АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудегі мемлекеттік символдардың рөлі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБИЛКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудегі мемлекеттік символдардың рөлі

 

 

 

ТҮРКІСТАН — 2009
Мазмұны

Кіріспе

І бөлім. Балалардың мемлекеттік символдар туралы когнитивтік
қатынасы

1.1 Париоттық тәрбиедегі конгитивтілік мәселесі
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін
қалыптастырудың педагогикалық тұрғысы.

ІІ бөлім. Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудегі мемлекеттік
символдардың рөлі мен маңызы
2.1 Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде көркем шығармаларды
пайдаланудың рөлі
2.2. Балаларды мемлекеттік символдарға деген когнитивтік
қатынасын тәрбиелеудің маңызы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

 

Кіріспе

І БӨЛІМ. БАЛАЛАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СИМВОЛДАР ТУРАЛЫ КОГНИТИВТІК ҚАТЫНАСЫ

1.1 Париоттық тәрбиедегі конгитивтілік мәселесі

Бүгінде Қазақстан Республикасындағы әрбір ұлт, әрбір халық санына қарамастан өздеріне тиісті, лайықты орындарын алған. Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте жекелеген этностар өкілдерінің ұлттық патриотизмі елде тұратын барлық халықтың ортақ патриотизмімен байып отыр. Ал көпұлтты мемлекеттегі адамдардың патриотизмі олардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетімен бірлікте қарастырылады.
Президент Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, 90 пайыз қазақстандық ұлтына қарамастан, өздерінің Отаны Қазақстан деп есептейді.
Бұл құптарлық жай, өйткені қазақстандық патриотизм азаматтың, қоғамның, мемлекеттің ортақ күш-жігеріне келіп саяды. Қазақстан — өз Әнұраны, Елтаңбасы, туы, жері бар мемлекетіміз деген ұғым қоғамда түпкілікті қалыптасуы керек және оны сүю, қорғау осы қоғамда өмір суріп жатқан барша адамның міндеті болмақ.
Негізінен патриотизм көпұлттылық және ұлттық бөліктерден тұрады. Ұлттық патриотизм әдетте адамдардың белгілі бір ұлтқа тән екендігімен, өз тілімен, мәдениетімен, сол аймаққа тән дәстүрлерімен тығыз байланысты.
Ал интернационализмді әрбір адамның өзін сол мемлекет халқының бір бөлігі ретінде сезінуінен түрлі ұлттық қауымдастық өкілдерінің ортақ Отанына деген сүйіспеншілігі мен шын берілгендігінен көруге болады.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жағдайында барлық ұлттардың ортақ сана-сезімін қамтитын интернационализм идеясы мен ұлттық патриотизм идеясының біртұтастығы қажет. Оның темірқазығы — Қазақстанды осындағы барлық ұлттардың өз Отаным деп сезінуі болмақ.
Жалпы қазақстандық патриотизм дегеніміз — өзіңді республика халқының ажырамас белігі, ортақ Отан ретінде Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік сезімі мен берілгендік, азамат ретінде халық пен елдің мүддесін қорғайтын борышты сезіну болып табылады.
Қазақстандық патриотизмге басқа халықтарға деген сыйластық, бүкіл адамзатты құрметтеу турғысынан қарау керек.
Міне, осы сапаларды оқу-тәрбие барысында студент жастар бойына сіңіру бүгінгі куннің өзекті мәселөлерінің бірі болып отыр. Ол үшін жастарды патриоттыққа тәрбиелеу ісін мемлекеттік тұрғыда қолға алу керек. Патриоттық тәрбие жалпы тәрбиенің құрамдас бөлігі және жастардың патриоттық, жоғары азаматтық сезімін қалыптастыруға бағытталатын мақсатты ұйымдастырылған және басқарылатын психологиялық-педагогикалық үрдіс болып табылады.
Патриоттық тәрбие негізін дамытудың мәні жеке тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін көрсететін және қалыптастыратын идеялық-адамгершілік, моральдық еріктілік, еңбек және дене сапаларын тәрбиелеудегі ішкі байланыстарды анықтау және саралау болып табылады.
Патриоттық тербиеде қолданылатын іс-әрекөт түрлері тәрбие процесінің нақты мазмұнын анықтайды. Ондай іс-әрекеттерге оқу-танымдық, спорт-қорғаныс, ойың еңбек, қоғамдық-саяси, көркемдік-эстетикалық іс-әрекеттерді жатқызуға болады.
Студенттің патриоттық іс-әрекетке дайын болуы оның өзін-өзі тәрбиелеу, өзіндік таныту шегіне көтерілуімен де анықталады.
Бұл іс-әрекеттердің жүзеге асуы оқытушылардың оқу-тәрбие жұмысына шығармашылық кезқарас тұрғысынан келуімен тығыз байланысты. Қазақстан жағдайындағы патриоттық тәрбие оқу және оқудан тыс тәрбие жұмыстарының бірлігінде, жастардың дербес ерекшеліктерін есепке ала отырып, тәрбие әдістерін және тәрбие ісі технологияларын мақсатты түрде таңдап, олардың уздіксіз өзгеруі мен күрделенуінің, кеп түрлі болуының нәтижесінде ғана жүзеге аспақ.
Ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әрбір оқытушы өз тәрбие жұмысының негізгі мақсатын от жүрегі Отан деп соғатын жастар тәрбиелеу деп алса, ұлт болашағына, ел тыныштығына сеніммен қарауға болады.
Алматы қаласы.
Музыка сабағы арқылы ұлттық тәрбие беру. Тәрбие ісі адамзаттың бүкіл даму тарихымен қатар жүріп келеді. Тәрбие — бір ұрпақтың өмір сүру тәжірибесін екінші ұрпаққа жалғастырушы үрдіс. Осы арқылы дамытады және адамның дамуына басшылық жасалады. Қазақ халқы бала тәрбиесіне өте үлкен жауапкершілікпен қараған. Тіпті жазу-сызу мәдениеті қалыптаспаған дәуірдің өзінде де ұшы-қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерінің тарихында жас буынға тәлім-тәрбие берудің басқа ұлтта қайталанбайтын бай тәжірибесін жинақтап, өзіндік салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр-рәсімдерін дүниеге әкелді. Олардың әрқайсысы өзіндік ерекшеліктерімен бала тәрбиесіне ете үлкен ықпал жасайды.
Қай ұлт болса да оның үлттық үрдісі, өзіндік әуені, білікті қасиеті, ұлттық болуы арқылы болашақ ұрпағының төл келбетін қалыптастырады.
Бүгінгі заман талабы — еліміздегі болып жатқан саяси-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени өзгерістерге байланысты жас өспірімдердің тәрбиесіне жаңа тұрғыда қарауды талап етіп отыр. Қазіргі кездегі тәрбиенің басты мақсаты ұлттық сана-сезімі оянған, мәдениетті, рухани ойлау дәрежесі биік, шығармашылықпен қызмет атқара алатық қоршаған табиғи ортаға, әлеуметтік ортаға икемді, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру болып табылады.
Қазіргі кездегі жалпы білім беретін мектептердің оқулықтарының мазмұны қазақ халқының өмір тәжірибесіне, әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне, рухани қазынасына, саяси әлеуметтік, эканомикалық ерекшеліктеріне ыңғайланып жасалуда. Бұны біз ұрпағымыздың бойына ұлттық құндылықтарымызды, қасиеттерімізді сіңірудің қажеттілігінен туындаған жағдай деп түсінуіміз керек. Яғни, ұрпағымызға ұлттық тәрбие беру қажет. М.Жұмабаев бұл мәселе жөнінде былай деп ой түйеді: «Әрбір ұлттың балаға тәрбие беру туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтаң әрбір тәрбиеші, сөз жоқ ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті. Және әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет атқаратын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол үлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті».
Әр ұлт өз ұрпағына ұлттық тәлім-тәрбие беру арқылы ғана ұлттық болмысын, бейнесін сақтап, дамыта алатыны белгілі. Ал ұлттық тәрбиенің қайнар көзі фольклорымызда екені даусыз. Себебі дәстүрлі мәдениетіміздің ұмыт бола бастаған қай түрік қай саласын болса да сол «фольклорымыздан тауып, ажыратып ала аламыз. Біз бұл жерде ұлттық тәрбиенің көздерін музыкалық фольклордан қарастырмақпыз.
Патриоттық тәрбие мемлекеттік символдар арқылы және мемлекетіміздің ата-бабамыздан сақталынып келе жатқан құндылықтары арқылы танымдық қатынасы тәрбиеленеді. Жүріп өткен тарихи тағылымдарға көз жүгіртетін болсақ, таным сөзі психологияда когнитивтілік терминінде пайдаланылған екен. Осы тұрғыдан алғанда мемлекеттік символдарды танымас бұрын психологиялық тұрғыда мемлекеттік символдарды конитивтендіру мәселесіне көз жүгіртейік.
Когнитивті психология адамның дүниені тануы, мәліметтерді талдауымен қоса, тұлғаның түрлі туындап отырған ситуациялар мен мәселелерді қалай парасатты шешетіндігін, яғни адамның когнитивті қабілетінің дамуы қалай жүретіндігінде қарастырады.
Брунердің когнитивті тұжырымдамасында (1966), біздің әлемді тануымыз сезімдік және қозғалыстық сипатта болады: ешбір ой біздің сезім және әрекеттік белсенділігімізсіз болмайды деп көрсетеді. Сондықтан шындықты сенсоматорлық бейнелеу балалық шақта шешуші роль атқарады.Дүниені бейнелеудің келесі тәсілі – иконикалық бейнелеу. Мұнда қабылданған нақты объектілер ес-жадында образ түрінде, ойлы образ түрінде жүреді. Жеткіншек жаста дүниедегі образдарды иконикалық бейнелеуі енді заттық формадан енді түсініктерді символикалық бейнелеумен толығады. Мұнда, дүниені қабылдау образдары тілді пайдаланумен шектеледі. Брунердың айтуынша, тіл – когнитивті процесті дамытудың ең негізгі құралы.
