АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Қазақстандағы ақбөкендердің субпопуляциясының табиғи реттелу жолдары

Қазақстандағы ақбөкендердің субпопуляциясының табиғи реттелу жолдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

             

 КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………….

 

  1. Әдебиеттерге шолу………………………………………………………………………

Зерттеу аймағының физико-географиялық сипаты

  1. Зерттеу зерзаты мен әдістері

2.1 Табиғи ақбөкен популяциясын санау әдістемесі

2.2 Статистикалық мәліметтерді есептеу әдістемесі

  1. Ақбөкендердің субпопуляциясының табиғи таралуы………………………………..

2.1Акбөкендердің мінез- құлқы мен белсенділігі…………………………………..

2.2 Акбөкендердің тіршілік әрекеттері…………………………………………………

2.3 Ақбөкендердің миграциялары…………………………………………………………….

III. Ақбөкендердің субпопуляциясының табиғи реттелуін зерттеу……………..

3.1 Ақбөкен тіршілігіне әсер ететін факторлар…………………………

3.2 Ақбөкендерді  қорғау және олардың санын қалпына келтіру шаралары…

3.3 Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану

     туралы заңы…………………………………………………………………………………………….

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………….       

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………………………… 

Қосымша……………………………………………………………………………………………….

Ұсыныстар……………………………………………………………………………………………..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғылыми терминдер

 

Ғылыми терминдер:

Антилопа — күйіс қайырушы жануарлардың әртүрлі тұқымдас тармағына, туыстастарына жататындарын біріктіретін атау. Жалпы  антилоптарға жататын жануарлардың бес — джейран, дзерен, горал, сайгак және серна-түрі бар.

Вальер-аңдарды жерсіндіру кезіндегі торлы қоршау.

Гарем-аңдардың күйекке түсу немесе басқа да жағдайларда 10-нан 50 дейінгі мөлшерде жинақталып жүретін тобы.

Инстинкт —  мінез-құлықтың тіршіліктік мәні бар сезімталдылық, ұрпақтан ұрпаққа берілетін, яғни тұқым қуалайтын қасиет.

Броканьерлік-қасақы аң аулаушылық, аңды заңсыз аулау және ату, жарақаттау фактісі.

Маталу-ақбөкендердің жекеленген гаремдерге бөлініп, көбеюге қатынасуы

Миграция-аңдардың мерзімдік басқа аймақтарға көшіп-қонуы.Бұл құбылыс негізінен ауа-райының өзгерісі мен азық қорына байланысты болады.

Морфология-жалпы организмнің толық дене мүшесін зерттейтін ғылым.

Пастереллез- геморрагиялық септицемия (қанның улануы), адам мен жануарлардың инфекциялық кеселі.

Пантокрин-киік басқа да аңдардың мүйізінен алынатын жень-шень дәрісі

Популяция-генефондысы ортақ,салыстырмалы бірдей экологиялық жағдайлардағы кеңестікті мекендеп,бір-бірімен еркін будандасатын,бір ғана түрге жататын особьтардың жиынтығы.

Сақалбакенбард-аңның көз алдымен бетіне шығатын түктер

Сасай болған-текелердің майығудан кейінгі қатты әлсіреуі

Сасай қалысы немесе теке қалысы-текелердің теке бұрқылдақтан кейінгі көтерем болып жүре алмай қалуы

Теке бұрқылдақ-текелердің өзі таңдаған ешкілерін бөліп алып,көбеюге қатысатын уақыты

Үркер-теке бұрқылдақ басталар уақытта (желтоқсан-ақпан) туатын жұлдыз

Уыз-ұрғашы малдың төлдеген кездегі алғашқы апталық сүті

Фактор-аңдарға және басқа тірі организмдерге құбылыстармен заттардың оң немесе теріс әсер етуі

Фауна-бір аймақта мекен ететін барлық жануарлар дүниесінің атауы.

Флора-бір аймақта мекен ететін өсімдіктер дүниесі немесе жалпылама өсімдіктер дүниесін атау формасы.

Физиология-жануарлардың ішкі құрылысын зерттейтін  ғылым

Фитоммасса-фито және масса сөзінен тұрады, «фито»- грек тілінде phyton-өсімдік, масса — салмақ  деген сөзден тұрады. Негізі  өсімдік ағзасының жалпы салмағы болып табылады.  

Эвалюция-жалпы жануарлар және басқа да организмдердің біртіндеп дамуы мен өсіп-өркендеуі.

 

 

Қысқартылған сөздер:

 

ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

БҚО-Батыс Қазақстан облысы

ҒЗЖ-ғылыми зерттеу жұмысы

Қаз.ҰАУ-қазақ ұлттық аграрлық университеті

Ж.ж.-жылдары

АШМ-ауыл шаруашылығы министірлігі

БҒМ-білім және ғылым министірлігі

%-пайыз

См-сантиметр

Г-грамм

Сек.-секунд

Км-километр

Кг-килограмм

Млн-миллион

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

      Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі уақыттардағы адамзат өміріндегі  аса маңызды мәселелердің бірі, табиғаттың көркі жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтап, экожүйенің бұзылмауын қадағалау мен оны қалпына келтіру болып табылады. Себебі табиғаттағы кез-келген тіршілік иесінің экожүйедегі орны ерекше. Сол себептен оларды қорғау мен сақтап қалу үшін жұмыс жасау керек. Ал, бұл жұмысты орындау барлық адамзат баласының алдында тұрған ұлы міндет. Бұл зерттеу жұмысы да сол міндеттердің бірін орындаумен өзекті бола түседі.                                                                                       Жер көлемі жөнінен бүкіл дүние жүзінде ондықтың ішінен орын алатын ұлан-байтақ аумағымен, тау-тасты орман-көлді, шөл-шөлейтті алуан қырлылығымен көзге түссе. Фаунасы мен флорасы жағынан да басқа елдермен терезесі тең деп мақтана айтуға тұрарлық. Кеңес өкіметі тұсында алпыстан астам сүтқоректі аң, жүз алпыстан аса құс ауланып келсе, осы хайуанаттардың ішінде шаруашылыққа жағынан аса маңыздылардың бірі саналған ақбөкен болатын. Ақбөкен [1]  көне заманнан бізге жеткен түз тағыларының бірі. Оның осы уақытқа дейін сақталып қалуының сыры, өзіне тән ерекше қасиеттеріне байланысты. Бұл жердегі киелі , қасиетті сөздерінің қолданылу себебі: « мүйізі»- пантокрин (жен-шень) дәрісі өкпе қабыну, жүрек, паралич, эпилепция ауруларынан емдеп, «тұяғының күлі» теміреткі мен денедегі жарадан жазса, «қаны»-шөлі қанбайтын сусамыр ауруынан айықтыратындығынан. Бірақ осы ерекшеліктерімен ақбөкендер тарих сахнасынан ХХ ғасырлардың бас кезеңдерінде жойылып кетудің алдында болды. Оған қорғау жұмыстарын дер кезінде жүргізудің арқасында халық шаруашылығына пайлану жағдайына дейін жетті. Содан кейінгі 1980-90 жылдары да осы жағдайы қайтадан қайталанды.сол себептен оны аулау тоқтатылып, қорғау жұмысы қолға алынды.                                                                 Осындай халықтың денсаулығы мен шаруашылығы үшін маңызға ие аңдарымыз әр түрлі факторлардың әсерінен жылдан – жылға азайып, тіпті жойылып кететіндей өзекті мәселелердің біріне айналуда.                        Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Қазақстандағы ақбөкендердің субпопуляциясындағы қазіргі уақыттырдағы таралу ареалы, биологиясын және саны мен олардың санының азаюына әсер ететін абиотикалық, биотикалық және антропогендік факторларын зерттеу мақсатында болды. Осы мақсатағы зерттеулер келесі міндеттерді орындауды көрсетті:

  • негізінен ақбөкендер субпопуляциясының экологиялық жағдайларын
  • (аңдардың тығыздығын,таралуын, санының айналымы мен оның өзгеруіне әсер ететін факторлары және азық қоры,көбеюі,тіршілікке бейімділігі,өлім жітімі,лақтарының ересек топтарға өтуі);
  • Жылдағы және тәуліктегі әр түрлі мерзімдердегі белсенділігі мен өмірге бейімділігі;

          Ғылыми жаңалықтары. ХХ ғ. 1968 (О.Э.Цаплюк),1971 (Д.Демеуов) жылдары қорғалған диссертациялық жұмыстарынан кейін ақбөкен жайында ғылыми негізде жазылып отырған бұл диссертациялық  жұмыс ХХІ ғасырдағы Орал популяциясындағы ақбөкендердің қазіргі уақыттырдағы таралу ареалын, санын және санының өзгерістерін, азық қорын, жастық және жыныстық құрылымын,дене өлшемдерін және ақбөкендердің тіршілікке бейімділігін, паразиттік аурулары мен  биотикалық және антропогендік факторлары зерттелінді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Әдебиеттерге шолу

                  

Ақбөкен – Mamalia (сүтқоректілер) — класы, Artiodactyla (жұптұяқтылар) отрядының Bovidae (қуысмүйізділер) — тұқымдасына жатады. Осы тұқымдастан тарайтын — Saiga Gray [2] (Бөкендер) туысының Saiga tatarika [1] (ақбөкен немесе киік) және Saiga tatarica mongolica [3] (Маңғол ақбөкені), S.t.prisca [4], S.t.binagadensis [5], S.t borealis [6] деп аталатын бес түрі болған. Қазіргі уақыттарда алдыңғы екі түр ғана қалып, қалғандары жойылып кеткен.                               Ақбөкендерді ұзақ уақыттардан бері — Антилопа деп те атайды. Оны Антилопа — Antilope [7,8,6] күйіс қайырушы жануарлардың әртүрлі тұқымдас тарма­ғына, туыстастарына жататындарын біріктіреді деп есептейді. Жалпы  антилоптарға жататын жануарлардың бес — джейран, дзерен, горал, сайгак және серна-түрі бар.                                                                                                 Ақбөкендердің Қазақстан территориясында мекендеуі туралы алғашқы әдеби деректер 1931 жылы  (Кириков, 1966) келтірілген. Осы жануарлар туралы нақты және ауқымды деректер И.Гмелиннің (Gmelin, 1751, 1752), Н.Рычков (1772), П.С.Паллас (1773), И. Лепехин (1805), М. Житков (1849), Г.С.Карелин (1861), Н.А.Бородин (1891), Н.Зарудный (1897) т.б. еңбектерінде мәлімделген. Республикамыздың батыс бөлігінде ақбөкендердің таралуы туралы Э.Эверсман (1850), Я.Я. Полферов (1896), Д.Н. Кашкаров (1932) еңбектерінде ескертіледі.                                                                                    Қазақстан территориясында ақбөкендерді зерттеудегі кейінгі жылдарды екі этапқа бөлуге болады. 1936 жыл мен 1965 жылдар аралығындағы осы жануарлардың сан жағынан және таралуы жағынан сауалнама – мәліметтерді жинағандар А.А.Слудский және А.В.Афанасьев, Е.И.Страутман, М.И.Исмагилов, П.М.Бутовский, В.А.Фадеев, Е.В.Савинов болды.  Сол кездегі жинақталған барлық мәліметтер А.А.Слудскийдің зерттеулерімен толықтырылды (1955, 1962,1963). 1960 жылы республика территориясында жануарлардың авиа есебі жүргізілді  (Слудский, Шубин 1963). Осы  кезеңде Барсакелмес аралында ақбөкендерге зерттеу жүргізілді. Осы материалдардың негізінде Е.П. Васенконың қызықты кітабы жазылды (1950). Батыс Қазақстанда ақбөкендерге зерттеулерді Н.В.Раков (1956, 1957) жүргізді. О.Э. Цаплюк (1962, 1966) мақалаларында ақбөкендердің көбеюі жайлы мәліметтер келтірді; олардың паразиттері туралды мақалаларында  И.Б.Соколова (1953), И.Г. Галузо (1953) С.Н. Боева (1962)  мағлұмат берді. [1]                                                                                                                          1965 жылдан бастап зерттеудің екінші этабы – жоспарлық және систематикалық этап басталды. Бұл үшін ҚазКСР ҒА Зоология институтында ақбөкендер бойынша тұрақты комплексті экспедиция ұйымдастырылды. Оның тапсырмасына ақбөкендердің саны мен көбею темпі, бұзаулары мен ересектері арасындағы өлім, миграциясының мерзімдері мен жолдарын анықтау мақсатында  жыл сайын осы жануарлардың авиавизуальді есебі кірді. Алынған мағлұматтар негізінде шаруашылық маңызы мен жоспарлы түрде атуға рұқсат беру үшін  осы уақытқа дейін сақталған жануарлардың бас санын азайтып алмау үшін, сондай-ақ республикамыздың халық шаруашылығында ауқымды түрде пайдалану есептері жүргізіліп анықталды. Ақбөкендердің экологиясы мен этиологиясы 1965-1981 жылдар аралығында жылдың барлық маусымдарында жиі зерттелінді. Көктемде авиавизуальді есеп-санақ жүргізілді және бір мезгілде бір-екі жергілікті отряд жануарлардың қоныстанған жерлеріне шығып отырды. Далалық жұмыстар жылдың 4 айынан 11 айына дейін жүргізілді, жалпы айтқанда олар 96 айды құрады. Ақбөкендер тобының маусымдық тобырын, жыныстық, және жас ерекшелік  құрамын анықтау үшін ақбөкендердің есебі жүргізілді. Миграциясы визуальді бақылау жолымен зерттелінді және жануарларды жалпы таңбалау және жасы бойынша тіркеуге алынып отырды. Барлығы 18556 жаңа туылған ақбөкендер таңбаланды. 1408 таңбаланған ақбөкендер әр түрлі жылдары  қайта оралып отырды. Сол кезде 892 ұрғашы ақбөкендердің ұрпақ беруге қабілеттілігі зерттелініп, 1069 эмбрион қаралған. Өсу мен даму 825 жануарда зерттелінген. Тығыздық пен түлеу және бояу түсі 2,5 мың ақбөкенде анықталған.                                                                                              Осы жылдары ақбөкендердің Қазақстан территориясында  таралуы, саны, көбеюі, жыныстық және жас ерекшелік құрамы жөнінде А.А.Слудский, В.А.Фадеев (1972, 1974, 1977), В.А. Фадеев (1972, 1974, 1975, 1980), Л.В. Бурделов (1977) ғылыми жұмыстары шықты.                                                       Көпжылдық зерттеулердің нәтижесінде (1965-1981ж.а) ҚазКСР ҒА зоология институтында Қазақстандағы ақбөкендердің экологиясының барлық негізгі сұрақтары бойынша үлкен фактілік материалдар жинақталды [2].   Халық эпосының материалдары бойынша ХІV- ХVI ғасырларда бұл жануарлар көпшілігінде Қазақстанның барлық территориясында мекендеген. Бұған сондай-ақ көптеген облыстарда кездесетін жергілікті «киік» деген  аттар мысал бола алады.                                                                                     ХVIII  ғасырдың бірінші жартысында  Қазақстан территориясында бұл жануарлар Өскемен, Семей, Үлбі өзендері жағасында, Зайсан көлі маңында  көптеп кездескен. ХVIII  ғасырдың 50-60 жылдарының соңында бұл жануарларды Ерментау, және Көкшетау тауларынан көрген. ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында бұл тұяқтылар Құрғаштау маңында, Аманқарағай ауылы, Ақсуат өзенінің бойында, Сарыторғай, Қараторғай өзендері бойында сондай – ақ, Райқарасу, Мойынмұрын,  өзендері және Қайранкөл маңында көптеп кездескен. ХVIII  ғасырда ақбөкендер Ырғыздың барлық болыстарында  және Ақтөбе уездінде кездескен.1823 жылы  бұл жануарлар Орал өзені мен Ембі өзендерінің төменгі ағыстарындағы аралықтарда  тұрақты мекендеп тіршілік еткен. ХІХ ғасырда Европада ақбөкендердің санының қысқаруы осы жануарлардың азаюы, ал 1826-1827 жылдар аралығында ТМД –ның Ортаазиялық бөлігінде қыста көптеп қырылуы байқалған. Нәтижесінде ақбөкендер бұл территориялардан ондаған жылдарға жойылып кеткен сонымен бірге бұл жануарлардың европалық және азиялық ареалға бөлінуі пайда болды. ХІХ ғасырдың 50 жылдарына қарай ақбөкендердің саны қысқарып, ареалдың солтүстік шекарасы қысқарған. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде ареалдың кейінгі қысқаруы жүрген. Бірақ бірден Қазақстан территориясындағы ақбөкен қоры төмендеген. Біздің заманымыздың 20 жылдары оларды аулауға тыйым салынуына қарамастан 1919 ж бөкендер саны күрт азайған. Бұл жануарлардың бас санының азюының ең негізгі себептерінің бірі болып ішкі рыноктағы ақбөкен мүйізіне деген сұраныстың болуы саналады. Кезінде шекараға ондаған және жүздеген жұп мүйіздер шығарылып отырған. 1917-1918 қысында атап айтқанда 1927-1928 жылдарда Қазақстан территориясында қатты жұтағаны байқалған. Соның нәтижесінде жүз мыңдаған жабайы жануарлар қырылған. 30 жылдардың басында ақбөкендер аз мөлшерде Қазақстан территориясында Орал өзені бойында, Үстіртте,  Сарысу асуында, Бетпақ-Даланың батыс бөлігінде, Іле-Қаратал өзендері аралығында, Бақанастың шөлді бөліктерінде (Оңтүстік Балқаш маңы) және Алакөлдің оңтүстік бөлігінде  сақталған [6].                                              Ақбөкен  жеке түр ретінде ерте пайда болған жануарлардың бірі. Оның қазба сүйектері арқылы ақбөкенге ұқсас киіктердің бұдан 24-30 млн жылдар бұрын пайда болғандығын аңғаруға болады. Сонымен қатар ақбөкен қалдықтары плейстоцен қабатынан батыста Англиядан бастап,шығыста Аляскаға дейінгі аралықта табылса [22,23], голоцендік қазбалық сүйектері Евразияның Атлант мұхитынан Тынық мүхитына дейінгі 40-55 ендіктері аралығындағы алқаптарда көптеп табылды [23]. Біздің жыл санауымыздан 1000-1500 жыл бұрын Қазақстанда ақбөкен Орынбор қаласынан Семей қаласына дейінгі белдеудің оңтүстігінде кең тарап жатты. Бұған да әр жерлерден табылған бөкеннің қазба сүйектері дәлел болады [24]                                                                     Энолит және алғашқы қола дәуіріне тән тасқа сызылған ақбөкен бейнелері Бетпақдаланың шығысында [25], Шолақтауда [26], ал біздің заманымызға дейінгі VII-V ғасырларға тән жартасқа салынған бөкен бейнесі Тамғалыда  бейнеленген .                                                             Қола дәуіріне тән ақбөкен мүйізінің сынықтары Степняк төңірегінде (Көкшетау облысы) табылды. Жоғарыда айтылғандардан палеолит, неолит, қола дәуірлері кезінде ақбөкен Қазақстан территориясында кең алқапты алып жатқанын, саны да көп болғанын байқаймыз.                                                                                           IX-XII ғасырларда ақбөкеннің солтүстік шекарасы Қазақстан төңірегінен Құлынды даласына дейін созылып жатқан. Бұған осы ғасырларға тән ақбөкен сүйектері Боровск молаларынан табылған .               XV ғасырда ақбөкен ареалының оңтүстік шекарасы республикамыздың қазіргі шекарасынан да тыс жатты. Бұл кезде де бөкен саны өте көп болды [24]. Онда Сырдария өзенінің бойындағы далалы аймақта ақбөкендер табын-табын болып жайылып жүретіндігі айтылады. Олардың семіздігі соншалықты, тіпті қаша алмайтын болған. Жергілікті халық қонақ келсе аңды дереу садақпен атып алып, сыйлайтындай болыпты.                                                                       Демек бұл кезеңдерде де  ақбөкен Қазақстан жерін  кең жайлады және саны жағынан да көп болды. Сондай-ақ, Қазақстанда   ақбөкенге байланысты  қойылған жер,су атаулары көптеп кездеседі. Айталық: Бөкен көлі, Бөкен  суаты (Шу өзені бойында), Бөкен өзені (Семей облысында), Кішкене бөкен, Кеңбөкен, Бөкен қыры (Қызылқұмда), Бөкен (жайылымды жер,облысы), Бөкенді (Жоңғар тауы етегі), Киіктас өзегі, Жамбыл облысы), Киікмола (Қызылорда облысы), Киік (темір жол бойындағы станция), Киікбай, Киікші, Киікқашқан, Киіктабан, Киіксу, Үлкен Киіктабан, Кіші Киіктабан аталатын жерлер (Жезқазған,Қостанай, Қарағанды облыстары), Киікбай, Ақкиік сай өзендері (Караганды облысы), Киікарал, Киікқырған қыстаулары (Қызылорда облысы)т.б.                                                                      Бұл аталған жер аттарының басым көпшілігі ақбөкенге, киікке байланысты қойылған. XIX ғасырдың 30-жылдарына дейін ақбөкенді біздің еліміздің барлық жерлерінде мекен еткен және көп кездескен аңдардың бірі саналған [28,29,13,30].                                                    XIX ғасырдың 30-жылдарынан бастап ақбөкен мекені тарылды. 40-50 жылдары европалық ареал мен азиялық ареал арасындағы алқапта ақбөкенді кездестіру қиындады [31,32]. Сондай-ақ, ақбөкен мекенінің солтүстік шекарасы да тарылды [15].Сол кездегі ақбөкен ареалының шекарасын мына белдеумен көрсетуге болады: Жайық өзені-Қандыағаш-Торғай-Атбасар-Шыңғыстау-Зайсан көлі.                                1825 жылы ақпанда Қарақұм, ал 1826 жылы қаңтарда Үстірт арқылы өткен әскери топографиялық экспедиция мүшелері бұл аталған жерлерде ақбөкенді көп кездестірген [32].                                              1815 жылы жазда Қостанай, Торғай төңірегінде, әсіресе Аманқарағай маңында ақбөкен өте көп болған [30]. Сондай-ақ, 1840 жылы Зайсан көлінен бастап солтүстікке қарай Ертіс өзені бойында ақбөкен табындарының бұл маңда да  көп екенін жазған.                                  XIX ғасырдың 60 — жылдары ақбөкеннің  Қазақстандағы ареалы қайта қалпына келді. Бұл аң батысында — Еділ-Жайық  алқабында [31,15]; солтүстігінде — Самар, Үлкен Ырғыз өзендерінің бастаулары , Тобыл, Есіл өзендері [28]; Барабин даласы [32,34]; шығысында-Зайсан  көлінің маңына дейінгі кең жазықтарда [35], кездесті және саны өте көп болды. Мысалы 60 жылдары ақбөкен ареалының шығысында бір табынының өзінде он мыңдай, ал 70-жылдардың аяғында Шy өзенінен Атбасарға қарай көктемде көшкен бір табында төрт мыңнан астам киік бол­ды. Осы ғасырдың 60-70 жылдарындағы ақбөкен ареалының оңтүстік шекарасы кей аймақтарда республикамыздың осы күнгі шекарасынан әрі оңтүстікке таман жатты. Ақбөкендер Үстірт арқылы түрікмен жеріне дейін, Қызылқұм арқылы қарақалпақ жеріне дейін кең жайылды [30,35].                                                                                             XIX ғасырдың екінші  жартысында ақбөкен біздің республикамыздың территориясында кең алқапты алып жатты.соның арқасында 1840-1850 жылдары бұқарлық және хиуалык саудагерлер Россияға 344745 жұп бөкен мүйізін сатса [37], 1853-1862 жылдары  Петропавловск арқылы 219224 жұп Александровск арқылы 26044 жұп ақбөкен мүйізі өткізілген [38].Сонымен бірге Қияқта (Байқал көлі маңында) арқылы 1852-1882 жылдар аралығында 1 млн 680 мың, жұп мүйіз сатылған және оның басым көпшілігі ақбөкен мүйізі болған [15].                                                                                                              XIX ғасырдың екінші жартысында ақбөкен Евро­пада өте аз болғанын [12] ескерсек, Кияктада сатылған мүйіз Қазақстаннан апарылған бо­лып шығады.                                                                        XIX ғасырдың 80-90 жылдарынан бастап ақбөкен ареалы қайта тарыла бастады. Еділ мен Жайық алқабында кездеспейтін болды. Оның солтүстігінен оңтүстікке қарай едәуір жылжыды [39,14,40].   Аталмыш аң ареалының осы кездегі батыс, солтүстік және шығыс шекарасын мына пункттер арқылы жүргізуге болады: батысында Жайық өзені; солтүстігінде-Орал қаласы-Темір ауылы-Торғай қаласы-Теңіз көлі-Шыңғыс тауы-Зайсан көлі — Молалы станциясы-Іле бойы. Бұл уақытта ақбөкен ареалының оңтүстік шекарасында оншалықты өзгеріс бола қойған жоқ [41,42]. Алғашқы кезде, яғни 90-жылда да жоғарыда аталған пункттердің іш жағында әлі де көп жерлерде ақбөкен табын-табын болып кездессе,1900 жылдардан бастап саны азая бастады. 1905-1910 жылдары Сағыз өзені бойындағы алқаптарда, Ырғыз, Торғай далаларында ірі табындар ұшыраса, Баянауыл-Ертіс-Зайсан-Алакөл-Балқаш аралығында елсіз жерлерді кішігірім табындар ғана жайлады. Дәл осы сияқты жағдай ареалдың оңтүстік картасында да байқалды. Ақбөкендер қыстыгүні Каспийдің солтүстік-шығыс жағалауында, Үстіртте, Сырдария, Сарысу, Шу, Іле, Қаратал езендері мен Алакөл маңындағы елсіз алқаптарда ғана кездесті.                                                          Қазан төңкерісінен  кейінгі ақбөкендерге көңіл бөлінудің арқасында ақбөкендердің тіршілігіне қолайлы жағдай туды. Осыған орай, еліміздің батысында, Үстіртте, Арал маңындағы  Қарақұмда, Бетпақдалада, Балқаш және  Алакөл төңірегінде 1925-1935 жылдардан бастап ақбөкен табындарының жиі кездесе бастағанын және табындағы бөкен санының көбейгенін .байқаймыз.[43,44,45].                                           50-жылдары Қазақстанда ақбөкендердің өте көп болған, табындардағы саны мыңнан асқан және айтарлықтай маңызды болған жағдайда ақбөкен ареалының шашырап кеткен топтарының бір-бірімен жалғасып кеткен [46]. Ол сонымен бірге Қазақстандағы ақбөкендердің қыстайтын және жайылатын жерлерін нақтылай түсті. Мәселен, қыстайтын жерлері; Алакөл, Балқаш көлдері төңірегі, Іле- Каратал, Ақсу өзендері арасындағы алқап, Үшқара-Арғанаты, Арқалық маңы, Тауқұм төңірегі, Шу-Іле тау тізбегі, Отар даласы, Бетпақдала, Мойынқұм төңірегі, Қаратау етегі,Сарысу өзені бойы, Телікел төңірегі, Арысқұм маңы, Қызылқұм жиегі, Торғай даласының оңтүстік жартысы, Үстірт, Бозашы түбегі, Ембі өзенінің етегі (Құлсары ауылы төңірегі), Каспийдің солтүстік жағалауы, Еділ-Жайық даласындағы құм төңірегі. Жайлауы: Зайсанның солтүстік жағалары, Шыңғыстау мен Қалба тауы арасы, Алакөл,Балқаш көлдерінін, ма­ңы, Іле-Қаратал-Ақсу өзендері арасы, Бетпақдала, Қарқаралының оңтүстігі, Жаңаарқа, Торғай, Ырғыз даласы, Шұбар теңіз төңірегі, Ембі өзені бойы, Үстірт, Бозашы түбегі, Каспий жағалары, Орда, Аралсор маңы.                                                 Ақбөкендердің 1950-1955 жылдары (облыс және аудан атаулары сол кездегі жүйе бойынша аталады) мына аймақтарда кездескен [46]. Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында; Семей облысының Абай, Аягөз, Шұбартау аудандарында; Талдықорған облысының Балқаш, Жамбыл, Іле, Бүрлітөбе, Алакөл, Қаратал аудандарында; Алматы облысының Бақанас ауданында; Жамбыл облысының Қордай, Шy, Мойынқұм, Талас, Сарысу аудандарында; Қарағанды облысының Ұлытау, Жезқазған, Коңырат, Шет, Мұра, Тельман аудандарында; Ақмола облысының Қорғалжын, Есіл, Атбасар, Вишневск аудандарында; Шымкент облысының Созақ ауданында; Қызылорда облысының барлық аудандарында; Қостанай облысының Торғай, Амангелді, Семиозер, Таран ауданында; Ақтөбе, Гурьев, Батыс Қазақстан облыстарының барлық аудандарында, яғни Қазақстанның 13 облысының 77 әкімшілік ауданында ақбөкендерді кездестіруге мүмкін болған болса, ақбөкендердің тағы бір бөлігі Гурьев облысының оңтүстік шекарасынан өтіп, Түрікменстан жерінде де кездескен [47] сондай — ақ, 1947-1952 жылдары Шымкент облысының Түркістан және Алғабас аудандарында да болған. Бұл кезде оның Қазақстандағы солтүстік шекарасы Орал қаласы-Қазақстан станциясы — Орск — Атбасар қалалары-Қорғалжын көлі-Киевка ауылы, бұдан оңтүстікке қарай түсіп, Шыңғыс тауының батысы арқылы өтіп, одан шығысқа қарай Аягөз арқылы Зайсанға тіреледі [46],[16]. Ақбөкеннің  ареалы 1965 жылдан бастап өзгере бастады. 1965-1966 жылдары Зайсан көлі маңында бұл аң кездеспейтін болды, ал Алакөл төңірегінде, Балқаш көлінің солтүстігі мен шығысында және оңтүстігінде сирей бастады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеу аймағының физико-географиялық сипаты

