ЖОСПАР
Кіріспе
І-БӨЛІМ. Қазақстанның өлкетану библиографиясының жалпы мәселелері
1.1. Ақпаратттық технология заманындағы кітапханалық өлкетану
1.2. Қазақстан кітапханаларының өлкетану бағытындағы жұмыстары
ІІ-БӨЛІМ. Қазақстан Республикасының өлкетанулық библиографиялық ресурстары
2.1. Ағымдағы өлкетану библиографиясы
2.2. Ретроспективтік өлкетану библиографмясы
2.3. Өлкетанулық ұсыныс библиографиясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиетттер тізімі
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі
Еліміздің тәуелсіздігі бұқаралық саяси жұмыстың, ғылыми-техникалық прогрестің талабына сай жоғары деңгейге көтерілуін қамтамасыз етуде. Еңбекшілерді Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде, 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаны орындауда көпшілік және арнаулы ғылыми кітапханаларының жан-жақты қызметінің негізгі бір саласы библиографиялық жұмыс, оның бір құрамды бөлімі өлкетану библиографиясы болып табылады. Мәдени мекемелердің ішіндегі кітапханалар тарапынан жүргізілетін өлкетану жұмысының мәні, өлкетану әдебиеттерін насихаттайтын библиографияның маңызы өте зор.
Өлкетану ісі тарих пен мәдениет ерекшеліктерін қорғау және насихаттау ісімен де тығыз байланысты.
Диплом жұмысының мақсаты бүгінгі Қазақстан Республикасының жүйелі жаңару жағдайындағы кітапханалық өлкетану жұмыстарының негізгі бағыттарын, соның ішінде қалыптасқан библиографиялық ресурстардың жай күйін қарастыру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі:
Қазіргі ғылыми әдебиетте Қазақстан библиографиясының тарихы теориялық және әдістемелік мәселелері Е.Нығметовтың «Қазақстанда мемлекеттік библиографияның даму тарихынан», Г.П.Царевтің «Библиография библиографии Казахстана», У.К.Мауленбердинаның «К развитию краеведческой библиографии в Казахстане», З.Қасымованың «О развитии государственной библиографии Казахской ССР», К.Ш.Бекмухамедовтың «Развитие библиографии в Казахстане за годы Советской власти», М.А.Ақшалдың «Основные этапы развития и современное состояние общественно-политической библиографии в Казахстане», Т.М.Алсатовтың «Рекомендательная библиография Казахстана», А.Т.Байбосынованың «Қызықты библиография» және тағы басқа да авторлардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылады. Диплом жұмысының тақырыбына байланысты өлкетану библиографиясының кейбір өзекті мәселелері де жоғарыда аталынған еңбектерде зерттелінген.
Өз алдына жеке басылым түрінде жарық көрген еңбектердің бірі ретінде 1979 жылы «Қазақстан» баспасынан шыққан С.Ш.Ахметованың «Өлкетану библиографиясын» ерекше атап өтке жөн.
Сонымен қатар, диплом жұмысында тақырыпқа қатысты бүгінгі күнге дейінгі жинақталған көптеген ғылыми зерттеулер мен мақаларды жүйелі түрде қарастыру, соның нәтижесінде өлкетану библиографиясының жалпы мселелерін ашүып көрсету, қазіргі Республиканың өлкетанулық библиографиялық ресурстарын зерттеу көзделген.
Диплом жұмысының ғылыми-практикалық маңызы Өлкетану библиографиясы мәселелеріне арналған зерттеулердің әрі қарай дамуына, оқу орындарында библиографиялық пәндерді оқытуда да пайдалануға болады.
Жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, бес тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І-бөлім. Қазақстанның өлкетану библиографиясының
жалпы мәселелері
1.1. Ақпараттық технология заманындағы кітапханалық өлкетану
Өлкетану – жергілікті халықтың туған өлкесі болып саналатын елдің белгілі бөлігін, қала, ауыл т.б. қоныстарды жан-жақты зерттеу. Өлкетану – табиғи және қоғамдық зерттеулердің комплексі. Өлкетану туған өлкенің табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихы мен мәдениетін зерттейді. Комплекстік өлкетану осылардың бәрін бір-бірімен байланыста қарастыратын болса, салалық өлкетану, географиялық өлкетану, тарихи өлкетану, этнографиялық өлкетану, топонимикалық өлкетану сияқты жеке салаларын зерттейді. Қазіргі кезде өлкетанудың табиғатты және мәдени ерекшеліктерді қорғау міндеттеріне байланысты түрі дамып келеді. Өлкетанудың негізгі міндеті — өлке жөнінде, оның шаруашылығы мен мәдениетінің дамуы жөнінде бхілімнің артуына ықпал ететін түрлі ақпараттар, мәдениет, пайдалы қазбалардың үлгілері т.б. мәліметтер жинақтау. Өлкетанудың қоғамдық-саяси және мәдени-ағарту жұмысында да оқу тәрбие пройесінде де маңызы зор.
Кез-келген мәдениеттілік дәрежесінің өлшеуіші секілді анықтауыш сөздер бар. Мәселен, алмандар (немістер) «халықтың мәдени деңгейін су мен сабынды пайдалану мөлшерімен есептеуге болады» дейді екен. Өздерінің даму ерекшелігіне сәйкес әрбір ұлт мәдениеттілік дегеннің баламасын түрліше пайымдауы табиғи нәрсе. Ал, ғасырлар бойына білімге шөліркеген қазақ ұлтының қасиет тұтар ең үлкен қазынасы – кітап, кітапхана десек ағат кетпейміз.
Әрбір халықтың кемелдікке келегндігін, ертеден келе жатқан өзіне тән өркениеттің нышаны бар екендігін көрсететін қасиетті бір орындары болады. Қазақстан кітапханалары сондай орындардың бірі.
Кітапхананың киелі табалдырығын аттап, кітап бұлағынан сусындаған оқырман кітапханадан ешқашан сырт айналмайды. Қайта соның сиқырлы әлеміне ден қойып, қасиетіне бас иеді. Белгілі ғалым, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауин өзінің «Мен» атты ғұмырбаяндық хамсасында, Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар бөлімінде Шәкәрім, Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз жыраулардың асыл мұраларымен қауышқан сәтіндегі «…әр кітаптың бетін ашу, әр парақты оқу, саусағыңмен сипап көру — өзгеше бір ахуал, бірақ неше мың қадым кітап тұрған көне қойманың жөні бөлек. Уақыт табалдырығынан, сиқырлы қақпадан өткен сияқтысың. Әсерлі, сырлы ғана емес, ғажайып, бірақ шерлі, мұңды әлем» деген толғанасын талай оқырман басынан кешті десек артық емес.
Республикалардағы кітапханалардың баға жетпес бай қоры көптеген ғылыми еңбектердің бастау бұлағына айналып, тәуелсіз мемлкетіміздің рухани кемелдікке жетуіне салмақты үлес қосуда.
Халқымыздың ғасырлар бойы жинап, саралап, сақтап келген рухани мирасын қайта пайымдап, өскелең қауымымыздың өскелең құндылығына, мәңгілік қазынасы – рухани нәр көзіне айналдырып, жаңа қоғамдық сананы, мәдени ортаны қалыптастыруда өзіндік қолтаңбасымен танылып келе жатқан кітапханалардың бүгінгі тыныс-тіршілігінде толымды ой туғызатын игілікті шалалар, толғақты ойлар бар.
2003 жылғы 27-29 мамырда Павлодар қаласында республикалық конференция өтті. С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері республикалық сайысты жеңе отырып, еліміздің «кітапханалық астана» құрметті атағын жеңіп алды. Олар республикада алғашқылардың бірі болып, барлық жұмыс процестерін автоматтандырды. Кітапханаға келушілер электронды каталогты пайдаланады. Көпшілік қолданысындағы компьютерлер Интернетке қосылған. Өздерінің сайты бар. Лазерлік таспаларда жүздеген оқулықтар, сөздіктер, энциклопедиялар және басқа әдебиеттер сақталған.
Конференция Қазақстандағы ауыл тұрғындарына кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуді жақсарту және ұйымдастыру үшін ғылыми-теориялық және практикалық база құруға мүмкіндік береді. Балалар оқуының бағдарламасы, нұсқаулар мен ұсыныстар беріледі.
Халқымыздың алтын қазығы, терең тамыры ауылда десек, сол ауылдың бүгінгі рухани ахуалы жергілікті жерлердегі мәдениет ошақтарының жұмысымен тікелей байланысты. Соңғы 4-5 жылда қысқартылған кітапханалар жаңғыртылып, кітап қорларын толықтыруға Үкімет тарапынан, жергілікті басқару органдары тарапынан қаржы бөлініп, оң нышандар белең алып келе жатқан кезде өткізіліп жатқан көптеген шаралардың танымдық тәжірибелік маңызы зор.
Оқырмандарды патриодтық рухта тәрбиелеуде ғылыми-техникалық прогрестің даму барысында көпшілік және арнаулы ғылыми кітапханаларының жан-жақты көрсететін қызметінің негізгі бір саласы библиографиялық жұмыс, ал оның бір құрамды бөлігі өлкетану библиографиясы болып табылады. Мәдени мекемелердің ішіндегі кітапханалар тарапынан жүргізілетін өлкетану жұмысының мәні, өлкетану әдебиеттерін насихаттайтын библиографияның маңызы зор. Кітапханалардың өлкетану библиографиясының алға қоятын басты міндеті, белгілі бір өлкенің тарихы және мәдениет ескерткіштері жайлы әдебиеттерді, фото-кино құжаттарын, қолжазбаларды, архивтерді жинау, реттеу, оларды оқырмандарға насихаттау болып табылады.
Библиография ғылымының басты бір саласы — өлкетану библиографиясының басты міндеті – халық шаруашылығына, еңбекшілерге, болашақ жастарға патриоттық тәрбие беру ісіне тікелей атсалысу.
Қызылорда облысы кітапханаларында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ішкі және срытқы саясаттың 2004 жылғы негізгі бағыттары туралы» Қазақстан халқына Жолдауын, ҚР Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын, 2003-2005 Ауыл жылдпары деп жариялануына байланысты қабылданған аймақтық «Ауыл» бағдарламасын басшылыққа ала отырып жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағдарламада ауылдағы тұрғындардың бұқаралық мәдениетін және демалысын дамыту, мәдениет ошақтары жоқ елді мекендерде кітапхана, клуб ашу, ауылдық кітапханалардың, клубтардың метариалдық-техникалық базасын нығайту, кітапхана жабдықтарымен қамтамасыз ету, кітапханалардың кітап қорларын толықтыру, білім көтеру курстарын, жаттығу сабақтары мен семинарлар ұйымдастыру, жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету негізге алынған: 2003-2005 жылдары 4 ауылдық кітапхана, 12 клуб пайдалануға берілді.
Ұлттық мәдениетті өркендетудің алғы шарты ауыл мәдениетінің ошағы болып табылатын ауыл кітапханаларын қазіргі заман талабына сай қайта түлетіп, ұлттық негізге сүйеніп қайта құрып жастарға елжандылық пен имандылық тәрбиесін беруге жұмылдыру бір жүйеге түсіруді қажет етеді.
Елбасы үш жылды «Ауыл жылы» деп жариялап, халықтың тұрмыс-салтының, мәдениетіміздің дәстүріміздің, әдет-ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары деп көрсетуі, Сыр жерінің, әсіресе ауылдардың әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени өміріне тың серпіліс әкелетін тарихи бастама болды.
Қазіргі талапқа сай, мәдениетке деген оң көзқарас халықтың рухани азығына айналған мәдени ошағына елеулі ықпал етті. Алыс елді мекендерде жабылған ауылдық кітапханалар қайта ашылды.
Кітапханаларда балалар мен жасөспірімдерге арналған әдебиеттер аз. Жергілікті халықтың 90 пайыздан астамы жергілікті ұлт өкілдері болғандықтан қазақ тіліндегі әдебиеттерге сұраныс мол.
