АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Қазақстандағы «соғыс коммунизм» саясатының мәні мен ерекшелігі

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………….

 

1 «ӘСКЕРИ СОҒЫС КОММУНИЗМ» САЯСАТЫНЫҢ АУЫЛ   ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНДА ЖҮРГІЗІЛУІ

1.1 Азық-түлік диктатурасы мен ауылшаруашылық   өнімдерін даярлаудың                    жоспарлы жүйесінің ендірілуі……………………………………………………………………….

1.2 «Әскери коммунизмнің» өнеркәсіп пен еңбек саясатындағы көрінісі…………………………………………………………………………………………………………

 

2 «ӘСКЕРИКОММУНИСТІК» ЖҮЙЕНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ САЛДАРЛАРЫ

2.1 Әлеуметтік және экономикалық дағдарыс………………………………………………..   

2.2 «Әскерикоммунистік» жүйенің саяси дағдарысы……………………………………..

 

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………………..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………….

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

     Диплом жұмысының өзектілігі. Егеменді Республикамызды дамытуда бүгінгі таңда нарықтық экономика мен қоғамдағы қайта құрулар мәселесінің өзектілігі арта түсуде. Әлемдік өркениеттің тарихи даму сатысында экономиканы нарықтық басқару үлгісі мен демократия негізгі жетістікке айналды. Бүгінде қазақ қоғамы стратегиялық таңдау жасап, демократиялық реформалар мен нарықтық қайта құрулар арқылы даму жолына түсті. Алайда әлеуметтік бағдарланған экономиканы қайта құруда қоғамдық дағдарыстар мен қайшылықтардың алдын алу мәселесінің туындайтыны заңдылық. Өтпелі кезеңнің қиындықтары мен нарықтық қатынастарға өту үрдісінің заңдылықтарын игеруде өткен тарихымызға жүгінетініміз сөзсіз.    

     Осындай мәселелердің дүниетанымдық, идеологиялық бастауларын қарастыруда Қазақстан тарихындағы «әскери коммунизм» деп аталатын кезеңнің маңызы зор. «Әскери коммунизм» саясаты қоғамдық дамуға айтарлықтай ықпал етті. Себебі сталинизм мен «әміршіл-әкімшіл жүйенің» идеялық бастаулары «әскери коммунизмнен» басталды. Қазақстандағы «соғыс коммунизмі» саясатының тарихы толықтай қайта қарауды қажет етеді. Ол үшін осы саясаттың қалыптасуының идеологиялық, әлеуметтік-мәдени және құқықтық негіздерін талдау, «соғыс коммунизм» терминінің мәнін айқындау қажет.

     «Әскери коммунизм» терминін алғаш рет ғылыми айналымға Қазан төңкерісіне дейін ресейлік марксист А. А. Богданов енгізген болатын. Богданов «әскери коммунизм» түсінігін әскермен байланыстырды. Ол «капитализм жүйесіне енген әскери-коммунистік ұйымдастырудың дамуы мен майданнан тылға таралуына назар аударды. Әскер – авторитарлық типтегі тұтынушы коммуна, ал «әскери коммунизм» – «авторитарлы реттелетін бұқаралық паразитизм мен жоюды ұйымдастыру» деп түсіндірді [1;335].

     Ресейлік большевиктер «соғыс коммунизм» жүйесін өткір азаматтық күресте жеңіске жету мен билікті сақтап қалудың құралы ретінде пайдаланды. Белгілі бір кезеңде халық комиссарларының мәскеулік үкіметі осы жүйе арқылы негізгі мақсатқа жетудің жолдарын іздестіре бастады. Осылайша, халық шаруашылығы мәселелерін әскери әдістер арқылы шешу жолдары енгізіледі. Қазақ халқы еркінен тыс осы тәжірибенің құрбанына айналды. Ауыл шаруашылығы мен экономикада қайшылықтарға әкеліп, 1920-шы жылдардың соңы — 30-шы жылдардың соңында «әскери коммунизм» идеясы жаңа сталиндік идеямен алмастырылады.

     Мәселенің өзектілігі «соғыс коммунизм» саясатының тарихи үрдістегі орны мен маңызын қайта қарау қажеттілігінен туындайды. Бүгінгі таңда түбегейлі саяси өзгерістер нәтижесінде тарихи шындықты қалпына келтіру мүмкіндігі туып отыр. Кеңестік кезеңде жалған тарихнамалық тұжырым түбірлі социалистік қайта құрулар үрдісінің тек жағымды тұстарын насихаттап, Кеңес үкіметінің Қазақстан мен Орталық Азияда жүргізген саясатының отарлық сипатын бүркемеледі. Сонымен қатар, «соғыс коммунизм» саясатының тәжірибесі бүгінгі нарықтық экономиканы қалыптастыру, дамудың реформалық жолын дамытудың маңыздылығын айқындауда мәні зор. Осы саясаттың Қазақстанда жүргізілу себебі мен барысын айқындау қажеттілігі туындап отыр. «Соғыс коммунизм» саясатының өлкедегі ықпалы мәселесінің толық зерттелмегендігі оның өзектілігін арттыра түседі.

     Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. Қазақстандағы «соғыс коммунизм» саясатының жүргізілуі мәселесі толық зерттелген жоқ. Дегенмен, мәселенің бірқатар тұстары қазақстандық және ресейлік зерттеушілер еңбектерінде жарық көрді. Тарихнамалық талдау көрсеткендей, еңбектердің басым көпшілігін кеңестік мектеп өкілдерінің зерттеулері құрайды. Мәселеге қатысты ғылыми әдебиеттерді зерттеуші  Е. Медеубаев өзінің «Қазақстандағы «соғыс коммунизм» саясаты (1918-1921 жж.)» атты диссертациялық еңбегінде төрт кезеңге топтастырады. Бұл кеңестік тарих ғылымының дамуына ықпал етіп, көрініс тапқан елдегі қоғамдық-саяси өмірдегі өзгерістермен байланысты. Бірінші кезең 1920-шы жылдарды, екінші кезең 1930-шы 50-ші жылдардың басы, үшінші кезең 1950-ші жылдардың ортасынан 80-ші жылдардың ортасына дейін және төртінші кезең 1985-ші жылдан Қазақстанның саяси тәуелсіздігін алғанға дейінгі уақытта жарық көрген еңбектерді қамтиды [2; 5]. Жалпы алғанда, «соғыс коммунизм» мәселесіне қатысты еңбектерді ХХ ғ. 20-шы жылдарынан 50-ші жылдарға дейін, 50-80 жж. және тәуелсіздік жылдарындағы еңбектер деп үш кезеңге топтастыруға болады.

        «Соғыс коммунизм» мәселесіне байланысты алғашқы еңбектер В. И. Ленин есімімен байланысты. Алайда олардың тек методологиялық маңызы бар. Зерттеуде Лениннің РК(б)П-ның Х съезінде жасаған баяндамасында «соғыс коммунизміне» берген ретроспективті бағасы қолданылады [3; 57]. Өз еңбектерінде автор «соғыс коммунизм» саясатының Кеңес билігін нығайтудағы рөліне баса назар аударды [3; 220]. Дегенмен, кез-келген саясаткер секілді өзі басқарған үкіметтің жүргізген іс-шараларын ақтауға тырысты.

     Экономикалық бағыттың күрт өзгеруі мен жаңа экономикалық саясатқа көшу «соғыс коммунизм» саясатының мәнін толықтай ашу қажеттілігін туғызды. Л. Н. Крицман өз еңбегінде «соғыс коммунизм» кезеңіндегі халық шаруашылығы салаларының жағдайына сипаттама беріп, Кеңес үкіметінің азамат соғысы жылдарындағы материалдық ресурстарды мобилизациялауының әдістері мен тетіктерін ашып көрсетеді [4; 96]. Зерттеуші тұжырымдары утопиялық сипатта болғанымен, еңбек «соғыс коммунизм» мәселесі бойынша алғашқы және негізгі зерттеулердің бірі болып табылады.

     Ю. Ларин [5], Д. Кузовков [6], Э. Квиринг [7], В. Милютин [8], В.Сарабьянова [9], М. Фрумкин [10], секілді экономист ғалымдардың еңбектері партиялық идеологиялық ұстанымдар толық орнамаған кезеңде жарық көрді. Бұл автордың еңбектерінің ерекшелігі – зерттеушілер «әскерикоммунистік» шаруашылық жүйенің әртүрлі тұстарын  ашық талдап, жағымсыз тұстарын  көрсетті. Осы кезеңде отандық тарихнамада Түркістандағы азамат соғысы жылдарындағы  шаруашылық құрылыс мәселелері туралы еңбектер жарық көре бастады. Кеңес үкіметінің Түркістанда 1918-20 жж. жүргізген шаруашылық саясатының ерекшеліктері алғаш рет Г. Сафаровтың «Отарлық революция» (1921 ж.) еңбегінде көрсетілді. Автор тарихи материалдар негізінде «Түркістанда  орыс революциясының отарлық сипат алғандығын» дәлелдейді [11; 101]. Бұл еңбекті оқуға  кеңестік кезеңде тыйым салынған еді.

     ТАКСР-ның экономикасының 1920 ж. жағдайы «Түркістан республикасының шаруашылық өмірінің очерктерінде» беріледі [12]. Мәселенің жекелеген тұстары Т. Рысқұлов [13], Н. Төреқұлов [14], С. Брайнин мен Ш. Шафиро [15] еңбектерінде көрсетіледі. Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси тарих туралы мол мәлімет беретін еңбектер авторларының бірі М. Шоқай Кеңес үкіметінің сауда саясаты туралы жазады [16]. «Соғыс коммунизм» тақырыбына кеңестік Ресей ғалымдары да тоқталды. Тарихшы М. Н. Покровский «Пролетарлық диктатураның жеті жылы» еңбегінде «соғыс коммунизм» туралы өз көзқарасын білдіреді [17]. «Соғыс коммунизмінің рөлі мен мәнін түсінуде тарихи үрдісте Мәскеуде өткен Коминтерннің алтыншы конгресіндегі пікір-таластың «Правда» беттерінде жарияланған материалдарының маңызы зор. Экономист Е. Варга «Капитализмнен социализмге өту кезеңі» мақаласында «Пролетариат диктатурасының КСРО-дан тыс пайда болған барлық жағдайында әскери коммунизм – ереже, ЖЭС – ерекшелік болып табылады» деп тұжырым жасайды [2; 9]. Ресми билік мұндай идеяларды дер кезінде жоюға тырысты. Себебі бұл «соғыс коммунизмінің» Кеңестік Ресейдегі тәжірибесіне қызығушылық туғызатын еді.

     И. В. Сталиннің жеке басына табыну культі мен тоталитарлық жүйенің күшеюіне байланысты тарих ғылымында партиялық догмалар арта түседі. И. В. Сталин 1928 ж. БК(б)П-ның шілде Пленумында: «Соғыс коммунизм» пролетариат диктатурасының соғыс жағдайы мен интервенцияға байланысты жүргізген саясаты» [18; 146-147] деп баяндайды. 1938 ж. жарық көрген «БК(б)П тарихы. Қысқаша курсында» Кеңес үкіметі «соғыс коммунизмін» соғыс жағдайына байланысты жүргізді және уақытша сипатта болды деп қорытындылайды [19; 260]. «Соғыс коммунизмінің» мәжбүрлілігі мен уақытша жүргізілу сипаты туралы тезис бұл мәселені толық талдап, белгілі бір  баға беруге кедергі жасады [20; 140].

     1950 жылдың ортасында партияның ХХ съезінен кейін қоғамдық танымда бірқатар өзгерістер орын алғаны белгілі. Осы кезеңде П. И. Лященко [21], И.А. Гладков [22], И. Челяпов [23], Ю. К. Авдаков [24], Д. Баевский [25], т. б. еңбектері жарық көрді. «КОКП тарихы», «КСРО-дағы азамат соғысының тарихы», т. б. көптомдықтар мен оқулықтарда Кеңес үкіметі мен  партияның Азамат соғысы жылдарындағы ресурстарды мобилизациялауға қатысты жүргізген экономикалық іс-шаралары жан-жақты баяндалады. Дегенмен, идеологиялық ұстанымдар мәселеге объективті баға беруге кедергі келтірді. Г. Ф. Дахшлейгер өз мақаласында Түркістанның аудандарында барлық ұмтылыстарға қарамастан азық-түлік салғырты принципі бойынша сауда өнімдерін даярлау толықтай жүзеге аспағандығы туралы дұрыс қорытынды жасаса [26; 25], зерттеуші П. Тугов азық-түлік салғыртының  Қазақстанда 1918 ж. енгізілгендігі және кедейшілік комитетінің белсенді жұмыс істегендігі туралы қате тұжырымдар жасайды. Автор «өнеркәсіпті национализациялаудың лениндік жоспары Қазақстандағы отарлық экономиканың аяқталуына нүкте қойды» – деп жазады. Дегенмен, П. Тугов өз кезегінде көп мөлшердегі тарихи деректерді ғылыми айналымға енгізді [27; 58].

     1960-80 жж. «соғыс коммунизм» тарихнамасы жаңа зерттеулермен толықты. Т. Елеуов «Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы мен нығаюы» [28] еңбегінде өлкедегі социалистік қайта құрулар жөнінде беймәлім деректерді қолдана отырып, Қазақстандағы 1918 жылға дейінгі өнеркәсіпті национализациялаудың жүзеге асуы туралы баяндайды.

     Бұл мәселенің тарихнамасына  1966 ж. жарық көрген А. С. Елагиннің «Қазақстандағы азамат соғысы жылдарындағы социалистік құрылыс» атты монографиясы айтарлықтай үлес қосты. Автор мұрағат және сол кезеңдегі мерзімді баспасөз деректері негізінде Кеңес үкіметінің шаруашылық саласында жүргізген саясатын талдауға тырысады. Зерттеудегі: «Нан және ет салғырты қоныстанушы орыс-украин және егін шаруашылығымен айналысатын отырықшы қазақ шаруаларына салынды, көшпелі қазақ ауылында жүргізілмеді» деп жазғанмен, құжаттық деректер қарама-қайшы мәлімет береді. Әскери бюрократиялық жүйе көшпелі шаруаларға шаруашылық түрінің ерекшелігіне қарамастан, астық салғыртын салды. Автор азық-түлікті даярлауда тауар айналымының рөлін негізсіз асыра бағалайды [29; 278]. 1921 ж. ауыл шаруашылығының дағдарыстық жағдайын көрсеткенімен, оның негізгі себептерін айқындамайды. Басқа да кеңестік әдебиеттердегідей Елагин еңбегінде де «соғыс коммунизміне» қатысты оқиғалар біркелкі жоспармен баяндалады. Қазақстан халқының басым бөлігінің қолдауына ие болған Кеңес үкіметі жекеленген тап жауларының қарсылығына төтеп бере отырып, экономика мен мәдени құрылыста социалистік қайта құруды ойдағыдай жүргізеді. 

      А. Нүсіпбеков[30] пен К. Нүрпейісов [31] монографияларында бай мұрағат деректері негізінде Қазақстандағы 1917-1918 жж. жұмысшылар бақылауын ұйымдастыру мен өнеркәсіпті национализациялауға байланысты үрдістер баяндалады. Бұл мәселе Б. Қадиевтің [32] диссертациялық зерттеуінде кең талқыланады. Автор статистикалық деректер негізінде көптеген фактілер келтіреді. Алайда Қазақстан экономикасын дамытуда национализациялаудың маңызына бір жақты баға береді.

     Осы кезеңде «соғыс коммунизм» саясатының бірқатар мәселелерін қамтыған Қазақстан мен Орталық Азиядағы Азамат соғысы тарихына байланысты ұжымдық еңбектер жарық көреді. Осы жылдары аталмыш мәселеге байланысты ортаазиялық республикалар зерттеушілерінің еңбектері жарияланады. Жалпыодақтық тарихи әдебиетте «соғыс коммунизм» тарихына байланысты жазылған Е. Г. Гимпельсон еңбектерінің маңызы зор. Зерттеуші ресми идеологияның шеңберінде «соғыс коммунизм» саясатының большевиктік партия идеологиясымен жоспарлы түрде немесе табиғи түрде орын алғандығын анықтауға тырысады [33]. Зерттеуші Е. А. Амбарцумов 1921 ж. көктемде орын алған саяси дағдарыстың себебін аша отырып, «ескі әдістер мен даму тұжырымдамасының жарамсыздығы – үкімет дағдарыстың негізгі себебі болып табылады, «соғыс коммунизмінің» басты тәжірибелік кемшілігі – сауда салғырты жүйесінің шаруалардың өндірісті дамытуға қызығушылығын  жойып қана қоймай, әділетті қарсылығын туғызуда» деп жазады [34; 18].

     «Әскери коммунизм» мәселесі батыс тарихнамасы өкілдерінің еңбектерінде көтеріледі. Зерттеуші Р. Пайпс еңбегі тарихи публицистика жанрында жазылған деректік, тарихнамалық негізінің көлемділігімен ерекшеленеді [35]. Ағылшын тарихшысы Э. Карр «соғыс коммунизм» мәселесіне байланысты тарауында осы саясаттың негізінде халық шаруашылығын басқару ерекшеліктеріне тоқталады [36]. Жалпы батыс тарихнамасында «соғыс коммунизм» мәселесі Кеңестік мемлекет тарихының кешенді бөлігі ретінде қарастырылады. 1980 жылдың аяғы — 90 жылдың басында қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы орын алған демократияландыру үрдісіне байланысты тарих ғылымында сапалы өзгерістерге бастама болған жаңа еңбектер жарық көре бастады. Ш. Мұхамединаның мақаласында Қазақ АКСР-ның халық шаруашылығының жағдайы Кеңес үкіметінің экономикалық саясатын талдау негізінде көрсетіледі. Автор 1921-1922 жж. аштық пен Қазақ АКСР-дағы шаруашылық құлдыраудың нақты «соғыс коммунизм» саясатының салдары болғандығын дәлелдейді. Ғылыми мақалада дәйекті фактілер мен құнды статистикалық мәліметтер келтіріледі [37; 130].

     Қазақстан саяси дербестікке қол жеткізгеннен кейін өз тарихы мен өткеніне жаңаша көзқараспен қарай бастады. «Ақиқат», «Қазақ тарихы» т. б. отандық басылымдарда жаңа көзқарастағы мақалалар жариялана бастады. Тарихшы О. Қоңыратбаевтың «Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі» зерттеуінде Кеңес үкіметінің сауда саясаты егжей-тегжейлі талданады [38]. Аталмыш мәселеге байланысты зерттеуші Ж. Б. Абылхожиннің еңбегі жарық көрді. Сыни-тұжырымдық қайта қарау негізінде автор «соғыс коммунизм» саясатының мәні мен салдарын жаңаша тұрғыдан баяндайды [39].  Мәселеге қатысты іргелі еңбек – зерттеуші Е.Медеубаевтың «Қазақстандағы «соғыс коммунизм» саясаты (1918-1921 жж.) диссертациялық еңбегі болып табылады [2]. «Соғыс коммунизм» кезеңіндегі еңбек міндеткерлігі мен осы саясаттың әлеуметтік-саяси дағдарысы, жаңа экономикалық саясатқа өту алғышарттары т. б. мәселелер тәуелсіздік жылдары жарық көрген Л. Гривенная [40], Ф. Қозыбақова [41], А. Бегалиева [42], Е. Медеубаев [43] сынды зерттеушілердің ғылыми мақалаларында талданады.  Жалпы алғанда, мәселенің тарихнамасы «соғыс коммунизм» саясатының толық зерттелмегендігін және объективті баға берілмеуіне байланысты ғылыми танымдық маңызы, зерттеуді қажет ететін тұстарының айқындалуы осы тақырыпта диплом жұмысын жазудың маңыздылығын көрсетеді.

