АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазіргі қазақ фалеронимдері тарихы мен қалыптасуы

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

Филология факультеті

 

Жалпы тіл білімі кафедрасы

 

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

 

Қазіргі қазақ фалеронимдері: тарихы мен қалыптасуы

 

 

 

 

 

Реферат

 

Бітіру жұмысының тақырыбы: Қазіргі қазақ фалеронимдері: тарихы мен қалыптасуы

Бітіру жұмысының көлемі:

Бітіру жұмысының пайдаланылған әдебиеттер саны: 23

Бітіру жұмысының нысаны: Қазіргі қазақ фалеронимдерінің сипаты.

Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері: Бітіру жұмысының негізгі мақсаты – Қазіргі қазақ фалеронимдері: тарихы мен қалыптасуын анықтау.

Алға қойған бітіру жұмысының мақсатынан төмендегідей міндеттер тарайды:

  • фалеронимдердің шығу тарихына шолу;
  • қазақ фалеронимдерінің қалыптасуын анықтау;
  • қазіргі қазақ фалеронимдерінің құрылымы мен өзіндік ерекшелігін көрсету;
  • қазіргі қазақ фалеронимдерінің атаулық табиғатын ашу;
  • қазіргі қазақ фалеронимдерінің қоғамдық-саяси қызметі мен мемлекеттік мәртебесін көрсету.

Бітіру жұмысында пайдаланылған тірек сөздер: ономастика, жалқы есім, прагматоним, фалероним, орден, медаль.

Бітіру жұмысының құрылымы: бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қортындыдан және пайдаланылған ғылыми әдебиеттер тізімінен тұрады. 
Мазмұны

 

 

Кіріспе………………………………………………………………………………………….

4-5

Негізгі бөлім

 

 

1  Қазақ фалеронимдері қалыптасуының тарихи-ономасиологиялық негіздері

1.1 Фалеронимдердің шығу тарихы……………………………………………..

 

 

6-8

1.2 Қазақ фалеронимдерінің қалыптасуы……………………………………

8-14

2. Қазіргі қазақ фалеронимдерінің сипаты

2.1. Қазіргі қазақ фалеронимдерінің құрылымы мен өзіндік ерекшелігі……………………………………………………………………………………..

 

 

14-22

 

2.2. Қазақ фалеронимдерінің атаулық табиғаты…………………………

22-27

2.3 Қазіргі қазақ фалеронимдерінің қоғамдық-саяси қызметі, мемлекеттік мәртебесі……………………………………………………………….

 

27-35

Қорытынды……………………………………………………………………………….

 

36-39

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………………

40-41

 

 

 

 

Кіріспе

 

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.

Бітіру жұмысында қазіргі қазақ фалероимдерін, тарихы мен қалыптасуын қарастыра отырып, фалеронимдердің шығу тарихы, қазақ  фалеронимдерінің қалыптасу кезеңі, қазіргі қазақ фалеронимдерінің сиапты ашылып, қазіргі қазақ фалеронимдерінің құрылымы мен өзіндік ерекшелігі, атаулық табиғаты, саяси әлеуметтік маңызы мен мемлекеттік мәртебесі атап көрсетіледі.

Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі қазақ фалеронимдері еліміз егемендік алғаннан кейін қалыптаса бастады. Сондықтан да фалероним ұғымы қазақ тілінде бұрын-соңды зерттелмеген. Адамдарда “фалероним” (награда) ұғымы туралы түсінік болғанымен, оның құрылымын, түрлерге жіктелетінін, семантикасын, қоғамдағы қызметін, саяси әлеуметтік маңызы мен мемлекеттік мәртебесін түсінбеуі, білмеуі мүмкін. Жұмыста қазақ фалеронимдерінің сипаты өз шешімін тапқан.

Жұмыстың нысаны. Қазіргі қазақ фалеронимдерінің сипаты болып табылады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының негізгі мақсаты – қазіргі қазақ фалеронимдерін, тарихы мен қалыптасуын зерттеу.

Алға қойған диплом жұмысының мақсатынан төмендегідей міндеттер тарайды:

  • фалеронимнің шығу тарихына шолу;
  • қазіргі қазақ фалеронимдерінің қалыптасуы анықтау;
  • қазіргі қазақ фалеронимдерінің құрылымы мен өзіндік ерекшеліктерін көрсету;
  • қазіргі қазақ фалеронимдерінің атаулық табиғатын ашу;
  • қазіргі қазақ фалеронимдерінің қоғамдағы қызметін, саяси-әлеуметтік маңызы мен мемлекеттік мәртебесін атап көрсету;

 

Жұмыстың дереккөздері. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы Қазақстан Республикасының Заңы, тарихи, этимологиялық, түсіндірме т.б. сөздіктер, осы тақырыпқа қатысты жарық көрген мақалалар.

 

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.

  • Алғаш рет қазақ фалеронимдеріне ономасиологиялық зерттеу жүргізілді.
  • Қазақ фалеронимдерінің құрылымы, түрлері, өзіндік ерекшеліктері көрсетілді.
  • Қазақ фалеронимдерінің семантикасы қаралып, атаулық табиғаты ашылды.
  • Қазақ фалеронимдерінің саяси-әлеуметтік маңызы, мемлекеттік мәртебесі туралы мағлұмат берілді.

Жұмыстың әдісі: сипаттамалы әдіс, лексика-семантикалық құрылымдық талдау әдісі, жаппай іріктеу әдісі.

Жұмыстың құрылымы. Зерттудің мақсаты мен міндетіне байланысты жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қортынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

1 Қазақ фалеронимдері қалыптасуының тарихы – ономасиологиялық негіздері.

 

  • Фалеронимдердің шығу тарихы.

Адамның ерекше сіңірген еңбегін елеп, мойындаудың белгісі болып табылатын марапат белгілері көне заманда шыққан. Марапаттау жүйелері алғаш рет антика дәуірінде көне Грецияда фалералар мен лавр өрмектері түрінде пайда болды. Көне Римде марапат түрлері бір кезде өрмек, таспа, ту, бір кезде мойынға тағатын шынжыр, алқа, монета – медаль түрінде болып келеді.

ХІV-XVІ ғасырларда ордендер мен медальдар кең тарады. Подвязка Ордені – Еуропаның алғашқы зайырлы ордені. Англиядағы жоғары рыцарь ордені. Оның негізін 1350 жылы король ІІІ Эдуард қалады. Орденнің тарихы қызық. Ол бойынша, орден король сарайында орын алған бір оқиғаға байланысты пайда болды. «Король графиния Сэлисберимен билеп жургенде, оның байлам жібі жерге түсіп кетіпті. Король байлам жіпті көтеріп, өз аяғына байлап алған. Сөйтіп былай деген екен: «Бұл жөнінде жаман ойлағандар қара бет болады». Бұл сөз  орденнің ұранына  айналып кетті. Ресми эмблема – алтынға қондырылған қою көгілдір таспа, оның бет жағына  ұран сөзі алтынмен жазылған; таспаны сол тізеден сәл төменірек тағып жүретін» (1, 40-41).

Алғашқы кезде Орденге 26 адам ие болған: 12 рыцарьға король Эдуард басшылық етсе, 12- сін Уэльс ханзадасы басқарады. 1786 жылы Орден басқа мүшелерді қабылдау туралы шешімге келді. Қазіргі кезде Орденнің басшысы мен он екі канонигі бар.

XVІІІ жүзжылдық – Еуропа елдеріндегі марапат жүйелерінің түзілу кезі. Бұл кезеңде марапат белгілерін тағып жүру регламенті пайда бола бастады. Ордендер белгілер ретінде көп жылдық сіңірген еңбек және мүлтіксіз қызмет мәртебесіне ие болды. Орталық марапат мекемелері құрыла бастады. Марапаттау жүйелері бір тәртіпке келтіріліп, ордендердің иерархиясы бекітіледі. Сол кезде франциядағы Ұлы француз революциясы жаңа республиканың басшылығымен республикаға сіңірген еңбекті елеуге болатын медаль немесе орден мәртебесі бар қандай да бір құрмет белгісін бекітуді қажетсіз деп тапты. Өйткені, республика азаматтарын ордендермен немесе белгілермен марапаттау барлық адамның теңдігі қағидасын бұзады деп саналды.

Он жылға жуық республикада ешқандай марапат белгілері болған жоқ. Сондықтан да, бірінші консулдың Құрметті легион орденін құру туралы заңын республика азаматтары «ерекше қанағаттанғандық сезімімен» қабыл алды – бұл ұғымның құрылуы көп адам үшін республиканы нығайту жолындағы ірі қадам болды.

Ресейде медальдар мемлекеттік марапат ретінде алғаш рет І Петр тұсында XVІІІ ғасырдың басында бекітілді. Кейінен алтын медальдармен, әдетте, офицерлер, ал күміс медальдармен солдаттар мен матростар марапатталатын.

Олардың ішінде орыс армиясының офицерлеріне  берілетін ең жоғары жауынгерлік мәртебе — Әулие Георгий ордені ерекше орын алады.

Әулие  Георгий орденін бірінші алған орыс офицері 1-ші Гренадер полкінің (кейінен Лейб – Гвардияның Гренадер полкінің) подполковнигі Ф.И. Фабрициан болды. Ол 1769 жылғы 8 желтоқсандагалощты жаулап алу кезінде ерекше көзге түскен (Ол бірден 3-ші дәрежелі орденге ие болды).

Орденнің бүкіл тарихында бар болғаны төрт адам ғана орденге ие болған. Бұлар: Генерал — фельдмаршал М.И.Гаянищев – Кутузов-Смоленский,  князь М.Б.Барклайде — Толли, граф И.Ф.Таскевич- Эриванский, князь Варшавский және граф И.И. Дибич – Забалканский.

Алғашында ер адамдарға  ғана арналған бұл орденмен екі әйел марапатталды (орденді қалған ІІ Екатеринадан басқа): Қос сицилияның королевасы Мария София Амалия, ол 1861 жылы Гарибальдиге қарсы жорыққа қатысқаны үшін 4-ші дәрежелі орденге ие болды, және мейірбике раиса михайловна Иванова, ол  Дүниежүзілік соғыс кезінде мерт болғаннан кейін 4-ші дәрежелі орден алды (ол барлық командирлер қаза тапқан соң ртаны өзі басқарды; шайқас кезінде алған жарақаттан көз жұмды). Ресей патшаларының ішінде орденге ие болғандар: Императрица ІІ Екатерине – 1-ші дәрежелі орден, Император І Александр – 4-ші дәрежелі орден (1805) жылы «әскери орденді қатты сыйлайтындығының дәлелі ретінде 4-ші дәрежелі орденді қабыл алғанды жөн деп тапты », ал оған 1-ші дәрежелі орден ұсынылған болатын). Император І Николай 4-ші дәрежелі орденмен марапатталды(«1838 жылғы тамызда өзінің іс жүзіндегі әскери қызметінің аяқталуына орай 4-ші дәрежелі орденге ие болуды қалады»), Император ІІ Александр 1-ші және 4-ші дәрежелі ордендермен, Император ІІІ Александр 2-ші  дәрежелі орденмен, Император ІІ Николай 4-ші дәрежелі орденмен марапатталған болатын.

Ресей Федерациясының 2000 жылғы 8 тамыздағы жарлығымен Әулие Георгий ордені қалпына келтірілді.

КСРО-да Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту ордендері, Ленин ордені, Қызыл Жұлдыз,  Ұлы Отан соғысы ордендері, Суворов, Кутузов, Александр Невский, Богдан Хмельницкий, «Жеңіс»,  Даңқ, Ушаков, нахимов, «Батыр ана», «Ана даңқы»,  Октябрь революциясы,  Халықтар достастығы, Еңбек даңқы, «КСРО Қарулы Күштерінде Отанына борышын өтегені үшін» ордендері болды.

КСРО-да медальдар тағайындау және марапаттау құқығы КСРО жоғарғы Кеңесінің Президиумына берілген болатын. Кеңес Одағының батыры атағына ие болғандарға берілетін ерекше белгі «Алтын Жұлдыз» 1940 жылы Социалистік Еңбек Ерінің айырым белгісі ретінде «Орақ пен балға» алтын медалі тағайындалды. Сондай-ақ жауынгерлік ерлігі үшін (мысалы, «Ерлігі үшін»,1939), Ұлы Отан соғысы кезеңінде қорғаныста көрсетсек ерлігі үшін («Мәскеуді қорғағаны үшін», 1944, т.б.), қалалар мен аймақтарды азат еткені үшін (мысалы, «берлинді алғаны үшін», 1945; «Белградты азат еткені үшін»,1945 т.б.), еңбектегі үздік жетістіктері үшін ( мысалы, «Тың жерлерді игергені үшін», 1956; «Еңбек ардагері»,1974 т.б.) кеңес халқының тарихындағы аса маңызды оқиғаларды мерекелеу күндеріне арналған (мысалы, «Ленинградтың 250 жылдығы құрметіне», 1957 т.б.), көп балалы аналарға арналған ( мысалы 1-ші және 2-ші дәрежелі «Ана медалі»1944), т.б. көптеген медальдар шығарылды. Ғылым, мәдениет, экономика саласындағы жетістіктері үшін мысалы, Нобель сыйлығының лауреаттарына, халықаралық конкурстардың жеңімпаздарына медальдар тапсырылады.

