АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазақстанның 1995 — 2005 ж.ж. экономиканың дамуы

Қазақстанның 1995 — 2005 ж.ж. экономиканың дамуы

 

Мазмұны

 

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………….

 

1 Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі…………………………………………..

1.1 Нарықтық экономикаға өтудің негізгі бағыттары…………………………………..

1.2 Қазақстандағы нарықтық қатынастардың дамуы…………………………………..

1.3 Қазақстан экономикасының дамуындағы шетел инвестицияларының рөлі…………………………………………………………………………………………………………..

 

2 1995- 2005 ж.ж. экономиканың дамуы…………………………………………………….

2.1 Өнеркәсіп көрсеткіштері………………………………………………………………………

2.2 Ауылшаруашылығын дамыту мәселелері……………………………………………..

2.3 Сыртқы экономикалық қарым — қатынастары………………………………………

 

Қорытынды ……………………………………………………………………………………………..

Пайдаланған әдебиеттер тізімі………………………………………………………………….

Қосымша………………………………………………………………………………………………….

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының 1995-2005ж.ж. аралығындағы экономикасының даму жағдайыны талдау жасау қазіргі кездегі өзекті мәселелердің біріне жатады, өйткені тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жылдары елміздің экономикасы төмен құлдырап, тек 1995 жылдан бастап қана ол бірте-бірте көтеріле бастады, ал 2005 жылы еліміздегі жалпы ішкі өнім көлемі 1995 жылмен салыстарғанда екі есе өсті. Міне, осындай дәрежеге жету үшін қандай жұмыстар жүргізілді және экономикамыздың дамуының басты бағыттары қандай болды деген сұраққа жауап беру үшін осы жұмыста көптеген статистикалық мәліметтерге талдау жасалынып, ел экономикасы дамуының басты себептерін айқындау қазіргі уақытта өте қажет.

         Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: жұмыстың басты мақсаты 1995-2005ж.ж. аралығындағы Республика экономикасының даму жолдарына талдау жасау.

         Міндеті:

  • Республика экономикасына жалпы сипаттама беру;
  • Республикадағы өнеркәсіптің дамуына талдау жасау;
  • Ауыл шараушылығы өндірісінің даму жолдарын айқындау;
  • Республика экономикасының келешекте даму бағыттарын айқындау;

Жоғарыда айтылған міндеттерге жету барысында республиканың 1995-2005ж.ж. аралығында экономикасының даму ерекшеліктері қарастырылған.Қазақстанда реформа жасау жылдарында, нарықтық экономикаға көшуде орасан зор көп жұмыстар атқарылды:

  • Барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге баға мен тариф ырықтандырылды;
  • Сыртқы экономикалық қызмет көп жағдайда ырықтандырылды, соның ішінде әртүрлі тарифтік емес шектеулер мен экспортқа шығарылатын өнімдерге кеден бажы алып тасталынды;
  • 1995 жылы 1 шілдеден салық жөніндегі жаңа заң енгізілді, салық саны бұрынғы 45-тен енді 11-ге дейін қысқарды, олардың алым көлемге ретке қойылды, олар экономикадағы нарықтық қатынастарға лайықтандырылды;
  • түбегейлі институциялдық өзгерістер жасалды және жасалынып жатыр. Елімізде мемлекеттік меншікті жекешелендіру жоғары қарқынмен жүргізілді, реформа жылдары (1992-1995) мемлекеттік 16мың кәсіпорын жекешелендірілді, оның ішінде экономиканың экспорттық секторына жататын өнеркәсіптің ірі жетекші кәсіпорындары бар. Бүгінде шаруашылық қызметпен айналысатын субъектілердің жалпы санының 80%-дан астамы жеке меншікте, мемлекет меншігінде тек 15,5%-ы ғана қалған;
  • рыноктық инфраструктураның базасы жасалды: 100-ден астам екінші дәрежедегі банк жұмыс істейді, олардың 30-дан астамы жеке меншіктегі , 72-сі акционерлік, 6-ы шетелдік банктер. Кейбір банктер банкрот болып, кейбіреулері өзара бірігіп, іріленіп деген сияқты табиғи процесс жүріп жатыр.

Яғни экономикамыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА ӨТУІ

 

1.1 Нарықтық экономикаға өтудің негізгі бағыттары.

 

           Басқа республикалар сияқты Қазақстанның да нарыққа бағытталған экономика құруға бет алғанына он жылдан да асты. Бұрынғы жоспарлы экономиканы нарықтық экономика түріне алмастыру экономиканың барлық салаларында дерлік жүргізілді. Көлемі мен тереңдігі жөнінен бұрын болып көрмеген әлеуметтік – экономикалық және саяси дағдарыстан елімізді алып шығу жолында күрделі істер атқарылуда. Біздің халқымыз көшпелі экономиканың ауыртпалығы мен бейнетін бастан кешіруде.

           Экономикалық жағдайды обьективті бағалау үшін ТМД елдері өз басынан тек жәй көшпелі экономиканы емес, оның кеңестік дәуірден кейінгі ерекше түрін өткеріп жатқанын ескеруіміз керек. Ол екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Батыс және Орталық Еуропа, Жапония, Шығыс Азия елдеріндегі, сондай-ақ Шығыс Еуропа мен Балтық теңізі жағалауындағы елдердегі социализмнен кейінгі көшпелі экономикадан бөлек. Бірінші топтағы елдерде нарықтық қатынастар мен шаруашылық тәсілдерін соғыс бөліп кеткен-ді, соғыс аяқталысымен олар қайта қалпына келтірілді. Ал екін-ші топтағы елдердің социалистік жоспарлы экономикасы да онша көп уақытқа созылған жоқ, оның үстіне олардағы экономиканың кейбір секторларында шаруашылықтың нарықтық қатынастары сақталды, олар дамыған елдермен қанаттас еді. Сондықтан, бұл елдерде экономиканы өзгер-ту процесі жеңілірек болды.

          Ал ТМД елдерінде нарықтық қатынастарды тыңнан бастау қажет болды. Кеңес адамдарында нарықтық әлеуметтік түсінік, кәсіпкерлік рух, демократиялық ой-пікір сияқты қасиеттер кеңінен дамымаған еді. Сондықтан да бұл елдерде нарықтық қатынастардың өмірге баяу енуі, қалыптасуы, бекуі түсінікті, өйткені оларда экономиканы басқарудың барлық буынында бұрынғы кадрлар іс басында отырғаны айдан анық еді.

Қазақстан ТМД-ның басқа елдері сияқты нарыққа бет алған экономика жолына 1992 жылдың қаңтарында аяқ басты. Нарықтық экономикаға өту барысында Қазақстанға өзара тұтасып жатқан екі міндетті шешу қажет болды:

  • экономиканы тұрақтандыру және оны тамыры тереңге кеткен дағдарыстан шығару;
  • нарықтық қатынастарды құру және дамыту;

Экономикада нарықтық қатынастармен нарық тетіктерін құлашын кеңге жайған дағдарыс жағдайында дамыту өте күрделі еді,  сондай-ақ экономикалық дағдарысты жеңу де қиын еді, өйткені шаруашылық жүргізудің ескі тетіктері оған жарамайтын, ал жаңалары тек енді ғанғ қалыптаса бастаған болатын.

          Міне, осындай жағдайда Ресей үкіметі бағаны тез ырықтандыруға, қатаң ақша – кредит және қаржы – бюджет саясатына, рубльдің(сомның) біртұтас жылжымалы курсына, сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыруға және жекешелендіруді шапшаң жүргізуге, яғни «есеңгіретіп емдеу» саясатына негізделген реформаның стратегиясын ұсынды.

            Кеңестік жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің бұл бірден-бір жолы және түбегейлі өзгерістің дұрыс стратегиясы болатын. Ре-форманың алғашқы сәтінде саналы түрде мақсат етіп қойылған «есеңгіреу» (шок) кеңес өкіметінен кейінгі экономиканы өзгертудің қашып құтылмай-

тын қиындығы еді. Өйткені бұл экономикада баға алшақтығы жағдайында жасанды тағайындалған бағалар орын алған-ды, қайта құру заманында экономикалық саясаттың және біліксіз жүргізілген табыс саясатының нәтижесінде шектен тыс көп жиналған ақша массасы бар-тұғын, ал мұның өзі өте тапшы тұтыныс рыногын тудырған болатын. Қысып ұстап, қолдан жасалған жасырын инфлияция ашық түрге айналды. Бұл, осылай болуға тиісті, өйткені бұл қауіпті ісік көп жылдар бойы экономиканы іштен жеп, оның жазылмас дертіне айналған еді. Сондықтан одан жазылу үшін ауыр болғанымен «есеңгіретіп емдеу қажет болды.

Алғашқыда экономиканы ырықтандыруға және қаржыны шектеудің макроэкономикалық тұрақтандыруына негізделген басымдықтан гөрі құрылымдық өзгерістермен қабат жүретін экономиканы қаржыландырумен өндірісті өсіру қызықтырыңқыраған стратегия болды. Бірақ-та, аса зор инфлияция, қаржы жүйесі қаусаған, тұрғындар қолында жиналған ақшаның массасы шектен тыс көп жағдайда мұндай стратегия – экономикалық күйреу болды. Оның үстіне ондай стратегияны жүзеге асыру да мүмкін болмайтын, өйткені бұрынғы біртұтас кеңестік нарық бөлшектенді, бұрынғы шаруашылық байланыстар үзілді, ал басқа нарықтарға біздің тауарлармен шығу мүмкін емес еді. Экономиканы қар-жыландыруға қажетті ақшаны қандай да ақша станогы басып шығарып үлгермейтін еді, ақша тапшылығы күннен – күнге арта берген болар еді.

          Бұдан басқа тағы бір қызықтырарлық стратегия нарыққа біртіндеп көшу болды. Алайда, коммунистік көзқарас басым, нарыққа қарсы институционалдық ортада оны жүзеге мүмкін емес еді. Нарыққа деген әр қадам, нарықтық тұрақтандыру тетіктері қатты қарсылық кездестіріп, ақыр аяғы ескі жүйеге қайтып келер еді.

Қалай болғанда да, сомдық аймақта отырған және Ресейдің Үкіметі Орталық банкі және Парламенті жүргізіп отырған экономикалық саясатқа тәуелді, өз валютасын енгізіп, оның курсын реттеп отыруға уақыты да тәжірибесі де және ресурсы, өзінің қаржы жөніндегі институттары жоқ Қазақстан Ресейдің стратегиясын оның кейінгі бұлтарыстарымен бірге қабылдауға мәжбүр болды.

            Қазақстан өзінің іс жүзіндегі жеке дара экономикалық саясаты мен өз реформасын өзінің ұлттық валютасын енгізгеннен соң 1994 жылдан бастап ғана жүргізе бастады. Осыдан кейін ғана өкіметтен ұлттық банктің экономикалық саясаты азды-көпті қажетті дәйектілікке және алдын-ала болжауға ие болды. Өкінішке орай, 1992 жылғы мамырда реформаның қабылданған стратегиясынан бас тартқан соң келесі жылдар аса асқындаған және шапқылаған инфляция, өндірістің құлдырауының өсу және тұрғындар өмір деңгейінің шапшаң төмендеу жылдарына айналды. Реформа жылдары инфляция деңгейі 13250есе өсті, өндірістің құлдырауы 1991 жыл деңгейінің 50 пайызына, ал өмір деңгейі 4 есеге дейін құлдырады.

          Қазақстанда реформа жасау жылдарында, нарықтық экономикаға көшуде орасан зор көп жұмыстар атқарылды:

          -барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге баға мен тариф ырықтандырылды;

      -сыртқы экономикалық қызмет көп жағдайда ырықтандырылды, соның

ішінде әртүрлі тарифтік емес шектеулер мен экспортқа шығарылатын

өнімдерге кеден бажы алып тасталынды;

       -1995 жылғы 1-шілдеден салық жөніндегі жаңа заң енгізілді, салық

саны бұрынғы 45-тен енді 11-ге дейін қысқарды. Олардың алым көлемі

ретке қойылды, олар экономикадағы нарықтық қатынастарға лайықтандырылды;

            -түбегейлі институциалдық өзгерістер жасалды және жасалынып жатыр. Елімізде мемлекеттік меншікті жекешелендіру жоғары қарқынмен жүргізілді, реформа жылдары (1992-1995) мемлекеттік 16 мың кәсіпорын жекешелендірілді, оның ішінде экономиканың экспорттық секторына жататын өнеркәсіптің ірі – ірі жетекші кәсіпорындары бар. Бүгінде шаруа-

шылық қызметпен айналысатын субъектілердің жалпы санының 80 пайыздан астамы жекеменшікте, мемлекет меншігінде тек 15,5 пайызы ғана қалған;

           -рыноктық инфраструктураның базасы жасалды: 100 ден астам екінші дәрежедегі банк жұмыс істейді, олардың 30 дан астамы жеке меншіктегі, 72- сі акционерлік, 6-ы шетелдік банктер. Кейбір банктер банкрот болып, кейбіреулері өзара бірігіп, қосылып, іріленіп деген сияқты табиғи процесс жүріп жатыр. Ұлттық банк қабылданған заң бойынша тәуелсіз банкке айналды. Инвестициялық және қамсыздандыру компаниялары, зейнетақы және басқа қорлар сияқты банкке жатпайтын қаржылық институттар құрыла бастады, толық нарықтық тәртіпке қазақстандық банкаралық валюта – қаржылық биржа, бірнеше тауар биржасы – осының бәрі нарықтық экономиканың өзіне тән айнымас белгілері;

     -нарықтық экономиканың, оны мемлекеттік реттеудің құқықтық базасы жасалды, ол үнемі жетілдірілуде.

          Қорыта айтқанда, Қазақстанның бүгінгі экономикасы нарықтық экономикаға әбден ұқсайды, бұдан былай жоспарлы экономикаға қайтар жол жоқ.

            Нарықтық экономикаға өту барысында экономикамызда төмендегідей бағыттар бойынша құрылымдық өзгерістер жүргізілді:

           -мемлекет меншігінде болған барлық өнеркәсіп орындары мен ауыл-

шаруашылық бірлестіктерін жекеменшікке беру;

           -экономика құрылымында өнеркәсіптің әсіресе өңеуші өнеркәсіптің үлесін арттыру. Өнеркәсіптің артта қалған салаларында өнімділікті арттыру үшін және жаңа техникамен технологияларды пайдалану үшін шетел инвестицияларын тарту;

           -ҒТР нәтижелерін экономиканың барлық саласында кеңінен пайдалану;

          -жеке кәсіпкерлікті дамыту;

          -отандық тауардың сапасын жақсарту рақылы дүние жүзілік нарықтағы бәсекелестігін арттыру;

          -экономикадағы қажетсіз салаларды басқа салалармен ауыстыру, орта және ұсақ кәсіпорындардың санын көбейту;

          -Әлемдік шаруашылыққа интеграциалану, яғни халықаралық еңбек бөлінісіне қатысып, сыртқы сауда құрылымын өзгертіп, экспортқа тек шикі-затты ғана емес, сонымен қатар дайын өнімді шығару.

 

Сурет 1

Қазақстанның ұлттық экономикасының трансформациялық даму кезеңдері

 

5 этап:

1999-2004ж

 
   

 

 

 

                   1 этап:                                              4 этап:

                   1991-1993ж                                      1997-1998ж

       
   
     

 

 

 

 

 

                  

 

 

2 этап:                                                       3 этап:

                   1993-1995ж                                               1995-1996ж

       
       
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Қазақстандағы нарықтық қатынастардың дамуы.

