АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның салдары

Мазмұны

 

Кіріспе—————————————————————————————

 

I-тарау. Ресейге қосылар алдындағы Қазақстан.

1.1.  Қазақстанның  саяси –экономикалық, әлеуметтік және сыртқы жағдайы—————————————————————————————————

1.2. Қазақ әдет-ғұрып заңдарының негізгі тармақтары және оның институттары——————————————————————————

II- тарау. Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның салдары.

2.1. Ресейдің Қазақстанды отарлап алуы және оның

салдары————————————————————————————-

2.2. Құқықтық және саяси -әкімшілік реформалар———————————

2.3. Озбырлыққа қарсы ұлт-азаттық көтерілістер ———————————

 

Қорытынды ——————————————————————————

Қолданылған құжаттар тізімі——————————————————-

 

Кіріспе

 

Тақырыптың көкейкестілігі. Тәуелсіз  мемлекетіміздің  нығайып,  жан -жақты дамуы , адамдардың әлеуметтік тұрмысының жақсаруы,  ұлтаралық татулықтың орнауы, рухани мәдениетінің өркен жаюы қашан да имандылық пен ата-бабаларымыз ұрпақтарына қалдырған қағида-ережелеріне байланысты болмағы даусыз. Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойына моральдық нормаларға бағынып , арақатынастарын  солар арқылы реттеп отырған. Оны еліміздің өткен ата-бабалар өмір салтынан көруге болады.

    Кешегі патшгалық саясат пен тоталитарлық  басқару әдісі халықты шенеуніктер не айтса, соған көнуге  үйретіп  , мәңгүрттендіре отырып, ата-бабаларымыздыің өткен өмірін сұрғылт, қаптаған сор  , әділдіктен мақұрым ретінде санамызға ұялатып , өзіміз шошитын құбыжық етіп көрсеткісі келді. Сөйтіп , бірнеше ғасырлар бойына созылған бұл дәстүр ұрпағымыздың азуына , ұлттық сананың өспеуіне әсер етті. Нәтижеде «бөлшекте де , билей бер» деген қағида ұран күшіне еніп, оны жүзеге асыру шаралары қарастырылды. Қазақ халқының рулардан тұратының сәтті пайдалана білген басқыншылар  бір руды екіншісіне айдап салды, араға сөз жүгіртіп , ел арасын арандатты.Қазақ қоғамына әр түрлі дау-дамайларды қасақана қопсытып, өзара қырқыстыру нәтижесінде атамекенінен бірте-бірте айырды. Мұндай жымысқы саясаттан кеңес өкіметі де адал бола алмады, қайта тапқа, топқа, жерге бөлу өршітіле түсті. Сол ауыру әбден меңдегені сонша, одан әлі күнге айырыла алмай келеміз.

       Ата-бабаларымыз қалыптастырып еншімізге қалдырған заңдар әрқашанда имандылықпен, әділдікпен қабысып, оны озық адамзат қоғамы өз жан-дүниесімен шығарған болатын.Сол себепті де ол деуірде имандылық пен заң бәрінен де жоғары қойылып, оған ханнан бастап қараға дейін бас иген, талаптарын мүлтіксіз сақтаған. Қазір мұндай байланыс мүлдем үзілген. Оны патшалық Ресейден бастап, кешегі тоталитарлық басқару жүйесі быт-шыт қылған. Қираған ұлттық сипаттарымызды зерттеп, зерделеп, тәуелсіз мемлекетіміздің басты идеологиясына айналдыру іспетті маңызды мәселе тарих ғылымы мен құқықтық тарихымызда негізгі мәселе болуы тиіс. Құр сүлбесі қалған ата-бабаларымыздың құқықтық мәдениетін қаз-қалпына келтіру аса қиындық келтірмейді. Өйткені ол рухани мұралар, қанымызға, дінімізге әбден сіңген. Оны жоқ ететін күш әсте болмайды.

         Мәселенің өңделуі.Сөз жоқ, бұрыннан келе жатқан екі жүзді моральмен өмір сүру мүмкін емес. Ел боламыз десек, қазақ халқының көсегесін көтереміз десек,Конституциямыздағы құқықтық, демократиялық мемлекет орнықтырамыз, адам және адамзат өмірі, құқықтары мен бостандықтары – оның ең қымбат қазынасы деп жазған ережелерді жүзеге асыру жағына көңіл қойғанымыз абзал. Рас, ата-бабаларымыздың рухани мәдениеінің басты саласы болып табылатын әдет-ғұрып заң нормалары әр дәуірде өзіне лайықты қырынан сөз етілген-ді. Қазақ әдет-ғұрып құқығын зерттеуге Қазақстанның Ресейдің қол астына енуі кезеңінде патшалық саясат мәжбүр болып, еріксіз қолға алынған-ды. Ондағы басты мақсат:қазақ әдет-ғұрып заң нормаларын жинап, оларды патша заңдарымен салыстыра қарап зерттеуге, өзіне ыңғайлыларын өкімет саясатына және шығаратын жарлықтарына қарсы келмейтіндей етіп қолдану, ал сәйкес келмегендеріншектеп, тосқауылдар қою, тіпті жойып жіберу еді. Бұл арада айта кетер бір мәселе сол, қандай пиғылмен болса да, сол кездегі жиналған әдет-ғұрып жайлы деректер нормативті өмір шындығының жазба жәдігерліктері болуында. Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі тұстарда қазақ әдет-ғұрпы қоғам ішінде әлі өз орнын жоғалта қоймағанына қарамастан, оларды тез арада тұншықтырып, тамырына балта шабу жақтары қарастырылды. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрмен қатар рухани мәдениетіміздің басқа салаларына да шабуыл жасалды. Сақталған жазба мәдениеттеріміз өртенді, жасырып жерге көміліп, шіріді. Оны ұстанушылар қудаланды.

         Бұл жайлы шындықтың беті ашылып, ғайбаттың көбесі сөгіліп, соңғы кезде, әсіресе еліміз тәуелсіздігін жариялағалы бері әділдіктің беті бері қарай бастады. «Өткенін білмейтін халықтың — өзіне сенім болмайды»,[2]-деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1998 ж. 18 наурызында Алматыдағы зиялылармен кездесуінде сөйлеген сөзінде ашығын айтты. Қазақ тарихының шындығын айтушылар көшбасында белгілі тарихшыларымыз:М.Қозыбаев, Ү.Нысанбаев, Ж.Қасымбаев, Б.Көмеков, А. Қадырбаев, Ғ.Есімов, Д.Кішібеков, Қ.Нұрпейсов, Т.Омарбеков, М.Қойгелдиов т.б. ғалымдарымыз елеулі еңбек сіңіруде.

        Дипломдық жұмыстың мақсаты. Патшалық Ресей империясының қол астына қазақ халқының еріксіз кіруінің  себептері мен салдарын, маңызын, қазіргі қоғамда алатын орнын сипаттау.

        Зерттеудің міндеттері:

Қазақстан Республикасының тарихи аренадағы жаңа орнын баянды етудің негізгі жолдарын анықтау;

−Өткен тарихымызға шынайы баға беру;

−Ғылыми құндылықтарды республика халқының мақсат-мүддесіне, игілігіне қызмет ету екендігін баяндау.

       Зерттеу нысанасы − көрнекті тарихшы ғалымдардың творчестволық мұрасы болып табылады.

       Жұмыс деректемелері ретінде болғандар:

      −өкіметтің басшылық және бағдарламалық құжаттары;

      − жетекші тарихшылар, зерттеушілер, этнографтардың тарих ғылымына арналған материалдары;

      −Мерзімді басылымдар, еңбектер, құжаттар жинағы, Қазақстан тарихы, мәдени құрылыс, халыққа білім берудің анықтама материалдары;

       −Қазақстан Республикасының энциклопедиялық басылымдарының мәліметтері;

      −А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап кітапханасының, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының анықтама-библиографиялық әдебиеттері мен картотекалары қолданылды.

       Зерттеу әдістері. Зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес өзара байланысты ғылыми әдістердің жиынтығы қолданылды.Оған тарихи,  салыстырмалы, статистикалық талдау әдістемесі қамтылды.

       Жұмыстың практикалық маңыздылығы. Оның барлық негізгі нәтижелерін тарихшы мамандарға, мұғалімдер мен оқытушылардың жұмыс тәжірибесіне, студенттерге оқу сабағына дайындалуға, ғылыми курс жұмыстарын жазуға көмек ретінде қолдануға болады. Бұл материалдар «Қазақстан тарихы», «Тарихи деректану» т.б. пәндерде оқу құралы ретінде қолдануға болады.

       Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, 2 тарау, қорытынды, қолданылған құжаттар тізімінен тұрады.

      Кіріспеде тақырыптың көкейкестілігі негізделген, зерттеудің мақсаттары мен міндеттері анықталған, оның теориялық және тәжірибелік маңызы көрсетілген. Өткен тарихтың жалпы сипаттамасы, тарихнама талдауы жарияланған материалдарға шолу берілген.

      Негізгі бөлімде патшалық Ресей қоластына еріксіз кірген қазақ халқының қиын тағдыры сөз болуымен қатар озбыр күш ықпалының ежелден қалыптасқан елдің мемлекеттік басқару жүйесін өзгеріске ұшыратып, тұрмыс-тіршілігінің қалыпты жағдайын, азаматтық, қылмыстық құқықтарын бұзғандығы деректі материалдар негізінде әңгіме болады.

     Сондай-ақ, қазақ халқының өткен тарихы, әдет-ғұрыптары, хандарының  жүргізген саясаты мен билерінің төтенше съезі Ережелері сияқты көптеген маңызды мәселелер де қамтылған.

      Қорытындыда атқарылған жұмыстың нәтижесі келтіріліп, негізгі тұжырымдамалар жасалған.

      Қолданылған құжаттар тізімінде диплом бітіру жұмысына пайдаланылған басылымдар жүйелі түрде көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              1-Тарау. Ресейге қосылар алдындағы Қазақстан.

 

       1.1. Қазақстанның саяси- экономикалық, әлеуметтік және

                                  сыртқы жағдайы.

 

      17 ғасырдың аяғы 18 ғасырдың басына қарай Қазхақстанның саяси жағдайы онша мәз емес енді. Уақ хандықтарға бөлінген қазақ феодалдары өзара алауыздық пен кикілжіңге белшесінен батып, ал сұлтандар болса, осы алауыздықты өз бас пайдаларына жаратып, қазақтардың ұлы ханы болуға тырысып жатты. Шыңғыс тұқымдарының «Тақ таласы» талай жазықсыз жандардың қызыл ханы текке төгіліп, қазақ елінің күйзеліске ұшырауына жақындата түсті. 1640 жылы «Дала құрылтайында» әскери тәртібін нығайтатын заңдар қабылдаған соң іргелі елге айналған Қалмақ мемлекеті пайда болуы нәтижесінде бұл қауіп күшейе түсті. 1640 жылы « Дала ережелерін» қабылдаған жоңғарлықтар «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып», қазақтарға аса қауіпті, күшті мемлекетке айналды. Мемлекет басында Хұн-Тайша отырды. Нояндар мен зайсандары ұлыс-аймақтарды басқарды. Ел ішінде темірдей тәртіп орнады. Тумысынан көшіп-қонып мал баққан жоңғарлықтар мал жайылымдарына зәру болды. Олжерлер қазақтардың сахарасы еді.

      Жоңғарлардың бастапқы Қазақстанға басып кіруі, 1643 жылға тура келеді. Батур Хұн-Тайша басқарған жоңғарлықтар Жетісуға баса көктеп кірді. Қиын жағдайда қалған Жәңгір хан аз ғана жасағымен Бұхарадан Жалаңтөс батыр көмегі жеткенше қалмақтарды тау шатқалында ұстап, ерлік көрсеткенін біз тарихтан жақсы білеміз [2]. Алайда Батур өз мемлекеті аумағына Жетісудың шығыс бөлігін, Ертіс пен Балқаш көлі жағаларын қосып алып, кеңейте түсті.

      Қалдан-Церен тұсында да жоңғарлықтар шабуылы өрши түсті. Ол 1678 жылы Шығыс Түркістанды өзіне қосып алды. Ендігі жерде Жоңғария мемлекеті Ресеймен, Қытаймен, Орта Азиямен сауда-саттық, алыс-берісін күшейтті. Әсіресе, байлығы мол Шығыс Түркістан шикізатын Ресейге қару-жараққа алмастырып ала бастады. Сол замандағы өте ірі қару − пушка қалмақтарда болғанын П.Рычков жазған-ды [3].

       Осындай қиын кезде таққа отырған Тәуке ханның алдында Қазақ халқының тәуелсіздігін сақтап қалу саясаты басты мәселе болды. 1681 жылы Қалдан-Церен Шудан өтіп Сайрамға тарпа бас салды. Бірақ, қазақтардың ерен ержүректілігі арқасында Сайрам аман қалды. 1684 жылы қалмақтар қайта оралып, Сайрам атырабын қиратып кетті.

       Цеван-Рабтан (1697-1727) тұсында қазақтарға үстін-үстін жоңғарлықтар (1711-1712, 1714, 1717, 1723, 1725) шабуыл жасады. Әрине, жоңғарлықтарға қару беріп, құтыртып отырған Ресей еді. Оның мақсаты тым әріде, қазақтарды әлсіретіп, өзіне бодан етіп қосып алу ниетінде еді.

        Осындай қиын-қыстау заманда ру-ру, ұлыс-жүз болып бөлініп, алауыздықпен өзара дау-жанжал, қақтығыстар мен бірін-бірі барымталаған қазақтардың басын қосып, ішкі дау-жанжалдарды сәл де болса тежеп, уақ хандарды бір орталыққа біріктірген, елдің ынтымақтастығын күшейткен Тәуке хан еді. Сондықтан да халық сол дәуірді «бозторғай қой үстіне жұмыртқалаған» кезең еді деп текке айтпаған.

       Осы дәуірде қабылданған ірі реформалардың бірі − «Жеті Жарғы» деп аталатын қазақ әдет-ғұрып заңдарының жинағы. Бұл жинақтың қазақ қоғамы өмірінде алған орны мен маңызы өте зор болғаны мәлім.