     Диплом жұмысының деректік қорын негізінен ғылыми айналымға қайта ендірілген  ҚРОММ, Алматы, Ақмола, Ақтөбе облыстарының мұрағат құжаттары құрайды.

    Диплом жұмысында ҚРОММ қорларының құнды материалдарының маңызы зор. Атап айтқанда, Кеңес үкіметінің сауда, аграрлық салада жүргізген саясатқа байланысты. № 224, Қазревкомның сауда бөлімі № 1193, Қазақ өлкелік комитетінің әскери сауда бюросы (№ 406) қорларының деректері пайдаланылды. Ауылшаруашылық өнімдерін даярлаудың жоспарлы жүйесі мемлекеттік салғырт түрлеріне байланысты деректер Қазревкомның ішкі істер бөлімінің қорларында (№ 353) кездеседі. «Соғыс коммунизм» мәселесін зерттеуде Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Әскери революцияның комитет қорының (№ 14) материалдары ерекше маңызды. Қорда өлкедегі түрлі салым салу мен өнім даярлау жөнінде мазмұнды құжаттар бар. Ревкомның орталық аппаратының есептері мен хаттамаларында қала мен ауылдық жерлерде жеке меншікті тәркілеу, реквизициялау тәжірибесі анық бейнеленген.

     Кеңес үкіметінің Қазақстандағы еңбек саясаты туралы мәліметтер № 83 қордағы құжаттар кездеседі. Онда республиканың халық шаруашылығында еңбектің милитаризацияланған жүйесінің ұйымдастырылу барысы бейнеледі. Орталық және Шығыс Қазақстандағы ірі өнеркәсіп орындары мен көліктің национализациялану жағдайы № 138 ҚАКСР кәсіподақтар кеңесінің қоры құжаттары арқылы анықталды. Атап айтсақ, № 918 қордың № 2, № 3 істерінде Екібастұз қорғасын-мырыш зауыты, Риддер мекемесінде қалыптасқан жағдай туралы мәліметтер бар.

    «Соғыс коммунизм» кезеңіндегі Қазақстан қалаларының әлеуметтік-экономикалық жағдайы жөніндегі коммуналды шаруашылықтың Бас басқармасы қорының материалдары кең көлемде мәлімет береді (№ 878). Мұрағат құжаттарының көпшілігі шығу жағынан бірдей және нақты, партиялық және әлеуметтік бағытталған болып табылады. Құжаттарда оқиғалар большевиктер партиясы мен басқару жүйесінің тарапынан баяндалады. Олардың негізгі кемшілігі де осында. Сол себепті қойылған міндеттерді орындауда іздеу және сараптау жұмысы жүргізілді. Деректердің негізгі бөлігін сол кезеңде әлеуметтік қызмет атқарған партиялық, кеңестік шаруашылық және әскери мекемелердің құжаттары құрайды. Сонымен қатар, жоғарыда келтірілген қор құжаттары үзінді ақпаратты бейнелейтіндіктен, зерттеудің тұтас, объективті мазмұнын құру үшін түрлі деректер қолданылды. Бұл ең алдымен «Қырғыз республикасының өнеркәсібі бойынша статистикалық мәліметтердің жинағы», «КСРО-ның 1911-24/25 жж. тау және тау-кен өнеркәсібі бойынша статистикалық мәліметтердің жинағы» секілді статистикалық құжат жинақтары болып табылады.

     Қазақстандағы «соғыс коммунизм» саясатын зерттеуді фактологиялық негізді баспасөз материалдары мәліметтері толықтырады. Диплом жұмысында «Правда», «Жизнь национальности» т. б. газет-журналдар деректері қолданылды. Жалпы алғанда, мәселенің деректік қоры тақырыпты зерттеудің негізгі бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

     Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының негізгі мақсаты – Қазақстандағы «соғыс коммунизм» саясатының мәні мен ерекшелігін айқындау. Атап айтқанда, әлеуметтік-экономикалық мәні мен отарлық сипатын ашу. Зерттеу жұмысында мемлекеттің ұсақ шаруашылығының өндіріс саласына ықпал етуі, кәсіпорындардың национализациялануы және «соғыс коммунизм» саясатының салдарлары мәселелері басты назарға алынады. Ол үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

  • Қазақстанның әртүрлі аудандарында Кеңес үкіметінің сауда диктатурасының жүзеге асу ерекшеліктерін айқындау;
  • Мемлекеттік салғырт жүйесінің ұйымдастырылу барысы мен түрлерін, «әскерикоммунистік» шаралардың аграрлық саладағы ықпалын көрсету;
  • Өнеркәсіпті национализациялаудың әдістері, өндіріс күштерінің құлдырау себептерін айқындау;
  • «Әскерикоммунистік» жүйенің ҚАКСР-мен ТАКСР қалаларындағы элементтерін, экономикалық ықпалын анықтау;
  • «Соғыс коммунизм» саясатының экономиканың аграрлық сауда саласындағы әдістері мен экономикалық-демографиялық салдарын зерттеу;
  • Қазақстан территориясында орын алған 1920-1922 жж. антикеңестік көтерілістің себептерін айқындау.

    Диплом жұмысының теориялық-методологиялық негізі. Диплом жұмысында міндеттелген мәселелерді зерттеуде сол кезеңнің тарихи жағдайын зерттеуді мақсат ету және тарихи үрдістер мен құбылыстарды нақты жағдайлармен тығыз байланыста қарастыруға бағытталған тарихилық принципі басшылыққа алынады. «Соғыс коммунизмнің» мәні мен идеялық бастауларын түсінуде шығармашылық даму принципінің маңызы зор. Бұл принцип «соғыс коммунизм» жүйесінің қалыптасуы қызметі мен дағдарысын зерттеуде көрініс табады. Жұмыста салыстырмалы ретроспективті, кешендік-статистикалық зерттеу әдістері қолданылады. Ғылыми таным объектісі «соғыс коммунизм» жүйесінің негізгі құрылымдық элементтері негізі мен бірлігінде қарастырылады. Мәселені зерттеуде тарихи оқиғаларды сыни және объективті тұрғыдан бағалауға тырыстық. Диплом жұмысы жалпы адамзаттық, гуманистік құндылықтар мен ҚР-ның саяси егемендігі идеологиясына негізделеді.

    Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Диплом жұмысында 1918-1921 жж. Қазақстандағы «соғыс коммунизм» саясаты тарихы обьективті тұрғыдан қарастырылады. Жұмыста азық-түлік салғыртының ауылдарда енгізілуі; қала халқының «соғыс коммунизмі» кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайы; национализацияланған өнеркәсіптің экономикалық жағдайы т. б. мәселелері қарастырылады. «Соғыс коммунизмнің» саяси-экономикалық жүйесін құруға бағытталған Кеңес үкіметінің экономикалық шараларының сипаты анықталады. «Соғыс коммунизм» саясатының жүргізілу барысы мен салдарлары мәселесіне Қазан революциясы мен қоғамды дамытудың большевиктік үлгісі мәнін қайта қарау негізінде объективті баға беруге ұмтылыс жасалады.

     Диплом жұмысының хронологиялықтерриториялық шеңбері.     Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері – 1918-1921 жж. Кеңес үкіметі билігінің бастапқы кезеңінен РК(б)П-ның Х съезінен кейінгі орын алған экономикалық саясаттың шұғыл өзгеруіне дейінгі уақытты қамтиды.

     Диплом жұмысының құрылымы кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1  «ӘСКЕРИ СОҒЫС КОММУНИЗМ» САЯСАТЫНЫҢ АУЫЛ        ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНДА ЖҮРГІЗІЛУІ

 

  • Азық-түлік диктатурасы мен ауылшаруашылық өнімдерін даярлаудың жоспарлы жүйесінің ендірілуі

 

      Азамат соғысы большевиктер партиясын «соғысушы партияға» айналдырып, «соғыс коммунизм» саясатының қалыптасуына алып келді. Алғашқы күннен бастап Қазревком әрекет қимылда жүрген армияны азық-түлікпен жабдықтау, астықты және басқа тамақ өнімдерін Орталыққа, Түркістан АССР-на жеткізу, яғни «соғыс коммунизм» саясатының басты мәселесінің шешу ісімен айналысты. Бұл саясаттың мәні – өнеркәсіпті жаппай национализациялау, басшылықты орталықтандыру, тіршілік үшін маңызды тауарлардың бәрін бөлу, т. б. Бұл жүйе Кеңес үкіметінің декреттері мен қараларының жүзеге асуы барысында қалыптасты. «Соғыс коммунизм» саясатының қалыптасуына ең алдымен идеологиялық догмалар ықпал етті. Қазан төңкерісіне дейін қазақ халқынан тартып алынған жер көлемі – 45 млн. десятинаны құрады. Бірінші дүниежүзілік соғыс өте көп мөлшердегі шикізат, мал өнімдерін шығындады [44; 216]. Алайда өлкенің халық шаруашылық өмірі социалистік тәжірибе алаңына айналды. Алғашқы «әскерикоммунистік» шаралардың бірі – ауыл шаруашылығы өнімдерін жинау болды.

      Азамат соғысы қазақ халқы мен Қазақстанның көпұлтты халықтарына шексіз қайғы-қасірет әкелді. Азамат соғысы жылдарында экономиканы, материалдық ресурстарды соғыс жағдайына жұмылдыру мақсатымен төтенше шаралар, яғни «әскери коммунизм» саясаты ендірілді. Осы саясаттың негізінде нарықтық, тауар-ақша қатынастарына шектеу салынып, ынталандырудың орнына экономикалық әдіспен тысқары бұйрық-нұсқау берушілік пен әміршілдік жүйе қалыптасты. Экономикалық өмірді толығымен қоластына алып, тұрпайы күйге келтіру, оның барлық саласына теңдесі жоқ мемлекеттік бақылауды күшейту, жаппай теңгермешілікке көшу т. б. әрекеттердің бәрі социализмнің теңдік идеясының іске асуы ретінде түсіндірілді [45; 226].

     Қазақстанда Кеңес үкіметінің астық дайындау науқанына Орынбор-Торғай губерниялық азық-түлік комитеті, Семей облыстық комитеті мен басқа да мекемелер қарсылық білдірді [46; 21]. Осыған байланысты большевиктер қарулы күштеуге негізделген азық-түлік диктатурасын енгізуді жоспарлайды. Жұмысшылардан арнайы отрядтар жасақталды. Кеңес үкіметі азық-түлік диктатурасы аясында: артық астықты алу, астықты жеке сатуға тыйым салу секілді ережелерді енгізді. Астық қорларын үкіметтен жасырған шаруалар халық жаулары деп танылды. Е. Г. Гимпельсон өз зерттеуінде ауыл халқының артық өнімін анықтау принципінің  өзгертілгендігін айқын көрсетеді:  «Егер алғашында артық астық шаруа отбасының қажеттілігі мен астық мөлшеріне байланысты анықталса, жаңа декрет бойынша мемлекеттің астыққа қажеттілігіне байланысты айқындалды. Ауыл, болыс, уезд, губерния мемлекетке тапсыруға міндетті болған астық көлемі – «артық» астық деп есептелді» [33; 58].

     Азық-түлік саласында монополия иесі болып табылатын наркомат Қазақстан территориясында астық өнімдерін дайындады. Кеңестердің Жалпықазақтық бірінші құрылтай съезі мен РСФСР НКП қаулысына байланысты  КАССР азық-түлік комитеті құрылды. ҚазНКП 1920 жылдың  21 қазанда өз қызметін бастады. Оның құрамында И. Д. Мартынов, М. С. Саматов, П. П. Андреев, К. Н. Фарафонтов т. б. болды [47; 1]. Алайда, ҚазНКП губернияның экономикалық жағдайы туралы мәлімет жинау, республика аумағында өнімді даярлау жоспарын жасау сынды шаралармен айналысты. Азық-түлік өнімдерін жинауды РСФСР-дың НКП өкілдері жүзеге асырды. 1921 жылы А. Пономаренко И. О. Шлейфердің орнына КАКСР НКП комитетінің орынбасары болып тағайындалды.

     1921 ж. Ақмола губерниясында жиналған астық мөлшері 2 млн. 100 пұт болды. Осыдан бөлек мемлекет меншігінде 800 мың пұт астық та болған. Атбасар уезінде жоспар бойынша белгіленген 15 мың пұт астықтың орнына 8000 пұт астық қана алынды. Пономаренко жергілікті шаруашылық басшыларын күштеп көндіру шараларын жүргізді. Астық жинау және қазақ халқының басқа ауданға көшу кезеңінің сай келгеніне қарамастан, жүк көліктерінің бәрі мобилизацияланып, тұрғындардың қажетіне қолданылмады. Осылайша, кеңестік жоспарлы ауыл шаруашылығының сипаттық ерекшеліктерінің бірі – негізсіз көрсеткіштерді асыра көрсету қалыптасты. Мысалы, комиссар Каганович 1920 жылы Орталыққа 135 млн. пұт астық жинауға уәде бергенімен, шындығында 62 млн. пұт астық қана жинады. Әр болыста 2-3 өкілі болды. Жүк көлігінің мобилизациялануына байланысты жиналған астықтың көп бөлігі бүлініп, шығынға ұшырады. Жоспарланған астық мөлшерін алуда қуғын-сүргіндік шаралар қолданылды. Ақмола уезінің болысында 30 адам атылды. Астық жинау 1921 ж. қыркүйегіне дейін жалғасты. Астығы жоқ шаруалар келесі жылға қалдырылған астықты беруге мәжбүр болды. Бұл шаралар қазақ және орыс шаруаларының экономикалық  жағдайының құлдырауына әкелді, Кеңес үкіметіне сенімсіздік күшейді. БОАК мүшесі Садуақасов, ҚазОАК мүшелері Бейсенов, Байдильдин, Асылбеков, губерниялық комитет мүшесі Нұрмұхамбетов Кеңес үкіметінің шараларына қарсы тұра алмады. Жергілікті халық астық жинаушы отрядтарға барынша қарсылық көрсеткенін төмендегі мәлімет дәлелдейді. Орынбор-Торғай губерниясынан жоғарғы органдарға жіберілген жеделхаттардың бірінде: «Губерниялық әскери бюросы, аудандық бюро мен комитет жедел түрде әскер жіберуді сұрайды.Себебі қарулы күшсіз халықтан астық алу мүмкін емес» деп жазылған. Қазақстанға жіберілген әскер қызметкерлеріне  25 пұт сияқы берілді [2; 29]. Төменде 1733 әскери топтың есебі көрсетіледі.

1 Кесте

№1733 азық-түлік отрядының Орынбор-Торғай губернияларындағы жұмыс нәтижелерінің мәліметтері (1920-2921жж.). [2; 29].

 

Аудан

атауы

 

 

Отряд-

тың

жұмыс-

қа келу

уақыты

Отряд-

тың

жұмыс-

ты аяқ-

тау

уақыты

Аудан-

дағы

жылдық

салғырт

өнімдері

Мөлшері

Аудан-

нан

шыға-

рылған

өнім

Салғырт-

тың

пайыз-

дық

орында-

луы

Сыйақы

мөлшері

 

Ақбұ-

лақ

ауданы

Қобда болы-

сы

1 қазан

1921 ж.

21

мамыр

Астық

Мүйізді

ірі қара

Ұсақ

мал

Шошқа

Картоп

Май

Тері

94.335

 

1800

 

2800

200

15.000

353

16.870

84.540

 

1792

 

2506

132

4195

89,5%

 

99,5%

 

93%

66%

24,5%

 

2 пұт

20 фунт

 

 2 Кесте

  1916-1917 жж. және 1920-1921 жж. Қазақстандағы астық салғырты, мың пұт. [48; 428].

1916-1917 жж.

1920-1921 жж.

облыстар

Жиналған

астық

мөлшері

Жер шаруа

шылығы

министр-

лігінің

сатып

алған

астығы

Сатып

алын-

ған

астық

пайызы

Жиналған

астық

мөлшері

 

Азық-

түлік

Комисса-

риаты

дайында-

ған

астық

Дайын-

далған

астық

пайызы

Бөкей

455

Орал

7422

3439

1488

43,3%

Орынбор

26845

3723

14,0%

7417

 

 

Қостанай

21505

6288

 

 

Ақтөбе

 

4962

26,4%

Ақмола

28201

9131

32,4%

11941

Семей

17187

13837

3786

27,3%

Барлығы:

100860

12854

12,7%

48339

10200

21,1%

               

 

     Астықты жасыруға тырысқан шаруаларға айыппұл тағылып, басқа мүліктері де тәркіленді. Жоғарыдағы кестеден, 1916-1917 жж. көрсеткішпен салыстырғанда,  Қазақстан облыстарынан жинақталған орташа астық мөлшері 1920-1921 жылдардағыдан екі есе, яғни, 100860 мың пұттан  48339 мың пұтқа азайғанымен салғырттық пайызы екі есе өскендігін анық көреміз. «Соғыс коммунизмі» саясаты орталықтары Орынбор, Омск, Ташкент болған өлкелерде әртүрлі жүзеге асты. Мәселен, Ақмола және Семей губернияларына аграрлық салада «әскерикоммунистік» экономиканың басты принциптерінің бірі ауыл шаруашылығы өнімдерін күштеп тартып алу шарасы жүргізілді. 1919 жылы қарашада Петропавл, Көкшетау, Есіл уездері территориясы бес ауданды комитеттерге бөлінді: Петропавл, Явленский, Петухов, Пресногорьков, Всесвятский. Алғашқы кезде Солтүстік Қазақстан шаруалары астықты кеңестік ақшаға айырбастап отырды. Ақшаның құнсызданғанын естіген шаруаларға қарсы билік астық жинаудың күштеу әдістерін қолданды. Петропавл, Көкшетау, Ақмола уездеріне 4 млн. 700 мың пұт астық салғырты салынды, оның тек 821 мың пұты, яғни, 14%-ы ғана жиналды. Барлық жиналған өнім Мәскеу мен Петроградқа жіберілді.Ақмола губерниясында  1919-1920 жж. дайындалған 112642 пұт ет Мәскеуге, 44920 пұт Пероградқа жіберілді. Мал мен мал өнімдерін жинауда азық-түлік экспедициялары дәстүрлі шаруашылықтың ерекшелігін есепке алмады, көшпелі шаруашылықты жүргізудің жергілікті  шарттарымен таныс болмады және оларда нақты мал басының саны туралы ақпаратқа ие болған жоқ. Мысалы, 1920 жылы 13 тамызда Атбасар уездік атқару комитетіне 15 қыркүйекке дейін мал өнімін жинап бітіру туралы Лениннің жарлығы жеткеннен кейін жергілікті болыс және ауыл басшылары тиісті шараларды қолдануға мәжбүр болды. Уақытында бұйрықты орындамаған атқару комитеттерінің басшылары революциялық әскери трибунал сотына тартылатындығы мәлімделді. 1920 жылы 10 тамызда Сібревком Омск губерниялық комитеті басшыларына Петропавл, Көкшетау темір жолын салушыларға қарасу туралы бұйрық беріледі. Қажетті жабдықтардың өзі жергілікті халықтан болды [48; 27]. Кеңестік тарихнама «соғыс коммунизм» саясатына бұрмаланған баға берді. Әсіресе, тауарайырбастың рөлі асыра бағаланды. Қала мен ауыл арасында өнеркәсіп тауары мен ауылшаруашылық өнімдері айырбасы жүзеге асты деп әсіреленді. Шын мәнінде тауар айналымы тауар жетіспеушілігі тұсында еріксіз қолданылды. Шаруалар қағаз ақшаға сенімін жоғалтып, өз өнімдерін тауармен алмастырды. 1918 жылы 26 наурызда ХҚК «Астық даярлауда тауарайырбасты күшейту туралы» декрет қабылданды. 1919 жылы 5 тамызда «Міндетті тауар айырбасы туралы» декрет шықты.