Жалпы алғанда, Кеңес Одағы тұсында 21 орден болған, оның 5- і Ұлы Отан соғысына дейін 11-і Ұлы Отан соғысы кезінде шығарылған. Олардың 6-ы ІІ, ІІІ дәрежелі. Бірінші орден «Қызыл Жұлдыз» ордені 1924 жылы 1 тамызда белгіленген. Және 40-тан аса медаль болған, оның 1-і ІІІ дәрежелі, 7-і Ұлы Отан соғысына дейін, 19-ы Ұлы Отан соғысы кезінде шығарылған. Бірінші медаль «ХХ лет РККА» (Жұмысшы, шаруа Қызыл армиясына 20 жыл) 1938 жылдың 24 қаңтарында белгіленген.

Фалеронимдердің шығу тарихын сөз еткенде ең алғаш көне Грекиядан бастау алатынын, одан кейін Батыс Еуропада қалыптаса бастағанын, кейін барып Ресейде пайда болғанын және КСРО кезінде де өз фалеронимдері болғанын ұғынып отырмыз. Еліміз КСРО құрамында болғанда, азаматтарымыз ерекше сіңірген еңбектері үшін КСРО фалеронимдерімен марапатталды. 1991 жылы мемлекетіміз өз тәуелсздігін жариялады. Қазақстан дербес, тәуелсіз елдер қатарынан  орын алды.

Қазақ фалеронимдері ұлттық нақышта, ұлттық бояумен еліміз тәуелсіздік туын желбіреткеннен кейін пайда бола бастады.

Жұмысымыздың келесі тараушасында «қазақ фалеронимдерінің қалыптасуы» туралы сөз етіледі.

 

1.2 Қазақ фалеронимдерінің қалыптасуы.

Кез-келген елдің өзіндік салт-дәстүрі болатыны сияқты, әрбір дербес мемлекеттің өзіндік бет-бейнесін білдіретін рәміздерімен қатар, тек өзіне ғана тән марапаттау жүйесі мен ерекшелік белгілері болады. Солардың бір қатары елдің ардақты азаматтарын құрметтеуге қатысты қалыптасқан.

Әрине, ұлтты ұлықтаған ұлағатты ұл-қыздарына халық өзі қазы. Олардың есімдері аңызға айналып, жұрт жадынан мәңгі өшпейді. Сондықтан да, тиісті үкіметтер ондай адамдардың аттарын қалаларға, көшелер мен еғлді мекендерге беріп, оларға ескерткіштер тұрғызады. Ақын-жазушылар өз кейіпкерлеріне айналдырып, ән-жырға қосады, өнер туындыларында бейнелейді.

Ал абзал азаматтардың елі үшін сіңірген ерен еңбегі мен ерлігін марапаттау жүйесі, мемлекеттік шарапат белгілері Қазақстанда Республика тәуелсіздік алғаннан кейін белгіленді.

“Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық күші бар жарлығына (23.01.1996) сәйкес мемлекеттік наградалармен Қазақстан Республикасының Президенті марапаттайды. Ең жоғары наградалар: “Алтын Қыран” ордені мен “Халық қаһарманы” атағы. Осы Жарлықтың 3-тарауында мемлекеттік, қоғамдық қызметтің саналуан саласында айрықша еңбектерімен танылған азаматтарды Қазақстан Республикасының “Отан”, “Даңқ” (2 дәрежелі), “Айбын” (3 дәрежелі), “Парасат”, “Достық” (2 дәрежелі), “Құрмет” ордендерімен марапаттау белгіленген. Сондай-ақ “Ерлігі үшін”, “Жауынгерлік ерлігі үшін”, “Ерен еңбегі үшін”, “Шапағат” медальдары, “Қазақстанның халық ақыны”, “Қазақстанның халық әртісі”, “Қазақстанның халық жазушысы”, “Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы”, “Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері”, “Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері” деген құрметті атақтар бекітілген.1999 жылы 26 шілдеде қабылданған “Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы” заң күші бар жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының арнаулы заңына сәйкес “Қазақстанның ғарышкер-ұшқышынан” басқа құрметті атақтардың орнына “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атағы белгіленді. Бұл құрметті атақ көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, ғылым, мәдениет, өнер, өндіріс және әлеуметтік сала өкілдеріне республикаға сіңірген зор еңбегі үшін беріледі. «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерін көп бала туып, тәрбиелеп өсірген аналар марапатталады. Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен экономикадағы, оқу-ағарту ісіндегі, әскери және өзге мемлекеттік, қоғамдық қызметтегі елеулі жетістіктерге жеткен азаматтар, сондай-ақ, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал еткен шығармашылық ұжымдар марапаталады.

«Қылмыстық іспен сотталған адамдар заңда белгіленген негізде және тиісті тәртіппен  соттың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентінің бұйрығымен наградасынан айырылады. Заңсыз сотталған және толық ақталған азаматтардың мемлекеттік наградаларын соттың шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті қайта қалпына келтіреді.  Қазақстан Республикасының орденін, медальдары мен құрметті атаққа берілетін белгісін сатып алу, сату, айырбастау немесе өзге де өтеуге беру, сондай-ақ мемлекеттік наградаларға қатысты басқа заңсыз іс-әрекет жасау заң бойынша жауапқа тартылады» (2, 371 б.).

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының жоғарыда аталған арнаулы заңына сәйкес мемлекеттік жаңа награда – «Барыс» орденімен (3 дәрежелі) марапаттау туралы бап енгізілді. Бұл орденмен Қазақстан Республикасының мемлекеттігі мен егемендігін нығайтуға, бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік, өндірісітік, ғылым, әлеуметтік, мәдени және қоғамдық қызметке, халықтар арасындағы достық қарым-қатынастарды орнатуға ерекше еңбек сіңірген адамдар марапатталады. І дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып саналады. ІІІ дәреже, ІІ дәреже және І дәреже ретімен марапатталады. Айрықша реттерде ерекше көзге түскені үшін мемлекет басшысының шешімімен, реттілік ескерілмей марапаттау мүмкіндігі де көзделген.

Әрине, әр награданың өз орны, марапаттау реті бар. Әйтсе де дана халқымыз «Еңбек – ер атандырады»  дегені де бекер айтпаған. Ендеше, қандай марапаттың да негізінде Отанға, мемлекетке, халыққа сіңірген адал еңбек жатады. Ол өндірістегі табыс па, ғылыми ізденіс пе, спорттық көрсеткіш пе – бәрібір, жасампаз істің жемісі болуға тиіс.

Әр фалеронимнің өз орнын марапаттау ретін білу үшін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Заңындағы ережелерге назар аударайық.

8-бап «Алтын Қыран» (Золотой орел) ордені Қазақстан Республикасының ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі болып табылады. Орден 1995 жылы белгіленді.

«Алтын Қыран» орденімен азаматтар Қазақстан Республикасына сіңірген мемлекеттік ерекше еңбегі үшін наградталады.

«Алтын Қыран» бұрынырақ Қазақстан Республикасының немесе КСРО Одағының ордендерінің бірімен наградталған азаматтар наградталады.

9-бап. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымы бойынша айрықша үлгідегі «Алтын Қыран» орденінің иегері болып табылады.

10-бап. «Халық қаһарманы» (Народный герой) атағы Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, оның бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы азаматтық және жауынгерлік ерліктері үшін беріледі.

«Халық қаһарманы» атағына ие болған дамдарға айрықша ерешелік белгісі – Алтын жұлдыз және «Отан» ордені тапсырылады.

11-бап. Қазақстан Республикасының ордендері мыналар:

— «Отан» (Отечество)

«Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев (Первый Президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев)».

— «Барыс» (Барс)

— «Даңқ» (Слава)

— «Айбын» «Доблесть»

— «Парасат» (Благородство)

— «Достық» (Дружба)

— «Құрмет» (Почет).

 

12-бап. «Отан» орденімен азаматтар:

— мемлекет және қоғамдық қызметтегі;

— экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті дамытудағы;

— мемлекеттік, құқық қорғау және әскери қызметтегі, демократия мен әлеуметтік прогресті дамытудағы айрықша еңбегі үшін наградталады.

12-1-бап. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен Қазақстан Республикасының қалыптасуына, көркеюіне және даңқ шығаруға жәрдемдескен, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі үшін Қазақстан Республикасының азаматтары наградталады.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін шет мемлекеттер мен олардың үкіметтерінің басшылары наградталуы мүмкін.

12-2-бап. «Барыс» орденімен наградтау:

—  Қазақстан Республикасының мемлекеттігі мен егемендігін нығайту ісіндегі;

— Бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етудегі;

— мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметтегі;

— халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы, ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен оларды өзара байытудағы, ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен оларды өзара байытудағы, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды нығайтудағы айрықша еңбегі үшін жүргізіледі.

«Барыс» ордені үш дәрежеден тұрады:

  • І дәрежелі «Барыс»

— ІІ дәрежелі «Барыс»

— ІІІ дәрежелі «Барыс»

І дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып табылады. Наградтау ІІІ дәреже, ІІ дәреже, І дәреже ретімен жүргізіледі.

13-бап. «Даңқ» ордені 1995 жылы белгіленді. Орденмен Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және әскери құрамалардың жоғары офицерлік құрамдағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының және Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің басшы құрамдағы адамдары:

— әскерлерге басшылық жасау және оларды басқару ісіндегі табыстары, әскерлердің жоғары жауынгерлік даярлығы және елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз еткені үшін;

— әскери, шекаралық және ішкі қызметті үздік ұйымдастырғаны, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз еткені, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті сақтауды нығайтқаны үшін наградталады.

«Даңқ» ордені екі дәрежеден тұрады:

  • І дәрежелі «Даңқ»;
  • ІІ дәрежелі «Даңқ».

І дәреже орденінің жоғары дәрежесі болып табылады. Наградтау ІІ дәреже және І дәреже ретімен жүргізіледі. 

14-бап. «Айбын» орденімен Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және әскери құрамалардың әскери қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының және Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері:

— жауынгерлік әзірлікте, әскерлерді жоғары жауынгерлік әзірлікте ұстауда және жаңа әскери техниканы игеруде, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қол жеткізген табыстары үшін;

— әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін наградталады.

«Айбын» ордені үш дәрежеден тұрады:

  • І дәрежелі «Айбын»;

— ІІ дәрежелі «Айбын»;

— ІІІ дәрежелі «Айбын».

«Айбын» орденінің ең жоғары дәрежесі – І дәреже. Марапаттау бірте-бірте жүргізіледі: ІІІ дәреже, ІІ дәреже және І дәреже.

         І және ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен кіші және аға офицерлік құрамдағы тұлғалар марапатталады. ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен солдаттар, матростар, сержанттар, старшиналар, пропорщиктер мен мичмандар марапатталады. Наградтау: ІІ дәреже және І дәреже ретімен жүргізіледі.

         15-бап. «Парасат» орденімен ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлері, сондай-ақ Республиканың рухани және интеллектуалдық әлеуетін дамыту мен молайтуға зор жеке үлес қосқан не адам құқықтарын және оның әлеуметтік мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі үшін азаматтар наградталады.

         16-бап. «Достық» орденімен азаматтар қоғамда өзара татулықты сақтау жөніндегі жемісті жұмысы, халықтар арасында бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін наградталады.

         «Достық» ордені екі дәрежеден тұрады:

  • І дәрежелі «Достық»;
  • ІІ дәрежелі «Достық».

Наградтау реттілік ескерілмей жүргізілуі мүмкін.

17-бап. «Құрмет» ордені 1993 жылы белгіленді. «Құрмет» ордені республика азаматтары экономика, әлеуметтік сала, ғылым мен мәдениетті, білімді дамыту ісінде сіңірген еңбегі үшін, мемлекеттік органдардағы мүлтіксіз қызметі үшін марапатталады. 

         18-бап. Қазақстан Республикасының медальдары мыналар:

 — «Ерлігі үшін» (За мужество)

 — «Жауынгерлік ерлігі үшін» (За воинскую доблесть)

 — «Ерен еңбегі үшін» (За трудовое отличие)

 — «Шапағат» (Милосердие).

         19-бап. «Ерлігі үшін» медалімен азаматтар:

 — адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайларда (суға кету, өртке душапр болу, дүлей апаттар кезінде);

 — қылмыстқа қарсы күресте көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін наградталады.

         «Ерлігі үшін» медалі 1993 жылы белгіленді.