       Қазақтардың ежелден-ақ күн көрісінің негізі мал шаруашылығы болды. Былайша айтқанда, мал қазақтарға ішсе – тамақ, кисе – киім, мінсе – көлік қызметін атқарады. Бұл дәуірде сыртқы саяси жағдайдың күрт қиындауы жоңғарлықтардың қазақтың көп жерлерін басып алуы себебінен қоныстың тарылуынан болғанынан деп санау қажет. «Жеті Жарғының» үлкен бір бөлігін ел қонысы, жер дауын шешу деп тұжырымдауға болады. Онда қазақ қоғамындағы әрбір рудың көшіп- қонатын жайылымдық жері мен қыстауларын анықтап, белгілеп беру реттері айтылған.

       Тәуке хан кезінен «БИЛЕР КЕҢЕСІ» тұрақты кеңесу органына айналды. Кеңес мүшелігіне атақты билер, батырлар енді. Бұлар заң шығару функциясына ие болды. Бұл кеңесу органы шешімінсіз хан бірде-бір шешім шығара алмады. Хан қазақ қоғамындағы көкейкесті мәселелерді шешу үшін билер кеңесін шақыруға құқықты еді. 1693 жылы орыс елшілері келуіне орай шақырылған билер кеңесі немесе тұрақты күз айларында өткізілетін «халық мәжілісі» т.б. Осы кеңестерде шешілген бағдарламамен хан жұмыс істеді. Көбіне «билер кеңесі» мамыр айында, ал «халық мәжілісі» қазан, қараша айларында, яғни жайлауға не қыстауға көшіп-қонғаннан соң өткен. Оған мүмкіндігінше үш жүзден өкілдер түгел қатысқан [19]. Мұндай жиындар хан сарайында немесе Түркістандағы Х.А.Яссауи мешіті қасындағы «би төбеде» өткен (20).

      Тәуке хан сырқы жағдайдың қиындығын ескеріп, батырлар қосынын шекараға таяу көшіп-қондырған [21].

      Тәуке көрші мемлекеттермен тату-тәтті тұруға ұмтылды. Ол Бұхар хандығымен қарым-қатынас жасап, сауда-саттықты ұлғайтты [22]. 1686-1693 жылдар аралығында Тәуке хан Ресейге бірнеше дүркін елшілер жіберіп, тату көрші болғысы келетінін білдірді. Бірақ, Ресей патшалығы қазақтарды қалмақтар арқылы әлсіретіп, содан соң қолға түсіргісі келіп, Қазақстан арқылы Орта Азия, Үндістан, Қытайға шығу саясатын ұстанды. Жоңғарлықтар қазақтардың бітпес ата жауына айналды. Өз тәуелсіздігін сақтау шаралары қазақ хандығы алдында маңызды мәселе болды.

       Тәуке хан ру басшылары мен билерге өз елінің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жауға баратын жауынгерлердің ер-тұрманы мен көлігін, қару-жарағын қамтамасыз етуді міндеттеді. Мойнына қару асынған қазақ ел қорғаушысы ретінде танылып, сол себепті де құрметтелді.

        «Билер кеңесі» Тәуке хан жүргізген реформаларды жүзеге асыруда үлкен үлес қосты, өзінің мемлекеттік функцияларын тұрақты түрде атқара отырып, сыртқы жауға тойтарыс беруге жұмылдыра алды. Қоғамдық саяси аренада халық арасынан шыққан ерен батырлар, ерен жанқиярлықпен ерлік танытты. Тәуке хан ел басын біріктіре отырып, ортадағы алауыздықтарды жоя білді. Үш жүз билерінің басын қосып, елді бірлікке, бәтуалыққа шақырды. Жерді пайдалану барысында туындаған дауларды әділдікпен шешуге тырысты.

       Рас, Тәуке хан бір орталыққа бағынған күшті мемлекет құра алмады. Ол тек осы бағытта батыл әрекет қана жасады. Қазақ мемлекетінің саяси бірлігін шамалы ғана қалпына келтіруге және қазақ сұлтандарының ханды қолдауына сыртқы қауіп қолайлы жағдай туғызса да бұл әрекет іске аспады, деп бағалайды [24], Тәуке хан құрған мемлекетті. Әлбетте, бұл пікір артық айтылған. Кезінде осы кезеңге әділ баға берген Е.Бекмахановтың Тәуке хан « ру араздығына қарсы аянбай күресті және жеке сұлтандар мен билердің дербестігін шектеді… Сот билігін толық өз қолына шоғырландырды… Осындай шаралармен орталықтанған мемлекетке қарсы билер мен сұлтандардың мүддесіне ауыр соққы берді,»[25]- дегеніне құлақ асқан жөн.

       Ресей патшалығы Қазақстанға қызығуы 18 ғасырдың басынан ерекше күшейе түсті. Қазақтардың тәуелсіздігін сақтауға ерен күш жұмсаған әз-Тәуке өлгеннен соң (1718),қазақ қоғамы тағы да « тақ таласы » үшін алауыздыққа ұшырады. Сүттің қаймағындай кілегейленген бірлікке жік түсіп, елдің берекесі қаша бастады. Тәуке ханнан соң хан болған Қайып Ресейдің саясатын жете ұғынып, үлкен жаудың алдын алу үшін 1718 жылы Тайкөмір Құлтубаев бастаған елшілігін жіберіп, онда олар: «Сообщили лишь об одном желании хана находиться в союзнических отношениях с Российским государством, сохраняя вечний мир, но нисколько не намекая на какие-либо отношения подданства» [28],- деген Қайып хан хатын тапсырды.

        Сол жылы Әбілхайыр да Шабы және Бахадурмен бірге Ресейге елшілікке барып, І Петрге «о готовности служить Российскому государю » не только на конях но и «пеший рад»[29], — деген хатын тапсырды.

        Жоңғарлықтардың шабуылын тек Ресей империясының көмегі арқылы тойтара алуға болатынына көзі жеткен Әбілхайыр орыстармен достасу шараларын қарастыра бастады. Алайда құтырған қалмақтар 1723 жылы қазақтарды « ақтабан-шұбырындыға» ұшыратып, қалың елді тоз-тоз етті. Қалған елді қырғызып алмау және қазақтардың тәуелсіздігін жоғалтпау жолында Кіші жүзден Тайлақ, Орта жүзден Бөгенбай бастаған қазақ қолдарын Әбілхайыр бастап, ата-дұшпанымен алысты. Соның нәтижесінде 1726 жылы Бұланты өзені бойында (Сарысу), 1729 жылы Балхаштың оңтүстік бетінде қалмақтардың жойқын қолына соққы беріп, тегеурінді шабуылын  тоқтатты [30]. Көп ұзамай 1730 жылы қыркүйекте Әбілхайыр Анна Иоанновнаға Қазақстанды Ресейге қосып алу жөнінде өтініш жазып, елші жіберді.Оған жауап ретінде 5 қазан 1730 жылы Ресейдің Тевкелев А.И. бастаған елшілері келді [5]. Бұлардың мақсаты атақты ру басшыларын парамен сатып алу, сөйтіп Әбілхайыр ханмен бірге орыс бодандығын ант ішкізіп қабылдау болатын.

       19 ақпан 1731 жылы орыс падишасы қазақтардың орыс мемлекеті қоластына енгені хақында жарлық жариялады.

         5 қаңтар 1732 жылы Әбілхайыр бас болып Самеке, Барқ, Нұралы, Бөгенбай және 27 ру басшылары ант ішіп, Ресей қоластына енгендігін айғақтады.

         Тарихшы З.У. Тоғанның айтуынша, 1730 жылы Тәукенің ұлы Болат хан қайтыс болған соң, қазақтың үш жүзі Әулиеатада құрылтай шақырылып: «бұл құрылтайға үш жүздің ұлы ханы Болаттың баласы Әбілмәмбет және Болат хан тікелей билігін жүргізген Ұлы жүздің сұлтандары, Шығай ханның ұрпағы және өз заманының қаһарманы Барақ сұлтан билігін жүргізген Орта жүздің сұлтандары, Әбілхайыр басқарған Кіші жүздің суұлтандары қатынасады… Осы құрылтайда Әбілхайыр Әбілмәмбеттен үш жүздің ұлы хандығын алмақ болып жолсыз талап қояды. Сонымен үш жүздің берекесі бұзылады» [15], — деп, Әбілхайырдың үш жүз бірлігіне жік салғанын ескертеді. Өйткені, Әбілхайыр үш жүз арасына жік сала отырып, үш жүзге ұлы хан, оған қоса Хорезм мен Қарақалпақ ханы болып билікті қолға алуды арман еткен. Шындығын айтсақ, бұл кезде Әбілхайыр хан Кіші жүздің өзінде           

түгел билемеген, оның бір бөлігін Қайып ханның баласы Батыр сұлтан, енді бір бөлігін Әбілхайырдың ұлы Нұралы сұлтан, қалған бір бөлігін Әбілхайырдың өзі билейтін еді. Құрылтай Болат хан орнына Әбілмәмбетті хан етіп сайлап, қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласына көшеді. Осындай сәтте Әбілхайырдың тек Ресей қоластына кіріп, қолдағы билігінен айырылып қалмау саясатын ұстанғаны шындық. Әбілхайырдың әлсіздігін орыс патша үкіметі де білді. Әбілхайыр ендігі жерде , казак-орыс, башқұрт, қалмақтардан тепкі көріп отырған қазақтар әлсіз екендігін орыс билеушілеріне жеткізіп, оның өзіне хиуалықтар мен қалмақтарды, алаларды бағындыруына көмек көрсетуге , сонмен қоса қазақ хандығы орыс патшасы қол астының мәңгілікке өтуге уәде беретінін айтады [29]. Мұндай бас июшілікті орыс билеушілері қуана қарсы алды. А.И.Левшиннін айтуынша , қазақтардың бағынуы Ресей империясы үшін  барлық жақтан пайдалы болды: 1) Бұл империя бір тамшы қан ағызбай  бірнеше жүз мың халықты қосып алады; 2) Қазақтардың бағынуы Шығыс оңтүстік өлкелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; 3) Қазақтар арқылы қорқынышты жоңғарлар күшін әлсір етуге болады; 4) Қазақтарды пайдалана отырып, бүліншілік шығара беретін башқұрттарды басуға болады; 5) Қазақтарды пайдалана отырып хиуа, ала, қарақалпақтарды бой ұсындыруға болады; 6) Қытай мен Үндістан секілді ірі мемлекеттермен қарым-қатынас жасауға жол ашатын, әрі сонда кірудің кілтін қолға алады.  Міне , осындай стратегиялық маныздылығын ескере отырып,   Әбілхайырдың өтінішін тез қабыл алады. 1731 жылы 19 ақпанда Ресей патшасы Анна Иоанновна Кіші жүзді Ресей қарамағына алу туралы қол қойды.

         Әбілхайырдың халыққа сездірмей , сыртан келісіп жүргені анықталды. Бұл жайлы Қазақ ССР тарихына: «Өте- мөте қатты ашындырған нәрсе- Әбілхайырдың олармен ақылдаспастан Петербурға сөз салуы болды» [28], — дейді. Өз саясатына бедері зор Бөгенбай батырды тарта білген Әбілхайыр патша көңілінен шығады.   24 ақпан 1736 жылығы жауап грамотасында ханша бұл ойын жасырмаған. Әбілхайыр патшаға онан әрі жағына түсу үшін  башқұрттарға дүрсе қоя берді.

         1740 жылы Әбілхайыр Хиуаны басып алып, аз уақыт хандықты қолына алды. Алайда , Иран Шахы Надирдың әскерінен именіп , сол жылы Хиуаны тастап шықты [19].Ресей өкіметі Әбілхайырдың әлсіздігіне көзі жетіп , екі ара суи бастады. Бұл кезде жоңғарлықтар қайта тыңайып, 30 мың қолмен қазақтарға қауіп төндіре бастаған кез еді. Ресей қазақ ханы Әбілмәмбетті қорғап, оны нөкерлерімен бекіністеріне енгізді [12]. Сөйтіп беделі әлсіреп, ойы жүзеге аспаған Әбілхайыр 1747 жылы қаңтарда Ресей қарамағындағы қалмақтарға аттанды. Бірақ, жорығы сәтсіз аяқталды. Қалмақтарға Ресей қару-жарақ беріп, әрі казак-орыстарын да жәрдемге жіберген болатын.  1748 жылы Әбілхайырды орта жүздің сұлтаны Барақ өлтірді.

         Дегенмен, Әбілхайыр бастап берген Ресейге қосылу, сөйтіп « жан сақтау» дәстүрі жалғаса берді. Ендігі жерде Ресей Орта жүзді қоршай бекіністер салып, ұлан- ғасыр қазақ жерін бодан ету саясатына тікелей көшті. Әбілхайыр болса, қазақ халқының басына түскен ауыр тауқыметтен тек Ресей империясы арашалап қала алады деп әрі бүкіл Қазақ пен Қарақалпақ, Хиуаға хан боламын деп дәмеленген еді. Кәнігі айлакер Ресей өкіметі Әбілхайырды алдап соқты. Оған жан-тәнімен қолдап-қуаттап, ешқандай да жәрдем бермеді. Алданып қалғанын Әбілхайыр тек өлер алдында ғана сезген еді.

                    

                   1.2. Қазақ әдет-ғұрып заңдарының негізгі тармақтары

                                       және оның институттары.

