес, аталмыш өңірлік қаржы орталығы құрылып, оның құқықтық мәртебесі айқындалды. Заңның 3-бабаына сәйкес, Қаржы орталығын құру мыннадай мақсаттар мен оның жұмыс істеу принциптеріне сүйенеді:
Қаржы орталығын құрудың мақсаттары бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту, қазақстандық капиталдың шетелдік бағалы қағаздар нарығына шығуы болып табылады.
Қаржы орталығы:
- қазақстандық және шетелдік қатысушылардың теңдігі;
- капиталдың Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес қозғалуы принциптерімен жұмыс істейді.
Қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган құрылып, Қаржы орталығына қатысушылардың дауларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мамандандырылған қаржылық соттың шешетіндігі айқындалды. (Заңның 4- және 9-баптары).
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алматы қаласында мамандандырылған қаржылық сот құру туралы» 17 тамыз 2006 жылғы Жарлығына сәйкес Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушылардың азаматтық-құқықтық дауларын қарауға уәкілетті, облыстық сотқа теңестірілген мамандандырылған қаржылық сот құрылды.
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы болып саналатын қор биржаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің төрағасының 2006 жылығы 8 қыркүйектегі № 8 Бұйрығының 1-тармағына сай, Қазақстан Республикасының Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттігі (әрі қарай — Агенттік) болып саналатын қор 1«ҚР-дағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР 1995 ж. 31 тамыздағы №2444 заңы (2006-07.07. берілген өзгерістер мен толықтырулар мен) – спарвочное правовая система ЮРИСТ, 12. 02. 2007.
биржаларының тізбесі бекітілді. Оларға мыналар кіреді:
1) NYSE
2) NASDAО
3) London Stock Exchange
4) Euronext
5) Toronto Stock Exchange
6) Deutsche Borse
7) Tokyo Stock Ехсhаngе
8) ВМЕ Spanish Exchanges
9) Borsa Italiana
10) SWX Swiss Exchange
11) Hong Коng Stock Exchange
12) Shanghai Stock Exchange
13) Singapore Exchange
14) Taiwan Stock Exchange Corp.
15) «Қор биржасы Москвалық банк аралық валюталық биржасы» жабық акционерлік қоғамы;
16) «Алғашқы қор сауда жүйесі» Қауымдастығы;
17) «Қазақстандық қор биржасы» АҚ.
Бүгінде таратылған баспасөз баянына сәйкес, қаржылық орталықтың құрылысы он фаза, үш кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңі мен бірінші фазасы 2007-жылдың аяғына дейін, екінші кезеңі 2008-жылдың аяғына дейін, үшінші кезеңі — 2009-жылдың аяғына дейін жүзеге асырылады. Алғашқы фазасында жалпы аумағы 160 мың шаршы метрді құрайтын төрт кеңсе ғимаратын салу көзделген. Жалпы алғанда қаржылық орталықта жалпы аумағы 1 млн. шаршы метрдң құрайтын 30 кеңкес ғимараты болмақ.
Алдын-ала болжам бойынша оған 2 млрд. доллар көлемінде инвестиция жұмсалмақ.
Алматы қаласындағы аймақтық қаржылық орталықты бірегей құқықтық режимдегі арнаулы аймақ түрінде құру көзделіп отыр. Аймақтық қаржылық орталықтың жұмысын реттеуші органға бірқатар министрліктердің, оның ішінде заңды тұлғаларды мемлекеттік реттеу, салық және кедендік бақылау, виза беру т.б. мемлекеттік функциялары беріледі. Сонымен қатар қаржылық орталық үшін жеке тәуелсіз сот құрылмақ. Аймақтық қаржылық орталықта тек брокерлік және дилерлік ұйымдар тіркеуден өтеді. Бұл ретте аймақтық қаржылық орталыққа арнайы құқық беру арқылы заңды тұлға ретінде және аймақтық қаржылық орталыққа қатысушы ретінде тіркелуді өзара біріктіру межеленген. Қаржылық орталыққа қатысушылардың құқықтық қабілеттілігі тек аймақтық қаржылық орталықтың арнаулы сауда алаңында сауда-саттықты жүзеге асыру құқығымен шектеледі. Аймақтық қаржылық орталықта іс-қызмет жүргізу үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар Алматы қаласындағы халықаралық әуежайға келгеннен кейін елімізге кіретін виза алады. Аймақтық қаржылық орталықтағы негізгі ойыншылар тобы брокерлік-дилерлік ұйымдармен бірге эмитенттер, инвесторлар мен маркет-мейкерлерден құралады. Аймақтық қаржылық орталыққа қазақстандық зейнетақы қорлары, пай қорлары, сақтандыру ұйымдары, отандық банктер мен компаниялар, ресейлік және басқа да аймақтық банктер, ірі және ортаңқол жеке инвесторлар, шетелдік, соның ішінде исламдық инвесторлар инвестиция салады деп күтілуде.1
2.1.Қазіргі кездегі банктік қызмет қоғам мүддесі мен мемлекет меншігіне байланысты күрделі мәселелерді шешуге септігін тигізетін қаржылық-экономикалық қатынастарды түрлендіруге, қаржы жүйесін нарықтық жағдайларға сай келтіруге және инвестициялық белсенділікті дамытуға қызу ат салысатын, сондай-ақ әлеуметтік хал-ахуалдар мен экономикалық тұрақтылықты тиісінше қамтамасыз ете алатын, Қазақстан республикасының тиісті заңдары мен сол заңдардың негізінде қабылданған нормативтік – құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылатын, экономикалық сипаттағы қызмет болып табылады.
Сонымен банктік қызмет қоғамдық, қоғамдық- мемлекеттік маңызы бар материалдық мүдделер мен қажеттіліктерді қамтамасыз етуге, мемлекеттік және мемлекеттік емес банктердің ақшалай ресурстарын қалыптастыруға және оларды дұрыс пайдалануға бағытталған.
Демек, бұл жердегі мемлекеттің басты мақсаты, өзінің арнайы мамандандырылған, жеткілікті көлемдегі қаржылық құзіреттері бар, уәкілетті органдары арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен басқа да банктердің, сондай-ақ Қазақстан Респуликасының тиісті заңдары бойынша мемлекеттің қаржылық агенттері болып саналатын мемлекеттік емес банктердің банктік қызметтерін мемлекеттік басқару болып табылады деп тұжырымдауға болады. Осыған қарап банктік қызметті мемлекеттік басқару Қазақстан Республикасының банк жүйесін ұйымдастыру, тиісті мемлекеттік және мемлекеттік емес банктердің жүйесін ұйымдастыру, тиісті мемлекеттік және мемлекеттік емес банктердің іс-әрекеттерін мемлекеттік және мемлекеттік емес банктердіңтік реттеу жөніндегі біртұтас алғанда мемлекеттік және мемлекеттік емес банктердіңтің немесе оның айрықша уәкілетті органдарының өктем — ықпалды ұйымдастырушы қызметтері сипатында жүзеге асырылатынын айта кетуіміз қажет.2
Банктер –– экономиканың артериясы. Банктік операциялар негізінде мүліктік қатынастар субъектілері арасындағы есеп айырысулар жүзеге асырылады.
Осы және өзге де өзекті мәселелерді шешу тек мемлекет құзырына жатады. Әр түрлі әдістерді пайдаланып, қоғам мүддесін ескере отырып, мемлекет «ойынның жалпы ережелерін» құрады.3
Банк жүйесінің қаншалықты дұрыс құрылғанына, оның негізгі бөлімшелерінің қаншалықты қалыпты жұмыс істеуіне экономиканың жалпы 1«Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігі, 15.09.2006 жыл.
2Сейтжанов А. А Банктік қызметті мемлекеттік басқару. з. ғ. к. ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертация – Алматы, 2005.
3Абжанов Д. К. «Государственно – правовые регулирование банковской деятельности в РК». Диссертация на соискание уч. степ. КЮН.,Автореферат. – Алматы, 1998 г. стр. 3.
жағдайы анықталады.
Банктік қызметтің дамуы, сәйкесінше, банктік қызметті мемлекеттік реттеуге қатысты құқықтық нормалардың, нысандары мен әдістерінің дамуына әкеледі.
Бүгінде, Қазақстандағы банктік қызмет аясындағы мемлекеттік басқару
процестері өтпелі нарықтық кезеңдегі аса күрделі реформалар мен ұзаққа созылатын әр қилы түрлендірулер ауқымында жүзеге асырылуда. Егемен елімізде қарқынды жүргізіліп жатқан нарықтық түрлендірулерге орай, нарықтық эжкономиканың аясындағы банктік қызметті басқару –– реттеуге айтарлықтай назар аударылып, тиісті заңдар шығару ауқымын кеңейту шаралары көзделініп отыр. Сонымен бірге, банктік қызмет аясын мемлекеттік басқару, мемлекеттік қаржы, валюта, ақша – кредит саясатын, оның ішінде, монетарлық саясатты жүргізудің тиімді құралы ретінде танылғандықтан және түбегейлі реформаларға байланысты өзекті мәселелері көп мемлекеттік қызмет болғандықтан, сондай-ақ, мемлекет пен қоғам мүдделері тұрғысынан алғанда қажеттілігіне байланысты, қазіргі кезде алдыңғы қатарға шығып отыр.1
Қай елдің болмасын банк жүйесінің кредиттік –– қаржылық орталық ретіндегі мәні мен сипаты, нағыз өркендеп – өрлеу шағы нарықтық экономика жағдайында айқын көрініс табады. Нарықтық экономикадағы тауар – ақша, ақша-кредит қатынастарының басымды рөлі ақша –кредит айналымын және барлық шаруашылық – қаржылық қызметтерді реттеу мәселесін алға қояды. Осыған байланысты кредиттік-қаржылық процестерді мемлекеттік, корпоративтік және т. б. тұрғыдан басқаратын Қазақстан Республикасындағы (банк жүйесіндегі) банктер елдің қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады. Ақша – кредит жүйесінің тиімді жұмыс істеуін және орнықтылығын қамтамасыз етеді.