    Батыс Қазақстан облысының климаты қолайлы, жер бедері өте тегіс (рельефі), суы мол, қолайлы аймақ.Сонымен қатар ақбөкендердің қатты боран мен қасқыр және аңшылардан да қорғана алатын сорлар мен сай салалар бар.Орал территориясындағы ауа-райы да ақбөкендерге қолайлы. Қыстағы  ауа-райының орташа мөлшері T-15-200C болса, жаздағы орташа ауа-райы мөлшері Т-20-220С шамасында болады.

2.1 Табиғи ақбөкен популяциясын санау әдістемесі

          ТМД территориясындағы ақбөкендердің бұрынғы жылдардағы саны туралы мғлұматтар өте аз. 1391 жылы екі жүз мыңдық Темір әскері қазіргі Қостанай облысының орталық бөлігінде тұрғанда Аманқарағай орманына екі күндік аңшылық құрғаны мәлім. Жабайы аңдар, негізінен ақбөкендер көп ауланғаны соншалық, жауынгерлер тек қана ең жақсы деген еті бар жануарларды таңдап алған деседі. 1630 жылдары татар, қалмақ, ноғайлардың өмірінде маңызды орынды аңшылық алдың соның ішінде ақбөкендерді аулау. П.Рычков  (1772) мәліметтері бойынша ақбөкендер Қырғыз-Қайсақ даласында өте көп болған.                                                                                       Көп мөлшерде ақбөкендер Батыс Қазақстан территориясында да кездескен. А.К.Толстой (1906) былай деп жазды: біз тұрған жердегі тоғыз қырдан  басқа бүкіл дала біздің айналамыздағы бүкіл кеңістік ақбөкендермен жамылған еді. Мен бұл жерде бірнеше мыңдаған ақбөкен  болды деп ойлаймын. ХІХ ғасырдың 50-60 жылдарында ақбөкендер оңтүстіктен солтүстікке тұрақты миграция жасап отырды. Жануарлар Шу өзенінен Атбасар қаласына дейін жетті. Өзеннен өту кезінде оларды көптеп аулап та отырды.                                                                                                           Бұл қысқаша деректерден ХІХ ғасырдың бірінші жартысында ақбөкендердің сандық динамикасы әлі жоғары болғандығын түйіндеуге болады. Бұл жануарлардың бірден тез арада азаюы, бас санының қысқаруы ХІХ ғасырдың екінші жартысында болды. Нәтижесінде, ХХ ғасырдағы  30 жылдардың басында Қазақстанда бірнеше жүздеген ғана ақбөкен бастары сақталған бірақ олар да жойылып кету алдында тұрған еді. Соңғы жылдары оларды қорғау шаралары нәтижелері мен жақсы метеорологиялық жағдайлар (жылы қыс айлары) ақбөкен сандарының қалпына келуіне әсер етті.      Қазақстан территориясында ақбөкендердің анағұрлым интенсивті санының өсуі 40 жылдары көрініс берді. Ал 1947-1950 жылдары  жануарлар жартылай шөлді және далалы жерлерді игерген кезде жүз жыл бұрынғы байқалған санына жетте десе де болады.                                                          Санау әдістемесі. Алғашқы жылдары бұл жануарларды Қазақстанда автомашиналармен жүріп есептеген. Санақ көрсеткіштері төмен болған. Ақбөкендер республика территориясында өте үлкен аумақта тіршілік етеді. Олардың ареалының ауқымы мыңдаған километрлерді құрайды. Ондаған автомашинамен де бүкіл аумақты қамту мүмкін емес. Санды анықтауда анағұрлым жақсы нәтиже берген самолетпен жүргізген  санақ мәліметтері  болды. ТМД-да ең алғаш рет авиасанақты жабайы солтүстік бұғыларына В.А.Андреев (1961) жылы іске асырған еді. Арырақта бұл әдіс жетілдіріліп, дала жануарларын соның ішінде ақбөкендерді санаққа алуда кеңінен қолданыла бастады.                                                                                                      Қазақстан территориясында аса қолайлы авиавизуальді санақ жүргізетін мерзім болып ақпан және наурыз айлары саналады. Жануарлар бұл уақытта еріген қарда табын табынымен бөлек бөлек 10-100 бастан сирек 500-1000 нан астам особьтер бірігіп жүреді. Көп үймелеп топыраған жерде оларды санаққа алу өте қиынға түседі. Сондай-ақ, көктемде әлі де қысқы жүн жамылғысында болады, өте аппақ және жердің қара фонында  жақсы әрі анық  көрінеді.                                                                                                Қазақстан жағдайында ақбөкендерге авиасанақ жүргізу үшін АН-2 (жолаушылар варианты) самолеті ыңғайлы.  Авиавизуальді санаққа әдетте 3-5 санақшы қатысады. Олар әрбір бортта орналасып, біреуі пилот кабинасынан санақ жасайды, Барлық санақшылар бір-біріне тәуелсіз ақбөкендермен кездесу уақытын сағатпен тіркейді. Санақ нәтижесін журналға жазады [8].                                                                                  Маршрутта көрінуіне байланысты кездескен барлық ақбөкендер 1-2 км жолақта саналып отырады. Ұшу барысында бір табын мен келсі табын орналасуының аралығы әдетте 20-50 км құрайды. Бұл әдіс 1965 жылдан бері қолданылып келеді. Осы әдіспен алынған мәліметтер нәтижесі бойынша санаққа алынған ақбөкендер саны алынған жолақ алаңына бөлініп, жануардың 1км2   орташа саны  анықталған. Осылай Қазақстан территориясындағы ақбөкенның барлық популяциясының саны да анықталған.                                                                                                      1950-1954 жылдары бұл жануарларға республика территориясының барлық бөлігінде санақ жүргізілген. Олардың сандық мөлшері 900 мың басты құрады. 1954 жылдың желтоқсан айында ақбөкендер самолеттен саналды. Балқаш көлі территориясы мен Арал теңізі территориясы аралығанда бұл тұяқтылардың бас саны 663 мың бас құрағандығы анықталған. Олардың мекен ету тығыздығы 0,4 тен 5,7 жануарға дейін 1 км2  өзгеріп отырды. Бірақ 1960 жылы Қазақстанның барлық территориясында олардың жалпы саны көктемде 1,2-1,3 млн. басқа жеткен. Негізгі бас сандары Оңтүстік Шығыс Бетпақ-Даладан және Шу-Іле таулары маңынан (тығыздығы 1 км2 45 особьтен) ал қалған территорияларда саны (Сырдария өзені, Солтүстік Балқаш маңы) мекен ету тығыздығы 1 км2 0,48- ден 9,67 дейін особьті құраған.                                                                                                          Кейінгі жылдары ақбөкендердің жалпы сандық мөлшері республика территориясы көлемінде азайып қалған. Көктемгі авиасанақ мәліметтері бойынша ол  1962 ж-650, 1963 ж -620, 1964 ж-700, 1965 ж -480, 1966 ж-590, 1968 ж-553, 1971 ж-1101 мың басқа дейін жеткен. Яғни соңғы үш жыл ішінде екі есеге өскен.                                                                                                         Содан кейін тағы саны өзгерістерге ұшыраған бірақ көп мөлшерде көбейген. Ақбөкендердің ең көп бас саны республикамызда 1974 жылы көктемде тіркелді (1200 мың  бас). Бірақ 1976 жылы ол екі есеге қысқарып, барлығы 600 мың особьті құрады. Мұндай жануар санының тез төмендеудің себебі  1975 жыл оларды жаппай ату болып саналды (500 мыңнан аса бас атылған). 1975-1976 және 1976-1977 жылдардағы  қысы қатаң болған  кездерде жүз мыңдаған жануарлар қырылып қалды. Ақбөкен басының санының төмендеуіне, азаюына оларды аулау (1976 жылы 321 мың  және 1977 жылы 351 мың бас ақбөкен ауланған), және қасқырлар санының көбеюі де әсер етті.                                                                                         Әсіресе үлкен ауытқулар Бетпақдала-Арыс (негізгі) топтарында байқалған. 1975-1976, 1976-1977  жылдары ақбөкендерге келген жұттардан соң жануарлардың саны күрт төмендеп кеткен. Егер 1976 жылы ол 480 мыңға жетсе, 1977 жылы-490 мыңға ал 1978 жылы ол тек 280 мыңды ал 1979 жылы 290 мыңды яғни 2-3 есеге қысқарған. Осыған байланысты 1978 жылы шаруашылықта пайдалану мөлшері 9%  қысқартылып, ал 1979 жылы ол түгелімен тоқтатылған. Қабылданған шаралар оң нәтижелер берді. 1980 жылы 470 мыңға дейін саны өсіп оларды қайтадан  атуға рұқсат беруге  жоспар құруға  мүмкіндік туды. Ақбөкендер саны азаюы на байланысты қыстауларда ұсақталып бөлшектелген табындармен ұсталынатын сипатта болды.                                                                                                    Үстірттік және Орла топтарындағы ақбөкен сандары соңғы 10 жылдық ішінде кішігірім мөлшерде өзгеріп отырды. Соған қарағанда біршама тұрақтанып отырды [9].                                                                                       Сонымен қатар 1954-1979 жылдар аралығында Қазақстан территориясында ақөбөкендер сандары бірнеше рет өзгерді. Олардың максимальді мөлшерлі бас саны 1960, 1971, 1974 және 1975 жылдарға келеді, ал минимальді  аз мөлшері – 1965, 1978-1979 жылдарға келеді. Осы жылдар аралығында осы тұяқты жануарлар жақсы көбейді. Жаңа туылғандарының арасындағы өлім саны  кішігірім болды. Қысқы уақытта тек аталықтарының ғана өлімдері тіркелген, бірақ жыл сайынға табиғи қалдық шектемесі ретінде ғана.                                                                                                                             Қар жамылғысының тығыздығы мен биіктігі Қазақстандағы ақбөкендердің қыстауына әсер ететін негізгі факторлар болып саналады. Жануарлар қыста солтүстік типті шөлдерде мекендейді, оңтүстікке қарай орташа көпжылдық жауатын қар биіктігі 20 см. Жануарлар қыстайтын мекендерде қар жамылғысының бийіктігі әдетте 15-17 см аспайды. Қар бийіктеген сайын ыңғайлы қорек алу сирей түседі, тамақ түрі де азаяды.         Қыстауы. Қысқы кезеңдерде 1958-1960, 1961-1965, 1969-1971, 1972-1974, 1978-1979, 1980-1981 ж.а. метеорологиялық жағдайлар оңтүстік бойынша қолайлы болды. Көктем мен күзде өсімдік вегетациясы байқалды. Аязды күндер қазан айы мен қараша айларында тіркеле бастады. Қыс бойы нормадан жоғары 1-50   болды, өткінші қысқа мерзімде 15-250 дейін  аяздар болып тұрды. Қар жамылғысының тереңдігі 17 см аспады, кейбір жылдары қар мүлдем болған да жоқ.                                                                               Қысқы кезеңнің барлығын ақбөкендер негізінен (қараша – ақпан айлары) Шу  — Іле таулары маңында, шығысында шу өзенінің батысына дейінгі бағыттағы территорияда мекендеді. 1963—1964, 1964-1965  ж.а.  олар Бетпақ-Дала шөлінен солтүстікке  қарай  ығысты (Көкашық метеостанциясы, Қаракойн көлі,  Жетіқоңыр құмдары). Мойынқұмның ішкі  бөліктеріне ақбөкендер онша ене қойған жоқ. Көп мөлшерде олар Сарысу өзенінің төменгі бөліктерінде (Телекөл,  Жарқұм ауылы) сондай-ақ Арысқұмда, оңтүстігінде Арал маңындағы Қарақұмда қыстап шығатын. Біраз үйірлері Арал қаласының айналасында да кездесіп жүрді. Қыстап шығатын жерлерде олардың жылжуы ауа райының өзгеруімен немесе жайылым ауыстырумен байланысты болды. Әдетте олар аяз бен жел соққанға бірнеше күн қалғанда тегістікке ашық далаға кететін, сөйтіп қолайсыз жағдайлардан қорғанатын. Ауа температурасының жоғарылауына байланысты олар қоныстарына қайта оралып отырды.                                                                                         Қыстау алаңының көлемі әртүрлі және ол  39-дан 61 мың км 2 дейін өзгеріп отырды.                                                                                          Бетпақ-Дала сазды  тасты шөл дала. Жылдық жауын-шашын мөлшері 100-150 мм. Өсімдік жабыны жусан мен жусанды-баялышты қосындылардан тұрады. Мұнда скважиналар мен  бұлақтардан басқа тұрақты суаттар жоқ [10].                                                                                                                     1949-1950 жылдары  Қалмақ АССР-інде ақбөкен санын автомашина көмегімен анықтау әдісі қолданылды [42]. Бұл әдісте есепшілер ақбөкен мекен етеді деген аймақты машинамен бірнеше жерден кесіп өтіп, жолда 1 не 1,5 км қашықтықта кездескен ақбөкен санын жазып отырады, қортындысында кездескен ақбөкен санын есептелінген жер ауданына бөліп, аңның орташа орналасу тығыздығын табады. Бұдан шыққан нәтижені сол мерзімде ақбөкен мекен ететін жер көлеміне көбейтсе  аңның  жалпы саны анықталады. Бірақ бұл әдіс теориялық және практикалық талаптарды қанағаттандырмады. Біріншіден, жер беті тегіс болмағандықтан санақ жүргізуге колайсыз, екіншіден, машина даусынан ақбөкен қыр астынан қашып, көзге ілінбей кетеді, үшіншіден, кешегі саналған аңнын ертеңінде тағы да санаққа ілінуі мүмкін, т. б.                                                                                1954 жылдан бастап Қазақстандағы ақбөкен мөлшері самолет арқылы анықтала бастады. Бұл жағдайда есепшілер ақбөкен территориясы үстінен самолетпен сағатына 100-125 км жылдамдықпен ұшып өтеді, маршрутты арнайы картаға сызады, таблица жасайды, суретке түсіреді.                                                                                  Самолетте ұшқыштардан басқа 4-5 есепші қызметкер (екі жақ, бортында екі-екіден төрт және ұшқыштар кабинасында бір адам) болады. ұшқыш жанындағы адам, не ұшқыштар аңды көрген кезде «оң жақ қанатта», «сол жақ қанатта» деп екі бортта отырған есепшілерге  белгі береді. Есепшілердің әрқайсысы өзі жақ бортындағы ақбөкеннің кездескен уақытын (сағат, минут), бөкен санын белгілейді. Егер санақ мерзімі жазға не күзге сәйкес келсе, бұл таблицаға төлдерді де мөлшері көрсетілетін графа қосылады.                                                        Санақ жүмысының алғашкы деректері  осылайша самолет үстінде жинақталады. Санақ жұмысының келесі сатысы — осы материалдар бойынша бөкен санын анықтау. Бұл жұмыс санау біткен соң ғана орындалады. Мәселен, белгілі бір пункттен ұшып шыққан соң оң борттағы бір есепші 11 сағат 07 минутта кездескен табындағы ақбөкен санын «50» деп белгілесе, екінші есепші не «45», не «60» деуі мүмкін.        Себебі самолет жылдамдығы аң санын әр уақытта нақты етіп санауға мүмкіндік бере бермейді. Әсіресе бұл табындағы ақбөкен саны 30-40тан асқан кезде жиі байқалады.

