Мазмұны
Кіріспе…………………………………………………………………………………………..
- Қазақстанның нарық экономикасына өту кезеңіндегі
жер қойнауы ресурстарын игерудің жағдайы
1.1.Нарықтық экономикаға өтудің негізгі бағыттары……………………………….
1.2. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың дамуы………………………………..
1.2.Отын өнеркәсібіндегі экономикасындағы шетел инвесторларының ролі..
2.Қазақстандағы отын өнеркәсібі және бұл саладағы шетел компанияларының жұмысына экономикалық баға беру
2.1. Қазақстанның отын өнеркәсібіне жалпы сипаттама
2.1.Қазақстан экономикасындағы «Теңізшевройл» компаниясының
орыны……………………………………………………………………………………………….
2.2.Құмкөл кен орнындағы «Харрикейн» компаниясының жұмыстарын
экономикалық тұрғыдан талдау …………………………………………………………
2.3.Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орнындағы шетелдік
инвестордың жұмысына баға беру…………………………………………………….
2.4.Атырау мұнай өңдеу зауытының жетістіктерін экономикалық
тұрғыдан сипаттау……………………………………………………………………………..
3.Қазақстандағы отын өнеркәсібінің қоршаған ортаға тигізер әсеріне экологиялық баға беру
3.1.Қазақстанға қажеті – қалдықсыз өндіріс…………………………………………….
3.2. «Теңізшевройл»-дың қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына
экологиялық баға беру………………………………………………………………………
3.3.Атырау мұнай өңдеу зауытының экологиялық мәселелерді шешудегі
іс-шаралары……………………………………………………………………………………….
Қорытынды ………………………………………………………………………………………….
Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………………………………..
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының отын өнеркәсібіне талдау жасау қазіргі кездегі өзекті мәселелердің біріне жатады, өйткені тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жылдары елміздің экономикасы төмен құлдырап, тек 1995 жылдан бастап қана ол бірте-бірте көтеріле бастады, ал 2005 жылы еліміздегі жалпы ішкі өнім көлемі 1995 жылмен салыстарғанда екі есе өсті. Экономикамыздың өсуінде отын өнеркәсібінің ролі зор. Республиканың Энергетика және минералды ресурстар министрлігі «Республиканың отын өнеркәсібінің 2015 жылғы дейінгі даму стратегиясын» қабылдады. Міне, осындай дәрежеге жету үшін қандай жұмыстар жүргізілді және экономикамыздың дамуының басты бағыттары қандай болды, ел экономикасындағы отын өнеркәсібінің ролі қандай деген сұраққа жауап беру үшін осы жұмыста көптеген статистикалық мәліметтерге талдау жасалынып, ел экономикасы дамуының басты себептерін айқындау қазіргі уақытта өте қажет.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: жұмыстың басты мақсаты Республика экономикасының дамуындағы отын өнеркәсібінің ролін айқындау.
Міндеті:
- Республика экономикасына жалпы сипаттама беру;
- Республикадағы өнеркәсіптің, соның ішінді отын өнеркәсібінің дамуына талдау жасау;
- Республиканың отын өнеркәсібінің келешекте даму бағыттарын айқындау;
- Республиканың табиғи ресурстарын, соның ішінде отын ресурстарын тиімді пайдаланудың жолын айқындау.
Жоғарыда айтылған міндеттерге жету барысында республиканың экономикасының даму ерекшеліктері, отын өнеркәсбінің дамуы қарастырылған.
Қазақстанда реформа жасау жылдарында, нарықтық экономикаға көшуде орасан зор көп жұмыстар атқарылды:
- Барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге баға мен тариф ырықтандырылды;
- Сыртқы экономикалық қызмет көп жағдайда ырықтандырылды, соның ішінде әртүрлі тарифтік емес шектеулер мен экспортқа шығарылатын өнімдерге кеден бажы алып тасталынды;
- 1995 жылы 1 шілдеден салық жөніндегі жаңа заң енгізілді, салық саны бұрынғы 45-тен енді 11-ге дейін қысқарды, олардың алым көлемге ретке қойылды, олар экономикадағы нарықтық қатынастарға лайықтандырылды;
- түбегейлі институциялдық өзгерістер жасалды және жасалынып жатыр. Елімізде мемлекеттік меншікті жекешелендіру жоғары қарқынмен жүргізілді, реформа жылдары (1992-1995) мемлекеттік 16мың кәсіпорын жекешелендірілді, оның ішінде экономиканың экспорттық секторына жататын өнеркәсіптің ірі жетекші кәсіпорындары бар. Бүгінде шаруашылық қызметпен айналысатын субъектілердің жалпы санының 80%-дан астамы жеке меншікте, мемлекет меншігінде тек 15,5%-ы ғана қалған;
- рыноктық инфраструктураның базасы жасалды: 100-ден астам екінші дәрежедегі банк жұмыс істейді, олардың 30-дан астамы жеке меншіктегі , 72-сі акционерлік, 6-ы шетелдік банктер. Кейбір банктер банкрот болып, кейбіреулері өзара бірігіп, іріленіп деген сияқты табиғи процесс жүріп жатыр.
Яғни экономикамыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр.
- Қазақстанның нарық экономикасына өту кезеңіндегі жер қойнауы ресурстарын игерудің жағдайы
1.1 Нарықтық экономикаға өтудің негізгі бағыттары.
Басқа республикалар сияқты Қазақстанның да нарыққа бағытталған экономика құруға бет алғанына он жылдан да асты. Бұрынғы жоспарлы экономиканы нарықтық экономика түріне алмастыру экономиканың барлық салаларында дерлік жүргізілді. Көлемі мен тереңдігі жөнінен бұрын болып көрмеген әлеуметтік – экономикалық және саяси дағдарыстан елімізді алып шығу жолында күрделі істер атқарылуда. Біздің халқымыз көшпелі экономиканың ауыртпалығы мен бейнетін бастан кешіруде.
Экономикалық жағдайды обьективті бағалау үшін ТМД елдері өз басынан тек жәй көшпелі экономиканы емес, оның кеңестік дәуірден кейінгі ерекше түрін өткеріп жатқанын ескеруіміз керек. Ол екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Батыс және Орталық Еуропа, Жапония, Шығыс Азия елдеріндегі, сондай-ақ Шығыс Еуропа мен Балтық теңізі жағалауындағы елдердегі социализмнен кейінгі көшпелі экономикадан бөлек. Бірінші топтағы елдерде нарықтық қатынастар мен шаруашылық тәсілдерін соғыс бөліп кеткен-ді, соғыс аяқталысымен олар қайта қалпына келтірілді. Ал екін-ші топтағы елдердің социалистік жоспарлы экономикасы да онша көп уақытқа созылған жоқ, оның үстіне олардағы экономиканың кейбір секторларында шаруашылықтың нарықтық қатынастары сақталды, олар дамыған елдермен қанаттас еді. Сондықтан, бұл елдерде экономиканы өзгер-ту процесі жеңілірек болды.
Ал ТМД елдерінде нарықтық қатынастарды тыңнан бастау қажет болды. Кеңес адамдарында нарықтық әлеуметтік түсінік, кәсіпкерлік рух, демократиялық ой-пікір сияқты қасиеттер кеңінен дамымаған еді. Сондықтан да бұл елдерде нарықтық қатынастардың өмірге баяу енуі, қалыптасуы, бекуі түсінікті, өйткені оларда экономиканы басқарудың барлық буынында бұрынғы кадрлар іс басында отырғаны айдан анық еді.
Қазақстан ТМД-ның басқа елдері сияқты нарыққа бет алған экономика жолына 1992 жылдың қаңтарында аяқ басты. Нарықтық экономикаға өту барысында Қазақстанға өзара тұтасып жатқан екі міндетті шешу қажет болды:
- экономиканы тұрақтандыру және оны тамыры тереңге кеткен дағдарыстан шығару;
- нарықтық қатынастарды құру және дамыту;
Экономикада нарықтық қатынастармен нарық тетіктерін құлашын кеңге жайған дағдарыс жағдайында дамыту өте күрделі еді, сондай-ақ экономикалық дағдарысты жеңу де қиын еді, өйткені шаруашылық жүргізудің ескі тетіктері оған жарамайтын, ал жаңалары тек енді ғанғ қалыптаса бастаған болатын.
Міне, осындай жағдайда Ресей үкіметі бағаны тез ырықтандыруға, қатаң ақша – кредит және қаржы – бюджет саясатына, рубльдің(сомның) біртұтас жылжымалы курсына, сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыруға және жекешелендіруді шапшаң жүргізуге, яғни «есеңгіретіп емдеу» саясатына негізделген реформаның стратегиясын ұсынды.
Кеңестік жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің бұл бірден-бір жолы және түбегейлі өзгерістің дұрыс стратегиясы болатын. Ре-форманың алғашқы сәтінде саналы түрде мақсат етіп қойылған «есеңгіреу» (шок) кеңес өкіметінен кейінгі экономиканы өзгертудің қашып құтылмай-
тын қиындығы еді. Өйткені бұл экономикада баға алшақтығы жағдайында жасанды тағайындалған бағалар орын алған-ды, қайта құру заманында экономикалық саясаттың және біліксіз жүргізілген табыс саясатының нәтижесінде шектен тыс көп жиналған ақша массасы бар-тұғын, ал мұның өзі өте тапшы тұтыныс рыногын тудырған болатын. Қысып ұстап, қолдан жасалған жасырын инфлияция ашық түрге айналды. Бұл, осылай болуға тиісті, өйткені бұл қауіпті ісік көп жылдар бойы экономиканы іштен жеп, оның жазылмас дертіне айналған еді. Сондықтан одан жазылу үшін ауыр болғанымен «есеңгіретіп емдеу қажет болды.
Алғашқыда экономиканы ырықтандыруға және қаржыны шектеудің макроэкономикалық тұрақтандыруына негізделген басымдықтан гөрі құрылымдық өзгерістермен қабат жүретін экономиканы қаржыландырумен өндірісті өсіру қызықтырыңқыраған стратегия болды. Бірақ-та, аса зор инфлияция, қаржы жүйесі қаусаған, тұрғындар қолында жиналған ақшаның массасы шектен тыс көп жағдайда мұндай стратегия – экономикалық күйреу болды. Оның үстіне ондай стратегияны жүзеге асыру да мүмкін болмайтын, өйткені бұрынғы біртұтас кеңестік нарық бөлшектенді, бұрынғы шаруашылық байланыстар үзілді, ал басқа нарықтарға біздің тауарлармен шығу мүмкін емес еді. Экономиканы қар-жыландыруға қажетті ақшаны қандай да ақша станогы басып шығарып үлгермейтін еді, ақша тапшылығы күннен – күнге арта берген болар еді.
Бұдан басқа тағы бір қызықтырарлық стратегия нарыққа біртіндеп көшу болды. Алайда, коммунистік көзқарас басым, нарыққа қарсы институционалдық ортада оны жүзеге мүмкін емес еді. Нарыққа деген әр қадам, нарықтық тұрақтандыру тетіктері қатты қарсылық кездестіріп, ақыр аяғы ескі жүйеге қайтып келер еді.
Қалай болғанда да, сомдық аймақта отырған және Ресейдің Үкіметі Орталық банкі және Парламенті жүргізіп отырған экономикалық саясатқа тәуелді, өз валютасын енгізіп, оның курсын реттеп отыруға уақыты да тәжірибесі де және ресурсы, өзінің қаржы жөніндегі институттары жоқ Қазақстан Ресейдің стратегиясын оның кейінгі бұлтарыстарымен бірге қабылдауға мәжбүр болды.
Қазақстан өзінің іс жүзіндегі жеке дара экономикалық саясаты мен өз реформасын өзінің ұлттық валютасын енгізгеннен соң 1994 жылдан бастап ғана жүргізе бастады. Осыдан кейін ғана өкіметтен ұлттық банктің экономикалық саясаты азды-көпті қажетті дәйектілікке және алдын-ала болжауға ие болды. Өкінішке орай, 1992 жылғы мамырда реформаның қабылданған стратегиясынан бас тартқан соң келесі жылдар аса асқындаған және шапқылаған инфляция, өндірістің құлдырауының өсу және тұрғындар өмір деңгейінің шапшаң төмендеу жылдарына айналды. Реформа жылдары инфляция деңгейі 13250есе өсті, өндірістің құлдырауы 1991 жыл деңгейінің 50 пайызына, ал өмір деңгейі 4 есеге дейін құлдырады.
Қазақстанда реформа жасау жылдарында, нарықтық экономикаға көшуде орасан зор көп жұмыстар атқарылды:
-барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге баға мен тариф ырықтандырылды;
-сыртқы экономикалық қызмет көп жағдайда ырықтандырылды, соның
ішінде әртүрлі тарифтік емес шектеулер мен экспортқа шығарылатын
өнімдерге кеден бажы алып тасталынды;
-1995 жылғы 1-шілдеден салық жөніндегі жаңа заң енгізілді, салық
саны бұрынғы 45-тен енді 11-ге дейін қысқарды. Олардың алым көлемі
ретке қойылды, олар экономикадағы нарықтық қатынастарға лайықтандырылды;
-түбегейлі институциалдық өзгерістер жасалды және жасалынып жатыр. Елімізде мемлекеттік меншікті жекешелендіру жоғары қарқынмен жүргізілді, реформа жылдары (1992-1995) мемлекеттік 16 мың кәсіпорын жекешелендірілді, оның ішінде экономиканың экспорттық секторына жататын өнеркәсіптің ірі – ірі жетекші кәсіпорындары бар. Бүгінде шаруа-
шылық қызметпен айналысатын субъектілердің жалпы санының 80 пайыздан астамы жекеменшікте, мемлекет меншігінде тек 15,5 пайызы ғана қалған;
-рыноктық инфраструктураның базасы жасалды: 100 ден астам екінші дәрежедегі банк жұмыс істейді, олардың 30 дан астамы жеке меншіктегі, 72- сі акционерлік, 6-ы шетелдік банктер. Кейбір банктер банкрот болып, кейбіреулері өзара бірігіп, қосылып, іріленіп деген сияқты табиғи процесс жүріп жатыр. Ұлттық банк қабылданған заң бойынша тәуелсіз банкке айналды. Инвестициялық және қамсыздандыру компаниялары, зейнетақы және басқа қорлар сияқты банкке жатпайтын қаржылық институттар құрыла бастады, толық нарықтық тәртіпке қазақстандық банкаралық валюта – қаржылық биржа, бірнеше тауар биржасы – осының бәрі нарықтық экономиканың өзіне тән айнымас белгілері;
-нарықтық экономиканың, оны мемлекеттік реттеудің құқықтық базасы жасалды, ол үнемі жетілдірілуде.
Қорыта айтқанда, Қазақстанның бүгінгі экономикасы нарықтық экономикаға әбден ұқсайды, бұдан былай жоспарлы экономикаға қайтар жол жоқ.
Нарықтық экономикаға өту барысында экономикамызда төмендегідей бағыттар бойынша құрылымдық өзгерістер жүргізілді:
-мемлекет меншігінде болған барлық өнеркәсіп орындары мен ауыл-
шаруашылық бірлестіктерін жекеменшікке беру;
-экономика құрылымында өнеркәсіптің әсіресе өңеуші өнеркәсіптің үлесін арттыру. Өнеркәсіптің артта қалған салаларында өнімділікті арттыру үшін және жаңа техникамен технологияларды пайдалану үшін шетел инвестицияларын тарту;
-ҒТР нәтижелерін экономиканың барлық саласында кеңінен пайдалану;
-жеке кәсіпкерлікті дамыту;
-отандық тауардың сапасын жақсарту рақылы дүние жүзілік нарықтағы бәсекелестігін арттыру;
-экономикадағы қажетсіз салаларды басқа салалармен ауыстыру, орта және ұсақ кәсіпорындардың санын көбейту;
-Әлемдік шаруашылыққа интеграциалану, яғни халықаралық еңбек бөлінісіне қатысып, сыртқы сауда құрылымын өзгертіп, экспортқа тек шикі-затты ғана емес, сонымен қатар дайын өнімді шығару.
