АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Қазақстанның рекреациялық аймақтарының сипаттамасы

Қазақстанның рекреациялық аймақтарының сипаттамасы

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ                                                                                                                                                                                                

 

  1. ТУРИЗМ ГЕОГРАФИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ – ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ                   
    • Рекреациялық және туризм географиясының негізгі ұғымдары     
    • Туристік-рекреациялық ресурстар            
    • Территорияны рекреациялық бағалаудың әдістері мен белгілері          
  1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ

РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ                                                                

2.1 Солтүстік-Қазақстан                                                                               

2.2 Шығыс-Қазақстан                                                                                     

2.3 Оңтүстік-Қазақстан және Алматы облысы                                             

 

  1. ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ КЕЛЕШЕГІ

3.1 Туристік шаруашылықтың сипаттамасы                                                 

3.2 Туризм дамуының негізгі бағыттары                                                     

3.3 Туризм дамуының алғышарттары                                                           

 

ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                            

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ                                                        

ҚОСЫМША А                                                                                                

ҚОСЫМША Б                                                                                                  

ҚОСЫМША В                                                                                                

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Бұл жұмыс 56 бет мәтінен, 3 кестеден және диаграммадан тұрады, және де бұл жұмыста 1:7 500 000 масштабты “ҚР-ң туристік картасы” бар.

45 әдебиеттер, ҚРң түрлі кәсіпорындары мен ұйымдардың сандық және статистикалық мәліметтер қолданылды.

Негізгі ұғымдар: рекреация, рекреациялық география, туризм, туризм мен демалыс географиясы, туристік қозғалыс, рекреациялық ресурстар, тартымдылық, туристік сыйымдылық, туристік инфрақұрылым (түнеу базасы, тамақтану базасы, қосымша базасы, коммуникациялық базасы), туристік кешен, турбаза, туристік қонақ үй, туристік-экскурсилық шаруашылық, туристік маршрут, туризм индустриясы.

Зерттеу объектісі ҚР болып табылады. Жұмыстың міндеті-ҚР-ғы туризм дамуының қазіргі жағдайын талдау және туризм индустрия кәсіпорындарының орналастыру мен дамуы бойынша кейбір ұсыныстарды енгізу және де кең ауқымды қолданушы-туристерге және туризм мен рекреация облысындағы жұмыс істейтін кәсіпорындарының қолдаунына бағытталған ҚР-ның туристік картасын құрастыру. Бұл жұмысындағы жазылған туризм индустрияының дамуы бойынша проекттік ұсыныстарының іске асырылуы республика ауыл шаруашылығының кешенділік пен эффектілігінің деңгейін үлкейтуіне себеп болады. жұмыстың міндеті:

  • Қазақстандағы рекреациялық аудандарының табиғи ресурстарының зерттелуі мен оларды қолдану
  • Қазақстандағы туризм дамуының мәселелері мен келешегін аңықтау.

Дипломдық жұмысты даярлау кезінде келесі әдіс жиынтығы пайдаланды: материалды жинақталуы (әдебиет қайнар көздері, ғылыми мақалалар, ағымдағы баспасөздің материалдары, энциклопедиялық басылымдар), алынған информацияның талдау мен синтезін жинақталуы және бақылау мен сұрастырудың салыстырмалы және картографиялық әдісін қолдануы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 КІРІСПЕ

 

Біздің мемлекеттіміз тек қана таңғажайып табиғи ертегі көріністермен ғана емес, табиғи қорлармен да ғажап. Қазақстанның ғасырлар тарихы- бұл біздің халықтың ежелгі мәдениеті, тарихи ескерткіштері, байлықтары мен бірігей мұрасы, әдет ғұрыптары мен дәстүрлері, осының барлығы өте үлкен қызығушылыққа шақырады.

Республика тарихымыздың байлық пен қазіргі уақыттың даму дәрежесін көрсетуі мен пропогандасы-туристік ағымының ең жоғары деңгейге жақындатудың ең басты қайнар көзі болып табылады.

Туризмнің таралуы бүкіл әлемдегі жылдан жылға ұлғаюда, осында да солай. Қазақстан азаматтары белсенді турист болып, өзіміздің отанымызды жақсылап білуді көздеп, оның барлық жерлердің табиғаттын, салт-дәстүрі мен мәдениет ерекшеліктерін танып білуде. Туризмнің материалдық базасын күшейту, автомобиль, авиация, темір жол, теңіз және өзен маршруттарды даму, қонақ үйлер, мотельдер, туристік базалар мен лагерлердің құру шараларын жүзеге асыру бұған жақсы жағдай жасайды.

Қазақстан- жаңа туристік маршруттарды ашылушылар үшін табиғаттың таусылмас құпиясы болып табылады.

Туризм дамуының потенциалды мүмкіндіктердің маңызды факторлардың бірі мемлекеттің табиғи-климаттық жағдайы, зонаның қарама-қарсы ландшафтына байланысты үйлестіруі болып табылады, бұлардың барлығы турист-саяхатшының таңдану мен таңғалуын міндетті түрде шақыртады, және бұған сай қажет жұмысты жақсы ұйымдастырып және қолданып, Қазақстан территориясына туристік ағымының ең жоғары деңгейіне жетуіне белсенді әсер етуін біз міндеттіміз. Ішкі және шетел туризм дамуының Қазақстан республикасын перспективті аудан ретінде санауға болады. Бұл үшін бұнда өте көп және бай табиғи мен әлеуметтік-экономикалық мүмкіншіліктер бар.

Қазақстан Республикасы қызметтестік туралы 8 мемлекетімен келісім-шарттын бекітті, ал Қазақстанның 400 туристік фирмалар мен ұйымдар дүние жүзінің 80 мемлекеттерімен қарым-қатынасын орнатты.

Қазақстанда өте күрделі туристік-рекреациялық шаруашылық тәжірибе және де туристік-рекреациялық территорияның ғылыми тұрғыдан зерттеу мен жобалау тәжірибесі жинаған.

Мамандықтардың жоспарлауы бойынша 2007 ж дейін туризм табысы бойынша бірінші  орынға шығып, автомобиль мен мұңай экспорттын озып шығады. Көбінде, туризм индустриясы халық айналысу мәселесін де шешеді, барлық жұмыс істейтін халықтың 10% туризм сферасында жұмыс істейді. Бұл көтерілу процессі келіп шыққан территорияны жаңарту мен кеңею жұмысыныың арқасында жүзеге асырылады, өйткені, туристік нарығының дәстүрлі аудандары рекреациялық сиымдылықтың шегіне жетті. Қазақстан қазіргі туристтің әр түрлі қажеттіліктірді қанағаттандыра алатын ерекше туристік потенциалы бар территория ретінде мәлім ете алады.

Бірақ, өкінішке орай, республикамыздың кейбір аудандарда бәрі де жақсы емес болып келеді. Анық, туристік қатынас бойынша республиканың көрікті жер зоналарды белгілі бір кейінгі қадаммен жүзеге асырылуы тиіс.

Дипломдық жұмыс мақсаты:

Қазақстанның жеке аймақтар бойынша маңызды туристік ресурстарды анықтау және оларды пайдаланудың болашақтағы преспиктиваларын қарастыру.

Дипмломдық жұмыс міндеттері:

  • Рекреациялық және туризм географиясы бойынша жеке территорияларды зерттеудің теориялық – әдістемелерін анықтау.   
  • Қазақстанның жеке аймақтарының туристік рекриациялық ресурстарының орналасу жағдайын анықтап беру.
  • Қазақстандағы туризмнің дамуының қазіргі жағдайына баға беру және болашағын анықтау.

 

Тарау — 1 ТУРИЗМ ГЕОГРАФИСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-

ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

1.1  Рекреациялық және туризм географиясының негізгі ұғымдары

 

Соңғы жылдардағы туризмнің өсуі  біздің мемлекетімізге ғана емес, бүкіл әлемге де тән- бұл ғылыми техникалық революциясының нәтижесі болып, көліктің арзандануына және жылдамдануына әкеліп соқтырды, халықтың жылжуы өсті. Бұл себептен біздің елімізде де, шет елдерде де туризм туралы  мәселелерді шешу-  ғылым мен тәжірибенің ең маңызды сұрақ болып, медико-географиялық пен курорттық, экономикалық және техникалық зерттеулердің объектісі болып табылды [1].

Географтар халык миграцияның нақты нәтижелермен қызығып, туризмнің дамуы туралы болжау жасайды, бұндай зерттеулер туроператорларға пайдалы болып қалады. Маршруттық жүйенің тығыздығы мен кеңістік құрылымын жоспарлау іс әрекеттегі геоерафияның маңызы зор. Талайдан бері рекреациялық ресурстарды қолданылып жүрген мемлекеттерге қарағанда туризмнің материалдық-техникалық базаның даму деңгейі бойынша біз әлі артта келе жатырмыз. Жақсы дайындалған объектілер бізде аз, бір қалыпты емес орналасқан және де кейбір курорттық аудандарда шоғырланған. Миллиондаған адам мың километр қашықтықты өтіп Крым, Кавказ, Карпат және Прибалтикаға барады, бірақта сондай объектілер пансионаттармен, турбазалармен бірге біздің республикамыздың әр ауданында орналасып, жақсы жұмыс істеуі мүмкін.

Соңғы уақытында ТМД елдерінің барлығында, ірі экономикалық аудандарында жергілікті рекреациялық ресурстарға  және оларды қолдану мен интенсивтілігін күшейтуіне қызығушылықты жоғарлады.

Бұл мәселелер тығыз мекендеген, өнеркәсіп ірі қалалар бар аудандардағы ерекше орын алады. География мен туризм- бұл екі түсініктің арасында қарым қатынас бар:  көп уақыт бойы бұл түсініктер бір жақты болған [2].

Географиялық ғылым туризмнің жанында тіршілік етті, оның қатынасы туризмге аз болған. Халқының туристік қозғалуы жаппай миграцияның түрі болып қалып, халық геграфия мен транспорт сферасының мамандықтары және территориялық өндірістік кешеннің дамуын болжайтын экономистер мен эконом-географтар бұған көңіл бөле бастады. Туризмде қызмет көрсету мен комфорт үшін керек құралдармен қамтамасыз етуі-экономикалық географияның маңызды, жаңа бөлім болып, қызмет көрсету болып табылады  [3].

Туризмде географиялық аспектілерді зерттеуге деген қызығушылық географияның түрлі салаларда пайда болды. Бірақ-та ең маңыздысы-  туризм географиясының бөлек саланың объектісі ғана емес, ірі кешенді бөлімдердің объектісі де болып табылады. Туризм мәселелері салалық ғылым мен бөлімдерінен бөлініп, оларды синтетикалық тұрғыдан қарастырып қажет болды  [4].

Әрине, қазіргі туризм- бұл спецификалық қоғамдық қозғалыс және де зор мәдени-тәрбиелік, ғылыми-танымдық және спорттық-сауықтыру маңызы бар белсенді демалыстың түрі болып табылады. Сондықтан бұны зерттейтін география туризмнің бұның бәрін ескерілуі қажет  [5].

Демалысты жақсы көретіндер сапарға барып, әр түрлі мақсаттарын көздейді. Біреулер мемлекеттің көрікті жерлермен танысады, екіншілер табиғаттың сұлулығымен әсемдейді, таза орман немесе тау ауамен тыныс алғысы келеді. Үшіншілерге жаяу сапар- бұл спорттық оқиға. Басқа сөзбен айтқанда, рекреацияда және туризмде үш негізгі функцияларды бөлуге болады: танымдық, спорттық-сауықтыру және емдік. Кейбір авторлар бұл негізгі үш функцияларды бірігіп, “еңбекке жарамдықты қалпына келудің мақсаттары” деген ұғымға жалпыланады, яғни адамның физикалық және психологиялық күштерін қалпына келтіруі  [1].

Барлық авторлар танымдық функцияларға ең біріншіден көңіл бөледі. Танымдық- бұл психологиялық күштерін қалпына келтірудің ерекше түрі. Турист келген территорияға қызығушылықты талаптану бере отырып оның ойларын жұмыс туралы болады, яғни, танымдық адамды ойлауға итереді, бұл арқылы ол адамның миың жиналған психологиялық шаршауынан босатады. Танымдық функция турист барған ауданның табиғи, мәдени-тарихи, этнографиялық, шаруашылық және де басқа көрікті жерлерге деген қызығушылықта көрінеді.

Табиғи-климаттық факторларға көрікті жерлер, жайлы климаттық жағдайлар: бір қалыпты ауа температурасы, құрғақ, күн және желсіз күндердің көп болуы; әдемі табиғат көрінісі: ормандар, таулар, өзендер, көлдер, үңгірлер, теңіздер және т.б жатады. Мәдени-тарихи көрікті жерлерге тарихи, археологиялық, архитектуралық ескерткіштер, мұражайлар, сурет галереялар, театрлар және т.б объектілер жатады.

Ал этнографиялық көрікті жерлерге халық шығармашылықтың салт-дәстүр, рәсімдер, ұлттық киім, тамақ, фольклор және т.б жатқызуға болады. Шаруашылық көрікті жерлер туралы айтсақ, шаруашылықты ерекше әдіспен іске асыру немесе оның белгілі бір аудандағы өте жоғары дамып келуі, дамыған қызмет көрсету сферасы жатады.

Турист белгілі-бір территорияға келгенде оның бұл себептері де болуы мүмкін- жергілікті оқиғалар, мысалы, театрлық және музыкалық фестивальдар, кинофестивадьдар, слеттер, конгресттер, жәрменкелер, карнавалдар, ірі спорттық жарыстар т.б.

Халықтың мәдени деңгейінің дамуы туризмнің танымдық жағының ұлғаюын қажет етеді, өйткені, туризм қоғамның ең маңызды мақсаттарын-адамның мәдениетін тәрбиелеу іске асыруға көмектеседі.

Туризм арқылы сауықтыру- бұл адамның физикалық пен психологиялық және өндірістік пен өндірістік емес шаршандау мәселелерін шешу әдістерінің бірі болып келеді. Жақсы ұйымдастырылған және белсенді демалысты  кең қолдануы (жаяу сапар, кеме, велосипед, моторлық емес көлік арқылы сапарлар) адамдарды физикалық жағынан  күшті етіп, олардың жағымды емес жағдайларға қарсы қарсыласуды күшейтеді.

Сауықтыру-спорттық туризмде адамның денсаулықты жақсарту және жалығудан бас тарту үшін жалпы шаралар қолданылады. Сондай жағдайларда серуендер, жаяу сапарлар, экскурсиялар, әртүрлі оқиғалар, ауа және күн серуендер, теңіз бен көл шомылулар және т.б шаралардың маңызы зор болып келеді.

Бұл функциялардың әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы өте зор, өйткені, ол мыңдаған адымның денсаулығын жақсартуына бағытталған, яғни, олардың еңбеккке жарамдылығы жоғарылайды. Өсіп тұрған ұрпақтың үйлесімдік дамуын сауықтыру мен спорттық шараларсыз іске асыруы мүмкін емес. Мемлекеттің әлеуметтік саясаттың ең маңызды міндеттерінің бірі- халқының денсаулығын сақтау мен жақсарту және еңбек жарамдылығын көтеру. Бұл міндеттін іске асырудағы белгілі-бір сауықтыру функцияларын орындайтын және демалыстың белсенді түрі болып табылатын туризм маңызды орын алады. Демалыс пен еңбек- қалыпты өмірлік процессінің екі жағы болып, ал жақсы ұйымдастырылған демалыс- еңбек етудің жоғары деңгейде болуының ең керекті шаралардың бірі болып табылады. Іс әрекеттің бір түрінен екіншіге ауысқанда, адам жақсы демалады [1].

Ғылымда рекреацияның қоғамдық функциялардың классификациясы әлі жоқ болуына қарамастан, олларды бес негізгі топтарға бөлуге болады: медико-биологиялық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық, саяси және экологиялық  [1].

Медико-биологиялық функция санаторлық-курорттық  емдеу мен сауықтыруға жатады. Туризм арқылы сауықтыру- адамның шаршау мәселелерін шешу әдістерінің бірі болып табылады. Бірақ бұл жалғыз жол ғана емес. Мысалы, ғалымдар болашақ қаланың оптималды территориялық жоспарлауды ізденуде, бұл жағдайдағы адам мен қаршаған орта арасындағы қарым-қатынас бір деңгейде болар еді.

Әлеуметтік-мәдени функция- бұл рекреацияның басқарушы функция болып есептеледі. Мәдени немесе рухани қажеттілік- бұл кең мағынадағы танымдылық қажеттілігі, қоршаған ортаның  және ондағы өзінің орнының танымдылығы, өзінің мәнділігі мен тағайындаудың танымдылығы болып табылады.

Рекреацияның экономикалық функциялардың ішінде жұмыс күшінің жай және кең қайта өндірсі маңызды орын алады. Рекреация қажетті қоғам уақытын сақтап отырады. Саяси үнемдеу көзқарастан қарағанда еңбек демалыс сферасында жинақталады, кейін материалдық өндіріс сферасының жұмыскерлер арқылы заттандырылады.

Экономикалық көзқарастан қарағанда тауар мен қызмет көрсету сұраныстың жаңа формасы ретінде рекреацияның мыңызы зор, рекреация шаруашылық іс әректінің бір тұтас сферасының құрылуына әкеліп соқтырады, ол ауыл шаруашылық пен өнеркәсіптің дәстүрлі салалардың өнім саның кенейтеді.

Тауар-ақша қатынас жағдайдағы рекреация басқа функуияларды да орындайды [6]. Олар мынадай:

  • мемлекеттің белгілі бір бөлігінің шаруашылық құрылымның шапшаң дамуы;
  • рекреациямен байланысты салалардағы ререациялық қызмет көрсетудің арқасында халқының айналысу деңгейінің жоғарлауы;
  • мемлекеттің территориясындағы рекреациялық ауданға пайда әкелуге бағытталған халқының ақша шығысы мен табысының құрылымына әсері;
  • шет капиталды табудың қайнар көзі ретінде шетел туризмнің эффектілігін көтеру.

Халықтың интернационалды деңгейде тәрбиелеудегі туризмнің ролі өте үлкен. Халықтың арасында бейбітшілік пен әріптестік күшейтудегі халықаралық туризм ең маңызды орын алады.

Халық денсаулығының күшейту, сақтау және белсенді өмір сүруінің ұзақтығын үлкейтумен байланысты туризмнің экологиялық функциялар тіршілік әрекетінің табанды экологиялық  ортаның құрылуында анықталады.

Халықтың денсаулығының жағдайына әсер ететін демалыс пен туризм қоршаған табиғи ортаның қалпына келтіру және сақтау үшін стимул ететін факторлар ретінде болады [7]. Жер пайдаланудың жалпы құрылымында туризмді дамуы мен рекреациялық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін табиғаты өзгермеген мағыналы территориялар айырылады және қорланады, орман парктер және т.б жабдықталынады [8].

 

1.2 Туристік-рекреациялық ресурстар

 

Туризм даму үшін белгілі-бір территорияның құндылығы мен жарамдылығын анықтаудың мықсаты туристік-рекреациялық ресурстардың зерттеуі болып табылады. Бұндай туристік-рекреациялық ресурстар емдік, сауықтыру-спорттық және танымдық туризмдегі туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын туристік-экскурсиялық қызметін өндіруге жарамды қоршаған ортаның табиғи және антропогендік  объектілер мен құбылыс жиынтығын құрайды. Бұнда ”туристік-рекреациялық ресурстар” дегеніміз бұл  белгілі-бір деңгейде өзгерген таьиғи және антропогендік (мәдени)  жер бедерінің үйлесуі, бұлар қоғамдық қажеттілік әсерінің арқысында технологиялық деңгейге әкелінген және де оларды туристік-экскурсиялық қызметте тура қолдануға болады  [1].

Қазіргі уақыттағы туризм бұл ресурстарды орналастырудың ерекшелігі мен  олардың сапаларын тіркеусіз жүре бере алмайды. Барлық туристік-рекреациялық ресурстардың жиынтығын  екі ірі топқа бөлуге болады: табиғи және әлеуметтік-экономикалық (бұрын мәдени-тарихи деп аталынған).

Л.А Багрова, Н.В Багров және В.С Преображенский (1977) айтуынша “табиғи-рекреациялық ресурстар” дегеніміз бұл рекреациялық іс әрекет үшін ыңғайлы қасиеттерге ие және де белгілі бір адамның денсаулығын дақсарту және десалысты ұйымдастыру үшін біраз уақыт ішінде қолдануы мүмкін табиғаттың табиғи және табиғи-техникалық геожүйелер, заттар мен құбылыстар болып саналады.

