АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс.. Қазақстан Республикасының несие жүйесі, және оның қалыптасуы мен дамуы

Қазақстан Республикасының білім және ғылым

министрілі

«МИРАС» университеті

«Т.Язган атындағы Экономика және Бизнес» институты

 

департамент: Қаржы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының несие жүйесі, және оның қалыптасуы мен дамуы.

 

 

Шымкент

 

Мазмұны

 

Кіріспе.

 

  1. тарау. Қазақстан Республикасындағы несиенің ………………………

            экономиканы дамытудағы ролі және несие жүйесі ………..

  • Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы. ……………
  • Қазақстан Республикасындағы банктік емес қаржы

институттары. ……………………………………………………………..

  • Несиелік жүйені құру принциптері. …………………………….
  • Несие жүйесінің даму тенденциясы…………………………….

 

  1. тарау. Ұлттық Банк — Қазақстан Республикасының

            Орталық банкі. ……………………………………………………………….

            2.1  Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі: 

                   міндеттері, қызметтері және операциялары. ………………..

            2.2  Ұлттық банктің эмиссиялық қызметі. …………………………

            2.3  Ұлттық банктің құрылымы мен басқару

                  органдары. ………………………………………………………………….

 

III. тарау.  Қазақстан Республикасындағы Коммерциялық

            банктер. …………………………………………………………………………

            3.1 Коммерциялық банктер қызметінің мәні,  құрылуы

                  мен ұйымдастырылуы. ………………………………………………

            3.2 Коммерциялық банктердің ресурстарын қалыптастыру        

                  операциялары. ………………………………………………………….

            3.3 Коммерциялық банктердің актив операциялары. ……….

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

    Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туын тіккеннен бергі уақытта өткен күрделі әлеуметтік – экономикалық реформалар елдің экономикалық дамуына өзіндік ықпалын тигізді. Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие -ақша және қаржы шаруашылығы; ақша-несие жүйесін реформалау; қатаң инфляция жағдайында бізде бұрын-сонды болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; несие-қаржы институттарының жаңа түйінді түрлерінің пайда болуы; нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі буынды банктік жүенің қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополиаланған мемлекет тік банктердің құрылым дардың әкімшілік-әміршілік басқа ру жүйесінен пайда табуға, коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық меншікке негіз делген несиелік мекемелерге өту тәрізді бірқатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда. Экономиканың нақты секто рын, яғни өнеркәсіпті дамыту және халықаралық нарықтық жүйенің бәсекелестігінің қатаң талаптарына жауап бере алатын тұрақты экономиканың жүйесін құру, экономиканың несиеге деген қажеттілігін арттыруда. Осыған байланысты үкімет пен Ұлттық Банктің құрған бағдарламаларына сәй кес экономикаға несие 4,5 есе өсірілді. Сонымен қатар, ипотекалық несиенің қажеттілігінің артуына байланысты банктердің халыққа берген несие соммасы 8 милиард теңге ге жетті. Алайда, Қазақстанда табысы аз халықтардың үлесі жоғары болуына байланысты көп адамдар әзірге ипотека лық несиеге қол жеткізе алмайды.

     Несие категориясының қазіргі таңда экономикалық мәні жоғары  болып отыр. Сондықтан несиелеудің Қазақ стан Республикасындағы жалпы жағдайымен банктердің эконо микасы несиелеудегі пайдалана отырған әдіс-тәсілдерін қарастыру және экономиканы қаржыландырудың негізгі көзі ретінде несиенің мәні қаншалықты терең екенін түсіну мақсатында аталған тақырыпты таңдадым.

     Несиелеу проблемаларын қарастыруда оның құқықтық негіздері болып табылатын Қазақстан Республикасының заң дары пайдаланыл ды. Несиелеу банктер жүйесі арқылы жүр гізілетіндіктерінен реттейтін негізгі құқықтық-норматифтік актілер Қазақстан Респубкасының “Ұлттық банкі туралы” заңы, “банк және банк қызметкері туралы” Қазақстан Республикасының заңы, “ипотекалық несие туралы” заң, “тұтынушылық несие туралы” заң болып табылады.

     Курстық жұмысты орындау мақсатында аталған тақырыптың мазмұнын ашу үшін 1-бөлімде несиенің мәні, қажеттілігі, құрылымы, түрлері қарастырылған.

     2-бөлімінде несие жүесі және Қазақстан Республикасын дағы не сиенің экономиканы дамыту қызметтері мен рөл дері қарастырылған.

     Ал, 3-бөлімде Қазақстан Республикасындағы банктердің экономиканы тұрақтандырудағы рөлі қарастырылған.

 

                                  

 

  1. I. тарау. Қазақстан Республикасындағы несиенің

                     экономиканы дамытудағы ролі.

 

1.1 Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы.

 

Несие-нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субьектілермен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.

Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау — бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.

Ұдайы өндіріс процессі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылықтағы несиенің орнын айқындауға және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте несиелік қатынас жүргізілмейді. Өндірістік процесске несиелік қатынастардың тек бірінші жағы — алынған несиені өндірістік мақсатқа пайдаланушы қарыз алушы ғана қатынаса алады. Екінші жақ -кредитор өндірістік процестің сыртында қала ды. Демек, несие бірегей ұдайы өндіріс процессінің субьектілері арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан несиенің мәнін ұдайы өндіріс процессінің бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды.

Құнның қозғалысы — бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады. Көбінесе несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған негізде бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде.

Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.

Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие — бұл ақшалай қаражаттың екі нақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы –сол қаражаттың бір нақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субфенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтымсыз сипатқа ие.

Несие-бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.

Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жәке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.

Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие — бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.

Экономикалық категория ретінде, несие кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.

Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементерге ең алдымен несиелік қатынастар субьектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несилік қатынастар субьекті сіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.

 Қарыз беруші — қарызды беретін несилік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші — бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субьектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес, мекемелер, мемлекет, шаруашылық субьектілері және халық жатады.

Қарыз алушы — бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әр түрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адам заттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш — бұл өте ауқымды үғым. Ал, қарыз алушы — бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.

Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне берілетін обьекті де жатады. Беру обьектісі — бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.

Несие құнының белгіленіп үлгерген қызметіне байланысты болатын қатынастарды білдіреді. Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды, өйткені мұндай өнім әлі жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс процесінің сәйкес қатынасушыларының иелігіне түскен жоқ. Сондықтан, несиеге бастаманы өндіріс сатысы емес өнімнің қозғалысының келесі сатылары береді. Осы мағынада несиелік қатынастар бұл өндірістегі қатынастар емес, оның сыртындағы қатынастар болып табылады.

Осылайша, өндіріс сферасының айқындаушы мағынасы оны несиелік қатынатардың түпкі мәнін есептеуге негіз болмайды, демек соңғысының мағынасын толық бере алмайды. Айырбаспен өзара әрекет процессінде өндірістің белгілі бір мағынасы бар.

Несиенің мүмкіндігі нақты болуы үшін белгілі бір шарттар қажет. Олар кем дегенде екеу: 1 — несиелік мәмілеге қатысушылар-кредитор және қарыз алушы — экономикалық байланыстардан келіп шығатын міндеттемелердің орындалуына материалдық кепілдік беретін заңды дербес субьектілер ретінде болулары керек несиелік қатынасқа түсуші заңды тұлғалар өз қызметтерін нарық заңдары және экономикалық мүдделердің сәйкестігі негізінде жүзеге асырулары қажет; 2 — несие қажеттілігі, егер қарыз алушы мен қарыз беруші мүдделері сәйкес келген жағдайда қажет б.т. Несиелік мәміле жасалуы үшін оның қатысушылары өзара ықылас білдірулері қажет. Несиелік қатынастар, бір жағынан, кредитормен қарыз алушының арасында ақшалай қаражаттарды қарызға беру, екінші жағынан, оларды алу кезінде мүдделік пайда болған жағдайда ғана жүзеге асады. Осылайша, несие капиталдардың шеңбер айналымы және айналымында белгілі бір жағдайларда несиелік қатынастардың пайда болуы мүмкіндігі шындыққа айналғанда қажет болады. Несиелік қатынастардың субьектілері өзара мүдделерге негізделген экономикалық байланыстар тұрақтылығымен, бірқалыптылығымен сипатталады, біртұтас жүйе ретіндегі несие шеңберімен анықталады. Қажеттілік категориясы көбінесе обьектіні тереңдей тану дәрежесін, яғни оның мәнін, заңдылығың ашып ақиқат өмірдің ішкі, тұрақты, қайталанып отыратын жалпылама қатынастарын, оның дамуының негізгі бағыттарын көрсетеді.

Несиенің мәнін ашу — бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығн білдіретін сапаларын тану болып табылады. Сондықтан несиенің мәні және қажеттілігі туралы жоғары да айтылғандарға қосымша оның құрылымын, қозғалысының заңдылықтарын қарастыралық.

Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге айналған және несиелік қатынастар мен несиелік қатынастар танымының сатысы ретінде көрінеді.Ол несиеде тұрақты, өзгеріссіз қалады. Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие зерттеу обьектісі ретінде, бәрінен бұрын оның субьектілері болып табылатын элементтерден тұрады.Несиелік мәміледе қатынас субьектілері қарыз беруші және қарыз алушы болады. Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісі мен тауар айналысы негізінде жүреді.

Кредитор — несиелік мәміленің қарызды ұсынушы жағы. Қарыз беру үшін кредитордың қармағында белгілі  бір қаражаттар болуы керек. Оның көздері өз қорлары, ресурстары, өз кезегінде қайтарымдылық  негізінде ұдайы өндіріс процесінің басқа субьектілерінен алынған ресурстар бола алады. Қазіргі  уақыттағы шаруашылықта кредитор — банк қарызды тек өз меншігіндегі ресурстар есебінен ғана емес, оның шоттарында сақтаулы тартылған қаражаттар есебінен де, сонымен қатар акция және облигацияларды орналстыру арқылы жинақталған қаражаттар есебінен де бере алады.

Кредитор ретінде басқа шаруашылық иесіне белгілі бір мерзімге ресурс беруші тұлға болады. Қағида бойынша кредитор ерікті түрде болады. Қарыз алушы несиені белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда несиелік келісімнің еріктілігі бұзылады, қарыз алушылармен анағұрлым қатаң қатынастарға әкеп соғады. Кредиторлардың бар болуының уақыттық шекарасы несиенің мерзімімен анықталады. Несиенің мерзімі өз кезегінде ұдайы өндіріс процесінің барысына байланысты.

Қарыз алушы-несиелік қатынастың, несиені алушы және алған қарызды қайтаруға міндетті жағы болып келеді. Несиелік мәмілеге сәйкес борышқор туралы емес, қарыз алушы туралы айту керек. 

Қазіргі уақытта банктерден басқа шаруашылық ұйымдары және мемлекеттің өзі де қарыз алушылар ретінде болады. Қарыз алушының кредитордан айырмашылығы:

  • Ол қарызға берілетін қаражаттардың меншік иесі болып табылмайды, олардың уақытша иесі ретінде болады; өзіне тиісті емес бөтен біреудің ресурстарымен жұмыс істейді.
  • Қарыз алушы қарызға алынған қаражаттарды айналыс сферасында да, өндіріс сферасында да пайдаланады. Кредитор өндіріске тікелей қатыспай-ақ айырбас фазасы кезінде де қарызды ұсына алады.
  • Қарыз алушы өзінің шаруашылығында шеңбер айналымын аяқтаған қарызға алынған қаражаттарды қайтарады. Қарыз алушы кредитормен жеткілікті түрде есеп айырысу мен қоса қайтарымды толық өтеу үшін ұдайы өндіріс процессін өркендете түсу керек.
  • Қарыз алушы уақытша пайдалануға алынған құнды ғана қайтарып қоймай, сонымен қатар, қарыз пайызын да төлейді.
  • Қарыз алушы өзінің кредиторы қойған талаптарын орындауға тәуелді болады. Қарыз алушының кредитор мен экономикалық тәуелді болуы қарызға алынған қаражаттарды ұтымды пайдалануға, қарыз алушы ретінде өз міндеттемелерін орындауға мәжбүр етеді.

Сондай-ақ, несиелік қатынастар құрылымының элементі, яғни кредитордан қарыз алушыға берілетін және қарыз алушыдан кредитрға қарай кері қозғалатын обьекті болып табылады. Беру обьектісіне қарыздық құн жатады. Ол құнның ерекше бөлігі ретінде болады.

 

Экономикалық әдетте, несиенің негізгі екі формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларына: тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық, фирмалық және т.б. жатқызады.

Коммерциялық несие — бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы формасының обьектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты-тауарларды өткізуді жылдамдату.

Коммерциялық несие – бұл фексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатанастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл формасының басты мақсаты — тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.

Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Комерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда айналыс құралы ретінде қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме — вексель қолданылады.

Коммерциялық несинің банктік несиеден айырмашы лығы  мынадай:

  • қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметті сатумен айналысатын кез-келген заңды тұлға бола алады;
  • коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
  • қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
  • коммерциялық несиенің орташа құны сол кезендегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
  • қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңды түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құрамына қосылады.

Банктік несие-бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді.

Банктік несие — бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құрамына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез-келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты — бұл пайыз түрінде табыс алу.

Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.

Комерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

  1. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
  2. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
  • мақсатты қорларға;
  • банктерге;
  • қаржы-несиелік мекемелеріне.

     2.Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:

  • өнеркәсіп салаларына;
  • саудаға;
  • дайындау ұйымдарына;
  • жабдықтау-сату ұйымдарына;
  • коператифтерге;
  • жеке кәсіпкерлерге.
  1. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
  2. Мерзіміне қарай:
  • қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
  • орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);
  • ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
  • Тағайымдалу және пайдалану сипатына қарай:
  • негізгі нормаларға жұмсалатын;
  • айналым қаражатына жұмсалатын.
  1. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
  • кепілхатпен;
  • кепілдемемен;
  • кепілдікпен.
  • Қамтамасыз етілмеген:
  • сенім (бланктік) несиесі.

 

 

  1. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
  • Стандартты несие — қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;
  • Күмәнді несиелер — қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Сонғы қабылданған актифтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді.
  • Үмітсіз несиелер — қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен ссудалар шотына жазылған несиелер.
  1. Фалютамен берілуіне қарай:
  • ұлттық валютамен;
  • шетел валютасымен.
  • Берілу шартына қарай:
  • Тұтыну несиесі — бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін жеке жұмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.Тұтыну несиесінің негізгі міндеті — тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау және көмек көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан — тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлемі де өседі, өйткені таурларға болған сұраныс несиеге де сұраныс тудырады; екінші жағынан-тұрғындарды несиелеудің өсуі төлем қабілетіне сұранысты күшейтеді. Бұл тәуелділік, әсіресе қазіргі уақытта нарықтық тауарлармен жалығу жағдайында көрінеді.
  • Ипотекалық несие — жылжымайтын мүліктерді: жерді, тұрғын үй және өндірістік ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін қарыз.
  • Мемлекеттік несие — азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз алушы немесе кредитор ретінде мемлекет және жергілікті билік органдары болатын несиелік қатынастар жиынтығы. Мемлекеттік несиенің негізгі формасы — мемлекеттік займдар, сонымен қатар қысқа мерзімді қазыналық міндетемелер, тұрғындардың жинақ кассасының салымдары болып табылады.
  • Халықаралық несие — валюталық және пайда төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты халықаралық экономикалық қатынастар сферасындағы қарыз капиталының қозғалыс формасы.
  • Офердрафт несиесі — клиенттік шартынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
  • Офернайт несиесі — өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі.
  • Банкаралық несие — банктердің бір-біріне беретін несиесі.
  • Ломбардтық несие — тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, беретін несие.
  • Лизингтік несие — құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие.
  • Рамбурстық несие — шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикатпен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пай даланатын несие.
  • Сенім несиесі (траст) – банктің сеніміне кірген қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие.
  • Маусымдық несие — жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.
  • Несиелеу обьектісіне қарай:
  • Меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;
  • Материалдық қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;
  • Сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен импорттауға;
  • Азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материадар, құралдар және басқа да мүліктер алуына;
  • Ломбарттық, кепілдік және ссудалық операцияларға;
  • Театрлар және демалыс орындарының кірістері мен шығыстары арасындағы маусымдық үзілістерге;
  • Күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
  • Тез өтелетін тиімділігі жоғары шараларға.

Қазақстан Республикасының жетекші халықаралық ұйымдарға мүше болуы, экономикалық реформалар жүргізу үшін қосымша қаржылық көздерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Халықаралық займдарды пайдалануды екінші деңгейдегі банктер де белсенді қолдануда.

