АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазақстандағы тіл саясатының мәселелері

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

      Филология факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

 

 

Қазақстандағы тіл саясатының мәселелері

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Жұмыстың тақырыбы: Қазақстандағы тіл саясатының мәселелері

 

Жұмыстың көлемі:   4 бет

 

Пайдаланған әдебиеттер саны:  26

 

Тірек сөздер: Билингвизм, полилингвизм, әлеумет, саясат, реформа,  конс-титуция, мелекеттік тіл, ана тілі, заң, бағдарлама, іс-қағаздары.

 

Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Диплом жұмысының негізгі мақсаты – тәуелсіз еліміздегі мемлекеттік тіл қызмет етуін әлеуметтік тіл білімі тұрғысынан зерттей отырып, оның мәселелерін шешуді нақтылы жоспар-лауға ұсыну.

Жұмыс белгіленген мақсаттарға жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу жүктелді:

  • “Мемлекеттік тіл” ұғымының әлемдік тіл біліміндегі тәжірибе не-гізіндегі көрінісін сипаттау, оны орнықтыру мен дамытудың халықаралық нормаларға сәйкестігін анықтау.
  • Тілді дамытудың нақты жоспарларын, оның ғылыми негіздемесі мен қағидаларын белгілеу.
  • Қазақ тілін мемлекетіміздің мемлекеттік тіл мәртебесі ретінде дам-ытудың тетіктері мен кезеңдерін белгілеу.

 

Жұмыстың  жалпы сипаттамасы: Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі мен оның шынайы бет-бейнесіне, тілдік және әлеуметтік мәселелеріне тал-дау жасай отырып, оның қоғамдағы рөлі мен қолданыс аясын кеңітудің мүм-кіндіктерін зерделеу.

 

Жұмыста қолданылған әдістер: жұмыста мемлекеттік тілдің қазіргі                     жайы мен даму үрдісін анықтау үшін әлеуметтік – лингвистикалық  әдістер, тарихи құжаттарды талдау, топтау, салыстыру, синтездеу әдіс-тәсілдері қолданылды.

 

Пайдалынылған дерек көздер: Қазақстан Республикасының Консти-туциясы, Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдары, мемлекеттік тіл жайында жарияланған монографиялар мен зерттеу мақалалар.

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………4

 

1 ҚОҒАМДАҒЫ ТІЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТІЛДІК АХУАЛ………………………………………………………………………………………………..6

 

  • Әлеуметтік тіл білімінің қалыптасып дамуы, зерттелу тарихы……6

1.2 Әлеуметтік тіл білімінің негізгі ұғымдары мен түсініктері……….…9

1.3 Әлеуметтік тіл білімінің мәселелері……………………………………………11

1.4 Қазақ тілінің әлеуметтік қызметінің дамуы……………………………….23

 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТІЛДІК САЯСАТЫ………………..27

 

2.1 «Тіл туралы» Заң және Қазақстандағы тіл саясатының өзекті мәселелері……………………………………………………………………………………….27  2.2 «Мемлекеттік тіл» ұғымы және оның анықтамасы………………………33                                  2.3 Тіл туралы заңының  негізгі қағидасы…..…………………….………39 2.4 Тілге байланысты Елбасы бағдарламары……………………………41

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………..

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Орталықтандырылған КСРО мемлекеті ыдырап, ұлттық қажеттілікке қарай, демократиялық негізде тәуелсіз мемлекеттер құрылды. Бұл орныққан жаңа әлуметтік- саяси ақуал қоғамның да, оның азаматтарының да санасына айтарлықтай сілкініс туғызды. Дүниеге халықпен оның тарихына деген көзқарас та түбегейлі өзгеріске ұшырады. Шын мәнінде тәуелсіз елдің тілі де тәуелсіз дамуы тиіс. Сондықтан тәуелсіздік алған көптеген елдер бұрынғы кіріптарлықтан, ұлттық кемушіліктен құтылу үшін өз ұлтының тіліне мемлекеттік мәртебе беріп, сол арқылы ұлттық сананы, өзіндік мемлекеттік сәйкестікті қалыптастыруға ұмтылуда. Дегенмен бұл көп ұлтты болып Республикаларда бір күлер үшін қуаныш сезімін тудырса, енді біреулері үшін салмақты қауіп-қатер әкелетіндей көрініп, тілдік өмірді шиеленістіреді. Бұл алдымен мемлекеттік тіл ретінде жарияланған байырғы тілінің өз мәртебесіне лайық қызмет атқаруына айтарлықтай кедергілер жасауда. Мұның себебі біріншіден, «мемлекеттік тіл» ұғымының  дағдылы түрде қалыптаспағанына байланысты болса, екіншіден, оның өз мәнінде ұғын-дырмалуынан, үшіншіден, оны жариялаған Конституция  Тіл туралы заңдар-ының құжаттарға сәйкестенбеушілігінен болып отыр.        

Еліміздегі мемлекеттік тілдің әлеуметтік қызметі, жалпы алғанда баршаға аян. Оның қызметі Қазақстанның әр түкпірінде әр түрлі екені тағы да белгілі. Алайда мемлекеттік тілдің қай жерде қай салада қандай дәрежеде екені ешкімге  аян емес. Кейбір басқару органдары мамандарына белгілі болуы мүмкін, бірақ оны тілдік жоспарлауда жергілікті тіл ерекшеліктерін нақты ескере бермейді. Республика бойынша сол белгіленген шаралар нақты фактілерге негізделмей жалпылама сөзге құрылады, ал бұл тілдердің жер-жерде тиісті дәрежеде дамуын қамтамасыз етпейді.

Қазақстандағы тілдердің, әсіресе, мемлекеттік тілдің дамуының бір себебі осы. Міне осы жағдайда не істеу керек? Тіл саясатының жергілікті жердегі жүзеге асуы жайы зерттелуі шарт, содан сол бойы нақты іс-шара белгіленіп, оны қоғамға енгізу қажет және оның орындалуын бақылау қажет.

Қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялаумен іс бітпейді. Тіл дамыту аса күрделі іс. Алғашқы сөз тілге мемлекеттік мәртебе беру себебінен басталуы тиіс. Негізінен әлуметтік тәжірибеде тілге мемлекеттік мәртебе екі жағдайда беріледі. Біріншіден, тілдің қоғамдық қызметі шектеулі болғанда, оның мәселесін шешіп, екіншісі  – басым тілдің артықшылығын сақтау үшін бері-леді. Қазақ тіліне келетін болсақ, оған мемлекеттік мәртебе дағдарыстан шығу үшін берілді. Алайда тіл туралы заң қабылданғалы он жеті жылдан астам уақыт өтті. Сол кездегі туған бала бүгінде қыз-келіншекке қырындайтын жағдайға жетіп, мұрты тебендеген балаға айналды. Сол жылы шаңырақ көтергендер  үш-төрт сәбилі болып, балаларының алды мектеп бітірді. Сол жылы жігіттің жасы жиырма бестер шамасында болса, ендігі қырықтың қырқасынан асып, бір отбасының ұйытқысы, ақылшысына, тірегіне айналып отыр. Ал қазақ тілі ше? Байлардың құлындай мемлекеттік кеңселердің есігінен сығалау бақыты ғана бұйырып тұр. Отбасы, ошақ қасы-нан басқалардың ешқайсысы қазақ тілін менсінбейді. Сондықтан қазір тіл тағдырына алаңдаушылық аса маңызды қоғамдық – саяси  құбылысқа айна-лып отыр.

Сондықтан қазақ тілін республиканың мемлекеттік тіл мәртебесінде қоғам өміріне орнықтыру және ары қарай дамыту  – мемлекеттік стратегия.

Тілдің мемлекеттік мәртебесі нақты жүзеге асуы үшін үкімет тарапынан билікті басқару қажет, басқару билікті білу үшін жергілікті тілдің жағдайын білмей болмайды. Бұл әсіресе жер аумағының көлемі бойынша әлемде алғашқы ондыққа енетін санатындағы  Қазақстан үшін социолингвистикалық зерттеу жүргізілуі шарт, ал тіл құрылысы  тізгінін отырған басшылар ондай социлингвистикалық  ұсыныстарға зәру. Демек, қазақ тілінің елімізде мемлекеттік мәртбеге лайық қызмет атқаруы үшін алдымен оның қоғамдағы нақты жағдайын анықтап, сол жағдайды жөндейтін жолдарды іздестіру қажет.

Әлемдік тәжірибеде белгілі болғандай, тілдік қоғамның қызметін дамы-тудың дұрыс жолын анықтайтын – әлеуметтанушы (социолингвист), ал қол-данатын – үкімет. Диплом жұмысының өзектілігі міне, осындай әлеуметтік қажеттілікте.

Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде тұтастай республика көлемінде жүзеге асыру қажет. Ал, осындай мақсатқа жету үшін, жергілікті тілдік жағдайға өзара әсер ететін түрлі факторлар ескерілетін аймақтық іс-шаралар жүргізу қажет.

Міне осындай мәселелерге байланысты диплом жұмысы мақсатты түрде тілді мемлекеттік мәртебеге жеткізу, «мемлекеттік тілдің» ұғымдық мәніне, қоғам өмірінде маңызы мен қажеттілік шарттарына тоқтала келіп, қазақ тілінің өз мәртебесіне сай дамуына және қызмет атқаруына нақтылы жос-парлармен реттеудің жолдары ұсынылады.       

Диплом жұмысы екі тараудан және тарауларға байланысты тақырып-шалардан және қорытынды бөлімнен тұрады. Соңында қосымша материал-дар мен пайдаланған әдебиеттер тізімі көрсетілген.

  Жұмыс бүтіндей алғанда әлеуметтік тіл білімін, мемлекеттік тілді дамыту жолдарын іздестіруге, қоғамдық қызметінің ауқымын кеңейтудің әлуметтік мәселелерін шешудің тетігін табуға бағытталған.

 

Зерттеудің нысаны: Диплом жұмысы еліміздегі мемлекеттік тілдің орнын айқындау, оны дамыту теориялары және практикалық мәселелерін, сонымен қатар әлеуметтік тіл білімін қазақ тіл білімінде пән ретінде қалып-тастырып, оның тамырларын тереңдетіп, зерттеуге арналған. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ҚОҒАМДАҒЫ ТІЛДІК АХУАЛ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК РЕФОРМА

 

1.1 Әлеуметтік тіл білімінің қалыптасып дамуы, зерттелу тарихы

 

Арғы-бергі тарихтың қай-қайсысын алып қарасаңыз да қоғамдық өмір-дің қисыны тілмен тіндеспеген тұсы жоқ.  Өйткені, тіл – адам бала-сының ғана емес, ұлт пен ұлыс, халық пен қоғамның да болмысын айқындайтын бірегей құбылыс. әлемдік тәжірибені алға тартар болсақ, адам-заттық құн-дылықтар қатарында оның ғылымнан, мәдениет пен өнерден де бұрын аталатыны белгілі. Ғылым да, мәдениет пен өнер де, материалдық игіліктер де, саясат  та тілдің қатысуымен жасалады. Технократия тылсымын тану үшін де тілдің көмегі керек. Тілді зиялы қауымының қауымының гума-нитарлық салаға қатысты үркердей тобының ғана талқанындай көру тым асылық екенін бұл жерде қайталап жатудың қажеті жоқ [5,8б].

Тіл білімінің негізгі және әлі де толық зерттелмеген саласының бірі – социолингвистика, яғни әлеуметтік тіл білімі. Социолингвистика тілдің қо-ғамдағы ролі мен оның дамуындағы бағыты. Тіл білімінде социо-лингвистиканың ғылым ретінде қалыптасу барысында бірнеше  атауларға ие болды, солардың бірі: «тілдің социологиясы», «социологиялық лингвис-тика», «социологиялық тіл білімі», «лингвистикалық социология», «лингво-социология», «социолингвистика», «социалды лингвистика» және т.б.

 «Социолингвистика» терминін ең алғаш рет 1952 жылы американдық зерттеуші Х. Карри өз еңбектеріне енгізген болатын. Зерттеушінің бұл тер-минді өз еңбектерінде еңгізу мақсаты — тілді қоғамдық құбылыс ретінде таныту. Совет тіл білімінде екі термин қатарынан қолданылып отырды. Біріншісі, «социалды лингвистика», екіншісі, «социолингвистика». Ал жоға-рыда аталып өткен терминдер тіл білімінде сирек кездеседі, яғни белгілі бір кезеңдерде қолданылған. Мысалы, 20-шы жылдың соңы мен 30-шы жылдың басында советтік тіл білімінде «социалдық (социологическая) лингвистика», 40-60-шы жылдары «тілдік социология» (социология языка) термині қол-данылды. 60-шы жылдардың соңында «социалды лингвистика (социальная лингвистика)» және «социолингвистика» деген терминдер бекітілді [1,10-11б].

Бұл екі терминнің де көздеген мақсаты — тіл мен қоғамның өзара бай-ланысы. Яғни тілді қоғамның жемісі деп қарастырған. Сонымен қатар тілдің адамның жан дүниесіне өлшеусіз әсер ете алатын құдіретін саяси тетік ретінде пайдалану.

О.С. Ахманованың «Словарь лингвистических терминов» деген сөзді-гінде «социоингвистикаға» немесе «социологиялық лингвистика» терминіне екі мағынада анықтама берген: «1. Раздел языкознания, изучающий причин-ные связи между языком и фактами общественной жизни. 2. Раздел языко-знания, изучающий социальную дифференциацию языков, т.е. различные его социальные диалекты» [2, 444б].

Ал 60-шы жылдары белгілі социолингвист акдемик В.М. Жирмунский социолингвистикаға мынандай анықтама берген: «социолингвистика бір-бірімен байланысқан екі мәселені қарастырады:

  1. Социалды дифференциация тілдің белгілі бір қоғамдағы тарихи кезеңдердің даму сатысын;
  2. Тілдің социалды даму процесі, оның тарихын социалды құбылыс ретін-де» [3, 14б]. Сонымен қатар В.М. Жирмунский социолингвистика ғылым-ының екі мәселесін көрсеткен — «синхронды» және «диахронды». Бізге ең бастысы әлеуметтік «тілдің дамуын» тарихи аспектіден қарастыру.

Әлеуметтік тіл білімі терминдер сөздігінде диахронды әлеуметтік тіл біліміне мынандай анықтама берілген: (грек. dia  арқылы + chronos уақыт) әлеуметтік тіл білімінің бір саласы, тілдің пайда болу заңдылықтары мен тарихи дамуын зерттейді. Сонымен қатар тілдің пайда болуы мен жойылуын, әлеуметтік тіл білімі аспекті тұрғысынан тілдің тарихын, ішкі және сыртқы факторлардың эволюциялық арақатынасын зерттейді [20, 39б].

Социолингвистика ғылымының оқу құралдарының авторы Б.Н. Голо-вин «тіл социологиясы» мағынасының міндеттерін кең және тар мағынада міндетті түрде ескерілуі керек деп есептеді. Б.Н. Головин тіл құрылымының айқын дамуына және қызметіне («сөйлеу қызметі») және тіл қызметінің со-циалды дифференциациясына назар аударып, тілдің социалды дифферен-циациясының жеті «қырын» бөліп көрсетті: а) территория бойынша диф-ференциация (ол жергілікті және территориялық диалект кезінде айқын-далады); ә) сөйлеудің материалдық көрінісінің түрі бойынша (ол жал-пы тілдің ауызша, жазбаша формаларын береді); б) сөйлеу процесінің құры-лымы бойынша (тілдің диалогтық және монологтық түрінде беріледі); в) социалдық ұжымның, яғни қоғамның шығармашылық  типі бойынша (тілдің қызметтік стильдері түзіледі); г) адамдардың социалдық топтары, халық ты-ғыздығының социалды қабаты бойынша (бұл профессионалдық, сословия-лық, кластық түрлері); ғ) риторика жанры мен типі бойынша; д) риторика авторлары бойынша. Б.Н. Головинның көз қарасы бойынша, социолин-гвистика кең мағынада қоғам әсерінен «тіл «қырларының» бөлінуі, олардың түрлерінің барлық системасын қамтуы қажет» [4.345б].

Социолингвистиканың кең және тар мағынасында Б.Н. Головинді бәрінен бұрын бір әлеуметтегі екі немесе бірнеше тіл емес, бір тілдің (халықаралық немесе этнотіл) қызметімен байланысты қозғалыс тәртібінің мәселелері қызықтырады. Бұл анықтамада социолингвистиканың бірнеше міндеттемелері аталмаған, мысалы: тілдің социалдық пайда болуы мен дамуы, тілдің социалдық ролі және т.с.с..

Атақты кеңес тілтанушы, тілді тануға көптеген жылдарын арнаған Ф.П. Филиннің социолингвистика ғылымы жайында қоғамдық құбылыс туралы көзқарасын қарастыратын болсақ: «Тіл – қоғамды жасушы, және онда бәрі қоғамдық. Бұл жағдайда социолингвистиканы қалай түсінуге болады? Бұдан екі мағына шығады: 1) тіл және оның құрылымы, басқа сөзбен айтқанда, социалдық тіл құбылыстарының қоғамға тәуелділігін зерттеу; 2) тілдің қоғамдық қызметтерін, оның қоғамдағы рөлі мен қоғамға әсерін зерттеу. Бұл екі мағына бір-бірімен тығыз байланысты және олар қоғамдық мәселелердің бір комплексін құрайды» [6.131б].

Социолингвистиканың кең пәндік саласында атсалысқан кеңестік социолингвисттер Ю.Д. Дешериев, Л.Б. Никольский, А.Д. Швейцер және т.б. осы  саланың негізі әртүрлі құбылыстар болып саналады деп есептеді. Сонымен, Ю.Д. Дешериевтің ойынша тіл қызметі мен дамуының қоғамдық және ерекше заңдылықтарын зерттеу социолингвистиканың пәні болып табылады. Ол былай деп жазды: «тіл және оның құрылымының барлық деңгейінде көрінетін тілдің қызметі, дамуы және әсерінің қоғамдық өмірдегі әлеуметтік құбылыстарға қатысты әлеуметтік қатынастарды зерттеу социолингвистиканың негізгі пәні болып табылады».

