АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазіргі қазақ повесть — әңгімелеріндегі лиризм

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

Филология факультеті

Әдебиет теориясы  кафедрасы

 

 

 Қазіргі қазақ повесть-әңгімелеріндегі лиризм

 

                                    РЕФЕРАТ

 

Жұмыстың тақырыбы: Қазіргі қазақ повесть-әңгімелеріндегі лиризм

   

Жұмыстың көлемі:   бет.

 Бітіру жұмысының мазмұнын сипаттайтын кілт сөздер:   лиризм, психологизм, мінез, диалог, монолог, т.б.

 Жұмыстың әдістемесі: салыстырмалы талдау әдісі

Жұмыстың құрылымы:  Кіріспе, негізгі бөлім: екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен  тұрады.   

Жұмыстың мақсаты: Біз бұл жұмысымызда қазіргі қазақ прозасындағы лиризм,  психологизм көріністерін қарастырумен қатар, жалпы бүгінгі прозаның даму бағытына тоқталамыз. Қазіргі қазақ прозасында айқын  қолтаңбасымен сипатталған  қаламгерлердің шығармашылығы арқылы  лиризм, психологизм, мінез мәселелері дараланып көрінеді.

Жұмыстың міндеті:    Соңғы кезде қазақ әдебиетін әлемдік әдебиетте орын алған көркемдік құбылыстар мен эстетикалық жүйелер аясында қарастыру басталып келеді. Бітіру жұмында қазіргі прозада өз шығармашылымен танылып жүрген Т.Нұрмағамбетов, Қ.Түменбай, Т.Ахметжан,  А.Алтай шығармаларындағы лиризм, психологизм мәселелері белгілі бір зерттеу еңбектеріне сүйене отырып, жан-жақты қарастырылады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Зерттеуге алынып отырған тақырып жөнінде  қарастырушылар болғанымен, бұған дейінгі бітіру жұмыстарында айтыла қойған жоқ. Яғни, қазіргі қазақ прозасындағы лиризм,  психологизм мәселелері алғаш рет жүйелі түрде ғылыми негізделуі жұмыстың ғылыми жаңалығының бір дәлелі. Сонымен қатар, әр жазушының стиліне, оның қазіргі қазақ прозасына әкелген жаңалықтары сөз болады.

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе

 

I тарау. Лиризм және психологизм

1.1. Т.Ахметжан шығармаларындағы лиризм.

1.2. А.Алтай  повестеріндегі психологизмнің берілу әдістері

 

II тарау. Лиризм және мінез

2.1. Т.Нұрмағамбетов әңгімелеріндегі мінез ерекшеліктері.

2.2. Қ.Түменбай прозасындағы ұлттық рух.

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 КІРІСПЕ

 

ХХ ғасыр соңы адам, қоғам санасына өзгерістер, берекесіздік әкелуімен ерекшеленеді. Қоғамдық құрылыстың өзгеруіне байланысты, бұрынғы сана мен бұрынғы идеалдар жойылып, жеке сана пайда болды. Осының нәтижесінде ХХ ғасыр плюрализмі әдебиетте де көрініп, бір-біріне ұқсамайтын жазушылар шығармашылығы дүниеге келді. Бұрыннан жазып жүрген қаламгерлер қазіргі әдебиетте де көрініп, бір-біріне ұқсамайтын жазушылар шығармашылығы дүниеге келді. Бұрыннан жазып жүрген қаламгерлер мен әдебиетке жаңа келген жазушылар арасында түсініспеушілік пайда болды. Тіпті тұстас суреткерлер де бір-бірінің шығармашылығын түсінбейді. Өйткені әр жазушы өз шығармасында өз дүнетанымын бейнелейді, өз қабылдауын береді. Әдебиет – идеология құралы емес, жеке тұлғаның өз-өзін таныту құралына айналды.

Әрбір суреткер әдебиет арқылы өз бойындағы энергиясын шығаруға машықтанды. Көп жазушылар оқырман қабылдауымен санаспайды. Олар үшін тек субьективті дүниетанымын суреттеу ғана маңызды болды. Не болмаса, шығарма терең ойлы, ерекше саналы оқырманға лайықталады. Әдебиет қоғамдағы өзгерістерді жіті бақылап отыр, әйтсе де сол құбылыстарға ілесе алмай қалатын кездер де байқалады.

  Әдебиеттануда көркемдік әдістер алмасуы әр кезеңде түрлі көзқарастар тұрғысынан көп рет талқыға түскен еді. Негізгі жетекші әдістер реализм мен романтизм деп, ал модернистік жүйе әдістері керітартпа, декаденттік әдістер ретінде түсіндіріліп келді. Тіпті, әлемдік әдебиет пен өнер тарихы «реалистік өнердің пайда болу, қалыптасу, даму және антиреалистік ағымдармен күрес тарихы» ретінде қарастырылды. Шын мәнінде шығармашылық әдіс суреткердің шындыққа қатысымен анықталатыны белгілі.                            

Әдебиет жазушы еңбегі арқылы жасалса, жанр да, кезі келгенде сөз  суреткерлерінің ізденістерінен туады.  Барлық жанрлар да өздерін қызықтырған нәрсені жалаң оқиғалар тізбегімен дәлелдей салмай, образ арқылы көрсетеді, бейнелейді, суреттейді. Суреттеу, дәлелдеу арқылы өздерін тебіренткен, толқытқан жайдың сырын ашып, жазушы жанрды  идеялық ой жеткізуге тәсіл, амал есебінде пайдаланады.Қалаған жанрды таңдауға жазушы ерікті, ықтиярлы.

  Көркем прозаға қатысты көрікті ой мен кешелі табиғатты толыққанды танып, көңіл көрігіне суара білетін сөз зергері жазар әлемін әдбен зерттеп, зерделеп, иін қандырып, илеуін пісірмей, тақырыбына тағдырын танып, табиғатын түгендемей, тәуекелге бармайды.Орнықсыз ой балалатып, орынсыз күшену, кейіпкерін тізелетіп тезге салу, жалған, жылтыр сөйлеу жазушыға жат.

 «Кез келген жазушы психолог бола білуі керек. Ол кейіпкерлердің типтік характерін суреттеп қана қоймай, сол характердің бұлттартпай сендіретін психологиялық мотивировкасын көрсете білген жөн» /1,42/. Демек, әр жазушы үшін кейіпкер жанындағы психологиялық нәзік те сырлы әрі күрделі құбылыстарды аша отырып, характер логикасына сай келетін шешімдер табу басты мақсаттың бірі болуға тиіс, кейіпкердің характері сонда ғана жан – жақты ашылады. Қазіргі әңгіме, повесть, роман болсын олардың бір ерекшелігі кейіпкер саны аз болып келеді. Сондай – ақ, алдымен монологқа құрылады да диалогқа ұласады. (Бұл ойымызды алдағы мысалдарда дәлелдейміз). Терең психологизм дәлдігі, сенімділігі үшін монолог қандай қызмет атқарса, диалогтың да идеялық – көркемдік орны сондай үлкен.

  Жалпы прозаның көркемдік сапасы, идеялық мазмны қоғамдық әлеуметтік мәні бар күрделі, қомақты шындықтарды көтеріп, соған байланысты философиялық тың ойлар түйіндеумен өлшеніп таразыланады.

Біз қарастырғалы отырған жазушылардың прозасында жекелеген адамдар тағдыры суреттелініп, бүкіл әлеуметтік өмірдің күнгейі мен көлеңкесіне, даму барысына, жалпы моральдық болмысына философиялық тұрғыда талдаулар жасалынады. Әрине, әлеуметтік шындықты көркемдік шындыққа айналдыруда жазушыға ең қажетті фактордың бірі – суреткерлік екеніне көз жеткіземіз.

Шындығында, көркемөнердің өзі адам көңіл-күйі, ой-қиялы мен қоғамдағы тарихи-әлеуметтік, эстетикалық алғышарттардың бірлігінен өрістегенін жадымызда ұстасақ, “ХІҮ ғасырдың аяғы мен ХҮ ғасырдың басында жазушылардың назарында адамның кейбір пихологиялық жағдайлары, сезімдері, сыртқы әлем құбылыстарына орай эмоционалдық үн қосу сәттері түсті. Бірақ, бұл сезімдер, адам жанының жекелеген шақтары характер болып тұтаспайды”, — деген Д.С.Лихачев тұжырымына ден қою дұрыс. Демек, лиризм мен психологизмнің де негізгі көзі – авторлық экспрессияның идеялық-көркемдік генезисі тереңде жатыр. Бүкіл факторлардың айшықты поэтикалық жүйесі ақын-жыраулардың оттты пафосқа құрылған романтикалық поэзиясы және заманның асқақ идеяларын барынша шынайы әрі мол оптимизм, нақты гуманизммен бейнелеу талаптарынан туған жаңа әдебиеттің лейтмотивіне лирика нақыштары жат элемент болып табылмайды.

Л.И.Залесская  кеңес әдебиетінде: “Қаһармандық-романтикалық, алайда типтік характерлер ерекше тосын болғанмен, өмірлік, типтік ахуалдарда ашылатынын” айта келіп, дербес поэтикасына қарамастан, романтизм   реализмнің бір стильдік қанатына жатаныны туралы бір пікірге келеді. Осы ретте кейбір мағыналық ұғымдарды анықтап алу үшін ақиқатқа жақын паймдауларға жүгінеміз. “Романтизм қашанда лирикалық табиғатқа ие. Әйтсе де, лирикалық әуенділік шығарманың романтикалық сипатына дәлел емес. Лирикалық өнер әрі реалистік негіздерде өмір сүреді”, — дейтін С.А.Липин лиризмнің белгілі бір көркемдік әдістер мен бағыттарға тәуелсіздігін, психологизм сияқты әдебиеттің “тектік” қасиетіне бейім екенін аңғартады /2.162/.Майтанов.

Адамның мінез – қырларын белгілі бір сәттердегі сезім – күйлерін тапқыр әрі ұтымды, қысқа да мағыналы бейнелеуде диалог ерекше тєсіл. Яғни, автор кейіпкер характерін ашу үшін диалогті қолданады. Әрине кейіпкердің іс — єрекетімен сөйлер сөзінде тамырластық болу шарт. Әдебиет зерттеушісі М.Базарбаев: «Тіл көркемдігінің бір байқалар тұсы диалог пен монолог құруда. Мұнда шеберлік керек – ақ. Өйткені диалог адам мінездерін ашуға бірден – бір қолайлы форма» /3,53/,- деп атап өтеді. Жалпы кейіпкердің сөзі өмірдегі ауызекі тілге мейлінше жақын болып келеді. Әрине, көркем диалог пен ауызекі әңгімелесу тілі толық сай келуі мүмкінде емес. Сөзі өмірдегі ауызекі тілге мейлінше жақын болып келеді. Әрине, көркем диалог пен ауызекі әңгімелесу тілі толық сай келуі мүмкінде емес. Бұл орайда орыс ғалымы Р.Будагов көркем диалогтың ауызекі тілден төрт түрлі айырмашылығы бар екенін көрсетеді.

1.Көркем диалог белгілі бір дєрежеде созылыңқы болып келеді, өмірдегі диалог үшін бұл міндетті емес.

         2.Автор көркем диалогты алдын – ала ойластырып алады, табиғи диалогта сөйлеуші оны ойластырып жатпайды.

        3.Көркем диалог – оқиғаны дамытып, оның алға жылжуына қызмет етеді, оның барлық элементтері өзара тығыз байланысты, бұл да өмірдегі диалог үшін міндетті емес.

  1. Көркем текстегі диалог уақыттың, ырғақ пен қарқынның ережелеріне бағынады. Бұларсыз көркем мәтін болмайды.

Кейіпкер сөзінің тағы бір ерекшелігі туралы Л.Тимофеев: «Кейіпкерлердің өз мінездерінің ерекшеліктеріне жауап беретін, оның мәдени өресін, психологиялық қырларын, жан – дүниесінің жағдайын білдіретін өзіне ғана тірі адам тәрізді әсер етпек» /4,31/ — дейді. Демек, диалогтан кейіпкер ерекшелігі моральдық – этикалық қасиеті, мінез – құлқы, танымы, рухани дүниесі, психикасы, бір сөзбен айтқанда өзіндік болмысы, характері көрінеді. Түйіндеп айтқанда —  шығармадағы шешуші сәттің бірі диалог құру. Диалог арқылы да кейіпкер психологиясын көрсете алады.

Әдебиеттегі психологизм дегеніміз – кейіпкердің ойы мен іс-әрекетінің кереғарлығы, сана қақтығысынан тұратын ерекше көркемдік жүйе. “Алайда осы жерде ескерер бір жәйт — әдеби психологизмде автор мен кейіпкердің ой-толғаныстары мен ой ағымдары, сана қақтығыстары қайшылыққа толы болса да жүйеліліктің сақталатындығы, ал модернистік бағыттағы жазушылар пір тұтатын « сана тасқынында» жүйеліліктің ауылы алыс екендігі” /5,74/. 

Біз бұл жұмысымызда қазіргі кездегі прозадағы лиризмнің, психологизмнің көріністерін нақтырақ айтқанда – монолог, диалог, түс көру, заттық әлем тұрғысынан талдап қарастыруды мақсат еттік.

Қазіргі қазақ прозасының өкілдерінің нақты бір бағыт ұстанып, мектепке бірікпеуінің тарихи астарлы себептері де бар. ХХ ғасырдың соңы – қандай да бір қоғамдық құрылымдар жойылып, ортақ идеялардан бас тарту заманы болды. Бірнеше адамның бір идеяны ұстануы сирек кездесетін құбылысқа айналды. Әр жазушы аласапыран дүниеден шындықты өзі ғана іздейді, әрі соны жалғыз ақиқат деп дәлелдеуге тырысады. Жазушылар әр қайсысы өз субьективті пікірін ұстанады, өз дүниетанымын өзгелерге танытуға ұмтылады. Сонымен қатар, әлемдік сананың өзгеруі жаңа дүниетанымға негіз болды., жаңа кейіпкер типін жасауға, сол кейіпкер бойына көбіне өз субьективті қабылдаулары мен түсініктерін дарытуға әкеп соқты.

Көркемдік дәстүрге жаңа көзқарас пайда болды. Бұрынырақта айтылған шығармаларға, сол шығармалардағы әлем модуліне, кейіпкер типіне жөнді-жөнсіз сын пікірлер айтыла бастады. Алдыңғы буын әдебиетін мойындамайтын жас толқын мен өзінен кейінгілерді түсінбейтін ағалар, бір-бірін ұқпайтын тұстастар – қазіргі әдеби процесті осылай деп сипаттауға болады.

Дегенмен де, қазіргі қазақ прозасында көркемдік ізденістер жоқ емес. Бүгінгі таңда бұрынғы барлық әдістердің танымдыќ тұрғылары бірге көрінуде. Көркемдік танымның жалпы предметі болып табылатын субьект пен обьект қарым – қатынасы әр дєуірде әр түрлі болған. Орта ғасырлық діни өнері негізгі таным обьектісі етіп адам мен құдай арасындағы, Ќайта өркендеу дәуірі өнері – адам мен табиғат арасындағы, 20 – ғасырдағы сыншыл реализм ең алдымен тұлға мен қоғам арасындағы қарым – қатынасты алып отырса, романтиктер танымдық ізденістерін рухани – ұждандық қатынас аясына, ал натуралистер адам санасы мен єрекетініњ биологиялық алғышарттары саласына бағыттап отырған.

     Модернизмде екі басты танымдық бағытта ажыратуға болады: оның бірі өнердің кейде қалыпты, кейде патологиялық типтегі индивидуальды психология микрокосымына сараптай отырып енуінен көрінеді (мысалы, психоаналитикалық романында), ал екіншісі макрокосондық масштабтағы жалпы заңдылықтарды ұғынуға ұмтылады. Көркемдік таным мен шығармашылық әдіс арасындағы байланыстың бір саласы осындай.