Қандай болмасын егемен мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі әрқашан стратегиялық маңызы бар ұлттық банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету мәселелеріне тікелей байланысты болады. Қазақстан Республикасының нарықтық үлгідегі банк жүйесінің құрылуы және оның құқықтық негіздерінің айтарлықтай қалыптасуы елімізде жүргізіліп және жалғасын тауып жатқан экономикалық реформалардың аса маңызды нәтижесіне жатады.
Демек, Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жаңадан нарықтық және халықаралық стандарттарға сай қалыптасуы мен оның нормативтік құқықтық базасының тиісінше жетілдірілуі аталған экономикалық реформаны біртіндеп
жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады.2
«Банктік және қаржылық –– экономикалық терминдер сөздігін» құрастырған қазақстандық экономист ғалымдар «Банк жүйесі қандай болмасын елдің белгілі тарихи даму кезеңінде өзара байланысты болатын (жұмыс істейтін, авт.) әр түрлі банктер мен банктік институттардың жиынтығы, кредит
1Сейтжанов А. А. « Банктік қызметті мемлекеттік басқару». З. Ғ. К. Ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертация. Автореферат –– Алматы, 2005.
2Бұл да сонда.
жүйесінің құрамдас бөлігі»1 деген түсінікті айқындаған.
А. А. Благодатин, Л. Щ. Лозовский, Б. А. Райзберг «банк жүйесі бірыңғай қаржылық – кредиттік механизм ауқымында жұмыс істейтін өзара байланысқан әр түрлі банктер мен басқа да кредиттік мекемелердің жиынтығы » деп түсіндірген.2
Н. Эриашвили «банк жүйесі (бұл ретте Ресей Федерациясының деп түсіну қажет. авт.) орталық банктік, кредиттік ұйымдардан, шетелдік банктердің филиалдары мен өкілдіктерінен тұрады» деп бұрыннан белгілі жағдайды білдірген.3
С. Найманбаеваның пайымдауынша «Қазақстан Республикасының банк жүйесі өте күрделі әлеуметтік мақсатты бағыттағы жүйелер қатарына жатады». Демек, банк жүйесі өз ауқымындағы мемлекеттік басқару процестерімен ғана емес, сонымен бірге өзіндік басқаруға және өзіндік ұйымдастыруға қабілеттілігімен сипатталады.4
Банк жүйесі құрылысының үш түрлі моделін бөліп көрсетуге болады:
- мемлекеттік модель;
- мемлекеттік емес модель;
- аралас модель.
Мемлекеттік модель елде тек мемлекеттік банктердің болуымен және олардың барлық банктік қызметті жүзеге асыруымен сипатталады. КСРО Мемлекеттік банкі мемлекет атынан қатынастарға түсе тұра биліктік құзіретке ие болған.
Банк жүйесінің екінші моделі жеке меншіктегі банктерге негізделген.Бұл банктік жүйе барлық дерлік елдерде болған және бар да. Өйткені, банктік қызметтің өзі жеке қызмет түрі ретінде пайда болған.
Банк жүйесін құрудың тиімді моделі болып үшінші модель табылады.Онда бір уақытта мемлекеттік және жеке банктер қызметті жүзеге асырады. Біріншілері жеке банктерге қатысты белгілі бір биліктік құзіретке ие мемлекеттік органдар болып табылып, мемлекеттің ақша – кредит саясатын жүргізеді.5
Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы банк жүйесінің жай – күйі:
- екі деңгейлі болуы ;
- Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік билік органдарынан белгілі бір дәрежеде тәуелсіздігі ;
- Айрықша құқықтық мәртебесі бар Қазақстан Даму Банкінің ерекшеленуі;
Банк жүйесіндегі мемлекеттік емес меншік нысанына негізделген коммерциялық банктер мен өзге де кредиттік есеп айырысу мекемелерінің
1Аубакиров А. А., Бахаров В. А., Хамитов Н. Н., Ютиш В. М. Словарь банковских и финансово – экономических терминов. –– Алматы: Жеті жарғы, 1999 –712 с.
3 Благодатин А. А. , Лозовский Л. Ш. , Райзберг Б. А. Финансовый словарь – М: 2002г стр. 40.
4Эриашвили Н. Д. Банковское право – М; 2000 г. стр. 19.
5Найманбаева С. С. Финасовое право. –– Алматы: Дәнекер. 2004 г. стр. 320.
молдығы сияқты айрықша сипаталған.1
Қазақстан Республикасы банк жүйесінің төменгі ( екінші ) деңгейін :
- Мемлекетаралық банктер ;
- Қазақстан Республикасының резидент банктері (заңды тұлғалары – коммерциялық ұйымдары ) ;
- Қазақстан Республикасындағы резидент емес банктер ;
- Шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының резидент банкі – аралас капиталы бар банктер құрайды.
Бүгінде Қазақстан банктік секторында 33 банк бар. Оның ішііде 1 мамандандырылған мемлекеттік банк (Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақтаушы Банкі ) , және 33 жеке бантер. Банктердің жалпы санынан 14 банк шетелдік қатысуы бар банктер болып табылады (Қазақстан Республикасы резидент еместердің 9 еншілес банктермен қоса алғанда ) .
Қазіргі таңда нарықтық талаптарға және халықаралық банктік стандарт ережелеріне сай жетілдірілген Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі барлық банктер бірыңғай кредиттік – қаржылық механизм ауқымында өзара іс – әрекеттері мен өздеріне тиесілі кәсіби қызметін, экономикалық – қаржылық банктік операцияларын жүзеге асыруда.
Қазақстан Республикасы мелекеттік органдары мен мекемелерінің үзбей және тиімді жұмыс істеуі, сондай-ақ, егемен Қазақстанның дамуы, елдің банк жүйесін жай – күйі мен орнықтылығына тікелей тәуелді болады. Сонымен қатар, аталған жүйесіз мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси-құқықтық, экологиялық және т.б. бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі жоққа саяды.
Қазақстан Республикасы банк жүйесінің құқықтық негізін құрайтын тиісті заң актілері нормаларының банк секторына қатысы бар басқа да заңнамалардың нормалары мен және құрылымдық байланыстары оның банк жүйесі ауқымында жүзеге асырылатын банктік қызмет процесінде туындайтын қатынастарды жан-жақты реттей алатынын көрсетеді.
Бүгінде өскелең қоғам өмірінің әр алуан мүдделерінің түйісетін жері банк жүйесінің ауқымы болғандықтан,сондай-ақ соңғы кездерде қаржы, валюта және ақша-кредит саясаттарының қарқынды іске асырылуына қарай экономикалық-құқықтық мәні мен «өзегі» банктік операциялар түрінде көрініс табатын банктік қызметтер мемлекеттік реттеуді қажет етіп отыр. Демек, бұл жердегі мемлекеттің басты мақсаты өзінің арнайы мамандандырылған жеткілікті көлемдегі қаржылық құзіреттері бар, уәкілетті органдары арқылы Қазақстан Ұлттық Банкі мен басқа да мемлекеттік банктердің қызметтерін мемлкеттік басқару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тиісті заңдары бойынша мемлекеттің қаржылық агенттері болып табылатын мемлкеттік емес банктердің және банктік опеарциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерін мемлекеттік реттеу деп тұжырымдай аламыз. 1Абжанов Д. К. Государственно – прававое регулирование банковской деятельности в РК./Диссертация на соискание уч. степ. КЮН., – Алматы. 1998 г. стр. 16, 17.
Нарық жағдайындағы қандай болмасын ақша-кредит жүйесінің айтарлықтай дамуына, коммерциялық банктердің қызметтерін адал бәсекелестік негізінде құру арқылы осы аядағы азаматтық айналымның тиісінше жүзеге асырылуына мүдделік танытады. Осындай жағдайда мемлекеттік ұйымдастырушы-реттеуші экономикалық-қаржылық және әкімшілік институттардың болуы банк секторына деген сенімді нығайтуды кепілдендіреді.
А.С. Ибраева: «Мемлекет өз меншігіне жататын объектілерді тікелей басқарып, реттейді, ал мемлкеттік емес меншік түрлерін жанамалап реттейді. Демек, қандай болмасын шаруашылықты ұйымдастыру және реттеумен шұғылданады.
Осыған байланысты, мемлекеттің экономиканы ұйымдастыру, басқару, реттеу функциясы болады. Ұйымдастыру тәсіліне жататындар: ұйымдастыру-реттеу қызметі; экономиканы ұйымдастыру қызметі,» –– деп түсіндірген1 .
Авторлардың айтылған ой-пікіріне түйінді байлам жасасақ, онда банк жүйесіндегі мемлекеттің қатысуын білдіретін уәкілетті кредиттік-қаржылық мемлекеттік органдардың қажеттілігіне көз жеткізуге болады.
Реттеуші қызмет –– бұл А.М. Витченконың пайымдаунша, «мемлекеттің қоғам мүшелерінің заңы құқықтары мен міндеттерін белгілеуге байланысты қоғамдық қатынастарға әсер етуі.»
