АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Қазақстандағы ботаникалық бақтардың географиясы

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

І . ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БОТАНИКАЛЫҚ БАҚТАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  • Қазақстанның жалпы ботаникалық бақтары туралы мағлұмат

1.2. Ботаникалық бақ – ерекше қорғалатын табиғи территория.

1.3. Ботаникалық бақтардың экономикалық және экологиялық

маңызы

 

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БОТАНИКАЛЫҚ

БАҚТАРЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯСЫ

2.1 Құрғақ дала табиғат зонасының ботаникалық бағы

2.2. Шөлейт табиғат зонасының ботаникалық бақтары

2.3. Қазақстанның шөл зонасындағы ботаникалық бақтар

2.4. Қазақстанның таулы облыстарындағы ботаникалық бақтар

2.5 Қазақстандағы ботаникалық бақтардың қазіргі дағдайы

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың актуальдылығы: Қазақстан Республикасы ғаламдық масштабта өріс алып отырған тұрақты даму Концепциясын (Концепция устойчиво го развития) қабылдауға (1) байланысты  ерекше қорғалатын табиғи территориялардың жүйесіне баса назар аударып отыр. Елімізде «Ерекше қорғалатын табиғи территориялар тұралы заң» 1997 жылы 15 тамыз айында үкіметтің № 162-1 қаулысы бойынша қабылданған (2). Ерекше қорғалатын табиғи территориялар география ғылымының зерттейтін негізгі нысаналары екенін естен шығармау қажет. Осы заңның жобасында ерекше қорғалатын та- биғи территориялар жүйесіне (система) — мемлекеттік табиғи қорықтар, мемле- кеттік табиғи ұлттық раоктер, мемлекеттік табиғи заказниктер, мемлекеттік таб- иғи ескерткіштер мен қатар зоологиялық парктер мен ботаникалық бақтар кіреді. Ботаникалық бақтар республикадағы биологиялық түр ретінде табиғи ареалында жойылып бара жатқан сирек өсімдіктерді сақтап, өсіретін ерекше қорғалатын табиғи территория. Қазақстанда ботаникалық бақтар жүйесі географиялық принцип бойынша орналастырылып құрылыған еді. Қазақстанның Қызыл кітабына кір- ген сирек өсімдік түрлері бүгінде тек қана осы ботаникалық бақтарда табылады. Сондықтан республиканың табиғатын қорғауда өзіндік орны бар бақтардың географиясын зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы зор. Ботаникалық бақтарды сондай-ақ экологиялық білім мен тәрбие берүдің ошағы екенін естен шығармауымыз қажет. Себебі мекетп оқушыларымен экологиялық тақырыптағы экскурсиялар осы бақтарда өтіп жатады. Болашақ география пәнінің мұғаліміне республикадағы ботаникалық бақтардың географиясын, олардың бірінен бірінің айырмашылығын білу  — кәсіби біліктіліктің бір талабы Диплом жұмысының көкейтестілігін осы жағдайлармен тұжырымдауға болады.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Айнала қошаған орта- дағы экологиялық өзгерістерден биологиялық түрлерді сақтап, қорғау ша-раларын жүзеге асырып отырған ботаникалық бақтардың географиясын зерттей отырып, оның табиғат қорғаудағы ролін анықтау.

Осы мақсатты орындау төмендегі міндеттерді шешү арқылы жүзеге асады: — ботаникалық бақтардың қазақстанда құрылу тарихын зерттеу;

-республикадағы ботаникалық бақтардың қызметін реттейтін нормативті құжатпен танысу;

— сирек өсімдіктерді сақтау мен қорғаудағы ролі анықталды;

— ботаникалық бақтардың структурасын зерттеу және региональды бақтардың экологиясын зерттеу;

— қазіргі экологиялық мәселелрін зерттеп, болашағына анализ жасау.

Диплом жұмысының зерттеу нысанасы : Қазақстанның ботаникалық бақтары.

Зерттеу пәніботаникалық бақтардың географиясы және геоэколо- гиялық мәселелері.

Диплом жұмысының ғылыми және практикалық маңызы  ботаникалық бақтардың географиясын зерттей отырып, олардың географиялық орнына геоэкологиялық тұрғыдан баға беру. Ботаникалық бақтардың структурасын анықтау және биологиялық түр ретінде жойылып бара жатқан сирек өсімдіктердің қазіргі сақтаудың экологиялық мәселелерін анықтау.

Республикадағы мемлекетті ботаникалық бақтарды орта мектеп пен жоғарғы мектептің оқу үрдісінде туризм мен өлкетанудың  басты нысаналары ретінде қарастыруға болады. Педагогикалық институттардың «География» және«Тарих-география» мамандықтарының «Туризм және өлкетану негіздері», «Мектептегі туризм» пәндерін оқытқан кезде ерекше қорғалатын табиғи территориялар тарауын өткен кезде пайдаланылады. Болашақ география пәні- нің мұғалімі мектеп оқұшыларымен кластан тыс экологиялық  ғылыми зерттеу проектілерін орындау барысында және тәрбие жұмыстарында ботаникалық бақтар тұралы мағлұматты кеңінен қолданады.

Жұмысты орындау барысында қолданылған материалдар қазақстанның оның жеке аймақтарындағы ботаникалық бақтарға қатысты ғылыми монографиялар мен әдебиеттер, периодикалық басылымдардағы және ғылыми журналдар мен интернет мәліметтері пайдаланылды.

Зерттеудің әдістері диплом жұмысындағы міндеттерді шешу барысында география мен экология ғылымындағы системді әдіс, салыстырмалы геоэколо- гиялық сипаттау және картографиялық әдістер қолданылды.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан және 5 параграфтан, қорытындыдан тұрады. Жалпы мазмұны     қолжазба бетте баяндалған, бір карта –сызба, 4 кестеден тұрады.

Бірінші тарауында қазақстандағы ботаникалық бақтар жүйесінің қалыптасу тарихы, экологиялық маңызы мен нормтаивті құжаттары анализденеді.

Екінші тарау республиканың региондарында орналасқан ботаникалық бақтарға сараптама жасалып, олардың болашағына қатысты мәселелерге арналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І . ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БОТАНИКАЛЫҚ БАҚТАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

  • Қазақстанның жалпы ботаникалық бақтары туралы мағлұмат

 

Қазақстандағы ботаникалық бақтардың құрылуы бұрынғы КСРО-ның тұсында басталды (3). Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде Қазақстанда бірде бір ботаникалық бақ жоқ еді. КСРО тұсында республикада алты ботаникалық бақ құрылды. Оның алғашқы себебі еліміздің шөлейтті шөлді табиғаты қатаң аймақтарында пайда болып отырған елді мекенді пункттерді когалдандыру болатын. Бұрынғы КСРО-ның тұсында Қазақстан репсубликасының экономи- касының қауырт дамығаны белгілі. Жер қойнауындағы байлықтар алынып, жаңа завод, фабрикалары салынған үлкенді кішілі қалалар пайда болып, рес- публиканың географиялық картасында орын тебе бастады. Осы қала типті елді мекенді пунктерде адамның тұруына қолайлы табиғ экологиялық орта – көгалдандыру арқылы жүзеге асатыны белгілі. Әртүрлі географиялық табиғат зоналарындак көгалдандыру жұмыстарын бастамас бұрын әуелі ботаникалық бақтарда ағаштар мен бұталарды жерсіндіріп алады. Жерсінген ағаш пен бұта- лардың сорттарын қала мен ауылдарға отырғызұға ұсынады. Осы тұрғыдан алғанда ботаникалық бақтар ғылыми сынақ полигонына ұқсас. Өсімдердің фенологиялық байқауы стационарлы ботаникалық бақ жағдайында жүргізіледі. Мұнда өсімдіктердің физиологиясына қатаң ғылыми зертеу жұмысы жүргізі- леді. Уақыт пен табиғат жағдайына бейімделіп өскен өсімдіктерді ғана қалалар- да өсіреді.

Алғашқы Алматы ботаникалық бағы Алматы қаласында Қазақ ССР-нің Ғылым академиясында осыдан 70 жыл бұрын құрылды.  Осы күні бұл өте ірі ғылыми-зерттеу орталығына айналған (6). Республика және дүние жүзі бойынша өсімдіктерді жерсіндірү (интродукция) мен акклиматизация (бейімделү) бағытында жұмыстарын кординациялайды. Республиканың ботаникалық бақтарындағы ғалымдардың ерен еңбектерінің арқасында ыстық, құрғақ шөлейт пен шөл далаларда көк жасылға бөленген қалалар мен ауылдар пайда болды. Қалаларда тамаша парктер, аллея мен скверлер өсіп, жанға жайлы мик- роклимат жасап тұр. Кейінгі жылдары ботаникалық бақтар Қарағанды, Жезқазған, Лениногор, Бақанаста, Ақтауда дүниеге келді.

Ботаникалық бақтарды орналастырғанда географиялық зональды заңды- лықты басшылыққа алды: Шығыс Қазақстанда – Алтай, Орталық Қазақстанда – Қарағанды мен Жезңқазғанда, Батыс қазақстанда Ақтауда, Жетісуда Іле, Сол- түстік Тянь-Шань тауында (Іле Алатауы) – Алматы ботани- калық бақтары ор- наласақан.

ХХ- шы ғасырдың 80-90 –шы жылдарынан бастап дүние жүзінде ботани- калық бақтардың атқаратын функциясы сапалы өзгерістерге ұшырады. Жер бет -індегі биологиялық әралуан түрлерді қорғау мәселесіне байланысты ботаника- лық бақтар енді сирек өсімдіктерді қамқорлыққа алатын ерекше қорғалатын та- биғи территорияға айналды (7,8).

Алғашқы ботаникалық бақтың құрылуы бұрынғы КСРО-ның Ғылым академиясының 1932 жыл ашылған ботаникалық секторының Қазақстандағы базасының қызметімен тығыз байланысты. Оны басқарған белгілі совет флористері Б.К  Шишкин, кейіннен  М.Г Попов және Н.В. Павлов болды. КСРО – ның Ғылыми Академиясының Ботаникалық Институты  (БИН АН СССР) көмегімен Алматы ботаникалық бағы  1932 жылы қарашада айында құрылды. Арнайы ғылыми қызметкрлерден құрылған ортада бөлім меңгерушісі профессор Н.П.Ильиннің басшылығымен алғашқы ағаш өсімдіктер коллекциясын жасау ісі басталды. Сәндік (декоративті) ағаштар мен бұталар мен көпжылдық дәрілік өсімдіктерді ассортиментін зерттеген (9,10,11).

Қорытынды. 1. Қазақстан Республикасында ботаникалық бақтар ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап құрыла бастады. Ботаникалық бақтардың құрылуының негізгі мақсаты, елді – мекенді пункттер қалаларды ауылдарды жаппай когалдандыруға байланысты ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізү болған.

  1. Қазақстандық ботаникалық бақтардың ұйымдастыруларында орыс ботаник флорист ғалымдары Б.К Шишкин, М.Г. Попов және Н.В. Павлов-тар үлкен еңбек сіңірді.
  2. Қазақстанда ботаникалық бақтарды құру идеясын көтеріп, оны жүзеге асыруда зор еңбек жасаған Қазақстан Ұлттық Академиясының алғашқы президенті Қаныш Имантайұлы Сатпаев болатын.

 

1.2. Ботаникалық бақ – ерекше қорғалатын табиғи территория.

 

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар немесе территориялар экологиялық, ғылыми және мәдени тұрғыдан алғандағы ерекше құнды объектiлерi бола отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық байлығы болып табылады.  Заң ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметiнiң құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.  Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұғымы —  құқықтық қорғау режимi бар не мемлекеттiк табиғи-қорық қорын сақтау мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн шаруашылық қызметi режимiмен реттелетiн жер, су, орман және жер қойнауы учаскелерi. Осындай табиғи құндылықтардың бірі — мемлекеттiк ботаникалық бақтар. Ол Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи территориялары» Заңының 14 тарауындағы баптарға сәйкес құрылады (12). Заңның  56-бабына сай  мемлекеттiк ботаникалық бақ деген ұғымға төменде -гідей  анықтама беріледі.

  1. Мемлекеттiк ботаникалық бақ — өсiмдiктер дүниесiн қорғауға, молықтыруға және пайдалануға арналған, табиғат қорғау және ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң мәртебесi бар және өңiрлер бойынша сараланған қорғау режимiндегi ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
  2. Мемлекеттiк ботаникалық бақтардың жергiлiктi және республикалық маңызы болуы мүмкiн.

Мемлекеттiк ботаникалық бақтарды өңiрлерге бөлу және оларды қорғау ерекшелiгі мемлекеттiк ботаникалық бақтарға тұрақты пайдалану үшiн белгiленген тәртiппен жер учаскелерi берiледi.

 Мемлекеттiк ботаникалық бақтар мынадай түрлерге бөлінеді:

1) экспозициялық — өсiмдiктердi егуге және оларды келушiлерге көрсетуге арналған;

2) ғылыми — ғылыми зерттеулер жүргiзуге арналған;

3) қорықтық — табиғи өсiмдiктердiң бiрегей, типтiк және сирек кездесетiн топтарын сақтауға арналған;

4) туристік — рекреациялық қызмет көрсетуге арналған;

5) әкiмшiлiк және өндiрiстiк-шаруашылық өңiрлерге бөлiнедi.

  1. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарда олардың мiндеттерiн орындаумен байланысты емес және оларда өсiрiлетiн өсiмдiктердiң жойылуына әкелiп соғуы мүмкiн кез келген iс-әрекетке тыйым салынады.

Мемлекеттiк ботаникалық бақтарда өсiмдiктерді өсіру:

  1. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар отандық және дүниежүзiлiк флораның табиғи және мәдени өсiмдiктер коллекцияларын қалыптастырады және олардың сақталуын қамтамасыз етедi.
  2. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар өсiмдiктермен импорттық және экспорттық операциялар жүргiзудi, оларды ботаникалық саладағы басқа мекемелермен айырбастауды жүзеге асырады.
  3. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарда коллекциялық және эксперименттiк учаскелер, гербарийлер, питомниктер және тұқым қорлары құрылады.

 

Мемлекеттiк ботаникалық бақтарды пайдалану ерекшелiктерi:

 

  1. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар белгiленген тәртiппен ғылыми, мәдени-ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылады.
  2. Мемлекеттiк ботаникалық бақтардағы ғылыми зерттеулер табиғи флораның бағалы, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн және жерсiндiрiлген дақылды өсiмдiктердi қолдан өсiру, тұқымын сұрыптау және көбейту саласында жүргiзiледi.

Мемлекеттiк ботаникалық бақтар ғылыми деректер банкiн, қорлар, мұражайлар, лекторийлер, кiтапханалар мен мұрағаттар құрып, ғылыми, ғылыми-көпшiлiк және осы мекемелер қызметiнiң мәселелерi бойынша басқа да әдебиеттер шығара алады.

  1. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар ұсынылған жерсiндiрiлген өсiмдiктердi және олардың қайталама түрлерiн халық шаруашылығына енгiзу мақсатымен өндiрiстiк сынақтан өткiзу үшiн шаруашылық эксперименттiк базалар құра алады.
  2. Мемлекеттiк ботаникалық бақтардың қосалқы шаруашылықтары, шеберханалары, өсiмдiктер сататын мамандандырылған дүкендерi және осы мекемелер бағдарына сәйкес келетiн шаруашылық қызметке қажеттi басқа да объектiлерi болуы мүмкiн.

Заңның 16 бабына сай ботаникалық бақтар құрамында Мемлекеттiк дендрологиялық парктер ұйымдастырылады. Мемлекеттiк дендрологиялық парктер деп:

  1. Мемлекеттiк дендрологиялық парк — табиғат қорғау мекемесiнiң мәртебесi бар және ағаш пен бұта тұқымдарын қорғауға, молықтыруға және пайдалануға арналған өңiрлер бойынша сараланған қорғау режимiндегi ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
  2. Мемлекеттiк дендрологиялық парктердiң жергiлiктi және республикалық маңызы болуы мүмкiн.

Мемлекеттiк дендрологиялық парктердi өңiрлерге бөлу және оларды пайдалану ерекшелiктерi

  1. Мемлекеттiк дендрологиялық парктерде өңiрлер мемлекеттiк ботаникалық бақтар сияқты мақсат пен қорғау режимдерi ескерiле отырып бөлiнедi.
  2. Мемлекеттiк дендрологиялық парктер мемлекеттiк ботаникалық бақтар сияқты тәртiппен және нақ сондай шарттармен ғылыми, мәдени-ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылады.

Мемлекеттік ботаникалық бақ пен дендропарктер аумағы  мемлекеттiк меншiкте болады, олардың  жер учаскелерi және оларда орналасқан объектiлерi жекешелендiруге жатпайды.

Ботаникалық бақтар мен дендрологиялық парктер төмендегі мақсаттарда пайдаланылады:

  • ғылыми;
  • мәдени-ағартушылық;
  • оқу;
  • туристiк және рекреациялық;
  • шектеулi шаруашылық мақсаттарында пайдаланылуы мүмкiн.

 

Қорытынды. 1. Ботаникалық бақтар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың бірі ретінде республиканың табиғи құндылықтары болып табылады;

  1. Ботаникалық бақтар мемлекеттік меншікте, жекешелендірүге жатпайды оның аумағында оның табиғатына зиян тигізетін барлық шаруашылық жұмыстары жүргізілүіне тиым салынады;
  2. Қазіргі таңда биологиялық алуан түрлі өсімдіктерді сақтаудың бірден бір орталығы. Аумағында ғылыми зерттеу жұмыстарымен қатар экологиялық білім мен тәрбие берү шараларын өткізуге рұқсат беріледі.

 

 

 

 

 

1.3. Ботаникалық бақтардың экономикалық және экологиялық

 маңызы

 

Қазақстан Республикасы табиғи  өсімдіктер қорына өте бай. Оның 2,7 млн шаршы шақырым  териториясында табиғи өсімдіктердің 5700 (бес мың жеті жүз) түрінен астамы кездеседі (14). Олардың ішінде 68 ағаштың түрі, 266 бұталар, бұта тектестер – 433, шөптесін өсімдіктерден 4000 түрлері. Пайдалы медициналық, азықтық және техникалық өсімдіктердің өзі 1200 түрден асады. Өсімдіктер әлемінің байлығы табиғаттың әр түрлі жағдайларына, күрделі рельефті болуына, климат жағдайларының әр түрлі болуына байланысты.

Өсімдіктердің көптеген түрлері мен формалары өздерінің биологиялық қасиеті және сапалылығы жағынан тамақ өнеркәсібінде, медицинада, ауыл шаруашылығында және де халық шаруашылығының басқа да салаларында қолданылады. Қазақстанның Ұлттық Ғылыми Академиясы өсімдіктердің пайдалы және жоғары декоративті қасиеттерін зерттей отырып, оның флорасын байытуда маңызды жұмыстар атқаруда (15,16). Ботаникалық бақтарда сынақтан өткен жүздеген декоративті ағаштар мен бұталар, мал азығы, дәрілік өсімдіктер және көгалдандыру мақсатында пайдаланылып келеді. Мысал,: Алматыдағы Орталық ботаникалық бақ өндіріске 700, Алтай ботаникалық бағы — 550, Қарағанды ботаникалық бағы — 500, Жезқазған ботаникалық бағы-350 және Іле ботаникалық бағы -80 өсімдіктердің түрлері мен сортарын өткізді.

Шөл және шөлейт жерлерді көгалдандыру үшін сәнді талдың тамарикстің, жүзгүннің, құм акациясының жоғары декоративті формалары таратылды. Ресей мен Қазақстанның кейбір аудандарында сапалы тағамдық өсімдік ретінде түрімен жергілікті форманы будандастыра отырып сарымсақтың Шоқпар деген тағамдық сортын шығарды.

Республиканың ірі қалалары мен облыс орталықтарындағы газондарды түрлендірү мақсатында — қызыл сұлы, далалық мятлик  деген түрлерін әрі тез өсетін әрі қатаң құрғақшылыққа төзімді болғандықтан көгалдандыруға осы өсімдіктерді ұсынады.Осы аталған өсімдіктердің тұқымдары Алматы облысындағы «Таугүл» совхозында өсіріледі.Қазақстанды жаппай көгалдандыру мақсатында интродукцияның нәтижесінде шет елдерден, атап айтқанда Солтүстік Америка және Қиыр Шығыстан ағаштар мен бұталар әкелініп біздің жағдайда өсіру қолға алынған. Оның ішінде әбден жерсіндірілген — қарағай, амур барқытыты, қытай лимоны, маака черемухасын айтуға болады.Қазіргі таңда көгалдандыру жұмысы республиканың әр түрі табиғи жағдайларында  жүргізіліп жатыр. Ұзақ сынақтан өтіп жатқан — қылқан жапырақты ағаштың түрлері. Бұларда жер жерде көгалдандыруда қолданыс табуда. Орталық ботаникалық бақта соңғы жылдары қылқан жапырақтылардың жергілікті жағдайларға бейімделуін және вегетативті көбеюдің тәсілдері анықталды.Орталық ботаникалық бақта топырақ және климат жағдайларының төзімділігін ескере отырып, Тянь-Шань тауларындағы бұталары мен ағаштарын өсіруге мүмкіндік алды.Гүлөсірушілер шетелдердің көрікті өсімдіктердің көптеген түрлерін ботаникалық бақтарда өсіріп, отандық  флораны көбейтті. Осы республикадағы ботаникалық бақтардың коллекциясында гүлді өсімдіктердің  4000-нан аса түрі өсіріледі.Олардың кейбір түрлері жергілікті жерге әбден бейімделген: раушан, пион, астра , бәй- шешек және т.б.Орталық ботаникалық бақтың селекционерлері К.Л.Сущков және М.В. Бессчестнова шай будандары және саябақ  раушан гүлінің  21- түрінің жоғары көрікті сапасын арттырды. Олардың көптеген шетелдік түрлерінен құрғақшылыққа төзімділігімен ерекшеленеді. Раушан гүлінің он бес түрі мемлекеттік түр сапасының сынағынан өткен , тоғыз түрі Алматы облысында жерсіндіріліп, ал алтауына жеке биологиялық түр ретінде авторлық куәлік берілді. Раушан гүлінің әсіресе мына түрлерінің маңызы өте зор. Олар –Қазақстандық Мерейтой, Іле Алатаулық, Алматыдан сәлем, Қыз-Жібек, Юннаката, Ботагөз деген түрлері.. Будандастыру арқылы пионның ақ гүлінің 10 түрін,  иристің 20 түрін және гладиолустың 20 жаңа түрлерін алды.Бұл гүл түрлері Қазақстанның әртүрлі климаттық зоналарында өнер кәсіптік сынақтан өтеді. Көгалдандыру шараларында кеңінен қолдану мақсатында Республиканың Ауыл шаруашылық Министірлігі мен комунальды — тұрмыстық шаруашылықтарына бұл түрлерді жаппай отырғызуға әр түрлі нұсқаулар жеке брошюралар ретінде басылып шығарылды (16,17). Алматыдағы Орталық және Қарағанды ботаникалық бақтарында үйде өсірілетін гүлдерінің биологиялық маңызы зерттеліп, оны көбейтүдің жолдары көрсетілді.Мемлекеттік мекемелермен үй ішін көгалдандыруға  гүлдердің 100 – ге жуық түрін анықтап, олардың бактерияларға қарсы күресе алатын қасиеттері мен бірге әдемілік сапасы туралы нұсқаулар дайындады.Ботаникалық бақтарда көп жыл бойы жеміс жидек ағаштарының түрлері зертелді, сондай-ақ жаңа сортардың шығарылуына байланысты зерттеу жұмыстары жүргізілді. Осындай зерттеулердің нәтижесінде Орталық Қазақстанда, Солтүстік және Оңтүстік Балқаш маңында және Алтай таулы аудандарында өсе алатын жеміс- жидектердің жақсы өнім беретін сорттары ұсынылды. Олар атап айтқанда: алма ағашының 10 сорты, алмұрттың — 4, қара өріктің — 8, жүзімнің — 6, шиенің – 6 және  қарақаттың – 4 сорты. Жидекті өсімдіктермен селекциялық жұмыстар жүргізілді. Жасанды және өздігінен тозаңдандыру жолымен құлпынай мен шиенің мол өнім беретін, төзімді сортарын шығарды.Өсімдіктердің тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігін тәжірибе арқылы зертеудің нәтижесінде, химиялық және физикалық мутагендердің әсерінен гладиолустың, астраның, Шабо қалампырының, грек жаңғағының сиреннің перспективті мутантты формалары алынды.Алтай ботаникалық бағы жергілікті дендрофлорадан 65 ағаштар мен бұталардың декоративті түрін таңдап алды, оның ішінде жиырмасы осы өңірді көгалдандыруда кеңінен қолданылды. Интродукцияның нәтижесінде көгалдан- дыруға мынадай өсімдіктер ұсынылған: ағаш тәрізділерден — тікенекті шырша, ұсақ жапырақты қара тал, үйеңкі, амур сирені, теректің түрлері, қайың, ал бұталардан таңқурай, қарақат және аморфа.Қарағанды ботаникалық бағы Орталық Қазақстанның өндірістік аудандары үшін ағаштар мен бұталардың іріктеуін жасады. Зерттеулер қорытындысы  табиғаты қатал бұл ауданға көгалдандыру үшін 49 түрлі өсімдікті ұсынады, оның ішінде 13 ағаш, 31 бұталар осы ботанико-географиялық ауданға төзімді болып табылды. Қылқан жапырақтылардың 8 түрі көгалдандыруғы ұсынылды. Қарағанды ботаникалық бағы қарағананның, рябинанның, сәнді талдың декоративті формаларын көбейту жұмысын аяқтады. Зиянкестердің биологиялық ерекшеліктерін тексеру нәтижесінде Қарағанды өндірістік ауданы үшін жасыл желектің ауруларына және зиянкестерге қарсы іс шаралар қарастырылды.Біржылдық гүлді өсімдіктер кәзіргі уақытта қалаларды гүлмен безендендіруде кеңінен қолданыс тапқан. Бұл мақсатта көп жылдық гүлді өсімдіктерден — қызғалдақ, пион, лилия, флонс,гладиолустар, георгина және раушан гүлдер көп қолданылады. Орталық қазақстанда жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жергілікті жағдайларда өсіруге төзімді деп – гладиоустың – 22 түрі  георгинаның — 17, раушан гүлдің – 107-і, сиреннің — 10 сортын өсіруге ұсынады. Жезқазған ботаникалық бағында интродукция жұмысының нәтижесінде өндіріске пайдалы өсімдіктердің сорттарының 300 түрін ұсынады. Оның ішінде ағаштар мен бұралардың 50 түрі, 200 түрлі шөптесін өсімдіктердің, 50 түрлі жеміс-жидектер түрлері ұсынылды. Жезқазған ботаникалық бағының қызметкерлері көптеген мал азықтық өсімдіктерді (дала жоңышқасы, эспарцет) газон түзуші өсімдіктерді (мятлик, сұлы, т.б),  тағамдық пияздардың (алтайлық, батун т.б) түрлерін зертеп өсіруге, көбейтүге ұсынды.

