МАЗМҰНЫ
Кіріспе……………………………………………………………………………………………..
1…. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ
1.1. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының қалыптасуы, ынтымақтастықты дамыту функциясы……………………………………………
1.2. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының жетістіктері мен келешегі ………………………………………………………………………………………………….
2…. ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚТАҒЫ — ҚАЗАҚСТАН
2.1. Қазақстан және БҰҰ: ынтымақтастықтың негізгі кезеңдері………………
2.2. Қазақстанның шет елдермен өзара ықпалдастық және тең құқықтық қатынастар құру саясаты……………………………………………………………………………….
3…. СЫРТҚЫ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Әлемдік саясатта мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары….
3.2. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы ………………………………………………………………………………………………….
…… ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………….
…… Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………..
Кіріспе
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бергі он жылдан астам уақыт ішінде оның әлемдік қауымдастыққа енуі іс жүзінде аяқталып, халықаралық геосаяси қатынастардағы орны мен рөлі айқындалды. Бүгінде Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі өзінің тарихи дәнекерлік қызметін қайта жалғастырып, халықаралық аренада беделді де дәйекті бейбітшілік саясатын жүргізуде. Оған Қазақстанның халықаралық қауымдастық шеңберінде тең құқылы қарым-қатынастар орнатуымен бірге, баянды бейбітшілік саясатын қалыптастыру, мемлекетаралық шиеленістерді бәсеңдету, шет елдермен экономикалық және мәдени байланыстарды кеңейту жөніндегі ұсыныстары мен нақты қадамдары айқын дәлел.
Сонымен қатар отарлық және кеңестік кезеңдерде бұрмалауға ұшыраған халықтың тарихи санасын қалпына келтіру, өз мемлекеттігін сәйкестендіру аясында өтіп жатқан рухани және мәдени өрлеу барысында Қазақстан Республикасы көршілес елдермен, тарихи тамыры бір туысқан халықтармен ежелгі қарым-қатынастары мен байланыстарын жаңғыртуға да ерекше назар аударып келеді. Алыс және жақын көрші мемлекеттермен жасалатын ресми халықаралық қарым-қатынастармен қатар елдерді жақындастыратын мәдени байланыстардың да маңызы зор.
Бiз бүгінгі таңда еліміздің дамуының аса маңызды тарихи кезеңiне куә болып отырмыз. Тәуелсiздік алған сәттен бастап елiмiз өтпелi кезеңнiң қиындықтарынан еңсесiн түсiрмей, өзiндiк жол тауып шыға бiлдi. Жиырма жыл ішінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты, мәдени, рухани келбеті бұрын болып көрмеген биік деңгейге көтерілді. Барлық салада толағай табыстарға жеттік. Қоғам дамуында реформалар жүрiп жатқан кезеңде білім беру жүйесi де сырт қалған жоқ. Конституциялық реформалар барысында білім беру саласын жетiлдiруге аса мән берiлдi. Оң өзгерістер білім беру жүйесінде де молынан орын алды. Осы уақыт ішінде білім беру жүйесінде кең ауқымда жүргізілген реформалар қазіргі қазақстандық жоғары мектепті қалыптастыруға мүмкіндік берді. Жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасы нығайып, студенттерді әлеуметтік қолдау жақсарды. Білім саласының қызметкерлері Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан реформаларды қолдай отырып, еліміздің одан әрі де даму жолымен өсіп, өркендей беретіндігіне зор сеніммен қарайды. Тарихымызға тереңірек үңіліп қарасақ, тәуелсіздік алып, өркениеттің сара жолына түскелі көп уақыт бола қойған жоқ. Бірақ осы уақыттың ішінде біз Қазақстанды табиғи байлығы мол, өзіндік даму жолын таңдаған мемлекет екенін әлемдік қауымдастыққа танытып қана қоймай, оның беделінің жылдан-жылға артып келе жатқанын байқап отырмыз. Ал өркениеттің мұндай сатысына жету ата-бабамыздың тарихи өмірінде бұрын-соңды болмаған жаңа кезең, жаңа қоғам деуге толық негіз бар.
Бүгін еліміз 138 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Қазақстанның шетелдерде 70-тен астам дипломатиялық миссиялары, кәсіби дипломаттарының жеткілікті саны бар. Шетелдермен белсенді ынтымақтастықтың нәтижесінде мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейде 3 мыңнан астам әртүрлі салалардағы халықаралық шарттар жасалды.
Зерттеу жұмысының негізгі нысаны. 1991-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасының сыртқы саяси дамуы кезеңіндегі Қазақстан тарихы болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстандық қоғамды жаңартудың демократиялық негіздерін белгілі ғалымдар Ә.Н. Нысанбаев, А.Қ. Бижанов зерттеген. Сондай-ақ, қоғамды демократияландырудағы саяси жаңарту үрдісінің саяси маңыздылығын және кейбір қырлары отандық ғалымдарымыз Г.Н. Иренов, Е.К. Әлияров еңбектерінде де көрініс тапқан. Саяси жаңарудың этносаяси аспектілерін кешенді зерттеуге Р.Б. Абсаттаровтың зерттеулері үлкен үлес қосты.
Аталған мәселе бойынша қазақстандық ғалымдар Л.А.Байдильдинов, А.С.Балғымбаев, М.А.Биекенов, К.Н.Бурханов, С.М. Борбасов, Ж.Х.Жүнісова, Р.К.Қадыржанов, М.С.Машан, Н.В.Романова, Т.С.Сарсенбаев, М.Б.Татимов, Г.Р. Нұрымбетова, Т.Қ. Әуелғазина, С.Ш. Мұсатаев, Ж.Р. Жабина және тағы басқалар трансформациялаудың үдерістің логикасын, Қазақстанның әлеуметтік мәдени даму ерекшелігін, қоғамдық өмірдің басқарушы звеносын реформалау тетіктерін жүйелеген. Жоғарыдағы аталған еңбектер өзгермелі қоғамдығы мәнді ғылыми зерттеулер болып саналады. Бірақ та осы еңбектерде Қазақстан Республикасының демократиялық модернизациялау үрдісінің динамикасына арналған арнаулы зерттеулер жоқ. Бұл мәселені кешенді зерттеу тарих ғылымы үшін зәрулік болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Тақырыптың мақсаты Қазақстан Республикасындағы сыртқы саясатының даму тарихына талдау жасау.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынандай зерттеу міндеттері алға қойылды:
— Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының қалыптасуы, ынтымақтастықты дамыту функциясына талдау жүргізу;
— Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының жетістіктері мен келешегін сараптау;
— Қазақстан және БҰҰ: ынтымақтастықтың негізгі кезеңдері мәні мен мазмұнын бағалау;
— Қазақстанның өзара ықпалдастық және тең құқықтық қатынастар құру саясаты талдау жасау;
— Әлемдік саясатта мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жүру бағыттар мен ерекшеліктерін зерттеу;
— Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы зерттеу;
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Зерттеу жұмысының дерек көздерін ҚР конститутциясы, заң актілері, статистикалық материалдар президент жарлықтары мен дипломатиялық құжаттар құрайды.
Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі. Жұмысты жазу барысында көптеген әдебиеттер пайдаланды. Соның қатарында ресей және еліміздің құқық саласындағы ғалымдардың еңбектері пайдаланды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдаулары және өзге де нормативтік-құқықтық актілер пайдаланды.
Зерттеу жұмысының мерзімдік және аумақтық шегі. Зерттеу жұмысында 1991-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасының территориясы қарастырылған.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Тәуелсіздік тарихындағы сыртқы саясаттың жетістіктері мен келешегін сараптау жаңалық болып табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми-практикалық маңыздылығы. Диплом жұмысы семинар сабақтар мен студенттің өзіндік жұмыстарына қолданылуы мүмкін.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Зерттеу нәтижесінде келесі тұжырымдар шығарылды:
- Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының қалыптасуы мен еліміздің ынтымақтастықты дамыту функциясына талдау жүргізу арқылы еліміздің «көшбасшылық» бейнесі ашылды;
- Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының жетістіктері мен келешегін сараптау нәтижесінде Отанымыздың жасампаздық бейнесі айшықталды;
- Қазақстан және БҰҰ: ынтымақтастықтың негізгі кезеңдері мәні мен мазмұнын бағалау нәтижесінде еліміздің бейбіт саясат ұсьтанудағы ролі мен орны анықталды;
- Қазақстанның шет елдермен өзара ықпалдастық және тең құқықтық қатынастар құру саясаты талдау жасау арқылы әлемдік қауымдастықтағы мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жүру бағыттар мен ерекшеліктері анықталды;
Дипломдық жұмыс кіріспеден, тиісті параграфтарға бөлінген үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ
1.1 Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының қалыптасуы, ынтымақтастықты дамыту функциясы
Қазақстан Республикасының Презиеднті Н.Ә.Назарбаев республика тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде «бәрін де іс жүзінде тақыр жерден бастауға тура келді… Ең алдымен… елімізді сыртқы дүниенің тануына қол жеткізу қажет еді» деп атап көрсеткен болатын. /12/ /32-бет/ Бұл өзінен өзі түсінікті еді. Себебі, Қазақстан өзін тәуелсіз мемлекет ретінде жарияласымен-ақ дүние жүзіндегі басқа мемлекеттердің оны тәуелсіз мемлекет ретінде тануы ел тәуелсіздігінің баяндылығының басты белгілерінің бірінен саналады. Осыған байланысты біз ел есінде мәңгі сақталар қуанышты сәттердің бірі ретінде 1991-жылдың желтоқсан айының 16-сы күні Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жарияласымен-ақ, араға бар-жоғы 30 минут уақыт салып, қазақ халқымен ортақ тарихи және этнолингвистикалық терең тамырлы бауырластығы бар түрік елінің бірінші болып әлемге жар салып Қазақстанның егемендігін танығандығын мақтаныш сезімімен еске аламыз. Ол – ол ма, Қазақстанда өз елшілігін ашқан алғашқы ел де Түркия Республикасы болды. Қазақстан өзінің егемендігін жариялаған күннен бар-жоғы төрт ай өткенде, яғни 1992-жылдың сәуір айының 21-күні Түркия республикасының Қазақстандағы елшісі Аргун Өзпай ел басшысы Н.Ә.Назарбаевқа сенім грамотасын тапсырды. Ал осы салтанатты сәттен бар-жоғы 26 күн өткенде, яғни 1992-жылдың мамыр айының 16-сы күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен Қазақстанның шет елдердегі бірінші елшілігі Түркия Республикасында салтанатты жағдайда ашылды.
Осы жылдың 31-қазанында Анкарада Түркия және түркі тілдес мемлекеттері басшыларының 2 күндік кеңесі болып өтті. Түркияның, Әзірбайжанның, Қазақстанның, Қырғызстанның, Түрікменстанның және өзбекстанның Президенттері «Анкара» декларациясына қол қойды.Мұнда оллар өздерінің «екі жақты және көпжақты ынтымақтастықты дамыту» ниеттері туралы мәлімдеді. Осы кездесуде Түркия мемлекет басшылары Татаүрік идеяларын қайтадан еске түсіріп, аймақта «біртұтас ортақ түрі базарын құру» туралы идеяларын айтып, арнайы құжат әзірлеп ұсынды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев бұл құжатқа қол қоюдан бас тарта отырып, өз ойын былай деп жеткізді: «Мен бұл мәлімдемеге қол қоймайтындығымды айттым. Біз тек экономикалық, гуманитарлық, саяси байланытсрады жақтаймыз дедім. Түбіміз бір екені рас. Ұзақ уақыт бір-бірімізден қол үзіп қалғанымыз белгілі. Мен жаңа ғана қол жетіп отырған тәуелсіздігімізді, әр мемлекеттің егемендігін қатты қадірлей отыра, өркениетіміздің үзіліп қалған сабақтастығын қайта жалғастыруды ұсындым.» /2/ /201-бет/
Екі жақты пайдалы қарым-қатынас қалыптастыру. Қазіргі заманда мемлекетаралық қатынасты қоғамның барлық саласын қамтуға, байланыстыруға болады: біріккен өндірістер, фирмалар, ұжымдар құру, бірігіп ғылыми зерттеулер жүргізу т.б. іс-әрекеттер жасау. Бұдан мемлекеттер ұтылмайды, керісінше, ұтыстары молаяды [3].
Тәуелсіздік пен егемендік алғаннан кейін Қазақстанның алдында өз мемлекеттілігін нығайту мен жетілдіруді қалыптастыру міндеттері тұрды. КСРО-ның ыдырауы планетаның басқа аймақтарына қарағанда негізі жоқ жаңа мемлекеттердің пайда болуына емес, тарихи тамыры терең, бір кездері жоғалтылып алынған мемлекеттіліктің жандануына алып келді. Егемен республикаға көптеген маңызды мәселелерді шешу керек болды:
Тәуелсіздік алғаннан кейін екі айдан аса уақыттан соң (1992ж. 2 наурыз) Қазақстан Біріккен Ұлттық Ұйымының мүшелігін алды, ал бүгінгі күні БҰҰ-ң 50-ден астам әр түрлі ұйымдары мен бағдарламаларының, сондай-ақ басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесі немесе қатысушысы болып табылады [4].
Олардың арасында: Азия Даму Банкі, ОБСЕ, Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымы, Бүкіләлемдік Интеллектуалды Мүлік Ұйымы, Бүкіләлемдік Кеден Ұйымы, Тарифтер мен Сауда жөніндегі Бас Келісім Европалық Қайта құрастыру мен Даму Банкі, БҰҰ-ң Европалық Экономикалық Комиссиясы Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымы, Интерпол, МАГАТЭ, Халықаралық Валюта қоры, Біріккен Ислам Конференциясы, БҰҰ-ң Даму Бағдарламасы, «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасы, Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ орталығы, т.б.
Егемендік пен тәуелсіздіктің алғашқы алты жылында Қазақстанды әлемнің 120-дан аса елі таныды. Егемен Қазақстанның жас тарихының алғашқы айларының өзінде Қазақстанмен дипломатиялық қатынас орнатқандардың алдыңғы қатарында АҚШ, Жапония, Қытай, Моңғолия, Ұлыбритания, Франция, және т.б. болды. Жаңа мемлекеттерді танудың екі формасы болғанын айтып кеткен жөн: де-факто және де-юре.Достық қарым-қатынастың әрі қарай нығая беруіне тілек білдіреді. Өз жолының бастауында Қазақстан Республикасы Ресейде, АҚШ-та, Қытайда, Түркияда өз елшіліктерін ашты. Артынша Алматыға дипломатиялық өкілдіктер мен шетел мемлекеттері елшілерінің, сондай-ақ халықаралық ұйымдар өкілдерінің үлкен тобы жетті, республикада шетел фирмалары мен компанияларының өкілдері орныға бастады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 47 елшілік жұмыс істеуде, 13 Халықаралық ұйымдардың өкілдіктері бар, 200-ден аса ірі шетел компаниялары республикада өз оазистерін ашты [5]. Мұның бәрі соз жоқ халықаралық практика негізінде Қазақстанның мемлекеттік протоколын жасап, соған сәйкес қызмет енгізу қажеттілігін тудырды. Бұл туралы келесі әңгімелерде сөз болады. Сондай-ақ Қазақстанның дипломатиялық практикасы, дипломаттар арасында қолданылатын терминология жөніндегі негізгі мағлұматтар жайында да айтылып өтетін болады.
Қазақстанның басты және өзгермес мақсаты — тәуелсіздікті, егемендік пен мемлекеттілікті нығайту. Қазақстан мүдделеріне халықаралық құқықтың берік негізіне орныққан көпполюстік жүйе құру мен көпжақты дипломатия институттарын нығайту. Сөйтіп, Қазақстан бүгінгі күні — көптеген халықаралық және аймақтық ұйымдардың мүшесі.
Біз өз елімізді халықаралық қоғамдастықтың толық құқылы және жауапты мүшесі ретінде қарастырамыз, ал мұның өзі біздің аса маңызды басымдықтарымыздың бірі [6].
Бірақ оның саясатында басты көңіл ТМД мемлекеттерімен қарым-қатынастарға бөлінеді.
Тәуіелсіз мемлекет Достық жұмыстарына көз жүгірте отырып, шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөліп қарауға болады. Олардың әрқайсысында қатынастардың жаңа түрін қалыптастырудың спецификалық мәселелері шешіліп отырды.
1992 жыл мен 1993 жылдың басындағы алғашқы кезеңде халықаралық қатынастардың негізін қалау жұмысы басталды.
Қысқа уақыт ішінде ынтымақтастықтың ұйымдасқан құрылымы — Мемлекет басшыларының кеңесі, Үкімет басшыларының кеңесі, ТМД-ның парламентаралық ассамблеясы қалыптасты. 1993 жылдан бері Минскіде Достастықтың штаб-пәтері — Атқарушы Секретариат (ТМД Атқару комитеті) жұмыс істеуде. Сыртқы істер министрлері кеңесі, сондай-ақ салалық ынтымақтастық органдары құрылды.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жақындасуына бірден-бір қомақты үлес қосып келе жатқан мүше мемлекеттердің бірі ретінде Қазақстан Республикасы саналады. Себебі, ТМД шеңберінде қабылданған жақты және көп жақты (аймақтық) келісімдер мен шарттардың екі жақты, үш жақты және көп жақты қабылдануына немесе әртүрлі деңгейдеігі (Кеден одағы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес т.б.) көптеген шаралардың ұйымдасуына және тұрақты жұмыс істеуіне де ықпал етіп отырған мемлекет — Қазақстан. Бұл тұрғыдан келгенде, ТМД-ға мүше мемлекет болып саналатын басқа мүше елдермен өзара қарым-қатынастарына, оның экономикалық, әлеуметтік, әскери, гуманитарлық салалардағы жақындасуына тоқталып, сараптап талдау жасап өткенді жөн санадық.
ТМД шеңберінде Достастыққа мүше елдердің өзара жақындасуында үлкен рөл атқарып, мүше мемлекеттердің негізгі орталық жүйесі ретінде саналатын ел — Ресей Федерациясы. «1991 жылы желтоқсанның 16-да Қазақстан өзін тәуелсіз ел деп жариялады. Қазақстан мен Ресейдің екі жақты мемлекетаралық қатынастарының дамуына осы сәттен бастауға болады»[38]. Дегенмен, бұл уақытқа дейін де 1990 жылдың 21 қарашасында Қазақ ССР-і мен РСФСР арасында екіжақты шарт жасалынған болатын. Бұл шарттың кіріспесінде былай: Мәртебелі уағдаласушы жақтар Қазақстан мен Ресей Федерациясы халықтарының ғасырлар бойы қалыптасқан достық дәстүрлерін, тығыз экономикалық және мәдени байланыстарын дамытуға ұмтылады, мемлекетаралық қатынастарды егеменді теңдік, ішкі істерге араласпау, аумақтық тұтастықты құрметтеу, күш қолданудан бас тарту, даулы мөселелерді жалпы қалыптасқан халықаралық құқық нормаларына сәйкес реттеу қағидалары негізінде дамытуға бейім, делінгенді. Бұл құжаттың негізгі мазмұны бойынша Қазақстан мен Ресей Федерациясы бір-бірін егемен мемлекет деп біледі және басқа жақтың мемлекеттік егемендігіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуге міндеттенетінің білдіреді. Көріп отырғанымыздай, КСРО құлдырауының сонғы сатыларының өзінде-ақ нарықтық экономика талаптары мен жаңа егемен елдерге қатысты жасалатын келісім-шарттар екі ел арасында орын ала бастағанын байқаймыз.
1992 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан мен Ресей арасындағы шаруашылық қызметте шектеулерді алып тастау туралы келісімге қол қойылды. Бұл қүжаттың қабылдануы сол кезең саясаты мен ахуалына сай тұғын. Себебі, нақ өзара шараушылық қатынас, экономикалық жақындасу елдер арасындағы серпінді де жоспарлы ынтымақтастықты қажет еткен. Қазақстан мен Ресей президенттерінің алғашқы ресми кездесуі 1992 жылдық 21 наурызында болды [7]. Бұл кездесуде мемлекет басшылары екі ел арасындағы экономикалық, сыртқы саясат мәселелері жөне ТМД даму жолдарын сөз етті. Қазақстан мен Ресейдің өзара қатынастарының бірінші кезеңінің аяқталуы жөне сонымен бірге жаңа кезеңнің — екі елдің мемлекетаралық экономикалық және саяси ынтымақтастығының үлгісін іздестірудің басталуы 1992 жылғы 25 мамырда екі ел Президенттері Н.Ә.Назарбаев пен Б.Н.Ельцин қол қойған «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт» [8] болып табылады. Шарттың негізгі мазмұнына сәйкес мынаны анықтауға болады. Қазақстан мен Ресей екі мемлекеттің тарихи қалыптасқан тығыз байланыстарына, өз халықтарының игі қатынас, достық пен өзара іс-қимыл дәстүрлеріне сүйене отырып, екі ел арасындағы достық қатынастарды, тату көршілікті, ынтымақтастық пен өзара көмекті нығайту екі мемлекет түбегейлі ұлттық мүдделеріне сай келеді деп есептеп, мемлекеттік егемендік пен аумақтық тұтастықты өзара құрметтеу, даулы мөселелерді халықтарының бейбіт жолмен реттеу және күш қолданбау қатерін төнгізбеу, соның ішінде басқа да қысым көрсету амалдарынан бас тарту, тең құқықтылық және ішкі істерге араласпау, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын сақтау, міндетгемелерін адал орындау қағидаларын, сондай-ақ жалпы жұрт таныған халыкаралық құқық нормаларын дәйекті түрде басшылыққа ала отырып, өздерінің достық қарым-қатынастарын әріптес мемлекеттер ретінде құрады. «Бұл Қазақстан — Ресей шарты Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы процесінің дамуына, евразиялық кеңістіктегі қауіпсіздіктің бекуіне, тұрақтылыққа, өзара жемісті ынтымақтастық пен іс-әрекеттердің терендеуіне күш салуға шақырады» [9].