Қазақстанда несиелердің келесі түрлері дамыған:

  1. Ұлттық банктің несиелері:
  • аукциондық — Ұлттық банктің ақша несие саясатының уақытша құралы болып табылатын және екінші деңгейдегі банктерге аукциондық негізде, республика банктерінің 1 айдан — 3 айға берілетін қысқа мерзімді несиелерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы берілетін несие.
  • ломбардтық — Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге ала отырып, жоғары пайызбен берілетін қысқа мерзімді несиенің түрі.
  • бюджеттік — Ұлттық банк Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қайтарымдылық шартымен беретін несиесі.
  1. Екінші деңгейдегі банктердің несиелері:
  • өз айналым қаражаттарының жеткіліксіздігін уақытша толықтыру.
  • күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға.
  • импорттық бойынша контрактілерді төлеу үшін берілетін импорт.
  • ипотекалық.
  • несиелік желі негізінде-қарыз алушының бірінші талап етуі бойынша және белгілі бір кезең бойында келісілген лимит шегінде оған несие беру туралы банктің заңдық рәсімделген міндеттемесі.
  • концорциялық — несиелік, кепілдік немесе басқа да банктік операцияларды бірігіп жүзеге асыру үшін қандай да бір ірі банктің қамқорлығы мен бірлескен екі немесе одан да көп банктер беретін несие.
  • тұтыну мақсаттарына.
  • банкаралық.
  1. Қарыз портфелін жіктеу және екінші деңгейдегі банктердің несиелік қызметінен келетін шығындарды жабу үшін резерфтер құру тәртібі туралы ережеге сәйкес Ұлттық банк қарыздардың сапалары бойынша олардан келесі бөлінулерін белгіледі:
  • стандартты-қайтарылу мерзімі әлі жетпеген және сапасы күмән туғызбайтын несие;
  • стандартты емес — несиенің қайтарылуы 30 күнге кешіктірілуімен байланысты тәуекелі аз және бір реттен артық емес ұзартылған несие;
  • қанағаттанарлықсыз — ұзартылу мерзімі ұзартылған қарыз шотына жатқызылған күннен бастап 30 бен 60 күн аралығында және бір реттен артық емес ұзартылған несие.
  • күдікті — қарыздың ұзартылған қарыздар шотына жатқызылған күннен бастап ұзартылу мерзімі 60 күннен 90 күнге дейінгі несие;
  • шағынды — ұзарттыру мерзімі 90 күннен артық несие.

Банктердің қарыз портфелінің жіктеуі, оның сапасының жоғарлауы және несиелік қызметтің болуы мүмкін шығындарды жабу үшін резерфтер құру мақсатын көздейді және банктік жүйенің тұрақты даму мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды рөл атқарады. Өнадіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие жүйесі оған тұрақты және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше ақшалай қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай отырып ақшалай қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді.

Несие жүйесінің рөлі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмсалымдардың көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және тағы да басқалары. Несие жүйесі туралы екі түрлі ұғым қалыптасқан: біріншісі — несие-есеп қатынастары, оның түрлері мен несиелеу әдістерінің жиынтығы; екіншісі-несие-қаржы институттарының (мекемелерінің) жиынтығы. Несие жүйесінің қызметінен несие қатынастары туындайды. Несие қатынастарының мазмұнын несие мекемелерінде әр түрлі субьектілердің уақытша бос ақша капиталдарын шоғырландырып және оларды белгілі бір мерзімнен кейін және белгілі бір төлемақымен қайтару үшін бөліп беру анықтайды. Несиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі ұғымын құрайды.

Несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің жиынтығын несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық  формаларын ұйымдастыруы арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастыруда: банктік және банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие жүйесінің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік және мамандырылған несие-қаржы мекемелері. Мемлекеттік банктің жетекшілігімен ұйымдастырылған несие жүйесінің құрылымы қызмет етсе, нарық экономикасы үшін монополия сыздандырылған банктік және банктік емес мекемелерден құралатын несие жүйесі қажет.

   

Несие жүйесінің елдегі ақша айналымын реттеудегі, заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі қызметтер көрсету  барысындағы қалыптасатын экономикалық қатынастарды да несиелік қатынастар мазмұнына жатқызуға болады. Несиелік қатынастар екі жақты сипатқа ие және шаруашылық субъектілері үшін де, сондай-ақ несие жүйесінің мекемелері үшін де бірдей қажет. Ақшаны несиелік мекемелерде сақтау – несиелік ресурстарды құруды білдірсе, ал оларды экономика және халық қажеті үшін орналастыру – несие беруді білдіреді.

Екі жақты қатынас: шаруашылық ұйымдары мен несие жүйесі, несие жүйесі мен халық, мемлекет пен несие жүйесі, несиелік мекемелер, әр түрлі елдердің несиелік мекемелеріарасында болуы мүмкін.

Жоғарыда түсіндіргеніміздей, несиелік қатынас негізінен ақшалай формада несие экономикалық категориясының қызмет етуі барысында жүзеге асырылады. Несиелік қатынастардың сыртқы көрінісі несие формасын сипаттайды. Ол несиелік қатынастардың мәні және ұйымдастырылуын синтездейді. Несиелік қатынастар формасы мен мазмұны диалектикалық бірлікте болады. Несиелік қатынастар формасы олардың мазмұнына сәйкес келіп және оның дамуын ынталандыруы тиіс. Өндірістік қатынастардың өзгерісі несиелік қатынастар мазмұны мен несие формасының өзгеруіне әкеледі.

Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауар несиесі коммерциялық несиенің бірінші негізін білдіреді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-біріне қарыз беруі барысында, аталған несие формасында ақшалай формада қайтарылады. Өйткені, алушы субъект несие беруші тауар несиесін алғанын куәландыратын вексельді, сондай-ақ салынған мүлік туралы парақты немесе құжаттарды береді. Бұл тұста несиелік қатынастар субъектілеріне – шаруашылық жүргізуші субъектісі және банк жатады. Несиелік қатынастардың мазмұнындағы өзгерістер нәтижесінде тауар формсындағы несие ақшалай формаға қайта ауысады. Сөйтіп, тауар формасы негізінде несиенің ақшалай, ең бастысы банктік формасы пайда болып дамиды.

Неиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі ұғымын құрайды.

Ал несие жүйесі тар мағынасында – бұл несиелік есеп айрысу қатынастарын ұйымдастырушы, елдегі ақша айналысын реттейтін және басқа да қаржылай қызмет көрсететін несиелік мекемелер торабы болып табылады.

Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің жиынтығын – несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық формаларын ұйымдастыруы арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастыруда: банктік және банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие жүесінің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік емес мамандандырылған несие-қаржы мекемелері.

 

Жалпы несие жүйесінің құрылымын келесі кестеде көрсетуге болады (сурет 1):

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сурет.

 Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің жиынтығын – несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық формаларын ұйымдастыруы арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастыруда: банктік және банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие жүесінің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік емес мамандандырылған несие-қаржы мекемелері.

Экономиканың әрбір экономикалық-тарихи даму кезеңіне несие-ақшалай қызмет көрсетудегі қажеттіліктерге толық жауап беретін несиелік істі ұйымдастыру типі, өзіндік несие жүйесінің құрылымы сәйкес келеді. Мысалы, жоспарлы-орталықтандырылған КСРО экономикасында Мембанктің жетекшілігімен ұйымдастырылған несие жүйесінің құрылымы қызмет етсе, нарық экономикасы үшін монополиясыздандырған банктік және банктік емес мекемелерден құралатын несие жүйесі қажет.

Бірлескен несие жүйесінің күрделі, көп буынды құрылымы болады. Егер де несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтерінің жіктелуін негізге алатын болсақ, онда қазіргі несие жүйесінің үш маңызды элементін бөліп қарастыруға болады:

  • Орталық (эмиссиялық) банк;
  • Коммерциялық банктер;
  • Мамандандырылған несиелік мекемелер: (сақтандыру, жинақтық, ипотекалық, сенімгерлік (трастовый) және т.б.).

Функционалдық мамандануына, шаруашылық буындарға несие-қаржылық қызмет көрсету көлемі мен санына сәйкес банктік жүйе несие жүйесінің ядросы, ал несиелік институттардың қызметін реттеуші бірегей орган – Орталық банк болып табылады.

Орталық банк —  бірінші деңгейлі мемлекеттік банк, сондай-ақ кез келген елдің ол мемлкеттік, халықтық немесе ұлттық банк деп аталуына тәуелсіз эмиссиялық, ақша-несие институты болып табылады. Орталық банк – бұл “банктердің банкі”. Ол заңды және жеке тұлғалармен операциялар жүргізбейді, оның клиенттеріне – коммерциялық банктер және басқадай мекемелер, сондай-ақ үкімет ұйымдары жатады.

Банктік мекемелерге қатысты Орталық банк тікелей әрекет ету және реттеу, бақылау мен қадағалау қызметтерін атқарады. Несиелік жүйенің қалған буынына Орталық банк несиелік және ақшалай операциялар, рыноктың әр түрлі секторлары, несие-қаржы қызметтерінің өзара байланыстарында байқалатын жанама әрекет етеді.

Коммерциялық банктер қарыз капиталы нарығының әр түрлі секторларында қызмет ететін көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибесінде белгілі бір көптеген қаржылық операцияларды орындайды. Коммерциялық банктер кез келген елдің несие жүйесінде әдеттегідей негізгі, базалық буын ролін атқарады.

Олар үкіметтің, іскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы жүйесінің орталығы болып қала береді. Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы өздерінің әр түрлі қорларына қарыз алушылардың қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Мамандандырылған несие мекемелері (оларды парабанктік деп атайды) нарық экономикасындағы несие жүйесіне қажетті маңызды буын болып табылады. Бұл мекемелерсіз экономиканың әр түрлі салаларында және тұрғындарға көрсетілетін несие жүйесінің қызметтері толық болмас еді.

Парабанктік мекемелер көбінесе белгілі бір клиенттер типіне немесе бірер негізгі қызмет түрлерін көрсетуге бағытталады. Олардың қызметтері нарықтың кішігірім сегменттеріне ғана қызмет көрсетуге жұмылдырады.

Мұндай мекемелер екі жақты бағыныштылықта болады: бір жағынан, олар несиелік және есеп айыру қызметтерін жүзеге асырумен байланысты болатындықтан да Орталық банктің соған сәйкес талаптарын басшылыққа алады. Екінші жағынан олар, қандай да бір қаржы, сақтандыру, инвестициялық немесе басқа да операцияларға мамандана отырып, тиісті ведомстволардың реттеу әрекеттеріне ұшырайды.

Несие ісі —  ақшамен сауда саттық негізінде несиелік операцияларды орындауға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір саласы дегенді білдіреді. Оларды әр алуан несиелік институттар жүзеге асырады. Шаруашылық айналымға қызмет көрсетудегі операциялар ауқымы мен мәні бойынша негізгісі банктер болып табылады.

Несиелік мекемелер түрлерін, оның ішіндегі банктік мекемелерді қарастырудан бұрын бізге “банк” және “банктік қызмет” ұғымын білу қажет. әлемдік тәжірибеде банктік қызмет деп банктің басты кәсіби қызметтерін, депозиттер қабылдау және қарыз беруді түсінеді. Міне, осындай түсінік Италияда, Испанияда, Бельгияда, Грецияда және басқа елдердің банктер туралы заңдарында бекітілген. Ал, Германия мен Францияда банк немесе несиелік мекеме деп, өз клиенттеріне есеп айырысу, бағалы қағаздармен сауда-саттық, лизингтік және басқа да операцияларды көрсетумен айналысатын кез келген мекемені айтады. Сондай-ақ, оларда банктік емес мекемелерге депозиттер қабылдау, есеп айырысуды жүргізу, сақтандыру кепілдемелерін беру және т.б. заңмен тыйым салынады.

Англия, Дания, Швеция және басқа елдерде несиелік жүйеге мекемелерді жатқызуда либералдық тәсіл қолданылады. Ол үшін кейбір мамандандырылған қаржы мекемелерінің депозит қабылдауға лицензиясы болса, оларды банктер қатарына жатқызады.

Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” заң күші бар Жарлығының 1-бабында, банктің ресми мәртебесі Ұлттық банктің оны ашуға берген рұқсатымен, Әділет министрлігінің банк ретінде заңды тұлғаны мемлекеттің тіркеуден өткізумен және банктік операцияларды жүзеге асыруға берілген ҚР Ұлттық банкі лицензиясының болуымен анықталады.

Кез келген заңды тұлға, егер де оның банктік ресми мәртебесі болмаса “банк” деп атауға тиіс емес.

Банк арнайы өндіріс ретінде өнім өндіреді, бірақ оның өнімі материялдық өндірісте өндірілетін өнімнен мүлде өзгеше. Ол тек тауар ғана өндірмейді, яғни тауардың ерекше ақша түріндей, төлем құралдарын өндіреді.

Банктер немесе сондай институттар өте ертеректе пайда болған. Египетте банктік операциялар біздің эрамыздан бұрын 2700 жылы жүзеге асырылған.

Банктердің бастапқы қызметі төлемдегі делдалдық болған. Осындай делдалдың нәтижесінде банктер бос ақша капиталын пайыз әкелетін қызмет етуші капиталдарға айналдырады.

Қазіргі банк ісінің қайнар көзін ең алдымен Италиядағы орта ғасырлық айырбаспен айналысушылар қызметінен іздестірген жөн.

“Банк” ұғымы Италияның “banco” (“айырбас орын”, “ақша үстелі”) дегенді сөзінен шыққан. Қазіргі түсініктегі алғашқы банк Италияда 1407ж. Генуеде пайда болған. XII ғ. Италияда алғашқы вексель пайда болды.

XV ғ. Ең ірі танымал болған банк Флоренциядағы Медичи банкі болды. Флоренцияда орналасқан бас банк мекемесінің Еуропада 116 филиалы бар. Кейбір елдерде банктің біраз қызметтері заңмен шектеледі. Банк қызметінің қаншалықты қатаң регменттелуіне және лицензиялануына байланысты несие ісін ұйымдастырудың екі типін бөліп құрастырады.  Нәтижесінде тарихта сегменттелген және әмбебап банктік құрылымдар пайда болады.

Сегменттелген құрылым кейбір несиелік мекемелер түрлерінің операциялық қызмет сферасы мен қызметтерін қатаң заңды түрде бөлуді дұрыс санайды. Мұндай құрылымдар АҚШ-та, Жапаонияда қалыптасты. Онда депозиттерді қабылдауға және қысқа мерзімді несиелер беруге байланысты банктік операциялар, заңды түрде компаниялардың бағалы қағаздарды шығару және оларды орналастыруға байланысты операцияларынан басқа да арнайы қызмет түрлері (сақтандыру, жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелер және т.б.) ажыратылған.

Әмбебаптық құрылымда жекелеген операциялар түрлері мен қаржылық қызмет көрсету сферасына қатысты заңмен шектеулер болмайды. Барлық несиелік мекемелер барлық операциялар мен қызмет түрлерін орындай алады. Мұндай әмбебап “қаржылық универмагтар”, супермаркеттер типтері Францияда, Швецарияда, Ұлыбританияда және т.б. қалыптасты. Бұл елдерде несие жүйесінің кейбір буындарының операциялары және мамандануы арасында шекара болмайды. Біздің елімізде коммерциялық банктер әмбебап бола отырып, көптеген банктік операциялармен айналысады.

АҚШ-та барлық несие-қаржы мекемелерін депозиттік, яғни ақшалай қаражаттар қабылдап, депозиттік шот ашуға рұқсат етілген және депозиттік емес, яғни ақшалай қаражаттар тартудың басқадай формалары (зейнет ақы-жарналары, бағалы қағаздар және сақтандыру полюстерін сату және т.б.) рұқсат етілген деп бөледі.

Депозиттік мекемелерге коммерциялық банктер, өзара жинақ банктері, қарыз-жинақ бірлестіктері, несиелік одақтар; депозиттік еместерге – сақтандыру компаниялары, жеке зейнетақы қорлары, қаржы инвестициялық компаниялары, ақша қорларының басқа да қорлары жатады.

Банктер –атқаратын қызметтерінің ерекшеліктеріне байланыстыекі негізгі типке бөлінеді: эмиссиялық және эмиссиялық емес.

Эмиссиялық дегеніміз – айналысқа ақша белгілерін эмиссиялай (шығару) құқығы берілген оратлық банктер. Кейбір елдерде оларды ұлттық, халықтық, резервтік деп атайды. КСРО-да ондай банк Мемлекеттік деп, Қазақстанда – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп аталады. Орталық банктің басты міндеті – айналысқа ақша шығару, банктер арасында ақша тауарларын сату, банк жүйесінің эмиссиялық несиелік және есеп айырысу қызметтерін басқару болып келеді. Ол екі деңгейлі банк жүйесінің ең жоғарғы буыны болып табылады. Мемлекет эмиссиялау құқығын тек бір ғана банкке (Орталық) береді, себебі ақшаны эмиссиялау құқығын  бірнеше банкке беруден елдегі ақша айналымын реттеу мүмкін емес. Эмиссиялық банк басқа банктер иелене алмайтын, ірі қаражатты иеленеді. Оның пассиві айналыстағы нақты ақшадан, бюджеттік қаражаттардан тұрады. Бұл жағдайда оған барлық банктерге көмек көрсетуге және олардың қызметтеріне жетекшілік етуге мүмкіндік береді. Қазақстанда эмиссиялық банк Ұлтық банк болып табылады, ал қалған банктер, оның ішіндегі коммерциялық банктер – эмиссиялық еместерге жатады. Олардың айналысқа ақша шығаруға құқығы жоқ, бірақ өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетуге байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады. Олардың ішінде ең маңыздысы: уақытша бос қаражаттар, халық жинақтары мен қорларын тарту; несиелеу; қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар; бағалы қағаздармен жасалатын операциялар және т.б.