     Тауар айырбасты большевиктер экономикалық емес, саяси шара түрінде жүзеге асырды. Жеке адамдармен айырбас жасауға тыйым салынды. 1920 жылы маусымда Петропавл уездерінде тауар айырбас жүргізілгенде кедей шаруаларға тауар үйлестіру бұйрығы берілді. Шаруалар өткізген шикізаттың мемлекет тек 30 пайыздық мөлшеріндегі өнімін қайтарды [50; 88].

     Кеңестердің бірінші Семей сьезінде Қарқаралы уезінің халқы атынан Ә.Бөкейханов сөз сөйледі. Ә. Бөкейханов уез тұрғындарына салынған салғырт жоспарының шамадан тыс көп мөлшерде екендігін және қазақ көшпелі шаруаларынан оларда жоқ өнімді алу міндеттелгенін мәлімдейді [37; 127]. «Соғыс коммунизм» экономикасы өзінің әлсіздігін көрсетті, мемлекет жиналған өнімді де дұрыс сақтай алмады. 1920 жылдың соңында ҚФКСР халқының өнімдері сарқылғандығы анық көрінді. 1920 жылы 25 қазанда Орынбор, Торғай губернияларындағы азық-түлік салғырты жоспары төмендегідей орындалды: астық – 5%, мүйізді ірі қара – 30%, жеміс-жидек – 5% т. б. [51; 29].

     1920 жылы көктемде өлкедегі ауыл шаруашылығы өнімдерін есептеу мен реттеудің әкімшілік механизмі бір жүйеге келтірілді. 1920 ж. өнімдердің барлық түрі монополизацияланды. Қазақ өлкесінің тұрғындары осы аймақтағы Қызыл Әскер бөлімін азық-түлікпен қамтамасыз етуге міндетті болды. Азық-түлік мекемелері 1919 жылы  15 желтоқсаннан бастап Орынбор ерекше бекіністік ауданының бірінші әскеріне 600 пұт ет өткізуге, ай сайын  20000 пұт ет дайындауға міндеттелді. Билеуші партияның диктатурасын нығайтуға бағыттылған «әскерикоммунистік экстремизм» мен аграрлық салада жалғасын тапқан төтенше шаралардың негізі большевиктердің теориялық баяндамалары мен әрекеттерінде қалыптасты.

     ҚАКСР халық комитетіне жіберілген В. И. Лениннің жедел хатында: «Күштеп көндіріндер… Азық-түлік әскерін жүйелі және міндетті түрде қолданыңдар. Ерекше қарсылық пен тікелей бастартушылық орын алған жағдайда ең қатал шараларды қолданыңдар»,  – деп жазылады. Қазақ көшпелі шаруалары материалдық құндылықтарынан өз еркімен бас тартпады. Қазревкомның арнайы бөлімі: «Азық-түлікті жинауға ешқандай арыз-тілектер бөгет болмауға тиіс. Уақытында жоспарды орындамаған барлық болыстық, ауылдық кеңестер мен ревком мүшелері тұтқындалып түрмелерге жабылады. Мал өткізбеген барлық тұлғалар революцияның жауы ретінде атылуға тиіс» [51; 2] – деп атап көрсетті.

     Ет және сүт өнімдерін өткізу науқаны қазақ шаруаларына ауыр тиді. 1920 жылдың  23 наурызында жарық көрген РСФСР ХҚК-нің «Ет даярлау үшін малды жеткізу туралы» декреттің 11 параграфында науқанға қарсы шыққандарға қуғын-сүргіндік жазалау шараларын қолдану қажеттілігі туралы жазылған [52; 13]. Науқанды жоғары нәтижемен жүзеге асыру мақсатында ҚАКСР-ның территориясы Солтүстік, Орта және Оңтүстік аймақтарға бөлінді. Солтүстік аймаққа: Ақтөбе, Қостанай, Петропавл, Көкшетау уездері мен оңтүстік болыстарсыз Омск уезі кірді. Орта аймаққа: Павлодар, Семей, Өскемен, Ақмола уездері мен Атбасар уезіндегі барлық қазақ, орыс болыстары, казак станициялары енді. Оңтүстік аймаққа: Павлодар мен Семейдің қалған болыстары мен Торғай, Ырғыз, Ілбісін, Гурьев уездері, Бөкей губерниясы кірді [52; 3].

     Әдебиеттер мен құжаттық материалдарды талдау ауылшаруашылығындағы «соғыс коммунизм» саясатының оңтүстік өлкеде жүзеге асуы біршама ерекше болғанын көрсетеді. Кеңестік Ресейдің орталық аудандарынан шектеліп қалған Түркістан өлкесінде большевиктік билік жүргізген «әскерикоммунистік» шаралар отарлық сипатта болды. Патшалық үкіметтің отарлық саясаты өлкедегі ауыл шаруашылығының негізі мақта шаруашылығы болып қалыптасуына тікелей ықпал етті. Өлкеде астық қажеттілігі қолдан жасалынды. Г. Сафаров көрсеткендей, 1918-1919 жж. Түркістанның шаруашылығы анархиялық эмисионды шаруашылыққа айналды. 1919 жылы астықты даярлау төменгі көрсеткіште болды. Сырдария облысы 700 мың пұт, Жетісу облысы 350 мың пұт астық дайындады. Жетісу ауданы қоныстанушылар декреттер мен жарлықтарға қарсылық білдіріп, көтерілістерге шығып отырды. Кулактар кеңес үкіметі мен большевиктік партия атынан қызмет ете отырып, патшалық Ресейдің отарлық саясатын одан әрі жалғастырды. Революциялық ұрандар тәркілеуді желеулетіп қоныстанушы кулактар жергілікті халықты тонай бастады [53; 106-107].

     Құжаттық деректер ТАКСР-да азық-түлік даярлау саясатын жүйесіз, жоспарсыз жергілікті шарттарды ескерусіз жүргізілгенін көрсетеді. Мысалы, 1920 жылы Жетісу облысына берілген жоспар шамадан тыс көп болды.Соғыстан зардап шегіп, 1 млн. пұт астық мөлшерінде жетіспеушілікке ұшыраған Лепсі уезіне 224 мың пұт астық дайындау бұйрығы берілді. Жаркент уезінің Нарын ауданындағы 1000 қазақ отбасы Қытайға қайта көшіп кетуге мәжбүр болды. 1920 жылы өлкедегі барлық өнім монополияланды.

     «Соғыс коммунизм» саясатының көріністерінің бірі – мемлекеттік натуралды міндеткерлік жүйесі болды. Оларға еңбек, көлік, әскери және мекен тұрақтық міндеткерліктер енді. Отандық тарихнамада бұл мәселе аз зерттелген. «Пролетарлық-натуралды» экономиканың бас идеологтарының бірі – Л. Троцкий еңбек міндеткерлігі әдісін шаруашылық мәселелерді шешудің жалғыз жолы деп көрсетті [54; 221]. Еңбек ресурстарын мобилизациялау барысында қорғаныс кеңесінің 1919 жылғы 19 желтоқсанында шығарылған жарлығында төмендегідей мемлекеттік міндеткерлік түрлері енгізілді: а) натуралды отын міндеткерлігі;  ә) отынның барлық түрін дайындау, тиеу мен тасу бойынша еңбек міндеткерлігі; б) отын, әскери және азық-түлік өнімдерін қалалар, темір жол станцияларына жеткізуге байланысты көлік міндеткерлігі [55; 151].

     Кеңес үкіметі жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігін ұйымдастырудың құқықтық негіздерін жасады. Негізгі тапсырмаларды жүзеге асырумен Ф.Э.Дзержинский басқарған еңбек міндеткерлігін жүргізу жөніндегі Бас комитет айналысты. Жергілікті жерлерде губерниялық және болыстық еңбек комитеттері құрылды [36; 568]. Қазақстанның жергілікті халқына партиялық мемлекеттік басшылық тұтас қаналушы обьект ретінде қаралды. Еңбек міндеткерлігін өтеу орындарына халық қаруланған әскердің күзетімен жеткізілді. Еңбек міндеткерлігін өтеуден қашқан адамдарды жазалап отырды.  Әскери міндеткерлік бойынша мобилизацияланған ауыл тұрғындарының еңбек ету жағдайлары төмен болды. Шаруашылық мекемелер халықты материалдық жабдықтау мен орналастыруға салғырт қарады. Еңбек инспекциясы Астрахань балық шаруашылығындағы еңбекке күштеп тартылған тұрғындардың жағдайы туралы: «Өте төменгі дәрежеде өмір сүреді. Ең қажетті заттарға зәру болды. Көңіл-күйі төмен және өз шаруашылықтарына қайта оралуға асықты » – деп баяндайды. Өлкедегі еңбек міндеткерлігінің ерекшелігі – жергілікті партия ұйымдарының басшылары қазақ халқының еңбегін пайдалана отырып, отаршыл ферма иелеріне айналды. Мысалы, Жетісу партия ұйымының мүшелері ірі шаруашылықтарға ие болды және көп мөлшерлегі мал басына ие болды [2; 57].

     Еңбек міндеткерлігі ауыл шаруаларына ауыр тиді. Нәтижесінде 1921-1922 жылдардағы сұрапыл аштыққа әкелді. Шаруалар тегін еңбек күші ретінде қолданылды. РСФСР СТО 1921 жылғы 18 ақпандағы Қаулысы бойынша тұзбен қамтамасыз ету мақсатында 62 млн. пұт тұз өндіру міндеті қойылды. Басқұншақтағы тұз өндірісіне  1500 қазақ шаруалары мен 2250 түйе жіберілді. Шаруалар еңбек міндеткерлігін РСФСР территориясынан тыс жерлерде де өтеді. Міндеткерлікті жүзеге асыру барысында большевиктер қазақ қоғамының дәстүрлі шаруашылық жүйесінің ерекшеліктерін ескерусіз қалдырды. Қазақ өлкелік әскери комитеттің штаб бастығы Турской Қазревкомға қонысын өзгерткен көшпелі шаруаларға қатысты әкімшілік шаралар қолдану қажеттілігі туралы мәлімдейді. Пошта секілді мемлекеттік қызмет көлік міндеткерлігі тәсілі арқылы жүзеге асты. 1919 жылы Атбасар революциялық комитетінің басшысы Веденеев Атбасар, Көкшетау пошта жолын қамтамасыз етуге қажетті ат пен көлікті пошташы Ф. Казанкинге беру туралы бұйрық береді. Партиялық кеңестік аппараттың кеңеюімен шенеуніктердің өлкеге сапарлары көбейді.  Кеңес үкіметінің мемлекеттік қызметкерлерінің көлік қозғалысын жергілікті халық қамтамасыз етіп отырды. 1920 жылы маусымда баршаға бірдей көлік міндеткерлігі ендірілді. Көліктерін жасыруға тырысқан азаматтар революциялық заң бойынша жауапқа тартылды [56. 94]. Кеңес үкіметі осы үрдісті дамыту үшін көлік міндеткерлігіне ақшалай төлем енгізді. Алайда бұл шаралар нәтижесіз аяқталды. Құнсыз ақша мен ауыр міндеткерлікке шаруалар мүдделі болмады. Көлік міндеткерлігі, әсіресе, жол тораптарында орналасқан елді-мекендердегі халыққа ауыр тиді. Табиғи міндеткерліктің бірі – әскери көлік міндеткерлігі болды. 1918 жылы 26 шілдедегі декрет бойынша, Қызыл іскерді ат көлікпен қамтамасыз ету мақсатында енгізілді. Мемлекеттік аппараттың азық-түлік даярлау мекемелері қазақ даласын ет және мал өнімдері, Қызыл әскерге қажетті ат көліктің қайнар көзі ретінде қолданды. Мысалы, 1920 жылы 3 наурызда  № 728-ші комиссияға Башқұртстандағы Қызыл әскерлер үшін Қостанай уезінен 350 бас жылқы сатуға рұқсат берілді [2; 65].

     Қорыта келгенде, Қазақстан территориясында ауыл шаруашылығын реттеудің «әскерикоммунистік әдістері мен түрлері қалыптасты. Кеңес мемлекетінің салық саясатында ақшалай салық табиғи міндеткерлік жүйесі: азық-түлік салғырты, еңбек, әскери көлік міндеткерлігімен алмастырылды. Табиғи салғырттың ауыртпалығы шаруалар үлесіне тиді. Себебі, біріншіден, аграрлық елдегі халықтың басым көпшілігін шаруалар құрады, екіншіден, ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші болды. Шаруалардан азық-түлікті күштеп жинау мен еңбек міндеткерлігіне негізделген «соғыс коммунизм» саясаты ауыл шаруашылығының өндірістік негізінің құлдырауы мен әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа ұшырауына алып келді.

 

  1. 2 «Әскери коммунизмнің» өнеркәсіп саласы мен еңбек саясатындағы көрінісі

 

      Тарихнамалық талдау социалистік национализациялаудың 1919-1921 жж. салдары мәселесі аз зерттелгендегендігін көрсетеді. Зерттеулерде национализациялау саясатының тек бір жақты баға берілді. Жеке өнеркәсіпті национализациялауды түрлі мекемелер жүргізді. Жеке өнеркәсіп иелері өндіріс өнімін қысқартуға мәжбүр болды. Бұл жұмыс орны мен жалақының қысқаруына алып келді. Ресейдің отарлық өлкелеріндегі национализациялау үрдісінде бақылау қиынға соқты. 1918 жылы 11 мамырда Кеңестік Ресей үкіметі Батыс Сібір өнеркәсіптерін национализациялау мен қаржыландыру туралы қаулы шығарады [47; 20]. 1918 жылдың жазынан 1919 жылдың соңына дейін Орталық және Шығыс Қазақстан территориясы Колчактың Уақытша Сібір үкіметінің басқаруында болды. Большевиктер билікті өз қолына алған аймақтарда «әскерикоммунистік» шараларды жүзеге асыра бастады.         

     Әлеуметтік-экономикалық қиындықтар, саяси биліктің ауысуы, 1920 ж. Ақмола және Семей облыыстарының өнеркәсіп мекемелерінің техникалық төмен деңгейде қалуына ықпал етті. «Соғыс коммунизм», сонымен қатар өнеркәсіп саласындағы басты жағымсыз тұсы мемлекеттің национализациалайтын өнеркәсіпті дамытуға қаржысының жоқтығы болып табылады. «Әскерикоммунистік» шаруашылық жүйе мемлекеттендірілген кәсіпорындарды қамтамасыз етуге мүмкіндік болмады.

     Жергілікті кеңестік  халық шаруашылығының жұмысы нәтижесіз болды. Себебі, «әскерикоммунистік» саясаттың өзі тұрақты шаруашылық дамуға бөгет болды. Осы жағдайды Кеңестік халық шаруашылығы жасаған өндірістік бағдарламалар шынайы мәселелердің алдын алуға бағытталмады. Павлодар уіездік ХҚК (СНК) 1920 жылы Екібастұз қорғасын-мырыш зауыттарының эксплуатациясына қаржылық тізім құруды бұйырды. Тәжірибелі мамандардан құралған экспедиция 1920 ж. Екібастұз тас-көмір кен орындарын зерттеп, төмендегідей қорытындыға келді: «Біздің кеңестік халық шаруашылығына Уркварт мырза бұрынғы кәсіпорынның иесі қолға алған міндеттерді емес, қарапайым, пайдалы көмір өндіру ісімен айналысуымыз керек». Осылайша, национализацияланған өнеркәсіп жұмыстарын кеңестік халық шаруашылығы игере алмады. Шағын кәсіпкерлерден өнеркәсіп мекемелерін тартып алған Кеңес үкіметінің экономикалық органдары шаруашылықтың шаруашылық режимінде өндіріс процесін жолға қойып, дамыта алмады. Жаппай национализациялау мемлекеттік бюджеттен қаржыландырады. Мемлекеттік кәсіпорындар қаржыландырудың сметалық-қаржылық аппарат қызметіне қиындық туғызды. Күннен-күнге национализациаланған кәсіпорындардың саясатының артуы жоспарлы-әкімшілік экономикаға жұмсалатын қаржыны да көбейтті. Мысалы, национализациялау туралы қаулымен қатар, 1918 ж. Кеңестік Халық коммиссариаты «Қырғыз комисариатына» 3 млн. сомды ассигнациялау тапсырмасын міндеттеді. «Риддер» АҚ-на млн. сом, Спасск мыс қорыту зауытына 1 млн. сом [49; 21].

     Мемлекет бақылауындағы өнеркәсіптің экономикалық жағдайын негізгі «әскерикоммунистік» принциптердің бірі – нарықтық қатынастарды ликвидациялау тенденциясы одан әрі төмендетті. Риддер акционерлік қоғамының қосалқы цехтарының жұмыс істеуі үшін 1920 ж. ай сайын 470000 сом қажет болды. Бұл жерде Колчактың Уақытша Сібір үкіметі шығарылған ақша туралы айтылады. «Қырғыз» және «Риддер» АҚ басқармасы мүшелерінің бірі С. П. Федосев 1918 ж. басында Омскке көшкеннен кейін, Риддер кәсіпорындарын 1919 ж. қарашасына дейін, яғни, ақтар құрылғанға дейін Орыс-Азиялық банк арқылы қаржыландырып отырған. Алайда, Кеңес үкіметі алғашқы экономикалық шара ретінде саяси қарсыластарының валютасын қолдануға тыйым салды. Нәтижесінде, «колчак» ақшалары құнсызданды. Сонымен қатар, өлкедегі кеңестік ақша бірліктері патшалық және Уақытша үкіметтің «николаевск», «керенок», «колчаковтық» салдарлардан әлдеқайда құнсыз болды.

      Национализацияланған өнеркәсіп мәселесін қарастырғанда, кәсіпорындардағы жұмысшылардың жағдайларына тоқталғанымыз жөн. Ресми кеңестік идеология «адамзаттың алдыңғы қатарлы өкілі» – жұмысшы табы туралы аңызды насихаттады. «Соғыс коммунизм» әлеуметтік-мәдени феномен ретінде қоғамдық танымда дамушы индивид – пролетариаттың жарқын бейнесін жасауға тырысты. Шындығында, кейбір зерттеушілер Кеңес қоғамының әлеуметтік жүйесінде жұмысшылардың болғандығына күмән келтіреді [57; 48].