 

 

 

 

           Ақбөкендердің субпопуляциясының табиғи таралуы  

 Ақбөкен  жеке түр ретінде ерте пайда болған жануарлардың бірі. Оның қазба сүйектері арқылы ақбөкенге ұқсас киіктердің бұдан 24-30 млн жылдар бұрын пайда болғандығын аңғаруға болады. Сонымен қатар ақбөкен қалдықтары плейстоцен қабатынан батыста Англиядан бастап,шығыста Аляскаға дейінгі аралықта табылса [22,23], голоцендік қазбалық сүйектері Евразияның Атлант мұхитынан Тынық мүхитына дейінгі 40-55 ендіктері аралығындағы алқаптарда көптеп табылды [23].                                                                                                                                                                                                                               Плейстоценде,яғни питропогеннің алғашқы кезінде біздің  республикамыздың төңірегінде бекендер кеңінен тіршілік етті. Мұның дәлелі-Қазақстанда ақбөкеннің қазбалық сүйектерінің әр жерден табылуы. Мысалы, миндаль-рисс, рисс кезеңіне ақбөкен сүйегі Үшбас үңгірінен   (Жамбыл облысы),   Подпуск   ауылы маңынан (Павлодар обл.), Целиноград, Орал қалалары маңынан; ал рисс-вюрм дәуіріне тән сүйек қазбалары  Қараүңгірден, Нұра өзені бойынан және Ямышев селосы (Павло­дар обл.) маңынан табылды. Голоцен дәуіріне тән сүйектер Қызылқұдық маңынан (Үстірттің шығыс бөлігінде) қазылып алынды [23]. Егер осы қазбалардың табылған орындары бойынша Қазақстан картасына көз салсақ, плейстоцен, голоцен дәуірлерінде ақбөкеннің мекен еткен жерлерінің шекаралары байқалады. Жоғарыдағы мәліметтерге сүйенсек, сол дәуірлерде осы аң Павлодар, Целиноград, Батыс Қазақстан облыстарында кең таралған деп айта аламыз. Ал ақбөкеннің қазба-сүйектерінің Омск, Тюмень қалалары маңынан, Еділ бойынан табылуы ақбөкен мекенінің солтүстік шекарасы тіпті Қазақстан территориясынан тыс жатқанының бір дәлелі. Сол сияқты Үстірттегі Қызылқұдық деген жерден табылған қазба сүйектер жоғарыда айтылған дәуірлерде ақбөкен мекенінің оңтүстік шека­расы да Қазақстан жерінен тыс жатқандығын меңзейді.           Осыдан 100мың жылдар бұрын Қазақстан территориясында адам мекен етті. Ол дәуірді ертедегі тас дәуірі деп атайды. Бұл кезде Қазақстанның табиғаты мен климаты қазіргі табиғи ортадан өзгеше болатын. Өйткені бұл кезеңде мұз дәуірі аяқталғанымен, тау аңғарларында қалың. мұздар әлі де болса сіресіп жататын. Климат қазіргімен салыстырғанда әлдеқайда дымқыл, өзендерінің суы көп болды. Сарысу, Шу сияқты қазіргі кезде құмға барып құрдым болатын өзендер аңғары кең, суы мол болғандықтан Сырдарияға барып құятын. Басқа жерлерде де ылғал жеткілікті еді. Осыған сай қазақ жері шұрайлы болды. Соның арқасында мұнда ақбөкен, қарақұйрық, таутеке, арқар сияқты аңдар тіршілік етті. Бұлармен қатар қазіргі кезде жоқ, әр түрлі заманда әр түрлі себептермен құрып кеткен мамонттар, жүнді мүйізтұмсықтар, үңгір аюлары, аса зор бизондар, т. б. жайылып жүрді.  Ал ескі тас дәуірінің  аяқ кезінде,  яғни бұдан 15-10 мың жыл бұрын, жаңа тас дәуірінің алдында, Қазақстанның табиғаты мен климаты өзгере бастады. Тау аңғарларында жатқан мұздар еріп бітті. Осыған байланысты өзендердегі сулар тартылып, ауаның ылғалдылығы азая бастады. Қазақстанда қазіргі кезге сай географиялық жағдай қалыптасты. Басқа территорияларда да осындай өзгерістер жүріп, қазіргі климат тектес орта пайда болды. Осы кезде ақбөкен кездесетін аймақ (ареал) тарылды. Ақбөкен тіршілігі үшін бірден-бір қолайлы жерлер Қалмақ және Қазақстан, Монго­лия, Украина жерлері мен орыс далалары ғана болды.                                                                           Біздің жыл санауымыздан 1000-1500 жыл бұрын Қазақстанда ақбөкен Орынбор қаласынан Семей қаласына дейінгі белдеудің оңтүстігінде кең тарап жатты. Бұған да әр жерлерден табылған бөкеннің қазба сүйектері дәлел болады [24]                             Энолит және алғашқы қола дәуіріне тән тасқа сызылған ақбөкен бейнелері Бетпақдаланың шығысында [25], Шолақтауда [26], ал біздің заманымызға дейінгі VII-V ғасырларға тән жартасқа салынған бөкен бейнесі Тамғалыда  бейнеленген .                                                         Қола дәуіріне тән ақбөкен мүйізінің сынықтары Степняк төңірегінде (Көкшетау облысы) табылды. Жоғарыда айтылғандардан палеолит, неолит, қола дәуірлері кезінде ақбөкен Қазақстан территориясында кең алқапты алып жатқанын, саны да көп болғанын байқаймыз.                                                                                               IX-XII ғасырларда ақбөкеннің солтүстік шекарасы Қазақстан төңірегінен Құлынды даласына дейін созылып жатқан. Бұған осы ғасырларға тән ақбөкен сүйектері Боровск молаларынан табылған .              XV ғасырда ақбөкен ареалының оңтүстік шекарасы республикамыздың қазіргі шекарасынан да тыс жатты. Бұл кезде де бөкен саны өте көп болды [24]. Онда Сырдария өзенінің бойындағы далалы аймақта ақбөкендер табын-табын болып жайылып жүретіндігі айтылады. Олардың семіздігі соншалықты, тіпті қаша алмайтын болған. Жергілікті халық қонақ келсе аңды дереу садақпен атып алып, сыйлайтындай болыпты.                                                                                                                                                      Демек бұл кезеңдерде де  ақбөкен Қазақстан жерін  кең жайлады және саны жағынан да көп болды. Сондай-ақ, Қазақстанда   ақбөкенге байланысты  қойылған жер,су атаулары көптеп кездеседі. Айталық: Бөкен көлі, Бөкен  суаты (Шу өзені бойында), Бөкен өзені (Семей облысында), Кішкене бөкен, Кеңбөкен, Бөкен қыры (Қызылқұмда), Бөкен (жайылымды жер,облысы), Бөкенді (Жоңғар тауы етегі), Киіктас өзегі, Жамбыл облысы), Киікмола (Қызылорда облысы), Киік (темір жол бойындағы станция), Киікбай, Киікші, Киікқашқан, Киіктабан, Киіксу, Үлкен Киіктабан, Кіші Киіктабан аталатын жерлер (Жезқазған,Қостанай, Қарағанды облыстары), Киікбай, Ақкиік сай өзендері (Караганды облысы), Киікарал, Киікқырған қыстаулары (Қызылорда облысы)т.б.                                                                           Бұл аталған жер аттарының басым көпшілігі ақбөкенге, киікке байланысты қойылған. XIX ғасырдың 30-жылдарына дейін ақбөкенді біздің еліміздің барлық жерлерінде мекен еткен және көп кездескен аңдардың бірі саналған [28,29,13,30].                                                              XIX ғасырдың 30-жылдарынан бастап ақбөкен мекені тарылды. 40-50 жылдары европалық ареал мен азиялық ареал арасындағы алқапта ақбөкенді кездестіру қиындады [31,32]. Сондай-ақ, ақбөкен мекенінің солтүстік шекарасы да тарылды [15].Сол кездегі ақбөкен ареалының шекарасын мына белдеумен көрсетуге болады: Жайық өзені-Қандыағаш-Торғай-Атбасар-Шыңғыстау-Зайсан көлі.                                1825 жылы ақпанда Қарақұм, ал 1826 жылы қаңтарда Үстірт арқылы өткен әскери топографиялық экспедиция мүшелері бұл аталған жерлерде ақбөкенді көп кездестірген [32].                                                        1815 жылы жазда Қостанай, Торғай төңірегінде, әсіресе Аманқарағай маңында ақбөкен өте көп болған [30]. Сондай-ақ, 1840 жылы Зайсан көлінен бастап солтүстікке қарай Ертіс өзені бойында ақбөкен табындарының бұл маңда да  көп екенін жазған.                                XIX ғасырдың 60 — жылдары ақбөкеннің  Қазақстандағы ареалы қайта қалпына келді. Бұл аң батысында — Еділ-Жайық  алқабында [31,15]; солтүстігінде — Самар, Үлкен Ырғыз өзендерінің бастаулары , Тобыл, Есіл өзендері [28]; Барабин даласы [32,34]; шығысында-Зайсан  көлінің маңына дейінгі кең жазықтарда [35], кездесті және саны өте көп болды. Мысалы 60 жылдары ақбөкен ареалының шығысында бір табынының өзінде он мыңдай, ал 70-жылдардың аяғында Шy өзенінен Атбасарға қарай көктемде көшкен бір табында төрт мыңнан астам киік бол­ды. Осы ғасырдың 60-70 жылдарындағы ақбөкен ареалының оңтүстік шекарасы кей аймақтарда республикамыздың осы күнгі шекарасынан әрі оңтүстікке таман жатты. Ақбөкендер Үстірт арқылы түрікмен жеріне дейін, Қызылқұм арқылы қарақалпақ жеріне дейін кең жайылды [30,35].                                                                                                     XIX ғасырдың екінші  жартысында ақбөкен біздің республикамыздың территориясында кең алқапты алып жатты.соның арқасында 1840-1850 жылдары бұқарлық және хиуалык саудагерлер Россияға 344745 жұп бөкен мүйізін сатса [37], 1853-1862 жылдары  Петропавловск арқылы 219224 жұп Александровск арқылы 26044 жұп ақбөкен мүйізі өткізілген [38].Сонымен бірге Қияқта (Байқал көлі маңында) арқылы 1852-1882 жылдар аралығында 1 млн 680 мың, жұп мүйіз сатылған және оның басым көпшілігі ақбөкен мүйізі болған [15].                                                                                                    XIX ғасырдың екінші жартысында ақбөкен Евро­пада өте аз болғанын [12] ескерсек, Кияктада сатылған мүйіз Қазақстаннан апарылған бо­лып шығады.                                                                  XIX ғасырдың 80-90 жылдарынан бастап ақбөкен ареалы қайта тарыла бастады. Еділ мен Жайық алқабында кездеспейтін болды. Оның солтүстігінен оңтүстікке қарай едәуір жылжыды [39,14,40].   Аталмыш аң ареалының осы кездегі батыс, солтүстік және шығыс шекарасын мына пункттер арқылы жүргізуге болады: батысында Жайық өзені; солтүстігінде-Орал қаласы-Темір ауылы-Торғай қаласы-Теңіз көлі-Шыңғыс тауы-Зайсан көлі — Молалы станциясы-Іле бойы. Бұл уақытта ақбөкен ареалының оңтүстік шекарасында оншалықты өзгеріс бола қойған жоқ [41,42]. Алғашқы кезде, яғни 90-жылда да жоғарыда аталған пункттердің іш жағында әлі де көп жерлерде ақбөкен табын-табын болып кездессе,1900 жылдардан бастап саны азая бастады. 1905-1910 жылдары Сағыз өзені бойындағы алқаптарда, Ырғыз, Торғай далаларында ірі табындар ұшыраса, Баянауыл-Ертіс-Зайсан-Алакөл-Балқаш аралығында елсіз жерлерді кішігірім табындар ғана жайлады. Дәл осы сияқты жағдай ареалдың оңтүстік картасында да байқалды. Ақбөкендер қыстыгүні Каспийдің солтүстік-шығыс жағалауында, Үстіртте, Сырдария, Сарысу, Шу, Іле, Қаратал езендері мен Алакөл маңындағы елсіз алқаптарда ғана кездесті.                                           Қазан төңкерісінен  кейінгі ақбөкендерге көңіл бөлінудің арқасында ақбөкендердің тіршілігіне қолайлы жағдай туды. Осыған орай, еліміздің батысында, Үстіртте, Арал маңындағы  Қарақұмда, Бетпақдалада, Балқаш және  Алакөл төңірегінде 1925-1935 жылдардан бастап ақбөкен табындарының жиі кездесе бастағанын және табындағы бөкен санының көбейгенін .байқаймыз.[43,44,45].                                           50-жылдары Қазақстанда ақбөкендердің өте көп болған, табындардағы саны мыңнан асқан және айтарлықтай маңызды болған жағдайда ақбөкен ареалының шашырап кеткен топтарының бір-бірімен жалғасып кеткен [46]. Ол сонымен бірге Қазақстандағы ақбөкендердің қыстайтын және жайылатын жерлерін нақтылай түсті. Мәселен, қыстайтын жерлері; Алакөл, Балқаш көлдері төңірегі, Іле- Каратал, Ақсу өзендері арасындағы алқап, Үшқара-Арғанаты, Арқалық маңы, Тауқұм төңірегі, Шу-Іле тау тізбегі, Отар даласы, Бетпақдала, Мойынқұм төңірегі, Қаратау етегі,Сарысу өзені бойы, Телікел төңірегі, Арысқұм маңы, Қызылқұм жиегі, Торғай даласының оңтүстік жартысы, Үстірт, Бозашы түбегі, Ембі өзенінің етегі (Құлсары ауылы төңірегі), Каспийдің солтүстік жағалауы, Еділ-Жайық даласындағы құм төңірегі. Жайлауы: Зайсанның солтүстік жағалары, Шыңғыстау мен Қалба тауы арасы, Алакөл,Балқаш көлдерінін, ма­ңы, Іле-Қаратал-Ақсу өзендері арасы, Бетпақдала, Қарқаралының оңтүстігі, Жаңаарқа, Торғай, Ырғыз даласы, Шұбар теңіз төңірегі, Ембі өзені бойы, Үстірт, Бозашы түбегі, Каспий жағалары, Орда, Аралсор маңы.                                                                    Ақбөкендердің 1950-1955 жылдары (облыс және аудан атаулары сол кездегі жүйе бойынша аталады) мына аймақтарда кездескен [46].                 Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында; Семей облысының Абай, Аягөз, Шұбартау аудандарында; Талдықорған облысының Балқаш, Жамбыл, Іле, Бүрлітөбе, Алакөл, Қаратал аудандарында; Алматы облысының Бақанас ауданында; Жамбыл облысының Қордай, Шy, Мойынқұм, Талас, Сарысу аудандарында; Қарағанды облысының Ұлытау, Жезқазған, Коңырат, Шет, Мұра, Тельман аудандарында; Ақмола облысының Қорғалжын, Есіл, Атбасар, Вишневск аудандарында; Шымкент облысының Созақ ауданында; Қызылорда облысының барлық аудандарында; Қостанай облысының Торғай, Амангелді, Семиозер, Таран ауданында; Ақтөбе, Гурьев, Батыс Қазақстан облыстарының барлық аудандарында, яғни Қазақстанның 13 облысының 77 әкімшілік ауданында ақбөкендерді кездестіруге мүмкін болған болса, ақбөкендердің тағы бір бөлігі Гурьев облысының оңтүстік шекарасынан өтіп, Түрікменстан жерінде де кездескен [47] сондай — ақ, 1947-1952 жылдары Шымкент облысының Түркістан және Алғабас аудандарында да болған. Бұл кезде оның Қазақстандағы солтүстік шекарасы Орал қаласы-Қазақстан станциясы — Орск — Атбасар қалалары-Қорғалжын көлі-Киевка ауылы, бұдан оңтүстікке қарай түсіп, Шыңғыс тауының батысы арқылы өтіп, одан шығысқа қарай Аягөз арқылы Зайсанға тіреледі [46],[16]. Ақбөкеннің  ареалы 1965 жылдан бастап өзгере бастады. 1965-1966 жылдары Зайсан көлі маңында бұл аң кездеспейтін болды, ал Алакөл төңірегінде, Балқаш көлінің солтүстігі мен шығысында және оңтүстігінде сирей бастады.                                                                    Ақбөкен қазіргі кезде Қазақстан мен  Монғолия жерінде тіршілік етеді. Бұл екі жердегі ақбөкендер көптен бері бір-бірімен араласпайды. Ал, Қазақстандағы ақбөкендер ареалы үш популяцияға  бөлінген.                                                                                                    Қазақстан территориясының Орал популяциясындағы ақбөкен кездесетін аймақты Еділ мен Жайық өзені шартты түрде екіге бөліп жатыр.                                                                                                     Еділ езенінің оң жағындағы ақбөкендердің мекені Черный Яр   (Еділ  өзені бойында) — Маныч көлі — Кизляр қаласы (Терек өзені бойында) арасындағы алқап, Еділ өзенінің сол жағындағы ақбөкен кездесетін аймақ — Қазақстан.                                                                     Қазақстандағы ақбөкен Үстірт жазықтарында, Туран ойпаты мен Торғай даласы, Жаңаарқа мен Бетпақдала, Қаратау маңы және Еділ және Жайық өзендерінің аралықтарында мекен етеді. Әкімшілік территория бойынша айтсақ Орал, Қызылорда, Жезқазған,облыстарын қысы-жазы, ал Ақтөбе, Қарағанды облыстарын тек жазда мекендейді.      Ақбөкен мекенінің солтүстік шекарасы шамамен батыстан шығысқа қарай  Жөнібек-Қазталовка-Фурманов Қароба селолары мен Ресей территорияларына дейін созылып жатады.                                              XIX ғасырдың 30-жылдарына дейін Қазақстан жерінде бөкен кең аймақта мекен етті, саны да көп болды. Ал 1830 жылдардан 1950 жылдарға дейін бөкен ареалы екі peт тарылды.   Бірінші   тарылуы   1840-1850 жылдары Батысы мен солтүстігінде  байқалды. Қазақстанның батыс бөлігінде Еділ-Жайық өзендері арасында бөкендер жойылып, бөкен ареалы Еділдің аржағындасынан бөлінді. Дәл осы кезде далалы аймақта да бөкен кедеспеді. Екінші рет ареалдың тарылуы 1880 жылдардан басталып 1920 жылдарға дейін созылды. Керісінше I860-1880 және 1940-1955 жылдары бөкен ареалы кең,саны мол болды.