Л.Б. Никольский «ұлттық әдеби тілінің нормалары мен талаптары, сөй-леу формалары, тіл және диалект әсері» мәселелері кіретін тіл мәселелеріне аса назар аударады. А.Д. Швейцер  Ю.Д. Дешериевтің анықтамасын негізге ала отырып, біріншіден, тіл және қоғам арасындағы байланыстың екі жақты сипатын ашып көрсету, екіншіден, социолингвистика зерттеу аясында тіл құрылымындағы сөйлеу байланысы процесіндегі тілдің қызметтік қолданылуына және тіл құрылымына әсер ететін әлеуметтік факторларды, обьективтік және субьективтік факторларды айқындауды қажет етеді [1.15б]. Сонымен қатар шетелдік социолингвистерді атап өткен жөн. Олар: Д. Хаймс, У. Брайт, Дж. Фишман, Р.Т. Белл, Р. Берлинг, Д. Прайд, П.Трайджилл, т.б.

Тіл білімі ғылымының күретамыры – социолингвистикалық мәселелер. Сол мәселелерді атап өтсек:

  1. Социалды лингвистика қоғамдық құрылым және тіл қызметі мен дамуы, қоғамның тілге және тілдің қоғамға әсері туралы ғылым. 
  2. Тілдің қоғамдық қызметтері, олардың құрамы және тіл қызметінің тарихи әлеуметтік жағдайларына тәуелділігі.
  3. Тілдің өмірдегі формалары; әдеби тіл және әдеби емес формалары: ауызекі сөйлеу (әдеби емес), территориялық және әлеуметтік диалект, тілдің өмірдегі басқа формалары.
  4. Тіл бөлінуінің негізгі түрлері: әлеуметтік, қызметтік-стильдік, территориялық. Әлеуметтік және әлеуметтік стильдік тіл диф-ференциациясының қоғамдық факторлары: қоғамдық сфера, әлеу-меттік орта, сөйлеу жағдайлары.
  5. Әлеуметтік-байланыс жүйесі, оның компаненттері. Тіл жағдайы со-циолингвистиканың маңызды бір объектісі ретінде; қостілді. Диглоссия.
  6. Тіл дамуының қоғамдық негізі. Әртүрлі қоғамдық-тарихи фор-мациядағы тілдің әлеуметтік типтері (ана тілі, тайпалық, халық, ұлт тілі; ұлтаралық тіл, койне, делдал тілі). Қоғамның әртүрлі тарихи кезеңдеріне тілдің әлеуметтік бөлінуінің спецификасы. Ұлттық тіл-дер, олардың пайда болу жолдары.
  7. Әдеби тіл, оның қызметі мен белгілері. Тіл нормасының әлеуметтік аспектісі. Тілдің стильдік дифференциациясы, оның экстралингвис-тикалық құбылыстарға тәуелділігі (сөйлеу мазмұны, қайта жаңғыру жағдайлары).
  8. Сөйлеу вариаттылығы және әлеуметтік жағдай, сөйлеушілердің әлеуметтік белгілеріне тәуелділігі (жасы, білім деңгейі, мамандығы және т.б.).
  9. Тілдің социолингвистикалық классификациясы. Шетелдік тілтану-шылар ұсынған социолингвистикалық типологияға сын. Олармен орындалатын қоғамдық қызметтер бойынша тіл классификациясы.

Әлем тілдері, олардың әлеуметтік қызметтері және құрылымдық ерек-шеліктері (глобалдық таралу, қабылдау, қызмет спецификасы, көрсету құралдарына байлығы және қолдануы). Келешектегі тіл туралы мәселелер.

  1. Халықаралық тілінің қосымша мәселелері [7,17б].

        Қорытындылай келе, социолингвистика – тіл және қоғам арасындағы байланысты зерттейтін ғылым. Бұл – тіл білімінің негізгі саласының бірі. Социолингвистиканы көптеген ғалымдар зерттей келе, оған бірнеше анықтамалар бере отырып, оның проблемалары мен қарастыратын мәселе-лерін атап көрсетті. Атап айтсақ, тіл түрлері, оның қызметі, әлеуметтік формалары және қоғамдық құрылымы мен қоғамға әсері және т.б.     

 

1.2 Әлеуметтік тіл білімінің негізгі ұғымдары мен түсініктері

 

      Тілдік ахуал (языковая ситуация) – бұл «тіл қызметінің және әр халықтың тарихи даму кезеңіндегі қоғамдық өмірдегі әртүрлі формаларының белгілі бір түрі». Бұл В.А. Аврориннің тіл ситуациясына берген жалпы анықтамасы. Тіл ситуациясын анықтау кезіндегі объектілер арасындағы себептік тәуел-ділікті сақтай отырып, автор оның үш негізгі «қызметін» атап көрсетті: 1) тіл қызметінің әлеуметтік шарттары; 2) тіл қолдануының сферасы және ортасы; 3) тілдің өмірдегі формалары.

         В.А. Аврорин біртілді халық және біртілді емес жағдайларда бірдей «тілдік ахуал» терминін қолданады. Біртілді халық тіл ситуациясымен  белгі-лі халық өмірінің әлеуметтік шарттары кезіндегі қоғамдық шығар-машылық-тың барлық ортасы және сферасындағы тілдің өмірдегі қызметі анықталады.

         Л.Б. Никольскийдің анықтауынша: «жергілікті-территориялық бірлес-тікте және этникалық қоғамда қолданылатын тілдердің, қызметтік стильдері-нің мәнін тіл ситуациясы деп атаймыз». Тіл ситуациясы ірі және ауыр әлеуметтік-тіл білімі болғандықтан, ол макросоциолингвистикада зерттеледі.

         Билингвизм (лат. bi – екі, lingua – тіл) – бұл қостіл, яғни әр адам немесе барша халық өміріндегі екі тіл, біріншісі – ана тілі, және екіншісі – меңгер-ген. Әлеуметтің жеке топ мүшелерімен қолданылатын қостіл болса, бұл – индивидтік билингвизм, егер сөйлеушілердің тобымен қолданылса, онда ол – топтық билингвизм.

         Топтық билингвизм – мемлекеттің бір аумағын немесе барлық ұлтты қамтиды. Бірінші жағдайда бұл – аумақтық, екінші жағдайда – ұлттық билингвизм. Егер билингвизм барлық әлеуметтік-мәдениеттік топтарға қатысты болса, онда бұл – жалпы, егер жеке әлеуметтік қабаттарға (сатушы-лар, транспортшылар, теңізшілер, ғылыми қызметкерлер және т.б.) қатысты болса, онда ол – жекелік немесе топтық билингвизм деп аталады.

         Егер билингв (қостілді меңгеруші) бір тілден екінші тілге еркін аудара білсе, онда бұл – аралас қос тіл (Л.В. Щерба ойынша – «қос терминді аралас тіл»), егер ол болмаса және тіл екі автономды белгі жүйесі қызметін атқаратын болса, онда таза қостіл (ол өте сирек кездеседі).

          Билингвизм – көпжақты құбылыс және әртүрлі аспектілерді зерттелуі мүмкін. Билингвизмнің үш зерттеу аспектісі ерекшеленеді: 1) лингвис-тикалық (социолингвистикалық), 2) психологиялық, 3) педагогикалық.

         Билингвизмге мысалы келтірсек, рыс тілі қостілдік компоненті ретінде қолданылады (украин-орыс, белорус-орыс, өзбек-орыс және т.б.). Бірақ кейбір жерлерде қарым-қатынас құралы ретінде аумақтық тіл кең таралған. Мысалы, әзірбайжан тілі дагестандықтармен, армяндармен және лезгиндермен қолданылады. Сонымен бұны көптілдік немесе полилингвизм (грек. poli — көп, лат. lingua — тіл) деп аталады.

         Билингвизм түрлерінің ішінен ерекшелейді: 1) Екі жергілікті тілді қолдану кезінде пайда болатын билингвизм; 2) жергілікті ана тілі мен аумақтық қарым-қатынас тілін қолдану кезінде пайда болатын билингвизм; 3) жергілікті және макроделдал тілін қолдану кезінде пайда болатын билингвизм (ұлтаралық тіл); Мұнда әртүрлі принциптік жағдайлар қалыптасады: а) антагонистикалық қоғамының макроделдал тілі жергілікті халықтың ана тілімен байланысы, б) антагонистикалық емес қоғамының макроделдал тілі, мысалы қазақ тілі және еліміздің басқа тілдерінің ұлттық-қазақ қостілі ретінде маңызды ролі және заңдылық күші; 4) Аумақтық макроделдал тілін қолдану кезінде мемлекет халықтарының жалпы және байырғы тілі ретінде көрінетін билингвизм; 5) Ұлт және маман тілін (ритуалдық тіл – санскрит типі, ғылым тілі – латын, классикалық араб типі және т.б.) меңгеру кезінде пайда болатын билингвизм [1, 82-85бб].

         Тіл саясаты – белгілі мемлекеттегі тіл проблемаларын шешуге арналған мемлекеттік класс түріндегі қоғамдық қатынастарының айқын бейнеленуі. Бір ұлтты мемлекетте тіл саясатының болуы қоғамдық, жалпымемлекеттік мәндегі тіл проблемаларын шешуге арналған жиналыс өткізумен байланысты. Тіл саясаты қоғамның тілге қатысты әлеуметтік әсерімен байланысты категорияларға жатады. Ол әлеуметтік және идеоло-гиялық принцип негізінде іске асырылады.

         Тіл саясаты ұлт саясатының құрамдық бөлігі бола отырып, көп және бір ұлтты мемлекетте  өзінің ерекшеліктерін жүзеге асырады. Сонымен қатар тіл саясаты әртүрлі болуы мүмкін және оған қарама-қарсы мазмұнды беруге болады: тілді тежеу және ұлт тілдері дамуының саясаты. Социолингвис-тиканың зерттеу мәселелері қатарына кез-келген тіл саясаты, оның идеоло-гиялық негіздері және практикалық нәтижелері жатады [8, 254-255бб].

Қазіргі таңдағы тіл саясатының басым бағыты – мемлекетттік тілді өркендету, мемлекеттік тілде мамандарды даярлау деген ұғымдардың ішінде ұлттық кадрларды дайындау, ұлттық рухты жандандыру, ұлт тілін дамыту, түптеп келгенде тәуелсіз елдің болашағын берік, баянды ету деген мемлекеттік тұрғыдағы кешенді проблемалар жатыр.

Бұл мәселе үнемі Елбасымыздың да назарында жүретіні баршамызға белгілі. 2005 ж қазақ халқына арналған Жолдауында «Біз барлық қазақстан-дықтарды біріктірудің негізгі факторы – бүкіл қазақтың ана тілі болып табылатын мемлекеттік тілдің әрі қарай дамуына бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» [9, 17-18бб], — деп арнайы тоқталып, алдымызға үлкен міндет жүктеді. Енді біз осы міндеттің үрдісінен шығудың тиімді жолдарын қарастыруымыз керек. Жалпы қазақ тілінің проблемасы қоғам сұранысына қарай күнненн күнге күрделеніп келеді. Осыдан бес жыл бұрынғы тілге қойылған талап пен бүгінгінің арсында елеулі айырмашылық бар. Бұл біріншіден, тілді тұтынушылар талғамының өскендігі, екіншіден, әдеби тілдің дамып, жаңа заман талаптарына сай жетілгендігінің көрінісі [9, 20б].

 

1.3 Әлеуметтік тіл білімінің мәселелері

 

Қазақ топырағында аты-жөні орнына күллі қазақ есімінің сыпайы түрін айтатын бір адам бар. Ол – Ахаң. Ахмет Байтұрсынұлы тілші, әдебиетші, педагог, ойшыл, түркітану ғылымының заңғар ғұламасы ретінде әрісі түркі әлеміне, берісі Қазақстанға әбден белгілі есім.

         Ахмет Байтұрсынұлы тілді жан-жақты зерттеген, сондықтан да тіл білімінің сан алуан саласы бойынша мұра қалдырған ғұлама. Ғалымның 125 жылдық мүшел тойы тұсында оны тіл маманы ретінде де әр қырынан жан-жақты тану парыз.

         Ахаңның 1912 жылы бастау алатын тіл жөніндегі бай мұрасы лингвистикалық тұрғыдан Р. Сыздықова, М. Жүсіпов, Ә. Жүнісбеков, т.б. еңбектерінде талдануда, ал социолингвистикалық қырынан бұрын-соңды сөз болған емес. Біз ғұламаны осы бір қырынан әңгіме етпекпіз.

         А. Байтұрсынұлы социолингвистикалық мәселелерді сезім (интуиция) арқылы қабылдаған, түйсінген. Бұл әбден заңды, өйткені социолингвистика тіл мен қоғамның өзара байланысын  зерттейді. Ахаң қоғамның тілдік қажеттілігін өмірден байқаған, сезе білген.

Әлеумеітік лингвистиканың, өз алдына жеке ғылым болған соң, өз әдіс-тері бар екені белгілі.

Сонымен, А. Байтұрсынұлының шығармашылық мұрасында социолин-гвистикалық ізденістері мен тұжырымдары — бір төбе.

Ахаңтану ғылымының күретамыры – социолингвистикалық тұжырым-дамалары. Әрине, Ахаңның социолингвистикалық тұжырымдамалары лин-гвистикалық мұралары орайында, бейнелеп айтқанда, қосақ арасында бос кеткені бізге аян. Соларды герменевтика әдісін қолдана отырып, бөліп-бөліп көрсету — ұлттық кажеттілік.

Қазіргі әлемдік социолингвистика тілді негізгі қызметіне қарай, коммуникация яғни қарым-қатынас құралы деп сипаттайды.

Қазақстанда социолингвистика ғылымы кейінгі кезде қалыптасқаны белгілі, бірақ оның қазақ тіліндегі негізі тұңғыш рет Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерінде қаланды.

Социолингвистика пәні мен анықтамасы объективті, субъективті жағдайлардың әсерімен нақтылану үстінде.

Бүгінгі таңда социолингвистика, қазақша әлеуметтік лингвистика (қысқаша: социолиигвистика) — тіл білімі, әлеуметтану (социология), әлеу-меттік психология және этнография ғьлымдарының киылысқан жерінде дамитын, тілдің әлеуметгік табиғаты мен қоғамдық қызметін, әлеуметтік фактордың тілге әсер ету тетігін және қоғам өміріндегі тілдің атқаратын қызметін зерттейтін ғылым [10, 481-482бб].

Біздің диплом жұмысымыздың бұл тарауында Ахаңның социолин-гвистикалық мұралары ішндегі бірыңғай тіл дамыту жөніндегі қағидаттары негізінде болмақ. Тіл дамыту дегенді әңгіме тілге байланысты ғой деп, дәстүрлі лингвистикалық мәселе катарында қабылдаса, дұрыс болмайды. Дұрысы сол — тіл дамыту — социолингвистика құзырындағы мәселе.

Енді осы ғылым тұрғысынан Ахаңның тіл дамытуға байлынысты кағидаттарына жеке-жеке тоқтала кетпекпін.

  1. Ахаңның осыдан 85 жыл бұрын тілге берген анықтамасы социо-лингвистикалық сипатты анықтама болды. Ахаң: «Тіл — адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі», — деді. Демек, ғалым адамның биологиялық тіршілік иесінен әлеуметтік тіршілік иесіне айналуын тілдің қызметімен байланыстырып отыр. «Осы дүниедегі адамдар тілінен айрылып, сөйлеуден қалса, кандай қиындық күйге түсер еді» [11, 141б]; дегені мұны дәлелдей түседі. Бұл — бір. Екіншіден, Ахаң кітабының «Тіл — кұрал» деген атауы — соны сөзқолданыс, негізі — социолиногвистикалық сипатта атау. Ахаң сөзімен айтқанда, «Тіл — құрал» деген аты қандай жат көрінсе, ішкі мазмұны да әуелгі кезде сондай жат көрінер, өйткені бұл — қазақта бұрын болмаған жаңа зат» [11, 142б]. Кейінірек Ахаң: «Тіл-құрал. Құрал болганда толып жатқан есепсіз бөлшектері бар, ол бөлшектері түрлі жағымен қиысатын болып жатқан қырлы, тетіктері есепсіз көп бір өте үлкен машина секілді құрал» [11, 335б], — деді. Мұның өзі тілдің социолингвистикалық мәнінен туындаған. Келесі кітап аты — «Тіл жұмсар». Бұл жерде Ахаң «тіл қолдану» деген социолингвистикалық категорияға көшеді.

Ана тілі — алдымен психолингвистикалық, социолингвистикалық кате-гория. «Ана тілі дегеніміз күллі тіл атаулыдан ішкі құылыс ерешелігімен дараланатын, белгілі бір халықпен нақты кеңістікте тарихи бірге жасап, оның төл медениетін ұрпақтан-ұрпаққа үздіксіз ұластырушы, сол халық адам-дарына (жас, жыныс, сенім, кәсіп, әлеуметтік жағдай айырмасына қарамай) түгелдей және жан-жақты қызмет ететін ұлтішілік қатынас құралы»[12, 25б].

Ахаң адамның «өз тіліне» ерекше мән берген: «…һәр жұрт баласын әуелі өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан кейін, басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі өз тілімізбен оқытып, онан соң басқаша оқыту тиіс»[11, 142б].

Ахаң қазақ тіліне социолингвистикалық сипат береді. Ол 1926 жылы күллі түркі тілі мамандары алдында жасаған баяңдамасында қазақ, қырғыз тілдерін орысша былай сипаттады: «Эти языки — самые стройные. Здесь звуковые законы очень строги, каждый звук в конце слова дает такую же реакцию, какую дает химический элемент. Это самый совершенный, самый стройный язык»[11, 417б]. Қазақ тілін заңы азбаған тіл деп сипиаттады [11, 372, 396бб].

  1. Социолингвистика құзырындағы негізгі мәселенің бірі — тіл саясаты. Ал тіл саясаты деген — өмірдің әр түрлі саласында тілді тиімді қолдану бағытында арнайы белгіленген іс-шаралар жүйесі. Ахаң мұрасында «тіл саясаты» деген, Ахаңша айтқанда, «пән атауы жоқ», «миссионерлік пікір», «политика» деген бар. Олар Ахаңның істеген ісі мен жариялаған сөзінде, мақала, еңбектерінде көрініс береді.

Ғалым Ресейдің тіл саласындағы саясатына өз пікірін білдіреді. Мысалы, Ресей Оқу министрі 1906 жылы, одан кейін қол қойған правилада бөтен текті жұрттардың мектебінде бастапқы екі жыл ана тілінде оқытылсын деп нұсқау берген, сонымен қатар ол бірден орыс тілімен оқытуды да қолдайды екен. Ахаң: «…өз әлілпесімен, ана тілімен оқытып отырсақ, қай уақытта жазу-сызу, тілі жоғалады? » — дейді де, Ресей миссионерлерінің түпкі мақсатын тап басып, «Тегі бөтен жұрттар тілінен, жазу-сызуларынан айрылып, орыспен бірдей болып сіңісу үшін бірден орыс тілімен оқыту» екенін әшкереледі. Дәл осылай орыстандыру кеңестік Қазақстанда жаппай көрініс берді [11, 118б].