 

         Қазақ әдет-ғұрып заңдары бірден көктен түсе қалған жоқ. Ол өз бастауын сонау ежелгі замандарда өмір сүрген ата-бабаларымыз сақ-массагет,гундерден алады. Кейін әдет-ғұрып заң нормалары батыс-түрік қағанаты дәуірінде жетіле түсіп, ал дешті-қыпшақ, Қарахан тұстарында заң түрінде қалыптаса бастады. Бұл дәуір ислам дінінің Қазақстан территориясына таралып, ене бастаған кез еді. Құйындай шарпып өткен моңғол шапқыншылығы, Шыңғыс ханның «Жаса» заңы да, кейіннен қазақ хандары: Қасым, Есім, Тәуке жасаған құқықтық реформалар да әдет-ғұрпымыздың бұл қалыптасу құбылысына түбірлі әсер етіп, оны өзгерте алмады. Ққалыптасу процесі бір қалыпты, баяу, өз ағымымен жүріп отырды. Ислам діні шариғат қағидалары мен түркі тектес ата-бабаларымыз қағида-ережелері бір-біріне араласып, өзара бірін-бірі толықтыра отырып, өзіндік сипатқа ие жаңа әдет-ғұрып қағидаларын қалыптастырды. Мұндай бір-біріне әсер ету, бір-біріне кірігу әдет-ғұрып  қағидаларының көп тармақтарында байқалды, оның иституттары заманға сәйкес сомдала түсті. Сөйтіп, оның кез-келген тарауларынан біз патриархаттық- феодалдық өсіп-өркендеудің ерекшеліктері мен сипаттарын көре аламыз. Әдет-ғұрып заң нормалары қоғамның негізгі бағыттаушы ролін атқаратындықтан, оның тұрмыс-тіршілік барысы, халықтың ойлау дәрежесі айқын сезіледі. Сайып келгенде, әдет-ғұрып, салт-дәстүр сол қоғамның айнасы болып табылып, өзінің мазмұнымен де, болмысымен де қоғамнық- саяси тіршілігімен де тығыз қабысып жатады. Сондықтан да әдет-ғұрып заң нормалары , өзінің мазмұнымен де, құрылысымен де, иституттарымен де сол қоғаммен біте  қайнасып, сол ортаға қызмет етеді. Сол себепті де Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және саяси тарихын көзден таса ете отырып, зерттеуге мүлдем болмайды. Томаға-тұйық болса да дами отырып, қазақ әдет-ғұрпы көшпелі және жартылай көшпелі қазақ қоғамындағы негізі берік, жан-жақты сомдалған құқықтық сипатқа ие болды. Қоғам ішіндегі тәртіпсіздіктерден бастап, саяси өміріндегі барлық құбылыстар осы әдет-ғұрып заң нормаларымен реттеледі. Бұл 20 ғасырға дейін қолданылып келді қазір де кей тұстары өз күшін жойған жоқ. Қайта еліміз тәуелсіздігін жариялап, жеке ел болып отырған тұста, оның тармақтары көктемде қылтиып шыққан жауқазындай бой көтере бастады. Түбінде Қазақстан мемлекеті аман болса, , өзінің ата-бабалары қалыптастырып, ұрпақтарына тастап кеткен қағида-ережелері өздеріне қалтқысыз қызмет етеді деп сенеміз.

         Әдет-ғұрып заңдары қашан да болмасын, қоғамның өзі жаратып, өзі қалыптастырғандықтан ерекше күшке ие болады, сөзсіз орындалуға жатады. Адамдардың мінез-құлқына, дініне, санасына сіңісіп, күнделікті міндетіне айналады. Мұндай заңдарды сыртқы күш оңайлықпен өшіре де, құрыта алмайды. Қайта, саяси билеуші өз органдары арқылы бұл қағида-ережелерді қуаттап, күш беріп отыруға дейін алып келеді. Өйткені бұл әдет-ғұрып заңдарын қоғам мүшелері өздері ұнатып қабылдаған, ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тек тиімді жақтарымен ғана көрінген.

         Әдет-ғұрып заңдары қоғамда араласпайтын жері жоқ, Ол қоғамның барлық тармақтарына кірігіп, сол шеңберде әрекет етеді. Кез келген тармағындағы құқықтық тәртіпсіздік жауапкершілікке апарып жазаға (айып, тоғыз, құн т.б.) не болмаса кешірім сұралатын рухани бишаралықпен өндіріледі. Әдет-ғұрып заңының бір ерекшелігі – түрме қапассыз-ақ тәртіпсіздікке тұсау қоя алуы, өн бойында демократиялық сипаттарының мол болуы дер едік. Сот процесі міндетті түрде жариялы түрде, жиналған көпшілік пікірімен санаса отырып, екі жақтың айғақтарына мән беру, істі ақылға салып, әділ шешу, мәмілеге келу т.б. арқылы жүргізіледі. Кез келген жасалған қылмыс аяқсыз қалдырылмайды. Қаралатын істе көпшілікке тәрбиелік бағыт беретіндей жағы қарастырылады. Әсіресе, нақақ кісі өлтіру, ұрлық, тонаушылық, бүлік шығарушылық, әйел зорлаушылық, зинақорлық, біреудің әйелін алып кетушілік міндетті түрде көпшілік алдында жауапқа тартылады.

         Қазақтарда «Қылмыс-күнә», ал оны жасаушы қылмыскерлер «күнәһарлар» болып табылады. Қылмыскер жауапқа тартылуы үшін кәмелетке толған, ақыл-есі бүтін, істеген ісіне жауап бере алатын болуы шарт. Ал, екіқабат әйелдер, жындылар, кәмелетке жетпегендер, құл мен күңдер (оларды күнәсі үшін қожасы қожасы жауап береді) жауапқа тартылмаған. Міне, сөйтіп, ислам дінімен біте қайнасып, астарласып кеткен қазақтардың қылмыстық құқықтары, оның шариғат заңдары қағидаларымен өте ұқсас. «Күнәһар» деген сөз, тәртіп бұзушылық, біреуге обал жасаушылық. Оның жазасы бұл пәни дүниеде де, ол дүниеде де болатындығы. Қылмыс жасаушылар бұл дүниеде сот алдында, ол дүниеде Алла алдында жауап беруге міндетті.

         Сондықтан да әдет-ғұрып заңдарының негізгі талаптарының бірі жасаған қылмыстық әрекетіне сай жаза тарту, яғни талион принципін (қанға-қан, жанға-жан), өлтірілсе — өлтірілген, мүгедек етілсе – мүгедек етілген.

         Қазақ әдет-ғұрпының («Жеті Жарғының да») негізгі тармағына біреудің отбасын бұзу, зинақорлық жатады. Бұларды жасаушылар міндетті түрде өлтірілген. Өйткені, қайсы бір қоғамды алмайық, ол отбасынан жанұдан құралады. Отбасы бейбіт өмір кешсе, қоғамға жақсы, қабырғасы нық зәулім үй секілді болғаны, ал отбасы бұзылып, іріп-шіріп жатса онда зәулім үй қирады десе де болады Сондықтан да барлық заманда отбасының беріктігіне ерекше көңіл бөлініп отырған. Әрдайым отбасының қожасы – отағасы, яғни сол үйдің иесі ер адам болып табылады. Әке құқығы өте кең. Барлық мал-мүлік пен шаруашылықты басқару қолында болған. Отбасы – ері мен әйелінен, бала-шағасынан тұрады. Әсіресе, отбасысының кілті әйел адамның қолында. Әйелге, үй-іші тазалығынан, тамақ даярлап пісіруден бастап, бала тәрбиесі, қонақ күту, үй шаруашылығы, малды сауу және жайғау, оның өнімдерінен заттар даярлау, киіз басу, өрмек тоқу, т.б. осы секілді өмірі бітпейтін барлық шаруа мойнына жүктелген. Сол үшін қазақтар қыз балаға ерекше мән беріп, жақсы тәрбиелеп өсіруге тырысқан. «Жеті Жарғыда» ері әйелінің зинә жасап жатқанының үстінен түссе, онда әйелін де, оның ойнасын да өлтіруге құқықты, ол үшін құн төлемейді [2] — деп жазылған. Сонымен қатар, өлім жазасына әйелді зорлап зинә жасағандар, сол секілді шариғат некелесуге тыйым салған қағидаларды бұзып, өзінің қарындас, қыздарына т.б. жақындасқандар кесіледі, — дейді. Әлемдегі барлық қазақтар ішіндегі тек қазақтар 7 атаға дейін қыз алыспайды. 

         Шариғатта да зінәқорлығы үшін жас-кәрі, азат не құл, мұсылман не кәпір, ер мен әйел, еркек пен еркек екеніне қарамай, тек кәмелетке жетсе болғаны өлтіріледі.

         Қазақтарда да, шариғатта да әйелді зорлағандардың өлім жазасына кесілуі, әйелдердің жеке мүддесін, абырой-намысын қорғағандық қана емес, әйел адам барған отбасының, қала берді бүкіл руының намысын қорғағандық деп білуіміз керек. Өйкені әйелді зорлау біреудің отбасын бұзғандық болып саналады. Сондықтан да «Жеті Жарғы» бойынша зинақорлар өлтірілген [25]. Әрине бұл жазалар біреудің некелі әйелін зорлағанда жүзеге асырылған. Ал басы бос айттырылмаған әйел мен қыздарды алып қашушы адымды жазалауда басқаша түр алады. Бұл жағдайларда кінәлі адам өлім жазасына кесілмейді, егер тұрмыс құрғысы келмесе, онда қызды ата-анасына қайтарып, үстіне қалың мал төлеп өлімнен құтыла алады. Осы жоғарыда айтылғандар бұзылып, орындалмай жатса, онда «жесір дауы » туындайды. «Жесір дауы» институты өте салмақты, бұл даудың кесірінен барып кісі өлімі, барымта т.б. даулар туындап жатады.

         Қазақ әдет-ғұрып заңдарында ұрлық-қарлық, тонау мен қарақшылық та үлкен тарауды қамтиды. Өйткені, мал-мүлік әркімнің меншігі саналып, оған қол сұғушылар әр қоғамда да қатаң жазаланып отырғаны тарихи деректерден белгілі.

         Әсіресе, кісі тонаушылық пен қарақшылық жасаушылар өлім жазасына жазаланған. Шыңғыс ханның «Жаса» заңында да « кімде-кім жылқы ұрласа, онда иесіне 9 жылқы етіп қайтаруы тиіс. Мұндай айып төлей алмаса балаларын алу керек. Ал балалары жоқ болса, өзін малша бауыздау қажет» [28], — делінген. Ал, 1640 жылғы Монғол-Ойрат Ережесінде: бір түйе ұрлағанға — 15 тоғыз, айғырға – 10 тоғыз, биеге – 8 тоғыз , сиыр, қой, құнан атқа – 6 тоғыздан айып төлеткен. [9]

         Қазақстанда да ірі қара малды ұрлаушылар 4 адам куә болып, айғақтап берсе өлімге кесілген.[8] Кімде-кім ұрлық үстінде адам өлтірсе, онда екі қылмысы үшін жазаға тартылған.[30]

       Қазақ әдет-ғұрып нормаларында мүліктік құқық ерекше орын алады. . Өйткені, қазақ қоғамындағы қозғалмалы мүліктің бәрі де жекеменшіктілікке жатады. Патриархаттық- феодалдық , қазақ қоғамында мал жекеменшіктіліктің негізгісі саналады. Кез-келген екі қазақ кездескенде «мал-жаның аман ба?»- деп, бірінші кезекте малды айтуы тегін емес. Мал мен мүліктен кейінгі  жекеменшік құқығының объектісіне құл мен күңдер де жатады. Бұл институтты 1822 жылғы «Сібір қырғыздары жайлы Ережеде» Ресей патшалығы шектегені белгілі. Қазақ мемлекетінің және құқығының тарихын зерттеушілердің бәрі дерлік қазақ әйелдерін өзінің құқықтық жағынан жекеменшіктілік объектісіне жатқызып келгені құпия емес. Оған олар: «аға өлсе жеңге мұрас», «қазақ байыса қатын алады», «ерден кетсе де, әйел елден кетпейді», т.т. мақал-мәтелдерге сүйене отырып, қалың малға сатылатынын тілге тиек ететін.Әрине бұл пікір түбірімен қате. Қазақ әйелдері қажет десек, мұсылман елдеріндегі әйелдерге қарағанда артықшылықтарға, ерлермен тең құқыққа ие болғаны даусыз. Құранда: ер мен әйел тең құқықты, олар істеген істеріне бірдей жауап бере,ді, Мұхаммед ғалейһис салам әркім алдымен анасын және анасын құрметтеуді талап етуі қазақ әйелдері құқықтарында жарқын көрінеді. Қазақ қоғамында мүліктік құқық қатты қорғалған.

       Шариғат заңы бойынша да ұрыларға қатаң жаза қолданылып, қолын кескен. Мұндай ауыр жаза ұрлықтың алдын алады. Оны біз бұрынғы кезде қазақтар ұрлықтың не екенін білмегенімен, барлық дүние-мүлкі ашық тұратынынан да, қазіргі мұсылман елдеріндег ұрлық мүлдем кездеспейтінен аңғара аламыз.

       Ата-баба жолынан таю ежелден-ақ аяусыз жазаланған. Тәуке ханның да «Жеті Жарғысында» діннен безу және христиан дініне өткендерді жазалау жайлы айтылады. Діннен безушілерді «тас боран» етіп өлтірген, ал христиан дінін қабылдағандардың барлық мал-мүлкі таланып, өздері қоғамнан қуылған.[17] Діннен безушілікті 7 куә айғақтауы тиіс. Қазақстан Ресей қоластына қарағаннан соңғы кездерде патшалық саясат христиан дініне өткендерге әртүрлі жеңілдіктер бергені белгілі. Осыған орай, ондай саясатқа қарама- қарсы әдеттік заңдарда христиан дініне өткендерге жаза қатая түседі. ЕНді барлық мал-мүлкінен айырылуымен бір қатарда өлім жазасына да кесілетін болды.[11] Шариғатта да діннен безушілік бұл фәниде де, Алла алдында да ең ауыр қылмыс, сол себепті өлім жазасына кесілген. Ол жазадан құн төлеп құтыла алмаған. Рас, «Құранда» дінге күштеу жоқ деп оны қабылдау, қабылдамауды әр адамның өз еркіне қалдырған. Сондықтан да діннен безушілерді «тобаға келуге» шақырған, « ата-баба жолынан ауытқымауды» талап теткен. Оған көнбегендерді мойнына құрым байлап, бетіне күйе жағып, ел-елді аралатып масқаралаған. [11] Бұл жаза тек дінге бас имеушілерге ғана. Ал, христиан дініне өткендерге рахымсыз қарағаны хақ. Оның есесіне патшалық Ресей ондайларды өз панасына алып, қолқанаты болды. Бұл, әсіресе, 1854 жылы 14 мамырдағы билер сотын реформалауда көрінді. Ашығын айтсақ, мұндай қылмыстар қазақ қоғамында некен-саяқ еді.