Осы танымдығы бағыттар қазіргі қазақ прозасында көркем синтезбен көрінеді. Ал ең басты қатынас – адамның өз — өзімен, ішкі «менімен» қатынасы. Қазіргі кейіпкер типтері – бәрімен келісе бермейтін, бәрін қабылдай алмайтын адам және ештеңемен, тіпті өз — өзімен де келісімге келе алмайтын адам.

Қазіргі кейіпкер қоршаған әлемге салғырт қарай алмайды, ол бәрін де өз бойынан өткізеді. Сыртқы дүниеде болып жатқан өзгерістер кейіпкер санасына керемет әсер етеді, әрбір құбылысқа кейіпкер санасы сезімдік импульстармен жауап береді. Т.Нұрмағамбетов, С.Елубаев, М. Байғұтов, А.Асқар, Р.Мұқанова,  Д.Амантай,  А.Кемелбаева,  Т.Ахметжан,  Қ.Түменбай, Қ.Жиенбай, Ж.Қорғасбек, Ә.Асқар, К.Құдабаева,   т.б. шығармашылығындағы қазіргі қазақ прозасы осы арнада дамып келеді. Бұл жазушылар үшін ең бастысы – ой қозғалысы, психологиялық күйлер ауысуымен біздің замандасымыз алдында тұрған ең маңызды мәселелерді ашып, анықтау.

«Қазіргі қазақ прозасын саралау ол өз бейнелілігінің түптамырына барып қана қоймай, кері байланыс та болуы мүмкін екенін мойындауға мүмкіндік береді: көркем түсініктерді жања бояулармен жаңартып, кең көлемді метафоралар қалыптастырып, қазіргі прозаның бейнелік қорын ғана емес, оның потенцалды жанрлық – стильдік арсеналында кеңейте отырып, бейнеліліктің бастапқы архетиптері актуальданады» /6,23/.

 

 

І ТАРАУ. ЛИРИЗМ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЗМ

 

Жазушы ізденістері, жаңашыл мазмұнды форма көркем  әдебиеттің өміршеңдігіне қажетті басты шарт болғандықтан, әрбір кезеңдегі тұтас әдеби ағым немесе жекелеген қаламгерлер стиліндегі соны қасиеттер әдебиет сыны мен ғылымын бірдей қатр толғандырмақ. Әдеби  процестегі сан алуан тың сипаттар мен тенденцияларды алдымен аңғарушы  сынның өзін-өзі қайталай беретін тұстары, бастаған ісін аяқсыз қалдыратының да таңқаларлық емес. Алайда ол бекерге сөз бастамасы және айтқанын кездейсоқ доғара салғаны емес. Бұл өзгерістердің барлығына дирижерлық еететін таяқша — әдебиетте.

  Елуінші жылдардың соңы мен жетпісінші жылдардың бірінші жартысына дейін көп әңгімеге тиек болғанмен, қазірде уақытша болса да ұмытылған тәрізді тақырыптың бірі – прозадағы лиризм. Кеңес әдебиетінде Ольга Бергольцтің “Күндізгі жұлдыздар”, Владимир Солоухиннің “Владимир соқпақтары” атты кітаптарына  байланысты туып, тез өрбіп, стильдік ағым, яки жанрға негіз салған күрделі құбылыстың бұрынғыдай қызу таласқа бұйда беормеуінде табиғи заңдылық бар. Өйткені, біз бүгінгі прозадан лиризм құбылыстарын жиі кездестіргенмен, аталған дәуірдегі “лирикалық прозаны” мезгіл архивіне сақтай тұруға қойдық.

Көркем шығарманың белгілі бір әдісте жазылуы дүниетаным мен стильдік факторлардың тығыз байланысымен анықталса, оған хас лиризм өрнектері ең алдымен, стильдік, жанрлық және қаламгерлік мақсаттар тәрізді неғұрлым ішкі себептермен тамырлас. Әрине, бұл компоненттің кең мағынада алғанда, объективті болмысы да сақталар еді. Асылы лирика өнер иесінің қоғамдық  және интимдік шындықтарға өз көзқарасын ашық білдіруді, эпикалық тәсілге тән пластикалық бейнелеу құдіретінен басқаша, психологиялық суреттеу амалдарынан өрбиді. Алайда, психологизм мен лиризм өзара туыс, етене жақын құбылыстар болғанымен, біріншісінде мейлінше терең аналитикалық рух басты атрибутқа айналуы арқылы оны негізгі желі етіп алатын жазушы назарының әралуандығы, шығарманың баяндаушылық образдық жүйесіндегі қамту ауқымждылығы нәтижесінде соңғысынан (лиризмнен) молырақ ұғым туғызады. Бұдан кейінгі көркемдік-эстетикалық принциптің ішкі мүмкіндігі аз деген теріс пікір тумаса керек. Кейде автор үшін көркемдік-философиялық талдау сфераларының шекутеулілігі қажетті шарт болып, өмір шындығын лирикалық планда жеткізу амалы жаңашыл дәстүрге айналары рас. Мәселен, зерттеуші Б.А.Ахундов: “ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы шұғыл әлеуметтік қадамдар шындықтың тек эпикалық кең картинасын ғана емес, өзгермелі дәуірдің эмоционалдық атмосферасын бере алатын лирикалық баяндауларды да қажетсінеді. Лирикалық романда идеялық салмақ ”эпикалық“ емес,  лирикалық  бөлімге, яғни, кейіпкер істері мен әрекеттерін сипаттауға емес, оның толғаныс, әсерлену, сыр ашу сәттеріне түседі”“, — деп жазады. А.П.Чеховтың лирикалық проза мүмкіндіктерін танытушы ұлы қаламгерлердің бірі ретінде әдетте бірауыздан мақұлданатын қатал реалистік өнерінің тұла бойына лиризм шуағын жарасымды жинақтай білгені – басы ашық тартымды факт.

Нағыз реалистік лиризм орыс әдебиетінде И.С.Тургенев, Н. Короленко, И.А.Бунин сияқты саңлақтар шығармашылығында өзгеше стильдік бедер танытқаны мәлім. К.Паустовский табиғат және адам сұлулығын ерекше нәзіктікпен мөлдірете суреттеуде романтикалық лиризм оңтайлығын дәлелдеді. Осынау жемісті бағдар айшықтарын М.Әуезов, С.Сейфуллин, Ғ.Мүсірепов, Т.Ахтанов, Ә.Нұршайықов, Т.Әлімқұлов, Ә.Әлімжанов тәрізді қазақ қаламгерлері де орнымен пайдалана білгені аян. Барлық көркемдік-эстетикалық көріністерінде де лиризм психологизмнің, психологизм лиризмнің ажырамас өрімі ретінде стиль түзушілік қызмет атқарысты. Анығына барғанда, лиризм жазушы субъектісімен тамырлас та, психологизм сан алуан антипод қаһармандар танымы, жан әлемі танылатын объективті ақиқаттарға баяндаушылық аялармен жол салады.

Қаламгердің шын жан сыры халық жүрегінен орын  табуы үшін ол әңгіме, көңіл-күйдің, ой-арманның гуманистік, интернационалдық сипаттары болмыс болары хақ. Себебі, лиризм “оқушының интеллектуалды-эмоционалдық сергектігіне сенімнен” (Е.Горбунова) қуат алады. Сондықтан да, ғалымдар лирикалық  прозадағы басты шеберлік кілті суреткердің дара өмірбаяны мен уақыттың күрделі тарихи-қоғамдық, рухани құбылыстары терең байланыстырылып, өмір шындығының қызғылықты бейнеленуінде деп ұғады.

Орыс әдебиетіндегі лиризмнің кең өрістеу кезеңі  елуінші жылдардың екінші жартысынан күні бүгінге дейін алуан таластарға өзек болып келе жатқан, шартты түрде “деревнялық проза” аталатын ағыммен тұспа-тұс шықты. Айтылмыш атаумен М.Слуцкис, Ю.Бондарев, Ю.Казаков, Ф.Абрамов, Е.Дорош, В.Бубнис сияқты ірі қаламгерлердің есімімен байланыстырылды. Оның заңдылығы көп жағдайда жазушының ішкі сезім толғаныстары туған жер, өскен орта тіршілігімен бетпе-бет ұшырасу сәттерінде қанат жаюында жатса керек.

Бұл ыңғаймен келгенде, негізінен ауыл тұрмысы, бір кездегі балалық шағы мен артта қалған аяулы мекен жайлы  жан-жақты көңіл-күй әуендерін толғайтын қазақ прозаиктерінің де қалыс қалар  реті жоқ еді. Жоғарыдағы дәуірде жарияланған туындылардың көбінде жалпыодақтық әдебиеттегі бағдарға сай адамгершілік, ар-ождан мәселелері дайым көне салт, дәстүрге мән бюермей, өмірдегі жаңаға оның шын парқын айырмай, ес-түссіз құмартатындығы үшін сыналуға лайық қала мен ата-бабалар, халықтың асыл мирасын, әдебін әлі де шын жүректен әлпештейтін ел адамдарының ара-қатынасы, көзқарастар шарпысуы арқылы пайымдалды. Бір себептен лиризмның мазмұндық-идеялық төркіні осынау сағыныштан, аңсау, адалдық тазалық, жақсы мұраттарды алыс естеліекьтерден іздеп, өткенді бағалау сарындарымен тамырлас шыққан сияқты.

Қаламгерлердің шартарап ізденістері лирикалық прозаның композициясына  өзгерістер енгізуге итермеледі және ол қадамдар ежелні озық әдеби үрдістерді өнерпаздықпен пайдалана білуге жетеледі. Мысалы, Прибалтика әдебиетінде шағын новеллалар құрылымына “ассоциативтік пен метафоралық” (А.Бучис) сипаттар дендеп енді.

Мұндай құбылыс қазақ әдебиетінде де мол байқалады. Фольклорлық сарындар, тарих пен бүгінгі таң оқиғаларын салыстыра бейнелеу, көне аңыз, әңгімиелерде түйінделген өмір ақиқаттарына қазіргі шындықтан үндестік іздеу арқылы психологиялық танымдыққа қол арту – прозаның барлық жанрларында бел алған стильдік тенденция. Ал, әсіресе, жетпісінші жылдары С.Мұратбеков туындылары, Ә.Кекілбаевтың “Бір шөкім бұлт”, Т.Жармағамбетолвтың “Нәзік бұлттар”, Н.Ғабдуллиннің “Өмір, қымбатсың маған”, Ә.Сараевтың “Қараша өткен соң”, “Тырналар жоғары ұшқан жыл”, Қ.Ысқақовтың “Қоңыр күз еді”, “Ананың ақ сүті”, О.Бөкейдің “Сарыарқаның жаңбыры”, “Іңкәр”, Б.Соқпақбаевтың “Өлгендер қайтып келмейді”, Т.Әбдіковтың “Күзгі жапырақтар”, “Оралу”, Т.Ахтановттың “Махаббат мұңы” атты туындылары осы адам жан сырын ізгі мұраттар жолындағы өрлеу сұлулығымен суреттейтін нәзік күйлі арнаның өрістей  түскенін айғақтайды /7.175/.

Ал қазіргі қазақ прозасында жемісті еңбек етіп жүрген, бүгінгі біздің бітіру жұмысымыздың негізгі өзегі болып отырған қаламгерлер  —  Тынымбай нұрмағамбетов, Талаптан Ахметжан, Қуандық Түменбай, Асқар Алтай  шығармашылығында да лиризм элементтері байқалады.   

Қазақ әдебиеті қалыптасқан, өзінің дәстүрі, шыққан биігі бар жанр. Қазақ прозасындағы әңгіме жанрының өзі бүгінде сан жағынан да, сапа жағынан да кемелдене, толыса түсті. Қоғамдағы жаңалықтарды жіті бақылап, оларды көркемдік кестесіне түсіре бастады. Алайда өмір тереңіне, қайшылықтарына бойлау, олардың ерекшеліктерін дәл басып бейнелеу оңайға соққан жоқ. Өйткені көркем шығарма, оның ішінде әңгіме жанры да өмір шындығын қалай болса солай, талғамсыз тізбектей бермейді, қоғамдық — әлеуметтік орта шындығына сай, жинақтап характер арқылы сомдайды. Характер жоқ жерде тарихи орта, әлеуметтік жағдай шындығы көрінбейді.

Әңгіме жайында әңгімеге көшсек “Әңгіме––оқиғасы  баяндап айтуға негізделетін, қара сөзбен жазылған шағын көркем шыѓарма. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері алдымен оқиғаны баяндау тєсілі, композициялық, сюжеттік құрылымы, кейіпкер жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіме әдетте бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оќиғаға айтылады (8,89). Сондықтан Тургеневтің, А.Толстойдың, Чеховтың, Майлиннің, Ғ.Мүсіреповтың әңгімелері классикалық үлгілер болып табылады.

Әңгіме жазу оңай емес. Әңгіме жазудың екі түрлі ерекшілігі бар. Біріншіден, қысқа жазылу керек, екіншіден, шебер жазылуы қажет. Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты.

“Ол––бес жүз беттік роман емес: көлемі бес-ақ бет болуы мүмкін. Оны оқып шығу үшін бір жеті керек емес, бір-ақ сағат жетуі мүмкін. Жұмыстан бос, демалыс сағаттарыңызда қолыңызға алып, қызыға оқып, қызғана қадалып, көз ала алмай, толқына тебіреніп отыру қандай рақат!” (9,72).

Ал мұншалық қысқа мерзімді оқырманға қыруар эстетикалық ләззат беру тек шебер жазушыныњ ғана қолынан келеді. Бес-он бет қана кішкене шығарма көлемінде үлкен өмірдің бір бөлегін жарқ еткізіп жайып тастап, оқырман алдына қилы-қилы мінездің адамын жетелеп әкеп, жақсысына сүйсінтіп, жаманынан түңілтіп отыру––ірі шеберлік.

Әңгімеге қатысатын кейіпкерлер де көп болмайды. Сюжет желісі бір арналы, ширақ келіп, таќырыбы мен идеясы айқын болады. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәптіштеп баяндауға, ұзақ-сонар суреттеме беріп жатпайды. Бір оқиға тартыс-қақтығысты бейнелеумен кейіпкерлердің мінез-тұлғасы толық, айқын көрініс тауып, маңызды ой-түйіндер жасалуы қажет. “Әңгіме жанры сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді” (10.73).

Әңгіме—қысқа новелладан көрі сюжет арқауы қиындау құрылатын, өмір құбылыстарын ықшамдап түйгенімен, оған терең мағыналы идея сыйғызып, болмысты сәл өрнектеп, сатылатып дамытатын, өте елгезек, икемді форма. Әңгіме де очерк пен новелла тәрізді өмірдің шұңыл-шұңғылына үнемі барлау жасайды. Көбінесе адамның басынан кешкен суреттеуге әбден тұратын жеке жағдайын сөз етеді. Негізгі мақсаты бір ғана мәселенің бірер ғана кейіпкердің төңірегіне бағыныңқы болады. Әңгіме жанрының өзіне тән басты қиыншылығы сол, ол қашан да қиыннан қиыстырылып, қысқа жазылады.

Повеске қарағанда әңгіме өмір құбылысын өте тар шеңберде, өз бойына шақ мөлшерде, икемдеп алады. Яғни, күрделі бір ғана сәтке негізделеді.

Адам характеріне сайып келгенде, екі жақты процесс ықпал етеді: біріншісі – кейіпкер әлемінде, ой – сезім дүниесінде сол кейіпкер өмір сүріп отырған заманның әлеуметтік проблемалары, екіншісі – ар – инабаттылық, құлықтың проблемалары /11,8/. Тұлғаның рухани адамгершілік әлемі, оның әлеуметтік жағдайы, философиялық – құлықтық, әлеуметтік мәселелеріне жауап беру қазіргі қазақ әңгімесінің тақырыптық идеялық ерекшеліктерін құрайды.