Қазіргі қазақ тілін дамытуда саясат факторына аса көп мән бере қоймаймыз. Ал Ахаң мән берген: «…бастауыш мектеп, әуелі миссионерлік пікірден, политикадан алыс боларға керек, яғни қазақтың діні, тілі, жазуы сұмдық пікір, суық қолдан тыныш боларға керек» [11, 437б], — деген.

Ахаң Ресей қол астында түрлі тілді қолданып отырған жұрттың тілін «орысқа аударса, үкіметке онан артық ұнамды іс болмас дей келіп, үкіметке керегі мемлекеттегі жұртың бәрі бір тілде, бір діңде, бір жазуда болу, әр халықка керегі өз діні, тілі, жазуы сақталу» [11, 436-437бб], — деп жазды. Орыс үкіметі сияқты, Кеңес одағына іс жүзінде керегі — бір тіл, ол орыс тілі болды.

Ахаң ана тілінде оқыту үшін бел шешіп күресті. «Біздің қазіргі ел ішіндегі мектептерімізде жоғарғы айтылған шарттардың біреуі-ақ бар, ол бар дегеніміз — ана тілімен оқыту» [11, 438б]. «Ана тілімен оқытамыз деген пікір — кіли орыстан тегі басқа, тілі басқа жұрттың бәрі куаттайтын пікір» [11, 440б], — деп қазақтан өзге ұлттарды да ана тілінде оқытуға шақырды.

«Ана тілімен оқыту» — бүгінгі Казақстанның да тіл саясатының негізі. Бұған Тіл заңы куә. Бірақ заң ойдағыдай жүзеге асар емес. Мысалы, мем-лекет басында отырған кейбір саясаткерлеріміз мемлекеттік тілді мойын-дамай жүргендері аз емес.

Қазақстан Үкіметінің 2006 жылғы 23 қарашадағы № 1115 Қаулысы бойынша Бас дәрігерлерді аттестациялау барысында толып жатқан кем-шіліктерге жол берілген. Тестілеу кезінде мемлекеттік тіл көпе-көрнеу шегеріліп барлық сұрақтар тек қана орыс тілінде әзірленген. Елбасының Қазақстан халықтары Ассамблеясынгдағы мемлекеттік тіл саясаты туралы айтқан тапсырмалары мен талаптары мүлде негізге алынбаған. Осыдан бес жыл бұрын мемлекеттік тілге көшкен Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бас дәрігерлердің бәрі орыс тілінде тест тапсыруға мәжбүр болғандықтан 286 тапсырушының 76-сы ғана өткен. Тестілеу барысында облыстық денсаулық сақтау департаментінің бастығы В. Дудник біреулердің сыбырлауымен кейбір ыңғайсыз Бас дәрігерлерді тайдырып, олардың орнына нақ бір оңтүстік топырағында кадр жоқтай сонау Қостанайдан, Астанадан шақыр-тып мемлекеттік тілден мүлде бейхабар адамдарды тағайындаған. [13, 4б].

  1. Тілдің әлеуметтік қызметі – социолингвистикалық мәселе. Ахаң 1926 ж. Бакуде өткен түрікшілер құрылтайында қазақ тілінің қоғамдық қызметі жөнінде былай деді: «…до революции 1905 года нам, казакам (казахам — Б. X.), печатать на родном языке ничего не разрешалось. Лишъ после этой революции на казахском языке начали выходить брошюры, журналы, газеты, учебники. Рядом с этам шла работа по изучению природы казахского языка с фонетаческой и грамматической стороны. По реформе алфавита, соответс-твенно фонетическим требованиям, по составлению грамматики. Словом, казахский язык за короткий промежуток времени стал принимать обра-ботанный определенный вид, допускающий при употреблении сознательный контроль над собой» [11, 422б].

Ахаң қазақ тілінің әлеуметтік қызметін сөз еткенде сандық факторға ерекше мән берді. Бұл дұрыс, өйткені кандай да тіл болмасын, тіл болғаннан кейін ол өзге тіл атаулыдан дараланады, алдымен сөйлеушісінің санымен ерекшеленеді. Ғалым сол кездегі қазақтың санына, 6 миллион екеніне, сөйлеушінің әлеуметтік сипатына мән беріп, әлеуметтік топтардың тілдік мүддесі болатынын ескереді, сезе отырып, тілдің ортақ, көпшілікке түсінікті болуы үшін атсалысқан. Бұған мына сөзі дәлел: «Для терминов пред-почтительно перед другими брать казакские слова с вполне соответс-твующим данному понятию значением. Это делается во избежание рас-слоения языка, т. е. для того, чтобы не получился язык верхов и язык низов, или, вернее, язык грамотных и язык неграмотных» [11, 423б].

«В деле заряжения народной массы знанием большую роль играет правильно поставленное печатное слово, которое, прежде всего должно быть доступно массе» [11, 425б].

Тілдің даму деңгейі қоғамдық қызметімен, қызметі көлемімен белгі-ленеді, өлшенеді Сондықтан да «тіл — өмір салалары» — социолингвистиканың төл категорияларының бірегейі.

Оқулықта тіл қолдану саласы анықталған: «Сфера использования языка — это общение между собой в области определенного вида общественной деятельности» [2,85б]. Сала — қызмет (деятельность) түрі, қарым-қатынас тақы-рыптарымен сипатталады. Біздің дәуірімізде, өз есебіміз бойынша, тіл қолдану саласы жиырма шақты, оның ішіндегі бөлшектерін есептегенде жүзден асады. Қазақ тілі өмірдің азды-көпті 108 саласы мен кіші сала-ларында қолданылады.

Ахаң — тіл қисыны ғылымының негізін қалаушы. Ол: «сөздің келісті болатын заңдарын, шарттарын біліп тізу тіл қисыны деп айтылады» [11, 421б], — дейді. Бұл жерде Ахаң — стилистика пәнін түзуші. Сонымен қатар Ахаң «Әдебиет танытқыш» (1926 ж.) т. б. еңбектерінде тілдің көркем әдебиет саласындағы қызметі ұғымын алға тартқан. Бұл — социолингвисше сез сап-тау. Ахаң қазақ тілінің көркем әдебиет саласында дамуына поэзиясы мен зерттеулері, аудармалары арқылы өз үлесін қосты.

Ахаңньң қазақ тілінде оқыту мәселесін қоюы, — қазақ тілін оқу тіліне айналдыру дегені – социолингвистикалық талап.

Ахаң миссионерлік саясатқа қарсы шығады. Оның бастауыш мектеп бес жылдық болсын, алғашқы үш жылда балалар ана тілінде, кейін екі жыл орысша оқысын деген ұсынысы соның нақты дәлелі. Ахаңша: «Бастауыш мектепті кілең қазақ тілінде үйретілетін нәрселер: оку, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, жағрафия, шаруа-кәсіп, жараталыс жайы.» [11, 438б].

 «Ана тілімен оқыту» деген, социолингвисше айтқанда, тілдің білім саласындағы қызметін дамыту болмақ, Ахаң казақ тілінде және қазақ тілін оқыту арқылы казақ тілінің тағы бір арнасы — ағарту, білім саласында қызмет етуіне тікелей ықпал етті.

Ахаң «Қазақ» газетін (редакторы) шығарып, «Айқап», «Шора», «Жаңа мектеп» журналдары мен «Еңбекшіқазақ» газеті бетінде қазақ тілін дамыту мәселесін көтеруі арқылы қазақ тілін өмірдің үшінші бір арнасы — мерзімді баспасөз саласын да іске қосты.

Ахаң бірсыпыра ғылым түрін қазақ тілінде дамытты, әсіресе қазақ тіл білімін дамытып, оны қазақ тіліндс сипаттады. «Тіл — құрал», «Тіл жұмсар», «Әліл-би», «Оқу құралы», «Баяншы» сияқты оқулықтар шығарып, ғалыми-пе-дагогикалық, проблемалық мақалалар жариялау арқылы ол қазақ тілін ғылым тіліне айналдырды. Ғылым — Ахаңның қазақ тілін іске қосқан тағы бір, төртінші, саласы.

Қазақ тілі — ежелден дін саласында қолданылған тіл. Ахаң осы факторға ерекше мән беріп, «Қазақты дінінен айыруға болмаса, жазуынан да айыру болмайтын жұмыс… Дінмен байласқан жазу дін жоғалмай, жоғалмайды» [11, 437б] — деген тұжырым жасайды.

Әлемдік социолингвистика ғылымы тіл дамуын үш бағытта

жүреді деп есептейді. Ол: тілдің таңбалануы (графизация), тілдің жаңаруы (модернизация) және тілдің қалыпқа түсуі, нормалануы (стандартизация) [1, 121б]. Ахаң тіл дамытарлық осы үш бағытта бірдей қалам тартты.

3.1. Тілді жазу тіліне айналдыру жазуды жетілдіру — адамдардың тілді саналы түрде дамытуының бірден-бір көрінісі. Мұның таза лингвистикалық қыры бар, социолингвистикалық қыры және бар.

Ахаң «Тіл — құрал» (Орынбор, 1914 ж.) атты еңбегінде жазудың маңызын былайша баяндайды: «Осы күні адамдар жазудан айрылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айрылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің заманымыз — жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман [1, 121б]. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмай-ды: жазумен дүниенің бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөй-леседі, сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білудің керектігі одан да артық.Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазған да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек. Сөздің жүйесін, қисынн келтіріп жаза білуге: қай сөз қандай орында калай өзгеріп, калайша біріне-бірі киындасып, жалғасатын дағдысын білу керек» [11, 142б]. Ахаң «Әліп-би» еңбегіңде (1928 ж.) «90%-і хат білмсйтін жұртқа оқу мен жазуды оңай үйрететін әліп-би кітабынан артығы жоқ» [11, 50б], — дейді.

Ахаңның «…кемшілік, ретсіздік жазуымызда да бар, оны реттеу, жөндеу керек» [11, 394б] дегені, бұған әлеуметтік мән бергені, дәлірек айтсақ. «Жазу тузету бірімізге емес, бәрімізге керек нәрсе ғой…» [11, 394б] дегені алдымен еске түседі. Дыбыс әлеуметтік тұрғыдан кандай танымал болса, оның белгісі де сондай танымал болуы шарт. Ахаңның «бәрімізге керек» дейтіні осыған саяды.

Әріп таңбасы мен әліпби тығыз байланысты. «Әлілби деген — тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы. Неғұрлым тіл дыбыс-тарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дәл келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым әліпби жақсы болмақшы» [11, 400б].

Ахаң латын әрпіне көшуге қарсы болды. «Хат мәдениеті бар халыққа бір әріпті тастан, екінші әріпті ала қою оңай жұмыс емес. Бірте-бірте барып алып кетуге бірталай уақыт керек, бірталай артық тұрған қаржы керек. Бірталай артық тұрған адамның күні, ісі керек» [11, 401б], дей келіп, латын әріпі мен араб әріпін салыстыра зерттеу барысында «артықтығы, пайда-лылығы жоқ. Қайта араб әріпінен гөрі толып жатқан төмендігі, кеімдігі, кеселдігі бар» [11, 401б] деген тұжырымға келеді.

Үкіметіміз жуырда құрған қазақтың жаңа әліпби даярлайтын Уақытша ғылыми-зерттеу тобы осыларды ескерсе керек. Ғалымдар казіргі әліпбиімізді өзгертеміз десе, өзгертсек, біздің жыл санауымыздан ІІІ-V ғасыр бұрын, яғни кирил жазуынан ХІІ-ХV ғасыр, грузин, армян жазуынан VІІІ-Х ғасыр ерте дүниеге келген, түркі халықтарына ортақ байырғы  төл әліпбиіміз рун жазуы мен өзіміз 1929 ж. көшкен латын жазуының бірін [1, 122б] таңдау мәсе-лелерінде Ахаңның әліпби туралы ілімін ескеруі тиіс. Бұл ретте, біздіңше, Ахаңның «Қазақ тілінде 24 дыбыс бар» [11.381б] деген тұжырымын ескерген жөн шығар. Себебі қазақ тілі дыбыстарын машинамен зерттеген Ә.Жүніс-беков дыбыс санын 26 деп нақтылады [14, 4б]. Қалай болғанда да қазақтың болашақта талдайтын әліпбиі басқа түркі тілдерді таңдаған жазумен өте жақын болуы тиіс, ол үшін барлық түркі тілдері мамандары бір пәтуаға келуі шарт.

Әрине, әліиби өзгертуге Қазақстанның қазақтан өзге халықтарының мысалы, славян халықтарының наразылық білдіріп, тыныштығымызға жарықшақ түсірмеуін ойластыру керек. Ахаң латын әрпін «Еуропа жұртымен бірдей болу мақсатпен аламыз десек, алу қиын болған себепті орыстар аяқ баспай отырғанда, біз сол мақсатпен істейміз деп айтудың канша орны барлығын сөйлеп, көп сөз қылмасақ та болар» [11, 409б], — дейді. Біздіңше, егер латын жазуьша көшетін болсақ, егеменді ел ретінде Қазақстандағы орыс сияқты бірсыпыра халықтардың бұл жазуға бірге көшуін ұсыну керек сияқты. Бұл ретте Ахаңның қазақ әліпбиін көптеген тіл әліпбилерімен салыстыра келіп, оның орыс әліпбиінен артықшылықтарын байқағанын ескерейік. Ғалым былай дейді: «…будто бы сам алфавит мешает прогрессу, а если возьмем языки, например, русский, русское письмо в сравнении с нашим — это китайскос письмо. Тут приходится заучивать, зазубривать каждое слово, точно так же как английский, немецкий и французский языки, в сравнении с нашей грамотностью это есть именно китайская грамота. Мы заучиваем только 24 звука, а они же все, что есть на этом языке, должны заучивать. На каждом языке сколько слов, сколько должны припомнить изображений этих слов. Почему? Потому что их письмо не передает правильно ни одного звука» [11, 418-419бб].

3.2. Қазақ тілін дамыту еліміздің стратегиялық бағыты. Елбасы айтқандай, «Русофобия күрт кеміп, қазақ дәстүрлері мен тілдің қайта өрлеу үрдісі табиғи құбылыс деп қабылданатын болды» [15, 43б]. Бұл — жақсы бетбұрыс. Қазақ тілін жаңарту бағытында көптеген шаралар белгіленді. Ахаңнан кейінгі заманда тіліміз өз Отанында мемлекеттік мәртебеге ие болды. Мәртебе жүзеге асу үшін не істеу керек? Істейтін іс көп. Соның бастысы қазақ тілі еліміздің куллі мектебінде, арнаулы және жоғары оқу орыедарында оқытылуы тиіс. Бұл не деген сөз? Бұрын Компартия орыс тілін қазақ арасына зорлық-зомбылықсыз қалай шаршы ұялап ексе, біз де солай етуге тиіспіз. О да біздің төл тәжірибеміз еді ғой, енді үздік үлгілерін ана тіліміздің жолында пайдаланайық. Қазақ тілі орыс тілі сияқты, күллі оқу орынында арнайы пән болсын, түсу емтиханы қабылданатын пән болсын, қазақ тілінен үлгермеген адам оқуда кластан класқа, курстан-курсқа көші-рілмесін.

Ахаңша «оқу құральның ең ұлығы — бала оқытатұғын кітап; оның жақсы болып, балалардың жанын қинамасына жазудың тәртібі болуы шарт. Тәртіпті жазу деп айтамыз: тілдегі бар дыбыстың бас-басына арналған белгісі (харфі) бар болса» [11, 380б], — дейді. Ахаң дұрыс айтады, «дыбыс басына хәріп белгілеп, жазуымызды бір жөнге салалық…» [11, 387б]. Айта кету керек, Ахаң «Дыбыс пен хәріп екеуін бір затқа санайсыз» [11, 388б], -деп дұрыс сынайды Шәһзаман деген мырзаны.

Ахаң «Қазаққа керек оқу екі түрлі: бірі — мұсылманша оқу, бірі — русша оқу» [11, 380б], — дейді. Мұсылманша болғанда ол қазақша оқуды айтады. Ғалым «Қазақша оқу дегенде мен осы күнгі мұсылманша жүрген жолменен оқуды айтпаймын, қазақтың тіліменен оқуды айтамын» [11, 380б], — деп нақ-тылайды.

Ахаңша «Орысша оқу орыс қолтығында тұрған жұртқа керек, керек болғанда қазақша оқығанның үстіне керек» [11, 433б]. Орыс тілі бізге әлі керек, керек болғанда ана тілімізден кейінгі екінші тіл ретінде керек.

Замана енді, міне, үшінші тілді оқуды ұсынуда. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы ұсынған тілдік жоспар жүйелі үштілділікке меңзейді, ол болашақ жастары туралы бұлай дейді: «Они будут одинаково хорошо владеть казахским, русским и английским языками» [15, 113б]. Өкінішке орай, бұл сөйлем Жолдаудың қазақша нұсқасында жоқ, сондықтан сілтеме орысша жасалды. Міне, осының өзі қазіргі біздің тілдік бағдардың сыр берген сәті. Иә, Қазақстанға керегі — үштілділік. Бірақ оның мемлекеттік тіл негізінде калыптасып, дамуы шарт.

3.3. Ұлтты не қальптастырып, не дамытады? Ұлтты ана тіл калып-тастырып, дамытады. Анығырақ айтсақ ұлтты ана тіліндегі оқулық қалып-тастырады. Сондықтан қазіргі Жапония мен бір кезде Францияда оқулық төңірегінде қызу айтыс жиі болды [16, 47б]. Ұлтымызды дамытатын – оқу-лық, соның ішінде барлық пән бойынша жазылған ана тіліміздегі оқулықтар. Негізгі күшті оқулыққа салу керек.

3.4. Тіл термин сөздер арқылы көбірек жаңарады. Сонда ол кірме тер-минмен жаңара ма? Терминнің бәрін аудару керек пе? Қазақ тілін пән сөздерімен дамыту мәселесі де Ахаң назарынан тыс қалмады. Ахаңның тікелей әсерімен солкездегі «Қазақ жат сөзге әуестенбей, пән сөздерін өз тілінен жасауға тырысты. Әдебиет тілі ауылдағы қазақтың хат білетін, білмейтін — кайсысына да болса түсінікгі болуын көздеді. Тіл арасына жік түсіп айырылмас үшін, жат сөздерді амалсыз болған жерде ғана алатын тәртіп қолданды» [11, 413б]. Ахаң бірінші Бүкілодақтық түрікшілдер құрыл-тайында былай деді: «…Мы все иностранные слова будем брать в таком виде, чтобы это было легко для произношения казаков (казахов — Б. X.)» [11, 418б].