Іле ботаникалық бағы. Іле ботаникалық бағы физиологиялық және биологиялық сынақтың нәтижесінде Оңтүстік Балқаш маңындағы шөлдерді когалдандыру мақсатында  пайдалы өсімдіктердің 106 түрі мен сорттарын таңдап алды.Құмды шөлдің жағдайға төзімді деген 40 түрлі ағаштар мен бұталарды өсіруге ұсыныс береді.Жабайы өсетін жеміс-жидектерді мәдени өсімдіктермен бұдандастырудың арқасында жүргізілген жұмыстар олардан ортақ жақсы сорттар мен түрлерді таңдап шығаруға  мүмкіндік берді. Оның ішінде  17 түрлі жеміс ағаштары, 20 түрлі жидекті өсімдіктер, жүзімнің — 34 түрі бар Осы зерттеулер нәтижесінде  қазіргі кезде жоғарғы өнім беру жағынан ерекшеле- нетін жеміс-жидектердің 15 түрі, жүзімнің — 6 түрі өндіріске енгізіл- ген. Манғыстау түбегіндегі қалалар мен жұмысшы селоларын көгалдандыру проблемасы төтенше қиынға соғып отыр. Манғыстау түбегі өзінің қатаң климаты және табиғи құнары төмен топырағы арқасында өсімдіктерге өте кедей. Мұнда тамарикс, долана сияқты бұталы өсімдіктердің біраз түрлері ғана кездеседі.Ботаникалық бақтар республиканың қалалары мен жұмысшы селоларын көгалдандыру ісінде жұртшылыққа маңызды ғылыми-методикалық көмек көрсетіп отыр. Республикадағы ірі өндіріс орындарын және Астана, Алматы, Жезқазған, Қарағанды, Риддер, Ақтау т.б. қалаларын көгалдандыру үшін жыл сайын 0,5 млн.шамасында көшет материалдарын береді.Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылыми Академиясының құрамындағы ботаникалық бақтарда жыл сайын үнемі студенттердің және оқушылардың биологиялық практикалары мен рекреациялық серуендері өткізіліп тұрады. Мысалы, бір ғана Аламыт қаласындағы Орталық ботаникалық бағында  жыл сайын оқушылар қатысқан 450 экскурсия өткізіледі екен (18). Бұл мемлекеттік ботаникалық бақтардың қазіргі таңдағы ең бір пәрменді экологиялық білім мен тәрбие берүдің орталығына айналғанын дәлелдейді. Ботаникалық бақтардағы оранжереяларда біздің табиғатымызға ұқсамайтың тропикалық және субтропикалық өсімдіктердің экспозициялары жасақсталған.

Ең үлкен бір экономикалық және экологиялық маңызы, ботаникалық бақтарды сирек кездесетін өсімдік түрлерінің сақталуы, олардың ғылыми коллекцияларының жинақталуы. Еліміздегі алуан түрлі өсімдіктерді биологиялық түр терінде сақтауда жетекші роль арқарады.Қазіргі уақытта республика территориясында 9 қорық бар, мұнда түрлері азайып, жойылып бара жатқан өсімдіктер өседі, қорғаладыі. Қазақстан флорасы өзінің сирек эндемикті және реликті түрлерімен ерекшеленеді. Олардың 700-ден аса түрі бар, бұл дегеніміз республиканың бүкіл флорасының 12-13 %-ін құрайды. Эндемизм түр ішінде емес, туыс ішінде де байқалады. Тек Қазақстанда ғана  өсетін сирек реликті түрлері ежелгі геологиялық дәуірлердің   куәгері ретінде бүгінде ара кідік кездесіп қалады. Олардың қатарына Мушкетов курчавкасы, Ховен майқарағайы, Шренк тобылғытүсі, Регель қызғалдағы, қаратау лепидолф, жетісу недзвецкиясы, Траутфеттер строгоновиясы, бор маренасы, және тағы басқа түрлері кездеседі.

Ботаникалық бақтар өсімдіктердің биологиясын, экологиясын зерттеумен қатар сирек кездесетін түрлерді сақтауда үлкен роль атақарады. Осы күні республиканың ботаникалық бақтарында жүздеген өсімдік түрлері интродукцияланып, мәдени өсімдіктер қатарына енді. Олардың шаруашылық маңызы экономикалық тиімділігімен дәлелденіп отыр.

Қазақстанда өсімдіктердің азықтық, дәрі-дәрмектік және техникалық түрлері жеткілікті. Мысалы, сабынды тамыр, цитвар жусаны, солодка т.б. осындай дәрілік өсімдіктер жылда жаппай дайындалудың барысында, түр ретінде қоры азайып барады. Сондықтан өсімдіктерді қорғауды табиғи қорықтардан кейінгі екінші орында тұрған ботаникалық бақтар деп танылды.

1998 жылы Б.Л.Комаров атындағы Ресейдің Ботаникалық Ғылыми зерттеу институтында ТМД елдерінің ботаникалық бақтарының «Табиғи өсімдіктерді комплексті зерттеу және оны қорғау мәселелері» деген тақырыпта жалпы семинары болып өткен. 2000 жылы Санкт-Петербург қаласында ТМД елдеріндегі ботаникалық обьектілерді қорғауға арналған жиын болып өткен. Ал 2001 жылы Душанбе қаласында Орта Азия мен Қазақстанның ботаникалық обьектіліерін қорғауға арналған сьезд болды. Осы жоғарыда аталған ғылыми форумдарда табиғи өсімдік қорларын қорғау мен тиімді пайдалану мәселелері қаралды. Осы форумдардың қарарларына анализ берсек (19,20,21), төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:

  • Қазақстандағы өсімдіктер қорын зерттеп, оны қорғаудың ғылыми негіздерін тұжырымдау. Өсімдіктерді жеке түрлер емес табиғи ценоздары арқылы қорғау мәселесін көтерді.
  • Ботаникалық бақтардың көмегімен республиканың территориясында жасыл желектердің инвентаризациясын өткізіп, қала мен ауылдарда көгалдандыру шараларын одан әрі жалғастыру;
  • Республика халқының арасында өсімдік байлығын қорғау мен сақтау шарарларына арналған экологиялық білім таратушы лекторийлер өткізү. Өсімдіктерді қорғау тақырыптарына барлық ақпарат құралдары – радио, телевидение және газет журналдарды пайдалану.

 

Ботаникалық бақтарда сирек кездесетін өсімдіктердің генефондын сақтау мәселесін академик П.И.Лаврентьев көтерген болатын (19). Сондықтан табиғи қорықтар мен ботаникалық бақтардың арасындағы ғылыми байланысты тығыз орнату керек. Ондай байланыстыар төмендегі бағыттар бойынша жүргізілгені дұрыс:

— сирек және жойылып кетү алдында тұрған түрлердің өсетін ценоздарын бақтарға мейлінше табиғи жағдайға жақындатып жабдықтау;

— сирек және жойылу алдында тұрған түрлердің санын арттыру;

— сирек өсімдіктердің биологиясын табиғи жағдайда зерттеп, көбейтү шараларын іздестіру;

— шаруашылық маңызы бар өсімдіктерді одан ары зерттеу, олардың пай- далы қасиеттерін анықтау;

— ботаникалық бақтарда жинақталған сирек өсімдіктерге комплекстілі зерттеу жүргізіп, олардың жасанды жағдайдағы тіршілік жағдайын анықтау.

Табиғи қорықтар мен ботаникалық бақтардың арасындағы байланыс өсімдіктердің ауруын қоздыратын жәндіктерді және микроорганизмдерді зерттеу, өсімдіктердің қорғаныш функциясын анықтау. Ботаникалық бақтарда өсірілетін өсімдіктермен жергілікті паразит өсімдіктері арасындағы қарым –қатнас мәселесіне көңіл бөлү керек.

Ботанкиалық бақ жағдайында өсімдіктерге әсер етіп отырған антропогенді факторды зерттеу, әсіресе ірі қалалар төңірегінде комплекстілі зерттелегні қажет. Себебі қалалардың айналасында табиғи өсімдік ценоздарын қалпына келтірү маңызды жұмыстың бірі.

Бақтар мен табиғи қорықтардың өзара бірігіп атқаратын жұмыстары экономикаға тиімді практикалық маңызы бар өсімдік түрлерін таңдап алып, көгалдандыру шараларына енгізүге мүмкіндік береді. Ботаникалық бақтар табғи қорықтар мен шаруашылықты игерілген территориялар арасындағы байланыс звеносы бола алады, сонда ғана қорықтарда сақталып, қорғалып отырған түрлерді шаруашлық қажетін жылдам алып келүге болады.

Қазақстанның ботаникалық бақтарында Қызыл кітапқа кірген сирек түрлердің бай коллекциясы жасалған. Мысалы Алматы бағында Халықаралық, бұрынғы КСРО-ның және Қазақстанның Қызыл кітаптарына енген қызғалдақтың 57 түрі сақталған (20). Әртүрлі қызғалдақатрады (тюльпандар) өзара будандастыра отырып, оның тамаша жаңа түрлері шығарылуда. Мысалы бір ғана Кауфман қызғалдағының 70 түрлі перспективалық формасы шығарылған.

Шөлді аймақтарда құм көшкіндеріне тосқауыл болатын биік қалың етті эремурус деген  өсімдік әдемі гүлінің арқасында табиғатта жойылуға мәжбүр болған. Әркім бір тамырымен жұлып алғандықтан саны сиреп, жойылу алдында тұрған еді. 1976 жылдан бастап осы өсімдікті Орталық ботаникалық баққа әкеліп көбейту шарараларын жүзеге асырды (21). Бұл өсімдіктің қазір ботаникалық бақта 34 түрінің коллекциясы жинақталған. Оның 3 түрі Қызыл кітапқа кіреді.

Қорытынды. 1. Қазақстанның ботаникалық бақтары топырақ пен климаттың географиялық зональды заңдылығына сай ұйымдастырылған;

  1. Ботаникалық бақтарда жергілікті жердің өсімдік түрлері мен қатар алыс шалғай аудандардың өсімдік түрлері өсіріліп сынақтардан өткізіледі. Интродукциялық жұмыстар арқасында жасыл ормандары тапшы орталық және оңтүстік, батыс облыстарда құрғақ, ылғалы аз, қыстағы аязға да төзімді 60- тан астам ағаштар мен бұталардың түрлері сынақтан өтіп өндіріске ұсынылып отырған.
  2. Қазақстанның ірі қалаларындағы – Астана, Алматы, Қарағанды т.б. облыс орталықтарында гүлзарларға арнап газонды шөпті өсімдіктер мен гүлдердің 100 аса түрлерін ұсынды.
  3. Қазақстан жеріндегі дәрілік және жем-шөптік азықтық өсімдік түрлерін зерттеп, олардың пайдалы қасиеттерін ауыл шаруашылығында кеңінен пайдалануды ұсынды.
  4. Қазақстан халқының 50 % — тен астамының қалаларда тұратынын ескерсек, ірі қалаларда тұрғындарға қолайлы рекреациялық орта қалыптас- тыруда ботаникалық бақтарда жүргізіліп отырған интродукциялық және акклиматизациялық зерттеу жұмыстарының маңызы өте зор. Адамдардың тіршілігіне қолайлы елді мекенді пункттерде экологиялық орта қалыптастыру – үлкен әлеуметтік маңызы бар шаруа. Осы тұрғыдан алғанда ботаникалық бақтардың шаруашылық және экономикалық маңызы күннен күнге арта беретіні сөссіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БОТАНИКАЛЫҚ

БАҚТАРЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯСЫ

 

2.1 Құрғақ дала табиғат зонасының ботаникалық бағы

 

Жалпы дүние жүзілік іс тәжрибеге сүйенсек отаникалық бақтар геогра- фиялық зональды заңдылықтарға сай орналастырылады. Қазақстан Республи- касында да бақатр топырақ пен климаттың зональды жағдайын ескеріп ұйым дастырған болатын. Сондықтан еліміздегі экономикалық маңызы зор болып отырған бақтар табиғат зоналары бойынша топтастырып қарастырамыз.

  1. Құрғақ дала табиғат зонасы;
  2. Шөлейт табиғат зонысы;
  3. Шөл табиғат зонасы;
  4. Таулы облыстар.

Осы жоғарыдағы республика жеріндегі табиғат зоналары бойынша орналасқан ботаникалық бақтар келесі ретпен топтастырылады:

— Құрғақ дала зонасында Қарағанды ботаникалық бағы.

— Шөлейт табиғат зонасында  —  Жезқазған  ботаникалық бағы.

— Шөл табиғи зонасының бақтары – Ақтау және Іле ботаникалық бақтары.

— Таулы облыстардағы ботаникалық бақтарға – Орталық немесе Алматы және Алтай ботаникалық бағын жатқызамыз. Республика жеріндегі ботаникалық бақтардың ботанико-географиялық сипатын осы ретпен береміз

Қазақстанның құрғақ дала зонасы репсубликаның территориясының 11 пайызын алып жатыр. Батыста Торғай-Төрткүл өлкесінен  бастап шығыста Ер тіс өзені аңғарына дейінгі аралықта созылып жатыр. Бұл табиғи зона Қазақс -танның экономикасы қауырт дамыған аймағы болып табылады. Индустриаль- ды Қарағанды –Теміртау, аграрлы ауыл шаруашылықты Ақмола, Қостанай облыстары орналасқан. Республиканың саяси — әкімшілік орталығының астана қаласына көшірілүіне байланысты табиғат өонасында табиғатын игерү мен қорғау мәселесіне үлкен беріліп келеді. Құатты Қарағанды – Теміртау өнеркә- сіпті торабы бар Орталық Қазақстан  экономикалық ауданының урбандалу дә- режесі өте жоғары. Мұнда халықтың 84,2  пайызы қалалы елді мекенді пункт- терде тұрады (22). Орталық Қазақстанның табиғаты өте қатал, жерінде табиғи өскен ормандардың қоры өте аз. Сондықтан тау – кен өнеркәсібі дамыған қала -ларда, қала типті поселоктерді көгалдандыру мәселесі минеральды шикізатты игерүмен қатар көтерілген болатын. Табиғи өсімдіктердің ассортиментін арт- тыру мақсатында, акклиматизация мен итродукцияны жүргізү мақсатында Қарағанды ботаникалық бағы құрылған болаты.

Қарағанды ботаникалық бағы. Қазақстан Ұлттық Ғылыми академисяна қарайтын   Қарағанды  ботаникалық  бағы    жергілікті басқарушы органдардың,  мекемелердің  өтініші  бойынша   республиканың  үлкен  өндірістік  орталығында  1940  жылы  ашылды.  Қаланың  оңтүстік-батысында  орналасқан, жалпы ауданы  50 гектар  жерді  алып  жатыр.

Ботаникалық бақ  аймағы    теңіз  деңгейінен  500м  биіктікте,  Орталық  Қазақстанның  құрғақ  жусанды  даласында  орналасқан.

Бұл  аумақтың  ауа-райы   континенталды,  жауын — шашыны  көп  емес.  Көп  жылдық  бақылаулар  бойынша  орташа  көлемі  198  мм ді  құрайды,  кей  жылдары  140  тан  260-290  мм-ге  дейін,  ең  көп  жауын  жабқан  кездер  шілде  айы.  Бір  жылдық  ауа-райы температурасының     ауытқу  амплитудасы  87,3 о  ке  дейін  жетеді. Ауа-райының  ең  жоғарғы  нуктесі  +46,0 о,  ең  төменгі  нүктесі  -45,0 о.  Орталық  Қазақстаның  ауарайы    үнемі   жел,  ал  жазда  құрғақ  жел.  Бақтық  топырақ жамылғысы ашық каштан —  қызғылт түсті,   құмды,  аса құнарлы  емес. Қыста топырағы  0,4-2 м  тереңге дейіе тоң болып  қатады,  ол  қардың  қалыңдығына  байланысты.   Сонымен,  негізгі  көрсеткіш- тер  бойынша  аумақтың  климаттық  жағдайы  өсімдік  өсуге  жағдай  жақсы  деп  айта  алмаймыз.

Ботаникалық  бақтың  басты  мақсаты   жергілікті  өсімдік  дүниесін  зерттеу  болып  табылады,  Қазақстанның құрғақ дала  жағдайында ауыл шаруашылықтың жаң түрлерін  өсіру  үшін  жаңа  өсімдіктерді  еңгізу  және  оларды  өндіріске  қосу.

Ботаникалық  бақтың  32  га –да құрылуының  бірінші  жылдары   ағашты-бұталы  өсімдіктерден,  жеміс-жидектерден  және  шөптектес  өсімдіктерден  тұратын   болды.  Өсімдіктер қауымдастығын  жинау  ісінде үлкен  шаруалар атқарған ғалымдармен  жұмысшылардың ішінде  Г.М. Потапов,   М.А. Логви- ненко,  Г.В.Григорьев,  А.Г. Разба,  Г.М.Кнорре,  П.П. Гильцендегер,  В.Г.Катышевцева,  Е.Э. Риклэфс,  Ж.Н. Корнейчик  және  қазір  жұмыс  істеп  жүрген  қызметкерлер  Э.С.Калугин,  Г.С.Ситникова,  Е.В.Жолобова,  Р.Н.Евдо- кимова,  А.Ф.Сатеев, А.И.Кучмий т.б. атауға болады.

Осы күні ботаникалық  бақта  35  адам  жұмыс  істейді,  оның  ішінде  3  ғылым  кандидаты,  5  кіші  ғылыми  қызметкерлер  және  18  ғылыми  техникалық  жұмысшылар.  Олар  жергілікті  және  басқа  жерден  әкелінген  өсімдіктерді  интродукциялау  және  зерттеу  бойынша  үлкен  жұмысты  атқарады. Және  де  оларды  өндіріске  еңгізу  бойынша  жұмыс  атқарды.  Қарағанды  ботаникалық  бақтың  өсімдіктер коллекциясы  талды-бұталы  және  шөптектес  өсімдіктердің  2612  түрінен,  сұрыбынан  тұрады.  Орталық  Қазақстанның  өсімдіктерін  зерттеу  нәтижесінде  құмды  эспарцеттің,  синегибридті  люцернаның,  костра  безостого,  житняктың   тиімді  түрлері  анықталды.  Табиғатта жабайы өсетін 30  туысқа бірігетін өсімдіктің 140  түрі  интродукцияланған.  Олардың ішінде күрделі гүлділіер,  дәнді-дақыл,  бұршақты    тұқымдастарының  ішінен  шөптектес  өсімдіктер  толығынан  көрсетілген.  Табиғаттың  құрғақшылық   жағдайларына  төзімді  газонды  өсімдіктердің  түлерін  таңдау  және  зерттеу  жұмыстары  жүгізілуде.

Ботаникалық  бақта   Орталық  Қазастандағы  ең  үлкен  586  түрден  тұратын  31  тұқымдастарға  жататын  талды-бұталы  өсімдіктердің  дендрологиялық  коллекциясы  жиналған.  Бұл  коллекцияны жинауды  1941  жылы  дендролог — ғалым Г.М.Потапов  бастаған еді..  Ол  ұзақ  жылдар  бойы  осы  Қарағанды  ботаникалық  бағының  директоры  болып  жұмыс  істеді.

Басында  коллекцияға    Орталық  Қазақстанның  жабайы  сүректі ағаштары  әкелінді.  Өсімдіктің  көп  түрі  Көкшетау  облысының  Бурабай  орманы  технмкумының  питомник-дендрариясынан  әкелінген.

Ботаникалық  бақтың  құрылған  кезінен  ағашты — бұталы  өсімдіктердің  1000-нан  астам  түрі  зерттелінді. Коллекцияның  көп  бөлігін   Солтүстік  Америка,  Сібір,  Шалғай Қиыр  Шығыс, шет елдік Орталық  Азия,  ТМД-ң  европалық  бөлігінен,  Қырым,  Кавказ  және  Батыс  Европа,  Қытай,  Жапония  өсімдіктері  құрайды.  Солтүстік  Америкадан  әкелінген  талды-бұталы  өсімдіктер,  жергілікті  жағдайларға  төзімділері  ланцетті  шетен,  виргин    мойылы,  золотистая  смородина,   анация  белая,   ирга  колосистая,  ал  қылқан  жапырақтылардан    Батыс  туясы,  Шалғай  Шығыс  өсімдіктерінің  ішінен  гиннала  үйенкісі,  амур  сирені,  Саржент  калинмсы,  моршинистая  роза,  ТМД-ң  европалық  бөлігінен  ақ  және  қара  терек, жайдақ қарағаш әкелінді.