Негізінен әдебиеттегі психологизмнің мақсаты әдебиеттанушы Б.Ыбыраймовтың айтуынша – оқырманды мүмкіндігінше терең толғандыру, оның жан жүрегіне неғұрлым күштірек әсер етіп сол арқылы тәрбиелеу.

Жалпы, жазушы стилінің бір ерекшелігі – кейіпкердің ұзақ сонар өмір тарихын баяндамайды. Қайта адамдар арасындағы қарым – қатынасты белгілі бір сәт арқылы ғана ашып отырады.

 

  • Талаптан Ахметжан прозасындағы лиризмнің көрінісі.

 

 Осы орайда қазақ прозасында өзіндік қолтаңбасын қалыптастыра бастаған жас жазушы Т.Ахметжанның  шығармашылығындағы лиризм мәселесіне  кеңірек тоқталуды жөн көрдік. Қазақстан Жастар одағы және Қазақстан Жазушылар Одағы О.Бөкей атындағы сыйлықтардың лауреаты талаптан Ахметжанның көпшілікке танымал жинағы “О дүниенің қонағы” деп аталады. Бұл жинаққа негізінен оқырмандар жылы қабылдаған “Сұлу мен суретші”, “Тозақ оты”, “Айсәуле” тәрізді хикаяттары мен “Шәрбат”, “Тұма”, “Күнәһар”, “Айқасқа”, “Тергеу”  секілді бірқатар әңгімелері мен тың туындылары енген. Талаптан Ахметжанның кейіпкерлері – кейде өз ой-сезіміне өзі қарама-қарсы келіп  қалатын күрделі тағдыр иелері. Автор өз кейіпкерлерінің жан дүниесін үлкен психологиялық қақтығыстар үстінде ашуға ден қойған. Ортақ тақырыбы – махаббат, тазалық, мейірбандық. Қай жағынан келсек те, Т.Ахметжанның  шығармалары арқылы оқырманды тазалыққа, адалдыққа үгіттеп отыратыны айқын. 

Т.Ахметжан прозасының өзіне ғана тән ішкі үні, ішкі музыкасы бар. Асықпай, аптықпай, жұп – жұмсақ қоңыр үнмен көкірегіңе сәуле құяды. Өмірдің өзінен, қарапайым тірліктің ұйтқысынан ой іздейді.

  «Тұма» әңгімесінде жоғары оқу орнын тәмәмдап келген жас маман Нұртас тұрмыс – тауқыметімен бетпе – бет ұшырасады. Мамандығы инженер болса да жаны ақын Нұртастың көңілі көп нәрсеге толмайды. Арыны басылмаған арманшыл жігіттің көңілін тоқтап тұрған зауыттың мүшкіл халі мен енжар жандардың бойкүйездігі, баспанассыз жүрген өзінің отбасы титықтатады. Пәтерсіз жүрген жас маман сең соққан балықтай күй кешеді. Осы тұстағы жұбайы Қарлығаш екеуінің диалогы өте нанымды:

              — «Көрші келіншек көшкелі жатыр екен, — дейді сөз арасында Раушан.

              — Қайда? – дей салды немқұрайлы.

    — Северге. Якутияға. Күйеуі алдын – ала барып үй алып, енді жанұясын  көшіріп алуға келіпті.

    — Ұнаған ғой тегі.

              — Ұнаса ұнаған шығар.

              — Келіншегі қылт ете қалды.

              Сіркесі су көтермей отырған Нұртас:

              — Немене , Севрге көшкің келіп отыр ма?

          Осы тұста оқиға екі жастың томсаруымен, үнсіз ренжісуімен, ішкі бұлқынысымен тынады.

Ал енді келесі диалогқа назар аударайықшы:

  • «Нұртас, — деді түннің бір уағында келіншегі сыбырлап.
  • Ұйықтаған жоқсың ба?
  • Иә.
  • Неге ұйықтамай жатырсың?
  • Жәй…ұйықта.
  • Нұртас деймін, бері қарашы. – Ол аунап түсті.
  • Ренжіп қалған жоқсың ба, Нұртас?
  • Ренжідім.

                         Мен де. Сен бір түрлі өзгеріп барасың. Еркелетпейсің. Өзіңмен өзің болып үнсіз жүресің. Бір уақыт сенімен сөйлесейін десем кітап кеміріп отырып аласың. Сосын жыным келеді. Сен мені еркелетші, сүйші…» /12.23/.

  «Тұмадағы» осы диалог табиғилығымен, тазалығымен баурайды. Кейбір қаламгерлердің қызылды – жасылды бояулармен баттасқан, өтірік тебіреніп, үздіккен диалогтары мезі қылып жіберетіндері де бар. Ал Т.Ахметжановтан мұндайды кездестірмейміз. Онда табиғилық басым. Оқырман Нұртас пен Қарлығашты айнадағыдай ап – айқын көреді. Олардың жастығын, тазалығын, өмірінің бастау тұмасын, махаббатын көріп, біліп, түсініп әрі түйсінеді. Әрі тұщынады.

  «Тұма» хикаяттармен әңгімелер жинағы қазіргі өмірдегі қоғамды қазқалпында береді. «Төрт қанден» — деген әңгімесінде Талғаттың пәтер іздеп, аяғынан таусылып келе жатқан жолында қаланың кәрі тұрғыны бір кемпірмен кездеседі. Бірі – отбасын күйттеп, өмірге жолдама алған жалаңтөс, жас жігіт. Бірі – бойдан қуаты қайтқан, қызықтан қағылған кәрі. Бірінің басында даңғарадай үиі болғанымен қызығы жоқ болса, ал екіншісінің жастығымен қызығы бар бірақ үйі жоқ. Яғни қоғамның екі жетімі суреттеледі. Бұның бәрі де етене таныс жұпыны тірліктің, мүшкіл тұрмыстың суреті, адамдар психологиясы сол қалпында беріледі. Жазушы осы көріністі дәл де тартымды бере білген. Және оны ақ қағазға айна – қатесіз түсіре білген.

  Кәрі шешесі тұрмақ, өз басын алып жүре алмай ішіп кеткен Сағынышты – Сәшкені жазушы кінәлап, қаралап жатпайды, мүсәпір жанның ішіне үңілгісі келеді, себебін іздейді:

“…Әлде жастайынан жанын жаралап өскен жігіт жан рахатын алдамшы әзәзілден тапты ма Жалғандыққа, жауыздыққа қарсы шыға алмаған шарасыз жан қасыретке тұншығып, қаралы түнді өз басына тіледі ме Жетімдіктің, жесірліктің не екендігін ерте көргендіктен де озбырлардың басынып, оңбаған — ның мазағына шыдамағандық – тан да ертеңгі күннен жеріп кетті ме Әлде намысы мен жігері жоқ ез немесе ағысқа қарсы жүзе алмай, дүлей толқын бір ұрғанда жағаға шығып қалды ма Мұның бәрі Талғатқа жұмбақ, бірақ сол сұрақтарға жауап тапсам деп іштей аласұрды, ауыр ойға шым – шымдап бата берді” .

  Дәл осыған ұқсас «Тозақ отындағы» Күлмәнды да кінәлағың келмейді. Сол сияқты «Қылбұраудағы» Еділді де түсінгің келеді, жаның ашиды. Осы кейіпкерлер ақылсыздықтан от басып жүрген жоқ. Қарынбайдың қармағына кез болған Айтолқынды қалай кінәлайсың. 

  Т.Ахметжанның хикаялары мен әңгімелерінде талай – талай тағдырлар бар. Әуені де, мазмұны да, формасы да бірін – бірі қайталамайтын, бірін – бірі қуып биіктей түсетін түйіндер мен астарлы ойлар бар. «Қылбұрау» әңгімесінде де кейіпкерлердің психологиясы түс, елес, шытырман тағдырлар арқылы ашылады. Мәселен, тағдырдың тұңғиығына түсіп, адасып қалған Еділдің көз алдына Маржан елестейді: … Қыз бүрмелі етегінің астынан әлденені сопаң еткізіп алып шықты. Қысқа ғана қыл арқан екен. Жігітке қыл арқан жыландай сұп – суық көрінді. Қыл арқан жыландай жылжып Еділдің қара санына оратылды. Жігіт қызға не айтарын білмей дал болды. … Қылбұрау қара санын үзіп әкетіп барады.

  Еділ есін жиғанда қасындағы орындық бос тұрды. Маржан жоқ. Қылбұрау салынған аяғы әлі жансыз. Қолымен сипалап көрсе, қылбұрау батқан жері буылтықтанып ап – анық білінеді» /12.24/ .

  Түсі  пе, елес пе? Түсініксіз. Еділдің қарсаңында буылтықтанып із қалған. Елестің шындыққа жанасуына сенетін құбылыс па, сенбейтін құбылыс па? Сенбейін десең қара санда қалған із бар. Яғни, автор адам санасынан тыс, қосымша бір жұмбақ дүниенің бар екенін меңзейтін сияқты. Меңзеп қана қоймай сол құбылыстың шындығына сендіретін секілді. «Кезінде ойымызды ашып айта алмадық, астарлап жаздық, ашық көрсетуге болмайтын заман еді», деп жатады. Ал енді қазір ашылып неге айтпасқа? Құпиясы арқылы тереңдігі, тереңдігі арқылы ақиқаты сезілмесе ол сөз өнері болмас еді. Сөз өнері де музыка сияқты, үнімен ішкі түйсігіңді оятып, іші – бауырыңлы елжіретіп, көзге жас, көкірекке мұң салып, күрсінтеді, қуантады. Ашылып сайрағаннан гөрі суреткер дөп басқан пернеден – ақ оқырман қауымды тұшындыратын, тәптіштеп, ашық тақылдағаннан гөрі, оймен меңзеу қасиеті сияқты. Талаптанның прозасына осы қасиеттер тән /12.26/. 

  Қазіргі қазақ прозасындағы психологизм мәселелерін зерттеуші ғалым А. Пірәлиева суреткер психологизміне тән екі қасиетті атап өтеді: “біріншіден, күрделі психологиялық жағдай мен психологиялық процесті талдау. Екіншіден, кейіпкердің рухани жан әлемінде жиі болатын күйзеліс, психологиялық қиналысты беру атмосферасы. Осы психологиялық атмосфераны беру үшін ең алдымен жазушы сол сәітті дәл де нанымды беретіндей бейнелі, көркем сөздер пайдалану керек” /6.63/, — дейді. Бұл айтылғандар  Т.Ахметжан әңгімелерінде молынан пайдаланылған.

    Көркем әдебиеттегі лиризм,  психологизм, оның көркемдік бейнелеу тәслдері: ішкі монолог, портрет, көзқарас мимикалары, пейзаж бұлардың барлығы даралық сипатқа ие болып, әдеби процесте өзіндік өсу заңдылығымен дамуын біз осы аталмыш авторлардың шығармаларынан көреміз.

Біз  сөз етіп отырған жазушы    Талаптан Ахметжанның әңгімелерінде жекелеген адамдар тағдыры суреттелініп, бүкіл әлеуметтік өмірдің күнгейі мен көлеңкесіне, даму барысына, жалпы моральдық болмысына философиялық тұрғыда талдаулар жасалынады. Әрине, әлеуметтік шындықты көркемдік шындыққа айналдыруда жазушыға ең қажетті фактордың бірі – суреткерлік екеніне көз жеткіземіз.

«Кез келген жазушы психолог бола білуі керек. Ол кейіпкерлердің типтік характерін суреттеп қана қоймай, сол характердің бұлттартпай сендіретін психологиялық мотивировкасын көрсете білген жөн» /10.32/.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       

Демек, әр жазушы үшін кейіпкер жанындағы психологиялық нәзік те сырлы әрі күрделі құбылыстарды аша отырып, характер логикасына сай келетін шешімдер табу басты мақсаттың бірі болуға тиіс, кейіпкердің характері сонда ғана жан – жақты ашылады.

Қазіргі әңгімелердің бір ерекшелігі кейіпкер саны екіден аса қоймайды, сондай – ақ, алдымен монологқа құрылады да диалогқа ұласады. (Бұл ойымызды алдағы мысалдарда дәлелдейміз). Терең психологизм дәлдігі, сенімділігі үшін монолог қандай қызмет атқарса, диалогтың да идеялық – көркемдік орны сондай үлкен. Адамның мінез – қырларын белгілі бір сәттердегі сезім – күйлерін тапқыр әрі ұтымды, қысқа да мағыналы бейнелеуде диалог ерекше тәсіл. Яғни, автор кейіпкер характерін ашу үшін диалогті қолданады. Әрине кейіпкердің іс — әрекетімен сөйлер сөзінде тамырластық болу шарт.  Жалпы кейіпкердің сөзі өмірдегі ауызекі тілге мейлінше жақын болып келеді. Әрине, көркем диалог пен ауызекі әңгімелесу тілі толық сай келуі мүмкінде емес.

  Қазіргі қазақ прозасында көркемдік ізденістер жоқ емес. Бүгінгі таңда бұрынғы барлық әдістердің танымдық тұрғылары бірге көрінуде. Көркемдік танымның жалпы предметі болып табылатын субьект пен обьект қарым – қатынасы әр дәуірде әр түрлі болған. Орта ғасырлық діни өнері негізгі таным обьектісі етіп адам мен құдай арасындағы, Қайта өркендеу дәуірі өнері – адам мен табиғат арасындағы. ХХ  ғасырдағы сыншыл реализм ең алдымен,  тұлға мен қоғам арасындағы қарым – қатынасты алып отырса, романтиктер танымдық ізденістерін рухани – ұждандық қатынас аясына, ал натуралистер адам санасы мен әрекетінің биологиялық алғышарттары саласына бағыттап отырған. Модернизмде екі басты танымдық бағытта ажыратуға болады: оның бірі өнердің кейде қалыпты, кейде патологиялық типтегі индивидуальды психология микрокосымына сараптай отырып енуінен көрінеді (мысалы, психоаналитикалық романында), ал екіншісі макрокосондық масштабтағы жалпы заңдылықтарды ұғынуға ұмтылады. Көркемдік таным мен шығармашылық әдіс арасындағы байланыстың бір саласы осындай.

  Осы танымдық бағыттар қазіргі қазақ прозасында көркем синтезбен көрінеді. Ал ең басты қатынас – адамның өз -өзімен, ішкі «менімен» қатынасы. Қазіргі кейіпкер типтері – бәрімен келісетін, бәрін қабылдайтын адам және ештеңемен, тіпті өз — өзімен де келісімге келе алмайтын адам. Қазіргі кейіпкер қоршаған әлемге салғырт қарай алмайды, ол бәрін де өз бойынан өткізеді. Сыртқы дүниеде болып жатқан өзгерістер кейіпкер санасына керемет әсер етеді, әрбір құбылысқа кейіпкер санасы сезімдік импульстармен жауап береді.

  Жас жазушы   шығармаларындағы басты ерекшелік – кейіпкердің жан – дүниесін психологиялық толғаныс үстінде ашуында және сол алған бетінен қайтпай келе жатуында. Адам жанынан түпсіз не бар? Әр адам жаны – ашылмаған бір – бір жұмбақ арал. Өзгені қойып, адам өмір бойы өзін — өзі зерттеп бітпейді. Адам жанына үңілген сайын небір қалтарыс – бұлтарыстарында, құлыптаулы жатқан құпияларына кездесесіз.

 ХХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында көрінген прозадағы психологизмнің негізі: тұлғаның суреттеуге келмейтін күрделі әсерлері, қандай да бір фактор – еске түсіру, елес, түйсіну, сезіну, детальдар әсерінен пайда болатын кейіпкердің көңіл – күйін беруге тырысу.   шығармаларының сюжеттік – композициялық ерекшеліктері осыған сәйкес.

Зерттеушілер импрессионистік проза өкілдері ретінде Э.Золя, А.Чехов, Ги де Моппассан, тіпті М. Прусты да атайды. Алайда бұлардың шығармаларында таза күйінде кездесетін импрессионизм емес, басқа көркемдік әдістермен қатар өріліп отыратын стиль ретінде көрсетеді.

Әдебиеттегі импрессионизм де фрагментарлы, онда баяндау мен суреттеудің бірізділігі жоқ.   әңгімелерінен де осыны байқаймыз. Онда әр кейіпкердің көңіл – күйін бір шолып шығып, әр қайсысының психологиялық жағдайына кезек – кезек барады. Бір оқиғаға, бір адам тағдырына бір ғана қырынан тұрақтамай, түрлі бұрыштан, әр кейіпкер тұрғысынан келеді.Осының нәтижесінде шығарма тұтас полотна емес, бөліктерге бөлінген сурет ретінде көрінеді. Тіпті, кітап бетіндегі абзацтардың арасына бос орын қалдырып кету немесе жұлдызшамен бөлу де кездеседі. Алайда, әңгімеге түгел «алыстан» көз тастаса, бір адам тағдырын, оның жан диалектикасын бақылауға болады.

Кей әңгімелер екі кейіпкердің полемикасы ретінде де құрылған. М. Бахтиннің: «Ақиқат іздеудің диалогтық амалы бәрін білетініне, яғни ақиқатқа ие екендіктеріне сенімді адамдардың ақкөңіл сенгіштігіне қарсы қойылады. Ақиқат бір адамның басына туып, сонда болмайды, ол ақиқатты бірге іздеп жүрген адамдар арасында, олардың диалогтық қатынасы барысында туылады», —  дегенін еске алсақ,  жазушы  кейіпкерлерінің шындықты іздеуі сәл басқаша. Олар не жалғыз – жалғыздан іздейді, не болмаса, екі кейіпкер монологы диалогқа ұласып, ақиқатқа жету жолы болады.

Жалғыз адамның ойындағы шындық – нағыз ақиқат емес. Бір адам білгенді екіншісі біле бермейді. Екеуінің ойлары, екеуі білетін себептер қосылып, ұласып барып, қана нағыз ақиқат ашылады.  

Адамдар сөйлесіп, сырласып бар шындықты ашып алуына болады. Бірақ, егер бар түйткілді ашып алу мүмкіндігі болса, онда адамдар арасында түсініспеушілік болмас еді. Әр адамның сыртқа шығарғысы келмейтін, ешкімге білдіруге батпайтын құпия сырлары болатыны белгілі. Адамдардың сырласу арқылы  ақиқатқа жетуіне сол сырлар бөгет болады. Сөйтіп, әр адам ақиқатты өзінен де, өзгеден де өз бетімен іздейді.        

  Жас жазушы   шығармаларындағы басты ерекшелік – кейіпкердің жан – дүниесін психологиялық толғаныс үстінде ашуында және сол алған бетінен қайтпай келе жатуында. Адам жанынан түпсіз не бар? Әр адам жаны – ашылмаған бір – бір жұмбақ арал. Өзгені қойып, адам өмір бойы өзін — өзі зерттеп бітпейді. Адам жанына үңілген сайын небір қалтарыс – бұлтарыстарында, құлыптаулы жатқан құпияларына кездесесіз.

Жалғыз адамның ойындағы шындық – нағыз ақиқат емес. Бір адам білгенді екіншісі біле бермейді. Екеуінің ойлары, екеуі білетін себептер қосылып, ұласып барып, қана нағыз ақиқат ашылады. Алайда, ең соңында ол ақиқат ешкімге керек болмай қалады.   

Адамдар сөйлесіп, сырласып бар шындықты ашып алуына болады. Бірақ, егер бар түйткілді ашып алу мүмкіндігі болса, онда адамдар арасында түсініспеушілік болмас еді. Әр адамның сыртқа шығарғысы келмейтін, ешкімге білдіруге батпайтын құпия сырлары болатыны белгілі. Адамдардың сырласу арқылы  ақиқатқа жетуіне сол сырлар бөгет болады. Сөйтіп, әр адам ақиқатты өзінен де, өзгеден де өз бетімен іздейді. Бірақ ол бәрін біле алмайтындықтан, шындыққа жете алмайды. Суреткерді толғандыратында осы – адамның ашылуына мүмкіндіктің болмауы. Мұны айтып отырған себебіміз,  Т.Ахметжан кейіпкерлері де шындықты, тығырықтан шығар жолды іздейді. Алайда адамдар арасындағы ашық қатынас мүмкіндігі жоқтығынан, олар аласұрумен ғана тынады. Ал оқырман үшін бәрі белгілі, автор монтажының көмегімен әрбір кейіпкер санасындағы шындық көріністерін толық көріп, оқырман болуы мүмкін нәрсені болжай алады.

   Авторлық баяндау – кейіпкер ойының жалғасы, еске түсіруден, елестен туындаған оның ішкі монологын жеткізуші, кейіпкер ойының жалғасы, еске түсіруден, елестен туындаған оның ішкі монологын жеткізуші. Бұл – жазушы  әңгімелерінің стилінің ерекшелігі екендігі байқалады. Сондай –ақ, бір оқиғаға кейіпкердің көзқарасы мен автордың көзқарасы қатар беріліп, оқырманға ой сала отарып суреттеуі жас жазушының өзіндік шеберлігі екендігіне көз жеткіземіз. Яғни, кейіпкердің иррационалды ой қозғалысы, психологиялық жай – күйі  Т.Ахметжанның барлық шығармаларында кездеседі. Ол негізінен, түс көрумен, кейіпкердің еске түсіруімен байланыстырылады да, шарқ ұрып жауап іздеуге, тірек іздеуге ұластырылады. Кейіпкер кеудесінде екі түрлі сезімнің шарпысуы және шығармадағы диалогтар полемикаға алып келеді.

Сонымен,   жазушы  шығармаларындағы басты ерекшелік – кейіпкерлерінің жан – дүниесін психологиялық толғаныс үстінде ашуға ден қоюын кез келген әңгімесінен байқауға болады.

 Негізінен, қаламгер шығармалары бүгінгі күннің өзекті мәселелерін қамтиды. Сондай фонда импрссионистік кейіпкер трактовкасын жасай отырып, жазушы шығармаларының денін ішкі монологқа құрады. Сонымен қатар, жазушы стилінің негізін монтаж құрайды. Баяндау мен суреттеуде тиянақтылық жоқ, бір обьектіні әр қырынан шұғыл жарық түсіріп көрсету, сол арқылы соңғы тұтастыққа қол жеткізуге ұмтылу бар. Осы ретте жазушының шығармаларын бір демде жазып, өзгертіп, түзетуді қаламайтынын ескеру керек. Стилі жағынан алғанда жазушы шығармаларындағы баяндау формасының ерекшелігіне назар аудару керек. Авторлық баяндауды екінші кезекке шығарып, кейіпкеріне сөз берген жазушы шығармаларының оқиғалық желісі кейіпкерлердің ішкі монологтары арқылы баяндалатыны белгілі. Онда: «Авторлық баяндау төл сөздің құрамына сыналай кіріп қайта шыққанын өзі де байқамай қалады» /13,19/ .

Осылайша, қазіргі қазақ прозасындағы модернизм көрінісі ретінде   Т.Ахметжан шығармашылығындағы импрессионизм көріністерінің кездесуін атауға болады. Бұл жүйе жазушы шығармаларында толық, барлық қырымен көрінбесе де, әңгімелердің жалпы көркемдік жүйесіне қосылып – араласып, мазмұндық та, пішіндік те деңгейде көрініс тапқан.

  Қазіргі қазақ прозасындағы психологизм мәселелерін зерттеуші ғалым А. Пірәлиева суреткер психологизміне тән екі қасиетті атап өтеді: біріншіден, күрделі психологиялық жағдай мен психологиялық процесті талдау. Екіншіден, кейіпкердің рухани жан әлемінде жиі болатын күйзеліс, психологиялық қиналысты беру атмосферасы. Осы психологиялық атмосфераны беру үшін ең алдымен жазушы сол сәтті дәл де нанымды беретіндей бейнелі, көркем сөздер пайдалану керек» /6,36/, — дейді. Бұл айтылғандар  жазушы әңгімелерінде молынан пайдаланылған. Көркем әдебиеттегі психологизм, оның көркемдік бейнелеу тәслдері: ішкі монолог, портрет, көзқарас мимикалары, пейзаж бұлардың барлығы даралық сипатқа ие болып, әдеби процесте өзіндік өсу заңдылығымен дамуын біз осы  шығармалардан  көреміз.

  • А.Алтай повестеріндегі психологизмнің берілу тәсілдері

 

Лирикалық прозаны зерттеуші ғалымдар А.Павловский, В.Воронов бұл ағым туындыларын психологизм принципімен жазылған шығармалардың қатарына жатқызады. Лирикалық проза мен психологизмнің туыстығы ашық айтылмаса да, Я.Эльсбергтің :“Шын мәніндегі әрі терең лирикалық стильдің тасасында өз ойлары, сезімдері мен тебіреністері немесе солардың кейбір қырлары мен қасиеттері туралы хақы бар адам тұруы шарт”, — деген, С.А.Липиннің: “Лирикалық проза жазушының шындыққа тікелей қатынасы, оның өзі жайлы сыр ашуы”, — деген пікірлері осы екі ұғым арасындағы түбірлі туыстықты байқатады. Әрине, лирикалық прозаның әдеби тенденция екені, психологизм – бейнелеу принципі екенін ұмытпаймыз. Алайда, психологизм заңдылықтары лирикалық прозада елеулі орын алатыны шүбәсіз.

Көркем шығармада кейіпкердің әртүрлі қалыптағы ішкі ой-толғаныстары әрдайым өзгеріп, іс-әрекет, сезім қайшылықтарын тудыратын психологиялық құбылыстарды тереңдетіп, күрделендіре бейнелеу психологизмнің табиғатын  айқындап берері хақ /2,13/. Осы арада суреткер психологизміне тән екі қасиетті атап өткен жөн. Ол біріншіден, күрделі психологиялық жағдай мен психологиялық процесті талдау. Екіншіден, кейіпкердің рухани жан әлемінде жиі болатын күйзеліс, психологиялық қиналысты беру атмосферасы. Осы психологиялық атмосфераны беру үшін ең алдымен жазушы сол сәтті дәл де нанымды беретіндей бейнелі, көркем сөздер пайдалану керек. Сонымен бірге көркем әдебиеттегі психологизм, оның көркемдік бейнелеу тәсілдері, ішкі монолог, ой ағысының пейзаж, портрет, көзқарас мимикасы (ымдау) ишара түс көру т.б. бұлардың бәрі ішкі монологтың элементтері даралық сипатқа ие болып, әдеби процесте өзіндік өсу заңдылығымен дамуын біз қазіргі қазақ прозасынанда байқай аламыз.

Автордың өз толғаныстары немесе кейіпкердің өз-өзін талдауы ішкі монолог, ішкі сөз, сана тасқыны, түс көру секілді аналитикалық принцип арқылы берілсе, рухани әлемді бейнелеудің жанамамтәсілдері – бейвербалды ишараттар, сыртқы көріністері, көркемдік деталь, заттық әлем, психологиялық орта т.б. принцип ретінде көрінеді /6,66/.

Көркем прозадағы әдеби психологизм мәселелерін зерттеуші Г.Пірәлиева психологиялық шығарманың өзіне ғана тән жанрлық, көркемдік, стильдік ерекшеліктерін былайша жіктеп береді:

Біріншіден, психологиялық прозада оқиға, кейіпкер, кезең, уақыт, тақырып, идея т.б. деген мәселелер алдыңғы сапқа шыға қоймайды. Ол талап та етілмейді.

Екіншіден, мұнда ең бастысы – жеке адамның ішкі өмірі, өмір мен өлім арасындағы кезеңде адамзат бастан кешетін азапты тағдыр тәлкегі, кейіпкердің күрделі тұлғаға айналуы көркемдік назарға алынады. Шығармада шым-шытырық оқиғалар тізбегінен гөрі жеке Адам санасындағы сапалық өзгеріс, рухани қопарылыс, ішкі сезімдік құбылыстар тереңдетіле талданады.

Үшіншіден, психологиялық прозаның эстетикалық, көркемдік әлемі өзінің жанрлық, көркемдік, стильдік талабына сай жеке санада жүріп жатқан ой мен сезім қайшылықтарын, сөз бен іс сәйкессіздіктерін тереңдеп талдап, көркемдік жүйеде саралайды.

Психологиялық бейнелеу құралдары:

Бірінші – психологиялық бейнелеудің «тура» түрі, бұл кейіпкердің  жан дүниесін көркемдік таным тұрғысынан танып-білу, яғни ішкі сөз, қағытпа түрі, өзін-өзі бақылау, ойша елестету, ішкі монолог, еске алу және елестету т.б. арқылы психологиялық талдау жасау.

Екінші – психиканы берудегі сыртқы психологиялық қимыл көріністерге – бейвербалды ишараттарға мән беру, оның басқа да түрлерін қолдану болып табылады.

Үшінші – осы екі тәсілді тұтастандыра беретін авторлық психологиялық баяндау.

Г.Пірәлиеваның ұсынған осындай теориялық тұжырымдарын сараптай келе, жазушы А.Алтайдың повестеріндегі психологизм көріністерін қарастырамыз.  

Осы талапқа сай–әркiмге ұнамды, тартымды болып келетiн, А.Алтайдың  қаламынан туған “Қызыл бөлтірік” повесіне тоқтала кетейік. Бұл шығармада автордың басты критериi—сөзді талғап, таңдап қолдануы. Шығарма түсiнiктi тiлмен жазылса, жеңiл оқылады, еркiмнiң жадында берiк сақталады, ұмытылмас iз қалдырады. Автор уақиғаны баяндаса да, кейiпкердi сөйлетсе де, табиғатты суретесе де халық тiлiнiң шұрайын талғап алады да, орынсыз, үйлесiмсiз бiр сөз, теңеу, эпитет, т. б. кiрiстiрмейдi.

А.Алтай повесте аңыз-әңгімелерді араластыра отырып, оқиғаны психологиялық — тұрғыда шиеленістіре отырып, шешуге тырысады. Повесте негізінен психологизм кейіпкер монологтарындағы философиялық ойларда ғана емес, сонымен қатар диалогтарында да анық байқалады. Шығармадағы оқиғаның шиеленісіп барып, шарықтай түскен сәтінде кейіпкердің көңіл-күйінен, көз қарасынан хабар беретін диалог ашық тартысқа, қақтығысқа да алып келеді.

Көркем шығармадағы психологизмнің табиғатын танытар «Психологиялық талдаудың тәсілдері сан алуан, — деп атап көрсетеді Л.Гинзбург, атап айтсақ, автордың өз толғаныстары немесе кейіпкердің өз-өзін талдауы, рухани әлемді бейнелеудің жанама тәсілдері – бейвербалды ишараттар, сыртқы қимыл көріністері т.б. бәрі автордың аналитикалық талдауы аркылы беріледі. Олардың ішінде кейіпкердің ішкі монологы, ішкі сөзі ерекше орын алады» /14,330/.

  А.Алтай өзінің аталмыш повесінде кейіпкерлер қақтығысынан гөрі, кейіпкердің рухани әлеміндегі ой мен сезім қайшылықтары басым беріледі.

