Мазмұны:
Кіріспе…………………………………………………………………………………………….. 4
- Қазақстан Республикасының экономикасындағы шағын кәсіпкерлік қызметінің рөлі мен алатын орны
1.1 Кәсіпкерлік фирмалардың даму тарихы және
экономикадағы рөлі………………………………………………………………………….. 7
1.2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік фирмалардың қалыптасуы мен дамуы……………………………………………………………………. 11
1.3 Дамыған елдердегі кәсіпкерлік фирмалар және олардың қаржылық қамтылуы. Германия және АҚШ тәжірибесі…………………….. 16
1.4 Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу және дамытудың шетелдік тәжірибелері………………………………………………………………………. 22
- “Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры” АҚ-ның кәсіпкерлік фирмаларды несиелеудің қазіргі жағдайын қаржылық талдау және оның негізгі ерекшеліктері
2.1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік фирмаларды несиелеу жағдайын талдау …………………………………………………………… 26
2.2 ОҚО-ғы кәсіпкерлік фирмалардың жағдайын және оларды несиелеу ісін талдау…………………………………………………………………………. 36
2.3 Қазіргі таңдағы кәсіпкерлік фирмаларды несиелеудің негізгі мәселелері……………………………………………………………………………… 38
- “Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры” АҚ-ның кәсіпкерлік фирмаларды несиелеу механизмдерін жетілдірудің негізгі бағыттары
3.1 Кәсіпкерлік фирмаларды несиелеудің тиімділігін қаржы – экономикалық бағалау және оның түрлері………………………………. 46
3.2 Мемлекеттің қаржы секторын және кәсіпкерлік фирмалардың қатынастарын жетілдіру жолдары………………………….. 52
3.3 Кәсіпкерлік фирмаларға қаржылай қолдау көрсетуді дамытудың тәжірибелік құндылықтары………………………………………….. 58
Қорытынды…………………………………………………………………………………….. 64
Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………………… 67
Кіріспе
Экономикалық процестердің жандануы тауар өндірісін индустриализациялау негізінде объективті түрде кәсіпкерліктің дамуына алып келеді.
Кәсіпкерлік фирмалар қазіргі кезде қоғам процесін экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторы.
Кәсіпкерлік фирмалар – ірі көлемдегі бастапқы инвестицияны талап етпейді, және ресурстар айналымының жоғары жылдамдығына
еркіндік бере отырып, экономиканың қайта құрылымдық проблемаларын жылдам және тиімді шешуге қабілетті.
Кәсіпкерлік фирмалар нарық коньюктурасының өзгерістерін шұғыл қабылдай отырып, экономикаға қажетті ормдылықты береді. Ол сұраныс пен ұсыныс өзгерістеріне тез бой бұрып, соның есебінде нарық тепе-теңдігін қамтамасыз ете отырып, экономикада бәсекелестік ортаның қалыптасуына мәнді мүмкінлік береді.
Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр.
Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ІЖӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауында: «Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мыңнан 5 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткіліктілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге көмектесті. Тұрғын үй құрылысына және үлескерлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды. Елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін біз шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көлемінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық. Әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылды» деп айта кетті [1].
Кәсіпкерліктің дамуы – аралас экономикаға ормдылықты қамтамасыз етіп, әртүрлі меншік түрлерінің — салалардың шаруашылық үлгісіне сәйкес дамытып, ірі, орта және шағын шағын өндірістері күрделі бәсекелік нарық механизмін және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруда — жалпы әлемдік тенденцияларға жауап бере алады. Кәсіпкерлік секторы — ұлттық экономиканың алдыңғы қатарларының бірі. Көп жағдайда жалпы ұлттық өнімнің экономикалық өсім қарқынын, құрылымын және сапасын анықтайды. Тұрғындарды жұқмыс орнымен қамтамасыз етуі, жұмыссыздық пен кедейлікті қысқартудың — әлеуметтік құбылыс шектерін анықтайды. Кәсіпкерлік фирмалардың дамуы шаруашылық ісінде жаңа тың идеялардың қалыптасуына қаржылық материалдық құралдар мен табиғи ресурстарды қолдануда ұқыптылықты қалыптастырады.
Қазақстанда кәсіпкерлік фирмалардың дамуына —
шартты объективті қажеттіліктерге сәйкес өте көп көңіл бөлінеді. Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі 2007-2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік фирмаларды дамыту және қолдау мемлекеттік бағдарламасы. Кәсіпкерлік фирмаларды мемлекеттік қолдау ғимараттар, құрылыс жабдықтар ұсыну, мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру, кепілдеме қою жолдарымен жүзеге асырылады.
Қаржы несиелік ынталандыру — коммерциялық банктермен жасалған субъектілерді несиелеу бағдарламаларын жасау негізінде жүзеге асырылады.
Осы бағытта Қазақстан Респуликасында кәсіпкерлік фирмаларды дамытудың негізгі қадамдары жасалды десекте, біршама мәселелер әлі де туындауда.
Елдегі қабылданып отырған экономикалық реформаларға сәйкес 1998 жылы наурызда “Шағын кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі іс-шаралар туралы” ҚР Президентінің жарлығы “Кәсіпкерлік фирмалар туралы” және басқада негізгі құқықтық базасы қалыптасқанмен, қазіргі кезде экономиканың дамуына кәсіпкерлік фирмаларды дамыту проблемасы өзекті маңызды болуына байланысты, кәсіпкер-
лік бизнестің дамуындағы негізгі мәселелерді анықтауда ең бірінші факторлардың бірі — кәсіпкерлік фирма бизнесі субъектілерін несиелеу және қаржыландыру проблемасы.
Қазақстан Республикасының болашақта дамыған елдермен тең қатарлы, мәдениетті, халқының әлеуметтік жағдайы жоғары әлемдегі өркениетті ел қатарында болуы үшін ең негізгі бағыт — экономиканың жандануы, кәсіпкерліктің, соның ішінде шағын және орта бизнесті, білім мен ғылымды дамыту қажет. Бұл, өз кезегінде бүгінгі күнгі еліміздегі басты мақсаттардың бірі.
Дипломдық жұмыс “Кәсіпкерлік фирмаларды несиелеу” ( Оңтүстік Қазақстан облысының үлгісінде) тақырыбына жазылып отыр. Диплом жұмысында Қазақстан Республикасы 2007 — 2008 жылдардағы кәсіпкерлік бизнестің даму барысы, несиемен қамтамасыз етілуінің негізгі көрсеткіштері талданып, 2008 — 2009 жылдарға арналған кәсіпкерлік фирмаларды мемлекет тарапынан қолдау бағдарламасына негізделіп жазылған.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты: Қазақстандағы және Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлік фирмалардың даму барысы, оларды банктердің несиемен қаржыландыруын талдау жасап, кәсіпкерлік фирмалардың қазіргі экономика дамуына сәйкес тиімді қаржыландыру жолдарын ұсынамыз.
Осы бағытта шағын кәсіпкерлікті дамыту экономика дамуының негізгі факторы сапасында — шетел тәжірибелері және ғылыми негізделген кәсіпкерлік фирмаларды қаржыландыру мен несиелендіру іс- шаралары басшылыққа алынып отыр.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі — Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Қазақстан облысындағы коммерциялық банктердің кәсіпкерлік фирма субъектілерінебөлінген несиелерін зерттеу.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде кәсіпкерлік фирмалардың шығу тарихы, негізгі ғылыми негіздері, оның экономикадағы рөлі мен орны, Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік фирмалардың қалыптасуы және даму барысы, экономиканың басқа субъектілермен салыстырғандағы жалпы ішкі өнімді өндірудегі үлес салмағы, және дамыған елдердің кәсіпкерлік фирмалардың дамыту мен қалыптастыру тәжірибелері баяндалады.
Дипломдық жұмыстың екінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің және басқада қаржы институттарының 2006 — 2009 жылдардағы қаржыландыру және несие беру барысы. Оңтүстік Қазақстан облысының үлгісінде орта бизнесті Еуропалық қайта құру және даму банкісімен жүргізіп отырған несиелендіру бағдарламалары талданады. Қаржыландыру және несиелендіру кезеңіндегі негізгі факторлары мен кедергілері талданып, анықталады.
Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде ғылыми әдістемелік кәсіпкерлік фирмаларды несиелеудің тиімділігін бағалау үлгісі және оның сызбасы, мемлекеттің, банк жүйесінің жәнә шағын бизнестің өзара қарым қатынастарын жетілдіру бағыттары, және
кәсіпкерлік фирмаларға қаржылық қолдау көрсетуді дамытудың ғылыми негізделген практикалық аспектілері ұсынылады.
Диплом жұмысының қорытындысында қарастырылған бөлімдер бойынша қысқаша тұжырымдама жасалып, кәсіпкерлік фирмаларды қаржыландыру мен несиелендірудің тиімді нақты іс – шаралары, бастапқы мәселелері мен оны шешудің ғылыми негізделген үлгілері ұсынылады.
Соңында қолданылған әдебиеттер тізімі келтірілген.
- Қазақстан Республикасының экономикасын-дағы шағын кәсіпкерлік қызметінің рөлі мен алатын орны
1.1 Кәсіпкерлік фирмалардың даму тарихы және экономикадағы рөлі
Шағын кәсіпкерлік — шаруашылық қызметтің ерекше тәсілі сапасында әртүрлі шаруашылық дамуын күшейтуге, тұрғындардың жұмыс бастылығын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Кәсіпкерлік фирмалар кез — келген бағытта — жалпы кәсіпкерліктен басталатын болғандықтан, оның негізгі бір тармағы сапасында дамиды.
Кәсіпкерлік — қоғамдық әлем дамуының барлық кезеңдеріне тән. Орта ғасырлық араб ойшылы Ибн Халидун ( 1332 – 1406 жж.)
“ КӘСІБ ” ( кәсіпкерлікті ) зерттеуде, оны меншік игілігімен, еңбекпен, адам қабілетімен байланыстырады. Кәсіпкерлікті зерттеу Батыс Еуропада физиократтардың үлгісінде. Ф.Кенэ “Экономикалық кесте ” еңбегінде басты орынды егінші — кәсіпкерлерге кім де кім “ жерді жалға алса, ауыл шаруашылығын жоғары өнімді етеді ” делінген.
Ж.Б.Сэй “ Саяси экономия трактаты ” еңбегінде кәсіпкерлерді “ өз пайдасы үшін қандай да өнім өндіруде өз есебінен белгілі тәуекелге баратын тұлға ” — деп сипаттайды.
Ол өз кезегінде кәсіпкерлікте тәуекел факторын, және кәсіпкер адамның табыс табу үшін белгілі тәуекелге баратынын көрсетеді.
Кәсіпкерлікті жүзеге асырудың қажетті шарттары — деп ол — адамдар білімін, және өндіріс факторларын ( табиғат, еңбек қамтылады ) қозағлысқа келтіру — деп есептеуі.
Осы жағдайларға байланысты кәсіпкерлік өндіріс факторларының қосылған ерекше қызметін көрсете отырып
“ өндірістің жаңа тәсілдерін ойлап табу, соның нәтижесінде қазіргізаманғы мемлекет өз байлығымен міндетті ”, — екендігі
кәсіпкерлік қабілетпен жүзеге асырылады. Нәтижесінде кәсіпкерлік “ ұйым ” сапасында сипатталады. Бұл ерекшелік А.Маршал пікірі бойынша сапалы түрде мақсаттар белгілеу, оның қызметін жүзеге асыру — творчествалық процес сапасында болады.
И. Шумпетер кәсіпкерлікті капитализмнің “ адам ” факторы сапасында зерттеп, оны ғылыми — техникалық және қоғамдық прогрестің двигателі сапасында қарастырады. Ол кәсіпкерлерді
өндірістің негізгі факторларын қолдана отырып, жаңа комбинацияларды жүзеге асыру қызметін жүргізуші шаруашылық субъектілері — деп түсінді.
Кәсіпкерлік “ әр түрлі елде салыстырмалы түрде тең жағдайда бірдей инвестицияда не себепті экономикалық өсім қарқыны, ғылыми техникалық және жалпы ұлттық өнім деңгейлері әртүрлі болуына себеп бола алады”. Заңды түрде
“ тиімді кәсіпкерлік — жеке болып немесе мемлекеттік болсын — экономика дамуының маңызды көзі болып табылады”.
Сонымен, кәсіпкерлік өз тарапында жеке кәсіпкерлікпен байланыстырылады, ал жеке кәсіпкер өз ойы мен мақсатын өндірістік факторларды біріктіре отырып жүзеге асыру процесінде — шаруашылық субъектісі сапасында қаралады.
Кәсіпкерлік фирмалардың экономикадағы рөліне келетін болсақ, ғылыми дәлелденген тәжірибелер бойынша еркін нарықты экономикада барлық экономикалық заңдар өз деңгейінде қызмет етуі, экономиканың тиімді дамуы — нарық заңдары мен талаптарын сақтауды қажет етеді. Ал ол өз кезегінде осы ортаға ыңғайлы шағын кәсіпкерлік қозғалысы жылдам, экономикалық жағдайын кез – келген тығырықтан шығуға бейім, басқа қызмет немесе өнім өндіруге ауысу мүмкіндігі бар шағын және орта бизнестің дамуын қажет етеді.
Қалыптасқан ірі монополистерге қарсы күрестің тиімді жолдарының бірі орташа және шағын кәсіпорындардың тиімді қызмет етуіне ықпал ету. Шағын кәсіпорындардың ірі компаниялары мен корпорациялармен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар:
- Тауар өндіру мен көрсетуде кәсіпкерлікпен бәсекені дамытуы.
- Тұтыну сұранысының өзгерісін тез сезінуі.
- Қызмет сапасын арттыру мүмкіндігі.
- Баға белгілеудің табиғи тетігін пайдалану мүмкіндігі.
- Монополизмді жою қабілеті.
- Өндірістің ғылыми техникалық дамуын жеделдетуі.
- Тиімді басқару құралдарын қалыптастыру мен пайдалану мүмкіндігі.
- Өндіріс мамандарын ұтымды райдалану мүмкіндігі.
- Орталықтандырылған күрделі қарқыны пайдаланбастан, коммерциялық негізде жаңа өндірістік қуаттарды тез арада ауыстыру мүмкіндігі.
Кәсіпкерлік фирмалардың субъектілерінің тиімді жұмыс істеуі экономиканың қарқынды дамуына, жалпы ұлттық өнімнің өсуіне, неқұрлым табысты жұмыс істесе — мемлекеттік бюджет табыстарының өсуіне, халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
Шағын және орта бизнес экономика дамуының прогрессивті қарқын мен дамуына үлкен үлес қосатын ең белсенді экономикалық қатынас субъектілерін құрайды.
Кәсіпкерліктің негіздері 1) кез – келген іске жеке тұрғыдан келуі; 2) ресми байланыстар арқылы жеке қызмет жүргізуі; 3)инвестицияға деген мүмкіндіктердің болуы; 4) кәсіпкерлік қызмет бағдарламасының болуы.
Ресурстық капитал, еңбек, ақпарат, материал ресурстарын жинақтау |
Ұйымдастырушылық өнімді өндіру және өткізу маркетингті ұйымдастыру |
Шағын кәсіпкерліктің қоғам мен экономикадағы негізгі келесі функциялары бар.
Кәсіпкерлік функциялары.
|
|
то
П
дд
Сурет 1
Шағын кәсіпкерліктің әрбір қызметінің ел экономикасын дамытуда өзіндік қызметі бар; 1) Ресурстық функциясы — капитал, ақпарат, еңбек материал ресурстарын — біріктіріп қозғалысқа
Келтіру арқылы — өндіріс процесін жүргізеді; 2) Ұйымдастырушылық
функциясы — өндірісте өнімді өндіру және оны өткізу, оны тиімді өткізу үшін маркетинг іс – шараларын өткізу; 3) Инновациялық және ғылыми техникалық функциясы — өндірісте үнемі жандандырып, жаңа технология мен ғылымның соңғы жетістіктерін өндірісте қолдану мүмкіндігі;
4) Монополизмді жою және бәсекелестікті дамыту функциясы — шағын кәсіпорындардың монополистермен тең қатарда қызмет ете отырып, монополистің өнім бағасын көтеруіне мүмкіндік беріледі.
Мемлекет тарапынан жасалатын қажетті жағдайлар мен реттеулер кәсіпкерлік фирмаларды дамыту үшін:
1) Мемлекеттік саясаттың мақсатты бағыттылығы;
2) Шаруашылық қызметіне кең ауқымды еркіндік берілуі;
3) Тиімді экономикалық ортаны қалыптастыру;
4) Заң базасының болуы;
5) Тиімді салық саясатын құру;
6) Бәсекені қолдау;
7) Жеңілдікпен несие беру;
8) Кәсіпкердің еркін баға белгілеу мүмкіндігі;
9) Инвестицияға қолайлы жағдай жасау.
Сонымен, кәсіпкерлік фирмалардың мемлекет экономикасының дамуындағы орны ерекше маңыздылығын анықтаймыз.
Шағын кәсіпорындардың әлемдік нарыққа қатысуы өндірісі қазіргі заманғы технологиялармен жетілдіру үшін шетел фирмаларымен іскерлік бағыттағы біріккен жұмысы әр түрлі бағыттағы шетел капиталын тартуды енгізуге мүмкіндік береді. Нақты экспорттық квотаға жету мүмкіндігі кәсіпорындардың жоғары ғылыми техникалық потенциялымен бвйланысты. Шағын фирмалардың басым бөлігі әлемдік нарықта шығарылатын өнім көлемінің 5-10 пайыз, кей кездері 50 пайыз, ал кей кездері 80-90 пайыз өнімдерін өткізеді. Мұндай қозғалыс шағын бизнес дамуында өндірістің жоғарғы технологиялық дәрежеде болуына, тек ішкі нарық емес, сыртқы нарықта да өнім сапасының артуына мүмкіндік береді, және ұсақ кәсіпкерлік экономика секторының маңызды, қозғалымды өсімқорға айналуын қамтамасыз етеді.
Шағын кәсіпорындардың халықаралық ғылыми – техникалық стратегиясының бірқатар артықшылықтары бар: 1) технологиялық жаңа құрал – жабдықтарын енгізу және жүзеге асыру, жасаған жаңа құрал жабдықтың бастапқы өмірлік цикл кезеңінде орындалады, және сұраныс жоғары болғанда; 2) олар сатып алушыға қандай да міндеттеме мен шартты жүктейді, бұл үлкен корпорацияда тұрақты қолданылады.
1.2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік
фирмалардың қалыптасуы мен дамуы
Қазақстандағы қазіргі экономиканы реформалау дәуірі,
жүйелік әлеуметтік – экономикалық қайта құру процессі бастапқы кездегіге қарағанда әлде қайда тым қайшылықты және күрделі болып шықты.