         20-бап. «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалі 1995 жылы белгіленді. «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің, өзге әскерлері мен әскери құрамаларының  жоғары офицерлік құрамындағы тұлғалар, сондай-ақ прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының және Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері;

  • әскери бөлімнің жауынгерлік міндетті табысты орындауына септігін тигізген ұрыс кезіндегі, сондай-ақ қылмысқа қарсы күрестегі білікті, бастамашылық және ерлік әрекеттері үшін;
  • мемлекеттік шекараны қорғау кезіндегі ерлігі үшін;

қызмет өткеру кезіндегі ерлігі үшін наградталады.

         21-бап. «Ерен еңбегі үшін» медалі 1993 жылы белгіленді. Медальмен азаматтар экономика, әлеуметтік сала, ғылым, мәдениет пен мемлекеттік қызмет кезінде еңбек жетістіктеріне қол жеткізген азаматтар марапатталады.

         22-бап. «Шапағат» медалі 1993 жылы белгіленді. «Шапағат» медалімен қайырымдылық қызметі мен шапағаты үшін республика азаматтары марапатталады.

         23-бап. Қазақстан Республикасының ордендері мен медальдарының мәнділігі жағынан реттілігі осы Заңда баяндалға тәртіп бойынша белгіленеді.

         24-бап. Қазақстан Республикасында мынадай құрметті атақтар белгіленеді:

 — «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (Заслуженный деятель Казахстана);

 — «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» (Летчик-космонавт Казахстана).

         25-бап. Қазақстан Республикасының құрметті атақтары:

 — «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, ғылым, мәдениет, өнер, өндіріс пен әлеуметтік сала өкілдеріне;

 — «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағы ғарышта ұшудың белгілеген бағдарламасын табысты орындаған, алдына қойылған ғылыми-техникалық, зерттеу және тәжірибе міндеттерін мінсіз орындаған азаматтарға беріледі.

26-бап. Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған адамдарға белгіленген үлгідегі омырауға тағатын белгі табыс етіледі.

27-бап. Көп балалы аналарға арналған наградалар мына алқалар:

 — «Алтын алқа» (Золотая подвеска);

 — «Күміс алқа» (Серебряная подвеска).

28-бап. «Алтын алқа» алқасымен он және одан да көп бала туған және тәрбиелеп өсірген аналар наградталады. «Алтын алқамен» марапаттау сы ананың оныншы баласы бір жасқа толғанда және осы ананың қалған балалары түгел тірі болған ретте жүргізіледі.

«Алтын алқамен» марапаттау кезінде, сондай-ақ:

 — заңмен белгіленген тәртіпте анасы асырап алған балалар;

— Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғау кезінде немесе қызмет міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткен, табиғи апатта немесе адам өмірін немесе материалдық құндылықтарды сақтап қалу жөніндегі азаматтық борышын орындау кезінде, қылмысқа қарсы күресте және қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде, сондай-ақ көрсетілген жағдайларда жарақат алуы, зақым келуі немесе дертке шалдығуы немесе еңбекте зақымдануы немесе кәсіби ауру салдарынан қайтыс болған балалар ескеріледі.

29-бап. «Күміс алқасымен» сегіз және тоғыз бала туып, тәрбиелеген аналар сегізінші бала бір жасқа толғанда және қалған балаларының бәрі тірі болған ретте наградталады.

«Күміс алқамен» марапаттау кезінде, сондай-ақ осы заңның 28-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген балалар да ескеріледі.

30-бап. «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларының Қазақстан Республикасының ордендері мәртебесі болады.

31-бап. Қазақстан Республикасының құрмет грамотасымен экономика, әлеуметтік сала, ғылым, мәдениет, халық ағару ісінде, әскери және өзге де мемлекеттік қызметте елеулі жетістікке жеткен азаматтар марапатталады.

Құрмет грамотасы шығармашылық ұжымдарға олардың халықтар арасындағы мәдени байланыстарды, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізген гастроль сапарының нәтижелері бойынша наградталуы мүмкін.

 

2                   Қазіргі қазақ фалеронимдерінің сипаты

 

2.1 Қазіргі қазақ фалеронимдерінің құрылымы мен өзіндік ерекшелігі.

Қазақстанда өз еліміздің азаматтарына және шетелдік достары мен әріптестерінің сіңірген еңбегін лайықты бағалауға мүмкіндік беретін мемлекеттік наградалардың осы заманғы, икемді жасалған. Бүгінде ол тәуелсіз Қазақстан республикасының аса маңызды Елтаңба, Ту, Әнұран сияқты рәміздерінің ажырамас құрамдас бөлігі болып отыр. Осыған сәйкес, қазіргі қазақ фалеронимдері төмендегідей түрлерге жіктеледі:

 

1.Қазақстан Республикасының жоғары дәрежелі марапат белгілері.

 

«Алтын Қыран» орден жұлдызы

«Алтын Қыран» белгі ордені

«Халық Қаһарманы» алтын жұлдызы

 

  1. Қазақстан республикасының ордендері.

 

«Отан» ордені

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені

І дәрежелі «Барыс» орден жұлдызы

ІІ дәрежелі «Барыс» белгі ордені

ІІІ дәрежелі «Барыс»  ордені

І дәрежелі «Даңқ» орден жұлдызы

І дәрежелі «Даңқ» белгі ордені

          ІІ дәрежелі «Даңқ» ордені

І дәрежелі «Айбын» ордені

ІІ дәрежелі «Айбын» ордені

ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені

«Парасат» ордені

І дәрежелі «Достық» орден жұлдызы

І дәрежелі «Достық» белгі ордені

ІІ дәрежелі «Достық» ордені

«Құрмет» ордені

 

  1. Қазақстан Республикасының медальдары

 

«Ерлігі үшін» медалі

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі

«Ерен еңбегі үшін» медалі

«Шапағат» медалі

 

  1. Қазақстан Республикасының құрметті атақтары

 

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атақтар

«Қазақтанның ғарышкер ұшқышы» құрметті атақтар

 

  1. Көп балалы аналарға арналған марапат белгілері

 

«Алтын алқа» алқа

«Күміс алқа» алқа.

 

  1. Қазақстан Республикасының құрмет грамотасы

Республикамызда жоғарыдағы мемлекеттік наградалардан басқа мерейтойлық және естелік медалдары бар. Олар мынадай болып бөлінеді:

«Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл мерейтой» медалі

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл мерейтой» медалі

«Тыңға 50 жыл» медалі

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл » медалі

«Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл» медалі

«Астана» медалі.

 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазақстанның ғарышкер-ұшқышы

 

Қазіргі қазақ фалеронимдері

 

 

             
         

Қазақстан Республикасының

медальдары

 

 
       
 
 
 
   
     
     

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы

 

 

 
 

 

 

 

 

 

         Жоғарыда көрсетілген кесте бойынша қазіргі қазақ фалеронимдерін жіктеп көрсеттік. Осылай жіктеу нәтижесінде, қазір Қазақстан Республикасында  барлығы 12 орден бар екенін, оның 2-і аналарға арналған, 4-і ІІІ дәрежелі және 10 медаль бар екенін, оның 1-і  естелік, 5-і мерекелік, 3-і Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері медалінін анықтап отырмыз.

Әдетте, жалқы есім қатарына обьектілерден бір обьектіні жекелеп атау қызметін атқаратын барлық сөздер, тіркестер мен сөйлемдер енеді. Біз қарастырып отырған жалқы сөз түрінде (Барыс, Даңқ, Айбын, Достық, Құрмет, Парасат, Отан т.б.), сөз тіркесі түрінде ( Жауынгерлік ерлігі үшін, Ерен еңбегі үшін. Қазақстанның ғарышкер – ұшқышы, Алтын алқа т.б.) және сөйлем түрлерінде (Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев) де кездеседі.

Кез келген сөз, басқа сөздермен тіркесіп немесе қосымша жалғануы арқылы граматикалық қатынасқа түсетіні белгілі. Тіл білімінде граматика екі салаға бөлінеді: морфология және синтаксис. Қазіргі қазақ фалеронимдерінің құрылымын осы салалар аясында ашып, нақты көрсетуге болады.

«Синтаксис граматикалық ілім ретінде мынадай негізгі екі салаға бөлінеді». 1. Сөз тіркесінің синтаксисі онда сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі, тіркесу тәсілдерімен формалары, сөз тіркестерінің құрамы, олардың түр-түрі қарастырылады. 2. Сөйлемнің синтаксисі онда сөйлемніңқұрылу принциптері, сөйлемнің құрамы, олардың түр-түрі қарастырылады.

Біріншіден, қазіргі қазақ фалеронимдерін сөз тіркесінің синтаксисінде қарастырамыз. Мәселен, «Алтын Қыран» ордені. Осындағы Алтын Қыран тіркесін сөз тіркесіне талдаймыз.

Алтын Қыран – қабыса байланысқан анықтауыштың қатынастағы есімді сөз тіркесі. Сол сияқты, келесі фалеронимдерді (сөз тіркесінде келетін) де сөз тіркесіне талдаймыз. Халық Қаһарманы – қабыса байланысқан анықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркесі.

Жауынгерлік ерлігі үшін – қабыса байланысқан анықтауыштық қатынастағы ортақ басыңқылы сөз тіркесі.

Ерен еңбегі үшін – қабыса байланысқан анықтауыштық қатынастағы ортақ басыңқылы сөз тіркесі.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – қабыса байланысқан, анықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркесі.

Қазақстанның қайраткері – матаса байланысқан, анықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркесі.

Еңбек сіңірген қайраткері – қабыса байланысқан, анықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркесі.

 Қазақстанның ғарышкері-ұшқышы – матаса байланысқан, анықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркесі.

Ғарышкер-ұшқышы – қабыса байланысқан, анықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркесі.

Алтын алқа – қабыса байланысқан, анықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркесі.

Күміс алқа – қабыса байланысқан, анықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркесі.

Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл – меңгеріле байланысқан толықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркесі.

10 жыл – қабыса байланысқан, анықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркесі.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл – меңгеріле  байланысқан толықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркесі.

Қазақстан Республикасының қабыса байланысқан, анықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркесі.

Қарулы Күштеріне – қабыса  байланысқан, анықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркесі.

Тыңға елу жыл – меңгеріле  байланысқан толықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркесі.

Елу жыл – қабыса  байланысқан, анықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркесі.

Қазақстан Конституциясына 10 жыл – меңгеріле  байланысқан толықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркесі.

Қазақстан Конституциясы – қабыса  байланысқан анықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркесі.

Екіншіден, қазіргі қазақ фалеронимдерін сөйлемнің синтаксисінде қарастырамыз. Мәселен, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені. Бұл фалероним синтаксистік бірлікте құрылған сөйлем. Осы фалеронимді сөйлемнің синтаксисінде талдаймыз.

  1. Айтылу мақсатына қарай хабарлы сөйлем.
  2. Құрамына қарай – жай сөйлем.
  3. Бастауыштың қатысына қарай – жақты сөйлем.
  4. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің қатысуына қарай – жайылма сөйлем.
  5. Ойға қатысты мүшелердің толық қатысуына қарай – толымды сөйлем.
  6. Сөйлем мүшесіне талдасақ: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев – кім? – баяндауыш. 

Президенті – несі? –бастауыш.

Тұңғыш — қандай? – анықтауыш.

Қазақстан Республикасының – ненің? – анықтауыш.

Фалеронимдер құрылымын синтаксис саласында талдап қарастырғанымызда, қазіргі қазақ фалеронимдері сөз тіркесі түрінде көп болғанымен, сөйлем түрінде бір ғана фалеронимдер көптеп кездеседі. Сондықтан да, фалеронимдер құрылымын морфология саласында да қарастырғанымыз жөн. Алдымен жеке сөз түрінде келетін фалеронимдер құрылымына назар аударайық. Олар: Отан, Барыс, Даңқ, Айбын, Достық, Құрмет, Парасат, Шапағат, Астана.

Отан – түбір  сөз, зат есім.

Барыс – түбір  сөз, зат есім.

Даңқ – түбір  сөз, зат есім.

Айбын – түбір  сөз, зат есім.

Достық – түбірі  — дос, — тық- зат есімнен зат есім тудыратын жұрнақ.

Құрмет – түбір  сөз, зат есім.

Парасат  – түбір  сөз, зат есім.

Шапағат – түбір  сөз, зат есім.

          Астана – түбір  сөз, зат есім.

Көріп отырғанымыздай, жеке сөз түрінде келетін фалеронимдер атауыш мағынада тұрған түбір сөздер «Достық» фалеронимнің түбірі «дос» болғанымен, оған жалғанған – тық қосымшасы зат есімінен зат есім тудырып, атауыш мағынадағы сөз болып тұр.Сөз тіркесі түрінде келетінфалеронимдер: Алтын Қыран, Халық қаһарманы, Жауынгерлік ерлігі үшін, Ерен еңбегі үшін, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы, Алтын алқа, Күміс алқа, Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл, Тыңға елу жыл, Қазақстан Конституциясына 10 жыл, Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл.

         Алтын Қыран. Алтын – түбір  сөз, сын есім. Қыран – түбір  сөз, зат есім. Халық қаһарманы. Халық – түбір  сөз, сын есім. Қаһарманы – түбірі —  Қаһарман, -ы- тәуелдік жалғауының ІІІ-жағы.

