АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Қазақстанда қалыптасқан экологиялық ахуалдар

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ………………………………………………………………………

 

І-ТАРАУ  Қазақстанның табиғат жағдайы……………………..

  • Қазақстандағы жер бедерінің ерекшеліктері……….
  • Климаттық белдеулерге сипаттама………………….
  • Қазақстанның жер қоры……………………………….
  • Қазақстандағы су қоры………………………………..
  •  

ІІ-ТАРАУ  Қазақстандағы шөледену процесі………………….

  • Шөлдену процесінің негізгі себептері……………….
  • Қазақстандағы шөлді аймақтар………………………

2.3. Шөлдену процесімен күресу жолдары……………….

 

ІІІ-ТАРАУ Қазақстанда қалыптасқан экологиялық ахуалдар..

  • Топырақ экологиясы…………………………………..
  • Өсімдіктер мен жануарлар экологиясы…………….
  • Қазақстандағы ормандардың экологиясы…………
  • Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық мәселелерді шешу жолдары…………………………………………….

 

Қорытынды………………………………………………….

Қолданылған әдебиеттер тізімі……………………………

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан аумағы батысында Каспий теңізі мен Еділ сағасынан, Шығысында Алтай жоталарына дейін, ал солтүстігінде орал таулары мен Батыс Сібір жазықтығынан, оңтүстігінде Орта Азия шөлдері мен Тянь-Шань қарлы шыңдарына дейінгі ұланғайыр кеңістікті алып жатыр. Қазақстан алуан түрлі бай табиғатымен ерекшеленеді. Мұнда қатаң Сібір мен қапырық Орта Азия, таулы ормандар мен шөлдер, Кең жазира жазықтар мен Тянь-Шань қарлы шыңдарына дейінгі ұланғайыр кеңістікті алып жатыр. Қазақстанның жер бедерінің құрылымы әркелкі. Республика ауданының 1/3 бөлігі биіктігі 27 метрдей (Каспий маңы ойпатты) 100-200 метрге дейінгі жазықтар мен ойпаттар алып жатыр. Жалпы Қазақстанның жері Солтүстік және Батыс жақтанШығыс пен Оңтүстік-Шығысқа қарай биіктей береді. Республиканың негізгі бөлігін құмды шөлдер алып жатыр.  Қазақстан қоңыржай белдеудің оңтүстігінде орналасқан. Оның Еуразиялық ішкі аймақтарында орналасуы мұхиттардан, әсіресе Атлант мұхитынан алыс болуы, климаттық щұғыл континентальді болуына әсер етеді. Бұл ауа температурасының кенет өзгеруіне, ауаның өте құрғақ, жауын-шашын мөлшерінің өте аз түсуімен сипатталады. Республиканың солтүстігінде күннің түсу ұзақтығы орта шамамен алғанда жылына 200 сағат құрайды, оңтүстікте – 300 сағат. Ашық күндер саны жылына Солтүстікте 120, оңтүстікте 260 күн, бұлтты күндер саны солтүстікте 60, Оңтүстікте 10 күн. Осыдан орай жиынтық күн радиациясы Сотүстіктен оңтүстікке қарай өледі: қыста 50-ден 200 МДЖ/м²-ге дейін, жазда 650-ден 800 МДЖ/м²-ге дейін. Қазақстан климатының қалыптасуына ауа ағындарының қозғалысы үлкен әсер етеді. Атлант мұхитынан келген ауа өзімен  жауын-шашын алып келіп, қыста ауа температурасын жоғарылатып, жазда төмендетеді. Арктикадан ылғалы аз, әрі өте суық ауа ағындары келеді. Қазақстанда ауа температурасының амплитуда көрсеткіші жоғары. Қазақстан жеріне түсетін жауын-шашынның мөлшері онша көп емес. Қазақстанның Солтүстігінде 300-400 мм жауын-шашын түссе, оңтүстіктің кейбір аудандарында оның мөлшері 100 мм-ден аспайды.

          Қазақстан жері қыс маусымында Сібір антициклонының тармағы мен азорлық ядросының ықпалына жиі ұшырап отырады. Осыған байланысты республиканың солтүстігінде Оңтүстік Батыс және батыс, ал жазда Солтүстік-батыс бағыттан соғатын жел биыл келеді. Қазақстандағы шөлейттену процесіне осы аталған антициклондардың ықпалы өте әсер етеді. Қазақстандағы атмосфераның процестер Солтүстік жарты шардың Атлантика – Еуразия секторының 3 түрлі аумақты айналымы ықпалымен қалыптасады. Егерде циклондар мен антициклондардың алмасу жолдары елдік бағытпен өтсе, онда ол елдік бағыттағы айналым делінеді. Елдік бағыттағы айналым кезінде Қазақстанның көпшілік бөлігінде жауын-шашынның мөлшері кеміп ауа температурасы жоғарылайды. Еуропадағы айналым кезінде республикаға суық ауа массаларының енуі жиілейді. Сібірлік айналымда – оңтүстіктен тарайтын жылы ауа массалары ұлғайып, ауа температурасы жоғарылайды, жауын-шашын кемиді.

Республикадағы шөлейттену процесіне жер бедерінің әр тектілігі де әсер етуде. Шөлейт (шөлейтті дала) климаттың белдем, немесе қуаң дала Қазақстанның Орта бөлігіндегі жазық өңірді алып жатыр. Жылдық жауын-шашын мөлшері оңтүстікке қарай 279 метрден 153 метрге дейін кемиді, оның 43-27 % жылдың суық маусымында түседі. Тұрақты қар жамылғысы 120 күндей сақталады. Қар жамылғысының  қалыңдығы батыстан-шығысқа қарай 20 см-ден 60 см-ге артады.Ауаның орташа температурасы 25 °С –тан жоғары күндер саны 30-45, 35 °С –тан жоғарғысы – 10-20 күн. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы 170-200 тәулік. Қыста қатал, ауа-райы құбылмалы келеді, жазғы ыстық, рациацияның жиынтық мөлшері тым жоғары. Аңызақ лебі кейбір жылдары айына 27-29 күнге созылады. Шөл клиамттық белдемі Қазақстанның жазық өңірінің көп бөлігін қамтиды. Ол 3 типке ажыратылады: сазды шөл, құмды шөл және тасты шөл. Орташа жылдық температурасы 3-13°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 81-84 мм. Қазақстан жазықтарының оңтүстік бөлігінің барлығын шөл даласы (құмдауытты, саздаулы, тастақты және сортаңды шөлдер) алып жатыр. Құмдауытты шөлдерде жусанның бірнеше түрі, сол сияқты қияқ, бидайық, елелек, изен сияқты өсімдіктердің бірнеше түрі және аласа бұталар (жұзім, теріскей, қылша. таспа) өседі. Шөл даласында жатқан жоңғар алатауы мен Тянь-Шань тауларының тау беткейлік жазықтары шөлге ұқсас Шөлейи далада дала мен шөл жануарлары кездеседі. Шөл даласының жануарлар дүниесі өзгеше.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Қазақстандағы жер бедерінің ерекшеліктері.

 

Қазақстанның жер бедерінің басты ерекшеліктерін физикалық картадан көруге болады. Картадан Республика жерінде жер бедерінің барлық сатылары айқын байқалады. Территориямызда ұлан-байтақ ойпатты жазықтар, шөлді аймақтар, үстірттер мен аласа таулар алып жатыр. Сондай-ақ территориямыздың біраз бөлігін төбелерін қар мен мұз басқан шыңды таулар алып жатыр. Қазақстан жер бедерінің басты ерекшеліктерін төмендегідей сипаттауға болады:

  1. Жер бедерінде жазықтар мен аласа таулар басым және олар Қазақстанның батысында, солтүстіктерінде және орталығында орналасқан.
  2. Биік таулы аймақтар шағын территорияны қамтып, республиканың шағын және оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр.
  3. Жер беті оңтүстіктен солтүстікке және шығыстан батысқа қарай көлбеу басып келеді.
  4. Биік таулар мен аласа таулар тауаралық аңғарлар және жазықтармен алмасып отырады.

Жер бедерінің мұндай  ерекшеліктері климат пен табиғатландшафтарының қалыптасуына үлкен әсерін тигізді. Қазақстанның қазіргі жер бедері оның геологиялық құрылысымен және даму тарихымен тікелей байланысты. Палеозойға дейінгі уақытта, яғни архей және протерозой эраларында, республика территориясын тұтастай дерлік теңіз суы басты. Батыс Қазақстанның баяу иілуі палеозой эрасының басында да жалғасты. Палеозойдың алғашқы жартысында Капедон тау түзілісі болған. Күшті тектоникалық қозғалыстар әрекеттерінен геосинклиналь орнына Сарыарқаның Солтүстік-батысы мен Тянь-Шаньның солтүстігіндегі тау қатпарлары түзілген. Палеозойдың аяғында Герцин тау түзілісіне байланысты Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауында, Тянь-Шаньнің батыс жоталарында, Сарыарқаның шығыс бөлігінде және Мұғалжарда көтерілу процесі аяқталған. Мезозой эрасында теңіз тек Батыс Қазақстанда болып жатқан. Мезозой эрасында тектоникалық қозғалыстар шамалы болған. Полеозойда құрылған тау жүйелері күшті бұзылуларға ұшырап, мезозойдың аяқ шенінде Қазақстан жері біршама тегіс аймаққа айналды.Қазақстанның территориясында жер бедері әлі даму үстінде. Антропоген кезеңінде Қазақстанның биік таулы аймақтары бірнеше ретмұз болуларға ұшырады. Ол мұздар өте қалың және биік таулардың қазіргі жер бедерінің қалыптасуында  әсері зор болды. Антропоген кезеңінің ортасында климаттың ылғалды болуынан өзендер суы молайып, эрозиялық әрекеті күшейіп, жер беті тілімдене бастады. Қазақстан жер бедерін қалыптастырудағы сыртқы күштер ішіндегі бастысы – ағын су әрекеті. Су тасқыны аңғарларды бұзып, бұзылғаннан пайда болған жыныстарды төмен қарай ағызып, ойпаң жерлерге жинайды.Қазіргі кезде биік таулы аймақтарда жер бедерін түзуші факторлардың бірі – мұздақтар. Жер бедерін түзуде жел әрекеті де едәуір әсер етеді. Қазақстанның жазық-аласа бөлігінің көлемді жерін Батыс Сібір мен Тұран жазықтары және Каспий маңы ойпаты алып жатыр. Батыс Сібір жазығының жер бедері біркелкі: онда биік төбелер мен қыраттар кездеспейді. Батыс Сібір жазығы Ертіс маңы және Есіл-Тобыл жазықтары болып бөлінеді. Онда өзен шөгінділері басым. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-батысындағы кеңбайтақ жерді Тұран жазығы алып жатыр. Қазақстанға оның тек солтүстік бөлігі ғана кіреді. Жазық негізінен Орта Азия республикалары жерінде орналасқан. Тұран жазығы горизонталь орналасқан көл, теңіз және өзендердің шөгінді жиынтықтарынан (леес тәрізді саз, саздауыт, құм мен құмайт) түзілген. Тұран жазығын Қазақстан жерінде Сырдария өзені солтүстікке және оңтүстікке бөледі. Оңтүстігін Қызылқұм, Солтүстігін қарақұм, Үлкен және Кіші Борсық құмдары алып жатыр. Қызылқұмның жер бедерінде құм төбелер мен қырқалар басым, олардың аралығында кей жерде тақырлар көптеп кездеседі. Арал маңындағы Қарақұм, Үлкен және Кіші Борсық құмдарының жер бедері де құмды және төбелі. Каспий маңы ойпатының жер бедері біркелкі. Мұнда көбінесе тегіс сазды кең жазықтар мен құм жондары басым, кей жерлерінде кішігірім жеке қыраттар кездеседі. Көлемі жағынан ең үлкен Жайық өзенінің батысындағы Нарын Құмы. Құмның беті ойлы-қырлы, мұнда құм төбелер жайпақ ойыстармен алмасады. Каспий маңы ойпаты ағын суға тапшы. Қазақстан жерінде оны тек Жайық пен Жем өзендері кесіп өтеді. Оңтүстік және Оңтүстік- шығысындағы суы аз, кішкене өзендер құмға сіңіп кетеді. Республика территориясының көп жерін үстірттер мен қыраттар алып жатыр. Олар: Үстірт, Торғай, Орал алды үстірттері, Жалпы сырт қыратының бір бөлігі. Бетпақдала және Балқаш маңындағы жазықтар. Жер беті көбінесе тегіс, бірақ жерлері белесті, ал кей жерлерінде беткейлкері тік құлама болып келеді. Биік таулы өлкелерге Қазақстанның Шығысы мен Оңтүстік шығысындағы Алтай, Сауыр Тарбағатай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань жатады. Биік таулы аймақтың аласа таулардан айырмасы – жер бедерінің биік және күшті тілімденгендігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Климаттық белдеулерге сипаттама

 

Қазақстан аумағын 4 климаттық белдеу (орманды дала, дала, шөлейт және шөл) қамтиды. Орманды дала климатық белдеуі республиканың ылғалы ең мол бөлігі. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 242-315 мм-ге дейін оның 80%-ы жылдың жылы мезгілінде жауады. Қазақстанда орманды дала зонасы Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының азғана бөлігі (2,5 %-ға жуық) алып жатыр. Орманды дала зонасының климаты басқа зоналарға қарағанда, біршама қолайлы. Жазы қоңыржай ыстық, шілденің орта температурасы +18+20°, қысы едәуір суық, ауаның температурасы –51-53 °-қа дейін төмендейді. Қаңтардың орташа температурасы –17-19 ° С. Ертістің, Еділдің, Тобылдың және басқа бірқатар ірі өзендердің суы халықтың тұрмыс қажеті үшін ғана емес, өнеркәсіп мақсаты үшін де пайдаланылады. 53 °С-тан жоғары орташа тәуліктік ауа температурасының жылдық жиынтық мөлшері 2100 °С. Вегатациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы 160-170 тәулік. Ормандарда орманның сұр топырағы, ал түрлі шөп өсетін далаларда қара топырақ болады. Ең қысқа жыл маусымы – көктемгі ұзақтығы. 1,5 ай, жазы 3 айға созылады. Қуаңшылықтың орташа жылдық мөлшері 37 күн, кейбір жылдары 110-113 күнге дейін созылады. Орманды дала зонасы – Қазақстанның ең жақсы игерілген табиғат зоналарының бірі.

          Далалық климаттық белдем республиканың солтүстігіндегі біраз аймақты қамтиды. Дала зонасы Қазақстанның жер көлемінің 26 %-дан астамын алып жатыр. Дала зонасының оңтүстігінен бастап, батыстан шығысқа қарай 2200 км-ге созылған кең алқапты қамти, шамамен 54°-50° С.е аралығында орналасқан. Дала зонасына Батыс Сібір жазығының Оңтүстік шеті, Торғай үстіртінің солтүстігі, Мұғалжар тауы бүтіндей дерлік, Жалпы Сырттың сілемдері, Каспий маңы ойпатының Солтүстік шеті, Орал етегі (Жем) үстірті, Сраыарқаның оңтүстігі және Орталық аудандары жатады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200-300 мм, оның 70-80 %-ы жаз айларына тән. Тұрақты қар жамылғысы 140-160 күнге созылады, қардың орташа қалыңдығы 30 см-дей. Дүлей желді күндер көп және эрозиялық процестер күшті дамыған. 10°С-тан жоғары ауаның орташа тәуліктік, температурасының жылдық жиынтық мөлшері 2100-2300°С. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы 170-180 тәулік. Қуаңшылықтың орташа жылдық мөлшері 69 күн. Орманды дала климаттық белдеміне қарағанда қысы және көктемі қысқа, жазы ұзағырақ, күзі 1 айға жуық. Даланың климаты континентті.