       Сонымен, қазақ әдет-ғұрып заңдарының қайнар көздеріне:

       1.Ежелден қалыптасқан Түркі тектес тайпалардан енші алмаған дәуірлердегі әдет-ғұрып қағида ережелерін;

       2.Мұсылмандық шариғат заңдарын;

       3.Ақсақалдар Ережесі,жөн-жосық, билер кеңесі шығарған заңдарды;

  1. «Қасым ханның қасқа жолы» заңдарын;
  2. «Есім ханның ескі жолы» заңдарын;
  3. «Тәуке ханның Жеті Жарғысын» – жатқызамыз.

                                Қасым ханның қасқа жолы

Қазақ хандығы ежелден қалыптасқан дағдыға байланысты өз ерекшелігі бар, тарихи әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлардан туындаған өз қағида ережелерін өз дәуіріне сай лайықтап, жаңа қағидалар қосып,екшеп отырған. Осындай дәстүрді Қасым хан да жалғастырды. Ол хандық құрған (1511-1523) тұста халық бұқарасы мен билер тобына сүйеніп, бұрынғы заңдарға өзгерістер енгізіп, дамытып, билер кеңесінде ақылдаса отырып «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталған төмендегі заңдарды қабылдаған:

1.Мүлік заңы (бұл тарауда мал-мүлік, жер-су дауларын шешу ережелері айқындалған)

2.Қылмыс заңы.

3.Әскери заң.

4.Елшілік жоралары.

5.Жұртшылық заңы.

 

                                    «Есім ханның ескі жолы»

       Арада бір ғасыр өткенде Есім хан (1598-1645) Қасым шығарған заңдарға толықтырулар мен өзгерістер енгізіп, артында «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңдар қалдырған. Өкінішке орай, екі заң жобалары бізге келіп жетпеген. Әлі күнге ғылымда жасырын, құпия болып қалып отыр.

       Бізге түгел болмаса да келіп жеткен Тәуке ханның «Жеті Жарғысына» тоқталып азырақ түсінік берейік.Тәуке (1678-1718) хандық құрған кезден қазақ тарихында бір тынышсыз , қилы заман болып суреттеледі. Жан-жақтан жау анталаған қиын кезеңде Тәуке үш жүздің баласын (бір жеңнен қол, бір жаңадан бас) шығартып, бір орталыққа бағындыра білді. Бұл Тәукенің парасаттылығының куәсі. Сол себепті де оны халық әз-Тәуке атаған.

       «Жеті Жарғы» мазмұны жағынан 3 құрамнан тұрған. Біріншіден, қазақтың ежелгі әдет-ғұрып құқығы – «Қасым ханның қасқа жолына» негізделген, екіншіден, одан соңғы өзгерістер, соның ішінде «Есім ханның ескі жолы» деп аталатын нормаларды қамтыған, үшіншіден, Тәуке ханның дәуіріне, жүргізген саясатына сәйкестендіріп әдет-ғұрып нормаларына өзгерістер және жаңалықтар енгізілген.

          Ресей қоластына енген қазақтардың әдет- ғұрып заңдары үш кезеңнен өтіп, сұрыпталды деуге болады. 1-кезең – Ресей қоластына ене бастаған кезден, қазақ хандығы жойылғанға дейін, 2-сі – 1867-1868 жылдардағы реформаларға дейінгі, ал соңғы 3-ші кезең 1917 жылғы патша өкіметі құлағанға дейінгі дәуірді қамтиды.

         Әлбетте, 1-ші кезеңде әлі дербес тәуелсіздігінен айырыла қоймаған қазақ қоғамындағы әдет- ғұрып толық құрсауға алына алмады. Мемлекеттік басқару жүйесінде хандық-сұлтандық басқару жүйесі қолданылды, Осы кезеңдерде Ресей қазақ әдет- ғұрып заңдарына онша тиісе қоймай, тек жинау, үйрену үстінде болды. Оны тыңшылары шенеуніктері арқылы ғана жинады. Бұл тұста Ресей қазақ әдет- ғұрпындағы « аманат» институтын өте сәтті пайдаланып, ант берген хан-сұлтан балалары мен туыстарын  міндеттеп, аманат есебінде ұстады. Патша өкіметі өз қарым-қатынасын шекаралық байланыс арқылы дамытып, сауда-саттыққа көп көңіл бөлді. Осындай аралас-құралас шекаралық аумақтарда сот билігін өз қолына алды, бақылауларын орнатты. Орыс көпестерінің мүддесін қорғап, қайшылықтарды орыс заңдарымен қарады. 1738 жылы құрылған соттық комиссия осы мақсатта құрылған болатын.

         2-ші кезеңде хандық билікті жойып, территориялық бөлінудің жаңа жүйесін енгізді. Жерлерді өз бақылауына алып, өздері билеуге көшті. Осының нәтижесінде қазақ жері орыс империясы қарамағына өтіп, қазақ ьхалқы біржолата тәуелсіздігінен бүтіндей айрылды. Енді патша шенеуніктері патша саясатын пәрменді жүргізуге көшті. Осы тұста олар қазақ әдет-ғұрып заңдарының мықтылығына көздері жетіп, енді оны асықпай бөлшектеп, ыдыратуға күш салды. Сол үшін әдет-ғұрып заңдары үрдісі жиналып, зерттеле бастады [8]. Бұл жинақтардағы нормалар Ресей тарапынан сұрыпталып, бекітіліп отырды. Осылайша жинақтап, сұрыптап отыру мәселелерімен айналысу 1823 жылы Омбыда құрылған Уақытша комитетке (Батыс Сібір генерал-губернаторы жарлығымен) тапсырылды. Олардың жұмыс нәтижесі 1876 жылы жарық көрген Самоквасовтың кітабында берілді [9]. Алайда патшалық өкімет бұл жинақты бекіте қоймады. Оның да себеп-салдары бар еді. Ең негізгісі бұл әдеттік заңдар орыс заңдарыының өрісін тарылтып, іске асуын тежеді.

         Ал 3-ші кезеңде Ресей империясы 1867-1868 жылдардағы жасаған реформалар нәтижесінде қазақтардың ұлттық мемлекетін жойып, өз колониясына түпкілікті айналдырған еді. Бұл кезеңде қазақ әдет-ғұрып заң нормалары бөлшектелініп, аудан-ауданға лайықтанып кіші Ережелерден тұрды. Олардың өзара үйлеспеушіліктері мен қарама-қайшы, өзара кереғар талаптары көбейе түсті. Бұл патшалық өкіметке өте қолайлы болып, бақылауын күшейте түсуге мүмкіндік берді. Билер соты деген атау өзгертіліп, халық соты аталды. Билер сайланып қойылатын болды. Сайланып қойылу өз кезегінде парақорлықты, істі әділ шешпеуді өрістетті. Осыны сәтті пайдаланған Ресей өкіметі енді өз заңдерын толық енгізе басттады. Дегенмен, қанға, дініне әбден сіңгендіктен қазақ халқы өз дәстүр-салтынан, психологиясынан, әдет-ғұрып заңдарынан қол үзбеді, қоғам ішінде оны қолдану дағдыларын доғара қоймады.                    

                                                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         ІІ. Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның салдары.

 

         2.1. Ресейдің Қазақстанды отарлап алуы және оның салдары.

 

         Ресейдің Қазақстанға,қазақ жеріне қызығуы әсіресе, патшалық өкіметтің башқұрттар мен татарларды күшпен қосып алғаннан кейінкүшейе түсті. Енді ұлан-ғайыр қазақ жері а

рқылы Қытай, Үндістан, Орта Азияға шығуға болатынын білгенімен, бірақ алдымен Балтық, Қара теңіз жағы мәселесін шешіп алуды бірінші кезекке қойған еді. Жалпы Ресей империясының Қазақстанды отарлап, бодан етуін мынадай кезеңдерге бөлеміз:

  1. 16 ғасырдан бастап әрқилы босқындар, қашқын казактардан құрылған отрядтардың еркін де, қалай болса солай отарлауы өріс алды.
  2. 17 ғасырдан бастап сауда-өнеркәсіп капиталының ыңғайымен әскери-әкімшілік отарлау жүзеге асырылды.
  3. 19 ғасырдың аяғынан 20 ғасырдың басына дейін көшіп-қону бағытында отарлау.
  4. 17 ғасырдан 20 ғасырға дейін созылған әлеуметтік- идеологиялық отарлау.

         Бұл кезеңдерде басқару жүйесін реформалау, жергілікті халықты рухани жағынан отарлау, әскери-жазалау шараларымен қатар жүргізіліп отырды. Сол себепті де біз бұрыннан қалыптасқан тұжырымдарға, яғни Қазақстанның Ресейге қосылуы прогрессивті рөл ойнады деген пікірге мүлдем қосыла алмаймыз. Өйткені, біріншіден, қазақтардың өз еркімен қосылмауына орыс армиясының Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу процесін айғақ етеміз, екіншіден, Ресей Қазақстанды жаулап ала отырып, шұрайлы жерлерін тартып алды, ежелден қалыптасқан көшпелі өркениеттің тамырына балта шапты, тұрмыс-тіршілік характерін өзгертті, Оларды шоқындырмақ саясатын ұстанды. Әрине, бұл айтылған жайттар тарихшыларымыз тарапынан әлі де зерттеле, зерделене түсері хақ. Біз Ресей халқымен тығыз араласып, тағдырлас болдық.Жақсысын да, жаманын да көрдік. Бұл біздің санамызды оятуға кепілдік берді. Әңгіме адам тағдырын ойыншық еткен империялық саясат туралы ғана болғандықтан, қазақ халқының мәдени-рунани ғұмырнамасына көп зиян әкелгенін айта отырып, оның тарихи себептерін нақты көрсету болып отыр. Империялық өкімет түптеп келгенде қазақтардың ұлттық мәдениетін, әдет-ғұрып сал- дәстүрін түбірімен жоюға ұмтылысы көп нәрсенің ақиқатын ашып беруді талап етеді.

         Ресей мемлекеті Әбілхайырды уысына түсірген соң, қазақ жеріне өз билігін орнату шараларын қарастырды. Әуелі, көңілін тауып Әбілмәмбетті, Бөгенбай батырды өз жағына шығарды.

         1723 жылы қазақ халқын «ақтабан шұбырындыға» ұшыратуда қалмақтарға өз үлесін қосқан патшалық Ресей, абдыраған қазақ басшылары – Сәмеке ханды, Күшік ханды, Әбілмәмбет хан мен Барақ сұлтандардың аңдысын аңдып, қажет кезінде қол ұшын беруге даяр тұрды. Тіпті Сәмеке мен Күшік хан Орта жүз қазақтарының біразын алып, орыс шекарасын асып, башқұрт жеріне жетті. Орыс империясы алдаусыратып, оларға башқұрттардың шұрайлы жерлерін жайылымға алып берді. Сөйтіп, қазақ халқының арасына жік салып, күшін әлсірету саясатын ұстанды. Осындай алауыздық тұманы серпілмеген тұста тарих аренасына Абылай хан шықты.

         Абылай хан күшті де айлакер саясаткер болды. Ол қалмақтардың тақ таласы үшін болған кикілжіңін пайдаланды.Сол секілді, Қытай мемлекетімен де тез тіл табыса білді. Қытай мемлекетінің ханы Еженнің өзі тікелей қолбасшыларына былайша жарлық берді. «Сендер қазақтарға орынсыз килікпей, аулақ жүріңдер, оларға монгол тайпалары қатарында қарауға болмайды. Олар өз алдына хан болып келген екен, оны мойындауымыз тиіс».[4]. Бұл жарлықтан біз , Қытай мемлекеті қазақтардың тәуелсіз ел екендігін мойындағанын айқын көреміз. Сонда да болса, Абылай Еженнің көңілін әбден жайлап, сеніміне кіру үшін 1757 жылы жазда Қанжығар, Өміртай, Долан, Аранжы, Бекенайларды Пекинге елшілікке жіберді.[5].Ол нәтижесіз болмады. Сол жылы үш жерде – Шәуешек (Тарбағатай), Іле (Құлжа) және  Үрімжіде екі ел арасында сауда жәрмеңкесі ашылды. Бұл жәрмеңкеге қазақтар негізінен айырбас сауда үшін жылқы, қой, сиыр және оның өнімдерін әкеліп, оған мата, шәйі жібек, қант-шай т.б. айырбастап отырды.

         Абылайдың алды болжағыш, осындай көрегенді саясаты арқасында ел «ақтабан шұбырынды»тауқыметінен ес жиып, экономикасы беки түсті.Бұл жайлы ақын-жырауладың өлең жырлары өте көп сақталған.

         Ресей патшалығы шығысқа баратын қақпаның кілті есебінде қараған Қазақстан территориясын ұтымды сәттерді пайдалана отырып, қолына түсіруге жан-тәнін аямай салды. 1717 жылы Бухгольц экспедициясы Ом мен Ертіс қиылысына, келесі жылы Семейге, 1719 және 1720 жылдары Ертіс арқылы Зайсанға дейін жеткен генерал майор лихаров Өскемен бекіністерін салды.[9]. Сөйтіп.Ертіс бойын жағалай әскери бекіністер шеп құрды, нәтижеде Орынбор жолағымен тікелей байланысты. Бекіністердің салынуы Ресей мен қазақтар арасында сауда-саттықты жандандырғанын айтып өткеніміз мақұл. Бұл жайлы қазақ тарихында: «Петропавлдан айырбас сарайында» қырғыздар  әрқашан керуен болып сауда жасауға келіп жатады деп жазылған.

         Ресей патшалығы осылайша өзінің торын құрып жатқанынан сезіктеніп, оның аяғы насырға шабатынын сезген Абылай Ресеймен де, Қытаймен де құйтырқы , алдау саясатын ұстанды. Бұл саясат бірден-бір дұрыс саясат еді. Осындай білгір саясат алып барған Абылай орыстардың ішкері ене түсуін азда болса тежеді. Жоңғар үшін Қытай тарапы арқылы әлсіретті, қазақ қоғамында бейбіт өмір орнатуға қол жеткізді. Көрші Орта Азия хандықтарымен де сауда-саттық байланыс, мәдени қарым-қатынас жасауға жол ашты.