Кез келген елде кәсіпкерлікті дамыту экономиканы тұрақтандырудың аса маңызды факторы болып табылады. Қазақстан Рсепубликасында кәсіпкерліктің дамуы 1992 жылдардың басында кең үрдіс алды. Бастапқыда, әрине, жалпы кісіпкерлік туралы нормативтік құқықтық базаның қалыптаспауына байланысты біршама қиындықтарда болды. Осы себептерге байланысты мемлекет тарапынан тікелей нормативті құқықтық заңдар мен жарлықтар шығарылды.
Қазақстан Республикасының “ Шаруашылық қызметінің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы ” заңында, кісіпкерлік қызмет — дегеніміз, кез келген шаруашылық немеседе басқада қызмет түрі, мемлекет заңдарына қызмет қарама – қайшы келмейтін, табыс табуға бағытталған, ал кәсіпкерлер меншік формасына тәуелсіз заңды және жеке тұлғалар.
Одан беріде “ Кәсіпкерлік фирмаларға мемлекеттік қолдау туралы ” заңдар қабылданды. Кәсіпкерлік фирма субъектілері үшін мейлінше қолайлы жағдайлар жасау, қаржылық және ақпаратпен қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру мақсатында ел Президенті “ Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың басымдықтары мен аймақтық бағдарламалары туралы ” жарлық шығарды. Онда кәсіпкерлік фирмаларды дамытудың келесі басым бағыттары белгіленген:
— импортты алмастыратын халық тұнатын тауарлар, құрылыс материалдарын, құрал – жабдықтарды өндірудің шағын түрлерінің жаңа өндірістерін құру және олардың жұмыс істеп тұрғандарын дамыту.
— қызмет көрсету саласын, бірінші кезекте пәтер иелерінің кооперативтері, ұсынатын қызмет саласын дамыту
— аграрлық кешен өнімдерін әрі қарай өңдеу бағытында жаңа өндірістерді дамыту.
Ел басының халыққа жолдауында “ Қазақстан 2030 ” даму стратегиясында жоғарыда айтылған бағыт – бағдарламалар нақты нақтысипатқа ие болып атқарылуға тиісті міндеттемелер қуатталады. Осы бағытта 1998 жылы Өкімет тарапынан кәсіпкерлік фирмаларды, фермерлік қожалықтарды дамыту және жұмыс орындарын ашу мақсатында 100млн АҚШ доллары көлемінде несие беріледі.
Қазақстан кәсіпкерлік фирмаларды дамыту, рұқсат беру құжаттарын барынша жеңілдету, несие ресурстарына мүмкіндігінше жол ашу, кәсіпкер бизнесмендерді оқыту және кәсіпкерлер еркін ыңғайлы салық саясатын жүргізу —
кәсіпкерліктің дамуының басты шарттары болып табылады.
1992 жылы Республикада қызмет істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны — 34506, болса, ал 1995 жылы 21260, 2005 жылы 257 500 бірлік болған, осы он жыл аралығында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1992
жылмен салыстырғанда 7,5 есеге өскен, әрине 1995-1997 жылдары саны 1992 жылмен салыстырғанда, орташа есеппен 60 пайызға кеміген. Оның басты себептері негізгі қорлар мен айналым қорын жаңалау үшін қаржы тапшылығының әсерінен шағын кәсіпорындар жабылып немесе банкроттыққа ұшырап отырды. 2007 жылдың басына қарай экономикада 63 934 шағын кәсіпкерлік субъектілері қызмет еткен. 2008 жылдың басында бұл көрсеткіш 7,5 пайызға ұлғайып, 68 708 бірлікті құрады. Бұл мәліметтер шағын кәсіпкерлік субъектілерге көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдаудың нәтижесі екендігін байқатады.
Шағын бизнестің Қазақстандағы даму барысын біршама талдасақ ( кесте 1 және сурет 2 )*.
Кесте 1.
Шағын кәсіпорындар қызметінің негізгі көрсеткіштері.
Көрсеткіштер атауы |
өлшем бірлігі |
Жылдар |
|||||
2005 ж. |
2006 ж. |
2007 ж. |
2007 жылды 2006 жылмен қатынасы, % |
||||
сандық бірлігі |
сандық бірлігі |
|
сандық бірлігі |
|
|
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1. Шағын кәсіпорындар мен субъектілер саны, оның ішіндегі: қозғалыстағылар саны |
Мың бірлік |
257,2
185,3 |
372,0
329,1 |
144,6
177,6 |
388,6
353,6 |
151,0
190,8 |
104,4
107,4 |
2. Шағын кәсіпорындардағы жұмысшылар саны |
Млн адам |
0,913 |
1,4 |
153,3 |
1,8 |
197,0 |
128,5 |
3. Өндірілген және көрсетілген қызмет сомасы |
Млрд теңге |
383,8 |
435,8 |
113,6 |
532,6 |
138,7 |
122,2 |
4. Жалпы ішкі өнім көлеміндегі үлес-салмағы |
% |
7 |
12 |
171,4 |
18 |
257,1 |
150 |
5. Бюджетке түскен төлемдер |
Млрд теңге |
26,3 |
33,7 |
128,1 |
45,8 |
174,1 |
135,9 |
6. Орташа айлық еңбек ақы 1 жұмысшыға есептегенде |
Теңге |
7383 |
8595 |
116,4 |
9850 |
133,4 |
114,6 |
* — ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері
Сурет 2
Негізгі 1- кесте бойынша Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің мемлекеттік қолдау және нормативтік құқықтық базасының дайындалуы, және жалпы мемлекеттің осы облыстағы
жүргізіп отырған іс-шараларының нәтижесін көруге болады, атап
айтсақ соңғы үш жылда 2005-2007 жылдар аралығында шағын бизнес кәсіпорындары мен субъектілерінің санының өсімі 2005 жылы
44,6 пайыз болса, 2006 жылы 51 пайызды құраған, ал олардың тиімді қызмет етуінің нәтижесі мысалы, 2005 жылы шағын бизнес субъектілерінің саны – 185,3 мың болса, 2006 жылы, бұл көрсеткіш саны 329,1 мыңға немесе 77,6 пайызға өскен, ал 2007 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 1,9 есеге өскен. Ең жоғары өсімділік, жалпы
ішкі өнімдегі шағын бизнестің үлес салмағы — өндірілген өнім көлемі бойынша — 2005 жылы 71,4 пайызды құраса, ал 2006 жылы, бұл көрсеткіш 2004 жылмен салыстырғанда екі жарым есе өскен. Ең төменгі баяу өсімділік — өндірілген өнім және көрсетілген қызмет соммасы мен 1 жұмысшыға шаққандағы орташа еңбек ақы көрсеткіштері 2005 жылы жалпы өсім 2004 жылмен салыстырғанда 13,6 және 16,4 пайызды құраған.
1-ші кестені талдау нәтижесін қорытындылай келе, мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған іс-шаралардың тиімді жүзеге асырылып отырғанын байқаймыз.
Шағын кәсәпкерліккемемлекеттік қолдау көрсетудің тиімді жүргізіліп, отырғанын көптеген елдерде қолданылатын экономикалық дамудың кәсіпкерлік үлгісіне сәйкес анықтауға болады.( сурет 3 )
Кәсіпкерлік фирмалардың дамуына мемлекеттің әсері.
S Белсенді қолдау көрсету
Әлсіз қолдау көрсету
T
S – шағын кәсіпорындар саны;
T –Уақыт.
Сурет 3.
Бұл үлгі бойынша белсенді мемлекеттік қолдау көрсету жаңа шағын кәсіпорындардың қалыптасуын ынталандырады, бұл өз кезегінде кәсіпкерлік фирмалардың белсенділігін — ынталандырудың жеткілікті деңгейде тиімді және орамды тәсілдерін кісіпорынның даму жағдайы мен кезеңдеріне байланысты қарастырады.
2005 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Президентінің N 597 жарлығымен бекітілген “ Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік фирмаларды дамыту және қолдау көрсетудің 2005-2009 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы ”
қабылданды.
Бағдарламаның жасалу негізі “ 2030 жылға дейінгі Қазақстанның Стратегиялық дамуын жүзеге асырудың ұзақ мерзімді
іс – шаралары туралы ” 2004 жылғы 17 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің N 344 жарлығымен сәйкес жасалған.
Негізгі бағдарламаны жасаушы Табиғи монополияны реттеу, шағын бизнестегі бәсекелестікті қорғау және қолдау көрсетудің Қазақстан Республикасындағы Агенттігі.
Негізгі бағдарлама жеті бөлімнен тұрады.
- Бағдарлама паспорты
- Кіріспе
- Проблеманың қазіргі жағдайын талдау
- Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
- Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен механизмдері
5.1 Шағын кәсіпкерлік саласындағы нормативтік – құқықтық актілерді жетілдіру және оларды қолдануда бақылауды күшейту.
5.2 Шағын кәсіпкерлікті қорғау және қолдау көрсетудегі жасалатын инфрақұрылымды қолданудағы тиімділікті арттыру.
5.3 Шағын кәсіпкерліктің мамандармен, ғылыми — әдістемелікпен және ақпаратпен қамтамысыз етілуі.
5.4 Шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсетудегі қаржылық – несиелік және инвестициялық саясаттың механизмдерін жетілдіру.
5.5 Шағын кәсіпкерліктің аймақтық дамуы.
- Ресурспен қамтамасыз етілуі
- Бағдарламаны тиімді жүзеге асыруды бағалау
Бағдарламада кәсіпкерлік фирмаларды дамытудың негізгі бағыттары қаржылық, несиелік, құқықтық және оны жүзеге асырудың механизмдері мен бағыттары толық қамтылған.
Бұл бағдарлама Республикалық бюджет қаражаттарынан жыл сайын 50 млн. теңге көлемінде бөлінуін, қосымша, бұл бағдарлама жүзеге асырылса, 200 мың жаңа жұмыс орны болуын, шағын кәсіпорындардың санын 500 мыңға дейін өсіру, жалпы ішкі өнімдегі –
Шағын бизнес субъектілерінің үлес салмағын 22 пайызға дейін өсіру қарастырылған.
Кәсіпкерлік фирмаларға қаржылық – несиелік және инвестициялық қолдау көрсетудің келенсі негізгі басым бағыттары белгіленген:
— Кәсіпкерлік фирмалардыңөндірістік секторын жергілікті және республикалық бюджет есбінен, және заңды тәртіпте белгіленген, мемлекетпен кепілденген, мемлекеттік емес сыртқы қарыздарының қаражаттары есебінен екінші деңгейлі банктер арқылы несиелеу;
— Кәсіпкерлік фирмалардың субъектілерін несиелеуді жүзеге асырушы екінші деңгейлі банктерді ынталандырудың механизмін құру, соның ішінде, алынған несие бойынша кәсіпкерлер мінттемесін орындау үшін коммуналдық меншікте тұратын, аймақтарда қалыптасатын кепілдік қорлар есебінен жүргізу;
— Жобаларды бюджеттік қаржыландыру екінші деңгейлі банктермен бірге отырып, егерде, сол жылғы сәйкес Республикалық бюджеттен осы мақсаттарға қаражаттар қарастырылса;
— өзара несиелеу және өзара сақтандыру қоғамының қызметтерін ұйымдастырудың механизмдерін құру – бағыттары белгіленген.
1.3 Дамыған елдердердегі кәсіпкерлік фирмалар және олардың қаржылық қамтылуы. Германия және АҚШ тәжірибелері
Кез – келген ел өзінің әлеуметтік экономикалық дамуына сәйкес елдегі экономикалық салалардың мемлекет үшін тиімділігін арттыру мақсатында жүргізіліп отырған экономикалық саясатты жүзеге асыруда, өзінің әлсіз жақтары мен басым бағыттарын анықтап ғана қоймай, оны жүзеге асыруда шетелдің осы бағыттағы озық тәжірибелері мен үлгілерін еліміздің экономикалық конъюктурасына сәйкес түзетулер енгізіп, заң және басқада құқықтық – нормативтік актілерге сәйкес, мүмкін, тиімді тәсіл болса, оны экономикада қолдануға тырысады.
Нарықты экономиканың басты шарттарының бірі – кәсіпкерлік пен меншік түрлерінің әртүрлі сипатта болуы, кеше ғана Тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасы үшін шағын бизнесті дамытудағы дамыған шетелдердің – тәжірибесін сараптан өткізе отырып, қолдану, кәсіпкерлікті жүргізу мен қаржыландыру мен несиелендірудің тиімді тәсілдерін ел экономикасында енгізу бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі. Осы бағытта Германия, АҚШ мемлекеттерінің кәсіпкерлік фирмаларды дамыту мен мемлекеттік қолдау көрсетудің тәжірибелеріне тоқталайық
Германия тәжірибесі
Германияда кәсіпкерлік фирмалар және кәсіпкерліктің басты сипаттамасы ең алдымен меншік құқы мен кәсіпорынды тікелей басқарудың бірлігі болып табылады. Екінші сипаттама – кәсіпорын қызметінің айшықтылығы, оның көлемінің шектеулігі, қожайын мен жұмыскер арасындағы өзіндік ерекше ь қатынас сипатын білдіріп, өндірістің түпкі нәтижесі үшін екі жақтың да бірдей мүдделігін, ынталағын тудырды. Үшіншіден, кәсіпорын өмірінде басқарушы рөлінің ерекше маңыздылығы: ол шарушылықтың нәтижелігіне тек дың қана мүлік иесі болғандықтан ғана емес, сонымен бірге оның өзінің де өндіріспен тікелей айналысып, оны ұйымдастыруға барлық жағынан қатысуынан көрінеді. Төртінші – істі жанұялық негізінде жүргізу, яғни кісіпорын қызметін нәтижелі ұйымдастыруға, жүргізуге атадан балаға мұра ретінде машықтану. Бесіншіден — шағын кәсіпкерліктің тағы бір сипаты белгісі ретінде кәсіпорынды қаржыландыру мәселесін айтуға болады. Егер ірі кәсіпорындар қажетті ресурстарды негізінен капитал нарығы ( қор биржалары ) арқылы алатын болса, ал кәсіпкерлік фирмалар банктерден алған аздаған несиелеріне арқа сүйейді, сондықтан да олар үшін қаржыландыру мәселесі басты проблема болып табылады.
Шағын кәсіпкерліктің жоғарыда аталған сапалық жақтарымен бірге сандық жағынан да сипаттамалары бар. Олар екі көрсеткішке негізделеді: жылдық айналым сомасы мен еңбекпен қамтылғандар саны. Германияда қабылданған есептеу әдістемесіне сәйкес халық шаруашылығының бұл секторына мыналар жатқызылады: 1) белгілі бір жағдайда өзіндік фирма түріндегі барлық жеке еркін мамандық иелері (дәрігерлер, нотариустар, салық пен жарнама бойынша консультанттар, аудиторлар, өз бетінше дербес әрекет ететін инженерлер, педагогтар, баспасөз, өнер қызметкерлері және тағы басқалар); 2) жұмыс істейтіндер саны 1 ден 49 адамға дейінгі және жылдық айналымы 1млн. маркаға дейінгі ұсақ кәсіпорындар; 3) жұмыс істейтіндер саны 50 – ден 499 адамға дейінгі және жылдық айналымы 1 миллионнан 10 млн-ға дейінгі марка болатын орта кісіпорындар.
Германияда 80 – жылдардың аяғына қарай жоғарыда көрсетілген статистикалық есептеу тәртібіне байланысты 1,9 млн кәсіпкерлік фирмалар (ірі кәсіпорындар саны 3600) жұмыс істеп, олар халық шаруашылығының салалары бойынша мынадай негізде бөлінеді: (мың есебімен) қолөнерде — 537, саудада — 225, өнеркәсіпте — 108, қызмет көрсетусаласында — 665, еркін мамандық секторы — 360.
Елдегі кәсіпкерлік фирмалардың экономикалық маңызы – біріншіден, барлық еңбекке жарамды адамның 2/3 бөлігін қамтып отырған; екіншіден, елдің жалпы ішкі өнімнің жартысына жуығын берген; үшіншіден, барлық инвестициялар мен тіркелген патенттердің жартысынан артығын өндіріске енгізуге септігін тигізетін; төртіншіден, Германиядағы барлық өндірісктік оқу орындарының 85 процентін қамтитын даярлау көзі ретіндегі рөлімен анықталады.
Кәсіпкерлік фирмалардың барлық кешенді ішкі және сыртқы проблемалары олардың өз күшімен шешілуі мүмкін емес. Қазіргі кезде Германияда бірқатар жағдайлар шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау жүйесінің қажеттігін көрсетіп отыр. Олардың ішінде: 1) Еуропалық қауымдастық шеңберінде 1993 жылдың басынан бастап бәсеке жағдайын шегіне жеткізе шиеленістіретін тауарлар, қызметтер, жұмысшы күші және капитал қозғалысы жолындағы барлық кедергілерді алып тастау; 2) технология мен табиғатты қорғау шараларына байланысты заңдылық нормалардың қатаңдатылуы, оларға жұмсалатын күрделі қаржыны одан әрі қысқарту және оны пайдаланудың тиімділігін арттыру.
Германияда кәсіпкерлік фирмаларды мемлекеттік қолдау жүйесінің негізінде жатқан басты принцип — өздігінен, мүмкіндігінше, өз бетінше дамуды барынша ынталандыратын көмек беру болып табылады. Бағдарламаның мақсаты – кәсіпкерлік фирмалардың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Осыған байланысты мынадай шараларды атап өтуге болады.
Германияда федералды үкіметі құрылымдық – саяси шараларды іс жүзіне асырып отыр. Олар – шағын фирмалар үшін қалыпты бәсеке жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жердегі басты бағыт – 1957 жылы заңды түрде бекітілген, кәсіпкерлік фирмалардың позицияларын нығайтуға байланысты бірнеше рет қайта қаралған – картельдік құқық. Картель қызметін қадағалаушы ведомство (бізше монополияға қарсы комитет), біріншіден, ірі фирмалардың бір – біріне қосылып кетуіне қатаң бақылап отырады; екіншіден, орынсыз тыйым салуларды алып тастап, шағын және орта кәсіпорындардың кооперациялануына жеңілдік жасайды.
Кәсіпкерлік фирмаларғақолдау жасаудағы құрылымдық – саяси шаралардың екінші бір құрамды бөлігі – мемлекеттік тапсырмаларды бөлуге қатысудағы олардың құқықтық жағынан теңдігін қамтамасыз ету. 1976 жылдан бастап мемлекеттік тапсырмаларды бөлуге шағын және орта фирмалардың да міндетті түрде қатысуын реттейтін ерекше ереже бар. Егер белгілі бір жағдайларға байланысты өздеріне қысым көрсетілген болса, онда шағын фирмалар осындай мәселелердізаңды түрде ретке келтіру үшін тиісті орындарға шағым жасауына болады.
Салық салудағы жеңілдіктер. Германияның жаңа аймақтарында қазіргі кезде кеңінен пайдаланып жүрген бұл жұмыстың үш түрі бар: 1) амортизациялық аударымдардың арнайы нормалары; 2) пайданың салық салынбайтын резервтерін жасау; 3) салық ведомствалары төлейтін инвестициялық үстемелер.