Сурет 1
Қазақстанның ұлттық экономикасының трансформациялық даму кезеңдері
5 этап:
1999-2004ж
1 этап: 4 этап:
1991-1993ж 1997-1998ж
2 этап: 3 этап:
1993-1995ж 1995-1996ж
1.2 Қазақстандағы нарықтық қатынастардың дамуы.
Қазақстан бүгінде егеменді тәуелсіз мемлекет. Қоғамда әлеуметтік, саяси және экономикалық реформалар жүріп жатыр. Ұзақ мерзімді мақсаттар өз нәтижелерін әзірге бере қоймаса да оның қайсыбір бағыттары бойынша жетістіктерге қол жеткізудеміз. Республика экономикасы да тұрақтана бастады. Бүгінде саяси және экономикалық жүйе мүлде өзгеше.
Өтпелі кезеңде бірқатар қиындықтардың болып жатқаны да рас. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «Мен өз отандастарымызға өтпелі кезеңнің ауыртпалықтарын түсініп, оған төзіп отырғаны үшін рахмет айтамын, осы қасиеттер біздің табысқа жетуіміздің, қоғамымыздың топтасуының, шетелдік инвесторларды тартудың және халықаралық қоғамдастықтың біздің пролемаларымызды шешуге кірістірудің елеулі кепілі деп санай-
мын»,- деді. Осының бәрі қазіргі ғана емес, болашақ ұрпақ игілігі үшін де жасалып жатқан шаралар.
Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне кіруі өндіріс көлемінің елеулі кемуіне әсер еткені белгілі. Технологиялық тұрғыдан артта қалуы, өндірістердің даярсыздығы, шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларын игере алмау, бәсекеге қабілетсіздік – осының бәрі көптеген кәсіпорындардың тұрып қалуына, дәстүрлі өткізу рыноктарын жоғалтуға , өндірістің құлдырауына әкеп соқты. Соның салдарынан елімізде соңғы 8 жылда өндіріс көлемі екі еседен артық қысқарды.
Ішкі капитал мен жинақталымдардың жеткіліксіздігінен Қазақстан шетелдік капиталға, жеке капиталға да, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарына да тәуелді болып отыр. Қазіргі таңда экономиканы көтеру инвестицияның түсуіне байланысты болып отыр. Бүгінде Қазақстан зор мүмкіндіктер табалдырығында тұр. Мәселен, Азияның ең кедей елдерінің өзі отыз жыл ішінде қайыршылықтан шығып, индустриялы мемлекттерге айналғаны белгілі. Алғашқылары Корея, Тайвань және Сингапур болса, қазір оларға Малайзия, Индонезия және Тайланд қосылып отыр. Қазақстанның көршісі Қытайдың да экономикасы жоғары қарқынмен дамуда. Соған орай бұл елдер күллі әлемде Азия жолбарыстары ретінде танылып отыр.
2030 жылға қарай Қазақстан өзінен-өзі көтеріле қалмайды. Ол республика халқының қажырлы еңбегі арқылы ғана дамыған елдер қатарына қосыла алады.
«2030 жылы Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін» , — деген елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзінің іске асырылуы Қазақстанның да өркендеп, қуатты елге айналарына сеніміміз мол.
1.3. Отын өнеркәсібіндегі шетел инвестицияларының ролі
Инвестиция барлық қоғамда да экономиканы нығайтудың негізі болып табылады. Инвестицияның көмегімен инфрақұрылымды жетілдіре беру керек. Оның жетілдірілуі экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда алда тұрған қиын жағдайды шешудің бірден-бір жолы, бұл отандық өндірісті дамыту. Егер де ауыр өнеркәсіпті дамытуға әзірше шама-шарқымыз жетпейтін болса, шағын және орта өнеркәсіпті дамытуды жолға қою кезектегі міндетіміз.
2005 жылдың 27-сәуірінде, Республика президентінің шағын және орта кәсіпкерлікпен шұғылданушылармен кездесуінде осы мәселе ерекше әңгіме болды. Бұл бағытты дамыту аса мол инвестицияны қажет етпейді. Отандық инвестицияларын босқа жіберіп жатқан жоқ. Біз жыл сайын 1,5 млр АҚШ доллары көлемінде шетел инвестицияларын пайдаланамыз. Ал, оларды өсіммен қайтару бізге оңай емес. Бұл салада жетіспеген жағдай, жіберілген қателік көп, Сондықтан да отандық инвестицияға қатты көңіл бөлу керек. Қор рыногын жандандырған жөн. Инвестиция иемденуші еңбектен, өндіруші еңбекке ауысқаны тиімді. Осылай болса, жұмыссыздар азаяр еді. Қазір жұмыссыздардың саны артып отыр.
Сонымен бірге ауыл шаруашылығына да инвестиция бөлу мардымсыз. Қазіргі кезде бұған балл құрылымдары да, шетілдік инвесторлар да барып отырған жоқ.
Ауыл шаруашылығына инвестиция бөлудің өз ерекшеліктері болуы тиіс. Инвесторлар салықтың барлық түрінен босатылғандары жөн.
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық тауарлары арасындағы ара қатынаста жөнге келтіру керек. Ауыл шаруашылығына инвестиция бөлгенде, неше беруге келгенде Үкімет те белгілі мөлшерде тәуекелге баруы керек. Ауыл тұрғындары үшін жұмыс орындарын ашып, олардың күн көруіне керекті табыс көзін жасап, оларға жалақы төлемесе, күнелту үшін малдан басқа ештеңе қалмағандықтан, мал басы әрі қарай шұғыл азаятын болады. Бұл жағдай халқымыздың бұрынғыдан да арзан жүдеуіне әкеліп соғады.
Қазіргі кезде аграрлық рынок қорғаусыз қалды, ол әлемдік экономика кеңістігіне тиісті қорғау шараларынсыз енуде. Ал елімізге азық-түлік өнімдерін тасымалдау өсіп келуде. Ет өнімдерін әкелу 1,4 % -дан 10% -ға, қант 37,7 % -дан 60 % -ға дейін, өсімдік майы 25 % -дан 60 %-ға дейін т.б. өсті. Республикада тамақ өнімдері жетіспейтінін пайдаланып, батыс елдері Қазақстанға сақталу мерзімі бітуге таяған арзан азық-түліктерін әкелуде. Өз елімізде жеткілікті көлемде өндірілетін өнімдерді (астық, мақта, жүн, қаракөл, ет. т.б.) сырттаен әкелуге алымдарды жоғары белгілеп, ал өзіміздікін сыртқа еркін шығаруға рұқсат беру керек. Өзімізде жетіспей отырған өнімдерді сыртқа шығаруға тосқауыл қойған жөн. Ең бастысы, өз елімізде өндіруге мүмкіндігі бар тауарларды, әсіресе тамақ, жеңіл өнеркәсіп өнемдерін шеттеп тасымалдауымыз орынсыз. Осының салдарынан, бір жағынан экономика ақсап отырса, екінші жағынан елімізде еңбек жасындағы көптеген тұрғындары жұмыссыз жүр.
Халық шаруашылығының қай саласы да қаржысыз дамымайды. Оны табу, толықтыруға түрлі қиындықтар кездесуде. Ел экономикасын дамытуда ішкі қаржының маңызды екені белгілі, бірақ ,ол жеткіліксіз дәрежеде болып отыр. Осыған байланысты, шетел қаржыларын тарту басты мақсатымызға айналып отыр. Осы тұрғыдан біраз жұмыстар да тындырылды: Алдағы уақытта шетелдік инвестицияларды тиімді пайдалану жолдары тұрақты мәселеге айнала бастады. Бұл орынды да. Себебі, шетелдік инвестициялар бізге тегін келіп жатқан жоқ. Оны пайдаланғанымыз үшін шетелдіктерге көптеген қосымша қаржы төлеуге мәжбүрміз. Оның мөлшері онша аз да емес және жыл сайын артып келуде. Егер шетелдік қаржыны алғашқы алған жылдары біздің борышымыз 1,2-1,3 млрд. АҚШ доллары көлемінде болатын болса, соңғы жылдары ол 5,8 млрд. АҚШ долларына жетіп отыр. Біз жыл сайын шетел капиталын пайдаланғанымыз үшін салық өсе беретін болады. Ал, оны уақытымен толық мөлшерде төлеу үшін еліміздің өндіріс орындары, шаруашылық салалары өз жұмыстарыын жандандыруы керек.
Осы тұрғыдан қарағанда, шетел капитлын өзімізге тарта берудің жағымсыз жақтары баршылық Шетел инвестициясын өз экономикамызды дамытуға тартқанның өзінде олардың қай пиғылмен келгенін, не істеуді жоспарлағанын, қандай технологияны өндіріске енгізілетінін алдын ала білуіміз керек. Инвестиция алған өндіріс орнына қандац пайда түсетіні күні бұрын көрініп тұрғаны жөн. Шетел инвестициясын өндіріске тарта отырып, оларды шаруашылықтың қай саласына пайдалану тиімді – осыған көбірек мән беру керек. Кейін осы капиталды падаланғанымыз үшін өсім төлейтін болғандықтан өзіміз шешуіміз керек.
Шетел инвестициясын ғылым мен білімді, ғылым жетістіктерін көбірек керек ететін шаруашылық салаларын дамытуға, жаңа технологияны енгізуге жұмсаған тиімді тәжірибеден Байқалып жүргендей, инвестицияны ұзақ өндірістік циклды дамытуға немесе шетел тауарлары көп тасымалдауынан бәсекелестік кең өріс алған салаларға жұмсау самарқаулау. Сондықтан да мемлекет отандық тауар өндірушілерді шетелдік тауар өндірушілерден қорғауы керек. Бөл жөнінде арнайы бағдарлама болғаны жөн. Қазіргі валюта курсына байланысты шикізатты шетелге көптеп сату оны отандық тауар өндірушілерге сатудан әлдеқайда пайдалы. Сол себепті еліміздің шикізаты шетке кетіп жатыр, ал отандық кәсіпорындар шикізатсыз қалуда. Бұған жол бермес үшін валюта курсын өзімізде қай өндіріс саласын дамыту тиімді, соған байланысты өзгеріп отыру керек.
Экономикалық дамуды ынталандырудың бағдарламасына инвестициялық және өнеркәсіптік саясаттарын қаржыландырудың қосымша көздерін іздестірген жөн.
Инвестициялық саясатты дұрыс шешу, отандық өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуына жағдай жасау, халықты жұмысқа орналастырумен, олардың хал-ахуалының жақсартумен тығыз байланысты. Жұрт жаппай еңбекпен айналысқан жағдайда жұмыссыздықтан (әзірше шағын қалаларда) қоғамның тұрақтылығына келетін қауіп азаяды.
Инвестицияның біраз бөлігі жаңа технологияны сатып алуға және өндіріске енгізуге жұмсалуы тиіс. Бұл жерде екі түрлі қиындықты айта кету керек: біріншіден, Шетел технологиясын жаппай сатып алу өз елімізде техникалық прогрестің төмендеуіне әкеліп соқтырады.
Жаман да болса, шетел технологиясын алу керек деген пікір қалыптасады. Сөзіміз жалаң болмас үшін, мына дәлелді келтірейік. Сонау 1965 жылы Каз ПТИ қызметкерлері бұрғылау жұмысында пайдаланатын жасанды алмас коропкасы бар бұрғы дайындаған болатын. Бұл жаңалыққа инвестициядан патент алынған. Оның көмегімен бұрғылау жұмысының құнын 20 пайызға арзандатуға болады.
Бірақ ол қолдау таппады. Оның себебі, біздің елімізде шетел технолоигясына бас ұру басым да, отандық технологияға, отандық опертапқыштарға мән беру кем. Қазіргі уақытта Қазақстанға шетел тауарымен, технологиясымен бәсекелесуге жарамды отандық тауар мен технологияға көңіл бөлетін уақыт жетті.
Ал, екіншіден, отандық машина жасауды тірілтеміз деп өзіміздің өнімсіз технологияны көбірек пайдалана берсек, шетелдіктерден артта қалып қоямыз. Осыны ескере келіп, өз елімізде өндіруге тіпті мүмкіндігі жоқ немесе тиімсіз технологияны сырттан алдырған орынды. Бұл тұрғыдан алғанда еліміздің технологиялық қаіпсіздігін ескерген жөн.
Қорыта айтқанда, инвестициялық қорларды тиімді пайдалану үшін төмендегі талаптарды сақтаған орынды:
- экспорттық шамамызды көтеріп, шетелден тасымалданатын тауарды елімізде өндіру;
- елімізден валютаны заңсыз жолмен сыртқа шығаруға жол бермей валюталық бақылау жүйесін жетілдіру.
- Шетел капиталын елімізге тартуға мемлекеттік кепілдеме берулі шектеу.
- Экономикалық өсу тұрақты болуы үшін оны отандық инвестициясымен жарақтандырып, халықтық төлеу (салық, сатып алу) қабілетін жоғарылату.
Осыған байланысты еліміз алдында екі басты міндет тұр: инвестициялық белсенділікті көтеру, ішкі рыноктың тұрақты дамуын қамтамасыз етуі , оның басты бағыттары:
- инвестицияны өндірістік салаларға молырақ бөлу;
- ауыл шаруашылығында жерді тиімді пайдалана білу. Оны жекеменшікке біржолата сатып жібермей, жалға беру, түсетін жал ақысы-жалға алушыларға оны тиімді пайдалануға көмек көрсету;
- Шетелдіктерге жерді пайдалануға шек қою баға қоюдағы арақатынасты реттеп, олардың арасындағы алшақтықты азайту;
- Отандық тауарлар есібінен ішкі рыноктың дамуына жағдай жасау.
Қорыта келгенде айтарымыз, шетелдік және отандық инвестицияларды қайда жұмсауды, қалай пайдалануды тиісті басшылар мен мамандар болып мықтап ойланып, айқын бағыт алған жағдайда, одан еліміздің өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы үлкен пайда көрері анық.
- Қазақстандағы отын өнеркәсібі және бұл саладағы компаниялардың жұмысына экономикалық баға беру
2.1 Қазақстанның отын өнеркәсібіне жалпы сипаттама
Қазақстан табиғат ресурстарына өте бай ел. Оның жер қойнауында Менделев кестесінің 110 элементінің 105 табылған.ТМД-дағы хромның -94,2 %, бариттің -81,7 % , фосфориттің -64,7 %, молибденнің- 29,3 % , мыстың – 28,4 % , бокситтің – 22,1 % ,асбесттің – 20,1% , марганецтің -13% , көмірдің – 11,9 % қоры республика үлесіне тиеді.
Жалпы Қазақстан көмірсутегінің мол қоры бар мемлекеттердің қатарына кіреді. Республика территорисында көмірсутегінің 208 кен орны ашылған болса, оның жартысы- мұнай, үштен бірі-мұнай-газ, қалғандары газ және газконденсаттары. Осылардың ішінен қазіргі уақытта 70-тен астам кен орындары игерілуде. Жалпы Қазақстандағы көмірсутегінің қоры 13
млрд. т мұнай және корнденсат және 7,1 трлн. метр куб табиғи газ.Атырау және Маңғыстау облыстарының территорисында мұнай қорының 70 % орналасқан. Мұнайдың ең ірі кен орныдары: Теңіз, Өзен, Қарашығанақ, Қаламқас. Газдың ең ірі кен орныдарына Қарашығанақ, Теңіз, Жаңажол, жіне Жамбыл облысының территорисындағы га кен орныдарының Амангелді тобы жатады.
Қазақстан өзін толығымен отын-энергетикалық ресурстарымен қамтамасыз ете алады. Қазақстандағы көмір қоры 35,8 млрд. т. немесе әлемдік қордың 3,6 %-ін алып жатыр. ТМД елдерінің ішінде Қаазсқатн көмірдің қоры мен оны өндіру бойынша үшінші, ал жан басына шаққандағы өндіру бойәынша бірінші орныды алады. Қазақстандағы ең ірі көмір кен орындары- Қарағанды және Екібастұз кен алаптары, бұдан басқа қазіргі кезде Убаган, Юбилейное, Майкөбе, Кендірлік,Құланөтпес кен орнындары келешегі мол кен орындарына жатады.
