ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
География факультеті
Геоморфология және картография кафедрасы
Қазақстанның түсті металлургиясының картасын құрастыру (қара және түсті)
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Алматы — 2013
МАЗМҰНЫ
бет:
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………..3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҮСТІ МЕТАЛЛУРГИЯСЫ…………4
1.1 Республиканың экономикалық-географиялық жағдайы………………………….4
1.2 Қазақстанда түсті металлургияның алатын орны……………………………………4
1.3 Түсті металлургияның ерекшеліктері мен топтарға жіктелуі…………………..7
1.4 Қазақстанның әр аймағында кездесетін түсті металдар кен орындары…..14
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРА МЕТАЛЛУРГИЯСЫ………..20
2.1 Қара металдарға жеке түсінік………………………………………………………………20
2.2 Қара металлургияның ірі кәсіпорындары……………………………………………..21
2.3 Қазақстан Республикасындағы металлургиялық кешенінің өндірістік жағдайы……………………………………………………………………………………………………25
3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҮСТІ ЖӘНЕ ҚАРА МЕТАЛЛУРГИЯ КАРТАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ………………………………………………………………………….31
3.1 Карталарды құрастыруда ГАЖ-дың рөлі………………………………………………31
3.2 ArcGIS бағдарламасында карталарды құрастырудың жалпы әдістері…….33
3.3 Қазақстанның түсті және қара металлургия карталарын ArcGIS бағдарламасында құрастыру……………………………………………………………………..40
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………….55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………….56
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы – егеменді, демократиялық және біртұтас мемлекет. Оның экономикасының жетекші салалары болып табылатын түсті және қара металлургияның мемлекетаралық зор маңызы бар. Берілген «Қазақстанның түсті металлургиясының картасын құрастыру (қара және түсті)» атты жұмыс еліміздің экономикасына зор үлесін қосады. Қазақстанда бұл саланың айтарлықтай орны ерекше.
Жұмыстың мақсаты- Қазақстан Республикасының металлургиясын жаңа ГАЖ-функцияларды, картографиялық бегілерді пайдаланып картографиялау.
Зерттеліп отырған аймақтың физикалық-географиялық орны айтарлықтай республика өнеркәсібінің дамуына әсер етеді.
Алғашқы тарауда жалпы металлургияға, Қазақстанда дамыған кен орындарына басты назар аударылады. Қазақстанның түсті металлургиясының әр саласына жеке тоқталып, орналасу ерекшеліктеріне, түсті металдардың түпкілікті қай жерден табылғандығы, олардың құрамы және қазіргі таңда дамып келе жатқан, сонымен қатар шет ел компанияларымен бірігіп жұмыс істеп жатқан кен орындары туралы сөз етіледі.
Негізгі бөлімнің екінші тарауында қара металлургияға байланысты толық мағлұмат алуға болады. Оларға жеке тоқталу, Қазақстанда кездесетін ірі кәсіпорындарды баяндау. Қара металлургия — өзінің негізгі өнімдерін екінші рет қайта өңдеудің аяқталған кезеңін қамтамасыз ететін ғаламат сала және сонымен бірге басқа салалар мен өндірістердің қалдықтарын кәдеге жаратуға қабілетті болып табылады. Қазақстан үшін қара металлургия – екінші дүние жүзілік соғысынан кейінгі жылдары ғана пайда болған ауыр өнеркәсібінің салыстырмалы түрдегі жас сала. Қазақстанда шойын, болат, бұйымдарды илемдеу және ферроқорытпа өндірілетіндігіне тоқталып өту.
Жұмыстың келесі тарауы — карталарды құрастыруда әр түрлі картографиялық белгілер мен картографиялық бейнелену әдістерін жүйелі талдау, картодиаграмма және шкалаларды таңдау, экономикалық карталарды құрастырудағы типологиялық материалдарды анализдеу, картографиялаудың жаңа бағдарламалары, әдістемелері, ГАЖ-дың қазіргі карта құрудағы жаңаша ерекшеліктері, қажеттілігі, картографиялаудағы жаңа технологияның ролі туралы сипатталады.
Соңғы тарау осы жұмысты толықтай ашатын Қазақстан Республикасының металлургиясын картаға түсіру, олардың орналасу ерекшеліктері, қосымша мәлімет бойынша диаграммалар құрастыру, түсті және қара металдар өндірісін кестеде толтыру .
1ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҮСТІ МЕТАЛЛУРГИЯСЫ
1.1 Республиканың экономикалық-географиялық жағдайы
Қазақстан Республикасы-егеменді, демократиялық және біртұтас мемлекет. Еліміздің аумағы-2724,9 мың млн. шаршы шақырым. Дүниежүзі бойынша жерінің кең байтақтығы жөнінен 9- орында.Мемлекет Ресей, Қытай, Түркменстан, Өзбекстан, Қырғызстан жерлерімен шектесіп жатыр.Республика шаруашылығының көптеген салаларының мамандануы мен дамуына, ең алдымен, оның физикалық-географиялық орны айтарлықтай әсер етеді. Бұл тұрғыдан алғанда, Қазақстан өте тиімді жағдайда деп айтуға болмайды. Ол батысында Каспий теңізі мен Еділ өзені және шығысында Алтай таулары аралығында, солтүстігінде Батыс Сібір жазығы мен оңтүстігінде Орта Азияның биік таулары мен шөлдері аралығында, Еуразия материгінің түкпірінде орналасқан. Сондықтан табиғат зоналарынан Қазақстанда климаты аса құрғақ «континеттік зоналар»- дала, шөл және шөлейттер басым.
Республиканың экономикалық-географиялық жағдайы, яғни экономикалық даму факторларына қатысты жағдайы, экономикалық немесе саяси өзгерістерге байланысты-әр кезде тиімді немесе тиімсіз, қолайлы немесе қолайсыз болып келеді. Қазіргі Қазақстан — экономикалық бірқатар салалары жөнінен зор халықаралық маңызы бар индустриялы — аграрлы республика.
Қазіргі Қазақстан өнеркәсібінің құрамында кен байлықтарды өндіруге байланысты дамыған салалар баршылық. Соның бірі, шаруашылық салаларының дамыған түрі-Қазақстан Республикасының түсті металлургиясы /6/.
1.2 Қазақстанда түсті металлургияның алатын орны
Металлургия — кен өндіру, қара және түсті металдарды қорыту — ауыр өнеркәсіптің аса маңызды саласы. Ол бүкіл өнеркәсіптің өзегі — машина жасауды дамытудың іргетасы болып табылады. Металсыз машиналар болмайды, ал машиналар мен тиісті құрал — жабдықтар болмайынша, шаруашылықтың бірде-бір саласы дами алмайды. Металлургия кешені бұл- байытуға және өңдеуге кен шығатын пайдалы қазып алынатын кәсіпорындармен қоса, өнеркәсіп салаларының жиынтығы.
Металлургия (грек тілінен аударғанда metallurgea — руда өндіремін, металл өңдеймін, metallon- металл және ergon — жұмыс) ғылым мен техниканың және өндірістің рудадан әртүрлі металдар т.б. материалдар өндіру, металл қорытпалардың химиялық құрамы мен құрылымын, яғни қасиеттерін өзгерту мәселелерімен шұғылданатын саласы.
Металлургиялық процестерге жер қойнауынан қазылып алынған руданы алдын — ала өңдеу, бұлардан металдар мен қорытпалар өндіру және оларды бөгде қоспалардан арылту, яғни тазарту, металдар мен қорытпаларға қажетті пішіндер мен қасиеттер беру жұмыстары жатады.Металлургия темір негізді қорытпалар өндіру мәселесімен шұғылданатын қара және түсті металлургия деген екі салаға бөлінеді.
Енді түсті металлургияға тоқталатын болсақ, республика аумағында түсті металлургия кен орындары 3 металлогенді ауданда орналасқан, олардың ең ірілері – Орталық Қазақстан, Шығыс Қазақстан. Оңтүстік Қазақстанда түсті металл кен орындары Жоңғар Алатауы (Текелі ) мен Қаратау жотасында жайғасқан. Қостанай мен Торғай облыстарындағы алюминий кен орындары пайдалануда. Едәуір көп мөлшердегі алтын кен орындары Солтүстік және Шығыс Қазақстан аудандарында орналасқан. Сирек металдар кен орындары Орталық және Шығыс Қазақстанда шоғырланған /1/.
Қазақстанда түсті металдар шикізатының ірі базасы қалыптасқан.Олардың ішінде жетекші орынды мырыш , қорғасын және мыс кендері алады. Бұл металдардың республикадағы қоры бойынша тиісінше әлемде бірінші, екінші және үшінші орын алады.Олар Қазақстан түсті металлургиясы базалық кәсіпорындарының (Жезқазған, Балқаш, Ертіс мыс, Шымкент, Риддер, Өскемен қорғасын мен мырыш, Павлодар алюминий қорыту зауыттары ) шикізат көзі болып табылады. Қазақстан әлемдегі ірі мыс өндіруші елдердің бірі. Республика аумағында мыс кентасының порфирлі, мысты құмтас, колчеданды, скарндық мысты — цеолидті, мысты — никелді т.б. кен орындарының көптеген түрлері белгілі. Мыскентасының ірі кен орындарына Жезқазған, Қоңырат, Ақтоғай, Айдарлы, Жаман — Айбат, Бозшакөл, Көксай, Қасқырмыс, Нұрқазған ( Самара ) т.б. жатады. Жекелеген кен орындарының ( Жезқазған мыс кені, Жаманайбат мыскені ) мыс қоры 10млн т-дан асады. Қорғасын мен мырыштың 100-ден аса кен орындары анықталып, 58-і балансқа алынған. Олардың негізгі қоры Шығыс Қазақстанда (Кенді Алтай) және Орталық Қазақстанда шоғырланған, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстанда да (Қаратау) кездеседі. Қазір қорғасын мен мырыштың 30-ға жуық кен орындары игерілуде. Алюминий шикізаты ретінде ең көп таралғаны- боксид. Қазақстанда боксид қоры көп. Анықталған 200 кен орындарының және кен өніммдерінің (есепке алынғаны) 50-ден астамы платформалық типті. Олардың ішіндегі ірілері: Краснооктябрь, Белинское, Тауынсор, Шығыс Әйет, Көктал, Наурызым, Жоғарғы Әйет, Арқалық кен орындары. Бұлардың барлығы Торғай ойысында орналасып, Батыс Торғай, Шығыс Торғай (Амангелді) және Орталық Торғай боксидті аудандарын құрайды. Қазақстан сирек металдарға бай өлке. Молибден қоры жөнінен республика әлемде төртінші, Азия елдері арасында бірінші орынды алады.Молибден кентастарының қоры 34 кен орны бойынша есепке алынған, олардың 26-сы баланстық. Ірілері: Көктіңкөлі, Оңтүстік, Шалқия, Жәнет, Батыстау, Жоғарғы Қайрақты, Қараоба, Ақшатау. Молибден кен орындары негізінен штокверктік (порфирлік) типті. Қазақстан КСРО-дағы жоғары сапалы тантал концентраты мен ниобийдің негізгі өндірушісі болды. Тантал бойынша өнеркәсіптік шикізат базасы төрт кен орында шоғырланды: Бәкен, Белогор, Юбилейное және Жоғарғы Баймырза. Кен орындарының барлығы Қалба жотасында орналасқан.Солтүстік Қазақстанда Ірі Сырымбет пен Донецк қалайы кен орындарының ашылуы қалайы шикізат базасын айтарлықтай ұлғайтты. Оған дейін ілеспе қалайының 5 кен орны балансқа алынған болатын, негізгілері кешенді сирек металл кентасты Қалайытапқан (жалпы қордың 70%-ға жуығы), Қароба, Бәкен, Юбилейное және Ахметкин кен орындары /9/.
Түсті металлургия металдар мен олардың қорытпаларын кеннен өндіру, байыту және қорытып алуды іске асырады. Қазақстанның түсті металлургия кәсіпорындарында Менделеев кестесіндегі 74 элемент өндіріледі, олардың 50-і таза металл және химиялық қосылыстар түрінде тауарлы өнім құрамына енеді. 1-суреттен көріп отырғанымыздай, Қазақстан Республикасындағы түсті металл өндірудіңң негізгі көрсеткіштер серпіні 2003-2006 жылдар аралығында өзгеріп отырған
Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіп өнімдері нақты көлемінің индекстері, алдындағы жылға пайызбен
Түсті металл өндірудегі нақты көлемнің индекстері, алдындағы жылға пайызбен
1-сурет. Қазақстан Республикасындағы түсті металл өндірудің негізгі көрсеткіштер серпіні.
1.3 Түсті металлургияның ерекшеліктері мен топтарға жіктелуі
Түсті металдар мынадай топтарға бөлінеді:
- ауыр металдар (мыс,қорғасын, мырыш, никель, қалайы);
2) жеңіл металдар (алюминий, титан, магний);
3) асыл металдар (алтын, күміс, платина);
4) сирек және шашыранды металдар (вольфрам, молибден, бериллий, ванадий).
Түсті металдардың бір ерекшелігі – кенде пайдалы құрам бөліктерінің өте аз мөлшерде кездесуі, негізінен металл бірнеше проценттен : оның жүздік, тіпті мыңдық үлестеріне дейін ғана болады.
Түсті металлургияның екінші ерекшелігі – олардың кешендігі, яғни кенде бірнеше пайдалы құрам бөліктерінің қатар кездесуі. Сондықтан түсті металлургияда шикізатты кешенді өңдейтін комбинаттар құрылып, әрбір элемент (металл) кеннен жеке цехта бөлініп алынады.
Түсті металдар алу көп энергия шығынын керек етеді. Олар энергияны көп қажет ететінін өндірістер деп аталады, оның үстіне олар материалды көп қажет етеді. Сондықтан түсті металлургия кәсіпорындары арзан электр энергиясы көздеріне жақын жерге салынады.
Түсті металлургия кендерінің кешенді сипаты негізінен металдармен қоса 10-15 өнім түрін алуға мүмкіндік береді /4/.
Түсті металдардың бағалы қасиеттері: тотығуға төзімді, электр өткізгіш, берік, қиын балқиды. Осындай бағалы қасиеттердің арқасында түсті металлургия Қазақстан халық шаруашылығында кеңінен қолданылады. Халық шаруашылығының түсті металдарды пайдаланбайтын бірде-бір саласы жоқ: мыс пен алюминий – электр техникасы мен кабель өнеркәсібінің негізгі металдары, мырыш, никель, вольфрам, молибден- қара металлургияда сапалы болат өндірудің негізі; титан, кремний, германий және басқа сирек металдар ғарыш техникасында, радиоэлектртехникада, прибор жасауда, есептегіш машина, теледидар жасауда, алюминий- авиация, автомобиль және машина жасау өнеркәсібінің басқа да салаларында; қорғасын, күміс, сурьма, қалайы- аккумулятор, кабель өндірісінде, атом өнеркәсібінде қолданылады. Көріп отырғанымыздай, түсті металдардың қолданылу аясы өте кең.
Қазақстанда түсті металлургия қара металлургияға қарағанда көбірек дамыған. Ол Алтайда 18 ғасырдың 20- жылдарында-ақ құрылған, ал бұдан 100 жыл өткен соң түсті металлургия Орталық Қазақстанда да пайда болды. Бірақ бұл сала тек 1928 жылдан бастап, республикада алғашқы ірі кәсіпорындар – Лениногор полиметалл комбинаты және Қарсақпай мыс қорыту зауыты салынғаннан кейін ғана қарыштап дами бастады. Сол кезден былай Қазақстанда алуан түрлі-түсті металдарды өндіретін көптеген кеніштер мен карьерлер жасалған, осы заманғы кен байыту фабрикалары, металлургия зауыттары мен тұтас комбинаттар салынған. Қазір Қазақстан түсті металдарды 30-ға жуық елдерге шығарады /3/.
Мыс,қорғасын-мырыш және таяуда пайда болған алюминий мен титан-магний өндірісі – Қазақстан металлургиясының басты салалары. Бұл салалардың әрқайсысының халықаралық зор маңызы бар және олардың кейде ірі комбинаттар түзетін кеніштері мен карьерлері, кен байыту комбинаттары мен зауыттары болады. Қазақстанда түсті металдар өндірісін ұйымдастырудың мұндай формасы олардың кендерінің ерекшеліктеріне байланысты, бұл кендерде таза металл аз- 1-ден 5-6 %-ға дейін, ал шашыранды металдар кендері әлденеше рет байыталған соң ғана, құрамында металы көп концентрат алынады. Оның үстіне, әдетте кенде бірнеше пайдалы элементтер кездеседі және олардың әрқайсысы әртүрлі цехтарда шикізаттарды кешенді өңдеу принципі бойынша жекелеп алынады.
