МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
- ҮКІМ – СОТ БИЛІГІНІҢ АКТІСІ.
1.1. Қазақстан Республикасындағы сот билігі: тарихы, жай-күйі және болашағы.
1.2.Үкімге қойылатын талаптар: мазмұны мен құрылысы.
- ҮКІМНІҢ ТҮРЛЕРІ.
2.1. Айыптау және ақтау үкімдері: түсініктері, түрлері, шығару негіздері.
III. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ БИЛІГІН ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Құқықтық мемлекет болуға бет алғанымызға біршама уақыт болып қалды. Ондай мемлекет болудың алғашқы белгілерінің бірі — әділ сот төрелігінің бекуі. Сот өзінің төрелігін үкім арқылы жүзеге асырады. Конституциямызда айтылғандай ешбір адам сот үкімінсіз қылмыс жасағаны үшін кінәлі болып танылмайды, қылмыстық жаза тағайындалмайды. Осы бір сөйлемнің өзі үкімнің конституциялық маңызы бар екенін, мемлекеттік билік актілерінің ішінде ерекше өзіндік орны бар екенін аңғартады.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының ішінде сот қана, үкіммен ғана адамды қылмыскер деп есептеп, оған қылмыстық жаза қолданады, бұл қасиет тек үкімге ғана тән. Сондай-ақ, үкім ғана адамды бүкіл тағылған айыптан ақтап шыға алады. Осындай жауапкершілігі бар билік құжатының маңыздылығына қарай оған қойылатын талаптың өзі де зор болатыны анық.
Үкімнің өзіне қойылатын талаптарды орындап шығуы- әділ сот төрелігінің кепілі. Соттың қылмыстық іс бойынша шешімі, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні жазылатын құдіретті қағаз- үкім. Оның сапасының артуы, сауаттылығының жоғарылауы сотталған адамның әділ жазасын алуына, кінәсіздің ақталып шығуына септігін тигізеді. Адамның тағдырына, өмір жағдайына, бостандығы мен құқығына әсер ететін құжаттың жоғары сапалы болуы – міндет. Ендеше, барынша әділ үкім ғана әділеттікті нығайтуға септігін тигізеді.
Диплом жұмысының өзектілігі өзін-өзі айқындап, мен мұндалап тұрғандай.
Сот қылмыстық іс бойынша айыптау мен қорғаныстың сайысын зерделей келіп, өз ішкі сеніміне қарай ойлау процесінде белгілі бір тоқтамдарға келеді, қандай да бір тұжырымдар орын алып, қалғандарын басып кетеді, бірінші орынға шығады. Сот өндірісінің ауызшалығы принципіне сәйкес бүкіл процесс, соның ішінде үкімді құрау, ой тоқтамдарын жүйелеу, мәселелерді талқылау, ойлау барысында және сөз сөйлеу барысында жүреді. Осы тірі қимылдар өтпелі, кейінгі уақытта сақталмайтындықтан бір жол — тек жазып қалдыру ғана қалады. Осы айтылған тұжырымдар, тоқтамдар қағазға түскеннен кейін дәлелді маңызға ие юолады. Осы қағаз – мемлекеттік мәжбүрлеу күші бар үкім.
Үкімнің сапасы арту үшін практикалық зерделеумен бірге ғылыми ізденістер алға жылжуы керек. Жаңа идеяларсыз даму жоқ.
Қазіргі азаматтық қоғам болуға бет алған тұста ешкім заңсыз жазаланбау керек, ешбір қылмыскер жазасыз кетпеуі керек. Сондықтан бұл тақырып ешқашан өзектілігін жоймайды.
Үкім – бұл іс жүргізудің мәресі, соттың ойларының, пікірінің, тұжырымдарының және шешімдерінің айнасы. Ол арқылы шешімнің заңдылығын, негізділігін және дәлелділігін қарастыруға болады. Үкімнің талапқа сай келмеуі тек процессуалдық жүйенің бұзылуына ғана емес адам тағдырына да әсер етеді. Үкім – сот пайда болып, іс бойынша билік айта бастаған уақыттан және қылмыстық процессуалдық құқығы қалыптасқаннан бері процессуалистер айналып өтпеген тақырып. Үкім өзінің маңызы мен процессуалдық құқықтағы мәнісіне қарай өзіне үлкен назар аудартады.
Қазақ жеріндегі сот жүйесі, билік, үкім айту тәртібі өзінше ерекше.
Қазақ қауымында ел арасынан жоғары сезімталдығымен, тапқыр да жүйрік ойымен, сөзге шебер шешендігімен көзге түскен дрындылардың өздерінен — өзі биге айналатын дәстүр болған. Әділдігі жер жарған адамға: «Сіз не айтсаңыз да көндік», — деп алдына жүгінетін болған.
Талас – тартыс, дау – дамай, қылмыскерді соттау ауызша жүрген, үкімнің өзі де ауызша ғана айтылатын болғандықтан қазақ елінде бұл тақырыпқа арналған еңбектер жоқтың қасы.Үкім жазбаша түрге көшкеннен бері оның маңызы да арта түскендей. Процессуалдық құқықтың дамуына байланысты көптеген еңбектер жарық көре бастады.
XVIII ғасырдағы орыс процессуалистер классигі Н.Я. Фойницкийдің жаған еңбегі « Курс уголовного судопроизводства» атты кітабында үкімге жақсы тоқталған. Онда үкімнің маңызын, шығару тәртібін, оған қойылатын талаптарды көрсеткен, мәнін ашқан. Осыған ұқсас сол заманғы заңгерлердің белдісі С.Н. Викторскийдің «Русский уголовный процесс» атты еңбегінде де көп мәселенің мәні ашылған.
Бұл салада үлкен белес алған еңбектердің жарық көрген кезеңі кеңес уақыты болды. Бұл уақытта В.Н. Корнукованың «Советский уголовный процесс» деген кітабында анық, нақты жазылған. Мұнда үкімнің қылмыскер мен мемлекет арасында қатынас орнататыны айтылған.
И.В. Тыричеваның еңбегінде де қысқа әрі түсінікті түсініктемелер берілген. П.А. Лупинскаяның еңбегінде басты назар үкімнің қоғамдық санаға, тәрбиеге ықпал ететініне аударылған. «Үкімнің ең басты мақсаты – үкім міндетінің орындалуын қамтамасыз етуін, ол ұғындыры мен тәрбиелеуден тұрады», — деген пікір айтқан.
В.М. Савицкийдің: «Сот айыптау органы боп табылмайды сондықтан үкімнің негізі тек сотқа тапсырылған айыптау болады» , — деген қызықты пікірі бар. Ол өз еңбектерінде сот тек адамды соттайтын орган емес, ақиқатты анықтайтын орган болу керек, сондықтан сот үкімді тек айыптаушы ұсынған айыптау негізінде және айып тағылған адамға қатысты ғана шығарады, өздігінен қылмыстық қудалауды жүзеге асырмайтынына назар салды.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті. Үкімге қойылатын негізгі екі талап: заңдылық пен негізділіктен басқа әділеттілік талабы 60 жылдарда бой көтере бастады. Бұл талап 1969 жылы 30 маусымда КСРО Жоғары Сотының пленумының №4 қаулысында көрініс тапты. Бұл пікірді М.С. Строгович пен А.Г. Боннер де ұстанады. Құқықтық ережелер мен мораль ережелері ылғи сәйкес келе бермейді дейді. Олардың бұндай жаңа пікірлері орынды еді. Себебі заң бойынша заңды да негізді үкім әлеуметтік көзқараспен бір болмауы мүмкін. П.А. Лупинская да осы пікірдің жағында болды. Осы тұрғыда П. Маркс мынандай пікір айтқан: «Табиғатында құқық бәріне тең шара қолданудан тұрады, бірақ әр түрлі индивидтер біржақты, бір тұрғыдан қарағандықтан бірдей бағаланады». И.П. Перлов «Кеңес қылмыстық процесіндегі үкім» атты кітабында үкімге жан – жақты тоқтала отырып, сот ақиқатының бар екенін жоққа шығарады. Мысалы, абсолюттік шындықты сотта анықталған жәбірлеушінің өлімі немесе үйдің өртенуі фактісі білдіреді, ал дәл айыпкердің қылмысты жасағаны, жасамағаны ғылым заңдылықтарының көмегімен анықталуы мүмкін болмағанымен де ол жәбірленушінің өлімі секілді абсолюттік ақиқиат емес, ықтималдылық.
Үкімнің көп жағдайда қоғамдық пікірге, соттың бағалауы мен әлеуметтік бағалаудың сәйкес келе бермейтіні жөнінде Лайошь Надьтің еңбегінде қызықты деректер келтірілген: Францияда өткен социологиялық зерттеуге қарағанда, қылмыстың ауырлығын бағалау жөнінде заң мен қоғамдық баға көп бөлігінде алшақ боп шыққан. Егер жұртшылық өз уақытында сот шешімінің ниеті туралы ақпарат алып отырмаса, жалпы қауымдық құқықтық сананың қалыптасуына кері әсері тиеді. Сот өз шешімін негіздеу кезінде оның негіздемесі сотталушы үшін ғана емес, бүкіл қоғам мүшелері үшін де нанымды болу қажеттігін ескеру керек.
Лайошь Надь өз еңбегінде айыптау мен соттың, қорғаныс пен сотың және айыптау мен қорғаныстың арақатынасы жайында жеткілікті әңгімелейді. Онда ол соттың айыптау жағы мен қорғаныс жағының арасындағы келістіруші орган еместігін, ол қайсысының деректемелері ақиқат болса соны тындайтынын және егер айыптау жағы сотталушының кінәсін дәлелдей алмаса ақтайтынын, дәлелдесе айыптайтын, яғни сот екі тарап үшін де сыншы бейнесінде екенін айтады. Солай бола тұра соттың шешіміне айыптау мен қорғаныс сыншы. Сондықтан сот үкімі заңды да дәлелді болуы басты қажеттілік болып шыға келеді.
Зерттеудің теориялық негізі. Біз бұл тақырыпты жазу барысында үкімнің заңдылығы мен негізділігі және әділеттілгі, сондай – ақ үкімді шығару мен жариялау мәселесіне басты назар салдық.
Үкімнің заңдылығы мен негізділігі заңда нақты көрініс тапқан, оған арнайы норма берілген. Ал әділеттілік мәселесі заң шеңберіне кірген емес, тек заң әдебиеттерінде ғана жеке еңбектерде көрініп жатыр. әділеттілік ұғымының өзі статикалық тұрақты ұғым болмағандықтан заң мұқабасына кірмеген, себебі оны әр түрлі, жан-жағына түсінуге болады.
Екі тараптың қайсысы нанымды тұғыр ұстаса сот соған қарай жығылады. Ал соттың мұндайда үкімі әділетті ме жоқ па, ол – даулы мәселе. Мұндайда әділеттілік мәселесін шешуде көпшілік көп көмегін тигізеді. Сондықтан, үкімдер жөніндегі ақпарат қалың жұртшылықпен тығыз байланыста болуы көмегімен тигізбек.
Ел ішінде қалыптасқан әдет-ғұрып, пікір-сын заң шығару кезінде толық ескерілгені жөн дегіміз келеді.
Үкімді кеңесу бөлмесінде шығару кезінде заңмен бекіткен мәселелерді алқалық қорғауда дауысқа салудың тәртібі бар. Ол жерде судьялардың дауыс беру кезегі көрсетілмеген, тек төрағалық етушінің соңғы дауыс беретіні белгіленген. Бұл мәселе қиын емес. Судьялар тең мәртебелі, бірақ та тәжірибесі мол, беделді, атағы жоғары судьяның өзінен төмендеуіне ықпал етуі әбден мүмкін. Мысалы: Венгр ҚІЖК-нде судьялардың дауыс беруді атағы кішісінен бастайтыны бекітілген.
Үкім жазу кезі процестің соңғы әрекеті болғандықтан оған көп-көрім көңіл бөлгіміз келеді. Сондай-ақ, үкім жазбаша құралғанымен оны ауызша оқудың мәні айрықша екендігіне назар аударамыз. Мұның өзі сот өндірісінің ауызшалығы мен жариялылығы принципінен туындайды. Ауызша оқылған үкім – жариялы, оның қоғамды тәрбиелеуде маңызы аса зор екендігін баса айтқымыз келеді.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы әдеттегідей кіріспеден, үш тараудан, үш параграфтан және қорытындыдан тұрады
- ҮКІМ – СОТ БИЛІГІНІҢ АКТІСІ.
Үкім – қылмыстық іт бойынша анализ бен синтезден тұратын шешім қабылдау үрдісінің нәтижесі боп табылады. Бірақ үкім шығарылып, жарияланған соң сол құраған біртұтас құрылымға айналады.
Үкім нақты бір іс бойынша өзінің мазмұны мен құрылысы тұрғысынан іс бойынша туындаған жеке-жеке тұжырымдар мен маңызды тоқтамдарды біріктіріп, бекітіп тынады. Сондай-ақ, шешімдерде көрініс тапқан шешуші нәтижелерге әкелген жолдарды көрсетеді. Бұл – үкімнің айтарлықтай маңызды бөлімі, себебі ол — соңғы шешімдерге алып келетін ерік білдірушілік.
Ойлау үрдісі мен логикалық операциялардың қалай өткені үкім мұқабасынан көрінбейді, барлық тұжырым, тоқтамдар барынша тыңғылықты, дайын күйінде беріледі. Бір-бірінен туындап, байланысып жататын тоқтамдар іс бойынша шешім болып табылады.
Іс бойынша шығатын шешім, яғни үкім көп мөлшерде өткен шаққа бағытталған – нақты болған деректі жағдайларды анықтайтын тоқтам болған оқиғаны суреттейді. Мұндай тоқтам қылмыс жасалған уақыттағы құқық нормасын басшылыққа алады да қылмыстық әрекетті құқықтық саралайды және үкім шығару уақытындағы бағалауға сай сотталушының қылмыстық жауапкершілігін анықтайды [1, 54 б.].
Жаза тағайындайтын үкімнің бөліміне назар аударсақ, оның келер шаққа бағытталғанын аңғарамыз, ал жазалаудың мақсатына жетудің тиімділігін болжай отырып және оның болашақта іске асуын ескере отырып қылмыстық санкция белгілейді.
Үкімнің үш бөліктік сипаты оның мазмұнын құрайтын эпементтердің жіктелуін, қатаң бөлектенуін қамтамасыз етеді. Үкімнің құрылысында ойша қайта құралған оқиғаны қолданылатын шешім мен болашаққа бағытталған жазалаудың мақсатына жету болжамасы орын алады. Бұл екі ағымды байланыстыратын көпір — әректті құқықтық саралау мен қылмыстық жауаптылықты белгілеу.
Ой тоқтамдарының біртұтас жүйесі істің нақты жағдайлары бойынша шығатын шешімнің тоқтамға келетін кезінде дәлелді, шынайы болуын қамтамасыз етеді. Дегенмен, үкімдегі шаралар қолдануды және тағайындайтын өкімдер болжамды, ықтималдылық бой көрсетеді.
Мемлекет қылмыстық құқықтық нормаларының бұзылуынан туған құқықтық қатынастарды сот органдары қарап, мемлекеттік билік құжаты – үкіммен шешкеніне мүдделі.
Үкімнің мазмұны мен құрылысына деген талаптар құқық нормаларында жазылған. Олар үкімнің заңдылығының, дәлділігінің кепіліндей, ал мақсаты үкімнің мақсатын толық іске асыру – түйсіндіру, тәрбиелеу.
Іс бойынша үкім жасау барысында сот бірнеше мүмкіндіктердің арасынан қажеттісін алып өзінің нақты еркін білдіреді. Шешім белгілі бір ерік-жігерсіз қабылданбайды, ал ерік-жігер қалыптасқан шешім қабылдау әдебінен алыс кетпейді.
Сот өз атынан емес, өз еркімен емес, мемлекет тапсырған құқықтың көлемінде шешім қабылдайды.
Үкім процессуалдық құқықтық құжат болғандықтан, процессуалдық құқықтық қатынас шеңберінде шығатын және мазмұны мен құрылысына, шығару тәртібіне қабылданған талаптармен шектелетін сот шешімі ретінде табылады. Сот үшін үкім мемлекеттік мәжбүрлеу күші бар мемлекеттік билікті іске асыратын бұйрық, өкім. Сот қылмыстық әрекетті саралап, тұжырымдарды саралап, жүйелеп, қабылданған шешімдерді орындалатындай түрде жазады [2, 454 б.].
Процестің қатысушыларының арасындағы қылмыстық құқықтық қатынасының өзі процессуалдық құқық нормаларымен анықталатын және солардың қолдануы арқылы туатын құқықтық ситуация.
Бұл қатынастың мәні – мемлекет пен айыпталушы арасындағы қылмыстық құқықпен қарастырылған, қылмыстық заңды бұзуда негізді сезіктену арқылы туған қатынас орнату және бұл қатынастың нәтижесін анықтау. Қылмыстық талап-арызды мемлекеттік айыптау түрінде тиісті лауазымды адам береді, ал азаматтық талап-арызды жәбірленуші де бере алады. Сотталушы мен оның қорғанушылары мемлекеттік айыптаудың негізділігін жоққа шығару үшін көрсетеді. Сот үкімі айыптау тағдыры мен оның нәтижесін анықтайды және процессуалдық қатынасты тоқтатады.
Қылмыстық сот өндірісінде қатынас негізінен сот, айыптаушы және сотталушы арасында туады.
Теория мен практикада айыптау мен сот арасындағы қатынас барынша белгілі – үкімде айыптаудың барлық аспектілеріне байланысты шешім шығады. Айыптаушы соттан сотталушыны кінәлі деп тауып, оның құқықтық нәтижесін белгілеуді сұрайды.
Айыптау қорытындысында тағылған айып негізделінеді, айыптың пәні боп табылытын қылмыс сипатталынады. Сот тек қана айыптау қорытындысындағы және сот мәжілісінде тікелей зерттелген деректер бойынша үкім шығаруға құқылы.
Үкім мен қорғаныс арасындағы қатынас күрделі емес. Қорғаныс айыпты жоққа шығаруға, құқықтық нәтижелерді жеңілдетуге бағытталған.
Үкімде жазылатын шешім айыптау мен қорғаныстың келісімі емес, сот өзінің ішкі сеніміне сүйене отырып айыптау мен қорғаныстың біреуінің ғана пікірін қабылдайды (толық не бір бөлімінде). Кейбір кезде екі жақтың да көңілінен шығатын шешім қабылдауы мүмкін.
Қалай болғанда да үкім процессуалдық қатынасты тоқтатып, жауапкершілікті іс жүзінде іске асырып, соталушының мәртебесін өзгертеді. Оның құрылысшылық қасиеті бар, яғни жасаған әрекіті үшін жауапкершілік белгілеп, осы жауаптылықтың нәтижесінде айналатын міндеттерді атқаруды жүктейді. Тағайындалған жаза да сондай, сондай жазаны өтеудің құқықтық қатынасын бекітеді. Яғни сотталушының жаза атқару органдарының өкімдеріне бағыну міндеті бекітіледі.
Бұл құқықтық қатынас үкім заңды күшіне енген уақыттан басталады.
Үкім – сот алдына келген жеке бір қылмыстық іс бойынша қылмыс жасады деп айыпталып отырған адамның сол қылмыстың жасалуына кінәлігін анықтап, оған қылмыстық жаза тағайындау не тағайыедамау туралы немесе сотталушуның қылмыстың жасалуына кінәсіздігін анықтап, оны қылмыстық жауаптылықтан босату туралы және басқа да қылмыстық іске байланысты туындаған мүліктік, азаматтық хал жағдайлары туралы сот шығаратын іс бойынша соңғы шешім.
Бүкіл әділ сот төрелігінің жүзеге асырудың мақсаты – қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды жауаптылыққа тартып, істеген ісін мойнына қойып, оған тиісті жаза беру, ал қылмыстық құқық бұзушылыққа кінәсі жоқ адамды ақтап, әділетсіз қаралауды болдырмау. Демек, үкім – сот өндіріснің негізгі мақсатына жететін жері, әділ сот төрелігінің мақсатынының іске асатын жері [3, 34 б.].
Айыптау үкімі мемелекет пен қылмыс жасаған адамның арасындағы қылмыстық құқықтық орындалу актісі ретінде қылмыстық құқықтық нәтижелер тудырады, яғни үкімді шығарған уақыттан бастап қылмыс жасаған адамның қылмыстық жауаптылығы іс жүзінде басталады.
Сот өндірісінің демократиялық негізінде мемлекет атынан шығарылған үкімнің тәрбиелік және қоғамдық-саяси үлкен маңызы бар.
Үкім арқылы қалың көпшілікке соттың сотталушының жасаған әрекетін және оның жеке басын қалай бағалағаны белгілі болады. Сол себептен үкімнің қоғамды құқықтық тәрбиелеуде маңызы зор.
Адамның «қылмыскер» екендігін бекітетін заңды күші бар жалғыз құжат – үкім
1.1. Қазақстан Республикасындағы сот билігі: тарихы, жай-күйі және болашағы.
Қазақ даласында сот органдарының пайда болу және қалыптастыру тарихы – қазақ қоғамының жылнамасындағы ерекше беттер. Қазақстандық сот билігін қалыптастыру мен бекітудің негізгі өлшемдерін түсініп ұғыну үшін қазақ даласындағы қарапайым құқық тарихнамасын біліп қана қоймай, мемлекет аумағында қолданылған құқық нормаларының, заңдар мен салт-дәстүрлердің тарихы мен оның дамуын терең игеру қажет.
