АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазақстанда олимпиада ізбасарларын дайындау жүйесінің дамуы, 2015 — 61

 

«Қазақстанда олимпиада ізбасарларын дайындау жүйесінің дамуы»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

5В010800— мамандығы – Дене шынықтыру және спорт

 МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………….. 7

 

1     ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ………………………….. 11

1.1 Хельсинкиден Барселоноға дейін…………………………………………………………. 11

1.2 Ақ Олимпиада асуларында Қазақстан спортшылары…………………………….. 18

 

2     ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН СПОРТШЫЛАРЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДА……………………………………………………………………………….. 24

2.1 Атлантадағы алғашқы сын…………………………………………………………………… 24

2.2  Сидней сайыпқырандары……………………………………………………………………… 37

2.3 Алмас қылыш қап түбінде жатпайды……………………………………………………. 46

2.4 Бейжіңдегі байрақты бәсеке…………………………………………………………………. 51

2.5 Олимпиада ойындарындағы қазақстандық спортшылардың                    

       кемшіліктері………………………………………………………………………………………… 65

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………….. 72

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………………………….. 73

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеудің өзектілігі. Адамзат дамуының алғашқы белестерінде, аң аулау мен соғыстар сәттерінде кімнің күштірек, жылдамырақ екендігі кімнің алтын медаль, кімнің күміс медаль алатынын емес, кімнің өлетінін, кімнің тірі қалатынын айқындайтын. Бара-бара адамдар өз бойына табиғат-ана дарытқан қуаттың кәдулігі тіршілік етуден артылатынын, өзінен-өзі ойнап, секіріп жататын басқа да жан-жануарлар сияқты сол энергияның уақытылы сыртқа шығып тұруы қажет екенін пайымдай бастаған. Ағылшын филосфтары Г.Спенсер мен Ф. Шиллер мұны ойын теориясы деп анықтаған болатын. Сол теория бойынша спор тіршілік иелерінің зат алмасуындағы сақтыандырушы клапан міндетін атқарады. Солай десек, адам артық қуатты өзінен-өзі ойнап, секіріп жүріп-ақ неге сыртқа шығара бермейді? Адамдар неге жарыс алаңына барады, неге алысып-жұлысады? Өйткені, бәсекелестік-биологияның басты белгілерінің бірі. Ең жоғарғы деңгейдегі биологиялық түр ретінде адамның бойына бәсекелестік қанымен бірге құйылған. Қай индивидумның күштірек, жылдамырақ, шыдамдырақ екенін анықтау міндеті бүгінгі заманғы спорттың ережелері қалыптасуы былай тұрсын, ежелгі Олимпия ойындары ұйымдастырылмай жатып-ақ алға қойылған. Ежегі гректердің ақылдылығы адам бойындағы артық қуатты жұмсаудың жаңа жолын жүйелеп бергендігімен танылады. Ал олардың даналығы адамдар бір-бірімен қалайда бәсекелеспей тұра алмайтынын, жеке адамдардың бәсекесі әрі барғанда төбелеске ұлласа, елдердің, халықтардың бәсекесі соғысқа ұласатынын білгендігінен, халықаралық жарыстар ұйымдастыру арқылы адамдардың, мемлекеттердің бойындағы бәсекелестік қуатын басқа бағытқа бұруға болатындығын елден ерте түсінгендігінен білінеді. Міне, сондай мақсатпен біздің заманымызға дейінгі 884 жылы ежелгі Эллада елінің мемлекеттері-Элида мен Спартаның әміршілері Ифит пен Ликургтың арасында Зевс құдайының құрметіне жалпыгректік спорт мерекесін өткізу жөнінде келісім жасалған. Ол заманда грек мемлекеттері бір-бірін бітпейтін де қоймайтын соғыстарда титықтатып тұрған. Элида патшасы Ифит билігі қолына жаңа тиген елін қанқасап қырғыннан қалай сақтап қалудың жолын ойлап, Дельфидегі қадірменді абыздан ақыл сұрай барады. “Құдайлардың көңілінен шығатындай ойын ұйымдастыр!” дейді әлгі абыз. Әрі ойлап, бері ойлап келгенде осы Олимпия ойындарының идеясы туындайды. Жарыстың өтетін орны Элида жеріндегі Олимпия қаласы болып белгіленеді. Гректер Танталдың ұлы ер Пелопстың денесі осы Олимп тауына жерленген деп сенеді. Ежелгі Элладаның бас құдайы Зевстің осы тауда мекен еткені өз алдына. Оның үстіне Олимпия елдің кіндік тұсына орналасқан, қай қаладан да жарысқа жиналатындарда жедел жете алады. Сол тұстағы алғашқы ойындардың ең керемет қасиеті-Олимпия қаласында жарыс жүріп жатқан кезде бүкіл Эллада жеріндегі соғыс атаулы тоқтатылып, қасиетті бейбітшілік күндері жарияланатын. Бір-бірін атарға оғы жоқ болып жүрген қалалардың спортшылары Олимп етегінде бейбіт сайысқа түсіп жататын.

Зерттелу деңгейі. Алғашқы Олимпиялық ойындар жөнінде деректер онша көп емес. Әуелде жарыстардың тек жүгіруден өткені мәлім. Біздің дәуірімізге дейінгі 708 жылдан кейін ғана жүгіруге күрес пен бессайыс қосылған екен. Ал б.д.д. 688 жылғы ХХІІІ-ші Олимпия ойындарында спорт түрлерін жұдырықтасып төбелесу толықтырыпты. Олимпиада жеңімпаздары сол заманда-ақ ерекше құрметке бөленгенін, айрықша мадақталғанын олардың мүсіндері қалаларға орнатылғанынан, бейнелері шақа ақшаға соғылғанын аңғаруға болады. Олимпия ойындары әу бастан-ақ төрт жылда бір ұйымдастырылып тұрған. Б.д.д. 540-516 жылдар аралығында Кротон қаласынан шыққан Милон атты атлеттің жеті бірдей Олимпиадаға қатысып, алтауында жеңіске жеткені тарихтан мәлім. Олимпия ойындары кезінде жиналған жұртшылықтың алдында тарихшы Геродот, ақын Лукиан, шешен Демосфен, филосф Сократ, математик Пифагор секілді тұлғалардың сөз сөйлегені де белгілі. Сонымен, Эллада жерінде Олимпиа алауы қанша рет жанған дейсіз ғой? 292 рет! Иә, бұл ойындар үздіксіз 1168 жыл бойы жалғасып келіпті. Не деген биік мәдениет! Эллада Рим меншігіне өткеннен соң да Олимпия ойындары бірнеше ғасыр бойы өткізіле берген. Өкінішке қарай, Ойындардың түбіне діни фанатизм жеткен: біздің дәуіріміздегі 394 жылы Рим императоы Феодосий Ι бұл дәстүрден діни сипат табады да, Олимпиадаға тыйым салады. Оның ізбасары Феодосий IΙ 426 жылы тіпті қаланы өртеуге пәрмен етеді. Рим империясы құлағаннан кейін, VI ғасырда Олимпия ойындарын еске салып тұратын ғимараттар мен мүсіндерді күшті жер сілкінісі жермен жексен етеді. Жылдар өте береді. Бірінен соң бірі жылжып жеткен ғасырлар адамзат жанында Олимпия ойындарын да бірте-бірте жоя береді.

Олимпия ойындары қалай жаңғырған? Оны жаңғыртқан-археология. 1829 жылы Олимпия қаласының орнында қазба жұмыстарын жүргізген археологтар, бүгінгі тілмен айтқанда, тұтас спорт кешенін табады. Сөйтсе, қаладағы стадионның үлкендігі сондай, оған 50мың адам сыйып кетеді екен. Стадия деген ұзындық өлшемі (192,27метр) сол стадионның ұзындығынан шыққан екен. Атжарыс өтетін алып гипподром, күрес өтетін гимнасий өз алдына бөлек…

Ал енді ежелгі эллиндер еліндегі аңызға айналған сол жарысты қазіргі заманғы олимпиалық қозғалысқа айналдырған азаматқа келейік. Оның аты-жөні бүгінде баршаға мәлім: Пьер де Куертен есімі әлем тарихына Олимпия ойындарын адамзатқа қайта сыйлаған адам ретінде енген. Париж университетінің салтанат залында 1892 жылдың 25-ші қарашасында жұртшылық үшін оқыған сол дәрісін француз бароны “Олимпия ренесансы” деп атаған. “Спортты интернационалды ету керек, Олимпия ойындарын жаңғырту керек! Біз-өркениет мұрагерлеріміз!” деген сөздер сол күні айтылған. Бір жақсысы, барон де Кубертен, өзі Сорбоннаның филасофия факультетін бітіргені, өзі тарихпен, педагогикамен, соның ішінде дене тәрбиесі мәселелерімен айналысқаны, өзі бокспен, сайыспен, ескек есумен, ат спортымен шұғылданғаны аздай, ағып тұрған шешен кісі еді. Француздың әйгілі әулеттерінің өкілі ауқатты да адам болатын, көп елді, көп жерді көрген, ежелгі Олимпия қазба жұмыстарымен де танысқан. Осындай қасиеттерінің арқасында Кубертен айналдырған екі жылдың ішінде өзінің ежелгі Олимпия ойындарын өмірге қайта оралту жөніндегі идеясын жақтайтын көптеген саясаткерлерді, қоғам қайраткерлерін әлемнің талай елінен тауып, маңайына топтастырып үлгерді. Ақыры, 1894 жылы Парижде Пьер де Кубертеннің шақыруымен он екі ел өкілдері қатысқан халықаралық конгресс өтіп, онда төрт жылда бір рет Олимпия ойындарын ұйымдастырып тұру жөнінде шешім қабылданады. Кубертеннің өзі Халықаралық Олимпия комитетінің бас хатшысы болып сайланады. Олимпия алауын Олимп тауындағы Зевс храмының жанында, күн сәулесінен қыздырып барып тұтату идеясын да, Олимпия символы етіп бес құрлықтың бірлігін білдіретін бес шығыршықты бекітуді де ұсынған осы барон. Ал енді Ойындарды жаңғыртуды қай жылы бастау керек? Оның да реті әдемі келе кеткен: 1896 жылы Ежелгі Элладада Олимпия ойындары адамзатқа бейбіт бәсекенің жолын салып берген Афина қаласында сол 1896 жылы өткізілген. Оған 13 елдің спортшылары қатысқан. Жарыс спорттың 9 турі: грек-рим күресі, велисопед, гимнастика, жеңіл атлетика, суға жүзу, нысана көздеу, теннис, ауыр аттлетика және сайыс бойынша ұйымдастырылған. Алғашқы Олимпия чемпионы-Гарвард университетінің студенті Джеймс Коннолли. Оның үш дүркін секіруден 13 метр 71 сантиметрлік көрсеткіші-тұңғыш олимпиялық рекод. Бірінші Олимпиадада марафон жарысы жеңіл атлеттиканың жаңа түрі ретінде бағдарламаға енгізілді. Грек-парсы соғысы кезінде Мильтиадбасқарған грек қолының парсы патшасы Дарийдің әскерін аз күшпен жеңгені, сол хабарды Афинаға жеткізу жас жауынгер Фидипидке тапсырылғаны,оның аптап ыстықта өліп-өшіп қалаға жүгіре кірген бетте: “Біз жеңдік!” деуге ғана шамасы келіп, жантәсілім еткені бізге мектеп оқулықтарынан мәлім. Майдан даласы 42 шақырым 195 метр болып шыққаны, сол кейін марафондық қашықтық ретінде бекітілгені де белгілі.

Халықаралық Олимпиада комитеті өткізетін қысқы спорт түрлерінің кешенді жарыстар төрт жылда бір рет болатын Олимпиада ойындары болып табылады. 1994 жылдан бастап, ХVΙΙ қысқы Олимпиада ойындары өткізіліп келеді. Алғашқыда бірнеше спорт түрлері Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді:конькиймен мәнерлеп сырғанау (1908 және 1920 жыл), шайбалы хоккий (1920жыл).

Қысқы Олимпиада ойындары жүйелі түрде өткізіліп тұратындығы Прагада өткен Халықаралық Олимпиада комитетінің 1925-ші сессиясында бекітілді. Дүниежүзілік қысқы спорттың жемісті жетістіктерінің нәтижесінде Халықаралық Олимпиада комитеті 1924 жылы Францияның Шамони қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындары алғаш өткізілді. Қысқы Олимпиада ойындарының тарихы осы Олимпиада ойындарымен тікелей байланысты.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Келешек ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастыру барысында Олимпиадалық ойындардың ерекшелгктерімен, дүбірлі додалардағы қазақстандық спортшылардың көрсеткен өнері мен жетістіктерін насихаттау.

Жұмыстың тапсырмалары:

-Денсаулықты нығайту және слауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша

білім беру;

-Түн қатып, түстері қашқан ұлан-асыр дүниежүзілік бәйгеде арғымақтай аттай атой салған КСРО құрамындағы спортшыларымыз бен бәсеке барысында елдердің бір-бірімен бейбіт қатынастарының дамығандығын өскелең ұрпаққа дәріптеу;

-Ғасырдан-ғасырға жалғасын тауып келе жатқан Олимпиада ойындарының ерекшеліктерімен таныстыру;

-Қысқы Олимпиада ойындарының тарихын, қазақстандық спортшылардың ақ Олимпиада асуларындағы жетістіктерін жеткізу;

-Егемендік алғаннан кейінгі ерліктері елге мұра, ұрпаққа ұран болған спортшылардың ерліктері жайында мағұлмат беру және де жасөспірімдердің спорт пен дене тәрбиесіне деген қызығушылығын арттыру;

-Тәуелсіз Қазақстан спортшыларының жетістіктері мен кемшіліктерін айқындау және де қай бағытта жұмыс жүргізудің бағдарын белгілеуге мүмкіншілік тудыру;

Зерттелу объектісі. Бағдарлама жалпы адамзат дамуының алғашқы белестерінен-ақ адам денсаулығының нығайуы мен дамуын, соғыстардан әбден титықтаған елдердің бір-бірімен бейбіт қарым-қатынастарының арқасында өткізілетін осынау байрақты бәсекелердегі қазақстандық спортшылардың жеңістерімен жеңілістері, олардың биік тұғырға көтерілгендігіне дейінгі жетістіктерін айқындауды қарастырады.

Әрбір елде төрт жылда бір рет өткізілетін Олимпиада ойындарының мақсаты, бұл дәстүрлі ойындардың ерекшеліктері мен есімдері алтын әріптермен жазылатын қазақстандық алыптардың ерлігі баяндалады.

Сонымен қатар Олимпиада ойындарының тарихы, оның спорт және дене тәрбиесі жүйесіндегі алатын орны, егемендік алғаннан кейінгі әрбір Олимпиадалық ойындардың бағыты мен еліміздің абройы асқақтаған кезеңдер туралы негізгі мағлұматтар хабарланады.

Зерттеу жұмысының құрлымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қосымша, қортынды және де пайдаланылған әдебиттерден тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1  ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

1.1 Хельсинкиден Барселоноға дейін

 

Елдің де, ердің де атын шығаратын бұл әлемдік дрежедегі спорттық жарыстар екені белгілі. Олимпиада ойындарына қатысып, топ жару, артыңда көк туын желбіретіп тұрған дүйім жұрттың тілегін орындау, ердің ерінің ғана қолынан келетін ерлік. Мұндай ерлік жасау үшін адамның бойында қайрат, намыс, жігер, табандылық пен қайсар мінез болмаса, Олимпиадада үлкен жеңіске жол жоқ. Қазақ елінің намысын қорғап, еліміздің атынан алғашқылардың бірі болып, 1952 жылы Финляндияның Хельсинки қаласында өткен Олимпиада ойындарында жеңіл атлет Владимир Сухарев өнер көрсетті. Жеңіл атлетикадан КСРО — ның спорт шебері қазақ спортының тәрбиеленушсі болып табылады.

В.Сухарев Хельсинки Олимпиадасында 4 х 100 метрлік эстафета ойынында 22 команда ішінен екінші орынға тұрақтап, Хельсинкидегі ХV-ші Олимпиадада күміс медель алған болатын. Онда төрт спортшы Б. Токарев, Л. Каляев, Л. Санадзе, В. Сухарев қатысты. [ 1]

Ал 1956 жылы Авсралияның Мельбурн қаласында өткен ХVΙ жазғы ойындарға Қазақстан сапынан жалғыз Евгений Семенұлы Кадяйкин қатысты. Жеңіл атлет 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде 9 минут, 9,6 секунд нәтижесімен 9 орынға тұрақтады. Е. Кадяйкиннен бөлек Мельбурнда Анатолий Самоцветовте балға лақтыру спортында сынға түсті. Сонымен қатар Геннадий Николаев 4х200 метрлік эстафеталық жүзуде ХVΙ жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Еңбек сіңірген спорт шебері 4х200 метрлік эстафеталық жүзуде өнер көрсетеді. Алматылық алыптың 200 метр қашықтыққа жүзуде Еуропаның алты дүркін рекордын жаңартқаны белгілі. Ал 200 метр қашықтыққа жүзуде КСРО – ның екі рет рекордын орнатып, өз есімін спорт тарихына алтын әріптермен жазатындай етіп қалдырды. Сондай – ақ түбі қазақстандық спортшы Владимир Сухаревте бәсекеде бақ сынады. 4х100 метрлік эстафеталық жүгіруде он сегіз команда ішінен екінші орыннан көрінді. Команда құрамында Л. Бартынев, Б. Токараев, Ю. Коновалов, В. Сухарев сынды спорт саңлақтары болды. ХVΙ жазғы Олимпиада ойындарында Г. Николаев, А. Самоцветов қола жүлдегелер атанды.

ХVΙΙ жазғы ойындар 1960 жылы Италия астанасында өтіп, Қазақстан оған жеңіл атлет Василий Егорұлы Савинковты қосты. Батыс Қазақстан өңірінің тумасы В. Савинков алдын – ала іріктеу жарысында төртінші орыннан көрінді. 800 метрлік қашықтыққа жүгірген В. Савинковтың көрсеткіші – 1 минут, 51, 4 секунд. Алайда, қазаққа бәрібір Рим Олимпиадасының орны бөлек. Осынау дүбірлі сында КСРО туы астында өнер көрсеткен жалғыз қазақ Ғұсман Қосанов 100 метрге эстафедалық жүгіруде Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. КСРО және Молдава, Украина елдерінің бірнеше дүркін жеңімпазы. КСРО рекордын төрт рет жаңартып үлгерген Ғұсман Сейттықұлы КСРО – ның «Ерен еңбегі үшін» орденімен марапатталған. Сонау Италия төрінде Ғұсман Қосановпен бірге 4х100 метрлік эстафеталық жүгіруде Л. Бартынев, Ю. Коновалов, Э. Озомен сынды спортшылар бақ сынап қанжығасына күміс медаль байлады.

1964 жылы Токиода өткен ХVΙΙΙ жазғы ойындарға Ғұсман желаяқ інісі Әмин Тұяқовты да ілестіре кетті. Маңғыстау облысының Таушық ауылында туған жеңіл атлет Әмин Тұяқов ХVΙΙΙ жазғы ойында 4 х 100метр қашықтыққа жүгіруде сынға түсіп, командалық есепте КСРО жеңіл атлеттері бесінші орында місе тұтуға мәжбүр болды. [ 2 ]

Дүниеге қазақ атын сан мәрте шығарып әйгілеген даңқты спортшы, ұлттың маңдайына біткен сирек саңлақ Әмин Тұяқов сегіз дүркін КСРО чемпионы, Еуропа Кубогының иегері Һәм күміс жүлдегері, ондаған халықаралық бәсекенің, КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы, он төрт мәрте КСРО Қарулы күштерінің чемпионы, одақ рекордын алты мәрте жаңартқан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. [ 3 ]

Токио Олимпиадасы Қазақстанға алғашқы алтын сыйлаумен де есте қалған Олимпиада. Күншығыс елінде грек – рим күресінен сынға түскен Анатолий Косановта қарсылас шыдатпады. Қазіргі бессайыс спортында Виктор Александрұлы Минеев өнер көрсетті. Әзірбайжан жеріне қоныс тепкен Қазақстандық спортшы Алматы қаласында туған. Олимпиада ойындарының жеңімпазы И. Новиков, А. Мокеев, В. Менеев командалық сынақта – 14961 ұпай жинас, жекелеген сында Виктор бесінші орынға 4894 ұпаймен тұрақтады. Бұдан бөлек КСРО – ның сегіз дүркін чемпионы болған әйгілі ЦСКА құрамасының ойыншысы баскетболшы Алачачян Арменак Мисакұлы Египет елінде туғанымен, 1955 жылы Мәскеуден Қазақстанға қоныс тепкен. Қазақстандық баскетболшы бұл ойында жемісті өнер көрсетіп, күміс медельді еншіленді. Сондай – ақ спорттық гимнастикадан Шымкент қаласының түлегі Юрий Яковльұлы Цапенкода күміс жүлдені қанжығасына байлап, ел абыройын асқақтатты.

1968 жылы Мехикода өткен ХΙХ жазғы ойындарға Қазақстан алты спортшы аттандырып, олар туған елге үш алтын, бір күміс медальмен оралды. Атап айтқанда, волейболшылар Валерий Кравченков, Олег Антропов, Нина Смолеева Олимпиадада алтынан алқа тағынса, грек – рим күресінен аса жеңіл салмақта сынға түскен Василий Бакумен қарсыласына финалда ғана есе жіберді. Ал Кравченко Валерий Иванұлына келер болсақ, 1966 жылы әлем чемпионы болған. Сондай – ақ 1967 жылы және де 1971 жылы Еуропа чемпионы атанды. В. Кравченко бірнеше рет әлемдегі ең үздік тосқауыл қоюшы және шабуылдаушы ретінде танылған. Сонымен қатар көптеген елдердің ең үздік жиырма төрт волейболшылары қатарынан он бір рет орын алған сайыпқыран, Олимпиада ойындарының еңүздік ойыншысы ретінде бүкіл әлемге танылған. Ал Антропов Олег Петрұлы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері әлемнің әйгілі жиырма төрт волейболшыларының қатарынан алты рет көрінді. ХΙХ жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы негізінен шабуылдаушы ретінде аса танымал. Ер жігіттермен қатар қыздарымызда биіктен көріне бастады. Солардың бірі Смолеева Нина Николайқызы 1967 жылы спорт шебері атанды. Ал 1968 жылы еңбегі сіңген спорт шебері болды. Н. Смолеева әлемдік волейболдың ең үздік шабуылдаушыларының бірі болды.

1972 жылы Мюнхендегі ХХ жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан тоғыз атлет барып, бір алтын, үш күміс, үш қола медаль жеңіп алды. Қазақстандық грек – рим күресінің шебері Резанцев Валерий Григорьұлы 1966 жылы спорт шебері болса, 1969 жылы Халықаралық дәрежедегі спорт шебері болады. Ал 1970 жылы еңбек сіңірген спорт шебері атанып, Мюнхендегі Олимпиадада алтын алып, қазақ елінің абройын асқақтатты. Резанцев ізбасары Назеренко Анатолий Иванұлы КСРО чемпионатына тоғыз рет қатысып, ХХ-шы жазғы Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Қазақ елінің намысын ту етіп, қорғап, әлем елдерінің алдында алдынғы қатардан көріне білген жеңіл атлет Солдатенко Вениамин Василийұлы күміс медаль алып, алыптар арасынан көріне білді. Спорттық жүгіруден еңбегі сіңген бұл сайыпқыран 1972 жылы 5 км қашықтыққа спорттық жүгіруде әлем рекордшысы болып танылды. Суға жүзуші Авоимов Виктор Андрейұлы да бұл ойында екінші орыннан табыла білді. К. Василенко мен Л. Лазариди баптаған Виктор Еуропа рекордын бірнеше рет жаңартқан және де бәсекелестеріне бой бермеген спортшы күміс медальді қоржынына салды. В. Абоимов тағы бір қашықтықта қола жүлде иеленді. Семсерлесуші Валетов Игор Анатолийұлы мен волейболшы Кровченко Валерий Иванұлы елімізге қола медаль әкелді.

Канаданың Монреаль қаласында өткен ХХΙ-ші жазғы Олимпиада ойындары Қазақстандықтар үшін аспаннан алтын жауған Олимпиада болды. Монреальға ат басын тіреген 11 отандасымыз 7 алтын медаль, 2 күміс медальді қоржынға салды. Монреаль Олимпиадасы Шымкенттік гимнаст Нелли Кимнің Олимпиадасы болды десе де жарасады. Даңқты жерлесіміз командалық біріншілікте қол тіреп секіруде және еркін жаттығуда алдына жан салған жоқ. Көпсайыс қортындысы мен жекелей біріншілікте Нелли қыз екінші орыннан табылды. Сонымен, бір лимпиадада Шымкенттік спортшы үш алтын, екі күміс медаль жеңіп алды. Шымкент мектебінің түлегі Мәскеу Олимпиадасында да чемпион атанды. Нелли Кимнен бөлек, КСРО чемпионатына тоғыз рет қатысып биік белестерден көрініп жүрген грек – рим күресінің нағыз шебері Былов Анатолий Михайлұлы. Тағы бір алтын медаль олжалаған Резанцев Валерий Григорьұлы. Бұл спортшы «Гиннестің рекордтар кітабына» енді. Себебі 1970 жылы және 1976 жылдар аралығында грек – рим күресіне сайысқа түскендердің ішінен еш бір сайыста жеңілмеген. Үміт күткен спортшыларымыз қатарынан өз дәрежесінде өнерін көрсетіп, қоржынға алтн салған ауыр атлет Зайцев Юрий Константинұлы Ю. Зайцев елдің құрама командасында 1973 жылдан бері өнер көрсете бастады. 1976 жылы 395 келі көтеріп КСРО чемпионы атанды. Ал 19 жазғы Олимпиадада 385 келіні көтеріп алтыннан алқа тақты. Ю. Зайцев әлем рекордын 3 рет, КСРО рекордын 4 рет орнатты. Сонымен қатар баскетболшы қыз Надежда Шуваева да алтын медаль иеленді. Ал еркін күрестен күміс алған Иванов Александр Николайұлы күреспен 1966 жылдан бастап айналыса бастаған. КСРО чемпионатына он рет қатысқан. [ 4 ]

Тарих беттерінде алтын әріптермен жазылатын, Олимпиада ойындарының бірі 1980 жылы Мәскеуде өткен ХХΙΙ – жазғы Олимпиада болып табылады. Мәскеу төрінде талантты спортшыларымыз өнер көрсетіп әлемді мойындатып қайтқан болатын. Спорттық бәсекеге жиырма Қазақстандық спортшылар аттанып, олардың алтауы алтын, үшеуі күміс, жетеуі қола медаль жеңіп алған еді. Грек — рим күресінің шеберлері бұл жолы да Қазақстан мектебінің даңқын айдай әлемге таныта білді. 48 және 57 келі салмақ дәрежелерінде сынға түскен Жақсылық Үшкемпіров пен Шәміл Серіковке Мәскеуде тең келер палуан табылмады. Қажымұқан ізбасарлары намысқа тырысып, абыройды асқақтатты. Грек – рим күресінің майталманы Жақсылық Үшкемпіров Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Тегістік ауылында туған. Табиғатынан талантты, бәсекелестеріне бой бермеген Жақсылық Үшкемпіров 1973, 1974, 1976, 1977, 1978, 1979 жылдардағы КСРО –ның алты дүркін жүлдегері, 1975 – 1980 жылдардағы КСРО – ның екі дүркін чемпионы. Кілемге алғаш аяқ басқаннан бастап санағанда, Жақсылық Үшкемпіров айналасы үш жылдың ішінде КСРО құрама командасының мүшесі болып үлгерген еді. Грек – рим күресінің ең әдемі әдістерінің көбін әлем көз тіккен жарыстарға алып шыққан біздің елдің балуандары еді. Күрес шеберлігін жоғары дәрежеде меңгерген балуандарымызды сол кезде –ақ әлем мықтылары мойындаған болатын. Сондай балуандардың бірі Серіков Шәміл Керімұлы еді. Шәмілдің алғашқы екпіні Кеңес Одағының 57 келі салмақтағы небір ақырған арыстан жүректі балуандарын ығыстырып тастады. Олимпиада чемпионы Виталий Константинов, Еуропа чемпионы Владимр Погудин, КСРО чемпионы В. Пивоваров дегендер Шәміл келгенде кілемде еріксіз тастап шықты емес пе. 1979 жылы Мексикада өткен әлем чемпионатында Юзеф Липенді келістіріп жеңген болатын. Атақты Италян балуаны әлем чемпионы Паскуала Пассарелиді финалда 29,9 есебімен ұтқанда, дүниежүзінің білікті мамандары жағаларын ұстап, таңданған. Шәміл Олимпиаданың тұңғыш чемпионы болмаса да, грек – рим күресінде қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы. 1978 жылы КСРО чемпионатымен әлем чемпионатын қатар жеңіп шықты. 1979 жылы Халықаралық турнирде әлем чемпионаты мен Еуропа чемпионатында жеке дара шықты. Дүниежүзінің бапкерлері мен балуандарының Шәмілдің өнеріне таңдай қағып сүйінгені сол кез 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының чемпионы болды. [ 5 ]

Барлық жетістіктері КСРО рекордты болып табылатын зіл темірші, Қарағанды облысы Шахталы өлкесінің бір туар азаматы Мазин Виктор алтыннан алқа тағынды. 1980 жылдардағы Әлем чемпионы, 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасының чемпионы жартылай жеңіл салмақ санатында әлем рекордын алты рет жаңартқан. Алтын олжалаған алыптарымыздың қатарын тағы бір аруымыз, баскетболшы Ольхова Надежда Александр қызы толықтырды. Жастайынан баскетбол өнерінің қыр – сырын меңгерген Н. Ольхова 1975 жылы Сеулде өткен әлем чемпионаты жеңімпазы. Сондай – ақ 1973 жылы Москвада, 1977 жылы Софияда, 1979 жылы Мехикода өткен дүниежүзілік универсиада чемпионы. Н. Тунда, В. Моршинин, Ш. Юмашев баптаған бойжеткен бүкіл КСРО мақтанышына айналған. Ватерпашы Сергей Котенкода өз әріптестерімен бірге жеңіс тұғырынан көріне білді. 1974 жылы Қарағанды қаласында ешкімге белгісіз, әлем жұртшылығына танылмаған жас жігіт Муравьев Владимир Павелұлы спорттың жеңіл атлетика түрімен шұғылдана бастады. Ол елдегі жастар құрама командасы құрамына 1977 жылы қабылданып, онда екі жыл аянбай тер төкті. Көп еңбектің нәтижесінде 1979 жылы ересектер командасында өнер көрсете бастады. КСРО – ның он дүркін жеңімпазы, Еуропаның үш рет чемпионы болған. Әлем жұртшылығын өз өнерімен тәнті еткен спортшының ең үздік көрсеткіші 100 метрге жүгіруде 10,44 есебін көрсеткендігі. Канаданың Монреаль қаласында өткен ХХІ– жазғы Олимпиада да күміс медальді қанағат тұтты. Былғары қолғап шеберлерімен 60 және 63,5 келі салмақ дәрежелерінде сынға түскен Виктор Демьянко мен Серік Қонақбаев та күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл орайда Виктор Демьяненкоға обал болғанын айта кетейік. Себебі, гонг соғылуға небәрі, 13 секунд қалғанда «Демьяненконың қабағы жарылды» деп төрешілер жекпе – жекті тоқтатты. Ал, бұл жекпе — жекте В. Демьяненко жеңіп жатқан болатын. Ал Қонақбаев Серік Керімбекұлы Павлодар қаласының түлегі. 1978 жылы спорт шебері атанған. Серік Қонақбаев 1979-1981 жылдардағы Еуропа чемпионы. (1964 – 1969 жылдары бокстан, 1965-1968 жылдары қазақша күрестен Республика чемпионы) 1979 – 1980 жылдардағы КСРО жеңімпазы. Я. Полуса атындағы «Алтын белбеудің» 2 дүркін жеңімпазы. АҚШ пен КСРО құрама командалары арасындағы кездесудің 6 рет жеңімпазы атанған. 1978 жылғы Болгариядағы, 1979 жылғы Югаславиядағы Халықаралық турнир жеңімпазы.