Амортизациялық аударымдардың арнайы нормалары барлық инвестицияларға қолданылып, жаңа жұмыс орнын ашуға, қоршаған ортаны қорғауға, техникалық жағынан алдыңғы қатарлы өнім өндіруге, сыртқа тауар шығаруға бағытталады. Жұмсалған қаражаттар үш жыл ішінде есептен шығарылады, бірінші жылы жұмсалған капиталдың 50 проценті амотизацияланады, екінші жылы 30 проценті және үшінші жылы 20 проценті.
Салықтан босатылған пайда резервтерін жасауға қолөнері өндірісінде, саудада, өнеркәсіпте, еркін мамандық секторында, сондай-ақ мүліктерді жалдау мен жалға беру қызметі саласында қолдануға рұқсат етілген. Резерв бір жыл ішінде түскен пайданың 20 процентке дейінгі мөлшерін құрауы мүмкін.
Қаржы жағынан қолдау. Федеральды үкімет тарапынан берілетін салыстырмалы түрде процент ставкасы төмен және жеңілдік жағдайын пайдалана отырып, ақшаны қайтаруға мүмкіндік тудыратыннесиелер – фирмалар үшін айтарлықтай қамқорлық болып табылады. Сондай — өзінің бастамасын Маршалл жоспары кезеңінен алатын «еуропалық қалпына келтіру бағдарламасы» шеңберінде де едәуір қаражат бөлінеді. Қазіргі кезде бизнестің бұл түрін қаржыландырудың негізгі көзі федералдық бюджет, оның қорлары «Кредитанштальт Фюр Видерауфбау» (Майндағы Франкфурт), «Дойче аусглейхсбанк» (Бонн) және «Берлинер Индустрибанк» (Берлин) сияқты арнайы үш банк арқылы бөлінеді. Шағын және орта фирмаларға несиелер тікелей емес, ақшаның дер кезінде қайтарылуына кепілдік беретін олардың өздерінің банктерінегізінде іс жүзінде асырылады. Сонымен қатар шағын фирмалар федералды және жергілікті үкіметтердің кепілдіктерін де пайдалана алады.
Жаңа жұмыс орындарын ашу мен экономиканың аймақтық құрылымын жақсартуға ынталандыратын арнайы несиелерді жергілікті үкіметтер береді.
Инновациялық салаға көмек. Бұл мақсатқа федералды үкімет 1990 жылдардың басында бір жыл ішінде 750 млн маркаға дейінгі мөлшерде қаржы бөліп отырды. Бұл көмектің ұйымдық формалары әралуан: индустриалды және ғылыми парктер, жұмыс бабына қарай бөлмелер бере алатын, ақпараттық банктерге енуге, консультацияларға, капиталдарға қатысуға рұқсат беретін мүмкіндіктері бар инновациялық орталықтар. Кәсіпкерлік фирмалар саласында инновацияны мемлекеттік қолдау, олардың ғылыми мекемелермен бірлесіп жұмыс істеуіне көмектесу, қажетті ақпараттық және консультациялық инфрақұрылымды жасау, технологияныалуды жеңілдету, ғылыми қызметкерлерді даярлауға жәрдемдесу жұмыстары арқылы іс жүзінде асырылады.
Кәсіпкерлер мен менеджерлердің білімін жетілдіруге көмек. Кісіпкерлерді оқыту жаңа кәсіпорын құрушылар үшін арнайы семинарларды тұрақты түрде өткізіп тұратын сауда-өнеркәсіптік палаталар жүйесінде жүргізіледі. Ақпараттардың маңызды көзі ретінде сыртқы сауда және нақты белгілі бір елдердің рыногына шығу жөніндегі проблемалар бойынша ұйымдастырылған кездесулерді атауға болады.
Кеңес беру қызметі. Мемлекеттік органдар, бір жағынан, кәсіпкерлерге арнайы мамандардың қызметі арқылы көмек көрсетеді; екінші жағынан, жеке консультация жүргізген жағдайда фирмалардың ол үшін жұмсайтын шығындардың айтарлықтай бөлігін өтеуді өз мойынына алады.
Германиялық тәжірибені өзіміздің отандық кәсіпкерлік проблемаларын шешуге қолдану мүмкіндіктері жөніндегі мәселелер қызықтырады. Ол өз алдында жеке қарастыруды қажет ететін – арнайы тақырып. Соған қарамастан, біздің ойымызша, жоғарыда баяндалған мәселелер біз үшін творчестволықпен ой елегінен өткізуді және соның негізінде пайдалы ұсыныстар жасауды талап етеді.
Америка Құрама Штаттарының және де бірқатар дамыған елдердің тәжірибелері
Соңғы кезеңдерде АҚШ – та кәсіпкерлік фирма бизнесі кеңінен дамып отыр. Ол жұмыскерлер саны 50 адамға дейінгі шағын және орта фирмалардың жиынтығы болып табылады. Бұл фирмалар американдық барлық фирмалардың 99 пайызын құрайды. Бұлардың негізгі бөлігі ұсақ, көбінесе жанұялық немесе жеке кәсіпорындар. Мұндай фирмалардың 87 пайызында саны 20 – дан аспайтын, ал 80 процентінде 10 – нан аспайтын адам жұмыс істейді. 80 – жылдардың аяғында АҚШ – та шағын фирмалардың өсуі сандық және сапалық жағынан да ерекше байқалады. Мысалы: тек 1988 жылдың өзінде ғана 1 млн кәсіпкерлік фирмалар пайда болса, ал 1989 жылы 1,3 млн шағын фирмалар құрылды. Мұның алдындағы жылдары жыл сайын 600 мың жуық жаңа кәсіпорын өмірге келіпотырған.
АҚШ – та кәсіпкерлік фирмалар жалпы ұлттық өнімнің 40 пайыз өндіреді, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпте – 21 пайыз, құрылыста – 80 пайыз, көтерме саудада – 86 пайыз, қызмет көрсету саласында — 81 пайыз.
АҚШ экономикасында олар ғылыми – техникалық прогресс саласына жататын барлық жаңалықтарды жасаудың, иерудің және өндіріске игерудің тең жартысына жуығын қамтамасыз етеді.
АҚШ – та қаржылық көмек шағын бизнес әкімшілігі (ШБӘ) арқылы үш түрде: тікелей, аралас және кепілдік қарыз беру жолымен жүзеге асады. Қарыздың бұл түрлері шағын фирмаларға белгілі бір мерзімге, жеке қарыз капиталы нарығында ұсынылатын несиемен салыстырғанда неғұрлым төмендетілген проценттік мөлшерімен беріледі.
Тікелей берілетін қарыздар шағын кәсіпорындарға мемлекеттік қаржыландыру көздері арқылы жалпы банктік процент мөлшерлемесімен қатар ауытқып тұратын процент бойынша ұсынылады.
Аралас қарыздар мемлекеттік ғана емес, сондай – ақ жеке қаржы көздері арқылы да жүзеге асырылады.
Ал қарыз ұсынудың үшінші түрі жүзеге асқанда; ШБӘ — гі несие берушілерге қарызға берілетін капиталдың 90 проценттік көлеміне дерлік меммлекеттік кепілдеме беру арқылы капиталды жоғалту қаупін төмендетеді.
Жапонияда шағын кәсіпорындарды қаржыландыру үшін мақсатты бюджеттік қаржыландыру саясаты қолданылады. Мұнда шағын бизнеске көмек ретінде бюджеттің 0,3 процентке жуығы бөлініп отырады.
Сонымен бірге экономиканың бұл секторын қаржыландыруға қажетті қаржылардың мардымды бөлігі мемлекеттік инвестициялар мен қарыздар бағдарламаларының құрамындағы арнайы бюджеттік шоттар арқылы да келіп түседі.
Қаржыландырудың тағы бір түрі – акциялардың бір бөлігін сатып алу арқылы шағын кәсіпорынның акционерлік капиталға қатысуы болып табылады. Мысалы, Жапонияда орын алғанқарыздық қаржыларды қауіпсіздендіру жүйесі мен акционерлік капиталға қатысу шағын кәсіпкерлердің несие алуын жеңілдетеді. Жоғарытылған проценттер өндіріс шығындарын азайтуға мәжбүр етеді және шығындардың бір бөлігі салық салудың неғұрлым жеңілдетілген тәртібімен толтырылады.
Қаржылық көмек көрсетуде шағын бизнесті дамытуға бағытталған несиелік бағдарламалардың да маңызы зор. Маңызды несиелік бағдарламалардың мысалы ретінде ШБӘ — гінің сыртқы сауданы дамытуға, кәсіпорындарды реконструкциялауға, жергілікті кәсіпкерлік пен кәсіпкер – мүгедектерді қолдауға арналған қарыздарын алуға болады.
Көптеген елдерде венчурлық қаржыландыруды өркендетуге үлкен көңіл бөлініп отыр. Бұл венчурлық фирмалар арқылы шағын инновациялық бизнесті жеке капиталмен қаржыландырудың түрі болып табылады. Венчурлық капитал проценті, әсіресе, АҚШ – та жоғары деңгейде.
Бірқатар елдерде (АҚШ, Ұлыбритания, Франция т.б.) шағын және орташа компанияларға арналған бағалы қағаздардың екінші деңгейдегі нарығы құрылған.
Шағын бизнесті несиелендіру белгілі бір тәуекелділік пен сенімсіздік деңгейімен байланысты болғандықтан, банктер шарушылық қызметтің лизинг, факторинг сияқты түрлерін кеңінен қолданады.
Лизинг – инвестиция немесе тұтыну тауарларын арендаға беру – қажетті өндіріс – құрал дабдықтарын сатып алудың тиімдіжолы болғандықтан, соңғы 10 – 15 жылда кең өріс алып келеді.
Факторинг өнім беруші кісіпкердің (фактордың) қолма – қол өтеу шартымен клиенттерінің қарыздық міндеттемелерін сатуы болып табылады. Қолма – қол есеп айырысуға жатпайтын шығындарды банктер алады, ал кәсіпкер – алушы (факторингті) несие үшін төленетін проценттен басқа, факторға тәуекелдік компенсациясын төлейді.
Кәсіпкерлік фирмаларды қаржы бойынша қолдаудың тағы бір жолы – төмендетілген проценттік мөлшерлеме мен өтеу мерзімі ұлғайтылған несиелер беру.
Жоғарыда көрсетілген бағыттардан басқа дамыған елдерде шағын бизнесті қаржылық қолдаудың шағын және орташа фирмалардың капиталға қатысу жүйесі мен франчайзинг сияқты жолдары да кеңінен тараған.
- Шағын кәсіпкерліктті мемлекеттік реттеу және
дамытудың шетелдік тәжірибелері
Қазақстан Республикасы толық нарықтық қатынастарға, макроэкономикалық реттеуге өтуде тек қана бірінші қадам басты. Нарықтық экономиканы реттеуге мемлекет кірісуі керек пе? деген сауал бірнеше ғасырлар бойы қойылып келеді. Нобель сыйлығының лауреаты В.Льентевтің айтуы бойынша экономиканың қызмет істеуін желқайыққа ұқсатады. «Іс жақсы жүру үшін жел керек – ол мүдде. Руль – мемлекеттік реттеу». Швецияның тиімді эконмика моделінің авторы Клас Эклундтың пікірі бойынша «реттелмейтін экономика болмайды және өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында экономиканы мемлекеттік реттеу объективтік қажеттілік» — дейді. Қазіргі экономикалық теорияның классикалық, неоклассикалық мектептерінің уәкілдері нарықты реттеуге араласу керек емес, нарық өзі автоматты түрде реттеледі деген пікірде.
Кейнс теориясы бойынша, оны практикалық тілге айналдырсақ: жұмыссыздық жойылса халықта табыс көбейеді, табыстың көбеюі сұранысты арттырады. Сұраныс ұсынысты, яғни өндірістің дамуын өрістетеді, өндіріс инвестицияны көп талап етеді, ұсыныс пен сұрансытың өреуі салықтың массасын өсреді. Ал салық массасы бюджетке түседі, қорытындысында мемлекет бойынша өндірілген ЖҰӨ фискалдық саясат арқылы 40-45 пайызы қайта бөлініп елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартады.
Сонымен нарықтық экономика барлық әлеуметтік экономикалық процестерді бүкіл қоғам үшін және оның әрбір азаматы үшін автоматты түрде реттей алмайды. Нарықтық экономика елдің табысын әділ бөлмейді, еңбек ету правосына кепілдік бермейді, қоршаған ортаны сақтауға көңіл бөлмейді және тұрғындардың қорғансыз бұқара топтарын қолдай алмайды. Жеке кәсіпкерлік жоғары дәрежелі пайда бермейтін халық шаруашылық салаларына капиталын салмайды, ол мемлекет үшін, қоғам үшін өте қажет болса да. Кез келген елдің экономикасы бір қалыпты даму үшін мемлекет қолынан келетін жағдайлардың бәрін жасауы керек.
Мемлекетке мынадай негізгі функциялар жүктеледі:
- Құқықтық негізді жасақтау. Мемлекет меншік правосын анықтайтын, кәсіпкерлік істі реттейтін, өнімнің сапасын қамтамасыз ететін т.б. заңдар жасақтап қабылдайды. Мемлекет праволық негіздер көмегімен кәсіпкерлік іс субъектілерінің қарым-қатынастарын реттейді.
- Елде қажетті құқықтық тәртіпті және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет әрбір азаматтың барлық қоғамның нарықтық экономикасы субъектілерінің құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Егре мемлекет бұл функцияны орындай алмаса, ол жағдайда елде қылмыстық іс-әрекеттер өріс алады: қылмыстық істер, мафия, коррупция, парақорлық т.б. жағымсых құбылыстар кәсіпкерлік іске, жалпы елдің экономикасына апаттар әсер етеді.
- Экономиканы тұрақтандыру, яғни экономиканы тұрақты дамыту, ол үшін макроэкономикалық оптималды көрсеткіштерге жету: ЖҰӨ, инфляция деңгейі және жұмыссыздық, бюджеттің жетіспеушілігі т.б. ол үшін мемлекет қолда бар барлық тетіктер мен әдістемелерді фискалдық, финанс-кредит, ғылыми-техникалық және инвестициялық саясат арқылы іске асыруы керек.
Тағы айтып кететін жайт, мемлекеттің экономикаға араласуы белгілі бір жағдай мен себептерден болады. Жағдайларды қолайлы және қолайсыз деп екіге бөлуге болады.
- Қолайсыз жағдайлар. Мемлекеттің экономикаға араласуы мын жағдайларда: мемлекеттің қауіпсіздікті талап ету, қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс, экономикадағы қолайсыз жағдай: өндірістің төмендеуі, инфляция жоғары дәрежедегі жұмыссыздық, құрылымдық баланстың бұзылуы, бюджеттің жетіспеуі, дүниежүзілік нарықта отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі т.б. қоршаған ортаның нашарлауы.
Мемлекеттің байыпты міндеттері – уақытында қолайсыз жағдайлардың алдын ала себептерін анықтау және оны болдырмау.
- Қолайлы жағдайлар. Бұл экономикаға, кәсіпкерлік іске қолайлы ықпал жасайтын адамдардың барлық іс сферасындағы жағымды құбылыстарды уақытында мемлекет қолдауы керек.
Қолайсыз жағдайларды бағалау үшін мемлекет оны бағалайтын критериелерін (өлшемдерін) білуі керек. Мысалы, қолайсыз жағдайлар: инфляция, жұмыссыздық, соның салдарынан өндірістің төмендеуі. Мемлекет бұл жағдайларға араласуы үшін олардың критерияларын білуі керек.
Дамыған елдерде шағын кәсіпкерлік мынадай салаларда басым рөл атқарады: сауда, автосервис, құрылыс, қызмет көрсету салалары. Қазір шағын кәсіпорындар жоғары технологиялық сфераларға: машина құрылысы, энергетика, электротехника, химиялық өнеркәсіп, транспорттық қызмет, информатика, микроэлектроника, телекоммуникация салаларына әртараптандырылып жатыр.
Шағын және орта кәсіпорындардың ірі кәсіпорындармен қатар қызмет етуі дамыған елдер экономикасына тән белгі. АҚШ-та өз ісімен айналысушы азаматтар, яғни кәсіпкерлер үлкен құрметке ие. Нарықты экономикаға бет бұрған елдер үшін АҚШ-тағы шағын кәсіпкерлікті дамыту тәжірибесінің үлкен маңызы бар.
АҚШ шағын бизнес басқармасының классификациясы бойынша шағн бизнес субъектілеріне: жұмыскерлер саны 500-ге дейін болатын өндірістік және сауда кәсіпорындарын, ал басқа салалар үшін – жылдық табысы 2 млн долларға дейін болатын кәсіпорындар жатады. АҚШ сауда министрлігі мәліметтері бойныша шағын кәсіпкерліктің инновациялық сипаты елдің экономикалық өсуіне 20-25 пайызға дейін үлес қосады.
АҚШ-та шағын бизнес тұрақты түрде мемлекеттік қолдауға ие. АҚШ конгресінде шағын бизнес проблемаларымен екі комитет айналысады. Федералдық деңгейде шағын бизнес әкімшілігі қызмет атқарады. әрбір штатта әкімшіліктің аймақтық бөлімдері жұмыс істейді. Аймақтық бөлімшелер шағын бизнес субъектілеріне нарық туралы ақпараттар береді, оның мәселелерін шешуге көмектеседі. АҚШ конгресі шағын бизнеске тікелей бақылау жасайды. Конгресс шағын бизнесті қолдау және дамыту мақсатында бірнеше программа жасады.
АҚШ шағын бизнесті қолдаудың мемлекеттік жүйесі:
- бюджеттен тікелей дотациялау;
- мемлекеттік тапсырыстардың бір үлесін шағын кәсіпорындарды орналастыру;
- шағын бизнеске несие беру кезінде мемлекеттік кепілді қолдану;
- шағын бизнеске салықтық жеңілдіктре беру.
Жапония шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде үлкен тәжірибеге ие болып отыр.
Жапонияда шағын кәсіпкерлік ерекше көңіл аударады. Жапонияның шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың басты ерекшелігі – басымды бағыттарды дамытудағы уақыт мерзімі. Басымдылық бағыттар бір немесе одан да көп жылдарға бекітіліп, кейіннен өзгеруі мүмкін. Жапонияда шағын және орта кәсіпорындар ЖҰӨ-ң 73 пайызға ие болып отыр.
Ресей Федерациясындағы шағын және орта бизнестің дамуы маңызды мәселе.