Қазақ халқының тарихындағы сот төрелігі қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңіне терең тамырын жайған. Билерге тиесілі сот билігінің қазақ қоғамында ерекше маңызы бар, ол басқару жүйесінде биліктің жетекші нысанына айналды. Көшпелі ұжымдарда басқару функциясы негізінен ұжымның ішінде де, рулар мен олардың қарауындағылардың да даулары мен талаптарын талқылаудан тұрды. Судьялар нормаларды, дәйектемелерді түсіндіруде және шешімдер шығаруды талқылауда, сондай-ақ осы шешімдерді орындауға келтіру әдістері мен нысандарын айқындауда едәуір құқықтарға ие болды.
Билердің қызметі тек сот төрелігін жүзеге асырумен шектелмей, олар
қоғам өмірінің басқа да салаларына белсене қатысты: біріктіруші, бағыт беруші және жасампаз ретінде сөз сөйледі. Олардың салмақты пікірлерімен тіпті, жоғары шонжарлар – сұлтандар мен хандар санасты. Билердің көшпенді ұжымдардың басында да тұруы да аз емес. Демек, сол кездің өзінде соттар аса құрметті және тәуелсіз орган болған.
Пролетариат төңкерісінен кейін Кеңес өкіметінің ең алғаш рет сот құрылысы туралы №1 декретті 1917 жылы 17 қарашада қабылданды. Бұл декретте жергілікті соттарды және революциялық трибулналдарды құру қаралған болатын. Яғни, жергілікті соттар тұрақты және екі халық заседательдерінен тұрады деп көрсетілді.Соттар және халық заседательдері демократиялық принцип негізінде сайланды.
Сот құрылысы туралы №1 декретте жергілікті соттардың қылмыстық және азаматтық істерді қарай алатыны және олардың қылмыстық іс бойынша екі жылға дейін, ал азаматтық істер бойынша 3000 рубльге дейінгі айып салынатын істерді шеше алатындығы атап көрсетіледі. Осы жергілікті соттың шешімдеріне келіспеген жағдайда, іс кассациялық инстанция ретінде жергілікті уездік судьялар кеңесінің сьезінде қаралды. Ал, революциялық трибуналдың құрамына бір төраға мен губерниялық және уездік жұмысшылар кеңесінің арасынан және шаруалардан, солдаттардан депутат болып шыққан алты заседательдері сайланды. Революциялық трибуналдар – революцияға қарсы шыққандармен, пара алушылармен және басқа қылмастармен күресу үшін құрылды.
1918 жылы 21 ақпанда жарияланған сот жөніндегі №2 декрет ең алдымен соттың атын –“Жергілікті халық соты” деп өзгертті және бұл соттардың ауыр қылмыстық істерді немесе азаматтық істер бойынша кең ауқымда қарау үшін олардың өкілеттігін кеңейтуді алдына мақсат етіп қойды. Сөйтіп, округтік соттардың мүмкіндіктерін молайтып, қылмыстық және азаматтық істер жөніндегі бөлімдерді ашты. Сатылы кезеңге негізделген сот инстанцияларын құрып, сот жүйесін мыныдый құрылымға ыңғайлады:
- жергілікті халық соты;
- аймақтық сот;
- облыстық сот;
- жоғарғы бақылайтын сот.
Сот құрылысы туралы №2 декреттің ең негізгі ерекшілігінің бірі – істі қараған уақытта халық заседательдерінің дауысы шешуші дауыс болып саналды. Өйткені, төрағалық етуші көп жағдайда бұрынғы бітімгер(мировой) судьяның білімін және тәжірибесін пайдалана отырып, оның қызметін бақылады.
Шындығында Кеңес үкіметінің алғашқы кезеңіндегі сот жүйесі қым-қуат, аласапыран кезде белгілі бір бағыт-бағдарда ойдағыдай жұмыс жасамады. Жоғарыда аталған сот жөніндегі №1, 2, 3, декреттер сот өндірісіндегі прцессуалдық іс жүргізудің ережелерін,бағыт-бағдарларын бір жүйеге келтіре алмады.бұл кемшілік 1918 жылғы 23 шілдеде РСФСР Юстиция Халық Комиссириатының “Жергілікті халық соттарының іс-әрекетін ұйымдастыру” жөніндегі нұсқауында атап көрсетілді. Осы пәрменді құжаттан кейін Қазақстан аумағындағы Ақмола, Семей, Орал, Торғай, Қарағанды және Түркістан өлкесіне қарайтын Жетісу, Сырдария облыстарындағы уездерде халық соттары жедел түрде ұйымдастырылды. Атап айтқанда, 1918 жылдың тамыз айына дейін облыс, уездерде 63 жергілікті халық соты құрылып үлгерген болатын.
Бірақ бұл құрылған жергілікті халық соттары азамат соғысы жылдары кезінде өз міндеттерін уақытша ғана атқарды. Аталған бұл соттармен қатар революциялық трибуналдар да құқықтық тәртіпті қорғау негізінде сот істеріне араласты.
1918 жылы 14 қазанда Әскери революциялық кеңестің жанынан Әскери революциялық трибунал құрылды. Бұл орган негізінен шпиондық әрекеттерді, ақгвардияшылардың үгіт-насихаттарын жүргізушілерді, шетел агенттерін ұстап жауапқа тартты. Сонымен қатар, бұл орган әскери қылмыстарды қарады.
Әскери революциялық трибуналмен бірге құқықтық қызметті революциялық трибуналдар да атқарды. Революциялық трибуналдардың құрамын, сондай-ақ олардың жанындағы тергеу комиссияларының құрамын,олардың алты заседательдерін жұмысшы, шаруа, қазақ және қызыл әскер депутаттарның кеңесі сайлады. Революциялық трибуналдар жанынан ұйымдастырылатын тергеу комиссиялары алдын ала тергеу жүргізу және қамауға алу, тінту,құжаттарды алып қою, мүлікті тәркілеу және газеттерді жабу құқығына ие болды. Революциялық трибуналдар жанынан сонымен қатар айыптаушылар алқалары да құрылды.
Қазақстан аумағында ең алғашқы революциялық трибунал жылы 28 желтоқсанда Ақмола құрылды. 1918 жылғы 30 қарашада шыққан “РСФСР-дағы халық соттарының ережелері” деген заң құжаты біріңғай кеңестік сот жүйесін ыңғайлауға айтарлықтай үлес қосты. Ал, Қазақстан үшін 1919 жылы 10 шілдеде Қазақ өлкесін басқару жөнінде құрылған Революциялық комитет Қазақстандағы соттар мына төмендегідей ретте жүйеледі:
- Аралық сот.
- Уездік халық соты.
- Аймақтық сот.
- Революциялық трибунал.
Аралық сот ең төменгі сатыда билік жүргізді. Ол ауылдық, болыстық атқару комитеті негізінде құрылып, қазақ, өзбек, ұйғыр және тағы басқа халықтар арасында өрбіген мүліктік дау-шараларды қарап шешті.
Аралық соттар дауларды шешу үшін әдет-ғұрып заңдарына сүйенді. Бұл соттардың шешімдері жергілікті кеңесте сақталатын арнайы кітапшыға жазылды. Және бұл соттардың шешімдер бойынша уездік халық соттарына шағымдануға болады деп көрсетті.
Уездік сот революциялық трибуналдың соттылығына жататын істен басқа, азаматтық және қылмыстық істерді қарады. Аралас халық тұратын жерде уездік халық соты екі бөлім негізінде құрылып,қазақ және орыс тілдерінде іс жүргізді. 1926 жылы 19 қарашада РСФСР Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің бекітуімен жаңа “Сот құрылысы туралы ” ереже қабылданды. 1937 жылы 26 мамырда қабылданған Қазақ ССР конституциясының 83-бабы екгізінде мынадай сот жүйесі белгіленді:
- халық соты;
- облыстық сот;
- Қазақ ССР Жоғарғы Соты;
- КСРО-ның арнайы соты.
Қазақ ССР Конституциясының 88-бабы бойынша: “Халық соттарының судьяларын аудан халқы жалпыға тән төте және тең сайлау құқығымен жабық дауыс беру арқылы 3 жыл мерзімге сайлады. Халық соттарына судьялардың кандидаттарын ұсынуға еңбекшілердің қоғамдық ұйымдары және мәдениет ұйымдарының жалпы жиналысы құқықты болады.”
Ұлы Отан соғыстары жылдарында көптеген сот қызметкерлерін әскерге шақырып майданға аттандырды(207 халық сотының судьясы, 44 облыстық сот мүшесі).
Сот қызметтерін ұйымдастыру мен оларға жағдай жасау (кадрларды дайындау, халық судьясына сайлауды ұйымдастыру, соттарды қаржыландыру) Қазақ ССР Юстиция Халық Комиссириаты мен облыстық еңбекші кеңес депуттатарының жанындағы Юстиция Халық Комиссириатының басқармасына жүктелді. Бұл орган 1946 жылы Қазақ ССР Юстиция Министрлігі болып қайта құрылды. 1960 жылы 1 маусымда Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің Төралқасы “Қазақ ССР Юстиция министрлігін қысқарту туралы” жарлық қабылданды. Министрліктің сот мекемелері жөніндегі басшылық, қызметі Қазақ ССР Жоғарғы Сотына берілді. Бұл құзыретті Жоғарғы Сот он жыл қатарына атқарып келді. 1954 жылы 14 тамызда КСРО Жоғарғы Кеңесі “Одақтас республикалар мен автономиялық республикалардың Жоғарғы Соты құрамында және өлкелік, облыстық соттарда, автономиялық облыстарда төралқа құру туралы ” Жарлық қабылдады.
1978 жылы 20 тамызда Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Конституциясы қабылданды. Конституция бойынша, Қазақ ССР соттарына: Қазақ ССР Жоғарғы Сот, облыстық соттар және Алматы қалалық соты, аудандық халық соттары жатқызылды. 1990 жылдың 24 сәуірінде Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы Н.Назарбаевты Қазақ ССР Президенті қызметіне тағайындап, Қазақ ССР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылданды. 1991 жылы тәуелсіздігімізді алғаннан кейін, 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Конституцияның 16-тарау сот билігіне арналды. Осы Конституцияның 95-бабында Қазазақстандағы сот билігі Конституциялық Сотқа, Жоғарғы Сотқа, сондай-ақ заң бойынша құрылатын төменгі соттарға тиесілі екендігі атап көрсетілді. 1995 жылы 20 желтоқсанда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “ ҚР-дағы соттар мен судьялардың мәртебесі туралы туралы” Жарлығы шықты. 84 баптан тұратын бұл Жарлық аясында республикадағы тәуелсіз сот билігі мен судьялардың мәртебесі туралы әлемдік өркениеттегі құқықтық нормаларға сай келетін жаңа заңдар ережесі жасалып бекітілді.
Қазіргі уақытта ҚР Президентінің аталмыш Жарлығы күшін жойып, 2000
жылы 25 желтоқсанда “ҚР-ның сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы ” конституциялық заңы қабылданды. Бұл конституциялық заң бойынша көптеген өзгерістер енгізілді.
Қазан төңкерісінен кейінгі уақыттан бастап осы күнге дейін мемлекетіміздің тарихында бес Конституция қабылданғанын және сол Конституцияларда көрсетілген сот жүйелері өз заманында өмір талабын лайықты қызмет атқарғанын, қажет кезде тиісті толықтырулар мен өзгертулер жасалып отырғанын байқаймыз.
Коммунизм кезінде биліктің үш тармаққа бөлінуі буржуазиялық өтірік болды.1917 жылдан бастап жалпы адамдық құндылықтар жоққа шығарылды. Әділеттілікке байланысты халықаралық нормалар қабылдағаннан кейін де бұл жағдай сол күйінде қала берді. Адам құқықтары туралы жалпы декларациясында былай жазылған: “Кез келген адам құқықтары бұзылған жағдайда құзыретті ұлттық соттар негізінде нәтижелі қалпына келтіруге құқығы бар.” Мұндай құқық туралы КСРО-да сөз болған жоқ. Социалистік жылдар кезінде соттар партияның қатаң қадағалауында болды. Соттардың 90%-ке дейін партия мүшелерімен тағайындалатын, Сот шешімі партия мүшелерінің келісімімен анықталатын. Жоғарғы соттар партиямен сайланып, оларға есеп беретін және олардың шешімімен жұмыстан босатылатын.
Сот билігі 1995 жылғы ҚР Конституциясы бойынша заң шығару және атқарушылық биліктен бөлінген және мемлекеттік биліктің дербес тармағын білдіреді.
“Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы” ҚР конституциялық Заңының 1-бабының 2-тармағына сәйкес сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нориативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді.
Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан бастап соттарға кез келген құқықтық мемлекетке тән өкілеттіктерді толық беру қажеттігі туындады. Сондықтан, соңғы жылдары сот билігінің проблемалары көптеген ғылыми жұмыстардың, әсіресе Ресей Федерациясы ғалымдарының зерттеу тақырыбына айналды. Осы ұғымның кейбір қырларын қазақстандық ғалымдар да өз жұмыстарында қарастырды.
Қазақстандық ғалым К.Х. Халықов сот билігін мемлекеттік биліктің ең маңызды тармақтарының бірі деп көрсетті. Оның қоғамның саяси және әлеуметтік жүйесіндегі мәртебесі, орны мен рөлі бүгінгі таңда ең қымбат қазына: адам, оның құқықтары мен бостандықтары және заңдылық болып табылатын өркениетті азаматтық қоғам мен демократиялық құқықтық мемлекет орнату міндеттерімен айқындалады. Сот билігі адамдар тағдырындағы ең жоғары әділеттік таразысы тәріздес. Ондағы нақ осы қасиет мемлекеттік билік тармақтарының ешқайсысында жоқ. Осылардың бәрі сот билігі мәселесінің жалпы теориялық бағыттарын айқындайтын факторлар болып табылады. Ал әкімшіл-әміршіл кеңестік тәртіптен демократияға өтудің күрделі де қиын кезеңдерін бастан кешіп отырған бүгінгі Қазақстанның нақты өмірінде сот билігі қалай әрекет етеді, сот билігінің өзінің қалыптасу процесі қалай өтуде және ол қандай қиындықтарға кезігіп отыр – міне осылардың бәрі ғылыми тұрғыдан да тәжірибелік тұрғыдан да өзекті мәселелер болып табылады.
“Сот билігі” ұғымының құқық ғылымында жаңа санат болып табылуына және жақында – 80-жылдардың аяғы, 90-жылдардың басында зерттеле басталуына байланысты. Сонымен бірге кеңес мемлекетінде мемлекеттік саясат шеңберінде теориялық тұжырымы қалыптасқан, яғни соған сәйкес елде біртұтас бөлінбейтін мемлекеттік билік жұмыс істейді. Сондықтан сот билігі мәселесі мемлекеттік биліктің дербес тармағы ретінде туындаған емес. Сот төрелігіне байланысты проблемаларға арналған ғылыми зерттеулерде сот – құқық қорғау органы жүйесінің бөлігі ретінде қарастырылды.
Құқықтық мемлекет қоғамындағы биліктерді бөлу теориясын мойындау сот билігінің мәнін зерттеуді бастауға негіз болды. Бұл ретте ғалымдар арасында ортақ пікір болмаған сот билігі ұғымын айқындау туралы мәселе маңызды болды. Мәселен, М.В. Баглай сотты адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, заңдылықты орнықтыруға арналған мемлекеттік биліктің тәуелсіз буыны ретінде ролін көрсете отырып, “Тәуелсіз сот билігі құқықтық мемлекеттің және конституционизмнің, халық бостандығының басты кепілі бола бастады”. Осы көзқарасты В.И. Раученко, В.П. Кашенов, К.Ф. Гуценко және В.М. Ковалев бөліседі.
Кейбір авторлар сот билігінің ұғымы мен мақсатын тек сот төрелігін жүзеге асыруымен байланыстырады. Мәселен, У.Жекебаев және В.К. Бобров, сот билігі сот төрелігінде іске асырылады деп пайымдайды.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, сот билігі оның құқықтық мемлекет жағдайында сот қызметін жүзеге асырудағы аса маңызды белгілері мен қызметтерін негіздеу тұрғысында қаралуға тиіс.
Сот билігінің мәні соттың сот төрелігін жүзеге асыру кезінде көрінеді. Алайда сот қызметін осы биліктің тек бір нысанын іске асыру болып табылатын бір сот төрелігінжүзеге асырумен ғанашектеуге болмайды. Алайда Қ.Ә.Мәми дұрыс ажыратқандай “сот билігі ұғымының мәнін және мазмұнын неғұрлым толық және айқын ашу үшін оның барлық белгілерін яғни мемлекеттетігінде оның ролі мен орнын, биліктің басқа тармақтарынан айырмашылығын көрсететін ерекшеліктері мен қырларын анықтау қажет”. “Сот билігін, — дейді В.М.Савицкий, — құқықтық мемлекеттің негізгі құрылымдарының бірі ретінде азаматтық немесе құқықтық нормаларда көзделген нақты істерді қараумен шектеуге болмайды. Мұндай көзқарас өзін жояды. Қазіргі сот билігі бұрын әдетте құқық төрелігі деп аталғаннан бөлек, соттың сапалы жаңа функцияларға ие болуы нәтижесінде туындауы мүмкін”.
Сот төрелігі саласынан басқа да сот билігі соттың басқа да функцияларды жүзеге асыруы кезінде іске асырылады, атап айтқанда:
— анықтау, алдын ала тергеу органдарының және прокурордың
қабылдаған шешімдері мен іс-әрекеттерінде заңдылықты бақылау;
— азаматтардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы өтініштерді, сондай-ақ бұзылған құқықтарға және бостандықтарын бұзған іс-әрекеттер мен шешімдерге шағымдарды қарау;
— соттардың заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдану тәжірибесін зерделеу және жинақтау;
— жеке қаулылылармен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шараларды келтіру;
— республика Жоғарғы Сотының жалпы отырысында сот тәжірибесі мәселелері бойынша нормативтік қаулыларды қабылдау;
— жоғары тұрған соттардың төменгі тұрған соттардың іс жүргізу әрекеттеріне сот қадағалауын жүзеге асыруы және т.б.
Сот билігі істі қарау кезінде кімге тиесілі – нақты судьяға ма немесе сот мекемесіне ме деген сұрақ талқыға түсті. Б.А. Страшун және А.А.Мишин “сот билігі құқық қоғамдық қатынастарға ықпал ету құралы ретінде барлық сот органдарының жиынтығына жүктелген, әрбір сот органы сот билігін ұстанушылар болып табылады”- деп есептейді.
Соттардың заң шығарушы билік органдарынан айырмашылығы заң шығармайды. Алайда олардың қызметі заңға тәуелді: сот Конституция мен заңның талаптарына (олардың нормаларын қолдануға және оларды басшылыққа алуға) бағынуға тиіс. Бұл ретте сот заңдар мен өзге де құқықтық актілерді дұрыс қолданумен, олардың Конституцияға, сондай-ақ жалпы танылған халықаралық қағидаттар мен нормаларға сәйкестігі тұрғысынан да баға беруге тиіс. Олардың ҚР Конституциясына сәйкессіздігі жағдайында сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға және Конституциялық Кеңеске осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен жүгінуге міндетті; осы арқылы соттар мен заң шығару процесіне белгілі бір әсерін тигізеді.
Өз кезегінде, заң шығарушылық билік органдары (соттарды ұйымдастыру және олардың қызметін регламенттейтін заңдарды қабылдаумен қатар) ҚР Парламенті Сенатының атынан:
— ҚР Жоғарғы Сотының судьялар корпусын қалыптастырады;
— Судьяларды осы соттың лауазымынан босату туралы мәселені шешеді;
— ҚР Конституциясының 55-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайларда судьяларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға келісім береді және т.б.
Соттар мемлекеттік биліктің атқарушы органдар тармағынан айырмашылығы ұйымдастырушылық және атқарушылық-өкімгерлік қызметпен айналыспайды. Сонымен бірге соттарға атқарушылық билік органдарының, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарын осы органдардың іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарды қарау арқылы бақылау құқығы берілген. Өз кезегінде, атқарушылық билік тармағының органы ретіндегі әділет министрлігі Конституциялық заңның 31-бабына сәйкес аудандық соттың төрағасы мен судьясына үміткерлерді Президентке ұсыну арқылы аудандық соттардың қызметін кадрлық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға тиіс. Сонымен бірге, Әділет министрлігі мен оның басқармасы кез келген буындағы соттарға қатысты сот төрелігін жүзеге асыру бойынша олардың қызметне араласпау қағидатын қатаң сақтау жағдайында заңмен берілген функцияларды жүзеге асырады.
Осылайша, Сот билігі ҚР Конституциясында соттарға берілген билік ету өкілеттіктеріне байланысты тепе-теңдік пен ара салмақтар жүйесі арқылы олармен өзара іс қимыл жасай отырып, заң шығарушылық және атқарушы биліктің шешімдеріне әсерін тигізеді. Осындай мәртебемен сотқа құқық мәселелері мен фактілерді шешуде көлемді құзырет берілген.
1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясының ережелеріне сүйене отырып, Қ.Ә.Мәми сот билігінің мынадай негізгі белгілерін бөліп көрсетеді:
Бірінші белгі – бұл билік конституциялық бекітілген біртұтас мемлекеттік биліктің тармағы болып табылады. Осыған байланысты оны мемлекеттік қызметтің түрі деп толық айқындауға болмайды, не көптеген мемлекеттік органдар билік тармағының табиғатына келе бермейтін қызметтерді орындайды.
Екінші белгі – сот билігінің тек арнайы мемлекеттік органдарға – Конституцияда белгіленген тәртіппен құрылған соттарға тиесілі.
Үшінші белгі – оны өз кезегінде Конституцияда көзделген тәртіппен құрылатын арнайы мемлекеттік органдарда құруда; сот алдында жеке міндеттері мен мақсаттарын қоюда және оларды жеке құзыреттерімен бөлуде, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен жеке қаржыландыруда көрінетін ұйымдастырушылық, функционалдық және қаржылық дербестікке ұсынатын сот билігінің тәуелсіздігі.