Сонымен қатар, жеңіл етлет Татьяна Лесовая қола медальді еншіленді. 1979 жылы КСРО жеңімпазы, 1979 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Татьяна жетістіктеріде жаман емес еді.

Көгалдағы хокей шеберлерінің де қанжығасы майланды. Олар: Минулла Азизов, Зигангиров Фарид және Олег Загороднев. Бұлардың қатарынан Мясников Александр Иванұлы да көрінді. Александр еліміздің жастар құрама командасында өнер көрсетті. 1978 – 1979 жылдардағы КСРО жеңімпазы қола жүлдені жеңіп алды. Қолаға қол жеткізгендердің бірі, көгалдағы хоккейдің қас шебері Ничепуренко Михаил Иванұлы ел құрамасында 1979 жылдан бастап ойнады. 1979 жылы КСРО жеңімпазы. Осы құрама команда да өнер көрсеткен тағы бір хоккейші, көгалдағы хоккейде еңбегі сіңген спортшы қола жүлде иегері Гончаров Александр Сергейұлы. [ 4 ]

Ал 1984 жылы Америка Құрама Штатының Лос – Анджелесть қаласында өткен ХХΙΙΙ– жазғы Олимпиадаға КСРО бастаған Социалистік елдер лагері байкот жариялап бармай қойды. Есесіне 1988 жылы Сеулде өткен ХХΙV– жазғы Олимпиада ойындарына 27 Қазақстандық спортшылар қатысып, 10 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды.

Баскетболшы Тихоненко Валерий Александрұлы бұл Олимпиадаға дейін КСРО жеңімпазы болған. Сондай – ақ 1981 жылы Грециядағы Еуропа чемпионатының жеңімпазы. 1987 жылы Еуропаның күміс медальін олжалаған. 1985 жылғы Әлем чемпионатының жеңімпазы Валерий Сеул Олимпиадасында алтыннан алқа тағылды. Еліміз үкілеп аттандырған спортшылар арасында волейбол ойынының қыр – сырын меңгерген нағыз шеберлерде бар еді. Олардың бірі Кировошеева Ольга Юрийқызы. Ольга волейболмен 1971 жылдан бастап шұғылданады. ДЮСШ жаттықтырушысы Е.Лавнина қолында жаттығады. 1979 жылы КСРО чемпионатына оны жаттықтырушылары Ж. Махмутов, Н. Щербакова дайындады. Келешегінен зор үміт күттіретін Ольга КСРО құрама командасының құрамында 1985 жылдан бастап ойнады. 1984 жылы КСРО чемпионы болды және де Еуропаның екі дүркін жеңімпазы атанды. Екінші волейболшы қыз Е. Овчиннинкова. Алтын арқалаған алыптар қатарында Люкин Валерий Викторұлы ХХΙV– жазғы Олимпиада ойындарында екі алтын, екі күміс медальді қанжығасына байлады. Ақтөбе қаласында туып өскен Валерий КСРО – ның және Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы. Еуропа чемпионатының көп сайыс, еркін жаттығулар, атты, шығыршықта және бөренеде жатығуларын орындауда бес рет жеңімпаз атанды. Аянбай тер төккен гимнастшы 1987 жылы Роттердамда өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы. Сеул Олимпиадасында команда құрамында екі алтын медальға қол жеткізсе, өзі жекелей өнер көрсетуде екі күміс медальді қоржынына салды. Мұндай майталманның жаттықтырушысы КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Э. Яров болды. Әйгілі В. Уфимцев баптаған Новиков Владимир Яковльұлы Қазақстанның және КСРО-ның бірнеше дүркін жеңімпазы. 1985 жылы Германияның Карлсруэ қаласында өткен Еуропа чемпионатында кермелі аспапта өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды. Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері. Әлем чемпионаты алдымен 1987 жылы Роттердамда, 1989 жылы Штуттгартта өтті. Владимир Сеул Олимпиадасында да аянып қалмады. Алтын олжалап, таланттылар көтерілген тұғырдан көріне білді. ХХΙV– жазғы Олимпиада ойындарда өзге спорт түрлерінен бақ сынауға барған саңлақтарымызда жүлдеден шет қалмады. Бүкіл әлем жұртшылығының назарына іліккен, қабілеті мен таланты ұштасқан жүйріктер арасынан оза шауып, алңғашқылардың бірі болып алтын алғандардың қатарында Муравьев Владимир Павлұлы да бар. А. Иванов пен А. Корнелюк баптаған Владимир бәйге атындай суырылыпалға шыққаны әлі күнге дейін ел есінде. Владимирдің ізінше Савин Виталий Анатолийұлы да алтын жүлдеге қол жеткізді. Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласында туған Виталий 1988 жылы КСРО жеңімпазы. 1992 жылы 100 метр қашықтықта жүгіріп ТМД – да жүлделі орындардан көрінді. Сонымен қатар 1992 жылы Жапонияның Хиросимо қаласында өткен ХΙΙ – жазғы Азия ойындарында 100 метр қашықтыққа жүгіріп күміс медальға қол жеткізді. 1992 жылы Италия қаласы Генуяда өткен Еуропа чемпионатының жеңімпазы. Ол мұндай жемісті нәтижелерін Сеул Олимпиадасында да қайталады. Дүбірлі дода алтын медаль алған Қазақстандықтар санын толықтырған ауыр атлетшіміз Храпатый Анатолий Михайлұлы болды. Анатолий Ақмола облысы, Атбасар қаласында туған. Алғашқы бапкері А. Сидров баптаған зілтемірші 1984 жылы КСРО жеңімпазы болған. Сеулдегі сында Храпатый болгар атлеті Асен Златаевтан қауіптенген еді. Бірақ жарыс кезінде күш беретін дәрілердің ішкені үшін бірнеше болгар ауыр атлеттерінің нәтижелері есепке алынбай, оларға енді мұндай жағдай қайталанса, бүкіл команда екі жыл бойы ешқандай жарысқа жіберілмейді деп ескрту жасалды. Осысыған байланысты жеңіл салмақты атлеттердің бәсекесінен кейін болгар штангашылары жарысқа шыққан жоқ. Сондықтан осы жолы Асен Златаев пен Храпатыйдың бәсекесі болмай қалды. Қос сайыста 412,5 килограмм салмақ көтеріп, жаңа Олимпиадалық рекорд жасаған Анатолий Храпатый чемпиондық тұғырға көтерілді. Жүлделі орындарға ие болған біздің Наиль Мухамедьяров пен поляк Славомир Завадаоның ғажайып көрсеткіштеріне маңайлай алмай қалды. Қазақ даласының перзенті тұла бойы тұнған күш, сол далада жаны дарқан орыстың арда жігіті ауыр атлетика тарихына осылай өзіндік үлес қосты. Жамбыл облысы Қаратау қаласының тумасы Яровенко Евгений Василийұлы сол қанатағы қорғаушы . 1975 жылы Қаратауда балалар командасында алғаш рет ойнай бастайды. КСРО чемпионатында 173 кездесу өткізіп, 14 допты қақпаға дәл соқты. КСРО – дағы ең үздік 33 футболшы тізімінен орын алған Евгений есімі Олимпиада да алтын алған алыптар есімімен қатар жазылады.

Ал, грек – рим күресінің майталманы Дәулет Болатұлы Тұрлыхановтың жеңіп тұрған алтынын төрешілер айырбастап жіберді. Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өткен төрт жылда бір келетін спорт мерекесіне қатысқан Дәулет финалға дейін қарсылас шақ келтірмеді. Оңынан келгенін оңға, солынан келгенін солға лақтырып келген Семейдің топырағынан қуат алып өскен қазақ батырына ақтық сында татами иесі Ким Ен Нам жолығып қалған еді. Алайда бұл жекпе – жекте Тұрлыханов өзінің қарсыласын айқын басымдылықпен жеңгенімен, төрешілер ұпай санын корейлік боксшының еншісіне көбірек жазып, нәтижесінде, маңдай терімен тапқан алтынна қағылған ол күміске қанағат білдірді.

1992 жылы КСРО чемпионатында (Университет) командасының құрамында ойнаған Герлиц Ирина Яковлқызы ХХΙV – жазғы Олимпиада ойындарында қола жүлдені қоржынына салды. Ирина Сеул Олимпиадасына дейін 1987 жылы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 1980жылы Мәскеуде өткен жазғы Олимпиада ойындарында алтын алған ватерполшы Сергей Котенко бұл Олимпиадада қола медаль алды.Былғары қолғап шеберлері арасынан шыққан Мирошниченко Александр Викторұлы Сеулде өткен дүбірлі сайыста қола медаль олжалады. Қостанай қаласының ыраны бокспен 1979 жылдан бастап айналыса бастады. В. Никулин Александрды бәйге атындай баптады. Қабілеті мол Мирошниченко 1986 жылы, 1988 жылы, 1989 жылы КСРО жеңімпазы болды. Ал, ХХΙV– жазғы Олимпиада ойындарында алтын тұғырдан көріне білді. Қоланы қанағат тұтқандар арасында бағанадан суға секіруге мамандандырылған Егоров Григорий Александрұлы Алматы қаласының түлегі. Григорий 1988 жылы және 1990 жылғы КСРО жеңімпазы. 1988 жылғы Сеул Олимпиадасының қола жүлдегері. Б. Вишняков, А. Рыщенко баптаған Константин Петровта төрткүл дүниені тамсандырып Сеулде үшінші орынға табан тіреді. Константин дүбірлі додаға дейін бүкілодақтық оқушылар спартакиадасында 1981 жылы жеңімпаз болса, 1982 жылы бүкілодақтық жастар ойынының жеңімпазы болды. 1983 жылы, 1987 жылы КСРО чемпионатының жүлдегері атанды. 1984 – 1985 жылдардағы КСРО Кубогының жүлдегері. 1986 жылы КСРО халықтар спартакиадасының қола жүлдесін алған. 1987 жылы КСРО мен Германия кездесуінің жеңімпазы. 1987 жылы Еуропа чемпионы және рекордты жаңартушы. 1987 жылы Еуропа Кубогын жеңіп алған.

1992 жылы Барселонода өткен XXV – жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстандықтар жүлделі орындардан көріне білді. 1992 жылы Испания қаласы Барселонада өткен дүбірлі додаға ТМД елдері бірігіп қатысқандықтан, бұл ойындардың қорытындысы 15 елдің еншісіне жалпы түрде жазылып кеткендігі рас. Әйтпесе, сол Олимпиада да қазақстанның спортшылар екі қола, екі күміс және бір алын медальға қол жеткізген еді. Жалпы, Олимпиада ойындарында спортшыларымыздың қалай өнер көрсетуі көп жағдайда делегацияның бастап барған ту көтерушіге тікелей қатысты. Мәселен, оның ұрандары, жігерлі сөздері өзге спортшыларды да қанаттандырып, жеңіске бастар жолды ашып береді. Сондай – ақ, туды сеніммен қабылдап алған спортшының өзі де дода да барын салуын тиіс.

Барселонадағы ХХV– жазғы Олимпиада ойындарында ту көтеруші яғни Қазақстандық делегацияны Католония төріне бастап барған Дәулет Болатұлы Тұрлыханов болды. Дәулет жартылай финалға дейін жетіп, ақтық сынға бір қадам қалғанда сүрінген ол қола медальға қол жеткізді. В. Тарасов, К. Миловидов, Е. Ильющенко секілді бапкерлер бәсекеге қосқан Герлиц Ирина Яковльқызы Барселона Олимпиадасында алтын олжалады. Баскетболшы Ирина Сеул Олимпиадасында қола жүлде алғандар қатарында болған еді. Қарағанды облысы Теміртау қаласының түлегі Меньшова Татьяна Николайқызы күміс жүлдені олжалады. Волейболшы қыз АДК командасының құүрамында ойнады. 1987 жылы және 1991 жылдардағы КСРО чемпионатының күміс жүлдегері. Ал күміс алғандардың Чебукина Елена Василийқызы АДК шеберлер командасына 1982 жылы келген. КСРО чемпинатына Еленаны жаттықтырушы Н. Щербакова дайындаған. 1984 жылы еліміздің құрама командасының мүшесі. Шабуылдаушы Елена 1988 жылғы Сеул Олимпиадасының чемпионы, 1992 жылғы Барселонадағы XXV – жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. [ 6 ]

 

 

1.2 Ақ Олимпиада асуларында Қазақстан спортшылары

 

Егер қысқы Олимпиада ойындарының тарихына көз жүгіртсек, бұл сайыстарда Қазақстанның көптеген саңылақ спортшыларының сайраған іздері жатқанын аңғару қиын емес. Осыдан 46 жыл бұрын республикамыздың алғашқы түлегі Олимпиада додасында бақ сынады. 1956 жылы Италияның Кортина д ‘ Ампеццо қаласында өткен ойындарда алматылық Александра Артеменко тау шаңғысы бойынша өнер көсеткен еді. Содан кейінгі Олимпиадаларда конькиші Юрий Малышев, Александр Керченко, шаңғышы Иван Гаранин қатысты. Бірақ сол саңылақтарымыздың бір де біреуі жүлделі орынға іліге алған жоқ. Қазақстан халқы Олимпиаданың алғашқы медальін табаны күректей жиырма жыл күтті.

1976 жылы Австрияның Инсбурск қаласында жерлестеріміз тұңғыш рет жүлегерлер қатарынан көріне білді. Атақты Иван Гаранин шаңғышылардың 30 шақырымдық сайысында қола медальді жеңіп алды. Қазақ елінің абройы алғаш рет Инсбурск қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарында асқақтады. Бүкіл әлем жұртшылығының назарын аударған дүбірлі додада Қазақ елінің спортшылары КСРО құрамында өнер көрсетсе де, айбынды спортшыларымыздың ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Кейінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай ерліктер мұнымен ғана шектеліп қоймады. Бұдан кейін іле-шала ол КСРО құрамасының сапында 4х10 шақырымдық эстафетада тағы да қола жүлдені қанжығасына байлады. Сондай-ақ, осы күндері хоккейден Қазақстанның ұлттық құрамасы мен Өскеменнің “Торпедо” клубын баптап жүрген жаттықтырушы Борис Александров аталмыш ойындарда алтын медальді омырауына тақты. Міне, осылайша Инсбурск Олимпиадасы керемет өнер көрсетуімен ерекшеленеді.

1980 жылғы Олимпиадаға отандастарымыз қатысқан жоқ. Ал араға төрт жыл салып Сараевода алауы тұтанған жарыста күш сынасқан төрт бірдей спортшымыздың ешқайысысы да нәтижелі өнер көрсете алмады. Бүгіндері ел мақтанышына айналып отырған Владимир Смирнов Сараевода төртінші орынмен шектелген еді. Олкезде сүрлеу саясаттың салдарынан қаншама айды аспанға шығарар спортшыларымыздың тамырына балта шабылып, балуандарымыз жарыс жолдарынан шеттетілгені баршамызға белгілі. Алайда мұндай кедергілер қазақ спортының дамуына кедергі бола алмады. Жас өрендеріміз талпынып, одан да биік нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылды.

1988 жылы Калгариде Владимир Смирнов қос күміс медальді олжаласа, Владимир Сахнов бір рет күміс жүлдені қанжығасына байлады. Төрткүл дүниені тамсандырған осы бәсекеде еліміздің мерейі үстем болғаны анық.

Кеңес Одағы тарап, ТМД құрамасының сапында жарыс жолына шыққан Қазақстан спортшылары Альбервилдегі ойындардан құр алақан оралды. Есесіне 1994 жылы жеке мемлекет ретінде тұңғыш рет қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан жерлестеріміз ғаламат көрсеткіштерге қол жеткізіп, жеңіс тұғырларынан көріне білді. Мұның алдынғы қысқы Олимпиада ойынында еңсеміз түсіп, есеміз кетіп оралған болатынбыз. Өзінің таң қаларлық жеңістерімен бүкіл әлем жұртшылығын мойындатқан Владимир бұл жолы да аянып қалмады. Владимир Смирнов 50 шақырымдық қашықтықта алтын медальді қанжығасына байлап, 10 және 15 шақырымда екі рет екінші орынды иеленді. Алыптар қатарынан көрінген Владимир биікті бағындырып, өз есімін тарих беттеріне алтын әріптермен жазып қалдырды.

Араға төрт жыл салып, Наганода әйгілі спортшыларымыздың бірі Смирнов 30 шақырымдық қашықтықта үшінші орын алды. Дәл осындай көрсеткішке конькиші қыз Людмила Прокашева да қол жеткізді.

Ал, Солт-Лейк-Ситиге 51 спортшыны атандырған еліміз үкілеп қосқан қырандарымыздан үлкен үміт күткен еді. Алыптар айқасқа түсетін осынау бәсекеге еліміздің намысын қорғауға 20 хоккейші, 13 шаңғышы, 8 конькиші, 4 трамплиннен секіруші және де екі-екіден фристайл, биатлон, тау шаңғысы секілді спорт түрлерінен сайыпқырандарымыз аттанған еді. Жалпы спортшыларымыздың арасында жас жағынын ең ересегі шаңғышы Андрей Невзоров. Ол 36 жаста. Сондай-ақ, ардагер спортшылар қатарына жастары отыздан асқан Людмила Прокашева, Любовь Вафина, Юлия Соловьева, Дмитрий Пантов, Елена Антонова, Павел Рябининді жатқызуға болады. [ 7]

Жерлестеріміздің арасындағы ең жас хоккейші Екатерина Мальцева. Ол 17-ге де толған жоқ еді. Оның командалық әріптестері – Любовь Алексеева, Ольга Конышева және де Антонина Асанова 16 жаста болатын.

Солт-Лейк-Ситидегі 55 мың көрермен сиятын “Rice Ecceles” стадионында өткен Ақ Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстанның көк байрағын конькиші Радик Бикчентаев ұстап шықты.

Жалпы спорттық сайысқа қатысатын әрбір саңлақ мәреге шыққанда “қапы қалам-ау” деген ойды серпіп тастап,қайтсе де намысты қолдан бермеу үшін шығатыны анық. Қазақ мұндайда “Бақ шаба ма,әлдебап шаба ма?” деп тегін айтпаса керек.

Тәжірибенің жеткіліксіздігі ме, әлде сәтсіздік байланысты ма, әйтеуір қазақстандықтар біз болжағандай көрсеткіштер көрсете алмады.

“Медальалады-ау” деп үміт артқан Людмила Прокашева 3000 метрлік қашықтықты он алтыншы болып аяқтады. Алайда Людмиланың қысқы Олимпиада ойындарындағы жетістіктерін ескерсек, конькиші қызға артар өкпеміз жоқ. Ал, 1500 метрге жүгірген Сергей Цыбенконың көрсеткіші де сол деңгейлес. Әйелдер арасындағы эстафеталық жарыста 11 орынды місе тұтсақ, шаңғымен тұғырдан секірудің командалық жарысында 13-ші сатыдан көріндік. Осылардың барлығы Әлем Кубогында және сондай дәрежедегі жарыстарда, чемпионаттарда кемінде 5-6 орынға қол жеткізген спортшылар болатын, бірақ олар жеңіс үшін ақтық күштерін сарқа жұмсамаған секілді.

Осы орайда, он шақырымға жүгірген павлодарлық шаңғышы Андрей Головко туралы жылы лебіз білдіруге болады. Ол аталған қашықтықты он бірінші болып аяқтаса, эстафеталық жарыста көптеген Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін артқа тастап өз кезегінде үшінші келді. Бірақ оның командалас әріптестері бұл табысты одан әрі өрбіте алмады. Ал, бұдан шығарар қортынды-елімізде талантты спортшылар бар, тек соларды дер кезінде анықтап, жұмыс істеу. Яғни, баптау жағы бізде кемшін түсіп отыр.

Үкілі үміт таққан хоккейші қыздарымыздың ойын өрнегінде тактикалық және техникалық кемшіліктер көзге ұрынып тұрды. Канада, Швеция, Ресей елдерінің құрбыларымен кездесулерін былай қойғанда, 1999 жылғы Азия ойындарында Қытай командасынан 0:3есебімен ойсырай ұтылған қыздарымыз, сол қарсыластарымен негізгі уақытты тең аяқтап, қосымша кезеңде бір шайба жіберіп ұтылуы әрине, өкінішті. Бірақ құрылғанына небәрі үш жыл болған хоккейші қыздарымыз үшін осының өзі де жаман нәтежие емес. Қазақстанның командасы осы Олимпиададағы өзінің ең жақсы нәтежиесіне қол жеткізді. Бірақ оның өзі де көңіл көншітерлік емес. Шаңғыдан әйелдердің 4х5 шақырымдық эстафетасында жерлестеріміз мәре сызығын 51,52,2 секундта қиып өтіп, жарыс қортындысы бойынша 11-ші орынды иеленді. Бас жүлденің иегері Германия құрамасының уақыты 49.30,6 секунд. Екінші және үшінші орында Норвегия мен Швейцария еншіледі.

Қазақстан шаңғышылары арасынан Андрей Невзоров 13-ші орын алса, Андрей Головко мәреге 23-ші болып жетті.

Қазақстан командасының ең “қарт”мүшесі Андрей Невзоров үшін бұл үшінші Олимпиада. Осындай дүбірлі жарыстарда ол жүлдегерлер санатынан көріне алмағанымен, құрлықтық бәсекелерде талай мәрте алдына жан салмады. Республика көлеміндегі біріншіліктерде Невзоров әйгілі Владимир Смирновтан кейінгі екінші нөмірлі шаңғышы ретінде танылады. 1998 жылы Жапониядағы ойындарда Борис Александров бастаған ерлер құрамасы айды аспанға шығарып, бесінші орын алған еді. Биылғы Олимпиадада Александр Мальцев тізгінін ұстаған қыздар командасы жанкештілік танытса, медальдің де сыңғыры естіліп қалар деп күткеніміз де рас.

Шаңғышылар жарысында да несібесіз болмауға тиіс едік. 4х5 эстафетасында Қазақстанның әйелдер құрамасы биылғы жылы өткен әлем кубогы үшін бәсекелерде екі мәрте бесінші орынды олжалаған еді. Алайда біздің спортшыларымызға әлі де көп еңбектену керек екен.

Шынында да, бұл біздер үшін есеміз кеткен, еңсемізді түсірген Олимпиада болды. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғалы бері бірде-бір рет жерлестерін осылай жерге қаратқан жоқ еді. Жазғы Олимпиадаларда жұлдызымыз қалай жарқырағанын төрткүл дүние көрді. Қысқы ойындарда тек Альбервильде ғана жүлдесіз оралдық. Бірақ Қазақстан ол кезде ТМД-ның туы астында өнер көрсетті және де жүлдеге қолымыз жетпегенімен жанкештілік танытып, жер бетінде осындай рухы биік, намысқой ел бар екенін көпшіліктің көзіне жеткізе алдық. Алайда бұл Олимпиадада спортшыларымыз көрнекті ойын көрсете алмады.

Ал, Туринен қоржынымыз бос қайтқалы баршамызға белгілі. Өзге спорт түрлері бойынша жүлде алмақ тұрмақ, алғашқы ондыққа енудің өзі қиынға соқты. [ 8 ]

Ванкуверде жалауын көтерген ХХΙ қысқы Олимпия ойындарына әлемнің түкпір-түкпірінен алыптар айқасқа түсті. Канаданың аталған дүбірлі доданың өту мүмкіндігін қанжығасына байлаған осынау қаласында алауы тұтанған бәсекеде спорттың 15 түрі бойынша 86 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Бұл додаға Австралия, Австрия, АҚШ, Багам аралдары, Беларусь, Бельгия, Болгария, Венгрия, Гана, Германия, Голландия, Гонконг, Грузия, Дания, Жаңа Зеландия, Жапония, Израиль, Иран, Испания, Италия, Қазақстан, Қытай,Қайман аралдары, Канада, Латвия, Литва, Ливан, Лихтенштейн, Молдова, Монако,Моңғолия, Норвегия, Оңтүстік Корея, Польша, Ресей, Румыния, Сенегал, Словения,Словакия, Солтүстік Корея, Түркия, Чехия,

Украина, Финляндия, Франция, Швейцария, Швеция, Ұлыбритания, Үндістан, Эстония, және Ямайка сынды алпауыт мемлекеттер қатысты.

Төрт жылда бір рет төрткүл дүниенің кілең мықтылары сайысқа түсетін бұл бәсекеде шаңғы, тау шаңғысы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, конки, фристайл, сноуборд, биатлон, шорт-трек мәнерлеп сырғанау, шана, бобслей, скелетон, керлинг және шайбалы хоккей секілді спорт түрлері бойынша сайысқа түсті.

Ал біздің елдің сайыпқырандары аталмыш бәсекеде спорттың сегіз түрінен бақтарын сынады. Биатлоннан ел намысын Александр Червяков (Ақмола облысы), Ян Савицкий (Шығыс Қазақстан облысы), Николай Брайченко (Ақмола облысы), Александр Трифонов (Шығыс Қазақстан облысы), Елена Хрусталова (Алматы), Анна Лебедова, Марина Петрова (Ақмола облысы), Любовь Филимонова (Астана қаласы) сынды спортшыларымыз қорғайтын болса, шаңғыдан Николай Чеботько, Евгений Кошевой, Евгений Величко, Татьяна Рощина (Ақмола облысы), Сергей Черепанов, Алексей Полторанин, Светлана Малахова, Оксана Яцкова, Елена Коломина, Марина Матросова (Шығыс Қазақстан облысы), Елена Антонова (Батыс Қазақстан облысы) бақ сынады.

Тау шаңғысынан Егор Закурдаев (Шығыс Қазақстан облысы) мен Людмила Федотова (Алматы қаласы) сынға түссе, коньки спортынан Дмитрий Бабенко, Роман Креч (Солтүстік қазақстан облысы), Денис Кузин (Қостанай облысы), ал шағымен тұғырдан секіруден қос алматылық Николай Корпенко мен Алексей Королев жарыс жолдарына шықты. Ванкуверде бақ сынау бақыты оңтүстікқазақстандық Жібек Арапбаеваға (фристайл-акробатика) бұйырған еді. Сондай-ақ шорт-тректен жалғыз жолдамаға батысқазақстандық Айдар Бекжанов иелік еткен болатын. Мәнерлеп сырғанау алматылықтар Абзал Рақымғалиев пен Денис Тен еншлеріне тиді. Айта кетерлігі ақ Олимпиададан жүлдені мамандар осы екі спортшыдан күткен еді.

Мәнерлеп сырғанаушы ұланымыз Денис Тен де шешуші сайысына түсті. Он алты жастағы жерлесіміз бірінші өткен қысқартылған бағдарламада 10-шы орынға табан тіреп, қазақ жанкүйерлерін бір желпінтіп тастаған еді. Атағы мен шеберлігінен ат үркетін сыралғы қарсыластары ортасында өткен бұл жолғы жарыста да Денис Тен орта жолда қалмады. Келешегіне үлкен үмітпен қарайтқан ұланымыз Олимпиада ойындарын жалпы есепте 11-ші болып қортындылады. Біле білсек, мәнерлеп сырғанауды спорттың қатарына қоса алмай келген біздің ел үшін үлкен жетістік деуге тұрады. Сайысқа түскен шаңғышымыз Алексей Полтаранин де жүлдеге ілігіп қала жаздады. Ол көш басындағы топта келе жатып мәреге жақындап-ақ қалған сәтте норвегиялық Петтэрсенмен соқтығысып қалып, екеуі де құлап түсті. Сол сәтте соңдарынан келе жатқан ресейлік шаңғышылар жандарынан зу етіп, Олимпиаданың жүлделерін қанжығасына байлап кетті.

Ал, қалған спортшыларымыз көңіл көншітерлік нәтиже көрсете алмады.Үмітіміз үзіліпсалымыз суға кете жаздаған сәтте Қазақ елін он екі жыл күттірген күміс медаль жарқ ете түсті.

Ванкувердің іргесіндегі Уистлер қалашығында өткен бәсекеге әлемдегі ең мықты 87 шыққан еді.араларында бірнеше дүркін Олимпиада ойындары мен әлем чемпиондары үзеңгі қағыстырған дүбірлі жарысқа Қазақстан намысын қорғаған төрт қызымыз да қатысқан болатын. Солардың ішінен осыған дейін өткен спринтерлік қашықтықта бесінші орынан көрінген Елена Хрусталеваға тағы да үміт арқан едік. Сол үміт алдамады.

Сөреден жетінші болып бәйгеге қосылған қазақстандық биатлоншының бұл жарыста көрсеткен бір кереметі-төрт айналымдағы жиырма нысананы дәл көздеді. Бұл күні дәл біздің Хрусталевадай мергендік танытқан ешкім табылмады. Мұндай мергендіктің нәтижесі алтын медаль болатыны заңдылық еді-ау. Алайда Еленаның жүгірудегі жылдамдығы бәсеңдеп қалғаны анық байқалды. Есесіне норвегиялық атақты Тура Бергер өзі бір атысында мүлт кеткеніне қарамай, шапшаңдығы арқасында мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті.Небәрі 20 секунд озып кетті…

Осылайша, Ванкувер төрінде Қазақстан туы да желбіреді. Қай жағынан алып қарасаңыз да осы айтулы сында Елена қыз ерледі! Ванкуверде Қазақстан құрама командасына алғашқы медальді алып берді. Ақылдылықты да,жылдамдылықты да, қырағылықты да, кермет күш-жігермен, рухты талап ететін осынау дүбірлі додада жүлдегератанған жерлесіміздің ерлігі ертеңгі ұрпаққа үлгі боларлықтай еді. Күміспен күптелген Еленаның бұл жетістігі артындағы үмітін үкілеп отырған бүкіл Қазақ елінің жетістігі десек те болғандай. Намысына қамшы басқан әлемнің менмін деген саңылақтарының арасында сынға түскен сырбаз қыздың үздік үштіктен қол бұлғауы Қазақ жұртшылығының мақтанышы мен айбарына айналды.

Әрине, Олимпиадаға қатысқанымызға өкінбейміз. Жеңілістің ащы дәмін татпай, жеңіс байрағын желбірете алмайсың. Коптеген кемшіліктеріміз бен мәселелеріміз айқындалды. Қай бағытта жұмыс жүргізудің бағдарын білуге мүмкіншілік туды. Қысқасы өткенге салауат айтқан, болашаққа аманат деп атамыз қазақ бекер айтпаса керек. [ 9 ]

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН СПОРТШЫЛАРЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДА

 

2.1 Атлантадағы алғашқы сын

 

Бұл тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстанның өз алдына құрама команда жасақтап қатысқан тұңғыш жазғы Олимпиадалық ойындары еді. Мұхитың арғы жағында алауы жағылған Олимпиада ойындарына әлемнің 196 елінің спортшылары қатысты. Қазақстан спортшылары Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысып тұрғанына қарамастан, ресми емес жалпыкомандалық есепте 22 – орынды иеленді. Біздің спортшылардың арасынан Александр Парыгин (бес сайыс), Василий Жиров (бокс), Юрий Мельниченко (грек – рим күресі) алтыннан алқа тағынса, Болат Жұмаділов (бокс), Сергей Беляев (нысана көздеу), Анатолий Храпатый (ауыр атлетика) сынды жігіттер күміс жүлдеге қол жеткізді. Болат Ниязымбетов, Ермахан Ыбырайымов (екеуі де бокстан), Владимир Вохмянин (нысана көздеу), Мәулен Мамыров (еркін күрес) сынды жігіттеріміз қола жүлдені қанағат тұтты. Сергей Беляевтің екі дүркін күміс медальға қол жеткізгенін ескерсек, қазақстандықтар елімізге барлығы 11 медальмен оралды.