3.5.  Тілді жаңартатын бірсыпыра сөздер — жат сөздер. Қазір күллі кірме сөзге балама табуға тырысушылық байқалады. Ахаң ұстанған қағидат   — кір-ме сездерді қабылдау және мұны, халыққа салу: «Міне, бұ сықылды сөздерді қазақ тілінен қуып шығару ма? Болмаса сақтау ма? Мұны көп білсін!» [11, 385б] дей отырып, «Мен өзім сақтау жағындамын. Өзге жұрттарда бұзып алған сөздер сақталады» [11, 385б] деген уәж айтады. Тіл дамытатын, Ахаң-ша, «бұзып алған сөздер», яғни кірменің «бұрынғы қалыбында емес, өзгер-ілген», қазақ тіліне ыңғайланған түрі.

3.6. Ахаң дұрыс емле түзуді лингвистика мәселесі ғана емес асыл тіл дамытудың басты шарты деп пайымдайды.

«Дұрыс емле менен қате емлені айыруға, менің ойымша, былай қарау керек шығар дейім: тіл табиғатына қарай емле ыңғайлау ма? Жоқ, емле түріне қарай тілді ыңғайлау ма? Мен ойлаймын, — дейді ол, — емле — жазу үшін шығарған нәрсе, жазу — тіл үшін шығарған нәрсе. Олай болса, тілді бұзып, емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау керек. Тілдің таби-ғатына қарамай, зорлап, емлеге таңып байласақ, қытай қатындарының аяғы болып шығады.» [11, 395б] Ахаң қазақ тілінің түзу емлелі азбаған тұнық тіл болатынын дәлелдейді: «Асыл тіл, тузу емле қазақта боларға тиісті. Неге десек: ата кәсібін тастамай істеп келе жатқан — қазақ. Басқа жұртқа ара-ласпай, өз алдына оңаша, оқшау жүрген — қазақ. Жат жазудың ыңғайына қарап, басқалардан тілін бұзуға, арасына жазу жайылмаған түрік баласы — қазақ.

Сырттан бірен-саран жат сөздер келсе, оны жаншып кеміріп, өз тілінің қалпына түсіріп алған – қазақ. Жат жұрттың шалығы тимссе, жазу шалығы тимесе, кәсібі, ғұрпы өзгермесе, жалғыз тілі өзгерді деп айтуға тіпті жол жоқ. Қазақтың тілі езгерген тіл деп айтуға жол жоқ: қазақта тілінің табиғатына халиф келетін емле жоқ. Едідден бастап Ертіске дейін, Оралдан бастап Ауғанға шейін қазақта тіл де бір, емле де бір. Қойшы, түйеші, биеші емлесі деген қазақта жоқ нәрсе. Тоқсандағы шалының, тоғыздағы баласының – бәрінің емлесі біреу-ак,..» [11, 395-396бб].

Ахаңды кейбіреудің қазақ тілін ана тілі болғап соң мақтап отыр деуі де мүмкін, мұндай жағдайда әділ орыс ғалымдарының бәрі қазақ тілін Ахаңша сипаттағанын айтқан жөн. Мысалы, түркі әлеміне аты әйгілі Платон Михайлович Мелиоранскийдің өзі былай деген: «По единогласному сви-детельству всех исследователей киргизского (казахского -Б. X.) языка он принадлежит к числу самых чистых и самых богатых тюркских наречий. Киргизы (казахи — Б. X.) большие мастера и охотники говорить складно и красно. Люди, отличающиеся особенным даром слова, импровизаторы, рассказчики и певцы пользуются у них немалым почетом и уважением. Народная литература киргизов весьма богата и разнообразна. Особенно замечательно то обстоятельство, что, несмотря на громадное пространство, занимаемое киргизами, язык их даже в наиболее удаленных друг от друга местах почти совершенно одинаково, — до такой степени, что дальнейшее его дробление на поднаречия едва ли возможно.» [17, 3б].

Көріп отырғандай, Ахаң қазақ тілінің асыл тіл болуын қазақтың дәстүр жалғастығы, оның геосаяси жағдайыда, өзге тіл жазуы ықпалы болмауына, кәсіп ерекшелігіне, қазақ кеңістігіндегі тіл бірыңғайлылығына, оның жас айырмашылығына катынасы сияқты факторлардың қазақ тіліне әсері бары-жоғын ескере отырып дәлелдейді. Қазақ тілінің жұмсалуы Ахаңнан кейінгі кезеңде көп өзгерді, оған әсер еткен екі фактор: бірі — жат жұрттың шалығы тиюі, екіншісі -өзге тіл жазуының кей жағдайдағы керітартпа әсері.

  1. Ахаң қазақ тілінің таза сақталу себебін де социолингвистикалық тұрғыдан өзінше түсінген. Оған мына сөздері арқылы қол жеткізуге болады: «Қазақта жазу-сызу болмаған соң, жалғьз-ақ табиғаттың законына ерген, сондықтан тілі азбаған. Өзгелер табиғатты зорлап, емлеге таңып, тілін аздырған» [11, 396б]. «Тілдің ауанына қарамай харіптің, емленің ауанына бұрып, тілдің көркін бұзған, әдеби тілмен жазамыз деп, жат тілмен жазып, өз тілінен айрылған басқа түріктердің ізіне түсіп, тілімізді аздырғанымызды мақұл көрмейміз» [11, 399б], -дегені тағы бар.
  2. Әлеуметтік лингевистиканың бір нысанасы — тілдер байланысы, бұл реттегі әлеуметтік фактордың ықпалы, әсері деген мәселелер. Ахаң бұл құбылысты дұрыс түсінген. Осы ретте оның мына бір сөзі ойға оралады: «Тілдің ғұмыры ұзақ Оның жолын жылдап емес, жүз жылдап емес, мың жылдап саналады. Сондай ұзын ғұмырының ішінде түрлі нәрселер себеп болып өзгерілмеген тіл жоқ (астын сызған — мен. Б. X.): я азып өзгерілген, я асып өзгерілген, ел бұтақтап өскен сайын тіл де бұтақтаған… Тілдің басқалануына себеп болған — әр түрлі бөтен жұрттармен сыбайлас болып араласқандықтан (астын сызған — мен, Б. X.)» [11, 395б]. Көріп отырмыз, «түрлі нәрселер себеп болды» дегені, қазіргі социолингвистер тілімен айтқанда, түрлі әлеуметтік жағдай, факторлар әсер етті дегені, ғалым соның ішінде сыбайлас болып араласуға, яғни контакт мәселесіне, ерекше мән береді.
  3. Тіл болашагын болжау да социолингвистика нысанасы болса, Ахаң бұл ретте де социолингвист. «Қазақта газета, журнал, кітаптар жоқ кезінде жоғалмаған тіл газет, журналы шығып, кітаптар басылып, жылдан-жылға ілгері басып келе жатқанда қазақ тілі жоғалмас» [11, 437б].

Қазақ тілі қызыл империя қыспағынан аман калды, жоғалған жоқ. Бірақ тежеуге түскен тіліміздің өңі кете бастағаны, беделі түсіп қадірсіз халге жеткені жасырын емес.

Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін биіктетуде дін факторына да иек артқанымыз жөн болатынын ескерген жөн. Ахаңның өзі «Қазақтың діні, тілі, жазуы сұмдық пікір, суық қолдан тыныш боларға керек. Қазақты дінінен айыруға болмаса, жазуынан да айыру болмайтын жұмыс… Дінмен байласқан жазу дін жоғалмай, жоғалмайды» [11,437б].

Сонымен Ахаң қазақ тілінің сақталып дамуына екі фактор – баспасөз бен діннің шешуші ықпал ететінін ашық айтты.

«Қазақ, я құрып жоқ болар, я өз тілімен де өзгелердей тіршілік етер. ХХ-шы ғасырға шейін түріктің тілін аздырмай асыл қалпында алып келген, тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті. Атаның аздырмай берген мүлкін, қолымызқа алып бытшытын шығарсақ, ол ұнамды іс болмас» [11, 399б], — деді Ахаң. Ғалымның 1913 жылғы сөзі мен Елбасы Н. Ә. Назар-баевтың 1998 жылғы «Қазақ қазакпен қазақша сөйлессін» дегені үндесіп жатыр.

  1. Елімізде тіл туралы заң қабылданып, оның жүзеге асырылуы — тіліміздің дамуының кепілі. Енді, міне, Қазақстан Үкіметінің » Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы қаулысы кабылданды. Ендігі әңгімеміз Ахаң өсиеттері тұрғысынан осы құжат жөнінде болмақ. Қаулыда Үкімет орталық атқару органдары мен барлық деңгейдегі әкімдерге сегіз түрлі тапсырма берілген.
  2. Мемлекеттік істің барлық салаларында мемлекеттік тілдің белсенді қолданылуын қамтамасыз ететін іс-қағаздарын кезең-кезеңімен қазақ тіліне көшірудің жүйелі жоспарын жасау, оны жүзеге асыру.
  3. Іс-қағаздарын жүргізетін, ресми құжаттар әзірлейтін құрылым мамандарының мемлекеттік тілді біліктілік белгісі ретінде білуін талап ету.

1998 жылдың 1-ші қазанына дейін іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізе алуға мүмкіндігі бар облыстар мен аудандарды анықтау;

  1. Мемлекеттік тілді іс жүргізу саласына енгізу жөнінде арнайы құрылымдар құру мәселесін толық шешу;
  2. Мемлекеттік ұйымдар мен орталықтардың штат кестелеріне қазақ тілінде іс жүргізушілер мен аудармашылардың лауазымдарын енгізу;
  3. Орталық атқарушы органдар қабылдайтын шешімдерді қазақша әзірлеуді қамтамасыз ету, Бас министр Кеңсесі бұл жағдайды жүйелі түрде сараптан өткізіп, ұсыныстар әзірлеп отыруы керек;
  4. Әділет министрлігінің, Сыртқы істер министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің халықка тікелей қызмет ететін тиісті органдарында мемлекеттік аударма қызметін құру мәселесін шешу;
  5. Заңның 21-бабының орындалуын қатаң қадағалау;
  6. 1999 жылдың 1 қаңтарына дейін ілеспе аудармаға қажетті техникалық құрал-жабдықтармен, мамандармен қамтамасыз ету мәселссін шешу;

Қаулы бойынша — Ақпарат және қоғамдық келісім, Білім, мәдениет және денсаулық сақтау, Әділет, Көлік және коммуникация, Сыртқы істер министрліктеріне, тиісінше, мемлекеттік тілді үйретудің кешенді компьютерлік бағдарламаларын әзірлеу, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының бағдардамаларына «Қазақ тілінде іс-қағаздарын жүргізу» арнайы курсын енгізу заң жобаларының мемлекеттік тілде сапалы әзірленуін қамтамасыз ету, 3 ай мерзім ішінде тіл дамытуға қатысты заңдарды орын-дауды бақылаудың тәртібі жөнінде ереже әзірлеп, Үкімет қарауына еңгізу, сала бойынша мемлекеттік тілдегі сапалы анықтама ақпараттармен қам-тамасыз ету, жұртшылық қызмет ететін байланыс тораптарын казақы қаріпті аппараттармен, казақ тілді кадрлармен камтамасыз ету, дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктер жұмыстарында мемлекеттік тілді белсенді қол-дану сияқты көптеген нақты міндеттерді шешу тапсырылған [18, 3б].

Ахаң сауатты жазуды бізге өсиет еткен. Алайда елімізде казақ тілінде жарық көрген заң, қаулы-қарарлар т. б. ресми құжаттар әдеби тіл нормасьна сай келе бермейді. Сондай құжаттар қатарында Тіл заңын, осы Үкімет қаулысын атауға болады.

Аталған қаулының өзге қаулылардан басты бір айырмасы сол – оның    бесінші тармақшасында «орталық атқарушы органдар қабылдайтын шешім-дерінің мемлекеттік тілде шығарылуын камтамасыз етсін; Қазақстан Рес-публикасы Премьер-министрінің Кеңсесі министрліктер мен басқа да орта-лық атқару органдарынан келіл түскен мемлекеттік тілдегі құжаттардың саласын оқтын-оқтын сараптан өткізіп, оны жақсарту жөнінде Үкімет карауына ұсыныстар енгізіп отыратын болсын», деп атап көрсеткен. Әбден дұрыс. Міне, осы тұғыдан келгенде, дәл осы құжаттың тілін жақсарту жөнінде ұсыныс жасасақ, артық болмас еді.

  1. Қатенің көпшілігі емле тұрғысынан белгі береді. Қандай ереже бойын-ша екені белгісіз, қазақ баспасөзінде «заң» сөзі үнемі бас әріппен жазылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 23-бабына сәйкес…» [19, 16б] дегенде «заң» сөзі неге бас әріппен жазылады? Бұл арада Ахаңның «Қазақ сөздерін алып, орыс я ноғай сөзінің жүйесімен тізсе, әрине, ол нағыз қазақша болып шықпайды» [11, 142б] дегені еске түседі. Еміленің әлеуметтік мәні зор.
  2. Қаулыда «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі …Казақстан Республикасы Парламентіне ұсынылатын заң жобаларының мемлекеттік тілде сапалы әзірленуін қамтамасыз етсін» дегені көңіліме үміт жылуын ұялатады. Алайда осы қаулыда бірер қатенің социолингвистикалық, құқ-ықтық тұрғыдан шаң беретінін жасыру орынсыз болар еді. Мысалы, Әділет министрлігі «…үш ай мерзім ішінде Тілдік заңдылықтарды сақтауды бақылаудың тәртібі жөнінде ережені әзірлеп, Казақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынсын» депті. Біріншіден, «тілдік заңдылықтар» деп каулы нені айтып отыр? Қаулының орысша мәтінінде аталған министрлікке мұндай тапсырма берілмепті. Бұл арада «тілдік заңдылықтар» дегенде «языковые закономерности» болмас, болса, мұның заңгерлер емес, тілшілерге тапсырылуы керек еді. Біздіңше, бұл жерде «Тілдік» сөзі бас әріппен жазылуы арқылы емле қатесі қылаң беріп, құқықтық қатеге ұласқан, өйткені «Тілдік заңдылықтар» деген ресми заң, құжат дүниеге келген емсс. Сондықтан да бұл арада әңгіме тіл жөнінде заңдар атаулы (орысша айтқанда, «законодательство о языках») жөнінде екеніне көз жеткізуге болып қалар.

Айта кету керек, аталтан сөйлемде «ережені әзірлеп» дегеннен гөрі «ереже әзірлеп» деген дұрысырак,

  1. Үкімет құжаттар мәтінінен сауаттылықты талап етіп отырғанын айттық, бірақ осы қаулының қайсыбір қатесі тыныс белгілері ережелерін сақтамауға байланысты ұшырасады. Мысалы, қаулының 6-тармағында «Қазақстан Республикасьшың Сыртқы істер министрлігі «Казақстан Республикасындагы тіл туралы» заңның 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктерінің қызметінде, екі жақты халықаралық шарттар жасау, басқа да мемле-кетаралық шаралар өткізу кезінде мемлекеттік тілдің белсенді қол-данылуын жүзеге асырсын» дейді. Міне, осында «Қазақстан Рес-публикасындағы тіл туралы» заңның 27-бабына сәйкес» [16, 18б], деген тіркестен айқындаушы түзіліс (конструкция) ретінде екі жағынан үтірмен ажыратылуы тиіс.

     Ахаңның қазақ тілінің көпке ортақ болуы жөнінідегі өсиетін ұмытпайық. Социолингвистика халыққа ортақ тіл бүкіларалық ақпарат кұралдарында калыптасады деп есептейді.

     Тіл заңы, Үкімет қаулысы сияқты ресми құжат мәтіндерінің өзінің мемлекеттік тілдің әдеби нормасына сай емес реттері баршылық, олай бола-тын себебі тілімізге қалай болса-солай қарауға үйренгенбіз әрі тіл заңын лингвистикалық тұрғыдан қамтамасыз ету — аса күрделі іс, сондықтан да шынайы мемлекеттік тілмен қызметті арттыру мақсатында, Жоғарғы тәртіп-тік кеңес үлгісімен, тікелей өзіне бағынатын Социолингвистикалық тәртіптік кеңес құрылса деген ойдамын.

Патшалы Ресей мен СОКП-дан мұраға қалған орыстандыру саяса-тының өңменімізден өтіп кеткендігі сонша — Ахаңның «Тілі жоғалған халық-тың өзі де жоғалады» дегед сөзін қазіргі егемендік тұсында да қатерімізден шығаруға болмайды. Ұлы мәртебелі ана тіліміздің мерейі үстем болуы үшін Ахаң мұраларынан тағылым алмақ керек.

 

1.4 Қазақ тілінің әлеуметтік қызметінің дамуы.

 

Қазақтар, Қазақстан Республикасын ертеден мекендеп келе жатқан халық, осы мемлекетті мекендейтін басқа да ұлт өкілдері арасында қазіргі уақытта Республика халқының 7, 985, 039 құрайды. Республикада қазақ тілін ана тілім деп санайтындар — 4199749 адам, олардың ішінде 4186058-і қазақтар, ал 13691-і басқа ұлт өкілдері. Сонымен қатар республикадағы 100033 тұрғын қазақ тілін екінші тілі ретінде санайды. Олардың- 55118 орыстар, 8790-і татарлар, 8305-і ұйғырлар, 5497 өзбектер, 4502 украйіндер, 3931-і азербайжандар, 1474 курттар, 766 дүнгендер, 830-ы қырғыздар. Сонда Қазақстан халқының үштен бір  бөлігі қазақ тілін ана тілі ретінде немесе екінші тілі ретінде санайды [12, 49-50бб]. Октябрь революциясына дейін қазақ тілінің қолданылу аясы сол кездегі экономикалық және саясат жағдайына байланысты өте тар болды. Тұрмыстық жағдайда болмаса, жазба түрінде қолданылмады. Араб алфавитіне сүйенген  жазба тіл көбінесе татар, араб, шағатай тіліне бұрмаланып, сол тілдермен қатар аралас қолданылды да, қазақ халқының ауызша дамыған поэтикалық шығармалары жалпы халықтық дәрежеге көтеріле алмады. Қазақ тілінің әлеуметтік қызметінің дамуын келесі кезеңдерге бөліп қарастыруға болады:

I кезең  1918-1923/24 ж ;

II кезең 1924-1927/28 ж ;

III кезең 1929-1940/41 ж ;

IV кезең 1941-1945 ж ;

V кезең 1946-1990 ж ;

VI кезең 1991- осы жылға дейінгі кезең.