1995 жылы Ресей Федерациясында «шағын бизнесті мемлекеттік қолдау туралы» заң қабылдады. Бұл заң бойынша жаңадан құрылған кәсіпорындар 2 жылға дейін табыс салығын төлеуден босатылады. Шағын бизнесті қолдаудың Федералдық Қоры арқылы әр түрлі жобалар қорытындырылады. Бұл қорға Федералдық меншіктегі кәсіпорындарды жекешелендіруден түсетін қаржының 5 пайызы келіп түседі. Федералдық Қор арқылы шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру жүйесі екі қағидаға негізделген:
— Федералдық Қордан жұмсалатын әр бір рубльге аймақтардан да әр бір рубль жұмсалуы керек;
— Қаржыландыру өкілетті банктер арқылы жүзеге асады, ал банк өз қаржысынан аймақтарда кәсіпкерлерді қаржыландырады.
Ұлыбританияда шағын бизнес субъектілеріне: жылдық тауар айналымы 2 млн фунт стерлингтен және жыл бойы 50 адамды жұмыспен қамтитын кәсіпорындар жатады. Ұлыбритания мемлекеттік консультациялық қызметті бастаушы кәсіпкерлерге қажетті кеңестер береді. Мысалы, коммерциялық мәселелерді шешу үшін, бухгалтерлік есепті қалай жүргізу керектігі туралы, нарықты қалай зерттеу керек екендігі туралы кеңестер. Шағын кәсіпорындар салықты табысқа жеткен соң ғана төлейді.
Қазақстан шағын кәсіпорындарды ашу үшін жұмсалатын күш-жігерді шет елде шағын кәсіпорын ашуға жұмсалатын уақытпен салыстыру мақсатында Франция Үкіметінің шағын кәсіпорындар үшін жасап жатқан шараларын атап өткен жөн. Себебі, кәсіпорындар нақты экономиканың ең динамикалық агенті. Францияда шағын кәсіпорындарға – жұмысшылар саны 500-ден аспайтын кәсіпорындар жатады. Ресми дерек бойынша Францияда шағын және орта кәсіпорындарда – 16 500 000 адам жұмыспен қамтылған. Орташа есеппен бір кәсіпорында 7 адам жұмыс істеген.
Шетелдік тәжірибеге қарап, Республикамызда атқарылатын іс-шараның әлі көп екенін байқауға болады. Республикамызда шағын және орта кәсіпкерлікке қағаз жүзінде емес, шет елдегі сияқты нақты көмек керек.
- “Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры” АҚ-ның кәсіпкерлік фирмаларды несиелеудің қазіргі жағдайын қаржылық талдау және оның негізгі ерекшеліктері
Көптеген шағын кәсіпорындарда қаржылық жағдайының тұрақсыздығы және қаражаттардың жетіспеуі, олардың дамуы, жаңа технологияны енгізу, өнім мен қызметтің сапасын арттыру, ұзақ мерзімді инвестицияны жүзеге асыруы, жаңа нарықты игеру үшін ішкі ынталандырудан айырады.
Шағын бизнес кәсіпорындары үшін ең ыңғайлы қаржыландыру стратегиясы — өз қаражаттары мен ұзақ мерзімді көздер есебінен капиталға деген тұтынуын толық қанағаттандырады. Ғылыми зерттеу көрсеткендей, шетел кәсіпорындарының тек 5 пайызы ғана инвестициялық қорлар есебінен қаржыландырылады.
Негізінен шағын кәсіпкерлік өз жинақтарының, достары мен туыстары жинақтарының және коммерциялық банк несиелерінің есебінен қаржыландырылады.
Қазақстанда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің негізгі қаржыландыру көзі — өз қаражаттары. Бір-ақ, олар қаржыға деген барлық қажеттілікті қанағаттандырмайды. Осы альтернативті (баламалы) қаржыландыру көздері – банк несиелері, халықаралық ұйымдардың және мемлекеттің бағдарламалары.
2.1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік
фирмаларды несиелеу жағдайын талдау
Қазақстан Республикасында қырыққа жуық банк қызмет етеді. Оларды жалпы несие саясатының негізінде – шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеудің сызбасы жасалған.
Қазіргі кездегі шағын несиелеудің Қазақстандағы екінші деңгейлі коммерциялық банктердің несиелеу барысын талдау жасайтын болсақ.
2-ші кестені талдай келе, келесі қорытынды жасауға болады, алынған уақыт кезеңдері бойынша шағын және орта бизнесті екінші деңгейлі банктердің несиелеуі 12.2007 жылды 12.2006 жылмен салыстырғанда барлық несиелер шағын бизнеске бөлінген 1,86 есе өскен, ал 03.2008 жыл мерзімін 12.2007 уақыт кезеңімен салыстырсақ несие көлемі 1,2 процентке кеміген, ал 09.2008 жылдың уақыт кезеңін аз жыл уақыт кезеңімен салыстырсақ 49 пайызға өскен, соңғы 01.2009 жылдың уақыт кезеңін 09,2008 жыл уақыт кезеңімен салыстырсақ 10.8 пайызға өскен. Жалпы осы есепті кезеңдерде ең жоғарғы өсім 12.2007 жылғы еркін айырбасталатын волютадағы қысқы мерзімді несие 2,13 есе өскен, бұл өз кезеңінде Халықаралық Еуропалық қайта құру банкі, басқада шетел банктерінің Қазақстан экономикасының дамуы үшін несиелеудің көлемі ескенін көрсетеді (кесте 2)
Кесте 2
Екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне берген несиелері
Көрсеткіштердің аталуы |
уақыт кезеңдері |
||||||||
|
12.06 |
12.07 |
03.08 |
09.08 |
01.09 |
||||
|
млн теңге |
млн. теңге |
есепті кезеңге пайыз-бен |
млн. теңге |
есепті кезеңге пайыз-бен |
млн. теңге |
есепті кезеңге пайыз-бен |
Млн теңге |
есепті кезеңге пайыз- бен |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
1.Барлық несиелер, соның ішінде: а)Қазақстан теңгесінде 1. қысқа мерзімді 2. Орта және ұзақ мерзімді Б) Еркін айырбасталатын валютада 1) қысқа мерзімді 2) орта және ұзақ мерзімді
|
39857
22322 12466 9856 17535 7957 9578 |
74222
40749 23161 17588 33473 16953 16519 |
186,0
182,5 185,8 178,4 190,8 213,0 172,4 |
73388
39426 21298 18128 33963 16030 17933 |
98,8
96,7 91,9 103,0 101,4 94,5 108,5
|
109944
5354,8 29350 24192 56401 26512 29889 |
149,8
135,8 137,8 133,4 166,0 165,3 166,6 |
121858
45319 22557 22761 76540 35766 40733
|
110,8
84,6 76,8 94,0 135,7 134,9 136,3
|
— ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері.
2-ші кестені талдай келе, келесі қорытынды жасауға болады, алынған уақыт кезеңдері бойынша шағын және орта бизнесті екінші деңгейлі банктедің несиелеуі 12.2007 жылды 12.2006 жылмен салыстырғанда барлық несиелер шағын бизнеске бөлінген 1,86 есе өскен, ал 03.2008жыл мерзімін 12.2007 уақыт кезеңімен салыстырсақ несие көлемі 1,2 процентке кеміген, ал 09.2008 жылдың уақыт кезеңін аз жыл уақыт кезеңімен салыстырсақ 49,8 пайызға өскен, соңғы 01,2009 жылдың уақыт кезеңін 09,2008 жыл уақыт кезеңімен салыстырсақ 10.8 пайызға өскен. Жалпы осы есепті кезеңдерде ең жоғарғы өсім 12.2007 жылғы еркін айырбасталатын волютадағы қысқы мерзімді несие 2,13 есе өскен, бұл өз кезеңінде Халықаралық Еуропалық қайта құру банкі, басқада шетел банктерінің Қазақстан экономикасының дамуы үшін несиелеудің көлемі өскенін көрсетеді (сурет 4)
Сурет 4
Шағын бизнес субъектілері үшін несиелердің ішінде еркін айналымдағы валюта түріндегі несиелер есепті кезең аралығында тұрақты түрде өсіп отырғанын көруге болады, бұл шағын бизнес үшін тиімді болып отыр.
Кесте 3
Шағын бизнес субъектілері берілген несиелердің
құрылымдық үлесі ( пайыздық өлшемде)
Көрсеткіштердің аталуы |
12.06ж. |
12.07 ж. |
03.08 ж. |
09. 04 ж. |
01.09 ж. |
Барлық несиелер, соның ішінде |
100
|
100 |
100 |
100 |
100 |
Қазақстан теңгесінде берілген несиелер |
56 |
54,9 |
53,7 |
48,7 |
37,2 |
1) қысқа мерзімді |
31,4 |
31,2 |
29,0 |
26,7 |
18,8 |
2) орта және ұзақ мерзімді |
24,7 |
23,7 |
24,7 |
22,0 |
18,7 |
Еркін айырбасталатын валютада берілген несиелер |
44 |
45,1 |
46,3 |
51,3 |
62,8 |
1) қысқа мерзімді 2) орта және ұзақ мерзімді |
19,9 24,0 |
22,8 22,3 |
21,8 24,5 |
24,1 27,2 |
29,3 33,5 |
— ҚР Статистика жөніндегі агенттігі
3- кестені талдайтын болсақ шағын және орта бизнес субъектілері үшін 12.06 жылы Қазақстан теңгесінде берілген несиелер үлесі 56 пайыз құраса, бұл көрсеткіш есепті жылы 01.09 жылы 37,2 пайыз төмендеген, ал еркін айырбасталатын валютада берілген несиелер үлесі 12.06 жылы 44пайыз болса, ал есепті кезеңдегі үлесі – 62,8 пайыз құрап, өскенін көрсетеді. Бұл өз кезегінде шағын бизнес субъектілері үшін қазақстан валютасында берілген несиеден гөрі, еркін айырбасталатын валютаның тиімді, ыңғайлығын көрсетіп отыр, және ескерген бір жағдай осы есепті кезең аралығында қысқа және орта мен ұзақ мерзімді несиелердің шағын бизнес субъектілері үшін ыңғайлығын талдау нәтижелері бойынша бағаласақ, Қазақстан валютасында берілген қысқа мерзімді несие 12.06 жылы 31,4 пайыз болса, ал 01.09 жылы 18,5 пайыз болған, орта және ұзақ мерзімді несиелер үлесі еспті жылы 24,7 пайыздан 18,7 пайызға төмендеген, шағын бизнесті еркін айырбасталатын валютада несиелендіру тұрақты түрде өсіп отврғанын, ал қысқа мерзімді және орта мерзімді несиелеудің сызбасынан (сурет 3.) байқауға болады.
Шағын бизнестің экономикалық салалары бойынша негізгі көрсеткіштеріне келсек, онда экономика салаларының ішінде өнеркәсіпке берілген несиелердің өсімі байқалады. Басқа салаларға бөлінген несиелер азаю үрдісіне ие болып отыр.
Кесте 4
Кәсіпкерлік фирмаларға берілген несилердің экономика салалары бойынша үлес-салмағы, (пайыздық өлшем)
Экономикалық салалар |
Уақыт кезеңдері |
||||
12.06 ж. |
12.07 ж. |
03.08 ж. |
09.08 ж. |
01.09 ж. |
|
Өнеркәсіп |
23,2 |
30,5 |
28,5 |
32,3 |
35,5 |
Ауыл шаруашылығы |
8,4 |
9,4 |
8,4 |
8,8 |
10,0 |
Құрылыс |
4,1 |
4,3 |
4,3 |
4,8 |
4,6 |
Көлік |
3,4 |
6,0 |
5,9 |
4,9 |
4,2 |
Байланыс |
2,1 |
2,1 |
1,8 |
2,4 |
2,8 |
Сауда |
29,8 |
33,3 |
36,7 |
32,6 |
29,2 |
Басқалар |
29,0 |
14,4 |
14,4 |
14,2 |
13,7 |
Барлығы |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
— ҚР Статистика жөніндегі агенттігі
4 — кестені талдайтын болсақ, есепті кезең аралығында өнеркәсіп саласын несиелеу 23,2 пайыздан 35,5 пайызға дейін өскен немесе 12,3 пайыз абсолюттік өсімді көрсетіп отыр. Бұл өз кезегінде экономика салаларының ішінде өнеркәсіп саласы ең маңызды орынды алады. Сондықтанда кәсіпкерлер өнеркәсіпке бой бұра бастауы себеп болып отыр. Ауыл шаруашылық саласында қазіргі кезеңде мемлекет тарапынан қолдау көрсетудің 2008-2009 жылдарға арналған Мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларына сәйкес ауыл шаруашылығын қаржыландыру да 1,6 пайызға өскен есепті кезең уақыт аралығында. Шағын бизнес салалары бойынша жалпы өзгерістер шамалы. Ал сауда саласы өз кезегінде 12.06 жылы 29,8 пайыздық үлесін құраса, 03.08 жылы 36,7 пайызға дейін өседі, ал 01.09 жылы 29,2 пайызға қалыпты үлесіне түседі.
Жалпы Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті дамытудағы және несиемен қамтамасыз етуі, жалпы шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін банк несиелері тиімділікті қамтамасыз ете алмады. 5 — кестеден көріп отырғанымыздай, экономикалық жалпы салалары мен шағын бизнеске берілген несиелеріне талдау жасасақ, несие нарығында несиелік ресурстар 12.05 ж. 93442 млн теңгеден, есепті кезең 01.09 ж. 489110 млн теңгеге өскен, бұл өз тарапынан банк қызметтерінің тұрақталғанын, және бүгінгі күнгі банк мекемелеріне қойып отырған талаптарға сәйкес әлемдік банк жүйесіндегі стандартқа өтуіне байланысты. Осы несиелік нарықтың орта шамада 26-27 пайыз құрап отырған, ең төменгі көрсеткіш 03.08ж 28,5 пайыз болған.
Кесте 5
Жалпы берілген несие көлеміндегі шағын және орта бизнес несиелерінің үлесі
млн теңге
Көрсеткіштер аталуы |
уақыт кезеңдері |
|||||||
12.05ж. |
12.06ж. |
12.07ж. |
03.08ж. |
06.08ж. |
09.08ж. |
12.08ж. |
01.09ж. |
|
Барлық кредиттер А) млн теңге Б) % үлесі |
93442 100 |
148830 100 |
276218 100 |
312558 100 |
424691 100 |
489804 100 |
489804 100 |
489110 100 |
Кәсіпкерлік фирмаларға берілген жалпы несие А) млн теңге Б) % үлесі |
24333 16,0 |
39857 16,8 |
74222 26,9 |
73388 23,5 |
89418 27,4 |
104944 25,7 |
121953 24,9 |
121858 24,9 |
- ҚР Статистика жөніндегі агенттігі
Кәсіпкерлік фирмалар несиесінің жалпы несиелердегі үлес салмағы
Сурет 5
Жалпы Қазақстандағы шағын және орта бизнесті несиелеу барысын талдай келе келесі қорытынды жасауға болады, нарықты экономиканың бастапқы жылдары банктер үшін қысқа мерзімді теңгеде берілген несиелер ыңғайлы болған және басым бөлігі сауда саласына жұмсалған. Бұл өз кезегінде тез өтеледі, қайтарымдылығы жылдам болуына байланысты. 2007-2008 жылдары кәсіпкерлер үшін шетел валютасында қысқа және орта мен ұзақ мерзімді несиелер алу басым болып отыр. Бұл өз кезегінде қазіргі таңда шетел валютасындағы несиелер өз кезегінде кісіпкерлер үшін ыңғайлығын көрсетіп отыр. Жалпы Қазақстандағы екінші деңгейлі банк жүйесінің шағын бизнесті несиелеуде біршама проблемалар болсада, негізгі жұмыс өз деңгейінде десекте болады.
Соңғы төрт-бес жыл көлемінде Қазақстан экономикасында шағын бизнесті дамыту мақсатында Халықаралық қаржылық институттар да жемісті жұмыстар жүргізуде. Атап айтатын болсақ, осындай қарыз ұсынудың арнайы бағдарламаларын Азиялық Даму Банкі, Орта азиялық банк – шағын кісіпкерлікті қолдау көрсетудің Орталық Азиялық Қоры негізінде, Еуропалық қайта құру және дамыту банкмен Қазақстан Республикасында шағын бизнесті қолдау көрсету қорымен бірге өз бағдарламаларын жүзеге асыруда.
Азиялық даму банкі қарыз алушыға қаражаттарын бес жыл мерзімге ауылшаруашылық құрал-жабдықтарын сатып алу үшін жылдық 11 пайыздық ставкі мен сыйақы төлемі бірінші жылдан бастап төленеді, ал үшінші жылдан бастап әр жарты жылда сатып алынған айналым құралдар бағасының 20 пайыз көлемі негізінде қарызды төлейді. Азиялық Даму банкісінің қарыздарын игеруге Қазақстанның коммерциялық банктері қатысады. Мысалы, Қызылорда облысында ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және өңдеуде 15 өндірістік кооперативтер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге 205025 мың теңге көлемінде несие берілген.
Кәсіпкерлікті қолдау көрсетуде Орта азиялық банкі – Орта азиялық кәсіпкерлікті қолдау көрсету қорымен бірге 50 мыңнан 300 мың $ көлеміндегі 5 жобаны қаржыландырады. Несиелеу екінші деңгейлібанктер арқылы жүргізілуі және оларда несие тәуекеліне тең дәрежеде қатысып, жеке несиелер бойынша өз табыстарын алады. Несиелер 1000$-дан 100000$ дейін үш жылғы мерзімге береді. Төлемақы ай сайын немесе тоқсан сайын. Сыйақы ставкасы 15 пайыз. Осы бағдарлама шеңберінде 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімде 100000$-нан 5 млн $ көлемінде несиелер беру көзделген.
Еуропалық қайта құру және даму банкі жеке сектордың ірі жобалары және шағын және орта бизнес кісіпорындарына несиебереді. Несие түріндегі қаржыландыру еркін айырбасталатын валюта түрінде беріледі. Бағдарлама мақсаты — шағын кәсіпорындарға қысқа және орта мерзімді несие ұсыну арқылы бәсекелестің жеке секторы мен олардың кеңейтуге ыңғайлы жағдай жасау. Несие сызығының шамасы 775 млн $ құрайды. Осы бағдарлама үш түрдегі несие түрлерін береді.
1) micro (10 мың $ дейін) шетел валютасында несие теңге түрінде 12 ай мерзімге беріледі.
2) Lapge – micro (10 мың-нан 30 мың $ — дейін) шетел валютасында 12 ай мерзімге, теңгемен несиеге 18 ай мерзімге беріледі.
3) Small (30 мың-нан 125 мың $- дейін) шетел валютасында 12 ай мерзімге, теңгемен несиеге 30 ай мерзімге беріледі.
Еуропалық қайта құру және даму банкінің бағдарламасы негізінде көмекші несиелік келісім шарт талаптары мен шарттарына сәйкес келесі банктер: «Казкоммерцбанк», «Банк Туран Әлем», «Центр Кредитбанк», «Қазақстан Халық банкі», «Алматы Сауда – қаржылық банкі», «Темір банктер» несиелерді таратады. Осы көрсеткішті талдайтын болсақ 2008 жылғы 30 июль бір қатар қалалар бойынша.