     Национализацияланған өнеркәсіптердегі жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Азық-түліктің жетіспеушілігі болып, тауарлық аштық орнады. Қарағанды тау-кен өнеркәсібіндегі жұмысшылардың 1920 ж. 16 шілдедегі жиналысында азық-түлік жетіспеушілігі  себептерінен жұмысқа шықпау шешімі қабылданды. Жұмысшылар отбасына айына тек 1.5 пұт ұн ғана берілді, кейіннен ол да тоқтатылды. Жиналыста қазақ жұмысшыларының атынан Е. Сандыбаев сөз сөйледі. Ол қосымша жалақысыз жұмыс істей беретіндігін, тек мекеме әкімшілігі жанұяларға азық-түлік берсе болғандығын мәлімдейді. Екібастұз зауыттырындағы 600 жұмысшының 500-і қазақ ұлтының өкілдері болды. Қазақ жұмысшылары күз, көктем мезгілдерінде жұмыс істеп, қысқы азықтарын табуға тырысты.  1920 ж. Екібастұз жұмысшыларына берілетін азық-түлік мөлшері айына 1 пұт 10 фунт ұн мен 3/4 фунт ет болды. Және бұл азық-түлік үнемі беріліп отырмады. Екібастұз шахталарында цинга, оспа, тиф тәркіленген аурулар тарады. Шаруашылық өмірдің орталықтандырылуы мен нарықтық механизмдердің шектелуі «әскерикоммунистік» экономиканы дефициттік сипатқа әкелді. Тұтынушы тауарлар мен киім жетіспеушілігі орын алды. 1921 ж. қаңтарда Орынборда теміржолшы жұмысшылар ереуілге шықты. Олар киімі мен аяқ-киіммен қамтамасыз етуді, нан мөлшерін 22 фунттан  36 фунтқа көтеруді талап етті [52; 37].

     Жалақыны азық-түлік пен киіммен төлеу шаруашылық қатынастардың натурализациялануының бір көрінісі болды. Материалдық құндылықтардың таратылуы революциядағы ірі әлеуметтік жетістік деп есептелді. Алайда, «әскерикоммунистік» жүйе экономикасында өзін-өзі реттеу, өндіруші-тұтынушы мүддесіне қызмет ететін механизмдер болмай шықты. 1920 ж. 1 қаңтардан 1 қарашаға дейінгі аралықта арнаулы мекемелерден  3000 адамға 604 жұп жаңа және 100 жұп ескі аяқ киім, 100 жұп бәтеңке, 344 көйлек, 100 гимнастерка, 100 шалбар, 50 фуражка берілді. Әрине бұл жеткіліксіз мөлшерде болды.

     «Әскерикоммунистік» жүйенің тағы бір ерекшелігі – өнеркәсіпті басқарудың орталықтануы мен шаруашылық аппараттың жоғары деңгейде бюрократиялануы болды. Кеңес үкіметі жеке меншікті мемлекеттендіргенмен жаңа басқарушы органдар, комитеттердің санын ұлғайтып отырды. Жоспарлау органдары мен ведомствоаралық мекемелер национализациялау барысында дүниеге келді.

     Өнеркәсіпті мемлекеттік басқару мекемелерінің құрылуы Қазақстанда 1920 ж. қазанда автономды республиканың қалыптасу үрдісімен қатар жүрді. Бұл жүйеде маңызды орын өнеркәсіп бюросына берілді. Халық шаруашылығын басқарудың «әскерикоммунистік» принциптеріне сәйкес Өнеркәсіп бюросы «главк» деп аталатын мекемелерге бөлінді: тау-кен өнеркәсібінің Қазкомитеті, Қазтекстиль, автобюро, Қазақ өлкелік көлік материалдық бөлімі трамот, орман комитеті; Қазақ өлкелік май бөлімі; Мемлекеттік құралдардың Қазақ өлкелік комитеті (Казгомгосор). Қазақ өнеркәсіп бюросын 5 адамнан құралған президиум басқарды. Жалпы шаруашылық өмір Еңбек және Қорғаныс Кеңесімен реттелді. Губернияларда экономиканы басқарумен губерниялық ХШК айналысты. 1922 жылы ЖЭС-қа өткен кезеңде ӘСШК тек Орынбор, Ақмола, Семей облыстарында сақталып қалды [2; 82].

     Шикізат пен дайын өнімнің орталықтанған таратылымы – шаруашылықтың «әскерикоммунистік» әдісінің негізгі тетігі болды. Нарық пен ақша шаруашылығын жою жолына түскен экономика қуатты жоспарлы таратушы органға мүдделі болды. РКФСР БХШК бойынша 1918 жылы қарашада «соғыс коммунизмі» идеологы Л. Н. Крицман басшылығымен материалдық ресурстарды пайдалану жөніндегі комиссия құрылды. Ал Қазақстанда бұл қызметпен 1921 жылы қаңтарда А. Д. Сабуров басшылығымен құрылған Қазөнеркәсіп бюросы тұсындағы қамтамасыз ету мен тарату бюросы айналысты. Түркістан АКСР-ында өнеркәсіпті жоспарлы реттеу, халық шаруашылығын басқару ісімен Орталық Халық Шаруашылығы Кеңесі (ЦСНХ) айналысты. ОХШК құрамына өнеркәсіп, жер шаруашылығы, қаржы, азық түлік, көлік пен еңбек комиссариаттары енді. Ол жергілікті ХШК мен жергілікті кеңестердің экономикалық бөлімдері қызметін басқаруға міндетті болды. Шамадан тыс көп басқару органдарының болуы және олардың арасында орын алған қарама-қайшылықтар «пролетарлық-натуралдық» экономиканың тұрақты факторларының бірі болды. Мысалы, 1920 жылдың басында Екібастұз өнеркәсіптерінде бюрократия өршіді. Бір ғана Воскресенск темір жолын бір-бірінен тәуелсіз жол, депо және жол жөндеу басшылықтары басқарды [2; 84].

     Жеке меншікті национализациялау мәселесінде сыртқы сауданың национализациялануы тақырыбына тоқталу қажет. Кеңестік Ресейде сыртқы сауда ХШК-нің 1918 ж. сәуірдегі декретімен национализацияланды. Большевиктер шетелдік капитал сыртқы сауда арқылы халық шаруашылығының маңызды салаларын жаулап алады деп қауіпсізденеді. Бұл декрет экономиканың шекараны жауып, сыртқы капиталдың ішкі нарыққа енуін тежеді.Сыртқы сауда істеріне мемлекеттік монополияны жүргізу сауда және өнеркәсіп комиссариатына жүктелді [36; 593]. Сыртқы сауданы национализациялау Қазақстанның оңтүстік-шығыс және оңтүстік өлкесінің мүддесіне ықпал етті. ТүрОАК жарлығы бойынша сыртқы сауда мәселелерімен коммерциялық агенттік айналысты. Алайда, Жетісу облысының кәсіподақтары мен кооперативтері ТүрОАК-нің сыртқы сауда монополиясының жарлығын бұзып, көршілес Қытайдан қажетті тауарларды сатып алатын болды. Күнделікті өмірде Кеңестік Түркістан үкіметі заңсыз сыртқы сауда байлығын толық бақылауға алмады. Азық-түлік салғырты бойынша дайындалатын астық Бұхара, Парсы елдеріне заңсыз жіберілгендігі туралы фактілер де кездеседі. Тері, темекі сынды шикізаттар контрабандалық жолмен шекарадан шығарылды [58; 3].

     1920 жылы Қызыл әскер қатарында 4.4 млн. адам көпшілігі ерлер болды. Азамат соғысы майдандарындағы әскери қимылдар аяқталған кезде большевиктік үкімет әскери қимылдар аяқталған кезде большевиктік үкімет әскери бөлімдерді таратпай, халық шаруашылығында пайдалану шешімін қабылдады. РСФСР ХШК 29 қаңтарда 1920 ж. «Жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігінің тәртібі туралы» декретінің 1-бабында Қызыл Армия бөлімдерін жұмыс күші ретінде қолдану бұйрығы беріледі [55; 152]. 1920 ж. 22 қаңтарда РК(б)П ОК «Шаруашылықтың милитаризациялану және әскери бөлімдерді шаруашылық қажеттіліктеріне қолдану туралы» тезисін жариялады [59; 535].

     Жалпыға бірдей еңбекке жұмылдыру Кеңес үкіметінің экономикалық саясатында азаматық соғыс пен шетел интервенциясы жылдары ең негізгі іс-әрекет болған. Соңынан ол «әскери коммунизм» деген атқа ие болды, осы шаралармен бірге орта және шағын өнеркәсіпті жедел түрде мемлекетке жалға беру, еңбегіне алған өнімнің көп мөлшерде ұсталынып қалуы, саудаға мемлекеттік монополияны енгізу, шаруашылықты басқаруды орталықтандыру, еңбекақыны заттай беру, халық тұтынатын тауарлар мен өнімдерді таратуда тепетеңдік орнату, жалдамалы еңбекті қолдану және т. б. шаралары жүзеге асырылды [40; 49].

     Қауіпсіздік кеңесі 1920 жылы наурызда Еңбек пен Қауіпсіздік кеңесі болып өзгертіледі.  Ең алғаш Шығыс майданының 3 армиясы 1920 жылы қаңтарда еңбек армиясына айналдырылды. 1920 жылы мамырда Кеңестік Ресейде еңбек жағдайына 6 армия ауыстырылды. 1920 ж. 21 сәуірде Түркістан майданының 4 армиясы мен Волга маңы әскери округінің бөлімдері 2-ші революциялық Еңбек армиясына біріктірілді. 2-ші Еңбек армиясының Кеңесін Радус-Зенкович басқарды. Патшалық үкіметтің саясатын жалғастыра отырып, жаңа жүйе өз отарының табиғи байлықтарын игеруге тырысты. 2-ші революциялық Еңбек әскері темір жол мен Александров-Гай-Ембі мұнай құбырын салу Саратов ауданында көлік жолдарын жақсарту, ауылшаруашылық машиналарын жөндеу т. б. ауыр жұмыстарға тартылды. 1920 жылы мамырда 1 армияның Революциялық әскери кеңес тұсынан экономикалық Жиналыс (Экосо) ашылды. Оның құрамына Түркістан майданының бірінші армиясының ӘРК мен штабы, губатком, губштатбюро, губепниялық ХШК, губерниялық азық-түлік комиссариаты, башқұрт ревкомы, Қазревком т. б. органдары мен ведомстволардың мүшелері енді. Қызыл Әскер әскери ғана емес саяси және экономикалық ұйым болды [50; 105].

     Әскерді халық шаруашылығы мәселелерін шешуге, жұмысшыларды әскери істерге тарту еңбек саясатының негізгі факторы болды. Мысалы, 1920 жылы 10 мамырда шыққан Радус-Зенковичтің бұйрығы бойынша Александр-Гай-Ембі линиясындағы жұмысшылар әскери қимылдар жүріп жатқан аудандарда қызметте болып есептелді. 1921 жылдың бірінші жартысында Қазақ АКСР-ында жұмысшы күшінің мобилизациясы жоғары деңгейге жетті. Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Орталық Ресей мен Украинаның өнеркәсіптік аудандарында шұғыл түрде маманданған жұмысшы кадрлар қажеттігі мәлімденді. Осы мақсатта Қазақстан территориясында түрлі кәсіптегі жұмысшылардың мобилизациясы жүргізілді. Тверь губерниялық бөліміне Қазақстаннан мобилизацияланған жанұялар жіберілді. 1921 жылдың 1 мамырынан бастап еңбек әскерлері еңбек халық комиссариаты бақылауына берілді. Еңбек комиссариаты жанынан жергілікті халықтан еңбек бөлімдері құрылды. Барлық мәселеде еңбек бөлімдері ­Қызыл Әскердің Жұмысшы Шаруа жарғыларын басшылыққа алды. 1921 жылғы 3 наурыздағы ЕҚК шешімімен еңбек комиссариаты жанынан негізгі және округтік басқармалар қызметі бекітілді. Республиканың еңбек бөлімдерінің Бас басқармасы құрылды. Округке бірнеше еңбек бригадалары біріктірілді. Қазақ АКСР территориясы біртұтас округке жатты [2; 96].

     Сонымен мемлекет халық шаруашылығын жұмыс күшімен қамтамасыз ету мәселесін шешуде еңбек міндеткерлігі мен мобилизация әдістерін қолданып, тұтастай әскери бөлімдер еңбек жағдайына көшірілді. Еңбек саясаты аясында жүзеге асырылған «әскерикоммунистік» шаралар большевиктердің экономикалық бағдарламасының доктриналық ережелеріне сәйкестендірілді. Әскери ведомство күштерін халық шаруашылығында қолдану әскерге тән ұйымдастырылған формалар мен әдістерді қалыптастырылды. Тарихи тәжірибе абстрактілі идеялар үшін еңбек етуге мәжбүрлеген қоғам экономикалық дағдарыс пен әлеуметтік қайшылыққа тірелетіндігін дәлелдеді. «Соғыс коммунизм» утопиясының мәні де осында. «Соғыс коммунизм» саясатының қалаларда жүзеге асу тәжірибесінің құқықтық негіздері түрлі декреттерде көрініс тапты. 1917 жылы 18 желтоқсандағы ХШК декреті бойынша жерді сату, сатып алу, кепілге қою т. б. тыйым салынды. 1920 жылы 16 сәуірде РКФСР ХШК-нің жекеменшікті реквизициялау мен тәркілеу туралы, 1918 жылы 20 тамызда «Қалалардағы жылжымайтын мүлікке жекеменшік құқығын алып тастау» туралы декреттер жарық көрді [60; 15]. Революциялық мемлекет жеке үйлер мен пәтерлердің иелеріне қатысты «соғыс коммунизмнің» репрессиялық террористік әдістерін қолданды. Тәркілеу мен реквизициялау тұрғын үй мәселесін шешудің негізгі жолы болып табылды. Сонымен қатар мемлекет Кеңес үкіметінің алғашқы жылдары таптық қатынасқа негізделген әлеуметтік саясатты жүргізу барысында жұмысшылардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға тырысты. Бұл үшін жұмысшылар мен кеңестік қызметкерлер нашар баспаналардан тәркіленген үйлерге көшірілді. Орынборда 1920-1921 жж. коммуналды шаруашылық құжаттарында тұрғындардың жергілікті басшылықтың заңсыз істеріне байланысты жазылған арыздары кездеседі [60; 41].

     1920 ж. жылжымайтын жеке меншік мүлігі мен жерге байланысты басқарма жергілікті революциялық комитеттерден қалыптасқан коммуналды шаруашылық органдарына өтті. Жергілікті жерлер мен қалаларда коммуналды бөлімдер ашылды. Оның өзі бірнеше бөлімшелерден тұрды. Техникалық бөлімшелер қалалық элоктростанциялары, су құбырлары, қалалық қойма мен механикалық шеберханаға бақылау жасады. Шаруашылық бөлімшелер жерлеу бюросы, монша т. б. жұмысын реттеді. Кварталдық комитеттер 32 аудандық комитеттерді бақылады. Әр аудандық кварталдар міндетіне:  1) халықты тіркеу мен азық-түлік карточкаларын үлестіру; 2) көлік аттарының көліктік мобилизацияланған бөлімдегі қызметін бақылау; 3) мүйізді ірі қараны есепке алу; 4) қаладағы еңбек міндеткерлігін ұйымдастыру мен еңбек қашқындарын тұтқындау; 5) атқару комитеттері, милиция, еңбек бөлімдері, денсаулық сақтау т. б. кеңестік мекемелердің бұйрықтарын орындау жұмыстары кірді [60; 7-8].

     Национализацияланған қала шаруашылығын басқарудың жаңа жүйесіне сай Оңтүстік Қазақстан қалалары учаскелер мен кварталдарға бөлінді. Әр учаскеге учаскелік қараушы бекітілді. Әр үйде тұрғындар мен пәтерлерді есепке алу құжаттарын жүргізетін староста болды. Тұрғындардың белгілі бір тұрғын үйге байланысты рұқсаты болуы міндеттелді. Алайда мунипализацияланған қала щаруашылығы қаржының жетіспеушілігінен жоғары нәтиже бермеді. Мұрағаттық құжаттар жағдайда жеке меншікті национализациялау барысында большевиктік билік оргaндары құқықтық нормаларға сүйенбегендігін дәлелдейді.

     Тәркілеу тонаушылық сипатта жүрді. Мысалы, 1918 жылы Верныйда құрылған «Капиталистердің тәркіленген мүліктерін анықтауға байланысты комиссия» сауда кеңселері мен үйлерді тәркілеуді жүзеге асырды. Лепсіде, 1918 ж. маусымда жеке меншік иесі Пугасовтың иелігіндегі барлық мүлікті жергілікті кеңестер өз қарамағына алды [2; 107]. 1918 ж. көктемде Сырдария облыстың қалаларында қаржы репрессиясы жүргізілді. 1918 жылы 26 наурыз да Түркістан атқару комитеті Түркістан атқару қаласы тұрғындарына 1200000 сом контрибуция тағайындау шешімін қабылдады [61; 233]. Кеңес үкіметі банктерді национализациялау мен өнеркәсіпті мемлекеттік реттеуге сүйене отырып, қалталы тұрғындардың ақша айналымын бақылауға алынды. Осы кезеңдегі Кеңес үкіметінің тауар-ақша қатынасын шектеуге бағытталған декреттері халықтың тұрмыс деңгейін төмендете отырды. Көтерме саудаға тыйым салған үкімет халықты қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету жауапкершілігін алғанымен, оны жүзеге асыра алмады.

     Кеңес үкіметі дағдарыстан шығудың бір тәсілі жалақыны натуралдандыру деп есептеді. «Әскерикоммунистік» экономиканың негізгі идеяларының бірі– жалдамалы еңбекпен бірге жалақыны алып тастау болды. Жалақының орнына қоғамдық еңбек төлемі заттай берілді. «Соғыс коммунизмнің» Қазақ АКСР мен Түркістан Кеңестік Республикасы қалаларында жүзеге асуы Кеңес үкіметінің негізгі ошақтарынан алшақтығымен өлкеде отарлық саясат жүзеге асырылды.