   Повесть белгілі бір оқиғаға құрылмай осылайша ішкі ой арпалысымен жалғасып жатады. Кейіпкердің мінез- құлқын, психологиялық бітімін ашуда осы монологтың рөлі әсіресе айрықша.

        Суреткер дәрежесіне көтерілген жазушы еш қашан персонаждарына тікелей авторлық мінездеме беріп, сырттай тон пішіп жатпай, оларды іс-қимылдары, ойлары,  әсіресе өздерінің іштерінен жàрып шыққан лебіздері арқылы танытады. өйткені, адам баласы, жалпы, құлағымен естігеннен гөрі көзімен көргенге көбірек сенеді ғой, шын суреткер бұл жайды ескермей тұра алмайды, сондықтан да ол баяндаудан гөрі суреттеуге көп күш салуѓа тырысады. Яғни, повесте жеке адам санасындағы ішкі сезімдік құбылыстар тереңдетіле көрсетіледі. Автор кейіпкерлерін диалог құдіретінің күшімен де бейнелейді.  Осы шағын үзіндінің өзінен-ақ кейіпкердің тек өздеріне ғана тєн психологиялық, мінез ерекшеліктері жарқырай ашаылады.

 Көркемдік интерпретацияда өтетін өмір шындығының сенімділігіне айқын кепілдердің бірі – кейіпкер сөздері. Қаһарманның тек өзіне тән, дара характері оның сөйлеу мәнерінен көрінеді. Бұл әрине, диалогтың эстетикалық мәнін анықтайды» /7,29/ — деп Б.Майтанов шығарма диалогтарындағы кейіпкердің психологиясын, болмысын, ішкі эмоциялық сезімін берудегі  диалогтың роліне кеңінен тоқталған.  

А.Алтай  шығармаларын оқи отырып, кейіпкер сөздерінен жан — дүниелік сезімді де, көңіл күйдің сәтінде байқай аламыз.

Көркем сөз суреткерiнiң қолындағы бояуы – сөз, тiл, бұл — жанды құбылмалы бояу, мұның мүмкiншiлiгiнiң шегi жоқ. қандай қанық бояуларды қолына берсең де олақ суретшi тартымды картина салып шығара алмайды. Алуан түрлi бояуды тиiстi мөлшерде пайдалана бiлген суретшi ғана жүрек тебiрентерлiк полотно жасай алады.

 Халықтың тiл байлығын жете меңгерген сөз зергерi ғана көркем шығарма тудыра алады. М.Горький айтқандай, қолыңа балтаны жақсы ұстауды бiлмей тұрып, онымен ағаш жона алмайсың, ал тiлдi бiлмей тұрып, көркем де қарапайым жєне әркiмге де тартымды шығарма жаза алмайсың

Сыртқы сұлулық үшiн сөз тiзбегiн жоқтан қиыстыруға автор бармайды. Оның әрбiр сөзi, сөйлемi жатық, таби ғи қаламынан ешбiр кiдiрiссiз, тау бұлағындай тоқтаусыз төгiлiп отырғандай әсер бередi. Бұл жазушының шыѓармасында суреттейтiн жайларды, сол ортаны аса қанық бiлетiнiн көрсетумен бiрге оның тiл байлығын, мүлтіксіз пайдалана отырып, жымдастыра қалай алтынын дєлелдейдi.

Кейіпкерлердің әр қайсында өзгеге ұқсамайтын өздеріне ғана тән өзгеше мінез-құлық, іс-әрекет, болмыс-бітім бар. Солай болғанымен оларға бір-біріне деген рухани ұқсастық, бұларда парасат тұтастығы бар, бірін-бірі толыќтыратын тәрізді. Олар арқылы тек адам ерекшелігі ғана емес, олар өмір сүрген заман ерекшеліктерін байқап сол арқылы жалпы қоғамдық дамудың негізгі және шешуші тенденцияларын бақылауға болады. Автор  әрбір оқиғаға, кейіпкерге, уақыт, қоғам қағидаларына қанық. Жазушы шығармасына шырай үстеуге шебер.

 А.Алтай  повестерінің ерекшелігі – автор оқырман назарын кейіпкердің ішкі сезімдеріне, түйсіктеріне назар аудартып отыратындығында. Адам болмысына қатысты терең философиялық толғаныстар бір ғана адамның өз басынан өз психологиясынан тартыс табасыз. Кейіпкерлердің мінезін, қоғамға көзқарастарын білдіру үшін автор небір қиын ситуацияларға араластырып отырады да бірегей образ жасайды.  Кейіпкерлердің ішкі тебіренісі беріліп, жан сыры ашылады, адам характері дамыйды.  “Қызыл бөлтірік ” повесін оқи отырып, кейіпкерлер тебіренісі, іштей арпалысының басымдығына көз жеткіземіз. Көбінесе автор ойы мен кейіпкер ойы тұтасып кеткені байқалады. Жазушы ой арпалыстарына, сана қақтығыстарына, азапта да күрделі психологиялық ахуалға жол береді.

  Басты кейіпкер өзімен-өзі болып, оңашаланып, психологиялық тебіреніске жиі беріледі. Яғни диалогтан қарағанда монолог басымдау тұрады да драмалық шиеленіске әкеліп соғып жататында кездері болады. Кейіпкер рухани тығырыққа тіреліп, өз-өзінен күйіп-пісіп жатады. Оқиға шиеленісуінен гөрі тереңнен толғану, ойлану, кейіпкер тебіренісі, іштей арпалысы басым. Осылар арқылы психологиялық тартыс күшейіп, кейіпкердің ішкі тебіренісі шарықтап барып, жан сыры ашылады. Бірте-бірте кейіпкер характері дамыйды.

Сонымен қатар, автор негізінен сурет, мүсін өнеріне тереңірек үңілуді мақсат еткен сияқты. «Балшықтан я металдан құйып, тастан не ағаштан жонып, нәрсенің тұлғасын, тұрпатын, сын-сымбатын келтіре сурет жасау өнері – бұл сымбат өнері болады (европаша скульптура) /15.29/. Ендеше жазушы осы өнердің қыр-сырын бас кейіпкер білімді мүсінші арқылы ашып береді. Әсіресе, мүсін өнерін философиялық тұрғыда қарастырып, әр қайсысынан ой өрбітіп отыруының маңызы зор. Яғни, кейіпкердің айналасына көзқарасын, мүсіншілік мамандығымен  ұластыра отырып, баяндайды.

 Көркемдікке құмарлық, ассиметрия мен заттардың табиғаты бұзылуынан бейненің өзгеруі, көне әлемнің ақиретті бейнелеу құштарлығы, Шығыс пен Батыстың қайталанбас өрнектері, арман елін елестеткен символ шеруі мүсінші тілінде жан біте сөйлейді. Жалпы повесте сөз өнері мен мүсін өнерінің өзіндік ерекшеліктері, сан қырлы қатпарлары ашылады.

 Сондай-ақ, жазушы әр кейіпкерінің мінез ерекшеліктерін сыртқа көп шығара бермейтін толғаныстары, ойлары арқылы беруге тырысады. Адам баласына сырттай қарағаннан гөрі үңіле қарасаң шешуі қиын жұмбаққа толы екенін кейіпкерлерінің бір-бірімен байланыстыра отырып көрсетеді.

Жалпы  А.Алтай кейіпкерлерінің диалогтары ішкі психологиялық толғаныстарына бой ұрады да, өмір құбылыстарына байсалды ой парасат көзімен қарауға шақырып, өткен мен бүгіннің ажырамас, диалектикалық бірлігін тереңірек түсінуге көмектеседі.

«Ішкі монолог – кейіпкердің ішкі ойы, көңіл-күй сырын білдіретін, эмоциялық әсерді байқататын көркемдік құралдардың бір түрі… Формасы мен мәні адам психикасындағы ғылыми және этикалық ойлау жүйесінің дамуына байланысты өзгеріп отырған» /6.371/, — деп Г.Пірәлиева анықтама берсе, профессор Б.Майтанов «Монолог арқылы мінездер ерекшелігі, ойлау сипаттары, образдың дүниетанымдық арналары өрнектеледі. Шығарма идеясының не бір нәзік тұстары, кейде автор мақсатының басты дәні көп ретте ішкі сөздер ағымымен бейнеленеді» /7,291/, — дейді монологқа жан-жақты тоқтала келе. Бұған қосарымыз —  монологтағы кейіпкер сырында көп ешкімге айтыла бермейтін астарлы сыр жатады. Мәселен аталмыш жазушының повестеріндегі кейіпкерлердің образы ішкі монологтарына негізделген. Онда күйіну, торығу, жауап таба алмау, сағыну басым тұрады.    Демек, ішкі монолог психологизмге құрылады. Келе-келе бұл монологтары абстрактылы диалогқа ұласуы мүмкін. Шығармаларының композициясында кездесетін монолог, диалогтар суреткердің стильдік ерекшеліктерін айқындаумен бірге характердің де даралығын танытады. Кейіпкер сөзі бірде диалог, бірде монолог арқылы көрініп отырады. Кейіпкерлердің сөзінен оның логикалық ойлау жүйесі, заман, уақыт тынысы да сезіліп отырады. Ендеше жазушы шығармаларындағы әрбір компонент олардың идеялық-эстетикалық мән-мағынасын айқындайды. Жазушы монологтың да түр-түрін пайдаланады:

  • монолог – ойлау;
  • монолог – армандау;
  • монолог – еске түсіру;

Бұлар шығарманы психологиялық талдаудың негізгі компоненттері.

   Қандай да бір қақтығыстар, қайшылықтардан болсын кейіпкерлердің мінез ерекшеліктерін байқап отырамыз. Және өзіне өміріндей ыстық, етене кейіпкерлерінің қадыр-қасиетін, қай жерде қалай сөйлеп, қимыл әрекеттерге баратынын әбден біледі. Сондықтан да қарапайым тіршілік қанға тарап, туынды табиғаты тонның ішкі бауындай жарасып, жанды баурайды.

  Асқар Алтайдың жазушылық шеберлігі – повестегі монологтарды үйлесімді қиыстырылуынан, кейіпкерлерінің психологиясын терең білгірлікпен сипаттауынан, тілінің көркемдігінен т.б. қасиеттерінен аңғарылады. Сондай-ақ, жазушы кейіпкерлерінің жанына үңіле біледі. Оның шығармашылығына тән ерекшелік – кейіпкерлерінің ішкі әлеміндегі сан қилы сезімдердің шарпысуын, солардың қайғы-қасіретін, қуаныштарын кейіпкерлердің өз сөздерімен, қимыл-әрекеттерімен шебер көрсете біледі. Сонымен қатар,   повестерінде психологиялық бейнелеу құралы ретінде «түс көруді» пайдаланады.

  Бұл повесте кейде баяндаулар бас кейіпкер атынан беріліп отырады. Басты кейіпкерлер арқылы баяндау жазушы үшін жеке адамның ой-өрісінің, санасының дамуын толық бейнелеу үшін қажет және мұндай түр кейіпкер немесе әңгімешінің қоршаған орта туралы субьективтендірілген қабылдауын елестетеді де, шығармадағы барлық компоненттерді олардағы жеклік көңіл-күй бастауларымен қоса құрамына алатын ұлғайтылған ішкі монолог формасына енетін сияқтанады.

      «Психологизм тұрғысынан қарағанда бірінші жақтан баяндаудың екі түрлі кемшілігі бар. Біріншіден: көптеген кейіпкерлердің ішкі әлемін тереңдетіп көрсету мүмкін еместігі, екіншіден психологиялық бейнелеудің бір сарындылығы. Ал артықшылығы тек адамның ішкі әлеміне көңіл аудару, екіншіден, адамды өзінен артық кім біледі» /15,82/. .

         Жазушы еңбегінен тақырыптық ізденістер, көркемдік-жанрлық ерекшеліктер, характердің әлеуметтік-психологиялдық аспектілері, қаһарманның рухани әлемі, ішкі монолог пен диалог табиғаты, лиризм элементтері кең көлемде орын алады. Бастысы қаламгер мұратынан – Адам факторы, адамгершілігі мен әсемдігі, өмір -өнерге құштарлық, игілік пен ізгілік сипаттары, жастық, достық сырлары бар қырынан жарқырай көрінеді. Көбіне лиризм, психологизм басым.

Бірде сатылап, бірде тізбектеліп, бірде бірін баса көктеп арпалысып, ырыққа көнбей атылған ой ағысы мен психологиялық процесс, ішкі сезімдер жүйесі ашу, ыза, кек, қызғаныш, өкініш, ар-ұят т.б. құбылыстар ықпалымен еріксіз, бір ойдан бір ойға, бір ашудың бір ашуға көшіп, жол жөнекей талай жауыздықты ойлап, пішіп, сол мезетте жүзеге асырып та үлгереді. А.Алтай терең философияға ұласып жататын психологиялық иірімдердің жазушысы, соған орай оның кейіпкерлері көп ойланады, сол ойға жауапты да өздері тауып жатады. Оқиға қарт аңшы мен немересі екуінің аң аулауға шыққан сәтінен басталады. Бала қиялындағы қызыл бөлтірікті көруге іздеп табуға құлшынады. Осы арада жазушы атасы мен әжесінің аузына ескі аңыздарды сала отырып оқиғаны шиеленістіріп отырады. Яғни ежелгі аңыз-әңгімелерді бүгінгі күнніңі елегінен өткізіп, тарихи-философиялық тұрғыдан екшеп отырады, сол аңыз-әңгімелерден күллі адам баласына ортақ адамшылық тамырларды тауып отырады. Өткен күндер шындығына бүгінгі күннің жарық сәулесін түсіреді. Жазушы қазіргі кездің балаларына аңыздардың көп айтыла бермейтінін ескеріп, оның мазмұнына тоқтала кетуді жөн көреді.

«Бұл қайғылы аңызды қазіргі күнде Алтайда ескі көздер ғана білетін. Кейінгі жастар қайтсін! Олар естісе күлер…Балалар болмаса. Бірақ олар да кемпір-шалдар алдында шудамен ойнап, ертегі тыңдап отырмайды қазір. Ертегі керек болса – теледидарда дайын қазір. Ал теледидарда қандай қызық жоқ, қарасаң көз тоярлық кең дүниенің кереметін көзіне жинаған. Оған да шүкірлік. Әйтпесе сәбилер қайтер еді?!» /16.12/ — деп тоқтала кетіп, бүгінгі күннің шындығын айта кетеді. Бала жанын түсінуге, сезінуге жетелейтін жазушылық шеберлік, стильдік өрнек осы болса керек. Бұл орайда бала психологиясын дөп басып, дәл жеткізуге оңтайлы жол ретінде жазушының шығарма оқиғасын бірінші жақтан баяндатып, бала кейіпкердің ойымен өрбітетін тапқырлағында жатыр.

Ал, А.Алтай болса баланың ішкі жан дүниесіне бойлай отырып, оның психологиясын үлкендермен салыстыра отырып, ашуға тырысады.

Түс көру процесі — жалғыз А.Алтай туындысында ғана емес, басқа да жазушылар шығармасында өзін-өзі ақтаған көркемдік-символдық қолданыстың бірі. А.Алтай әсіресе, түсте өз шығармаларында өте көп және зор роль атқаратын құрал ретінде пайдаланады. Ал түс – кейіпкердің көңіл-күйін, санасында үздіксіз жүріп жатқан прцестің бір сәтін белгілейтін көркемдік тәсілдің бірі. Қазақ прозасында түске соншалықты мән беріп, одан терең философиялық ой, әлеуметтік мәселе көтеру алпысыншы, жетпісінші жылдардан басталып, қазіргі кездегі буынмен де жалғасуда.