Осы биліктің тәуелсіздігі оның басқа мемлекеттік органдарға: Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне бағынбайтындығын білдіреді. Сонымен бірге абсалюттік, толық тәуелсіз соттар да болмайды, өйткені олар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен басқа да заң актілерінің талаптарына бағынуға тиіс. Соттардың заңсыз шешімдерін тек сот күшін жоя алады, ал басқа құрылымдар ондай құқықты иеленбейді.
Төртінші белгі – бұл мемлекеттің атынан сот билігін жүзеге асыруы: Қазақстан Республикасының атынан үкімдер мен соттардың өзге де шешімдерін жария ету.
Бесінші белгі – сот төрелігің, яғни құқықтық даулар мен істерді қарауға байланысты жүзеге асыру.
Алтыншы белгі – осы билікті Конституция, заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актілер, республика халықаралық шарттарының негізінде туындаған дауларға ғана қолдану. Сот мораль, діни, қызметтік әдеп нормаларын бұзуға байланысты жанжалдарда қарамайды және шешпейді.
Жетінші белгі – осы билікте оның қызметіне тән іс жүргізу (талап арыз ісін жүргізу, процеске айыптауға және қорғауға қатысу).
Сегізінші белгі – осы биліктің құқық қорғау сипаты, қызметінде осыған байланысты екі қыры бөлініп шығады: құқық пен заңның үстемдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Тоғызыншы белгі – оның шешімдерін мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз ету.
Жазылғандарды ескере отырып, сот билігін Қ.Ә.Мәми азаматтардың, мемлекет пен ұйымдардың құқықтарын, бостандындықтарын және заңды мүдделерін қорғау мақсатында құқықтық даулар мен істерді шешу және оларға жүктелген басқа да міндеттерді орындау бойынша заңмен берілген өкілеттікпен Конституцияда көзделген тәртіппен құрылатын, ерекше іс жүргізу нысандарында жұмыс істейтін және мемлекеттің барлық аумағындағы міндетті сипаттағы шешімдерді шығару құқығы бар, оны мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз ететін арнайы мемлекеттік орган ретінде мемлекеттің атынан іске асыратын, Конституцияда белгіленген біртұтас мемлекеттік биліктің тәуелсіз тармағы ретінде айқындайды.
Мәселен, В.И.Швецов сот билігінің мынадай белгілерін көрсетеді:
- оны арнайы мемлекеттің органдардың жүзеге асыруы;
- оның біртұтас сот жүйесін құрайтын соттарға тиесілігі;
- қоғамда тиісті құқықтық режимді қаматамасыз ету;
- оны түрлі құқықтық нысандармен жүзеге асыру;
- оны іс жүргізу заңдарының негізінде және қатаң жүзеге асыру;
- құқық қорғау органы болып табылатын соттың тәуелсіздігі, дербестігі және оқшаулығы;
- айрықшалығы;
- сот өкілеттігінің биліктік сипаты;
- сот талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және оның шешімдерін мемлекетің күшімен орындау.
Осылайша, тәуелсіз және кәсіпқой сот билігі қылмыстық, азаматтық және заңмен белгіленген барлық істер мен құқық және фактілер туралы дауларды қарауға және шешуге бағытталған сот ісін жүргізу нысандары саласындары саласында соттың биліктік өкілеттігі мен мүмкіндігін білдіреді. Оның үстіне, соңғы уақытта сот қызметі мен дербестігін ұйымдастыруда көп нәрсе жасалады және жасалуда. Олардың материалдық базасы нығаюда, материалдық ынталандыру айтарлықтай өсті.
Қазақстан Республикасында сот билігі шындыққа айналды. Бұл біздің мемлекеттілігімізді дамытуда басты жетістіктердің бірі. Бүгінде сот билігі мемлекеттік биліктің барлық қажетті атрибуттарына ие. Ол оны мемлекет тұрақтандырушы күшке айналдарды, қоғамды әлеуметтік тартыстардан қорғайды. Оған басқа органдар мен адамдардың іс-әрекеттері мен заң шығарушы және атқарушы биліктің іс-әрекеттері мен шешімдеріне белсенді әсер етудің, оларды “теңдестірудің” заңдық мүмкіндігін білдіретін сот билігі өкілеттіктерінің тұжырымды жаңа түрі.
1.2.Үкімге қойылатын талаптар: мазмұны мен құрылысы.
Үкім жасау сот талқысының қорытынды және шешуші бөлігі болып табылады. Үкік – сотталушының кінәлілігі, не кінәсіздігі және оған қылмыстық жаза қолдану, қолданбау туралы сот мәжілісінде шығарған соттың шешімі. Тек сот үкімі бойынша ғана адам қылмыс жасағаны үшін кінәлі боп есептеліп, қылмыстық жазаға кесіледі. Бұл үкімнің ең негізгі мәні.
Үкімді шығару арқылы соттың процессуалдық қызметі толық жүзеге асады – қылмыстық істі шешу функциясы.
Үкім – мемлекеттік сот билігінің актісі. Ол мемлекет атынан шығарылып, жарияланады. Қазақстан Республикасының барлық соттар үкімді Қазақстан Республикасының атынан шығарады. Мемлекеттік билік актісі бола тұра, үкім құқық нормаларын бекітпейді, тек жеке бір құқықтық мәселе бойынша шешім жасайтын құқық қолдану актісі.
Өзінің құқықтық табиғаты бойынша үкім де қылмыстық процестегі басқа шешімдер сияқты нақты құқықтық қатынасқа құқық нормасын қолдану актісі боп табылады. Басқа құқық қолдану актілерінен бөлектейтін үкімнің спецификалық ерекшелігі үкімді тек соттың ғана заңда бекітілген тәртіппен шығаруында және қылмыстық істің негізгі мәселелерін шешуінде. Үкәім бірінші сатыдағы сотта іс қарауды аяқтап, сотталушыға жаза тағайындайды немесе оны сол іс бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту мүмкіндігін жояды. Сонымен қатар, үкім тек қылмыстық процесс құқығының нормаларын қолдану актісі ғана емес, қылмыстық құқық нормаларын қолдану актісі де болып есептеледі. Айыптау үкімін шығарғанда да, ақтау үкімін шығарғанда да қылмыстық құқық қолданылады.
Және бір істе шешімін тапқан барлық мәселе бойынша үкімнің жалпыға міндеттілік сипаты болады. Үкім барлық мемлекеттік және қоғамдық мекемелерге, кәсіпорынға, ұйымға, лауазымды адамдар мен азаматтарға міндетті, және де бүкіл Қазақстан Республикасы территориясында орындалуға тиіс. Бірақ, басқа құқық қолдану актілерінен айырмашылығы сонда, ол заңды күшіне енгесін ғана жалпыға міндетті. Сот үкімі заңда белгіленген мерзімде шағым мен наразылық түспесе заңды күшіне енеді, егер шағым келген болса жоғары тұрған сот үкімді күшін жоймай өз күшінде қалдырса, шағымды қараудан кейін күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес әрбір сотталушының үкімді қайта қарауды жоғары тұрған соттан талап етіп шағымдануға құқы бар [4].
Бұл үкімнің дұрыстығына кепілдік туғызып, үкімнің мәнін арттырады. Егер сотталушыға үкімді тексеру өндірісін қозғау құқығы берілмесе үкім заңды күшіне еніп, жалпыға міндетті бола алмайды. Үкімнің басқа құқық қолдану акутісінен тағы бір айырмашылығы осы, айталық тергеуші мен прокурордың шешімдері және соттың процесс барысындағы басқа шешімдері ишағым түскеніне қарамастан бірден орындалады. Ал үкім тек заңды күшіне енгесін ғана орындалады.
Заңды күшіне енген үкімнің ақиқат презумпциясы болады.
Сондықтан оның күші тек заңда бекітілген шектеулі негіздерде ғана
жойылады.
Күшіне енген үкімнің дара сипаты мен преюдициалдық маңызы болады. Үкімнің дара сипаты бір адамға қатысты бір айыптау бойынша екінші рет үкім шығаруға жол берілмейтінін білдіреді. Тек алғашқы үкім бұзылған жағдайда ғана бұл әрекет іске асу мүмкін.
Үкімнің преюдициалдық маңызы мынада: жеке бір іс бойынша фактілер туралы соттың ой қорытындылары сол деректерді өндірісте қарап жатқан соттар үшін және басқа құқық қолдану органдары үшін міндетті.
Осы үкімде шешімін тапқан мәселелер бойынша басқа еш акт шешімін бере алмайды.
Үкімнің процессуалдық маңызы: үкім қылмыстық іс бойынша сот төрелігінің негізгі актісі боп табылады. Біріншіден, ол қылмыстық процесс қатысушыларының құқықтарын қорғай отырып тергеу органдары мен бірінші инстанциялық сот қызметінің қорытындысын шығарады. Екіншіден, үкім қылмыстық істі шешудің алғашқы сатысы бола отырып сот арқылы қорғанудың ары қарай жүруіне негіз болады, яғни сот қадағалауының барлық түріне негіз болады.
Үкімнің әлеуметтік маңызы:
1) Сот билігінің бұл актісінде қаралған әрекеттің қауіптілігінің мемлекет атынан әлеуметтік бағасы беріледі;
2) Үкімде қылмыстық әрекетке қоғамдық көзқарас көрініс табады, қылмыстық қудалаудың әлеуметтік негізділігі мен қылмыстық жазаның тиімділігін есептейді;
3) Халыққа жарияланған үкім қоғамда құқықтық сананың қалыптасуына себеп болады; заңдылық пен құқықтық тәртіптің болуына негіз болады.
Заңға сәйкес үкім заңды, негізді, әділетті және дәлелді болу керек.
1) Үкімнің заңдылығы – бұл оның материалдық және процессуалдық құқық ережелеріне сәйкестігі. Материалдық құқыққа сәйкес келуі деген ол Қылмыстық кодекстің нормаларының дұрыс қолданылуы, қылмысты саралау, жазаның түрі мен мөлшері, мүліктік шығынды өтеуге байланысты, сонымен бірге, азаматтық, еңбек құқығы секілді басқа да материалдық құқық нормаларының дұрыс қолданылуы.
Процессуалдық құқық нормаларына сәйкес болуы да заңдылығын білдіреді. Материалдық құқық нормасын дәл қолданғанымен процестің құқық нормалары айқын бұзылса үкім заңды болмайды. Процессуалдық құқық нормасы тек сот үкім шығарғанға дейін ғана алдын – ала тергеу кезінде де бұзылмаған болу керек.
Бүкіл қылмыстық сот өндірісінде қылмыстық процессуалдық заң
қатаң сақталса үкім заңды болады.
2) Үкім негізділігі соттың үкімдегі тоқтамдарының сот мәжілісінде зерттелген дәлелдемелер жиынтығы қуаттаған және жеткілікті, толық, шынайы деп білген жағдайларға сәйкестігін білдіреді.
Негізді болуға тиіс сот тоқтамдарына үкімнің сипаттамалы және қорытынды бөлігіне кіретін барлық шешімдер мен тұжырымдар жатады.
Дегенмен соттың әр тоқтамдарының ерекше өзіне тән негіздері болу мүмкін. Деректер туралы тұжырымдар көбіне дәлелдемелерді талдау нәтижесіне сүйенеді. Егер дәлелдеме жеткілікті болып сот шындыққа тұжырым жасаса, онда үкім негізділігі ақиқаттылықты білдіреді.
Дәлелдеме жеткіліксіз болса, сот сотталушыға тиімді тұжырымдарға келе береді.
Сот айыптау дәлелденді деп тапқан болса оның әрекетін саралау, жаза тағайындау не жазадан босату, залалды өтеу сияқты шешімдері де негізді болуы тиіс.
Соттың кез – келген тұжырым, тоқтамының негізсіздігі үкімнің негізсіздігіне әкеп соғады.
Ақтығы дәлелденген адамды соттау не кінәсі дәлелденгіндігі ақтау – үкімнің негізсіздігі. Сот маңызды жағдайды анықтамаса, іске маңызы бар дәлелдемені зерттемесе немесе сот шешімдері анықталған деректерге қайшы болса үкім негізсіз болады.
Үкімнің заңдылығы мен негізділігі арасы ажырамас ұғымдар. Негізсіз үкім – заңсыз үкім, өйткені қылмыстық процессуалдық заң негізді үкім шығуын талап етеді. Соттың кез – келген тұжырымының негізсіздігі қылмыстық процестің заңды бұзу, ал қылмыстық құқық нормасын қолданудағы негізсіздігі материалдық заңды бұзу болады.
3) үкімнің дәлелділігі үкімнің сипаттамалы және қорытынды бөлігіндегі тұжырымдар мен шешімдерді қуаттайтын деректі және заңды аргументтердің көрсетілуін білдіреді. Дәлелділік үкімнің негізділігі мен заңдылығының кепілі болады. Бұл үкімнің заңдылығы мен негізділігін тексеруге, оның сенімділігіне жағдай жасайды.
4) Үкімнің әділеттілігін екі түрлі түсінуге болады. Тар мағынасында: жазаның қылмысқа және қылмыскерге сай тағайындалуы.
Кең мағынасында: әділеттілік үкімнің заңдылығы мен негізділігінен көрінеді және мәні мен нысанасына байланысты істі дұрыс шешуді, құқықтық емес қағидаларына да, әлеуметтік парасаттылыққа да адам мен оның әрекетін бағалауда сүйенуді білдіреді. Ол қоғамның беретін бағасы, әлеуметтік пікірі.
Сондықтан, заңды да негізді үкімнің өзі әділетті болмауы мүмкін, мысалға қылмыстық заң әлеуметтік қажеттілікке сай келмеуі мүмкін. Заңның қоғамда пісіп жетілген құқықтық – парасатты құндылықтарға сәйкес келмей қалуы ғажап емес.
Мазмұны мен құрылысы.
Нақты бір үкім өзінің мазмұны мен құрылысы арқылы жеке дара.
Дей тұра кез келген үкім белгілі бір деректерді бекітіп, құқықтық мәселені шешетіндіктен белгілі бір, бекітілген жүйеге келтірілмек.
Үкімнің мазмұнын оның маңызды құрамдық элементтерінің жиынтығы деп білеміз, ал құрылысы деп мазмұнының элементтерінің байланысу тәсілін,
оның бөліктерінің өзара байланысуының тұрақты құрылысын түсінеміз.
Үкім құрылысының құрамдық элементтері өзара тығыз бірлікте болады. Тығыз бірлікте бола тұра үкімнің әрбір бөлімі өзіндік құралған ой жүйесімен ерекшеленіп, үкімнің жеке қасиеттерін бөліп алады.
Үкім үш бөлімнен тұрады: кіріспе бөлім, сипаттамалы бөлім, қорытынды бөлім.
Кіріспе бөлім: үкімнің кім арқылы, қандай жағдайда және кімге қатысты шығарылғанын айқындайтын реквизиттерінен тұрады. Қазақстан Республикасы КІЖК 368 бабына сәйкес бұл бөлімде үкімнің Қазақстан Республикасы атынан шығарылғандығы, үкім шыққан уақыты мен орны, оны шығарған соттың аты, сот құрамына кірген судьялардың аты жөні, сот мәжілісінің хатшысы, айыптаушы, қорғаушы жазылады. Бұл бөлімде іс бойынша төрағалық етуші мен басқа судьялардың лауазымы мен аты жөні, прокурордың лауазымы, кластық шені мен аты жөні, қорғаушының аты жөні мен өзі мүшесі болып табылатын адвокаттар алқасының атауы көрсетілуі тиіс.
Осымен қатар мұнда басқа да сот талқылауының қатысушылары көрсетіледі: жәбірленуші, азаматтық талапкер және жауапкер, олардың өкілдері. Ары қарай сотталушының аты, тегі, әкесінің аты, туған жылы, айы, күні және жері, тұрғылықты жері, жұмыс орны, оқуы, білімі, отбасының жағдайы және басқа іске мәні бар деректер жазылады. Мұндай деректер қатарына мыналар жатуы мүмкін:
Сотталушының Отанды қорғаудағы әскери қимылдарға қатысқандығы; Мемлекеттік сыйлықтарының, жаралылығының, контузия, мүгедектіктің, ауыр науқасының, құрметті, әскери және басқа да атағының болуы; соттылығы, яғни сотталған уақыты, қылмыстық заң нормасы, жаза мөлшері мен бас бостандығын айыру жөніндегі деректер; аса қауіпті рецидивист деп танылуы және алкоголизмнен не нашақорлықтан мәжбүрлі түрде емделу туралы фактілер. Сотталушы жайлы деректерден кейін ол айыпталып отырған қылмысты көрсететін қылмыстық заң көрсетіледі. Тек бабы емес, пункт, тармақ және тармақшасына дейін көрсетіледі. Сонымен бірге бұл бөлімде сот мәжілісінің ашық өткені не жабық өткені көрсетіледі.
Үкімді шығару уақытына оған сот құрамының қол қойған күні, айы, жылы жатады.
Соттың кеңесу бөлмесінде болу уақытын үкімнің шығу уақытына жатқызуға болмайды, егер сот бірнешекүн кеңесу бөлмесінде болған жағдайда тек үкімге қол қойылғанда ғана үкім шыққан боп саналады.
Үкімнің шығу орны болып сло қала, сол елдегі мекен есептеледі.
Судьялардың, прокурордың лауазымы, сыныптық шені, іс қараған әскери сот болса, судьялардың әскери атағы, әскери прокурордың, сот мәжілісі хатшысының әскери атағы, үкім шығаруға қосымша судья қатысса оның аты жөні, ал, шығып кеткен судьяның аты жөні жазылмайды; іс қарауға қоғамдық айыптаушы мен қоғамдық қорғаушы қатысса, олардың аты жөні мен өздері өкілі боп табылатын ұйымы көрсетіледі.
Іс қарауға қатысқан әр адамның тегі ғана емес аты мен әкесінің аты да
толық жазылуы қажет, мұнсыз қатысушылар толық белгілі деуге болмайды.
Сот құрамының заңдылығын тексергенде, прокурордың хатшының, басқа да іске қатысушылардың қатысу заңдылығын тексергенде аттас тектес адамдарды айыру үшін қажет.
Сотталушының бұрын сотталғандығы, шын аты жөнімен қатар жалған аты жөндері; іс қарау кезіндегі бар әкімшілік аймақтық бөлініс бойынша тұрғылықты жері көрсетіледі.
Сотталушының жеке басына қатысты барлық мәліметтер жазылады, себебі ол жаза түріне, түзеу мекемесінің түрі мен режиміне, мөлшеріне әсер етеді.
Сотталушы жөнінде басқа да мәліметтер: Отанды қорғап соғыс қимылдарына қатысуы; Мемлекеттік сыйлығының барлығы, жаралы болуы, контузия, мүгедектік алуы, ауыр ауруының болуы, құрметті, әскери атағы, соттылығы, сотталу уақыты, қылмыстық заңы, бұлтартпау шарасы, бас бостандығынан айыру орнында отырғаны көрсетіле отырып, жойылған не алынған соттылығы; жұмысқа қатынасы, қоғамдағы, тұрмыстағы жүріс тұрысы туралы мәліметтер жатады.
Сипаттамалы бөлімінде: сот мәжілісінде талқыланып, анықталған тұжырымдар жазылып, іс бойынша шығаратын шешіміне негіздерді келтіреді.
Айыптау үкімі мен ақтау үкімінің сипаттамалы бөлімдерінің мазмұны әр түрлі.
Айыптау үкімінің сипаттамалы бөлімінде әуелі сот дәлелденді деп таныған қылмыстық әрекеттің сипаттамасы беріледі. Қылмыстың орны, уақыты, жасалу тәсілі, кінәнің мөлшері, қылмыскердің ниеті мен зардаптары көрсетіледі, яғни қылмыс құрамының белгілеріне сай келетін айыптаудың құрылымы көсетіледі. Келтірілген айыптардың әр қайсысына жеке-жеке айқындама беріледі. Қылмыстың барлық жасалу оқиғасы кезең-кезеңімен сипатталады. Бірнеше сотталуға қатысты іс қаралып жатқан болса, онда әр қатысты қатысушының әрекеті сипатталады. Мұнда тек сот мәжілісінде дәлелденген жағдайлар ғана көрініс табуға тиіс және айыптаудан кейін сотта қаралған дәлелдемелер көрсетіледі. Ол сотталушының тағылған айыпқа деген пікірінен басталады, кінәсін жеке бір бөлігінде не толық мойындауы немесе кінәсін мойындамауы.
Ары қарай сотталушының жауабы, кінәні мойындамау жөніндегі тұжырымдары, одан кейін соттың позициясын қуаттайтын не жоққа шығаратын дәлелдердің талқыламалық қорытындысы жасалады. Осы кезде дәлелдер көзіне сілтеме жасап қана қоймай, олардың көмегімен алынған және сот тұжырымдарына негіз болатын деректерді де келтіру керек.
Егер бір-бірімен қарама-қайшы деректер болса, олар сотталушыны
ақтайтын не жағдайын жақсартатын дәлелдер болып бағаланады. Қандай да
бір дәлелдерді қабылдауының не қабылдамауының негізі келтіріледі.
Айыптаудың сот мәжілісінде белгілі бір бөлігі ғана қуатталатын болса қалған бөлігінің негізсіздігі көрсетіліп, осыған сай деректерге негізделеді.