Түркиямен арадағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға Қазақстан жағы да қатты мүдделі-тұғын. Өйткені, егемендігіне енді ғана ие болып, қаз тұра бастаған жас мемлекеттің эканомикасына ең алдымен мемлекеттігінің тұғырларының бірінен саналатын өнеркәсіпті көтеру үшін несиелер мен инвестиция-қаржы салымдары қажет болатын. Ал, көлік пен қатынас саласындағы Түркия мемлекетімен арадағы қарым-қатынасты жолға қою Қазақстан үшін аймақтық эканомикалық ынтымақтастыққа кіруге мүмкіндік беретінідігін байқатты. Ал, бұл ынтымақтастықтың мүшесі болу республика эканомикасына біршама қаражат көздерінің құйылуына мүмкіндік туғызды. Жалпы екі ел арасындағы эканомикалық ынтымақтастық екі жаққа да өте пайдалы, эканомикаларына молынан жәрдемдесуде. Мысалы, екі ел арасында, әсіресе сауда-саттықтың жемісті өрістеуі сырт көзге айқын байқалады. Бұл түсінікті де. Халықаралық эканомикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған пошымына еларалық сауда-саттық жатады.
Американдық ғалым Дж.Сакстың пікірінше, «қандай да бір ел болмасын оның экономикалық тұрғыдан ірі жетістіктерге жетуі көбіне-көп сыртқы сауда-саттықты дұрыс жүргізе білуіне тікелей байланысты. Дүниежүзілік экономикалық байланыстар шеңберіне тартылмайынша еш бір ел оқшау қалып жөні түзу экономикалық құрылым жасақтай алмайды». /3/ /154-бет/ Олай болса, Қазақстан-Түркия арасындағы экономикалық ынтымақтастық та өзінің салмағына қарай өзара сауда-саттықтың жетекші позициясына ие болуы орынды да.
Бірақ та Қазақстанның әлемдік коммуникацияға тікелей шыға алмауы оның осал жері болып табылады. Әлемдік нарық капиталындағы шиеленісті бәсекелестік Қазақстанда инвестициялық жағдайды әрі қарай жақсарта түсуді талап етеді. Бұл өз кезегінде елдің эканомикасына ірі трансұлттық корпарацияларды тартудың алғашқы шарттарын жасайды. Сол себепті де Қазақстан үшін өзінің тарихи түп тамыры бір Түркия сияқты елмен экономикалық өзара қарым-қатынасын нығайта түсуі осы бағыттағы маңызды жолдардың бірі болып табылады.
Қазақстан түрік компанияларының іс-қимылдары үшін барынша кең мүмкіндіктер ашты. Мәселен, 1992 жылы ірі компания башыларының бірі Я.Демирелдің жетекшілігімен Алматыға бір топ түрік бизнесмендері келді. Олар Қазақстанда табиғи шикізаттар мен ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін жаңа технологиялрды бірігіп игеруге және құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындар салуға мүдделілік танытты.
Қазақстан қазіргі заман талаптарына жауап беретін және ТМД-ның ортақ тарихына арқа сүйеген ортақ саяси, экономикалық және әлеуметтік стандарттарға қол жеткізуге ұмтылуда.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімге 1992 жылы 15 мамырда Ташкентте қол қойылды. ҰҚК-ға 9 мемлекет мүше болды. Келісім 1999 жылы сәуірде күшін жойды. 1999 жылы 2 сәуірдегі ТМД мемлекеттері басшыларының Саммитінде Әзербайжан, Грузия мен Өзбекстаннан басқа мүше-мемлекеттер ҰҚК-ның ұзартылуы туралы Протоколға қол қойды. Грузия келісімнің қайта жасалуы бойынша жұмыстар толық аяқталған соң ғана мүшелікке өтуге келісті.
Басқа 6 мемлекет үшін Протокол 2000 жылы 22-наурыздан бастап күшіне енді. Қазіргі күндері ҰҚК Келісімге мүше-мемлекеттердің әскери-саяси саласындағы интеграция үшін шынайы ядро және негізгі құрылымға айналып келеді. ҰҚК-ге мүше-мемлекеттер арасындағы әскери-саяси қарым-қатынастарға Келісімге кірмейтін басқа елдермен саяси байланыстар мен қатынастарға қарағанда көбірек көңіл бөлінеді.
Сонымен қатар Ұжымдық Қауіпсіздік туралы келісім (ҰҚК) оның мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің әзірге жалғыз механизмі және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы көлеміндегі инеграциялық процестерді дамытудың маңызды әскери-саяси құрамдас бөлігі болып табылады.
Келісім өзіне жүктелген сенімді әскери құрылыс саласындағы ынтымақтастықты жөнге келтіруге жол ашатын құрал ретінде ғана емес, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті, мүше-мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етудің маңызды факторы ретінде де ақтады.
Қазақстанның негізгі мақсаты — Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Келісімде қамтылған, республикалардың ұлттық қауіпсіздігі бойынша көптеген әскери және саяси мәселелерді шешуге арналған потенциалды жоғары деңгейде пайдалану.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы ҰҚК-ге мүше-мемлекеттермен бірінші кезекте 2003 жылға дейінге уақытқа арналған халықаралық терроризм мен басқа да экстремизм құбылыстарымен күрес жөніндегі Бағдарлама туралы үстіміздегі жылдың 25 қаңтарында қабылданған Шешімдер аясында Қазақстан мемлекет Ресейдің Қауіпсіздік кеңестері шеңберінде және ТМД-ға мүше-мемлекеттердің Терроризмге қарсы орталығымен бірігіп жұмыс істеуде.
Қазақстан Республикасы Келісімнің қатаң блоктық сипатта болмауын, мүше-мемлекеттердің сырт елдермен және халықаралық құрылымдармен әскери ынтымақтастық жасау және дамытуға егемен құқығына қол сұқпауын жақтайды және аймақтағы әскери-саяси ахуалдың ушығуы мүмкіндігін есепке алатын және орын алып келе жатқан құбылыстарға келісімді барынша бейімдей түсуді ұсынады.
Соңғы жылдары халықаралық террористер мен экстремистердің Орталық Азия аймағындағы жағдайды тұрақсыздандыруға үздіксіз ұмтылуларынан туған ахуалдың ұшығуын есепке ала отырып, сондай-ақ Келісімнің жағдай үшін нәтижелілігін арттыруға байланысты практикалық шаралар қолдану мақсатында келісімге мүше-мемлекеттер осы мәселелерді шешуге барынша күш салды.
Осы жылдың 24 мамырында Минскідегі ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің Сессиясында мемлекет басшылары ҰҚК-ң нәтижелілігін арттыру және оны қазіргі геосаяси ахуалға бейімдеу туралы Меморандум Күш қолдану және ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің құралдарын, пайдалану үшін ұжымдық шешімдердің қабылдануы және жүзеге асырылуының тәртібі туралы ережеге, ҰҚК-не мүше-мемлекеттердің Коалициялық стратегиясының негізгі ережелері, т.с. сияқты маңызды құжаттарға қол қойды.
Сонымен бірге Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздікті нығайту мақсатында үстіміздегі жылы 11-қазанда, Бішкектегі ҰҚ Кеңесінің сессиясында Мемлекет басшылары құрамы шектелген жылдам қозғалатын ұжымдық күш пен олардың басқару органын құру арқылы болуы мүмкін қауіпті жоюды қамтамасыз ететін Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру бойынша жұмыстарды белгіледі, президенттер әлемдік қауымдастықты Ауғанстандағы ахуалды жөнге келтіру процесін жетілдіруге үндеп, аталмыш мәселеге орай нақты шаралар жасап шығару үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы отырысын өткізуді ұсынды.
Ұлттық, аймақтық және халықаралық қауіпсіздікке төменгі және жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұруға байланысты мүше-елдердің бірігіп қимылдауын ұйымдастыру мақсатында Келісім аясында 2001—2005 жылдарға арналған ұжымдық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру бойынша негізгі шаралардың Жоспары іске қосылған.
Агрессияға немесе халықаралық-террористік бандылардың шабуылына ұшыраған мүше-мемлекеттерге қажетті көмек көрсету жағдайында Келісімнің нәтижелілігін арттыру үшін ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын қалыптастыру мәртебесі туралы Келісімге қол қойылды.
Келісімнің қауіпсіздікке төменгі қауіп-қатерлерге қарсы тұра алар іске қосылған халықаралық құрылымға айналып келе жатқанын есепке ала отырып, қазіргі уақытта мүше елдер сырт елдермен, халықаралық ұйымдармен және құрылымдармен қауіпсіздік мәселелері бойынша ынтымақтастық жасауда.
2000 жылдың басынан бастап бұқаралық ақпарат құралдарында «бестік» елдері Президенттері бірнеше рет Кедендік Одақ шеңберіндегі ынтымақтастықтың маңызы жөнінде бір ауыздан мәлімдеді.
Осы мәселеде үстіміздегі жылдың 23 мамырында Минскіде мемлекет және үкімет басшыларының кездесуі, сондай-ақ осы жылдың 31 наурызында Алматыда Интеграциялық Комитеттің 19 отырысы өтті.
Қазіргі күндері Кедендік Одақта шынайы интеграцияның барлық базалық элементтері құрылды, ТМД-да іске қосылған практикадан бөлек бірлескен қимылдардың формуласы жасалды. Негізі өздерінің экономикалық қарым-қатынастарында «бестік» елдері келісім шарттар бекіту кезеңінен сыртқы экономикалық байланыстардың келісілген параметрлерін белгілеудің жаңа кезеңіне аяқ басты.
«Бестік» елдері қарым-қатынастарының механизмдерін жетілдіру, сондай-ақ оған құқықтық субъектілік мәртебесін беру мақсатында мемлекет басшылары КО негізінде халықаралық экономикалық ұйым — Евразиялық экономикалық қауымдастық (Евраз ЭҚ) құру туралы шешім қабылдады.
Тараптар, құрған үкімет аралық топ жұмыс істеп жатқан және қайта қалыптастырылып жатқан интеграцияны басқару органдарының мақсаттарын, міндеттері мен қызметтерін белгілеп, келісті.
Үстіміздегі жылдың 10 қазанында «бестік» президенттері экономикалық қауымдастықты бекіту туралы Мәлімдеме мен Келісімге қол қойды.
Жұмыс істеп жатқан және қалыптасу үстіндегі интеграцияны басқару органдарының құрылымы мен жұмыс тәртібіне ережелер Бекіткен аталмыш құжаттың қабылдануы “бестік” елдеріне қатынастардың жаңа сапалы деңгейіне көтерілуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшыларының пікірлері бір жерден шықты. Бұл кезекті кезең ғана емес, Европалық Одаққа және басқа да халықаралық ұйымдарға жақын принциптерге құрылған қоғамға бағытталған қадам.
Сонымен бірге Қазақстанның Евразиялық одақ туралы идеясын жүзеге асырудағы үлкен қадам. Президенттер қабылдаған Шешімде жалпы саяси еркіндік — өз кезегінде шынайы интеграцияны қамтамасыз ететін көп жоспарлы ынтымақтастыққа жаңа өмір беру көрініс тапқан.
Қазақстан сыртқы саясатындағы маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықты жандандыру болып отыр.
Интеграциялық процестердің дамуы аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өзара тиімді экономикалық байланыстарды дамыту, ішкі қайта қалыптастырулар мен реформалаулар мақсатында сыртқы жайлы ортаны қалыптастыру үшін қажет.
Орталық Азия мемлекеттерінің аймақтық интеграциясы идеясы 1994 жылы 30 сәуірдегі Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекістанның қатысуымен жасалған Ортақ Экономикалық кеңістік (ОЭК) туралы Келісімге қол қойылумен өзінің шынайы көрінісін тапты. Аталмыш келісім толыққанды мүше болып 1998 жылы 26 наурызынан бастап Тәжікстан қосылды. Келісімді дамыту аясында 1994ж. шілдеде Президент Шешімімен Мемлекетаралық Кеңес және оның негізгі институттары — Премъер-министрлер Кеңесі, Сыртқы істер министрлері Кеңесі, Қорғаныс министрлері Кеңесі мен олардың тұрақты жұмыс істейтін органы — Атқару комитеті құрылды. Сол уақытта қаражаты мүше-мемлекеттердің үлестік салымдары арқылы қалыптасатын Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкін (ОАЫжОБ) құру туралы Келісімге қол қойылды. Мемлекетаралық кеңес отырысында (1998ж. 17—18 шілде) аймақтық бірлестіктің жаңа атауы — Орталық Азия Экономикалық Қауымдастығы (ОАЭҚ) бекітілді.
Қазақстан жұмыс істейтін 2500 шетелдік компанияның 320-сы Түркиянікі. Түрік компаниялары 2 миллиярдтан астам сома бойынша келісім-шарт жасады. Қазақстан өз тарапынан мүмкіндігінше инвестициялар ағынын ынталандыруға ұмтылды. Түрлі бюрократиялық кедергілерді болдырмау үшін инвесторларға қажетті жағдайларды қарастырып, қысқа мерзімде шешу өкілеттігі жүктелген арнаулы инвестициялық комитет құрылды. Мұнан өзге эканомикадағы басымдылықтар айқындалды. Қазақстан үшін басым бағыттағы нысандарға келген инвесторлар елеулі жеңілдіктерге ие бола алады. Мұның барлығы, мемлекет басшысының ойынша, Қазақстанның өзге мемлекеттерге қарағанда инвесторларға неғұрлым қолайлы жағдай жасап отырғандығын білдірді.
Басым бағыттар қатарында мыналар аталады: түбегейлі құрылыс (ең әуелі Ақмола қаласын қайта құру және халық тұтынатын тауарлар өндіретін кәсіпорындар құру), энергетика, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, байланыс құралдарын дамыту, жол құрылысы және басқада үлкен күш пен мол қаражатты талап ететін мәселелер.
Ол келтірген деректерге қарағанда 1990-1995 жылдар аралығында түрік фирмалары өзге де халықаралық қаржы ұйыдарымен бірлесе отырып, Қазақстанға 1,3 миллиард АҚШ доллар көлемінде капитал экспорттаған. Олар Республикадағы 17 жобны қамтамасыз еткен. Бұл жобаларға салынған қаржының жалпы көлемі 550 миллион АҚШ долларды құрайды.мұның өзі Қазақстанға келген инвестицияның айтарлықтай бөлігін алды. Қазақстандағы түрік фирмаларының сі-қимылдарын М.Йылмаз табысты деп бағалады. Сонымен бірге ол Қазақстан эканомикасына түрік жағының қатысуын әлі де кеңейте түсуге ынталы екендігін мәлімдеді. Түрік жағы, деп атап көрсетті ол, жаңа Астана құрылысына белсенді қатысуға, шағын және орта бизнес кәсіпорындарын құруға, мұнай, газ кен орындарына барлау жұмыстарын жүргізуге, тағы басқа нақтылы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі.
Екі елдің арасындағы сауда айналымы 500 миллион АҚШ долларына жетті. Соның өзінде Қазақстан мен Түркия арасындағы екі жақты сауда-эканомикалық қатынастардың қазіргі уақыттағы дамуы айтарлықтай құқықтық-келісімдік базаға, тауар айналымының өсуіне, толып жатқан келіссөздер мен өзара сапарларға қарамастан екі елдің мүмкіндіктеріне әлі де толықтай сай келмей отыр. Қарым-қатынастарды дамыта түсуге кедергі келтіріп отырған мәселелердің қатарына қазіргі уақытта байқалып отырған жалпыға бірдей дағдарыс белгілері, өндірістің төмендеуі, нормативтік базалардың реттелмеуі, тиісті мемлекеттік бақылаудың жоқтығы, тағы басқа мәселелерді жатқызуға болады.
2000 жылы қарашаның соңында билік елдің онан астам ірі банкілеріне қатысты қылмыстық іс қозғалған кезде Түркияда эканомикалық дағдарыс басталды. Инвесторларды түрік қаржы жүйесіне деген сенімсіздік жайлап алды, мұның соңы елден миллиардтаған доллардың шетелге ағылуына және түрік компаниялары акцияларының күрт құлдырауына әкеліп соқты. Осы жайттардың барлығы жинала келе түрік іскерлерінің Қазақстандағы белсенділігінің төмендеуіне ықпл етті.
Екі жақты іскерлік байланыстардың дамуына кедергі келтіріп отырған мәселелердің тағы бірі екі ел іскер адамдары бірлестіктерінің арасындағы тікелей байланыстың дұрыс жолға қойылмауынан болып отыр. Бүгінгі күні қазақстандық ауыр индустриялық кәсіпорындарын жаңалауда, сондай-ақ энергетика, мұнай-химия, көлік және коммуникация, ауыл шаруашылық салалары бойынша түрік инвесторлары атсалысуда.
1991-2001 жылдарда Қазақстан мен Түркия қатынастары тұрақты да серпінді дамыды, экономикалық, саяси, гуманитарлық және басқа салалардағы маңызды мәселелер қазіргі таңда дәйектілікпен шешілуде. Қазақстан мен Түркия арасындағы өзара қаржы міндеттемелер реттелген, бірлескен бағдарламалар бойвнша 1-кезекте, экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асыруда жұмыс жүргізілуде.
Қысқа мерзім ішінде нарықтық қатынастарға негізделген Қазақстандағы экономикалық жүйе ойдағыдай құрылды. Нәтижелі жүогізілген реформалар қоғамның үздіксіз, әрі тұрақты дамуын қаматамсыз етіп, нақты жемістерін беруде. Қазақстанды ең алдыңғы қатарлы Еуропалық мемлекеттердің өзі нарықтық экономикасы қалыптасқан ел деп бағалап отыр.
Еліміз экономиканы мүлде жаңа арнаға бағыттаған нарықтық, әлемдік қалыптарға сәйкес заңдарға ие болды. /20/
Болашақта Қазақстан – Тұркия қатынастары жақсы жалғасын тауып, бірлесіп атқарар жұмыстар алдыңғы істердей нәтижелі болатынына сеніміміз мол.
Қазақстан Реапубликасының Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай “Біз түркі тілдес мемлекетпіз және де түркі тілдес елдермен қатынастарды нығайтуға бар күшімізді саламыз” /2/ /200/ XX ғасырдың 90 жылдардан бастап Түркияның түркі әлемімен достық, ынтымақтастық қатынастардың дамуында және мәдени салаларда түрлі шаралар ұйымдастырылды.
XX ғасырдың 90-жылдардың басынан бастап Қазақстан мен Түркия арасында 100 шақты келісім-шарттар және хаттамаларға қол қойылды. Екі елдің Президенттерінің білім, ғылым және мәдениет министрлерінің бірнеше іс-сапарлары орын алды. Екі жақты делегациялар алмасу, мемлекетаралық ресми байланыстар кезінде келісілген қатынастар туралы шарттар негізінде тікелей мәдениет мекемелері мен шығармашылық ұйымдар мен ұжымдар, оқу орындары мен ғылыми институттар және орталық өкілдерінің тұрақты байланысы қалыптасты.
Бүкіл түрік әлеміне ортақ құрылтайлар, көптеген жастар фестивальдерін, жазушылар конгрестерін, музыканттар гастрольдерін, мәдениет және ғылым қайраткерлерінің жиналыстарын, суретшілер көрмелерін, екі елдің теледидарында елді таныстыру мақсатында түрлі телехабарлар және сұхбаттар дайындау істерін, түркі дүниесі студенттерін Түркия университеттерінде оқыту жұмыстарын, Қазақстанға техникалық көмек, жетістіктер және тәжірибе алмасу процестерін ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қомақты үлес қосты.
1991 жылыдан бастап түркі мемлекеттері тәуелсіздік алғаннан кейін қоғамдық негізде достық және бірлік ұйымдары құрыла бастады. Ресми мәдени және ғылыми байланыстармен қатар қоғамдық ұйымдардың Қазақстан-Түркия елдері арасында байланыс орнату ниеттері мемлекетаралық қарым-қатынастарды нығайтуға септігін тигізді.
Оның ішінде алдыңғы қатарда 1992 жылы Түркияда Намык Кемал Зейбектің басшылығында Қазақстан-Түркия достығы қоғамы құрылды. Оның мақсатын Кемал Зейбек екі елдің арасындағы қарым-қатынасты нығайту, екі жақты қарым-қатынастың қарқындылығын арттыру деп белгіледі. Бұл қоғам құрылған күннен бастап Түркиядағы Қазақстандық студенттерге моральдық және материалдық көмек көрсетеді, Қазақстан мен Түркияның ғылым және мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен екі елді таныстыру кештерін, конференциялар өткізеді.
Қазақстан мен Түркия Республикалары қазақ-түрік достығы туралы деректі фильмдер түсірді, түрік теледидары үшін қазақтар қазақ-түрік достығы туралы хабарлар даярлады, ал Түркия елі қазақ-түрік достығын нығайтуға өз үлесін қосқан мәдениет және ғылым қайраткерлері мен саяси қайраткерлерді марапаттады.
Мысалы, осы қоғамның дайындауымен “Түрік дүниесінің жұлдыздары” атты таныстыру телехабарлары дайындалып, онда Абай Құнанбайұлы, Мұхтар Әуезов, Жамбыл Жабаев туралы мәліметтер түрік еліне кеңінен насихатталды. /22/ /13-бет/ Намык Кемал Зейбек екі халықтың бірін-бірі тану, бір-бірінің тарихын, ұлттық мәдениетін, салт-дәстүрлерін білу ісіне нақты шараларымен үлесін қосуда .
Осылайша, болашақта аталмыш форум қандай да бір деңгейде институцияланып, субрегионалды ұйым болып қайта құрылуы мүмкін деуге негіз бар.
1.2. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының жетістіктері мен келешегі
Өз Тәуелсіздігінің 15 жылдығына Қазақстан халықаралық сахнада күшті әрі бекем ұстанымдарға ие болған, сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретінде жетіп отыр. Біз қазақ мемлекеттілігін құрудағы тарихи миссия табысты орындалғанын мақтанышпен атап өтеміз.
Қазақстандық табыстың негізгі құраушыларының бірі ретінде Қазақстанның нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, жүзеге асырылған тепе-теңдікте ұсталған, прагматикалық әрі сындарлы сыртқы саясат пен өңірлік және жаһандық геосаяси жағдайды ыждағатты бағалау болып табылады.
Белсенді дипломатиялық күш-жігер салу арқасында өзіміздің ұлттық мүддемізге зиян келтірмей, барлық жетекші әлемдік державалармен байыпты және сындарлы қатынастар құрылып, сыртқы шекаралар периметрі бойынша тату көршілік пен серіктестік ахуалы орнатылды.
Сонымен біз ауқымды әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыру үшін барынша оңтайлы сыртқы жағдайлар жасадық, соның нәтижесінде әлемдік қоғамдастық қазақстандық феномені туралы айта бастады.