Заман талабына сай облыс кітапханаларында жаңа технологиялық озық үлгілер енгізілуде. 2000 жылы облыстық кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетуде жаңа деңгейге көтерілді, 6 мультимедиялы компьютермен, сканер, принтермен жабдықталған электронды оқу залы ашылды. Электронды зал әлемдік Интернет жүйесіне қосылды. Жаңа технолгияларды меңгеруге, компьютерлік сауатын ашыға ықылас білдіргендер саны көбейіп, олардың сұраныстары да күрделене түсті. 2003-2005 аулы жылдарына арналған «ауыл кітапханасы – руханият ошағы» атты аудан кітапханашыларының бас қосу жиыны өткізілді. Жиында ауыл мәдени ошақтары кітапхана, клуб, мұражай арасындағы байланысты жақсарту арқылы ауыл тұрғындарына мәдени қызмет көрсету жұмыстарын жақсарту, ауыл кітапханаларының кітап қорын қазақ тіліндегі әдебиеттермен, балаларға арналған кітаптар, ауылшаруашылығы, техника саласындағы жаңадан шыққан әдебиеттермен толықтыру, мерзімді басылымдарға жазылу қаражатын көбейтуге ықпал жасау, кітапхана жұмысына бағыт-бағдар беретін баспа құралдары қажет екендігі сөз болды.
Ауыл алтын бесік, небір дарабоз таланттар, дүр дарындар, данышпандар мен даналар, көсемдер мен кемеңгерлер, әділдіктің қара қылын қақ жарған билер мен от тілді шешендер ауылда дүниеге келіп, қасиетті топырағына кіндік қаны тамды. Ауылда туып, ауылда өскен, бүгінде елімізге белгілі адамдарды жалпы оқырман қауымға насихаттау – кітапханашылардың міндеті. Міне, осындай мақсатты жүзеге асыру барысында кітапхана қабырғасында көптеген шаралар өтуде. Атап айтсақ, Қызылорда облысында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада Еңбек Ері Ұлбала Алтайбаева жайында «Еңбегімен ер атанған» портрет кеші, «Ауылым – ата мекенім» тұрақты кең көлемді кітап көрмесі, Арал ауданында «Ауыл – алаштың алтын бесігі», «Ауыл – береке бастауы» тақырыбымен мәдени шаралар, Қармақшы ауданында «Ақындар ауыл жылын жырлайды», «Бір ауылдан түлеп ұшқан жастар едік» сұхбат кеші, Тереңөзек ауданында ауыл кітапханалары арасында «Тарихымызды тани білейік», «Ел аузындағы елеулі есімдерә тақырыбында мәдени шарала, сценарийлер, буклеттер дайындау бағытында байқаулар өткізілді.
Туған Отанды, өлкені жан-жақты таныту ісіне лайықты үлес қосып отырған өлке зерттеуші ғалымдар қоғамының ролі зор. Өлкентану жұмысы бірнеше жолдар мен бағыттар бойынша жүргізілді. Олдардың негізгілері:
а) қоғамдық өлкетану. Бұған оқушылар мен мүғалімдер, агрономдар мен журналистер ерікті түрде, әуесқойлар негізде қатыса алады. Өлкетану ісімен шұғылданатын әуесқойлар жергілікті ескерткіштерді, табиғи маңызды объектілерді күтіп сақтау ісімен де айналысуда.
б) мемлекеттік өлкетану. Бұл әрине мемлекет тарапынан арнайы жүргізілетін жұмыстар. Олар жергілікті шаруашылық органдарына, ғылыми-зерттеу мекемелеріне, жоғары оқу орындарына жүктеледі. Жоспарда, оқу бағдарламаларында көрсетілгендей, олар табиғаттану, өлкетану тақырыптарын зерттейді, арнаулы ғылыми еңбек шығарад.
в) музейлік өлкетану. Өзкетану ісінің өзекті мәселелерінің едәуір бөлігі музейлердің жүргізетін көпшілік жұмысына байланысты. Мысалы, Орал қаласындағы тарихи өлкетану музейін, Пугачев музйін аралап көргендер Қазақстанның батысы – Орал өңірі, Жайыө бойы туралы көтеген мағлұмат алары сөзсіз. Бұл өңірге барғандар міндетті түрде осы музейлерді араламай, ондағы өте құнды және сирек кездесетін экспонаттарды мұқият көріп, таныспай кетпейді. Осы сияқты өлкетану музейлері республиканың барлық облыс орталықтарында жұмыс істейді.
г) мектептік өлкетану. Өлкетанудың бұл түрі мектеп қабырғасынан басталады. Бұл сыныптан тыс істелетін жұмыстардың ішіндегі ең маңыздысы болып саналады. Көптеген мектептерде жаратылыс, тарих, қоғам тану пәнінің мұғалімдерінің басқаруымен өлкетану үйірмелері, мүйістері жұмыс істейді. Мектептік өлкетанудың жасөспірімдерді Отанды сүюге, өз өлкесін мадақтай, бағалай білуде, патриоттық рухта тәрбиелеуде мәні зор. Өлкетану ісінде өлкенің даңқты адамдарын іздестіріп, олар жайлы деректер жинауға көп еңбек сіңіріп жүрген «Қызыл ізшілер» жорығының нәтижесінде аты-жөні бұрын белгісіз өнер қайраткерлері, жауынгерлер есімі, маңызды оқиғалар анықталып, бағалы құжаттар табылуда.
д) кітап сататын дүкендер және басқа да мәдениет орындары (баспалар, халық шығармашылығының үйлері, клубтар, кітапханашылар) өлкетану жұмыстарын насихаттауға атсалысады.
е) кітапханалық өлкетану. Бұл ғылыми жұмыстар жүргізілетін библиографиялық орталық болып табылады.
Өлкетану жұмыстарының түрлі салаларын үйлестіре жүргізетін бірден-бір орын кітапхана. Кітапхана қызметкерлері өлкетану тақырыбын меңгере отырып әр өлкенің, облыстың, республиканың экономикасының дамуы, оның тарихы, табиғи қорларын пайдалану мәселелерін еңбекшілер арасында кеңінен насихаттап отырады. Кітапханалардағы өлкетану жөніндегі барлық жұмыстар халыққа жалпы білім беру, бұқараның мәдени дәрежесін арттыру, қазіргі заманның алға қойып отырған келелі ғылыми өндірістік мәселелерін қамти отырып жүргізіледі. Өлкетану библиографиясына анықтама берерден бұрын, өлкетану әдебиеттері деген ұғымды түсіндіре кетейік. Өлкетану әдебиеті кең салалы әдебиет. Бұған белгілі бір аймақты жан-жақты зерттеуге бағытталған немесе оның физикалық және экономикалық географиясына, геологиясына, тарихына, этнографиясына, топырақтануға не жаратылысына арналып жазылған кітаптар мен мақалалар жатады.
Сонымен қатар, белгілі бір қала, аудан, селолар туралы мәліметтер басылған арнаулы ғылыми монографиялар, ғылыми-көпшілік әдебиеттер, анықтамалық басылымдар, осы өлкеге қатысы бар тағы басқа да шығармалар өлкетану әдебиеттерінің негізгі қоры болып есептеледі.
Сөйтіп өлкетану әдебиеттеріне кіретін басылымдарды даралай бөлсек:
- Жеке шығармалар (кітап, жалғасты басылым, кітапша, плакат, нота, баспа графикасы, бейнелеу өнерінің шығармалары, сурет, атлас, карта);
- Жинақтар, журналдар мен газет беттерінде жарияланған материалдар;
- Өзінің мәні мен мазмұны жағынан бағалы қолжазбалар;
- Газет қиындыларының тақырыптық папкасы, альбомы т.б. болып табылады.
Осыншама қыруар әдебиеттердің пайдалануға оңай әрі қолайлы болуы үшін, олар бір жүйеге келтірілуі тиіс, өзінің мазмұнына сійкес топ-топқа бөлінуі қажет. Осыдан барып библиографиялық құралды жасау қажеттігі туады.
Өлкетану библиографиясы деп белгілі бір өлкеге арналған әдебиеттерді оқырмандарға жеткізуді өзіне мақсат етіп қоятын және өлке туралы жазылған бағалы кітаптар мен мақалаларды насихаттайтын библиографияны айтамыз. Өлкетану библиографиясы жалпы, салалық және тақырыптық библиография болып үш түрге бөлінеді.
Өлкетанудың жалпы библиографиясына өлке өмірінің барлық жағын қамтитын, баспадан шыққан әдебиеттер кіреді.
Қазір көпшілік, облыстық және ғылыми, балаларға қызмет көрсететін барлық кітапханалар өлкетану тақырыптарына байланысты библиографиялық құралдар шығарып тұрады. Мұндай құралды пайдалана отырып оқырман өзіне өажетті кітаптарды, мақалаларды тез тайып алады. Жалпы өлкетану библиографиясына сол өлкеге арналған арнайы тақырыптық ұсыныс құралдары да кіреді.
Өлкетанудың салалық библиографиясына белгілі бір саланың не бірнеше тектес саланы қамтитын әдебиеттер кіреді. Мұнда ғылымның белгілі бір саласымен шұғылданып жүрген оқырмандардың қажеті мен талабы ескеріледі.
Өлкетанудың тақырыптық түрі библиографияның салалық түрімен байланысты, сондықтан оларды ажырату оңай емес. Дегенмен күнбе-күн, жыл сайын болып жататын оқиғаларды салалық библиографияның ішіне толығымен енгізуге бола бермейді.
Тақырыптық библиография өлкенің халық шаруашылық және мәдени құрылыстарына арналған әдебиеттерді қамтитындықтан, оқырмандарды әдебиеттің жалпы және салалық түрлерімен, нақты түрлерімен және жеке проблемаларымен таныстырады.
Өлкетану библиографиясына сол өлкеге тікелей байланысы бар ғылым мен еңбек, мәдениет пен өнер қайраткерлерінің өмірбаяндық материалдары да кіретінін ескеру қажет. Мұның өзі екі түрлі формада жүргізіледі.
Біріншісі — өлкетанудың библиографиялық сөздіктері. Мұндай библиографиялық құралға белгілі бір салада еңбек етіп жүрген адамдар: жазушылар, ғалым зерттеушілер, өлке зерттеушілер т.б. кіреді.
Екіншісі — өлкетану библиографиясы. Мұны екінші дәрежелі библиография немесе библиографияның қайнар көзі деп те атайды. Библиографияның мұндай түрлеріне көрсеткіштер, библиографиялық сөздіктер, шолулар, кітапқа қосымша тізімдер кіреді.
Жергілікті баспа библиографиясы – библиографияның бұл түрі өлкетану библиографиясына мүлде ұқсамайды. Бұл еңбек жергілікті баспадан шыққан барлық әдебиеттер библиографиясын (кітап, кітапша, журнал, газет, листовка) қамтиды. Жергілікті мерзімді баспасөз беттерінде басылатын материалдардың көлемі жыл сайын ұлғаюда, ал оның ішінде өлкетану тақырыбына арналған материалдар да аз емес.
Жергілікті баспаның библиографиясы деп сол жергілікті баспадан шыққан әдебиеттердің тізімін мазмұнына, тақырыбына қарамастан түгел жазып шығуды (описание) айтады. Қазіргі заман ағымына байланысты баспалардың шығарып жатқан прайс-лист (баспадан шыққан кітаптардың тізімі) атауға да болады.
Жергілікті баспа библиографиясының сол өлкенің өзінде істейтін ғылыми мекемелер мен оқу орындары, кітапхана қызметкерлеріне тигізетін пайдасы көп.
Сонымен бірге жергілікті баспа библиографиясы жергілікті баспасөз бен баспа жұмысының тарихын білуге де пайдалы. Жергілікті мерзімді баспасөзді өлкетану библиографиясының бір бөлігі еп қарау қажет.
Соңғы жылдары өлке тарихына, әдебиетіне, мәдениетіне, Қазақстан жерін мекендеген басқа ұлт өкілдерінің әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне деген қызығушылық өсуде. Міне, осындай сұраныстарды қанағаттандыруда кітапханалық өлкетанудың ролі сас зор.