1) Ауыр металдар
Түсті металдардың ішінде мыс кені халық шаруашылығындағы салаларда өте кең қолданылады. Қазақстанда мыс кендерінің қоры өте мол. Ірі мыс кен орындарына Бозшакөл, Шатыркөл, Жыланды, Орлов, Николаев жатады. Олардың қоры көпке жетеді /9/
Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағының өндірілетін мыстың едәуір бөлігін береді және осы металды өндіру жөнінен ол тек Оралдан кейінгі орынды алады. Мысты өндіру және қорыту республиканың орталық және шығыс бөліктеріне шоғырланған. Балқаш және Жезқазған кен – металлургия комбинаттары –мыс өнеркәсібінің аса ірі кәсіпорындары.Олар Қоңырат,Саяқ және Жезқазған мыс кендерімен жұмыс істейді. Өскеменге жақын орналасқан Глубокое елді мекеніндегі Ертіс зауыты және Жезқазған маңындағы Қарсақпай зауыты қуатты шағын мыс қорыту зауыттары. 1990 жылдарға дейінгі Қазақстан 400 мың тонна мыс өндіретін, қазір оның көлемі 300-340 мың тонна шамасында.
Аса ірі мыс кен орындары Жезқазған ауданында орналасқан. Жезқазған маңайынан тобы табылды. Ондағы мыс кенінің аса мол қоры жер бетіне жақын орналасқан. Жезқазған ауданындағы мыс кен орындары дүниежүзі бойынша ең ірілерінен бірінен саналады. Осы кен орындары базасында Жезқазған комбинаты- тазартылмаған және тазартылған мыс пен түсті прокат шығаратын аса ірі кәсіпорын бой көтерді. Үлкен Жезқазған қазіргі кезде Оралдың барлық мыс қорытатын зауыттары шығарғаннан артық мыс өндіреді. Мыс балқыту комбинаты, кеніштер, алып шахталар ең жаңа автоматтандырылған және механикаландырылған техникамен жарақталған. Жезқазған комбинатында мыс кеніндегі барлық серіктес элементтер ( олар-21) айырып алынады. Бұл айырып алынатын элементтердің құны негізгі өнім- мыстың құнынан асып кетеді.
Қоңырат және Саяқ мыс кен орындары базасында аса ірі Балқаш кен-металлургия комбинаты салынды.
Балқаш кен- металлургия комбинаты бұрынғы Кеңес Одағындағы ең озық кәсіпорын болды. Бұл комбинатта кен өндіріп, байытудан бастап металл қорытуға дейінгі барлық өндіріс циклі толық іске асырылады. Ол елімізге ең арзан мыс береді /3/.
Қорғасын алғашқы кезде күміс галамитінен ажыратылып алынады. Бұл процесс руданы күйдіруден көрікпен немесе ликвациялық балқытулардан тұрады. Қазіргі кезде қорғасын полиметалл рудаларын фиотациялық байыту , агломерациялық күйдіру , шахталық пеште тотықсыздандыру және тазалау тәсілдері бойынша өндіріледі.
Мырышты қорытпалар- құрамыы негізінен мырыштан тұратын қорытпалар. Бұл қорытпаны алу үшін мырышқа әр шамада алюминий, мыс және магний қосылады. Құймалық қасиеттерін арттыру үшін мырышты қоспаларға 5-10%-ке дейін қалайы қосылады. Бұл қорытпалардан күрделі пішінді детальдар құйылады.
Қорғасын-мырыш кен орындары Қаратауда (Ақсоран,Байжансай, Түйетас), Талас Алатауында (Жетімсай, Киікбайсай) белгілі.Сонымен қатар бұл металдардың шоғырлануы Көкшетау-Тяньшань системасының оңтүстік-шығысында герцен кезеңіне тән. Іле Алатауының батысында (Қастек қыраты)- Шыналысай кен орны, ал шығысы мен орталығы – Қаскелең, Қарақой, Шынтүрген жерлеріне қорғасын-мырыш тән.Біршама қызығушылық Түйік кен орнындағы мыс-қорғасын-барит металдарына тән.
Қазақстанның шығысы мен оңтүстігінде қорғасын-мырыш немесе полиметалл өнеркәсібі дамыған. Алайда бұл саланың ежелгі орталығы Лениногор және ең жаңа орталығы Өскемен қалалары. Олар жергілікті кен байыту комбинаттарының қорғасын және мырыш концентраттарын пайдаланады. Республиканың оңтүстігінде Қаратау кенін пайдаланып, Шымкент қорғасын зауыты жұмыс істейді. Жоңғар Алатауындағы Текелі және Орталық Қазақстандағы Жәйрем де полиметалл өнеркәсібінің маңызды орталықтары болып табылады.
Қорғасын-мырыш кендері полиметалл кеніне жатады. Өзінің полиметалл немесе көпметалды деген атауын толық ақтайды., өйткені, оның құрамында негізгі металдар- қорғасын және мырышпен қоса алтын, күміс, мыс, сурьма, мышьяк, висмут, кадмий, индий, германий т.б. кездеседі. Қазақстан қорғасын мен мырыш өндіретін ірі аудан. Ол бұрынғы Кеңес Одағында қорғасынның 70%-ін, мырыштың 50%-ін өндірді. Бұл кендердің негізгі қоры Шығыс Қазақстанда орналасқан. Әсіресе, қазба байлықтары мол Кенді Алтай дүниежүзіне белгілі. Ондағы негізгі полиметалл белдеуінің ені шамамен 50 шақырым, ұзындығы 500 шақырымға созылады. Бұл жерде өнеркәсіптік маңызы бар 70 пайдалы элементтер анықталған.
Кенді Алтай полиметалл кендері базасында толық аяқталған өндіріс циклі бар аса ірі кәсіпорын- Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты жұмыс істейді. Ол шығаратын өнім көлемі, технология деңгейі, білікті кадрлары жағынан түсті металлургия салаларындағы ең озық кәсіпорын болып табылады.
Лениногорда (бұрынғы Риддер) ірі полиметалл комбинаты жұмыс істейді. Шығарылған кеннен байыту фабрикасында қорғасын, мырыш, мыс концентраттары өндіріледі.
Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі қорғасын-мырыш кен орындарына Қаратау тауларындағы Мырғалымсай жатады. Кеңсай және Ащысай кеніштері негізінде Шымкент қорғасын зауыты жұмыс істейді.
Жоңғар Алатауы тауларында қорғасын кен орындарының Текелі тобы жұмыс істеуде. Балқыту кезінде қорғасын-мырыш және мыс концентраттарынан қосымша өнім ретінде күміс, барий және басқа да элементтер бөліп алынады.
Орталық Қазақстанда әзір пайдаға жаратылмай жатқан қорғасын мен мырыш кен орындары бар.
Қорғасын-мырыш (полиметалл) кендері Кенді Алтайда, Сарыарқада, Қаратау мен Жоңғар Алатауында таралған. Олардың негізінде ірі тау-кен байыту және металлургиялық кәсіпорындар Лениногорскіде, Зыряновскіде, Өскеменде, Текеліде, Шымкентте, Қарағайлыда, Кентауда және т.б. жұмыс істейді.
Полиметалл кендерінің құрамында қорғасын мен мырыш немесе мыс пен мырыш немесе қорғасын мен мыс немесе тек мырыш болады.
Ғарыш ғасыры металдарына сирек және шашыранды металдар жатады.
Мысал. Халық шаруашылығының дамуы үшін сирек металдардың маңыздылығы ескеріліп, Ертіс мыс қорыту комбинатының базасында кеннен сирек металдар айырып алатын қуатты Шығыс Қазақстан полиметалл комбинаты салынды /3/.
Сарыарқада Атасу типіндегі полиметалл кендері Қарағанды және Жезқазған облыстарында орналасқан.Комплексті, қосымша компоненттері бар кен орындары Балқаштың солтүстігінде орналасқан. Бірнеше полиметалл кендерінен біреуі ғана — Ақжол іске қосылған.
Қаратауда Ащысайдан басқа Аралтау, Ақсораң, Байжансай кен орындары бар. Жоңғар Алатауында Текелі, Көксу, Суықтөбе, Орталық Суықтөбе және т.б. кен орындары барланып, іске қосылған.
Никель және кобальт кендері Ақтөбе, Қостанай, Жезқазған, Карағанды, Павлодар, Семей және Жамбыл облыстарында таралған. Ақтөбедегі Кемпірсай бассейнінде никель кен орындарының 30-ның ішінен 14-і жұмыс істейді Жоғары сапалы никель кенінің үлкен қоры Қостанай облысындағы Аққарға мен Ақтауда шоғырланған. Силикатты никель кендері Кемпірсайдан басқа Семей және Жезқазған облыстарында ашылған. Олардан металлургиялык өңдеу барысында кобальт та алынады /1/.
2) Жеңіл және аса жеңіл металдар тобына Кенді Алтайда кең тараған титан мен магний жатады. Оларды өндіру үшін энергия алюминий өндіруге жұмсалатыннан да көп кетеді. 1 тонна металл алуға 20 мың кВт сағат электр энергиясы жұмсалады.
Магнийлі шикізат (магнезит, доломит, бишофит, карналит) аса жеңіл және отқа төзімді материалдар алуға пайдаланылады.
Алюминий және титан-магний өндірісі- Қазақстандағы түсті металлургияның жаңа салалары. Олар республикада 1960 жылдардың орта шенінен дами бастады. Энергияны көп қажет ететін бұл металдар арзан электр энергиясын көп өндіретін ірі жылу және су электр станциялары бар Павлодар мен Өскеменде қорытылады, өйткені бір тонна алюминий қорыту үшін 18-20 кВт. сағат, ал титан мен магний қорыту үшін одан да көбірек электр энергиясы жұмсалады.
Титан кендері Қостанайда, Көкшетауда, Ақмола мен Ақтөбе облыстарында барланған. Ұлытау, Оңтүстік Алтайда және Жезқазған облысындағы қоры
Алюминий кендерінің ішінде бокситтер ерекше орын алады. Келешегі бар аудандарға Сарыарқаның батысы мен солтүстігі, Торғай ойпаты, Сырдария өзенінің бассейні, Каспий маңы және Арал маңы ойпаты. Аманкелді, Обаған, Жоғарғы Тобыл, Теңіз, Таскөл және Шаған, Мұғалжар, Шымкент қаласының маңындағы кен орындарын атауға болады.
Алюминий өнеркәсібі үшін шикізат ретінде Қостанай мен Торғай далаларының бокситтері пайдаланылады. Байытылған кен (глинозем) Арқалықтан Павлодар зауытына жеткізіледі. Көп уақытқа дейін алюминий негізінен ұшақ жасауға пайдаланып келсе, қазір электроникада, көліктік машина жасауда, құрылыс саласында, ауылшаруашылығында қолданылуда.
Төмендегі суретте 2009-2012 жылдар аралығындағы алюминий, тазартылған мыс, өңделмеген қорғасын, өңделмеген мырыш статистикалық мәлімет бойынша мың тоннамен алғандағы көрскткіші.
белгілі.
2009 2010 2011
|
өңделмеген алюминий,алюминий тотығы, мың
|
пісірілген, илеуге, соққылауға ұшырамаған бұйымдардан басқа,дайындама түріндегі
тазартылған мыс, мың тонна
|
өңделмеген қорғасын, мың тонна
|
2012 өңделмеген мырыш, мың тонна
2-сурет. 2009-2012 жылдар аралығындағы өнімдерді заттай көрінісінде өндіру.
3) Асыл металдар.
Халықаралық валюта металы- алтынның маңызы зор. Алтын кен орындары Солтүстік, Орталық Қазақстан аудандарында орналасқан. Түсті металлургия кәсіпорындарында негізінен: металды қорытып шығару кезінде едәуір алтын алынады.
1991 жылы дүниежүзінде 2 мың 160 тонна алтын өндірілді, соның 29 тоннасы (1,35%) Қазақстан үлесіне тиді, сол кездері республика қоры 2 мың тоннаға бағаланды. Алдымыздағы ғасырдың 30-40 жылдары Солтүстік Қазақстанда кен байыту орындары ашылды: Бестөбе, Майқайың, Ақсу т.б.Ал 50-60 жылдары олардың қатарына республикадағы ірі кәсіпорындар-Васильков, Бақыршық, Ақбақай және Юбилейное. Шығыс және Орталық Қазақстанда 40 %-ке дейінгі алтын полиметалдық, алтынды- мысты аралас болды. Өсім қоры жылына 50 тоннаға дейін өседі деп жоспарланды.
Басқа да өндіріс салалары секілді алтын өндіру 1990 жылдың басында әртүрлі қиыншылықтар мен түсініспеушіліктерді басынан кешірді. Алайда 1997 жылға дейін алтын жобалары мұнайдан басқа пайдалы қазбаларды артта қалдырып, рентабельді жобалардың қатарына енді.Ал 1997 жылдың күзінде алтынға деген сұраныс азайып, құны төмендеді, республикада коммерциялық қор 2 есе қысқартылды. 1999-2000 жылдары Қазақстанда алтынға деген қызығушылық қайтадан арта түсті /6/.
Қазақстанда күміс ертеден өндіріледі. Оны өндіру көлемі бойынша республика Азия елдері ішінде бірінші орын алады. Оны полиметалл кентасын кешенді өңдеу кезінде бөліп алады.
Герцен кезеңінің аяқталу кезеңінде Көкшетау-Тяньшань системасында алтын рудалары пайда болды.
Алтын мен күміс ертеден Қазақстанның шығысы мен солтүстігінде өндіріліп келген. Солтүстікте — Ақсу, Майқайың, Жусалы, Жаңғабыл, Төртқұдық және т.б кен орындары. Шығыста — Қалба алтынды аумағы. Алтын Оңтүстік Қазақстанда Жоңғар Алатауы мен Шy және Іле тауларында табылған.
Көкшетау жақын жылдары негізгі алтын өндіруші аймаққа айналады. Өндірілетін алтын мөлшерін қазіргі жылына 10- 15 — тен 100- 120 тоннаға дейін арттыруға болады.
Асыл металдардың ішінде рений сияқты сирек металл да кездеседі, ол дүниежүзілік рыногта басқа сирек металдардан 100 есе, ал күмістен 50 есе қымбат. Рений Жезқазғанның мыс кендерінен табылды.
4) Сирек және шашыранды металдар Қазақстан жерінде кеңінен таралған.
Қалайы— Адамзаттың көне заманда игерген алғашқы металдардың бірі. Ол қарапайым шахталық пештерде қорытылып, бөгде қоспалардан ликвациялық және тотықтандыру тәсілдері бойынша арылтылатын. Қалайының рудадағы мөлшері қорғасынға қарағанда өте аз, әрі онда неше түрлі бөгде қоспалар (күкірт, мышьяк, сурьма, висмут, күміс т.б.) болады. Сондықтан да қалайы күрделі технологиялық процестер (руданы байыту, күйдіру, концентраттағы үстеме қоспаларды қышқылдандыру, магниттік сепарациялау, электр немесе шахталық пештерде тотықсыздандыру негізінде тазартылмаған қалайы алу және мұны тазарту арқылы өндіріледі.
3-сурет. өңірлер бойынша алтын, күміс өндіру
Қалайы-вольфрам кен орнының шығуы Солтүстік Қазақстандағы Көкшетау массивтерінің кембрийге дейінгі жарылымдар мен сынықтарға тартылатын жерлер бұлар-Баян, Чебан, Түскен, Дальнее, Орлиногор.
Девон кезінде пайда болған вольфрам, молибден, қалайы металдары Шу-Іле тауларында орналасқан. Ең белгілі кен орындары – Шалқия,Көгілдір Шоқылар (Майкөл). Бұл граниттер тастарды қаптау ретінде де қолданылады.
Сирек кездесетін металдар Іле Алатауында белгілі. Солардың бірі Бұғыты кен орны көп қызығушылықты білдіреді /2/.
Тантал-ниобий кендері Қалба мен Мұғалжарда таралған. Комплексті ниобий кендері Семей және Көкшетау облыстарының гранитті шөгінділерінен табылған. Сонымен қатар Белогор, Асубұлақ, Үлбі, Қараш, Қалғұты т.б. кен орындарында кездеседі.