Сот айыптың дәлелдегенін негіздей отырып, ниетін белгілеп, қымысты
саралайды. Алдыңғы саралауды өзгерткен жағдайда сот оның себебін түсіндіреді. Айыптау үкімінде ендігі кезекте жаза тағайындауға қатысты шешімдері дәлелденеді. Жаза мөлшерін анықтағанда сот өзінің қылмыстық қоғамға қауіптілігінің сипаты мен деңгейіне, сотталушының жеке басына берген бағасын нақты деректерге сүйене отырып негіздеу керек және жауапты жеңілдететін, ауырлататын жағдайларды келтіру қажет. Заң сонымен қатар соттан бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау негізін түсіндіруін талап етеді, егер қылмыстық заң санкциясында мұнан да басқа жазалар көрсетілген болса, мысалы: бас бостандығынан айыруға қатыссыз; аса қауіпті рециивист деп тану; шартты түрде соттау; жазаның астыңғы шегінен төмен жаза тағайындау; басқа жеңілірек жазаға өту; түзеу мекемелерінің түрін таңдаудың жалпы ережелерінен ауытқи отырып еңбекпен түзеу не еңбекпен тәрбиелеу колонияларының түрін тағацындау; үкімнің орындалуын кейінге қалдыру.
Ақтау сипаттамалы бөлімінде айыптың мәні, сот анықтаған істің мән-жайы, ақтауға негіз болған дәлелдемелердің талқылама қорытындысы, айыптауға тірек болған дәлелдерді соттың қабылдамауының дәлелі келтіріледі. Соттың мұндай әрекеті кез-келген күмәннің сотталушының пайдасына шешілу қағыдасынан бастау алады.
Бұлардан басқа айыптау үкімінің де, ақтау үкімінің де сипаттамалы бөлімдерінде азаматтық талап не мүліктің шығынды өтеу жөніндегі, заттай дәлелдердің тағдыры жөніндегі, сот шығындарының мөлшері, қажет болған жағдайда басқа да мәселелер жөніндегі шешімдердің негіздемесі көрсетілуге міндетті.
Осы тұрғыда үкімнің сипаттамалы бөлімінің құрылысы іс бойынша дәлелдемелерді бағалайтын істің мән-жайын анықтайтын, шығаратын шешімнің бастапқы қадамы деуге болады. Сондықтан сипаттамалы бөлімнің мазмұнының негізгі екі элементін бөлектеп алған жөн, олар нысандау және негіздеу.
Нысандау мазмұнына қылмысты мойындау немесе мойындамау элементтері кіреді. Бұл басқаша айтқанда процессуалдық сипаттау болады. Әсірессе айыптауды нысандауға талап күшті, себебі, ол үшін нысандау мазмұнына қылмыстылықты дәлелдейтін барлық элементтер өзара байланысты көрініс табу керек.
Айыптауды нысандауға кірген қандай да болмасын тұжырым анық және нақты болуға тиіс. Әйтпесе ол тұжырым бола алмайды және соттың қорытындыларын мықты ете алмайды. Демек сот тұжырымдары логикалық жүйеде деректерге незізделген құрылымда құрылу керек.
Негіздеу деген сөздің астарынан жалпы шешімнің өнделу процесінің логикалық жағын түсінуге болады, яғни тұжырымға негіз болған логикалық сәйкес деректер, дәлелдемелерге сүйену. Сот әрбір деректің мазмұнын ашып, шешімінің негізіне қоюға жеткілікті дәлелдемелерге арқа сүйейді. Өің неліктен сол дәлелдемелерге сүйенетіндігін жүйелеуін – шешімін негіздеуі деп ұғамыз.
Үкімнің негізді және заңды болуына үкімнің сипаттамалы бөлімінің сот мәжілісінде зерттелген іс материалдарына сәкестігі жағдай жасайды.
Сот талқысы сотталушыларға ғана қатысты өтіп жатқандықтан үкімді қылмыс жасаған басқа адамдарды кінәлайтын тұжырымдар келтірмеуі тиіс. Егер қылмыстың қатысушыларының біреулері қылмыстық жауаптылықтан босатылса, бірақ олардың қылмысқа қатысуын айту сотталушылардың қатысу деңгейіне, әрекетінің саралауына әсер ететін болса ғана іс қысқаруының негізін көрсете отырып айтып өтеді.
Егер кейбір айыпталушының ісі жеке өндіріске бөлінсе, үкіде оның қылмыс жасауға басқалармен бірге қатысқандығы көрсетіледі.
Сипаттамалы бөлім айыптауды құраудан және сот қабылдайтын шешімнің негіздерінен тұрады. Бұл бөлім қорытынды бөлімде қабылдайтын шешімнің негізі болады, сондықтан сипаттамалы бөлім қорытынды бөліммен қарсылықта болмауы тиіс. Сипаттамалы бөлімде айыптау бойынша соттың тұжырымдары күмәнді боп құралуына болмайды.
Сипаттамалы бөлімді жазу кезінде қылмыстық әрекеттің толық сипатталуына, дәлелдердің анализі мен бағалануына ерекше назар аударылыуы жөн.Мұнда куәгерлердің жәбірленушінің тек тегін ғана емес, жауаптарының да мәнін жазу керек.
Практикада кейде сотталушының өз кінәсін мойындауы бұл бөлімде дәлелді негіздеме жасауды керек етпейді деген де пікір бар. Бұл пікір қате, себебі, сотталушы мойындаған кінәсінің басқа дәлелдер жиынтығымен дәлелдегені туралы сот үкімінде негіздеме жасауы қажет.
Ескеретін бір жағдай бар, үкімде, сот мәжілісінде жауап алынбаған куәгерлер мен жәбірленушілердің жауаптарына тек қана куәгерлер мен жәбірленушілер сот мәжілісінде себепті жағдайлармен келмей қалып, оларды тергеу кезінде берген жауаптары сот мәжілісінде жарияланып, зерттелгенде ғана негіздеуге болады.
Істе бір сұрақ бойынша бірнеше сарапшының қорытындысы бар болса сот әр қорғаушыға дәлелдер жиынтығымен бірге баға береді және өзінің қабылдаған қорытындысы мен қабылдамаған қорытындысы бойынша негіздеме келтіреді.
Сот іс қарау кезінде сұратып алғандықтан сотталушы оларға өз түсініктерін бере алмаған дәлелдерге үкімді негіздеуге бломайды. (Сборники по вопросам уголовного процесса. с.216).
Үкімде сотталушыны қылмыс жасауға кінәлі деп таба отырып сот қылмыстың зардаптарының деңгейіне, шығын мөлшеріне т.б. әсер ететін белгілерге жататын жағдайларды көрсетуге тиіс.
Егер сотталушы қылмыстың заңның брнеше баптарымен қате сараланған болса, осы сипаттамалы бөлімде ғана қате сараланған бапты алып
тастағаны туралы негіздей отырып көрсетсе жеткілікті.
Жаза таңдау ескерілген қылмыстың қоғамға қауіптілік деңгейі мен сотталушының жеке басы жөніндегі жағдайларды да осы бөлімге жазады.
Сот өзінің өтеуге жататын моральдық және материалдық шығынның
мөлшері туралы қорытындысын негіздейді.
Осы бөлімде өзінің талапты қанағаттандырудың не қанағаттандырмаудың негізін, қанағаттандырған талаптың мөлшері және азаматтық талапты шешуге негіз болған заң көрсетіледі.
Үкімнің қорытынды бөлімінде: барлық талқыланған мәселелер бойынша шешімдер жиынтығы орналасады.
Айыптау үкімнің қорытынды бөлімінде соттың аты-жөні, әкесінің аты, оны қылмыстық заңның бабында нақты көрсетілген қылмыстыың жасалынуына кінәлі деп тану туралы шешім жазылады. Егер сотталушыға қылмыстар жиынтығы бойынша айып тағылып, олардың біразы қолдау таппаса қандай баппен айыпталып, қай бап бойынша ақталғаны дәл көрсетіледі.
Мұнан соң сот тағайындаған жазаның түрі мен мөлшері айқындалады. Бірнеше қылмыс жасаған жағдайда әр қылмысқа жеке-жеке жаза тағайындалып, артынан өтеуге тиіс жазаның толық көлемін шығарады. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамның жаза өтейтін еңбекпен түзеу мекемесінің түрі мен режимі көрсетіледі. Адамды ас қауіпті рецидивист етіп таныған шешім жазаны анықтағанға дейін жазылады. Бұл бөлімде бұған қоса мына мәселелер бекітіледі: сотталушыны жазасын өтеуден босату шешімі; шартты түрде сотталушыларға сынақ мерзімі, егер тәрбиелеу, түзеуге берілсе оны қадағалайтын субъектілер; үкімінің орындалуын кейінге қалдырудың мерзімімен сотталушыға қойылатын міндеттер және сотталушыны бақылайтын ұжым не адам; әскери, құрметті т.б. атағынан, ордині, меделінен, сыныптың шенінен дипломдық рангісінен айыру мәселесінен жөніндегі шешімі, ұсталған не қамауда ұсталған сотталушының уақтын есепке алу жөніндегі шешім; үкімнің заңды күшіне енгенге дейінгі сотталушыға қолданылатын бұлтартпау шарасы.
Ақтау үкімінің қорытынды бөлімінде: сотталушының аты-жөні, әкесінің аты; қылмыстық заңның нақты бабында көрсетілген қылмыс бойынша кінәсіз боп табылып ақталуы жайлы шешім; ақталуының негізгі және бұлтартпау шарасы мен мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету шарасын алып тастау шешімі жазылады. Айыптау үкімінде де ақтау үкімінде де қорғау бөлімінде азаматтық талап не мүліктік шығынды көтеру мәселесі, заттай дәлелдердің тағдыры мен сот шығындарын бөлу мәселелері шешіледі. Үкмнің соңында үкімге аппеляциялық шағым беру, наразылық келтіру тәртібі мен мерзімі көрсетіледі.
- ҮКІМНІҢ ТҮРЛЕРІ.
2.1. Айыптау және ақтау үкімдері: түсініктері, түрлері, шығару негіздері.
Үкімнің негізінен екі түрі бар: айыптау үкімі; ақтау үкімі. Қылмыскер не айыпталады не ақталады. Демек, үкімде айыптаудың барлық сұрақтарына түбегейлі жауап беріледі. Іс барысында сотталушыға бірнеше айып тағылса да, бірнеше сотталушы болса да бір ғана үкім шығарылады. Үкім біртұтас құжат бола тұра бір сотталушыны айыптап, келесін ақтауы мүмкін.
Айыптау үкімін сот іс қарау барысында сотталушының кінәсі дәлелденген жағдайда тек қана күмәнсіз дәлелдемелерге негіздеп шығарады. Сотталушының пайдасына шешілетін барлық күмән және тұжырымдар толық тексеріліп жоққа шықпайынша, соттың айыптау үкімін шығаруға құқы жоқ. Ары қарай дәлелдерді зерттеуде де айыптың дәлелденгені жөнінде күмән кө болса, сот ақтау үкімін шығаруы тиіс. Мұндайда сот кінәсіздік презумпциясы қағидасын басшылыққа алады.
Айыптау үкімі сотталушының кінәлілігі толық дәлелденіп кінәсіздігі жөніндегі барлық күмән жойылғанда шығады. Ақтау үкімі болса сотталушының кінәсіздігін айыптаушы жоққа шығара алмаса болды кінәсіздік жөнінде болжам бойынша да шыға береді.
Қорытынды былай: адамды соттау үшін оның кінәлілігіне көз жеткіздіруің қажет, ақтау үшін оның кінәлілігіне күмәндану жеткілікті.
Кінәсіздік презумпциясының маңызы едәуір. Ол біріншіден, қылмыстық іс жүргізу органдарының істің мән – жайына толық қанығуына, барлық жағдайларын анықтауға қосымша итеруші күш болады. Екіншіден, істе күмән болса да не істеу керектігін анықтайды.
Сонымен, үкім түрлерінің түсінігін берейік.
Айыптау үкімі – бұл сотталушыны қылмыстың жасалуына кінәлі деп табатын, оған тиісті жаза тағайындайтын немесе тағайындамайтын құжат.
Ақтау үкімі – бұл тағылған айыпты жоққа шығара отырып сотталушының кінәсіздігін бекіту туралы құжат.
Бұрынғы заң бойынша айыптау үкімінің үш түрі ғана болған. Олар: өтеуге жататын жаза тағайындайтын айыптау үкімі; жаза тағайындайтын және оны өтеуден босататын айыптау үкімі; жаза тағайындамайтын айыптау үкімі.
Әдетте қылмыс жасаған адамға қылмыстық жаза тағйындалып, ол тағайындалған жазаны өтейді.
Сонымен қатар, сотталушыға қатысты амнистия актісі, кешірім жасау актісі шыққанда, қылмыстық жауаптылықа тарту мерзімі өтіп кеткен жағдайда ол сотталушыға байланысты жаза өтеуден босататын айыптау үкімі шығарылатын. Егер сотта іс қарау кезінде әрекеттің не сотталушының қоғамға қауіптілігі жойылса, жаза тағайындаусыз айыптау үкімі шығарылатын.
Бұл үш айыптау үкімнің қатарына жаңа заң бойынша тағы екі түрі қосылды: тағайындалған жазаны өтеуді кейінге қалдыратын айыптау үкімі және қылмыстық жауаптылықтан босататын айыптау үкімі. Және әрбір айыптау
үкімдерінің шығару негіздері де біршама өзгерістерге ұшырады.
Қазіргі заң бойынша айыптау үкімінің бес түрі бар:
- Сотталушы өтеуге тиіс жаза тағайындайтын айыптау үкімі;
- Қылмыстық жауаптылықтан босататын айыптау үкімі;
- Тағайындалған жазаны өтеуден босататын айыптау үкімі;
- Жаза тағайындамайтын айыптау үкімі;
- Жазаны өтеуді кейінге қалдыратын айыптау үкімі.
Өтеуге тиіс жаза тағайындайтын айыптау үкімі сотталушының жазаны өтеуіне ешбір кедергі болмаған кезде жазаның түрі, мөлшері, режимі және жазаны өтеу мерзімінің басталу уақытын дәл айқындай отырып шығарылады.
Қылмыстық жауаптылықтан босататын айыптау үкімі қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімі өтіп кеткен болса және ақтауға жатпайтын басқа да жағдайларда шығарылады.
Жазаны тағайындап, оны өтеуден босататын айыптау үкімі кешірім актісі шықса және тағайындалған жаза мерзімі алдын – ала қамау мерзіміне пара – пар келсе шығарылады.
Жаза тағайындамайтын айыптау үкімі сотталушы қайтыс болған жағдайда шығарылады.
Тағайындалған жазаны өтеуді кейінге қалдыратын айыптау үкімі аяғы ауыр әйелдерге, сегіз жасқа толмаған баласы бар әйелдерге қатысты және апаттарға байланысты не материалдық ауыр жағдайға байланысты сотталушының жаза өтеуі отбасын ауыр жағдайға әкеп соғатын болса шығарылады.
Ақтау үкімі заң бойынша 3 жағдайда шығарылады: қылмыс оқиғасының анықталмауы: сотталушының әрекетінде қылмыс құрамының болмауы; сотталушының қылмысқа қатыстылығы дәлелденбесе. Осы үш негіздің біреуі болған жағдайда сотталушы қылмысқа қатыссызбоп есептеліп, реабилитацияға толық жол ашылады.
Ақтау үкімі сотталушының шығындарын өтеу үшін негіз болғандықтан ақтауға себеп болған негізді дәл көрсетуі қажет.
Сотталушының айыпталып отырған әрекеті, айыптауда көрсетілген оқиға мен оның зардаптары орын алмаған жағдайда немесе ол еріктен тыс күштің әрекетінен болған жағдайда сот қылмыс оқиғасы болмаған деген негізде ақтау үкімін шығарады.
Сотталушының әрекеті қылмысқа жатпаса. Қылмыс белгілері бар, бірақ қоғамға қауіптілігі болмаса, тікелей заңда көрсетілген қылмысқа жатпайтын әрекет болса сот сотталушының әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деп, ақтау үкімін шығарады. Мұнымен қатар, сотталушы қылмыс жасағаннан кейін бұндай әрекетті қылмыс қатарынан шығаратын заң шықса да осы негізбен ақтайды.
Ал, қылмыс жасалғаны анықталып, бірақ сотталушының оған қатыстылығын сот мәжілісінде зерттелген дәлелдер қуаттамаса, сондай – ақ дәлелдер сотталушының кінәлілігі жөнінде тұжырым жасауға жеткіліксіз, ал, сот мәжілісінде де қосымша тергеуде де айыпты қуаттайтын басқа дәлелдер жинау мүмкін емес болса сотталушының қылмысқа қатыстылығының дәлелденбеуі негізінде ақтау үкімі шығарылады. Мұндай жағдайда ақтау үкімін шығармай қосымша тергеуге жіберу кінәсіздік презумпциясы принципін бұзу болар еді.
Болған қылмысқа сотталушының қатыстылығы дәлелденбеген уақытта қылмыс жасаған адамды тауып, жауапқа тарту үшін сот ақтау үкімі заңды күшіне енгесін істі прокуратураға жібереді.
Іс қарау барысында сотталушының қылмысқа қатыстылығы, қылмыстық оқиғасының болмауы, әрекетте қылмыс белгілерінің болмауы жөніндегі әр түрлі күмәндардың барлығы сотталушы пайдасына шешіледі. Сотталушының кінәсінің дәлелденбеуі – оның кінәсіздігінің дәлелденуі.
Үкім шығару кезінде сот шешетін мәселелер: үкім шығару, оны жариялау.
Үкім шығаруда сот заңда көрсетілген мәселелердің бәрін толық шешуі тиіс. Сот шешуге тиіс мәселелердің заңда тізімін бекіту сот үкіміне қойылатын талаптардың орындалуын және толық әрі нақтылығын қамтамасыз етеді. Сот шешетін мәселелерді төрт топқа бөлуге болады: 1) Қылмысқа және кінәға байланысты мәселелер. 2) Жазаға байланысты мәселелер. 3) Азаматтық талап – арызбен шығын өтеуге байланысты мәселелер. 4) Үкім шығаруға байланысты туындайтын құқықтық мәселелер.
Бұл мәселелер жоғары логикалық байланыспен құрылғандықтан кейде алдыңғы мәселенің жоққа шығуы келесі мәселенің шешілуін қажетсіз етіп тастайды.
Сонымен, сот мына мәселелерді талқылап шешуі қажет:
- Сотталушы айыпталып отырған әрекет орын алды ма?
Тергеудің және сот талқысының пәні болған оқиғаның шынымен болғанын сот зерттеу керек. Бұл жоққа шығарылса ақтау үкімінің шығуына негіз болады. Егер дәлелденсе, келесі мәселеге көшеді.
- Әрекет қылмыс құрамын құрай ма және нақты қандай қылмыстық заңда негізделген (тармағы, бөлімі, тармақшасы).
Бұл мәселені шешу кезінде сот ҚК – тің жалпы және ерекше бөлімінде бекітілген қылмыс түсінігіне байланысты баптарды басшылыққа алу керек. Егер әрекет жасалған уақытта ол қылмыс боп есептелінбесе немесе әрекет жасалғасын ол үшін жауаптылық жойылған болса, әрекет қылмыстық құқық бұзушылық емес әкімшілік, тәртіптік не басқа құқық бұзулық болса, қоғамға қауіптілігі елеусіз болса, сондай – ақ заңмен көрсетілген қылмыс белгілерінің кез – келген біреуі болмаса судьялар әрекетте қылмыс құрамының болмауы жөнінде қорытындыға келу керек. әрекетті қылмыстық жаза қолданатын әрекет деп танымаған сот ақтау үкімін шығарады.
Әрекеттің қылмыстық сипаты мен саралануы жөніндегі мәселенің шешілуі бітімді емес. Сот тек әрекеттің қылмыстық заң бойынша қылмысқа жататынын не жатпайтынын анықтайды. Себебі, қылмыстық құқықта
аналогиямен жауапқа тартуға жол берілмейді.
3) Бұл әрекетті сотталушы жасаы ма?
Бұл сұраққа оң жауаптың табылуы сотталушының әрекеті қылмыстың объективті жағын құрайды дегенді білдіреді. Ол үшін барлық дәлелдердің сотталушының қылмысқа қатыстылығын қуаттауы керек. Теріс жауаптың болуы сотталушыны ақтауға апарады. Оң жауаптың болуы келесі мәселеге көшуге жол ашады.
4) Сотталушы бұл қылмыстың жасалуына кінәлі ме?
ҚР ҚК – нің 19 – бабына сәйкес қасақана не абайсызда қоғамға қауіпті әрекет жасаған адам кінәлі боп табылады. Демек, сот сотталушының кінәсінің нысанын, қылмыстық ниетін, қажетті қорғаныс, шеткі қажеттілік, қылмыскерді ұстау кезінде, негізді тәуекел, физикалық немесе психикалық мәжбүрлеу, бұйрық немесе өкімді орындау жағдайында әрекеттену сияқты сотталушының кінәсін жоққа шығаратын жағдайларды анықтауы тиіс. Анықтама алдын – ала тергеу сот талқысы кезінде сотталушының есі бүтіндігіне күмән келсе, сот есі дұрыстығы жөніндегі мәселені шешу керек.
Есі дұрыс емес адам жауаптылықтан босатылады.
5) Сотталушының жауаптылығы мен айыбын жеңілдететін не ауырлататын мән – жайлар бар ма?
ҚР ҚК – нің 53, 54 баптарында жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар көрсетілген. Бұл жағдайларды анықтау жауаптың деңгейіне үлкен әсерін тигізеді. Осы мәселелер шешілген соң, жазаға байланысты мәселелерге көшеді.
6) Сотталушы істеген қылмысы үшін жазалауға жата ма?