 

             Қазақстан бүгінде егеменді тәуелсіз мемлекет. Қоғамда әлеуметтік, саяси және экономикалық реформалар жүріп жатыр. Ұзақ мерзімді мақсаттар өз нәтижелерін әзірге бере қоймаса да оның қайсыбір бағыттары бойынша жетістіктерге қол жеткізудеміз. Республика экономикасы да тұрақтана бастады. Бүгінде саяси және экономикалық жүйе мүлде өзгеше.

            Өтпелі кезеңде бірқатар қиындықтардың болып жатқаны да рас. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «Мен өз отандастарымызға өтпелі кезеңнің ауыртпалықтарын түсініп, оған төзіп отырғаны үшін рахмет айтамын, осы қасиеттер біздің табысқа жетуіміздің, қоғамымыздың топтасуының, шетелдік инвесторларды тартудың және халықаралық қоғамдастықтың біздің пролемаларымызды шешуге кірістірудің елеулі кепілі деп санай-

мын»,- деді. Осының бәрі қазіргі ғана емес, болашақ ұрпақ игілігі үшін де жасалып жатқан шаралар.

           Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне кіруі өндіріс көлемінің елеулі кемуіне әсер еткені белгілі. Технологиялық тұрғыдан артта қалуы, өндірістердің даярсыздығы, шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларын игере алмау, бәсекеге қабілетсіздік – осының бәрі көптеген кәсіпорындардың тұрып қалуына, дәстүрлі өткізу рыноктарын жоғалтуға , өндірістің құлдырауына әкеп соқты. Соның салдарынан елімізде соңғы 8 жылда өндіріс көлемі екі еседен артық қысқарды.

           Ішкі капитал мен жинақталымдардың жеткіліксіздігінен Қазақстан шетелдік капиталға, жеке капиталға да, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарына да тәуелді болып отыр. Қазіргі таңда экономиканы көтеру инвестицияның түсуіне байланысты болып отыр. Бүгінде Қазақстан зор мүмкіндіктер табалдырығында тұр. Мәселен, Азияның ең кедей елдерінің өзі отыз жыл ішінде қайыршылықтан шығып, индустриялы мемлекттерге айналғаны белгілі. Алғашқылары Корея, Тайвань және Сингапур болса, қазір оларға Малайзия, Индонезия және Тайланд қосылып отыр. Қазақстанның көршісі Қытайдың да экономикасы жоғары қарқынмен дамуда. Соған орай бұл елдер күллі әлемде Азия жолбарыстары ретінде танылып отыр.

           2030 жылға қарай Қазақстан өзінен-өзі көтеріле қалмайды. Ол республика халқының қажырлы еңбегі арқылы ғана дамыған елдер қатарына қосыла алады.

           «2030 жылы Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін», — деген елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың сөзінің іске асырылуы Қазақстанның да өркендеп, қуатты елге айналарына сеніміміз мол.

 

 1.3. Қазақстан экономикасының дамуындағы  шетел инвестицияларының ролі

 

         Инвестиция барлық қоғамда да экономиканы нығайтудың негізі болып табылады. Инвестицияның  көмегімен инфрақұрылымды жетілдіре беру керек. Оның  жетілдірілуі экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

         Қазіргі таңда алда тұрған қиын жағдайды шешудің бірден-бір жолы, бұл отандық өндірісті дамыту. Егер де ауыр өнеркәсіпті дамытуға әзірше шама-шарқымыз жетпейтін болса, шағын және орта өнеркәсіпті дамытуды жолға қою кезектегі міндетіміз.

         2005 жылдың 27-сәуірінде, Республика президентінің шағын және орта кәсіпкерлікпен шұғылданушылармен кездесуінде осы мәселе ерекше әңгіме болды. Бұл бағытты дамыту аса мол инвестицияны қажет етпейді. Отандық инвестицияларын босқа жіберіп жатқан жоқ. Біз жыл сайын 1,5 млр АҚШ доллары көлемінде шетел  инвестицияларын пайдаланамыз. Ал, оларды өсіммен қайтару бізге оңай емес. Бұл салада жетіспеген жағдай, жіберілген  қателік көп, Сондықтан да отандық инвестицияға қатты көңіл бөлу керек. Қор рыногын жандандырған жөн. Инвестиция иемденуші еңбектен, өндіруші еңбекке ауысқаны тиімді. Осылай болса, жұмыссыздар азаяр еді. Қазір  жұмыссыздардың саны артып отыр.

         Сонымен бірге ауыл шаруашылығына да инвестиция бөлу мардымсыз. Қазіргі кезде бұған  балл құрылымдары да, шетілдік инвесторлар да барып отырған жоқ.

         Ауыл шаруашылығына инвестиция бөлудің өз ерекшеліктері болуы тиіс. Инвесторлар салықтың барлық түрінен босатылғандары жөн.

         Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық тауарлары арасындағы ара қатынаста жөнге келтіру керек. Ауыл шаруашылығына инвестиция бөлгенде, неше  беруге келгенде Үкімет те белгілі мөлшерде тәуекелге баруы керек. Ауыл тұрғындары үшін жұмыс орындарын ашып, олардың күн көруіне керекті табыс көзін жасап, оларға жалақы төлемесе, күнелту үшін малдан басқа ештеңе қалмағандықтан, мал басы әрі қарай шұғыл азаятын болады. Бұл жағдай халқымыздың  бұрынғыдан да арзан жүдеуіне әкеліп соғады.

         Қазіргі кезде аграрлық рынок қорғаусыз қалды, ол әлемдік экономика кеңістігіне тиісті қорғау шараларынсыз енуде. Ал елімізге азық-түлік өнімдерін тасымалдау өсіп келуде. Ет өнімдерін әкелу 1,4 % -дан 10% -ға, қант 37,7 % -дан 60 % -ға дейін, өсімдік майы 25 % -дан 60 %-ға дейін т.б. өсті. Республикада тамақ өнімдері жетіспейтінін пайдаланып, батыс елдері Қазақстанға сақталу мерзімі бітуге таяған арзан азық-түліктерін әкелуде. Өз елімізде жеткілікті көлемде өндірілетін өнімдерді (астық, мақта, жүн, қаракөл, ет. т.б.) сырттаен әкелуге алымдарды жоғары белгілеп, ал өзіміздікін сыртқа еркін шығаруға рұқсат беру керек. Өзімізде жетіспей  отырған өнімдерді сыртқа шығаруға тосқауыл қойған жөн. Ең бастысы, өз елімізде өндіруге мүмкіндігі бар тауарларды, әсіресе тамақ, жеңіл өнеркәсіп өнемдерін шеттеп тасымалдауымыз орынсыз. Осының салдарынан, бір жағынан экономика ақсап отырса, екінші жағынан елімізде еңбек жасындағы көптеген тұрғындары жұмыссыз жүр.

Халық шаруашылығының қай саласы да қаржысыз дамымайды. Оны табу, толықтыруға түрлі қиындықтар кездесуде. Ел экономикасын  дамытуда ішкі қаржының маңызды екені белгілі, бірақ ,ол жеткіліксіз дәрежеде болып отыр. Осыған байланысты, шетел қаржыларын тарту басты мақсатымызға  айналып отыр. Осы тұрғыдан біраз  жұмыстар да тындырылды: Алдағы уақытта шетелдік инвестицияларды тиімді пайдалану жолдары тұрақты мәселеге айнала бастады. Бұл орынды да. Себебі, шетелдік инвестициялар бізге тегін келіп жатқан жоқ. Оны пайдаланғанымыз үшін шетелдіктерге көптеген қосымша қаржы төлеуге мәжбүрміз. Оның мөлшері онша аз да емес және жыл сайын артып келуде. Егер шетелдік қаржыны алғашқы алған жылдары біздің борышымыз 1,2-1,3 млрд. АҚШ доллары көлемінде болатын болса, соңғы жылдары ол 5,8 млрд. АҚШ долларына жетіп отыр. Біз жыл сайын шетел капиталын пайдаланғанымыз үшін салық өсе беретін болады. Ал, оны уақытымен толық  мөлшерде төлеу үшін еліміздің өндіріс орындары, шаруашылық салалары өз жұмыстарыын жандандыруы керек.

Осы тұрғыдан қарағанда, шетел капитлын өзімізге тарта берудің жағымсыз жақтары баршылық Шетел инвестициясын өз экономикамызды дамытуға тартқанның өзінде олардың қай пиғылмен келгенін, не істеуді жоспарлағанын, қандай технологияны өндіріске енгізілетінін алдын ала білуіміз керек. Инвестиция  алған өндіріс орнына қандац пайда түсетіні күні бұрын көрініп тұрғаны жөн. Шетел инвестициясын өндіріске тарта отырып, оларды шаруашылықтың қай саласына пайдалану тиімді – осыған көбірек мән беру керек. Кейін осы капиталды падаланғанымыз үшін өсім төлейтін болғандықтан өзіміз шешуіміз керек.

Шетел инвестициясын ғылым мен білімді, ғылым жетістіктерін көбірек керек ететін шаруашылық салаларын дамытуға, жаңа технологияны енгізуге жұмсаған тиімді тәжірибеден Байқалып жүргендей, инвестицияны ұзақ өндірістік циклды дамытуға немесе шетел тауарлары көп тасымалдауынан бәсекелестік кең өріс алған салаларға жұмсау самарқаулау. Сондықтан да мемлекет отандық тауар өндірушілерді шетелдік тауар өндірушілерден қорғауы керек. Бөл жөнінде арнайы бағдарлама болғаны жөн. Қазіргі валюта курсына байланысты шикізатты шетелге көптеп сату оны отандық тауар өндірушілерге сатудан әлдеқайда пайдалы. Сол себепті еліміздің шикізаты шетке кетіп жатыр, ал отандық  кәсіпорындар шикізатсыз қалуда. Бұған жол бермес үшін валюта курсын өзімізде қай өндіріс саласын дамыту тиімді, соған байланысты өзгеріп отыру керек.

Экономикалық дамуды ынталандырудың бағдарламасына инвестициялық және өнеркәсіптік саясаттарын қаржыландырудың қосымша көздерін іздестірген жөн.

Инвестициялық саясатты дұрыс шешу, отандық өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуына жағдай жасау, халықты жұмысқа орналастырумен, олардың хал-ахуалының жақсартумен тығыз байланысты. Жұрт жаппай еңбекпен айналысқан жағдайда жұмыссыздықтан (әзірше  шағын қалаларда) қоғамның тұрақтылығына келетін қауіп азаяды.

Инвестицияның біраз бөлігі жаңа технологияны сатып алуға және өндіріске енгізуге жұмсалуы тиіс. Бұл жерде екі түрлі қиындықты айта кету керек: біріншіден, Шетел  технологиясын жаппай сатып алу өз елімізде техникалық прогрестің төмендеуіне әкеліп соқтырады.

Жаман да болса, шетел технологиясын алу керек  деген пікір қалыптасады. Сөзіміз жалаң болмас үшін, мына дәлелді келтірейік. Сонау 1965  жылы Каз ПТИ қызметкерлері бұрғылау жұмысында пайдаланатын жасанды алмас коропкасы бар бұрғы дайындаған болатын. Бұл жаңалыққа  инвестициядан патент алынған. Оның көмегімен бұрғылау жұмысының құнын 20 пайызға арзандатуға болады.

Бірақ ол қолдау таппады. Оның себебі, біздің елімізде шетел технолоигясына бас ұру басым да, отандық технологияға, отандық  опертапқыштарға мән беру кем. Қазіргі уақытта  Қазақстанға шетел тауарымен, технологиясымен бәсекелесуге жарамды отандық тауар мен технологияға көңіл бөлетін уақыт жетті.

Ал, екіншіден, отандық машина жасауды тірілтеміз деп өзіміздің өнімсіз технологияны көбірек пайдалана берсек, шетелдіктерден артта қалып қоямыз. Осыны ескере келіп, өз елімізде өндіруге тіпті мүмкіндігі жоқ немесе тиімсіз технологияны сырттан алдырған орынды. Бұл тұрғыдан алғанда еліміздің технологиялық қаіпсіздігін ескерген жөн.

Қорыта айтқанда, инвестициялық қорларды тиімді пайдалану үшін төмендегі талаптарды сақтаған орынды:

  • экспорттық шамамызды көтеріп, шетелден тасымалданатын тауарды елімізде өндіру;
  • елімізден валютаны заңсыз жолмен сыртқа шығаруға жол бермей валюталық бақылау жүйесін жетілдіру.
  • Шетел капиталын елімізге тартуға мемлекеттік кепілдеме берулі шектеу.
  • Экономикалық өсу тұрақты болуы үшін оны отандық инвестициясымен жарақтандырып, халықтық төлеу (салық, сатып алу) қабілетін жоғарылату.

Осыған байланысты еліміз алдында екі басты міндет тұр: инвестициялық белсенділікті көтеру, ішкі рыноктың тұрақты дамуын қамтамасыз етуі , оның басты бағыттары:

  • инвестицияны өндірістік салаларға молырақ бөлу;
  • ауыл шаруашылығында жерді тиімді пайдалана білу. Оны жекеменшікке біржолата сатып жібермей, жалға беру, түсетін жал ақысы-жалға алушыларға оны тиімді пайдалануға көмек көрсету;
  • Шетелдіктерге жерді пайдалануға шек қою баға қоюдағы арақатынасты реттеп, олардың арасындағы алшақтықты азайту;
  • Отандық тауарлар есібінен ішкі рыноктың дамуына жағдай жасау.

Қорыта келгенде айтарымыз, шетелдік және отандық  инвестицияларды қайда жұмсауды, қалай пайдалануды тиісті басшылар мен мамандар болып мықтап ойланып, айқын бағыт алған жағдайда, одан еліміздің өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы үлкен пайда көрері анық. 

 

 

 

 

 

 

  1. 1995-2005Ж.Ж. ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ

 

2.1  Өнеркәсіп көрсеткіштері

 

         2002 жылы өнеркәсіп өндірісі. Өткен  2002 жылы Қазақстанның өнеркәсіп кәсіпорындарында қолданыстағы бағамен 2292 млрд. теңгенің өнімдері өндірілді (шағын, қосалқы кәсіпорындар, үй шаруашылығы  секторын қосқанда), бұл 2001 жылмен салыстырғанда 9,8 пайызға  өскен. Өндіріс көлемінің өсуі республиканың барлық өңірлерінде байқалады.

         Кен өндіру өнеркәсібінде 2002 жылы 1072,9млрд. өнімі өндірілді, бұл 2001 жылмен салыстырғанда 14,7 пайызға көп, өңдеуші өнеркәсіпте -1048,8млрд. теңге және 7,7 пайызға өсті.

         Кен өндіру өнеркәсібінің басты тауары шикі мұнайды өндіру 42,0 миллион тоннаға жетті  немесе 16,6 пайызға өсті, газ конденсаты-5,2млн. тонна және 1,3 есе, табиғи газ-10,5млрд. текше иметр және 1,3 есе. Мұнай-газдан кейінгі кен өндіру өнеркәсібінің саласы металлургия екені белгілі.2002 жылы темір кенін өндіру 1,3 есеге, жез-5,1 пайызға, алюминий(боксит) -1,2 есеге, қорғасын-мырыш-8,2 пайызға, хром-15,8 пайызға өсті. Өңдеу өнеркәсібінде оның көлемінің 40 пайыздан астамы металлургия өнеркәсібі мен металл өңдеудің үлесіне, үштен біріндейі –ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің үлесіне тиді.

         Металлургия өнеркәсібі мен металл өңдеуде 2002 жылы 411,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, соның ішінде қара және түсті металлургия өнімдері, 164,7және 228,3 млрд. теңгеге жетіп, қара металлургия өнім көлемі 7,8 пайы зға, шойынның көлемі 4,1млн. теңгеге жетіп, 4,7пайызға, болат, тиісінше -4,9 млн. тонна және 3,8 пайызға тмір мен болаттан  жасалған тапталған прокат-4,0 млн. тоннаға және 3,5 пайызға көбейді. Түсті металдар  өндірісі 4,9 пайызға өсті, өңделмеген алюминийдің, глиноземнің көлемі 1,4 млн. тоннаға жетті немесе 12,6 пайызға өсті, өңделмеген қорғасын,тиісінше -161,8 мың тоннаға, 1,9 пайызға, өңделмеген мырыш -286,3 мың тоннаға, 3,3 пайызға, алғашқы мыс-446 мың тонна, 2,9 пайызға, тазартылған мыс- 453,0 мың тоннаға, 6,4 пайызға өсті.