         Абылай көптеген тарихшыларымыз айтқандай, тек Орта жүздің ханы ғана емес, барлық қазақтың ұлы ханына дейін көтерілді. Өзінің ордасын Ұлы жүзге көшірді. Алайда, Тәуке хан секілді Қырғыз, Қарақалпақ, тіпті Орта Азияға билік жүргізу ниетін ұстанған Абылайды орыстар да, қытайлықтар да қолдамады. Оның ойының жүзеге асырылуына мүмкіндік бермеді. Сөйтіп, Абылай біртұтас қазақ хандығын аяғына дейін құра алмады. Абылай 1781 жылы 70 жасында қайтыс болды. Оның сүйегі Түркістан қаласындағы Х:А.Яссауи мавзолейіне жерленді. Жанды жерлерге шеңгелін салып, қаусыра меңзеп алған Ресей, қазақ халқының билеушілерінің солқылдақтығын, мансапқорлығын сәтті пайдалана отырып, Абылайдың алда қойған мақсатына жеткізбеді. Ол мақсат қазіргі кезде ие болып отырған тәуелсіздігіміз болатын. Осы орайда, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та кейде бізге бір қырынан сол Абылайға ұқсас көрінеді. Сондықтан да Н.Ә.Назарбаевтан екі бүйірдегі ірі екі елге (Қытай мен Ресейге) сәтті дипломатиялық қатынас жасай беруін қалаймыз.

         Дегенмен, 19 ғасырдың екінші жартысы Қазақстанның Ресей құрамына қосылу процесінің қаншама қарама-қайшылықтарға қарамастан заң жүзінде толық енуімен ерекшеленеді. Бұл кезеңде Қазақстанның бұрыннан қалыптасқан өміріне ылаң түсіп, капиталистік қоғам нышандары араласқан Ресейдің мешеу экономикасы сипатына көше бастаған еді. Бұрынғыдай жаппай мал шаруашылығымен айналысқан не отырықшы тұрмыстары ыдырай, тікелей Ресей ықпалына мойын ұсынған аласапыран, қиын дәуір басталды. Рас, мәдени өмірде біршама ілгерілеу, батыстық саяси-құқықтық, экономикалық, қоғамдық тартыстарға толы өмірімен танысу кезеңі басталған еді. Әсіресе, Ресейде болған 1861 жылғы крепостниктік құқықтың жойылуы күшті әсер етті. Ресейде капиталистік өзгерістер шеңбері өсуі Қазақстанға жайылуға мәжбүр болды. Ендігі жерде Ресей қазақ халқын экономикалық саясатпен және салық жүйесімен қанауға көшті. Патшалық өкімет Қазақстанды экономикалық, мәдени жағынан ең төменгі сатыда бұғаулап, өз саясатын жүзеге асырды. Қазақ жерінде ірі өнеркәсіп орындарын салуға құштар болмады. Оның есесіне ауыл шаруашылық өнімдері мен пайдалы қазбаларды өңдейтін шағын өндірістер орнатып, есіл –дерті шикізатты көптеп алуды мақсат тұтты. Оны мына деректерден көруге болады. Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда орыс империясының 0,7 процентін құрайтын өндіріс орындары мен 0,2 процент қана жұмысшылар болған.

         Жергілікті жұмысшылары қанаудың ең озбырлығына ұшырады. Небір халық басына ауыр салық ауырлығы түсті. Нулы, суырмалы, шүйгін жерлер орыс қарашекпендеріне тартып алынып беріліп қоныстандыру науқаны күшейе берді. Өйткені, отарлау саясатының басты бір талабы «қоныстандыру»  мемлекеттік маңызға ие брлып, қоныстандырулар патша саясатын жүзеге асыруда болғаны даусыз. Қоныстанушыларға 45 млн. жер тартып әперілді.[12]. Қазақтарды бұратана халық ретінде қараған патшалық өкімет, олардың щаруашылығын күйзелтіп, әлеуметтік және экономикалық күйзеліске душар етті, Мал жайылымы тарылған халық Қытай, Монғол жерлеріне бас сауғалауға көшті.

         Патша өкіметі Қазақстанды Ресей империясының құрамына толық енгізуді саяси-құқықтық реформалар жүргізу арқылы заң жүзінде жүзеге асырды. Сөйтіп, осы  реформалар нәтижесінде Қазақстан тағдырын қазақ халқынан тыс шешіп отыру құқына ие болды.

         Бірнеше дүркін жүргізілген реформалар «орыс әкімшілігіне губернатордан бастап, уезд бастығына дейін қазақ халқын  шексіз билеп-төстеуге, патшалық Ресейдің үстемдік ету саясатын салтанатпен жариялап қана қоймай, жергілікті халық алдында ешқандай да есеп бермеуді және жауапкершілікті сезінбеуді әлеуметтік практикада түсіндіруді қажет етпейтін құқықтар берген еді»[13], — дейді зерттеуші С.Өзбекұлы. Барлық құқыққа ие болған патша шенеуніктері қазақ халқының ұлт-намысын аяққа басып, орыс әкімшілігі алдында құлдық ұру психологиясын қалыптастыруды, қазақтарды орыстардан төмен екендігін мойындауға мәжбүрлеп, бұратана халық екенін сезінуге тәрбиелеуді алға қойды.

         Бұл реформалар тек басқарушылық жүйеге ғана емес, сол секілді сот жүйесіне де айтарлықтай жаңалықтар кіргізді.Бұрыннан қалыптасып, өз жүйесін тапқан билер сотын мүлдем жойып, оны «халық» сотына айналдырды, әрі оларды сайлап қойды. Сот қызметі орыс әкімшілігінің тікелей бақылауында қалды. Сот жүйесінің барлық сатыларында шексіз озбырлық, заңсыздық пен пара алушылық кең қанат жайып, адам құқығы аяққа тапталды.

         Құқықтық заңдар қазақ халқының әдеттік-құқық жүйесін құрағанмен, тек аты ғана болмаса, бұл заңдар мүлдем басқаша сипатқа ие болған еді. Әдеттік заңдар сапалық және мәндік сипатынан айрылып, патшалық Ресейдің ыңғайына орайластырылған құқықтарға айналған болатын.

         Қазақ қоғамында мұсылмандық шариғат құқықтарының жүйелері отырықшылыққа ден бере бастаған қазақтар арасына кең таралып, бедел алады деп қорыққан патшалық әкімшілік, оның таралуына мүмкіндік бермей, алдын ала бастады. Орта Азия елдерінен келген молдалардың жүріп-тұруына тыйым салып, тіпті молда келген бүкіл ауылды айыпқа санап, шаралар қарастырды. Ал, өз кезегінде христиан дініне өткен қазақтарға көптеген жеңілдіктер мен құқықтар берілді. Соттар көп жағдайда шариғат нормаларын білмеді әрі соған ынтық болған қазақтардың даулы істерін қарама-қайшы жолдармен шешкеніне куә бола аламыз.[14].

         19 ғасырдың аяғында, Еуропа мәдениеті мен зиялылық ойлардың орталығы болған Ресей империясының астанасы Санкт- Петербургке қазақ халқының да өкілдері білім қуып келе бастады.

         Саяси жер аударылғандар мен революцияшыл халықшылдар Қазақстанда педагогтық ой мен мектептік білім беруді дамытуға көп еңбек сіңірді. Қазақ жастары біліммен сусындай бастады. Қазақ интеллигенциясы пайда болды. Ресейдің бірінші ресейлік революция (1905-1907) , ұлт-азаттық қозғалыстар т.б. казақ интеллигенциясына саяси мектеп болғаны құпия емес.

         Екінші Мемлекеттік Дума таратылған соң заң бойынша қазақтар мен өлкедегі басқа аз халықтар сайлау құқығынан айрылды. Елде саяси бақылау күшейтілді. Әсіресе, өнеркәсіп орындары бар мекендерде сақтық ерекше көрінді. Соған қарамастан ұлттық-отарлық езгінің күшеюі, патшалық өкіметтің аграрлық саясаты, өлкенің әлеуметтік-экономикалық өміріне капиталистік қатынастың енуі қазақ халқының ұлттық қозғалыс әртекті болып, оны әртүрлі идеялық-саяси ағымда болған ұлттық интеллигенция басқарды .

         1916 жылдың жазы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі мен кәсіпорындарда жұмысшы қозғалысы өрістеуімен ерекшеленді. Көтерілістің сылтауы болып 1916 жылы 25 маусымдағы армияның тыл жұмыстарына 19 –дан 43 жасқа дейінгі бұратана халықты шақыру болды.

         Алғашқыда бей-берекет көрінген бұл қозғалыс, бірте-бірте ұйымдасқан сипат ала бастады. Әсіресе Торғай мен Жетісуда А.Иманов, Ә.Жанкелдин, Б.Әшекеев,Т.Бокин, Ө.Саурықов, Ж.Мәмбетов т.б. басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды. Көтеріліс бүкіл өлкеге таралып, патшалық отарлаушылық пен орыстандыру саясатына қарсы және белгілі дәрежеде өз бай-феодалдық басшы топтарына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалысына айналды. Сонымен бірге бұл көтеріліс елдегі дағдарыс пен күйзеліске, халықты қайыршылық жағдайға душар еткен жүйеге қарсы бағытталды.

         Көтерілістің негізгі қозғаушы күші қазақ ұлтының шаруалары мен енді туындап келе жатқан жұмысшы табы, қолөнершілер болды. Бұл көтеріліске ұйғыр, өзбек, дұнған ағайындар да қатысты. Көтерілісті басуға патшалық өкімет орасан көп күш жұмсады. Көп ауылдар жермен-жексен етілді. Адамдар сотсыз, тергеусіз атылып жатты. Көп адамдар Қытайға қашып кетті.

         Көп ұзамай, 1917 жылдың ақпан айында билік құлап, буржуазиялық -демократиялық революция жеңгені жайлы хабарды бүкіл Қазақстан халқуана қарсы алды. Алайда, саяси пісіп жетілмеген қазақ қоғамында қос өкімет —  , буржуазиялық Уақытша үкімет пен жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңсесінен тұрды. Орталықта және Жергілікті жерде Уақытша үкімет құрылып, олардың билігі Қазақстанның көп жеріне тарады. Ә.Бөкейханов, М.Тынышпаев секілді қазақ интеллигенциялары Уақытша үкіметке қуана қызмет етті.

         Қазақстанда Уақытша үкімет белең ала бастады. Бұл жолда Уақытша үкіметкулактарға, Казак атамандарына, Қазақтардың бай-феодалдарына арқа сүйеді. Сол себепті де Қазақстанда Кеңес өкіметі 1918 жылдың ортасында орнағаны белгілі.

 

                 2.2. Құқықтық және саяси әкімшілік реформалар.

 

         Қазақстанның Ресейге бодан болып кіруі салдарынан елдің құқығы бұзылып, түпкі тамырына балта шабылып, қазақ әдет-ғұрып заңдарының қолдау ауқымы мүлдем тарыла түсті әрі бірлі жарым өміршеңдерінің мәні өзгеріске ұшырады. Патшалық шенеуніктер жіті қадағалап отырған билер съезінің шығарған Ережелеріне ерекше мән берілді.Осы билер съезі арқылы патшалық Ресей қазақтардың ескіден келе жатқан әдеттік заңдарын бұрмалап, жазба заңға айналдырды. Әсіресе империялық орыс заң нормаларын негізге алып, оны ел арасында күштеп ендіруді алдарына мақсат етіп қойды.

         Хан-сұлтандар мен билеуші үстем таптардан қазақ жерін тартып алып, оны Ресей империясының жекеменшігіне айналдырудан бастаған орыс шенеуніктері феодалдардың монополдық иемдену құқығынан жұрдай етіп, негізгі өндіріс көзінен айырды. Оның есесіне енді патшалық өкімет қазақ жерін өз білгенінше иемденіп, бақылаусыз құқыққа ие болды.

         1868 жылы «Уақытша Ереженің» 210 бабында: «Қырғыз көшқоны болып табылатын жер мемлекеттік болып есептелді, әрі қырғыздарға қоғамдық түрде пайдалануына берілді», — деп жазылған. Барлық ерікті өз қолына алған патшалық өкімет қазақтардың ең шұрайлы да сулы жерлерін қазақтарға, қара шекпендерге оңды-солды таратып, қазба байлықтарының шығатын көздерін шетелдік өндірісші капиталистерінің қолына ұстатты. Соның салдарынан қазақтар құнарсыз, шөлейт аудандарға ығыстырылды да нулы жерлер ешбір жауапкершіліксіздіктен жарамсыз күйге түсті. Оның үстіне украин мен орыс шекпенділері өз жерлерінде күн көре алмағандықтан оңай олжаға тап болу үшін Қазақстанға ағылып, шабындығы мол, сулы жерлерге өз беттерімен орналасып, қыстақтары мен поселенияларын жаппай тұрғыза бастады. Олардың мұнысына қолдау көрсеткен патша өкіметі «Күздік жайылым мен қыстақтар, оған жақын жердегі шабындықтар және дәл сол сияқты сонда орналасқан құдықтар мен ормандар жеке отбасылардың жекеменшігі болып саналды», — деген жарлығы да шығарып бере қойды. Өйткені, енді қазақтар бұрынғыдай мыңдаған шақырымға көшу мүмкіндіктерінен әкімшілік жолмен шектелгеннен кейін қора-қопсы салып әлі отырықшы бола қоймағандықтан, бұл заңның пайдасын көре алмады. Бұрын ру-ру болып көшіп үйренген қазақтарды патшалық саясат дағдысынан бір айырса, шұрайлы жерлерін өздеріне бермей тағы есеңгіретті.

         1867-1868 жылдардағы реформалар негізінен патша өкіметі өндіріс иелеріне, саудагерлерге жерді жалға беру туралы заң шығарды. Бұл заң боцынша 30 жылға дейін жер жазбаша келісім-шарт бойынша берілетін болды. Әрине, мұндай заң шетелдік келімсектерге де, орыс шенеуніктеріне де өте тиімді еді.