Іс қарау кезінде сотталушының қоғамдық қауіптілігі жойылса сот жаза тағайындаудан бас тартуы мүмкін. Жасөспірімге де жаза қолданбауы ықтимал, егер ол пәлендей қоғамға қауіпті болмаса. Соттың жасөспірімнің ісін қысқартып мәжбүрлі тәрбиелік шаралар қолдануға құқы бар. Жаза тағайындалған жағдайда келесі сұраққа көшеді.
7) Қандай жаза тағайындалуы тиіс?
Сот жаза тағайындау кезінде қылмыстық заңның жаза тағайындаудың жалпы бастамалары және жазаның мақсаты жөніндегі ережелерді басшылыққа алады. Жауапты ауырлататын және жеңілдететін жағдайларды ескереді. Жазаның түрі, мөлшері нақты көрсетіледі.
8) Жаза тағайындаусыз үкім шығаруға не жазадан босатуға негіз бар ма?
Жаза тағайындаусыз айыптау үкімі үкім шығару кезінде сотталушы қайтыс болған жағдайда шығарылады.
Үкім шығару кезінде тағайындалған жазаны өтеуден босататын амнистия құжаты шыққан болса; сотталушының алдын – ала қамауда отырған уақыты тағайындалған жаза уақытын жұтып қоятын болса жазадан босату жөнінде үкім шығарылады. Сондай – ақ сотталушы шартты түрде сотталса, үкімнің орындалуы кейінге қалса да жазадан босатылады.
9) Бас бостандығынан айырылуға сотталушы түзеу және тәрбие мекемесінің қандай түрінде және режимінде жазасын өтеуге тиіс?
Бас бостандығынан айырғанда сот әр кезде бұл жазаны қолданбай – ақ
сотталушының түзелуі мүмкін бе деген ойды талқылауы керек. Оның қоғамға қауіптілігі, қылмысы мен жеке басы бұрын сотталғандығы мен бас бостандығынан айыру жазасын өтегендігі ескеріле отырып түзеу мекемесінің түрі мен режимі айқындалады.
Өлім жазасын қолдану мәселесін шешкенде сот бұл қылмыстың аса ауыр жағдайда жасалуы және қоғамға аса қауіптілігі ескеріледі.
Бірнеше сотталушы болған жағдайда әр қайсысына міндеттелетін сот шығындары нақты мөлшерде көрсетіледі. Мұндай әр сотталушының кінәсі мен жауапкершілігінің мөлшері және мүліктілік жағдайы ескеріледі.
Шартты түрде сотталушыларға белгілі бір мөлшерде сынақ мерзімі беріледі; түзеу жұмысына, әскери қызмет бойынша шектеуге, бостандығын шектеуге, тәрбиелік әскери бөлімде ұстауға, арест пен қоғамдық жұмысқа тарту, айыппұл, жазаларына кескенде шартты түрде сотталмайды. Сынақ мерзімінде сотталушы өзінің түзелгенін көрсетуі тиіс. Сынақ мерзімі жылмен, аймен есептелінеді және оның мөлшері, тағайындалған жазаның мөлшеріне байланысты болады. Сынақ мерзімң тек негізгі жазаға қолданылады, қосымша жазалар міндетті түрде орындалады.
Шартты түрде соттай отырып соттың сотталушыға белгілі бір міндеттемелер қоюға құқығы бар, мысалы; тұрғылықты жерін, оқитын жерін, жұмыс орнын арнайы мемлекеттік органға хабарламай өзгертпеуге, бір жерлерде болмауға, алкаголизмнен, наркоманиядан, токсикоманиядан, тері ауруынан емделуге, отбасына материалдық көмек беруге міндеттеуі мүмкін.
10) Үкім жазу кезінде сот азаматтың талап – арызды қанағаттандыру не қанағаттандырмау мәселесін шешеді.
Егер талап – арыз берілмеген болса сот өз бастамасымен қылмыскердің әрекетінен келген мүліктік не моральдық зиянды өтеу мәселесін шешуі мүмкін.
Табиғатқа қылмыс арқылы келген шығынды өтеу міндетін сот талап – арызсыз – ақ шешуге құқылы.
Талап – арыз толық көлемде, бөлшекті түрде қанағаттандырылуы мүмкін не қанағаттандырылмауы мүмкін.
Сотталушы жасаған қылмыс арқылы мүліктік не моральдық зиян келгені, зиянның мөлшері, ол зиянның осы талап – арыз иесіне тигені анықталса талап қанағаттандырылады.
Кімнен алынып, кімге беру керектігі, алынатын өнімнің мөлшері үкімде нақты көрсетілуі тиіс. Егер бірнеше сотталушының қылмысынан зиян келсе олардың азаматтық – құқықтық жауапкершілігінің нысаны, яғни салидарлы не үлесті жауапкершілігі көрсетілуі керек. Олардың әрқайсысының зиянды өтеу мөлшері белгіленеді. Егер талапкер бірнешеу болса олардың әрқайсысының тиесілі мөлшері көрсетіледі.
Зиянның мөлшері анықталмаса сот ол мәселені қарауды азаматтық сот өндірісіне береді егер ол қылмыстың саралануына, жазаның өзгеруіне және т.б. мәселенің өзгеруіне әсер етпесе. Ал әсер ететін болса іс қосымша тергеуге жіберіледі. Талап – арыз екі жағдайда қараусыз қалдырылады: азаматтық талапкер келмеген не оның өзінің қатысуынсыз – ақ іс қарау туралы өтініші қабылданбаған жағдайда; сотталушы әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталған жағдайда. Егер қылмыс оқиғасының болғаны мен сотталушының қылмыс жасауға қатысуы дәлелденбесе талап – арызды қанағаттандырудан бас тартылады. Бас тартылған жағдайда сол талап – арыз қайта беріле алмайды. Тек қараусыз қалдырылғанда ғана талапкердің азаматтық сот өндірісі тәртібінде қайта талап – арыз беруге құқығы (өзінде) қалады.
11) Азаматтық талап – арызды немесе ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ету үшін тыйым салынған мүлікті не істеу керек?
Сот өзінің тағайындаған жазасына байланысты бұл мәселені шешеді. Егер тәркілеу жазасын қолданбаған болса және талап – арыз берілмеген болса сот мүлікке салынған тыйымды алып тастайды.
12) Заттай дәлелдерді не істеу керек?
Бұл мәселе ҚР ҚІЖК – нің 121 бабына сай шешіледі: егер заттай дәлелдеме қылмыстың құралы болса тәркіленеді немесе тиісті мекемеге, адамға беріледі не жойылады; айналымға түсуге шек қойылған заттар тиісті мекемеге беріледі немесе жойылады; құнсыз заттар, пайдалануға жарамсыз заттар жойылады, ал егер мүдделі адамдардың мекеменің талап – тілегі болса соларға берілуі мүмкін; қылмыстық жолмен табылған ақша мен құнды заттар мемлекет пайдасына беріледі; басқа мүліктер заңды меншіктенушілеріне беріледі, иесі табылмаған жағдайда мемлекет меншігіне өтеді; заттай дәлелдеме боп табылатын құжаттар істе тігілген күйі қалады немесе басқа қажетті мақсатқа керек болса азаматтың не мекеменің, ұйымның сұрауымен беріледі.
13) Іс жүргізу шығындарын төлеу қандай мөлшерде кімге жүктелуі керек?
Іс жүргізу шығындары не сотталушыға жүктеледі не мемлекет есебіне алынады.
Сотталушы қылмыс оқиғасының болмауына не әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталған болса іс жүргізу шығындарынан босатылып, шығындар мемлекет есебіне жатқызылады. Сотталушы қорғаушыдан бас тартқанымен оның тілегі қанағаттандырылмай қорғаушы тағайындау бойынша қатысса, қорғаушыға кеткен шығын мемлекет есебіне алынады. Сотталушының қорғауындағы адамдардың материалдық жағдайына сот шығындарын төлеу елеулі қиындық туғызатын болса, сот сотталушыны іс жүргізу шығындарын төлеу міндетінен толық көлемде не бөлшекті түрде босатуы мүмкін.
Іс жүргізу шығындарын өтеуге міндетті адамның мүліктік жағдайының жарамсыздығына қарай сот оны бұл міндеттен босатуға құқылы. Жасы кәмелетке толмаған адамның ісі бойынша сот іс жүргізу шығындарын төлеу міндетін оның ата – анасына немесе қамқоршысына жүктелуі мүмкін. Жеке айыптау ісі бойынша сотталушы ақталған жағдайда, сот іс жүргізу шығындарын өзінің шағымы бойынша өндіріс басталған жеке айыптаушыдан өндіре алады. Ал екі жақтың бітімге келуімен іс қысқартылса шығындар бір тараптан не екі тараптан өндіріледі. Бірнеше сотталушы іс бойынша кінәлі болып танылса сот олардың әрбірінің кінәсінің сипатына, қылмысқа жауаптылығының деңгейіне және мүліктік мүмкіндігіне қарай іс жүргізу шығындарын төлеу міндетін бөліп береді. Сотталушы айыптың жеке бір бөліктерінде ғана ақталуы мүмкін, мұндайда ол кінәлі бөлігінде шығынды өтеуге міндеттеледі. Қалған барлық жағдайда іс жүргізу шығындарын сотталушы өтейді, жазадан босатылған болса да. Сотталушы қайтыс болса іс жүргізу шығындарын өтеу міндеті оның құқық қабылдаушыларына ауыспайды, мемлекет есебіне өтеді.
14) Сот сотталушы құрметті, әскери, арнайы атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық рангісінен, квалификациялық дәрежесінен, мемлекеттік сыйлығынан айыруға тиіс пе?
Сот сотталушы өзінің атағына, дәрежесіне, сыйлығына сәйкес келмейді деген пікірге келсе, ондай атақ – дәрежеден айыру туралы үкімнің қорытынды бөліміне шешімін жазады. Егер ол атақ – дәрежені Қазақстан Республикасының Президенті берген болса соттың ол атақ – дәрежеден айыруға құғы жоқ, сондықтан, ондай атақ – дәрежеден айыру туралы сот Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізеді.
15) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 88 бабында көрсетілген мәжбүрлі медициналық шараларды қолдану керек пе?
Егер сотталушы қылмыс жасау барысында өз әрекетінің қоғамға қауіптілігін түсінбейтін, өз әрекетіне есеп бере алмайтын психикалық аурумен ауырған болса, қылмыс жасағаннан кейін психикасы бұзылып, жаза тағайындауды не жазаны орындауды мүмкін емес қылса, яғни есі дұрыс емес болса сот мәжбүрлі медициналық шараны қолданады.
16) Қылмыс жасауға ықпал еткен жағдайлар бар ма?
Бұндай жағдайларды анықтаған сот ондай жағдайларды жою жөнінде тиісті мекемеге немесе тұлғаға қатысты жеке қаулы шығарады. Ол мекеме не тұлға қылмыс жасауға ықпал еткен жағдайды жою үшін қолданған шаралар мен оның нәтижесі туралы сотқа бір ай мерзімде хабарлайды.
17) Сотталушыға қатысты бұлтатпау шарасы туралы мәселе. Бұл сұрақ соттың қандай жаза тағайындауына және үкімнің түріне қарай шешіледі.
Сот бас бостандығын шектеуге байланысты жаза тағайындалса бостандықтан жүрген сотталушыға қамауда ұстау, бұлтартпау шарасын қолдануы мүмкін, қамауда отырған сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдыру мүмкін. Ал, түрлі жағдайларға, сотталушының жеке тұлғасына қарай осы уақытқа дейін қолданылған бұлтартпау шарасын өзгертуіне де болады.
Жаза тағайындаусыз айыптау үкімі, жазаны өтеуден босататын айыптау үкімі шыққан жағдайда, бас бостандығынан айыруға қатысты емес жазаға кесілген кезде және де шартты түрде сотталған жағдайда, сондай – ақ ақталған болса барлық жағдайда қамауда отырған сотталушы сот мәжілісі залында қамаудан жедел, сол арада босатылады.
Бұл шешім үкімнің қорытынды бөлімінде жазылады.
Ақтау үкімін шығарған сот сотталушыға алдан – ала тергеу, прокуратура, сот органдарының заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу жөнінде шешім
қабылдайды.
Бір сотталушының бірнеше қылмыс жасауда айыпталуы кезінде сот алдыңғы жеті мәселені әрбір қылмысқа байланысты жеке – жеке шешеді. Бірнеше сотталушы қылмыс жасауда айыпталған кезде де сот әрбір сотталушының жасалған қылмыстығы орны мен қатысу деңгейін анықтай отырып, он жеті сұрақты әрбіріне қатысты жеке – жеке шешеді.
Жоғарыдағы мәселелердің бәрінің шешімі табылған соң сот мына қосымша мәселелерге көшеді:
- Сотталушының немесе жәбірленушінің қорғаусыз қалған, кәмелетке толмаған балаларын орналастыру жөнінде. Қорғаусыз қалған балаларды сот балалар үйіне беруі мүмкін немесем қамқоршы тағайындауы да ықтимал.
- Сотталушының не жәбірленушінің мүлкін қорғау жөнінде. Сот қорғаусыз қалған сотталушының не жәбірленушінің мүлкінің қорғалуын, сақталуын қамтамасыз етеді.
- Жеке қаулы шығару қажеттігі туралы.
Сот кеңесу бөлмесінде мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдардың не олардың жетекшілерінің назарын іс бойынша анықталған заңды бұзу фактісіне, қылмыс жасау себебі мен ықпал еткен жағдайына аударатын және тиісті шара қолдануды талап ететін жеке қаулы шығарады. Жеке қаулы алдын – ала тергеу, анықтау кезінде немесе төменгі соттың іс қарау кезінде жіберілген заң бұзушылық анықталған уақытта да шығарылады.
Соттың өз пікірі бойынша басқа жағдайда да жеке қаулы шығаруға құқығы бар.
Жеке қаулы да барлық азаматтар мен ұйымдарға, мемлекеттік органдарға міндетті болады. Сот үкімді судьялардың кеңесу құпиясын сақтайтын кеңесу бөлмесінде шығарады. Бұл соттың тәуелсіздігін, судьялық ішкі түйсіктің бостандығының және судьяның тек заңға бағынуының кепілдігі болады. Соттың кеңесу құпиясы іс бойынша үкім шығаруға ешкімнің ешқандай әсерінің болмауын қамтамасыз етеді. Кеңесу бөлмесінде іс қарауға қатысқан судьялардан басқа ешкім болмайды. Басқа ешбір адамның ол бөлмеге кіруге қақысы жоқ. Кеңесу кезінде сот демалу үшін үзіліс жасауы мүмкін, бірақ үзіліс кезінде қарап жатқан іске байланысты басқалармен ой бөлісуге, талқылауға болмайды.
Судьялардың кеңесу құпиясына, кеңесу кезінде судьялардың айтқан пікірлерін жариялауға салынған тыйым да кіреді.
Кеңесу протоколының болмауы, дауыс беру нәтижесін жарияламау, ерекше пікірде қалған судьяны да қосқанда үкімге сот құрамының түгел қол қоюы соның кепілі.
Іс бойынша үкім шығару кезінде судьяның пікірі екі жағдайда белгілі болуы мүмкін: судья өзінің ерекше пікірін жазбаша білдіргенде және іс қарау барысында жасаған қылмыс үшін судьяны айыптау бойынша өндіріс жүріп жатқанда.
Судьялардың кеңесу құпиясын бұзу айтарлықтай заң бұзушылық боп
есептеліп үкімнің сөзсіз бұзылуына негіз болады.ҚР ҚІЖК 371 баптарында көрсетілген мәселелер бойынша талқылау және дауыс беру, кеңесу нәтижесі ретінде үкім жасаудың бәрі – судьялар кеңесіне жатады. Төрағалық етуші ҚР ҚІЖК 371 бабына сәйкес мәселелердің бірінен соң бірін қатарымен қояды, әрбір мәселе оң жауап не теріс жауап берілетіндей қойылады. әрбір мәселе бойынша судьялар кеңеседі және мәселелер көп дауыс алуына қарай шешіледі. Судьялардың ешқайсысы дауыс беруден бас тарта алмайды. Дауыстар тең болмаған жағдайда тәртіп бойынша, соңынан беретін төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады. Басқа судьяларға ықпал етпес үшін заң төрағалық етушінің соңғы болып дауыс беруін көздейді.
Судья қандайда бір мәселені талқылау кезінде қарсылықта қалғанымен келесі мәселені шешуге көшкенде талқылап, дауыс беруден бас тартуына құқығы жоқ. Қарсылықта қалған судья өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде жеке құжат ретінде білдіреді. Ерекше пікір де кеңесу бөлмесінде жазылуы тиіс. Үкімді жариялау кезінде ерекше пікір жарияланбайды., бірақ іске тігіледі. Ерекше пікірмен, іспен танысуға құқығы бар адамдар таныса алады: үкім бұзылғаннан кейін іс қарайтын жоғары тұрған соттың не жаңа сот құрамының судьялары және басқа іспен танысуға құқылы іс қарауға қатысущылар.
Заңда көрсетілген мәселенің бәрін талқылап дауысқа салып болғасын сот үкімді жазуға көшеді. Үкім жобасын күні бұрын жазуға тыйым салынған. Сондықтан барлық мәселе талқыланып болғасын кеңесу бөлмесінде судьялардың біреуі үкім жазуға кіріседі. Үкім сот талқысы жүрген тілде жазылады және анық, жалпыға түсінікті жазылады. Судьялардың жұмысын жеңілдету үшін және уақыт үнемдеу үшін заң үкімді жазба машинасымен не компьютермен жазуға рұқсат етеді. Үкімді жариялағанша кеңесу бөлмесінде үкім мазмұнына енгізілген өзгерістерді ескертіп, судьялар өз қолдарын қойып бекітуге тиіс. Үкім жарияланғанға дейін барлық судьялар қолдарын қояды. Өзінің ерекше пікірін жазбаша берген судьяның өзі қол қоюға тиіс. Үкімде іс қараған судьялардың біреуінің қолы қойылмаған болса, үкім сөзсіз бұзылуға жатады.
Қол қойылғаннан кейін үкім бірден жарияланады. Үкімді толық көлемде жариялы түрде судьялардың біреуі оқиды.Сот мәжілісі жабық өткеннің өзінде үкім міндетті түрде ашық жарияланады.Үкім мемлекет атынан шығарылатындықтан ол оқылған уақытта залда отырғандардың бәрі де, судьялардың өздері де тұрып тыңдайды. Үкім оқылған тілді сотталушы білмейтін болса, үкім оқылып болған соң аудармашы оған түсінікті тілде аударып оқиды. Үкімді жариялаған соң төрағалық етуші сотталушыға шағым берудің тәртібі мен мерзімін түсіндіреді. Қамауда отырған сотталушы ақталған жағдайда не жазадан босатылғанда, жаза өтеуден босатылғанда, сондай – ақ бас бостандығынан айырмайтын жазаларға кесілгенде сотталушы сол арада сот мәжілісі залында қамаудан босатылады. Төрағалық етуші сотталушы ақталғн болса, бұзылған құқығын қалпына келтірудің және шығындардың қайтарудың тәртібін түсіндіреді. Үкімді жариялағаннан кейін оның заңды күшіне ену уақыты жүре бастайды. Бұл мерзім үкімге кассациялық шағым мен кассациялық наразылық келтіруге арналған уақыт. Осы мерзім өткесін кассациялықи шағым мен наразылық келтірілмесе үкім заңды күшіне енеді. Егер шағым мен наразылық келтірілген болса үкім істі жоғары тұрған сот қараған соң заңды күшіне енеді, егер ол үкімді жоғары тұрған сот бұзбаған болса.
Шағымдауға жатпайтын үкімдер жарияланған уақыттан бастап заңды күшіне енеді. Оған ҚР Жоғары Сотының Пленумының қаулысы жатады. Заңды күшіне енген үкімнің ғана Қазақстан Республикасының барлық аумағында мүлтіксіз барлық азаматтар мен органдардың, ұйымдардың орындауына жату күші пайда болады.
Сондай – ақ үкімнің жеке даралық күші де заңды күшіне енгесін туындайды, яғни дәл осы айыптау бойынша қайта дәл сол адам қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.Заңды күшіне енген сот үкімі тек қана қадағалау тәртібінде немесе жаңадан ашылған мән – жайлар бойынша қайта жаңғырту тәртібінде ғана бұзылуы не өзгертілуі мүмкін.
III. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ БИЛІГІН ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
«Қазіргі уақытта бүкіл әлем кезеңмен даму арқылы, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам құру процесінде, ол қандай темппен, қандай нысанымен дамыса да жан-жақты және жалпылама болып табылады. Бұл процесте судья фигурасы айтарлықтай және негізгі болса осалдау. Демек, осыларды негізге ала отырып, мемлекет сот билігінің жағдайын жақсарту және қорғау үшін әр түрлі шараларды қолдануда: судьяларды ұзақ уақытқа тағайындап, олардың өмірбойлық екенін білдіреді; олардың ауыстырылмайтындығын көрсете отырып – сот билігінің негізгі қызметінің кепілі болып – мемлекеттің Президенті екенін, яғни, ең жоғарғы билік екенін атап көрсетті» [5], академик С.З. Зиманов.
Заңның мәнінің жаңа өмірге сай қызмет етуінің қажет екенін білгір ғалым заңгерлер өздерінің ғылыми еңбектерінен де, баспасөз беттерінде үздіксіз айтып келеді. Осыған мысал ретінде философ Ілияс Әйтімбетов Қазақстан Республикасының заң негізін қалаушы, заң ғылымдарының қайраткер дүлдүл академигі С.З. Зимановтың сөзін келтіреді, «Заң ғылымына жаңа көзқарас, жаңа идеялар керек, ол идеялар өмірінің терең қойнауынан шығып, сол өмірдің көрік-сынысынан өтуі тиіс. Заңдарды қарағанда оған бұрынғы қалыптасқан заң тұрмысынан ғана емес, сол қаралатын әлеуметтік құбылыстың алуан түрлі қыры мен сырын жан-жақты қарап (экономикалық, басқарушылық, мәдениеттік, т.б.), сот қатынастардың жиынтығы арқылы қалыптасқан заңның ғана келешегі бар,» [6] — деген.