Ал  бұталы  өсімдіктерден   барбарис,   қарапайым  барбарис өседі.Жергілікті  өсімдіктердің   ішінен  қызықтысы  сүйелді ақ қайын,  Бонгарда  қараганы,   Қытай  үшкір  жапырақты  тал,  қарапайым  мойыл,  миндаль және т.б.

Орталық  Қазақстаның өнеркәсіпті  қалаларын,  тұрғын  үйлерін,  елді  мекендерін когалдандыру мақсатында  100 ге  жуық  түрлі өсімдік таңдап алынды,  оның  ішінде  40-ғы  сүректі ағаш түрлері.  Оларға  жапырақты  терек,  қайын,  үйенкі  жатады,  ал  қылқан  жапырақтыларға  —  қарағай,  май қарағай,  шырша,  туя.

Бұталы  өсімдіктерден  ерекше күтімді талап етпейтін  барбарис,  долана,  шетен,   итмұрын,  караган,  калина, арша ұсынылды.

Ботаникалық  бақта  баяу  өсетін  өсімдіктердің   биологиясын  зерттеу  жұмыстары жүргізілді  (қайын,  Сібір майқарағайы, сүйелді ақ қайың). Ағаштарды  отырғызудың  мерзімдері  бекітілген,  сүректілер  және  бұталы  өсімдіктерді  өсіруге  арналған  агротехника  сынақтан өтті.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Аккадемиясының Қарағанды  ботаникалық  бағы  Орталық  Қазақстанда  гүлзарлар өсірүге    көп  көңіл  бөлінуде.  Бақ  қызметінің  алғашқы  кездерінен  бастап  гүлдердің  түрлері сұрыпталды, соның нәтижесінде  2000  астам  түрлері  зерттелді.  Сәнді  гүлдердің  коллекциясы  құрылды. Коллекция көп  жылдық,  бір  жылдық,  шөптектес  өсімдіктердің  860  түрлерден тұрды.  Көп  жылдық  өсімдіктердің  ішінен  — гладиолустың  150  түрі,  георгинаның  100  түрі,  бір  жылдық  өсімдіктердің  ішінен  —  астра,  львиный  зев,  вербина,  цинния т.б.

Райхан  гүлін  жинау  және  зерттеулер  1946  жылы  бастады.  Оны  Гильцендеггер  бастады.  1946-1961  ж.ж. ботаникалық  бақта  165  сұрыбы  зерттелді,  оның  ішінде  77-сі  гүлзарларға  ұсынылды.

1967  жылы  әлемнің  субтропикалық  және  тропикалық  өсімдіктерін  өсірүге  арналған  экспозициялық  оранжерея  соғылды.  Ол  төрт  бөліктен  тұрды.  Әр  бөлімге  сәйкес  келетін  микроклиматы  бар.  Оранжереяда  500 экзотикалық  астам  өсімдік  бар. Оның  ішінде  мексикалық  және  Оңтүстік  Американың  өсімдіктерінің  түрлері,  Оңтүстік  Африканың  суккуленттері  (алое,  малочайное,  толстянковые) түрлері бар.

Оранжереяның  орталық  бөлігінде  пальмалар,  Солтүстік Америкалық  қылқан  жапырақтылары мен  жапондық  криптомериясы т.б. өсіп тұр.

Оранжереяда    ылғалды  субтропиктік  және  тропиктік  өсімдіктердің  түрлері –монстера,  пеперомии,  аспарагус,  фикус  өседі.  Ал  су  жағалауында  өсетін  өсімдіктердің  ішінен  -лилия,  циперус,  эфиоптық  калла.

Экспозициялық  оранжерея  жыл  сайын  жаңа  өсімдіктермен  толықтырылып отырады.  Жақын  арада  өсімдіктер  саны  400  ге  артты.  Сонымен қатар Қарағанды  ботаникалық  бағында  жеміс-жидек  өсімдіктерін сынау,  зерттеу  жұмыстары  жүргізілуде.

 

2.2. Шөлейт табиғат зонасының ботаникалық бақтары.

 

           Шөлейт табиғат зонасы Қазақстанның  дала және шөл табиғат зоналарының арасындағы өтпелі зона. Шығыста Зайсан ойпатынан бастап, Сарыарқаның оңтүс тігін, Торғай өлкесінің солтүстігін қамтып Каспий  бойындағы ойпатты ала созы- лады.Шөлейт зонасының өсімдік жамылғысы аралас, комплекстілі сипат алады. Бірақ орманды алқаптары жоққа тән деседе болады, шоқ ормандар аласа таулардың етегінде немесе өзен аңғарларында селдір тоғай болып кездеседі. Сондықтан шөлейт зонасында пайда болған елді мекенді пункттерді және өндіріс орындары айналасын когалдандыру мақсатында зона аумағында Жезқазған ботаникалық бағы құрылды.

Орталық Қазақстан алуан түрлі минеральды шикізатқа, байлыкқа бай өлке. Пайдалы қазбалардан темір, мыс, марганец, полиметалл, боксит т.б. шоғырланған. Әлемдік түсті металлургия астанасы – Жезқазған ХХ-ғасырдың 30 -шы жылдарынан бастап қауырт игеріле бастады..

Бұл жерде үлкен шахталар қазіргі заманға сай құрал жабдықтармен, техникамен  жабдықталған шахталар, карьерлер, кен байыту фабрикалары, завод, т.б. өндіріс шоғырланған қалалар, қала типті поселктар пайда болды.

Қалаларда қолайлы жанға жайлы орта қалыптастыру мақсатында көгалдандыру жұмыстары жүргізілү қажет болды.Көп уақыт бойы  Жезқазғанды көгалдандыру жұмыстары қалайсыз болады, өйткені оның қалайсыз климат жағдайына байланысты болады. Бұған арнайы өсімдіктер, көпжылдық төзімді болуы тиіс, және эксперименттік жұмыстар жүргізілуде. Бұрынғы КСРО-ның ғылыми Академиясының мамандары 1939 жылы Жезказғанды ауыл шаруашылық тұрғыдан игерүге, қала халқын азық түлікпен қамтамассыз етүге себеп болатын қосалқы шаруашылықтар ұйымдастыра бастады. Бірақ олардың жұмысын бірден алып кетү мүмкін болмады. Себебі, жергілікті жердің климаты құрғақ, суы тапшы, топырағы тұзды, әрі құнарды емес еді. Жаппай көк-өніс өсіретін шаруашылықтар дамытпас бұрын оны сынақтан өткізіп алатын полигон қажет болды. Осындай полигон қызметі Жезқазған ботаникалық бағын құрумен басталды. Бақтың басты бағыт көгалдандыру жұмысы болып табылады. Бұл үшін баққа әр-түрлі саладағы ғылымдар — агроном, орманшы, бақташы топырақтанушы, агрохимик, гидротехник т.б. жинақталды.

Бұрынғы КСРО-ның  топырақ  пен өсімдік жамылғысын зерттейтін ботаникалық экспедициясы Жезқазған шаруашылық ауданын зерттеуді бастады. Топырақ жамылғысын зерттеуді алғаш бастаған Қазақстанның Ұлттық академиясының кореспондент мүшесі  У.У. Оспанов деген топырақтанушы ғалым бастады.

1957 ж Қаныш Имантайұлы Сатпаев қалауымен Жезқазған ғылыми зерттеу базасында ботаникалық бақ құрылды. Ол әкімшілік тұрғыдан Қазақстанның ғылыми Академиясының құрамына қарады.

Ботаникалық бақтың алдына қойылған басты мақсат – сол  жердің климатына сай өсімдіктерді өсіру жолдарын қарастыру болатын. Жезқазған ботаникалық бағының бас директоры қызметін дендролог, биология ғылымының кандидаты Б. К. Скупченко атқарды

Жезқазған ботаникалық бағы. Жезқазған ботаникалық бағы Жезқазған қаласынан жеті шақырым жерде  Кеңгір өзенінің оң жағында (Сарысу өзенінің оң жақ саласы) орналасқан. Климаты континенттік өте құрғақтығымен ерекшеленеді, суы аз, жазы ыстық, қысы суық, сұр топырақты болып келеді. Ең суық айлары – қаңтар-ақпан. Орташа ай температурасы -14,6о   минимумы -43о  қарының қалындығы 4-40 см. Ол желтоқсаннан сәуірге дейін сақталады. Көктем қысқа және салқын болады. Жазда орташа температура +22,0 о ,  ылғалдылығы 36%. Кей күндері абсалютті максимумы +40 о  көтеріледі. Жылдың ішіндегі жылы кезеңнің ұзақтығы 120-140 күнге созылады. Суық күндер сәуір айында ғана бітеді.

Күзгі суықтау қыркүйектен басталады. Орташа жауын шашын 120 мм. Желдер ауа ылғалдылығын төмендетеді.

Жезқазған топырақ жамылғысы үш түрге бөліленді кәділігі, күлгін, толық дамымаған. Көбіне таралған топырақ жамылғысы кәдімгі қоныр (70%). Гумусына бай емес (1,8 – 2,1%). Топырақты құнарландыру кезінде үстінде грунт сулары 10 м.

Жезқазған ботаникалық бағы Бетпакдала оңтүстік шөлінде және солтүстік құрғақ шөлдерінде орналасқан.

Жезказған ауданы өсімдік жамылғысына кедей. Жусан, баялыш өсімдіктері көп. Сонымен қатар бүйіргін, тас бүйіргін, қара жусан, шаир,  қызғалдақ және т.б. өседі. Бұл жері сүректі ағаш – талдарға кедей, бұталардан — тобылғы, қараған, итмұрын т.б.

Кенгір – Сарысу өзендерінің аңғарында тал, жиде өседі. Ұлытауда ақ қайыңдар мен терек өседі. Жергілікті жердің өсімдіктерін Жезқазған ботаникалық бағында интредукциялау жұмыстары жүргізіле бастады.

1939-1953 жылдар арасында  көгалдандыру, бау-бақшаның мәдени сорттары – жүзім, алма, өрік, шие т.б. өсіру сынақтан өтті.

1957жылдан бастап Үлкен Жезказғанды көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Интродукция жүргізу барысында қиындық тұғызғаны топырақ пен климаттың жағдайының қалайссыздығы. Сондықтан ғылыми зерттеу жұмыстары ерекше ұқыптылықты қажет етті. Өсімдіктерді сынау барысында, ағаштардың 314 түр когалдандыруға берілді. Экзотикалық ағаш түрлерінен – Сібір майқарағайы, емен, америка үйеңкісі, татар үйеңікісі, жылаңқы тал т.б.

Ботаникалық бақта  Солтүстік Америка, Европа, Қырым Кавказ, Сібір және Қиыр шығыс, Шығыс Азия, Орталық Азияның өсімдіктерінен тұратын түрге бай дендрарий жасақталған. Бұл ағаштарды өсіру үшін топырақты алмастыру қажет болды.

Солтүстік Америка өсімдігі сол жердің жағдайларына толық бейемделе қойған жоқ, сыналған 39 түрдің жартысы құрап кетті. Көпшілігі зиянкестердің арқасында жойылды не суыққа шыдамады. Орталық Азия және Қазақстан басқа аумақтарынан әкелінген өсімдік түрлері қысқы суыққа және шөлге төзімді балып келеді. Дендрология коллекциясында раушан гүлінің — 72түрі, тюльпанның — 44, бұршақтың- 32, қарағанның- 26, барбаристің -22, талдың-19, аршаның-11 түрі жерсіндірілді.

Биологиялық ерекшеліктердің зерттей отырып оның ішіндегі көгалдандыру жұмыстарына мына ағаштар — қайың, қаратал, көктерек, жиде, қарағаш, бұталардан — барбарис, долана, сирень, тамарикс, қарақат  ұсынылды. Үйеңкінің ботаникалық бақта 9 түрі оның ішінде 5 түрі қаланы көгалдандыру жұмыстарына қолайлы деп табылды. Олар ерекше әсем формасымен өсетендігімен ерекшеленеді.Теректің екі түрі — жасыл және пенсильван түрлері құрғаққа төзімді болады.

Жезқазған ботаникалық бағындаа 40-н астам жергілікті жердің өсімдік түрлері өсіріліп жатыр. Көгалдандыру жұмыстарына жергілікті жердегі өсімдіктерді ұсына бастады. Сонымен қатар бақта азықтық маңызы бар шөптесін өсімдіктер мен жұмыс жүргізілуде. Осы күні ботаникалық бақта 900 астам түрлі шөптесін өсімдік өседі, оның 250 -і Қазақстан флорасының өсімдіктері. Одан да кең тараған түрі  (257түр) бұршақ (190), лилейные (87) одан да қалайлы, интродукциядан өткен шолді өсімдіктер Қазақстанның Сібір шөптесін өсімдік шолді, пырей опушенный, изен сары люцерна, эспарцет. Оның жемістігі астықты жағы биологиясы зерттеледі. Келтірілген жұмыстар Орталық Қазақстан шөлді жерлерінде жабайы шөптерді өсіру көзделіп отыр. Ол мал шаруашылығына арналады. Кобіне жұмыс сай шөптерге жүргізіледі. Ботаникалық бақта 200 түрі бар. Көбіне шөлге, овсяниц, қызыл – ақ полевицасы жатады.

Жезқазған ботаникалық бағында гүлді өсімдіктер түрлері жиналды. Ботаникалық бақ өзінің қорын Орталық Азия Қазақстаннан әкелінген көшеттерін әкелу арасында толықтырды. Гүлдер коллекциясында 1300-ге тарта түр жиналған. Оның  435 –і көпжылдық өсімдіктер, 150-і бір жылдық өсімдіктер. Бақта  жылы оранжерея салынған, онда 187 гладиоус, 166 қызғалдақ, раушан гүлінің 105 түрі өсіріледі..

Осы гүлдердің өсуін, дамуын зерттеу арқылы сол жерге қалайлы тән өсуін зерттеп білу арқасында түрлі сортын түрлерін шығаралды. Сол зерттелген өсімдіктер Жезказған үшін жауқазын, роза, қызғалдақ, нарцис, лилейники, пионы, астра, гвоздала т.б. Сонымен қолайлы гүлді өсімдіктер: георгины, лилии, рудбекия, аспарагус, жаздық – астра қытайлық, шалфей, т.б. Бұл өсімдіктер Жезқазған қаласын гүлдендіру көгалдандыру жұмыстарында қолданады. Сонымен көбіне көңіл бөлінген гүлдер гладиолустар болды. Оның 170 астам түрі белгілі. Сонымен көктемде, күзде сірілетін түрлері шығарылады. Сонымен қатар ерте өсімдіктердің шығуы ерте гүлдеді шығарылды. Бірақ барлық түрі қысқа таман гүлдемейді. Мысалға айта кетсек агератум, бархатцев тік тұрған вербен, гелиотроп, сольвий т.б.

Осы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде гүлдердің сол жерге қолайлы екені дәлелденді. Жезқазған жеріне бейімделуі жұмыстары жүргізу арқасында болады. Бұл жерде 10-30 күн бұрын ерте гүлдейді. Басқа түрлері ол жерге қалайсыз бейімделген гүлдену процесі әлсіз жүреді.

Ботаникалық бақта жеміс беретін өсімдіктермен жұмыс жүргізіледі. Қазіргі кезде 200 астам түрлі жеміс ағаштары бар: алма – 108, алмұрт – 5, алша – 7, шие — 7, қарақат – 40, крыжовник – 14, жүзім – 9 түрі өсіріледі.

Жемістердің түрлерін Жезқазғанда өсірілетін алма түрлері: шафран Солтүстік, Таежный Мичурина, Багрянка Кащенко, Анисик Омский смородинаның: сары. Крандаль, қара крандаль, қызыл, қара неаполь түрі алша 15 форма түрі бар.

Ботаникалық бақта хлороза деген өсімдік ауруына қатысты  жұмыстар жүргізілді, оны жою үшін осы жұмыс барысында осы ауруға төзімді түрлері анықталды ( Красноярс будан алмасы,  Мичурин, Ансик және Омск сорттары бар).

Бұрындары Жезқазғанда ботаникалық бақ болмай тұрғанда бұталы жидектер өсірілмейтін. Ғылыми зерттеу жұмыстарының арқасында сол жерге қолайлы төзімді түрлері анықталып өсіріле бастады. Бау-бақша дақылдарынан  картоптың, қызымықтың, қарбыз, қауынның, құлпынай, малина, қарақат, жуаның сәбіздің түрлері өсіріүге мүмкіндік туды.Келешекте Жезқазған ботаникалық бағының ауданың кеңейту, зерттеу жұмыстарын тереңдету жұмыстары жоспарлануда.

 

2.3. Қазақстанның шөл зонасындағы ботаникалық бақтар

 

Республика жерінің 47 % территориясын шөл табиғат зонасы алып жатыр. Батыста Каспий бойы ойпатынан бастап шығыста Жоңғар Алатауы мен Солтүстік Тянь-шань тауларына дейінгі аралықтағы жазық жер бедерін қамтиды. Шөлдер аналық тау жыныстарының құрамына қарай құмды, сазды және тасты болып бөлінеді. Олардың арасында сортаңдар мен сорлар жиі ұшырасып отырады.Экономикалық тұрғыдан алғанда Батыс және Оңтүстік Қазақстан экономикалық аудандарының аумағын қамтиды. Халықтың жиі қоныстанған аймағы, мұнда республика халқының 41,1 пайызы тұрады. Өнеркәсіпті және ауыл шаруашылығы қатар дамыған аудандар. Жер қойнауында минеральды шикізаты мол болғандықтан тау – кен өндірісі дамыған. Атап айтқанда мұнай, газ, полиметалл, фосфорит кендерінен өнім алатын индустрияльды аймақ. Рсепубликалық маңызы бар оңтүстіктегі астана – Алматы, Талдықорған, тараз , Қызылорда және Шымкент орналасқан. Осындай урбандалған территорияда жаппай когалдандыру шараларын іске асыру мақсатында  – Маңғыстау және Іле ботаникалық бақтары құрылған болатын.

Манғыстау тәжірибелік ботаникалық бағы.Манғыстау тәжірибелік ботаникалық бағы 1971-1975 жж  аралығында  республиканың  халық шаруашылығы  бес жылдығының жоспарында Манғыстау түбегіндегі табиғи байлықтарын игеруге үлкен мән берілді. Бұл жерде Батыс Қазақстаның жаңа газ және мұнай өндірістік аймағы құрылды. Ақтау маңындағы бірнеше ескі балықшылар үйлерінің орнында қысқа мерзім ішінде жаңа қала  Шевченко бой көтерді, ол архетектурасы және ынғайлы құрылымы жағынан біздің еліміздегі ең тамаша қалалардың бірі болып есептелінеді. Манғышлақ жартыаралын өндірістік қарқынды игеру- онда бой көтеріп келе жатқан қалаларды және елді мекендерді көгалдандырудың қажеттілігін тудырды. Климаттың қатаңдығы топырақ құрамының тұздылығы және нашарлығы бұл міндетті жүзеге асыруды қиындата түсуде және осы аймақтың табиғи ерекшеліктерін кешенді түрде зерттеуді талап етеді. 1961 жылы ҚазССР-нің Ғылыми Академиясы маңындағы ботаникалық институтында өсімдіктерді акклиматизациялау және интродукциялау бөлімі ұйымдастырылды. Бөлім Манғышлақ жартыаралында жергілікті флораны ауқымды стационарлық зертеуде және әр түрлі топырақтың, климаттық зоналардың, ағаш-бұталардың түрлерін алғаш рет зерттеумен айналысты.

         Шевченко қаласында өзен маңында өсетін өсімдіктерді интродукциялау және көгалдандыру құрылысындағы ғылыми негіздеуді дайындау бойынша тәжірибелер жүргізілді.

         Анағұрлым қысқа уақыт ішінде экспедиция Манғыстау түбегін көгалдандырудағы негізгі мәселені шешті, ол аралға жаңа материалдарды енгізбей-ақ, жергілікті материалдарды қолдану, яғни анағұрлым төзімді өсімдіктерді бара-бара іріктеу және тексеру жайлы жұмыстар жүргізді.

         Сонымен қатар жергілікті шартқа сәйкес келмейтін бірнеше мәселелелер анықталды. Жартыаралды көгалдандыру құрылысы оның тәжірибелік тұрғысына байланысты сұрақтарды ғылыми дайындаусыз мүмкін еместігін көрсетті.

         Көгалдандыру құрылысы бойынша ғылыми-теориялық және тәжербиелік мәселелерін шеше алатын тұрақты ғылыми стационар құрудың қажеттілігі туды.

        СССР-дің Мемлекеттік Министрлер Кеңесінің Комитетінің шешіміне сәйкес ҚазССР-ң Министрлер Кеңесінің үкімі және ҚазССР-дің Ғылым Академиясының үкіміне сәйкес Гурьев ауданының Шевченко қаласында ҚазССР-дің Ғылым Академиясының Ботаника Институты негізінде 1971 жылы ҚазССР-дің Ғылым Академиясы Манғышлақ тәжірибелі ботаникалық бағы ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған ботаникалық бақтың негізгі тапсырмасы ол — Манғышлақтың шөл зонасындағы өсімдіктерді акклиматизациялау және интродукциялау бойынша теориялық мәселелерді дайындау; интродукцияланған өсімдіктердің қолайсыз топырақты-климаттық жағдайдағы биологиялық ерекшеліктерін танып білу (топырақтың тұздылығы, газ және т.б); Манғыстаудың өсімдік ресурсын танып-білу және шаруашылық түрлерін халық шаруашылығының әртүрлі саласында қолдану; Манғыстаудағы өндірістік аймақтар мен елді мекендерді көгалдандыруда көмек көрсету.

         Манғыстау түбегінің климаты қатаң континентальды, яғни жазы құрғақ және ыстық, қысы суық  және қатаң. Түбекте жарық және жылу жеткілікті түрде; ауаның жылдық орта температурасы +11 градус, ауа температурасының абсалюттік максимумы +43 градус, абсолюттік минимумы -27 гадус, аязсыз кезеңнің ұзақтығы 214 күн жылдың орташа жауын-шашын мөлшері 140-150мм. Манғыстаудың ерекше белгісі,  жиі соғатын қатты шаң бораңды желі.

Топырағы сұрғылт-қоңырқай, әлсізсілтіліден бейтарапқа дейін, хлоридті- сулфатты тұздылығымен, механикалық құрамына қарай олар жеңіл және орташа суглинкаға жатады. 7-метрге дейін терендікте тамырлы түр жатады- сармат әгі, ол суға төзімді болып келеді, топырақты құнарландыру негізінде оны екінші мәрте тұздалуына бейім екендігін, және тұз деңгейінің жоғарлығы байқалғанды.

Беткі жағында өсімдіктің дамуында кедергі келтіретін және су-ауа режимін нашарландыратын тығыз топырақ қатқағы пайда болады. Грунт суы 10-12  мм терендікте жатыр, олар өте миниралданған (10-30г/л).

Жартыаралдың өсімдік жамылғысы қарапайым шөлді, көбінесе жусай, қурай өседі.