Вольфрам қоры жөнінен Қазақстан әлемде бірінші орын алады. Вольфрам қорының 53%-дан астамы 16 кен орында шоғырланған, оның 12-сі баланстық. Вольфрам кенінің басым типтері – кварц- желілі-гейзенді және штокверкті, оларға Қараоба, Ақшатау, Жоғарғы Қайрақты, Бұғыты, т.б. кен орындары жатады. Вольфрамға бай кентастар скарндық-грейзендік кен орындарында (Солтүстік Қатпар, Баян) немесе олардың мүжілген қатпарларында (Көктіңкөлі) кездеседі. Вольфрамның 16 кен орны есепке алынған. Оның 85%-на жуығы штокверг кендері (Шығыс Қайрақты, Бұғыты, Көктіңкөлі, Қараоба, т.б.), ондағы вольфрам триоксидінің мөлшері 0,12-0,19%. Негізгі қорлар 6 ірі және аса ірі: Жоғарғы Қайрақты, Бұғыты, Көктіңкөлі, Солтүстік Қатпар, Қараоба (штокверг), Баян, Ақсоран кен орындарында шоғырланған. Вольфрам мен молибденнің өнеркәсіптік кен орындары Сарыарқада (Байназар, Ақмая, ІІІалқия, Саран, Батыстау және т.б.), Таулы Алтайда (Көкшіл, Шындығатай), Іле Алатауында ашылған.
Цирконий Сарыарқаның батысы мен солтүстігінде, Торғай ойпатында, Арал маңы мен Мұғалжарда таралған.
Висмут қорғасынды, мырышты және мыс кендерінде кездеседі.
Сирек металдардың қасиеттері мен алыну технологияларын меңгеруде үлкен еңбек сіңірген ССРО-ның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик Е.А. Букетов бағаланады.
Ванадий кендері Қаратау мен Жабағылтауда табылған.Кендегі ванадийдің мөлшері шамамен 1% және молибден 0,22 %. Кеннің сапасы жоғары емес. Ванадий бар кендер Шыңғыс тауларында, Бетпақдалада, Кіндіктаста, Теріскей Алатауы мен Жезқазған аймағында кездеседі.
Галий Амангелді және Торғай бокситінде, Алтайдың полиметалл кендерінде кездеседі.
Индий Мырғалымсай, Текелі, Майқайыңның полиметалл кендерінен алынады. Қаратаудың қорғасын-мырыш кен орындарының кендерінде индий элементі бар. Ол 1963 жылы ашылды.Бұл күмістей ақ, жұмсақ металл. Теңіз кемелері, авиация мен автомобиль өнеркәсібінде қолданылады. Әсіресе, индийге Мырғалымсай кендері бай.
Талий Алтай кендерінен (Лениногорск, Зыряновск, Ертіс маңы), Сарыарқа (Жайрем, Ақжал, Ұзынжал, Қарағайлы), Жезқазған және Қоңырат кен орындарынан алынады.
Селен мен тилур Кенді Алтай, Майқайыңның, Шыңғыс тауының полиметалл кендерінен, Саяқ, Қоңырат, Бозшакөлдің, Шатыркөл, Жезқазған және т.б. мысты кендерінен алынады /1/.
1.4 Қазақстанның әр аймағында кездесетін түсті металдар кен орындары
Оңтүстік Қазақстан облысының түсті металлургия кен орындары. Облыс аумағында полиметалдық кендердің құрамында қорғасын,мырыш, сонымен қатар сирек жер элементтері (мыс, күміс, индий т.б.) болады. 110 кен орындары белгілі (Ащысай, Мырғалымсай, Қарасай, Байжансай т.б.). Оңтүстік Қазақстан облысы республикада қорғасын өндіру бойынша үшінші орын, мырыш-төртінші, ал полиметалдық кендерді өндіру мөлшері бойынша Шығыс Қазақстан облысынан кейінгі екінші орынды иеленеді.
Қаратау тауындағы тау-кен өндірісі ертеден белгілі. Қаратау тауы жүздеген шақырымға, ал оның оңтүстік-батыс етегінде тізбектеліп қорғасынды-мырыш кен орындары созылып жатыр.
Қаратау тау жотасының кен орындары мен кен іздері карбонаттық жыныстардың арасында орналасқан /1/.
Мырғалымсай кен орнын 1930 жылы Қарасай геолог, тау-кен барлау партиясының коллекторы Мырғалым Фахрезетдинов ашты. Ащысай кендері-
2-кесте. Түсті металдардың пирометалллургиялық циклі
нен ерекшелігі Мырғалымсай кенінің құрамында бөліп алуға болатын күміс, барий т.б. пайдалы компоненттері бар.
Байжансайдың қорғасын және мырыш кендері жер бетіне жақын орналасқан. Оны жергілікті тұрғындар тапқан. Қорғасын мен мырыштың қоры бойынша орташа кен орнына жатады. /1/
Жетекші шет ел компанияларымен бірігіп жұмыс істеп жатқан түсті металдар кәсіпорындары:
«Қазмырыш»ААҚ —1997жылы 7 қаңтарда «Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты»,»Лениногор полиметалл комбинаты»,»Зырян мырыш комбинаты»
3-кесте. Қазақстаның әр аймағында кездесетін түсті металдар кен орындары
Мыс кен орындары : |
||
I. Жезқазған тобы: 1) Жезқазған 2) Милықұдық 3) Қосқұдық 4) Айнакөл 5) Зланок 6) Шайтантас 7) Раймунд |
||
II. Жартос тобы: |
1) Бектас 2) Сорқұдық |
|
III Жыланды тобы: |
1)Талдыбұлақ 2) Көкқұдық 3) Доңызауыз 4) Итауыз 5) Айранбай 6) Күлмен |
|
IV Қоңырат кен орындары: |
1) Шығыс Қоңырат 2) Кеңқұдық 3) Қасқырқазған |
|
V. Саяқ тобы: |
1) Саяқ1 2) Саяқ2 3)Саяқ3 4)Саяқ4 5)Малдыбай 6) Тастау 7) Тесіктас 8) Миөзек 9) Тастыөзек 10) Жамбас |
|
VI. Приод кен тобы: |
1) Аванг 2) Приор 3) Тастыбұлақ 4) Осенние 5) Весенние 6) Летние |
|
VII Қаратас тобы |
1) Қаратас1; 1) Қаратас2;1) Қаратас3; 1) Қаратас4 |
|
Жеке кен орындары: |
1) Ақтоғай (Ақтоғай станциясы) 2) Бозшанкөл (Павлодар облысы); 3) НикоVлаев-Кручков (Установ станциясы) 4) Жайсан-Шатыркөл (Шу станциясы) 5)Ақбастау-Құсмұрын (Аягөз) 6) Ірі су (Ленгор-Шымкент қаласы маңында) 7) Көксай (Талдықорған) |
|
Қорғасын-мырыш кен орындары: |
||
I Жәйрем тобы: |
1) Жәйрем 2) Бестөбе 3) Қужал 4) Ұзынжал 5)Жомарт 6) Қамыс |
|
IIҚарағайлы тобы: |
Қарағайлы-Алайғыр |
|
III Ащысай тобы: |
1)Мырғалымсай 2) Байжансай 3) Ақсай 4) Шалқия 5) Қрасай |
|
IV Текелі тобы: |
1) Батыс Текелі, 2) Желжота, 3) Суықтөбе, 4) Центрльная, 5) Тұйық 6) Көксу |
|
V Зырян тобы: |
1)Зырян 2)Грехов 3)Малеев |
|
VI Ертіс тобы |
1)Ертіс, 2)Белаусов 3)Березов 4)Глубочан |
|
VIIЛениногор тобы: |
1) Лениногор 2( Тишин 3) Шоқпар
|
|
Алюминий кен орындары |
1) Наурызым 2) Козырев 3)Беллин 4) Шығыс Аят 5) Құсмұрын 6) Амангелді |
|
Титан-магний кен орындары |
1) Обухов 2) ұмкөл 3) Тобыл 4) Айтарқызыл 5)Асубұлақ |
|
Алтын-күміс кен орындары |
1) Жолынбет 2) Бестөбе 3) Ақсу 4)Ақбейіт 5)Ешкіөлмес 6)Майқайың 7)Сувенир 8)Жусалы 9)Миөзек 10)Ақбастау 11) Алтай алтын комбинаты 12) Ақтөбе: Юбилейный |
|
Платина кен орындары: |
1) Бетпақдала 2) Солтүстік Балқаш маңы 3) Солтүстік Қазақстан 4) Алтай |
|
акционерлік қоғамдарының, сондай-ақ,Текелі кен байыту комбинаты мен Бұқтырма су-энергетикалық кешендерінің негізінде құрылған. Басқарушы компания — «Қазастур Цинк АГ»фирмасы (Швейцария).
Металды мырыш,тазартылған қорғасын, мыс концентраты,металл кадмий, күкірт қышқылы, электр және жылу энергиясы өндіріледі.
«Қазақмыс корпорациясы» ААҚ. Оның құрамындағы акционерлік қоғамдар: «Жезқазғантүстіметалл», «Балқаш кен-металлургия комбинаты» (БКМК), «Жезкент кен байыту комбинаты» және корпорацияның «ШығысҚазмыс» филиалы. Жетекші компания — «Самсунг Дойчланд» (Германия).
Өндірілетін өнім мен негізгі қызмет түрлері:
- катодты мыс, қорытылған күміс, қорытылған алтын, мырыш концентраты, қорғасын тозаңы, күкірт қышқылы, сирек металл тұздары;
- электр және жылу энергиясын өндіру мен тарату, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік құрастыру, жобалау-іздестіру жұмыстары, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, жүк және жолаушы тасымалдау. Жобалық қуаттылығы – жылына 400 мың тонна тазартылған мыс.
Өнімді өткізу : катодты мыстың 99,9 %- түйіршіктелген күміс пен алтын алыс шет елдерге экспортталады, негізгі тұтынушы — «Самсунг»фирмасы.
«Жезқазғантүстіметалға» жер асты (Шығыс, Оңтүстік және Батыс кеніштері) мен ашық (Солтүстік кеніші) кен орындары, байыту фабрикалары, мыс қорыту зауыттары, ғылыми-зерттеу және жобалау-құрастыру жұмыстарының кешені мен т.б. нысандар енеді.
Балқаш кен металлургия комбинаты кеніштеріне «Қоңырат», «Саяқ», «Шығыс Қоңырат», сондай-ақ, байыту фабрикасы,мыс қорыту және мыс электролит өндірісі, күкірт қышқылын өндіретін цех, Балқаш ЖЭС-і, аффинаж зауыты кіреді. Жамбыл облысында Шатыркөл кен орны пайдаланыла бастады.
Мыс өнімдерін өндірудегі кәсіпорынның өз шикізатының үлес салмағы 17,5%, қалғаны мыс концентраттары, мыс қоспасы түрінде Қазақстанның басқа кәсіпорындарынан, таяу және алыс шет елдерден келеді /10/.
Қорғасын-мырыш кен орындары Қаратауда (Ақсоран,Байжансай, Түйетас), Талас Алатауында (Жетімсай, Киікбайсай) белгілі.Сонымен қатар бұл металдардың шоғырлануы Көкшетау-Тяньшань системасының оңтүстік-шығысында герцен кезеңіне тән. Іле Алатауының батысында (Қастек қыраты)- Шыналысай кен орны, ал шығысы мен орталығы – Қаскелең, Қарақой, Шынтүрген жерлеріне қорғасын-мырыш тән.Біршама қызығушылық Түйік кен орнындағы мыс-қорғасын-барит металдарына тән.
«Қазақстан алюминийі» ААҚ. Қазақстан Үкіметінің 1996 жылы 9 наурызда қабылдаған қаулысымен құрылған. Оның құрамына енген акционерлік қоғамдар: «Павлодар алюминий зауыты», «Торғай боксит кен басқармасы», «Краснооктябрьск кен басқармасы» және «Керегетас» кен акционерлік қоғамы.
Өндірілетін өнім мен негізгі қызмет түрлері: глинозем, металды галий, боксит кентасы, отқа төзімді қыш, әктас, электр және жылу энергиясын өндіру мен сату. Глинозем өндірісінің жобалық қуаты – 1050 мың тонна.
Өнім, негізінен, Ресейдің Батыс және Шығыс Сібірінде орналасқан алюминий зауыттарына жөнелтіледі. Галий алыс шет елдерге экспортталады.
«Өскемен титан-магний комбинаты» ААҚ— ТМД-дағы жоғары сапалы титан, магний қорытпалары мен металды магний өндіретін бірегей кәсіпорын. Басқарушы компания- «Спешиалити металс компани» (Канада).
Өндірістің құрамдас бөліктері : титан мен магнийді электролиз әдісімен өндіру цехы, төрт хлорлы- термиялық әдіспен өндіру, кеуекті титанды магний-термиялық әдіспен өндіру.
Кәсіпорын, негізінен, импорттық шикізатпен жұмыс істеп келгендіктен, қазақстандық титанды шикізат базасын дамыту мақсатында Титан-магний өнеркәсібін дамыту бағдарламасы қабылданды. Вольфрам қоры жөнінен Қазақстан әлемде бірінші орын алады. Вольфрам қорының 53%-дан астамы 16 кен орында шоғырланған, оның 12-сі баланстық. Вольфрам кенінің басым типтері – кварц- желілі-гейзенді және штокверкті, оларға Қараоба, Ақшатау, Жоғарғы Қайрақты, Бұғыты, т.б. кен орындары жатады. Вольфрамға бай кентастар скарндық-грейзендік кен оындары, титан «Спешиалити металс компани» фирмасының келісімшарттары бойынша алыс шет елдерге- АҚШ, Жапония, Франция, Германияға және т.б. елдерге сатылады /10/.
Қазақстанда өндірілетін түсті металлургия 2005 жылғы көрсеткіш бойынша 1990-2000 жылдармен салыстырғанда әртүрлі пайызда өндірілді. Бұл көрсеткішті төмеде тұрғызылған диаграммадан көруге болады.
3-сурет. 2010-2012 жылдардағы түсті металлургия өнімдерін өндіру
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРА МЕТАЛЛУРГИЯСЫ
2.1 Қара металдарға жеке түсінік
Темір кендерінің қоры 8 млрд. тоннадан астам. Оның 80% Торғай теміркен бассейнінде орналаскан. Басейннің ірі кен орындарына Соколов, Сарыбай, Қашар, Лисаков және Аят кен орындары жатады. Металлургилық процесте темір кенінен басқа ванадий, алюминий оксиді, фосфаттың шлактар алынады. Олар минералдық тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.
Алатау темірмарганец бассейнінде шамамен 500 -дей кен орындары мен металл іздері табылған. Бассейндегі темір кендерінің коры 500 млн. тонна және марганецті кендер — 80 млн. тоннаны құрайды.
Ұлытаудағы Қарсақбай темір кен орындарында 500 млн. тонна темір кені бар.Шағын теміркен орындары Кеңтөбеде (Қарағанды); Атансарда (Көкшетау), Қаратаста (Жезқазған), Иірсуде (Оңтүстік Қазақстан) және т.б. жерлерде табылған.
Марганец кендері Атасу темірмарганец бассейнінен басқа Сарыарқада, Ұлытауда, Қаратауда, Маңғыстау мен Семейде анықталған.
Хромит кендері негізінен табылған орындары Ақтөбеде, Кемпірсай массмвінде шамамен 30 кен бар. Еннің ұзындығы 80 км, ені 0,6-дан 30 км-ге дейін созылған, қалыңдығы жүздеген метрге жетеді. Кендегі хром тотығының мөлшері 20-дан 60%-ға дейін. Бұл кен орнына дүние жүзінде тең келетін кен орны жоқ.Хромит кенін өндіру бойынша Казақстан дүние жүзінде бірінші орынға шықты. Хромит кендері Қостанайдағы Жетіқарада, Құнды-байда, Аққарғада, Ақтауда, Семейде табылған.
Ванадий кендері Қаратау мен Жабағылтауда табылған. Кендегі ванадийдің мөлшері шамамен 1% және молибден 0,22 %. Кеннің сапасы жоғары емес. Ванадий бар кендер Шыңғыс тауларында, Бетпақдалада, Кіндіктаста, Теріскей Алатауы мен Жезқазған аймағында кездеседі.
Титан кендері Қостанайда, Көкшетауда, Ақмола мен Ақтөбе облыстарында барланған. Ұлытау, Оңтүстік Алтайда және Жезқазған облысындағы қоры белгілі.
Қазақстан түсті, бағалы және сирек металдардын, көп түрлілігімен, байлығымен сипатталады.