 

 

 

 

2.1Акбөкендердің мінез- құлқы мен белсенділігі

Ақбөкендердің мінез-құлқы. Жалпы әрбір тіршілік етіп отырған материяның өмір сүруінің ең ірі формасы бар екендігі белгілі. Мінез-қылық, сөз жоқ, сол жануардың тіршілік ету жолында жасайтын әрекеттерінің көрінісі. Жеке организмде жүріп жатқан барлық процестер (физикалық, химиялық, физиологиялық), яғни бүкіл зат алмасу  процестері және олардағы өзгерістер мінез-қылық түрінде  көрінеді.   Демек, мінез-қылық дегеніміз -зат алмасу процестерінің және оның сипатының сыртқы көрінісі. Олай болса, мінез-қылық-ішкі және сыртқы орта өзгерістеріне сай жүретін, организмдегі барлық процестерді қалыптастыратын нерв жүйесі мен ішкі секреция бездерінің өзара қатысында орындалатын, реттелетін күрделі механизм.    Сыртқы және ішкі ортаның әрбір өзгерістері opганизмнің тікелей тітіркендіргіштері болып есептеледі. Сыртқы орта дегеніміз — қоршаған орта. Ол ауаның құрамы, қозғалысы, температурасы, иондануы, ылғалдылығы, сол сияқты топырақ қасиеттерінің өзгерісі, жарық пен дыбыстың күші мен ұзақтығы, қауіп-қатер сияқты өзгерістер. Осы өзгерістер белгілі бір дәрежеге жеткен кезде организмдегі зат алмасу процестерін canaлы өзгерістерге ұшыратады, әрекетке келтіреді — бұлшық еттер қозғалысқа түсіп, бездер сөл бөледі. Демек, организмнің орта өзгерістеріне сай жауабы туады.                               Дәл осындай жағдайды ішкі орта — организм езгерістері қандағы көмір қышқыл газы,  оттегі, глюкоза, амин және май  қышқылдары   сияқты қан құрамында болуға тиісті басқа да заттардың концентрацияларының өзгерістері де тудырады.                         Бөкеннің мінез-құлқы оның белгілі бір жағдайдағы әрекеттеріна байланысты біледі.Бөкендерде басқа жануарлар сияқты өзіне қажетті мекен ортасын, қөрегін, ішетін су, төлдейтін жерін, орнында қалған төлін, тіпті бір-бірін іздеп тауып жауынан қашып кұтылуы да қажет.          Демек әрбір ақбөкеннің мінез-кұлқы оның басқа ақбөкендермен және басқа түрге жататын жануарлармен байланысы негізінде де көрінеді.                                                                                      Ақбөкен өзін қоршаған ортамен осындай қатынаста болады.  Ақбөкендердің өз арасында және олар мен басқа жануарлардың арасында болатын байланыстар иістік (химиялық), дыбыстық (акустикалық), мимикалық (қозғалыстық), рең (түс) түрінде болады.            Әр түрлі жануарларда иісті сезу дәрежесі әрқалай болады. Кейбір жануарлар иіске өте сезімтал келеді. Мысалы, лосось (ірі балық)  кейбір амин қышқылының судағы ерітіндісі судың сегіз миллионнан бір үлесіндей болса да сезіп қояды. Ал жылан балықтың иіс сезімі бұдан да жоғары көрінеді. Кейбір салыстырмалы мәліметтерге қарағанда жылан балық Ладога көлі мөлшеріндегі суға бір грамм спирт араласса бұл суды басқа судан ажырата алатын көрінеді. Ит пен қасқыр да иіс сезу мүшесі жоғары аң тобына жатады.Ақбөкен де иіс сезу мүшесі ерекше жетілген аң. Ол әсіресе, жалғыз қалып қалған текелерінің өз үйірін табуы кезінде де анық байқалады.            Жануарлар бір-бірін иіс арқылы тауып білуі үшін олардың белгілі иісі болуы керек. Ол иіс шығаратын ап­парат-безден бөлінеді. Ондай без, тері безі хайуанаттардың көбінде болады. Олар әр түрлі жануардың әр түрлі мүшелерінде орналасқан. Мысалы, қоянның тұмсығында, ондатрдың жыныс мүшелері жанында, құйрық астында, қасқырдың саусақтары арасында, қүйрық астында болады. Miнe, осындай бездің бірі бөкендердің көз алдында орналасқан. Безден бөлінетін сұйық иісті зат өзектен шыға бере тері мен түкке жұғып, қатаяды. Ал мұның молекулалары ауаға диффузиялы түрде тарайды.         Ақбөкеннің толарсақ, безі өте күшті жетілген, олар екі бақайдың арасына терең еніп жатады. Тұяқ толар­сақ бездері ақбөкен қай жермен жүрмесін, ізге иісін жұқтырып отырады. Сол сияқты, бұған қоса, жатқан жеріне шап безі де иісін қалдырады. Міне, осы аталған бездер арқылы бөкендер бірін-бірі іздеп табады.                                             Киік маталу кезінде текелер жиі-жиі өз мойнын, тұмсығын зәрлейді. Бұл олардың өзара болатын түрліше байланыстарының алғы шарты. Өйткені жерге жұққан немесе денесіндегі зәрден жан-жаққа жайылған теке иісі бұл үйірге басқа үйірдің текесін келтірмейді және бірлі-жарым саяқ жүрген ешкілердің үйірге қосылуына әсер етеді.                                                      Сонымен қатар, бір теке қысқа мерзімде 10-15-тей ешкіні қаюы керек. Мұндай жағдайда бір ешкінің қайта-қайта қаю, ал екінші ешкінің тоқтамай қалуы сирек кездеседі. Бұл мәселе де табиғатта   шешімін   тапқан, табиғи шағылысуды оңайлатуға да иіс көмектеседі. Мысалы, бірнеше рет қайылған ешкінің сауырына текенің алқымындағы, омырау төсі мен құрсағындағы түктерге сіңген зәр жұғып, текенің осы ешкіге  деген жыныстық активтігін басады, тежейді. Сонымен қатар тоқталмаған ешкі жиі-жиі зәр шығарып   отырады,бұл зәрдің иісі ерекше болады. Ал тоқталып кеткен ешкі қалыпты жағдайға келеді.                                                                                Текелердегі зәрдің иісімен қатар, көз алдындағы бездің қызметі күшеюінен шыққан иіс маталу кезінде күшті болады. Бұған байланысты текелер ешкілерге көңіл аударып, қысыр қалмауға әсерін тигізсе, екіншіден, басқа текелердің өз табындарына жолатпау үшін де маңызы зор.                                                                                           Ақбөкен, қарақұйрық, елік, қасқыр, шошқа т.б. жануарларға  жел  жағынан  жақындау қиын. Өйткені олар адам иісін алыстан біледі.          Ақбөкенде кездесетін тағы бір құбылыс-дыбыс арқылы жүзеге асады.  Жалпы жануарлар дыбыстың бірнеше түрін бере алады. Мысалы, ақбөкен маңырап, лағын өзіне ертсе, лақ та енесіне осылай жауап береді.                                                                                                     Қоршаған ортаны оның өзгерістерін білуде көру органы қызметінің маңызы зор. Бөкенге сезік тудыратын заттың пішіні емес қозғалысы, неғұрлым қозғалыс анық болса, соғұрлым қорғану әрекеті тез туады. Қауіп қатерді сезіп калған заматта-ақ ақбөкендер бірер аттап барып, 1 -1,5 м биіктікте 45° бұрышпен алдыңғы аяғын және басын бүге ұстап, денесін көтере, артқы аяғымен алға ұмтыла секіреді. Бұл олардың өзгелеріне «қатер бар», «сақ, болыңдар» деп белгі бергені. Ал жас лағы бар енесінің секіріп барып дыбыс беруі мұң екен, қасында еріп жүрген 2-3 күндік жас лақ жата қалады.Кейде таса-тасамен сұқпалап келе жатқан қасқыр секіріп түскен бөкенді көрісімен оған жақындауды тоқтата қояды. Өйткені бөкеннің тас қырға мен сені көрдім, қашсам қуып жете алмайсың және басқа бөкендер де сенің келе жатқаныңды біледі дегенін қасқыр «түсіне» қояды. Әрине, бұдан әрі бөкендер үркіп, жайыла басып, 30-40 метрдей жүгіріп барып бақылап, сонан соң басқа жаққа кетіп қалады.                                                                  Бөкен мінезі.  Көптеген жануарлардың, оның ішінде бөкеннің кеңістікте белгілі бір қалыптарда жатып-тұруы мен қозғалуы (қашуы) сыртқы орта тітіркендіргіштерінің сипатына байланысты осыған орай жануарлар белгілі бір әрекет жасап, тіпті кейде бізге түсініксіз мінез-құлық танытады. Бұған мысал ретінде біз бөкендердің өздерімен жарысқандай болып бара жатқан машина мен  жанамалай қуып бара жатқан тазы ит болсын, не аттылы адам болсын олардың алдын кесіп өтуін айтуымызға болады. Машина, немесе жолаушылаған адамның бокендер тобын кездестіргенде делебесі қозбайтыны аз шығар. Әдетте бөкеннің адамды, не алыстағы машинаны көрген бойда қашып кететіні барлығымызға белгілі. Ал егер бөкен табыны машинаны байқамай жақындатып алса, машинаны көрген бойда-ақ оның жолын кес-кестей қашады. Тіпті жол түзу болып, машина жолдан шықпай жүрсе де, бүйірдегі  бөкен табыны оның алдын кесіп өтуге тырысады. Кейде бір-екі километр бойы машинамен жарыса оты­рып, машинаға жақындай түсіп, бірде озып, бірде алдыңғылары күрт бұрылып, жолды кесіп өтеді.                                                                            Үлгіргендері машинаның алдынан, үлгірмегендері машинаның артынан өтеді. Mұндайда кейбірін  машина қағып кетсе, кейбірін жанамалай өтеді.Сонда да бокен табыны алған бағытынан таймайды.        Ал егер бөкен көрінген кезде,немесе, бөкендер машинаны көрген кезде бөкендер машинаны көрген кезде машинаны тоқтата қалып, не жәй жүріске салса бөкендер жол кесуге  ұмтылмай, өз жайына кетеді.                                                                                                                          Мысалы жыртқыштар (қасқыр) қорегін қоршай қуып, тасаға (басқа да қасқырлар жасырынған жер, батпақ т.б.), қамап ұстайтыны белгілі. Белгілі бір қашықтыққа жақындап тұра ұмтылған қасқырлардан тіктей қашқан жануарлар көбіне тоспаға тап болар еді. Бұл бір. Екіншіден,қашқан жануар (бөкен) қашып бара жатқан күннің өзінде қуып келе жатқан  қасқырдан көз жазбауы керек.Сондықтан бөкенге қуғыншыдан тура қашпай        орағыта қашады. Бұл әрекеттер бөкен мен қасқыр арасында үнемі қайталанып отыратын жағдай.кейіннен тұқым қуалаушылық сипатқа ие болған. Осы тұрғыдан қарастырсақ, жақын келіп қалған машина,аттылы кісі мен аңшы иттерінің жылдам қозғалысы қасқырдың табынға ұмтылуы сияқты әсер етеді.       Сондықтан бөкендер орағыта келіп машинаның жолын  кесіп өтеді.             Мынадай да жорамал бар. Жан-жануарлар әрқайсысы әр түрлі ортада тіршілік етеді делік. Тау тағысы шөлге бармайтыиы сияқты, шөл тағысы да тауға шықпайды. Мысалы, арқар немесе таутеке шөлге бармайды, керісінше бөкен тауды мекен етпейді. Сонымен катар әрбір жеке, не үйірлі жан-жануардың белгілі бір учаскесі болады. Олар сол учаскені қорғай да біледі. Мұны хайуанаттар мен құс әлемі тіршілігінен оңай керуге бо­лады. Сондықтаи да олар өз учаскелерінен шықпай орағытып жүреді.                                                                             Мысалы, тәжірибе үшін қоян мен қарақүйрықты қуғанда олар бастапқы қашқан жеріне біраздан кейін кайта оралып келген. Және олар бір түзудің бойымен қашпай ирелеңдетіп, орағытып, іздерінен жаңылдырып отырған. Қайткенде де олар өздері мекен еткен территориясынан ұзамауға тырысқан.                                        Белсенділігі. Табиғи жағдайда бөкендер үлкен топ құрып жүретіндіктен жайылымын үнемі ауыстырып отырады. Осыған орай олардың мекен территориясы да кең. Сондықтан бір жерден үріккен бөкен табындары 7-8 км, кейде 15-20 км қашықтыққа оп-оңай жылыстай береді. Алайда мекен учаскесі кең болса да қуған кезде бөкендер де айнала қашады және неғұрлым өкшелей қуған сайын олардың солғұрлым айналу шеңбері кіші болатындығы байқалды. Қары қалың жерде қасқыр қуғанда бөкендердің бастапқы жеріне қайта оралатынын кезінде [16] жазған болатын. Машинамен жарыса келіп оның алдын кесіп өтуі, мүмкін, бөкендердің осы ай­нала қашу-территориядан шықпау инстинктіне де байланысты болар.                              Машинамен жарыса жүгірген бөкендердің алдыңғылары оза шауып жолды кесіп өтті дейік. Ал кейінгілерінің машинаға соғылып жатса да алдыңғыларының соңынан қалмай жол кесуінде қандай сыр бар? Ендеше бұған шамамен мынадай жауап беруге болады. Ең бастысы-бөкен табынды жануар. Табын құрып тіршілік етушілерде еріп жүру, алдыңғыларының әрекетін қайталау қасиеті күшті дамыған.          Тағы бір көңіл аударарлық нәрсе — халық арасында киік «киелі», «қасиетті аң» дейтін ұғым және ол жайлы көптеген аңыз бар.Солардың бірінде  атақты халық күйшісі Дина Нұрпейісованың балалық шағында   оның үйіне күйші   Құрманғазы келіп кеткеннен Дина әлдебір себеппен ауырып қалады. Бұл аурудың себебі Құрманғазы мен Қөкіш атып әкелген киік «қасиетті» екен, сондықтан оның етін жеген Дина ауырып жатыр деп көрсетіледі [17]. Бұл ел арасында кең тараған аңыз. Аңызда халық арасында неліктен киік «киелі» деп аталатынын  әркім әрқалай айтады. Мысалы, бөкен өте ықшамды қозғалады және сымбатты. Киік киелі деп атау бөкен туралы аңыздардың көп таралуынан дейді.              Бөкенді, киікті «қасиетті» деу және оны өлтіру «обал» деген ұғымдардың шығуына өткен тарихи дәуірлердегі жаугершілік заманда тамағына ас, үстіне киім болған көп санды бөкеннің күнкөріс тұрғысында елеулі мәні болды. Мысалы, жоғарыда баяндалған 1391 жылғы аласапыран заман кезінде 200 мың әскердің Аманқарағай тұсында ашаршылыққа ұшырап, қырылып кету каупі туғанда осы бөкенді аулап қана тірі қалды дедік.Сол жаугершілік жылдарда саны көп, көбею қабілеті жоғары бөкен көп ауланды. Жұт жылдары, «ақтабан шұбырынды» сияқты сұрапыл жылдары қолдағы малы азайған халық жаба­йы жануарларды, соның бірі-бөкенді аулады. Міне, осындай қиын кездерде қажетке жараған бөкенге халық тоқшылық кезінде қамқорлық жасап, қорғауға алды.                                            Бөкен терісінен казақтардың ергек деп аталатын киім тігіп киген [13]. Бөкен терісі жуқа, жеңіл, сондықтан ол, әсіресе, камзол тәрізді киімдер жасауға қолайлы. Түгін сыртына қаратып, астарлап та, астарламай да тігілген мұндай киімдер жел мен суды өткізбейді. Ергек шапан, шалбарлар осы бөкен терісінен де тігілген. Мұндай киімді «бөкен жарғақ» деп атаған [18].                                                                 Бөкен терілері 1890 жылдары сауда айналымына мал терілерімен қатар түсті. Мысалы, Нижнегородск базарына 1880-1885 және 1894 жылдары бөкеннін 7135 терісі 19015 сомға сатылған [15].                               Ақбөкендердің табиғатына тән бір ерекшелік — қай мезгілде болмасын табын-табынға оп-оңай қосыла береді және қосылғаннан  кейін бөлініп те жүре береді. Сондықтан жайылым бағыты сәйкес келген 2-3 немесе 7-8 табын бip-біріне қосылып, құрамында мыңға жуық  киігі бар ақбөкендер бір табын болып бірігеді. Кейде керісінше шашылып жүріп 10-15, 30-40, 100-150-ден топталып ыдырайды.         Ақбөкендер табынының майдалануын олардың үйір құруы кезінде, яғни «теке бұрқылдақ» кезінде көре аламыз. Көбіне бір ересек теке 10-15-тен ешкі мен шыбышы бар үйір құрады. Кейде үйірдегі бөкен саны 4-5, ал кейде 20-25 те болуы мүмкін.                                        Үйірде жас текелер де жүре береді. Теке бұрқылдақтың соңына таман сасай қалған текелер көзге жеке ұшырасады. Сасай болған текелер деп — әлсірегендіктен табынға еріп жүруге жарамайтындарын атайды.                                                                                           Ақбөкен ешкілері лақтау мерзімі жақындаған сайын жай, баяу және белгілі   жерлерге   айнала жайылады, текелер бұларға қарағанда тез жүріп жайылып, ешкілерден оп-оңай бөлініп кете береді. Міне, осылай бөлініп кеткен текелер жайылып жүріп бірігіп, 150-200 бастан табын түзеді. Олар жеке үйір болып та, оқта-текте ешкі ,үйірлеріне қосылып та жайылады. Бірыңғай текелерден тұратын табынды шілде-тамыз айларында көруге болады. Текелер табынының құрамында бірен-саран қысыр қалған ешкілер мен шыбыштар да кездеседі. Сонымен қатар жас текелердің де 4-5-тен не 10-15-тен бірігіп жайылып жүргенін «теке бұрқылдақ» кезінде байқауға болады. Бұлар да оп-оңай үйірден бөлініп не оған қосылып та жүре береді.