Рекреациялық ресурстардың кешенінде мекендеген аудандарда территорияда орналасқан әлеуметтік-экономикалық ресурстар ерекше орын алады, олар экскурсиялық маршруттардың бағытын және рекреациялық ағымын орналастарып, танымдық туризмнің дамуына себеп болады.

“Әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстарға” тарихи-мәдени объектілер (ескерткіштер, мұражайлар, галереялар және т.б.) және құбылыстар (этнографиялық, саяси, өндірістік және т.б.) жатады. Бұл ресурстар материалдық және рухани- бір жақтан, екінші жақтан- ққозғалмалы және қозғалмалы емес деп бөлінеді.

Материалдық ресурстар қоғам дамуының тарихи сатыдығы басқа да қоғамдағы материалдық құндылықтың өндіріс амал жиынтығын қамтиды, ал рухани ресурстар-мемлекеттік және қоғамдық өмірді ұйымдастырудағы, еңбек етудегі, тұрмыс пен білім, ғылым, өнер және әдебиет сферасындағы қоғамның жетістіктердің жиынтығы болып келеді.

Жылжымалы емес ресурстарға тарихи ескерткіштер, археологиялық және монументалды өнер ескерткіштер және т.б. соның ішінде архитектураның ажыратылмайтын бөліктің өнер ескерткіштері жатады. Ал жылжымалы ресурстар болса, оған өнер ескерткіштері, археологиялық қазбалар, минералды, ботаникалық және зоологиялық коллекциялар, деректі ескерткіштер және т.б. жылжитын заттар жатады. Бұл топ ресурстарын тұтынуы мұражайларға, кітапханаларға, архивтерге баруымен байланысты (әдетте сондай ресурстар бұнда шоғырланады).       

Тарихи және мәдени ескерткіштердің негізгі сипаттарына байланысты бес түрге бөленеді: тарихи, археологиялық қалақұрылыс пен архитектуралық, өнер, деректі құжаттар. Тарихи ескерткіштерге қоғамның маңызды тарихи оқиғалармен, қоғам мен мемлекеттін дамуымен, революциялық қозғалыспен, халықаралық қарым№қатынас күшейтуімен, халықтын мәдениеті мен тұрмыстың және ғылым мен техниканың жақсаруымен, атақты саяси, мемлекеттік, әскери, халық қаһармандардың және өнер, әдебиет және ғылым өкілдерінің өмірімен байланысты ғимараттар, іргетастар және ұмытылмайтын жерлер мен заттарды жатқызуға болады.

Археологиялық ескерткіштер- бұл қорғандар, қалашықтар, ежелгі қоныстанған жерлер қорғаныстар, өндірістер, каналдар мен жолдардың қалдықтары жерлеген жерлер, тас суреттер, ежелгі заттар, ежелгі мекендеген тарихи, мәдени аймақтар [9].

Қалақұрылыс пен архитектураның ескерткіштеріне келесі объектілер тән: архитектуралық кешендер мен ансамбілер, тарихи орталықтар, аудандар, алаңдар, көшелер, қалалар мен қоныстанған пунктілердің ежелгі планировкалардың қалдықтары; азаматтық, өнеркәсіп, әскери, табынушылық архитектураның және халық зодчествоның ғимараттарын, және де олармен байланысты бау-парктік, сәндік — қолданбалы, монументалдік, бейнелеу өнерінің шығармалары. Өнер ескерткіштерге монументалді, бейнелеу, сәндік-қолданбалы және т.б. өнер шығармалары жатады.

Деректі ескерткіштер- мемлекеттік басқару мен билік актілері, басқа жазба және графикалық құжаттар; кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалар, және де көне колжазбалар мен архивтер, фольколор пен музыка жазбалар, сирек кездесетін басылым шығарулар [9].

Әлеуметтік-экономикалык рекреациялық ресурстарға тарих пен мәдениет, адамның қазіргі уақыттағы іс-әрекеттермен байланысты басқа да объектілерді жатқызуға болады: өнеркәсіп, ауыл шаруашылық және көлік кәсіпорандар, ғылыми кеңселер, театрлар, спорт ғимараттар, ботаникалық бау-бақшалар, зоопарктер, океанарийлер, этнографиялық және фольклорлық көрікті жерлер, кустарлық кәсіптер, және де сақталған әдет-ғұрып пен мерейтой рәсімдер және т.б.

Бірақ-та туризм үшін жайлы табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға ие болған территориялар өз бетімен туристік ресурстар бола бермейтінін ескерілу қажет. Туристік шаруашылық белгілі-бір қажеттілік пен мүмкіндіктерді игерілген соң бұл ресурстар туристік ресурстарға айналады.

Табиғат кешенінің туритік-рекриациялық ресурстарға айналуы келесі схема бойынша іске асырылады [1]:

  1. табиғат кешендер табиғи құрылымы ретінде бола береді, олар туристік сұраныс жоқ болуынан ресурс сипатына тән емес.
  2. туристік сұраныстың пайда болуы табиғат кешенінің зерттеуін және бағалауын қажет етеді.
  3. қоғам қажеттіліктері, адам еңбегі және амал-құралдардың бар болуының ең құндылықты табиғат кешендер ресурстарға айналады.
  4. туристік сұраныстың үлкейтуі мелиорациядан кейін жайлы емес табиғат кешенінің ресурс болып айналуына әкеліп соқтырады.

Әлеуметтік-экономикалық объектілер экскурсиялық-рекреациялық ресурстарға айналғанда да дәл сондай процесс бола береді. Экскурсиялық туризмде, біріншіден, мәдени-тарихи және этнографиялық объектілерге деген сұраныс ең сақталынған және қолдануға болатын объектілердін зерттеуіне, бағалауына және қолдануына әкеледі. Сұраныстың кеңеюі және бағалы рекреациялық критерийлердің дамуы, қоғамның мәдениет деңгейінің көтерілуі колданылып жатқан объектілердің көлемін кеңейтуге себеп болады, олардың көбі арнайы реставрациялық жұмысын кейін экскурсиялық жұмысқа енгізіледі. Бұрыңнан бері келіп жатқан ұрапқтардың еңбегі болып әлеуметтік-экономикалык объектілер танымдық сипаттарына тән туристік қызметтерді өндіруге бағытталған еңбек пәні ретінде болады [43].

Туризмнің әр түрінің ресурстары өзіне ғана тән спецификалық сипаты болады. санаторлық-курорттық демалыс үшін әр түрлі минералды сулар мен ем балшықтар қолданылады; емдік эффектісін беретін ауа райы мен климат; ерекше өзіндік микроклиматы бар үңгірлер мен тұз көлдер (спелеотерапия). Сауықтыру демалысы емдік эффектісін беретін климаттың жайлы және ыңғайлы кезеңдер негізінде және су, өсімдік, жер бедері және де ландшафтының басқа элементтер мен қасиеттерінің негізінде дамып отырады. Спорттық туризм және дәрежесін бар саяхаттар үшін территорияның өту мен кедергілердің бар болуы, (өтулер,асулар), ауданның халық аз қоныстаған және қашық болу қасиеттері өте маңызды болып келеді. Экскурсиялық туризмнің объектілерге мәдени-тарихи және табиғаты көрікті жерлер, ерекше сирек кездесетін шаруашылық объектілер, фольклорлық мерейтойлар және де халық мәдениетінің элементтері (ұлттық ойындар, сурет кәсібі).

Туристік-рекреациялық ресурстардың маңызды сипаттамаларына келесілер жатады  [1]:

  1. ТРЖ -ң потенциалдық сыйымдылықты, игерілген денгейі мен жүктеменің үлкейтуін анықтау үшін керек қорлардың мөлшері (минералды судың дебеті, бағалы рекреациялық территорияның көлемі; туристік орталықтын эксурсиялық потенциалы (сағат))
  2. потенциалды рекреациялық мекендерді анықтауға санитарлық күзеттердің ауыл аймақтарын орнатуға мүмкіндік беретін ресурстардың таралу ауданы
  3. туризмнін мауысымдығын, туристік ағымдардың ырғақтығын анықтайтың мүмкін пайдаланымның кезеңі (жайлы климат кезенінің, шомылу мауысымның және қар жамылғысының ұзақтығы)
  4. рекреациялық инфрақұрылым мен ағымдардың ресурстар шоғырланған территорияға ұмтылуға себепші болып, көптеген ресурстардың территориялық қозғалмайтындығы.
  5. инфрақұрылымды өте тез жасауды және әлеуметтік пен экономикалық эффектісін алуын, және де бөлек ресурстардың түрлерін өз бетімен қолдануын мүмкіндік беретін пайдаланым шығысының салыстырмалы төмен капитал сиымдылығы және жоғары емес құны.
  6. табиғатты рационалды қолдану ережелерді сақтаумен рекультивация мен жабдықтау шараларын ұйымдастырғанда көп рет пайдалану мүмкіншілігі.

Қазіргі уақыттағы демалыс пен туризм ресурстардың бұндай классификациясы да бар: тура және жанама. Бірінші топқа туристер өзі қолданылып жатқан ресурстар жатады-ландшафтының әдемілігі мен экзотикасы, мекен жайының емдік-сауықтыру қасиеттері, тарихи-мәдени ескерткіштер  және т.б объектілер. Бірақ-та, тура ресурстарды меңгеру үшін жанама ресурстарды қатыстыру керек-шикізат, отын-энергетикалық, материалдық, финанстық, еңбек және т.б. яғни, оларды туынды ресурстар деп те айтуға болады. Бұндай классификация туризмнің мақсаты үшін территорияның қолдану спецификасын бейнелей отырып, тура туристік-рекреациялық ресурстардың бастапқы маңызын да ерекшелінеді.

Мемлекеттегі туристік-рекреациялық іс-әрекеттің территориалдық ұйымдастырудың ғылыми жағынан көп уақытқа дәйектелген болжау республика халқының барлық қажеттіліктері мен біркелкі емес сұраныстарын есепке алып, бүкіл рекреациялық ресурстарын анықтау, хаттау мен бағалау үшін үлкен жұмыстарын іске асырылуын қажет етеді  [1].

 

1.3 Территорияны рекреациялық бағалаудың әдістері мен

                белгілері

 

Табиғи ресурстарды бағалау сұрақтары қоғам мен табиғаттың қарым-қатынас мәселелерінде маңызды орын алады. Қандай да болмасын шаруашылық іс-әрекеті табиғи жағдайлар мен ресурстарды бағалауға негізделеді. Санаторлы-курорттық мақсатта қолданылатын территорияны бағалауда әртүрлі авторлардың көптеген зерттеулері жасаған. Соңғы уақытта табиғи кегендердің рекреациялық  бағалануының қағидалары мен әдістемелік тәсілдеріне қызығушылық артып отыр.

Осындай жұмыстардың арасында демалыс аймағын жоспарлаудағы ландшафттың бағасын белгілеуді талдаған В.Стаускасаның талпынысын атап өтуге болады. Өз жұмысының негізінде ол табиғи факторлармен қоса, шаруашылық факторларды (орман, өзен, бедер, жол және т.б) және олардың территориялық ара қатынасын есепке алады. Қорытындысы бес дәрежелі салыстырмалы құндылық  градациямен бағаланады [11].

И.Г. Божко және т.б жұмысында-демалысқа арналған аймақ табиғи ерекшеліктері бойынша, сондай-ақ территорияның  экономикалық даму бағыты бойыша  бағаланады, авторлар территорияның инженерлік-құрылыс  жағдайының бағасын келтіреді және жердің шаруашылық та қолданылу пайдалылығын көрсетеді [11].

Ю.А Ведениннің  және И.И Мирошниченконың  СССР-дың табиғи провинцияларын ререациялық бағалау әдістемесі бойынша жазған жұмыстары  қызықты болып табылады [12]. Ғалым-географтар ойы бойынша басқа жұмыстардың арасында Я.И Мухинаның  “Табиғи кешендерді технологиялық бағалаудың  қағидалары мен әдістері” жұмысы ерекше көңіл аударады, онда рекреациялық бағалаудың әдістемелік нұсқаулары келтірілген. Сонымен қатар, басты материал ретінде табиғи кешенді бағалауға өте қажетті мәліметтері бар сипаттама қолданыллған [13].

Туризм мен демалыс мақсаты үшін табиғи жағдайды бағалау өте күрделі. Емдік ресурстарды бағалаудан айырмашылығы- мұнда әсем көріністердің тартымдылығы, олардың қайталанбастығы, экзотикалығы сияқты факторлар орын алады [11].

Ландшафттың рекреациялық бағалауының 20 шақты әдісін қарастырған В. Рейнгорд (ГФР), мынадай қорытындыға келді, бұндай бағалаудың негізінде территория сиымдылығының әртүрлі әдістерін зерттеу жату керек, ландшафтта жіберілетін  күштен шығатын экономикалық сиымдылықтың  техникалық немесе өткізу қабілеті (жол, автотұрақ, туристік сүрлеу саны), әдеттегі демалысқа кедергі келтірмейтін келушілердің белгілі саны, психологиялық сиымдылық, қаржы сиымдылығы (территория иесінің қаржы мүмкіншіліктері). Поляк географтарының осы облыста алға басуы “тартымдылық коэффициентін” қолдану болып табылады, ол жүйелік көрсеткіш болып саналады және салыстырмалы сан көмегімен көрсетіледі 0-1 аралығында (оның ішінде 1-  ”тартымдылықтың” жоғары деңгейі) [11].

Әйгілі болғандай-ақ туризм түрлері-әртүрлі. Сонымен рекреациялық мақсатқа территорияны бағалаудың  жалпы міндеті 2 бөлікке бөлінеді:

  • Адамдардың әртүрлі рекреациялық іс-әрекетте қолдану үшін табиғи кешендерді бағалау.
  • Рекреациялық объектілерді салу үшін табиғи кешенді бағалау.

Е.А. Котляровтың ойы бойынша демалушылардың келуімен территорияны бағалауда ыңғайлылық жағдайы секілді (жағажайдың қолайлығы, орманның минералды сулардың болуы), гигиеналық жағдайларда (өзен және теңіз сулалырының көлемі), сондай-ақ эстетикалық факторлары (көріністік едемілігі мен үйлесімдігі) есепке алынулары шарт [14].

Территорияны инженерлік игеру экономикалық көрсеткіштер есебінен бағалануы тиіс (қатынас жолдарының болуы, жылда рекреациялық  объектілері пайдаланудың  мүмкіндік мерзімінің ұзақтығы, ацданның мамандандырылуы, қызықты экскурсиялық объектілерлің болуы).

Рекреациялық мақсатта территорияның жарамдылығын бағалаудың негізіне, ең алдымен табиғи жағдайларды жатқызу керек. Себебі, рекреациялық ауданды ұйымдастыру үшін жеке табиғи факторлар бірдей құнды емес, оларға территорияны бағалауда әртүрлі салмақ түседі (негізгі және қосымша факторлар).

Жеке факторлардың құндылықтарын анықталғанда олардың рекреациялық  іс-әрекетіне маңызына сүйену керек.

Бағалау негізіне жататын негізгі факторларға мыналар: қолайлы  температура жағдайының ұзақтығы, теңіз жағалауының болуы, бедер сипаты, орман мен өзендердің, көлдер мен су қоймаларының болуы жатады. Одан басқа, транспорттық жолмен қамтамасыз ету секілді шаруашылық факторы да есепке алыну керек.

Орман ресурстарын бағалау ірі орман алабы көп адамның рекреациялық іс-әрекеті үшін жағдай жасауға негізделеді, ал орманның құрамы мен құрылымы микроклиматқа және санитарлы-гигиеналық жағдайға әсер етеді. Орман алабында көріністер өте жиі, әсіресе көрнелі өзгеріп тұрады. Орманның аз ауданы немесе олардың болмауы территорияның туризм мен демалыс үшін қолданылу мүмкіншіліктерін шектейді.

Өзен, көл және су қоймасына баға бергенде олардың әртүрлілігі мен көптігі туристік ұйымдардың мүмкіншіліктері мен демалыстың басқа турлерін анықтайды [12].

Транспорт жағдайын бағалауда есепке алатын нәрсе, ол егерде қатынас тораптарды жақсы дамысса, онда рекреациялық аймақтардың жеке бөліктеріне бару мүмкіншілігі ұлғаяды, сонымен қатар ол территорияның тезірек игерілуін және оның мамандану сұрақтарын шешудегі мүмкіндік туғызады.

Сол табиғи фактордың құндылығы жыл мезгіліне қарай өзгеріп отырады. Мысалы, егер жаздағы демалу мен туризм үшін теңіз және өзен торының жиілігі негізгі фактор есебінде жүрсе, ал демалу мен туризмнің қысқы түрін ұйымдастыруда олар тәуелді маңызға ие болады немесе мүлдем есепке алынбайды. Туризмнің қысқы түрі үшін рекреациялық  мекемелер ұйымдастырғанда жыл бойғы 60-70 күндік жамылғысының болу ұзақтығы орынды [1].

Рекреациялық мақсатта территорияның жарамдылығын бағалау үшін Е.А Котляров рекреациялық жағдайда қазір қолданылып жүрген аудандар градациясын төмендегідей талдады  [14] :

А) ең қолайлы (5 балл) ; Б) өте қолайлы ( 4 балл) ; В) қолайлы (3 балл) ; г) бірен-саран қолдануға жарамды (2 балл) ; д ) жарамсыз (1 балл) ;

Ең қолайлы аудандарға, жылы кезеңі ұзақ, орташа тәуліктік температурасы 10-22 0С, тау бедерімен үйлескен теңіз жағалауы, орман алабы, өзен, көл және су қоймасы бар, сондай-ақ жақсы транспорттық жағдаймен қамтамасыз етілген аудандар жатады.

Өте қолайлы аудандарға бағаланатын негізгі табиғи факторы бар, алайда негізгі фактордың  біреуі жоғары бағаланбайды немесе мүлде жоқ (мысалы, теңіз жағалауының немесе орманның болмауы).

Қолайлы аудандарға ең негізгі факторы жоқ немесе аса жоғары бағаланбайтын (мысалы, орман және теңіз жағалауының болмауы) аудандар жатады. Бірен-саран қолдануға жарамды аудандарға тек екі негізгі факторы кең дамыған, ал қалғандары мүлдем жоқ немесе дамымаған аудандар жатады. Жарамсыз аудандар рекреацияға жағдай туғызатын негізгі факторлары мүлдем жоқ аудандар. Екінші топтың аудандары (игерілмеген) градацияға осы белгілер бойынша белгіленеді.

Рекреациялық ресурстардың құрылымына табиғи  элементтер мен кешендерден басқа мәдени-тарихи ресурстарда жатады. Оларды танымдық-ақпараттық бағытпен бағалап  және эстетикалық қызығушылық және туристердің талабын қанағаттандырып, осы ресурстардың барлық әр алуандығын екі бөлікке бөлуге болады, алайда олардың арасынан нақты шекара жүргізу өте қиын.

Бірінші топқа тарихи-архитектуралық көрнекі орындар мен объектілерге: архитектура тарихының ескерткіштері, мәнді оқиғалармен байланысты орындар, археологиялық құндылықтар және археологиялық қазбалар, тарихи оқиғаларға орнатылған мемориалдар мен ескерткіштер жатады. Мәдени-тарихи ресурстардың бұл тобы туристердің шетелге сапары бағдарламасының негізгі элементі болып табылады және ереже бойынша жарнаманың басты объектісі болып саналады.

Екінші топ, біріншіге өте жақын, ол- негізінен музейде және әртүрлі мемориалды объектілерде шоғырланған мәдениеттің және өткен мен қазіргі өнердің құндылықтары. Осындай құндылықтармен танысу Қазақстандағы шетелдік туристерге арналған экскурсиялық бағдарламаның маңызды бөлігін құрайды.

Туристік ауданның даралығын  құрайтын барлық кешенді жағдайлар мен ресурстардың есебі туралы сұрақ қойылады. Сол үшін туристік ресурстар  ұғымына тұрмыстық жағдайлар мен қызмет көрсетуді қосу керек (қонақ үйдің, туристік базаның бар болуы, қызмет көрсету мәдениеті, транспорт жағдайлары мен құралдарының қолайлығы) жалпы туристік аудандардың салттары мен даңқтылығын қосады. Сол үшін, географиялық жобадағы туризм дамуының жолын анықтай отырып, табиғи, мәдени-тарихи ресурстарға, әлеуметтік-экономикалық жағдайға баға беру керек және қалыптасқан туристік мекемелер мен бағыт тораптарын талдау, рекреациялық территорияның сиымдылығын белгілеу қажет.