Олимпиада ойындары жақындаған сайын жаттығу процесі күрделене түсті. Ұлттық құрама мүшелері Алатау баурайындағы Бұтақты аңғарында, Сарыағаш курортында, Ыстықкөлде оқу – жаттығу жиындарын өткізді. Әдеттегі қалыпты даярлық былай тұрсын, дененің күш – қуатын арттыру үшін боксшыларкүнделікті тауда немесе құмда жеті – сегіз шақырым қашықтықты жүгіріп өтеді. Жанкешті жаттығулар күннің ыстығында да, кешкі самалда да жалғасады. Бас бапкер Әбдісалан Нұрмаханов өзін де, өзгені де аямайды. Шәкірттерінің ащы тері әбден сығылғанша дамылдау деген жоқ.

Олимпиада ойындары жүлде алған жігіттеріміз үшін қалай өтті дегенге келсек, алдымен аузымызға былғары қолғап шеберлері түседі. Гүрзі жұдырықты жігіттеріміз Олимпиада ойындарына тұңғыш рет қатысып тұрғандарына қарамастан, толағай табысқа кенелді. Сол кездегі Әбдісалан Нұрмахановтың шәкірттері 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медальға ие болып, бүкіл әлемді өздеріне қаратты.

Әлем жұртшылығын талантымен тамсандырғанбоксшылар қатарынан Қарағанды облысы, Балқаш қаласының қыраны Жиров Василий Валерийұлы да көріне білді. Балхаш барысының алғашқы бапкері әйгілі А. Апачинский болды. Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін жеңімпазы. 1990 жылы Жиров КСРО жасөспірімдербіріншілігінің жеңімпазы болды. Сондай – ақ дүбірлі жарыстарда атой салған алып жастар арасындағы Еуропа біріншілігінің жеңімпазы болды. 1993 жылы ТМД чемпионатының жеңімпазы, Берлинде өткен әлем чемпионатында күміс медальді қанжығасына байлады. 1994 жылы Иран астанасы Тегеран қаласында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы. Жопонияның Хиросима қаласында өткен ХΙΙ– ші Азия ойындарында қола медальді қоржынға салды. 1995 жылы Мәскеуде өткен «Ресейге 100 жыл» атты Халықаралық турнир жеңімпазы. Германияда өткен Халықаралық Турнирдің, Ташкентте өткен Азия ойындарының, 1996 жылы Щвецияда болған Халықаралық Турнирдің жеңімпазы. Осындай додаларда топ жарған былғары қолғап шебері Атланта Олимпиадасында да аянбай тер төкті.

Атлантада «алтын жігіт» атанған Василий Жиров ақтық сайысқа дейін қарсыластарын сабасына түсіріп, финалда кәріс боксшысын 17:4 есебімен есеңгіретіп тастады да, Олимпиададағы ең үздік боксшыға берілетін «Баркер» кубогына ие болды. Жиров жартылай финалда ринг иесі Антонио Тарверден 15:9 есебімен басым түскен еді.

Жировтан кейін Қазақстан қоржынына алтын салғандардың құрамын Парыгин толықтырды.

Қазақстандық бессайысшы Александр Парыгин Атланта ойындары қаһармандарының біріне айналды. Олимпиадалық ойындарға дейін Александр XΙΙ Азия ойындарының чемпионы атанған еді. Спорттың бес түрінің «рыцары» атанған бессайысшылар бірінші болып тапанша атудан өнер көрсеткен. Жерлесіміз бұл бағдарламада алғашқы ондықтың ішіне кірді. Бәсекенің екінші түрі семсерлесу спорты болатын. А. Парыгин бұл спорт түрінен өзінің мықты екенін дәлелдеп, украиналық спортшымен бірге 1 – 2 – орындарды бөлісті. Бағдарламадағы спорттың үшінші түрі – 400 метрлік қашықтыққа жүзу. Мұнда да Александр жақсы нәтиже көрсетіп жалпы есеп бойынша төртінші орынға көтерілді. Ат спортына келгенде, Парыгин қарсыластарынан онша ұзап кете алмады. Бірақ, жалпы есептегі орнын сақтап қалды. Соңғы, шешуші сында, яғни, төрт шақырым қашықтыққа жүгіруде Парыгин алдына жан салған жоқ. Ресей спортшысынан таяқ тастам жерде қалып келе жатқан Парыгинге бір Құдайдың өзі көмектесті ме, Ресей спортшысы мәреге таяу қалғанда сүрінді де, жеңіс Александр Парыгинге бұйырды. Осылайша Парыгин сонау 1964 жылы Токиодағы Олимпиядалық ойындарда чемпион атанған жерлесі, алматылық Виктор Минеевтің табысын қайталады. Атланта асуын алғаш алматылық алып, мұндай дүбірлі додаға дейін көптеген белестерден өтіп биікті бағындырған. Азия ойындарының жеңімпазы өзінің мықтылығын мұхиттың арғы жағында да дәлелдеді.

Біздің Атланттағы келесі қаһарманымыз – атақты балуан Дәулет Тұрлыхановтың шәкірті грек – рим күресінің шебері Юрий Мельниченко. Юрий бірінші белдесуінде әлемнің екі дүркін чемпионы Александр Игнатенкоммен өткізді. Қарсыласына бірде – бір әдіс қолдануға мүмкіншілік бермеген жерлесіміз тез арада есепті 10:0 – ге жеткізіп, айқын басымдыққа ие болды. Мельниченко екінші белдесуінде де аса қиналған жоқ. Румын Маркану Сандудың аяғын аспаннан келтірген жерлесіміз үшінші белдесуде Украинадан келген Руслан Хакимовты 8:1 есебімен тізе бүктірді. Сөйтіп, Мельниченко ақтық айқастың жолдамасын түрік Рифат Юлдузбен сарапқа салатын болды. Түрік балуаны 1992 жылы Барселонада өткен олимпиада ойындарына ақтық айқасқа дейін жеткен балуан болатын. Бірақ біздің Мельниченко қарсыласынан қаймыққан жоқ. Ақтық сайысқа шығар жолда түрік балуанын түріп тастап, финалда кілем иесі, Денис Халлмен кездесіп, қарсыласына тек бір – ақ ұпай ғана ұстатты. Нәтижесінде Мельниченко Халлды 4:1 есебімен жеңіп, Олимпиада чемпионы атанды.

Юрий Васелийұлы Атланта Олимпиадасына дейін Қазақстан Республикасының 5 дүркін чемпионы атанды. Сондай – ақ Азия ойындарының жеңімпазы Юрий осыншама жетістіктерін Атланта Олимпиадасында бүкіл әлем жұртшылығы алдында қайталады.

1990 жылы Иркутскіде өткен жастар арасындағы КСРО біріншілігінде өткен жастар арасындағы КСРО біріншілігінде Атланта Олимпиадасының күміс жүлдегері Болат Жұмаділов қола медаль иеленуімен қатар, КСРО – ның спорт шебері атанды.

Тоқсаныншы жылдардың басында Болаттың спорттық жолында өрлеу кезеңі басталды. КСРО – ның бетке ұстар боксшыларының барлығын ұтып, Барселона Олимпиадасына баратындардың тізіміне ілікті.

Болат 1991 жылы Саратов қаласында жастар арасындағы КСРО біріншілігінде жеңіске жеткен соң ересктер арасында сынға түсе бастады. Алғашқы қадамы сәтті болмады. Алматыда өткен Мемлекеттік телерадио комитетті ұйымдастырған турнирде моңғол боксшысынан ұтылды. Көңілі кәдімгідей құлазыды. Содан кейін белді бекем бууға тура келді. Жақсылап тұрып даярланып, ел чемпионатында бірінші орынға ие болды. 1992 жылы 48 келі салмақта Тамбов қаласында өткен ТМД біріншілігіне қатысты. Қарсыластары осал болған жоқ. Атақтылар арасынан бұл жарысқа тек Ншан Мунчян келмей қалды. Өзге мықтылар түгел болды. Сол жарыстың жартылай финалында Дмитрий Ганченкодан, финалда жерлесі Сұлтан Әбдіразақовтан басым түсіп, бас жүлдені олжалады. Негізгі құрамаға қабылданып, ТМД – АҚШ командаларының матчтық кездесуінде өз қарсыласын ұтты. Спаринг өткізген кездерде Алекс Налданбян, Дмитрий Ганченко, Мейтті Исмайлов, Ншан Мунчян секілді жігіттерді жеңді. Содан бірінші нөмірлі боксшы ретінде Сеулде өткен «А» дәрежелі лицензиялық турнирге қатысып, Олимпиада лицензиясын жеңіп алды.

Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазқстан бокстан әлем чемпионатына 1993 жылы тұңғыш рет қатысты. Таппере қаласында тек Василий Жиров қола медальді олжалады. Қалғандары түгелдей ұтылып қалды.

Оқу – жаттығу жиындары жүйелі түрде өтіп, жарыстарға жиі – жиі шыға бастады. Алайда Болат үшін 1994 жылы маусым аса сәтті болған жоқ. Тек Тегеранда өткен Азия тағы төрт жігітіміздің мерейі үстем болды. Айтулы жарыстың қортындысы бойынша Нұржан Сманов үздік боксшы болып танылса, Болатқа ең жетік техникасы үшін арнайы сыйлық табыс етілді. Бірақ келесі екі бірдей жауапты жарыста жеңілістің ащы дәмін татты. Әлем кубогі жолындағы бәсекеде әлем чемпионы Ншан Мунчянан жеңілсе, Азия ойындарында таиландтық Фазлан Парамонсаққа есе жіберді. Елге оралған бетте салмақ қуу Болатқа тиімсіз болғандықтан 51 келі салмақ дәрежеде өнер көрсетуге бел буды.

1994 жылы құрлық чемпионатында тағы да топ жарды. 1994 жылғы Азия ойындарында бұған дейін мені сан соқтырып кеткен Парамонсакты финалда екі мәрте нокдаунға түсірді. Атлантаға аттанған жеті жігіт ішінде Болатта бар болатын.Бастапқы бәсекелерде израилдік Владислав Нейман, украиналық Сергей Ковганко, ирландиялық Дамеан Келлиді тізе бүктіріп, жартылай финалда сыралғы қарсыласы Злотон Лукамен қолғап түйістірді. Бұл жолы да мерейі үстем болды. Ал финалда Кубалық секілді еді, бірақ жеңіс қарсыласының уысында кетті. Күмісті қанағат тұтуға тура келді. Алайда мыңдаған жүйріктер арасынан оза шауып, алғашқы орындардан көріну үшін де аянбай тер төгіп, еңбектенуі керек. [ 10 ]

Атлантада нысана көздеушілеріміз жақсы өнер көрсетті. Екі бағдарлама бойынша Сергей Беляев екі рет жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Қостанайлық сұрмерген Беляев Сергей Николайұлы Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін жеңімпазы болды. Сондай-ақ 1984 жылы КСРО чемпионы атанды. 1994 жылы Германияның Мюнхен қаласында өткен әлем Кубогының қола жүлдегері. ХХV– жазғы Олимпиада ойындарының 2 дүркін күміс жүлдесін алған.

Храпатыйдың жеткен жетістіктерін тізе берсек, бір емес, 10спортшының ғұмырына жетерліктей даңқы бар екеніне көз жеткіземіз. 1963 жылы 20 қазанда Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келген ол – КСРО – ға және Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері. 90 келі және 105 келі салмақ дәрежелерінде өнер көрсеткен. 1983 жылы жастар арасында Еуропа чемпионы және КСРО халықтары спартакиадасының жнңімпазы болған.

1984 жылы Минскіде КСРО чемпионаты да өтті де, Анатлий сынға бес күннен соң барып түсті. Негізгі бәсекелестері калининдік Михаил Потемкин, башқұртстандық Рисман Гайсин еді. Ойыншы өзіне берілетін үш кезекті сарқа пайдалануы керек. Сондықтан да Храпатый алғашқы жүз жетпіс килограмм салмақты көтеруге аса мұқият дайындалды.

Әдетте атлеттің зіл батпан штангадан басқамен ісі болмайды. Ол тас бекініп келіп, белтемірден құшырлана ұстады да, бір ышқынып қас қағым сәтте лып еткізіп жоғары котерді. Төрешінің түсір деген белгісінен кейін жарқ етіп жанған үш – ақ шамға қарап көңілі марқайды да маң – маң басып жаттығу бөлмесіне қарай кетті.

Ол жүз бес килограмды көтерді. Бұл кезде оның бәсекелестері Михаил Потемкин, Рисман Гайсин, бұларға қапталдап қосылған горькийлік атлет Андрей Березовский штанганы екі қолмен жұлқи көтеруді аяқтаған болатын. Осындайда бәрінен жаманы – жеке – дара қалу. Республика құрама командасының жаттықтырушысы Николай Петрович Похутконың кеңесі бойынша, Анатолий бұл жолы әлемдік рекордқа қол созып көрмек болды.

Жүз сексен бір жарым килограмм. Бұл атақты Юрий Варданянның әлемдік рекордынан бір жарым килограмм көп деген сөз. Әлі күнге дейін орта салмақтағы бір де бір атлет жұлқи көтеруде осыншама салмақты басынан жоғары көтерген емес.

Жарқ етіп жоғары шыққан зіл салмақ бір сәтке қол ұшында тұрды да ауған жүктей теңселе берді.

Бірақ рекордтық салмақ атлеттің ырқына да, жанкүйерлердің айқай – шуына да көнген жоқ, теңселіп барып гүрс құлады да, астынан атып шыққан Анатолий «амалым қайсы» дегендей еріксіз басын шайқады.

Ұзамай екінші жаттығу –штанганы кеудесін серпи көтеру басталып кетті. Бұл жолы ол жеке – дара шықты. Анатолий алғаш рет екі жүз он килограмды көтеруге шыққанда қалған бәсекелестері жанкүйерлер қатарына қосылған болатын. Бәрі де Анатолий Храпатыйдың келесі кезегіне байланысты еді. Егер ол осы салмақты көтерсе, КСРО чемпионы атанды да, қоссайысты үш жүз жетпіс килограмды меңгерген Михаил Потемкин үлкен күміс медальді алып, қоссайыста үш жүз алпыс бес килограмнан бірдей нәтиже жинақтаған Рисмат Гайсин мен Анатолий Березовский үшінші, төртінші орындарды бөліседі. Храпатый жаттығуды мүлтіксіз орындады. Жарыс ережесә бойынша, жеке салмақтарын қайта өлшегенде бәсекелесін сәл жеңілдеу шыққан Гайсин қола медальді еншіленді. Ал Храпатыйға келсек, еліміздің чемпионы ретінде бәсекені жеке –дара жалғастыра берді. Арада екі минут уақыт өткенде екі жүз он бес килограмдық салмақты ақмолалық алып әуелете көтеріп тұрды.

Әне –міне дегенше, батпан шойыннан құйылған ауыр штанға жерде сұлық жатты. Талай елдің апайтөс, атан жілік алыптарының жүрегін шайлықтырған, небір нар жігіттердің қабырғасын қайыстырған екі жүз килограмдық зіл салмақ еді бұл…

1983 жылы бес жүз тоқсан тоғыз килограмдық шойынды жерден белуарына дейін көтерген америкалық Джеймс Кеннеди де, заиандастары «орыс арыстаны» атаған теңдесіз күш иесі Георг Гаккеншмидт те, өткен ғасырдың басқа небір алыптары да осыншама салмақты көтерсем деп армандаған еді. Сол алыптармен салыстырғанда бұл бәлендей үлкен денелі де емес. Соған қарамастан биік белестерге талмай қол созып жүрді.

1960 жылы Римде өткен 17 олимпиялық ойындарда штанганы кеудеден серпи көтеруде екі центнерлік межеден асқан Юрий Власовқа «Плацце де спорт» сарайында отырған жиырма мың жанкүйер орындарынан түрегеліп, бие сауым уақыт бойы қошамет көрсеткен еді. Кейін әлемдік баспасөз іліп әкеткен бұл хабар жұртшылыққа космосқа ұшудан кем әсер еткен жоқ.

Төрт бұрышты шаршы тұғыр үстіне қойылған екі жүз жиырма килограмдық штанга өзінің пәсін білетін тәрізді. Талай мықтылардың тізесін дірілдетіп, бетін қайырған батпан темірден көздерін айырмаған үш төреші де әлдебір сәтті дегбірсіздене күтіп тұрған сияқты. Шынында да, алыстағы Атбасардан келген жігіт жүрегі тітіркенбей қалай жақындар екен?!

Храпатыйдың пошымында абыржулық жоқ еді. Әлі екі минут уақыт бар. Жалт – жалт еткен сұп – сұр белтемірді саусақтарын қарыстыра ұстауға ойша әзірленіп тұр. Кең кеудесін кере бірнеше рет терең тыныстап еді,шапқан атттай дүрс – дүрс соққан жүрегі орнына түскендей болды. Қолымен магнезияны көсіп алып терісі қызара қанталаған бұғанасының үстіне жақты. Бірнеше ірі түйірін аяғының астына тастап табанымен езгіледі, бас бармағына сүртті. Бұл белтемірді мықтап ұстап, табанының таймауы үшін қажет еді.

Кеудесін керіп, тағы да екі-үш рет дем алды. Бура санының бұлшық еттерін көз ілеспес қимылымен уқалап босаңсытқан жаттықтырушы бойын тіктей бере жауырынан қағып: «Бар енді!» деді.

Белтемірдің дәл ортасына аяғын дәлдеп орналастырып және бір тыныс алды. Қолын төмен салбыратып тізесін бүге түсті. Тура бір қасқырға шүйілген тау қыраны сияқты. Белтемірді шап беріп ұстап, тұла бойын дір еткізіп бекінді де ауыр салмақты жоғары көтере жөнелді. Самайының, білегінің тамырлары адырайып-адырайып шықты. Штанганың жерден қалай көтерілгенін де сезген жоқ. Тек сарт етіп кеудесіне қонғанын бір-ақ байқады. Екі басымды ауыр салмақтан белтемірдің иіліп барып, жоғары қарай ерпіле жазылған сәтінде орнынан көтеріле берді. Бәлкім қиналмай тұрғанын сезінді. Табанын орнықтырып салмаққа қарсы қатысыпкеудесін қатайтқан күйінде демін ішіне тартып ышқына серпіді. Бүкіл денесінің бұлшық еттері мен буын-буыны болып бекіп, екі жүз жиырма килограмм салмақ қол ұшында тұрды. Тіпті қарсы алдында төрешінің «түсір» деген әмірлі даусынан кейін де мынау азапты,әрі рахатты қимағандай штанганы тағы да біраз ұстап тұрып, төсенішке асықпай тастады.

-Жарайсың! – деп арқасынан қаққан Николой Петрович Похутко қуанышын жасыра алмай. –Енді, сәтін салса, екі жүз жиырма екі жарым килограмға, әлі де рекордқа барамыз!

Зәулім сарай ішінде құлаққа танадай тыныштық орнаған. Атлеттің қимылы, қолына бор жаққаны, арбаң-арбаң жүрісі, терең демалысы-бәрі де анық естіліп тұр. Рекордтар туатын сәтті қарсы алатын әдеттерінше жан-күйерлер де ақырын тыныс алады.

Кенет сіңірлі саусақтар белтемірден шап беріп ұстады да,ауыр штанга жоғарыдан көтеріліп барып, қалт отыра қалып Храпатыйдың кеудесіне қонды.

Осынау қарбалас сәтте лып етіп тұрып батпан темірді кеудесінен ышқына серпіп қолының ұшында ұстап қатып қалған Храпатый көзі бұлдырап, құлағы тұнып кетті. Зал толы жанкүйерлерді көрді.

-Түсір!-деген командадан соң ауыр штанганы төсенішке тастай бере таблицаға көз салып еді, үш шамның екеуі қызарып тұр екен. Бұл-рекорд есепке алынбады деген белгі. Белтемірдің санын сәл жанап өткенін өзі де сезген жоқ, бірақ қате болған төрешілер осыны байқап қалыпты. Неткен сәтсіздік!

Бұдан кейін Испанияның Виктория қаласында өткен Еуропа чемпионатының орта салмақтағы екі атлет Юрий Варданян мен Анатолий Храпатый өнер көрсетті. Біздің жігіттердің негізгі бәсекелесі әлемдік рекордқа қол созып жүрген болгар Асен Златаев еді.

Юрий Варданян осы бәсекеге жаттығу кезінде алған жарақатына қармастан шықты. Оның оң жақ тізесіне операция жасалып, шеміршегі ауыстырылған еді. Әдетте басқа біреу болса, үлкен спортпен мәңгілікке қоштасар еді, бірақ «темір жүйке» Варданян жаттығуға қайта кірісіп кеткен-ді.

Сол күні Златаев жүз жетпіс, Варданян жүз жетпіс екі жарым килограмнан көтерсе, жүз жетпіс бес килограмм салмақ көтерген Анатолий Храпатый енді Златаевтың ортаға шығуын күтті. Осының алдында болгар атлеті жүз жетпіс екі килограмды көтере алмай сәтсіздікке ұшыраған еді. Кіші алтын медалбді алар болса, оның штангадағы салмақты көбейтуіне болады. Өйткені Храпатый салмағы жағынан одан сәл жеңілдеу еді. Алайда сабырлы Асен Златаев кіші алтын медальді аламын деп өзеуремеді, соңғы мүмкіншілікте штанганы көтерді де сайыстағы жеңісіне үміт артты. Осы жарысты арнайы көруге барған Атбасарлық ұстазы Александр Никитич шәкіртінің өнері жөнінде былай деді: Құрама команданың ұстаздары қателік жіберді. Толя жаттығу жүз сексен килограмды талай рет көтерген. Не болса да көбірек салмақты көтеруден бастаған жөн еді».

Екінші жаттығу штанганы серпи көтеруде Златаев пен Варданян екі жүз килограмм көтерді де, Храпатый олардан бес килограмм қалып қойды. Бұл Храпатыйдың үлкен сындарға аз қатысқан тәжірибесіздігі байқалды. Сөйтіп, даңқ тұғырына Златаев көтеріліп, күміс медальға Варданян, қола медальға Храпатый ие болды.

Арада алты ай уақыт өтті. Бұл аралықта кездесуге дайындық, келесі жаңа әлемдік рекордтың деңгейінде нәтиже көрсету шаралары жүргізілді. Тізе буының қалтасы жазылған сайын Варданянның нәтижесі де жақсарып келе жатты.

Асен Златаев та Анатолий үшін оңай бәсекелес емес еді. Сондықтан оған көбірек жаттығу қажет болды.

«Достық-84» ойындарының бағдарламасы бойынша ауыр атлеттердің бәсекесі Болгарияның Варна қаласында өтті. Осы шағын курортты қалада бұрын да талай бәсекелер өтіп, варналықтарды ауыр атлеттер талай рет тамсандырған-ды. Күн сайын дерлік әлемдегі үздік көрсеткіштер, рекордтар жасалып жатты…

Еуропа чемпионатындағыдай мұнда да ауыр салмақтағы екі атлетіміз өнер көрсететін болды. Бірақ бұл жолы командалық есепке Юрий Варданянның нәтижесі енді алынды. Анатолий Храпатый есептен тыс өнер көрсетпек болды. Өткен жылғы әлемдік бәсекеде Варданян жеңсе, Еуропа чемпионатында Златаев басым түскен еді. Штанганы жұлқи көтеруді Златаев жүз жетпіс килограмнан бастады. Әлемнің екі дүркін чемпионына бұл салмақты көтеру қиын болған жоқ. Храпатый жүз жетпіс екі жарымды, Варданян мен Златаев жүз жетпіс бес килограмды қиналмай көтерді. Енді кім қанша көтерер екен?

Табло жүз сексен бір килограмды көрсетіп тұрды. Бұл әлемдік рекордтан жоғары көрсеткіш еді. Штангаға алдымен Анатолий тақап келді. Қас-қағым сәтте жарқ етіп жоғары көтерілген әлемнің рекорды атлеттің қолында да қалды. Златаевтың жүз сексн екі жарым килограмм салмақты көтеруге Варданян шақырылды.

Әлемдік рекордына жүрегі жарыла қуанған Анатолий анадайдан бәсекелесі әрі досы Юрийдің әр қимылынан көз жазбай тұр. Міне, болаттай саусақтар белтемірге жабысты да әупірім күш ауыр салмақты жоғары қарай тарта жөнелді.

Әне-міне дегенше осыншама батпан салмақ әулетті қолдың ұшында тұрып қалды. Бұл әлгінде Храпатый жасаған рекордтың жаңаруы еді.

Екінші жаттығу штанганы кеудеден серпи көтеруде екі жүз он килограмды меңгерген Златаевқа келесі салмаққа бару үшін бәсекелестерінің қанша көтергенін білу қажет болды. Әп дегеннен-ақ Храпатый екі жүз он екі жарым, ал Варданян екі жүз он бес килограмды көтеріп, екінші кезекте екеуі тағы да жүз жиырма килограмнан меңгерді. Сөйтіп, қазақстандық жігіт қоссайыстағы әлемдік рекордты қайталаса, Варданян өзінің Мәскеудегі ойындарда жасаған рекордтық көрсеткішінен екі жарым килограмм асып түсті. Ал қоссайыста жеңіске жету үшін Златаевқа әлі де тура келді. Ол негізгі қарсыластары өнер көрсетулерін аяқтаған соң бірінші орынды қамтамасыз ететін салмаққа сөзсіз барады. Ол салмақтың әлемдік рекордтан әлдеқайда жоғары болатыны айдан анық еді.

Храпатый екі жүз жиырма екі жарым килограмм көтерді. Оның қуанышында шек жоқ бұл оның бүгінгі екінші әлемдік рекорды. Салмағы Варданяннан сәл жеңілдеу болған соң, қоссайыстағы бірінші орын әлбетте онікі болатын. Бірақ бұған Юрий келісе қояр ма екен? Екі жүз жиырма төрт килограмға тәуекел жасаған Варданян, реті келсе, бір оқпен екі үйректі атып алмақшы. Егер бұл салмақты көтере қойған жағдайда ол штанганы екі қолмен серпи көтеруде және қоссайыста әлемдік рекордты жаңарта алатын еді.

Сәлден соң Варданян осы бір батпан салмақты көтерді де, оны бірінші болып Анатолий Храпатый құтықтады. Асен Златаев екі жүз жиырма жеті жарым килограмм көтеруге дәмелі еді. Бірақ онысы бола қоймады.Міне ауыр атлетиканың өз құдіреті бар. Атын бұрын ешкім естімеген беймәлім бір талантты жас жарқ етіп, атақты чемпиондардың өзімен терезесі тең түсіп жатты.

Храпатый соңғы бес алты жыл бойы әлемнің чемпионы атанып келді. Екі қолмен кеудеден серпи көтеруде рекорд жасап, екі жүз отыз бес килограмдық штанганы көтерді. Алып өз абыройын Атлантада өткен бәсекеде сақтап қалды [11 ]

Мәулен Сиднейден оралған бетте бір күн де дем алмай жаттығуға қайта кірісті. Қазақтың еркін күресінің еңсесін көтеріп, әлмдік аренада абырой әперген алтын асықтай балуан өмірінде өрлеуімен қатар, құлдырау кезеңі де болды. Маулен соның бәрінен де өтті. 1991-1992 жылдар аралығында КСРО біріншілігінен бастап, Спартакиадаға дейінгі жарыстардың барлығында жүлдегер атанды. Азия Кубогын қанжығасына байлады. Одақтың уығы шайқалғаннан кейін Мәуленнің де жолы болмай, құлдырау кезеңін басынан өткерді. Қатарынан екі жыл әлем чемпионатында көңіл көншітерлік нәтиже көрсете алмады. Сол бәсекелердің нәтижесі жайында құлағдар болған жанкүйерлер: «Е, тағы бір қазақтың талантты баласы көздеген мақсатына жете алмай жарты жолда қалып қойған екен ғой», — деп тон пішіп үлгерді. Алайда 1994 жылы Мәулен Мамыров өзін қатардағы көптеген балуандардың бірі емес екненін аңғартып, ХХΙΙ-ші Азия ойындарында жайдың оғындай жарқ етті.

Хиросимада өткен айтулы додада Мәулен үш белдесу өткізді. Үшеуінде де мінсіз жеңіс. Алғашында әлем біріншілігінің жүлдегері Нуриддин Донбаевты, содан кейін Олимпиада жүлдегері Кимді, ал ақтық сында Қытай елінің басты үміті Дон Дунгты оңдырмай ұтты. Осы жарыстың куәсі болған танымал жазушы Несіп Жүнісбаев финалдық бәсекені былай суреттейді: «…Енді міне, Дун Дог, қытай перісі. Тұтасынан былғарыдан жасалғандай, мың бұралып тұрған буынсыз балуан. Қырық секунд өтті ме, жоқ па, Мәулен оны жамбасқа іліп кетті — 3:0. Жасаураған көзімізді сүртіп үлгерген жоқпыз-кеудеге алып лақтырған екен — 6:0. Тұрғызған жоқ, белден белбеумен буғандай етіп тас қып ұстады да, жауырынымен кілемге қарай сүйреді — 9:0. Екеуін тік тұрғызып еді, бір айнала бергенде, сол жамбасқа салып соқты — 12:0.

Бітті! Небары 2 минут 02 секунд шаруасын бітірді. Төрт-ақ әдіс жасады, 12 балл алды. Қытайға соқыр ұпай берген жоқ. Ағалары Әбілсейіт Айхановқа, Аманжол Бұғыбаевқа тартқан-ау! Мұндай кесек әдістер қолданылмағаны қашан?! Төрт әдіс-таза жеңіс!».

Көп ұзамай Олимпиаданың да дүбірі естілді. Әлемнің 199 мемлекеті бұл додаға өздерінің дарабоздарын үкілеп қосты. Нағыз «сен тұр, мен атайындар» сайысында оза шабу оңай емес. Ондай бақытқа тек «жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар шыққандар» ғана бөленеді. Сол себептен де еліміздің спорт басшылары ең мықты деген ұл-қыздарына сенім артты. Дегенмен де негізгі үміт-боксшылар мен балуандарға артылғаны жасырын емес.

Әне-міне дегенше боз кілемдегі бәсеклер де басталып кетті. Бұл жарыс балуандарымыз үшін аса ауырға соқты. Алғашқы күндері сынға түскен дзюдошылар командасы түгелдей жеңіліс тапты. Грек-рим күресі шеберлері арасынан Юрий Мельниченко топ жарып, тәуелсіз елімізге жазғы Олимпиада ойындарының алғашқы алтынын сыйлады. Өзге балуандардың барлығы сәтсіздікке ұшырады. Еркін күрестің өкілдері де шетінен ұтылды. Тек құрамадағы жалғыз қазақ Мәулен Мамыров қана алысқанын алып ұрып, армандаған белесіне адымдап келе жатты.

Жарыс басталмай тұрып жеребе тарту рәсімі тәмамдалған тұста жолы болатынын Мәулен іштей сезді. Өйткені, оған он бірінші нөмір түсіпті. Ал тақ сандар Мәуленге майдай жағады.

