АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазақтан және бибітшілік үшін саяси әріптестік

Қазақтан және бибітшілік үшін саяси әріптестік

 

 Мазмұны 

 

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………….

 

І – тарау. Бейбітшілік    идея    және  құрал  ретінде

1.1. Саяси   ілімдер  тарихындағы    бибітшілік    идиялары………………………… 

1.2. Әлемдегі  бибітшілік    үшін күрестер…………………………………………………. 

 

ІІ — тарау. Қазақстанның  бибітшілік    саяси   әріптестігі 

2.1. Қазақстанның    ядросыз   мемлекетке  айналуы…………………………………..

2.2 Қазақстанның   ЕҚЫҰ – на  төрағалық етуі және    аймақты   бибіт саясат  орналған  қосқан  үлесі……………………………………………………………………………..

 

Қорытынды ……………………………………………………………………………………………

Пайдаланылған  әдебиеттер……………………………………………………………………

 

Кіріспе

 

Зерттеу  тақырыбының  өзектілігі. Осыдан дәл он жыл бұрын Қазақстан халқының еркіне сай әлемдегі ең ірі ядролық полигондардың бірі жабылды.

Біз, қазақстандықтар  ядролық полигонды жабу арқылы алапат қарудан өз еркімен бас тартуымыз  елімізге деген құрмет пен сенімнің көрінісі деп бағалаймыз. ядролық қауіпсіздіктің XX ғасырда екі полюсті әлемге лайықталып қалыптастырылған халықаралық жүйесі жаңа геосаяси жағдайға шыдас бере алмады, ядролық қарудың «жер бауырлап жылжу» процесін тоқтатуға шамасы келмеді. Осының бәрі ядролық қарудың одан әрі «жылжуына» жол бермеу, оның таралуын бақылаудың халықаралық жаңартылған жүйесінің құрылысы жөніндегі дүниежүзілік қауымдастықтың күш – жігерін  жандандыруды талап етеді.  Бүгінде ядролық қаруды таратпау мәселелері біздің  еліміздің халықаралық  сахнадағы басты басымдықтарына жатады. Қазақстанның  қазіргі жаһандық қауіпсіздік  жүйесінің құқықтық негізін құрайтын маңызды құжаттардың бірі- Ядролық  қаруды таратпау шартына 1993 жылы қол  қоюы және БҰҰ  бас Ассемблеясының 51- сессиясында 1996 жылғы 24 қыркүйекте ядролық қаруды сынауға жаппай тыйым салу шартына қосылуы ел  таңдауының табиғи жалғасы   ретінде қабылданды [1].

Күштердің ара салмағы бұзылды, ядролық қару «үлкен» бестіктің ғана меншігі болудан қалды. Бұл қаруды таратпау жөніндегі жұрттың бәрі қабылдаған, енді бұзылмастай көрінетін тәртіпке қарамастан, ядролық қаруға ие елдердің саны арта түсті.

Қазақстанның егемен ел ретінде қалыптасуы өткен ғасырдың 90 -жылдарындағы аталған күрделі геосаяси жағдайда өтті. Ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін дүниежүзілік қауымдастықтың алдындағы айрықша жауапкершілігін сезінгендіктен де Қазақстан жалғыз дұрыс шешім екендігін кейіннен өмірдің өзі көрсетіп берген күрделі қадамға барды.

Осыдан дәлме — дәл он жыл бұрын, 1991 жылғы 29 тамызда мен Қазақстан жерін жарты ғасырға жуық уақыт бойы азапқа салып келген Семей ядролық полигонын жабуы Бүгінде ядролық қаруды таратпау мәселелері біздің  еліміздің халықаралық  сахнадағы басты басымдықтарына жатады. Қазақстанның  қазіргі жаһандық қауіпсіздік  жүйесінің құқықтық негізін құрайтын маңызды құжаттардың бірі- Ядролық  қаруды таратпау шартына 1993 жылы қол  қоюы және БҰҰ  бас Ассемблеясының 51- сессиясында 1996 жылғы 24 қыркүйекте ядролық қаруды сынауға жаппай тыйым салу шартына қосылуы ел  таңдауының табиғи жалғасы   ретінде қабылданды. 

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан қауіпсіздігін талдау ісінде саяси жүйенің елдегі экономикалық базаға барабар келмеуінің ұлғаюы және осыған қоса ішкі-сыртқы саяси жүйеде барған сайын наразылықтардың өрши түсуі тұтқалы мәселе ретінде қалып отыр. Біздіңше, қазіргі жағдайда «саяси қатер» дейтін ұғымның өзі әлдеқайда кеңірек түсіндіруді тілейді. Саяси қатерді тек «кейбір саяси шешімдердің, оқиғалар мен жағдайлардың коммерциялық ахуалға инвесторлар пайдадан айрылып қалатындай әсер етуінің» ғана ықтимал көрінісі деп қарауға болмайды. Ол неғұрлым кең мағынада қоғамның экономикалық және саяси құрылымындағы құйқылжыма ара-қатынастың бұзылу мүмкіңдігін  де білдіреді.

Зерттеудің  мақсатымен   міндеттері. Біріккен   Ұлттар   Ұйымының   жарғысы   халықаралық  қабылдаған нормаларын өзінде нақтылы көрсеткен соғыстан кейін тарихтағы өзінше бірден-бір құжат 1990 жылы басынан жалпыға бірдей бейбітшілікті қамтамасыз ртуге бағытталған Біріккең Ұлттар Ұйымының барлық қайырымдылық істерінде біздің жас республикамыз белсенді рөл атқарады. Біріккен Ұлттар Ұйымының «жұмысына қатысу әрбір  мемлекетке өзінің ресми позициясын баяндауға ғана мүмкіндік бермейді, сонымен бірге мемлекет басшылары, сыртқы істер министрлері, әр елдердің жауапты өкілдері арасында байланыстар орнатуға және ресми емес келіссөздер мен пікір алысулар жүргізуге мүмкіндік береді [2]. Ал мұндай ресми емес кездесулер қазіргі заманғы дипламатияда маңызды мәнге ие. Олар қайсыбір мемлекеттің көзқарасы. мен ниетін жақсырақ анықтауға, күрделі және маңызды халықаралық мәселелері жөнінде  оның ұстанымын түсінуге көмектеседі.    Біріккен Ұлттар Ұйымы жалпыға бірдей бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудың ұжымдық құралы ретінде қарастыра отырып, барлық бейбіт сүйгіш күштер Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметінің нәтижелі болуына ұмтылады, онысалмақты әрі беделді түрде көргісі келеді.

Зерттеудің  ғылыми  жаңалығы. 1.Соғысты әділетті жәнс әділетсіз деп бөлген ол, «барлық соғыстың басталуы құқықтың бұзылу салдары» деп түсіндіреді. Әділетті соғыс деп Г. Гроций қорғаныс, мемлскеттің тұтастығын сақтау және дүние-мүлікті қорғау соғыстарын ал әділетсіз соғыстар деп басқыншылық, басқаның дүниесін тартып алу,басқа халықтарды бағындыру жолындағы соғыстарды айтады. Ядролық қарудан бас тарту Қазақстанның өз тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап бейбітшіл сыртқы саяси бағытты таңдап алуымен де байланысты [3].

2.Салықаралық ұйымдардың ғаламдық проблемаларын шешудегі орны мен ролі атап айтқанда: экологиялық, аштықпен, жұқпалы аурулар проблемаларын шешу жолдарын анықтау .

-Қазіргі таңда Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымымен арасындағы қарым -қатнасын зерттеп оның ғаламдық проблемалары мен мэселелерін шешудегі, атқарып жатқан жүмыстарын анықтау.

-Еуропалық одақ пен Қазақстанның ынтымақтастығын анықтау, олардың экологиялық қауіпсіздік проблемаларын шешу жолдарын анықтап түсінік беру, жэне бұл ұйымның антитеррористік экстремизм мен ланкестікке қарсы күресін анықтау.

         Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтығын анықтап түсіндіру және де терроризм экстремизмге қарсы  күресін    анықтау,   және  экологиялық   аймақпен  атап  айтқанда  Семей  мен  Арал    аймақтарына    жүріп  жатқан  іс  — шараларын   анықтау.

  1. Алайда — ХХІ  ғасырды  азаматтық   ядролық қатерден    құтылатын  ғасырана  айналдыру мақсатын көздейді.
  2. Қазақстанның 2009   жылы    ЕҚЫұ  — ға  төрағалыққа    деген  ниетін ашық   мәлімдеген    жалғыз мемлекет  болып  табылмақ.

Зерттеудің  объектісі. Осы акт арқылы біз халықаралық қауымдастыққа өз сыртқы саясатымыздың ашықтығын, өзіміздің зорлық — зомбылық пен әскери қатерден азат бейбітшілікті жақтайтынымызды   көрсетіп бердік.

Қазақстан ядролық қарудан бас тартуымен жай халықаралық бедел алып қана қойған жоқ. Біз ядролық державадардан — АҚШ – тан, Ресейден, Ұлыбританиядан, Франция мен Қытайдан аумақтық тұтастығымыз бен біздің егемендікті қүрметтеудің берік кепілдерін алдық.

Бүгінде Қазақстанның ядролық қарусыз мәртебесі — бұл біздің шекарамыздың бүкіл өлшемдері бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздіктің негізі болып табылады.

Бұл Қазақстанның басқа елдермен жемісті ынтымақтастығының нақты мүмкіндігі.

Сондықтан да осы ынтымақтастықты біз еліміз аумағындағы ядролық сынақтардың салдарын жою саласында да кеңейте түскіміз келер еді.

Бүгінде Қазақстан ядролық сынақтардың салдарын жою проблемасын негізінен дербес шешуде. Іс жүзінде біз полигонга байланысты өз проблемаларымызбен бетпе – бет  қалып отырмыз.Алайда XXI ғасырды адамзаттың ядролық қатерден құтылатын ғасырынаайналдыру мақсатын көздейді.

Қазақстан ЕҚЫҰ-ға 2009 жылы төрағалық ету кандидатурасы жөнінде мәлімдеді. Бұл мәселе жылдың аяғына дейін  шешілуі тиіс. Шындығында да, біздің мәлімдемемізге көзқарасы түзу мемлекеттер баршылық. Олардың есептеуінше,   бұл мәлімдеме, бір жағынан, ЕҚЫҰ  үшін және Қазақстанның өзін-өзі таныту үшін және қолайлы мүмкіндік болып табылады Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ –ға төрағалыққа деген ниетін ашық мәлімдеген  жалғаз мемлекет болып табылмақ [4].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І — ТАРАУ. БЕЙБІТШІЛІК ИДЕЯ  ЖӘНЕ ҚҰРАЛ  РЕТІНДЕ.

 

1.1. Саяси  ілімдер  тарихындағы   бейбітшілік  идеялар

 

         Ілімдер   тарихында    бибітшілік   насихаттау   жөнінде  Томас Гоббс пен Джон Локктың және  Голландияның әлем таныған ойшылдары Гуго Гроций мен Барух Спинозаның еңбектерінен айқын көрінді.

Гуго Гроций жаңа заманның (табиғи және халықаралық құқықтың) мемлекет және құқық туралы ерте буржуазиялық ілімінің негізін қалаушылардың бірі, Голландияның әйгілі заңгері және саяси ойшылы. Ол жан-жақты білім алған, мемлекет және құқық тарихы, соғыс және бейбітшілік мәселслері және ғылымның басқа да салалары бойынша 90-нан астам онімді еңбек жазған талантты автор. Оның басты еңбегі мемлекет, саясат, құқық мәселелері туралы кең көлемді шығармалары «Соғыс жене бейбітшілік құқығы туралы», «Ерікті теңіз туралы», «Табиғи құқықтар мен халықтар құқығы», сонымен бірге бұқаралық құқық принциптері түсіндірілетін үш кітабында толығырақ қамтылды.

Жаңа қалыптасқан буржуазиялық құқықтық көзқарастың алғашқы өкілдерінің бірі ретінде Г. Гроций феодализмнен капитализмге өту және буржуазиялық қоғамның орнығу дәуіріндегі мемлекеттік форманың ішкі өмірі мен халықаралық қарым-қатынас принциптерін құқықтық тұрғыдан түсіндіруге және оны ғылыми талдауға ұмтылды. Алдына қойған мақсатына жету жолында Г. Гроций таңдаған тақырыптарын соңына дейін түсіндіре алу үшін әртүрлі жағдайда не істеуге болатындығын, оларды қалай шешу керсктігін саясаттан тыс әділдік пен құқық негізінде шешуді ұсынды.

Құқықтану саласы Гроций үшін құқық және әділдік, ал саяси ғылым мақсаттылық пен пайда мәселелері болып табылады. Ол құқықтануға ғылыми форма беру үшін оның табиғаттан пайда болуы мен қолдан жасалу шекарасын анықтау керектігін айтады. Өйткені, қолдан жасалған құқықтар уақыт ағымына қарай езгермеді келеді (мысалы, мемлекеттің келісім арқылы орнығуы, мемлекеттік зандар, халықтар құқығы және т.б.), ал табиғаттан шыкқан құқықтар яғни, табиғи құқықтар барлық уақытта өз күйінде қалады. Сондықтан ол заңтануда өзінің ерік қайнар көзі бар «табиғи, өзгеріссіз» бөлігін басқалардан айыра білу қажеттігін атап көрсетеді.

Адамдардың түрлі кәсіппсн, қолөнермен, өнермен шұғылдануы, бұрынғыдан әдемірек тұруға тырысуы алдымен жылжымолы мүлікке, кейіннен жылжымайтын мүлік арасында өзара бөлінске алып келді. Дамудың осындай нәтижесінде жеке меншіктің пайда болуын Г. Гроций олардың «әлдебір келісімі» немесс ұғынуы, әлде олардың үнсіз исленуі, яғни, олардың әрқайсысының өздеріне алып үлгерген меншіктеріне бәрінің келісуі деп түсіндіреді.

Табиғи құқықтың іске асуының ішкі лошкасы және табиғи даму қалпының сыртқы-оқиғалық жақтары «адамдардың мемлекетке бірігуіне» әкелді, олар құдай әмірімен емес, адамдардың өмір тәжірибесі мен олардың әділетсіздікке қарсы жеке дара күресінің әлсіздігінен ерікті түрде бірікті. Мемлекеттік билік те өзінің түп-тамырын осыда алады. Г. Гроций қағидасы бойынша мемлекет өзінің әлеуметтік мағынасы жөнінен көпшіліктің азшылыққа қарсы келісімі, әлсіздср мен қаналушылардың күштілер мен дәулеттілерге қарсы одағы ретінде көрінеді [5].

Г. Гроцийдің саяси-құқықтық ілімінің едәуір бөлігі халық аралық қатынастарға, әлемдік бейбітшілік мәселелеріне арналған. Ол бүгінгі күннің ең маңызды мәселесі бостандык пен бейбітшілік мәселесі деп есептеді (алықаралық қатынастарды, әсіресе соғыс және бейбітшілік мәселелерін құқықтық реттеу мен бекіту қажеттігі туралы ой айтқан Г. Гроций соғыс пен құқықтың сәй-кессіздігі туралы кең тараған түсінікті сынға алды. Оның айтуынша, соғыс табиғи құқыққа қайшы келмейді, өйткені «әркім табиғи түрде өз құқығын қорғаушы, сол үшін де біздерге қол берілген». Соғысқа, сондай-ақ, құдай заңы бойынша да, халықтар заңы бойынша да тиым салынбаған. Бірақ Гроцийдің көзқарасы барлық соғыстың әділетті екендігін білдірмейді.