         Жердің көп бөлігі Сібір қазақ-әскерлеріне тиісті делініп, оның 500 мың десятинасына орыс шенеуніктері қазақтардың өздеріне жалға беріп, жалдау ақысын жылдан –жылға көтеріп отырды.

         1854 жылғы «Сібір қырғыздарына империяның жалпы заңдарын енгізу туралы» заң империялық сот қарайтын қылмыстық істердің құрамын бұрынғыдан да көбейте түсті. Патшалық Ресей өзінің басыбайлық саясатын жүзеге асыру жолында ештеңеден тайынбады. Мысалы, көрші елдерден келетін молдаларды енгізу үшін жауапқа тарту заңын алайық. Өйткені, молдалар көбіне Орта Азиядағы туыстас түркі халықтарынан келіп, мұсылмандық жол-жораларды жасап, шариғат заңдарын үйрететін, неке қиып, балаларды сүндетке отырғызатын. Ал Патшалық Ресей қазақтарды христиан дініне ендіріп, шоқындыру мақсатымен осы іспетті заң қабылдап, мұсылманшылдықтың таралуына кедергі жасап бақты.

         Патшалық саясат қазақ халқының қоғамдық тәртіпке салатын жақсы жақтарының бәріне қарсы келіп, оны жүзеге асырушы бмлердің беделін төмендетті. Билік – қазақ қоғамында үлкен өнер саналатын. Шешен тілді билерді ешкім сайллап қоймайтын. Бұған да патшалық саясат тосқауыл жасап, енді соттарды сайлапқоятындықтан, олар басына емес, қалтасына қарап 3жылға сайланды. Пара беріп сот болған адам қашан да пара алатыны белгілі. Сондықтан да пара жүрген жерде әділдік болмаушы еді. Оның үстіне сот ісі жазбаша жүріп, сауатсыз қазақтарға бұл көп қиындық келтірді. Биллер съезі патшалық өкіметтің саясатына ыңғайлап жүргізгендіктен, әдет-ғұрып заңдарын еріксіз өзгертіп отырды. Нәтижесінде ол патшалық билік аппаратының бір бөлімшесіне айналды.

         Патшалық әкімшіл екі жүзді саясат ұстанған аз халықтарды бір-біріне айдап салды. Бірлі-жарым наразылықтар туа қалса, оны казак әскерлері күшімен аяусыз басты. Қазақтарды әскерге алмады. Мал басы кеміп қайыршылыққа ұшыраған қалың ел, амалсыздан отырықшылық күнкөріске өтуге мәжбүр болды. Бірақ, жер Ресей меншігі болғандықтан оның билігі патшалық басқару аппараты қолында болып, қазақ халқын олар барынша езе түсті. Бұрын араб жазу-сызуын білген қазақтар жаппай сауатсыздыққа айналды. Мұны көре білген Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы. Алтынсарин секілді қазақ халқының зиялы ұлдарының шырылдауы тектен –тек емес еді. Бұлардың дүниетанымдық қалыптасуы халықшылдық идеологиялық ықпалда болды, көшпелі қоғамның тоқыраушылығына қарсы шықты, егіншілік пен қоғамдық өмірдің тұтас бірге дамуын, орыс-қазақ халықтары арасындағы достық қарым-қатынастың дамуын қолдады. Елді сауаттандыруға күш салды.

         Қазақ тарихында 19 ғасырдың екінші жартысы ерекше орын алды. Өйткені, тордан шығуға талпынған сұңқар құс іспетті қанша аласұрғанмен, кең қазақ сахарасы Ресей уысына мықтап түсіп, ежелден қалыптасқан тұрмыс-тіршілігі де , әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері де мүлдем басқа арнаға бет алған еді. Мұндай өзгерістер қазақ қоғамындағы саяси және әлеуметтік өміріне әсер етпей қалған жоқ. Тап осы дәуірлерде ірі тарихи өзгерістер болып жатты. Қазақстанның Ресей құрамына ену процесі қаншама қарама- қайшылықтарға қарамастан заң жүзінде бекітілді. Бұрынғы тұрмыс-тіршілік келбеті өкінішке орай бұзылып, еуропалық кескін қазақ жерінет келіп кірді. Әрине, мұның ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс-тіршілікті сақтауға кері әсері болып, онымен қиян-кескі күреске түсе, екінші жағынан прогрессивтік рол арқарды. Қазақстан Ресейдің демократиялық, саяси-құқықтық және революциялық, экономикалық, мәдени өміріне қосылып, қоғамдық прогрессивтік ой-пікірмен  сусындауға мәжбір болды.  Мұның пайдадан  өзге зияны жоқ еді.                                                    

         Ресей Қазақстанды отарлау саясатын үш бағытта жүргізді:

  1. Қазақ жерінің шекараларына әскери бекіністер салып, ол жерге Орталық Ресей мен Сібір аймағын мекендеген қазақтарды шоғырландыру.
  2. Саяси- құқықтық реформалар жасап, қазақ халқының ежелден бері қалыптасқан басқару жүйелерін жою, биліктен айыру арқылы өз басқару жүйелерін енгізу.
  3. Экономикалық тұрғыдан шеңгелін салып, жергілікті халықты қанау.

Патшалық өкімет қасақана Қазақстанды экономикалық мәдени жағынан төменгі сатыда ұстау жолында өз саясатын жүргізді. Оған мысал ретінде: «Түркістанда тоқыма фабрикасын салуға рұқсат берілмесін,өйткені, ол Ресейдегі Иваново- Вознесенка, Мәскеу т.б. фабрикалар мен қажетсіз бәсекелес болады»,[23] – деп Түркістан генерал губернаторы өтінішіне ашық жауап бергенін айтсақ та болады. Патшалық өкімет Қазақстанды тек шикізаттың арзан көзі ретінде ұстап отыруды қалады. Бұл жайында білімдар ғалымымыз С.З.Зиманов: «Орыс көпестері мен капиталистері қазақтардан малдың терісін, жүннен және басқа өнеркәсіп шикізаттарын өте төмен бағамен сатып алып, ал қазақ қоғамына Орталық Ресейдің өнеркәсіп орындарының өте төмен, сапасы нашар тауарларын жоғарғы бағамен өткізіп, пайдаға кенеліп жатты» [24], деп ашына жазады. Орыс шенеуніктері жергілікті халыққа бұратана ретінде қарап , ұлттық келіспеушілікке жеткізді. «Бірдей, бір жұмысты атқарғаны үшін орыстар қазақтарға қарағанда екі-үш есе ақы алғанын» [25], — орыс зиялылары еріксіз жазып қалдырған. Орыс империясы Орталық Ресей мен Сіібір аймағында қазақтар мен орыс қара шекпенділерін көптеп көшіріп қазақ жеріне қоныстандыру арқылы өз саясатын жүргізуге қол жеткізді. Мұндай саясат басқаларды жаншы, басыбайлы етуші елдердің ежелден келе жатқан жолы еді. Осы саясат нәтижесінде қазақ халқы шұрайлыжерлерінен айрылып, ежелгі кәсіптерімен қоштасты. Бұл жерде «Қазақ» газеті ашына жазды. «Кедейліктің басты себебі – қоныс тарылғандығы… Таудың ,етектің егін үшін жарамды жерлері ойып-ойып казак-орыстарға келісіп берілген… іліп алар жерлер Ресейден ауып келген мужиктерге беріліп жатыр… Қазақтардың таудағы һам етектегі көп қыстаулары, мың азаппен қазып шығарған арықтары, егіндік-пішендік жерлері бәрі де қолдан кетті… Жерге тоймайтын шын жалмауыздар казак-орыстар… Алдында қара-құрасы бар қазақтар осы түнде де тауға шыққан болады. Шыққанмен не пайда? Жолшыбай орыстың егіні мен пішендігі. Жуықтап кентсе қазақтық малын ұстап, өзін сабап, қырып-жойып өлтіре жаздайды» [26]. Көпе-көрнеу осылайша өз жерінен айрылған қазақтар, негізгі кәсібі мал шаруашылығына қол үзе бастады, малынан айрылған жұрт әлеуметтік – экономикалық дағдарысқа ұшырады. Көптеген қазақтар ата-жұртына шарасыздықтан жат елге көшуге мәжбүр болды. 1817 жылы шілденің 11 күні бекітілген «Жетісу мен Сырдария облыстарын басқару туралы Уақытша Ереже » және 1868 жылы қазанның 21 күні қабылданған «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторы дала облыстарын басқару жайлы Уақытша Ережені енгізу арқылы патшалық өкімет қазақ халқының  тағдырын өз қалауларынша шешугу ие болды».

Сайып келгенде, Қазақстандағы демократиялық ой-пікірлердің пісіп-жетілуіне Ресей ішіндегі демократиялық қозғалыстар игі әсер етті. Ресеймен ішкі саяси-экономикалық бірлігі әрі әлеуметтік жиһаттан оларға қарағанда бейшаралығы мұндай озық ой-пікірлердің қайнар көзіне айналып, Ресейдегі болып жатқан оң құбылыстарды мейлінше жақтауға итермеледі. Самодержавиялық құлайтын әзәр-әзәр тұрған шағы еді.

 

        2.3. Озбырлыққа қарсы ұлт-азаттық көтерілістер.

 

Ресейге қосылған Қазақстанның бастапқы  түрі протектарат болды. Сөйтіп,ә дегеннен-ақ басқа елдермен халықаралық-құқықтық қарым-қатынас жасау субъектісінен айрылып, сыртқы саяси бостандығынан айырылды. Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын сөз етсек, мұнда да кіріптарлық мүшкіл халі көзге тседі. Қазақ хандығы Ресейге көптеген жеңілдіктер мен артықшылықтар беріп, олардың сауда керуендерін қорғап күзетуге, Ресей жеріне және қазақ жеріндегі орыс адамдарына шабуыл жасауға кепілдік берді.

Алайда, сөз жүзінде протектарат есебінде болған Қазақстанның ішкі өзін-өзі басқаруына Ресей тарапы мүмкіндіктер бермей, бірінші күннен-ақ қазақ хандығының басқару жүйелеріне қол сұға бастады. Тіпті қайсы ханды сайлауға болатынын не болмайтынын көрсетіп, оны өздері таңдады. Сөйтіп, ежелден қалыптасып, өзгермей келе жатқан «хан сайлау» дәстүрін аяққа басты.

Қазақстанның Ресеймен мемлекеттік-құқықтық қарым-қатынасы негізінен вассалды тәуелділік қатынаста болды. Оны біз қазақ хандары мен билеушісі топтарының патшалық Ресейге ант беруінен көреміз.  Тіпті қазақ ханы, сұлтан, белгілі ақсақалдары мен батырлары тек ант ішіп қана қоймастан, аманат реінде ең жақын туысқандарын да патша тарапынан берді. Патшалық Ресей мүддесіне алым-салықтар жиналды. Патшалық өкімет өзінің мақсат-мүддесіне 1782 жылға дейін Сыртқы Істер коллегиясы арқылы жүзеге асып келеді. Дегенмен патшалық Ресей Қазақстанды толық өз қоластына қаратып алу жағын жайлап жүзеге асыра бастады. Оны патшалық Ресей асқан айлакерлікпен орындады.

Әбілхайыр ханның Ресейге қосылуына, әсіресе, Кіші жүзден Батыр, Орта жүзден Барақ пен Әбілмәмбет сұлтандар ашық қарсы шықты. Бұл жайлы Әбілхайыр орыс өкіметіне жазған хатында «Абулмамбет-султан, Барак-султан, Карасакал и Батыр-султан – эти четыреединомышленики. Они говоря  нам «лучшие отдать калмыкам своих сыновей иалман.(дань), отталкивает журт (народ) от России» [12], Ақыры, 1748 жылы Әбілхайырды Барақ сұлтан өлтірді. Шекаралық бекіністерге қазақтардың шабуылы жиілей түсті.Бұның алдын алу үшін патша бірнеше жарлық шығаруға мәжбүр болды.

Әбілхайыр хан бастаған Кіші жүз қазақтарының Ресейдің қоластына қарауы, қазақ жерінде орыс қамалдарын салуға жол ашты. Сөйтіп,Орта жүз бен Ұлы жүзге патшалық Ресей ентелеп кіре бастады.

Жарлық шығарып, күш көрсеткеніне қарамастан Сырым батыр(1783-1797), Қаратай сұлтан (1805-1816), Арғынғазы сұлтан (1815-1821), Жоламан сұлтан(1819-1824) және Кенесары, Саржан сұлтандар (1820-1840), Исатай-Махамбет (1836-1837), Шекті руының (1855-1858) т.б. ұлт-азаттық көтерілістері біріне-бірі жалғасып жатты. Бірақ, бұл көтерілістер алдына қойған мақсатына жете алмады. Өйткені, әрқайсысы әр жерде, әр түрлі уақытта бас көтеріп, саясатын берік ұстанған, айлакер патшалық саясат үстем шығып отырды. Нәтижесінде Қазақстан 1867-1868 жылдары Ресейге түгелдей қосылып, ежелден келе жатқан қазақ жері Ресей мемлекетінің меншігі деп жарияланды.Бұрынғыдан да бетер патшалық Ресей отаршылдық саясатын қатайта түсіп, қазақ халқын езу күшіне ие болды.

Әйтсе де Қазақстанның Ресейге қосылуы саяси –экономикалық күрделі оқиғаларға толы ұзақ процесті басынан өткерді. Қазақ халқы отаршылдық патша саясатына  ышқына күрес жүргізді. Ақыры, ештеме шығара алмайтынына көзі жетіп, ақырын күтіп, терең шыдамдылық тұңғиығына батты.

Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары осы күнге дейін тарихшылар тарапынан алдымен Ресей империясының отаршылдық мүддесі, кейіннен кеңес үкіметінің тап тартысы принциптері негізінде зерттеліп келді. Шындығына келсек, бұл қозғалыстардың негізгі мақсаты ұлтын езгі мен қанаудан, мешеуліктен азат ету, егемендікке қол жеткізу еді.