Өлкетану библиографиясы – ол белгілі бір тарихи немесе өмірбаяндық және библиографиялық деректерді анықтау үшін құжаттарды, кітап және баспасөз деректерін жүйелі түрде іздестіру. Осы кітаптарға ғылыми сипаттама жазу, библиографиялық көрсеткіштер құрастыру. С.Мұқанов атындағы Петропавл облыстық кітапханасының қызметіндегі ең басты бағыттардың бірі — өлкетану библиографиясы. Кітапхана қызметкерлері өлке тарихынан мәлімет беретін деректерді жүйелі түрде анықтап, жинақтап, ол жайында ретроспективті, ағымдағы және ұсыныс көрсеткіштерін, атаулы күндерге арналған күнтізбелер құрастырады, өлкетану тақырыбы бойынша мыңдаған оқырмандардың сұраныстарын қанағаттандырады. Қазіргі уақытта кітапханалардың мүмкіндіктері біршама өсті. Кітапханалардың ақпарат-библиографиялық бөлімдерінде кітапхананың өлкетану қорлары (ресурстары) және де қаланың басқа да мекемелері жайында ақпараттар жинақталады. Замана ағымына байланысты көптеген облыстық кітапханалар жаңа технологиялармен (компьютерлермен) жабдықталған. Оларда «Елтану» және «Облыс» жайында жазылған кітаптар мен баспасөз беттерінде жарияланған мақалалардан жазбалар енгізіп, қор құрылған. Осы жазбалардың, яғни жинақталған қорлардың арасында оқырмандар кітап және журналдар теңізінде еркін бағдар ала алады.
Өлкетануды насихаттауда сапалы жинақталған өлкетану әдебиеттерінің қоры негіз бола алады. Мысалы, С.Мұқанов атындағы Петропавл облыстық кітапханасында өлкетану әдебиетінің қоры сирек кездесетін басылымдарды қосқанда 34 мың дана кітап. Өлкетану картотекасында 29 каталог жәшігі (26 мың жазба). Кітапханада облыстық мемлекеттік архив қорының каталогы бар. Әрбір кітапханаға, оқымандарға өлкетану жайлы ақпараттарды жеткізудің ең бір тиімді жолы библиографиялық көрсеткіштер, естеліктер, ақпарат-библиографиялық материалдар, дайджестер, күнтізбелер құрастырып шығару.
1.2. ҚАЗАҚСТАН КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ ӨЛКЕТАНУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРЫ
Қазіргі әртүрлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер кезеңінде еліміздің егемендік, дербестік талаптарына сәйкес жастарға білім, тәрбие берудегі мақсат біреу: жастарға ұлттық игіліктер мен адамзаттық мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып, оқырманды жеке тұлға деп санап, оның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау. Осындай игілікті істерді жүзеге асыру мақсатында «Ғылыми ойлар адамнан адамға кітап тілі арқылы беріледі» деген қағиданы ұстана отырып оқырмандарға осыған байланысты әдебиеттер, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар мен мерзімді басылымдарды дер кезінде ұсыну. Кітапханаларда «Қазақ поэзиясы» атты тақырыптық көрмелер ұйымдастырылып, онда Бүқар жырау, Сүйінбай Аронұлы, Абай, Шәкәрімнің философиялық ойлары бар туындылары және заманымыздың ақиық ақындары Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова, Қадірмырза-Әлі жырлары кеңінен дәріптелуде. Кітапханаларда оқырмандарына Махамбет Өтемісұлының мерейтойына арналған жас буынды ерлік пен өрлікке жетелейтін «Ереуіл атқа ер салмай» атты кітап көрмесі, осы аттас әдеби-әуенді композиция өткізілді.
Елбасының бастауымен «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес «Елтану» картотекасында «Тарих беттері», «Түркістанға – 1500», «Хандар. Билер. Батырлар», «Ақын жыраулар», «Ескерткіштер», «Мәдениет» т.б. рубрикаларының материалдары жүйелі түрде толықтырылып электрондық ресурстар арқылы жинақталды. Қазіргі электрондық технологиялардың дамуына байланысты кітапхаға келушілер электрондық ақпарат қорын, халықаралық Интернет желісін пайдаланады.
ХХІ ғасыр мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі – кітапханада. Түсінген адамға кітап – баға жетпес байлық. Кітап – көпті көнекөз ақсақалдай тағылымы көп, тәрбиесі мол ақылшың, сырласың.
Кітапхана есіктен кірген оқырманға білім шуағын шашып, көңілге ұлттық рух ұялатады. Ертеңі бар елдің жастарын өркениет әлеміне бастап жол көрсету, мәдениет көшінен қалдырмай, артымызға тәрбиелі, білімді ұрпақ қалдыру ісіне жағдай жасап ықпал ету әр кітапханашының алдына қойған мақсаты мен мүддесі.
Оқырмандардың қызығушылық танытып, құмартып кітап қарайтын орны – белгіленген және арнайы тақырыптар бойынша көз тартатындай көркем безендірілген, терең мазмұнды ашық көлемді кітап көрмелері.
Мәселен, кітапханаларда «Әлем таныған Қазақстан», «Ғасырға қанат қаққан қазақ өнері», «Ерлік толы данамыз, батыр біздің бабамыз», «Ауылым – асыл жерім, туған елім», «Кітап – ғасырларға сапар шеккен ақыл ескерткіші» т.с.с. әсем безендірілген кітап көрмелері оқырмандарды өзіне тартып, білімге бет бұрғызады.
Заман ағысына байланысты кітапханалар өз жұмыстарын «Мемлекеттік тңлмен – ХХІ ғасырға», «Экология қасіреті – халық дерті» т.б. жоба-бағдарламалар аясында жүзеге асыруда.
Соңғы кездерде біздің егеменді еліміз, тәуелсіз Қазақстанда қоғамдық қатынастар, жас оқырмандар санасы, менталитеті айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Рухани құндылықтар басқаша формаға ауысып кітапханаларда насихаттау жұмыстарына да өзгерістер еніп жатқаны мәлім. Кейбір оқырмандар романтик болса, кейбіреулері тарихқа көп үңіледі, ал енді біреулері бүгінгі күннің жаңалықтарымен қанағаттанады.
Жалпы бүгінгі оқырмандардың бойында кітап оқуға деген құлшыныс бар ма? – деген сауалға: дәл бұрынғыдай жаппай оқу негізіне ауылы алыста деуге болады. Дегенмен де уақыт талабы болып отырған кітап оқусыз, жаңалықтан хабарсыз ешкімнің де алға баса алмасы айқын. ЮНЕСКО көлемінде аталып өтетін атақты-ақын жазушыларымыздың шығармаларынан топтап жасалып жүрген кітап көрмелері – кітапты насихаттау жұмысының ең бір тамаша кепілі.
Жарқын болашақ көп ретте денсаулық мәдениетінің қаншалықты қалыптасатынына байланысты. Осыған орай «Сауатты өмір салты», «Денсаулық — зор байлық» айдарларымен кітап көрмелері безендіріліп, көрме жанына атақты Қазақстандық спортшыларымыздың қол жеткен жетістерінен көркемделген фотосуреттер іліп, бейнефильм көрсетіп, ән-күймен жандандырып өткізілген шаралар де оқырмандар көңілінен шығуда.
Әр саладағы кітап көрмелері арқылы оқырмандар білімін, ой-өрісін байыту, рухын көтеріп, қиялына қанат бітіретін әдебиеттермен қауыштырып, әсіресе жастарды рухани тәрбиелеу жұмысына елеулі үлес қосатындар – кітапханашылар. Кітапханаларда өткізілетін тәрбие саласын жақсарту іс-шарасына: дөңгелек үстел, сұрақ-жауап сайысы, «әдет-ғұрып, салт-дәстүрге арналған сайыстар, брэйн-ринг, тарихи тартыс, әдеби сырласу кештерін жазқызуға болады. Оқырмандармен тәрбие жайындағы іс-шаралардың өз деңгейінде ұйымдастырылып жүргізілуі үшін кітапханашылар мектеп ұстаздары, ал жоғары оқу орнында факультет декандары немесе ұстаз кураторлармен тікелей байланыста болулары керек. Бұл байланыс, бірігу оқушылардың, сол сияқты студенттердің оқу мәдениетін, көркемдік талғамын, адамгершілік болмысын бұзылудан сақтау үшін жасалатын шара. Осы шараның пікірі мен мақсаты бір арнада тоғысуы шарт.
Өмірде болып жатқан небір қиын кезеңдерді, жағдайларды жеңіп шығуға рухани және адамгершілік қасиеттерді дамытуды қамтамасыз ету үшін көптеген кітапханалар оқырмандар арасында «Достың орны бөлек», «Тамыр қияр есірткі», «Дені саудың – жаны сау» т.б. айдарлармен жүргізілетін пікірталас кештерінің пайдасы көп. Бұл кештер әрине оны ұйымдастырушы кітапханашының мәселелерді терең талдау алуы мен мол білімдарлығын талап етеді.
Тілімізді еркін меңгерген елдің азаматы болып қалыптасуына себепкер болу мақсатында да облыстық кітапханалар көптеген шаралар өткізуде. Қазақ тілін ғылыми тұрғыда үйретуде жүргізілетін «Қазақшың қалай, оқырман?» білім сайысының бағыты дұрыс, мазмұнды өтуіне мұрындық болар жан қазақ тілінің маман ұстазы. Осындай кешке байланысты ұйымдастырылған кітап көрмелері, онда қойылған кітаптар, сөздіктер, анықтамалықтар мен энциклопедияларға жасалынатын библиографиялық шолулар, оларды оқырмандарға насихаттауға жол ашады. «Сұрақ-жауап» ойыны да тілді тез меңгеру және сөздердң есінде сақтап қалуға септігін тигізеді. Қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, яғни этнопедагогика саласындағы әдебиеттерді оқырманға ұсына отырып, қазақ жастарының арасындағы жақсы дәстүрге арналған «Қыз сыны», «Жігіт сұлтаны», «Наурыз нақыштары» сияқты әдемі сайыс кештері де Қазақстан кітапхана қызметкерлері өткізіпжүрген шаралардың бірі болып саналады. Тарихи ақтаңдақтар, белгісіз жапа шеккен арыстарымыздың да еңбектері, олардың қазақ елінің болашағы үшін күресуінің мақсат-мүддесін, ақиқатын айтып дәлелдейтін, жастарға ой салатын кештердің бірі – «Тарихи тартыс». Мұндай шараларды облыстық кітапханалар өткізген кезде жергілікті жердегі көпті көрген қариялар, тарих зерттеушілері шақырылады.
Қазіргі заманнның ағымына сай, өмірге жаңа көзқараспен қарап, жастардың көңілінен шығатын, әсер қылдыратын кітапханаларда өткізілетін мәдени іс-шараның бір түрі ток-шоу. Ток-шоу дегеніміз жастар арасында белгілі бір тақырыпты талдап, көп ойдың түйінін түю. Онда әркім өз ойын ортаға салады, ашық, айқын, бүкпесіз айтады. Ал енді ой-пікірді түйіндеп, ортаны қыздырып, жігерлендіріп отыратын, кештің қызықты, тартымды, мазмұнды жүргізілуіне мұрындық болатын ең алдымен – жүргізуші.