         Машина жасау саласында 2002 жылы 2001 жылға  қарағанда өнім көлемі электр жабдықтары, электрондық және оптикалыққ жабдықтары, машиналар мен жабдықтар өндірісінің төмендеуі салдарынан 2 пайызға кеміді.Көлік  құралдары мен жабдықтарының өндірісі 5,9 пайызға өсті.

         2002 жылы 306,9млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімінің өнімі өңделді, бұл 2001 жылмен салыстарғанда 10,4 пайызға көп. Соның ішінде сусындарды қоса алғандағы тамақ өнімдерінің өндірісі  278,8млрд. теңгені құрады, бұл оның алдындағы жылдан 10,8 пайызға артық. Тамақ өнімдерінен шұжық бұйымдараның көлемі 12,1 мың тоннаға жетіп, 13,3 пайызға, өңделген сүт пен кілегей-109,0 мың тонна, 17,3айызға сары май-9,2 мың тонна, 1,5 есеге, ұн -1,9млн. тоннаға. 13,2 пайызға, қант -395 мың тонна, 14,0   пайызға, коньяк -1,3 млн. литр, 2,2 есеге, минералдық және газдандырылған сулар-220,6 млн. литр, 1,4 есеге, сигареттер-23,4 млрд. дана, 9,2 пайызға өсті. Электр энергиясы 58,5 млрд. квт. Сағат өндірілді немесе 2001 салыстырғанда 5,6 пайызға өсті.

         Қорыта айтқанда, өнеркәсіп өнімдерінің көптеген  түрін өндірудің көлемі арта түсті. Өнеркәсіп салаларын дамытуда басты назар шикізат өндіруге бөлініп, өңдеуші саланың өнімдерін өндіруде айтарлықтай өзгеріс байқалмайды. Бұл екі көрсеткіштен –ақ тайға таңба басқандай көрініп тұр. Біріншіден,2002 жылы кен өндіру өнеркәсібінің өнімі 14,7 пайызға өссе, өңдеу өнеркәсібінің өнімі-7,7 пайызға өсті. Осы екі  саланың ара-қатынасын алып  қарасақ, біріншісінің үлес салмағы 51,3 пайызға, екіншісінің  48,7 пайыз. Ал екеуінің ара-қатынасында өңдеуші өнеркәсіптің үлес салмағын және өнімдерінің көлемін арттырудың жолдары мен мүмкіндіктері  көп-ақ. Бұл әрине терең талдауды, нақты ұсыныстарды талап ететін кең көлемді жеке мәселе.

2003 жылдың өнеркәсіп өндірісі.    Үстіміздегі  жылдың алғашқы  жарты  жылдығында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 1615,1 млрд. теңге болды. Бұл былтырғы жылдың осындай  мерзіміне  қарағанда 9,4 пайызға артық. Кен өндіру өнеркәсібінде 803,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2002 жылғы деңгейден 11,5 пайызға жоғары. Өнеркәсіптің бұл саласының осындай өсуі негізінен газ түріндегі табиғи газ( тауарлы шығарым) (47,7 пайызға), газ конденсатын(26,5 пайызға) , көмір(3,0 пайызға) өндіруді арттырумен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ темір кенді шекемтастар, қорғасын-мырыш және хром кендері, құм және қиыршық тас 2002 жылғы қаңтар- маусымдағыдай артық өндірілген. Тау-кен өнеркәсібі өнімінің құрамында отын-энергетикалық пайдалы  қазбалардың үлесіне 720,8 млрд.теңге немесе 89,7 пайызы  келеді, соның ішінде шикі мұнай мен табиғи газдың үлесіне, тиісінше 658,0 млрд. теңге немесе 81,8 пайызы келеді.

         2003 жылдың қаңтар-маусымында өңдеу өнеркәсібінде 670,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, яғни 2003 жылғы осындай  мерзім деңгейінен 7,9пайызға жоғары, бұл резина және пластмасса бұйымдар(40,6пайызға), машина жасау (30,2 пайызға) ,өзге де металл емес минералды өнімдер(24,9пайызға), химия өнеркәсібі (23,8пайызға), былғкары және  былғарыдан  жасалған бұйымдар мен аяқ киімдер (13пайызға), қара металлургия және  сусындары қоса тамақ  өнімдері (7,2 пайызға) өндірісі  артуы  есебінен  қамтамасыз  етілді.

         Үстіміздегі жарты жыл ішінде 163,3 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өңделді, соның ішінде сусындарды ққоса тамақ өнімдерін өндіру 145,9 млрд. теңгені немесе 2002 жылғы тиісті кезеңнің деңгейіне 107,2 пайызды құрады. Ауыл шаруашылық өнімдерінің өңделген өнім көлемі өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің жалпы сомасының 24 пайызын құрады, соның ішінде тамақ өнеркәсібінің өнімдері 22пайызын құракды. Шұжық өнімдері, күнбағыс майы, жеміс және көкөніс шырындары, сары май, ақталған күріш, макарон өнімдері, майонез сияққты тамақ өнімдерін, сонымен бірге коняьк (1,6есе),минералды су және алкогольсыз сусындар(38,6пайызға), сыра(30,7пайызға) өнімдерін шығару  өсті.

         Металлургия өнеркәсібінде және металдан жасалған дайын бұйымдар өндірісінде 300млрд. теңгенің өнімі өндірілді(өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің жалпы сомасының 45 пайызы), соның ішінде қара және түсті металлургия өнімі-тиісінше 135,7 млрд. және 147,1 млрд. теңге. Қызмет түрі  бойынша тұтастай алғанда өткен ижылмен салыстырғанда өнім көлемі 104,6 пайыз құрады. Болат (11,4пайызға), ақ қаңылтыр және қкалайыланған жаймалық илектер(10,7пайызға), өңделмеген алюминий, алюминий тотығын(2,8пайызға), өңделмеген мырыш(2,3пайызға) өндіру өсті.

         Кокс,мұнай өнімдерін және ядролық материалдарды өндірудің көлемі62 млрд. теңгеге жетіп, (өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің жалпы сомасының 9пайызы), өткен жылдың тиісінше деңгейінің 100,4 пайызын құрады. Мұнайдан өңдеуден алынатын өнімдерді шығару 3 пайызға төмен болды, соның ішінде мазут өндіру-2,1 пайызға.

         Машина жасау саласында көлік құралдары мен жабдықтарын (40,6 пайызға), машиналар мен жабдықтарды(37,5 пайызға), электр жабдықтарын және оптикалық жабдықтар шығаруды(9,2 пайызға), өсіру есебінен өндіріс көлемі 2002 жылға қарағанда 130,2пайызға артып, өнд ірілгкен өнім 52,7 млрд. теңге болды. Бұл саланың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 8 пайыз болды. Сөйтіп, өңдеу өнеркәсібінің жоғарыда аталған төрт саласының үлес салмағы 86 пайызды құрайды. Қалған салалар өндіретін өнімдерінің сомасы да, үлес салмағы да аз.

         Өнеркәсіп көлемінің өткен жылғы алты аймен салыстырғандағы өсімі негізінен Қазақстан экспортқа шығарытын тауарлардың (олар негізінен тегіс шикізат екені белгілі) әлемдік рыноктағы бағасының жоғары болуына байланысты. Сыртқы сауда айналымы туралы деректер статистикалық есепте әдетте бір айға кейін беріліп отыратыны белгілі. Сондықтан биылғы 5 айдағы экспорттың деректеріне сүйенсек экспортқа шығаратын бидай 1,3млн. тонна екен, өткен  жылғы бес аймен  салыстырғанда  оның тек 48 пайызы көлемінде, ал құныц жағынан 100 пайызды  құрапты, яғни биыл бір тонна астықтың бағасы 167,4 АҚШ доллары, немесе өткен жылғыға қарағанда екі есе қымбат.Биыл 4,0 млн.тонна темр кені – 104,3 млн. АҚШ долларына экспортқа шығарылған, заттай көлеміі бойынша биылғы өнім былтырғының 87 пайызын құраса, құны бойынша 144 пайыз, яғни былтыр 1 тонна темір кені 16 доллардан сатылса, биыл 26 доллардан сатылған,биылғы бес айда 21,6млн. тонна мұнай мен газ конденсатын 3763,3млн. долларға экспорт жасалса, ол заттай түрінде былтырғыдан 28 пайызға, құны жөнінен 40 пайызға көп, одан кейінгі басты экспорттық тауарлар ақ қаңылтырды қоса қара металдың жазық иегінің экспорты заттай түрінде 13 пайызға, құны бойынша 26 пайызға, тазартылған мыс, тиісінше 5 және 57 пайызға, темірқорытпасы-7 және 61 пайызға, мұнай өнімдері 31 және 73 пайызға алюминий тотығы 2 және 2 пайызға өскен, мақта талшығы –заттай 5 пайызға кемісе, құны бойынша 30 пайызға өскен, өңделмеген мырыш заттай 2пайызға кемісе, құны бойынша 16 пайызға өскен.

Сонымен осы келтірілген деректерден өнеркәсіп өнімінің көлемі негізінен бағаның өсуі есебінен артып отырғанын көруге болады. Сондай-ақ өнеркәсіп өнімінің өсімі тағы да негізінен тау-кен өнеркәсібінің есебінен болып оның шикізаттық сипаты одан әрі күшейе түсуде екеніне көзіңіз жетеді. Мұнай өндіру артқанымен мұнай өнімдерін шығару мардымай тұрғаны да сондықтан елдегі бензин, газойли, мазут сияқты өнімдердің бағасының шарықтап тұрғаны да көңіл қынжылтады. Дайын металл бұйымдарын өндіру 2004 жылдың қаңтар-маусымында небары 11,1  млрд. теңге ғана болып, өткен жылғы осы мерзімдегімен 9,9 пайызға кеміп кеткені де келісіп тұрған жоқ.

2004 жылғы өнеркәсіп өндірісі. 2004 жылдың қаңтар қыркүйегінде Қазақстанның өнеркәсіп кәсіпорындарында (шағын, қосалқы кәсіпорындарды, үй шаруашылығы секторын қоса алғанда) қолданыстағы бағамен 2634 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл көрсеткіш 2003 жылғы қаңтар-қыркүйек салаларындағы көрсеткіш деңгейінен 10,3 пайызға артық. 9ай ішінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсу 2003 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Ақмола облысының басқа республиканың барлық өңірлерінде байқалды.

2004 жылдың қаңтар-қыркүйегінде кен өндіру, өнеркәсібінде 1349,3 млрд. теңгенің өніміөндірілді, бұл 2003 жылғы деңгейден 13,1 пайызға жоғары. Бұл саланың өнімі көлемінің мұндай өсуі негізінен газ конденсаты, газ түріндегі табиғи газ, (тауарлы шығарылым), шикі мұнай, көмір өндіруді арттыруымен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ темір кенді шекемтастарда, темір кені де, түсті металдарда өткен жылғы осындай мерзімге қарағанда артық өндіріледі.

2004 жылы қаңтар-қыркүйек айларының аралығында өңдеу өнеркәсібінде 1099,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, яғни, 2003 жылғы деңгейден 8,6 пайызға жоғары. Мұндай өсім резина және пластмасса бұйымдар, машина жасау, былғары және былғарыдан жасалған бұйымдар мен аяқ киім, химия өнеркәсібі, өзге де металл емес минералды өнімдер, целлюлоза, қағаз өнеркәсібі және баспа ісі, сусындарды қоса тамақ өнімдері өндірісі көлемінің артуы қамтамасыз етілді.

Сонымен бірге 2004 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы кен өндіру өнеркәсібіндегі негізгі жеке өнімдер бойынша көрсеткіштерге тоқталсақ, 59,0 млн. тонна көмір өндірілді, бұл өткен 2003 жылғымен салыстырғанда 4,7 пайызға көп, 37,4 млн тонна шикі мұнай өндірілді, бұл 12,2%-ға көп, 6,6 млрд. текше метр табиғи газ (тауарлы шығарылымы) өндірілді, бұл 32,0 пайызға өскен, 3,5 млн. тонна алюминий кені (боксит) өндірілді, бұл көрсеткіш 0,4 %-ға азайған.

Өңдеу өнеркәсібінде оның жалпы  көлемінің 40%-дан астамы металлургия өнеркәсібімен дайын металл бұйымдарын өндіруді, төрттен бірінен астамы – сусындар мен темекіні қоса алғандағы тамақ өнімдерінің өндірісінің үлесіне келеді және осы екі сала 2004 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында, өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда, тиісінше 104,4 және 107,7 пайызға өсті.

Ал, тамақ өнеркәсібінің тұтастай алғандағы тамақ өнімдері өндірісінің 9 айдағы көлемі 265,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2003 жылғы көрсеткіштен 7,7 пайызға артқан.

Металлургия өнеркәсібінде және металдан жасалған дайын бұйымдар өндірісінде 465,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, соның ішінде қара және түсті металлургия өнімі – тиісінше 208,9 млрд. және 228,5 млрд. теңгені құраған. Жалпы металлургия саласын тұтастай алғанда осы 9 айдағы өндірілген жекеленген өнімдер бойынша өнім көлемі төмендегідей: 3,2 млн. тонна шойын өндірілді, (бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 5,5%-қа артқан), 4,1 млн. тонна болат (9,4%), 1,21 млн. тонна ферроқорытпа (2,9%-қа), 220,2 мың тонна оқ қаңылтыр мен қалайыланған жайма илек (8,6%-қа), 42 мың тонна үлкен және шойын диаметрі құбырлар (11,6%-қа кем) өндірілді. Түсті металлдар өнеркәсібінде жекелеме өнімдер бойынша өнім көлемі мынандай: 540 тонна өңделмеген және жартылай өңделген күміс (өткен жылғыдан 13%-қа кем), 14 тонна өңделмеген және жартылай өңделген алтын (2,1% кем), 1,1 тонна өңделмеген алюминий (3,2% көп), 113,3 мың тонна өңделмеген қорғасын (16,7% көп), 228,6 мың тонна өңделмеген мырыш (3,7%), 337,3 мың тонна қарадай мыс (6,5% көп), 336,1 мың тонна тазартылған мыс (5,9% көп) өндірілді.

Машина жасау саласында 84,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2003 жылғы көрсеткіш бойынша 32,5%-ке көп.

2005 жылғы өнеркәсіп өндірісі 2005 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанның өнеркәсіп орындары (шағын, қосалқы кәсіпорындарында, үй шаруашылықтары секторын қосқанда) қолданыстағы бағада 3197 млрд. теңгенің өнімін өндірді, бұл 2004 жылғы қаңтар-тамыздағы деңгейде 104,5пайызды құрады. Өндіріс көлемінің өсуі республиканың Шығыс Қазақстан (99,4%), Қостанай (92,2%), Қарағанды (88,4%) және Қызылорда (86,9%) облыстарынан басқа барлық өңірлерде байқауда.

Бірден айтар болсақ 2005 жылғы осы айлар аралығындағы өнеркәсіп өндірісінің серпіні тым әлсіз, тек 4,5 пайыз, өйткені, өткен жылғы  осындай мерзім ішіндегі өнеркәсіп өндірісі серпінінің қарқыны 9,8 пайыз болған еді.