Кесте 6
Еуропалық қайта құру және даму банкісіндегі несиелер қозғалысы және ағымды бөлшектері (АҚШ $ өлшемінде)
Қала-банктер
|
Банктер саны |
Берілгені |
Ағымды портфель |
|||||
Нес. Эксп. саны |
Беріл. Несие саны |
Беріл. Несие көлемі |
Неси-ң орташа көлемі |
Ағымды несие көлемі |
Ағымды несие көлемі |
Неси-ң орташа көлемі |
||
Алматы қаласы |
7 |
36 |
129 |
971,2 |
7,53 |
968 |
7,95 |
8,2 |
Астана қаласы |
4 |
12 |
42 |
606,85 |
14,45 |
189 |
1,89 |
9,99 |
Қарағанды обл. |
4 |
13 |
66 |
543,34 |
8,23 |
362 |
2,18 |
6,03 |
Шымкент қаласы |
4 |
14 |
43 |
209,8 |
4,9 |
314 |
1,21 |
3848 |
Ақтөбе қаласы |
4 |
8 |
37 |
309,35 |
8,36 |
231 |
971,83 |
4207 |
Атырау қаласы |
3 |
8 |
30 |
148,5 |
4,95 |
169 |
837,0 |
3769 |
Барлығы |
|
|
347 |
2789012 |
8037,5 |
2233 |
15041561 |
6736,0 |
— ҚР Статистика жөніндегі агенттігі
6 — кестені қорытындылай келе көрсеткіштер бойынша жалпы аталған қалалар бойынша несие алған шағын бизнес субъектілері – 2580 бірлікті құрайды, оның ішінде 2233 – кәсіпорын санының ағымды берешегі несие бойынша 15041561 $ көлемінде несие алған.
2.2 ОҚО-ғы кәсіпкерлік фирмалардың
жағдайын және несиелеу ісін талдау
Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіпкерлікті қолдау және дамыту басқармасында 2008 жылы 56298 субъекті тіркелген. Оңтүстік Қазақстан облысының аудан және қалалары бойынша шағын кәсіпкерліктердің даму өсіңкілігін (динамикасын) қарастырамыз.
Кесте 7
ОҚО шағын кәсіпкерлігінің негізгі көрсеткіштері
Аудандар, қалалар |
Кәсіп/к суб/ң саны 2008 ж. |
Жұмысбасты тұрғындардың саны 2008 ж. |
Өндіріс көлемі млн. т. 2008 ж. |
Бюджетке төлемдері млн т. |
Бәйдібек ауданы |
1052 |
5891 |
272,5 |
23,073 |
Ордабасы |
2622 |
5173 |
130,6 |
14,8353 |
Отырар |
9783 |
72790 |
5398,7 |
94,14 |
Қазығұрт |
2586 |
13308 |
1622 |
114,3 |
Төле би |
988 |
6235 |
1060,2 |
13,8 |
Мақтарал |
3979 |
13047 |
1548,4 |
72,3 |
Сайрам |
7113 |
17492 |
5520 |
116,3 |
Сарыағаш |
1077 |
3004 |
301,14 |
35,8293 |
Созақ |
2464 |
7791 |
512,9 |
67,1 |
Түлкібас |
2275 |
13818 |
878,1 |
97,19 |
Шардара |
2261 |
6569 |
2516 |
45,6 |
Арыс қаласы |
1297 |
4781 |
613 |
35,3 |
Кентау қаласы |
984 |
1492 |
113,1 |
8,8 |
Түркістан қаласы |
4808 |
15766 |
1762,8 |
133,3 |
Шымкент қаласы |
13059 |
91885 |
3821,3 |
1387,2 |
Барлығы |
56298 |
279045 |
26070,73 |
2259,07 |
— ОҚО Статистика жөніндегі басқармасы
Бұл көрсеткіштер ОҚО шағын кәсіпкерліктің қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді. Дегенмен бұл көрсеткіштерді оданда үлкейтуімізге болар еді. Егер кәсіпкерлік фирмалар өкілдерінің қаржы – несие ресурстарына қол жеткізе алмауында. Шағын бизнестіңқаржылық көзі болып коммерциялық банктердің несиелері табылады. Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында 14 банк филиалдары жұмыс атқаруда. Солардың ішінде кәсіпкерлік фирмаларға несие берумен айналысатын банктердің қатарында, Қазақстан халық банкі, Казкоммерцбанк, Тұран Әлем банкі, Алматы сауда – қаржы банкі, Темір банкпен Центр Кредит банкі. Негізінен бұл банктер Оңтүстік Қазақстан облысында жемісті жұмыс істеп жатыр. Мысалы 2008 жылдың өзінде коммерциялық банктер 574 млн. теңге берген.
Кесте 8
Екінші деңгейдегі банктердің салалар бойынша берілген несиелер сомасы
Сала аттары |
Несие берген банктердің саны |
Берілген несиелердің саны |
Берілген несиелердің сомасы (мың т.) |
Өнеркәсіп |
5 |
25 |
83234,0 |
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру |
6 |
19 |
91796,0 |
Құрылыс |
3 |
9 |
54472,0 |
Сауда: |
3 |
28 |
155232,0 |
Көтерме |
2 |
3 |
1767,0 |
Бөлшек |
1 |
1 |
70,0 |
Халық тұтынатын тауарлар |
1 |
1 |
3069,0 |
Өндіріс |
1 |
2 |
7187,0 |
Көлік |
2 |
2 |
5679,0 |
Баспахана және редакция |
6 |
177 |
172057,0 |
Электр қуаты |
— |
— |
— |
Қалғандары |
— |
— |
— |
Барлығы |
7 |
267 |
574563,0 |
— ҚР Статистика жөніндегі агенттігі
8 – кестеден көргендей ең жақсы дамыған сала бұл сауда болып келеді. 155 млн теңге (27 пайыз). Екінші орында ауыл шаруашылығы 91 млн теңге. Үшінші өнеркәсіп 83 млн теңге. Облыста банктерден басқа бюджет есебінен де несиелер беріліп қолдау басқармасы жұмыс атқаруда. 2008 жылдың 12 ай ішінде 16 жоба бойынша 177,6 миллион теңге бөлінді. Бүгінгі күні кәсіпкерлік фирмалар субъектілерін салаларға болсақ, ауылшаруашылығымен айналысатын 40,0 пайыз сауда 35,7 пайыз, көлік және байланыс 6,5 пайыз, өндіріспен 1,7 пайыз, қонақ үй бизнесі 1,6 пайыз.
Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру 1,2 пайыз өндірістің қалған салалары 13 пайызды құрайды. Оңтүстік Қазақстан облысының орталағы Шымкет қаласы қарқынды даму үстінде десек болады. Әсіресе тамақтандыру қызмет саласы дамуда Оңтүстік Қазақстан облысында өткізген статистикалық зерттеу бойынша кіспкерлік фирмалар бизнесін дамыту туралы келесідей қорытынды жасауға болады. Қазіргі уақытта үкіметтің кәсіпкерлік фирмаларды қолдау бойынша шешіміне сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысында экономиканың бұл секторының өсуі байқалады. Әсіресе кәсіпкерлік фирмалар саудада (қалада) және ауылшаруашылығында (ауданда) жетісті дамуда. Экономикалық активті халықтар орналасқан Арыс, Кентау, Түркістан, Шымкент қаласында қызмет, суда салалары шығарылған. Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлік фирмалар өсімдік шаруашылықтарында (мақта, жеміс-жидек) шығарылған. Кәсіпкерлік фирмалардың жетісті дамуы мемлекеттің қаржылық қолдауына байланысты. Бұл өз кезегінде өндірістің өсуін, тұрғындардың жұмыс бастылық мәселелерін дұрыс шешуге көмектеседі. Сол себептен де Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлік фирмаларды дамыту қажет оларға тиімді болатындай етіп ұзақ мерзімді несиелер беру жолдарын қарыстыру қажет.
Шымкент қаласы бойынша келесі коммерциялық банктер Алматы сауда – қаржылық банкі, Банк Центр кредит, Казкоммерцбанк, Қазақстан Халық банкі, Тұран Әлем банкі – Еуропалық қайта құру және дамыту банкісінің бағдарламасы негізінде қызмет жүргізуде. Осы бағытта берілген соңғы 2007-2008 жылғы көрсеткіштерді талдасақ.
Шағын және орта бизнеске Еуропалық қайта құру және дамыту банкімен шағын микро несиелер қозғалысының 2007-2008 жылдардағы көрсеткіштері (АҚШ доллары өлшемінде).
2008 жылды 2007 жылмен салыстырғанда берілген несие саны 2,5 есе өскен,берілген несие көлемі 3 есе немесе 417218 долларға өскен. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлік фирма субъектілеріне берілген несиенің орташа көлемі әр субъектіге есептегенде 2008 жылды 2007 жылмен салыстырғанда 20 пайызға өскен. Бұл өз кезегінде шағын бизнеске несие берудің Оңтүстік Қазақстан облысында өскенін, несие сызығының қызметі кеңейгенін байқауға болады.
2.3 Қазіргі таңдағы кәсіпкерлік фирмаларды
несиелеудің негізгі мәселелері
Шағын бизнес секторларының дамуын өкімет әрдайым бақылауда ұстап отырғанына қарамастан, аяқтарына тұруы қайшылықтармен қиыншылықтарға толы болды, әсіресе өтпелі кезеңде. Тоқсаныншы жылдардың басынан отандық кәсіпкерлік фирмалар дами бастағаннан бастап, ұйымдастыру құқық формалар, нормативтік заңдық базалар, есеп және есеп беру жүйелері шағын кәсіпорын субъектілеріне арналған критерилер әрдайым өзгеріп отырды. Шағын бизнес секторында жұмыс істейтін кәсіпорын және проблемаларының бірі ол қаржы несие ресурстарының қажетті түрде жетіспеуінде. Бір жағынан шағын фирмалар бастапқы капиталы азғантай өз шығындарын жаба алмайды, ал екінші жағынан ол жұмыс істеп жатқан шағын фирмалар өз қаржыларынан жабу қиын себебі пайдашылығы төмен. Өз ісін дамыту және кәсіпорындар қаржыларын көбейтуді негізгі көзі болып 2 деңгейлі банктердің кәсіпкерлік фирмалар субъектілеріне беретін коммерциялық несиелері болып табылады. Қазақстандағы несие ресурстары нарығының қазіргі жағдайы: ол шағын және орта фирмалар осы ресурстарға қол жеткізе алмауы себебі ол: пайыздық ставкаларының жоғарылығы 20-25 пайыз және қысқа мерзімділігі 6 – 24 ай, тағы біреуі ол кәсіпкерлік фирмалар субъектілерінің кепілге қоятын мүмкіндіктерінің өтімділігінің жоқтығы. Бұл жағдайда әсіресе жаңадан бастаушы кәсіпкерлер қысылады. Оларға өз тірлігін бастау және дамыту үшін несиелік ресурстар қосымша инвестиция керек. Бұл әсіресе банктердің нақты табыс әкелмейтін кәсіпорын және кәсіпорын бірінші қадамдары банкротпен байланысты болу себептеріненбергілері келмейді. Соңғы жылдары кәсіпкерлік фирмалар субъектілерінің басты проблемаларының бірі ол қаржы несие ресурстарына қол жеткізе алмауында ол Қазақстанда кәсіпкерлік бизнес секторының дамуына кедергі болады. Бұл проблема әртүрлі басқару формада белгіленеді. Бұл мәселе төмендегі кестеде көрсетілген.
Сурет 6
Осы несие алудағы басты тосқауылдардың әр қайсысын жеке қарастырайық.
Зерттеу көрсеткендей негізгі тосқауыл несиені кепілмен қамтамасыз ету – 23 пайыз (Сурет 6).
Кепіл есебінде банктер жылжитын және жылжымайтын мүліктерді кәсіпорын жататын немесе кәсіпкердің жеке меншігіндегі мүліктерді алады. Мүлікті кепілдікке қою арқылы несие алу кезінде кәсіпкерге сол кезде төмендегі факторлар кедергі тигізеді.
Оларға кіретіндер:
— кепілге қойылған мүліктің бағалау бағасының банк эксперттерінің төмендетіп жіберуі
— банктің көз қарасынша кепілге қойылған мүліктің өтімділігінің жоқ деуінде
— сұраған соммаға кепілге қойылған мүліктің мөлшерінің аздығы немесе тіптем жоқтығы.
Зеттеу нәтижелері көрсеткендей, кәсіпкерлік фирмалардың негізгі проблемаларының бірі ол несие алу үшін қойған несиелерінің банктер бағалау бағасын төмендетіп жіберуінде. Ол сұрағандардың 41,5 пайызды құрайды. Кепілге қойған мүліктің бағасы нарықтық бағасының 50-85 пайызы алынады. Бұның өзін бағалау әртүрлі факторларға байланысты. Мысалға: мүлікті бағалауда оның тұрған жері, ішкі жағдайы, комуналдық қызметтермен қамтамасыз етілгендігі т.б. Кәсіпорын қойылып отырған кепілдің өтімділігі бұл да банктің эскпертік коммерциялық қаржы жағдайын зерттеу нәтижесінде анықталады. Кепілге қойылғандардың ішіндегі өтімділігі жылжымайтын мүлік. Бірақта шағын фирмалар мүлік қоя алмайды. Банктер кәсіпорын, фирмалардың ғылыми жетістіктерін, техникалық жаңалықтарын кепілге алмайды. Мұны олар Қазақстан бұндай нарық әлі дамығандығымен түсіндіріледі. Бұндай жағдайдан шығу үшін кепілді бағалауды 3 жақ тұлғаларға бағалауды ұсыну қажет. себебі олар нарықтық бағасын нақты белгілейді. Ендігі мәселе ол кәсіпкерде несие алу үшін кепілдердің жоқтығы. Бұл мәселені шешу үшін 2004 жылы шілдеде Үкіметпен қаулы қабылданды. Қаулыда кепіл есбінде кәсіпкерлік фирмалар субъектілері коммуналдық жеке объектілерді пайдалануға болады.
Екінші мәселе ол зерттеу көрсеткендей (20,1 пайыз Сурет 6) банктен несие алу кезіндегі жоғары пайыз ставкасы және несие қайтаруының қысқа мерзімділігі. Бүгінгі күнде коммерциялық банктердің кәсіпкерлік фирмаларға беретін несиелерінің % ставкасы шетел валютасында 20-25 пайыз, ал теңгеде 27-31 пайыз, ал мерзімдері орта есеппен 6 айдан 24 айға дейін. Мұндай несиелерді тек қана сауда кәсіпкерлері немесе қысқа циклдық өндірістік кәсіпорын алуы мүмкін. Көбінесе отандық кәсіпкерлік фирмаларға ұзақ мерзімді несиелер керек олар оны тиімді игеру үшін және пайда келтіру үшін кемінде 2-3 жыл қажет.
Отандық тауар өндірушілер арзан несие ресурстарын қажететеді. Бұл жағдайдан шығу үшін – біріншіден арзан несие көздерін іздеу қажет, себебі Қазақстандық фирмалық секторды дамыту керек, екіншіден банктік морждық ставкаға қатаң бақылау керек, себебі эмитент банктер кәсіпорын арқасында негізсіз үлкен пайдатабуда. Донорлық ұйымдар шағын фирмаларды несиелеген кезде Қазақстандағы әлеуметтік экономикалық жағдайды ескере отырып болашаққа үміт пен қарай отырып берген жөн. Үшіншіден – тізімде (13,1 пайыз сурет 6) ол кәсіпкердің банктен несие алу үшін қажетті құжаттарды санның көптігінде.
Оларға жататындар:
— қаражат алу үшін өтініш;
— арнайы формадағы анкеталарының санының көптігі;
— кепілге қойылған мүлікті куәландыратын құжаттар;
— кәсіпорын заңды екенін куәланддыратын құжаттар;
— кәсіпорын басшысының және бас бухгалтерін куәландыратын құжаттар;
— соңғы 3-5 жылда кәсіпорын қаржы жағдайын көрсететін төл құжаттар;
— несие ресурсын қалай пайдаланытыны туралы бизнес жоспар;
— СТН;
— Бюджет алдында қарызы жоқ екендігі туралы салық инспекциясынан анықтама, т.б.
Іс жүзінде банктер кәсіпкерлік фирмалар субъектілеріне несие беру жолдарын қысқартқан және азғантай документтерді талап етеді.
Оларға:
— кәсіпорын туралы қысқаша мәлімет (арнайы банкіде);
— кепілге қойылған мүлікті куәландыратын құжат;
— кәсіпорын басшысының және бас бухгалтер куәландыратын құжат;
— несие алардағы кәсіпорын қаржы жағдайын көрсететін құжат;
— бизнес жоспар;
Бұл мәселе алушылардың ақпарат алдындағы жетіспеушілігі. Сол үшін банктер кәсіпкерлік фирмалар субъектілеріне арналған несиелерінің шарттарын алу жолдарын көбірек жарнама жасау қажет. Зерттеулердің нәтижесінде сұрау жүргізгендердің 10,7 пайызы несиелердің жеңілдетілген түрде болса екен дейді. Отандық тауар өндірушілер ұзақ мерзімді және жеңілдетілген несиелерді қажет етеді. Несиенің жеңілдетіп беру кезеңі компанияларға несиені тиімді игеруге мүмкіндік береді, ал бұл несиенің негізгі салық пайызды төлеген кезде болатын конфликті жағдайды туғызбас еді. Өз алдында мәселе банктерде бастапқы бизнесті несиелеу. Зерттеулер көрсеткендей бастапқы бизнесті кәсіпорын өз ақшасына тұрғызады. Тек 7 пайызы қалған банк несиелерін пайдаланған.
Бүгінгі күнде банктер бастапқы бизнесті несиелеуден бас тартуда. Бұлар оны нарыққа ене бастаған компаниялар бұрыннан істеп келе жатқан компаниялар мен фирмаларға бәсекелес бола алмайды, сол себепті банкроттық тәуекелі жоғары. Екінші жағынан бастаушы кәсіпкерлер банк ұсынып отырған несиелерді алуға жағдайы жоқ, 6 ай бойы тұрақты табыс тауып келе жатқан кәсіпорын егер жеңілдетілген несие берсе қайтара алатын еді. Зерттеулердің нәтижесі бойынша сұрағандар бастапқы капиталды алудағы негізгі кедергі деп жоғарғы пайыздық ставкасын және жеңілдетілген жүйенің жоқтығынан деп түсіндіреді. Жаңадан құрылған фирма 1 айдан бастап табыс ала алмау себебінен және бұл өндірістік цикл кәсіпорын құрғанда қарыздардың п.б. немесе сатып алудың жоқтығы т.б. несиені тез қайтарудың мүмкіндігінің жоқтығын көрсетеді. Бұл жағдайдан шығу үшін жаңадан бастаушы кәсіпкерге несие берудің механизмін құру және енгізу қажет.