Соңғы уақыттарда коммерциялық банктер белсенді түрде өздеріне дәстүрлі емес операцияларды жүзеге асыра отырып, үнемі қызмет аумағын кеңейтуді және клиенттерге көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын арттырады. Бұл, әмбебап несиелік мекемелер. Сондай-ақ, жоғарыда айтып өткендей өз клиенттеріне бір екі қызмет түрін көрсетуге бағытталған маманданған банктер бар. Банктердің мамандануының типі белгілі бір клиенттер категорияларына ғана (мысалы, биржалық, коммуналдық банктер) қызмет етуге, яғни салалық тұрғыдан мамандануы тиіс. Банктердің функционалдық мамандануы біршама анық бейнеленеді, себебі міндетті түрде банк қызметінің сипатына ықпал ете отырып, активтер мен пассивтерінің қалыптасу ерекшеліктерін, клиенттермен жұмыс жасауды ұйымдастыру ерешеліктерін анықтайды. Ондай типтерге инвестициялық және инновациялық, ипотекалық жинақ банктері және т.б. жатады.

Инвестициялық және инновациялық банктер ұзақ мерзімге ақшалай қаражаттар тартуға, соның ішінде облигациялық займдар, акциялар мен басқа да бағалы қағаздар шығару арқылы ұзақ мерзімді қарыздар беруге маманданады. Инвестициялық банктер ұзақ мерзімді қаражаттарға деген мұқтаждықты басынан кешкен кәсіпкерлер мен ұзақ мерзімге қаражат салушылар арасындағы делдал болып келеді. Инновациялық банктер де инвестициялық болып табылады. Бірақ, олар техналогиялық жаңалықтарды жасау және игеру үшін ғана несие береді.

Ипотекалық банктер жерді және жылжымайтын мүлікті кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге несиелік операцияларды жүзеге асырады. Бұл банктер пассивтерінің басым бөлігі ипотекалық облигациялар, акциялар және басқа да бағалы қағаздарды құрайды.

Салалық және аумақтық банктердің мамандану дәрежесі олардың активтері мен пассивтерін құрау ерекшеліктері белгілі бір мөлшерде олардың қызмет аумағына, сондай-ақ клиенттерінің шаруашылық қызметтерінің ұйымдастыру ерекшеліктері мен байланысты болып келеді.

“Банктік қызмет сұрақтары бойынша ҚР-ның кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”  1997 ж. 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңы банктерді: депозиттік және инвестициялық деп бөлуді алып тастады.

Мамандандырылған несие қаржы мекемелері кез келген елдік несие жүйесінің маңызды буыны. Оларқарыздық капиталдар нарығының кішкене аясында ғана қызмет етеді. Бұл әр түрлі маманданған қаржы институттарының жиынтығы: сауда ждинақ мекемелері инвестициялық қорлар және компаниялар өзара көмек беру кассалары ломбардтар және т.б. Бұл мекемелер бастапқыдағы дамуында коммерциялық банктер орындамайтын операцияларды орындаған. Ал, қазіргі кезде дамыған елдерде бұл мекемелер халыққа, фирмаларға және компанияларға қызмет көрсетуге байланысты коммерциялық банктермен өзара бәсекеге түседі, яғни коммерциялық банктер мен банктік емес мекемелер арасындағы айырмашылық жоғалады. Дәстүрлі емес операцияларды кеңейту арқылы бұл мекемелер банктік нарыққа еніп келеді.

Мамандандырылған несие қаржы мекемелері ипотекалық және тұтыну сияқты ауылшаруашылық несиелері саласында кең ауқымда тарауда. Олар халықтың ұсақ жинақтарын тарту, капиталды инвестициялау, бағалы қағаздарды орналастыру және т.б. айналысады.

Кейбір арнайы несие институттары Қазақстан аумағында революцияға дейін Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС — НЭП) жылдарында және ауылшаруашылығын ұйымдастыру тұсында несиелік серіктестіктер өзара несие беру қоғамы несиелік одақтар және т.б. түріндк болған. Қазір банктік емес мекемелерге өзара көмек беру кассаларын, ломбарттарды, сондай-ақ шаруа қожалығы бірлестіктерін ірі агро өнеркәсіп бірлестіктерін қаржы есеп айырысу орталықтарын жатқызуға болады.

Жинақ кассалары туралы да ерекше айтып кету орынды. Бұрынғы КСРО несие жүйесінің құрамына мемлекеттік еңбек жинақ кассалары (КСРО Мемжинкасс) кірген. Олар халық қаражаттарын салымдарға, еркін айналатын мемлекеттік займдарға және ақшалай-заттай лотерейлерге тарта отырып, халыққа бюджеттік қоғамдық ұйымдарға есеп айырысу кассалық қызмет көрсетумен айналысты, сондай-ақ тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінің (ТХК) пайлық жарнамаларын қабылдады. Жинақ кассалары барлық әкімшілік аудандарда, ұжымдар мен кең шарларда жұмыс істеді. Қазақстан аумағында олардың саны 4,8 мыңға жуық болды.

1988 ж. Несиелік реформадан кейін жинақ кассаларына құрылымдық қайта құру жүргізілді. Сөйтіп, олардың негізінде акционерлік-коммерциялық банк – Жинақ банкі құрылды. Нәтижесінде жинақ кассалары коммерциялық банктерден аса ажыратылмайтын банктік мекемеге айналды.

Банктер арасындағы бәсекенің дами түсуә халық қаражатын тартудағы жинақ банк ролін бірден қысқартып жіберді. 1993 жылдың басында жинақ банкке халық салымдарының 40% -ға жуығы (бұрын 100%) және жалпы салым көлемінің 10%-ға жуығы жинақталды. КСРО тарағаннан соң жинақ бантерін ірілендіру жүрді. Жеке коммерциялық банктермен банктік емес мекемелер жоғары қарқында көбеюіне байланысты банк қызметінің ауқымды қысқара бастады. Осыған байланысты кей жерлерде жинақ банкінен кейбір өнімдерін несиелік кооперативтерге қайта түрлендіру орын алды.

Экономиканың нарыққа өтуі несиелік жүйеде маңызды рол атқару мүмкін банктік емес институттардың дамуын талап етеді. Осыған байланысты шеттегі, соның ішінде АҚШ та және Ұлыбританиядағы арнайы несие институттарының қызмет ету мүдделеріне түседі.

АҚШ та банктік емес несие-қаржы институттарға: өзара жинақ банктері, қарыз жинақ бірлестіктері, сақтандыру қорлары, несиелік одақтар, зейнетақы қорлары, ақшалай нарықтық өзара қорлары жатады. Бұл институттардың барлығы негізінен халықтан қаражат жұмылдыра отырып, оларды ипотекалық және тұтыну несиелеріне пайдалануға маманданған.

Өзара жинақ банктері “өзара біріккен” кәсіпорындар түрінде құрылады. Олар халық салымдарын жұмылдыра отырып, оларды жылжымайтын мүлік туралы актілер мен бағалы қағаздарды кепілге ала отырып инвестициялайды. Сондай-ақ, коммерциялық және тұтыну қарыздарын береді.

Қарыз-жинақ бірлестіктері – халықтың қаражаттарына қатысты салымдық операцияларды жүргізуімен айналысып, оларды жылжымайтын мүлік сатып алуға (активтің 2/3-ін тұрғын үй сатып алуға) пайдаланады.

Несиелік одақтар —  кәсіподақтардың, ірі кәсіпорындардың, шіркеулердің ұйымдастыруымен құрылатын кооператив типтес жинақ мекемелері. Ресурстары акцияларды сату есебімен құралды. Олар көбінесе өз мүшелеріне ұсақ қарыздар беруге пайдаланылады.        

Сақтандыру компаниялары біздің сақтандыру ұйымдары айналысып жүргендей операциялармен шұғылданады. Олардың пассивтері сақтандыру жарнамаларынан және активтік операциялардан түскен табыстардан құралып, оларды сақтандыру пассивтеріне төлем төлеуден басқа ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға және тұрғын үй құрылысын кепілдікке салынған мүлік туралы актілерге пайдаланады.

Жеке және мемлкеттік зейнетақы қорлары – халық салымдарын жұмылдыра отырып, ірі капиталды иеленеді және оларды корпорациялардың ақшалары мен облигацияларын сатып алуға жұмсайды, ұсақ қарыздар береді.

Ақша нарығының өзара біріккен қорлары байлық депозиттік сертификаттарды, қазыналық вексельдерді сату жлымен инвестициялық капитал жинақтап, оны нарықта айналысқа түсетін қысқа мерзімді бағалы қағаздардан тұратын активтер портфелін құруға бағыттайды. Бағалы қағаздардан түсетін табыстарды акционерлерге төлеп отырады.

Ұлыбританияның несие жүйесінде банктік емес институттарға: құрылыс қоғамдарын, есеп үйлерін, Ұлттық жинақ банк жүйесін, сақтандыру компанияларын, зейнетақы қорларын, инвестициялық сенім – қорларын жатқызады. Сонымен қатар, олар халықтан депозиттерді қабылдап, оны тұтыну және коммерциялық несиелерді жеткізіп берумен шұғылданады. Сонымен қатар, олар әр түрлі қаржылық қызметтерін көрсетуге байланысты операциялар ауқымын кеңейтеді. Ондай қаржы қызметтерге: бағалы қағаздармен жасалатын делдалдық операцияларды, лизинг, факторинг және т.б. жатады.

Ұлыбританияда арнайы қаржы-несие институттарының американдықтарға қарағанда айырмашылығы – олар депозит қабылдап несие бергенімен олардың қызметі белгілі бір сферада шектеледі (мысалы, құрылыс, тұтыну несиесі). Басқаша айтқанда, олардың шағын маманданған сапалық бағаты болады.

Германияда мамандандырылған банктік мекемелерге ипотекалық мекемелер, тұрған үй бірлестіктері, несиелік серктестіктер, инвестициялық компаниялар жатады.

Демек, банктік емес мекемелер кез келген мемлекеттік несие жүйесінің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Олар коммерциялық банктер орындамайтын қызмет түрлерін өздеріне алу мақсатында пайда болған. Банктік емес мекемелерге тән сипат олар ресурстарды көбінесе халықтың қаражатын тарту жолымен жинақтайды. Олар осындай белгілері арқылы пассивтері негізінен заңды тұлғалардың уақытша бос қаражаттарынан құралатын коммерциялық банктерден ажыраылады. Қазақстан Республикасындағы қызмет ететін банктік заңдар банктерден басқа мекемелердің депозиттер қабылдауына үзілді-кесілді тиім салады.  Бұл дегеніміз біздің республикамыздағы халық салымдарын тарту негізінде қызмет ететін банктік емес институттардың дамуын тежеуі сөзсіз.

    

1.2 Қазақстан Республикасындағы банктік емес қаржы институттары.

Нарықтар ресурстардың сұраныс пен ұсынысқа сәйкес оңтайлы түрде пайдалануы үшін оларды бөлу арқылы экономикалық тиімділікке қол жеткізді. Қаржы нарықтары мен жақсы жоға қойылған мекемелер жүйесі қаражаттарды бұл процестің бір бөлігі ретінде табыстылығы жоғары инвестицияларға аударады. Қаржы жүйесі бұл жүйенің әлсіз дамыған елдермен салыстырғанда, жоғары дәрежеде дамыған елдерде тезірек өсетін және экономикалық жағдайлардың аяқ асты өзгерісіне де тез үйренетін әлемдік тәжірибе көрсетеді, сондықтанда экономикасы дамушы барлық елдер үшін қаржы жүйесінің ажырамас бөлігі – банктік емес қаржы институттарын жедел түрде дамыту маңызды.

Бюджеттен тыс қорлар – мемлекет оларды белгілі бір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тарта отырып оперативтік дербес негізінде жұмсайтын қаржылай қаражаттарды қайта бөлу және пайдалану нысандардың бірін білдіреді. Бұл қорлар қаржы нарығының инвесторлары және қатысушылары ретінде бола алады, себебі, ақшалай қаражаттарды пайдалану, оларды жинақтау уақытымен дәл келмейді, ал екіншіден инвестициядан түсетін табыстар сол немесе басқа қордың шығынын қаржыландыратын қосымша табыс болып табылады.

Қазақстандағы мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға жататындар:

  • Зейнетақы қоры;
  • Халықты жұмыспен қамту мемлекеттік қоры;
  • Әлеуметтік сақтандыру қоры;
  • Міндетті медециналық сақтандыру қоры (ММСҚ).

 

Зейнетақы қоры. Оның басты міндеттері:

  • зейнетақы мен балаларға жәрдемақы төлеу үшін мақсатты алым және қаражат жинақтау, оларды қаржыландыруды ұйымдастыру;
  • халықты әлеуметтік қолдауға байланысты республикалық және аймақтық бағдарламарды қаржыландыруға келісім шарт негізінде қатысуы;
  • өзін-өзі қаржыландыру қағидаларының негізінде қор қаражаттарының ұдайы өндірісін ұлғайту.

Бұл қор 1993 жылдан бастап Әлеуметтік қорғау министрлігіне бағынады. 1994 жылы Зейнетақы қоры бюджеттен тыс болып саналады.

Зейнетақы қорының қаражаттары меншік формаларына және қызметіне байланыссыз жұмыс беретін кәсіпорндардың, мекемелердің ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамдардың сақтандыру жарналарының аударымдары есебінен құралады. Зейнетақы қорлары мен Әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын жарналар еңбекақы төлеу қорының 30%-ын құрайды. Жинақталатын жарналардың 85% қаражаты – Зейнетақы қорына, ал 15% — Әлеуметтік сақатндыру қоры мен міндеті медициналық сақтандыру қорына тиеслі.

Қор бюджетінің жобасын Әлеуметтік қорғау министрі жасайды және оны қордың басшыларына береді, оның  құрамына: Қаржы министрлігінен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінен, Үкімет және президент әкімшілігінен өкілдері кіреді.

Әлеуметтік сақтандыру қоры —   аумақтық және салалық деңгейде бөлінетін, мемлекеттік маңыздылығы бар ресурстардың орталық қоры болып табылады. Әр түрлі меншік формасындағы кәсіпорындардың ұйымдардың және кәсіпкерлік қызмет пен айналысатын тұлғалардың қаражаттарының міндетті түрде қатысуымен сақтандыру әдісі арқылы құрыдады. Әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты еңбек ақы төлеу қорынан – мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға аударымдар жасау есебімен қалыптасады. 1993-1195ж.ж. бұл қорға барлық аударымдардың 15%-зы түскен 1996 ж 1-ші қаңтарынан бастап бұл көрсеткіш 5 %-ға азайған. әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаттары әртүрлі жәрдемақылар төлеуге (уақытша жұмысқа жарамсыздарға, бала туына және бала туған кезде бір мезеттік жәрдем ақы түрінде және т.б.), емдеу-демалыс орындарын қаржылынадыруға жұмсалынады. Бұл қордың шығындарының басым бөлігін жәрдем ақы төлеуге жұмсалатын қаражаттар алады.

Еңбекпен қамту мемлекеттік қоры 1991жылы мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің төңірегінде дербес жүйе ретінде құрылған және мемлекеттің жұмыспен қамтуға байланысты саясатын іске асыру бойынша шараларды қаржыландыруға бағытталады. Қаулымен анықтағандай оның қаражаты мемлекеттік бюджетке жатпайды, ендеше ол да бюджеттен тыс қор болып табылады. Соған қарамастан 1993 жылы оның қаржылық жағдайының жақсаруы және артық қаражаттарын бюджеттің қажетіне жұмсау мүмкіндігіне байланысты ол бюджетке біріктіріледі. 1995 жылы мамыр айынан бастап Еңбекпен қамту мемлекеттік қоры қайтадан бюджеттен тыс қор болып шығады.

Оның қаражат көздеріне:

  • меншік және шаруашылық жүргізу түріне байланыссыз кәсіпорындардың, ұйымдардыңғ, мекемелердің және де басқа да жұмыс берулердің еңбек ақы төлеу қорынан белгілі мөлшерде міндетті аударымдар жасау (2%);
  • мемлекеттік бюджеттен бөлінетін дотация;
  • отандық және шетелдік кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың және азаматтардың ерікті жарналарынан коммерциялық қызметтен түсетін табыстардан жіне басқа да түсімдерден.

Міндетті медициналық сақтандыру қоры. 1995 жылы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы үкемітінің №1295 қаулысымен Қазақстан Республикасы үкіметі қарамағында міндетті медициналық сақтандыру қоры құрылды. Бұл қор Қазақстан Республикасы заңдарында көзделгендей міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі сақтандырылған азаматтардың сол облыстағы мемлекеттік қаржы саясатын қарастырып, сондай-ақ ол жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге байланыста шараларды дайындап жүзеге асыруға, Қазақстанның барлық аумағында сақтандырылған азаматтарға медициналық көмек ретінде жағдай жасауға бағытталады.

 

Қазақстан Республикасында бюджеттен тыс қорға аударымдар пайызы

Еңбекақы төлеу қоры

 

 

 

 

 

                         30%                                                         Мемлекеттік                                                  

                                                                                            жұмыспен

                     85%  15%                                                  қамту қоры (2%)

 

     Зейнетақы қоры                                     Әлеуметтік сақтандыру қоры (5%)

                                                              Мінд. мед. Сақтандыру қоры (10%)

 

ҚР үкіметі қарамағындағы Міндетті медициналық сақтандыру қорының қаржылай қаражаттары мемлекеттік медициналық сақтандыру меншігінде бола отырып, бюджеттік құрамына және басқа да қорларға кірмейді.