Еліміздің бұл жетістіктері Қазақстан сыртқы саясатының негізі ретінде прагматизм, тепе-теңдік пен көпвекторлық қағидаттарын белгілеген Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси кемеңгерлігі арқасында мүмкін болды. Жаһандану жағдайында, аумағы бойынша әлемдегі 9-шы орындағы мемлекетке, ұлттық мүдделері өзінің өңірлік шеңберінде оқшауланып қалуға мүмкіндік бермейтінін уақыт көрсетті. Өзге сыртқы саясатты жүргізу – еліміздің ұзақ мерзімді ұлттық мүдделеріне нұқсан келтіру болып табылады.
Бүгінгі таңда Қазақстанның шет мемлекеттермен ынтымақтастығының заңдық негізі 15 мың құжатпен белгіленген. Бұл Президент Н.Назарбаев атап өткендей, «дипломатиялық шаралар арқылы мемлекетімізді нақты және әлеуетті қауіптерден сақтауға», сондай-ақ Қазақстан қауіпсіздігіне халықаралық кепілдемелер алуға мүмкіндік берді [15].
Біздің еліміз Ресеймен одақтас қатынастарды, Қытаймен тату көршілік ынтымақтастықты, Орталық Азиялық елдермен достық пен ынтымақтастықты дамытып отыр. Қазақстан АҚШ-тың стратегиялық серіктесі болып, Еуропалық Одақпен жан-жақты ынтымақтастықты тереңдетіп келеді. Азиялық континент елдері және мұсылман әлемімен өзара қатынастарымыз серпінді дамып келеді.
Біз сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен басқа да көп жақты құрылымдар шеңберінде серіктес-мемлекеттермен өзара жемісті іс-қимыл жасап келеміз. Біз халықаралық терроризм, жаппай қырып-жою қаруының таралуы, трансшекаралық қылмыс, соның ішінде есірткі трафигі, адамдар саудасы сияқты бүгінгі заманның қыр көрсетулеріне қарсы тұруда көпжақты дипломатияға балама жоқ деп есептейміз. Тұжырымдық тұрғыда Қазақстан көпжақтылықты күштер тепе-теңдігі мен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әлемдік тұрмыстың ең әділ әрі тиімді формасы ретінде қарастырады.
Сонымен қатар, біз халықаралық құрылымдарды реформалау, оларды қазіргі заманның геосаяси және геоэкономикалық жағдайға бейімдеу қажеттілігін жақтаймыз. Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымы, ЕҚЫҰ, ТМД және бірқатар басқа да ұйымдарға бірдей қатысты. Қазақстан жаңашылдандыруға өз үлесін қосу үшін ЕҚЫҰ төрағасы ретінде өз қызметін ұсынады. Біздің міндетіміз – ол елдің жеделдетілген әлеуметтік-экономикалық және саяси қайта құрылуына деген дәйекті бағытының көрінісі, сондай-ақ халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапкершілігі.
Өңірлік және жаһандық қауіпсіздік проблемаларына жаңашыл әрі икемді келу мысалдарының бірі Мемлекет басшысының 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі Кеңесті шақыру туралы көтерген бастамасы болды. 2006 жылғы маусымда Алматыда өткен АӨСШК Екінші Саммиті барысында әлемдік тәжірибеде теңдесі жоқ құжат – Сенім шаралары каталогы келісілді, ол Азия кеңесінің бірегей сипатын растады. Азиялық континентте қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы қазақстандық көп жақты ынтымақтастық идеясы қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың елеулі факторы болып қалыптасты [16].
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15-жылдығына орай сөйлеген сөзінде Президент Н.Назарбаев «біз ешқашан тек ішкі қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етумен шектеліп қалған емеспіз және неғұрлым кең ауқымда тұрақтылық үшін негіз құруға ұмтылдық. Елдің сыртқы саясаты, Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік құрылымдарына, ең алдымен ҰҚШҰ, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қатысуы нақ осы мақсаттарға бағытталған» деп айырықша атап өтті [17].
Осыған орай, Қазақстанның ШЫҰ-да белсенді роль атқарып отырғанын атап өткім келеді. Ұйымның әмбебаптылығы, оның жеке елдерге емес, нақты қауіптерге бағыттылығы, біздің жаһандық қауіпсіздіктің қағидаттары мен негіздерін түсінуімізге толық сәйкес келеді. Біз ШЫҰ шеңберінде тиімді өзара іс-қимылды одан әрі дамытуды қуаттаймыз, оның арқасында бұл ұйым қалыптасып келе жатқан көп тұрпатты әлемнің негізгі элементтерінің бірі болуы мүмкін.
Жаһандық күн тәртібінің барлық көкейтесті мәселелері бойынша Қазақстанның жауапты және дәйекті ұстанымы оны әлемде сенімді және болжамды серіктес ретінде танытты. Сонымен бірге біздің мақсаттарымыз бүкіл халықаралық қоғамдастық мүдделерімен үйлесімін табады. Осындай мүдделер ортақтығы, мысалы, Қазақстанның ядролық амбициялардан бас тартуы, ол әсіресе екіұштылық пен қос стандарттарға байланысты жаһандық қауіпсіздік пен ядролық қаруды таратпау режимін елеулі дағдарысқа ұшыратқан соңғы уақыттағы оқиғалар тұрғысында аса өзекті болып табылады. «Пандора қобдишасы» ашылды, алайда халықаралық нормалар мен ядролық қаруды таратпау саласындағы базалық шарттар негізінде, Біріккен Ұлттар Ұйымының шешуші ролі арқылы аталған дағдарысты жағдайдан шығу мақсатында дұрыс шешім табуға әлі де кеш емес [18].
Бұл тұрғыда 2006 жылғы қыркүйекте Семейде Орталық Азияда ядролық қарудан еркін аймақ құру туралы Шартқа қол қойылды. Қазақстан әлемде алғашқы болып ядролық полигонды жауып, жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселесі бойынша дәйекті ұстаным алып отырған мемлекет ретінде осы құжатты әзірлеуге белсенді қатысты және оның табысты қол қойылуына барлық мүмкіндіктер жасады.
Ядролық емес статус алу туралы нақ осы шешім Қазақстанға Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшелерінен сенімді қауіпсіздік кепілдігін алуға және 13,5 мың шақырымға созылған шекаралық межелерді анықтау жөніндегі келіссөздер процесінде ірі дипломатиялық табысқа жетуге ықпал етті. Өтіп бара жатқан жылда тиісті Келісімді Ресей Федерациясымен ратификациялау арқылы біз мемлекеттік шекараның делимитациялануын толығымен аяқтадық, бұл жағдай шекаралас елдермен ынтымақтасуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Сонымен бірге, мемлекетіміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығына кепілдік ала отырып, біз өз ұлттық қағидаттарымыз бен мүдделерімізден тайсалмадық [19].
Сонымен қатар елімізде тұрып жатқан барлық этностар, мәдениеттер мен діндер өкілдері арасында толеранттық пен келісімді қамтамасыз етуге, сондай-ақ ұлан-байтақ Еуразиялық кеңістікте экономикалық интеграцияны дамытуға және тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстанның дәйекті саясаты әлемдік қоғамдастықта мойындалды.
Өткен 15 жыл Қазақстандық сыртқы саясат саласындағы жасампаздық жұмыстың жарқын мысалы болды. Біздің еліміз Еуразиядағы көп сатылы интеграциялық процестердің белсенді қатысушысы болып табылады. Біз үшін интеграция – прагматизм мен ұлттық мүдделерге негізделген қағидатты стратегиялық талғау.
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық бұрынғы кеңестік кеңістікте шын мәнінде аса тиімді мемлекетаралық бірлестік болып табылады. ЕурАзЭҚ шеңберінде өңірлік интеграция тетіктерін тез арада «жобалық қуаттылыққа» шығару Қазақстан үшін басым міндет болып табылады. Еліміздің ұсынысы бойынша ең дайын мемлекеттер базасында Кедендік одақ қалыптасуда. Бұл бастаманың мақсатын түсіну қиын емес – біз өз халықтарымызға күнделікті өмірде мемлекетаралық ынтымақтастықтың жемісін көруге мүмкіндік беруіміз қажет.
Осыдан 15 жыл бұрын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы сол кездегі оқиғалардың келеңсіз дамуының алдын алған бірден-бір дұрыс шешім болды. Достастық «жаңа мемлекеттердің өркениетті ажырасуына», олардың әлемдік аренаға дербес шығуы үшін негізгі жағдайлар туғызды. Алайда бүкіл Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде бірыңғай экономикалық кеңістікті қайта құру міндеті нақты орындалатын жоба емес, көбінесе бағыт ретінде қарастырылды.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің Басшылары Кеңесінің Төрағасы болып сайланып, Президент Н.Назарбаев Достастықты реформалау жөніндегі арнайы бағдарлама ұсынды. Оның мәнісі ТМД елдерінің басым көпшілігі үшін нақты мәнге ие басым бағыттарға күш-жігер салуды үйлестіру болып табылады.
Осы жылдары Қазақстан Орталық Азиядағы интеграцияны күшейтуге адалдығын растап келді. Осы тұрғыда мемлекет Басшысының Орталық Азия Одағын құру туралы бастамасын атап өтуге болады. Бүгінгі таңдағы өсе түскен экономикалық және саяси мүмкіндіктер Қазақстанға едәуір белсенді әрі салмақты роль атқаруға мүмкіндік береді. Біз өңірдің барлық елдерінің жеделдетілген дамуына ықпал етуге, Орталық Азияда Ортақ рынок қалыптастыруға белсенді қатысуға, интеграцияның барлық бағыттарын – салалалық консорциумдарды, арнайы шекара маңындағы сауда аймақтарын, бірлескен холдингтер мен инвестициялық құрылымдарды құруға қолдау көрсетуге әзірміз. Бұл саясат тек прагматикалық мемлекеттік мүдделерге ғана емес, біздің өңір әлеуетін оны мекендеген барша халықтар игілігіне пайдалануға деген ұмтылысына негізделген.
Біздің жетістіктеріміз туралы айта отырып, Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі жайлы да бірнеше сөз айтқым келеді. Он шақты қызметкерлерден басталған қазақстандық дипломатия әлемнің 54 мемлекетінде өкілеттік етеді, бүгінгі таңда оның құрамында мыңға жуық халықаралық саланың мамандары бар. Қазақстан өкілдері ондаған халықаралық ұйымдарда қызмет атқарса, ал бірқатар біздің отандастарымыз көп жақты құрылымдарда басшылық лауазымдарға ие. Сонымен қатар бүгінгі қазақстандық сыртқы саясат жетістіктеріне зор үлес қосқан дипломатиялық қызмет ардагерлерін де атап өткім келеді.
Бүгін Қазақстан, қай жағынан алсақ та, табысты мемлекет ретінде қалыптасты деп берік сеніммен айта аламыз, оның сыртқы саясаты жаһандық және өңірлік масштабта тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды факторлардың бір болып табылады.
2.1. Қазақстан және БҰҰ: ынтымақтастықтың негізгі кезеңдері
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) құрылуы Екінші дүниежүзілік соғыстың басты нәтижелерінің бірі болды. Ұлттар лигасының орнына пайда болған халықаралық ұйым құру туралы келісімге 1954ж. ақпанда Ялта конференциясында қол жетті. Сол жерде Думбертон Окстағы (АҚШ) 1944 жылы тамыз-қыркүйектегі келісім кезінде жасалған ережелерге сәйкес ұйымның Уставын дайындау үшін 1945 жылдың 25 сәуірінде Сан-Францискода Біріккен Ұлттар Конференциясын шақыру туралы шешім қабылданды. Конференция 1945 жылы 26 маусымда қол қойылған Біріккен Ұлттар Ұйымының Уставының мәтінін жасап шығарды. Устав 1945 жылы 24 қазанда күшіне еніп, жаңа құрылған Ұйымға оның барлық Мүшелерінің егемендік тездігі принципине сәйкес келешек ұрпақтық соғыс зардабынан құтылуы, бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті нығайту, ұлттар арасындағы достық қарым-қатынастарды халықтардың тең құқықтылығы мен дербестігі принципін қорғау негізінде дамыту, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық сипаттағы халықаралық мәселелерді шешуде және адам құқықтары мен нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан барлық адамға арналған негізгі бостандықтарды сыйлауды қолдау және дамытудың халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру бойынша маңызды да жауапты міндеттері жүктеді.
Ұйымның мақсаттары мен принциптері, олардың жетістіктерінің институционалды механизмдері Уставтың 111-бабында көрсетіледі және қарастырылады. 1945ж. бері 5 ресми тілде — ағылшын, испан, қытай, орыс, француз тілдерінде жарияланған БҰҰ Уставына Қауіпсіздік кеңесі мен Экономикалық және Әлеуметтік Кеңестің ұлғаюымен байланысты бар жоғы бес рет өзгеріс енгізілді.
БҰҰ-ң басты органдары ретінде бекітілгендер: Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және әлеуметтік Кеңес, Қамқорлық жөніндегі Кеңес, Халықаралық Сот және Секретариат. БҰҰ сондай-ақ бірқатар мамандандырылған мекемелерді қамтиды: Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық Еңбек Ұйымы (ХЕҰ), Бүкіләлемдік Пошта Одағы (БПО), Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымы (БДҰ), Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ), Атом эенргиясы жөніндегі Халықаралық Агенттік (САГАТЭ), БҰҰ-н дамыту бағдарламалары (БҰҰБАҒ) немесе Балалар қоры (ЮНИСЕФ), т.б. Үздіксіз әрекет процесінде БҰҰ-ң әр түрлі комитеттері жұмыс істеуде.
Өткен жарты ғасырдан астам уақыт БҰҰ-ң жұмыстарында орын алған кемшіліктер мен қиындықтарға қарамастан қажет әрі өміршең Ұйым екендігін көрсетті. БҰҰ аясындағы ынтымақтастық халықаралық қатынастардың ажарамас бөлігіне айналды. Мемлекетаралық байланыстардың дәстүрлі қалыбын ығыстырмастан БҰҰ мүше елдердің қарауына олардың халықаралық қатынастарының маңызы зор механизмін ұсынды.
БҰҰ-на әлемнің 185 мемлекеті мүше. Бұл ауқымды мәселелерді талқылау және шешу үшін мемлекеттердің жауапты өкілдері жиі бас қосатын жалғыз халықаралық ұйым. Ұйым жұмыстарының кез келгенінің көлемді саяси және қоғамдық маңызы бар, қоғамдық пікірдің қалыптассуына елеулі ықпал етеді.
Екінші дүниежүзілік соғыс өртінен пайда болған БҰҰ дағдарыстар мен қақтығыстардан, “Суық соғыстар”, халықаралық күрделі ахуалдың өріс алуынан, мемлекеттер мен блоктардың ыдырауы мен пайда болуынан туындаған сынақтардың астында қалды. Бірақ сонда да Ұйым қайта тіріліп, бүкіл әлемдегі адамдардың игілігіне көп жұмыс атқарды.
БҰҰ-ң ең маңызды қадамдары мен жұмыстарының нәтижелері туралы сөз қозғай отырып, ядролық соғыс қаупінің сейілуі, адамзатқа тұтас бейбітшілік жағдайында өмір сүруге мүмкіндік берілуі, апартеидтің отаршылдық жүйесінің күйреуі, бірқатар аймақтық қақтығыстардың тынышталуы сияқты жетістіктерді айта кеткен жөн.
Сонымен бірге БҰҰ-ң адам құқығы саласында бірқатар универсалды құжаттар жасап, қабылдаудағы және халыаралық құқық қағидаларын іске асырудағы ролінде баса айтып өту керек.
БҰҰ Бас Ассамблеяның 52-сессиясында оның Бас Хатшысы болып Гана өкілі — Кофи Аннан сайланды. БҰҰ Бас Хатшысының қызметін әр жылдары Трюгве Ли (Норвегия, 1946—1953жж), Даг Яль-мар Агне Карл Хаммершельд (Швеция, 1953—1961), У Тан (Бирма, 1961—1971), Курт Вальдхайм (Австрия, 1971—1981жж), Хавьер Перес де Куэльяр (Перу, 1981—1989), Бутрос Гали (Испания, 1989—1997) атқарды [20].
БҰҰ-ң мүшесі бола отырып, Қазақстанның көптеген халықаралық мәселелер, ең алдыңғы кезекте өмірлік маңызы бар мүдделер саласына кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға атсалысуға мүмкіндігі бар. Осылайша өз қауіпсізлігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етіп, халықара бейбіт ахуал құру, оның ішінде еліміз экономикасын реформалау арқылы демократиялық қоғам орнауына жағдай жасайды. БҰҰ мінберінен (БА 47 сессиясында, 1992ж.) Қазақстан тұңғыш рет өзін қауіпсіз әлем құруға, әлемдік тұрақтылықты нығайтуға талпынатын мемлекет ретінде жариялады, сондай-ақ әлем қауымдастығын біздің мемлекетіміз әрекеттерінің басты бағыттары халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік, берік әлеуметтік-экономикалық өсім мен мемлекеттің дамуы мәселелері екендігінен хабардар етті.
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруі мемлекеттік тәуелсіздіктің қалыптасуындағы маңызды кезеңді паш етті. БҰҰ Бас Ассамблеясы 46-шы сессиясының пленарлық мәжілісінде 1992 жылғы 2 наурызда қабылданған Ұйымның қатарына жаңа мүшелердің кіруі туралы 46/224 қарары (Қазақстанмен бірге БҰҰ-на сондай-ақ бірқатар бұрынғы социалистік республикалар қабылданды) шын мәнінде тарихи құжатқа айналды, ол жас мемлекеттің өз тағдырын өз бетінше шешу құқығы мен жаһандық саяси және экономикалық үдерістерге қатысу құқығын таныды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев осы оқиғаға мынадай баға берді: «Қазақстан БҰҰ-ның толық құқылы мүшесі болды. Осы фактінің маңызына баға жетпейді: біз халықаралық құқықтың негіз қалаушы принциптерін жақтайтынымызды растаумен қатар, планетадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі негізгі жұмысты өз міндетіне алған осы ықпалды халықаралық ұйымның өзіндік қорғауына алындық» [21].
Біріккен Ұлттар Ұйымына кірген мезеттен бастап Қазақстан БҰҰ және оның мамандандырылған мекемелерінің жұмысына аса белсенділікпен қатысты. БҰҰ-мен және оның жүйесіндегі ұйымдармен ынтымақтастық жүргізу біздің мемлекетіміздің сыртқы саясатының басым бағыттарының біріне айналды.
Осыған байланысты Қазақстан делегациясының Басшысы – ҚР Президенті Н.Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 1992 жылғы қыркүйектегі 47-ші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі есте қаларлық оқиға болды, ол біздің еліміз үшін ең бірінші сессия еді. Мемлекет Басшысы өзінің сөйлеген сөзінде тұңғыш рет мынадай бастама көтерді, сол бастама кейіннен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК) диалогтық форматына ие болды. Осы идеяның өмірге икемділігі мен қажеттілігі туралы мына факт айғақтайды, 14 жылға жуық уақыт өткеннен кейін осы аймақтық ынтымақтастықтың қауіпсіздік саласындағы көп жақты институты Азия құрлығында сыртқы саясат қалыптастырудың ең салмақты құралдарының біріне айналды. Бұл жөнінде 2006 жылы маусымда Алматыда өткен АӨСШК Екінші Саммиті куәландырады, Саммитке Азиядағы жетекші мемлекеттердің мемлекет және Үкімет Басшылары қатысты. Саммит АӨСШК-нің бірегей сипатын растап берді, ол Азиядағы қауіпсіздік және сенім шаралары мәселелері бойынша диалог жүргізу және пікір алмасу үшін ыңғайлы «алаң» болып табылады. Форум қазіргі халықаралық қатынастардың ажырамас бөлігіне және әлемдік практиканың нақты факторына айналды.
Осы бастама Қазақстанның мемлекеттердің халықаралық қоғамдастыққа интеграция жасаумен ғана шектелмейтінін, сол қоғамдастықтан лайықты орнын алуға ниетті екенін айқындап берді. АӨСШК-ден басқа, Қазақстанның БҰҰ аясында әр жылдарда ұсынған негізгі халықаралық бастамалары мыналар:
- БҰҰ қамқорлығымен Орталық Азиялық бітімгершілік батальон (Ортазбат) құру;
- БҰҰ бітімгершілік күш-жігерлерінің «бір плюс бір» формуласы бойынша қорын құру: әр мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен 1 % береді, жыл сайын өзінің аударымдарын 1 %-ға ұлғайтып отырады;
- Орталық Азияда алдын алу дипломатиясы бойынша Аймақтық орталық құру;
- Орталық Азияның экономикалары үшін БҰҰ Арнайы Бағдарламасын (СПЕКА) әзірлеу;
- ішкі континенталды мемлекеттердің проблемалары бойынша БҰҰ жаһандық бірінші конференциясын шақыру;
- БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Контр-лаңкестік комитетінің көшпелі отырысын өткізу;
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін шақыру және өткізу;
- Арал және Семей экологиялық апат аймақтарын сауықтыру.
Осы бастамалардың көпшілігі БҰҰ қабылдаған шешімдерден өзінің практикалық көрінісін тапты, бұл Қазақстан көтерген проблемалардың өзектілігін дәлелдейді [22].
Осыған байланысты біздің мемлекетіміздің БҰҰ-дағы позициясы Ұйым қарайтын барлық мәселелердің кешені бойынша Қазақстан мүдделерін ескеру негізінде қалыптасатынын атап өту қажет. Бұл ретте Біріккен Ұлттар Ұйымымен экономика, экология, әлеуметтік даму, халықаралық құқықты прогрессивті жаңарту, адам құқықтарын қорғау, сондай-ақ тұрақтылық пен қауіпсіздіктің лаңкестік, экстремизм, ұйымдасқан қылмыстылық және есірткі бизнесі сияқты қазіргі сес көрсетулері мен қауіп-қатерлерімен күресу салаларындағы ынтымақтастықты күшейтуге ерекше назар аударылады.
Қазақстан ұйымның жаһандық іс-шараларына белсенді қатысады, солардың қатарында БҰҰ 2000 жылғы Мыңжылдық Саммиті, форум барысында Мыңжылдық Декларациясы және Мыңжылдықтың даму мақсаттары қабылданды, 2005 жылғы Саммит, оның қорытындылары бойынша Ұйым реформасының негізгі бағыттары бекітілді, сондай-ақ БҰҰ тұрлаулы даму жөніндегі Йоханнесбург Саммиті, дамуды қаржыландыру саласындағы Монтеррей конференциясы және т.б. бар.