Кен өндіру өнеркәсібінде 2005 жылдың қаңтар-тамызында 1867,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Бұл көрсеткіш 2004 жылдың қаңтар-тамызындағы көрсеткішпен салыстырған 3,1 пайызға жоғары. Осы кезеңдерде өндіріс көлемінің өсуі негізінен газ конденстор (38,6%-қа), магнит (22,4%-қа), біріктірілмеген темір (17%-ға), мыс (11%-ға), және хром (9,1%-қа) кендерін өндіруді арттыру есебінен қамтамасыз етілді. Ал, табиғи газды өндіру жалпы 123,2 пайызды құрады. Сонымен қатар, өнеркәсіп өндірісінде өндірілу көлемі бойынша, құрамында алтыны бар (44%), біріктірілген темір (87,5%), мыс-мырыш өндіру (93,3%) және қорғасын-мырыш (93,9%) кендерін, темір кенді шекемтастар (76,8%), тас көмір (97,4%) өндіру төмендегі.

Өңдеу өнеркәсібінде 2005 жылдың қаңтар-тамызында 110,44 млрд теңгені өнімі өндірілген, бұл көрсеткіш 2004 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы көрсеткіш деңгейімен салыстырғанда 5,4%-қа жоғары. Осы мерзім ішінде 310,2 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өңделді, соның ішінде сусындарды қоса, тамақ өнімдерін өндіру 270,1 млрд. теңгені құрады.

Тоқымы және тігін өнеркәсібінде 18,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. 2004 жылғы көрсеткіш деңгейімен салыстырғанда өндірістің өсуі негізінен қызметтің осы түрі бойынша өнеркәсіп өндірісі көлемінің 60 пайыздан астам үлесі келетін мақта талшығын (32,1%-қа) шығаруды арттыру есебінен болды. Сондай-ақ, тоқыма және тігін өнеркәсібінде мақта, жүн және мақта жіптері, төсек, жаймалары, кілем, тоқыма сырт және жұмыс киімдері т.б., 2004 жылғы өндірілген көлемнен салыстығанда артық өндірілген. Былғары және былғарыдан жасалған бұйымдар мен аяқ киімдер өндіріснде 1,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2004 жылғы кезең деңгейнен 13,8 пайызға төмендеді. Циллюлоза-қағаз өнеркәсібінде және баспа ісінде 27,8 млрд. теңгеге тең келетін өнім өндірілді.

Қоқыс, мұнай өнімдерін және ядролық материалдарды өндіру бойынша 103,8 млрд. теңгеге өім шығарылды. Бұл жанатын мазут (34,6%) газойл (22%-қа) матор отынын (бензин) (17,6%-ға) арттыру есебінен өткен жолғы деңгейден 12,1%-ға жоғары болды. Химия өнеркәсібінде 36,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді; керісінше бұл көрсеткіш өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 9 пайызға төмен.

Өзге де металл емес минералды өнімдер өндіріснде 61,5 млрд. теңгенің өнімі шығарылды, бұл өткен жылғы деңгейден 18 пайызға жоғарылаған.

Металлургия өнеркәсібінде 461,8 млрд. теңгенің өнімі өндерілген, соның ішінде қаа және түсті металлургия өндіру – тиісінше 179,4 пайыз және бұл көрсеткіш 247,6 млрд. теңгені құраған. Тұтастай қызмет бойынша 2005 жылдың қаңтар-тамызында нақты көлем индексі 2004 жылмен салыстырғанда 92,7 пайызды құрады. Сала үлесіне өңдеу өнеркәсібі көлемінің 40,4 пайызы келеді. Қара металлургияда жайма, илек (27%-ға), болат (25%-ға), шойын (20,9%-ға) шығаруды қысқарту есебінен өндіріс 13,3 пайызға төмендеген. Ферроқорытпалар өндірісі 6,7 пайызға өскен. Түсті металдар өндірісінде нақты көлем индексі 98,8 пайызда құрады. Мыс сым (80,3 пайызға), тазартылған мыс (6,70пайызға) сияқты өнім түрлері бойынша өндіріс көлемі төмендеген. Ал, дайын металл өндіру өткен жылғы деңгейдің 91,7 пайызын құрады.

         Машиналар   мен жабдықтар өндіруде 33,5 млрд. теңгенің өнімі  шығарылды.2004 жылға қарағанда тұрмыстық кір жуғыш және құрғату машиналарын (156пайызға), мұнай –газ өңдейтін жабдықтар (147пайызға),көпірлік және төрттағандық крандар (142,4пайызға), тракторлар(131,3пайызға) шығару өсті. Кен ө ндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мұнай кәсібіне арналған жабдықтар шығару(73,3)азайды.

 

Өнеркәсіптің негізгі көрсеткіштері

Кесте 1

 

 

1995

1996

1997

1999

2000

2002

2004

2005

Өнеркәсіптің ЖІӨ-дегі үлесі, %-бен

Өнеркәсіп кәсіпорындары мен өндірістердің саны

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі, млрд. теңге

Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі, өткен жылға  %-бен

1990жылға %-бен

1995 жылға %-бен

Өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі, өткен жылға   %– бен

Өнеркәсіп бойынша салық салынғанға дейінгі жиын-тық табыс(залал), млн. теңге

Негізігі қызметтен алынған табыс (залал) млн.теңге

Өнеркәсіптің пайдалылық (залалдылық) деңгейі,

%-бен

Өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлер саны, мың адам

Өткен жылға  %-бен

Өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлерінің орташа ай-лық жалақысы, теңге

Негізгі капиталға инвести-циялар, млн. теңге

 

23,5

 

17924

 

660,0

 

 

91,8

48,0

 

 

 

239,8

 

 

 

85381

 

72945

 

 

15,7

 

 

1025,5

91,5

 

 

7792

 

84487

 

21,2

 

17156

 

719,1

 

 

100,3

48,2

 

 

 

123,8

 

 

 

62255

 

67151

 

 

11,3

 

 

915,6

89,3

 

 

10198

 

65782

 

21,4

 

15791

 

810,7

 

 

104,0

50,1

104,3

 

 

115,5

 

 

 

3985

 

37647

 

 

5,3

 

 

803,9

87,8

 

 

12489

 

84976

 

 

23,8

 

13676

 

808,0

 

 

97,6

48,9

101,8

 

 

100,8

 

 

 

-82776

 

-46904

 

 

-5,9

 

 

756,3

94,1

 

 

13465

 

135460

 

28,2

 

13045

 

1142,8

 

 

102,7

50,2

104,5

 

 

118,8

 

 

 

89569

 

140068

 

 

15,8

 

 

668,3

88,4

 

 

15530

 

190719

 

33,2

 

14326

 

1798,3

 

 

115,5

58,0

120,7

 

 

138,0

 

 

 

358164

 

356077

 

 

26,5

 

 

653,8

97,8

 

 

20647

 

385940

 

 

30,7

 

13343

 

2000,2

 

 

113,8

66,0

137,4

 

 

100,3

 

 

 

298770

 

288244

 

 

20,0

 

 

664,5

101,6

 

 

23760

 

550583

 

29,5

 

13177

 

2336,9

 

 

110,5

72,9

151,8

 

 

100,3

 

 

 

401087

 

402210

 

 

23,0

 

 

671,2

101,0

 

 

26226

 

587953

 

 

Өнеркәсіп өнімінің негізгі түрлерін өндіру индекстері

Кесте 2                                                                              (өткен жылға пайызбен)

 

1995

1996

1997

1999

2000

2002

2004

2005

Көмір

Мұнай, газ конденсатын қоса

Табиғи газ

Ірі қара мал, шошқа, ешкі, жылқы еті мен тағамдық ішек-қарны және құс еті

Сары май

Өңделген сұйық сүт және кілегей

Өсімдік майы

Қант

Мата

Цемент

Темір мен болаттан жалпақ илек

Өңделмеген мырыш

Дайындама түріндегі та-зартылған мыс

Электр энергиясы

79,6

 

101,8

131,8

 

 

66,2

65,5

 

50,5

97,6

101,7

29,1

87,2

 

91,3

98,1

 

91,8

10,0

92,2

 

111,2

110,3

 

 

63,3

50,3

 

89,5

94,1

127,1

91,1

62,9

 

106,3

100,5

 

104,5

88,6

 

94,6

 

112,3

124,4

 

 

90,5

44,7

 

81,3

70,4

103,4

69,2

58,9

 

132,4

111,1

 

112,7

88,1

96,0

 

100,6

98,0

 

 

66,4

63,6

 

54,7

115,9

155,4

65,0

94,7

 

85,3

127,4

 

107,9

94,5

83,7

 

116,1

125,1

 

 

86,7

82,2

 

81,3

132,3

99,3

98,3

134,6

 

123,3

103,3

 

111,4

96,6

128,3

 

117,2

116,8

 

 

85,6

121,5

 

121,4

66,6

122,4

54,4

140,2

 

115,3

105,6

 

109,1

108,7

105,7

 

113,6

100,6

 

 

96,2

139,3

 

99,0

142,9

123,9

145,5

172,7

 

99,9

105,5

 

107,8

107,3

93,2

 

117,9

121,6

 

 

90,6

148,2

 

112,9

105,9

112,7

193,1

104,9

 

103,3

103,4

 

106,4

105,3

 

 

1991-2005 ж ҚР жалпы ішкі өнімі мен экономикасының жеке салаларының физикалық  көлем индексі,%

Кесте 3

Көрсеткіш

1991

1992

1993

1994

1995

1996

1997

1998

1999

2000

2002

2005

ЖІӨ

89

84,3

76,5

66,9

61,4

61,7

62,8

61,6

63,2

69,4

78,8

86,2

Ауыл шаруашылық

77,4

98,1

91,3

72,1

54,5

51,8

51,3

41,6

50,6

49

57,4

58,8

Өнеркәсіп

100,4

83,2

71,6

51,9

47,4

47,6

49,5

48,3

49,7

57,4

65,1

71,5

Құрылыс

88,9

52,9

39,2

32,8

20,4

15,5

16,8

19,3

20,8

23,7

30,2

36

Сауда

98,7

81,5

76,4

63,1

66,9

74,1

76,3

73,9

75,4

79,2

89,9

97,7

Транспорт

93,8

75,6

64,2

46,1

40

40,7

42,4

41,6

41,1

48,5

53,1

57,7

 

 

2.2  Ауыл шаруашылығын дамыту  мәселелері

 

Қазақстан Республикасы егемендігін алған жылдан бастап аграрлы реформалар жасай  бастады. «Жер реформасы туралы» және «Шаруа (фермер) қожалықтары туралы» заңдар қабылданды. 1992-1997 жылдары «Кәсіпорындар туралы», «Жол туралы», 2003 жылы «Жер кодексі» заңы, сонымен қатар көптеген ауылшаруашылығын қайта қалыптастыру бойынша нормативтік және құқықтық құжаттар қабылданды. Мндай ресми құжаттар  агро өндірістік, экономикалық және еңбек қатынастарының түбегейлі өзгеруіне бағытталды, агроөнеркәсіп өндірісінде жеке меншік бағыттың жедел қалыптасуына, шаруашылықтың жаңа түрлерінің құрылуына құқықтық тұрғыдан негіз болып табылады.

Келешекте агроөнеркәсіп экономикасының дамуы жоғарыдағы қабылданған заң құжаттарын іс-жүзіне асыру дәрежесіне тікелей байланысты. Агроөнеркәсіп өндірісінің келешектегі экономикалық өсуі, олардың өндірісті кооперация негізінде дамытып, дайын өнім дайындау, бұларды сақтау, өңдеу және өңделген дайын өнімдердің сатылуын жақсы жолға қоюға байланысты.

Агроөнеркәсіп өндірісін кооперация негізінде дамыту, ауыл тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылықтары  мен шағын, маманданбаған, шаруа(фермер) қожалықтарының тауар өндірісін ғылыми ұйымдастырудың ең ескі түрлерінің  бірі күйінде қалып келеді.

Дамыған шетел өндірістерінде кең тараған кооперативтердің бірі ауыл шаруашылық кооперациясы. Оларда табысы мол кооперация қызметін атқарушы кәсіпорындар ішінде, азық-түлік өнімдерін өндіру, өңдеу және өңделген дайын өнімдерді сататын кооперативтер көптеп ұйымдастырылған. Мысалы, Батыс Еуропада ауыл шаруашылық кооперативтері төмендегі түрдегі қызметтермен шұғылданады:

-сүт өнімдерін өңдеу;

-ауыл шаруашылық товар өндірушілер үшін, материалды-техникалық ресурстарды қамтамасыз ету, ішкі нарықта өнімді сату және экспортқа шығару;

-астықты жию және өңдеу;

-ет және ет өнімдерін өңдеу;

Кооперативтер малды сатып алып, етін қайта өңдейді, ішкі және сыртқы  нарықта ет және ет өнімдерінің сатылуын ұйымдастырып қадағалайды.

  • Жеміс-жидек, жүзім өндіру және оларды өңдеу.

Ауыл шаруашылық коорперациясының өзіне тән ерекшеліктері төмендегі бағыттармен жүзеге асады:

  • өндірістік кооперативтерге мүше болу еркін және кооператив мүшелерінің экономикалық мүддесіне негізделінуі керек.
  • Шаруашылық кооперативтерін басқару жүйесі тұрғыдағы демократиялық келісушілікке қарай өзін-өзі басқару туындайды.
  • Коорперация мүшелері қажетті деңгейде табыспен қамтамасыз етіледі.

Тауар өндірушілердің кооперация негізінде бірлесуі, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тұрмыс жағдайының тез арада жоғары деңгейге көтерілуіне, қолайлы жағдай туындайды. Мұндай бағыттар мен шаралар Дания елдері кооператив қозғалысындағы тәжірибеден көруге болады.

Алғашқы ауыл шаруашылық кооперативтері Данияда ХІХ ғасырдың соңында басталса, содан бері олар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосуда. Оларда, кооперативтер арқылы өндіріс, жоғарғы деңгейде, тұрақты дамуы қалыптасты.

Дания кооперативтері қазіргі кездерде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, шикізатты өңдеу және сатудан басқа, өндіріске құрал-жабдық, саймандарды үлестіру, несие беру, сақтандыру тағы басқа қызметтерді атқарып келеді.

Ауыл шаруашылық кооперациясы Израил агроөнеркәсіп кешенінде де маңызды орында. Бұл елдің табиғи ресурстары, әсіресе су мен егін егетін жері тапшылықта болғанымен, олар агроөнеркәсіп өндірісін интенсивті жүйеде жүргізу арқылы ауыл шаруашылығын, жоғары табысты салаға айналдырды. 80 пайыз ауыл шаруашылық өндірісі, бұл жерде, екі кооперативтік құрылым: Киббуца және Машаваларда жүргізілуде.

Біріншісі, жеке жанұяға қатысты шаруашылықтардың өндірістік, тұтынушылық, әлеуметтік, қоғамдық қызметтерін бірге ұйымдастыру мақсатында, толық коммуна түріндегі, кооперативтік бірлесу болса, екіншісі, бір топ жеке шаруашылық(фермер) қожалықтары өнімдерін сату және өндірістік құрал-жабдық, саймандарды сатып алу мақсатында, кооперация негізінде бірлескен. Израил агроөнеркәсіп өндірісінде, әр жылғы ауыл шаруашылық өнімінің экспортқа шығарылуы орта есеппен 1,5 млрд. АҚШ долларын құрайды. Бұлардың тәжірибесін үйрену Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісін дамытуға зор әсер етеді.

Қазақстанның меншіктіктің көп түрлілігі жағдайында, ауыл шаруашылығын кооперация негізінде дамыту, аграрлық сектордың жаңа сапада қайта қалыптасуына алып келеді.

Біздің пайымдауымызша өндірістік кооперативтер басқа да құқықтық ұйымдастыру түрлерімен қатар, ауыл шаруашылық кәсіпорындары деңгейінде немесе шаруа (фермер) қожалықтарының бірлесуі негізінде құрылуы, яғни көлбеу кооперациялық бірлесуі арқылы дамуы керек.