     Қорытындылай айтқанда, «соғыс коммунизм» тәжірибесі мемлекеттік биліктің дәстүрлі шаруашылық формаларына толық бақылау орнатту терең экономикалық экономикалық дағдарысқа әкелетіндігін көрсетті. «Соғыс коммунизм» саясатының әлеуметтік саладағы элементтерінің бірі – еңбек армиясының құрылуы мен жұмысшылардың еңбегін национализациялау болды. Кейбір марксист-теоретиктер «соғыс коммунизм» идеясын соғыспен, «казарма логикасымен» байланыстырды. Шын мәнінде, әлеуметтік құрылым ретінде адамға қысымшылық көрсетуге негізделген «соғыс коммунизм» азаматтың қоғамды милитаризациялану мен экспанцияға бағыттады. Осы тұрғыда еңбек армиясы тақырыбы – зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 «ӘСКЕРИ КОММУНИСТІК» ЖҮЙЕНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ САЛДАРЛАРЫ

 

2.1 Әлеуметтік және экономикалық дағдарыс

 

     1918-1921 жж. әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар мен экономикалық қатынастардың күштеуге негізделген әскери сипаты Қазақстанның шаруашылық құрылымын түбірімен өзгертті. «Соғыс коммунизм» саясаты қоғамдық құрылымды жаңа сатыға көтермеді. Большевиктік билік  натуралдық шаруашылық қатынастар жүйесін енгізе отырып, Азамат соғысы талап еткен жағдайдан асыра сілтеушілікке көшеді. Сондықтан, «соғыс коммунизм» саясаты социалистік қоғам орнатудың әдісі ретінде қарастырылды. Ресей империясының басқа халықтары секілді Қазақстан халқы да әлеуметтік-экономикалық дағдарысты бастан кешірді. 1927 ж. наурыз сәуір айларында өткен Кеңестердің VI Жалпыхалықтық сьезінде, 1918-1920 жж. Қазақ өлкесінің экономикалық қатынастары көптеген онжылдықтарға артта қалғанын, республиканың шаруашылық потенциалының 75% жойылғандығы атап өтіледі [37; 126].

     Біріншіден, шаруашылықтың «әскерикоммунистік» әдісінің қиратушы әсері өлкенің өндіргіш күштерінің негізгі қайнар көзі көшпелі және егін шаруашылығына ықпал етті. Күштеп өндірілген астық, ет және басқа да азық-түлік салғырты. Қазақстанның шаруашылық өндіргіш бірліктерін одан әрі құлдыратты. Көптеген шаруашылықтар түрлі мемлекеттік міндеткерліктер әсерінен дағдарысқа ұшырады.

     1921-1922 жж. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың себептерін қарастыру барысында, аштық әсіресе азық-түлік салғырты енгізілген өлкелерде орын алғанын көреміз. 1921 ж. астық өнімінің құлдырауы азық-түлік салғырты саясатының барысында ресурстардың азаюынан басталды. Кеңестік Ресей бойынша, 1921 ж. 33 млн. халық орналасқан ауданда 16.648000 десятина егін өнімі жойылды. Қазақ КСР-нан басқа, «әскери коммунизм» саясатының тікелей салдары болған сұрапыл аштық Вятки, Симбир, Саратов, Царицын, Пензен, Астрахань, Уфа губерниялары, Татар, Башқұрт республикалары, Неміс автономиясы, Чувашия барлығы 36 губернияны қамтыды. Осы облыстар «әскерикоммунистік» кезең барысында азық-түлік салғыртының үштен бір бөлігін жүзеге асырды. Төменде көрсеткіш мәліметтер беріледі [62; 16].

 

 

 

3 Кесте

1917-1921 жж. азық-түлік салғырты [62; 16].

 

Жылдар:

Ресейде жиналған астық мөлшері(пұт)

1921 ж. аштыққа ұшыраған губерниялардан алынған салғырт

%

1917-18

1918-19

1919-20

1920-21

Барлығы:

30 млн.

111 млн.

212 млн.

287 млн.

640 млн.

11380800

66159838

87213838

64770000

229513735

37%-тен жоғары

59,4%

41,1%

35,8%

 

     «Әскери коммунизм» кезеңіндегі большевиктердің азық-түлік саясатына әскери-саяси жағдай шеңберінде талдау жүргізсек, азық-түліктің негізгі қайнар көзі мен «әскерикоммунистік» шаруашылық тәжірибелердің алаңы Қазақ АКСР мен Волга бойы губерниялары болды. Қазақстанда аграрлық өлке ретінде экономикалық дағдарыс ауыл шаруашылығы мен ауыл тұрғындарының жағдайына әсер етті. Азық-түлік салғырты, көлік, еңбек және басқа да мемлекеттік натуралды міндеткерліктер ауыл шаруашылығына өзгерістер енгізді.

     Азық-түлік салғырты ауыл шаруашылық егін мөлшерін қысқартуға мәжбүрледі. Большевиктердің азық-түлік салғырты саясатының басты принципі барлық астықты жинау аграрлық өндіріс өнімінің өсіміне теріс ықпалын тигізді. Сол себепті ауыл тұрғындары тек өздерін қамтамасыз ету үшін еңбек етті. Артық өнімі сақталған шаруашылықтар саны азайды. Мемлекеттің ауыл шаруашылық өнімінің тауар нарығы қатынасына байланысты тыйым салушылық саясаты тауарлық өндірістің құлдырауына әкелді. «Соғыс коммунизм» іс жүзінде щаруашылық өмірдің көнеленуі мен ортағасырлық тұйық натуралды шаруашылық деңгейіне түсірді. Қазақ АКСР-да егін алқабы 1917 ж. салыстырғанда 2/3 -ге азайды. Егін алқабы 1917 ж. – 5840, 1920 – 3075, 1921 – 2038 мың десятина көлемінде болды [62; 9].

     Мемлекеттің ауыл мен қыстақтардың әлеуметтік құрылымын өзгертуге тырысуы шаруа қожалықтарының сапалық үнемдеуіне әкелді. Қазақстан экономикалық қатынаста ұсақ шаруашылықты елге айналды. Бұл шаруашылықтарға салғыртты төлеу қиынға соқты. Азық-түлік салғыртының көп үлесін өтейтін дәулетті шаруашылықтар саны да азайды. Күштеп жүргізілген азық-түлік диктатурасына шаруашылықтар қарсылық көрсете бастады. Егіс алқаптарын қысқартумен бірге, ауылшаруашылығының астық түрлерін де өзгертті. Азық-түлік салғыртының ауырлығынан азар болған шаруалар бидайдың орнына картоп еге бастады [63; 41].

     Нәтижесінде, Кеңес мемлекетінің партиялық билігі ауыл шаруашылығының күйреуі мен аштық «соғыс коммунизмнің» тікелей салдары болғанын мойындауға мәжбүр болды. РК(б )П ОК Қазақ АКСР азық-түлік органдарына жіберген құпия хатында үкіметтің салғыртты азық-түлігі жоқ аш халықтан да алғанын және кедейлерде егетін астық қана емес, тұтынатын наны да қалмағаны туралы баяндалады. Мемлекет натуралдық міндеткерлік жүйесін күштеп ендіре отырып, дәстүрлі қоғамдық қатынастарды күйретті. Жүйесіз, күштеп жүзеге асырылған көлік мобилизациясы шаруалардың жұмыстарына қажетті материалдық базасынан айырды. 1920 ж. ақпанда Орал уезінің болыстық атқару комитеттерінің басшылары көлік міндеткерлігін өтеуші шаруашылықтың толық күйрегені туралы мәлімдейді. Көлік міндеткерлігі, мал мен ет салғырты қазақ халқының шаруашылығының негізі көшпелі мал шаруашылығының құлдырауына әкелді. Мұрағат құжаттарында Қостанай губерниясы, Жетісу болысындағы қазақ ауылдары туралы деректер бар. Болыстың тұрғындарының жалпы саны 5000 адам жеті ауылда тұрды, көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. 1920 ж. құрғақшылық салдарынан жайылымдар күйреді. Мобилизация мен салғырттан құтылу мақсатында дәулетті шаруалар табындарын Торғай далаларына айдады. Жалпы алғанда, Жетікөл болысының тұрғындары барлық иеліктерінен айрылды. Бөкей губерниясында 1921 жылдың басына қарай 1917 жылмен салыстырғанда мал басының тек 20%-ы  сақталды. Жылқы мүлдем қалған жоқ. Тек түйе малы ғана көлік ретінде қолданылды. Бөкей губерниялық азық-түлік комиссариаты балық шаруашылығындағы мемлекеттік монополияны сақтау мақсатында жергілікті халыққа балық аулауға тыйым салды. Қазақ халқы нанның орнына басқа дақылдарды қолдануға мәжбүр болды. Ашыққан халықты мемлекет күштеп еңбек міндеткерлігіне мобилизациялады.

     Түркістан кеңестік республикасы 1917-1921 жж. жекеленген шаруашылықтар саны  16%-ға, халық 21%-ға азайды. Бәрінен де Жетісу және Сырдария облыстарының көшпелі қазақ тұрғындары азап шекті. 1920 жылы Түркістанда небәрі  7 млн. 355 мың бас мал қалды, яғни 1917 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 58-ге қысқарды [53; 34]. Мал шаруашылығының құлдырауы Қазақ АКСР-дағы көлік мәселесінің дағдарысын туғызды. Көліктік-материалдық бөлім қызметі тоқтатылды. Республиканың халық шаруашылығындағы көлік қажеттілігі – 200000-ды құрады. Мал шаруашылығының далалық өлкеде егін шаруашылығының дамуы да мүмкін емес еді. Қазақ көшпелілері қажетті ауыл шаруашылық құралдары болмаса да отырықшы шаруашылыққа өтуіне мәжбүр болды. Еңбек құралдары әскери қимылдар мен тәркілеу саясаты барысында жойылды. Большевиктік режимнің экономикалық саясатының нәтижесінде ауыл шаруашылықтарын техникалық қамтамасыз ету төменгі көрсеткішке жетті.

     Дағдарыстық жағдай егін шаруашылығынды да көрініс тапты. Азық-түлік салғырты саясаты салдарынан шаруашылықтарда егетін астық та келмеді. Шаруалар репрессияның алдын алу үшін, ұрықтың астық бөлігін де өткізуге мәжбүр болды. Орал уезінде әскери бөлімдер мен азық-түлік отрядтарының үлкен астық қорларын тәркілеуіне байланысты, келесі жылғы егін ұрығына 12000 пұт астық жетіспеушілігі пайда болғаны туралы ақпарат бар. Азық-түліктің жетіспеушілігінен шаруалар қалған астықты тұтынады. Қазақ АКСР-на жіберілген астық көп жағдайда көздеген орнына жетпей қалып жатты. Мысалы, 1921 жылы Самара губерниялық азық-түлік комиссариаты Қазақ АКСР-на жіберілген 300 вагон астықты заңсыз алып қалды [52; 21] .

      1921 жылы көктемде дағдарыстық жағдайдан шығу шаралары іздестіріле бастады. 1921 ж. 29 қаңтарда «Барлық мемлекеттік мекемелер мен әскери бөлімдерден ауыл шаруашылығы бойынша мамандарды мобилизациялау туралы» қаулы шығарды. 1921 ж. 29 қаңтарда Қазақ АКСР- ның ЕҚК отырысында егістік жұмыстарға мобилизацияланған шаруаларды жіберу шешімін қабылдады. Әр губернияда үгіт-насихаттық егістік үштіктер құрылды. Олар егіс науқанына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен айналысты. Насихат жұмыстарында жерді жырту мен егін егу туралы кеңестер берілді. Алайда ауыл тұрғындары «құнды ақыл-кеңестерді» қажет етпеді. Астық, құрал-саймандар мен жұмыс көлігінің болмауы егін шаруашылығындағы жұмыстың алға басуына еш мүмкіндік бермеді [51; 1].

     Қазақстанда жүргізілген үш жылдық шаруашылық тәжірибесінің ең негізгі және ауыр салдары сұрапыл аштық болды. Қазақ статистикалық басқарма мен халықтық азық-түлік комиссариаты мәліметтері бойынша 1921 ж. егін шаруашылығындағы жұт төмендегідей мөлшерде болды. Аштық аумағы – 1.048.100 десятина, халық саны – 2.653.340  адамды құрайтын бірнеше губерниялар аймағын қамтыды. Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Бөкей губернияларынан 1921 ж. 22.105.864 пұт астықтың орнына небәрі 4.719.391 пұт астық жиналды. Осылайша, астық жетіспеушілігі 17,5 млн. пұтты құрады. Тек Семей мен Ақмола губернияларында ғана қанағаттанарлық астық өнімі алынды. Аштықтың ауқымын анықтау үшін Қазақ АКСР губернияларындағы бір десятинадан алынатын өнімнің орташа өлшемін келтірейік. Қалыпты жағдайда бір десятинадан  40-60 пұт бидай, 700-100 пұт арпа алынады. Ал, Ақтөбе губерниясында бір десятинадан  0,6 пұт, Қостанайда 1,5, Орынборда 4,1, Оралда 1, Бөкей губерниясында 1, Ақмолада 23,2, Семей губернисында 48,4 пұт, Адай уезінен ешқандай өнім алынбады [62; 11].

     1921 жылдың аяғында егін өнімі өте төменгі көрсеткішті көрсетті. Көкшетау уезінде комиссия зерттеуі бір десятинадан 3 пұт астық алынғанын мәлімидейді. Көкшетау уезінің 16 болысында егіннің жартысынан астамы зиянкестердің әсерінен шықпай қалды. Республикада аштыққа ұшыраған адамдардың саны күн санап арта түсті. Қазақ АКСР басшылығы жедел шаралар қабылдай бастады. 1921 жылы шілдеде Қазақ ОАК Меңдешевтің басшылығымен ашыққан халыққа көмек көрсететін орталық комитетті ұйымдастырды. Қазақ ОАК Орталыққа Ақтөбе, Бөкей, Қостанай, Орынбор, Орал губерниялары мен Адай уезін аштық аймағы деп танып, губерния халқын азықт-үлік салғыртынан босатуға рұқсат алады. Қазақ АКСР-на Орталықтан материалдық-қаржылық, азық-түлік көмегі берілмеді, Мәскеу бейтараптық позицияда болды. Республикаға «АРА» американдық көмек әкімшілігінің жәрдемі көрсетілді. Әкімшілік өкілдерінен Орталық Қазақстандағы  аштық туралы нақты ақпараттар алды. «АРА» бастамасымен Қазақ АКСР-дағы дағдарыс жағдайына қоғамдық назар аударылды. «АРА» өкілдері Орынборға 1922 жылы қаңтарда келді. Ақпан айынан бастап, азық-түлік беріле батады. 1921 жылдың қарашасынан 1922 жылдың наурызына дейін 125 вагон тауар әкелінді. Соның ішінде 55000 пұт ұн, 9000 пұт күріш,  2380 пұт какао т. б. жеткізілді [2; 132].

     Қазақстанның ашыққан аудандарына басқа да шетелдік қайырымдылық қорлары қаржылық-материалдық көмек көрсетті. Менониттердің діни қоғамы, американ квакерлері, «Джойнт» ұйымы 10000 АҚШ долларын ассигнациялады. Қазақстанға халықаралық қоғамдық ұйымдар да жәрдем берді. Коминтерн жанындағы  ашыққандарға көмек көрсетудің Халықаралық жұмысшы комитеті шетелдік жұмысшылардан келген қаржының бір бөлігін Қазақ АКСР жұмысшыларына берді. Қостанай губерниясына Қызыл Крест комитетінен 60 вагон астық жеткізілді. Алайда елдегі жаңдай одан әрі ауырлай түсті. Бір реттік берілген материалдық көмек жағдайды түбірімен өзгертпеді. Осы тұста Мәскеуден келген БОАК тұсындағы ОК қызметкері Н. И. Мардаровскийдің Ақмола және Қостанай губерниялары уездерінде жүргізген зерттеу есебінің мәні зор. 1921 жылы жасаған автордың есебінде аштықтың негізгі себептері көрсетіледі. Алайда ол сұрапыл аштықтың негізгі себепшісі қалыптасқан саяси жүйе екенін ашық айтпайды. Мардаровский жұт жағдайына қарамастан, азық-түлікті тәркілеу және тінту әдістері арқылы күштеп жинау  шаралары жалғастырылғанын айтады. Еңбек көлік салығын жинау туралы декрет ережелері  сақталынбай, шаруалар қолында қағазы бар барлық кеңестік «қызметкерлерді» тасуға мәжбүр болды.  Билік өкілдерінің әрекеттері халықтың ашу-ызасын туғызып, Кеңес үкіметіне сенімсіздігін арттырды. Жағдайды қалыпқа келтіруде жүзеге асырылуға тиісті шаралардың бірі азық-түлік салғыртының барлық түрлеріне тыйым салып, жиналған өнімді келесі жылғы салық есебіне қалдыру деп кеңес берді. Азық-түлік салғыртын төлемеген шаруалар жөніндегі қылмыстық істерді қайта қарап, тұтқындалғандарды босату керектігі жазылды. Декрет ережелері сақталып, осы іс-шаралар тез арада орындалмаса, халық наразылығы ушығып, мемлекетке тиімді емес формаға дейін күрделенуі мүмкіндігі аталып өтіледі [52; 23].

     Кейінірек, Мардаровскийдің 1921-1922 жж. Қазақ АКСР губернияларындағы аштық пен жұт мәселелеріне байланысты брошюрасы жарық көреді. Автор АҚШ, Канада, Батыс Еуропа елдері фермерлерінің ауыл шаруашылығын жүргізу әдістерін Қазақстан шаруаларына үлгі ретінде көрсетеді. Мерзімді басылым мен әдебиеттің қатаң бақылауға алынуына байланысты шаруашылық дағдарыстың негізгі себептерін ашық айту мүмкін болмады. Әсіресе Қазақ АКСР-ның батыс бөлігінде ахуал өте қиын болды. Қазақ ОАК-нің 1921жылғы 31 наурыздағы отырысында Орал губерниясындағы жағдай қарастырылды. Жымпиты мен Ойыл уездеріне нанның орнына балық өнімі берілді. Орал губерниясының далаларынан Ресей аймақтарына 30 млн. пұт жемшөп даярлау міндеті қойылды. Жергілікті билік өкілдері ашыққан отбасыларға азық-түлікті біршама «дәулетті» шаруалардың есебінен алып берді. 60-150 ауыл тұрғындарына дейін азықпен қамтамасыз еткен «дәулеттілердің» көмегі туралы Мардаровский: «байлардың беделін дәріптеу – коммунистік көзқарас пен кеңес мемлекетінің мүддесіне қайшы келеді» –  деп жазады. Орталық Қазақ АКСР-дағы жағдайды біле отырып, азық-түлік қорларын тасуды тоқтатпады. Қазақ халықтық азық-түлік комиссаритының қызметкері Пономаренко республика басшылығына РКФСР ХКК-ның  1921 ж. 21 маусымдағы қаулысымен Ақмола және Семей губернияларындағы барлық астықты Орталыққа жіберу керектігін мәлімдейді. Сол себепті ОАК-нің Қазақ АКСР-ның батыс аудандарына 30 вагон астық жіберу туралы тапсырмасы жүзеге асырылмады [2; 135].