Банктік қызмет кез келген мемлекеттің қаржылық жүйесінің негізгі элементі ретінде басқа экономикалық қызметтің нысандарына қарағанда мемлекеттік-биліктік құрылымдар тарапынан қатаң реттелетін объект болып табылады. Бұл банктердің оларға объективті түрде тиесілі және олардың қаржылық жүйенің негізгі элементі ретіндегі белгілерімен сипатталады. Шетелдік заң ғылымында осындай белгілердің үшеуін бөліп көрсетеді.
- қаржылық өзара тәуелділік деңгейінің жоғарылығы;
- оңай алынатын ақша қаражаттарына негізделуі;
- жариялылықтың жеткіліксіздігі;
Жоғарыда аталған банк белгілерінің мамұнына жеке тоқталып кетейік. Біріншіден, қаржылық өзара тәуелділік деңгейінің жоғарылығы экономикалық қызметтегі қаржылық делдал ретіндегі банктердің мәртебесімен түсіндіріледі және банк активтерінің және оның жеке капиталының қатыстылығымен көрініс
табады. Шындығынды активтердің көлемі жеке капиталдан бірнеше есе артып түседі және тек осымен кез келген банк, соның ішінде ең сенімді банк «шартты түрде көлем қабілетті» болып табылатын жағдайды түсіндіруге болады. Бұл контекстте «шартты түрде көлем қабілетті» термині банктің салымшыларының өздері салған ақша қаражаттарын ұжымды түрде алғанға дейін ғана банк шын мәнінде төлем қабілетті болады дегенді білдіреді. Бұндай жаппай алудың нәтижесінде банк ликвидтіліктің қатаң дағдарысы проблемасына тап болады және өзінің активтерін сатуға мәжбүр болады. Бірақ нарықтық экономикада активтердің баланстық көлемі мен олардың нарықтық құны арасында объективті диспропорция болады.
1Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. С. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: жеті жарғы, 1998. 46 б.
Екіншіден, банктердің кенеттен салымдарыдң алынуына әлсіздігі де бұндай жаппай алудың мүмкіндігін арттырады. Банк пен клиент арасындағы шартқа сәкес банктің салымшыларға олардың алғашқы талабы бойынша ақша қаражаттарынтөлеу міндеті банк капиталының жеткіліксіздігі жағдайында бірінші талап қойған клиенттердің талаптары бірінші кезекте қанағаттандырылуға жататындығын айқындайды. Төлемдердің дәл осы басымдылық құрылымы салымшыларды банктің алғашқы сәтсіздігі белгілері пайда болғаннан бастап ақшаларын кері қайтаруға итермелейді. Теориялық тұрғыдан алғанда салымша шынайы ақпарат негізінде ме, әлде жалған ақпарат негізінде салымын кері қайтаруға әрекет етіп жатқандығы маңыздылыққа ие болмайды.
Үшіншіден, банктік қызметтің жеткілікті дәрежеде жария түрде жүзеге аспауы банктің қаржылық жағдайы нашарлауы туралы өте кеш белгілі болуына және оған нарық жылдам және өз дәрежесінде жауап қайтармауға әкеліп соқтыруы мүмкін. Бұл факт банктің шынайы қаржылық жағдайынжалпыға қол жетімді мәліметтер негізінде анықтаудың өте қиындылығымен түсіндіріледі. Ондай ақпараттар тез ескіріп кетеді, өйткені активтердің құрылымы бірнеше күннің ішінде күрт өзгеріп кетуі мүмкін.
Бұл контекстте «банктік реттеу» терминіне келесідей анықтама беруге мүмкіншілік туады. Банктік реттеу банктік белсенділікті шектеуді мақсат ететін мемлекеттік органдармен (мысалы, Парламент пен заң шығару сипатында) басқа да биліктік құрылымдармен (мысалы, Ұлттық Банкпен ереже түрнде) және де өзін-өзі басқаратын үкіметтік емес ұйымдармен (мысалы, банктер ассоцияциясының банктік практика Кодексі сипатында) қалыптастырылған ерекше нормативтік сипаттағы жүріс-тұрыс ережелерінің жүйесі. Бұл анықтамадан кем дегенде үш қорытында шығаруға болады:
Біріншіден, реттеу шектеу болып табылады, сондықтан экономиканың банктік секторындағы бәсекелестік қатаң белгіленген шектерде өтеді және нәтижесінде нарықтық экономиканың атрибуты ретіндегі еркін бәсекелестік туралы ұмытуға тура келеді.
Екіешіден, Өзінің табиғаты бойынша экономикалық мәнге ие реттеу бәсекелестіктің белгіленген бағытын ұстап тұруға мүмкіндік беретін экономикалық емес, мәжбүрлеу элементінен тұрады.
Үшіншіден, реттеу мемлекеттік-биліктік құрылымдармен жүзеге асырылғанда оның ең маңызды нысаны болып құқықтық нысан табылады.1
Банктік реттеудің екі түрі бар: валюталық және пруденциялық. 13 маусым 2005 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” Заңының 4-бабына сәйкес,
- Валюталық реттеудің мақсаты тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің саясатына жәрдемдесу болып табылады.
- Валюталық реттеудің міндеттері:
1 Н.Ю. Ерпылева. Российские банковское право: Механизм правового регулирования банковской деятельности. // Банковское право: — №1-2-1999 с 2.
1) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтардың
айналысының тәртiбiн белгілеу;
2) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік экономикаға одан әрi кiрiгуi үшін жағдайлар жасау;
3) валюталық операциялар мен капитал легi жөніндегі ақпараттық базаны қамтамасыз ету болып табылады.
Заңның 5-бабында валюталық реттеу органдары анықталған.
- Қазақстан Республикасында валюталық реттеудiң негізгі органы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi болып табылады.
- Қазақстан Республикасының Үкiметi және өзге де мемлекеттiк органдар валюталық реттеуді өз құзыретi шегінде жүзеге асырады.
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Заңға сәйкес өз құзыреті шегінде резиденттер мен резидент еместер үшін мiндеттi нормативтік құқықтық актiлер шығарады.
Валюталық реттеу органдары әзiрлеген валюталық реттеу мәселелері жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен міндетті түрде келісiлуге тиіс.
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi валюталық реттеудің негізгі органы ретiнде:
1) осы Заңның 6-бабына сәйкес резиденттердің валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарды;
2) тармақшасының екiншi абзацы 2006 ж. 31 желтоқсанды қоса алған мерзiм бойынша қолданылады
2) резиденттер мен резидент еместердiң валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртiбiн, соның iшiнде валюталық реттеу режимдерiн:
лицензиялауды;
тiркеудi;
хабардар етудi;
3) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларына мониторингтi (валюталық мониторингтi) жүзеге асыру тәртiбiн;
4) уәкілеттi мемлекеттік органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сәйкес барлық резиденттер мен резидент еместердiң орындауы үшін мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алу және есептілік нысандарын белгілейдi.
Жүзеге асырылу тәртібі осы Заңда белгiленбеген валюталық операциялар шектеусiз жүргізіледi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Заңда аталған валюталық операцияларды тіркеуді жүзеге асырады. (8 — бап, 1-тармақ).
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi валюталық мониторингтi Қазақстан Республикасының төлем балансының тұрақтылығын бағалау мақсатында жүзеге асырады.
Валюталық мониторингтің негізгі міндеттерi:
1) валюталық мониторинг объектілерi жүзеге асыратын валюталық операциялар бойынша ақпарат базасын жасау;
2) Қазақстан Республикасы төлем балансының, сыртқы борышының және халықаралық инвестициялық позициясының статистикасын, оларды талдау мен болжауды жетiлдiру болып табылады.
- Резидент емес заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында бiр жылдан астам жұмыс iстейтін филиалдары мен өкілдiктерi валюталық мониторинг объектiлерi болып табылады, Валюталық мониторинг қолданылатын қызметтiң түрлерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.
- Валюталық мониторинг белгіленген есептілік нысандарына сәйкес валюталық мониторинг объектiлерiнiң резиденттермен және резидент еместермен iске асыратын жобалары бойынша олардан ақпарат жинау әдiсiмен жүзеге асырылады.
- Валюталық мониторинг жүргiзу үшiн есептілік мерзiмдерi мен нысандары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актісiнде белгіленедi. (11-бап).
Заңның 27-бабы валюталық бақылаудың мақсаттары мен міндеттерiн белгілейді.
- Валюталық бақылаудың мақсаты Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместер валюталық операциялар жүргiзген кезде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.
- Валюталық бақылаудың мiндеттерi:
1) жүргiзiлетiн валюталық операциялардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн айқындау;
2) валюталық операциялар бойынша төлемдердiң негiздiлiгiн және оларды жүзеге асыруға қажеттi құжаттардың болуын тексеру;
3) валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептіліктiң толықтығын және объективтiлiгiн тексеру болып табылады.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 ж. 31 тамыздағы №2444 заңының 41-бабы банктерге және олардың лауазымды адамдарына қолданылатын шаралар мен банктiк реттеу тәсiлдерiн баяндайды.
Банкiлердiң қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесiнiң тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында уәкiлеттi орган банкiлердiң қызметiн реттеудi, соның iшiнде:
күдiктi және сенiмсiз активтерге қарсы провизияларды қоса, пруденциалдық қалыптарды және банкiлер сақтауға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi белгiлеу;
банкiлер орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық құжаттарды басып шығару;
банкiлердiң қызметiн тексеру;
банкiнiң қаржы жағдайын сауықтыру жөнiнде ұсыныстар беру;
банкiлерге немесе олардың лауазымды адамдарына ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану;
банкiлерге санкциялар салу арқылы реттеудi жүзеге асырады.
Банктердің қызметін реттеу жекелеген банктерге қатысты да, шоғырландырылған негізде де, яғни банк конгломератына қатысты да жүзеге асырылады. Шоғырландырылған қадағалау ережелерін уәкiлеттi орган белгілейді.