Соғысты әділетті жәнс әділетсіз деп бөлген ол, «барлық соғыстың басталуы құқықтың бұзылу салдары» деп түсіндіреді. Әділетті соғыс деп Г. Гроций қорғаныс, мемлскеттің тұтастығын сақтау және дүние-мүлікті қорғау соғыстарын ал әділетсіз соғыстар деп басқыншылық, басқаның дүниесін тартып алу,басқа халықтарды бағындыру жолындағы соғыстарды айтады. Ол әділетсіз соғысты жүргізушілер «өздерінің жасаған зұлымдық әрекеттері мен зардаптарынан болған шығынды» төлеуге тиіс деп есептеді. Олар соғыстың барлық ауыртпалығы мен зардаптары үшіті адамзат алдында жауапты. Оның әлемдік қауымдастықтың жаңа түрін қалыптастырудағы халықаралық құқық туралы еңбектері оған «халықаралық құқықтың атасы» деген атақ берді. Гуго Гроций «Ерікті теңіз туралы» (1609) еңбегінде «теңіздің еріктілігі» теориясын сол кездегі халықаралық жағдайдың тәжірибесін пайдалана отырып жан-жақты негіздеп берді. Оның бұл теориясы голландиялық көпестер олигархиясының отарлық және сыртқы саудадағы үстемдік жағдайын заң жағынан бекітті және мемлекеттердің өзара шарттық қарым-қатынастарының принципіне негізделгсн теорияны анықтады. Оның құқықтық концепциялары сол замам үшін прогресшіл болғанымен, саяси көзқарастары туралы бұлай деп айта қою қиын. Мемлскеттік өкіметті ол өкілді органдар мен монархтарға тиісті деп санады, ал халық билігі мен оның қажеттілігі туралы ештеңе айтпады. Ол халықтың өмір сүріп тұрған билік формасына қарсы көтеріліс жасау құқығын тек тирандық билікке қарсы, бүкіл ұлтты азапқа салу мен құртып жіберу жоспарына қарсы  ерекше  жағдайда ғана қолданыста болады деп есептелді.

Соғыс дсген не, құқық деген не?

Ортақ ішкі мемлекеттік құқықпен байланыстырылмаған адамдардың барлық өзара даулары соғыс пен бейбітшілік ахуалына қатысты; әлі халық болып бірікпеген немесе әр түрлі халықтарға жататын адамдардың — жеке адамдардың да, тақсырлардың өздерінің де, сондай-ақ соңғылар мен құқықтары тең адамдардың, атап айтканда — атақты тектен шыққандар мен респуб-ликалардағы еркін азаматтардың даулары осындай. Ал соғыстар бітім жасау үшін жүргізілетіндіктен және соғыстың тұтануына апарып соқтырмауы мүмкін дау жоқ болғандықтан, соғыс құқығын баяндауға орай әдетте соғысқа ұласатын қандай алауыздықтар туындайтынына тоқталған жөн. Соғыстың өзі болса одан кейін бізді өзінің түпкі мақсаты ретіндегі бейбітшілікке жеткізеді [6]. ІІ Біз соғыс құқығын түсіндіруді ниет еткендіктен, сөз болып отырған соғыс дегеніңіз не және мәселе етіп қойылған құқық дегеніңіз не деген мәселені зерттеу қажет. Цицерон соғыс дегеніміз күш жарыстыру деп кесіп айтады. Соғыс дегеніміз күш қолданып күресу ахуалы. Осынау ортақ ұғым кейініректе сөз етілуі тиіс кез-келген соғысты камтиды.  Әділдіктің бір түрі теңдестер арасындағы қарым-қатынастан, ал екіншісі — басыңқылар мен бағыныштылар ара-сындағы қарым-қатынастан тұрады. Сондықтан осы соңғы түрді үстемдік құқығы, ал біріншісін — теңдік құқығы деп атасақ, біздің қателесуіміз екіталай.

Ерте буржуазиялық саяси және құқықтық   ілімінің дамуына сондай-ақ қоғам, мемлекет, билік мәселелеріне XVII ғасырда өмір сүрген Голландияның ұлы философы және саяси ойшылы Барух (Бенедикт) Спиноза қомақты үлес қосты. Оның саяси-құқықтық тақырыптағы басты еңбектері «Діни-саяси толғау», «Саяси трактат», «Декарт философиясының қағидалары», «Геометриялық әдіспен дәлелденген этика».

Қажеттілік үшін пайда болатын табиғат құбылыстарын танудың ең тиімді, ен оңай жолы ретінде Спиноза дедуктивті аксиомалық математикалық тәсілді ұсынды. Оның философиялық ілімі бойынша барлық материалдық денелер мен құбылыстарды біріктіретін ұғым түпнегіз болып табылады. Осы түпнегізді іздеуді Спиноза себептіліктен табуға тырысады. Осындай көзқараста болған ол табиғаттың да, адам өмірінің де себептілік заңына бағынышты екенін дәлелдеу үшін ойлаудың математикалық тәсілін қолданады. Оның айтуынша, «адамдар өзін дүниеге келген күннен бастап еріктімін» деп санайды, бірақ шындығында олай емес. Өйткені, адамдардың күнделікті іс-әрекеттері де себептілікке бағынады. Себептілік бар жерде зандылық бар.

Спиноза «Діни-саяси толғау» трактатында Библияның ғылыми сынының негізін салды. «Екі ақиқат» концепциясын басышлыққа алған ол нағыз шындықты танып білуде Библияның көл егі шамалы деп есептеді. Оның айтуынша, адамдардын шындықты тек Библия мен шіркеу догмаларынан ғана іздеуі олардың адасуына және өздерінің құқықтарын пайдалана алмауына әкеліп соғады.

Шындықты іздеудің бірден-бір жолы Сипиноза ілімі  бойынша   ақыл-ой мен сана ғана болып табылады. Ал мемлекет және құқық мәселелерін қарастырғанда оны танудың сол саладағы өзіндік ерекшеліктерін ескеру қажет деп есептеді. Ол  бар  барлық мүмкін заттарды» «зандылық арқылы дәлелденетін» және ешбір жағдайда дәлелдеуге келмейтін моральдық ақикат» негізінде   қабылданатындар деп екіге бөлді. Спиноза табиғат заңдарын  адам санасы жете алған құдай шешімі ретінде сипаттайды. Оның табиғи құқық туралы тұжырымы да табиғат заңын осылай түсінудің нәтижесі екендігінен білу қиын емес.

Спиноза бойынша адам — табиғаттың бір бөлшегі —, адамға және барлық табиғатқа табиғи зандылықтар мен қажеттіліктер бірдей дәрежеде тән болып табылады. Табиғи құкық ешкім қажет етпейтін және ешкім істей алмайтын нәрсеге ғана тиым салады. Табиғат дүниесі және табиғи құқықтар бойынша адамда бір-біріне жау.

Спинозаның айтуынша табиғи жағдайда (адамдар, табиғатың басқа да тіршілік иелері, ақылды, ақылсыз, күшті, әлсәз) барлық нәрсенің өз қалауы бойынша бүкіл тіршілігі бірдей және сондай негізде құкыққа ие болуы жағынан да тең дәрежеде. Бірақ бұл табиғи құқықтардың көлемі мен мазмұны әртүрлі адамдарда (басқа да тіршілік иелерінде) олардың дене мөлшері мен күйіне қарай әртүрлі болып келеді. Бірақ барлық адам үшін жалпы құқық орнықпаған табиғи жағдайда олардың қауіпсіз өкірі мен мақсат-мүдделерін жүзеге асыруы мүмкін емес. Табиғат жәнс табиғи кажеттіліктің өзі адамдардың қиын жағдайдан шығу мүмкіндіктерінің жолын қарастырған. Яғни, жалпы үйлесімділікпен адамдардың қоғамға және мемлекетке бірігуіне жағдай жасалып отырады.

Спинозаның ойынша саясат туралы бұрынғы ілім авторлар қателігі адам табиғатын зерттеудегі адамдарды табиғи күйінде емес, оларды өздерінен қалай көргі келгендігінен болып табылады. Осындай қателік салдарынан олар саясат теориясын жасай алмады да, армандаған «алтын ғасыры» мен «Күн қалалары» сол заманда жүзеге аспады.

Адамзат тарихының тәжірибесіне сілтеме жасай отырып, Спиноза барлық адамдар әрдайым бір-бірімен қарым-қатынаста болып, белгілі бір азаматтық жағдайда қатар өмір сүреді деп атап көрсетті. Сондықтан да мемлекеттің, табиғи негізі мен себебін ақыл-сананың нәтижесінен емес, жалпы табиғаттан немесе адамдар қатарынан іздеу керектігін айтады [7].

Азаматтық қоғамның айрықша белгісі — жоғары биліктің, яғни мемлекеттің бар болуы. Бұл жерде жоғары билік ретінде мемлекеттің егемендігі туралы  айтылып отыр. Спинозаның мемлекеттік шарт теориясының, басты ерекшелігі, «әркімнің азаматтық қоғамдар табиги құқығы тоқтатылмайды», өйткені, адамдар табиғи немесе азаматтық қоғамда болсын табиғат заңдары бойынша әрекет етеді, өздерінің мүддесін ойлайды, сондай-ақ оларды қорқыныш пен үміт сезімі билейді. Азаматтық қоғамда мемлекет бекіткен табиғи құқықтар әрекет етеді, яғни барлық адам үшін жалпы зандар мен тұрмыс зандары, жалпы кепілдік пен қауіпсіздік кепілдігі пайда болады, барлығы бір ғана жоғары биліктен қорқады.

Жоғары билік барлық адам басшылыққа алатын мемлекеттің жалпы рухы боп танылады. Жоғары билік қана жеке және барлық адамдар үшін ненің қайырымды немесе қайырымсыз, не нәрсе жаман, не нәрсе жақсы, әділдік қайсы, әділетсіздік қайсы, нені істеуге болады және болмайтындығын шеше алады. Жоғары билік өкілдігі заңдар шығару, түсінік беру, заңның күшін жою, әділ сот, лауазымды адамдарды сайлау, соғыс пен бейбітшілік және т.б. мемлекеттік істерді шешу болып табылады [8].

Жоғары билік дегеніміз — Спиноза бойынша «ешқандай заңмен байланыспау, бірақ бәрі де оған бағынуы тиіс, әрі жоғары биліктің барлық зандарын, тіпті ақылға қонбайтын шешімдерін де сөзсіз орындауға тиісті».

Спиноза адам бостандығын рұқсат ету шегімен емес, оның ақылға қонымдылығымен анықтауды ұсынады. Өйткені, адам бостандығы табиғи қажеттіліктерді тани білу шекарасының негізінде ғана мүмкін деп есептсйді. «Ерік пен сана — бір нәрсе» деп атап көрсетті Спиноза. Бұл концеция бойынша саналы ерік қана еркін бола алады. Адам өзінің саналы ақылымен әрекет етсе ғана еркін болады. Өйткені, ол өзінің әрсксттерін соған қажетті біліммен ғана іске асырады.

Мемлекеттің түпкі мақсаты да адамдарды қорқыныштан ары өту, олардың қауіпсіздігі мсн табиғи құқықтарын өзіне және басқаларға зиян келттірмей қорғай білу. Мемлекеттің өзін сақтау мақсатында жасаған ақылға сыйымсыз әрекеттері, яғни адамдардың табиғи құқықтарын кейбір жағдайда бұзуы немесе қорғай алмауы қылмыс болып табылмайды. Өйткені, мемлекетті сақтау жалпы игілік үшін жасалған ортақ мүдде боп табылады.

Спиноза мемлекетке бағыныштылардың билікке қарсылық білдіруін, бекітілген келісімдер мен заңдарды бұзуын Мақұлдады. Ал билік басындағылардың өздерінің зандарды бұзуы көпшіліктің наразылығын туғызады, «мемлекеттің қиратылуы мсн келісімдердің бұзылуына» алып келеді. Бұндай жағдайда Спиноноза халықтың көтеріліске шығуының табиғи құқығын мойындау кажет деп санайды.

Спинозаның саяси-құқықтық ілімінде мемлекет формалары мәселесіне де едәуір көңіл бөлінген. Бұнда ол жоғары биліктің әр түрлі формаларының ең тиімдісін, яғни, адам игілігі мен оның қауіпсіздігін, және бейбіт өмірді қамтамасыз ете алатын түрін түсіндіруге әрекеттенді. Ол мемлекеттің (жоғары биліктің) үш түрін-монархия, аристократия және демократияға бөліп көрсетеді. Қатты сынға ұшыраған тирания мемлекет формалары қатарын алынбады. Сондай-ақ басқыншылық жәнс халықтарды қанау жолымен орнатылған кез — келген жоғары билікті де мойына ала алмады.

Демократиялық мемлекетке қанша бейім тұрғанымен, Спиноз  сол дәуірдегі саяси шындықпен санаспай тұра алмады. Сондықтан да сол дәуірдегі биліктің ең, тиімдісі және қолайлысы бірі қатар қасиеттері мен белгілері бар монархия мен аристократ шны деп есептеді. Монархиялық биліктің негізін ашып көрсетуде Спиноза бір адамның жоғары құқыққа ие болуы және мемлекеттің барлық күшін пайдалануы мүмкін емес деп атал көрсетті. Сондықтан да монарх өзінің кейбір өкілеттіліктерін көмекшілері мен жақындарына береді, монархиялық билік осылайша аристократиялық формаға жақындайды немесе аристократиялық формаға айналады. Монарх жанындағы  әртүрлі кеңестер мен көмекшілердің, басты міндеті-мемлекеттің негізгі заңдарын қорғау, монархқа алдағы істер жайында ақыл-кеңестер беру. Монарх жанындағы кеңес, сонымен бірге құқықтану білгірін (маманын) енгізу туралы мәселені ерекше атап көрсетеді.

Адамдардың белгілі бір сайланбалы тобының қолында болып табылатын жоғары биліктің аристократиялық формасы Спинозаның берген бағасы бойынша монархияға қарағанда бір табан болса да жоғарырақ болып есептелді. Өйткені, мұнда мемлекеттік билік көпшілік дауыспен басқарылады. Мемлекеттің мұндай формасында билеушінің неғұрлым көп болғаны қажет. Патрицийлер саны жалпы халықтың елуден біріне сәйкес келуі тиіс.

Спиноза аристократиялық республиканың федеративті формасын артық деп таниды. Өйткені, республиканың федеративті (формасында жоғары билік федерация мүшелері — қалалар арасында өзара белінеді. Демократияның аристократиядан айырмашылығын анықтауға тырысқан Спиноза, демократияда билеушілср заң арқылы анықталады, сондықтан да, олар жоғары билікте аристократияға қарағанда азаттлыққа ұшырайды деп қорытындылайды.

«Левиафан» атты саяси философиялық трактатымен әлем жұртшылығына танылған Томас Гоббстың революцияға деген өзіндік көзқарасы болды. Өмірбаяндық деректерінен мәлім болғандай ол шала туылғанына қарамастан өмірінің соңына дейін ақыл есін жоғалтпай, кәрілікке мойын ұсынбай 91 жыл өмір сүреді. Жастық шағында сол кездегі Мерсенн, Декарт, Бэкон, Галилей, Кеплер сияқты атақты ойшылдармен жақсы таныс болған Т. Гоббс ерте бастан-ақ философиялық және саяси ілім-мен шұғылданды. Оның саяси көзқарастары ағылшын буржуазиялық революциясының ықпалында қалыптасады. Алғашқы кезде монархияны жақтаған ол 1640—1651 жылдары Францияда эмиграциада болады. Бірақ елдегі саяси оқиғалардың өзгеруіне байланысты роялистерден біржолата қол үзген ол Лондонға оралады және Кромвель саясатын идеологаялық жағынан негіздеуге тырысады. Көзқарасы жағынан абсолютті саяси билікке жақын тұрғандылығына қарамастан ол феодалдық «шындықтар» мен монархиялық шексіз билікті сынға алды. Оның бұл тақырыптағы саяси құқықтық идеялары «Азамат туралы ілімнін, философиялық бастауы», «Левиафан немесе шіркеулік және азаматтық мемлекеттің материясы, формасы мен билігі» деген еңбектерінде айқын көрінеді.