         Жауынгерлік ерлік үшін. Жауынгерлік – түбірі – жауын, зат есім; -гер-зат есімнен зат есім тудыратын жұрнақ; — лік – зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақ ерлігі- түбірі- ерлік, зат есім; -і- тәуелдік жалғауының ІІІ жағы. Үшін – септеулік шылау.

         Ерен еңбегі үшін. Ерен – түбір сөз, сын есімі; еңбегі – түбір – еңбек, зат есім, -і- тәуелдік жалғауының ІІІ- жағы; үшін – септеулік шылау;

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстанның – түбірі – Қазақстан, -ның— ілік септігінің жалғауы; еңбек – түбір  сөз, зат есім.; сіңірген— түбірі – сіңір, етістік, -ген- есімшенің жұрнағы; қайраткері – түбірі – қайрат, зат есім тудыратын жұрнақ, -і- тәуелдік жалғауының ІІІ-жағы.

Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы. Қазақстанның – түбірі – Қазақстан, -ның- ілік септігінің жалғауы; ғарышкер— түбірі- ғарыш, зат есім, — кер – зат есімнен зат есім тудыратын жұрнақ; ұшқышы – түбірі – ұшқыш, зат есім, -ы- тәуелдік жалғауының ІІІ жағы;

Алтын алқа. Алтын — түбір сөз, зат есім; алқа— түбір сөз, зат есім;

Күміс алқа. Күміс — түбір сөз, зат есім; алқа— түбір сөз, зат есім;

Қазақстан Тәуелсіздігіне он жыл. Қазақстан — түбір сөз, зат есім; Тәуелсіздігіне— түбірі — Тәуелсіз; сын есім, -дік— сын есімнен зат есім тудыратын жұрнақ, -і- тәуелдік жалғауының ІІІ-жағы, -н- табыс септігінің жалғауы, -е- барыс септігінің жалғауы; Он— түбір сөз, сан есім; Жыл— түбір сөз, зат есім;

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл. Қазақстан — түбір сөз, зат есім; Республикасы – түбірі  Республика,-сы – тәуелдік жалғауының ІІІ жағы; Қарулы –түбірі- қару, зат есім, -лы- зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақ; Күштеріне – түбірі – күш, зат есім, -тер – көптік жалғауы, -і- тәуелдік жалғауының ІІІ жағы; -н- табыс септігінің жалғауы, -е- барыс септігінің жалғауы; он – түбір сөз, сан есім, жыл – түбір сөз, зат есім.

Тыңға елу жыл. Тыңға – түбірі – тың, зат есім, -ға— барыс септігінің жалғауы; елу – түбір сөз, сан есім; жыл – түбір сөз, зат есім.

Қазақстан Конституциясына 10 жыл. Қазақстан – түбір сөз, зат есім; Конституциясына – түбірі- Конституция, зат есім, —сы – тәуелдік жалғауының ІІІ жағы, -на – барыс септігінің жалғауы; он — түбір сөз, сан есім; жыл— түбір сөз, зат есім;

Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл. Қазақстан— түбір сөз, зат есім; Республикасы – түбірі  Республика,-сы— тәуелдік жалғауының ІІІ жағы; -ның – ілік септігінің жалғауы; Парламентіне – түбірі – Парламент, зат есім; -і- тәуелдік жалғауының ІІІ жағы, -не – барыс септігінің жалғауы; он – түбір сөз, сан есімі; жыл –түбір сөз, зат есім;

Сөйлем түрінде келетін фалероним – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан — түбір сөз, зат есім; Республикасы— түбірі  Республика, -сы— тәуелдік жалғауының ІІІ жағы; -ның-ілік септігінің жалғауы; Тұңғыш – түбір сөз, сын есім; Президенті – түбірі- Президент, -і – тәуелдік жалғауының ІІІ жағы;   Нұрсұлтан— түбір сөз, зат есім; Назарбаев — түбір сөз, зат есім.

Жоғарыда қазақ фалеронимдерінің құрылымын талдап өттік. Фалеронимдер жеке сөздер  түрінде де, сөз тіркесі түрінде де кездеседі. Бірақ олардың құрылымы әртүрлі болғанымен, атқаратын қызметі бірдей. Барлығы да сөйлемде обьектіні жалпылай емес, жекелей көрсететін атауыштық қызметке ие.

Әдетте, жеке тұлғаларға немесе ұжым, топтарға айрықша атқарған қызметі мен ерекше сіңірген еңбегіне қарай фалеронимдер белгіленді. Осыған сәйкес, әрбір фалеронимнің қоғамдағы мемлекеттік мәртебесі атқаратын қызметіне қарай өз дәрежесі бар. Мейлі медаль болсын, мейлі орден болсын олардың белгісінде бір-бірінен ажыратылатын өзіндік ерекшеліктерін көрсететін өз дәрежесіне сай белгіленген бейнелерде жасалады.

Мәселен, Қазақстан Республикасындағы ең жоғары дәрежелі орден «Алтын Қыран». «Алтын Қыран» орденімен Республикаға ерекше еңбек сіңірген азаматтар марапатталады. «Алтын Қыран» ордені ақ, қызыл және сары түсті 585 және 750 нысаналы (пробалы) алтын құймасынан жасалған, орденнің негіз тақшасы біріктіргелі шынжырмен бекітілген алқа түрінде жасалған. Негізгі тақшаның  артқы жағында күрделі құлыпты түйреуіш түріндегі бекіткіші бар. Орден ұштары қырлы жұлдыз пішінінде жасалған. Оның ортасында, шеңбер ішінде шығып келе жатқан күннің бетіне желпуіш тәрізді қанаты бар, сары түсті Алтын Қыранның бедері бейнеленген. Төменгі жағына, қыранның астына, айналасына «Алтын Қыран» деп жазылған. Қыранның жоғары жағына 3 лағыл тас орнатылған. Негіз тақшаға бекіткіш пластина арқылы құлпырмалы жібек таспа тағылған. Негіз тақшаның көлемі 36,5*38 мм, орденнің диаметрі 58 мм, құлпырмалы жібек таспаның ені 34 мм (көгілдір түсті) 10 мм (қызыл түсті). Қызыл, көгілдір, жасыл түсті Эмаль пайдаланылған (4; 313,314 бет).

Алтын Қыран орденінде бейнеленген бедерді осы түсініктеме арқылы көз жеткізуге болады және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, әскери бөлімдерінің жоғары шенді  офицерлері, сондай- ақ прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының басшылары үздік еңбектері үшін марапатталатын орден «Даңқ» орденінің белгісінде бейнеленген бедерді төмендегі түсініктеме  арқылы тануға болады. «Даңқ»  ордені екі дәрежелі болып бөлінеді. Оның 1-дәрежесі жұлдыздан, аспалы лентаға тағылатын белгіден тұрады. Өрнектелген сегіз бұрышты жұлдыздың жоғары жағына сатылы түрдегі күн сәулесі бейнеленген, оның 8 үшкілдеу шапағы лағыл тастармен безендірілген. Жұлдыздың ортасында қару мен дөңгелек қалқанның бейнесі бар. Қалқанның оң және сол жағын жиектеген аспаннан көк жолақты лавр бұтағы көмкеріп тұр, ал лағыл түсті төменгі жиекшесіне «Даңқ» деген сөз жазылған. Қалқанның ортасындағы ақ түсті бөлікке 3 жебелі садақ бедершесі орналасқан. Жұлдыздың диаметрі 67 мм. Жұлдыздың артқы жағында күрделі құлыпты түйреуіш түріндегі бекіткіші бар. Орден белгісі құлақша мен шығыршық арқылы құлпырма түкті аспалы таспаға біріктірілген. Сары, жасыл және көк жолақтары бар қызыл таспаның ені- 100 мм. 2- дәрежелі «Даңқ» орденінің сипаты да осыған ұқсас. Тек мұнда орденнің белгісі құлақша мен шығыршық арқылы бесбұрыш пішіндегі тақшаға біріктірілген. Жұлдызша мен орден белгілері алтынмен апталып күмістен жасалған. Марапаттау рәсімі реттілікпен яғни әуелі 2- дәрежелі, содан соң 1- дәрежелі «Даңқ» орденін беру тәртібімен жүзеге асырылады (5, 147 бет).

“Достық” ордені. Онымен елдегі қоғамдық келісімді  сақтауға, халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастық ахуалын нығайтуға үлес қосқан азаматтар марапатталады. «Достық» ордені екі дәрежелі болып белгіленеді. Оның 1- дәрежесі өрнектелген сегіз бұрышты жұлдыздан және аспалылентаға тағылған орден белгісінен тұрады; Сатылы түрде шұғыла шашқан сәуле шапақтарының бетіне орналасқан жұлдыздың ішкі бедері лағыл тастармен безендіріліп, төменгі бөлігіне алқызыл түспен «Достық» деген сөз жазылған. Жұлдыздың ортасына шеңбер түріндегі картаның – Қазақстан шекарасы айшықталған Еуразия құрлығының кескіні көгілдір және алтын түстес эмальмен бейнеленген. Жұлдыздың диаметрі – 67 мм. Оның артқы жағында күрделі құлыпты түйреуіш түріндегі бекіткіші бар. Орденнің белгісі құлақша мен шығыршық арқылы құлпырма түкті аспалы таспаға біріктірілген. Екі сары, жасыл және көк жолақтары бар қызыл таспаның ені – 100 мм. 2- дәрежелі «Достық» орденінің сипаты да осыған ұқсас. Тек мұнда орденнің белгісі құлақша мен шығыршық арқылы бесбұрыш пішінді тақшаға біріктірілген. Тақшаның ені – 34 мм, биіктігі – 50 мм, екі сары, жасыл және көк жолақтары бар қызыл түсті құлпырма жібек таспамен қапталған. Орден белгісінің диаметрі – 45 мм. Жұлдызша мен орден белгілері алтынмен апталған күмістен жасалған. «Достық» ордені мен марапаттау рәсімі реттілік тәртібін сақтамай жүзеге асырылуы мүмкін (5, 281 бет).

«Шапағат» медалімен азаматтар белсенді де жемісті қамқоршылық қызметі мен қайырымдылық ісі үшін марапатталады. Бұл медальдің белгісінде Қамқоршы, мейірбан, адал құс қарлығаштың бейнесі бедерленген. Қазақта: «Қарлығаштай қанатымен су сепкен» деген мәтел сөз бар. Яғни бұл сөздің  төркіні адамгершілік қасиеті жете дарыған, қамқоршы, адал, мейірбан жандардың жақсылық, ізгі амалдарын дәріптейді.

         Жалпы айтқанда, қазақтың қазіргі фалеронимдерінің әрқайсысының өзіндік белгісі мен өзіндік ерекшелігі бар. Барлығы да ұшқыр ойдың жемісі, әсіре ойталқының нәтижесі, халықтың сан ғасыр тарихы мен саналы салт-дәстүрінің негізінде сараланған, халық болмысымен байланыстырып,екшеліп алынған мәнді, мағыналы сөздер.

         Жалқы есімнің табиғатын зерттеу, олардың ерекшеліктерін анықтау, семантикасы мен этималогиясын ашу, әр халықтың, әр аймақтың жалқы есімін сөзжасамдық құрылымын талдау зерттеушілерді жалқы есімді тарихы ғана емес, ұлттық та деген тұжырым жасауға итермелейді. «Ұлттық ономастиканың ерекшеліктері» олардың белгілі бір ұлттық тілге қатыстылығында ғана емес, сонымен қатар ұлттық онимия жасалып, қалыптасқан  ұлттық мәдениетке де байланысты [Қайдаров, Керімбаев 1990]. Сол себептен жалқы есімнің ұлттық ерекшелігі жөніндегі деректі халықтың ұлттық мәдениетінен іздеу керек. Бұл тұлғадан жалқы есімге қатысты «Ұлттық- мәдени ерекшелік» дегеніміз халықтың біртұтас әлемге деген көзқарасы, әлеуметтік және материалды мәдениеті, сонымен бірге олардың жалқы есімнің семантикасында көрініс табуы (6, 124 бет).

         Қазақ фалеронимдерінің ұлттық – мәдени ерекшелігіне, семантикасына, атау беру табиғатына жан- жақты сипаттама келесі тарауша «Қазақ фалеронимдерінің атаулық табиғатында» айтылады.

 

2.2 Қазақ фалеронимдерінің атаулық табиғаты.

         Тәуелсіздік туын желбіреткен қазақ елінің еңсесін тіктеп, егемендік алғанына міне биыл он алты жылға жуықтады. Мемлекеттік тіл қазақ тілі деп ата заңымызда бекіткен жылдардан күні бүгінге дейін ана тілі қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуді көздеген түрлі қаулықарар, заң актілері қабылданып келеді.

         Біздің бүгінгі зерттеу жұмысымызға арқау болып отырған марапат белгілерін беру мәселелеріне де қатысты 1995 жылдың желтоқсанының 12-де арнайы бекітілген заң бар. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» деп аталатын заң негізінде «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік наградалар туралы ереже» қарастырылады.