Қазақстанның салалық және аймақтық ерекшеліктеріне тән кооперативтік шаруашылықтар арасында тік байланысты кооперация құрылымдарын (ауыл шаруашылық және тұтыну кооперативтерін) дамытуға болады.

Ауыл шаруашылық кооперативтері, шаруашылық өнімдерін: астық, мақта, сүт, ет және тағы басқа өнімдерді үлкен көлемде өндіруде, толық кешенді технология жүйелерін пайдалану бағытын өз уақытында ұйымдастыру керек. Олар кооперациялық бірігу негізінде, арнайы, қажетті, өнімділігі жоғары техника, технологияларды өз уақытында сатып алып, өндіріске білікті ауыл шаруашылық мамандарды қатыстыру арқылы, өзіндік құны төмен, бәсекелестікке жауап берерлік сапалы өнім шығаруға мүмкіншілік туғызар еді.

Шаруа (фермер) қожалықтары мен тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылықтары өнімділігі жоғары, арнайы техника мен машиналарды алуға, білікті ауыл мамандарының қызметінен пайдалануға қаржылық мүмкіншіліктері жоқ. Сондықтан қазірше қолда бар, ескі техникалардың қуатын толық және тиімді пайдалана алмауда. Себебі, шағын ұйымдардағы, техникаларды пайдаланатын жер және өндіріс көлемі  өте төменгі дәрежеде және шағын аймақтарға орналасқан.

Бұның барлығы, өндірісте қол еңбегі үлес салмағының артуына, өнімнің өзіндік құны деңгейінің жоғары болып, сапасыз өнім өндірілуіне әкеп соқтырады. Олардың өндірген аз мөлшердегі ауыл шаруашылық өнімін, қаладағы тұтынушыларға жеткізу, сату, олар үшін, үлкен шығын және қиыншылыққа айналуда, себебі алып-сатушы қызмет атқаратын делдал кәсіпкерлер мен кәсіпорындар, көп көлемде, көтерме бағада, арзан өнім сататын, сенімді, ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындармен жүргізгісі келеді.

Жоғарыда да айтылғандарды қорыта келгенде:

  • агроөнеркәсіп өндірісінде кооперациялау процесін дамыту, кең көлемде арнайы техника, технологияларды бірлесе пайдаланып, нарықтың сұраныс талабына сай, бәсекелік үстемділігі жоғары өнім өндіруге мүмкіншілік тудырады;
  • Тік байланысты өндірістік кооператив құрылымдары өндіріс айналасына тез түседі ауыл шаруашылық өнімдерін өз уақытында өңдеп, соңғы тұтынушыға қажетті дайын өнімдерді сатып, өнімдерді арнайы қондырғылар орнатылған көліктердің тасымалдауға, яғни, өнімнің төгіліп-шашылмауына, бұзылмауына қол жеткізеді;
  • Ауыл экономикасын дамыту бағдарламасына сай, мемлекет тарапынан агроөнеркәсіп өндірістеріне берілетін несие, кепілдікке қоятын өндірістік құрал-жабдықтары мен жері бар, сенімді, ірі кооперативтік кәсіпорындарға бірінші кезекте берілуі қарастырылады;
  • Ауыл шаруашылық кооператив құрылымдары, нарық жағдайында, тауар өндірушілерді, монополистерден және сенімсіз делдал сатып алушылардың кері іс — әрекетінен қорғайды;
  • Агро өнеркәсіп кооперативтік шаруашылықтар, айналасындағы өндірістік құрал-жабдықтарды, техника мен технологиялар қуатын толық өз уақытында пайдалануына, білікті ауыл мамандарының қызмет атқаруына мүмкіндік туғызады.

Келешекте Қазақстанның аграрлық саясатында ауыл шаруашылық өндірісінде кооперацияны дамыту, стратегиялық басымды бағытқа айналуы қажет. Агро өнеркәсіп өндірісінің кооперация негізінде дамуы шаруашылықтарда өндіріс тиімділігін артыруға жаңа мүмкіншіліктер ашады және жалпы агроөнеркәсіп кешенінде экономикалық өсуді қамтамасыз етеді.

Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларының барлығында да еліміздің ауыл шаруашылық өнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері оның назарынан тыс қалған емес.

Бұл саланың дамуына ел Президентінің баса назар аударатыны түсінікті де. Елде жүзеге асырылған экономикалық реформа жылдары күйзеліске, қиындыққа аса қатты ұшыраған саланың бірі, әрине, ауыл шаруашылығы өнеркәсіп кешені болды.

Президент жолдауында үстіміздегі жылы (2005 жыл) ауыл шаруашылығы өндірісінг дамытуға республикалық бюджеттен 57,9 млрд. теңгеден аса қаржы бөлінетіні атап көрсетілген және бұл редордтың сан делінген. Осыған байланысты Президентіміздің тапсырмасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметімен әкімдіктер ауыл шаруашылығын және тұтастай агроөнеркәсіп кешенінің алдағы уақытта одан әрі дамуын айқындайтын еліміздің аграрлық азық-түлік саясатын әзірлеуі қажет.

Президент жолдауында «Агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заң қабылдау қажет делінген. Бұл өте орынды және дер кезінде үкімет алдына қойылған міндет.

Біздің пікірімізше Қазақстан Республикасының Парламенті аталған заңнан басқа тағы екі заң қабылдаса тіпті жол болар еді. Оның біріншісі «Қазақстан Республикасындағы агроөнеркәсіптік өндірісті кооперациялау және интеграциялау (бірлестіру) туралы», екіншісі «Қазақстан Республикасындағы шаруа қожалықтары, ірі ауыл шаруашылық  кәсіпорындары және агро фирмалар туралы» болса. Сонда Жер Кодексін басшылыққа ала отырып Республикада әртүрлі шаруашылық нысандарын өндіріс тиімділігін арттыруға себебі тиетіндей етіп ұйымдастыруға жеңілдік тауар еді.

Президент жолдауында бүкіл дүние жүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты отандық ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттігі айтылған. Бұл да толғағы жеткен мәселенің бірі екендігі даусыз. Осыған байланысты елімізде өнеркәсіптің ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін саласын шапшаң дамытудың маңызы ерекше және ол кезек күттірмейтін мәселе. Сапасы жоғары, бағасы төмен дайын өнім шығармай бәсекеге түсе алмайтынымыз белгілі. Қазақстанда астық, мақта, жүн, т.б. сияқты шикізаттар баршылық. Мәселе осы шикізаттардан тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларының басын ауыл шаруашылығымен біріктіре отырып сапасы жоғары, бәсекеге қабілетті өнім шығара білуде бұл жерде жеңіл және тамақ өнеркәсібін дамыту үшін, олардың кәсіпорындарында жаңа техника мен озат технологияны енгізу үшін инвестиция табу қажеттігі туындайды. Бұл іске шетелдік компаниялар мен кәсіпорындарын тарту міндеті тұр.

Ауыл шаруашылығы құрылымын қайта құру мен аграрлық реформаның негізгі бағытының  бірі – фермерлікті дамыту. Қазіргі кезде шаруа (фермер) қожалықтары ауылдағы негізгі  азық-түлікпен қамтушы ғана емес, сондай-ақ, негізгі жұмыс орны, отбасы табысының қайнар көзі болып табылады.

Ауыл шаруашылығы саласында шағын аграрлық бизнес шаруа қожалықтарының дамуымен сипатталады. Алматы облысында шаруа қожалықтары 90 жылддардан бастап белсенді дами бастады. Статистикалық мәліметтер бойынша Алматы облысында шаруа қожалықтарының саны 1990 жылы 38 ғана болса, 2004 жыл басында 39374 болып отыр. Қазіргі кезде облыстағы шаруа қожалықтарындағы ауыл шаруашылығына арналған пайдалы жер 2437,5  мың гектарды (бөлінген жердің 86,5%-і ) егістік жер

– 569,9 мың гектарды (23,4%) алды. Фермерлердің үлесімі ауыл шаруашылық пайдалы жерінің 17 пайызы және егістіктің 53 пайызы тиесілі болды.

         Облыс жұртшылығының 70 пайыздан астамы ауылдық жерлерде қоныстанған. Демек, облыстық әлеуметтік – экономикалық жағдайының дамуы ауыл шаруашылығы саласының тұрақтануы мен жандануына тікелей байланысты. Аграрлық сектордың дамуында мемлекеттік қолдаулармен қатар шаруашылықтардың  арасындағы өзара интеграциялық байланыстардың қалыптасуымен дамуы елеулі роль атқарады. Экономикалық механизмдердің нарық қызметіндегі негізгі элементтері мен тетіктерінің жетілмеуі және тауарды тарату жүйесіндегі ірі интеграциялайтын субъектілердің дамымауының салдарынан салынған қор қайтарымы мен тауар қозғалысы бәсеңдейді және өндірісті кеңейтуді айтпағанның өзінде, жай ұдайы өндірісті тоқтатады. Қашанда біріккен өндіріс жүйесі, бытыраңқы ұсақ түріне қарағанда басым түсетіні белгілі. Яғни, өндірісті кооперативтік шоғырландыру жағдайы бұл орайда тиімдірек. «Кооперация» терминінің өзі латынның «cooperatio»  сөзінен шыққан, «ынтымақтасу», «бірлесіп жұмыс істеу» дегенді білдіреді. Кооперация теориясының негізін салушылардың бірі,  экономист – ғалым А.В.Чаяновтың кооперация дегеніміз  —  шаруаның еңбегін жеңілдету және оның өмірін жақсарту деген-ді. Ол кооперацияның көмегімен шаруалардың жағдайын түзеу және жаңа ғылыми жетістіктерді шаруа игілігіне айналдыруды ұйымдастыру мәселесін басты нысан ретінде қарастырған. Бұл мәселе бүгін де маңызды болып отыр. Ауылды өркендетуде кооперативтік негіздерді қолдану осыған жауап бере алады.

Әлемдік тәжірибеде аграрлық өндірісті кооперация процесі арқылы дамыту кең өріс алуда.

Ауыл шаруашылығы  кооперативінің кең тарауының мәні жеке жер меншігіне негізделген ұсақ фермерлік шаруашылықтармен әртүрлі қызмет түрлері жүйесінде ірі өндірісті коодинациялаудың тиімді формасы болып табылады.

Кооперацияның фермерлерді тарту себебі, еркін әріптестік жағдайында олар өздерінің толық шаруашылық дербестігін, басқарушылық шешім қабылдау үшін жауапкершілігін сақтайды. Кооперативтер фермерлердің қызығушылығын қорғау функциясын атқарады және агроөндіріс кешеніндегі экономикалық мықты әріптестермен нарықтық байланыс жүйесінде бәсекелестік қабілет деңгейін арттырады.

ЕО елдерінде фермерлік кооперативтер дайын азық-түлік өнімдерінің бүкіл көлемінің 60 пайызына дейін қамтамасыз етеді әрі фермер шаруашылықтарын өндіріс құралдарымен жабдықтайды, олар өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін дайындауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асырады. АҚШ-та кооперативтер елде өндірілген барлық тауарлы ауыл шаруашылық өнімдерінің 30 пайызын рынокке шығарады және ауыл шаруашылығына өндіріс ұралдарының 25%-ына дейін жеткізілім жасайды.

Алматы облысында ауыл шаруашылығы жер көлемі жағынан аз шаруа қожалықтарының саны басым, яғни ұсақ шаруашылықтардың өнім беру көлемі де шамалы болатыны белгілі. Кезінде ірі шаруашылықтар тартылғанда біреу үлкен, бәз біреулері алақандай ғана жерге ие болды. Ауылда – жермен, малмен шұғылданып өскенімен жеке шаруашылықтың иесі болып, оны дөңгелетіп кету оңай емес. Фермер – экономист, есепші, агроном, зоотехник сияқты бірқатар мамандардан хабардар болу керек. Әйтпесе шет елдердегідей фермерлер арнайы кеңес беретін немесе қызмет көрсететін кооперативтерге бірігуі қажет.

Осындай Шаруашылықаралық кооперативтерге шаруа (фермер) қожалық иелерінің көзқарастарын білу мақсатында, Алматы облысының жекелеген аудандарындағы )Балқаш, Қарасай, Райымбек, Іле, Кербұлақ т.б.) 40 шаруа (фермер) қожалықтарына 2005 жылдың сәуір-мамыр айларында кооперацияны дамыту туралы көзқарастарына сауалнама жүргізілген болатын.

Сауалнама жүргізілген шаруа қожалықтары иелерімен сұхбаттасқанда олар: «іріленіп, бірінің жоғын бірі толтырып, іс қылғанға не жетсін. Бір жағынан қорқыныш та жоқ емес, ол бірігуде – совхоздарды бөлген кездегідей момын шаруа тағы да ескісінен де айрылып қалмай ма? Жерін игере алмай жалға бергендердің алшақтаған алпауыттан ақысын ала алмай, басын соғып қалғанын көзіміз көрді. Осы орайда істің жөнін сұрап, мәселенің мәнін түсіндіретін бір орын – фермерлердің орталығы немесе ауылда бір маманы болса деп ойлайсың. Ауыл әкімі ондаған жүздеген фермерлермен бас қатырып отыра ма? Оған кейбіреулерінің уақыты, ұлқы жоқ. Кейбірі істің мән-жайын өздері де білмейді» — дейді шаруа адам.

Кооперацияға сұралған фермерлердің 81,8 пайызы оң көзқарас білдіреді, ал 18,3 пайызы бұл процеске қатысқысы келмейтіндер болып шығады. Шаруашылықаралық кооперативтерді құруға келісетіндершамалы және орташа жер үлестері бар фермерлер болып отыр. Яғни, фермерлерде жер учаскелерін ірілендіру қажеттілігі мен арнайы білімдерінің (бұл топтағылардың 87,7%  орта және арнайы білім алғандар) жоқтығы фермерлік шаруашылықтар кооперациясын ұруға итермелейді. Фермер аралық кооперативтерге бірігуге келіспейтіндерге келетін болсақ, мүлде жас фермерлердің үлесі басым, жер үлесі үлкендеу шаруашылықтар, жалпы айтқанда тек өз күштеріне сенетіндер.

Әртүрлі шаруашылықаралық кооперацияның маңыздылығын шаруа (фермер) қожалықтарының иелерінің бағалауы бойынша жасалған талдауда фермерлер аса көңіл бөлген ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау бойынша шаруашылық кооперациясы (70% сұралғандардың 5 балдық баға берген), ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу бойынша Шаруашылықаралық кооперация (64%), техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша шаруашылықаралық кооперация (49%), техниканы бірігіп пайдалану бойынша шаруашылықаралық   кооперациясы (44%) болды.

Әрине, өз жеке шаруашылығына өзі ие болғысы келетін шаруашылықтарға кооперативтерге бірігу сенімсіздік туғызуы мүмкін. Бірақ жеке шаруаның үздіксіз өндіріс (өндіру, өңдеу, сақтау, сату, тасымалдау) жүйесін жасауға шамасы келе бермейді. Сондықтан да шаруалар кооперацияға біріккені тиімді. Бұл ерікті бірлестік және ол біреудің күштеуімен ұйымдастырылмайды. Тек оның тиімді жақтарын дәлелдеп шаруа қожалықтарына түсіндіру қажет. А.В.Чаянов былай деп тұжырымдайды: «коорператив – ең алдымен одаққа кіргеннен кейін жойылып кетпейді, бұрынғысынша сақ шаруашылық ретінде қала береді. Олар тек өздерінің кейбір жұмыс бөлігін (өнімді өңдеу, сақтау, сату, тасымалдау), бірлесіп атқаратын одақтық ұйымға бірігеді». Яғни, өнімді өндіру бір бағытта, бір жобамен, бір жерден ұйымдастырылады.