 

 

 

 

 

 

2.2 Акбөкендердің тіршілік әрекеттері

         Ақбөкен өздері мекен еткен жерінің шөбімен қоректенеді. Осыған орай, әр жерде тіршілік ететін бұл аңның жейтін шөптерінің түрлері де сан алуан. Арнайы зерттеу бойынша қалмақ жеріндегі ақбөкендердің 67 түрлі шөппен қоректенетіні анықталды [12]  Қазақстанда  Барсакелмес аралын мекен еткен ақбөкендердің сол аралда есетін 123 түрлі өсімдіктердің 29 түрімен қоректенетіні туралы мәлімет те бар [19]. Батыс Қазақстанда бөкен жейтін өсімдіктің 36 түрі аталған [16] Бетпақдалада мекендеген бөкендердің қоректенетін шөбінен 14 түрлі шөпті көрсетеді [20].                                       Зоология институтының мәліметтері бойынша, ақбөкендер 81 түрлі шөппен қоректенеді. Олардың ерте көктемде-11, көктемде — 29, жазда-51, күзде-19, қыстыгүні-20 түрлі шөпті жейтіні анықталды. Ал шынында ақбөкен қоректенетін шөптің түрі бұдан да көп болуы мүмкін. Өйткені жер-ана шөптің әр алуан түріне бай ғой. Мысалы шөлді даланың бірі-Оралда 831 түрлі шөбі кездеседі [21]. Әрине, олардың бірі қурап жатқанда, бірі енді ғана гүл атып жатады. Өсімдіктердің көп түрлілігі көктемде байқалады, Бөкендер Оралдың осы көп түрлі шөптерімен қоректеніп жаз шыға шөлейтті және далалы аймаққа дейін барып жайылып, жайылым кеңейтеді дедік. Олай болса бөкен қоректенетін шөптердің түрі көбейе түсетіні сөзсіз, Әдеби туындылардан және жоғарыда аталған ғылыми кітаптардан оқып, ел аузынан естіп және өзіміз тікелей бақылау жасап, бөкен қоректенетін жүзден аса өсімдік түрлерін жинақтадык. Әрине, бұл мәлімет толыға түсуі тиіс. Өйткені екі мәртебе Социалистік Еңбек ері ардагер атанған атамыз мал шаруашылығының академигі Жазылбек Қуанышбаевтың айтуынша, қой 300-ден астам шөп түрімен қоректенеді екен.  Біздіңше, бөкенің де қоректенетін  шөбінің  түрі бұдан аспаса кем болмас дейміз. Өйткені, бөкендер жыл маусымдарына сай Қазақстанда мекен орындарын өзгертіп кең аймақтық шөл, шөлейт және далалы жерлердің шөбімен қоректенетінін  еске  алсақ біздің бұл пікіріміз жаңсақ бола қоймайды, мінe, осы аймақтар бойынша біздің  жинастырған мәліметіміз бөкен рационының кең екенін байқатты.                           Ақбөкен қоректенетін шөптер мыналар: айырқияқ, ажырық, ақмамық, алабота, баялыш, бетеге, бетегебоз, бидай, бидайык бұйырғын, бітеу қоға, ебелек, еркекшөп, жантақ, жауқазын, жуа, жусан, жүгері, жыңғыл, жыланқияқ, изен, итсигек, киік оты, кекіре, кермек, көкпек, көде, күйреуік, қазтабан, қамыс, қаңбақ, қараған, қараматау, арғатұяқ, қау, қоңырбас, қонақ, қурай, құмаршық, құрақ, қызғалдақ, қызылсораң, қылқанселеу, қылша, қына, қымыздық, қияқ, мия, мүк, paң, рауғаш, сасыр, сарсазан, сексеуіл, селеу, спирантус, сүттіген, сұлы, тары, тарлау, тауық тары, теріскен, түйежапырақ, түйеқарын, түймедақ, ша-ғыр, ши, шытыр, шырмауық, т. б.                                                                Жусанның түрлері: ақ жусан, кара жусан, боз жусан, т.б. Бетпақдалада жусанның 33 түрі кездеседі [21]. Осы сияқты селеу, шығыр, изеннің бірнеше түрі, сексеуілдің екі түрі болатынын ескерсек, ақбөкен қорегінің біз білетін тізімі едәуір ұлғаяды. Бөкен қоректенетін шөптердің химиялық кұрамы да әрқилы. Біреулерінде белок көп, келесілерінде көміртегі басым. Майлы, витаминді өсімдіктер де аз емес. Тұзды, минералды заттар да мол.                                                     Қыста, әсіресе, қар түсуіне байланысты ақбөкендердің қоректенетін шөптерінің түрі азаяды. Бұл кезде олар жусан, шағыр, изен, баялыш, күйреуік, жантақ, қараған сияқты шөптермен қоректенеді. Қарлы боран күндері құмды жерге барып бетеге, селеу, қоңырбас, кө­де, айырқияк, тарлау, ши, т. б. шөптерді жейді. Ақбөкендердің жейтін шөптері ішінде үй малы ауыз сала қоймайтын, жесе өте аз жейтін улы, тұзды, ащы, өткір иісті итсигек, мия, кекіре, шытыр, жыланқияқ сияқты шөптер кездеседі. Бұл шөптерді бөкендер ащылап, басқа өсімдіктерді көбірек жеуіне жағдай жасалады, қоңы жақсарады.                                                                                             Бөкен шөпті таңдап-талғап жейді. Және қой сияқты түбінен үзбейді, тек жоғары жағынан кертіп қана жайылады.                                       Көбіне әр жердегі шөпті теріп, жүре жайылады. Сондықтан шөптердің өсуі тоқталмайды, жайылым азбайды. Акбөкен жайылымы көп ретте қой жайылымына сәйкес келе бермейді. Ақбөкендер қой өрістерінен қашық, елсіз жерлерде кұрамында ылғалы мол шырынды қымыздық, сасыр сияқты өсімдіктермен қоректенетіндіктен сулы жерден алыс аймақтарда да оттайды (оқта-текте бірнеше жылда бір болатын су тапшылығы, қуаңшылық кездерінде ғана ақбөкендер қой суатына келуі мүмкін). Демек, ақбөкен қой шаруашылығына ешқандай зиян тигізбейді.                                                                                Түлеуі. Ақбөкендер көктемде сәуір айында түлейді. Түлеу процесі бір айдай уақытқа созылады. Күзгі түлеу қазан, қараша айларында өтеді. Ақбөкен шыбыштары ересектерімен саластырғанда кешігіңкіреп түлейді.        Сыртқы түсі және жүн жамылғысы.  Бөкендердің түсі қысқа қарай ақ, кейде  сәл бозғылттау, ал жазға қарай сарғыш қызғылт құм түстес болады (сурет 2). Түктер түсінің әр түрлі болуы оның құрылысына және құрамындағы пигментке (дақ) бай­ланысты.                          Ақбөкеннің жүні негізінен қылшықтан, түбіттен және шабан түктен тұрады. Қылшықты түктің өзегі қуыс, онда ауа болады.                            Қыстыгүні ақбөкен түктерінің пигментсізденуінен және олардың өзегіне ауа толатындықтан терісі ақ түстенеді. Бозғылт немесе сарғыштау түктері сирек болып аластан қарағанда байқалмайды және ақ түске ақау келтірмейді. Сондықтан да қазақ «ақбөкен» деп атап кеткен. Күзде, күн суыта бастаған кезде бөкеннің алқымындағы қалқанша безі тироксин деп аталатын активті заттарды әдеттегіден көбірек түзе бастайды. Ал тироксинді заттың көп бөлінуі күзгі түлеуді, түктердің ұзаруын және оның пигментсізденуін тудырады. Тироксиннің көп болып түзіле бастауына гипофиз безінен белінетін тиротропин әсер етеді, ал тиротропиннің түзілуі мидың гипотоламусынан тарайтын нейросекретинге байланысты. Мұның өзі орта өзгерістеріне сай болады.       Ақбөкеннің төлі де күйіс қайырушы үй малдарының төлі тәрізді түкті болып туады. Жаңа туған құралайдың денесіндегі бұйраланып біткен жүнді жамылғыны төл  жүні деп атайды. Бұл жүн бір-екі аптадан кейін түсе бастап, шілде айында ересек бөкендердегідей жаздық жүнге алмасады. Жаңа туған төл алқымының ішкі беті, құрсақ, бауыр түктері сары, ал денесінің қалған жері қоңыр болады.                                                      Ақбөкеннің жүні оның тіршілігінде өте маңызды роль атқарады: қыста суықтан, жазда ыстықтан қорғайды, дене температурасының тұрақты болуын қамтамасыз етеді, жануарларға қорғаныштық рең береді.                                                                                                                    Қазақстан территориясындағы ақбөкендер жылдың көп бөлігінде суды қажет етеді. Көктем бұл  уақытта ақбөкендердіңі көктемгі солтүстік бағытқа қарай миграциялауымен сәйкес келеді. Ауаның жыли бастауымен қатар вегетациялық кезең басталады да бұл жануарлар суаттарға бармайды, керісінше шөлдерін шырынды өсімдіктер қорынан суысындап отырады бұл құбылыс сәуірдің аяғына дейін созылады. Ақбөкендердің  қоректену  рационында осы кезеңде алғалдылыққа бай 60-80% дейін ылғалды болатын шөптесін өсімдіктер басым болады. Бірақ су көзі бар жерлерде  ерте көктемнен бастап суатқа бара бастайды. Мысалы ерте кездердегі мәліметтер бойынша,  Арал маңындағы Қарақұмдарда он мыңдаған ақбөкендер төлдеу кезінде Шұбаркөл өзеніне күн сайын суатқа су тұзды болғанына қарамастан су ішуге  келіп тұрған. Сол сияқты көріністегі  жағдайлар сәуір айында  Шоштан көлінде, Байқоңыр өзенінде, Ұлыжаланшілік өзендерінде де  байқалған (1974-1976 ж.ж.).  Бірақ та, суға келулеріне қарағанда бақылау мәліметтері бойынша топтағы жануарлардың бәрі су ішпейді тек, оның белгілі бір бөлігі ғана су ішетіндігі байқалған.                                                 Жаппай төлдеу кезінде және одан соң да ақбөкендер суатқа тұрақты келіп тұратындығы байқалған. 1970 жылы 15 мамырда тұзды  Шоштан көлінің маңында бұл жануарлардың аналықтары қоздаған. Үйір болып топтасқан  бұл жануарлар ішінен сағат онда үйірдің басым бөлігі қозысыз аналықтары бөлініп шығып суға қарай жылжыған. Осы кезде ақбөкендердің қалғандары бұрынғы тұрған жерлерінде қала берген. Аналықтары шөлін қандырып қайтып келген кезде қалғандары суатқа қарай барған. Содан соң олар көл маңына жиірек келетін болған. 12-13 сағат аралығында оларда жаппай суатқа келіп суарылу байқалған. Осылайша, күн бойына аналықтарының көпшілік бөлігі  қозыларын жалғыз  қалдырмай ақ кезектесіп шөлдерін қандыратын болған. Ақбөкендер көбіне тұщы суды жақсы көрген. Тек тұщы су болмаған жағдайларда ғана олар тұзды суды ішетін болған. Барсакелмес аралында бұл жануарлар Арал теңізінің суын ішетін болған.      1971 жылдың мамыр айында Торғай өзенінің  төменгі сағасында қоздаған ақбөкендер  сирек кездесетін аздаған көлдерден суарылатын болған. 19 мамырда  алғаш рет ақбөкен табындары суатта сағат алтыда ал, 10 мен 13 сағат аралығында жаппай суға келу байқалған. Ақбөкендер көптеп келгендіктен шу болып олардың шуылы 1,5 км қашықтыққа дейін естілген. Күн бұлтты болған күндері ақбөкендер суатқа 13 пен 15 сағат аралығында келген. Ал жаңбырлы күндері суатқа үш-ақ аналық ақбөкен келген. Қалған күндері ақбөкендер суатқа келмеген. Бірақ та, жиырма алтысында олар қайтадан  келе бастаған.                                                                               11-15 мамырда (1976 ж.)   ақбөкендердің қозылары бара бастаған, бірақ олар су ішпеді тек шуылдап су маңында жүгіріп лайды кешіп енелерін іздеп  жүрді. Сирек  жағдайларда ғана қозылары енелерімен суатқа келіп суарылады. Әдетте, қозылары суатқа туылғаннан кейін 11-15 күннен кейін ғана келеді. Маусым айының алғашқы жартысында ақбөкен қозылары су ішуге енелерімен бірге тұрақты түрде келе бастайды [26].

 

 

 

 

 

 