Дала зонасы өзендерінің суы аз болады. Зонаны Ертіс, Еділ, Тобыл, Жайық, Нұра және бірнеше шағын өзендер кесіп өтеді. Егін шаруашылығы мен өнеркәсібі дамыған аудандарда судың жеткіліксіздігі, яғни тапшылығы байқалады. Дала зонасы шөптесін өсімдіктерге бай. Шөлейт климаттық белдем, немесе қуаң дала Қазақстанның орта бөлігіндегі жазық өңірді алып жатыр. Қазақстанның шөлейт жерлері дала мен шөл зоналары аралығында орналасып, Жайық  жағасынан Алтай тауларына дейін 2900 км-ге созылған. Республика территориясының 14 %-ын алып жатыр. Зонаның Оңтүстік шекарасы  48°с.е. бойымен өтеді. Климаты құрғақ   континетті. Жылдық жауын-шашын мөлшері оңтүстікке қарай 279 мм-ден 153 мм-ге дейін кемиді. Оның 43-27 %-ы жылдың суық маусымында түседі. Ауаның орташа тәуліктік температурасы 25° С-тан жоғары күндер саны 30-45, 35° С-тан жоғарғысы 10-20 күн. Вегетациялық өсіп өну кезеңінің ұзақтығы 170-200 тәулік. Аңызақ лебі кейбір жылдары айына 27-29 күнге созылады. Шөлейт зонасында жазда өзендердің көбінің суы тартылып, кеуіп кетеді.Тұрақты ағатын ең ірі өзендері – Ойыл, Жем, Торғай, Сарысу, Аягөз. Шөлейттің негізгі топырағы – ашық қызғылт топырақ. Топырақтың беткі қабатында шірінді 2-3% ғана. Саз топырақты жазық және ойпаң учаскелерде сортаңдар едәуір орын алады. Шөл дала зонасында даланың, әрі шөлдің өсімдіктері таралған. Мұнда негізінен ашық қызғылт топырақты жерде  ғана егіншілікпен шұғылданады. Шөл климаттың белдемі Қазақстанның жазық өңірінің көп бөлігін қамтиды. Ол 3 типке ажыратылады: Сазды шөл, құмды шөл және тасты шөл. Шөл климаттық белдемі шөлейттен басталып, оңтүстікте биік таулы өлкенің етегіне дейін созылады. Шөл климаттық белдемі Республика территориясының 44%-ға жуығын алып жатыр. Климаты тым континентті және аса құрғақ. Орташа жылдық температурасы 3-13 °. Жылдық жауын-шашын мөлшері 81-84 мм. Кейде жылына 20-30 күндей қар жауады. Жазы ұзақ ыстық, қысы салқын, ауасы тым құрғақ келеді. Вегетациялық өсіп-өну кезеңі 180-260 тәулік. Шөл зонасы солтүстік пен оңтүстік болып екіге бөлінеді. Солтүстік шөлдерге Үстірт пен Тұран жазығының солтүстік жартысы, Бетпақдала Үстірті, Мойынқұм, Балқаш маңы құлдары жатады. Ал оңтүстік шөлдерге Үстірт пен Қызылқұм алып жатқан Тұран жазығының оңтүстік жартысы жатады. Шөлдің солтүстігінде жеңіл сұр қоңыр топырақ тараған. Шөлдің Оңтүстігінде сұр қоңыр топырақ басым. Оның құрамында шірінді (1,0-1,2 %-ды) құрайды. Құмды шөлдер бүкіл шөл зонасының үштен біріне жуығын алып жатыр Олардың ең ірілеріне Қызылқұм, Арал маңындағы Қарақұм, Мойынқұм, Сарыесік-Атырау және Каспий маңы ойпатының құмдарын жатқызуға болады. Шөл өсімдіктері табиғат жағдайына қарай бейімделеді. Соңғы шөлдер құмды шөлдердің арасында немесе соларға жапсарлас жатады.

 Ең ірі сазды шөл – Үстірт Бетпақдала және Сырдария өзенінің оңтүстік жағалары. Үстірттің ойпаң жерлерін тұзды көлдер, сор, сортаң және тақыр алып жатыр. Тастақ немесе тасты шөлдер Сарыарқаның оңтүстігінде, Бетпақдаланың шығысында және Үстіртте кездеседі. Шөл зоналарындағы өзен аңғарларында ерекше өсімдіктер бар. Әртүрлі өсімдіктерден құралған қалың бұталар өседі. Оны тоғай деп атайды. Тоғай әсіресе Сырдария, Шу, Іле өзендерінің аңғарларына тән. Бұнда жыл маусымдары айқын ажыратылады. Қысы қысқа 90 күндей, жазы ұзақ 160-170 күнге дейін созылады.          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3.Қазақстанның жер қоры.

 

Жер табиғаттың тіршілікке берген таусылмас сыйы, халық қазынасы. Ауыл шарушылық өндірісінің негізгі құралы болғандықтан жер қоғамның экономикалық өміріне аса зор рөл атқарады. Дұрыс пайдаланған жағдайда жер еш уақытта тозбайды. Керісінше үнемі жақсарып отырады. Табиғаттың адамзатқа сыйлаған өндіріс құралдарының ең құндысы болғандықтан жер үнемі жаңарып ұрпақтан-ұрпаққа неғұрлым жоғары өнім беретін сапалы күйінде ауысып отыруы керек.

          Қазақстан Республикасының жер көлемі 2004 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша 261, 17 млн. гектарды құрады. Ауыл-шаруашылығына пайдаланатын жер 215,8 млн. гектар, соның ішінде жыртылған жер көлемі 22,6 млн. гектар, шабындық 4818, 4 мың гектар және жайылымдық жерлер 182,4 мың гектарды құрайды. Әлемнің көптеген елдерінен салыстырсақ, Қазақстан Республикасы жер ресурстарына бай. Бірақ Қазақстан территориясының көп бөлігі құрғақ шөлді белдемде орналасқан (2006 ж. №1. Табиғи және география)

Республикадағы ауыл-шаруашылық өндірісінде пайдаланылатын жерлердің көлемі туралы мәліметтер

1-кесте

 

Жалпы жер көлемі

Жалпы а/ш-на жарамды жерлер

Соның ішінде

Жыртылған жерлер

Шабындық жерлер

Жайылымдық жерлер

 

2003

2004

2003

2004

2003

2004

2003

2004

2003

2004

Қазақстан Республикасы

261169,8

261171,4

215709,3

215852,4

22799,6

22656,9

4823,0

4818,4

182335,3

182489,9

 

Жақында қабылдаған Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі  конституциясында атап көрсеткендей «Қазақстанның басым көпшілігі құрғақшылық өңірде орналасқан және 66% территориясы әр түрлі деңгейдегі  тақырға айналған. Алдын-ала есептеулер бойынша жайылымдардың деградациясынан, егістіктердің эрозиясынан және басқа себептерден келіп жатқан зиян шамамен 300 млрд.теңге (Конституция экологической безопастности РК на 2004-2005 г. Каз. Правда 2003 г.) »

Жүргізілген зерттеулер барысында жер ресурстарына экология-экономикалық зиян зардабын тікелей тигізіп жатқан факторлар:

  1. Экологиялық апат аймақтардың жерінің тозуы.
  2. Жер қойнауымен қазба байлықтар мен құрылыс материалдарды алғандағы жерлердің бүлінуі. Жер ресурстары тозған эеологиялық апат аймақтарға жататын аудандар:
  • Қызылорда облысы
  • Ақтөбе облысы (Байғанин, Шалқар, Мұғалжар, Темір, Ырғыз)
  • Оңтүстік Қазақстан (Арыс, Отырар, Созақ, Шардара)
  • Қарағанды облысы (Ұлытау)

Қазақстанда қазба байлықтарды алу кезінде бүлінген жер көлемі 172 мың га, сегіз экономикалық аудандар бойынша «Оңтүстік» — 10046 га, «Оңтүстік шығыс» — 3205 га, «Оңтүстік батыс» — 22617 га, «Солтүстік Батыс» — 11334 га, «Орталық Қазақстан» — 60625 га, «Солтүстік Қазақстан» — 36893 га, «Солтүстік-Шығыс Қазақстан» — 15000 га, «Шығыс-Қазақстан» — 12313 га, (география және табиғат – 2005 ж. №1)

          Жер ресурстары адамзаттың өмір сүретін базисі, шаруашылық және өндіріспен айналысатын ортасы. Қазақстан мемлекеті өзінің территориясының көлемі жөнінен 176 мемлекет ішінде д/ж-і бойынша 9-шы орында тұрғанымен, топырақ құнарлығын сипаттайтын қарашірік онша көп емес (3). Жылдан-жылға егістік құнарлылығы төмендеп бара жатыр. 2001 ж. – 12,24 ц/га , 2002 ж. – 11,5 ц/га, 2003 ж. – 10,8 ц/га, осыған орай егістіктен жиналып алынған ауыл-шаруашылығының жалпы өсімі де азайған. 2001 ж. – 15,9 млн. г, 2003 ж. – 14,8 млн. г.  Жақында қабылданған Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі концепсиясында атап көрсеткендей «Қазақстанның басым бөлігі құрғақшылық өңірде онрналасқан және 66 % территориясы, әр түрлі деңгейдегі тақырға айналған. Алдын-ала  есептеулер бойынша жайылымдардың деградациясынан, егістіктердің эрозиясынан және басқа себептерден келіп жатқан зиян шамамен 300 млрд. тенге» (5)

          Ел территориясы бойынша топырақ құнарлығы жайлы жүргізілген экологиялық зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, егістік жерлер 20-30 % өз құнарлылығынан айрылған. Зерттеулер дерегіне сүйенсек 14 облыс топырағында ең негізгі 12  түрі мен тармақтары бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.4.           Қазақстанның су қоры

 

Қазақстан жерінде өзен, көл, мұздақтар мен жер асты суының таралуы және олардың деңгейлік ерекшеліктері ең алдымен климат факторына, жер бетіне түсетін жылу мен ылғалдың арақатынасына  тәуелді. Су қорларының ішінде, әсіресе, өзен және көл ағындарының маңызы аса күшті. Бірақ көпшілік өзен-көлдердің деңгейлері үнемі күрт ауытқып отырады: кей жылдары су мөлшері қалыпты орташа деңгейден 2-4 есе артық болса, қуаң жылдары көптеген айдындар мүлдем құрғап қалады. Аридтік аймақта жайласқан Қазақстанның маңызды табиғи қорларының бірі – жер асты суы. Су қорлары кең байтақ аумақта біркелкі таралмаған.

Мұздық. Қазақстандағы жер беті ағын суының негізгі көзі – мұздықтар суы. Таулық өңірлерден жалпы ауданы 2033,3 км²-лік 2724 мұздық анықталды. (1985). Жалпы мұз басудың тең жартысына жуығы (1000 км²-ден астам  Жетісу Алатауында (мұздық аум. 1369 км²-), қалғаны Іле мен Күнгей (610,7 км²), Теріскей (144,9 км²) Алатауларында, Алтай мен Сауыр жоталарында (106,2 км²), Қырғыз және Талас Алатауларында (101,5 км²). Қазақстан мұздықтарын 3 топқа жіктеуге болады: аңғарлық мұздықтар, беткейлік мұздықтар және денудациялық беткейлер мұздықтары (жұмыр, мүжіле тегістелген шыңдарда). Осылардың ішінде көбірек таралғандары (жалпы мұздықтардың 66%-ы) аңғарлық мұздықтар. Аңғарлық мұздықтардың көпшілігі Қазақстан табиғатын (әсіресе таулы өңірлерін) зерттеуге аса зор үлес қосқан ғалымдардың, әдебиет және мәдениет қайраткерлерінің есімдерімен аталған. Іле Алатауындағы Талғар массивімен байланысты күрделі аңғарлық Корженевский мұздығы – Қазақстандағы аса ірі мұздық болып саналады: ұз. 117 км. Ауд. 38,0 км², мұзының жалпы көлемі 6,32 км³. Аңғарларда және аңғарлық беткейлерде қалыптасқан мұздықтардың көпшілігінің қалыңдығы 50-100 м, ал таудың жоғары беткейлеріндегі мұздықтардікі 10-30 м.

          Мұздықтардағы мұздың жалпы көл. 100 км³. Мұз басудың төменгі шекарасы мен фирн (мұзқар) сызығының (мұз шоғырының көбеюі кезіндегі жоғарғы және еріп азаюы кезіндегі төменгі бөліктері арасындағы шегі) абс. Биіктігі солтүстіктен-оңтүстікке және батыстан-шығысқа қарай арта түседі. Егер де Алтайда бұл көрсеткіші 2500-2800 м. болса, Тянь-Шань тауында 3500-3800 м. Бұның өзінде Оңтүстік беткейге қарағанда солтүстік беткейлердің шекарасы 200-250 м. төменірек жатады. Қазақстан мұздықтары негізінен тым төмен температуралы келеді. Әсіресе, мұздың үстіңгі 12-15 м қабаты қыс кезінде қатты суынады. Жаз маусымында мұздың 1 метрге дейінгі беткі қабаты 0°С-қа дейін ғана жылынады.  Мұз қабатының жұқалығына, температурасының төмендігіне және жылдық жауын-шашынның шамалы түсуіне байланысты мұздықтар жылына 50-70 м-ге дейін төмен қарай баяу жылжиды. Мұздықтардың абляциялық (еру және булану процесінің) маусымы қалыпты жағдайларда 2-2,5 айға созылады. Абляцияның көп жылдық орташа мөлш. 1 м шамасында. Мұздық суы – тау өзендерінің толығу көзі. Әр тау өзені ағынының басталар жеріндегі суының 85%-ы, жазыққа шығар бөлігіндегінің 35%-ы мұздық суының үлесіне тиеді. Республика мұздықтары тартылуда. Кейбіреуінің ұз. Жылына 5-20 м-ге, ауд. 1000 м², мұз қоры 0,05 – 0,1%-ға кемуде. Қазақстанның таулық бөлігінде ауд. 20000 км²-дей көп жылдық тоң белдемі қалыптасқан; оның төменгі шегі Алтайда  2000 м, Сауырда 2300 м. Жетісу Алатауында 2800 м. және Тянь-Шань жоталарында 3000 м-ге дейін төмендейді.