Ақтау қаласының ағашты-бұталы өсімдіктері өте жас, қаланың өзі сияқты. Алғашқы ағаштарды егу 1959 жылы басталды. Әкелінген ағаштардың әртүрлілігі ойда -жоқта болса, әрине олардың көбісі өспей, шықпай қалған, ал кейбіреуі сәнділігін жоғалтқан, тек тәжірибені ұйымдастырғаннан кейін анағұрлым төзімді ағаш-бұталардың көптілігін анықтау мүмкіндігі туды. Қазіргі таңда Ақтауда ағаш пен бұтаның 44 түрі жерсіндірілген. Олардың ішінде ең көп тарағаны ақ акация, Болле терегі, шабдалы, жасыл емен, бұталардан ең көп тарағаны – тамарикс, аморфа, долана, барбарис және т.б.

Қазақстанның Ғылым Академиясының Ботаника Институтының 1961 жылы ұйымдастырған экспедициясы 3 стационардан тұрды: Ақтауда, Өзенде және Тущиб елді мекенді пунктінде..

Он жыл ішінде экспедициясы «Қазақстанмұнайұйымы» Жаңа Өзендегі өндірістік мекемемен және Ақтау қаласындағы ұйымдармен бірге келісім бойынша бастауды Манғыстау түбегіндегі өсімдіктерді интродукциялау акклиматизациялау жұмысын өткізді.

Сонымен қатар жартыаралдағы өндірістік орталықтар мен елді мекендерді көгалдандыру құрылысы мәселесі қарастырылды. Көрсетілген мерзім ішінде экспедиция көгалдандыруға арналған сәнді өсімдіктердің көп түрі іріктеліп енгізілді, орман  қорықшалары құрылды, олар жартыаралдың мұнайшылар ауылының  жұмыстарын және қалаларды сапалы отырғызу материялдармен қамтамасыздандырды. Манғышылақ  экспедициясы зертеулерінің нәтижесін еліміздегі шөлді аймақтардың елді мекендерін және қалаларын көгалдандыруды жобалауда жобалау ұйымдары қолдануда.

Енгізілген көптеген өсімдіктердің ішінде тек кішкене ғана бөлігі Манғыстау түбегіні табиғатының аридті шартында екінші отанын тапты. Қолдағы бар 310 түрден, формадан және сұрыптан тұратын ағаш-бұталарының жиынтығының ішінде ең көбі Солтүстік Америка, Қытай, Жапония, Орталық Азия флорасының өкілдері. Қорықшалардың ауданы 7 га, териториясында дендропарк құрылған. Ол ландшафт-жүйелілік принциптері бойынша құрылған, оның негізінде түр бойынша кешендер жатыр. Бүл жерде ағаш-бұталарының, гүлді және басқа да шөптесін өсімдіктердің 200-ден астам түрі өседі.

Дендропарктің болашақта тек қана ғылыми зертеулерді жүргізетін база ғана емес, сонымен қатар жұмысшылардың демалыс зонасыболатынын ескере отырып, ол кәзіргі заманғы стильде шағын архитектураның компазицияларды енгізіп және басқа да ыңғайластыру элементтерін ескеру арқылы құрылған.

Дендропарк ағаш-бұталарының өсімдіктердің сәндік, қымбат түрінде өсірілетін жартыаралдағы бірден-бір жалғыз жер, онда Грифрит багрянигі, зизифус және т.б. өседі.

Ағаш-бұталық түрден басқа дендропаркте сонымен қатар сәнді-гүлді өсімдіктердін көп түрі берілген, олардың жиынтығы бір жылдықжәне көпжылдық 50 түрден тұрады. Көгалдандыру қорына енгізілген және кең ауқымды таралған гүлдер кездеседі.

Газон құруда және топырақ бетін жабуда қолданатын өсімдіктердің 82 түрі бор. Газонды шөптердің көптеген түрі ұзақ мерзімді вегетациялаудан өтеді, оның декоративті нәтижесінің ұзақтығы 200-250 күн. Жылы қарлы қыстарда төмендегі өсімдіктер жыл бойы вегетацияланады.

Қазіргі таңда Ақтауда және оған жақын өндірістік обьектілерді көгалдандыру құрылысында көптеген принципті мәселелер қарастырылған олардың көбісі тек қана қолайсыз топырақты климаттық жерлерде орналастырған.

Көк көшеттердің 40-60%мұндай жағдайларда 8-10 жасында тіршілігін жояды. Табиғат факторының мұндай ерекшеліктері (топырақтың тұздылығы, тұщы су көздерінің жоқтылығы, суармалы ауданның жетіспеулілігі) көк көшеттерді орналастыру және өсіруге көптеген қиыншылықтар туғызды.

Манғыстау ботаникалық бағы бұл осы аймақты көгалдандыру және өсімдіктану ісін игерумен айналысатын Батыс Қазақстандағы бірден-бір ғылыми мекеме болып табылады. Мұның құрылысы Шевченкада 1973 жылдан басталды. Қаланың Солтүстік- Батыс бөлігінен оған 40 га територия бөлінген. Мұнда мәдени флораның экспозициясы гүлді өсімдіктер бөлімі дендропарк және теплициялы-оранжереиялық кешен орналастырылды.

Ботаникалық бақтың негізгі экспозициясы ол дендропарк, ауданы 20 га ол ланшафты-жүйелік принципі бойынша соғылады.

Бұл жерде бақтың интродукциялық бөлімінде тексерістен өткен ағашты және бұталарлы өсімдіктер өсірілді. Мәдени флораның бөлімінде жеміс-жидек жемістерін, техникалық дақылдар және Жүзімнің әртүрлі сұрыпы көрсетілді.

Мәдени флораның экспозициясы бөлімінде техникалық және субтропикалық өсімдіктердің бес түрі көрсетілді. Манғышылақ ботаникалық бағының құрылысындағы негізгі бағыттарға сәйкес ғылыми зертеу және мәдени-ағарту тапсырмаларын жетісті шешу үшін лабараторияның және бөлімдердің келесі түрлерін ашу  көзделіп отыр.

Дендрология бөлімі- әртүрлі елдерден әкелінген ағаш және бұталы өсідіктерді интродукциялайды, ағаш және бұталы өсімдіктердің биологиясы мен экологиясын зерттеумен айналысады және көгалдандыруға анағұрлым түрлерін таңдап алады.Бөлімнің құрылымына енетіндер ол ағаш-бұталарының түрі экспозициясы интродукциялайтын бөлімше, мұнда интродуценттерді алғаш танып білу  және жинақтау жүргізіледі, орман қорғау бөлігі, сиренгарий және альпинарий. Гүл өсіру бөлімі – қоғамдандыру құрылымында гүлді өсімдіктердің қолдану мүмкіндіктері және биологиясының мәселелерімен айналысады. Болім грунтің ашық және жабық экспозициясынан түрады. Ашық грунд экспозициясында біржылдық және көпжылдық гүлді өсімдіктердің жиынтығы корневицалық  бөлімшелер және тәжірибелік бөлімше орналасқан .Жабық грунтті экспозициясында тропикалық және субтропиктік өсімдіктер беріледі, көрсетіледі. Мұнда гүлді өсімдіктердің күз-қыс кезеңінде бой көтеру жүзеге асырылады. Флор және өсімдік ресурстар бөлімі флораны оқып білумен айналысажы, сәнді ағашты, бұталы шөптесін және басқа пайдалы өсімдіктерді саралау мәселесін қарастырылады.

Іле ботаникалық бағы.Іле өзенінің төменгі ағысының оң жағалауынан  2 км солтүстік батысқа қарай Бақанас аудан орталығында Іле ботаникалық бағы орналасқан. Мұны ұйымдастыру тарихы оңтүстік Балхаш маңының шөлді және шөлейт жерлерді ауыл шаруашылығында игерумен тығыз байланысты. Көметді жазықтар және ірі кендер Іле өзенінің төменгі ағысын игерудегі бірнеше ауыл шаруашылық проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.

Алғашында оңтүстік Балхаш маңының шөлейтті жерлерін игеру үшін. Қазақ ССР Ғылым Академиясының Президенті Қ.И.Сатбаевтің ұсынысымен Үш-Жарма Шененінде Іле кешендік база құрылды. Кейіннен бақанас ауданынан жаңа участок таңдалды. Мұның ландшафтысы, топырағы және гидрологиялық жағдайы Оңтүстік Балхаш маңы территориясымен типтес болып шықты. Қазақ ССР Ғылым Академиясы Президиумының шешімімен. 13 шілде 1946 ж. бастан, бұл кезде Іле кешендік база ұымдастырылды  65 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдарының алғашқы тәжиребелері өсіріле бастады. 1948 ж.    Іле кешендік база АН Қаз ССР Іле бөлімінің институт ботаникасына ауыстырылды. 1966 ж. Іле ботаникалық бағы құрылды, бірақ ол АН Қаз ССР орталық ботаникалық бағына тәуелді болды. Ботаникалық бақтың негізін салушы және алғашқы директоры В.Н.Демченко болды.

Оңтүстік Балхаш маңының климаты шұғыл континентті жаз айларында ауа температурасы көлеңкеде 440 дейін жетеді, ал топырақ беті 700 дейін қызады. Қыс ұзақсыз, аз қарлы, бірақ өтеқатаң: ауа температурасы кей кезде -450 дейін төмендейді.

Жаздағы ауа ылғалдылығы 30-45, ал жеке күндері-10% жел-жылдың барлық жерлерінде бірдей, әсіресе жазда оңтүстік – батыс бағыттағы желдің жылдамдығы 20 км/сек дейін жетеді. Көктемгі үсік сәуірдің 15-20 дейін ұсталып тұрады. Күзде үсік қыркүйектің екінші  жартысында түседі. Аязсыз күндер 140 тан 160 күнге дейін созылады. Атмосфералық жауын – шашынның жылдық мөлшері 130 мм жетеді. Бұлардың көп мөлшері күзде түседі. Топырақ жамылғысы біркелкі емес ақшыл түсті өте құнарсыз. Грунт сулары 6-7 м тереңдікте жатыр және сумен қамтамасыз етуге өте қолайлы.

Қапшағай СЭС іске қосқанды Оңтүстік Балхаш маңы территориясын суландыру проблемасы өзінің шешімін табады. Бұл жерде 0,5 млн гажуық шөлді жерлерді игеру жоспарлануда оның ішінде 300 мың га күріш өсіруге, 150 мың га шөлдік, 10 мың га  көкөніс жане картоп, 9 мың га жеміс-жидек және тұқым өсіруге игеріледі. Қазіргі кезде Ақталы жағында гидротехникалық жұмыстар жүргізілуде. Болашақта Іле өзенінің төменгі ағасында 60 жуық совхоздар оң қанаттарын жаяды. Іле ботаникалық бағы ғылыми-зерттеумекемесі болғандықтан мәдени флораны және өсімдіктердің бағалы түрлері мен сорттарын өсірумен және оның жергілікті топырақ климат жағдайларына төзімділікті анықтайды. Ботаникалық бақта көрмелік және экспериментальдық ағаштар, жемдік, гүлді, жеміс-жидекті және басқада пайдалыөсімдіктер шоғырланған ботаникалық бақтың пайда болғаннан бері 2000 жуық өсімдік түрі тәжірибеден өткен. Оңтүстік Балхаш маңының флорасын байытуда үлкен жұмыс атқарылды Ботаникалық бақтың негізі міндеті – Оңтүстік Балхаш маңын сауда саттық және шикізат базасына айналдыру. Осы сұрақты шешу үшін дәнді-дақыл, жеміс-бақша, техникалық өсімдіктер жеміс жидек жүзімнің мүмкіншіліктері зерттелді. Болашақта өсімдіктер көлемін көңейтумен қатар кешендік экспертальдық зерттеулерді тынымсыз жүргізу қажет және өсімдіктердің жергілікті жағдайға бейімдетінің анықтау керек. Іле ботаникалық қызметкерлері Оңтүстік Балхаш маңында күрішті өсіру мүмкіншілігін зерттеді. Бірақ нашар сүзгімен тақыр тектес топырақты күрішті өсіру өте қалайсыз болып шықты.

Бұл мәліметтер топырақ – климаттық жағдайы және су ресурстары нашар дамығын жерлерде жаңа күріш өсіретін ауданды ұйымдастыру мүмкіндігі туды. Ботаникалық бақ сорттарға сынақтар жүргізді және жергілікті жағдайда өсетін күріш түрлерін өсіре бастады. Күріштің 25 өндіріс сорттары сыналды, бұларды өзбектің күріш сынақ станциясынан әкелген. Өнімнің  жоғарылығымен және басқада шаруашылық – бағалы қасиеттері жоғары болып қаратал сорты 86/79. Үштөбе Дубовский 129, бұлардың өнімділігі жеке участоктарда 60-80 ц/га жетіп отырды. Көрсететін күріш сорттарының Оңтүстік Балхаш маңы жағдайындағы вегетациялық периоды 120 күн болды, осы кезде ол тасығымен көктемгі және күзгі үсіктерден қорықтайды, сонымен қатар төзімді құрап қалмайды және жоғары саналы өсімділікке ие.

Жоғарғы күріштің өнімін алу үшін, оны дұрыстап себу керек. Ең жақсы себу мезгілі, ауа температурасы 16-170 жеткен кезде және топырақ пен судың температурасы 100 жоғары болғанда. Қаратал және Үштөбе күріш сорттарының өнімділігі суды үнемдегенде 33 ц/га жетті, ал күнделікті суда жатқанда – 40 ц/га және 24 мың м3/га.

Осыған орай үнемделген суда өскен күріш су шығының азайтуға мүмкіндік береді және жоғарғы өнімділігін сақтап қалады. Зерттеулерге қарағанда минералды тыңайтқыштардың әсері күріш өндірісінде үлкен рөлге ие, азот және фосфор тыңайтқыштарын біріктіріп пайдаланғанда күріштің өнімділігі орташа есептен 40% көбейеді, ал бұл тыңайтқыштарды жеке пайдаланса өнім аз мөлшерде көбейеді. Іле ботаникалық бағының тәжірибелері  Оңтүстік Балхаш маңы күрішінің мүмкіншіліктерін мойындап береді. Қазіргі кезде мұны себудің алаңы 5 мың га дейін жетті. Орташа өнім 35 ц/га, ал жеке  участоктардан 80 ц/га дейін өнім алады.

Ботаникалық бақ 1948-1950 жж. Аралығында жеміс бақша  дақылдарының 31 сортын сынақтан өткізген және Оңтүстік Балхаш маңының шөлді жағдайының өзінде, жеміс-бақша даңылдарынан жоғарғы өнімді сорттар таңдап алынды. Слава капустасы, Бизон және Эрлиана томаты, Возниковский қияры, Шантанэ сәбізі, Король Куба қарбызы, Бухарка және Бюричекутск қауыны және т.б. Көптеген сыналған жеміс бақша дақылдары қазіргі кезде Оңтүстік Балхаш маңы жағдайына бейімделуде. Жеміс-жидек дақылдарымен жұмыс бақ ұйымдасқаннан бері жүргізілуде. Осы уақытқа дейін сынақтан 512 түр және жеміс-жидек сорттары және сорттары өткізілген. Қазіргі кезде коллекцияның құрамында 141 түр және жеміс сорттары (алма — 133, слива – 3, вишня – 5); жеміс дақылдарына қауіпті экологиялық фактор – қыстық төменгі температура барлық сыналған түрлер мен жеміс сорттары және жидек өсімдіктері қыстың қатаң сынығынан өтті. Қатаң қыс дәнді өсімдіктерге кері әсерін тигізді. Өткізілген сынақтар, шөл жағдайларында жоғары өнімділік және бейімділігі жоғары түрлер мен жеміс-жидек сорттарын ерекшелеуге мүмкіндік береді. Ботаникалық бақ кеқ өндірістік сынаққа 10 түр мен жеміс-жидек, 16 жүзім сорттарын таңдап алды. Таңдалған сорттардың қазіргі кезде 15 жеміс-жидек сорттары және 6 жүзім сортты енгізілуде ерекше мән мыналарға беріледі . Пеструшка алмасы, Ренет Балхаш маңы Іле, сливалар Канадтық, Корейлік, Ванеттің және шиелері, Оңтүстік Балхаш маңинда жүзім дақылдарының рөлі ерекше негізгі сорттары: Мадлен Анжевин, Кульжын, қызғылт, мускат, Рислинг және т.б. Оңтүстік Балхаш маңының негізгі ауыл шаруашылық салаларының бірі – мал өсіру. Осыған орай Іле ботаникалық бағының міндеті тұрақты желдік базасын құру жұмысы болды. Көптеген жылдар бойы көп жылдық, бір жылдық, қатерлі шөптерге зерттеулер жүргізілді. Ботаникалық бақ 122 көп жылдық сортына және 24 бір жылдық өсімдіктерге сынақ жүргізді. Зерттеулер дәлелдейді, егістің алқаптарын жақсарту үшін перспективті жемдік шөптерді өсіру керектігін көптеген сыналған түрлер мен жемдік шөптер алдағы уақытта өндірістерде кеңінен қолданылады. Көпжылдық жемдік шөптердің негіздері – житнақ және көк лоцерн бір жылдықтың ішінен – сорг-суданк гибрид, суданк, ақ чумиза, сары кунак.

Іле ботаникалық бағының ұсынысымен Балхаш ауданының совхоздарында жемдік шөптер өсірілуде.

Қазіргі кезде жемдік шөптермен 3 мың га жер орын алады.  Оңтүстік Балхаш маңының, көлемді территориясын игеруге байланысты, ботаникалық бақтың негізгі міндеттерінің бірі ағаш түрлерін зерттеу болып табылады, және оларды елде мекенді жасылдандыруды, егістік алқаптарды қорғайтын орман жалақтарын құруда және еңбекшілердің демалу орындарында пайдаланады. Ботаникалық бақ ағаш және ағаш тектес өсімдіктермен жұмысты 1946 ж. бері жүргізуде. Осы уақытқа дейін 400 ағаш түрі сыналды. Қазіргі уақытта  коллекцияда 250 түр және ағаш формалары және ағаш тектес өсімдіктер саналады, оның ішінде 24 түрі шырша тектес болып келеді. Оңтүстік Балхаш маңының қатаң жағдайына қысқа төзімді сібірдің Солтүстік Американың өсімдіктері болып шықты.

Көп жылдық зерттеулердің нәтижесінде, 60 ағаш және ағаш тектес өсімдіктердің түрлері таңдалды. Таңдалған тұқымның 22 түрі өндіріске енгізілуде. Олар, Канад және Балхаш терең ашық жапырақты  борпылдақ, жасыл ясень, Китайка және Сибирь алмасы, сирень Калмыков және Ледебура миндали, кәдімгі барбарис және т.б.барлық жазылған өсімдіктер түрі жопырақты қажет етпесімен ерекшеленеді, бойы өте биік, ерте гүлден, жеміс жейді және қысқа төзімділік қасиеті бар. Қазіргі кезде ботаникалық бақта интродукцияның және ақклиматизацияның жұмыстар жалғасуда. Жыл сайын олардың жаңа түрлерімен тастырылуда. Ертеде жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде ұсынылған шардың ассортименті көбеюде, оларды, өндірістік сынақтарда кеңінен қолданады.

Соңғы жылдары үлкен мән шырша тұқымдарының интродукциясына берілуде. Осылардың ішіндегі перспективті түрлері: кәдімгі қайың сібір қарағайы виргинск мажжевельнигі. Іле ботаникалық бағы жыл сайын өндіріске жүздеген мыңдаған ағаш көметтерін отырады. Ботаникалық бақтың мамандарымен жасылдандыруда сәндік гүлді өсімдіктерді пайдалану, дәлелденді. Үлкен мән сәндік гүлді өсімдіктерге берілүде. Қазіргі кезде олардың коллекциялары 539 түр мен сорттардан тұрады. 79 түр және 394 көп жылдық сорты, 23 түр және 43 бір жылдық  сорты. Жасылдандыру үшін сынаққа 300 гүлді өсімдіктің түрі таңдалған. Көп жылдықтардың ішінен перспективтілері розалар, гладиолусы, канны, лилейники, аквилегий, флоксы, ромашки, бір жылдықтардың ішінен – астралар, сухоцвет, цинний және т.б.

Ұсынылған жерлер мен сорттардың ішінен жасылдандыруға 15 және 30 бір жылдық және көп жылдық гүлді өсімдіктердің түрлері енгізілуде. Гүлді өсімдіктердің ассортименттері белгілі жерге әр түрлі композиция жасуға мүмкіндік береді.  Оңтүстік Балхаш маңының гүлді өсімдіктер мәдениетінің өзіндік ерекшелігі бар. Бұл өсімдіктерді тақыр тектес топырақтарды өсіру өсімдіктің кемшілігіне және әлсіз гүлдеуіне алып келеді. Топырақтың физикалық құрамын дереу жақсарту керек және минералды тыңайтқыштармен құнарлығын арттыру қажет. Бір жылдық және көп жылдық өсімдіктерді себудің ең қалайлы мезгім қоңыр күз. Тек ерекше әдістерді гүлді өсімдуктерді өсіруге болады.

 

2.4. Қазақстанның таулы облыстарындағы ботаникалық бақтар.

 

Қазақстан аумағының он пайзы таулы өлкелерден тұрады. Солтүстік шығыстан оңтүстікке ойысқан сайын Алтай, Сауыр Тарбағатай, Жоңғар Алатауы біртіндеп Солтүстік тянь –Шань тауларына ұласады. Осы табиғаты әсем ғажап таулы өлкенің өзінде ботаникалық бақтар құрылған. Оның біріншісі – Алматы орталық бағы және өскемен қаласындағы Алтай бағы. Алматы бағы бұрынғы астанамыз Алматыны көркейтүге өз үлесін қосса, соңғысы тау-кенді, өнеркәсіпті Алтайды когалдандыруда көп еңбек сіңірді.

Орталық бас ботаникалық бақ Алматының оңтүстік бөлігіндегі Солтүстік Тянь-Шань таулы облысының сілемі Іле Алатауының тау бөктерінде теңіз дең- гейінен 856-906 метр биіктікте, Кіші Алматы өзенінің кең байтақ аллювиальды конусында орналасқан. Баққа кіреберіс маңында Іле Алатауының сәулетті көр інісі мәңгі қары мен мұздығы және жасыл Тянь-Шань шыршалары айқын көрі неді. Ботаникалық бақ ауданында климаты шұғыл континентальды, бұл әсіресе жылдық және тәуліктік температурының ауытқуынан көрініс табады; абсолютті минимум желтоқсан қаңтар айында 28-350, ал абсолютті максимум шілде тамыз айларында +37-360 жетеді. Ең суық ай- Қаңтар. Кейбір жылдары минимальды температура 30-350С жетеді. Бұндай суық аяздар өткінші болғанмен де, ағаштар мен бұталарды жаралауы сирек кездеседі. Кейінгі он жылдағы жылдық ылғал жиынтығы 500-780 мм ауытқуы. Ылғалдың айларға бөлінуі өсімдіктерге аса қолайлы емес: ең көп ылғал көктемде түседі, бұл кезде топырақ дымқыл бола- ды, ал жазда вегетационды кезеңде ылғал аз түсетіндіктен, егілгендерді бірнеше рет суару керек. Жергілікті жер рельефінде кішкене көтерілу мен төмендеулер байқалмаса, тегіс болып келеді. Жалпы бақты оңтүстіктен солтүстікке -54 м ылди. Топырағы қара топырақты, таулы жазықты лессті шөгінділердің қарқыны 1,5-3 м дейін. Ботаникалық бақтың алғашқы директоры ауыл шаруашылығы ғылымының кондедаты, ғалым-агроном Анатолий Иванович Милозоров болды. Ботаникалық бақтың алғашқы жылдардағы қызметінің негізгі міндеттері:

  • Республиканы (бағалы ) көгалдандыру мақсатында құнды декоративті өсімдіктерді тарату;
  • Қазақстанның ен даласы мен тауларындағы флорасымен танысып, оларды мәдениеттендірү;
  • Шалғай басқа ботаникалық аймақтардан жаңа өсімдіктер түрлерін алып келіп интрудукциялау, жерсіндіру және жергілікті табиғи жағдайға бейімдеп тарату;
  • Ботаникалық білімді және прогрессивті биология ғылымының жетістіктерін наситхаттау болып табылады.