Қазақстан падалы қазбалардың қоры бойынша дүние жүзінде алғашқы орында алғанымен оның сапасы бойынша соңғы орындарды иеленді.
Темір рудасының қоры бойынша Қаазақстан ТМД елдерінің ішщінгде Ресей мен Украинадан кейінгі үшініші орныды алады. Темірдің негізгі кен орныдары: Қашар, Соколов-Сарыбай, Қоржынкөл, Аят, Лисаковск және т.б. Темір рудасы Қостанай және Қаорағанды облысытарының территорисынада өндірірледі.
Марганец рудасының қоры бойынша Қаазақстан дүние жүзінде ОАР мен Украинадан кейінгі үшінші орынды алады. Марганец рудасының барылығы Қарағанды облысының территорисында өндіріледі. Хром рудасының қоры бойынша Қазақстан дүние жүзінде ОАР-дан кейінгі екінші орында алады.
Отын өнеркәсібіндегі өнеркәсіп көрсеткіштері
2005 жылы өнеркәсіп өндірісі. 2005 жылы Қазақстанның өнеркәсіп кәсіпорындарында қолданыстағы бағамен 2292 млрд. теңгенің өнімдері өндірілді (шағын, қосалқы кәсіпорындар, үй шаруашылығы секторын қосқанда), бұл 2001 жылмен салыстырғанда 9,8 пайызға өскен. Өндіріс көлемінің өсуі республиканың барлық өңірлерінде байқалады.
Кен өндіру өнеркәсібінде 2005 жылы 1072,9млрд. өнімі өндірілді, бұл 2001 жылмен салыстырғанда 14,7 пайызға көп, өңдеуші өнеркәсіпте -1048,8млрд. теңге және 7,7 пайызға өсті.
Кен өндіру өнеркәсібінің басты тауары шикі мұнайды өндіру 42,0 миллион тоннаға жетті немесе 16,6 пайызға өсті, газ конденсаты-5,2млн. тонна және 1,3 есе, табиғи газ-10,5млрд. текше иметр және 1,3 есе. Мұнай-газдан кейінгі кен өндіру өнеркәсібінің саласы металлургия екені белгілі.2002 жылы темір кенін өндіру 1,3 есеге, жез-5,1 пайызға, алюминий(боксит) -1,2 есеге, қорғасын-мырыш-8,2 пайызға, хром-15,8 пайызға өсті. Өңдеу өнеркәсібінде оның көлемінің 40 пайыздан астамы металлургия өнеркәсібі мен металл өңдеудің үлесіне, үштен біріндейі –ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің үлесіне тиді.
Кокс,мұнай өнімдерін және ядролық материалдарды өндірудің көлемі62 млрд. теңгеге жетіп, (өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің жалпы сомасының 9пайызы), өткен жылдың тиісінше деңгейінің 100,4 пайызын құрады. Мұнайдан өңдеуден алынатын өнімдерді шығару 3 пайызға төмен болды, соның ішінде мазут өндіру-2,1 пайызға.
Өнеркәсіп көлемінің өткен жылғы алты аймен салыстырғандағы өсімі негізінен Қазақстан экспортқа шығарытын тауарлардың (олар негізінен тегіс шикізат екені белгілі) әлемдік рыноктағы бағасының жоғары болуына байланысты. Сыртқы сауда айналымы туралы деректер статистикалық есепте әдетте бір айға кейін беріліп отыратыны белгілі. Сондықтан биылғы 5 айдағы экспорттың деректеріне сүйенсек экспортқа шығаратын бидай 1,3млн. тонна екен, өткен жылғы бес аймен салыстырғанда оның тек 48 пайызы көлемінде, ал құныц жағынан 100 пайызды құрапты, яғни биыл бір тонна астықтың бағасы 167,4 АҚШ доллары, немесе өткен жылғыға қарағанда екі есе қымбат.Биыл 4,0 млн.тонна темр кені – 104,3 млн. АҚШ долларына экспортқа шығарылған, заттай көлеміі бойынша биылғы өнім былтырғының 87 пайызын құраса, құны бойынша 144 пайыз, яғни былтыр 1 тонна темір кені 16 доллардан сатылса, биыл 26 доллардан сатылған,биылғы бес айда 21,6млн. тонна мұнай мен газ конденсатын 3763,3млн. долларға экспорт жасалса, ол заттай түрінде былтырғыдан 28 пайызға, құны жөнінен 40 пайызға көп, одан кейінгі басты экспорттық тауарлар ақ қаңылтырды қоса қара металдың жазық иегінің экспорты заттай түрінде 13 пайызға, құны бойынша 26 пайызға, тазартылған мыс, тиісінше 5 және 57 пайызға, темірқорытпасы-7 және 61 пайызға, мұнай өнімдері 31 және 73 пайызға алюминий тотығы 2 және 2 пайызға өскен, мақта талшығы –заттай 5 пайызға кемісе, құны бойынша 30 пайызға өскен, өңделмеген мырыш заттай 2пайызға кемісе, құны бойынша 16 пайызға өскен.
Сонымен осы келтірілген деректерден өнеркәсіп өнімінің көлемі негізінен бағаның өсуі есебінен артып отырғанын көруге болады. Сондай-ақ өнеркәсіп өнімінің өсімі тағы да негізінен тау-кен өнеркәсібінің есебінен болып оның шикізаттық сипаты одан әрі күшейе түсуде екеніне көзіңіз жетеді. Мұнай өндіру артқанымен мұнай өнімдерін шығару мардымай тұрғаны да сондықтан елдегі бензин, газойли, мазут сияқты өнімдердің бағасының шарықтап тұрғаны да көңіл қынжылтады. Дайын металл бұйымдарын өндіру 2004 жылдың қаңтар-маусымында небары 11,1 млрд. теңге ғана болып, өткен жылғы осы мерзімдегімен 9,9 пайызға кеміп кеткені де келісіп тұрған жоқ.
Өнеркәсіптің негізгі көрсеткіштері
Кесте 1
|
1995 |
1996 |
1997 |
1999 |
2000 |
2002 |
2004 |
2006 |
Өнеркәсіптің ЖІӨ-дегі үлесі, %-бен Өнеркәсіп кәсіпорындары мен өндірістердің саны Өнеркәсіп өндірісінің көлемі, млрд. теңге Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі, өткен жылға %-бен 1990жылға %-бен 1995 жылға %-бен Өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі, өткен жылға %– бен Өнеркәсіп бойынша салық салынғанға дейінгі жиын-тық табыс(залал), млн. теңге Негізігі қызметтен алынған табыс (залал) млн.теңге Өнеркәсіптің пайдалылық (залалдылық) деңгейі, %-бен Өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлер саны, мың адам Өткен жылға %-бен Өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлерінің орташа ай-лық жалақысы, теңге Негізгі капиталға инвести-циялар, млн. теңге |
23,5
17924
660,0
91,8 48,0
239,8
85381
72945
15,7
1025,5 91,5
7792
84487 |
21,2
17156
719,1
100,3 48,2
123,8
62255
67151
11,3
915,6 89,3
10198
65782 |
21,4
15791
810,7
104,0 50,1 104,3
115,5
3985
37647
5,3
803,9 87,8
12489
84976
|
23,8
13676
808,0
97,6 48,9 101,8
100,8
-82776
-46904
-5,9
756,3 94,1
13465
135460 |
28,2
13045
1142,8
102,7 50,2 104,5
118,8
89569
140068
15,8
668,3 88,4
15530
190719 |
33,2
14326
1798,3
115,5 58,0 120,7
138,0
358164
356077
26,5
653,8 97,8
20647
385940
|
30,7
13343
2000,2
113,8 66,0 137,4
100,3
298770
288244
20,0
664,5 101,6
23760
550583 |
29,5
13177
2336,9
110,5 72,9 151,8
100,3
401087
402210
23,0
671,2 101,0
26226
587953 |
Өнеркәсіп өнімінің негізгі түрлерін өндіру индекстері
Кесте 2 (өткен жылға пайызбен)
|
1995 |
1996 |
1997 |
1999 |
2000 |
2002 |
2004 |
2006 |
Көмір Мұнай, газ конденсатын қоса Табиғи газ Ірі қара мал, шошқа, ешкі, жылқы еті мен тағамдық ішек-қарны және құс еті Сары май Өңделген сұйық сүт және кілегей Өсімдік майы Қант Мата Цемент Темір мен болаттан жалпақ илек Өңделмеген мырыш Дайындама түріндегі та-зартылған мыс Электр энергиясы |
79,6
101,8 131,8
66,2 65,5
50,5 97,6 101,7 29,1 87,2
91,3 98,1
91,8 10,0 |
92,2
111,2 110,3
63,3 50,3
89,5 94,1 127,1 91,1 62,9
106,3 100,5
104,5 88,6
|
94,6
112,3 124,4
90,5 44,7
81,3 70,4 103,4 69,2 58,9
132,4 111,1
112,7 88,1 |
96,0
100,6 98,0
66,4 63,6
54,7 115,9 155,4 65,0 94,7
85,3 127,4
107,9 94,5 |
83,7
116,1 125,1
86,7 82,2
81,3 132,3 99,3 98,3 134,6
123,3 103,3
111,4 96,6 |
128,3
117,2 116,8
85,6 121,5
121,4 66,6 122,4 54,4 140,2
115,3 105,6
109,1 108,7 |
105,7
113,6 100,6
96,2 139,3
99,0 142,9 123,9 145,5 172,7
99,9 105,5
107,8 107,3 |
93,2
117,9 121,6
90,6 148,2
112,9 105,9 112,7 193,1 104,9
103,3 103,4
106,4 105,3 |
1991-2005 ж ҚР жалпы ішкі өнімі мен экономикасының жеке салаларының физикалық көлем индексі,%
Кесте 3
Көрсеткіш |
1991 |
1992 |
1993 |
1994 |
1995 |
1996 |
1997 |
1998 |
1999 |
2000 |
2002 |
2005 |
ЖІӨ |
89 |
84,3 |
76,5 |
66,9 |
61,4 |
61,7 |
62,8 |
61,6 |
63,2 |
69,4 |
78,8 |
86,2 |
Ауыл шаруашылық |
77,4 |
98,1 |
91,3 |
72,1 |
54,5 |
51,8 |
51,3 |
41,6 |
50,6 |
49 |
57,4 |
58,8 |
Өнеркәсіп |
100,4 |
83,2 |
71,6 |
51,9 |
47,4 |
47,6 |
49,5 |
48,3 |
49,7 |
57,4 |
65,1 |
71,5 |
Құрылыс |
88,9 |
52,9 |
39,2 |
32,8 |
20,4 |
15,5 |
16,8 |
19,3 |
20,8 |
23,7 |
30,2 |
36 |
Сауда |
98,7 |
81,5 |
76,4 |
63,1 |
66,9 |
74,1 |
76,3 |
73,9 |
75,4 |
79,2 |
89,9 |
97,7 |
Транспорт |
93,8 |
75,6 |
64,2 |
46,1 |
40 |
40,7 |
42,4 |
41,6 |
41,1 |
48,5 |
53,1 |
57,7 |
2.2.Қазақстан экономикасындағы « Теңізшевройл» компаниясының орыны
Теңдесі жоқ Теңіз мұнай кеніші – Қазақстанның ұлттық игілігі.
Теңіз мұнай кешені Қазақстан Республикасы, Атырау облысы Жылыой ауданында, Каспий ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Құлсары қаласынан оңтүстік батысқа қарай 110 шақырым, Атырау қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 150шақырым жерде орналасқан.
Көлемі бойынша Қазақстанның табиғи байлықтарының ішіндегі ең маңыздыларының бірі болып табылатын Теңіз кенішін сөзсіз ел игілігі, мақтанышы деп санауға болады.
1979 жылы ашылған кен орны теңдесіз,әлемдегі ең ірі кеніштердің бірі болып шықты және соңғы ширек ғасырдағы ең үлкен геологиялық ашылым болып саналады.Кеніштің мұнай коллекторының аумағы 21-19,3-1,6 шақырым.Мұнайдың геологиялық қорының болжамдық көлемі 3,1 миллиард тонна(25 миллиард баррель).
Теңіз кешенінің ашылуы мен игерілуі Қазақстанның ірі мұнай шығарушы ел болуына жол ашты.Кен орнын белсенді игеру және мұнай мен газды өткізу қазіргі кездің өзінде бүкіл елдің ырысын қамтамасыз етуге елеулі үлесін қосуда және болашақта да Қазақстан дамуының кепілі бола бермек.
«Теңізшевройл » біріккен кәсіпорнының құрылуы.
Теңіз кеніші тек алмағайып көлемімен ғана емес,басқа да көп сеткіштеріден теңдесіз болып табылады — әлемде игеріліп жатқан кен орындарының ішінде мұнай шоғыры өте тереңде жиналған (коллектобының желдгі шамамен 3,810 метр тереңдікте), сонымен қатар кен орны қойнауқатық қысымы мен температурасының ауытқымалы жоғары деңгейімен,мұнай құрамындағы түрлі ілеспе газдарымен ерекшеленеді.Осы көрсеткіштердің бәрі де кен орнын игеруде белгілі қиындықтар туғызады.
1993 жылы 6 сәуірдд Қазақстан Республикасы Үкіметі мен әлемдегі ең ірі мұнай компанияларының бірі болып табылатын «Шеврон » корпорациясы Теңіз кенішін игеру мақсатында «Теңізшевройл» серікрестігін құрды.
Бұндай серіктестік кен орнын игеруге қатысты міндеттерді шешу үшін ең үздік халықаралық техналогияларды,ноу-хау және ірі капитал тартуға мүмкіндік берді.
«Теңізшевройл » ұжымы қай жағынан да теңдесі жоқ,Қазақстанның табиғи байлықтарының ішіндегі інжу маржандарының бірі болып табылатын Теңіз мұнай кенішін игеру құрметіне ие болды.
Мұнай мен газ саласында әлемдегі ең нәтижелі және табысты кәсіпорын болуға талпынып жатқан ТШО-ның алдында тұрған стратегиялық міндеттердің бірі – қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша көшбасшы болып отыр.
«Теңізшевройлдың» алғашқы табыстары көп кешікпей жаңа инвесторларды тартты. Қазіргі уақытта ТШО- дың серіктестері – «ҚазМұнайГаз», «Шеврон Тексако», Ексон Мобил» және «ЛукАрко». Жобаның мерзімі – 40жыл. Кен орнын игеруге тартылатын инвестиция көлемі 20 миллиард АҚШ долларынан кем болмайды деп күтілуде.
Қазігі кезде ТШО табысты түрде кеңейтілген өндіріс жүргізіп, әлемнің көптеген елдеріне тауарлық мұнай мен ілеспе өнімдерді ( құрғақ және сұйытылған газ) өткізуде.
«Теңізшевройл» ұжымы біздің кәсіпорнымыздың жалпы республикалық мұнай көлемінің 33 пайызын өндіре және өткізе отырып, бүкіл Қазақстан экономикасының дамуына елеулі үлес қосып жатыр. Қазақстан экономикасындағы маңызы боиынша ТШО стратегиялық кәсіпорындардын бірі болып табылады. Оның табыстары қазіргі кездің өзінде бүкіл елдің игілігіне оң ықпалын тигізуде және оның болашақтығы өрлеуіне де салмақты үлесін қосады.Мемлекет бюджетіне ТШО-дан түсетін кіріс барлық кірістердің елеулі бөлігін құрайды.2001 жылы Республика экономикасына ТШО-дан тікелей төлем және қазақстандықкәсіпорындар қызметіне ақы түрінеде 1,037 миллиард АҚШ доллары көлемінде қаржат түссе ,2002 жылы бұл көрсеткіш 0,916 миллиард АҚШ долларын құрады.