     Мемлекет «әскерикоммунистік» экономика жүйесінде қазақ шаруашылығына азық-түлік, шикізат пен жұмыс күшінің қайнар көзі ретінде қарады. Қостанай губерниясының Адамов Полтавка теміржолы станциясынан астық тасу үшін көлік табуды міндеттеді. Станцияда сақталған 300 пұт астықты жергілікті ашықққан халыққа таратып берілмеді. Аштық салдарынан елде айтқысыз оқиғалар фактісі тіркелді. Өліктер мен адам етін жеу көбейді. Қазақ АКСР конституциясының № 12 «наркомат» циркуляры: «Адам етін жеу істерін губерниялық халықтың сотының арнайы сессиясында қарау қажеттігі» туралы жазады. Экономикалық дағдарыс елдегі криминогендік жағдай мен қылмыс фактілерінің көбеюіне алып келді. 1921 жылы мамырда ОАК өз отырысында босқындар көп орналасқан аймақтарда қауіпті криминогендік жағдайдың ушығуы мәселесі көтерілді. Өте ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайда бандитизм мен әлеуметтік наразылық актілерін ажырату мүмкін емес болды. 1921-1922 жж. экономикалық дағдарыс отбасылық қатынастардағы дәстүрлердің бұзылуына әкелді. 1921 ж. маусымда Торғай губерниялық сату фактілері келтірілді. Көкшетауда қызыләскерліктердің әйелдері жоқшылық пен аштық салдарынан балаларын атқару комитеті мекемелерінің жанына тастап кетіп жатты. Өлкеде тиф пен холера эпидемиясы өршіді. 1920 ж. ақпанда Орал уезінің болыстары халықтың 50%-ға тиф пен испанкаға щалдыққаны туралы мәлімдейді. 1921-1922 жж. қыста Орынбор қаласының емханалары жылусыз қалды. Емханалардың өзі эпидемия ошақтарына айналды. Қазақ АКСР үкіметі медициналық қызмет көрсетуді жақсарту үшін медициналық санитарлық қызметкерлерді фабрика-зауыт жұмысшыларымен теңестірді. Қазақ жылу комитетіне Орынбор қаласына тәулігіне тек 20-15 куб. отын жіберу тапсырмасы берілді. Өлкедегі санитарлық эпидемиялық жағдай басқа ашыққан аудандардағы босқындардың келуімен күрделене түсті [52; 25].

      Жұт, сұрапыл аштық, жаппай аурудың таралуы елдегі демографиялық жағдайды өзгертті. 1914 ж. Қазақ АКСР территориясында 4811662 халық болса, 1922 ж. халық саны – 3795963-ке төмендеді. Жаппай аштықтың салдарынан империяда көші-қон үрдістері күшейді. Республика басшылығы баспасөз арқылы халықтың тұрғылықты мекен жайларынан өз еркімен көшіп-қонуға тыйым салды. Ашыққан халық эвакуациясы жер комиссариаттары арқылы жүзеге асатындағы мәлімденді. Осы мақсатта елде арнайы басқарма Қазэвакуция құрылды. Алайда бұл шаралардың нәтижесі оңды болмады. Қоныс аударылған халықтар аштықтан аман қалу үшін Украина, Сібір, Түркістанға көшірілді. 1921 ж. 27 маусымда Қазақ ОАК басшысы Меңдешев пен Егін шаруашылығы халкомының басшысы Харков Қазақ АКСР шаруаларына жолдауға қол қойды. «Өздеріңіздің көшіп-қонуларыңызбен сіздер одан сайын кедейленіп, теміржол көлігі жұмыстарына бейберекетсіздік тудырып, нан мен құралды бірден қажет ететін жұмыссыздар санын көбейтесіздер. Қырғыз ОАК Президумы Украинаға көшу немесе қоныс аударуға тыйым салды. Украинаға көшу немесе өз еркімен қоныстану мемлекеттік сипаттағы қылмыс болып есептеледі» – деп айтылды. Эвакуация жоспарын билік өкілдері жүзеге асыра алмады. Мысалы, 1921 ж. күзде Ақтөбе станциясында 13000 адамға дейін жиналды. Теміржол станцияларында Қазақстанға бірінші дүниежүзілік соғыс тұсында қоныс аударылған 35000-дай босқындарды республикадан көшіру туралы Мәскеудегі Орталық эвакуация Қазэвакуацияға тапсырма береді. Түркістан мен Украинаға 17500 бала көшірілді. Қалған негізгі бөлігі көмексіз қалды. Бөкей губерниясында көшпелі халықтың балаларын ұйымдастыруға жағдай болмағандықтан, оларды көшіру жүзеге аспады. Ресми мәліметтер бойынша 1922 ж. ақпанда Қазақ АКСР-да 408032 қараусыз балалар болды. 455 балалар үйінде 60000 бала болды. Сонымен қатар, қазақ далаларына РКФСР-дың басқа аудандарынан келген ресей шаруалары жергілікті халықтың жер учаскелерін тартып алды. Осы кезеңде мемлекеттің арнайы ұйымдастыруымен Ресей шаруалары Қазақстанға қоныстандырылды. Ведомствоаралық кеңес қаулысына сәйкес 1921 ж. Қазақ АКСР территориясына 5-6 айда жұт пен аштыққа ұшыраған Ресей өлкелерінен 1 млн. адамды қоныстандыру жоспарланды. Өз бетінше қоныс аударған щаруалар кедейленіп, елдегі жағдайды одан әрі күрделендірді. Мысалы, Көкшетау уездік атқару комиметінің басшысы Жуков губерниялық басқармаға уезге 44000 босқындар қоныс аударып, тонаушылық пен ұрлықпен айналысқандығы туралы мәлімет береді. Ақмола уезінде, 1921 ж. жазда ашыққандарға көмек көрсету органының нақты емес мәліметі бойынша 74000 босқындар жиналды. Шын мәнінде  олардың саны бұдан да көп болды. Қазақ АКСР территориясында босқындардың көп келуі өлкенің географиялық жағдайымен де байланысты болды. Олардың ішінде Дон, Кубань, Кронштад бүлігі мен антикеңестік баскөтерулердің мүшелері де болды. Кеңес үкіметінің қуғын-сүргіндік саясатынан қауіптенген қашқындар қазақ даласында бас сауғалауға тырысты. Бұл жағдай 1921-1922 жж. большевиктерге қарсы ереуілдердің орын алуына да өз ықпалын тигізді. Осы кезеңде Волга бойы мен Қазақ АКСР-ның және басқа да облыстардың аштыққа ұшыраған тұрғындары империяның оңтүстік өлкелеріне жетуге тырысты. Көптеген адамдардың санасында Ташкент нан қаласы деген түсінік болды. Сол себепті Қазақ АКСР ашыққан шаруалардың транзиттік территориясына айналды. Мысалы, 1921 ж. маусымда РК(б)П-ның Орал губерниялық комиссариаты Қазақ АКСР ХШК басшысы Радус-Зенковичке жолдаған жедел хатында Самара губерниясынан Ташкент бағытына нан іздеумен шыққан шаруалар Оралдың оң жағалауына жетіп, өзеннен өтуге көмек сұрағандығы жазылады. Келіспеген жағдайда олар аудандағы азық-түлік қоймалары мен мекемелерін тонайтындығын айтты. Губком ХШК-не қарумен шаруалардың өзеннен өтуіне жол бермеу керектігін бұйырды [51; 31]. Түркістан АКСР үкіметі Жетісу мен Сырдария облыстарындағы босқындарға қарсы күрес шараларын жүргізді. Түркістан аймағының Аймақтық көлік ШК-ның 1921 ж. 25 қарашадағы бұйрығына сәйкес, ТАКСР шекарасына заңсыз келгендердің барлығын 5 жылға еңбекпен түзеу канцлагерлеріне жабу туралы тапсырма берілді. Өлкеге босқындардың енуіне жол берген теміржол көлігі жұқмысшылары, милиция қызметкерлері т. б. революциялық әскери трибунал сотына тартылды. Қазақ шаруалары республикадан тыс аймақтарға көшіп жатты. Әсіресе, Жетісу облысының көшпелі шаруалары жүйесіз азық- түлік салғырты мен тәркілеуден қашып, Қытай территориясына қоныс аударды [2; 138].

     Жалпы алғанда, 1921-1922 жж. шаруашылық күйреу қазақ халқының демографиялық дамуына кері әсерін тигізді. 1926 жылғы санақ көрсеткіші бойынша Қазақстанда қазақтар – 58.5 %, орыстар – 20.6 %, украиндықтар – 13.9 % болды. 1897 ж. Жалпыресейлік санақ көрсеткішімен салыстырғанда, осы жылдарда орыс халқының саны – 2.8 есе, басқа ұлт өкілдері – 4.3 есе өссе, қазақтар небәрі 7 %-ға өскен. Яғни, қазақ халқының саны – 23.2 % ға төмендесе, орыстар – 9.6, басқа халықтар – 13.7 пайызға өсті [44; 200].

          Соғыс зардаптары, осы жылдардағы түрлі табиғат апаттары (қуаңшылық және т. б.) және ақылға сыймайтын адам төзгісіз экономикалық саясат ауыл шаруашылығын дағдарысқа ұшыратты. 1914 жылдан 1922 жылға дейін егістік алқабы екі есе (3.6 млн. десятинадан 1.6 десятинаға дейін) төмендеп, өнімнің жалпы түсімі үш есе азайды. Мал шаруашылығы да өте қиын жағдайда қалды. 1914 жылдан 1922 жылға дейін ірі қараның саны – 2.1 миллион басқа, жылқы – 2 миллионға, ұсақ мал – 6.6 миллионға, түйе –300 мың басқа азайды. Барлық мал басы осы жылдары 10.5 миллионға кеміп кетті.

     Ауыл шаруашылығын жұтатып кеткен осындай апат елді жаппай ашаршылыққа ұшыратты. Жергілікті жерлерден түскен мәліметтерге қарағанда, 1921-1922 жж. Орынбор губерниясында – 445 мың адам, Қостанайда – 225 мың, Оралда – 400 мың, Ақтөбеде – 360 мың, Бөкей губерниясында – 100 мың адам ашаршылыққа ұшырады. Ал бүкіл республика бойынша 2 миллион 300 мың адам ашаршылық қасіретіне душар болды. Аштан өлу мен ауруға ұшырау, сондай-ақ халықтың санын күрт азайтып жіберді. 1914 жылы Қазақстан аумағында 4811662 адам тұрса, ал 1922 жылы бұл көрсеткіш 3705963 болды [45; 127].

     1920-1921 жж. Қазақстандағы қалыптасқан аграрлық сектордағы экономикалық және саяси ауыр дағдарыс шаруалардың Кеңес үкіметінің экономикалық саясатына қарсы наразылығы стихиялы қарулы көтерілістің тууына әкелді. Кеңес үкіметінің «соғыс коммунизм» саясаты оны күйрету шегіне жеткізді, бұл Кеңес үкіметіне, социалистік идеяға деген сенімсіздіктің тууына себеп болды. «Соғыс коммунизм» тәжірибесі өзінің өмірге қабілетсіз екенін көрсетті. Сондықтан большевиктер алдында: елдегі биліктен айырылып қалу не шаруашылықтық саясаттың жаңа принциптеріне көшу қажеттілігі және оның негізін, халыққа тиімді де түсінікті экономикалық қатынастардан қарау керектігін қоғам дамуы күн тәртібіне қойды. Осыған байланысты большевиктер уақытша болса да революциялық утопиялық нормалардан шегініп, экономикалық қатынасқа, яғни, базарлық, товарлық-ақшалай қатынасқа өту мәселесіне салиқалы қарай бастады [41; 50].

     Теріс саясаттың обьективті тарихи салдарларын қарастырғанда, оның әсіресе Қазақстан халқы үшін ауыр тигеніе көреміз. Халықтың көп бөлігінің міндеткерлікті бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңінен бастап өтеу міндеттілігі жағдайды одан әрі күрделендірді. Жаңа отарлық орталық өзінің экономикалық саясатында қазақ өлкесінің ауылшаруашылық потенциалы мен шикізат байлықтарын кең ауқымда қолдануға мүдделі болды. Осы мақсатта «әскерикоммунистік» шаруашылық механизмінің тетіктері кеңінен қолданылды. Мемлекеттік құрылымдардың өлкенің экономикалық негізін құрайтын ұсақ шаруашылықтарға жасаған қысымы, олардың толық күйреуіне әкелді. 1921 жылы көктемде барлық материалдық ресурстар таусылды. Онымен бірге Қазақстан халқының Кеңес үкіметі мен экономикалық саясатына деген сенімсіздігі күшейді.

 

  1. 2 «Әскери коммунистік» жүйенің саяси дағдарысы

 

     Әлеуметтік-экономикалық саладағы күштеп жүргізілген шараларға қарсылық Кеңес үкіметімен қарулы қақтығысқа әкелді. Кеңес тарихнамасында бұл күрес кулактық бандиттік бүліктер, ұсақ буржуазиялық контрреволюциялық баскөтерулер деп аталды. 1920-1922 жж. өлкеде антикеңестік қозғалыс орын алды. РКФСР-ның түрлі өлкелерінде де саяси ереуілдер басталды, 1921 ж. наурызда Кронштад матростарының, махновшылар мен петлюровшылердің Украинадағы ереуілдері, Дон мен Солтүстік Кавказда казактардың, Тамбов губерниясында эсерлік шаруалардың, Түркістан республикасында ереуілдік қозғалыстар орын алды.

     Қазақ АКСР территориясы да Қызыл Әскер мен жергілікті халықтың қарулы қақтығыс алаңына айналды. Өндірістің коммунистік әдістеріне қарсы орын алған 2 Түркістан дивизиясының командирі А. Сапожков бүлігі болды. РК(б)П-ның экономикалық саясатына қарсы көзқарастар барлығын сезген Волга әскери округінің басшылығы А. Сапожковты орнынан түсіреді. Сапожков жауап ретінде 1920 ж. 13 шілдеде Бузулакта (Орынбор) көтеріліс ұйымдастырады, ол Қазақстанның батыс өлкелерін де шарпыды. Көтеріліске шыққан 2500 адам өздерін «Шындықтың бірінші армиясы» деп атады [64; 84]. Бүліктің негізгі ұраны: «Азық-түлік салғырты жойылсын, еркін сауда жасасын!» деген ұран болды. 1920 жылы қыркүйекте Волга әскери округі бөлімдері көтерілісті басады, А. Сапожков Бөкей губерниясы, Новоказанка селосының маңында қаза табады.

     Солтүстік Қазақстандағы ірі баскөтерулердің бірі – Есіл-Петропавл  көтерілісі. Шаруалардың қарсылығының негізгі себебі – азық-түлік салғыртының ауыртпалығы болды. 1920 ж. 20 шілдеде жарық көрген РКФСР ХКШ-нің Сібірде артық астықты алу туралы декреті бойынша 1920 ж. 1 тамызынан 1921 ж. көктеміне дейін 110 млн. пұт астық өткізу міндеттелді, бұл жалпы одақ көлеміндегі тапсырманың 1/3 бөлігін құрады. Сібір азық-түлік комиссары Каганович Орталыққа жоспарды асыра орындап, 135 млн. пұт астық өткізентіндігіне уәде бергенімен, азық-түлік науқанының соңында шаруалардан тек 62 млн. пұт астық жиналады. Мысалы, Көкшетау уезі 1920 ж. қарашада жоспар бойынша белгіленген 6 млн. пұт астықтың опнына небәрі 2.5 млн. пұт астық өткізеді. Үкімет шаруаларды одан сайын қысымға алады. 1920 ж. қарашада Көкшетау уезіне 3 млн. пұт астық өткізу тапсырмасы беріледі. Егер алғашқыда өңделген астық жиналса, енді өңделмеген астықты тартып алу шаралары жүзеге асыралды. 1921 ж. қаңтарда азық-түлік салғыртының тек 25%-ы орындалды, небәрі 550 мың пұт астық жиналды. Шаруалардың шыдамы азық-түлік отрядтары жоспарды орындау үшін ұрықтық астықты тәркілеуге көшкен кезде шегіне жетеді [64; 83].

     Көтеріліс 1921 ж. 31 қаңтарда Тюмень губерниясының Есіл уезінде басталады. Көп ұзамай көтеріліс Көкшетау, Петропавл, Ақмола, Атбасар уездерін де қамтиды. Ақпанның ортасына қарай көтерілісшілер Петропавлды жаулап, Орталық Ресейге азық-түлік тасылатын Сібір теміржол магистралын бөгейді[65; 93]. Жаулап алынған елді-мекендерде кеңестік мекемелер, аудандық азық-түлік комиссариаттары, т. б. қиратылды [64; 84].

     Қазақ халқы көтеріліске белсенді араласып, азық-түлік беріп, көтерілісшілердің арасына байланыс орнатты, жекелеген қызыл әскер отрядтарына шабуылдар ұйымдастырып отырды. «Әскерикоммунистік» шаруашылық жүйесі көшпелі шаруашылықты күйзеліске ұшыратты. Ет салғырты мал шаруашылығының күйреуіне әкелді. Әсіресе жүйе жүзеге асырып отырған мобилизация мен көлік міндеткерлігі қазақ шаруаларының жағдайын одан әрі қиындатты. Көкшетау уездік комиссариатының мүшесі Ф. В. Вороновтың РК(б)П ОК-не жазған хатында: «Кеңестік шаралардың ауыртпалығы орыс емес, қазақ халқына барынша салмақ салды» деп жазады [64; 84].

     Жергілікті жерлерде партиялық кеңестік органдар бүліктердің алдын алу шараларын жүргізді. Коммунистер мен комсомолдар әскер қатарына алынып, елде төтенше жағдай жарияланды. Әскери революциялық үштік басшысы П. Розенбах бұйрығында барлық азаматтардың құжатын тексеру мен қарсылық көрсеткендерді орындарында ату тапсырмасы берілді. Көтерілістің таралуын тежеу үшін жергілікті халықтан кепілге адамдарды алу әдісі кең қолданылды. Көкшетау уездік революциялық үштіктің ерекше бөлім бастығы Ганилевичтің бұйрығында әр атылған коммунист, қызыләскерлік немесе жалпы кеңестік қызметкер үшін он тұтқын атылатындығы және осы хабарландыруды жасыруға тырысқандарды ату жазасына кесілетіндігі туралы айтылады [51; 13].

     Алайда көтеріліс аймағы кеңейе берді. Көтерілісті басу үшін РК(б)П ОК мен РКФСР қарулы күштерінің Бас басқармасы 21-атқыштар дивизиясы, Қазан және Сібір жаяу әскер полктары, кавбригада, 121-ші және 122-ші кавполктарды, 4 бронепоезд жібереді. 1921 ж. наурызда Солтүстік Қазақстандағы шаруалар көтерілісі күштеп басылады. Әсіресе казактар аяусыз репрессияға ұшырайды. Көкшетау аймағының өзінде 9 казактық станицалар жойылды [64; 84-85].