Олар келесі көздердің есебінен құралады:

  • ҚР үкіметінің белгіленген мөлшерде жұмыс берушілерді міндетті медициналық сақтандыруға төленген сақтандыру төлемдерінің бір бөлігінен;
  • Қордың қаржылай қаражаттарының нормаланған сақтандыру запасынан;
  • Қордың уақытша бос қаржылай қаражаттарын пайдаланудан түскен табыстардан;
  • Заңды және жеке тұлғалардың өз еркімен жарна қосуы және сый тартуынан;
  • ҚР заңдарымен тыйым салынбаған басқа да түсімдерден.

 

Мемлекеттік емес зейнетақы қоры (МЕЗҚ) – бұл қоғамдағы әлеуметтік ауыртпалықты азайтуға, мемлекеттің өз міндеттерін орындаудағы шығындарын қысқартуға, қаржы нарығының тұрақтылығын артыруға ұзақ мерзімді инвестициялауға арналған “арзан ақшаларды” тартуға мүмкіндік беретін әлеуметтік экономикалық институт болып табылады. МЕЗҚ  — келісім шартқа сәйкес жарнамаларды жинақтап, зейнетақы төлейтін коммерциялық ұйымдар ретінде құрылды. Қор жинақталған қаражаттарды көбейту мақсатында оларды зейнетақы қорынан активтерін басқаруға арнайы компанияға (ЗАБК) береді. Бұл қор банктік шотын кастодиандық қызметпен айналысуға лицензия алған кастодиан банкте ғана ашады.

             Кастодиан – бұл бағалы қағаздар мен ақшалай қаражаттар мәмілесін жүргізетін және өзіне сенім тапсырған бағалы қағаздарды сақтандыру және есепке алуға байланысты кәсіби қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғ

 Қор қызмет ететін кастодиан банкпен зейнетақы активтерін басқаратын компаниямен бірге ақпараттарды үнемі салыстырып отыру тиіс. Кастодиан – банк: зейнетақы және корпоративтік активтердің жалпы сомасын, инвестицияланған қаражаттар сомасын, қаржы инвестициясы құнының өзгеруін, бағалы қағаздарды сатудан түскен сомасын коммиссиондық сыйақы сомасын тексереді.

Зейнетақы активтерін басқару компаниясымен: зейнетақы жарналарының түскен сомасы, зейнетақылық жиналымдарға төленген төлемдер сома, инвестиция түрлері бойынша инвестицияланған қаражаттар сомасы, алынған инвестициялық табыс сомасы, басқа қорларға ауысқан салым иелерінің саны және олардың сомалары салыстырылады.                                                      

Инвестициялық қор (инвестициялық компания) – тарытлған қаражаттарды бағалы қағаздарға инвестициялау мақсатында, өзінің акцияларын шығару және ашық түрде орналастыру арқылы ақшалай қаражаттарды тартуға байланысты қызметін жүзеге асыратын акционерлік қоғам формасында құрылатын заңды тлға. Акционерлермен өзара қатынасына байланысты инвестициялық қорлар келесідей түрге бөлінеді: өзара біріккен қорлар – ашық инвестициялық қор және инвестициялық компания – жабық инвестициялық қор.

 

Инвестициялық қордың келесідей құқықтары болады:

Ø сол инвестиция қордың бағалы қағаздар портфеліне тиісті акциялары бойынша акционерлік қоғамның басқаруына қатысуға;

Ø басқарушылар мен бағалы қағаздар портфелін басқару туралы келісім шарт жасауға;

Ø басқа тұлғалардың барлығымен, соныңішінде тіркеуші кастодиандық келісім шарт жасауға, өзгертуге және қарым қатынасты тоқтатуға;

Ø инвестициялық қордың бағалы қағаздар портфелін басқаруға байланысты қызметті жүзеге асыруға кез келген сұрақтарды инвесторлық басшысынан талап етуге және алуға;

 

Инвестициялық қордың мына салаларына тыйым салынады:

Ø акциядан басқа бағалы қағаз түрлерін шығаруға;

Ø банктерден инвестициялық қордың таза активтерінің құнының 10%-дан астам мөлшерде, 6 айдан асатын уақытқа заемдық қаражаттар алуға;

Ø акцияның бақылау пакетін салып алуға күшті шектеу қоюға;

Ø кез келген тәсілде заемдар беруге;

Ø қайта сатып алу шартымен өзіне тиісті бағалы қағаздарды салуға (РЕПО операциясы).

 

Инвестициялық қорға қойылатын ең маңызды шектеу –бұл оны өзінің бағалы қағаздар портфелінен басқарудағы қызметін тәжірибе жүзінде айыруды сипаттайды. Бағалы қағаздар портфелін басқаруға қатысты барлық қызмет инвестициялық қорды басқарушыға жүктеледі.

Инвестициялық қорды басқарушы – инвестциялық қор мен оны басқару туралы келісім шарт негізінде әрекет етуші және бағалы қағаздар портфелін басқаруға байланысты кәсіби қызметті жүзеге асырушы заңды тұлға.

Инвестициялық банктерден басқаларының басқарушы қызметін атқаруға құқығы жоқ.

Несиелік серіктестік  дегеніміз – банк болып табылмайтын, өзінің қатысушыларына  несие беру және қызмет көрсету мақсатында құрылған, өз қызметін Ұлттық банктен қарыздық және басқа да банк операцияларын жүргізуге берген лицензиясы негізінде жүзеге асырушы заңды тұлға. Несиелік серіктестік жабық акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде құрылатын және өз қызметін жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылады. Несиелік серіктестіктің қатысушылары жарғылық қорының 50%-дан астамы мемлекетке жататын өкілетті атқарушы және сот билігінен, қаржылық капиталы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардан, сондай-ақ, оны тіркеген мемлекеттің заңымен сәйкес келетін оффшорлық аймақтағы компания статусы бар заңды тұлғалардан басқа жеке және заңды тұлғалар (резиденттер және резидент еместер) болуы мүмкін.

Несиелік серіктестіктердің Қазақстан Республикасының аумағында сондай-ақ одан тысқары жерлерде филиалдарын, өкілеттіліктерін және еншілес серіктестіктері ашуға құқығы болмайды.

 

Несиелік серіктестік келесі операцияларды жүзеге асырады:

 

  • кассалық операциялар-банкноттар мен монеталарды қабылдау-санау, ұсақтау, айырбастау, сорттау, қаптау және сақтау;
  • қарыздық операциялар-несиелік серіктестік қатысушыларына ақшалай формада несиелер беру;
  • аударымдық операциялар-ақша аудару бойынша несиелік серіктестік қатысушыларының тапсырмаларын орындау;
  • сенім (трасттылық) операциялар – сенім білдірушінің (несиелік серіктестік қатысушыларының) мүддесіне сай және тапсырмасы бойынша ақшаны басқару;
  • несиелік қатысушылар үшін клирингтік операциялар, сонымен бірге олардың өзара есепке алу мен клирингке (несиелік серіктестік) қатысушылардың таза позицияларын анықтау;
  • сейфтік операциялар – сейфтік жәшіктерді, шкафтар мен үй жайларды жалға беруді қоса есептегендегі клиентердің бағалы қағаздары, құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызметтер;
  • несиелік серіктестікке қатысушы заңды және жеке тұлғалардың депозиттерінің қабылдау;
  • несиелік серіктестікке қатысушыларының шоттары олардың тапсырмасы бойынша есеп айырысу.

 

Аталған операциялардан басқа, несиелік серіктестіктер Ұлттық банк лицензиясы болған жағдайда төменде көрсетілген операцияларды жүзеге асыруға құқылы:

  • факторингтік операциялар – төлемін төлемеу тәуекелі қабылдаумен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыларды төлемді талап ету құқығына ие болуы;
  • форфейтингтік оперциялар (форфейтирлеу) – сатушыға айналымсыз вексельді сатып лау арқылы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының қарыздық міндеттемесін төлеу;
  • келісім шарттың бүкіл әрекет ету мерзімі ішінде жалға беретін мүлікке жалға берушінің меншік құқығының сақталуымен мүлікті жалға беру (лизинг).

Сақтандыру компаниялары. Сақтандыру дегеніміз – белгілі бір сақтандыру жағдайлары кезінде  сақтандырушылардың сақтандыру төлемдерін сондай-ақ заңмен тиым салынбаған басқа да көздерден құралатын сақтандыру өтемдері ақшалай қорлардың есебінен төленетін жеке және заңды тұлғалардың (сақтандырылғандардың) мүдделерін мүліктік қорғау жөнінде қарым-қатынас болып табылады.

Сақтандыру түрлері. Сақтандыру төменде берілгендей бөлінеді:

  • Сақтандыру объектісі бойынша: а) жеке; ә) мүліктік.
  • Міндетті сақтандыру – заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын сақтандыру. (Өз денсаулығын сақтандыру міндетті азаматқа жүктелуі мүмкін емес).
  • Ерікті сақтандыру – тараптардың ерік білдіруіне сәйкес жүзеге асырылатын сақтандыру.

 

  • Жеке сақтандыруға: өмірді, денсаулықты, еңбек қабілеттілігін және азаматтық жеке басына байланысты өзге де мүдделерді сақтандыру жатады.
  • Мүліктік сақтандыруға: кәсіпкерлік тәуекелдер мен азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақандыруды қоса алғанда мүлік пен онымен байланысты мүдделерді сақтандыру жатады.

 

Өз қызметін Қазақстан Республикасы аймағында жүзеге асыратын шетел азаматтары, азаматығы жоқ тұлғалар, шетелдік заңды тұлғалар сақтандырушылық қорғау құқығын Қазақстан республикасы азаматтарымен және заңды тұлғалармен бірдей пайдаланады.

Шетелдік инвесторлардың қазақстан Республикасы сақтандыру ұйымының жарғылық қорындағы қатысу үлесі 50%-дан аспауы тиіс.

Сақтандырушы – сақтандыру қызметін жүзеге асыру үшін құрылған, сақтандырудың тиісті түрін жүргізу құнына лицензия алған коммерциялық ұғым.

Мемлекеттік емес сақтандыру ұйымдары олардың құрылтайшыларының таңдауы бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестік немесе акционерлік қоғам формсында құрылады.

Мемлекетік сақтандыру ұйымы шаруашылық жүргізу құқына негізделген кәсіпорын формасында құрылды.

Сақтандыру ұйымының жарғылық қоры меншік түріне және ұйымдастыру-құқықтық формасына байланысты 40 иың минималды айлық жалақыдан кем болмауы керек. Сақтандыру ұйымының жарғылық қорындағы ақша қаражатының үлесі 75%-дан кем болуы мүмкін емес. Сақтандыру ұйымын мемлекеттік тіркеу мезетіне жарғылық қор минималды мөлшердің 50%-дан кем емес сомада қалыптастыруы керек, бұл тиісті банк берген құжаттармен расталуы қажет. Қордың қалған бөлігі құрылтайшылық құжаттармен қарастырылған мөлшерге дейінгі, яғни сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу мезетінде қалыптастырылуы тиіс.

 

1.3 Несиелік жүйені құру принциптері.

Несиелік жүйенің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу негізінде белгілі бірпринцмптар жатыр. Экономиканың жаңа жағдайында, оның нарықтық қатынастарға өту кезеңінде оларды былайша тұжырымдауға болады: елдегі банк ісін ұйымдастыруға мемлекеттік монополия, басқа банктік емес институттармен үйлестіре отыра екі деңгейлі банк жүйесін құру, елдегі ақша-несие саясатының бірлігі, несиелік мекемелер торабын барынша дамыту, оларды қызмет көрсету орындарына жақындату, мемлекеттік валюталық монополия, Орталық банктің автономиясы.

Банк ісіне мемлекеттік монополия ұғымы мемлекеттік банктердің құрылуы мен жойылуын бақылауға, банктік операцияларды жүргізу тәртібі мен ережелерін заң жүзінде бекітуге ерекше құқығы ретінде түсіндіріледі. Ұлттық банк жүргізілетін банктік операциялар шеңберін белгілейді.

Нарықтық экономика ерекшеліктері банктік емес мекемелермен үйлестіре отырып көп деңгейлі банк жүйесінің, олардыңақша-несие және деодалдық қызметінің формалары мен түрлері бойынша көр түрлілігінің, Орталық (бірінші деңгей) және басқа банктер (екінші деңгей) арасындағы функцияларды заң жүзінде бөлудің қажеттілігін тудырады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (бұдан әрі ұлттық банк) Қазақстанк Республикасының Орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары деңгейін құрайды.

Банк ісінің әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, барлық елдердегі несиелік институттардың ішінен елдің бүкіл несиелік жүйесін басқаруда басты роль атқаратын орталық банктер бөлініп шығатын болады. Ал олардың басшылық ролі мемлекет берген кең ауқымды өкілеттіліктерге байланысты. Банктердің банк функцияларын, ақша-несие эмиссиясын жүзеге асыруына байланысты орталық банктер коммерциялық банктердіңқызметіне әкімшілік бақылау мен нақты экономикалық ықпал ету құқығы несиелік мекемелер міндетті түрде қолдануы тиіс норма шығару құқығы бар. Коммерциялық банктер несиелік саясат жүргізуде және өз клиенттеріне толығымен дербес әр түрлі қызметтер көрсетуде.

Нарықтық экономикада арнайы банктік емес институттар құрылмаған жағдайда кез келген елдің несие жүйесі аяқталмай қалады. Халық салымдарын толығымен тарту мүддесімен өзгеріп отырған нарықтық экономика талаптарын толық қанағаттындыру бұл институттардың құрылуын талап етеді, ал олар несие жүйесін толықтырып, байытады, экономикадағы өзгерістерді икемді және сезімтал ете түседі.

Мемлекет, экономикаға жетекшілік жасай отырып, Ұлттық банк арқылы бірегей ақша-несие саясатын жүргізеді. Бұл принцип айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, ақша-несие саясатын жалпы экономикалық саясатты жүзеге асыру және оны әлемдік экономикаға интеграциялау саласында республика мүдделерін қорғау үшін қажет.

Несие жүйесін құрудың маңызды принципі – несиелік мекемелер торабының барынша дамуы мен оларда барлық ақша операцияларының шоғырлануы. Соңғысын шаруашылық буындарының бос ақша қаражаттарының банктерде сақталуы есеп айырысудың қолма-қолсыз жолмен жүргізілуі деп түсінуге болады.

Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында шамамен 77 банк және олардың 783 бөлімшелері мен филиалдары орналасқан.

Бүкіл ақша айналымының несие жүйесінде жинақталуы –несиелік ресурстарды шоғырландыруға және оларды елдің халық шаруашылығына ұтымды бағыттауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік валюталар монополия принципіне ерекше маңыз береді. Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» заңында былай делінген: «Қазақстан Республикасының Президенті мне Министрлер кабиенті өз құзіреті шегінде валюталық реттеу саласында осы заң жағдайларына қайшы келмейтін нормативті актілерді қабылдайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық – Қазақстан Республикасынң валютасын реттеудің негізгі органы болып табылады»,

«Валюталық реттеу» түсінігіне нормативті актілердің жасап шығару, ақпарат жинау, валюталық заңдардың сақталуын бақылау және оны бұзған тұлғаларға санкциялар қолдану керек. Ұлттық банк валюталық реттеу функцияларын жүзеге асырады.

Бұл принцип – ел тәуелсіздігін сақтау шарттарының бірі, валюталы резервтерді жинақтау құралы және ақша айналысын басқа валюталарының ықпалынан сенімді қорғау жолы.

Орталық банктің автономиясы егемен елдер заңдарымен бекітілген. Банктер жедел банктік қызметпен байланысты шешімдерді қабылдау кезінде үкімет пен атқарушы билік органдарынан тәуелсіз.

Ұлттық банк тек Қазақстан Республикасы Президентіне ғана есеп бере алады.

Кей жағдайда бұл Республиканың ұзақ мерзімді міндеттерінің қорғаушысы ретінде Ұлттық банк мүдделері үкіметінің қысқа мерзімді мүдделеріне сәйкес келмеуі мүкін; үкімет болсамемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында Ұлттық банктің несиелік ресурстарын осы тапшылықты жабуға тырысады (бұл кеңес үкіметі кезінде жүйелі түрде жүргізілетін), ал бұл ақша айналымының тұрақтылығын бұзады, инфляцияның өршуіне себепкер болады.

Орталық банк елдегі ақша-несие саясатының жүргізілуіне толық жауап береді. өз кезегінде ақша-несие саясаты экономиканы мемлекеттік реттеудің негізін құрайды. Сондықтан ақшанесие саясатын автономды түрде жүргізбейінше, республикадағы нарықтық экономиканың тиімділігі туралы сөз қозғауға да болмайды.

Ұлыбритания мен Францияда орталық банктердік капиталы мемлекет иелігінде, алайда акционерлер ретінде коммерциялық банктер бола алады. Оларда да орталық банктер атқарушы органдардан тәуелсіз, тек парламентке ғана есеп береді.

Орталық банктің автономиясы батыс Германияда, АҚШ-та заң жүзінде бекітілген. Батыс Германияның банк жүйесі туралы заңында, Орталық банк өз саясатын үкіметпен үйлестіріп отыруы тиіс, алайда оның тұрақты ақша айналысын сақтау мақсаттарына қайша келетін талаптарын орындауға міндетті емес деп жазылған. Ол канцлерег де, федерация министрінеде бағынбайды, тек Бундесбанк туралы Заңға ғана бағынады. 