Бірінші кезең әлеуметтік қоғамда халықтық тілді қалыптастыру  практикалық түрде өту кезеңіне дәл келеді, яғни республиканың жалпы демократиялық және әлеуметтік жаңару кезеңі. 1921 ж В. И. Лениннің тікелей басқаруымен Совет одағының  Коммунистік партиясының Х – съезінде ұлттық тілдердің қолданылу аясын кеңейту туралы қаулы қабылданады. Партияның міндеттері осы қаулыда көрсетіледі. Мұнда:

а) Осы тілдерді қолданатын халықтардың ұлттық, тұрмыстық жағдайларымен қатар, совет мемлекетін дамыту мен қалыптастыру.

б) Өз жерлерінің психологиясы мен тұрмыс-тіршілігін білетін, өз тілдерінде жұмыс жасайтын администрация, шаруашылық ұйымдарды, басқару мекемелерін т.б.  дамыту мен қалыптастыру.

в) Өз ана тілдерінде Бұқаралық ақпарат құралдарын, мектептер, театрлар мен клубтарды, жалпы мәдени-ағартушылық ұйымдарды жетілдіру.

г)  Жалпы ағартушылық және кең көлемде өз тілдерінде мектептер мен курстарды ашып дамыту.

Осы кезеңде келесі мәселелер қаралады.

Совет өкіметінің тілді дамыту барысында жасаған алғашқы қадамы- жергілікті тұрғындарды мемлекеттік басқаруға тартумен байланысты болды.  Сондықтан 1918 жылдың көктемінен бастап, партиялық клубтар, үгіттеушілер мен ұйымдастырушыларды дайындайтын қысқа мерзімде курстар ашыла бастады. Маңызды қадам болып, ана тілінің негізінде халықағартушылықтың жаңа жүйесі құрылды.

Қазақ тілі үгіттеуші құрал ретінде кеңінен пайдаланылды. Осыған Қызыл Армияның, мұсылман секцияларының, облыстық, губерниялық және уездік комитеттердің, қазақ-татар сексияларының тигізген ықпалы зор болды. Олар ең алғаш рет «Қызыл жұлдыз» (1000 экз. таралыммен) газетін жергілікті тілдерде шығарды, үгіттеуші  қазақтарды дайындау үшін арнайы мектептер ашты. Қазақ тілінің дамуына зор әлеуметтік жағдайды араб графикасы туғызды. Бірақ онда көптеген кемшіліктер болды, сондықтан да көпшіліктің игеруі қиын болды. Осы қарастырылып отырған кезең В.И. Ленин айтқандай «шаруашылық, әлеуметтік, саясаттық» көптеген қиыншылықтармен ерекшелінеді. Сондай-ақ бір жағынан шовинизммен (ұлттың артықшылңғын, нәсілшілдікті насихаттайтын буржуазияшыл реакцияшыл саясат), екінші жағынан  буржуазияшыл ұлтшылдықпен де ерекшелінеді. Осы барлық экстра лингвистикалық  факторлар республикада қазақ тілінің, сонымен қатар орыс тілінің қызметіне әсерін тигізді.

Екінші кезең: (1924-1927/28) қазақ тілінің әлеуметтік қызметінің  қоғамда қолдану аясының жедел түрде кеңейтуімен, яғни қазақ халқының әлеуметтік өмірінің түбегейлі өзгеруімен байланысты. Бұл жылдары Қазақстанның мемлекеттік байырғы территориясы қайта қалыптасты, қазақ халқының байырғы тарихи «қазақ» деген этнонимі қайта жанданды. Бұл кезеңдегі қазақ тілінің әлеуметік қызметінің дамуына негізгі фактор болып, араб алфавитінің мемлекеттік мәнге ие латын алфавитіне көшу болды. Мұнда 1922 жылы 22-шілдеде құрылған түркілік жаңа алфавит комитетінің ролі зор болды[12, 55-56 бб]. Осы кезеңде РКП(б)-ң  ХII съезінде еңбек етуші жергілікті тұрғындарды советтік құрылысқа, мемлекетті басқаруға, іс жүргізуді қазақ тіліне аударуға байланысты бірнеше іс шаралар жүргізілді.

Орталық комитет пен КАЗССР Ұлттық Комиссарлар кеңесінің шешімі бойынша 1923 жылы 22-қазанда республикада  іс жүргізу қазақ тіліне ауыстырылды. Комиссия қазақ тілін үйренудің мерзімін белгілейтін болды. Белгіленген мерзім аяқталысымен, қазақ тілін білмейтін азаматтар, өздерінің орындарын қазақ тілін білетін жұмыскерлерге босатып беру керек болды. Қоғамның барлық саласында жұмыс істейтін мамандардың қазақ тілін үйренуге құштарлығын арттыру үшін, олардың негізгі жалақысына өзі жұмыс істеп отырған мекеменің немесе ұйымның т.б.  қазынасынан сыйақы төленетін болған. 1923 ж. желтоқсанынан бастап, әлеуметтік курстар, қоғамдық үйірмелер, қазақ тілін оқытуға арналған кітаптар, оқулықтар шыға бастады. Мысалы 1927 ж.  Қазақ тілін үйренушілерге арналған сегіз оқулық шықты. Бұл жылдары қазақтың мәдени өмірінде қазақ тілінің қоғамдық аясын кеңейтетін маңызды оқиғалар болды. Олар біріншіден, Кир Цикомның сауатсыздықты жою туралы жоспарды қабылдады. Екіншіден, қазақтардың бірінші ғылыми съезі өтті (1924 ж. маусым). Бұл съездің күнтізбесінде : терминология, алфавит, бастауыш мектеп программасы, дұрыс жазу, оқулықтар мен ғылыми кітаптарды көбейту проблемалары сияқты мәселелер қаралды [12, 60-61бб].

Осы кезеңде, дәлірек айтсақ 1926 жылы қазақ тілі ең алғаш рет европалықтар білім алатын екінші дәрежелі мектептің бағдарламасына енгізілді. Егер 1924-1925 жылдарға дейін қазақ тілі тек бастауыш білім беретін тіл ретінде қызмет етсе, осы кезден бастап , ол орта және арнайы оқу орындарында қызмет істей бастады. Қазақ тілінде кітаптардың шығарылуы күрт көбейді. Қазақ тілінің қоғамдық қызметінің аясының кеңеюіне совет өкіметінің заңдарының қазақ тілінде шығуы да өз үлесін тигізді. Сонымен екінші кезеңде, совет өкіметінің жаулап алушылық идеясын жүзеге асыру үшін қазақ тілі қарқынды дамыды. Ол мәдениетте, әдебиетте, орта оқу орындарында кеңінен қолданылады. Сондықтан қазақ тілінің экономикалық, саяси қоғамдық және мәдени өмірінде қолданылу қызметінң аясы жедел дамыды [26, 82б].

Үшінші кезеңде, қазіргі қазақ тілінің қоғамдық қызметінің кеңейуіне себеп 30 жылдар болды. Үшінші кезең қазақ тілінің барлық сала бойынша қызметінің кеңейюімен ерекшеленеді. Бұл жылдар қазақ тілі Бұқаралық Ақпарат Құралдарының тіліне айналып, кең өрістеді. Мысалы 1932 жылы қазақ тілінде шығатын 62 газет және 8 журнал болды [26, 99-100бб]. 30 жылы қазақ тілі жоғарғы оқу орындарындағы тіл қызметін атқара бастады. Осы жылдары республикада 13 педогогикалық және мұғалімдік институттар ашылды. Онда 15 мамандық бойынша қазақ тілі бөлімі жұмыс істеді. Оларда 5 мың  студент қазақ тілінде білім  алды. 1932 жылы Алматыда ғылыми-педогогикалық кабинет ашылды. Бір жылдан кейін ол ғылыми –зерттеу институты болып өзгертілді. 1934 жылы қазақ тілінің білім берудегі аясы тұрақталды. Сондай-ақ қазақ тілінің дамуына 30 жылдары радионың мол үлесі болды [26, 5б].

Төртінші кезеңде , қазақ тілінің дамуы Ұлы Отан Соғысы жылдарына дәл келеді. Бұл жылдардың ерекшелігі болып, орыс тілінің графикасына негізделіп жазылған көптеген шығармалардың қазақ тіліне аударылуы болып табылады. Ұлы Отан Соғысы жылдары білім саласындағы қазақ тілінің қызметі тарылып, оның орнына майдан мен тыл баспасындағы қызметі күшейді. Бұл жылдары қазақ тілінде 10 майдандық, 3 дивизиялық, 1 округтық және «Үгітші блакноты» атты журнал шығарылды. Бұл жылдары қазақ тілінің қызметінің кеңейюіне  келесі қазақстандық газеттердің маңызы зор болды. Олар 105-ші атты дивизияның «Қызыл семсер», «Отан үшін», «Қызыл Армия», «Қызыл әскер ақиқаты», «Жауға қарсы аттан»,  «Суворовшы», «Совет жауынгері», «Отан үшін ұрысқа!», «Дабыл», «Сталин туы», «Отан үшін алға», «Майдан правдасы» т.б[26, 89б].

Бұл жылдары, әрине арнайы орысша-қазақша әскери сөздіктер шыға бастады.

 Бесінші кезең, соғыстан кейінгі кезең. Бұл кезеңде қазақ халқының әдеби тілі кең қанат жайды. Қазақ тілінің дамуы мен байюына осы жылдары классиктердің орыс, әлемдік және советтік әдебиеттерді қазақ тіліне аударуы зор әсерін тигізді. Бұл жылдары баспа ісі одан әрі қарқынды дамыды. Қазақ тілінің өнер саласында қызметінің кеңейюіне театрлардың «Қазақфильм» студиясының,  Қазақфилормониясының,  Қазақконцерттің,  радио, телевиденияның ролі зор болды. Қазақ тілінің дамуы соғыстан кейінгі жылдары ағарту ісінде де, одан ары қарай жалғасын тапты. Мысалы соғыс жылдарында орта мектептерде  380  түлек болса, соғыстан кейінгі жылдары олардың саны 4500-ге жетті. 1957жылы 3197 қазақ мектептері жұмыс істеді, онда 445мың жуық қазақтар білім алды. Республикада 18 педогогикалық училищелерде 2151 қазақ, ал 13 педогогикалық жоғарғы оқу орындарында 4830 қазақ білім алды. Қазіргі кезде республикада қазақ тілі  орыс мектеп-терінде де оқытылады [26, 3б].

 

 

 

 

 

 

2  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТІЛДІК САЯСАТЫ

 

2.1 «Тіл туралы» Заң және Қазақстандағы тіл саясатының өзекті мәселелері

 

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы — еліміздегі заңдар мен құқықтық-нормативтік актілер жүйесінде әлеуметтік-саяси, рухани маңызы мен орны жөнінен ерекше дүние.

Біріншіден, ол Қазақстан Конституциясында анықталғад мемлекеттік тіл, адам құқықтарының біліми — мәдени өрістерін одан әрі кеңітіп, дамытып, нақтылай түседі.

Екіншіден, Заң — Қазақстанның дербес, тәуелсіз мемлекет ретінде дамуының аса кұрделі проблемаларының бірі — Казақстан Республикасы мемлекеттік сәйкестігін калыптастырудың аса маңызды белгісі — мемлекеттік тілдің қызметі мен дамуының түбегейлі заңдылықтарына жауап береді.

Үшіншіден, Заң адам және азамат құқының, тіршілігі мен мүддесінің аса күрделі, нәзік әрі кең қырлы саласы — тілдің Қазақстан мемлекеті мен қоғамының бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында: экономикадағы, әлеуметтік-рухани саладағы, қорғаныс ісіндегі, мемлекеттік басқарудағы, бұқаралық ақпарат құралдарындағы қызметінің құқықтық өрісін анықтады.

Осындай кең де берік мемлекеттік тұғырнамасы, көп салалы қоғамдық функциясы бар мемлекеттік тілдің бүгінгі жәйі-күйі мен болашағы төңі-регінде «Тіл туралы» Заңның негізінде, соның аясында талдау жасау, бола-шақка болжам, бағдар ұсыну мемлекеттік тұрғыдан маңызды, ғылыми тұрғы-дан кең өрісті де перспективалы, ал азаматтық — адамдық тұрғыдан келсек, құптарлық, өз уақытында ұйымдастырылған маңызды рухани шара.

Біздің жас мемлекетіміз үшін ең жоғарғы мемлекеттік саяси, рухани идеологиялық, тіпті күнделікті адамдық тіршіліктің қарапайым да мәнді құндылықтарының бірі — азаматтық, қоғамдық келісім. Ал, осы келісім-дердің аса маңызды факторларының бірі – ортақ тіл — мемлекеттік тілдің қызмет жасауы, әрі оның Қазақстан қоғамындағы біріктірушілік, топт-астырушылық, ықпалдылық, жасампаздық, ұлтаралық катынастық құралы ретіндегі рөлін нығайту мәселелері өміршең, маңызды әрі көп салалы, көпқырлы проблемалар.

Тіл туралы Заңның қабылданғанына біраз уақыт өтті. Ол сөз жоқ өзінің бүкіл табиғатымен, салмақты, нақтылы әрі принципті бап-қағидаларымен қоғамдық ахуалға жағымды әсер еткен, ұлтаралық келісім мен түсінушілікке бастаған, кең әлеуметтік адамгершілік базасы бар құқық-тық-нормативтік платформа болды.

Бұл Заң біздің пайымдауымызда Қазақстанның қос палаталы Парла-ментінің аса маңызды жетістіктерінің бірі. Ал Заңның орындалуы жағдай-ына, әсіресе кейбір баптарының орындалуы сапасына келетін болсақ — әлі де шешуін күтіп тұрған, қордаланған мәселелер жеткілікті.

Осы арада біз мынандай жалпы бір ескерту жасағымыз келеді. Тіл туралы Заң қабылданғаннан кейін, біздің пікірімізше, өкінішке орай, мемлекеттік тілдің қолдану аясы кеңімей, қайта, керісінше, қайсыбір сала-ларда бұрынғы позицияларынан айрыла бастап, оның кезек күтпес пробле-маларын шешуде салқындық пен салғырттық орын ала бастады.

Бұл көріністің бірнеше себептері бар.

Біріншіден, тіл проблемасы әлеуметтік экономикалық қиыншылық-тардың канжығасында кетіп барады.

Екіншіден, тіл жанашырлары және тіл проблемаларымен шұғылдана-тын мемлекеттік қызметтегі лауазым иелерінің заң қабылданды деп масайра-ған, тоқмейіл, аңқау, сенгіштік, бейқам психологаясы, енжарлыққа бой ұруы.

Үшіншіден, соңғы бір жыл мөлшерінде қайсыбір министрліктер мен комитеттердің басшылығына, көптеген лауазымды мемлекеттік қызметке ұлты қазақ деп есептелетін, алайда мемлекеттік тілден мүлдем бейхабар демесе нашар білетід және оды білуге ниеті де жоқ кадрлардың жаңа легінің көптеп қосылуы.

Ал «Тіл туралы» заңның қызмет жасауының төл проблемаларына келер болсақ, оның көптеген баптарының бойындағы құқықтық-нормативтік қуат — ресурстары толыққанды пайдаланылмай отыр.

Заңның төртінші бабында: «Қазақстан халқын топтастырудың аса-маңызды факторы болып табылатын мемлекеттк тілді меңгеру — Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы [19, 6б].

Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға міндетті», — делінген.

Заңның аса маңызды осы талаптары өз табиғаты мен қоғам мүддесіне сай қызмет жасап тұр деп айта алмаймыз. Әсіресе, мемлекеттік тіл еліміздің халқын топтастырудың факторы деген заңдылықтың, аса маңызды құнды-лықтың мән мағынасы турасында іргелі ғылыми сараптама керек.

Яғни мемлекеттік тілдің топтастырушылық, біріктірушілік фактор ретіндегі қызметін бүкіл қоғам деңгейінде универсалды ашу үшін қандай мемлекеттік ұйымдық-құқықтық, материалдық — заттық, кадр мәселелері түбегейлі шешілуге тиісті екендігі жалпы мемлекеттік тұрғыдан әлі де айқындалып, бағаланған жоқ.

Мемлекеттік тіл сол төртінші бапта көрсетілгендей, мемлекетіміздің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында толық қолданылып отыр деп те айта алмаймыз. Қайсыбір облыстарда, аудандарда, елді мекендерде мемлекеттік тіл өз өрісін тапқан жоқ. Әсіресе, мемлекеттік басқару жүйесінде, экономикалық ведомстволарда, банк, почта салаларында заң талаптары орындалмай отыр.

Ал бұндай келеңсіз ахуалдың біздің мемлекетіміздің дамуының аса маңызды проблемасына кереғар, қайшы келетіндігін бүгінгі тіл құрылысын ұйымдастырушылар ойланды ма екен? Мәселе мемлекеттік тілдің Қазақстан Республикасы мемлекеттік сәйкестігінің (идентичность) аса маңызды талабы екендігі туралы болып отыр. Егер Конституция, Президент, Парламент, Үкімет, Сот, Мемлекеттік Ту, Гимн, Герб мемлекеттік сәйкес-тіктің аса маңызды талабы, дәлелі, белгісі болса, мемлекеттік тіл де солардың қатарында, иықтас, еншілес, барабар. Егер бүкіл еліміздің заң, басқару жүйе-сін Конституциялық талалтарға, мемлекеттік сәйкестікке келті-ру үшін қан-дай ауқымды, сындарлы жұмыстар істеліп жатса тілдің мемле-кеттік сәйкес-тігі жөнінде де сан-салалы, нысаналы жұмыс жүргізілуі керек.

Ал мемлекеттік тілдің Конституциялық — заңдық құқына сәйкестігі, барабарлығы өте кұрделі проблема.

Қазакстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1996 жылғы 23 мамырдағы №2995 өкімімен бекіген «Қазақстан Республикасының мемле-кеттік сәйкестігін қалыптастыру тұжырымдамасында» — «мемлекеттік сейкес-тіктің аса маңызды белгісі — мемлекеттік тілдің болуы және тіл саясатының белгілі бір басымдықтарға еру» [23, 4б] — деп атап керсетілген.