  • Ақбөкендердің миграциялары

          Ақбөкендердің экологиясының ерекше сипаты – жыл бойына үздіксіз өз ареалы көлемінде орын ауыстырып отыру болып саналады. Бұл жануарлар үшін Қазақстан территориясында жыл сайынғы маусымдық тұрақты миграциялар тән. Оның ұзақтығы мен уақыты көктем шыққанға дейінгі кезеңмен байланысты. Қазақстанның барлық территориясында бұл жануарлар меридиональді бағытта көбінесе (сирек жағдайда ғана басқаша)  тәуліктің жарық кезінде көшіп ауысып отырады.                                        Әр топтың ақбөкендерінің миграциясының уақыты әр түрлі болып келеді. Бетпақдала – Арыс тобында көктемгі миграция уақыты жылға байланысты  өзгеріп отырады. Қар еруіне байланысты  кейде ақпанның алғашқы күндері миграцияласа, ал қар кеш еритін кездері олар 20-30 күнге кеш миграциялайды.                                                                                Массалы түрде миграциялағанда шектеулі территориямен жүз мыңдаған жануарлар өтетін болса, шөптесін өсімдікті жерлерден олар жақсы көрінетін жол-іздерін қалдырып отырады.  1965 жылы ақбөкендердің көшіп қонып орын ауыстыруы өздеріне тән Байқоңыр мен Арал маңындағы Қарақұм аралығындағы коридор арқылы өткен. Жануарлар жүріп өткен жолдың ені 13 км құраған. Барлық территория ені 30 см және тереңдігі 15 см, бір-бірінен 2-10 қашықтықта орналасқан  ақбөкендердің жолымен қиырланған болатын.  Кеібір жерлерде жануарлар бұрынғы жүріп өткен жолдарын бірнеше жыл қатарынан пайдаланған (Торғай өзенінің төменгі бөлігі). Бірақ, көбіне олар жаңа жолдармен жүріп өтеді. Табын жүріп өткен жолмен ізінше басқа да особьтер жүріп өтеді мұндай жағдайда, миграциялаушы  табындар арасының интервалы  2-15 мин құрайды. Ақбөкендер жақсы жүрілген жолдарды олардың миграциялаушы жолдарын сыз жермен көп жүргенде қалдырып отырады.                                               Миграция жылдамдығы. Ерте көктемде, ақбөкендер әдетте тәулігіне орташа алғанда  5-20 км  жылдамдықпен миграциялайды (1977-1979). Бірақ та күрт суық түскен жағдайларда немесе солтүстіктен жел болып жаңбыр көп жауған кезде олардың қозғалу жылдамдығы тәулігіне 40-45 км  дейін жетеді. Көптеп төлдеу кезінде ақбөкендер миграцияны жалғастырмайды, тәулігіне  бұзаулаған жерден суатқа дейін тек 10 км жерді ғана жауып өтеді. Қозылары туылғаннан кейін 1 күннен соң  500 м дейінгі қашықтықты жүріп өте алады. 2-3 күн өткен соң олар тәулік сайын 2 км дейін, ал 3-5 бес күндіктері 3-4 км  дейін, 5-10 күндіктері 5-6 км дейін болса, ал 10-20 күндік жас ақбөкендер ересек жануарлардан қалмай ілесіп, аналықтарымен бірге солтүстікке қарай миграциялайды [11].                                                                                Маусымдық миграция кезінде ақбөкендер республикамыздың бірқатар территориясын оңтүстіктен солтүстікке қарай кесіп өтеді. Сондай-ақ, жануарлар ауа райы жағдайларына өте сезімтал келеді (жаңбыр, қар жамылғысы т.б.) ол  қасиеті олардың өз алдына қысқаша көш ауыстыруларына әкеледі. Осы жағдайларыдың бәрін ескере келсек, ақбөкендер жыл бойына 2-4 мыңға жуық км қашықтықты жүріп өтеді.                    Ақбөкендерде жыл бойына әсіресе миграция кезінде үйірде көсем аналық бөкен болады. Бірақ та көшу алдында немесе көшу кезінде жыныстық жетілген аталық бөкен де көсем болуы мүмкін.                                         Үйірдегі көсем ретіндегі ақбөкендерді орталық Қазақстанда жүргізілген бақылау мәліметтерінен көруге бөлады. 500 бастан тұратын ақбөкен үйірі сол кезде батыс бағытта жылжи бастаған. Үйірден үнемі бірнеше  особьтер бөлініп кетіп отырда бірақ осыған қарамастан аналық көсем бөкен үйірді бір бағытта бірге жүргізіп отырды. Көсем роліне аналық бөкендер жылдам жүруінің арқасында келіп отырадды өйткені, жол жүрген кезде көсем бөкен үйірдің алдына шығып 30 метрдей бұрын жүріп отыруы тиіс. Мұндай жағдайда бүкіл табын мен тп-топ болған үйір оның соңынан ілесуге даяр болады.                                                                                          Кей кездері үйір ішінен секіретін ақбөкендердің байқауға болады. Мұндай қылық ашық кеңістіктерді мекендеуші барлық жануарларға тән. Мұндай белгі беруші секірулер-қауіп төнуін білдіретін шартсыз рефлекс болып саналады.                                                                                              Ақбөкендерге тек өздеріне ғана тән асқан сезімталдық бар. Бұл жануарлар жасы мен жынысына қарамастан жүгіріп келе жатып екі артқы аяғымен тебініп, жоғары қарай 450 та 1 м биіктікке дейін секіреді Сондай-ақ, мұндай секіруді жаңадан туылғанына бірнеше күн болған бұзаулары да жасай алады.                                                                                        Миграция кезінде ақбөкендер су тапшылығын бастан өткереді. Олар суда жақсы жүзе алады. Бірақ өзендерді кешіп өту кезінде көптеген бөкендер қырылып қалады. Мұның себебі – көсемнің қылықтары, яғни судан өтер алдында бөкендер су жағасына жиналады сол кезде көсем суға түсе бастайды егер ол дұрыс жермен өтсе үйір аман есен судан өте алады, егер көсем суды кешіп өтетін жерді дұрыс таңдай алмаса саяз болып басталып терең болып кететін жермен өтсе бұл жануарлар суға түскен соң көріп тұрса да кері қайтпайды сондықтан массалы түрде қырылып қалады. Келесі бетке олар қиындықпен өте жай қозғалып өтеді. Судан тез өту үшін ақбөкендер бір-бірімен сығылысып бірін-бірі таптап та өтеді мықтылары әлсіздерін соғып өтеді. Нәтижесінде ондаған не болмаса жүздеген особьтер өліп қалады. Негізінен қырылып қалатындары аналық бөкендер мен жаңадан туылған бұзаулары. Көп жағдайда олардың қырылуына здерінің көсемнің немесе алдыңғы ақбөкеннің  соңынан  ессіз тура  еру (ілесу) рефлексі болып саналады [12].                                                                                                     Судан өту кезінде қозылары, ұрғашылары да, қалып  қояды. Сол кезде аналықтары қозыларын іздеп өзеннен қайта артқа өтеді де «мбэ – мбэ» деген дыбыс шығарып қозысын іздей бастайды; таппаған соң қайта-қайта судан өтіп іздеу үстінде болады. Кейде бір қозысы қасында болып, екінші қозысы артта қалып қояды, сол кезде аналық бөкен қасындағы қозысымен суды кешіп өтіп екінші қозысын іздейді тапқан соң қайтадан судан өтіп табынға қосылады.                                                                                                 Миграциялаушы ақбөкендер ұзағырақ уақыт бойы темір жол бойларында кейде асфальтты шосселерге дейін жайлап келген. Алғашында темір жолдан олар қорқып аз мөлшерде жақындап жүреді де біртіндеп, жүздеп-мыңдап темір жолмен де өтеді. Көсем-ұрғашылары  жол бастаған кезде қалғандары соның артынан ереді сол мезетте олардың үйірінің бағытын басқа жаққа бұру мүмкін емес болады. Кейде ақбөкендер поездтың астына түскен кездер де болған бірақ, жабайыаң болғандықтан соны көріп тұрса да қалғандары темір жолдан шықпай тұра берген.                                        Таңбалау. Массалы түрде ақбөкендердің қозыларын таңбалау сосын Қазақстан территориясында таңбаларын жинау олардың миграция жолдары мен уақыттарын, ауысу жылдамдығын, өмір ұзақтығын, популяциясының жаңару деңгейін анықтауға мүмкіндік туғызды. Қозыларды сырғалау (таңбалау) массалы түрде аналықтарының қозылаған жерлерінде жүргізілген. Сырға қойлардың құлағына тағылатын таңба сияқты дискілі болған. Бұл салынатын сырға белгі олардың құлағын ауыртпайды және ыңғайлы жасалған оның бетінде жылы мен сан жазылып отырған.                              Сәуір айында самолетпен және автомашинамен бақылау арқылы үйіліп қалған аналық ақбөкендерді  тапқан. Бақылаушы отряд оларға жақын барып жаңадан туылғандарын сырғалаған, өйткені ересек болған сайын олар адамды жақындатпайды. Сырғалап болған соң да бақылаушылар олардың миграциясын автомашинамен шығарып салып сүйемелдеп отырған. Қозыларын аулағанда оларға арт жағына келу қажет. 7-15 күннен соң таңбалауды тоқтатуға тура келеді, қозылары бұл уақытта ұстатпай кетеді. Таңбалаудың нәтижесінің жақсы табысты  болуы бұл процесске қатысушы адамдар санына және жас төлдің көптігіне байланысты болады. Жыл сайын таңбаланған бөкендердің таңбаларын жинау жүргізіліп отырды. Бұл мезгіл оларды аулаумен қатар келіп отырды.                                           Ақбөкендердің аталықтары 17-18 айлығында жыныстық жетіледі. Көбеюге  қабілеттілігі 2,5 жылда байқалады. 1965-1975 жылдар аралығында ауланып тіркелгендердің ішінде 5,5 жастағы үш аталық,  ал 7,5  жастағы үш аталық болған. Көптеген аталықтардың өмір ұзақтығы 3-4 жылға жетеді. Аналықтары ұзағырақ өмір сүреді. Зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, 2-4 жылдық аналықтар ұрпақ беруге бейім болады. Жылына екі қозысы болады.         Үйірлері. Ақбөкендер – жазық дала жануарлары және жыл бойына маусымына байланысты әр түрлі көлемді табын болып, үйір-үйірімен жүреді. Осыған байланысты үйірге тән сипаттарына қарай . ұсақ 1ден 10 особьке дейін, 11-20, 21-50, орташа 51-100, 101-200, 201-500 дейін, ал ірілері 501 ден 1000 ға дейін,  және 1001 және одан да көп деп бөлуге болады. Мұндай бөлінумен қатар көп мыңдаған үйірлері төлдеу кезінде көктемгі және күзгі миграция кезінде байқалады.                                                                    Қысқы кезеңде ақбөкендердің табынына (желтоқсан айында) көшу алдындағы кезең әсер етеді.                                                                   Жаздың аптап ыстығында Торғай өзенінің төменгі ағысы мен Орталық Қазақстанның түссіз даласында тіршілік жоқ секілді көрінеді. Бірақ көкжиекте күн батқан кезде кішкене шаң секілді бұлт көрінеді де бірте-бірте ол ұлғая түседі. Іле-шала шу естіліп қойлардың маңырағанына ұқсас дыбыс шығып тұяқтарының топырлағаны  естіліп суатқа асыққан жануарларды көруге болады. Суға шөлдеген олар мыңдап бүкіл даланы жауып қалады. Ауыр тыныстап келе ақбөкен табыны өзенге таяп келеді де, сосын су  шашырағаны, тұяқтарының дүбірі, кібіртіктеп маңырағаны бәрі қосылып алыстан естілетін кәдімгі шуға айналады. Бір жануар суды жағадан ішсе, біреулері терең ортасына  барып шөлін қандыруға таза суға қарай барады. Олар әбден шөлін қандырған соң қайтадан жартылай шөлді жерлерге сіңіп кетуге тырысады, өйткені олар өздерін онда қауіпсыз сезінеді. Тынған тыныштық суаттан жануарлардың су ішіп біткенін білдіреді. Енді табын мұнда тек келесі күні ғана қайтып  келеді [13].                                                   Олар кімдер? Бұл – ақбөкендер немесе антилопалар біздің фаунамыздың көне өкілдері мамонттармен  қатарлас өмір сүрген серіктестері. Олар біздің заманымызға дейін еш өзгеріссіз сақталды. Бүкірейген тұмсықты басы, аталықтарының басы лира тәріздес мүйізбен  көмкерілген. Мойыны қысқа төмен салбырап тұрады, сондықтан ауыр сияқты болып көрінеді. Көкірек бөлімі созылыңқы қойдың денесіне ұқсас. Ақбөкеннің салмағы 35-40 кг жетеді. Әсіресе дене бітімінде мұрын құрылысымен ерекшеленеді.                                                                                       Жер бетіндегі ең тез жүгіретін жаунарлардың бірі болып саналады: сағатына 70 км жүгіруі ол үшін ештеңе емес, ол 75-80 км ден де астам жүгіре алады. Біздің тұяқты жануарларымыздың ішінде ақбөкендердің денесінің салмағына қарай жүрегі де массалы болып келеді. Тез жүгіруі шыдамдылықпен сәйкес болғандықтан бұл ол жануар үшін көптеген сан-алуан жауларынан қорғанудың ең негізгі тәсілі. Ақбөкеннің жүн жамаылғысы жазда қысқа (1,5-2 см), қыста ұзын (7 см дейін). Денесінің едәуір бөлігін жауып тұрған түктері (көкірек, мойын бөлімдері) ішінен қуыс, сынғыш бірақ қалың әрі бүртікті келеді. Бір-бірімен тығыз айқаса байланыса келіп олар жүн жамылғысын қалың етеді. Сондықтан оларға шөл далада аз болмайтын құйынды суық борандар қорқынышты емес. Қақаған апта аяздарда да ақбөкендер ашық қарда жата алады. Температураның күрт ауытқуын 400-500  олар жеңіл өткере алады. Бұған өзіне тән ылғалдандырушы ауаны жылытуышыжәне тазартушы мұрыны (танауы) көмектеседі.                  Табылған қазба-қалдық деректері ақбөкендердің мұз басу кезеңінде  Британиядан Аляскаға дейінгі ұлан-ғайыр жерлерде мекендегенін көрсетеді. Көптеген мыңдаған табындарымен ол солтүстік бұғысымен, түкті мүйізтұмсықпен, мамонтпен, бизонмен  қатар көршілес тіршілк еткен. Небәрі екі-үш жүз жыл бұрын ғана олар массалы түрде Украина даласы мен Ресейдің оңтүстігін мекендеген [14].                                                                    Бірақ, ХІХ ғасырда әсіресе оның екінші жартысында бұл тұяқтылардың таралу шекарасы жылдам арада шығысқа қарай ойыса бастады. Ал біздің ғасырымыздың бас  кезінде ақбөкендер толығымен жойылып кету қаупі алдында тұрды. Оның негізгі себебі – адамның интенсивті түрде табиғатты игеруі, Европалық Ресей далаларын қоныстандыру жерлердіжырту, тыңды игеру  әрине аяусыз оларды аулау. Адамдар ақбөкендерді тек қана дәмді еті үшін ғана емес, дәрілік қасиеттері маралдың пантысы секілді тибет және қытай медицинасында емдік мақсатта қолданылатын мүйіздері үшін де  аулады.                                                                                                         Ақбөкендерге сондай қалың қарлы қыс та қолайсыз әсер етеді. Қалың қар қатып қалған аязды борандарда ақбөкендер қорек таппай қатты аяздарда көптеп аштан  қырылып отырды. Бұл стихийялық апат Қазақстан, Қырғызтан, Қалмықия далаларының жергілікті тұрғындарына жұтаған қыс ретінде жақсы таныс. Одан тек жабайы емес көптеген үй жануарлары да қырылып қалған. Айтылған себептердің бірігуі ақбөкендердің өліп бітуіне дейін әкелді.                                                                                                   Бұл жануарларды қорғау үшін тез арада оларды мемлекеттік қорғауға алу қажет болды. 1919 жылы жас Кеңес үкіметі ауыр кезеңдерді басынан өткеріп жатты. Азамат соғысы  оты алаулап тұрды, халықаралық империализм әскери интервенцияның шиеленісін шешіп тұрды.Елімізде бәрі құлдырап аштықтың алдында тұрған ауыр кездер болды. Сонда да, 1919 жылы 27 мамырда В.И.Лениннің қолы қойылған танымал құжат  —  «Аңшылыққа белгіленген мерзімдер мен аңшылық қару ұстауға құқық» осыған сәйкес ақбөкендерді атуға тйым салынған Кеңес халық комитетінің декреті жарық көрді. Осы қабылданған шаралардың арқасында 30 жылдардың басында біздің республикамызда олардың саны біртіндеп өсе бастады., ал 1971 жылға 1 млн. 100 мыңға жуық басқа жетті.                              Бірақ соңғы 10 жылдықтарда оқтын-оқтын қысқы жұт, қалың қарлы қыстар болып тұрды. Ақбөкендердің көптеп қырылуы 1971-1972, 1975-1976, 1976-1977 жылдары байқалды. Қорексіз қалу қаупінен қорғана отырып, бөкендер алыс оңтүстікке дейін кетті, бұрын болмаған жерлерге дейін барды. Ақбөкен табындары Жетісу территориясына, Күрті суқоймасы маңына, Қапшағайға, Отар, Шу, Қопа, Ұзынағаш темір жол станцияларына дейін келді. Ақбөкендердің аз ғана табына Алматыға жақын Бұрындай аэропорты маңына дейін де келген. Қарасай аудан (Қаскелең) маңында бұл дала жануарлары биік тауға  альпілік белдеуге дейін шыққан.                           Оңтүстікте оларға қорек табылғанымен, оларды басқа нәубет күтіп тұрды: ел қалың орналасқан аудандарда бұл жануарларды шектен тыс көптеп ата бастады. Әсіресе браконьерлер күндіз түні бөкендерді атып аулап отырды. Бұл категориядағы адамдар табиғаттың адал ақылды заңдылықтарын жек көреді. Оларға жұмыртқа басып отырған құсты, балапанын қоректендіріп жатқан құсты, түлеу кезінде, сол ақбөкен немесе жайранның (қарақұйрық) аналықтарын бұзауларымен қоса өлтіру түкке де тұрмайды.                                                                                                                    Бірақ дер кезіндегі кең ауқымды қоғамдық көмек бұл тұяқтылардың өлімінің санын азайтты. ҚазКСР ҒА  Зоология институтының нұсқауымен  ҚазКСР–ның Министрлер Кеңесінің қорықтар және аңшылық шаруашылығының бас басқармасы шұғыл шаралар қабылдады. Аңшы инспекторлар отряды автомашиналармен және тікұшақтармен жабдықталып браконьерлермен шешуші күрес жүргізді. Сонымен қатар бір мезгілде жергілікті тұрғындар, колхоздар, совхоздар, өндіріс орындарында, автобазаларда, мектептерде үлкен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кең ауқымда жергілікті баспа, радио, теледидар арналары осы бағытта жұмыс істеп насихаттады. Арнайы листовкалар шығарылды. Бұл листовкаларда Жабайы жануарлар –біздің ертеңгі байлығымыз! Ақбөкендер қатал қыстан аман қалу үшін қорек іздеп адамдар орналасқан мекендерге қарай жақындап келуде, сондықтан оларды аяусыз атып қырмай санын сақтауымыз қажет деген үндеулер тасталды [15].                                                                Белсенді түрде ақбөкендерді қорғап сақтап қалу жұмыстары республикамызда олардың негізгі бас сандарын сақтап қалуға көмектесті. Олар екінші рет толығымен атып қырудан аман қалды.                          Ғалым-зоологтардың ортасында ақбөкеннің басқа тұяқтылардың арасында  қандай орын алатыны туралы  осы уақытқа дейін әлі біріңғай пікір  қалыптаспаған. Көпшілігі оларды антилопа мен ешкілердің арасындағы аралық звено деп санайды. Кейбір систематиктер ақбөкендерді қуыс мүйізді жануарлардың кең тараған ерекше тұқым тармағына жатқызады. Бірақ оларды әдетте антилопа деп те атайды.                                                      Тіршілігінің көп бөлігін бұл жануарлар бірнеше мыңдаған бас бірігіп табынмен құшақ жетпейтін шөлді, жартылай шөлді, далалы жерлерде көшіп қонып мекендейді. Олар әдетте тәіулігіне 20-30 км  асып өтеді. Тек қыста ғана олардың ауысуы тоқтайды. Ақбөкендер әдетте негізінен Сырдария өзені мен Балқаш көлінің аралығындағы шөлді жерлерде, Арал маңындағы Қарақұмдарда, Сарысу өзенінің төменгі сағасында, Шу өзенінің маңында, Үстіртте қыстап шығады. Бұл жерлердегі қар биіктіг 20 см-ден аспайды.        Қыстау кезінде оларда күйлеу кезеңі өтеді. Одан аз уақыт бұрын жыныстық жетілген аталықтарында көз асты безінен өткір иісті қара-қоңыртүсті секрет бөлінеді де мұрыны қатты ісінеді. Көздерінің астынан ұзын жүнді түктер-«бакенбард» өседі. Мойынында жүні қарайып қарғыға ұқсап қалады. Әрбір ересек аталық бөкен өзінің жанына аналықтардан тұратын  кішкене табын «гарем» жинақтайды. Оны басқа мүйізділерден қырағы қорғаштайды. «Гаремде»  әдетте 5-тен 30 ға дейін аналық бөкен болады. Шағылысу кезеңінде аталықтары мүлдем қоректенбейді және тыным алмайды, үнемі өз табынының жанында жүгірумен болады. «Гаремнің» қожайыны болып тек мықты аталық бөкен ғана қала алады, ал әлсіздері тез қуылып отырады. Екі күшті аталықтың сүзісіп теке тіресуі қызықты көрініс  болып көрінеді. Төбелесуші аталықтар артқа біраз қадам жасау қатты екпінмен мүйіздерімен сүзіседі. Бір-біріне тіресіп аяқтарымен жерге қадалып, олар біраз күреседі. Әр қайсысы басын бұру арқылы қарсыласын аяғынан құлатуға тырысады, жеңгені жеңілгенін мүйізімен денесінің әр жерінен сүзіп, соғып төбелес алаңынан ығыстырады. Содан кейін ол аналық бөкендерді жинап пырылдай жүріп «гаремді» айналып жүгіредіде келесі төбелеске қарсыласын шақырады. Осындай жекпе-жектерде аталықтар бір-біріне қатты ауыр зиян келтіреді. Аналықтар түк болмағандай жайылып жүре береді. Үнемі мазасыз болу, жиі болатын төбелесу, сүзісулер аталықтардың жайылуына уақыт қалдырмайды сондықтан да олар шағылысатын бір-екі ай ішінде күштерін жоғалтып қатты азып кетеді. Жиірек табында өздерін ұстай алмай жалғыз болып жүреді. Қаңтар айында әсіресе, ашық  күнде алыстан сирек емесжалғыз тұрған аналықтар көрінеді. Олар өздеріне қатты жақындата алады өйткені қашуға күштері жоқ. Сондықтан да болар олардың өмірі ұзақ емес. Көптеген мүйізділері шағылысудан кейін аштығып өледі немесе жыртқыш аңдардың  оңай олжасы  болады.  Кей кездері аса қатал қыстарда шағылысуға қатысқан аталықтардың 80% қырылып қалған кездері де болған. Бірақ ақбөкендер тез көбейеді. Аналықтары өмірінің алғашқы жылында ақ көбейе алады, ал аталықтары бір жарым жылда ғана жыныстық жетіледі. Жас аналықтар бір ғана қозыдан туады. Ал ересек кәрі аналықтары әдетте екден сирек жағдайда үш қозыдан туады.                                        Қаңтар мен ақпан айларында Қазақстан шөл далаларында ақбөкендер үшін қолайсыз жағдайлар туады. Жиі болатын қар көшкіндері  жануарлардың қозғалуына кедергі  болып жүруін қиындатады. Әсіресе күн жылы болып тұрып артынша қатты аяз болған кезде  мұз қабаты түзіліп ақбөкендердің қорекгін қар астынан іздеп табуына алуына кедергі жасайды. Ақбөкендердің денесіндегі жаз кезінде жинақталған май қорлары бұл кезде таусыла бастайды. Қанша қатал қытымыр болғанымен қыс та аяқталатын кез келеді. Әр күн сайын күн жылынып аяз біршама білінгенімен көктем келе жатқаны сезінеді. Қар қарайып жерге жабысып ери бастайды. Жер көгере бастайды Жақын уақыт ішінде барлық шөл дала кемпірқосақтың бар түсіндей  құлпыра түседі. Кең дала түрлі көктемгі гүлдермен көмкеріледі. Құстар үні естіліп, кесірткелер, суырлар-жертесерлер ояна бастайды.                                Көктемде ақбөкендердің тіршілігі күрт өзгереді. Аталықтары бөлек табындарға қосылып, солтүстікке қарай миграциялайды. Жануарлар олардың ата-тектері жүздеген жыл бұрын жүріп өткен соқпақ жолдармен жүріп өтеді. Орталық Қазақстанның солтүстік жаздық бай жайылымдарында олар қайтадан өздеріне күш жинап, май қорларын қайта қалпына келтіріп, келесі қысқа қарқынды дайндалады. Аналықтары өздерінің буаз болған жерлерінен жүріп кеткен соң 140 буаздық күннен соң төлі туылады. Жалпы айтқанда, миграция өте интенсивті өтедіол самолет бортынан өте ыңғайлы көрінеді. Көз жеткенше көптеген мыңдаған ақбөкен массасы бір бағытта қар басып солтүстікке қарай жылжып бара жатады. Самолет жоғарылаған сайын бұл тірі жануарлардан құралған толқын одан әрі жылжи  түседі. Солтүстікке қарай көшпенді жануарлардың фронты 800мың км-ден аса шығыстан батысқа қарай созылады. Шу өзенінің орташа ағысынан Торғай өзенінің төменгі сағасына дейін.                                                                           Сәуірдің алғашқы жартысында аналықтары төлдеу  орындарына келеді. Олар жазық рельефті мекендерде өсімдік жамылғысы аз су қоймасына жақын елді мекеннен және жолдардан алыс жерлерде  бұзаулайды. Сондай-ақ масссалы түрде төлдейтін орындары тұрақты емес. Олардың ауысуы су-жайылымдық жағдайларымен байланысты. Құрғақшылық болған жылдары аналықтары солтүстігінде 200-300 км  әдеттегіге қарағанда жүріп өтеді. Қазақстандағы массалы түрде төлдеуші орындар Бетпақдаланың солтүстік бөлігі, Арал маңындағы Қарақұмдар, Үстірт болып табылады [16].                         Төлдеуден аз уақыт бұрын аналық ақбөкендер жерді жұмсартып, тұяқтарымен қазып шұңқыр жасайды. Мұнда сәуірдің соңында олардың алғашқы төлдері, ал мамырда олардың негізгі массасы туылады. Төлдеу тығыз мерзім  аралығында (бес-он күн) ішінде өтеді.  Кішігірім территорияда соған сәйкес кейде 150 немесе  мыңнан аса аналықтар жиналады. Сондықтан да, жануарларды көрмей тұрып-ақ оларды көп дауысты шуылынан да табуға болады. Ол шу қалған басқа дыбыстың бәрін басып кетеді. Аналықтары төлдерін қоректендіру кезінде не болатынын көруге болады. Аналықтары айқайлап дыбыс шығара жүгіре жүріп өзінің бұзауларын іздейді. Олар өз кезегінде ондаған қозы түрінде аналықтарға жүгіре жөнеледі. Көптеген бөкен төлдерінің ішінен аналықтары тек өз қозыларын ғана тамақтандырады өзқозыларын олар арнайы өзіне тән иістерінен таниды. Басқа аналықтарды емуге қозыларда әуестенбейді олар да иісінен іздеп жүріп өз енелерін табады. Егер ұрғашы ақбөкеннің екі қозысы болса ол екеуінің арасына тұруға тырысады. Қозылары  өз кезегінде көбінесе екеуі бірге ойнақтап п келеді де, бір уақытта енесіне екі жағынан келіп алдыңғы аяғынан тізерлеп, тез-тез еме бастайды. 20-30секундтан соң ұрғашы ақбөкен емізуді тоқтатады да кетіп қалады. Мұндай қысқа уақыт ішінде төлдер көбіне тоймай қалады. Ақбөкен құралайлары жарық дүниеге келген алғашқы минуттарда туылған жерінен еңбектеп баруға тырысады. Оларға барған ткезде жерге жабыса түседі де жерде мойнын созып үйелеп   жатып алады. Мұндай күйде олар сағаттар бойына  жата алады. Туылғанна кейін жас бөкен 30-40 метр жерді жүріп өте алады. Ал 2- 5  күндік жас ақбөкенді тіпті қуалап қолмен ұстап алу мүмкін емес.                                                                                     Кешқұрым үлкен табындарда  жас ақбөкендердің өздеріне тән ойындарын байқауға болады. Бір еркелеу жас ақбөкен табынды айнала жүгіріп секіре бастайды, оған оның қатарлас жас ақбөкендері қосылады. Біраз уақыттан кейін «хоровод» түзіледі. Қозылардың соңынан ересектері де қуаласа бастайды. Аналықтары жиі өздері қозыларын жүгіруге жаттықтырады. Қозысын қоректендіріп болған соң аналық бөкен жайылуға кетеді. Ал біраз уақыттан соң қозысына қайта оралады сол кезде ол тұра бастағанда қашып кетеді. Жас бөкен енесін қуалау кезінде 50 метрге дейін жетеді де қайтадан жатып қалады. Ұрғашы ақбөкен төлін көтеріп тұрғызады  сол кезде ол қайтадан жүгіріп кетеді. Мұндай жаттығулар күніне бірнеше реттен жасалынады. Олардың нәтижелері өте жақсы. Туылғаннан кейін бірнеше күннің ішінде-ақ ақбөкен қозысы белгілі қашықтықтардан жүгіріп өту қабілетіне ие болады. 1976 жылы туылғаннан соң 8 күннен кейін сырғаланған қозы 60 км жерден табылған. Ал осыдан 12 күн өткенде ол екінші рет өзінің туылған жерінен 150 км жерден табылған [17].                Ұрғашы ақбөкен төлін жайылу әдістеріне  да үйретеді. 2-3 күндік жас ақбөкен ойнап жүріп енесінің қылықтарын көшірмелейді. Басында ол еріндерін жыбырлатады бірақ шайнау қозғалыстарын жалғастыру арқылы ол шөпті жұлу механизмін игереді, ал 10-15 күннен соң өсімдік текті қорек оның негізгі қорегі болып табылады. Бір айлық жас ақбөкендер көп уақыт енесінің қоректендіргенін қажет етпей  жайылымда болады, Бірақ енелері оларды 2-3 ай көлемінде емізіп жүреді. Жас ақбөкендер жылдам өседі, Олар 3,5-4,5 кг салмақпен туылады, бір ай өткен соң олардың салмағы 12 кг жетеді.ал үш айда олардың салмағы 20 кг жетеді. Бір жыл өткен кезде алғашында әлсіз епетейсіз болып көрінген жас ақбөкендер жылдам жүгіргіш желаяқты шаршауды білмейтін жүздеген км қашықтықты кесіп өтетін дала антилопаларына айналады.                                                                                  Жас ақбөкендер  жаңадан өсе бастағанда ұрғашылары үлкен табындармен дәстүрлі жаз айларын өткізетін 350 мың м2 асатын жерлерінен ығысып солтүстікке қарай жолға шығады.                                                     Бұл Мұғаджар тауларының ауданы, Ырғыз өзенінің асулары, Торғай, Қаракеңгір өзендерінің маңы, Теңіз, Керей көлдерінің жағалауы. Әлі қатайып үлгермей жатып жас ақбөкендер ересектерімен қатар көшпенді тіршілік тің барлық ауыртпалықтары мен қиындықтарын бірге бөліседі.                                      Ақбөкендер әдетте жайылымдарды бағдарлап жайылады. Күн батар алдында олар табынға жинала бастайды, қараңғы түсісімен жалғыз бірен сарандары аз кездеседі. Бұл жануарлар  өздерін тек бірге жүргенде ғана  сенімді сезінеді. Мыңдаған абайлаған көздер, иісшіл сезімтал мұрындар, және құлақтары уақытында немесе төнген қауіпті дәл сезеді.                                      Бұл жануарлар әрі төзімді және ширақ емес әлсіздеу. Қыста олар шөлін қорегімен бірге алынатын қармен қандырады. Көктемде,  кейде жазда бұлар сусыз шыдап жүре алады. Өйткені қоректенген өсімдіктерінің ылғалымен сусындайды. Бұл үшін қорек 60% ылғалды болса жеткілікті. Сонда да жылдың көп бөлігін ақбөкендер су қоймалары бар жерлерде өткізуге тырысады. Сусыз аудандарда олар ұзақ жүрмейді.                                            60 жылдары республикамызда кең масштабтарда малдар үшін жасанды суқоймалар, тоғандар, лимандар және басқа да кең тереңдетілген  көктемде тұрып қар суымен толып қалатын  көлшіктер көптеп   жасала бастады. Бұл суаттар бір жыл бойы сақталынып отырды. Жасанды суқоймалардың жасалуы ақбөкендер үшін қолайлы жағдайлар болып саналды. Бұрындары суы аз жерлерде бұл жануарлар көп тұрақтамайтын. Ал қазіргі уақытта олар бүкіл жаз бойы сонда жайылып жүретін болды. Суатқа суғарылуға ақбөкендер әдетте тәуліктің жарық уақытында  10 және 15 сағаттың аралығында келеді. Олар суды жылдам ішеді минутына 10-20 рет су жұтады. Барлық су ішу процесі бір жарым  және бес минутты құрайды. Суға бару мен оралу уақытын санағанда  20 минутқа толады.                                                       Суарылуға ақбөкендер үлкен табындармен келеді. Суға келгенде олар мұқият тың тыңдап, жан-жағына қарайлап, иіскелеп бастарымен жоғары және төменге қарай күрт қимылдар жасайды. Егер жақын арады қауіп жоқ болыпп тұрса, ақбөкендер қатты шуылмен суатқа жақындай түседі. Олардың саны көп болған жағдайда, су ішіп жатқан ақбөкендердің топтарының бір-бірін күні бойы  алмастырып жатқанын бақылауға болады.                                   Бұл жануарларда да барлық басқа да жабайы жануарлар сияқты көсемдері – ұрғашы ақбөкен болады. Бұл ұрғашыларының үнемі бұзауларын қадағалап, мұқият абай болуымен түсіндіріледі. Өте сирек жағдайда, тек қысқа мерзімге ғана көсем жыныстық жетілген аталық та бола алады. Бірнеше рет суатқа келгенде ұрғашы көсем бірден күрт тоқтап, қалған ақбөкендер оған еліктегені байқалған. Ол бір қимылдар жасап қозғалған кезде қалған ақбөкендер де соның жасаған қимылын жасап, соңынан ерген. Мұндай бас иген тәртіп ғасырлар бойы қалыптасқан өзін өзі қорғау  инстинкті болып табылады. Ол мұқияттылықты талап етеді [18].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.1  Ақбөкен тіршілігіне әсер ететін факторлар