Теледидарда әртүрлі тақырыппен жүргізілетін ток-шоу, брейн-ринг ойындарын көріп, қызығушылықпен құмартып жүрген жастар ешбір мәжбүрсіз өз ізгі ниеттерімен, аса құштарлықпен кітапханада өткізілетін шараларға араласуы кітапханашыларды сүйсіндіреді. Қазір әртүрі ойын-сауық, жаңа технолгияның дамыған кезі, сондықтан кітапхана ұжымына оқырмандардың басын бір жерге қосып, белгілі іс-шара ұйымдастырып жетістікке жету оңайға түспейді. Сондықтан кітапхана қызметкерлерді жастарды ортаға тартып «Төлеген мен Қыз жібекә клубының мүшелерімен кездесе отырып, клубтың алғашқы ашылу рәсімінде сан ғасырлар бойы мәңгілік махаббаттың қос шынарындай болған Төлеген мен Қыз Жібектің ұлы сезімдері үлгі болатынына сеніммен қарап, ойы ұшқыр, көңілі ояу ұл-қыздар арасында «Махаббат – мәңгілік әлем» айдарымен ток-шоулар өткізілді. Тақырып арасында туындаған сан-түрлі мәселелерді талқыға салды. Мәселен, «Валентин күнін» өткізу керек пе? Т.с.с. Кітапханалардағы кездесулерде «Дін және жастар» тақырыбында дөңгелек үстел, «Сенің мақсатың тәрбиелі, білімді азамат болу», «Елдің елдігі – асқақ рухты азаматы СЕН!» деген тақырыптарда пікірталас, жыр кеші, айтыс кештері ұйымдастырылып отырады.
Кітапханаларда өткізілетін «Салт-дәстүр жалғасы», «Құлақтан кіріп бойды алар», атты кітап көрмесін ерекше түрлендіріп, мән беріп қарайтындай айдарын ашық-айқын, түрлі түсті бояулы шрифтпен жазса оқырмандар назарын өзіне аударары сөзсіз. Қабырғаларға қанатты сөздер іліп, осы тақырыпқа байланысты кітаптарды сөрелерге әсемдеп орналастырып, халқымыздың ата-дәстүрін дәріптеуге оқырмандар назарын аударсақ. Көрменің ерекшелігі – ертедегі ата-бабаларымыздың үлгісімен жасалған тәтті тағамдарды дастарханға қойып, оқырмандарға дәм таттыру және осы дәстүрден тыс ұйымдастырылған кітап көрмелері ән-күй арқылы жалғасын тауып жатса құба құп.
Кітапхана сіс мәдениет саласы ретінде ақпараттық, білім беру және мәдени ағарту қызметінің негізі болып табылады. Жаңа мыңжылдықта кітапханалар қоғамның қайта жанданып, өзгеруінде басқа мәдени мекемелер арасында үлкен мүмкіндіктерге ие. Бүгінгі таңда рухани дүниетанымы кең, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ өсіру, оны өнерге, халықтық мұраға бейімдеуде, мәдени құндылықтарды жаңғыртып, ьтаратуда сипат беретін мәдени орынның бірі – кітапхана.
Қазіргі кезде адамдардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда кітапханалардың алар орны ерекше. Сондықтан кітапхана мәдени-ағарту және ақпарат мекемесі, баспа шығармаларын сақтайтын, оны тарату мен насихаттау жөнінде қызмет атқаратын мәдениет ошағы. Кітапханада тәлім-тәрбие жүйесінің толымдылығын қамтамасыз ету үшін тәрбиенің де, ағартушылықтың да әдістемелікжүйелерін жасап, оларды жұмыс практикасы мен қоғамдық өмірге кеңінен енгізу міндеті тұр.
Жалпы кітапхана – адамдардың басын қосу, білім беру мүмкіндігі бар бірден-бір парасатты мәдени орын болғандықтан, ұлттық мәдениеттің мәйегін насихаттау мен дамыту баршамыздың парызымыз бен міндетіміз.
Оңтүстік Қазақстан облысының көпшілік кітапханалары өз істерінде мемлекеттік саясатты, идеологияны, ақпараттық жетістіктерді және тұрғындарға кітапханалық қызметті дамыту мен сақтау жөніндегі бағдарламаларды үнемі іске асыруда. Кітапхана қызметінің мақсаты өз аймағы көлемінде әмбебап құжаттардың толық жинағын мүмкіндігінше қалыптастыру, сақтау оны пайдалануды ұйымдастыру болып отыр. Кітапханаларда жүйелі түрде ғылыми-практикалық конференциялар, байқаулар, семинар-тренинг, кетер, практикалық сабақтар, көмектер, дөңгелек үстел, іс-тәжірибе трибуналары және көптеген көпшілік іс-шаралардың белсенді түрлері мен әдістері қолданылуда. Сондықтан ақпарат көздерінің қоғамға пацдаланылуын ұйымдастыратын идеологиялық және ғылыми ақпараттық мекеменің бірі – облыстық кітапхана болып табылады. Көптеген облыстық кітапханаларда «Кітапханаға кітап сыйла» айтты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылуда. Осыған орай әр аудандық, қалалық орталық кітапханалар «Кітапхананың сенімді достары», «Кітап – жан азығы», «Кітап — ортақ қазына», «Кітап – рухани әлемнің мөлдір бастауы», «Үлкен байлық пен білім – кітапта» т.б. тақырыптарда оқырманмен жүздесу, театрландырылған әдеби монтаж, сұхбат кештері пресс-конференция сияқты іс-шаралар өткізілуде.
Соңғы кезде ел Президентінің Жарлығымен әрбір жыл ерекше маңызы бар шараларға қатысты, өзіндік сипаты бар атаулармен аталып келеді. 2002 жылдың «Денсаулық сақтау» жылы болып жариялануына байланысты Оңтүстік Қазақстан облыстық А.С.Пушкин атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында көпшілік іс-шараларын ұйымдастырып өткізуге орай арнаулы бағдарлама ұйымдастырылған. Жыл басынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының кітапханаларына «Менің кітапханам – Денсаулық сақтау жылында» атты байқау шарасын ұйымдастырып, оның өткізілуі жөніндегі бағдарлама мен Ережесі таратылды. Мұндай байқау шарасы кітапханаларда салауатты өмір салтын насихаттау бойынша оқырмандармен жұмысты ынталандыру болып табылады.
А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхананың басқаруымен ұйымдастырылған Қазығұрт ауданы Қызыл Қия елді мекеніндегі ауылдық кітапханасының «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» атты байқауы, Бәйдібек ауданының Шақпақ ауылдық кітапханасы өткізген «Тәні саудың – жаны сау» тақырыбындағы сұхбаттасу кеші, Шардара ауданы Қазақстан елді мекеніндегі ауылдық кітапханасының «Денсаулығы адамның – денсаулығы ғаламның тақырыбындағы сахналық қойылымдары көпшілік қауымға ой салар іс-шаралар бола алады.
Ел өміріндегі аса маңызды істегі басты түйін – ең алдымен отбасында, үлкенді-кішілі әрбір ұжымда, қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру, көпшілікке сауатты түрде насихаттай білу де әр кітапхана қызметкерлерінің міндеті.
Қазіргі өмір талабына сай, мемлекетіміз егемендік алып елімізде қоағмдық саяси және экономикалық түбегейлі өзгерістер жүзеге асырылып жатқан кезде әр азаматтан құқықтық салауаттылық талап етіледі. Осы мақсатта құқықтық ақпараттарды жүйелі тұрғыда оқырманға жеткізуде кітапхананың үлесі зор. Себебі, құқықтық ақпараттар мен басылымдар арқылы, құқықтық тұрғыда болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер жайында мемлекеттермен хабардар ететін орын ол – кітапхана.
Оқырмандар кітапханадан ақпарат құралдары арқылы керекті құқықтық ақпараттар мәліметтерін жинай алады. Оқырмандарға құқықтық ақпараттарды жүйелі түрде жеткізе білу, насихаттау тұрғысында кітапханаларда құқықтық орталық ашылуда. Оқырмандарға қызмет көрсетудегі негізгі бағытының бірін атап айтатын болсақ, кітапханалар оқырмандарына Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің құруымен Қазақстан Республикасының Құқықтық ақпарат орталығының «Заңдар» атты заңнама базасы мен Юринфо компанияларының «Юрист» атты заңнамасы орналасқан базаларын пайдалану арқылы электрондық тұрғыда қызмет көрсетеді. Кітапханаларда «Заң ордасы» атты оқырмандар қызығушыларына байланысты клубтар жұмыс жасайды. Клубтардың мақсаты әр оқырманға оның құқығы туралы толық түсінік беру. Ол үшін заң орындарының адамдарымен кездесу кештерін ұйымдастырып, кешке сол тақырыпқа байланысты кітап көрмелерін қойып, балаларға олардың құқықтары туралы түсінікті етіп жеткізу. Кеш соңында көрмеге қойылған кітаптарға шолу жасалып, ол кітаптардан қандай мәлімет алуға болатындығы жайында айтылады. Оқырманға бір кеште оның барлық құқығы туралы түсінік беру мүмкін емес. Көрмедегі кітаптарды алып оқу арқылы олар өздерінің құқықтары туралы білімдерін одан әрі толықтыра алады.
Тіл – тарих, халық аманаты. Сол аманатты ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу алдыңғы буын өкілдерінің борышы.
Бүгінгі таңдағы көпшілік болып қолға алынып отырған тіл мәселесі, тілдің беделін көтеру, оның салмағын арттыру жолында кітапханашылар көптеген жұмыс шараларын осы мәселеге арнап отыр. Атап айтқанда ана тілімізде ұйымдастырылып жатқан тақырыпты кітап көрмелері, әңгімелер, тарихи сабақтар, кездесу кештері т.б. Кітапханалар қазақ тілі мен әдебиетінен басқа тілде оқылатын мектеп оқушыларына арналған «Ана тхілі» консультациялық (кеңес беру) пункті де өз жұмыстарын үзбей жүргізіп келеді. Сол сияқты қазақ халқының салт-дәстүрін, бабалар тарихын насихаттауда «Инабат» клубының да үлесі зор.
Жыл сайын қыркүйек айында өткізілетін тіл апталығы кітапханада «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте атты ұранмен өткізіледі. Апталық аясында халқымыздың сүйікті газеті « Ана тілі» редакциясының ұжымымен кездесу сағатын міндетті түрде өткізу де дәстүрге айналған. Апта бойы өткізілген әдеби кештер, тілге байланысты өткізілген викториналық ойын-жарыстар, пікірталастар, ұйымдастырылған кітап көрмелері оқырмандар ойында ұзақ қалары сөзсіз.
Тіл мәселесі – адам, қоғам өміріндегі ең негізгі мәселе болғандықтан кітапхана ұжымдары оны күнделікті жұмыстың басты мәселесі ретінде қарап, өткізілген әр шараны ұлттық тілге, халық тарихына, әдебиетіне, мәдениетіне, салт-дәстүріне байланыстырып өткізеді. Халқының өткенін білу, құрметтеу әр адамның санасына сіңіп өсуі қажет. Осы қағиданы ескере отырып кітапханаларда «Өткеніңді білгенің өскеніңнің белгісі», «Наурыз-думан», «Берік болсын тәуелсіздік тұғыры», «Ел тарихы – менің тарихым», «Отаным – алтын бесігім», «Ерлікпен жеткен жеңіске, тағзым ету парызың» деген атпен кездесу кештері, әдеби музыкалық композиция, дөңгелек үстел, конференция т.б. шаралар өткізілуде.
Оқырман қауымның ана тілінде әдебиетті көбірек оқуын, белгілі қаламгерлеріміздің өмірі мен шығармашылығын жете білуін мақсат тұтқан кітапхана қызметкерлері «Поэзия, менімен егіз бе едің» (М.Мақатаев шығармашылығы), «Талантқа құрмет» (Ғ.Мүсірепов туындылары жайныда), «Дыр алыбы, Жамбыл» т.б. қаламгерлеріміздің өмірі мен шығармашылығына арналған кездесу сухбаттары, поэзия кештері өткізілуде. «Асыл ана» атты мерекелік жиында ардақты ана М.Тұрлыхановамен болған кездесу кеші ойдағыдай өтті. Осы сияқты өмірі мен қызметі болашақ жастарға өнеге боларлық ел азаматтары филология ғылымының докторы, жазушы, журналист С.Қалиев, атақты композитор А.Еңсепов, Желтоқсан оқиғасының батыры, Қайрат Рысқұлбековтың мұғалімі Қожаназаров, еліміздің ән-ұранының авторларының бірі – Жадыра дәрібаева, қазақ тілінің жанашыр өкілдерінің бірі, филология ғылымының кандидаты Асылы Османова, қазақтың ақын қыздарының білі Гүлнәр Шәмшиевамен өткен кездесулер оқырмандар көңілінен шықты.