Қазіргі дамудың өзекті мәселелерін шешудегі Қазақстанның сындарлы ролі ҚР Үкіметінің 2003 жылы тамызда Алматыда теңізге шығу жолы жоқ елдер үшін БҰҰ жаһандық бірінші Конференциясын өткізу жөніндегі бастамасында айқын көрсетілген. Конференцияның қорытындылары бойынша «Алматы іс-әрекеттер бағдарламасы» қабылданды, ол түбегейлі сипаттағы құжат, осы құжаттың ережелері ішкіконтиненталды елдердің өздерінің транзиттік көршілерімен өзара қатынастарындағы проблемаларды шешу кезінде негізге алынады.
Ядролық полигонды өз еркімен жапқан және ядролық қарудан бас тартқан әлемдегі бірінші мемлекет ретіндегі Қазақстанды жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау проблемасы бей-жай қалдырмайды. БҰҰ Бас Ассамблеясының 61-ші сессиясындағы жалпы пікірталастарда сөйлеген сөзінде ҚР сыртқы істер Министрі Қ.-Ж. Тоқаев былай мәлімдеді: «қаруды таратпау мәселесінде екі жақты (қосарлы) стандарттарға орын берілмеуге тиіс, екіұштылық қырғынға ұшырататын қарудың таралуымен, жаңа жанжалдармен және осындай қаруды қолдану ықтималдығына қарсы тұрулармен қауіпті». Осыған байланысты осы жаһандық проблеманы түбегейлі шешуге қолданылатын батыл тәсілдің біздің еліміздің аумағында көрсетілгені кездейсоқ емес. Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі төрт әріптес-елмен – Қырғызстанмен, Тәжікстанмен, Түркменстанмен және Өзбекстанмен бірге – 2006 жылы 8 қыркүйекте Семей қаласында Орталық Азияда ядролық қарудан бос аймақ құру туралы Шартқа қол қойды [23].
Қазір лаңкестікпен күрес жүргізу жаңа сапалық деңгейге шықты, Қауіпсіздік Кеңесінің бірқатар қарарларының және көп жақты конвенцияларының қабылдануы мен күшіне енулері соның негізі болды. Осы конвенциялардың бірі – Ядролық лаңкестік әрекеттерімен күресу туралы Халықаралық конвенцияға – 2005 жылы Нью-Йоркте Қазақстанның сол кездегі сыртқы істер Министрі Қ.-Ж. Тоқаев қол қойды. Осы бағыттағы тағы бір маңызды қадам Лаңкестікпен күресу туралы бәрін қамтитын Конвенцияны қабылдау болуы тиіс, қазір оған БҰҰ-да жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы құбылыспен күресуге біздің еліміздің қосқан үлесі ҚР Үкіметінің 2005 жылы наурызда Алматыда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Контр-лаңкестік комитетінің көшпелі мәжілісін (отырысын) өткізу туралы бастамасы болды, ол осы жаманатпен күресу бойынша бірқатар маңызды шешімдер қабылдады.
Ауғандық есірткілерді Азиядан Еуропаға жеткізудің жасырын маршруттары жолына орналасқан Қазақстан бар күшімен осы қауіпке қарсы әрекет жасап, өзіне халықаралық есірткі трафигінің тегеурінді соққысын қабылдайды. Сонымен бірге, осы қауіп-қатермен әлемдегі бірде-бір мемлекеттің жеке-дара күресе алмайтыны айқын. БҰҰ және оның мамандандырылған мекемелерінің ресурстарын тарту арқылы тек бірлескен күш-жігерлермен ғана осы күрес ойдағыдай және нәтижелі болатын сияқты. Қазақстан Орталық Азиялық аймақтық ақпараттық және үйлестіру Орталығын (ОАААҮО) құру жөніндегі БҰҰ идеясын қолдаумен ғана шектелген жоқ, сонымен бірге Орталықты өз аумағында орналастыру үшін бүкіл жағдайларды жасады.
Біз сондай-ақ бейбітшілік орнату жөніндегі Комиссияның құрылуын қолдаймыз, Комиссия жанжалдан шығатын елдерде қайта құру, ұйымдастыру құрылысы және тұрлаулы даму мәселелеріне ерекше назар аудару арқылы жанжалдан кейін қалпына келтірудің кешенді стратегияларын әзірлеуді қамтамасыз етуге тиіс.
Егемен Қазақстанның дамуы әр адамның құқықтары мен еркіндіктерін құрметтеуге негізделген ашық, демократиялық қоғам орнатумен тығыз байланысты. Осы міндетті қолайлы халықаралық орта болған, жалпыға бірдей танылған демократиялық принциптерді сақтаған жағдайларда шешуге болады. Осыған сүйене отырып, Қазақстан БҰҰ демократиялық институттары мен құқық қорғау механизмдерін нығайту, соның ішінде адам құқықтары жөнінде Кеңес құру арқылы күшейту идеясын толық қолдады.
Мыңжылдықтың даму Мақсаттарына (МДМ) тиімді және уақтылы қол жеткізу міндеті Мыңжылдық Саммиттінде қабылданған міндеттемелерге негізделген қазіргі халықаралық ынтымақтастықтың негізгі аспектілерінің бірі күйінде қалып отыр. Біздің еліміз осы мәселе бойынша ұлттық деңгейде елеулі прогреске қол жеткізе білді. Осы прогресс ҚР Президенті Н. Назарбаев жүргізген әлеуметтік-экономикалық саясаттың тікелей нәтижесі болды, ол саясат Қазақстан халқының, ең алдымен оның ең аз қорғалған бөлігінің тұрмысын жақсартуға нысаналанған. Сонымен бірге әлі де көп нәрселер жасауға тура келеді, ең алдымен балалар өлімін азайту, ананы қорғау, экологиялық орнықтылықты қамтамасыз ету мәселелерінде.
Бұрынғы Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптарын жою жөнінде шаралар қабылдауға Қазақстанның халықаралық қоғамдастықты шақыруы (үндеулері) донорлық институттар мен жеке елдердің өз күш-жігерлерін жұмылдыруларына себеп болды, олар Семей өңіріндегі зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету жөніндегі бағдарламалар әзірлеуге және қабылдауға бағытталды. Бірқатар жылдар бойы Қазақстанның бастама көтеруімен БҰҰ Бас Ассамблеясы «Қазақстандағы Семей өңірінің халқы мен экономикасын және экономикалық дамуын қалпына келтіру мақсаттарындағы халықаралық ынтымақтастық және іс-әрекетті үйлестіру» аталатын қарар қабылдады, соған сәйкес Семей өңіріне халықаралық көмек көрсету бағдарламасы жүзеге асырылады.
ҚР БҰҰ-мен ынтымақтастығында БҰҰ Бас хатшысы К.Аннанның 2002 жылы қарашада Астанаға жасаған сапары мен оның Президент Н. Назарбаевпен кездесуі маңызды белес болды. БҰҰ әкімшілік Басшысы Қазақстан тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген прогресіне сүйсінгенін айтты және біздің еліміздің қауіпсіздік пен даму саласындағы аймақтық проблемаларды шешуде атқарып отырған елеулі ролін атап өтті [24].
БҰҰ жұмысына қатысатын Қазақстан осы Ұйымды нығайтуды қолдайды, ол құрамы бойынша да, күн тәртібінің қанықтығы бойынша да жалғыз әмбебап форум. Өз кезегінде БҰҰ Қазақстанның қарусыздану мен ядролық қаруды таратпау режимін күшейту, өркениетаралық диалогты ілгерілету саласындағы ролін біржола таныды, біз осы салада жасалған барлық халықаралық келісімдерді табанды түрде жақтаймыз.
Әлемдік саяси проблемаларға Қазақстанның теңгерімді және реалистік көзқарасы, оның БҰҰ Бас Ассамблеясының күн тәртібіндегі өткір және нәзік мәселелер бойынша дауыс беру кезіндегі позициясы жалпы осы халықаралық ұйымнан оң баға алады.
2.2. Қазақстанның шет елдермен өзара ықпалдастық және тең құқықтық қатынастар құру саясаты
Тарих үшін жиырма жыл өте қысқа мерзім болса да, оның әрбір жылы Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы Егеменді ел ретінде танылуындағы тарихи кезең болды. Еліміз өтпелі кезеңнің қиындықтары мен сынақтарынан абыроймен өтіп, өз дамуының жаңа деңгейін әлемдік көлемде дамыта да, таныта да білді. Бүгінгі таңда Қазақстан дүниежүзіне танымал құқықты, зайырлы, өркениетті, демократиялық мемлекет.
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында: «Қазақстанның саясаты Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің, ислам мен христиан әлемдерімен көпір ретіндегі өз рөлін нығайтуға бағтталған өркениетаралық және конфессияаралық диалогты нығайту бойынша күш-жігерін жолғастыратын болады. Төзімділіктің қазақстандық үлгісі халықаралық аренада кеңінен танылатын болады және басқа да елдердің практикасында қолданылатын болады» — деп тұжырымдалған.
Бүгінгі таңда Қазақстанның негізгі басымдықтары еліміздің үдемелі экономикалық және әлеуметтік-саяси дамуына қажетті, қолайлы сыртқы саяси жағдайды қалыптастыруға бағытталған. Елбасы Н.Назарбаевтың сардарлы ішкі және сыртқы саясаттың нәтижесінде Қазақстан өз дамуында қомақты табыстарға қол жеткізді. Әлемдік, аймақтық қатынастарға Қазақстан халықаралық ұйымдардың жай құқылы мүшесі ретінде ғана емес бастамашыл дәрежесінде де танылды. әсіресе ядролық қарудан бас тарту, орын алып отырған қауіпсіздікті бебіт шешу, терроризм мен экстремизмге қарсы күресу, аймақтық шиеленістерді шешуде көптеген жаңа ұсыныстар мен нәтижелі игі істердегі Қазақстандық үлгі әлемде мойындалды.
Біздің еліміз транзиттік мемлекеттер арасындағы дамудың табысты үлгісі депте танылуда. Осының негізінде Қазақстан бейбітшілік пен жасампаздықтың жаңа үлгісін қалыптастырды.
Еліміздің халықаралық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнатуға ұмтылуы нақты мақсаттарды көздейді. Ол біріншіден, экономикалық өсу, екіншіден, саяси тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздік мәселелерін қамтиды. Бүгінгі таңда 150-ге жуық мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан, 64 халықаралық саяси және экономикалық ұйымдардың мүшесі ретінде еліміз дүниежүзілік қоғамдастықтың белсенді мүшесі.
Еліміздің қалыптасу жолындағы тарихи кезеңдеріне көз жүгіртсек маңызды тарихи шешімдердің оң болғандығына көзіміз жетеді. Қазақстан көптеген халықаралық беделді кездесулердің, әр түрлі мәдени, рухани шаралардың орталығына айналды.
Қазақстан тәуелсіздік жылдарында дүниежүзі халықтарымен достық және ынтымақтастық қарым-қатынасты дамытуға бағытталған саясат ұстанып, бейбіт саясат жүргізіп келеді.
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүшелігі көпжақты қазақстандық дипломатияның басты бағыттарының бірі болып отыр. БҰҰ-ға мүше болғалы еліміз жаһандық қоғамдастықта беделді орын иеленді. Президетіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың және біздің еліміздің жаһандық ядролық қарусыздануға қосқан үлесі аса ауқымды. Қазақстанның ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласында көшбасшылық етуде. Біздің еліміз әлемде бірінші болып және бір өзі атом қаруынан бас тартты, әлемдегі аса ірі Семей полигонын жауып, жаһандық ядролық үнқатысудың белсенді қатысушысына айналды. 1996 жылғы 31 қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөнінде шартқа қол қойды. Бұл жаппай қарулануға жанталасып жатқан заманда ешбір мемлекет басшысының ойына келмеген теңдесі жоқ айрықша шешім еді. Жас мемлекеттің басшысы осылайша әлемге адамзаттың жаңа ұрпағы, мүлдем жаңаша ойлау жүйесін паш етті. Нәтижесінде дау-жанжалсыз әлем құру, Батыс пен Шығыс арасында жылы қарым-қатынас орнату, келісімге шақыру идеясы пайда болды. Мұндай құнды идеяның әлемдік қауымдастықтан қолдау табуы заңды еді. Бұл жөнінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунның: «Мен БҰҰ Бас хатшысы ретінде ядролық сынақ алаңының қақ жүрегінде тұрып, барлық әлем елдерін Қазақстаннан үлгі алуға шақырамын»,- деген болатын.
Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Қазақстан ұсынған халықаралық бастамалардың арасында атқарылған іс-шараларды атап айтар болсақ, ол Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес өткізу, Орталық Азия бітімгершілік батальонын (Центразбат) құру, БҰҰ-ның Орталық Азия елдерінің экономикасы үшін Арнаулы бағдарламасын (СПЕКА) белгілеу, Арал мен Семей полигонының экологиялық апат аймағын сауықтыру жөніндегі халықаралық бағдарламаға қозғау салу, 29 тамызды – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп жариялануы сипатындағы өзекті мәселелер жүзеге асырылды.
Қазақстан бүгінде БҰҰ-ға арнаулы Ядролық қарусыз әлем туралы декларация қабылдауды ұсынып отыр. Еліміз осы бастаманы белсенді және дәйекті түрде көтеріп, планетаны ядролық қатер құрсауынан босату бағытындағы жұмысын жалғастыратын болады.
Еуразиялық қауіпсіздік жүйесінің буындары туралы айтатын болсақ, оның негізгі құрамдас бөліктерінің бірі ретінде Орталық Азия қарастырылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі негізгі факторлардың бірі – аймақ елдері арасында ынтымақтастықты дамыту мен тереңдету. Осыған байланысты Қазақстан Орталық Азия елдерінің өзара тек экономикалық мүдделері ғана емес, сонымен қатар тұрғын халықтардың ортақ тағдыры да байланысты, демек олар бір-бірімен достық қарым-қатынас жасауға мүдделі деген көзқарас ұстанады. Қазақстанның ықпалымен Орталық Азия елдері біртұтас кеңістік ретінде дами отырып, халықаралық лаңкестік, діни экстремизм, есірткі тасымалы мен заңсыз миграцияға қарсы сенімді тосқауыл болатын «экономикалық тұрақтылық белдеуін» қалыптастырды.
Еліміздің басшылығы мен дипломатиялық кешенінің табысты жұмыс жүргізуі негізінде еліміз көпжақты ынтымақтастықтың жаңа сапалы деңгейіне шықты. Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында ЕҚЫҰ сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы өз ойын айтқан болатын. Қазақстанның Азиядағы өзара әрекеттестік және сенім шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК) шақыру туралы бастамасы әлем елдерінің қолдауына ие болды. Нәтижесінде 2002 жылдың жазында Алматы қаласында тұңғыш рет Азия құрлығының тарихында жиырма төрт мемлекеттің басшылары бас қосып Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары туралы алқалы кеңес (АӨСШК) өткізіп, Алматы декларациясын қабылдады. Алматы актісі және АӨСШК саммитінің Терроризмді аластау және өркенияттар үнқатысуын дамыту жөніндегі Деклорациясы Азия құрлығындағы халықаралық қатынастар дамуының жаңа кезеңін танытты. Бүгінгі уақытта Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес халықаралық қатынастардың тиімді институтына айналды. Бұл – сөз жоқ, Қазақстанның дүниежүзілік қоғамдастыққа еніп, халықаралық беделді ұйымдардың белсенді мүшесі ретінде қол жеткізген зор табысы, халықаралық дәрежеде саяси айтулы жеңісі еді. Қазіргі таңда АӨСШК ұйымына 20-дан астам Азиялық мүше- мемлекет кіреді. Сонымен бірге, АӨСШК жұмысын жандандыруда БҰҰ, ЕҚЫҰ және т.б. халықаралық ұйымдар ат салысуда.
Қазақстанның гуманитарлық саладағы маңызды жетістіктерінің бірі- ұлтаралық татулық пен конференциялық келісімді қамтамасыз ету. Яғни, діндер мен халықтар арасындағы үнқатысуды дамыту уақыт талабы болып отыр. Қазақстан үшін толеранттылық қағидаты- саяси мәдениеттің нормасы ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттік қағидат болып саналады.
Қазақстан 2003 жылдан бері өркениеттер мен діндер арасындағы өзара пікіралмасуды тереңдету мен дамыту саясатына өзіндік ықпал етуді қолға алды. Астана қаласында 2003, 2006, 2009 жылдарда әлемнің негізгі конфессияларының дін өкілдерінің басын қосқан әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 3 съезі осының дәлелі болып отыр. Осы мақсатта еліміздің қолға алған бастамасының үлкен құрметке ие болуы – Қазақстанға деген абыройлы сенім.
Қазақ елінің мәртебесі артқан сайын оның тәуелсіздігінің тұғырлана түсетіні анық. Шындығында да, әлемнің болашағы — күшті интеграциялық бірлестіктердің даму үрдісіне байланысты. Экономикалық интеграция Қазақстанның тәуелсіздігін, территориялық тұтастығын, еліміздің сыртқы саясатының көпвекторлығын арттыра түседі. Еліміз өсу, өркендеудің жаңа кезеңіне, әлеуметтік дамудың жаңа сапасына бет алды.
Әлемдік қауымдастық 2001 жылы құрылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) белсенді жұмыс істей бастағанына назар аударды. ШЫҰ негізгі мақсаты – Орталық Азия өңіріндегі бейбітшілікті сақтай отырып, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету. Қазақстан ШЫҰ-ның төрағасы ретінде аймақтық және жаһандық тұрақтылықтың нығаюына ерекше мән берді. Сол сияқты, Түркітілдес халықтардың ортақ мәдени және өнер байланыстары түркі тілдес мемлекеттер ұйымы (ТҮРКСОЙ) аясында қарастырылған. Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың Стамбұл қаласында өткен түркітілдес елдердің Х Саммитінде түркі халықтары үшін ортақ қуаныш «Тәуелсіздіктің 20 жылдығын» айрықша мерекелеуді жүзеге асырып, еліміздің тарихындағы аса маңызды кезеңнің куәсі болып отырмыз.
Қауіпсіздік үнемі үзіліссіз бақылауды, қажетті шараларды дер кезінде жүргізіп отыруды қажет етеді. Еліміздің экономикадағы жарқын жетістіктері саяси әлеуетін нығайтып, өзіміздің өңірде ғана емес, халықаралық аренада барған сайын белсенді, дербес рөл атқаруға мүмкіндік туғызды.
Қазақстан 2011 жылды халықаралық аренадағы имиджінің Батыс пен Шығыста бір уақытта асқақтатқан сәтінде қарсы алды. Ел тарихындағы аса маңызды тарихи оқиға – Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық етуі және 1-2 желтоқсан күндері Астана саммитінің аброймен өтіп «Астана деклорациясының» қабылдануы болды. Қазақстан бүкіл ел тарихында ең маңызды әрі аса ауқымды шараны үлкен табыспен атқарды. Саммит жұмысына Еуропа, Азия, Солтүстік Америка мен Австралиядан 75 ресми делегация қатысты. Осынша ел басшыларының бір мезетте біздің елге қадам басуы – тарихымызда бұрын-соңды болмаған оқиға! Біз Қазақстанның Еуропадағы қәуіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығы жоғары деңгейде табысты атқарып, Астанада төрағалықтың қорытындылары мен нәтижелерін таразылайтын Саммит өткізудегі керемет жетістіктері еліміздің әлемдік беделін асыра түскеніне куә болдық. Астана саммиті қорытындыларының еліміз үшін стратегиялық маңызы өте жоғары. Біз өз тәуелсіздігіміздің сыртқы саяси негідерін нығайттық, Саммит сенімді, ынтымақтастық пен интеграцияның нығайтудың, біртұтас және ажырағысыз Еуро-Атлантикалық және Еуро-Азиялық қауіпсіздік қауымдастығын құрудың жаңа кезеңінің бастауы болды. Қазақстан Ұйымның жаңа ғасырда дамуына серпін берді. Біз халықаралық деңгейдегі аса ірі шараларды өткізу жөнінідегі міндеттерді шеше алатынымызды дәлелдедік. Біздің қоғам толысқандығын, бірлігі мен топтасқандығын көрсетті. Астана ЕҚЫҰ саммитерін өткізу иелері болған Хельсинки, Париж, Бутапешт, Лиссабон, Ыстамбул секілді Еуропаның белгілі қалаларымен бір қатарға тұрды. Бүкіл әлем Қазақстанға жаңа көзбен қарап, біздің халқымыздың барша құндылықтарын көрді. Саммитті өткізу бүкіл Қазақстан халқының салтанаты, оның бірлігінің, болашаққа ұмтылысының дәлелі болды. Қазақстан әлемдік қауымдастықта қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың бейбіт жолмен шешу жолын көрсетіп дамудың «Қазақстандық жолын» дүниежүзіне үлгі етті.
Бүгінгі таңда Қазақстанның ықпалымен ЕҚЫҰ мен НАТО-ның, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Ұжымдық қауіпсіздік шартты ұйымы (ҰҚШҰ) және Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралар туралы алқалы кеңес (АӨСШК) ұйымдарының арасында әріптестік байланыстар орнатуға тамаша мүмкіндіктер пайда болды. Қазақстан аймақтық және халықаралық ұйымдардың өзара ынтымақтастығын қамтитын тиімді Еуразиялық қауіпсіздік жүйесін қалыптастырды.
Үстіміздегі жылы Қазақстан Ислам конференциясы (ИКҰ) ұйымына төрағалық ету мандатын қабылдап алды. Бұл – біз үшін үлкен мәртебе. Ұйымның ұстанған негізгі мақсаты — мұсылман елдерінің өзара қарым-қатынастарын тереңдете түсіп, нәсілдік кемсітушілікті және отарлаудың барлық түрлерін жою, әділдікке негізделген халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін қажет шараларды қолдану және мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қолдау, саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени және ғылыми салаларда ынтымақтастықты бекіту.
Бұл жөнінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына биылғы Жолдауында «Біз Батыс пен Ислам әлемі үнқатысуын нығайту бойынша бастама көтердік. ИКҰ-ға төрағалық Қазақстанның сыртқы саясатының азиялық векторын күшейтуі тиіс», — деп атап көрсеті.
Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымымен ынтымақтастық қарым-қатынастары еліміздің ұйымға мүше болып кіруінен бері дамып келеді. Қазақстан зайырлы мемлекет бола тұрса да, бүгінгі таңда ислам өркениетінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Еліміздің тарихы мен рухани мәдениеті мұсылман әлемімен ғасырлар бойы сабақтас әрі тамырлас болып келгендігі тарихи шындық. Қазақстан ИКҰ-ның мүшесі ретінде бұл ұйымның іс-шараларына белсене араласып, оның әлемдік қоғамдастық алдындағы беделінің өсуі мен ислам әлемінің абыройының нығая беруіне атсалысып келеді.
Қазақстан ИКҰ аясында ынтымақтастықты дамыту бойынша Ислам даму банкі (ИДБ) және түрлі саладағы консалтингтік және қаржылық ұйымдармен байланыс орнатуға ерекше көңіл бөлуде. Мұндай қадамдардың, әрине, Қазақстанның экономикалық — әлеуметтік жағдайын жаңа деңгейге көтеріп, ілгері басуына өз үлесін қосатындығы сөзсіз.
Мінеки, Қазақстанның ИКҰ шеңберіндегі осындай қызметі мен іс-шараларын қарастыра келе, Қазақстанның 2011 жылы ИКҰ СІМК-ға төраға ретінде сайлануы мұсылман қоғамдастығы тарапынан елімізге көрсетілген үлкен сенім.
Еуропаның күре тамырына айналған ЕҚЫҰ-ға алғаш мұсылман елі- Қазақстанның төрағалық етуін мұсылман қоғамдастығы жаһандыру заманындағы ортақ жетістік деп бағалады. Осы тұрғыдан алғанда, біздің еліміз осы беделді еуропалық Ұйымға жетекшілігін ИКҰ-мен, яғни ислам әлемімен ынтымақтастық орнату үшін барынша тиімді пайдалану. Еуропалық қауіпсіздіктің негізгі құрылымдарының бірі ЕҚЫҰ-на табысты төрағалық еткен қазақстандық дипломатияның ИКҰ-ға басшылық ету барысындағы негізгі мақсаты «Өркениеттер пікіралмасуының» жаңа тетігін іске асыру. Қазақстан ИКҰ-ға төрағалық етуде «Бейбітшілік, Ынтымақтастық, Даму» ұғымдарын ұран етті. Бұл Ислам әлемінде Бейбітшілік болса, Ынтымақтастық нығайса, елдеріміздің бәрі Даму жолына түсетіні айқын.
Қазақстан бүгінде БҰҰ-ға арнаулы Ядролық қарусыз әлем туралы декларация қабылдауды ұсынып отыр. Еліміз осы бастаманы белсенді және дәйекті түрде көтеріп, планетаны ядролық қатер құрсауынан босату бағытындағы жұмысын жалғастыратын болады.
Еуразиялық қауіпсіздік жүйесінің буындары туралы айтатын болсақ, оның негізгі құрамдас бөліктерінің бірі ретінде Орталық Азия қарастырылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі негізгі факторлардың бірі – аймақ елдері арасында ынтымақтастықты дамыту мен тереңдету. Осыған байланысты Қазақстан Орталық Азия елдерінің өзара тек экономикалық мүдделері ғана емес, сонымен қатар тұрғын халықтардың ортақ тағдыры да байланысты, демек олар бір-бірімен достық қарым-қатынас жасауға мүдделі деген көзқарас ұстанады. Қазақстанның ықпалымен Орталық Азия елдері біртұтас кеңістік ретінде дами отырып, халықаралық лаңкестік, діни экстремизм, есірткі тасымалы мен заңсыз миграцияға қарсы сенімді тосқауыл болатын «экономикалық тұрақтылық белдеуін» қалыптастырды.
Еліміздің басшылығы мен дипломатиялық кешенінің табысты жұмыс жүргізуі негізінде еліміз көпжақты ынтымақтастықтың жаңа сапалы деңгейіне шықты. Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында ЕҚЫҰ сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы өз ойын айтқан болатын. Қазақстанның Азиядағы өзара әрекеттестік және сенім шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК) шақыру туралы бастамасы әлем елдерінің қолдауына ие болды. Нәтижесінде 2002 жылдың жазында Алматы қаласында тұңғыш рет Азия құрлығының тарихында жиырма төрт мемлекеттің басшылары бас қосып Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары туралы алқалы кеңес (АӨСШК) өткізіп, Алматы декларациясын қабылдады. Алматы актісі және АӨСШК саммитінің Терроризмді аластау және өркенияттар үнқатысуын дамыту жөніндегі Деклорациясы Азия құрлығындағы халықаралық қатынастар дамуының жаңа кезеңін танытты. Бүгінгі уақытта Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес халықаралық қатынастардың тиімді институтына айналды. Бұл – сөз жоқ, Қазақстанның дүниежүзілік қоғамдастыққа еніп, халықаралық беделді ұйымдардың белсенді мүшесі ретінде қол жеткізген зор табысы, халықаралық дәрежеде саяси айтулы жеңісі еді. Қазіргі таңда АӨСШК ұйымына 20-дан астам Азиялық мүше- мемлекет кіреді. Сонымен бірге, АӨСШК жұмысын жандандыруда БҰҰ, ЕҚЫҰ және т.б. халықаралық ұйымдар ат салысуда.
Қазақстанның гуманитарлық саладағы маңызды жетістіктерінің бірі- ұлтаралық татулық пен конференциялық келісімді қамтамасыз ету. Яғни, діндер мен халықтар арасындағы үнқатысуды дамыту уақыт талабы болып отыр. Қазақстан үшін толеранттылық қағидаты- саяси мәдениеттің нормасы ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттік қағидат болып саналады.
Қазақстан 2003 жылдан бері өркениеттер мен діндер арасындағы өзара пікіралмасуды тереңдету мен дамыту саясатына өзіндік ықпал етуді қолға алды. Астана қаласында 2003, 2006, 2009 жылдарда әлемнің негізгі конфессияларының дін өкілдерінің басын қосқан әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 3 съезі осының дәлелі болып отыр [25]. Осы мақсатта еліміздің қолға алған бастамасының үлкен құрметке ие болуы – Қазақстанға деген абыройлы сенім.
Қазақ елінің мәртебесі артқан сайын оның тәуелсіздігінің тұғырлана түсетіні анық. Шындығында да, әлемнің болашағы — күшті интеграциялық бірлестіктердің даму үрдісіне байланысты. Экономикалық интеграция Қазақстанның тәуелсіздігін, территориялық тұтастығын, еліміздің сыртқы саясатының көпвекторлығын арттыра түседі. Еліміз өсу, өркендеудің жаңа кезеңіне, әлеуметтік дамудың жаңа сапасына бет алды.
Әлемдік қауымдастық 2001 жылы құрылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) белсенді жұмыс істей бастағанына назар аударды. ШЫҰ негізгі мақсаты – Орталық Азия өңіріндегі бейбітшілікті сақтай отырып, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету. Қазақстан ШЫҰ-ның төрағасы ретінде аймақтық және жаһандық тұрақтылықтың нығаюына ерекше мән берді. Сол сияқты, Түркітілдес халықтардың ортақ мәдени және өнер байланыстары түркі тілдес мемлекеттер ұйымы (ТҮРКСОЙ) аясында қарастырылған. Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың Стамбұл қаласында өткен түркітілдес елдердің Х Саммитінде түркі халықтары үшін ортақ қуаныш «Тәуелсіздіктің 20 жылдығын» айрықша мерекелеуді жүзеге асырып, еліміздің тарихындағы аса маңызды кезеңнің куәсі болып отырмыз.
Қауіпсіздік үнемі үзіліссіз бақылауды, қажетті шараларды дер кезінде жүргізіп отыруды қажет етеді. Еліміздің экономикадағы жарқын жетістіктері саяси әлеуетін нығайтып, өзіміздің өңірде ғана емес, халықаралық аренада барған сайын белсенді, дербес рөл атқаруға мүмкіндік туғызды.
Қазақстан 2011 жылды халықаралық аренадағы имиджінің Батыс пен Шығыста бір уақытта асқақтатқан сәтінде қарсы алды. Ел тарихындағы аса маңызды тарихи оқиға – Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық етуі және 1-2 желтоқсан күндері Астана саммитінің аброймен өтіп «Астана деклорациясының» қабылдануы болды. Қазақстан бүкіл ел тарихында ең маңызды әрі аса ауқымды шараны үлкен табыспен атқарды. Саммит жұмысына Еуропа, Азия, Солтүстік Америка мен Австралиядан 75 ресми делегация қатысты. Осынша ел басшыларының бір мезетте біздің елге қадам басуы – тарихымызда бұрын-соңды болмаған оқиға! Біз Қазақстанның Еуропадағы қәуіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығы жоғары деңгейде табысты атқарып, Астанада төрағалықтың қорытындылары мен нәтижелерін таразылайтын Саммит өткізудегі керемет жетістіктері еліміздің әлемдік беделін асыра түскеніне куә болдық. Астана саммиті қорытындыларының еліміз үшін стратегиялық маңызы өте жоғары. Біз өз тәуелсіздігіміздің сыртқы саяси негідерін нығайттық, Саммит сенімді, ынтымақтастық пен интеграцияның нығайтудың, біртұтас және ажырағысыз Еуро-Атлантикалық және Еуро-Азиялық қауіпсіздік қауымдастығын құрудың жаңа кезеңінің бастауы болды. Қазақстан Ұйымның жаңа ғасырда дамуына серпін берді. Біз халықаралық деңгейдегі аса ірі шараларды өткізу жөнінідегі міндеттерді шеше алатынымызды дәлелдедік. Біздің қоғам толысқандығын, бірлігі мен топтасқандығын көрсетті. Астана ЕҚЫҰ саммитерін өткізу иелері болған Хельсинки, Париж, Бутапешт, Лиссабон, Ыстамбул секілді Еуропаның белгілі қалаларымен бір қатарға тұрды. Бүкіл әлем Қазақстанға жаңа көзбен қарап, біздің халқымыздың барша құндылықтарын көрді. Саммитті өткізу бүкіл Қазақстан халқының салтанаты, оның бірлігінің, болашаққа ұмтылысының дәлелі болды. Қазақстан әлемдік қауымдастықта қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың бейбіт жолмен шешу жолын көрсетіп дамудың «Қазақстандық жолын» дүниежүзіне үлгі етті.
Бүгінгі таңда Қазақстанның ықпалымен ЕҚЫҰ мен НАТО-ның, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Ұжымдық қауіпсіздік шартты ұйымы (ҰҚШҰ) және Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралар туралы алқалы кеңес (АӨСШК) ұйымдарының арасында әріптестік байланыстар орнатуға тамаша мүмкіндіктер пайда болды. Қазақстан аймақтық және халықаралық ұйымдардың өзара ынтымақтастығын қамтитын тиімді Еуразиялық қауіпсіздік жүйесін қалыптастырды.
Үстіміздегі жылы Қазақстан Ислам конференциясы (ИКҰ) ұйымына төрағалық ету мандатын қабылдап алды. Бұл – біз үшін үлкен мәртебе. Ұйымның ұстанған негізгі мақсаты — мұсылман елдерінің өзара қарым-қатынастарын тереңдете түсіп, нәсілдік кемсітушілікті және отарлаудың барлық түрлерін жою, әділдікке негізделген халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін қажет шараларды қолдану және мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қолдау, саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени және ғылыми салаларда ынтымақтастықты бекіту.
Бұл жөнінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына биылғы Жолдауында «Біз Батыс пен Ислам әлемі үнқатысуын нығайту бойынша бастама көтердік. ИКҰ-ға төрағалық Қазақстанның сыртқы саясатының азиялық векторын күшейтуі тиіс», — деп атап көрсеті.
Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымымен ынтымақтастық қарым-қатынастары еліміздің ұйымға мүше болып кіруінен бері дамып келеді. Қазақстан зайырлы мемлекет бола тұрса да, бүгінгі таңда ислам өркениетінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Еліміздің тарихы мен рухани мәдениеті мұсылман әлемімен ғасырлар бойы сабақтас әрі тамырлас болып келгендігі тарихи шындық. Қазақстан ИКҰ-ның мүшесі ретінде бұл ұйымның іс-шараларына белсене араласып, оның әлемдік қоғамдастық алдындағы беделінің өсуі мен ислам әлемінің абыройының нығая беруіне атсалысып келеді.
Қазақстан ИКҰ аясында ынтымақтастықты дамыту бойынша Ислам даму банкі (ИДБ) және түрлі саладағы консалтингтік және қаржылық ұйымдармен байланыс орнатуға ерекше көңіл бөлуде. Мұндай қадамдардың, әрине, Қазақстанның экономикалық — әлеуметтік жағдайын жаңа деңгейге көтеріп, ілгері басуына өз үлесін қосатындығы сөзсіз.
Мінеки, Қазақстанның ИКҰ шеңберіндегі осындай қызметі мен іс-шараларын қарастыра келе, Қазақстанның 2011 жылы ИКҰ СІМК-ға төраға ретінде сайлануы мұсылман қоғамдастығы тарапынан елімізге көрсетілген үлкен сенім.
Еуропаның күре тамырына айналған ЕҚЫҰ-ға алғаш мұсылман елі- Қазақстанның төрағалық етуін мұсылман қоғамдастығы жаһандыру заманындағы ортақ жетістік деп бағалады. Осы тұрғыдан алғанда, біздің еліміз осы беделді еуропалық Ұйымға жетекшілігін ИКҰ-мен, яғни ислам әлемімен ынтымақтастық орнату үшін барынша тиімді пайдалану. Еуропалық қауіпсіздіктің негізгі құрылымдарының бірі ЕҚЫҰ-на табысты төрағалық еткен қазақстандық дипломатияның ИКҰ-ға басшылық ету барысындағы негізгі мақсаты «Өркениеттер пікіралмасуының» жаңа тетігін іске асыру. Қазақстан ИКҰ-ға төрағалық етуде «Бейбітшілік, Ынтымақтастық, Даму» ұғымдарын ұран етті. Бұл Ислам әлемінде Бейбітшілік болса, Ынтымақтастық нығайса, елдеріміздің бәрі Даму жолына түсетіні айқын.
Олай болса, Қазақстан Батыс пен Шығыс өркениеттерінің де бір арнада дамуына мүмкіндік жасап, халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігін нығайта отырып, оны бұдан да биік тұрғыда көтере беретініне сенімдіміз. Қазақстанды әлемдік қоғамдастықтың жаңаша тануы елдегі экономикалық өрлеу, қоғамдағы тұрақтылық пен жалпыұлттық келісімнің нәтижесі. Бұл мәселені жаһандық деңгейде қарастырсақ құрлықтар арасындағы ынтымақтастық Батыс пен Шығыс арасындағы бейбіт өркениеттің жаңа да жарқын көрінісі. Ел игілігі мен мемлекет мүддесі жолында атқарылып жатқан іс-шаралар абыройымызды асқақтатып, ұлы жеңістерге жетелесін!
Мемлекет Басшысы атап көрсеткендей, тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан халықаралық аренада елеулі сыртқы саяси табыстарға қол жеткізді, әлемдік қоғамдастықтың беделді де жауапты мүшесіне айналды. Қазір халықаралық қатынастардың дәл ауқымы 21 ғасырда қандай болатындығын болжап білу қиын. Қазақстанның аталмыш мәселеге қатысты көзқарасы барлық халықтар мен мемлекеттер үшін ең жоғарғы басымдылық соғыстар мен жанжалсыз әлем, демократия мен өркендеу әлемі болып қала беруі қажет дегенге саяды.
Ғаламдық саясат жүргізіп отырған держава ретінде АҚШ үшін Орталық Азия және соның ішінде Қазақстан келесі себептер бойынша қызығушылық тудырады:
- ҚР-сы мемлекеттік тәуелсіздікке жетті және дербес сыртқы саясат жүргізеді;
- ҚР-сы Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы және Ислам әлемімен, АҚШ-тың аса маңызды геостратегиялық бәсекелестері арасында орналасқан;
- Аймақта энергетикалық және басқа да табиғи ресурстардың аса бай қорлары бар;
- Аймақ әлемдік маңызы бар уран рудасы мен ядролық технологияларға ие.
Саяси мүдделердің ішінен АҚШ-тың жаңа одақтастар табуға бағытталған күш салуы бірінші кезекке шығып отыр. АҚШ аталмыш аймақты өз қатынасының ғаламдық жүйесінің маңызды бөлімдерінің бірі ретінде қарастырады. Американдық доктринаның негізі әскери және экономикалық қуатты, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда өзінің ұстанымдарын пайдаланып, аймақта үстем жағдайын сақтап тұру болып табылады.
Орталық Азия мемлекеттері, соның ішінде Қазақстан үшін әлемдік лидер АҚШ-пен өзара әрекеттетсуді кеңейту Қазақстанның халықаралық беделін сақтау және нығайту үшін маңызды мәні бар екендігі, республиканың қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз етудің, халықаралық саяси және қаржы институттарында оның ұстанымын нығайтудың, алдыңғы қатарлы технологияларға қол жеткізудің сенімді кепілі болып табылатындығы анық. АҚШ – Ресейге де, Орталық Азиямен көршілес өзге де мемлекеттерге ықпал етудің тиімді құралдары бар әлемдегі бірден бір держава. Демократиялық қайта құрулар мен экономикалық реформалардың жетістігі көбінесе АҚШ-пен қатынастардың дамуының сапалық деңгейімен анықталады.
Қазақстан өзінің әлеуетін жүзеге асыру және әлемдік экономикаға кіру үшін АҚШ-пен саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірдің барлық салаларында тең серіктестік қатынастарды белсенді дамытуға ұмтылады.
Қазақстан-Американ қатынастары 1991 жылы 25 желтоқсанда АҚШ-тың ҚР-сын тәуелсіз мемлекет ретінде ресми танумен басталды. АҚШ Қазақстанмен қатынастарды дамытуға қызығушылық білдіріп, алғашқылардың бірі болып дипломатиялық қатынастар орнатты.
Бастапқы кезеңде АҚШ-тың Қазақстанға үлкен назар аударуының ең бастысы – Қазақстан аумағында 1040 ядролық оқтұмсығы бар стационарлық тіректегі СС-18 атты 104 ракеталардың бар болуымен айқындалды. Олармен қоса ҚР аумағында 240 қанатты ядролық ТУ-95 атты стратегиялық бомбылаушы ракеталар орналасқан. Осыған ұқсас жағдай Белоруссия мен Украинада да орын алды. Сондықтан Вашингтонның өз қауіпсіздігіне қауіп-қатерді төмендетіп, бұрынғы КСРО-ның ядролық қаруын мұра еткен елдердің жаңа ядролық мемлекетке айналуына жол бермеуге ұмтылуы анық еді. Осыған орай ядролық қаруды таратпау саласында АҚШ Белоруссияның, Қазақстан мен Украинаның ядролық емес мемлекет және ядролық қарудан бас тарту ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қосылуына бағыт жүргізді.
Сол кезде әртүрлі нұсқаулар, соның ішінде аталмыш ракеталарды қауіпсіздіктің кепілі ретінде біздің аумағымызда сақтауда ұсынылды. Біріншіден, бұл тұрғыдан қарау ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық келісімдердің бүкіл жүйесін бұзуы мүмкін еді. Екіншіден, ядролық қаруға ие болу – 2 оқ — дәрі бөшкесінде отыру деген сөз – бұқаралық қырып жою құралдары кеңестік кезеңнен кейінгі тұрақсыз кеңестік жағдайында қазақстандық қауіпсіздікке шынайы, қатерлі болып көрінеді және ядролық мемлекеттер қазақстандық аумақта орналастырылған ракеталар үшін Қазақстанды нысанаға алып отырды (21). Президент «Ядролық қарусыз мемлекет баламасы болуы мүмкін емес, бірақ оның алдында бүкіл әлемді қамтыған жүйелі тұрақсыздықтың аса қиын жағдайында Қазақстан қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті тұрғанын » түсінді. Сондықтан Қазақстан әлемге өзінің ядролық қарусыз мәртебесі туралы мәлімдеп дұрыс қадам жасады.
ҚР-ның Президенті Н.Назарбаевтың АҚШ-қа тұңғыш ресми сапары 1992 жылы мамырда болды. Осы жылдың 22 мамырында стратегиялық шабуыл қару –жарақтары туралы келісімнің тең құқылы жарақтарының бірі ретінде Лиссабон хаттамасына қол қойып, ядролық қарусыз мемлекет болуға өзіне міндеттеме алды.
Сапар барысында сауда қатынастары туралы келісімге, капитал салымдарын қолдау және өзара қорғау туралы келісім шарттарға, ҚР-ның үкіметі мен АҚШ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға, қос салық салудан құтылу туралы конвенция жасау жөнінде бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.
1994 жылы 5 желтоқсанда Будапешт саммитінде Англия, Ресей, АҚШ басшылары Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы меморандумға қол қойды. Лиссабон келісімене қол қойған бес мемлекеттің басшылары қару – жарақты шектеу жөніндегі келісім бойынша бекіту грамоталарын айырбастау жөнінде хаттамаға да қолдарын қойды (23).
Қазақстан Американ қатынастарының дамуында маңызды кезең 1992 жылы Алматыға АҚШ вице- президенті А. Гордың ресми сапары болды. Континент аралық болистикалық ракеталардың шахталық жүргізу қондырғыларын бөлшектеу туралы келісімге және оны жүзеге асыру бойынша 5 келісімге қол қойылды. Осы келісімге сәйкес Қазақстан аумағында соммасы 84,5 млн. доллар көлемінде стратегиялық шабуыл қару – жарақтары туралы келісімнің бөлшектеуде Қазақстанға көмектесу белгіленді.
АҚШ әкімшілігінің сыртқы саясатының басты міндеті жарылғыш материалдарды заңсыз сату оқиғаларын болдырмау болып табылады. Осы тұрғыда жағымды қадам ретінде Қазақстан басшылығы АҚШ-қа 600 кг. жуық жоғары сапалы уранды сату бойынша «сапфир » операциясын қарастырды. Материалдар тасымалдауға дайындау үшін Үлбі зауыты аумағында шағын лаборотория салынды. 30-ға жуық американдық мамандар 1 ай ішінде байытылған уранды 7мың контейнерден тот баспайтын құрыштан жасалған 1400 конистерге тиелді.
1994 жылы 14-16 ақпанда Президент Н. Назарабаев АҚШ –та ресми сапармен болып, оның барысында ҚР мен АҚШ арасында серіктестік қатынастарды дамыту және тереңдету үшін негіз жасайтын негізгі құжат – «демократиялық серіктестік туралы хартияға» қол қойылды. Бұл құжат 17 баптан тұрады, әрі саясат қауіпсіздік, экономика мәдениет, білім беру, қоршаған ортаны қорғау, ғылым, денсаулық сақтау мәселері мен өзге салаларда екі мемлекеттің мақсаттары мен міндеттерін нақты баяндайды.