Швейцар психологі Жан Пиаже (1896-1980) «адам шындық дәрежені қалай таниды» деген мақсат қоя отырып, баланың ойлауының даму заңдылығын зерттейді. Сөйтіп, мынадай қорытындыға келеді: «когнитивті даму ол біртіндеп болатын процесс және ол бірізділікте болады және ол бірнеше кезеңнен тұрады. Баланың интеллектілік дамуы баланың не білетіндігі мен сол білуге деген талпысы арасындағы үнемі болатын тепе-теңдік ізденіс нәтижесінде болады. Мұны барлық балалар басынан өткереді. Дегенмен кейбір осы кезеңдердің барлығын басынан өткізгенімен, оларда белгілі бір кезеңде бір немесе бірнеше қажетті фактілерді жетіспеуіне байланысты дамуында тежелу немесе блокодалық болады. Алға жылжу жүйке жүйесінің жетілуі, түрлі заттармен айналысу тәжірибесінен және тіл тәрбие сияқты әлеуметтік факторлардың бірлескен әсерімен белгіленеді.
Тұлғаның когнитивті теорясы «танушы», «түсінуші», «талдаушы», сияқты адамның түсінуінен барып шығады. Адам мәліметтер әлемінде өмір сүреді, ол оны түсінеді, бағалайды, пайдаланады.
Адам әрекетінде үш түрлі компонент бар:
1. әрекеттің өзі;
2. ой ;
3. сезімі
және мұның барлығы белгілі-бір әрекетті орындау барысында болады.
Сырттай қарағанда бірдей болып көрінетін әрекеттің өзі ондағы ой мен сезім түрліше болуына байланысты әр түрлі болады. Ондағы ой мен сезім түрліше болуына байланысты.
Субъективті ситуацияны интерпретациялау сол ситуацияның «объективті» мәніне қарағанда, бұл факторға шынайы шешім қабылдау деген сөз. Өзі қатысып отырған әрекетте, адамның ситуацияны әртүрлі «көруіне» байланысты талдама берушілік (интерпретациялық) әр қилы болады. Нақты ситуациялық схеманы өзіндік интерпретациялау өзіндік ішкі өзгермеліктерімен байланысты:
— адамның өзінің болашақ мінезінің болу себебін болжауының жетіспеушілігінен;
— нақты ситуациялық жағдайға тап болғанда адамның сол кездегі уақыттың аздығы немесе білімінің жетіспеушілігі немесе т.б. себептер мәселені жан-жақты талдауға мүмкіндік бермейтіндігінен;
— шешім қабылдау қажет болған жағдайда оған таңдау мүмкіндігі беріле бермейтіндігі;
-белгілі бір әрекет атқаруда эмоциональдық жағдайдың басымдылығынан дұрыс шешімнің қабылданбауы.
Міне ,мұның барлығы әрекетті қажет етеді.
Әрекет — ол мәлімет көзі, өзі туралы немесе өзге туралы пікірді өзгертуге немесе қалыптастыруға сол әрекет мүмкіндік береді. Олай болса, адамның реакциясынан кейін өзінің белгілі-бір мінезінің субъективті талдауды жүзеге асырады, оның жетістік деңгейі тиісті түзету немесе болашақ туралы белгілі бір қорытынды жасауына байланысты болады.
Психолог Зимбардо, антиәлеуметтік мінез формаларын зерттей отырып жағымды әрекеттің көп бөлігі ситуациялық және тұлға аралық факторды талдау көмегімен түсіндіріледі. Ең жақсы деген адамның өзі күрделі жағдай мен ситуацияларды қателесіп жатады. Ситуациялар адамның жоспарын, ниетін, қарым-қатынасының орындалуында кедергілерге кезігеді немесе жүзеге асыру потенциалының артуына күш береді. Ситуациялық құбылыстарда тап бола отырып немесе оны арнайы құра отырып, адам мінезін күрт өзгертуге болады және керісінше, көп күш жұмсай отырып, адамға сырттай әсер етудің нәтижесінде де өзгертуге болады деген қорытындыға келеді.
Психолог Эллис, адамның дұрыс емес мінез-құлқы ең алдымен «белсенді ситуацияларды» тудыратын ақыл жетпейтін (ирроционалды) ойға байланысты деп есептейді. Бұл жағдайда адаммен бірлесіп сол жағдайға тап болдырған ситуациялық жағдайды талдау керек. Терапевтің негізгі міндетіне пациентінің ойлау процесін зерттеу және ойлау мазмұнын оның санасына иррациональдық моменттерді жеткізу кіреді. Адамның болған оқиғаны объективті қабылдауға үйрету жаңа әрекет шешімін іздеуге алып келеді. Міне, осылай мінезді бейімделмеген формасы біртіндеп жаңа, барынша тиімді формамен алмасады, яғни адамдағы ой модификациясы (түр өзгертушілік) мінездің өзгеруіне алып келеді.
Американ психологі А. Бек, «адамның қалай ойлайтындығын олардың қалай сезінетіні мен қалай әрекет ететінін айқындайды». Эмоциональдық жағдай паталогиясы мен адекватты емес мінез «бейімделмеген» когнитивті процес нәтижесінде болады. Сондықтанда, когнитивті терапияның мақсаты «дисфункциональды сенім модификациясы мен мәліметті қайта өңдеудегі қате тәсілмен шектеледі». Қабылдау және ойлауды өзгерту аударуға әсерленушілік модификациясы мен мінез-құлық реакциясына алып келеді. Бек «автоматты ойда» белгілеп және феноменін сипаттады, ол ағымды мәліметті қайта өңдеумен байланысты, олар еріксіз, жылдам, бейсаналы және тікелей эмоциональды және мінез реакциясына алып келеді. Бек, эмоциональдық бұзылуда (қамыққа, тынышсыз аффект, жоғары қозушылық) автоматты ойлау белгілі-бір өзіне тән ерекшеліктерді айырады: қайғыру- жоғалту ойлауына лайықты қойылады, қаһарлану – қандайда бір стандарттың бұзылуы туралы ойлау; қамығу — өзі, дүние, адамдар, болашақ туралы негативті мазмұнды ойлау; үрей – сыртқы қорқынышты ойлау және онымен өзінің күресе алмайтынын белгілейді.
Автоматты ойға бейімделмегендік сыртқы ситуация бағалаудың қателігі базистік алғышарт негізінде жатқан дисфункциональдықпен түсіндіріледі. Базистік алғы шарт ол адамның өзі және айналадағы қоршаған дүние туралы терең түсінігін көрсетеді, онда оның барлық өмірлік тәжірибесі бар, әсіресе балалық шақтағы көңіл-күйі мен отбасының әсерін онда негізгі рольде болады. Психикалық бұзылушылығы бар адамдарда белгілі-бір базистік алғы шарттардың дисфункциональдығы, оның сол ағымдық ситуацияны қабылдау мен бағалаудың теріс болуына итермелейді және соған сәйкес жағымсыз эмоция мен адаптацияланбаған әрекетті басынан өткізеді.
Психотерапевтің пациенттің сол идеяны болжам ретінде көз алдына келтіріп, пациентпен бірге сол болжамның валидтілігін тексеруге және альтернативті ізденушілікті жүзеге асыруға көмектеседі; егерде алғашқы жағдайда идея империялылығы дәлелденбесе, онда пациенттің автоматты ойлауын айқындап, базистік алғы шарт дисфункциональтығын танып және оның бағытын түзету керек
Тұлғаны когнитивті тұрғыдан қарастырғандардың бірі-Д. Келли. №2 кестеде қарастырылады.
Когнитивті бағыт интелектуальдық немесе ойлау процестерінде адамның мінезіне әсерін болатынын көрсетеді. Джорж Келли – осы бағытты бірден-бір негізін қалаушы. Келлидің пікірінше, кез – келген адам – жеке басының қайғысын өзінше зерттеуші, оның түсінуге талпынушы, өз ісіне талдама беруші, болжаушы және бақылаушы және мұның барлығын ол өзінің бұрынғы тәжірибесі мен болашақ туралы болжам негізіне сай жасайды деп көрсетеді. Объективті шындық болғаныменде оны адамдар әр түрлі сезінеді, кез – келген оқығанын әр түрлі қырынан қарауға болады және адамдарға қайғының ішкі дүниенсін талдама жасауда немесе тәжірибелік оқиғаның сыртқы дүниесін тануға үлкен мүмкіндіктер жиынтығы беріліп отыр. Кез – келген адам шындық туралы өз болжамдарын ұсынады, ал оны өмірлік жағдайларға байланысты болжап, бақылайды, болашақты болжауға және күтілетін нәтижесіне сай жоспар жасауға тырысады. Адамның болашақта бағдарлығы көпшілігінде өткен немесе қәзіргі кезде болып жатқан оқиғаға емес, болашаққа қарай бағдарланады.
Адамның өмір туралы көз қарасы ауыспалы. Өйткені бүгінгі көз қарасын кешегісімен немесе ертеңгісімен, бүнгісімен салыстыруға болмайды. Адам айналадағы қоршаған орта туралы түсінікті пассивті түрде қабылдап қана коймайды, оны белсенді қалыптастыру қабілетіне ие. Келли пікірінше, адам өз әлемін конструкт деп аталатын нақты жүйе немесе модель арқасында қабылдайды тұлғалық конструкт адамның өзінің тәжірибесін саналы түрде меңгеріп алу немесе талдама жасау, түсіндіру немесе сәуегейлену (болжама жасау) пайдаланатын идеясы немесе ойы ол белгілі бір шындықты аспектілері ұқсас және контраст терминінде адамның ойлануымен тұрақты тәсіл ретінде беріледі. Сол когнетивті процесс объектінің, оқиғаның ұқсастығын бақылау және олардың арасындағы айырмашылықты тұлғаның конструктылығын қалыптастыруға алып келеді. Конструкіні қалыптастыру үшін үш элемент қажет: оның екеуінің бір біріне ұқсас болуы, ал үшіншісі алдыңғы екеуінен айырмашылығы болуы тиіс. Сондықтан барлық тұлғалық кдонструкттар биполярлы және дихотомиялы. Адам ойлауы өмірлік тәжірибені екі түрлі термин ақ және қара да ұғынады, олар сұр түрінде көрмейді. Барлық конструктінің екі бір біріне қарама – қайшы полюстері бар : ұқсас полюс – екі ұқсас заты бейнелейді, ал контраст полюсі – сол заттардың үшінші элементке қарама қайшылығын көрсетеді. Тұлғалық конструктті мысал ретінде мынадай болуы мүмкін: «Ақылды – ақымақ», «жақсы – жаман», «әйел – еркек», «достық – қастық» және т.б.
Конструкт теорияны еске түсіреді, онда ол белгілі бір құбылыс диапазонын, ол дипозонның өзінің пайдаланушылық аясы барлық оқиғаларды қамтиды, онда конструкт релевантты және қолданбалы. Келли өткізгішті және өткізгішті емес деп айырады.
Өткізгішті конструкт – ол өз диопозонына әле талқыланбаған элементі пайдалануы, ол жаңа құбылысты түсіндіруге ашықтық береді.
Өткізгіштік емес конструкт – құбылыстың алғашқы негізін құрайды, жаңа тәжірбиебе талдама жасалуына жабық болып келеді.
Келли конструктіні жіктейді және оны мынадай етіп белгілейді:
1) Көндікпейтін жіктеудегі конструкт.
2) Констелляторлы конструкт.
3) Болжамалаушы конструкт.