           Ақбөкендердің бір ортада  тіршілігін жалғастыруы үшін оған сол ортаның ауа райы мен азық қоры және қорғаныс жағдайлары болуы шарт. Егер аңның осы жағдайларын бақылауда үнемі ұстап отырса, ол аңның өздігінен жойылып кетуіне не әсер етеді? Бұл сұраққа бірден жауап бере салу өте күрделі,себебі әр аңның өзіндік биологиялық ерекшелігі мен қасиеттері бар. Ақбөкендерді зерттеу кезінде бізге белгілі болғанындай олардың бізге осы үш жағдайымен бірге, паразиттік аурулардан 300-400 мыңға дейін  жаппай қырылып қалған [42]. Осы деректермен қоса, 2010-2011 жылғы пастереллез ауруынан құрбан болған ақбөкендерді (2 кесте) салыстырсақ ақбөкендердің азайып кетуіне,тіпті олардың тарих сахынасынан жойылып жоқ болып кетуінің бірден бір себебі бола алатындағын көреміз.                                     Кесте 4 —  Қазақстандағы ақбөкендердің аурулар мен ауа-райының қолайсыздығынан көптеп қырылу жағдайлары

Жылдары

Ақбөкен популяциясы

Өлу себебі

Өлген жануарлар саны (мың бас)

Жаңалық авторлары

1967

Бетпақдала

Ящур

50

[52]

1971/72

Бетпақдала

Қалың қар мен тайғанақ мұздан

400

-//-//-

1972/73

Орал

-//-//-

< 10

-//-//-

1975/76

Бетпақдала

-//-//-

300

-//-//-

1976/77

-//-//-

-//-//-

100

-//-//-

1981

-//-//-

Пастереллез

70

-//-//-

1983/84

-//-//-

Қалың қар мен тайғанақ мұздан

 

-//-//

1984

Орал

Пастереллез

>100

-//-//-

1987/88

Бетпақдала

Қалың қар мен тайғанақ мұздан

45

[67]

1988

-//-//-

Пастереллез

270

-//-//-

1993/94

-//-//-

Қалың қар мен тайғанақ мұздан

>200

-//-//-

1996/97

Орал

-//-//-

300

-//-//-

2010/11

Орал

Пастереллез

12.5

-//-//-

 

Сол себептен осы және басқа да факторларды арнайы кесте,суреттермен мысалға келтіре отырып,азаюының себебі мен болашақтағы салдарларын анықтап шықтық.                                                                                                     Абиотикалық  факторлар.  Абиотикалық фактор ішінде негізгі ақбөкендерге тікелей әсер ететіні  қыстағы қалың жауған қар, көк мұз және құрғақшылық.                                                                                                   Бұл көрсеткіштер ақбөкендерге жағымсыз әсер етеді. [43]. Қардың биіктігі 30 см-ден басталып, 35-40 см-ге жетсе ақбөкендердің азығын тарпып жеуіне қардың тығыз болуы мүмкіндік бермейді. Көптеген зерттеулер Қазақстанның солтүстік бөлігінде қардың тығыздығы  0,20 яғни 25 см болғанда ақбөкендердің азық тауып жеуі мүмкін емес[61]. Егерде қаңтар айының 3-ші жартысы басталғанда  қардың тығыздығы 0,25 (30 см) болса, бұл жерлерде ақбөкендер қыстамайды, олар қар аз түсетін аймақтарға кетеді[60]. Ал Қазақстанда қалған ақбөкендер үлкен аштықтың құрбандығына айналады. 2004 жылғы қыста ақбөкендердің күйекке түскен уақытында жүргізген зерттеулері нәтижесінде Зоология институтының жетекші ғылыми қызметкері  Ю.А. Грачев «2004 жылғы қалың қыста Қазақстанда қалып қалған ақбөкендердің 20 пайызы ( 16 пайыз ересек ақбөкендер мен 70 пайыз жас құралайлары) қалың қар мен жыртқыш құстардың әсерінен қырылып кетті» деп мәлімдеді.                                         Кейінгі жылдары қыстың қандай болғандығын білу үшін  төмендегі  3-ші кестемізде көрсетілген деректерге  зер салып көрелік.                                                  Биотикалық факторлар.  Биотикалық  факторлрдан  ақбөкенге тікелей әсер ететіні жыртқыштық пен паразиттік аурулар.                                           Жыртқыштардан: Қасқыр — ақбөкен  текелеріне күйекке түскенде, ешкілеріне төлдеу алдында қауіп тудырса, лақтарына кез-келген уақытта шабуыл жасайды. Ақбөкен қасқырдың қысқы азығы ретінде ең маңызды рөлді атқаратын тұяқтылардың бірі болып саналады. Әсіресе, оларға шабуылдау қыс қатты болған жұт 1944/45, 1950/51, 1953/54, 1971/72, 1972/73, 1975/76,  1976/77  жылдары көп болған [44,39,45]. Жалпы соңғы жылдардағы деректерге зер салып қарасақ, бізге белгілі болғаны 2005 жылы 9 ақбөкеннің қасқырдың, 1 ақбөкен лағы дала қыранының  құрбаны болған. Сонымен бірге ақбөкендердің лақтау  уақытында  дала қыраны, қаңғыған иттер қатты мазасын кетіреді. Бұған 1957 жылы 7-ші мамырда Алата-Бурата алқабында таңғы 8-9 шамасында 91 дала қыраны ақбөкен лақтары мен ешкілерін қырып тастаған. Әрбір құста бір-бір өлекседен болды [46]. Қасқыр мен дала қыраны және т.б жыртқыштардың ақбөкендерге шабуылдауы үнемі қайталанып отырады, тіпті кейде жыртқыштардың саны артып кетсе, ақбөкендерге көп зияны тиеді, сол себептен бұл жыртқыштардың көбейіп кетпеуін де қадағалап отыру керек.                                                                                                 Аурулар мен паразиттер — бұлардың ішінде ақбөкендерде үнемі кездесетіні аусыл (ящур), пастереллез, некрабактериоз [59], бруцеллез [64], токсоплазм, энтероксемий, колибактериоз, диплокок инфекциясы және т.б. аурулар. Аусылдан ақбөкендер көп шығынға ұшырайды. Одан ең бірінші зардап шегетіні аналықтар мен жас ақбөкендер болса, ірі текелері аз шығынға ұшырайды. Аусыл ауруы елімізде 1955, 1956, 1958, 1967, 1974 жылдары тіркелген.1967 жылы осы ауру салдарынан Орталық Қазақстан территориясының 100 мың км2 жерінде ерте көктемнен күз айына дейін 50 мың ақбөкен өлді. 1км2 аймақта 2-26-ға дейін өлік жатты [45]. Бұдан кейінгі жылдары ақбөкендердің аусылдан көптеп қырылуы байқалмады, бірақ көптеген аусылмен [65] ауырған ақбөкен текелерінің мүйіздері қысқарып, ісініп кететіндігі байқалған. Пастереллезден 1984 жылы ақпан-наурыз айларында Орал популяциясында  100мыңдай ақбөкен өлген [47]. Олардың 15,1% теке,17,4% ешкі құраса, қалғаны  23,3% жас текелер,  44,2%  жас ешкілер құрады. Некрабактериоз [63] Бетпақдаланың солтүстік бөлігінде 1978 жылы маусым айында байқалды. Ауру ақбөкендерді бақылағанда қозғалыс буындары әлсіреп, ақсаңдап, жүру қабілеті нашарлайды. 2004-2009-шы жылдары  Үстірт ақбөкендері паразиттік аурулардың құрбаны болған жоқ.                                                                                                    Пастереллёз — геморрагиялық септицемия (қанның улануы), адам мен жануарлардың инфекциялық кеселі. Ол қан улануы мен тыныс алу жолдарының кілегей қабыршықтары мен ішектің қабынуы және сондай-ақ өкпе қабынуы мен ісінуі арқылы көрінеді. Бұл кеселдің қоздырғышы — пастеррелла бактериясы. Қоздырғыш көздері — ауру және ауырған малдар.            Мамырдың 18-інде таңертең Батыс Қазақстан облысы  аймақтық инспекциясының бастығынан Жәнібек ауданы аумағында өлген киіктер анықталғаны туралы мәлімет түсті. Мамырдың 19-ында комиссия құрылып, оның құрамына денсаулық сақтау, білім беру, төтенше жағдайлар, ішкі істердің, ҰҚК-ның, әкімдіктің, ауыл шаруашылығы ведомстволарының аймақтық өкілдері кірді. Комиссия құрамы киіктер жаппай қырылған ошақ орнына жіберілді. Сол күні жаппай қырылу анықталды. Мамырдың 21-інде киіктердің өлуі тоқтады. Сол күні жарияланған мәлімет бойынша 11 мың 900 бас өлген ақбөкен тіркелді. Таяу күндері сол аумақта байқалмай қалған қосымша 20 басты таптық. Ең бастысы жаппай қырылу бір жерде ғана болды. Оның аумағына тоқталатын болсақ, ұзындығы 10-12 шақырым,  ені 3,5 шақырымға созылып жатыр. Осыған байланысты топырақтың, ауаның құрамы зерттеуге жіберілді. Атап айтқанда бүгінде киік өліміне пастереллез себеп болғанын сенімді түрде мәлімдей аламыз. Яғни, осы індет бойынша қарынның кебуі, жануардың тышқақтауы, ауыздан аққан көбік пастереллездің белгілері болып табылады. Бүгінде осы оқиғаға қатысты көп адамдар өздерінің пікірлерін айтып жатыр. Алайда, бұл -пастереллез. Біз сараптамалық шаралар жүргізу кезінде бұған дейінгі фактілерді де ескердік. Атап айтқанда киіктердің жаппай қырылуы 1981, 1984, 1988 жылдары тіркелді. 1988 жылы пастереллезден 434 мың бас ақбөкен өлді. Ол кезде бізде киіктердің саны 1 миллион 400 мың болатын.                                                         Киік пастереллез вирусын тасымалдаушы болып табылады. Бүгінде бізді ақбөкеннің бұл індетті жұқтыру ошағынан гөрі, бұл вирустың киіктің ағзасында қозуына не әсер етті деген мәселе алаңдатып отыр. Ең бастысы 80-ші жылдар мен бүгіндегі хронология өзара ұқсас.