Екі жақты саяси қаныстардың маңызды саласы халықаралық қауіпсіздік мәсәлелері бойынша және әскери қорғаныс саласындағы ытымақтастық болып табылады. АҚш әкімшілігінің халықаралық қауіпсіздік саласындағы қызметінің елеулі нәтижесі «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасы мен НАТО-ның шығысқа кеңею үрдісінің басталуы болды. 1994 жылы 27 мамырда Қазақстан «Бейбітшілік үшін серіктестік » құжатына қол қойып, оған қатысушы 19 елдің біріне айналды.
Қорғаныс мәселелері жөніндегі Қазақстан – Американ ынтымақтастығы әскери қызметкерлерді оқыту, делегацияларды айырбастау, қорғаныс жөнінде жоғарғы деңгейдегі кеңесулерде және ҚР-н НАТО-ның «Бейбітшілік үшін серіктестік » бағдарламасына қатысуын қолдауға шоғырландырған. АҚШ Қазақстанға сержанттар дайындау жөнінде академия құруға көмектеседі, Қазақстандық офицерлердің АҚШ-та дайындау бағдарламасын кеңейтеді.
Қазақстан мен АҚШ арасындағы бірқатар келісімдер нәтижесінде АҚШ тарапынан біздің қарулы күштерге осы заманғы қару жарақ, қондырғылар мен жарақталған 40-қа тарта «Хаммер» автомобильдері және лаңкестікке қарсы күресте аса тиімді «Хьюи-2» тік ұшақтары берілетін болды. Сондай –ақ АҚШ та білім алуға біздің 47 әскери қызметші жіберілетін болып шешілді. Мысалы, егер 2001 жылы АҚШ-та 12 қазақстандық оқыған болса, үстіміздегі жылы 32 адам жіберілді. Сонымен қатар АҚШ әскерилері мен тәжірибе алмасы мәселесіне зор көңіл бөлінуде (27).
Мыңжылдықтар тоғысында индустриялы қоғамның постиндустриалды қоғамға айналып, барлық халықтар мен өркениетті елдер өздерін шырмауықша орап алған ғаламдастырудың құшағында қалып қойған бұлтарысы көп тарихи кезеңде ғалымдар мен мемлекеттік қызметкерлер алдында бұрын-соңды болмаған күрделі де аумақты мәселелер туындады. Бұл түбегейлі өзгерістің мәнін түсіну, әрі қарай дамудың үрдісін көре білу, ондаған, жүздеген миллион адамдардың мүддесіне сай келетіндей ең тиімді қайта құру стратегиясын таңдай білу өмірдің өзекті талабына айналды. Осы бетбұрыстың посткеңестік кеңістігіндегі алға тартар жетекшілердің бірі ретінде тарих Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевты таңдады. Ғалым және мемлекеттік қайраткер ретінде ол қоғамды қайта құрудың жаңа проблемаларын, оның қайшылықтары мен перспективаларын, тиімді әлеуметтік-нарықтық шаруашылықтың қалыптасуын, ТМД елдерінің дербестенуін, постиндустриялы қоғамға барар жолда өркениеттердің өзара байланысын теория жүзінде талдап қана қоймайды, жасалған стратегияны Қазақстанның өз ішінде де, Евразия өркениетін құрайтын ТМД елдерімен және басқа да мемлекеттермен арадағы өзара қатынастарда да нақты жүзеге асыра алады.
Дүниежүзілік қауымдастықтың мүшелері арасында өзінің лайықты орнын алу үшін әрбір мелекет өз әлінше алға ұмтылып жатқан кезеңде Евразияның кең-байтақ кеңістігіне орналасқан Қазақстан сияқты жас егеменді мемлекеттің әлемдік және аймақтық істерге белсене қатысуы өмір сүрудің және егемендікті нығайтудың міндетті шарты екенін Н.Ә.Назарбаев түсінді.
Сондықтан да Президент Н.Ә.Назарбаев ел ішіндегі демократиялық реформалардың жүзеге асуы үшін, Қазақстанның егеменді мемлекет болып қалыптасып дамуы үшін, республиканың ұзақ мерзімді сыртқы саясатын жүргізгенде шетелдермен тығыз қарым-қатынаста болу жағына баса көңіл бөлу керек деп санады.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін Н.Ә.Назарбаев тағдыр шешетін қадамдар жасады. Алдымен Қазақстан ядролық қарудан бас тартты. Мұндай шешімге келген Қазақстан халықаралық қауіпсіздік мәселесіне өзінің жауаптылықпен қарайтындығын білдірді және де аумағының бүтіндігі мен қауіпсіздігіне қуатты ядролық державалардың кепілдемесін алды.
Қазақстанның тәуелсіз даму жылдарында Президент Н.Ә.Назарбаев көптеген мемлекеттермен ынтымақтасып, қомақты шарттық-құқықтық база құрды, халықаралық қатынастардың сенімді потенциалына ие болды. Жасаған халықаралық шарттар Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кіруін жеңілдетті, олар егемендікті, қауіпсіздікті, аумақтық бүтіндікті және шекараның мызғымастығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Ел ішіндегі әлеуметтік-экономикалық реформаға да оң ықпалын тигізуде. Ядролық қаруды таратпау және оны сынауды тоқтату ісіне Қазақстанның қомақты үлес қосқандығын көпшілік мойындап отыр, ал Президент Н.Ә.Назарбаевтың ынтасымен 1999 жылы тамыз айында Республиканың Қарусыздану жөніндегі Конференцияға толық құқылы мүше болып кіруі осының дәлелі. Ядролық қаруды таратпау туралы Шартқа және ядролық сынауларға жаппай тыйым салу туралы Шартқа (1996 ж.) қатысушы ретінде Қазақстан ядролық сынауға тыйым және ядролық қаруды таратпау режимін бұдан былай да күшейтуді батыл қолдап отыр.
Еліміздегі экономикалық және демократиялық қайта құру процесін жеделдету, өзара тиімді қарым-қатынастарды ұлғайту мақсатында Еуропа мемлекеттерімен серіктестікті әрі қарай нығайтудың Қазақстан үшін маңызы зор. Батыстың дамыған елдері біздің белді, саяси және экономикалық серіктестіктеріміз, республика экономикасының аса ірі инвесторлары болып саналады. Қазақстан мен Европа Одағы арасындағы серіктестік және ынтымақтастық туралы Келісімнің күшіне енуі, Достастық Кеңесі және Парламентаралық Комитет сияқты ынтымақтастықтың арнаулы құрылымдарын құру ― Қазақстанның аса ірі дүниежүзілік бірлестіктердің бірімен арасындағы байланыс тетігін түбегейлі өзгертеді, оны неғұрлым тиімді де нақты етеді. Қазақстан – американ қарым-қатынасы демократиялық серіктестік деңгейіне көтерілді. Қазақстанға Вашингтон Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің тірегі, аймақтағы сенімді серіктес деп қарайды.
Қазақстанның БҰҰ мен ЕҚЫҰ-дағы позициялары нығаюда. Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Европалық қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі, Азия даму банкі сияқты және де басқа беделді халықаралық институттармен өзара әрекеттестікті үйлестірудің Қазақстан экономикасының ойдағыдай дамуы үшін маңызы зор.
Дүниежүзілік қауымдастыққа тереңірек бойлау инвесторлардың республикаға қызығушылығын тудырды. Шетел инвестициясының көлемі жағынан Қазақстан ТМД-да бірінші орынға шықты.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың және дүниежүзілік экономикалық форумның бастамасымен ұйымдастырылып және солардың басшылығымен 200 жылы сәуір айында Алматы қаласында өткен Еуразиялық Экономикалық Саммиттің Қазақстан үшін маңызы зор. Оған қатысушылардың құрамына қарап және онда жасалған қорытынды бойынша шетелдік іскер адамдардың Қазақстанның Экономикалық әлеуетіне, бәрінен бұрын энергоресурстарына қызығушылық танытқанын көреміз, олар бізге серіктес ретінде зор үміт артып отыр.
Сонымен Президент Н.Ә.Назарбаев дұрыс бағыт беріп отырған республиканың сыртқы саясаты өзінің қалыптасу кезеңінен өтіп, Қазақстанның жаңа тарихи жағдайдағы мемлекеттік саясатының негізгі құрылымдарының біріне айналды. Тәуелсіздік жылдарындағы сыртқы саясаттың нәтижесі Президент Н.Ә.Назарбаев ұсынған ұтымды сыртқы саяси стратегияны Қазақстанның бұлжытпай жүргізіп отырғандығының жарқын дәлелі, бұл саясат Қазақстанның қауіпсіз өмір кешуін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар оның дүниежүзілік экономикаға үйлесімді кіруіне жағдай тудырады, оның экономикалық дамуына жол ашады.
- СЫРТҚЫ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Әлемдік саясатта мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары
Тәуелсiздiктiң егемендiктiң басты белгiсi ел қауiпсiздiгi екенi айнымас ақиқат. Өйткенi, республикамыздың Ресей мен Қытай сияқты ядролық қаруы бар мемлекеттердiң ортасында орналасуы және оңтүстiгiнде мұсылман мемлкеттерiмен шектесуi қауiпсiздiк жараларына ерекше назар аударуды мiндет еттi. Сондықтан қазақ жерiнде орналасқан 1400 ядролық оқтұмсықпен жабдықталған СС-18 деп аталатын 104 қанатты ракетаның 40ТУ-95 стартегиялық бомбалаушы ұшақтардың жағдайы халқымызды және әлемдiк қауымдастықты қатты алаңдатады. АҚШ, Ресей, Англия, Франция сияқты ядролық державалар Қазақстанның ядролық қаруы бар елге айналуына қарсы облды. Олар бiздiң елiмiзге әр салада қысым көрсетiп, Қазақстан үшiн ең тиiмдi жол ядролық қарулардан бас тарту екендiгiне сендiрiп бақты. Осы тұрғады Қазақстанға ядролық қару қажет пе едi деген сұрақтың көлденең тұратыны рас. Өзiнiң қауiпсiздiгi үшiн және Орталық Азиядағы қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн оған ядролық қару қажет болатын. Екiншi жағынан алғанда, ядролық қарудың болуы қауiпсiздiктi толық қамтамасыз ету деген сөземес. Елдiң қауiпсiздiгi, тұрақтылығы бiр ғана ядролық қарумен шектелмейтiнi белгiлi. Бiздiң ядролық қарқымыздан сескенген кейбiр елдер, оған қарсы өз ядролық қаруын туралап қоятынын да қаперден шығаруға болмайды. Оның үстiне Қазақстанда сол ядролық қарумен жұмыс iстейтiн мамандар болмады және Қазақстан ядролық қаруды ұстап тұруға да экономикалық жағдайы мүмкiндiк бермеген болатын. Сонымен, 1992ж. мамыр айында Президентiмiздiң АҚШ-қа барған ресми сапарында ядролық қаруды таратпау және қазақ жерiнде орналасқан барлық ядролық қаруды Ресейге алып кету және Қазақстанды ядролық қарусыз аймақ ретiнде тану жөнiндегi Лиссабон хаттамасына қол қойылды. Осы келiсiм бойынша АҚШ Қазақстаның қауiпсiздiгiне кепiлдiк бердi. Қазақстан жерiнде орналасқан ядролық қаруларды бөлшектеу жою, тасып әкету жұмыстарына «АҚШ 84 миллион доллар көлемiнде қаржы бөлдi [27].
Қазақстанды ядролық қарусыз ел ету ретiндегi iргелi жұмыс 1991ж. 29 тамызда Қазақстанның Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу жөнiндегi жарлығынан бастау алған болатын. Қазақстан Республикасы стратегиялық шабуыл қару-жарағын шектеумен қысқарту туралы шартқа, орта және таяу қашықтығы ракеталарды жою туралы шарқта, Еуропалық кәдiмгi қару-жарақ күштерi туралы шартқа қол қойды.
1993ж. желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi Ядролық қаруды таратпау туралы шартты бекiттi. Өз кезегiнде Қазақстан да ұлы мемлекеттерден өз қауiпсiздiгiне кепiлдiк берудi талап еттi.
Қазақстанның ядролық қарудан бас тарту жөнiндегi iзгi қадамдарына жауап ретiнде 1994 жылы 5 желтоқсанда Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi Кеңестiң Будапешттегi жоғары дәрежелi кездесуiнде үш ядролық мемлекеттiң Ресейдiң, АҚШ-тың және Ұлыбританияның басшылары Қазақстанның қауiпсiздiгiнiң кепiлдiгi туралы меморандумға қол қойды. Н.Ә. Назарбаев Будапеште «Барынша қауiпсiз және тұрақты дүниежүзiлiк тәртiптi орнату жөнiндегi бiрлескен күш-жiгердi жүзеге асырудың жауапты кезеңiнiң бейнелi шебiне жеттiк», — деп атап көрсеттi. 1995 жылы ақпанда ҚХР-да Қазақстанның қауiпсiздiгiне кепiлдiк бердi. 1995 жылы 26 мамырда Қазақстан жерiндегi барлық ядролық қарулар тасып әкетелдi. Қазақстан ядролық қарусыз елге осылай айналған едi. 1992 жылдың бас кезiнде ТМД-ның бiрлескен әскери күштерiн сақталып қалу және құру әрекеттерi сәтсiз аяқталғаннан кейiн, бұрынғы Одақтас республикалар өз қарулы күштерiн құруға көштi. 1992 жылы 7 мамырда Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен «Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлiгi», «Қазақстан Республикасының қарулы күштерi» құрылды. Сөйтiп бұл күн елiмiздiң қарулы күштерiнiң құрылған күнi ретiнде тарихқа ендi. Қарулы күштер құрылғаннан кейiн 1993 жылы 11 ақпанда Президент бекiткен Республикамыздың әскери доктринасы жасалды. Ол: соғыстың алдын алу және болдырмау; қорғанысты нығайту, ТМД елдерiмен одақ және өзара көмек принциптерiне енгiзделдi.
Қазақстан Республикасы өз қауiпсiздiгiн нығайта отырып, ТМД аясында осы одаққа кiретiн мемлекеттерiмен де әскери одақтасуды, бiрлесiп қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi жалғастырып келедi.
1991 жылы желтоқсан айында Минск қаласында ТМД-ға кiретiн мемлекеттердiң бiрлескен қарулы күштер және шекаралық әскерлер жөнiндегi келiсiм шартына қол қойылды. Осы қадамның жалғасы ретiнде 1992 жылы 15 мамырда Ташкент қаласында Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғыстан, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан, Өзбекстан мемлекеттерi қол қойған ұжымдық қауiпсiздiк туралы келiсiм-шарты құрылды. Бұл құрылған әскери одақ бұдан кейiнгi жылдары бiраз қайта құруларды жасай отырып, өз жұмысын жалғастырып келедi [28].
Қазақстан Республикасы ТМД әскери одақпен қатар, экономикалық, саяси, мәдени қарым-қатынастарды да жандандыруға барынша күш салып келедi. 1994 жылы Қазақстан Еуроазиялық одақты құру туралы бастама көтердi. Бұл одақты құрудағы мақсат, бұрынғы КСРО-ға кiрген мемлекеттер арасындағы интеграциялық байланыстарды одан әрi тереңдету, шаруашылық iс-әрекеттердегi, заңдық құжаттарды бiр iзге келтiру ТМД-ның шекарасын бiрлесiп қорғау, ТМД-ның экономикалық байланысын бiр жүйеге келтiрiп үйлестiрiп отыру болатын. Бiздiң Республикамыздың көтерген Еуроазияық одақ туралы бастамасы және ұстанымы бүгiнгi күнi экономикалық және әлеуметтiк саяси тұрғыдан алып қарастырғанда өзiнiң аса қажеттi Одақтық құрылым екендiгiн көрсетiп осы одақ құрылым аяында ТМД-ға кiретiн мемлекеттердi бiрiктiруге жұмылдыруда.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясат саласындағы жемiстi еңбектерiнiң бiрi – Азиядағы өзара iс-қимыл және сенiм бiлдiру шаралары жөнiндегi Кеңестi (АӨIСШК) құруға күш салу болды. Жоғарыда айтып кеткенiмдей бұндай кеңестi құру туралы бастаманы елiмiздiң Президентi Н.Ә. Назарбаев БҰҰ-ның мiнбесiнен көтерген болатын. Қажырлы жұмыстың нәтижесiнде АӨIСШК құрылып, оған 16 елдiң мемлекеттерi мүше болды. Олар: Қазақстан, Әзiрбайжан, Индия, Қытай, Ауғанстан, Египет, Иран, Израиль, Монғолия, Полестина, Пәкiстан, Туркия, Өзбекстан, Ресей және Тәжiкстан мемлекеттерi едi.
Бұл ұйымға бақылаушы ретiнде АҚШ, Индонезия, Въетнам, Австралия, Тайланд, Ливан, Жапония, Оңтүстiк Корея, Украина, Малайзия мемелекеттерi де қатысады.
1999 жылы Алматыда болған кездесуде АӨIСШК кiретiн мемлекетердiң арасындағы қарым-қатынасты реттейтiн Декларация қабылданды. Ол мынадай принциптерге негiзделген: мүшелiкке кiретiн мемлекеттердiң тәуелсiздiгi мен құқықтарын құрметтеу, территорияның мызғымастығын сақтау, бiр-бiрiнiң iшкi iстерiне араласпау, талас тудырып отырған мәселердi бейбiт шешу, күш қолданудан бас тарту, қарусыздану және қару жараққа бақылау жасау, әлеуметтiк, сауда экономикалық және мәдени саладағы ынтымақтастық, БҰҰ-ның принциптерiне негiзделген адамзаттың құқықтарын құрметтеу.
Азиядағы өзара iс-қимыл және сенiм бiлдiру шаралары жөнiндегi Кеңес қазiргi таңда ауқымды шараларды iске асырып келедi. Атап айтқанда, Азия континентiндегi терроризмге қарсы бiрлесiп күресу және наркотик бизнесiне қарсы бiрлескен iс-қимыл шаралары. АӨIСШК–нiң 2002 жылы маусым айында Алматыда өткен саммитiнде Азия құрлығындағы күшейiп келе жатқан соғыс қаупi туралы мәселе жан-жақты талқыға түстi. Қолдарында қарулары бар Пәкiстан мен Үндiстан елдерiнiң басшыларын бiр үстелге отырғызып, мәмiлеге шақырудың арқасында, Азиядағы ядролық соңғыс қаупiн болдырмаудың нақты қадамдары жасалды.
Сонымен қатар, Республикамыз 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орын алған террористiк әрекеттен кейiн террористiк әрекеттiң салдарынан 4,5 мыңға жуық бейбiт, халық қаза тапқан болатын дүние жүзi мемлекеттерiмен терроризмге қарсы бiрлесiп күресу үшiн күш жұмылдырып келедi.
1992жылы мамыр айында Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келiсiм-шартқа қол қойылды.
Бұл келiсiм шарт бойынша екi елдiң шекарасының мызғымастығы және территориясының тұтастығына, бiр-бiрiнiң тәуелсiздiгiне құрмет принципi заңдық тұрғыдан бекiтiлдi. Сондай-ақ, 1994 жылы және 1995 жылы екi елдiң Президенттерi Н.Ә.Назарбаев пен Б.Н. Ельциннiң кездесулерiнде екi жақты 22-ге жуық әртүрлi құжаттарға қол қойылды [29].
Олардың қатарында: экономикалық ынтымақтастық пен интеграцияны тереңдету туралы келiсiм, екi елдiң азаматтық мәселеге байланысты меморендум, Қазақстанға түпкiлiктi келiп тұрғысы келетiн Ресей азаматтарына азаматық жеңiлдетiлген түрi және Ресейге түпкiлiктi келiп тұрғысы келетiн Қазақстан азаматтарына азаматтық берудiң жеңiлдетiлген түрi жөнiндегi келiсiм сыртқы экономикалық қызметтi бiртектес етiп реттеу туралы және басқа да келiсiмдер бар. 1994 жылы 21 қарашада экономикалық және саяси зор маңызы бар Байқоңыр ғарыш айлығы туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей федерациясы арасында келiсiм-шарт жасалды. Келiсiм бойынша кешен Ресей федерациясына 20 жылға, егер екi жақтың бiрден-бiрi шарты бұзу туралы мәлiмдеме тағы да 10 жылға жалға берiледi. Жалдау ақысы жылына 10 жылға жалға берiледi. Жалдау ақысы жылыа 115 миллион доллар, оның бiр бөлiгi екi ел үкiметтерiнiң өзара келiсуi бойынша өтемдер негiзiнде жабылуы мүмкiн. Бұл орайда, шартта 1991 жылғы тамыздың 31-iне дейiн. Қазақстан жерiнде болған Байқоңыр кешенiнiң объектiлерi мен мүлiктерi оның меншiгi болып табылатыны көрсетiлген.
1996 жылы 26 сәуiрде Қытайдың Шанхай қаласында ортақ шекарасы бар бес елдiң: Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының Қытай Халық Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжiкстан Республикасының алғашқы кездесуi болып өттi.
Бұл бес мемлекеттiң жалпы жер аумағы Еуразияның 3/5 бөлiгiн, ал халық саны дүние жүзi халқының төрттен бiрiн құрайды.
Сондықтан «бестiктiң» ынтымақтастығы және олар жүргiзетiн ортақ саясат тек осы елдердiң халықтары үшiн ғана емес, барша адамзат үшiн де аса маңызды мәнге ие. «Шанхай бестiгiнiң» алдыңғы кездесулерiнде Қазақстан делегациясы айтарлықтай белсендiлiк танытты. 1996 жылы Шанхайда өткен бiрiншi кездесуде ортақ шекарада жатқан аудандардағы әскери сенiм мәселесi талқыланды. Мәскеуде шекарааудандарындағы әскери күштердiң санын азайту туралы құжатқа қол қойды. «Бестiктiң» Алматыда өткен самитiнде негiзгi қарым-қатынас бағыттары анықталып, өзара тиiмдi сауда-экономикалық қатынастар мәселесi талқыланды.