Яғни »сәйкестілік» категориясын, талабын мемлекеттік сәйкестіктің басқа да іргелі проблемаларымен бірге мемлекеттік тілге ден қою – объек-тивті қажеттілік, ел, ұлт мүддесі.

Қазақ тілінің мемлекеттік сәйкестігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік деңгейде мынандай принципті мәселелер бірінші кезекте шешілуі керек:

— мемлекеттік тіл саясатында қазақ тілінің басым дамуын іс жүзінде қамтамасыз ету;

—  мемлекеттік тілдің елдің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында сөзсіз қолданылуы;

—  мемлекеттік тілдің ең алдымен барлық аймақтар мен деңгейлердегі мемлекеттік органдарда заңға сәйкес қолданылуы;

— Мемлекеттік органдарда басқару тіліне айналмаған тіл өзіне-өзі сәйкес, барабар, өз мертебесімен үндес, тең бола алмайды.

 

Қазақ тіліне қамқорлық, оның мемлекеттік сәйкестігін қамтамасыз ету — ең алдымен, мемлскеттік органдардың, Үкімеітің міндеті.

Осыдан екі жыл бұрын Президенттің өкімімен бекіген «Қазақстан Республикасы тіл саясатының тұжырымдамасында»: «Мемлекеттік тіл мәртебесін іске асыру үшін мемлекет барлық жағдайды туғызуды міндетке алады. Бұл үшін ол барша қажетті қаржылық, материалдық, ұйымдастыру ресурстарын осы іске тартуға тиіс. Осы орайда жекелеген азаматтардың, немесе қоғамдық бірлестіктердің емес мемлекеттің өзінің ықпалы басым болуға тиіс, өйткені мемлекет қана мемлекеттік тілдің қоғам өмірінің барлық саласында қолданылуы мәселелерін шешуге қабілетті» деген тайға таңба басқандай талап бар.

Осы ретте Заңның 23-ші бабындағы «Тілдің дамуы мемлекеттік тілдің басымдығын және іс қағаздарын жүргізуді қазақ тіліне кезең-кезеңмен көшіруді көздейтін мемлекеттік бағдарламамен қамтамасыз етіледі» [24, 23б] делінген норманың сылбыр, баяу орындалуы бізді аландатуға тиіс.

Бағдарламаңы дайындап, Үкіметте бекітілудегі бейқамдық пен жай-барақаттық, немкеттілік оны қаржыландыру мәселесін шешуді кешіктіреді. Олай дейтініміз «Бюджеттік жүйе» туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бюджеттік қаржы белгілі бір мемлекеттік функцияларды орындау жөніндегі Республика Үкіметі айқындап, бекіткен мемлекеттік бағдарламаларға бөлінеді.

Демек, күні бүгінге дейін Үкіметте бекімеген Мемлекеттік бағдар-ламаға Парламентте қаралған 1999 жылдың республикалық бюджетінен қажетті қаржы бөлінбейді деген сөз. Ал республикалық деңгейдегі базалық мемлекеттік бағдарламаның бекімеуі оның облыстық, калалық, аудандық деңгейде де бекуіне бөгет, қолбайлау болады деген сөз. Өйткені біз, әдетте, жоғарыдан, орталықтан нұсқау — бағдарлама күту қанымызға сінген елміз.

Осы ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 тамыздағы №769 «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту туралы» [25, 4б.] шешімі талабы жағынан біршама нақтылы құжат. Егер оның барлық деңгейлер мен аймақтардағы орындалуы сапасына нақты бақылау болса, мемлекеттік тілге едәуір қолдау болуы мүмкін. Үкіметтің осы қаулысын оқығаннан кейін туған мына бір алаңдаушылыққа да, өз басымның күдігіне сіздердің де назарларыңызды аударғым келеді. Ол мемлекеттік тілді мемлекеттік органдар қызметіне енгізуде басымдықтарды, тетік-меха-низмдерді анықтауда біржақты, жеңіл жолмен кетіп бара жатырмыз ба деген күдік. Үйткені, аталмыш қаулыда мемлекеттік тілді мемлекеттік істерге енгізуде негізгі салмақ — іс қағаздарына мемлекеттік тілді енгізу, штат кестелеріне құрылымдық бөлімшелерді, аудармашы лауазым-дарын енізу, ілеспе аударманы қамтамасыз ету сияқты шараларға аударыл-ған. Бұлар, сөз жоқ, қажетті істер. Бірақ олар шарасыздықтан жасалатын екінші кезектегі, туынды, қосымша шаралар.

Бұлар — еліміз Президенті бекіткен айқындамадағы мемлекеттік тілдің Конституциялық мәртебесіне сәйкестігі талабына сай емес. Тілдің мемле-кеттік сәйкестігінің аса маңызды шарты — мемлекеттік қызметкерлердің, ең алдымен өзін қазақ ұлтынан деп анкета толтырғандардың мемлекеттік тілді толық білуі. Ал, бұл мәселеде тіпті кері қарай шегініс бой көрсете бастады. Үкіметтің ауысуыңда, одан кейінгі атқару билігіндегі ауыс-күйіс кезінде көптеген министрліктер, агенттіктер, комитеттер мен депар-таменттер басына «жас реформаторлар» деген айдармен мемлекеттік тілден мүлдем бейхабар, тіпті білгісі де келмейтін бір топ кадрлардың келуі тілдік ахуалға кері әсерін тигізді.

Үкімет ауысып, жаңадан тағайындалған жас министрлердің Президент пен Парламент алдындағы ант беру рәсіміндегі анттың мемлекеттік тілдегі мәтініндегі оншақты сөзді қалай оқығанынан, одан кейінгі Парламенттегі кездесулерден көзіміз әбден жетті.

Бұндай келеңсіз ахуал, осыдан барып жергілікті жерге де тарайды. Тілдік нигилизмнің сірескен сеңі бұзылмайды. Ең өкініштісі — әсіресе жоғары лауазымды кадрларды іріктеу кезінде мемлекеттік тілді білуі, игеру деңгейі еске алынбайды [25, 5б].

Ал қатаң талап болмағаннан кейін ұлттың, ұрпақтың болашағынан, мемлекеттік тіл мәртебесінен көрі өзінің мансабы мен жан тиыштығын ойлайтын, ұлттық намыс, ұлттық, менталитет, мақтаныш деген асыл қасиет-терден ада, тармаңдай, ұлттық санасы саяз пенделер, ескі, таптаурын сүрлеу -соқпақпен қыбырланьп күнін кешеді.

Қазақ тілінің соры болып отырған, жеке басының мүддесі мен эгоизмі ықпалындағы тіл нигилистерінің үстіне министрліктер мен басқа орталық атқару органдарындағы аппрат жетекшісі, іс басқарушысы, кадр басқармасы, бас бухгалтер сияқты кез келген лауазым иесін, түптен келгенде қолында ұстап, «айтқанына көңдіріп, айдауында жүргізетін әлеуетті», «құдіретті күштер» бар. Не бір лауазым иесін өздерінің қалаған тілінде сөйлететін, тіпті «сайрататын да» тісқаққан, әккі, аппараттық іс пен ойынның бүкіл құйтұрқысын меңгерген, нақты билікті қолында ұстаған құрылымдар мен шенеуніктер легі бар. Олар өз министрлерінің, әкімшіліктерінің күнделікті «азығындай» ағымдағы бухгалтерлік, оперативтік ақпарат-есептерді, таңдау-анықтамаларды, почтаны, хаттарды орыс тілінде дайындап отыруға икемді де жатық. Осы мықтыларды мемлекеттік тілге бұрмай, иліктірмей мемлекеттік іс қағаздарды сол тілде сөйлетем деу, біздіңше өнімсіз тіршілік. Еліміз Президенті «Қазақстан Республикасы Тіл саясатының тұжырым-дамасында» айрықша атап көрсеткен «мемлекеттік қызметке қабылдау әдетте міндетті түрде мемлекеттік тілді қажетті мөлшерде білгенде ғана жүзеге асырылады» деген жолдар бар. Оны орындау Үкіметтің, Президент Әкім-шілігінің, жергілікті әкімдердің құзырындағы шаруа, тіпті олардың абырой-лы міндеті емес пе? Сол жүзеге асса ұлт шенеуніктері де қазақша сөйлейді.

Мемлекеттік органдарда, ең алдымен Қаржы, Әділет, Ішкі істер, Сыртқы істер, Қорғаныс, Көлік және коммуникациялар министрліктері, Ұлттық банк, Бас Прокуратура, Стратегиялық жоспарлау және реформалар, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеттер қызметінде мемлекеттік тілдің қолданылуы мен жағдайына баға беру Парламенттің, Үкіметтің абыройлы міндеті деп есептеймін.

Мемлекеттік тілдің тағдыры, сөз жоқ, көп ретте орта, арнаулы орта және жоғары білім, ғылым салаларында. Тіл саясатының жемістілігі, пәрменділігі осы салалардан көрінеді, тағдыры ең алдымен осы салаларда шешіледі. Тіпті өзіміз иек артқалы тұрған ХХІ ғасырдағы қазақ тілінің мәртебесі мен орнының негізі бүгінгі орта және жоғары мектепте қаланары сөзсіз.

Осындай биік жауапкершілік, ұлттың, тілдің, ұрпақтың болашағы тұрғысынан келсек, ең алдымен, орта мектеп мемлекеттік тілді нығайтуда өз мүмкіндіктері мен қуатты өрісін толық пайдаланып отырған жоқ

Мысалы, 1997-1998 оқу жылында мектеп жасындағы 1819748 қазақ баласының 1460013-ы қазақ тілінде оқыды. Яғни әлі де 359 мыңнан астам оқушы өз ана тілінде білім алмайды. Бұл үлкен резерв. Егер республика бойынша 62 балалар үйлері мен жетім балаларға арналған мектеп интернаттардағы 8887 баланың 2939-ы қазақ балалары болса, олардың 1160-ы немесе 39,5 проценті ғана қазақ тілінде оқиды. Республика бойынша қазақ тілінде жұмыс істейтін бір ғана балалар үйі Тараз қаласында 1993 жылы ашылған [5, 140б].

Яғни елімізде «Тіл туралы» Заңның 16-ші бабының «Балалар үйлерінде және оларға теңестірілген ұйымдарда оқыту, тәрбие беру тілін жергілікті атқарушы органдар олардағы балалардың ұлттық құрамын ескере отырып белгілейді» деген талабына жете көңіл бөлінбей келеді.    

Мемлекеттік тілдің жоғары оқу орындарындағы тұғыры әлі де әлсіз. Егер бұгінде еліміз бойынша студенттердің 70 пайызға жуығы мамандықты әлі де орыс тілінде алатын [5, 140б] болса, олар сол екпін-инерциямен, тіпті үстеімдік, кеудемсоқтық психологиямен сол тілді қоғамдық өмірдің барлық саласына енгізеді. Содан барып басқару органдары, банктер, финанс жүйесі, коммерциялық фирмалар т. б. сол тілде қызмет жасай береді. Сең сөгілмейді. Мемлекеттік тілге өріс ашылмайды, тек қағаз жүзінде, алыстағы селолар, аудандар, қазақ тіліндегі оңдаған газет-журнал, бірер телеканал шеңберінде шектеледі.

Жоғары мектеп — ел азаматтарына әсіресе бүгінгі күнгі зәру, ерекше сұранысқа ие — банк, қаржы, құқықтану, т. б. мамандықтарды мемлекеттік тілде көптеп алуына, қазақ тілінің нарықтық дәуірдің, саясаттың да нан тауып жеп, от басын да асырайтын тілге де айналуына негіз жасау керек.

Мемлекеттік органдардың, әсіресе мемлекеттік тілдің деректемелері де, көрнекті ақпарат құралдарында, почта-телеграф қызметінде толық пайда-лануына ерекше назар аударуы керек-ақ.

Мемлекеттік тіл банк, каражат, есеп-кітап жүйесінде қағажу көруде. Қаржылық-банктік кұжаттар мемлекеттік тілде жазылса әліде қабылданбай-тындығын дәлелдеудің қажеті жоқ.

Сондықтан уәкілетті орган мемлекеттік тілдің Республиканың Қаржы, Көлік және коммуникациялар, Ұлттық банк, Халықтық банк, жалпы коммерциялық банктер жүйесінде қолданылуы жағдайына байыпты талдау жасауы кажет-ақ.

Әриие, ең басты шаруалардың бірі – барлық республикалық мемлекет-тік органдардың өз саласындағы міндеттерін анықтайтын ұзақ мерзімдік, сындарлы, нақтылы Мемлекеттік бағдарламаны бекіту.

 

 

2.2 «Мемлекеттік тіл» ұғымы және оның анықтамасы

 

«Мемлекеттік тіл» ұғымы жарты ғасырдан астам уақыт бойында кеңестік республикалардың не конституцияларында, не заң ғылымдарында, не лингвистикалық әдебиеттерінде жете зерттелмегені былай тұрсын, ол өз мәнінде де қарастырылмады. Қарастырылғанның өзінде де ол бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда қарама-қайшы мағынада түсіндірілді.

Мемлекеттік тіл идеясының өзі кеңестік идеологияға жат, қанау, кіріптар ету немесе күштеп ассимиляциялаудың басты айыпкері ретінде ұғындырылып, оны шет елдерге тән адамды алдымен қанауы, бір ұлттың екінші ұлтқа билік жүргізу құралы деп түсіндірілді. Мысалы, Үлкен кеңестік энциклопедияда  оған: «Государственный язык в эксплуататорских многона циональных государствах,  язык, признанный в законадательном порядке, обязательным в данной стране для ведения  делопроизводства в учереж-дениях, для преподавания в школах, державной нации устанавливает в при-нудительном порядке свой национальный язык, всяческий стесняя и ограни-чивая языки других народов»[21, 57б], – деп  анықтама береді.

Міне осылайша біртіндеп мұндай анықтамалар «мемлекеттік тіл» терминін кеңестік өмір саясатына сыйыспайтындай етіп көрсетуі өрши түсті. Бұл сөз жүзінде тілдер теңдігін мойындаған, ал іс жүзінде орыс тілінің үстемдігін жүргізуге бағыттылған кертартпа тіл саясатының бүркеншігі еді. Сондықтан мемлекеттік тіл проблемасын қозғауға батылы жетпеушілік немесе бұл ұғымның осындай түсініктемелеріне үнсіз бас изеушілік түрлі саладағы мамандардың (социолингвистер, тарихшылар, құқұқтанушылар т.б.) еріксіз оны аса маңызды қызметтік мәнін назардан шығарып салды.  Сол себептіде Кеңес үкіметі жылдарындағы заң құжаттарында «мемлекеттік тіл» термині кездеспейді.

Төңкерістен кейінгі бірінші бесжылдықта Одаққа қараған республикаларда мемлекеттік іс-қағаздары заңды түрде оларды мемлекеттік тіл деп арнайы жарияламай-ақ, орыс немесе республиканың байырғы халқының тілінде жүргізіліп отырды. Бұл кезеңдерде тілдердің еркін қол-данылуы мен дамуына біршама жақсы жағдайлар жасалды. Мысалы, бұған Қазақстан көлемінде қабылданған мынадай заңды құжаттарды атауға болады:

  1. 1919 жылғы шілденің 10-да Бүкілресейлік Атқару комитеті (ВЦИК) мен Халық Комиссарлары кеңесінің (СНК) декреті негізінде қабылданған «Қырғыз (қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» (1920, 6- тамыз) декреті; 2. Қазақ КСР- і кеңестерінің 1-ші құрылтай съезі қабылдаған ҚАЗССР еңбекшілер правосының декларациясы (1920ж, 6- қазан); 3. 1921 жылы ақпан айының 2-сінде Қазақ АССР Халық комиссарлар Советі қабылдаған «Қазақ, орыс тілдерінің мемлекеттік мекемелердеқолдану жөніндегі» декреті; 4. 1923 жылы қарашаның 22-сінде қабылданған «Қазақ тілінде іс-жүргізу туралы» деп аталатын Қазақ КСР Орталық атқару комитетінің декреті; 5. 1924- жылы ақпанның 18-нде қабылданған Қазақ АССР-інің Орталық Атқару комитеті қабылдаған Қазақстанның 1-ші Конс-титуциясы.

Мұнан кейінгі жылдарда да, яғни 1924 жылы КСРО-ның жаңа Конституциясы қабылданып, онда тілдердің мәртебелері айқындалды, бірақ мұнда «мемлекеттік тіл» емес одақта республикаларда жалпы қолданылатын тіл туралы айтылады, ал оның қандай мағына беретіндігі, қолдану аясы түсіндірлмейді.

Соңғы жарты ғасырлық уақыт (1938-1987) аралығында  «мемлекеттік тіл» ұғымы республика жұртшылығының өмірінде заң жүзінде көрініс бермейді. Бұл тіл теңдігі мен ұлт тілінің дамыту мәселесі сөз жүзінде сақталған, ал іс жүзінде саналы түрде тежеуге бағытталған саясаттың күш салған тұсы болды. Осы кезеңде заңды түрде мемлекеттік тіл ретінде жарияланбай-ақ, орыс тілі КСРО аумағында барлық өмір салаларында жеке дара «ұлы» тіл болып шыға келді. Бұған белгілі дәрежеле түрткі болған 1938 жылдың 13 наурызындағы КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі мен БК(Б)П Орталық комитетінің «Ұлттық Республикалар мен облыстардағы мектеп-терде орыс тілін міндетті түрде оқыту» жөніндегі қаулы болды. Қаулының текісін көріп отырғанымыздай не жергілікті тілдерге қысымшылық көрсету жөнінде, не орыс тілінің нақтылы мәртебесі туралы ештеме айтылмаған. Алайда оның күнделікті өмірде, білім беру саласында өзге тілдердің қызмет-інің жарты ғасырға тежелуіне және онымен байланысты қалған өмір сала-рында да күйзеліске түсуіне әкелді. Осының ізімен дәл осндай, яғни орыс тілді үйренуді міндеттеген арнаулы қаулылыр 1948, 1961, 1978, 1983 жылдары қабылданып, іс жүзінде іске асырылды. Бұл ұлттық тілдердің өз сөйлеушілері үшін тастанды  тілге айналуына, тіпті кейбірулерінің  мүлдем тіл ретінде жойылуына әкеп соқтырды. Мысалы, Кеңес үкіметі орнаған кезде РСФСР- да тұратын халықтар 193 тілде сөйлесе, 1937 жылғы көрсеткен көрсеткіш- 90.  Ал 1998 жылғы дерек бойынша  КСРО-да оқу процесі небәрі 39 тілде жүргізіліпті. Сонда арадағы 51 жылда 51 тіл жойылыпты [22, 33б].