Ол өзінің мемлекет және құқық туралы теориясының негізі ретінде жеке тұлғаның табиғаты туралы түсінікті алға қояды. Т. Г ) Гоббстың ойы бойынша адамдар алғашқы кезде дене және ақыл — ой қабілеттері жөнінен тең дәрежеде жаратылған. Бірақ  табиғатының өзімшіл, ашқарақ, тойымсыз. Яғни, «адам адамға — қаскыр». Осыдан келіп қоғамда «барлығына бәрінін қарсы күресі» келіп шығады. Бұндай соғыс жағдайында бәріне дс құқылы болу — ешнәрсеге де құқылы болмауды білдіреді. Т. Гоббс адамдардың мұндай аяушылық жағдайын «адамзат қауымының табиғи тіршілігі» деп атайды. Бірақ адамдарға мұндай жағдайдан шығу үшін күш пен ақыл қабілеттері берілген. Гоббс оны табиғи заңдар деп атайды, ал оның ең бастысы әрбір адам бейбіт өмірге ұмтылуы және оны сақтауы керек. Мұнан басқасының бәрі бітімге жету құрамы ретінде пайдаланылады.

Бітімге жету құралының ең басты түйіні бейбіт өмір мен өзіндік қорғаныс үшін өзіңнің кейбір құқықтарынды шектеуге тура келетіндігі [9]. Бұл — екінші табиғи заң. Адамдар өздерінің құқықтарын өзара келісімділікпен басқа адамға немесе адамдар тобына береді. Екінші табиғи заңнан үшінші табиғи заң шығады. Олер (адамдар) өздері бекіткен келісімдерді орындауы тиіс, олай боллаған жағдайда келісімнің ешқандай маңызы болмайды. Үшінші табиғи жағдайдан әділдіктің қайнар көзі мен бастауы көрінеді. Аталған үш заңнан басқа тағы он алты табиғи (өзгермейтін және мәңгі) заң бар. Олардың барлығы да бір ғана ережені — өзіңе ұнамаған басқаға да істемеу қағидасын білдіреді.

Табиғи зандардың ролі қаншалықты зор болғанымен. Олардың орындалуы міндетті емес. Гоббстың айтуы бойынша, табиғи зандар бір нәрсені іске асыру немесе іске асырмау туралы бостандығы, ал позитивті заңдар бір нәрсені іске асыру немесе іске асырмау міндеттілігі. Т. Гоббс мемлекеттің абсолютті билігі ғана бейбіт өмір мен табиғи зандардың кепілдігі бола алады деп қорытады. Абсолютті билік азаматтық заңдар шығару арқылы жеке тұтғаларды оны орындауға мәжбүр етеді. Табиғи зандар  ақылды күшінен жүзеге асса, азаматтық зандар күшке сүйенеді.

Мемлекет адамдардың өз өмірі үшін қорқынышынан, яғни өздерін қорғайтын биліктің қажеттілігінен пайда болған, олар өзара шарттасу арқылы өздеріне үстемдік ететін билеушіні таңдаған. Яғни, мемлекет жасанды дене (левиафан) болып табылады. Мемлекеттің пайда болуының екінші бір тәсілі — зорлық. Гоббс ерікті келісім арқылы құрылған мемлекетті орныққан мемлекет, ал күш арқылы құрылған мемлекетті ойлап табылған мемлекет деп атайды.

Мемлекет билеушісін егемен деп атаған Гоббс онын абсолютті билігін мақұлдайды. Жоғары билікке ие болған ол азаматтық заңдарға бағынышты емес, зандарды ол өзі шығарады, олардың күшін жояды, соғыс жариялайды, бітім жасайды, дауларды шешеді, барлық лауазымды адамдарды тағайындайды. Оның бидігі бөлінбейді және ешкімге берілмейді. Гоббс мемлекеттік билікті болуды қостамайды. Оның айтуынша «мемлекеттік билікті болу оны қирату деген сөз, өйткені белінген билік бірін-бірі құртып тынады».

Гоббстың  айтуынша  мемлекет  өзінің бағыныштыларына азаматтық заңмен тиым салынбаған іс-әрекеттің бәрін жүзеге асыруы бостандық кепілдігін береді.  Билеушінің парызы халықты жақсы басқара білу, өйткені, мемлекет билеуші үшін емес, халық үшін құрылған. Шексіз мемлекеттік билікті жақтаған Т.  Гоббс саяси абсолютизм теоретигі ретінде мемлекет формалары мәселесіне көп көңіл бөле қойған жоқ. Оның пікірінше өз халқын қорғай білген билік мемлекеттің қандай формасына қарамастан біркелкі. Дегенмен, ол мемлекеттің, үш формасы: монархия, демократия, аристократия туралы айтады және оның бүйрегі монархияға бұрады, өйткені, мұндағы жалпы мүдде жеке мүдделермен сәйкес келеді. Жеке тұлғаның мемлекеттің абсолютті билігіне бағыныштылығын қолдаған Т. Гоббс олардың кей жағдайда қарсылық білдіру құқығын, яғни, көтеріліс жасау мүмкіндігін жоққа шығармайды. Өйткені, өзін-өзі сақтау табиғаттың ең жоғарғы заңы. Өзін-өзі қорғау үшін әркім де мемлекеттік билікке қарсы шығуға құқьшы. Бұл заңға жоғары билеушіне қарсы тұрмауы тиіс. «Өйтпеген жағдайда ол өз билігін жоғалтады».

Гоббстың пікірі бойынша күшті орталықтандырылған мемлекет барлық жеке тұлғалардың қатысуымен жасалатын қоғамдық шарт негізінде құрылады. Мұндай мемлекет елдегі саяси тәртіп пен азаматтардың қаупісіздігін және тұрмыс тіршілігін қамтамасыз етеді. Қоғамдық шарт «бүкіл билікті шоғырландыру немесе оны бір адамның қолына беру арқылы» ғана бейбіт өмір орната алады [10]. Гоббс шексіз билік адамның мінез-құлқында және көзқарасында табиғи қалыптасқан деп есептейді. «Абсолютті билигіне тұрған ештеңе жоқ, адамзат қауымы бір-бірін шектемей өмір сүре де алмайды. Қолайсыз жағдайдың болуы биліктен емес, адамдардың өздеріне байланысты».

Шексіз билікке ие болған мемлекет тюлицейлік — қорғау қызметімем ғана шектелмеуі тиіс. Оның міндеті «кәсіпкерліктің барлық түрін қолдау, жұмыс орындарын табу, елдің экономикасын көтеру, оқу ағарту ж ұмыстарымен айналысу». Мемлекет өзінің қол астындағылардың бостамдығын қамтамасыз етуі тиіс. Әркім «азаматтық заң арқьшы тиым салынбағанның бәріне құқылы». Жақсылық пен жамандықтың ең, негізгі азаматтық заң, басты судья — заң шығарушы. Гоббстың ойынша азаматтардың табиғи және саяси құқықтарының, қамтамасыз етіліп азаматтық заңның әділдігі мен шығарылған заңның сапалылығында.

Гоббс жасаған мемлекеттік билік конденциясында көптеген маңызды қағидалар бар. Ол мемлекетті қоғамдық өмір мен мәдениеттің қажетті шарты. деп көрсетті. «Мемлекеттен тыс жердс — соғыс, өшпенділік, қарқынып, кедейлік, қатыгездік, жауыздық, варварлық, жабайылық, қайырымсыздық, мемлекетте — ақыл-ой, бейбітшілік, қауіпсіздік, байлық, қайырымдылық, ізгілік, қоғам, білім үстемдігі бар». Оның әлеуметтік философиясының көптеген бағыттары замандастары тарапынан қолдауға ие болған жоқ. Гоббстың адамдық тіршілік иесін қозғалыстағы материяның бір құрамды бөлігі ретінде қарауы, адам табиғаттың ауыр бейнесін суреттеуі, абсолютті билікті қорғауы және билік егемендігінің құдайлық сипатын жоққа шығаруы басқалардың қарсылығына тап болды. Дегенмен осындай қайзылықтарына  қарамастан оның саяси-құқықтық идеяларының маныздылығын одан кейінгі қоғам тарихын көрсетті.

 

1.2. Әлемдегі   бибітшілік  үшін күрестер Біріккен  Ұлттар Ұйымы 

 

         Біріккен—Ұлттар Ұйымы дүниедегі мемлекеттердің басым көпшілігінің біріктіріп отырған халықаралық ұйым. Біріккен Ұлттар Ұйымы 1945жылы 26 маусым айында 50 мемлекет тарапынан қол қойылған Сан-Франциско конференциясы шешімімен құрылған.

         Біріккен Ұлттар Ұйымына 1Ш мемлекет мүше АҚШ, Жапония, Ресей, Франция, ҚХР, Австрия, Австраяйя, Азербайжан, Албания, Алжир, Ангола, Бразилия, Қазақстан, Корея, Италия және тағыда басқа мемлекеттер жатады.

1992 жылы 2 наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруі өзінің маңызы жағынан тарихи акция болды. Осы қадам біздің еліміздің шынайы тәуелсіздік тұрғыдан рәсімдеді.  Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымға әлемдік қоғамдастық қатардағы жаңа мүшесі ретінде  ғана емес, сонымен бірге қазіргі замаңның ең бір өзекті халықарарық проблемалары бойынша  белсенді позиция ұстанатын ядролық қарусыздану жолындағы қозғалыстың алғы шебінде тұрған мемлекет ретінде енді. 1991ж Семей ядролық сынақ алаңының жабылуы және 1992 жылы Лиссабанда ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде, ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылу жөнінде міндеттеме алуы Қазақстанға үлкен бедел сыйлады жэне Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблиясының жоғары мінберінен халықаралық қауіпсіздік саласындағы жеке бастамаларын көтеруге моральдық құқық берді.

         Біріккен Ұлттар Ұйымы бейбіт сүйгіш күштердің табанды күш салуы арқасында Біріккен Ұлттар Ұйымының маңызды халықаралық мәселелер бойынша талай пайдалы шешімдер қабылдады [11]. Біріккен Ұлттар Ұйымының қызмет етуінің алғаш жолдарында мұндай шешімдердің қатарына Бас Ассамблиясының эскери қылмыскерлерді ұстап беріп, жазалау туралы, соғысты үгіттеуді айыптау жөніндегі қарарын жатқызуға болады. 1948 жылы Бас Ассамблия адам құқығының жалпыға бірдей декларациясын мақұлдады. Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысында бекітілген демократиялық құқықтар мен бостандықтарды қорғаудың маңызды халықаралық құқықтың принциптерін дамытып нақтылады.Ол Египетке қарсы ағылшын Француз Израиль агрессиясын айыптады. Бас Ассамблиясының еншісінде нәсілдік кемсітудің барлық түрлерін жою түрде конвенция жэне тағы басқа көптегендер бар.

         Қауіпсіздік Кеңесі Біріккен Ұлттар Ұйымы мүшелер «қауіпсіздік кеңесіне, халықаралық бейбітшілікті жүктеді» (БҰҰ жарғысының 24 бабы). Осы айрықша маңызды органға Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысымен үлкен және нақты айқындалған өкілеттіліктер берілген. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық мүшелерінің атынан қызмет жасайды. Ұйым мүшелері қауіпсіздік кеңесінің шешімдеріне бағынуға және олорды жарғыға сәйкес орындауға міндеттеме алды. Сөитіп қауіпсіздік кеңесі Ұйымының барлық мүшелеріне міндетті шешімдер қабылдауға өкілдік берілген Біріккен Ұлттар Ұйымының бірден бір органы болып табылады [12].

         Қауіпсіздік кеңесі 5 — тұрақты және 10 — тұрақты емес 15 — ұйымының мүшесінен тұрады. Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері ҚХР, Ресей, Франция, Англия жэне АҚШ болып табылады. Бас Ассамблия әсіресе, бірінші кезекте ұйым мүшелерінің халықаралық бейбітшілікпен қауіпсіздікті сақтау және ұйымның басқа мақсаттарға қол жеткізуіне қатысу деңгейіне сондай-ақ әділ географиясының бөліп беруге тиісті көңіл бөле отырып, қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелері ретінде ұйымының басқа оң мүшесін сайлайды. (БҰҰ жарғысының 23 бабында).

         Қауіпсіздік Кеңесі халықаралық дауларды бейбіт реттеу жолдарымен құралдарын ұсыну қүқығына ие.

Әлемге қауіп қатердің төнуі халықаралық бейбітшіліктің бұзылуы және аргессия актілері жағдайында қауіпсіздік кеңесі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қалпына келтіру үшін мәжбүрлеу шараларын қолдануға өкілеттілік алады [13].

Бас хатшы Біріккен Ұлттар Ұйымының басты әкімшілік лауазымды тұлғасы Қауіпсіздік кеңесінің ұсынысымен Бас Ассамблиясы мен тағайындалады. Берілген өкілеттіліктер шеңберінде ол Қауіпсіздік Кеңесісінің назарын оның пікірінше халықаралық бейбітшілікпен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қауіп төндіретін кез-келген жағдайға аудара алады. Бас хатшы Бас Ассамблеяға Біріккен Ұлттар Ұйымының жұмысы туралы жылдық баяндамалар береді. Бас Ассамблия, қауіпсіздік кеңесінің ЭКОСӨС қамқорлық жөніндегі кеңестің мәжілістеріне қатысады және оған осы органдар тапсырған өзге қызметтерді атқарады.

         Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл әртүрлі әлеуметтік эканомикалық жүйелері, ерекшеленетін көзқарастары, әртүрлі қамымен мүдделері бар мемлекет өкілдері тұрақты кездесе алатын белгілі мағынада қазіргі әлемдегі бірегей форум әрбір

Біріккен   Ұлттар   Ұйымының   жарғысы   халықаралық қабылдаған нормаларын өзінде нақтылы көрсеткен соғыстан кейін тарихтағы өзінше бірден-бір құжат 1990 жылы басынан жалпыға бірдей бейбітшілікті қамтамасыз ртуге бағытталған Біріккең Ұлттар Ұйымының барлық қайырымдылық істерінде біздің жас республикамыз белсенді рөл атқарады. Біріккен Ұлттар Ұйымының «жұмысына қатысу әрбір  мемлекетке өзінің ресми позициясын баяндауға ғана мүмкіндік бермейді, сонымен бірге мемлекет басшылары, сыртқы істер министрлері, әр елдердің жауапты өкілдері арасында байланыстар орнатуға және ресми емес келіссөздер мен пікір алысулар жүргізуге мүмкіндік береді. Ал мұндай ресми емес кездесулер қазіргі заманғы дипламатияда маңызды мәнге ие. Олар қайсыбір мемлекеттің көзқарасы. мен ниетін жақсырақ анықтауға, күрделі және маңызды халықаралық мәселелері жөнінде  оның ұстанымын түсінуге көмектеседі.     Біріккен Ұлттар Ұйымы жалпыға бірдей бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудың ұжымдық құралы ретінде қарастыра отырып, барлық бейбіт сүйгіш күштер Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметінің нәтижелі болуына ұмтылады, онысалмақты әрі беделді түрде көргісі келеді [14].

 Еуропалық Одақ.     

         Еуропалық Одақ — халықтардың саяси және экономикалық бірлестігі. Жалпы саны 373миллион адамнан асатын халқы бар Еуропа елдерінің  Германия, Франция, Италия, Ирландия, Грекия, Испания, Партугалия, Австрия, Финляндия , Швеция, елдерінің қатысуымен құрылған (1993ж). Еуропалық Одақ еуразия қауымдастығын, атап айтсақ, Еуропа көмір мен болат қорыту бірлестігінің (1951ж, осы ұйым Еуропалық Одақтың құрылуына негіз қалады ), Еуропа экономикалық қауымдастығының (1957ж Рим келісім шарты бойынша құрылған бүл ұйым «Ортақ рынок» деп те аталады ), сондай-ақ.  Атом энергиясы жөніндегі Еуропалық қауымдастықтың (1957ж құрылған) қарым-қатнастары негізінде жұмыс істейді Еуропалық Одақ аясындағы интеграциялық — ынтымақтастық басты мақсаттары бірегей Еуропалық актіде (1987ж) Маастрихт келісімшартында (1992ж ) Амстердам келісімінде айқыкдалған.