Бақ қызметкерлер ұжымы өздерінің алғашқы қызмет күндерінен Қазақстанның халық шаруашылығымен тығыз байланысты мәселелерді зерттейді. Оның алғашқы ғылыми қызметкерлері – П.С. Чабон, Б.К. Спупченко,Н.И. Рубцов, Е.Е. Полковникова, Т.Н. Ханова, К.Л. Сушкова, профессор Б.М. Козо-Полянский, А.М. Мушеген, В.И. Лащевской және т.б. болды. Жергілікті жабайы өсуші флора интрудукциясы және шетелдердің сәнді ағаштармен бұталарын зерттеуде үлкен істер атқарылды. Салыстырмалы қысқа уақыт аралығында (1933-1938 ж) жер шарының әр бөлігінен көптеген өсімдіктер түрі, сорты, формалары саналды. Бар деректерге қарағанда Миловоров, Рубцов (1938) сол кезеңде  коллекцияда ағаш пен бұталардың 300-ге жуық түрі розаның 200 сорты, георгинаның 60 сорты, тағы пион мен хризантеленің көптеген сорттары және басқа да көпжылдықтар болған. Жергілікті жабайы флорадан 30-ға жуық сәнді өсімдіктер (седумдар, тюльпандар) қосылған. Сонымен қатар, азықтық өсімдіктеге, мәдени жеміс – жидектерге сынақтар өткізген.

1939 жылдан бақ директоры дендралы Павел Сергеевич Чабон болды. Ол коллекцияны толықтыруда және жаңа салалар ұйымдастыруда көптеген іс атқарды. Соның басшылығымен дендрарий, мәдени жеміс-жидектер, дәрілік, ғарирлі – майлы қоректік және азықтық өсімдіктер коллекциялары жасайды.

1941-1945 ж аралығында Республикадағы ботаникалық бақтар жұмысы қорғаныс мақсатындағы дәрілік, қоректік т.б. пайдалы өсімдіктерді зерттеугебағытталды. Ботаникалық бақтар жағдайында Виттрока рауғашы, Тянь-Шань шовель, кейбір сантониноностық жусандар және қоректік пияздар саналды. өндірістік қалалар мен елді мекендерді жасылдандыру жұмыстары жалғастырылды. 1940-1945 жыл аралығында ботаникалық бақ шаруашылық ұйымдарының орталықтары Жезқазған мыс өндіру зауыты, Жезқазған базасы НН ҚазССР-ға 200 мыңға жуық дана сәнді ағаштар мен бұталар, гүлді, жемісті және жидекті өсімдіктер берілді. Алматы ботаникалық бақтың қызметкерлері В.Д. Демченко,Т.С. Чабон Республикадағы жаңа құрылыстарды жасылдандыруға қатысты. Балхаш маңында да ауданы 30 га жуық ботаникалық бақ салынды.

1946 жыл ботаникалық бақта ғылыми зерттеу және ұйымдық-өндірістік жұмыстарда ірі өзгерістер болды. Шет елдер мен совет елдерімен ғылыми-зерттеу мекемелерімен байланыс ретке келтірілді. 1946 жылға дейін ботаникалық бақ АН ҚазССР ботаника институтының құрамында болды, ал 1946 жылы қарашадан АН СССР Президумының Қазақ филиалы қаулысы бойынша дербес ғылыми-зерттеу мекемесі болып қайта құрылды. Ол тікелей Президиум АН ҚазССР –ға бағынды. 1948 ж бастап , мемлекеттік АН ҚазССР болып өзгерілді. 1945-1951 ж аралығында ботаникалық бақ туралы 2 қысқа ақпар кітапшасы шығарылды. 1948ж АНССР профессор Б.М. Козо-Полянскидің «Республиканың ботаникалық бақтары» туралы енгізілді бірінші танымда 13 жылдағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі жазылған.

Ботаникалық бақты қайта құру туралы басты жоспар 1955 жылы  мемлекеттік жобасын институты  «Казгипросельстрой» басты жоба архитекторы В.А. Дрейман басшылығымен жасалды. Ірі құрылыстар оронжерия, зертханалар, мекемелері, су қоймалары, жолдар т.б. жобаланды. Бұл жобаға ботаникалық экспозициялар, жеміс бақтары, саябақтар, өсімдік қоры бай және ғылыми зерттеу қызметкер директор профессор   Б.К. Қалымбетов бастауымен АН ҚазССр ботаникалық бақ және Ленинградтық орман — техникалық академияның басты мамандары қызмет етті.

Ботаникалық баққа 25 жыл болғанда, ол ірі ғылыми зерттеу мекемесіне айналған. 1958 жылдың аяғына қарай 6000 түр, әртүрлі форма, сортты өсімдіктер болды. 1959 ж Алматы ботаникалық бағындағы ағаштар мен бұталар атты ұжымдық еңбек шығарылып, интродукциялық жұмысы қорытыланды.

Кейінгі он жылда Қазақстанның ботаникалық бақтарында өзгерістер болды. АН ҚазССР Президиумы үкімімен барлық ботаникалық бақтар бір орталық ботаникалық баққа бірікті. 1967 ж АН ҚазССР орталық ботаникалық бағына ғылыми зерттеу институт атағы берілді.

СССР ботаникалық бақтары және АН ҚазССР Президиумы кеңес шешімі бойынша 1965ж Қазақстанға өсімдіктер интродукция және жерсіндіру мәселесіне аймақтық кеңес құрды. Оған ботаникалық бақ, 2 дендрари және 3дендроларкірді.

Аймақтық кеңес ұйымдастырумен Ұлы Октябрь революциясының 50 жылдығына арналған конференция (1967), ботаникалық бақтың көшпелі сессиясы Қарағанды да (1968), Ленингорск (1971) және Жезқазған (1972). Кеңес жыл сайын тематикалық жоспарларды бекітеді. Жоғарыдағы оқу орындарындағы ботаника кофедрасы және ботаникалық бақтардың ғылыми зерттеу жұмыстары нәтижесін қарайды.

1970 жылы орталық ботаникалық бақ құрылысы тоқтап, ашылды. Орталық ботаникалық бақтың архитектуралық-композициялық бөлігі, және ботаникалық экспозицияда өзгертулер енгізеді.

1969 жылы СССР-дің ботаникалық бақтары кеңесі Алматыға шақырылады. Бұл сессияда «Қазақстандағы интродукция және өсімдіктерді жерсіндіру ғылыми-зерттеу жұмыстарының сұрақтарын талқылады және ЦБС АН ҚазССР құрылысын , өсімдіктер интродукциясын маңғышлақ түбіндегі ботаникалық бақтың экспериментін Шевченкода салу туралы талқыланды. Ботаникалық бақты жыл сайын көптеген – шет және совет елдерінен көптеген оқымыстылар келеді. Біздің бақтарға белгілі европалық ботаниктер –Ф. Сандберг швециядағы фармацевтикалық институты Польск ғылым академиясының В. Бугала, Веймарс  уневерситетінен Г.Арнольд және МНР,ГДР, Болгариядан, Чехославиядан, Индиядан және т.б. елдерден көптеген ғылыми қызметкерлер келеді.

Орталық ботаникалық бақ АН ҚазССР біздің елде ғана емес, сонымен қатар шет елге де кеңінен тараған. Бұған айғат шет елдер ғылыми мекемелерінің ботаникалық бақтардағы мағлұмат жинауға интродукциваланған өсімдік тұқым фондымен айырбастауда тығыз байланыс орнатуға ғылыми басылымдар және т.б. сұраныс білдіруде. Ғылыми қызметкерлер жыл сайын халықаралық конгрестерге, симпозиумдарға, көрмелерге шақырылады.

Бюотаникалық бақ өз қызметінің басында штатында директор 3-4 кіші ғылыми қызметкерлер, соншама лаборантар және шағын шаруашылық қызметкерлерінен тұрады. Бақ құрылымында дендралогия, гүл өсіру шаруашылығы жеміс-жидек өсімдіктері, өсімдік қоры, Қазақстан флорасы және тұқым лабораториясы және литеорологиялық станция бөлімдері қарастырылған.

Қазіргі уақытта Қазақстан Ұлттық Академиясының орталық Бас ботаникалық бағы келесі бағыттарда ғылыми зерттеулер жүргізуде. Қазақстан флорасы мне өсімдік қорын зерттеу шаруашылық бағалы өсімдік түрлерін зерттеп, мәдени өсімдіктерге енгізу. Республикамыздағы жысылдандыру мақсатында сәнді ағаш бұталы және гүлді өсімдіктерді биологиялық зерттеу; шетел және совет елдері өсімдіктер экспозициясы аймағын құру, генетикалық және физиология-биологиялық интродукциялық өсімдіктер болашағын зерттеу. Алға қойған тапсырмалармен ғылыми-зерттеу жұмыстары мен орталық ботаникалық бақ АН ҚазССР Президиумы бекіткен. Келесі перспективалық құрылым бөлімі:

 

А) Қазақстан флорасы және өсімдіктер қоры

Б) дендралогия

В) гүл шаруашылығы

Г) субтропикалық және тропикалық өсімдіктер

Д) жеміс өсімдіктер

Е) лаборатория: а) генетика

                            б) физиология және биологиялық өсімдіктер

                            в) өсімдіктерді қорғау

                            г) тұқым метеоралогиялық коястанция, ғылыми кітапхана, ботаникалық мұражай, экскурциялық бюро.

  • Қазақстан флорасы және өсімдіктер қоры бөлімі 1934 ж ұйымдасқан.

Ол республиканың табиғи флорасын зерттейді , сәнді ағаштар мен бұталар интродукциясын дәрілік, азықтық және пайдалы өсімдіктерді дамытып жетілдіру. Бөлім Алтай, Тянь-Шань , шөлді және тоғай өсімдіктер дәрілік және көгалды өсімдіктер эуспозицияларын жасады. Экспозицияда жабайы ағаштар, Қазақстанның барлық климат белдеулеріндегі топырақтағыағаш бұталардың 250 түрі, шөпті өсімдіктердің 800 түрі өкілдері бар.

2) Дендралогия бөлімі 1933 жылы ұйымдасқан. Бұл ұйымның негізгі тапсырмасы – биология және экологияны зерттеп, ағаш-бұталардың тұқымын республикадағы жасылдандыру құрылысына шаруашылыққа және бағалы өсімдіктерді табу. Дендралогия бөлімінің коллекциясында ағаштың әртүрлі формаларынан 1000-ға жуық түрі, және жер шарының әртүрлі флористикалық облыстарынан бұталар мен лиандар бар. СССР-ң европалық бөлігін Қырым және Кавказдан сібір және қиыр шығыстан, солтүстік Америкадан шығыс Азиядан дендрофлорасынан экспозиция жасалды.

Сәнді қылқан жапырақты өсімдіктер бөлімінде 100-ге тарта түрі бар. Олар-Европа  , Жерорта ; Қырым және Кавказ, Орталық Азиядан сібір және Қиыр шығыс, Шығыс Азия және солтүстік Америкадан алынған.

Бұл бөлімде сирендер коллекциясында 23 түрі және 120 сорты және формасы бар. Бұларға жергілікті жер табиғат жағдайына байланысты жоғары сәнді сирен формасын жасауға селекциялық жұмыстар жүргізілуде.

3) Шаруашылығы бөлімі 1934 жылы ұйымдасқан бақтың негізгі бөлімі. Бұл ұйым ұжымы гүлді өсімдіктерді жасылдандыружұмыстарына пайдалануда жетілдіруде. Үлкен көлемді отандық және шетелдік флорадан сәнді гүлді өсімдіктерді интродукциялады және совет еліндегі ең ірі раушан гүл коллекциясын жасады. Раушан гүлдің 1800-ге тарта сорты болды. Бөлім жұмысында үлкен орынды раушан гүлдері будандастыру, көшеттеу қысқа берік сорттарын жасай алады. Сәнді гүлдер коллекциясынан 146 түр және 190 сорт бар. Жуашық және түймебауана өсімдіктердің 103 түрі және 347 сорты бар.

4).Субтропикалық және тропикалық өсімдіктер бөлімі жер шарының әр субтропикалық және тропикалық аудандарынан алынған өсімдіктер коллекциясын жасау және олардың биологиясын зерттеу оны ішкі жасылдандыруға қолданылуымен айналысады. Оранжерея экспозициясында субтропикалық және тропикалық флораның 1000-ға жуық түрі орталық және оңтүстік Америкадан, оңтүстік Африка, Австралия және жаңа Зеландия, жапония, Қытай, Оңтүстік шығыс Азиядан алынған.

5).Жемісті өсімдіктер бөлімі 1970 жылы қайта құрылған. Қазақстан климат белдеулеріндегі топырақтарында жемісті өсімдіктердің биологиялық экологиялық ерекшеліктерін зерттейді, жеміс-жидекті өсімдіктер түрлерінің экспозициясын жасай отырып, оның өндірісте қолдануға сынақтар жасауда экспериментальды жеміс бағы салынған.

6)өсімдіктердің фециологиясы және биохимия зертханасы 1952 ж ұқйымдастырылған. өсімдіктердің физиологиясы мен биохимиясын олардың  интродукциясы және жерсіндірумен байланыстыра дамытып, өнеркәсіптік обьектілердің жасылдандыру мақсатындақызу, түтін және газға төзімді аса ассортимен шығаруды зерттейді. өзінің жұмысын ботаникалық бақтардың басқа да бөлімдері, зертханалары мен үйлестіреді.

7).Генетика зертханасы 1966ж құрылған, туысаралық және түраралық  будандастырумен айналысады және гүлді ағакшты өсімдіктердің тұқымына физикалық  және химиялық мутагендердің тигізетін әсерін зерттейді. Эксперимент жүргізу үшін қалампыр гүлдің жабайы түрі және мәдени сорты (26 түр 2 сорт) гладиоус (7 түр және 350 сорт ) астра (ақкепіре) (5 түр 35 сорт ) және кейбір ағаш өсімдіктері (жаңғақ сирен ) алынады. Жұмыс басты ботаникалық бақ АН СССР будандастыру зертханасы және химиялық физика институтында кешенді жүргізіледі.

8).Когалдандыру құрлысын қолдау бөлімі. Шаруашылық – бағалы интродулировалы және жоғары сәнді өсімдіктерді ашық және жабық топырақта ағаштар және бұталарды (раушан, сиреннің мәдени түрлерін, сәнді форманың – қылқанды және жапырақты ) және әдемі гүлдейтін гүлдер (пион, харизантем, астра, гладиус) көбейтумен және таратумен айналысады.

9).Тұқым зертханасы интрадукцированды өсімдіктердің тұқымын жинау және сақтау жұмыстарын жүргізді. 50 елдің 516 ботаникалық бақтары мен тұқым айырбастау қорында 2000-ге жуық тұқым үлгісі бар. Зертханада совет және шет елдік көптеген тұқым тізбесі үлгісімен танысуға болады. Жыл сайын 2000-ге жуық тұқым үлгісі жіберіліп 3500 астам алынады.метереологиялық станция ауа райын бақылайды, бақтың бөлімдеріне де метереологиялық және микроклиматты мінездемесіне болжау жасайды.

10).Ботаникалық бақтың ғылыми – кітапханасы бақ қызметкерлерін биология ғылымының әр түрлі сұрақтары бойынша кітаптар басылымын сақтайды, анықтап қызмет көрсетеді. Кітапхананың кітап қоры 11 мың астам бірлік кейінгі уақытта 2 еселенеді.

Жақын жылдары ботаникалық бақтың субтропикалық және тропикалық өсімдіктер бөлімін құрастыру және өсімдіктер қорғау зертханасын саяхат бюрасын кеңейтуді жоспарланды.

 

Ботаникалық бақтың ғылыми-зерттеу жұмыстары.

Орталық ботаникалық бақ АН ҚазССР 30 жылдарда құрылған. Қазақстан аумағындағы ботаникалық бақтардың ғылыми қызметтерін үйлестіріп дамытушы дербес институт ретінде қызмет етеді. Қазіргі уақыттағы ғылыми зерттеу жұмыстары 50 ғылыми қызметкерлермен жүргізіледі , оның екеуі АН ҚазССР корреспондент мүшесі ,2 доктор және 20 ғылым кондиданты. ЦБС АН ҚазССР интродукциялық қызметі баспасы жете дамыған. Ботаникалық бақтың 15 жылдық жұмысы «Республиканың ботаникалық бақтары» атты еңбегінің 1 томында басылған және де кейбір авторлардың жариялымдары жарық көрген. Ғылыми-зерттеу жұмыстың 25 жылдық кезеңі В.Г. Рубаниктің  25 жылдағы ботаникалық бақ атты очеркінде сипатталған.

Қазақстанның өсімдіктерін жерсіндіру және ғылыми зерттеу интродукциясын дамыту мәселесі СССР ботаникалық бақтар кеңесінің 1969 ж Алматыда өткен кезекті сессиясында қаралды. Сессияда «АН ҚазССР ботаникалық бақтың ғылыми зерттеу жұмысы және құрлысы» атты кеңейтілген тақырыпта АН қазССР ботаникалық бақтың корреспондент мүшесі, профессор Е.Х. Узенбеков баяндама жасады.

Ботаникалық бақтың кейінгі он жылдық ғылыми зерттеу жұмыстарына сипаттама берейік. Осы кезеңде бақ қызметкерлері интродукция бойынша үлкен зерттеулер сәнді бағалы ағашты бұталы, гүлді, техникалық, дәрәлік азықтық, қоректік, және т.б.  өсімдіктерді жерсіндіру жұмістарын, тағыда қалаларды елді мекендерді өндіріс обьектілерді жасылдандыру совет және шетелдер өсімдіктер экспозициясын жасады.

Қазақстанның флорасы және өсімдіктер қоры бөлімі қызметкерлері республика 4000 астам өсімдіктер түрлері және формаларын интродукциялады. Алтай, Тянь-Шань шөлді және тоғайлы өсімдіктер шөптер жүйесі дәрілік және көгалды өсімдіктер дендрафлоралы экспозициясын жасады. Осы экспедицияда Қазақстандық ағаш бұтаның 250 түрі және 800-ге жуық шөпті өсімдіктер  түрі дәрілік өсімдіктердің 175 және көне және эндимик өсімдіктердің 20 түрі өндірген. Ағашты бұталы , дәрілік, азықтық және т.б. өсімдіктердің бағалы сәнді вормалары ерекшеленеді. Таулы дендрофлорадан жоғары сәнді формалы Тянь-Шань визолисты афлатун, сібірлік аршы, алтай доланасы, көпгүлді кизильниктер алынды. Шөлді және шөлейтті аймақтардан жоғары сәнді өсімдіктер формасына жиде, шөлді мамыргүл алынды. Көгал қалыптастырушы шөптерге жасылдандыру қызыл сұлу және шалғын алынады. Дендралогия бөлімі отандық және шетел флорасынан өсімдіктер коллекциясын жинаған, оларды ауыл және орман шаруашылығында және жасылдандыру құрлысына қолданылады. СССР европалық бөлігі, Қырым және Кавказ, Сібір және Қиыр шығыс , солтүстік Америка және Шығыс Азиядан ботаникалық географиядан экспозиция жасақталғңан әртүрлі флоралық аймақтардан 1500 астам ағаштар мен бұталар 250қылқандар формасы интродуцироваланған. Көп жылдық интродукциалдық жұмыс нәтижесінде Қазақстанды жасылдандыруға солтүстік Америка, Қиыр шығыс өсімдіктері өсіруге болатынын анықтады.

Қылқан жапырақтыларды зерттеу қорытындысы В.П. Рубаниктің докторлық дессертациясында жалпылама алынған. Сирен коллекциясын зерттеу және жинауға бағытталған жұмыстар жүргізілген, қазіргі уақытта 29 түр және 125 сорты бар. Сортаралық будандастыру арқылы алынған 10 сирен буданы мемлекеттік сорттарды санау беруге таңдалып көбейтілуде.

Гүл өсіру шаруашылығы бөлімі үлкен жұмыс жүргізуде. Отандық және шетелдік 4000 астам түр сәнді гүлді өсімдіктер сортты және формасынан 4000 астам түрі (интрадуцироваланған раушан 60 түрі және 140 сорты) ирис (15 түрі және 135 сорты) пион (7 түрі және 35 сорты) астра (6 түрі және 51 сорты) қызғалдақтан ( 26 түрі және 32 сорты) және т.б. кешенді тұқымдары таныстырылған.

Гүл өсіру шаруашылығындағы раушан гүл бөлімі тек орталық Азияда ғана емес, совет елдерінде ең ірісі. Бөлімде раушан гүлдерді будандастыру көшеттерін селекциялы жұмыстары үлкен орын алады. К.Л. Сушков және М.В. Бессчетный жасаған будандастырудан: Мария Ульенова Ак-ку, Пориса, Колхозница, Іле алатауы, Алматы Ароматная, Ботагөз, Қыз Жібек, т.б. түрлері шығарылған. Раушан гүлдерді интрадукциялауды зерттеу қорытындысында Сушковтың «орталық Азия және Қазақстан раушан гүлдер интрадукциясы» атты докторлық диссертациясында қамтылған. Қысқы суыққа берік және ауруларға төзімді раушан гүлдер сорттары шалғын өсімдіктерді тігу және көбейту әдістерін жетілдіруге селекциялық жұмыстар басқа да сәнді гүлді өсімдіктер пион, ирис, гладиолустармен де жүргізілуде. Ботаникалық бақта жабық топырақта тігілген субтропикалық және тропикалық өсімдіктермен жұмыс жүргізілуде. Оронжерияда пальма, судың өсімдіктері, ылғал және құрғақ субтропикалық және тропикалық өсімдіктері экспозициясы құрылған. Жер шарының әр түрлі флоралық аймақтарынан субтропикалық және тропикалық өсімдіктердің 1000 түрі және формасы егіліп, бірінші интродукциялық баға берілген. 200-ге жуық оронжерикалық бөлмелі өсімдіктердің биологиясы, басқа жағдайларда егу зерттелген. Көп жылдық зерттеулер қорытындысы «Бөлмеде гүл өсіру» (Турдиев, Беспаев 1964) «Бөлме өсімдіктері» (Турдиев 1967) «Кактустар» (Турдиев және т.б. 1970) ғылыми танымал кітаптарда жарық көрген.

Бірнеше жылдар зертхана қызметкерлері кейбір интродукциялық қызуға, газға, түтінге төзімділіктерін зерттеді. Физиологиялық зерттеулер мақсатында жергілікті табиғат жағдайында қызуға төзімді қылқандар түрі сібірлік жапырақты, шероховатайлық канадалық және шренкалық шыршалар сібірлік және алжирлік пихталар негізделді. Завод шахта және комбинаттарды өндіріс орындарын жасылдандыруға түтін және газға төзімді өсімдіктер ұсынылып отыр. Азықтық және дәрілік өсімдіктерге биохимиялық зерттеулер жүргізілді. Олардан шаруашылыққа бағалы түрлерін табу үшін. Генетикалық өсімдіктердің жаңа табиғи жағдай ортасында генетикалық механизмдерінің дағдылануын гүлді және ағашты өсімдіктердің тұқымдық өзгерістеріне ионды сәулеленуді және химиялық мутагендердің әсетін зертейді.