          Өзен. Қазақстан өзендерін ұзындығы бойынша топтасақ, онда 

85 002 өзеннің ішінде 84 694-і шағын (ұз. 100 км-ге дейін), 305-і орташа (500 км-ге дейін) және 23-і ірі (500-1000 км-ден астам) өзендер қатарына жатады. Республиканың шығысындағы Алтай, оңт-шығысындағы Жетісу және Іле Алатаулары ылғалы мол таулы өңірлердегіөзен торының жиілігі (барлық өзендер ұзындығы қосындысының  осы алаптың ауданына қатынасы) басқа өңірлергеқарағанда жоғары.0,4-1,8 км/км² шамасында. Шағын өзендердің көбі Ұлытау, Шыңғыстау, Қарқаралы тауынан, сонымен қатарТарбағатай, Қаратау, Мұғалжар жоталарынан басталады. Арал және Каспий маңы шөлді өңірлерінде өзен торының жиілігі тым сирек (0,03 км/км²-ге дейін) келеді. Өзендердің басым көпшілігі Каспий, Арал теңіздерінің, Балқаш, Алакөл және Теңіз сияқты көлдердің тұйық алаптарына жатады. Тек Ертіс, Есіл және Тобылға құятын өзендер ғана мұхитқа құятын Кара т. алабына қарайды. Қазақстандағы ең суы мол өзен – Ертіс. Оның республика жеріндегі ұз. 1700 км, жалпы ұз. 4248 км. Жоғарғы бөлігіндегі ағыны 2 ірі су электр ст-ларымен (Бұқтырма және Өскемен) реттелген. Өзен суының біраз бөлігі Ертіс-Қарағанды каналы арқылы Орт. Қазақстанға бұрылған. Ұзындығы жөнінен республикадағы екінші өзен – Сырдария. Қазақстандағы ұз. 1400 км,  жалпы ұз. 2219 км. Егін суғаруға қарқынды пайдалануға байланысты ағыны кейбір жылдары Арал теңізіне жетпей тартылып қалады. Балқаш көлі алабындағы ірі өзен – Іленің Республика шегіндегі ұз. 815 км. (жалпы ұз. 1001 км). Оның ірі салаларының бірі Шілік өзенінен бастап, Шамалған өзеніне дейін ұз. 200 км-ге жуық Үлкен Алматы каналы салынған. Батыс Қазақстан жерін негізінен Жайық өзені суландырады. Ол республика жерінен тыс Оңт. Оралдан басталады. Қазақсатндағы ұз. 1082 км, жалпы ұз. 2428 км. Ірі өзендер қатарына сонымен бірге Есіл, Тобыл, Елек, Шу, Торғай, Ырғыз, Сарысу, Нұра, Талас, Ойыл, Жем, т.б. өзендер жатады. Бірақ бұлардың кейбіреуінің деңгейі жазда тым төмендеп, кейбіреуі мүлдем тартылып қалады, ал көктемде қар суымен толысып тасиды. Қазақстан өзендерінің көпшілігі жазда суы тартылып, жеке-жеке қарасуларға бөлініп қалады. Біразы көктемгі қар суымен маусымдық көлдерге құйылып, жазда сорға айналады.

          Қазақстан өзендері толығу сипатына қарай 3 топқа бөлінеді: қар суынан толығатын, мұздық суынан және аралас толығатын өзендер. Өзендердің көпшілігі көктемде тасиды. Климат сипатына байланысты өзендердің көп жылдық арын мөлшері де үнемі өзгеріп отырады. Жазық өңірлер өзендері арынының орташа өзгергіштігінің вариациялық коэфф. Негізінен 0,80-нен 1,20-ға дейін жоғарылайды. Бұл шамадан тек тек Жайық өзенінің ағын өзгергіштігі кемірек (0,58-0,80), ал Тобылдікі көбірек (1,50-ге дейін) келеді. Тау өзендерінің жылдық ағын мөлшерінің ауытқуы онша болмайды, әсіресе Іле Алатауының солт. Беткейінен басталатын өзендер деңгейі тұрақты. Тау өзендерінің суы гидрохим.. құрамына қарай гидрокарбонатты болады: олардың минералдығы жоғары деңгей кезінде 200-300 мг/л, деңгейі төмен түскенде 500-600 мг/л-ге дейін жоғарылайды. Жазық өңір өзендерінің суы сульфатты немесе хлорды топқа жатады және олардың минералдығы су жинайтын алқаптың ауданына, жер бедері мен топырақ сипатына, климаттық жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Шөлейт және шөл белдемдердегі өзендердің минералдығы 100-200 мг/л-ден, (бастау жағында) 5000 мг/л-ге дейін (төм. ағысында) артады.

          Өзендердің лайлылығы жөнінен Қазақстанның жазық және таулы аудандар арасында үлкен айырмашылық бар. Жазық жер бедеріне және өзен егістігінің шамалы болуына байланысты мұндағы өзен суына қатты зат ағыны біршама аз болады, лайлылығы 200 г/м³-ден артпайды. Борпылдақ жынысты өңірде ағатын Батыс Қазақстан өзендерінің лайлылығы тым жоғары (500-700 г/м³). Таулы аудандарөзендерінің лайлылығы ағыс бойымен төмен қарай 50-100 г/м³-ге дейін артады.

          Көл. Қазақстан көлдерін ауданына қарай топтастырсақ, онда жалпы 48 262 көл айдынының 45 248-і шағын (ауд. 1 км ²-ге дейінгілер) көлдер қатарына жатады. Ауд. 10 км ²-ден астам ірі ірі көлдер саны 296, ал 100 км ²-ден астам аса ірі көлдер 21 (бұл 21 айдын үлесіне Қазақстандағы барлық көлдердің жалпы ауданының 60 %-ы тиеді). Қазақстан аумағы бойынша көлдер біркелкі таралмаған. Кейде бұлар бір-бірінен жүздеген километр алшақ жатады, кейбір өңірде жиі орналасып, біртұтас көлдер жүйесін құрайды. Солт. Қазақстанда жалпы ауд. 15 623 км ² болатын 21 580 көл болса, бүкіл Орт. Және Оңт. Қазақстанда жалпы ауд. 4658 км ² болатын 17 554 көл ғана бар. Солт. Қазақстанда 100 км ²-лік көл айдындары болса, бұл көрсеткіш Орт. Және Оңт. Қазақстанда сәйкес түрде 0,23 және 0,53 км ²-ге дейін кемиді. Қазақстан көлдері пайда болуы жөнінен тектоник. және экзогендік түрлерге бөлінеді. Каспий  және Арал теңіздері Балқаш, Алакөл, Теңіз, Сасықкөл, Марқакөл т.б. ірі көлдер тектоник. қазаншұқырларда қалыптасқан. Экзогендік көлдерге Сілетітеңіз, Теке, Жалаулы, Қызылқақ, Үлкен Қараой, т.б. жатады. Орманды дала және дала белдемдері көлге бай. Жалпы республика айдындарының көпшілігі абс. Биіктіктері 100 м-ден 3500 м-ге дейінгі борпылдақ төрттік шөгінділердің үстінде орналасқан. Көлдердің су жинайтын алаптарының ауданы көбінесе 10-нан 320 км-ге дейін, ал шөлейт және шөл белдемдерінде бұдан да аумақты келеді. Қазақстан көлдері шарасында 190 км³ су жиналған. Көктемде көлдер деңгейі 0,2 м-ден 6 м-ге дейін көтеріледі. су жиналған. Көктемде көлдер деңгейі 0,2 м-ден 6 м-ге дейін көтеріледі. Жаздың ортасына қарай сіңу және булану мөлшерінің артуына байланысты көлдердің деңгейлері күрт төмендейді, ал кейбіреуі кеуіп қалады. Төм. деңгей қазан-қараша айларында байқалады. Көпшілік көлдер деңгейінің орташа жылдық ауытқу амплитудасы 1 м шамасында. Ағынсыз көлдер су балансының шығымы түгелдей дерлік булануға кетеді. Көлдердің су балансдағы жалпы кірістің 10-90 %-ы жер беті ағынынан, 12-40 %-ы жауын-шашыннан құралады. Шарасы граниттік жыныстар үстінде қалыптасқан көлдер баланстары кірісінің 40%-ы жер асты суы ағынынан қалыптасады. Көл суының хим. Құрамы жалпы минералдылық пен иондық құрамының әртүрлілігімен және тұрақсыздығымен сипатталады. Тұз концентрациясының  маусымдық және көп жылдық ауытқуы көл суы деңгейінің өзгеруіне тығыз байланысты. Республика көлдері су көлемінің 87 %-дан астамы сульфатты (Балқаш, Алакөл, Теңіз  көлдері т.б.), ал қалғаны карбонатты немесе хлорды келеді.

          Теңіз. Қазақстанның батыс және оңтүстік – батыс жағын, еліміздегі ірі тұйық су айдындары – Каспий және Арал теңіздері шайып жатыр. Кспий теңізі – солт. (тереңдігі 4-8 м), орта (780 м-ге дейін) және оңтүстік (тереңдігі 1000 м-ден астам) бөліктерге  ажыратылады. Арал теңізінің шарасы Тұран тақтасының төмен қарай иілген тұсында қалыптасқан. Деңгейі қарқында төмендеуде (к. Каспий теңізі және Арал теңізі).

          Жер асты суы. Алаптағы не кендегі су сыйыстырушы жыныстардың сипатына байланысты – жарықшақтық, жарықшақтық-қабаттық және қабаттық (пластық) жер асты сулары болып бөлінеді. Жарықшақтық су таулы, қыратты және ұсақ шоқылы аймақтарда кеңінен тараған. Құрамы әртүрлі атпа, шөгінді, метаморфтық жыныстардың жер бетіне  жуық үгілу аумағында (30-50 м-ге дейінгі тереңдікте) қалыптасады. Бұлар жер бетіне көбіне минералд. Төмен (0,1-0,1 г/л), су шығыны мардымсыз шағын бұлақтар түрінде ұшырайды. Тектоник. жарылыстар менжарылу тегі әртүрлі жыныстардың жапсарларын бойлай қуалаған бұлақтар мен тайыз ұңғымалардың су өнімд. 5-7, кейде 10-15 л/с-ке жетеді. Жарықшақтық-қабаттық жер асты сулары Маңғыстаудың таулы бөлігіндегі, Мұғалжардағы, Сарыарқадағы, Оңт. және Шығыс Қазақстандағы шағын құрылымдарды құраушы, палеозой мен төм. мезозойдың әлсіз цементтелген терригендік және карбонаттық жыныстарының қат-қабаттарында қалыптасады. Жер бетінде бұлақтар түрінде кездеседі, не тайыз ұңғымалармен (су шығымы 5 л/с-ке дейін) шығарылады. Карстық құбылыс молынан дамыған әктасты қабаттардағы бұлақтардың су шығымы кейде 10-35 л/с-ке жетеді. Жезқазған – Ұлытау ауданы мен Үлкен Қаратаудағы (Мырғалымсай, Келтемашат, т.б.) кен қазбалары мен ұңғамаларға жарықшақтық-қабаттық су көп жиналады. Жарықшақтық және жарықшақтық-қабаттық су көп жиналады. Жарықшақтық және жарықшақтық-қабаттық сулар молаюдың  қолайлы жағдайларында едәуір су қорын жинайды. Таулы өңірлердің 860 мың км² аумағына 800 м³/с немесе 25 км³/жыл жарықшақтық немесе жарықшақтық-қабаттық сулардың жиналатыны анықталды. Оның 16 км³/жыл мөлшері Оңтүстік және Шығыс Қазақстан тауларының, 9 км³/жыл мөлшері Сарыарқа мен батыс Қазақстанның биік жерлерінің үлесіне тиеді. Қабаттық жер асты сулары негізінен жазық аймақтардығы баяу цементелген және цементелмеген антропогеннен палеозойға дейінгі терригендік және карбонаттық жыныстардың қат-қабаттарынан орын алған. Қабаттық су жиналатын жыныстардың қалыңдығы өзен аңғарларында бірнеше метрге, биіктеу өңірлерде 0,5-1,5 км-ге, Шу, Сарысу, Арал маңы, Сырдария, Маңғыстау  — Үстірт өңірлерінде  3-6 км-ге, Каспий ойпатында  10-23 км-ге жетеді. Сулы жыныстардың жоғарғы қабаттарында арынсыз грунт сулары, төменіректе арыны жоғары артезиан сулары қалыптасады. Тұщы және қышқылтым сулар өзен аңғарларында, эолдық құм алқаптарында, су айырықтық құмдық түзілімдерде және срнымен бірге Каспий ойпатының шығыс бөлігіндегі, Солт. Арал,  Ортаңғы Маңғыстау, Сырдария, Шу-Сарысу, Іле, Ертіс маңы ойпаттарындағы бор шөгінділерінде, пермь-триас, юра,палеоген-неоген шөгінділері жиылғанжекелеген телімдерінде бірнеше метр тереңдіктен 500-1000м. (Іле, ойысында 2700 м-ге дейін) тереңдіктерде кездеседі.

 Минералд. 50-55 г/л тұздықтар Каспий ойпаты, Шу-Сарысу, Теңіз-Қорғалжын, Торғай қолатының орт. Төм. горизонттарында, Маңғыстау мен Үстірттің  едәуір бөлігінде, Солт. Қазақстанда кеңірек тараған. Жалпы қабаттық қоры 570 м³/с немесе 18 км³/ жыл. Жылда табиғи жолмен жаңарып (орны қайта толып) отыратын қорларының шамасы 43 км³/жылға тең. Осы қорлар негізінде жер асты суларының пайдалануға болатын әлуеттік (потенциалдық) қоры 53 км³/жылға жетеді. Мұның 16 км³/жылдайы барланған. (2000). Қазақстандағы Алакөл артезиан алабы, Бетпақдала артезиан алабы, Каспий маңы артезиан алабы,Қаратау артезиан алабы, Қызылқұм артезиан алабы, Маңғыстау артезиан алабы, Мойынқұм артезиан алабы, Солтүстік Қазақстан артезиан алабы, Сырдария артезиан алабы, Торғай артезиан алабы,Ұлытау артезиан алабы, т.б. жер асты суының ірі қорлары саналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1. Шөлдену процесінің негізгі себептері

 

Қазақстан территориясындағы шөлдену процесінің негізгі басты себептері табиғи да және антропогендік факторлар болып табылады. Негізгі табиғи факторлар: Республикамыздың физикалық-географиялық орны, контингент ішінде ішкерілей жатуы, Құрғақшылық климаты, су ресурстарының бірқалыпты таралмауы, кең көлемде құмды жерлердің (30 млн. гектар) және тұзды жерлердің (127 млн. гектар) орын алды. Жердің тозуына (деградация) сондай-ақ құрғақшылық та үлкен әсерін тигізеді. Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Табиғаттың өзгертуді қаламайтыны белгілі. Ондағы өзгерістер баяу, байқаусыз өтеді, өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі қалпына келтіру процестері ұзаққа созылады. Дүние жүзінде адам үшін қолайсыз экологиялық жағдай қалыптасқаны, экологиялық дағдарыс болып жатқандығы баршамызға мәлім. Мұндай жағдай бірден, бір жылда, тіпті он жылдың ішінде емес, бірте-бірте қалыптасады. Адам баласы әр уақытта табиғатқа белгілі бір деңгейде әсер етіп келеді.

          ХХ ғасырдың екінші жартысында қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында жаңа сападағы жағдай қалыптасты. Материалдық өндірістің көлемі еселеп өсіп, барған сайын шикізатты өндіру артты, дүниежүзілік мұхит пен қазба байлықтар жеделдетіліп игерілді. Ғылыми техникалық прогресс нәтижесінде жасалынған табиғатқа әсер етудің ұлан-ғайыр мүмкіндіктері мен құралдары және адам баласының өсіп отырған қажеттіліктері табиғат ресурстарын, олардың планетадағы жалпы қоры бара-бар мөлшерде пайдалануға алып келеді, ол жер бетінің өзгеру ауқымы, дауылдар, су толқындары, вулкандар атқылаулары, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстардың нәтижелерімен тепе-тең, тіпті олардан асып түсетіндей жағдайға келді. Бұл табиғи ортаға деген зиянды әсерді күшейтіп, биосферадағы табиғи күрделі энергия мен зат алмасуды бұзды. Өнеркәсіптің дамуы табиғатқа тиетін әсер ауқымын кеңейтіп, пайдалы қазбаларды пайдалануды ұлғайтты және қоршаған ортаның ластануын күшейтті.  Шөлденудің тағы бір белгісі шөптесін-топырақ жамылғысының жеткіліксіздігі және оның айналымы.