Осындай қатты күйзеліске түскен тілдердің – қазақ тілі. Қазақ тілі бұрынғы Одақтағы өзге тілдер сияқты өзінің қызметін көптеген өмір салаларында қысқартылды, өз сөйлеушілерінің екінші тіліне айналып, тұр-мыстық жанұялық қатынасқа дейін ысырылды. Оған тағы бір себеп, бір сөзбен айтқанда, Кеңес үкіметі мен Компартия жүргізген зорлап ұйым-дастыру саясаты кезіндегі халықтың аштан қырылуы мен жөн-жоқысыз өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанға жаппай қоныстандырылуы еді. Соның кесірінен қазақ тілі өз этникалық Отанында көпұлттылық жағдайға душар болды. Ұлтаралық қатынас құралы ретінде қазақтардың ықтиярынсыз икемделген орыс тілі өз өктемдігін жұргізді. Ақырында қазақ тілінің табиғи ортасы бұзылды. Қазақ жерінің солтүстігі мен орталығында, күллі қалаларда қазақтың азайуы желеу етіліп, ана тілі шет қақпай көрді. Мысалы, 1938-1985 жылдар аралығында қазақ мектептерінің саны 4391-ден 2400-ге дейін азай-ған, басқаша айтқанда елу жылға толар-толмас уақытта 1901 мектеп жабыл-ған екен[22, 34-35б]. Бұл қазақ халқының тілдік мүддесі тіпті де ескеріл-мегенін көрсетеді.

Қазақ халқы есін жиып, 1986-1987 жылдардан бастап азаттық үшін ашық күреске шықты, ол тілден басталды десек болғандай. Орталықтың тегеурінінде әкімшілдігіне төтеп беріп, ана тілін дамыту мәселесі күн тәртібіне қойылды. Осыған орй қазақ халқының зиялыларының талап етіуі бойынша 1987 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ ССР Министрлер Советінің «қазақ тілін оқып-үйренуді жақсарту туралы» қаулысы қабылданды. Мұнан кейінгі жылдарда КСРО-ның ыдырауы мен бұрынғы Одаққа қараған республикалардың негізгі тілі мемлекеттік тілі болып жарияланды. Кейбір республикаларда өз тіліммен қоса орыс тілін ұлтаралық қарым-қатынас құрал тілі ретінде жариялады. Мысалы, Қазақ-станның 1989 жылғы Тіл заңында: «Қазақ ССР-інде орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі болып табылады» [22, 15б],–деп көрсетілсе, сол заңның екінші бабында: «Қазақ ССР-і орыс тілінің мемлекеттік тілмен бірдей еркін қолданылуын қамтамасыз етеді» [22, 15б], – деп жазылды. Бірақ қабыл-данған Конституцияларда да, шыққан заңдарда да «мемлекеттік тіл» ұғымы-ның түсініктемесі берілмеді. Айталық, сол тұстағы, яғни 1989 жылы өз тілдері мен орыс тілін қатар мемлекеттік тілдер ретінде жариялаған Прибал-тика, Тәжікстан, Украина, Қырғыз, Өзбек, Қазақстан республикаларының Тіл туралы заңдарынан  мемлекеттік тілдің анықтамасын табу қиын. Дегенмен олардың әрқайсысынан көмескі түрде болса да, мемлекеттік тілдің анық-тамасын табуға болады. Мысалы, Молдавия Конституциясының  70-бабына сәйкес қабылданған. Тіл заңында Молдавия мемлекеттік тілі – молдаван тілі деп жазылғаннан кейін оның түсініктемесі ретінде мынандай сипаттама берілген: «Государственный язык действует в политической, экономической, социальной и культурный жизни и функционирует на основе латинской графики» [22, 110б], – делінген .

Орыс тілінің осы ресми тіл мәртебесі болу кейінгі кезеңдерге дейін егемен мемлекеттердің заң құжаттарында әлі күнге дейін қолданыстан қалмай келеді. Бұл қазіргі таңда өз тілін мемлекеттік тіл ретінде жариялаған республикаларда көпшілік жағдайда «мемлекеттік тіл» және «ресми тіл» дегендердің бір мағына беретіндігі ескерілмей, ара жігінің алшақтанып, бір-бірінің қайшы қойылуына себеп болып отыр. Мысалы, Қазақстан Респуб-ликасының Конституциясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттілік тілі – қазақ тілі» [19, 7б], – деп анық көрсетілген. Ал орыс тілі жөнінде: «мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» [19, 7б], – делінген.

Жалпы әлемдегі тілдік процеске назар аударсақ, онда «мемлекеттік тіл» және «ресми тіл» дегендер өзара синоним сөздер.  әрине «ресми тіл» терминінің «мемлекеттік тіл» терминінен бөлек кездесетін сәттерде болады. Мұндайда ол бір мемлекеттен тысқары елдер, мемлекеттер арасындағы келісілген тіл қызметінде қолданылуы мүмкін. Мысалы, БҰҰ жұмыс тілі деген сияқты реттерде.

Мемлекеттік тіл-көптілді қоғамға айналып өте алмайтын, ас қажетті құбылыс. Дегенмен, ол мемлекеттің саяси құрылымына өзіндік ұстаған ішкі, сыртқы саяси бағыттарына байланысты әр қалай сиппатталуы мүмкін. Мәселен, Франция, Испания, Пакистан, Қытай сияқты елдерде мемлекеттік тіл – соны жариялаған ел азаматтарының барлығы бірдей білуге тиіс болса, Индонезия, Филиппинда мемлекеттік тіл – көпұлтты елдің түрлі халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың тиісті құралы болып табылады. Сондай-ақ кей елдерде мемлекеттік тіл қарсы шығуға болмайтын тіл болып есептеледі, тілге қарсы шығу мемлекетке қарсышығу болып табылады (Пакистан) [22, 120б].

Сонымен жоғарыдағыларды негізге алар болсақ «мемлекеттік тіл» ұғымынының мәнін былай түсіндіруге болады:

  • Қандайда тіл болмасын, егер мемлекеттік тіл болып жариияланса, ол – сол елдің негізгі тілі. Сондықтан да, ол тіл әкімшілік-басқару орган-дарының қызмет бабында қолданылатын тіл. Сондай-ақ сан алуан өмір салаларында алдымен пайдалануға тиісті.
  • Мемлекеттік тіл – оны жариялаған ел азаматтарының барлығы міндетті түрде білуге тиісті тіл.
  • Мемлекеттік тіл – Ту мен Елтаңба сияқты мемлекеттің рәмізі.
  • Мемлекеттік тіл – көпұлтты елдің күллі халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың тілі.
  • Мемлекеттік тіл – елдің лингвистикалық бірлігін білдіреді.
  • Мемлекеттік тіл – мелекет қамқорлығына алынған тіл, оған қарсы шығуға болмайтын тіл.

Сонымен «мемлекеттік тіл» ұғымына анықтама беретін болсақ:

Мемекеттік тіл – қоғамдық функциялардың көпшілігінде қолданы-латын тіл, белгілі бір территорияға тараған және құқұқтық мәртебегеие болған, мағыналық тұрғыдан ресми тілге бара-бар бірақ құқұқтық жағынан кейбір елдерде ерекшеленеді [22, 6б].

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің басқа символдарымен (елтаңба, ту, әнұран) қатар мемлекетті билік және басқару органдары тарапынан қоғамдық ұйымдар мен кәсіпорындар, білім беру, ғылым және мәдениет, саласы және тағы басқа тарапынан бекітіледі, қоғам өмірінің әр түрлі саласында интеграциялық қызмет атқарып, мемлекетті нығайтудың негізгі құралы болып табылады, елдің мәдени және шаруашылығының дамуын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің барлық халықтарының ұлтаралық қатынас құралы ретінде тарихи қалыптасқан функциясын атқарады; мемлекетті басқару тілі болып табылады, ресми ауызша және жазбаша қатынас құралы ретінде қолданылады, заң шығару, атқару және сот органдарында, білім беру ғылым мәдениет, бұқаралық ақпараттық құрал дарында қолданылады [19, 7б].

Мемлекеттік тілдің қызметі.

Мәдениеті мен тіліне үлкен көлемде мән беретін дамыған елдердің қоғамындағы тілдік жағдайды ескереле отырып, мемлекеттік тіл атауына ие болған тілдің мынандай негізгі қызметтерді жүзеге асыратындығына көз жеткізіп, оларды тізімдеп көрсетіп беруге болады. Олар:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Тіл туралы заңының  негізгі қағидасы

 

Кез-келген көп этносты мемлекетте тілдер атқаратын қызметіне, таралу деңгейіне, сол тілді тұтынушылардың санына, ел тарихындағы, мәдениетіне, экономикасындағы т.б өзіндік орны мен рөліне қарай бөлінеді.ал бұл мемлекеттің қолайлы тілдік кеңістігін жасауда сол тілдің функционалдық ара қатынасын дәл анықтауды талап етеді. Оның ішінде мемлекеттік тіл сол көп тілді қоғамның әлеуметтік-коммуникативтік жүйесінде ерекше аталыпғ өзіндік лайықты орынға болуға тиіс.

Қазақстан — қазақ ұлтынан басқа көптеген ұлт пен ұлыс өкілдерінен тұратын мемлекет. Бұл күндері оның өзіне тән қалыптасқан әлеуметтік-коммуникативтік жүйесін әр алуан қызметтегі 128 тіл құрайды. Ол тілдердің ішінде  Қазақстан Конституциясында  Тіл туралы заңында мемлекеттің мәртебесі көрсетілген бір ғана тіл бар. Ол– қазақ тілі. Оның жағдайын жақсартып, дағдарыстан шығару– халқымыздың тәуелсіздік жолындағы күресінде, егемен ел болғандығы алдымен қамқорлыққа алған мәселесі. Сондықтан оны жүзеге асыру – Тіл заңының негізгі қағидасы болмақ. Алайда заң шыққалы біраз уақыт өтті. Ешқандай ілгерілеу жоқ. Заң – іске қосылса заң. Демек, заңды қолданысқа енгізу мәселесінің пайда болуы да заңды. Тіл заңы үшін, әрине, мемлекеттік тілмәселесінің ұсақ-түйегі болмайды, бәрін ескеру керек. Бірақ олардың басын біріктіріп, ірі-ірі топқа бөле отырып, солардың негізгі жолдарын белгілемесек негізгі мақсат орындалмауы мүмкін. Сондықтанда Тіл заңын өмірге енгізу және жүзеге асырудың тетігі жасалу қажет.

  1. Ең алдымен жүзеге асырушы – мемлекет. Демек, мемлекеттік тіл мемлекет қамқорлығына алынған тіл. Сондықтанда оны қорғау тиісті құқұқтық база құру арқылы, яғни мелекеттік тілдің мәртебесінің бұзылуына немесе Тіл туралы заңның орындалмауына кінәлі жандарды жауапқа тарту жолымен жүзеге асырылады. Дүниежүзілік тәжірибе солай. Мысалы, Литвада лауазымды адамдарға «әкімшілік құқұқ бұзу жөніндегі заңы» бойынша кәсіптік міндеттерін атьқаруда мемлекеттік тілді белгіленбеген дәрежеде пайдаланбағаны үшін бізідің ақшамен есептегенде 300 боларлық айып пұл салынады.
  2. Мемлекеттік тілді белгілі дәрежеде білетін мамандар, лауазымды адамдартізімі жасалып белгілі нақты талап қойылмаса біздеде қазақ тілін білудің қажеттілігі болмайтындығына, іс-қағаздардың мемлекеттік тілге көшіру әрекеті нәтиже бермейтіндігіне көзіміз әбден жетіп отыр. Сондықтан жоғарыдағыдай лауазымды адамдардың, мамандардың мемлекеттік тілді білуі туралы талап қойған Тіл заңындағы 23 бап өте орынды. Бұл адам құқұғы мен еркіндігіне қайшы келмейді. Өйткені байырғы халықтың құқұғын қорғаған, оның тілінің мелекеттік тіл дәрежесіне көтерілуіне мүмкіндік беретін осы бап деп айтсақ атық болмас. Басқа ұлт өкілдерінің, туған тілді білмейтін қандастарымыздың бұл баптан қорқатын орны жоқ. өйткені Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті баолық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдай жасалған.
  3. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңда: «мемлекеттік органдардың мөрлері мен мөр таңбаларының мәтінінде олардың атаулары, бланкілері, хабарландырулары, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткіштері басқа да көрнекті ақпарат мемлекеттік тілде жазылады» деп көрсетілген.(10 тарау, 21 бап). Демек, осының орындалу бақылацу тетіктерін іздестірген жөн. өйткені қандай жақсы заң болмасын, оның орындалуын бақылап, үнемі сұрау салып отырмаса, қағаз жүзінде ғана, із-түссіз қала беретініде болады. Осы орайда өзгеде елдердегі тәжірибелерді қарастырған жөн. Мысалы, Вильнюс қаласында әкімшілік шешімі бойынша жарнамалар, мандайшадағы жазулар тек литва тілінде ғана жазылуы тиіс, әйтпесе оны орындамағандарға айып пұл салынады. Индонезия астанасының Джакарта қаласының әкімшілігі іс -жүргізу мекемелерімен сауда жүргізу дүкендерінің аттарынан басқа да мандайша жазуларын шет елдік сөздерден аластату науқанын жүргізген. Мұндай тәжірбие Ресейде де бар. Волгоград облыстық думасы шетел сөздеріне қарсы күрес жариялаған, егер коммерсант өз фирмасынын атын орысша атамаса 250 мың ең төменгі жалақы мөлшерде айып төлеген. Сонымен қоса мекеме аты орыс алфавитімен жазылмай басқа шрифтермен орындалса, айып пұл екі есе артқан.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін қорғау мен қатар, оның тазалығын сақтауда сөз жоқ ең маңызды міндет. Біздегі Тіл заңында бұл «Қазақстан республикасының Үкіметі терминология, ономастика жөніндегі тиісті мемлекеттік комиссиаларды және қажет болған жағдайда басқа құрылымдарды құрды» (5 тарау 23 бап) – деп тілдің қолдану аясы мен іштей түрлену жасалатын бірден-бір қажеттілік. Мәсәлен, Францияда тіл тазалығын сақтауды 19 министрлік арасындағы комиссия құрылып олар қандайда терминдерді енгізуге болатындығын анықтап, ал қайсысын француз сөзімен алмастыруға болатындығын көрсетеді. Егер қоғамдық өмірде баламасы бар француз сөздерінің орнына ағылшын сөздерін қолданса, 1000-2000 франк айыппұл төлейді. Бұл заңды француз парламентінің жоғарғы палатасы — сенат қабылдаған.

Кез-келген тілдің тағдыры оны жаратқан халықтың қолында десекте көпұлттылық жағдайда бұл мемлекеттің жүргізіп отырған саясатына тәуелді болмақ. Сондықтан мұндай халықтың соңғы сенері – заң, соңғы сүйенері заң күші.

Қазақ тілін барлық ауыртпалықтан тек заң жолымен құтқара аламыз. Ал ол заңнын орындалуын бақылап отыратын арнайы заңдастырылған орган болмаса, қағаз жүзінде жай деклорацияға айналуы мүмкін. Сондықтан Тіл заңынын жетінші бабында көрсетілген Уәкілетті орган өз мәртебесіне сай жұмыс істеуі тиіс. Мәселен, осы мақсатта Эстонияда құрылған Тіл департаментінің тәжірибелерін қарастыруға болады. Ондағы Тіл департа-ментінің қызметі мен өкілетілігіне мынадай мідеттер енгізген:

  1. Тіл қорғау комиссиясы тіл саясатымен айналысатын ғалымдармен бірге тіл саясатын жүргізуді үйлестіру.
  2. Әлеуметтік-лингвистикалық процестерді зерттеу және оларды реет-теу бойынша қажетті бағыттар, ұсыныстар жасау.
  3. Тіл заңының оындалуының барысына бақылау мен талдаулар жасау және соған сәйкес талаптар дайындау.
  4. Тіл саясатын қуаттандыру бойынша және Тіл заңын бақылауға аларлық заңды ұсыныстар дайындау.
  5. Терминологияны дамытуда және оған бақылау жүргізуде термин-дерді жасаушылар мен тіркеуші символдарды, тілдік безендірулерді бекітуші комиссиялармен үйлестіру орталықтарын құру.
  6. Тілді оқыту және оқыту тәсілдерін дамытуды кеңейту.
  7. Іс жүргізу бойынша қажетті анықтамалық құралдармен сөздіктер-дің шығуына бақылау жасау [8, 33-34бб].

Міне осындай іс-шаралар біздің еліміздеде  орын алса, тілдің дамуы біршама алға қадам басатыны анық еді.

 

2.4 Тілге байланысты Елбасы бағдарламары

 

Тілдерді дамыту мен қолданудағы мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен міндеттері.

Көпшілікке белгілі, Тілдерді қолдану мен дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламсы бойынша атқарылған жұмыс-тар «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңын орындаудағы белгілі бір белеске айналды. Соның нәтижесінде бұл бағыттаағы іс-қимылдың саяси көпсөзділіктен нақтылыққа, жөнді-жөнсіз сыншылдықтан байыпты іскерлік-ке бұруға мүмкіндік туды. Осы кезеңдерде қоғамда мемлекеттік тілдің қолдану өрісі біршама кеңейе түсті. Мәселен; іс-қағаздрын жүргізу, компь-ютерлерге қазақ тілінде бағдарламалар жасалды, ақпарат құрлдары қазақша жүргізіле басталды. Сондай-ақ тұңғыш рет 31 томдық терминологялық сөздік жарық көрді. Тілдік орта қалыптастыруға арналған шаралардың  тиімділігі арта түсті. Мемлекеттік бағдарламаның «Нормативтік-құқұқтық базаны қалыптастыру» бөлімінде белгіленген міндеттерді орындау бары-сында тіл туралы заңдылықтарды бұзғаны үшін жауапкершілік айқындалды, шетелден әкелінетін тауарлардың белгілерін қазақ тілінде жазды талап ету жүзеге асты және мемлекеттік тілде құжат дайындаушы әкімшілік қызметкерлерді ынталандыру тетігі қолданылу аясы кеңейтудің тиімді әдіс-тері тәжірибеге енгізілді, терминология қалыптастыру және ономастикалық кеңістікті жаңа талаптар тұрғысынан ретке келтіру жұмыстары жүйеленді.