АҚШ-тың несие жүйесінің жоғарғы органы болып табылатын – Федералды резерв жүйесінің (ФРЖ) мүшелерін – сенаттың мақұлдауымен президент тағайындайды және олардың қызметі жөніндегі келіспеушілік бойынша қызметінен босатылуы мүмкін емес. Басқарушылар кеңесі кнрессо алдында есеп беріп отырады.

Біздің еліміз бен шет елдердегі несие жүйесінің автономдылығының елеулі дәрежесі – экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету мақсатында ақша-несие және валюталық тұрақтылықты сақтау міндеттеріне қатысты болып келеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің біршама тәуелсіздігінің негізгі жағдайы бюджетке қатысты мәселенің шешімі болып табылады. Мемлекеттік қаржылар және банктік жүйелерді заңмен шектеу, яғни үкіметтің Ұлттық банк қаражаттарын пайдалануына шек қоюдың принципалдық мәні бар.

Президенттің «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» заң күші бар жарлығында былай деп жазылған: «Жүргізіліп отырған мемлекеттік ақша-несие саясатының және оны заңға сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің қызмет етуінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк: 

а) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне заем алушының кепілдендірілген міндеттемесіне келісімді шарттармен қысқа мерзімді несиелер береді;

ә) осы шоттар бойынша үкімет жәрдемімен ашылған Қазақстанның халықаралық ұйымдарды мүшелігімен байланысты жазылымдар мен басқа да төлемдерге қатысты өзара келісілген шарттармен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қосымша несиелер береді».

Осылайша Үкімет, Ұлтық банктің басқа да клиенттері тәрізді әрбір несие бойынша қайтарымдылық, мақсатты-сипатының мерзімділігі және төлемділік шарттарына сәйкес келетін келісім негізінде қарыз алады.

Үкімет әрбір несие бойынша нарықтық пайыздық мөлшерлемелері бар тапсырылатын бағалы қағаздар шығарады. Оларды Ұлттық банктен өтеп алу мерзімі алты айдан аспауы тиіс, бірақ бұл мерзімді Қазақстан Республикасы Парламенті жыл аяғына дейін ұзартыуы мүмкін.

АҚШ, Жапония, Англия; Канада және де басқа елдерде іс жүзінде үкіметті тікелей несиелендіру жоқ; Германия, Голландия, Францияда заңмен шектелген, Австрияда үкіметтік несиеден заң алтын және конвертациялатын валютамен 100% қамтамасыз етілуі талап етіледі.

 

1.5 Несие жүйесінің даму тенденциясы.

Бүгінгі таңдағы несие жүйесі соңғы жылдары біршама өзгерісек ұшырады. Банк жүйесінің барлық компоненттері жалпы әлемдік экономикадағы құрылымдық қайда құруда жүріп жатқан өзгерістерге байланысты жаңғыртылуда. Ғылыми-техникалық ревалюцияның дамуы себепші болған өндірістің шоғырлануы капиталдың шоғырлануымен орталықтандыруын талап етті, соған сәйкес банктер өз операцияларын несилік ресурстарды ірілендіру жағына қарай түрлендіре бастады, яғни қазіргі банк жүйесінің экономика дамуының өзгермелі жағдайларына бейімделу қатар жүреді; банк жүйесінің құрылымдылық қайта құрылуы көз алдымызда; белгілі бір мамандандырудың сақталуымен қатар, банк қызметінің шоғырлануы мен әмбебаптануы орын алады; банктік емес несиелік мекемелердің динамизмі байқалады. Банктердің жеке типтерінің арасында банктер мен банктік емесмекемелер арасындағы өзгешеліктердің  немесе бөгеулердің жедел жойылуы – соңғы жылдары несие жүйесінің құрылымдық қайта құрылу тенденциясының бірі.

Ірі әмбебап банк өз клиенттері үшін депозитттік шоттарды жүргізу, қолма-қолсыз есеп айырысу, жинақтарды қабылдау, әр түрлі несиелер беру, бағалы қғаздарды сатып алу, мүлікті сенімхат бойынша басқару және басқа да көптеген банктік және «банк төңірегінде» қызметтер көрсету бойынша операциялардың көптеген түрлерін (кейбір бағалаулар бойынша 200 шамасында)жүзеге асырады. Несиелік мекемелер қызметінің осындай көп мақсатты сипаты қазіргі қаржылық капитал талаптарында мейлінше толық сай келеді.

Несиеліе мекемелердің әмбебаптануы екі бағыт бойынша көрінеді. Біріншісі – дәстүрлі емес банктік операциялардың кеңеюі арқылы. Коммерциялық банктер сақтандыру бизнесіне, факторингке, ақпараттық кеңес беру бизнеске және т.б. кіруге тырысады. Олар қаржылық қызмет көрсетудің бұрын тіпті қатыспаған немесе өте сирек қатысқан сферасында – қозғалмайтын мүліктік мәмілелерге, бухгалтерлік және компьютерлік қызмет көрсетуге, лизингтік істерге қатыса отырып несиелік мекемелердің басқа да топтарымен тікелей конфронтацияға баруда.

Екіншісі – банктік нарықтарда банттік емес мекемелердің (сақтандыру, брокерлік, жинақ, сенімгерлік компаниялар, зейнетақы қорлары және т.б.) енуі арқылы. Соңғылары бүгінгі таңда банктермен инвестициялық қызметте, таза банктік сфера – депозиттік қарыз операцияларымен барынша бәсекеге түсуде.

Соңғы жылдары банктер мен басқа арнайы қаржы-несие мекемелері арасындағы халықтық және фирмалар мен компаниялардың жинақтары үшін күрес ерекше шиеленіскен сипатлқа ие болды.

Бұрын коммерциялық банктер халық жинақтарын тартудағы депозиттер бойынша мөлшерлемелерді өсіру сияқты тиімді қаруды еркін қолдана алмады. Оларға мерзімді және жинақ салымдары иелері не төлеуге рұқсат етілген пайыздық мөлшерлемелердің максималдық шегі белгіленген еді, ал басқа арнайы несиелік мекемелерде мұндай шектеулер болмады. әрине, соңғылары бәсекелестік күресте артықшылыққа ие болды. Қазір жағдай өзгерді. Банктер пайызды конюктура жағдайына байланысты белгіленетін ақша нарығының сертификаттарын шығару рұқсатына қол жеткізді. Сонымен қатар 1980 жылы АҚШ-та қабылданған депозиттік мекемелердібейреттеу мен ақша айналымын бақылау туралы заң салымдар бойынша пайыздарды төлеуге қандай да болмасын шектеулердің күшін жойды.

Ірі банктік мекемелерге ортақ әмбептану тенденциясы олардың мамандануын сақтап қалуымен үйлесім табады. Әмбебаптанудың өзі мекемелердің жеке түрлеріне қатысты алғанда өзіндік ерекшеліктерімен біркелкі емес дамуда. Мұнда әмбебап типті мекемелердің мамандануының жойылуы туралы сөз қозғалып отыр. Сонымен бірге бұл тенденция қызмет көрсету сапасының ықпал жасап, бірінші кезекте нарықтық аялардың, яғни әмбебап немесе ірі банктер назарын аудармаған қызмет түрлерін табуға ұстылған шағын және орта банктерге әсер етеді. Маманданудың жайылу тенденциясын банктік бизнестетгі бәсекелестіктің күшеюі қолдап отыр.

Өзгерген экономика жағдайларына сәйкес банктік қызметтің өзінің, дәстүрлі банктік операциялардың қайта құрылуы жүзеге асқанын айта кету қажет. Бұған банктік қызметті реттейтін әкімшілікке ережелер күшінің жойылуы, яғни бейреттеу ықпал жасады. Банктердің мақсаты – банктерді бәсекелестік құралдарының кең ауқымын пайдалануға, банктік қызметтер нарығын белсендірек әрекет етуге итермелеу болып табылды.

Банктік қызметті бейреттеу активтік де, пассивтік те операцияларға ықпалын тигізеді. Коммерциялық банктердің активтік операциялары біршама өзгерістерге ұшырады. Бүгінгі таңда олар жанама несиелеуден (кепілге беру және вексельдерді еепке алу) фирамалар мен кәсіпорындарды тікелей несиелеуге толығымен көшті. Мұнда бағалы қағаздарды пайдалану арқылы рәсімделетін несиелік мекемелер тәуекелдерді белсендірек бөлшектеу мүкіндігіне ие болды. Бұл тенденция банктердің өз несиелерін нарықтық бағалы қағаздарға конвертациялау талпынысында нақтылай көрініс табуда.

Несиелеу объектілерін ірілендіру жүзеге асады. Коммерциялық банктер өз активтерінің сапасына мұқият қарай бастады, өйткені активтер сапасын дәл және уақтылы бағалау – банктер сенімділігінің кепілі.

Банктер басшылығы өз активтерінің сапасына, жаңа несиелерді беруге, несиелеу техналогиясына (құжаттар, контрактілер, қамтамасыз ету), заем алушының несие шарттарын сақтауына және т.б. бақылау жасап отырады.

Ұзақ мерзімді несиелеу де даму үстінде. Коммерциялық банктердің қаражаттарды тарту бойынша пассивтік операциялары да өзгеріске ұшырайды. Оларды үкімет белсенді қолдауда. Мұны 1933 жылы енгізілген салымдардың әр түрлері бойынша банктік пайыз үшін максималды шектерді алып тастау бойынша 80-жылдары АҚШ-тағы бейреттеу процесінен көруге болады. Бұл банктердің депозитттік базасының нығайылуына мүмкіндік берді, себебі олар талап етуге дейінгі салымдар бойынша да пайыздарды белгілей алынатын болды, ал бұл жаңа клиенттерді тартуға жағдай жасады.

Нәтижесінде тартылған қаражаттар құрылымы күрт өзгерді: егер 1950 жылы АҚШ коммерциялық банктері балансының пассивтік құрылымында банктік шоттардағы қалдықтар 70%-дан артық болып, мерзімді және жинақ салымдары тек 24-26%-ын құраса, 80 жылдары соңғылары 60%-дан артық үлесін құрады.

Банктердің пассивтік операцияларының инновациясы сонымен бірге қосымша ақша қаражаттарын тартудың жаңа құрылымдарын жасауда көрініс тапты. Пайызы бойынша, нарық пайызына жуықтайтын салымдардың жаңа типтері ашылды.мұндай шоттарға ақша нарығының депозиттік шарттары жатады. Көптеген коммерциялық банктер ақаша нарығында еркін айналыста болатын депозитттік сертификаттар (өзінше бір бағалы қағаз) шығара бастады.

Банктік операциялардың дамуында ерекше рольді ақпарат пен коммуникацияның қазіргі техникалық құралдары атқарады. Банк ісі бұрын-соңды болмаған ақпаратты дер кезінде беру, оның тез өңделуі  мен мәліметтердің растылығына экономикалық жағдайды талдау мен ақша дамуының нарығының даму перспективаларын дұрыс бағалауға байланысты болып отыр. Қаржылық нарықтық қатысушылары өз істерін жүргізу үшін барынша көп ақпарат қажет етуде. Сондықтан банк ісіне ғылыми-техникалық революциясының   соңғы жетістіктерін енгізусіз, компьютерлік техниканы игерусіз банктік қызметі тисінше модернизациялау мүмкін емес.

Банк жүиесі дамуындағы маңызды құрбылыс ретіндегі несиелік мекемелердің «көтерме»  операциялардан  бөлшек    операцияларға өтуін атап көрсетуге болады  бұл олардың клиенттері шеңберінің кеңеюіне әкеледі. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін банктер сақтық танытып, тек таңдалуы, ерекше сенімді клиенттерге ғана қызмет көрсететін, ал қазір ірі банктер өз стратегиясының өзгертті. Олар кәсіпкерлердің  барлық сферасына белсенді түрде араласумен  қатар, шағын бизнесті де қамти отырып, жаппай  клиентураға соның ішінде тұрғындардың тұрмысы төмен топттарында  да бағдарлануда.  Бұл қазіргі ірі банктің келбетін, оның саясатын өзгертеді.

Сондықтан кеиінгі кезең нарықтық қатынастары дамыған елдер экономикасындағы өндірістің щоғырлануының жоғары деңнейімен сипатталады., бұл, өз кезегіне банктік капиталдың шоғырлануы мен орталықтауына, аталған процестің жаңа формаларының пайда болуына, ел шішіндегі және әлемдік қаржы нарықтарында да күшті позицияларға ие – банк-алпауыттар тобының жедел өсуіне әкеліп соқтырады. Мұндай банк-алпауыттар тобының жедел өсуіне әкеліп соқтырады. Мұндай банк-алпауыттар ең алдымен Жапония, Германия, Канада, АҚШ пен араб әлемінде пайда болды, мұнда олардың активтері 100 млрд АҚШ долларынан көп соманы құрайды.

Біз тек дамыған нарықты экономикалы елдердегі қазіргі несие жүйесін сипаттайтын кейбір маңызды жағдайларға ғана тоқталып өттік. өз экономикасын нарықтық жолға қайта құрушы Қазақстан үшін әлемдік банк жүйесі дамуының мұндай тенденциялары ерекше қызуғышылық тудырады, себебі нарықтық экономикаға өту өзіндік нарықтық несие жүйесін құруды талап етеді. Республика үшін шетелдік тәжірибені толығымен көшіру орынды емес, өйткені оның экономикасы нарыққа өтудің ең бастауында тұр., ал Батыс болса, мұнда бұрыннан қызмет етуде, алайда бұл тәжірибеден өтпелі кезең жағдайында қолданыс табуы мүмкін барлық позитивті жайларды қабылдауы қажет. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. тарау. Ұлттық Банк — Қазақстан Республикасының

Орталық банкі.

2.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі:

міндеттері, қызметтері және операциялары.

Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан соң КСРО Мембанкінің Республикалық Кеңесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның Мемлекеттік банкі ретінде құрылды, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталды. Ол республикадағы банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейдегі банк, өз қызметін Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заң күші бар жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алды.

Ұлттық банк – заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын төменгі бөлімшелерімен бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған құрылым, іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді. Әр түрлі салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден босатылады. Ол Республиканың кез-келген жерінеде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді. Үкімет Ұлттық банктің міндеттемелері бойынша жауапты емес, дәл сол сияқты, егер өзіне белгілі бір жауапкершілік алмаса, Ұлттық банк те үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Үкіметтің өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен оның құрылымдық бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруға араласуға құқығы жоқ.

Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, банктік емес қаржы мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады. Ол нормативтік актілер “Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысы”, “Вестник Национального Банка Казахстана” атты қазақ және орыс тілдерінде шығатын ресми басылымдарда жарияланады.

Ұлттық банктің негізгі міндеті — ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрлаулығын қамтамасыз ету. Сондықтан ол:

  • ақша айналымы, несие, банктік есеп айырысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады;
  • ақша, несие және банк жүйелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді;
  • несие берушілер мен салымшылардың, сондай-ақ шетел валютасын сатып алу-сату және айырбастау операцияларын жүргізетін банктік және басқа ұйымдардың мұддесін қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізеді.

Ұлттық банктің міндеті оның атқаратын қызметтері арқылы орындалады:

Біріншіден, Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізу, яғни Ұлттық банк айналымындағы ақша массасының көлемін реттеумен және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен шұғылданады. Егер ақша-несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құқығы бар. Сондай-ақ алты айға дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және айналмалы вексельдерді, чектерді сатып алып және қайта сатады.

Ұлттық банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады, сонымен қатар мемлекеттік бағалы қағаздарды, облигацияларды, депозиттік сертификаттарды, дисконттық және өтеу мерзімі бір жылға дейінгі проценттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатумен шұғылданады. Ұлттық банкте сақталатын міндетті резервтердің нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының түрлерін анықтайды.

Екіншіден, Қазақстан Республикасында қолданылатын банкнота және монетаны (теңге мен тиынды) эмиссиялау. Ол үшін Ұлттық банк номиналдардың құрылымын, теңге мен тиындардың пішінін (дизайн) олардың қажет мөлшерін анықтап, дайындығын қамтамасыз етеді.

Ұлттық банктің қолма-қол ақша қаражатын шығаратын, теңге мен тиынның қолма-қол ақшасыз эквивалентін алып сату арқылы айналысқа түсіруді ұйымдастыратын айрықша құқығы бар. Сондай-ақ қолданылған ақша белгілерін айналымнан шығарып, оларды жаңасымен айырбастап, тозығы жеткендерін жоюмен шұғылданады.

Үшіншіден, банктердің банкісі қызметін атқару. Ол үшін Ұлттық банк республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып, бірінші класты (жоғары өтімді, қауіпсіз) бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді. Ұлттық банк – екінші деңгейлі банктер үшін соңғы сатыдағы несие беруші. Несиені ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де, сондай-ақ қамтамасыз етілген, ия болмаса қамтамасыз етілмеген несиені Ұлттық банктің басқармасы белгілеген тәртіппен және мерзімге береді. Қазақстан Республикасындағы есеп айырысу формалары мен тәртібін анықтап, қазақстандық теңгемен жүргізілетін банкаралық есептесуді өз уақытымен және тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін төлем жүйесінің қызметін ұйымдастырады.