         Бұл нормативтік актілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрмет белгілері. Қазақстан Республикасы президентінің 1994 жылғы 2 наурыздағы жарлығымен белгіленгенін ескерсек мемлекеттік марапат белгілерімізде Ұлттық нақыш, Ұлттық ерекшеліктің болуы заңды. Мәселен, Қазақстан Республикасының ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі «Алтын Қыран» – деген атауының астарына үңілсек, бұл сөз тіркесі қазақ халқына түсінікті ұғымдармен құрылған.

         Ежелден-ақ  төрт түлік малын тіршіліктің кілті еткен халқымыздың тұрмысында аңшылық пен құсбегілік өнер де ерекше үрдіске айналды. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» деп ақын өлеңінде көрініс тапқандай, «қыран» сөзі қазақ үшін бейнелі, кестелі сөздің бірі, басқаша айтсақ, бүркіт, қаршыға, қырғи, ителгі сияқты алғыр құстардың жалпы атауы. Ал Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында С. Дәрібайұлы «Қыран» сөзін былай түсіндіреді: Қыран – жыртқыш құстар отряды, қаршыға тұқымдасының бір туысы. Жер шарында тараған 52 түрі бар. Бұлардың қанаттары қысқа, ұшы екіге айырылған, аяғы мықты, онда ұзын, өткір тырнақтары болады. Есту органдары жапқсы дамыған. Қазақстанда қаршыға, қырғи, мықи және үлкен мықи түрлері тіршілік етеді (7,195 бет).

         Жоғарыда келтірілген С.Дәрібайұлының түсіндірмесін өзек ете отырып, қыран атауы ұғымында батылдықтың, қырағылықтың, алғырлық пен ержүректің символы ретінде аталатынын айта кету керек. Елі үшін өмірі мен еңбегін сарп еткен жанкештілік ержүректілік қыран құсқа баласақ, бабалар шын тағзым да осы.

         Қазақстан республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін ұсынылатын «Алтын қыран»  орденінен ұғатынымыз, ол жай, кәдуілгі қыран емес, нарқы қымбат қыран! Алтынның жарқын пайымдай білер қазақ үшін «Алтын қыран» деп аталған құрмет белгісіне ие болған азаматтың осал болмайтыны даусыз.

         Қазақ елінің бостандығы үшін қанын төккен, қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен, білектің күшімен байтақ жерін сақтап, бізге аманат еткен бабалардың ерлігі бүгінде жалғасын тапса, елдігіміздің көрінісі.

         Бүгінгі күні де Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы азаматтық және жауынгерлік ерліктері үшін берілетін «Халық қаһарманы» атағы арнайы заңмен бекітілген. Халықтың шын ықыласынан, ізгі құрметінен туған ол атаққа ие болған адамдарға айрықша ерекшелік белгісі – «Алтын жұлдыз» және «Отан »  ордені тапсырылады.

          Қай халықта болсын , қаһарман болу оңайлықтан келмейді. Қаһарман –     батыр, еркеше ерлігімен батырлығымен козге түскен  адам. «Бұл сөз араб, парсы  тілдерінде хұдірет деген  мағынаны береді» (2, 681б.).  Жалпы біздің түсінігімізге келсек, қаһарман каһарлы, сұсы басым, түсі суық, айбынды, айбарлы  адамның бейнесін көз алдымызға әкеледі. Оның  жасаған қаһармандық іс- әрекеті өскелен ұрпақты жігерлілік, батылдық, табандылық, төзімділік секілді  қасиеттерге баулиды. Сондықтан  «Халық қаһарманына» тапсырылатын ордендер «Алтын жұлдыз» бен «Отанның» атаулық мағыналарының ауқымы кең.

            «Отан — оттан да ыстық», «Отан үшін күрес – ерге тиген «үлес». Халық ұранына айналған осы мақал- мателтерден – ақ Отан сөзінің маңыздылығын  ұғыну  қиын емес.  Тағы бір ерекше айта кетерлік жәй, Отан сөзі тек қазақ ұлтының төл ұғымы. Туған  жер, туған ел  мағынасын  төрт әріппен  жеткізер  қазақ тілінің  байлығы  мен  көркемдігіне шек жоқ.  Мұхтар Әуезов айтқандай, «ең бай, ең көркем» тіліміздегі осындай  құндылықтарды қазіргі  күнге жеткізе білу  әрбір  қазақ  азаматы үшін  жауапты  іс деп ойлармын.

Қазақстанның  мемлекеттік наградалары  туралы занның 3-тарауында берілген ордендер тізімінде «Барыс» ордені белгіленген.

Қазақстан жерінде халық арасындағы ынтымақтастықты  нығайтудағы, ұлттық мәдениетті байытудағы, мемлекеттер арасындағы достық катынастарды нығайтудағы айрықша  еңбегі үшін берілетін «Барыс» ордені үш дәрежеден тұрады.

«Барыс, ірбіс ( Ипсіа)- мысық тұқымдасына жататын  жырқыш аң. Қазақ ежелден барыстың тектілігін, батылдығын, айлалығын пір тұтқан. Дәстүрлі жыл санауымыздың  үшінші жылы Барыс жылы. Барыс Алматы, Астана  қалаларының  төлтаңбаларында бейнеленген» (8,159б.).

 Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан 2030 жылға қарай «Орта Азия барысына айналады»  деген ұраны баршамызға аян. Енді әріге бармай-ақ ел Президентінің Барысты бағыт, үлгі етіп алуынан-ақ оның биік өреден туған ұғым екенін аңғарамыз.

Барыстың айбарлы , айбатты екенін білсек, бұл ұғымның орден болып атлуында зор мән бар.

Еліміз кеңес одағының құрылымында 70 жылдан астам өмір сүріп келді.Қаншама жылдар өтсе де, тәуелсіздікке ұмтылған халқымыз арман мақсатына 1991 жылы жетті. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті 1991жылы 1 желтоқсанда ел арманын, ер арманын ұштастырып, қазақ халқының арман мұратынын аз мүддесінен жоғары қоя білген, еңселі ер тұлғасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел тізгінін үлкен жауапкершілікпен қолына алды.

Қазақстан Республикасының қалыптасуына, көркеюіне және мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі үшін шарапатталатын Елбасының Қазақстан Республикасы «тұңғыш» Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ордені бар. Орденмен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін шет мемлекеттер мен олардың үкіметтерінің басшылары наградталуы мүмкін.

Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және әскери құрамалардың жоғары офицерлік құрамдағы Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және әскери құрамалардың жоғары офицерлік құрамдағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының прокуратура, ұлттық қауіпсіздік ішкі істер органдарының және Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің басшы құрамдағы адамдары марапаттталатын орден – «Даңқ».

Даңқ – жеке тұлғаның көпшілікке танылып, абыройлы атаққа кенелуі. Дәстүрлі қазақ ұғымында ол «дақпырт» сөзіне қарама-қарсы мағынада қолданылады. Әдетте, жеке тұлғалар Даңққа адал да, жасампаз еңбегімен, азаматтық және жауынгерлік ерліктерімен, ел мүддесі, ұрпақ қамы үшін істеген ізгілікті іс-әрекеттерімен ие болады. Даңқты тұлғалардың өмір баяны, өнегелі істер мне қайраткерлік қызмет жолы адамгершіліктің, азаматтықтың, отансүйгіштіктің т.б. үлгісі ретінде ардақталып, әдетте, олар хақында ауызекі әңгімелер тарап, әдеби көркем туындылар жарық көреді. Мысалы Сайыпқыран жауынгер, белгілі қаламгер Бауыржан Момышұлының есімі көзі тірісінде аңызға айналып, қара-қылды қақ жаратын әділдігімен, елі үшін ештеңеден тайсалиайтын жау жүректілігімен ер намысын аяққа таптатпайтын ерлігімен даңқы шыққан.Ерен еңбегі үшін медалімен азаматтар экономикадағыәлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі және мемелекеттік қызметтегі жеткен табыстары үшін марапатталды.

«Ерен-сын есім, ерекше, айрықша, өте-мөте, үздік» (9, 394 б.).

Елі үшін еңбек етіп, тер төгіп, бүкіл ғұмырын елінің болашағына, бірлігіне, берекесі мен ынтымағына жұмсап, адалдық пен әділдікті қатар ту етіп көтеріп жүрген азаматтарымыздың еңбегі, халқына, туған жеріне жасаған перзенттік борышы мен адал қызметі – әрқашан ерекше бағаланады. Ондай жандардың есімі ел есінде айрықша сақталады. Ерен еңбектің нәтиесі қашанда адамды нұрға бөлейді. Адал еңбекте береке жатады, зейнет жатады. Мұның бәрі де жас ұрпақты халқына, Отанына, туған жеріне адал қызмет етуге, ерен еңбек жасауға баулиды, ұлттық рухта тәрбиелейді.

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен Қарулы Күштердің Республикалық ұланның, Президенттің, Күзет қызметінің, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері қызметін өтеу барысында сіңірген еңбегі үшін марапатталады.

Әдетте, жауынгер дегенде, Қарулы Күштер қатарында қызмет ететін адам көз алдымызға келеді. Ал ерлік – адам бойындағы батылдықты, батырлықты, ұстамдылықты, табандылықты, қайсарлықты, өжеттілікті білдіретін ұғым. Ерлік істеген сәтте адам өзіне өлім қаупі төнсе де тайынбай, рухын жоғары ұстайды. Басына түскен ауыртпалықты мойымай көтеріп, мұны негізгі борышым деп есептейді. Ерлік көбінесе, қоғамдық мәне бар істерде көрінеді. Сондықтан да ол адамның азаматтық қасиеттерінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. «Ерлік қоғамдық мәнді мақсаттарды алға қойып, қабылданған шешімді жүзеге асыру барысында айқын көрінеді» (5, 400 б.).

Қазақта «Ер – елдің ық жағының қаласы, жел ағының панасы» деген мақал бар. Дана, данышпан халқымыз асыл азаматтарын аялап, әрқашан қадірін біле білген. Олардың еліне жасаған ерлігін, жауынгерлік ерлігін бағалай білген. Елдің, Отанның, жердің тыныштығын сақтап, бірлігін, ынтымағын ойлап, жаудан қорғап күні-түні еңбек етіп жатқан жауынгер азаматтарымыз аан болсын. Олардың адал қызметін бағалап берілетін «жауынгерлік ерлігі үшін» медалінің маңызы зор.

«Құрмет» орденімен азаматтарымыз эконмиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білімді дамытуға сіңірген еңбектері үшін, мемлекеттік органдардағы үлгілі қызметі және белсенді қоғамдық қызметі үшін марапатталады.

«Құрмет, құрметтеу – жеке адамға өзге адамдар тарапынан көрсетілетін қошемет» (4, 135 б). Адамға құрмет көрсету оның жеке басы қасиеттеріне, ішкі құндылықтарына, кейде жас мөлшеріне, отбасы жағдайына, лауазымына орай орын алады.

Ішкі жан дүниесінің байлығымен, әлеуметтік тәжірибесімен, жеке басы беделімен, кісілік қасиеттерімен көпшілік ортада көзге түскен адам Құрметке ие болады. Құрмет өнегеліктің негізге талаптарының бірі бола тұра, адамның өзге біреулерге қадірін, жылы лебізін, ілтипатын көрсетеді. Құрметке ие болу үшін адам өзінің кісілік, адамгершілі қасиеттерін жоғалтып алмауы қажет.

Елімізде он және одан да көп бала туған және тәрбиелеп өсірген аналарды марапаттайтын «Алтын алқа» алқасы бар.

Әдетте, қыз-келіншектер мойнына, омырауына алтын, күміс, маржан сияқты заттардан істелген әшекейлі зат алқаны сәнге тағып жүреді.

Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінде Алқа туралы былай беріледі: «Қырғызша алқа – дервиштердің діни ритуал кезінде алқа-қотан тұруы, башқұртша алқа – сырға, татарша алқа – сырға. В.В. Радлов бұл сөзді сырға, моншақ деп түсіндіреді, қазақша алқа – әйелдер мойнына, омырауына сәнге тағатын алтын-күмістен істелген әшекейлі зат. Алқа ылғи ғана алдыңғы жаққа, омырауға тағылады. Егер оны мойынға салса да арқаны емес, алдыңғы кеудені безеу мақсаты көзделеді. Көптеген түркі тіллерінде ал сөзі қолданылады, ол бір нәрсенің алдыңғы жағы. Бұл түбір көне түркі жазу нұсқаларында да бар. Демек, алқа сөзінің түбірі – ал, сөз соңындағы -қа – жұрнақ болу керек. Қазіргі қазақ тіліндегі алға, алды, алғы тәрізді сөздердің де өрбіген түбірі осы ал сөзі» [10-33-34-б.].

Алқаның «Алтын» сөзімен тіркеле атауының да өз себебі бар. Алтын — әдемі сары түсті, қымбат, бағалы металл. Алтыннан жасалған «Алтын алқаның» он және одан да көп баланы өмірге әкеліп, тәрбиелеп өсірген аналарымыздың ерлігіне сыйға тартылатыны өте орынды.