Адамның күрделі рухани әлемін, ішкі сезімін тереңдеп талдап көрсетуге айрықша мән беретін психологиялық прозада ішкі ғаламды аналитикалық психологизм, яки монолог, ішкі монолог, ой мен сезім қайшылықтары, ішкі диалог, бейсаналы сәттегі түс көру, сандырақтау, елес, елестету т.б. секілді бейнелеу тәсілдерін құраса, динамикалық психологизмге жататын мінездеу – сыртқы психологиялық қимыл көріністері, бейвербалды ишараттар, портрет, пейзаж, заттық әлем, көркемдік детальдар т.б. /6,83/ — деп жіктеп көрсетеді әдебиет зертеушісі Г.Пірәлиева. А.Алтайдың бұл повесінде психологиялық бейнелеу құралдарының бірі – түс көру тәсілі де сәтті беріледі.

Түс көру тәсілін кейіпкердің ішкі жан әлеміне тереңдей еніп, оның ойлау жүйесінің ерекшелігін айқындайтын психологиялық бейнелеу құралы ретінде қолданады. Жазушы бір түске арнайы тоқталып, ондағы оқиғаны, тіпті табиғатты суреттеп, психологиялық көріністерді  талдап жазады. Бірақ та, А.Алтай   түсті жоруды мақсат етпеген. Тек,түс жоруды, яғни артында не күтіп тұрғанын оқырманның өзіне қалдырады. Мәселен, баланың түсіне мән берейік:

 «Бала мен атасы көгілдір таулардың арасында қалыпты. Иә, атасы екеуі екен…Таулар шымқай көк түсті матамен тыстағандай көгілдір. Аспан түстес. Әйтеуір түсінде солай көрінгені рас. Аласа келген алдындағы көгілдір төбе басында қан қызыл бөлтірік таутекедей секиіп тұр. Бұл «көзім алдап тұрған жоқ па» деп көзін уқалай жұдырығымен сүртіп, қайта қарайды. Жоқ, шынымен қызыл күшік.

— Ата, ананы қараңызшы! – деп бұрылса, ол ұшты-күйлі жоқ. Бала таңырқай,    жан-жағына қарады. Атасы көрінетін емес. Маңай көгілдір сәулеге бөгіп тұр: жер де,  көк те, алтын күн мен күміс ай жоқ. Бала қорқыныштан аталап, жалғыздықтан жылап жіберді. Жұдырықтай жүрегі көктемгі қатқақта шапқан аттың тағалы тұяғындай тарсылдап зәресі ұшты. Зар еңіреп атасы мен аулын іздеді. Қай жақ – шығыс, қай жақ – батыс? Белгісіз. Ауыл қай маңда? Кеседей төңкерілген керең, көгілдір дүние. Тастай тыныштық. Атасыз балаға бар өлке бос қалған. Үрейлі өлке суық, жан шыдамас жалғыздық жайлаған жапан. Есі шыққан бала қызыл күшік көрінген төбеге ерексіз қарады. Көзінде моншақтаған жас. Шымқай көк төбе басында қос қызыл Бөлтірік шоқиып отыр. Мына дүбірсіз дүлей дүниеден олар да бейхабар сияқты. Құдай-ау, жаңа ғана жалғыз емес пе еді? Кәдімгі қиялдағы қос бөлтірік. Мұны құйрықтарын бұлғаңдатып шақырғандай. Біздің артымыздан ер дейтін іспетті. Бұл көзінен жасы сорғалай төбеге қарай жүгірді. Ағыл-тегіл аққан жас бетін жуды боталап кеп. Міне, жүгіре де жөнелді. Табан асты әжесінің оюлай салған сырмағындай жұп-жұмсақ, жып-жылы. Өзіне сәлден соң қанат бітіп, қол-аяғы жерге тимей ұшып келеді. Бірақ төбе жеткізетін емес. Жақындаған сайын көгілдір дүниеге сіңіп барады. Төбемен бірге бөлтіріктер де көкжиекке сіңіп кетті. Таулар жылан жалағандай жоқ болып, төңірек көгілдір тұманға оранды. Бала тоқтап қалыпты. Қос бөлтірік те ғайып болған. Қайда тастап кетті олар мұны?.. Бұл бала ғой! Тұлдыр тұмша тұман жалмаған, жаны ашымас жапанда үрей билеп еңіремей-өңіремей бола ма? Тек соқыр тұман – билік құрған»/16.8/.

 Бұл түс әңгіменің идеялық қазығы болумен қатар кейіпкердің бүкіл табиғатын, шын пердесін, ішкі иірімдерін, көңіл-сана түкпіріндегі құпия сырды, адам жанының болмысын ашудағы ролі өте зор. Шынында да баланың көрген түсі өңінде дәл келіп, жолаушылап келе жатқанда атасы көз жұмады да жалғыз қалған бала өзін тұманда қалғандай сезінеді.

       Повесте түс көркемдік қызметте атқарып тұр. Яғни автор түсті шығарманың басында астарлы ой ретінде келтіре кеткен. Жазушы түстегі оқиғада кейіпкердің көңіл-күйін, сөйлеген сөзін қорыққан, таңырқаған сәттерін шынайы бейнелеп, түс көрушінің психологиясын анық береді. Автор түстің арманнан, қиялдан туындайтынында ескертіп отырады. Повесте баланың өңі мен түсі тұтасып кеткендей әсер береді. «Түс – мұнда бүкіл шығарманың идеясын, сюжеттік – композициялық, көркемдік тұтастығын құраудағы ең құнды бейнелеу құралы болып табылады. Түс кейіпкердің болмыс-бітімін, ішкі ой иірімдерінің құпия қалтарыстарының психологиялық, сезімдік тұрғыдан әшкерелеп, характерлік қызметін қоса атқарады» /6,88/.

        Түс – біздің көркем әдебиетімізде күні кеше ғана көркемдік – символдық тәсіл болып қолданылған жоқ. Оның түптамыры – тереңде, сонау халық болып қалыптасып, ой-мұңы, ән-жыры, қисса-дастаны дүниеге келген қадам заманда-ақ, жыршы-жыраулар, ақын-шешенднр оны дастандарға, әсіресе батырлық («Қобыланды», «Алпамыс», «Ер Тарғын» т.б.) жырлары мен лиро-эпостық жырларға («Қыз Жібек», «Ләйлі-Мәжнүн», «Еңлік-Кебек» т.б.) әдеби тәсіл ретінде қосып, өздерінің айтар ойларын айшықтау үшін пайдаланған. Шынында да түс көру мотиві кездеспейтін қазақ эпосы сирек. Әрі қазақ халқында өзінің болмыс-бітіміне лайық түс жорудың дәстүрі де қалыптасқан /17.33/. Күні бүгінге дейін түс көру мен түс жору дәстүрі мен әдебиетіміздің кез келген жанрында әбден қалыптасқан көркемдік тәсіл ретінде қолданылып келеді. Өйткені, адам бар жерде саналы және еркіңнен тыс болатын психологиялық құбылыстардың болуы заңды. Ал, түс адамның шындықты санамен бейнелеуіне тікелей қатыспайтын психологиялық қүбылыс.

              Кейіпкерлердің күрделі қақтығысқа, ішкі психологиялық тартысқа құрылуы А.Алтай шығармашылығына тән қасиет. Оның ең бір үздік үлгісі де осы «Қызыл бөлтірік» повесі.

  Сонымен, қазіргі қазақ прозасында өз шығармашылығымен көп нәрсе айта білген А.Алтай   әр кейіпкерлерінің өзіне тән психологиялық кескін-келбеті бар. Олардың кейіпкерлері тап болған психологиялық жағдайын бейнелеу тәсілдері де өзгеше. Аталмыш жазушылар кейіпкерлерінің ішкі психологиялық толғаныстарына бой ұрады да, өмір құбылыстарына байсалды ой парасат көзімен қарауға шақырып, өткен мен бүгіннің ажырамас, диалектикалық бірлігін тереңірек түсінуге көмектеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ. ЛИРИЗМ ЖӘНЕ МІНЕЗ

 

2.1. Т.Нұрмағамбетов әңгімелеріндегі мінез ерекшеліктері.

 

       Мінез – адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жинытығы. Авторлық мінездеме дегеніміз біздің түсінуімізше автордың төл шығармасында орын алған кейіпкерлерге  берген анықтамасы. Мінез жоқ жерде, Л.И.Тимофеевше айтсақ, ақиқатты «адамдандыру» мүмкін емес. Ал біз әдебиетте ақиқат шындықты тек адамдар арқылы ғана танитынымыз белгілі. Сондықтан өз шығармасында «өндірістік процестерді суреттеудің тасасынан болар – болмас бұлдырап көрінетін кері ауызданған мәнекендер», емес  толық қанды көркем образдар жасағысы келген суреткер бар шеберлігін өмір шындығын жинақтаумен қатар адам мінезін даралауға жұмсайды. Суреткер үшін керемет қиын нәрсе «адамның жаны мен жүрегіндегі көзге ілінбес көп иірімдерді» (Гоголь) табу, тану және жазу. Сезімнің тілі – бір  түрлі, тілсіз тіл. Сол тілсіз сезімге тіл бітіргендей, қағаз бетін адамның ішкі күйінің суретіне, құбылысына, қимылына айналдыру —  суреткерден қаншылық нәзіктікті, шеберлікті қажет ететіні түсінікті болуға тиіс.

Характерология жалпы психологияның бір тармағы болғандықтан, көркем көркем туындыдағы авторлық мінездемелердің орны бөлек. Әдебиет сабағында осы мәселеге арнайы көңіл аудару қажет, — дейді  ғалым Б.Майтанов /13. 8./

     А.Г. Цейтлиннің зерттеуіне қарағанда, адамның мінезін – сезім «иірімдерін» суреттеу – Жорж Сандтың қолынан келмеген нәрсе де, Писемскийдің ең осал жері. Пушкин Вольтерді «алпыс жыл жазса адамында жібі түзу мінез жоқ, оңды – солды лепірген құр сөз ғана бар» деп ажуалаған. Бұл да тегін емес. Ал Лев Толстой үшін «ең басты нәрсе – адамның жан тіршілігі». Сондықтан ол «Соғыс пен бейбітшілікті» жазу үстінде эпопея қаһармандарының әрқайсысына алдын ала жан – жақты «мінездеме» жазып, әр алуан «психологиялық паспорт» толтырып отырған. Қызық жері — әр кейіпкердің мінез – құлқындағы алты түрлі (дәулет, қоғамдық, махаббат, ақындық, парасат және семьялық) ерекшелікке баса назар аударған. Мінездеу, жанама мінездеу, адамға тән күйініш, сүйініш сезімдерді суреттеу, адамның өз сөзін (монолог)  немесе өзгемен сөйлесуін (диалог)  келтіру – осылардың бәрі жеке – жеке тұрған, біріне – бірінің қатысы жоқ дара мақсатты (самоцель) нәрселер емес. Керісінше, бірін – бірі толықтырып, бірінен – бірі туып, біріне – бірі жалғасып жатқан дүниелер.. Мұндай бірліксіз бұлар адам мінезін де, тұлғасында жасай алмаған болар еді. Бұл – академик, ғалым Зейнолла Қабдоловтың  «Сөз өнері» кітабында берілген анықтама. ( 1. 95 )

         Жазушы өз геройының қимылын жеке – дара алмай, оның сөйлеген сөзімен ұштастыра суреттеп, оған өзінің авторлық көзқарасын (эстетикалық бағасын) білдіріп еді, бұл геройдың кім екенін, қандай мінез – құлықтың адамы екенін, қандай мінез құлықтың адамы екенін тасқа таңбалағандай білдік те алдық.

Қазақ әңгіме-повестеріндегі ерекше назар аударуды қажет ететінде жайттардың бірі – осы мінез мәселесі. Өйткені, көркем шығарма, оның ішінде әңгіме жанры да өмір шындығын қалай болса солай, талғамсыз, тарихи жағынан негізсіз етіп алмай, белгілі бір жайды белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік орта шындығына сай, тарихи жағынан нақтылы алып суреттейді. Демек, мінез жоқ жерде тарихи оқиға, әлеуметтік жағдай шындығы көрінбейді де, керісінше әлеуметтік орта, оның шындығы ашылмаған жерде мінез жоқ.

  Лирикалық проза көркемдік ағым болса, лиризмді тарихи-генетикалық тұрғыдан өнердің тектік қасиеті деп, авторлық позиция роайында бейнелеу принципі ретінде, әдеби процесс өлшемімен тенденция, творчестволық типология талабымен стильдік құбылыс, мазмұндық-құрылымдық аяда компонент есебінде танып-қабылдауға болатын тәрізді.

Бүгінгі қазақ әңгімелерін барлағанда байқалатын тағы бір нәрсе – қаламгерлеріміздің өз кейіпкерінің жүріс-тұрысын ежіктеп кетпей, олардың ішкі жан-дүниесіне зер сала бастағандары, қаһарманның іс-әрекетін жан-дүниесімен сабақтас алып суреттеуге ден қойғандары. әрине, бұл басқа жанрларға қарағанда шағын әңгімеде кейіпкердің бүкіл рухани әлемін ашып тастау әлдеқайда қиын, әлдеқайда күрделі екендігін ескермеске болмайды. Әңгіме жанрында кейіпкер психологиясын терең де толымды ашу мүмкіндігі повесть-романға қарағанда әлдеқайда шектеулі. Дегенмен, психологизмнің элементтері әңгімеде де жоқ емес. Айталық, Т.Нұрмағамбетовтың “Жәрдемші” әңгімесінің өзегі – бас шопан Қабылдың өз жәрдемшісіне қамшы жұмсап, орнынан босауы, содан байырғы әріптесі Алдашбекке жәрдемшілікке келуі. Бұл жерде назар аударатын нәрсе – екі түрлі жағдайда суреттелетін Қабылдың мінезіндегі өзгеріс, Қабыл психологиясындағы құбылыс /18.90/.

Әңгімеде  ескі көзқарастарынан азап шеккен Қабылдың қайшыласқан сезімдері, асып-тасыған көңілінің сабасына түсуі, рухани дүниесігндегі өзгерістер ккөрінеді. Бұл жердегі қабыл психологиясы бір күйден екінші күйге ауысып, құбылып отыруымен қызық. Мысалы, екі айтқызбайтын елгезек жәрдемші тапқанына риза бас шопанның алғашқы ойы: “баяғының құл жұмсаған байлары да осындай рахат көре алды ма? Жоқ па?… Әй, дәл осындай тілсіз жәрдемші жұртттың бәрінде бола береді дейсің бе? Кітаптардан оқып жүрміз ғой… Иесін сабап кетеді”, — деп келсе, өрісте жүріп, атынан түскен кездегі ойы: “Ол болғанда қолтығымнан демеп жіберетін еді-ау. Аттың шылбырын жинап, ердің басына өзі іліп, қамшымды әперіп тұрар еді-ау” /19.187/. Қабылдың асып-тасыған бұл психологиясы, бұдан кейінгі жүріс-тұрысы, ірі-ірі шыға бастаған сөздері, өрісте өзі сияқты бас шопан Алдабекпен кездескен сәттегі Сырдың суы сирағынан келтірмейтін әңгімесі,  ферма меңгерушісі мен совхоз директорын құйысқанына қыстырмай, әлемдік мәселелерді қозғап кететін кездері әдемі юмормен, ұтымды диологтармен берілген. Ал мұндайда көңілге күдік ала бастайтын оның тыңдаушысын (Алдашбекті) жазушы: “Осы әңгіменің аяғы бір пәлеге ұшырап жүрмесе етті” дегендей түсі қашып отырады“, — деп суреттейді. Мұнан Алдашбектің Қабылдай емес момын, жуас жан екенін көреміз, бастықтары жөніндегі әңгімеден тартыншақтап, сақтанып отырғандығын, яғни мінездеріндегі ерекшеліктерді аңғарамыз.