АН ҚазССР орталық ботаникалық бақ Қазақстанның ботаникалық бақ Қазақстанның ботаникалық бақтарындағы ғылыми мамандар құрамын жетілдіруде үлкен іс атқаруда. Жоғары дәрежелі қызметкерлер дайындау СССР-дің ғылыми академиясында және Қазақстандық ССР ғылым академиясы аспирантурасында дайындалады. Көптеген ғылыми қызметкерлер диссетацияларын тәжірибелік жұмыспен байланыстыра қорғайды. Докторлық диссертацияны В.Г Рубаник, К.Л. Сушков, кандиданттықты – Э.П. Наканова , Р.И. Шокова, К.Н. Хохллова қорғаған. Аспирантордан кандидаттық диссертация қоғағандар – Н.В. Саввина, К.Ж. Бекдайрова , А.В. Широкова, Т.Н.Михнева. көптеген қызметкерлер диссертацияларын қорғауға дайындалуда.

Алтай ботаникалық бағы. Алтай  АН  ҚазССР  ботаникалық  бағы   1935  жылы Қазақстанның  түсті  металургия  орталығында  Шығыс-Қазақстан  облысы  Лениногорск  қаласында  ұйымдастырылған.  Оңтүстік  Алтайда  бақ  ұйымдастыру  идеясы  ботаник   П.А. Ермаковқа  келді,  кейінен  осы  бақтың  директоры  болып  сайланды.

Бақты ұйымдастыру  кезіндегі  басты  мақсаттардың  бірі   Кең  орынды(Рудный)  Алтайдың    жергілікті  өсімдік  дүниесін  зерттеу  және  оның  түрлерінің  және  сорттарының  құрамын  байыту  мақсатында  мәдениетке  еңгізу  болды,   сондай  ақ  елді  мекендер  мен  өндірістік  кәсіпорындарды  жасылдандыру  болды.   Ботаникалық  бақ  —  өсімдіктердің интродукциясы  мен  акклиматизациясына  байланысты мәселерді  қарастыратын  Шығыс-Қазақстандағ — ғылыми- зерттеулер  жүргізетін  жалғыз  мекеме.

Бастапқы  кездері  Алтай  ботаникалық  бағы  80 га  жерді  алған,   ал  қазіргі  уақытта  170 га  жерді  алып  жатыр.  Бақ    Соколиной  сопки  сайының  оңтүстік-батысында  және  жартылай   бал  қарағай  мен   май  қарағай  қаптаған  Проходных  және  Ивановских  көркем,  көк  тауларының айналасында,  теңіз  деңгейінен  жоғары 750-860  м  жоғары   биіктікте    орналасқан  Быструха  өзенінің  жайылмасында  орналасқан.

Бұл  аумақтың  ауа-райы    таулы,  континенталды,  қысы  өте  суық, ал  жазы  қысқа,  салқын.  Ауаның  орташа  температурасы  1,8 о ,  ең  суық  айдың  орташа   температурасы (Қантар)  -12,6 о ,  ең  жоғарғы  нүктесі  —  41,5 о ,  ең  төменгі  —  46,7 о ,  жауындардың  бір  жылдық  мөлшері  600-700 мм,   аязсыз  мерзімнің    ұзақтығы  —  102  күн  (69  дан  139 ге дейін).  Бақтың   аумағының    жері  құнарлы  таулы  қара  жер.

Аумақтың  басым  бөлігін  (50 га)  әр  түрлі  өсімдіктер  алып  жатыр. Төменгі  сайда  тобылғы,  қараағаш,  итмұрын,  ырғай  тобының  бұталы  өсімдіктер  дамыған.  Быструха  өзенінің  жайылмасында  Ива  талы  мен  қайын  ормандары, көктемде  әсем  гүлдейтін  өсімдік  — кандык,  примула,  хохлатка,  прострел, шегіргүл  аңғарлары  мен  жайылымдар  сақталған.

Ботаникалық  бақ  ашылмай  тұрып  Лениногорск  қаласында  өсімдік  өсіру  болмаған.  Жергілікті  тұрғындар  осы  аумақта  көкөніс,  жеміс-жидек  өсетініне  сенбеген. Ботаникалық  баққа  оның  бірінші  жылдары    көмек  көрсеткен  АН  СССР  және  АН СССР-ң  Қазақстандық  филиалы,  қалалық  және  облыстық  исполкомдары (атқару  комитеті).

1936-1937  жылдары   бақ  аумағында  өсетін  өсімдіктерді  зерттеу  үшін   стационарлық  учаскелері  берілді (заложенны).  Облыстың   шаруашылық  мекемелеріне  жақын  арада    жайылымдарда  және  шабындықтарда  өсімдік  жиынтықтарының   құрамын,  қарқынын,  құрылымын  зерттегенен  кейін  қорытындылары  ұсынылды.  Тез  арада  бақ  орналасқан  аумақтың  игеруі  басталды,   сәнді, бұталы,  талды   өсімдіктердің  өсетін  питомниктері  егілді,  және  де   жемге  арналған  көкөністің,  дәрі-дәрмек  жасайтын,  жеміс-жидек  учаскелері  егілді.  Бірақ  ұжымның  жоспарын  іске  асыруға  1941-1945ж.ж.   Ұлы  Отан  Соғысы  кедергі  болды.  Осы  соғыс  кезінде  бақ  ішінде  зертханалық  жұмыстар  мүлде  жасалынған  жоқ.

Соғыстың  сұрапыл  жылдары  ұжымның әрекеттері  өсімдіктердің  түрлерінің  қорын  сақтап  қалуға  бағытталды.  Әсіресе  Қазақстанның  полиметалдық  орталығы  — Лениногорскті  жасылдандыруға  ерекше  көңіл  бөлінді.   Ботаникалық  бақ  жыл  сайын  20 мың  көшет  шығарған.  Тек  қалаларды  емес  зауыт  аймақтарын  да  жасылдандырды.  Ол  үшін  шахталардан  шығатын  улы  заттарға  қарсы  тұра  алатын  түрлері  отырғызылады.  Өсімдіктердің  1400-ден  астам  түлері  сынақтан  өтті,  жәнебұл  жасылдандыру  жұмыстарына  болашақта  үмітті  ақтайтын  өсімдік  түрін  еңгізуге  мүмкіндік  берді:    үйеңкі, америкалық  шетен,  теректің  түрлері,   сәнді  бұталы  өсімдіктер – сирень,  ырғай, итмұрын,  аю  бадан.

Соғыстан  кейінгі  мерзімде  ботаникалық  бақтың  ғылыми  зерттеулердің  бағыттары  сол  қалпында  еді:  аймақтың  керекті  өсімдіктері  зерттеліп,  мәдениетке  еңгізіліп  жатты, басқа  аумақтардан  әкелінген   өсімдіктердің  интрадукциясы  жүргізіліп  тұрады,  Рудный  Алтайда  сәндеу  өсімдіктерін  өсіру  мәселелері  қарастырылып    жатқан.  1949  жылы  Алтай  ботаникалық  бақтың  өсімдіктер  жиынтығы   талдар  мен  бұталы  талдар  -120 түр шөп  тектес – 420  түр,  гүлдер – 150,  жеміс-жидекті  өсімдіктер  түрлерінен  тұрады.

  • жылға дейін  Алтай  ботаникалық  бағы  АН  КазССР  Ботаника  Институтының  қарамағында  болған.  1966  жылы  бақ  өзінің  тәуелсіздігін  алды.

АН  Каз ССР  президиумы  Алтай  ботаникалық  бағының  ұйымдастыру  қызметіне  және  ғылыми    зертханалық  жұмыстарын  жақсартуға  ерекше  көңіл  бөлді. Сол  кезден  бастап  бақ   бекітілген   тақырыпты  қарастыра  бастады.

Зерттеу  жұмыстарын  ғылыми   басқару  ЦБС  АН КазССР-ге  жүктелді.  Бүгінгі  күні  Алтай  ботаникалық  бағы  Шығыс  Қазақстанда  үлкен  ғылыми  мекеме  болып  табылады,    интродукция  бойынша  алдынғы  қатарлы  зерттеулер  төзімді,  сәндеу  бұталы,  өсімдіктерін  өсіру  және  көбейтуі  бойынша,  қалалар   мен  өндірістік  орындарын  жасылдандыруға,  арналған  бақ  қызметінің  негізгі  қорытындылары  «Қазақстанда  өсімдіктердің  интродукциясы  мен  акклиматизациясы»  мәселелері  бойынша   Ғылыми  кеңесінің   сессиясында  шығарылды.  Ол  сессия  Лениногорск  қаласында  1971  жылы  шілде  айының  6-9  жұлдыздарында  өтті.

Қысқаша  айтқанда  АН  Каз ССР  Алтай  ботаникалық  бағының  ғылыми  зерттеу  жұмыстарына  тоқтасақ   қазіргі    кезде  бақта  32  адам  жұмыс  істейді,  және  де,  соның  ішінде  10  кіші  ғылыми  қызметкерлер,  3  аға  лаборанты,  4  лаборант,  4  инженер  жұмыс  істейді.

Ботаникалық  бақта  3500  түрі  бар  талдарды,  бұталы  және  шөптектес  өсімдіктерінен  тұратын  жиыны  бар.  Бұл  жиын  СССР –ң  әртүрлі  ботаникалық  аумақтарынан  және  шет  елдерден  әкелінген.

Қазақстан  Алтайының  табиғи  өсімдіктер  қорында  2000  астам  түрлері  бар,  оның  ішінде  шөптектес  өсімдіктер  саны  (92%) құрайды  оның  ішінде  бұталы  өсімдіктің  400  түрі.

Ботаникалық  бақта  156  түрдің сәнділігі  бойынша  сынақ  жұмыстары  жүргізілді және  ерте  көктемдік  өсімдіктің  50  түрі,  жаздық  және  күздік  гүлдер  —  41  түрі, сәнді  жапырақты  — 9,  бардюрлік  — 6.  Көп  мөлшерде  көбею  үшін   әдемі  гүлдейтін  гүлдердің  38  түрі.  Бақта  жергілікті  папоротниктің  23  түрі  бар.      17  түрдің   биологиясы,  сәнді  қасиеттері  және  көбею  ерекшеліктері  зерттелді.  Олардың  барлығы  сәнді-жапырақты  өсімдіктердің  әдемі  түрлері  және  олар  тұрғын  үйлерді,  қоғамдық    ғимараттарды  жасылдандыруға  қолданылады.

Шығыс-Қазақстан  облысының  экономикасында   ара  шаруашылығы  басты  рол  атқарады.  Осыған  байланысты   балды  өсімдіктерді  зерттеу  халық  шаруашылығында  маңызы  зор.  Алтай  ботаникалық  бағында  225  түрлердің  бал  шығару  қабілеттері  тексерілді,  оның  ішінде  жергілікті  жабайы  өсімдіктердің  106  түрі,  интродукциядан  өткен  шөптектес  өсімдіктердің  83  түрі,  және  де  талды-бұталы  өсімдіктердің  36  түрі.  Зерттеулердің  қорытындысы  бойынша  бал  шығару  қабілеті  жоғары  өсімдіктердің  34  түрі  анықталды.

Ерекше  көңіл   жабайы  өсетін, жемге  арналған   өсімдіктерді  зерттеуге  бөлінеді. Және  де  сондай  зерттеулер  бақтын  құрылған  кезінен  жүргізіледі (1939  жылы  29 га  жерде  шабындық  сұлысы  отырғызылды).  1957 жылы   жемге  арналған өсімдіктер  түрлерінің  жиыны  300  асты,  оның  ішінде  дәнді  дақылды  және  бұршақты  өсімдіктер  ерешеленді.  Көп  жылдық  зерттеулердің  негізінде  өндірісте  жемге  арналған  өсімдіктердің  25  түрі,  оның  ішінде  (костра) 3  түрі,  сұлы  бастың  2  түрі,    биік райгас,  ал  бұршақ  тектестен  — эспарцет,  жоңыршқа,  чина.

Бүгінгі  күні  жемге  арналған  өсімдіктерді  зерттеу  кезінде  жергілікті  жағдайға  төзімді,  жоғары  өнімді  өсімдіктер  таңдалынады.  Жиі   Agropyron  тұқымының   кей  түрлерінің   полиморфизмі  зерттеледі  және  оның  өнімді  түрлерімен  селекциялық   жұмыстар  жүгізіледі.

Өндірісте  көп  жылдық,  жемге  арналған  өсімдіктер  жоғары бағаланады  және  олар тез  өсуі мен өнімділігімен  ерекшеленеді:   айыр  жапырақты  аю  балдырған,  Лемана  және  Сосновского,  Вейрихтың  қарақұмығы,  жүрек  пішінді жапырақты  катран,  маралий  тамыры.  Балдырғаннан  алынатын  өнім  жоғарғы  жемдік  сапасы  бар,  оның  ішінде  барлық  маңызды,  сіңімді  заттар  бар (каротин -120-135,  кант  — 25-28  мг% ).

Қазіргі  уақытта   талды-бұталы  өсімдіктердің   әртүрлі  аумақтардан  448  түрі  бар, оның  ішінде  230  түрі  Европадан, Қрымнан,   Кавказдан,  Сибирден,  Шалғай  шығыстан – 120,  Шығыс  Азиядан – 98.  Ірі  тұқымды  өсімдіктерді  таңдау  жұмыстары  жүріп  жатыр:  Барбарис -26,  терек -21,  Сирень – 14,  үйенкі – 13,  чубушник -21,  ырғай  —  25,  қарағай – 16  түрі.

Әсіресе  интродуценттердің  вегетативті  көбеюінің  маңызы  зор,  өйткені  көбісінің  тұқымдары  Алтайдың  қысқы  және  салқын  жазында  дамымайды. Бұл  зерттеулердің  қорытындылары  сәнді  және  бұталы  өсімдіктердің   көптеп  көбейту  кезінде  қолданылады.

Ботаникалық  бақта  сиреннің  жиыны  бар,  16  түр  мен  35  сұрыбы   бар.    Алтайды  жасылдандыруда  сиреннің  сәнді  түрлерін  еңгізу  басталды.   Өте   бағалы  талды  тұқымның  түрімен  жұмыс  жүргізіліп  жатыр —  майда  жапырақты  жөке,  оны  1944 –дан  1947  жылға  дейін  түрлері мен  сұрыптарын  жинау  жұмыстары  жүргізілді,  тек  1947  жылдан  бастап  оларды  зерттей  бастады.   Жұмыстардың  бағыты интродукцияға,  жеміс-жидектердің  сұрыбын  зерттеуге,   жемістерді  егіндік  жағдайларында  сұрыптауға  тоқталады.

1947  жылы   жеміс-жидек  өсімдіктерінің  жиыны 9  түр  мен  286  сұрыптан  тұрды,  ал  1952  жылы  -344  сұрып, 1959 жылы  —  28  түр,  477 сұрып  тұрды.  Қазіргі  кезде  32  түрі  және  576  сұрыбы  ұсынылған.  Экспозиция  6,6  га  жерде  орналасқан  және   тұқымдық,  дәнекті,  таңқурай (малина),  қарақат,  қарлыған,   бүлдірген  учаскелерінен  тұрады.  Мәдени  өсімдіктермен  бірге  жабайы  өсімдіктер  көрсетілген.

Ұзақ  зерттеулердің  нәтижесінде   жергілікті  жағдайларға  төзімді  және  қолайлы  алма  сұрыптары  шығарылған.   (Боровинка, Коричное,  Ананас Ранеті,   алтын,  ертелік  Китайка,  абрикосты  Китайка),  алмұрт  (Солтүстік  бергамот  және  Лукашев  сұрыбы),  қарлыған  (Мичуренец,  Малахит,  Красный  крупный),   қарақат   (десерттік  Алтайлық,  Алтайдың  Стахановкасы,  Голубка,  Мичурин  естелігі,  Данка,  Зарица),  бүлдірген  (Народная,  Светлана,  Сеянец  Супутинской,  Красавица  Загорья)  т.с.с.    Жемісті  жидекті  өсімдіктердің   интродукциясымен  бірге  И.В. Мичуриннің  тәсілімен  акклиматизация  жұмыстары  жүргізіліп  жатыр(алыстатылған  жыныстық(половая)  гибридтеу,  гибридті  көшеттерді  бағытты  тәртіпке  келтіру).   Таңдап  алынған   шие,  қарлыған,  бүлдірген  көшеттерін  зерттеу  жұмыстары  жүргізіліп  жатыр.  Кейбір итродукцияланған   жемісті   және  жидекті  өсімдіктерді  жасылдандыру  тәжірибесінде  қолданылады.  Көшелер  мен  сая  бақтарды  жасылдандыруда  гүлдеген  кезде  Сібір  жидекті  алмасы,  Мичуриннің  Крандаль  қарақаты,  орман  бүлдіргені  бордюрлік   егіндерде   әдемі  көрінеді.

Алматыдан,  Барнаулдан,  Өскеменнен  әкелінген  жөкені  зерттеген  кезде   Алматыдан   келген  жөкенің  көбею  қарқыны  өте  жоғары  екені  анық  болды,  бірақ  оның  қысқа төзімділігі  төмен;  Барнаулдан  келген  жөкенің  өсу  қарқыны  төмен  болғандықтан  қысқа  төзімділігі   жоғары.  Түсті  металургия  мекемелерінің  өндірістік  аумақтарын   жасылдандыру   үшін   талды-бұталы  өсімдіктердің  түтін  мен  газға  қарсы  төзімділігі  бойынша  таңдау,  зерттеу  жұмыстары  жүргіліп  жатыр.

Басты  жұмыстар   1948  жылдан  бастап  зерттеліп  келе  жатқан  сәнді,  гүлдейтін  өсімдіктер  бойынша    өткізілді.  Қазіргі  уақытта  гүлдейтін,  сәнді  өсімдіктердің  жиыны  848  түрден және  сұрыпткан  тұрады,  оның  ішінде:  сарыгүл – 143,   гладиолус  — 254,  қызғалтақ  — 128, пион -71,  нарциз -65,  флокса –метальчатого-92  т.с.с.   Гүлді  өсімдіктерді   жергілікті  жағдайда  өсіру  кезінде  биологиялық  ерешеліктері  зерттелінді.  Кейбір  сәнді  өсімдіктерді  қысқа  жаздық  мерзімде өсіру  тәсілдері  дайындалынды,  қитай  астрасының   бұталау  нәтижелі  тәсілі,  гүлдердің   ұрығы  мен  гүлінің  көлемін  ұлғайтатынтәсіл  болып  табылады,  қитай  пионының  гүлдеу,  мұздан  еру, қалпына  келу   мерзімін  тездететін  тәсілді  айтамыз.  Бір  жылдық    гүл  өсімдіктерін  зерттеу  жұмыстары  бітті. Және  де  бір  жылдық  өсімдіктердің  230  тұрінің  биологиялық  ерекшеліктері  зерттелді,  оның  ішінде  80  түрімен  қалалық  гүл  егіндіктерін  әшекелеуге  қолданады.

Розалардың  жаңа  сұрыптары  интродукциялануда,  ерте  көктемдік  (қықзғалтақ, нарциз),  жаздық  (гладиолус)  пияз  текті  өсімдіктер.  Бұдан  басқа,  жергілікті  әсем  гүлдейтін  өсімдіктің  120  түрінің  биолигиялық  ерекшеліктері  мен  сәнді  сапасы  зерттелуде.

Ботаникалық  бақтың  құрылу  кезінен  бастап   Рудный  Алтайдағы  бақшалық,  жеміс-жидек  шаруашылығының   дамуына  ерекше  көңіл  бөлінеді.  1936  жылы  5  сұрыптан  тұратын  малинаның,  қарақаттың,  бүлдіргеннің,  қарлығанның  бірінші  егіндіктері  егілді.  Кейіннен  тұқымдық,  дәнектік  мәдениеттер  егілді:  алма,  шие,  шетен,  шомырт,  церападус.

Жеміс-жидек  өсімдіктерін  зерттеу  жұмыстары  аз  жүргізілді,  бірақ  олардың  жиынтық  қоры  жылдан  жылға  жаңа  түрлерімен  толықтырылады;  Интродуценттердің  жан  жақты  зерттеулері  жүргізілген  жоқ.  Түрлердің  басым  бөлігі  суық  қыста  үсіп  қалды.  Мысалы,  1954  жылы  жиыннан  барлық  дәнекті  өсімдіктер  жоғалып  кетті (алхоры,  шие,  өрік),  алма  бақтар  үсіп  қалды  және  де  бүлдіргеннің  кей  түрлері  үсіп,  жойылып  кетті.  Қыстың  аязына  төзімді  алма  сұрыптарының  бірі:  Багряное,  Желтый   Челдон,  Киселевка,  Анисик  Омский  т.с.с.

1965  жылы    жемісті  өсімдіктер  учаскесінде    143  алма  талдары,  19  алмұрт  талдары,  33  алхоры-шие гибридтік  талдары,  192  жеміс-жидек  талдары   өсіп  шықты.

Жиынның  қорына    Барнаулдан  келген,  челябинсктен  келген,  Свердловск,  Өскеменнен  келген  өсімдік  көшеттері  қосылды.  Бірақ  1966/67 ж.ж. 47 о-тық   қатты  аяз   өз  зиянын  келтірді:  жеміс-жидек  өсімдіктердің  көптеген  түрлері  үсіп  қалды.  Әсіресе,  дәнекті  өсімдіктерде  жас  бұтақтары  үсіген,  ал  қалың  қарда  жидектері  үсіген.

Жеміс –жидектерді  Рудный  Алтайда  интродукциядан  өткізудің  қиыншылығына  қарамастан,  ботаникалық  бақтың  қызметкерлері   жақсы  сұрыптарды, осы  аумақтың  егіндік  шаруашылығына  еңгізу  үшін,  таңдау  және  зерттеу  жұмыстарын  жүргізеді.  Мысалы,  ғылыми  қызметкер  З.И.  Кирющенко  алхорының  және  шиенің тиімді  гибридін  шығарды,  олар   аяздан  қорықпайды  және  өнімді  көп  береді.

Қазіргі  уақытта   ботаникалық  бақта    жеміс –жидектердің  488  түрі  мен  сұрыбы  бар.  Жабайы  жеміс-жидектерді  зерттеу  және  өндіріске  еңгізу  жұмыстары  жүргізілуде.

Алтай  ботаникалық  бағының  ғылыми зерттеу  жұмыстарының  түсініктемесін  бітіре  отырып  көкөністер  бойынша  жұмыстарды  айтып  кетсек,  ол  картоп  өсіру.  Ботаникалық  бақ  картоп  өсірумен  1939  жылдан  бастап  айналысады.  Өсімдіктерді  сұрыптау  және  аумақтарға  бөлу  зерттеушілердің  мақсаттарының  бірі  болды.  Көкөніс  өсіруге  қызығушылық   өсті,  ол  қалалық  және  партиялық  мекемелердің  өтініші  бойынша  1941  жылы   Лениногорскте    Қазақ   Наркомземнің  көкөністердің  сұрыбын  сынақтан  өткізетін  учаске  ашылды.  Ол  жерде ботаникалық  бақ  ұсынған сұрыптармен  үлкен  жұмыстар  жүргізіліп  жатты.  Жиында   көкөністің  15 түрі  мен  180  сұрыбы  жиналды:   картоп  —  100,  капуста -27,   Қызан – 32  түрлері  болды.  Көп  жылдық  көкөніс  бойынша  жұмыстардың  нәтижесінде    Алтай  аумағында  қызанның,  сәбіздің,  қиярдың,  картоптың  ерте  пісетін  түрлері  еңгізілді. Осымен ботаникалық  бақтың  ғылыми  зерттеулік  жұмысы   әркелкі.  Осы  жұмыстардың  нәтижесінде     совхоздарда,  өндірістік  мекемелерде  Алтайдың  интродукцияланған,  жабайы  өсімдіктері  қолдануда.