Алюминий кендерінің ішінде бокситтер ерекше орын алады. Келешегі бар аудандарға Сарыарқаның батысы мен солтүстігі, Торғай ойпаты, Сырдария өзенінің бассейні, Каспий маңы және Арал маңы ойпаты. Аманкелді, Обаған, Жоғарғы Тобыл, Теңіз, Таскөл және Шаған, Мұғалжар, Шымкент қаласының маңындағы кен орындарын атауға болады. Алюминий шикізатының бокситтен басқа түрлері де барланған.
Никель және кобальт кендері Ақтөбе, Қостанай, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Семей және Жамбыл облыстарында таралған. Ақтөбедегі Кемпірсай бассейнінде никель кен орындарының 30-ың ішінен 14-і жұмыс істейді. Жоғары сапалы никель кенінің үлкен қоры Қостанай облысындағы Аққарға мен Ақтауда шоғырланған. Силикатты никель кендері Кемпірсайдан басқа Семей және Жезқазған облыстарында ашылған. Олардан металлургиялық өңдеу барысында кобальт та алынады.
Оңтүстік Қазақстан облысының табиғат ресурстары. Пайдалы қазбалар. Оңтүстік Қазақстан облысы полиметаллдық кендердің, фосфаттардың қоймасы болып табылады. Облыс территориясындағы полиметаллдық кендердің құрамында қорғасын, мырыш, сонымен қатар сирек жер элементтері (мыс, күміс, индий және т.б.) болады. 110 кен орындары белгілі (Ащысай, Мырғалымсай, Қарасай, Байжансай және т.б.) Оңтүстік Қазақстан облысы республикада қорғасын өндіру бойынша үшінші орын, мырыш — төртінші, ал полиметаллдық кендерді өндіру мөлшері бойынша Шығыс Қазақстан облысынан кейінгі екінші орынды иеленеді.
Қаратау тауындағы тау-кен өндірісі ертеден белгілі. Қаратау тауы жүздеген километрге, ал оның оңтүстік-батыс етегінде тізбектеліп қорғасынды-мырыш кен орындары созылып жатыр.Қаратау тау жотасының кен орындары мен кен іздері карбонаттық жыныстардың арасында орналасқан.
Ащысай кен орны Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінде Түркістан қаласьнан 70 км жерде орналаскан. Оны 1873 жылы белгілі орыс табиғат зерттеушісі Н.А. Северцев ашқан.
Мырғалымсай кен орнын 1930 жылы Қарасай геолог, тау-кен барлау партиясының аға коллекторы Мырғалым Фахрезетдинов ашты. Ащысай кендерінен ерекшелігі Мырғалымсай кенінің құрамында бөліп алуға болатын күміс, барий және т.б. пайдалы компоненттері бар.
Байжансайдың қорғасын және мырыш кендері жер бетіне жақын орналасқан. Оны жергілікті тұрғындар тапқан. Қорғасын мен цинктің қоры бойынша орташа кен орнына жатады. Өндірісі 1954 жылы басталған.
Қаратаудың қорғасын-мырыш кен орындарының кендерінде индий элементі бар. Ол 1963 жылы ашылды. Бұл күмістей ақ, жұмсақ металл. Теңіз кемелері, авиация мен автомобиль өнеркәсібінде қолданылады. Әсіресе, индийге Мырғалымсай кендері бай.
Ленгір мен Келте Машатта қоңыр көмір кен орны бар, бірақ қоры үлкен емес. Облыс керамзитті сазға бай. Одан өндірілетін керамзит құрылыс материалы ретінде қолданылады.
Оңтүстік Қазақстан облысында құрылыс материалдарының қоры көп. Карбонаттық жыныстар құрылыстық тас, қиыршақ тас, тау тас түрінде болады. Белгілі кен орындарына Бадам (гранит), Қаратас, Түлкібас, Тұздықұдық және т.б. жатады /13/.
2.2 Қара металлургияның ірі кәсіпорындары
Қара металлургияның ірі кәсіпорындары ішкі технологиялық байланысының түрі бойынша металлургия-энергохимиялық комбинаттарын ұсынады. Болатты тоқтаусыз құюуы қазіргі кездегі металлургияның бірден-бір ірі жетістіктері болып табылады. Оны пайдалану өндірістік процессті айрықша жеңілдетеді және құю процессінде толық механизациялау және автоматтандыру үшін жағдай жасайды.
4-сурет. Қазақстан Республикасының металлургия өнімдерінің таралу түрлері.
Ірі болатты балқыту зауыттары біртұтас өңірлердің экономикалық әл-ауқатын анықтайтын кәсіпорындар болып табылады. Яғни, бар жоғы үш конверторлық болатты балқыту пешінде жылына 5 млн. т жуық болатты балқытатын «Миттал Стил Теміртау» АҚ (бұрынғы Қарағанды металлургиялық комбинаты) тұрақты жұмысы жоғары білікті он мың мамандарға қызмет көрсететін бірқатар ірі кәсіпорындардың қауыртты және келісілген жұмыстарын талап етеді. Электро энергиялық өндірушілері мен жеткізушілерді, сондай-ақ теміржол және автокөлік жолдарының жүктемесін есепке ала отырып, Қарағанды көмір шахтасының, руда кенін және Қостанай, Қарағанды, Ақмола және Қазақстанның басқа облыстарының флюстық қосындыларының қызметін үйлестіруді талап етеді.
Бірақ, «Миттал Стил Теміртау» АҚ-ң барлық өнімдері түржиыны бойынша бір типті – табақты болып табылады. Еліміздің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету және саланың аз тәуелсіздігімен сұраным конъюнктурасынан осы өнімнің түріне Қазақстанда және болат өнімдерінің сұрыптамасы бойынша аса икемді басқа өндірістерді құру қажет.
Біршама көлемде және шектелген түржиынында сұрыптап прокаттауды Павлодар қаласындағы трактор зауытының базасында құрылған «Кастинг» фирмасы жүргізеді. Кәсіпорында өнімнің мынадай түрлерін өндіру меңгерілген: 125х125 және 1850х150, ұзындығы 11,7 м болаттан құйылған қима дайындау; диаметрі 40,60 және 11 мм ұсақтайтын шар; диаметрі 100 мм, ұзындығы 4200, 5300 м ұсақтайтын стержендер; А-3 класындағы, диаметрі 12,16 және 20мм арматуралық болат.
Ішкі нарықтағы тапшылыққа байланысты, Қазақстанда сұрыптап прокаттау импортының жалпы көлемі соңғы бес жыл ішінде 7-ден аса өсті және 2004 жылы кедендік статистика бойынша 766 мың т. жетті.
5-сурет. Сортты прокат импортының орташа жылдық бағасы
Болат құбырларын өндіру көлемі республикада сондай-ақ айрықша емес. 1988 жылы Теміртау қаласы «Кармет» АҚ-мен РД 20-86 электро балқыту қондырғысының жұмысы іске қосылған болатын, мұнда сумен қамтамасыз ету жүйесі үшін 15-86 мм. Диаметріндегі құбырлар дайындалады және желінің өнімділігі жылына 20 мың тоннаға дейін. 1991 жылы РГТО заутында («Қарағандыкөмір» АҚ) өнімділігі жылына 15 мың тоннаға дейінгі құбырлық балқыту қондырғысы дайындалған., шығарылған құбырлардың диаметрі – 114, 127, 159 мм. 1999 жылы Алматы қаласы «Меридиан» фирмасы өнімділігі жылына 5 мың тоннаға дейінгі құбырлық балқыту қондырғысы шығарылды, шығарылған құбырлардың диаметрі 114 мм. Осы өндірістің қуаттылығы құбырларды шетелге экспорттау туралы айтпағанда, Қазақстанның ішкі нарығының қажеттілігін қамтамасыз ету жажағдайы жоқ.
Қазақстанда болат құбырларын импорттау көлемі соңғы 4 жылда 200 мың т. көтеріледі және 459 мың т. жетті, сонымен бірге 2002-2004 жылы мұнай газ түржиыны құбырларын импорттау 260 мың т. деңгейіне тұрақтанды. Осылай көмірсутекті жеткізуге қатыссыз, салаларда болат құбырларына сұранымның өсуін құрастыру айқын көрінеді.
Қазақстанның жер қойнауында болат өнімдерін кең ассортиментте және жоғары сапада өндіру үшін барлық қажетті шикізат материалдары бар. Республикадағы қайта жаңғырған тау-уақытта болат балқытып өзгертудің қазіргі кездегі технологиясын меңгеруге қабілетті. Келешекте болат балқыту кешенінің шикізат базасы еріндік темірді- доғалық пештерде болаттты балқыту кезінде шойын мен металдың орнын басатын жоғары сапалы шикізатты алумен, Қазақстанда руда мен концентратардан темірді тікелей қалпына келтіру технологиясын меңгерумен айрықша кеңейуі мүмкін.
Қара металлургияда қазіргі кездегі материалдарды алудың жаңа технологиясын құру көмірсутекті төмен легірленген, таттанбайтын және болаттың басқа маркаларын жоғары төғары төзімді және икемді сұрыптап қақтауды алудың технологиясын әзірлеуге жағдай жасайды. Мұндай өнімдерді шығару сұрыптап қақтауды импортының көлемін қысқартуға жағдай жасайды және болашақта оны экспорттау, инновациялық дамуды қамтамасыз ету үшін негіз болуы мүмкін. «Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ болатты қақтауды – тік жікті құбырларды, орта сортты қақтау, металды конструкциялау, метиздер, жабынды бұйымдар, машина жасау мен құрылыс үшін жартылай өнімдер, сондай-ақ жоғары деңгей дайындығындағы өнімнің басқа түрлерін шығару және қайта өндіру кластерлерін дамыту бойынша жобаларды қолдайды.
«Қазхром» трансұлттық компаниясы – феррохром өндіретін компания (Ақтөбе қаласы). Өндіріс балқыту цехтары, шахта дайындау цехы мен механикалық – жөндеу цехтары блогынан тұрады. Ферроқорытпаларды алу үшін қазақстандық шикізат қолданылады. «Қазхромның» жарғылық капиталына «АФ3», «Феррохром», «ДКБК» акционерлік қоғамдарының мүліктік кешендері енеді.
«Ақсу ферроқорытпа зауыты» ААҚ-ында ферросилиций, феррохром, ферросиликохром, ферросиликомарганец өндіріледі (Павлодар облысының Ақсу-5қ). Басқарушы фирмалар: «Қазақстан Минерал Ресорсез » және «Қазхром» трансұлттық компаниясы.
«Дөң кен байыту комбинаты» ААҚ хром концентраты мен бөлшектелген тауарлық кентас (Ақтөбе облысының Хромтау қаласы) өндірісі, «Кен іздеу» карьері, «Донской» кеніші, «Жастар» және «Орталық» шахталарынан,ДОФ-1,ДОФ-2, бірқатар ұсақ карьерлерден тұрады. Басқарушы фирмалар: «Қазақстан Минерал Ресорез және «Қазхром» трансұлттық компаниясы. Кентастың базасы – Оңтүстік Кемпірсай хром кені. Кен қоры – 310 млн. тонна. Кентас шикізаты бойынша жылдық жобалық қуаты – 2760 мың т, концентраттар бойынша – 1200 мың тонна.
Тауарлық кентас концентрат (өндірілген өнімнің 44%-і), бөлшек кентас (32%) және бос кентас (24%) түрінде жөнелтіледі.
«Феррохром» ААҚ – ында феррохром, ферросиликхром өндіріледі (Ақтөбе қаласы). Кәсіпорынның жылдық жобалық қуаты 350 мың тонна ферроқорытпа. Өндірістік құрылымы: балқыту, қызмет көрсіту және қосалқы цехтар, лигатуралар учаскелері. Басқарушы компаниялар: «Қазақстан Минерал Ресорез» және «Қазхром» трансұлттық компаниясы.
«Испат — Кармет» ААҚ-ында шойын, болат, ыстықтай – суықтай жайылған табақ прокат, қара және ақ қаңылтыр, кокс және өнім өндіріледі (Қарағанды облысы Теміртау қаласы). Өндірістік құрылымы: 7 кокстік батареядан тұратын коксті химия цехы, 2 фабрикадан құралған агломераттау цехы, 4 пештен тұратын домна цехы, 3 агрегатты конвенторлық цех, сығу цехы, табақтап және ыстықтай жаю цехы, алюминий — мырыштау цехы, ЖЭО-1, ЖЭО-2, жөндеу, қызмет көрсету, қосалқы цехтар мен бөлімшелер. Өндірістің қуаты жылына : болат — 6,3 млн. тонна, табақ прокат – 4,9 млн. т. Басқарушы фирма — «Испат интернейшнл ЛТД» (Ұлыбритания).
Қазақстандағы темір кентасының негізгі баланстық қоры Қостанай және Қарағанды облыстарында шоғырланған. Тауарлық кентасқа жылдық қажеттілік 8 млн. тонна болғанда, «Испат-Кармет» кәсіпорынның баланстық қормен қамтылу қормен қамтылу деңгейі – 7380,27 млн.тонна , бұл кәсіпорынның жүздеген жылдар бойы үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ете алады.
«Испат — Карметті» бастапқы шикізатпен жабдықтаушы кәсіпорындар -«Соколов-Сарыбай кен өндірістік бірлестігі» ААҚ,»Өркен» ЖШС, «Атасурада», «Тоғай ЖШС» және т.б.
«Соколов-Сарыбай кен өндірістік бірлестігі» ААҚ –темір кентасы концентратын, офлюстелген малта кентас, бөлшектелген шикі кентас, доломит, әктас пен қиыршық тас өндіреді. (Қостанай облысы, Рудный қаласы) /10/.
2.3 Қазақстан Республикасындағы металлургиялық кешенінің өндірістік жағдайы
Қара металлургия — өзінің негізгі өнімдерін екінші рет қайта өңдеудің аяқталған кезеңін қамтамасыз ететін ғаламат сала және, сонымен бірге басқа салалар мен өндірістердің қалдықтарын кәдеге жаратуға қабілетті болып табылады. Қазақстан үшін қара металлургия – екінші дүние жүзілік соғысынан кейінгі жылдары ғана пайда болған ауыр өнеркәсібінің салыстырмалы түрдегі жас сала. Қазақстанда шойын, болат, бұйымдарды илемдеу және ферроқорытпа өндіріледі.
Болатты өндіру және тұтыну көлемі әрқашан мемлекеттің экономикалық қуатының негізгі көрсеткіштерінің қатарына кіретін. Сондықтан, Қазақстан Республикасы Үкіметімен елімізде импорттың орнын басатын және экспорттық әлеуетін көтеретін, металлургиялық кешенінде жоғары тауарлық дайындықтағы өнімді шығару өсімін қамтамасыз ететін, ғылымды қажетсінетін бәсекеге қабылеттілігін құруға бағытталған бірқатар Бағдарламалар әзірленді. «Қазақстан Республикасының 1999-2003 жылдарға арналған тау-кен металлургия кешенін дамытудың тұрақты жұмыс істеуін және стратегиялық басымдылығын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық Бағдарламасымен шағын және орта өндірісін құру жолымен ғылыми әзірлемені іске асыру және жоғары тауарлы дайындықтағы бәсекеге қабілетті өнімдерін шығару бойынша технологияны меңгеру мақсаты қойылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында 2003-2005 жылдарға арналған металургиялық кешеніндегі төртінші және бесінші өзгертіп жасау өндірісін құруды қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық Бағдарламасы әзірленген, мұны іске асыру республиканың металлургиялық саласында жаңа технологияны негіздеу мен әзірлеуге жағдай жасайды. Осындай өндірістерді ұйымдастыру импорт бойынша шығынды бірқатар төмендетуге, жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттылық базасында жаңа жұмыс орындарын құруға, осы өнімге ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
Бағдарлама материалында қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы металлургиялық кешенінің өндірістік жағдайы былай сипатталады:
- елімізде қазіргі кездегі өндірісті дамыту үшін ғылымды қажетсінетін, жоғары технологиялық, арнайы материалдар мен қорытпаларының өнеркәсіптік өндірісі мүлдем жоқ;
- машина жасау, мұнай газ, таулы-металлургиялық, жеңіл, тамақ және өнеркәсіптің басқа салалары, құрылыс индустриясы, ауыр машина жасау және кеме жасау үшін темір қақтау және металл өнімдеріне талап етілетін сұрыптау жүргізілмейді.