Бірінші кездесуде канадалық Вуудсрофт иық тіресуге де жарамады. Шыға сала қарсыласын алып ұрған қандасымыз таза жеңіске жетті.

Келесі қарсыласы украиналық-Владимир Тогузов. Ол Сеулде өткен Олимпиаданың қола жүлдегері атанып, КСРО чкмпионатында сегіз мәрте топ жарған саңлақ. Бұған дейін Мәуленнің жолын үш рет кескен. Кеткен есе есіне түссе керек, Мамыров бұл жолы Тогузовты тырп еткізбей ұтты.

Үшінші жекпе-жек Атланта Олимпиадасындағы еркін күрес шеберлерінің ең керемет белдесулерінің бірі болды. Боз кілемге атағы жер жарған Валентин Иорданов шықты. Бұған дейін жеті рет әлем чемпионы атанған Болгария балуанының Атлантаға тек алтын аламын деп келгені анық. Өйткені, ол табаны күректей 13 жыл бойы әлемнің теңдесіз балуаны атанып келгенімен, Олимпиада алтынына қолы жетпей жүрген. 1984 жылы социалистік мемлекетердің байкот жариялауына байланысты Иорданов Лос-Анджелеске бара алмады. Сеулде сәтсіздікке ұшырады. Барселонада бар болғаны қола медальді қанағат тұтты. Міне, енді жасы 37-ге таяған әйгілі балуан соңғы үмітін арқалап Атлантаға да жетті.

Қарсы алдында қасқайып Мәулен тұрды. Оның да арманы-Олимпиада алтыны.

Ысқырықтың естілгені сол еді, Мәулен қарсласының оң аяғына өтіп, жерге құлатты. Үш ұпайға татитын әдіс еді, төреші бір ұпаймен ғана шектелді. Қарсыласының үстіне мінген бетте бір аунатып үлгерді. Таблода 3:0деген есеп жарқ етті. Егер болгар балуаны орнынан тұрып кетсе, оны қайта еңсеру оңай болмайтынын сезген Мәулен барлық мәселені сол жерде шешіп тастауға әрекетенді. Қазақтың ұлынан осындай қауіп келеді деп күтпеген Иорданов қарсыласып бағуда. Бірақ Мамыров оны босататын емес. Енді құтыла алмайтынын сезген ол айлаға жүгінгенді жөн көрді.

Мәуленнің астында «мыжылып» жатқан Иорданов:ойбай,қолым сынып барады», — деп айғай салды. Әлемнің жеті дүркін чемпионының жан дауысы шыққанда төрешінің «үнсіз» қалуға дәті шыдамады. Бәсеке тоқтатылып, кілемге дәрігерлер шақырылды. Олар оның қолын ұстап, уқалап көрді де, «пәлендей ешнәрсе болған жоқ» деп жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат берді.

Иордановқа керегі де сол еді. Қазақтың «қақпанынан» құтылған ол, сәл-пәл тыныстапалды да боз кілемге қарай беттеді. Дәл сол тұста Мамыров үш ұпай алда келе жатқан еді. Мәулен тағы да алға ұмтылды. Бірақ бұл жолы Иорданов алдырмады.

Егер екпінді күшейтсе «егде тартқан» қарсыласы ентелеп қалатынын сезінген Мамыров шабуылын үдете түсті. Иордановтың да күткені сол еді. Ол иіліп барып, жерлесіміздің аяғын шап беріп ұстады да кілемге гүрс еткізіп құлатты. Құлаған бетте аяқ-қолын тұсаулап тастады. Мәулен тырп ете алмай қалды. Иорданов жерде жатып-ақ қажетті ұпайын жия берді. Осылайша бес минут те өте шықты. Бәсеке 7:3 есебімен Болгария балуанының пайдасына шешілді.

Алтын үшін айқасу мүмкіндігінен айрылған қандасымыз енді қоланың ауылына қарай беттеді.

Түркияның үміті Метин Топақтас Мәуленге жарытып қарсылық көрсете алмады. 7:0 есебімен жерлесіміз оның күл-талқанын шығарды. Бұл жеңіс оған үшінші орын үшін таласуға мүмкіндік берді.

Ресейлік Чеченол Монгуштың денесіне май жағып шыққанын ол әп-сәтте аңғарды. Аяғына немесе денесіне өтіп, онтайлы әдісін жүзеге асыруға әрекеттенсе, анау құшағына сусып оңай құтылып кетеді. Мәулен наразылығын білдірген еді, төреші құлақ аспады. Кілемнің шетінде бапкері Мәлік Нәдірбеков шыр-шыр етіп, қазылар алқасына қайта-қайта жүгіреді. Ол жақтағылар да еш шара қолданбады.

Таразы басы теңселіп тұрған сәтте Монгуш аяққа атылды. Қарсыласының дәл осындай қадамға баратынын сезген Мәулен оны бар салмағымен басып қалды да, артынан шап беріп ұстады. Төреші бір ұпай берді. Осындай арпалыс үстінде қандасымыз тағы да айласын асырып, есепті 3:1-жеткізді.

Уақыт өткен сайын шабуылын үдеткен Ресей балуаны Мәуленнің артына шығып, бір ұпай алып үлгерді. Енді бір аунатса, жеңіс соның уысында кеткелі тұр. Бірақ Мәуленалдырмады. Дәл сол мезетте «бәсеке бітті» деп төреші ышқына ысқырды. Монгуш шарасыздықтан кілемді тоқпақтайды. Мәулен орнынан тік тұрды да, аспанға атылды.

Олимпиаданың қола жүлдесі Мәулен Мамыровтың қанжығасына осылай байланды. Ал алтын медальді болгар батыры Валентин Иорданов иеленсе, күмісті Әзірбайжан балуаны Намик Абдоллаев қанағат тұтты.

Қола жүлдеден мергендерімізде шет қалмады. Атланта Олимпиадасында Владимир Вохмянин Олимпиадның жүлделі үшінші орнына ие болды. Владимир Анатолийұлы Республиканың бірнеше дүркін чемпионы атанды. 1993 жылы Мюнхенда өткен әлем Кубогының жеңімпазы. 1994 жылы Хиросимада өткен ХΙΙ-ші Азия ойындарының чемпионы. 1995 жылы Джакартада болған Азия чемпионатының жеңімпазы.

Қазақ елінің қоржынына қола салғандардың бірі Ермахан Ыбырайымов. Қанатбек Шағатаев үлкен сортпен қош айтысқанын соң 71 келі салмақ дәрежесіндебақ сынауға бел буған Ермахан көп кешікпей Римде әскерилер арасында өткен әлем чемпионатында алтын медальді олжалады.Араға бірер ай салып, Ташкентке аттанып, алып Азияның бетке ұстар боксшысы атанды. Айтулы жарыстың бас жүлдесі оған 1996 жылы өтетін Атланта Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік берді.

Тәуелсіз мемлекет ретінде жазғы Олимпиада ойындарына тұңғыш рет қатысқалы отырған отандастарымызды Елбасының өзі қабылдап, сәтті сапар тіледі. Нұрсұлтан Назарбакв қазақтың көк байрағын Дәулет Тұрлыхановқа табыс етті. Атақты балуан алғашқы күні жарысқа түсетіндіктен, аса жауапты міндетті Ермаханға жүктеді. Шыны керек, әуелде бұл шешім көпшілік үшін түсініксіздеу болды. Өйткені, ірі додада мемлекеттің туын атағы алысқа жайылған немесе жарыстың бас жүлдесінен дәмелі спортшының бірі ұстап шығуы тиіс. Ал, дәл сол тұста Ермахан Олимпиада медаль алады деп ешкім ойлаған жоқ. Шынында да ертеңгі күні ту ұстаған мықтымыз сүрініп жатса, қазақтың дархан даласында олжа салар ұл табылмаған ба деп, жат жұрттың табаламасына кім кепіл.

Әйтсе де Ермахан ер екен. Атлантада ол Отаны үшін отқа түсуден тайынбайтыны байқатты. Алғашқы үш жекпе-жекте канадалық Фаррел Никті, индонезиялық Генрих Магнунсонды және әлем чемпионатының қола жүлдегері, неміс боксшысы Маркус Байерді ойсырата ұтты.

Жартылай финалда қазақ боксшысы Барселона Олимпиадасының жеңімпазы, әлем чемпионы Альфредо Дюверхельмен кездесті. Азулы қарсыласпен Ермахан аянбай айқасты. Екінші раунд аяқталғанда бір ғана ұпай айырмашылығымен Дюверхель алда еді. Алайда, үшінші кезеңде шаршап қалған жерлесіміз қарсыласының бірнеше соққысын өзіне дарытып алды.Сөйтіп, Куба боксшысы жеңіске қол жеткізді. Әйтсе де, Ермаханның да өнері мамандар тарапынан жоғары бағаланды. Атлантадан қола медальмен оралған жігіт жерлестерін зор қошаметке бөледі.

Шаршы алаңның шынарына айналған қазақтың қос Серігі-Қонақбаев пен Нұрзақов сексенінші жылдардың басында әлемдік аренада атой салса, арада он жыл өткеннен кейін жастайынан егіз құлындай тебісіп өскен Жамбыл қаласының қос бірдей тастүлегі, қос Болаттың-Жұмаділов пен Ниязымбетовтің дәуірі басталды. Кеңестер Одағының уғы шайқалғаннан кейін 63,5 келі салмақ дәрежесінің тізгінін қолына берік ұстаған Ниязымбетов 1994 жылы үш бірдей байрақты доданың биігіне көтерілді. Әуелде Тегеранда өткен Азия біріншілігінің жеңімпазы атанды. Араға бірер ай салып Бангкокта тұсауы кесілген әлем кубогы жолындағы бәсекеде қола медальді иеленді. Ал күздде 12 Азия ойындарының алтынын аламын деп алшаң басып, Күншығыс еліне аттанды.

Айтулы додада алтын алуға Болаттың барлық мүмкіндігі болды. Бастапқы сайыста Олимпиаданың қола жүлдегері корей боксшысын екі мәрте есеңгіретті. Келесі қарсыласын соққының астына алған еді, ол қашқалақтап, кірерге тесік таппады. Жапонды оңай-ақ ұрып жығамын деп ойлаған Болат бар екпінмен жұдырығын оңды-солды жұмсады. Бір мезетте соққысы қолайсыздау тиіп, жаны мұрнының ұшына келді. Тағы бір-екі шабуылдауға әрекеттенген еді. Бірақ қолы қақсап көтеретін емес. Үзіліс кезінде бас бапкер Әбдісалан Нұрмахановқа жағдайын айтқан еді, ол кісі: «Бар айқас, өлсең осы жерде өл»,-деп өзіне зекіді.

Амал жоқ, қолы қақ бөлінсе де айқасты жалғастыруға тура келді. Түлкібұлаңға салып, үшінші раунд аяқталғанша өзіне соққы дарытпады. Керісінше ебін тауып, жапонды оң қолымен екі-үш рет осып-осып жіберді. Жеңіс осындай азаппен келді. Жекпе-жек аяқталғаннан кейін ісіп кеткен қолынан қолғапты шеше алмай бапкерлер біраз әбігерге түсіпті. Ақыры былғарыны пышақпен тілуге тура келді.

Морт сынған қол финалда айқасуға мүмкіндік бермеді. Қарсыласының жарақат алуына байланысты филиппиндік Галидо Райнолда жеңімпаз деп жарияланды. Болаттың еншісінде-қола медаль.

Жеңімпаз атанған жігітті әріптестері аяқ-қолын жерге тигізбей рингтен көтеріп әкеткенде зәулім спорт сарайының бір бұрышында елеусіздеу тұрған Болат: «Қап қырсық шалмағанда Азия ойындарының алтыны маған бұйырар еді», — деп қапаланды. Бірақ бұл тек басы ғана екен. Олимпиада деп аталатын ұлы дүрмекке бастайтын тарау-тарау жолдарда әлі талай рет сүрініп барып бой түзейтінін, есеңгіреп барып ес жиятынын дәл сол мезетте Болат сезінбеген де болар.

Сол Райнолдамен қолғап түйістірудің тағы бір реті 1995 жылы келді. Сеулде ұйымдастырылған ірі халықаралық турнирге Азияның небір апайтөс боксшылары жиналды. Алайда бұл жолы Болат айызы қанып, айқаса алмады. Жекпе-жек нағыз қызған тұста қабағы жарылып, беті қанға боялды. Төреші «тоқтаңдар» деген белгі берді. Ниязымбетов тағы да өз несібесіне айрылды. Ал Азия чемпионының алдын ораған филиппин боксшысы дәл бір Олимпиаданың алтынын олжалағандай аспанға секіріп,алақайлап Болат Ташкентте өтетін Азия чемпионатының қарсаңында тағы бір жайсыз оқиғаға тап болды. Оқу-жаттығу жиынында бапкерлер оны 75 келі салмақта өнер көрсететін Бақтияр Хаджиевпен жұдырықтастырып қойды. Өзінен 12 келі артық боксшымен Болат қаймықпай айқасты. Екі жақ «Өліспей-беріспейміз» дегендей зілдей-зілдей жұдырықтарын бір-біріне сілтеді. Бір сәтте Ниязымбетовтің қабағы қайта жарылып, қып-қызыл қан саулап ақты. Қандай да қиындыққа төзе білетін Болат дәл осыны күтпеп еді.

Азия чемпионатының басталуына үш-төрт күн қалды. Осы жарыста Олимпиаданың жолдамалары сарапқа салынды. Егер Ташкентке аттанбаса, Атлантаға барам деген арманымен қоштасуға тура келді. Ал бұл дегеніміз өліммен тең. Былғары қолғапқа бағышталған бүкіл ғұмырың текке кетті деген сөз. Кеңес заманы болса бір жөн. Ал еліміз егемендік алып, еңсе түзеген тұста Олимпиада рингінде өнер көрсетуге жарамасаң, осыншама еңбегіңнің, жылдар бойы шелектеп төккен теріңнің құны көк тиын.

Азия чемпионатында өнер көрсетуге мүмкіндік алған Ниязымбетов Ташкентте қарсыластарынң барлығын қоғадай жапырды.

Финалда көптен бері кезіктіре алмай жүрген Филиппин елінің бетке ұстар боксшымен айқасқа шықты. Иә, Кореяда өткен турнирде Болаттың қабағын жарып, бетін қанға бояған Галидо Райнолдоның дәп өзі. Жолдары қайта қиысқанына қандасымыз кәдімгідей риза. «Сеулде сонша секеңдеп едің, қазір көсетейін», — дегендей.

Төреші белгі берді. Сыралғы қарсыластар аңдысып жатпады. Сатыр-гүтір, тарыс-тұрыс соққы. Екеуі де оңайшылықпен алдырар емес. Бірі-Азия чемпионы, екіншісі-Азия ойындарының жеңімпазы. Айласы мол Болат ебін тауып, филиппин боксшысын бір мәрте есеңгіретті. Соққы тым ауыр тиген екен, Райнолдо тез ес жинағанымен алғашқы раундтағыдай еркін қимылдай алмады. Сескеніп қалса керек, сасқалақтай бастады. Не өзі шабуылдамайды, не қарсыласының еркін көсілуіне мүмкіндік бермей, қолын қайта-қайтақолтығына қысып алады. Тек уақыт өткізудің қам-қарекеті. Бәсекенің соңында есеп 9:2-ге жетті.

Шеберлігі әбден шыңдалған Ниязымбетов Атлантаға тамаша көңіл-күймен аттанды.

Тырнақалды кездесуде Мексика боксшысын аса қиналмай-ақ ұтты. Келесі қарсыласы Замбия спортшысы екі бүктеліп түсті. Төреші онға дейін санағанша ол ес жия алмады. Ширек финалда Иранның өкілі Бабак Могхимиге еркін көсілуге жол бермеді. Екі дүркін әлем чемпионы, Барселона Олимпиадасының жеңімпазы Гектор Виннетке Болаттың тісі батпады.Ұпай санымен ұтылған жерлесіміз елге қола медальмен оралды. [ 12 ]

1996 жылы АҚШ-тың Джорджия штатының Атланта қаласында өткен ХХVΙ жазғы Олимпиада ойындарына да спортшыларымызды атақты балуан Дәулет Тұрлыханов бастап барды. Бұл кезде Қазақстан Республикасы ТМД-нің тәуелсіздік алған өзге елдері секілді өз бетінше дербес мемлекет ретінде алғаш рет жазғы Олипиада ойындарына қатысқан еді. Алайда жасының 33-ке таяғаны әсер етті ме,жоқ әлде қарсыластары шындап күшті болды ма, Дәулет Тұрлыханов бұл жолы төртінші орынмен ғана шектелді. [ 13 ]

Жастайынан бокс өнерінің қыр-сырын меңгерген Нұржан Сманов 1994 жылы Хиросимада Азия ойындарында топ жарып, содан кейін Шығыс Азия мен Орталық Азия ойындарында бірінші орындарды олжалады. 1997 жылы Азияны екінші мәрте мойындатқан Нұржан алты жыл КСРО құрамасында, алты жыл Қазақстанның туы астында жұдырықтасыпты. Азия және Еуропа чемпионы. [ 14 ]

Қазақта «бап шаппайды, бақ шабады» деген қанатты сөзі бар. Осы бір аталы сөз Азия құрлығының екі дүркін жеңімпазы Нұржан Смановқа айтылғандай-ақ екен. Нұржан ширек финалда екі дүркін әлем чемпионы кубалық Хуан Эрнандеспен жұдырықтасып, сәл ғана басымдықпен Куба боксшысы жеңіске жетті. Нұржан Атланта Олимпиадасында бесінші орынға тұрақтады.

Сырықпен секіруде 4-ші орынға тұрақтаған Игорь Потапұлы, нысана көздеуде мергендік танытып 5-ші орынан көрінген Галина Беляева,еркін күресте шеберлігімен көзге түсіп 6-шы орынға табан тіреген Эльмади Жабырайлова алғашқы ондықтар қатарынан көрінді. Сондай-ақ Юлия Бондарева (нысана көздеу), Ирина Выгузова (суға секіру), Константин Негодяев (каноэ есу)-7-орынға тұрақтады. Ал, Сергей Корепанов (спорттық жүгіру, 50шақырымға), Ирина Ленова, Яна Туньянц, Анна Можар (садақ тарту,командалық есеп бойынша)-8-орынан көрінді. [ 15 ]

 

2.2 Сидней сайыпқырандары

 

2000 жылғы Австралия елінің Сидней қаласында өткен ХХVΙΙ-жазғы Олимпиада ойындарында әлемнің 200 мемлекеттерінен 12000 мыңға жуық спорт саңылақтары қатысты. Дүбірлі додаға Қазақстан елінен спортшы қатысып, халқымыздың намысын қорғап, өр рухын асқақтатты. Сидней олимпиадасы қазақ спортының қарымын анық байқатты. Біз ескі сүрлеу мен қасаң, таптаурын жүйемен жүріп-ақ Олимпиада дуына түскен 200 мемлекеттің ішінде 22-ші орынға табан тіредік. Іргелі елдер қатарына ілігіп, еңсе түзегендеріне алды бірнеше ғасыр, арты ондаған жылдар болған Испания, Канада, Иран, Түркия, Дания, Финляндия, Австрия, Швейцария, Мексика, Тайланд, Аргентина, Бразилия, Бельгия, Кувейт, Үндістан секілді мемлекеттер Сидней додасында Қазақ елімен үзеңгі қағыстыруға жараған жоқ. Бұл мемлекеттердің әрқайсысының спортқа жұмсайтын қаржысы бізді он орап алады. Бірақ қазақ спортшыларының өр рухы, жанкештілігі, тегеуріні Олимпиада айқасында мұқым дүниені тәнті етті. Ұлы даладан-бес құрлықтың табиғаты тоғысқан ғажап топырақтан нәр алған батырлар Алаш жұртының аруағын аспанға көтерді. Дүние жүзін мойындатқан төрт қазақ боксышының ерлігі-талай жыр-дастанға арқау боларлық ғаламат жеңіс. Біз Сиднейге басқа спортшыларға салмақ салмай-ақ тек боксшыларды апарғанның өзінде 200 мемлекеттің арасында 31-ші орынға ие болады екенбіз. Көрші Өзбекстан 70-тей спортшымен бәйгеге түсіп, командалық есепте 41-ші орынды қанағат тұтты.

Қазақтың бокс құрамасы Сиднейде командалық 3-ші орынды жеңіп алды. Алдымызда Куба мен Ресей. Ал таза ұллттық есепке көшсек, қазақ жігіттері кубалықтардан кейін 2-ші орында.

Сиднейде бүкіл Азия бойынша Қазақ елінің боксшылары жеке-дара тұрса мұсылман мемлекеттеріненде алдымызға жан салған жоқпыз. Бекзат Саттарханов, Ермахан Ыбырайымов, Болат Жұмаділов, Мұхтархан Ділдәбековтердің ХХVΙΙ-жазғы Олимпиада ойындарындағы жеңісін ұлттық шеңберден әрі асып, әлемдік деңгейде сараптасақ, жоғарғыдағыдай жан сүйсінтер деректер жайнап шыға келеді. Осы төрт саңылақ Сиднейдегі 200 мемлекеттің алдында ұлтын әлемге танытудың теңдесі жоқ үлгісін көрсетті. Айналасы екі сағаттың ішінде қазақтың көк байрағы төрт мәрте көкте желбіреді. 20 жыл зарыға күткен Олимп шыңына асыл текті қос батырымыз кезектесе ту тіккен тұстағы сезім күйін тілмен жеткізу мүмкін емес. Бүтін Алаш жүрегі жарыла шаттанды. Қазақ шын қуанышты, шынайы шаттықты әбден сағынған екен. Ұлт рухы асқақтаған тұста барша қазақтың қаны қызып, жаны жадырады. Ұллтты ұйыстырып, қанына тартқызған осындай ұлы жеңістер екеніне сол сәт имандай сендік. Алайда мұндай ұлы жеңістердің биігінен көріну біздің спортшыларға оңайға түскен жоқ. Оның ар жағында бапкерлеріміз жұдырықшы жігіттерді төске салғандай шыңдады. Тер шүмектеп емес, шелектеп төгілді. Жаз ортасы ауа Мәскеудегі «Күштілер турнирінде» Бекзат, Мұхтархандар жасындай жарқылдады. Марқұм Бекзаттың бабы тамыздың ортасында шырқау шегіне жете жаздап, бапкерлер кей жаттығудан іркуге мәжбүр болған еді. Бас бапкер Тұрсынғали Еділов пен майталман жаттықтырушы Александр Апачинский команданың жарастығын берік сақтады. Ермаханды капитан сайлаған құрама бір үйдің балаларындай тату-тәтті тірлік кешті. Кілең ауыл иісі аңқыған жігіттер.

Алла тағала істің сәтін салайын десе, ойға алғаның орайласып, бастаған шаруаң жүйесін тауып,дөңгеленіп жүре береді ғой. Оның үстіне анау-мынау ноқтаға басы сыймайтын,қалыбы бөлектеу Апачинский Атлантадағы табыстың кездейсоқ еместігін дәлелдеу үшін бапкерлік ғылымның қайнарына барынша терең бойлап еді. Әр жиынның иін қандыртып, жігіттерді ұстараның жүзінде қылпылдатып қайрады.

Бұл тұста 20 жыл Олимпида алтынын колға ұстамаған Алаш жұртының арман-тілегі байтақ даланың көгінде ақ көгершіндей қалықтап еді. Бүтін бір ұлттың әппақ арманы мен буырқанған намысы бокстың боданында жүрген азаматтардың нар тауекелі мен өрлігіне, жігіттердің аямай төккен ащы теріне сай келеді. Бұл дегеніңіз-Бекзат, Ермахандардың құрыштай білегіне 12 миллион қазақтың сұрапыл күші толлассыз құйылып жатты деген сөз. Қалың қазақтың арман-мұраты, тілегі мұхитты көктей өтіп батырларын қолтығынан демеді, арқасынан сүйеді. Осының бәрі түптеп келгенде, Алла тағаланың құдіретімен болып жатты. Қазақ шүйлеп салған қырандар Сидней көгінен қос алтын, қос күмісті іліп түсті. Мұндай мол олжа тұтас бір ұлттың тегеурінімен ғана келеді. Ал білікті бапкер мен дарынды жас тізе қосып, Олимпиада шыңына ту тіккен сәттер тарихта көптеп кездеседі.

Сидней рингі қазаққа шаттық сыйлаумен қатар, жаратылысымызда бар ерте жетілетін қасиетімізді қайта жаңғыртқандай болды. Марқұм Бекзат Саттарханов-бокс, грек-рим, еркін күрес бойынша Олимпиада чемпионы атанған спортшылардың ішіндегі ең жасы.Бокспен шұғылданғанына небәрі бес жыл болғанда-20-сында Олимп шыңын бағындырды. Бұрын Кеңес Одағының ұстаханасында шыңдалмағандар биік белестерге құлаш сермей алмайтындай көрінуші еді. Бекзат пен Мұхтархан сол түсініктің көбісін қақ айырды. Бұрын тәжірибелі мамандардың мамандардың басым көпшілігі Олимпиада биігіне иек арту үшін споршылар кем дегенде 7-8 жыл тер төгуі керек дейтін. Бекзат пен Мұхтархан бес-ақ жылда Олим асуына шықты. Жалпы Сидней шаршы алаңында Қазақстанның жеті боксшысы өнер көрсетті. Олар: Болат Жұмаділов (51 келі), Бекзат Саттарханов (57 келі), Нұржан Кәрімжанов (60 келі), Данияр Мұңайтпасов (67 келі), Ермахан Ыбырайымов (71 келі), Олжас Оразалинов (81 келі), Мұхтархан Ділдабеков (91 келіден жоғары). [ 16 ]

Атланта Олимпиадасынан кейін Германияға барып қайтқан Болат Жұмаділов 1997 жылы Қазақстан құрамасы сапында Бусанда алауы тұтанған Шығыс Азия ойындарында топ жарса, Будапештте өткен әлем чемпионатында қола медальге қол жетті. 1998 жылы 54 келі салмаққа ауысып көріп еді, жолы болмады. Тайландатағы Король кубогы үшін жарыста екінші орынды қанағат тұтты. Әлем кубогы бәсекесінде атақты кубалық Энрико Каррионға есе жіберді. Содан қайта салмақ «қуды». Бангкокте шымылдығы көтерілген Азия ойындарына қатысты. Ол жарыста Болаттың бағы жанбады. Есесіне 1999 жылы жұлдызы жарқырай жанды. АҚШ-та өткен әлем чемпионатында бас жүлдені олжалады. Егер тарихқа үңілсек, Қазақстан боксшылары ішінен ондай дәрежеге жеткен тек Валерий Рачков пен Игорь Ружников қана екен. Біріншісі-1978 жылы Белградта, екіншісі-1989 жылы Мәскеуде топ жарды. Ал қазақ боксшыларының арасынан тұңғыш әлем чемпионы атану Болаттың ғана бағына ғана бұйырыпты. Мұның алдынғы әлем чемпионаттарында бір рет күміс, бір рет қола медаль олжалаған болатын. Ендігі Болатқа керегі-тек бас жүлде болатын. Америкаға сол өзі арман еткен алтын медальді алып қайту үшін барды. Жарыс барысында Түркия, АҚШ, Армения және Аргентина өкілдеріне қарсы төрт жекпе-жек өткізді. Сол бәсекелердің барлығы да Болаттың пайдасына шешілді. Жеңіс тұғырына көтерілді. Қазақтың әнұраны Америка көгінде шырқалды. Әлем чемпионы атанған соң сәл босаңсыса керек, Ташкентте өткен Азия чемпионатында ұтылып қалды, Олимпиада жолдамасыннан қағылды. Бірқатар халықаралық турнирлерге қатысудан бас тартып, бапкері мен Болаттың жеке жоспары бойынша даярланды. Сеулде өткен жарыста екінші орынға шығып, Олимпиада лицензиясына қол жеткізді. Атланта Олимпиадасында нағыз бабында болды, қылшылдап тұрған кезінде атой салды. Бойындағы күш-қуатты мол еді. Ал Сиднейде шеберлігі толысып, мол тәжірибесіне арқа сүйеді. Бастапқы бәсеклерде Замбия боксшысы Канята Кенеди мен армениялық Вахтанг Дарчинянды аса қиналмай ұтты. Содан кейін франциялық Жером Томаны тізе бүктірді. Ал финалда тайландық Вижан Пойландтан ұпай санымен ұтылып, күміс медальді иеленді. [ 17 ]

Ал, 57 келі салмақта ел намысын қорғаған боксшысы туралы көп әңгіме айтуға болады. Жиырмаға толған шағында қазақ халқына жиырма жыл зарыға күткен алтын медалін сыйлаған Бекзат Саттарханов аққан жұлдыздай жарқ етті де, жоқ болды. Бекзаттың Олимпиада чемпионы болатынын кім білген? Егер білген адам болса, ол-ең бірінші сол кездегі бас бапкер Тұрсынғали Еділов. 1999 жылы Ташкентте өткен лицензиялық турнирге Бекзатқа қарағанда көргені мен түйгені мол, тәжірбелі Бақтияр Тілегеновті тастап кетіп, жиырмаға әлі толмаған жасөспірім Бекзатты Азия біріншілігіне ілестіре кетеді. Бекзат Өбекстанда сенімді ақтап, күміс медальға ғана ие болмай, Олимпиада жолдамасын да бірге ала келді. Олимпиада кезінде Бекзатқа ең алғашқылардың бірі болып, румын боксшысы қарсылас атанды. Бекзат өзінің тырнақалды жекпе-жегінде қаймыққан жоқ. Керсінше, румын жігітін он төрт рет дәл нысанаға алды. Қортынды есеп 14:5. Бекзат екінші жекпе-жегінде оңтүстікафрикалық боксшысы мен қолғап түйістірді. Бұл жекпе-жекте Бекзат карсыласын 16:5 есебімен есеңгіретіп салды. Үшінші жекпе-жек Бекзат үшін ең ауыр жекпе-жек осы. Қарсыласы түрік Рамазан Палиани Еуропаны ұтып, енді Олимпиада ойындарында олжа салсам деген бұл жігіттің бұл соңғы арманы еді. Тіпті бұл жігітті көпшілік Олимпиаданың ең биік шыңының басына шығарып қойған. Бірақ олар қатты қателесіпті… Бекзат пен Палиани жекпе-жегі олимпиада ойындарының ең қызықты кездесулерінің бірі болды десек те, артынша жекпе-жектің алғашқы минутынан-ақ шарт-шұрт айқасқа түскен екі боксшы кездесудің аяғына дейін тыным таппады. Сәт сайын жұдырық алмасып, жан алысып, жан беріскен боксшылардың арасындағы кездесудің соңғы секундында есеп 11:11 боп тұрған. Жекпе-жек аяқталуға санаулы секундтар қалғанда Бекзаттың сілтеген жұдырығы Палианидің қақ маңдайына тиді. 12:11. Осы кезде гонг соғылып, Бекзат жартылай финалға жолдама алды. Ал Палиани болса, өкініштен өзегі өртеніп, еденге құлай кетті.

Жартылай финалдағы кездесу Бекзат үшін аса қиынға соға қойған жоқ. Мороккодан келген боксшыны төрт раунд бойы төпелеген Бекзат финалда американдық Рикардо Хуаресті жеңді. Қас-қағымда Барселона мен Атланта олимпиадаларынан еңсеміз түсіп, есеміз кетіп оралған күндер елес беріп өтті. Зарығып, талықсып, зорға жеттік-ау. Жаратқан иеміздің бұйрығымен,қалың қазақтың тілеуімен қаршығадай ғана ұлымыз Олимп шыңына ту тікті. Қандай ғажап! Бекзаттың бес жыл төккен тері бес-ақ күнде алатын боп шүлпілдеді.