Міне, сондықтан өмір талабына сай әртүрлі заңдар қабылданып жатыр. Сот — құқықтық реформаның 3 кезеңіне сай 2000 жылғы 1 қыркүйек айындағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөнінде шаралар туралы» Жарғы қабылданды. Осы жарлықтың 4-бөлімінің 2-тармағында көрсетілгендей: «.Әділет біліктілік алқасының қызметін қамтамасыз ету функцияларын, әділет біліктілік алқасының қызметін қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын қызметкерлердің санын бір мезгілде қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігіне табыс етуді жүзеге асырады» [7], делінген. Сонымен, осы күндері судья қызметіне, Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігіндегі әділет біліктілік алқасында талапкерлер емтихан тапсыруда.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет (бұдан әрі – Комитет) обылыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың (бұдан әрі – жергілікті соттар) қызметін материалдық-техникалық және өзгедей қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, сондай-ақ атқарушы құжаттарды уақытылы атқаруды қамтамасыз ететін уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
Комитет пен оның облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы әкімшілері (бұдан әрі — әкімшілер) жергілікті бірыңғай жүйесін құрайды.
Комитет пен оның әкімшілері жергілікті соттардың дербестігін, судьялардың сот төрелігін жүзеге асыру кезіндегі тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдесуге мүдделі және олардың сот істерін жүгізу қызметіне араласуға
хақысы жоқ.
Комитеттің құрылымын және штат санының лимитін Комитет Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Комитет:
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты Төрағасымен келісе отырып:
— жергілікті соттарды құру, қайта ұйымдастыру не тарату, судьялардың жалпы штат саны бойынша ұсыныстарды тұжырымдап, оларды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізеді;
— жергілікті соттарды, Комитет және әкімшілерді қаржыландыру туралы ұсыныстар әзірлеп,Үкіметке табыс етеді;
2) Сот төрағаларының ұсынуы бойынша жергілікті соттар судьяларының штат санын белгілейді;
3) Судьялар мен жергілікті соттар аппараттарының біліктілігін арттыру жөнінде шаралар қолданады, сол қызметі саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастырады және қаржыландырады, жергілікті соттардың қадрларға мұқтажын айқындайды, олара тағылымдама ұйымдастырады;
4) Азаматтар мен ұйымдардың жергілікті соттар судьяларының іс-әрекетіне арыздарын қарауда сот төрағаларына жәрдемдеседі;
5) Судьялар мен жергілікті соттар аппараттарының, атқарушылық өндіріс органдары қызметкерлері жүктемелерінің нормативтерін әзірлейді;
6) Заңнаманы жүйелеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады және соттарды нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз етеді;
7) Жергілікті соттар аппараттарын құру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады;
8) Судьялар мен жегілікті соттар қызметкерлерінің, сондай-ақ Комитет қызметкерлерінің дербес есебін жүргізеді;
9) Сот статистикасын жүргізу мәселелері бойынша статистика және ақпарат органдарымен өзара іс-қимыл жасайды, іс-жүргізуді және жергілікті соттар мұрағаттарының жұмысын ұйымдастырады;
10) Азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарайды;
11) Әкімшілердің қызметін материалдық-техникалық және өзгедей қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
12) Жергілікті соттардың ғимараты мен үй-жайларын және соттар мен Комитетке ведомстволық қарасты басқа да объектілердің құрылысын, жөндеуі мен техникалық жарақтануын ұйымдастырады;
13) Жергілікті соттар мен әкімшілердің бюджет қаражатын жұмсауын бақылайды, олардың қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізеді;
14) Заңнамаға сәйкес соттардың, әкімшілердің және Әділет біліктілік алқасының қызметін қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі өзге де шараларды жүзеге асырады;
15) Заңнамаға сәйкес атқарушылық құжаттардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді.
- Комитет өз құзіреті шегінде:
1) Белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті құжаттар мен материалдарды сұратуға;
2) Жергілікті соттар судьяларының және атқарушылық өндіріс органдары қызметкерлерінің еңбегін қорғау, материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша Үкіметке ұсыныстар енгізуге хақылы.
- Заңнамаға сәйкес жергілікті соттардың сот приставтарының жұмысын ұйымдастырады.
- Комитет орталық аппараттан және әкімшілерінен тұрады.
- Комитетті төраға басқарады, оны Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Комитет төрағасының мәртебесі Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органның басшысы мәртебесіне теңестіріледі.
- Комитет төрағасының орынбасарлары болады, оларды Комитет төрағасы Жоғарғы Сот Төрағасының келісімімен тағайындайды және босатады.
Комитет төрағасы орынбасарларының мәртебесі Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар басшыларының орынбасарлары мәртебесіне теңестіріледі.
- Комитет төрағасы Комитет пен әкімшілердің қызметін ұйымдастырады және басшылық етеді, Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауап береді [7].
Сот-құқықтық реформасы негізінде жаңадан 2000 жылы 25 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заң қабылданды. Бұл Конституциялық заң 1995 жылы 20 желтоқсандағы « Қазақстан Республикасындағы соттар мен судьялар мәртебесі туралы» Президент Жарлығына қарағанда біршама айырмашылық бар. Демек, жаңа Конституциялық заңда Жоғарғы Сот Төрағасының өкілеттігін кеңейтуге, судьялардың құқықтық мәртебесін көтеру мен әлеуметтік қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар прогресшіл ережелер бар. Судьялар әкімшілігі – судьяларды ұйымдық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар түсінігі енгізілді, бұл функциялар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жарлығында қайтадан құрылған сот әкімшілігі жөніндегі комитетке жүктелді, бұл өкілеттік бұрын Әділет министрлігінің құзіретіне кіргізілген болатын.
Конституциялық заңда облыстық соттардағы және Жоғарғы Соттағы алқалар мен Жоғарғы Сот пленумының орнына қадағалау төралқалары мен жалпы отырыстар құру көзделді. Аталған жаңа енгізулер төралқа сияқты органдар белгіленбеген Конституциялық нормаларына сәйкес келтіру мақсатында жүзеге асырылған.
Сөйтіп, соттардағы сот төрелігін тек Конституция көрсетілген сот органдары – алқалар ғана жүзеге асырады, ал судьялардың жалпы отырыстарына сот төрелігін жүргізу құқығы берілмеген, олар сот қызметіндегі жалпы ұйымдастыру мәселелерін шешетін болады.
Сотөндірісін бір ізге салу үшін заңда республика соттарындағы
шаруашылық және азаматтық алқалары біріктірілген ал Жоғарғы Сот жанындағы әскери алқа таратылған.
Бұл заңда судьялардың тәуелсіздік кепілдіктері күшейтілген. Мәселен, егер бұрын сот органдары мен Әділет министрлігі органдарының судьяларға қатысты тәртіптік істерді қозғау құқығы болса, енді жаңа заң бойынша бұл құқық тек республика судьяларының күллісіне қатысты – Жоғарғы Сот Төрағасына, аталған облыстың судьяяларына қатысты – облыстық сот төрағасына ғана тиесілі болды.
Судьялар лауазымдарына тағайындау рәсімдерінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге – аудандық және облыстық соттар судьяларының лауазымдарына конкурстық негізде тиісінше Әділет біліктілік алқасы мен Жоғарғы Сот Кеңесінің кандидаттар іріктеуін жүзеге асыруға құқық берілген.
2001 жылы 28 мамырда «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі туралы» Заң қабылданды. Бұл заң бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
Жоғарғы Сот Кеңесінің өкілеттілігі:
- Судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз етеді;
- Конкурстық негізде облыстық соттың судьясы бос орнына кандидат іріктеуді жүзеге асырады;
- Жоғарғы Сот Төрағасы ұсынуы бойынша облыстық сот төрағасы мен алқа төрағасының бос орнына кандидатураны қарайды;
Облыстық сот төрағасы мен алқа төрағасының бос орнына кандидатты қызметке тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады;
- Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың алқа төрағасы мен судьясы бос орнына кандидатураны қарайды;
Жоғарғы Сот Төрағасының қызметіне кандидатураны қарайды;
Жоғарғы Сот Төрағасының алқа төрағасы мен судьясының бос орнына кандидатты Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына ұсыну үшін Қазақстан Рспубликасының Президентіне ұсынады;
- Жоғарғы Сот Төрағасы мен алқа төрағаларын, Жоғарғы Соттың судьяларын, облыстық және оған теңестірілген соттар төрағасын, алқаларының төрағасы мен судьяларын орнынан түсіру, орнына түсуді тоқтату нысандарында, өз қалауы бойынша, медициналық қорытындағы сәйкес денсаулық жағдайына байланысты, өкілеттік мерзімінің бітуіне қарай атқаратын қызметтерін босату мәселелерін қарайды;
Сот таратылған жағдайда судья (соттың төрағасы) басқа соттағы судьяның бос орнына орналасуға келісім бермесе, Жоғарғы Сот алқасының Төрағасы мен судьяларын, облыстық және соларға теңестірілген соттар төрағасын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын атқарып келген қызметтерінен босату
мәселелерін қарайды;
- Қазақстан Республикасының Президентіне сот жүйесі мен судьяларды жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар жасайды;
- Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесінің регламентін бекітеді.
Кеңес Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасынан, Конституциялық Кеңестің Төрағасынан, Жоғарғы Соттың Төрағасынан, Бас Прокурордан, Әділет министрінен, Парламент Сенатының екі депутатынан, алты судьядан (Жоғарғы соттың екі судьясынан, облыстық немесе оған теңестірілген соттың екі судьясынан, аудандық немесе оған теңестірілген соттың екі судьясынан), Кеңес хатшысынан және Қазақстан Республикасы Президенті Тағайындайтын басқа да адамдардан тұрады.
Конституциялық Кеңестің Төрағасы, Жоғарғы Соттың Төрағасы, Бас Прокурор мен Әділет министрі Кеңес құрамына лауазымы бойынша кіреді.
Сенат депутаттарын Кеңес құрамына Қазақстан Республикасының Парламентінің Сенаты үш жыл мерзімге жібереді.
Кеңестің құрамына екі жыл мерзімге тағайындау үшін судьялардың кандидатуралары тиісті соттардың жалпы отырыстарында ұсынылған кандидаттар арасынан Жоғарғы Соттың жалпы отырысында қарлады.
Кеңес мүшелері арасынан адам шығып қалған жағдайда Кеңестің жаңа мүшесі үш айдың ішінде тағайдалуы тиіс.
Кеңес отырыстары қажет болуына қарай, бір жылда кемінде төрт рет өткізіледі. Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда Кеңестің отырысы заңды болып табылады.
Кеңесті қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі жүзеге асырады [8] .
Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасы мәжіліс депутаттарынан, судьялардан, прокурорлардан, құқық пәнінің оқытушылары мен заңгер-ғалымдардан, әділет органдарының қызметкерлерінен құрылатын дербес, тәуессіз мекеме болып табылады.
Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасының негізгі міндеті судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету болып табылады және аудандық соттар төрағаларымен судьяларының бос қызмет орындарына кандидаттарды сапалы іріктеуді қамтамасыз етеді және ұсынады.
Әділет біліктілік алқасының өкілеттілігі:
- Аудандық немесе соған теңестірілген сотта, сондай-ақ жоғарғы тұрған соттарда судья болып жұмыс істеуге тілек білдірген азаматтардан біліктілік емтихандарын қабылдайды және аудандық немесе соған теңестірілген соттың судьясы мен төрағасы қызметіне тағайындау туралы ұсыным береді;
- Судья қызметіне орналасу үшін біліктілік емтихан тапсырған адамдардың есебін жүргізеді;
- Аудандық немесе соған теңестірілген соттың судьясы мен төрағасының орнынан түсуі немесе орнына түсуін тоқтату туралы мәселелерді қарайды және аудандық немесе соған теңестірідген соттың судьясы мен төрағасын
қызметінен босату туралы ұсыным шығарады.
Әділет біліктілік алқасы өз өкілеттігін жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан, ұйымдардан, азаматтардан қажетті ақпараттар мен құжаттар сұратып алдыруға және алуға, сондай-ақ өз жұмысына мамандарды тартуға құқығы бар.
Әділет біліктілік алқа мүшелеріне кандидаттарға қойылатын талаптарға тоқталып кететін болсақ:
— алқаның құрамына ұсынылатын адамдардың заң ісі саласында терең кәсіби білімі, заң мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі, ол принципшіл және мінсіз абыройлы болуы тиіс;
— судьялардың, прокурорлардың және әділет органдары қызметкерлерінің мамандығы бойынша кемінде бес жыл еңбек стажы болуы тиіс;
— құқық пәнінің оқытушысы мен заңгер-ғалымның заң ғылымының докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі болуы тиіс.
Әділет біліктілік алқа мүшелерінің өкілеттік мерзімі:
- Парламент Мәжілісінің депутаттарын Алқаның құрамына Парламент Мәжілісі екі жыл мерзімге жібереді;
- Судьялар екі жыл мерзімге сайланады;
- Прокурорды және әділет органдарының қызметкерін тиісінше Бас Прокурор және Әділет министрі екі жыл мерзімге тағайындайды.
- Құқық пәнінің оқытушысы мен заңгер-ғалым екі жыл мерзімге жіберіледі;
- Қайсыбір мүше шығып қалған жағдайда алқаның жаңа мүшесі екі айдан кешіктірілмей жіберілуге немесе тағайындалуға тиіс [9].
Қазақстан Республикасының заңында Әділет біліктілік алқасының төрағасын Республика президенті тағайындайтыны көрсетілген. Мұның өзі аталған органның дербестік институтын оңынан дамытуға жәрдемдесетін болады.
Жоғарғы Сот алқалары төрағалары мен судьялары, жергілікті соттар төрағалары бос лауазымды органдарына кандидаттарды ұсыну, сондай-ақ республика судьяларыөкілдіктерін тоқтату жөнінде ұсыныстар енгізу тек қана Жоғарғы Сот Төраға құзіретіне жатқызылған.
2001 жылы 26 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Судьялыққа кандидаттың тағлымдамадан өтуі туралы» Ережесі қабылданды [10]. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес судьялық кандидаттың тағлымдамадан өтуінің шарттары мен тәртібін айқындайды.
Судьялыққа кандидаттың тағлымдамадан өтуінің негізгі міндеті аудандық және оған теңестірілген сотта жұмыстың ерекшелігін зерделеу, судья лауазымдағы жұмысы үшін қажетті практикалық және ұйымдастырушылық дағдыларды игеру болып табылды. Тағылымдаманың мерзімін судьялыққа кандидаттың жұмыс стажы мен тәжірибесіне, заң мамандығы бойынша атқарып отырған қызметіне және судья қызиетіне орналасу үшін оның кәсіби даярлығыныңдеңгейін айқындайтын негіздердегі басқа да мәліметтерге сәйкес үш айдан бір жылға дейінгі аралықта аудандық соттың төрағасы белгілейді.
Тағылымдамадан өтуге тілек білдірген адам алдымен судьяға кандидаттығына қойылған талаптарға сай болуы керек, міне содан кейін ол аудандық және оған теңестірілген соттың төрағасына тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтініш бере алады.
2001 жылы 23 тамызда №298 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Төрағасының өкімімен бекітілген «Судьялыққа кандидаттардың тағлымдамадан өтуінің үлгі бағдарламасы» шықты.
Бұл үлгі бағдарлама бойынша тағлымдамадан өткен адам, облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысын аған болса, онда ол 1,5 жыл бойы жарамда болып табылады. Егерде осы көрсетілген мерзім ішінде судья лауазымына тағайындалмаса, онда кандидат бір айдың ішінде қысқартылған, бағдарлама бойынша тағлымдамадан қайта өтуі қажет.
АҚШ-тың сот жүйесіндегі процедуралар, Англияның сот билігі құрамына алынған. Судья лауазымына орналасқысы келетіндерге жоғарғы талаптар қойылған. «Кәсіпқойлықтың» түсінігі – білімділік, заң тәжірибесінен ұзақ уақыт өткен – негізінен, адвокаттық жұмыста тәжірибе алған және университет профессорын алған немесе құқықтық мәселелер жөнінде кеңестік-консльтант қызметіне жұмыс істеген адамдарды айтады. Судья қызметіне кіру үшін кандидаттарға негізгі бағалық критерийлер ол – «мінсіз атаққа» ие болу. Судья болу үшін талапкер алдымен арнайы біліктілік комиссия сарапшыларынан (эксперттерінен) өтуі керек. Көптеген штаттарда кандидаттар бір жылға дейін тексерістен өтеді, демек содан кейін барып оларды сайлау және тағайындау мәселесі қойылады. Ал оларды орнынан алу прцедурасы болса, ол Президент импичментімен ұқсас және жақын. Ал, Францияда судья кандидаттарына мантия кию үшін алдымен конкустық сараптамадан өтеді, демек, осы сараптамадан өткендер стажер (аудитор) болып тіркеледі. Осыдан кейін 30 ай бойы барлық соттар мен прокуратурада, соның ішінде Бодро мен Париж қалаларына тағлымдамадан өтеді және оқиды. Міне, содан кейін барып біліктілік емтихан тапсыруға жіберіледі. Германияда судьялыққа кандидаттардың сыннан өту процедурасы соттардың барлық сатыларында қатаң түрде тағлымдамадан өткеннен кейін алынады
2001 жылы 26 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің № 643 Жарлығымен «Судьялардың республикалық және облыстық тәртіптік-біліктілік алқалар туралы» Ережесі қабылданды.
Судьялардың республикалық және облыстық тәртіптік-біліктілік алқалары Қазақстан Республикасының судьяларына қатысты тәртіптік істер мен біліктілік іс жүргізу материалдарын қарау жөніндегі органдар болып табылады, заңнамамен берілген шектерде сыныптарын беру құқығын, сондай-ақ судьяларға тәртіптік жазалар беру құқығын иеленеді.
Тәртіптік істер мен біліктілік іс жүргізу материалдарын қарау кезінде тәртіптік-біліктілік алқаларының мүшелері тәуелсіз және Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады.
Ешкімнің судьялардың тәртіптік-біліктілік алқаның жұмысына араласуға және нақты тәртіптік іс немесе біліктілік іс жүргізу материалдарын қарау кезінде оның мүшелеріне қандай да бір ықпал етуге хақысы жоқ. Судьялардың тәртіптік-біліктілік алқасының мүшесі қаралған немесе оның өндірісінде тұрған тәртіптік істердің не біліктілік іс жүргізу материалдарының мәні туралы қандай да бір түсінік беруге міндетті емес.
Судьялардың тәртіптік-біліктілік алқаларын құрудың тәртібі және олардың өкілеттіктері:
а) Судьялардың республикалық тәртіптік-біліктілік алқасы Жоғарғы соттың жалпы отырысында судьялардың жалпы санының кемінде 2/3 бөлігі болған жағдайда, жасырын дауыс беру арқылы, жай көпшілік дауыспен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьяларының ішінен 5 (бес) судья құрамында екі жыл мерзімге сайланады.
б) Судьялардың облыстық тәртіптік-біліктілік алқалары облыстық және олардың теңестірілген соттардың жалпы отырыстарында судьялардың жалпы санының кемінде 2/3 бөлігі болған жағдайда, жасырын дауыс беру арқылы, жай көпшілік дауыспен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьяларының ішінен 5(бес) судья құрамында екі жыл мерзімге сайланады.
в) Судьялардың республикалық тәртіптік-біліктілік алқасының төрағасы мен хатшысы оның отырысында тәртіптік-білікілік алқа мүшелерінің ішінен жай көпшілік дауыспен сайланады.
г) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Жоғарғы Сот алқаларының төрағалары, облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары, сондай-ақ осы соттар алқаларының төрағалары судьялардың тәртіптік-біліктілік алқаларының құрамына сайлана алмайды.
д) Судьялардың тәртіптік-біліктілік алқаларының құрамына ұсынылған судьялар жоғары кәсіби біліктілігімен, принципшілдігімен ерекшеленуге, мінсіз абройлы, судьялар қауымы арасында беделді болуға тиіс.
е) Судьялардың тәртіптік-біліктілік алқалары кемінде жарты жылда бір рет тиісті соттардың жалпы отырыстарында өз жұмыстары туралы есеп беріп отырады. Тәртіптік-біліктілік алқасы мүшелерінің ішінен кімде-кім шыққан жағдайда, осы ережеде белгіленген тәртіппен осы алқа өкілеттігінің қалған мерзіміне қайта сайлау өткізіледі [8].
ж) Судьялардың республикалық тәртіптік-біліктілік алқасы Жоғарғы Сот алқаларының төрағалары мен судьяларына, облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен алқаларының төрағаларына қатысты тәртіптік істерді қарайды, судьяларға біліктілік сыныптарын беру мәселелерін шешеді, сондай-ақ судьялардың облыстық тәртіптік-біліктілік алқаларының шешімдеріне шағымдарды қарайды. Судьялардың облыстық тәртіптік-біліктілік алқалары облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларына қатысты тәртіптік істерді қарайды, сондай-ақ судьяларға біліктілік сыныптарын беру мәселелерін шешеді.
з) Судьялардың тәртіптік-біліктілік алқасының төрағасын, хатшысын
және судьяларын жұмыстан босату тиісті соттар төрағаларының ұсынуымен осы
Ереженің 4-6 тармақтарының ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
и) Судьялардың тәртіптік-біліктілік алқасының төрағасын, хатшысын және мүшелерін міндеттерін атқарудан босату үшін мыналар негіз болып табылады:
— істерді қарау негізінде заңдылықтың бұзылуы;
— судья әдебіне қайшы келетін теріс қылықтың жасалуы;
— «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 33-35 баптарында көзделген басқа да негіздер.