Е. В. Ефременко айтқанындай кешендік баға өзіне бағаны қамту керек  [16] :

1) табиғи мүмкіншіліктерді ; 2) территорияны мәдени игерудің деңгейі; 3) экзотикалық; 4)бос уақыттағы жұмыстың әртүрлі деңгейі бойынша туристік мүмкіншіліктерге; 5) тарихи-мәдени объектілерге;

6)  тұрмыстық қызмет көрсетуге; 7) салттар мен даңқ деңгейі.

 

2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ

 

2.1 Солтүстік-Қазақстан

 

Солтүстік Қазақстанға Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстары кіреді. Аймақ Республиканың қиыр солтүстігінде Есіл, Тобыл, Обоған өзендерінің бассейінінде орналасқан. Батыстан шығысқа қарай Солтүстік Қазастан 1300 км-ге солтүстіктен оңтүстікке қарай 900 км-ге созылып жатыр. Басты өзені- Ертіс және оның екі саласы Есіл мен Тобыл. Іле көлдері–Құсмұрын және Сарықопа (Қостанай облысында), Ақмола облысында теңіз және Қорғалжын, Солтүстік Қазақстан облысында Шортан,  Бурабай,  Шағала көлдері.

Солтүстік Қазақстан — аймақтың ландшафты климаттық жағдайлары туристік демалыстың әртүрлі түрін ұсынады автомобильді, велосипедті, су.

Көкшетау, Баян-Ауыл, Муялды курорттары емделумен, демалысты ұсынады, Қорғалжың және Наурызым қорықтары ғылыми туризммен айналысушылар үшін қызығушылық туғызады.

Шағала көлдері. Бірнеше көлдер емдік минералды тұздарымен, балшықтарымен мақтана алады. (Павлодар облысындағы Мойылды көлі, Солтүстік- Қазақстан облысындағы Майбалық көлі). Климаты шұғыл континенталды, алайда республиканың басқа облыстарынан айырмашылығы жазы қоңыржай, қысы төмен температуралы. Көкшетаудың тауының, көлінің, өзенінің қайталанбас ландшафты, Павлодардың оңтүстігінде Баянауылдың экзотикалық плартасы, Қорғалжың қорығының өте бай фаунасы мен флорасы-өзіңді бұзылмаған табиғаттың бір бір бөлігі етіп есептеуінің жақсы мүмкіндігі.

Бурабай ертегіден де тартымдырақ. Таудың, аршалы орманның, көлдің үйлесуі тек қана қайталанбас ландшафт құрып қоймайды, ол сондай-ақ ерекше емдік  климат.  Бұнда сіз көптеген санаторийді, туристік базаны және пансионаттарды таба аласыз.

Павлодар облысы еліміздің көркем бұрышының бірі болып саналатын тамаша Баянауыл ұлттық табиғи паркімен әйгілі. Ол индустриясы дамыған қала Екібастұздан жүз километр жерде. Бұл Ұлттық Паркта өсімдік қабатының төрт түрі бар: орман, орманды дала, дала және шалғын. Павлодардың солтүстік-батыс жағында, Ертістің оң жағалауында әлемдегі бірегей орынның бірі-табиғат ескерткіш Гусиный Перелет бар.

Наурызым қорығы Қостанай облысының Наурызым және Семиозер аудандарында Қостанайдан оңтүстікке қарай 190 км-де орналасқан. Қорықтың қарағайлы орманын реликтілі деп санауға болады, себебі олар аз өзгерген түрде үшінші немесе төртінші кезеңнің басынан сақталып келеді. Наурызымның қайыңдары Ресейдікі секілді тік болмаса да, олар әдемі. Бұл ерекше түр-қырғыз қайыңы- Солтүстік Қазақстан эндемигі. Олар аз территорияны қамтып жатыр және әлемнің басқа еш жерінде кездеспейді. Наурызым қорығының нышаны- аққу [29].

Бурабай курорты өзінің әдемілігімен көлінің барымен, өсімдік және жануарлар әлемімен- «Қазақстан маржаны» деген атқа ие. Көкшетау қыратының орталық бөлігін Көкшетау тауы алып жатыр, оның максималды биіктігі- 947 метр (теңіз деңгейінен). Далалы ауданынан бірнеше жүз метрге жоғары көтерілген, массивті-кристалды жыныстардан құралған, үшкір шыңды өркештермен біткен, қарағайлы-қайыңды орманмен көмкерілген бұл сілемдер тау ландшафтын құрайды. Күннің, судың, желдің әсерінен жер қыртысының тармағы миллиондаған жылдар бойы жұмбақ түрлерге айналды, бұл жерден жануар түріндегі, ертегідегі, кейіпкер түріндегі кейіптерді көруге болады. Көптеген аңыздар мен ертегілер осы бірегей мекен- Бурабайдың пайда болуымен қалыптасады. Бурабай санаториилер, профилокторилер, демалыс үйлері, спорттық-сауықтыру лагерлері өлкесі. Бұл жерге денсаулықтарын түзеу үшін, табиғатпен танысып, демалу үшін Қазақстанның әр түкперінен және ТМД елдерінен ондаған мың адамдар келеді. Бурабайдың сауықтыру орындарында тыныс алу және ішек-асқазан жолы ауруларын, жүрек қан-тамыр ауруынан, буын ауруларын емдейді. Бурабай қымызымен, емдік балшығынан, минералды сумен мақтана алады. Курортта ең жақсысы дала шөбінің және аршалы орманның иісіне қаныққан таза ауа. Ашық күндер орта белдеуге қарағанда бұл жерде көп. Шомылу маусымы июнь айында басталады. Бурабай спорт әлемінде де өте танымал. Бұнда жыл сайын триатлоннан, шыңға өрмелеуден жарыстар өтіп тұрады.

Бурабай-көптеген көлдер өлкесі. Ең терең көл «Жеке-Батыр» жотасының етегінде орналасқан Щучье көлі. Көл ұзындығы 7 км астам, ені 3 км, тереңдігі 18км. Көл «Курорт-Бурабай» темір жол станциясы бараудан орталығы Щучинскіге жанасып жатыр.

Бурабай көлі- демалуға, қайықпен, катамаранмен серуендеуге арналған өте жақсы орын. Көл өзінің көркем айналасымен мақтана алады. Егер көлдің айналып 12 км жерде Гранова өзенінің басталуында бірегей табиғи ескерткіш-«биші» аққайың шоғы бар. Көлдің шығыс жағалауы-құмды жағажай, демалуға, шойылуға ең қолайлы жер.

Көкшетау тауының орланды  баурайынан Оқжетпес жартасы көрініп тұр. Оның етегінен Көгілдір шығанақтың суынан 18 метрге Жұмбақтас шыңы көтерулі. Бурабай көлі және Үлкен Чебачье мойнағының арасынан тамаша көрініс ашылады. Осы жерден Көкшетау тауы Бурабай тауы, Жеке-Батыр жақсы көрінеді. Жалпы Бурабайдың әр тауы, шатқолы, шалғыны туралы көптеген аңыздар мен ертегілер бар. Бурабай табиғатының әдемілігінен, берегейлігімен көптеген демалушыларды өзіне тартады, сондықтан-да қоршаған ортаны қорғаудың мәселесі өсіп отыр. Бурабайдың қорғанатын табиғи байлығы «Бурабай». Табиғи Сауықтыру Орман Кешені (ТСОК Бурабай) Бурабайдағы орман қызметі өз жұмысын 1898 жылдан бастап келеді.  ТСАК «Бурабай» ауданының негізгі бөлігін (62,8 мың га) қарағай, ол одан азын қайың мен көктерек алып жатыр. Өсімдіктің көптігі жануарлар желінің әртүрлілігін және бай болуын қамтамсыз етеді. Бурабай орманыда құстың 174 түрі, сүт қоректінің 32 түрі, балықтың 15 түрі бар. Флора мен фауна турасы теренірек Бурабай ауылында орналасқан Табиғат мұражайынан білуге болады. Щучинск-Бурабай курорттық зонасын дамыту үшін үш жыл ішінде 170 млн $ бөлінеді.

Қазастан маржаны- Щучинск-Бурабай курорттық зонасын дамыту бағдарламасы талданды. Аталған мақсатқа байланысты, осы бағдарламаға сәйкес үш жыл ішінде республикалық, облыстық, жергілікті бюджеттен жалпы-құны 22 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Негізі көңіл өлкедегі эколоиялық жағдайдың бөліну керек. Курорттық зонаның жалпы көлемі 84 мың га, оның 53 мың га орман алып жатыр. Туристік іс-әрекетпен 24 санаториялы-курорттық, мекемелер 16 балаларды сауықтыру орталықтары, 9 қонақ үй салынады.

Бурабай жоталарының ең биік шыңы 947 метр биіктігі Көкшетау тауы. Көкшетаудың екі шыңы бар: Оңтүстік және Солтүстік. Биігі- Оңтүстік Таудың өзі ұзындығы (6-7км) жарасты тарам. Көкшетау оңтүстікке қарай Бурабай тауы орналасқан, оның ең үлкені Жеке-Батыр (826м)

Көкшетаудың сілемі мен көгілдір шығанақтың арасында жартас-қауық орналасқан:Үш апалы-сіңілі және Оқжетпес. Үш апа-сіңілі – үш жартас үлкен, ортанша кішкене бауырларды еске алады.

Барлық жартасқа шығушыларды өзіне тартатын- Оқжетпес шыңы бес мөлшеруі салынған. Бірден беске дейін. Оның қандай жүйеде топтастырылғанын ешкім білмейді. Батыстан бірлік (жалғыз) маршрурт шығады.  Жай- ыңғайлы маршрурт [31].

Ағаштармен кең сөрелер кезектестін қысқа алаңдар еңгіш қатпарлы жартастармен өлшеуге бейімделген. Соңғы участокқа арқан керек. Бұл отыз метрлік тыстың соңы станционарлық ілмекпен жабылған, ал жартасты алаңға шығатын жер түсетін тор ілініп тұрған жерде. Осы жерден Оқжетпестің «жотасына» көтерілуге болады. Бірлік жолды көбінесе түсу үшін немесе жаттығу жасау үшін қолданады. Оны қыста жүріп өтуді ұсынамыз. Ол қыста жазға қарағада қызықты  Шығыс жағынан Оқжетпеске енілік жол әкеледі. Бұл жартастағы өте ұзақ мөлшерді өте қызықты. Өрлеудің бірнеше түрін қолдануға болады. Бұл өткір «пышақтар», үлкен тас, тірі көпір.

Солтүстіктен үштік жол келеді. Өте қысқа маршрурт. Маршруртта сақтандыруға жарамды үш бағана бар. Маршрурт айда-сайда тар тастарға ауысатын ішкі бұрыштар жүйесі бойынша өтеді.

Үштікке көлденеңінен бестік өтеді. Төртік қарама-қарсы бөлігінде орналсқан. Маршрурт аздап ойлануға келеді және қабырға бойымен солдан оңға өрліп отырады.  Алайда маршрурттың жоғары жағынуға ілмек төменнен де таңқалдырады.

Міне, ақырында Көкшетау,.Оңтүстік шыңның массивті өрмелеу тұрғымынан қарағанда қызықсыз. Шыңға арқансыз, орманнан-ақ көтерілуге болады.Адыр бойымен жол күрделі және альпинистік әдісті талап етеді. Солтүстік массивтен негізгі шың кең орманмен бөлінген. Ойпаттың төменгі жағында орман өртін сойдыру кезінде құлаған ұшақ жатыр.

Солтүстік массиві қызықты. Үш километр ұзындықта ол қатты тарамдалған адырда биіктік түзейді. Екі Көкшетаудың төте жолы әйгілі болып қалады. Бұл маршрурт аудандағы ең ұзыны. Дайындалған топта ол 8-10 сағат алады [10].

Астана – Қазақстан Республикасының астанасы  (1998 ж 6 майына  дейін- Ақмола) Қазақстан Республикасының Президентінің  1997 ж 20 октябрьдегі жарлығымен  1997 ж 10 желтоқсан айынан Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.

Қазақстан жаңа астанасы- Астананың халықаралық ашылуы  1998 ж 10 маусымда болды. Орталықты Алмытыдан көшіру экономикалық, экологиялық, географиялық  мақсаттарға сәйкес жүргізілді.

Алматы республиканың географиялық орталықтан өте үлкен қашықтықта жатыр. Халық саны бойынша қала  1,5 млн тұрғынға жақындап келеді, сондықтан кеңістік таралуға келешегі аз болуда. Қала тығыз құрылған және халқы тығыз , өз дамуына бос аймағы мүлдем жоқ.  Транспорт мәселелері де туындауда. Оның ішінде жылдан жылға экологиялық жағдай күрделінуде- ластануы бойынша Алматы Қазақстан қалаларының ішінен бірінші орында.

Қазақстан территориясын  32 параметр бойынша анықтап талдағанда, оның ішінде: әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, климат, ландшафт, сейсмикалық жағдай, қоршаған орта, инженерлік және транспорттық инфрақұрылым, құлылыс кешені, еңбек ресурстары және басқалары бойынша Ақмола қаласы өте тиімді болып табылды.

Қала дағдайы, оның территориясы, Қазақстанның географиялық орталығында болуы, ірі шаруашылық аймағының жақын болуы, ірі транспорт жолдарының түйісуі, халық санының  400 мың адамға өсу мүмкіндігі, жақсы салынған жылы және электрожаблықталуы, көлік инфрақұрылымның дамуы, орта экологиялық жағдай осы таңдауды айқындап берді. Астанада кейбір қызықты ескерткіштер тұрғызылды:

“Халықтар достығы” монументі қоладан жасалынған, автор- С. Нарынов. Ашылған күні:  2003 жылдың 1 мамырда. Монумент тостаған тәрізді, фонтанды бассейні бар, оның ортасында постаментте 8 метрлік 3 мүсіннен құралған қола тұлға орналасқан. Автордың ойы бойынша өзара байланысқан салалар қол қысу, достық дәнекері, бір-бірін қорғау антын , бейбітшілік пен келісімнің тұтасып кетуін сипаттайды. Тополпгиялық ғылымда “беде жапырақтары” деп аталатын түйін бар. Өзара қиылысатын басы мен аяғы жоқ үш қол, ұзақ өмірді, мәңгілікті, бақыт пен сәттілікті білдіреді.

Мүсін жанына фонтандар “орманы” ойластырылған, әр фонтан үлкен емес граниттік тақшалардың түйіскен жерінде орналыстырылған. Бұл фонтандар Қазақстанның халқы мен этносын сипаттайды. Астананың тұрғандары мен қонақтары монументті Республика даңғылы мен Омаров көшесінің қиылысынан көре алады.

“Отан қорғаушылар”, автор- Қазақстан архитекторы мен мүсіншілерінің тобы,. материал: мыс, гранит, қола. 2001 жылдың 9 мамырында ашылды. 1,3 млн қазақстандықтар соғысқа жетті, олардың .700 мыңы шайқас алаңында мәңгілікке қалды. Оны ұмытуға болмайды. Монументтің орталық тұлғасы-әйел. Бірінші рет осындай мемориалды кешенде әйел бірлік пен татулыққа  шақырып күйімдеп тұр. Ол бейбітшілік пен өркендеудің елшісі- алтын кесені ұстап тұр. 101 масақтан құралған  40 метрлік стела Қазақстандағы барлық ұлттардың бірлігін сипаттайды. Барельефте оң жақта совет батырлары, сол жағында жоңғарлармен күресуші қазақ батырлары суреттелген. Олардың етек жағында алау жанып тұр. Монумент айналасында қала тұрғындарының сүйікті орнына айналған парк жасалған.

Бата. Авторы-суретші және мүсінші А. Бектасов, қола және тастан жасалынған. Бата қазақ тілінен “алғыс алған” , автор өз шығармасын осылай атады. Астанаға келетіндері және кететіндерді ақ жол тілейтін осы символ қарсы алып щығарып салады. Ескерткіш қақпа тәріздес және босаға жолдың басын сипаттайды. Ол жерден әйел мен еркек бастауын кейіптейтін бесікті көруге болады. Ескерткіштің жоғары бөлігінде орналасқан теңгір белгісін  білдіретін дөңгелек өзінің айнадай беткейімен күн және аспанмен шағылысады. Фонтан түріндегі су өмірдің қайнар көзі болып саналады және иұрмыс символына қосымша болып табылады.

Жаңа алаң (Чупа-чупс) –ң авторы- А. Боярлин.Материал: қола, тас. Бұл құрылыстың басты мақсаты- халықтығ бірлігі мен республика өркендеуін, гумманизм мен ұрпақтардың мирасқорлық болашаққа ұмтылуы мүміндік фонтан кешенінде ұйқастырылған. Фонтан ортасында- өмір ағашы, әлемдік үш бірлікті түсінік, оның тамыры- жер асты әлемі, біздің аталарымыз, діңгегі- біз өмір сүріп отырған,   ортаңғы әлемі-, болашағы руханилық  және біздің келешек ұрпақтарымыз. Төрт құбылысында жануарлар кейпі 4 әлемдік апатты құбылыс түрінде көрсетілген : Су өгіз бейнесінде, Жер- түйе , От-қой, Ақыл- ұлу бейнесінд. Фонтан үш қабатта келтірілген: су ағаштың ұшар басынан бірінші қабатқа құйылады, одан соң екіншіге құйылады, ал тасқыны күшті су әр символикалық жануардың ауызынан шығып жатыр. Алаңның ашылуы Қазақстан президентінің 60 жылдығына арналды.

Барыстар. Авторы- Домағанбетов Т. Қола және мәрмірден жасалынған. Жыртқыштар қалаға кіре беріс жерде орнатылған, олар келгендерге қақпаны ашып тұрған секілді және қаланы қорғап тұрғандай әсер қалдырады.

Саяси құғын-сүргін құрбандарына арналған мемориал. Автор- мүсінші Боярлин А, архитектор Монтықаев Қ, Суйлеменов Г, гранит пен мыстан жасалған. Ашылу күні: 1997 жылдың 6 мауысымда. Ескерткіш негізінде қарапайым, бірақ, ертедегі мола құрылысы , оның биіктігі 27 метр.55 табалдырықтан тұратын баспалдақ жоғарыға апарады, ал оң жағында барельефті суреттер, қабырғада ортаға түскен шаңырақ, құрғаған жер және адамдар сұлбасы. Мемориалдың негізгі мақсаты- ұрпақтарға халық өмірінің ауыр тарихи кезеңінен ескерикіш сақтау.

Абай- авторы мүсінші Т. Ермеков, архитектор Н. Аужанов. Материал: қола. Ашылу күні:2000 ж  10 мауысымда. Ескерткіш Ресейдің “Альфа-банктің” қасында орталық скверде орналасқан Постаменті дала жанының бөлігі ретінде жасалған, оның бойымен 3,5 метрлік қола Абай көтеріліп бара жатыр. Қолында ол кітап ұстаған ойлы кейіпте салынған.  2000 ж 10 мауысымда астана күнінде ескерткіш қойылды, ал кейінірек 4 желтоқсанда Абайды қолаға “салды” [16].

 

2.2  Шығыс Қазақстан

 

Шығыс–Қазақстан облысы Қытай, Монғолия, Ресей шекараларының торабында орналасқан. Табиғат өлкені ландшафтың кең спектріне бөлді: шөл, дала, тайга, таумен және жалтылдалған мұздықтарға.

Территорияның көп бөлігін Рудныйдың, Оңтүстік Алтайдың, Қолбының, Сауыр-Тарбағатайдың тау жүйелері алып жатыр.

Басты өзені Ертіс-оның ірі салалары-Ұба, Үлбі, Бұхтырма өзендері. Ірі көлдері-Марқакөл, Зайсан, Рахманов, Алакөл, Марал.Климаты шұғылконтиненталды, ауа температурасының тәуліктік және жылдық ауытқуы жоғары.

Шығыс Қазақстанға табиғи-климатттық зонаның әрлтүрлілігі тән. Шығыс Қазақстанның табиғаты ерекше. Белуха тауы Солтүстік-шығыста орналасқан Сібір мен Алтайдың ең биік қар басты шыңы (4506м). Бұл қар, мұз күрсілдеген көшкін және жалтылдаған сарқырамалар патшалығы.Оның жанында Бүркіт ауыл тауы көршілесіп жатыр, оның биіктігі-3373м. Бүркіт ауыл Оңтүстік Алтайдағы Белухадан кейінгі екінші шың.

Бұл өлкенің табиғаты өте тамаша және әсем. Көк-жасыл түсті Бұхтырма көлі өзінің көркем көркімен ғана емес сондай-ақ балық аулауымен де өте әйгілі. Көптеген өзендер мен бастаулар тау кемерінен ағып, әдемі сарқырама жасап көлге құяды, ол көлден тек Шандағы-Бұлақ өзені ағып шығады.