Өндіріс ауқымының бүгіні мен болашағына көз жіберсек,1993 жылы кәсіпорындағы мұнай өндіру көлемі не бары 0,94 миллион тоннаны құраған болатын.Таратылған инвестицияларды тиімді игеру 10 жылдың ішінде өндірістің бүкіл инфрақұрылымын түбегейлі жаңартуға,өндіріс базаны кеңейтуге,әлемдік деңгейдегі жоғары технологияларды пайдалана отырып,жаңа нысандарды салу және жаңа жабдықтарды орнату арқылы өндіріс қуатын елеулі түрде көбейтуге, табиғатты қорғау бойынша орасан зор шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
Өнімділікті қарқынды өсірудің нәтижесінде (орташа алғанда жылына 40 пайыз) ТШО 2002 жылы тәулігіне орташа алғанда 284,4 мың баррель мұнай өндіре отырып,мұнай өндірудің жылдық көлемін 13,1 миллион тоннаға жеткізді,сөйтіп,жалпы ұлттық ауқымдағы алып кәсіпорын,еліміздің мұнай саласында көшбасшы болды.ТШО қызметінің көптеген түрлері «ең» деген сөзге лайықты: әлемдегі ең ірі кен орындардың бірі,ең ірі инвесторлар,әлемдегі ең терең ұңғымалар,әлемдегі ең қуатты бұрғылау станоктары,әлемдегі ең қуатты компрессор, жлпы өнімділікті өсірудің әлемдегі ең жоғары қарқыны ,мұнайды темір жол көлігімен жеткізудің әлемдегі ең үлкен көлемі,қоршаған ортаны бақылайтын кешенді экологиялық мониторингінің ТМД елдері ішіндегі ең ауқымды және ең озық жүйесі,Қазақстандағы табиғатты қорғау шараларына жұмсалатын нң ірі инвестициялар, үздіксіз жүргізілген аптсыз жұмыстың ең жоғарғы көрсеткіші,ең озық технологиялар,Қазақстан экономикасына қосылатын ең қомақты үлес,қайырымдылық пен демеушілікке жұмсалатын жарналар және т.б. Жылына 13,1 миллон тоннаға жеткен мұнай өндіру көлемі шекті шама емес,ТШО өндірісінің дамуы жалғасуда.Қолайлы жағдайлар 2006 жылы мұнай өндіру көлемін 22,5 миллион тоннаға дейін,ал таяу онжылдық ішінде 32 миллион тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Бұл Қазақстанның өз халқының игілігі үшін ірі мұнайлы мемлекетке айналуын жақындату жолындағы ТШО-ның қомақты үлесі болады.
«Теңізшевройл» кәсіпорынының өнімдері және оларды тасымалдау.
Кен орнында өндірілетін шикізаттан ТШО ақтық өнімнің бірнеше түрін шығарады,бұл ретте ТШО табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану қағидасын сақтай отырып,тапжылмастан қалдықсыз өндіріске ұмтылуда.
ТШО өнімдерінің негізгі түрі – тұрақтандырылған мұнай,көмірсутек шикізатының қалған бөлігінен (ілеспе газдан) тауаралық газ(құрғақ табиғи газ және сұйытылған газдар – пропан мен бутан),сонымен қатар Теңіздің шикі мұнайының құрамында өте көп мөлшерде болатын күкіртсутектен алынатын қарапайым күкірт өндіріледі.
Тауарлық газдар
2002 жылдан бастап ТШО (шамамен тәулігіне 10 миллион текше метр) жоғар ысапалы құрғақ(табиғи) газ өндіреді,оның барлық көлемі де тұтынушыларға өткізіледі.2002 жылы3,8 миллиард текше метр табиғи газ өндіріледі және өткізіледі.
2001 жылы шикі газдың да барлық көлемінен тауарлық газ – пропан мен бутан алуға мүмкіндік беретін жаңа нысандар мен қондырғылар іске қосылды.Бұл газдардың сапасы әлемдік стандарт талаптарына келтірілді,нәтижесінде газды жергілікті рынокта сатуға да, Еуропа елдеріне шығаруға мүмкіндік туды.2002 жылы қазан айында сұйытылған пропан мен бутан өндіру көлемінің ең жоғарғы көрсеткішіне қол жеткізілді – ол айына 650мың тонна (күніне 24000баррель) құрады.
Күкірт
ТШО – да шикі мұнайды тазарту және таурлық күйге келтіру барысында ілеспе өнім – қарапайым күкірт алынады.Ол да өз алдында дүние жүзі бойынша сұранысы бар бағалы шикізат болып табылады.Қарапайым күкірт — адам организмі иен қоршаған әсер ету жағынан мүлдем қаіпсіз зат.Кен орнын игеру барысында ТШО сату мақсатында күкірттің белгілі мөлшерін (7 миллион тонна шамасында) өндірді,ол қоршаған ортаға мүлдем қауіпсіз қатты блок түрінде сақталуда.Күкіртке деген сұраныстың болуына қарамастан,ТШО – ның күкірт сату көлемі (балқытылған,сұйық түрде) оны өндіру көлемінен кейін қалып отырды.
Шикі мұнайды күкіртті сутегіден айырмай және күкірт алмай,мұнайды пайдалану да, сату да мүмкін емес. Қарапайым күкіртті сақтаудың дүние жүзіне тараған жән е ең қауіпсіз әдісі — күкіртті қатты күйде,үлкен блоктарда сақтау.
Күкіртті өткізу мәселесіен шешу мақсатында ТШО қабыршақ және түйіршік күкірт өндіретін қондырғылардың құрылысына 60 миллон АҚШ доллары көлемінде инвестиция жұмсалды.Арнайы қаптармен қапталған қабыршақ күкірт тұтынуға жеткізу үшін арнайы жабдықталған көлікті қажет етпейді,ол тиеуге де,тасымалдауға да ыңғайлы.Түйіршік күкірт ашық темір жол вагондарымен тасымалданды.2002 жылғы қараша айында қазақстандық – канадалық бірлескен жоба — тәулігіне 600 тонна қабыршақ күкірт өндіретін бірінші өнеркәсіптік қондырғы іске қосылды.2003 жылы жылы түйіршік күкірт өндіретін қандырғылардың құрылысы аяқталып,оларды өнім өндіру көлемі күніне 2200 тонаға жетті.
ТШО өнімдері 2001 жылға дйін негізінен темір жоларқылы тасымалданды.Кәсіпорын мұнайды темір жолмен тасымалдау көлемі бойынша өзіндік әлнмдік рекорд жасады (2000 жылы 8,2 миллион тонна).2001 жылы Каспий Құбыр желісі Консорциумының (КҚК) «Теңіз-Новосибирск» мұнай құбырының құрылысы аяқталып,іске қосылды.Ол жобалық қуатына жеткен кезде жылына 60 миллион тонна мұнай өткізе алады.КҚК мұнай құбыры қазіргі кезде Теңіз мұнайын шет елдерге шығаруды жүзеге асыратын басты көлік магистралінің рөлін атқаруда.2002 жылы құбыр желісі арқылы өткзіілген мұнай көлемі 11 миллион тонна болды.
КҚК мұнай құбырын пайдалану мұнайды тасымалдауға кететін шығындарды едәуір азайтты және өндірісті кеңейтудің жаң ірі кезеңі үшін қажетті ТШО –ның мұнайды сыртқа мүмкіндіктерін көбейтті.
Мұнай Новороссийск терминалынан танкерлермен Шығыс және Батыс Еуропа елдерінің рыноктарына, Қиыр Шығыс аймағына,Солтүстік және Оңтүстік Америка елдеріне жеткізілді.Мұнайды құбыр арқылы айдау кестесінде кідіріс туғызатын штаттан тыс жағдайларды есепке алмағанда, қазіргі кезде ТШО-ның барлық мұнайы КҚК құбыры арқылы сыртқа шығарылды.Бұл ретте мұнай тасымалынан босаған темір жол көлігі ТШО-ның ілеспе газдардан өндіретін қосымша өнімдердің (сұйтылған газдар – пропан мен бутан ,түйіршік және қабыршақ күкірт) рыноктарға жеткізу көлемін көбейтуге ықпал етеді.ТШО-ның құрғақ (табиғи) газын Қазақстанның газ құбырлары желісіне тасымалдау үшін Теңіз – ҚҰлсары газ құбыры пайдаланылады. 2001 жылы ТШО бұл газ құбырын жаңартты.Жаңарту ТШО өндіретін газдыңірі көлемдерін тасымалдауды қамтамасыз етеді.
2.3.Құмкөл кен орнындағы « Харрикейн» компаниясының жұмыстарына экономикалық тұрғыдан талдау
Харрикейн, Қазақстандағы өзқызметін жүзеге асыратын біріккен компания ретінде,капитал рыногымен және парыздық міндеттерімен тығыз жұмыс істеуде.Компания үшін алғашқы қадам Қазақстанда айналымға жіберу мақсатында 2001 жылы корпоротивтік облигациясын шығару болды.Бұл компания одан әрі Оңтүстік Торғай бассейніндегі кен орнын игеру ,жаңа құбыр жүйесін салу,экологиялық бағдарламаларды жетлдіру Шымкент мұнай өңдеу зауытын модернизациялау және оңтайландыру үшін өз қызметтерінің саласында инфрақұрылымды жақсартуды мақсат ете отырып,бірқатар жобаларды қолдау үшін қаржы жабдықтарын тартудың әр түрлі жолдарын қарастыруда.
Харрикейн Хайдрокарбонз ЛТД.(ХХЛ) 1986 жылы құрылған және Альберта провинциясында,Калгарида тіркелген канада компаниясы болып табылады.Харрикейн компаниясы 1991 жылдан бастап біріккен кәсіпорын мүшесі болып, Қазақстанда өзінің қызметін жүзеге асыруда.Харрикейн Қазақстандағы тікелей біріккен компаниялардың алғашқысы болып отыр. Себебі, бұл компанияның құрамына 1996 жылы Құмкөл кен орнын иеленіп,өңдеп отырған Оңтүстікмұнайгаз компаниясы, Шымкент мұнай өңдеу зауыты,ШНОС компаниясы,сонымен қатар Қазгермұнай мен Торғай Петролеум компанияларының 50 пайызы кіреді.
Топтың Қазақстандағы негізгі бөлімшелері Харрикейн Құмкөл Мұнай ашық акционерлік қоғамы мен жақында Харрикейн Ойл Продактс (ХОП) Ашық Акционерлік Қоғамы деп өзгертілген Шымкентнефтеоргсинтез Ашық Акционерлік Қоғамы деп аталады. Компания тобы кен орнын барлаумен, өңдірумен, өңдеумен,,маркетингпен және мұнай мен мұнай өнімдерін сатумен айналысады.Бұл компания еліміздегі барлық мұнай көлемінің 15 пайызын өндіре отырып, шетел мұнай өндірушілердің қатарынан екінші орынды иеленеді.Кәсіпорындардың бірігуінің арқасында мұнай өндіру көлемінің ұлғаюы,өндіру шығындарының төмендеуі, өңдеу процесінің оңтайландырылуы және маркетинг пен трейдинг саласында жаңа комерциялық және көліктік шешімдерді қолдану бойынша соңғы жылдар ішінде біраз жетістіктерге қол жеткізді.
Қазіргі уақытта кәсіпорын 11 кен орнын игеруде, оның ішінде төртеуі өндіру жұмыстары жүргізілуде, тағы төртеу игеру процесі үстінде,ал қалған үшеуі бағалау сатысында. Жалпы көлемі 1957 шарша шақырым болатын жерге компанияның екі лицензиясы бар.Харрикейн Құмкөл Мұнай анықталған және болжамдалған қорлардың көлемін ұлғайтуда.1996 жылғы қараша айындағы 44,1 миллион тонна көрсеткіші 2002 жылдың қаңтар айында 66,5 миллион тоннаға жетті, оның ішінде 45,2 миллион тонна немесе 68 пайыз анықталған қорларды құрайды.
Харрикейн компаниясы мен біріккен кәсіпорындардың қатысуымен қазіргі уақытта 358 өндіруші және 61 бұрғыларды иеленді. 2002 жылдың алғашқы жартысында 45 бұрғыларды бұрғылады және жылдың аяғына дейін 13 бұрғыларды бұрғылау жоспарлануда.
Компания Құмкөл мұнай кен орнын қоршаған лицензиясы бар аумақтарға жан –жақты сейсмикалық зерттеулер мен барлаулық бұоғылаулар жүргізеді.2001 жылы компания 535 шаршы шақырым ауданға сейсмикалық 3D барлаулар мәліметтері мен 508 шаршы шақырым ауданға сейсмикалық 2D барлаулар мәліметтерін 7,5 миллион АҚШ долларына сатып алған.Компания сондай-ақ тереңдігі стратиграфиялық жерлері мен 6,5 – тен 65 миллионға дейінгі потенциалдық қорлары көп қабатты пласттардың бар болуын көрсететін Құмкөл және Қызылқия,Арысқұм мен Майбұлақ мұнай кен орындарының айналасындағы аумақтарды зерттеуді аяқтады. Осы ,сондай –ақ 2002 жылға 7 барлаулық бұрғыларды бұрғылау бағдарламалары олардың потенциалдық қорларын бағалау ,жоғарғы өнімді мұнай кен орындарының қорларын ұлғайту,сондай ақ қызылқия,Арысқұми мен Майбұлақ және Шығыс Құмкөл мұнай кен орнын өңдеуді жетілдіру жайлы бағалы мәліметтер жинауға мүмкіндіктер берді.2002 жылы Харрикейн компаниясы Құмкөл мұнай кен орнынан батысқа қарай 15 шақырым қашықтықта орналасқан Солтүстік Нұралы Жаңа кен орнын ашты.
Бұл компанияның Қазақстандағы 5 жыл ішінде өз қызметінде мұнай өңдіруді 1997 жылғы көрсеткіш бойынша 2,1 миллион тоннадан 2001 жылғы көрсеткіш бойынша 4,8 миллион тоннаға дейін 2 еседен артық мөлшерде арттырған болатын.Ал,2002 жылы сондай ақ компания мен оның біріккен мұнай кен орындарының толық өндірістік потенциалға жету шамасы бойынша мұнай өндіруді одан әрі қарай арттыруды жоспарлады.Мұнай өндіру өсімі 2002 жылдың алғашқы жартысында байқалады.Компанияның орташа мұнай өндіру деңгейі күніне 16196 тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш 2001 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 31 пайызға артық.2002 жылы өндіріс деңгейі күніне 17428 тоннаны құрап, 2003 жылы күніне 21428 тоннадан 25974 тоннаға дейін өседі деген үмітте.Сол кезде Харрикейннің шығын деңгейі төмен деңгейде болып, барреліне шамамен 1,17 АҚШ долларын құрайды.
Мұнай өңдеу. 1985 жылы ірге тасы қаланған мұнай өңдеу зауыты Қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауыттарының ішіндегі қазіргі заманғы өнеркәсіптердің бірі болып саналады. Ол Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шымкент қаласында орналасқан және еліміздің оңтүстік — шығысындағы тұратын Қазақстан халқы үштен бір бөлігіне қызмет көрсету мақсатында салынған болатын.
Шымкент мұнай өңдеу зауытының жалпы жобалаған қуаттылығын жылына 6 миллион тоннаны, күніне есептегенде 18182 тоннаны құрайды.Мұнай өңдеу зауыттарында жоғары сапалы жанар май, дизель отыны ,қазандық отын, мазут,керосин,реактивті отын және сұйытылған газ өндіріледі.Компания ішкі саудада қазіргі күнгі тұтынудың 50 пайызына жуығымен қамсыздандырады.2001 жылға дейін Шымкент мұнай өңдеу зауыты 3,4 миллион тонна мұнай, ал 2002 жылдың бірінші жартысында — 1,7 миллион тонна өңдеді. Мұнай өңдеу зауыттарында барлық мұнай Оңтүстік Торғай бассейннінің мұнай кен орындарында өндіріліп, құбыр жүйелері арқылы зауытқа келіп түседі.
Модернизациялау және оңтайландыру.Шымкент мұнай өңдеу зауытын Харрикейн компаниясы сатып алғаннан кейін ескірген жабдықтарды жаңасына ауыстыра бастады.Жабдықтарды модернизациялау, техникалық қызмет көрсету мен техникалық байқауды жетілдіру шаралары мұнай өңдеу зауытының тиімділігін едәуір арттырды.