      Сурет 11 —  2010 жылғы Пастереллезден өлген ақбөкендер

1988 жылы жаппай қырылу мамырдың 14-22 аралығында болды, ал 2010 жылы мамырдың 18-21 кезінде тіркелді. Яғни, үш күннің ішінде 11 мың 920 бас ақбөкен (Сурет 10) өлсе, 2011 жылы 500 бас бөкен өліп жалпы ақбөкендердің 34% шығынға ұшырады.                                                                               Антропагендік факторлар. Бұл фактор ішіндегі тікелей әсері браконьерлік, жанама әсері ортаның ластануы, әр түрлі өндіріс орындарын салу.                                                                                                                                       Бұл әсерлердің ішінде ақбөкендердің азаюына тікелей  әсер еткені браконьерлік екендігін төмендегі 5-ші кестеден анық  аңғарамыз.

Кесте 5 — Орал популяциясы ақбөкен санынының кемуіне қасақы  аңшылық әрекеттердің әсері

Жылдары

Браконьерлерлік әсерлерінің жынысы бойынша % жіктелуі

Теке

Ешкі

Жалпы

N

%

N

%

N

%

2004

69

8,1

132

1,1

201

9,2

2005

57

5,8

9

0,08

66

5,9

2006

144

12

120

1

264

13

2007

168

22,3

16

0,012

169

22,3

2008

30

13,1

27

0,5

57

13,6

2009

10

1,8

18

0,33

28

2,1

Орташа есеппен

478

63,1

322

3,02

785

67

 Бұл 5 ші кестедегі  нәтижелерге назар аударсақ  заңсыз аң аулау кезінде ақбөкеннің текелеріне көп зиян келетінін аңғарамыз. Сонымен бірге  заңсыз аң аулаушылардың текелеріне ең көп аңшылық жасаған уақыттары  2007 жылы болып, басқа жылдармен салыстырғанда 22,3 пайызға дейінгі мөлшерде теке санының азаюына себепші болғандығын көреміз. Осындай ақбөкен текелеріне деген аяусыз әрекеттердің кесірінен 2008 жылғы ақбөкен текелерінің ешкілеріне шаққанда 2,2 пайыздық  деңгейге дейін күрт төмендеп, жалпы келесі жылғы өсім кезінде 1 текеге 28 ешкіден келетіндей ақбөкен өсімталдылығына деген қорқынышты жағдайға тап болды.

3.2 Ақбөкендерді қорғау және олардың санын қалпына келтіру шаралары

Бұл жануарлардың санының төмендеуіне әсер етуші факторлар  — табиғи себептерге байланысты мысалы, қалың қарлы қыстарда (1993-1994ж.а.), аурулар, жыртқыштар  әсерінен  бұлардың саны ауытқып отырады. Бетпақдалада 200 мыңға жуық ақбөкен қары қалың 1996-1997 жылдары қырылып қалды. Орал және Жайық өзендері аралығындағы ақбөкендер популяциясының бірнеше мыңдаған бөлігі осындай себептер салдарынан қырылып қалған.                                                                                        Ең басты негативті фактор болып браконьерлік әрекет  саналады. 1991 жылдан соң ауыл шаруашылығының тарауы басталды да, ауыл  тұрғындары жұмыссыз қалды өмір сүру деңгейі бірден төмендеп кетті. Сол уақытта шығыс медицинасында пайдаланылатын ақбөкен мүйіздеріне сұраныстар да көбейді. 1990 жылдардан бастап ақбөкендерді жыл бойына олардың миграциялаушы жерлеріне дейін барып атып алу түрі де көбейді. Ең қауіптісі, сол жылдары ақбөкендерді қорғау жүйесі толығымен бұзылғандықтан мемлекет тарапынан бақылау да жойылды.                           1998 жылдан бастап ақбөкендердің Бетпақдалалық популяциясын аулауға, атуға тиым салынды. Содан 1 жыл өткен соң Қазақстан Республикасының №527 «Ақбөкендерді қорғау және қалпына келтіру» туралы қаулысы жарыққа шықты. Онда барлық ауланатын жабайы жануарлар түрлерін атуға, аулауға 2 жылға тиым салынды. Бірақ та, жиі болатын реорганизациялар мен қорғау қызметінің  материалдық-техникалық базасының нашарлауы және қаржы жетіспеушілігі бұл шаралардың сапасыз және эффектісіз өтуіне әкелді. Осыған байланысты 2001 жылы Үкіметтің №980 «Ақбөкендерді қорғау және көбейту туралы» қосымша шаралар  қаулысы  қабылданды ол қаулы бойынша 2005 жылға дейін республикамыздың барлық территориясында бұл жануарларды атуға тиым салынды.                                                                                                           Ақбөкендердің мекендейтін жерлерінде браконьерлікпен күрес әлі жүргізілуде. Мемлекет тарапынан жыл бойына браконьерлікті болдырмау және алдын-алу үшін  рейд жүргізіп отыру ұйымдастырылған. Бұл жануарларды қорғауға алу республика көлеміндегі Орман және аңшылық шаруашылығының комитеті қарамағындағы мемлекеттік қазыналық шаруашылығы «ПО Охотзоопром» тарапынан жүргізіледі. Далалық жерлерде үнемі 60 адам ( жеті отряд) жүреді, ауысымы әрбір 15 күн ішінде. Олардың қарамағында 15 жеңіл автокөлік, жеті жүк автокөлігі және бес жапон кросс мотоциклдері. Олардың жұмыстарын Қазақстан республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің облыс территорияларындағы орман және аң шаруашылығы комитетінің басқармасы бақылап  отырады. Браконьерлік әрекеттер көбіне Ақтөбе облысының Шалқар ауданында, Қызылорда облысындағы Бетпақдалада, байқалады. Бұл территориялар аумағы жағынан өте үлкен, сондықтан да ақбөкендердің тіршілігін бақылау қиынға соғады. Жиі жағдайларда браконьерлікпен көршілес Қарақалпақстан, Өзбекстан елінен келген «қонақтар» айналысады. Қазіргі уақытта  «Жануарлар әлемін қорғау және қалпына келтіру және пайдалану»  заңынаың шығуына сәйкес бұрынғыдай емес, браконьерлік жолмен ауланған 1 тақбөкен тушасы үшін де  айыппұл салынады немесе ақбөкен аулап келе жатып ұсталған браконьерлер болса 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Қазақстан Республикасының үкіметі 2004 жылдың 8 қаңтарында №18 қаулы шығарды онда заңсыз ауланған аналық (буаз немесе эмбрионымен болса) немесе әлі туылмаған эмбрион болса оған 70.000 теңге айыппұл салынатын болды.   

          3.3 Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңы                                                                                                 Бұл заң №593 – ІІ ҚРЗ 2004 жылы 9 шілдеде қабылданды.                     Бұл  заңда жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және қазіргі және келешек ұрпақтың мүдделерін ескере отырып, адамның экологиялық, экономикалық, эстетикалық және өзге де қажеттерін қанағаттандыру мақсатында жануарлар дүниесін оның биологиялық сан алуандылығын сақтау, жануарлар дүниесі объектілерін орнықты пайдалану шарттарын қамтамасыз етуге бағытталған.            Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң  мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құықтық актілерінен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы  бекіткен халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. Бұл заң 11 тарау мен 60 баптан тұрады. Соның ішіндегі негізгілеріне тоқталсақ:                                                                     Жануарлар дүниесі мақсатты пайдалану жағынан мынадай санаттарға бөлінеді.

  • жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері;
  • жануарлардың аң аулау объектілері болып табылатын түрлері;
  • жануарлардың балық аулау объектілері болып табылатын түрлері;
  • жануарлардың уәкілетті орган айқындайтын өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулау мен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын түрлері;
  • жануарлардың шаруашылық мақсаттарда пайдаланылмайтын, бірақ экологиялық, мәдени және өзге де құндылығы бар түрлері;
  • жануарлардың халық денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау, қоршаған ортаға зиян келтірілуін болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметіне айтарлықтай зиян келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттелуге тиіс түрлері.

Жануарлардың түрлерін санаттарға бөлу және оларды бір санаттан басқасына ауыстыру жануарлар дүниесінің түрлік сан алуандығын сақтау, оларды қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану мақсатында жүргізіледі.                    

Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін қорғау                                                                                                                    1. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізіледі.

  1. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар түрлерін қорғауды мемлекет жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар түрлерін қорғау жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
  2. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін алуға ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімі бойынша оларды арнайы жасалған жағдайларда өсіру және кейіннен мекендеу ортасына шығару үшін Қазақстан рсепубликасының Үкіметі айқындайтын ғылыми және өзге де мақсаттарда жол беріледі.
  3. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін әкімшілік органының рұқсатынсыз қолда ұстауға, тасымалдауға, сатуға, сатуға шығаруға және сатып алуға сондай-ақ оларды әкелу мен әкетуге тиым салынады.

 

 

 

 

 

Қорытынды

    Қазақстанда ақбөкеннің бір-бірінен бөлек Үстірт, Орал  және Бетпақдала популяциялары тіршілік етеді. Оларды 1997 жылға дейін халық шаруашылығына пайдалану үшін жоспарлы түрде аулап келсе, санының күрт азайып кетуіне байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 29 сәуірдегі (№ 527) қаулысымен оны аулау мүлдем тоқтатылған болатын. Бұл шара Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 19 шілдесінде        (№ 980) «Ақбөкенді қорғау мен оны ұдайы өсірудің  қосымша шаралары туралы» қаулысымен 2011 жылға дейін қорғауға алынған болатын.           Ақбөкендерге аулау жұмысы тоқтатылған уақыттан бергі зерттелінген мәліметтерге сүйенсек, Қазақстандағы ақбөкендер санының керемет құбылмалы күйде өзгеріп отырғандығын анық аңғарамыз. Осы жерде бұндай өзгерістердің барлығына бірдей қасақы аңшылық жасау әсер етті десек, ол сөзіміз жаңсақтық болар еді, себебі оны қорғап отырған инспекторлардың  маңдай терімен істеген жұмыстарын дұрыс  бағаламағандығымыз деп есептеймін. Бұның себебін «Орал популяциясындағы ақбөкендердің қазіргі жағдайы» тақырыбында жазылған диссертация  жұмысынан білуге болады.                Ақбөкен – қуыс мүйізділер тұқымдасына жататын ешкі тектес жабайы аң. Оны еті, терісі және мүйізі үшін аулайды. Ақбөкеннің еті дәмді әрі нәрлі. Терісі- бағалы былғары, мүйізі — дәрілік шикізат көзі болып табылады. Сол себептен 1955-1981 жылдар аралығында тек біздің республи­камызда 4 млн 137 мыңнан астам ақбөкен ауланды. Мұның нәтижесінде 71 мың 112 тоннадай ет, 3 млн 614 мың тері өндірілді. Франция, Италия және осы сияқты бірқатар шет елдер азық ретінде бізден 3 мың 500 тоннадай ақбөкен етін сатып алды. 300 тоннадай бөкен мүйізі дәрілік шикізат есебінде шет елдерге шығарылды. Бұған қоса осы жылдары 700 тонна өкпе-бауыр, жүрек, бас-сирақ сияқты қосымша өнім дайындалды. Сөйтіп, бұл аңды аулаудан түскен жалпы пайда 85,6 млн сом болды. Орта есеппен алғанда, ақбөкеннің бір килограмм етінің өзіндік құны 52 тиынды құрап, мемлекетті қаржыға халықты дәмді етімен асырап келді.                                                                         ХІХ ғасырларда  ақбөкен республикамыздың 12-13 облысы-жерінде кездессе, қазіргі уақытта 5-6 облыста ғана мекен етеді. ХХ ғасырдың  басында бұл аң биологиялық түр ретінде  жойылып кету қаупінде болды. Өйткені оның мүйізі дәрілік шикізат есебінде шет елдерге жоғары бағамен сатылатын (бір жұп мүйіз бір аттың құнына тең болыпты). Сондықтан да ақшаға қызығып, жеке бас пайдасын көздегендер осы бір дала тағысын аяусыз қырды. Соның салдарынан Қазақстанның адам мекен етпейтін алыс түкпірлерінде ғана аздаған ақбөкен табындары қалды.                                                                                                                                                                                    Ақбөкен-Евразияның шөлді аймағының солтүстік бөлігі мен шөлейтті аймағының ашық, тегіс жерлерінде мекен етуге бейімделген аң. Бейімделу белгілерін оның дене құрылысынан (тыныс алу системасы мен қимыл-тірек аппаратының құрылыстық өзгешеліктерінен), тіршілік ету ерекшеліктерінен (жүйріктігінен, табын құрып өмір сүруінен, жайылымын тез ауыстыруынан), т. б. қасиеттерінен көруге болады.                                                                   Жыл мезгілдеріне сай қоныс аударып отыруына байланысты ақбөкендер жайылым тоздырмайды және шөпті түбімен үзіп жемейді. Сонымен қатар олар қой, ешкі, жылқы, түйе, сиыр жемейтін шөптермен де қоректенеді, көбіне елсіз жерде жайылады.                     Ақбөкен-өсімтал аң. Осы қасиетіне орай ол Қазақстанның жабайы жануарлары ішіндегі ең көбі де.                                                       Ақбөкендер де ешкі сияқты төлшіл. Тіпті, биологиялық түр ретінде құрып, жойылып кету қаупінде түрғанның өзінде олар қайта көбейеді. Соның арқасында қазір ақбөкендер сан жағынан Қазақстанда,тіпті жер шарында ең көп жануарлар қатарына қосылды. Тез көбейгіштігіне сай, міне, отыз жылдай жылма-жыл ақбөкенді қажетті мөлшерде аулап, халық игілігі үшін ет өндіріп отырған болатын. Тез көбеюіне байланысты ақбөкен кейбір жұт жылдары жүз мыңдап жұтаса да, орны тез толығады. Осы қасиеттері арқылы ол басқа жабайы жануарлардан ерекше орында тұр.                                          Ақбөкеннің төлшілдік сыры неде? Мұның сыры-бөкендердің жалпы санының биологиялық қолайлы шамада, яғни өсімталдық деңгейде болуында. Осы деңгейді анықтаудың нәтижесінде  1991жылдан 1998 жылға дейінгі аралытарында әр түрлі зиянды әсерлерді ескере отырып, ақбөкен аулауды жоспарлы түрде жүргізуге мүмкіндік туып. Қазақстанда қазіргі кезде бөкендердің көктемгі саны орта есеппен 500-600 мың, ал күзгі саны 800-900 мың.                    Дегенмен кездейсоқ бір жағдайларға байланысты аңды шамадан тыс азайтып алсақ, оны қайта көбейту, дәл қазіргі дәрежесіне жеткізу қиындықтар келтірері сөзсіз. Бұған мысалды алыстан іздеудің қажеті жоқ. Қарақұйрық өзінің төлшілдігі жөнінен ақбөкеннен қалыса қоймайды. Мұны біз Барсакелмес қорығының тәжірибесінен білеміз. Қөбеюіне кедергі болатын браконьерлік аулаушылық пен қасқыр аралда жоқ болғандықтан ақбөкен еркін көбейді.                           Қазақстанда XIX ғасырдың екінші жартысына дейін акбөкен саны көп болды. Өйткені сауданың капиталистік сипаты қалыптасқанға дейін ақбөкенді қырып-жойып. аулау болмағанды. Қазакстанда халықтар аңшылықпен шұғылданғанымен, оны шаруашылық дәрежесіне жеткізген жоқ. Ақбөкен ауланды. Бірақ үй малының табиғатын жақсы түсінген халық оған қамқорлықпен қарады. Ақбөкен сияқты аңдарды күйекке түсу кезінде, буаз кезінде аулауға халық тыйым салды. Жас төлдер (лак, шыбыш, серкештер) ауланбайтын. Ақбөкен аулау мерзімі көбіне күзде өтетін.Ол кездерде Аңды аулау мен оны жарақаттап жіберу халық арасында ұят,обал саналатын.                       Совет үкіметінің алғашқы күндерінен бастап ақбөкен аулауға тыйым салынып, бұл аң қамқорлыққа алынды. Бұл шараның нәтижесі сол совет заманы тұсында өте жемісті болды.                           Ақбөкен санының көбеюіне байланысты 1955 жылдан бастап жылма-жыл 150 мыңдай аң атып алуға мүмкіндік туып  ақбөкен аулау бірден-бір тиімді кәсіпке айналды. Өйткені ақбөкен өнімдерінің өзіндік құнынан өте арзан.                                                                      Ақбөкен-жабайы аң. Сондықтан оған шөп дайындаудың қажеті жоқ. Бірақ «алмақтың да салмағы бар» дегендей, ақбөкенге халық болып қамқорлык жасау ке­рек. Айталық, осы аң мекен ететін жерлерде, қоныс ауыстыруы кезінде жүреін жолдарында салынған, салынуға тиіс газ құбырлары, канал сияқты аңның жүруіне кедергі келтіретін құрылыстардың әр жерінен өткелдер жасауды ұмытпаған жөн. Мүмкіндігі болғанша ақбөкен   жайылымындағы   су   көздерінің  бұлақтың өзеннің, көлдің, түрліше су коймаларының суалып қалмауын қарастырып, кей жерлерге артезиандык су көздерін жасауды да ойластыру керек. Ақбөкенге деген қамқорлык, әсіресе, қысы ауыр жылдары ерекше қажет. Себебі мұндай жылдары азық іздеп, мекенді жер­лерге келеді. Осы мезеттерде олардың азықтануына жағдай жасап, иттің талауына жол бермей, браконьерлерге де тыйым салғанымыз жөн.                                                                                                               Атап айтқанда, 1998 ж. 2002 жылдар арасында ақбөкендердің мүлдем жоғалу қауіпі төніп тұрған болса, (470 мыңнан 21,1 мың бас көрсеткішке дейін азайған) қазіргі кезде оның саны қарқынмен өсіп келе жатыр, бұны 2006 жылғы 49,3 мың бас көрсеткішінен байқауға болады. Халық болып қамқорлыкка алғанда жойылып кету қаупінде тұрған жабайы жануарларды сақтап қалуға, тіпті санын көбейтіп, оларды тиімді пайдалануға болатынына акбөкен санын көбейту және оны халық игілігіне пайдалану тәжірибесі дәлел бола алады.