- ең озық технология негізіндегі – ұнтақты металлургия, электрометаллургия, гальванотехника, жаңа литейлі мен химиялық технологиялар және т.б. материалдар мен металл бұйымдарының өнеркәсіптік өндірісі жоқ.
- балансы аяғына дейін есептелмеген, металлдардың екінші ресурстары жеткіліксіз тиімді пайдаланылады, ал шетелге шығару бақылаусыз жүргізіледі.
Мұндай мақсаттар сервистік-технологиялық экономикасының ұзақ мерзімді жоспарына өту үшін шикізаттық бағытталуынан, жағдайларды дайындауынан бастап өтуіне жағдай жасайтын, экономика саласын әртараптандыру жолымен еліміздің тұрақты дамуына жетуге бағытталған Қазақстан Республикасы Индустриалдық-инновациялы дамудың 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясында да қойылған.
Қазақстанның жер қойнауындағы Менделеев кестесінде көрсетілген 105 элементтің 100-і және көптеген сирек кездесетін металдар бар. Мұның барлығы біздің мемлекетіміздің байлығы, халықтың қазынасы. Бүгінде Қазақстандағы 500-ге тарта кен орындарында минералды шикізаттардың 1200-дей түрлері анықталған. Қазір Қазақстан мырыш, вольфрам және бариттің барланған қорлары жағынан дүние жүзінде бірінші орын алады, ал күміс, қорғасын және хромнан – екінші орында. Міне, осындай асыл қазыналарды жер қойнауынан ысырапсыз, тиімді түрде қазып алу және оларды әрі қарай өңдеу арқылы қажетті, пайдалы компоненттерді бөліп алып, оны ел игілігіне жұмсау бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
Пайдалы қазылымдардың түзілген жерлерін анықтап, оларды жер қойнауынан қазып алуға көптеген талаптар қойылады. Оларға:
- геологиялық барлау жұмыстарын жоғары дәрежеде жүргізіп, кен қорын дұрыс анықтау /10/.
- кенді тиімді және толық қазып алуды қамтамасыз ететін алдыңғы қатарлы технологияны жасап, өндіріске енгізу;
- тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- қоршаған орта мен жер қойнауын кен қазудың зиянды әсерлерінен қорғау;
- төмен сортты шикізаттарды өңдеу мен байытудың жаңа технологияларын жасау және аппараттық жабдықтармен қамтамасыз ету;
- кенді қазып алуға жұмсалатын қаржының экономикалық тиімділігін арттыру.
Міне, осындай талаптарға тола мәселені шешу бір өндіріс орны қызметкерлерінің қолынан келе бермейді. «Кеңесіп пішкен тон келте болмайды» дегендей, мұндай күрделі проблеманы шешу осы саладағы ірі ғалымдар мен тәжірибелі өндіріс мамандарының бірлесіп, қоян-қолтық жұмыс істеуін талап етеді.
Қазақстанның геология, тау-кен металлургия саласындағы ғалымдарының жер қойнауындағы асыл қазыналарды ысырапсыз, тиімді түрде қазып алу және оларды әрі қарай өңдеу арқылы қажетті, пайдалы компоненттерді бөліп алып, оны ел игілігіне жұмсау бағытында жүргізіп жатқан ғылыми зерттеулері және оның әрі қарай дамуына айтарлықтай ықпал етіп келе жатқан жұмыстары баршылық. Солардың бірі – Еуразиялық өндірістік Ассоциациясының (ЕӨА) 2005 жылғы Қазақстан Республикасының ғылыми, техника және білім саласындағы Мемлекеттік сыйлығына ұсынып отырған «Қазақстанның жетекші қара және түсті металлургия кәсіпорындарының жедел дамуын қамтамасыз еткен ғылыми-техникалық, технологиялық негіздерді жасап енгізу» атты жұмысы.
Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылып отырған бұл жұмысты жан-жақты, ауқымды, ерекшелігі мол және теңдесі жоқ еңбек дер едік.
Бұл жұмыстың жан-жақтылығы – ол өндірісті ілгері дамытуды қамтамасыз ететін ғылыми-технологиялық негіздерінің бірнеше салаларда жүргізілуінде, мәселен:
1.Тау-кен саласында – кенді қазу технологиясын жетілдіру:
- Соколов-Сарыбай өндірістік бірлестігіне қысым кеңісті толтырмалау жүйесінен аралық этаждық қысыңқы ортада еріксіз құлата қазудың жаңа жүйесіне көшу. Бұл жаңа қазу жүйесін теориялық түрде дәлелдеп, өндіріске енгізу үлкен ғылыми жетістік деп санауға болады. Мұнда кен өндірудің көлемі 3,6 есеге артты, ал 1 тонна өндірілген кеннің өзіндік құны 2,5 есеге төмендеді.
- Дөң кен байыту комбинатында кен орнының геологиялық ерекшеліктеріне сай этажды өздігінен құлата қазу жүйесінің жаңа конструкциясы жасалынып, өндіріске енгізілді;
- карьер алаңдарының даму бағыты мен қазымалдау тәртібін оңтайландыру теориясының негіздері мен әдістері жасалынды. Бұл салада ғалымдар кен орындары мен карьерлерді математикалық модельдеудің кешенді әдістерін жасап, кәсіпорын бөлімдерінің қызметтерін автоматтандырды. Сөйтіп, Кашар, Сарыбай және Соколов карьерлерінде руда өндірудің деңгейі өсті;
- әлемде теңдесі жоқ эмульсиялы түйіршіктелген жарылғыш заттар жасалынып, өндіріске енгізілді. Жасалған жаңа жарылғыш заттардың бағасы зауытта дайындалған заттардан 7 есе арзан және аттыру жұмыстары 95%-ға дейін механикаландырылған. Міне, осының нәтижесіне ЕӨА жылына 20 млн.
- Шикізатты қайта өңдеу технологиясы саласында:
- «Қазақстан алюминийі» АҚ алғаш рет төмендегі сортты бокситтерді қайта өңдеуді қамтамасыз ететін әлемде теңдесі жоқ технологияны және оның аппараттарын жасады;
- Ақсу және Ақтөбе ферроқорытпа зауыттарында теориялық түрде негізделіп металды хромды өндіру іске қосылды;
- Техногендік және бағасы кем хромды рудаларды гравитациялық және отырғызу әдістерімен байыту технологиясы алғаш рет меңгерілді.
Сөйтіп, шикізатты қайта өңдеу нәтижесінде компоненттің кеннен алынымы көбейеді және кейінгі өңдеу, байыту стадияларында қаржы аз жұмсалатын болды.
- Геологиялық барлау жұмыстары саласында:
Жер қойнауын пайдалану тәжірибесінде алғаш рет өндірістік кен орны ашылды және Дауыл массивінде геологиялық барлау жұмыстары басталды. Геология және жер қойнауын қорғау комитеті жүргізілген жұмыстары нәтижесінде соңғы он жыл ішінде баланстағы кен қоры 20 млн. тоннаға толықтырылды және баланстан тыс 24 млн. т. кендер қоры өндіріске тартылды. Сөйтіп, бұл жұмыста жер қойнауындағы қазынамызды есепке алуға да үлкен назар аударылған. ЕӨА-ның кәсіпорындары тау-кен жұмыстарының қауіпсіз жүргізілуіне және жердің беті мен қойнауын қорғауға да баса көңіл аударған. Оған Қазақстанда алғашқылардың бірі болып ЕӨА-ның ортаны қорғау және жұмыс қауіпсіздігін сақтаудың халықаралық сертификаттарын алғандығы дәлел. Жоғарыда айтылып кеткен өндірістің үш саласы еңбек пен қаржыны ең көп қажет ететіндігі белгілі. Ал сол саладағы кәсіпорындарымыз өз жұмыстарын мейлінше жетілдіріп, жұмсалған қаржыдан әлдеқайда жоғары экономикалық тиімділік алуы жер қойнауынан кен қазып алуға қойылатын соңғы талаптың да орындалғандығының дәлелі. Бұл тұрғыда бір айта кететін жайт – қаржы үнемдеуде кейбір кәсіпорындар сияқты штатты қысқарту емес, керісінше, қосымша жеке өндіріс орындарын ашып, 5 мыңға тарта адамды жұмысқа тартқан. Мұның өзі де қазіргі қиын-қыстау жағдайда халықтың әл-ауқатын жақсартуға тигізіп отырған зор үлес деп білеміз.Еуразиялық өндірістік Ассоциациясы Қазақстандағы қара металдарды түгелдей (100%) өздері өндіреді. Жыл сайын ЕӨА 38 млн. тонна темір, 4766 тоннадан астам бокситті; 1,3 млн. тонна ферроқорытпаларын өндіреді. Әлбетте, мұның бәрін ЕӨА-ның 1995-2004 жылдар аралығында 90-жылдардағы қиын-қыстау кезеңнен кәсіпорындарды алып шығудың тұжырымдамасы мен бағдарламасына сәйкес ғалымдар мен инженер мамандарының бірігіп жүргізген жұмыстарының нәтижесі деп білеміз. Осы бір күрделі де жан-жақты жұмыстың басы-қасында жүріп, тәжірибелі мамандар мен ірі ғалымдардың басын қосып, маңызды мәселеге мұрындық болып жүрген И.Б.Еділбаевтың есімін ерекше айтып кеткенді жөн көрдік. Техника ғылымдарының докторы Ибрагим Еділбаев бір кездері Текелі қорғасын-мырыш комбинатын, кейіннен өндіріс алпауыты ССӨБ-ті тікелей басқарып, оны осы күнгі жағдайына жеткізген және бүгінде ЕӨА басқарып отырған адам. Осы ЕӨБ-дегі тау-кен жұмыстарының технологиясын жетілдіру ол кісінің өз үлесінде. Ал ашық кен жұмыстарындағы жетістіктер техника ғылымдарының докторы Д.Ғ.Бөкейхановтың, аттыру-қопару жұмыстары техника ғылымдарының докторы И.Е.Ерофеевтің жетекшілігімен жүргізілген зерттеулер. Геология және жер қойнауын қорғау комитетін көптен бері басқарып отырған геология-минерология ғылымдарының докторы Б.С.Өжкеновтың республикамыздың шикізат қорын толықтырудағы еңбегі өзінше бір төбе. Жұмысты орындау барысында авторлардың алған 42 патенттері, 20 шақты ғылыми монографиялары, 150-дей мақалалары ұжым жұмысының айнасындай көрініп тұр. Қорыта келе «Қазақстанның жетекші қара және түсті металлургия кәсіпорындарының жедел дамуын қамтамасыз еткен ғылыми-техникалық, технологиялық негіздерді жасап енгізу» атты ұсынылған жұмыс республикамыздың экономикалық және әлеуметтік дамуын жеделдетуге зор үлес қосқан, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу ретінде бағаланатындығын көруге болатындығын көрдік /17/.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстандағы қара металлургия жылдан-жылға өндіру төмендеп отыр. Оны төмендегі диаграммадан байқауа болады.
6-сурет. 2003-2006 жылдар аралығындағы қара металлургия өнімдерін өндіру
3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҮСТІ ЖӘНЕ ҚАРА МЕТАЛЛУРГИЯ КАРТАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУДА ГАЖ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ
3.1 Карталарды құрастыруда ГАЖ-дың рөлі
ХХ ғасырдың соңына қарай картография ғылымы мен өндірісінің даңғылды даму жолы геоақпараттық картография болды.
Геоақпараттық картография автоматтандырылған және математикалық әдісті меңгерген кешенді, синтетикалық және жүйелі картографияның кейін келе географиялық ақпараттық жүйенің (ГАЖ) заңды жалғасы болды.
Картографияның бұл түрінің ерекшелік сипаттамасы болып жоғары деңгейдегі автоматтандырылу мен географиялық және карторграфиялық мәліметтердің сандық базалық тірегі саналады. Нақты уақытқа жақын, тез шешім қабылдайтын жылдам жұмыс істейтін компьютерлерді қолдану жұмыс өнімінің жоғарылауына мүмкіндік береді. Компьютердің арқасында бейненің жаңа түрлері мен типін (электронды карталар, 3 өлшемді компьютерлік модельдер, әртүрлі анимациялар және т.б.) құрастыру мүмкіндігі ашылды.
ГАЖ қоғам мен табиғат құбылыстарын және әртүрлі нысандар туралы кеңістіктегі байланыстырылған таралуы мен кескінделуін, өңделуін, жиналуын өзінің компьютерлік жабдықтары арқылы іске асырады. Сақталушы бұл алып ақпарат массиві электронды (компьютерлік) карталар, атластар және де басқа да көптеген картографиялық шығармалар болып табылады.
Ең бірінші рет ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының ортасында Канада, АҚШ, Швецияда пайда болып, табиғи ресурстарды экология, экономика және де басқа да ғылым салаларын оқып-үйренуде кеңінен қолдана бастады.
ГАЖ-дың артықша белгілеріне бейнені географиялық байлау, мәліметтер базасын жылдам жаңарту мүмкіншілігі, жаңа ақпаратты жалпылау және оны әртүрлі шешімдерге негіз етіп қолдану жұмыстары жатады.
Аймақтық қамтуы бойынша (территориальному уровню) ГАЖ ғаламдық, ұлттық, аймақтық, муниципалдық, локалдық болып бөлінеді. Аймақтық қамтуға байланысты масштабы 1:100 000 000-нан 1:1 000-ға дейін өзгереді.
Сонымен қатар, ГАЖ-ды тақырыбы бойынша бөлу қабылданған. Әзірге кеңінен қолданылып жүргендері жер жұмыстары, кадастр, теңіздік инженерия, транспорттық және басқа ГАЖ-дар.
ГАЖ кеңістіктегі мәліметтерді бейнелеу тәсілі ретінде бұдан 30 жыл бұрын пайда болды. Әрине, олар осы уақыт аралығында компьютерлік прогресс аясында сандық және сапалық өзгерістерге ұшырады. Таза әскери өңдеуден ГАЖ-технологиялар адамзат іс-әрекетінің көптеген сферасына қадам басты:
- табиғи ресурстарды барлау және тиімді пайдалану;
- территориялық және салалық жоспарлау, өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығын, энергетиканы, қаржыны басқару;
- салалық және кешендік кадастрды қамтамасыз ету;
- экологиялық жағдайлармен қауіпті табиғи құбылыстар мониторингі, экологиялық сараптама;
- халықтың әл-ауқатын, денсаулық сақтау және рекреация, әлеуметтік қызметін және т.б.бақылау;
- Заң шығарушы органдар және атқарушы мемлекеттік биліктің іс-әрекетін қамтамасыз ету;
- Білім және мәдениет;
- Ғылыми зерттеулер және болжаулар;
Қазіргі картографияда ГАЖ-технологияларын қолдану «екінші тынысын» ашты. Шытырман мәліметтер визуализациясынан босаған картограф өзінің зерттеулерінде мәселелер мен тапсырмалардың шешілуіне үлкен зейін қоя алады.
Экономикалық география және басқа да пәндер нысанды бағдарланған мәліметтер кеңістігінен байланысты. Эконом-географтар нысанды нағыз танудың қандай да бір мүмкіндігінен айырылған, олар тек статистикалық мәліметтер арқылы жүзеге асырады. Бұлар территориялық өндірістік кешенмен алмастырылады. Бүгінде біздің елімізде геоақпараттық технологиялармен эконом географтардың өзара қатынасы айтарлықтай әлсіз.
Экономикалық және әлеуметтік географияда ГАЖ-технологиясын қолдануда кейбір авторлар оның барлық мүмкіндіктерін қарастырмай, ең алдымен берілген мәселеге жеке өңдеулер мен зерттеулерін кіріктіруде.
Ауыл шаруашылық географиясы экономикалық география ғылымында еңбекті өте көп қажет ететін саласы болып табылады. Ол тұтас табиғи жиынтықтардан, экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштерден тұрады. Бұл құрамдар өзара ұдайы қарым-қатынаста болады. ГАЖ-технологиялар ауылшаруашылық территориялық ұйымдастыруды зерттеу кезінде кезігетін келесі этаптарды орындауда уақытты үнемдейді: жұмыс болжамын жасау, математикалық-картографиялық үлгі тұрғызу, әртүрлі көрсеткіштер бойынша жіктеме және топологиялар құрастыру,қолданбалы аудандастыруды жүргізу.
Экономикалық-географиялық зерттеулер үшін жеке ГАЖ жобасын жасаудың аса қажеті жоқ. Сол жасалған жоба арқылы бірнеше талдау нәтижелер шығаруға болады. Біз жоғарыда аталған бағдарламаларды кеңінен пайдаланып, білімді нығайтып, түрлі жобаларда қолданысқа енгізуіміз керек. Географияның қандай да бір саласында ГАЖ-технологиясын қолдану жиналған мәліметтер базасын өңдеп жаңа талапқа сай ғылыми жобалардың дүниеге келуіне септігін тиізуде.