Қазақстандағы шөлденудің негізгі типтері:

— өсімдік жамылғысының деградациясы

  • су және жел топырақ эрозиясы
  • топырақтың сорлануы және дегумификация
  • топырақтың химиялық ластануы
  • жер асты және жер үсті суларының ластануы
  • жердің су режимінің және техногендік өзгеріске ұшырауы.

Соңғы он жылда шабындық жердің деграциялық жағдайға ұшырауы 10% -ға төмендеген. Қызылқұм, Мойынқұм,Сарыесік – Атырау және т.б. массивтердің деградацияға ұшырауы катастрофиялық жағдай туғызады.

          Оңтүстік Алтай және Рудный ормандарында соңғы 40 жылда, орман ағаштарын өндіру 7% -ға, Зайлы Алатауы және Жоңғар Алатауында алма ағаштарының территориясы 24 %-ға қысқарған. Әсіресе өзен жағалауындағы орман алқаптары өте қатты деградацияға ұшырауда, топырақтағы ылғалдың азаюы, өзен сулары деңгейінің түсуі, азаюы тікелей әсер етуде. Қазақстанның далалық экожүйесіне тың жерді көп көлемде игеру де өзінің кері әсерін тигізді. Қазақстан Республикасының басқару агенттігінің 1 қараша 2004 жылғы мәліметтері бойынша, 188,9 млн. гектар шабындық жердің 26,6 млн. гектары деградацияға ұшырап, шөлдену процесі өте айқын байқалады.

          Орманды дала және дала зонасының шабындық жерлері 34,8 млн. гектар болатын болса, оның 5,6 млн. гектары қатты деградацияға ұшыраған. Шабындық жерлердегі деградация процесі ұлғаю үстінде. Қазақстандағы шөлденудің жел эрозиясы шөл және шөлейт зоналарының ландшафтары қатты өзгеріске ұшырауда. Жер ресурстарын тиімді пайдалану, оны болашақ ұрпақтар үшін сақтау қажеттілігі әрбір қоғамның міндеті екенін Қазақстан халқына Жолдауында, жер реформаларына қатысты бас қосуларда баса айтылды. Шын мәнінде Қазақстанда ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердің сапасы нашар. Қазақстанның барлық жерінің 222,3 млн. гектары ауыл шаруашылығына лайық жерлер болса, оның 35,6 млн. гектары егістікке, 186 млн. гектары  табиғи жайылымдарды құрайды. Қазақстанның аумағы – климаты қатаң континентальді, ауыл-шаруашылығы егістеріне қолайсыз аймаққа да жатады. Көп жерлер су және жел эрозиясына ұшыраған.

          Кез-келген организмнің төзімділік шегі болады.Егер төзімділік шегінен шығып кетсе организм тіршілігін жояды. Мәселен қатты қуаңшылық жылдары өсімдіктердің құрып кетуі, ал су қоймаларының су қорының азаюы, пестицидтермен ластануы тіршілік көзінің жойылуына әкеп соқтырады. Құрлықта тіршілік ететін организмдер үшін су негізгі экологиялық фактор болып саналады. Құрлық жануарлары мен өсімдіктер ұдайы су тамшыларын сезінеді. Ылғал жыл мезгілінің маусымдары мен тәулік бойы да өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер организмдердің де маусымдық немесе тәуліктік тіршілік ырғағын туғызады. Шөл-шөлейті жерлерде кездесетін қызғалдақ, жауқазын, ботакөз. Осоктар өзінің вегатациялық дамуын небәрі 15-30 күннің ішінде аяқтайды. Ұзақ уақытқа созылған құрғақшылық өсімдіктердің кейбіреуінің тіршілігін жойып отырады. Осының әсерінен өсімдіктер мен жануарлар дүниесі белгілі бір табиғат кешенінің жойылуына немесе шөлейттену процесіне әкеп соғады. Мұндай жерлер қазірдің өзінде 87,6 млн. га (а/ш арналған  жердің 38%) болса, оның 22,1 млн. га егістік жерлер алып жатыр. Сол сияқты 38,7 млн. га жерлер құнарсыз жерлерге, 8,4 млн. га құрғап кетуге, 2,1 млн. га жерлер батпаққа айналып отыр. Аталған жерлердің өзгерістері айнала қоршаған ортаға тікелей немесе теріс ықпалын тигізеді.

          Қазіргі кезде ауыл-шаруашылығы айналасындағы жерлердің 185,6 мың. га бүлінсе, оның 76,7 мың гектары істен шығып отыр. Бұл көрсеткіштер мен жерлердің айналымнан шығуы 1991 жылдан бері жылдам өсуде. Қазақстан жерінің сапасының төмендеуі тарихи жағдайларға байланысты болады. Мәселен 1953 жылдары басталған тың  игеру науқаны, техногенді кешенді жұмыстардың жүргізілуі. Тың игеру кезінде 20 млн. га астам шабындық жер жойылып кетті. Агрохимия қызметкерлерінің мәліметі бойынша тың игеру кезіндегі 30 жылға созылған науқан топырақ қарашірігінің 25-30 %-ын жоғалтқан. Сонымен мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан табиғи биоценоз бұзылып, күрделі физикалық-химиялық су режимі, топырақ құрамы мен құрылысы түбегейлі өзгерістерге, анторпогендік қысымға ұшырады. Нәтижесінде жердің тарихы – табиғи біртұтастығы бүлініп топырақтың өздігінен тыңайып, қалпына келуі, тұрақтылығы өзгеріп су және жел эрозиясына қолайлы жағдай туғызды. Ботаника және топырақтану ғылыми-зерттеу институтының геоботаника ғалымдарының зерттеулері бойынша табиғи жайылымдардың сапасы 50-60 %-еа кеміп, 15 млн. га жайылымдық жерді арамшөп басқан және 27 млн. га жайылым эрозияға, ал 14 млн. га жер тақырланған. Республикамыздағы орманды дала және дала зонасының 34,8 млн. гектар жайылым жерлері 5,6 млн. гектарға жайылып дегредацияға ұшыраған. Жайылым жерлердің деградациялық тозу тенденциясы өсіп келеді. Қазақстандағы шабындықтардың көлемі 5,0 млн. гектарды құрайды. Ол жерлердің де соңғы күндері азаюда.

          Дала, шөлейтті және шөл зонасы топырағының жел эрозиясына ұшырауы шөлдену процесінің көлемін ұлғайтуда. Аймақтағы экологиялық проблемалардың масштабының ұлғаюына, жергілікті жерлердегі иерригациялық жағдайлар мен судың тапшылығы, суды тиімді пайдаланбау мәселелері тікелей әсер етуде. Су бағыттарының өзгеруінен Амудария, Сырдария және Іле өзендерінің ластануы қауіпті жағдайлар туғызуда. Өзен, көл суларының тартылуы, тұздануы табиғат кешендеріне өз ықпалын тигізіп отыр. Дегумификация процесі барлық жыртылған және жайылым жерлерде байқалады. Егістік жерлердегі топырақ құрамындағы  гумустың азаюы, өзендердегі су деңгейінің төмендеуі, сол маңдағы территорияның шөлейттенуіне әкеп соқтырады. Егістік жерлердегі 0,7 млн. га да гумустың азаюы анықталған.

Жер ресурсының Қазақстан Республикасы басқару агенттігінің мәліметі бойынша, сор және сортаң жерлер – 94,9 млн гектарды – 42,1 % құрайды. Топырақ эрозиясы 30,5 млн. га – 13,0 % Өзен немесе көл суларының бірден төмен түсуі немесе тартылып қалуы, жер асты сулары деңгейінің төмендеуі топырақ түзілуіндегі су режимінің өзгеруіне, топырақтың тозуына, шөлейттенуіне әкеп соқтырады. Кең көлемдегі жерасты суларының ластануы шөлейттену процесінің бір жақтары болып табылады. Химиялық өндіріс орындары, қала агломерацияларының көбеюі, үлкен көлемде жер жырту, кен өндіру жұмыстары да себеп болып отыр. Техногендік шөлейттену процесіне, улы заттардың таралуы, өндіріс орындарының зиянды қалдықтары тікелей әсер етеді. Қоршаған ортаның экожүйесіне қауіп төндіруде. Техногендік процестерге сондай-ақ автомобиль, темір жолдарын салу әсер етеді. Табиғат кешендерінің жойылуына мұнай және газ құбырларының, жоғары вольтті электро линиялардың жүргізілуі техногенді шөлейттенудің спецификалық формасына космостық территориялардың, әскери және ядролық сынақ полигондарының ұлғаюы, яғни қазіргі таңда республикамыздың территориялық 6 %-ын құрайды. Шөлдену процесінің негізгі бір белгісі биологиялық әртүрліліктің жойылуы. Антропогендік факторлардың әсерінен Республикамыздағы жануарлар дүниесі қатты өзгеріске ұшырады. Жер асты және топырақтағы микроорганизмдер фаунасы зиян шекті. Құстар мен т.б. жануарлар санының азаюына әкеліп соқтырды. Солтүстік облыста дала зонасының 80 %-ға жуығы жойылды. Мұндай жағдайлар республикамыздың таулы аймақтарында (Тян-Шань) да орын ала бастады. Әсіресе сирек кездесетін эндемиктердің жойылуы Тянь-Шаньда, Жоңғар Алатауы, Тарбағатайда, Тауқым шөлінде, Мойынқұмда,Сарыелік –Атырау аймақтарында қатты айқындады. Шөлдену процесі өсімдіктердің жойылуына тікелей байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2.     Қазақстанның шөлді аймақтары

 

Шөлді аймақ жалпы аумағы 124,6 млн. гектар. Өзіне тән өсімдік жамылғысы аоуан түрлі. 2500-2800 түрі бар. Олардың ішінде 200-215 түрі – эндемиктер. Шөлді аймақта 5 белдеме ажыратылады.

1.) Солтүстік далалы жердегі құрғақ, қоңыржай, ыстық шөлдер – жалпы аумағы 40 млн. гектар. Немесе еліміздің жер аумағының 14,7 %-ын алады. Өсімдік жамылғысы астық тұқымдасты жартылай бұталы (бөз, еркекшөпті-жусанды) шөлдер мен құмдық бұталы (жүзім-рақ-шағыр жусан-еркекшөпті) шөлдер тарайды.

2.) Орталық (Солтүстік Тұрандық) өте құрғақ, ыстық шөлдер – аумағы 51,2 млн. гектар немесе республика жерінің 18,9 % -ын алып жатыр. Бұл жерлерде жартылай бұталы (жусанды, бұйырғынды, изенді), сексеуілді, бұталы (қоянжын-жүзгінді) өсімдік жамылғысы дамыған.

3.) Оңтүстіктегі өте құрғақ, ыстық шөлдер – аумағы 30,3 млн. гектар немесе Қазақстанның 11,1 %-ын алып жатыр. Бұл жерлерге эфемераидты – жартылай бұталы (сұр жусанды, эфемерлі), ал дөң және тізбектелген аллювгейлі-эолды құмдарда бұталы-сексеуілді эфемеройдты (сексеуіл-қоянжын-жүзімді) өсімдік жамылғылары тән.

4.) Тау етегіндегі өте құрғақ, өте ыстық шөлдер-аумағы 3,2 млн. га немесе Қазақстанның 1,2 %-ын құрайды. Негізінен эфемороидтың ірі шөптесін-жартылай бұталы өсімдіктер өседі.

5.) Тау етегіндегі өте құрғақ шөлдер-аумағы 11,6 млн. га, немесе республиканың 4,3 %-ын алып жатыр. Эфемеройдты псаммфиттік бұталы өсімдік жамылғысы тән. Қазақстанның таулы экожүйелерінің аумағы – 18,6 млн. га, яғни республика жерінің 7 % -ы. Бұл жерде есепке алынып отырған 4-5 биіктік белдеулі биік таулар ғана. Таулы экожүйелердің флорасын 3400-3600 түр құрайды деп шамаланған. Оның ішінде 540-570 түрлі эндемик болып табылады. Тек Қаратаудың флорасында 155-170 эндемик түрлері бар. Олардың ішінде шыршалы (шренктік шырша, сібірлік шырша): май қарағайды: самырсынды (сібірлік самырсын, сібірлік майқарағай): қылқан жапырақты ормандарда: алмалы (сиверс алмасы, қырғыс алмасы), өрікті (кәдімгі өрік),қайыңды-теректі (түкті қайың, көк терек) – жапырақты ағаш ормандары атап өтуге болады.

Таулы экожүйелерде итмұрын мен бөріқарақаттың (зеректің), аршаның, қылшаның, бетегенің, сарыкүйік қауымдастықтары да кең тараған. Қазақстанның табиғи флорасы – пайдалы өсімдіктердің қайнар көзі. Мұнда жем-шөптік өсімдіктердің 700-ден астам түрі, дәрілік өсімдіктердің 400-ге жуық, әсем безендірушілік 700-800, ширнелік 1300-ден астам, Эфир-майлық (450-ге жуық), улы-зиянды (250-ден астам) өсімдіктер түрлері кездеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Шөлдену процесімен күресу жолдары .

 

2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын әзірлеудің өзектілігі және басымдықтары шығарыла бастады. Әлемдік тәжірибие көрсеткендей экологиялық проблемаларды табысты шешу мен экологиялық апаттардың алдын алудың негізгі кез келген мемелекеттің әлеуметтік экономикалық жүйесін экологияландыру болып табылады. Осы экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы «Қазақстан — 2030» стратегиясының басымдылықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына сәйкес және XXI —  ғасырдағы күн тәртібінің негізгі ережені қоршаған орта және даму жөніндегі 1992 жылғы Рио–де–Жанейро декларациясының қағидаттарын, сондай–ақ Йоханесбургте өткен (2002 жыл) тұрақты даму жөніндегі дүние жүзілік самиттің шешімдерін ескере отырып әзірленді. Қоршаған ортаның жай–күйінің нормативтік көрсеткіштеріне қол жеткізе отырып, экологиялық қауіпсіздіктің оңтайлы деңгейін қамтамасыз ету осы тұжырымдаманың ережелерін кезең – кезеңмен іске асыруды көздейді. Бірінші кезең-(2004-2007 жылдар)–қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету және оны тұрақтандыру жөніндегі іс – қимыл жоспарын әзірлеу.

Екінші кезең – (2008 -2010 жылдар) қоршаған орталық сапа көрсеткіштерін тұрақтандыру және табиғат пайдалануға экологиялық талаптарды жетілдіру.  Үшінші кезең (2011 -2015 жылдар) қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу. Қуаңшылық пен шөлденуге қарсы күрес туралы халықаралық конвенция Алматы қаласында 1994 жылы өтті. Қазақстанның көп бөлігі қурау аймақта орналасқан және оның аумағының шамамен 66 % —  түрлі деңгейде шөлдену процестеріне бейім. Алдын ала есептер бойынша жайылымның тозуынан залал, егістік эрозиясынан, қайталама тұзданудан және басқа себептен алынбаған кіріс шамамен 300 млрд теңгені құрайды.