Осылайша әңгіме кейіпкерлерінің ой-толғаныстары, мінез-құлқы мен көңіл-күй ерекшеліктері нақтылы ситуациядан, сыртқы жағдайдан туындап жатады. Олардың рухани дүниесіндегі сілкініс, ақтарылған сезім, шарықтаған қиял бір-бірімен байланыса келіп, бірін-бірі толықтыра келіп, кейіпкер жанының диалектикасын, сезімдер қозғалысының суретін жеткізетін әдемі өрнек құрайды. Тіпті осындағы кейіпкерлердің рухани дүниесіндегі өрлеуді көрсету үстінде бүгінгі әдеби шығармамызда көп кездесетін үлгілердің – гипербола элементтерінің ұшырасуы, бұл әңгіменің табысы. Мұның өзі гипербола элементтерін тек ауыз әдебиетінде ғана емес, бүгінгі әдебиетімізде де шығармашылықпен пайдалана білгендігінің нәтижесі.

“Қабыл Алдашбектің қолынан жетелеген күйі зорланғандай етіп, сан мұхитты саптама етіктермен кешіп өтіп, америкаға апарады. “Қабылжан-ау, Америка менің не теңім, ауылға апаршы” дегенін тыңдамайды. Және білмейтіні жоқ. “анау Ақ үй,  мынау Көк үй” деп жағалап көрсете жүріп, ЦРУ-дың жанына келеді. “Біраз пәле осы жерден басталады, біліп қой” дегендей сол үйге қарай Қабыл саусағын шошайтып тұрып алады.

…Қайтарда тағы да әлгі мұхитты саптама етіктерімен кешіп өтіп, Египет пен Израильдің жеріне соғып, Ирак пен Иранның шекарасына келеді. Шекарада қабыл бір алақанын Иранға, екінші алақанын Ирак жаққа жайып тұрып, оларды мүсіркегендей “Ау, мына бейбақтарға не жоқ” дейді.

Мұнда ауыз әдебиетіндегі үлгі сол күйінде қолданылмайды, бұлардың арасында үлкен сапалық өзгешелік бар. Эпостық жырда құтан мен Қарабай, құлан мен бұлан, алты айшылық жер тілге тиек болса, бұл әңгімеде метеориттер, астероидтер, галактика, Мұхат, Ақ үй, ЦРУ, Египет пен израиль, Иран мен Ирак секілді бүгінгі ұғымымызға тән терминдер қолданылады /20.15/.

 Қазіргі таңда жазушы Тынымбай Нұрмағамбетовтің қазақ әдебиетінде өз отауы, төл әлемі бар. Т.Нұрмағамбетов шығармалары жеке дара бір жарқын құбылыс болып отыр. Жазушы шығармаларының қай-қайсысы да үлкен жүк көтеріп тұрған туындылар. Атап айтсақ, “Қош бол, ата”, “Қарлығаштың ұясы”, “Он төрт жасар жігіт”, “Түкпірдегі ауыл”, “Дарияның арғы беті”, “Тұнық су” секілді бірнеше повесть және “Қауын иісі”, “Әже”, “мазасыз түн”, “Жүрек жылуы”, “Жалғыз шартақ”, “Менің інілерім”, “Ата қоныс”, “Әлі шалдың қыздары”, “Сушы”, “Шашубай”, “Таңғы жауын”, “Жаздың қысқа түні“,“Тойдан кейін”, “Жәрдемші”, “Екі мая шөп”, т.б. әңгімелері соның дәлелі.

Т.Нұрмағамбетов шығармаларындағы туған жерге деген махаббат, еңбек адамдарының толыққанды мүсіні, терең реализм мен психологизм, нұрлы ирония арқылы қарапайым, халықтық характерлерді ашу – міне қаламгерге қажет ерекшеліктердің түрлері. Ол —  өз тақырыбы бар, айтары бар жазушы. Ол өзінің “Қош бол, ата” повесінен бастап концепциялы жазушы болып келеді. Ол не концепция. Ол – туған жерге деген сүйіспеншілік, қарапайым еңбек адамдарының ұлылығын жырлау. Сол себепті де оның кейіпкерлері – пәк, таза ойлы жеткіншек, басына тағдыр тауқыметі түскен, жол айрығында тұрған бала Көктембай (“Қош бол, ата”), Шорман(“қарлығаштың ұясы”, Елжан (“Тұнық су”). Осы Бала бүгініне, болашағына алаң, туған жер топырағына тәу етіп, ел дәстүрін жалғастырып, адамгершілік ар, жеңісі үшін бас тігіп жүрген қарт Жөкең (“Қош бол, ата”), Нұржан – (“Қауын исі”), Қамқа кемпір (“жүрек жылуы”), тағы басқалары. Т.Нұрмағамбетовтың ту етіп көтерері – тазалық, туған жер табиғатының тазалығы.

“Тыңдашы, мені, ата… бұл мен ғой, Көктембаймын. Саған бүгін кімдердің келгенін білесің бе? Толасбай, Шодыр көкем… қабылдама, олардың құранын, ата, қабылдама… Тыңдама… Көкемнің бүгін мені қалай ұрғаннын көрсең…

Ата, мен оларды жек көремін. Бәрін де.. Шодыр өз тайқыларымды өзіме беормейді, зорлықшыл. Мен әлі үлкейгенле оған көрсетермін.

Ата, Толасбайдың күмбездеп үй соғу керек дегенін естідің бе? Мен естідім, керегі жоқ. Керегі жоқ, күмбездеген үйінің. Мына өзіңнің жұп-жұмсақ, таза топырағың-ақ жетеді.”

Жер құшағында жатқан атасы моласының басында отырған бала Көктембай үлкендердің екіжүзділігіне ашулы. Осы ретте өз әкесін де аяп отырған жоқ. Қадірлері – туған жердің тап-таза, жұп-жұмсақ топырағы.                                                  

Осы терең ой, ақиқат пікір – Т.Нұрмағамбетовтың бүкіл творчествосына арқау болған. “Қарлығаштың ұясы”, “Үшінші кластың жетекшісі”, “Көгілдір аспан”, “Дарияның арғы беті”, “Түкпірдегі ауыл”, “Тұнық су”, “Бойтұмар” повестерінде де, жазушының барлық әңгімелерінде де көтеріп тұрған күш-тірек – туған жер. Бастарына қандай күн туса да, Тынымбай Нүрмағамбетов кейіпкерлері туған жерден кетпейді, ауылды айнала жүреді /18.94/.

Т.Нұрмағамбетовтың қарапайым бала, жігіт-қыз, егде-ересек, шал-кемпір кейіпкерлерінің бәрі дерлік – дара, дана адамдар. Халықтың қалың ортасынан шыққан өкілдер, типтік жағдайдан жаралған типтік тұлғалар. Қазақы, халықтық хараетерлер.

Жазушының көрнекті шығармасының бірі – “Тұнық су ” повесі. Бұл повесінің маңыздылығы – бала Ержанның суық бауыр анасы Салияны, сұлу астананы тастап, Мұңсызбай ауылына келуінде де емес. Ол повестің жас ұрпақты туған жерін, табиғат-ананы сүюге баулитындығында. Ол туған жердің  табиғатын тамаша бейнелейді, көзге елестетіп, көңілге бейнелейді. Шығарманың әрбір эпизоды, детальдары, пейзаждары, диалог, монологтары Т.Нұрмағамбетовтың қарапайым, кішкентай нәрселер арқылы түбегейлі үлкен мәселелер көтеріп, кесек образдар сомдап, әлеуметтік ірі, күрделі ойлар айта білгендігіне дәлел.

Бір қызығы – “Қош бол, ата”, “Тұнық су” повесінің басты кейіпкері балалар болса, “Бойтұмар” повесінің басты кейіпкерлері – ересектер, орта жастағы адамдар. Мұның өзі де жазушы творчествосындағы бір ерекшелікті, игі бетбұрысты байқатса керек.

Т.Нұрмағамбетовтың “Қарлығаштың ұясы” повесінде аңыз, ертегілерді көркемдік тәсіл ретінде пайдаланса, кейінгі шығармаларында мұндай әдіс-амалдарды, әдебиетте бұрыннан бар, пайдаланылған үлгілерді қолдану жоқ.

“Түкпірдегі ауылда” таза реализм, психологиялық зерттеу алдыға шықса, “Тұнық суда” тағдыр тартысы, драматизмі қоюланып, ащы да ауыр тағдыр, терең реализм билік алып, Елжанды – қаршадай баланы тығырыққа тіреген. Оның табиғатты ая-ауқым ретінде суреттеу, адамдар мінез-құлқын, психикасын қазбалай, қадағалай ашы қосылғанда шығарманың шынайылығы, шымырлығы арта түсетіні түсінікті /18.91/.

“ Түкпірдегі ауыл” – құрылымы қызық, тұтас алғанда да  бұлшық еттей түйілген шымыр шығарма. Онда дәстүрлі тартыс, конфликт, жағымсыз кейіпкер жоқ емес. Шағын ауылдың төрт түрлі аптал азаматын алу арқылы жазушы шалқар өмірдің шындығын алға тарқан. Повесть керағар да қызықты, қатпарлы да күрделі мінездер сомдаумен құнды.

Мұндағы бригадир, ауыл бас көтерері Әлібек, қырсық, бірақ ер, мәрт мінезді жігіт Қиғашбек, ерке ақылды, тентек келін Нәзила, ауыл ақсақалы, Жиделінің жұлыны мен даналығы тектес Тәукебай қарт бейнелері Тынымбай Нұрмағамбетов шығармашылығында ғана емес, күллі кешелі-бүгінді қазақ прозасындағы тың, тосын, құнарлы мінез-характерлер Нұрмағамбетов шығармаларындағы соны жаңалық деуге болғандай.

Жазушының алғашқы шығармаларынан Б.Майлинге еліктеуді, Шыңғыс Айтматов әсерін көрсек, кейінгі туындыларынан Тынымбай Нұрмағамбетовтың өзін көреміз.

Бұл – Тынымбай Нұрмағамбетов атты жазушының кемелденгенін, толысқандығын көрсетсе керек. “Ең парасатты проза, — дәл және қысқа жазылған проза”, — деп А.С.Пушкин айтқандай, көркем әңгіме қазіргі әдебиетіміздің көтерер жүгі үлкен бір жанрына айналып отыр. Жыл сайын жеке кітаптарда, мерзімді баспасөз беттерінде көптеген әңгімелер жарияланып келеді. Мәселен, Тынымбай Нұрмағамбетовтың “Тұнық су” атты кітабындағы “Көкөзектің қауыны” әңгімесін алайық. Асылы, жазушы түсіндіруге, ұзақ-сонар баяндауға ден қойып кетпеуге, кейіпкер мінез-құлқын, жалпы адамзат табиғатын деталь, тіл арқылы жеткізуге құмар. Кейіпкерлер табиғатын олардың өз сөздері арқылы танытады. Характер мен орта сәйкестігін де ұмытпайды. Мәселен, баласына болыспай, қарағайдай қатқан қырсық шал базарға барысымен ол мінезімен қоштасады. Базарға бірінші рет кеп саудаласқан кемпір-шалдың “нарық” дегенді білмей дағдарулары да қызық. Қамқа кемпір сатып алушыларға: “Шырағым, өзің қаншаға алғың келіп тұр. Сол ойыңдағыны берсеңші” десе, Қаратемір қартттың “сатушы мен ғой, жұрттың тілін табайын деп емес, бұл жұрт менің тілімді тапсын” деп тұруы, тәкаппарсынуы әрі табиғи әрі күлкілі. Осы сөйлемдерден-ақ, олардың кескін-келбеті елес бергендей. Демек, жазушы характерді тілдік детальдар арқылы да таныта алған.

Адам образын жасау – көркем шығармаға қойылар негізгі талап екендігі белгілі. Образ жоқ шығармада тағдыр жоқ. Ал адам суреттелмеген туындыда өмір тынысы, тіршілік ағымы бар деп айта алмаймыз. Осындай талап тұрғысынан қарағанда, тынымбай Нұрмағамбетовтың кейіпкер табиғатын танытуға ғана емес, өмірлік материалдың, оқиға-әрекеттің ой саларлық қырларына көбірек үңілуін де айту керек. Аталған әңгімедегі сауда,ға ебі жоқ аңқау қарттарды алдап, жер соқтырар жантасқа байланысты ситуациялар соның дәлелі. Ал, Қаратемір мен Қамқаға базарға келген балалы әйелге жаны ашып, қауынды тегін әрі кезексіз бергеніне де сенесіз. Өйткені, бұл автордың қисынсыз, күшпен қиыстырғаны емес, характерлердің бойына сиымды,. Шамасына шақ әрекет.

Әйтсе де, жазушының характерлерінің, адамдар қарым-қатынасының, тұрмысының қуыс-қуысына кей-кейде негізсіз көп үңіліп, әңгіменің әлеуметтік салмағын жеңілдетіп алатын тұстары да бар. Қарапайым ауыл адамдары осылай сөйлейді деп жөнді-жөнсіз тіл бұрай беруі де көңілге қона бермейді. Осы күнгі оқыған, кемінде он жылдық білімі бар нағиділланың аузына “деректеріміз” деп сөз салуы сенімсіздеу. Мұндай сөздерді бұзып айтса қара танымайтын қарттар айтар, ал мектеп бітірген әрі аудан орталығында тұратын бүгінгі жастардың сөзді бұлайша бұзып сөйлеуі ерсі секілді.                           

        П.Пикассоның “И среди людей больше копий,  чем оригинала” деген қанатты сөзінің жаны бар. Бәлкім сондықтан да төл көркем әдебиетіміздегі образдарда қазақы мінез-құлық, психология шаш етектен. Көбі инкубатордың балапанындай ұқсас. Ұлт мінезі ғой деп ақтап та алуға болар еді, бірақ көбіне жетпейтіні күйініш-сүйініш, толғаныс даралығы. Адам жұмбақ, өнер жұмбақ, ендеше жан сезіміңді қозғар, ой-санаңа түрткі тосын кісіні іздейсің.

 

2.2. Қуандық Түменбай прозасындағы ұлттық рух

 

           Осындай ізденімпаздықты, жанкештілікті Қуандық Түменбай шығармашылығына үңіле түссеңіз байқайтыныңыз хақ. Жазушының ерекшелігін де дәл осындай қасиеттерінен табасыз. Хикаяттары, әңгіме-повесттерінің кейіпкерлері әдебиетімізге тән шетінен тым арманшыл, шексіз ақжүрек, бейкүнә, өз ортасында беделді, алдыңғы саптағы адамдардан бөлектеу. Мүлдем ондай емес деу асылық болар, бірақ Қ.Түменбайдың алғашқы кесек хикаяттарының бірі “Алтын жылды армандарым” (1999ж.) әкесі жоқ, шешесі бар шала жетім Темірханды арманшыл-қиялшыл, тіпті кейде Ш.Айтматовтың “Ақ кемесіндегі” баланы еске түсірердей болғанымен, ішкі психологиялық болмыс-бітімі, тағдыр-талайы ерек. Басқаға қайдам, бізге жазушының өзегіндегі ащы жалын дәл осы туындысында лаулаған сияқты болып көрінеді. Кезінде тоқырау деп аталған кезеңнің кесапат-қиянатын, иман-сауптың тоза бастағыны, оның үстіне қаламгердің өз өмірбаяны бедерленген тұсын сезесіз. Ересек жазушының бала жаны мен жалыны өн бойыңызды екіұдай күйге бөлейді /21.10/

               Мінез – адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы дегенге сүйенер болсақ , Қуандық Түменбай кейіпкерлерінің мінездері, болмысы қазіргі қоғамдағы күнделікті кездестіріп жүрген адамдар десек те болады. Жазушы қоғамдағы адамдардың болмыс – бітімін сұрыптай отырып, рухани – психологиялық табиғаттын аша түседі.