Құбылыс! Басқаша теңеу Бекзатқа олқы. Алла тағаланың өзі артық жаратқан ұл екен.

Иә, алты алаштың ардақты ханы Абылай он сегізінде «Абылайлап!» жауға шапқан. Қаз дауысты Қазбек бала кезінде жоңғар қонтайшысын сөзден жығып, дүйім жұртқа әйгілі болған.

Жасы 20-дан жаңа асқан Талғат Бегелдинов екі мәрте Кеңес одағының батыры атанса, 21 жастағы Рақымжан Қошқарбаев екінші жиһан соғысында Рейхстагқа бірінші болып ту тікті. Шығыстың қос қарлығашы-Әлия мен Мәншүк 20жасында өшпес ерлік жасап, Кеңес одағының батыры атағына ие болды.

Даңты боксшы Серік Қонақбаев 19 жасында Еуропа чемпиондығы мен Әлем кубогын қанжығасына қатар байласа, 20-сында Олимпиаданың күміс медальін жеңіп алды.

Көкөрім шағында дүниені төнкерген саңылақтарымыздың тарихына терең үңіліп, зерттейтін болсақ, том-том кітап жазуға болады. Бекзат-алаш жұртының осы бір ерте жетіліп,ерте танылатын қасиетін бойына сіңірген асыл текті азамат!

Қазақтың Олимпиада чемпиондарының ішіндегі ең жасы-Бекзат Саттарханов.Спорттың жекпе-жек түрлерінен 20 жасында Олимпиада шыңына иек арту-адамзат тарихында сирек кездесетін құбылыс.

Бекзат-туған халқының спорттық тарихынан өз орнын ойып тұрып алған саңлақ. Қазақ боксшыларынан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы!

Дүние жүзілік бокс тарихында мұсылман боксшыларының бәсі төмендеу екенін мойындауымыз керек. Сидней олимпиадасына дейін мұсылманның үш-ақ жігіті Олимпиаданың жеңіс тұғырына көтерілсе, Бекзат бұл шежіреге төртінші болып тіркелді. Саттархановқа дейін ресейліктер Шәміл Сабиров (1980ж.) пен Олег Саидов (1996ж.) және алжирлік Сұлтан Хусейн (1996ж.) Олимпиада жеңімпазы деген тозбас атаққа қол жеткізген еді.

Сидней олимпиадасында жекпе-жекте жарып шыққан ең жас чемпиондары Бекзат Саттарханов пен кубалық Ортиц Ригондикс (бокс) аузға алдымен ілінеді. Екеуінің де жасы 20-да!

Осы мысалдардан-ақ Бекзаттың әлемдік спорт тарихындағы жарық жұлдыз екеніне кәміл сенесіз. Алла тағала маңдайына бақ берген батыр несібелі сәтінде қандай қамалды да қақыратып бұзып өтеді екен. Бекзат шүу дегеннен осындай біртуар баһадүрлердің қасқа жолын таңдаған еді. [18]

Бекзат бұл бәсекеге дейін, 1996 жылы Қазақстан Республикасы біріншілігінде қола медаль, А. Асқаров атындағы халықаралық турнир жеңіпазы, 1997 жылы Германияда өткен халықаралық турнир жүлдесін жеңіп алған.Алғашқы асулары осылай басталған өр Бекзат қоржынына қосымша медальдар салуды да ұмыт қалдырмады. Аянбай тер төккен алтынның сынығы Испания, Чехия, Мәскеу елдерінде өткен халықаралық турнирлер жеңімпазы. Бекзат жалпы шаршы алаңда 142 кездесу өткізіп, оның 131-де жеңіс тұғырынан көріне білді.

Асыл азамат ғұмыры алысқа бармады. Небәрі жиырма жасында өмірден өткен алыптың есімі ел есінде мәңгі сақталады. Есімі тарих беттеріне алтын әріптермен жазылатын Бекзаттың ерлігі ертеңгі ұрпаққа ұран, елге мұра. [19]

Австралия төрінде атой салған боксшыларымыздың бірі 71 келі салмақта өнер көрсеткен Ермахан да жеңіс тұғырынан көріне білді. Ермаханның тас үгітер соққылары талай мен деген мықтылардың бағын байлады. 1997 жылы Будапештте өткен әлем чемпионатында өзбекстандық Икрам Бердыевты ұпай санымен ұтып, одан кейінгі үшеуін-Болгария, Египет және Түркия боксшыларын нокаутқа түсірді. Ақтық айқаста ежелгі қарсыласы Альфердо Дювергельден 7:9 есебімен ұтылып, күміс жүлдегер атанды.

1997-2000жыл аралығында Азия ойындары мен Азия біріншілігінде топ жарып, әлем кубогы жолындағы жарыста қола медальді олжалады. Оның сыртында ондаған ірі халықаралық турнирлердегі жарыстары тағы бар. Міне, Ермаханның осылай дәуірі жүріп тұрған кезі Сидней Олимпиадасымен тұспа-тұс келді.

Көк құрлыққа Ермахан көтеріңкі көңіл-күймен аттанды. Алыс сапар алдында Елбасы қазақтың көк байрағын Ыбырайымовқа сенір тапсырды. Сенім жүгін ауыр болатынын сезінседе, Ермахан Мемлекет басшысына «Қазақстанның туын көк құрлықтың көгінде желбіретіміз», — деп серт берді.

Ер жігіт екі сөйлемейді. Айтқандай-ақ, Ермаханның шабысы әу бастан ширақ көрінді. Бастапқы бәсеклерде Сириялық Иосиф Массас пен венесуэлдік Хелли Яннесті ауыр соққылардың астына алды. Оларға араша түскен төреші айқасты мерзіміннен бұрын тоқтатты. Ширек финалда атақты Хуан Эрнандеспен жолғатынын естігенде Қазақстан жанкүйерлерінің бойын керағар сезім биледі.

Шынында да Хуан Эрнандес әккі боксшы. Бұған дейін екі мәрте әлем чемпионы атанып, Барселона Олимпиадасының алтын, Атланта Олимпиадасының күміс медальдарын кеудесіне таққан кубалық қабыланнан кімде – кім болсын қаймығады. Кезінде ол дүниежүзілік додаларда қазақтың аса таланты боксшысы Нұржан Смановтың үш рет бағын байлаған. Бірақ, шабытқа мінген Ермаханды сол күндері тоқтататын күш жоқ еді. Ол қарсыласына қарағнда елдеқайда ширақ қимылдап, күмәнсіз жеңіске жетті. Эрнандес 9 соққысын дарытса, қандасымыз оны 16 рет дәл ұрды.

Жартылай финалда АҚШ боксшысы Теилор оған жарытып қарсылық көрсете алмады. Ермахан оны өлімші қылып сабап тастайтын болғандықтан, төреші төртінші раундта жекпе-жекті тоқтатты. Сөйтіп, ақтық бәсекеге жол ашылды.

Шешуші айқас аса ауыр болды. 1999 жылы әлем чемпионы атанған Мариан Симион да жеңіс үшін жанын салып айқасты. Әуелі Ермахан біраз ұпай алға шыққанымен, үшінші раундта румын боксшысы ширақ қимылдап, таразы басын теңестіріп кетті. Бір сәтте Симион ұзай бастады. Дәл Атлантадағы жағдай айна – қатесіз қайталана бастады. Ермахан тағы шарашап қалдыма деп, қазақстандық жанкүйерлерден маза кетті. Жанын шүберекке түйген қазақстандықтар төртінші кезеңін нәтижесін күтті. Бақсақ, оның бәрі тактикалық қулық екен. Қарсылысының күш – қуаты сарқылды деп ойлаған Симион үшінші раундта жан тәнімен айға ұмтылды. Ал, бір рет кейін шегініп, есесіне екі адым алға ұмтылуды жөн көрген Ермахан соңғы сикундтарда жеңісті қарсыласының уысыннан жұлып алды. Бәсеке тағдырын небәрі екі ұпай шешті. Есеп 25:23. Осылайша, қазақтың тағы бір ұлы Олимпиада чемпионы деген мәңгі тозбас атаққа қол жеткізді. [20]

Бар-жоғы бес жылдың ішінде аудан таныған көкпаршыдан әлем мойындаған боксшы Мұхтархан Қабыланбекұлы Ділдабеков сонау Сиднейдегі саңлақтар түскен сайыста 91 келіден жоғары салмақта өнер көрсетті. Аса ауыр салмақта өнер көрсеткен Мұхтархан Ділдабековтің күмісі алтынға пара-пар еді. Ширек финалда Алексис Рубалкабаны екі рет есеңгіретіп, бүкіл әлемді өзіне қаратқан Мұхтарханға жартылай финалда өзбек боксшысы Рустам Саидов та қарсы тұра алмады. Финалдық жекпе-жекте Мұхтархан шаршаңқырап шықты. Ширек және жартылай финалдық кездесулерде көп күш жұмсап қойған Мұхтархан ағылшын боксшысы Одли Хариссонға қарсылық көрсете алмады. Сөйтіп, Мұхтархан Олимпиаданың күміс медальіне ие болды.

19 жаста қолына былғары қолғапты алғаш киген адамның 21-інде ел чемпионы, тағы бір жыл өте құрлықттық ойындардың жеңімпазы, ал 23 жасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атануы бокс тарихында бұрын –соңды болмаған оқиға. Бірақ бұл тек ауызбен айтқанға ғана оңай. Ал аюдай арбаң – арбаң еткен алпамсадай әрбір қарсыласының гүрзідей жұдырығына маңдайды тосу оңай емес. Бүгінгі деңгейге жету, осындай белестерді бағындыру үшін қаншама ұйқысыз түндер, мазасыз күндер өткенін Мұхтархан өзі ғана біледі.

Үлкен спортта алғаш қадам жасаған 19 жасар Ділдабековті ең бірінші болып атақты Михайл Юрченко «сынақтан» өткізді. Жас өрен ТМД чемпионымен тең дәрежеде айқасты. Әйтседе жеңіс тәжірбиелі Юрченконың уысында кетті.

1996 жылы халықаралық дәрежедегі спорт шебері 31 жасар Серік Өмірбековке есе жіберіп, Қазақстан біріншілігінің күміс жүлдесін кеудесіне тақты.

1997 жылы ел чемпионы атанды. Азия біріншілігінде қола медальды иеленді.

1998 жылы Польшада атақты бокс маманы Феликс Штамның жарысында топ жарып, Италия және Испанияда өткен халықаралық турнирлерде екінші орынды місе тұтты. Кубада ұйымдастырылатын дәстүрлі «Кардова Кардин» додасында бойы 2 метр 08 см, салмағы 140кг. Алексис Рубалкадан 2:3 есебімен ұтылып, күміс жүлдегер атанды.

Сол маусымда Алматыда өткен Қазақстан-Куба сайысында жастар арасында әлем чемпионы Фреди Соттоны ұттып, жерлестерімізге командалық жеңіс әперді.

ХΙΙ-ші Азия ойындарында шымкенттік боксшы жартылай финалда әлем кубогының иегері өзбек Лазизбек Зәкіровты тізе бүктірді. Финалда өзінен екі бас биік, 30 келі ауыр ирандық Мұхамед Резаны екінші кезеңде есінен тандырды.

Ал өзінің ең ірі табысына Мұхтархан 1999 жылы Хьюстонда қол жеткізді. Үш қарсыласынан басым түскен (оның бірі әлем біріншілігінің жүлдегері) қандасымыз финалда түрік боксшысы Самилмен тең түсті. Есеп 4:4. Алайда төрешілердің бүйрегі түрікке бұрып, алтын медаль қарсыласының мойында кетті.

Қазақстан боксына құт әкелген Сидней Олимпиадасындағы Мұхтарханның жекпе-жегін жұрт осы күнге дейін аңыз қылып айтып жүр. Алғашқы қарсыласынан айласын асырған ол ширек финалда кубалық Алексис Рубалкабамен қолғап түйістірді. Атағы алысқа жайылған алып жіттен аса ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсететін барша боксшылардың қаймығатыны рас. Өйткенні, ол нағыз таусоғардың өзі. Бойы 125 келі Рубалкабаның соққысы дәл тиген боксшылардың рингке қайта оралуы екіталай.

Айқас Алексистің екпінді шабуылымен басталды. Бойы Кубалықтың бойына әрең жететін Мұхтархан қолдан келгенше қарсыласуда. Алайда, дәу қараның соққысы Мұхтарханға дөп тиіп, бір рет есеңгіретті. Аброй болғанда ол лезде есін жиды.

Екінші кезеңде бірнеше соққысын «нысанаға» дәл тигізген Ділдәбеков таразы басын теңестіріп үлгерді. Қарсыласының осал тұсын енді тапқан Мұхтархан одан әрмен шабыттана түсті. Кей кезде тіпті қорғаныстаы ұмытып, баса-көктеп алға ұмтылды. Кіп-кішкене жігітен мынадай қауқар күтпеген Рубалкаба әуелде сасқалақтап қалды. Дегенмен оның арлы-берлі сілтеген соққыларының бірі Мұхтарханға дәл тиді. Төреші накдаун белгіледі. Жерлесіміз ештеңе болған жоқ деп, қазылар шешіміне наразылық білдірді.

Үшінші раундта да жоғарыдағы жағдай қайталанды. Ауыр соққылар алмасу барысында Мұхтархан қарсыласын екі рет есеңгіретіп үлгерді. Төреші екі ретіндеде есеп ашыты.

Бұған дейін жеңілістің не екенін білмей келген еңгезердей Куба боксшысына еш қаймықпай қайта-қайта шабуылдаған Мұхтарханға көрермендер әбден риза болды.

Жартылай финалда өзбекстандық Рустам Саидовпен кездесіп, 28:22 есебімен тізе бүктірген Ділдәбеков ақтық сында ағылшын боксшысы Одли Хариссоннан айласын асыра алмады. Сөйтіп, Мұхтархан Ділдәбеков Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. [21]

Сондай-ақ Австралия құрлығында алыптар қатарынан Шишигина Ольга Василийқызы да көріне білді. Еңбегі сіңген спортшы 100 метр және 200 метр қашықтыққа кедергілер арқылы жүгіруден Қазақстан Республикасының 15 дүркін чемпионы. 1994жылы Жапонияның Хиросима қаласында өткен ХΙΙ-ші Азия ойындарыныңжеңіпазы. 1998жылы Тайландта өткен ХΙΙΙ-шіАзия ойындарының жеңімпазы.

1999 жылы әлем мамандарының назарына ілікен қазақстандық жеңіл атлет Ольга Шишигинаны еліміздің жанкүйерлері орынды мақтан етеді. Ол Жапонияда жабық залда өткен дүниежүзілік чемпионатта 100 метрлік кедергілі қашықтыққа жүгіруде алдына жан салмай, алтыннан алқа тақты. Ольга қазір дүние жүзіндегі ең таңдаулы кедергіші қыздардың арасында 3-орында тұр-12,47 секунд. Осының өзі-ақ намысқой қыздың олимпиадалық медальға сенімді созатындығын аңғартқан еді.

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген көптеген жеңіл атлеттер арасында өзінің елінің атын әлемге таныта білді

Сиднейдің жеңіл атлетикаға арнап салынған стадионындағы жанкүйерлер қазақстандық желаяқ Ольга Шишигинаның өнеріне риза болды. Аузымен құс тістеген әлемнің ең мықты желаяқтарын орта жолда қалдырып, мәре сызығын бірінші боп кескен Шишигина (12,65секунд) Қазақстан қоржынына алғашқылардың бірі болып алтын медаль салды. Шишигинадан соң іле-шала мәреге нигериялық «қара маржан» Глория Алоза келді. Алозаның көрсеткіші-12,68 секунд. Ақтық сында жүгірген американдық желаяқ Мелиссе Мерисо мәре сызыгын үшінші боп кесті. Қазақстан көк байрағы күн нұрына шағылыса көк құрлық көгінде желбіресе, еліміздің әнұраны әлем жұртшылығының алдында шырқалды. Қазақ елінің қоржынына үшінші алтын медаль түсті. Дегенмен, Қазақстанның миллиондаған жанкүйерлері Олимпиаданың медальін ұзақ күтті. Қазақстан қоржынына ең алғашқылардың бірі болып, велошабандоз Александр Винокуров медаль салды. Винакуров 139,4 қашықтыққа топтасып жарысуда күміс медаль олжалады. Әр айналымы 17,1 шақырым болатын тас жолдың он төрт айналымы болатын. Спортшыларға ауа райы да қолайлы болды. Александр Винакуровтың қарсыластары да осал емес еді. Олардың ішінде жүлдеге қол созуы мүмкін деген француз Леран Жалабер, неміс Ульрих, Италияндық Бартоли, ресейлік Дмитрий Конышевтар бар болатын. Бірақ біздің Винакуров кілең мықтылардың арасынан тек неміс велошабандозына ғана алға жіберіп алды. Дүбірлі додада алдыңғы қатардан көріне білген Винакуров Александр Николаийұлы 1994 жылғы Азия ойындарының жеңімазы. 1996 жылы Атланта Олимпиадасына қатысты. Жүлделі орындардан көріне алмасада, Сидней Олимпиадасына апарар жолдаманы жеңіп алды. Олимпиадаға дейін аянбай тер төккен Александр Париж-Ницца көпкүндігінің жеңімпазы. “ Тур де Франс” велокөпкүндігінің қола жүлдесін жеңіп алды. Винакуров өз жетістіктерін Сиднейде де қайталады. Әлем назарына іліккен қазақ елінің мемлекеттік туы олимпиада төрінде тағы да желбіреді. [22]

Қазақстан спортшылары мұнымен ғана шектеліп қоймады. Сидней Олимпиадасында еліміздің көк байрағын желбіреткен жігіттеріміздің бірі-еркін күрестің ересен шебері Ислам Байрамуков. 97 келі салмақта күрескен Ислам ақтық айқасқа дейін тірі жанды шыдатпады. Ал финалда Исламға жарақаты кедергі болды ма, ресейлік Сагид Муртазалиевпен болған белдесуде өз деңгейінде күресе алмады. Сонымен Ислам Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Жамбыл облысының тумасы жастайынан еркін күреске қатысып, қазір Қазақстанға еңбегі сіңген спортшы болып отыр. Ислам 1994 жылы Жапонияның Хиросима қаласында өткен ХΙΙ-ші Азия ойындарында қола медальға қол жеткізді. Алар асуы көп балуан 1999 жылғы және 2000 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы.

1999 жылғыӘлем чемпионы, Азияның үздік үшсайысшысы Дмитрий Гааг үздіктер қатарынан көріне алмады. Ол небәрі төртінші орыннан көрінді. Сондай-ақ ауыр атлетші қызымыз Татьяна Хромова Сиднейде медальдан үміткерлер қатарында болғанымен, тәжірибесі жетіспеді.

2001 жылы Мюнхенде өткен Әлем біріншілігінен қола жүлде алып жарқ еткен Асхат Шахаров Сидней Олимпиадасында ресейлік Макаровты 15:0есебімен таза ұтқанда, мамандардың көпшілігі оның өнеріне таңданыс білдірген еді. Бірақ талантты дзюдошымыз Сиднейдегі саңлақтардың қатарынан көрінбеді. Ал Маулен Мамыров. Бұл балуанды Сидней Олимпиадасында төрешілер аяқтан шалды. Міне, осылай Мәуленде жарыс жолынан шығып қалды. Өзге спортшыларымызда алғашқы күндерден бастап-ақ Олимпиададағы жарыс жолдарынан шығып қалып отырды. Дегенменде төрткүл дүниені тамсандырған додада қазақ елі жемісті нәтижеге қол жеткізгені рас.

Сидней Олимпиадасы-Қазақстан спортшылары қатысқан Олимпиадалардың арасындағы ең нәтижелі әрі құтты Олимпиада болды. Дүбірлі жарыс кезінде әсіресе, біздің боксшылар ерледі. Сол кездегі Тұсынғали Еділов баптайтын боксшылардың төртеуі ақтық сынға шығуға мүміндік алса, оның екеуі елімізге алтын медальмен оралды.

Ал, өзге сында өнер көрсеткен спортшыларымыз алғашқы ондықтар қатарынан көрінді.

 

2.3 Алмас қылыш қап түбінде жатпайды

 

Олимпиада ойындары араға 108 жыл салып, отанына қайта оралды. Ең алғашқы Олимпиаданың алауы 1896 жылы дәл осы Эллада елінде тұтанған еді. 1997жылы Халықаралық Олимпиада комитетінің 106-шы сессиясында 2004 жылғы Олимпиада ойындарының астанасы атануға бірден бес қала үміткер саналды. Буэнос-Айрес, Кейптаун, Рим, Стокьголм қалалары болды. Бұлардың арасынан Грекияның астанасы Афина қаласы жеңіп шықты. Афина қаласындағы алыптар айқасында Қазақ елі спортшылары үлкен дайындықпен аттанды. Келешегінен үміт күттіретін ұл-қыздарымыз бұл жолғы Олимпиададан құр алақан қайтпады.

Афина Олимпиадасы-Қазақстандық спортшылар қатысқан үшінші олимпиадасы. Қазақ елі 1996 және 2000 жылғы Олимпиада ойындарындағыдай еліміздің спортшыларынан көп үміт күткен. Өкінішке қарай, жаңа буын өкілдері Атланта мен Сиднейдегідей жарқырап өнер көрсете алмады. Біздің спортшылар Грекия жерінде 1 алтын, 4 күміс, 3 қола медальға ие болып, ресми емес жалпы командалық есепте 40-орыннан көрінді. 19 спорт түрі бойынша 119 лицензияға ие болдық. Су добынан ерлер және әйелдер командасынан-26 адам, жеңіл атлетикадан-22спортшы, суға жүзуден-12, бокс пен дзюдодан-сегіз-сегізден, еркін және грек-рим күресінен-алты-алтыдан, велоспорттан-5, мылтық атудан-4, велотректен, байдарка мен каноэде ескек есуден, ауыр атлетикадан, триатлоннан, садақ тартудан үш-үш спортшыдан лицензия жеңіп алған болатын.Сонымен қатар, қыздарымыз бессайыстан, ілеспе жүзуден-2 лицензияға қол жеткізді. Яғни, бұл бәсекелерге төрт адам қатысады. Ал спорттық және көркем гимнастикадан, сондай-ақ таэквондадан бақтарын сынайтын спортшыларымызда тәжірибелі, биіктен көрінер саңылақтар болды. Үздіктер қатарынан кешегі Маулен мен Даулеттің ізбасарлары, грек-рим күресінің нағыз шеберлері де биіктен көріне білді.

Ең ауыр салмақта,яғни 120келі салмақта өнер көрсеткен Георгий Цурцумия грек-рим күресінен бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпазы, 2002 жылғы Азия ойындарының чемионы, 2003 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері, 2003-2004 жылдарда Азия жеңімпазы атанған, 2003 жылғы әлем кубогының иегері.

Өз тобынан жеке-дара шыққан түйе балуан Георгий Цурцумий жартылай финалда-Сидней Олимпиадасында орыс алыбы Алексанндр Карелиннің жолын бөгеген америкалық Рулон Гарднерді тізе бүктіріп, ақтық айқасты ресейлік Хасан Бароевпен белдесті.

Белдесу бітуге 40 секунд қалғанда Цурцумия 2:0 есебімен жеңіп тұрған еді.Осы сәтте Бароев Цурцумияның белінен қапсыра құшақтап, шалқасынан түсірді. Георгийдің жауырыны кілемге тие жаздап, әрең құтылды. Сөйтіп, Ресей алыптары ең ауыр салмақтағы алтынды өздеріне қайтарып алды. XXғасырдың 80-жылдарының ортасында Қазақстандық Сергей Ростороцкий мен швед Томас Юханссон ең ауыр салмақта әлем чемпионы атанғаннан бергі уақытта бұл салмақта Александыр Карелиннің дәуірі жүріп тұрды. Орыс алыптары қатарынан 12 жылға созылған жеңісін Рулон Гарднер 2001 жылы әлем чемпионы атанды.

Енді міне, Хасан Бораев Ресейдің абройын асқақтатты.

Г.Цурцумияның күміс медальі-Қазақ елі күрес мектебінің үлкен жеңісі болды.

66 келі салмақ дәрежесінде белдескен Мкхитар Манукян жартылай финалда түрік Сереф Ероғлыдан ұтылып, қола медаль үшін сында Джимми Самульсоннан басым түсті. Сидней Олимпиадасы қарсаңында беліне операция жасатқан Манукян содан бері 1997-1998 жылдардағы деңгейіне жете алған жоқ. Әлемнің екі дүркін чемпионы, жерілесіміз Мкхитар Манукян Афинадан қола медальмен оралды. Манукянның медальі маңдай тердің,шыдамдылықтың арқасында келді. Ол Сидней Олимпиадасынан кейін қатты жарақат алып қалды. Тіпті оның үлкен спортта қалу-қалмауы екі талай еді. Бірақ, Мкхитардың төзімі мықты екен. Айлап-жылдап емделген балуан олимпиаданың жолдамасында да өз еңбегімен алып, Афина олимпиадасында қазақ елінің көк туын желбіретті.

Грек-рим балуандары екі медальмен оралғанда, еркін күрестің шеберлері де құралақан қайтпады. Олимпиада ойындарынан бір жыл бұрын әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанған Гненнадий Лалиев Афинаыда күміс медальға қол жеткізді. 74 келі салмақта күрескен Лалиев тек ақтық айқаста сүрінді.

Грек-рим күресінен 2001жылғы Шығыс Азия ойындарының күміс жүлдегері, 2003 жылғы Азия кубогы мен 2004 жылғы халықаралық лицензиялық турнирдің жеңімпазы Нұрлан Қойжайғанов сенімді ақтай алмады. Ширек финалда ресейлік Алексей Шевцов та алып бара жатқан мықты емес. Тұрлыханов Нұрланды қанша қайрағанымен, Қойжайғанов жан сүйсінтер бір қимыл жасай алған жоқ.

74 келі салмақта сынға түскен Даниал Халимов та жартылай финалға жол ашар жекпе –жекте швейцариялық Рето Бучерден жеңіліп қалды.

Сөйтіп,күрестің үшінші күні екі бірдей балуанымыз жүлдеден шет қалды. Ал, триатлоншылар сайысында қазақстандықтар Дмитрий Гааг пен Данил Сапунов жүлде жүлде ауылынан тым сырт қалып, 25 және 17 орындарды қанағат тұтты.

Бокстан жасөспірімдер арсындағы әлем чемпионы, 2002 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы, әлем кубогының күміс жүлдегері, 2003 жылғы әлем чемпионы Геннадий Головкин талантты боксшылардың бірі. Қазақстан қоржынына күміс медаль салған Геннадий Головкин АҚШ-тың үкілеп әкелген Андре Дирелді ұтып, төбемізді көкке көтеріп тастады. Ал финалдық ойында жерлесіміз ресейлік боксшы Гайдарбек Гайдарбековтен жеңіліп қалды.Афина олимпиадасының алтын медальін бір алса, осы Геннадий Головкин алады деп еліміз үміт арқан еді. Өйткені Олимпиадаға бір жыл қалғанда Галовкин Бангокте өткен әлем біріншілігінде қарсылас шыдатпай, бас жүлдеге ие болған еді.

60 келі салмақта бокстасқан Серік Елеуіов елге қола медальмен қайтты. Ол жартылай финалға дейінгі жекпе-жектерін өте жоғары деңгейде өткізгенімен, ақтық айқасқа шығар жолда Ұлыбритания боксшысы Амир-Ханнан ұтылып қалды. Серік 1998 жылы Аргентинада өткен жастар арсындағы әлем біріншілігінде чемпион атанған жігіт.

Афинада қола медальмен оралғандардың қатарында онсайысшы Дмитрий Карпов та бар. Ол сайыстың он түрінен сынға түсіп, алдыға чех Роман Сербл мен американдық Брайн Клеяны жіберіп алды. Жеңіл атлеттикадан 2001 жылғы Шығыс Азия ойындарының жеңімпазы, 2002 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, әлем кубогы жолындағы жарыстардың жеңімпазы, 2003 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дмитрий Карпов еліміздің туын ежелгі Олимпиада ойындарының отанында желбіретіп қайтты.

Афинадағы алыптар қатарындағы Сергей Филимонов Сидней Олимпиадасында жүлдеге бір табан жете алмай, төртінші орынды қанағат тұтқан еді. Былтырғы әлем чемпионатында бапкерлердің айтқанын тыңдамай, өзім білемге салынып, жүлдесіз қалған Сергей биыл көктемдегі Азия чемпионатында жеке дара шықты. Жұлқи көтеруде 173,5 келіні игеріп, әлем рекордын жаңғыртты.

Яғни, Олимпиада жылы өз салмағындағы күштілердің бірі екенін тағы да дәлелдеді. Олимпиаданың екі дүркін жеңімпазы Чан Ху Ган (Қытай) жұлқи көтерудің үш кезегінде бастапқы 155 килоны игере алмай,жарыстан шықты.Орыс штангашысы Олег Перепетченов 170 келіні көтерген соң іле-шала Сергей Филимонов та осы салмққа тәуекел еткен. Сергей 170келіні көтере алмай қалған сәтте көңілді күдік биледі. Бұл кезде түріктің жас перісі Танер Сағыр 170-тік белестен асып үлгерген еді. Қалған штангашылардан түрік Райхан Арабасоғлы ғана 165 килоны көтеріп, Филимоновпен үзеңгі қағыстырып тұрған.

Танер Сағыр Сергейді біржола тығырыққа тіреуді ойласа керек, 172,5 килоға тәуекел етті. 19 жастағы штангашы бұл салмақты аса қиналмай көтерді. Кезек-Филимоновта. Сергей ер екен. Атан түйенің белін қайыстырар темірді төбесінен бір-ақ асыра жұлқып орнынан тұра берді.

Жұлқи көтерудің қорытындысы бойынша Танер Сығыр, Сергей Филимонов, Олег Перепетченов өзгелерден оқ бойы озып, көш бастады. Серпе көтеруде Сергей Филимонов пен Олег Перепетченов 195 килодан бастаса, Танер Сағыр шүу дегеннен 200 килоны қол ұшында ұстады. Филимонов та қалысқан жоқ. 200 килолық зілтемір біздің жігітке тым ауыр соқпаған тәрізді.

Жұлқи көтеруде бұл үшеуін көш кейін қалған өзге спортшылар жүлдеден күдер үзе бастады. Перепетченов екінші кезекте-200 килода сүрінді. Сағыр болса, 202,5 килоны еркін көтеріп, алтын тұғырға бір табан жақындады. Венгр Аттила Фари, грек Виктор Митроу, орыс Олег Перепетченов және біздің Сергей Филимонов 205 килоны меңгере алған жоқ. Күтпеген жерден 19 жастағы түрік Танер Сағыр қоссайыста 375 кг. нәтижесімен Олимпиада чемпионы атанды. Сергей Филимонов Сиднейдегі көрсеткішінен 310 кг. асып, 372,5 киломен күміс жүлдені жеңіп алды. [23]

Сидней Олимиадасына қатысып алғашқы ондықтан көріне білген зілтемірші Татяна Хромова. Бұл 1990-жылдардың орта тұсында болатын. 16 жасар Татьянаны Ташкент көшелерінің бірінде ауыр атлетиканың жергілікті бір бапкері тоқтатып: «Қарындас, кешіріңіз, сіздің бойыңызда бір күш бар секілді. Сіз қазір немен айналысып жүрсіз? Ауыр атлетикамен шұғылданғыңыз келмей ме?»,-деп ауыр атлетиканың үйірмесіне келуін өтінеді. Бойжеткен бұл ұсынысқа көп ойланбасан келісімін береді. Он алты жастағы Таьяна онда кейбір ер адамдар темірлерді көтеріп, өзбек ағайындарды тәнті етеді. Бірақ, Татьяна Хромова Өзбекстанда көп тұрмады. Шығыстың менталитеті деген бар ғой, міне, сол Татьянаға қатты әсер етеді. Кәсіби спортпен енді ғана айналыса бастаған шағында жергілікті атлетшілердің штангашы әйелдерді жарылқамайтынын түсініп, шетел асқысы келеді. 1998 жылы Ташкентте ауыр атлетикадан халықаралық турнир өтіп жатқан кезде шыдамы таусылған Татьяна Хромованы Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері Юрий Мельников байқап, оны Шымкент қаласына келіп, Қазақстан азаматтығын алуын сұрайды. Содан білікті бапкердің шақыруымен Татьяна Шымкенттегі штанга үйірмелеріне қайта қатысады.