Шыр етіп дүние есігін «іңгәләп» ашқан сәбиін үлкен азамат боп ер жеткенше қадағалап қарап, өнегелі етіп тәрбиелеп, аналық махаббатына бөлеп, мейірбан жүзімен жүрегінен бірінші орын алатын аналарымыздың еңбегі ұшан-теңіз.  Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың. Ананың еңбегін бағалап, мемлекетімізде Ана мен балаға көп көңіл бөлініп, олардың денсаулығына, әлеуметтік жағдайларына  үлкен қамқорлық жасалуда. «Алып анадан туады» демекші, елдің еңсесін тік ұстап, жерін қорғайтын батырларымызды қайсар ғып, батыл, батыр ғып тәрбиелейтін де аналарымыз.

Республикаға сіңірген зор еңбегі үшін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, ғылым, мәдениет, өнер, өндіріс және әлеуметтік саланың өкілдеріне – «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы беріледі.

Адам баласы өмірге келгеннен кейін, артында еңбегі мен халқы үшін істеген ерлігі мәңгі, өміршең болмақ. Тәуелсіз қазақ елінің өркендеп, көркейіп дамыған елдер қатарына қосылуына аянбай еңбек етіп, елінің, халқының абыройы үшін тер төгіп, өмірін Отанына адал, қайырлы қызмет жасауға арнаған азаматтарымызды, қандас бауырларымызды халқы әрқашан дәріптеп, бағалайды. Есімдерін жадында сақтап, жасаған ерліктерін ешқашан ұмытпайды. Сондықтан да Қазақстанда «елі үшін еңіреген азаматтарына жасаған, атқарған адал қызметтерін бағалап, құрметтеп «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын береді.

Елімізде жоғарыдағы мемлекеттік наградалардан басқа мерейтойлық медальдары да бар. Мәселен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астана» т.б. медальдары бар.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі тәуелсіз еліміздің Ата Заңының қабылданғанына 10 жыл толу құрметіне арналған.

«Конституция (лат. Constitio – белгілеу, орналастыру) – мемлекеттің негізгі заңы, материалдық мағынада – ең алдымен елдегі адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жариялайтын, оларға кепілдік беретін, сол сияқты елдегі әлеуметтік құрылыстың негіздерін, басқару мен мемлекеттік құрылымның нысанын, орталық және жергілікті билік органдарының негіздерін, олардың құзыреті мен өзара қарым-қатынастарын, мемлекеттік рәміздерді және астананы айқындайтын өнімдік акт, актілердің немесе конституциялық рәсімдердің жиынтығы» [11-637-638-б.].

«Астана» мерейтой медалі 1998 жылдың 2 маусымында бекітілген. 1997 жылы 20 қазанда Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарабаев Ақмола қаласының (1998 жылдың 6 мамырынан Астана қаласы) Қазақстан Республикасының жаңа тұрпатты бас қаласы болғанын жариялады. Медаль Астана қаласының құрметіне арналған.

Фалеронимдерді тағайындау, оны беру және одан айыру тәртібі, сондай-ақ әртүрлі Атау дәрежелеріне байланысты құқықтар мен міндеттер заң және нормативтік актілерімен белгіленеді.

 

2.3. Қазіргі қазақ фалеронимдерінің қоғамдық саяси қызметі, мемлекеттік мәртебесі.

Қазақстан Республикасының азаматтары жемісті мемлекеттік, қоғамдық, шығармашылық қызметі, еңбектегі және жауынгерлік ерліктері үшін, олардың Республикаға сіңірген еңбегінің танылуының белгісі ретінде мемлекеттік наградалармен наградталады. Қазақстан Республикасының наградаларымен Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың да наградталуы мүмкін. Ал мемлекеттік наградалармен наградтауды Қазақстан Республикасының Президенті жүзеге асырады.

Ең жоғары дәрежедегі ерекшелік белгілері – «Алтын Қыран» ордені, «Халық қаһарманы» атағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да ордендері, медальдары, құрметті атақтары және Құрмет грамотасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары болып табылады.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградаларының атаулары мемлекеттік тілде белгіленеді. Мемлекеттік наградалардың сипаттамасын «Алтын Қыран» ордені, «Халық қаһарманы» кітапшаларының, орден кітапшаларының, медалбдарға куәліктердің және құрметті атақтар берілгені туралы куәліктердің үлгілерін, мемлекеттік наградаларға ұсыну және оларды тапсыру тәртібін, басқа да құжаттар мен ережелерді Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

«Алтын Қыран» орденімен наградтау үшін кандидатураларды Қазақстан Республикасының Президенті анықтайды. Өзге мемлекеттік наградалармен наградтауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Перзидентіне Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкіметі, министрліктер, мемлекеттік комитеттер, басқа орталық және жергілікті атқарушы органдар, шығармашылық одақтар мен басқа да ұйымдар енгізеді.

Наградтау үшін кандидатураларды еңбек ұжымдары қарап, ұсынуы мүмкін. Шет ел азаматтарын наградтауға ұсынуды жалпы негіздерде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, басқа министрліктер мен мемлекеттік комитеттері, өзге де орталық атқарушы органдары жүргізіледі.

Азаматтарды кезекті наградтауға ұсыну, көп балалы аналарды наградтауға және қаһармандық ерлік жасауға, қиын-қыстау жағдаяттарға байланысты ерекше реттерді қоспағанда, осының алдындағы наградтау сәтінен бастап бес жыл өткен соң жүргізіледі.

Бір адам дәрежелері бар наградалардан басқа ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгілерімен, сол орденмен немесе медальмен екі мәрте наградталмайды.

Құрметті атақтап қайталап берілмейді.

Еліміздің мүддесін қорғау үстінде көрсеткен батылдығы, ерлігі, қаһармандығы үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау қайтыс болғаннан кейін де жүргізілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының кез-келген орденімен наградталған адамдар осы орденнің иегерлері деп аталады.

Наградалар жөніндегі ұсыныстарды алдын-ала қарап, дайындау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия құрылады. Комиссияның құрамын және оның қызметі туралы Ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Марапат белгілерін беру жөніндегі мәселелерді реттейтін нормативтік актілер Қазақстан Республикасының 12.12. 1995 ж. № 2676 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы ереже» болып табылады, ордендер мен медальдар, олардың мәртебесі мен жағдайы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрмет белгілері Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 2 наурызындағы жарлығымен белгіленген.

Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасында мынадай мемлекеттік марапат белгілері бар, олар төмендегідей жіктеледі:

Қазақстан Республикасының жоғары дәрежелі марапат белгілері.

Оларға жататындар:

  1. «Алтын Қыран» ордені. Бұл орденмен Қазақстан Республикасына ерекше мемлекеттік еңбегі сіңген азаматтар марапатталады.

«Алтын Қыран» бұрынырақ Қазақстан Республикасының немесе КСРО Одағының қандай да бір орденімен марапатталған азаматтарға тағайындалуы мүмкін. Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына байланысты ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденінің ковалері болады.

  1. «Халық қаһарманы» атағы Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін, оның бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы азаматтық және жауынгерлік ерлігі үшін беріледі.

«Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдарға ерекше белгі – «Алтын жұлдыз» бен «Отан» ордені табыс етіледі. Мәселен, «623 Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығында Доспанова Хиуазға —  (еңбек ардагері, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Алматы қаласы;) – жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылған (12, 4 б.).

Қазақстан Республикасының ордендері.

«Отан» орденімен:

  • мемлекеттік және қоғамдық қызметте;
  • экономика, әлеуметтік сала, ғылым мен мәдениетті дамыту ісінде;
  • мемлекеттік, құқық қорғау және әскери қызметте, демократия мен әлеуметтік ілгерілеушілікті дамуда ерекше еңбек сіңірген азаматтар марапатталады. Мәселен, «623 Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығында Жылысбаев Бекен Бекенұлы (Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының профессоры, Алматы қаласы;), Зәмзәгүл Нүсіпбайқызы (М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әртісі, Алматы қаласы;) – айрықша ерекшелік белгісі «Отан» орденімен марапатталады (12, 8 б.).

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі сіңген шетел мемлекеттерінің жетекшілері марапаттталауы мүмкін. Орденмен Қазақстан Республикасының қалыптасуына, көркемделуіне және даңқын шығаруға жәрдемдескен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі үшін Қазақстан Республикасының азаматтары наградталады. Мәселен, «623 Қазақстан Республикасының наградаларымен наградтау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы (Алматы қаласының әкімі), Тоқаев Қасымжомарт Кемелұлы, Әбіш Кекілбаев, Виктор Храпунов Вячеславович (Шығыс Қазақстан Республикасының әкімі) – «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен мараптталған (13, 5 б.).

«Барыс» ордені. «Барыс» орденімен:

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттігі мен егемендігін күшейту ісінде;
  • Қазақстанда бейбітшілікті қамтамасыз ету, қоғамды ынтымақтастыру және біртұтас ету ісінде;
  • Мемлекеттіке, өндірістік, ғылыми-мәдени және қоғамдық қызметте;
  • Халықтар арасында ынтымақтастықты нығайту, ұлттық мәдениеттерді жақындастыру және өзара байыту, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды нығайту ісінде ерекше еңбегі сіңген адамдар марапатталады.

«Барыс» орденінің үш дәрежесі бар:

І дәрежелі «Барыс» ордені;

ІІ дәрежелі «Барыс» ордені;

ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені.

«Барыс» орденінің ең жоғары дәрежесі – І дәреже. Марапаттау бірте-бірте жүргізіледі: ІІІ дәреже, ІІ дәреже және І дәреже. Мәселен, «623 Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығында

І дәрежелі «Барыс» орденімен — Өтебаев Сафи Өтебайұлы (мұнай саласының ардагері, Алматы қаласы;);

ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен – Ахметов Даниал Кенжетайұлы (Қазақстанның қорғаныс министрлігі), Садықов Тохмұхамед Сәлменұлы (Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, Алматы қаласы);

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен – Мусин Аслан Есболайұлы (Атырау облысының әкімі), Қасымбеков Махмұд Базарқұлұлы (Қазақстан Республикасы Президенті Кеңесінің бастығы) марапатталған (13, 7 б.).

«Даңқ» ордені. «Даңқ» орденімен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің, өзге әскерлері мен әскери құрамаларының жоғары офицерлік құрамындағы тұлғалар, сондай-ақ прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының және Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің басшылық құрамындағы адамдар марапатталады:

  • әскерлерге басшылық ету және басқару ісіндегі, әскердің жоғары жауынгерлік дайындығы мен еліміздің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету ісіндегі жетістіктері үшін;
  • әскери, шекара және ішкі қызметті үздік ұйымдастырғаны үшін, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз еткені, заңдылықты нығайтқаны және қоғамдық тәртіпті қорғағаны үшін.

«Даңқ» орденінің екі дәрежесі бар:

І дәрежелі «Даңқ» ордені;

ІІ дәрежелі «Даңқ» ордені;

ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордені.

Орденнің ең жоғары дәрежесі – І дәреже. Марапаттау бірте-бірте жүргізіледі: ІІ дәреже және І дәреже. Мәселен, «623 Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығында ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен – Сәрсеков Бексұлтан Сәрсекұлы (ТМД-ға қатысушы елдердің террорға қарсы күрес орталығы басшысының бірінші орынбасары), Өтепов Шынтас Сарбасұлы (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының орынбасары) марапатталады (12, 21 б.).

         «Достық» орденімен азаматтар қоғамда өзара татулықты сақтау жөніндегі жемісті жұмысы, халықтар арасында бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін наградталады.

         «Достық» ордені екі дәрежеден тұрады:

  • І дәрежелі «Достық»;
  • ІІ дәрежелі «Достық».

Наградтау реттілік ескерілмей жүргізілуі мүмкін.

Мәселен, «623 Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығында ІІ дәрежелі «Достық» орденімен – Юхансон Леннарт (Еурпа футбол қауымдастықтары одағының президенті;), Шишигина Ольга Васильевна (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара әскерлерінің Алматы облысы бойынша спорт жөніндегі нұсқаушысы), Мефодий (Немцов Николай Федорович) (орыс православие шіркеуінің Астана және Алматы митрополиті, Алматы қаласы;) марапатталады (12, 30 б.).

         «Айбын» ордені. Бұл орденмен Қазақстан Республикасының Қарулар Күштерінің, өзге әскерлері мен әскери құрамаларының жоғары офицерлік құрамындағы тұлғалар, сондай-ақ прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының және әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйеісінің басшылық құрамындағы  адамдар марапатталады:

  • жауынгерлік дайындық ісінде, әскердің жауынгерлік дайындығын қалыпта ұстау және жаңа әскери техниканы меңгеру, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ісіндегі жетістіктері үшін;
  • әскери және қызметтік борышын атқару кезіндегі айбын мен ерлігі үшін, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін.

«Айбын» орденінің үш дәрежесі бар:

І дәрежелі «Айбын» ордені;

ІІ дәрежелі «Айбын» ордені;

ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені.