Күнделікті жұмыстағы басты мәселе балаларды кітап оқып үйрену, ой-жүйесін дамыту, саналы, тәрбиелі оқырман етіп шығару. Осы жолда түрлі кездесулер, әдеби кештер, викториналық ойындар, тарихи сабақтар т.б. жиі өткізіліп тұрады.
Соның бірі қазақтың біртуар азаматы, әлемге танымал атақты ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың мерей тойына арналып өткізілген әдеби кеш. Кешке Қ.И.Сатбаетың қызы, медицина ғылымының докторы, ғалым Қаниса Сәтбаева, ғалымның немересі және Қаныш ағаның алдын көрген, дәріс алған, қарамағында еңбек еткен шәкірттері шақырылды. Кешке қатысқан оқырмандар ғалымның еңбегі, өмір долы жайлы қабырға газеттерін шығарып, оқыған, білгендерін ортаға салды. Сатбаев ұрпағымен дидарласып, көңіліндерінде жүрген сұрақтарын қойып, ұзаққа созылған кездесу оқушылар дайындаған ән-күй әуенімен аяқталады. «Ел тарихы – жер тарихы» деген айдармен жыл бойы өткізілген шаралардың қорытындысы ретінде «Өткеніңді білгенің өскеніңнің белгісі» атты мектепаралық Білгірлер мен тапқыштар сайысы (КВН) өткізілді. Кітапханада қандай жұмыстар жүргізіліп, қандай шаралар өткізілсе де кітапхананың негізгі міндеті әдебиетті насихаттау болғандықтан, әр шараға байланысты кітап көрмесі ұйымдастырылып, сол көрмеге қойылған кітаптарға библиографиялық шолулар өткізіліп тұрады. Айта берсе кітапханаларда өлкетану бағытындағы жүргізілетін жұмыстар өте көп. Табиғат және оны қорғау, денсаулық, экономика, спорт жайлы да әңгімелер, викториналық ойындар, пікірсайыстар жиі өткізіліп тұрады.
Бүгінгі өскелең оқырман талабын қанағаттандыру ең басты мәселе болып табылады. Қазір оқырмандарға қызмет көрсетуде мынандай жағдайларды байқауға болады.
Ауылда да, қалада да оқырмандар саны әлдеқайда артты. Мұны жастардың білімге ден қоюымен түсіндіруге болады.
Екіншіден – оқырман талабының күшеюі. Олар небір көне және сирек кездесетін кітаптарды, сонымен қатар ең жаңа ғылыми-ақпараттық еңбектерді, соңғы болып жатқан жаңалықтар мен саяси жағдайларға көп көңіл бөліп, солар жайлы мәліметтерді сұрайды. Демек оқырмандардың саны ғана емес, сапалық деңгейі де өсті Мұны егемендік алған еліміздің тәуелсіз ұл-қыздарының рухани түлеуінің белгісі ретінде қарауға болады. Міне оқырмандардың осындай сұраныстарын қанағаттандыру бағытында біршама жұмыстар жүргізілуде. Кітапханалардың көпшілігі автоматтандыру торабы бойынша жұмыс жасайды. Кітапханааралық абоненттік жүйе кең көлемде жұмыс атқарады. Осы жүйе арқылы басқа кітапханалармен үздіксіз кітап алмасып отыру мүмкіндігі бар. Электрондық пошта жүйесінің қызметі кеңейіп, алыс-жақын мемлекеттермен хаттар, ақпараттар алмасудың сапасы артып, мерзімі жеделдеді. Көптеген кітапханалар салаға енгізілген барлық озық үлгілерді өз жұмыстарында пайдаланып отыр десек артық айтқандай емес. Көптеген кітапханалар Интернет қызметімен, кітапханада болуға тиісті техникалық құралдармен қамтылған. Кітапханалардың интернетте өз сайттары бар. Міне, сондай кітапханалардың бхірі ретінде С.Бегалин атындағы мемлекеттік республикалық балалар кітапханасын атауға болады. Кітапхананың «Родник» («Балбұлақ») сайты сайттардың AWARD-2004 байқауында екі номинация бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған ең үздік сайт және мемлекеттік тілде жасалған ең үздік сайт, таңдаулы деп танылып медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Демек кітапханалар іс жүзінде әлемнің барлық түкпірімен ақпарат алмасып, интернет арқылы конференцияларға қатысып, тәжірибе алмасып отырады.
ІІ-бөлім. Қазақстан Республикасының өлкетану библиографиялық ресурстары
2.1. Ағымдағы өлкетану библиографиясы
Библиография (грек тілінде biblion – кітап drapho – жазу) – баспа өнімдері жөнінде ақпараттық мағлұмат беріп, оларды жүйелі насихаттайтын ғылыми-практикалық қызметтің бір саласы. Ол кітаби мұраларды, библиография тарихын, теориясын, библиографиялық қызметті ұйымдастыру жолдарын зерттейтін ғылыми пән ретінде де қолданылады. Баспа өнімдерін іріктеп, оларды жүйелі түрде саралау, ғылыми сипаттама беру және қысқаша мазмұнын ашу арқылы библиография ғылым мен мәдениет дамуының деңгейін айқындауға көмектеседі, ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағыт сілтейді, белгілі бір ғылыми қағидаларды, саяси, философиялық және эстетикалық көзқарастарды, технтка жетістерін таратуға мүмкіндік туғызады. Ежелгі Грекияда пайда болып, кітап шығару ісімен айналысты, әдеби және ғылыми сынмен салаласа дамыған. Кейін білімдердің дараланып, сала-салаға бөлінуіне байланысты библиография ғылымының жеке бір саласына айналды.
Қазақстанда 1937 жылы баспа өнімдерінің міндетті данасын бір орталыққа жинау белгіленген. Осының негізінде баспасөз өнімдерін тіркеу және оларды мазмұнына, ғылыми және идеялық мәніне қарай топтастыру жұмыстары жүрді. Библиография атқаратын қызметіне қарай – ағымдағы, өткенді шолу (ретроспективті) және ұсыныс, тақырыбына қарай — әмбебап (жалпы) және салалық болып бөлінеді. Сонымен қатар библиографияның қосымша түрлері: библиографияның библиографиясы – библиографияның жалпы жағдайын, дамуын қадағалайтын және еліміздің белгілі ғалымдарының, ақын-жазушыларының, мемлкеттік және қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы мәлімет беретін библиография (өмірбаяндық) деген түрі де болады.
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың өркендеуіне байланысты ақпараттық-библиографиялық процестер де автоматтандырылған. Библиографтар құрастырған көрсеткіштерді белгілі бағдарлама бойынша компьютерлерде бастып шығарады. Әлемдік деңгейде жұмыс істеу үшін Интернетке қосылу библиография үшін үлкен жетістік болды. Арнаулы мәліметтерді сақтау мақсатында техникалық баспа материалдары (микрофиштер, магниттік таспалар, дискеттер) пайдаланылады.
Қазақ библиографиясының тарихы негізінен қазақ баспасөзінің даму тарихымен тығыз байланысты. 1990 жылы Қазан қаласында Қазақстан туралы А.Е.Алекторовтың «Указатель книг, журнальных статей и заметок о киргизах» деген көрсеткіші жарық көрді. 1926 жылы қазақтың қоғам қайраткері және бірінші библиграфы Міржақып Дулатовтың екі бөлімді «Қазақ тілінде басылған кітаптар көрсеткіші» шықты. 1937 жылы журнал мақалалары мен кітап жылнамалары, 1940 жылы Кеңес дәуіріндегі Қазақстан мерзімді басылымдарының библиографиясы жасалынды. Соғыстан кейінгі жылдары республикада библиография ісі өркендеді. 1957 жылдан бастап арнаулы басылым – Баспасөз шежіресін, 1971 жылдан «Қазақ ССР кітаптарының жылнамасын» шығару ісі қолға алынды. Библиографиямен көптеген ғылымдар шұғылданды: тарихшы-ғалым Н.Сәбитовтың «Қазақ әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші» 1862-1917; қазақ өлкетану библиографиясының бас библиографы Г.П.Царевтің «Что читать по животноводству» (1953)ғ С.Ақашевтің «Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру» (1965), қазақ әдебиеті библиографы Ә.Қ.Нарымбетовтың 4 томдық «Қазақ әдебиеті» библиографиялық көрсеткіштері, тіл білімі саласында Ш.Сарыбаевтың «Библиографияческий указатель литературы по тюркологии» (1989), авторлар ұжымы құрастырған «Библиография обществоведов Казахстана» жинағы, Қ.Б.Жарықбаевтың психология ғылымы бойынша көрсеткіштері, Ү.Сұбханбердинаның «Дала уәлаяты газеті. 1888-1902» (1996), «Қазақ, Алаш, Сарыарқа» (1993) атты мазмұндамалық көрсеткіштері, Орталық ғылымикітапхананың жаратылыстану ғылымдары бойынша салалық көрсеткіштері, Э.И.Иванчикованың «Мангышлак», Г.А.Демешеваның «Животный мир Казахстана. 1960-1970» (1997), т.б. жарыққа шықты.
Анықтамалық-библиографиялық құралдарды жасау, оны ойдағыдай жүргізіп отыру кітапханалардың өлкетану жұмысының негізі болып табылады. Оқырмандарға анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету, керекті әдебиеттерді дер кезінде оңай әрі тез тауып беру, оқырман қауымын өлкетану әдебиеттерімен үнемі таныстырып отыру, оны насихаттау, библиографиялық құралдарды мезгілімен шығару жұмыстары, міне, мұның бәрі осы анықтамалық-библиографиялық құралдың ғылыми-әдістемелік жағынан дұрыс ұйымдастырылуына тікелей байланысты.
Өлкетану әдебиеттерін оқырмандарға кеңінен насихаттауда Ұлттық кітапхананың алатын орты айрықша. Бұл кітапхананың өзінде жасалып жатқан басқа да методикалық, библиографиялық құралдармен қатар өлкетану әдебиеттерін насихаттайтын құралдар да жыл сайын көбеюде. Оның ішінде «Қазақстанда аталып өтетін және еске алынатын тарихи күндерге ұсынылатын әдебиеттер көрсеткіші», «Қазақстан туралы жаңа әдебиеттер», «Қазақстан мәдениеті мен өнері жайында жаңа әдебиеттер бюллетеньдері» атты бірнеше методикалық материалдар мен озат тәжірибелер жинағы бар. Бұл ғылыми методикалық еңбектердің кітапханашыларға тигізетін пайдасы зор екені сөзсіз.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Мемлекеттік кітап палатасы шығаратын «Қазақстан Республикасы кітаптарының жылнамасы» 1971 жылдан бері шығып келеді. Көрсеткіш 1998ж. Ай сайын шығып келген «Кітап шежіресінің» негізінде құрастырылады.
Мұнда берілген материалдар «Мемлекеттік библиографиялық көрсеткіште жан-жақты ондық жіктеу негізінде библиографиялық жазбалардың орналасуы» /Алматы, 1994/ бойынша жіктеліп, жүйеге келтірілген.
Сипаттама «Документтердің библиографиялық сипаттамасы» ГОСТ 7.1-84/М., 1984/ сәйкес берілді. Көрсеткіште Қазақстан Республикасының ішкі, сыртқы саясаты, экономикасы мен тарихытуралы қосымша рубрикалар енгізілді.
Жылнаманың көмекші аппараттары есімдер мен кітаптар тақырыбы көрсеткішінен тұрады.
«Газет мақалаларының шежіресі» 1957 жылдан, «Журнал мақалаларының шежіресі» 1938 жылдан шыға бастады. Шежіренің қосымша аппараттары Атаулар көрсеткіші, құрастыру үшін падаланған мерзімді басылымдардың тізімінен тұрады. Мұнда барлық бхілім салалары бойынша мерзімді басылымдарға енген материалдар кіргізілген.