Ауыл шаруашылығы экономика мәселелері туралы әдебиеттерді талдай отырып, келесідей қорытындылар жасауға болады, атап айтар болсақ, кооперацияға соңғы кезде көп көңіл бөлінуінің себебі, бұл әріптестік өзара қарым-қатынастағы шаруашылықтандырудың ең әділетті жүйесі болып табылады. Шаруашылықтандырудың акционерлік принципінде лидердің реформасында мүліктің ең төмен бағалауының есебінен қомақты капиталды жекешелендіріп алуға мүмкіндігі бар. Бұл тенденция, әсіресе, агроөнеркәсіп кешенінің өңдеуші өндірістерінде және қызмет көрсету салаларында кездеседі. Соның нәтижесінде ауылдық тауар өндірушілер бұл объектілерді жоғалтып алды. Яғни, кооперация принциптері бойынша кооперативте ешкім ешқашан кооператив мүшелерінің есебінен байи алмайды.

Агроөнеркәсіп кешені салаларының арасындағы өзара координациялық байланысының ажырауының салдары еңбек нәтижесін бөлуде әділетсіздікке әкеп соқтырды, яғни ауылдық тауар өндірушілер өнім өндіру циклында 213 шығын жұмсап, тұтыну бағасы бойынша 113-і ғана пайда табады. Ал кооперацияда жұмсаған еңбегіне сәйкес экономикалық нәтижені бөлуді қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылық кооперациясы – ұсақ  тауар өндірісінің бөлінбейтін серігі болып табылады. Жеке қосалқы шаруашылықтар мен шаруа қожалықтарының әрекеттері дәлелдегендей, қазіргі жағдайда олардың тиімді қызмет жасауы құқықтық дербестігін сақтай отырып, өздерінің материалдық-техникалық және еңбек ресурстарын кооперациялағанда ғана жүзеге асады. Шаруашылықтандырудың кооперативтік жүйесі тұрақты жүйе. Мысалы, Германияда соңғы төрт жылда 20 мың әртүрлі коммерциялық құрылымдар банкроттыққа ұшыраған, бірақ олардың ішінде бірде бір кооперативтер болмаған. Ауыл шаруашылығы, агросервис, өңдеу және өткізу  салаларының арасындағы өндірістік байланыстың бұзылуы салдарынан барлық агрөнеркәсіп кешенінің салаларына зор нұқсан келтірілді. Бұдан келіп баға диспаритеті, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне монополизм, кәсіпорындардың шығынмен жұмыс жасауы және тағы басқа негативті жағдайлар етек ала бастады.

Сондықтан да ауылдағы экономикалық проблемаларды шешуде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің, агросервистік кәсіпорындардың, өңдеуші өнеркәсіптердің және сауда ұйымдарының күштерін біріктірудің маңызы зор. Әрине, «дала-дүкен»  циклына бірден біріктірудің жағдайы келмес, бірақ бұл кешенде еңбектің соңғы нәтижесі – тұтыну бағасын қалыптастыратын ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу және өткізу қызметтері көрініс табады. Ғалым – экономистердің көзқарастарымен бөлісе отырып, көп укладты экономика жағдайында ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту үшін, оның нақты формаларын жасап, енгізу керек:

  • Ауыл шаруашылық несие коорперативтері туралы, ауылдық сақтандыру туралы, жеке қосалқы шаруашылық азаматтары туралы заңдар;
  • Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтері және ауыл шаруашылық тұтыну кооперативтерінің үлгілік жарғысы;
  • Агроөнеркәсіп кешеніндегі аймақтық деңгейдегі кооперациялық және интеграциялық құрылымдардың дамуына қолдау жасау туралы заң;

Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алудың тұрақты деңгейін қамтамасыз ету, шикізаттарды аймақтық азық-түлік қорына сатып алу, осы сатып алғандарды кооперативтік және интеграциялық құрылымдар бойынша дер кезінде тарату және жеткізу мақсатында экономикалық және тағы басқа жеңілдіктерді ұсыну.

         Еліміздегі кооперацияны дамытуда кооперациялық қайта құру жолымен өткен елдер тәжірибесіндегі жағымды және жағымсыз жақтарын ескеру керек. Осыны негізге ала отырып кооперативтік қозғалыстың жалпы шарттарын құруға болады:

  • Агроөнеркәсіп кешенінің өндірістік потенциалын және ауылдағы ірі өндіріс технологиясын сақтау;
  • Шаруаның рынокка шығуы бойынша шешімдік шаралар қолдану;
  • Әрбір кооператив мүшесінің жеке меншік (жер, мүлік және капитал меншігі) қызығушылығын таратуын қамтамасыз етуі;
  • Шаруашылықтандыру мен меншік формасынан тәуелсіз барлық кооператив мүшелері үшін экономикалық және тең құқықтық бәсекелестік жағдайы құрылуы керек;
  • Кооперативтерге кірген шаруаларға одан еркін шығуына кепілдік беруі қажет.

Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша, ауыл шаруашылық кооперативтерінің облыстық және аудандық байланысында, кооперативтік жүйенің жоғары басқару органдарын құруға асықпаған дұрыс. Олардың құрылуы жоғарыдан емес, төменнен біріншілік кооперативтерден басталуы керек, сонда ғана оларда өмірлік қажеттілік пайда болады.

Кооперация – бұл қазіргі кездегі ауылдағы аграрлық реформаның маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар кооперациялық жүйе нарықтық экономика жағдайына толық сәйкес келеді.

 

Ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысатын жер пайдаланушылар пайдаланатын жерлерді бөлу

 

Кесте 4                                                                                 (миллион гектар)

 

1991

1992

1993

1994

1995

1996

1997

1999

2001

2003

2004

2005

Жалпы жер көлемі

Ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі

Одан:

Егістік:

Шабындықтар және жайыламдар

 

218,7

 

 

 

195,5

 

35,3

 

 

159,7

 

202,2

 

 

 

180,0

 

34,6

 

 

145,0

 

 

203,4

 

 

 

181,3

 

34,6

 

 

146,2

 

201,4

 

 

 

179,2

 

33,4

 

 

144,6

 

 

195,2

 

 

 

173,9

 

31,7

 

 

139,5

 

 

181,1

 

 

 

161,6

 

28,7

 

 

129,2

 

149,4

 

 

 

137,6

 

25,9

 

 

107,1

 

130,4

 

 

 

120,1

 

22,8

 

 

92,4

 

107,0

 

 

 

98,3

 

19,7

 

 

73,5

 

93,4

 

 

 

86,4

 

19,4

 

 

63,3

 

91,2

 

 

 

84,6

 

20,5

 

 

61,1

 

 

86,5

 

 

 

80,4

 

21,4

 

 

56,5

 

Ауыл шаруашылығы салалары бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлері бойынша өндіру көлемінің индекстері

Кесте 5                                                         (Барлық санаттағы шаруашылықтар)

 

1992

1993

1994

1995

1997

1999

2000

2002

2004

2005

Өткен жылға пайызбен

Өсімдік шаруашылығы

Соның ішінде:

Дән(тазаланғаннаң кейінгі салмақпен)

Шитті мақта

Қантқызылшасы(фабри-калық)

Картоп

Көкөністер

Жемістер мен жидектер

Мал шаруашылығы

Соның ішінде:

Ет(сойыс салмағымен)

Сүт

Жұмыртқа

 

151

 

 

248

87

 

172

120

103

171

117

 

82

95

87

 

90

 

 

73

79

 

73

89

82

51

99,5

 

104

106

92

 

 

78

 

 

76

104

 

51

89

97

118

86

 

92

95

80

 

75

 

 

58

107

 

86

84

99,8

97

76

 

82

87

70

 

102

 

 

118

82

 

92

96

99,8

120

81

 

87

79

69

 

 

106

 

 

110

108

 

38

89

113

88

 

166

 

 

223

154

 

131

134

119

167

 

92

 

 

81

115

 

93

100

120

207

 

129

 

 

138

145

 

104

129

115

85

 

103

 

 

100,4

86

 

132

104

104

108

 

 

2.3 Сыртқы экономикалық қарым-қатынастары

 

Қазақстан – Қытай экономикалық қатынастары. Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың дербес тұлғасы ретінде өмір сүрген алғашқы күннен бастап, елдің басшылығы ұлы көрші Қытай Халық Республикасымен ұзақ мерзімді, тұрақты тату көршілік, достық және өзара ынтымақтастық қатынастарын қуаттап, өрістете беру ұлттық мүддемізге сай келетінін айқындады. Қазақстан Республикасысының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев былай деп атап көрсетті: «Меніңше, адамзаттың  ХХІ ғасырдағы  дамуы көбіне – көп  Қытаймен  байланысты болады. Көптеген  елдер Қытаймен  арақатынасты  өз  саясатының  негізгі  өзегі деп түсінеді. Ал Қазақстан үшін осынау болашағы зор, экономикасы қарышты қадаммен дамып келе жатқан мемлекетпен ойдағыдай қарым-қатынас орнату айрықша маңызға ие».

1992 жылғы 3 қаңтарда екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен мазмұндама жарияланды. Сол жылы ақпан айында ҚХР Алматыда өз елшілігін ашқаннан кейін желтоқсанда Қазақстан Республикасы Пекинде өз елшілігін ашты.

1993 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Пекинде болып Қытай Халық Республикасының төрағасы Цзян Цзэминьмен кездесіп ұзақ мерзімге арналған келісімге қол қойды. Онда екі ел арасында дипломатиялық қатынастың ресми түрде орнағаны атап айтылды. Қытайда Қазақстан елшілігінің ашылуы, Қазақстан-Қытай шекара келісіміне қол жетуі республикамыз дипломатиясының зор табысы. «Жібек жолы» қайта жаңғырып, бұл магистраль толық іске қосылғанда Тынық мұхит жағалауымен Еуропаны тұтастыратын жол Қазақстан арқылы өтпек.

Екі ел қара, түсті металлургия, ауыл шаруашылығы, химия өнеркәсібі, машина жасау, транспортты дамыту үшін бір-біріне көмек көрсетуге дайын екендіктерін айқын көрсетті.

1995 жылғы 11-14 қыркүйек аралығында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың  Қытайға ресми сапары болып, онда келіссөздердің нәтижесінде екі елдің мемлекет басшылары Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дрстық қарым-қатынасты одан әрі дамыту мен тереңдету жөніндегі бірлескен Декларацияға қол қойды.

1995 жылғы 8 ақпанда ҚХР тарапынан Қазақстан қауіпсіздігіне берілетін кепілдіктер туралы, яғни Қазақстанның саяси тәуелсіздігіне, аумақтық тұтастығына қарсы күш қолданбауға экономикалық зорлық көрсету деп бас тартуға міндеттеме алған келісімге қол қойылды.

Қазақстан мен Қытайдың өзара қатынасына қаяу түсірген ядролық қауіпсіздік проблемасындағы ең өзекті мәселе – Алматыдан 700 километр қашықтықта орналасқан Лобнор полигонындағы ядролық сынақтар туралы мәселе еді. Лобнор полигоны 1964 жылы құрылды. Сол жылы 16 қазанда атом бомбасы атмосферада жарылды.

Қытай Халық Республикасының төрағасы Цзян-Цзэминнің Қазақстанға 1996 жылғы шілде айындағы тұңғыш ресми сапары өзара қатынастар тарихының жаңа бетін ашты.

Цзян Цзэминь: «Қытай мен Қазақстан басшылары екі елдің дәстүрлі достық қарым-қатынастарын дамытуға зор маңыз береді. Соңғы жылдары менің және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың арасында осы күнге дейін көп кездесулер болып өтті. Біздің арамызда қазірдің өзінде бірлескен саяси құжаттарда өз бейнесін тапқан және екі жақты қарым-қатынастарымыздың тұрақты дамуы үшін саяси және заңды іргетасы болып отырған, екі жақты қарым-қатынастардың және ірі халықаралық проблемалардың үлкен тобы бойынша ортақ түсіністіктің бір қатарына қол жеткіздік»  деп атап көрсетті.

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы Алматыдағы жоғары деңгейдегі келіссөз қорытындысы бойынша бірлескен Декларацияға қол қойды. Онда екі ел «Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан арасындағы 1996 жылғы 26 сәуірде қол қойылған  шекара ауданындағы әскери саладағы сенімді нығайту туралы келісімді жоғары бағалайды, осы келісімді жүзеге асыру жөніндегі пәрменді іс-шаралар қабылдауға және шекара ауданындағы әскери күштерді өзара қысқарту туралы келісімді жедел түрде әзірлеу үшін одан әрі қарай күш-жігер жұмсауға бел буғаны туралы мәлімдейді», — деп көрсетілген.

Сонымен қатар онда екі жақты ынтымақтастықты кеңейтумен қатар Азияда ХХІ ғасырда бірлесіп даму мәселелерін талқылау қажеттігі айтылды. Қытай Халық Республикасының төрағасы тұңғыш рет Лобнордағы ядролық сынақтарға тиым салу шешімі туралы тарихи мәлімдеме жасады.

Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы саяси және экономикалық қатынасты дамыту 1991 жылғы шілде айында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың осы елге бірінші сапарынан басталды. Ол кезде Қазақстанның Қытайға баратын темір жолы Ресей арқылы өтетін. Ендігі бағыт – сыртқа шығатын балама жолдар құрастырыла басталды. Осыған орай Қытай жағы Үрімжіден «Дружба» (Достық) стансасына дейін 460 шақырымдық темір жол тартып, 1991 жылғы 1 қыркүйекте бірінші жүк поезды жолға шықты.

1991 жылғы желтоқсанда Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты дамыту мақсатымен достық, ынтымақтастық, теңдік және өзара тиімділік негізінде сауда-экономикалық келісімін жасады, ол бес жыл мерзімге күшінде болды. Ал, 1992 жылғы ақпанда Қазақстан — Қытай үкіметаралық мазмұндамасына қол қойылды. Онда азаматтық авиация, темір жол және автомобиль транспорты, экономика, сауда, ғылым мен техника саласында екі жақты ынтымақтастықты жолға қойып, дамыту көзделді. Тауар несиесі туралы келісім бойынша Қазақстан 1993-1995 жылдары Қытайдан 30 миллион юаньға әртүрлі тауарлар мен жабдықтар алатын болды.

Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы мен Қазақстан арасында сауда-экономикалық қарым-қатынастар 1992 жылдың сәуір айынан бастап темір жол қатынасы орнатылғаннан кейін дамыды. 1992 жылдың тамыз айында Қазақстан мен Қытайф өзара өкілдіктер ашу туралы келісімге қол қойды. 1995 жылы Достық – Алешанькоу темір жол өткелдері арқылы жүк тасымалының көлемін арттыру туралы келісімге қол қойылды. 2003 жылы жүк тасымалының көлемі 7,2 млн. тоннаға жетті. 2004 жылғы 19 наурызда Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Дружба» стансасының жүк тасымалын өткізу қабілетін он миллион тоннаға дейін ұлғайтуды қамтамасыз ету қажет  деп көрсетілді.

1997 жылы Қазақстанның басынан ҚХР-ның Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағының шекарасына дейінгі аралықта мұнай құбырын төсеу (қашықтығы 3 мың шақырым), «Ақтөбе мұнайгаз» акционерлік қоғамына үш мыңдай кен орындарын көркейфту, оны пайдалану, қоршаған ортаны сауықтыру, аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымын жетілдіру, акционерлік қоғамның 71 миллион АҚШ долларына жуық қазіргі қарызын өтеу т.б. міндеттемелерге Қытай Ұлттық мұнай компаниясымен келісімге қол қойылды. Компания 20 жыл ішінде осы шараларды жүзеге асыру үшін трт миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция жұмсауды мақсат етіп отыр.