 

2.5 Қазақстандағы ботаникалық бақтардың қазіргі дағдайы

 

Алматы ботаникалық бағы.Бұл ботаникалық бақ — керемет серуен құрып тынығатын мекеменің бірі, міне көптеген жылдар бойы Алматылықтар мен Алматы қонақтарының сүйіп  дем алатын орындардың біріне айналған.

Алматылықтардың мақтанышына айналған бақтың  құлдырауында айтарлықтай себептер бар. Былтыр Ботаникалық бақтың 75 жылдығын атап өтілді.Оны алғаш ұйымдастырған кезде бұл істі бастаған өте үлкен ғалымдар еді. Солар бақтың қазіргі орналасқан жерін арнайы таңдап алған. Себебі бұрын бұл жерге таудан су ағып келетін. Кезінде бақ пен институт екеуі бөлек еді. Бұрындары бақтың жағдайы керемет еді.

1981 жылға дейін оның ішінде әртүрлі гүлдердің 4000-ға жуық сорты өсетін. Соның ішінде лалагүлдің 60 түрі мен 800 сорты жайқалып, көрген кісінің көзін қуантушы еді. Ол уақытта  жыл сайын көрме ұйымдастырылатын. Ерте көктемде гүлдейтін өсімдіктерді тамашалау үшін келетін халықтың аяғы үзілген емес. Арнайы су қоймаларындағы өсімдіктердің көркемдігі ғажап, қарасаң көз тоймайтындай еді. Өсімдік қорының көптігінен, жылда ұйымдастырылатын көрменің бас жүлдесі осы баққа бұйыратын. Өкінішке қарай, дағдарыс жылдары өсімдік топтамалары бірте-бірте сиреп, 4000 түрдің бірде-бір түрі қалған жоқ.

Сондай-ақ осыдан 4-5 жыл бұрын «Биологиялық зерттеу орталығы» құрылып, Ботаникалық бақты солардың қарамағына берген. Бірақ орталық бақты бұрынғы қалпына келтіруге жәрдемдесудің орнына, көп зиянын тигізді. Себебі 4 жылдың ішінде екі арада қарама-қайшылық көп болып, институттан білімді, қызметіне адал бірнеше ғылым докторы кетіп қалды. 
Институттың ғылыми дәрежесі төмендеп, бақтың ішкі жағдайы нашарлады.

Мұнда тек бақ емес, Ботаника институты да бар. Бақтың бұрынғы жағдайы мен қазіргі күйін салыстырып қарасаң — жер мен көктей. Осының бәріне көз жұма қарай алмайтындықтан, Білім және ғылым министріне хат жолданған. Бұл мәселелерді енді шешпесе,бақтан біржолата айырылып қалу мүмкін еді. Бақтың өзгешелігі сол, бұл — тек ғылыми-зерттеу орталығы емес, сонымен қатар мәдени институт. Жұрттың білімін толықтыратын, өсімдіктер әлемі туралы толыққанды ақпарат беретін бірден-бір орталық. Түрлі экскурсиялар ұйымдастырылып тұратын.

Қазір Алматыда туризмді дамытамыз деп жатыр. Ал бақ — сол туризмнің негізгі объектілерінің бірі. Бірақ мұнда қураған ағаштар мен тартылған су қоймалары ғана қалған.Мыңдаған өсімдіктердің түрлері бар деп мақтанушы едік, қазір ол да жоқ. Тек жылыжайда сақталған біраз өсімдіктер бар, бірақ шетелдіктерге ол жаңалық емес. Оларға Қазақстанның даласы мен тауында, суы мен нуында қандай өсімдіктер өсетіні қызықты. Жалпы өсімдік қорының саны 2700-ден аспайды. Дегенмен әлі де болса бақтың келешегі бар, бірақ ол үшін басшылықта білімді де білікті, іскер адам отыруы керек. Ол осы мәселелерді рет-ретімен шешуі тиіс.

1983 жылдан бері баққа жаңадан бірде-бір ағаш отырғызылмаған. Жаңа көшеттердің отырғызылуына жауап беретін дендрология бөліміне жыл сайын осы мақсатқа қаражат бөлініп тұрса да, мәселе өз шешімін таппай келеді. Оның үстіне күтім нашарлап кетіп, ағаштардың көпшілігі қурап, бақтың жағдайы уақыт өткен сайын төмендеуде. Бақтың іші күл-қоқыстан да тазаланбаған.

Алматыда жүзжылдық емендер бар. Емен орманы, емен-аққайың аралас орман, сабақтары қисық өсетін «қырғыз аққайыңы» — осылардың барлығы жұрт қызыға тамашалайтын өсімдіктер. Соларды отырғызу керек. Сонымен қатар гүлдердің жаңа сорттарын алып келіп, қайсысы біздің топыраққа жерсінеді, қайсысы өспейтінін зерттеу керек. Өйткені бізде жер бар, су бар, әсем гүлдердің тұқымдарын алып келу деген қиын емес. Дүкендерде неше түрі толып тұр. Қызметкерлердің ғылыми дәрежесін көтеру, ғалымдарға ғылыммен айналысуға жағдай жасаудан бастап, бақты суғаруды жолға қою да — кезек күттірмейтін дүниелер.Ғалымдардың жасаған еңбектеріне немқұрайдылықпен қарамай, оған уақытында баға беріп, жариялап тұру да — өзекті мәселе. Бұл еліміздің сиреп бара жатқан өсімдік түрлерін дер кезінде қорғауға мүмкіндік береді. Ботаниктердің дәрілік өсімдіктерді жинауы, өсімдік жамылғысын зерттеулері үшін түрлі экспедициялар ұйымдастыруы керек. Кейде «ғалымдар экономикаға ештеңе берген жоқ» деген сыңайдағы пікірлерді естіп қаламыз. Барлық ғылым саласының экономикалық тиімді болуы міндет емес. Оның табиғатты қорғау, әлеумет, денсаулық сақтау саласына тигізіп жатқан пайдасы үлкен.
Бізде қаланы көгалдандыру үшін өсімдіктерді шеттен әкелуге құмар. Ең құрығанда Алматы қаласын көгалдандыруға керекті өсімдіктерді өзіміздің бақта өсіріп, көбейтуге мүмкіндік бар, бірақ оны жүзеге асырып жатқан ешкім жоқ. Жалпы, Алматыны көгалдандыруға Ботаникалық бақтың қосқан үлесі өте үлкен. «Шетелден әкелінген» деп ойлайтын көптеген әсем ағаштар 80-жылдарға дейін Ботаникалық бақтан шыққан. Қазақстан коммунистік партиясы Орталық Комитетінің әкімшілік басқарушысы Статенин деген кісі қазіргі әкімдіктің ғимараты салынған кезде, көгалдандыру жоспарын әкеліп, бізге сараптама жасатқызған. Қандай ағаштарды отырғызуға болатын-болмайтынын сараптап, қайсысын біздің көшеттіктен алу керектігін анықталған.Осы ғимараттың айналасына отырғызылған Солтүстік Американың таулы аймақтарында өсетін көгілдір шырша осы бақтан алынған. Д.Қонаев ақсақалдың ескерткішінің жанында өсіп тұрған биік-биік шыршалар да — бақтікі.Тамаша ағаштар мен гүлдердің тұқымы құрыған.

 Сондықтан көшеттікті кеңейтіп, флораның түрлерін көбейтіп, коммерцияға айналдырса, үлкен табыс көзі болады. Қазір бұның үлкен бизнес екенін түсінген кәсіпкерлер жеке көшеттік ұйымдастырып, бүкіл Қазақстанды көшетпен қамтамасыз етіп отыр. Айта кететін тағы бір жайт, бүгінде қаланы көгалдандыруда өсімдіктерді отырғызудың заңдылықтары сақталмайды. Мәселен, шырша көлеңкелі жерде жақсы өссе, біз оны көшенің күнгей жағына отырғызып қояды. Демек, ол қурай бастайды. Ал қарағай болса, күн сәулесін жақсы көреді, оны апарып солтүстік бетіне егеді. Содан кейін ол сорайып-сорайып шыға келеді. 28 парфиловшылар паркінде жақсы емен ағаштары өсіп тұр. Бірақ суғаруы нашар болғандықтан,соңғы 4-5 жылда шетінен қурады. Сол жайқалып тұрған ағаштардың қасына каштан мен қарағайды отырғызады.Көшенің қос қапталына отырғызылған емендердің сиректеу жерлеріне қарағай, аққайың сынды суды көп қажет ететін ағаштарды егеді. Алматы топырағында тез қуаттанатын — қарағаш пен емен. Өйткені олардың тамыры өте тереңге кетеді. Қала топырағының құрылысы өзгеше. Таудың етегінде жатқандықтан, оның топырағына таудан ағып келген дүниелер түседі. Жоғары қабатындағы лайшықтың тереңдігі ары кетсе — 50 сантиметр ғана. Ал асты қиыршық құм пен үлкен тастар. Олардың өзінде су ұстамайтыны белгілі. Суды ұстайтын лайсаң топырақ қабаты қалың емес. Ағаштардың сусыз қурай бастайтыны соған байланысты. Сондықтан жер жағдайларын, әр өсімдіктің өзіндік қасиеттерін, бір-бірімен қатар өсе алатындығын алдын ала талдау қажет.

1978-жылдары Алматыда өсіруге болатын өсімдік түрлерінің тізімін жасағалған.Ондай тізімдер елдің басқа аймақтарына да арнайы түзілген.Кейінгі жылдары, шыны керек, табиғат қорғау мәселесіне біраз көңіл бөлінуде.«Медеу» ұлттық паркі, «Сайран» ұлттық паркі, «Ерейментау» қорықтарының ашылуы — ауызды қу шөппен сүртуге болмайтынының дәлелі.Қазір 2 жылда бір қорық құрылады. Қазақстанның қай жерлерінде қандай қорықтар, ұлттық парктер құру қажеттігінің жобасын 88-жылдары Ұлттық ғылым академиясының мамандары бірлесе отырып жасаған. Ол жоспар бойынша 2005 жылға дейін ел аумағында бірнеше қорықтар ұйымдастырылуы керек еді. Қазақстанның қорғалу объектісіне жататын аймақтарының барлығына толық сипаттама жасалған. Осы жоспарға кірген біраз жұмыстар іске асырылды, бірақ экономикалық ахуалға байланысты кешігіп жатыр. Дегенмен осы 4-5 жылдың ішінде 2-3 ұлттық парк, 4-5 қорық құрылды.

 Ел ботаниктері «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктердің өзі жеткілікті деңгейде қорғалып жатқан жоқ деп дабыл қағып жүргендері рас. Себебі,«Қызыл кітаптың» насихаты аздау болып жатыр. Көп адамдар қандай өсімдіктердің аталмыш кітапқа енгендігінен хабарсыз. Кеңес кезінде шығарылған «Қызыл кітапқа» өсімдіктердің 309 түрі енгізілген екен. Қазір ғалымдар табиғатта сирек кездесетін өсімдіктерді зерттеп, ғылыми айналымға кіргізу бағытында көп еңбек етіп жатыр. Бірақ өкінішке қарай, үкімет тарапынан бұл мәселеге көңіл аударылып отырған жоқ. Себебі осыдан 3 жыл бұрын Орман шаруашылығы комитетімен шарт жасасып, «Қызыл кітап» қайта жазып шығарылған. Бірінші шығарылымында 309 өсімдік енсе, соңғысына 409 өсімдік түрінің сипаттамасы берілді. Яғни, жиырма жылға жуық уақыт ішінде 100-ден аса өсімдіктің түрі сирек кездесетіндердің қатарына қосылған. Бұл — осыншама түр жойылудың алдында тұр деген сөз. Оларды қорғау қажет. Бірақ кітаптың макеті жасалып, керекті материалдардың барлығы жиналып-қатталып қойғанымен, әлі күнге жарыққа шықпай тұр. Өкінішке қарай, тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан өсімдік әлемінің «Қызыл кітабы» жарияланған жоқ. Өсімдіктердің барлығын жиып-теріп, сипаттамасын жасап, кітаптың бұрынғы нұсқасын толықтыру — ғалымдардың өлшеусіз еңбегі. Осы жұмыста жасатып алды да, қаржы жоқ деген желеумен, бастырмай тұр. Мен тек сирек кездесетін өсімдіктердің түрлері туралы айтып отырмын, сондай-ақ олардың қауымы да болады. Қауым дегеніміз — бірге өсетін көп өсімдік түрлерінің жиынтығы. Егер қауым өсетін жерде ауыл шаруашылығы немесе мал шаруашылығы дамитын болса, ол қауымдар түбегейлі жоғалып кетуі мүмкін. Сондықтан, кейін келе «Қызыл кітаптан» басқа, «Көк кітап» шығару мәселесі шықты. Ол заңды күші бар құжат болмаса да, ғалымдар өсімдік қауымдастығын қорғау мақсатында осындай бастама көтеріп, Украинада алғашқы кітап жарық көрді. Бұл кітапқа түрлі өсімдік қауымдарының сипаттамасы, олардың қай жерде кездесетіні, арнайы картасы кірген. Украиндықтар оны «Көк кітап» деп атағанымен, біз «Қызыл кітап. ІІ том. Өсімдіктер қауымы» деп жүрміз. Өйткені ол «Қызыл кітапқа» кірсе, заңмен қорғалатын болады. Мәселен, Медеуден жоғары көтерілсеңіз, бір жерде тек қана шырша қауымдығы, бір жерде тек өрік қауымдығы өсіп тұрады. Демек, бұлар бөлек өсімдік қауымы. Осындай сирек кездесетін өсімдік қауымдары туралы 2003 жылы тағы да жұмыс жасалынды.Бұл жұмысты ары қарай жалғастыру керек еді. Бірақ қаржы тапшылығынан тағы да тоқтап тұр. Бірнеше жылдан кейін бұл еңбектер жоғалып кетуі ықтимал. Өйткені оны жасаған ғалымдардың жасы 70-тің аржақ-бер жағында. Егер кітапты 2-3 жылдың айналасында шығармаса, бұл жұмысты жалғастыратын ешкім жоқ. Әңгіме осында. Сондықтан ғалымдардың бар күш-қуатын, мүмкіндігін уақтылы пайдаланып қалу шарт. Зоологтар демеушілердің көмегімен «Қызыл кітаптың» омыртқалылар бөлімін шығарып алды. Айта берсек, істеліп жатқан еңбек көп, бірақ елеусіз, ескерусіз қалып жатыр.

Осыдан 3 жыл бұрын «Қазақстанның өсімдіктер әлемі» туралы арнайы заң қабылдау мәселесі  көтерілген.Еліміздің жануарлар әлемі туралы заң бар да, өсімдіктер әлемі туралы заң жоқ. Тек орман шаруашылығы туралы заңнама қабылданған. Ал орман Қазақстан территориясының бар-жоғы 5 пайызын құрайды. Ал қалған өсімдіктер әлемін қалай қорғаймыз? Егер өсімдіктер әлемін қорғау туралы арнайы заң қабылданса, кез келген жерде беталды құрылыс жүргізе беруге тыйым салынар еді. Өйткені қазіргі кезде құрылысты табиғатқа келетін зиянын ескермей жүргізу белең алып кетті. Екіншіден, өсімдіктерді қалай болса солай пайдалануға қарсы, оларды қорғау мәселесі де қатаймақ. Қазір ауылдардың айналасын адыраспан, итсигек секілді жабайы өсімдіктер басып кеткен. Сонымен қатар қолында кішкене билігі бар адамдар бақ пен ағаштарды отап, зәулім сарайлар салуда. Мәселен, «Тұйықсуды» алайық. Қандай шыршалардың көзін құртып жіберді. Ал шырша болса «Қызыл кітапқа» енген өсімдік. Аталмыш заңды қабылдасақ, мұндай шектен шығушылық болмас еді.

Қазіргі кезде инновациялық ғылымның құны жоғары. Өзге елдерде табыстың 70 пайызы инновациялық ғылымның нәтижесінде түседі екен.
Ботаниканың инновациялық мүмкіндігі өте жоғары. Ауылшаруашылық өсімдіктерді генетикалық негізде зерттеп, тарату үшін оған, ең бірінші, инновация керек. Соның негізінде экономикалық тұрғыда пайда табу шарт. Сондықтан ғылымға салынған ақшаны кіріспен қайтару үшін инновацияны кез келген салаға емес, елге пайдалы өнім беретін салаға салу керек. Мысалы, Астанада биотехнологиялық орталық құрғалы жатыр. Онда да заманауи технологияларды пайдалану көзделіп отыр. Қарағандының фито-химия институты онкологиялық ауруларға қарсы жаңа дәрі шығарды. Олар өсімдіктерден дәрілік шәй жасап, оны сатып, зауыт салуға күш салып жатыр. Мұндай дүниеге шетелден инновация тарту қажет.
Инновация биологияға ғана емес, бар ғылымға қажетті дүние. Сондай бір мысал айтайын. Қазір әлемде табиғи резеңке шығару өте үлкен мәселеге айналған. Оның себебі, Қытай, Үндістан, Бразилия секілді елдердің өнеркәсібі көтеріліп, олар резеңке өнімдеріне деген сұранысты арттырып жіберді. Үлкен өндіріс өнімдерінің барлығына дерлік резеңке қажет. Қазір пайдаланылып жүргені — жасанды резеңке. Климаттың өзгеруіне байланысты, табиғи резеңке шығаратын өсімдіктердің өнімділігі төмендеп кеткен. Сондықтан бұл шикізаттың балама көздері ізделіп жатыр. Соның бірі Райымбек ауданының Кеген деген жерінде кездесетін — кішкентай ғана «көксағыз». Бұл өсімдік басқа жерде өспейді. Осы өсімдікті зерттеу үшін Еуропа елдері ақша бөліп, үлкен консорциум құрды. Оған Еуропаның 13 елінен және Қазақстаннан «Экологиялық жаңарту» атты ғылыми-зерттеу орталықтары кіріп, осы бағытта жұмыс жасап жатыр. «Көксағыз» — «Қызыл кітапқа» енген өсімдік. Оны табиғи өсіп тұрған жерінен барып жинауға болмайды. Сондықтан Үкіметтің қаулысымен зерттеу жүргізіп, өндіріске енгізу мақсатында жинауға  рұқсат берілді.Оны өсіруді жолға қойып, өндіріске енгізе алсақ, экономика үшін пайда. Сондықтан бұл да инновацияны пайдаланып, өндіріске енгізудің жарқын мысалы.

Ботаникалық бақ үлкен  жөндеуден өту қажеттігін талап етеді. Өсімдіктердің интродукциясы мен жануарлардың жерсінуі – бұл бір — біріне өте ұқсас процесс. Шындығына келсек интродукция — ол өсімдіктердің доместикациясының ғылыми негізі. Шалғай елдерден келген өсімдіктер интродукиядан  сынақтан кейін ауылдарда, орман шаруашылығында кеңінен бейімделіп жасылдандыру жолында қолданылады. Өсімдіктердің  интродукциясының негізгі бөлігін өсімдіктерді жаңарту мен  толықтыру қорының басты  жүиесі болып табылады. Әрине ботаникалық бақтың да өмірі  осындай керемет жақсы емес. Әл-Фараби даңғылы бойында жүргізіліп жатқан белсенді құрылыстар салдарынан мұнда жиі суармалы су болмай, өсімдіктерді суғаруға мүмкіндіктер болмай қалады. Бірақ қала басшысы Иманғали Тасмағанбетов мырзаның шығарған шешімі бойынша қала бюджетінен қомақты қаржы бөлініп, оның бір бөлігі осы бақты қамтитын терең құбырлар скважиналарын қайта жетілдіру жұмыстарына жұмсалуда.

Бұл ботаникалық бақ тек бақ қана емес, сонымен қатар ғылыми- зерттеу ұйымы мен Республика  деңгейіндегі табиғи қорғауға алынған  аумақ. Сондықтан да мұнда біріңғай құрылым жүиесі —  ол   лаборатория. Ботаникалық бақ құрылымына келесі лабораториялар кіреді: Өсімдіктер құрылымы; жеміс беретін өсімдіктердің интродукциясы мен Генофонды; Өсімдік гермоплазмасы мен морфологиясы; физиологиялық әйгілік; тропикалық және суптропикалық өсімдіктер; геоботаниктер ;флоралар; өсімдіктер ресурстары және тағы басқа.  Шаруашылық өте үлкен, соған байланысты жұмыс та машақат та жеткілікті.

 Бұл институт негізінен мемлекет  бюджетінен қаржыландырады  және   институт  гранттар жеңіп алады немесе басқа ұйымдармен келісім шарттқа тұрып, табыс көздерін солардың көмегімен іздейді.

Мұнда ҚР   ҒҰМ  КН  ОБИ  «Фитоинтродукция және ботаника институтымен» әлемдік және отандық флора қоры ұйымдастырылған, онда өсімдіктердің  4650-ден аса  түрі бар. Бұл өсімдіктер коллекциясында Қазақстан, Сібір, Еуропа, Оңтүстік және солтүстік Америка, Африка және оңтүстік-шығыс Азиялардың ағашты бұталары  және декоративті гүлдер, жемістік, емдік,  және техникалық өсімдіктері бар.Осы өсімдіктерді интродукциялау  сынау  негізінде коллекция қорына Қазақстан шаруашылығына енгізілген 330 түрлері мен сорттары кіреді. Ботаникалық бақ аймағында 5 бөлімнен тұратын экспозициялық гүлзарлары; пальмира, тропика, суптропика, суда және сулы аймақта өсетін өсімдіктер енгізілген.

 

Маңғыстау экспериментальды ботаникалық бағы.Маңғыстау облысының игерілуі төрт кезеңнен тұрады. Алғашқы кезең 60-70 жылдар аралығы. Екінші кезең 70-90 жж., үшінші кезең 1990-нан 2000 жылға дейінгі уақытты қамтыса, төртінші кезең, яғни соңғы он жылдық – өңірді интенсивті игеру жылдары. Сонау 60-жылдары түбекке мұнай игерушілер, өндіріс саласы мамандары келе бастады. Олар жазы ыстық, қысы суық, желден қорғар, ыстықтан пана болар орманы жоқ Маңғыстауды жасыл желекке айналдырмақ болады. Кавказдан ағаш әкеліп өсіргенімен, өсімдіктер өлкені жерсінбеді. Әрине, мұнайшылар түбекте қандай өсімдіктің бейімделіп кететінін білмегені түсінікті. «Маңғыстауға көлеңкеден басқаның бәрін әкелуге болады» деген пікір де сол кезде қалыптасқан. Осыдан кейін 1961 жылыаймақты көгалдандыру үшін өлкеде Қазақ ССР Ғылым академиясы Топырақтану институты және Ботаника институтының стационарлық экспедициясы жұмысын бастады. Оған биология ғылымдарының кандидаты В.Романович басшы болып келеді.Сол кезеңде көптеген сәндік ағаштар, бұталар, жеміс ағаштары, басқа да өсімдіктер сынақтан өткізілген. Осылайша ғалымдар «Маңғыстауға 30-дай ағаш тектес, 35-тей гүл тектес өсімдікті әкеліп отырғызуға болады» деген шешімге келеді.