1990 жылдың ортаына дейін ер адамдардың көбі нәзік жандардың штанга көтеруін ұнатпай, спорттың бұл түрі әйелдерге мүлдем жараспайды деп, іштей қарсылық танытып келгені рас. Бірақ, уақыт жарықтық өз дегеніне көндірмей қоймайды екен. Ер адамдар «өздеріне тиесілі спорт түрімен» айналысып жүрген әйелдерді тек XX ғасырдың соңғы жылдарында ғана мойындай бастады деуге болады. Сол кезде ер адамдарды мойындатқан штангашы әйелдердің бірі-Татьяна Хромова еді.                                                  

Татьяна 1990 жылдардың соңында 75 кг. салмақ жәрежесіне дейінгі штангашылардың ішінде алғашқылардың бірі болып әлемдік рекорд жасады. 2000 жылы Жапонияның Осака қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстан әйелдері ішінде ең бірінші болып қола жүлдеге қол жеткізді. Осы жылы ол 75 кг. салмақ дәрежесі бойынша Сидней Олимпиадасына қатысып, ел намысын қорғады. Алғашқы ондықтар қатарынан көріне білген Татьяна Сиднейде алтыншы орынды місе тұтты.

Жастайына алдына мақсат қойып, сол үшін барын салатын Ернар болса, барған сайын жаттырықтырушыларының назарын өзіне аудара берді. Бапкері Владимир Эспанов онымен жеке жаттығу өткізетін күндер де жетті. Ұстаз қабілеті шәкіртіне гимнастиканың өзі білетін қыры-сырын үйретуден жалығып көрген емес. Оны, әсіресе таңғы жеті жарымда басалатын жаттығуға Ернардың бәрінен бұрын келіп тұратыны қатты таңғалдырды. Көшіп-қонып жүрген жалдамалы пәтерлерінің қаланың бұрышына өқарай ауысқанына қарамастан жас бала жаттығуын бір рет те жібермепті. Онымен барғандардың бәрі дерлік уақыт келе гимнастиканы тастап кетті. Ал Ернар құдды бір спорт үшін туа бітті жаратылғандай. Табанды еңбек, мұратты мақсат оны өнердің биік шыңына жетелеп апарды. Қазір сыр бойының ұланы әлем таныған абзал азамат атанып отыр. Спорттық гимнастикадан Әлем Кубогы жолындағы бірқатар жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегері, 2003 жылғы әлем біріншілігінің 4-ші орын иегері, 2003 жылғы халықаралық Универсиданың екі дүркін жеңімпазы Ернар Ерімбетов.

Гимнасшы Ернар Ерімбетов Афина Олимпиадасына апаратын жолдаманы немістің Анахайм қаласында өткен әлем біріншілігінде жеңіп алған. Осынау бәсі биік бәсекеде ол бірінші мәрте жиһанның төртінші гимнасшысы атанды. Бұл иісі алаш баласының бұрын-соңды қол жеткізбеген асқаралы асуы болатын .Сол біріншілікте Ернар спорттық гимнастикаға өзіндік үлкен жаңалық әкелді. Асулы шығыршыққа тікесінен сымдай тыртылған ол 180 градуспен бір-ақ айналды. Бұл гимнастика дүниесінде ертелі-кеш бір болмаған тартымды табыс еді. [24]

Бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, 2002 жылғы әлем кубогының күміс жүлдегері, 2002 жылғыАзия ойындарының чемпионы, 2003 жылғы әлем чемпионы, әйгілі бокс шебері Галиб Жафаров, велоспорттан 2000 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, “Париж-Ница” велокөпкүндігінің жеңімпазы, 2003 жылғы “Тур де Франс” жарысының қола жүлдегері Александр Винокур, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков, Нұржан Кәрімжанов сынды боксшыларымыз,нысана көздеуден Владимир Исаченко, грек-рим күресінен Нұрлан Қойжайғановтар алғашқы ондықтар қатарынан көрінді.

Триатлоннан 1999 жылғы әлем чемпионы, 2000 жылғы Олимпиада ойындарының 4-ші орын иегері, Азия, әлем кубоктарының жеңімпазы және жүлдегері Дмитрий Гааг,көркем гимнастикадан 2003 жылғы әлем кубогының қола жүлдегері, 2003 жылғы әлем чемпионатының жеке жаттығуларында 4-ші орынға табан тіреген Әлия Жүсіпова және де ауыр атлетикадан 2002 жылға Азия ойындарының жеңімпазы, студенттер арасындағы әлем чемпионы, 2003 жылғы әлем кубогының иегері, 2004 жылғы Азия чемпионы Бақыт Ахметов сынды саңылақтарымыз жарыс жолынан шығып қалды.Сонымен қатар еркін күрестен 2000 жылғы студенттер арасындағы әлем чемпионы, 2002 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, 2003 жылғы Азия кубогының иегері, 2004 жылғы лицензиялық турнирдің жеңімпазы Леонид Спириднов, нысана көздеуден 2002 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы және жүлдегері, 2002 жылғы әлем рекордын жаңартқан, әлем чемпионы Ольга Довгун, еркін күрестен 2003 жылғы жастар арасындағы Азия ойындарының жеңіпазы Бауыржан Оразғалиев және жеңіл атлетикадан 2001 жылғы Шығыс Азия ойындарының жеңіпазы, 2002жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, әлем кубогы жолындағы жарыстардың жеңіпазы, 2003жылғыәлем чемпионатының қола жүлдегері Дмитрий Карпов секілді білікті, тәжірибелі спортшыларымыз алғашқы сынақтан бастап-ақ сүрінді.

Қазақстандық спортшылардың Афины Олимпиадасының соңғы күніне дейін бірде-бір алтын ала алмауы қазақстандықтарды қатты қынжылтты. Тіпті Афиныдан мүлде алтын медаль ала алмаймыз ба деген де үрей болды.Ойындардың жабылу салтанатына санаулы сағаттар қалғанда әлгі үрейдің бетін боксшы Бақтияр Артаев қайтарды.

«Алмас қылыш қап түбінде жатпайды». Бабаларымыздың осы нақыл сөзі батыр бауырымыз Бақтияр Артаевқа қарата айтылғандай. Олай деуіміздің әбден жөні бар. Афины Олимпиадасына дейін Бақтиярдай талантты боксшының бар екенін біреу білсе, біреу білмейтін. Көкірегінде биік мақсаттың оты маздап жатқан талантты жігіт талай уақыт көлеңкеде қалып қойды. Шын жүйрікті тануға Күреңбайдың көзі жетпеді ме, әлде дарынды дер кезінде бағалай бермейтін әдеттегі доғалдығымыз ба, әйтеуір Бақтиярдың жеңіске дейінгі жолы сан қиындықтардан өтті. Кісі еліндегі әділетсіздікке бір, өз еліндегі бақталастыққа екі ұшырағаны жасырын емес. Ол бақ сынаған 69келі салмақта өз республикамыздың өзінде Аэамат Мақажанов сықылды айтулы бәсекелестер болды. Карачидегі жеңістен кейін Санкт-Петербургтегі жарысқа жолдама алған боксшылар арасындағы жолдастық кездесу де Бақтияр жарқырай көрініп, шеберлік танытты. 69келі салмақта өнер көрсеткен Бақтияр Артаев финалда кубалық Лоренсо Арагонды жеңіп, еліміздің абройын асқақтатты.

Атланта мен Сидней олимпиадасында қарсылас шақ келтірмей, бас жүлдеге ие болған ресейлік Олег Саитов Афиныға тек алтын медаль үшін келгені аян.Олимпиада ойындарының алдында ресейлік тер Олег Саитов Олимпиаданың үш дркін чемпионы болады десті. Жартылай финалда Саитовтың сағын сындырған Бақтияр финалда кубалық боксшыны 36:26 есебімен жеңіп, олимпиаданың алтын медаліне қоса, Вел Баркер кубогына да ие болды.

Міне, осылай ежелгі Эллада елінде өткен Афины Олимпиадасында Қазақстан қоржынына жалғыз ғана алтын медаль түсті. [25]

 

 

2.4 Бейжіңдегі байрақты бәсеке

 

2008 жылы Қытай астанасы Бейжіңде өткен XXIX жазғы Олимпиада ойындарына Қазақ елі 22 спорттың түрінен 131 спортшыны аттандырған болатын. Барқыт аспанға отшашулар бүркіп, салтанатпен ашылған Бейжің Олимпиадасының басталғанына бір апта болды. Ойынның алғашқы төрт күнінде қазақстандық спортшылардың уысына жүлде ілінбеді. Әр секунды «медаль» деп соққан жазғы ойындар үшін төрт күнің төрт жылға бергісіз. Алайда көңілдің күптілігі тарқайтын күнге де жеттік. Қол жеткізген медаль отандастарымыздың бөркін аспанға атты. Барша балуандар қатысқан байрақты бәсекеде Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені ауыр атлетика бойынша серпе көтеруден Ирина Некрасова салды. Күміс медаль! Степногорскілік Ирина 63 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, еліміздің көк байрағының аспан асты елінде желбіреуіне жол ашты. Қазақстаннан аттанған олимпиада құрамасы ішінде штангашылар делегациясы бірден-бір әулетті команда болатын. Бірақ алдыңғы Афины олимпиадасында зілтемірші қыздар еш жүлдеге ілікпеген болса, Бейжіңдегі отандық жүлде қорының шымылдығын қыздарымыз ашып отыр. Бапкерлердің пікірінше, Ирина бұл бәсекеде құраманың фаворитті саналмасы керек. Дегенмен, бабы келіскен Некрасованың бағы жанды. Олимпиада ойындарының алдында 69 келі салмақта өнер көрсетуге барған Ирина Бейжіңге келген бетте бапкерлердің шешімімен 63 келі салмаққа ауыстырылды. Содан болуы керек, бапкерлер Иринаның алдына белгілі бір мақсат та қойған жоқ. Егер Ирина Бейжіңге тек алтын үшін талассам деп барса, онда сөз жоқ, Олимпиаданың бас жүлдесін жеңіп алатыны күмәнсіз еді. Бейжің Олимпиадасының жеңімпазы атанған зілтемірші солтүстіккореялық Пак есімді спортшы 135 келі көтеріп, 241 ұпаймен отандасымызды ұтып кетті. Спортшы өз мүмкіншілігінің шегін тек жарыста ғана көрсете алады. Медальдың құны граммен, сантиметрмен, секундтың мыңнан бір бөлігімен есептелінген қазіргі бәсекелерде сәл ғана мүлт кетсең болды, сені тізімнен кейін ысыруға дайын тұрған бәсекелестер бар. Бірақ жарыс кезінде спортшыдан ерік кетеді. Оның қанша килограмм көтеруге, неше сантиметр биіктіктен секіруге өтініш жасаған оның ұстазының, яғни жаттықтырушысының қолында. Ал өлшемге байланысты спорттың басқа түрлерінде, мысалы жүгіруде, жүзуде, ұзындыққа секіруде, үш секірісте жаттықтырушы «олай жаса, бұлай жаса» деуі мүмкін, бірақ мынадай нәтиже көрсет деп нұсқау бере алмайды.

Әйелдер арасындағы ауыр атлетикадан бәсекеге 63 килограмға дейіегі салмақ дәрежесінде Қазақстаннан екі атлет дайындалды. Бірі Ирина Некрасова да, екінші Мая Мнаеза. Нәтижелері жағынан екеуі де қатар, бірақ шешуші сәтте жаттықтырушылар Иринаға тоқтады.

Үлкен жарыстарда ауыр атлеттер күштілер тобы, әлсіздер тобы деп екіге жіктелді. Некрасовамен бірге күштілер алдында ресейлік Светлана Царукаева, солтүстіккореялық Пак Хен Сук, тайпейлік Хю Инчи, канадалық Жирар, вьет қызы Неден Ти Тиет, оңтүстіккореялық Ким Су Кхьюн болды. Барлықтары да шеттерінен сен тұр, мен атайындар.

Бірінші сын-зілтемірді жұлқи көтеру. Батпан салмақ бір тоқтаусыз қимылмен еттің қол ұшына шығуға тиіс. Мұнда тек жойқын күш қана емес, атлеттің шапшаңдағы, икемі мен қажыры, тепе-теңдік қалпын ұстай білуі, барлығы да сынға түседі. Егер зілдей салмақты көтеру жердің тартылыс заңын еңу десек, мұнда спортшы табиғи заңдылықпен бәсекеге түседі. Бірінші қимылды Ким Су Кхьюн 108 килограмм нәтижемен аяқтады. Вьет қызы бір центнер салмақты көтерді. Зәңгі қыз Жирар одан екі екі килограмға асып түсті. Содан кейін тек күш қана емес, жүйкелер бәсекесі де басталды. Шашын келте қырыққан сырт көзге бозбаладан аумайтын тайпейлік Хю Юнчи 104 килограмға тоқтады.

105 килограмм салмақ. Трагедия осы межеден басталды. Екінші рет бағын сынаған Сук салмақты жақсы меңгерді. Енді оның бір талпыныс жасауға мүмкіншілігі бар. Ал Цукукаева мен Некрасова бірінші кезектерін осыдан бастайды.

Ирина батпан салмақты жеңіл көтерді. Ауыр атлеттер тілімен айтқанда мұны «как пух» деп атайды. Кезек Цурукаеваға келді. Оның бұл жаттығудағы ресми емес нәтижесі 115 килограммға тең. Бұл 2005 жылы Дохадағы Азия ойындары кезінде жасаған тайландтық Тонгсугтың 116 килограмдық әлемдік рекордынан мысқылдай ғана кем көрсеткіш. Демек Цурукаева осы қимылда мықты, топ бастауға тиісті.

Бірақ бәрі басқаша шықты. Спортта адамның ойлағаны бола бермейді. Қол ұшына шыққан ауыр салмақ теңселіп барып, кейін құлады. Енді күш емес, жүйкенің сыны басталды.

Бірінші кезекте қапы кетсең, бұл спортшының мінезіндегі бірқалыптылықты бұзады, өз күшіне деген сенімсіздік пайда болады. Сенім жеңе ме, сенімсіздік жеңе ме, енді екі сезім айқасқа түседі.

Бұл жолы сенімсіздік жеңді. Екі рет талпыныс жасаған Цурукаева сәтсіздікке ұшырады. Талай рет қол ұшында ойнаған 105 килограмм салмақ «қырсығып» ырыққа көнбей қойды. Светлананың көз жасы көл болды. Жалпы штанганы жұлқи көтеру өте күрделі, қиын. Егер бұрынғы Кеңестер одағын Ресей деп есептесек, біздің атлеттер бұл жаттығуда сегіз рет «нөл» яки «баранка» алыпты. Тіпті ерен күш иелері Давид Ригерт 2, Василий Алексеев бір рет осындай сәтсіздіктен құтыла алмады.

Хен Сук бәсекені 106 килограммен аяқтады. Некрасова 110 килограмды ұршықша үйірді.

Үшінші соңғы талпыныста 112 килограмм да оның қол ұшына шықты. Тек тепе-теңдік қалпын сәл сақтай алмады да, зілдей салмақ жүгі ауған түйедей теңселіп барып, төсенішке гүрс құлады.

Екінші қимыл, зілтемірді кеудеден серпе көтеруде Хен Сук та, Некрасова да, өз кезектерін 130 килограмнан бастады. Қазақстандық қыз онша қиналмай, кәріс қызы қатты қиналып кетті.

Көңілімізде үміт оты ұялады. Алтын медаль қол созым жерде тұр. Негізгі бәсекелесі Иринадан төрт килограмға ұтылуда. Ұшы көрінген бақыт деген адамның басын айналдырады екен. Келесі минуттарда сеніміміз, ұшқындаған үмітіміз күл-талқан болды.

Алдымен Некрасова, сосын оның бәсекелесі тағы да Некрасова 145 килограмды көтере алмады. Соңғы шешуші сәт. Ортада Хен Сук. Тас түйін жинақталған. Демін ішіне тартып белтемірден ұстады,ышқына жоғары тартты, қан тамырлары білеу-білеу болып қиналып барып кеудесіне қондырды.

Оны алтын медальдан қас қағым сәт қана алшақтап тұр. Екі көзі шарасынан шығып кетердей. Құрыштан құйғандай сом мүсін серіппедей жиырылған. Кенет ауыр салмақ кеудеден жоғары серпілді, бас білдірілмеген асаудай тулап қол ұшында тұрақтамай әрі-бері шайқалады. Осы бір сәтте қайсар кәріс қызы үлкен жігер танытты. Бойы, табандары теңелді де, әлгі тулаған салмақ, қол ұшында қатып қалды.

Міне жігер, нағыз чемпионға тән ерік күші. Біздер де қуаныштымыз. Қуанбағанда ше? Бұл ойындар басталғаннан бергі төрт күнде алған алғашқы медаліміз еді. Бірақ ол алтын медаль болуға тиісті болатын. Амал қайсы, ұстап тұрып қолымыздан сусып кетті. Қымбат ыдысты абайсызда түсіріп алып сындырған қонақ сияқты. [26]

Ауыр атлет әйелдердің үшінші медалін Мария Грабовецкая алып келді. Жиырма бір жастағы өте талантты атлет Көкшетау қаласында тұрады. Ұзын бойлы, денесі тіп-тік өскен шынардай сымбатты жас қызды бұдан бес жыл бұрын жергілікті жаттықтырушы Батырбек Оздоев байқап қалып, өзінің секциясына тартқан еді. Бұл арада қазақстандық қарт жаттықтырушы, ауыр атлетиканың өте білгір маманы болған Александр Дмитриевич Костиннің сөзі: Ол кісі: «Сүйек болса ет бірте-бірте бітеді»,-дейтұғын Мария алғаш үйірмеге келгенде. Ол жетпіс килограмнан сәл ғана асатын, ауыр атлетикамен айналыса келе сымбаттанып толыға түсті. Егер биылғы жылдың басында оның өз салмағының жүз алты килограмм тартқанын еске алсақ, Пекин ойындарының қарсаңында оның салмағы жүз килограмға жуықтады, көрсеткіштері де өсті. Егер жұлқа көтерудегі қазіргі әлемдік рекорд жүз отыз килограмға тең болса, жаттығулар барысында Мария бұл салмақты ұршықша үйіріп жүрді. Ұстаздар оған үлкен үміт артты. Бірақ бір жаттығу кезінде Мария арқасының бұлшық етін ауыртып алды да, қарқынын сәл төмендетуге тура келді. Сондықтан ол Пекиндегі жарыс кезінде бәсекені аздау салмақтардан бастады.

Бейжің Олимпиадасының қола жүлдесін еншілеген көкшетаулық Мария Грабовецкая жұлқа көтеруде алғаш 115 келіні бағындырса, аталған салмаққа екінші мәрте тапсырыс беріп, оңай көтере білді. Жұлқа көтерудегі соңғы мүмкіндігінде 120 келі көтерген Маша бұл сында үшінші орынға тұрақтады. Серпе көтеру бойынша алғаш 145 келіге, сосын 150 келіге тапсырыс берген Грабовецкая жиынтық есепте 270 келі жинап, Олимиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Машаның салмағында Бейжің Олимпиадасының чемпионы атанған оңтүстіккореялық злтемірші Ми Ран Джан жұлқа көтеруде 140 келі, серпе көтеруден 186 келі тасты көтеріп, әлем және олимпиадалық рекордты жаңартты. Марияның алдына түскен украиналық Ольга Коробканың жиынтық есебі 277 келіні құрап, Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Ауыр атлетикадан сынға түсіп жатқан зілтемірші қыздарымыз жарап тұр. Серпе көтеруден күміс олжалаған Некрасованың қадамы оң болып, оның жолын кеше Алла Важенина жалғастырды. 75 келі салмақ дәежесіне дейін сынға түскен Алла Важенина жұлқа көтеруден 119 келі салмақты бағындырса, кеудеге қойып көтеруден 119 келі салмақты бағындырды. Бұл салмақ дәрежесінде қытай спортшысы Цао Лэй алтынды еншілеп, ресейлік Надежда Евтюхина қола медальға қол жеткізді. [27]

Қазақстандық жанкүйерлер қызылордалық Илья Ильиннің сынға түсуін асыға күтті. Осы күнге дейін Әлемнің екі дүркін чемпионы атанып үлгерген жас талант Олимпиялық ойындарда бұрын бағын сынамаған еді. Афиныдағы ойындар кезінде ол тым жас болатын. Мінекей, Пекин ойындарына ол әбден толысқан шағында жетті.

Әдетте сынға түсушілердің саны көп болған жағдайда жарысты ұйымдастырушылар оларды екі топқа бөледі. Күші жағынан әлсіздеу деп есептелген топ бәсекені бірінші бастайды. Ресейлік Хаджымұрат Аккаев сол екінші топқа ілінді. Афиныдағы ойындарда жеңіске жеткен ол екі-үш жыл қатарына көзге көрінбей кеткен еді. Көріпкелдер ол ауыр атлетикамен біржола қоштасты деп есептеп жүрді. Бірақ Пекин ойындары қарсаңында ол тағы да жалт етіп көзге түсті.

Хаджымұрат жұлқи көтеруде 178, 182 185 килограмм салмақты меңгерді. Кеудеден зілтемірді серпи көтеру де мүлтіксіз. 212, 215,217 килограмм. Қоссайыстағы 402 килограмм нәтиже бұл әркім-ақ есептесуге тұратын көрсеткіштердің бірі.

Бірінші топтағылардың бәсекесі аяқталған соң екінші күштілер тобындағылардың бәсекесі басталды. Шеттерінен ығай мен сығайлар. Бірінші қимылдыкубалық Ехан Эрнандес 178, грузин Арсен Касабиев 176, парсы Асхар Ибрахим 180, әзірбайжан Низими Пашаев 181, біздің Илья 180 килограмм нәтижемен аяқтады. Көрермендер қазақстандық алып бұлжаттығуда Аккаевты қуып жетуге тырысар деп ойлаған еді. Бірақ Ильин үшінші кезектен бас тарты.

Әлбетте қоссайыстың нәтижесін зілтемірді кеудеден серпе көтеруде күштілер шешеді. Бұл жаттығудағы ең мықтылардың қатарына біздің атлеттен әлемнің рекордшысы Симон Колецкий жатады. Грузин Касобиев те ешкімге есесін жібермейтіндердің қатарында.

Қоссайыста бірінші орынға шығаратын 223 килограмды Ильин бірінші кезекте көтере алмай қалғанда тұла бойымыз дір ете қалды. Осы сұқ саусағын көрсетті. Бұл: абыржымаңыздар, бәрі де жақсы, бірінші орын аламын,-деп ыммен түсіндіргені болатын.

Екінші кезекте Илья әлгі салмақты оп-оңай көтерді. Мұны Касабиев те меңгерді. Мұны Касабиев те меңгерді. Колецкий олардан бір килограмға артық түсті. Бірнеше минуттардан кейін 226 килограмдық салмақ Ильяның қол ұшында тұрды. Қоссайыста 406 килограмм. Ильядан озу үшін Колецкий 228 килограмға барды. Сәтсіздік. Ал Касабиевке 231 килограмды көтеру керек еді. Сонда ғана ол чемпион бола алатын.

Талпынды. Бірақ көтере алмады.

Илья Ильин-Олимпиада чемпионы.

Оның алтын медалі жалпыкомандалық есепте отыз сегізінші орында келе жатқан Қазақстанның құрамасын турнир кестесінде бірден 26-орынға көтерді. [28]

Ерлер арасындағы ауыр атлеттеріміз ішінде Илья Ильиннің алтын аларына бапкерлер әу бастан сендірген. Сенім алдаған жоқ.

Зілтемір көтеруде Бейжің Олимпиадасының жеңімпазы атанған Илья Ильиннен кейінгі орынды поляк Шимон Колески еншілеп, күміс жүлдегер атанса, қола жүлдеге грузин Арсен Казабаев қол жеткізді. [29]

Осынау Бейжіңдегі байрақты бәсекеде ауыр атлеттерімізбен қатар былғары қолғап шеберлері де биіктен көріне білді.

Бұрындары 69 келі салмақ дәрежесінде бокс ойындары өткізілмейтін-ді. Тек 67 келі ен 71 келі аралығында еді. Аталған осы екі дәрежеден шыққан орташа салмақ 69 келіге өзгерген. Бұл салмақ бойынша қазақ елінің намысын қорғап, 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойынында Ермахан Ибраймов, 2004 жылы Афиныда өткен Олимпиада ойынында Бақтияр Артаев сынды боксшылар алтын жүлдеге қол жеткізген болатын.

Олимпиада ойынының алтын жүлдегері Бақыт көршілес Өзбекстан елінде ата-әжесінің қолында тәрбиеленген. Бала кезінен бастап боксқа деген қызығушылығының арқасында сол кезде бокспен шұғылдана бастайды. Өзбекстандық бапкерлер қазақ жігітін 2004 жылы өткен Афины Олимпиадасына баратын спортшылар қатарына қоспай, оның орнына биылғы Олимпиада Бақыттың қарсыласы болып, 12:7 есебімен жеңіліске ұшыраған Д. Махмудовты жібереді. Осыдан кейін Олимпиада чемпионы туған еліне қоныс аударып, 2004 жылдан бастап Қазақстанның көк байрағын желбіретіп, қазақ елінің атынан жарыстарға шықты.Әрине, ол кезде 69 келі салмақ бойынша көшбасшы санатында Афины Олимпиадасының алтын жүлдегері Бақтияр Артаев еді. Алматы қаласында өткен Қазақстан чемпионатында бүкіл халық Бақыттың ерлігін тамашалап, оны чемпион деп мойындаған болатын. [30]

69 келі салмақта өнер көрсететін Бақыт қазіргі уақытта бабында тұр. Дохада өткен Азия ойындарында осы Сарсекбаев жалғыз алтынға ие болған. Кейіннен Чикагодағы Әлем біріншілігінде қытайлық қандасымыз Қанат Сіләмға есе жіберіп қойып, бас жүлдеге жете алмады. Сол бәсекеде біздің боксшы үш раунд бойына жеңіп тұрған. Шешуші сәтте Бақыт босаңсып, ойынды өз мәнерінде жүргізбепті. Сондықтан жеңіліс тапқан.

Бақыт Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Түрлі халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Бұған дейін бірқатар жарыстардың жүлдегері, 2005-2007 жылдары Азия ойындарының чемпионы болған Бақыт Сарсекбаев кубалық боксшымен жекпе-жекке шыққанға дейін, үш елдің үміткерлерімен өзара бәсекеге түсіп, барлығын да айқын басымдықпен жеңіп, ақтық сынға жолдама алған. Атап айтқанда, бірінші айналымда канадалық қайталанбас боксшы Адам Трупишпен қолғап түйістірді. Бірінші раундта Бақыт 10 ұпай иеленді. Екінші раундта есеп 17:0 болды. Кездесу біткенде таблодағы көрсеткіш 20:1 есебін көрсетті. Жеңіс Содан кейін молдовалық мықты боксшы Виталий Грусачпен, ал ширек финалда өзбек елінің бар үмітін арқалаған өзбекстандық Дильшод Махмудовпен және де жартылай финалда Оңтүстік кореялық Ким Джун-Джумен өзара жұдырықтасты. Алдымен молдовалық Виталий Грусачты гүрзі соққының астына алғаннан кейін, Бақыт ширек финалда өзбекстандық былғары қолғап шебері Дильшодты есеңгіретіп жіберді. Әлем жұртшылығын талантымен тамсандырған Бақыт финалда кубалық боксшымен жұдырықтасқан болатын. [31]

Рингке қазақстандық Бақыт Сарсекбаев пен кубалық Карлос Суарес Бантер сыймай атша тулады. Не болар екен. Небәрі 10 минуттың ішінде шешілетін істі күтуге шыдам түгесіліп асықтық. Әрине жақсы хабарға, қуанышқа.

Әлемдік бокстың небір шеберлері шыққан Куба былғары қолғап шеберлерімен бірде еселерін жіберіп, бірде қарымта қайтарып қазақтың қайсар жігіттері үнемі арпалысып келеді. Бүгін де солай. Күллі қазақтың намысы арқылы рингтің көк бұрышында Бақыт Сарсекбаев тұр.

Қандай ауыр жүк! Оның салмағы біздерге де түседі. Қалың қазақтың намысы қозған 10 минут, он жылға созылғандай болды.

Бірінші раунд. 0:1 есебімен кубалықтың пайдасына шешілді.Екінші раунд. Бақыт өзгеріп сала берді. Жұдырығы мергеннің оғындай, әр қимылында есеп бар,ширақ. Есеп 7:2. Үшінші раунд. Әдетте бокстың майын ішкен мамандар осы сәтті шешуші деп есептейді. 7:3, 7:4, 8:4, 10:6, 12:7 бірнеше секундтан соң раунд аяқталды. Тағы… тағы… Біздерді қоштағандай Бақыт алға ұмтылды 14:7.

Карлосқа батыл шешім жасаудан басқа жол қалмады. Бірақ қарсыласы адам емес, барыс, нағыз әккі көкжалдың өзі. Дегенмен әп деген сәтте екі ұпай алды. Сарсекбаев бұған бір ұпаймен жауап берді. 15:9. Бірақ есеп қалған уақытта осы күйінде тастай қатып қалды. Бақыттың бойында ерекше бір желпініс пайда болды, тасқындаған күш қайдан құйылып жатыр! Оның көзі қайдан? Мүмкін туған халқына деген шексіз махабатын осылай да көрсету керек шығар?!

Солай етті де. Соңғы есеп 18:9. Бақыт Сарсекбаев-Олимпиялық чемпион. Қазақтың көк туы Бейжің аспанында желбіреп көтерілді. Өзбекстандық бапкерлер «Қолда бар алтынның қадірі жоқ» демекші Олимпиада чемпионының өзбек елінен кеткеніне бармақтарын тістеп қалған сыңайлы.

Бейжің Олимпиадасында өнер көрсету үшін Бақыт он екі жыл бойы тер төге еңбек етті. Олимпиада ойындарында жеңіске жетіп, еліміздің қоржынына алтын медальді салу үшін барынша күш-жігерін жұмсаған Бақыт биікті бағындыра білді. Ең соңғы шешуші сәттерде ол өзінің қаншалықты мықты екенін және қазақтың қарқынды күшін жекпе-жек барысында дәлелдеп, өте тамаша өнер көрсетті. Бақыт өзінің қарсыластарын еш қиындықсыз жығып, еліміздің көк байрағын Қытай елінің аспанында желбіретіп, қасиетті әнұранымызбен әлем халықтарының назарын аударып, қазақ боксының мерейін аспандатты. Соңғы жүлдегерлерді марапаттау барымында еліміздің батыр жігіті, алтын медальдің иегерімен қолғап түйістірген кубалық боксшы Карлос Бантер Суарес күміс жүлдені алғанына төбесі көкке жеткені анық байқалып тұрды. Мүмкін, Бақыт сынды қазақтың мықты боксшысының қарсыласы болу ол үшін бір мәртебе де болған шығар.