Қозы-Көрпеш Баян-Сұлу кесенесі. Аягөз өзенінің жағалауында орналасқан өте қызықты тарихи орындардың бірі-Қозы-Көрпеш Баян-Сұлу мазары (X-XI ғ.ғ).Бұл халық эпосының батырлар кейпі-бозбала мен бойжеткен арасындағы мәңгі махаббат символы.

Шығыс– Қазақстан туризм үшін көптеген мүмкіндіктер ұсынады және жалтыраған тау шыңдарын көруге, сарқырамалардың мұзды ауасын жұтуға, альпі шалғынының түрлі әуенін тыңдауға, сұлулық еркесі маралдарды көруге шақырады.  Аймақтың фаунасы мен флорасы әртүрлі және бай.Семей аймағы-қазақтың ұлы ақыны ағартушы Абай Құнанбаевтың атақты жазушы-Мұхтар Әуезовтың туған жері.

Бірегей көркем жер– Марқакөл көлі. Бұл амақтағы ең үлкен теңіз 1485 м биіктіктегі  терең ойпатта орналасқан көл. Туристер облыс тарихымен, оның табиғатымен  жаяу, ат турларында, әртүрлі қиындықтағы тау өзендері мен ағуда , тау шаңғы жолында велосипед және мотоцикл саяхаттарында, бүркітпен аң аулауда, құмар балық аулауда таныса алады [27].

Марқакөл корықшасы — Шығыс– Қазақстанның табиғатының бірден– бір жері. Сирек кездесетін әдемілігімен және құндылығымен Марқакөл балықтары– тек қана облыстың ғана емес республикасының ең қымбаттысы. Көлге 27 өзен құяды, ал одан ағып шығатыны– көптеген сарқырамалары бар табалдықтырықты өзен қалжыр.

Көл солтүстігінен Күршім жотасымен  (биіктігі 3000 м) шектелетін,  ол оңтүстігінде Азытау жотасымен шектелетін  (2385 м) ойпатта орналасқан. Көл ұзындығы–   38 км, ені–  19 км, тереңдігі– 27 м. Су тұшы, өте жұмсақ, минерализациясы–  0,1 грамм литріне. Көлдің басты байлығы– ленок байлығы. салмағы– (3 кг– нан 8 кг–ға дейін). Марқакөл көлі– балықтың осы түрі мекендейтін Қазақстандағы жалғыз көл. Қорғалатын зонаға көлдің 96 % бар. Белдеуге кіретін орман алабы көлмен үйлесіп –  туризм мен демалысқа өте ыңғайлы орын.

Таудың әсемді, жартасты кертпеші жапырақты орманмен жабылған. Шалғынның және өзеннің маңында шетен, сібір шыршасы, аққаин, көктерек, терек, бұтақ, бұталардан–  тобылғы, мойыл, ырғай, итмұрын, таңқұрай, қызыл және қара қарақат өседі.

Қорықшаның жануарлар әлемі де өте бай және әртүрлі. Орманда қара аю, түлкі, бұлан, қоян, сілеусін, марал, тиын, құну, бұлғын, елік, тышқан бар. Құстардан сұңқар, күміс, шағала, құр, тұйғын, үйрек, тауқұдірет, шіл бар. Қызыл кітапқа енген қар барысы, қызыл қасқыр, ұлар, қара тырна, суқарақұс кездеседі.

Қорықтың басты міндеті– көркем ландшафтын оның табиғи жағдайында   сақтау; өсімдікт және жануарлар әлемін зерттеу, жануарлар мен өсімдіктің сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан түрлерін қалпына келтіруге қолайлы мүмкіншіліктер жасау. 

Рахманов бастауы — Табиғи биік таулы ландшафттың әркелкілілек және әдемігілімен, жануарлар және бал қорағай тайгасы мен тау шалғының өсімдік әлеміне байлығымен, екпінді өзендерінінде хариустың бар болуымен, шулы және басқа шапшаң сарқырамаларымен, емдік көздері және басқа да көрнекіліктерімен Қатан-Қарағай ауданы шығыс Қазақстанның басқа аудандарының арасында ерекше орынға ие.

Аудан территориясында атақты «Рахманов бастауы» санаторийі бар. Ол теңіз деңгейінен 1700 м биіктікте өте көркем биік таулы өлкеде орналасқан. Бұл жерден Қатын жотасы өтеді.

Бұл жердің су асты суларында емдік радон бар. Радонның қалыптасуы өте сирек гранит минералының құрамындағы радиоактивті элементтерден таралатын өніммен байланысты. Термалды сулар әртүрлі қозғалыс мүшесінің ауруларын омыртқа жүйке жүйесі, тері ауруларын емдеуге қолданылады.

Емдік қайнарды 1763 ж жергілікті шаруа Рахманов ашты. Аң аулау кезінде жаралы маралдың ізінен түскен ол Арасаңқы өзенінің аңғарына шығады, ол сол жерде мөлдір, үлкен көлден шаршаған жануарды қуып жетеді. Марал көптеген ақ көбіршік бөлініп, бу шығып жатқан бұлақтың басында тұрды. Жаралы жануар күшін тез жинады. Бұлақта Рахмановтың өзі де шашынды.

Көп ұзамай емдік бұлақ туралы қазесет бүкіл Алтай мен Сібірге тарады, ал бұлақ өзінің алғашқы ашушысы Рахмановтың атымен аталды.

Емдік қасиет тайга және шалғын ароматымен суарылған таза тау ауасында да бар. Тайга бал қарағай, самырсын, шырша, май қарағайға бай. Аңғарда қайың, терек, мойыл, өседі. Осы өлкенің жануарлар әлемі де әркелкі. Мұнда борсық, қасқыр, түлкі, аю, барыс, сілеусін, бөкен, тиін мекендейді. Бұл орындар маралдың отаны. Олар бағалы жас қаттаған мүйіз береді, одан пантокрин – сергектік элексирі жасалады [28].

Қиын Қырыш — біздің жердегі (жалындаған) отты планетамыз. Отты Марс Даладағы сағым секілді мұнаралар, күмбездер және көп қабатты әртүрлі палогеннің құмды және батпақты жыныстарынан жасалған қабаттар пайда болады. Жасыл – сұр және жасыл – қоңыр реңктер ашық сұр– құқыр, сарғылт және ақ түстермен алмасып отырады, төмен қарай қайтадан жасыл–сұр және қызыл–қоңырдан қан–қықыл және кірпіш–қызыл түстермен алмасады. Бұл Қиын Қырыш тауы. Ол сирек ақ  таңдақтары бар көлдері бар далалы жазықтан басталады. Қиын Қырыштың басты байлығы – батпақ пен топырақтың аз қабаты болып саналады. Қиын Қырыштың жоғары жатқан қабатында ертедегі омыртқалылардың сүйек қалдықтары бар [29].

Жарқыраған адырлар — Манрак жотасының етегіндегі Оңтүстік Зайсан маңының стратиграф – палеонтологиялық табиғат ескерткіштері ашық-қызыл түсі бойынша осылай аталған. Реңдердің әртүрлігі ашық-қызыл теңбілден және ашық қызғылт-қоңырдан кірпішті жасыл түрге дейін жарқыраған әсер қалдырады.

1959 ж ең алғаш рет бұл жерден айдаһардың жұмыртқасының қабығы табылды, ал кейінірек – аса ірі емес динозаврлардың қатты қиратылған сүйек қалдықтары табылды.

Жарқыраған адырдан шығысқа қарай Сауыр жотасының етегінде перм жасындағы тақта таста (260 млн жыл бұрын) өсімдік омыртқасыздар ертедегі теңіз балықтарының қалдықтары табылады.

Жануарлар мен өсімдіктердің қатып қалған қалдықтары бойынша осы өлкенің эволюциялық дамуы туралы айтуға болады. Бұның бәрі құнды ғылыми материал.

Батыс Алтай мемлекеттік қорығы Шығыс Қазақстанның өсімдік және жануарлар әлемі әр келкі және өзен аңғарларымен алмасады, альпі шалғыны биік таулы қарлы шыңдарға жол береді.

Батыс Алтай мемлекеттік қорығы 1992 ж ұйымдастырылды. Оның ауданы 56,3 мың. га. Қорық Алтайдың Қазақстан бөлігіндегі таулы жоталардың аумақтарында Линей, Қолыұзын, Көксе, Иванов және Белая, Черная Үлбі және Борсық өзендерінің бастауында – Тұрғысын өзенінің саласында орналасқан. Ақ Улбі өзенінің бастауында 14 кіші мұздық бар. Орман шекарасынан жоғары қарай мұздан жаратылған кіші тау көлдері және саз бар.

Батыс Алтай қорығының климаты шұғыл континенталды. Бұл Қазақстанның ғана емес, сондай–ақ ТМД-ның азия бөлігінің ең ылғалды жері. Тұрақты қар жамылғысы қорықта 170 күнге дейін сақталады – қарашадан сәуірге дейін. Қорықтың өсімдік қабатында 4 белдеу бөлінеді. Жапырақты орман, тау-тайға орманы, субальпі және альпі шалғыны, биіктаулы тундра.

Жапырақты орман тек бір шектеулі территорияда таратылған және өзен аңғарына тән. Тау-тайға орманы ағаш өсімдіктер құрамымен әртүрлі: қара тайға, бал қарағай – самырсын орманы, күнгірт самырсынды орман.

Субальпілік және альпілік орман қорықта 1800 – 2000 м биіктікте жатыр. Осы белдеулер арасындағы бөлінген шекара байқалмайды. Тау тундра белдеуі 200 м және одан жоғары биіктікті алып жатыр. Тундра әртүрлі өсімдіктің фрагменттерінен турады. Қорық фаунасы Батыс Алтайдың орта-биік таулы облысына тән.

Құстардан мұнда әнші бұлбұл, қара лашын, құр, азия тау құдіреті, жүнді байғыз, барлығы 200 түрлі құстар бар. Сүтқоректілердің 50 түрлі мекендейді: алтай жер тышқаны, түлкі, аю, бұлғын, құну, ақ тышқан, сібір күзені, кәмшат, елік, тоқал бұғы, марал, тиін.Батыс Алтай қорығы зерттеушілер үшін сөзсіз қызығушылық туғызады.

Құланжы мемлекетттік табиғи қорықша ол 1967ж 29 қарашада Самара қазіргі Көкпекті ауданының аумағында 46000 га ауданды алып орналасқан. Қорықша территориясы Қызылқұмның құмды аймағын және Зайсан шұңқырының солтүстік-батысында Құлжұн өзенінің төменгі ағыс аңғарын алып жатыр. Шығысында Бұқтырма су қоймасының суымен шектелген. Беткей бедері екі түрде. Бірішісі – аллювиалды – аккумулятивті. Екіншісі – аллювиалды – эрозиялы.

Құлжын жайылмасында үш үлкен емес көл бар – Казнаков, Қамбар-Қарасу, Чайшы. Қорықшада өсімдіктің  200 түрі өседі. Қорықша сүт қоректелерді қорғалуда маңызды орын алады [31].

«Төменгі-тұрғысын» мемлекеттік табиғи қорықшысы. Ол Тұрғысын, Бобровка, Бұқтырма өзендерінің арасындағы Зырян ауданының территориясыңда 1978 ж , сәуірде құрылған. Қорықша ауданы –2200 га.

Алакөл табиғи қорықшасы. Алматы және Шығыс Қазақстан обылыстарының территориясында (Урджар ауданында) 20,0 мың га ауданда 1998 ж 21 сәуірде құрылды. Қорықша өз бастауын Жоңғар Алатауынан алатын Тентек өзенінің сағасын қорғау мақсатында және Алакөл көлінің аралдары – Үлкен, Ортаңғы, Кіші сақтау үшін құрылған.

Алакөл көлінің бірегейлігі оның аралдарындағы шағалалардың ұялары болуында. Қазақстандағы демалыс- Алакөл көлі. Алакөл көлі-Республиканың оңтүстік шығысында, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының шекарасында орналасқан. Көл теңіз деңгейінен 347 м биіктікте орналасқан, су қабатының ауданы 2650 км, ұзындығы 104км, ені 52 км, орташа тереңдігі 22 м, максималды тереңдігі 54м. Көлге 15 сала құяды.

Алакөлге көптеген тері ауруларын емдеуге, буын ауруларын, жүйке жүйесің емдеуге болады. Алакөл ойпаты дымқылдануы аз зонаға жатады және өкпе ауруларын емдейтін өте темаша климатологиялық орын болып саналады.

Көлдің орталық бөлігінде күш аралдан тұратын архипелаг бар. Осы жерде 1998 ж Алакөл ұлттық табиғи қорығы ұйымдасқан.

Қазақстан бірегей көлі- Алакөл Қазақстанның ішкі сез қоймаларының көлемі бойынша екіншісі және республикадағы жалғыз терең, ағынсыз көл. Көл Жоңғар Алатауы және Тарбағатай жоталарының ортасында, Алматы облысының солтүстік-шығысында орналасқан. Көл айналасында балық аулау және аңшылық өте қызықты. Көл жағасында бірнеше комфортты демалыс үйлері бар.          

«Синегор самырсын тоғайы» мемлекеттік табиғат ескерткіші. Ол 1968 ж, екіншісі 1982 ж 17 сәуірде Улан ауданында құрылған. Оның ауданы 137 га. «Синегор самырсын тоғайы» табиғат ескерткіші сібір самырсынын сақтау үшін құрылған. Самырсын тоғайының орман қабаты жабылған ауданы 97 га, ол – Көктау сілемдерінің Медведка тауының солтүстік баурайында орналасқан. Деткейде қисық самырсын және көп дінгекті түр бар. Жеке ағаштардың биіктігі 16 метр, ал діңгек диаметрі 24см. Самырсын орманда жануарлардан аюды, қоянды, түлкіні, борсықты, ақ тиінді кездестіруге болады. Қалба таулы өлкесіне тән жануарлардың көптеген өкілдері және бүркіт кездеседі [32].

 

          2.3 Оңтүстік-Қазақстан және Алматы облысы

 

Оңтүстік Қазақстан  ортағасырлық сәулеттің атақты ескерткіштері бар, ежелгі тарих пен мәдениет өлкесі (Тараздағы Айша бибі, Қарахан, Бабажа Қатын кесенелері Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кешені, Жетісудағы сақ қорғандары (Алматы облысы). Аумақта Байқоңыр космодромы орналасқан. Сондай-ақ аймақта демалуға, емделуге, альпинизммен айналасуға, тау шаңғысымен, конькиймен сырғанауға мүмкіншілік мол.

Туризмнің дамуына жақсы жағдай жасайтын әркелкі жер бедерінің ерекшеліктері бар аудандар өте көп. Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысында архитектуралық-аpхеологиялық ескерткіштер өте көп: Жусалы аудандағы Жеті -Асар қалашығы ( б.э.б I ғ ), Казалинск қаласынан 20  км қашықтықта Сырдарияның сол жағында орналасқан Жанкент қаласының қалдығы (X-XIV ғғ ), Янықорған ауданындағы архитектуралық ескерткіштер (XVI-XIX  ғғ) — Қызыл Орда облысында; ежелгі Сайрам қалашықтың қалдықтары (Исфиджаб), 1900-1910 жж реставрацияланған Идрис- Қазы- Байзаби мешіті және Абдул- Азис -баба мазары, Базлақ -ата минареті ( XII  ғғ), Мирали Боб ибн Падша Мөлк және Қарашали- Ана мазарлары-Оңтүстік Қазақстан облысында.

Оңтүстік — Қазақстан облысындағы Туркестанның ерекше архитектуралық және тарихи көрікті жерлерінің бірі Ахмед Яссауи кесенесі болып саналады. Көп ғасырлар бойы 1868 ж дейін бұл қаланы Ясы деп атаған, ал мешіті XII  ғ тұрған ходжа Ахмед Яссауидің болды. Мешіт Тимурдың буйрығымен салынды, ол ортағасырдың ескерткіші болып, дүниежүзінде белгілі. Усыпальницадан, қонақ залынан, мешіттен және қызмет бөлімінен тұратын мешіттің құрылуы 1397 ж бастап, 8 жылға созылды. Бірақ Тимурдың өліміне байланысты бұл ғимараттың құрылуы аяқталмай қалды.

Мавзолейдің биіктігі 38 м, табанның қабырғалары 62,5  және 47 м. Мавзолейдің ішінде 314 бөлмелер бар. Үлкен бөлмесінде кейбір қазақ феодалдардың және ортағасырлық астрономы Улугбектің қызының усыпальницалары орналасқан. Кіші бөлмесінде- Ахмед Яссауидің усыпальницасы [33].

Оңтүстк Қазақстан облысының бағалы табиғи объектісі Ақсу- Жабағлы қорығы болып келеді. Бұл қорық республикамыздың ең ескісі болып, 1987 ж өзінің 60 жылдығын тойлады. Ол Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан тұйысқан жерінде, ал табиғи қатынаста- Сібір, Орта Азияттық және жерорта теңіздік зоналардың тұйысқан жерінде орналасқан. Сондықтан, ол жануар және өсімдік әлемінің көптеген түрлеріне бай.

Юнеско шешімі бойынша дүниежүзінің ең маңызды табиғи резерваттарына енгізілді. Қорықтың территориясы 73 мың га жер бедерлік белдеуін алып жатады. Қорықта топырақ, су, флора мен фауна қорғалады. Өсімдік әлемінің көптеген түрлерінен ағаш тәрізді 10-12 м биіктігімен арча, миндаль орех , Грейг тюльпандары, жабайы жүзім және т.б туралы ескертсек жөн.

Тараз қаласынан 18 км қашықтықта Головачевка ауылында үлкен емес тоғайында екі ірі архитектуралық ескерткіштер — Айша -биби мен Бабаджи –Хатун-  орналасқан.

Бабаджи Хатун кесенесі көнелеу болып табылады ( XI ғғ). Айша биби ( XI-XII ғғ ) кесенесі Юнесконың бақылауына алынған. Кесене түрлі террактолық плиткалармен әшекейлеген. Бабаджи Хатун кесенесі күйдірген кірпіштен құрылған және де жақсы сақталған. Бүл ерте қараханид кезенінің ескерткіші. Кесененің басты фасадының ортасында дөңгелек аркасы орналасқан. Аркалардың екі жағынан тор декоративті қуыстар орнарасып, кесененің қабырғалары фигуралық кірпішімен әдеміленген. Жоғарғы бөлігінде араб тілінде жазуы көрініп тұр. Қазіргі уақытта бұл ғажайып ескерткіштен тек қана батыс қабырғасы сақталынды.

Түркістан (Ясы) қаласы  Дешті-Қыпшақ  сияқты ауқымды аймақтың түркі тілдес халқының рухани-саяси орталығы болуымен және қазақ хандығының ертедегі орталығы болуымен әйгіленеді. Бүгінде Түркістанға 1500 жыл.  Қожа Ахмет Яссауи шайқы-сопы, ақын, филиософ, түркі халқының рухани тәрбиешісі осы қалада өмір сүрген. ХVIғ  Темірдің әмірі бойынша көтерілген Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ортағасыр сәулетінің үлгісі, сарайлар мен ордалардың әсем кешені.

Арыстан-Баб. Халықтың нанымы бойынша Түркістанға барар жол Арыстан-Баб кесенесі арқылы өту керек, XII ғ өмір сүрген атақты діни ұстанушы, ұстау Яссауидің моласынан көтерілген. Кесененің ең ерте бөлігі Темірлер әулетінің дәуіріне жатады. [34,45]

Шаульдер орталықтан 10км қашықтықта ежелгі Отрар қаласының қалдықтары орналасқан. Бұл жерде атақты философ Абу -Наср Мұхаммед бен Мұхаммед Тархан аль Фараби тұрған (X ғ). Отрардың көрікті жерлерінің бірі оның кітапханасы болған.

Ежелгі Отырар қаласы (б.з.б IV) сауданың ең ірі орталығы болған. Оның атақты кітапханасы байлығы бойынша көне заманның ең даңқты кітапханалары: Александрлік және Карфогендіктен кем қалмады. Осы қалада әлемге атағы шыққан ортағасырлық ойшыл әл-Фараби туылып өмір сүрді, соңында моңғол шапқыншылары қаланы жермен жексен қылды.

Қуатты Сауран қаласы (X-XVIIIғ) бірегей сумен жабдықтауымен даңқы шықты.Сумен және тұтыну жабдықтарымен қамтылған қала бірнеше айлар бойы қамауға алынуға төтеп бере алды.