     Қазақстанның әртүрлі өлкелерінде орын алған большевиктерге қарсы баскөтерулер шаруашылық саясатқа қарсылықтың саяси көрінісі болды. Қазақтармен бірге көтеріліске Орынбор, Орал, Сібір әскери казактары да қатысты. Казактар большевиктік экономикалық саясатқа қарсы ғана емес, өздерінің өлкедегі иеліктері мен сословиелік дәрежесін сақтап қалу үшін күресті. Сонымен қатар казактардың кеңес үкіметіне қарсылығын 1920 ж. қазанда Қазақ АКСР-ның құрылуы да күшейтті. 1921 ж. маусымда Орал губерниялық комиссариаты РК(б)П ОК-не казактардың автономды республиканың құрылуымен келіспейтіндігін мәлімдейді. Казактар «Кирреспублика жойылсын, казактардың құқығы жасасын!» деген ұран көтерді. Азық-түлік диктатурасы мен мемлекеттік міндеткерліктер қазақ халқын казактармен бірге қалыптасқан жүйеге қарсы күресуге мәжбүрледі. Қостанай губерниясында Аистов, Охранюк, Ақтөбеде Глазунов, Орал мен Бөкей губернияларында Серов, Горин және Киселев отрядтары кеңестік мекемелер мен азық-түлік қорларына шабуыл жасады. Олардың қатары жергілікті тұрғындар мен қызыләскерліктермен толығып отырды. Ақмола губерниясында үкіметке қарсы Кожедуб басқарған Щучье және Қотыркөл станицаларының тұрғындарынан құрылған отряд белсенді күрес жүргізді. Оның отрядында Есіл, Петропавл көтерілісінің мүшелері де болды. Кожедубты жергілікті тұрғындар да қолдады. Ақмола губерниясының әскери басшысы Пакаев 1922 ж. 10 маусымдағы бұйрығында «Бандитизммен уланған халыққа қарсы әскери операцияларды жүргізуде репрессиялық шараларды қолдану керектігін» мәлімдеді. Бұл үшін барлық елді-мекендерден ықпалды адамдарды тұтқынға алып, қалған халыққа бандиттермен байланыс жасауға, тұтқындарды ату жазасына кесілетіндігін ескертеді [51; 71].

     Төтенше комитеттің құпия жобасында Қазақ АКСР-ның губернияларының саяси жағдайы туралы Қостанай губерниясында  20000-ға дейін қазақтар Охранюк басқарған отрядқа қосылғандығы жазылады. Охрянюк отряды Уркач ауылын жаулап, астық пен малды жинап, қашып кетеді. 28 маусымда № 12 Наурызым болысының ауылына шабуыл жасайды. Осыдан кейін жергілікті басшылар Орынбор басшылығына барлық дайындалған астықты тәркілеу туралы өтініш білдіреді. Бұл өтінішке жауап ретінде республиканың азық-түлік комиссары Шлейфер: «Осы ауданға қарулы күштер беру» туралы тапсырма береді. Осылайша үкімет халықтың ереуілдерін қолмен жасады.  Жергілікті тұрғындар азық-түлік тасылатын және сақталатын теміржол мен станцияларға шабуыл жасады. 1921 ж. шілдеде ағайынды Габзелимовтердің башқұрт отряды Ақкемер станциясын алды. Азық-түлік тиелген поездар тиелді. Ақмола губерниясында Петропавл-Көкшетау теміржолында жарылыс ұйымдастырылды.

     Республиканың батыс өлкесіндегі ірі көтерілістердің бірін Василий Серов басқарды. «1-атаман дивизиясы» өздерін «Халық бостандығы» деп атады. 1921 ж. аяғы -1922 ж. басында көтерілісшілердің саны – 3000 адамға жетті. Олар негізінен Орал казактары, қазақтар және олардың қатарынан қосылған қызыләскерліктер болды. 3 полк пен Революциялық әскери кеңес ұйымдастырылды. Өздерінің үндеулерінде олар қалыптасқан жүйені құлатуға шақырды, коммунистерді азаматтардың еркіндігі мен құқықтары бұзылғандығы үшін айыптады. Көптеген үндеулер мен ұрандар эсерлік сипатта болды: «Барлық орыс халқына Ұлы Ақпан революциясы принциптері бойынша Еркіндік, Теңдік, Ағайындық» — деп ұрандады. Көтеріліс Саратов, Орынбор, Ақтөбе, Орал, Бөкей губерниялары территориясын қамтыды. 1922 ж. наурызда көтеріліс күштеп басылды [2; 145].

     1921 ж. ортасында Қазақстанның барлық территориясында көтерілістер орын алды, «соғыс коммунизм» саясатына қарсылық жоғарғы деңгейге жетті. Қазақстандағы ереуілдер кеңестік Ресейдегі қарулы қақтығыстармен ұласты. Омск, Тобыл, Челябинск губерниялары көтерілісшілері «1-Сібір халықтық дивизиясын құрды, оған Токарев басшылық етті. Семей губерниясында Токарев отрядынан басқа Самара, Орынбор губернияларының көтерілісшілер отрядтары да болды. Большевиктер қалыптасқан дағдарыстың себебін әлемдік империализм мен оның агенттерінен көрді. Шын мәнінде, шетелдік орталықтарда Қазақстан территориясындағы антикеңестік ереуілдердің орын алуына ықпал етті. 1921 ж. наурыз-сәуірде Порт-Артур, Пекин қалаларындағы өткен жапон генштабы мен Анненков, Семеновтардың кездесуінде өтті. Челябинск, Петропавл, Омск, Новониколаевск, Чита қалаларын алу жоспарланды. Ақмола және Семей губерниялары территориясында колчак офицерлерінің көптеген кадрлары болды [66; 127].

     Кейбір зерттеушілер Қазақстандағы ұйымдасқан қарсылықтың себебін эсерлік ұйымдардан көрді. Алайда, ауыл мен деревняларда орын алған қарсылықтардың негізгі себебі – мемлекеттің экономикалық саясаты мен аштық болды. Халықтың наразылығын большевиктердің саяси қарсыластары өз мүддесіне пайдалануға тырысты.

     Түркістан республикасына кіретін Оңтүстік Қазақстан облыстарында қарсылық ошақтары пайда болды. 1920 ж. қарашада Жетісу облысының Нарын уезін көтерілісшілер жаулап алды. Негізгі себебі – 1920 ж. 23 шілдедегі Түркістан азық-түлік комиссариаты бұйрығымен міндеттелген 500 мың пұт бидай, 8.5 мың бас ұсақ мал, 2000 бас мүйізді ірі қара, 255.5 мың арпа мөлшеріндегі салғырт болды. 1921 ж. мамырда Қазақ АКСР-нің ВЧК жазбаларында Семей губерниясында 2000-дай әйелдер мен балалардан құралған көтерілісшілер отрядтары бар екендігі жазылды. «Әскерикоммунистік» жүйеге қарсы бағытталған барлық ереуілдер аяусыз басылды. Шын мәнінде, тонаушы қылмыскерлер мен большевизмнің идеялық қарсыластарын ажырату мүмкін болмады. Қазіргі Қазақстан тарих ғылымының өкілдерінің пікірлері обьективті болып табылады. Олар: «көтерілістердің әлеуметтік негізі – шаруалардан тұрды, қозғаушы күші – идеологиялық мотивтер емес, ауыл шаруаларының экономикалық мүдделеріне қайшы келетін «соғыс коммунизмі» саясатына қарсылық болды [39; 11-12]. Экономикалық тәуелсіз шаруашылықтың өмір сүруінен большевиктер лидерлері қауіптенді. «Біздің ең қауіпті жауымыз – Корнилов, Дутов, Колединдердің бәрін қосқанда бәрінен қауіптісі – ұсақ кулактар, меншік иелері» деп мәлімдеді [3; 235].

     Осы тұста Қазақ АКСР-ның түрмелері мен лагерьлеріндегі тұтқындардың жағдайы туралы мұрағат материалдары қызығушылық туғызады. Көкшетау түрмесінде 1921 ж. 1 шілдеде 242 тұтқынның 200-і шаруалар болды. Тамызға қарай тұтқындалған шаруалардың саны өсті. Петропавл канцлагерінде 1921 ж. 1 қазанынан бастап еңбекке тартылған 242 тұтқынның 195-і контрреволюцияшылдығы үшін тұтқындалды, оның 166-сы – шаруалар болды. Елек канцлагерлеріндегі 319 тұтқынның 107-сі контрреволюция үшін айыпталды. Бұл БОАК Президумының арнайы қаулысымен 1919 ж. 11 сәуірде құрылды. Кейінірек, сталиндік жүйемен модерницалияланған лагерлер – ГУЛАГ – еңбекпен өтеу жүйесіне айналды. Революциялық әскери трибунал мен ТК-тің шешімімен контрреволюция үшін сотталғандар саны қаңтар айынан 1921 ж. желтоқсанына дейін өскендігі байқалды. Қазақ АКСР-дағы түрмелер мен канцлагерлердің негізгі континентін қарулы көтеріліске қатысқан, азық-түлік салғыртын орындамағаны үшін тұтқындалған шаруалар құрады. Жалпы алғанда, өлкедегі саяси жағдай мемлекеттік аппарат өз бақылауында ұстап тұра алмайды. Әкімшіліктің күштеуге негізделген шараларының тиімсіздігі көріне бастайды. Қазақ АКСР-ның барлық өлкелерінде 1921 ж. большевиктердің билігі тек губерниялық қалаларда сақталды. Губерниялардың көп бөлігі көтерілісшілер отрядтарының билігінде болды.

     Стихиялық көтерілісшілерге қарсы күресте бандитизммен күрес бойынша комиссиялар құрылды. Оның құрамына губком, губчек пен әскери басқарма өкілдері кірді. Бұл үштіктер «бандиттік» отбасыларды айқындаумен айналысты. ВЧК жазбасында Ақмола уезінің болыстарында қызыләскерліктер тонаушылықпен айналысып, 32 адамды өлтірген. Көптеген қызыләскерліктер көтерілісшілер жағына шығады. 1921 жылы азамат соғысының майдандарындағы әскери қимылдар тоқтағанына қарамастан, кеңес үкіметі қаруландыруды одан әрі арттыра түседі. Ішкі әскерді күшейтуге назар аударылды. Шаруашылықтың «әскерикоммунистік» тәсілдері көптеген адамдардың әлеуметтік деңгейін түбірімен өзгертті. Қызыл әскерден бөлек НКВД, ВЧК-ның өз әскері, көліктік ТК-тер болды. Темір жол мен су жолдарындағы «революциялық заңдылықты» қамтамасыз ету мақсатында ВОХР – ішкі күзет әскері, ВНУС – ішкі күштер әскері құрылды. Қазақ АКСР-ның уездік, губерниялық қалаларында, теміржол станцияларында, жұмысшылар поселкелеріндегі милиция органдары күшейтілді. Бұл қуатты аппарат жергілікті кеңестер билігін қолдап, кез-келген көтерілісті басып отыруға тиісті болды [2; 157].

     Қарсылық ереуілдерімен күресуге ЧОН ерекше нұсқаулар бөлімі әскеріне назар аударылды. Олар қызыл әскер құрылымы бойынша белгілі бір нұсқауларға байланысты құрылды. Саяси дағдарыстың негізгі себептері туралы сол кезеңде де айтыла бастады. Қазан төңкерісі нәтижесінде билікке әртүрлі әлеуметтік топ мүшелері келді. Көпшілігі билік арқылы жеке мүддесін жүзеге асыруға тырысты. Ресей тарихшысы Е. Г. Гимпельсон бұл туралы: «Большевиктердің ортақ сипаты – саяси шыдамсыздығы мен максимализмі болды. Бізбен бірге болмағандар – біздің жауымыз» деген «әскерикоммунистік» идеология орын алды» – деп жазды [33; 27].

     «Соғыс коммунизмі» кезеңінің тағы бір ерекшелігі – күштеу легитимизациясы болды. «Қызыл террор» мен әскери қарсыластарға қарсы күресте «революциялық әділеттік» пен қарапайым заңсыздықтың шекарасы болмады. Сот, прокурорлық бақылау әкімшілік органдарын большевиктік үкіметтің төтенше органдары (ВЧК, ревтрибунал, үштіктер) алмастырды. Жаңа басшылық органдарында ешқандай билік болмады, заңсыздық күшейді. «Әскери коммунизмнің» идеологиясының өзі қоғамның әлеуметтік белгісі бойынша ыдырауына әкелді. Қазақстанда жоспарлы шаруашылықтың «әскери коммунистік» механизмі отарлық бағыт алды. Далалық өлке мен Түркістан республикасының жергілікті халқы қанаудың біртұтас обьектісі ретінде қаралды. Қазақстандағы көптеген қоғамдық және саяси қызметкерлер өзекті мәселелерді көтере бастады [67; 112]. Ахмет Байтұрсыновтың халкомның ұлттар ісі жөніндегі баспа органы – «Жизнь национальности» басылымында «Революция және қырғыздар» мақаласы жарық көрді. Мақалада автор қазақ халқының 1917 ж. Қазан төңкерісін қалай қарсы алғандығы туралы баяндалады. «Қазан төңкерісі қырғыздардың үрейін туғызды. Ресейдің орталық аудандарында большевиктік қозғалыстардың қалай жүзеге асқандығы қырғыздарға белгісіз болды. Шеткері аймақтарда ол күштеу, тонау мен биліктің өзіндік диктатурасымен жүзеге асты. Қысқаша айтқанда, шеткері аймақтағы қозғалыстар революция емес, толық анархия сипатында болды», – деп жазады. А. Байтұрсынов бұрын патша шенеуніктері қанаса, енді большевиктердің атын жамылып, шеткері өлкелерде тәртіпсіздік орнатып жатқандығын атап өтеді [2; 163].

     Қазақстандағы саяси жағдайды бейнелейтін маңызды құжаттардың бірі – Т. Сидельниковтың В. И. Ленинге жолдаған хаты болып табылады. Автор көптеген мемлекеттік қызметкерлер өз әрекеттерімен өлкенің жергілікті тұрғындарын кеңес үкіметіне қарсы қойды. Т. Сидельниковтың айтуы бойынша «коммунизм прапорщиктері» партияны жоғары мәртебелі каста, ал билікті «әскери марапат» ретінде түсінеді. Қазақтардың большевиктер мен азамат соғысына қарсылығын барлық даулы мәселелерді шешуде заңды бейбіт жолмен қалайтындығын түсіндіреді [68; 79-80].

     Перовскіде атқару комитеті уезд халқын қорқытып басқаруға тырысты. Қарсы шыққандардың барлығы атылды. Национализация сылтауымен қала тұрғындарынан үй, еңбек құралы, жеке мүліктер тартып алынды. «Әскери коммунистік» жүйеде жаңа әлеуметтік күштердің билікке келуі саяси фактормен айқындалды. Жергілікті кеңес үкіметі басқармаларының қызметкерлері бұрынғы отарлық әкімшілік шенеуніктерінен тағайындалды. Кеңестік тарихнама мемлекеттік басқару жүйесінің орталықтануын әсірелеп көрсетті. Билік өкілдері тәркілеу және реквизициялау әдістері арқылы жергілікті тұрғындарды тонады. Жалған тарихнамалық стереотип қоғамдық танымда «батырлық кезеңнің» большевиктік басшысының аскеттік-пуритандық бейнесін жасады. Қазақстандағы саяси және экономикалық дағдарыс кеңес мемлекетін қамтыған дағдарыстың бір үзіндісі болды. Билеуші жүйе мен халық арасындағы келіспеушілікті күштеу әдісімен ғана шешуге болмайтындығы анық көрінді. 1920-1921 жж. «әскерикоммунистік» саясаттың негізгі принциптері жөнінде партия ішінде пікір-талас жүрді. Партиядағы даулардың өткір және ашық сипаты «соғыс коммунизм» нәтижесінің қанағатсыздығының дәлелі болып табылады. Большевиктер экономикалық және саяси дағдарыстан шығудың жолдарын іздестіре бастады. Партия мүшелерінің көпшілігі қарсылықты күшпен басып, «соғыс коммунизм» саясатын жалғастыра беруді жақтады. Алайда бұл жол мемлекетте азамат соғысын өршітіп, кеңес үкіметінің ыдырау қаупін туғызды. Екінші жағынан, большевиктер қарсыластарының 1917 ж. Ақпан төңкерісінің демократиялық принциптерін қайтару, Құрылтай жиналысын шақыру талаптарын орындай алмады. Себебі бұл большевиктік басшылықтың саясат, экономика, идеологиядағы ықпалына кері әсерін тигізер еді. Осы жағдайда билеуші топ «соғыс коммунизм» саясатының негізгі принциптерінен бас тартуға мәжбүр болды. Ең алдымен азық-түлік салғырты шектелген азық-түлік салығына алмастырылды және еңбек міндеткерлігі жойылды.

     1920-1922 жж. көтерілістер сипаты, қозғаушы күші, негізгі мақсаттарына қарай жаппай және «әскерикоммунистік» саяси-экономикалық жүйенің орнауына қарсы бағытталған көтерілістер болды. Көтерілісшілер қатарына қылмыскерлер де қосылды. «Соғыс коммунизм» саясаты сұрапыл аштық пен кедейшілікті туғызды, көптеген адамдар қиын жағдайда тірі қалу үшін тонау, ұрлықпен айналысуға мәжбүр болды [43; 117].

     Сонымен, қорыта келгенде, Кеңес үкіметі 1921 жылы наурызда өткен РК(б)П-ның X сьезінде шаруашылық саясатының өзгерісі туралы жариялайды. Жаңа экономикалық саясатқа көшу, тауарсыз утопия идеясынан бас тарту, қалыпты экономикалық тауар-ақша қатынастарына көшу – халық шаруашылығын қалпына келтіру мен өткір саяси дағдарыстан шығудың кепілі болып есептелді.

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

    Қорыта келгенде, «Соғыс коммунизм» тарихы тарихнамаға кең ауқымды мәселе ретінде енді. Мәселенің негізгі өзегі күштеуге негізделген әлеуметтік тәжірибелерді жүргізу болды. Қазақстандағы «әскерикоммунистік» шаруашылық моделінің мәні кеңес үкіметінің экономикалық саясатымен ғана емес, патшалық Ресейдің тарихи даму дәстүрімен отарлық тәжірибесімен анықталды. Нәтижесінде Қазақстанда төтенше шаралар мен күштеуге негізделген экономикалық жүйе қалыптасты. «Соғыс коммунизм» Ресей үкіметінің дүниежүзілік соғыс жағдайында жүргізген 1914-1917 жж. экономикалық саясатынан туындады.

     Азамат соғысы қазақ халқы мен Қазақстанның көпұлтты халықтарына шексіз қайғы-қасірет әкелді. Азамат соғысы жылдарында экономиканы, материалдық ресурстарды соғыс жағдайына жұмылдыру мақсатымен төтенше шаралар, яғни «әскери коммунизм» саясаты ендірілді. Осы саясаттың негізінде нарықтық, тауар-ақша қатынастарына шектеу салынып, ынталандырудың орнына экономикалық әдіспен тысқары бұйрық нұсқау берушілік пен әміршілдік жүйе қалыптасты. Экономикалық өмірді толығымен қоластына алып, тұрпайы күйге келтіру, оның барлық саласына теңдесі жоқ мемлекеттік бақылауды күшейту, жаппай теңгермешілікке көшу т. б. әрекеттердің бәрі социализмнің теңдік идеясының іске асуы ретінде түсіндірілді.

     Большевиктердің жоспарлы шаруашылық жүйесі құрылымының негізін мемлекеттің ауылшаруашылық азық-түлігіне монополиясы мен оларды шаруалардан салғырт түрінде алу құрады. Кеңес үкіметінің қарулы күштеуге негізделген азық-түлік диктатурасы Қазақстан территориясында 1920 жылдың бірінші жартысынан бастап жүргізіле бастады. Азық-түлік салғырты ұсақ тауар өндірушілерге кері әсерін тигізді. Әсіресе салғырт саясаты қазақ шаруашылықтарының мүддесіне ықпал етті. Бұл сол кезеңдегі билікте бұрынғы отарлық бағытты ұстанған басшылардың болуымен де байланысты. Қазақ ауылдарында ауылшаруашылық өнімін даярлау процесі ашық тонауға ұласты. Қазақстанның мал шаруашылықты аудандарына РКФСР ХКҚ-ның 1920 ж. 23 наурыздағы декретімен енгізілген ет салғырты ауыр тиді. Аграрлық азық-түлік саласындағы негізгі «әскерикоммунистік» шара ретіндегі азық-түлік салғырты ұсақ шаруашылықтар қызметіне өзгеріс енгізді. Ауыл шаруашылығындағы шаралар егіс көлемін қысқартуға мәжбүрледі. Бұл шаралар аграрлық шаруашылықтың дамуына кері әсерін тигізді.   