2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасында қазақтың мерейін асқақтатқан елінің біртуар азаматы Бекзат Саттархановтың бауыры Мырзашөлдің жігіті Бақыт Сарсекбаев ағасының ерлігін тура сегіз жылдан соң әлем халқы алдында қайталады. [32]

Жартылай финалда күш сынасу құрметіне небары екі боксшымыз ие болды. Олар-Бақыт Сәрсекбаев пен Еркебұлан Шыналиев. Жастар буынынан кеше ғана ауысып келген Еркебұланды, бәлкім, бәзбіреулер жолы жеңіл жігіт деп ойлауы мүмкін. Бірақ, әсте олай емес. Осындай деңгейге жету үшін қанша тер төгілгені, жүйкенің қалай жұқарғаны тек Еркебұланның өзі мен бапкері Мырза Айтжановқа ғана белгілі. Чикагода өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері Олимпиада ойындарында да дәл сондай көрсеткішке қол жеткізді. Бейжің рингінде ол қайсарлық танытты. Қатары селдіреп қалған Қазақстанның боксшылары үшін енді тек қана жеңіс қажет-ті. Шыналиев үмітті ақтады. Тәжік боксшысы Джахон Курбановпен қолғап түйістірген Еркебұланның ойыны тез аяқталды. Себебі, тәжік боксшысының шаршы алаңда адымы ашылмағандықтан, жанкүйер қауым қызық жағдайдың куәсі болды. Тәжікті ыза буды ма, әлде ойынды жұдырық иіскемей аяқтағысы келді ме,ол Шыналиевтің мойнынан тістеп алды. Бұлай десек те, бұл шаршы алаң мәдениетіне керағар қылық, тіпті мемлекет абыройына нұқсан келтірерлік үлкен сауатсыздық екені белгілі. Алғашқы екі раунд жақсы-ақ өткен сықылды еді. Тек ұпай санымен Шыналиев сәл озық тұрған. Үшінші раундта тәжік боксшысы үш рет ескерту алды. Ұрысты тоқтату белгісінен кейін жұдырық жұмсауға тыйым салынған әдісті қолданғаны және мойнынан тістеп алғаны үшін алған ескерту нәтижесінде төрешілер Еркебұланға 6 ұпай қосып берді және ұрысты тоқтатуға шешім қабылдады. Есеп 12:6. Шыналиев бұрын да Кубановпен кездескен екен. Әлем чемпионатының 1/8 финалдық кездесу өткізген екі боксшының жұдырықтасуында әлгіндей жағдай орын алған. Еркебұлан жартылай финалда Сияпин Жангтан ұтылды. Дәл сол боксшыны қандасымыз әлем чемпионатында аса қиналмай-ақ жеңген еді. Бұл жолы да жеңуге болар еді, егер ол Жангтың жетегінде кетпегенде. Таразы басы теңселіп тұрғанда ринг иесі қазақтың шабуылдағанын күтіп, қарымта соққы жасайтындай сыңай танытты. Еркебұлан қу қытайдың сол әрекетін шын көріп, өзін «күтіп» алуға бекінді. Ал құнды секундтар зымырап өтіп жатты. Бұл Қытай боксшысы үшін қолайлы еді. Өйткені, ұпай саны тең болған жағдайда өзінің жеңіске жететініне ол имандай сенді. Ақыры бәсеке 4:4 есебімен аяқталып, жеңіс Жангтың еншісінде кетті. Дегенмен де Еркебұлан үшін Олимпиаданың қола медалі де аз олжа емес еді. [33]

Келешегінен үміт күттірген боксшыларымыз қатарында 64 келі салмақта өнер көрсеткен Серік Сәпиевте болды. Қазақ боксшысының 64 келі салмақта талассыз жүлде алуға тиіс екенін шетелдік мамандардың өздері де бір ауыздан мойындаған. Қытайдың Миньянг пен АҚШ-тың Чикаго қалаларында өткен соңғы екі бірдей әлем чемпионатында Сапиев қарсылас шыдатпады. Тіптен, ақтық сында жұдырықтасқан ресейлік Геннадий Ковалевтің өзі шарасыздықтан рингті тастап қашуға даяр екені көрініп тұрды. Бейжіңге қандасымыз сондай көңіл-күйде келді. Серік алғашқы кездесуінде венесуэлалық Джонни Санчесті сең соққандай етті. Одан кейін оның жолы Манус Бұңжамонгпен қиысты.

Манус Бұңжамонг-әлемдік бокстағы өзіндік орнын ойып тұрып алған оғылан. Басқа атақ-даңқын тізбектемей-ақ, Олимпиада чемпионы екенін айтсақ та жеткілікті. Таиландтық боксшымен Серіктің осыдан екі жыл бұрын жолы қиысқан. Дохода өткен Азия ойындарында Бұңжамонг кірерге тесік таппай, тек рингті шыр айналып қашумен болды. Қазақ боксшысының үстемдігі еш күмән туғызған жоқ. Бірақ Дохоға Азияның алтын жүлдесін аламын деген бір ғана мақсатпен келген апайтөс азаматты арсыз төрешілер аяқтан шалды. Содан бері екі жыл өтті. Екі маусымнан кейін Бейжің рингі қос боксшыны қайта қауыштырды.

Бірінші айналымда Бұңжамонг жапондық Масатшуги Кавачиден жеңілген секілді еді, алайда төрешілердің шешімі бойынша келесі айналымға тайлық шықты. Сол кезде біздер де секем алып қалдық. Манусты ұрып құлатпаса, жеңістің ауылы алыстайтынын Серік те, оның бапкері Стрельников та сезді. Сол себепті де ұрыс тактикасын соған сәйкес құрды. Ал қарсыласы төрт раунд бойы қашқалақтаумен болды. Жақындап кетсе, Сапиевтің қолын «байлап», оңтайлы соққы жасау мүмкіндігін шектеді. Иә, тайлық таяқ жеді. Бірақ құлап қалған жоқ. Соның өзі Бұңжамонгтың жеңіске жетуіне жеткілікті болды. Міне, осылай саңлағымыз жүлделі орын үшін таласу мүмкіндігінен айырылды.

Ал, 60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен М. Ақшоловтың Бейжіңге тамаша бабында келгені анық байқалды. Олимпиада рингіндегі тырнақалды бәсекесінде астаналық боксшы өзінен тәжірбиесі әлдеқайда зор венгриялық Миклош Варганы жақсылап тұрып сабады. Келесі кездесуде Қытайдың өкілі Кун Хумен жұдырықтасқанда, төрешілер әділдікті белден басып, жерлесімізді жеңілуге мәжбүрледі. Мерейдің шеберлік деңгейі қарсыласына бір бас биік болғанын тек соқыр адамның ғана көрмеуі мүмкін. Бірақ Кун Хуаға қытайлар ерекше сенім артса керек, үнемі соны «сүйреумен» болды. Оның алдында ол украиналық Александр Ключкодан ұтылған. Десек те жеңіс жеңілген жігіттің уысында кетті.

Ең жеңіл салмақта бақ сынаған Біржан Жақыповқа еш өкпе айта алмаймыз. Бірінші айналымда ол венгриялық Пал Бедакпен жұдырықтасты. Осы екеуінің жолы 2005 жылы Миньянгте өткен әлем чемпионатының жартылай финалында қиысқан болатын. Сол жекпе-жекте Бедак Біржанды айқын басымдылықпен ұтты. Яғни, венгр 20 ұпай озып, тартыс мерзімінен бұрын аяқталды. Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Бедак-күміс, Жақыпов-қола медальді иеленді. Содан бері үш жыл өтті. Үш жылдың ішінде Біржанның шеберлігі мен деңгейінің өскеніне Бейжіңдік көз жеткіздік. Қандасымыз өте сауатты қимылдап, әр соққыны есеппен жұмсап, үнемі қарсыласының алдын орап отырды. Ақырында бәсеке тағдырын бір ғана соққы шешті.Біржан 7:6 есебімен жеңіске жетті. Ал келесі айналымда оны «бас қаруын асынған» Цзу Шимин күтіп тұрды. Бұл боксшыны таныстырып жатудың өзі артықтық етеді. Салыстырмалы түрде айтсақ, қазақ елі үшін Қонақбаевтың есімі қаншалықты қастерлі болса, Қытай халқы үшін Шиминнің есімі де соншалықты құнды. Өйткені, ол Аспанасты елінен шығып, осындай орасан зор деңгейге көтерілген тұңғыш боксшы. Сол саңлақпен Жақыпов екі мәрте кездесіп , екі ретінде де жеңіліп қалған еді. Бұл жолы да Біржан барын салғанымен қарсыласының мысы басым болды. Аса ауыр салмақтағы Руслан Мырсатаев та Қытай қамалын бұзып-жарып өте алмады. Тырнақалды тартысты австалиялық Дэн Беханды 49 секундта ұрып жыққан Руслан дәл сол әдісін Жанг Жилейге қарсы қолдануға тырысты. Бірақ бойшаң қарсыласы қазақ боксшысын өзіне жақындатпады. Бойы мен қолының ұзындығын ұтымды пайдаланған Жилей қарсыласын екі мәрте нокдаунға түсіріп, ақыры жеңіске жетті.

Барша қазақстандықтарға аса ауыр тигені Бақтияр Артаевтың жеңілісі. Алаш туын Афины көгіде желбіреткен атпал азаматымыз Бейжіңдегі бәсекелерін өте жақсы бастады. Алғашқы кездесуде марокколық Саид Рашидіні бір рет тізерлетіп, күмәнсіз жеңіске жетті. Есеп 8:2. Одан кейін мақтаулы Матвей Коробовпен жұдырықтасты. Бұл бәсекенің фавориті ретінде көбіне-көп Ресей боксшысының ечсімі аталды. Бұл заңды да. Өйткені, соңғы үш-төрт жыл шеңберінде Коробовқа ешкім қарсылас атанып көрмеген-ді. Қарсы келгеннің барлығын қоғадай жапырып жүрген ол сол аралықта екі мәрте әлем, төрт мәрте Еуропа чемпионы атанды. Сол жекпе-жектердің тең жартысын мерзімімен бұрын аяқтаса, қалған жартысында кемінде 10 ұпай айырмашылығымен жеңіске жетті. Міне, соқыр жеребе бастапқы бәсекелердің бірінде Артаевты осындай дүлдемен жолықтырды. Бірақ қарсыласының атағынан қаймығатын Бақтияр ма?! Бірінші кезеңде екі ұпай ұтылды да, екінші раундта таразы басын теңестірді. Ал қалған екі кезеңде дәп бір ата жауына шапқан бабаларындай Коробовты қуа жөнелді. Қайсар қазақтың жұдырығының қуаты қаншалықты екенін сезінген бетте Ресей боксшысы өршіленіп алға ұмтылуын сап тыйды. Енді Артаев атой салды. Оң қол, сол қол алма-кезек құлақ-шекеге, бауыр мен бүйрекке тиді. Мақтаулы Матвей терең қорғанысқа көшті. Сол сәтте біздің Бақтиярдың Афины Олимпиадасында әлемнің екі дүркін чемпионы Лоренцо Арагонмен болған жекпе-жегі еріксіз еске оралды. Дәл осындай тактика ұстанған Артаев ақтық айқаста Куба қабыланын сабап тастаған еді. Бұл бәсекеде Матвей Бақтиярдың мықтылығын мойындады. Ал ширек финалда Артаев ағылшын боксшысынан ұтылып қалды.

Джеймос Дегилді «дүлдүл» деп айта алмаспыз. Бірақ оны осалдар санатына да жатқызуға болмас. Десек те сол бәсекеде Артаевты біз танымай қалдық. Коробовпен болған жекпе-жек шаршатып, әлде басқа да себептері болды ма, әйтеуір сол күні шаршы алаңда біз мүлде басқа Бақтиярды көрдік. Ол ағылшаннан айласын асыра алған жоқ. Сөйтіп, «алтын алады» деп зор сенім артқан қазақтың маңдайалды боксшысы ширек финалда сүрінді.

Галиб Жафаров (57 келі) пен Қанат Әбутәліпов (54 келі) Бейжіңде бір ғана жекпе-жектен өткізді. Егер Қанат кубалық Янкел Леон еш қайрат көрсете алмайтыны әу баста белгілі болса, Галибтің Әзірбайжанның өкілі Шахин Имрановтан басым түсетіндей жөні бар еді. Бірақ Жафаров өз қандасын жеңе алмады. Елдегі таланты зор боксшылардың бірі Мират Сәрсембаев екені сөзсіз. 51 келі салмақта күш сынасып жүрген бұл жігіттің бір кемшілігі, өзіне қарсы атақты біреу шықса, қипалақтап қалады. Бұған дейін әлемдік деңгейдегі жарыстарда үнемі таиландтық Сомжит Жахангордан жеңіліп жүрсе, Бейжіңдегі алғашқы жекпе-жегінде польшалық Рафал Какзорды еркін еңсергенімен, келесі айналымда ресейлік Георгий Балакшинғ жол берді.

Қанат Әбутәліпов-1983 жылы туған, бокс, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем кубогының күміс жүлдегері, Орталық Азия ойындарының чемпионы, АИБА президенті және Қазақстан Президенті кубоктарының иегері. Олимпиада ойындарында 54кг салмақта өнер көрсетті. Бірінші айналымды қарсылассыз-ақ өткеніне қарап, Қанатқа жеребе жолдас болды деп ойлап едік, ерте қуаныппыз. Екінші кезеңде астаналық боксшыға кубалық Янкин Аларконға 3:10 есебімен жол берді. [34]

Олимпиада ойындарында қазақ грек-рим күресі шеберлерінің басынан бақ тайғалы қай заман. Жақсылық Үшкемпіров, Шәміл Серіков, Даулет Тұрлықановтың Олимпиада ойындарында жеткен зор жетістіктерін араға жыл салып Нұрбақыт Теңізбаев қайталады. 1996 жылғы Олимпиада чемпионы атанған Юрий Мельниченконың Қырғыстаннан, Георгий Цирцуммияның Грузиядан және Мұхтар Манукянның сонау Қап тауының етегінен келгенін ескерсек, Нұрбақыттың жеткен жетістігі-нағыз ерлік.

Классикалық күрес мәнерінен, яғни грек-рим күресінен еліміздің Олимпиадалық жүлде қорына тағы бір медаль түсті. Нұрбақыт Теңізбаев сынды қазақ балуаны көтерілген Бейжің кілемі Нұрбақыттың маңдайына Олимпиаданың қола медалін жазыпты. Нарбек Андрей Брегяны ұпай санымен жеңген Нұрбақыт Афины Олимпиадасының чемпионы Чун Жи Хумен кездесіп, бірінші кезеңде ұтылып қалды. Кейін есе қайтарып, шешуші кезеңде тағы 2 ұпай санымен жеңіліс тапты да, келесі айналымға жолдама алды. Жартылай финалда Әзірбайжан балуаны Виталий Рахимовтан ұпай санымен ұтылып қалған Теңізбаев үшінші орын үшін өткен белдесуде қытайлық Чин Жанмен жақсы белдесті. Бұл Нұрбақыттың Олимпиада ойынындарындағы тұңғыш жүлдесі. [35]

Грек-рим күресінен 96 келіде боз кілем көрігін қыздырған Әсет Мамбетов біріеші айналымда-ақ Ресей үміті Асланбек Хуштовқа тап болды. Әсет қанша тырысса да, биыл Еуропа чемпионаты мен әлем кубогында жеңімпаз атанған білекті қарсыласын жыға алмады. Керісінше, әккі Асланбек айласын асырып кетіп, Әсеттің жолын кесті. Хуштов финалға дейін шыққан соң Әсет үшінші орын үшін күресу мүмкіндігіне ие болды. Осы мүмкіндікті мүлт жібермеген Әсет итальяндық Даегоро Тимончини мен литвалық Миндаугас Езерскис арасындағы тартысты белдесулерінде жеңіске жетіп, қола жүлде үшін күресу құқығына ие болды. Үшінші орын үшін өткен белдесуде жеңіске жетті. Белдесудің екінші кезеңінің аяғына таман төреші өзін кілем ортасына төрт тағандатса да, қарсыласының құшағынан сытылып шығып, чех тарланының өзіне қарсы әдіс қолданды. Сөйтіп, Меректі қапелімде қапы қалдырып, қола медаль жеңіп алды.

Ал 84 келі салмақ дәрежесіндегі Андрей Самохин бірінші айналымда ешкіммен белдеспей, өз өнерін екінші айналымнан бастаса да, бағы жанбады. Ол Бейжің боз кілеміндегі белдесулердің 1/8 финалында ресейлік Алексей Мишиннен ұтылып қалды. [36]

Еркін күресте 63 келі салмақта өнер көрсеткен оңтүстікқазақстандық Елена ерледі. Елена жарыстың іріктеу бөлігінде ресейлік Алена Картешеваға ұтылғанымен, соңғысының финалға шығуының нәтижесінде біздің спортшы қола медальға таласуға мүмкіндік алды. Өмірінде бір-ақ рет берілетін «сыйды» оңтайлы пайдаланған ол алдымен болгар қызы Елина Васеваны ұтып, қола жүлденің «финалында» Лис Гольонд-Леграндты ешқандай қиындықсыз жеңіп шықты да, қола медальді олжалады. [37]

Қол жеткізген жүлденің бірін Афины Олимпиадасында еліміздің көк байрағын көтеріп шыққан дзюдошы Асхат Жіткеев олжалады. Күміс медаль! 100 келі салмақта өнер көрсететін қазақтың татами тарланы ақтық бәсекеде Моңғолия палуаны Тувшинбаяр Найданмен белдесіп, алтынға қолжетім жерден сүрінді. Алайда Жіткеев үшін Олимпиада күмісінің өзі үлкен олжа. Асхат финалдық кездесуге дейін кувейттік Талал Аленезиді, Босния және Герцоговина елінен келген Амел Мекицті, венгриялық Даниэл Хадфиді, голландық Хенк Гролды жеңген болатын.

Ал әйелдер арасындағы 78 келі салмақ дәрежесінде татамиге шыққан Сағат Әбікеева бірінші айналымда Куба қызы Ялленис Кастилиодан ұтылып қалды. Бірақ Бостандық аралының дзюдошысы келесі қарсыластарын да жеңгендіктен Әбікеева үшінші орын үшін белдесу мүмкіндігіне ие болды. Әуелі үнді қызы Дивияны жыққанымен, бұдан соң француз дзюдошысы Стефани Поссамаидан ұтылып қалып, қола жүлдеден үмітін үзді. Бұған дейін 70 келі салмақта сынға түскен Жанар Жанұзынова алғашқы белдесуінде колумбиялық Юри Алверден ұтылып, татами бәсекесінен тыс қалған-ды.

Дзюдошы қыз Шолпан Қалиева тайпейлік Пей Чун Шинді ұтты. Бірақ корейлік Кум Ае Аннан жеңілді. Сонан соң венесуэллалық палуан қыз Флора Веласкезді айқын басымдықпен жеңді. Төртінші белдесуді бельгиялық Ильзе Хеленмен өткізген. Оны да жеңді. Алжирлік Сорае Хаддад Қалиеваның қолында тұрған қоланы жұлып әкетті. Сонымен Шолпан бесінші орынға тұрақтады.

Дзюдодан Келбет Нұрғазина алғашқы кездесуінде португалиялық Ане Хормигодан ұтылды. Одан соң Ханат Оелогодан басым түсті. Ақырында жартылай финалға шыққан. Корей қызы Ок Сон Пак Келбетті жеңіп кетті. Сөйтіп, Нұрғазина қола жүлдеге жете алмады.

Олимпиада кілемі қазақстандық балуандар үшін сәтті болды. Еркін күрестен сынға түскен екі отандасымыз еліміздің Олимпиада қоржынындағы жүлде қорын молайтты. Еркін күрестен жүлденің алғашқы соқпағын салған Елена Шалыгинаның қадамы оң екен. Боз кілем бәсекесінде өнер көрсеткен балуандарымыз бір күміс, бір қола медаль алды.

Таймұраттың жартылай финалдағы кезекті жеңісінен кейін еркін күрес бәсекесіндегі алтын жүлде қол созым жерде тұрды. 96 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Тегиевке Дәулет Тұрлықанов, Аманжол Бұғыбаев бастаған саңлақ спорт мамандарының өзі дем беріп отырған. Алайда алтынның ауылы алыстарп кетті. Ақтық бәсекедегі қарсыласы-ресейлік Ширвани Мурадов бар күшін сарп етіп, отандасымыздың ұпай жиюына мүмкіндік бермеді. Белдесуде отанымыздың пайдасына төрешілер тарапынан еш ұпай берілмеді. Ресей балуаны алтын жүлдені еншілеп, Олимпиада жеңімпазы атанды.

Бұл-Таймұраттың спорттық ғұмырындағы алғашқы ірі жеңісі. Таймұрат күміс жүлдеге дейін венесуэллалық Луис Вивенесті 3:0, кубалық Мишел Батисты 3:0, грузиялық Георгий Гогшелидзені 3:1 есебімен жеңген болатын.

120 келі салмақтағы балуандардың белдесуі өте қиындықпен өтеді. Бұл салмақта Қазақстанның құрамасы атынан Марид Муталимов өнер көрсетті. Марид Бейжің кілемінде қола жүлде үшін таласқа түсті. Муталимов бұл сында барын салуы тиіс еді. Себебі, Афины Олимпиадасында да Марид қола жүлде үшін таласып, түрік балуаны Айдын Полатжиден жеңіліп қалған болатын. Бейжіңнің боз кілеміндегі қола жүлде үшін болған тартыста Иран елінің балуаны Фардин Масуми қарсылас болды. Масуми өткен жылғы әлем чемпионатының жүлдегері, Әлем Кубогының иегері. Соңғы екі жылдағы Азия чемпионаттарындағы ақтық бәсекеде біздің Маридпен жолы түйісіп жүрген ирандық балуан үнемі жеңіп кететін. Бірақ Олимпиада да ойындарының кілемінде Муталимовтың мысы басты. 8:3 есемен отандасымыз жеңіске жетті. Олимпиадалық қоржынына оныншы медальді әперген Маридтің қуанышында шек жоқ. Көк байрақты көтеріп, боз кілемді көтере айнала жүгірді.

66 келі салмақта боз кілемге көтерілген Леонид Спиридиновтың жолы болмады. 2007 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған үнді балуаны Сошел Кумар. Қазақстандық боз кілем шеберінен айласын асырып кетті. Үнді балуанының жауырынын жер қапсырғында тағы бір жүлде уысқа ілігер еді. Бірақ «күш атасын танымайды!».

Бейжіңде өткен Олимпиада ел намысын қорғауға спортқа келу жолдары егіз, қос құрдас Лия Нуркина мен Арман Шылмановтар ғана жолдама алған болатын.Олимпиадасының жабылу салтанатына санаулы күн қалғанда жекпе- жекке 67 келі салмақ дәрежесінде алғаш шыққан Лия Нуркина бірінші айналымда Франциялық таэквондашы Глэдис Патиенс Епангюмен кездесіп 0:3 есебімен ұтылып қалды.

80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Арман алғашқы қарсыласы Афины Олимпиадасының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы грекиялық таэквондашыны тең ұпаймен жеңіп тұрғаны мен, төрешілер грекиялыққа даңғыл жол ашты. Біздің Арманға әріптесі Лия секілді грекиялықты жартылай финалдан көрінуін тілегеннен өзге ештеме қалмада. Нәтижесінде грекиялық жартылай финалға шығып, Арман марокколк Абделькадер Зроуриды 4:3 есебімен ұтып, Сидней олимпиадасының алтын медаль жүлдегері, әлем чемпионатының жеңімпазы Анхель Матоспен жекпе – жекке шықты. Есеп 3:2 болып кубалық ұтып тұрған сәтте Арманның көздеген қатты соққысы оны дәрігерлік көмек сұрауға мәжбүр етті. Кубалық таэквондашы жерлесімізді сол аяқпен соқпақ болып нысанаға алған кезде оның соққысын оң тіземен қарсылаған Арман қарсыласының сол аяғының қос башайының арасын айырып жіберген Арбитр оған жарақатын таңуға спорт заңдылығындағы 60 секунт беріп, берілген уақытта жекпе-жекті жалғастырмаған соң жеңісті жерлесіміз Арман Шылмановқа берді.

Нысана көздеуден әйелдер арасындағы кезекті бәсекенің қортындысын да тықырши күткенбіз. Өйткені бұл жолы нәзік жанды мергендер 50 метр қашықтықтан үш позицияда (түрегеп, отырып, жатып) нысана атудан сайысқа түскен. Бұл бәсеке әуелден еліміздің маңдайалды мерген қызы Ольга Довгун сенімді ақтап, ақтық сынға шықты. Әрі өте жоғары нәтиже көрсетіп, 588 ұпаймен екінші – үшінші орындарды бөлісіп тұрды. Куба қызы Яйма Эглис Круз екеуінің алдын тек Қытай сұрмергені Ду Ли орап кеткен еді. Ол 589 ұпаймен олимпиада рекордын қайталаудың арқасында бірінші орынға орналасқан болатын. Көп ұзамай финалдық бәсеке өтті. Ақтық сынға шыққан алты қыз 50 метр қашықтықта орналасқан жамбыны 10 рет нысанаға алды.Өкінішке қарай, Ольга Довгун финалдық бәсекеде ең төменгі нәтиже көрсетіп (98,3 ұпай), алтыншы орынға бір-ақ сырғыды…. Афина Олимпиадасындағы жағдай қайталанды десек те болады. Эллада елінде іріктеу сынын бірінші орынмен аяқтап, финалда төртінші орынға құлдилаған Довгунның бұл жолы да жүйкесі сыр берді.Үміт артқан қызымыз өз орнын сақтап қала алмай, үш саты төмен ығысты. Жалпы есепте 686,3 ұпаймен алтыншы орынды қанағат тұтты. Ал Ду Лидің тізесі де, қолы да дірілдеген жоқ. 690,3 ұпаймен Олимпиада ойындарының финалындағы рекордын жаңартып, саф алтынға ие болды. Екінші орынды чех қызы Катерина Эммонс иеленсе, қола жүлдені Куба қызы Яйма Эглис Круз қанжығалады.

Ауыр атлетикадан ерлер арасында 77 келіге дейінгі салмақта Владимир Кузнецов тоғызыншы орынды иеленді. Ол қоссайыс қортындысы бойынша 351 (160+191) келі салмақты еңсерді.

Жүзу спортындағы жігіттеріміздің де бақтары жанбай қойды.Владислав Поляков өзінің сүйікті қашықтығы 200 метрлік бәйгеде жартылай финалға шыққанымен, финалда бақ сынайтын сегіз спортшының қатарына іліге алмады .Өкініштісі, оның жартылай финалдағы уақыты алғашқы іріктеу сынындағы уақытынан да төмен болды. [38]

Қазақстанда әйелдер қол добы үстіміздегі ғасыдың басында шындап қолға алына бастады. Бұрын тізімде болғанымен «асқа бар да, күшке жоқ» бірлестіктің жұмысын жігерлі басшы Гүлнар Тұрлыханова шындап қолға алды. Алғашқы табыс Азия чемпионы атанған 2003 жылы келді. Содан кейін әр түрлі турнирлерге қатысып тәжірибе жинақтады. 2007 жылы Алматыда өткен олимпиялық іріктеу турнирлерінде көш бастады. Бір күтпеген жағдай – осы турнирде әлемнің екі дүркін чемпионы Оңтүстік Кореяның командасын тізе бүктіруі еді.

Қазақстанның волейболдан қыздар құрамасы төрт мәрте жеңіліс тапты.Соңғы ойынды. Бразилия құрамасымен өткізген волейболшы қыздарымыз 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Мұның алдында олар Сербия, Италия, Ресей құрамаларымен кездесіп жеңіске жете алмаған болатын.

Волейболдан Қазақстанның қыздар құрамасы соңғы кездесуін Алжир құрамасымен өткізді. Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысып отырғандықтан тәжірибелік жетіспей ұтылып қалған волейболшыларымыздың бұл алғашқы алыптар арасындағы сынағы.

Соңғы ойында Ангола құрамасымен 29:29 есебімен тең ойнаған Лев Яниев шәкірттері тобындағы алты команданың үздік төрттігіне кіре алмай, ширек финалдан құр қалды.Олар 5 ойын өткізіп, Румынияға 19:31, Францияға 18:21, Норвегияға 19:35 есептерімен ұтылып, Анголамен тең түсуімен қатар жарыс қожайындары Қытай қыздарынан 29:26 есебімен басым түсті. Волейбол секілді қол добынан да дебютты Олимпиадамызды өткізгендігімізбен қыздарымызды жазғырудың реті жоқ. [39]

 

2.5 Олимпиада ойындарындағы қазақстандық спортшылардың кемшіліктері

 

Бір жамандықтың бір жақсылығы болады десек те, сәтсіздіктің себебінен қазақ спорты терң талдауға түсіп, арғы-бергі тарихы таразыланып, осал буын, үңірейген тұстар бұрынғадай тасада қалмай, талқыға түссе, сосын қазақ спортын өрге бастайтын өзекті жолды адаспай таба білсек, күні ертең-ақ Олимпиада олжасына молынан кенелетініміз хақ. Дәл бүгін сол жолды бірлесіп іздесек, ел мүддесі, ұлт намысы үшін жанымыз қүйіп, жарғақ құлағымыз жастыққа тимей спорт көшін түзетуге тырыссақ.

Қазақ волейболының атасы, Алаштың ардақты ұлы Октябрь Жарылғапов көз жұмған 1969 жылдан бергі уақытта бұл саланың тамырын ұлтсыздық дерті жайлап алды. Қаркен Ахметов пен Октябрь Жарылғаповтың кезінде (1970 жылға дейін) спорттың әр саласында өз қандастарымыз бой көрсетіп, ХХ ғасырда аяусыз оталған ұлттың рухы енді-енді оянып келе жатқан. Сол тұста Ғұсман Қосанов пен Әмин Тұяқовсыз КСРО-ның спринтерлер құрамасын көзге елестету мүмкін болмаса, ақиық волейболшы Жәнібек Сауранбаев КСРО құрамасының тіні, өзегі болды. Жәнібек КСРО құрамасы сапында Еуропа чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, әлем кубогының иесі, т. т. спорттық белестерге иек артты. Онымен үзеңгі қағыстыра шыққан баскетболшы Әлжан Жармұхамедов Еуропа, КСРО чемпионы атағын бірнеше мәрте жеңіп алып, 1972 жылы Мюнхен Олимпиадасының чемпионы атанды.

Жекпе-жектегі Әбілсейіт Айханов, Әбдісалан Нұрмаханов, Аманжол Бұғыбаевтың өр мінезі мен табиғи дарынды Кеңес империясын ғана емес, осы саладағы азуын айға білеген небір мамандарды еріксіз мойындатқан. Конькиші Ораз Қаңлыбаев жыл сайын КСРО рекордын жаңғыртып, әлем рекордының жалынан сипап жүрді.