         «Айбын» орденінің ең жоғары дәрежесі – І дәреже. Марапаттау бірте-бірте жүргізіледі: ІІІ дәреже, ІІ дәреже және І дәреже.

         І және ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен кіші және аға офицерлік құрамдағы тұлғалар марапатталады. ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен солдаттар, матростар, сержанттар, старшиналар, пропорщиктер мен мичмандар марапатталады. Мәселен, «623 Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Қазақстан Республикасы президентінің жарлығында І дәрежелі «Айбын» орденімен – Қабылов Берік Кендірбайұлы (№  28079 әскери бөлімі инженерлік-сапер отрядының командирі); ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен — Әлиасқаров Тұрысбек Жүнісбайұлы (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің бастығы), Мұхамеджанов Бақыт Әлімұлы (Алматы қаласының әскери комиссары); ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Байділдинов Берік Бекмұқанұлы (№ 58012 әскери бөлімі инженер-сапер батальонының аға технигі), Соболев Талғат Қалкешұлы (Павлодар облысы ІІБ жол полициясының кіші жедел уәкілі;) марапатталады (13, 27 б.).

         «Парасат» ордені. «Парасат» орденімен қоғамдағы өзара келісімді сақтау ісінде, халықтар арасында бейбітшілік, достық пен ынтымақтастықты нығайту ісінде жемісті еңбек сіңірген республика азаматтары марапатталады. Мәселен,  «623 Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығында «Парасат» орденімен – Айтұлы Несіпбек (ақын, Астана қаласы); Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиұлы (Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, Алматы қаласы) марапатталады (12, 37 б.).

         «Құрмет» ордені. «Құрмет» ордені республика азаматтары экономика, әлеуметтік сала, ғылым мен мәдениетті, білімді дамыту ісінде сіңірген еңбегі үшін, мемлекеттік органдардағы мүлтіксіз қызметі үшін марапатталады. Мәселен,  «623 Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығында «Құрмет орденімен – Ахметова Гүлназ Кенжетайқызы (Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің прокторы, Алматы қаласы), Әбдіманов Сарсенғали Әбдіғалиұлы (Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, Астана қаласы), Кәденова Лидия Тажадинқызы – (Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының әртісі, Алматы қаласы), Сейфуллин Сәкен Орынбекұлы («Фудмастер» компаниясы АҚ бас директоры, Алматы қаласы) марапатталады (12, 42 б.).

         Қазақстан Республикасының медальдары

Қазақстан Республикасының медальдары:

«Ерлігі үшін» медалі. «Ерлігі үшін» медалімен:

  • төтенше жағдайда адамдарды құтқаруға байланысты (суда, өрт кезінде, табиғи апат кезінде);

— қылмыстыққа қарсы күресте ерлік пен батырлық көрсеткен азаматтар марапатталады. Мәселен, «623 Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Қазақстан Республикасының жарлығында «Ерлігі үшін» медалімен – Пістаев Марат Құрманәліұлы (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің департамент бастығы), Түсімов Өмірзақ Төлеуұлы (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жол полициясы департаментінің бастығы) марапатталады (13, 33 б.).

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі. «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің, өзге әскерлері мен әскери құрамаларының  жоғары офицерлік құрамындағы тұлғалар, сондай-ақ прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының және Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің басшылық құрамындағы адамдар марапатталады:

  • әскери бөлімнің жауынгерлік міндетті табысты орындауына септігін тигізген ұрыс кезіндегі, сондай-ақ қылмысқа қарсы күрестегі білікті, бастамашылық және ерлік әрекеттері үшін;
  • мемлекеттік шекараны қорғау кезіндегі ерлігі үшін;

 — қызмет өткеру кезіндегі ерлігі үшін. Мәселен, «623 Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығында  «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен – Рахмешов Данияр Орынбайұлы (Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің офицері) марапатталады (13, 39 б.).

«Ерен еңбегі үшін» медалі. Бұл медальмен экономика, әлеуметтік сала, ғылым, мәдениет пен мемлекеттік қызмет кезінде еңбек жетістіктеріне қол жеткізген азаматтар марапатталады. Мәселен, «623 Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығында «Ерен еңбегі үшін» медалімен – Асқар Оразақын (ақын, Алматы қаласы), Айымбетов Әділбек (Қамыстыбас балық өсіру орнының директоры, Қызылорда облысының Арал қаласы), Мусина Марпуға Қасабекқызы («Қазақстан Халық Банкі» АҚ аймақтық филиалының директоры, Қарағанды облысының Жезқазған қаласы), Қуанышқали Хабибулла Жұмабекұлы (Атырау облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы) марапатталады (13, 45 б.).

«Шапағат» медалі. «Шапағат» медалімен қайырымдылық қызметі мен шапағаты үшін республика азаматтары марапатталады. Мәселен, «623 Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығында «Шапағат» медалімен – Шәріпова Сәуле Айтанқызы (Алматы қалалық № 5 балалар емханасының бас дәрігері), Ысқақова Жұмакүл Таңатарқызы (халықпен жұмыс істеу бойынша бөлімінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданы), Хасанғалиева Дорико Сопыжанқызы (Қазақстан Республикасы Қызыл жарты ай қоғамы филиалы – Алматы қалалық комитетінің төрайымы) марапатталады (12, 53 б.).

Қазақстан Республикасының ордендері мен медальдарының маңыздылығына байланысты реттегі заңда көрсетілген тәртіпте белгіленеді.

 

Қазақстан Республикасының құрметті атақтары

Қазақстан Республикасында мынадай құрметті атақтар белгіленіп, беріледі:

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, ғылым, мәдениет, өнер, өндіріс пен әлеуметтік сала өкілдеріне республикаға сіңірген еңбегі үшін беріледі. Мәселен, «623 Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығында «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» қызметті атағымен – Адамбаева Гүлнара Владимировна («Самұрық» қазіргі заманғы балетінің бас балетмейстері, Алматы қаласы), Омашев Намазалы (Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің проректоры, Алматы қаласы), Бейсембаева Үміт Мұқанқызы («Атамұра» корпорациясы ЖШС президенті, Алматы қаласы), Қирабаев Серік (әдеби сыншы, Алматы қаласы), Кәкішұлы Тұрсынбек (жазушы, Алматы қаласы), Молдахметов Өмірсерік Қанапияұлы (аймақтық диагностикалық орталығының директоры, Алматы қаласы) мараптталады (13, 57 б.).

«Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағы ғарышта ұшудың белгілеген бағдарламасын табысты орындаған, алдына қойылған ғылыми-техникалық, зерттеу және тәжірибе міндеттерін үлгілі түрде орындаған азаматтарға беріледі. Мәселен, «623 Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығында «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағымен Тоқтар Әубәкіров марапатталады.

Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған адамдарға белгіленген үлгідегі кеуде белгісі беріледі.

 

Көп балалы аналарға арналған марапат белгілері

 

Көп балалы аналарға арналған марапат белгілеріне жататындар:

«Алтын алқа». Бұл алқа он және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналарға беріледі.

«Алтын алқамен» марапаттау оныншы бала бір жасқа толғанда және осы ананың қалған балалары түгел тірі болған жағдайда өтеді.

«Алтын алқамен» марапаттау кезінде мына балалар да ескеріледі:

  • заңмен белгіленген тәртіпте анасы асырап алған балалар;

— Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғау кезінде немесе қызмет міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткен, табиғи апатта немесе адам өмірін немесе материалдық құндылықтарды сақтап қалу жөніндегі азаматтық борышын орындау кезінде, қылмысқа қарсы күресте және қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде, сондай-ақ көрсетілген жағдайларда жарақат алуы, зақым келуі немесе дертке шалдығуы немесе еңбекте зақымдануы немесе кәсіби ауру салдарынан қайтыс болған балалары.

«Күміс алқа». Бұл алқамен сегіз және тоғыз бала туып, тәрбиелеген аналар сегізінші бала бір жасқа толғанда және қалған балаларының бәрі тірі болған жағдайда мараптталады.

«Күміс алқамен» марапаттау кезінде заңның 28-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген балалар да ескеріледі.

 

Қазақстан Республикасының құрмет грамотасы

 

Қазақстан Республикасының құрмет грамотасымен экономика, әлеуметтік сала, ғылым, мәдениет, халық ағару ісінде, әскери және өзге де мемлекеттік қызметте елеулі жетістікке жеткен азаматтар марапатталады.

Құрмет грамотасы шығармашылық ұжымдарға олардың халықтар арасындағы мәдени байланыстарды, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізген гастроль сапарының қортындысына қарай берілуі мүмкін. Мәселен, «623 Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығында «Қазақстан Республикаысының құрмет грамотасымен»  — Әбуғалиева Күлжихан Күлшарипқызы (Орталық ғылыми кітапхананың директоры, Алматы қаласы), Архабаев Пердәлі Сейдахметұлы (Шиелі аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің директоры Қызылорда облысы), Қалымова Венера Қамысбайқызы (Қазақстан республикасы Әділет министрлігі тіркеу қызметі комитетінің тіркеу басқармасының бастығы), Едігин Қуанышбек Еламанұлы (ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қарағанды облысының Теміртау қаласы) марапатталады (13, 63 б.).

Қолданыстағы заңнамада ордендерді, медальдар мен юасқа да белгілерді тағып жүрудің тәртібі белгіленген. Мәселен, жоғары ерекшелік белгілері – «Алтын Қыран» ордені, Алтын жұлдыз кеуденің сол жағында ордендер мен  медальдардан жоғарырақ тағылады.  Құрметті атақ белгілері кеуденің оң жағына тағылады.

Қазақстан Республикасының ордендері мен медальдары кеуденің сол жағында, заңның 11 және 18-баптарында көрсетілген рет бойынша тағылады. Орден белгісі иық таспасына тағылатын жағдайда таспа оң жақ иық арқылы өтеді. Бұл орденнің жұлдызы кеуденің сол жағында ордендерден сол жаққа қарай орналастырылады. Марапатталған адамдар ордендер мен медальдардың орнына үлгідегі нышандарын тағып жүре алады.

Марапатталған адамның бұрынғы КСРО наградалары мен басқа мемлекеттердің наградалары болған ретте, КСРО және шетелдердің наградалары Қазақстан Республикасының марапат белгілерінен кейін, заңның 11 және 18-баптарында белгіленген рет бойынша тағылады. Мемлекеттік наградалар мен олармен марапатталған адамдардың белгілі мәртебесі бар, ол азаматтарды өмірі кезінде маральдық ынталандыру мен олар туралы естелікті мәңгі етуді белгілейді. Мемлекеттік наградалар мен марапатталған адамдарға қатысты қолданыстағы заңнаманы іске асырудың тәртібі мен нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі, министрліктері мен мемлекеттік камитеттері, басқа орталық және жергілікті атқарушы органдары белгілейді.

Қазақстан Респуликасының Үкіметі құратын Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабында азаматтарды жоғары марапат белгісімен, «Отан» орденімен немесе «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапаттау туралы жазба жасалады.

«Алтын алқамен» марапатталған көп балалы аналарға немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған аналарға белгіленген нормалар бойынша бірінші кезекте тұрғын-үй жай беріледі. Тұрғын-үй жайды ұстау және отбасы мүшелерін асырау үшін, сондай-ақ коммуналдық қызметке төлеу үшін арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

«Күміс алқамен» марапатталған көп балалы аналарға жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жеңілдіктер белгіленуі мүмкін.

Марапатталған азаматтардың және өлгенен кейін марапатталғандардың ордендері, медальдары мен Қазақстан Республикасының Құрметті атақтарына берілетін кеуде белгілері, сондай-ақ оларды марапаттау туралы құжаттары олардың отбасына естелік ретінде сақтауға беріледі.

Қайтыс болған адамның мұрагерлерінің келісімі бойынша оның наградалары мен марапаттау туралы құжаттары мұражайларға сақтау және көпшілікке көрсету үшін берілуі мүмкін.

Егер қайтыс болған адамның мұрагерлері болмаса, оның наградалары мен марапаттау туралы құжаттары Қазақстан Республикасының Президентіне қайтарылады.

Осы заң күшіне енгенге дейін «Отан», «Даңқ» ордендерімен марапатталған, жоғары марапат белгісі – «Халық Қаһарманы» атағына, Республиканың Құрметті атақтарына ие болған азаматтарға жергілікті өкілді органдар жергілікті бюджеттердің қаражат есебінен жеңілдік беруге құқылы. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Бүгінгі таңдағы, қазіргі қазақ фалеронимдерінің қалыптасуы – еліміздің тәуелсіздік туын желбіретіп, егеменді елдер қатарынан орын алып, дербес мемлекет ретінде Ата заңын шығарып Конституция қабылдаған күннен бастау алады.

Ең алдымен флеронимдердің шығу тарихына назар аударып, ең алғаш қайда, қашан, қалай пайда болғанына тоқталғанымыз жөн. Себебі, адамның ерекше сіңірген еңбегін елеп, мойындаудың белгісі болып табылаптын марапат белгілері көне заманда шыққан.