Қазіргі заман талабына сай, ғылым мен техника дамыған тұста барлық алдыңғы қатарлы елдерде қауіпті табиғи құбылыстарды зерртеуде географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ) технологияларын қолдану өте жақсы дамыған. Сондықтан да зерртеліп отырған территориядағы әлеуметтік-экономикалық процестерді зерртеу барысында дәстүрлі әдістермен бірге ғылымның жаңа жетістіктерінің бірі – ГАЖ-ды және компьютерлік технологияны қолдану қажет. ГАЖ кеңістіктік координаталық мәліметтерді жинау, сақтау, өңдеу, таралуын бейнелеумен шектелмейді. Жер туралы ғылымдар үшін ГАЖ – табиғи, шаруашылық, әлеуметтік процестерді модельдейтін, олардың байланысы мен өзара әрекетін зерттейтін, кеңістік пен уақыт аралығындағы дамуын жоспарлайтын, жаңа сандық және сапалық ақпарат алуға мүмкіндік беретін, негізгі автоматтандырылған құралдардың бірі.
Зерттеліп отырған территорияда қолда бар мәліметтерді пайдалана отырып, ГАЖ технологиясын мәліметтер базасын құру, картографиялық анализ, электронды картографиялық моделін жасау келесі мәселелерді шешу мақсатында қолдануда зор жетістік болар еді:
- Халықты Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттармен қамтамасыз ету;
- Алматы облысының денсаулық сақтау, еңбек нарығы, білім беру жүйесіне бақылау жасау;
Кез келген геоақпараттық бағдарламалар күрделі өлшеу және есептеу операцияларын жеңілдетіп, автоматтандырады, сондай-ақ кеңістік объектілердің ұзындығын, ауданын өлшеу сияқты қарапайым, бірақ аса қажетті операцияларды орындайды. Сандық және сапалық көрсеткіштер енгізілген мәліметтер базасынан жекелеген кеңістіктік объектілердің мәліметтерін алуға болады.
Сөйтіп, карторгафиялық анализ және карторгафиялық модельдеу барысында ГАЖ технологияларын қолдану қысқа мерзім ішінде мүмкін болатын қауіпті экзогендік процестердің таралуы мен қарқындылығы туралы аймақтық, болжамдық бағалауға мүмкіндік береді.
ГАЖ-да картадағы барлық объектілер кеңістіктік объектілер түрінде бейнеленеді. Олар үш типке жіктеледі – нүкте, сызық және полигон. Осы типтер арқылы көптеген табиғи және әлеуметтік феномендерді бейнелеуге болады. Нүктелік объектілер дегеніміз кеңістікте бір ғана нүктеде орналасқан объектілер. Мысалы, бұлар елді мекендер, өндірістік кәсіпорындар, және тағы басқа модельдеу негізінде мұндай объетілердің кеңістікте ұзындығы мен ені жоқ деп есептеледі, бірақ олардың әрқайсысы өзінің орналасу орнының координатасымен белгіленеді. Сызықтық объектілер координаталық кеңістікте бір өлшемде болып табылады. Ол – ұзындық. Мұндай бір өлшемді объектілер – жолдар, өзендер, шекаралар. Жалпы барлық жіңішке сызық пішінді объектілер болуы мүмкін. Помпондар не ауданның объектілері деп координаталық кеңістікте екі өлшемді, яғни ені мен ұзындығы бар объектілерді айтамыз. Олар – көл, алаң, кез келген объект шекарасы, тағы басқалар.
3.2 ArcGIS бағдарламасында карталарды құрастырудың жалпы әдістері
Бейнелеу тәсілдерін таңдау. Бейнелеу тәсілдерін таңдауда бейнеленетін объектілердің барлық мәліметтер жинағын ескеру керек: сандық және сапалық сипаттамаларын, кеңістіктік құрылымын, динамикасын және т.б. Картаның мағынасы мен типі де аз әсер етпейді: ғылыми-анықтамалық, анықтамалық және оперативтік карталарға нақтырақ, дәлірек бейнелейтін тәсілдерді таңдау қажет (белгілер, сапалық фон, сызықтық белгілер, қозғалыс белгілері тәсілдері және т.б.). Ал, жалпытанымдық бағыттағы және ғылыми-концептуалдық карталар жалпылама географиялық бейнелеу тәсілдеріне – псевдосызықтар, изосызықтар, ареалдар және т.б. сүйенеді.
Бейнелеу тәсілдерін таңдауға елеулі түрде материалдардың, әсіресе есептік-статистикалық материалдардың нақтылығы мен дәлдігі әсер етеді.
Экономикалық карталарды жасағанда экспедициялық әдісті қолданғанда адекватті тәсілдерді таңдау мүмкіншілігі кеңейе түседі.
Тәсілдерді мүмкіншілігі мен мақсатына қарап таңдауға басқа да критерийлермен қатар, картаның масштабы да әсер етеді, бұл бейнелерді жалпылағанда (генерализация) айқын байқалады.
Бейнелеу тәсілдері мен құбылыстардың георафиялық таралуының ерекшеліктерімен байланысы ертеден-ақ көрсетілген.
Нақты бейнелеу тәсілдерін таңдауда бейнеленетін құбылыстардың географиялық мәліметтерінің сәйкестігін нақтылау керек.
Осы кезде бір картада географиялық мәліметтер жағынан әр түрлі, бірақ сырт бейнесі бірдей тәсілдерді болғызбау керек: мысалы, сол немесе басқа орталықтар үшін – белгілер тәсілін, территориялық ұяшықтар үшін – картодиаграммаларды. Халықтың жыныстық-жастық құрамын демографиялық пирамидалар әдісімен, қалалық елді мекендерді – диаграммалық белгілермен, және ауыл халқын — әкімшілік аудандардың картодиаграммасымен бейнелеу мүмкіндігінше керек емес. Мұндай жағдайда ауыл және қала халқы сипаттамаларын түрлі карталар бойынша бөлген дұрыс. Сонымен қатар, бір құбылыстың бейнесінде түрлі тәсілдердің сәйкестігі болуы мүмкін.
Белгілер тәсілі. Бұл әдіс экономикалық сферада нақты географиялық пункттерде нысандарды локализациялаумен сәйкестеледі. Бұл ретте ол территориялық әлеуметтік-экономикалық жүйелердің кеңістіктік құрылымының адекватты бейнесін қамтамасыз етеді: халықтың орналасуының жүйесін, кәсіпорындардың, транспорттық және ауылшаруашылық орталықтардың, қызмет көрсету орталықтардың. Сондықтан көптеген ғылыми –анықтамалық әлеуметтік-экономикалық картографияның бағыттарында белгілер тәсілі бейнелеудің негізгі тәсілі ретінде қызмет атқарады. Тәсілдің әлеуметтік-экономикалық картографияда бейнелену мүмкіншіліктерін айтайық. Бірінші сапасы құбылыстын сандық мінездемесін нақты беруі, яғни белгілердің мөлшері (шкала бойынша): абсолюттік немесе шартты. Шкалалар нысанның сандық мағынасы және белгінің өлшемі арасындағы тәуелділігі арқылы салынады (соңғысы белгілер тәсілінде сирек қолданылады). Сызықтық тәуелділікке байланысты белгінің өлшемі белгінің (признак) саны мен белгілердің өлшемінің негізінің арақатынасымен анықталады: P=A/M; мұндағы Р – белгі өлшемі, А – белгілер (признак) саны, М – өлшем негізі.белгі санының өлшем бірлігі ретінде мм алынған.
Экономикалық картографиялаудың практикасында кең түрде произвольные шартты шкалалр қолданылады. Белгілердің үлкен және кіші өлшемдерінің мүмкіншілігінен құбылыстың сандық мінездемесінің детализациясының талабы бойынша өлшемдерінің таңдауынан оларды салу оңай.
Сатылы шкалаларды да атап өтейік. Олар, біріншіден, әр түрлі өлшемді белгілерді өлшемей-ақ нақты анықтауға мүмкіндік береді (көрші белгілерден өлшем айырмашылығы 1,2-1,6 есе болмауы шарты бойынша). Екіншіден, сатылы шкалалар бойынша бір мезгілде нысандардың сапалық категорияларын көрсетуге болады. Мысалы: аймақтық халықтың орналасу шкаласында – олардың негізгі функцияналдық айырмашылықтары. Анықтамалық және оперативтік бағыттағы карталар үшін керісінше, кейбір кезде картографияланатын белгілердің (кәсіпорынның қуаттылығы, аймақтың халықтығы және т.б) сандық мағынасын нақты көрсетуді (бейнеленетін графикалық мүмкіншіліктің шегіне дейін) қамтамасыз ететін абсолюттік үздіксіз шкалалр қолданылуы тиіс. Бірақ мұндай шкалада жасалынған карталар тез ескіреді.
Экономикалық картографиялауда нысандардың сандық сәйкестіктерін нақты көрсету маңыздылығы әр түрлі пішіндегі белгілердің қолданылуна да әсер етеді. Бірақ әр түрлі пішіндегі белгілердің қолданылу мүмкінщілігі – геометриялық түрдегі белгілердің шегінде де кең. Бірақ белгілерді өлшемі бойынша одан да нақты сәйкестендіру үшін бірыңғай пішіндерді қолдану ыңғайлы (квадрат, дөңгелек, ромб, үшбұрыш және т.б). Мысалы: аймақ халықтығы картасында әр пішіндегі белгілерді қолданудың орнына олардың айырмашылықтарын белгілердің түстері арқылы көрсету тиіс /6/.
Нүктелік тәсіл. Белгілер тәсіліне географиялық тұрғыдан осы нүктелік тәсіл жақын. Ол құбылыстардың массалық таралуын, мысалы, халық таралуы, егістік жерлер, мал шаруашылығы және тағы басқаларды картографиялау үшін қолданылады. Белгілі бір сандық нысандарды нүктелермен белгілейді. Құбылыс саны нүктелердің жиынтығын көрсетеді (кіші өлшемді геометриялық фигураларды), олар құбылыс белгілерінің санына (салмағына) сәйкес.
Нүктелік тәсілдің белгілер тәсілінен түпкі айырмашылығы құбылыстардың таралуын аудандарда бейнелеуінде (географиялық ареалдарда немесе сол аумақ ұяшықтарының шектерінде, яғни, шартты геометриялық және т.б.). Сирек жағдайда ғана бұл тәсіл географиялық елді мекендерде сипаттама беруге қолданылады, егер картада аудан масштабы белгіленсе.
Нүктелік тәсілдің екі түрі белгілі – географиялық, ол кезде нүктелердің картада орналасуы бейнеленетін құбылыстың шын таралуына сәйкес және сызбалық (немесе статистикалық), мұнда нүктелер территориялық ұяшықтар шегімен тең орналасады, солар арқылы ақпарат беріледі. Осы екі түрдің біреуін таңдау келетін статистикалық мәліметтердің жағдайына байланысты ғылыми-анықтамалық картографиялауда географиялық түрлі қолданылады.
Экономикалық картографиялауда нүктелік тәсілдің кеңінен қолданылуы, оның көптеген сапасымн түсіндіріледі. Бұл тәсілде көбіне құбылыстың сандық сапасы көрсетіледі. Сонысымен нүктелік тәсіл басқа тәсілдерден алда тұрады (әсіресе, егер белгілер сатылы шкала бойынша салынса).
Нүктелік тәсілде сандық көрсеткіштерді көрсетудің нақтылығы алынған нүкте салмағының жартысына тең. Белгілі бір мөлшерде нүктелік тәсілі құбылыстың сапалық мінездемесі мен құрылымын көрсете алады. Сол графикалық құралдар нүктелік тәсілмен құбылыстың динамикасын көрсетуге мүмкіншілік берер (Қостанай облысының атласында нүктемен жыртылған жерлердің таралуы көрсетілген, 1963). Сонымен қатар, бұл тәсілді әлеуметтік-экономикалық құбылыстың көп деңгейлігін көрсету үшін аса қолданбайды.
Нүктелік тәсіл статистикалық ақпараттың географиялық нақтылығына және детальдығына қатысты белгілер тәсіліне қарағанда сезімтал емес және картограмма, картодиаграммамен салыстырғанда нәтижесінде құбылыстың динамикасын, құрылымын және сипаттамасын көрсету мүмкіншілігі шектеулі, яғни белгілер тәсіліне қарағанда нүктелік тәсілде контрастылық түстердің немесе пішіндердің көп санын (3-4-тен көп) көрсете алмайды.
Нүктелік тәсілді қолдануда картографияланатын объектілердің сипаттамасы әсер етеді. Нүктелік тәсілдің географиялық адекваттылығы, көлемі карта масштабындағы нүкте көлемімен бірдей «эквиваленттік» деп аталатын нүктелерді қолданғанда өседі. Мұндай нүктелер көбіне ауылшаруашылық жерлеріне сипаттама беру үшін қолданылады.
Эквивалентті нүктелерді ғылыми-анықтамалық картографиялауда қолдану өте эффективті, мұнда олар құбылыстың географиялық таралуын сақтай отырып, сандық сипаттамаларын қамтамасыз етеді. Нүктелік тәсілдің басқа түрі – бөлшектік және пайыздық нүктелер, олар құбылыстың сандық көрсеткіштері мен территория аумағындағы пайыздық қатынасты біріктіреді.
Нүктелер салмағы мен бейнелеудің географиялық нақтылық деңгейі тығыз байланысты. Ғылыми-анықтамалық картографиялау үшін бейнеленетін құбылыстардың таралуының толық берілуі – яғни, оларды орналастыру орындарының картада сақталу критерийі маңызды. Көбінесе, бұл нүктелердің үлес салмағы көп учаскелерде нүктелерді бейнелеуді қиындатады.
Мұндай қарама-қайшылықтан шығу жолы — әр түрлі салмақтағы және әр түрлі өлшемдегі нүктелерді қолдану.
Экономикалық картографияда нүктелік тәсілді нысандардың таралу сипаттамасын нақты елді мекендерде қолданған кездер де кездеседі. Бірақ мұндай сипаттама картографиялаудың белгілі бір шектеулі шарттарында ғана мүмкін (мысалы, бейнелеудің ірі масштабында).
Мұндай нүктелердің орнында әр түрлі мөлшердегі, түстегі тік төртбұрыштар қолданылады. Олардың түсі қоныстану типін, ал орналасуы – елді мекендердің құрылымдық ерекшелігін көрсетеді. Осы бағытта нүктелік тәсіл белгілер тәсіліне дес бермейді. Бірақ нүктелік тәсілдің бұл нұсқасы салыстырмалы ірі масштабты талап етеді.
Ғылыми-анықтамалық картографиялауда нүктелік бейнелеу картаның географиялық негізімен байланысты. Нүктелердің орналасуы жергілікті жердің элементтеріне (жер бедеріне, су желісіне, өсімдік пен топыраұ жамылғысына және т.б) сәйкес келуі өте маңызды. Егер нүктелер саны көп боылп, ал таралудың географиялық ареалдары аз болса, картаны құру процесінде қиыншылықтар тууы мүмкін, өйткені нүктелер бқл құбылыс таралмаған жерде орналасуы мүмкін.
Нүктелердің картаға салыну ретін сақтағанда ғана, мақстақа жету мүмкін. Оларды алдымен құбылыс концентрациясы көп жерлерге салады. Бұдан кейін нүктелер интенсивті шаруашылықты қолдану аясында, ары қарай аз игерілген жерлерде қойылады, тек құбылыс жүрмейтін территорияда емес (мысалы, күшті беткейлерде, саз батпақ жерлерде және т.б).
Сызбалық нұсқада нүктелік тәсіл географиялық негіз үшін картограммаға қойылған талаптарды қояды.
Ареалдар тәсілі. Ареалдар тәсілі экономикалық картографиялауда табиғатты картографиялауда сияқты кең қолланылады. Ареалдар абсолютті болады. Абсолютті деп кеібір құбылыстардың тіптен ездеспейтін арелдарды айтады (мысалы жануарлардың кейбір түрлері). Салыстырмалы ареал сол құбылыстың өзіндік ерекшеліктерімен бірге таралу аймақтарын қамтиды (мысалы, тиін, борсық аң аулаушылыққа жетерліктей тығыз орналасқан).