2001 жылы 26 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы судьяларының біліктілік сыныптар туралы» Ережесі қабылданды. Осы Ереже Қазақстан Республикасының судьяларына біліктілік сыныптарын берудің, олардан айырудың және төмендетудің тәртібімен шарттарын белгілейді.
- Қазақстан Республикасының судьяларына атқарып отырған қызметіне, кәсіби даярлық деңгейіне, еңбек сіңірген жылдарына және өзге де жағдайларына байланысты: жоғарғы, бірінші-бесінші біліктілік сыныптары беріледі.
- Біліктілік сыныптарында болу мерзімдері:
Бесіншіде – 2 жыл
Төртінщіде – 3 жыл
Үшіншіде – 3 жыл
Екіншіде – 3 жыл
Біріншіде – 4 жыл
- Біліктілік сыныптарын берудің тәртібі:
жоғарғы біліктілік сыныбын Қазақстан Республикасының Президенті:
Республикалық тәртіптік-біліктілік алқасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соттың Төрағасына;
Республикасы Жоғарғы Соттың Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың алқаларының төрағалары мен судьяларына, облыстық және оларға теңестірілген соттардың (бұдан әрі – аудандық соттардың) төрағалары мен судьяларына береді.
Бірінші, екінші және үшінші біліктілік сыныптарын: Республикалық тәртіптік-біліктілік алқасы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы соттың алқаларының төрағалары мен судьяларына, облысытық соттардың төрағаларына;
Облыстық тәртіптік-біліктілік алқасы тиісті облыстық соттардың төрағаларының ұсынуы бойынша облыстық соттардың судьяларына, аудандық соттардың судьялары мен төрағаларына береді.
- төртінші және бесінші біліктілік сыныптарын:
Республикалық тәртіптік-біліктілік алқасы облыстық соттардың төрағаларының ұсынуы бойынша осы соттардың алқаларының төрағаларына;
Облыстық тәртіптік-біліктілік алқасы тиісті облыстық соттардың
төрағаларының ұсынуы бойынша облыстық соттардың судьяларына, аудандық
соттардың судьялары мен төрағаларына береді.
Біліктілік сыныбынан айыру тәртібі:
- судья «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 34-бабының 1-тармағының 1), 2), 3) [13] тармақшаларында және 2-тармағында көзделген негіздер бойынша атқаратын қызметін және судья өкілеттіктерін тоқтатқан жағдайда біліктілік сыныбынан айырылу мүмкін.
- Судьяның біліктілік сыныбынан айыру негізі осы Ереженің 3-тармағымен белгіленген біліктілік сыныптарын беру кезіндегідей тәртібі бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы өз егемендігін алғаннан кейін мемлекет құру барысында сот жүйесін мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде қарай отырып, оның атқаратын рөлін кеңейтті. Яғни, бұл орган басқа құқық қорғау органдарына қарағанда адамдардың құқықтарымен бостандықтарын ерекше түрде қорғай алатындығын негіздеді деп толық айта аламыз. Өйткені, сот билігі адамдардың арасындағы қақтығыстарды және олардың құқықтарының бұзылғандығы туралы үкім немесе шешім шығару арқылы қылмыстық немесе азаматтық істерде соңғы нүкте қоятын орган. Сондықтан бұл орган демократияландыру құқықтық мемлекет құрудағы басты негіздердің бірі болып табылады.
2000 ж. 20 маусымда бұл өткен («сот құқықтық реформасы:заңды қамтамасыз ету проблемалары мен перспективалары»материалынан) ғылыми практикалық конференцияда академик Салық Зимановтың «Қоғамды демократияландырудағы соттың алатын орны мен рөлін қамтамасыз ету және қорғау» деген мақаласында «Сот билігінің жағдайын жақсарту – ол демократияны алға жылжыту, ал демократияны алға жылжыту дегеніміз, ол отанды құтқару» — деген тамаша сөздерін айтуға болады. Міне, сондықтан да, сот билігін демократияландыру үшін мына принциптер негізге алынуы тиіс:
- Судьялардың тәуелсіздігі мен олардың тек қана заңға бағынуы.
- Соттардың жарыспалылығы мен тең құқылығы.
- Сотта істі қараудың жариялылығы.
- Сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы.
- Сотталушының соңғы сөз алу құқығы.
Міне, бұл сот билігін демократияландыру негізіне тоқталмай тұрып алдымен «принцип» [14]ұғымын түсіндіретін болсақ, оның үш жай-жоспары бар:
- Философиялық;
- Затты қолданбалы;
- Теориялық құқықтық. «Принцип» ұғымының философиялық жай-жоспары мынада: жалпы таным негізінде немесе әлдебір білім саласы негізінде алынған, заңдылықты айқындайтын және білдіретін әдеттегі нәрселер теория жүзінде талдап қорытылады.
«Принцип» ұғымының затты қолданбалы жай-жоспары – осы қызмет өзіне
сай келуге тиісті негізге, жалпы талапты білдіреді.
«Принцип» ұғымының теориялық-құқықтық маңызы – тиісті құбылыс мәнінің талданған, объективті орын алып отырған ақиқатты және онда қолданылатын заңдылықтарды бейнелейтін көрініс.
Сонымен, «принцип» ұғымы түсініктемесінің барлық жай-жоспарларының ұқсастықтары көп, олардың ең елеулілері мыналар:
- «принцип» ұғымы тек негіз қалаушыларға жатқызылуы мүмкін категорияларға ғана қолданылады.
- «принцип» ұғымы жалпы негізгі ережелердің объективті ақиқаттарынан дерексіздендіруі мүмкін;
- «принцип» ұғымы құбылыстардың мәнін білдіретін үйреншікті теориялық талдаумен байланысты.
Судьялардың тәуелсіздігі мен олардың тек қана заңға бағыну принципіне келетін болсақ — әрбір судья қандайда бір азаматтық, қылмыстық, шаруашылық және әкімшілік істерді қарған кезде, тек қана заңда көрсетілген нормаларды қолдану арқылы үкім немесе шешім шығарады. Міне, сондықтан судьяның өзіне берілген құзіретіне ешкімнің араласуына болмайды.
Судья тәуелсіздігі – бұл оның екінші табиғаты.
«Судьяның бостандығы – бұл оның тәуелсіздігі. Судьяның тәуелсіздігін қамтамасыз ету қанша қиындыққа түссе де, ол судьяларға тиіселі болып табылады. Судьялаға көптеген мәселелер заңның және заңдылықтың, құқықтың және шындықтың соңғы нүктесін қоятын сенім білдірген.яғни, бұл жөнінде судьялар мен адамдардың тағдырларын біріктірген. Сот билігі жеке адамның, көпшілік қауымның мүддесіне қатысты мәселелерді қозғайды. Судья айналасын құпиялылық, сатқындық, екіжүздік, сөз байланыстық негіздері қоршаған. Міне, осындай жағдайларда судьялардың өмір сүруіне және сот билігін жүзеге асыруға тиесілі екендігі жөнінде,» [15] — деп атап көрсетті академик С.З. Зиманов.
Судьялардың тәуелсіздігі және олардың тек қана Конституцияға және заңға бағынуы сот төрелігін жүзеге асырудың қажетті шарты, істің ақиқаттығын ашудың кепілі болып табылады.
Қазақстан Республикасында сот төрелігін судьялар сот процесінің барлық сатысында бүкіл іс жүргізу жұмысын орындау кезінде тәуелсіз болатындай етіп құрады. Сатыларға бөлінетін сот процесіне:
- соттың шешімі, үкімі, ұйғарымы, қаулысы;
- шағымдық (апелляция) іс жүргізу;
- қадағалау ісі жатады.
Іс бойынша іс жүргізудің бүкіл барысында қандайда болмасын сыртқы ықпалға қарамастан, дәлелдемелерді зерделейді және барлық шешімдерді Конституция мен заңдарды басшылыққа ала отырып ішкі сенім негізінде қабылдайды.
Сот билігін жүзеге асыру кезінде сот органдарының ешқандай иерархиялығына жол берілмейтінін атап көрсеткен жөн деп санаймыз. Бірінші сатыдағы сот тек қана заңға бағына отырып, нақты іс бойынша үкім шығару
жөнінде жоғары тұрған сотқа тәуелсіз.
Сот тәуелсіздігін демеократиялық принцип ретінде қарай отырып, 1995 жылғы 29 қараша мен 13 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында (Сот органдарының тәуелсіздігі жөнінде) [15] мына принциптерді қарағаны жөнінде айтып кеткен жөн:
Сот органның тәуелсіздігіне мемлекет кепіл береді және ол Конституция мен заңмен баяндалады. Барлық мемлекттік органдар немесе мекемелер сот органының тәуелсіздігін құрметтеуге және сақтауға міндетті. Сот органы өздеріне берілген істерді кімнің тарапынан болса да заңсыз ықпал етудің, теріс ниеттің, қысым көрсетудің, күш көрсетудің немесе тікелей не жанама араласудың саодарынан туатын қандайда бір кедергілерге және қандай бір себептерге қарамастан фактілердің негізінде және заңға сәйкес тәсілдермен шешіледі.
Сот төрелігі процесіне заңсыз немесе рұқсатсыз араласуға жол берілмеуі тиіс және сот шығарған сот шешімдерін басқа органдар қайта қарауға жатпайды. Бұл принцип заңға сәйкес сот жолымен қайта қарауға немесе сот ұйымдары шығарған үкімді жеңілдетге кедергі жасамайды.
- Сотта істі әділетті жүргізу мен таптардың құқықтарын міндетті түрде сақтауды қамтамасыз ету құқығын береді.
- Судьялар өздерінің ассоциацияларын және басқа да ұйымдарын ұйымдастыру және оларға өздерінің мүдделерін қорғау, кәсіби даярлығын жетілдіру және тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін кіру екендігіне ие.
- Сот лауазымына таңдап алынған адамдардың адамгершілік қасиеті мен қабілеті,сондай-ақ құқық сапасындағы даярлығы мен біліктілігіміндетті түрде жоғары болуы тиіс. Судьяларды іріктеудің кез келген әрісі судьялардың жалған уәждерімен тағайындалуын болдырмауға кепілдік беруге тиіс. Судья қызметіне іріктеу кезінде ол адамға қатысты кемсітушілік болмауы тиіс;алайда заң қызметіне кандидат тиісті елдің азаматы болуға тиіс дейтін талап, ешқандай да кемсітушілік ретінде қаралмауы тиіс.
Судьялардың өкілеттік мерзіміне, олардың тәуелсіздігіне, қауіпсіздігіне, тиісті сыйақысына, қызмет жағдайына , зейнетақысына, зейнетке шығу жасына лайықты түрде заңмен кепілдік берілуі тиіс. Судьялардың өзіндік соттық және кәсіби міндеттерін орындауы кезінде олардың үстінен түскен арыөдар мен шағымдарды тиісті тәртіп бойынша жедел және әділетті түрде қаралуы тиіс.
Судьялар өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға қабілетсіздіне немесе олардың олардың атқаратын лауазымына лайықсыз ететін теріс мінез-құлықтарына байланысты қызметінен уақытша босатылуы немесе шығарылуы мүмкін. Тәртіптік жаза немесе жұмыстан шығару туралы шешім толық дәлелденуге, сондай-ақ тәуелсіз тексеруден өтуі тиіс.
Республика Конституциясымен көзделген сот тәуелсіздігі принципі 1966 жылғы 16 желтоқсандағы «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт» ережелеріне толық жауап береді, оның 4-бабында «оған тағылған кез келген қылмысты қарау кезінде немесе қайсібір азаматтық процесте оның құқығы мен міндеті анықталатын кезде заң негізінде құрылған құзіретті тәуелсіз және риясыз сотпен істі әділ және жария қаратуға құқығы бар»
екендігі көзделген [16].
Және Конституция (Ата заң) судьяларға ешкімнің қол сұға алмайтынына кепілдік береді. Судьяны қамауға алуға оның әкімшілік орындарына алып баруға, оған сот тәрітібімен істелетін әкімшілік шараларды қолдануға болмайды. Президенттің келісімінсіз судьяны қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайды.
Және сонымен қатар, «Сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 1 қыркүйектегі №440 Жарлығы шықты [17]. Бұл жарлықта көрсетілген ең негізгі мәселе – Қазақстан Республикасындағы сот қызметін материалдық-техникалық және өзгедей қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанынан Сот әкімшілігі жөніндегі комитетін құру туралы көретілген болатын; Демек, бұл дегеніміз сот жүйесінің атқарушы органға тәуелсіз екенін және судьялардың материалдық – техникалық жағдайларын әлдеқайда көтерілгендігін көрсетеді. Бұл Жарлықты Қазақстан жұртшылығы және де ең алдымен судьялар корпусы сөзсіз оң қабылдамақ, ол шынайы демократиялықжәне құқықтық мемелекет құру жолымен жүріп келе жатқан жас мемлекет ретінде Қазақстанның бет-бейнесін нығайтуға ықпал етеді.
Сот билігін демократияландырудың тағы бір негізгі принципі- тараптардың жарыспалығы мен тең құқығы жатады.
Жарыспалылық- істің сотта қаралуы айыптау функциясы қорғау функциясынан және істі шешу функцмясынан бөліетіндей етіп құрылуын көздейтін сот ісін жүргізу принципі сот процестен басты жағдайда болады, соттас істің қаралуына басшылық етеді және істің мән жайын жан-жақты, толық және обьективті зертту, іс бойынша ақықатты анықтау үшін заңда көздеген барлық шараларды қолдануға, іс бойынша заңды және дәлелді шешім шығаруға міндетті;сотта істің қаралуына қатысушыларға, соның ішінде айыптаушы мен айыпталушыға тең іс жүргізушілік құқықтар беріледі.17
Тараптардың, яғни сот ісіне қатысушылардың материалдық – құқықтық мүдделерінің сәйкес келмеуін байланысты, олардың сотта өзара сөз жарыстарын сайысуын туғызады. Яғни, кез-келген жақтың өз пікірін айтуға және өзінің көзқарасын қорғауға құқығы бар. Міне, бұның өзі азаматтардың тек өзіне тән құқықтарын білдіреді.
Айыпкер бар жерді қорғаудың болуы гносеологиялық тұрғыда қажет, әйтпеген жағдайда процесте айыптауға бейімділік басым болады да, оның өзі сот төрелігің міндеттері мен мақсаттарына қайшы келеді. Сондықтан,функциялардың қиылыспайтыны туралы айтқан кезде айыптау мен қорғаудың арасалмағын ескеру қажет, олардың қызметі – мүдделер, айқындамалар, көзқарас күресі,бәсекесі. Айыптау мен қорғау процесте бір-біріне қарама-қарсы болады. Осы қарама-қарсылыққа баға беріп, іс бойынша шешім шығаратын сот органы ғана.
Жарыспалылық- қарама-қарсы мүдделер тартысы. Сол мүдделерді бәлдіретін және сот алдында қорғайтын-тараптар. Процестері мыналар тараптар болып табылады: айыпташы, айыпталушы(сотталушы); айыпталушының мүддесін білдіретін қорғаушы;өз құқығын қорғайтын жәбірленуші мен азаматттық талапкер немесе олардың өкілдері.
Процесте жарыспалылыққа тиімді жағдайлар жасау үшін талаптарға тең құқықтар беру қажет. Бұл қағиданың бұзылуы белгілі бір жаққа ауытқуға (жазан қатайту немесе босаңсытуға)сөзсіз әкеп соғады.
Тараптардың жарыспалылығына қатысты олардың тең құқылығы істе өз мүдделерін қорғау үшін заң шығарушының белігіленген теңдігі. Тең құқықтықты осылайша түсіну тараптарды процесс «… өз айқындамасының негізділігін дәлелдеуге міндеттейді…заң шығарушы тараптарға өз мүдделерін қорғау ісінде тең құқықтар бере алады. Бірақ ол тараптарға заң алдындағы жауаптылықтан қорқып айтыста қайткенде де жеңіп шығу айтыста екінші жақтың емес, бірінші жақтың айтқаны ақ екенін дәлелдеу міндетін жүктей алмайды және жүктемейді де» [15].
Жарыспалылықты істі нақтылай шешу сот алдында анықтау мен тергеу кемшіліктерінің орнын соттың обьективті мүмкіндігі шегінде толтыру, егер ақиқатты анықтау үшін қажет болса, басқа да дәлелдерді анықтау, сұратып алдыру және бағалау міндетін қояды.
Сөйтіп, процесстегі жарыспалылықтағы қаралған элементтері генетикалық тұрғыдан, іс жүргізудің құқықтық қатынастарының бүкіл жүйесі тұрғысынан өзара байланысты және таладу жасалып отырғын принциптің мәнән түсінудің кілдіт болып табылады.
Ал енді сотта істі қараудың жариялылығына келетін болсақ – бұл принцип сот әділдігін жүзеге асыруға сапалы түрде әсерін тигізеді. Демек, сотқа қатысып отырған былайғы жұртышыққы және сот ісіне қатысушылардың өздеріне тәрбиелілік ықпал жасап, олардың осында адал мінез-құлық көрсетуне және дұрыс түсініктемелер мен айғақтар беріуне жәрдемдеседі [8].
Жариялылық принциптерінен бас тарту жеке адам құқықтарының бұзылуына қолайлы негіз жасайды. Жария сот құқығы адамның өзінің құықтары мен бостандығын заң мен тиім салынбаған барлық жолдармен қорғауына мүмкіндік жасайды. Демократиялық қоғамды істі адамның, қоғамның және мемлекеттің мүддесін қорғау тұрғысынан жүргізіледі. Сот ашық жүргізілген жағдайда ғана ол сенім мен беделге ие болады. Оның шішімі халықты қанағаттандыруға тиіс. Адамдарға сотта істің қараудың нәтижелерін ғана еемс соттың үкімге және басқадай шешімге барар жолда қалай әрекет еткенін білу де маңызды. Құпия жүргізілген сот шешімдерінің дұрыстығына күмән туғызады. Сондықтан да сот төрелігінің ашық орындалуы тиіс. Сотта істі ашық қарау – процесстің көзбен көріп, құлақпен естуге мүмкіндік туатын айғақты сәт заңға, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына деген аса әсерлі жарқын көрінісі.
Біздің заңдарымызда жариялылық принципінің мазмұны айқын және толық тұжырымдалған. Заңда мемлекеттік, коммерциялық құпияның жария етілуіне жол бермеу, сондай-ақ 16 жасқа толмаған жасөспірімдердің қылмыстары туралы істер бойынша, не іске қатысушы адамдардың жеке немесе отбасылық өмірінің сыры туралы мәліметтердің жария етілуін болдырмау мақсатында жынысты қылмыстар туралы немесе басқа адамда қылмыстық және азаматтық істер бойынша соттың дәлелді қаулысы негізінде істердің жабық мәжілісте қаралуына жол беріледі.
Бұл шектеулер Қазақастан Республикасы Конституциясының 18 бабында көзделген: «Әркімнің жеке өміріне өзінің және отбасының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына құқығы бар» дейтін қағдасы нақтылайды.
Істерді жабық мәжілісте қарау кезінде осы іске қатысы барлардың бәрі де залда отырады. Соттың жабық мәжілісінде қаралған іс бойынша шығарылған үкім немесе шешім әрқашан барша жұрт алдында, яғни басқа адамдардың да қатысып отырғанында жарияланады, тек сот мәжілісінің жабық жүргізілуі себебі жарияланбайды. Бұл мағынасында алғандағы істі ашық қарау принципі істерді бірінші және екінші инстанция соттардың да қараған кезде жүзеге асырылады.
Сотта істің жариялылығы радио мен теледидар да берілген заңымен тиім салынбайды. Сот мәжілісі залында қатысып отырған тілмаштар мен журналистердің істі сотта қараудың барысымен нәтижелерін баспасөзде жариялануына құқығы бар.
Сонымен, соттағы істің жариялылығы – бұл сот жүйесінің демократиялық көрінісі және халықтың сот билігін бақылап отырудағы нысаны деп айтуға болады.
«Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықтықжәне әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыра отырып, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен босатндықтары» — деп Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында көрсетілген. Сондықтан сот органының ең негізгі міндеті осы адамдардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету.
Демек, сот істі қарған уақытта алынған айғақтар заңды түрде алында ма? Әлде заңсыз алында ма?-деп, оған көңіл бөледі. Ешкім өзінің мойындауы негізінде сотталуы тиіс емес. Сондықтан заңда дәлелдемелерді мойныдаудың мынадай төменгі шарттарын көздейді:
- Дәлелдемені сол іс бойынша іс жүргізуге тиісті өкілеттігі бар адам алуға тиіс.
- дәлелдеме осы іс жүргізу барысында алынуы тиіс.
- нақты деректер осы заңда көрсетілген негіз бойынша алынуы тиіс.
- дәлелдеме іс жүргізу нормаларында көрсетілген ережелерді сақтай отырып алынуы тиіс.
Айыпкердің айғағы – дәлелдеменің қарапайым көзі; өйткені ос кезден алынған дәлелдемені жеткіліксіз бағалауға да болмайды.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде алынған нақты деректерді Қылмыстықістер жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес жүргізілгеннен кейін, сотта сол дәлелдемелерді айғақты деректер ретінде пайдалануы мүмкін. Айыпталушының өзінің күнәсін мойындауы оны іс бойынша жиналған басқа бүкіл деректер толықтай расталған жағдайда ғана айыпталудың негізіне алынуы
мүмкін.