Шағын бизнесті несиелеудің өзінің аймақтық проблемалары бар. Бұл негізінен әр аймақтық экономикалық дамығанына және бұл аймақтардың коммерциялық қаржы несие және ресурстарының ақпараттық орталықтарға қол жеткізулерінде. Негізінен кәсіпкерлердің банктен несие алуға кедергі келтіргендерге жоғарыда айтқандай – кепілмен қамтамасыз ету проблемасы, жоғары пайыздық ставкасы және енсие қайтарудың қысқа мерзімділігі болса, аймақтарда бұл жағдай мүлдем басқа(Сурет7).
Сурет 7
Сонымен Оңтүстік Қазақстан облысында несие алудағы негізгі кедергі болып бірінші жоғары пайыздық ставкасы, екінші кепілмен қамтамасыз ету проблемасы. Бұл аймақтарда шағын фирмалар кепілмен қамтамасыз ету жылжымайтын мүлікпен жүргізеді. Бұл өтімді форманың бірі. Үшінші бұл несие қайтарудың қысқа мерзімділігі. Ал Павлодар облысында жағдай басқаша кәсіпкерлік фирмалардың бірінші проблемасы, кепілмен қамтамасыз ету. Екінші несие қайтарудың қысқа мерзімділігі. Үшінші – жоғарғы пайыздық ставкасы. Әр аймақтың өзінің дамуына қарай да кәсіпкерлік фирмалар секторында басқаша дамиды. Банктен несие алу үшін арналған кәсіпкерлік фирмалар субъектілерінің арасындағы көзқарастар әр түрлі. Ол төменгі кестеде берілген.
Жоғарыда аталған проблемалардың бәрін шешу үшін банктер мен кәсіпкерлер арасында диалог жүргізу қажет, бұл екі арадағы проблемаларды шешуге мүмкіндік берер еді.
- “Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры” АҚ-ның кәсіп-керлік фирмаларды несиелеу механизмдерін же-тілдірудің негізгі бағыттары
3.1 Кәсіпкерлік фирмаларды несиелеудің тиімділігін қаржы – экономикалық бағалау және оның түрлері
Банк жүйесінің және осыған сәйкес кәсіпкерлік фирмаларды қолдаушы мемлекеттік құрылымдардың қызметтерін талдау, бүгінгі күні шағын фирмаларға қаржылық қолдау көрсету жүйесін жетілдіру сұрақтарын әдістемелік зерттеу Қазақстанда мүлде жоқ екендігін көрсетеді. Мұны, біздің көзқарасымыз бойынша келесі түрде түсіндіруге болады, біріншіден, банк бұл процесстердің жетілдіруге мүдделі емес, екіншіден кәсіпкерлерді кімдер тыңдайды, ал үшіншіден мемлекеттік құрылым жұмысшылары не ұсынса да өз қызметтерінің міндеттеріне сәйкес орындайды.
Осы бағыттағы соңғы жұмыстардың бірі А.Умбетовтың еңбегі, уақытында кәсіпкерлікті дамыту қорын басқарған. Ол өз еңбегінде «банктер – шағын кәсіпкерлік» тізбектің өзара қарым – қатынас механизмдерін жетілдіруді ұсынады.
Оның ойы бойынша несиелеу сызбасын – қарастыруға және несиелік кепілдеме (кепіл алушы) тәуекелдерге бөле отырып қолдану. Мұндай сызба банктердің несие қаражаттарын шағын бизнеске таратуға мүкіндік береді және екі жақтардың мүдделері есепке ала отырып жасалады. Бұл жағдайда тәуекелдерді бөлудегі пропорцияны анықтау маңызды, оның жоғарғы шегі бюджет үшін минимальды жіберілетін зияндарды қамтамасыз етуі қажет, ал төменгі шегі – банк мүдделерін сақтай отырып, банктердің қатысу құрамы мен деңгейінің кеңейту есебінде максимальды қаржылық тұтқаны қамтамасыз ету.
Бұдан бөлек серіктестік негізінде несиелеудің шетелдік тәжірбиесі бар (сурет 9), бұл ұсақ несиелерді ұсыну үшін қолданылады.
Шағын кәсіпкерлікті жалпылама несиелеу кезіндегі шығындар мен тәуекелдерді төмендетуді қаматамасыз ететін несиелеу принциптері
|
|
Сурет 9
Бұл проблеманы несиелеудің қандайда механизмін ұсынған, жалғыз жұмыс болып табылады. Кәсіпкерлік фирмаларды несиелеуде Қарағанды облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқарма жетекшілерінің бірі А.Тоқсановтың зерттеуін атап, өтуге болады. Бұл еңбекте кәсіпкерлік фирмаларды басқару жүйесін жетілдіруді ұсынады, бір-ақ жалпы сипатта, қаржы-несиелік сұрақтарды нақты бөліп көрсетпеген. Өз еңбегінде автор тиімді басқаруға жету мақсатында барлық негізгі басқару деңгейлерін қамтитын, көп деңгейлі кәсіпкерлікті басқару жүйесін құруды ұсынады. Соның ішінде
-Шағын кәсіпкерлікті қолдау агенттігінің басқаруымен кәсіпкерлікті басқарудың мемлекеттік деңгейі (қазіргі кезде – табиғи монополияны реттеу, бәсекені қорғау және кәсіпкерлік фирмаларды қолдау агенствосы — мақала авторы).
— кәсіпкерлікті басқарудың аймақтық деңгейі (кәсіпкерлікті дамытудың Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан Орталықтарын құруды ұсынады).
— Облыстық (қалалық) кәсіпкерлік бизнесті дамыту орталықтары түріндегі жергілікті басқару деңгейі.
— кәсіпкер және командасының тұлғасында жеке фирма деңгейі.
Қазақстан жағдайында А.Тоқсановпен ұсынылған көп деңгейлі пікір біздің көзқарасымыз бойынша, тиімсіз, бір-ақ кейбір элементтерін орталық пен аймақтардың өкілеттіктерін бөлу кезінде несиелеудің біршама жетілдірген жүйесін ұйымдастыруға бүгінгі күні де қолдануға болады.
Біздің зерттеу негізінде, қатысушы мемлекеттік құрылымдардың банк жүйесін, және аймақтық басқару органдарының мүдделерін есепке алатын кәсіпкерлік фирмаларды несиелеу жүйесінің келесі кешенді ұйымдастыру сызбасын ұсынамыз. (Сурет 10)
Ұсынған сызбадан келесі нақты кезеңдерді атап өтуге болады.
1) Мемлекеттің салықтық – бюджеттік саясатты өткізуде және кәсіпкерлік бизнестің дамуындағы нормативтік құқықтық базаны қалыптастырудағы белсенді рөлі ыңғайлы және қарапайым салық режимін құру тек қана кәсіпкерлік бизнес субъектілерінің тиімді және рентабельді қызмет етуі үшін ғана емес, банк жүйесі үшін де маңызды болады.
Атап айтсақ, банктердің кәсіпкерлік бизнес үшін мүдделерін арттыру үшін, оларға табыс салығының ставкасын төмендету және де, жоғары тәуекелді және проблемалық несиелердің зияндарын жабу үшін қалыптастырылған, олардың барлық жиынтық жылдық табысынан провизиялар (резервтер) қосындысы алынып тасталған соммадан қарастырылған банктер үшін салық салу режимін енгізу маңызды. Екінші жағынан мұның бәрі несие үшін проценттік ставканың төмендеуі түрінде тікелей эффект береді, ал бұл өз кезегінде кәсіпкерлік бизнес үшін аса маңызды емес.
Нормативтік – құқықтық қамтамасыз ету тек қана кәсіпкерлік фирмаларды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасымен ғана шектелмей, оларды соған сәйкес заңдылықпен және нормативпен қолдау көрсету.
Екінші деңгейлі банктермен шағын бизнесті несиелеуді жетілдірудің жалпы сызбасы
Сурет 10
2) Банк тәуекелін негіздей бағалау үшін фирмалар қарама –қарсы адамдар жасауы қажет атап айтсақ:
— фирманың өзінің тәуекелін бағалауды өткізуі – банктердің кәсіпкерлік фирмалар субъектілерінің бизнес жобаларын несиелеуде шешім қабылдау мен банк тәуекелін шынайы бағалауда негізгі шарттың бірі болады;
— шағын бизнес субъектілерінің қаржы – шаруашылық қызмет нәтижелерінің объективтігі – сыртқы және ішкі қауіп – қатер төндіретін барлық кешенді факторларды талдау негізінде, қызметтің соңғы нәтижелерін болжау және бухгалтерлік есеп және тәуелсіз аудиттің халықаралық стандартын өту негізінде қаржылық және басқада көрсеткіштердің айқындылығын қамтамасыз ету;
— корпоративтік кепілдеме немесе үшінші тұлға мүлкінің потециалдарын зерттеу және қолдану негізінде кепілдік мүмкіндіктерді бағалау үшін кешенді негіздемелерді өткізу. Бүгінгі күнгі жергілікті атқарушы өкімет органдарының коммуналдық меншігіндегі объектілерді осы мақсаттар үшін практика кеңінен қолдану мүмкіндігін бөліп көрсетуге болады. мұны орталық пен аймақтар арасындағы кәсіпкерлікті қолдау жауапкершілігін бөлу іс – шаралары есебінде санауға болады.
3) Кәсіпкерлік фирмаларға қаржылық қолдау көрсетудің альтернативті (баламалы) варианттары сапасында қаржылық лизинг, ипотекалық несиелеу әсіресе ауыл шаруашылық өндірушілері үшін, Франчайзинг оңайлатылған кепілдік сызбасымен несиелеу жүйесі тағы да басқа құралдарды қолдану мүмкіндіктерін қалыптастыру мүмкіндігі.
Ескертетін жайт, бастаушы кәсіпкерлер үшін ыңғайлы, бұл несиелеудің құралдары мен объектілері бізде кеңінен таралмаған. Жеке айтсақ лизингтік несиелеу кәсіпкерліктің кіші түріне пайдалы, себебі, шектелген капитал тапшылығында негізгі қорларды сатып алуға және мүлікті жеделдетіп амортизациялауға мүмкіндік береді.
Ең бастысы, кәдімгі қаржылық лизинг белгілі салықтық кедендік және валюталық жеңілдіктер мен қолдау көрсетіледі. Бұл арнайы жеңілдіктер лизингтік операцияларға қатысушылар үшін таралады және келесі жағдайларда
— қосымша құн лизингтік қызмет пайдасының, салықтарын төлеуден және кеден бажын және лизинг үшін арналған өнім әкелінгендігі салық төлемдерінен бостау және де қаржылық лизинг операциялары бойынша қарыз құралдар мен лизингтік төлемдердің – проценттік төлемдері жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құнына кіргізілуі;
— лизинг төлемдерін шығындарға кіргізуі және пайда үшін салық мөлшерін төмендету;
— лизингтік операцияларды несиелеуде пайыздық пайда салығынан бостау;
— ипотекалық несие – айналымы және негізгі қорларды қаржыландырудың ыңғайлы құралы, әсіресе ауыл кәсіпкерлері үшін (мысалы АҚШ 2/3 қарыздар үлесін фермерлер құрайды). Ипотекалық несиелеудің дамуына жерге деген сұраныстың болмаыу кедергі болып отыр.
Шындыққа келсек, жердің тартымдылығы — өнімділік төменділігі отандық ауылшаруашылық өндірісінің рентабельдіксіз құрылымымен байланысты. Сондықтанда, ипотекалық мәні, жерге жеке меншік болған жағдайда және жердің еркін нарық санының болуы оларды тиімді қолдануға – мүмкіндігі барларға жерді қайта бөлуге мүмкіндік береді, негізгі қорлардың – толық меншікте болуын қамтамасыз етеді.
Франчайзинг – бизнесті ұйымдастыру тәсілі – кәсіпкерлік тәуекелді төмендетеді, өткізу нарығын қамтамасыз етеді, әсіресе – жеке кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді формасы. Бұл жағдайда сатушы, жергілікті бизнесмен, оның өнімін сатып алушы үшін кепілдеме бола алады, жаңа бастаған кәсіпкерлер – банктен банк несиесін алған кезде.
Сонымен, ұсынылған сызба, біздің пікіріміз бойынша кәсіпкерлік бизнестің дамуына жан-жақты қолдау көрсету жүйесін ұйымдастырудың кешенді жолын қолдануды сипаттайды.
Келесі О.Сабденов, А.Тұрғынбаев және Ж.Сабденовалар өз зерттеулері кәсіпкерлік бизнестің даму деңгейін бағалауды жетілдіруүшін анықтаушы бағыт есебінде қарауға болады. Мұнда келесі сегіз фактор қолданылады: 1) тіркелген қозғалыстағы кәсіпкерлік фирмалардың санының үлес салмағы; 2) 1000 тұрғындарға есептелген қозғалыстағы кәсіпкерлік фирмалардың саны; 3) жұмыспен қамтылғандардың жалпы санындағы – кәсіпкерлік фирмаларда жұмыспен қамтылғандардың үлес салмағы; 4) өнеркәсіпте өндірілген жалпы өнім көлеміндегі шағын фирмалар үлесі; 5)кәсіпкерлік фирмаларда өндірілген өнім көлемінің артықшылығы бар бағыттардың үлесі; 6)бір жұмысшыға шаққандағы салық төлемдері; 7) бір жұмысшыға шаққандағы өндірілген өнім; 8) кәсіпкелік фирмаларды несиелеудің жалпы көлеміндегі орта және ұзақ мерзімді несиелер үлесі. Оларды кәсіпкерлік бизнестің тиімді дамуының интнгралдық бағдарымен өлшейді.
Несиелеу процесстерінің анықталған тиімді көрсеткіш – банк несиелерінің нақты экономикадағы жалпы көлеміндегі — шағын бизнес несиелерінің үлес с алмағы.
Бұл көрсеткіш теңдеу шын мәнінде, барлық кешенді факторлар қозғалысын анықтайды және оның өсімі немесе төмендеуі кәсіпкерлік фирмаларды несиелеу жүйесіндегі позитивті немесе негативті екендігін көрсетеді.
Осы жоспарда келесі модельді (үлгіні) ұсынамыз.
Кр= Ф (Х1, Х2, Х3, Х4, Х5)= 0
Кр – банктердің нақты экономика секторын жалпы несиелеу көлеміндегі – кәсіпкерлік бизнес несиелерінің үлес салмағы;
Х1 – Банк жүйесіндегі депозиттердің өсім индексі;
Х2 – Несиелер бойынша проценттік ставка өзгерісінің индексі;
Х3 – Банк тәуекелдерін төмендеу индексі;
Х4 – Банк жүйесіндегі салық жүктемесінің өзгеру индексі;
Х5 – Кәсіпкерлік бизнесті несиелеу үшін қаржыландырудың альтернативті тартылған индекс деңгейі;
Ф – Эконометриялық функция.
Біздің есебіміз бойынша ұсынылған бағалау моделі (үлесі) кәсіпкерлік фирмаларға қаржылық қолдауда барлық кешенді іс – шаралардың даму барысын бағалауға мүмкіндік береді.
3.2 Мемлекеттің қаржы секторын және кәсіпкерлік фирмалардың қатынастарын жетілдіру жолдары
Кәсіпкерлік бизнесті қолдаудағы мемлекеттік саясаттың қазіргі жағдайы жүйеліктен алыс және «классикалық үшбұрышпен» (Сурет 11) анықталады, онда барлық кезде басқару жүйесі субъектілер мен әсер ету объектілерінің арасындағы өзара қарым-қатынаста белгілі қиындықтарды анықтайды.
Банк жүйесі және кәсіпкерлік фирмалардың арасындағы өзара қарым – қатынастардың қазіргі жағдайы, бұл процестердің басқару тұрақтылығын сипаттайтын, нақты анықталған механизмінің жоқтығын сипаттайды. өзара байланыстардың негізгі бағыттары мемлекет қаржы жүйесі «сызығы» бойынша елдің ұлттық Банкі арқылы «мемлекет – кәсіпкерлік фирмалар» сызығы бойынша кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.
Бұл жағдайда бірінші сызықтағы өзара қарым – қатынас жүйесінде кәсіпкерлік фирмаларды несиелеу сұрақтары қаржы жүйесін дамыту сұрақтарының жалпы қатарында орналасқан және екінші деңгейлі банктердің субъективті алаңында болып отыр. Басқаша айтсақ банктердің пікірі бойынша банк жүйесіне салық жүктемесінің артықшылығы болып отыр.
Кәсіпкерлік фирмалар үшін іргелі маңызды екінші сызыққа тиістілігінде, несиелеу сұрақтары нақты тиімді іс – шараларды қамтымайды. Соңғы нәтижесі екінші деңгейлі банктердің мүдделерін арттыру қажеттілігі ұсыныстың бағытта ғана, бұл өз тарапында жеткіліксіз себебі, олар жеке меншік және өз саясатын коммерциялық мақсатпен анықтайды.
Мемлекеттің, банктердің, кәсіпкерлік фирмалардың және шағын несие ұйымдарының арасындағы өзара қарым – қатынастары
Сурет 11
Осы қалыптасқан жағдайдан шығудың жолы барма? Біздің пікірімізде мемлекет рөлін арттыру жолымен: біріншіден, тұрақты табыстылықты және несие қайтарымдылығына жету жоспары кәсіпкерлік фирмалар субъектілері үшін де несиелік ынталандыру жоспарында банк жүйесі үшін де несиелік ынталандыру жоспарында банк жүйесі үшін де маңызды салық салу жүйесін тек мемлекет ғана анықтай алады; екіншіден, экономикалық мемлекеттік және жеке меншік секторларының өзара қарым – қатынастары нарықтық принципте дамуын басқаруды мемлекет басты менеджер рөлін орындауы керек және мемлекеттің кәсіпкерлік принципі экономика дамуын анықтайды. Экономика басқарудағы мемлекеттің рөлі туралы соңғы жылдары экономист ғалымдар, соның ішінде Отандық, атап айтсақ А. Кошанов, Е. Жатканбаев, З. Болатханова еңбектерінде мемлекеттің экономикаға әсер етуіндегі басты құралдар мемлекеттік кәсіпкерлік – деп есептейді. Мемлекеттің экономикалық қызметінің сұрақтары өндіріс саласында оған қарайтын кәсіпорындар жиынтығы түрінде Қазақстан экономикасы үшін, әсіресе қазіргі экономикалық дағдарыс маңызды болып отыр.
Жоғарыда айтылғандарды, қорытындыдлай келе, мемлекеттік сектордың тиімді дамуы – қажетті үлкен іс-шараларды ғана анықтап қоймай жеткілікті деңгейде жалпы жеке меншік секторының дамуын ғана емес, шағын бизнестің де тиімді дамуына ықпал етеді.