Пруденциялық реттеудің міндеті банктердің тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз ету және салымшылардың мүдделерін қорғау болып табылады.
Пруденциялық реттеудің екі мақсатын бөліп көрсетуге болады:
- Банктік қызметті тұтынушылар ретіндегі салымшыларды әрбір жеке банктің жойылу мүмкіндігі тәуекелінен қорғау;
- Бүкіл банктік жүйені бір мезетте бірнеше банктің жойылу тәуекелінен қорғау;
Пруденциялық реттеу әрбір жеке алынған банктің жойылуының алдын-алуды мақсат етпейді деген пікірмен толықтай кеісуге болады. Пруденциялық реттеу әрқашан жүйелік мүддені қорғауға бағытталған және бұл мағынада макроэкономикалық мәнге ие болады.
Пруденциялық реттеудің мақсаттарын жедел жүзеге асыру нысаны ретінде көрініс табатын функциялары айқындайды. Бұл контексте жоғарыда қарастырылған мәселелерді ескере отырып, банктік қызметті пруденциялық реттеудің үш функциясын бөліп көрсетуге болады:
- првентивтік (preventive function), банктердің тәуекелдік қызметін минимизациялауға бағытталған;
- қорғаушылық (protective function), жекелеген банк құлаған жағдайда салымшылар мүддесіне кепілдік беруге бағытталған;
- қамсыздандырушы (supportive function), дағдарыстық жағдайға ұшыраған нақты банкке қаржылық көмекпен қамсыздандыруға бағытталған
Превентивтік фунция, банктік қызметті пруденциялық реттеудің ең негізгі функциясы болып табылады. Превентивтік функцияның мазмұнын толық ашатын үш аспектісін бөліп көрсетуге болады. Бұл жағдайда мемлкеттік реттеушілік әсер ету құқықтық нысанда болады, өйткені құдіреттік мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілер қабылдау арқылы жүзеге асырылады:
- банктік бизнеспен айналысқысы келетін экономикалық қызмет субъектілеріне міндетті мемлкеттік тіркеу және лицензиялау нысанындағы шектеулер енгізу;
- банктердің капиталының жеткіліктігіне, ликвидтілігіне және төлем қабілеттілігіне қатысты банктік қызметтің минималды экономикалық стандарттарын қалыптастыру;
- банк қызметтерінң белгіленген экономикалық стандарттарына сәйкестігіне қадағалауды жүзеге асыру;
Мәселен, банкiлер мiндеттi түрде сақтау үшiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн пруденциалдық қалыптардың құрамына:
- банкiнiң жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi;
- өз капиталы жеткiлiктiлiгiнің коэффицентi;
- бiр қарыз алушыға жасалатын тәуекелдiң ең көп мөлшерi;
- өтiмдiлiк коэффицентi;
- ашық валюталық позиция лимиттерi енедi.
Банк конгломераттары міндетті түрде сақтау үшін уәкiлеттi орган белгілейтін пруденциалдық нормативтердің құрамына:
- жарғылық капиталдың ең аз мөлшері;
- өз капиталы жеткіліктілігінің коэффиценті;
- бір қарыз алушыға жасалатын тәуекелдің ең көп мөлшері енеді. (42-бап).
Пруденциялдық реттеудің превентивтік функциясының ең негізгі мазмұнды аспектісі болып банктік қызметтің минималды экономикалық стандарттарын қалыптастыру табылады, өйткені олар ғана әрбір нақты банктің тұрақтылығы мен сенімділігін бағалаудың объективті критерийі болып табылады. Капиталдың жеткіліктілігіликвидтілік және төлем қабілеттілік сөзсіз экономикалық мән мағынаға ие болғанымен, олар құқықтық нысанды көрініс табады және құқықтық өлшемге ие болады. Осыған орай тағы да банктік қызметті пруденциялық реттеу мемлекеттің негізгі функцияларының бірі екендігін айта кету керек және бұл функция арнайы құдіретті мемлекеттік орган-орталық (Ұлттық) банкпен жүзеге асырылады.
Жоғарыда қозғалған мәселелерді ескере отырып, банктік қызметті пруденциялық реттеудің келесідей анықтамасын ұсынуға болады. Пруденциялық реттеу толығымен банктік жүйенің тұрақты және сенімді қызмет етуін қамсыздандыруы, сонымен қатар банктік қызметтімемлекеттік тіреку және лицензиялау көмегімен салымшылар мүддесін қорғауды, банк қызметінің экономикалық нормативтерін қалыптастыру жіне банктік қадағалауды жүзеге асыруды мақсат ететін мемлекеттік – биліктік нормалардың жүйесі.
Банктік қызметті мемлекеттік реттеу елде қалыптасқан банктік жүйе шеңберінде жүзеге асырылатындығын естен шығармаған абзал. Субъектілерге белгілі бір құқықтар бере отырып және міндеттерді белгілей отырып, мемлекет олардың нақты банктік жүйеге қолданылуының мүмкіндігі мен ақылға сыйымдылығынан шығады.1
Банктік қызмет кез келген мемлекеттің қаржылық жүйесінің негізгі элементі ретінде басқа экономикалық қызметтің нысандарына қарағанда мемлекеттік — биліктік құрылымдар тарапынан қатаң реттелетін объект болып табылады .
Мемлекет тарапынан қатаң реттелудің себебі неде?
Бұл сұраққа жауапты банктердің қоғамдық мақсатынан іздеу керек. Банктер миллиондаған адамдардың ақшасын сақтайды. Банктер жеке және 1 Н.Ю. Ерпылева. Российские банковское право: Механизм правового регулирования банковской деятельности. // Банковское право: — №1-2-1999 стр. 2.
заңды тұлғалардың тұтыну кредиттерінен бастап ұзақ мерзімді проектілерге
салымдарға дейін кредитке деген қажеттілігін қанағаттандырады. Банктер заңды
тұлғалар арасындағы есеп айырысу орталығы болып табылады. Осылайша, банктер қоғамдағы ақшаға тікелей қатысты болады. Банктер өздерінің негізгі функцияларын өз дәрежесінде атқаруы олардың қызметін мемлекеттік реттеуді білдіреді.
Банктік қызметті мемлекеттік реттеу күрделі экономикалық-құқықтық құбылыс болып табылады. Мемлекет әрине елдің экономикалық жүйесінің біртұтастығын қамтамасыз ететін кейбір экономикалық функцияларды алып, экономикалық қатынастардың субъектісі бола алатыны сөзсіз. Біз экономиканы мемлекеттік реттеу туралы (сонының ішінде банктік сфераны) сөз қозғағанда, біз тек мемлкеттік қана емес, сонымен қатар экономиканы жария құқықты қолдана отырып, мемлекеттік-құқықтық реттеуді айтамыз.1
Осылайша, мемлекеттің елдегі ақша айналым ережелерін, банктерді құру, қызметін қадағалау ережелерін бекітуінде қоғамдық мүдденің бар екендігін ескеру қажет.
Мемлекеттің банктік сфераға мемлекеттік – құқықтық әсер етуі туралы айтқанда, мемлекеттің өз мақсаттарына жетудің ең керекті және тиімді қаруы болып құқық табылады. Мемлекет қадағалауы шеңберінде объективтік және субъективтік құқықтарды жүзеге асыру құқықтық реттеудің мәнін құрайды.
Мемлекеттің құқықтық қызметінің келесі аспектілерін ажырату қажет:
- тек заңдылықтың негізінде қызмет ету, қоғамның мүдделерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
- меншік нысанының құқықтық режимін анықтау, мемлекеттік органдардың, мекемелердің және лауазымды тұлғалардың құзіретін белгілеу, азаматтардың және мемлекеттік билік органдары жүйесінің құрама бөлімдерінің арақатынасын регламентациялау;
- мемлекет механизмі құрама бөлімдерінің, биліктік құзіреттерінің жүзеге асыру процедураларын бекіту;
- азаматтарды құқықтарын бостандықтар мен міндеттерін белгілеу, олардың құқықтық жағдайының мызғымастығының кепілін белгілеу;
- мемелкеттік қызметкерлердің жауапкершілігін бекіту, азаматтарға лауазымды тұлғалар тарапынан көрсетілгені қысымнан қорғау.
Өз функцияларын жүзеге асыру жағынан алғанда мемлекет банктік қызметті реттеу барысында келесі мақсаттарды көздейді.
1.Елдің ақша жүйесінің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету;
банктердің салымшылары мен кредиторларының мүдделерін қорғау.2
- Экономиканың банктік секторына мемлекеттік ықпал ету қажеттілігі банктік капитал мен өндірістік капиталдың бірігіп, экономика өміріндегі мүлдем жаңа құбылысқа қаржылық капиталға айналуына байланысты туындағаны да баршаға аян. Корпоративтік (және жеке меншік) қаржылық –кредиттік аяның мемлекеттік қаржылар аясымен біте қайнасуы нарықтық дамудың шынайы көрінісі болып табылады. Осыған орай, банктік, өндірістік
1Абжанов Д. К. Государственно – правовое регулирование банковской деятельности в РК // Диссертация на соискание уч. степ. К. Ю. Н. –Алматы, 1998 с 21.
2Там же.
және мемлекеттік капиталдың қосылу мемлекеттік билік функциясыныі мсатериалдық-құқықтық өзгеруіне әкеп соқты.