2001 жылы Шымкент мұнай өңдеу зауыты кірісті жоғарылату үшін инвестициялар енгізіліп,өндірісті жақсартуға байланысты іс-шаралар, энергия шығындарын төмендету жөніндегі және өнімдерді шығаруды оңтайландыру жөнінде бағдарламалар анықталды және олардың көбі қазірдің өзінде іске асқан. Сонымен, мысалы, керосинді депарафинизациялау қондырғысы модификацияланды және негізгі ректификациялық колоннада жаңаішкі қондырғылар орнатылды.Нәтижесінде мазутты өндіруді 42 пайыздан 30 пайзыға дейін төмендетуге қол жетті және осыған сәйкес мөлдір мұнай өнімдерін өңдіру ұлғайтылды.
Мұнайды өндіру және экспортқа шығару. 2002 жылдың алғашқы жеті айында мұнай өндіру 24274000 тоннаны құрады.Компания өндірген мұнайдың шамамен 60 пайызы Шымкент мұнай өңдеу зауытында өнделеді,ал қалған бөлігі экспортқа шығарылады. Харрикейн мұнайды Қытайға, Шығыс Еуропаға және Жерорта теңіз елдерінің мұнай өңдеу зауыттарына экспортқа шығарады.
Харрикейн Қазақстан мен Орта Азияны мұнай өнімдерімен жабдықтайтын негізгі жабдықтаушы болып келеді. Компания,сондай-ақ Жерорта теңізі рыногына мазутты да экспортқа шығарады.
Бұл компания өз мұнайының бағасын максимальді етуді мақсат етіп қойды.Мұнайды экспортқа шығару бағдарламасын іске асыру үшін өздерінің жекеменшік темір жол цистерналар паркін жасауда.
Харрикейн ішкі рынокта мұнай өнімдерінің көптеген түрлерін атап айтатын болсақ, жоғары сапалы жанармайды,дизель отынын,қазндық отынды,мазутты, керосинді, реактивті отынды және сұытылған газды өткізеді.
Харрикейн компаниясымен игеріліп жатқан кен орындары.
Өндіру жүргізіліп жатқан кен орындары.
- Құмкөл Оңтүстік-Харрикейн оператор қатысу кезіндегі 100 % үлеспен
- Өндіру жұмыстары жүріп жатқан компанияның негізгі кен орындары 1996 жылы сатып алынған;.
- Кен орын 1984 жылы ашылып,өндіру 1990 жылы басталған;
- Анықталған мұнай қорлары — 14,3 миллион тонна;
- Анықталғанға қоса болжамдалған мұнай қорлары — 17,5 миллион тонна .
- Солтүстік Құмкөл — Харрикейннің үлесі 50 %; ЛУКойл компаниясының үлесі 50 % қатысу кезіндегі оператор Торғай петролеум.
- Өндіру бойынша қолдау көрсету мен қосымша қызметттер көрсету Харрикейн компаниясының тарапынан асырылады.
- Анықталған мұнай қорлары 10,2 миллион тонна;
- Анықталғанға қоса болжамдалған мұнай қорлары 14,4 миллион тонна.
- Оңтүстік Құмкөл – оператор Харрикейн ,100 % қатысу үлесімен.
- Кен орын 1992 жылы ашылып,1997 жылы пайдаланылуға берілді;
- Анықталған мұнай қоры 4,2 миллион тонна;
- Анықталғанға қоса есептелген мұнай қоры 5,5 миллион тонна.
- Ақшабұлақ – Харрикейн үлесі 50%,оператор Қазгермұнай;
- Анықталғанға қоса болжамдалған мұнай қорлары -14,0 млн. тонна;
- Өндіруді ұлғайту бағдарламасын ендіру және жабдықтарды жетілдіру.
- Қызылқия,Арысқұм,Майбұлақ(ҚАМ)-Харрикейн –оператор қатысу кезінде 100 үлеспен:
- Анықталған мұнай қорлары -5,5 миллион тонна,ал әрқайсысының мұнай қорлары –Қызылқия -2,7 ,Арысқұм -1,3 ,Майбұлақ-1,5 миллион тонна.
- Анықталғанға қоса болжамдалған мұнай қорлары -11,3 млн тонна (Қызылқия-4,9,Арысқұм -3,7,Майбұлақ -2,7)
- ҚАМ мұнай кен орындарындағы тәжірибе жүргізетін жабдықтарды қондыру
Бұл кен орындарында мұнай өңдеу барлық ережелерге сәйкес мұнай өңделуде.
Шығыс Құмкөл – кен орны 2001 жылы ашылды.жалпы мұнай қоры 0,7 миллион тоннаны құрайды, ал болжамдалған мұнай қорлары 1,4 миллион тонна деп есептелуде.
Бағалау процесіндегі мұнай кен орындары.
Нұралы және Ақсай, Солтүстік Нұралы кен орындары бағалау процесінде жүріп жатыр.
Нұралы және Ақсай кен орындарындағы жалпы мұнай қоры 0,8 миилион тонна деп анықталған , ал бұл анықтауға қоса есетегендегі мұнай қоры 2,3 миллион тоннаны құрайды.Ал Солтүстік Нұралы кен орны 2002 жылы ашылғандықтан болашақтағы жалпы мұнай қорын осы уақытқа дейін анықтауда.
2.4. Қарашығанақ -Қазақстандағы ірі мұнай -газ конденсат кен орнындағы шетелдік инвесторладың жұмысына баға беру
Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ кеніші тек елімізде ғана емес ,сонымен қатар бүкіл әлемдегі ірі мұнай-газ конденсатының бірі.Кеніш 280 шаршы шақырым алып жатыр,оның қойнауында 1,2 миллиард тонна мұнай мен конденсат және 1,35 триллион текше метр газ бар.
Бүгігнгі таңда Қарашығанақ инвестициясының жалпы көлемі 4,3 миллиард АҚШ долларынан асатын Қазақстандағы ең ірі халықаралық жобаның бірі болып отыр . Кенішті дамыту жоба бойынша әріптес төрт компанияның -Би -Джи Групп(Ұлыбритания), Эни(Италия) капитал үлесі 32,5 пайыз,сондай-ақ Шеврон Тексако (АҚШ) -20 пайыз,ЛУКойл (Ресей) капитал үлесі 15 пайыз басшылығымен жүргізілуде. Бұл компаниялардың барлығы да Қарашығанақ Өндірістік Құрылымына (ҚӨҚ)бірігеді.Бұл құрылым өзінің қызметін әріптестерінің Қазақстан үкіметімен 1997 жылдың қараша айында қол қойылған «Өнімді бөлу» жөніндегі келісімге сәйкес жүзеге асырыды.
Кеніштің фазаларына тоқталып кететін болсақ, 1 -фаза -1995-1998 жылдары аяқталды.Өнімді бөлу принциптері туралы Келісімнің әрекет ету кезеңі.Өндіріс және техника қауіпсіздігін жақсарту.
2- фаза 1998-2003 жылдар аралығы .Бұрғылау және ұңғымаларды күрделі жөндеу, экспорттық құбырды салу,сұйық көмірсутектерінің өндіріс деңгейін жылына 9 миллион тоннаға дейін ұлғайту үшін жұмыс істеп тұрған нысандарды жетілдіру және жаңа нысандардың құрылысын салу.
3 -фаза сұйық көмірсутектері өндірісінің деңгейін жылына 12 миллион тоннаға дейін арттыру.Жылына 5 миллиардтан 10 миллиард шаршы метрге дейін көмірсутектерін өңдей алатын қосымша өндірістік нысандардың құрылысы.
4-фаза жылына 12 миллион тонна сұйық көмірсутектері мен газ өндіруді жылына 25 миллиард текше метрге дейін ұлғайту көлеміне тұрақты қол жеткізу.
Қарашығанақ кенішін одан әрі дамытуы туралы айтатын болсақ,негізі кеніш 1979 жылы ашылды.1985 жылы газ бен конденсаттың аз ғана көлемін Орынбор өңдеу кешеніне құбыр ақылы тасымалдау басталды.1992 жылы Қазақстан үкіметі консорциум бойынша әріптестерімен өнімді бөлу жөніндегі келісім шартқа қол қою туралы келіссөз жүргізе бастады. Бес жылдан кейін құрылым 40 жылға лицензия алды.
Жобаны дамытудың негізгі фазасы 2000 жылы басталды. Кенішті дамутыдың негізгі фазасының шеңберінде газ бен сұйық көмірсутектерін өңдейтін және газды жер асты қабатына қайта айдайтын жаң нысандардың құрылыстарынан басқа, кеңестік кезеңнен мұраға қалған өндірістік қуаттар қайта жаңғартылды,100-ден астам ұңғыма күрделі жөндеуден өтті және қуаты 120МВт электр станциясы салынды.Бұған қоса кенішті Каспий құбыры консорциумы жүйесіне қосып,Қарашығанақ мұнайын Қара теңіз порты Новороссийскіге дейін тасымалдап жеткізуді жүзеге асыратын ұзындығы 635 километрлік Қаршығанақ-Үлкен Шаған-Атырау экспорттық құбыры салынды.
2.5.Атырау мұнай өңдеу зауытының жетістіктерін экономикалық тұрғыдан сипаттау
Атырау мұнай өңдеу зауыты, «Қазақойл» компаниясы жалғыз және ірі акционері болып табылатын,тарихи тұрғыдан алғанда да ,перспективалық мүмкіндіктері тұрғысынан алғанда да, бірегей кәсіпорын болып табылады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің он жылдың ішінде зауыт өндіріс, экономика ,әлеуметтік өмір саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізді.Өнімдердің жаңа түрлеріигерілді, мұнайды өңдеу ауқымдылығы өсті ,өңдеуге жаңа –Теңіз мұнайы қабылданды,технологиялық қондырғылар қайта құрылып, жаңғыртылды.Қазақстан мұнай өңдеу өнеркәсібінің аса ауқымды әлуеті жаңа жүз жылдықта барынша толық көлемде көрінетін болады.Жуық уақытта Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта құру басталады.Оның аяқталуы бірқатар міндеттерді стратегиялық , экономикалық және аймақтық міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Стратегиялық тұрғында бұл республиканың отын жөніндегі тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.Атырау мұнай өңдеу зауытында гидротазарту қондырғысын салу шығарылатын өнім сапасын айтарлықтай жақсартып ,оны Еуроодақ стандарты бойынша 2010 жылдық болжамды деңгей нормасына дейін жеткізуге жол ашатын болады.Жеңіл мұнай өнімдерін шығаруды арттыру зауыт экономикасын жақсартуға оң ықпал етеді.
Атырау мұнай өңдеу зауыты – Қазақстан мұнай өнеркәсібінің тұңғышы. Зауыт құрылысы 1943 жылы басталды.1944 жылдың аяғында жылу электр цехына (ЖЭЦ ) пайдалануға берілді.1945 жылы құрамдастырылған АТ-ТК қондырғысы ,Гудри каталитикалық крекинг қондырғысы және газ фракциялаушы қондырғысы іске қосылды.1947 жылы олардың қатары электрмен тұзсыздандыратын «Петрико» қондырғысымен толықтырылды.Зауыттың техникалық жобасын жабдықтарды жеткізуші американдық «Баджер и сыновья» фирмасы жасады.
Зауыттың бастапқы жылдық қуаты 800 мың тонна мұнай өңдеуге арналып, жұмысы Ембі кен орындарынң мұнайына және тасылып әкелетін Баку дистилятына негізделді.Алғашқы күннен бастап зауыт отындық вариант бойынша ,авиация және автомоибиль жанармайларын ,әртүрлі моторлық және қазандарда жағылатын отындарды шығару арқылы дами бастады. Батыс Қазақстан аймағының дамуына,1965 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің өсуіне байланысты зауыт қайта жаңғырту жолымен тасылып әкелінетін қымбат дистиллятпен ауыстыру жөніндегі мәселені қарай бастады.
Зауыт жарты ғасырдан астам жұмыс кезеңінде отындық мақсатағы мұнай өнімдерін шығаратын осы заманғы кәсіпорынға айналды.Барлық технологиялық қондырғыларды техникалық жағынан қайта жарақтандыру жүзеге асырылды.Бұл жылдық қуаты 5 миллион тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік жасады.
Атырау мұнай өңдеу зауыты жеңіл фракциясы анағұрлым мол ,сонымен бірге өңдеуге мұқият әзірлік жасауды және технологиялық та,экологиялық та проблемаларды жете шешуді талап ететін ,құрамында көп мөлшерде метил- мен этилмеркантаны бар мұнайдың жаңа түрі — Теңіз мұнайын өңдеуді тұңғыш рет жүзеге асырды. Қазір Теңіз мұнай өңдеу үлесі 12 пайызды құрайды.Қайталама процесстердің жеткіліксіздігіне қарамастан зауыт өңдеу ауқымдылығын 62,5 пайызға жеткізді. Сонымен мұнайдан жеңіл мұнай өнімдерін іріктеу орташа алғанда 45,9 пайыз болды.
Жыл өткен сайын шығарылатын мұнай өнімдерінің түрлері кеңейе түсуде.Қазір зауыт 16 түрлі мұнай өнімін шығаруға жетіліп отыр.1995 жылы игеріліп, шығарыла бастаған ТС-1 маркалы реактивтік двигательдерге арналған отын сынақтар мен зерттеулердің барлық сатысынан ойдағыдай өтті.
90-шы жылдары ,республика мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның барлық өнеркәсіп салалары алдында шетелдік аса қымбат тұратын ұқсас өнімдерді ауыстыруға, олардың орнына басуға жарамды өнімнің жаңа түрлерін игеру мәселесі тұрды. 1993 жылы зауыттың Мұнай химиясы және табиғи тұздар институтымен тығыз – іскерлік байланыс және нытымақтастығы нәтижесінде өзінің техникалық және технологиялық сипаттамалары жағынан әлемдік деңгейдегі өнімнен кем түспейтін жаңа тиімділігі жоғары «Атырау» деэмульгаторы ойлап табылып сертификаттарды және шығару патенті алынды.Зауытта мамандар тауарлық және өндірістік мұнайды сусыздандыруға және тұзсыздандыруға арналған деэмульгаторы Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы елдеріндегі мұнай өңдеу зауыттары үшін неғұрлым пайдаланылуы тиімді әмбебап деэмульгациялаушы құрал болып табылады.Онымен өңделетін мұнайдың өрісі мен ауқымы жеңіл төмендік мұнайдан ауыр Маңғыстаулық мұнайға дейінгі аралықты қамтып, отыр.1996 жылы Атырау деэмульгаторы негізінде жаңа анағұрлым тиімді.»Атырау 7020 б» деэмульгатор алынды.
Атырау мұнай өңдеу заыты үшін тұрақты жаңғырту және өндірістік қуаттарды кеңейту процессі шетелдік және отандық фирмалармен ынтымақтастық,сенімділік тән болып отыр.
10жыл ішіндегі Атырау мұнай өңдеу зауытының жетістігі.