Кесте 2
ТҰЛҒАНЫҢ КОГНИТИВТІК ҚАБІЛЕТ СИПАТЫ

Көндікпейтін (упредителны)жіктелуіндегі конструкт –бұл, бір жіктеуге енсе, ойлауы қайта қарауды немесе басқа талдама жасауды өзі үшін және өзге үшін де жоққа шығарады, өйткені ол құбылысты жаңа тұрғыдан көріп бағалауға мүмкіндік бермеуші ролінде болады.
Констелляторлы конструкт – бұл, құбылыс бір конструктінің белгілі бір категориясына жататын болса, оның басқа сипаттары жазылып қалады. Мысалы. «Егер адам сатушы болса, онда оның ұлты жоқ, әділетсіз, алдамшы» деген сияқты пікірлердің сол кәсіптегілерге жазылып, тек соларға тән болып қалуы. Егер адам сол категориялар тобына жататын болса, онда оны осында сипаттында қабылдайды.
Болжамалаушы конструк – бұл, жаңа тәжірбиеге ашық, алтернативті көзқарасты қабылдаушы, иілгіш, өзгермелі.
Көндікпейтін, констеляторлы, болжамаушы ойлаушы-конструкт құбылысы, затты, адамды түсіндіру үшін қажет.
Тұлғалық конструкт дегеніміз :
-жан – жақты конструкт- бұл өзіне кең спектрлі құбылысты ендіруші;
-жеке конструкт – құбылыс пен мүмкіндіктердің қысаң диапозонын қамтиды;
-негізг конструкт – адамның негізгі іс — әрекетін реттеуші;
-перифериялық констркт – негізгі құрылымды болар болмас өзгеріссіз, өзгертетін.
Біздің әрқайсымыз шындықты әлем картинасын жасауда қарама – қайшылықты емес қажеттілікте өз моделі немесе конструкт тәсілі арқылы қабылдаймыз. Егер конструкт болған оқиғаны дәл болжаса, адам онда оны сақтап қалады. Ал егер керісінше егер болжам анықталып бекітілмесе, ол жасалынған конструкт қайта қарастыруды немесе мүлдем алып тастау қажет етеді.
Конструкт валидтілігі – болжам тиімділігі сияқты көзқараспен, оның деңгейінің өзгермелігімен тексеріледі. Әрбір адам керемет конструкт жүйені меңгереді, ол оны өзінің өмірлік тәжірбиесінде талдама жасаудада пайдаланады. Адамдардың бір – бірінен айырмашылығы сол оқиғаны талдама жасауына байланысты. Екі адам егіз болғанмен немесе көзқарасы бірдей адам болғанның өзінде оқиғаны әр түрлі талдама жасайды. Әрбір адам шындықты өзінің керемет тұлғалық конструкт тұрғысынан түсінеді. Адамдар арасындағы айырмашылықтың болуы, ол оқиғаны әр түрлі көзқараста талдама жасауында. Адам шындықты түсіндірде оған әсер ететін оқиғаны сезіп қоюға үйренуімен түсіндіреді, яғни адам сол мезгілдегіні болшақты болжай білу есебінде өзінің керемет тұлғалық конструкт жүйесі арқасында қарастырады. Сонымен адам мінезі болашақ оқиғаны болжауымен белгіленеді.
Келли есептеуі бойынша, әрбір адамның конструктілі жүйесі бірегей және адамдар көзқарасына байланысты айырмашылықты болады. Өйткені әрбір адамның өзінің конструкт жүйеісінің көлемінде әрекеттеледі. Адам өзінің тұлғалық конструктісін иерархиялықта ұйымдастырады, өйткені бірге тірекспейтін және лайықсыздық минимумға дейін алып барады.
Адам бір-бірінен өзінің әлімі туралы түсінігінде пайдаланатын конструкт санымен типі мен ғана айырмайды, сонымен бірге өзінің конструктісін қалай ұйымдастыратынында ерекшеленеді. Конструкт пирамидті құрылымда ұйымдасқан, олардың кейбіреулері — бағындырушы ал, кейбірі бағынушы позицияда жүйесінің бөлігінде болады. Адам түрлі иерархиялық тұлғалық конструкт жасайды, бір адам жүйесіндегі бағынушы және бағындырушы конструкт болады. Келидің пікірінше, егер адам өзінің конструктісін ұйымдастыруды білетін болса, онда біз оның мінезін дұрыс міней аламыз. Тұлғаны тану дегенім – адам ретінде өзінің жеке тәжірбиесін түсіндіру, яғни білу дегенді білдіреді. Тұлға дегенде өзінің негізгі конструктісін ұйымдастыру жүйесінде түсіндіріледі және оқиғаны алдын ала болжаушы және қайғыру әлімінде талдама жасауды пайдаланады.
Адамдарда бірнеші конструкт бар. Соның көмегімен өзінің өміріндегі оқиғаларды талдама жасайды және оқиғаны болжау үшін әрбір күні қандай конструкт және қандай полюсті таңдауы керек. Егер адам алдына конструктіні таңдау тұрса, онда ол конструктілі құрылымды анықтайды және таңдауда барынша мүмкін болатын немесе оның әлемді түсінуін кеңейтетінді таңдайды. Конструктілі жүйе бағытты анықтауға, бағытты кеңейтуге қарай жасалады. Анықтауда – мүмкін болатын алтернатива таңдауды қамтиды және ол бұрынғы тәжірбиеге сүйенеді, конструкт таныс тәсілді пайдаланды. Кеңейтуде – оқиғаны түсінуі кеңейтуді, конструкт қолданбалы диапазонын кеңейту конструктілі бұрын белгілі оқиғалы болған үшін пайдалану сияқты алтернативалардың таңдауды қарастырады.
Адам жаңа немесе белгілі емес ситуацияларды жүзеге асыруда мынандай әрекеттері болады:
Бағдарлылық – таңдау – орындау, яғни, бірнеше мүмкін конструктіні жүйелі ойлап алу және солардың ішінен ситуацияны талдама жасауға ең жақсысы таңдалынады.
Таңдау – қандай алтернативті конструктінің барынша жүйелі анықтау немесе кеңейтуге алып келетіндігіне байланысты бағалану негізінде жасалынады және таңдалған конструкт адамның мінезін белгілейді. Осыдан барып, егер адам өзінің конструктісін өзгертетін болса, онда адам өзінің мінезін және өз өмірін өзгертеді.
Тұлғаның конструкт жүйесі дегеніміз – бұл, мәңгі өзгермелі өмірдегі болжам жиынтығы, ол үнемі тәжірбиеде тексеріліп тұрылады. Пайдасы бар конструктілер сақталынады, ал қалғандары қайта қарастырылады немесе шығарылып тасталады. Егер екі адам өмір туралы көзқарасты бөлісер болса жеке тәжірбиесін талдағаны және ол бір біріне жақын болса онда олар өздерін бірдей ұстайды.
Адамның ұқсас болуы өмірде кездескен оқиғаларды бірдейлігінде емес, сол оқиғалардың бірдей психологиялық мәнге ие болуна байланысты. Бір мәдениет өкілдерінің мінезінде, конструктісінде ұқсастық болады. Мәдениеттің әртүрлігі түрлі конструктіні көрсетеді. Әлеуметтік дара әрекеттестік болуы ең алдымен бір адамның екінші бір адамды шындықты сезінуін түсінуге деген талпынысын қарастырады; біреумен өзара әрекеттестігі жемісті болуы үшін, адам өзге адамның конструктивті жүйесін талдама жасауы қажет. Онда ол өзін сол адамның орнына қоя отырып, сол кездегі және енді болатын мінезін дұрыс түсінеді, болжай алады. Оптималды қарым – қатынас өмірге деген өзара түсіністікті шамалайды. Адам дүниені талдама жасауының бірдей болуы, егер олар ұқсас конструкт жүйесін ұқсас пайдаланса және әлеуметтік қарым – қатынас мәні біреулерімен сол адамның әлемді қалай қабылдайтындығын түсінуін талап ету болса болады. Адам дүниені бірдей қабылдамайтындығына байланысты мұндай адамдар ақырында дос болды.
Келли эмоциялық жағдайдың туындауын «конструкт» түсінігі арқылы түсіндіреді. Мысалы, адамның жолында кездескен оқиғаларға конструкт сай болмаса, онда ол адамда, белгісіздік, көмексіздік құрылым сияқты күйлер кешеді. Конструктінің стержінді жүйесі оның стерженді сай (кәсіби роль, ата – ана ролі жақын дос роліне) ендіреді және оны дұрыс орындалу барысында өзін кінәләу сезімі, адамда ұялу пайда болады және бұл мінездің өзіне қарама – қарсы екенін сезінеді. Егер оның конструктілік жүйесі белгілі бір оқиғаға байланысты өзгеріске түсетінін сезінсе, онда қуаттау немесе қайта қарау керектігін алға тартуы. Өз конструктісін өзгерту қиын және кей жағдайларда мүмкін де емес. Сондықтан ол олардың көзқарасы мен конструктісіне сай болуы үшін, әлемді, басқа адамды өзгертуге талпынады.
Кез келген тұлғаның психологиялық бұзылуы -мақсаттың жетістігіне жетудегі тұлғалық конструктісінің, жарамсыздығынан барып туындайды. Я Мұнда адам болатын оқиғаны болжай алмайды, осыдан барып дүниені тану және оны меңгеруге байланысты қиындықты басынан өткізеді. Келлидің пікірінше, депрессия өзінің перцевтивті алаңын минимумға дейін апарғанда жағдайда, оның мардымсыз шешім қабылдауының өзі қиынға соғады. Келли психотерапияның мақсаты — адамдардың конструктілік жүйесін өзгертуге, олардың болжам жасау тиімділік арттыруға, пациетке жаңа болжам жасауын дамытуға және оны апробациялауға, жаңа конструктінің адамдарға қолайлы болып, ол өз болжамын тексеріп көріп, сол конструктілік жүйені қалыптастыру мен қайта құруға және тиімді болжам жасауға көмектесу керек деп есептейді. Соның нәтижесінде барып қана ол өзін басқа, жаңа тұрғыда, тиімді адам тұрғысында сезінеді және талдама жасайды.
Келли, фиксированный рольде терапиялық әдісті пайдаланды және ол бірнеше кезеңдерден тұрады:
-пациент өзінің мінездемесін үшінші адам ретінде жазады (өз мінездемесін сыртекі түрде бақылаущы ретінде орындайды) соның негізінде өзін талдама жасауды және өзінің басқа адамдар мен қарым – қатынасын пайдаланатын конструктісін белгілейді;
-психотерапевт пациентке қолайлы конструктілік жүйені жасайды және «бір адам фиксированный роль» түрінде сипаттатады;
-пациент белгілі бір мерзім ішінде «фиксированный рольді» орындауда, өзін қалай алып баратындығы туралы ойлауы, ол арқылы өзінің жаңа қырын қалай ашатындығын, өз конструктісін түзетуін, өзінің нақты мінезін өзгерту ролін орындауды сұрайды.
Міне, бідің жоғарыда қарастырған мәселелеріміз тұтастау когнитивті психологиясының даму тарихы.

1.2 Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастырудың педагогикалық тұрғысы.

«Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – азаматтың қас жауы, ол келешекте оның барлық барлық өміріне апат әкеледі», — депті әл – Фараби бабамыз. Мұнан өз тағдырын өзін шешуге қолы жеткен халқымызға ұлттық рухани болмысты дұрыс қалыптастыру аса қажет екенін байқаймыз.
Отаннына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мәселесі – бүгінгі күннің білім беру жүйесі алдында тұрған маңызды міндеттерінің бірі.
Отан дегеніміз – халық. Халық дегеніміз – адам. Адамды сүю – оған жақсылық жасау. Ендеше отаншылдық – сонау ерте заманнан қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім. Халықтық құндылықтарға сүйене отырып, елдікке, ерлікке, азаматтыққа тәрбиелеудегі өлең — жырлар, мақал – мәтелдердің әсері ұтымды болатындығы туралы танымал педагогтарымыз айтып та, жазып та жүр.
Патриотизм мәселесі қай халықтың болмасын басты тәрбие бағдары болады. Патриоттық сезімді тәрбиелеуде түрлі құралдар пайдаланылады. Патриоттық сезімдер құралдарына:
1. Ұлттық құндылықтары – жер, ел, тіл жатады.
2. Ұлттық нышандары — Ел таңба, Ту, Әнұран.
3. Ұлттық мәдениеті – сөз, бейнелеу, саз, дене тәрбие және т.б.
4. Қазақ зиялыларының өнегелі іс — әрекеттері мен сөздері.
Халқымыздың отан сүйгіштік, патриоттық туралы, ұлттық мұрасының даму тарихына үгілетін болсақ, ХҮ – ХҮІІІ ғасырлардағы Асан Қайғы бастаған, Ақтамберді, Доспамбет, Шалкиіз, Бұхар, Махамбет т.б. ақын – жыраулардың поэзияларындағы тәлімгерлік ой пікірлерінен көреміз.
Жас ұрпақтың оның ішінде төменгі сынып оқушыларының төл мәдениетінен нәр алуы ұлттық фольклорымен тығыз байланысты. Қазақ халқының өте әрідегі ата – бабаларының өмір сүрген кезінен (ҮІ ғасыр, Түрік қағанаты) бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраның бірі – халықтық педагогика. Халық педагогикасының басты мәселелерінің бірі – ұлттық үрдістер тұтастығын сақтай отырып азаматтық, адамгершілік, патриотизмге тәрбиелеу болды. Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой – толғаныстары бесік жырымен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс — термелерде, жұмбақ — жаңылтпаштар мен мақал – мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні – адамгершілік – имандылық, ақыл – ой, еңбек, эстетика, дене, патриоттық тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі. Қазақ халқы бала тәрбиесімен арнайы айналысатын қоғамдық орындар (балалар бақшасы т.б.) ашпаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезіннен бастап — ақ өлең – жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ тәрізді мәтіндік ұлағаттармен санамақ, жаңылтпаш сияқты ойындар арқылы тәрбиелеп отырған. Ауыз әдебиетінің басқа түрлеріне қарағанда, мақал – мәтелдердің өзіне тән ерекшеліктері мен өзгешеліктері бар. Ол адам өмірінде, тұрмыс – тіршілікте, қоғамдық жайларда кездесетін әр түрлі құбылыстарға, тарихи мәні бар оқиғаларға берілген даналық баға, тұжырымды түйін есебінде қолданылады.
Отансүйгіштікке тәрбиелейтін мақал – мәтелдердің алатын орны өз алдына бір төбе. Мақал – мәтел ойды қысқа да ұтымды жеткізетін, өмір тәжірибесін қолдана айтатын сөздер. Онда ел, жер, халық, Отан жайында айтылған өнегелі сөздер өте көп. Мысалы, «Өз елім өрен төсегім», «Ел – жұрты бардың жұтамы жоқ», «Туған жердің күні де, күлі де ыстық», «Туған жер – тұғырың, туған ел — қыдырың», т.б. мән мағынасына зер салатын болсақ, ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін, жас ұрпақтың отансүйгіштік, патриоттық сезімін жетілдіру үшін қажетті қағидалар, бұлардың тәрбиелік мәнін түсіндіре отырып, бала тәрбиесінде кең пайдаланылды. Өзінің мақалдарында туған жер, ел – отанды аса жоғары бағалап ардақтаған халық енді оларды қорғау әрбір ер – азаматтың басты борышы деп біледі. Ел талап, ойран салуды көздеген шапқыншы жау болса, оған қарсы аттану, қасықтай қаны қалғанша, ақтық демі біткенше алысу, сөйтіп дұшпаннан Отанды қорғап қалу халқын сүйген әрбір ер жігіттің азаматтық борышы болатындығын көрсетеді. «Жат елдің жақсысы болғанша, өз еліңнің сақшысы бол», «Елін сүйген ер болар» деген мақалдар осының айғағы. Халық мақалдары ел қорғау, басқыншы жауды талқандап жену жолында ерлік жасаған, қара қылды қақ жарған, қиядан тартып жол салған, жау қамалын қиратқан, табан тірескен айқастарда тайсалып тартынбаған жігіттерді ардақтайды, абыройлы атақ пен даңққа бөлейді. Олардың халық сүйсінген ерлік істерін кейінгі ұрпаққа үлгі етеді.
Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған және ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрлардың бірі – жұмбақтар.
Жұмбақ — өскелең ұрпаққа білім берерлік, тәрбиелік мәні бар құралдардың бірі. Мақал адамның логикалық ойын дамытса, жұмбақ, жаңылтпаш жас баланың тілін жетілдіріп, табиғат өмір жағдайындағы түсінігі мен қиялдау қабілетін дамытады. Жұмбақ ең алдымен жас бөбектерге үйретілген. Оның өзі көбіне ұйқасқан өлең түрінде айтылатын болған. Алдында айтылған мақал – мәтелдер тәрізді жұмбасқтар да балаларды ерлікке отаншылдыққа, патриотыққа үндейтін маңызды құралдардың бірі. Өйткені көптеген жұмбақтардың астарында батырлық ел қорғаған ерлердің бойындағы бес қарулы жасырын түрінде айтылады. Мысалы: Белі қайқы, жоны тайқы. (қылыш).
Сүмбелі теректі,
Қызыл желекті.
Ерден қалмайды,
Жауда керекті. (найза)
Негізі, жұмбақты сөз образының кілті есебінде тануға болады. Жұмбақ ақындықтың ұрығы – дәні тәрізді. Жұмбақтардың шешуін іздеймін деген баланы ойына және қиялына әсер етіп қана қоймайды, сонымен қатар қылыш, найза тәрізді ер қаруын қолға ылып, елін жаудан қорғауға деген құштарлықтар пайда болады.
Аңыз әңгімелерде елдің мұңын мұндап, жоғын жоқтайтын қаһармандар өскелен буынға тәрбиелі де ізгі ықпалын тигізеді. Мысалы, көпшілікке мәлім, ұлы даланың абыз жырауы атанған Асан Қайғы туралы айтсақ артық болмас. Асан Қайғының халқы уайым — қайғыны білмейтін, жан – жануары жылына екі мәрте балалайтын жазы самал, қысы шуақты Жерұйықты іздеуі баяндалады. Желмаяға мініп тынымсыз сапар шегетін, Алтай мен Атырау арасындағы жер – судың қадір – қасиетіне қарай сипаттама беретін дала даңышпаны қартайған шағында жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрсе, ол халқы үшін жасаған қызметі.
Сол үшін де халқы да оны қадірлеген, оны кейінгі ұрпағына Асан Қайғының отаншылдығын, үлгі етіп ұсынған. Асан Қайғыдай ел ұлы болуға үндеген. Жалғыз Асан Қайғы емес, сонымен бірге Жиренше шешен туралы айтылған аңыз әңгімелерді де патриотизм туралы айтылған. Айталық, ұзақ мерзім бойы әз – Жәнібек ханның ақ ордасында болып, өзінің ұядай қосына анда – санда бір оралатын Жиреншенің екі тізесі сыртқа шығып жататын баспанасы жайлы «қайран менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім» деп айтатын қанатты сөзінде патриоттық ой жатыр. Өйткені, ел деген ұғым осы шағын қостан басталатынын, туған жерге деген сүйіспеншілік осындай түсініктен нәр алатынын қиыр жайлап, шет қонып жүрген көшпелі жақсы білген. Сондықтан, оны ұрпақығына өнегелі жол деп көрсетті.
Ертегілерге бай елдердің бірі – қазақ халқы. Қазақ халқының ой – қиялының жемісі болып саналатын ертегілер балалардың патриоттық тәрбиесінде аса маңызды рөл атқарады. Өйткені, ондағы патриотизм шығарма қаһармандарының туған еліне, кіндік қаны талған жеріне деген құмтарлығы ауыз әдебиеті нұсқауларының басқа жанрларына қарағанда ертегілерде анық байқалады. Мәселен, «Ер Төстік» ертегісіндегі оқиғалар бас кейіпкер өзінің елден ауып кеткен ағаларын іздеп тауып әкелуі, өз басына, еліне қауіп төндірген перінің қызы Бекторы мен Жалмауыз кемпірден құтылып, кек алуы жалаң батырлық емес, ізгі пейілді азаматтығын да байқатады. Халық ертегілері өткенді ғана баяндаумен шектелмейді, болашақ, келешек туралы қатты ойланады. Қазақ ертегілерінің басым бөлігінде ерлік, батырлықпен қатар үлкен адамгершілік, қайырымдылық ақыл, тапқырлық, мейірімділік пен парасат мадақталып, өскелең ұрпаққа – үлгі ретінде ұсыналады.
Отаншылдық, ел – жұртын сүю, азаматтық борышын атқаруға болатын халықтық рухани құндылықтың бірі – ар – намыс. Бұл – борышты атқаруға итермелейтін әлеуметтік күш. Осы тұрғыдан алғанда ар – намыс қазақ халқының бойына туа біткен ұлттық әлеуметтік — психологиялық ерекшелік болмысы және ол азаматтық елін, жерін, тілін сүюге отандық ойлау жүйесінің негізі болмақ. Сондықтан баланың жасынан ар – намысын қалыптастыру үшін халықтық ертегілердің, ер – азамат бейнесін сомдап, үлгі етіп, мақтанышын, ерлігін мадақтап тәрбиелеудің маңызы зор.
Қазақ ауыз әдебиетінің ертеден кем жатқан күрделі саласының бірі – батырлар жыры. Бұл жырлардың көпшілігі халықтың Отанды сүю, басқыншы жаудан елді қорғау, халық үшін емес ерлік еңбек ету идеясынан туған. Дәстүрлі қазақ эпосы – ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының айқын айғағы ретінде бүгінгі күні де халықтың жадында сақталып, ғасырдан – ғасырға, ұрпақтан – ұрпаққа асыл мұра болып жетіп отыр. Батырлар жыры бір ғасырдың ғана жемісі емес. Ол халықтың ертедегі тұрмыс – тіршілігіне, тарихына, қоғамдық өміріне байланысты туып, солармен бірге жасасқан. Елін, жерін қорғаған батырларды мадақтап жырға қосу арқылы халық жас ұрпақты ерлікке, өрлікке, мәрттілікке, ұлтжандылыққа үйретуге тырысқан. Мысалы, «Қамбар батыр» жыры еерсектермен қатар, кіші сынып оқушыларының қабілетіне сай шығарма. Қамбар батырдың ерлік істері, халқына сіңірген еңбегі балаларды қажырлы өжет іске бастайды.
Ұлттық ойындардың да балаға тигізетін пайдасын халық ертеден – ақ білген. Бәйге аттың озып келуі баланың батылдық пен өжеттілікке, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелейді. Жастайыннан ат құлағында ойнайтын қазақ баласы үшін бәйге ертеңгі әскери мектептің бір сынағы іспеттес. Қазақтың баласы жасы жетіге келгенде атқа мінгізіп үзеңгіні ұстатуы, ел болуға, өз ісіне жауапты болуға меңзегені де жақсы дәстүр. Бұл жерде баланың жетіге келгенде мектепке баруы да, оң – солын, танудағы алғашқы қадамы да кездейсоқтық емес.
Жалпы кез келген адам соғыс іс — әрекетінде немесе басқа жағдайда ерлік істерге бару үшін алдымен рухани тұрғыдан дайын болуы керек.
Адам өмірінде тәлім – тәрбиенің маңызының зор екенін терең түсінген олардың ешқайсысы да осы тақырыпты айналып өте алмады. Жалпы ұрпақ тәрбиесінде ұлттық ерекшеліктерде, халықтың тәлім – тәрбиені ұлттық құндылықтарын ескере отырып тәрбиелеудің тұтас жүйесін жасауда өткен ғасырдағы көрнекті ағартушылардың педагогтардың, қазақ зиялыларының алаш азаматтарының өнегелі істері мен ой – пікірлері патриоттық тәрбиенің құралы бола алады.
Қазақ зиялыларының тәлім – тәрбиелік беру жөніндегі құндылықтары елжандылық, халқы үшін адал қызмет ету екенін өз еңбектерінде терең түсіндіре алды. Ұлтжандылықтың, елін сүюдің ғажайып күш екендігін терең сезінген ежелгі қазақ ақын – жыраулары, ойшылдары өз шығармаларына осы тақырыпты үнемі арқау етті, көп көңіл бөліп, халықты елі үшін жанын жеда етуге, жастарды елжандылық рухы тәрбиелеуге баса көңіл бөледі.
Жастарды елжандылық рухта тәрбиелеу жауынгер жыршысы Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінде өзекті орын алады. Ол өз еңбектерінде жастарды ерлікке, Отан сүюшілікке, ар – намысты қорғауға, адамгершілікке уағыздайды. Ақынның қай өлеңін алсақ та, халыққа адал қызмет ет, еліңді, жеріңді жаудан қасық қаның қалғанша қорға, әділет үшін, халық үшін өкінбей өлу азамат ердің ісі деген аталы сөз өрнектеледі. Осындай халықшылдық идея, елжандылық сезім жастардың жүрегінен терең орын алып, оларды белсенді іс — әрекетке баулиды. Махамбет, Ақтанберді, Шал, т.б. ақын – жыраулар шығармасында ерекше сөз болатын ерлік, Отанын, елін жерін жаудан қорғай білушілік, отбасы, ауыл – аймақ, ел намысын қорғау жолында жан аямаушылық сияқты ізгі қасиеттерді дәріптей отырып, жастардың бойына елжандылық пен интернационализмді, гуманистік қасиеттерді сіңіре аламыз.
Профессор М. Ғабдуллин өзінің «Ата – аналарға тәрбие туралы кеңес» еңбегінде «Бүгінгі жастарды елжандылық рухта тәрбиелеуде ақын – жыраулардың өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екені хақ. Мұндағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жастарға жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек ет, ел – жұртқа қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта мағыналы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлардың ішінен жастарымыздың тәрбиелеуде әсер ететіндерінтаңдап алып, орнымен пайдалана білсек, нұр үстіне нұр болар еді» дейді. Осы тұрғыдан алғанда қазақтың ұлы ойшылдарының кемеңгерлік ой – пікірлерін оқу – тәрбие ісінде орынды пайдалана отырып, оқушы – жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу — әрбір тәрбиеші ұстаздың басты парызы.