Өз еңбегіде Коньев В. В., «… кез келген жағдайда банктік қызметті мемлекеттік реттеу қажет. Бірақ бұл азаматтардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру бостандығының бұл қызметтің монополясыздығына кепілдік беру, тек мемлекет мүддесін ғана емес, сонымен қатар, заң шығару процесінде азаматтардың да мүддесін сақтаумен шектелуі қажет:»-деп ой түйіндейді.1
Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және
қадағалау туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі № 474-ІІ Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабының 5) тармақшасына сәйкес қаржы рыногы — қаржылық қызмет көрсету мен тұтынуға, сондай-ақ қаржы құралдарының шығарылуына және айналысына байланысты қатынастардың жиынтығы болып табылады.
Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеудiң және қадағалаудың мақсаттары, принциптерi мен мiндеттерiне тоқталайық.
- Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеудiң және қадағалаудың мақсаттары:
1) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұтастай алғанда қаржы жүйесiне деген сенiмдi қолдау;
2) қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың мүдделерiн қорғаудың тиiстi деңгейiн қамтамасыз ету;
3) қаржы рыногында адал бәсекенi қолдауға бағытталған қаржылық ұйымдардың қызметi үшiн тең құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.
- Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеудiң және қадағалаудың принциптерi:
1) ресурстар мен реттеу құралдарын тиiмдi пайдалану;
2) қаржылық ұйымдар мен қаржылық қадағалау қызметiнiң айқындығы;
3) тәуекелдердi бағалауға негiзделген қаржылық ұйымдарды басқаруды ынталандыру;
4) жаңа қаржы құралдарын және қызмет көрсетудi дамытуды қолдау арқылы қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар мүдделерiнiң қорғалуын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралардың кешендiлiгі, сондай-ақ қаржы рыногына қазiргi заманғы технологияны енгiзу;
5) қаржылық ұйым органдарының жауапкершiлiгi болып табылады.
- Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеудiң және
қадағалаудың мiндеттерi:
1) қаржылық ұйымдар қызметiнiң стандарттарын белгiлеу, қаржылық ұйымдарды корпоративтiк басқаруды жақсарту үшiн ынталандыру жағдайларын жасау;
2) қаржы жүйесiндегi тұрақтылықты сақтау мақсатында қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдардың мониторингi;
3) қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында қаржы рыногының қауiпке неғұрлым бейiм салаларында қадағалау ресурстарын шоғырландыру;
4) қазiргi заманғы технологияларды енгiзудi ынталандыру, қаржылық
1Коньев В. В. Правовое регулирование банковской деятельности. – М., 1994 с 19-20.
ұйымдардың қызметi және олар көрсететiн қаржылық қызметтер көрсету туралы ақпараттың тұтынушылар үшiн толымдылығын және қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету болып табылады.(3-бап).
Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын бiртұтас уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынады және есеп бередi және Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн ол туралы Ереженiң негiзiнде әрекет етедi.
Уәкiлетті органның еңбекақы төлеу жүйесiн Қазақстан Республикасының Президентi уәкiлеттi орган Басқармасының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келісiлген ұсынуы бойынша бекiтедi.(7-бап).
Уәкiлеттi орган қаржылық ұйымдардың қызметiн реттеу және қадағалау мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдарды ашуға (құруға), оларды ерiктi түрде қайта құру мен таратуға рұқсат бередi және оны керi қайтарып алады, қаржылық ұйымдардың бөлiмшелерiн ашуға келiсiм бередi, сондай-ақ аталған рұқсаттар мен келiсiмдердi беру тәртiбiн айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдардың басшы қызметкерлерi лауазымдарына адамдарды сайлауға (тағайындауға) келiсiм бередi не келiсiм беруден бас тартады, сондай-ақ аталған келiсiмдi берудiң не беруден бас тартудың тәртiбiн айқындайды;
3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржы рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар беру, қолданылуын тоқтату және керi қайтарып алу тәртiбiн белгiлейдi, аталған лицензияларды бередi, қолданылуын тоқтатады және керi қайтарып алады;
4) қаржылық ұйымдар, қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының аумағында орындалуы мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады;
5) қаржылық ұйымдар үшiн, оның iшiнде шоғырландырылған негiзде пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бекiтедi;
6) қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген тұлғалары есептілігінің (қаржылық және статистикалық есептiлiктi қоспағанда) тiзбесiн, нысандарын, табыс ету мерзiмдерi мен тәртiбiн белгілейді;
7) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру және бухгалтерлiк есеп стандарттары туралы заңдарын қаржылық ұйымдардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
7-1) қаржылық ұйымдар акционерлерінің жалпы жиналысына қатысу үшін өз өкілін жібереді;
8) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда және шектерде, оның iшiнде аудиторлық ұйымды тарту арқылы қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген тұлғаларының қызметiн тексередi;
9) қаржылық ұйымдарға Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген шектеулi ықпал ету шаралары мен санкциялардың қолданылу тәртiбiн айқындайды және қолданады;
10) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсе отырып, қаржылық ұйымдардың лекцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдайды;
11) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдардың тарату комиссияларының қызметiн бақылауды жүзеге асырады;
12) қаржылық ұйымдар туралы мәлiметтердi (қызметтiк, коммерциялық, банктiк немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда), оның iшiнде оларға қолданған шаралар туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Уәкiлеттi орган қаржылық ұйымдарға және олардың аффилиирленген тұлғаларына, оның iшiнде аудиторлық ұйымдарды тарта отырып:
1) қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген тұлғаларының қаржылық жай-күйiн айқындау;
2) қаржылық ұйымдармен олардың аффилиирленген тұлғаларының басқарма құрылымының және шешiмдер қабылдау рәсiмдерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн айқындау;
3) қаржылық ұйымдардың аффилиирленген тұлғаларын айқындау;
4) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар құқықтарының бұзылуын анықтау және оның алдын алу;
5) қаржылық қызмет көрсету немесе қаржы құралдарын шығару жөнiндегi уәкiлеттiк берiлмеген қызметтi анықтау және оның алдын алу мақсатында тексеру жүргiзуге құқылы.
Уәкiлеттi орган осы баптың 1— және 2-тармақтарында көзделген өкiлеттiктерден басқа, осы Заңның 10 — 13-баптарында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Уәкiлеттi орган, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, қаржылық ұйымдардың қызметiне араласуға құқылы емес.(9-бап).
Заңның 10-бабы нақты банк қызметiн реттеу және қадағалау ерекшелiктерiн бекітеді.
Уәкiлеттi орган банк қызметiн реттеудi және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:
1) жеке және заңды тұлғалардың банктiң және банктiк холдингтiң iрi қатысушысы мәртебесiне ие болуына, банктердiң еншiлес ұйым құруына және оған ие болуына рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту тәртiбiн айқындайды, аталған рұқсаттарды бередi не беруден бас тартады;
2) банктердiң меншiктi капиталының ең аз мөлшерiн белгiлейдi;
3) банктердiң резервтiк капиталын қалыптастыру жөнiндегi талаптарды белгiлейдi;
4) банктiк топтар үшiн пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бекiтедi;
5) салымдарға (депозиттерге) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) тәртiбiн белгiлейдi;
6) активтердi және шартты мiндеттемелердi сыныптау мен оларға қарсы провизиялар құру тәртiбiн белгiлейдi. Активтер мен шартты мiндеттемелердi күмәндi және сенiмсiз санаттарға жатқызу тәртiбiн мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органмен келiсе отырып айқындайды;
7) банктердiң тiзiлiмiн жүргiзедi;
8) банктiң аффилиирленген тұлғаларына Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртiбiн айқындайды және оларды қолдану туралы шешiм қабылдайды;
9) Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген жағдайларда банктi консервациялау туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (банктi уақытша басқарушыны) тағайындайды;
10) Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген жағдайларда Қазақстан Республикасының банк заңдарында көзделген барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензияны керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмдi) тағайындайды;
11) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Уәкілетті орган қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерде өз өкілінің болуына құқылы.
2.2.Бүгінде Қазақстан Ұлттық Банкі дені макроэкономикалық ақша көрсеткіштерін айқындау; бағалар тұрақтылығын қамтамасыз ету; ақша –кредит жүйесінің тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз ету; ұлттық-валюта тұрақтылық қамтамасыз ету; ұлттық төлем жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету функцияларынан тұратын ақшалай басқаруды жүзеге асырады. «Экономиканы мемлекеттік реттеу елдің экономикалық саясатымен байланысты және оны жүзеге асыруға бағытталады»1
Демек, Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясатымен Қазақстан Республикасының тиісті заңдарының Қазастан экономиксының мемлекеттік және жеке меншіік секторы мен тоғысатын жерінде, оның нақ ортасында (орталық банк деп аталатыны осыдан) мызғымай нық тұратын, айрықша құқық берілген, нарықтық икемді, ақша-кредит жүйесін мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын, мемлекеттік кредиттік-қаржылық институт болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан
1Танкиева А. Жергілікті басқаруда экономикалық механизидерді қолдану жолдары // Қаржы-қаражат. – 2004.-№3. 46 бет.
Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.
Қазақстан Ұлттық Банкi басқа елдердiң орталық банктерiмен және басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-кредит ұйымдарында өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:
1) мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу. (7-бап).
Заңның 8-бабында Қазақстан Ұлттық банкiнiң функциясы, өкiлеттiгi және құқықтары белгіленген. Қазақстанның Ұлттық банкi:
а) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi, банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрден-бiр эмитентi болып табылады, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссия жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылады және олар жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкi мiндеттемелер алады.
б) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетедi;
в) 10.07.03 ж. N 483-II ҚР Заңымен алып тасталды
г) 10.07.03 ж. N 483-II ҚР Заңымен алып тасталды
д) банктерге, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға кредит беруге құқылы. Банктер үшiн соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлейтiн тәртiппен және шартпен банктердiң және басқа ұйымдардың алған кредиттерi бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдауға құқылы;
д-1) банк операцияларының мынадай түрлерiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды: банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу; жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргiзу, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мөлшері көрсетіледі; кассалық операциялар; аударымдық операциялар; есепке алу операциялары; банкаралық клиринг; төлем карточкаларын шығару; банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау; шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; аккредитив ашу (ұсыну) және растау мен ол бойынша міндеттемелерді орындау, сондай-ақ чек кітапшаларын шығару тәртібін айқындайды;
д-2) Қазақстан Республикасының заң актілерiнде белгіленген жағдайларда қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлетті мемлекеттiк органға (бұдан әрi — уәкiлетті орган) банк операцияларының және банктер үшін сейф операцияларының жекелеген түрлерi бойынша уәкілетті органның лицензия беру мүмкіндігі туралы қорытынды береді, сондай-ақ осындай қорытынды берудің тәртібін айқындайды;
е) 10.07.03 ж. N 483-II ҚР Заңымен алып тасталды
е-1) 10.07.03 ж. N 483-II ҚР Заңымен алып тасталды
ж) қаржы рыногындағы сыйақының рыноктық ставкаларына ықпал етудi жүзеге асырады.
з) Қазақстан Республикасында ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру тәртiбiн, жүйесi мен нысанын белгiлейдi, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында Қазақстан теңгесiмен ақша аударымдарының уақтылы және кiдiрiссiз жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн төлем жүйелерiнiң жұмыс істеуін ұйымдастырады, сондай-ақ қадағалауды жүзеге асырады, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйелеріне қолжетімділігін қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық шараларға және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды белгілейді;
з-1) банк операцияларын жүзеге асырған кезде электрондық банк қызметiн көрсету ережелерiн белгiлейдi;
и) Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюта операцияларының барлық түрлерiн жүргiзуге құқылы;
и-1) қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға валюталық операциялар жүргiзуге, қолма-қол шетел валютасында бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге, сондай-ақ шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар бередi;
и-2) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға: банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға; банкаралық клирингке; төлем карточкаларын шығаруға лицензиялар бередi;
и-3) Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде инкассациялау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметiнің бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн және қалыптастыру тәртiбiн белгiлейдi;
и-4) қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге рұқсат бередi;
к) банк қызметi, ақша төлемдерi мен аударымдары, заң актілерімен белгiленген өкiлеттiк шегiнде валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелерi бойынша барлық банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың клиенттерiнiң мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтi құқықтық актiлер шығарады, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын есепке ала отырып, Қазақстан Ұлттық Банкі үшін бухгалтерлік есеп саясаты мен әдістерін айқындайды;
к-1) барлық қаржы ұйымдары орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есепкe алу және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру мәселелерi жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзiрлейдi және бекітеді, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңдарының талаптары мен буxгалтерлік есепке алу стандарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
к-2) бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыратын жүйелерге қойылатын талаптарды барлық қаржы ұйымдарының сақтауын бақылауды, оның iшiнде уәкiлеттi органның қызметкерлерiн тарта отырып тексерулер арқылы бақылауды жүзеге асырады;
к-3) арнайы қаржы компанияларының орындауы үшін міндетті бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік және операцияларды автоматтандыру жүйелері мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, бухгалтерлік есеп стандарттары туралы заңнаманы, сондай-ақ операцияларды автоматтандыру жүйелеріне қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
л) бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк жүйелерiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсе отырып халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген және ол арға қайшы келмейтiн мәселелер бойынша бухгалтерлiк есептiлiк стандарттарын, сондай-ақ оларға әдiстемелiк ұсыныстарды әзiрлейдi және бекiтедi;
л-1) уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде онымен келісе отырып, төлем балансы, сыртқы борыш, ақша-кредит және қаржы статистикасы жөнінде статистикалық есеп беру тізбесін, нысандарын, мерзімдерін белгілейді және оны жинауды жүзеге асырады;
л-2) уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша барлық қаржы ұйымдарының және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда олардың аффилиирленген тұлғалары қаржылық есептiлiгінің халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн тiзбесi мен нысандарын, сондай-ақ табыс ету мерзiмдерi мен тәртiбін белгілейдi;
л-3) валюталық реттеу мен бақылау мәселелерi бойынша есептiлiк тәртiбiн, нысандарын және табыс ету мерзiмдерiн белгiлейдi;
л-4) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөнiнде орындалуға мiндеттi талаптарды тиiстi уәкілеттi органдармен келiсiм бойынша белгiлейдi;
м) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң келiсiмi бойынша, ақша төлемдерi мен аударымдары реттеу мақсатында, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмеген болса, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердiң кезегiн белгiлеуге құқылы;
н) Қазақстан Ұлттық Банкi өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына жәрдемдесетiн және (немесе) қаржы рыногының инфрақұрылымының бiр бөлiгi болып табылатын ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға құқылы;
н-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің консультациялық-кеңесші органдарын құруға құқылы;
о) қолма-қол банкноттар мен тиындарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау тәртiбiн белгiлейдi, банкноттар мен тиындарды сақтауды, тасымалдауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен тиындардың резервтегi мемлекеттiк қорын құрайды;
п) Қазақстан Республикасы банктерiнiң жиынтық балансы мен өз балансын жасайды және оны үнемi жариялап отырады;
р) елдің есептiк төлем балансын, халықаралық инвестициялық ұстанымын және жалпы сыртқы борышын бағалауды қалыптастырады, төлем балансының қысқа мерзiмдi, орташа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi болжамды бағаларын әзiрлеуге қатысады, валюталық операцияларды тiркеудi, мемлекеттік кепілдіктері жоқ мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша шарттардың мониторингін және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларының мониторингін (валюталық мониторингті) жүзеге асырады;
p-1) мемлекеттiң ақша-кредит және қаржы статистикасын қалыптастырады;
с) ақшаны клиенттің банктік шотына қате есептелгені анықталған кезде оны алып қоюға құқығы бар, банктік шоттан ақшаны алуға оның келісімін растайтын құжаттар бар болса, клиенттің банктік шотын дебеттеуге құқылы;
т) мемлекеттiк органдар мен қаржылық ұйымдар үшiн кадрлар даярлауға және қайта даярлауға қатысады;
у) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бiрыңғай қазынашылық шотына қызмет көрсетедi;
у-1) өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерден, олардың қауымдастықтарынан (одақтарынан) және мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат алуға құқылы;
у-2) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес вексельдердi қайта есептеудi жүзеге асырады;
у-3) Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалатын және ресми басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттың негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады;
у-4) Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкiметінің немесе басқа да заңды тұлғалардың арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттардың негiзiнде активтердi сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады. Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар ресми баспа басылымдарында жарияланады;
у-5) банк шоттарының режимiн белгiлейдi;
у-6) ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерiн белгiлейдi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
у-7) банктер операциялары мен мәмiлелерiнiң жекелеген түрлерi бойынша сандық шектеулердi белгiлейдi;
у-8) Қазақстан Республикасының заң актілерiнде айқындалған банк қызметiн және бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметті тиiстi лицензиялар алмай-ақ жүзеге асырады;
у-9) лицензиаттарға Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын бұзғаны үшін өз құзыретi шегiнде ықпал ету шараларын және санкциялар қолданады;
у-10) банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға банк қызметi, ақшаны есепке алу, оның төлемдерi мен аударымдарын, валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi бұзған жағдайда, оларға өз құзыретi шегiнде банктік және валюталық заңдарда көзделген ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану тәртібін айқындайды және қолданады;
у-11) жеке және заңды тұлғаларға инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату бағасын белгілейдi;
у-12) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
у-13) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісе отырып Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
у-14) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін айырбастау және қайта айырбастау тәртібін айқындайды;
у-15) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтеріне сыртқы басқарушылар таңдау тәртібін айқындайды;
у-16) сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетелдік валютаны пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асырады;
ф) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да функцияларды, өкiлеттiктер мен құқықтарды жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ақша-кредит саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын бiрден-бiр орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатын бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.
Ақша-кредит саясаты:
қайта қаржыландырудың ресми ставкасын;
ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерiн;
ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн;
ерекше жағдайларда, операциялардың жекелеген түрлерiнiң деңгейi мен көлемiне тiкелей сандық шектеулердi белгiлеу жолымен жүзеге асырылады (29-бап).
Ақша-кредит саясатын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай операция түрлерiн жүзеге асырады:
1) қарыздар беру;
2) депозиттер қабылдау;
3) валюталық интервенциялар;
4) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталарын шығару;
5) мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату, оның iшiнде керi сатып алу құқығымен;
6) коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу;
7) Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша басқа да операциялар. (30-бап).
Қазақстан Ұлттық Банкi банктердiң депозиттерi мен заемдары бойынша сыйақы көлемдерi мен ставкаларын реттеу мақсатында ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн пайдаланады.
Қазақстан Ұлттық Банкi ең төменгі резервтiк талаптардың нормативтерiн банктер мiндеттемелерi сомасының процентi ретiнде есептейдi.
Банктердiң есеп айырысу үшiн қабылданатын мiндеттемелерiнiң құрылымын, ең төменгі резервтiк талаптарды орындау шарттарын және оларды резервтеу тәртiбiн, сондай-ақ ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлейдi.
Ең төменгі резервтiк талаптардың нормативтерiн өзгерту осындай шешiм қабылданған күннен бастап бiр айдан ерте қолданысқа енгiзiлмейдi.
Ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерi бұзылған кезде банктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Қазақстан Ұлттық Банкi тарату комиссиясының төрағасы тағайындалған күннен бастап банктің тарату комиссиясына өзiнде резервтелген қаражатты он күндiк мерзiмде қайтарады. (32-бап).
Өтпелі кезең жағдайындағы Қазақстан Ренспуликасында жаңадан құрылған Қазақстан Ренспуликасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі банк жүйесінің екінші деңгейіндегі (жалпы алғанда қаржы рыногындағы) әкімшілік рұқсат беру вертикалін көрсетеді. Коммерциялық банктер қызметіне қатысты мемлекеттік реттеу және қадағалау кезінен банк жүйесінің тұрақтылығын, аталған банктер мен олардың клиенттерінің мүдделерін қорғауды көздейді.
Сонымен бірге, банктік қызметті мемлекеттік реттеу рыногтік үлгідегі банк жүйесінің экономикадағы түрлендірулерге сай өзгерілетін факторларын ескере отырып, оның өзіндік реттеуіне де жол ашады. Банк секторындағы осындай ресми (мемлекеттік) және өзіндік басқарулардың тиімділігі және өзара байланыстарының нақтылы механизмдері тиісті нормативтік – құқықтық базасының негізінде айқындалады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1270 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi туралы ереже негізінде «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі» құрылған болатын. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi — Агенттiк) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.
Агенттіктiң мақсаттары:
1) қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұтастай алғанда қаржы жүйесiне деген сенiмдi қолдау;
2) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылардың мүдделерiн қорғаудың тиiсiнше деңгейiн қамтамасыз ету;
3) қаржы ұйымдарын қаржы нарығындағы адал бәсекенi қолдау, бағытталған қызметi үшiн тең құқылы жағдайлар жасау болып табылады.
Агенттіктің мiндеттерi:
1) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылықтарды болдырмау жөнiндегi шараларды iске асыру;
2) адал бәсеке принциптерiнде қаржы ұйымдарының тиiстi түрлерiнiң жұмыс iстеуi үшiн тең жағдайлар жасау;
3) қаржы ұйымдарының қызметiн реттеу мен қадағалаудың стандарттары мен әдiстерiнiң деңгейiн арттыру, олар қабылдаған мiндеттемелердiң уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды пайдалану;
4) қаржы ұйымдары қызметінiң стандарттарын белгiлеу, қаржы ұйымдарын корпоративтiк басқаруды жақсарту үшiн ынталандыру шараларын жасау;
5) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын сақтау мақсатында қаржы рыногының және қаржы ұйымдарының мониторингi;
6) қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында қаржы нарығының неғұрлым тәуекелге бейiм салаларындағы қадағалау ресурстарын шоғырландыру;
7) қазiргi заманғы технологияларды ендiрудi ынталандыру тұтынушылар үшiн қаржы ұйымдары мен олар көрсететiн қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толық және қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету болып табылады. (10- және 11- тармақтар)
Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн реттеу мен қадағалауды, соның iшiнде шоғырландырылған негiзде жүзеге асыру мақсатында, Агенттiк:
1) өзі белгілеген тәртіппен банктер ашуға және оларды ерікті түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға, банктерге еншілес ұйым құруға және сатып алуға, банктің ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат береді не рұқсат беруден бас тартады, сондай-ақ банктің және банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім береді;
2) өзі белгілеген тәртіппен банктердің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім береді (қайтарып алады);
3) өзi белгілеген тәртiппен банктердiң құрылтай құжаттарына (соның iшiнде оларға өзгерiстер мен толықтыруларға) келiсiм бередi;
4) өзі белгілеген тәртіппен банк операцияларының жекелеген түрлерін және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге операцияларды жүргізуге, соның ішінде Ұлттық Банктің оң қорытындысы болған кезде, сондай-ақ банк қызметінің аудитін жүзеге асыруға лицензия береді, беруден бас тартады, Қазақстан Республикасының заңнама актілерінде көзделген жағдайларда берілген лицензиялардың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдайды;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өкiлеттiктер шегiнде банктiк қызмет және банктердi тарату мәселелерi жөнiнде барлық банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, соның ішінде ипотекалық ұйымдар және олардың клиенттерi орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалayды жүзеге асырады;
5-1) салымдарға (депозиттерге) мiндетті ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) тәртібiн белгiлейдi;
5-2) банктердiң банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, соның ішінде ипотекалық ұйымдардың және банктерге аудит жүргізуге лицензиясы бар аудиторлық ұйымдардың тiзiлiмiн жүргізедi;
6) банктердiң iрi қатысушыларын және банктiк холдингтердi анықтау мақсатында банктердiң тiкелей немесе жанама қатысушыларының, жеке және заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын және өзге де ақпаратты, Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiнде көзделген жағдайларда банктермен аффилиирленген тұлғалардың қаржылық есептi және өзге ақпаратты ұсынуын талап етедi;
7) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, соның ішінде ипотекалық ұйымдардың және олардың аффилиирленген тұлғаларының шоғырландырылған негiздегі есеп беруiн қоса алғанда (қаржылық және статистикалық есеп берудi қоспағанда), есеп берудi ұсыну тiзбесiн, нысандарын, мерзiмдерi мен тәртiбiн белгілейдi;
8) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, соның ішінде ипотекалық ұйымдардың және олардың филиалдарының қызметiн, соның iшiнде мемлекеттік органдарды және өзге де ұйымдарды тарта отырып тексередi және Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiнде көзделген жағдайларда банктерден, мемлекеттiк органдардан және азаматтардан ол өзiнiң бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажетті деп санайтын ақпаратты алады, алынған ақпарат бойынша түсiндiрудi талап етедi;
9) банктiк конгломераттардың қызметiн реттейдi және банктердiң аффилиирленген тұлғаларының, банктердiң қызметiне олардың әсер ету дәрежесiн және сипатын айқындау мақсатында нормативтік құқықтық актiлерге сәйкес олардың қызметiн, соның iшiнде мемлекеттік органдарды және өзге де ұйымдарды тарта отырып тексередi;
10) банктерге, банктік конгломераттарға, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, соның ішінде ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге нормалар мен лимиттерді белгілейді;
11) үмiтсiз және күмәндi активтердi қамтамасыз ету үшiн провизиялар қалыптастырудың тәртiбi мен шарттарын айқындайды;
12) банктер және олардың аффилиирленген тұлғалары, банктердің ірі қатысушыларының аффилиирленген тұлғалары, банктік холдингтер, сондай-ақ банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдар, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, соның ішінде ипотекалық ұйымдар оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнама және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзған жағдайда, оларға шектеулі ықпал ету шараларын, санкцияларды, мәжбүрлеу шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де ықпал ету шараларын қолданады;
13) банктердің, банктердің ірі қатысушыларының, банктік холдингтердің, банктік ірі қатысушысының немесе Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес банктік холдингтің белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың және олардың лауазымды тұлғаларының, соның ішінде тарату комиссиялары төрағаларының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, соның ішінде ипотекалық ұйымдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерін қарайды, оларға Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкес жаза қолданады;
14) банктерден, сондай-ақ олардың аффилиирленген тұлғаларынан, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан, соның ішінде ипотекалық ұйымдардан қаржылық және өзге де есептi және өзiнiң бақылау мен қадағалау функцияларын қамтамасыз етуi үшiн қажеттi басқа ақпаратты алады;
15) ҚР Президентінің 2006.22.05. № 119 Жарлығымен алып тасталды
16) банктердi консервациялау және банктiң уақытша әкiмшiлiгiн (банктiң уақытша басқарушысын) тағайындау туралы шешiм қабылдайды;
17) банк қызметiнiң аудитiн жүргiзуге өкiлеттi аудиторлық ұйымның (аудитордың) есеп жасау тәртiбiн айқындайды;
18) олардың банктің ірі қатысушысына және (немесе) банктік холдингке тиесілі банктің акцияларын сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асыруы туралы, ал Yкiметпен келiсiм бойынша — банктiң кредиторларының мүдделерiн қорғау және Қазақстан Республикасының банктiк жүйесiнiң орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында және кейiннен жедел түрде меншікті капиталының керi мөлшерi бар екiншi деңгейдегi банктердiң акцияларын жаңа инвесторларға сату шартымен мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдайды, банктердiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды кейiннен инвесторларға сату тәртiбiн белгiлейдi;
18-1) банк акционерлерінің жалпы жиналысына қатысу үшін өз өкілін жібереді;
18-2) қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерде өз өкілін ұстай алады;
19) уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша басқарушының) қызметiне бақылауды жүзеге асырады, соның iшiнде:
банк операцияларын жүргiзуге лицензиялар қайтарылып алынғаннан кейiнгi кезеңге уақытша әкiмшiлiктi (уақытша басқарушыны) тағайындау тәртiбiн және өкiлеттіктерiн белгiлейдi;
уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша басқарушының) есебiн және өзге де ақпарат ұсынуына қойылатын талаптарды белгiлейдi;
құжаттар мен мүлiктi уақытша әкiмшiлiктен (уақытша басқарушыдан) тарату комиссиясының төрағасына қабылдау-өткiзу актiсiн бекiтедi;
20) тарату комиссияларының төрағаларына және мүшелерiне кандидатураларға қойылатын талаптарды белгілейдi;
21) мәжбүрлеп таратылатын банктiң филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, тарату комиссияларын тағайындайды;
22) өзi белгiлеген тәртiппен тарату комиссияларының қызметiн бақылауды жүзеге асырады, соның iшiнде:
мәжбүрлеп таратылатын банктiң аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн, ерiктi немесе мәжбүрлеп таратылатын банктердiң кредиторлар комитетiнiң құрамын бекiтеді;
тарату комиссияларының есеп және қосымша ақпарат ұсыну нысандарын, мерзiмдерiн және кезеңділiгiн белгiлейдi;
мәжбүрлеп таратылатын банктi тарату туралы есептi және тарату балансын келiседi;
тарату комиссияларының қызметiн тексередi және олар орындауға мiндеттi нұсқамалар шығарады;
таратылатын банктiң кредиторлар комитетiн қалыптастырудың және қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi;
тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру және бекіту ерекшеліктері мен тәртібін белгілейді;
тарату комиссиясының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын жасау, кассалық құжаттарды жүргізу ережелерін орындау, қолма-қол ақшаның жұмсалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын, касса қалдықтарының лимиттерін, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны өткізу мерзімдерін айқындайды;
22-1) мәжбүрлеп таратылатын банктiң таратылу тәртібiн және тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптарды айқындайды;
22-2) ерікті таратылатын банктердің тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін айқындайды;
23) ҚР Президентінің 10.12.04 ж. № 1495 Жарлығымен күші жойылды
24) Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес өзге де функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асырады. (13-тармақ).