Төртіншіден, үкіметтің және мемлекеттік органдардың банкі және агенті қызметін атқару үшін кепілшісі үкімет болған республиканың ішкі және сыртқы қарызын өтеуге қатысады, Қаржы министрлігінің шоттары бойынша дебеттік қалдықты (сальдо) болдырмау үшін қажетті іс-шараларды қабылдайды. Қаржы министрлігімен келісілген шарт негізінде мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырып, олардың депозиторлық ісін жүзеге асырады.

Бесіншіден, банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметі. Ол үшін Қазақстан территориясында, сондай-ақ одан шет жерлерде банктермен олардың филиалдарын ашуға рұқсат және банктік операциялар жүргізуге лицензия береді. Барлық банктер, банк емес қаржы мекемелері және олардың клиенттері міндетті түрде орындауы үшін банк ісі, есептеу, есептесу, валюта операцияларын жүргізу мәселелері бойынша нормативтік актілер шығарып, олардың орындалуын қадағалайды.

Банктердегі бухгалтерлік есеп айырысудың, бухгалтерлік, банктік және басқа есептік мерзімін, формасын, тізімін, тәртібін және әдісін бекітіп, сондай-ақ олардың орындалуын бақылайды.Банктер мен олардың филиалдарының қызметін жергілікті жерде немесе аудиторлық ұйымдарды шақырып бақылайды. Ұлттық банк өзінің бақылау қызметін атқару үшін банктердің балансын, есебін және басқа құжаттарын тексереді.

Алтыншыдан, валюталық реттеу және валюталық бақылау қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық банк шетел валютасын және шетел валютасындағы бағалы қағаздардың айналым аясын және тәртібін белгілеп, шетел валютасымен жүргізілетін операцияларға қажетті кезде, оның ішінде проценттік мөлшер деңгейіне шектеу қояды.

Резиденттер үшін шетел валютасын және шетел валютасындағы бағалы қағаздарды Қазақстанға аудару, әкелу, әкету және салып жіберу тәртібін белгілеп. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттерінің республикадан тыс шетел валютасында шот ашуының мақсатын, тәртібін және жағдайын анықтап, шот ашуға рұқсат береді.

Ұлттық валютаның шетел валютасыменен салыстырып, курсын реттейді. Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен валюта-қаржылық және несие-есеп қатынастарын жетілдіреді. Шетелден алынған банктік несиенің есебін жүргізеді.

Жетіншіден, елдің алтын валюта қорларын басқару қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық банк мемлекеттің алтын валюта қорларын қалыптастырып, олармен операция жүргізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің “Бағалы металдарға және асыл тастарға байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы” Заң күші бар Жарлығына сай бағалы металдардың алғашқы саудасына бірінші сатып алушы құқымен қатынасып, қазақстандық және басқа өндірушілерден (сатып алушылардын) Ұлттық банктің алтын валюта қорын толдыру үшін бағалы металдарды сатып алады. Оларды сақтауға қабылдап, одан әрі сақталуын қамтамасыз етіп, қажет жағдайда заңға сәйкес сатады.

Президенттің немесе үкіметтің тапсырмасы бойынша Ұлттық банктің қоймасында сақтау үшін үкіметтік резервке алынған құндылықтарды қабылдайды. Алтын және басқа да бағалы металл құймаларын,монеталарды, өңдеген және өңделмеген табиғи асыл тастарды ішкі және сыртқы нарықта сатып алу және сату операцияларын жүргізеді.

Ұлттық банк өз шығындарын өз қаражатымен өтейді. Оның өз қаражаты: жарғылық, резерв капиталынан, қайта бағалау шоттары және арнайы резервтерінен құралады.

Ұлттық банктің жарғылық капиталы 20 млрд. теңгеден қалыптасады және оның міндеттемелерін қамтамасыз етеді. Жарғылық капитал мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыдан, мемлекет берген қордың құнынан және Ұлттық банктің алған пайдасынан құрылады.

Резерв капиталы – жарғылық капиталы мөлшерінен тұрады. Таза табысы есебінен толтырылып, жүргізілген операциялар бойынша шығындарды өтеуге жұмсалады.

Алтын валюта активтерін қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан түскен іскеасырылмаған табысты есепке алуға арналады. Бұл шоттың Ережесін Ұлттық банктің Басқармасы бекітеді. Алтын валюталық резерф теңгенің ішкі және сыртқы тұрлаулығын қаммамасыз ету үшін құрылып және сол мақсаттарға жұмсалады. Алтын валюталық резерв төмендегі элементтерден құрылады:

  • алтыннан;
  • банкнота, монета түріндегі шетел валютасынан, шетелдердегі және республикадағы Ұлттық банктің шоттарындағы қаржылардың қалдықтарынын;
  • Ұлттық банкте сақтаулы валюталық құндылықтардан;
  • шетел үкіметтері немесе халықаралық қаржы мекемелері шығарып, кепілдік берген бағалы қағаздардан;
  • шетел валютасындағы жай және аударым вексельден;
  • өтімділігі және қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайдағы шетел валютасындағы басқа сыртқы активтерден құрылады.

Арнайы провизиялар (резервтер) Ұлттық банктің шығыстары есебінен күмәнді және үмітсіз талаптарынан, оған қоса несиелерден, депозиттерден, бағалы қағаздардан, есеп айырысу кезіндегі шығындардан, шоттардағы қалдықтардан және басқа активтерден, сондай-ақ жалпы провизиялардан құрылып, оған аяқталмаған құрылыс көлемі және Ұлттық банктің монетарлық емес талаптары және әлеуметтік сипаттағы төлемдер кіреді.

Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы оның іс жүзінде алған кірістері мен осы жылға шығын арасындағы айырмаға тең. Шығынға шығарылып тасталған күмәнді борыштар, активтердің, оның ішінде айналымға шығарылған банкноталар мен монеталардың амортизациясы (тозуы) қосылады. Табыс жоғарыда айтқанымыздай, жарғылық, резерв капиталын қалыптастыруға жұмсалып, қалған бөлігі келесі қаржы жылының республикалық бюджетіне түседі.

Ұлттық банктің несиелік ресурстары төмендегідей көздерден құралады:    

  • меншікті қаражат есебінен;
  • басқадай банктерден тартылған және Ұлттық банкте шартты негізде орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен;
  • Қазақстан Республикасы төнірегінде тартылған қаражаттардан;
  • арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар есебінен.

Қазақстанның Ұлттық банкі – тігінен басқарылатын жүйедегі біртұтас орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық банктің басқару органына: Басқарма және директорлар Кеңесі (Директорат) жатады.

Ұлттық банктің құрылымына департаменттер мен басқа да бөлімшелерден тұратын орталық аппараты, филиалдары, өкілеттіліктері мен ұйымдары кіреді.

Ұлттық банктің орталық аппаратында мынадай департаменттер мен дербес басқармалары бар:

  • зерттеу және статистика департаменті;
  • шетел операциялары департаменті;
  • ішкі операторлар басқармасы;
  • сыртқы байланыстар бөлімі;
  • заң қызметі департаменті;
  • әкімшілік департаменті;
  • нақты ақшалармен жұмыс жөніндегі басқарма;
  • инжинерлік қауіпсіздік жүйесін пайдалану бөлімі;
  • бухгалтерлік есеп департаменті;
  • есептеу жұмыс орталықтарының департаменті;
  • операциондық басқарма;
  • төлем жүйесі басқармасы;
  • банктік қадағалау департаменті;
  • бақылау және аудит департаменті;
  • персоналдармен жұмыс жасау басқармасы;
  • халықаралық қаржы ұйымдарының жобаларын іске асыру бөлімі;
  • мерзімді басылымдар және іскерлік ақпараттар бөлімі.

Сонымен қатар, Қазақстан Ұлттық банк құрылымына келесідей дербес бөлімшелер де кіреді:

  • мемлекеттік сақтау қоймасы;
  • Ресей Федерациясындағы Ұлттық банк өкілеттігі;
  • Банкноттық фабрика;
  • Автобаза;
  • Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы;
  • Банктік сервистік бюро;
  • Мемлекеттің қадағалау инспекциясы.

 Қазақстан Ұлттық банкінің жоғары басқару органы Басқарма болып табылады және басқармаға келесідей негізгі қызметтер жүктеледі:

  • мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау;
  • банк қызметіне қатысы бар Қазақстан Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілерін бекіту;
  • Ұлттық банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу;
  • банктердің ашылуына рұқсат беру және оларды қайтарып алу туралы шешім қабылдау;
  • жекелеген банктік операциялар түрлерін жүргізуге лицензиялар беру туралы шешім қабылдау;
  • банктер үшін резервтік талаптар нормасын бекіту;
  • алтын валюта активтерін басқарудың негізгі қағидаларын анықтау;
  • Қазақстан Республикасы валютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту;
  • Қазақстан Ұлттық банк жұмыс туралы жылдық есепті қарау, қабылдау және Президенттің бекітуіне беру;
  • Қазақстан Ұлттық банкінің жылдық балансын және табыс пен зияны туралы есебін қарау және бекіту;
  • Қазақстан Ұлттық банкі туралы нұсқауды, оның жарғылық капиталы мен резервтік қордың қалыптасу тәртібі, негізгі құралдарды және өзге де мүліктерді пайдалану, ақылы қызмет көрсету, Қазақстан Ұлттық банкінің құрылымы және бюджеті, департамент директорларын, филиалдардың, өкілеттіліктердің және ұйымдардың жетекшілерін тағайындау туралы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
  • банктер үшін пруденциальдық нормативтер мен басқа да міндетті нормаларды және шектерді бекіту;
  • еңбек жағдайын, оған ақы төлеу жүйесі мен мөлшерін анықтау және бекіту;
  • Қазақстан Ұлттық банкінің халықаралық және басқа да ұйымдарда қатысуы туралы шешім қабылдау;
  • Директорлар Кеңесінің (Директораттың) құрамын бекіту;
  • Бухгалтерлік есептің қазақстандық стандартын ескере отырып, Қазақстан Ұлттық банкіне арналған бухгалтерлік есептің саясатын және әдістерін анықтау;

Ұлттық банк мынадай операциялар жүргізеді:

  • бірінші кластық элементтермен шығарылатын алты айлық қайтару мерзімдегі міндеттемелерді қайта есепке алады;
  • мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
  • депозиттік сертификаттармен қайтару мерзімі бір жылға жататын борыштық бағалы қағаздарды сатады және сатып алады;
  • депозиттік және есеп-айырысу операцияларын жүргізе отырып, бағалы қағаздарды, басқа да құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
  • қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;
  • қажет кезінде банктерде және қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
  • чектерді жазып вексельдерді береді;
  • жарғыға қайшы келмейтін өз міндеттемелеріне сай келетін басқа да банктік операцияларды жүзеге асырады.

 

2.2.  Ұлттық банктің эмиссиялық қызметі.

Қазақстан теңгелік банкнотын шығару құқығы Ұлттық банкке ғана берілген. Бұл банкноталар заңды төлем құралы болып табылады. Әр ақшалай соманың кредиторы, оларды өзінің талаптарын орындауда шексіз көлемде қабылдауға тиіс. Сондықтан да Ұлттық банктің банкноталары біздің ақша жүйеміздің кіндігін құрайды.

Олар барлық экономикалық процеске қатынасушылардың төлем операциялары үздіксіз де, тиімді орындау үшін қолында жүреді.

Сол сиақты банктерде өз клиенттеріне нақты ақшаны ауыстырушы шоттағы салым формасын ұсынатындығы, соңғы кезекте эмиссиялық банктің ақшасына байланысты, өйткені банк клиенттері кез келген уақытта нақты ақшаны өз шотына алуы мүмкін.

Ұлттық банктің бұл монополиялық жағдайы жалпы шаруашылықтың ақша айналыс шеңберінде шаруашылықтағы ақша айналысын жанама бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.

Ұлттық банк бүгінгі таңда әр түрлі құндық белгілері бар он үш банкноттарды шығарады: 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100, 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік. Банкноттардың қолдан жасаудан қорғауы үшін әр түрлі құнды банкноттардың мөлшері және жазылуы жағынан әр түрлі болып келеді. Ең жиі кездесетін банкноттар: 5, 10, 20, 50, 100, теңгеліктер болып табылады, олар айналымдағы банкноттардың шамамен 2/5 құрайды. 1000 және 2000, 5000 теңгелік құны бар банкноттарға банкноттар айналысының саны жағынан біршама бөлігі тиеді. Ұлттық банктің шығарған банкноттары өзіне жылына орташа есеппен үш рет қайта келеді екен. Бұл жағдайларда банкноттардың барлығы толық тексерілуден өтеді.

Немістің федералдық банкі біздің Ұлттық банкке қарағанда 8 түрлі құндық белгілері бар банкноттарды шығарады: 5, 10, 20, 100, 200, 500 және 1000 неміс маркалары және осылардың ішінде жиі кездесетін банкноты, бұл 100 маркалық ақша белгісі, яғни оның үлесіне айналыстағы банкноттардың үштен бір бөлігі тиеді. Ал 200, 500 және 1000 неміс маркасындағы банкноттарға жалпы банкноттар айналысының кішкене бөлігі келеді.

Банкноттан басқа Ұлттық банк айналысқа монеталар да шығарылды. Алғашқыда айналымға тиындық монеталар шығарылғанмен, бүгінгі күні олардың ең төменгі номиналдық белгілері мен төменгі айналысы үшін айналымнан алынып тасталынды.

Немістің федералдық банкінің Қазақстан Ұлттық банкінен айырмашылығы; неміс банкі айналысқа неміс маркасын немесе фенниктердегі монеталарды шығарады. Мұнда монеталар біртұтастығы нақты ақшалар айналысын құрайды.

 

2.3.  Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары.

Ұлттық банктің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да мәселелері “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заңы және “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Ережесі негізінде анықталады.

Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат, бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдық бөлімшелері бар. Ұлттық банкінің 1996 жылғы құрылымы 2-кестеде көрсетілген.

Ұлттық банктің басқарушы органы болып Басқарма және директорлар Кеңесі (Директорат) саналады. Оның жоғары органы – Басқарма, ол 9 адамнан тұрады. Оған Ұлттық банктің төрағасы, бес лауазым адамы және Президенттен бір, Республика үкіметінен екі өкіл кіреді. Президент, Республика үкіметінен және Ұлттық банктен кірген басқарма мүшелерін тиісінше Президент, үкімет және Ұлттық банктің төрағасы бекітеді және қызметтен босатады. Басқарма мынадай сұрақтарды шешеді:

  • мемлекеттік ақша-несие саясатын жасайды;
  • Ұлттық банкі шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді бекітеді;
  • Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар мен монеталардың номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;
  • Ұлттық банктің банктермен және Қазақстан Республикасының бюджетімен операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемесін бекітеді;
  • Қазақстан республикасының валюталық айырбас бағамын анықтау тәртібін белгілейді;

 

2-кесте. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің

                      басқару құрылымы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін бекітеді;
  • Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық балансты қарастырады;
  • Ұлттық банк туралы Ережені, Ұлттық банк құрылымын бекітеді және Ұлттық банк департаменттерінің директорларын тағайындайды;
  • банктер және олардың филиалдары үшін экономикалық нормативтерін бекітеді.

Кезектен тыс мәжілістер Ұлттық банк төрағасының немесе басқарманың үш мүшесінің талабымен өткізіледі.

Ұлттық банктің төрағасын республика Президенті Парламетпен келісіп отырып 6 жыл мерзімге тағайындайды. Егер төраға қызметтен кеткісі келсе 2 ай бұрын алдын ала Президентке арыз жазуға құқылы. Оны қызметтен Президент босатады. Төраға Ұлттық банктің қызметіне жауапты. Оның орынбасарларын төрағаның ұсынысымен Республика Президенті төрағаның бекітілген мерзіміне тәуелсіз 6 жыл мерзімге бекітеді. Төрағаның орынбасарларын қызметінен төрағаның ұсынысымен республика Президенті босатады. Сондай-ақ төрағаның орынбасарлары өз еркінше қызметінен кеткісі келсе, онда 2 ай бұрын төраға арқылы Президентке арыз береді.

Ұлттық банктің Басқармасының мәжілістері қажетті кезде, бірақ айына кемінде 1 рет өткізіліп, онда Ұлттық банктің, жоғарыда айтылған қызметтерін орындайды, ал Ұлттық банктің күнбе-күнгі қызметін басқаратын орган – Директорлар Кеңесі. Директорлар Кеңесі Президенттің “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заң күші бар жарлығына сай Ұлттық банктің қарауындағы барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды. Ұлттық банктің облыстық басқармалары өз қызметін Ұлттық банк белгілеген уәкілдік шегінде атқарып, оған есеп беруге міндетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III. тарау.     Қазақстан Республикасындағы Коммерциялық

банктер.

3.1 Коммерциялық банктер қызметінің мәні,  құрылуы

мен ұйымдастырылуы.

Қазіргі коммерциялық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді.

     Банктер қызметiнiң мәнi оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрiнiс табады.

     Банк қызметiн-банктiк клиент мүддесi үшiн белгiлi бiр iс-әрекеттердi орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнiмiнiң негiзiнде қандай да бiр қажеттiлiктердi қанағаттандыру қажеттiлiгi жатады.

      Қазiргi кезде негiзгi дәстүрлi қызметтерде бұрынғыша салымдар тарту мен қағаздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлiгiн осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бiрақ осы екi қызмет төңiрегiнде банктiк өнiмдердiң көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкiн.