1999 жылы 24-25 тамызда Бiшкекте өткен «Шанхай бестiгiнiң» кездесуiнде аймақтағы қауiпсiздiк проблемалары талқыланды. «Бiшкек декларациясына» қол қойылды. Бұл кездесудiң алдында Қазақстан Президентi Қытай Халық Республикасының төрағасы Цзян Цземинмен әңгiмелестi. Елдер арасындағы даулы территория проблемасы бойынша Ұзақ келiссөздердiң нәтижесiнде екi жақты да қанағаттандыратын келiсiмге қол жеттi. Жалпы аумағы 1000 шаршы шақырым болатын даулы жердiң 57%-i Қазақстанға, ал 43%-i Қытайға тиесiлi болатын болды.
2001 жылдың 15 шiлдесiнде Шанхайда «Шанхай бестiгiнiң» мемлекеттер басшыларының саммитi болды. Бұл халықаралық бiрлестiк тағы бiр мүше елмен — Өзбекстанмен толығып, өзiнiң атын Шаңхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) деп өзгерттi. Ұйымға мүше елдер басшыларының қоғамдастықтың iшкi қатынастарын айтарлықтай жақсарататын маңызды құжаттарға «Ынтымақтастық арқылы қауiпсiздiкке» деген ұранды ұстанған ұйымның өзiн құру туралы декларацияға, сондай-ақ, терроризммен, сеператизммен және экстремизммен күрес жөнiндегi Шанхай конвенциясына қол қоюы – самиттiң ең басты оқиғасы деп санауға болады. Қазақстан өзiнiң оңтүстiк шекарасындағы көршiлерi Орталық Азия мемлекеттерiмен, оның iшiнде ең алдымен — Өзбекстан және Қырғызстанмен ынтымақтастық дамыту мен кеңейтудi арттырып келедi. Ол экономика саласындағы өзара iс-қимыл, отын-энергетика және су ресурстарын бiрлесiп пайдалану, газ құбырлары, көлiк магистральдары мен комуникациялары құбылыстарын салу мен пайдалану болып отыр. Қазақстан үшiн өзiнiң оңтүстiк аймағында тұрақтылық пен бейбiтшiлiктi сақтау аса маңызды.
1994 жылы сәуiр айында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекетерi бiртұтас Экономикалық Кеңiстiк Құру туралы келiсiмге келдi. Осы келiiсм негiзiнде Орталық Азиялық Одақ құрылды. Одақ аясында үш мемлекеттiң мемлекетаралық Кеңесi құрылды.
1996 жылы желтоқсан айында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан республикалары арасында мәңгiлiк достық келiсiмiне қол қойылды.
2002 жылы Өзбекстан Республикасымен арадағы шекаралық даулы мәселелер екi елдiң Президенттерi кездесуiнде шешiмiн тауып, заңдық тұрғыда бекiтiлдi.
Қазақстан Республикасының тәуелсiз ел болғалы берi Түркия мемлекетiмен сыртқы қарым-қатынасы өте жемiстi дамып келедi. Тiлi, дiнi, бiр Түркия мемлекетi ең бiрiншi болып Қазақстанның тәуелсiздiгiн таныды. Қазақстан Республикасы да тәуелсiз ел ретiнде өзiнiң ең тұңғыш елшiлiгiн Түркияның астанасы Анкарада, 1992 жылы 29 қазанда ашқан болатын. Содан бергi аралықта Қазақстан мен Түркия мемлекеттерi арасында тығыз экономикалық, саяси және мәдени байланыстар өрiстеп дамуда.
1991 жылы қыркүйек айында қазақ-түрiк iскерлiк кеңесi құрылды. Бұл кеңес 73 қазақстандық және 183 түркиялық кәсiпорындар ассоциация, фирма, банк және биржалардың басын бiрiктiрген болатын. Олардың құрамында «Маңғыстаумұнай», «Екiбастұзкөмiр» «Қарағандықкөмiр» өндiрiстiк бiрлестiктерi, Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Ермак ферроқорытпа зауыты және тағы да басқа iрi өндiрiс орындары бар. Түркия мемлкетенiң құрылыс фирмалары қазақ жерiндегi бiрнеше архитектуралық құрылыстарды салуға қатысты. Қазiргi заманға сай Алматыдағы «Анкара», Астанадағы «Интерконтиненталь» қонақ үйлерiн Түркияның құрылыс фирмалары салған болатын. Түркия мемлекетi Қазақстанның мұнайын өз территориясы арқылы тасымалдау жобаларына да қатысып келедi. Мұнай шикiзат қоры аз Түркия үшiн Каспийдiң мұнайын пайдалану өте тиiмдi.Сондықтан да Түркия мемлекетi Ақтау-Баку-Жейхан құбырының тартылуына аса мүдделiк танытып келедi.
Қазақстан Республикасы өзiнiң сыртқы саясат саласында шығысымыздағы үлкен мемлекет Қытаймен қарым-қатынасқа үлкен мән беруде. Кеңестер дәуiрiнде Қытай мемлекетiмен арадағы айында Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының үкiметi екi ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты дамыту мақсатымен достық ынтымақтастық, теңдiк және өзара тиiмдiлiк негiзiнде сауда-экономикалық келiсiмiн жасады. 1992 жылы ақпанда Қазақстан Қытай үкiметаралық мазмұндамасына қол қойылды. Онда авиация, темiржол автомобиль транспорты, экономика, сауда, ғылым ментехника саласында екi жақты ынтымақтастықты дамыту көзделген болатын. 1992 жылдың сәуiр айыннан бастап Қытай мемлекетiмен темiржол қатынасы орнатылып, Дружба-Алашанкөу темiр жол қатынастары жұмыс iстей бастады. 1992 жылы тамыз айында Қазақстан мен Қытай мемлекеттерi өзара өкiлдiктер ашу туралы келiсiмге қол қойды. 1992 жылдың қазан айында Қазақстан Президентi Н.Ә. Назарбаев Пекинде болып, Қытай Халық Республикасының төрағасы Цзян Цзэминьмен кездесiп ұзақ мерзiмге арналған келiсiмге қол қойды. Онда екi ел арасында дипломатиялық қатынастың ресми түрде орнағаны атап айтылды. ҚХР мен Қазақстанның 1994 жылғы шекараларының өту тұстары туралы мәселелердi реттеу жөнiндегi келiсiмiнiң маңызы үлкен болды. Соның нәтижесiнде Қытай мемлекетiмен сыртқы дипломатиялық қарым-қатынастағы бiздiң елiмiздiң жетiстiгi 1999 жылы арадағы шекаралық даулы мәселелердiң шешiлiп, ресми бекiтiлуi болды. 1995 жылы ақпанда ҚХР-дiң Қазақстан қауiпсiздiгiне кепiлдiк бергенi екi елдiң қарым-қатынасын одан әрi баянды ете түстi. Соңғы жылдары қарым-қатынасын одан әрi баянды ете түстi. Соңғы жылдары Қазақстан –Қытай қатынастары сапалық жаңа деңгейге шықты [30].
1996 жылы ҚХР төрағасы Цзян Цзэминнiң Алматыға келген бiрiншi ресми сапарында арадағы достық қарым-қатынастарды тереңдетудiң ұзақ мерзiмдi негiзi қаланды.
2002 жылы елiмiздiң Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Қытай мемлекетiне жасаған ресми сапарында Қазақстан мен Қытай арасындағы саяси және экономикалық мәселелердi түгел қамтыды. Оның iшiндегi аймақтық қауiпсiздiк, лаңкестiкпен, сепаратизммен және экстремизммен күрестi де айтуымызға болады. Қазақстан мен Қытайдың Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болуы өзара түсiнiктеме, ынтымақтастыққа жол ашып отыр.
Шығыстағы Жапониямен және Корея Республикасымен де екi жақты байланыстар қарқынды дамып келедi. Жапония мемлекетi бiздiң елiмiзге iрi қаржы қоюшы елдердiң бiрi болып табылады. 1991 жылы шiлде айында Маңғыстау мұнай өңдеу зауыты құрылысының жобасы дайындалып, онда үш жапон компаниясының консорциулы өз жұмысын бастады. Құрылыс жобасын Жапонияның, «Эксим Банк» банкiсi қаржыландырып отыр.
1994 жылы шiлде айында Жапонияның «IIОСНИ» фирмасы Қарағанды металлургия комбинатында кокс газын тазарту цехының құрылысын бастау жөнiндегi шартқа қол қойды. Жапонияның компаниялары елiмiздегi жол құрылыстарын, көпiрлердi және тағы басқа құрылыстарды салуға белсене қатысып келедi.
Елiмiздiң Президентi Н.Ә. Назарбаев ел басшысы ретiнде 1990 жылы алғашқы сапарларының бiрiн Корея Республикасына жасаған едi. 1992 жылы қаңтарда екi елдiң арасында толық дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.
Соның нәтижесiнде Кореяның «Самсунг» фирмасы Қарағандыда тоңазытқыштар шығара бастады. Ал сол Кореяның «Самсунг» компаниясы Қазақстанның мысын игерiп келедi.
Қазақстанның таяу және Орта Шығыс елдерiмен, оның iшiнде Иранмен, Сауд Арабиясымен, Егитпен дипломатиялық және экономикалық байланыстарды дамытуға да ерекше көңiл бөлiп келедi. Қазақтан Республикасы Иран Ислам Республикасымен 1992 жылы қаңтар айында дипломатиялық қатынас орнату туралы келiсiмге қол қойды. Ол бiрiн-бiрi өзара құрметтеу, территориялық тұтастығы мен iшкi iсiне араласпау принциптерi негiзiнде құрылды. Қазақстан Иран елiмен дипломатиялық қатынас орнағалы берi Каспий теңiзiндегi порттарын кеңейте отырып сол арқылы Иранға теңiз мұнайын жеткiзу мүмкiндiгiн қарастырған болатын. Нәтижеде, 1996 жылы 30 желтоқсанда Каспий теңiзi арқылы Қазақстанның алғашқы мұнайы Иранның солтүстiгiне жеткiзiлдi. 1994 жылы Қазақстан Иранға 30 мың тонна қой етiн, 1000 тонна астық сатуға, ал Иран бiздiң елiмiзге полиметалл концентратын, халық тұтынатын тауарлар сатуға келiстi. Алдағы уақытта Иран мемлекетiмен сыртқы қарым-қатынасты дұрыс жолғп қоя бiлсек Қазақстанның астығын, мал өнiмдерiн экспорттаудың iрi көзi ашылмақ.
Сонымен қатар, Иран Ислам Республикасымен Қазақстан Республикасы арасында Каспийдiң статусына байланысты қарама-қарсы пiкiрлер де жоқ емес. Мәселен, Иран елi Каспий теңiзiн оның айналасындағы орналасқан бес мемлекет 20 пайыздық үлес бойынша теңдей бөлiсуi керек деген көзқарасты ұстанып келедi (қазiргi шекара бойынша Иран елiне 13% тиесiлi). Ал Қазақстан Каспийдi теңiз жағалауы бойынша бөлiсуi табанды жақтай отырып, Ресеймен осы принцип бойынша Каспийдiң оңтүстiк бөлiгiн бөлiсiп, келiсiм-шартқа қол қойып үлгердi, Қазақстан Ислам елдерiмен де диломатиялық және экономикалық қарым-қатынастарды да дамытуға мүдделi болып отыр. 1994 жылы Президент Н.Ә. Назарбаев Сауд Арабиясына жасаған сапары негiзiнде бiрсыпыра келiсiмдерге қол қойды. Сауд Арабиясы елi жаңа Астанамыздағы сенат ұйының құрылысына 15 миллион доллар қайтарымсыз қаржы бөлiп, көмегiн көрсеттi [31].
Египет елiмен дипломатиялық қатынас орнағаннан кейiн Египетте Египет-Қазақ Ассоциациясы, Қазақстанда Қазақстан – Египет Ассоциациясы құрылып жұмс iстеп келедi. Египет Алматыда ислам мәдениет орталығы мен Нұр Мүбәрәк Ислам университетi бой көтерiп, жұмыс жасауды.
3.2 Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы
Қазақстан өз тәуелсiздiгін алғаннан кейінгі жиырма жыл ішінде сыртқы саясат бағытында айтарлықтай жетiстiктерге қол жеткізді. Тарих үшін жиырма жыл өте қысқа мерзiм, әйтсе де, осы кезең Қазақстанның әлемдік қауымдастықтың егемендi субъектi ретінде қалыптасуы үрдісінде ең маңызды мерзiм болып табылады.
Еліміз өтпелі кезеңнің қиындықтарын абыроймен жеңе отырып, өз дамуының жаңа деңгейіне аяқ басты. Өзара сенімділік қағидаларына негiзделіп, теңдестірілген көп векторлы сыртқы саясаттың арқасында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың жоғарғы деңгейдегі халықаралық мойындауына қол жеткізді.
Бүгiнгі таңда Қазақстанның негізгі басымдықтары республиканың үдемелі экономикалық және әлеуметтiк-саяси дамуына қажетті қолайлы сыртқы саяси жағдайды қалыптастыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, геосаяси тұрғыдан алғанда Еуразия құрлығының орталығында орналасуы арқасында Қазақстан iс жүзiнде Шығыс пен Батыстың аралығындағы өзiндiк бір көпiрге айналды. Осы жағдай Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО елдері мен мұсылман әлемі секілді ірі әлемдік және аймақтық державалар арасындағы күрделi геосаяси жағдайда сындарлы мүдделер теңдігін сақтауға мүмкіндік береді.
Президент Н. Назарбаевтың сол кезеңде жаппай қырып-жою қаруынан бас тарту туралы шешiмі әлемдік қауымдастық тарапынан үлкен қолдауға ие болған еді. Республика басшылығының өз еркімен ядролық қарудан бас тарту мен Семей ядролық полигонын жабу арқылы ядролық қарусыз, қауiпсiз әлем құру жолындағы табанды шешімі ЖҚЖҚ-дан өз бастамасымен бас тартқан ел ретінде құрметті алғашқы орынды иемденуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар тағы да атап өтетін өте маңызды бір жайт – ол бiздiң Елбасымыздың ұсынысы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясының 29-тамызды ядролық сынақтарға қарсы халықаралық әрекеттер күні етіп жариялау болды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан өзін халықаралық қатынастардың маңызды мүшесі ретінде көрсете білді. Бүгінгі таңда еліміз жетекші интеграциялық құрылымдар мен әлемдік қауымдастық өміріндегі өзінің сындарлы қызметiнiң арқасында заманауи әлемiнiң экономикасы мен саясатында белсендi рөл атқаруда. Республикамыздың халықаралық мәртебесiнің жоғары екендігінің мысалы ретінде Қазақстанның ТМД, ШЫҰ, ЕврАзЭҚ, ЕҚЫҰ және ИКҰ сияқты беделді халықаралық құрылымдарға төраға ретiнде сайлануын алуға болады. Сонымен қатар өз кезегінде Қазақстанның бастамалары да әлемдік қауымдастық тарапынан қолдауын тауып отыр.
Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-шi сессиясындағы Азиядағы өзара әрекеттестік және сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыру туралы бастамасы әлем елдерінің қолдауына ие болды. Жаһандық саяси кеңiстiктің жаңаруы жағдайындағы Н. Назарбаевтың бұл ұсынысы ерекше өзектi болды. Елбасының Еуразиядағы бейбітшілікті сақтау мәселелері мен халықаралық қауіпсіздіктің кең белдеуін қалыптастыру жолындағы белсенді саясаты әлемдік қауымдастық алдында Қазақстанның бейбітшілік сүйгіш мемлекет ретіндегі жағымды беделінің қалыптасуына ықпал етті [32].
Қазіргі таңда АӨСШК ұйымына жиырмадан астам азиялық ел мүше- мемлекеттер ретінде кірсе, әлемнің түрлі құрлықтарының оннан астам мемлекеттері бақылаушылар болып табылады. Сонымен бiрге Азиядағы өзара әрекеттестік және сенім шаралы жөніндегі кеңес жұмысына БҰҰ, ЕҚЫҰ және АЕЛ секілді халықаралық ұйымдар ат салысуда. Республикамыздың азиялық және еуропалық қауіпсіздік құрылымдарында жауапты мүше ретінде араласуы оның беделін арттырып, түрлі пікіралмасу алаңдарындағы өкілеттілігін кеңейтті. Еліміздің басшылығы мен дипломатиялық кешенінің ерен еңбегінің негізінде еліміз көп жақты ынтымақтастықтың жаңа сапалы деңгейiне шықты.
Осы жерде айта кететін тағы бір маңызды мәселе – қазақстандық басшылықтың соңғы жылдарда жүргізіп келе жатқан өркениеттер мен діндер арасындағы пікіралмасуды тереңдету мен дамыту саясаты аса маңызды сыртқы саяси қарекет екендігі. Қазақстан 2003, 2006 және 2009 жылдары әлемнің негізгі конфессияларының діни өкілдерін жинаған «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының» үш съезін өткізген болатын.
Өткен съездер барысында Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың бастамасы бойынша өркениетаралық және дінаралық қатынастардың барынша өзекті мәселелері талқыланды. Бұл форумдардың негізгі мақсаты әлемдік діндердің өзара бейбіт дамуы және де діндер диалогын жүзеге асырып, бірлескен шешімдер қабылдауға қажетті тұрақты жұмыс істейтін халықаралық дінаралық институт құру болып табылады. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезi 2012 жылды Астана қаласында өткізу жоспарланған.
Қазақстан сыртқы саясатының тағы бір маңызды векторы ретінде ТМД кеңістігіндегі интеграция мәселесін алуға болады. Қазақстан Президенті Н. Назарбаев алғаш рет 1994 жылы наурызда Мәскеу мемлекеттiк университетi қабырғасында Еуразия одағын құру туралы бастамасын көтерген болатын. Еуразиялық бастаманың нақты жүзеге асуының мысалы ретінде бірнеше мемлекетаралық құрылымдардың жұмыс жасауын, оның ішінде ЕврАзЭҚ және соның негізінде құрылған Қазақстан, ресей және Белорусь елдерінің Кедендік одағын атауға болады.
Осылайша, Қазақстан бүгiнгi таңда сыртқы саясаттағы алдына қойған барлық мақсаттарына жетті деп сеніммен айтуға болады. Бұған осыншама қысқа мерзімде қол жеткізілген халықаралық бедел мен еліміздің әлемдік танымалдығы мысал болады. Қазақстан әлемдік саясатта маңызды рөл атқара бастады, және де Қазақстан Республикасының кейбір бастамалары да әлемдік қауымдастық тарапынан қолдау тапты. Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында Қазақстан Орталық Азия секілді тұрақсыз аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздік аралына айналып қана қоймай, сонымен қатар экономикасы қарқынды дамып, халқының әл-ауқаты үнемi артып келе жатқан гүлденген мемлекетке айналып келеді.
Еліміздің тәуелсіз ел болғанына биыл 20 жыл толды. Қазақстан ―осы азғана уақыт аралығында өзін өзге елдерге таныта білді. Егеменді ел ретінде басымыздан өткерген әр-бір жыл тарихы босқа өткен жоқ. Жыл сайын жаңа белесті бағындырып, қазақ елінің беделі әлемдік саяси аренада арта түсуде.
Тәуелсіздің жылдарында еліміз сан ғасырға татитын ұлы белестерден өтті. Еліміз жер көлемі жөнінен дүние жүзінде 9- орында тұр. Осы ұлан-ғайыр қазақ даласын Отан еткен 140-ға жуық халықтар достық пен татулықты Ту етіп, еліміздегі саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге қол жеткіздік. Қазақстан адамзат тарихында ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан тұңғыш әрі жалғыз ел. Семей ядролық полигонын жабу және ядролық қару жарақтан бас тарту жаппай қарулануға жанталасып жатқан заманда ешбір мемлекет басшысының ойына келмеген теңдесі жоқ айрықша шешім. Егер Қазақстан осыдан 20 жыл бұрын батыл шешім қабылдамаған болса, еліміз ядролық әлеуеті жөнінен әлемдегі төртінші мемлекет болып, дүниежүзілік саясатта біраз дүрбелең туғызар еді. Сол кездегі Қазақстанның Кеңес Одағынан мұраға қалған ядролық арсеналының Ұлыбританияның, Францияның, Қытайдың ядролық қару қорынан әлдеқайда артық болғаны анық.
Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдарға мүше. Еліміз 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалықты жоғары деңгейде атқарды. Астана Саммитінде «Астана декларациясы» қабылданды. Астана саммитінің ең үлкен жетістігі әлемдік қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың «Еуроатлантикалық және Еуроазиялық қауымдастығы» ауқымды координаттарының жаңа деңгейін енгізілуі екендігін әлем мойындады.
Бүгінгі таңдағы еліміздің әлемдік қауымдастықта мәртебесін өсіріп, мерейімізді асырған халқымыздың бейбіт өмірі мен бақытты болашағы үшін қалтқысыз қызмет еткен Ұлт Көшбасшысы – Н. Ә.Назарбаев.
Тәуелсіздікті ең асыл қазына деп есептейтін қазақ елі жаңа әлемге жаңа Қазақстанды таныту үстінде. Біз тәуелсіз ел болғандықтан дүниені дүрбелеңге салған дағдарыстан қиналмай шығып, дамудың даңғыл жолына бет бұрдық. Өткен ғасырдың соңғы онжылдығынан бері ел экономикасы қазіргі заман талаптарына сай жүргізілген дамыту шаралары, нарықтық шаруашылықтың ұлттық жобасы оң нәтиже берді. Осы уақытта экономика саласында жеткен жетістіктеріміз жоғары екендігі баршамызға аян. Мысалы, Қазақстанның Ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізілді, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында Қазақстан өнеркәсібі даму үстінде, 1994 жылмен салыстырғанда ішкі жалпы өнім көрсеткіші 12 есе өсіп, әр адамның басына шаққанда 9 мың долларға жетті, еіміздің экономикасына 122 миллиард доллар шетелдік инвестиция тартылды, ұттық қорды қоса есептегенде сомасы 63 миллиард долларды құрайтын халықаралық резерв деңгейі бойынша 50 мемлекеттің қатарына енді, еліміз 126 еліне 200-ден астам өнім түрлерін шығарады. Соның ішінде еліміздің экономикалық өрлеуінің айнасы – Астана қаласы.
Бүгінгі таңда мемлекеттің ауыл шаруашылығын жандандыру мақсатында бөліп отырған қаржылары қомақты. Әсіресе, Елбасының ауыл шаруашылығын интенсивті түрде дамытуға бағытталған іс-шаралар жоспары ауыл тұрғындарының көңілде жүрген ойларына сай келді. Болашақта аграрлық секторда етті мал шаруашылығын дамыту жөнінде бұрын-соңды болып көрмеген жобаны жүзеге асыру мақсатында мемлекеттен 130 миллиард теңгелік несие ресурстарының бөлінуі және асыл тұқымды мал санының арттыру бағытында жүргізілетін іс-шаралар ауылдастарымыздың қуанышына айналды.