Қазақстандағы патшалық отарлау саясатына қарсы бағытталған бұл аталған көтерілістер екі сипаттқа ие болды. Оның бірінші сипаты: патша өкіметінің қазақ хандығын жоюына қарсы күресі еді.Олардың ұстанған бағыты Қазақстанды Ресейден айырып алып, өз алдына дербес, ешкімге тәуелсіз қазақ хандығын қайта құру болды.    

 Бұл қозғалыстар патшалық езгінің күшеуі нәтижесінде пайда блып, бірте-бірте ұлт-азаттық көтерілістерге айналып отырды. Бұл көтерілістің басында езілген қазақ шаруалары тұрды. Көтеріліске халық бұқарасы түгел отаршылдық езгісіне ғана емес, сол секілді қазақ шонжарларының да феодалдық езгісіне қарсы күресіп отырды.

Қаратай сұлтан 1797 жылы Кіші жүз ханы Есім қайтыс болған соң хан болуға ұмтылды. Оның беделінен сескенген патшалық өкімет оны емес, Айшуақтың баласы Жантөрені  хандыққа бекітті. Сұлтандар мен билер 1806 жылы Қаратайды хан көтерді. Ол «кіші ордаға» шабуыл жасап, 1809 жылы Жантөрені өлтірді. Жеке басының қамын ойлап, тек қана хан болуды көксеген Қаратайды қалың халық қолдамады.

Арынғазы сұлтан да хандық қазақ үкіметін құруға тырысты. 1816 жылы көктемде – шекті, жаппас, арғын, алшын т.б. рулардың билері мен ақсақалдары Арынғазыны Кіші жүздің ханы етіп сайлады. Орта жүз бен Кіші жүзді біріктіріп ортақ мемлекет құруды, исламдық сипат беруді алдына мақсат етіп қойды. Арынғазыны Бұқара әмірі хан деп таныды. Патшалық өкімет қулық-сұмдықпен Арынғазыны Петербургке шақырып алып, 1829 жылы Калугаға жер аударды. Арынғазы сол жақта өлді.[15].

1783 жылы Кіші жүзде бұрқ ете қалды. Оны біз патшалық өкімет саясатына қарсы Е.И.Пугачевтың 1773-1775 жылдардағы көтерілісінің жалғасы іспетті, феодалдық пен отаршылдыққа қарсы күрес деп білеміз. Оған басты себеп патша өкіметінің қазақтардың көшіп-қонуына еркіндік бермей, мал өрісін тарылту, Жайық сыртына өтуге тыйым салынуы еді. Сол көтеріліс аздап та болса, осы мәселеге септігін тигізді. 1775 жылы 7 қарашадағы жарлығымен патшалық өкімет қазақтарға Жайық пен Еділ өзендерінің оң жағалауындағы Ембі, Сағыз аудандарына қыста көшуге рұқсат етті. Бірақ, амалсыздан берілген бұл жеңілдіктерді орайы келсе шектеуге тырысты. Сөйтіп, 1782 жылы 27 желтоқсанда ол жерлерге жалға алған жағдайда рұқсат етілді.[16].Орал қазақтары бұл жарлыққа да бағынбады.Қазақтарға жерді жалға да беруге келіспей, күзетін күшейтті. Осыған байланысты 1783 жылы көктемде қазақтар Орал бекінісі желісіне шабуыл жасады. Көптеген солдаттарды тұтқынға алды. Патша өкіметіне қарсы шаруалар жаппай шыға бастады. Бұлардың басында Сырым Датов тұрды.

Сырым Датов хандықты жойып әрі патшалық Ресейден Тәуелсіз халық басқаратын мемлекет құруға әрекет жасады.Бұл мақсат Емельян Пугачев көтерілісі алдына қойған мақсаттан бірде-бір кем емес болатын. Ол казактармен кескілескен ұрыс жүргізді. Патшалық Ресеймен күрес жолына Хиуа хандығынан қару-жарақтар алды. Сырым Датов беделінен шошыған патшалық өкімет оны өз жағына тартуға әрекеттенді. Тіпті Бас басқарма құрып, ондағы прокурорлық лауазымды С.Датовқа ұсынды да.

С.Датов көтерілісін жазалаушы отрядтар тұншықтыра алмады. Патшалық өкімет лажсыздан хандық билікті қайта құрып, сұлтандар мен старшиналарды бітістіруге мәжбүр болды. Бұл С.Датовқа әрмен қарай күрес жүргізуіне кедергі келтірді.Ол 1802 жылы Хиуада жүргенде у беріп өлтірді.

С.Датов негізінен жер үшін күресті. Ол хандық билікті жойып, оны халық съезімен алмастыруға, съездер аралығында аға старшиналар қолына беруді жақтады.

Қазақ халқының ұлт-азаттық күресіне Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісовтың де көтерілісі ерекше орынға ие. 1836 жылы Жәңгір ханға ашық қарсы шыққан бұл көтеріліске көп адамдар қатысты. 1837 жылдың жазы мен күзінде көтерілісшілер ірі бай ауылдарға шабуылдады. Осы жылғы қазан айының ақырында Исатай Тайманов хан ордасын қоршауға алды. Көтерілісшілер саны 2000 адамнан асып түсті. Патша өкіметі аз уақыт ішінде өз әскерлерін, зеңбіректерін шоғырландырып үлгерді. 15 қараша күні зеңбіректің күшімен патша әскері көтерілісшілерді шегіндірді. Исатай Тайманов Хиуа хандығы жерінен шыққан Қайыпқали Ишимов тобына қосылды. Бұл кезде Орталық Қазақстанда Кенесары бастаған көтеріліс күшінде еді.

1838 жылы 12 шілдеде Қиылы маңындағы жазалаушы отрядпен қақтығыста  Исатай Тайманов мерт болды. Кейін көтеріліс жолы бәсеңдеп, бытыраңқы жасақтарға айналып кетті. Бұл таптық сипаттағы тек феодал-байларға ғана емес, сол секілді патшалық озбырлыққа қарсы бағыттағы көтеріліс болды.

Жанқожа батыр көтерілісі қазақ тарихында өзіндік орын алары хақ. Өйткені, әдепкі қалыптасқан тұрмыс-тіршілігінен ажыраған Сыр бойы қазақтарының 19 ғасырдың орта шегінде хал-ахуалы күрт қиындап, дағдарысқа ұшырады. Осынау қиын кезеңде өмір сүрген Жанқожа Нұрмахаммедұлының бүкіл өмрі – патшалық Ресей, Қоқан, Хиуаларды былай қойғанда, билікке таласқан ішкі алауыздықтың басты күнәкерлері сұлтандар мен бай-феодалдармен арпалыста өтті.

Хиуа мен Қоқан хандықтары қазақ жеріне етене еніп, бекіністер сала бастады. Ұлы жүз қазақтарының көпшілігі Қоқан хандығының өктемдігінің астында қалды. Жасақ үшкір, зекет секілдіт ауыртпалығы мол салықтарды айтпағанның өзінде, әртүрлі сылтаулармен бейқам жатқан қазақ ауылын баса-көктей, малын барымталап, тұтқын алып қайтып жүрді, оларды бекініс салуға, ауыр жұмыстарға пайдаланды. «Тәжік атқа мінсе, тәңірін ұмытады» деген мәтел сол заманда пайда болған. Жанқожа жас кезінде Жаңадария боындағы Хиуа бекінісіндегі соғыста көзге түсіп, Хиуаның батырын өлтірді.

1830 жылы аз ғана қолмен  Жанқожа Созақ бекінісіне тарпа бас салды. Мұндай ерлік жасауға наибы (орынбасары) Бабажанның төзгісіз озбырлығынан туындаған еді. Жанқожа би де, батыр да болғанмен байлыққа қызықпаған, қарапайым адам болған. Жанқожа жайлы тарихта әлі күнге тиянақты ой айтылмай келеді. Оның басқаруымен болған 1856-1857 жылдардағы Сырдария қазақтарының көтерілісі нағыз ұлт-азаттық қозғалыс еді.

Жанқожа 1774 жылы қазіргі Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Арықбалық ауылдық кеңесі жерінде дүниеге келген. Бекет, Ерназар, Есет батырлармен сырлас-мұңдас болып өскен. Кейіннен батыр Арыстан Жантөринді өлтіріп, Орынбор түрмесінен Сібірге айдалып бара жатқанда анасына:

                   «…Барсаң сәлем дегейсің

                   Жанқожа, Есет Нарыма,

                   Қазақтағы барыма!

                   Жанымда болсаң Жанқожа

                   Шаппас па еді арына?!-»

деп текке айтпаған.

19 ғасырдың І жартысында Қазақстанның Ресейге әлі бағына қоймаған жерлеріне Қоқан хандығы отарлау саясатын жүргізіп, Түркістан қаласын алды. Одан әрі Жаңақорған, Жәлек, Күмісқорған, Шымқорған, Қосқорған т.б. бекіністерін салып, орныға түсті. 1817 жылы Сырдың сол жағына Ақмешіттің құрылысын бастап, келер жылы дарияның оң жағына көшірді. Әбден асқынған Хиуа бектері ойына келгенін істей бастады. 1845 жылы көтерілісшілер Бабажанды өлтіріп, көтеріліске шығады. Өйткені, 1820-48 жылдары арасында Хиуа, Қоқан хандарына, 1856-57 жылдары Ресей патшалығына қарсы жүргізілген соғыстар Жанқожа басшылығымен өтті. Жанқожа қартайған шағында Табын руынан шыққан Байқадам батырдың баласы Ақсақал атып, 1860 жылы опат болады. Оны айдап салған табын-Шүмекей руларының сұлтаны Елекей Қасымов еді.

Кенесары саясатында Орта Азия елдері басты орын алды. Осындай қысылтаяң шақта ең қауіпті жау Ресеймен соғысу үшін Орта Азия халықтарымен тіл табыспаса болмайтын еді. Бірақ, Ұлы жүз   Қоқан бектері қоластында болуы Кенесарыға екі жүзді саясат жүргізуге мәжбүр етті. 19 ғасырдың 30 жылдары Ұлы жүздің бестамғалы,Сиқым, Ысты, Шапырашты, Жалайыр, Сіргелі т.б. рулар Қоқан бектеріне тәуелді болып қала берді. Осыны пайдаланған Қоқан бектері Сыр бойын бойлай, батысқа қарай жалғасқан рулардан алым-салықтар жинап, мал-жанын тонап, озбырлық жасауын тимағаны, әрі үлкен ағалары Есенгелді, Саржан мен Әлжан сұлтандарды өлтіргені үшін, 1841 жылы ақпанда лажсыздан Кенесары  Қоқан хандығына шабуыл жасады. Мұны Кенесары патшалық өкіметке (Перовскіге жазған хатында): «азапқа түскен қазақ руларын Қоқан озбырлығынан босатып алу, әрі біз тонамаған керуенді өздері біздерге жабады» дегендей ақпармен білдірді. Ал Бұхара, Хиуа хандықтарымен астыртын тіл табысып, түсіністікке дейін барды. Оларға өз өкілдерін жиі жіберіп отырды. Созақ бекінісіне Бұхара хандығының әскери күштерінің бірге қатысуы да осы түсіністік нәтижесі. Сол секілді Кенесары әскери құрал-жабдықтарын, зеңбіректерді Бұхара хандығы беріп отырды. Осы жерде айта кетер бір мәселе, бәленің бәрі өз ішімізде болды. Әмәндә жегідей жеген алауыздық қазақтың билеуші тобын екіге бөлді. Бір тобы патшалық Ресейдің отарлау саясатының түпкі мәнін жақсы түсінсе, екінші тобы патшаға қызмет етуге ұмтылды. Бұл жазалаушы отряд қимылдарын жеңілдетіп берді. Тумысынан бірбет Кенесары күресін қолдамаған ауылдарды,әсіресе округты аға сұлтандарды қатігездікпен жазалады. Өзіне қолдау білдіргендер арасына темірдей тәртіп орнатты.

Патша өкіметінің өкілдері «Кенесарының жақтасы» деп араларындағы жазықсыз адамдарды «бүлікшіл» ретінде Омбыға, одан әрі Сібірге айдатып жатты. Әсіресе, осы тұрғыда Ақмола округінің аға сұлтаны полковник Қоңырқұлжа Құдаймендинді атасақ та болады. 

1838 жылы  Ақмола бекінісін түгелдей өртеп жіберді. Кенесары ең ауыр соққыны 1844 жылы тамызда патша әскерінің Екатеринск бекінісіне берді. Күтпеген сәтте тиген қазақ жауынгерлері орыс-казактарды, солдаттармен қоса жер жастандырды. Хандық пен қолбасшылық дарыны мол Кенесары жайлы әлі зерттеулер жүргізіле берері хақ.

Жан-жақтан қыспақтаған патша әскеріне Кенесары лажсыз Торғай даласынан Жетісуға ойысады. Жағдайының қиындап бара жатқанын ұғынған Кенесары қырғыздары да, қазақтарда Қоқан хандығы мен Ресей отаршылдығына қарсы күресте пана болар деп үміттенді. Бірақ, олай болмай, үміт ақталмады. Ыстықкөл төңірегіндегі қырғыздар атынан 1844 жылы Орынбай Бекмұратов Ресей мемлекетінің билігін мойындауға даяр екендігін білдірді. Бұл Кенесарыны қатты ызаландырды. Оның үстіне қырғыз манаптары: Орман,Жантай,Жанғаралы Батыс-Сібір губернаторына қырғыз елін өз құрамына қабырдауды әрі Кенесарымен соғысуға жәрдемдесуді өтінеді. 1846 жылы Кенесарыны қолдаушы Ұлы жүз батыры Шорақты, қырғыз Солты руының батыры Жаманқараны өлтірді. Жауап ретінде қырғыздар Шорақ ауылын шауып, малын айдап әкетті. Қазақ-қырғыз арасындағы шиеленіс өрши түсті. Қырғыздардың бас қолбасшысы Орман Кенесарыға қарсы күресу үшін Сарыбағыш, Бұғы,Солты, Сарыезу т.б. тайпаларды бас қосқан мәслихатын шақырды. Қоқан қоластындағы қырғыздар бұл жиынға қатыспады. Жиын Кенесарыға қарсы ұрысуды қолдады.