Шоқан Уәлиханов баға жетпес құнды еңбектерінде ауызекі шығармашылық арқылы халықтың (өлең, мақал – мәтелдер, эпостар және т.б.) патриоттық тәрбиеге қойылған талап тілектерін, ой – пікірлерін көрсете білген. Қазақ табиғатының адамгершілік – патриоттық тәрбиесіне деген ықпалын өзінің күнделіктері мен сапарнама естеліктерінде тұжырымдап жазған. Шоқан өз халқының мәдени құндылықтарын маржандай тізіп жинауы, олардың тәрбиедегі мәнін көрсете білуі, оған өзінің көзқарасын білдіруі — өзінің Отанына, халқына, елі мен жеріне деген сүйіспеншілігінің белгісі, патриоттық сезімі мен ұлттық намысының жоғары деңгейді қалыптасуының көрсеткіші. Шоқанның Отанға деген сүйіспеншілігінің қалыптасуына, патриоттық сезімінің жетілуіне, адами дүниетанымының дамуына бірнеше факторлар әсер етті. Оның рухани жетілуіне, еліне, Отанына сүйіспеншілігінің қалыптасуына туған жері Көкше өңірінің (Оқжетпес, Қосмұрын, Сырымбет) тамаша табиғаты, ержүрек батырлары, ғұлама азаматтары тікелей әсер етті десек артық болмайды. Ол бала жасынан Айғанымнан естіген ертегі, аңыз — әңгімелері батырлардың ерліктері туралы естеліктері оның ұлттық патриотизмінің қалыптасуына әсер етті, туған елінің, Отанының алдында жауапкершілігін арттырды, халық дәстүрін бағалай білуге үйретті. Шоқан шығармаларының мазмұны оның туған еліне деген сүйіспеншілігін, өз халқының рухани жағдайын жақсы түсінгенін, оның болашағына сенгенін көрсетеді. Оның өз халқының тарихын жақсы білуі, батырлар ерлігін нақты деректер арқылы әсерлі әңгімелеуі кімді де болса таңдандырмай қоймайды. Мысалы, ХҮІІІ ғасыр батырлары туралы тарихи аңыз — әңгімелер еңбегінде Шоқан сол дәуірдің белгілі батыр қайраткерлері: Абылай, Бөгенбай, Жанатай, Сырымбет, Жәнібек, Байғозы, Оразымбет, Елшібек, Малайсары, Баян жайында он төрт түрлі әңгіме беріледі. Қалмақ ханы Қалдан Церенмен арада болған жорықтар, қарым – қатынастар туралы мағлұматтар бар. Бұл тарихи деректеменің мәні өте жоғары. Өйткені, олар ХҮІІ ғасырдағы жаугершіліктің мән – мағынасын жан – жақты танып білуге көмектеседі. осы оқыиғаларға қатысқан батырлардың адами қасиеттерін, бір – біріне деген сыйластық көзқарасын, шыдамдылығын, қайсарлығын білуге жәрдемдеседі. Шоқанның «Едіге» жырын жазып алуы да, оны орыс тіліне мазмұндап аударуды да, эпостық генезисі мен тарихи оқиғаларға қатысты айтқан пікірлері де ұлттық патриотизмнің бір көрсеткіші десе болады. Шоқан өзінің үлгі — өнегесімен халқының сонау көне заманнан бері тұнып тұрған шежіре тарихын аялау, әрбір ой – тұжырым қастерлеу, мәдени мұрасын көздің қарашығындай сақтау, оны патриоттық сезіммен адамгершіліек, эстетикалық тұрғыда қабылдау арқылы азаматтық борышым деп түсінгенін байқатады және осы сезімді жеткіншектердің санасына құюға талпынады.
Балалар мен жеткіншектерде ұлттық патриотизмді қалыптастыру мәселесі ұлы абай шығармаларында жақсы көрініс тапқан. Ұлттық патриотизмді қалыптастыруда ол халық ауызекі шығармаларының рөлін өте жоғары бағалаған. Оның тәрбиелік мүмкіндіктерін бала жастан меңгерген, өзінің өлеңдері мен қаар сөздерінде өте ұтымды пайдаланған.
Абай «қазақ ертегілері мен аңыздарын, өлеңдері мен жырларын, мақал – мәтелдері мен жұмбақтарын бала кезден естіп, бойына сіңіріп өсті және ұдайы қалың елдің ішінде, өмір бойы фольклорлық дәстүр арасында болды. Небір әдемі айтыстардың, шешендер мен билер дауының куәгері болды. Абай өзінің еңбегінде халықтың ауызекі шығармаларын, көркем өнердің шебері, эстетика өкілі ойшыл ақын ретінде пайдаланады. Ол өзінің қара сөздерінде (отыз тоғызыншы т.б.) және «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» атты еңбегінде 10 мақалға талдау береді. Мақалдарды халықтың өмірімен және тарихымен тығыз байланыстыра алып қарайды және қоғамдық мәні тұрғысынан бағалайды, мақал – мәтелдерді талдау барысында адамгершілік, ұлт жандылық, ынтымақтастық, ел тарихы мәселелеріне аса назар аударады, оларды зұлымдық, сұрқиялық, екіжүзділік, барымташылық тәрізді жағымсыз мінез – құлықтармен салыстырмалы түрде қарастырады. Мысалы, «Он үшінші», «Отыз алтыншы» сөздерінде жастарды имандылыққа шақырады. Қазақтың «Құдайтағаланың кешпес күнәсі жоқ», «Ұят кімде болса, иман сонда деген мақалдарын келтіре отырып, олардың мазмұнын дұрыс түсіндіруге талпынады. Абай «Отыз тоғызыншы сөздегі» («Аз араздықты қуған көп пайдасын кетірер», «Ағайынның азары болса да, безері болмайды», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» мақалдары арқылы халықты гуменистік көзқарасқа шақырады, елдегі тыныштық, ынтымаққа, отансүйгіштікке, елжандылыққа, татулыққа байланысты дегенді айтады. Абай өзінің «Бірақ сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген зерттеу еңбегінде балаларды құнды тарихи деректермен таныстырады. Шыңғыс хан мен Жошының билеген кезеңдерін баян ете отырып, «Ондағы «Түгел сөздің түбі бір, түр атасы – Майқы би», «Жылан жылы жылыс болды, жылқы жылы ұрыс болды», «Қой жылы зеңгер тоғыс болды», «Самарқанның сар жолы, Бұланайдың тар жолы» деген мақалдарға түсініктемені Шыңғыс ханмен оның жорық – сапарымен байланыстырады. Абайдың бұл арадағы мақсаты – жастарға қазақтың арғы тегін, қайдан шыққанын түсіндіру , «Жеті атасын білмеген ұл — жетесіз» дегізбей, оларды өз руын, шыққан тегін білуге баулу. Балалар мен жастардың ұлттық патриотизмін қалыптастыруда Абай өдеңдерінің рөлі ерекше. Оның «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұрым», «Желсіз түнде жарық ой» т.б. өлеңдеріндегі туған жер табиғатының әсем көріністері, адамдардың күнделікті тыныс – тіршілігі, іс — әрекеттер, балалардың Отанға, елге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырады, патриоттық сана – сезімнің оянуына әсер етеді.
Сонымен, ағартушылар қазақ халқының тарихы мен тіршілігіндегі ең күрделі мәселелеріне көңіл бөлген, елдің өркендегі өмірін тарихи тұрғыдан түсінуге тырысқан, сол дәуірдегі құбылыстар мен оқиғаларды әлеуметтік тұрғыдан қарастырған, халықты, елін, жерін, Отанын сақтауға, мәдениетін аялай білуге, жоғары адамгершілікке шақырған. Қазақ халқының рухани көсемі, қазақ тілі білімінің атасы, мемлекет және саяси қайраткер, халқымыздың ұлы реформаторы Ахмет Байтұрсынов «Атадан балаға мирас болып екі – ақ нәрсе қалады: біріншісі – бай тіл, екіншісі – байтақ жер», — деген еді. Біз, бүгінгі ұрпақ, осы екі нәрсені көзіміздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа табыстауымыз керек. Ол үшін бізге отансүйгіштік, патриоттық, ұлттық сана – сезім қажет. Бұл қасиеттер ұарпақ бойына оқумен, біліммен, үйренумен, талаптанумен бітеді. Ұлы қасиеттерді ұрпақ бойына дарытатын ұстаз, ата – ана, тәрбиеші, қоршаған ортасы екені дау туғызбайды. Патриотизмнің шынайы үлгісі – ұстаз.
«Ерлік тәрбиден туады» деп Бауыржан атамыз айтқандай, өзінің бар саналы өмірін жас ұрпақты оқыту – тәрбиелеу ісіне жұмсаған, қазақ халқының прогрессивті, педагогикалық ой – пікірлерін қалыптастырып, ұлт – мектебінің іргетасын қалаушылардың бірі – қоғам қайраткері, белгілі жазушы, тамаша аудармашы, ағартушы – демократ С. Көбеевтің жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, оларды елжандылыққа баулуда еткен еңбегінің мол екенін байқаймыз. С. Көбеев жастарды елжандылыққа тәрбиелеуді табиғаттану пәндерінің маңызын атай келіп, оқушыларды елжандылық пен ерлікке тәрбиелеуде алуан түрлі қоғамдық істерді пайдалану керектігін, әсіресе, өлкетану мұражайларына және туған өлкедегі тарихи жерлерге саяхатқа апару, еңбек және соғыс ардагерлерімен кездесу кештерін өткізіп отыру істерімен бірге мәдени — әдеби мұраларды да тиімді пайдалану керек дейді. С. Көбеевтің пікірінше, елжандылыққа баулу ұзақ уақыт бойына үзбей, қажымай – талмай мектеп пен ата – ана бірлесе, ойласа жүргізгенде ғана сәтті болады. С. Көбеев оқушыларды елжандылық рухта тәрбиелеу жұмысы тек мектеп ішінде, тек сыныпта, тек сабақ үстінде ғана жүргізіледі деп ұғынудың қате екенін ескертеді. С. Көбеев баланың өз Отаны үшін қажетті азамат болып қалыптасуына ата – ананың алатын орны мен атқаратын мәнін зор бағалады. «Ата – ана өзінің баласына», — дейді ол, — ұдайы ақыл айтып, кеңес беріп, оны үйретіп отырады. Жақсы оқы, шыншыл бол, әділ бол, халыққа адал қызмет ет дейді олар. Бұл өте жақсы, бірақ жеткіліксіз. Баланың ата – ана, туған – туысқаны, ең алдымен, өздері үлгі болулары ерек. Үй ішінде үлкен адамдар бос уақыттарында газет, журнал, кітап оқитын болса немесе үйде істейтін белгілі бір жұмыспен шұғылданатын болса, бұл да балаға үлгі… Айталық баланың ата – ана, не басқа туысқандары өзара дос, бірін – бірі сыйлайды екен, дос адамдарды да сыпайы, саналы адал адамдар екен, ата – ана бұлармен тату – тәтті екен. Солар қуанса баланың әке – шешесі де қуанады. Сонда бала мұны да үлгі етеді, еліктейді. Демек, бұл күнбе – күн үздықсыз жүргізіліп отыратын ең жақсы тәрбие болып табылады. С. Көббев отансүйгіштік тәрбие негізі ана – тілі екенін терең түсіндіре білді. Оның пікірінше, жас ұрпаққа білім беру өз ана тілінде жүргізілуі керек. Педагогикалық қызметінің алғашқы кезінде – ақ С. Көбеев қазақ балаларын ана – тілінде оқытудың тиімді де бірден – бір дұрыс жол екенін қуаттайды. Ұлт мектептерінде жастар, ең алдымен, өз ана тілінде сауатын ашуы қажет. Сабақты өзінің ақыл – ой дүниесіне, сезіміне, қиялына күшті әсер етеді. Көркем сөз зергерінің бояулы да сырлы, асқақ та әсем, кестелі де айшықты, мағыналы сөз бедерлері оқушыларға өмір құбылыстарын, табиғат көріністерін, адамдар арасындағы түрлі қарым – қатынастарды дұрыс түсініп, баланың дүниетанымын дұрыс қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушыны ана – тілінде жазылған әңгіме, өлеңдер арқылы рухани өмірмен, халқының арман — мүддесімен таныстырып, ана тіліне, сол арқылы халқына, еліне, сүйіспеншілік сезімін оятса, балада елжандылық қасиет қалыптасады. Сондықтан мектептерде сабақты ана – тілінде қазақ тілінде жүргізу қажет деп есептейді. С. Көбеев саналы өмірін жас ұрпаққа саналы және тәлімді тәрбие мен сапалы білім беруге жұмсады. Оқушыларды адамзат қауымын сүйетін интернационалист азамат етіп қалыптастырудың да елжандылыққа әсері зор екенін ұғынып, осы жолда да күш – жігерін, өнерін, білімін алмады. «Бала», — деп жазды ол, — өз елін, жерін, халқын сүйе отырып, барлық елдердің қарапайым халқын, правалары мен тәуелсіздігін құрметтеу рухында тәрбиеленуі тиіс.
Интерноционалдық достықтың жаршысы А. Герцен, «Көршінің мойнына құрақ салып, қылқындырып отырып, өз еліңе еркіндік дәуірін бастауға болмайды деген еді. Барлық ақыл – ойнын, күш жігерін аянбай жұмсап, өз өмірінің жарты ғасырдан астамын мектепте өткізген. С. Көбеев хылықтар достығы жолынды жаршы бола білді, жастарды туған халқын құрметтеуге тәрбиеледі.
Б. Момышұлы Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастардың отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді. Осыған орай патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының он бойындағы ұрпақтан – ұрпаққа жалғасын келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, ердүрек қолбасшы, жазушы. Батыр Қазақстанның Халық Қаһарманы Б. Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттері және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше. Жиырма жылдық өмірін әскер қатарында өткізген Бауыржан ағамыз өмірінің соңына дефін әскери – патриоттық тақырыптарға шығармалар жазды. Екінші дүиежүзілік соғыс кезінде атақты генерал И. Панфиловтың сегізінші гвардиялық дивизиясында рота, батальон, полк кейін дивизия командирі қызметін атқарып, неміс фашист басқыншылырына соққы бері, батальон ды бірнеше мәрте жау қоршауынан алып шықты. Бұл жөніндегі өлең жырлары арқылы жауынгерлерге рух беріп ерлік істерге шақырады. Кейіннен атақты жазушы Александр Бек батыр ағамыздың ерліктері жайлы. «Волокаламск тас жолы» атты романын жазды. Осы роман арқылы Бауыржан ағамыздың аты әлемге әйгілі болды.
Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік жеке адамның аман – саулығының қоғамдық – мемлекеттік қауыпсіздікке тікелей байланыстығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды көркейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет туралы ұғымды жекеадаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым – қатынасты білдіреді.
«Ерлік дегеніміз — табиғат сыйы емес, ең алдымен өзінің ар – намысында және азаматтық қасиетті абыройын ұятқа қалу, опасыздық жасап масқара болу сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін – азаматтық парызын орындау үшін осындай адамгершілік теңдікті өзіңмен сайысқа түсе отырып тұтас ұжым өмірінің игілігіне ғана емес, оның қауіп – қатерінде бөлісіп, жауды барынша жою, жанға жанмен, қанға қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарды қауіпсіздік етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп – қатерге бас тігу». «Батылдық – қимыл — әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре алушылық. «Табандылық – батырлардың қалқаны». «Өжеттілік, қайсарлық – адамның тіпті мүмкін емес деген жағдайдың өзінде абыроймен өлімге бас тігуге тәуекел етушілік, игілікті құлшыныс».

ІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК СИМВОЛДАРДЫҢ РӨЛІ МЕН МАҢЫЗЫ

2.1 Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде көркем шығармаларды пайдаланудың рөлі

Ғасырлар бойы халқымыз ұрпағын ізгіліктілікке, өз елін сүюге баулып келеді. Бұл берік қалыптасқан дәстүрді ұлттық тәрбиенің өзегі, діңгегі десе де болады. «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол» дей келіп, адамның ұлы болу үшін кісіге «нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» керектігін ұлы Абай да жеріне жеткізе өсиет етіп кетті. Бұл сапалар бүгінгі мектебімізде жеке тұлғаны қазақстаңдық патриотизм рухында Қазақстанның білім және ғылым қызметкерлерінің II съезінде еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу — мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» — деген еді.
Әр дәуірдің тарихи кезеңдеріндс Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, «ұлтжаңдылық», «отансүйгіштік», «патриотизм» ұғымдары сол заманның ақикаты — наным-сенімінен туыңдайды.
Еліміз егемендік алган 10 жыл ішінде жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы — қазақстандық патриотизм болды.
Жалпы «патриотизм» ұғымына тоқталар болсак, ҚСЭ-ның 9-томында (1976) «Патриотизм» (грек. Patriotes -отандас, patris — отан, туған жер) -Отанға дегсн сүйіспеншілік, бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау. Туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан бастап-ақ қалъптаса бастайды деп көрсетілген өзінің игілікті мәнін сақтайды. «Қазақстандық патриотизм» ұғымы осы түсінікті байыта түседі. Ол көздің қарашығындай сақтап келген жерін қорғау, елінің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сыйлау, ана тіліне деген сый-құрмет, елі мен жерінің өркендеуіне үлес қосу, Қазақстанды мекендейтін өзге ұлт өкілдерінің мүддесімен санасу сияқты құндылықтардан тұрады.
Бүгінде жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие үрдісінде жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастырудың жүйесін жасау мәселесі қарастырылуда. Бастауыш мектептің жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтары және оқу-әдістемелік кешендерінде қазақстандық патриотизмнің негізгі мұраттарына мән берілді.
Солардың ішінде әдебиеттік оқу пәні — оқушыларды сөз өнеріне баули отырып, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуді басты мақсат етті.
Пән мазмұнында оқушы бойында қалыптасуга тиісті мына ізгіліктіліктерге көңіл аударылды:
— ана тіліне сүйіспеншілік — туған тілін білу, өз анатілінде оқу мен сөйлеу және жаза білу; ана тіліндегі көркем шығармаларды еркін оқи білу — оқырмандық қабілет-қалыптастыру аясы;
— туған жерге сүйіспеншілік — туған өлке табиғатын сүю, туған жердің орман-көлі тау-тасы, аң-құстарына қамқорлык жасау, оны аялау мен қорғау, күтіп-баптау — экологтік ая;
— туған елге сүйіспеншілік — өз ұлтын сүю, Отанын сүю, ұлтының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, қастерлеу, ұлт мәдениетінің өркендеуіне, ел экономикасының гүлденуіне үлес қосу -азаматтық сапа аясы:
— өз отбасына сүйіспеншілік — ата-анасын, туыс-бауырын сыйлап құрметтеу, қамқорлық жасау, сыйластық қатынас орната білу — кісілік қасиет қалыптастыру аясы;
— Қазақстанды мекен ететін халықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру — ұлт өкілдеріне түсіністікпен қарау, сыйластық қатынас орната білу, өзге ұлттардың салт-дәстүрін сыйлау, халықтар мәдениетінен, әлемдік мәдениеттен үлгі алу — қатынас мәдениетінің аясы.
Бастауыш сынып оқушыларының бойында осы текгес құндылықтар қалыптастыру барысында олардың тұлғалы қалыптасу қуаты арта түседі. ізгілікті, елсүйгіш тұлға ғана жалпы адамзатгық құндылықтарды меңгереді және сол құндылықтарды өз елінің қажетіне жаратарлық азамат болып тәрбиеленеді. Бұл сияқты арман-мұраттардың орындалуына бастауыш сыныптарының «Ана тілі» оқулығы мазмұнына алынған балалар әдебиетінің озық үлгідегі шығармалары қызмет етеді. Мысалы, М.Әлімбаевтың «Сөз құдыреті» өлеңінде: Бал қаймақтай тәтті сөз,
Қара тастай қатты сөз — деп сөздің кісіге қалай әсер ететінін жеткізсе, әрі қарай:
Сөз — ой-пікір шалқары,
Сөз де адамға тартады, — деген шумақтан ана тілінің мәні, сөздің кісіге қалай әсер ететіні, сөзі арқылы кісіні тануға болатыны түсіндіріледі. Қазақ халқы үшін тілдің кай кезеңде де тәрбие құралы болғандығына мән беріледі. Ақын Ә.Тожібаевтың «Тіл туралы» өлеңіндегі:
Туған тілім тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айшылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемің,— деген шумағынла тілдің ұлттық елдік мән-маңызы насихатталады. Бұған қоса, туған жер, туған ел тақырыптарын қозғаған Абай, Ыбырай, Жамбыл өлең-жырларынан басқа Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов сияқты ақын-жазушылардың елжандылық шығармаларын атауға болады. Мысалы, Жүсіпбек Аймауытовтың «Ыстық қой, шіркін, туған жер!» атты үзіндісінде: «…Қартқожа үйге сүйеніп ашамайды шынтақтап ауылға қарап отыр. Оған ауыл бір түрлі жылы, бір түрлі қызықты, ет бауыр жақын болып көрінді, қоңырсыған сүт, қайнатқан қаймақ иісі де тәтті…» деп келетін жолдар арқылы жазушы ауылдың мамыражай қалпын суреттеп қана қоймай, баланың жан-жүрегін баурап алып, оны тебіренте түседі. Онан орі «Ыстық қой, шіркін, туған жер! Кім сүймесін өз жерін? Сүймесе сүймес зердесіз, шерсіз жүрек, тілеуі бөлек жетесіз…» деген жолдар оқушының намысын оятып, ойын ұшқыр, санасын сергек етуге жәрдемдеседі. Осылайша оқушының туған елге, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.
Оқушылардың жас ерекшелігіне сай, түсінігіне жеңіл шығарманың бірі — Сәкен Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы» әңгімесі. Шығарманың негізгі ойы — «дүниедегі ең бір жақсы мекен, жайлы қоныс — әркімнің өз мекені, өз жері екен» деп тұжырымдалған соңғы сөйлемде берілген. Алайда оқушыны шығарманың өн бойында әңгімеленген жәндіктер әрекеті-ақ ойға қалдырады. Әсіресе борсыған иісі бар шалшықта жалғыз аяғымен қаздиып тұрған көкқұтанның — «Иісі қандай жақсы — көкірегіңді ашады. Суы қандай тәтті — жер татиды. Батпағы қандай жұмсақ — нағыз май батпақ» -деген жауабы таңдандырады. Бұдан шығатын қорытынды біреу-ақ, ол «әркімнің өз үйі — өлең төсегі», немесе «туған жер — алтын бесік».
Бастауыш сынып оқушыларының сана-сезімін оятып, зердесін дамытатын үздік суреттелген, мазмұнды көркем шығармалар болып табылады. Көркем шығармалар баланың мінез-құлқын қалыптастырып, олардың бойында адалдық пен әділеттілік, мейірімділік пен қайырымдылық, табандылық пен қайраттылық намысшылдық пек ержүректілік сияқты асыл қасиеттерді сіңіруге көмектеседі. Осы тектес ізгі қасиеттерді бойына жиған ұрпақ қана өз Отанының гүлденуіне үлес қосып, қазақстанның патриоты болып тәрбиеленеді.
Қорыта айтқанда көркем шығармалар негізінде жеке тұлғаның дамуы мен тәрбиесін қазақстандық патриотизм рухы негізінде жүзеге асыру — өзекті де, күрделі мәселе болып табылады.

2.2. Балаларды мемлекеттік символдарға деген когнитивтік қатынасын тәрбиелеудің маңызы