         Соңғы жылдары Еуропалық Одақ қанадай бағыттарда қызмет етіп келеді:

-ортақ рыноктан экономиаклық және валюталық одаққа өту;

-кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру;

-бірегей саясат пен қауіпсіздік саласындағы тұтастық ахуалын қалыптастыру;

-Жерорта теңізі жағалауы мен Азия, Латын Америка, Африка құрлығы аймағындағы саясатты жандандыру;

-әлеуметтік саладағы үйлесімділікті одан әрі арттырып, құқық қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ісіне әріптестік байданыстарды өрістету.

         Еуропалық Одақ -әлемдегі ең ірі сауда қауымдастығы болып табылады. 1995ж қаңтарында Еуропалық Одақ коммиссиясының штаб пәтері орналасқан Брюссельде Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ және оның мүше мемлекеттерінің арасында серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

         Қазақстан және Еуропалық Одақ өткен кезең ішінде Қазақстан көптеген беделді халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастық орната білді. Солардың бірі Еуропалық Одақ. Іргелі бұл ұйыммен берік қарым-қатынас орнату еліміз үшін барлық жағынан тиімді. Әсіресе, экономикалық жағынан. Өйткені, Одаққа мүше мемлекеттермен сауда-экономикалық байланыстарды дамыту осы елдердің рыногына Қазақстан тауарлары мен өнімдерін шығаруға жол ашады жәнеинвистиция тартуға мүмкіндік береді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       

Еуропалық Одақтың қалыптасуы.

Еуропалық Одақ — Еуропадағы 25 мемлекет — Австрия, Белгия, Венгрия, Ұлыбритания, * Германия, Грекия; Данйя, Ирландия, Испания, Италия, Латвия, Литва, Люксембург, Малвта, Нидерланды, Польша, Партугалия, Славения, Славакия, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция және Эстония қатысатын саяси -экономикалық бірлестік болып табылады. Ол 1948 жылы Маршалл жоспары аясында АҚШ-тың берген көмегін реттеп отыратын Еуропалық экономикалық ынтымақтастық және дамыту ұйымы ретінде құрылды. Құрамында үш мемлекет Бельгия, Нидерланды және Люксембург бар бұл ұйым Бенилюкс одағы деп аталада. Бір жылдан соң Еуропа кеңесі деген атқа ие болды. Ал 1958 жылдың сәуіріндегі Париж шартына сәйкес көмір мен болат жөніндегі еуропалық бірлестік болып қайта құрылды. Оған жоғарыдағы үш мемлекетпен қатар Италия, ГФР жэне Франция кірді.

Еуропалық Одақпен ынтымақтастық

Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында дипламатиялық қатынас 1993 жылы 2 ақпанда орнады. Байланыс содан бері  жоғары қарқынмен дамып келеді. Бұған 1995жылдың 23 қаңтарында Брюссельде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Еуропалық Одақ кеңесінің төреғасы А Жюпенің Қазақстан Республикасы мен Еуроодақ асындағы ынтымақтастық және әріптестік туралы келісімге сондай — ақ 2002ж/ июлдың қарашасында Қазақстан үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі Еуропалық кеңестік арасындағы термоядролық синтезді басқару ынтымақтастығы мәселелеріне қатьшты келісімге қол қойылуы ерекше үлес қосты. Қазақстан мен Еуроодақ делегациялары бұдан кейін де бірнеше мәрте кездесіп, ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады . Қазіргі кезде ол өз нәтижесін беріп отыр

                   Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамыту

 Қазақстан Еуропалық Одақпен ынтымақтастыққа өңірлік жэне халықаралық қауіпсіздік, экономика, әлеуметтік жэне мәдени даму салаларында зор мазмұн беруге мүдделі. Біз өзіміздің еуропалық серіктестіктерімізге инвестициялық қызмет, ірі халықаралық жобаларды іске асыру, біздің елімізге озық технологиялар мен білімді тарту үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек.

ЕҚЫҰ-мен осы заман проблемалары мен қыр көрсетулерін шешу, бейбітшілік пен қауіпсіздікті, адамның негізгі бостандықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастықты нығайту орында болмақ.

         Аймақтық ынтымақтастықты дамыту, жанжалдарды реттеу, еуропалық құрлықта бітімгершілік операцияларын жүргізу мәселелеріндегі, шығыс блогының елдері есебінен Одақты кеңейту процесіндегі Еуропалық Одағының өсе түсіп отырған рөлі Еуропалық Одақтарға қатысты біздің сыртқы саясатымыздың белсенді болуын айқындайды, ондағы мақсат өзара іс-қимылды тереңдету эрі оны стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру. ҚР мен ЕО арасындағы ресми дипламатиялық қатынастар 1993 жылғы 2 ақпанда орнатылды.         

                            Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы.

         Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы 2001 жылы 15 маусымда ҚХР- ның Шанхай қаласында «Шанхай бестігі ұйымының»мирасқоры ретінде құрылды. Оған дейін ұйымның атауы «Шанхай бестігі» деп аталатын. Шанхай бестігі ұйымы Ресей, ҚХР, Қазақстан, Қырғызстан жэне Тәжікстан елдерінің мемлекет басшылары тарапынан 29 сэуір 1996 жылы құрылған еді. 2001 жылы 15 маусымда Шанхайда өткен мемлекет басшыларының кеңесінде Өзбекстанның ұйымға толыққанды мүше ретінде қабылдануына байланысты «Шанхай бестігі ұйымының» атауы «Шанхай Ынтымақтастық ұйымы» деп өзгертілді Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің жалпы территориялық көлемі Еуразия аймағының 61% қамтитынын ескеркен жөн.

         Мүше мемлекеттер: Ресей, ҚХР, Қазақстан, Қырғызстан Өзбекстан және Тәжікстан. Бақылаушы елдер Шанхай Ынтымақтастық Ұйымында бақылаушы статусына Манғолия 17 маусым 2004жылы (Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Ташкент саммитінде) Иран Пәкістан Үндістан 5шілде 2005 жылы (Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Астана саммитінде ) еленді.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының басты мақсаты:

— мүше мемлекеттердің өзара қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп шешуге көмектесу;

— саяси, экономикалық және мәдени, гуманитарлық салалардағы сенім

шараларын нығайтуға ұмтылу болып табылады.

Ұйым төмендегідей мақсаттар бойынша жұмыс істейді:

-әскери стратегиялық қауіпсіздікті дамыту мен сенім шараларын нығайту;

-ланкестік пен экстремизмге, заңсыз миграция мен есірткі таралымына басқа да трансшекаралық қылмыстық істерге тосқауыл қою;

-экономикалық ынтымақтастық стандарттарына біртіндеп жақындау;

-табиғи және техногендік төтенше жағдайлардан бірлесіп сақтану жэне олардың алдын алу;

-мәдени- гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту;

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымыға қатысушылар мемлекеттер Ауғанстандағы жағдайға алаңдаушылық білдірді. Бұл позицияны  Қазақстанда бөліседі, ал азаптан көз ашпаған осы мемлекеттегі жағдай бейбіт реттеудге жәрдемдесу үшін келісілген саясатты жүзеге асыру талап етіледі деп есептейді. Бұрынғысынша бейбітшілікпен қауіпсіздікке кепілдік беруге қабілетті әмбебап ұйым болып табылатын Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының консультациялар жүргізуінің зор маңызы болар еді [15].

         Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының, оның барлық органдары мен тетіктері жұмысының тиімділігі мен үйлесімділігін арттыру мақсатында мемлекеттер басшылары 2006 жылғы жоғары деңгейдегі келесі кездесуге Ұлттық үйлестірушілер кеңесі Хатшылықтың ролін күшейту жөнінде және оның жетекшісінің лауазымын Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бас хатшысы деп уағдаласты. Мемлекеттер басшылары Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мүше мемлекеттер қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 2005 жылғы 2 маусымда Астанада болған екінші кездесуінің барысында қол жеткен уағдаластықтарды іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдаудың маңызын атап өтті.

         ӨАТҚ-ға Терроризммен, сепаратизммен және экстремизммен күрес туралы          Шанхай конвенциясын іске асыруда жәрдем көрсету үшін мемлекеттер басшылары Хатшылық жанынан мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдері қызмет етіп келе жатқан қағидаттарға сәйкес негізде мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдері институтын белгілеуге келісті.        

          Мемлекеттер басшылары саммит барысында қабылданған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымға мүше мемелекеттердің терроризммен, сепаратизммен және экстримизмме күрестегі ынтымақтастық айқындамасы мұндай ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға, ӨАТҚ қызметіне бұрынғыдан нақты мақсаткерлік сипат беруге мүмкіндік туғызатынына сенім білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ – ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ  БЕЙБІТШІЛІК  ҮШІН  САЯСИ   ӘРІПТЕСТІГІ

 

2.1. Қазақстанның ядросыз  мемлекетке айналуы.

 

Осыдан дәл он жыл бұрын Қазақстан халқының еркіне сай әлемдегі ең ірі ядролық полигондардың бірі жабылды.

Біз, қазақстандықтар  ядролық полигонды жабу арқылы алапат қарудан өз еркімен бас тартуымыз  елімізге деген құрмет пен сенімнің көрінісі деп бағалаймыз.

Қырық жылдан астам уақыт бойы әлемдегі ең ірі екі державаның теке тіресінде аса бай ядролық арсеналдар талас – тартыстың  негізгі тіреніші болып келді. Ол кезде ядролық қауіпсіздікке қол жеткізу бәрінен бұрын ядролық әлеуетті арттырумен байланысты қарастырылатын.

Он жылдан бері әлем блоктарға бөліп омір сүруін тоқтатты. Алайда ядролық қауіпсіздік проблемасы тарап кеткен аса қуатты державалардың бірінің ядролық арсеналының едәуір бөлігі жойылғаннан кейін де өзінен — өзі  шешіле қалған жоқ [16].

Өкінішке қарай мыңжылдықтар межесінде біздің планетамыз кәдімгі қару – жарақ  жағынан да, ядролық қару – жарақ  жағынан да бұрынғысынан қауіпсіздеу бола  түспеді.

Оның есесіне ядролық қатер өзінің бұрынғы қос өлшемдік ауқымынан асып, ағзаны жаулап алған радиациясынды жаңа түрлерге ауысып, тіпті, құбыжыққа айналып барады.

Бүгінгі таңда біз соңғы он жылдың ішінде іргелі ілгерілеуіміз ауқымды ядролық қақтығыс тұрғысынан алғанда қатерді азайта тұра, «ядролық болмыстың» жаңа өлшемдері пайда болуына қалайша септігін тигізгенін пайымдап алуға тиіспіз.

Біріншіден, ядролық қауіпсіздіктің XX ғасырда екі полюсті әлемге лайықталып қалыптастырылған халықаралық жүйесі жаңа геосаяси жағдайға шыдас бере алмады, ядролық қарудың «жер бауырлап жылжу» процесін тоқтатуға шамасы келмеді.

Күштердің ара салмағы бұзылды, ядролық қару «үлкен» бестіктің ғана меншігі болудан қалды. Бұл қаруды таратпау жөніндегі жұрттың бәрі қабылдаған, енді бұзылмастай көрінетін тәртіпке қарамастан, ядролық қаруға ие елдердің саны арта түсті. Әлемде жаңа геосаяси полюс — «үшінші ядролық әлем» пайда болды [17].

Планетаның адам ең бір тығыз орналасқан өңіріндегі тұрақсыздық қазірдің өзінде Азияның екі ірі елі — Үндістан мен Пәкстанның арасында пайда болған қатерлі ядролық меже арқылы анағұрлым шиеленісе түсті.

Егер бүгінгі әлемнің сан қилы қауіп – қатерлі  аймақтарында ядролық қаруға ие болудан нақты дәмелі бірқатар елдердің бар екенін ескерсек, жағдай аса бір қатерлі сценарий бойынша өрбіп кетуі де мүмкін. Өйткен жағдайда әлем аса ауқымды ядролық қақтығыстың бұрынғы қатерінің орнына атом қаруын тактикалық мақсат үшін қолдана беретін аймақтық соғыстар келетіндей күй кешуі ғажап емес.

Екіншіден, қазіргі әлемде ядролық қаруға бұрыннан ие болып келе жатқан державалар мен ол қаруға қол жеткізудің «табалдырығында» тұрған елдердің арасындағы теке тірес белгілері барған сайын айқын біліне бастады. Осының салдарынан ядролық қаруды жанталаса көбейтудің жанкешті жарысына ядролық державалармен қатар әлгі «табалдырықта тұрған» елдер де қосылатындай қауіп нақты төнуде.

Үшіншіден, аймақтық тұрақсыздықтың ұшынып кетуінің салдарынан қауіпсіздікке қатердің жаңа түрлері кеңінен өріс ала бастады.

Бүгінде ядролық материалдардың контрабандалық жолмен тасылуына, сондай – ақ  бірқатар терроршыл топтардың ядролық қару – жарақты  жасап шығаруға және оны тасымалдауға қажетті компоненттерге, технология мен мамандарға қол жеткізуге жанталаса ұмтылып жатқаны қатты алаңдаушылық туғызуда.

Ядролық қарудың террористердің қолына түсуі бүкіл адамзат баласы үшін қандайлық ауыр зардабы болатынына. Әлем ядролық қауіп ядролық арсеналдың санымен емес, ядролық қаруы бар болуы фактісімен өлешенетін шекке жетіп отыр [18].

Осының бәрі ядролық қарудың одан әрі «жылжуына» жол бермеу, оның таралуын бақылаудың халықаралық жаңартылған жүйесінің құрылысы жөніндегі дүниежүзілік қауымдастықтың күш – жігерін  жандандыруды талап етеді.

Қазақстанның егемен ел ретінде қалыптасуы өткен ғасырдың 90 -жылдарындағы аталған күрделі геосаяси жағдайда өтті. Ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін дүниежүзілік қауымдастықтың алдындағы айрықша жауапкершілігін сезінгендіктен де Қазақстан жалғыз дұрыс шешім екендігін кейіннен өмірдің өзі көрсетіп берген күрделі қадамға барды.

Осыдан дәлме — дәл он жыл бұрын, 1991 жылғы 29 тамызда мен Қазақстан жерін жарты ғасырға жуық уақыт бойы азапқа салып келген Семей ядролық полигонын жабуы.

Бұл шешімнің сол кез үшін өте күрделі жағдайда қабылданғанын анық айтпақпын. Өйткені тоталитарлық қоғамда еркін ой айтудың кез келген көрінісі, халықтың кез келген шеруі қатаң жұдырыққа тап болатын, мұны біз талай рет көргенбіз.

Ол кезде, әрине Қазақстан әлі тәуелсіз мемлекет еместігін, барлық басқа да республикалар сияқты орталықтың қатаң тәртібіне, әсіресе, әскери-өнеркәсіптік кешен сияқты саладағы қатаң тәртіпке бағынышты болатын. Мәскеу либерализация әскери — өнеркәсіптік  кешенге жүрмейді дегенді ашық мәлімдеді. Бұл саладағы мәселелерді шешуге республикалардың, тіпті бірінші басшылары да жолатылмайтын.

Сондықтан да Қазақстанның Семей полигонын жабу жөніңдегі ой-ниеті қатты қыспаққа алыңды. Сол жылдардың аттап бассаң алаңдаушылыққа толы ауанын ұмыта қоймаған адамдардың бәрі де осынау бұрын — соңды болып көрмеген қадамның қандайлық тәуекелге бел буу екендігін анық біледі, өйткені оның мән – маңызы  бар елдің ауқымынан анағұрлым асып түсетін…

1992 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде жер бетіндегі стратегиялық қару — жарақ (СНВ-1) Шартына Лиссабо хаттамасына қол қойып, ядролық қару – жарақты  таратпау жөніндегі өзінің міндеттемесін қуаттады.

1993  жылы Қазақстан ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып ядролық қару – жарақты  таратпау жөніндегі Шартқа қосылды, ал 1994 жылдың желтоқсанында әлемнің ядролық державалары біздің еліміздің қауіпсіздігіне кепілдік беретін Меморандумға қол қойды.

1994  жылы еліміздің аумағынан бүкіл ядролық қаруды әкету аяқталды.

1995  жылы бұрынғы Семей полигонында соңғы ядролық заряд жойылды.

1996 жылы Қазақстан ядролық сынақтарға толық тыйым салу жөніндегі Шартқа қосылды.