Тараз (Талас) қаласына 2000 жыл. Ерте уақыттан бері ол «көпестер қаласы» деген атпен әйгілі.  Қаланың дамуының ең гүлденген кезеңі, оның Қарахан мемлекетінің астанасы болу кезеңіне келеді. Дәуітбек және Қарахан кесенесі, басқарушылар қорғаны және көптеген ертедегі бейіттер саяхатшыға алыстағы жүздеген жылға енуіне әсер етеді.    

Алматының ең таң қалдыратын көрікті жері-  Іле Алатау болып табылады. Іле Алатау — бұл Солтүстік Тянь Шаньнің хребеті шығыстан батысқа 380 км созылады. Ең биік шыңы-  Талғар төбесі ( 4973 м).

Алматы қорығы 90 мың га территориясын алып жатыр, Талғар мен Иссық өзендердің бассейінде орналасып тұр. Ал олардан алыс емес жерде- Іле өзеннің  шөл аңғарында Айғай Құм бар ( Алматыдан 182 км қашықтықта). Ол тек қана құрғақ ауа райы болған кезде өзінің дауыс шығарады. Дауыстың ең қаттысы түс уақытында ауаның 24- тан кем емес болған кезде болады.

Қазақстан халқының тарихи мәдени мұралардың объектілері көп. Олардың ішінде ерте темір дәуірдің қорғандары, тастағы суреттер болады. Есік өзенінің жанында “Алтын адам” табылды.

Есік қаланың жанында Жетісудің ерте көшпенділердің қорған жүйесі орналасқан. Олардың барлығы үш ондықтан шамалас сақталынды. Диаметрі — бірнеше метрден жүз метрге дейін, биіктігі 2-20 м  [45].

1691 м биіктікте Кіші Алматы өзеннің сол жағында дүниежүзінде белгілі биік таулы Медео мұз айдыны орналасқан. Оның трибундары 10 мың адамдарды сыйғызады. Трибуналардың астында қонақ үй, кинотеатр, сот бөлмелері, пресса-орталығы, поликлиника, фин моншасы. Мұз стадионнан алыс емес жерде “Медео” қонақ үйі мен жүзу бассейні орналасқан.

Медеу-қысқы спорт түрінің әлемдегі ірі биік таулы кешені. Медеу шатқалы теніз денгейінен 1520 – 1750 метр биіктікте Кіші Алматы өзенінін аңғарында орналасқан және тау жоталары жан – жағын қоршап жатыр. Батыста — Қимасармен, шығыста – Қабырғатаумен және Онтүстік–батыста Кұмбелмен қоршаған. Бұнда олимпиада көлеміндегі мұз айдыны, атта серуендеуге арналған аудан, атракциондар паркі, “Премьер-Медеу” отелі, жазғы басейн және шашлық пісіру орны бар. Бұл жер қала тұрғындары мен қонақтарынын сүйіп демалатын орны.

Мұз айдыны Алматы қаласынан 16 километр жерде көркем шатқалды 1972 жылы салынды. Жұмсақ климат, күн радиациясының үйлесімді денгейі, төменгі қысым, желсіз ауа-райы және мөлдір бастау суы Медеуді ең жақсы әлемдік мұз айдыннын бірі жасайды. Ауданның мұз көлемі-10500 км2, ол конькийде жылдамдықпен жүгіру, хоккей мәнерлеп тебуден ашық халықаралық жарыстар өткізуге өте жақсы орын. Бұнда әлемдегі күшті конькиймен жүгірушілердін 20-дан астам әлемдік рекорды өтті. (Давоста- 40).

Туристер назарын, Кіші Алматы аңғарынан көтерілген бөгет аударады. Ол қаланы селден қорғау мақсатында орнатылған. Осы бөгет қаланы 1977 ж қырғынғы ұшырататын селден қорғап қалды. 830 баспалдақпен бөгетке көтерілеміз. Осы жерден Іле Алатауының шындарына тамаша көрініс ашылады. Еліміздің ең өміріндегі көрнекті оқиғасы болған халықаралық фестиваль “Азия Дауысы” осы Медеу шатқалында өтеді. Биік таулы ауданда түнеуге және тамақтануға болатын көптеген орындар бар. Қазақ үй түрінде жасалынған ішкі көрініс ұлттық түсте салынған “Қазақ ауыл” мейрамханасынан ұлттық тағаммен тамақтануға болады.

Бұл аңғарында Горельник өзеннің жоғарылау бүкіл одақ шаңғышылардың соңында Мыңжылқы аңғары орналасып, онда ең биік таулы республикамыздың метеорологтар станциясы (3040 м) бар. Тастар арасында аңызды гүлдер -эдельвейстер өседі.

Шымбұлақ — тау шаңғы курорты көркем Іле Алатау шатқалында, теңіз деңгейінен 2200 м биіктікте орналасқан (қаладан 25 км жерде). Ол ашық күндерінің саны мол және қарашадан мамырға дейін, тұрақты қар қабатты бар жұмсақ климатпен және айналадағы тау  шыңдары мен жоталарының әсем көрінісімен мақтана алады.

Тау шаңғы жолына 3 орындықты және 3 буксирлі қанатты жолдармен қызмет көрсетіледі. Оның көмегімен   20 минуттың ішінде Талғар асуында (3200 м) бола алады. Бірінші биіктік- “Пересечение” станциясына дейін  (2260м-ден 2630м-ге дейін), ұзындығы 1243 м, көрсетілу уақыты- 9мин. Екіншісі- “20 опора” станциясына дейін (2630 м-ден 2930 м-ге дейін), ұзындығы  948 м, көтерілу уақыты- 7,5 мин. Үшіншісі- “Талғар” асуы станциясына дейін (2930 м-ден 3163 м-ге дейін), ұзындығы  860 м, көтерілу уақыты- 8 мин. Жолдың жалпы ұзындығы-  3620 м, құлама биіктігі-1000 м. Сноубордты ұнатушылар үшін сноупарк бар, балаларға арналған дөңгелекте сырғанау үшін көтерілгіш бар. Жазда ауаның орташа температурасы  +20 0С, қыста- 7 0С. Қар жамылғысының қалындығы-  1,5-1,8 м.

Іле Алатау бірнеше көрікті көлдермен ерекшеленеді. Олардың бірі — Үлкен Алматы көлі. Ол барлық жағынан қоршалған мөлдір айна секілді ойпатта 2511 м биіктікте, Үлкен Алматы өзенінің шатқалында,  Алматы қаласынан 28,5 километр жерде орналасқан, оның тереңдігі 35 м, ұзыңдығы 1 м, ал ендгі 500 м. Жазда судың температурасы – 10-12 C  құрайды.  Тян-Шанның басым көпшілік тау көлдері жер сілкінісінің нәтижесінде пайда болған. Көлден үш негізгі шын көтеріледі, оны бөгеттің сол аяғы жағынан көруге болады: Советтер шыны (4317 метр) – онтүстік – шығыста, онтүстікте Озерный (4110 метр), көлден онтүстік – батысқа қарай Турист шынының орманды баурайы (3954 метр) орналасқан. Туристен батысқа қарай Үлкен Алматы шынының жотасы орналасқан, қала орталығынан анық көрінетін бұл шынның пирамида биіктігі 3681. Жыл мезгіліне қарай көл өз түсін – ашық – жасыл түстен күлгін – көкшіл түске ауыстырып отырады. Мұз суымен қоректенетін көлдің ұзындығы– 1,6 км, ені– 1 км, ал терендігі –40 м.

Көлден 2 км жерде, 2700 м биіктікте өте ертедегі мұзды аңғарда “Тян-Шань Астрономиялық обсерваториясы” деп аталатын обсерватория поселогы орналасқан. Жоғары қарай 8 км–де, Алматыдан 60 км қашықтықта Іле Алатаудағы 8 мың жыл бұрын Иссық көлі пайда болды. Ол  1760 м биіктікте орналасқан болатын, оның ұзындығы– 1850 м, ендігі– 1600 м, тереңдігі –55 м болған. 1963 ж мұз зонасынан Иссық өзеннің жоғарғы ағысында күшті сель ағымы шықты. Нәтижесінде бірнеше сағат ішінде бұрынғы көлдің орнында кішкентай ғана көл қалды ( диаметрі 100 м ).

Шығысқа қарай Іле Алатаудың Бозгүл аңғарында Шынтүрген шыршалары орналасқан. Бұл Ұлы мұзданудың солтүстік қараңғы тайганың тиіспеген және сақталынған массиві болып табылады. Аңғарлардың ең табиғи ғажайып объектілеріне Чарын өзеннің каньоны жатады (Алматыдан 193 км қашықтықта). Каньонның етегілердің биіктігі 150-300 м құрайды. Каньонның табаны бойынан Чарын өзені құйып барады.

Чарын Ясень тоғайы 4855 га ауданын алып жатыр. Оның территориясында Ясень согдиан, лох, туран талы өседі. Іле Алатауда Іле Алатау ұлттық паркі құрылған. Ол хребеттің солтүстік бөлігін алып жатыр. Оның мақсаты- Солтүстік Тянь–Шаньнің табиғатын сақтап қалу және де адамдарға демалу мүмкіншілігін беру. 

Бөгеттен сол жол Турист асуына және сол Талғар өзенінің аңғарына апарады; оң жол — өзенмен шектеседі және Озерный асуына көтеріледі. Алматы – Алақыр асуынан Іле Алатауның қарлы шындарының әсем көрінісі ашылады.  Асудан уақыты мен күрделілік категориясы әртүрлі бағыттар Ыстық–көлге қарай таратылады – Озерный асуы, Ақсу, Проходной және Көк – Қайрық. Ыстық –  көлге сапар маусымы – шілденің аяғы – тамыз. Іле Алатауы және Күнгей Алатауы сияқты тау жоталарынын арасында аспан әдемілігінің теңіздік көлі Жасыл – көл (3000) тығылып жатыр. Проходное шатқалы кең аңғарымен, альпілік түстердің барлығын  жинағандай өте көркем. Алма-араман шатқалы өзінің әсем сарқырамалармен және родонды жылы бастаулармен шытырман оқиғалы туризмді сүюшілерге әрқашан қызықты.

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік ұлттық паркі. Солтүстік Тянь-Шань тауларының табиғатын қорғауға арналған парктің 1926 ж негізі қаланған, ол теңіз деңгейінен 1100 м–ден 4236 м дейінгі биіктікте орналасқан. Парк флораға өте бай: Қазақстанның қызыл кітабына енген өсімдіктің 57 түрі бар. Сүтқоректілердің 52  түрі бар, олар қар барысы, тау арқары, сүйрік. Құстардың сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан түрлері : бүркіт, үкі және гималай тау қарасы. Волонтерлары (VSO) және олардың серіктестіктері NCO Wild Nature Жабағылы да эко-туризмді дамытуда. Жабалығыдағы эко-туризмнен түсетін табыстың 20 пайызы табиғаттың қорғауға жұмсалады.

Егер турист мәдениеттен демалғысы және табиғат аясына енгізгісі келсе, онда сөзсіз қорықтағы қиян-Көлсай шатқалына барады. Ол Күнгей Алатауының солтүстік сілемінде орналасқан шыныңда ұмытылмас шатқал, ал Көлсай шатқалының көлдерін Солтүстік Тянь-Шанның маржаны деп атайды. Көлсай көлдері үш өзеннің жиынтығын құрайды, олар барлық туристер  бара алатын және ең үлкен- мәдениеттілік жоқ және саңырауқұлағы мол, ең әдемі, атпен серуендегенді ұнататындар, ат маршрутына тапсырыс бере алады. Ең жоғарғысы- аса үлкен емес, ол шыршалар мен альпі шалғынның территориясында орналасқан және өзінің қатал биік таулы әлемілігімен өзіне тартады, сондай-ақ флора мен фаунаға бай.  Үш көл арасындағы биіктік құламасы орташа 700 метрді құрайды.

Есік қорғаны — сақ-скиф дәуірінің археологиялық ескерткіштерінің ең ірілерінің бірі болып санайды. Ескертіш б.э.д V ғасырға жатады. 1969-1970 жж К.Акишевтың бастаған қазақтан ғалымдарымен Алматыдан шығысқа қарай 50 км жерде есік молаларының бірегей археологиялық кешені табылды. Есік қорғандары есік молаларының оңтүстік бөлігінен табылды, ол 45 үлкен қорған үйінділерінен тұрады және солтүстіктен оңтүстікке қарай 3 км-ге созылып жатыр. Бұл айрықша патша қорғандары. Есік қорғанының диаметрі – 60 м, биіктігі- 6 . Үйдің төбесінде шұңқыр болған. Ескі көкжиектің деңгейінен 1,2 м тереңдікте екі жерлеу табылды : бірнеше рет ұрланған орталық және орталықтан 15 км оңтүстікке қарай  бүйірдегі қабір бұзылмаған, жерленген адамның қалдықтары және қабір ішінің көрінісі толығымен сақталған. Қабір ішінің камерасы тянь-шань шыршаларының өңделген бөнерелерінен құралған. Кіру шығыс жақтан  камераның оңтүстік және батыс бөлігінде ыдыс-аяқтар қойылған, солтүстік жартысында жерленген адамның қалдықтары қалған. Антропологиялық қорытынды бойынша Есік қорғанында жерленген адам монғол тектес, европалық кескіндегі  жетісу сағының сипатына келеді. Оның жасы 16-18 жас.

Қорғанының қабір іші камерасында 4 мың айын бұйымдар табылды, олар темір садақ пен қылыш, қола айна, 31 қыш металл және ағаш сауыт, күміс қасық, ағаш шөміш, сердаликтен жасалған 26 моншақ.

Есік қорғасының олжасының арасынан ерекше орынды Қазақстан мен Орта Азия территориясындағы жазудың ежелгі ескерткіш жазбасы бар күміс тостағын алады. “Алтын Адамның” көшірмесі Алматы мен Астана музейлеріне қойылған.

Бес-Шатыр — кешені ежелгі Қазақстан территориясында б.э.д I мың жылдықта өмір сүрген ежелгі сақтардың рухани  меккесі болып саналған. Олардың ішіндегі ең тамашасы Бес-Шатыр обалары, олар 31 қорған “Жетісу пирамидасы” деп аталатын ең үлкен қорғанның диаметрі 105 м, биіктігі- 17 м. Бұл қорғандардың ағаш сағаналары тянь-шань шыршаларының бөрмесінен құралған, 2 мың жыл бойы өте жақсы сақталып келген. Бес-Шатыр қорғандарының ерекшелігі- шытырлан жерлері бар жер асты үңгірі, оның бір жолы қабірге апарады. Хан мазаларынан батысқа қарай, жануарлар суреттері салынған, 45 тас шарбақ тізбегі солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Осы өзіндік тас шежіреде тұрмыс пен аңшылықтың көріністері салынған. Ғалымдар бұл территорияның барлығы- кешеннің салттық ауданы деп есептейді. Көрнекті қазақ ғалымы Ш.Уалиханов 1856 ж өзінің Құлжаға сапарында Алтын-Эмель жоталарын асқан болатын. Азияның осы бөлігінде Шеңгелді оазисіндегі ескі су құбырының қалдықтарын тапты. Ш.Уалихановтың музейі мен мавзолейі осы жотаның солтүстік баурайының етегінде орналасқан [45].

Қайынды көлі теңіз деңгейінен  2000 м биіктікте, керемет қылқан жапырақты орман арасында орналасқан. Ол осыдан 100 ж бұрын көп көлемдегі әк тастың опырылып құлауын нәтижесінде пайда болған.

Үйінді шатқалды табиғи бөгет болып қоршап жатыр. Көл ұзындығы 400 м-ге, тереңдігі 30 км-ге жетеді. Құзды жотасынан Саты шатқалына, Шелек өзенінің аңғар панорамасына Қайынды шатқалына тамаша көрініс ашылады. Суға батып тұрған шыршалардың құрғақ діңі су бетінен су асты эскадрасының діңгегі секілді көтеріліп тұр.

Бортоғай. Іле Алатауының бойымен ағатын ұзындығы 160 км каналды қоректендіру және қыс бойы су жинау үшін салынған (Алматыдан 200 км жердегі) су қоймасы. Су ағымы күшті қысыммен жазық далаға атылып, миллиондаған ұсақ шашыранды құрайды.
Айғай құм. Табиғаттың тағы да қайталанбас бір ғажайыбы “Айғай құм” (немесе “әнші құм”). Ол Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 182 км орналасқан. Іле өзеннің оңтүстік жағалауындағы табиғат феномені құмдардың құрғақ күндері мүше әуеніне ұқсас дауыс шығаруымен әйгілі. “Әнші құм” ұмытылмас әсер қалдырады.Оның гуілі  мен дірілдеуі құмның беткей бойымен әрең байқалатын құйылуымен қоздырылады.  Құрғақ құмның құрғақ ауамен үйлесім қозғалысын тудыратын үйлесуі дірілдеу келтіреді. Ал, жақсы естілуге қолайлы жағдайды тығыз топырақтан қамтыла отырып, құмдардың дірілін келтіретін күші жол дауыс толқыны қалыптастырады. Бұл дауыс бірнеше километрден естіледі. Ылғалы ауа райында құмдар “әндетпейді”. Кварцитті құм таулар- Үлкен және Кішкене қалқандардың биіктігі  120 м және 4 км созылып жатыр. Бір қызығы құм жазықта көшпейді. Құмның көлеміндігіне  және күшті желдерге қарамастан орнынан бірнеше мыңдаған жылдар бойы жылжыған емес. Оның оңтүстік-батыс беткейі тегіс, ал қарама-қарсы солтүстік-шығыс беткейінде жайпақ еңісті жоталар бар.

 “Алтын-Эмель” ұлттық парк Іле өзенінен сілемдерінің жотасына дейін 90 кв км-ге созылып жатыр. Бұл өте ертедегі тарихқа және әркелкі табиғатқа бай жұмбақ өте тамаша өлке. Басқа еш жерде кездеспейтін сақ мәдениетінің керемет ескерткіші. Ескі жерлеу қорғандары, жабайы аңдардың тасқа салынған суреттері [36].

Өзінің әдемілігімен ерекше көз тартатын тау сілемі — Ақтау— бұл жердің алыста өткен мұражайы. Бұл ескі теңіз деңгейінен көтерілген, кемпірқосақтың барлық түсіне боялған табиғаттың таң қаларлық мүсіні. Таудың жасы- 400 млн, ұзындығы- 30 км, тереңдігі- 1,5-2 км. Бұл жерде жайран, тау ешкі- теке, сайгак, арқар, қасқыр, түлкілер жүреді.

Іле өзені — Жетісудың ең ірі өзені. Оның ұзындығы- 1439 км. Өзеннің қайнар көзі Алматы облысында Қытайдан қайтар жолда ол Қапшағай жасанды су қоймасын қалыптастырады және Балқаш көліне құяды. Ертеде өзен батыс Қытайдан келетін басты жол болып саналған. Бүгінде ол шытырман оқиғалы туризмді сүюшілердің арасында кең танымал, олар Іле бойымен Балқашқа дейін ағып барады.

Қапшағай су қоймасы Қазақстандағы ең ірі су қоймалардың бірі, оның ұзындығы 100 км, ені- 25 км. Оның солтүстік жағалауы жақсы игерілген, көптеген демалыс зоналары және пансионаттар осында орналасқан. Жазда өте ыстық, кейде 400С-ге жетеді. Су температурасы мамыр-маусым айларында- 18 -200С, шілде-тамыз айларында- 22-280С, қыркүйекте- 18-200С. Шулы жағадайдан аулақта балық аулауға болады. Алайда, туристер Қапшағай қаласының өзінде-де жақсы демалады. Ол жерде  1994 ж итальян жобасымен салынған еліміздегі ең ірі аквапарк бар.

1965-80 жж Қапшағай қаласында Қапшағай су қоймасын құрайтын электростанция мен бөгет салынды  (Алматыдан 70 км жерде). Оның орнынан өте көп қорғандық жерлеулер табылды. Қапшағайдың толқындары осы уақытқа  дейін жағаға қола бұйымдарын, қыш сынақтарын шығарып тастауда. Қапшағайды теңіз деп атайды. Оның ендігі- 22 км, тереңдігі- 45 м, ал ауданы-  1847 км2. Оның бойында  пансионаттар мен жағажайлар, балық аулайтын шаруашылық бар. Қапшағай суы көксерке, жайын, сазан, ақмарқа, табан секілді балықтарға өте бай. Қапшағайдан бар жоғы бірнеше километрде бізді өте көне заманға апаратын орын бар. Ерте орта ғасырда Іле өту өте тар жер Қапшағай сайында Тамғалы тас шатқалында болған.