Қазақстан үшін елеулі ішкі қатерді білдіретін жердің шөлденуі мен тозу проблемасы шаң – тозаң дауылының пайда болуы және ауа массалараының ластанушы заттарды алыс қашықтықта жеткізуі нәтижесінде біртіндеп–шекаралық проблемалар айналуы мүмкін. 2004 жылдың барысында шөлденудің көлемі мен құрғақшылықтың теріс әсерінің алдын алуға және қысқартуға, тозған жерлерді және топырақтың құнарлығын қалпына келтіруге, ресурстың базаны сақтауды немесе қалпына келтіруде, қамтамасыз ететін, халықтың экологиялық қауіпсіздігін нығайтатын тұрақты жер пайдаланудың экономикалық тетіктерін әзірлеу мен енгізуге, сондай – ақ шөлейттену мен күрес процесінде халықтың кең қауымының хабардар болуы мен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған шөлейттену мен күрес жөнінде бағдарлама әзірлеу және бекіту қажет.

Бағдарламаның негізгі нәтижелері шөлдену процестерін болдырмау және жердің тозу ауқымын қысқарту, шөлденумен күрестің экономикалық тетіктерін енгізу, ауыл шаруашылық жерлерінің өнімділігін арттыру болмақ. Топырақ ауыл шаруашылығының негізгі тірегі болғандықтан оны ластанудан сақтау агрэкологиялық басты міндет. Қазір Республикамызда топырақты бақылау мониторнгі жұмыс істейді. Оның міндеті топырақтың қазіргі күйіне баға беру, бақылау және болжау жасау.

Олар: 

1)Топырақтың ауыр металдармен әлемдік ластануына жергілікті бақылау жасау.

2)Топырақтың ластануына жергілікті бақылау жасау

3) Топырақтың химиялыққұрамы мен құрылымына, ондағы өзгерістерге бақылау жасау.

4)Топырақты мелиорациялау, агротехникаларды дұрыс пайдалану т.б. бақылау жасау. Қазақстанда құрғақшылық пен  шөлденуге қарсы күресу бағдарламасын ескере отырып, биологиялық әртүрлікті сақтау мақсатында биоәртүрлік обьектілерінің жай – күйін бағалау және түйіндеу, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жиелілігін ұлғайту, қазіргі табиғат және антропогендік процесетерді ескере отырып, оларды  жасанды–бұзылған аумақтарды қалпына келтіру жолымен табиғат популяциялардың сирек түрлерін сақтау, елдің ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын ЮНЕСКО–ның дүниежүзілік табиғат және мұрасы. «Адам және биосфера» бағдарламасы шеңберіндегі биосфералық аумақтар тізіміне енгізу жөніндегі шараларды іске асыру қажет. Республика аумағында небәрі 4,2 %- ын алатын Қазақстанның барлық ормандарының ерекше экологиялық,  ғылыми, рекрациялық, эстетикалық және мәдени мәнін сондай–ақ биологиялық әртүрліліктің табиғи резерваттары ретіндегі, олардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесіне көшіру жөніндегі шұғыл шаралар қабылдау қажет. Өзен экожүйелеріне түсетін ауыртпалықты азайту мақсатында және олардың ластану мен қоқыстануының алдын – алу үшін 2005 — 2010 жылдар барысында пайдаланатын барлық су обьектілері үшін су қорғау аймақтары мен жолақтарының жобаларын әзірлеу. Қолда бар су ресурстарының санын ұлғайту мен сапасын жақсарту үшін су жетіспеушілігін тартып отырған өңірлерде өзен ағынын реттеу жөніндегі, оның ішіндегі бассейн аралық қайта бөлу, сондай–ақ жер асты ауыз суларын пайдалануды жеделдету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет. 2003 жылдың басында Қазақстан қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау мен оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель Конвенциясына қосылуы. Қазақстан трансшекаралық өзендерді ұтымды пайдалану және қорғау проблемасын шешуге бірыңғай құқықтық тәсілдерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін.

Трансшекараларық ағын сулар мен халықаралық өзендерді қорғау мен пайдалану жөніндегі Хельсинки Конвенциясына қосылуы жөніндегі Қазақстанның бастамасын өткізу арқылы трансшекаралық су проблемаларын шешу.

Қабылдаған шаралардың нәтижелері ықтимал трансшекаралық, экологиялық қатерлерді анықтауға, азайтуға және жоюға жәрдемдесетін болады. Төтенше жағдайлардың алдын – алу және оларды жою жөніндегі іс – шаралардың орындалуы зардап шекендер саны төмендетуге және құрғақшылық пен шөлдену процессін азайтуға мүмкіндік береді. Климаттық ықтимал жахандық және өмірлік өзгерістерін, табиғи орта үшін оның салдарларын зерттеу қажет. Халықаралық конвенциялар бойынша міндеттемелерге сәйкес үкіметтік емес экологиялық ұйымдардың әлеуметтік қоғамдық бақылауды жандандыру, қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізу арқылы экологиялық проблемаларды шешуге, қоршаған ортаның сапасын жақсарту мәселелері бойынша қоғамдық көзқарасты қатысуға бағыттау қажет.    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.1. Топырақ экологиясы

 

          Қазақстанның барлық жер көлемі 2724,9 мың км². Жер қорымыздың көлемі өте үлкен болғанымен оның сапасы соңғы жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді юұрыс пайдаланбау слдарынан топырақ деградацияға ұшырап, құнарсыздану, шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мәліметтер бойынша Республика жерінің 180 млн . га жазық жерлер, 185 млн. га жайылым және 34 млн. га құнарлы жердің 180 млн. га жері жарамсыз жерлерге ұшырап, оның 30 млн. га топырақ эрозиясы 60 млн. га тұздану, 10 млн. га химиялық және радиактивті заттармен ластанған.

          Республиканың 30 млн. га жерлерін өнеркәсіп, көлік, байланыс, елді мекендер алып жатыр.

          Солтүстік облыстарды тың игеру науқанына байланысты және бірегей бидай дақылын егу топырақ қарашірігінің 25-30%-ын жоғалтты.

          Батыс Қазақстан аймағында мұнай-газ өнеркәсібінің қарқындап дамуы 1000 га астам жерді қамтыса, топырақтың техногенді бүлінуі 2,5 млн. га, ал тозған жайылым 3 млн. га жерді алып жатыр. Сол сияқты Азғыр мен Тайсойған сынақ полигондарының  игілігіне 1,4 млн. га жер бұйырған. Оның үстіне Каспий теңізінің көтерілуі болашақта осы аймақтың шамамен 2,8 млн. га жерін су басады деп болжам жасалуда.

          Экологиялық қиын жағдай Орталық Қазақстан жерлерін де қамтып отыр. Мұнда жердің техногенді бүлінуі, өнеркәсіптік қалдықтарымен ластану, ауыр металдардың жинақталуы, радиактивті элементтердің және ракета-ғарыштық қоқыстардың (Бетпақ дала) шоғырлануы тұрақты жағдайға айналған.

          Кейбір аймақтарда топырақтың тозуы, бүлінуі және шөлге айналуы Ертіс, Әмудария мен Сырдария өзендерінің су бассейнінің азаюы, Арал теңізінің тартылуымен тікелей байланысты болып отыр. Мәселен, Оңтүстік Қазақстанда Арал аймағының экологиясына байланысты 2 млн. га жер шөлейттеніп кеткен және Жаңадария өңіріндегі 3 мың га қара сексеуіл орманы біржола жойылу үстінде. Арал өңірі мен Сырдария өзенінің аңғары бойынша топырақтың химиялық улы заттармен және радионуклидпен ластануы жылдам жүруде.

          Балқаш-Алакөл және Шу-Мойынқұм аймақтарындағы өзгерістер, Іле өзеніне Қапшағай су қоймасының салынып, судың жасанды реттелуі табиғатқа көп зардаптар әкелді. Су деңгейінің 1,5-2,0 метрге төмендеуі Іле атырабы бойынша топырақтың құрғап, бүлініп, сорланып, тозып кетуіне жол берді. Әсіресе, Іле-Балқаш бассейіні жер жаннаты аталған Жетісу өңіріне экологиялық апатты да ала келді. Іле бойындағы ит тұмсығы өтпейтін тоғай, тораңғы орманы, Шарын өзенінің қайталанбас сұлу табиғаты мен каньондары тозып, жағалаудағы шұрайлы жайылымдар құлазыған сары далаға, шөлге айналып бара жатыр. Ендігі жерде Іле суының 10-15 процентін Қытай халық республикасының алуы бұл өңірдің табиғатын тұл етері анық.

          Қазақстандағы егістікке пайдаланатын жерлердің де экологиялық жағдайы нашар. Ол республика бойынша 26610,7 мың га жерді алып жатыр.

          Соңғы жылдары байқалып отырған әлемдік климаттың өзгеруі Қазақстанның шөл, шөлейтті белдемдеріне әсерін тигізіп, ондағы егіс алқаптарының сапасын төмендетіп жіберді. Бұл жерлерде топырақтың құнарсыздануы, бүлінуі және шөлге айналуы прогрессивті түрде жүруде. Оның үстіне топырақты қорғаудың агротехникалық шаралары, қар тоқтату, органикалық және минералды тыңайтқыштар беру, гербицидтер мен пестицидтерді қолданбаудан арам шөптердің қаулап өсуі, шегіртке тәрізді зиянкестердің шексіз көбеюіне жо беріліп, жердің сапасын төмендетті. Мәселен, 1996 жылы егістіктерге 1 млн. т минералдық және 33,2 млн. т органикалық тыңайтқыш берілсе, бұл көрсеткіштер 1998-2001 жылдары 16 мың тоннаға қысқарған. Топырақтану институтының мәліметі бойынша Қазақстанның құнарлы топырағы өзінің қарашірігінің 19-22 % жоғалтқан. Мұның өзі болашақта жер ресурстарының сапасы жақсармайтынын аңғартады.

          Топырақтың ауыр металдармен және радионуклидтермен ластануы барлық аймақтарды қамтып отыр. Әсіресе, Қазақстан бойынша ірі өнеркәсіптер, кен орындары, қазба байлықтарды өндіру, соғыс — өндірістік қалдықтарды сақтау және оларды көму аймағында ерекше жылдам жүруде. Республика жерінде  химиялық қалдықтар 2,3 млрд. т. жетсе, ал 529 обьектіде радиактивті қалдықтар сақталған. Өнеркәсіптерден шығарылған химиялық заттар Шығыс Қазақстан бойынша жылына 5 млн. т. жетіп отырғаны тіркелген. Республика бойынша ластану деңгейі Бетпақ дала, Балқаш өңірі, Мұғаджар, Ертіс өңірі, Маңғыстау, Каспий маңы ойпаты, Іле Алатауы жазықтарында тым жоғары. Сырдария, Шу, Талас, Жайық өзендеріндегі жерлер қорғасын, фтор, бор,мыс, пестицидтер және нитраттармен ластанған.

          Өскемен, Риддер, Зырян қалалары маңындағы жерлерде қорғасынның мөлшері 100 РЗШ, кадмий, мырыш 8-14 РЗШ, мыс 10 РЗШ-ға жеткен.

          Павлодар, Екібастұз, Қаратау, Тараз т.б. өнеркәсіп орындары аймағы геохимиялық ауытқуларға және уытты заттармен ластануға ұшырағын.

          Семей өңірінің радиактивті заттармен ластануы өте жоғары. Осы жерлерде шоғырланған 154 өнеркәсіп орындарынан жылына 294 мың т. улы зат қоршаған ортаға шығарылады. Мәселен, мыс 100 РЗШ, қорғасын 100 РЗШ, мырыш 300 РЗШ, хром 100 РЗШ, кобальт 50 РЗШ, никель 50 РЗШ, т.б. ауыр металдардың шекті мөлшерінің тіркелгені Семей қаласы бойынша жарияланған әдебиеттерде келтіріледі.

          Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстан аумағында ядролық қарулар сыналған жерлердің көлемі Ақтөбе облысында – 4207,5; Атырау – 1635,3; Шығыс Қазақстан – 11,1; Жамбыл – 2576,1; Жезқазған – 4900; Батыс Қазақстан – 1558,8; Орталық Қазақстан – 19,6; Маңғыстау – 21,4; павлодар – 717,1; Оңтүстік Қазақстан – 8,1; Семей – 941,2 мың га жерлерді қамтыған. Осы жерлерде 50 жыл бойы (1949-1996) бұрынғы Кеңес үкіметі соғыс ведомстволары 503 ядролық сынақ жасап, Қазақстанның шұрайлы жерінің 20 млн. га жарамсыз етті.

Батыс Қазақстан аймағында 1966-1979 жылдары аралығында 24 ядролық қару сыналған, олар Маңғыстау облысында – 3, Батыс Қазақстанда – 4 және Атырауда – 17 рет жасалған. Соның ішінде ең ірісі Азғыр полигоны ғана, 6,1 мың га жерді алып жатыр. Зерттеулер нәтижелері бойынша Нарын, Азғыр құмдарында радиактивті элементтер: кадмий – 80-120, стронций – 150, қорғасын – 80 және нитрат – 8,8 есе шекті мөлшерден көбейіп кеткен.

          Үстірт платасында1968-1970 жылдары жер асты ядролық сынағы жасалған. Осы жерлердің бәрінде де суға, топырақ пен өсімдік жіне жан-жануарлар дүниесіне бұрын соңды болмаған залалдар келді.

          Республика аумағында ірі ракеталық полигондар Атырау облысының «Тайсойған», Балқаш көл маңында «Ташкен-4» және «Байқоңыр» ғарыш айлағында орналасқан. Бұл жерлерде топырақ беті өте қауіпті улы гептил жанармайымен  және ракета «қоқыстарымен» ластанған. Гептил өте улы зат болғандықтан адамдардың өкпе-тыныс жолдарына, жүйке-жүйесіне әсер етіп, бүйрек, бауыр, мүшелерін зақымдайтыны анықталған. Сол сияқты ракета, космос корабльдерінің ұшуы «қышқыл жауындар» жаудырып қоршаған ортаның тірі комплексінің 3-50 % биомассасын жойып жіберді. Мәселен, 1988-1991 жылдар аралығында тек қана Тайсойған полигонында 24000 ракета барлығы 30 мың тонна жанармай жаққан.  1994 ж. 5 шілде мен 27 қазанда патқа ұшырағын «Протен» ракета тасығышы Қарағанды облысының жеріне гептилен уын шашып орасан зор қауіп төндірді. Оның зардабы әлі белгісіз болып отыр.

 

Әлемдік экологиялық проблемалар құрылымы

2 кесте

 

Уытты заттармен ластануы

Радиактивті заттармен ластануы

—         Жылу эффектісі

—         Қышқыл жауындар

—         Топырақтың құнарсыздануы

—         Орианның қырқылуы

—         Мұхиттардың ластануы

—         Климаттың өзгеруі

—         Адам экологиясы

—         Биоәртүрліліктің азаюы

—         Азонның жұқаруы

—         Фотохимиялық у түтін

—         Қоқыс қалдықтары

—         Шөлге айналу

—         Биосфера құрамының өзгеруі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топырақтың ауыр металдармен ластануының қалалар мен аймақтар бойынша көрсеткіші

Аймақ немесе елді мекен

Ластағыш заттар

РЗШ

Себептері

Орталық немесе Батыс Қазақстан

Фтор, бром, темір, қорғасын, нитрат, пестицид

100

өндіріс орындарының химиялық заттармен ластануы

Теміртау қаласы

 Сынап

8-14

өндіріс орындарының қалдықтарымен ластануы

Екібастұз

Темір, хром, никель, қорғасын

2

өндіріс орындарының қалдықтарымен ластануы

Тараз

Қорғасын, фтор

21

өндіріс орындарының қалдықтарымен ластануы

Ақтөбе

Хром, никель, канадий

100-50

өндіріс орындарының химиялық заттарымен ластануы

Шымкент

Қорғасын, мырыш, темір

15

өндіріс орындарының химиялық заттарымен ластануы

Жезқазған

Қорғасын, мырыш. темір

15

өндіріс орындарының химиялық заттарымен ластануы

Семей

Цезий, кобальт, европия, стронций

50

Ядролық жарылыс нәтижесі

 

 

          Қазіргі кезде Қазақстан жерінің 33,6 млн. га жері соғыс полигондарының кесірінен бүлінгені анықталды. Сол сияқты республика аймағында барлығы 16 млрд. тонна радиактивті қалдық жиналған. Ол қалдықтар Ақмола облысының – 800 га, Жамбыл облысының – 190 га, Жезқазған облысының – 25 га, Қызылорда облысының – 3,0 га, Оңтүстік Қазақстан облысының – 2 гектар жерін алып жатыр. Нәтижесінде, бүгінгі таңда Қазақстанда радиациялық апат аймақтары мен ондағы қазіргі қалыптасқан жағдайларды келтірілген фактілер арқылы көруге болады.