«Рецензияларшежіресі» 1957 жылдан бері шығып келеді. Онда төмендегідей қосымша көрсеткіштер берілген: Авторлар, редакторлар, құрастырушылар, аудармашылар және тақырыпты; Рецензенттер көрсеткіші.
«Баспасөз шежіресі» 1938 жылдан бастап шығады. Көмекші көрсеткіштер ретінде Атаулар көрсеткіші; Шығармалардың мазмұн көрсеткіші берілген.
1967 жылдан бері тоқсанына бір рет «Казахстаника» Қазақстан Республикасының мемлекеттік библиографиялық көрсеткіші жарық көруде. Соңында есімдер көрсеткіші, географиялық көрсеткіш соңымен қатар көрсеткішке енген журналдар, мақаласы енген газеттер тақырыптық жинақтар енгізілген.
2.2. Ретроспективтік өлкетану библиографиясы
Жақында «Ғылым» баспасы маңызды бір жинақты жарыққа шығарды. Ол – «Қазақ ауыз әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші». Мұнда 1900-1991 жылдарда қазақ ауыз әдебиетіне қатысты қазақша, орысша және басқа тілдердегі кітаптар, авторефераттар мен журнал, газет мақалалары, рецензиялар топтастырылған. Бұл көрсеткіш 1969 жылы В.М.сидельников құрастырып шығарған «Устное поэтическое творчество казахского народа» атты көрсеткіштен кейінгі, ана тілімізде жарық көріп отырған тұңғыш библиографиялық көрсеткіш. Көрсеткішті құрастырБұл көрсеткіш 1969 жылы В.М.сидельников құрастырып шығарған «Устное поэтическое творчество казахского народа» атты көрсеткіштен кейінгі, ана тілімізде жарық көріп отырған тұңғыш библиографиялық көрсеткіш. Көрсеткішті құрастырғандар – филология ғылымдарының кондидаты Б.Қаңарбаева мен Г.Жамансарина. Көрсеткіштің жаңа материалдарымен толығуына жәрдемдескен Ғылым академиясы Орталық ғылыми басылымдарда бір кездегі «дала уәлаятының газеті», «Тургайская газетадан» бастап, Орынборда, Қазанда, Троицкіде 1900 1901 жылдары жарық көрген мақалалар, кітаптар қамтылған.
1991 жылға дейінгі республикалық басылымдардағы, баспалардағы ғылыми, әдеби мұралар белгілі бір хронологиялық жүйеге сай шағын түсіндірмесін жинақы берілген.
Құрастырушылар 1991-ден бастап бүгінгі күнге дейінгі дүниелерді кейінге қалдырыпты. Өйткені еліміздің егемендігіне байланысты қаншама мұралар жарияланып, небір асыл кітаптарымыз табылып жатқаны баршаға аян. Көпшілікке арналған сөзінде: «Көрсеткішті мүлтіксіз толық жинақталған басылым деуден аулақпыз. Өйткені құрастырушылардың қолына түспей қалған басқа да материалдардың болуы да ықтимал»,- деп жауапты шығарушылар да болашақтың жұмысы екендігін білдіреді. Демек, библиографиялық көрсеткіш алда жалғасады деген сөз.
Жаңадан толықтырылған бұл ғылыми басылым ізденушілерге, аспираттарға, оқытушыларға, жоғары және арнаулы оқу орындары студенттеріне арналған.
Қазақ библиографиясында табанды қызмет істеп жүрген ғалымдар санаулы ғана. Олар нағыз төзімді, жігерлі, қажымас жандар. Осы бір ауыр да азапты ғылым саласындағы санаулы мамандарымыздың бірі – филология ғылымдарының кондидаты, Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі Үшкөлтай Хасенқызы Суханбердина ұзақ жылдар зерттеу нәтижесінде «Қазақ халқының атамұралары» атты 1917 жылғы Қазақ төңкерісіне дейінгі әр жерде шыққан қазақ баспасөзі тарихының бірегей шежіресін жасады. 1999 жылы шыққан осынау библиографиялық көрсеткіштің ҰҒА-ның Орталық ғылыми кітапханасында тұсаукесер рәсімінде жиналған ғалымдар оның үлкен ізденіспен жасалғанын жан-жақты атап өтті.
Библиографиялық көрсеткіш жайлы сөзінде филолгия ғылымдарының докторы, профессор Ж.Ысмағұлов автордың 1870-1918 жылдары шыққан 8 қазақ баспасөзінің атап айтқанда «Айқап», «Түркістан уәлаятының газеті», «Дала уәлаятының газеті», «Қазақстан», «Алаш», «Сарыарқа», «Бірлік туы», «Қазақ» сияқты газеттерден ең керекті мәліметтерді жинап бере білумен бірге, 84 адамның суретін, оның үстінде бұдан 150 жыл бұрынғы ел ардақтыларының суреттерінің орын алғандығына айрықша тоқталды. 5204 мақаланың мазмұндамасы, нөмірі, шыққан мерзімі бәрі ұқыптылықпен көрсетілген. Барлық баспасөздің тізімі, нөмірі қамтылған бұл үлкен жинақты «әмбебап энциклопедия» деп атаулары да орынды.
Еліміз Тәуелсіздік алғалы ұлттық мұраларымыздың зерттелуі де жаңаша сипат алып, тың деректермен толықтырылуда.
Өркениеттілік кепілі – халқымыздың әдеби, мәдени, тарихи мұраларының саф алтындай сақталуы. Халқымыздың жарқын болашағы жолында құғын көріп, құрбан болған арыстарымыздың өмір-шежіресі мен мұраларын зерттей беру – ұрпақ парызы.
Осы бағытта Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасында орасан жұмыстар атқарылуда. Кітапхананың ғылыми-библиографиялық бөлімі ғылым салалары, еліміздің саяси ахуалы, экономикалық дамуы, мәдениеті мен әдебиетінен мағлұматтар беретін библиографиялық көрсеткіштер даярлап, оқырмандарға ұсынуда.
Тәуелсіздік жолында жан қиған қазақ зиялыларының өмірбаяны мен қоғамдық қызметін терең таныстыру мақсатымен жаңа «Ұлы тұлғалар» сериясы ашылып, бірнеше ғылыми-библиографиялық жинақтар әзірлейді.
Ағартушы-ғалым, Алашорда қайраткері Ахмет Байтұрсыновға арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» атты көрнекті библиографиялық құрал жарыққа шықты.
Ахмет Байтұрсынұлының мұраларын зерттеулер, пайымдаулар, түйіндеулер, баяндаулармен қатар, библиографиялық басылымда Ахаң қаламынан шыққан туындылар, кейіннен табылған «Ақ жол», «Тіл тағылымы» сияқты мақалалары да бар.
Тарихшы тарлан Мұхамеджан Тынышбаевқа арналған «Дәуірдің жарық жұлдызы» атты библиографиялық көрсеткіште мол деректерге бай. Астанада өткен «Байырғы түрік өркениеті: жазба ескерткіштер» атты халықаралық ғылыми-теориялық мәслихатқа арналған тақырыптық көрме бойынша құрастырылған.
Қазақтың Абайдан кейінгі ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевқа арналған «Ұлттыұ поэзия падишасы» атты және қоғамдық саяси қайраткер Мұстафа Шоқайға арналған «Тәуелсіз және тұтас түркістанның дауылпазы» деген ғылыми-библиографиялық көрсеткіштер жарық көрді.
Олар тарихи мазмұн-маңызы бар суреттерімен де құнды.
Сондай-ақ «Қазақстан ғылымдарынығ биобиблиографиясына материалдар» сериясы бойынша шыққан библиографиялық көрсеткіштердің ғылыми-практикалық маңызы ерекше зор. Алғашқсы – Ұлттық ғылыми академиясының академигі Зейнолла Қабдоловқа арналған.
Ұлы Мұхаңның шәкірті – Зейнолла Қабдоловтың әдеби-ғылыми шығармашылығының өзі бір мектеп.
Ғалым-жазушы әлемін зерттеумен айналысқысы келетін ғылыми қызметкерлер мен аспираттар да пайдалы еңбек академик, заңгер М.К.Мүлейменовке, техника ғылымдарының докторы, профессор С.Цойға, т.б. арналған библиогращфиялық көрсеткіштер жарық көрді.
Академияның Орталық ғылыми кітапханасы 1973 жылдан бастап, «Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясына материалдар» сериясымен биобиблиографиялық көрсеткіштер дайындап келеді. Бұл Қазақстан ғалымдарының әлемдік және отандық ғылымға қосқан үлесі туралы, сонымен қатар өмірі, қызметі жайында толық мағлұмат беретін дерек көзі. Осындай үлкен еңбек Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, тарихшы-ғалым, педагог және қоғам қайраткері – Манаш Қабашұлы Қозыбаевқа арналды.
М.Қ.Қозыбаев еңбек жолын Тарих институтында аға ғылыми қызметкерден бастаған ол, ғалым, тарих ғылымының докторы, профессор, Ұлттық Ғылым Академиясының академигі болды. Ғалымның биобиблиографиясын қарап отырсақ, республикадағы тарих ғылымының дамуын байқауға болады.
Ғалымның еңбектері ТМД елдерінің көптеген тілдеріне аударылды. Сонымен қатар АҚШ, Қытай, Болгария, Германия, Украина, Армения, Молдавия, Жапония, Иран т.б. елдерде жарыққа шықты.
«Манаш Қабашұлы Қозыбаев» атты биобиблиографиялық көрсеткіш ғалымның өмірі мен қызметін баяндайтын, оның жетекшілігімен қорғалған 85 докторлық және кандидаттық диссертацияларды қамтиды. Манаш Қозыбаевтың жетекшілігімен 115-тен астам еңбектер, монографиялар, энциклопедиялар, ғылыми жинақтар жарық көрді.
Қазақта: «Жеті атасын білмейтін ер – жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел — жетесіз» дейтін мақал бар. Сондықтан да тәуелсіз мемлекетімізді қайта қалпына келтіру барысында біз тарихи өткеніміздің сабақтарын ескеріп отыруымыз керек.
Қазақ халқынығ тарихында 1801 жылы құрылған Бөкей хандығының алатын орын ерекше. Әсіресе Жәңгір хан билік құрған тұста Бөкей ордасының даңқы артып, алыс-жақын шет елдер зерттеушілерінің қызығушылығын туғызды, назарын аударды.
Осы орайда Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы оөырман қауымға «Бөкей Ордасы тарихынан» атты ғылыми-көмекші библиографиялық көрсеткіш шығарды. Бұл ғылыми-көмекші көрсеткіштің мақсаты осы бай өлкенің тарихын сонау ХІХ ғасырдан бері қозғаған зерттеулер мен тарихшыларымыздың, ғалымдарымыздығ еңбектерін бір арнаға тоғыстырып, жинақтап оқырман қауымға ұсыну.
Көрсеткішке ХІХ ғасырда қазақ даласында таратылған «Дала уәлаятының газеті», «Қазақстан» сияқты басылымдарда жарық көрген мақалалардан бастап, күні бүгінге дейін баспа бетінде жарық көрген баспасөз басылымдары беріліп отыр. Бұл осы тақырыпқа жинақталған бірінші көрсеткіш, тұңғыш рет оқырман назарына ұсынылып отыр. Көрсеткіште Бөкей ордасының тарихы туралы мәліметтер толық жинақталған деп айтуға болмайды, дегенмен тарихшыларымыз бен туған өлкенің тарихына деген қызығушылығы бар оқырмандар үшін үлкен көмек болары сөзсіз.
2.3. Өлкетанулық ұсыныс библиографиясы.
Қазақстан Республикасының С.Бегалин атындағы мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы 1999 жылы шығарған «Біздің мейрамдар» аты ұсыныс көрсеткіші балалар оқуының жетекшілері мен көпшілік оқушылар қауымына арналған.