Сонымен, сот ісін жүргізудегі жариялылық принципінің мәні мынада:
азаматтарға құқықтық тәрбие берілуін (заңдарды құрметтеуге дағдыландыру; заңдарды бұзуға болмайтыны туралы сенім қалыптастыру; құқықтық сауаттылығын, мағлұматтылығын арттыру) қамтамасыз ету;
Құқық қорғау қоғамның барлық әлеуметтік топтарымен байланысты орнатылады, оның өзі сот төрегілін жүзеге асыру жөніндегі қызметке қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін күзеттік фактор қалыптасуына жәрдемдеседі.
Жариялылылық принципінің жүзеге асырылуы өз мүдделерін қорғайтын процеске қатысушылар үшін іс жүргізудің кең ауқымды оң перспективаларын ашады. Сапасыз жүргізілген анықтау мен тергеу кезіндегі кемшіліктерді әрбір адамның сотта, өз бойынша, ақиқатты анықтауға септігі тиетін нәрсенің бәрін айтуына мүмкіндік берілуі арқасында жоюға болады.
Енді, Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 4) тармақшасында судьялар заңдарды қолданғанда бағынатын қағида ретінде «Сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы» деген норманы бекіткен. Бұл норма бойынша Ғ.Сапарғалиевтің бірінші көзқарасы, Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы оқулығында келтірген « Бұл – демократиялық сот төрелігінде жалпыға мәлім принцип. Сот – жазалаушы орган емес, ақиқатты белгілеуді, сондай-ақ мәселені әділ шешуді көздейтін орган. Ал оған сот процессінің қатысатын әркімнің пікірін толық айтуына мүмкіндік туған жағдайда ғана қол жеткізеді. Бұл сот процесіне конституциялық құқығы».
Ғ.Сапарғалиевтің екінші көзқарасы, Қазақстан Республикасының Конституциясы ғылыми құқықтық түсініктемесінде келтірілген «Сотта әркімнің сөз сөйлеу құқығын қамтамасыз ету құқықтық қорғаудың қажетті кепілдігі бболып табылады».
Куәгер мен жәбірленушіден айырмашылығы айыпкер анықтама беруге міндетті емес, ал айғақтама беруден бас тартқаны және көріне жалған айғақтама бергені үшін жауап бермейді. Айыпкердің (Сотталушының) айғақтамасының істің мән-жайын, қылмастың себептерін, кінәні жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды анықтауда, тергеу және сот болжамдарын жасау мен тексеруде үлкен мәні бар, сондай-ақ тағылған айыпқа қарсы қолдануда мейлінше ықпалды құралдың бірі болып табылады.
Айыпкердің сөз сөйлеу және айғақтама беру құқығы алдын-ала тергеу барысында іске асырылады. Алайда, айыпкердің өзіне тағылған айыбы бойынша сөз сөйлеу және айғақтама беру құқығы соттың іс қарауы кезінде барынша кең және толық іске асырылады. Процетің аталған сатысында осы құқықтың кепілдігі қатарына:
сотталушы болмаған кезде істі тыңдауға жол берілмеушілік;
соттың сотталушыға заңмен көзделген құқығын түсіндіру міндеттілігі;
сотталушы мен оны қорғаушының сотта мемлекет өкілімен, сотта іс қарауға қатысушылар мен дәлелдемелерді зерделеуге, оларды тапсыру мен өтініштерді мәлімдеуге қатысу құқығын тең бөлісу;
айыптау қорытындысы жарияланғаннан кейін судьяның сотталушыдан
тағылған айыптың оған түсініктілігін, оның өзін кінәлімін деп мойындайтынын не мойындамайтынын сұрауға міндетті екендігі;
сотталушыдан жауап алудың заңмен бегіленген, одан алдымен тағылған айып және істің өзіне белгілі мән-жайы бойынша еркін айтылатын, тек содан кейін ғана төрағалық етушінің және процеске қатысушылардың басқаларының сұрақ беретін тәртібі;
барлық дәлелдемелерді қарағаннан кейін сотталушының сот тергеуін толықтыру, сотта жарыссөзге қатысу құқығы;
соңғы сөзін айту құқығы жатады» [16]. Біздің ойымызша профессор Ғ.Сапарғалиевтің бірінші көзқарасымен келісе отырып, оның ойын әрі қарай жалғастырамыз. Қазақстан Республикасы Конституцияда көрсетілген норма бойынша кез-келген адам (Сотта қаралып жатқан іске қатысты ма? Немесе қатысты емес пе?)өз сөзін тыңдатуға құқылыболып табылады. Сондықтан да іске қатысы жоқ адамдардың сөздері сот процесіне кедергі жасамауы үшін, біздің ойымызшы, бұл қағида өзгертілуі тиіс. Мәселен, бұл қағиданы келесі түрге келтіруге болады: «сотта қаралып жатқан іске тиісті адам өз сөзін тыңдатуға құқылы».
Сонымен қатар, сот процесінің тәжірибесін алған кезімізде, өкінішке орай, жиі кездесетін жағдайлар біздің соттағы сөйлеп жатқан адамдардың сөзін бөліп жіберуі немесе өз ойын толығымен жеткізуге мүмкіндік бермеуі. Сондықтанда біздің ұсынған ұсынысымыз бойынша, соттағы сөйлеген адамдардың сөзін бөлмей толығымен тыңдауы керек деген ойдамыз.
Сотта іс қаралудың тағы бір демократиялық қағидаларының бірі – ол сотталушының соңғы сөз алу құқығы.бұл сотталушының өзін қорғаудағы және ізгілік (гуманный) жаза тағайындауындағы негізгі қағидалардың бірі болып табылады.
Соттаушының соңғы сөзі соттағы жарыс сөз аяқталған соң, төрағалық етуші сотталушыға соңғы сөз береді. Бұл соңғы сөзінде әрбір сотталушы адам қылмыстық заңда (кодексте) көрсетілген қылмыстық жауапкершіліктің және жазаның жеңілдететін мән-жайларын қарауды және жәбірленушіден кешірім сұрау мүмкіншілігіне ие екендігін көрсетеді. Ал судья болса, осы сотталушының соңғы сөзіне қарай отырып, оның өз әрекетіне деген баға беруін қарайды.
Сотталушыға оның соңғы сөзі кезінде ешқандай сұрақ қоюға жөн берілмейді.
Сот сотталушының соңғы сөзінің ұзақтығын белгілеуге құқылы емес.сот төрағасы сотталушының іске қатысты емес мән-жайларды қозғаған уақытта ғана оны тоқтатуға құқылы [17].
Егер сотталушы өз ісіне қатысты жаңадан маңызы бар мән-жайларды хабарласа, сот тараптарының өтініші бойынша немесе өз бастамасымен сот тергеуін қайта бастайды. Қайта басталған сот тергеуі сот аяқталған соң сот жарыс сөзін жаңадан ашады және сотталушыға соңғы сөз беріледі.
Сотталушының соңғы сөзі тыңдалып біткен соң сот үкім шығару үшін кеңес бөлмесіне кетеді, ол туралы төрағалық етуші сот отырысы залындағы қатысушыларға хабарлайды. Үкімнің жарияланатын уақыты процесске қатысушыларға судьялар кеңесу бөлмесіне кетер алдында хабарлауы мүмкін. Міне, бұл айтылған негіздердің өзінде де сот алдында айыпталушының немесе сотталушының өзін-өзі қорғауға деген кепілдемелірінң бірі деп айтуға болады.
Бұл қағида жөнінде біздің ойымызша мынандай жетіспестіктер бар деп айтуға болады. Біріншіден, айыпталушының керең-мылқау кеңістігі болуы мүмкін (медицина тұрғысынан) бұл жағдайда айыпталушы заңда көрсетілген түрде соңғы сөзін жүзеге асыра алмайды. Екіншіден, Қазақстан Ресупбликасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша айыпталушысыз қылмыстық істер қаралуы мүмкін. Сондықтан де осы екі жағдайды қорыта отырып, біз мынадай ұсыныс жасаймыз. Соңғы сөзі тек қана айыпталушы емес оның өкілі жүзеге асырады немесе жазбаша түрінде берілген соңғы сөзді сот мәжілісінде судья мен немесе хатшымен жариялануы тиіс.
Сонымен бұл тарауды тұжырымдай отырып біз келесі қорытындыларға келдік:
Сотталушының соңғы сөз қағидасына мынандай толықтырулар енгізген дұрыс деп ойлаймыз, мәселен соңғы сөзді тек қана айыпталушы емес оның өкілі жүзеге асырады немесе жазбаша түрінде берілген соңғы сөзді сот мәжілісінде судья мен немесе хатшымен жариялануы тиіс. Өйткені, айыпталушы керең-мылқау кемістігі болуы мүмкін, осы жағдайда айыпталушы соңғы сөзін жазбаша түрде жүзеге асыруға мүмкіншілік берілуі керек. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша айыпталушысыз қылмыстық істер қаралуы мүмкін, бұл жағдайда соңғы сөзді айыпталушының орнына оның өкілі мен жүзеге асыруға мүмкіндік беру керек.
Сот органын жеке институт есебінде қарай отырып бұл органның әртүрлі даулар мен қақтығыстарды шешендігін және құқықтық тәртіпті нығайтуға үлкен рөл атқаратындығын, демократиялық тұрғыда құқық бұзушылық пен белсенді күрес жүргізетіндігін және азаматтар мен мемлекеттің мүддесін қорғайтындығын айта аламыз. Яғни, сот билігі өзінің барлық қызметінде адамдардың заңдарды бұлжытпай орындауы немесе оларды сақтау негізінде тәрбиелейтіндігін көре аламыз.
ҚОРЫТЫНДЫ.
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, төрт параграфтан құралған.
Кіріспеде осы тақырыптың өзектілігі, оның маңызы мен мәні, қазіргі кезеңдегі актуальділігі және қылмыстық процесс саласындағы алатын орны айтылады. Онымен қоса, бұл мәселенің зерттелу жағдайы, осы тақырыпқы қатысты бұрын — соңды шыққан еңбектер, ғалымдар, олардың өзекті пікірлері мен бұл тақырыптың қай қырынан қарастырылғаны, не айтқымыз келді, қай мәселесіне баса назар аударғанымыз сөз етіледі.
Алғашқы тарау үкімнің түсінігіне арналған: Үкім – сот алдына келген жеке бір қылмыстық іс бойынша қылмыс жасады деп айыпталып отырған адамның қылмыстың жасалуына кінәләгән анықтап, оған қылмыстық жаза тағайындау не тағайындамау туралы немесе сотталушының қылмыстың жасалуына кінәсіздігін анықтап, оны қылмыстық жауаптылықтан босату туралы және басқа қылмыстық іске байланысты туындаған мүліктік, азаматтық хал жағдайлары туралы іс бойынша сот шығаратын соңғы шешім. Үкім арқылы қылмыстың жасалуына кінәлі адам мен мемлекет арасында жазалаушылық қарым – қатынас орнайды, сондай – ақ сол қылмыс үшін кінәлі боп табылса да, ақталса да қайтадан жауапқа тартуды жоққа шығаратын құжат.
Адамның қылмыскер екендігін заңды түрде бекітетін жалғыз құжат – үкім. Бірінші параграфта үкімнің маңызы мен мәні қарастырылған. Үкімнің мәні оның мемлекет билігін іске асырып, құқықтың шын мәнінде іске асуында.
Заңды күшіне енген үкімнің жеке – даралық және преюдициалдық маңызы бар. Яғни бір айыптау бойынша бір адамға қатысты тағы да үкім шығарылмайды, тек алғашқы үкім бұзылған жағдайда ғана тағы да үкім шығуы мүмкін. Жеке бір іс бойынша фактілер туралы соттың ой қорытындылары сол деректерді өндірісте қарап жатқан процессуалдық органдар үшін міндетті. Процессуалдық маңызы – тергеу мен бірінші инстанция сотының қызмет қорытындысын шығарады, сот қадағалауына негіз болады. әллеуметтік маңызы – сот билігінің бұл актісінде әрекетке мемлекет атынан әлеуметтік баға беріледі, әрекетке қоғамдық көзқарас көрініс табады, қоғамдық құқықтық сананың қалыптасуына себеп болады. Екінші параграф үкімге қойылатын талаптар, мазмұны мен құрылысына арналған. Үкім заңдылығы – оның материалдық және процессуалдық құқық нормаларына сәйкестігі. Яғни Қылмыстық кодекс пен Қылмыстық іс жүргізу кодекісінің ережелеріне сай келуі. Үкім негізділігі – соттың үкімдегі тоқтамдарының сот мәжілісінде зерттелген дәлелдемелер жиынтығына сәйкестігі, былайша айтқанда сипаттамалы бөлімге қорытынды бөлімнің тығыз сәйкестігі. Үкім дәлелдігі – тоқтамдар мен шешімдерді қуаттайтын деректі және заңды аргументтердің көрсетілуін білдіреді. Үкім әділеттілігі – қылмыскерге сай жаза тағайындау, үкімнің парасаттылыққа, әлеуметтік ғұрыпқа сай келуі.
Үкім кіріспе, сипаттамалы және қорытынды бөлімдерден тұрады. Кіріспе бөлімде үкімнің ҚР атынан шыққандығы, процеске қатысушылардың аты – жөні, атақ – дәрежесі және жеке басқа арналған мәліметтер, сотталушының айыпталып отырған қылмысы, үкімнің шыққан уақыты, орны, соттың атауы, т.б. жазылады. Сипаттамалы бөлімде сот мәжілісінде талқыланып, анықталған тұжырымдар жазылып, іс бойынша шығатын шешімге негіздер келтіріледі. Мұнда қылмыстың орны, уақыты, оны саралау көрініс табады. Не болмаса қылмыстық айыптаудың дәлелденбегендігі сипатталады. Бұл бөлім айыптауды не ақтауды қараудан және сот қабылдайтын шешімнің негізі болады. Сондықтан сипаттамалы және қорытынды бөлім бір – бірімен қарсылықта болмауы тиіс.
Қорытынды бөлімде барлық талқыланған мәселелер бойынша шешім қабылданады. Айыптау үкімінде бұл бөлімге сотталушының кңнәлі боп танылуы, жаза тағайындамау туралы шешім, жазаның түрі, мөлшері, режимі және басқа оның жеке басына байланысты мәселелер (мүліктік, азаматтық хал жағдайлар).
Ақтау үкімінде сотталушының кінәсіз боп табылуы, бұлтартпау шарасын алып тастау туралы шешімдер жазылады. Бұл бөлімде сот шығындарын өтеу, мүліктік шығынды өтеу т.бт мәселелер шешім табады.
Екінші тарау үкімнің түрлерін ажыратады: үкімнің негізінен екі түрі бар, олар: айыптау үкімі және ақтау үкімі.
Айыптау үкімі айыптаудың негізінде сотталушының кінәсі толық дәлелденген жағдайда шығады. әлдеқандай күмән туса ақтау үкімі шығады. Айыптаушы кінәні дәлелдесе айыптау үкімі, дәлелдей алмаса ақтау үкімі шығады.
Адамда соттау үшін оның кінәлілігіне көз жеткіздіру керек, ақтау үшін оның кінәлілігіне күмәндану жеткілікті.
Кінәсіздік презупциясының екі маңызы бар: қылмыстық іс жүргізу органдарының істің мән – жайына толық қанығуына, анықтауына итеруші күш болуы: істе күмән болса не істеу керектігін анықтайды.
Екінші тараудың бірінші параграфы айыптау және ақтау үкімінің түсініктері, түрлері және шығару негіздерін анықтайды.
Айыптау үкімі – сотталушыны қылмыс үшін кінәлі етіп табатын және оған жаза тағайындау не тағайындамау мәселесін шешетін үкімнің түрі.
Ақтау үкімі – тағылған айыпты жоққа шығара отырып, сотталушының кінәсіздігін бекітетін үкім түрі.
Айыптау үкімінің бес түрі бар:
- Сотталушы өтеуге тиіс жаза тағайындайтын айыптау үкімі. Бұл үкім сотталушының жаза өтеуіне ешбір кедергі болмаған кезде жазаның түрі, мөлшері және жазаның басталу мерзімі көрсетіле отырып шығарылады.
- Қылмыстық жауаптылықтан босататын айыптау үкімі қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімі өтіп кеткен және жауапқа тартудың мәні жойылған жағдайда шығады.
- Тағайындалған жазаны өтеуден босататын айыптау үкімі кешірім актісі шыққан жағдайда және алдын – ала қамау мерзіміне тағайындалған жаза мерзімі пара – пар келген жағдайда шығады.
- Жаза тағайындамайтын айыптау үкімі сотталушы қайтыс болған болса шығады.
- Жазаны өтеуді кейінге қалдыратын айыптау үкімі аяғы ауыр не сегіз жасқа толмаған баласы бар әйелдерге қатысты және апаттарға не материалдық ауыр жағдайына байланысты сотталушының жаза өтеуі оның отбасын ауыр жағдайға әкеп соғатын болса шығарылады.
Ақтау үкімі қылмыс оқиғасы болмаса, сотталушының қылмысқа қатысқандығы дәлелденбесе не оның әрекетінде қылмыс құрамы болмаса шығады. Ақтау үкімі толық реаблитацияға жол ашады. Ақтау үкімін шығу негізіне қарай екіге бөлуге болады.: сотталушыға қарсы азаматтық талап – арыз беруді жоққа шығаратын және жоққа шығармайтын. Сотталушының әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болуына байланысты ақталған адамға талап – арыз беруге болады, себебі оның әрекетінде азаматтық құқық бұзушылық құрамы болуы мүмкін. Қалған екі негізбен ақталған адамға азаматтық талап – арыз беруге болмайды.
Екінші параграфта үкім шығару кезінде сот шешетін мәселелер, үкім шығару мен оны жариялау қарастырылған.
Сот шешетін мәселелердің тізімі толық берілген: он жеті және қосымша үш мәселе. Бұл мәселелерді төрт топқа бөлуге болады: қылмыс кінәға байланысты мәселелер; жазаға байланысты мәселелер; азаматтық талап – арыз бен сот шығынын өтеуге байланысты мәселелер; үкім шығаруға байланысты туындайтын құқықтық мәселелер. Олар логикалық байланыспен құрылғандықтан кейде алдыңғы мәселенің жоққа шығуы келесі мәселені шешуді қажетсіз етіп тастайды.
Үкім кеңесу бөлмесінде құпия түрде шығарылады. Бұл соттың тәуелсіздігін, ішкі түйсігінің бостандығын, судьяларға ештеменің, ешкімнің ықпал етпеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан да ол жерде протокол болмайды. Кеңесу құпиясы бұзыла отырып шыққан үкім, сөзсіз бұзылуға жатады.
Үкім ауызша жарияланып, оны судьядан бастап бәрі тұрып тыңдайды. Бұл оның беделінің артуына ықпал етеді. Қол қойылғасын үкім бірден жарияланады. Үкімнің жариялануының құқықтық салдары бар: үкімнің заңды күшіне ену уақыты жүре бастайды;
ҚР Жоғары Сотының Пленумының қаулысы күшіне енеді;
Үкімнің жеке – даралық күші туындайды;
Заңдылық, негізділік және барынша әділеттілік – үкімнің ажырамас қасиеттері.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 ж.
- Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» заңы 21 желтоқсан 1995 ж.
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 13 желтоқсан 1997 ж.
- Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі 10 желтоқсан 1997 ж.
- Қазақстан Республикасының «Соттардың жүйесі мен судьяларлың мәртебесі туралы» заңы 25 желтоқсан 2000 ж.
- Қазақстан Республикасының «Ішкі істер органдары туралы» заңы 21 желтоқсан 1995 ж.
- Қазақстан Республикасының «Ұлттық қауіпсіздік органдар» туралы заңы 21 желтоқсан 1995 ж.
- Халиков К.Х. Некоторые вопросы борьбы с преступностью в Казахской ССР. Развитие демократических начал в организации и деятельности суда. Алма-Ата. 1987 г.
- Алиев Мирбашир Мирахмед Оғлы. «Қазақстан Республикасының Сот жүйесі мен құқық қорғау органдары». Астана, 2004г.
- Мақұлбеков Б.Д. Қазақстан Республикасының сот билігі: оқу құралы – Алматы: Айдана, 2003жыл. – 146 бет.
- Нарикбаев. М.С. Казахстан: Судебно-правовая реформа и дальнейшие пути ее совершенствования // Жинақта: Проблемы реализации судебно-правовой реформы в постсоветских государствах: опыт и суждения. Астана, 1998, 7-бет Нәрікбаев М. Ұлы билерден Жоғарғы Сотқа дейін. Алматы, 1999 ж.
- Сапаргалиев М. Организация Советского суда в Казахстане, Алма-Ата, 1954 г.
- Тимофеев В. Судебная система суда РФ. 1994 г.
- Шаламов М. Судебное устройство Казахстана. Москва, 1941 г.
- Халиков К.Х. Проблемы судебной власти в РК. Алматы, 1998 г. С. 3-4.
- Сулейменова Г.Ж. Суд и судебная власть в РК. – Алматы, 1994. – 236 бет.
- Комментарий к Федеральному конституционному закону « О судебной системе РФ»/ В.И. Радченконың редакциялығымен,-М., 1998. 6-бет
- Ершов А.А. Суд устанавливает истину А, 1982 г.
- Қоғамов М.І. Краткий научно – практический комментарий к главным нового УПК РК. А.: 1998 г.
- Элькинд П. С. Цели и средства их достижения в советском уголовным процессуальном праве. Л.: 1976г.
- Давлетов А.А. Основы уголовно процессуального познания. Свердловск: Уральский университет, 1991г.
- Элькинд П.С. Толкование и применение норм уголовно – процессуального права. М.: 1967г.
- Вопросы осуществления правосудия по уголовном делам. К.: КГУ, 1984.