          Қазақстанның құрғақ климаты жағдайында радионуклидтер топырақта баяу қозғалып, ұзақ сақталып, экожүйелкрді бүлдіреді. Осылайша топырақ негізгі ластану көзі ретінде радионуклидтерді өсімдіктерге одан жан-жануарларға, адамға жеткізіп отырдады. Ал, адам баласы өз кезегінде генетикалық, соматикалық, онкологиялық ауруларға ұшырап, зардап шегеді.  Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн. адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Атырау облысында 32 мың адам анемия, сүйек рагі, туберкулез, жүйке ауруларымен ауырып, зардап шегуде. Жоғарыда келтірілген тарихи және шынайы фактілер Қазақстанның қасиетті топырағы, ауасы мен су ресурстарының қаншалықты зардап шегіп келгенін дүние жүзінің адамзат қоғамы  соңғы жылдары ғана біліп отыр. Ендігі жерде Қазақтың ұлан-ғайыр аумағы өзінің жаралы денесін сауықтыра отырып болашақ ұрпақтарының салауатты өмір сүруін қамтамасыз етуге бел байлап, өркениетті елдер қатарына қосылатын күн алыс емес екеніне кәміл сенеміз.

 

 

 

 

 

Қазақстан жеріндегі радиациялық апат аймақтары

 

Аймақтың қауіптілігі

Дозасы, бэр

Облыс, аудан, елді мекендер

1.

Төтенше қауіп-қатерлі аймақ

100

Шығыс Қазақстан облысы: Абай, Бесқарағай, Жаңасемей аудандары.

2.

Қауіп-қатерлі аймақ

35-100

Шығыс Қазақстан облысы: Абай, Бесқарағай, Жаңасемей Абралы аудандары,

3.

Орташа қауіп-қатерлі аймақ

7-100

Шығыс Қазақстан облысы: Семей, Курчатов қаласы, Шұбартау, Аягөз ауданы, Бородуллихин, Новошульба.

Қарағанды облысы: Егіндібұлақ ауданы.

Павлодар облысы:

Май ауданы.

Шығыс Қазақстан облысы:

Өскемен, Ленинагор, Глубокин, Таврия, Шемонайха аудандары.

 

 

 

 

 

 

Қазақстанда қалыптасқан экологиялық апаттар, оның тигізетін зардаптары

Экологиялық апат түрлері

Апаттың зардаптары

Апаттан қорғану жолдары

1.      

Ортаның ластануы

 

 

Техногенді апат

4.           Адамдардың ауруға ұшырауы

5.           Қаншама миллиондаған адамдардың қырылуы

6.           Ластанудың себептерін табу

7.           Адамдарға үгіт-насихат жүргізу керек, ондай объектілерді қаладан алыс жерлерде орналастыру.

2.      

Ресурстардың таусылуы

Ел экономикасының төмендеуі

Тиімді пайдалану керек

3.      

Топырақтың эрозиясы

Өнімнің жетіспеуі

Тыңайтқыштар беру керек

4.      

Озон қабатының жұқаруы

 

Табиғат апаттары (жер сілкіну, сел, цунами, циклон, жұт, вулкандар атқылауы, теңіздер мен мұхиттар деңгейінің көтерілуі немесе түсуі)

Ультракүлгін сәулелерінің зардаптары

 

Адамдар шығынының көптігі, экономикалық шығындар

Ауаға зиян газдарды жібермеу керек

Алдын-ала дайындық жүргізу және олардың болуын алдын-ала хабарлау керек

 

3.2. Өсімдіктер және жануарлар экологиясы

 

          Жер шарында өсімдіктердің 500 млн. астам түрі бар. Жыл сайын ғылыми-лабораторияларда олардың бірнеше жаңа түрлерін өсіріп шығарады. Өсімдік – жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Жер шарында өсімдіктер жамылғысы біркелкі тарамаған.

          Қазақстанда орман қора 21,8 млн. га жерді алып жатыр. Яғни, республикамыздың барлық жерінің 3,35 %-ын құрайды. Біздің еліміздегі ормандар жүйесі негізінен Солтүстік және Шығыс аймақтарда шоғырланған. Ормандардың бірнеше типтері бар. Олар – сексеуіл, қарағай, шырша, самырсын, қайың ормандары, тоғайлар мен бұталар.

Орман қоры жер шары бойынша жылдан-жылға азая түсуде. Құрлықтың 62 млн. км² жерін өсімдіктер мен орман алып жатыр. Республикамызда ормандар аз және олардың жағдайы мәз емес. Оның негізгі себептері – адам факторы, өрт, ауа райының өзгеруі мен айнала қоршаған ортаның ластануы.

Орманды қорғау біздің міндетіміз. Орманның адам мен жалпы биосфера үшін маңызы зор.

Орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су балансын тұрақтандырады. Ылғалды жер өсімдік жамылғысы мен жан-жануарлардың көбейе түсуіне ықпал етеді. Орманды алқаптардағы жер асты сулары өзен мен көлдерді қоректендіреді. Орман аң мен құстың мекені, дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен жеміс-жидектердің панасы әрі қолайлы тіршілік ортасы болып табылады.

Ормандардың егістік алқаптарын қорғауда да рөлі зор. Орманды жерде топырақ, су және жел эрозиясы болмайды. Ал ормансыз жердің топырағы кеуіп, шөлге айналады. Ағаштарды қар тоқтату үшін де отырғызады.

Орманның ауаны тазартатын да қасиеті бар. Мысалы 1 га орман бір күнде 220-280 кг көмірқышқыл газын сіңіріп, 180-200 кг оттек бөліп шығарады.  Яғни ауаның құрамын толықтырып отырады.

Орман сонымен бірге денсаулық сақтау ортасы. Сондықтан курорт пен сауықтыру кешендері, т.б. демалыс орындарының тек қана орманды жерде салынуы тектен-тек емес.

Қазақстанда орманға қарағанда табиғи жайылымдар басым. Өсімдіктің біздің жерімізде 57000 түрі өседі. Оның 506 түрі қорғауды қажет етіп отыр. Жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтап қалу  мақсатымен 1981 жылы «Қызыл кітап» шығарылды. Оның мақсаты құрып бара жатқан өсімдіктерді есепке алып, оларды сақтап қалу. Ол үшін көптеген мемлекеттік  шаралар жүргізіледі. Солардың бірі – сиреп бара жатқан өсімдіктер мен жерлерді адам қамқорлығына алып қорықтар ұйымдастыру.

Қорық ұйымдастыру ісіне біздің республикамызда соңғы жылдары көп көңіл бөліне бастады. Қазірдің өзінде 9 мемлекеттік қорық, 5 ұлттық парк, 17 ботаникалық, 40 зоологиялық, 2 ботаникалық- геологиялық қорыққорлар құрылған. Алматы, Шымкент, Қарағанды т.б. ірі қалаларда ботаникалық бақтар жұмыс істейді. Осының бәрі сиреп бара жатқан өсімдіктерді қалпына келтіру жұмыстарымен айналысады. Орман мен өсімдіктерді қорғау ересектермен қатар мектеп оқушыларының да міндеті. Көптеген аймақтарда жастардың белсенділігін арттыру мақсатымен «Жас орманшылар», «Жасыл патрульшілер», «Жас экологтар», «Жас натуралистер» атты үйірмелер ұйымдастырылған. Олар – еліміздің орман шаруашылығының белді көмекшілері.

Сирек және дәрілік өсімдіктерді де қорғау баршаның ісі.  Біздің жеріміз дәрілік өсімдіктерге өте бай. Олар көбінесе Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Алтай таулары мен Қаратау тау жоталарында көп шоғырланған. Әсіресе алтын тамыр, марал оты, дәрмене, жусан, қылша, шайқурай, жалбыз, бәйшешек, тартар жапырақ, түймедақ, мыңжапырақ, тау жуасы, сарымсақ,  тасжарған, алтай рауғашы, қызылжидек, сасыр, т.б. өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасайтын формоцевтік зауыт жұмыс істейді.

Қазақстанда дәрілік өсімдіктер мен қатар сирек кездесетін, сәндік үшін өсірілетін өсімдік түрлері де бар. Олардың саны азайып барады. Мысалы, Қаратау аймағында өсімдіктердің 1500 түрі өседі. Срндықтан болар Қаратау өсімдіктердің «Меккесі» деп аталады. Табиғаттың әсем көріністері табиғи ортаның ластануынан, жайылымдардың тозу салдарынан сирек кездесетін өсімдіктердің азаюынан бүлінуде. Қазір кең-байтақ даламыздан қызғалдақтардың көптеген түрлері, қызыл адыраспан, сөгеті сасыры, іле бөріқарақаты, іле ұшқаты, жатаған шырша, алтай қасқыр жидегі, кәдімгі пісте, жіңішке көкнар, меруертгүл, жабайы жүзім, т.б. жойылып барады. Оларды қорғау біздің міндетіміз.

Республикамыздың шөл-шөлейтті белдемдерінде орналасқан Мойынқұм, Тауқұм, Сарыесік Атырау, Жалпаққұм, Қызылқұм сияқты ерекше құм жоталары бар. Олардың бәрі біріншіден, тұнып тұрған өсімдіктерортасы болса, екіншіден, жайылым қоры болып саналады. Бірақ елімізде полигондар мен жел эрозиясына ұшыраған жердің көлемі 25 млн. гектарға жетіп отыр. Осыған орай, біз шұрайлы жайылымдар қорын сақтап қалу үшін осы жерлерді ерекше қорғалатын аумақтарға жатқызып, қамқорлыққа алуымыз керек.

Сирек өсімдіктердің қатарына ағаштар да жатады. Оларды кесіп отын, құрылыс материалы үшін пайдалануды азайту керек. Қазірдің өзінде Іле шыршасы, самырсын, шетен, ырғай, тораңғыл, долана, шырғанақ, емен, т.б. ағаштары қорғауды қажет етіп отыр. Әсіресе орман ағаштарын кесу етек алуда. Орманды қорғаудың ең маңызды бағыты – жасанда жолмен орман қорын көбейту. Жыл сайын орман шаруашылығы мыңдаған түп ағаштар отырғызады. Осылайша ормандарды қалпына келтіру жүзеге асады. Орманды қорғау мен қалпына келтіру шараларына оқушылардың араласуы керек.

Орманда жерге саяхат жасағандағы ең қауіпті нәрсе — өрт. Өрт көбінесе адамдардың жіберген ағаттығынан болады. Олар негізінен отқа деген жауапсыздықтан туады. Яғни, сіріңкені, темекі қалдығын өшірмей тастаудан болатын орман өрті өте қауіпті. Әсіресе қылқын жапырақты ормандар өртін сөндіру қиынға соғады. Кейде орман өртін басуға ұзақ уақыт керек болады. Жыл сайын адамдардың ағаттығынан мыңдаған гектар ормандар, тоғайлар өрт құшағына оранды. Дүние жүзінде болып жататын өрттердің  97% -ы адамдардың табиғатқа селқос қарауынан болады. Кейбір тропикалық ормандардағы өрттер 2-3 айға созылып, үлкен қауіп-қатер туғызады. Сондықтан орман ережелерін сақтау баршаның міндеті.

Орманның өрттен басқа да жаулары бар. Олар – орман зиянкестері – кемірушілер, ұсақ жәндіктер, өсімдік аурулары, паразиттер, саңырау-құлақтар мен вирустар. Зиянкестердің кесірінен құрылыс материалдары үшін дайындалатын ағаштардың 45%-ы сапасыз болып шығады. Кейбір жылдары жүздеген гектар ормандардағы зиянкестермен үзбей күресуге тура келеді. Олар химиялық биологиялық күрес жолдарымен жүзеге асады. Химиялық күресте химиялық заттарды қолдану тәртібін қатаң сақтау қоршаған орта мен барлық тірі организмдер үшін ұқыптылықты қажет етеді.

          Жануарлар – табиғат туындысы. Өсімдіктер тәрізді жануарлар дүниесінің де маңызы зор. Жануарлардың ерекшелігі – олар жер шарында қозғалып, кең таралады. Жануарлар мен құстардың ішінде алыптары да кездеседі. Дүние жүзінде  жан-жануарлардың 1,5 млн түрі бар деп есептелген. Бірақ жыл сайын ғылымға жаңа түрлер белгілі болып отыр.

Жануарлардың тіршілік үшін қызметі сан алуан. Оларды адам баласы қолға үйретіп, өзінің материалдық игілігі үшін пайдаланып келеді. Жануарлардың жүні, терісі, еті, сүті өте бағалы. Адам баласы ерте кезден бастап-ақ жабайы аң мен құстарды қолға үйреткен. Қолға үйретілген жануарлар мен құстар бүгінге дейін оларға қызмет етіп келеді. Сондықтан адамдар жануарлар экологиясын оқып-үйрене отырып, оларды қорғай да білуі тиіс.  Саналы адам бүгінгі күнге дейін жануарларды пайдаланумен бірге олардың кейбір түрлерінің жойылуына себепші болып отыр. Мысалы, Д.Фишердің мәліметі бойынша 1600-ші жылдан бері қарай сүтқоректілірдің 36, құстардың 94 түрінің жер бетінен біржола жойылып кетуіне адамдар тікелей әсер еткен. Олардың қатарына – дроит, кезеген кептер, қанатсыз гагарка, лабрадор гагасы, каролин тотысы, көзілдірікті суқұзғын, стеллер сусиыры, жүндес керік, тур, тарпан, көгілдір жылқыкиік, жүндес мүйізтұмсық, т.б. жатады.

Қазақстан жерінде де өткен ғасырларда жабайы бір өркешті түйелер, құлан, қабылан, тарпан, жабайы тур, арыстан, жолбарыс, керік, т.б. аңдардың тіршілік еткені белгілі. Тіптен, Іле тоғайынан жолбарыстың соңғысын 1947 ж. қазақ аңшысы атып алған. Бұдан шығатын қорытынды адамның іс-әрекетінің жануарлар үшін қаншалықты қауіпті екендігі белгілі. Шын мәнінде, қазақ жерінің кең даласында аң мен құстардың тіршілік етуіне қолайлы аймақтар көп-ақ. Сондықтан да болар біздің республикамызда сүтқоректілердің – 155, құстардың – 481, бауырымен жорғалаушылардың – 48, қосмекенділердің – 33, балықтардың – 140 түрі тіршілік етеді. Бұлар біздің байлығымыз. Барлығының да табиғат үшін, адам үшін маңызы зор.