Яғни,бүгінгі ботаникалық бақтың бастауында сол стационарлық экспедиция жатыр.Бірақ стационарлық экспедиция отырғызған ағаштар да түбекті көгалдандыру үшін аздық етті. 60 жылдардың ортасында Маңғыстау облысы кең көлемде игеріле бастады. Өндіріс орындары ашылды. 1965 жылы өлкеге Н.Цициннің бастауымен ССР Ғылым академиясы Ботаникалық бақтар Кеңесінің көшпелі сессиясы келеді. Оның құрамында Ф.Русанов, Т.Славкина, В.Ткаченко, В.Рубаник сынды белгілі ғалымдар, ірі ботаникалық бақтардың басшылары, академиктер мен ғылым докторлары болған. Олар «өлкенің мүмкіндігі зор, болашақта өндіріс ошағына айналады, мұнда ботаникалық бақ ашу керек» деген шешімге келеді. Сөйтіп, 1971 жылы қаулы шығып, 1972 жылдың наурызында стационарлық экспедицияның базасында Маңғыстау экспериментальдық ботаникалық бағы ашылады. Соңғы жылдары еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бақ бірнеше рет құқықтық статусы өзгеріп, тіркеуден өтті. Соның бірі 1999 жылдан 2004 жылдар аралығында Маңғыстау экспериментальдық ботаникалық бақ «Ботаника және фитоинтродукция институтының» филиалы ретінде болып, 2004 жылы ҚР БҒМ «Биологиялық зерттеулер орталығы» РМК ашылып, бақ оның филиалы ретінде қайта тіркеуден өтіп, «Ботаника және фитоинтродукция институты» ЕМК құрамына кірді. 2006 жылы наурыз айында ботаникалық бақ дербес еншілес мемлекеттік кәсіпорын болып қайта құрылып, жеке құқықтық статусын алды. 2010 жылы орталық жабылып, барлық институттар республикалық мемлекеттік кәсіпорынға айналдырылды. Қырық жыл – көп уақыт емес, тіпті Маңғыстауда өсімдіктің жасы да анықталған жоқ. Өйткені ботаникалық бақ алғашында қаланың 22-шағынауданынан 8 га жерді жалға алып отырған. Қазіргі орнына 90 жылдары көшіп келді. Яғни, бұл жердегі өсімдіктер – соңғы он бес-жиырма жылдағы жұмыстың нәтижесі.Қарап отырсақ, ботаникалық бақтың тағдыры өте күрделі . Бірақ соның ішінде ең қиын кезең – жер дауымен байланысты уақыт . Бірнеше жыл бұрын ботаникалық бақтың аумағына тұрғын үйлер салынып, жер дауы шықты.Кеңес үкіметі кезінде дүние-мүліктің барлығы Үкіметтікі болатын.Ботаникалық бақтың да мемлекеттік актісі болғанымен, ХҚКО-нда тіркелмеген.Содан барып бөлшектенді.

Ботаникалық бақтың жалпы аумағы 39,9 га еді. Ботаникалық бақтың 8 га жері Ақтау қаласы әкімінің 09. 09. 2003 жылғы № 1448 шешімімен құрылыс салу үшін «Ақтау сервис» ЖШС жеке меншігіне берілген. Ал, 5,0 гектар жер Ақтау қаласы әкімінің 23.05.2003 жылғы № 820 шешімімен «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ спорттық кешен салу үшін уақытша пайдалануға беріледі. 2004 жылы ботаникалық бақты сақтап қалу қажеттігін айтып, табиғатты қорғау прокуратурасына бардым. Онда «мәселені шешу үшін алдымен ботаникалық бақтың жерін заңды құжаттармен сәйкестендіру қажеттілігі айтылды. Сондықтан тезірек ботаникалық бақты ерекше қорғаудағы аймақтың тізіміне кіргізу керек болды. Тек 2005 жылдың маусымында ғана тізімге енген. Қазір ботаникалық бақтың бір бұрышына тұрғын үйлер тұрғызылса, екінші шетінен спорт кешені салынбақ болды. Кейін бұл жер ботаникалық баққа қайтарылып,5 га жерді қамтыды.Тура жанынан «Маңғыстаумұнайгаз» спорттық кешен салу үшін жер алынған.  34 шағынауданнан бізге берілген 15 га жерге көршілес Қан құю орталығы салынды. Кейін ботаникалық бақ ерекше қорғаудағы аймақққа жататындықтан «МаңғыстауМұнайГазға» берілген 5 га жер қайтып берілсе,34 шағынауданнан 5 га жер шегерілсін деген шешімге келді.

 2003 жылы басталған ботаникалық бақты сақтап қалудың соңғы нүктесі 2009 жылы ғана қойылды.Ғимараттардың салынуы ботаникалық бақтың биологиялық өміріне өз әселерін тигізді.Құрылыс кезінде 3 метрлік қарағайларды бульдозермен сүріп, ортасынан бытырлатып, сындырып орасан зор зиянын тигізген.Бейімделгіш ағаштарға ғана қатты күтім жасалды.Бірақ ағаштардың көпшілігі өлді, қайта отырғызуға келмей, 2 мыңның үстінде ағаш түбі өлген.

Ең бастысы, кейбір жер бөлігінде дренажға зияны тиді. Кезінде ботаникалық бақтың барлық периметрі бойынша жабық дренаж салынған. Суарған кезде топырақтан тұз бөлінеді, егер дренажы болмаса, жоғары шығып, жерді тұздап жібереді. Ал, дренаж болса, тұз дренажға шөгеді. Ғимараттар салғанда дренаждың жүйесін қиып өткен.

 Бүгінгі күні ерекше қорғалатын табиғи аймақ ретінде мекеменің паспорты жасалынып, құзырлы министрліктердің тіркелуінен өтуде. Заңды сақтау – әрқайсымыздың міндетіміз. Заң ботаникалық бақтың бүлінбеуін талап етеді. Өсімдік – ішсең тағам, жұтсаң ауа, кисең киім. Ақтау бұрын ала шаң болып жататын.

Экожүйенің бұзылмауын қамтамасыз етіп, қалада микроклимат қалыптасуында да осы ботаникалық бақтың үлкен үлесі бар деп санаймыз.Бірақ мұны көп адам біле бермейді. Табиғатта бәрі өзінің тепе-теңдігін сақтап тұруы қажет. Табиғатты бүлдіретін – антропоген. Бірі бүлінсе, екіншісіне зияны тиеді. Экологиялық, биологиялық заңдылық бұзылса, соңы орны толмас өкінішке апарып соқтырады.

2006 жылы жұмысшылардың аздығына қарамастан, 60 млн теңгеге шаруашылық келісімшарт жасалды. Бұған тәуекел еткен себеп мекеменің материалдық базасы төмен болды.Ең бастысы бақтағы тұрбаларды түгелімен жаңартылып,гербарлық қор жасалған.2007 жылы «Биологиялық зерттеу орталығы» ашылып, 2007-2008 жылы бізге мақсатты субсидия беріліп, соның арқасында ғимараттың екінші қабатында толықтай лабораториялық кешен жасақталды. Қазір іргелі зерттеу жүргізуге материалдық база толық жетеді, тіпті ультрамикроскопқа дейін бар. Көлік, трактор, су тасушы машинаға дейін алынды. Ғалымдар Мәскеуде, Владивостокта, Петербургте тәжірибеден өтті.Өсімдіктерді агротехникалық күтім жасау, оны арам шөптен тазартуға адам күші жетпей жататын кездер болады. Жыл сайын «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жастар келіп, қолғабыс жасайды.Ботаникалық бақтың Маңғыстауды сұрыпталған жеміс-жидекпен қамтамасыз етуге мүмкіндігі өте зор.Әсіресе, Түпқараған мен Шетпе маңы егіске қолайлы. Ол үшін отырғызылатын дақылдарды сұрыптау қажет. Мәселен, ботаникалық бақта өрік, алмұрт, алма мен айва сұрыптан өткізіліп, өңірдің ауа райына бейімделген тұқым алынған.Өсімдіктердің 90 -95 пайызының өсіп, өніп кететініне кепілдік беріледі.Кеңес Одағы кезінде ғылым мен өндіріс байланыста болатын. Қазір сол байланыс жоғалды. Егер өндірістік масштабқа шығарар болса, егіс шаруашылықтарына, көгалдандыруға қажетті шыбықтармен қамтамасыз етуге болар еді. Оған қоса, өлкенің табиғатына шыдамды 270 ағаш тектес, 200-дей гүлтектес өсімдікті үш топқа бөліп, іріктелген.Бірақ жылына он мыңдай түп ағашқа ғана сұраныс болып, одан ірі көлемде тапсырыс жоқ.Өлкеде білікті ботаниктер жоқтың қасы. Биологтар бар, бірақ ботаник аз. Бүгінде бақта 50-дей жұмысшы бар, соның 18-20-сы ғылыми қызметкер.Егер ботаникалық бақ базалық тұрғыдан қаржыландырылса, ғылыми қызметкерлерді көптеп тартуға мүмкіндік болар еді.

 Қазіргі күні «Ғылым туралы» Заң қабылданып қаржаландырудың бірнеше көзі қарастырылып жатыр. Соның бірі әкімшілік шаруашылық бөлігін қамтамасыз ететін базалық қаржыландыру осы жылдың шілде айынан басталады. Бұл ғылыми мекемелерге, соның ішінде шаруашылығы үлкен ботаникалық бақтарға үлкен көмек.«Маңғыстау облысындағы сирек және жоғалып бара жатқан өсімдік түрлері» (Қызыл кітап), «Өсімдіктердің анықтағышы», «Маңғыстау флорасының өсімдіктер тізімі», «Маңғыстаудың өсімдіктер әлемі», «Маңғыстау экспериментальдық ботаникалық бақтың каталогы» атты кітаптар шығарылды.Бұл ботаникалық бақтың негізгі ғылыми бағыты – интродукция, яғни өзге жерден өсімдіктерді жүйелеп, туысымен таңдап әкеліп, сынақтан өткізу арқылы жерсіндіру. 2008-2010 жылы «Коллекциялық қордың құрамын сақтау» деген тақырыпта министрліктің тапсырысы бойынша жұмыс жасалынған.Сол кезде ботаникалық бақтағы өсімдіктердің толық сызбасы сызылып, электронды құжаттамасы жасалып, одан әрбір өсімдіктің қайдан әкелінгенін, ғұмырын, тұрақтылығы мен жасын көруге болады. Кітапқа 983-тей өсімдік түрі кіргізілді.

Қазіргі таңда республика бойынша Алматыдағы Бас ботаникалық бақ, Шығыс Қазақстандағы Алтай ботаникалық бағы, Орталық Қазақстандағы Жезқазған ботаникалық бағы және Батыс Қазақстандағы Маңғыстау экспериметальды ботаникалық бағы ғылыми, өндірістік, материалдық базасы жағынан көш алдында.

 

Алтай ботаникалық бағы. 55 мың халық тұратын Риддер қаласында Алтай ботаникалық бағы бар екенін екінін бірі біле бермейді. Оның міндеті – басқадай климаттық аймақтарда өсетін өсімдіктерді өзімізге бейімдеу, жеміс-жидек беретін, соның ішінде емдік қасиеті бар жабайы жеміс-жидек ағаштарын өсіру және т.б.

Бақ қызметкерлерінің еңбегінің арқасында теңіз деңгейінен кемі мың метр биік жердегі таулы аймақта өсірілетін бақша дақылдары, алма-алмұрт жыл он екі ай бойы болып тұратын оңтүстіктен кем өспейді. Гүлдердің жүздеген түрін айтпағанда.

Алтай ботаникалық бағы 154 гектар жерді алып жатыр. Тік жартасты құлама, таудан сарқырап ағатын асау мінезді Быструха өзені, небір бағалы шөп шығатын құйқалы таулы өңір.

Мұндағы өсімдіктер әлемі сан алуан. Қазақстанда ешқандай жердің байлығы бұған жетпейді десек қателеспейміз. Төрт мыңнан аса өсімдіктің түрі мен сұрпы өседі. Тек бүргеннің ғана 130 түрі бар! Қытай, Канада, Қиыр Шығыстан жеткізілген өсімдіктердің алуан түрі әбден жерсініп кеткен.

Теңіз деңгейінен бір жарым мың метр биіктікте жатқан Марқакөлде қайыңның 68 түрі өседі. Бірақ қазіргі таңда бұл бақтың да жағдайы мәз емес. Бақты аман сақтап қалу және қайта жөндеуден өткізу бүгінгі күннің басты мәселесіне айналып отыр.   

 

Петропавлдағы «Қызылжар оранжереясы»  ботаникалық бағы.

Петропавлдағы «Қызылжар оранжереясы»  ботаникалық бағы қайта қалпына келтірілуде.Кей жылдары жабылып қалудың сәл алдында болған жасыл желекті демалыс орнын жөндеу биыл «Жол картасы» бағдарламасына енгізілген.

«Қызылжар оранжереясы» ботаникалық бағы секілді қысы-жазы жап-жасыл болып тұратын мұндай ботаникалық бақ Қазақстанда екеу ғана: біреуі – Алматыда, екіншісі Петропавлда.

Оранжереяда әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінген мыңнан астам тропикалық және субтропикалық өсімдіктер бар. Төрт қабатты үйдің төбесін тірейтін пальмаларды тар орында жайқалту оңай емес. Біресе жарықтың сөнуі, енді бірде су құбырларының жарылуы көп кедергі келтірді.

Бұрынғы ет комбинатының аумағында орналасқан қысқы бақ 2012 жылы өзінің жүзжылдығын атап өтеді. Бұл жаңарту жұмыстары мерейтойға сыйлық болмақ. «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде оранжереяны қалпына келтіріп, жаңаша рең беру мақсатында 300 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Үстіміздегі жылдың қазан айына дейін ботаникалық бақ пайдалануға берілуі керек.

Қызылжар оранжереясына ең алғаш рет тропикалық өсімдіктер 1912 жылы әкелінген. Содан бері кеңейіп, ақыры үлкен баққа айналды. Мұнда жеміс-жидек, әртүрлі өсімдіктер ғана емес, құстар мен жан-жануарлар да жетерлік. Қызылжарда зообақ жоқ.  Былтыр күзде жылы жаққа ұшып кете алмаған аққуларды бізге әкеліп тапсырды. Басқа да аң-құстар бар. Ал ғимаратқа келетін болсақ, қазіргісі 1972 жылы салынған болатын. Ботаникалық бақтағы сирек кездесетін өсімдіктер өте көп.Бұл оранжереяда әлемнің әр түкпірінен әкелінген бір мыңнан астам сирек өсімдіктер бар.

Оранжереяның мақтанышы – пальмалар, мұнда тіпті 200 жылдық құрма пальмасы да бар. Магнолия, сакура, апельсин, агава, юкка деген неше түрлі өсімдіктің бәрі осы жерден табылады.

 Бірақ қазір ботаникалық бақ қараусыз қалған. Сонымен қатар шығындары да өте көп. Ботаникалық бақтағы сирек өсімдіктер қураудың аз-ақ алдында тұр. Себебі энергетиктер мұнда жарықты мүлдем өшіріп тастаған, ал жылу шектеулі мөлшерде ғана беріледі. Талап бойынша мұнда +18 болуы керек болғанымен, термометр +10-нан көтерілмейді.
Мұндай жағдайда өсімдіктер өліп қалуы мүмкін.Қазір осы бақты сақтап қалу жөнінде облыс әкімшілігінде қаралуда.

 

Астана ботаникалық бағы.Астанада «Астана ботаникалық бағы» деген атпен  ботаникалық бақтың құрылыс жұмыстары басталды. Бас жоспар бойынша бұл әкiмшiлiк орталықтың оңтүстiгiне қарай орналасқан. Ал, ол шығысында олимпиадалық орталыққа ұласып жатыр. Қазiргi таңда бiртұтас тұжырымдама дайындалып, ТЭН жобасы әзiрленуде.

Астанада 2011 жылы 40 мың ағаш және 72 мың бұташық егiлген. Бұл 2010 жылғыдан екi есе көп. 2010 жылы гүлмен безендiру аумақтарында 7,6 млн гүл егiлсе, 2011 жылы 8,4 млн. гүл көшеттерi отырғызылған.

2012 жылы қалада отырғызылған ағаштарды күтiп-баптаудан бөлек, тағы да 40 мың түп ағаш пен 8 млн. гүл егiлмек. Бұған қоса, орталық қалалық саябақ өткен жылдан бастап қайта жөндеуден өтуде. Саябақты тұтас жауып тастамау үшiн жөндеу жұмыстары үш кезеңге бөлiнiп, жүзеге асырылуда.

2011 жылы алғашқы кезең аяқталды. Атап айтар болсақ, басты аллеяларда, көпшiлiк мәдени шаралар өтетiн жерлер мен жағажайдағы демалыс орындары жөндеуден өттi.

Екiншi кезең бойынша Отбасылық еркiн демалыс аумағының құрылысы, орталық субұрқақ пен денешынықтыру-сауықтыру аумағы, шаңғы-роллер трассасы салынады.

Үшiншi кезеңде қолданыстағы аквапарк пен тоғанды қайта жөндеуден өткiзу жоспарланған. Сонымен бiрге, жеке инвестициялар есебiнен мульти ойын-сауық кешенiне кiретiн ашық аттрак­циондар аумағын салу жоспарлануда.

 

Қазіргі таңда жоғарыда айтылғандай ботаникалық бақтардың жағдайы апатты десекте болады. Олардың бірі жөндеу көрмей күл – қоқыс алаңына айналып жатса, енді бірі қараусыз қалып жабылып қалудың қаупі төніп тұр. Ботаникалық бақтардың қазіргі жай-күйін зерттей келе төмендегідей ұсыныстар білдіремін:

 

  • Қазақстан өсімдік әлемінің «Қызыл кітабы» жарияланса;
  • «Қазақстанның өсімдіктер әлемі» туралы арнайы заң қабылданса;
  • Алматы, Алтай, Петропавл Маңғыстаудағы және басқа да ботаникалық бақтарға үкімет тарапынан қолдау жасалынса;
  • «Ботаникалық бақ» туралы құқықтық заң жобасы қабылданса;
  • Ботаникалық бақтар басқа жерлерде де ашылса.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ.

 

Қазақстан Республикасы территориясындағы ботаникалық бақтардың географиясына жасалған зерттеу жұмыстары олардың кездейсоқ емес, белгігілі бір ғылыми және практикалық сұраныстан құрылғандығын дәлелдейді. Ботаникалық бақтардағы жүргізіліп отырған ғылыми зерттеу жұмыстарына деген сұраныс осы күні артып отыруының бірнеше себебі бар. Біріншіден, республиканың биологиялық алуан түрлілік Конвенциясына қол қойғандығы болса, екіншіден, еліміздегі ел басының бастамасымен көтеріліп отырған «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру болып отыр. Сондықтан республикадағы ботаникалық бақтар мемлекеттік деңгейдегі экологиялық, экономикалық және әлеуметтік маңызы бар ерекше қорғалатын территориялардың бірі  болып қала бермек.

Қазақстан Республикасында ботаникалық бақтар ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап құрыла бастады. Ботаникалық бақтардың құрылуының негізгі мақсаты, елді – мекенді пункттер қалаларды ауылдарды жаппай когал- дандыруға байланысты ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізү болатын.

  1. Қазақстандық ботаникалық бақтардың ұйымдастыруда орыс ботаник флорист ғалымдары Б.К Шишкин, М.Г. Попов және Н.В. Павловтар үлкен еңбек сіңірді. Елімізде ботаникалық бақтарды құру идеясын көтеріп, оны жүзеге асыруда зор еңбек жасаған Қазақстан Ұлттық Академиясының алғашқы прези денті Қаныш Имантайұлы Сатпаев болатын;

2.Ботаникалық бақтар республика жерінде топырақ пен климаттық зональды заңдылығына сәйкес ұйымдастырылған. Ботаникалық бақтар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың бірі ретін- де республиканың табиғи құндылық тары бола отырып,  мемлекеттік меншікте қалады. Жекешелендірүге жатпайды оның аумағында оның табиғатына зиян тигізетін барлық шаруашылық жұмыста ры жүргізілүіне тиым салынады;

  1. Ботаникалық бақтар қазіргі таңда биологиялық алуан түрлі өсімдіктерді сақтаудың бірден бір орталығына айналған. Қазақстанның және ТМД мен Халы қаралық табиғат қорғау қоғамының Қызыл кітаптарына енген сирек өсімдіктер- дің ғылыми коллекциясы жиналған. Ондай өсімдіктердің саны бүгінде 571 түр ге жетті.
  2. Ботаникалық бақтарда жергілікті жердің өсімдік түрлері мен қатар алыс шалғай аудандардың өсімдік түрлері өсіріліп сынақтардан өткізіледі. Интродукциялық жұмыстар арқасында жасыл ормандары тапшы орталық және оңтүстік, батыс облыстарда құрғақ, ылғалы аз, қыстағы аязға да төзімді деген 600 -ден астам ағаштар мен бұталардың түрлері сынақтан өтіп өндіріске ұсынылып отырған.
  3. Қазақстанның ірі қалаларындағы – Астана, Алматы, Қарағанды т.б. облыс орталықтарында гүлзарларға арнап газонды шөпті өсімдіктер мен гүлдердің 300 – ден аса түрлерін ұсынды.
  4. Қазақстан жеріндегі дәрілік және жем-шөптік азықтық өсімдік түрлерін зерттеп, олардың пайдалы қасиеттерін анықталып, медициналық, азық-түлік және ауыл шаруашылығында жем-шөп мақсатында кеңінен пайдаланылып келеді;
  5. Қазақстан халқының 50 % — тен астамының қалаларда тұратынын ескерсек, ірі қалаларда тұрғындарға қолайлы рекреациялық орта қалыптас- тыруда ботаникалық бақтарда жүргізіліп отырған интродукциялық және акклиматизациялық зерттеу жұмыстарының маңызы өте зор. Адамдардың тіршілігіне қолайлы елді мекенді пункттерде экологиялық орта қалыптастыру – үлкен әлеуметтік маңызы бар шаруа. Осы тұрғыдан алғанда ботаникалық бақтардың шаруашылық және экономикалық маңызы күннен күнге арта беретіні сөссіз. Аумағында ғылыми зерттеу жұмыстарымен қатар экологиялық білім мен тәрбие берү шараларын өткізүге рұқсат беріледі. Сондықтан ботаникалық бақтардың экологиялық білім мен тәрбие берүдің обьектісі ретінде оқу-ағарту саласында маңызы зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. — 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
  2. “Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том
  3. Липский В. И.Ботанические учреждения и сады в Южной Европе и Северной Африке (с чертежами и планами) //Второе приложение к Трудам Тифлисского ботанического сада. — СПб.: Типо-литография Герольд, 1902—1904. — С. 1—129.
  4. Ресурсы ботанического сада: научные, образовательные и социально-экологические аспекты.Иркутск: Изд-во Иркутского государственного университета, 2005. — 243 с.
  5. Обзор «Ресурсы ботанических садов: Материальные и нематериальные аспекты связи биоразнообразия и благосостояния людей» — 28 (2006), pp. 113–134
  6. Ботанические сады как экологические ресурсы в глобальной системе социальных координат// Ландшафтная архитектура и дизайн: журнал. — 2010. — Т. 29. — № 2. — С. 7—11.
  7. Кузеванов В. Я.Ботанические сады как экологические ресурсы развития цивилизации // Труды Томского гос. ун-та. Серия биологическая. — Томск: 2010. — Т. 274. — С. 218—220
  8. Алма-Ата. Энциклопедия / Гл. ред.Козыбаев М. К.. — Алма-Ата: Гл. ред. Казахской советской энциклопедии, 1983. — С. 161—162. — 608 с. — 60 000 экз.
  9. Эренбург П.М., Гуцалюк П. Арбузы, дыни. – Алматы.: Кайнар, 1976.-162-169с.
  • Эдельштейн В.И. Овощеводство. Москва: Издательство сельскохозяйственной литературы, журналов и плакатов. 1962.-79б.
  • Юрина О.В. Селекция и семеноводство тыквенных культур. – Москва : Колос, 1986.-87б.
  • Әбілов Д. «Ауылшаруашылық өсімдік тұқым сапалығы». – Алматы: Қайнар, 1993.-92б.