Тамғалы петроглифтері. Қайталанбас әсемдігі бар Тамғалы шатқалы Алматы қаласынан солтүстік–батысқа қарай 170 км–де Шу–Іле тауларының оңтүстік–шығысында орныласқан. Тамғалы өте құрғақ, ыстық климаты бар шөлейтте созылып жатыр, алайда таулар жылдың жылы мезгілінде қалың бұтамен көлкеріледі, ал көктемде шатқал гүлден жасалған кілеммен жабылады. Тамғалы тек қана өз табиғатымен таң қалдырып қоймайды, мұнда өсімдіктің сирек түрі Регель қызғалдағын, Кушакевич юнонасын немесе өзінің алғашқы қалпын сақтап қалған жабайы аңдар: қасқыр, түлкі, қоян, тасбақа, жылан және көптеген жыртқыш аңдар: дала бүркітін кездестіруге болады. Тамғалы тас– өте ертедегі өнер галереясы, картинада жеке аңдармен адамдармен қоса, ежелгі адамдардың өмірінің жалпы көріністері суреттелген. Петроглифтер арасында дөңгелектің, арбаның, дұға жазуларының суреті бар. Қазақстан тарихында көптеген ғасырлар бойы  өз іздерін қалдырған әртүрлі халықтар үшін Тамғалының тар аңғары және каньон жартасы ерекше қасиетті, салттық рәсім өтетін , сиқырлы әдет–ғұрып өтетін, құдайға және әруақтарға табынатын  орын болып саналды . Тамғалыға табыну салты осы күні де жалғасуда, оны бұтаға байланған мата қиындысынан, қазіргі табынушылармен жасалатын қарапайым “құрбан шолудан” көруге болады.

Шатқал маңында қола дәуірінің (XI–X ғғ б.э.д) және ертедегі көшпенділердің (б.б.д III ғ және б.э II ғ) молалары табылды. Шатқалдың тау жағдайы таңдауды шектеді, сол себепті адамдармен сол кезде игерілген аймақты кейінгі ұрпақтары да қолдана берді. Біртіндеп, ескі құрылыстар үйіндіге айналды, оның орнына жаңалары пайда болды.  Тамғалы ескерткіштерінің барлығы  толық зерттеліп болған жоқ, сондықтан Тамғалыға қатысты көп сұрақтары жауапсыз қалуда. Тамғалының ежелгі мекендеушілері Қазақстан жерін б.э.д  II ғ қонытаған қола дәуірінің тайпасы болып саналады. Тамғалының алғашқы мекендеушілері петроглифтерді салып, үй және тас төбешік құрап, шатқал ландшафтына қайталанбас әсемдік енгізді. Тамғалы петроглифтерінің көрмесі әлемдік маңызы бар қазына болып табылады және ЮНЕСКО қорының қорғауында. Табиғат пен тарихты сүюшілер Тамғалы шатқалында көптеген қызықты нәрсе таба алады.

Оң жағалауындағы өте үлкен тастардан көптеген жылдар бойы Будда мен буддистердің кескіні аспанға қарауда. Суреттер астындағы қасиетті текет санскритте былай айтылады : “Ом ман э падмэхум”, “Лотос гүліндегі қар маржандар” деген мағына береді. Тарихшылар суреттер мен жазуды XII ғ жатқызады. Құрбан шолынатын орыннан алыс емес маңда VII-IX ғғ жататын ежелгі түрік руна хаты жазуларымен бір тас бар. Оларды қыпшақтардың ежелгі тайпасы қалдырды деген жорамал бар. Орта ғасырларда буддизм Оңтүстік Қазақстан территориясында кең қанат жайды. Бұл жер, сондай–ақ алматылық шыңға шығушылар арасында да кең танымал, олар мұнда көктем мен күз айларында жиналады. Өзен аңғары – шөл және шөлейт ландшафты болғанына қарамастан Алматы аймағының өте көркем орындарының бірі.   

Кіші Алматы шатқалы өзінің көрінісімен таңдандырады: шыршалы орманнан қалың қалпағы бар Мохнатка таулары, оның үстінде трапеция тәріздес, Құмбел, таңғы аспанның көкшіл түсін бөліп тұратын Абай шыңы, Тұйық–су қақпасының алып жартастары. Бұл аудан ең қарапайымнан ең күрделігі дейінгі  46 альпинистік маршрутпен танымал. Кіші және Үлкен Алматы шатқалының ортасында Көк–Жайлау деп аталатын ірі альпі шалғыны орналасқан. Бұл кең танымал жаяу маршруттардың бірі. Көк–Жайлау үстіртіне көтерілу Кіші Алматы мен Батарейка өзендерінің құйылмасында орналасқан “Просвещенец” демалыс үйінен басталады. Жалпы көтерілу шыршалы және аққайынды орманмен өтеді және 2-2,5 сағатты алады. Маршрут қыс кезінде де өте қызықты. Шаңғы мен шананы ұнатушылар 8 км–ге созылып жатқан аса тік емес беткейді шың көңілдерімен  игереді. Үстірттен көрші  Құмбел  (3200 м) шыңына шығуға болады. Құмбел тауларына жотасына шығу “Үш ағайынды” (3000 м) деп аталатын ірі жартас шығуларымен өтеді.

Тұйық–су қақпасының алып жартастары Тұйық–су  (4200 м) гранитті шыңына апаратын жолды ашады. Тұйық–су Шымбұлақ тау шаңғы курортынан оңға қарай орналасқан. Бұл айсақтағы мұздықтардың ең оңайы. Ол ұзындығы–3,5 км, ені–1,5 таға тәрізді цирк құрушы мұздықтар тобының ортасында орналасқан. Мұздық жылына орташа есеппен  10 м–ге қысқарып отырады, соның нәтижесінде еріген сулар жазда көл қалыптастырады. Қардың қарқынды дамуы кезінде көл толады және селді қалыптастыруы мүмкін. Алматы қаласын және аңғарды селден қорғау мақсатымен Кіші Алматы өзеннің аңғарында гидротехникалық құрылыс кешені салынды.

Бутаковка шатқалы. Алматы маңындағы өте көркем жердің бірі.Шатқалдың басты көрнекілігі– атақты Бутаковка сарқырымалары. Үлкен сарқырама негізг шатқалдың  сол жақ қозғалу жолының қолбасында орналасқан. Оның биіктігі 20 м. Биіктігі  10 м болатын екінші сарқырама өте әсерлі емес, бірақ қызықты. Ол негізгі шатқалдан жоғары үлкен сарқырамадан сағат тілінің жүрісімен орналасқан. Бутаковкада өмір қыста да толастамайды. Үлкен Бутаковка сарқырамасы жылдың осы мезгілінде судың қатып қалған тамшысы қар қызының сарайына кіре беріс жерін еске салады. Альпинистер кейде осы қатқан сарқырама бойымен көтеріледі. Бутаковка сарқырамасынан да тартымдырақ Лесной асуы  (2650 м) бола алады, егер оның беткейге “бетін” жеңгізсек, онда тау аңғарының ұмытылмастай, әсем келбеті ашылады. Қотырбұлақ шатқалында ”Алматау” (1870 м) тау шаңғы базасы орналасқан, одан төменірек “Тау–Самал” ссанаторийі бар.

Кім–Асар (2060 м) асуы Медеу шатқалы арқылы жасалатын ат және жаяу маршруттарда таң қаларлық әсер туғызады. Жол кішкене тау өзені Кім–Асардың бойымен созылып жатыр. Маршрут бойының әсем орындарының бірі– түсе беріс және Бутаковка шатқалының өз . [36,37].

Турген шатқалы. Алпілік және субальпілік шалғын, таза шыршалы бұтақшалары бар, аралас орманы және бұталары бар беткейлері, жоталар, қыраттар, өзендер мен сарқырамалар, “тірі суы” бар бастау. Бір сөзбен Іле Алатауының көркем жері. Жасартатын қайнар көздің әсерін Турген шатқалының кристалды таза ауасы жандандыра түседі.  Балық аулауды ұнатушыларға форель шаруашылығына бару мүмкіндігі болады, онда арнайы дайындалған суатта форельдер шоршып жүр. Жатырлық тоғандағы, салмағы  2-3 кг болатын үлкен балықтар ерекше көңіл аудартады. Балықты аулаған соң, оны дайындап беру де мұнда қарастырылған. Турген шатқалымен ары жүре отырып, міндетті түрде Медвежий сарқырамасына баруы жөн, биіктігі 30 м болатын бұл сарқырама тік жартас пен жасыл аршалардың ортасындағы тамаша жерден төмен қарай құлауда. Шатқал жартастары жер сілкінуден жарылған және мұздыққа дейінгі өсімдіктер іздерін сақтап қалған, ал мүк шыршалары жерге жайылып, шыршалы кілем болып төселіп жатыр.

Шарын каньоны. Ұлы каньон! Шарын каньоны туристердің ойы бойынша демалыстың экзотикалық орны болып саналады. Жергілікті жердің бірегей ланшафты туристті ертедегі әлемі “Қорғандар аңғарына” немесе “Жалмауыздар шатқалына” апарады. Каньон солтүстік–шығыстан оңтүстік–батысқа қарай Шарын өзеннің бойымен 154 км–ге созылып жатыр. Бұл солтүстік Тянь–Шанның суы мол өзендерінің бірі (Алматыдан шығысқа қарай  193 км–де). Осы бір ерекше көркем жердің бедері де әркелкі және өзінің өзгешелігімен таң қалдырады. Каньонның тік жартастарының және қақпаның, тізбектің биіктігі 150–300 м–ге жетеді. Шарынның арнасы табалдырықты, ағыны қатты. Осы өзенмен ағу күрделілітің 5–6 категориясын құрайды. Осы екпінді өзен аңғары терек жыңғылмен, шеңгелмен, жидек, тал, жиде бұтақтарымен көмкерілген. Каньон аясында мұздықтануды басынан кешірген жер шары өсімдіктерінің өкілі– шетен сақталған. Реликт түрі–  шетен–   25 млн жыл бұрын жер шарында кеңінен таратылған, ал қазір жер шарының тек бірнеше жерінде сақталған. Осы түрдің осыған ұқсас көшеті әлемнің 2 жерінде: Қазақстанда және Солтүстік Америкада сақталған. 1964 жылдан бері шетен тоғайы табиғат ескерткіші деп жарияланды. Сондай–ақ,  торанғы тоғайы– азия терегінің тоғайы да үлкен қызығушылық туғызады. Қызыл құмның тасқа айналған  миллиондаған қабатты бітпес желдің соғуынан жалаңаштанып тамаша көрініс қалыптастырып тұр. Әсіресе, шыққан күнмен шағылысып жатқан жартастық жыралар өте әдемі. Бұл жерден–  араб шейхтерінің сүйіктісі сұңқар балабанды кездестіруге болады. Олар Туркменстанға күзгі ұшар алдында жартас жорықтарына ұя салады.Ал шатқал түбімен ағатын  өзенде сирек кездесетін балық “жалаңаш осман” бар. Ландшафтының әркелкілігі флора мен фаунаның әр түрлі болуын қалыптастырады. Бұл жерде өсімдіктің  1500 түрі бар, олардың 17 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген және сүткоректілердін 62 түрі ұя салатын құстардың 103 түрі, бауырымен жорғалаушылардын 25 түрі кездеседі. Негізгі Шарын коньонына бірнеше басқа каньондар жанасады. Мысалы: өзен сағасымен Темірлік. Аталған коньон аз зерттелген және жана ашылулар жоспарында тұр. Сонымен осынын барлығы Қазақстанның оңтүстік астанасы Алматыдан 200 километрге кетіп, Қытаймен шекаралас ұйғыр ауданына дейін жетуге тұрады [25,37].
Тау туризмі және альпинизм. Қазақстанда туристерге бір күнде әртүрлі табиғи белдеуде болуларына бірден-бір мүмкіндік бар: құмды шөл мен даладан бастап мәңгі мұздықтар мен алып шыңдарға дейін. Күзгі кезең үшін ең маңызды болып табылатыны, Іле Алатауы мен Күнгей Алатауының көркем тауларына жасалған туристік маршруттар, олардың ұзақтығы Ыстық-көлге саяхатты қосқанды 1 күннен 15 күнге дейін. Тянь-Шань тауларымен саяхаттай жүзіп саяхатшы шаршалы орманды, альпі шарғынын, екпінді өзендерді, қарлы шыңдармен және мәңгі мұздақтармен көршілес жатқан биік таулы көлдерді кездестіреді. Барлық маршруттар теңіз деңгейінен 700 м биіктікте орналасқан Алматы қаласынан басталады. Маршруттың жаяу бөлігі 1500-1600 м биіктіктегі әртүрлі шатқалдарда жалғасады. Алынатын асудың максималды биіктігі теңіз деңгейінен 4500 м . Туристер баратын турлар әртүрлі күрделілік категориясы, сондықтан жаңадан бастап келе жатқан туристерде де және тәжірибелі тауға бағынышуларда да қызығушылық туғазады және өте қолайлы. Алмарасан, Алматау базасы, Кумбел асуы, Таулы бақ айналасы және Талғар сияқты көркем жерлерге барып аз тек қана  әртүрлілік пен  жергілікті флора мен фаунаның  әдемілігін ғана тамашалайды  [37].
Альпинизм. Таулы туризмнің ең экстремалды  түрі альпинизмді ұнататындар Іле Алатауының әйгілі шыңдары, оның ішінде Талғар шыңына  (5017 м) шығып жоғары рахат сезіміне бөлінеді және сергектік қуатына, жақсы көңіл күйге бөлінеді. Алматы айналасындағы шыңға шығу жоғары емес күрделілік деңгейі болып саналады, сондықтан жаңадан бастап келе жатқан туристер үшін өте қолайлы. Талғар шыңы бұл маршрутқа қарағанда күрделірек және  тәжірибиелі альпинистерге қызығушылық туғызады. Тағы да басты альпинистік көрнекі орын Хан–Тәңірі–(6995 метр) және Жеңіс (7439 метр) шыңдарын қамтитын орталық  Тянь–Шань ауданы болып саналады. Бұл аудан Қазақстан, Қытай мен Қырғызстан шекарасындағы әлемдік альпинизмнің бірден–бір орталығы болып саналады. Хан–Тәңірі –рухтар әміршісі түркілердің қасиетті тауы. Күн батқан кездегі айналадағы таулар түнекке енеді, ал тек олардан биік Хан–Тәңірі қызыл түске боялады, ол мәңгі мұз әлемінде кенеттен бүршік жарған қызғалдақты еске салады. Соңғы жылдары бұл аудан тек спортпен шұғылданушыларға ғана емес, сондай–ақ туристерге айтқара ашық, олар Хан–Тәңірі етегіндегі лагерге бара алады. Алматы Аспан таулардың жүрегіне тура жол салатын жақын ірі қала болып саналады. Әрине, осындай биіктіктегі тауға шығу жақсы физикалық дайындықты талап етеді.
“Фауна” түйеқұс фермасы. 2001 ж бері Алматы қаласынан 55 км жерде Еңбекшіқазақ ауданында африкандық (қара және көгілдір) түйеқұс шығаратын “Фауна” фермерлік шаруашылығы жұмыс жасайды.Бұл Орталық Азияда 100–ге тарта керемет түйеқұсы бар бірінші ферма. Ол аса көркем, экологиялық таза ауданда 120 га жерді алып жатыр. ТОО “Фауна”–ның басшысы– Е.В Чайковский, БҰҰ академигі, атақты физик–атомшы. Жұмыс жасап келе жатқалы бері “Фаунаны” әлемнің көптеген елдерінен келген мыңдаған турист аралады. Маршрутқа түйеқұс фермасын және осы ферма маңындағы Қазақ Ғылым Академиясының дендрарийін қосуға болады. Орталық Азия үшін жаңа құс өсіру түрі – туристерде түйеқұс өсірумен танысуға өте үлкен мүмкіндігі бар.

Туристер фермада африка түйеқұсын, кішкене атты, үй жануарларын, тауықты қызықтай алады. Бұдан басқа туристерге түйеқұс жұмыртқасын, етін, қанатын, терісін алуға ұсынады.Саяхат аяқталған соң Дендрарий кафесінде әлемнің жақсы аспаздарының  әдісімен даярланған  түйеқұс етінің дәмін татып көре алады [37].

 

 

3 ТУРИЗМ  ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ

 

3.1 Туристік шаруашылық сипаттамасы

 

“Туристік шаруашылық” сөзінің синонимі ғылыми әдебиеттерде “туристік инфрақұрылымы” ұғымы болып саналады. Белгілі территорияның немесе маршруттың қажетті жабдықтарын құрайтын объект және құрылғының жиынтығын жобалайды. Туристік инфрақұрылымы құрамына мыналар кіреді [35]:

  • туристердің тұрғылықты мекен-жайынан басқа жерде 24 сағаттан көп болуын мүмкін жасайтын түнеу базасы;
  • тамақтану базасы;
  • туристік кеңістікті қолайлы жасайтын, оның сыртындағы қозғалысты жеңілдететін транспорттық-коммуникация базасы;
  • туристерге қалған қызметтерді кепілдейтін жалғаспалы база;

Түнеу базасын түнеу мекемелеріне (қонақ үй, демалыс үйі, баспана, пансионат, мотель, қонақ бөлмелері және т.б) және лагерьге (кемпинг, палаткалы қалашық) бөлуге болады.

Қолдану сипаты бойынша бөлінеді: тұрақты қолдану базасы (жыл бойы) немесе маусымдық. Қызметті қолдану мүмкіншілігінің тұрғысынан- ашық базалар (барлығына қызмет көрсетуші) және жабық (белгілі тұтынушылар  тобына арналған). Түнеу базасы мемлекеттік және жеке болуы мүмкін.

Туристердің тағамға және сусындарға сұранысын қанағаттандырудың маңызы түнеу мен демалыспен қамтамасыз етуден кем емес. Тамақтандыру базасы өзіне тамақтандыру мекемелерінің барлық түрін түнеу мекемесінің ішіндегі немесе жеке түрін қамтиды. Тағамға сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуін, жайсыз аудандарға дайын өнім жеткізудің көмегімен шешуге тырысады. Алайда бұндай әдіс айтарлықтай шығыспен байланысты және әрдайым тазалық сақтала бермейді. Мейрамханада, асханада орын жетіспеушілігін ашық аспан айына қасымша үстел қоюмен шешуге болады. Бұл әдіс бір күнге келген туристерді қанағаттандырады.

Транспорт-коммуникация базасында ең алдымен  транспорттық қызмет көрсету қаралады. Орналастыру туризмнің ерекше белгісі болып саналады, ал осы ауыспақтылықтың туристік түрдегі қызмет көрсететін ең маңызды саласы.Қатысушылар санымен және арақашықтықпен шектелген  жаяу саяхатпен айтпағанда, транспортсыз туризм жоқ.

Жалғаспалы базаға туристерге көрсетілетін негізгі қызмет түрлері жатады: табиғаттың игіліктерін қолдану мүмкіншіліктері (жағажайды, шомылатын орынды, шолу аланын құру мен қызмет көрсету); спортпен шұғылдану; көңіл көтеруді ұйымдастыру; туристік жабдықтар және сувенир шығару; ақпараттық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.

Негізгі орын түнеу, транспорт, тамақтану базасына келеді, себебі бұларсыз, тіпті туристік тартымдылығы өте жоғары орында жалпы туризмнің дамуы мүмкін емес [36].

Туристтерге қызмет көрсетудің негізгі үзбесі- туристтік кәсіпорындар. Туристік кәсіпорындар шарушылық есеп негізінде жұмыс жасайды, белгілі негізгі және айналым қаражатын орналастырады, несиені пайдаланады және өз балансында табылады.

Туризмнің материалдық-техникалық базасына экономикалық көзқарас тұрғысынан  алғанда өзіне туристік біріншілік болып бөлінетін мекемелер мен кәсіпорындардың жиынтығын (қонақ үй, турбазалар, туристік орналастыру құралдары және пансионаттар, ішкі маршрутты транспорт, тек туристерге қызмет көрсететін байланыс бөлімшесі және басқалар) және туристік екінші (қалалық және көнеаралық транспорт, сауда мекеменің қоғамдық тамақтандыру мекемесін, мәдени-танымдық, комуналды-тұрмыстық және жергілікті халық пен туристерге қызмет көрсететің басқа да орындарды) мекемелерді қамтиды. Сондай-ақ бірінші және екінші туристік кәсіп орындардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен мекемелер бар — өндірістік: жөндеу, жабдықтау және басқа; сапасы қызмет көрсетулерді: экскурсовод, гид, аудармашыларды даярлайтың оқу орындары; жобалы-конструкторлық және басқа да кәсіпорындар.