Арелдарды карталарда бейнелеу үшін көптеген әдістер қолданылады: ареалдардың түгелдей немесе пунктирлі сызықтармен шектелуі, ареалдарды бояу әдісі, ареалдарды шрихтеу, ареалдарды жазбалармен көрсету немесе жеке суретпен көрсету.
Экономикалық картографиялау сферасында кең түрде абсолюттік вариант қолданылады. Ареалдар тәсілімен экономикалық құбылыстардың көп деңгейлігі көрсетілуі мүмкін. Мысалы, әр рангідегі территориялық жүйелердің таралуын, өнеркәсіптік аудандар, территориялық-өндірістік кешендер және т.б.
Арелдар тәсілінің құбылыс динамикасын тау түрде көрсетуге мүмкіншіліктері бар; кеңістіктік және уақыттық, екі немесе одан да көп ареалдың сәйкес келуімен.
Экономикалық картографиялауда сандық сипаттамалар үшін ареалдар тәсілін қолдану кең таралған. Құбылыстың таралуының сапалық сипаттамаларын бейнелейтін абсолютті және салыстырмалы сипаттамалар үшін ареалдар тәсілі қолданылады.
Сандық ареалдар интенсивті ареалдарына және құбылыстың сандық ареалдарына бөлінуі мүмкін. Біріншісі, нысандар тығыздығы картасында кең таралған. Екіншісі, негізінен таралған ареалдарға жататын диаграммалық белгілер мен картодиаграммаға ұқсас (мысалы, тау-кен өнеркәсібі). Әлеуметтік-экономикалық құбылыстың (ауылшаруашылық және түгелдей экономика) қиындығы ареал территорияларының шекаралық сызықтарын түсі мен штрихтеуін әр түрлі етіп салумен немесе жеке ареалдардың құрылымдық сипаттамасымен көрініс табады.
Объективті негіз бар және нақтылықты қажет ететін жерлерде ареалдарды нақтылау керек. Ол үшін қол жетерлік – негізінен картографиялық (жалпы географиялық карталар, жер және орман ресурстарының материалдары және т.б.) және әдеби-географиялық.
Ареалдар тәсілі экономикалық құбылыстардың формальды-статистикалық бейнелеулерін географиялық нақтылауға арналған.
Сандық фон тәсілі. Бұл тәсілдің мәнісін «Картатануда» территорияны құбылыстың берілген сандық белгісі бойынша бөлу (дифференциациялау) деп түсіндіріледі. Картографияланатын территорияны бөлу картографиялайтын құбылыстың кеңістіктік қасиеттерінің негізіне сүйене отырып жасалады.
Сандық фонның құрылуы әр түрлі болуы мүмкін. Бір тәсіл – территорияны алдын-ала учаскелерге бөліп қояды. Бұл учаскелер картографиялайтын құбылыстың функциясы және кеңістіктік ұйымның ерекшеліктерімен анықталады. Басқа тәсіл – ең алдымен территорияның көрсеткіштерін анықтап. Құбылыстың географиялық ерекшеліктеріне сәйкестендіріп, белгілердің сандық мағыналы шекарасын айқындау.
Сандық фон, жеке индивидуалды ареалдар құбылыстың сандық белгісі арқылы бір жүйені құрап, жалпы сандық ареалдар ретінде де кұрылуы мүмкін.
Осы тәсілдің экономикалық сферада байланысын көрейік. Құбылысты жайылтпай, таратпай суреттеу мүмкіншілігінен сандық фон географиялық жағынан абстрактілі болып табылады. Ол құбылысты тек бір ғана кеңістік деңгейінде сипаттау үшін крек. Сандық көрсеткіштердің динамизмі картограмма сияқты осы тәсіл арқылы берілуі мүмкін.
Ареалдар тәсілі сияқты фон тәсілі де фон шекараларын айқындау үшін түгелдей дерлік нақтыланған географиялық негізді талап етеді.
Суреттің масштабына талаптар бойынша сандық фон ареалдар мен картограммаға жақын. Мұнда барлығы сандық белгілердің географиялық нақтылығы мен картографиялау жүргізілетін кеңістіктің деңгейіне тәуелді (аудандық, облыстық).
Бұл тәсілдің картографиялық мәліметтерге талабы күшті. Бұл жерде негізгі проблемены туғызатын, ең біріншіден фон шекараларын анық түсіруді қамтамасыз ету (картографиялық, аэроғарыштық және әдеби-географиялық мәліметтер бойынша) және екіншіден – статистикалық мәліметтердің географиялық нақтылығы (мысалы, халықтың тығыздығын нақты елді мекендер бойынша картографиялау). Осы мәліметтерді нақтылауда картографиялық көздер (аэроғарыштық та): мысалы, елді мекендер мен ауылшаруашылық жерлердің таралуы, жер бедерімен, гидрографиялық желі және жолдармен, өсімдік және топырақ жамылғысымен және де т.б. территорияны анықтайтын нақты географиялық шекаларды анықтау.
Сапалық фон тәсілі. Сапалық фон тәсілі кең таралған құбылыстарды немесе нысандарды көрсету үшін қолданылады. Бұл тәсіл үшін құбылыстардың, территориялардың сапалық ерекшеліктері жағынан әртүрлі бөліктері мен шекара торының жекелей аудандастыру арқылы типтері бойынша орнықтыру өте маңызды. Сапалылығы бойынша біркелкі бөліктерді ерекшелеу бейнеленетін құбылыстың классификациясына сәйкес жүргізіледі. Жекелей аудандастыру дегеніміз жалпы территорияны қайталанбайтын толық аудандарға бөлу. Территорияны аудандастыру принциптерін анықтау, құбылыстар классификациясын құрастыру не таңдау,сонымен қатар түсіріс жұмыстары кезінде, дешифрлеу арқылы, карталарды және әдебиеттер мәліметтерін қолдану арқылы негізінде, математикалық және басқа да әдістерді қолдану нәтижесінде керек бөліктердің шекарасын анықтаудың маңызы зор. Осы кезде аналитикалық карталарды құрастыру, оларды пайдаланып әртүрлі өлшеулер мен зерттеулерді алдағы уақытта біріктіре отырып талдау, алынан мәліметтерді синтездеу керек болады. Классификациялау негізінде бір нақты белгі не олардың мынандай қатары жатуы мүмкін: құбылыстың типін анықтайтын кешендер, синтетикалық сипаттамалар.
Аудандастыру элементтерін бейнелеуде көптеген жағдайда шекаралық сызықтардың түсі мен суреті үлкен мағынаға ие. Ерекшеленген аудандар шегінде бөліктері түсті бояулар, штриховкамен белгіленеді. Кей жағдайларда бояудың стандартты шкаласы, (мысалы, геологиялық картада) қолданылады. Осы тәсіл үшін индекстер мен жазуды пайдаланады. Бейнелеу тәсілдерін таңдау ауданның қамтитын территориясына байланысты жүргізіледі, сонымен қатар оның аудан шекарасында орналасу сипаттамасын ескеру керек.
Сызықтық белгілер тәсілі. Бұл тәсіл сызықты болып таралған объектілерді бейнелеу үшін қолданылады, мысалы хабарлау жолдарында, халықты орналастырудың сызықты формаларында және т.б.
Сызықтық белгілер графикалық форма ретінде басқа тәсілдердің элементтері түрінде қолданылады – мысалы, сапалық фон тәсілінде немесе ареалдар тәсілінде (шекаралық сызықтар).
Бұл тәсіл әлеуметтік-экономикалық картографияда тақырыптық мазмұндағы ең басты тақырыптық мазмұндағы транспорт карталарында – хабарлау жолдарын көрсету үшін қолданылады.
Транспортты картографиялаудан тыс сызықты белгілер орналасудың сызықты формаларын көрсету үшін, мысалы, транспорттық немесе жағалық (балық аулайтын және т.б.) орналасу типтері карталарында қолданылады. Бұл тәсіл өндірістің сызықты орналасуын көрсету үшін де қолданылады (мысалы, өзендердегі пайдалы қазбаларда алу орындары). Экономикалық картографияда сызықтық белгілер тәсілімен, мысалы, жүк тасымалдау жолдарын көрсетеді. Сызықтық белгілер тәсілі объектілердің сапалық сипаттамасымен қатар, иерархиялық белгілерін де сипаттайды. Сандық көрсеткіштер сызықтық белгілер тәсілімен сирек беріледі, бірақ, мысалы, халықты орналастырудың интенсивтілігін сызықты сипаттамасын түспен көрсетуге болады.
Нысандардың құрылымы сызықтық белгілер комбинациясымен немесе топологиялық сипаттамамен берілуі мүмкін.
Географиялық негізге масщтабқа қойған талаптар бойынша сызықтық белгілер тәсілі қозғалыс белгілерінің тәсіліне ұқсас (географиялық нұсқада). Нысандардың орналасу сипаттамсының анықтамалық деңгейі бойынша сызықтық белгілер тәсілімен ұқсас. Осыдан бөлшекті және географиялық нақтыланып, расталған карта негізінің қажеттігі туындайды. Масштабқа деген талап, негізінен, транспорттық желілер картасына территорияның сызықты нысандарымен қамтамасыз етілуіне байланысты анықталады. Масштабқа деген мұндай сезімталдылық ірі экономикалық орталықтардың, қалалық және өнеркәсіптік агломерациялардың айналасындағы нысандардың айтарлықтай концентрациясы аймағында пайда болды. Жалпы, сызықтық белгілер тәсілін қолданатын тақырыптық мазмұндағы карталар, белгілі бір елді мекендердегі нысандар локализациясы бар бөлшекті карталарындағы масштабтық ретті қолданылады, сонымен қатар, сызықтық бейнелер (мысалы, хабарлау жолдары) ереже бойынша органикалық түрде елді мекендердің бейнесімен (мысалы, транспорттық) сәйкес келеді /9/.
Изосызық тәсілі. Бұл тәсілдің негізгі ерекшелігі мынада: территория бөліктерінің құбылыстың сандық көрсеткіштерінің анықталған мағынасы бар сызықтыр — изосызықтармен ерекшеленуі. Изосызықтар бірдей сандық көрсеткіші бар нүктелер арқылы, олардың арасындағы интервалды сақтап немесе арнайы дайындалған шкала бойынша ауыспалы кесумен өтеді. Изосызықтардың әрбір жүйесі шынайы немесе абстрактты жер бетін бейнелейді.
Изосызықтарды әртүрлі үзіліссіз немесе тұрақты өзгеретін құбылыстардың шамасының сипаттамасын беру үшін қолданады. Осы құбылыстардың түрімен олардың атауы да байланысты (изотермалар-бірдей температураларды қосатын изосызықтар). Географиялық құбылыстарды шынайы немесе есептелген шамалардың үзіліссіз таралуы ретінде сипаттайтын изосызықтары бар карталар далалық карталар деген атауға ие болды. Географиялық интерполяция принциптері жасалды. Сонымен қатар, уақыт өте болатын құбылыстардың ауысуын және сандық өзгерісін, соның ішінде болжамдықты да бейнелейтін изосызықтарды ерекше атауға болады, мысалы, бірдей уақыт сызықтары-изохрондар.
3.3 Қазақстанның түсті және қара металлургия карталарын ArcGIS бағдарламасында құрастыру
ESRI фирмасының программалық өнімі ArcGIS-те ГАЖ толық каталог түрінде құрылған, яғни мәліметтерді өңдеудің жоғарғы деңгейлі мүмкіндігі бар.
ArcGIS – бұл 3 өзара байланысты ArcMap, ArcCatalog, ArcToolbox базалық мүмкіндіктердің жиыны. Бұлар бірігіп картографиялау, мәліметтерді басқару, кеңістіктік анализ, мәліметтерді редакторлау және оларды геоөңдеуден өткізу сияқты түрлі дәрежелі қиындықтағы ГАЖ-функцияларды шешуге мүмкіндік береді.
ArcGIS-ГАЖ қолданушылардың үлкен қауымына арналған толық-функционалды, масштабталған жүйесі.
ArcMap – картаны құрастыру мен мәліметтерді редакторлау, сондай-ақ картографиялық анализдеу үшін қажет. Бұл қосымшада негізгі жұмыс картамен жасалады. Картаның бетінде географиялық мәліметтерді карта қабаттарының жинағы, легендасы, масштабтық сызғышы, солтүстік стрелка және басқа элементтерді сақтайтын терезесі, яғни компоновкасы болады.
ArcMap-та картаны 2 қосымшамен жұмыс істейміз (7-сурет):
1) Географиялық мәліметтер негізінде географиялық қабаттармен жұмыс жасауға, әртүрлі символдарды анықтауға, анализ жасауға мүмкіндік береді. Мұнда негізгі картографиялық жұмыстар жасалады.
2) Компоновка негізінде – карталарды безендіру, яғни легенда құрастыру, тақырыбы, масштабы жасалады, масштабы көрсетіледі, картаның солтүстігі, қағаз өлшемі беріледі.
7-сурет.
ArcCatalog – геомәліметтердің базасын құрастыру мен кеңістік мәліметтерді басқару үшін, сонымен қатар, метамәліметтерді құру, көру, басқару сияқты функцияларын атқаратын қосымшасы. Біздің ГАЖ-дың барлық мәліметтерін құрылымдауға және басқаруға көмектеседі. Ол географиялық мәліметтерді іздеуге, көруге арналған инструменттер, метамәліметтерді құрастыру, көру, басқару, әртүрлі мәліметтер жиынын тез ашып көруге, географиялық мәліметтерді құрылымдауға арналған құралдар ұсынады. ArcMap–қа ұқсайды, бірақ ерекшелігі – редакция жасалмайды.
ArcToolbox – мәліметтерді геоөңдеудің конвертациясы. Геомәліметтерді өңдеуге арналған көптеген құралдарды сақтайтын қосымша.
ArcMap, ArcCatalog және ArcToolbox әртүрлі ГАЖ-функцияларды біріге отырып өңдейді. Мысалы, ArcCatalog -та картаның документін табамыз да, оны ArcMap-та екі рет шерту арқылы ашуға болады. Кейіннен ArcMap-та ArcToolbox көмегімен өзгертулер келтіруге болады.
Мен, өзімнің «Қазақстан Республикасының металлургиясын құрастыру» тақырыбы бойынша карта сызғанымда американдық ESRI фирмасының ArcGIS 9.2 картографиялық бағдарламасын пайдаландым. Бұл программаны таңдаған себебім – оның қолайлылығы, жұмыс операцияларын тез орындау мүмкіндігі, құрал-жабдықтарының молдығы, программаның соңғы стандарттарға сәйкес келуі.
Жұмыс жасамас бұрын 1:1 000 000 масштабты, кеңістікте өз орнын тапқан, яғни байланған топонегізді ала отырып, оны сканерден өткізіп, ArcGIS прграммасына құямыз. Осыдан кейін негізгі – керекті қабаттарды құру, оларды оцифровкалау, қабаттың ішінде маңызды мәліметтерді енгізу үшін атрибуттар кестесін ашу процедуралары басталады.
7-сурет. ArcCatalog-тан ArcMap-қа шақырылған сканерленген, кеңістікте өз орнын тапқан (байланған) Қарағанды облысының 1:1 000 000 масштабтағы топонегізі
Жаңа жеке қабат құру – Arccatalog-тағы vector папкасынан тышқанның оң жағын шертіп → жаңа (new) → қабат (shapefile)→ терезе ашылады → ат береміз → бейнелеудің қажетті түрін таңдаймыз (нүктелік, сызықтық, полигонды) →координата жүйесін беру үшін Редакторлау (Editor) → Таңдау (Select) немесе Import → Координата жүйесі проекциясы (Projected Coordinate System) → Пулково 1942 → керек зонаны таңдаймыз → ОК → ОК (8-сурет).
8-сурет. ArcCatalog-та құрылған барлық жұмыс қабаттары
Осы Arccatalog-та ашылған қабатты ArcMap-қа шақырамыз. Ол үшін ArcMap-тан «+» тетігін басамыз. Ашылған терезеден vector папкасындағы бізге қажетті қабатты шақырамыз, яғни Add. Әрбір Shapefile 6 құрамдас форматтан тұрады. Оларды «Мой Компьютер» арқылы ашқанда көреміз.
Қабаттармен жұмыс істегенде оцифровка жасай отырып, сол обьекттерге анализ бере кетеміз, яғни Атрибуттар кестесін ашамыз /20/.