Құралдың негізгі мақсаты – оқырман қауымды еліміздің өмірінде аталып өтетін саяси мерекелер, халық мейрамдары, діни мейрамдардың шығу тарихымен, ерекшеліктерімен таныстыру.
Жалпы тарихқа тереңірек көз жүгіртіп қарасақ, оның тегеурінді тепкісін сезінбеген халықты кездестіру әсте қиын. Солардың ішінде қиянат – қысымды дәл қазақ халқындай көп шеккен, зорлық пен зұлымдықтың зардабын көп тартқан халық жоқ шығар.
Еліміз шаттанған қуаныш пен қабырғасы қайысқан қайғыны аз көрген жоқ. Қазақ елі жері қандай кең болса, маңдайына берілген қасіреті де қалың болды. Сол қасіреттерінің бірі – сталиндік зұлмат құрбандары.
Бүгінгі күнге дейін орнын толтыра алмай отырған қасіретіміз – еліміздің ертеңіне кірпіш болып қаланып, ел туын жоғары көтеру үшін атсалысатын арыстай азаматтарымыздың еріксіз, жазықсыз жала шегуі әлі күнге дейін арттағы елдің сезімтал жүрегін қынжылтады.
1997 жыл Елбасының жарлығымен «Ұлтаралық татулық және саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып жарияланғаны бекер емес. Себебі, қазақ халқының аяулы ұлдары, бетке ұстар шамшырақтары, қатардағы қаншама қарапайым азаматтардың жазықсыз «халық жауы» аталуы, жалған жаланың құрбаны болып, сталиндік зұлматқа ұшырағандары халық жадында.
Соңғы уақытта Қазақстандағы 1937-38 жылдардағы зұлмат біраз зерттеліп, жарыққа шыққанмен библиографиялық ізденістер бір еңбекке топталмаған. Сондықтан да бұл құралды құрастырушылар құрал беттерінде С. Бегалин атындағы қорында бар деректерді жинақтауға тырысқан. Бұл библиографиялық құрал «Білсін мұны ұрпақтар» деп аталады.
Осы кітапхананың библиографиялық бөлімі құрастырған келесі бір құрал «Тарихтағы тұлғалы есімдер» деген атпен шығарылған. Құрал үш бөлімнен тұрады.
І. Хандар. Хан сайлау дәстүрі алыс-жақынға белгілі халық билері мен абыройлы ауыл ақсақалдары жиналып, хан сайлайтын күнді, сайлау өтетін жерді белгілейді. Айтылған уақыт пен жерде барша халық жиналып, әр тұста алқа-қотан шағын кеңестер өткізілген. Бұл кеңестерде кімнің ортақ хан сайлауына лайық екендігі талқыланған.
Бірауыздан шешім қабылданып, хан сайлаған соң, бірнеше сұлтандар, билер мен ақсақалдар хабарлауға барады да, оны ақ киізге отырғызып, қайта-қайта көкке көтереді. Ханның үстіне, хан сайлау салтанатына жиналған жәмиғат алтын-күміс теңгелерден шашу шашылады.
Қазақ Ордасының хандары өздерін көкке көтерген, ауыр міндет арқалатып, сенім білдірген халқына аяусыз қызмет етті. Қажыр-қайратын аямады, жанын кешті, қанын төкті, туған елінің мерейінен бөтен мұраты болған жоқ. «Қарақ кісінің ақылы бар» деп, халық таңдап сайлаған хан өз жұртының алдындағы жауапкершілігін сезінумен қатар, қылдан тайса, сол жұрт алдында есеп беретінін де кәміл түйсінген.
Міне бұл библиографиялық құралға қазақтың бірінші ханынан бастап соңғы ханына дейінгі материалдар жинақталған.
ІІ. Билер. Би дәстүр қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық биліктің иесі. Зерттеуші ғалымдардың, әсіресе, В.В. Бартольдтың пікірінше «би» сөзі шамамаен ХІҮ-ХҮ ғасырларда ежелгі түркі тіліндегі «бек» атауының бір нұсқасы ретінде пайда болып, басқарушы, ел билеуші мағынасын білдірген. Кейіннен бастапқы симантикалық-тілдік реңкінен ажырап, көбінесе дау-жанжалды шешіп, кесімді төрелік айтушы, әділ үкім шығарушы адамды бейнелеу үшін қолданылған. Қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде бұл атау төрт түрлі мағынада:
- ел билеушісі, иелік етуші;
- сот, төреші;
- батагөй, шешен;
- бітістіруші дипломат, елші ретінде ұғынылған
Ел тағдыры сынға түскен жаугершілік замандарда билер батыр-баһадүрлермен қатар атқа қонып, қарамағындағы тайпаластарынан жасақ құрып, мемлекет тұтастығын, ұрпақтар азаттығын қорғауға ұйытқы болған, қолбасшылық қызмет атқарған.
Би-дипломат, елші. Ел бірлігіне, ұлт тұтастығына нұсқан келтірер ағайын араздығын басып, руаралық дау-жанжалдарды бітістірумен шектелмей, қазақ ұлысының көрші мемлекеттермен қарым-қатынас жасап, әр түрлі байланыс орнату ісінде де ханға көмекші әрі кеңесші қызметін атқарған.
Міне осындай қазақтың әйгілі билермен оқырман қауымды таныстырып, олар туралы мәлімет беруді өздеріне міндет тұтқан кітапхана қызметкерлері «Билер» атты библиографиялқ құралды оқырман қауымға ұсынады.
ІІІ. Батырлар. «Тарихтағы тұлғалы есімдер» деп аталатын библиографиялық көрсеткіштің бұл үшінші шығарылымы көпшілік оқушылар қауымына және балалар оқуының жетекшілеріне арналған.
Қазақ халқы өз тарихында ірілі-ұсақты үш жүзге жуық ұлт-азаттық көтерілісін бастан кешіпті. Сол ұлт намысы мен ұрпақ қамы үшін бастарын құрбандыққа тігіп, жері мен елін, тілі мен дінін қорғаған батыр бабаларымыздың арқасында қазақ елі ғасырдан-ғасырға көшіп, дамып, тәуелсіз егеменді іргелі мемлекетке айналды.
Сондай – ақ өз басынан аумалы да, төкпелі талай замандарды басынан өткерген қазақ халқының маңдайына сыртқы жаулары қаумалаған ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларды тағдыр шіркін небір марқасқа ұлдарын көруді жазған. Сөз өнері додасында сөйлеп кетсе-көсем, бөрі етікке жармасып, жау жағадан алғанда қылышын жарқылдатқан батыр бола білген, бір бастарында осыншама қасиеттер қатар жүре берген сол бір бабаларымыз өздерінің рухани өмірлері арқылы біздің болашағымызды сәулендіре түскендей.
«Ел үсітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» деп халқымыз айтқандай, біраз уақыттан бері елімізге аттары мәлім, ерлік істері беймәлім батыр аталарымыздың ерен ерліктері жарыққа енді ғана шығып жатыр. Осының өзі бұл заманда жоғалғанымыздың табылып, һшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілгеннің бір белгісі дер едім.
Оқырман қауымға ұынылып отырған бұл көрсеткіште халқымыздың бір кекздері бетке ұстары болған батыр ұлдарының өмір жолдары қиян-кескі шайқастағы ерліктері баян етілген.
Қазақстан Республикасының С.Бегалин атандағы мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы жас жеткіншектермен жұмыс барысында елтану тақырыбына ерекше көңіл бөліп келеді. Өзінің мерейтойын тойлағалы отырған Алматы жылдан-жылға өркендеп, көркейіп келе жатқан әсем қала. Алматы – Қазақстанның ең үлкен ғылым ордасы, рухани өмірі өте бай. Ол туралы көп жазуға болады.
Осы кітапхана қызметкерлері құрастырған, оқырман қауымына ұсынылып отырған «Алматы – біздің мақтанышымыз» атты библиографиялық құралда шуақ пен гүлдің, еңбек пен білімнің, денсаулық пен спорттың мекені – Алматы қаласы жайлы мына тақырыптар бойынша ақпараттар ұсынылған.
- Тарихы терең, ерлері ерен – Алматы.
- Алматы – ірі өнеркәсіпті, білім, ғылым, мәдениет орталығы.
- Алматы қаласының экологиясы.
- Әлемге әйгілі – Медеу.
- Алматы деп ән шырқаймыз.
Әдебиеттер тізімімен және Алматыға арналған Интернет сайттан алынған суреттермен безендірілген.
«Қаламдарын қаруға алмастырған» атты биобиблиографиялық көрсеткіш Ұлы Жеңістің 60 жылдығына орай шығарылған.
Адам ғұмырының көптеген арпалысқа толы шақтарында кейде тіпті көкіректен кетпейтін, ойдан өшпейтін уақиғалар да ұшырасады. Ондайды халқымыз да, еліміз де есіне сақтап, әлемге паш етіп отырады. Сондай бір шақ «ат басына күн туғанда – ауыздығымен су ішкен, ер басына күн туғанда – етігімен сі кешкен» сонау өткен отты жылдар, аңызды айлар мен апталар, «халық үшін жан пида» деп қанын төккен ұл-қыздар жайлы хикая-әңгімелер, ерлердің ел аузынан тастамайтын өнегелі іс-әрекеттері .
Сол жылдары кең-байтақ отанымызды қорғауға аттанғандардың ортасында қазіргі оқырмандарына жете таныс ақын-жазушыларымыз да болған. Оқырман назарына ұсынылып бұл көрсеткіш солар жайлы. Онда олардың өмірбаяны, шығармашылығ, адамгершілік бейнесі, ерліктері туралы әңгімеленеді.
Қашанда балалар кітапханалары мектеп оқушылар, ұстаздар қауымымен тікелей жұмыс жасайды. Сондықтан да кітапханалардың баспа жұмыстары солардың туындаған сұраныстары мен тілектерін қабыл ала отырып жасалады. 2005 жылдан С.Бегалин атындағы мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы «Оқулыққа қосымша» сериясымен бірнеше библиографиялық көрсеткіштер шығарды және де шығарып келеді.
Сондай көрсеткіштердің бірі қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы, жаратылыстың құпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл, данышпан ақын, тарихи тұлға Абайға арналып шығарылған. Бұл көрсеткіш «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін…» деп аталады.
Құралда оқу бағдарламасына көмекші болатын мынандай тақырыптар қамтылған:
- Абай өмірбаяны.
- Әр өлеңі – бір әлем (лирикасы)
- Абайдың поэмалары.
- Асыл мұра (Абайдың қара сөздері).
- Абай шығармаларындағы адамгершілік тәрбие
- Абай елі – Семей қаласы.
Әр бөлімнің соңында әдебиеттер тізімі берілген.
Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқымыз.
Байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құрып, еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына жетіп өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, өз Конституциямызды қабылдадық.
Конституция – мемлкеттің Негізгі Заңы, материалдық мағынада – ең алдымен елдегі адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жариялайтын, оларға кепілдік беретін, сол сияқты елдегі әлеуметтік құрылыстың негіздерін, басқару мен мемлекеттік құрылымның нысанын, орталық және жергілікті билік органдарының негіздерін, олардың құдіреті мен қарым-қатынастарын, мемлекеттік рәміздерді және астананы айқындайтын өкімдік актілердің немесе конституциялық рәсімдердің жиынтығы.
Міне осы Конституциямыздың тарихын білдіру, жас жеткіншектердің азамат болып қалыптасуына көмектесу мақсатында «Ардақты ата заңым» көрсеткіші көпшілік қауымға, мектеп оқушылары мен ұстаздарға арналып құрастырылған.
Егер ХХ ғасырға «мұңлы ғасыр» айдарын тақсақ, «неге олай?..» дей қою екіталай шығар. Өйткені ғасыр әуселесінен сүргінге түскендер басынан өткерген қияметті арада көп жылдар жылжығанмен, зауал зардабын тартқан ұрпақ жүзін мұң шалып жабырқамай, көкірегін ащы запыран уы жалап өтпей есіне ала алмайды.