     Ауыл шаруашылығында «соғыс коммунизм» саясаты ауыл шаруашылығы өнімдерін даярлауда салғырттық жүйелендірумен сипатталды. Егіншілікпен айналысатын шаруашылықтардан астық өнімдері қолма-қол тәркіленді. 1920 жылы мамырдың ортасында азық-түлік комитеттеріне түскен құпия нұсқаудың негізінде азық-түлік диктатурасы қалыптасты. Нұсқау бойынша 1920-1921 жылдары жүргізілген азық-түлік науқанында Сібірден 110 млн. пұт мал азықтық астық алынған болса, оның 35 млн. пұты, яғни үштен бірі солтүстік-шығыс Қазақстанның үлесіне тиді. Осындай шындыққа жанаспайтын тапсырмалар Батыс Қазақстанға да жүктелді. Ауылдарда, деревнялар мен станицаларда мемлекеттік күштеу саясатына наразылық күшейді. 1920 жылы «Комунистерсіз Кеңестер үшін», «Салғырт жойылсын» деген ұрандармен Қазақстанның көптеген аймақтарында бүлік шықты. 1920 жылы Семей облысында, Павлодар уезінде большевиктерге қарсы ірі көтерілістер болып, бұл аудандар 10 мың «халық көтерілісшілері әскері» бақылауында қалды. 1921 жылы «Сібір шаруа одағы» көтеріліске шығып, Батыс-Сібір мен Солтүстік Қазақстан өңірін қамтыды. Оған қатысушылардың саны 30 мыңға жетті.

     Қазақстан территориясында ауыл шаруашылығын реттеудің «әскери коммунистік әдістері мен түрлері қалыптасты. Кеңес мемлекетінің салық саясатында ақшалай салық табиғи міндеткерлік жүйесі: азық-түлік салғырты, еңбек, әскери көлік міндеткерлігімен алмастырылды. Табиғи салғырттың ауыртпалығы шаруалар үлесіне тиді. Себебі, біріншіден, аграрлық елдегі халықтың басым көпшілігін шаруалар құрады, екіншіден, ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші болды. Шаруалардан азық-түлікті күштеп жинау мен еңбек міндеткерлігіне негізделген «соғыс коммунизм» саясаты ауыл шаруашылығының өндірістік негізінің құлдырауы мен әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа ұшырауына алып келді. Халық шаруашылығын милитаризациялау, экономикада әміршілдік жүйенің қалыптасуы, еңбекті әскерилендірген түрде ұйымдастыру, үлестірмелі әдіс, бұқараның қайыршылануы, осының бәрі сайып келгенде, большевиктер басқарған Кеңестердің социалистік қоғамды басқару әдісіне дайын еместігін көрсетті.

     Салық саясаты аясындағы азық-түлік салғыртынан басқа «әскерикоммунистік» шаралардың бірі – натуралды еңбек міндеткерлігі болды. Өлкедегі натуралды міндеткерліктерді жүргізу принциптері мен ұйымдастыруға Ресей отарлық бюрократиясының дәстүрлі көзқарасы ықпал етті. Осы тұста жаңа саяси жүйе Қазақстанның жергілікті халқын қанаудың біртұтас обьектісі ретінде қарастырды. Кеңес үкіметі дағдарыстан шығудың бір тәсілі жалақыны натуралдандыру деп есептеді. «Әскерикоммунистік» экономиканың негізгі идеяларының бірі – жалдамалы еңбекпен бірге жалақыны алып тастау болды. Жалақының орнына қоғамдық еңбек төлемі заттай берілді.

     «Соғыс коммунизмнің» Қазақ АКСР мен Түркістан Кеңестік Республикасы қалаларында жүзеге асуы Кеңес үкіметінің негізгі ошақтарынан алшақтығымен өлкеде отарлық саясат жүзеге асырылды.     Теріс саясаттың обьективті тарихи салдарларын қарастырғанда, оның әсіресе Қазақстан халқы үшін ауыр тигенін көреміз. Халықтың көп бөлігінің міндеткерлікті бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңінен бастап өтеу міндеттілігі жағдайды одан әрі күрделендірді. Жаңа отарлық орталық өзінің экономикалық саясатында қазақ өлкесінің ауылшаруашылық потенциалы мен шикізат байлықтарын кең ауқымда қолдануға мүдделі болды. Осы мақсатта «әскерикоммунистік» шаруашылық механизмінің тетіктері кең қолданылды. Мемлекеттік құрылымдардың өлкенің экономикалық негізін құрайтын ұсақ шаруашылықтарға жасаған қысымы, олардың толық күйреуіне әкелді. 1921 жылы көктемде барлық материалдық ресурстар таусылды. Онымен бірге Қазақстан халқының Кеңес үкіметі мен экономикалық саясатына деген сенімсіздігі күшейді. 

     Соғыс зардаптары, осы жылдардағы түрлі табиғат апаттары (қуаңшылық және т. б.) және ақылға сыймайтын адам төзгісіз экономикалық саясат ауыл шаруашылығын дағдарысқа ұшыратты. 1914 жылдан 1922 жылға дейін егістік алқабы екі есе (3.6 млн. десятинадан 1.6 десятинаға дейін) төмендеп, өнімнің жалпы түсімі үш есе азайды. Мал шаруашылығы да өте қиын жағдайда қалды. 1914 жылдан 1922 жылға дейін ірі қараның саны – 2.1 миллион басқа, жылқы – 2 миллионға, ұсақ мал – 6.6 миллионға, түйе –300 мың басқа азайды. Барлық мал басы осы жылдары 10.5 миллионға кеміп кетті.

     Ауыл шаруашылығын жұтатып кеткен осындай апат елді жаппай ашаршылыққа ұшыратты. Перовскіде атқару комитеті уезд халқын қорқытып басқаруға тырысты. Қарсы шыққандардың барлығы атылды. Национализация сылтауымен қала тұрғындарынан үй, еңбек құралы, жеке мүліктер тартып алынды. «Әскерикоммунистік» жүйеде жаңа әлеуметтік күштердің билікке келуі саяси фактормен айқындалды. Жергілікті кеңес үкіметі басқармаларының қызметкерлері бұрынғы отарлық әкімшілік шенеуніктерінен тағайындалды. Кеңестік тарихнама мемлекеттік басқару жүйесінің орталықтануын әсірелеп көрсетті. Билік өкілдері тәркілеу және реквизициялау әдістері арқылы жергілікті тұрғындарды тонады. Жалған тарихнамалық стереотип қоғамдық танымда «батырлық кезеңнің» большевиктік басшысының аскеттік-пуритандық бейнесін жасады. Қазақстандағы саяси және экономикалық дағдарыс кеңес мемлекетін қамтыған дағдарыстың бір үзіндісі болды. Билеуші жүйе мен халық арасындағы келіспеушілікті күштеу әдісімен ғана шешуге болмайтындығы анық көрінді. 1920-1921 жж. «әскерикоммунистік» саясаттың негізгі принциптері жөнінде партия ішінде пікір-талас жүрді. Партиядағы даулардың өткір және ашық сипаты «соғыс коммунизм» нәтижесінің қанағатсыздығының дәлелі болып табылады. Большевиктер экономикалық және саяси дағдарыстан шығудың жолдарын іздестіре бастады. Партия мүшелерінің көпшілігі қарсылықты күшпен басып, «соғыс коммунизм» саясатын жалғастыра беруді жақтады. Алайда бұл жол мемлекетте азамат соғысын өршітіп, кеңес үкіметінің ыдырау қаупін туғызды. Екінші жағынан, большевиктер қарсыластарының 1917 ж. Ақпан төңкерісінің демократиялық принциптерін қайтару, Құрылтай жиналысын шақыру талаптарын орындай алмады. Себебі бұл большевиктік басшылықтың саясат, экономика, идеологиядағы ықпалына кері әсерін тигізер еді. Осы жағдайда билеуші топ «соғыс коммунизм» саясатының негізгі принциптерінен бас тартуға мәжбүр болды. Ең алдымен азық-түлік салғырты шектелген азық-түлік салығына алмастырылды және еңбек міндеткерлігі жойылды.

     Кеңес үкіметі 1921 жылы наурызда өткен РК(б)П-ның X сьезінде шаруашылық саясатының өзгерісі туралы жариялайды. Жаңа экономикалық саясатқа көшу, тауарсыз утопия идеясынан бас тарту, қалыпты экономикалық тауар-ақша қатынастарына көшу – халық шаруашылығын қалпына келтіру мен өткір саяси дағдарыстан шығудың кепілі болып есептелді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Богданов А. А. Вопросы социализма: работы разных лет. – М. : Политиздат, 1990. – 477 c.
  2. Медеубаев Е. Политика «Военного коммунизма» в Казахстане (1918-1921 гг.). Дис. канд. ист. наук. /Науч. рук.: А. С. Такенов, К. С. Каражанов. – А. 1999. – 180 с.
  3. Ленин В. И. Полное собрание сочинении. – М. : Политиздат, 1974 — Т. 43. – 561 с.
  4. Крицман Л. Н. Героический период Великой русской революции (Опыт анализа так называемого «военного коммунизма»).– М.: Госиздат, 1924. – 250 с.
  5. Ларин Ю. Государственный капитализм военного времени в Германии. 1914-1918 гг. – М. — Л.: Госиздат, 1928. – 293 с.
  6. Кузовков Д. Основные моменты распада и восстановления денежной системы. – М.: Издательство Ком. Академии, 1925. – 111 с.
  7. Квиринг Э. Очерки развития промышленности СССР. 1917-1924 гг. – М.: Госиздат, 1929. – 231 с.
  8. Милютин В. История экономического развития СССР (1917-1927) – М.-Л.: Госиздат, 1920. – 360 с.
  9. Сарабьянов В. Экономика и экономическая политика СССР. – М.: Госиздат, 1926. – 456 с.
  10. Фрумкин М. Товарообмен в период «военного коммунизма» //Вопросы торговли. – 1929. — № 11.- 128 с.
  11. Сафаров Г. Колониальная революция (Опыт Туркестана). – А.: Жалын, 1996. – 272 с.
  12. Очерки хозяйственной жизни Туркестанской республики. – Ташкент.: Издательство ЦСНХ, 1921. – 544 с.
  13. Рыскулов Т. Революция и коренное население Туркестана (Сб. главнейших статей, докладов, речей и тезисов) – Ташкент.: Госиздат УзССР, 1925. – Ч. 1. – 218 с.
  14. Төреқұлов Н. Тарихи тұлғалар. – А.: Қазақстан баспасы, 1997. – 336 б.
  15. Брайнин С., Шафиро Ш. Первые шаги Советов в Семиречье. – А.: Казкрайиздат, 1934. – 89 с.
  16. Чокай М. Туркестан под властью Советов. – А.: Айкап, 1993. – 160 с.
  17. Луначарский А. В., Покровский М. Н. Семь лет пролетарской диктатуры. – М.: Московский рабочий, 1925. – 213 с.
  18. Сталин И. В. Сочинения. Т. 11. 1928 – март 1929/ Институт Маркса-Энгельса-Ленина при ЦК ВКП (б). – М.: Госполитиздат, 1953. – 381 с.
  19. История ВКП (б). Краткий курс. – М.: Политиздат, 1938. – 260 с.
  20. Бочкарев А. Военный коммунизм //Исторический журнал. – 1939. № 9. С. 140-146.
  21. Лященко П. И. История народного хозяйства СССР. – М.: Госполитиздат, 1956. – Т. 3.- 644 с.
  22. Гладков И. П. Очерки советской экономики. 1917-1920 гг. – М.: Госполитиздат, 1956. – 504 с.
  23. Челяпов И. Почему партия проводила политику военного коммунизма. – М.: Госполитиздат, 1959. 47 с.
  24. Авдаков Ю. К. Народное хозяйство в период иностранной интервенции и гражданской войны (1918-1920 гг.) – М.: Издательство Всесоюз. заоч. фин-экон. ин — та, 1959. – 321 с.
  25. Баевский Д. А. Очерки по истории хозяйственного строительства в период гражданской войны. – М.: Изд. АН СССР, 1957. – 447 с.
  26. Дахшлейгер Г. Ф. К вопросу о продразверстке в Казахстане //Известия АН КазССР, серия истории. фил. экон. и права. – 1955.- вып. 2. – с. 25-42.
  27. Тугов П. И. Осуществление ленинского декрета о рабочем контроле в промышленности Казахстана //Вестник АН КазССР. – 1960.- № 4. – с. 58-66.
  28. Елеуов Т. Установление и упрочение Советской власти в Казахстане. – А.: Изд. АН КазССР, 1961. – 528 с.
  29. Елагин А. С. Социалистическое строительство в Казахстане в годы гражданской войны. – А.: Наука, 1966. – 308 с.
  30. Нусупбеков А. Формирование и развитие рабочего класса в Казахстане. – А.: Наука, 1966. – 244 с.
  31. Нурпеисов К. Становление Советов в Казахстане. – А.: Наука, 1987. – 238 с.
  32. Кадиев Б. Рабочий контроль и национализация промышленности в Казахстане (1917-1920): Дис. канд. – А.: 1974. – 180 с.
  33. Гимпельсон Е. Г. «Военный коммунизм»: политика, практика, идеология. – М.: Мысль, 1973. – 296 с.
  34. Амбарцумов Е. А. Анализ В. И. Лениным причин кризиса 1921 г. и путей выхода из него //Вопросы истории. – 1984. — № 4.- с. 15-30.
  35. Пайпс Р. Русская революция. – М.: РОССПЭН, 1994. – Т. 2. – 584 с.
  36. Карр Э. История Советской России. 1917-1923 гг. – М.: Прогресс, – 1990 – Т. 2. – 763 с.
  37. Мухамедина Ш. Экономическая политика советской власти в казахстанском регионе. 1917-1926 гг. //Вопросы истории. – 1997. — № 6. – с. 125-132.
  38. Қоңыратбаев О. Тұрар Рысқұлов. Қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі. – А.: Қазақстан баспасы, 1994. – 448 б.
  39. Абылхожин Ж. Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана. А.: Университет Туран, 1997. – 358 с.
  40. Гривенная Л. А. «Еңбек етпеген ішіп-жемейді» (Солтүстік Қазақстан облысында 1918-1920 жж. азамат соғысы кезінде жалпы еңбекке бағындыру туралы) //Отан тарихы = Отечественная история.– 2005. — № 2. – 49-60 бб.
  41. Қозыбақова Ф. А. Жаңа экономикалық саясат тұсындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір (1921-1925 жж.) //Бекмаханов тағылымы. Мат. жинағы. А. – 2004. – 50-53 бб.
  42. Бегалиева А. Жаңа экономикалық саясат кеңестік және отандық тарихнамада //Отан тарихы = Отечественная история. – 2006. — № 4. – 165-171 бб.
  43. Медеубаев Е. Социально-политический кризис «Военнокоммунистической» системы хозяйствования, как главная предпосылка перехода к нэпу //ҚазМу Хабаршысы. Тарих сериясы = Вестник КазГУ. Серия историческая, № 9. – 115-117 бб.
  44. История Казахстана. Очерк. – А.: Дәуір, 1993. – 273 с.
  45. Кәдірқұлова Г. К. Қазақстан тарихы: Оқулық. — Алматы: ҚАЗақпарат, 2005. – 320 б.
  46. Давыдов М. И. Борьба за хлеб. Продовольственная политика Коммунистической партии и Советского государства в годы гражданской войны (1917-1920) – М.: Мысль, 1971. – 245 с.
  47. Отчет Кирнаркомпрода по продовольствию 2-ому Всекиргизскому съезду Советов о деятольности КирНКП за время с 21 октября 1920 г. По 10 ноября 1921 г. – Оренбург: Б. и., 1922. – 78 с.
  48. Сб. Стат. Сведений по Союзу ССР. 1918-1923 гг. – М.: ЦСУ, 1924. – 428 с.
  49. КПСС и Советское правительство о Казахстане. 1917-1977 гг. Сб. док. и мат. – А.: Казахстан, 1978. – 396 с.
  50. ҚР ОММ, 14 қ., 3 тіз., 9 іс. – 1- 105 бб.
  51. ҚР ОММ, 30 қ., 1 тіз., 2 іс. – 1-172 бб.
  52. ҚР ОММ, 224 қ., 1 тіз., 6 іс. – 1-40 бб.
  53. Отчет одеятельности Туркестанского Совета за февраль-октябрь 1921 г.- Ташк. Турк. ЭКОСО, 1922. – 118 с.
  54. Клямкин И. Почему трудно говорить правду //Новый мир. – 1989. № 2.-С.220-226.
  55. Берхин И.Б.Экономическая политика Советского государства в первые годы Советской власти. – М.: Наука, 1970. — 239 с.
  56. ҚР ОММ, 14 қ., 3 тіз., 15 іс. – 1-95 бб.
  57. Булдаков В. П. Имперство и российская революционность (критические заметки) //Отан тарихы = Отечественная история. — 1997. — № 2. — С. 45-49.
  58. Народное хозяйство Туркестана, № 4, 1920. С.2-7.
  59. 9 съезд РКП(б) март-апрель 1920 г. Протоколы. – М.: Госполитиздат, 1960. – 535 с.
  60. ҚР ОММ, 878 қ., 1 тіз., 5 іс. – 1-16 бб.
  61. Пашинцева З. В. Борьба за установление и упрочение Советской власти в Сыр-Дарьинской области 1917-1918 гг.: Дис. канд. – А.: 1952. – 182 с.
  62. Мардаровский Н. И. Голод в Киргизии и борьба с недородами.-Оренбург: Кирполитпросвет, 1922. – 116 с.
  63. Булдаков В. П., Кабанов В. В. «Военный коммунизм»: идеология и общественное развитие //Вопросы истории. – 1990. — № 3 – С. 40-44.
  64. Партийная жизнь Казахстана. – 1991. — № 10. – С. 80-85.
  65. Голинков Д. Л. Крушение антисоветского подполья в СССР. – М.: Политиздат, 1986. — кн. 2. – 396 с.
  66. Николаев П. Ф. Советская милиция Сибири. – Омск: Зап.-Сиб. Книжное изд-во, 1967. – 291 с.
  67. Садвакасов С. Доклад о положении дел на местах в Кирреспублике// Новейшая история Казахстана. Сб. док. и мат. (Сост. Каражанов К. С., Такенов А. С.) – Т. 1. – А.: Санат, 1998. – 312 c.
  68. Царская окраина взгляд изнутри. (Письмо Т. Седельникова пролетарскому вождю)// Мысль.- 1993. — № 7. — С. 79-80.