1997 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Қазақстанның ядролық сынақтардан зардап шеккен өңірлеріне көмек көрсету жөнінде қарар қабылдады.

2000 жылы Семей полигонында ядролық сынақтар жүргізетін ең  ақырғы штольня жойылды.

Біз сондай – ақ  шапшаң нейтронмен жұмыс істейтін Ақтау ядролық реакторын жауып, ондағы ядролық отынның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдады.

Осы қадамдардың әрқайсысында тұтас елдің ядролық қарусыз жолмен жүруіне қатысты жүз мыңдаған адамдардың тағдыры   жатыр.

Бұл — жүздеген сағаттар бойы қинала толғанудың, айлар бойы екі жақты және көп жақты кездесулердің, келіссөздердің жемісі.

Бұл — саясаткерлердің, әскери қызметшілер мен ғалымдардың 10 жыл бойы ыждаһатты еңбегі.

Осы жайында замандастарымызға айтуға болады, айту қажет те, егер оны мұның бәрін тікелей басынан кешірген адам айтса, тіпті орынды.

Қазақстанның ядролық қарусыз ел статусына ие болуына байланысты болып өткен оқиғаларды еске түсіре келгенде, ядролық қаруды аламыз ба, әлде сол қарусыз қаламыз ба деген проблеманы шешудің қандайлық  қиындыққа түскенін бағамдаймыз.

Тарап кеткен КСРО – ның әскери машинасы Қазақстанда құрлықаралық баллистикалық зымырандармен бомбалаушы ауыр ұшақтарға арналған 1216 боеголовка қалдырған еді. Ядролық стратегиялық күштер кешені жаппай қырып – жоятын  құралдардың және ядролық зарядтарды жеткізудің ең осы заманғы түрлерімен жарақтандырылған болатын, олардың арасында Ту-95 МС стратегиялық көп мақсатты бомбалаушы ұшақтары мен СС – 18  құрлық – аралық  баллистикалық зымырандар.

Бұл әлемдегі төртінші ядролық арсенал еді. Атуға дайын тұрған ядролық қару – жарақты  қоса Қазақстан оны өндіру мен сынақтан өткізу үшін қажетті тұтас индустрияға да ие еді, бұл орайда елдің ядролық қару-жарақты жасау мен жетілдіру үшін тиісті ғылыми – зерттеу  базасы болғанын да  айдан анық [19].

Семей полигоны аса маңызды стратегиялық нысан еді. Жарты ғасырға жуық уақыт ішінде ол жерде ұзын саны 456 ядролық және термоядролық жарылыстар жасалған.   Соған жұмсалған ядролық зарядтардың жалпы қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе асып түседі. Қазақстан оған қоса, ядролық қарудығы белсенді компоненттерін өндіру үшін қажетті ауқымды ресурстарға ие еді, еліміз оған қазір де ие. Әлемдегі уран қорының ширек бөлігі қазақ жерінде жатыр. Қазақстан аумағында табиғи уранды өңдеу мен байытуға мүмкіндігі бар атом өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары орналасқан. КСРО тарап кеткеннен кейін Қазақстан өзінің ядролық қаруын жасап шығару үшін қажетті ғылыми – зерттеу, өндіру және өнеркәсіптік инфрақұрылымның барлығына дерлік ие болып қалды. Мұншалықты қуат пен ықпал әлеуетіне қол жете тұрып, одан бас тарту жөнінде шешімге келу өте — мөте  қиын еді. Аймақтық ірі державаға айналу мүмкіндігі біздің, қоғамымыздың белгілі бір бөлігі үшін тым тартымды болып көрінді. Елдің ядролық статусын сақтап қалуды қолдаған нақты уәждер көлденең тартыла бастады. Өзіміздің ядролық қолшатырымыз болса, бұл елдің қауіпсіздігінің кепіліне, ықтимал қарсыластың кеудесі басылып тұратындығының кешліне айналар еді деген ойлар да ортаға салынды. Мұндай уәжді қолдайтындардың пікірі бойынша, ядролық қару – жарақты  сақтап қалу Қазақстанның сол кездегі кәдімгі қару – жарақ  түрлері бойынша сандық және сапалық тұрғыдағы олқылықтарының орнын жабатын көрінеді. Ядролық қару Қазақстанды аймақтағы ірі державаға айналдырар еді деген әңгіме де айтылмай қалған жоқ. Оның үстіне ядролық кешенді сақтау ғылыми – техникалық  әлеуетті арттыру, іргелі және қолданбалы ғылымды өркендету үшін де маңызды екендігі атап өтілді. Қысқасы, «ядролық азғыруға» елітушілердің де елеулі негіздемелері әрі кәдімгідей қарақұрым қолдаушылары болған еді.

Алайда Қазақстан өзінің ерік қалауы бойынша ядролық қарусыз мемлекетке айналды. Осынау тарихи қадамды жасай отырып, біз бірқатар принципті сәттерді басшылыққа   алдық [20].

Бірінші. Бұл, ең алдымен, қазақстандықтардың өздерінің мүдделеріне жауап беретін шешім болды.

Елу жылдайғы дерлік Қазақстанда өткізілген ядролық сынақтар біздің халқымыздың денсаулығына және айналадағы ортаға орны толмас залал келтірді.

Тек Семей полигонына жапсарлас аумақтағы экологиялық апат аймағы 300 мыңнан астам шаршы километрді алып жатыр. Бұл Германияның немесе Италияның аумағымен шамалас.

Мамандар белгілі бір өлшемде радиациялық сәуле алған қазақстандықтардың жалпы саны жүз мыңдаған адам болады деп санайды. Ядролық сынақтардың салдарлары біздің болашағымызды — біздің балаларымыздың   денсаулығын зақымдауда.

Қазақстандықтардың туған кезде Семей полигоны дегеннің не екенін білмейтін әлі талай ұрпағы өздерінің денсаулығында ядролық сынақтардың ауыр салдарының азабын тартатын болады. Адамдар ғана емес жердің өзі де азап тартуда. Семей жерінің бүлінуіне ұрындырды. Ядролық жарылыстардың орнында ластанған радиациялық суға толы тұтас көлдер пайда болды. Мамандардың бағалауы бойынша жер өзінің өнімділік әлеуетін толық қалпына келтіру үшін кем дегенде 300 жыл қажет!

Адамдардың төзімі шексіз емес. 1989 жылы Қазақстанда ерісті «Невада — Семей» халықтық қозғалысы құрылды. Ол Семей ядролық полигонын жабуды жақтаған, әлемнің басқа да полигондарында сынақтарды тоқтатуды жақтаған ұлты, жасы мен мамандығы әр түрлі адамдарды біріктірді [21].

Халықтың ерік — жігерін білдіріп, оның қолдауына ие бола отырып, біз Қазақстан аумағыяда ядролық қару сынақтарын мәңгілікке тыю шешімін қабылдадық, ал содан кейін елдің ядролық қарусыз мәртебесі туралы жарияладық.

Екінші. Ядролық қарусыз мәртебені таңдау — бұл Қазақстанның 90 -жылдардың басында қауіпсіздіктің дүниежүзілік жүйесіндегі баланс бұзылуының қатерлі салдарын түсінуінің нәтижесі.

Атомдық арсеналды сақтау ондағаң жылдар бойы қалыптасқан ядролық қаруды таратпау жүйесіне шабуыл болып шығар еді.

Әлемнің саяси картасында соидайлық қуатты жаңа ядролық мемлекеттердің пайда болуы әлемдік ядролық баланстың бұзылуына қатерлі түрткі болар еді.

Үшінші. Ядролық қарудан бас тарту Қазақстанның өз тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап бейбітшіл сыртқы саяси бағытты таңдап алуымен де байланысты [22].

Осы акт арқылы біз халықаралық қауымдастыққа өз сыртқы саясатымыздың ашықтығын, өзіміздің зорлық — зомбылық пен әскери қатерден азат бейбітшілікті жақтайтынымызды   көрсетіп бердік.

Қазақстан ядролық қарудан бас тартуымен жай халықаралық бедел алып қана қойған жоқ. Біз ядролық державадардан — АҚШ – тан, Ресейден, Ұлыбританиядан, Франция мен Қытайдан аумақтық тұтастығымыз бен біздің егемендікті қүрметтеудің берік кепілдерін алдық.

Бүгінде Қазақстанның ядролық қарусыз мәртебесі — бұл біздің шекарамыздың бүкіл өлшемдері бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздіктің негізі болып табылады [23].

Бұл Қазақстанның басқа елдермен жемісті ынтымақтастығының нақты мүмкіндігі.

Сондықтан да осы ынтымақтастықты біз еліміз аумағындағы ядролық сынақтардың салдарын жою саласында да кеңейте түскіміз келер еді.

Бүгінде Қазақстан ядролық сынақтардың салдарын жою проблемасын негізінен дербес шешуде. Іс жүзінде біз полигонга байланысты өз проблемаларымызбен бетпе – бет  қалып отырмыз.

10 жылдың ішінде біз ядролық сынақтардан залал шеккен адамдарға өтем төлеуге, халықтың арасында емдеу – алдын  алу шараларын жүргізуге, полигонмен жапсарлас аймақтардың экологиясын қалпына келтіруге жүздеген миллион теңге жұмсадық.

Осы жылдары өз аумағының радиоактивтік ластану проблемаларын шешу үшін Қазақстан алған тегін көмектің жалпы көлемі бар – жоғы                   20 миллион доллар болды. Ал енді залалданған аумақты дезактивациялау және рекультивациялау жөніндегі жұмыстардың ғана құны 1 миллиард доллардан асады.

Ғаламдық мәні бар проблеманы шешу жөніндегі осындайлық шығынды жалғыз көтеру бізге айтарлықтай қиын тиеді.

Бүгінгі  таңда  бейбітшілікті нығайту және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне, біздің еліміздің ядролық қарусыз мәртебесінің қалыптасуына зор үлес қосқан көптеген елдердің беделді өкілдері жиналып отыр. Қазақстандағы ядролық сынақтардын салдарын жою мәселесінде де сіздердің қолдауларыңызға үміт артамын  [24].

Ядролық мәртебеден бас тарта отырып, біз, солай болсадағы, ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесінің сырттай бақылаушысы болып қала алмадық.

Өткен он жылда ядролық қарусыздану және таратпау процесіне қатысудың біз жинақтаған тәжірибесі бізге ғаламдық қауіпсіздік проблемасына деген түсінігімізді  айтуға мүмкіндік береді.

Оның мәні неде?

Бірінші. Бүгінде ядролық қаруға ие болу негізінде стратегиялық тежеу принципі халықаралық қауіпсіздік жүйесінде тиімді рел атқармайтын болуын көрмеу мүмкін емес.

«Бейбітшілікті қаласаң — соғысқа дайындал» дейтін қашанғы принцип жаңа ғасырда енді талассыз емес. Сондықтан да қауіпсіздікті, ең алдымен, ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету механизмін жетілдіру қажет [25].

Ядролық державалар деңгейлік таратуды тыюға күш – жігер  жұмсап бағуда, ал тіктеп тарату саласында өздерін ешқандай шектейтін емес. Яғни қолданыстағы шарттар жүйесі ядролық қаруға жаңадан ие болушылықты шектейді, бірақ оған бұрыннан ие болып отырғандардың: ядролық әлеуетінің ұлғаюын шектемейді.

Елдердің барған сайын қорланып өсе түскен соғыс арсеналдары, соның ішінде, ядролық арсеналдар қазіргі кезеңде шектеушіден гөрі қарулануды қамшылаудың үдеткіші болып табылады.

Жалпыға ортақ тыйым салуға қарамастан, дүние жүзінде іс жүзінде Семей полигонынан басқа бірде – бір ядролық полигон толық жойылмағандықтан, ядролық державалардың, полигондары «отсыз» режимде жұмыс істеуін   жалғастыруда.

Принципінде кез келген елдің кез келген уақытта сынақтарды   жаңғыртуға мүмкіндігі бар.

Ядролық державалардың әлемдік саясатта пайда болатын мәселелерді шешудегі мінез — құлықтарының өзі басқа бірқатар елдер үшін оған сыртқы саясаттағы күшті аргумент ретінде өзіндік бір ықылас қоюшылық болып көрінеді.

Сондықтан да біздің ойымызша, таратпау саласында ядролық та, сондай – ақ ядролық қарусыз елдердің міндеттілігін, сондай – ақ  ядролық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі олардың өзара міндеттілігін арттыру мақсатында қолданыстағы уағдаластықтарды жаңарту жолымен жүру қажет [26]. Екінші. Қазіргі уақытта ядролық қауіпсіздік проблемаларын, сайып келгенде ядролық қаруға ие елдердің тобы ғана шешуде, ал енді олардың адамзатты әлденеше рет — 1962 жылы саяси, ал 1974, 1983 жылдары техникалық себептер бойынша қатерге тіккені ақыр – тақырына  дейін мәлім болып отыр.

Сондықтан да проблема бұл процеске Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойған барлық мемлекеттердің белсенді қатысуы жағдайында ғана шешіле алады.

Үшінші. Біз ядролық державалардың ракетаға қарсы қорғаныс мәселесі бойынша сындарлы диалогын жалғастыруды жақтаймыз.

Ядролық қауіпсіздік мәселелері бойынша бұл елдердің арасындағы базалық көзқарастағы тұрақтылық, түсіністік пен ынтымақтастықтың бүкіл әлем үшін ғаламдық мәні бар.

Бүгінгі жағдайда түтастай алғанда, тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан халықаралық қауіпсіздікті, соның ішінде, ядролық салада да қамтамасыз етудің аса маңызды аспектісі сенімді кеңейту мен нығайту болуы керек деп санайды.

Нақ осы сенім принципі қақтығысты аймақтарда осы кезге дейін үстемдік етіп тұрған әскери тежеу принципін алмастыруы керек.

Сенім доктринасының нақты да айқын іске асыру   тетіктері бар.

Бұл: әскери, саясаттың транспаренттігі, шекаралар ауданында әскери күштерді қысқарту, қарусызданған аймақтар құру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара консультациялар, бірлескен әскери жаттығулар және с.с.

Араласу көп болған жерде сенім де көп. Сенім бар жерде қарсы тұрушылыққа орын жоқ. Бұл қарапайым, алайда өте құнды ақиқат.

Бүгінде бұл принцип «Шанхай бестігі» шеңберінде ойдағыдай байқап көруден өтті және Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметінде іске асырылуда.

Жапсарлас шекаралар ауданында сеиімді нығайту және қару – жарақты  қысқарту шараларынан бастап, бүл бірлестікке қатысушылар терроризмге жене есірткі бизнесіне қарсы бірлескен күресті қоса алғанда, қауіпсіздіктің жаңа салаларын белсенді түрде игеруде. Уақыт өте келе ШЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастық біздің мемлекеттердің ядролық қауіпсіздігі саласына да көшірілетін болар [27].

Осылайша, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының үлгісі Азиядағы аймақтық қауіпсіздік жүйесін құрудың және кейбір элементтері бойынша басқа да аймақтарда негізге алынуы мүмкін.

Ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне біздің көзқарасымыздың ендігі бір бастау сәті оған XXI ғасырда тек қана ұжымдық күш – жігер  арқылы қол жеткізілетініне сенімділік болып табылады.

Қазақстанның өзінің ядролық қарусыз мәртебесін жариялаумен бір мезгілде Азияда қауіпсіздіктің жаңа моделін құру бастамасын көтеруі — бұл кездейсоқтық емес және жай ғана қатарласа келушілік емес.

1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 47 – сессиясының  мінберінен айтылған Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөнінде Кеңес шақыру бастамасы бүгінде Азиядағы кептеген мемлекеттердің және бірқатар халықаралық форумдардың қолдауына ие болды.

Үстіміздегі жылдың қарашасында құрлықта қауіпсіздікке төнетін қатерлерді жою жайттарындағы сенім шаралары мен өзара ықпалдастық туралы мәселелерде келісілген көзқарасты білдіретін құжаттарға қол қою үшін Азия мемлекеттерінің мәртебелі басшылары алғаш рет Алматыға жиналады.