Десек те, соңғы 100 жыл ішінде Қазақстнда жануарлар дүниесі саны мен сапасы жағынан көп өзгерістерге ұшырады. Оған тікелей әсер етіп отырған – антропогендік факторлар.

Қазақстанда біраз аң мен құстар біржола құрып кетудің аз алдында тұр. Олардың қатарына – қар барысы, құдыр, қызыл қасқыр, арқар, үстірт қойы, тауешкі, қабылан, дала мысығы, сілеусін, қарақұйрық, камшат, көк суыр, қоңыр аю, күзен, сусар, құндыз, қаракөл, сабаншы, т.б. жатады. Ал құстардан ұлар, дуадақ, безгелдек, саңырау құр, бұлдырық, аққу, дегелек, қоқиқаз, реликті шағала, сарыала қаз, шалшықшы т.б. атауға болады.

Қазақстанның інжу-маржаны атанған Балқаш, Алакөл, Зайсан, Марқакөл т.б. көлдері соңғы жылдары адамның іс-әрекетінен тартылып, көп өзгерістерге ұшырап отыр. Әсіресе кәсіптік балық аулау төмендеп кетті. Ал Каспий мен арал теңізінің экологиялық жағдайы өте нашар. Арал теңізінің деңгейі 17 м төмендеп отыр. Теңіздің тұздылығы көтеріліп, көптеген кәсіптік балықтар тіршілігін жойды.

Каспий теңізінің экологиялық жағдайы да ауыр. Әсіресе Каспий мұнайын игеру өскен сайын теңіздің балықтары мен құстар әлемі, итбалық сияқты сүтқоректілір зардап шегуде.

Республикамыздың үлкенді-кішілі өзендерінің экологиялық жайы сын көтермейді. Әсіресе Ертіс, Іле, Жайық, Шу, Талас, Тобыл, нұра, Есіл, Ақсу т.б. өзендер шаруашылық пен өндірістің қарқындап дамуына байланысты ластанып немесе сулары  тартыла бастады. Кейінгі жылдары өзен бойындағы тоғайлар мен жайылымдадың тозуы, өртке шалдығуы жиі байқалып, ол фауна мен флораға әсерін тигізіп отыр.

Адамның іс-әрекетінің жанурлар дүниесіне тікелей және жанама әсері. Жанурлар дүниесінің кейбір түрлерінің жер бетінен құрып кетуі ьір қарағанда табиғат заңдылығы. Өйткені эволюциялық даму барысында бір тү жоғалып, екінші түр пайда болып отырады. Бұл құбылыстар көбінесе климаттың өзгеруіне және басқа да табиғи факторларға байланысты.

Адам баласы жануарлар дүниесін өзінің материалдық игілігін жақсарту үшін міндетті түрде пайдаланған. Сондықтан аң мен құстарды аулап, нәтижесінде, олар жойылып отырған. Ал ауылшаруашылығының зиянкестерімен күресу жолында улы химиялық заттарды пайдаланып, кейбір организмдердің тіршілігін жойған.

Сол сияқты тірі организмдерді тікелей жоюдың ауыр түрі – мемлекетаралық соғыстар. Дүниежүзілік соғыстарда бүкіл тіршілік атаулыны жойып жіберетін қарулар қолданылды. Олар – атом бомбалары, соғыс ракеталары, жарылғыш заттар т.б.

Жануарлар дүниесін қорғау және қалпына келтіру жолдары. Жануарлар дүниесін қалпына келтірудің 4 негізгі шарты бар. Олар: аулауға тыйым салу, тіршілік ортасын бұзбау, қолдан көбейтуге бейімдеу, лабораториялық жағдайда гендік қорын сақтап қалу жұмыстары.

Жануарларды сақтап қалудың ең басты жолы – адам баласының саналы жауапкершілігі, экологиялық білімі және мәдениеті. Әрьір азамат ззін туған өлкесі мен оның байлығының иесі ретінде сезіне отырып, табиғат қорғау ережелерін қатаң сақтаған жағдайда болашақ ұрпақ алдындағы борышын ақтаған болар еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.3. Қазақстандағы ормандардың экологиясы

 

Қазақстан бойынша орман қоры аумағының алып жатқан жер көлемі 25,6 млн. гектар болып, республика жерінің 9,7 пайызын құрайды. 1989-2000 жылдардағы цифрларға жүгінсек, бұл аралықта жылына орта есеппен кем дегенде 647 орман өрті болып, әрбір өрттің зардап шектірген жерінің ауқымы 18,9 га болып келеді. 1997-2000 жылдар ішінде болған орман өрттерінен кем дегенде 300 мың га орман алқаптары бүлінді.

Бүгінгі күнге Қазақстан бойынша сексеуіл орман қорының көлемі 5,4 млн. га болып отыр. Кейінгі 10 жылда сексеуіл екпе ағаштарының жалпы ауданы 591,2 мың гектарға көбейді. Бұл негізінен сексеуіл ормандары аумағында ағашы кесілген жерлерде сексеуілдің табиғи ұрықтануына көмектесу шаралары мен табиғи өздігінен жетілу барысына тұрақты тексеру, бақылау жұмыстарын жолға қойғандықтан болса, ормандану дәрежесінің төмендеуіне жол бермеу мақсатында орман қоры жерлерінде сексеуіл тұқымдарын себу арқылы оның көлемін арттыру іске асады. Сексеуіл ормандырының молаюына Қазақстан Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі «Сексеуіл ормандарын сақтау туралы» қаулысы да әсер етуде, қаулы бойынша 1999-2000 жылдары сексеуіл ормандарын кесуге тыйым салынған. Және осы қаулыға сәйкес Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстарында орман орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

1997-1999 жылдардағы Семей өңірі мен Павлодар облысындағы болған орман өрттері салдарынан Ертіс жағасындағы қарағайлы ормандардың 230 мыңнан астам гектары құрып кетті.

Ғарыштық және жер беті зерттеулерінің нәтижелеріне жүгінсек, бұл ормандардың 40-50 пайызы өрттен, орман зиянкестері мен аурулары және заңсыз ағаш кесу салдарынан зиян шекті.

Оның үстіне кейінгі жылдары орманның санитарлық жағдайларын жақсарту және өртенген жерлерді тазалау мақсатында бұл аймақтарда өз бетінше ағаш дайындаушылар жұмылдырылған еді. Осының салдарынан заңсыз ағаш кесу көбейіп кетті. Ағаш дайындаушылар алаңсыз ағаш кесу үшін өртенген аймақ болып есептелсін деп әдейі өрт жіберу жағдайлары да кездесті. Ағашқа сұраныстың күрт көбеюіне тағы бір негізгі себеп Қытай мемлекетінде 20 жылға ағаш кесу жұмыстарының доғарылғаны да болып отыр.

Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті бұл аймақтарды ағаш кесудің барлық түрлеріне тыйым салды. Енді осы аймақтағы ағаштарды ерекше бағалы ормандар қатарына жатқызуға Үкімет қаулысы дайындалып жатыр, ол жағдайда орманды күзету ерекше режим бойынша жүргізіледі.

Оған қоса 2001-2005 жылдары Семей өңірі мен павлодар облысында толық түрде орналастыру жұмыстары жүргізіледі.

Жоғарыда атап өтілгендей, орман өрттерінің көбеюіне байланысты ағашты рұқсатсыз кесу де белең алуда.

Әсіресе жыңа жыл қарсаңында жаппай рұқсатсыз ағаш кесушілер саны көбейіп, соның салдарынан шырша, самырсын, қарағай түрлерінің жас ағаштары құрып барады. Қаражаттың тапшылығынан қосымша ағаш отырғызуға мүмкіндік жоқ кезде бұл ерекше кері әсерін тигізуде.

Қазақстан аз орманды елдер қатарына жататындықтан, әр ағаштың бағалы екендігі белгілі. Осы жағдайларды ескере отырып, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау  министрлігі тәжірибе ретінде бір жылға жаңа жыл шыршаларын дайындауға тыйым салды. Облыс әкімдерінің тапсырыстары бойынша жаппай жаңа жылдық шаралар өткізу үшін шыршалар министрліктің рұқсатымен ғана бөлінеді.

Орман шаруашылығы және еліміздің жалпы экологиялық ахуалын жақсартуға арналған шаралар мен жоспарлар көп жағдайларда барша халыққа жария етіле бермегендіктен, осы және алдағы жоспарланған кейбір жұмыстарды көпшілік біле бермейді.

Соңғы он жыл бойы өтпелі кезеңнің өзінде аталмыш комитет орман шаруашылығы салаларын ерекше биік сатыға көтере алмаса да қолдан келгенді аямай, барды сақтауға толық күшін салды.

Қазір ел экономикасының дамуы айтарлықтай дәрежеге көтерілуіне байланысты бұл жұмыстар болашақта өз кемеліне келіп, дұрыс жолға қойылуына күмән келтіруіне болмайды. Оған орман шаруашылығының мамандары, қызметкерлері бар білімін, ынта-жігерін, мүмкіншіліктерін жұмсайтын болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.4. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық мәселелерді шешу жолдары.

 

Экология қазіргі дәуірде  адамзатты толғандырып отырған аса маңызды проблемаға айналды. Табиғатты, қоршаған ортаны жою арқылы бүкіл қоғамды, тіршілікті жойып жіберуге болатынын көптеген елдер түсіне бастады. Біздің өмір сүріп отырған дәуірімізде техникалық құралмен қаруланған адамның жер шарын аз уақытта айналып өтуіде, құрта салуы да оп-оңай. Сондықтан әлем халықтары ел тағдырларын экологиямен байланыстырып, экологиялық апатқа қарсы тұруы қажет. Қазақстан табиғатының өлшеусіз байлығын игере отырып, бізді қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау да республикада шешуін күтіп тұрған мәселе. Сырт қарағанда, оңай көрінгенімен, бұл мәселені шешудің күрделілігін де түсінуге болады. Ол үшін адамның менталитетін, оның моральдық, этикалық дағдыларын өзгерту керек, табиғат пен адамның арасында жаңа көзқарас қалыптастыру қажет.

Табиғат компоненттері өзара үйлесіммен құралған. Оның даму жолының өзіндік заңдылығы бар. Қазіргі экологиялық дағдарыстың түпкі себебі осы заңдылықты білмеуде, түсінбеуде, оған жөнсіз араласуда жатыр. Осыдан табиғаттың зат және энергия алмасу жүйесі бұзылады. Сондықтан әрбір қоғам мүшесі табиғат құбылыстары заңдылықтарымен аздап болса да таныс болуы керек. Экологиялық сауатсыздықты жою – үкіметіміздің халық арасында жүргізетін негізгі міндетіне айналуға тиіс.

Бүгінгі таңда халыққа экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін мемлекеттік деңгейде кең көтерудің қажеттігі туындап отыр. Экологиялық білім беру дегеніміз – адамзат қауымының, қоғамның, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлесімділігін және оны тиімді пайдаланудың жолдарын халыққа түсіндіру.

Экологиялық білім берудің қазіргі заманғы ғылыми негіздері, оны жүзеге асыру проблемалары мен бағдарламалары, БҰҰ мен ЮНЕСКО мәжілістерінде (1968) қаралды. Одан соң Стокгольм (1970), Тбилиси (1972) қалаларында өткен халықаралық конференцияларда жалғасын тапты. Ал, Рио-де-Жанейрода (1992) өткен дүниежүзілік конференция экологиялық білім беру  мәселелерін қайта қарап, ондағы негізгі бағыттарды айқындап берді. Олар – биосфера тұрақтылығын сақтау үшін экологиялық ағарту жұмыстарының тұтас жүйесін құру, экологиялық білім беруді тұрақты жүзеге асыру және жұртшылық арасында экологиялық үгіт-насихатты күшейту. Экологиялық білім берудің нормалық-реттеуші құжаттары «Қоршаған ортаны қорғау туралы заңда» (1997), «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін сақтау концепциясында» (1997), «Қазақстан Республикасында экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясында» (1998), «Экологиялық білім бағдарламасында» (1999)қарастырылған.

Адамзаттың балалық шағы бітіп есею кезеңі басталды деген пікірмен келісу керек сияқты. Енді қазіргі бар табиғат қоры шеңберінде өмір сүруді үйрену және өндіріс көлемін ұлғайтуды шикізат ресурстары шығынының көлемін өсіру жолымен емес, аз қалдық беретін және қалдықсыз технологияға тезірек көшу, кен орны жынысы құрамындағы барлық компоненттерді комплексті түрде алу мен пайдалану, өндіріс қалдықтарын қайта пайдалану мен тұтыну, табиғи ортаны ластаудың алдын алатын қалдықсыз өндірістер мен технологияны енгізу,  энергия мен шикізаттың дәстүрлі түрлерін қазіргі заманғы және таусылмайтын көздермен ауыстыру негізінде жүргізу қажет. Экономика ғылымы «қоғам-өндіріс-табиғи орта» жүйесінің даму проблемалары бойынша зерттеу жұмыстарына басшылық ете отырып, мемлекеттің табиғи қорының үнеммен жұмсалуы және сақталынуы мәселелерімен түбегейлі түрде айналысуы керек. Экономика және экология бір түптен тарайтын сөздер, егер экономика принциптері экологияның принциптерімен қайшы келетін болса, демек қоғамда және адамдар санасында қарама-қайшылықтар бар деген сөз, олардан құтылу қажет.

Біздіңше техниканың өркениетті басты бағыт жасауда өте артық кетіп, адамзат болмысының басқа да маңыздылығы бұдан да кем емес жақтарын ұмытып кеттік. Табиғаттың үйлесімді үйлесімді құралған дүние екендігін және онда жүріп жатқан процестерге араласуға болмайтындығын түсінудің басым болуы дұрыс болар еді. Адамзат ақылы – табиғат дамуының шарықтар шыңы және ол табиғатпен ең жақсы қатынас орнату тәсілін табатын сияқты.

Қорыта келгенде, қазіргі экологиялық дағдарыстар мен тоқыраулардың түпкі тамыры адам баласының  табиғаттың қарапайым даму, зат және энергия алмасу заңдарын, оның теориялық негіздерін білмеуі. Яғни, экология ғылымының негіздерін оқып-үйренбеуі болса керек.