1962 жылы өз топырағыңдағы халықтың 28 пайызын әрең құраған қазақ үшін бұл ғажап жетістік еді. Мәскеудегі кеудемсоқ басшыларға халқымыздың бұл қасиеті ұнаған жоқ. 1932-1933 жылдардағы алапат аштықта тең жартысы қырылған ұлттың өрендері 1941-1945 жылдардағы екінші дүниежүзілік соғыста да аяусыз қырғынға ұшыраған болатын. Тоқ етері, осы жойқын екі зауалдан кейін кемі 40-50 жылға дейін қазақ ұлтынан бас көтерер ұлдар шығуға тиіс еместей көрінген. Жоқ! Алаштың қаны асыл екен. Ғұсман мен Әмин Еуропа мен КСРО рекордын кезек-кезек ауыздықтап жатса, Жәнібек КСРО құрамасының негізгі ойыншысы болды. Ал құрамасының Әлжан КСРО сапындағы ең маңызды сайыстарда қарсылстардың орталық ойыншысын тұсайтын марқасқатұғын. Октябрь Жарылғапов баптаған Алматының «Буревестнигінің» тең жартысы қазақтар еді! Жәнібек Сауранбаев, Заңғар Жәркешов, ағайынды Сұлтановтар, Еңсебек Иманғалиев. Октябрьдің өзі КСРО жастар құрамасының бас бапкері, әрі «Буревестниктің» белді ойыншысы болатын. Октябрьдің жігіттері Мәскеу волейболшыларын атынан аударуға шақ қалып тұр еді. Империя қазақтан іш жия бастады. 1968 жылғы Мехико Олимпиадасына Әлжан мен Жәнібекті Мәскеу әдейі апарған жоқ. 1972 жылғы Мюнхен Олимпиадасына талассыз баруға тиіс боксшы Жандос Көкімов шешуші жаттығу жиынында «уланып» қалып, бармағын шайнады. Жандостың жұдырығына төтеп бере алмайтын боксшылар Олимпиада тұғырына көтерілген сәтте біздің жігіт күйіктен жылап отырды.

ХХ ғасырдың 70-жылдарының басында спорт тізгінін қолға алған басшылар жоғарыдағы жеңіс жолын жалғастыра алған жоқ. «Қазақ жастары бокс пен күреске ғана бейім», деген тұжырым дәл осы тұста күшіне мінді. Ғұсман мен Әминнің, Жәнібек пен Әлжанның, Октябрьдің қазақ жастарын сиқырдай арбаған жеңісті жолдары бірте көмескі тартып, бертін келе жеңіл атлетика мен волейболдан,баскетболдан қаракөз бауырларымызды іздеп таппайтын болдық. Жоғарыдағы аты аңызға айналған саңлақтардың ғаламат жеңістері бір ғажап ертегі іспетті, қазақ баласының санасында әркез жаңғырғаны болмаса, өткен күннің еншісінде кетті.

Рим Олимпиадасының күміс жүлдегері Ғұсман Қосанов 1962 жылы 100 метрді 10,2 секундта артқа тастап, КСРО рекордын қайталаса, Әмин Тұяқов 1965 жылы 200 метрді20,6 секундта жүгіріп өтіп, КСРО рекордын жаңғыртты. Содан бері 40 жылдан астам уақыт өтсе де Ғұсман мен Әминнің рекордын жаңарқан қазақ жүйрігін көрген емеспіз. Аталарымыз «алтын шыққан жерді белден қаз» деуші еді. Біз Алла тағаланың өзі жөн сілтеп, өріс ашқан жеңіл атлетика, волейбол, баскетболдағы ғажап дәстүрімізді өрге сүйрей алмадық. Осы салаларда маман дайындап, шәкірт баптап, өрісті ұзартудың орнына Әлжандарды шетке қақтық. «Елім» деп Мәскеуден екі мәрте келгенінде нысана көздеушілердің әдіскерінен артық жұмыс тауып бере алмадық. Әминді 25 жыл бойы бір жарым бөлмелік пәтерде ұстадық. Ғұсманның аяғына тұсау салдық. Егер Әлжан, Әмин, Жәнібек, Ғұсмандар туралы әдемі безендірілген кітаптарды аөптеп шығарып, ауыл-ауылға таратып, спорт мектептерінде, ауылдарда кездесулер ұйымдастырып, негізін қазақ қазақ балалары құрайтын спорт секцияларын ашқанда қанымызда бар желаяқтық өнерді, волейбол мен баскетболды, басқа да спорт түрлерін ұлттық намысы күшті жастар әрі қарай өрістетіп алып кетер еді. 60-70 жылдардағы қазақтың табиғаты қазіргі қазақтан бөлектеу еді. Кеңес идеологиясы бойға терең сіңе қоймаған, көп ауылдарда халқымыздың тілі, дәстүрі және имандылығы сақталған мамыражай кезең еді. Ауыл баласының спорт құмарлығы ғажап болатын. [40]

Грузин, армян, литвандар 50-жылдары дуылдатып бастаған спортын 60-70-жылдары одан сайын өрістетті. Біз 70-жылдан кейін қазақты кеудеден итере бастадық. Ол кездегі ағалардың басым көпшілігі ұлт намысынан гөрі қарақан басының қамын көбірек күйттеді. Соның салдарынан қолда бар дүниеден айырылып қалдық. Ойлап қараңыздаршы, Ғұсман мен Әминнен кейін әлемдік деңгейде бой көрсеткен қазақ жүйрігі болған жоқ. Әлжаннан кейін КСРО құрамасы қайда, Қазақстан құрамасына табан тіреген бір қазақ болмады; Октябр Жарылғапов, Жәнібек Сауранбаев , Заңғар Жәркешовтерден соң араға 15-20 жыл салып Бақыт Байтөреев пен Марат Иманғалиев секілді бауырларымыз Азия волейболының алдыңғы легінен көрінді. Қазіргі волейболда қан-сөл жоқ. Ұлттық рухтың елесі де білінбейді. Ресей волейболының бір бөлімшесі тәрізді.

Спорттың басқа түрлеріне көшсек, қанымызда бар мергендік өнерге қазақ жастарын баулу, осы саладан Алғашқа несібе іздеу спорт басшыларының қаперіне де кіріп шыққан жоқ. Жүзудің бірнеше түрі, ат спорты, шаңғы, коньки жеңіл атлетиканың сан түрі, семсерлесу, қайықпен жарысу… Несін айтасыз. Осы салаларға қазақтарды тартса, бапкерлік мектеп қалыптастырса атынан ауып қалатындай біздің ағалар заман ығымен кете берді, кете берді. Соның салдарынан осы күнде Олимпиада бағдарламасына кіретін 37 спорттың 30-нан бірде-бір білікті маманымыз жоқ және әлем, құрылық чемпионаттарында медаль алған бірде-бір спортшымыз жоқ, күрес пен боксқа ғана арқа сүйеген ел болып шыға келдік. Бодандықты дәл спорт саласындағы басшы ағалардай қабыл алған, әрі Мәскеудің аяғына жығылып жатып мойындаған шенеуніктер басқа салаларда, басқа елдерде болды ма екен?! Қазақстандағы 8 млн. қандасымыздан әлем мойындаған, өзінің бапкерлік мектебін қалыптастырған-Куба боксының әкесі Алсидес Сагарра, орыстың әйелдер волейболының тірегі Николай Карполь, поляк боксының майталманы Феликс Штамм сияқты сұңғыла қазақ жоқтың қасы. Еркін күрестің қазақ топырағына келгеніне жарты ғасырдан асты. 50 жылда қазақтан Олимпиада жүлдесіне жеткен жалғыз Маулен Мамыров екен. Әбілсейіт Айханов, Аманкелді Ғабсаттаров, Аманжол Бұғыбаев, Рамазан Нұрманов секілді ағалардың бағын кеңес бапкерлері байлады делік. Ал 1992 жылдан бергі 12 жылда Мауленнен басқа бір ұлымыздың әлем чемпионатында жүлдегер атануына кім кедергі болды? [41]

Афина Олимпиадасында Алаш жұрты 55 келі салмақтағы Бауыржан Оразғалиевқа үміт артты. Бауыржан қазақтай қабырғалы халықтың рухын,намысын жан-тәнімен сезінбеген сыңайда айызды қандырып бір бұлқынуға жарамай, жығылып қалды.

Геннадий Лалиевтің күміс медалі біздің бар мүмкіндігімізді ашып көрсетті дей алмаймыз.

XX ғасырдың 80-90-жылдары болгардың Валентин Иорданов атты балуаны 7 дүркін әлем чемпионы болып, Атланта Олимпиадасында жеке-дара шықты. Біздің еркін күрестегі бүкіл ағаларымыз бір Иордановтың ширегіне де жете алмай тұр.

Империяның өктемдігі, өзіміздің ағалардың намыссыздығы біздің бетімізді күрес пен боксқа аударып жіберді дедік. Күрестің бір саласы-дзюдо. Ол Қазақ еліне 1973 жылы келді. 31 жылда Асхат Шахаров пен Асхат Жеткеев секілді әлем чемпионатының қос қола жүлдегерін тәрбиелеппіз. Бұған да шүкір.

Афинада бір медальден дәмелі едік. Олимпиада отанында қазақтың туын ұстаған Асхат Жеткеев бастап, бәрі жеңіліс тапты. Айтар уәж жоқ. Айқайлай-айқайлай қасқырдан ұят болдының кебін кидік. Мұндай дуды тұңғыш көрген Мұрат Қыпшақбаев екі қарсыласынан да төреші шешімімен ұтылды. Қалғандарын айтпай-ақ қояйық. Грузин мен беларусьтар алтын алды. Жапон Тадаһиро Нумора қатарынан үшінші Олимпиадада топ жарды. Тұтас бір ұлттар бір алтынға зар болып жүргенде, артық туған Нумора Олимпиаданың үш алтынын жарқыратып тағып алды!

Гимнастикада екі бауырымыз бақ сынады. Қазақ қазақ болғалы Әлия Жүсіпованың деңгейіне жеткен гимнасшы көрмеп едік. Әлия сенімді ақтады. Төрешілер орыс украин қыздарына бұра тартпағанда, көпсайыстағы күміс пен қоланың бірі Әлиянікі еді. Амал не,арқауы берік, дәстүрге бай Ресей гимнасшылары алтын мен күмісті бірдей алды. Әлемдегі мықты көпсайысшылардың бірі саналатын Ернар Ерімбетов сенім үдесінен шыға алған жоқ. Бабының кемдігі шүу дегеннен көзге ұрып тұрды. Бабы келген жүйіріктің жұлқынып тұрмайтыны белгілі. Ернар Афина аренасына жалындап, жұтынып шыққан жоқ.

Жүзуден Қазақстан намысын 11спортшы қорғады. 100, 200 метрде брасс әдісімен жарысқан 20 жастағы Владислав Поляковтан басқалары күштілердің қарасын көруге де жараған жоқ. Поляковтың 5-ші орны ертеңгі күнге деген үмітімізді арттыра түсті. Аса мықты бір жүзушің болса,қалған спорттан медаль дәметпей-ақ мойны озық 20 мемлекеттің қатарынан орын тебесіз.

Олимпиаданың су добы жарысына жігіттер мен қыздарды қатар қостық. Қазақ елі сынды жас мемлекетке мұның өзі аз аброй емес. Бұл жағынан бүкіл Орталық Азия үлгі тұтарлықтай деңгейдеміз. Су добы екі-үш облысты ғана қамтыған. Қазақстан үшін Олимпиада медалі тым алыстан мұнартқан сағым тәрізді.

Асқар Оразалинов баптаған ерлер құрамасының орта жасты 32,4 жасты. Мұндай “кәрі” құраммен Олимп өкшесін басып, тепсініп тұрған тастүлектер жоққа тән. Кезінде Нұрлан Меңдіғалиев, Асқар Оразалинов, Ерлан Аяпбергенов КСРО құрамасының сайыпқырандар болды. Бұл өрендер айдынға шыққанда бүкіл қазақ шаттанып отыратын. Қазіргі құрамада бір қандасымыз жоқ. Кезіндегі Эдуард Айрихтің даңқты “Динамо” көгалдағы хоккей командасы тәрізді Асқардың командасынан да көз жазып қалмасақ деген қауіп бар.

Шоқыр Бөлтекұлы іргетасын қалаған бокс Алаш жұртының мәртебесін Афинада тағы да асқақтатты.Бойынан қазақы иіс аңқыған Бақтияр Артаевтың алтын медалі мен Баркер кубогы қазақ үшін жүз күмістен артық. Тәуелсіз ел ұлдарынан дәл осындай қайрат күтті.

Кеңес одағы тұсында спорттың негізігі ұстыны Мәскеуде болатын. Бізде керек десеңіз, ғылыми-әдістемелік орталық та болған жоқ. Мәскеуге қараймыз деп спорттық медицинадан да кенже қалдық. Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайынан басқа іліп аларлық спорт ғимараты да болмады. Тәуелсіздіктің алғашқы 6-7 жылында ондаған білікті мамандарымыз шетел асып кетті. Соның салдарынан бапкерлік мектептің арқауы босаң тартты.

Облыстардағы жағдай да жетісіп тұрған жоқ. Кейінгі үш Олимпиададағы жеңімпаздар қай облыстардан екенін анықтасақ, Қазақстан спортының жай-күйі шет жағалап болса да анықталады.

Атланта Олимпиадасының жеңімпазы Василий Жиров-Балхаштан, Александр Парыгин-Алматыдан, Юрий Мельниченко-Алматы облысынан.

Сиднейде топ жарған Бекзат Саттарханов-Түркістаннан, Ермахан Ыбырайымов-Жамбыл облысынан, Ольга Шишигина-Алматыдан.

Афина Олимпиадасының хас батыры Бақтияр Артаев-Тараздан.

Олимпиадаға қатысқан мемлекеттің көмбедегі негізгі орны алтынмен айқындалатындықтан, тек чемпиондарды атадық. Яғни Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан,Қарағанды облыстары мен Алматы, Тараз қалары ғана чемпион баптаған.

Біз сырттан бапкер шақыра отырып, сыртқа тәжірибе жинақтауға маман жіберу мәселесіне қатты мән беруіміз керек. Қазақ спорты әсіресе қазақ мамандарына қатты зәру. Мамандар ұлттық құрамаларға ғана емес, мектеп-интернаттарға да ауадай қажет. Әр қаладағы қазақ кадрларының тізімін жасап, олардың білімін жетілдіру қатарын молайту мәселесі күн тәртібіне нықтап қойылуға тиіс.

Біздің спортта ғылыми-әдістемелік кітаптар жоқ. Спорт академиясындағы орталықтың бар-жоғы белгісіз. Қытай 1989-2000 жылдар арлығында Кеңес одағында шыққан 75 мың спорттық-тәжірибелік дүниені өз тіліне аударған екен. Оларда спорттың түр-түрі бойынша ғылыми-зерттеу инстуты бар. Медицинадан жеке зерттеу инстуты жұмыс істейді. Бізде осының бірі де жоқ.

Туризм және спорт агентігі жанынан бейнесараптама жасайтын, бейнематериалдарды жүйелі жинақтайтын орталық ашу керек. Қазақ кадрларын спорттық талдау, зерттеу ісіне көбірек тартып, өзіміздің идеологиямызды күшейтпесек, ұлтсыздық дертінен айығуымыз тым қиынға соғады. Мектеп-интернат қабырғасындағы буыны қатпаған жасөспірімдерге маңызды бәсекені, тіпті жаттығудың өзін талдатып, сөйлетіп үйрету керек. Себебі, олар-Қазақ спортының ертеңі.

Сондай-ақ, Қажымұхан, Балуан Шолақ, Әбілсейіт, Жақсылық, Ғұсман, Әмин, Шәміл, т. б. саңылақтардың спорттық жолын шынайы көрсететін бейнефильмдер мен кітаптар керек. Біздің қаракөз балалар осындай рухани дүниеге сусап отыр. Рухани жетілмеген спортшы түптің түбінде ұлтының көсегесін көгертпейді. Тілінен, дінінен ажырап бара жатқан қазақ қоғамы үшін рухани байлықтың құны Олимпиада алтынынан кем соқпауға тиіс.

Енді грек-рим күресіне келейік. Георгий Цурцумияның күмісі мен Мкхитар Манукянның қоласы Қазақстан күресінің беделін әжептәуір көтерді. Осы жерде ҚР Туризм мен спорт агенттігінің төрағасы Дәулет Тұрлыхановтың еңбегі айрықша. Грек-рим күресі бойынша үш қазақ жігіті кілемге шықты. Қырсыққанда үшеуіде ауылға құр алақан қайтты.

1998 жылы атақты Бақтияр Байсейітов әлем чемпионы болғаннан бері Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттарынан олжасыз қайту қазақ балуандары үшін “дәстүрге” айналды. Бақтиярдың жеңісінен бергі уақытта бауырларымыз 2 Олимпиада мен 4 әлем чемпионатында белдесті. Осы аралықта өзбек пен әзірбайжанның төл ұлдары Олимпиада, әлем чемпиондары атағына қол жеткізіп жатқанда, біз шұқып отырдық. Бұрын бұл ағайындар қазақтың балуандығына тамсанушы еді. Не болғанын қайдам, Бақтиярдан кейін кеуде көтеретін бір ұлға зар болдық. Әлде бапкерлік мектепте кемшілік көп пе,әлде бойымызды рухсыздық жайлап алды ма, немесе құлдық психиология желкемізге шығып алған ба, ойлай-ойлай бас қатты.

Садақта Забродский, Белослюцева, Пилиппова арқа сүйедік. Арқа сүйегені болсын, үшеуі де екі-үш айналымнан аспады. Афинада жатып, кешегі ер Кейкіні ойладық. Мәншүк пен Әлияның мергендігін аңсадық. Тәжік аруы Зебинисо Рустамова бір заманда жұмыр жерді аузына қаратып еді. Сол Зебинисо бүтін Кеңес одағының бас мергені атанғанда, біздің қыздар да намысқа басар, ағаларымыз осы тарапта ізденер, XX ғасырдың басына дейін иыққа асынған қасиетті садақты қолға мықтап ұстарымыз дегенбіз. Қайда-а-а, өз тілін менсінбейтін қазақ садаққа үрке қарайтын кепке түсіпті.

Мылтық пен тапанша Галина Беляева мен Ольга Довгунь, Владимир Исаченко мен Андрей Гуров атыс шебіне шықты. Бұлардың ішінде О.Довгунь ғана Олимпиада медаліне сынық сүйем жақындады. Соңғы 10 оқты атар алдында Ольга көш басында тұрды. Қарсыластары ондыққа мүлт жібермей тигізіп жатқанда, Довгуньнің екі оғы 7 мен 8-дің маңайын тесіп өтті. Осы екі сәтсіздік біздің қызды 4-ші орынға бірақ сырғытты.

Кешегі екінші дүниежүзілік соғыста қазақ мергендері әлемді таң қалдырды. Көз мерген, қол мерген, дыбыс мерген деген сөздер біздің бабалардан қалған. Ендеше,қайда біздің құралайды көзге ататын бауырлар? Садақ пен мылтықты 50-60 жасқа дейін атуға болады. Негізінен қазаққа құт болатын спорт-осы садақ пен мылтық.

Жеңіл атлетикадағы Дмитрий Карповтың қола медалі-алтынға пара-пар жүлде. Егер шынтақтағы ескі жара болмағанда Карпов найза лақтыруда опық жемес еді. Дмитрийді алтыннан алыстатқан-осы найза менсырықпен секіру. 23 жастағы Димитрийдей бір қазақ жеңіл атлеті атойлап шықса ғой, шіркін. Дмитрийдің еңбекқорлығы, дарыны болмыс-бітімі: “нағыз спортшы осындай болсын!” деген бір ауыз сөзге еркін сияды.

Афинаға атанған құрамада ауыр атлеттердің беделі зор болды. Сергей Филимоновтың күміс жүлдесі-Қазақ елі үшін зор аброй. Даңқты Анатолий Храпатыйдан соң әлемдік деңгейде штангашымыз болмай жүр едік.Филимонов Қазақ елінің темір көтеретін ұлдарына керемет үлгі көрсетті. Олимпиада қарсаңында газеттер жарыса мақтаған Бақыт Ахметов пен Татьяна Хромова негізгі қарсыластарынан әлдеқайда әлсіз екен. [42]

2008 жылы Қытай астанасы Бейжіңде өткен ХХΙХ жазғы Олимпиада ойындарында кейбір спортшыларымыз әділқазылар әділетсіздіктерінің құрбаны болды. Әсіресе, 48 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен боксшымыз Біржан Жақыпов және де 60 келіде өнер көрсеткен астаналық Мерей Ақшалов, 64 келіде жұдырықтасқан білікті боксыларымыздың бірі Серік Сәпиевтің жолына кедергі болған әділқазылар әділетсіздігі. Бұған осынау дүбірлі доданы назарына алған әлем жұртшылығы куә болды.

Көркем гимнастикадан Әлия Жүсіпова жекелей сынды бесінші орынмен аяқтады. Финалда бұдан жоғары көтерілу-мүлде мүмкін болған жоқ. Көркем гимнастикадағы әділқазылар әділетсіздігі Бейжіңде де жүзеге асты. Әлияны жүлделі орындарға маңайлатпайтындықтары алғашқы жаттығулардан-ақ байқалды. Олимпиада жүлделерін сарапқа салу тал шыбықтай мың бұралған гимнасшы қыздар өнер көрсететін үлкен кілемде, ащы терін төккен шаршы алаңда емес, төрешілер арасында шешілген сыңайлы. [43]

Қысқы ойындарда тәуелсіз еліміздің туын үнемі желбіреткен Владимир Смирнов үлкен спортпен қош айтысқан соң оған лайық ізбасар тәрбиелей алмадық. Ғасырлар тоғысында күллі Қазақстанда арқа сүйейтін бірде – бір спортшының қалмағанын өзге елдер тұрмақ, тіптен, майталман мамандар мен білікті бапкерлер де мойындады.

Спортта талап күшейді, спортшылардың деңгейі жылдан – жылға өсіп келеді. Шетел спортшыларының әлемдегі озық техникаға, фармакологияның үздік жетістіктеріне сүйене отырып көрсеткен ғаламат көрсеткіштеріне бізде қолданылатын қарапайым жаттығулар, Кеңес Одағы кезінен қалған бірсыдырғы дайындық жүйесі арқылы иек арту мүмкін емес. Сол – Лейк – Ситиде соны айқын аңғардық. Бұл әлі басы ғана. Егер спортты тұтас бір ғылым ретінде қарастырып, ғылыми тұрғыда ізденіс жүргізбесек “қуырдақтың көкесі” алдағы Олимпиадаларда болады. Талапты, талантты жастар бізде жоқ деп сылтау айту қисынсыз.

Қысқы ойындарда жекелеген саңлақтарымыздан үміт күткеніміз рас. Өкінішке орай, үмітіміз ақталмады. Оның басты себебі – біріншіден, Олимпиадаға қатысушы елдер өздерінің спортшыларын керек – жарақпен, киім – кешекпен талапқа сай жарақтандырған, олардың шаңғылары мен конькилерінің сапасы өте жоғары, оның үстіне спортшылардың техникалық шеберліктері шыңдалған, жүгіру тәсілдері әбден жетілген, яғни шетелдік жаттықтырушылар шәкірітерін дайындауда ғылыми – медициналық және озық әдістемелік негіздерге жүгінген. Осының бәрі – жеңіс тұғырынан көріну үшін жасалған мақсатты жұмыстың нәтижесі. Екіншіден, шетелдік спортшылардың басым көпшілігінің бойынан жасынға жаныған жігер – қайратты, ерік – күшті, намысты қолдан бермейтін жеңіске деген құштарлықты көрдік. Ал мұндай қасиеттерді өз жерлестеріміздің түр – тұлғасынан, іс-әрекетінен байқай алмадық. Бұл спортшыларды психиологиялық тұрғыдан дайындауда жіберілген жаттықтырушыларымыздың өрескел қателіктері.

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Олимпиада ауқымы, оның мақсат – мұраттары тек спортпен, спорттық нәтижелермен ғана шектелмейді. Бұрынғы антикалық дәуірлерде де солай болғандығы байқалады. Олимпиялық ойындарға қатысу құрметіне ие болудың өзі ерекше мәртебе саналса, ал онда жеңіске жету – елдік намысқа сын. Олимпиялық ойындарда жеңіске жеткендер елінің мерейін өсіреді. Сондықтан, Олимпиада жеңімпаздарының есімдері өз елінің тарихында ешқашан ұмытылмайды, үнемі құрмет тұтылып, қастерленеді, тіпті, ұлттық қаҺарман дәрежесіне көтерілетін кездері де болады.Олимпиялық ойындардың қасиет- өнегесі осындай.

Әр заманның батырларының ерліктері де әрқилы. Махамбетше айтсақ, «Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен, өзегі талып ет жемей » оза көшіп кең жайлаған қаҺарман ата – бабаларымыз бес қаруын асынып, ел қорғауды ерлік деп санаса, бұл заманның батырлары алқалы топта суырылып айтар ойлы сөзді, Оимпиялық ойындар сынды дүниені дүбірлеткен айбарлы жарыста топтан озғанды ерлік санайды. Уақыт солай. Онда халқының мәртебесі биіктеп, абройы асқақтайды.

Пьер де Кубертеннің Олимпия ойындарын қайта жандандыруы жаҺан бойынша жалғаласу, жарысу жанталасы жаңадан басталған жиырмасыншы ғасырдың басына тұспа – тұс келгені спорттың бағын ашты. Спорт енді денсаулықты шыңдаудың құралынан, ағзаның функционалды мүмкіншіліктерін жоғарлатдан бұрын адамзат өмірінің өзгеше бір саласына айналды.

Олимпиада ойындары жекелеген тұлғаның жалпыға қарай ұласатын мәдениет пен әлемдік бейбітшіліктің құрамдас бөлігі болып табылады.

Сонымен қатар Олимпиада ойындарына қатысып ел мерейін үстем еткен спортшыларымыздың жеңісі бұл – халқымыздың мақсатты ісіне берілгендік, қоғамдық және мемлекеттік мүддені өз мүддесінен жоғары қою. Еңбекке және отанды қорғауға дайын болу мақсатында өзінің дене сапалары қабілеттерін жетілдіру және денсаулығын нығайтуы келер ұрпаққа үлгі. Мұндай адамгершілік, өнегелілік, ақыл – ой, өткен тарихын білу және де эстетикалық пен еңбек тәрбиелерінің негіздері біздің егеменді еліміздің дені сау, жаны таза, еңбек етуге, отанды қорғауға рухы дайын, өскелең өмір жолының қиындықтарына төзімді жаңа заманның белсенді жастарының бейнесін қалыптастырады.

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Мехикодан Афиныға дейін. // Айғақ – 2008ж. 30 шілде – б 7.//
  2. Мелбурнен Пекинге дейін. // Оңтүстік Қазақстан — 2008ж. 19 шілде — б 3.
  3. “ Олипиада. Бұл — мыңнан бір мүмкіндік ”. // Егемен Қазақстан – 2008ж. 1 тамыз – б 6. //
  4. Жеңіске жету үшін қара күш.тамшылаған тер аздық етеді. // Астана Ақшамы-2008ж. 30 қазан — б 8. //
  5. Жақсылық. // Төлеген Жәкітайұлы — Астана: Ер – Даулет – 2006ж. //

6 Спорттық Қазақстан энцклопедиялық анықтамасы. // Алматы – 2004ж. //

  1. Оң жамбасқа басатын қандай спорт түрлері бар? // Алматы Ақшамы – 2009ж. 26 желтоқсан – б 4. //
  2. Олимпиада басталды! // Астана Ақшамы – 2010ж. 13 ақпан – б 1. //
  3. Есеміз кетті, еңсеміз түсті. Неге? // Егемен Қазақстан – 2002ж. 8 наурыз – б 4. //
  4. 10. Топжарған. // Ғалым Сүлеймен – Астана: Ер – Даулет – 2007ж . б 223. //
  5. 11. Анатолий, Анатолий еді… // Егемен Қазақстан – 2008ж. 2 шілде – б 6. //
  6. Топжарған. // Ғалым Сүлеймен – Астана: Ер – Даулет – 2007ж . б 282. //
  7. 13. Даулет. // Қыдырбек Рысбекұлы – Астана: Ер – Даулет – 2007ж. б 24 //
  8. 14. Топжарған. // Ғалым Сүлеймен – Астана: Ер – Даулет – 2007ж . б 165 //
  9. Атлантадағы алғашқы сын. // Егемен Қазақстан – 2004ж. 3 тамыз – б 7 //
  10. Ұлт рухының найзағайдай жарқылы. // Жас Алаш – 2000ж. 12 қыркүйек – б 8. //
  11. Топжарған. // Ғалым Сүлеймен – Астана: Ер – Даулет – 2007ж . б 98.//
  12. 18. Бекзат. // О. Жолымбетов. Алматы – 2002ж. //
  13. 19. Бекзат. // Қыдырбек Рысбекұлы – Астана: Ер – Даулет – 2007ж . б 12. //
  14. Қай елдің спорты мықты, сол елдің мерейі үстем. // Қазақстан ZAMAN – 2010ж. 11 ақпан – б 11. //
  15. Топжарған. // Ғалым Сүлеймен – Астана: Ер – Даулет – 2007ж . б 181. //
  16. Жылдың ең үздік велоклубы. // Айғақ – 2009ж. 23 желтоқсан – б 7. //
  17. Жүлде иесі – Филимонов. // Егемен Қазақстан – 2004ж. 21 тамыз – б 8. //
  18. Ауылдан – Афиныға. // Егемен Қазақстан – 2004ж. 23 қыркүйек – б 6. //
  19. ХХVΙΙΙ – ші жазғы Олимпия ойындары. // Егемен Қазақстан – 2004ж. 30 қыркүйек – б 7. //
  20. 26. Ирина Некрасова күміс жүлдегер! // Алматы Ақшамы – 2008ж. 14тамыз – б 9. //
  21. Жаңа Әнұранымыз Олимпиада ойындарында тұңғыш рет орындалды. // Алматы Алматы – 2008ж. 19 тамыз – б 4. //
  22. Көтердім жиырма бес пұт кірдің тасын. // Алматы Ақшамы – 2008ж. 19 тамыз – б 7. //
  23. Иіні мықты Ильин. // Жас қазақ – 2008ж. 22 тамыз – б 4. //
  24. 30. Олимпиада туралы. // Егемен Қазақстан – 2008ж. 1 тамыз – б 5. //
  25. 31. Бейжің Олимпиадасының чемпионы. // Алматы Ақшамы – 2008ж. 28 тамыз — б 6. //
  26. 32. Бақыт – чемпион. // Айқын – 2008ж. 28 тамыз – б 8. //
  27. 33. Бейжің – 2008ж. // Дала мен Қала – 2009ж. 29 қаңтар – б 10. //
  28. Боксшылырға артар үміт мол. // Айғақ – 2008ж. 31 шілде – б 3. //
  29. Нұрбақыт Теңізбаев – қола жүлдегер! // Алматы Ақшамы – 2008ж. 14 тамыз – б 8. //
  30. Балуандар екі медаль әперді. // Айқын – 2008ж. 22 тамыз – б 9. //
  31. 37. Бейжің – 2008ж. // Дала мен Қала – 2008ж. 21 тамыз – б 13. //
  32. 38. Намыс найзағайы. // Нұр Астана – 2008ж. 12 наурыз – б 1. //
  33. Бейжіңді бетке алғандар. // Алматы Ақшамы – 2008ж. 7 тамыз – б 5. //
  34. Қатпары қалың қазақ спорты. // Егемен Қазақстан – 2004ж. 7 қыркүйек – б 9. //
  35. Қатпары қалың қазақ спорты. // Егемен Қазақстан – 2004ж. 11 қыркүйек – б 8. //
  36. Қатпары қалың қазақ спорты. // Егемен Қазақстан – 2004ж. 15 қыркүйек – б 11. //
  37. Есеміз кетті, еңсеміз түсті. Неге? // Егемен Қазақстан – 2002ж. 2 наурыз – б 7. //