Атрибуттар кестесін ашу. Редактор → Жұмысты аяқтау → Керек қабатқа барып, панелін ашамыз да, «Атрибуттар кестесін ашуды» таңдаймыз → обьекттердің атын жазу үшін жаңа жол ашу керек, опции → жол қосу (добавить поле) → жол атын береміз. Оның типін таңдаймыз:
1) Қысқа сандар (Short integer)
2) Ұзын сандар (Long integer)
3) Бөлшек сандар (Double)
4) Тексттік (text)
Shapefile – сызық, нүкте, полигон түрінде болады. Ол 6 құрамдас бөліктен тұрады. Егер осы құрамдас бөліктердің біреуі кем болса, қабат ашылмайды. Сондықтан, кез келген қабатты бір жерден екінші жерге көшіру үшін міндетті түрде 6 құрамдас бөлігін түгел көшіру керек. Кез келген қабатпен жұмыс істегенде барлық обьекттерді категорияларға бөлеміз. Картасы құрастырылып отырған территориядағы барлық обьекттер салынып болған соң, әрбір обьектіні өз категориясы бойынша категорияға бөліп, жеке-жеке символ береміз. Яғни, пішінін, түсін, сызықтық обьект болғанда қалыңдығын және т.б. анықтаймыз. Нәтижесінде әрбір обьект өз категориясы бойынша белгілі бір шартты белгіге ие болады (9-сурет). Мысалы, Маңғыстаудың елді мекендерін категория ретінде жіктеп көрелік,
1) Облыс орталығы;
2) Қалалары;
3) Аудан орталықтары;
4)Поселкелер.
9-сурет. Әртүрлі категориядағы елді мекендерге шартты белгілерді таңдау
Полигональды обьектілерден сызықтық обьектілерге айналдыру тәсілі. Кез келген полигональды қабатты ArcGIS – та сызықтық обьектілерге айналдыруға болады. ArcGIS бағдарламасындағы автоматтандырылған үлкен жетістіктердің бірі болып табылады. Ол үшін ArcGIS – та арнайы құрылғы ArcToolbox саймандар жинағы қосымшасын пайдаланамыз. Мысалы, Маңғыстау облысының аудандар картасын алсақ. Ең алдымен, полигональды қабатта әрбір ауданның территориясын қиып аламыз. Олардың әрқайсысын әртүрлі түспен көрсетеміз. Яғни, төрт түсті полигон болады. Енді бізге, шекараларын үзік сызықпен көрсету керек. Ол үшін қайтадан сызықтық қабат ашып жатудың қажеті жоқ. Полигональды қабаттағы әрбір түстің контурын алып тастаймыз (10-сурет).
ArcToolbox-ты ашамыз → экранға саймандар жинағы қосымшасы терезесі ашылады → соның ішінен Data management tools-қа «+» басамыз, ондағы тізімнен → кеңістіктік обьекттерді (features) таңдаймыз → полигонды сызыққа (polygon to line) → терезе ашылады, онда 2 баған болады: →
- Input features (полигон қабаты)
- Output features қай жерге қай атпен сақтау керектігін көрсетеді.
10-сурет. ArcGIS – ты саймандармен қамтамасыз ететін қосымшаларының бірі – ArcToolbox
Карта бетіндегі обьектілерді жазу технологиясы, тексттік баған құру, онымен жұмыс жасау жолдары.
Географиялық обьекттерді категорияларына қарай атауларына шрифт өлшемдерін таңдау. Кез келген географиялық обьектілер белгілі бір ақпарат көзі болып табылады. Олардың әрқайсысының өзіне тән мәліметі (атауы, морфометриясы, морфолгиясы) болады. Мысалы, таудың атауы, биіктік өлшемі, көлдердің атауы, тереңдігі, көлемі және т.б.
Барлық географиялық карталарды құрастыруда карта бетіндегі обьекттердің атауы жазылады, негізгі географиялық ақпарат беріледі.
Карта бетіндегі обьекттерді бейнелеу барысында, оның аттарын жазғанда, масштаб ескерілу керек. Масштабқа байланысты обьекттерді таңдап алады.
Обьекттерді жазу үшін қабатқа барып, оң жақ тышқанды басып, «Қасиеттері» (Properties) терезе ашылады → жазу (labels) → жол (field)
Шрифттың өлшемін, түсін таңдауға болады.
Аннотация және оны құру жолы. Геометриялық 3 әдіспен – полигон, сызық, нүкте түрінде берілген кеңістіктегі обьекттер туралы мәліметтер карта бетінде жазу арқылы береді. Мұндай картографиялық мәліметтерсіз картаны оқу мүмкін емес. Сондықтан, әрбір обьектіні салғанда, оның сандық және сапалық көрсеткіштерін немесе атауларын атрибуттар кестесіне толтырамыз. Электронды карталар жасау барысында аннотация жасау міндетті емес (11-сурет).
11-сурет. Аннотация құру
Аннотация дегеніміз – обьекттердің сандық және тексттік мәліметтерден тұратын жеке қабат. Аннотация құру жолы:
Обьекттердің қажетті мәліметтері жазылған соң, мысалы, елді мекендердің атауы name жолы арқылы категорияға бөлініп, карта бетіне жазылады. Обьекттердің атауы тек бір бағытта ғана жазылады. Мысалы, оң жаққа, бірнеше қабаттың мәліметтері осы әдіспен жазылған жағдайда бір-бірімен араласып, оқылмай кетуі мүмкін. Сондықтан, жеке аннотация қабатын құрып, олардың орнын ауыстыруға болады. Осы процедураны іске асыру үшін келесі функцияларды атқарамыз: ArcMap-та сол қабатқа барып, оң жағын басамыз → жазуларды аннотацияға конвертациялау (Convert labels to annotation)→ ашылған терезеден осы аннотацияға қажетті мәліметтер болады → байланысты обьектілер (feature linked).
Обьектімен байланысты аннотация, яғни сол обьектімен тікелей байланыста, обьектіні алып тастағанда аннотация өшіп қалады. Соңында convert басамыз, аннотация қабаты қосылады.
Енді кез келген обьектіні белгілеп, орнын ауыстырып қоюға, қажет емес кезде алып тастауға, шрифттің түсін, өлшемін өзгертуге болады.
Аннотация жасаған кезде ескерілетін жағдайлар:
– карта масштабын көрсету керек;
– аннотациямен жұмыс жасағанда карта бетіндегі обьекттердің картографиялық заңдылықтарын қатаң сақтау керек.
Аннотация қабатында обьектілер қанша класқа бөлінсе, сонша кластан тұратын категорияны көрсетеді. Кез келген уақытта бір категорияға кіретін барлық обьектілердің автоматты түрде шрифтін, түсін, өлшемін өзгертуге болады.
Картаның компоновкасы. Карталарды безендіру, қағаз бетіне басып шығаруға әзірлеу.
Мәліметтер түрінде (Data view) – кеңістіктегі обьекттерді бейнелеу, мәліметтерді енгізу, түстерін таңдау, атауларын немесе жалпы мәліметтерін жазу, яғни редакциялау жұмысын жүзеге асырамыз.
Компоновка түріндегі (Layout view) – картаны безендіру, қағаз бетіне басып шығаруға дайындау жұмысы жүзеге асырылады. Өзімізге қажетті обьекттер редакцияланып болған соң, картаны безендіру үшін мәліметтер түрінен компоновка түріне ауысамыз. Ең бірінші байқайтынымыз: панельде қағаз өлшемі көрсетіледі (12-сурет).
12-сурет. Компоновкаға өту
- Өзімізге қажетті масштабын көрсетеміз, карта қағаз бетіне симаса, қағаз өлшемін үлкейтеміз. Ол үшін Бет пен баспа параметрі (Page and print set up) командасын ашу керек. Оны екі жолмен ашуға болады:
1) Файл арқылы
2) Картадан бос кеңістікте тышқанның оң жағын басу арқылы.
Ашылған терезеде бірнеше операциялар орындалады. Мұнда тек қағаз өлшемі ғана емес, қағаз бетіне басып шығару жұмысы жүзеге асырылады.
1) Name командасында принтердің немесе плоттердің атын көрсетеміз.
2) Paper – қағаз өлшемін таңдаймыз.
3) Orientation: 1) Портрет (Portret)
2) Альбом (Landscape)
Карта тақырыбын жазу. Карта тақырыбын жазу үшін келесі командаларды орындаймыз:
Қою (Insert) → Аты (Title)→
Карта масштабын жазу. Карта бетінде масштабты 2 жолмен көрсетуге болады:сызық және сандық.
Сызықтық-Scale bar
Сандық-Scale text
Қою (Insert) → Сандық (Scale text)(13-сурет).
13-сурет. Карта масштабын және тақырыбын жазу
Карта легендасын құрастыру. Карта легендасы – карта бетіндегі обьекттерді оқу үшін құрастырылады. Оларды шартты белгілер деп табылады. ArcGIS-та шартты белгілерді құрастыру үшін әрбір қабатта көрсетілген обьекттер мен мәліметтерді компоновкада карта бетіне шақырамыз. Кез келген картаны құрастыруда картадан тыс бос орындардың барлығын шартты белгілерді қоюға пайдаланамыз.
Қою (Insert) → Легенда (Legend) → ашылған терезеде 2 баған бар:
- Map layers 2) Legend items→ Далее → Аты → шрифт өлшемі→ Далее → шартты белгінің ені мен ұзындығы → Дайын (14-сурет).
14-сурет. Карта легендасын құрастыру
Картаны безендіру жұмыстарынан кейін дайын болған картаны қағаз бетіне басып шығару үшін төмендегі операциялар орындалады. Карта өлшемін тексереміз. Оның 3 түрі бар. Ол үшін, яғни оң жағын басып,
1) Бет пен баспа параметрі (Page and print set up) → Use printer paper settings → Show printer margins on layout
2) File → Print previe
3) File → Print → Number copies → OK
Карта құрастыруда 3 шартты белгінің барлық түрлері пайдаланылады.
- Масштабтан тыс белгілер – тек бір жерде локализацияланған, карта масштабы ауданын қамтымайтын белгілер. Картадағы шартты белгінің өлшемі оның табиғаттағы шын өлшемінен анағұрлым үлкен. Тақырыптық картада жинақталған белгілерді топтастыру әр түрлі мазмұнды құрылым заңдылықтарындағы нысанның нүктелі–желілі конфигурациясын бейнелеуде қолданады. Құрылымдық элемент және картографиялау бірлігі ретінде өндірістік орындар, кенорындар т.б қолданылады. Әр түрлі параметрлерді қолдана отырып, олардың комбинациясының, шартты белгілерінің топтастырылуы арқылы түрін, биіктігін, нысанды мағыналылығын, уақыт бойынша өзгеруін сипаттайды. Белгілердің бөлікке бөлінуі өндірістік пункттің құрылымын көрсетеді. Ол картада белгілі бір территориядағы өндірістің құрамдас саласын бейнелейді. Соған қатысты көрсеткіштегі белгілер әр түрлі территория мен бөлік құрамындағы құбылыстардың дамуын әр түрлі толықтылық деңгейімен көрсетеді. Шартты белгілерді өңдегенде жеке белгілер мен барлық тордың көрнекілік мағынасын, оның конфигурациясын, географиялық орындарының ерекшелігін ескерген жөн. Бұл тәсілдің өзі 3-ке бөлінеді:
- Геометриялық – өнеркәсіп кен орындарын
- Көрнекілік – шахталарды
- Әріптік.
- Аудандық – карта масштабы ауданын қамтитын нысандарды бейнелеуге қолданылады. Мұндай нысандар картада өзінің өлшемін және кескінін сақтайды. Мұндай шартты белгі түспен, штриховкамен не іші толған белгішелермен беріледі. Мәселен, Маңғыстау облысындағы әкімшілік-территориялық аудандардың мұнай-газ өнеркәсібіндегі өзіндік үлесін көрсету.
- Сызықтық – сызықтық нысандарды (жолдар, шекаралар, құбырлар) кескіндеуде қолданылады. Бұл нысандар карта масштабында ені бойынша емес, ұзындығы бойынша сипатталады.
Нәтижесінде құрастырылған карта (15-сурет):
15-сурет. Шығаруға дайын карта үлгісі
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстанның түсті және қара металлургиясын зерттеуде, оны ArcGIS бағдарламасы бойынша картаға түсірдік. Жұмыс барысында нүктелік обьектілер — елді-мекендер, ірі кен орындар,сызықтық обьектілерге- шекара, полигональды қабаттар — көлдер, облыс аудандары, құмдар толықтай берілді.
Алғашқы тарауда Қазақстанның физикалық — географиялық орны, металлургия, соның ішінде түсті металлургияға аса назар аударылды. Сонымен, Қазақстанның басты бағалы байлықтарының бірі республика аумағында түсті металдар кен орындары 3 металлогенді ауданда орналасқан:
- Шығыс Қазақстан ( Семей, Шығыс Қазақстан )
- Орталық Қазақстан ( Жезқазған, Қарағанды )
- Оңтүстік Қазақстан ( Қаратау, Жоңғар Алатауы )
Алюминий шикізаты боксит кен орындары Қостанайда орналасқан. Алтын кен орындары: Солтүстік, Шығыс Қазақстанда, ал сирек металдар : Орталық Қазақстанда орналасқандығын байқадық.
Қазіргі таңда Қазақстанның түсті металлургиясы аса дамып келе жатыр деуге болады. Әсіресе, байқағанымыздай, Қазақстан дүниежүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс, цинк бойынша екінші, марганец және молибден-үшінші, мыс- төртінші, уран- бесінші,алтын- алтыншы, қалайы мен никель-сегізінші орында.
Сонымен қатар Қазақстанда кездесетін өндіріс орындары, жетекші шет ел компанияларымен бірігіп жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарға да тоқталып өттім.
Ал келесі бөлімінде қара металлургияға байланысты толық мағлұмат алуға болатындығы туралы баяндадым. Оның өзіне жеке тоқталып, біздің өңірімізде кездесетін қара металлургия ірі кәсіпорындарына, Қазақстан Республикасындағы металлургиялық кешенінің өндірістік жағдайына және оның қаншалықты маңызды екендігіне, республикамыздың экономикалық және әлеуметтік дамуын жеделдетуге зор үлес қосқан, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу ретінде бағаланытындығы көз жеткіздім.
Жыл сайын елімізде түсті және қара металдардың қаншалықты өндіріліп, оның қаншасы өңделмегендігі туралы кестелер мен диаграммалар арқылы көрсеттім. Ал олардың алу жолдарын сызбалар арқылы бейнеледім.
Қорыта келе, Қазақстан Республикасының металлургия карталарын құрастыру ArcGIS программасы бойынша сәтті өтті деуге болады. Қазіргі заман талабына сай бұл бағдарлама әрі жаңа, қолайлы және тез жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Болашақта Кең-байтақ жеріміздің металлургиясын жаңа программалар арқылы картографиялап, оны әрі қарай жетілдіруге өз үлесімді қосамын деген үмітімді ақтауға тырысамын.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Г.С. Оспанова, Г.Т. Бозшатаева. Экология.- А.: Экономика, 2002
- К.М. Джаналиева, Т.И.Будникова, Е.Н.Виселев и т.д.
Физическая география.- А.: Қазақ университеті, 1998
- М.Ш. Ярмұхамедов. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы.- А.: 2002
- С.Р. Ердавлетов. Экономическая и социальная география Казахстана
- Регионы Казахстана 2005.- А.: 2005
- Учебно-методическое пособие.- А.: КазНУ им. Аль-Фараби, 2003
- Н. Н. Керімбай. Геоинформатика негіздері.- А: Қазақ университеті, 2006
- Фокина. Картография с основами топографии.- Москва, 2005
- Қазақстанның Ұлттық энциклопедиясы.- А.: ҚазҰУ, 2003, 5 том
- www. google. kz.
- Қазақстан тәуелсіздік жылдарында-2006. А.: 2006
- Комплексное и тематическое картографирование Украинской ССР.- Киев: Наукова Думка, 1974
- Ишмухамедов Н.К. Черная металлургия Казахстана.-А.: НИЦ «Ғылым», 2002
- Лурье И.К. Основы геоинформациониого картографирования. М.: Изд. МГУ, 2002.
- Конавалова Н.В., Капралов Е.Г. Введение в ГИС: Учебное пособие. Петрозаводск: Изд-во Петрозаводск, ун-та, 1995.
- IV Жандаев оқулары атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары.- А.: КазҰУ, 2007
- www. yandex. kz.
- Салищев К.А. Картоведение.-М.: издательство Московского университета, 1976
- Салищев К.А. Проектирование и составление карт. 2-е изд.- М.: Изд-во МГУ, 1987.