1991 |
5000 номерлік автоматты –телефон станциясының құрылысы. |
1992 |
1.Шетелдік мамандарға арналған қонақ үй құрылысын аяқтау. 2.АТ-2 қондырғысын қайта құру жөніндегі жұмыстардың орындалуы. 3.»Авангард» шағын ауданында 50 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. |
1993 |
1.Газ толықтыру стансасына дейін газ құбырын пайдалануға қосу. 2.№ 24 ,36 қазандарды пайдалануға беру. 3.№1 және №4 цехтар үшін тұрмыстық корпустарды қосу. |
1994 |
1.№1 цехта жаңа технологиялық пештерді салу жөніндегі жұмыстар көлемін игеру. 2.»Бекум» фирмасының кешенді импорт жабдықтарында көбікті жуу құралдары үшін ыдыс өндірісін іске қосу. 3.Зауытты электрмен жабдықтаушы техникалық жағынан қайта жарақтандыру жөнінде жұмыстар көлемін арттыру. |
1995 |
1.Зауыттың жылу электр орталығын қайта құру. 2.№1 цехта пайдаға асыру қазандарымен П-1,П-2 технологиялық пештерін пайдалануға беру. 3.Кабельдік желілермен №2 орталық үлестіргіш пунктін пайдалануға беру. 4.ХВ-7,ХВ-8,ХВ-9,ХВ-101 ауамен салқындатқыш конденсаторлар –тоңазытқыштар болгын жұмысқа қосу. 5.Желілермен конденсат стансасын іске қосу. 6. «Привозальный»шағын ауданында 27 пәтерлік тұрғын үй және «Тұрғын қалашық» шағын ауданында 6 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. |
1996 |
1.Көлік цехында әкімшілік –тұрмыстық корпус колонналарын ауыстыру. 2.Модульді лабораторияны жұмысқа қосу. 3. «Строитель» шағын ауданында 100 пәтерлік тұрғн үй және «Тұрғын қалашық» шағын ауданында 40 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. |
1997 |
1.Әкімшілік үй жайларды жылытуды будан ыссы суға ауыстыру . 2.Мұнай өнімдерін автоцистерналарға құю пунктін пайдалануға беру. |
1998 |
№ 2 су блогын қайта құру . 2.Ганюшкин поселкесінде шыны зауытының құрылысы басталды. 3.Жылу электр орталығында П-6-3,4/1 турбинасы құрастырылды. |
1999 |
1.Жылу электр орталығында екінші турбина құрастыру. 2.№3 цехта трансформатолық қосалқы станса іске қосылды. 3. «Мұнайшы» сатдионын қайта құру. |
2000 |
1.Ааж-06М инертті газ шығару жөніндегі қондырғыны іске қосу және оның жұмысын игеру. 2.АТ-2 қондырғысында жанармайды сілтісіздедіру торабы жөніндегі жұмыстар басталды. 3. «Мобиль»72 пәтерлік үйі пайдалануға берілді. |
Атырау мұнай өңдеу заутында шығарылатын өнімдер
Шығарылатын өнімдер |
Пайыз бойынша (%) |
1. Автомодиль жанармайы |
14,4 |
2.Дизель отыны |
36,6 |
3.ТС-реактив отыны |
0,5 |
4.пеш отыны |
9,9 |
5.Кокс |
4,0 |
6.Қара май |
29,7. |
7.Тағы басқа өнімдер |
5,0 |
Шығарылатын мұнай өнімдерінің түр-түрін кеңейту.
(1991-2000 жылдар)
№ |
Жылдар |
өнімдері |
1. |
1991 |
Қысқы дизель отыны (ДЗп- В) |
2. |
1992 |
«Атырау» деэмульгаторы |
3. |
1995 |
ТС-1 реактивтік отыны Этилденбеген АИ-93 автомобиль жанармайы |
4. |
1996 |
Этилденбеген А-76 автомобиль жанармайы «Атырау 7020 Б» деэмульгаторы |
5. |
1997 |
А-80 автомобиль жанармайы Депрессорлық қоспасы бар қатуы төмен жазғы дизель отыны (ДЛп) |
6. |
1998 |
Депрессорлық қосапсы бар қысқы дизель отыны (ДЗп) |
3.3.Атырау мұнай өңдеу зауытының экологиялық мәселелерді шешудегі іс-шаралары.
Табиғатты қорғау қызметін сақтау есебінен зауыт қоршаған ортаға әсер ету лимиттерінің артуына жол бермей келеді.Соңғы жылдарда енгізілген табиғатты қорғау шараларынан төмендегілерді атап көрсетуге болады:
-Каталитикалық риформинг қондырғысының (сутегі бар жеңіл газ) және Баяу кокстеу қондырғысының (қаныққан газ) газдарын араластыру және технологиялық мақсаттарға жағу сжемаларын енгізу.Соның есебінен зауыттың Жылу –электр орталығында қара майдың отындық үлесін 55 пайыздан 48 пайызға дейін кемітуге және алауға жіберілетін газ тасталындыларын кемітуге қол жеткізілді.
-Каталитикалық риформинг қондырғысы мен АВТ-Электрмен тұзсыздандыру қондырғысы сұйық отынын қара майдан күкіртті неғұрлым аз вакуумдық дистиллятқа ауыстыру схемаларын енгізу.Бұл шаралар өңделетін мұнай құрамында күкірттің жалпы көлемінің өскеніне қарамастан күкіртті ангидриттің ауаға шығарылуын лимит шегінде ұстауға мүмкіндік береді.
-Зауыттың Жылу –электр есептеу торабы бар екінші су көтергіш схемаларын енгізу.Бұл жалпы зауыттық жүйеде судың қысымын және одан шығындарды азайтудан алынған мүмкіндіктер есебінен Жайық өзенінен су тұтынуды және тиісінше ластанған ағынды сулардың пайда болуы мен тасталындысын кемітуге жағдай жасады.
-Ластанған өндірістік ағынды сулар мөлшерін азаиту сондаи ақ Баяу көксету Ат 2 электрмен тұзсыздандыру қондырғыларында суды жүйелі пайдалануға (15 тоңазытқышынан шыққан тасталынды суды мұнайды хлорлы тұздан тазартуға ,кокстеу қондырғысында тасталынды судың бір бөлігін реакторлардан коксты кетіру жүйесін толықтырып отыруға пайдалану) көмектесті.
Кәсіпорында шығарылатын мұнай өнімдерінің сапасына ұдайы лайықты көңіл бөлініп келеді.Сапаға Мемлекеттік стандартқа сәйкес технологиялық реттемелерді сақтау,қондырғылар мен зертханаларды уақытында жарақтандыру,қажетті құжаттамаларды жасау,шикізаттарды,материалдарды және дайын өнімдерді зертханалық бақылау кестелерін орындау,жұмысшылар мен мамандарды кәсіпке даярлаудың жоғары деңгейі есебінен кепілдік беріледі.
Зауыттыңорталық зертханасы мұнай өнімдеріне талдау жүргізу үшін осы заманғы аспаптармен жарақтандырылған,зеттеушілер талдаудың жаңа әдістерін ,соның ішінде табиғат пен қоспалар шоғырмаларының мұнай өнімдері құрамына әсерін тереңдете талдау жасауда.Бірқатар зерттеулер өнертабыстық дәрежеде орындалды.
Зауыттың орталық зертханасының Сынақ орталығы сынық зертханаларына қойылатын Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттау жүйесі талаптарына сәйкес келеді және сертификаттық сынақ жүргізу құқығымен техникалық құзіретке аккредиттелген.Зауыттың орталық зертханасы Сынақ ортлығы тұңғыш рет халық тұтынатын тауарлар бойынша 1994 жылы аккредиттелген болса,1995 жылы мұнай өнімдері бойынша аккредиттелді.Кейін,1997 және 2000 жылдары зауыттың орталық зертханасының Сынақ орталығы аккредиттеудің көрсетілген салаларына сәйкес екі ерт қайта аккредиттелді.Зауыттың шығаратын мұнай өнімдері сертификаттау сынағына өтеді.Осы сынақтан өткен мұнай өнімдері тұтынушыларға жеткізіледі.
3.Қазақстандағы отын өнеркәсібінің қоршаған ортаға тигізер әсеріне экологиялық баға беру
3.1. Қазақстанға қажеті – қалдықсыз өндіріс
Экономиканың енгізі — өндірісті дамыта отырып ,шикізат өндіруде қоршаған ортаны ластамауға, бірте-бірте таза өндіріске көшуіміз керек.Алдағы міндет – қалдықсыз өндіріс деңгейіне жету.
Бірақ жер қойнауын пайдаланудың әрқилы аспектілері талқыланған кезде негізгі назар алынатын экономикалық пайда мөлшеріне аударылады да ,өңірдің ,тіпті тұтастай республиканың экологиялықахуалы ескеріле бермейді.Мысалы,мұнайды алғашқы өңдеу барысында алынатын күкірттің сақталу жағдайын қарастырып көрелік.Құрамында күкіртті сутегі, мұнай мен газ бар қышқыл өнімді өңдеу кезінде кәдімгі күкірт алынады.Соны қайта өңдегеннен кейін күкіртті сутегі кәдімгі сұйық күкіртке (өндірілген 1 тонна мұнайда 69 кило болады) айналады.Оны түйіршіктелген немесе кесек күйінде сақтау керек.Бір күн емес ,айлап ,жылдап жиналған осыншама күкіртті үлкен қатты блок түрінде арнайы жабдықталып жасалған орындарда сақтау ұсынылады.Бірақ оның орындалуы әзірге мүмкін емес.Ол үшін мұнай өндіретін корпорация осыған арнап аса ауқымды алаң дайындауы керек. Осыған орай көбінесе қалдық зат деп саналатын күкіртті сенімді түрде жерге көму проблемасы күрделі мәселеге айнала түсуде.Өйткені, Теңізде қазір 7 миллион тоннадан астам күкірт жинақталғаны мәлім.
Бұл бүгінгі күннің ғана көрінісі. Егер ел мен жердің болшағын ойласақ, алдымызда қалдық заттардан құтылудың жолын қарастыратын ғаламат міндеттер тұр.Каспий маңында ғана 120-дан астам мұнай-газ құрылымдары (Қашаған,Құрманғазы, Орталық және басқалар ) орналасқан.Ондағы мұнай құрамында да ,Теңіз,Жаңажол ,Қарашығанақ кен орындарындағы өнімде де көмірсутегі аса мол.Іске қосылатын Қашағанда қалдық зат ретінде күн сайын 4 мың тонна күкірт шығарылатынын ескерсек, мұндай «таулардың» таяу уақытта қалай өсетінін көз алдымызға елестету мүмкін емес.
Сондықтан өндірісімізді,өнеркәсібімізді дамыта отырып,елдің экологиялық апат алдында тұрғанын бір сәт естен шығармауымыз керек.Елбасы Н.Назарбаев « Мен бұдан әрі экономикалық ,әлеуметтік және саяси жаңаруымыздың жолында елеулі кедергі болуы ықтимал ХХІ ғасырдың қазіргі кезде көрініп жүрген объективті қатерлеріне сіздердің назарларыңызды арнайы аударғым келеді», деп алаңдаушылық білдіруі тегін емес.Бір ғана жағдайда көңңіл аударып көрейік. «ПетроҚазақстан» деп аталатын канадалық компания табиғат қорғау ,салық және өзге де мемлекеттік органдардың сынына жиі ұшырауда.Негізгі назарды мұнай өндірі саласында аударған бұл компания мемлекеттік органдардың өтініш-тілектеріне ,талаптарына құлақ аспай келеді.Содан барып мұнай өндіруде бірқатар технологиялық талаптар өрескел бұзылып, қоршаған ортаны ластауда.
Егер біз кен орындарын игеру барысында барлық технологияларды сақтасақ ,қалдықсыз өнім өндіруге дұрыс бағыт ұстана білсек, әлгінде айтқан тау-тау қалдықтар қоршаған ортаны ластап, бекерден –бекер үйіліп жатпас еді.Әрине,бұл уақытша сақтау,басқа елдерге тасымалдау ,одан әрі дәрі дәрмек ,химиялық реактивтер жасау мәселені шеше алмайды.Алайда әлемнің көптеген елдері мұнай шикізатын өңдеу кезінде кездесетін қоспалардан әртүрлі өнімдер шығарудың жолдарын барынша игерді. Ол үшін жергілікті жерледің өзінде өндіріс орындарын дамытуды қолға алу керек.Шағые және орта кәсіпкерлікті дамыту қажеттілігін алға тартқан Н.Назарбаев еліне ,ел жайларына да көіл аудару қажеттілігін еске сала кетті.
Осы ретте Ұлттық инженерлік академияның бірінші вице-президенті ҰҒА академигі Надир Надиров және оның басқа да серіктестері мұнайбитумды жыныстар ментабиғи битумды жол құрылысында пайдаланудың технологиясын талдап жасаған болатын.Мұндай кен орындары Батыс Қазақстанда 140-қа жуық жерде бар.Мұнай сіңген құм мне топырақ аса терең қабатқа жатпайды , өндірілуі де жеңіл. Бірақ дайын күйінде оны пайдалану экономикалық жағынан тиімді емес еді. Жерге төселген битум жолдың ыстығы мен қыстың аязына шыдай бермеитін.
Осының себебін анықтаған соң, олар жан жақты зерттеу,талдау жасау арқылы аса төзімді жол төсенгішінің технологиясын ойлап тапты.Автомобиль жолдары министрлігімен бірлесе отырып,тәжірибе ретінде өздері өндірген битумды т2 шақырым жолға төселді.Сарапшылар олар салған жолдың төзімді екенін мойындады.Осыны одан әрі жалғастыру үшін,әрине, жартылай өнеркәсіптік қондырғы қажет болды.Министрлікпен келісе отырып,Құлсары кентінен бастап ,республика бойынша 7 шақырым жолға битум төселді.1983 жылы сол кездегі Гурьевте мұнай мен мұнай өнімдерін деметаллизациялау жөнінде Бүкілодақтық симпозиум өткізілді.Облыстық партия комитетінің ұсынысымен КСРО Мұнай және газ өнеркәсібінің министрлігі Волгоградтан және Мәскеуден шақырылған мамандармен бірге олардың жаңалықтары тексеруден өткізілді.Мұнайбитумды жынысты өңдеуді Канадада ұзақ жылдар бойы қолға алғанымен,дәл олардікідей ірі нәтижеге жете қоймаған еді.Іле –шала келген шетелдіктер де олар төсеген жолды көріп танданыстарын жасыра алмады.Сөйтіп, тек канадалықтар ғана емес, олар да мұнайдан алынған құмнан аса берік битум алғандарын бүкіл әлемге жария етті.
Өкінішке орай, орасан зор мүмкіндіктеріне қарамастан,біздің елімізде битум өндіру ісі әлі де шешімін таба қойған жоқ.Отандық инновоциялық технологияның орнынан қозғалмауы,атап айтқанда ,кәдімгі күкіртті де экономикамызда пайдалана алмауымыз,шын мәнінде қынжыларлық жағдай.Қазір Ұлттық инженерлік академия «Кинтер-коннет» конверсиялық компаниясымен бірлесе отырып, жол төсеніштерін дайындауға арналған тұтқыш заттарды өңдірудің жаңа технологиясын жасап шығарды.Оған Атырау облысында аса көп кезесетін мұнайбитумды жыныстар мен күкірт қоры жеткілікті.
Надир Надиров мырза өзі жасаған жұмыстарының нәтижесін ел басы Н.Назарбаев мырзаға жеткізіп, одан қолдау күтуде.Бұл да олардың ел экономикасын нығайта отырып, елімізге қалдықсыз өндіріс қажеттілігіне қосар үлесі деуге болады.
3.2.«Теңізшевройл»-дың қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына баға беру
Ғылыми –техникалық прогресс заманында қоғамның табиғатқа белсенді әсер етуі қоршаған ортаныңөзгеруіне әкеледі.Нәтижесінде адам қоғамының өмірі жақсарып қана қоймай,қоршаған ортада келеңсіз құбылыстар да пайда болды.Бұның себептері әртүрлі болып табылады, атап айтатын болсақ, өндіріс орындары, кен орындарды игеру, автокөліктер және т.б.
Мұнай өндіруші кәсіпорындар металлургия ,жылу энергетикасы және басқа да өнеркәсіп салаларындағы кейбір кәсіпорындар сияқты немесе ірі қалалардағы автокөліктер секілді қоршаған ортаны ластаушылар кәнігі ластаушылар қатарына жатпайтынын атап өту керек.
Жылу энергетикасы |
50% |
Қара металлургия |
20% |
Түсті металлургия |
13% |
Басқа салалар |
13% |
Химия мен мұнай химиясы |
4% |
Бұл диаграммада Қазақстанның өнеркәсіп салаларының ластағыш заттардың жалпы шығарындыларындағы үлесі көрсетілген(ҚР Статистика жөніндегі агенттігінң 2001 жылғы мәліметтері).
Десек те, кез келген өндірістің немесе адамның қызметіндегідей мұнай өндіру барысында қоршаған ортаға белгілі әсер тиетіні сөзсіз.Өнеркәсіптік кәсіпорындардың шаруашылық қызметін талдау кезінде қоршаған ортаға әсер етудің негізгі көрсеткіштері ретінде әдетте мыналар қаралады: атмосфералық ауаның ластану дәрежесі, өсімдік пен топырақ жағдайларының бұзылуы,өндіріс қалдықтарының сипаты мен оларды жою нәтижелері, өсімдік пен жануарлар әлеміне әсері.Қандай болмасын заттармен ластанудың дәрежесін бағалау үшін шектеулі рауалы концентрация (ШРК) деген ұғым қолданылады. Белгілі зиянды заттардың бәріне мемлекеттік санитарлық нормалар бойынша ШРК көрсеткіштері белгіленген.Егер мысалы,қандай да бір заттардың ауадағы немесе топырақтағы құрамы 2 ШРК құрайды.