Адамдарды жаппай қаралап, жазалауды алдына міндет етіп қойып, оны мен солын ажыратуға жетпеген бүлдіршіндерді тағдыр тәркегіне лақтырып, жетімдік жәбірін тартқызып қойып, «бәрі болашақ үшін» деп ұрандатып өткен құйтұрқы саясатқа не демекшісіз?.. Көрмек түгілі естігенде жаның түршігетін мұндай сұмдықты тек қаныпезер ғана ұйымдастырып, асын алаңсыз ішіп отыра алған шығар. Мемлекетті сондайлардың басқарып, ойына алғанын атқарып бітіп, о дүниелік болып кеткенінше өзгелердің оның шылауына оралып, жол ашатыны неткен өкінішті еді… Амал не… Бұл айғақтары ешбір ақтауға келмейтін, миллиондағандардың басын жұтқан аждаха – қылмысты бір емес, сол кезде ел басқаруға ат салысқандардың түрлі айламен құлшынып атқарып, жандайшап болғаны тарихи шындық.
ХХ ғасырдың зобалыңында зауал зардабын тартқан халқымыздың аяулы азаматтарының осы кезеңдегі тағдыры жөнінде оқырмандар назарына ұсынылып отырған «Зұлмат заман зардабы» атты библиографиялық құрал Қазақстан жерінде болған ірі лагерлер жайында баяндайды.
Ядролық дәуірдің басталуы бейбіт мақсаттарға пайдалану мен гүлденудің сарқылмас қуат көзі ретінде бүкіл әлемге үлкен үміт тартуда. Өкінішке қарай, ядролық техника көптеген адамдарға және кейбір қалалар мен елдерге қайғы-қасірет те тудырды.
Ядролық технология процесі жұртшылыққа үлкен қайғы мен экологиялық күйзеліс ала келген әйгілі орындардың бірі – Семей. Адамдар: әйелдер мен еркектер, олардың балалары мен немерелері ядролық жарылыстың құрбандықтарына арналды, ядролық технолгия игілік емес, апат әкелді. Көп адамдар онколгиялық аурудан және қалыпты дамудан ауытқушылық сияқты тұқым қуалайтын сырқаттан азап шегуге. Олардың жан-жүйкесін дер шалған. Олар топырағы уланған жерде өмір сүріп, уланған суды пайдалануда. Олардың экономикалық тұрғыдағы келешегі мен ең қымбат деген денсаулығы көптеген ұрпақтар бойы қауіп-қатерге байланып отыр.
ХХІ ғасыр табалдырығында біз «Невада-Семей», «Капустин Яр», «Азғыр», Хиросима, Лоб-Нор полигондарын ұмытпауға тиіспіз.
Қайғы-қасіретке толы аталған проблемаларды шешуде және экологиялық бақытсыздықтың құрбандарына көмек көрсетуде өзіміздің күш жігерлерімізді қалай біріктіруге болатындығы туралы ойлануға тиіспіз.
Міне, осы тақырыпқа арналып жасалған мына көрсеткіш «ХХ ғасырдың полигондары» деп аталады. Ол Қазақстанның және басқа да елдердің 40 жылдан астам уақытқа созылған ядролық қасіреті турады.
Табиғат – қоғам байлығы. Ол қашанда жер бетіндегі тіршіліктің қайнар көзі. Қай елде болмасын өзі мекендеген жерінің табиғатын қорғау басты парыз. Жеке адам ретінде шығар тауының биік, жұтар ауасының таза, ұсынар гүлінің жұпар иісті болғанын кім қаламайды. Ендеше үлкеннің парызы кішін туған табиғатты аялау сезіміне баулу, көлеңкесіне саялазйтын есік алдындағы бір түп ағаш бұтағының себепсіз сынбауынан бастап, түрлі сабақтар мен саяжайлар көркін келтіріп тұратын алуан ағаштар мен түрлі гүлдерге сүйсіне қарау сезімін тудыру.
Табиғат әлеміне жиі-жиі саяхат жасап, қорықтарды аралағанға не жетсін.
Қорық – сұлу жаратылыстың, тамаша табиғаттың қорғаны. Ал адам табиғатсыз тіршілік ете алмайды. Табиғат адамды қайырымды, сұлу жанды етіп тәрбиелейді.
Қазақстан жеріндегі қорықтарды ұйымдастыру тарихы өте ерте кездерден басталады. Ертедегі көшпелі ата-бабаларымыз табиғаттың тамаша көрікті орындарын қорық деп жариялап, ерекше қорғай білген және бейберекет ешкімнің қол сұғуына рұқсат етзілмей, қатаң түрде қорғауға алынған.
Қазақстанда қазіргі кезде тоғыз ірі табиғи мемлекеттік қорық бар. Республикамызда табиғи қорғаудың екінші саласы – ұлттық саябақтар. Қазір елімізде жеті ұлттық саябақ ұйымдастырылған.
Қорықтар – табиғат эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жайқалған шабындық, аң-құс, айдын көлдер мүмкіндігінше сол бұрынғы әсем қалпында сақталуы тиіс.
Өз елінің табиғатын сүйіп, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын бхіліп өскен бала табиғат-анаға немқұрайлы қарамаса керек деген сеніммен кітапхана қызметкерлері сол табиғатты қорғауға байланысты жазылған кітаптарды оқырман арасында насихаттау мақсатында «Қорықтар әлеміне саяхат» деген атпен құрастырылған библиографиялық құралын ұсынады.
«Бірінші байлық – денсаулық» деп халқымыз айтзқандай, қазіргі заманда ең бірінші алған қойған мақсат-міндеттердің бірі адамның хал-ахуалы мен «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілгендей, өркениетті елдің әрбір азаматы дені сау, салауатты болуы шарт.
Салауатты өмір салты – бұл адамның еңбек әрекетімен, тұрмысымен, материалдық және рухани мұқтаждықтарын қанағаттандыру түрімен, жеке тұлға және қоғамдық мінез-құлық ережелерімен сипатталатын тіршілік әрекетінің белгілі типі туралы түсініктерді біріктіретін биоәлеуметтік санат.
Егеменді еліміздің Тәуелсіздік туын еңкейтпей, ұрпағымызды ғасырдан-ғасырға саны мен сапасы жағынан жоағыр деңгейде жалғастыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Салауатты өмір – салтымыз» атты тақырыпта өткізілген валеологиялық сайыстың сценариін ұсынады. Сценарий соңында әдебиеттер тізімі берілген.
Әрбір ұлттық әдебиеттің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең – дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас өшпес із-мұра қалдыратын заңгер суреткерлер болады.
Міне осындай ұлы суреткерлердің қатарына 2004 жылы туғанына 505 жыл толған Мұхаммед Хайдар Дулати және туғанына 155 жыл толатын Молда Мұса Байзақұлы жатады.
Бұл ұлы есімдер кімдер? Міне осы ұлы есімдердің өмірлері, еңбектері жайында Оңтүстік Қазақстан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы шығарған «Ғасырлар бедері» атты құралдан көруге болады. Бұл ұсыныс құралда қос дүлдүлдің өмірбаяндық деректері мен шығармашылық жолдары қамтылған.
Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының балаларға арналған бөлімі де төмендегідей тақырыптарда:
«Менің Отаным – Қазақстан», 2003-2005 аулы жылына арналған «Ауыл алтын бесік» атты тақырыптарда ұсыныс тізімдерін, «Туған өлкеміздің тарихы, мәдени, этнографиялық ескерткіштері», «Қазақстың салт-дәстүрлері» деген атпен библиографиялық көрсеткіштер әзірленген.
Қорытынды
Бүгінгі таңда Қазақстан мемлекетінің қалыптасуына рухани байлықты тереңдете оқыту мен насихаттау ірі мәселелердің бірі болуда. Сондықтан қазақ халқының қоғамдық саяси, әлеуметтік мұралары мен бай рухани қазыналарын сақтап, қорғап қалыптастыру мен насихаттау кітапхана қызметкерлері үшін қашанда басты міндет.
Оқырманның ой-пікірін сараптап, сұраныс талаптарын қадағалап отыруда, жас оқырмандарды кітап оқуға қызықтыруда, қазіргі кітапханашыларда ізденіс, ой-пікір айту орнықтылығы бар деуге болады.
Қазіргі оқырмандарды өзгелермен салыстыру арқылы шама-шарқымды бағамдайсың, озық үлгілермен танысып үлгі аласың. Республика кітапханаларында шығып жатқан библиографиялық құралдармен танысу, семинарларға қатысу арқылы басқа кітапханашылармен тәжірибе алмасып, тың идеялармен қаруланып жүресің. Осындай мәдени тәрбиелік мәні бар іс-шараларды жүргізудің арқасында ғана кітапты насихаттау жұмысының жемісін көре аласың.
Кітапхана қорындағы әлемге танылған құндылықтардың жиынтығын, жазба мәдениетті, яғни ақын-жазушылар мен мемлекет қайраткерлерінің қолжазбалары мен туындыларын, ұлттыұ мәдени мұраларды пайдалануға еркін ақпараттық кеңістікті құруға мейлінше бар жағдайды жасау қажет.
Оқырман сұранысы оқу талабынан туындап жатады. Олардың кітапханадан сұрайтыны өлкетану тақырыбына байланысты қазақ тілінде жазылған кітаптар. Ал қазіргі кездің өзінде, қазақ тілінде кітаптар шығып жатқанына қарамастан, әсіресе жаратылыстану, техника, химия, физика салаларындағы кітаптар көбіне орыс тілінде. Қазіргі кезде қазақ мектептерінің көптен ашылуына байланысты, оқушы қауым тек зқана оқулықтарды ғана емес, сонымен қатар соған қосымша материалдарды да қазақ тілінде оқиғалары келеді. Сол себепті де қазақ тіліндегі кітаптар, ақпарат алуға болатын мерзімді басылымдар саны көбейіп жатса нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
Оқырман түзеліп, оның сұранысы артып жатса, оған уақыт талабына сай қызмет көрсету кітапханашылардың міндеті.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Астаханов Л.В. Библиография как научный феномен: Монография.-М.: 1997.-338б.
- Ахметова С., Ақшалова М. Кітапханадағы библиографиялық жұмыс; ұйымдастыру мен методика.- Алматы: Ана тілі, 1993.-152б.
- Ахметова С. Өлкетану библиографиясы.- Аламыт: Қазақстан, 1979.-62б.
- Байболсынова А.Т. Қазақтың библиографиясының қайраткерлері.-Алматы: ҚР Ұлттық кітапханасы, 1998.-106б.
- Байболсынова А.Т. Қызықты библиография.-Алматы: 1993.-50б.
- Беспалова Ж. Библиография: Новый этап осмысления // Библиография.- 2005.-№1.-с.65
- Вохрышева М.Г. Библиография в системе культуры.- Самара: 1993.-164б.
- Давыдова М.И. Литературная библиография.-М.: Либерия, 2005.-96с.
- 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы туралы ҚР Президентінің жарлығы: 2004 жыл, 13 қаңтар. №1277 // ҚР Президенті мен Үкіметінің актілер жинағы.-2004.-№2-4.-196б.
- Елеукенов Ш. Кітаптану негіздері.- Алматы: Санат, 1997.-176б.
- Елеукенов Ш. Қазақтың ата библиографы// Кітапхана әлемі, 2003.-№3
- Зубов Ю.С.Библиография и художествнное развитие личности.-М.: Книга, 1973.-304с.
- Коршунов О.П. Библиография: теория, метология. Методика.- М.: Книга, 1986.-288с.
- Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық.-Алматы: Білім.-2007ж.
- Қазақ өнерінің тарихы. 3 томдық.- Алматы: Арқас, 2006.-394б.
- Қазақстандағы кітапханатану ісі және библиография.-Алматы.-2007.-159б.
- Ақшалова М.А. Основные этапы развитие и современное состояние общественно-политической библиографии в Казахстане. М.: 1997.-26с.