Туристік нарық статистикалық талдау көрсеткендей, 1996 ж 2000 жылға дейін туризмнің барлық негізгі көрсеткіштері 3 есеге төмендегіні байқалды. (сурет 1). 1996 ж 2000 ж аралығында  елімізге келген туристерден шыққан туристер саны басым болды. Шығу туризмнін үлесі 45,8%, ішкі туризм 97,9  %, ал кіру 16,3 % құрады.

 

Туризм дамуының динамикасы

 

Барлығы

Кіру

Шығу

Ішкі

 

Сурет 1

 

Туристік мекемелер қызмет көрсеткен туристер саны 2000 ж небары 146915 одан болды, ол 1999 ж салыстырғанда 36 %  аз.

Кіру туризмі. Ел бойынша кіру туризм статистикасының талдауы былай көрсетеді, 1996 ж-дан 2000 ж-ға дейінгі ТМД-дан келетін туристер үлесі, жылына орташа есеппен 2,5 мың адамға азая түсті. Кіру туризмнің құрылымында осы қаралған кезеңде өте үлкен үлесті алыс шетелден келген туристер құрады. 2000 ж туристік ұйымдардың қызметің қолданған келуші-резиденттер емес болды, ТМД елдерінен келген туристер үлесі 14 %, алыс шетелден келгендер саны-86 % құрады. Жалпы, 2000 ж Қазақстан Республикасына шамамен 80 елден туристер келді.

Негізінен туристік ұйымдардың қызметің Ресейден, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Украина, Тәжікстаннан келген резидент емес туристер пайдаланады. Резидент емес туристердін көп ағымы алыс шет елдерден Германиядан, АҚШ, Ұлыбританиядан, Франция, Жапония, Италия, Қытай, Турциядан, Нидерландыдан келушілер болды. ТМД елдерінен келген туристердін орташа болу күні 4-5 күн, ал алыс шетелден 17 күн. Туристердін келу мақсаты бойынша келу ағымын талдау көрсеткендей, резидент емес туристердін 89,7 % Қазақстанға іскерлік және қәсіби мақсатпен келеді. Статистикалық мәліметтерге сүенсек өзінің болу уақытысында бір шетел туристі республикаға орташа 700 АҚШ долларын тастап отырады [38].

Шығу туризмі. Туристік жолдамамен сапарға шығатын резиденттер саны 1996 ж-дан 2000 ж аралығында әрдайым төмендеп отырады. Жылда шетелге шыққан Қазақстан туристерінің үлесі барлық шетелге шығатын резиденттер санының 5,4 % құрады, оның ішінде 12 % ТМД елдеріне барды, ал 88 %  алыс шетелдерге шықты.

2000 ж ҚР-ң туристері әлемнің 70 мемлекетіне барды. Туристер- резидентердің негізгі массасы Қырғызстан мен Ресейге барды. Алыс шетелдердің ішінен Қазақстан тұрғындарының арасында кеңінен қолданылатындары Турция, Германия, Қытай, Біріккен Араб эмираты, Тайланд, Иран.

Қазақстан туристерінің ТМД елдерінде болу ұзақтығы орташа- 6 күнді, ал алыс шетелде болу ұзақтығы орташа-7 күнді құрайды. Шығу мақсаты іскерлік және кәсіби мақсатпен (73,2 %), демалу мен бос уақытты өткізу(16,5%). Шығу туризмнің көп бөлгін шоп- туризм алады.

Ішкі туризм. 1996-1997жж ішкі туристік нарықта туристік фирмалармен орташа 12 мың адамға қызмет көрсетілді. 1998-1999жж бұл көрсеткіш 2 мың адамға дейін төмендеді. Туризмнің осы түрі бойынша негізгі көрсеткіштер 2000 ж 1999 ж-ғы көрсеткіштен 23 % төмен болды (сурет 2).

Қазақстанға шетел азаматтарының келуі және

Қазақстан азаматтарының шетелге шығуы

—         Шетелге шыққан ҚР резитенттерінің саны (тұрақты тұруға кеткен азаматтарды есепке алмағанда)

 

 

—   ҚР-ны келген   келермендердін резидент еместердің саны (тұрақты тұруға келген азаматтарды есепке алмағанда)

 

 

 

 

 

Сурет 2

_________

О туризме в РК в 2003 г. Статистический справочник.А,2004

 

 

Стратегиялық көз-қарас тұрғысынан қарағанда кіру туризмнің үлесіндегі екі бағыттағы туристер саны 10 % түседі, сонда 2005 ж жылына 7 мың адамға дейін жетеді. Ішкі туризм көлемі 2005 ж 56 мың адамнан 90 мың адамға дейін өседі. Республика ішіндегі туристер ағымының жылына 10500 адамға жеткізу жоспарлануда. (сурет  3).

Орташа 1 шетел туристі өзінің болуы кезінде бюджетке 700 АҚШ доллар әкелген жағдайда, онда 2005 ж кіру туризмінен бюджетке 42 млн АҚШ доллар кіріс келеді. Әлемдік тәжірибиеде 1 шетелдік

 

Ішкі және кіру туризм көлемінің арту

болжамы

КІРУ ТУРИЗМ

 

 

ІШКІ ТУРИЗМ

 

Сурет 3

_________

О туризме в РК в 2003 г. Статистический справочник.А,2004

 

Туристке қызмет көрсету 9 жұмыс орнын құруын ескерсек, онда 2005 ж кіру туризмнің есебінен жұмыс бастылық денгейін 540  мың жұмыс орнымен ұстауға әбден болады [38,45].

Туристік ұйымдардың іс- әрекетінен түсетін жалпы кіріс. Туристік қызметті көрсетуден түскен табыс туристік ұйымдармен (отандық және шетелдік) және мемлекетпен (салықтар және жинақтар) бөлінеді. Туристік іс- әрекетпен байланысты көп кірісті шығу туризмін құрайды- 77 %.

Кіру туризмі кіріс кіргізуде үлкен белсенділікке ие, себебі Қазақстанға келетін туристердің аз санына қарамастан (жалпы ағымының 16,3 %), ал туристік ұйымдар іс — әрекетінің кірісінің 13% құрайды. Ішкі туризм туристік ағынның жалпы көлемінің 38 % алады және кірістің тек 10 % құрайды. Туристік ұйымдардан жинақ пен салық түрінде мемлекеттік бюджетке жалпы кірістің 51 % түседі. Бүгінгі күні ҚР-сы өте көп кірісті шығу бағытында жұмыс істейтін туристік ұйымдардың іс-әрекетінен алып отыр (62 %), кіру туризмі кірістің 24 %, ал ішкі туризм 14 % береді.

Әлемдік туризмнің даму тәжірибиесі көрсеткендей, барлық мемлекеттер ең алдымен, мемлекет қазынасына қаржы түсуін қамтамасыз ететін кіру туризмнің дамуына қызығушылық туғызады, ал ішкі туризм мемлекет ішіндегі қатынасты жинақтайды және туризм инфрақұрылымының дамуын қамтамасыз етеді [45].

Туристік мекемелер. 1996 ж-дан 1999 ж аралығында туристік мекемелер саны жылына 40 турфирмаға өсті. 2000 ж 1999 жылмен салыстырғанда олардың саны 265-ке көбейеді (62 %).

2001 ж 1 қантарындағы статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстанда 690 туристік мекеме қызмет етеді, оның 639 (63 %), қызмет істеушілер саны 5-тен 50 адамға дейін болатын кіші кәсіпорындар болып келеді. Олармен жалпы туристік қызмет көлемінің 72 % жүзеге асырылады. Кіші туристік мекемелер мемлекетке туристік мекеме іс-әрекетінен алынатын кірістің 79 % көлемінде табыс кіргізеді.

Жұмысшылар саны 50-ден 250-адамға жететін орташа туристік фирмалар (43), олар барлық туристік мекемелердің 6 % құрайды. Олардың үлесіне туристік ағымының 28  % және кірістің 21 % келеді (2,1 млн АҚШ доллар). Қазақстанда ірі туристік мекемелер-8. Олардың іс-әрекеті барлық туристік ағымының 0,4 % құрайды.

Облыс шегіндегі туризмнің даму жағдайы. Туристік ағымының жалпы төмендеуге бейімделгіштігімен қатар распубликада және ел аймағында 1998-2000 жж туристік белсенділіктің қылдырауы да байқалды (қосымша А).

2000 ж туризмнің дәстүрлі орталығы болып саналмайтын Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан, Баты-Қазақстан, Манғыстау, Қарағанды облыстарында (1999 ж салыстырғанда) іскерлік белсенділіктің өсуі арқасында туристік қызметтің жоғарылауы Алматы байқалды.  Сонғы жылдары мұндағы шығу, кіру және ішкі туризмнің даму себебі бизнес болып саналады. Осымен қатар, туристік ағым көлемінінң дәстүрлі туристік аймақта: Онтүстік Қазақстанды, Алматы облысында, Алматы қаласында қысқарғаны байқалды. Кіру туризмнің көп аумағы Астана, Алматы қалаларының, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, , Атырау және Ақтөбе облыстарының арасында бөленген. Сондай-ақ іскерлік және кәсіби мақсатта бұл аймақтарға 100 адамның 89- ы келеді. Шығу туризмі Алматы, Астана қалаларында, Қарағанды, Павлодар, Алматы, Ақтөбе, Манғыстау, Жамбыл, Шығыс-Қазақстан облыстарында жақсы дамыған. Осы аймақтағы Қазақстан азаматтарының сапар мақсаты іскерлік және кәсіби қызығушылық (100- ден 73 адам), сондай-ақ бос уақыт пен демалыс (100-ден 16 адам). Ішкі туризм дамуы Астана, Алматы қалаларында, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Батыс-Қазақстан, Онтүстік-Қазақстан және Павлодар облыстарында байқалады [41].

Туризмнің инфрақұрылымы. Туристерді орналастыру объектлері ҚР-да туристерді орналастырудың 319 объектісі бар: олардың ішінде қонақ үй -159, санаторий-34, демалыс аймағы-29, демалыс үйлері-26, туристік базалар-17, сауықтыру лагері-13, қонақтау үйлері-12, санаторий-профилакторийлер-11, аңшылар үйі-10, профилакторий-8.

Көптеген қонақ үйлер (149) Астана, Алматы қалаларында, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан, Онтүстік-Қазақстан облыстарында орналасқан. Олардың 66 % кіші кәсіпкерлік субъектісіне, 29 пайызы орта кәсіпкерлік субъектісіне және тек 5 % (8 қонақ үй) ірі мекемеге жатады.

Қазақстанда әртүрлі дәржеден бір уақыттағы 32876 орын болатын 372 қонақ үйлер бар. Алматыда- сиымдылығы 4950 орынды 25 қонақ үй бар. Шетелдік қонақтар «Алатау», «Қазақстан», «Достық», «Есік», «Астана», «Анкара», «Hyatt», «Regency», «Almaty». Интурист және басқа да қонақ үйлердің қызметтерін қауана алады.Қонақ үйлердің барлық санынан 87 % жеке, 9 % — үй-жай меншігіне жатады және 4 % шетелдік қатысушылармен қосылып қалыптасқан. Қонақ үйлердін бір уакыттағы сиымдылығы 2000 ж 16389 орын болған, барлық номерлер саны- 9124. Түсетін салмақтың аздығы (2000 ж бар жоғы 20%) және ескірген материалды-техниқалық базаны сақтаушығынынын өсуі, көптеген қонақ үйлердін іс- әрекет кірісіндегі шығыннын өсуіне алып келді [41].

2000 ж қонақ үй кешенің пайданаланудан келген шығын жалпы республика бойынша 15,6 мың АҚШ доллар құрады. Мемлекетке негізгі кірістер Ақтөбе, Атырау, Манғыстау, Павлодар, Солтүстік- Қазақстан, Онтүстік- Қазақстан облыстарындағы қонақ үй кешендерінен түсіп отырды. Қалған аймақтарда қонақ үйлер шығынмен жұмыс жасады.Республикаға ең мол кірісті мейрамханасы бар қонақ үйлер кіргізеді, олар осы аталған объект түрінің кең таралған дәрежесін ұсынады [40,41].

Транспорт. Көптеген резидент емес туристер өзінің саяхатына әуе көлігін қолданады, оның үлесі туристерді тасымалдаудың жалпы көлемінде 84,8  % құрайды. Темір жол көлігімен туристердің 7,8% , халықаралық автобустармен –3,5%, басқа да құрлық көліктерімен- 3,8%, cу көлігімен – 0,01 тасымалданады.

Турист резиденттердің 70 % әуе көлігін қалайды. Қалааралық автобустарда туристердің 22%, темір жол көлігінде –7%, басқа да құрлық көліктерінде – 1 % саяхаттайды [41].

Туризм дамуының негізгі бағыттары: қазіргі уақытта Қазақстан территорияссындағы туристік кәсіпорындардың көпшілігі туристерді шетелге демалуға жіберуге бағытталған. Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайына сипаттамасы бере отырып, ең алдымен туристік-экскурсиялық қызмет көрсетумен айналысатын барлық туристік мекемелердің, туристік инфрақұрылымының жеке кәсіпорындары жоқ екенін айтып өту керек. Бай ресурс мүмкіншіліктерінің болуымен мұндай жағдайды әдеттегі деп санауға болмайды [18].

 

3.2 Туризм дамуының негізгі бағыттары

 

1993 ж ҚР-сы Бүкіләлемдік Туристік ұйымның толық мүшесі болды. ҚР-ғы туризм саласының мемлекеттік басқаруын жүзеге асырушы органы туризм және спорт Комитеті, білім, мәдениет және денсаулық министірліктері болып саналады. Басқару өкіметтің жергілікті атқару органына сәйкес құрылым арқылы, басқа елдердегі мемлекеттік туристік өкілдіктер арылы жүзеге асырылады.

          ҚР-да туризмді дамыту үшін нормативтік-құқықтық база құрылған. 1992 ж бастап “Туризм туралы” заң жұмыс істейді. Ол барлық туризм түрлерін қарастырады және республика территориясындағы туристік іс-әрекеттің құқықтық экономикалық және әлеуметтік ұйымдастыру негізін ақтайды. Оның ішінде туристік іс-әрекетті  лицензиялау туралы құжаттар бар.

1993 ж ҚР-ғы туризм индустриясын дамытудың  Ұлттық бағдарламасы, ал 1997 ж «Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын жаңғырту түркітілдес мемлекеттердің мәдени мұраларын сақтау және бір ізбен дамыту, 1997-2003 жж “Туризм инфрақұрылымын құру” туралы Мемлекеттік бағдарлама қабылданған, 1997 ж  2030 ж дейін туризмді дамыту стратегиясы өңделді.

Қазақстан барлық әрекет етуші туризм түрлерін ұсынады-танымдық, этникалық, экологиялық, сауықтыру, балалар,  спорттық, аңшылық, атпен шытырман оқиғалы.

ҚР-да 430 туристік ұйым, фирмалар, әртүрлі жеке түрдегі бюролар жұмыс жасайды. Ол жерде 6 мың адам, 1500 маманданған гид-экскурсоврд жұмыс істейді. Туристер үшін Қазақстан территориясынның барлығымен 700 туристік сапар ұсынылады.

Жыл сайын туризмнен түсетін кіріс өсуде. Егер 1995 ж көрсетілген туристік қызметі көлемі 2 млрд теңгені құраса, ал 1996ж 3 млрд теңгені құрады.

Туристік қызметті мемлекеттік реттеу. Қазіргі уақытта, саланы мемлекеттік реттеу мындай шараларды жүзеге асыруға бағытталуға тиіс:

1) Республикалық және аймақтық деңгейлерде туризмді дамыту саясаты мен жоспарлауды үйлестіру; 2) Туристік индустрия саласындағы қарым-қатынасты ретке келтіру мен жетілдіруге бағытталған заңнамалық және нормативтік құқық базаны қамтамасыз ету; 3) Сапалы туристік өнімнің ажырамас бөлігі ретінде туристерді қорғауды және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 4) Туризмге арналған кадрларды кәсіптік даярлау; 5) Тарифтерді, туристік ұйымдардың, тасымалдаушылардың қызметін лицензиялауды, туристік объектілердің сапасын және қызмет көрсетудің стандарттарын бақылау; 6) Визалық және кедендік рәсімдерді барынша оңайлату; 7) Мемлекеттің туристік көрнекті орындарын құру және қорғау т.б.

Туризм инфрақұрылымын дамыту. Республикада жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық өмірді реформалау туризмді және оның инфрақұрылымын толық қамтып қойған жоқ. Туризмнің материалдық базасының нашарлығынан Қазақстан жыл сайын миллиондаған долларды жоғалтуда, бұл туристік салаға күрделі қаржыны, сондай-ақ отандық және шетелдік инвесторлар қаражатын тартуды қажет етеді.

Ұлттық туристік өнім ерекшелігін ескеріп, тұрақты туристер ағынын қамтамасыз етуге қабілетті елдің туризм инфрақұрылымын дамыту үшін:

  • Туристік мұқтажды қанағаттандыру үшін жол-көлік инфрақұрылымын дамыту;
  • Сумен, электрмен жабдықтау, кәріздер және қатты қалдықтарды жою жүйесін, телекоммуникацияларды дамыту;
  • Туристік кешендерді, этнографиялық мұражайларды және демалыс аймақтарын құру; тарихи-мәдени және этнографиялық ескерткіштерді қалпына келтіру және мұражайға айналдыру т.б

Маркетинг стратегиясын әзірлеу. Ұлттық туристік өнім және оны дамытудың әлеуттіне сәйкес маркетинг стратегиясын әзірлеу қажеттілігі бар. Маркетинг стратегиясын іске асыру мақсатында мемлекет мынадай міндеттер белгілеп отыр:

  • Қазақстан туралы туристер жіберілетін негізгі елдерде жағымды пікір қалыптастыру;
  • төлем қабілеті жоғары деңгейдегі туристерді тарту.
  • Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай, Жапония және т.б. туристер ағынының дәстүрлі рыноктарына ұлттық туристік өнімнің енгізілуін күшейту;
  • Ел аумағында орналасқан көрнекті туристік орындар мен объектілердің бүкіл ауқымын әлемдік рынокқа жылжыту;
  • Ұлттық туристік өнімді жылжытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану;

Қазақстанның туристік бейнесін қалыптастыру.Жерлері Ұлы Жібек жолының учаскесінде сан алуан тарихи оқиғалардың ғасырлар бойғы куәгері ретінде Қытай мен Еуропаны жалғыстырып жатқандығына қарамастан, Қазақстан әлі де болса, туристік бағыт ретінде әлемге танымал бола қойған жоқ. Беделді көтерудің негізгі іс-шаралары Қазақстанның туристік фирмалары мен агенттіктерінің халықаралық туристік көрмелерге, жәрмеңкелер мен конференцияларға, оның ішінде ДТҰ тарапынан өткізілетіндеріне қатысуы, сондай-ақ Қазақстан Республиқасының аумағында осыған ұқас іс-шаралар ұйымдастыру болуға тиіс. Қазақстандағы Еуразияның қоғамдық және мәдени құбылыстар орталығына айналдыруға ықпал ететін конгрестік туризмді дамытудың маңызды бар.

Елдің туристік беделін қалыптастыруда республика аймақтарында және шет елдерде туристік ақпараттық орталықтарды ұйымдастыру да маңызды рөл атқарады. Елдің туристік әлеуетін жарнамалауда ұлттық авиатасымалдаушы мен басқа да көлік кәсіпорындары пәрменді көмек көрсете алады.

Шетелде Қазақстан туралы сапасы жоғары полиграфиялық және аудио-бейне жарнама материалдарын шығару және белсенді түрде тарату қажет.Туристік ағынды жөнелтуші елдердің туристік агенттіктері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап Қазақстан бойынша танысу саяхаттарын ұйымдастырудың тиімділігі мол болады.

Қолайлы туристік беделді құруға Қазақстанда халықаралық дәрежеде әртүрлі мәдени, спорттық және туристік іс-шаралар өткізу ықпал етеді.

Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қауіпсіздік туризмді дамытуға, ең алдымен келушілер ағынын көбейтуге немесе азайтуға әсер ететін басты фактор.Туристің қауіпсіздігі мемлекет саясатына, турфирмалар қабылдайтын шараларға, сондай-ақ туристің жеке басының іс-әрекетіне тікелей байланысты.