Сонымен қатар, елімізде халықтың тұрмысын нығайту мен өмір сапасын жақсартуға бағытталған бағдарлама аясында жаңа әлеуметтік саясат жүргізілуде. Онда білім беру, денсаулық сақтау және тілдерді дамыту бағдарламалары бекітілген және халықты жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламаларын жасау қолға алынды.
Біздің жеткен осы жетістіктеріміз бен жеңістеріміз Н.Ә.Назарбаевтың атымен тікелей байланысты екені анық. Елбасының сарабдал саясатының ұтымдылығының нәтижесінде тәуелсіз ел дүниеге келіп, азғана уақыт аралығында буыны бекіген әлемдік державаға айналуына сәтті қадам жасалынды.
Бүгінгі уақытта халықтың дәулетті өмір сүруіне барлық мүмкіндік қарастырылып, шағын және орта бизнесті дамытуға жағдай жасалынған. Өткен кезеңдермен салыстырсақ, бұл үлкен мүмкіндік. Яғни, бұдан бұрын алдымен Ресей империясының құрамында болған кезде жергілікті қазақ халқының кәсіпкерлікпен айналысуға тосқауылдары өте көп болғаны тарихтан ақиқат. Одан кейінгі Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының құрамында болған уақытта, халықтың дәулетті тұруы қоғамға жат құбылыс ретінде бағаланды. Енді міне, Елбасының ұтымды саясаты мен батыл қадамдары сәтті болып ұлтық дәулетіміз жыл сайын артуда. Осы орайда әсіресе «Қуатты бизнес – қуатты мемлекет» қағидасының нәтижесінде, отандық бизнестің өркендеуіне кең мемлекеттік қолдау жасалынатыны қуанышты хабар. Бүгінде ұлттық дәулетіміздің үштен бір бөлігінің шағын және орта бизнестен құралатыны осының делелі. Болашақта да кәсіпкерлікті қарқынды дамытып, үлес пайызын арттыру жоспарланып отыр.
Елімізде ҚР Президентінің халыққа алғашқы стратегиялық «Қазақстан-2030» жолдауы жүзеге асырылуда. Біз алдымызға қойған мақсаттарға жете білдік. Үстіміздегі жылы Ұлт Көшбасшысының Қазақстан халқына «БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ» атты жолдауы жарияланды. Осы жолдау – елі игілігіндегі жаңа белес екендігі анық.
Қазақстанның халықаралық деңгейдегі қауіпсіздігін сақтауда, экономикалық реформаларды жүзеге асыруда еліміздің дипломатиялық қызметінің жүргізіп отырған сыртқы саясатын жан-жақты ашу, тақырыптың негізгі мақсаты мен міндетіне жатады. Яғни төмендегі мәселелерді жан-жақты ашуды көздейді.
― Қазақстанның ядролық қаруды таратпау туралы шарттар шеңберінде «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасына қатысуы;
― Халықаралық қауіпсіздік пен қарусыздану саласындағы еліміздің интеграциялық саясаты;
― Жалпы қырып-жоятын қаруды бірінші болып қолданбау принципін және осы міндеттемені дүние жүзі қоғамдастығының барлық мемлекеттерінің қабылдауын қолдау саясатына қатысуы;
― Жанжалды жағдайларды тек қана бейбіт жолдармен, халықаралық құқық шеңберіндегі келіссөздер арқылы реттеуі;
― Халықаралық қоғамдастықтың барлық мемлекеттерінің өз қарулы күштерін қорғанысқа жеткілікті ең аз деңгейге дейін кезең-кезеңмен қысқарту;
― Жаппай қырып-жоятын қарудың барлық түрлерін өндіруге және сынауды, және де бірінші кезекте ядролық қаруларды, болашақта толық жою саясаты;
― Қазіргі бар жаппай қырып-жоятын қаруларды қолдануға және оны өндіру үшін жаңа технологияларды жасауға тыйым салу; жаппай қырып-жоятын қаруларды жасауға жәрдемдесетін материалдар мен технологияларды сыртқа шығаруға жол бермеу;
― Химиялық қаруларды жоюға;
― Әскери қызметте өзара аштық және сенім мен қауіпсіздікті нығайту саласында шараларды жүзеге асыруға;
― Әскери-саяси одақтарды ұжымдық және кең ауқымды халықаралық қауіпсіздік жүйесін жаңа құрылымдарына қарай өзгертуіне республика қол жеткізуде және қол жеткізе беретін болады. (1)
― Қазақстанның «Терроризммен, саяси және діни экстремизммен, ұлтаралық ұйымдасқан қылмыскерлікпен және жақтардың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне төнген өзге де қауіп-қатермен күрестегі бірлескен іс-қимылдар туралы» шартқа қатысуы.
Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағытын анықтағанда, уақыт тынысын дәл сезген Президент Н.Ә.Назарбаев, ел ішінде реформаның ойдағыдай жүргізілуін, Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасып дамуын қамтамасыз ететіндей сыртқы қолайлы жағдайлар тудырады, оны барынша кеңейтуді алдыға мақсат етіп қойды.
Мұндай мақсат сырт көзге прагматизм болып көрінгенмен, онда ешқандай оқшауланған немесе мемлекеттің сыртқы саяси функциясының ауқымын тарылтуға деген ниет жоқ.
Керісінше, Қазақстанның барлық мүдделері елдермен қарым-қатынасты дамыта отырып және халықаралық қатынастардың жұмысына белсенді қатыса отырып, әлемдік қауымдастыққа аяғын нық басып кіруі ішкі реформаларды жүзеге асырудың бірден-бір шарты еді. Экономикалық дағдарыстың қарамағына ілінген барлық посткеңестік мемлекеттер өздерінің алғашқы қадамдарын жасай алмай тұрған жылдары біріне-бірі қолдау көрсетіп, өзара тиімді қарым-қатынас жасауға, тығырықтан шығаратын жолды айнытпай табуға тиіс еді. Мұндай проблемалар Президент Н.Ә.Назарбаевты толғантпай қоймады. Олар шешілмейінше, тұрақтылықты сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономиканы қалыптастыру, әлемдік экономикалық интеграция мүмкін емес екендігін ол түсінді. Қазіргі кезде бірде бір мемлекеттің өзінше дами алмайтындығын дүние жүзінің тәжірибесі көрсетіп отыр. Жаңадан тәуелсіздік алған мемлекеттер экономикаларының жұтаңдығынан өз өндірісін көтеруге ресурстар таба алмады, сонымен қатар олар ТМД-ның басқа елдеріне мардымды ешнәрсе бере алмады. Республикалар араларында төлем мәселесі туындады. Тәуелсіздік ала салып тұра жүгірген әлемдік рынок, баға белгілеудегі үлкен алшақтыққа байланысты, ТМД елдерінің рыноктарын жақсартпады, қайта бүлдірді.
Сондықтан да ТМД елдерінің арасын байланыстыратын дәнекер керек еді. Посткеңес мемлекеттерін интеграциялау идеясы осылай туындады. Қазақстан басшысының идеясында интеграциялық процестерді біртіндеп дамыту, ТМД-ның әрбір мемлекетінің саяси және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескеру принципі бар.
«Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуының және дамуының стартегиясы» атты кітапты Президент Н.Ә.Назарбаев баяндаған мақсат Қазақстанның халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастарының негізі болып саналады.
«Дүние жүзі қоғамдастығына ену саясатын нарықтық жүйенің басты үш орталығы ― АҚШ, Жапония және Батыс Европамен серіктестік мүмкіндігін тиісті бағалай отырып құр қажет және нақ осылардың дүниежүзілік шаруашылық байланыстарын күшейтудің қозғаушы күші болғанын есте сақтаған жөн. Олармен өзара іс-қимыл, сондай-ақ, халықаралық қаржы және басқа институттарына жол ашады, ал олардың рөлі дүние жүзінде айтарлықтай өсті. Халықаралық ұйымдар ― БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Бүкіл дүние жүзілік банкі, тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім, халықаралық даму және қайта құру және басқаларымен көп жақты ынтымақтастық пен тиімді экономикалық және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытының қисынды жалғасы ретінде қараймыз».
1992 жылы 2 наурызда Қазақстан БҰҰ-на қабылданды. Сөйтіп ол жалпы адамзат проблемаларын әлемдік масштабта шешуге қатысатын, өркениет ағынының арнасында болатын, адмзаттың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми, гуманитарлық және басқа салалардағы жетістіктерін пайдалана алатын мүмкіндікке ие болды. (2)
Қазақстанның ядросыз мемлекет мәртебесін алуы оның әлемдік қауымдастыққа кіруі барысында айрықша рөл атқарды. 1994 жыл 5 желтоқсанда АҚШ, Ресей және Ұлыбританияның қатысуымен меморандумға қол қойылды, онда Қазақстанның аумақтық бүтіндігіне және саяси тәуелсіздігіне қарсы күш қолданбау туралы, экономикалық мәжбүрлеуден бас тарту туралы маңызды міндеттемелер көрсетілген. Ядролық қарудан Қазақстанның өз еркімен бас тартуы әлемдік қауымдастық тарапынан қолдау тапты, себебі ядролық қаруды таратпау туралы Шартқа қосылу туралы шешім қазіргі түгелдей өркениет үшін аса маңызды еді. Қазақстан Республикасы қазіргі бейбіт тәртіпке қатысты істерге өзінің салиқалы, жауапты қарайтынын көрсетті.
Халықаралық деңгейде Қазақстан, басқа мелекеттермен бірлесіп, экстремизммен және терроризммен күресуге бағытталған қадамдар жасады. Н.Ә.Назарбаевтың ынтасы бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің террорға қарсы орталығы құрылды. Терроризммен және экстремизммен күрес мәселелері жоғары деңгейде өткен бірқатар екі жақты және көп жақты кездесулер барысында қаралды.
Сонымен, қазіргі кезде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызмет дәйекті және жүйелі сипат алды деп айтуға болады. Президенттің жыл сайынғы Жолдауындағы ел қауіпсіздігін нығайтуға байланысты міндеттерді әрі қарай жүзеге асырудың бұл жұмысқа қосымша дем берері сөзсіз (3).
1998 жылы 15 қыркүйекте Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан дипломатиясының алдына нақты мақсат қойды ― «Сыртқы істер министрлігінің қызметі осы заманғы геоэкономикалық өмір шындықтарына мейлінше жақын неғұрлым «экономикаландырылған» болуға тиіс. Қазақстанға келіп жатқан инвестициялар тасқынына және елдің сауда-экономикалық байланыстарының дамуына тигізетін ықпалын ғана емес, сонымен қатар дүниежүзілік экономиканың даму бағыттарының өзіндік сарапталуын да біздің еліміздің жағдайына қатысты еске алудың маңызы бар (4).
Маңызды сыртқы экономикалық мақсаттарды іске асырудың арқасында Қазақстан экономикалық тұрғыдан дербес дамып келеді, оның қаржы жүйесі тәуелсіз, тұрақты және алдыңғы қатарлы. Ал жүзеге асырылған дұрыс сыртқы саяси мақсаттар дүниежүзілік қоғамға түгелдей Қазақстанның егемендігін мойындатты.
Қазақстанның сыртқы саясатының алдында басқа да маңызды мақсаттар тұр. «Көптеген үмітіміз ― деді Н.Ә.Назарбаев ― Каспий теңізі шельфіндегі көмірсутегі ресурстарын пайдаланумен байланыстырып отырмыз. Сондықтан да бұл теңіздің заңдық мәртебесі туралы мәселенің маңыздылығы артып отыр. Оның өнімдерінің әлемдік рынокқа шығуы, еліміздің шетелдік серіктестермен сауда экономикалық байланыстарын ұлғайту Қазақстан үшін өте маңызды. Бұл Қазақстанның әлемдік және аймақтық көлік коммуникациялық жүйеге қаншалықты тартылатындығына байланысты, оны ұлғайту сыртқы саясаттың экономикалық блогының басты құралының біріне жатады.
Қазақстанның жаңа ғасырдағы көкейкесті мәселелерінің бірі ― мұнайды сыртқы рынокқа тасымалдау мәселесі. Қуат көздерін әлемдік рынокқа өткізудегі асқынып бара жатқан бәсекелестікті ескеріп, Қазақстан мұнай, газ құбырларын жүргізуге үлкен мән береді. Әрқашан да назарда болатын функционалдық басымдықтар қатарында көршілермен шекараларды заңдастыру, бейбіт шаруашылық байланыстар жүйесінде үйлесімді интеграция да бар.
Қорытынды
Сонымен жұмысымды қорытындылай келе, мемлекет функциясы – бұл қоғамды әлеуметтік басқарудағы мемлекеттің атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары мен әдістері. Сонымен қатар әр функцияның атқаратын салалары бойынша өзінің спецификалық ерекшеліктері бар. Ол осы функцияларды атқаратын мемлекеттік органдарға да байланысты болады. Мемлекет функциясының жүйесі, оны атқарудағы мемлекететке дұрыс бағытталуын атқарады. Осыдан қоғам мен мемлекеттің қарқынды дамуы, мемлекет функцияларының да дамуына, мемлекеттің функцияларын орындау тәсілдерін жаңаруына әкеліп соғады.
Қазіргі таңда, біз әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және саяси өмірдегі реформаларды жүргізуде Конституция нормалары мен принциптерінің дұрыстығына көз жеткізіп қана қоймай, олардың идеяларына сәйкес жаңа бағдарламалар қалыптастырудамыз.
Республика Президенті халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының рәмізі әрі кепілі болып қана қоймай, сонымен қатар билік тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етіп келеді.
Күн сайын Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы ролі артуда. Халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтейтін мемлекетіміз, өз заңнамасын қалыптастыруда халықаралық шарттарды ескеріп, әлемдік стандарттарға жақындауда. Конституцияның 8-бабында белгіленген мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізу, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тарту принциптері Қазақстанның шет мемлекеттермен қарым-қатынастарында мызғымас бағдарлар болып табылады.
Республиканың көпұлтты халқының достығын нығайту мен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуде Конституцияның ролі зор. Әлемнің түкпір-түкпірінде қарулы қақтығыстар, терроризм мен діни экстремизмнің қанды салдары өршіп жатқанда, тәуелсіз Қазақстанда ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық орын алуда. Мұның бәрі Конституцияда бекітілген Республика қызметінің түбегейлі принциптерін қоғамдық және саяси өмірде нық ұстанудың нәтижесі.
Экономикалық өсу қарқыны, макроэкономикалық көрсеткiштердiң теңдестiгi, қаржы ресурстарының берiк қоры болуы, мемлекеттік бюджеттің атқарылуы бөлiгiндегi экономиканың жай-күйi Үкiметке ағымдағы кезеңдегi проблемаларды шешудi ескере отырып, мақсаттар мен мiндеттер қоюды ғана емес, сонымен бiрге ұзақ мерзiмдi міндеттерді орындау жөнiндегi жұмысты жүргiзуге мүмкiндiк бередi. Бағдарлама аясында Үкiмет таяудағы үш жылда Мемлекет басшысы қабылдаған стратегиялық бағдарламалық құжаттарды iске асыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады. Сонымен бiр мезгілде, олардан таяу уақытта экономикалық жəне əлеуметтiк нəтиже алынатын мiндеттер шешiледi. Осыған байланысты Үкiмет өз алдына өз қызметiнiң барлық бағытындағы жұмысты сапалы түрде жақсартуды қамтамасыз ету мiндетiн қояды. Ел экономикасының даму серпiнi мен орта мерзiмдi жəне ұзақ мерзiмдi перспективадағы халықтың əл-ауқатының деңгейi, көбiнесе орталық жəне жергiлiктi басқару органдары жұмысының қалай ұйымдастырылғанына, Қазақстанның экономикалық əлеуетiне осы Үкiмет құрамы қандай сапалық өзгерiстер енгiзетiнiне байланысты болады.
Дүниежүзiлiк қоғамдастықта Қазақстан экономикалық даму үшiн жақсы əлеуетi бар мемлекет ретiнде орнықты. Осы əлеуеттi неғұрлым тиiмдi түрде iске қосып əрi экономиканың дамуының жоғары қарқыны негiзiнде халықтың неғұрлым қалың тобының əл-ауқатының артуын қамтамасыз ету мiндетi алда тұр.
Қазақстанның экономикасы көбiнесе бағасы едəуiр ауытқымалы шикiзат экспортына тəуелдi. Бұл жағдаят елдiң ұлттық жəне экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған бiрқатар мiндеттердi шешудi талап етедi.
Қазақстан елдiң егемендiгiн, тəуелсiздiгiн, аумақтық тұтастығын жəне ұлттық қауiпсiздiгін нығайту жөнiндегi жұмысты жалғастырады. Бiздiң мемлекеттiң ықпалдастық бастамалары экономикалық өсудiң жеделдеуiне ықпал етедi.
Үкiмет Қазақстанның халықаралық беделiн нығайтуға, əлемдегi жетекшi елдермен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өзара тиiмдi ынтымақтастықты тереңдетуге əрi кеңейтуге бағытталған жұмысты жүзеге асырады. Сыртқы саяси мақсаттарды одан əрi алға бастыруға, республиканың геосаяси жəне экономикалық мүдделерiн қорғауға ерекше назар аударылады.
Орталық Азияда терроризмнiң, дiни экстремизмнiң, есiрткi құралдары заңсыз айналымының, заңсыз көшi-қонның таралуына қарсы тұру мақсатында Үкiмет Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), «Орталық Азиядағы ынтымақтастық» ұйымы (ОАЫ) аясындағы белсендi жұмысты жалғастырады.
Ішкi даму басымдықтарымен байланыстыру əрi ықпалдастық процестерiнiң тиiмділiгiн арттыру көзқарасы тұрғысынан аталған ұйымдардың қызметiне Қазақстанның қатысуы жандандырылады.
Осы аталған мақсаттарға жету үшін, Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі, Парламенті және басқа органдар жұмыс атқаруда.
Пайдаланған әдебиеттерге тізімі
- Қазақстан Республикасының Конституциясы. Түсініктеме. – Алматы: «Жеті жарғы», 1999, 10 бет.
- Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы». Қазақстан Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 1997 жылғы 10 қазан.
- Жоламан Қ.Д., Мухтарова А.Қ., Тәукелев АМ. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы. 2003. 65-бет.
- Айдарбеков С.Ж. Конституция РК и общепризнанные принципы и нормы международного права. «Қазақстан Республикасының ережелері, қағидалары және идеяларын жүзеге асыру мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. Алматы, 2005 жыл 30 қыркүйек. 351 бет.
- Султанов Б.К. Становление внешней политики Республики Казахстан. Суверенный Казахстан на рубеже тысячелетий: Сборник научных статей. Астана, 2001. 192 бет.
- «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, 2006 жыл.
- Мансуров Т. Қазақстан және Ресей. Алматы. Қазақстан баспасы. 1999.132 бет.
- Дипломатический вестник. 1992. №7, 13 б.
- Мансуров Т.А. Развитие казахстанско-российских отношений. Сборник документов и материалов. Алматы. 1995. 87-98 б.
- Моисеев Е.Г. Международно-правовые основы сотрудничества стран СНГ. М., Юристь. 1999. 256 б.
- Құлжабаева Ж.О. Халықаралық жария құқығы. Оқулық. Алматы, 2003. 85 бет.
- Н.Назарбаев. Сындарлы он жыл. – Алматы: Атамұра, 2003. 170 бет.
- Егеменді Қазақстан, 20 наурыз 2000 жыл.
- Егеменді Қазақстан, 1 сәуір 2000 жыл.
- Назарбаев Н. Сындарлы он жыл. Алматы: Атамұра, 2003. 255 бет.
- Султанов Б.К. Казахстан и мировое сообщество. Суверенный Казахстан на рубеже тысячелетий: Сборник научных статей. – Астана: Елорда, 2001. С.185.
- Назарбаев Н.А. Концепция внешней политики // Казахстанская правда, 03.10.2006 г.
- Токаев К.К. Внешняя политика Казахстана в эпоху глобализации. Алматы, 2000. С.248.
- Затулин Р.Ф., Грозин А.В., Хлюпин В.Н. Национальная безопасность Казахстана: проблемы и перспективы. М., 1998. С.121.
- Құлжабаева Ж.О. Халықаралық жария құқығы. Оқулық. Алматы, 2003. 88 бет.
- Назарбаев Н.А. Наш адрес – планета Земля// Казахстанская правда, 8 сентября 2000 г.
- Дипломатический вестник. 2002. №4, 28 б.
- Егеменді Қазақстан, 2 наурыз 2007 жыл.
- Лаумулин М. Казахстан в современных международных отношениях: безопасность, геополитика, политология. Алматы, 2004. С.89.
- Сборник документов по международному праву. Т.1. Алматы, 1998. – С.265.
- Егеменді Қазақстан, 4 қазан 2006 жыл.
- Жигалов К.В., Султанов Б.К. Первый Президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев. Хроника деятельности. (01.12.1991 – 31.05.1993.)
- Сатпаев Д. Новая «каспийская игра» России // Центральная Азия: политика и экономика. – 2000. №1.
- Нестеренко С. Казахстан – Россия: идти плечом к плечу, держась друг друга // Казахстанская правда. – 2000. 10 октября.
- Абен Е. Казахстанско-российские отношения: факторы «за» и «против» // Центральная Азия и Кавказ. 2000. №3.
- Токаев К.К. Под стягом независимости: Очерки о внешней политике Казахстана. – Алматы, Билим, 1997.
- МИД РК. Приоритеты казахстанской дипломатии на рубеже веков. – МИД РК, 2000.
- Мадиярова Д.М. Стратегия формирования внешне-экономической деятельности. Алматы. Экономика, 1999.
- Назарбаев Н. Қазақстан жолы.- Астана, 2007 – 27 б.
- Қазақстанды демократияландырудың жаңа кезеңі – еркін демократиялық қоғамды жедел дамыту. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі. — Астана, 2007.
- Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы: білім, 1997. – 256 б.
- Бижанов А.Х. Сохранение и укрепление стабильности – главное достижение казахстанкого общества // Казахстанская правда. – 14 декабря, 1996.
- Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» Заңы // Егемен Қазақстан, 19 шілде, 2002 ж.