Мемлекеттік бағдарламаның ғылыми-лингвистикалық тұрғыдан қам-тамасыз ету бөлімі бойынша белгіленген шараларға орай қазақ тілінің грамматикасы, пунктуациясы, орфоэпиясы мен орфографиясына қатысты бірқатар іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. “20 ғасырдағы қазақ әдеби тілі”, “Қазақ тілінің анықтағышы”, “Емлесі қиын сөздіктер” деген тақырыптардағы монографиялар, зерттеулер жеке-жеке кітап болып шықты. “Тіл мәдениетінің негіздері”, “Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі”, “орысша- қазақша сөздік”, “Қазақтар ана тіл әлемінде” деген зерттеулердің нәтижелері баспаға әзірленді. Қазақ тілінің компьютерлік сөздік қоры құрылуда. Ғылыми зерттеу жұмыстарын қазақ тілінде жүргізіп, қазақ тілінде диссер-тациялар қорғаушылар қатары артып келеді.

Түйіндей айтқанда, Тілдерді қолдану мен дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған. Мемлекеттік бағдарламасының басқа бөлімдерінде қамтылған нақты іс-шаралар тағы басқаларыда өз уақытында оң нәтижелер берген сыңайлы, бірақ кей шаралардың орындалмауына сай бұл бағдарлама қайта өңделіп шықты.

Енді соған тоқталатын болсақ, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 10 жылға арналған.

Бағдарлама қоғамдағы саяси тұрақтылық мүдделерін ескере отырып жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының табиғи сабақтастығаын қамтамасыз етеді және еліміздегі тіл саясатының жақын болашақтағы бағыт-бағдарын берік бағамдайды, ең бастысы, тіл болашағына деген нық сеніммен нығайта отырып, жұртты ортақ мақсатқа жұмылдыруға тиіс. Ол мемлекеттік деңгейде қабылданар құжаттың құрылымдық талаптарына сай ижәне тіл саясатына қатысты қамтылуы тиіс мәселелерді толық шешеді.

Бағдарлама қоғамдағы саяси тұрақтылық мүдделерін ескере отырып жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының табиғи сабақтастығын қамтамасыз етеді және еліміздегі тіл саясатының жақын болашақтағы бағыт-бағдарын берік бағамдайды. Сондай-ақ бағдарламада мемлекеттік тіл мәртебесіне мейлінше мән беріліп, баса айту өмір шындығынан туған шарт. Ол туралы Қазақстан Республикасы Тіл саясатының тұжырымдамасында атап көрсетілген. Яғни мемлекеттік тіл мәртебесін нығайтуда «… жекелеген азаматтардың немесе қоғамдық бірлестіктердің емес, мемлекеттің өзінің ықпалы басым болуға тиіс, өйткені тек мемлекет қана мемлекеттік тілдің қоғам өмірінің барлық саласында қолдану мәселелерін шешуге қабілетті.

Мемлекеттік тілді жалпы Қазақстан бойынша дамыту тетігі уақытша шара емес, өзіндік кезеңдері бар. Мемлекеттік тілді ендіру мен дамыту мәселесі – елімізде болып жатқан барлық реформалардың маңызды бөлшегі-нің бірі. Өйткені ол тілдік құрылыс пен ұлтаралық тіл және аралық қатынас-тарды реттеу мен жоспарлаудың барлық жүйесін қамтиды.

 Бағдарламада Қазақстандағы тіл құрылысының ұзақ мерзімді келеше-гінің стратегиялық мақсаттары мен міндеттері айқындалып, сондай-ақ, олар-ды іске асырудың басты бағыттары мен міндеттері белгіленген.

Белгіленген мақсаттарды, міндеттерді және басымдықтарды жүзеге асырудың нақты іс-әрекеттері, уәкілетті орган әзірлеп, ҚР-ның Үкіметі бекіткен бағдарламаны іске асыру жөніндегі шаралардың екі жылдық қысқа мерзімді жоспарлары түрінде жасалынады.

Тіл құрылысының оңтайлы процесі этнолингвистикалық және мәдени қажеттіліктерді толыққанды іске асыруды қамтамасыз ете отырып, қоғамдағы азаматтық татулықты нығайтуға және оның одан әрі топтасуына жағдай жасайтындықтан, мемлекет өмірінің аса маңызды әлеуметтік қыр-ларының бірі болып табылады. Бұл еліміздің тілдерді дамыту мәселелерін мемлекеттік реттеу қажеттілігін білдіреді.

ҚР-ның конституциясымен бекітілген және «ҚР тіл туралы» заңда көрініс тапқан, республикада лингвистикалық өрісін қалыптастырудың функционалды принциптеріне сәйкес сараланған айқындама негізінде тіл құрылысын үш бағытта мемлекеттік тілдің әлеуметтік коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту: орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау.

Қазақстан халықтарының басқа тілдерін дамыту бойынша жүзеге асыру орынды болмақ. Сонымен, қазақ тілінің дамыту бағыты оның мемле-кеттік мәртебесін іске асыру қажеттілігінен айқындалады; орыс тілінің қолданылуын қамтамасыз ету қызметінің басты бағыты оның мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілі мен қатар ресми қолданылуы қызметін сақтау болып табылады; этникалық топтардың лингвистикалық сұраныстарын қанағаттандыру, ана тілін әркімнің пай-далануға қарым-қатынас, тәрбие оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға және конституциялық құқұғын іске асыруда Қазақстан халықтарының  тілдерін оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасауға қамтамасыз ету.

Мемлекеттік тілдің әлеуметтік коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту мақсатында қол жеткізу өз кезегінде мынадай міндеттерді шешуді талап етеді.

  1. Мемлекеттік тілдің мемлекетті басқару тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету.
  • Нормативті құқықтық базаны жетілдіру;
  • Мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік тілді қызметтік міндет-терің орындауға қажетті деңгейде меңгеру үшін шаралар қолдану;
  • Мемлекеттік органдар жүйесінде мемлекеттік тілдің іскерлік қарым қатынастың негізгі тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету;
  • Мемлекеттік органдарды актілерді әзірлеу мен қабылдауда негізгі тіл ретінде мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету;
  • Іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшірудің кестесін белгілеу арқылы барлық мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарды іс жүргізудің негізгі тілі ретінде мемлекттік тілдің қаматасыз етілуі;

Осы міндетке қатаң талап қоя отырып мемлекеттік және мемлекеттік емес әр мекеме орнында іс-қағаздарының тек қазақ тілінде үлгісі болуы міндетті. Және де оларды қазақ тілінде жазатын арнайы маман иелері ақылы қызмет етуі тиіс. Сонда оны әр адамның қалтасы көтере бермейді амал-сыздан халық тілді үйренуге бет бұрады. Сондай-ақ Қазақстан мемлекетінің азаматы болып саналатын кез келген ұлт өкілінің жеке куәлігі тек мемле-кеттік тілде болуы тиіс.

  1. II. Қазақстан Республикасының азаматарының мемлекеттік тілді мең-геру үшін жағдай жасау.
  • ҚР-ның конституциясының 7 және 93 баптарының іске асыру мақ-сатында мемлекет көлемінде Республикалық және жергілікті бюд-жеттің сондай-ақ ҚР-ның заңамалық актілерімен тыйым салын-баған басқа да көздері есебінен, азаматтарға мемлекеттік тілді тегін оқытып үйретуді көздеу. (Осы тұста менің айтарым бұл «ҚР-ның әр азаматын жедел оқыту курстарын» тегін оқыту жүйесі керек емес. Себебі ол қаншалықты арзан әрі көп болса сапасыда, сүйкіміде болмайды. Арзанның жілігі татымас деген осыдан шығады);
  • Ғылым, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, халыққа қызмет көрсету салалары қызметтерінің мемлекеттік тілді тиісті деңгейде меңгеру үшін, құқықтық-ұйымдық шараларын және материалдық техникалық жағдайын жасауды қамтамасыз ету;
  • Мемлекет салаларына қарамастан барлық үлгідегі мектеп жасына дейін мекемелерін жалпы білім беретін мектептердің орта және арнаулы жоғары оқу орындарын тәрбиеленушілері мен оқушылары мемлекеттік тілді меңгеру саласындағы білімі мен біліктіліктерін барынша жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз ету.

III. Ғылыми — лингвистикалық зерттеулерімен оларды нақты іске асы-руды жеделдетуді жүзеге асыру жолымен қазіргі қазақ әдеби тілінің норма-ларын бірыңғайлауды қамтасыз ету.

  • Қазіргі қазақ әдеби тілінің сөзжасам процестерін ғылыми негізде жүйеге келтіру, қазақ тілінің толық қанды терминологиялық жүйе-сін еңгізу;
  • Ономалистика мәселелерін ғылыми тұрғыда қамтамасыз ету.
  1. IV. БАҚ-тың және мәдениеттің мемлекеттік тілде қызмет етуін қамтамасыз ету;

 

Бағдарламаны іске асыру тетіктері:

Бағдарламаны іске асырудың негізгі тетігі тілдерді қолдану мен дамы-тудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген, іс-шараларды жыл сайын кезең-кезеңімен орындау болады. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын өкілетті орган бағдарламада қойылған міндеттерді іске асыру нәтижесінде бұдан алдыңғы кезеңде екі жыл сайын өзгерту енгізеді. Осындай ұзақ мерзімді перспективаны ескере отырып жасалған ағымдық жоспарлау барынша бұл тікелей орындаулардың жауапкершілігі мен бағдарламаларда көзделген іс-шараларды іске асыруға бақылауды қамтамасыз ету мүмкіндіктерін іске асыру оны іс жүзінде іске асыру үшін неғұрлым тиімді әрі нақты мүмкіндіктермен қамтамасыз етілуі тиіс;

  • Сандық және сапалық деңгейі тұрақты өсіруді қамтамасыз етуді көздейтін ұдайылық;
  • Орындалуына қатаң бақылау жасауымен ұштастырылған жан-жақты мемлекеттік қолдау;
  • Тілдерді меңгеру саласындағы талаптарды мемлекеттік тілді еркін және тегін оқып-үйрену үшін мүмкіндіктер жасаумен ұштастыру;
  • Қоғамдық пікірді белсенді түрде қалыптастыру;
  • Тіл құрылысын жүзеге асыру кезеңінде функциолинвистикалық тепе-теңдікті сақтау.

Қорыта айтатын болсақ, онда қазақ тілінің әлеуметтік-коммуника-тивтік қызметін кеңейту мен нығайту, орыс тілінің қолданылуын қамтамасыз ету, жалпы мәдени қызметін сақтау, этникалық топтардың тілін дамыту міндеттері алға қойылған. Тіл саясатының бұл үштағаны – мемлекеттің қоғамдағы барлық ұлттардың үйлесімді дамуын көздеген ұстанымына негізделген. Бағдарлама Қазақстан Республикасының Президентінің Жар-лығымен (07.02.2001 ж. № 550) [8, 66-68бб] бекітілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Тіл – адаммен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастырып, табыстыратын өзгеше құрал, сондықтан да біз оны халықтар арасындағы достықтың бастауы, олардың ынтымақтастығы мен береке-бірлігінің тірегі ретінде қастер тұтамыз. Қазақстанды мекендейтін әртүрлі ұлт өкілдерінің тіліне құрмет көрсету, олардың ана тілінде білім алып, төл мәдениетін дамытуына жағдай жасау – мемлекетіміздің маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі. Оның құқықтық негіздері Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заңында айқын көрініс тапқан.

         Қазіргі таңда қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтіп, оның мол мүмкіндіктерін қоғамдық қарым-қатынаста барынша кең пайдалану мәселесі – Қазақстан Республикасы халықтары тілдеріне қатысты ең өткір, ең көкей-тесті проблемалардың бірі. Оны ойдағыдай шешу шыдамдылықты, қыруар күш-жігерді, мақсаткерлік пен табандылықты талап етеді. Бұл бағытта байқалған оң қозғалыстарды баянды етіп, тереңдете түсу үшін әсіреқызыл сезімдерді орынды-орынсыз жалаулата беруден гөрі, орнықты іс пен өрелі ғылыми пайымды пайдалану әлдеқайда ұтымды екені анық. ХХ ғасырдағы ұлы тұлғаларымыздың бірі Ахмет Байтұрсынұлы өнегесі де осыған шақы-рады.

         Тіл мәселесінің өте нәзік екендігі, оның зорлықпен емес, тек қана шынайы ынталылықпен ғана ыңғайланатын шаруа екендігі белгілі. Ал оны мемлекеттік тіл ретінде қастерлеп, үйрену – елдің барша азаматтардың парызы екендігі жөніндегі түсіністік қоғамда бар. Бұл – мемлекеттік тіл саясатының басым бағыттарын үйлесімді жүзеге асырудың негізгі шарты.

         Тіл саясатының арғы-бергі тарихына көз жүгіртсек Ахмет Байтұрсынұлындай ұлы тұлғаны таба қою қиын. Тіл мәселесінде ол кісінің араласпаған саласы жоқ. Және жай ғана араласып қоймаған, сол ғылым салаларының барлығының да негізін қалаушы болған. Ең алдымен, ол қазақ тіл білімінің негізін салушы. Бала күнімізден жаттап өскен тіл ғылымы терминдерінің басым көпшілігі сол кісі шығармашылығының жемісі. Қазақ әліпбиінен бастап, емле-ережелерді де бір өзі түзген. Қазақ мектептеріне арнап жазған оқулықтары тағы бір төбе. Сол оқулықтар арқылы балалардың тілін сындырудың әдіс-тәсілдерін жасап, қазақ тілін оқытудың әдістемесін де алғаш өзі жасаған.

         Кең көлемде алып қарасақ Аханның заманы мен бүгінгі күндегі саяси-әлеуметтік ахуалдан көптеген ұқсастықтар табылады. Ел тәуелсіздігі Ахан-ның кезеңінде де дәл бүгінгідей тіл тәуелсіздігімен қабат қарастырылды.

         Тәуелсіздік алғаннан бері аздаған жылдар ішінде тіл саласында мемлекеттік тұрғыдан аз іс тыңдырылған жоқ. Ең бастысы тіл – біртұтас мемлекеттік саясаттың ажырамас саласына айналды. Қазақстан Республикасының Конституциясында ана тіліміз бен Қазақстан халықтары тілдерінің мәртебелері анықталды, оларды дамытуға мемлекеттің мүдделі болатындығы міндеттелді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл саясатын жүргізудің Тұжырымдамасы Президент Өкімімен мақұлданып (1996 ж. 4 қараша), Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заң (1997 ж. 11 тамыз) қабылданды. Қазақстан Республикасынды тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп, Үкімет қарауына тапсы-рылды. Жақында ғана Қазақстан Республикасы Үкіметі Мемлекеттік орган-дарда мемлекеттік тілдің аясын кеңейту жөнінде қаулы қабылданды (1998 ж. 14 тамыз). Мұның барлығы елімізде біртұтас мемлекеттік тіл саясатын жүргізудің стратегиясы мен тактикасын анықтайтын маңызды құжаттар. Мәселе, осы шараларды нәтижелі жүзеге асыруда болып отыр. Әр адамның  лауазымына, мамандығына, кәсібіне қарамай қоғам алдындағы парызы бірдей. Тіл ешкімнің елшісіне берілмейді. Ол әркімнің өз ана тілі, туған Отанының тілі, оны дамыту, өркендету өз қолында. Сондықтан тіл шаруасын Ахаң көрсеткен үлгіде әркім, әр мекеме, әр ұйым өзінің төл ісіне айна-лдырғанда ғана алға басады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                      ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

 

1 Бондолетов В.Д. Социальная лингвистика. — Москва: Просвещение, 1987. – 159 б.

2 Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. – Москва: Советская Энциклопедия, 1966. – 560 б.

3 Жирмунский В.М. Марксизм и социальная лингвистика // Вопросы соци-альной лингвистики. – Ленинг рад: Наука, 1969. – 120 б.

4 Головин Б.Н. Вопросы социальной дифференциации языка // Вопросы Социальной лингвистики. – Ленинград, Наука, 1969. – 42 б.

5 Мемлекеттік тіл: бүгіні мен болашағы. Жинақ. – Астана: Елорда, 1998. – 248 б.

6 Белл Р.Т. Социолингвистика. – Москва: Международные отношения, 1980. – 280 б.

7 Дешериев Ю.Д. Социальная лингвистика: к основам общей теории. — Москва: Наука, 1977. – 381 б.

8 Тіл тарихы және сөз табиғаты. Жинақ. – Алматы: Ғылым, 1997. – 235 б.

9 Назарбаев Н.Ә. Ел басы. – Алматы, 2000. – 246 б.

10 Швейцер А.Д. Социолингвистика // Лингвистический энциклопедический словарь. – Москва: Советская Энциклопедия, 1990. – 501 б.

11 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1992. – 444 б.

12 Хасанұлы Б. Ана тілі – ата мұра. – Алматы, 1992. – 196 б.

13 Дерновой мен Коржова мемлекеттік тілді мойындамай ма? // Ана тілі. —  №4, 25 қаңтар 2007 ж.

14 Жүнісбеков Ә. Фонетика жайылы атаулар. Тіл-таным. – Алматы, 1998. – 128 б.

15 Назарбаев Н.Ә. Жадымызда жатталсын, татулық мәңгі сақталсын // Егемен Қазақстан. — №7, 16 қаңтар 1998ж.

16 Сморгунов Л., Семенов В. Политология. – Алматы, 1996.- 205 б.

17 Мелиоранский П.М. Краткая грамматика казак-киргизского языка. – Санкт-Петербург, 1894. – 127 б.

18 Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту туралы 1998 ж. 14 тамыздағы ҚР Үкіметі қаулысы // Егемен Қазақстан. —  №4, 10 қыркүйек 1998 ж.

19 ҚР Конституциясы. – Алматы: Қазақстан, 1995. – 96 б.

20 Сулейменова Э.Д., Шаймерденова И.Ж. Словарь социолингвистических терминов. – Алматы: Қазақ Университеті, 2001. – 168 б.

21 Большая советская энциклопедия. – Москва, 1999. – 485 б.

22 Тіл саясаты: тағылым мен тәжірибие. Мақалалар. – Алматы: Арда, 2005.- 256 б.

23 ҚР тіл саясаты тұжырымдамасы. – Алматы: Қазакстан, 1996. – 24 б.

24 Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мәселелері. Жинақ. – Көкшетау, 2001. – 86 б.

25 ҚР тіл туралы Заң // Егемен Қазақстан. —  №2, 15 шілде 1997.

26 Хасанұлы Б. Ана тілі – ата мұра. – Алматы: Жазушы, 1992. – 272 б.