Жалпы алғанда , адамзат тіршілік ететін кез келген жерде сөзсіз таза табиғи орта болмайды, тіпті адамның өз қажеттіліктерін қамтамасыз ету салдарының бәрін (көлік, үй жайларды жылыту , өндіріс, тұрмыс қалдықтары және т.б.) атамай-ақ, оның тыныс алуының өзі қоршаған ортаға әсерін тигізеді.Мысалы,ірі қала қоршаған ортаға елулі әсер етеді – ауаның құрамындағы ластағыш заттардың концентрациялары ШРК –ға жақын немесе одан да асып түседі; қалалардағы суқоймалары, жер асты суы, топырақ сияқты табиғи ортаның құрамдас бөліктерінің бәрінде де ластағыш заттар әр түрлі дәрежеде Қазақстандағы ШРК- дан асады.
«Теңізшевройл» компаниясының өндірістік қызметінің қоршаған ортаға жалпы әсер етуі Елеусіз деп бағаланды.Бұндай бағаны ТШО-ның арнайы қызметтерінің үздіксіз жүргізген бақылауларының нәтижелері де,тәуелсіз мемлекеттік бақылау орындарының қорытындылары да, сонымен қатар бірнеше рет ТШО қызметінің табиғи ортаға тигізетін әсерін бағалау жұмыстарына қатысқан беделді халықаралық сараптау комиссияларының қорытындылары да растайды.ТШО-ның нысандарының Теңіз кен орнының маңындағы экологиялық жүйеге жалпы әсер етуіне кешенді бағалау жүргізген қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеу жұмыстары да осындай қорытындыға келді.
ТШО-ның қоршаған ортаға әсер етуінің елеусіз деп бағалану себебі – ғалымдардың айтуынша, табиғи ортаның барлық құрамдас бөлікиерінің құрылымы мен құрамында елеусіз өзгерістер туғызбайды және олардың арасындағы байланысты бұзбайды.
Теңіздегі атмосфералық ауаның сапасы .
Ауаға тарлатын ТШО шығарындыларының негізгі көзі –газ өңдеу зауытының алаулары.Ілеспе газдардың нақты кезеңде тауралық газға өңдеуге жақын және өткізуге мүмкін болмайтын шағын бөлігі тиісті түрде зиянды қоспалардан тазартылып, осы алауларда жағылады.Одан басқа, ауаға тарайтын жалпы шығрындылардың кейбір бөлігі қалдық газдарды жағып тастайтын пештің екі мұржасы және жылыту қазандығы мен газ-турбиналы стансасының мұржалары арқылы шығады.
ТШО қызметінің алғашқы жылдары ілеспе газдардың біршама бөлігін толық өңдеу мүмкін болмай ,алауларда жағылды, сондықтан атмосфераға тарайтын шығарындыларының үлес салмағы (яғни өндірілген мұнайдың әр тоннасына шаққандағы щығарындылар көлемі) жоғары болды.Ол жылдары газдардың жағудың біренше себебі болды: кезінде мұнай құрамындағы ілеспе газдың пайыздық қатынасы туралы дәл емес мәліметтерді пайдалана отырып жобаланған ГӨЗ сол газдардың барлық көлемін өңдеуге қабілетсіз болды; өндірілетін тауарлық газдардың (метан, пропан, бутан) біршамасының сапасы рынокқа шығаруға төмен болды,сондықтан ол газдардың бір бөлігін жағуға тура келді.ТШО құрылған кезден бастап газ жағу көлемін азайтуға және қорытындысында ең төменгі деңгейге жеткізуге бар күш жігерін жұмсады. Алауларда жағылатын газ көлемі 80 пайызға азайды,еуропалық спасы бар тауарлық газ өндіру және өткізу реттелді,шығарындылар құрамындағы зиянды қоспалардың мөлшері едәуір азайды.
ТШО-ның атмосфераға тарайтын шығарындыларының үлес салмағы (яғни өндірілген мұнайдың әр тоннасына шаққандағы шығарындылар көлемі) 1997 жылғы 10,4 килограмнан 2002 жылы 4,6 килограмға дейін елеулі түрде өзгерді.Шығарындылардың үлес салмағының азаюы мұнай өндіру көлемінің жыл сайын өсу барысында жүзеге асты (келесі кестеден қараңыз).2002 жылы ТШО-ның атмосфераға тарйтын шығарындылардың жалпы көлемінің салмағы 60,8 тоннаны құрады.Бұл көп пе ,әлде аз ба? Оны білу үшін осы мөлшерді оғанұқсас басқа статистикалық мәліметтермен салыстыруға болады.Мысалы, 2000 жыллы Алматыда тек автокөліктерден шыққан ластағыш заттардың көлемі 170 мың тоннаны құрады; сол жылы жалпы Қазақстан бойынша тұрақты көздерден атмосфераға тараған шығарындылар 2,429 мың тоннаны құраса, Қарғанды облысы бойынша 1,108 мың тонна,Повладар облысы бойынша 434 мың тонна,Шығыс Қазақстан облысы бойынша 244 мың тонна және Атырау облысы бойынша 124 мың тонна болды.
ТШО шығарындыларының құрамындағы негізгі ластағыш заттар – күкітр бос оксиді() ,азот қос оксиді() ,көміртегі оксиді() және көмірсутек().Олардың барлық шығарындыларының үлесі 99,6 пайыз.Бұл кәдігі газ плиатсында тамақ пісірген екзде шығатын жағу өнімдері.Бұндай шығарындылар автокөлік түтінінен әлдеқайда зиянсыз,ла темекі түтіні құрамындағы зиянды заттармен салыстырғанда тіпті қауіпсіз деп есептелуде.
ТШО-ның су мәселесіндегі қызметі. Теңіз Еділ өзенінің суымен қамтамасыз етіледі.Су магистральді құбыр желісімен Құлсары қаласына берілген,ол жерден ТШО нысандарында ауыз су қосымша тазартудан өтеді,ал техникалық мақсаттағы су газ өңдеу зауытына беріледі.
ТШО су тұтынымын азайтуға,оны қайта пайдалану мақсатында тазартудың тиімділігін арттыруға бағытталған көптеген түрлі бағдарламаларды орындауда.Осындай жұмыстардың нәтижесінде 1 тонна мұнайды өндіру кезіндегі судың жалпы шығыны 1994 жылғы 1,3 текше метрден қазіргі кездегі 0,3 текше метрге азайды.Бұл ақаба суды тазартып, қайта пайдалану;суды қайта тазарту үшін кері осмос қондырғыларын қосу; пайдаланылып судан бу өнімдіру мақсатында кәделеуіш қазандықтарын қолдану арқасында мүмкін болды. Тек 2001 жылдың өзінде ТШО суғы байланысты жобаларға 5,4 миллион доллар қаржы жұмсалды.
ГӨЗ-дің өндірістік ақаба суының бір бөлігі ұңғылардан мұнаймен қоса алынатын жер қабаттарының суымен бітге мұнай өнімдері меен механикалық қоспалардан ,жер астына айдалады (1500метр тереңдікке).Ақаба судың екінші бөлігі механикалық және биологиялық тазартудан өткеннен кейін ,жасанды су жинақтау тоғандарынатөгіледі.
Зерттеулердің нәтижелері неоком горизонтының жердің басқа қабаттарынан берік оқшауланғанын дәлелдеді.Кәдеге жаратудың осы әдісі – қоршаған ортаны қорғауға қатысты халықаралық тәжірибе.Оның негізін қалайтын қағида – флюидтер(жер қатарындағы су мен мұнай) жер бетіндегі ортадан оқшау,оған әсер етпей,тереңдікте миллиондаған жылдар бойы жатты.Оларды осылайша сол тереңдікке қайтаруға болады,олар қоршаған ортаға зиян келтірмей тағы да миллиондаған жылдар бойы сақталады.
Қоршаған ортаны ,әсіресе жоғарғы сулы қабатты анағұрлым сенімді қорғау үшін жер қабатына айдайтын ұңғымалардың айналасында жер асты суын бақылау ұңғымалары орналасқан.Бұл жер қабатына айдалып жатқан ақаба судың жоғарғы сулы қабатпен жанаспайтынына көз жеткізуге мүұмкіндік береді.
ТШО ақаба суды Каспий теңізіне немесе басқа да табиғи суқоймаларына төкпейді,осылайша қоршаған ортаға тиетін әсерді барынша төмендетеді.Табиғи ортаға ешқандай шығарынды тастаомайтын осындай әдіс қоршаған ортаны қорғаудың әлемге белгілі жоғарғы деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Адамдардың денсаулығына ТШО компаниясының орыны.Жалпы елдегі халыққа қарағанда ТШО қызметкерлерінің денсаулығы жақсырақ және олар ұзағырақ өмір сүреді ( ТШО қызметкерлерініңарасындағы өлім деңгейі Қазақстан бойынша орташа статистикалық көрсеткіштен 4 есе төмен).
ТШО емханасының, профилактикалық тексеру тобының меңгерушісі,дәрігер Бақтыбике Көптілеуова: «Мен,Теңізде 1991 жылдан бері ТШО емханасының дәрігері болып жұмыс істеймін.Қазіргі кезде 28 күндік вахталық әдіспен жұмыс жасаймын.Өзімнің медициналық білімім мен дәрігерлік тәжірибемнің негізінде, сонымен бірге ТШО қызметкерлерінің денсаулық жағдайын жақсы біоле отырып,сырқаттану көрсеткіштері Қазақстан бойынша жалпы көрсеткіштеріне сәйкес келетінін ,ал бірқатар аурулар бойынша төмен екекнін растай аламын.ТШО-да негізінен дені сау адамдар жұмыс жасайды.Компаниямызда қабылданған өнеркәсіп гигиенасының бағдарламасын жүзеге асыру арқылы жұмыс жағдайының жоғары талаптары сақталады.Мен ТШО- да қызмет өтуімнің арқасында медицинадағы соңғы жетістіктер бойынша біліктілігімді көтеругемүмкіндік алдым.Теңіздегі емханада менімен бірге 21 қазақстандық жоғары білікті дәрігер қызмер етеді»,-деп өз ойын жеткізген болатын.
Теңіздегі қоршаған ортаның барлық компоненттерінің қазіргі кездегі нақты жағдайы туралы ,ТШО-ның қоршаған ортаға тигізетін әсерінің ұдайы төмендеуіне қатысты табыстары туралы,сонымен қатар ТШО-ның кез келген авариялардың алдын-алуға және болдырмауға қабілеттілігі мен дайындығы жөнінде айтылған болатын.
ТШО қызметінің аудан тұрғындарының денсаулығына тиюі ықтимал жағымсыз әсеріне келетін болсақ,қоршаған ортаның барлық құрамдас бөліктерінің ластану деңгейі Қазақстанның қатаң санитарлық нормаларының шектерінде болса (ШРК-дан төмен),ал ортаның адамдар денсаулығына зиянды әсер етуі неғайбыл.
Кен орны аймағындағы географиялық және климаттық жағдайлардың ерекшелігі сол, жазық далада қандай болмасын заттектердің ШРК-дан асатын мөлшерде шоғырлануы үшін ТШО-ның ауаға тарайтын шығарындылары (жылына 60,8 мың тонна) аз.
Жылой ауданы тұрғындарының денсаулық жағдайына ТШО қызмет етіп жатқан жылдар ішінде бірнеше рет медициналық тексеру жүргізілді.Жүргізілген зерттеулердің ешқайсысы да ауданда кең тараған аурулар мен ТШО қызметінің нәтижелері арасында байланыс таппады.Ластанған атмосфераға тән тыныс алу мүшелерінің созылмалы ауруларының жоғары деңгейі байқалмаған.Салыстыру үшін Қазақстанның кейбір өнеркәсіп орындарындағы ауаның ТШО-дағыдай ластағыш заттектермен ластану дәрежесі туралы мәліметтерді келтірейік.
Күкірт қос оксиді():
Өскемен қаласы |
2,8 ШРК |
Балқаш қаласы |
1,1 ШРК |
Глубокое поселкесі |
3 ШРК |
Лениногорск |
1,8 ШРК |
Көміртегі оксиді
Шымкент |
2,0 ШРК |
Теміртау |
1,3 ШРК |
Өскемен |
5 ШРК |
Азот қос оксиді
Шымкент |
4,9 ШРК |
Алматы |
2 ШРК |
Өскемен |
2,7 ШРК |
Аталып,көрсетілген қалалардың ауасында көрсетілген ластағыш заттектерден басқа,концентрациясы ШРК-дан асатын бірқатар уытты заттектер бар(формальгедидтер,фенол,шаң).
Жылой ауданында денсаулыққа байланысты проблемалар бар,алайда облыстың ТШО-дан алыста орналасқан басқа аудандарындағыдай,бүкіл облысқа ортақ факторлаға байланысты — өмір сүруге қолайсыз,ауа температурасы ауытқымалы климаттық-географиялық,ландшафтты жағдайлар;сапалы сумен қамтамасыз етілмеу суды шеттен тасып,ұзақ уақыт сақтау мәжбүрлігі,нәтижесінде ауру тудырғыш бактериялардың көбею қауіпі мен жұқпалы аурулардың пайда болуы.
Атырау облысының аудандары бойынша 1990- 2001 жылдардағы адам өлімінің деңгейін салыстыру
(жасына қарай барлық топ,жылына 1000 адам шаққандағы өлім саны)
№ |
Аудандар |
Өлім деңгейі |
1 |
Атырау қаласы |
9,4 |
2 |
Жылой |
7,1 |
3 |
Құрманғазы |
9,8 |
4 |
Қызылоға |
8,3 |
5 |
Индер |
8,4 |
6 |
Исатай |
8,1 |
7 |
Мақат |
8,2 |
8 |
Махамбет |
7,9 |
9 |
Қазақстан бойынша |
9,6 |
1997-2000 жылдардағы сәби өлімінің орташа деңгейі
(Жыл ішінде дүниеге келген 1000 сәбиге шаққандағы өлім саны)
№ |
Аудан |
Сәби өлімінің деңгейі |
1 |
Сарықамыс поселкесі |
15,8 |
2 |
Жылой ауданы |
19,6 |
3 |
Атырау облысы |
22,8 |
4 |
Қазақстан бойынша |
22,2 |
Қорытынды
Қазақстан Республикасы экономикасының нарық қатынастарына өту кезеңде шаруашылықтың көптеген ірі салалары дағдарысқа ұшырағаны белгілі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында КСРО-ның бұрынғы Республикаларымен дәстүрлі қалыптасқан экономикалық байланыстар үзіле бастағаннан кейін Қазақстан Республикасы шаруашылығын әлемдік жаңа нарық қатынастарына сай бейімдеп стратегиялық маңызы бар өндіріс салаларын дамытуды қолға алды. Сол салалардың ішінде әлемдік тұрақты сұранысқа ие отын ресурстарының өндірісі мен экспорты. Қазақстан өз мұнай-газ қорлары бойынша бұрын да КСРО республикалары арасында алдыңғы орын- ды иеленіп келсе де мұнай-газ өндірудегі технологиясы мен техникасы әлемдік талаптарға сай келе бермейтін. Сондықтан оларды экономикалық жағынан тиімді, әрі экологиялық тұрғыдан қауіпсіз, қоршаған табиғи ортаның теңдігін сақтай отырып пайдалануда әлемде осы салада жетекші рөл атқаратын шетелдік компаниялармен байланыс жасап, бірігіп игерудің маңызы арта түсті.