Мемлекеттік органдар, туристік ұйымдар мен халқаралық ұйымдар саяхатшылардың денсаулығы үшін қауіп тудыратын табиғи апаттан, әлеуметтік тәртіпсіздіктер, террорлық әрекеттер, көлік жұмысындағы елеулі іркілістер, індет және басқа факторлар сияқты туризмге ықтимал қауіптер ақпарат береді.

Кадрларды даярлау мен ғылыми қамтамасыз ету. Қазақстандағы тиімді туристік салаға сәйкес кадрлар әлеуетін қалыптастыру үшін:

  • Жаңа буындағы «Туризм» мамандағы бойынша кәсіптік білімінің мемлекеттік стандартын әзірлеу;
  • Мамандарды оқытуда олардың отандық туристік ресурстарды игеруіне, оларды пайдалану әдістеріне, жаңа ақпараттық технологияларды білуіне, тілдік дайындуға негізінен иек арту;
  • Жалпы білім беретін орындарында туристік сыныптар, секциялар мен үйірмелер құруға көмектесу;
  • Бұдан бұрын таратылған балалар мен жасөспірімдер туризмнің республикалық және аймақтық станцияларын қайта келтіру;

Ұлы Жібек жолының (1700км) қазақстандық учаскесіндегі туристік-рекреациялық қорланды қайта жаңғыртуға және түгендеуге, зерттеу жұмыстарына ерекше назар аудару қажет.

Ең алдымен, ҚР-ң рекреациялық ресурстарын түгендеу және олардың мониторингі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қажет. Экономиканың саласы ретінде туризмді ғылыми қамтамасыз ету үшін оны шешудің ықтимал шешімі ретінде туризмнің ғылыми-зерттеу институтын құру ұсынылады.

 

 

3.3 Туризм дамуының алғышарттары

 

Туризм облыс шаруашылығының жаңа саласы ретінде, туристік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету саласындағы ұйымдасқан экономиканы қайта құрудың жалпы ретін және оның материалдық базасының нығаюы мен дамуына біршама ақша қаражатын талап етеді. Қазіргі уақыттағы даму өсіп келе жатқан қажеттіліктен кейін қалуда және туристік қызмет көрсетудің келешегін қамтамасыз етпейді.

Туризмнің барлық түрлері мекемелеріндегі (ішкі, шетелдік, жас балалар) Бытыраңқылық және қонақ үй шаруашылықтың дара жоспарлануы, құрылысы басқаруы мен пайдалануы, туристік сұраныстың қосымша қызмет көрсету түрлерімен-  сауда, тамақтану, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, жол, құрылысы, көлік, байланыс шаруашылығы және т.б объектілермен сәйкессіздігі- қызмет көрсетудің кешендік жүйесін ұйымдастыруға мүмкіндік бермейді және төменгі тиымділігіне себепші болады, сондай-ақ көбінесе туристік объектілердің өзін-өзін ақтамауына әкеп соғады және туризм дамуын жалпы шектейді.

Туризм дамуының маңызды алғышартына қорғалатын табиғи объектілер мен аңшылық шаруашылықтар жатады. Бұл территориялардың барлығы жоспарлы туризм дамуының алдыңғы қатарлы қоры ретінде қарайды. Тек-қана жоспарлы туристерге қорықша территориясынан өтуге рұқсат беріледі. Атап өту керек, тек осы қатынаста ғана белгілі шаралар өтеді және қорықтағы орын ішінен белгілі белдеу бөлудің жобалары бар.

Туристер назарын тек жаяу ғана емес, сондай-ақ ат және велосипед бағыттары да өзіне аударады. Сол үшін көп күндік атты, велосипедті, тау-жаяу бағыттарын ұтымды талдау және енгізу қажет.

Республикада тарих және мәдениет ескертеіштері басқалай қолданылады. Жаңа нәрсе ұлттық парк салу мен этнографиялық мұражайды кеңітуімен қорытылады, әрине, бұл туристерді қызықтыра түседі. Бұның барлығы туристік-экскурсиялық объектілерді салудағы кешенжілікпен ұйғарылады.

Туризм индустриясының дамуының көлемі мен бағыты халықтың орналастыру, қозғалыс, тамақтандыру, көңіл көтеру құралдарындағы сұранысына негізделеді. Осыған байланысты туристік ағымының қалыптасу заңдылықтары белгілеу және туристік демалыстың әртүрлі түріндегі сұранысты болжау қажеттілігі туындайды. Бұл туризм индустриясына қаражат салу бойынша сұрақты шешуге және жеке түйіннің  даму қарқынындағы үйлессіздікті жою мүмкіндіктерін береді.

Туризм географиясының басқа сауықтыру мекемелерінің тармағымен үйлесімділігін ұтымды қамтамасыз ететін туристік мекемелердің дамуының басты жобасын анық дәлелдеу қажет. Бұл демалыс пен туризмде халықтың өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді [4].

Туристік мекемелердің орналастыру жүйесінің  орнықты міндеті республика территориясындағы туристік-рекреациялық ресурстардың, туризм мен демалыстың дамуына өте қолайлы рекреациялық аудандар  мен зонаны қолдану есебінен салыстырмалы талдау қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

Қазақстан территориясында қазіргі уақытта мамандармен 4 туристік-рекреациялық аудан бөлінген- Солтүстік-Қазақстан, Шығыс-Қазақстан және Оңтүстік-Шығыс, бұнда туристік маршруттың өте тиымды құрылған жүйесі және мәдени ескерткіштерді қорғаумен, тиымды қолданудың мекемелер жүйесінің туристік мекемелердің өте көп пайызы жинақталады [40].

Қалаға өте жақын ұлттық мәдени ескерткіштер (архитектуралық, археологиялық) жинақталған. Оңтүстік Қазақстан туризм дамуының ерекше ауданы болып табылады және сол үшін қонақ үй базасының ары қарай дамуы қажет. Бұл аудан сондай-ақ шетел туризмін тарту орталығы болып саналады.

Оңтүстік Қазақстанның таулы бөлігінде спорттық-сауықтыру туризмін дамыту қолданылады, тау шаңғы спортының  трассалары ұйымдастырылады. Ал, аса кең ресурстар жинағы жоқ аудандарда, туризм дамуы жергілікті ландшафты рекреациялық белдеу  базасында қаралады. Олардың базасында стационарлы-сауықтыру  туризмін ұйымдастыруға мүмкіншілік бар, ал республиканың өндірістік дамыған орталықтары танымдық туризмнің объекттілері болып табылады.

Халықтың жалпы демалысқа сұранысы әртүрлі мекеме түрлерімен қанағаттандырылады, олардың негізгісі демалыс үйлері мен пансионаттар, жаздық қалашықтар және демалыс базаларының деңгейлері өзгерді- олар демалыс үйлері секілді жұмыс жасайды.

Жазғы қалашықтар және демалыс базалары халықтың көпшілігінде жоғары даму деңгейімен және танымдылықпен қолданылады. Бас кезінде қысқа уақыттық демалысқа арналған мекеме  болып салынған. Олар қазіргі уақытта демалыс кезінде кеңінен қолданылады, сондай-ақ, олардың көпшілігі жыл бойғы қолдануға арналып жабдықталған.

Қала маңының демалыс белдеуіндегі түнеуге арналған демалыс мекемелерімен қатар,жабдықталған жағажайды, су станциясын, тамақтандыру мекемесін, серуенге жабдықталған орынды қамтитын бір күндік демалыс зонасын құру қажет. Аталған зоналар ұйымдаспаған туристер мен демалушылардың ағынын белгілі дәрежеде қадағалауға және қала маныңдағы табиғи-рекреациялық өте қолайлы ландшафттың шегінде олардың орналасуының  апаттылығын жібермеуге мүмкіндік жасайды. Қазақстан жағдайында соңғысы, әрине, аз экологиялық тұрақтылықты қамтиды.

Су ресурстарының жетіспеуінен рекреациялық мақсатқа бағытталған су қоймаларын құру туралы айту өте қиын, алайда, техникалық және суландырушылық  мақсатта су қоймасын салғанда оның рекреациялық қолдануын да еске алған жөн.

Республикада туризм мен демалыстың дамуында ерекше орында санаторлы-курорттық қызмет көрсету қажет. Қазіргі  курорттардың инженерлік қамтамасыз етуін толық жетілдіру байқалады.Соңғы жылдары сауықтыруда үлкен орынды санаторий-профилакторий алып отыр. Республикада өндірістік ортылыққа бағындырылған санаторий-профилакторийдің жүйесін ары қарай дамыту ұсынылады. Адамдардың демалыс уақытындағы  сауықтырудың күрделі тәжірибиесінде еңбекшілерді өндірістен бөлмей қызмет көрсетумен қатар, олар қызметкерлер мен жұмысшылардың көп мөлшеріне қызмет көрсете алады және белгілі деңгейде санаторлы-курорттық қызмет көрсетуге сұраныс пайызын азайтады. Алайда, жергілікті санаторийлердің өте көп насихаты қажет, себебі, қазіргі уақытта бұл мекемелердің рентабелділігі аса жоғары емес.

Траспорт туризмі қарқынды дамуы қажет. Автотуризм мекемелерін құру байқалады, онын ішінде кемпингтер салыну қажет. Олар негізгі, жалпығы мәлім автожолдарда орналасуы керек. Ереже бойынша бұл мекемелер транзитті болуы мүмкін. Автобус саяхаты да кенейеді.

Темір жол саяхатын ұйымдастыру үшін жағдай едәуір денгейде электрификациялы магистралдардын екі жолдық қозғалыска ауысуын қамтамасыз ету керек. Олар Ресейдін Европа бөлігіне, Орта Азияға, Сібірге негізгі шығу жолын береді.

Аэропорттардың қауіпсіз қызметін қазіргі құрал-жабдықтармен ұшып-қону алаңының нығаюында, сондай-ақ самолеттердің ең алдыңғы қатардағы түрлерімен игерудің негізінде тұрғындардың авиасаяхаттау көлемі өсуде.

Республикада туризмнің басқа түрлері де даму үстінде (қосымша Б). Одан әрі өсуге үлкен мүмкіндікті өзіндік туризм алып отыр, әсіресе демалыс күнгі жорыққа қатысты.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Жоғарыда айтылғанды қорытындығай отырып, бұл жұмысындағы автор ҚР-ғы рекреация даму жағдайына сипаттама беру қадамын жасады.

Қазақстанның жер бедері оның бүкіл территориясындағы рекреациялық іс-әрекетінің дамуына себеп болады. Территорияның кейбір бөлігі рекреация үшін жайлы емес табиғи ресурстарымен ерекшеленеді. Мойынқұм, Бетпақ-Дала, Қазақстанның кейбір батыс және орталық аймақтар секілді шөл жазықтарын бұған жатқызуға болады.

ДТҰ-ның ұсынымдарын ескере отырып, жүргізілген талдау мен қазіргі тәжирибенің негізінде қазақстандық турөнімнің екі базалық құрамдас бөлігін баса көрсетуге болады: Жібек жолы бойындағы мәдени туризм (зиярат ету және дәстүрлі) және онымен тығыс байланысты экооқиғалы туризм (сафари, рафтинг, орнитологиялық, трэккинг, аңшылық, балықшылық). Бұл ретте экооқиғалы туризм үшін Жібек жолы бағытымен өтетін ресурстары бар аймақтарды: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарын атап өткен орынды.

Болашақта Қазақстан дүние жүзінде туризмнің перспективті аудандарының бірі болуы мүмкін, бірақ-та, отан туристерде де, шетел туристерде де өзінің әйгілілігін, белгілілігін табу үшін бұнда кең дамыған қызмет көрсету жүйесінің құрылуы қажет болады.

Қазақстанның рекреациялық ресурстар мәселесін шешу мен туризм индустриясын құру үшін арнайы жаратылыстық тарихи, экономикалық және техникалық мінездемесі бар жұмыстарды жүзеге асырылуы қажет. Алайда, бұл жұмысты бастамастан бұрын, территорияның рекреациялық потенциалдың алдын ала жалпы географиялық бағалау жүзеге асырылуы керек, бұл жұмысы территорияның перспективтілігінің дәрежесін анықтауға және зерттелудің одан аса детальдардың негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

Туризмде жақсы дамыған елдерінің тәжірибиесі туризм мемлекеттік тірегінен тура тәуелді екенін көрсетеді. Бұндай мемлекеттерде құрастырған ішкі туризмді мақсатталайтын бағдарламалар салық салуында жеңілдікті ескертеді және шекаралық-кедендік режимді жеңілдетуін, инвестициялар үшін қолайлы жағдайларды жасауды, ұлттық кәсіпорындар үшін  несиелерді және кредиттерді беруді, кадрларды даярлау, жарнама және инфрақұрылымның дамуына бағытталған бюджеттік қаржы бөлуін үлкейтуді ескертеді. Тек қана кешенді іс-әрекет дүние жүзілік туристік нарыққа кенет қадам жасауды және біздің мемлекетімізге туристерді тартуға мүмкіндік береді.

Әр адам өз үшін күн сайын табиғаттың жаңалығын ашып, таң қалдыруға тоқтамайды. Бірақ, олардың саны азаюда. Мысалы, Балқаш маңының тропиктік джунглийлер жоқ, өсімдік пен жануардың көптеген түрлері жойылды. Табиғаттың кейбір бөліктердің адамның іс әрікеті немесе табиғат әсерінен жойылу қаупі бар, табиғатың өзі глобалдық экологиялық үрдістердін әсерінен өзгереді. Жалпы Қазақстан табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштерге өте бай болып келеді, рекреациясы таң қалдырады. Сондықтан, бұл әдемілікті сақтап қалуымыз қажет.

 

                               

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

 

  1. Мироненко Н.С, Твердохлебов И.Т. Рекреационная география. М.: МГУ,1981
  2. Пирожник И.И. Основы географии туризма и экскурсионного обслуживания. Минск, 1985
  3. Ердавлетов С.Р. Казахстан туристский. Алматы: “Кайнар”,1989
  4. Веденин Ю.А. Социально-экономические и географические аспекты исследования территориальных рекреационных систем. М., 1980
  5. Дубнов А.П. Вопросы методологии изучения спроса в туризме. Проблемы развития индустрии туризма. Новосибирск, 1970
  6. Лаптев И.П. Научные основы охраны природы. Томск, 1970
  7. Динев Л. География туризма. София, 1973
  8. Энциклопедия туриста. Под ред. Е.И Тамм. М., 1993
  9. Курорты. Энциклопедический словарь // гл. ред. Е.И Чазов- М.: Советская Энциклопедия, 1983
  10. Актуальные вопросы теории и практики туризма. Алматы, 1999
  11. Веденин Ю.А, Мирошниченко Н. Н. Оценка природных условий для организации отдыха.// Изв. АН СССР. Сер.геогр. 1969. №4
  12. Мухина Л.И. Принципы и методы технологической оценки природных комплексов. М, 1973
  13. Котляров Е.А. География отдыха и туризма. М: “Мысль”, 1978
  14. Мухина Л.И, Савельева В.В. Особенности рекреационной оценки среднегорной территории (на примере Архыза) // Изв.АН СССР. Сер.геогр. 1973. №1
  15. www.greentour.ru
  16. Карта “Природно-заповедный фонд Казахстана. Масштаб 1: 3 500 000.- ТОО “Экопроект”, Алматы, 1998
  17. Статистический сборник. Транспорт республики Казахстан. Агенство РК по статистики. Алматы, 2001
  18. Дроздов Н.Н, Макеев А.К. Жемчужины природы- заповедники. М: “Просвещение”, 1985
  19. Берггрин А.П. К поющему бархану. Алматы, Казгосиздат, 1986
  20. Мариковский П.И. Заповеди поющего бархана. Алматы: Гылым, 1996
  21. Чигаркин А.В. Памятники природы Казахстана. Алма-Ата, 1980
  22. Путеводитель по памятным и достопримечательным местам Алматинской области. Областное управление народного образования Алматинской области. Станция юных туристов. Иссык, 1992
  23. Ковалев Ю.П, Маркович М.М. По горным окрестностям Алма-Аты.Алма-Ата: Казгосиздат, 1972
  24. Дублицкий Н.Н, Степанова В.И. Путешествие по Казахстану. М., 1976
  25. O развитии туризма как доходной отрасли экономики РК. Официальные материалы.- Алматы: ИК “Раритет”, 2001
  26. Двенадцать месяцев путешествий. “Казахстан”. Алма-Ата, 1977
  27. Ефременко Е.В. Туризм в БССР. Изд. БХУ. Минск, 1981
  28. Данилова Н.А. Климат и отдых в нашей стране. М, 1980
  29. Чигаркин А.В. Охрана природы Казахстана. Учебное пособие для студентов университета.- Алма-Ата,1973
  30. Достопримечательные места Казахстана. Алма-Ата, “Знание”,1986
  31. Хамнюк В.Ф. Природные лечебные богатства Казахстана и перспективы их использования. Т.2
  32. Казахская Советская Социалистическая республика. Энциклопедический справочник. Алма-Ата, 1981
  33. Равнины и горы Средней Азии и Казахстана. М.: “Наука”, 1975
  34. Свод памятников истории и культуры Казахстана. Южный Казахстан. Алматы, 1994
  35. Энциклопедия- “Алма-Ата”.- Алматы: Гл. ред. Казахская Советская Энциклопедия, 1983
  36. Ярмухамедов М.Ш. Экономическая и социальная география Казахстана. Учебник для 9 кл. Алматы, “Рауан”, 1993
  37. Олдак П.Г. Индустрия туризма- одно из ведущих направлений развития современной экономики. // Проблемы развития индустрии туризма. Новосибирск, 1970
  38. Горбунов В. Путеводитель по Казахстану. Алма-Ата, 1965
  39. Развитие туризма, доход от туристских организаций и гостиничных хозяйств в РК. Агенство РК по статистики. Сер.6
  40. Услуги в Республике Казахстан в г. 2000 Статистический сборник. Алматы, 2001
  41. Атлас Казахской ССР. М., 1982. Т.1
  42. Миханов Б.Н. Географическое изучение рекреационных ресурсов СССР и пути их использования. М, 1973
  43. О туризме в РК в 2000 г. Статистический справочник. Агенство по статистике. Алматы, 2001
  44. Аубакиров Ж.А. Алматинская область. Алма-Ата, 1959
  45. Степанова В. И. По Заилийскому Алатау. Алма-Ата, 1981

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША А

 

Облыс шегіндегі  және Алматы мен Астана қалаласындағы туризмнің даму жағдайы

 

 

Қызмет көрсетілген  туристтер мен экскурсанттар (адам)

2003ж.

2004ж.

2005ж.

2006ж., %

Қазақстан Республикасы

241064

228320

146915

100,00%

Ақмола

322

4375

252

0,21%

Ақтөбе

2894

1877

2373

1,94%

Алматы

19685

13039

3721

3,05%

Атырау

1046

582

343

0,28%

Шығыс-Қазақстан

9898

7950

8961

7,34%

Жамбыл

968

2078

2002

1,64%

Батыс-Қазақстан

3439

2142

3377

2,77%

Қарағанды

10837

6910

12070

9,89%

Қостанай

1187

3972

503

0,41%

Қызылорда

599

138

388

0,32%

Манғыстау

2406

1133

2412

1,98%

Павлодар

4998

4578

4132

3.39%

Солтүстік-Қазақстан

7164

2310

120

0,10%

Оңтүстік-Қазақстан

8406

5198

1567

1,28%

 Астана қаласы

48534

39619

34307

28,12%

 Алматы қаласы

118681

102419

70387

57,69%

 

 

ҚОСЫМША Б

 

 

Туристерді сапар мақсаттарына қарай бөлу

 

  1. Жұмыстан бос уақыт, рекреация және демалыс
  2. Коммерциялық (шоптурлар)
  3. Таныстар мен туысқандарға бару
  4. Іскерлік және кәсібі мақсаттар
  5. Емделу
  6. Дін-қажылық
  7. Аңшылық, балық аулау
  8. Спорттық
  9. Өзге мақсаттар

 

  ҚОСЫМША В

Облыстар бойынша туристік қызмет көрсеткештері

Қызмет көрсетілген туристер

 

 

  1. Алматы қ.
  2. Астана қ.
  3. Алматы обл.
  4. ШығысҚазақстан обл.
  5. Ақмола обл.
  6. Манғыстау обл.
  7. Қарағанды обл.
  8. Жамбыл обл.
  9. Павлодар обл.
  10. ОңтүстікҚазақстан обл.
  11. Солтүстік Қазақстан обл.
  12. Ақтөбе обл.
  13. Атырау обл.
  14. Қостанай обл.
  15. Қызылорда обл.
  16. БатысҚазақстан обл.