Қорытынды
Банктік қызмет кәсіпкерлік (коммерциялық, экономикалық) қызметтүрі болып табылатындықтан заңгер мамандардың объективті экономикалық заңдар мен заңдылықтарды жете білгендері, инветициялық, кредиттік, трасттық банктік операциялардың экономикалық – қаржылық мән – маңызын қажетті көлемде меңгергені Қазақстан Ркспубликасы банк жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне, сондай-ақ банктік құқықтық қатынастардың тиімді қалыптасуына септігін тигізеді. Ал қаржыгерлердің (экономисттердің) Қазақстан Ре,спубликасының Конституциясын, банктік заңнаманы және банк жүйесіне қатысы бар өзге де заңнамалық актілерді тиісті көлемде зерделей отырып, олардың негізгі ережелері мен принциптерін жеите игергені банктік қызметтің ашықтығын, банктік қатыныстардағы заңдылықтың, сондай-ақ банктік құқытық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуге өзіндік үлесін қосады.1
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің 28 ақпан 2007 жылғы Қазақтсан халқына жолдауында қаржылық секторды ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағытының бірі ретінде айқындайды.
«…Қазақстанның банк жүйесі тарапынан экономиканың келешегі зор секторларына нарықтық жағынан орнақты қолдау көрсетуі үшін жағдай жасалуын және банктердің өңірлік экономикалық жобаларға, соның ішінде мемлекеттік – жеке меншік әріптестік шеңберінде қатысуын күшейту қажет.
…капиталдың қозғалысы саласындағы негізсіз шектеулерді алып тастау жайындағы мәселеге тағы да оралуымыз қажет. Бұл мәселені Қазақстанның оңтайлы жиынтық сыртқы қарызын қолдау қажеттігін есепке ала отырып қарастырған дұрыс. Біздің банктеріміз сыртқы қаржыландыруға шектен тыс иек артады, мұның өзі еліміздің сыртқы жинтық қарызының бақылаусыз ұлғаюына әкеп соқтыруы мүмкін.
…электрондық банк қызметтері инфрақұрылымын кеңейту үшін заңнамалық негізді одан әрі жетілдіру электрондық сауданы дамытудың қуатты факторына айналмақ.»2
Қазіргі таңда жоғарыда аталып өткендей, банктік қызмет саласында өзекті әрі проблемалы мәселелер жетерлік. Банктік қатынастардың қарқынды дамуы оны реттейтін нормативтік – құқықтық актілердің сапалы әрі уақытылы шығарылуын талап етеді. Бұл қатынастарды мемлекеттік реттеудің маңыздылығы мен ерекшеліктеріне назар аударылыуы тиіс, өйткені банк саласы бүкіл мемлекет экономикасының «күре тамыры» болып табылады.
Банктік қызметті мемлекеттік реттеумен қатар олардың бәсекелестікке төтеп берерліктей қызметін қамтамасыз етуіміз тиіс. ҚР Ұлттық Банкі және Қаржылық қадағалау агенттігі өз нормативтік-құқықтық актілерін қабылдау арқылы бұл қызмет түрін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру керек. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына қосылуға бағыт алғандығын ескеретін болсақ, қазақстандық банктерді көтермелеу шараларын қолдануды қажет деп таптық.
1Найманбаев С. М. Банктік құқық: оқу құралы.-Алматы: Жеті жарғы, 2005. 144 бет.
2ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана 2007 жылғы 28 ақпан. / Егемен Қазақстан, 1 наурыз 2007 жыл.
Пайдаланылған көздер:
Нормативтік – құқықтық актілер:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз.
- «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы № 126-II Заңы.
- «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.
- «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»Қазақстан Республикасының 1997 ж. 20 маусымдағы № 136-1Заңы.
- «Қазақстанның Инвестициялық қоры» акционерлік қоғамын құру туралыҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы N 501 қаулысы.
- «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 5 маусым 2006 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Заңы.
- «Алматы қаласында мамандандырылған қаржылық сот құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 17 тамыз 2006 жылғы Жарлығы.
- «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы болып саналатын қор биржаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің төрағасының 2006 жылығы 8 қыркүйектегі № 8 Бұйрығы.
- «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 13 маусым 2005 жылғы Заңы.
- «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 ж. 31 тамыздағы №2444 заңы.
- «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және
қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 474-ІІ Заңы.
- «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы30 наурыздағы N 2155 Қазақстан Республикасының Заңы.
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1270 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржыұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi туралы» Ереже.
- “Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің РЕПО операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 5 ақпандағы N 10 Қаулысы.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 2 Қаулысы.
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органының лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерлерi туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 54 Қаулысы.
- Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 40 Қаулысы.
- Банкті ашуға рұқсат беру, cондай-ақ банктер жүзеге асыратын банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияны беру, тоқтата тұру және қайтарып алу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 9 қаулысы.
- Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемелері мен нормативтік мәнін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есеп берудің нысандары мен мерзімін белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 44 Қаулысы.
20. Банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы N 49 Қаулысы.
- Банктердің пруденциалдық нормативтерді және активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеу туралы мәліметтерді (провизияларды қалыптастыру) орындау жөніндегі есебін жариялау нысандары мен мерзімдері туралы туралы Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 288 Қаулысы.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Ең аз резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде» 2002 жылєы 3 тамыздағы N 300 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы N 146 Қаулысы.
Арнайы әдебиеттер:
- А.И. Худяков. Финансовое право Республики Казахстан. Общая часть- Алматы, ТОО «Баспа», — 2001.
- А. Г. Сайденов. Развитие финансового сектора Казахстана. // Банки Казахстана-№10,
- Б. Абдуллин. Рост без првил ? // Континент — №10 (171),
- Новые предостережения // Континент-№23(184), 2006. с.19. Материалы «Интерфакс Казахстан».
- А. Иконников. Колосс на глиняных ногах.// Континент — №21 (182) 2006.
- «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігі, 15.09.2006 жыл.
- Сейтжанов А. А Банктік қызметті мемлекеттік басқару. з. ғ. к. ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертация – Алматы,
- ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана 2007 жылғы 28 ақпан. / Егемен Қазақстан, 1 наурыз 2007 жыл.
- Сейтжанов А. А. Банктік қызметті мемлекеттік басқару. з.ғ. к. Ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертация/ Автореферат. –– Алматы,
- Аубакиров А. А., Бахаров В. А., Хамитов Н. Н., Ютиш В. М. Словарь банковских и финансово – экономических терминов. –– Алматы: Жеті жарғы, 1999 .
- Благодатин А. А. , Лозовский Л. Ш. , Райзберг Б. А. Финансовый словарь – М: 2002.
- Эриашвили Н. Д. Банковское право – М; 2000 г.
- Найманбаева С. С. Финасовое право. –– Алматы: Дәнекер. 2004 г.
- Абжанов Д. К. Государственно – прав/е регулир/не банковской деятельности в РК. Диссертация на соискание уч. степ. КЮН., – Алматы. 1998 г.
- Найманбаев С. М. Банктік құқық: оқу құралы.-Алматы: Жеті жарғы,
- ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдері) – Алматы: ЮРИСТ, 2006 ж.
- Абжанов Д. К. Государственно – првовое регулирование банковской деятельности в РК / Диссертация на соискание уч. степ. К.Ю.Н./ Автореферат – Алматы, 1998 г.
- Олейник О. М. Основы банковского права: Курс лекций. –– М.:Юристь,
- Найманбаев С. М. Мемлекеттік басқару: маңызы, ерекшеліктері // Ақиқат-2000 №5.
- Пессель М. А. Проблема разделения власти и банковская система. // Деньги кредит. – 2000. -№1.
- «ҚР-дағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР 1995 ж. 31 тамыздағы №2444 заңы (2006-07.07. берілген өзгерістер мен толықтырулар мен) – спарвочное правовая система ЮРИСТ, 02. 2007.
- Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. С. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: жеті жарғы,
- Н.Ю. Ерпылева. Российские банковское право: Механизм правового регулирования банковской деятельности. // Банковское право: — №1-2-1999.
- Коньев В. В. Правовое регулирование банковской деятельности. – М.,
- Танкиева А. Жергілікті басқаруда экономикалық механизидерді қолдану жолдары // Қаржы-қаражат. – 2004.-№3.
- Давыдова Л., Райманов Д. Банковское право РК: Учеб. пособие. – Алматы: Жеті жарғы, 2004.