Толығырақ түсіну үшін «Бану жүйесі — шағын бизнес»сызығының өзара қарым – қатынастарын жетілдіру жоспарында, біздің пікірімізше «мемлекет – қаржы жүйесі», «қаржы жүйесі — банктер» сызықтарының өзара қарым – қатынастарының бүгінгі жағдайын міндетті түрде талдау қажет.
«Мемлекет – қаржы жүйесі». Елді дағдарыстық жағдай дамуына немесе сыртқы қауіп – қатер факторларының әсерлерінен қорғау іс – шараларының жүйесінде маңызды момент қаржы жүйесін толық жетілдіру, жеке айтсақ – банк жүйесінде қамтиды. Сондықтанда мемлекет бұл жағдайда мүдделі, ал банк жүйесінде осындай қарым – қатынасқа мүдделі емес.
Отандық банктердің екі басты проблемалары бар, үлкен дәрежеде солардан барлық проблемалар келеді. Біріншісі — банктердің капитализациялау деңгейі жеткіліксіз, өз капиталы кез келген банктің әлемдік өлшеммен өте аз. Осы себепті банктер жеткілікті сыртқы несиелерді тарта алмайды. Бір жағынан, ішкі нарықта банктер үшін қарыз алу мүмкіндігі өте шектелген.
Шынында, тұрғындардың банк жүйесінде деген сенімділігі 1991-1993 жылдардағы тұрғындардың банктердегі қорларының зияндары нәтижесінде қалыптасады.
Осы сенімділікті қайтару – мемлекеттің бастапқы міндеттерінің бірі. Ал, бұл өз тарапында егерде тұрғындар депозиттері экономикағатартылса, инвестициялық процесстің жаңа бастамасы біршама эффект болар еді. Сондықтанда, бүгінгі күні банк жүйесіне деген тұрғындардың сенімділігін қайтару – мемлекет пен банктердің ең негізгі міндеттерінің бірі, және оны мемлекет пен банк өзара біргешешуі қажет.
Екінші күрделі проблемалардың бірі – тек қана банк жүйесімен қатысты емес, барлық экономиканы қамтиды, елдің ресми қаржы жүйесінен бөлек, «тірі» ақшалардың үлкен бөлігі экономика жанынан жай өтуде. Оның бір мысалы, кәсіпкерлік фирмалар қызметін жеңілдету үшін банктік есеп-шотсыз жұмыс істеуіне рұқсат берілген.
Осының нәтижесінде «тірі» ақшалар көлемі өсіп кетті, бюджет табыстары төмендеді, банктердің заңды тұлғалардың салық төлеу төлеуін бақылау мүмкіндігі туралы, мәліметтер жоқ.
Әрине, бұл кешендік проблема. Егерде кәсіпкерлік фирмаларға бәрін ресми түрде тура жасаса, салық және басқа да төлемдер барлық пайданы «жеп» қояды. Сондықтанда, салық ставкаларын бюджет жағдайымен, басқада салықтық түсімдердің мүмкіндіктерімен шығындардың үйлесімділігімен және тағы да басқалармен байланыстыра отырып, төмендету керек. Мұны мемлекет ғана шеше алады.
Мемлекеттің үйлесімді, тиімді қозғалыс жүйесін қалыптастырудағы бірінші дәрежелі рөлі күдік келтірмейді. Мемлекет жүйесіне, әсіресе тұрғындар үшін банк жинақтарына қолдау және сақтау, және, сақтандыру туралы заңдар қажет.
Біздің пікірімізше банк жүйесі мен кәсіпкерлік фирмалардың өзара қарым – қатынасындағы «ену» мемлекет – қаржы жүйесі – банктер» сызығы бойынша жүзеге асырылуы тиіс.ъ
Талдау барысында болашақта тереңірек білу үшін бүгінгі күнгі қалыптасып отырған, қаржы жүйесі Ұлттық банк тұрғысында екінші деңгейлі банктермен қатынастарын зерттеу маңызды.
Қаржы жүйесі – банктер. Қаржылық институттар қызметін екінші деңгейлі банктер тұрғысында олардың қызмет ауқымдылығын арттыру және ақшалай ағымдардың толық анықтылығы үшін елдің Ұлттық банкісімен бірқатар нормативтік – құқықтық актілер қабылданды.
Бүгінгі күні ірі ақшалай ағымдардың максимальді анықтылығы және оперативтілігі үшін банк жүйесінде сенімді төлемдік жүйе құрылған, халықаралық стандартқа максимальды жақындатылған төлемдік жүйесіне қойылатын барлық талаптарға жауап береді. Қазақстанда бұл келесі үш компоненттен: ірі төлемдер жүйесі, бөлшек төлемдер жүйесі және төлем карточкалары жүйесінен тұрады. Ірі төлемдер жүйесі – негізгі және нақты уақыт режимінде жұмыс істейді.
Ұлттық банк тұрақты түрде екінші деңгейлі банктер қызметін, банк операцияларының кейбір түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, және де сақтандыру ұйымдарын тексеріп отыр. Атап айтсақ, қолданылған банктер қызметін тексеру жүйесі — өзінің жоғары тиімділігін көрсетеді. Бұл өз кезнгінде банктердің қаржылық қызметі туралы мәліметтерді жүйелеуде, әрбір банкті толық қатардағы параметрлер (өлшемдер) және көрсеткіштер бойынша қызметтерін талдау жасауға және оның қаржылық жағдайы туралы қорытынды түсінік алуға мүмкіндік береді.
Ұлттық банкпен жәнеде несиелеу регистерін жүргізу асырылады, онда экономиканың нақты секторындағы субъектілерге берілген банктердің несие көлемінің негізгі бөлігі есепке алыныпотырады. Бұдан бөлек банк институттарының қаржылық қызметін жыл сайын тәуелсіз аудиторлық компаниялар (негізінен халықаралық) тексереді, бұл да өз кезегінде банк жүйесіндегі қаржылық ағымдардың анықтылығын арттыруға көмектеседі.
Екінші деңгейлі банктер қызметінің халықаралық стандартқа өтуіне сәйкес Отандық бухгалтерлік есеп стандарты жетілдіру үстінде. 2005 жылдың 1 маусымынан бастап, екінші деңгейдегі банктер басты бухгалтерлік кітапты құру, халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендіру үшін бухгалтерлік есептерін деталдалған жоспар шоттарымен жүргізеді. Бұл жоспарда экономика секторларының (әдістемелік принциптері Ұлттық Шоттар жүйесімен анықталған), қаржылық құралдарын, резиденттік белгілерінің және валюта түрлері бойынша шоттардың шартты белгілерін белгілеу (кодирование) жүйесі мазмұндалады. Мұндай детализациялау банк жүйесі жағдайының көрсеткіштерін қалыптастыруға, оларды талдау ақшалық – несиелік саясаттың негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен, бүгінгі күні екінші деңгейлі банктер туралы барлық кең орта қолданушылары үшін ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Бірақ, Ұлттық Банктің қаржылық ағым мен бухгалтерлік есеп саласындағы реттеудегі жемісті жұмысына қарамастан, әліде бір қатар шешілмеген проблемалар бар. Негізгі проблема ақшалай ағымдар анықталған арттыру ісінде, қазіргі кезеңде нақты сектордағы кәсіпорындардың қаржылық есеп беруінде анықтылық жеткіліксіз деңгейде. 1998 жылдан бастап, халықаралық талаптарға сәйкес жаңа Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандартына өтседе, өз деңгейінде әлі де кәсіпорындардың қаржылық есеп беруде анықтылықты қамтамасыз етпей отыр. Бұл оларды несиелеуде саясаттың дамуына ықпал етпей отыр.
Осы проблеманың шешілуі тікелей Ұлттық банкпен байланысты емес, бұл нақты сектор субъектілерінің қаржылық – бухгалтерлік есеп беруін жетілдіру сұрағымен байланысты. Сондықтанда бұл мәселенің шешілуі тиісті мүдделі министрліктер мен ведомсволардың біріккен жемісті еңбек етуінен көрінуі мүмкін. Ал мұның бәрі – банктер мен нақты экономика секторы субъектілерінің өзара қарым – қатынастарының дамуына, соның ішінде кәсіпкерлік фирмалардың дамуына ықпал етеді.
Банк жүйесі – кәсіпкерлік бизнес. Қазір әрине, қаржы жүйесінің макроэкономикалық тұрақтылыққа сәйкес ақшаны тарту қабілеті. Сенімнің өсуі, банктер үшін кепілденген депозиттер қорын құру, банк құпиясы туралы қабылданған заң, зейткерлік жүйесінің қызмет ету саласының жеткілікті жоғары болсада, экономиканың нақты секторы осы мүмкіндікті пайдаланбай отыр.
Бұл өз кезегінде, қаржы жүйесінің қосымша ресурстады тарту қабілеттілігі, нақты сектордағы нақты өзін — өзі өтейтін, түсінікті жобалардың қабілетінен гөрі өте жоғары. Ұлттық Банк бағалауы бойынша толық қаржы жүйесі ай сайын 100 млн АҚШ долларын шоғырландыруға мүмкіндік бар. Ұсынылған нақты жобалар санының мұндай мүмкіндіктері өте аз.
Мемлекет позициясы Ұлттық Банк тұлғасындағы банктердің кәсіпкерлік фирмалар үшін ерекше зейін қалыптастыру. Ол үшін банк ішінде арнайы бөлімшелер құру қажет. Бірақ бұл жағдайда екі жақта – кәсіпкерлік бизнес және банктерде бір – біріне міндетті зейін қойып, көп уақыт бөлуі қажет, банктер – барлық кәсіпорындарды оқып білуі, ал кәсіпкерлік фирмалар – банктердің барлық талаптарын оқып білуі. әрине, банктер тартылған қаражаттарымен жұмыс істейді және, олар сөз жоқ, өз салымшыларына поцентімен ақшасын қайтаруы қажет, сондықтанда олар ақшаларын түсінікті және өзін — өзі өтейтін жобаларға салуы тиіс. Депозиттердің кепілденген қорын құру – несиелеуде банктер өзіне үлкен тәуекел алу – дегенді білдірмейді.
Бұл процесс екі жақ үшінде үлкен уақытты талап етеді. Үлкен есеп бойынша мемлекеттің қаржылық және банк жүйесінің кәсіпкерлік фирмалардың өзара қарым – қатынастары арасындағы рационалды сызбаны (Сурет 12) құру бұл өз кезегінде келтірілген (Сурет 11) суретін жетілдіру қажеттілігін айқындайды.
Кәсіпкерлік фирмаларды тиімді несиелеу жүйесіндегі тараптардың өзара қарым-қатынастарының үлкейтілген сызбасы.
Сурет 12.
Толығымен қорытындылай отырып, экономика субъектілері нақты және қаржы секторы өзара бір-біріне тәуелді болады. Шынында да банк клиенттер санына байланысты дамиды, әсіресе нақты экономика секторы бойынша, ал бір жағынан кәсіпорындарда қаржыландыру көздерінің санымен дамып, өсіп отырады. Сондықтанда тек өзін — өзі қаржыландыру тірегіне сүйену – жолы бәріне ыңғайлы емес.
3.3 Кәсіпкерлік фирмаларға қаржылай қолдау көрсетуді дамытудың тәжірибелік құндылықтары
Талдау көрсеткендей қазіргі таңдағы кәсіпкерлік фирмалардың негізгі проблемалары екі бағытқа бөлінген: құқықтық аймағының жұмысын дамыту кәсіпкерлік бизнесті қаржылай қолдаудың түрлерімен жүйесін дамыту.
Бірінші бағытта салық салу облысындағы құқықтық режимнің негізінен қолайлы болуы. Салық саясатының даму режимі несиелеудің мәселелеріне тікелей қатысты болмасада, жанама түрде кәсіпкерлік бизнес субъектілерінің пайдасы мен табысына әсерін тигізеді. Демек ол олардың төлеу қабілеттілігіне әсер етсе, банктік тәуекелдің төмендеуіне де әсер етеді. Айта кету қажет бұл сұрақтардың көбісі жаңа салық кодексі қабылданған соңжойылады. Салық саясатын әрі дамыту жолында, салық кодексінде кәсіпкерлік фирмалар бизнесін дамыту облысында арнайы режим көрсетілген, әйтседе жан-жақты қамтылмаған. Арнайы салық режимі кәсіпкерлік фирмалар өкілдерінің ішінде заңды тұлғаларына, дербес кәсіпкерлерге арнайы белгіленген табыс мөлшеріне, жұмыс істейтін адамдар санына, істейтін адамдар санына, істейтін қызмет түріне қарай бюджетпен есептеудің қысқартылған 3 түрін көрсетеді: патент, бір реттік талон, қысқартылған декларация салық салудың қысқартылған режимі 3 аспектіні қамтиды: қысқартылған есепті, салықты есептеудің өзіндік процедурасы, және салық туралы есеп берудің процедурасы. Қазіргі күші бар салық салу заңы бойынша кәсіпкерге салық салу базасын айқындау үшін табыстарының және шығындардың есебін жүргізу керек болса, ендігі таңда арнайы салық режимі бойынша салықты есептеу үшін тек қана табысты білу қажет. Табысты алып тастағандағы шығыстарды кәсіпкер өзіне ыңғайлы және әртүрлі түрде жүргізуіне болады. Қазіргі қысқартылған режим бойынша патенттің есепайырысу құнын білу қиындатылған.
Бұл кәсіпкердің бухгалтерлік есеп облысындағы білімін айқын қажет етеді. Жаңа салық кодексі бойынша бюджет алдындағы міндеттеме өте оңай: түскен табысқа біріңғай ставка қолданылады. Соған қарамастан, осы ставка бойынша салық төлеу бюджет алдында есеп айырысуда бірқатар салықтарды алмастырады: корпоративті салық әлеуметтік салықты және табыс салығы. Ал енді соңында кәсіпкер толтыратын қысқартылған декларация өте тұтас және тек бірғана парақта алып жатыр, ал есептелінген салығы табыс салығы мен әлеуметтік салығы арасында теңдеу бөлінеді.
Жасыратын түгі жоқ көптеген бизнес субъектілері салықтан жалтарту үшін өздерінің кәсіпорындарында істейтін адамдар санын жасырады. Бұларды болдырмау мақсатында, жұмыс берушілердің жаңа жұмыс орындарын ашуға қызығушылығын ынталандыру үшін, осы тежимде жаңа норма қолданады. Бұл нормада қысқартылған декларация бойынша салық есептеу соммасы әр жұмысшыға 1,5% қысқартылған. Бұл орта айлық жолданған жұмысшылардың саны мен олардың орта айлық еңбек ақысы қарастырылған. Егер орта айлық еңбек ақы заңмен белгіленген 3 минималды еңбек ақыны құраса, онда көдекстегі түзетулер шешілді деуге болады. Мұндай көзқарас, біздің ойымызша тек жаңа жұмыс орындарын ашумен ғана емес және жалданушы жұмысшылардың еңбек ақысын көтеру арқылы тұрғылықты халықтың жағдайын түзетуге дн болады. Тағыда икемді жүйе бойынша кәсіпкерлік істің дамуына ашық жағдайлар жасалған және жәй жеке кәсіпкерден үлкен заңды тұлғаға дейін өсуіне жағдай туғызады. Салық салу мағынасы жағынан режим болғандықтан, ол арқылы шектеуді табысқа, іс — әрекеттеріне, жұмысшылар санына қояды.
Арнайы белгіленген шарттарға сәйкес келмейтін және арнайы салық режимін қолдағысы келмейтін кәсіпкерлік бизнес субъектілеріне альтернативті жол ол жалпыға белгіленген салық салу тізімі. Алайда бұл жанама түрде банктік өзінің салық салу мәселесін айтып кетуіміз қажет. Кәсіпкерлік фирмаларды несиелеп жүрген банктердің іс — әрекетін қарастыратын болсақ өндіріс саласында қызмет істейтін кәсіпкерлердің ликвидтік қамтуы жоқ, не болмаса несиелік апйдашылығы жоқ, сондықтан да банктер өндіріс саласына өте үлкен тәуекелмен болады. Өндіріс саласындағы субъектілердің несиені уақытысында қайтармауы не болмаса мүлдем қайтармауы банк үшін үлкен тәуекел болып табылады.
Көп жағдайда экономикадағы сауда – саттық, секторлардың өз несиелерін уақытында қайтарып беруі, банктердің дәл сол сауда – саттық секторларын енсиелеуге деген ықыласы көбірек болады. 2007 жылы сауда – саттық сферасын несиелеген банктердің несие портфелінің 37 пайызынан аспады. Сонымен қатар өндірістік саланы соның ішінде кәсіпкерлік фирмаларды несиелеуді ұлғайту шарттарының бірі банктің салық салу режимін көбейту арқылы тәуекел жоғары немесе қайтарылмауы мүмкін несиелеудің орнын толтыруға арналған бағдарлама ол резервтік шоттың көлемін ұлғайту. Өндірістік саладағы несиелеудің үлкен тәуекелділігін және капиталдық мөлшердің көптігін, сәйкесінше банктердің шығынға ұшырау қауіпін есепке ала отырып, орта және ұзақ мерзімді несиелеп беретін банктердің өндіріс саласы үшін салық салудың мөлшерін азайтуды ұсыну орынды болар еді.
Қорытындылағанда, жоғарыда айтылған шаралар іске асса оны мемелекеттің көмегі ретінде қарастыруға болады. ал бұл көмектің мақсаты әлбетте экономиканың нақты секторын несиелеуді күшейту.
Бір уақытта оперативтік сипатта оларды қабылдау банктердің нақты секторды ұзақ мерзімді несиелеуді жүзеге асыруында жеңілдетілген салық салу режимін қысқа мерзімге алдын – ала жасауға болмайды, бұл өз қаржыландыру кезегінде тәуекелі өте үлкен, несиелеуші – банктердің қаржылық жағдайын төмендетіп қана қоймай, республикалық бюджеттің табыс бөлігіне де теріс әсер етеді.
Банк жүйесіне салық салуды жетілдіру, сонымен қатар банк секторының өзінің болашақта дамуын талап етеді, бірінші кезекте ол нақты сектор өсуі үшін, соның ішінде кәсіпкерлік фирмалардың өсуі үшін де тиімді делдалдықты қамтамасыз етуге қабілетті. Біздің пікірімізше, мұнда 3 аспекті бар.
Біріншіден, банкке жинақ тартуы үшін, банк секторына сенімділік құру қажет. Қаржылық жағдайы әлсіз банктер күшейтілуі керек немесе, қаржы нарығынан кетуі тиіс, ал қадағалаудың жоғары деңгейі кепілді негізінде қоғамдық сенімділіктің өсуіне ықпал етіп, барлық банктер депозиттермен жұмыс істейтін нормативтерге сәйкес жұмыс істеп, немесе банк қадағалауы тарапынан өз уақытында және тиімді әсер етуі қажет.