Жаңа ғасырда ғаламдық қауіпсіздік жүйесін түзетуге деген осынау екі әмбебап көзқараста — барлық елдердің сенімін және ұжымдық күш – жігерін  — ядролық қатерді жою туралы сөз етілетін жағдайларда да қолдануға болады.

 

Адамзат қашан да бейбіт күнге ынтық. Планетаның тебесінен Дамокл селебесі теніп тұрған жарты ғасыр ядролық қарудан ада әлем үшін толас таппаған күреспен өтті.

Егер адамзат ядролық ессіздіктің құрдымына құлап кетпей аман тұрса, мұның өзі сол қаруды таратпауды жақтаушылардың қуатты үнінің, ғалымдардың ядролық апаттың қатері жөніндегі пайымдауларының, адамдардың бейбітшілікке ұмтылуының арқасы [28].

Алайда XXI ғасырды адамзаттың ядролық қатерден құтылатын ғасырынаайналдыру мақсатын көздейді.

 

2.2. Қазақстанның   ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі   және  аймақты бейбіт  саясат орнауға  қосқан  үлесі.

 

2003 жылы Қазақстан Президенті ЕҚЫҰ-ның  лиссабондық министрлер кеңесінде ЕҚЫҰ-ның  дінаралық, этносаралық және мәдениетаралық түсінісу тақырыбы бойынша форумын шақыру идеясын ұсынған болатын. Еуропалық  карикатуралық  дағдарыс өрши түскенде, Қазақстанның  толеранттылық, оның ішінде  этносаралық,  дінаралық  өзара түсіністік пен келісім  жөніндегі ұсынысы айрықша маңызға ие болып, осындай  кездесуді өткізу мәселесі көтерілді.   Ал  нәтижесінде кездесу, өздеріңіз көргендей, жоғары деңгейде өтті. Бқл кездесуге шет мемлекеттер делегацияларының басшылары –елшілер, сол елдердің  департамент жетекшілері келіп, оның жұмысына белсене қатысты.  Президенттің кеңеске қатысып,  сөз сөйлеуі бірқатар өте маңызды қонақтар- ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасының арнаулы өкілі Пьер Шевалье  мен ЕҚЫҰ — ның бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо  келгені үшін ғана емес,  ең бастысы  Президент бұл жерде Қазақстандағы осы мәселеге қатысты негізделген тәжірибе туралы жан-жақты айтып берді. Әрине, ол тәжірибе барлығын  жан-жақты қамтиды деген сөз емес. Неге? Өйткені,  мұндай жағдайда әр елдің өздеріне қатысты біршама мәселелер алдынан шығады. Шындығында, әр елдің  бұл мәселелерді шешуде өз  әдіс-тәсілі пайда болады. Ал біздің әдіс- тәсіліміз негізгі тұрғыда  барлық мемлекеттер үшін қызығушылық туғызды.

         Ең алдымен  мәселе-  толераттылықта, яғни өзге пікірге төзімділікке байланысты. Ал  төзімділік біздің қоғамызда табиғи түрде дамып отыр. Неге дейсіз ғой? Өйткені, бұл  ондаған жылдар бойғы әртүрлі мәдениет, әр түрлі дін өкілдернің, тату көршіліктің және халықтардың бірге өмір сүруінің нақты жемісі, нәтижесі. Екіншіден,  біздің мемлекетіміздің  саналы әрі бір мақсатқа бағытталған саясатын- Қазақстан  халықтары Ассемблеясындағы бастаманы үнемі қолдайтынымыз сияқты, дінаралық диалог форумын да сөзсіз қолдаймыз [29].

         Үшіншіден,  осынау шын мәніндегі қоғамдық қызмет, үкіметтік емес құрылымдардың қызметі екендігі баршаға мәлім. Бұл да маңызды мәселе. Бірақ,   тағы бір маңызды мәселе бар. Қазақстанда  тұратын халықтардың негіздік, этностық, моральдық қағидаттары бар. Бұл ең алдымен, мемлекетті құрушы халық саналатын қазақ халқына қатысты. Ендеше, мұндай қағидаттарды аттап кетуге болмайыд, Олардың бір-бірімен  қарым-қатынасында этностық, діни және мәдени  құндылықтары айрықша маңызды. Осыған байланысты, менің ойымша, бейімделу  қажеттігі туып отыр. Тіпті, Батыс  Еуропа елдерінде де жаңа  проблемалар туындады. Оларда жаңа « азшылық» деген ұғым пайда болды.

         Әдетте бұлар еңбек иммиграциясы немесе эмиграция арқылы  этностық немесе діни топтардың пайда болуы. Еуропаның солтүстігінде, Скандинавия елдерінде мұсылмандар осылайша пайда болды. Айталық, Данияда  Исламды  ұстанушылар христиан- протестанттардан кейін екінші орында.

         Мұндай жағдайдан шығудың екі әдісі бар. Біріншіден, ол – мультикультурализм, яғни,  жұрттың бәріне өзінің мәдени ортасында дамуға мүмкіндік беру. Мұндай жолдың қауіптілігі- олар халықтың белгілі топтарын бір-бірінен бөліп тастайды. Осының салдарынан  екі дүние қатары өмір сүреді де,  олардың бір-бірінен алшақтануын  интолерантталықты, яғни, төзімсіздікті, тіпті бір-біріне қарсылықты да тудыруы мүмкін. Екіншіден, ол-  аккультурация, яғни, өзінің діни, этностық, басқа да құндылықтарыңды сақтай отырып, өзің  өмір сүріп жатқан ортадағы құндылыққа бейімделуге міндеттісің. Бұл жолдың қауіптілігі- ол басқаның, басқа нәсілдік ерекшелікті баспы шанщшуға, кемсітуге соқтыруы мүмкін. Адам құқына  да белгілі  дәрежеде қайшы келіп жатады. 

         Мұндай жағдайда бір дауа ұсыну қиын. Бұл жерде өз  қоғамының ішінде тіл табысуға қол жетіп отырған жағдайда, ең алдымен,  азаматтық қоғамның дамуына қатысты болар. Осындай проблеманы шешуде көптеген   дағдарысты жағдайдың пайда болуы олардың аса  күрделілігіне байланысты. Аз –кем  қисық қоғамнан жаңа проблемалар туындайды. Бұл ретте  ЕҚЫҰ-да  көптеген мысалдар бар. Ол 55 елді біріктіреді. Еуропаны, Кавказды және Орталық Азияны қамтитын аймақта әртүрлі халық тұрады. Шешілмеген түйіндер көп, оның ішінде этностық, діни қақтығыстар да жетерлік. Балқан мен Оңтүстік Кавказды алып  қарасақ та айқын көзіміз жетеді [30].

         Қазақстандағы  нақты жағдайда қарасақ, мұнда толыққанды  түсіністік бар. Әрине,  проблемаларды біржола шешіп тастау мүмкін емес, сонымен бірге қалайда төңкеріске соқтыратын жағдайлардың болуын жоққа шығаруға болмайды. Әдетте қоғамдық  үдерісте дамудың өз заңдылығы бар. Шиеленісті тудыратын  жағдайлар бар. Оны  уақытында ескеріп, нақты шаралар қолданар болса, дағдарыстардан құтылуға болады. Бұл жерде мемлекет қана емес, оған қоғамдық ұйымдар, ақпарат құралдары да белсенді ат салысуы керек.

         Түрлі пролемалар туындайтын жағдайды болдырмауға барлық кезде де, барлық жерде де мүмкіндік бар. Оны барынша  пайдалану қажет-ақ.

         Қара дегеніңіз ол  консенус болып табылады. Егер ЕҚЫҰ шеңберінде қарар қабылдау керек болса, оған тіпті бір-екі ай аздық етеді. Бұл-ереже. Өйткені, ЕҚЫҰ –халықаралық ұйым. Бұл жерде  кеңес жұмысын ЕҚЫҰ –ның басты хатшысы қорытып, Алматы кеңесіне өз  бағасын береді.

         Халықаралық аренада біздің Австриямен  саяси салада да, сауда- экономикалық, ынтымақтастық саласында да мүдделеріміз бар. Бұған мысал іздеп алысқа барудың керегі де жоқ, күні кеше ғана қазақстандық банктердің бірімен синдикатталған займ тарту жөнінде мәмілеге қол қойылғаны хабарланды. Бұл  мәмілені Австрияның ең белсенді  “Reiffeisen” банкі жүзеге асырды. Айтпақшы,  аталған банкте  Қазақстанның азаматтары жұмыс істейді. Бүгін біз Қазақстанның шынымен де, халықаралық, соның ішінде экономикалық, саяси қоғамдастықтың мүшесіне айналып отырғанын көріп отырмыз. Сондай-ақ шетел   азаматтары да біздің елімізде  жұмыс  істеуде. Мұның өзі біздің жаһандық рыноктың бір бөлігі болып отырғанымызды аңғартады. 

Қазір Президенттік «Болашақ»  бағдарламасына   орай біздің  мамагдарымыздың барлық жерге қажеттілігі аңғарылуды. Және олардың экономикалық білімі бүгінгі жоғары талапқа сай келеді.

          Қазақстанның  төрағалыққа  неге ұмытылып отырғаны жөнінде Нұрсұлтан Әбішұлы  кеңестегі сөзінде атап айтты. Осы бағыттағы ЕҚЫҰ-ның жұмысының мәні мен үшін өте жоғары. Өйткені, Президентіміз өткен  жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға 2009 жылы төрағалық ету кандидатурасы жөнінде мәлімдеді. Бұл мәселе жылдың аяғына дейін  шешілуі тиіс. Шындығында да, біздің мәлімдемемізге көзқарасы түзу мемлекеттер баршылық. Олардың есептеуінше,   бұл мәлімдеме, бір жағынан, ЕҚЫҰ  үшін және Қазақстанның өзін-өзі таныту үшін және қолайлы мүмкіндік болып табылады. Екіншіден, ЕҚЫҰ-да төрағалық қызметін лайықты атқару үшін Қазақстанның өзі шын мәнінде осы ұйымның құндылығы   мен стандарттарына тұтастай сай болып,   бейімделу қажет. Мұнымен қоса, осы  уақытта біздің  Президентіміздің өзі қазақстанның демократиялық, экономикалық дамуынынң  қарқынды жағдайында тұрғандығын сан рет айтқан болатын. Және мұның  өзі қазіргі эволюциялық  үдеріс  заманында ұзаққа созылмақ.   Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ –ға төрағалыққа деген ниетін ашық мәлімдеген  жалғаз мемлекет болып табылмақ [31].  Бүгінде ядролық қаруды таратпау мәселелері біздің  еліміздің халықаралық  сахнадағы басты басымдықтарына жатады. Қазақстанның  қазіргі жаһандық қауіпсіздік  жүйесінің құқықтық негізін құрайтын маңызды құжаттардың бірі- Ядролық  қаруды таратпау шартына 1993 жылы қол  қоюы және БҰҰ  бас Ассемблеясының 51- сессиясында 1996 жылғы 24 қыркүйекте ядролық қаруды сынауға жаппай тыйым салу шартына қосылуы ел  таңдауының табиғи жалғасы   ретінде қабылданды.   Қарусыздану жөніндегі конференцияға   толыққанды мүше болып кіру біздің ниетіміздің дүниежүзілік қоғамдастық тарапынан  лайықты бағалануын тағы бір  дәлелдейді. Қазіргі күні   Қазақстан жаппай қырып-жоятын қаруды пайдалануға, өндіруге, таратуға, сақтауға, беруге, сондай-ақ даярлауға  тыйым салатын немесе шектейтін халықаралық шарттар мен  конвенциялардың барлығына  дерлік қатысушы ел  болып отыр.  Сонымен бірге  біз Химиялық  қаруға тйыым салу ұйымының мүшесіміз. Таяу    уақытта Қазақстан  бактериологиялық және уландырғыш қаруды жасап, даярлауға, өндіруге және  жинақтауға тыйым салу және оны жою  туралы конвенцияның мүшелігіне өтпек. Таратпау  режимдеріне келсек, Қазақстан  Республикасы-Ядролық  жеткізушілердің толитарлық тобының мүшесі.  Бұл режим ядролық материалдар мен  технология және қосарлы  түрде пайдаланатын материалдың  экспортын реттейді.  Келешекте ракеталық технологияны бақылау  және МАГАТЭ- -нің қауіпсіздік кепілдері туралы келісімінде қосымша құрамдастарын террористер қолына тигізбеуге бағытталған өзара іс- қимылын күшейтуді көздейді. Осы тұрғыда  ядролық материалдарды сақтауға, пайдалануға және оның айналымына сенімді бақылауды қамтамасыз ету, ядролық объектілерді қорғау, ықтимал террористік шабуылдар салдарының қаупін азайту жөнінде тиімді құралдар әзірлеу, ядролық материалдарды тасымалдауға байланысты қылмыстардың кез-келген түрінің жолын кесу жөніндегі халықаралық  ынтымақтастықтың құқықтық базасы мен ішкі мемлекеттік жүйені жетілдіру. Келешекте ядролық ракетаны бақылау және ТАТЭ-нің  Қауіпсіздік кепілдері туралы келісіміне Қосымша  хаттама бекіту жоспары бар. Жаппай қырып-жоятын қаруға байланысты  меңдемей отырған  қатерлер жер  жерде жаңа  бастамалардың  дүниеге  келуіне түрткі болуда. Біздің мемлекет 2005 жылы Баллистикалық зымырандардың таралуына қарсы күрес бойынша Халықаралық   кодексіне қосылды.  Бұл  кодексте баллистикалық  зымырандар жүйесінің  таралуын  болдырмау құрықтау қажеттігі айтылған.  Өкінішке, қарай, қазіргі уақытта зымыран саласында әмбебап шарт, сонымен қатар, зымыранды қаруды жасау мен өндіруге тйым салатын бірегей құжат та  қабылданбаған. Сондықтан да, аталған Кодекстің міндеті мен мақсаты- барлық  елдер қабылдай аларлықтай жалпы мүлікті жасау.

         Қазақстан биыл 15  шілдеде Ресей мен АҚШ ядролық   терроризмге күрес жөнінде Санк-Петербургте ұсынған бастаманы қабылдады. Өйткені, біздің еліміз терроризмді оның барлық түрі мен көріністіренде айыптай отырып,  ядролық қаруды қолданумен жасалатын террористік актілер- әлемдік қоғамдастықты бетпе-бет келуі  мүмкін ең  күрделі және қауіпті сынақтардың бірі деп санайды. Осындай әрекеттерді жасау қаупі арта кеткені  жасырын болмай қалды.

         Ресей мен АҚШ-тың бастамасы таратпау режимін нығайтудың маңызды элементі және әлемдік қоғамдыстықтың ядролық қару әзірлеу, ядролық материалдарды тасымалдауға байланысты қылмыстардың кез келген түрінің жолын кесу жөнінідегі халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық базасы мен ішкі мемлекеттік жүйені жетілдіру ерекше  мәнге ие болған. Қазақстан  сондай-ақ Үлкен сегіздік елдерінің « Қарудың және жаппай қырып-жоятын материалдардың   тарлуына қарсы  жаһандық әріптестік» бастамасына қосылу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

         Бұл орайда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 2004 жылдың сәуірінде қабылданған 1540-шы карарға тоқтала кетудің жөні бар. Халықаралық өмірдің елеулі оқығасы дерлік осы құжатта барлық мүше мемлекеттер жаппай қырып-жоятын  қарудың таралуына  қарсы бағытталған шаралар туралы тиянақты баяндама ұсынуға міндетті. Соның арқасында БҰҰ Хатшылығы әлемнің қандайда бір аймағында болсын ЖҚҚ таралу қаупінің ықтимал қатерін аңғарып отыру мүмкіндігіне ие болады [32].