         Қазiргi кезде әмбебап банктер банк қызметтерiнiң және қаржылық қызметтерiнiң барлық аспектiлерiн түгелдей қамтитын өнiмдердiң кең затарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестiк артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгiлi бiр қызметтер түрлерiн көрсетуге мамандануға тырысады.

Коммерциялық банктердiң желiсi ақша нарығының қалыптасуына ықпал етедi, ал заңды және жеке тґлғаларды мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзiмдiк қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негiзi болып табылады. Коммерциялық банктер негiзiнен өз клиенттерiнiң шаруашылық қызметтерiне қызмет көрсетуiмен байланысты несиелiк есеп айырсу және қаржылық операцияларының барлыјқ түрiмен айналысады. 

“Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызмет туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығының 1-ші бабына сәйкес “банк – бұл осы жарғыға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы, коммерциялық ұйым болып табылатын, заңды тұлға”.

Банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

  1. Меншік сипатына қарай:
  • мемлекеттік;
  • акционерлік;
  • жеке;
  • пайда қосу арқылы;
  • аралас;
  • кооперативтік.
  1. Операцияларының түрлеріне қарай:
  • әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;
  • маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;
  1. Аумақтық белгісіне қарай:
  • халықаралық;
  • ұлттық;
  • аймақтық;
  1. Салалық белгісіне қарай:
  • өнеркәсіптік банктер;
  • сауда банктері;
  • ауылшаруашылық банктері;
  • құрылыс банктері;
  • басқа да.
  1. Филиалдар санына қарай:
  • филиалсыз;
  • көп филиалды.

Егер банк акционерлік қоғам формасында құрылатын болса, онда оның жарғылық капиталы ашық түрде жазылып таратылатын акциялардың номиналдық құнының сомасында, кейде құрылтайшылардың арасында жарғылық капиталдағы үлесіне байланысты барлық акциялар таратылады. Қазақстан Республикасында банктер мәлімдеуші акцияны шығарып сатуға құқысыз, яғни жабық акционерлік қоғам формасында құрылады.

Акционерлік банктердің шығаратын акциялары екі түрге бөлінеді: жай және артықшылығы бар. Жай акция – оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның пайдасына қарай дивидент алып отыруға құқық береді. Ал артықшылығы бар акция – оның иесіне қоғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен, уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жәй акция иесінен бұрын қоғамға қосқан өз үлесін алуға құқық береді.

Ал мемлекеттік банктер мемлекеттік кәсіпорын формасында құрылады. Ашық типтегі акционерлік қоғамға банктердің өтуі үшін, Ұлттық банктен банктік операцияларды жүзеге асыруға рұқсат қағазын алғаннан кейін бір жыл бойына Ұлттық банк тарапынан бекітілген пруденциялдық нормативтерді және басқа да міндеттемелерді орындауы қажет.

 Егер де банк жауапкершілік шектеулі қоғам түрінде құрылған болса, онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта анықталады және бұл банктің қатынасушылары немесе құрылтайшылары өздеріне тиісті үлес шегінде ғана оның міндеттемелеріне жауап береді.

Банктің ұйымдастырылуы және құқықтық формасынан байланыссыз, оның жарғылық капиталы оның қатынасушылары, жеке және заңды тұлғалар есебінен құрылады. Және олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып табылады. Жарғылық капитал, оның қатынасушыларының меншікті қаражаты есебінен ғана құрылуы мүмкін. Банктік несиелер есебінен жарғылық капиталды құруға тиім салынады. Банктің жарғылық капиталы тек ақшалай қаражаттар есебінен де құрылуы мүмкін.

Тіркеуге алынатын уақытта жаңадан құрылған банктің жарғылық капиталы, құрылтайшылық құжатта хабарланған, оның акционерлерінің сомасының 50% төленуі тиіс, ал тіркеуге алған кезінен бастап бір жыл ішінде оның жарияланған сомасы толық төленуге тиіс. Жарғылық капиталдың сомасы заңдылықтармен шектелмейді.

Коммерциялық банктер қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілеттіктерін, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.

Банктің филиалы – филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілетін банктік операцияларды жүзеге асыруға құқылы және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар заңды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.

Банктің өкілеттігі – банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, яғни банктік тапсырмасымен және оның атынан әрекет ететін банктің орналасқан жерінен тыс орналасқан, заңды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдық бөлімшесі.

Еншілес банк – жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиселі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға.

Сонымен, Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің меншік формасына қарай топтасуына келесідей 3-кестеден көруге болады:

 

                                                                      3-кесте

Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі

банктер.

 

 

01.01.

1995

01.01.

1996

01.01.

1997

01.01.

1998

01.01.

1999

Екінші деңгейдегі банктердің барлығы

 

184

 

130

 

101

 

82

 

71

Оның ішінде:

 

 

 

 

 

         Мемлекеттік

4

4

4

6

1

         Мемлекетаралық

1

1

1

1

Шетел капиталының қатысуымен

8

8

9

22

23

Оның ішінде:

 

 

 

 

 

        100%-қатысуымен

4

4

4

6

8

        50%-қатысуымен

4

4

5

1

 

Еншілес банктер

5

5

5

7

11

 

*Сандық мәліметтер Қазақстан Ұлттық банкінің статистикалық бюллетенінен алынған.

 

Қазіргі коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, зианды және жеке тұлғаларға кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.

Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты, яғни қазақстандық банктік жүйенің небары 12 жылдық тарихы бар. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі” және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” Қазақстан Республикасы президентінің заң күші бар жарлықтарын басшылыққа алады.

1999 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша еліміздегі екінші деңгейдегі банктер саны – 71 құраған. Бұл 1994 жылмен салыстырғандағы екінші деңгейдегі банктердің өте көп мөлшерде қысқарғандығын сипаттайды. Олардың қысқаруын банктердің интенсивтік жағынан өсуімен байланыстыруға болады. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері Қазақстан Республикасының Ұлттық банкітің берген лицензиясы негізінде қызмет етеді.

Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Дамыған шет елдерден айырмашылығы Қазақстандағы берілетін лицензия әмбебап болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалға, инвестициялық ипотекалық қызметтерді жүзеге асырылады және т.б. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығында да тікелей қатысуға толық құқылы.

Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен валюталық операцияларды жүзеге асыруға бас лицензия алады.

Бас валюталық лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-ақ дамыған шет елдерде өз филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді.

Сонымен қатар, Қазақстандық коммерциялық банктерге бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республиксының Ұлттық банкі лицензия береді.

Екінші деңгейдегі банктер өз қызметтерін бастауы үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен рұқсат алуда төмендегідей құжаттарды табыс етеді:

  • рұқсат алу үшін беретін өтініш;
  • банктің жарғысы;
  • құрылтайшылық шарт;
  • құрылтайшылар жиналысы туралы хаттама;
  • үлес қосушылар немесе банк акционерлерінің тізімі;
  • құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиториялық қорытынды;
  • экономикалық негіздеме;
  • банктің 2-3 жылға арналған бизнес-жоспары;
  • банк басшысының кәсіби жарамдылығы туралы анықтама қағаз;
  • банктің бас бухгалтері туралы анықтама;
  • жариаланған жарғылық қорға төленген соманы растайтын құжаты-төлем тапсырмасы.

Қазақстандық тәжірибеде басқа дамыған шетелдік тәжірибелер сияқты жарияланған жарғылық капиталдың төленген жарғылық төленген капиталдан айырмашылығы болады. Қазақстандағы банктік заңдарға сәйкес банкті тіркеуге алу үшін жарияланған жарғылық қордың 50%-дан кем емес бөлігі акция, облигация, ақшалай қаражат, бағалы металдар немесе басқа да материалды бағалықтармен төленуге тиіс. Ал қалған сомасы, яғни 50%-ға жуығы жыл бойына салынуға тиіс.

Жарияланған жарғылық қордың 50%-ның ақшалай түрдегі сомасы сол банктің корреспонденттік шотына түсіріліп, ал материалдық бағалықтары банкті құрушы акционерлердің жалпы жиналысындағы бірлескен түрде бағалауына байланысты акті бойынша қабылданады.

Қазақстандағы коммерциялық банктердің көбінің қаржылық жағдайы тұрақсыз. Әлі де болса лицензиясы қайтарылып алынған банктер қатары өсіп отыр. Екінші деңгейлі банктер қатарындағы пруденциялдық нормативтерді бұзғандар саны 1996 жылдың 10.10. – 56; 1997 жылдың 01.01. – 35; 1998 ж. 01.01. – 25; 1999 ж. 01.01. – 28.

Екінші деңгейдегі банктер өз қызметтерін банк құрылтайшыларының шешімімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңдарына көзделген жағдайларды тоқтата алады. Банкті ашуға берген рұқсаты келесідей негіздерге байланысты қайтарылып алынуы мүмкін:

  • құрылтайшылық шарт пен банк жарғысының жұмыс жасап отырған заңдарға сәйкес келмеуі;
  • банк қызметіне байланысты жалған мәліметтер болуы;
  • банк жетекшілерінің кәсіби жарамсыздығы;
  • рұқсат берген күннен бастап өз қызметін 6 айдан астам уақытқа дейін кешіктіруі;
  • пруденциалдық нормативтердің жүйелі түрде бұзуы;
  • банк заңдылықтарында, сол сияқты жарғысында көрсетілмеген операцияларды жүзеге асыруы;
  • тіркеуге алған уақытқа дейін жарияланған жарғылық қордың төменгі сомасын төлемеуі;
  • құрылтайшылардың қаржылық жағдайларының тұрақсыздығы.

Банктің ашылуына берілген лицензияның қайтарылуы, банктің таратылу туралы шешімді білдіреді.

 

Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару құрылымына және оның функционалдық бөлімшелері мен әртүрлі қызметтерінің құрылымына бөлінеді.

Басқару органы пайда алу мақсатында коммециялық банктің қызметіне тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары басқару органына тікелей қатысады.

Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғарғы органы – акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады. Акционерлердің жалпы жиналысы жылына бір рет шақырылып отырады. Бұл жиналыста мынадай міндеттер шешіледі:

  • банктің жарғысына өзгерістер еңгізу;
  • банктің жарғылық капиталын өзгерту;
  • банктің Кеңесін сайлау;
  • банктің жылдық есеп-қисабын бекіту;
  • банктің табысын бөлу;
  • банктің құрылымдық немесе еншілес бөлімшелерін құру және тарату.

Екінші басқару органы – банктің қадағалау кеңесі болып табылады. Банктің бақылау кеңесі – банк қызметіне бақылау жасау органы ретінде, келесідей міндеттерді шешеді: нормативтік актілерді бекітеді; Басқарма немес Басқарма төрағасының шешімі бойынша жасалған мәмілерді бекітеді.

Келесі басқару органы – бұл басқарма (банк кеңесі). Басқарма – атқарушы немесе өкілетті орган, яғни ол банктің иелерінен, оның акционерлерінен құралады және олардың мүдделерін қорғайды. Басқарманың міндеттемелеріне мыналар жатады:

  • банктің стратегиялық мақсатын анықтау;
  • банктің саясаттарын жасау;
  • жетекшілік қызметке кадрлар дайындау;
  • комитеттерді құру;
  • ссудалық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау.

 

                                                                    4-кесте

 

       
 

  Íåñèåëiê

   êîìèòåò

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқарма төрағасы – бұл банктің бірінші жетекшісі болып табылады және ол банк қызметіне жетекшілікті жүзеге асырады. Банк төрағасына келесідей міндеттер жүктеледі:

  • банктің қызметіне қатысты барлық сұрақтар бойынша бұйрықтар шығару және нұсқаулар беру;
  • барлық мемлекеттік және басқа да органдарда, басқа банктерде, оның ішінде шетелдік банктерде банк қызметіне қатысты барлық сұрақтар бойынша өкілеттілікті жүзеге асыру;
  • банктің мүлкіне және қаражаттарына ей болу;
  • банктің штаттық жұмысшыларының саны мен құрылымын бекіту;
  • еңбек келісім шарты бойынша банктің лауазымды тұлғаларымен келісімдер жасау.

Ревизиялық комиссия – банк қызметіне бақылау жасаушы органы болып табылады.

Несиелік комитет – бұл несиенің басйланысты қорытынды жасаушы органы.

Банктің функционалдық құрылымына барлық департаменттер мен бөлімдер жатады.

Қызмет бөліміне: кадр бөлімі, заң бөлімі, күзет бөлімі, әкімшілік-шаруашылық бөлімі және т.с.с. кіреді.

Акционерлік банктің басқау құрылымы 4-кестеде берілген.

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-кесте. Коммерциялық банктің ұйымдық

құрылымының типтік үлгісі.

Àêöèîíåðëåð æèíàëûñû

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    6-кесте. Коммерциялық банктердің операциялары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2 Коммерциялық банктердің ресурстарын қалыптастыру

операциялары

Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық суббъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екніші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттірін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивті операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.

«Банк ресурстары» термині «несиелік ресурсына» қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланады.

Жоспарлы экономиканы әкімшіл және әміршіл басқару жүйесі жағдайында банк ісінің ұйымдастырылуында мемлекеттік монополия көрінісі байқалды. Юарлық кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер заңды түрде мемлкеттік банк мекемелерінде өздерінің ресурстарын міндетті түрде сақтауға тиіс болды. Банкке кәсіпорындар мен мекемелердің ресурстары іс жүзінде ақысыз тартылды. Тек кооперативтік кәсіпорындарда ғана жартылай мөлшерде төленді. Осындай жағдайларда жалпы мемлекеттік қарыз қоры деген экономикалық түсінік қалыптасты. Жалпы мемлекеттік қарыз қор халық шаруашылығын несиелеу үшін банк жүйесі арқылы мемлекеттің ықпалымен жинақталған қаражаттар жиынтығын білдіреді. Демек, олар банк ресурстары болып саналады. Несиелік қорды орталықтан бөлу сипаты банк ресурстарының құрылымдарына тікелей әсер етті. Сол кезеңдер де банк ресурстары меншікті және тартырған қаражаттарға бөлінген. Мұндағы меншікті қаражаттарға: жарғылық, резервтік, негізгі құралдар, амортизациялық және банк ісін дамыту қорлар, ал тартылған қаражаттарға: мемлекеттік бюджет қаражаты, кәсіпорындардың, ұйымдардың есеп айырысу және ағымдық шоттардағы қаражаттары және халықтың ақшалай жинақтары жатты. Осындай жағдайларда банк ресурстары нарығы қалыптасып, мемлекеттің қарыз қоры осы нарықтың бір бөлігін құрады.

Бүгінгі таңдағы банк ресурстары нарығының құрылуында көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялық банктердің қызметінің тұрақтылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болуы керек, ал оның қамтамасыз етілуі, банктік баланстары өтімді болу керек, ал оның қамтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы көлемі және мерзімі бойынша тепе-теңдіктің сақталуын талап етеді.

Банк ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы қалыптасады. Сөйтіп банктер жаңа қызмет түрлері ретінде бағалы қағаздармен, факторинг, лизинг және басқа опреациялармен тікелей жұмыс жасай бастады. Бұл, яғни банктің ресурстық құрамына тек қана ақшалай қаражаттар емес, сол сияқты тауарлы-материалдық құндылықтар және бағалы қағаздар кіреді дегенді білдіреді. Ұлттық (орталық) банкіміз «банктердің банкі» болып табылатындықтан, коммерциалық банктердің ресурстарының бір бөлігі сол банктерден алған ресурстардан да құралады.

Демек, коммерциялық банктер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдық қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға және халыққа сатып отырады.

Банк ресурстары – бұл банктің пассивтік опреациялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.

Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммрециялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлтық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа да банктердің, корроспондентік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.

Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануына, әмбебаптығы мен қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшелінеді.

Банк ресуртарының құрылымына мыналар жатады:

  • Банктің меншікті капиталы.
  • Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.

Банк ресуртарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттіліктің 10%-ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.

 

Коммрециялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.

Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқа құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жаббдықтар, жалақыға жұмсалатын және т.б. шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте қажетті резервтер құрылды. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.

Меншікті және тартылған коммерциялық банк ресурстары Ұлттық банкте ашылатын корреспонденттік шотта көрсетіледі. Бұл активтік шот, сондықтан да дебеті бойынша ресурстар, ал кредиті бойынша несиелік жұмсалымдар беріледі. Демек, дебеттік қалдықтың шамасы банктің бос резервінің мөлшерін көрсетеді. Банктің блс резервінің мөлшері активтік операцияларға жұмсалмаған оның ресурстарының шамасын білдіреді. Осы бос резервтер сомасы қаншалықты жоғары болса, банктің тұрақтылығы соғұрлым жоғары, бірақ пайдасы төмен болады. Керісінше, егер бос жатқан қаражаттарының шамасы аз болса, онда тұрақтылығы төмен, пайдасы жоғары келеді. Сондықтан да, әрбір коммерциялық банк өзінің корреспонденттік шоттағы қалдығын үнемі ықшамдауға ұмтылады.

Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.

Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті пайданың пайдалануына, капиталдың бағасын нығайту мақсатына және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.

Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптар құрайды:

  • Жарғылық капитал;
  • Резервтік капитал;
  • Қосымша капиталдар;
  • Банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар;
  • Бөлінбеген банк пайдасы.

Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктің пруденциялдық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.