Сондықтан да, Елбасының Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының сара жолын көрсеткен «2030» бағдарламасында көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру, еліміздегі қалыптасқан экологиялық сауатсыздықты жою, болашағы жарқын елдің экологиялық санасы мен ойлау қабілеті жоғары мәдениетті ұрпақты тәрбиелеуді талап етуі осының айғағы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды:

 

Еліміздің табиғи-климаттық және географиялық жағдайы әртүрлі болғанымен, жеріміздің көбі шөл мен шөлейттен тұратыны белгілі. Бір сөзбен айтқанда, ел аумағының дені сазды, сулылығы, ылғалдылығы төмен аймаққа жатады. Ертіс өзені бар Солтүстік Шығыста су қоры барынша мол болса, оңтүстік батыста, оның ішінде Маңғыстауда ол мүлдем тапшы. Негізгі су көздеріне байланысты Қазақстанда өзен бассейндері бойынша «Балқаш-Алакөл», «Ертіс», «Есіл», «Нұра-Сарысу», «Шу-талас», «Арал-Сырдария», «Тобыл-Торғай» және «Орал-Каспий» деп сегіз аймаққа бөлеміз. Сонымен қатар елімізде 80 мыңнан астам ірілі-ұсақты өзендер, 48 мыңдай көл және 4 мыңға тарта су қоймасы бар. Ғалымдардың болжамы бойынша Солтүстік Тянь-Шань тауларындағы мәңгілік мұз қабаттары 1957 жылмен салыстырғанда 30 пайызға кеміген, ал 2025 жылға қарай ол 50 пайызға дейін азаймақшы. Мұнай ғаламдық жылынудың соңы Орталық Азияда су арналарының суалып, құрғақшылыққа, жер бетінің деградацияға әкеп соғады. Қазақстанда су қорлары жөнінде жүйелі түрде бағдарлама жасалған емес. Ал еліміздің аграрлы индустриялы мемлекет екенін ескерсек (елдегі судың 76,5 %-ы)  ауыл шаруашылығына тиесілі. Осы айтылған мәселеге байланысты үкімет Қазақстандағы су шаруашылығының арнайы тұжырымдамасын жасап, осы салаға бірқатар реформа жүргізуі керек. Жер бетінің тозуына, яғни шөлдену  процесінің өріс алуына, сонымен қатар антропогендік жағдайлар да тікелей әсер етуде. Өнеркәсіп орындарының, газ-мұнай құбырларының салынуы табиғат кешендерінің жойылуына әкеп соғуда. Қазақ даласында қазіргі таңда 30 млрд. ғана қалдық жатыр. Оның 6,7 млрд улы, 5 млрд тау-кен өндірісінің үйінділері. Олардың қатары Ақтөбеде хром, Павлодарда титан қалдықтарымен сонау Кеңес өкіметі кезінен бастап жыл сайын көбейіп келеді. Маңғыстаудың Қошқарата жасанды көліндегі Уран қалдығы 300 млн тоннаға, Ақмола облысындағы радиоактивті қалдық 45 млн тоннаға жетсе, «Теңізшевройлдың» жанындағы күкірт үйіндісі де биіктеп барады. Ал Екібастұз көмір кенінің ішінен пайдасыз деп шығарылған қоқыстың биіктігі 630 метрді, аумағы 60 шақырымды алып жатыр. Статистика мәліметтері бойынша, бүгінде елімізде жиналып қалған қалдықтардың 10 %-ы ғана қайта өңделсе, 90%-ы сол күйінде жатыр.

Ғылыми-техникалық прогрестің (ҒТП) дамуы – табиғи ресурстар қорының азаюы мен қатар олардың тозуы, ластануы, экологиялық жағдайдың шиеленісуімен қатар жүруде. Дамудың жаңа сатысы: ҒТП негізіндегі  жоғары технологияға  ауысу, табиғатты пайдаланудың жаңа стратегиясының қалыптасуы арқылы жүзеге асады. Оның өзі өз кезегінде мемлекеттік және қоғамдық экологиялық саясатты қалыптастырады.

Қоршаған ортының ластануы адам баласының тіршілік ортасын сапасыздандырып, бүкіл қоғамның қалыпты дамуына кері әсерін тигізуде. Бүкіл дүние жүзі қоғамдастықтарымен қатар Қазақстандықтар да қалыпты салт-тұрмыс экологиялық жағдайларға қарай тұрақсыздық, алаңдаушылық күйге түсуде. Сондықтан елдегі экологиялық жағдайлар экономика тәуелсіздігіне де әсерін тигізуде.

Экологиялық жағдайлардың нашарлай түсуі Қазақстан жағдайында бұрын-соңды болмаған жаңа  проблемалар тудыруда. Олар – ауа, су, топырақ, ресурстары мен өсімдік пен жануарлар әлеміндегі соңғы жылдардағы өзгерістер.

Антропогендік қысымдар табиғат ресурстарының барлық түріне тікелей және жанама әсер ете отырып кейбір жағдайда қайтымсыз экологиялық апаттар әкелуде. Мәселен, Қазақстан Республикасының біршама жерінің (180 млн. га 60%) шөлге айналуы бүкіл мемлекеттік проблемалар тудырып отыр. Сол сияқты республиканың барлық жерінің 30 млн. га көлемін өнеркәсіп, көліктік қатынас жолдары, елді мекендер, т.б. нысандар алып жатыр.

          Солтүстік Қазақстан бойынша құнарлы жерлердің 25-30% жарамсызданса, Батыс Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсібінің өнімдерімен ластану 100 мың га жерді, техногенді ластану 2,5 млн. га жайылымдардың деградацияға ұшырауы 3 млн. га жерді қамтып отыр.

          Ал, Каспий теңізінің 268 млн. га жағалауы су астында қалып мұнай өнімдерімен ластану одан әрі етек алуда.

          Күрделі экологиялық шиеленістер Орталық Қазақстанды да қамтуда. Онда – техногендік, өндірістік ластану, топырақтың құнарсыздануы, жайылымдардың тозуы, металдармен ластануы, радиактивті және ракета-космос қалдықтарымен (Бетпақдала) ластану жоғары деңгейге жетуде.

Оңтүстік Қазақстандағы экологиялық жағдайлар Арал өңіріне тән Әмудария мен Сырдария бассейнінің 2 млн. га жерін шөлге айналдырады. Сорға, тақырға айналған жерлер мен Арал табанындағы тұздар экожүйелерді қайтымсыз бүлдіруде. Осы өңірдегі қара сексеуіл орындарының  300 млн. га құрып кетуі өкінішті жағдай.

          Шу-Мойынқұм, Балқаш-Алакөл аймақтарының да экологиясы мәз емес. Әсіресе, Қапшағай, тасөткел су қоймаларының салынуы, суды көп қажет ететін күріш, т.б. техникалық дақылдарының өсірілуі елеулі суармалы жерлердің тозуына әкеліп соқты. Әсіресе, Іле өзені суының 10-15 % Қытай республикасының бұрын алуы бұл өңірде қауіпті жағдайлар туғызуы әбден мүмкін.

          Шығыс Қазақстан жағдайында да экологиялық проблемалар жеткілікті. Түрлі-түсті металлургия, вольфрам, уран, қорғасын, мырыш өнеркәсіптері елді мекендер мен қала тұрғындарына ажал оттарын тұтатуда.

          Әлемдік климаттың өзгеруі – Қазақстанның барлық ауыл шаруашылығына орасан зор нұсқан келуде. Агроценоздардың өзгеруі топырақты құнарсыздандырып, ауыл шаруашылық өнімдері өнімін кемітіп  отыр. Жыл сайын егістіктерден 2,5 млн. т қоректік элементтер қайтымсыз жоғалуда. Ол үшін жыл сайын 1,8 млн. т фосфор, 1,1 млн. т азот, 0,4 т калий тыңайтқыштары берілуі тиіс болса, ол көрсеткіш 60-70 %  кеміген. Қазірдің өзінде Қазақстанның қара топырағының 22,5 % қарашірігі қайтымсыз жоғалды.

          1949-1996 жылдар аралығында Қазақстан жерінде 503 ядролық қару сыналды. Ол 20 млн. га жердің тоз-тозын шығарып, тіршіліксіз экожүйелерге айналды. Соның нәтижесінде, 3,4 млн. адам тұратын елді мекендер қамтылды, олар әлі зардап шегіп отыр.

          Қазақстанда қазіргі кезде 20 млн. т қатты радиактивті қалдықтар жинақталған. Мамандардың зерттеуі бойынша Қазақстанда тұратын 2,6 млн. адам мутагенез ауруына шалдығып отырғаны анықталды. Егерде соңғы келісімдер бойынша шетелдердің радиактивті қалдықтарын біздің жерімізде сақтауға рұқсат етсек не боламыз? Бұған ешбір жол беруге болмайды!!!

          Қазақстандағы жоғарыда қысқаша тоқтаған экологиялық жағдайлар туралы ақпараттар жайлы мәліметтер көпшілікке жетпейді. Тіпті, полигондар қамтып отырған аймақтардың тұрғындары өзінің ауруының неден болғаны туралы хабарсыз. Оның өзі «адам құқығын» бұзғандық және үкіметіміздің жариялылық – демократиялықмемлекетті құрудағы ағаттықтар деп білу керек.

          Табиғаттағы өзгерістерге байланысты болжамдар. Кез келген архитектуралық, шаруашылық обьектілерін, ірі өндіріс орындарын салуда жобалау кезінде олардың экологиялық шығынның бағасын есептеумен қатар, табиғат кешендеріне тигізетін әсерін ескеру қажет. Бұл ретте бірнеше назарда олардың жергілікті тұрғын халқының денсаулығына тигізетін зардабы болуы тиіс.

          Экологиялық жағдайлардың бәріне талдау жасау. Олардың зардабынан сақтану, шаралар қолдану, қоғамдық пікір туғызу үшін көпшіліктің білімі мен тәрбиесін, мәдениетін көтеру керек. Ол үшін Елбасының қолдау көрсетіп отырған экологиялық саясатын яғни, көпшілікке үздіксіз экологиялық білім беруді жүйелі түрде іске асыру керек. Барлық оқу орындары жүйесінде экологиялық білім мен тәрбие беруді саяси әлеуметтік деңгейге көтере отырып болашақ ұрпақтарды тәрбиелеуде аға ұрпақтың өнегелік парызын өтеуді ұмытпауымыз керек.

          Осы бағытта Абай атындағы Қазақтың ұлттық педагогикалық университетінде біраз жұмыстар атқарылуды. Университетте Одақта бірінші болып география-экология факультеті ашылды. Алғаш рет республикамызда эколог мамандар дайындалды. Қазіргі кезде жүздеген маман-экологтар орта және жоғары оқу орындарында  экологиялық білім беруде.

          Елбасының қолдауымен 1999 жылы «Экологиялық білім бағдарламасы» қабылданса, 2004 жылдары «Экологиялық кодекс» т.б. құжаттар қабылданбақ. Мектептер үшін экологиялық білім беру бағдарламасы, оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді. Мұның бәрі Қазақстандағы «2030» тұрақты даму бағдарламасын орындау бағытындағы орындалып жатқан игі істер болса керек.

          Қазақстандағы өндіріс орындарына байланысты туындаған экологиялық проблемалар көп жағдайда алдын-ала ескерілмеген себептерге негізделген. Қарағандыдағы, Шымкенттегі, Жамбылдағы, Алматыдағы т.б. қалалардағы кейбір зауыттардың табиғатқа теріс әсерлері соған дәлел. Бұл орайда атом станцияларын жобалау негізінде олардың қауіпсіздік жағын жан-жақты есептеу қажет.

          Шаруашылыққа байланысты болжаулардың қажеттілігі ірі су алаптарының (Арал теңізі, Балқаш көлі) тартылуы, климаттың өзгеруі, техникалық фактор негізінде топырақ, жер беті қабаттарының бүлініп, бұзылуы, биік таулардағы (Іле, Жоңғар Алатаулары) мұздықтарымен байланысты жағдайлар, апатты құбылыстар, мемлекет аралық өзендерді(Ертіс,Іле) пайдалану жағдайы, т,б, әлемдік мәселелерді шешуге айқын көрініс болады.  Мемлекет аралық өзендерді пайдалану мәселесі бойынша түрлі ұсыныстар мен болжаулар халықаралық, мемлекет аралық деңгейде есептеліп, ескерілуі қажет.

          Шаруашылық  әрекеттерінің қоршаған табиғи ортада зиянды әсерін болғызбауға арналған алдын-ала жасалатын болжамдар жан-жақты ғылыми бағытталған  барлық қабылданатын заңдардан көрініс алуы тиіс. Осы экологиялық болжамның ең негізгі мақсаты қоғамды құрушы адамға экологияның тигізетін әсерін анықтап одан айықтыру жолдарын табу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Чигаркин А.В., Таланов Е.А., Достай Ж.Д., Павличенко Л.М.

«Зонирования территории Казахстана по интенсивности проявлений    опустынивания на основе статистических эколого-экономических данных». «Хабаршы» геогр. Сериясы №1 Алматы

    «Әль-Фараби атындағы Қаз ҰУ-і»

  1. Под. Ред. А.А. Смаилова «Қазақстан 1991-2001 годы».

    Информационно-аналитический сборник: Алматы. Агентство РК  по   

    статистике.

  1. Бейсенова Ә. «Экология және табиғатты тиімді пайдалану»

     Атамекен. 2006ж. 12 ақпан

  1. Бүгінгі Қазақстанның экологиялық проблемалары. Экокурьер. 2006 ж. 1 наурыз
  2. Ақбалова А.Ж., Сайнова Г.Ә. «Экология оқу құралы» — Алматы «Бастау» 2003 ж.
  3. Остановить пустыню «Борьба с опустыниваниям в РК». Экокурьер 2005 г. 10 июня.
  4. Е. Жамалбеков, Р. Білдебаева «Топырақ және топырақ географиясы мен экологиясы». Оқу құралы Алматы: 2004 ж.
  5. Бейсенова Ә.С., Самақова А.Б., Есполов Т.И., Шілдебаев Ж.Б. «Экология және табиғатты тиімді пайдалану», оқулық – Алматы: 2004 ж.
  6. Биғанов А., Жамалбеков Е., Білдебаева Р. «Қазақстанның топырағы және оның экологиясы». Алматы 1995 ж.
  7. Бейсенова Ә.С., Ж.Б.Шілдебаев, Г.З. Сауытбекова. «Экология», оқулық – Алматы: 2001 ж.
  8. Асқарова Ұ.Б. «Экология және қоршаған ортаны қорғау» оқу құралы. Алматы 2004 ж.
  9. Төлегенұлы Ш. «Қазақстандағы жер асты сулары». Заман Қазақстан. 3 қазан 1991 ж.
  10. В.М.Чупахин. «Физическая география Казахстана» Алматы мектеп. 1968 г.
  11. Г.М. Жаналиева, Г.И. Будникова, Е.И. Веселев «Физическая география Республики Казахстан»
  12. Бейсенова Ә.С. «Исследования природы Казахстана» Алма-Ата 1979 г.
  13. Под. Ред. В.А.Ковды, Б.Г. Розанова М. Выс шк. 1988 г. «Почвоведения»
  14. А.А. Роде, В.И.Смирнов учеб. М. Выс шк. 1982 г. «Почвоведения»
  15. В.В. Добровольский. М. Просвещение. 1976 г. «География почв с основами почвоведение»
  16. Ж. Достайұлы «Жалпы гидрология» 1996 ж. Алматы
  17. Ж. Достайұлы «Табиғат суларын ластанудан және сарқылудан сақтау». Алматы 1993 ж.
  18. Омаров С. «Қазақстанның өзендері мен көлдері» Алматы 1975 ж.
  19. «Экология и экономика» Алматы, қаржы, қаражат, 1997 ж.
  20. Бейсенова Ә.С. «Экология», Алматы 2001 ж.
  21. П.А. Кузнецов «Экология и будущее» изд. МГУ. 1988 г.
  22. Глазовская М.А. «Общая почвоведения и география почв», учебник. М. Высшая школа. 1989 г.
  23. Бродский, А.Константинович «Жалпы экологияның қысқаша курсы», Алматы ғылым 1998 ж.
  24. Т.Қалыбеков «Экология және ашық кен», Алматы Қазақстан. 1988 ж.
  25. Ж. Шілдебаев «Қызықты экология», Алматы. Ы.Алтынсарин

 2000 ж.

  1. Ковшаров А.Ф. «Заповедники Казахстана» Алматы 1989 г.
  2. Мырзабеков Ж.М. «Особо охраняемые природные территории Казахстана: экология, биоразнообразие и перспективы развития их сети» Алматы 1980 г.
  3. Чигаркин А.В. «Памятники природы Казахстана» Алматы 1980 г.
  4. Чигаркин А.В. «Геоэкология и охрана природы Казахстана» Алматы 2003 г.