1847 жылы Наурызбай мен Ержан сұлтандар Қырғыз ауылдарын талқандады. Кенесарының ең соңғы шайқасқан жері қазіургі Тоқмақ қаласынан 6 шақырымдай жерде, Шу өзенінің сол жағындағы Кекілік-Сеңгір өңірі еді. Кенесары әскеріне келетін су жолдарының арнасынт басқа жаққа бұрып, әскерді ауыз сусыз қалдырды. Сонда Кенесарының: «Аспандағы жұлдыз көп пе, әлде жатқан қырғыз көп пе?» — деген сөзі ел аузында қалған. Осының бәрі Кенесары қалін ауырлата түсті. Арналарында Кенесары, сұлтандар Құдайменді, Ержан т.б. барлығы 32 төре тұқымы бар еді. Кенесары мен Наурызбай қатаң жазаланып өлтірілді. Олардың терісін сыпырып, еттерін иттерге берген деген әңгіме де бар.

Кенесарының қасіретті қайғылы қазасы, оның жерленген жері әлі жұмбақ өлімі туралы түрлі лақап таратылған. Ахмет Кенесарының – «Сұлтаны Кенесары и Сыздык» Ташкент. 1899 г. Естелік ретіндегі кітабында әкесінің сүйегін иттерге берді деген жорамалына сенім жоқ сияқты.

Кенесары Қасымов патшалық озбырлыққа қарсы тарих сахнасында Абылай ханның ісін жалғастырушы ірі тұлғаға айналды. 1841 жылы қазақтар Кенесары Қасымовты үш жүзге хан етіп сайлады. Кенесары өз күшін екі бағытпен соғысуға бөліп, Ресеймен де, Қоқан хандығымен де соғысты. Өз қарамағындағы елге соғыс жүргізу үшін алым-салықтар жинады, қоғам ішіндегі тәртіпке қатаң шаралар қолданды.

Кенесары сауда – саттық саясатына өзгерістер енгізіп, әскер күшімен саудагерлерден астықтар тартып алынды. Көпес саудагерлер баж салығын төледі. Ел ішіндегі барымтаны айыптап, ру аралық кикілжіңдердің кінәлілерін аяусыз жазалады. Өз әскерін жүздікке,мыңдыққа бөлді. Кенесары ойысқан Жетісу өлкесіне қару-жарақтар мен зеңбіректері бар әскерлер құпия мал санақшылары түнде жеткізілді. Ақыры 1847 жылы қырғыздарды да өз жағына өткізген орыс саясаты Кенесарыны өлтірумен тынды. Әрі ол жерлерді Ресей қоластына қосып алу шараларын жеңілдетті. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші қазақ шаруалары саналып, оған бастан-аяқ қалың бұқарасы қатысты. Бұл жеңіске масаттанған, қанат біткен Ресей патшалығы 19 ғасырдың 60-70 жылдарында Орта Азияға жорық жасап, Қоқан, Хиуа, Бұхара хандықтарын да жаулап алды. Нәтижесінде бұл хандықтар бұрын басып алға қазақ жерлері Түркістан генерал-губернаторының құрамына енді.

Қазақстан тарихында белгілі себептермен Кене ханның соғысын бір жақты қарап теріс баға берілді. Тек, еліміз тәуелсіздік алғаннан соң барып, там-тұмдап болса да шындық ашылып жатыр. Біз енді соны өрбіте түсейік.

 

 Кенесары қозғалысына Қазақстанда қалам тартып терең зерделеген еңбектердің дара бозы профессор Ермұхан Бекмаханов ( 1962 ж. ҚазССР, Ғылым Академиясының  корреспондент- мүшелігіне сайланған). Ол көптеген нақты құжаттарға сүйене отырып көтерілістің тарихын терең пайымдап, зерделгені үшін кітаптыі авторы үлкен ғалым саяси қуғын-сүргінге түскен. Ол белгілі үш автор Х.Айдарова, А.Ф.Якунин, Т.Ж.Шойынбаев «Қазақстан тарихын маркстік- лениндік рухта зерттейік»[18], — деген мақаладан кейін басталды. Осыдан кейін Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің арнайы қарарында көтерілісті даттап «Феодалдық-монархиялық реакциялық»   деген ауыр да, сыңар жақты баға берілді.

Осылайша Кеңестік тоталитаризм дәуірінде Кене хан көтерілісі негізінде большевиктік идеология, тап күресі, әлеуметтік принципке негізделіп зерттелді де, осыған байланысты халықтың азаттық күресі мәселелерін талқылап, оны терең зерттеуде монокоммунистік бағыт үстем болды.

Тек қана, Қазақстанда 90- жылдарда бастап Кенесары хан бастаған көтеріліс жөнінде қоғамдық пікір қайта оянып, жаңа, тың мәліметтер жариялана бастады. Оған белсене ат салысқандар егеменді еліміздің көрнекті білгір ғалым – тарихшылары мен жазушылары. Алғашқы рет көрнекті жазушы Мұхтар Мағауин тарихшы, әдебиетшілерді жинап Кенесары қозғалысына әділ баға беруді қолға алды. Ғалым Е.Бекмахановтың қайғылы кезеңін архив деректеріне сүйене отырып –« Бір істің тарихы», — деген атпен жазылған ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, профессор Кеңес Нұрпейісоввтың тұңғыш мақаласын айтуға болады.

1991 жылы «Қазақстан Коммунисі» журналының №3 санында жарияланған академик Р.Б.Сүлейменов пен профессор Ж.Қасымбаевтың архив деректері негізінде жазылған Кенесары қозғалысына арналған мақаласы да мәселенің әлі де басы ашылмай жатқанына түрткі болды.

Ақмола қаласында 1991 жылы академик Манаш Қозыбаевтың жалпы редакциясымен ұлттық қозғалысқа (1837-1847 жылдардағы Кенесары хан басқарған көтеріліске) арналған арнайы жинақ жарияланды. «Қазақ жеріндегі 19 ғасырдағы ұлт-азаттық көтерілістердің заңдылығы, ерекшеліктері, әсіресе, Кенесары қозғалысы кең жағрафиялық өңірдегі оқиғалармен  байланыстыра талқылануы» [29], — деген профессор Ж.Қасымбаев, профессор Жанұзақ Қасымбаевтың Кенесары туралы 1993 жылғы Кенесары хан (саясатшы және қолбасшы) деген кітабын Кенесары тарихнамасына қосқан елеулі үлес деуге болады. Әсіресе Кенесарының тарихнамасы, кітаптың құндылығы көптеген мұрағат құжаттарға, Кенесары көтерілісі орыс зерттеушілерін бейқам қалдырмаған еді. Міне солардың еңбектерін жан-жақты талдай отырып, сын көзбен жазылған еңбек. Кенесары сияқты тұлға, оның ерлігі ақылды , дарынды қолбасшы екендігі, бірақ әлі терең зерделеуді қажет ететіндігін, тарихшылардың алдында тұрған міндет екендігін ескертеді.Ол: «…Кенесары хан бастаған 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық көтеріліс тарихын зерттеуде ғалымдар енді ғана шын мәнінде қолға ала бастағанын айта кеткіміз келеді» [30], — деп аяқтаған.    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері көп уақыт өте қойған жоқ. Соған қарамастан Елбасы Н.Ә.Назарбаев тәуелсіз еліміздің негізін нығайтамын деп, қолынан келгеннің бәрін жасауда. Құдайға шүкір, қазір қазақстан әлемге танылғанымен, тәуелсіздігімізді бекіте түсер мәселелер көп. Солардың бірі ретінде Ресей боданы болған кезең жайлы М.Қозыбаев, Ж.Қасымбаев, с.З.Зиманов, Ғ.Сапарғалиев, т.б. қалам тартты. Бірақ, әлі де шындыққа сай зеттеулер жүргізіле берулері қажет.

Алдымызда демократиялық-құқықтық мемлекет құру мақсаты тұр. Олай болса оны алдымен алыстан іздемей, өзімізден іздегеніміз жөн. Қашанда әр халықтың өзіндік түйсігі, мінез-құлқы, тұрмыс-тіршілігі, қалыптасқан заңдары болады. Ол заңдар алдымен имандылық, ар-ұят, намыс секілді көздерден бастау алып, өзінің ұрпақтарына ғана арналады.

Қазақ халқының ежелден келе жатқан өз тарихы, өзінің ұлттық рухани мәдениеті бар. Оны жан-жақты зерттеп, зерделеп, қоғам кәдесіне жарату керек. Осындай маңызды рухани байлықтар арасында тарих пен құқықтың алар орны ерекше. Құқықтың қай қоғамда болмасын, араласпайтын жері жоқ. Қай халықтың құқығы жан-жақты дамып, кемелденген болса, бұл сол халықтың абыройы, жеткен жетістігі болып табылады. Сол себепті де әрбір халық алдымен өздері тәртіпті болуға тырысады. Тәртіп барлық мәселені оңай шешеді де, әрқайсысын өз орнына қоя да біледі. Тәртібі жоқ халық ерте ме, кеш пе, әйтеуір дағдарысқа ұшырап, өз түбіне өздері жетеді. Оны тарих айқын көрсетіп бере алады.

Экономикалық факторлардың қиындығына қарамастан қазірдің өзінде өз келбетін тапқан әрі өркениетті елдер қатарына қосылу Атазаңымызда зерделегендейбасты мақсатымыз болу керек. Олай болса өз құқықтарымызды дұрыс бағаламау үлкен зардаптарға соқтыруы мүмкін. Оның шет жағасы бой көрсетуде.

Мәселен, бүлдіршіндей қаракөздеріміз қалталы шетелдіктердің қолтығында кетсе, жасөспірімдеріміз арақтың соңында кетсе, осының бәрін экономикалық қиындыққа аудара салуымыз керек пе? Не әлде басқа халықтар мұндай қиыншылықтарды көрмеді дей аламыз ба? Әрине, көрді, бастарынан өткерді де. Бірақ, ата-бабалары қалдырған сара жолдарынан таймады, ұлттық намысын қорлап, қасиеттерін жоғалтқаны жоқ. Біздің қазақ халқының басынан да қазіргіден қиын тауқіметтер өтті ғой! «Ақтабан шұбырындыны» былай қойғанда, кешегі Кеңес дәуіріндегі ашаршылық, «шаш орнына бас алған» заман, соғыс т.б. Сонда да өзіміздің ұлттық қасиетімізді ешкімге таптатпайтын едік. Енді ше? Мұның бәрі кешегі патшалық Ресейдің отарлау, Кеңес дәуірінің тоталитарлық саясаттарының нәтижесінде халықты мәңгүрттендіргендігінің салдары. Халқымыздың өз ата- бабаларының қалдырған ұлы мұраларын білмеулерінің, оны арындай сақтамандықтың салдары.

Ел боламыз, ұлт боламыз десек, уақыт өткізбей ұлттық қадір-қасиетіміздің сипаттарын сомдай түсетін ата-баба салт-дәстүріне, әдет-ғұрыптарына, қалдырған рухани мол мұраларына шұғыл бұрылып, бұлжымас заң қағидаларына айналдыруымыз керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                   Қолданылған құжаттар тізімі

 

  1. Назарбаев Нұрсұлтан: Қазақстан тарихы – бірігу тарихы, Тұтастану тарихы. «Егемен Қазақстан» 1998, 18 наурыз.
  2. Кенжәлиев З. «Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет» А., 1997.
  3. Қозыбаев М. Ата тарихы туралы сыр. «Егемен Қазақстан» 1992, 3 қазан.
  4. Әбуталиев Н. Ордабасы Қожаберген. Алматы, 1995.
  5. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячилетий. А., 1992.
  6. Созақбаев С. Тәуке хан. «Жеті Жарғы», Алматы, 1994.
  7. Зиманов С.З., Усеров Н.У. «Жеті Жарғы жайлы». В сборнике «Проблемы казахского обычного права», Алматы, 1989.
  8. Апполова Н.Г. Экономические и политические связи Казахстана с Россией 18 начале 19 в. М., 1960.
  9. Марғұлан А.Х. Из истории городов и строительного искусства Древного Казахстана. А., 1950.
  10. Қазақ шежіресі, Алматы, 1994.
  11. Апполова Н.Г. Присоединение Казахстана к России. А., 1948. 129 б. Ана тілі, 1990, 19 сәуір.
  12. Қазақ ССР тарихы. Алматы, 1949, 1 т., 155 б.
  13. Бекмаханов Е. Қазақ халқының Кенесары бастаған азаттық қозғалысы. «Жұлдыз», 1991,№10.
  14. Мойсеев В.А. Джунгарское ханство и казахи 17-18 вв. Алматы, 1191,стр.56.
  15. Басин В.Я. Казахстан в системе внешней политики России в первой половине 18 в. В кн: Казахстан в 15-18 вв. А., 1969, стр.73.
  16. Өсерұлы Н. Халық дәстүрінен үйренейік. «Фемида», 1996, №9, 30 б.
  17. Кенжәлиев З. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет. Алматы, 1971.
  18. Зиманов С.З., Еренов А. О характере феодальной собственности на землю в Казахстане. Труды Алма – Атинского юридического института. А., 1955, т.1, стр. 49.
  19. Әбдіраманұлы А. Халық данасы – Сары би және Қоңырат руларының шежіресі. А., 1992.
  20. История государства и права КазССР, Алматы, 1982, ч.1.
  21. Қазақстан тарихы, очерктер. Алматы, 1994, 289 бет.
  22. Зиманов С.З. Общественный строй казаков первой половине 19 века. А., 1958.
  23. 15-18 ғасырлардағы қазақ ақын – жырауларының шығармалар жинағы, Алматы, 1971.
  24. Мағауин М. «Алдаспан», Алматы, 1971.
  25. Сапаргалиев Г. Карательная политика царизма в Казахстане. А., 1966.
  26. Өсерұлы Н. Шариғат. Алматы, 1996, 286-287 беттер.
  27. Қасымбаев Ж. Кенесары хан, А., 1993.
  28. Өзбекұлы С. Барлыбек Сұлтанов. Алматы, 1996.
  29. Мұса Ғ. «Жетісу қазақтары жайлы». «Қазақ», 1914, №60.
  30. Салықов Кәкімбек. Кенесарының соңғы сөзі. «Қазақ елі», 1998, 30 қазан.