         Сонау тоқсаныншы жылдардың басында –ақ біздің еліміздің ядролық қарудан өз еркімен бастартуы, ең алдымен,  Азия құрлығындағы қауіпсіздік   жүйесінің нығаюына тікелей  әсер еткені даусыз.  Тарихи, саяси  себептерге байланысты қазіргі кезеңде тап осы Азия   континентінде  жанжал ошақтарының   сөнбей тұрғаны   баршаға аян.  Жер беті   халқының басым бөлігі тұратын құрлықта қауіпсіздік жүйесін   қамтамасыз етуден  асқан келелі міндет жоқ жейміз. Бұдан  20-30 жыл  бұрынғымен  салыстырғанда, қазіргі  кезде   ядролық қаруға ие болудың техникалық мүмкіндігі бойынша жеңілдеді Оны жасауға  қажетті компоненттерге қол жеткізудің де  тыйым салу. Сонымен бірге ядролық  қуатты  бейбіт мақсаттарда пайдалануға тыйым салынбайды. Мәлімет ретінде мұндай аймақтар Латын Америкасында, Африкада, тынық мұхит аймақтарында, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азияда құрылғанын және бұл өңірде 100-ден аса мемлекет барын айта кеткен орынды.

Қазақстанның саяси қауіпсіздігі: ықтимал және шынтуайт қатерлер

Қазақстан қауіпсіздігін талдау ісінде саяси жүйенің елдегі экономикалық базаға барабар келмеуінің ұлғаюы және осыған қоса ішкі-сыртқы саяси жүйеде барған сайын наразылықтардың өрши түсуі тұтқалы мәселе ретінде қалып отыр. Біздіңше, қазіргі жағдайда «саяси қатер» дейтін ұғымның өзі әлдеқайда кеңірек түсіндіруді тілейді. Саяси қатерді тек «кейбір саяси шешімдердің, оқиғалар мен жағдайлардың коммерциялық ахуалға инвесторлар пайдадан айрылып қалатындай әсер етуінің» ғана ықтимал көрінісі деп қарауға болмайды. Ол неғұрлым кең мағынада қоғамның экономикалық және саяси құрылымындағы құйқылжыма ара-қатынастың бұзылу мүмкіңдігін  де білдіреді [33].

Бүгінде Қазақстаңда өтпелі кезеңнің саяси жүйесіндегі өзгерістердің экономикадағы өзгерістермен үйлесімсіздігінен жүйелі дағдарыс өршіп отыр деп сеніммен айтуға болады. Мәселенің күрделілігі сонда, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы соңғы қаржы дағдарысы мен Индонезиядағы Сухартоның авторитарлық режимінің күйреуі Батыстың экономикалық стандарттарын Азияның саяси құндылықтарымен соқыр үйлестіруге тырысудың қан-шалықты дәрменсіз екендігін жарқырата көрсетті, мұның себебі Батысқа тән нарықтық экономика мен дарашыл мәдениет дәстүрлерінің Шығыстың топшыл және шенге бас ұратын дәстүрімен кереғар келуінде. Теориялық тұрғыдан, бір-біріне диаметральды қарама-қайшы құндылықтарды бұлайша үйлестіру ұзақ уақыт бойы әртүрлі саяси мәдениеттердің тоқайласуы жүрген елдер мен қоғамдарда ғана өмір сүріп кету мүмкіндігі бар.

Дегенмен, Батыс пен Шығыс өркениетінің қарама-қайшылығын түп-түгел орағытып өтудің қисыны жоқ, бұл жөнінде кезінде американдық ғалым Ф.Фукуяма бірнеше рет ескерткен болатын. Ол 1989-1991 жылдар оқиғаларынын саяси «дүмпулерінің» әсерімен мынадай тұжырымға келген: «Азиядағы саяси даму демократиям барар жолдан тайып, өзінің экономикалық жағынан қауырт өсіп-өркендеуіне қарамастан, өзінің бірегей жолымен кетуі мүмкін. Азиядағылар либеральдық демократияны қашанда Солтүстік Америкаға немесе Еуропаға қарағанда басқаша түсінеді. Дәстүрлі топтық иерархия Таиландтан Жапонияға дейінгі бүкіл конфуциялық қоғамдардың барша әлеуметтік құрылымдарын шарбыдай шырмап жатыр. Бұл өреде Жапонияның демократиялық әмбебаптық пен теңдік жолын ұстанатындығы жөніндегі формальды айқындамасы да есеп емес. Мұндай иерархиялар Сингапур тәрізді елдерде ап-айқын патерналистік автори-тарлық құрылыстың іргетасына айналады. Фундаментальдық ислам немесе коммунистік ұстанымдардан бір өзгешелігі, «жұмсақ» авторитарлық режимнің осынау азиялық түрі дамыған капитализммен, демек, технологиялық жаңғырудың ең жоғары деңгейімен толығынан үйлесе кетеді. Сингапурдың бұрынғы премьер-министрі Ли Куан Ю мұндай саяси жүйе Батыс демократиясының ми ашытатын дарашылдығынан гөрі конфуциялық мәдениетпен әлдекайда үйлес келеді дей алар еді. Ол ештеңе емес, бүгінде азиялықтардың басым көпшілігі авторитарлық режимнің мұндай түрі Батыстың либеральдық демократиясының дарашылдығынан артық, себебі ол дамыған, технологиялық, постиндустриялық қоғамға қол жеткізуге қажет білімдар, түрткі себебі бар және тәртіпті халық қалыптастырады деуге бейім».      

Сөйтіп, әртүрлі саяси құндылықтардың идеологиялық тұрғыдан бір-біріне қарама-қайшы келуі Кіндік Азиядағы посткеңестік елдердің ғаламдық демократияландыру процесінде жаңғыру және ынтымақтасу ісіндегі басты тежеуші факторге айналып отыр. Алайда әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, демократия тұрлаулылығы оған көшудің дәйектілігіне байланысты болса, демократияландырудың маңызды шарты әлеуметтік-саяси орныктылық екен. Олай болса, саяси жүйені өзгерту ісінде көне демократиялық дәстүрлері  және «азиялық қатыгез мәдениеттің» күшті ықпалына ұшыраған қоғам тоталитаризм мен демократия аралығында жатқан авторитаризм  арқылы өтуге мәжбүр болмақ. Көптеген саясаттанушылардың ойынша, демократияға көшу кезінде оған авторитаризмнің ұштасуы ортақ мақсатқа қол жеткізуде қоғамдық ресурстарды шоғырландыруга септесе отырып, мемлекеттің саяси орнықтылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуіне мүмкіндік бермек. Дейтұрғанмен, қалай десе де, авторитаризм өтпелі кезеңде саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудің тиімді құралы бола алмайды һәм, түптеп келгенде, оның болашағы жоқ: «әлбетте, авторитарлық-плюралистік режим өзінің тұрпаты жағынан да, мақсаты жағынан да демократияға жатпайды. Қайта, осынау бүгінгі заманның бюрократтық мемлекеті күштеп мәжбүр етудің барша құралына ие, оның авторитарлығы қалыпты болады деуге сенім аз. Оңтүстік Корея мен Тайвань тәжірибесі бюрократтық авторитарлық режим кез келген өзге диктаторлық    режимнен    саяси қатыгездік жағынан кем түспейтіндігін, сонымен қатар ол әлеуметтік және экономикалық әралуандыққа жол ашып немесе тіпті оған қолдау көрсете алатындығын байқатты. Алайда мұндай текті плюрализмді қолдай отырып (басқаша айтқанда, капитализмнің дамуын көтермелей отырып), ав-торитарлық-плюралистік режим (саналы немесе еркінен тыс) орта топтың пайда болуына септеседі. Жаңғыру саясаты табысты жүрген жағдайда,         капитализмнің жөргегінде өсіп-өнген бұл топ толысып, кемеліне келе бермек. Ақыр соңында, ол авторитарлық режимге қарсы саяси күресін бас-тайды».

Авторитарлық режим саяси салада азаматтық бастамаларға тосқауыл қоя отырып, экономикалық кеңістікте еркіндік беретіндіктен, тұрақтылықты белгілі бір уақыт мөлшерінде ғана қамтамасыз етуге қабілетті. Осының салдарынан қоғам мен мемлекет әртүрлі әлеуметтік-саяси өреде дамымақ. Фукуяма айтпақшы, капитализм демократияны талап етпей-ақ, ав-торитарлық басқарудың көптеген түрлеріне үйлесе кете алатын бол­са да, нарықтық экономика орнықты демократияның тууына әкеп соғатын қауырт әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге бастайтын жол болғандықтан, әрқандай жеке билік жүргізу режимдері үшін елеулі қатер болып табылады. Алайда бұдан капиталистік (нарықтық) экономика қашанда демократияға алып келеді дейтін ұғым тумаса керек. Белгілі ғалым Ральф Дарендорф Германияда екінші рейх дәуіріндегі (1870-1918) индустрияландыру процесін талдай келіп тұжырымдағандай «индустрияландыру саяси жағынан тұтас және белсенді орта топты туғыза алмады, оның орнына билеуші төбе топтардың буржуазияның неғұрлым талантты да жігерлі өкілдерін жұтып қоюына мүмкіндік берді». Демек, «егер капиталистік индустрияландыру саяси тұрғыдан бөлек буржуазия тарапынан емес, мемлекет тарапынан басталып, бағытталып отырса, авторитарлық режим де­мократияны жақтай алатын топтар ды өзіне қосып, либеральдық демократияны алмастыра алады [34]. Еуропа     елдерінің     осынау  тәжірибесіне талдау жасау көптеген саясаттанушылардың саяси демократия мен белгілі бір эконо­микалық жүйенің толықтай үйлесіп кете алатындығы туралы марксизмнің белгілі классикалық формуласын қабылдамай тастауларына негіз болды.

Кіндік Азияның посткоммунистік елдерінің саяси дамудың автори­тарлық моделін таңдау қаупі сондай-ақ бұқара санасының құндылық әлеуетінің күрт өзгеруіне де байланысты күшейіп отыр; посткоммунистік қоғамдар шынтуайтында қарама-қарсы бірнеше бөлікке жарылды; сөйтіп, демократиялық реформалардың одан әрі ілгерілеуі ендігі жерде құрбандық шалуды емес, ымыраға келуді тілейді. Кіндік Азияның жаңа мемлекеттері мемлекеттік биліктің демократиялық жолымен дамуына қол жеткізіп, сол арқылы жүйедегі дағдарысты орағытып ете ала ма? Әрине, бірақ қалыптасқан жағдайдың ғаламаты сонда, аймақтағы әр республиканың одан әрі саяси дамуының векторы, бұл жерде Қазақстанды айтып отырмыз, едәуір дәрежеде халықтың өзіне (қарапайым сайлаушыларға) ғана байланысты емес, сондай-ақ қолдарына шаруашылық-экономикалық және саяси биліктің бүкіл тұтқасын жинап алған төбе топтың саяси ерік-жігеріне де қатысты: «Қазақстандағы билік тәжірибесі, қоғамды реформалаудың бүкіл процесі тәрізді, әзірге билік иелерінің өздерінің құзыреті жөніндегі ұғымына байланысты болып қалып отыр және ол тек қана «жоғарыдан» тасталуда». Мұның өзі билік орындарының кінәсі немесе әлдекімнің түсінбеушілігі емес, бәріміздің қасіретіміз. Тарихи тұрғыдан кел­генде, бізде бұрын билік иелері мен қоғам арасында байланыс болған жоқ десе де сыяды һәм бұл жағдай режимнің елеулі дербестігін белгілеп отырды. Осы­нау тығырықтан сытылып шығу үшін реформа басында тұрғандардың өздері, олардың ойлау жүйесі өзгеріске ұшырауы керек. Олар әкімшілік механизмін, үкімет құрылымын қоғамға тікелей және тура ықпал етуге қолданудың орнына, керісінше, қоғамның өзін басқару механизмін, саяси жүйені жаңғыртуға және трансформациялауға пайдалану қажет екендігін көбінесе ескере бермейді»4.

Бүгінде Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың табысты жүруі қоғамның осы өзгерістерді қолдайтын бөлігі мен оған қарсылық жасап отырған бөлігінің арақатынасымен белгіленеді. Ресей ғалымдарының пікірінше, ымыраға келмейтін мүдделерді тоқайластырудың объективті алғышарттары өндірістің капиталистік әдіс-тәсілі терең тарихи дәстүрге ие қоғамдарда ғана орын алады екен. Басқаша айтқанда, демократиялық консенсус мәдениеті саяси салада баяғыдан демократиялық ережелер мен әртүрлі мүдделердің бәсекелесу процедурасы тамырын тереңге жіберген кешеу капиталистік қоғамдарға ғана тән.[35]

Қалыптасқан жаңа жағдайлар кезінде демократияға өтудің өзіндік зор қауіп-қатері бар, себебі, қалпына келтіру ісі рухани-имандылық бағдарды жаппай жоғалтып алып отырған кезеңге тұспа-тұс келді. Халықтың көпшілігі қарақан басын күйттеген, неше түрлі жарқыл-жұрқылымен көзге түсе білетін, тіпті экстремистік сарындағы ұраншыл бұйдагер — лидерлерге ықыласты. Ресей саясаттанушыларының егеске толы саяси мәдениет төзбеу салтын туғыза отырып, өтпелі кезеңдегі қоғамның тамыр-тамырын жайлап алатын-дығы туралы пікірін осы тұрғыдан түсіндіруге болады. Егер ке­шеу капиталистік қоғамдарда қайшылық негізінен терең бағытта туса, жөргекте жатқан капитализмнің басты ерекшелігі — орнықсыздық немесе көлбеу бағыттағы әртүрлі мүдделердің бытыраңқылығынан қоғамдық ахуалдың тайғанақ болуы. Сондықтан қазірде бүкіл күш-жігер әртүрлі және ымырасыз қоғамдық мүдделерді келісімге келтірудің шынайы және объективті алғышарттарын жасауға тереңдей жұмылдырылуы керек. Орнықты демократияға орнықты түрде көшу жаңғыру процесі ымыраға келу және сындарлы пікір алысу жолымен қоғамның объективті түрде бөлшектенуін жеңе отырып, қоғамдық мүдделердің саналуандығы арнасымен дамыса ғана мүмкін болмақ [36].

Қоғамды да, мемлекетті де нақты қарама-қайшылықтар ескерілсе ғана тиімді басқаруға болады және тек солар анықталғаннан кейін ғана оларды шешу тұтқалары жасалмақ. Неміс социологы Ральф Даррендорф жазғандай, уақытша тұншықтырылған кикілжіңді қоғам ағзасындағы қатерлі қауіпті ісікпен салыстырса лайық, осы қисынға бақсақ, алдын алмаған сырқаттың салдары жойқын, соған орай ол бейдауа дертке айналады. 

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институ­ты мен VIProblem зерттеу тобы қызметкерлері жүргізген сараптық сұрау салу мәліметтері бойынша, посткеңестік кеңістіктегі елдерде елеулі қауіпсіздік проблемаларының орын алуы негізінен ішкі факторларға байланысты екен5. Бұл орайда Қазақстан үшін өмір сүру деңгейінің төмендеуінен туындайтын әлеуметтік сілкініс ықтималдығы бәрінен де басым күйде қалып отыр. Сарапшылардың пікірінше, қауіптің бұл түрі республика үшін әсіресе қатерлі, себебі, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының 1994-1997 жылдарға жүргізілген статистикалық мәліметтерін талдау адамдардың ғұмыр жасы 65,1-ден 64,4-ке күрт төмендегенін көрсеткен.

Республикада бала туу азайып, өлім-жітім көбейіп келеді, соның салдары — халықтың табиғи өсімінің абсолютті шамасы құлдырап кетті: 1989 жылғы 256,1 мың адамнан 1994 жылғы 145,8 мың адамға кеміді, немесе 43 процентке орта түсті. Мұндағы гәп бала туу көрсеткішінің сан жағынан азаюында ғана емес, оның деңгейінің халықтың кәдімгі ұдайы өсуін сақтап қалуға жетпейтіндігінде болып отыр. 1998 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Рес­публикасы халқының саны 15641,9 мың адамды құрады. Сол жылдың каңтар-маусым аралығында туған бала саны қайтыс болғандардан 30,7 мың адамға көп болды. Халықтың жалпы өсімі 4 облыста байқалды, соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында -6,8 мың адамға, Қызылорда облы­сында — 3,0 мың адамға, Маңғыстау облысында — 1,8 мың адамға,  Атырау облысында -1,1 мың адамға, соңдай-ақ Астанада — 2,3 мың адамға және Алматы қаласында -1,4 мың адамға өсім болған6. Аталған теріс құбылыстар жеткілікті дәрежеде жан басына шаққандағы жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ) деңгейінің күрт құлдырауынан туындаған. Қазақстандағы  адам әлеуетінің даму индексіне жасалған сараптамалық талдау бала    туу    саны    индексінің

төмендегендігін көрсетті:   1991 жылдан 1996 жылға дейін ол 16 процент түскен (0,787-ден 0,660- ға дейін).