Марапаттау жүйелері алғаш рет антика дәуірінде Көне Грецияда фалералар мен лави өрмектері түрінде пайда болды. Алғашында естелік медальдар мрамордан, фарфордан, әйнектен және пластмассадан жасалған. Медальдар бір әйгілі оқиғаға байланысты шығыралатын, сурет бейнеленген, жазуы бар ерекше белгі болатын. Ертедегі Римде, Грецияда алғашында медальдар ретінде тиын ақшалар болды. ХІҮ ғасырда Италияда бұл ақшалар медальдар ретінде тиын ақшалар болды. ХҮІІІ ғасырда Ресейде 1700-1721 ж.ж. Солтүстік соғысқа, жеті жылдық соғысқа, Измайлды, Очаковты алғаны үшін медальдардың біраз түрі шығарылды. Столға қоятын естелікті медальдар әртүрлі материалдардан жасалатын болған.

Орденнің пайда болуы діни серілік (рыцарлық) Ливон, Тевтон ордендермен байланысты. Ордендермен марапатталғандар сері (рыцарь), ақсүйек (дворянин) дәрежесіне көтерілген. Ресейде 1698 жылы 1-ші ордені І Петр бекіткен. Ол қасиетті апостол Андрей Первозванный ордені.

КСРО-да 1-ші Қызыл Ту ордені, ол 1918 жылы 16-шы қыркүйекте бекітілген. Кеңес Одағы кезінде 21 орден болған, оның  5- і Ұлы Отан соғысына дейін 11-і Ұлы Отан соғысы кезінде шығарылған. Олардың 6-ы ІІ, ІІІ дәрежелі. Бірінші орден «Қызыл Жұлдыз» ордені 1924 жылы 1 тамызда белгіленген. 

Кеңес Одағы тұсында 40-тан аса медаль болған, оның 1-уі ІІІ дәрежелі, 7-уі Ұлы Отан соғысына дейін, 19-ы Ұлы Отан соғысы кезінде шығарылған. Бірінші медаль «ХХ лет РККА» (Жұмысшы, шаруа Қызыл армиясына 20 жыл) 1938 жылдың 24 қаңтарында белгіленген.

Қазақстанда жауынгерлік немесе өзге де ерекше еңбегі үшін берілетін құрметті мемлектеттік марапат белгілері Республика егемендік алғаннан кейін  белгіленді.

Марапат белгілерін беру жөніндегі мәселелерді реттейтін нормативтік актілер Қазақстан Республикасының 12.12. 1995 ж. № 2676 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» заңы, «Қазақстан Республикасындағы наградалар туралы ереже» болып табылады, ордендер мен медальдар, олардың мәртебесі мен жағдайы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрмет белгілері Қазақстан Ресупбликасы Президентінің 1994 жылғы 2-наурызындағы жарлығымен белгіленген.

Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасында мынадай мемлекеттік марапат белгілері бар, олар төмендегідей жіктеледі:

Жоғары дәрежелі ерекшелік белгілері.

 

«Алтын Қыран» орден жұлдызы

«Алтын Қыран» белгі ордені

«Халық Қаһарманы» алтын жұлдызы.

 

Ордендер

 

«Отан» ордені

І дәрежелі «Барыс» орден жұлдызы

ІІ дәрежелі «Барыс» белгі ордені

ІІІ дәрежелі «Барыс»  ордені

І дәрежелі «Даңқ» орден жұлдызы

І дәрежелі «Даңқ» белгі ордені

          ІІ дәрежелі «Даңқ» ордені

І дәрежелі «Айбын» ордені

ІІ дәрежелі «Айбын» ордені

ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені

«Парасат» ордені

І дәрежелі «Достық» орден жұлдызы

І дәрежелі «Достық» белгі ордені

ІІ дәрежелі «Достық» ордені

«Құрмет» ордені

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені

 

Медальдар

 

«Ерлігі үшін» медалі

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі

«Ерен еңбегі үшін» медалі

«Шарапат» медалі

 

Құрметті атақтар

 

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атақтар

«Қазақтанның ғарышкер ұшқышы» құрметті атақтар

 

Көп балалы аналарға арналған марапат белгілері

 

«Алтын алқа» алқа

«Күміс алқа» алқа

 

Қазақстан Республикасының құрмет грамотасы

Республикамызда жоғарыдағы мемлекеттік наградалардан басқа мерейтойлық және естелік медалдары бар. Олар мынадай болып бөлінеді:

«Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл мерейтой медалі»

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл мерейтой» медалі

«Тыңға 50 жыл» медалі

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі

«Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл» медалі

«Астана» медалі.

Жұмысымыздың 2-ші тарауы «Қазіргі қазақ фалеронимдерінің сипаты» деп аталады. Қазақ фалеронимдеріның сипаты әр тарауда өзінше өрнек табады. Мәселен, 1-ші тарауша «Қазіргі қазақ фалеронимдерінің құрылымы мен өзіндік ерекшелігі» деген тақырыпшада келеді. Онда қазіргі қазақ фалеронимдерінің құрылымы мен өзіндік ерекшелігі талданады. Қазақ фалеронимері жеке сөз түрінде, сөз тіркесі түрінде және сөйлем түрінде келеді. Грамматика салалары морфология мен синтаксис салаларында фалеронимдер құрылымы жағынан жан-жақты талданады.  Фалеронимдердің өзіндік ерекшелігіне тоқталғанда, жеке тұлғаның сіңірген еңбегінің дәрежесіне қарай фалеронимдер бір-бірінен ерекшеленетінін, яғни әр фалеронимнің өз орны мен қоғамда атқаратын қызметі, өз мәртебесіне қарай ерекшеленетінін және әр фалероним белгілеріндегі өздеріне тәне әрқайсысының өзінше бедерленген бейнесінің ерекшеліктерін көре аламыз.

Фалеронимдердің өзіндік ерекшеліктерін анықтағанда олардағы ұлттық-мәдени ерекшеліктерді айқын көруге болады. Әрбір фалеронимдердің атауының өзінде қазақ халқының болмысына тән, салт-сана, әдет-ғұрыппен байланысты ұлттық нақышта, ұлттық бояумен бедерленгенін анық байқаймыз.

Екінші тарауша Қазақ фалеронимдерінің атаулық табиғатына арналған. Халқымыз елі үшін еңіреген, Отаным деп, жерім деп аянбай ерлік жасаған, Қазақстанның болашағы мен бірлігі, ынтымағы берік болсын деп, перзенттік парызымен адал қызмет жасап жүрген барша Отандастарымыздың, бауырларымыздың, азаматтарымыздың сіңірген ерекше еңбектерін бағалап, оларға арнайы жасалынған мемлекеттік марапат  белгілерімен марапаттайды.

Мейлі орден атауы болсын, мейлі медаль атауы болсын бәрінің де үлкен ойтолқыға салынып, ұшқыр ойдың жемісінен пайда болғанын, халық таразысынан өткен мәнді, мағыналы атауыш сөздер екенін аңғарып отырмыз.

Қазақ фалеронимдерінің атаулық табиғатын қарастырғанда, жеке сөз түрінде келетін фалеронимдер мағынасы мен тіркесу байланыстарының себептерін, сөйлем түрінде кездесетін фалеронимнің мағынасы мен аталу себептеріне тоқталамыз. Мәселен, сөз тіркесі түрінде келіп байланысып атауыш мағына беріп тұрған «Алтын Қыран» фалеронимінің құрамындағы екі сөзді дербес алып қарасақ, мағыналары әр басқа. Бірақ бағалы металл алтын мен құстардың ішінде қырағылығымен, айлалығымен, қайраттылығымен ерекше бағаланатын қыранның тіркесу байланысының мәні өте жоғары екенін, ол белгімен марапатталатын тұлғаның да осал болмайтынын білуге болады.

Қазақ фалеронимдерінің қоғамдағы саяси қызметі мен мемлекеттік мәртебесінің алатын өз орны бар. Жалпы марапаттау, марапат белгілерінің қызметі ерекше. Халықты, елді Отаншылдық рухта тәрбиелеуге орсан зор үлес қосады. Ерен, ерекше сіңірген еңбектері бағаланып жатса, азаматтарымыздың мәртебесі жоғарылап, абыройы асқақтап, көңілдері бір көтеріліп қалады.

Үшінші тараушаның көтерген мәселесі, айтар ойы осыны айғақтайды.

Елмізідегі мемлекеттік марапат белгілерімен наградталған азаматтарымыздың қоғамдағы алар орны, мәртебесі жоғары болады. Мәселен, Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын Қазақстан Республикасының Даңқ кітабында азаматтарды жоғары марапат белгісімен «Отан» орденімен немесе «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапаттау туралы жазба жасалады.

«Алтын алқамен» марапатталған көп балалы аналар немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған аналарға белгіленген нормалар бойынша бірінші кезекте тұрғын үй-жай беріледі. Тұрғын үй-жайды ұстау және отбасы мүшелерін асырау үшін, сондай-ақ коммуналдық қызметке төлеу үшін арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. 

«Күміс алқамен» марапатталған көп балалы аналарға жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жеңілдіктер белгіленуі мүмкін.

Жұмысымыздың жалпы мазмұнын қортындылай келгенде, қазіргі қазақ фалеронимдерінің қлыптасуы мемлекетіміздің тәуелсіздік алып, егеменді ел болғанынан кейін бастау алды. Қазақ фалеронимдерінің қоғамда алатын орны ерекше. Мемлекетіміздің болашағы үшін азаматтарымызды отаншылдық рухта тәрбиелейді. Өзге елдердегідей, қазақ елінің ұлттық бояуы асқақ фалеронимдерінің елі үшін қасық қаны қалғанша күресетін, рухы басым ұлтшыл азаматтарымызды тәрбиелеп, ел мәртебесін көтеретініне сеніміміз зор.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Мемлекеттік марапаттар, медальдар мен ордендердің тарихынан // Мемлекеттік қызметінің анықтамалығы – 2004 — № 5 – 40-41 б.
  2. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. 5 том. Алматы, 2003. – 371, 681 б.
  3. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Білім баспасы, 2004. – 4 б.
  4. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. 1 том. Алматы, 2001 – 313-314 б.
  5. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. 3 том. Алматы, 2001 – 147, 281, 400 б.
  6. Мәдиева Г.Б., Иманбердиева С.Қ. Ономастика: зерттеу мәселелері. – Алматы: Тіл комитеті, 2004. – 124 б.
  7. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. 6 том. Алматы, 2001 – 195 б.
  8. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. 2 том. Алматы, 1999 – 159 б.
  9. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1978. – 394 б.
  10. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым баспасы, 1996. – 35-36 б.
  11. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. 4 том. Алматы, 2002 – 637-638 б.
  12. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары мен наградтау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы: 2004 жылғы 7 желтоқсан № 1487 // Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметіның актілер жинағы. – 2004. — № 49 – 4,8,21,30,37,42,53 б.
  13. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары мен наградтау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы: 2005 жылғы 7 қазан № 1487 // Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметіның актілер жинағы. – 2005. — № 45 – 5,27,33,39,45,57,63
  14. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары мен наградтау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы: 2004 жылғы 7 желтоқсан № 1487 // Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметіның актілер жинағы. – 2004. — № 49 – 4,8,21,30,37,42,53 б.
  15. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары мен наградтау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Заңы (ҚР 22.11.96 ж. № 46-1; 02.04.97 ж. № 88-1; 19.06.97 ж. № 134-1; 07.04.99 ж. № 374-1; 26.07.99 ж. № 462-1; 03.05.01 ж. № 180-11; 10.07.02 ж. № 338-11; 04.07.03 ж. № 473-11 Заңдарымен енгізілген өзгерістермен).

 

Пайдаланылған қосымша әдебиеттер тізімі:

 

  1. Джанузаков Т.Д. Очерк казахской ономастики. Алма-Ата, 1982.
  2. Жанұзақов Т. Қазақ тіліндегі жалқы есімдер. Алматы, 1965.
  3. Кривцов В.Д. Царские награды, знаки, жетоны и атрубутика. Каталог для коллекционеров. Москва, 1997-2000.
  4. Ордена и медали Союза ССР: [Альбом] – Москва: Известия, 1984.
  5. Қазақстан республикасының мемлекеттік наградалары мен наградтау туралы: [2001 ж. 10 желтоқсан № 737] // Алматы ақшамы. – 2001. – 13 желтоқсан. – 1,2, б.
  6. Қазақстан республикасының мемлекеттік наградалары // Қазақстан сарбазы – 2006 – 4 тамыз (№ 32) – 4 б.
  7. Ең көп орденді тұлғалар // Нұр-Астана – 2007. – 10-17 қаңтар (№2) – 6 б.
  8. Қазақстан республикасының мемлекеттік наградалары // Ұлан. – 2003. – 4 қараша. (№ 44) – 4 б.
  9. Шайменрденов Е. Государственные символы Республики Казахстан. – Алматы: Жеті жарғы, 2000. с. 51-54.