Қазақстанда екінші деңгейлі банктер мынадай екі ұйымдық формаларда құрыла алады:

  • Акционерлік банк формасында;
  • Пай қосу арқылы, яғни жаупкершілігі шектеулі серіктестік формасында.

Пай қосу арқылы құрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшыоық құжатта мөлшері анықталған пайшыларының жарнасынан құралып, олар қосқан жарналары көлемінде жауапты болып саналады. Мұндай банктердің жарғылық капиталын ұлғайту, тек қана пай қосушылардың санының өсуі есебінен жүзеге асырылады. Алайда, акционерлік банктер өздерінің жарғылық капиталын ұлғайту үшін қосымша акцияларын эмиссиялайлы, сол сияқты бұрынғы шығарылған акцияларының бағасын өсіреді.

Меншікті капиталдың құрамдас бөлігі – акционерлік капитал. Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар – акционелер қосқан жарналардан құралады. Акционерлік банктің акциясы – банктің жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын, дивидент алуға және банкті басқару ісіне араласуға құқық беретін бағалы қағаз.

Акционерлік капиталдың құрылымы әр банктерде әр түрлі келеді. Акционерлік капитал мынадай түрлерге бөлінеді:

а) меншікті акционерлік капитал, яғни бұл жай және артықшылығы бар акцияларды сатудан түскен қаражаттардан, үнемделген капитал және бөлінбеген пайдадан тұрады;

ә) банктік резервтер, яғни алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға, дивиденттер төлеуге, қайтарылмаған қарыздың орнын жабуға арналады;

б) бантің ұзақ мерзімді міндеттемесі (ұзақ мерзімді вексельдері, облигциялары).

Ашық типтегі банктің акциясы қолдан-қолға басқа да акционерлердің келімісінсіз өтеді. Жабық типтегі банктің акциясы қатаң түрде белгіленген тізім бойынша немесе құрылтайшылардың арасында бөлінеді.

Банктің жай акциясын иеленушілер, банктің таза табысынан дивиденд алып отыруға, оның жойылуы барысында тиісті мүлкіне ие болуға және акционерлердің жиналысына қатысып дауыс беруге құқылы.

Банктің артықшылығы бар акцияларын иеленушілер тұрақты пайыз түрінде табыс алып отыруға, бірінші кезекте банктің жаңа акцияларын сатып алуға және оның жойылуы барысында бірінші болып өзіне тиісті мүлкін алуға құқылы.

Сонымен қатар, банктер қаражат тарту мақсатында облигацияларды шығарады.

Жалпы, банктің акционерлік акпиталының құралуы мынадай кезеңдерден тұрады:

  • бағалы қағаздардың проспект эмиссиясын дайындау және сараптамадан өткізу;
  • бағалы қағаздарды эмиссиялауды тіркеу,
  • банк-эмитенттің бағалы қағаздарын тіркеу,
  • шығарылатын және орналастыратын бағалы қағаздардың нәтижелерін тіркеу.

Акционерлік банктер акциялары мынадай жағдайларда шығарылады: 

  • банкті акционерлік формада құру;
  • банктің жарғылық қорын ұлғайту үшін қосымша акциялар шығару.

Бакнктің меншікті қаражаттарының түріне резервтік қор жатады. Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған қаражат қоры.

Сондай-ақ, резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде, айталық 25% мөлшерінде құралатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға аударылады. Резервтік қордың құралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен бантің артықшылығы бар акциялары бойынша пайыздар төленеді.

Қосымша капиталдар – негізгі құралдардың тозуына байланысты аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар.

Арнайы қорлар – негізгі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттық валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесінде құрылды. Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру барысында маңызды.

Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған резервтер жатады.

Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.

Банктің меншікті капиатлын ұлғайту жолдарына мыналар жатады:

— банк пайдасы;

— акциялар шығару;

—  құрылтайшылар және пай қосушылар санын арттыру;

— олигациялар шығару жатады.

Банктік капитал банктің дербестігін қамтамасыз ете отырып, оның қаржылық тұрақтылығына кепіл болады және банктің басынан кешетін әр алуан тәуекелдердің зардаптарын ретке келтіретін басты көзі болып табылады. Осы мақсатта банктің меншікті капиталы мынадай қызметтер атқарады:

  • қорғаныс қызметі;
  • шұғыл қызмет;
  • реттегіштік қызметі;
  • айналым қызметі;
  • резервтік қызметі.

Банктің меншікті капиталының қорғаныс қызметі оның капиталының шамасының банктің төлем қабілетіне және тұрақтылығына тікелей байланыстылығын сипаттайды. Банктің меншікті капиталы қаншалықты жоғары болса, соғұрлым банк өтімді болып саналады. Банк банкротқа ұшырай қалған жағдайда, оның акционерлерінен басқа ешкім зиян шекпейді.

Банк капиталының қорғаныс қызметі – банктің салым иелеріне жәрдем ақы төлеу мүмкіндігін ғана емес, сол сияқты ағымдағы табыс болмаған жағдайда зияндарды жабуға қызмет етуін сипаттайды. Сондықтан да,  оның азаюы банктің банкротқа ұшырауына жол береді. Қорғаныс қызметі – меншікті капиталдың ең басты қызметін білдіреді.

Банк капиталының шұғыл қызметі қорғаныс қызметіне қарағанда екінші дәрежелік маңызға ие болып табылады. Оперативтік қызметі жер, ғимарат, құрал-жабдықтар алуға қажетті меншікті қаражаттарды жұмылдыруды, сондай-ақ көзге көрінбейтін зияндар жағдайына байланысты резервтер құруды сипаттайды. Бұл қаржы ресурстар көздері, әсіресе, банктік қызметтің басталуы үшін маңызды. Кейіннен бұл қаражаттардың бір бөлігі ұзақ мерзімді активтерге және әр түрлі резервтерді құрауға жұмсалады. 

Қаржы және салым иелерінің мүдделерін қамтамасыз етуден басқа банктерлің меншікті капиталы реттегіш қызметті атқарады. Бұл қызмет қоғамның мүдделерімен, сол сияқты банк операцияларына бақылауды жасауға мүмкіндік жасайтын заңдар және ережелерге тікелей байланысты. Банк капиталының көрсеткіштерінің көмегімен мемлекеттік ұйымдар банктер қызметтеріне баға беріп, оны бақылауды жүзеге асырады.

Банктің меншікті капиталына қатысты ережелер, оның ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды, активтерге байланысты шектелуін және басқа банктен активтер сатып алу шартын қамтиды. Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен пруденциялдық нормативтерде банктің меншікті капитал көлемі беріледі. Сонымен қатар, реттегіштік қызметке несиелік және инвестициялық операцияларға байланысты шектеу мақсатында капиталды пайдаланады.

Айналым қызметі. Кез келген банк капиталы банкроттыққа қарсы, не болмаса зияндардың орнын жабу үшін құрылмайды. Олардың басты мақсаты коммерциялық қызмет көрсету болып табылады. Мұндай қызметтер тәуекелмен байланысты болатындықтан, банк капиталының мұндағы қызметі тәуекел дәрежесін есепке алатын активтік айналымды авансылаумен сипатталады. Сондықтан да, бұл қызметті меншікті капиталдың айналым қызметі деп атайды. Бұл қызметті атқара отырып, өзінің айналым капиталын кассалық ақшалар, несиелік, факторингтік және лизингтік операцияларға, бағалы қағаздар сатып алуға, басқа да ғимарат, құрылғыларға және басқа да негізгі қорларға жұмсай отырып, банктер өз несие берушілерін зияндардан қорғайды.

Резервтік қызметі. Тәуекелдер тек активтік операцияларға ғана емес, сондай-ақ пассивтік операцияларға да тиісті болып келеді. Пассивтік операциялардан туындайтын тәуекелдерді болғызбау үшін банктер тартылатын қаражаттар есебінен міндетті резервтер ретінде Орталық банкте резервтерін құрайды.

Банктердің ресурстарының тапшылығына байланысты міндетті түрде құрайтын резервтер сияқты, активтік операциялардан болатын тәуекелдердің орнын толтыру үшін арнайы резерв құруға мәжбүр болады. Мұндай зияндар банк капиталының айналым қызметіне жатпайтындықтан, оларды басқа қысқа қызметі – резервтік қызмет арқылы ғана қолдап отырады.

Банктің капиталының резервтік қызметі тәуекел қызметі тәуекел активтерлің байланыссыз, банк капиталының тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді.

Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі ұзақ уақыт бойы ғылыми-зерттеу затына және банктер мен оны  реттеуші ұйымдар арасындағы пікірталасқа айналып келеді.

Банктер өздерінің активтерін арттыру үшін капиталдың төменгі мөлшерде болуын талап етеді. Банктердің банкроттығы ондағы басқарудың нашарлығынан болуы мүмкін, себебі банкті жақсы басқарса, ол төменгі капитал нормасында жұмыс жасай алады деген пікірлер бар.

«Капиталдың жеткіліктілігі» термині банктің жалпы тұрақтылығын және оның тәуекелге бару дәрежесін көрсетеді. Капиталдың жеткіліктілігі – бұл банк капиталының мөлшерінің тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне сәйкес болуға тиісті. Сондай-ақ, коммерциялық банктер өз жұмыстарында банк капиталын шамадан тыс ұлғайтуды тетріс санайды. Өйткені, ол банктің қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Банктердің көбі акция шығара отырып, қаражат тартуға ынтасыз болып келеді. Сондықтан банк жетекшілері бір жағынан, қадағалау және бақылау ұйымдары, екінші жағынан, банк капиталы мен коммерциялық банктердің басқа да қызметіндегі параметрлер арасындағы қолайлы қатынасты табуға тырысады.

Банктің ресурсындағы меншікті капиталдың өте төменгі үлесінде болуы да дұрыс емес, себебі ол банктің салым иелері алдындағы жауап беру мөлшеріне сәйкес келмейтіндігін сипаттайды.

Банк меншікті капиталын ұлғайтуға негіз болатын мынадай факторларды ескеру қажет:

  • банктердің дивиденттері өнеркәсәптік кәсіпорын активтеріне қарағанда, пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне, қарыз алушының несиелік қабілетінің нашарлауына байланысты, олардың нарықтық құндары өзгеріп отырады;
  • банк көбіне тұрақсыз қысқа мерзімді қарыз көздеріне көңіл бөледі, бірақ олардың көбі талап етуге байланысты қайтарылып алынуы мүмкін.

Сондықтан, кез келген саяси немесе экономикалық өмірдегі жағдайлар банктердегі ресурстардың сыртқа ағылуына себеп болуға тиіс. Бастапқыда банк капиталының активтерге қатысты шекті қатынасы 20% шамасында болса, ал қазіргі ның шамасы 12%-ды (пруденциялдық нормативтердегі к2-нің мәні) құрайды. Бұл дегеніміз банк жүйесіндегі төлем қабілетінсіздік тәуекелдің уақыт өте келе арта түсетіндігін көрсетеді. Себебі, банк жүйесіндегі банктердің активтерінің сапасы әлі де болса өз деңгейінде еместігін ескерсек, онда болашақта оның орнын жабатын меншікті капитал үлесі жеткіліксіздігі байқалады.

Демек, банк капиталының жиынтық деңгейінің жеткіліктілігі банк жүйесін қолдайтын басты шарттардың біріне жатады.

Банктердегі немесе жалпы банктік жүйедегі капитал көлемін тура анықтау қиын, бірақ жоғарыда қарастырылған қызметтердің орындалуы үшін, салым иелері мен бақылаушы ұйымдардың сенуі үшін капитал жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Қажетті капиталдың сомасы банктің тәуекел деңгейіне байланысты  болуға тиіс. Мысалы, егер банктің берген несиелерінің тәуекел дәрежесі өте жоғары болса, онда банкке көп мөлшерде қорлар құруға тура келеді. Қажетті меншікті капитал мөлшерін анықтай отырып, банк алдында мынадай міндеттер тұрады: тәуекелдің артуына байланысты өз капитал мөлшерін ұлғайту қажет пе немесе тәуекел деңгейі төмен болып келетін активтерге өз қаражаттарын орналастырған тиімді ме? Осындай жағдайда банк капиталы, оның активтер сапасына, басқару сапасына, қызметіндегі саясатқа және банктің басынан кешетін тәуекелдерге тәуелді ме, жоқ па? деген балама сауал туындайды.

Банк меншікті капиталын бағалау әдістемесі туралы сұрақ 80-ші жылдардың екінші жартысында халықаралық қаржы ұйымдарында да үлкен пікірталас туғызған болатын. Сөйтіп, 1988 ж.  Базель комитеті келісімінің шешімімен «Халықаралық біртұтас капитал есебі және капитал стандарты туралы келісім шарт» негізінде «Кук коэффиценті» деп аталатын капитал жеткіліктігі нормативі іс жүзінде енгізілді. 1993 жылдан бастап күшіне енген бұл коэффициент көптеген елдердің Орталық банктерінде, біздің Қазақстан Ұлттық банкінде пруденциялдық норматив қатарында пайдаланылуда.

Кук коэффициенті банк капиталы мен оның баланстан тыс активтері арасындағы ең төменгі шекті қатынасын бейнелейді. Мұндағы меншікті капитал екі элементті қамтиды: негізгі және қосымша капитал. Олардың жеткіліктілігіне баға беру үшін, активтер мен баланстан тыс міндеттемелердің өлшемі таңдап алынған. Мұндай тәсіл баланстан тыс операциялардың іске қосылуын қамтамасыз етумен қатар, төменгі тәуекелді активтерге қаражаттар жұмсауды ынталандыра түседі.

Базель келісіміне сәйкес, банктің капиталы екі деңгейге бөлінеді: I деңгейлі капитал ждәне II деңгейлі капитал.

I деңгейлі капиталға: қарапайым акциялар, бөлінбеген пайда, сол сияқты еншілес компаниялардың бақылаусыз пакеті шегерілген материалдық емес негізгі капитал шамасы жатады.

II деңгейлі (қосымша) капиталға: несиелер бойынша зияндарды жабуға арналған резервтер, мерзімсіз артықшылығы бар акциялар қосылған екінші дәрежелі қарыздар жатады.

Бадзель келісімінің бекіткен нормативтік коэффицентіне сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеуде қолданылатын, пруденциялдық нормативтер қатарында банк капиталының жеткілікті коэффициентің белгілейді.

                                                         КЕСТЕ

Банктің тартылған қаражаттары. Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырған өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.

Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін уақытща бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылған қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.

Банктік тәжірибеде барлық тартылған қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:

  • депозиттік қаражаттар;
  • депозиттік емес тартылған қаражаттар.

Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.

Депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тарататын қаражаттары.

Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.

Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.

Депозитті операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент-банктердегі шоттара орналастырумен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.

Пассивті депозиттік операциялар – бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі.

Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтерін едеген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:

  • талап етуіне дейінгі депозиттер;
  • мерзімді депозиттер;
  • жинақ салымдары;
  • бағалы қағаздар;

Сондай-ақ, оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеуге болады:

  • мерзіміне қарай;
  • салым иелерінің категорияларына қарай;
  • қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
  • пайыз төлеу тәсіліне қарай;
  • банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай;
  • тағы басқалар.

Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай түрлерге бөлінеді:

  • жеке тұлғалардың шоттарына;
  • кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;
  • жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;
  • қаржылық мекемелердің шоттарына;
  • шетелдік азаматтардың шоттарына.

Талап етуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.

Отандық банктік тәжірибеді талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады:

  • мемлекеттік, акционерік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағыдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
  • әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
  • есеп айырысудағы қаражаттар;
  • жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
  • басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.

Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысындатүседі және пайдаланады.

Ал кемшілігі – бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне, осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың мынадай өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:

  • ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;
  • шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе коммиссиондық ақы алып отырады;
  • банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
  • талап етуге дейінгі депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.

Мерзімді депозит – бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.

Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айып-пұл төлеуге міндетті.

Бұл салымның ерекшелігі – талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда, оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.

Депозиттің бұл түрін алдын ала хабарлау негіщінде немесе уақыты жеткен кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.

Мерзімді депозиттер мынадай топтарға бөлінеді:

  • меншікті-мерзімді депозиттер;
  • алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.

Меншікті-мерзімді депозиттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:

  • 30 күнге дейінгі;
  • 30 – 90 күнге дейінгі;
  • 90 – 180 күнге дейінгі;
  • 180 күннен 360күнге дейінгі;
  • 360 күннен жоғары.

Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдыны ала хабарлау депозиті бойынша міндетті түрде өтініш талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгіленеді. әдетте, алдын ала алуын хабарлау мерзімі жеті күнне жоғары болып келеді.

Мерзімді депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады:

  • есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
  • шоттағы қаражат баяу айналады;
  • тұрақты пайыз төленеді;
  • пайыз мөлшерінің ең жоғары деңгейі Ұлттық банкі тарапынан реттеліп отырады;
  • ақшаны алу туралы салым иесінің алдыл ала хабардар етуі талап етіледі;
  • бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді.

Жинақ салымдары – депозиттің кеңінен таралған бір түрі. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.

Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: операцияны ресімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай екі жақты тіркеу енгізу қажет және т.б. компьютердің көмегімен жасалған жеке бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдармен басқа салымдарды ауыстыруға мүмкіндігі бар,

Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың біршама тұрақты бөлігін білдіреді.

Жинақ салымдардың тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгімөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдар жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.

Жинақ салымдардың мынадай ерекшеліктері болады:

  •