Экономикалық ахуалдың нашарлауы халықтың билік институттарына  деген  сенімінің і томендеуінің басты себебі болып  отыр. Гиллер институты мен Қолданбалы социологиялық зерттеу­лер бюросы ИНДЕМ қорының тапсырысы бойынша жүргізген социологиялық   сұрау   салу  мәліметтеріне сәйкес, сұралғандардың көпшілігі мемлекеттік билік органдарына сенімсіздік білдірген7. Үкіметке мүлдем  сенбейтіндер — 26,8%, Президен­та сенбейтіндер — 16,9%, облыс әкімияттарына сенбейтіндер -30%, Парламентке сенбейтіндер -24,7%,  қаладағы,  поселкедегі, ауылдағы жергілікті билік органдарына сенбейтіндер — 33,9%, құқық қорғау  органдарына  сенбейтіндер — 37%, саяси партияларға сенбейтіндер — 31,9%. Қандай партияға жататындығына және саяси ұстанымдарына қарамастан азаматтардың басым көпшілігінің режимнің елді дағдарыстан алып шыға алатындығына деген сенімсіздігі саяси орнықсыздықтың өзіндік факторына айналып отыр. Саяси қатерді бағалаудың  кеңінен қабылданған әдістемесіне  сәйкес, саяси қауіпсіздік деңгейінің ең жоғары шекті мәні мынадай аражік мәндер болып табылады:  Біріншіден, егер саяси жүйені түбегейлі өзгертуді жақтайтын азаматтардың үлес салмағы сайлаушылардын жалпы санының 40%-інен аспаса;

Екіншіден, халықтың орталық билік органдарына сенімсіздік деңгейі 20-25%-тен аспаса.

Сөйтіп, бұқара санасының бағдардан айрылуы әлеуметтік-экономикалық құрылымның ынтымақгасушылық мәнін жоғалтуынан туындауы мүмкін, ал түптеп келгенде, бұл соңғы жағдай ойлау жүйесінің белгі беруінің орнықсыз нысанының басты себебі болып табылады. Жеке меншік, соған орай өтпелі кезеңнің бастапқы кезіндегі халықпен экономикалық тұрғыдан ойнаудың жаңа ережелері абстрактілі — бұлыңғыр деңгейде қабылданады да, осыдан келіп адамдардың пікірі мен нақты мінез- құлқы, іс-әрекеті арасындағы алшақтық ұлғая түседі. Қоғамдық санадағы патерналистік күтуден одан әрі ілгерілеу баяу жүреді һәм халықтың көпшілігі өздерінің жеке әл-ауқатын мемлекеттік билік органдарының қызметімен байланыстырады. Адамның өзінің осы арман-аңсарынан көңілі қалуының әлеуметтік ахуалдың кенет шиеленісіне алып келуінің өзі табиғи нәрсе. Ал бұл өз кезегінде адамдардың бойында әрқилы саяси қарсылық түрлеріне тартылу сезімін тұтандырады. Осы орайда мұның жаппай сипат алуы және билік институттарына сезімдік тұрғыдан әсер ету дәрежесі бірқатар уақыт едәуір өрлеу үстінде өтеді. Қоғамдық санадағы пессимистік көңіл-күй күйректік, қорқыныш сезімімен де астасуы мүмкін, сол себепті мемлекеттің көпірме бос сөзі мен экономикалық процеске көпе-көрінеу орындалмайтын белсенді араласу әрекеті қоғамдық-саяси ахуалды одан әрі тұрақсыздандырып жіберуі әбден мүмкін. Себебі, «экономикалық ғажайыпқа» деген үміттердің үзілуі билік органдарының өкілдік те, атқарушы да буындарына сенімнің құлдырауына алып келмек.

Қазақстанның саяси тұрақтылығы үшін ішкі факторлардың қауіпті екендігін сондай-ақ АҚШ президентінің 1977 жылдан 1981 жылға дейінгі кеңесшісі болған Збигнев Бзежинский де теріске шығармайды [37]. Алайда оның пікірінше, Қазақстан үшін бәрінен бұрын ұлтаралык қақтығыстардың қатері зор, себебі, республика көпұлтты мемлекет болып табылады. Мұндай қақтығыстардың бастау көзі этникалық астамшылық (эгоизм) бола алады. Ұлтшылдық деп аталатын бұл құбылыстың түрі мен сипаттамасы сан алуан,

бұл жерде ұлтшылдық көптеген зерттеушілер тарапынан демократиялық революцияның бір бөлігі ретінде қабылданатынын атап айту жөн. Мысалы, айталық, Жан-Жак Руссо барша ұлттық қозғалыстарды мазмұны жағынан демократиялық қозғалыстар деп санаған. Әйткенмен, посткоммунистік елдердегі ұлтшылдықтың қазіргі таңда көтерілуі «ілгерішіл» сипаттан мүлдем басқа сипатқа ие болып отыр [38].

Отарланған мемлекетте тұратын ұлттар тәуелсіздік ала сала ұзақ жылдар бойы кемшілікте болып келген ұлттық мақтанышын қандай да бір жолмен білдіруге ұмтылады. Осынау талпыныс эт­никалық астамшылық және этни­калық белгі бойынша кемсіту түрінде жүз беретін сәт аз емес. Ұлтшылдықтың бейғақыли (иррациональды) табиғаты оны этника­лық популизм, шовинизм және экстремизм жолына сырғытады да, содан келіп ұлтаралық шиеленіс өршиді.

Өтпелі қоғамдарда жалпы ұлттық келісімді сақтау мәселесі ұлтшылдықтың өзіне тән бейғақылилық сипаты салдарынан, әр тараптағы мүдделердің тоғысуының басы болып табылатын ымыраға көнбейтіндігінен тереңдей түседі. Сөйтіп, солақай ұлтшылдықтың демократиялық консенсус мәдениетіне басы әсте қосылмайды. Олай болса, тоталитарлық режимдердің ойран жұртында көп этникалық негізде дүниеге келген барша мемлекеттердің өзегінде бейнелеп айтсақ, күндердің күні бұрқ етіп атылатын жанартау жатыр [39].

Қазақстандағы ұлтаралық кикілжіңдер әртүрлі ұлт өкілдерінің әлеуметтік қажеттерді өтеу мақсатындағы бәсекесіне орай да шығып кетуі мүмкін. Мұны сондай-ақ жекелеген этни­калық топтардың экономикалық тұрғыдан кем жағдайы мен басқалардың артықшылыққа ие жағдайы арандатып жіберуі де кәдік. Қазақстан Республикасы Парламентінің Ақпарат-талдау орталығы жүргізген социологиялық зерттеулер мәліметіне қарағанда, ұлттық қарым-қатынастардың сипаты едәуір дәрежеде әлеуметтік-экономикалык факторлармен белгіленеді [40].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазақстан халқының еркіне сай әлемдегі ең ірі ядролық полигондардың бірі жабылды.

Біз, қазақстандықтар  ядролық полигонды жабу арқылы алапат қарудан өз еркімен бас тартуымыз  елімізге деген құрмет пен сенімнің көрінісі деп бағалаймыз. Ядролық қарудың террористердің қолына түсуі бүкіл адамзат баласы үшін қандайлық ауыр зардабы болатынына. Әлем ядролық қауіп ядролық арсеналдың санымен емес, ядролық қаруы бар болуы фактісімен өлешенетін шекке жетіп отыр [18].

Осының бәрі ядролық қарудың одан әрі «жылжуына» жол бермеу, оның таралуын бақылаудың халықаралық жаңартылған жүйесінің құрылысы жөніндегі дүниежүзілік қауымдастықтың күш – жігерін  жандандыруды талап етеді. Егер бүгінгі әлемнің сан қилы қауіп – қатерлі  аймақтарында ядролық қаруға ие болудан нақты дәмелі бірқатар елдердің бар екенін ескерсек, жағдай аса бір қатерлі сценарий бойынша өрбіп кетуі де мүмкін. Өйткен жағдайда әлем аса ауқымды ядролық қақтығыстың бұрынғы қатерінің орнына атом қаруын тактикалық мақсат үшін қолдана беретін аймақтық соғыстар келетіндей күй кешуі ғажап емес. Бұл әлемдегі төртінші ядролық арсенал еді. Атуға дайын тұрған ядролық қару – жарақты  қоса Қазақстан оны өндіру мен сынақтан өткізу үшін қажетті тұтас индустрияға да ие еді, бұл орайда елдің ядролық қару-жарақты жасау мен жетілдіру үшін тиісті ғылыми – зерттеу  базасы болғанын да  айдан анық.  Қазақстанның  төрағалыққа  неге ұмытылып отырғаны жөнінде Нұрсұлтан Әбішұлы  кеңестегі сөзінде атап айтты. Осы бағыттағы ЕҚЫҰ-ның жұмысының мәні мен үшін өте жоғары. Өйткені, Президентіміз өткен  жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға 2009 жылы төрағалық ету кандидатурасы жөнінде мәлімдеді. Бұл мәселе жылдың аяғына дейін  шешілуі тиіс. Шындығында да, біздің мәлімдемемізге көзқарасы түзу мемлекеттер баршылық. Олардың есептеуінше,   бұл мәлімдеме, бір жағынан, ЕҚЫҰ  үшін және Қазақстанның өзін-өзі таныту үшін және қолайлы мүмкіндік болып табылады. Екіншіден, ЕҚЫҰ-да төрағалық қызметін лайықты атқару үшін Қазақстанның өзі шын мәнінде осы ұйымның құндылығы   мен стандарттарына тұтастай сай болып,   бейімделу қажет. Мұнымен қоса, осы  уақытта біздің  Президентіміздің өзі қазақстанның демократиялық, экономикалық дамуынынң  қарқынды жағдайында тұрғандығын сан рет айтқан болатын. Және мұның  өзі қазіргі эволюциялық  үдеріс  заманында ұзаққа созылмақ.   Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ –ға төрағалыққа деген ниетін ашық мәлімдеген  жалғаз мемлекет болып табылмақ.  Сонау тоқсаныншы жылдардың басында –ақ біздің еліміздің ядролық қарудан өз еркімен бастартуы, ең алдымен,  Азия құрлығындағы қауіпсіздік   жүйесінің нығаюына тікелей  әсер еткені даусыз.  Тарихи, саяси  себептерге байланысты қазіргі кезеңде тап осы Азия   континентінде  жанжал ошақтарының   сөнбей тұрғаны   баршаға аян.  Жер беті   халқының басым бөлігі тұратын құрлықта қауіпсіздік жүйесін   қамтамасыз етуден  асқан келелі міндет жоқ жейміз. Бұдан  20-30 жыл  бұрынғымен  салыстырғанда, қазіргі  кезде   ядролық қаруға ие болудың техникалық мүмкіндігі бойынша жеңілдеді Оны жасауға  қажетті компоненттерге қол жеткізудің де  тыйым салу. Сонымен бірге ядролық  қуатты  бейбіт мақсаттарда пайдалануға тыйым салынбайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған  әдебиеттер  тізімі.

 

  1. Н.Ә. Назарбаев Алматы Білім 2000 ж. — 303 бет.
  2. Рахманберді Т. Біріккен Ұлттар Ұйымының реформалаудың негізімен басты бағыттары.Хабаршы заң  2007 25бет.
  3. М.Мұхамедов, Б. Сатершинов, Б. Сырымбетұлы “Саяси – құқықтық ілімдер тарихы” Алматы, 2002 ж. — 154 бет.
  4. Егемен Қазақстан  8 ақпан 2007 ж  № 22 
  5. М.Мұхамедов, Б. Сатершинов, Б. Сырымбетұлы “Саяси – құқықтық ілімдер тарихы” Алматы, 2002 ж  168 бет.
  6. Әлемдік саясаттану    анотологиясы   Алматы , Қазақстан 2005 ж. ІІ том. 222 – бет.
  7. М.Мұхамедов, Б. Сатершинов, Б. Сырымбетұлы “Саяси – құқықтық ілімдер  тарихы” Алматы, 2002 ж -174 бет
  8. М.Мұхамедов, Б. Сатершинов, Б. Сырымбетұлы “Саяси – құқықтық ілімдер тарихы” Алматы, 2002 ж – 188 – бет.
  9. М.Мұхамедов, Б. Сатершинов, Б. Сырымбетұлы “Саяси – құқықтық ілімдер тарихы” Алматы, 2002 ж – 201 бет.
  10. М.Мұхамедов, Б. Сатершинов, Б. Сырымбетұлы “Саяси – құқықтық ілімдер тарихы” Алматы, 2002 ж – 213 бет.
  11. Әмірбек А.А. “Халықаралық ұйымдар мен  мемлекеттер одақтары” Шымкент  2006 ж. — 86 — бет
  12. Әмірбек А.А. “Халықаралық  ұйымдар мен  мемлекеттер одақтары” Шымкент  2006 ж. 92 – бет.
  13. Н.Ә.Назарбаев. Бейбітшілік кіндігі. Алматы. 2001 ж. — 300 бет.
  14. Рахманберді Т. Біріккен Ұлттар Ұйымының реформалаудың негізімен басты бағыттары.Хабаршы заң 2007 76 – бет.
  15. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының әлеуеті Талғат Баймұхамбетов //Егемен Қазақстан// 2005ж 2 шілде
  16. Н.Ә.Назарбаев. Сандарлы он жыл. Алматы. 2001 ж. — 75 бет.
  17. Н.Ә.Назарбаев. Сандарлы он жыл. Алматы. 2001 ж. — 82 бет.
  18. Н.Ә.Назарбаев. Сандарлы он жыл. Алматы. 2001 ж. — 93бет.
  19. Қ.Тоқаев “Қазақстан Республикасының  дипломатиясы” Алматы 2002 234 -бет.
  20. Қ.Тоқаев “Қазақстан Республикасының дипломатиясы” Алматы 2002 240 -бет.
  21. Қ.Тоқаев “Қазақстан Республикасының дипломатиясы” Алматы 2002 248-бет.
  22. Қ.Тоқаев “Қазақстан Республикасының дипломатиясы” Алматы 2002 256 -бет.
  23. Қауіпсіздік //Егемен Қазақстан// 2006 ж. маусым 24
  24. Қауіпсіздік //Егемен Қазақстан// 2006 ж. маусым 24
  25. Қауіпсіздік //Егемен Қазақстан// 2006 ж. маусым 24
  26. Саясат журналы 2006 114 – бет.
  27. Саясат журналы 2006 120 – бет.
  28. Саясат журналы 2006 126 – бет.
  29. // Егемен Қазақстан// 22 сәуір 2007 ж.
  30. // Егемен Қазақстан// 22 сәуір 2007 ж.
  31. // Егемен Қазақстан// 22 сәуір 2007 ж.
  32. // Егемен Қазақстан// 18 мамыр 2004 ж.
  33. // Егемен Қазақстан// 18 мамыр 2004 ж.
  34. // Егемен Қазақстан// 6 шілде 2005 ж.
  35. // Егемен Қазақстан// 6 шілде 2005 ж.
  36. // Егемен Қазақстан// 6 шілде 2005 ж.
  37. Н.Ә.Назарбаев Сындарлы он жыл  Алматы, 2001  
  38. Н.Ә.Назарбаев Сындарлы он  жыл Алматы, 2001
  39. Н.Ә.Назарбаев Ғасырлар толғысында Алматы 2003 ж.  86 — бет
  40. Н.Ә.Назарбаев Ғасырлар толғысында Алматы 2003 ж. 8 -бет