2004 жылғы наурызда ұзындығы 448,8 километрлік Кеңқияқ-Атырау мұнай құбыры іске қосылып, ол Ақтөбе және Атырау облыстарын байланыстырады және бұл құбыр Батыс Қазақстан мен Батыс Қытай арасына салынатын халықаралық мұнай құбырының бастапқы кезеңі болып табылады. Болашақта оның ұзындығы 3 мың километрге жетіп, жоба 3-3, 5 миллиард долларға белгіленді. 2004 жылы оның 2-кезегі іске қосылған кезде жылына 10 миллион тонна мұнай шетелге шығарылатын болады.

2004 жылғы мамыр айында екі ел арсында Атасу-Аламанькоу мұнай құбыры құрылысын салу туралы келісімге қол қойфылды, ұзындығы – 588 километр жоба шамамен 688 миллион АҚШ долларына белгіленген, алғаш іске қосылған кезде (2005 ж) оның қуаты жылына 10 миллион тонна мұнайф шығаруға жеткен.

Сонымен қатар екі ел арасында сауда экономикалық қатынас жылдан жылға дамуда. Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара тауар айналымының көлемі 2004 жылы 4 миллиард 500 миллион АҚШ долларына жетті.

Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында Ресейден кейінгі екінші орында тұр. Негізгі экспорт қара және түсті металл, оның ішінде металл сынықтары мен мыс болып табылады. Импорт құрылымы: техника мен құрал-жабдықтар, тоқыма бұйымдары, халық тұтынатын тауарлар, химия өнімдері, фосфор тыңайтқыштары. 2001 жылдан бастап Қазақстан бидайы Қытай рыногіне шығарыла бастады.

Қазіргі кезде Қазақстанда лн сегіз Қытай компаниясы және 70 бірлескен кәсіпорын қызмет істейді.

         Қытай Қазақстанның халықаралық бастамаларын үнемі қолдап келеді. 2002 жылғы маусым айында өткен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңестің тұңғыш саммитіне ҚХР-ның сол кездегі төрағасы Цзян Цзэминьнің қатысуы ерекше маңызды болды.

Қазіргі уақытта Қытайда 1 миллион 300мың қазақ тұрады. Олар негізінен Шыңжаң ұйғыр автономиялық районына қарасты Іле  қазақ автономиялық обылысының Алтай, Тарбағатай, іле аймақтарында, Санжы, Бұратала облыстарында, Құмыл аймағында, Гансу өлкесінде, Күйтің, Шыхызы, Үрімжі қалаларында тұрады.

Президент Н.Назарбаевтың 2002 жылғы 23 желтоқсанда Қытайға жасалған мемлекеттік сапары кезінде қол қойған Қазақстан Республикасы мен Қытай халық Республикасы арасындағы тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарт және екі ел арасындағы 2003-2008 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы екі жақты қатынастарды үздіксіз дамытуға серпіп беретіндігі атап көрсетілді.

Мемлекет басшылары лаңкестік, сепаратизм және экстремизм жарандық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа елеулі қатер болып табылатынын баса көрсетті.

2003 жылғы 3 маусымда ҚХР-ның төрағасы Ху Цзиньтао Қазақстанда мемлекеттік сапармен болды. Мемлекет басшылары екі ел арасындағы бірлескен декларацияға қол қойып, соның нәтижесінде екі елдің өзара қарым-қатынасын әрі қарай дамыту жолдары айқындалды.

Президент Н.Назарбаев 2004 жылғы 16-19 мамырда ҚХР-да ресми сапармен болды. Іс-сапар барысында, осы ресми сапарға Қытай жағы өте үлкен мән беріп отырғанын атап көрсетті.

Қазақстан мен Қытай арасындағы саяси және экономикалық саладағы қатынастарда мынадай принциптер басшылыққа алынды: егемендік пен аумақтық тұтастықты өзара құрметтеу, шабуыл жасамау, ішкі істерге араласпау, теңдік пен өзара тиімділік, бейбіт қатар өмір сүру, барлық елдердің халықтарының әлеуметтік құрылыс пен даму үлгісін таңдау құқықтарын құрметтеу.

Қауіпсіздік және әскери салада, екі ел шекара ауданындағы достық, сенім және ынтымақтастық ахуалын одан әрі нығайту үшін қорғаныс күштерді өзара қысқарту туралы келісім жасады. 1996 жылдан бастап Лобнор ядролық сынақ полигоны өз жұмысын тоқтатты. 1995 жылы Қытай-Қазақстан қауіпсіздігіне берілетін кепілдіктер туралы келісімге қол қойды. 2002 жылғы 11 мамырда екі ел арасындағы шекараны демаркациялауға қол қойылды.

Трансшекаралық өзендер мәселесі де өз шешімін әділетті шешуді күн тәртібіне қойып отыр. Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына ерекше мән береді.

Сауда-экономикалық салада теңдік пен өзара тиімділік принципін ұстану, энергетика, металлургия,  мұнай-химия өнеркәсібі, минералды тыңайтқыштар өндірісі, көлік, тоқыма өнеркәсібі салаларындағы Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын салу туралы келісімге қол қойылып, ол жүзеге асырылуда.

2004 жылғы Қазақстан мен Қытай делегацияларының кеңейтілген құрамындағы келіссөзінде Қытай халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао көршілес екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға зор үлес қосқаны үшін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа үлкен алғысын білдірді.

 

Қазақстан-Ресей экономикалық қатынастары. Қазақстан 1991 жылдың желтоқсанында қаржылық автономияға қол жеткізе берген кезде Ресей республикаға байкот жариялай бастады. Бір айдан кейін республика өнеркәсібінің көптеген шешуші салалары тоқтай бастаған соң, екі көрші ел қаржы және сауда саясатын толық келісіп жүргізуге бағытталған келісімге қол қойды. Осыған қарамастан, Қазақстан Ресейден тәуелсіз экономикалық саясат жүргізуге тырысты, сөйтіп мұнайдың бұрын зерттелген кен орындарынан өрі (Ресейдің «орталық  мүддені бөлісеміз»  деген талабынан дербес болу үшін)  жаңа кен орындарын барлау және құқын сатуға кірісті.

1992 жылы 17 қаңтарда Мәскеуде Қазақстан мен Ресей арасында шаруашылық қызметтегі шектеулерді жою туралы келісімге қол қойылды. Онда: кәсіпкерлік, тауарларды өткізу, сатып алу, ауыстыру, жұмыс және қызмет аумақтары арқылы жүктің барлық түрін тасымалдауға қосымша алым алмауға міндеттенеді.

1992 жылғы 25 мамырдағы екі ел арасындағы келісім-шарт Қазақстан-Ресей арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың негізін қалады. Онда жалпы экономикалық кеңістік құру т.б. мәселелер бойынша келіссөздерге қол қойылды.

1992 23 шілдеде Алматыда екі ел үкімет делегациялары өзара төлемақыларды реттеу тәртібі және келісілген қаржы-несие қаражатын жүргізу туралы құжаттарға қол қойды.

Дегенмен 1993 жылы Ресей Қазақстанды сом аймағынан шығаруға мәжбүр етті. Еліміз 1991 жылдың 15 қарашасынан бастап ұлттық валюта – теңгені айналысқа енгізді.

Қазіргі кезде энергиялық жүйелердің қатар жұмыс істеуі, Каспий құбыр желісі конеорциумы, қарашығанақ газ конденсаты кен орнын игеру сияқты екі жақты және халықаралық жобаларда өзара белсенді іс-қимыл жасауда, отын-энергетика саласындағы ынтымақтастық та ойдағыдай даму үстінде: Атап айтқанда, Каспий теңізі аймағындағы бірнеше жаңа мұнай орындарын бірлесе игеру жөніндегі екі жақты жобалар ойдағыдай даму үстінде. Атап айтқанда, Каспий теңізі аймағындағы бірнеше жаңа мұнай орындарын бірлесе игеру жөніндегі екі жақты жобалар ойдағыдай іске асырылуда.

1994 жылы 28 наурызда «Көрігу мен экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету туралы»  шартқа қол қойылды. 1996 жылғы 26 наурызда Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Беларусь Республикасы арасындағы экономика және гуманитарлық салаларындағы интеграцияны тереңдету туралы шартқа қол қойылды.

2002 жылғы 5 ақпанда Президент Н.Назарбаев ақпарат құралдарының өкілдерімен әңгімесінде: «Бүкіл әлемді шырмап алған ғаламдасуға қарсыласудың ешқандай мән – мағынасы жоқ… Біз Қазақстандағы нашар өнімнің сапасын бұқтырып ұстап, соны көрсетпеу үшін шекараларымызды жауып қоя алмаймыз одан да біздің компанияларымыз бәсекеге түсіп, басқалармен таласа-тармаса жүріп өссін, түптің түбінде олар да әлемдік рынокқа шығуы тиіс қой…  Өйткені, біздің Қазақстанда  16  миллион ғана адам бар. Біздің өзімізде өндірілген тауарлардың бәрі бірдей Қазақстанда сатылуы мүмкін емес. Адамдардың саны 60 миллионнан кем түспейтін мемлекет ғана өін-өзі толық қамтамасыз ете алады…  Осы тұрғыдан алып қарағанда, Орталық Азияның бірде-бір мемлекеті өзін-өзі дербес күйінде қамтамасыз ете алмайды…  Ал егер бұған Ресейді қоссаңыз, онда 200  миллион адам болып шығады. 200 миллион  адам өз ішінде өз тауарларын өндіре де алады, сата да алады. Сонда өндіріс те дамиды, адамдар да жалақыға ие болады…»  деп түйінді мәселені сөз етті.

2002  жылғы 1 наурызда Алматыда Қазақстан, Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан президенттерінің бірлескен мәлімдемесі қабылданды. Онда табиғи газ өндіру мен тасымалдау саласындағы кең ауқымды тығыз ынтымақтастық деген объективті мүдделік біздің елдеріміздің өзара байланысының ғана емес, сонымен бірге, әлемдік экономикадағы ғаламдастыру мен интернационалдану процестерінің күшеюінен де туындап отыр, — деп атап көрсетілген.

2004 жылғы  мәлімет бойынша, Ресейдің 89 өңірінің 72-сінің  Қазақстан мен сауда-экономикалық байланыстары бар. Қазақстанның Ресеймен тауар айналымының  үлкен бөлігі (40%) Оралдың үлесіне тиеді. Бұл жерге кен, минералдық отын, мұнай мен мұнай өнімдері, қара металдар, цинк пен одан жасалған бұйымдар, ал Оралдан Қазақстанға қара металдар мен одан жасалған өнімде, станоктар мен жабдықтар, бейорганикалық  химия  өнімдері, минералдық отын жөнелтіледі. Батыс Сібірге негізінен құрылыс материалдары (тас пен қиыршық тас), темір кендері, тұз бен мал шаруашылығы өнімдері, ал Батыс Сібірден Қазақстанға мұнай, ағаш материалдары, тас көмір, минералды тыңайтқыштар, құрылыс материалдары жеткізіледі.

2001 жылы Каспий тұрба құбыры консорциумы іске қосылды, 2004 жылы 28 миллион тонна мұнай осы құбыр арқылы шетелге шығарылды.

2004 жылдың қаңтар айында Ресей Президенті Қазақстанға жасаған ресми сапарында ынтымақтастықтың  жетекшісі бағыттарын айқындайтын бірқатар құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда, сауда-энергетикалық кешен, ғарыш кеңістігін игеру, әскери-техникалық ықпалдығы, тағысын тағылар. Сонымен бірге келісімдік-құқықтық базаны жетілдіру, халықаралық көлік дәміздерін дамыту, тариф саясатын реттеу мәселелері де осы кездесуде оң шешімін тапты. Н.Назарбаевтың 2004 жылғы 29 маусым мен 4 шілде аралығында Ресейге жасаған жұмыс сапары да табысты болды.

Екі ел арасындағы мұнай – газ саласындағы ынтымақтастық  Каспий теңізіндегі кеніштерден мұнайды бірлесіп өндіруге жағдай туғызды. Каспий теңізі солтүстік бөлігінің табанын бөлу туралы екі жақты келісімнің халықаралық хаттамасына сәйкес бүгінгі таңда «Құрманғазы», «Орталық» және «Хвалынсое»  кеніштерінде көмірсутегі  қорларын игеру жобалары жүзеге асырылады. Екі жақты байланыстардың маңызды тұстарының бірі ретінде отын энергетика  саласындағы ынтымақтастықты айтуға болады.

2004 жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 7,5 миллиард долларлық көрсеткішке жеткен. Оның ішінде Қазақстанның экспорттық үлсі 2,57 миллиард доллар болса, импорттық үлесі 4,33 миллиардты құрады. Бұған қоса, Каспий теңізінің  Қазақстандық  қайраңындағы мұнайды бірлесіп игеру отын – энергетикалық салалар бойынша жаңа жобаларды  жүзеге асыруға, бірлескен газ альянсын құруға, әскери техникалық байланысты нығайтуға байланысты да аршынды қадамдар жасайды. Қорғаныс саласына қатысты өзара келісімдер нәтижесінде бұдан былай  Қазақстан Ресейден әскери техниканы аталған  елдің ішкі бағасының деңгейімен сатып алмақ.

Ресеймен бірлескен 1100 кәсіпорын  тіркелген. Еліміздің эканомикалық өсу жағдайында  мәшине жасау,  түсті металлургия, жоғары технология құрал – жабдықтар ауыл шаруашылығы, шикізат, құрылыс материалдарына ресейлік инвестициялық  бағытталуы басымдық  алып отыр.

Ресей басшысы кейінгі кездесулерде  интеграциялық  процестерге кең сертін беру мәселелері де жан – жақты талқыланып, бұл тұрғыда Қазақстан  бұрынғы кеңестер кеңістегіндегі басты бастамашы ретінде үлкен роль атқарып келе жатқанын да атап көрсетті.

2003 жылғы мәлімет  19 қыркүйекте Беларусь, Қазақстан, Ресей, Украина призиденттері Біріңғай эканомикалық  кеңістік құру туралы келісімге қол қойды. Онда біріңғай сыртқы сауда, салық,  ақша – кредит,  валюта, қаржы саясаты жүргізіледі.

2003 жылғы мәлімет бойынша еліміздегі  1697 бірлескен кәсіпорындардың  528 – і Ресей үлесіне тиеді.

Сонымен Қазақстан мен Ресей арасындағы саясат, қауіпсіздік және эканомика саласындағы ынтымақтастық қазіргі кезеңнің  талаптарына сәйкес кеміп отыр деген қорытынды жасауға болады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорыта келгенде, 1995-2005ж.ж. аралығында еліміздің экономикасында едәуір оңды өзгерістер болғанын байқауымызға болады. КСРО тарап, бұрынғы оның құрамында болған 15 одақтас республикалар ыдырап кеткен соң, бұрынғы шаруашылық қатынас үзіліп, экономикамызтөмен қарай құлдырап кеткен еді. 1991-1995ж.ж. аралығында республика экономикасын көтеру үшін көптеген бағытта жұмыстар жүргізілді. Мемлекет арнайы нарықтық экономикаға өтудің басты бағыттарын айқындап, сол бағытта ел экономикасын  көтеруде іс-шаралар жүзеге асырылды. 1995 жылдан бастап республика экономикасының бір шама жоғарлағандығы байқалды. Оған басты себеп мемлекет мемлекет меншігінде болған барлық өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылығы ұжымдарын (колхоздар мен совхоздар) жеке меншікке айналдырып, шетел инвистицияларын тарту. Осы бағытта жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өнеркәсіп өнімі 1995 жылғы 1100,5млрд. теңгеден 2005жылы 6985,2млрд теңгеге, ауыл шаруашылық өнімі 335млрд. теңгеден 606млрд. теңгеге, экспорт көлемі 5871,6 млрд. теңгеден 12900,4 млрд. теңгеге, импорт көлемі 3655,1 млрд теңгеге көбейді.

         Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне кіруі өндіріс көлемінің елеулі кемуіне әсер еткені белгілі. Технологиялық артта қалуы, өндірістердің даярсыздығы, шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларын игере алмау, бәсекеге қабілетсіздік –осының бәрі көптеген кәсіпорындардың тұрып қалуына, дәстүрлі өткізу рыноктарын жоғалтуға, өндірістің құлдырауына әкеп соқты. Соның салдарынан елімізде соңғы сегіз жылда өндіріс көлемі екі еседен артық қысқарды.

         Ішкі капитал мен жинақталымдардың жеткіліксіздігінен Қазақстан шетелдік капиталға, жеке капиталға да, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарына да тәуелді болып отыр. Қазіргі таңда экономиканы көтеру инвестицияның түсуіне байланысты болып отыр. Бүгінде Қазақстан зор мүмкіндіктер табалдырығында тұр. Мәселен, Азияның ең кедей елдерінің өзі 30 жыл ішінде қайыршылықтан шығып, индустриялы мемлекеттерге айналғаны белгілі. Алғышқылары Корея, Тайвань және Сенгапур болса, қазір оларға Малайзия, Индонезия және Тайланд қосылып отыр. Қазақстанның көршісі Қытайдың да экономикасы жоғары қарқынмен дамуда. Соған орай бұл елдер күллі әлемде Азия жолбарыстары ретінде танылып отыр.

         2030жылға қарай Қазақстан өзінен-өзі көтеріле  қалмайды. Ол республика халқының қажырлы еңбегі арқылы ғана дамыған елдер қатарына қосыла алады. 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Райханұлы Н. Өткен жылдың қорытындысы не көрсетті? //Ақиқат.-2003-№3-41-43б.
  2. Райханұлы Н. Экономиканың жарты жылдық қарқыны. //Ақиқат.-2004-№9-11-12б.
  3. Райханұлы Н. Экономикалық дағдарыстан қайтсек шығамыз? // Ақиқат.-1994-№4-14-17б.
  4. Есентүгелов А. Қазақстандағы макроэкономикалық жағдай. // Ақиқат.-1996-№11-14-17б.
  5. Елшібекова Қ. Инвестициясыз экономика өрге баспайды. //Саясат.-1998-№2-15-18б.
  6. Шыңғыс М. Экономикадағы дүбәралық. //Жас Алаш.-2006-№12-1-2б.
  7. Сәбден О. Инвестиция салынған негізгі салалар. // Ақиқат.-1997-№2-15б.
  8. Құлымжанов М . Нарықтық экономиканың мәні, құрылымы және тиімді жұмыс істеудің шарты. //Агробизнесс теориясы мен тәжірибесі. А.-1997-19-21б.
  9. Райханұлы Н. Реформаға көзқарас. (Нарықтық қатынастардың дамуы қандай?) // Ақиқат.-1997-№5-11-18б.
  10. Құлымжанов М. Нарықтық экономика заңдары. // Ақиқат.-2003-№7-30-32б.
  11. Сатымбекова К. Тенденции экономического развития РК в современных условиях. // Саясат.-2005-№8-4-5.
  12. Әліқұлов К.А. Қазақстанда нарықтық қатынастардың дамуы. // Жаршы.-2004-№2-60-62б.
  13. Дүйсенбек Ә. Инвестиция –экономика емшісі. // Егемен Қазақстан.-1997-№8-6-7б.
  14. Нұрмолдақызы Г. Инвестицияларды қайда жұмсаған қайырлы. // Қаржы-қаражат.-1998-№7-23б.
  15. Нұрмолдақызы Г. Қазақстанға инвестиция қайдан құйылуда? // Егемен Қазақстан.- 1989-№1-4б.
  16. Райханұлы Н. Нарықтық қатынастар мен ҚР-да экономиканың басты салаларында жұмсалған инвестицияның құрамы мен динамикасы. // Ақиқат.-1998-№2-33-35б.
  17. Шыңғыс М. Инвестиция –экономика өзегі. // Жас Алаш.-1998-№4-2б.
  18. Шыңғыс М. Қазақстан және әлемдік инвестиция. // Жас Алаш.-2002-№9-9б.
  19. Қаженбаев С. ΧΧΙ ғ. Қазақстанның экономикалық даму модельдері. //Статистика учет и аудит.-2002-№2-30-32б.
  20. Шалғынбаев Н. Нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы жекешелендіру. // Саясат.-2004-№8-49-51б.
  21. Райханұлы М. Жыл қорытындысы не көрсетті? // Ақиқат.-1998-№4-30-32б.
  22. Қазақстан цифрларда. Статистикалық жинақ. Алматы.-2003
  23. Қазақстан цифрларда. Статистикалық жинақ. Алматы.-2005

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША

Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер  

Кесте 1      

Жалпы көрсеткіштер

1997

2000

2001

2003

2005

Халықтың саны (жыл соңында), мың адам

Табиғи өсім, халықтың азаюы, мың адам

1000 халыққа

Жұмыспен қамтамасыз етілген халық, мың адам

Өнеркәсіп өнімі, млрд теңге

Ауыл шаруашылығы өнімі, млрд теңге

Оның ішінде:

Өсімдік өсіру өнімі

Мал шаруашылығы өнімі

Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау, млн т

Жүк айналымы – барлығы, млрд ткм

Жолаушы айналымы – барлығы, млрд пкм

Сыртқы сауда айналымы – барлығы, млн долл.

Экспорт

Импорт

ТМД елдерімен сыртқы сауда айналымы, млн долл.

Экспорт

Импорт

ТМД елдерімен сыртқы сауда айналымы, млн долл.

Экспорт

Импорт

 

14901,5

70,0

4,7

 

6105,4

1142,8

335,0

 

177,7

157,3

 

1065,9

149,7

66,6

 

9526,7

5871,6

3655,1

 

3114,3

1510,5

1603,8

 

6412,4

4361,4

2051,3

14865,3

72,1

4,8

 

6201,0

1798,3

402,0

 

223,5

178,5

 

1293,1

207,1

73,1

 

13852,2

8812,2

5040,0

 

5068,4

2336,7

2731,7

 

8783,9

6475,5

2308,3

14850,5

73,4

4,9

 

6698,8

2000,2

533,6

 

325,8

207,8

 

1404,4

225,4

84,2

 

15085,1

8639,1

6446,0

 

5954,1

2644,6

3309,5

 

9131,0

5994,5

3136,5

14866,0

77,5

5,2

 

6708,9

2336,9

557,4

 

325,3

232,1

 

1531,1

  232,3

92,7

 

16254,3

9670,3

6584,0

 

5237,6

2194,4

3043,2

 

11016,7

7475,9

3540,8

14951,3

93,7

6,3

 

6985,2

2794,4

606,7

 

348,6

258,1

 

1681,1

258,3

93,6

 

21227,3

12900,4

8326,9

 

6874,0

2954,2

 3919,8

 

14353,3

9946,2

4407,1

 

 

Қазақстан Республикасы аймағының 2005 жылғы дамуын сипаттайтын негізгі әлеуметтік-экономикалық индексі, % есебімен

Кесте 2

Республикамыздағы облыстар мен ірі қалалар

Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс, қызмет көрсету)

Негізгі капитал

(қорға) инвестиция

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі

Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау

Номинальді орташа айлық еңбекақысы

Қазақстан Республикасы,

Соның ішінде:

Ақмола

Ақтөбе

Алматы

Атырау

Шығыс Қазақстан

Жамбыл

Батыс Қазақстан

Қарағанды

Қостанай

Қызылорда

Маңғыстау

Павлодар

Солтүстік Қазақстан

Оңтүстік Қазақстан

Астана қ.

Алматы қ.

 

108,8

 

117,2

118,6

115,9

100,3

104,1

114,2

110,1

102,7

112,5

118,7

108,6

113,5

103,4

109,8

111,5

115,3

 

110,6

 

93,3

122,8

163,1

130,7

112,5

402,5

68,1

102,1

139,5

148,4

101,9

166,3

112,6

125,0

122,8

82,8

 

101,4

 

98,8

98,8

103,6

112,3

101,1

112,7

104,3

101,1

98,5

108,6

104,3

90,0

94,3

105,2

98,4

113,7

 

109,8

 

101,4

82,8

111,6

159,2

102,0

100,4

101,9

116,5

100,7

101,9

95,4

104,4

101,4

123,2

130,7

129,5

 

114,3

 

125,1

113,2

112,5

116,1

106,7

109,0

109,5

110,7

120,6

117,0

115,4

110,3

111,8

112,7

119,4

115,2

 

                                                                                    

Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі, мың га

Кесте 3

Шаруашылық дақылдары

1997

2000

2001

2003

2005

Шаруашылықтың барлық санаттары

Барлық егіс көлемі

Дәнді дақылдар

Майлы дақылдар

Картоп

Көкөністер

Бақша дақылдары

Мал азықтық дақылдар

15285,2

11392,5

550,5

384,2

156,3

96,1

38,8

3050,8

16195,3

12438,2

631,1

448,2

160,3

102,6

38,8

2823,7

16785,2

13208,7

560,8

347,5

164,6

107,7

41,4

2701,7

17756,3

14022,7

609,2

409,6

163,0

108,7

47,0

2805,5

17454,2

13872,6

862,9

631,9

166,9

110,2

42,2

2399,3

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары

Барлық егіс көлемі

Дәнді дақылдар

Майлы дақылдар

Картоп

Көкөністер

Бақша дақылдары

Мал азықтық дақылдар

10927,2

  8251,5

   233,3

   177,8

       8,1

     14,4

       6,0

 2441,2

10855,4

  8618,6

    225,4

    181,8

        8,7

      10,7

        4,4

  1987,2

10625,9

  8644,3

   144,7

   109,0

       7,6

       9,7

       3,2

 1816,2

10530,8

  8642,8

    120,6

      90,8

        6,3

        6,3

        2,5

  1752,2

9661,0

8002,9

  221,3

  190,0

      5,7

      5,4

      2,6

 1423,1

Халықтық  жеке  шаруашылығы

Барлық егіс көлемі

Дәнді дақылдар

Майлы дақылдар

Картоп

Көкөністер

Бақша дақылдары

Мал азықтық дақылдар

382,7

55,0

31,3

27,3

135,7

60,6

12,8

87,3

492,1

97,1

58,2

50,1

134,4

69,1

15,8

117,5

543,2

112,8

74,9

45,9

137,4

71,4

19,3

127,4

581,0

127,4

79,5

48,4

136,2

73,5

21,2

43,1

532,9

113,0

63,0

48,1

139,0

73,6

18,8

125,4

Шаруа (фермерлік)  шаруашылығы

Барлық егіс көлемі

Дәнді дақылдар

Майлы дақылдар

Картоп

Көкөністер

Бақша дақылдары

Мал азықтық дақылдар

3974,8

3086,0

285,9

179,1

12,5

21,1

20,0

549,3

4847,8

3722,5

216,3

17,2

22,8

18,6

719,0

5616,1

4451,6

341,2

193,5

19,6

26,6

18,9

758,1

6644,5

5252,5

409,1

270,4

20,4

28,9

23,3

910,2

7260,3

5756,7

578,6

393,8

22,2

31,2

20,8

850,8

                                                                                    

 

 

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру

 

Кесте 4

Ауыл шаруашылығы өнім түрлері

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары

Халықтық  жеке  шаруашылығы

Шаруа (фермерлік)  шаруашылығы

 

2000

2002

2005

2000

2002

2005

2000

2002

2005

Астық,мың т

Шитті мақта, мың т

Қант қызылшасы(фабрикалық),

мың т

Күнбағыс,мың т

Картоп,мың т

Көкөністер,мың  т

Бақша дақылдары,мың т

Жеміс-жидек, мың т

Ет (сойыс салмағымен), млн т

Сүт,млн т

Жұмыртқа,млрд дана

Жүн (физикалық салмағымен),мың т

 

9272,6

44,4

 

 

83,7

18,5

87,7

114,3

22,9

8,2

 

0,0

0,2

0,9

 

2,1

8158,0

31,8

 

 

122,9

24,0

69,3

70,3

16,1

4,6

 

0,0

0,2

1,1

 

2,1

8047,9

29,6

 

 

127,5

48,0

75,3

68,8

24,2

2,4

 

0,0

0,2

1,2

 

1,9

200,5

57,2

 

 

17,0

16,7

1830,6

1200,5

245

143,4

 

0,6

3,6

0,9

 

19,5

304,4

67,4

 

 

29,7

23,3

1916,7

1271,4

287,8

162,0

 

0,6

3,7

1,0

 

20,4

280,2

35,1

 

 

18,7

27,0

1909,9

1282,2

256,9

144,4

 

0,6

3,9

0,0

 

21,0

6423,8

315,9

 

 

181,8

113,9

266,5

467,2

251,3

19,6

 

32,8

152,6

11,2

 

2,0

7497,5

261,5

 

 

219,6

142,5

282,8

515,3

324,9

19,1

 

32,8

167,0

10,5

 

2,3

6449,3

338,0

 

 

277,4

217,6

323,1

587,3

322,7

15,3

 

42,2

195,6

13,2

 

3,0

 

 

Мал және құс саны, мың бас

Кесте 5

 

Мүйізді ірі қара және құстар

1997ж

2000ж

2001ж

2003ж

2005ж

Шаруашылықтың барлық санаттары

Мүйізді ірі қара,

Оның ішінде:

Сиыр

Қой және ешкі

Шошқа

Жылқы

Түйе

Құс,млн бас

 

3998,2

1962,3

9656,7

984,2

969,6

96,1

18,0

 

4106,6

2014,7

9981,1

1076,0

976,0

98,2

19,7

 

4293,5

2077,2

10478,6

1123,8

989,5

103,8

21,1

 

4559,5

2171,4

11273,0

1229,8

1019,3

107,5

23,8

 

4854,6

2272,3

12148,6

1354,1

1061,8

113,8

25,0

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында

Мүйізді ірі қара,

Оның ішінде:

Сиыр

Қой және ешкі

Шошқа

Жылқы

Түйе

Құс,млн бас

 

353,8

124,3

1114,2

117,0

87,2

16,2

8,7

 

344,4

118,0

949,8

103,0

72,7

14,7

9,6

 

340,9

115,2

897,0

116,3

67,2

15,1

10,1

 

342,3

112,1

850,0

152,0

62,2

14,7

11,9

 

345,9

113,0

866,0

187,8

62,6

14,3

11,8

Халықтың жеке қосымша шаруашылығында

Мүйізді ірі қара,

Оның ішінде:

Сиыр

Қой және ешкі

Шошқа

Жылқы

Түйе

Құс,млн бас

 

3413,9

1734,8

7675,4

839,0

793,5

71,6

9,1

 

3552,7

1802,8

8190,9

941,3

824,5

74,8

9,9

 

3731,6

1864,7

8607,7

976,1

837,2

78,9

10,8

 

3935,4

1937,7

9151,7

1034,6

853,4

81,7

11,7

 

4179,1

2021,8

9694,8

1103,0

879,0

86,1

12,9

Шаруа шыруашылығында (фермерлік)

Мүйізді ірі қара,

Оның ішінде:

Сиыр

Қой және ешкі

Шошқа

Жылқы

Түйе

Құс,млн бас

 

230,5

103,2

867,1

28,2

88,9

8,3

0,2

 

209,5

93,9

840,4

31,7

78,8

8,7

0,2

 

221,0

97,3

973,9

31,4

85,1

9,8

0,2

 

281,8

121,8

1271,3

43,2

103,7

11,1

0,2

 

329,6

137,5

1587,8

63,3

120,2

13,4

0,3