Екіншіден, банктер несие сапасын жақсарту және операциялық шығындарды қысқарту негізінде өз табыстарын жақсарту қажет. Бұл өз кезегінде ссудалар мен басқа да шығындардың зияндары төмендеуіне сәйкес қарыз бойынша процент ставкасының және депозит ставкаларының арасындағы үлкен айырмашылықтарды төмендетеді.
Үшіншіден, Банктерге өз зейінін араларында байланыс жоқ, тәуелсіз қарыз алушылардың несие қажеттілігіне, атап айтсақ кәсіпкерлік фирмалар және кәсіпорындар категорияларына бағыттауы қажет. Қарыз алушыларға өздерінің бухгалтерлік есеп стандартын және ақпаратты беруін жақсартуы керек, ал банктерге несиелік тәуекелді төмендететін механизмді жақсартатын, несиелік мәдениетті жасауы қажет. банк секторы толық деңгейде нақты сектордың, соның ішінде кәсіпкерлік фирмалардың экономикалық өсуіне ықпал етуі үшін осы барлық үш бағыт бойынша прогресс қажет.
Мемлекетке зейнеткерлік активтерді несиелеу жүйесіне тарту процессін басқаруға нормативтік – құқықтық базаны жетілдіру қажет. Атап айту керек, олардың тез өсуі тек қана мүмкіндіктер бермей, біршама тәуекелге де апарады. Зейнеткерлік қорлар дұрыс қолдануда капитал нарығының дамуына, қаржылық делдалдылықтың жаңа формалары мен экономиканың дамуында ұзақ мерзімді жинақтардың көлемін жинақтардың көлемін қамтамасыз етеді. Бұл жердегі проблема ұзақ мерзімді ресурстардың жоқ болуы емес, проблема зейнеткерлік көздердің өзін тәуекелге ұшырату қажет.
Соңғы екі жылда мемлекеттік және жеке меншік зейнеткерлік жинақтау қорларын басқару сұрақтары ең жоғары деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында қаралып, пікір таластар туғызады. Осы проблеманы шешетін мемлееттік құрылымдар Ұлттық банк тұлғасы, Бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссия және Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау Министірлігі, қайта «жамылғаны» әр жақа тартып отыр.
Сондықтанда біздің пікірімізше, зейнеткерлік қорлар мен басқада байланысты мекемелерді қамтитын институтционалдық реттеу құрылымдары бастапқы қадам сапасында консоидацияны (ұзартуды) жүзеге асыру қажет.
Өз деңгейінде несиелік тәуекел мен кепілдік механизмдермен байланысты проблемалардың құқықтық шешілуін қажет етеді. Банк жүйесіндегі енсиелік тәуекелдер, банктер өз қызметтерінде жаңа стандартқа жеткенде бұл төмендейді. Біздің пікірімізше Мемлекеттік бағалы қағаздардың екінші нарығын дамытуды жалғастыру қажет.
Азаматтық Кодексте кепілдік ұстаушы мен кредитор арасындағы нақты шекарасы көрсетілмейді. Бұл өз кезегінде ипотекалық ссудалардың секьюртизациялау үшін арнайы қаражаттарды қолдануды қиындатады, себебі, арнайы қаражаттарға қойылған секьюртизациялық облигация ұстаушыларға меншігін талап етуге құқық бермейді. Банкроттық туралы заңда да банкротқа ұшырау салдарынан кез – келген заңды тұлғалардан активтердің берілуі қайта қарауға немесе ауыстыруға жатады. Бұл өз кезегінде сату кезіндегі шын проценттік ставкасының аталуын міндеттейді, осыған байланысты банктің салымшылары, банк несие берушілері бастапқы да ипотекалық ссуданы сатқан, ал содан кейін, банкротыққа ұщырығанда секьюртизациялық облигация ұстаушылардың процентіне мүлікті сату талап етуге беріледі.
Кепілдік проблемаларды шешуде, біздің пікірімізше мемлекеттік меншікті басқару саласындағы заңдылықтарды жетілдіру қажет. бұл жерде аймақтық кепілдік қорларды қалыптастыру мен қолдану сызбасының мезанизм түрлері коммуналдық меншік объектілері, аяқталмаған өндіріс, қолданылмайтын өндірістік алаңдар мен құрал жабдықтар.
Сонымен, біздің көзқарасымыз бойынша кәсіпкерлік фирмалар бизнесін несиелеу саласының жағдайын жақсартуға, ең қажетті іс – шаралар заңдық және нормативтік – құқықтық базаны жетілдіру қажет. кәсіпкерлік фирмаларды мемлекет тарапынан қолдаудың екінші бір бағыты заңдық және нормативтік – құқықтық базадан бөлек, осы процесске қолдау көрсетудің қаржылық – ұйымдастырушылық формалар мен әдістердің жаңа прогрессивті түрлерін тарту және іздеу.
Банк қызметінің дамуы – банк жүйесінің тұрақтылығы мен қалыптылығы санын, банк ісінің мәдениетін арттыруға және екінші деңгейдегі банктер қызметін сапалы реттеуді талап етеді. Сондықтанда банк жүйесінің қаржылық тұрақтылығы қамтамасыз етілуі керек. Ұзартылған негізде банк қызметінің тәуекелдерін басқару және қадағалау әдістерін жетілдіру туралы нақты сипаттама беру қажет.
Қазақстанның қаржы нарығы ірі клинттерге қызмет көрсетіп банктермен ғана емес, банктік емес қаржылық мекемелермен, соның ішінде сақтандыру компаниялары кәсіпкерлік бизнесті несиелеудегі банк тәуекелдерінің проблемасын көп жағдайда төмендетеді.
Бұдан бөлек банктер жұмысының тұрақтылығына банк аралық несиелеудің – банктердің кепілденген міндеттеме қорларын дамыту масштабы да өз деңгейінде ықпал ете алады.
Сонымен қатар, инвесторлардан қарыз алушыларға бағалы қағаздарды қолдау арқылы, қаржылық ағымдардың ұйымдасқан түрде қозғалысын қамтамасыз етуші қор. Нарығының қалыптасуы мен дамуының іс – шараларын қамтамасыз ету керек. Бұл өз кезегінде белгілі жағдайда кәсіпкерлік фирма субъектілерінің бағалы қағаздар нарығында өз акцияларымен қатысуына, өздерінің қаржылық мәселелерін өздері шешуге мүмкіндік береді.
Ерекше тоқталып өтетін осындай потенциалдардың механизмі – қаржы лизингі. Бұл мәселе осыған сәйкес заң қабылданған соң, орнынан қозғалуы. Соның өзінде әлі шешілмеген проблемалар жетерлік. Бұл заңды жүзеге асыруда белгілі бірқатар жеңілдіктерді практикада қолдану мүмкін емес.
Орта және ұзақ мерзімдегі несиелеуді бүгінгі күні банк жүйесімен жүзеге асыру өте қиын, мұны тек ипотекалық несиелеу нарығы, қозғалмайтын мүлік нарығы және қаржы нарығының арасындағы байланыстарға негізделген, ипотекалық несиелеу жүйесін ұйымдастыру кезінде ғана мүмкін. Негізгі проблема ипотекалық енсиелеуде қолданылған қорларды қалай қайта қаржыландыру қажет жаңа енсие беру мақсаттары бойынша.
Дамушы көптеген елдердің тәжірбиесі көрсеткендей, өндірістің тез құлдырауы мен мемлекеттің қаржылық жүйесінің қалыпсыздығында міндетті түрде инновациялық қызмет кешенін ұстап тұру қажет. бірақ шағын инновациялық бизнесті қолдау туралы арнайы заң немесе бағдарламалар жоқ.
Несиелеудің тағы бір формасы енсиелік серіктестіктер және одақтар негізінде өзін — өзі несиелеу формасы. Бірақ Қазақстанда мұндай қаржылық – экономикалық бірлестіктердің қалыптасуы мен дамуы толық деңгейде заңдық базаның болмауы кедергі келтіреді.
Соңғы жылдары тікелей қаржыландыру мен бюджеттік қаржыландырудың біріккен әдістері жеткілікті деңгейде де тиімділігін көрсететті. Бірақ оны жүзеге асыруда дәйектілік жоқ.
Кәсіпкерлік фирмалар мемлекеттік қолдаудың маңызды формасы оларды мемлекеттік тапсырыс жүйесіне тарту барысы. Кәсіпкерлік бизнесті дамыту қоры – кәсіпкерлік фирма кәсіпорындарына тендерлік кепілдік және тендерге қатысушы кәсіпкерлік бизнес субъектілерін қаржыландыру арқылы мемлекеттік тапсырыстарды орналастыруды ынталандыру сұрақтарын шешуге көмектеседі.
Барлық әлемге тән кәсіпкерлік фирмалар мен кәсіпорындардың ірі кооперациясын қолдану қажет.
Қазіргі кезде ірі кәсіпорындар және кәсіпкерлік фирмалардың байланыстары енгізінен сауда – сатып алуға бағытталған. Ірі кәсіпорындарға өндірістік сипатқа тарту үшін, ірі кәсіпорын айналысына бір қатар кәсіпкерлік өндірістік кәсіпорындарды негізгі өндіріспен технологиялық байланыста біріккен кәсіпорындарды ұйымдастыру.
Бұл кәсіпкерлік фирмаларды мемлекет тарапынан қаржылық қолдау көрсетуді мүмкін бағыттарының қосымша күшейтудің толық тізімі емес. Біздің пікірімізше, осы айтылған бағыттардың проблеманы шешуде коммулятивті эффект берері сөзсіз.
Біздің бағалық есептеуіміз бойынша, көп факторлы модельдерді (үлгілерді) қолдану негізінде ұсынылған іс – шаралардың дамуы экономиканың нақты секторын несиелеудің жалпы көлеміндегі кәсіпкерлік бизнесті несиелеу үлесін жыл сайын 1,83 пайызға, кәсіпкерлік фирмаларды несиелеу кезіндегі банк тәуекелдерін бағалауда сенімділік деңгейін 3,33 пайызға өсіреді.
Қорытынды
Нарықты экономиканың дамуына әлемдік тәжірбие көрсеткендей кәсіпкерлік фирмалар субъектілерінің экономикадағы орны ерекше. Себебі, кәсіпкерлік фирма бизнесі — нарықты экономиканың кез келген өзгерістеріне орынды, бәсекеге қабілетті, өз қызметін ауыстыруға мүмкіндігі бар, және өз капиталымен елдің жалпы ішкі өнім өндіруге өзіндік орын алады. Сондықтанда кәсіпкерлік фирмаларды Қазақстан экономикасында пәрменді дамыту, оған мемлекеттік қолдау көрсету – бүгінгі күнгі өзекті проблемалардың бірі.
Қазақстан экономикасындағы бүгінгі қалыптасқан жүйе бойыеша кәсіпкерлік бизнесті өз деңгейінде дамыту мақсатында мемлекет тарапынан бірнеше құқықтық, нормативтік актілер мен заңдар, кәсіпкерлік фирмаларға қаржылай қолдау көрсету және дамытудың мемлекеттік бағдарламалары мен іс – шаралары жүргізілуде. Осы бағытта дипломдық жұмыстың негізгі зерттеу объектілері мен субъектілері — Қазақстандағы кәсіпкерлік фирмалар субъектілерінің тиімді жұмыс істеу ауқымын және олардың қаржылық жағдайларын анықтау және тиімді, ыңғайлы әдістер мен тәсілдермен кәсіпкерлік фирмалар субъектілерін несиелеу оларды талдау және олардың негізгі проблемаларын анықтау.
Қазіргі таңда кәсіпкерлік фирмалар субъектілері жалпы ішкі өнімнің 20 пайызға жуығын өндіреді, мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігін қамтамасыз етуде де алдынғы орындарда. Мемлекет тарапынан соңғы қабылданған 2008-2009 жылдарға арналған кәсіпкерлік бизнесті мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламасы да, кәсіпкерлік фирма бизнесін дамыту үшін негізгі проблемалардың басым бөлігін қамтыған. Соның өзінде әлі де кәсіпкерлік фирмалардың негізгі проблемаларының бірі қаржат тапшылығы.
Кәсіпкерлік фирмаларды қаржыландыру қазіргі кезде, республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен біршама (бағдарлама бойынша жылына 50 млн теңге бөлу қарастырылған) халықаралық қаржылық институттар: Азиялық даму банкі, Еуропалық қайта құру және дамыту банкілері, және Республикадағы екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады. Қаржыландырудың лизингтік, франчайзингтік түрлері, ипотекалық несиелеулердің қалыпты механизмдері әлі қалыптаспаған. Негізі несие алу көздері — екінші деңгейлі банктер. Қабылданған заңдар, нормативтік актілер, мемлекеттік бағдарламалар негізінде кәсіпкерлік фирмалардың дамуына біршама ықпалды климат жасалсада, негізгі несие көздері жеткілікті десекте, ұйымдастырушылық бағыттағы мәселелер жетерлік.
Қазіргі несие алу кезіндегі кәсіпкерлік фирмалардың негізгі проблемалары:
1) Несие алу үшін жинайтын қағаз жұмыстырының көптілігі;
2) Әлі де болса несие төлем ақыларының ставкасының жоғары болуы;
3) Берілген несиелердің қысқа мерзімге берілуі;
4) Жаңа бастаған кәсіпкерлердің несие алуға мүмкіндік жоқтығы;
5) Кепілдікке қойылған жылжымайтын мүліктің өз құнынан екі – үш есе төмен бағалануы;
7) Банктерде кәсіпкерлік фирмаларды несиелеуде қандайда бір жеңілдіктерді қарастырмауы.
Осы аталған проблемаларды шешуде өз кезегінде мемлекеттің бақылауы мен реттеуі, экономикалық қызметінің орны маңызды.
Қорытындылай келе, қазіргі кездегі кәсіпкерлік фирмаларды несиелеудегі негізгі проблемаларды шешу үшін келесі іс – шараларды ұйымдастыру қажет.
1) Аймақтық деңгейде кәсіпкерлік фирмаларды несиелеу үшін коммуналдық есептегі жылжымайтын мүліктер қорын кепілге тарту.
2) Банктің кәсіпкерлік бизнесті несиелеуін ынталандыру мақсатында Ұлттық банк тарапынан, қайта қаржыландыру ставкілерінен төмендетуге ұмтылу.
3) Банктің кәсіпкерлік бизнесті несиелеуін ынталандыру мақсатында банктерде салық салуда бір шама кепілдіктер ұйымдастыру.
4) Қаржыландырудың несиелеуден бөлек лизинг, франчайзинг, ипотекалық несиелеу механизмдерін дамыту және қалыптастыру.
5) Кәсіпкерлік фирмаларды несиелеудегі мемлекет, банк, кәсіпкерлік бизнес субъектісі де ыңғайлы тиімді тәсілдерді ұйымдастыру, атап айтсақ, а) банктермен кәсіпкерлік несиелеудің кешенді жетілдірген үлгісін қолдану; б) Мемлекет, кәсіпкерлік фирмалар, банк үшін үш жаққа да тиімді несиелеу механизмін жүзеге асыру және қарым – қатынастарын жетілдіру.
6) Кәсіпкерлік бизнесті несиелеуде өзара серіктестік несиелеуді ұйымдастыру.
Аталған шаралар өз деңгейінде жүзеге асырылған жағдайда біздің есеп бойынша кәсіпкерлік бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесін орта есеппен 30 пайыз тұрғындардың жұмыспен қамтылуын 3 млн адамға өсіруге болады. Бұл өз кезнгінде Қазақстан экономикасының дамуында кәсіпкерлік фирмалардың пәрменді жұмыс істеуінің негізгі нәтижелері – болып саналады.
Қолданылған әдебиеттер
- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауы // Оңтүстік Қазақстан 10 наурыз, 2009 жыл
2.«Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» ҚР заңы.
- «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» ҚР заңы.
- «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР заңы.
- «Еркін кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік кепілдігін жүзеге асырудың қосымша іс – шаралары туралы» ҚР Президентінің жарлығы.
- «Шағын кәсіпкерлікті белсенділігін дамыту және мемлекеттік қолдауды күшейту туралы» ҚР Президентінің жарлығы.
- 2007-2009 жылдарға Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.
- Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың аймақтық бағдарламалары және артықшылықтары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы.
- Агеев А.И. Предпринимательство: проблемы собственности и культуры.
- Банковское дело. О.И.Лаврушин – М: «Банковский и биржевой научно – консультационный центр»
11.Статистический ежегодник Национального Банка РК.
12.Программы развитий малого бизнеса Казахстана по линий ЕБРР.
13.Малое предпринимательство: теория, мировой опыт Казахстан.
Под.редакций Е.Б.Жатканбаев. Алматы «Қазақ университеті» 2005.
14.Статежегодник – 2008.
14.Дауранов И.И. Проблемы развития малого бизнеса в Казахстане. Журнал. «Альпари».
15.Ланбаев Н. Кәсіпорынның әлеуметтік маңызы. Журнал. «Қазақ тарихы». 2005 ж
16.Нурсит Н. «Текущее состояние и проблемы кредитования малого бизнеса в РК» Журнал. Банки Казахстана N1. 2004ж.
17.Дауранов И. Рудецких А. «Кредитование субъектов малого бизнеса». Журнал. Банки Казахстана N11. 2004 ж.
18.Программа малого бизнеса Казахстана. 20 июня 2004г.
19.Программа кредитования малого бизнеса по кредитной линии ЕБРР. Журнал. Банки Казахстана N 3. 2004г.
20.Әлжанов А. «Шағын және орта кәсіпкерлік: шет елдегі тәжірибие». Журнал «Қаржы-қаражат».
21.Байжанова Р. «Шағын кәсіпкерлікті қаржылық жинақтандыру тетіктері». Журнал «Қаржы – қаражат» N1.
22.Рахимбаев А. «Помощь малому и среднему бизесу в Германий» Қаржы – қаражат N2. 2004г.
23.Абжанов Д. «Практические аспекты совершенствования финансовой поддержки малого бизнеса». Қаржы – қаражат.
24.Абжанов Д. «Схема и оценки эффективности кредитования малого бизнеса». Қаржы – қаражат. N3. 2005г.
25.Абжанов Д. «Некоторые вопросы совершенствования взаимоотношении государства, банковской системы и малого бизнеса». Журнал. Қаржы – қаражат. N2. 2005г.
26.Калдаров Д. Лизинг – как эффективный метод кредитования малых предприятий.
27.Еламанов Р.С., Мушрапилов «Малый бизнес и банки: поблемы кредитования. Сборник научных трудов аспирантов и магистрантов» 2005г.
- Керімбетов С.Н Кәсіпкерліктің жаңа формаларын ынталандырудағы мемлекеттің рөлі // Аль-пари 2008. № 3-8б.
29.Ертазин Х.Н Проблема малого средного бизнеса. // Транзитная экономика 2008. №5-7б
30.Наурызбекова Л.Е Особенности регионального развития малого бизнеса за рубежом // Вестник КАЗМУ серия экономическая 2008. № 3-3б
31.Қазақстан республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы//Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметінің Актілер жинағы 2005. №49-6б