Мақсатты жүргізілген педагогикалық жұмыс барысында патриоттық сезімін дамытып, тәрбиелеп, олардың сенімін қалыптастыруға болады.
Патриоттық сезім қалыптастыру екі бағытта: қоғамдық және табиғаттық қоршаған орта ең маңызды тәрбиелеушілік ролге ие болады.
Қоғамдық өмірдегі құбылыстар мен оқиғаларға деген қызығушылықты тудырудың маңызы ерекше. Айналада жүріп жатқан барлық оқиғалар мен құбылыстар халық үні. Сондықтан, оның шынайы келбетін тану, оған етене араласу, онан алған әсерлерімен байсу ең бір толқынысты процестердің бірі болады.
Табиғат ортасы – адамның ең қашан есінен кетпейтін дүние туған ауылы, қаласы, еліндегі әсем таулар, аңқыған шөптер, сылдырлаған өзен, көп, бұлақтардың әсері бір мөлтек.
Патриоттық тәрбиеде патриоттық сезімді тәрбиелеу бірізділікпен жүргізіледі.
Жер сүю – туған ауылды, туған өлкені, Республикасын сүю. Табиғатын, өсімдігі мен жан – жануарын, құсы мен жәндіктерін. Яғни жер асты және үстіндегі байлығын тану мен сүю және қорғау амалдары қарастырылады.
Елді сүю – бұл халықты сүю деген сөз. Халықтың бір ошағы – отбасы. Сондықтан халқымыз «Отан – от басынан басталады» дейді. Отбасын, халқын мемлекетінде тұрып жатқан халықтарды мемлекеттік нышандарды сүю. Оның дәстүрін, тілін, тарихын, олардың атқарған кәсіптерін, өнерін мәдениеттін тану, сүю, қорғау, жетілдіру әр азаматтың парызы болмақ.
Тілді сүю – ана тілінің қыры мен сырын білу, табиғатын меңгеру, жетілдіру.
Алғашқы баланың дүниеге келген сәтінен бастап сүю сезімі тәрбиеленеді және бұл сезім ең бір қасиетті, киелі сезім болып табылады.
Қазақстан Республикасы — Еуразияның орталық бөлігінде орналасқан тәуелсіз мемлекет. Аумағы – 2724 мың шаршы км. Халық саны 15 млн адамға жуық. Қазақстанда қазақтар – 53,4%; Орыстар – 30 %; Украиндер – 3,7%; Өзбектер – 2,5 %; Немістер – 2,4%; Ұйғырлар – 1,4%; Кәрістер – 0,7% және басқа да ұлт пен ұлыстар тұрады.
Қазақстан Республикасы дайырлы, демократиялық және біртұтас мемлекет болып табылады. Діни нанымның негізгі бағыттары ислам және христиан діндері. Елордасы – Астана қаласы. Мемлекет басшысы – Президент. Заң шығаратын жоғарғы органы – Сенат және Мәжілістен тұратын Парламент. Атқарушы билігі – республика үкіметі. Ақша бірлігі – теңге.
Республика аумағы батыстан шығысқа қарай 1 мың км – ге созылып жатыр. Қазақстан батысы мен солтүстігінде Ресей Федерациясымен, оңтүстігінде Түркіменстанмен, Өзбекстан және Қырғызстан, шығысында Қытаймен шектеседі. Мемлекет шекарасының жалпы ұзындығы 15 мың км – ден астам. Қазақстан 2,7 млн шаршы км. жер көлемінен дүние жүзінде 9 – шы орында тұр.
Қазақстан мұхиттардан аулақ жатыр. Аумағының ұзындығына байланысты Қазақстанның климаты кенет континенталды және бедеулік болып табылады. Солтүстік аудандарда қыс өте суық және ұзақ болады, 40 – 45 градус аяз болады. Қар аз, бірақ боран мен бұрқасындар болып тұрады. Орталық ауданда қыс қоңыржай салқын, ал оңтүстігінде
45 градусқа дейін ыстық болады. Тауларда жауын – шашын көп болады. Қазақстанның түгелдей дерлігі аумағына қатты жел соғуы тән.
Қазақстан аумағында өзендер мен көлдер едәуір көп. Олардың ең бастылары: Ертіс, Жайық, Шу, Сырдария өзендері, ірі көлдерге Балқаш және жартылай Арал мен Каспий теңізі жатады. Қазақстанда кішкентай өзендер мен көлдер өте көп.
Қазақстанның жануарлар әлеміде алуан түрлі. Сүтқоректілердің 155 түрі мекендейді. Шөл далада киіктер мен ақбөкендер, жазықта марал мен бұғылар, тауларда қабан мен еліктер, барлық аумақтарда жыртқыштық аңдар: қасқыр, түлкі ақ тышқан кездеседі. Алтай мен Тянь – Шань тауларын қоңыр аю, барысы, тиін мекендейді. Қазақстанда құстардың 480 түрі бар. Бауырымен жорғалаушылардың 49 түрі және қос мекенділердің 11 түрі кездеседі. Әр түрлі табиғи суларда балықтардың 150 – ге жуық түрі мекендейді, соның ішінде құрт па, бекіре, шоқыр, көксерде секілді бағалы кәсіпшілік түрлері бар. Көлдер мен өзендерде шортандар мен алабұғалар көп.
Әкімшілік тұрғыдан Қазақстан Республикасы құрамында 14 облыс және республикаға тікелей бағынатын 2 қала бар. Қазақстанда қазіргі таңда 85 қала, 169 аудан, 105 кент және 2150 округ бар.
Оңтүстік Қазақстан туралы мағлұмат жасай кетсек, қазақстанның оңтүстігінде 4 облыс: Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстары орналасқан. Ауданы 711 мың шаршы км, халқы 5 млн 128 мың адам. Оңтүстік аймаққа өңдеуші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы тән. Қызыорда облысында тамақ және жеңіл өнеркәсіп дамыған, күріш егумен, қой шаруашылығы және балық аулаудың ірі ауданы ретінде ерекшеленеді. Жамбыл облысының жергілікті ресурстары шикізат базасында химия, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері құрылған, Қаратауда тау – кең химия комбинаты орналасқан. оңтүстік Қазақстанда тама жасау металл өңдеу, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамыған. Қызылорда облысының Құмкөл жерінде мұнайдың ірі кең орындары барланған. Алматы облысында түрлі металдардың рудалары табылған. Жамбыл облысы фосфорит және мыс қорларына бай.
Батыс Қазастанда 4 облыс: Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау бар. Атырау және Маңғыстау облыстары мұнай және химия өнеркәсібінің ірі орталығы болып табылады, фосфориттер кең орталығы бар. Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашлығы дамыған, негізінен егін шаруашылығы мен қой шаруашылығы, Ақтөбе облысында ірі тау – кең өнеркәсібі, химия, машина жасау, өнеркәсіптері дамыған, мұнай шығарылады, хром кең орны орналасқан. Батыс Қазақстанның аумағы 736 мың шаршы км, халқы шамамен 2 млн адам.
Солтүстік Қазақстан облысының аймақ көлемі – 440 мың шаршы км. Халқы 2,6 млн адам. Аймаққа Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстары кіреді. Қазақстанның Елордасы 400 мың халқы бар Астана қаласы орналасқан. Солтүстік Қазақстан бүгінде елімізді бидаймен, етпен, сүтпен қамтамасыз етуде жетекші рөл атқарады. Бұл аймақта машина жасау дамыған. Ақмола облысында алтынның, уранның, алмаздардың, темір рудаларының үлкен қорлары барланған. Қостанай облысында алюминий, Рудный қаласында темір рудасы, әк тас қазылып алынады. Көкшетау ауданы Қазақстанның сауықтыру орындары болып табылады.
Орталық Қазақстанға Қарағанды облысы жатады. Теміртау және Балқаш қалаларында қара және түсті металлургияның ірі кәсіпорындары орналасқан. Облыста көмір және магниттың үлкен қорлары шоғырланған.
Шығыс Қазақстанда өнеркәсіптік қуаты екі Павлодар және Шығыс Қазақстан ораналсқан. Ауданы 408 мың шаршы км, халқы 2 млн 240 мың адам. Павлодар облысында ірі өңдеу өнеркәсібі – Павлодар. Екібастұз торабы шоғырланған. Сондай – ақ ол Ертіс өзендегі ірі порт болып табылады. Павлодар облысында ауыл шаруашылығы сүт, ет және мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы дамыған.
Халқымыздың рухани келбеті – Ана тілі мен ұлттық тәрбиеде екенін Бауыржан Момышұлындай ашықта анық етіп, жасқанбай батыл түрде айтқан жан жоқ! Мұның дәлелі: Сталиннің зұлмат заманы кезінде, яғни қазақ халқын түбінмен құртып жою кезінде 1944 жылы Бауыржан Момышұлы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетіне «Қазақ тілі туралы пікір» атты хат жазды. Бұл хаттан үзінді келтіретін болса;
…. «Тілімізді айуан дейді тілі кедей елді – мәдениетсіз, аналы, надан халық деп санайды. Тіл адам баласының негізгі қасиеті болғандықтан, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғам – құбылыстармен, салт – санасының, жауынгерлік дәстүрінің – мұрасының қай дәрежеде екінін көрсететін сөзсіз дәлелді мөлшері;
— Ана тілінен бірнеше жағдайлар себеп болып ажыраған ел – «азғын» ел атанып, кейіннен аты өшіп, ұрпақтары бұршақша бытырап, қардай еріп, құмға сінген судай дерексіз жоғалып кеткенін, тарихтан кездестіруге болады. Ондай сормаңдай ел, бұрыңғы кезде аз болмағандығына тарихта дәлелдер көп;
— Осы таңда қазақ — тілін «дөрекі, икемсіз, топас, кедей тіл. Онымен айтайын деген ойынды, пікірінді еркін айта алмайсын ….» — дұрыс бағаламай, жала жауып, теріс – зиянды жағдайлардың құлдылығында жүрген, ұғымсыз жалқау, «дүние молда дін бұзардың» кебін киіп, сәлдесін орап, тіл бұзушы азамат, азаматшалар да, жүгенсіз, арсыз топтарды, қазақ арасында молайып келе жатқанға ұқсайды (дәлелді Алматының әр көшесінен табуға болады);
— Қазақ тілінің байлығы жетпегендіктен деген дәлелсіз былжыр, өзінің ана тілінің үдесіне жете алмай, құр қалған, оған көңіл бөлмеген сормаңдайлардың, ұлт мақтаныш сезімін, ұлт намысынан ажырап, «шөре – шөре» болып арта қалған қара беттердің надандықтарынан туған сылтау ғана болу керек;
— Осы кезде асдап орысша білгеніне мәз болып, төбесі көкке жеткен ана тіліне көңіл бөлмей, оны әліне қарамай менсінбей, не орысшаны, не қазақшаны сөйлей алмай шалдыр – батпаққа бөленіп жүрген, келбетсіз тіл азғыны масқараларды. Алматының жауапты деген қазақ қызметкерлердің арасынан да кездестіруге болады …» — деп ана тілінің сатқындарын мірдің оғымен атқан ұлы Бауыржан, біздің қазіргі заманымыздағы халқымыз бен тілімізді қорлап жүрген сыйқымызды айтып тұрғандай.
Бұл халықтың әрбір сөйлемі құнды. Сондықтан осы хатты бүгінгі ұрпағымызға қайыра басып, газет – журнал беттеріне жариялау керек. Осы хатында Бауыржан Момышұлы 9 түрлі ұсыныс жасайды. Соның біріншісі мен екіншісіне тоқталсақ:
1. «1935 – 36 жылдан бастап қазақ – тілі бұрмалана, бүлдірім, бұзыла бастағанын сөзсіз, айқын дәлелдей отырып, оған айыпкер, кінәлі, басты газет, родио, жазушы, кеңсе қызметкерлеріне тарихи қарғыс айтылып, беттеріне қара күйе жағылып айыпталғаны жөн.»
2. «Қазақстанда қазақ — тілі заң әділдігі бойынша мемлекет тілі болып саналып, өз орнына, төрге шығарылып отырғызылып, бұрынғы қалпына келтіру шаралары тездеп қолға алынып, тіл бұрмалауежелден келе жатқан ескі ауруға айналып бара жатқанын ескере отырып, іс жүзіне қатал төңкеріс түрінде асырылуы және алдымен қазақтардың өздерін, тіл жөнінен тәртіптеуден бастап, барлық үкімет, кеңсе, ғылым, оқу, өндіріс, өнеркәсіп орындарында қайтадан әділдікпен көтеріліп қолға алынуы
жөн » — дейді.
Осыдан 63 жыл бұрын айтылған Бауыржан Момышұлының сөздері, тәуелсіздік алғанына 16 жыл болса да қазақ халқының сормаңдай болып – тілінен – дінінен – ділінен – ажырасардай күй кешіп отырғанын сипаттайды. Ендігі жерде тілімізді тоздырып, ұрпағымызды аздырғанша, ертерек іске кіріскен дұрыс. Бұған көрініс, мемлекетімізді мойындағысы да келмейтіндер Қазақстан азаматтығынан шығып, өздерінің қалаған жерлеріне кеткендері жөн. Арамыздағы ана – тілімізді мойындамай жүрген шала қазақтар да мекендерін тапсын. Қазақтардың тарапынан болатын жалпақшешейлікке қарғыс айтылып, ұлттық құндылықтарды жүйелеуді ертерек жүргізу керек. Әйтпесе, ғылыми дәлелденген майя мен инктердің жер бетінен жойылып кеткеніндей күй кешпейік. Олар қол жеткізген өркениетімен өрекпіп, тіліне, салтына, ұлттық тарихына, көне мәдениеті мен халықтық тағлымдарына өгейлік көрсетіп, түбегейлі жер бетінен жойылды.
Кез – келген шала қазақтан: — «Қозы Көрпеш Баян сұлуды», «Қыз Жібекті», «Алпамыс пен Қобыландыны оқыдыңыз ба?» — деп сұрасаңыз, — «Жоқ!» — деген жауап аласыз. Олардан, Асан қайғы мен Кетбұғыны, Махамбетті сұрамай – ақ қоюға болады. Мінеки, ана – тілің жоғалмай тұрып – тақ, рухани қазынамыздан айырыла бастағанымыздың көрінісі. Ендеше, бұдан былай ана – тілін қорғапотырған Үкіметті де, Парламентті де, әр түрлі министрліктермен мекемелердегі төрелерді де, тіпті мемлекеттік тілді сыйлағысы келмейтін басқа ұлт өкілдерін де, қатаң түрде тәртіпке шақыратын мезгіл жетті. Қазақстанда өз еріктерімен құрылған республикалық Халықтар ассамблеясының жұмыс істеп жатқанына да біршама уақыт болды. Осындағы өздерінің ұлттық мәдениет ұйымдарын құрған орыстар, репрессиямен жер ауып келген – корей, неміс, шешен, күрті, ұйғыр, түрік, татар, поляк, болғар тағы басқалар … кезінде қазақ халқы аузындағысын жырып, баспанасына дейін бергендерін айтқанда, көңіліңді толқытып, тіпті көзіңе жас алдырады. Ал егер де олардың осы айтқандары шын болса, мемлекеттік тілді және қазақ мәдениетін өркендетуге үлестерін қоссын. Негізгі жақсылыққа жақсылық пен жауап берілуі – адамдық парыз.
Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болғанына 1 миллиард жылдай уақыт өтіпті. Бір клеткадан басталатын тіршілік мұхит астында 500 миллион жылдай жетім дамып, құрлыққа шыққаннан кейін де, дамудың екінші сатысына ауысып, тағы да 500 миллион жылдарды басып өтеді екен. Дәл осы формуланы адам баласы да, ана құрсағында бір клеткадан бастап, адам пішініне келгенше, жаңағы жер бетіндегі тіршілік сатыларын түгелдей қайталайтындығын ғылым баяғыда анықтаған. Осы филогенетикалық тылсым құпиялар мен ата – баба зердесін келешек ұрпаққа жалғастыратын жалғыз ғана кілт — әр халықтың ана – тілі екенін қарапайы жұрттың білмейтіні рас. Сондықтан да осы ғылыми деректі келешекте ақпарат құралдарында түсіндіріп, жариялап, тарату қажет. Келешек ұрпағына қиянат жасағысы келмейтін адам нәрестенің тілін тек қана ана тілінде шығаруы тиісті.
Сонымен қатар, тағы да назарда ұстайтын бір мәлімет дүниеге келер бала тілінің іргетасын ана құрсағында қалыптастыратыны ғылыми дәлелденіп отыр. Америка ғалымдарының «Құрсақтағы баланың он түрлі жұмбақ сыры» атты ғылыми еңбектерінде: «ағылшын фирмасында күні бойы қызмет ететін, екіқабат француз әйелінің баласының тілі бірден ағылшынша шыққанын» — құрсақтағы тылсымның бір эжұмбағы ретінде келтіреді. Осы деректің растығы қазіргі ерлі – зайыпты қазақ жастары үйде де, жұмыста да орысша сөйлегендіктен, қазақ балалар бақшасына, қазақ мектептеріне берген балалары далада да, көшеде де, үйде де өзара орысша сөйлеуге ауыса беретіндігінен айна қатесіз көрініп отыр.
Ағылшын ғалымы Дэвид Кристалдың «Тіл ажалы» зерттемесінде жыл сайын жер бетінен шамамен 24 тіл жойылатындығы көрсетіліпті. Мұндай кері процеске енжарлық көзқарас таныту – рухсыздық, өйткені кез келген тілдің жойылуы әлемдік ортақ мәдени байлықтың арсеналын құрайтын бүтін бір халқытың мәдениеті, тарихы мен рухани құндылықтары көз алдымызда тіршілікпен қоштасады.
Қазақстаннның халық жазушысы, әлемдік деңгейдегі белгілі ақын және қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың «Тілсіздендіру анатомиясы» атты поэмасының «Тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы» бөлімі осы замандық өркениеттің тіл мен рух төңірегіндегі аса нәзік әрі күрделі проблемасын көтеруімен ерекшеленеді. Сондықтан оның мұраларын пайдаланған да тиімді.