Батыстан барлық мұнай кен орындары ішінде қорының көлемі жағынан ірі болып табылатын Теңіз кенішін ел мақтанышы деп санауға болады. Қазақстан Республикасы үкіметі 1993 жылы 6 сәуірде әлемдегі ең ірі мұнай компанияларының бірі «Шеврон» корпорациясымен Теңіз кенішін игеру мақсатында «Теңізшевройл» серіктестігін құрды. ТШО-ның алғашқы табыстары көп кешікпей жаңа инвестицияларды тартты. Қазіргі уақыттағы серіктестері – «ҚазМұнайГаз», «Шеврон Тексако», «Ексон Мобил» және «ЛУК Арко». Жобаның мерзімі 40 жыл. Кен орынын игерудегі тартылатын инвестиция көлемі 20 миллиард АҚШ долларынан кем болмайды.
«Теңізшевройл» ұжымы жалпы республикалық мұнай көлемінің 33 пайызын өндіре және өткізе отырып Қазақстан экономикасының дамуына елеулі үлес қосуда.
Ал Қазақстанның оңтүстігінде Қызылорда облысында 1991 жылдан бастап Харрикейн (Канадалық) компаниясы Қазақстанмен біріккен кәсіпорын құрды. Қазіргі уақытта кәсіпорын 11 кен орынның игеруде, оның төртеуінде өндіру жұмыстарын жүргізуде, тағы төртеуі игеру процессі үстінде, ал қалған екеуі бағалау сатысында. Компанияның орташа мұнай өндіру деңгейі соңғы уақыттарда 16196 тоннаны құраса, ол көрсеткіш 2001 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 31 пайызға артық. Ал 2002 жылы өндіріс деңгейі күніне
ā17428 тоннаны құраса, 2003 жылы күніне 21428 тоннадан қазіргі уақытта 25974 тоннаға өсіп отыр. Харрикейннің өндіріс шығын деңгейі төмен болғандықтан барреліне 1,17 АҚШ долларын құрады. Компания өндірген мұнайдың шамамен 60 пайызы Шымкент мұнай өңдеу зауытында өңделеді, ал қалған бөлігі экспортталады. Харрикейін мұнайды Қытайға, Шығыс Еуропаға және Жерорта теңізі елдерінің мұнай өңдеу зауыттарына экспортқа шығарады.
Статистикалық соңғы мәліметтерге сүйенсек тек 2002 жылдың жетінші айында мұнай өндіру 242274000 тоннаны құраған.
Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ кеніші 280 шаршы шақырым жерді алып жатыр, оның қойнауында 1,2 миллиард тонна мұнай мен конденсат және 1,35 триллион текше метр газ бар. Бүгінгі күнде Қарашығанақ инвестициясының жалпы көлемі 4,3 миллиард АҚШ долларынан асады. Кенішті дамытудың негізгі фазасы 2000 жылы басталды. Кеніш Каспий құбыры консорциумы жүйесіне қосылған, Қарашығанақ мұнайы Қара теңіздің порты Новороссиикіге дейін тасымалдап жүзеге асыруды жүзеге асыратын ұзындығы 635 шақырымдық Қарашығанақ – Үлкен Шаған – Атырау экспорттық құбыры салынған.
Атырау мұнай өңдеу зауытының бірден – бір бірегей ірі акционері «Қазақойл» компаниясы. Зауыт жарты ғасырдан астам уақыт жұмыс үстінде. Соңғы уақытта жаңа технологиялармен жарақтандыру нәтижесінде жылдық қуаты 5 миллион тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік болды. Атырау мұнай өңдеу зауыты қазіргі уақытта Теңіз кен орнының мұнайын өңдеп жатыр. Қазір Теңіз мұнайының өңделу үлесі 12 пайызды құрайды. Жыл өткен сайын шығарылатын мқнай өнімдерінің түрлері кеңейе түсуде. Қазаіргі күнде 16 түрлі мұнай өнімдерін шығаруға қол жетіп отыр.
Ғылыми техникалық прогрес заманында қоғамның табигатқа белсенді әсер етуі қоршаған ортаның өзгеруіне әкеледі. Жылпы мұнай-газ және басқа да өндірістік орындар болсын олардың шаруашылық қызметін қоршаған ортаға әсері жағынан талдай келе мынадай қорытынды жасауға болады: қоршаған ортаға әсер етудің негізгі көрсеткіштері атмосфералық ауаның ластану дәрежесі, су мен топырақ жағдайларының бұзылуы, өндіріс қалдықтарының сипаты мен оларды жою нәтижелері, өсімдік пен жануарлар әлеміне әсері.
Жалпы Қазақстандағы шетелдік компаниялар, оның ішідегі ең ірісі ТШО- ның қоршаған ортаға әсер етуінің елеусіз деп ғалымдар жүргізген зерттеулерге толық қосыламыз.
Қорытынды
Қорыта келгенде, еліміздің экономикасында, әсіресе отын өнеркәсібінің дамуында едәуір оңды өзгерістер болғанын байқауымызға болады. Отын өнеркәсібі республика экономикасының дамуының негізгі тірегі болып табылады. КСРО тарап, бұрынғы оның құрамында болған 15 одақтас республикалар ыдырап кеткен соң, бұрынғы шаруашылық қатынас үзіліп, экономикамыз төмен қарай құлдырап кеткен еді. 1991-1995ж.ж. аралығында республика экономикасын көтеру үшін көптеген бағытта жұмыстар жүргізілді. Мемлекет арнайы нарықтық экономикаға өтудің басты бағыттарын айқындап, сол бағытта ел экономикасын көтеруде іс-шаралар жүзеге асырылды. 1995 жылдан бастап республика экономикасының бір шама жоғарлағандығы байқалды. Оған басты себеп мемлекет мемлекет меншігінде болған барлық өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылығы ұжымдарын жеке меншікке айналдырып, шетел инвистицияларын тарту. Осы бағытта жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өнеркәсіп өнімі 1995 жылғы 1100,5млрд. теңгеден 2005жылы 6985,2млрд теңгеге, ауыл шаруашылық өнімі 335млрд. теңгеден 606млрд. теңгеге, экспорт көлемі 5871,6 млрд. теңгеден 12900,4 млрд. теңгеге, импорт көлемі 3655,1 млрд теңгеге көбейді.
Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне кіруі өндіріс көлемінің елеулі кемуіне әсер еткені белгілі. Технологиялық артта қалуы, өндірістердің даярсыздығы, шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларын игере алмау, бәсекеге қабілетсіздік –осының бәрі көптеген кәсіпорындардың тұрып қалуына, дәстүрлі өткізу рыноктарын жоғалтуға, өндірістің құлдырауына әкеп соқты. Соның салдарынан елімізде соңғы сегіз жылда өндіріс көлемі екі еседен артық қысқарды.
Ішкі капитал мен жинақталымдардың жеткіліксіздігінен Қазақстан шетелдік капиталға, жеке капиталға да, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарына да тәуелді болып отыр. Қазіргі таңда экономиканы көтеру инвестицияның түсуіне байланысты болып отыр. Бүгінде Қазақстан зор мүмкіндіктер табалдырығында тұр. Мәселен, Азияның ең кедей елдерінің өзі 30 жыл ішінде қайыршылықтан шығып, индустриялы мемлекеттерге айналғаны белгілі. Алғышқылары Корея, Тайвань және Сенгапур болса, қазір оларға Малайзия, Индонезия және Тайланд қосылып отыр. Қазақстанның көршісі Қытайдың да экономикасы жоғары қарқынмен дамуда. Соған орай бұл елдер күллі әлемде Азия жолбарыстары ретінде танылып отыр. Ел экономикасының осындай дәрежеде дамуына мұнай өнерксәбінің алатын ролі зор.
2030 жылға қарай Қазақстан өзінен-өзі көтеріле қалмайды. Ол республика халқының қажырлы еңбегі арқылы ғана дамыған елдер қатарына қосыла алады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Агошков М.И. Развитие идей и практики комплексного освоения недр. – Горный журнал, 1984, №3,с.3-7.
- Новожилов В.В. Измерение затрат и результатов. — М.: Наука, 1967. -156 с.
- Хачатуров Т.С. Об экономической оценке природных ресурсов // Вопросы экономики, 1969, №1, с. 66-74.
- Комплексная экономическая оценка минеральных ресурсов. – Алма-Ата: Наука, 1972. – 208 с.
- Виноградов В.Н. Экономическая оценка комплексного минерального сырья. – М.: Недра, 1978. – 223 с.
- Гудалин Г.Г. Предпроектная экономическая оценка рудных месторождений. – М., 1967. – 324 с.
- Дегтярев В.С. Методические рекомендации по разработке ТЭД-ов о целесообразности детальной разведки месторождений твердых полезных ископаемых. – М.: ВИЭМС, 1986. – 220 с.
- Кондин С.Р. Штифанов П.И. Вопросы допроектной экономической оценки месторождений минерального сырья. – Алма-Ата, 1962. – 137 с.
- Туркебаев Э.А., Каплан М.И., Шалабаев С.Ш. Как оценить эффективность месторождения. // Народное хозяйство Казахстана, 1997, №1, с.80-83
- Мкртчян М.В. Вопросы планирования и стоимостной оценки минерально-сырьевых ресурсов. // Советская геология, 1964, №10, с.113-121.
- Соболевкий Т.Ф. Экономическая оценка рудных месторождений. – М.: ЦНИГРИ, 1976. – 143 с.
- Струмилин С.Г. О цене «даровых благ» природы // Вопросы экономики, 1967, №8, с.69.
- Гатов Т.А. Рациональное использование месторождений цветных металлов. – М.: Недра, 1980. – 277 с.
- Никифоров М.М. и др. Эффективность комплексного использования полиметаллических руд и пути ее повышения. – Алма-Ата, 1978. – 22с.
- Сиразутдинов А.М., Дороненко Ф.Г., Смирнов Н.И. Принципы оценки освоения новых горно-промышленных районов Казахстана. – Алма-Ата: КазНИИНТИ, 1976. – 81с.
- Быховер Н.А. Экономика минерального сырья. – М.: Недра, 1971. – 210 с.
- Синопальников К.Г., Гинзбург Е.Г. Экономические расчеты при проектировании угольных шахт. – М.: Недра, 1967. – 280 с.
- Ергалиев А.Е., Шестаков В.А. Оценка месторождений и выбор некоторых параметров разработки с учетом фактора времени. – Алма-Ата: Наука, 1958. – 110 с.
- Логинов В.П. Экономические проблемы технического прогресса в добыче минерального сырья. – М., 1971. – 67 с.
- Перкуль М.М. Об экономической оценке угольных месторождений // Уголь, 1959, №2, с.54-56.
- Рачковский С.Я. Основы экономической оценки месторождений полезных ископаемых в условиях социалистического хозяйства // Цветная металлургия, 1959, № 6.
- Лурье А.Л. Методы линейного программирования и их применение в экономике. – М.: Статистика, 1964. – 84с.
- Марголин А.М. Оценка запасов минерального сырья (математические методы). – М.: Недра, 1974. – 264 с.
- Пожарицкий К.Л. Основы оценки месторождений полезных ископаемых и рудников // Горный журнал, 1957, №9, с. 3-9.
- Пугачев В.Ф. Оптимизация планирования. – М.: Экономика, 1968. – 167 с.
- Трушков Н.И. Основы оценки рудных месторождений // Цветные металлы, 1931, №2.
- Астахов А.С. Экономическая оценка запасов полезных ископаемых. – М.: Недра, 1981. – 287 с.
- Мкртчян Г.М., Суспицын В.А., Клисторин В.И. Оценка ресурсов в моделях природопользования. – М.: Наука, 1979. – 192 с.
- Тонкопий М.С. Экономика природопользования. – Алматы: Экономика, 1998. – 475 с.
- Упушев Е.М. Экономика природопользования и охрана окружающей среды. – Алматы: Экономика, 1999. – 334 с.
- Грацерштейн И.М., Кульницкий Л.С. Технико-экономическое проектирование предприятий цветной металлургии. – М.: Металлургия, 1981. – 248 с.
- Каганович С.Я. Экономика минерального сырья. – М.: Недра, 1985. – 168 с.
- Косминский Б.М. Учет и планирование замыкающей себестоимости в горной промышленности. – М.: Недра, 1970. – 196 с.
- Хрущев Н.А. Методы экономической оценки месторождений минерального сырья в районах нового освоения. – М.: Наука, 1982. – 166 с.
- Рогожин В.М. Совершенствование методов геолого-экономической оценки месторождений полезных ископаемых. – А., 1982. – 147 с.
- Закон «О земле, о недрах и недропользовании». – Алматы: Жетi Жаргы, 1996.
- Сергеев М.А., Лексин В.Н. Методические рекомендации по определению экономической эффективности комплексного использования рудного сырья.// Комплексное использование минерального сырья, 1979, №8
- Соколов В.И. Налоги за природопользование в США и Канаде. – М.: Наука, 1985.
- Рациональное использование сырьевых ресурсов и основных фондов металлургической промышленности Урала. – Свердловск, 1977. – 137с.
- Методические рекомендации по определению экономической эффективности комплексного использования рудного сырья. – Свердловск: ИЭ УНЦ, 1982. – 69 с.
- Эффективность комплексного использования минерального сырья. – Алма-Ата: Наука, 1984. – 137 с.
- Кузнецов Д.Т. Распределение затрат и оценка эффективности в комплексных производствах. – М.: Экономика, 1971. – 183 с.
- Райханұлы Н. Өткен жылдың қорытындысы не көрсетті? //Ақиқат.-2003-№3-41-43б.
- Райханұлы Н. Экономиканың жарты жылдық қарқыны. //Ақиқат.-2004-№9-11-12б.
- Райханұлы Н. Экономикалық дағдарыстан қайтсек шығамыз? // Ақиқат.-1994-№4-14-17б.
- Есентүгелов А. Қазақстандағы макроэкономикалық жағдай. // Ақиқат.-1996-№11-14-17б.
- Елшібекова Қ. Инвестициясыз экономика өрге баспайды. //Саясат.-1998-№2-15-18б.
- Шыңғыс М. Экономикадағы дүбәралық. //Жас Алаш.-2006-№12-1-2б.
- Сәбден О. Инвестиция салынған негізгі салалар. // Ақиқат.-1997-№2-15б.
- Құлымжанов М . Нарықтық экономиканың мәні, құрылымы және тиімді жұмыс істеудің шарты. //Агробизнесс теориясы мен тәжірибесі. А.-1997-19-21б.
- Райханұлы Н. Реформаға көзқарас. (Нарықтық қатынастардың дамуы қандай?) // Ақиқат.-1997-№5-11-18б.
- Құлымжанов М. Нарықтық экономика заңдары. // Ақиқат.-2003-№7-30-32б.
- Сатымбекова К. Тенденции экономического развития РК в современных условиях. // Саясат.-2005-№8-4-5.
- Әліқұлов К.А. Қазақстанда нарықтық қатынастардың дамуы. // Жаршы.-2004-№2-60-62б.
- Дүйсенбек Ә. Инвестиция –экономика емшісі. // Егемен Қазақстан.-1997-№8-6-7б.
- Нұрмолдақызы Г. Инвестицияларды қайда жұмсаған қайырлы. // Қаржы-қаражат.-1998-№7-23б.
- Нұрмолдақызы Г. Қазақстанға инвестиция қайдан құйылуда? // Егемен Қазақстан.- 1989-№1-4б.
- Райханұлы Н. Нарықтық қатынастар мен ҚР-да экономиканың басты салаларында жұмсалған инвестицияның құрамы мен динамикасы. // Ақиқат.-1998-№2-33-35б.
- Шыңғыс М. Инвестиция –экономика өзегі. // Жас Алаш.-1998-№4-2б.
- Шыңғыс М. Қазақстан және әлемдік инвестиция. // Жас Алаш.-2002-№9-9б.
- Қаженбаев С. ΧΧΙ ғ. Қазақстанның экономикалық даму модельдері. //Статистика учет и аудит.-2002-№2-30-32б.
- Шалғынбаев Н. Нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы жекешелендіру. // Саясат.-2004-№8-49-51б.
- Райханұлы М. Жыл қорытындысы не көрсетті? // Ақиқат.-1998-№4-30-32б.
- Қазақстан цифрларда. Статистикалық жинақ. Алматы.-2003
- Қазақстан цифрларда. Статистикалық жинақ. Алматы.-2005