Қазіргі таңда жаһандану процесі бірыңғай материалдың игіліктерге бет бұрғандықтан, көптеген елдерде жастар қауымының едәуір бөлігі өз ұлтының тіліне, төл мәдениетіне ашықтан – ашық мұрын шүйіре оқып жатқан кей студенттер «Қазақстанда қазақ тілі мемлекеттік мәртебеде салтанат құрар болса, елге қайтпаймыз!» деп дауыс көтерді. Бұған Білім министрлігі саналы түрде жауап берген жоқ. «Бұл не деген масқара! Әрқайсысына жүз мың АҚШ долларына жақын, тіпті, одан да көп қаржы жұмсап, оқытып жатқан жастарымыздың туған ата – баба тіліне көзқарасы осылай болса да, рухсыз мұндай мамандардың Қазақстанға қандай қажеті бар?! Бір ғана қағида айқын: ұры неғұрлым оқыған болса, солғұрлым әкемізді танытады. Сондықтан оларды жібермес бұрын мемлекеттік тілден емтихан тапсырту қажет!» — деген ұсынысын Мұхтар Шаханов ашына айтты.
Әр ұлттың ең басты анасы – туған тілі екенін ескерсек, өз анасының тілін, рухани мәдениетін менсінбеу мен мойындамау, және оны қазіргі заман талабына сай руханиятпен ұштастыра алмау үлкен қасіретке әкелетінін М. Шахановтың «Төрт ана» поэзиясынан байқайтынымыз туған жер, тіл, салт-дәстүр, туған тарихты төрт анаға теңеп, жырлайды.
Қазақ жастарының бірнеше ұрпағы Шаханов жырларын жаттап өскенін ешкім жоққа шығара алмаса керек. Қазақтың тіліне, өзіне деген қарсылық Солтүстік мұзды мұхиттай сіресіп тұр… Осындай тілімізге үлкен қауіп төніп тұрған кезде, Мұхтар Шахановтың соңғы кездегі ұлтқа қатысты өлеңдері талай қазақтың бетін бері қаратарына, халыққа, қоғамға ой саларына күмәнім жоқ.
Итальяндық «Ренко компаниясының президенті Ренальдо Гаспарини (2005 жылдың 25 қарашасында «Айқын») былай дейді: «Мен әлемнің 141 елін аралаған жанмын. Солардың ішінде өз мемлекетінде өз тілінде өмір сүре алмай отырған бейшара халықты көрдім, ол қазақ халқы екен.» Ағылшын ғалымы Дэвид Кристал болса: «Тіл жойыларда қостілділік пайда болады. Екі тілді ерткен екі мәдениет өзара шайқасқа түседі. Ақырында жеңімпаз мәдениеттің тілінде сөйлеушілер көбейеді. Ал әлгі жеңіліс тапқан шағын мәдениеттің тілінде сөйлеуден басқа емес, өзінің жас ұрпағы ұяла бастайды. Ана тілінде сөйлеуге қысылатын сол ұрпақ та «жеңімпаз мәдениеттііііің» аяғына жығылады. Аға ұрпақ – ата – ана қанша әуреленсе де, өз балаларына ана тілін үйретуге шамалары жетпейді. Ең өкініштісі де осында.»
Осылайша ата тілімізді «қорлау» арқылы, ұрпағымызды ата – баба зердесінен айрып қана қоймай, кісілік келбетінің түп – тамырына да балта шауып жүргенімізді ашып айту керек. Өзінің ата – тілін қорлаған елдің татар азабы да мол, ұрпағына қалдырар зауалы да көп. Олай болса иісі қазаққа айтарым көрінгенге еліктеп әдейленумен, алдыңдағы шырағыңның өшкенін сезбей қалып жүрме.
Адам бойындағы үш жүйе – Тән құрылысы – Жан дүниесі – Рухы – бүгінге дейін тәрбие үндестік таба алмай отыр. Біз тек қана тән тәрбиесінен басқа Жан мен Рух тәрбиесін білмейміз. Содан да Табиғат пен Адам баласының экологиялық азуы болып отыр. Бұл туралы бабамыз Әл – Фараби баяғы заманда – ақ ескерткен: «Егер адмға ең әуелі тәрбие бермей тұрып, білім мен ғылым үйретсеңіз, ол жүрген ортасына апат әкеледі» — десе. Басқаға еліктеп, өзгеге мөңіреп үйренген біздер есітсекте ескеруге құлығымыз жоқ. Әйтсе де, бұл мәселе иісі қазақты ерекше толғандыруы тиіс. Ең бастысы, адам тәрбиесінің алтын діңгегі – Тіл екені аксиомалық шындық.
Мемлекеттік нышандар құрмет тұту, Қазақстан Республикасының азаматы болғаны үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру білім берудің алғашқы сатысынан басталады.
Бастауыш (1-4) сынып оқушыларымен Мемлекеттік нышандар жөніндегі олардың түсініктері мен білімдерін ары қарай тереңдету мақсатында жұмыстар жүргізіледі. Мұғалім (сынып жетекшісі) мемлекеттік рәміздердің күнделікті өмірдегі орнына оқушылардың назарын аударын жәнее оның қажеттілігін нақты түсіндіруге міндетті. Олар мемлекеттік Әнұран мен Елтаңбаны түсіндіру барысында оның мәні мағынасына баса назар аудару керек. Оушылар Елтаңбаның азаматтардың төл құжаттарында, туу туралы куәлікте, орта мектепті бітіру туралы аттестатта, жоғары білім дипломында, мемлекеттік наградаларда, төл теңгемізде және пошта маркаларында мемлекеттіліктің белгісі ретінде бейнелетіндігін білулері қажет.
Бастауыш метепте Әнұранды жүйелі түрде жаттатып, тыңдаулар ұйымдастырып,әуені мен сөзін ұжымдық жаттау барысында оның шығу тарихы жөнінде мәліметтер берілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын үйрету барысында алуан түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану: интерактивті дамыту әдістемесін, тренингтер, сұрақ – жауаптар, рөлдік дамыту ойындарын, аудио және бейне материалдарды (плакаттар, суреттер, таспалар) тиімді пайдаланған дұрыс.
Бастауыш сынып оқушыларының түсінігінде рәміздер туралы ұғым қалыптастыруға төменде келтірілген тақырыптар аясында жүргізілген әңгімелер ықпалын тигізеді: «Мен және менің Отаным», «Елтаңба, Әнұран, Ту деген не?», «Қазақстан Республикасының туы туралы неге көп?» т. б. балалардың білімін тереңдетудің тиімді тәсілдерінің бірі – мемлекеттік рәміздерге байланысты. Осындай іс – шараларға ата – аналарды белсенді қатыстырған жөн.
Бастауыш сыныптардағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білім деңгейінің өлшемі:
— Қазақстан Республикасы рәміздерінің авторларын білу;
— Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің түсінің, пішінінің, элементтерінің мәнін білу;
— Қазақстан Республикасының Әнұранын мемлекеттік тілде орындай білу;
— Кез келген жағдайда Қазақстан Республикасының рәміздері жөніндегі білімдерін іс – жүзінде қолдана білу.
Оқушылардың бойында терең елжандылық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, жоғары адамгершілікті, мәдениеттілікті, өз мемлекетінің тарихына зор ілтипат пен қызығушылықты қалыптастыру мақсатында сұхбаттар, кездесулер, сынып сағаттарын өткізу кезінде атақты азаматтардың, спорт жеңімпаздарымен, белгілі тұлғалар мен әскери адамдардың өмірінен түрлі көріністер мен эпизодтар келтіріп, олардың Республикамыздың Туына, Елтаңбаға, Әнұранға деген көзқарастарын сөзге тиек еткен жөн.
Білім беру мекемелерінде патриоттық тәрбие берудегі ең басты, маңызды міндеттерінің бірі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне балалар мен жастардың құрметпен қарауын тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерге деген позитивтік және сезінулі көзқарасты қалыптастыру мүмкіншілігін зерттеу мақсатында семинарлар, дөңгелек столдар ұйымдастыру.
1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды. Тудың жобасын жасаған Шәкен Ниязбеков. Ал Елтаңбаның авторлары Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов. Республикамыздың Әнұранын ақын Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев, ал әнін Шәмші Қалдаяқов жазған.
Бүгінгі таңда елімізде 130 – ға жуық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тату – тәтті бейбіт өмір сүріп жатыр. Қазақ жеріне әр түрлі себептермен қоныс аударған көптеген ұлт пен ұлыстардың бірлігін қазақ халқы үлкен парасаттылықпен бірлікке үндей отырып сақтап келеді. Соның арқасында қазақ және басқа этностарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу ісі әрі қарай өз жалғасын табуда. Адамдар арасындағы достық қарым – қатынас, әлеуметтік топтар мен халықтардың жалпыұлттық келісімде өмір сүруі дамудың маңызды факторы болып табылады.
Барлық өркениет арасындағы бейбітшілік пен диалогты қолдай отырып, саясат теориясында да, тәжірибеде де демократиялық мемлекет болмаған. «Біздің қоғам көптеген ұлт өкілдерінен құрылған, олар тек қана ұлттық емес, сонымен қатар нәсіл мен дін белгілерімен ерекшеленеді»,- дейді. Президент Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Қазақстанның көп ұлтты халқының бірігуінің бастамасы болып табылады.
Мемлекеттік рәміздер – жас, тәуелсіз мемлекетті және тарихи дәстүрлердің сабақтастығын куәландырады. Сондықтан әр адам үшін қасиетті отанының мемлекеттік нышандарына деген құрмет пен сүйіспеншілік өскелең ұрпаққа беріліп отыруы қажет.
Мемлекеттіліктің нышандарын зерделеу: Тудың, Елтаңбаның, Әнұранның мәні мен мағынасын түсіндіру Тәуелсіз Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеудің негізін қалаушы бақтардың бірі. Әрбір оқушы рәміздердің рөлі мен мәнін түсініп еліміздің Туын, Елтаңбасын және Әнұранын қастерлеу рухында тәрбиеленіп, Республикаының мемлекеттік рәміздерін құрметтемеген үшін жауапкершілікке тартылатынын сезіну кереу. Қазақстан Республикасының мемлекеттің рәміздерінде Республикамыздың атына тән жоғары адамгершілік құндылықтар, таңдаулы дәстүрлер мен әдет – ғұрыптары туралы көзқарас үйлесімді ұласқан.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы – тік төртбұрыш, көгілдір түсті мата ортасына сәулесін шашқан күн бейнесі мен шарықтай ұшқан дала қыраны бүркіт және сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті жолақ бейнеленген. Күн сәулесімен ұлттық өрнек алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының қатысы 1:2. Мемлекеттік Тудың эталоны Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясында сақталады.
Зеңгір көк түс – біздің ғаламды, аспанды, ауаны және құрлықты бейнелейді. Зеңгір көк түс бірлесу идеясына берілгендігін бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар барлық қалықтарда бейбітшіліктің, тыныштық пен тоқшылықтың бейнесі болған бұлтсыз аспанды еске салады. Мемлекеттік Тудың бір түсті болуы мемлекеттің тұтастығын білдіреді.
Сәулесін шашқан алтын күн мен дала қыраны бүркіт бейнесі және ұлттық ою — өрнек Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының негізгі элементтері болып табылады.
Қазақстан Туындағы күн республикасының жалпы адамзаттық құндылық пен әлемді қоғамдастыққа әуестігін көрсетеді, әлемдегі барлық елдер мен қарым – қатынасты нығайту үшін ашықтығын білдіреді. Өз сәулесіне шомылған алтын күн – тыныштық пен байлықты бейнелейді.
Қазақтың дүниетанымындағы бүркіт бейнесі өте маңызды орын алады, өйткені онымен бостандық, өзін — өзі қастерлеу сезімі, батырлық жоғары идеал, көкіректің кеңдігі және ой — өрістің тазалығын көрсетеді.
Бүркіттің қанатын жайып шарықтап ұшқаны рухани күшті, шабытты, қиыншылықтардың алдында тапқырлық пен ержүректілікті білдіреді. Бүркіттің күн астында бейнеленуі біздің халқымыздың бақыт пен молшылыққа, адамзат өркениетінің биіктеріне ұмтылуы.
Мемлекеттік тудың элементін құрайтын ұлттық ою — өрнек халқымыздың ішкі дүниесін ашу құралы, өйткені қазақ халқының ою — өрнегінің түп тамыры заттар мен оларда қоршайтын дүниенің құбылыстары болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 5 бабына сай Қазақстан Республикасының Туы еліміздің ұлттық мерекесі мен салтанатты күндері мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың ғимараттарында орнатылып, көтеріледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы арнайы белгіленген және безендірілген жерде бекітіледі.
Әнұранның сөзі бөлме қабырғасына ілінеді. Сол жерде Елтаңба мен Ту да орналастырылады.
Мемлекеттік Туды көтеру құқына оқуда, еңбек пен қоғамдық жұмыста үздік табыстарға жеткен оқушылар ие болады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңба – көгілдір түс негізінде шаңырақ бейнесі шеңбер ішіндегі негізгі нышан – белгі. Елтаңба идеясының ең басты жүгін арқалап тұрған әрине, шаңырақ. Шынайы шеберлікпен шендестірілген түндігі аспан күнбезіндегі асыл шырақ – күн бейнесін елестетсе, уықтары – одан тарап жатқан алтын сәулелердей әдемі әсер қалдырады. Қисынын тауып кергелердің көрінісінде бере салған. Әр бөлшегі әсем айшықталған шаңырақ алдымен өз халқымыз, одан қалды қатар тіршілік кешкен басқа ұлт өкілдерінің барлығы бірлесіп, кереге – уықтай кірігіп, күш — жігер жұмсап, аяғына тік тұрғызуға кіріскен қасиетті отаумыз – тәуелсіз мемлекетімізді меңзегендей.
Елтаңба компазиясын құрап тұрған келесі бір құрамды бөлік — ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ бейнесі. Елді нышандарында арғымақ бейнесін пайдалану — өте ертеден келе жатқан үрдіс. Ол геральдика тілінде арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің ғаламат қара күшйін, еліктің ғажайып көзге ілінбес шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің қалай да жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.
Елтаңбаның маңдайшасына бес бұрышты жұлдыз салынған. Ол әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы сияқты, ол Күн мен Айды, Жұлдызды кие тұтқан халқымыздың «бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсің» деген асыл арманын арқалап тұрғандай.
Өз мемлекетіміздің жұлдызы жарық, әрі биік болып, әрбір қазақстандық азамат сол жұлдыздың салған жолына сеніп, қиын уақытта бағдарға алып, әрқашан жаңа жолға, болашаққа жетелейтініне сенім артуымыз керек.
Елтаңбаның негізгі бояуы алтын түстес. Оған зеңгір көк нұрдың қосылуы. Мемлекеттік нышанды айрықша әрлендіріп, бедерлендіріп тұр.
Жалпы, қай жағынан алғанда да кемел келісім тапқан Елтаңба елімізді таңытар белгі екені анық.
Қазақстан Республикасы Әнұранының салтанатты да сабырлы әуені халық жанының кеңдігін, оның көкейкесті ойы мен арманын бейнелейді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраның оркестірдің сүйемелдеуімен хормен орындауға немесе вокалды топтың орындауына рұқсат етіледі.
Мемлекеттік Әнұран мемлекеттік Туды көтерген кезде орындалады. Жиналысқа немесе жиынға қатысып тұрған барлық оқушылар, студенттер, педагогтар, қызметкерлер тік тұрып оң қолын сол кеудесіне қойып орындайды. Қазақстан Республикасының азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, Әнұранын құрметтеуге міндетті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қорлаған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сабақ үстінде, факультативтік сабақтарда, сабақтан тыс жұмыстарды өткізу кезінде, салтанатты іс- шараларда, ұлттық және мемлекеттік мерекелерді өткізу барысында қалыптастыру қажет.
Еліміздің нышандарымен жұмыс істеу кезінде Мемлекеттік рәміздердің барлық элменттерін түсіндіру барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру керек.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛГАН ӘДЕБИЕТТЕР