Қосағынан  25 жасында жесір қалып, алпыстан асқан қайныағасына тиген кейіпкері Темірханның шешесі Насиха мен Жапардың жеті түнде төсектегі күбір-сыбырын құлағы шалған.

Тәңірхан Кенесары көкесін ойлап кетті. “Апам осы кісіге тисе ғой. Ол кісінің әйелі жоқ, баласы жоқ, неге өзі ықылас білдіріп, жеңгесін алмайды екен. Қайныағасына қосылып, жатысы анау”

 Он жасар Тәңірханның туған шешесі туралы ойы. Сенесіз бе? Анайы емес пе? Атойлап шығар сауалдар. Туындының ішкі астарына үңіліп көрейік. Өмір. Туған әке мейірімін көрмеген, бір әулеттің шайқалған шаңырағы, тәлкекке түскен бейбақтар ортвасындағы он жасар Тәңірханның кеудесі толған қайрауықтың ащы үніндей ызылы шер. Шерменде шер. Жасына жетпей-ақ, осы орта, осы күй бала санасын ерте есейтті. Әдебиетімізде ауылдағы адамдар тағдырын бедердлегенде, дәл осындай ап-ащы күйінішті Қ.Түменбайға дейінгілер де білді, көрді.  Жампоз жазушыларымыз жаза алмағаннан емес, жазғанын дүниеге келтірмегеннен еді. М.Шолоховқа жүгінсек, қанша жерден ащы болса да, жазушы шындықты оқырманға тура айтуы керек

Қ.Түменбайдың Тәңірханы шалқар мінезді, дауласарсыз, бірақ әдебиетіміздегі батылдық. Шындықтың көзіне тура қараған батылдық. Хикаяттағы бас кейіпкер шерлі ғана емес. Ағайын-туыс, алыс-жақыннан, өзі өскен тіршілік ортасының қасқыр қабағынан көкірегі қарс айрылса да, ертеңігі күннен күдерін үзбейді. Ағасы Шерхан “желтоқсан көтерілісіне” қатысып, түрмеге түсті деген хабар жетісімен, Алматыға жиналады. Атасы Жүзжасардың басына барғанда: “Ата, батаңызды беріңіз”, — деп күбірледі Тәңірхан. Біз сіздің атыңызға қолымыздан келгенше кір келтірмейміз.Біз емес, біздің қолымызда не тұр, уақыт, заман ғой кірлетіп жүрген. Енді бәрі дұрыс болар /21.16/

Сіз аруағыңызбен жебеңіз, Жүзжасар ата! Сөйтіп, ұрпағыңызды құтқарып қалыңыз. Шерхан оқуды бітіріп, агроном болып, ауылға келіп, сіздің дихандық жолыңызды жалғастырамын, жаңғыртамын, әулеттің атын тазартып, ауылдың атын әлемге паш етемін деп жүр ғой”/22.42/. Он жастағы бала жиырма бестегі жігіттің сөзін сөйлеп тұр. Тәңірханның көз жасы жанын есейтіп жіберген. Иланасыз.

Көркем  әдебиет атаулының өзегі – рух дертін көрсету. Жүрек пен мидағы қорғасындай күшті саралау, сүзу. Асылы, кімнің қалай сүзуінде. Қ.Түменбай прозасы мен көсемсөзінің тұла бойындағы тұлпары мен сұңқары – адам рухы. ТӘН-ЖАН-РУХ”. Ана құрсағында таза жетілген мен жетілмегендер. Жарық дүниеге шыр етіп келгеннен кейінгі екі періштенің – Қалиман мен ӨҚатиманың жазуы. Оны қадағалайтын жазушы, суреткер. Қ.Түменбайдың кезінде зиялы, мәдени ортада динамиттей жарылған әңгімесі – “Адам”. Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті осы әңгімесі үшін шақырып алып, түсінік жаздырған. Таққан кінасы – “орысты зинақор етіп көрсетті”.  Әңгімені әркім әр қырынан тұщынуы заңды еді. әсіресе, сол тұсиағы қоғамдық құлқына, әбден шемен көзқарасқа бұл түрпідей тиіп, тікендей қадалғанг. Ауған соғысында дұшпандар екі аяқ, екі қолын тірідей кесіп, шолақ бөренедей тастап кеткен офицер жігіттің достан да дұшпаннан да көңілі қалып,  көрген қорлығы жан түршіктіреді.

Адам неге мұндай күйге түсті? Кеңестік рух жан-дүниесін меңдеп алған жас офицер Арарат Кайранасов әскери училищені бітіріп, қызыл диплом алды. Мәскеу округінде взвод командирі болды. Ауған соғысын өзі қалап барды. “Медаль керек болда маған. Орден керек болды. Олар пәле. Тау, тас – бәрі өздерінікі, бәрінің тілін біледі. Біз ше, келімсек, мылқаулар таумен де, таспен де табыса алмай ақырында, өзіміз сорлаймыз. Кім шақырды екен, біздей мылұқауларды осы биік-биік тауына?”, — дейді кейіпкер дұшпандар тұтқынында өзін-өзі жұлып жеп. Дәл осы жерде жаны мен тәні тезге түсті. Тезге түсіп, тірідей тозақтың отына күйіп бара жатты. Сонда ғана дүние жалған екенін, өзі құдайдай сенген Отанының саяси билігі үшін бұл бар болғаны адам емес, зыр айналған жай ғана ұршық тасы, жай ғана зат екенін сезді. Туған Отанының ең үлкен марапаты, көргшен жақсылығы – орден, темір екен. Адамның адамдық қадір-қасиеті биік мүддесімен бетпе-бет келгенде түкке тұрмайды. Бұдан жігіттің пәршек-першегі шыққан құрыштай денесі жары үшін де түк емес. Теріс айналып, қайырылмай кетті. Тоталитарлық идеология қанына сіңген, “Отаным” деп өзегін беруге дайын соқыр сеніммен күлі көкке ұшты” …жылтыр үстел үстінде  жатқан Надямен ажырасу туралы сот үкімін оқыған сәтте басын көтерместен еліміздің кң жоғарғы марапатының қызыл-көк жолақтарымен көмкерілген шүберек бөлігіне ауыз салғанда күректей өткір тіс көсемнің қасқа басына қарш-қарш тиді /22.264/.

“Ол ең болмаса жалғыз қолы болмағанына өкінді. Қолы болғанда жүрек тұсында салбыраған темірді жұлып алып, терезеден көшеге құлаштай лақтырсам деп армандап отыр. Тағы да басын төмен иді, отыз екі тіс қарш-қарш етіп, мұздай темірмен айқасты

 — А-а-а-й!    А-а-а-й!

Мүгедек жігіттің адамдық рухы күйреді. Сол сәттен-ақ, табиғи хайцуандық нәпсілік инстинкт бас көтеріп, лап қойды. Кәді мгі ет пен сүйектен жаралған пенде емес пе?

“ – Маған орден керек емес, әйел керек, әйел!

Көз алдында туған баласының өзегіне у төккен  қасіретіне шыдамаған, көкірегі қарс айырылған анасы да мына қоғамнан күдер үзіп:

“ – Ұлым, тілегіңді мен орындасам қайтеді”, — деуден басқа амалы қалмаған.

Жан мен тәндегі цунамиді Қуандық “өтіріктің балын жалап, тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық” (Б.Момышұлы) деп  жазды. Өмірдің сұрқай шындығын сол сұрқай күйінде берді.

Қуандық Түменбай бұл туындысын дүнеден озып бара жатқан Кеңес заманының сұп-суық темірдей жүйесіне әдейі ерегесіп жазды. Басқаша жазуға бұрынғы кеңестік көпқалыпқа салып, аяғы жоқ, қолы жоқ. Арараттың қасына сүйген қызы Надеждасын күндіз-түні отырғызып, “сен үшін тағдыр тауқыметін кешуге дайынмын, саған деген махаббатым мәңгілік, сен үшін бәрін де тәрк етемін” дегізіп, табындырып, қаһарман етіп қоюына болар еді. Әдебиетте мұндай сюжеттер бастан асып жатыр. Қаламгер ғасырға жуық асығы алшысынан тұрған тоң мойын мемлекет жүйесі мәңгүрт еткен қоғамдық санаға  осылайша ши жүгіртіп көрді.

Жазушы хикаяттары мен әңгімелерінде өз заманының құлқын, саясатқа соқпай кеткен кейіпкерлері кемде-кем. Бәрінде де, басты ерекшелігі – көз қиығын, көңіл-күйін артөқан, жүректі жылытып, буынды босататын – адамның рухы. Осы орайда жазушының “Жігіттің көктөбесі”, (Жазушы,1995) жинағындағы “Ұры” хикаяты – Қуандық Түменбайдың шұрайлы да сүбелі, қазақы тірлік-тыныстық, сана-сезімнің, тағдыр-талайының иісі аңқып тұратын бірегей туындысы. Шығармада тайға таңба басқандай сомдалған кәдімгі қазақ ауылының адамдары – ұры Ұлтарақ, бүкір кемпір Алтынай, “жүздік шегеге төрткүл дүниенің бар жаңалығын іліп тастап” жатқан соғыс ардагері Әйтеке, т.б. Көзін ашқалы несібесін ұрлықпен теріп жеп, жетім-жесір, шал-кемпір демей, жолына кездескеннің азын-аулақ ырыздығын аузынан тартып жеп, зар илеткен – Ұлтарақ ақыр соңы ұрлық пиғыл жолында тоққа түсіп өледі. Тіпті бүкір кемпір Алтынайдың ұлы Кенжебек әскерді бітіріп келіп, көлік апатынан қайтыс болып, қасірет тартып жүргенде жан сақтап отырған жалғаз ала бауыр сиырын Ұлтарақ ұрлап сойып алады. Туындыда есіңнен кетпейтіні – осы екі кейіпкердің жан-дүниесі, мінезі, іс-әрекеті. Алтынай осы күнге дейін қазақ ауылының екі үйінің бірінде бар, тағдыр тақсіретін көрсе де, иманын жоғалтпаған кемпір. Кемпір болғанда да, бүкіл саналы тірлігін сараптап, пенденің пенделігімен жасалып-жалғасып жатқан қиянат-зәбір атаулыға қарсы тұрар арлы адамдардың бар екенін ұғындырып өткен адам. “Құдай да зымияндардың жағына шығып кетті ғой”, — дейді Алтынай кемппір. Осы бір ауыз сөз Қуандық Түменбай  хикаятының өзегін шарпыған ащы жалын. Рух дертінің ошағы. “тірілермен түсінесе алмай, өлілермен тілдесіп жүрген жағдайым бар. “Таза адамдар мен сияқты көрініп жүреді. Ал сен жердің бетінде қиналып жүрсің. Өйткені, сен таза адамсыңі. Жер бетінде сен сияқтылардың жүруәі қиын” (Алтынай кемпірдің монологы.) Қ.Түменбайдың туындыларының қай-қайсысында өтпелі кезең деп аталған ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасыр басындағы  замана табы-тынысы бар.

         Қысқасы, әдебиеттегі адам образын жасаудың жолдары мен тәсілдері көп және әр алуан. Жалғыз – ақ, жазушы шын мәніндегі шебер, зергер болуы шарт, сонда ол қолданған әрбір амал адам образын ашуға қызмет етеді. Әдебиеттегі адамның ішкі бітімімен қатар сырт келбетін (портретін) де осы тұрғыдан түсінгшен жөн. Әйтпесе, портретте – самоцель емес. Оқырман өзі оқыған белгілі бір көркем шығармадағы геройлардың мінезін біліп, сөзін ести тұра сырт пішінін, кескін кейпін де көргісі келеді. Портрет тәсілі осыдан туған. Портрет дегенде біздің көз алдымызға кескін өнеріндегі (живописьтегі) портрет елестейді.  Бұл – кескін  өнеріндегі портрет. Бұл портреттің ерекшелігі — өзгермейтіні, қозғалмайтыны, қашан көрсек те бір қалыпта ғана тұратыны белгілі. Ал сөз өнеріндегі портрет бұлай емес, ол – бір қалыпта қатып тұрып қалмайтын, өзгеретін, қозғалатын жанды келбет, тірі кескін. (1. 110 ) Міне, біз көркем туындыны талдау, ондағы кездесетін өнер адам тұлғасын сомдау барысында кездесетін әдеби әдіс – тәсілдерге қысқаша тоқталып өттік.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Әдебиеттану пәнінің негізгі предметі – адам болғандықтан, оның сыртқы дүниемен байланысы, рухани-психологиялық табиғаты, адамгершілік сапасы және басқа да қасиеттерін бейнелеп көрсетудің сан ғасырлық тәжірибесі бар. Әйтсе де, қоғам алға жылжып, уақыт өзгерген сайын танымы қиын жаратылыс – адам турасында жаңа білімдер жинақталады, өзіндік жаңа көзқарастар туады.

  Қоғамды жасақтаушы адам тұлғасын, оның ішкі дүниесін, ой әлемін, барша жұмбақты болмысын зерттеп қана қоймай, жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуына, рухани игіліктерді бойына жинақтауға ықпал ететінімен ерекшелетіні рас.

  Адам – қоғамдық та, рухани да құбылыс. Қоғамның дамуындағы өзгерістер адам санасына ықпал етпей қоймайды. Сол себепті адамның қоғамдық қыры мен индивид ретіндегі жеке психологиясы бір-біріне тәуелді қарастырылады. Адамның жеке басында жүріп жататын мінездік ерекшеліктер, ішкі қайшылықтар өміріндегі кейбір оқиғалар автордың концепциясынан туындайды. Автор кейіпкер арқылы өзі мұрат еткен идеяны жеткізуге тырысады. Сондықтан да кейіпкер бойындағы авторға тән кейбір мінез-құлықтар осыған байланысты. Ол көбіне кейіпкерді ішкі түйсігі арқылы сезініп, бағалап, жүйелеп, типтендіріп алып сомдайды. Адам табиғатына уақыт ағымы мен қоғамдығы ірі өзгерістердің тигізетін ықпал-әсері айрықша. Осыдан авторға айналған кейіпкер қоғам аясында жеке тіршілік ете бастайды. 

  Жұмысымыздың  негізгі арқауы ретінде  қарастырылған жазушылар Т.Нұрмағамбетов, Т.Ахметжан, А.Алтай, Қ.Түменбай шығармаларында жекелеген адамдар тағдыры суреттелініп, бүкіл әлеуметтік өмірдің күнгейі мен көлеңкесіне, даму барысына, жалпы моральдық болмысына философиялық тұрғыда талдаулар жасалынады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           

Әр жазушы үшін кейіпкер жанындағы нәзік те сырлы әрі  лиризм, психологиялық күрделі құбылыстарды аша отырып, характер логикасына сай келетін шешімдер табу басты мақсаттың бірі болуға тиіс, кейіпкердің характері сонда ғана жан – жақты ашылады. Сонымен қатар, қазіргі әңгімелердің бір ерекшелігі кейіпкер саны екіден аса қоймайды, сондай – ақ, алдымен монологқа құрылады да диалогқа ұласатынын мысалдармен дәлелдедік. Терең психологизм дәлдігі, сенімділігі үшін монолог қандай қызмет атқарса, диалогтың да идеялық – көркемдік орны сондай үлкендігіне көз жеткіздік. Адамның мінез – қырларын белгілі бір сәттердегі сезім – күйлерін тапқыр әрі ұтымды, қысқа да мағыналы бейнелеуде диалогтың ерекше тәсіл екендігіне мән бердік.          Жұмысымыздың екінші тарауында:

 Аталған қаламгерлер прозаларындағы  кейіпкерлерінің рухани жан әлемінде жиі болатын күйзеліс, психологиялық қиналысты беру ерекшеліктерін, сол сәтті дәл де нанымды беретіндей бейнелі, көркем сөздерді пайдалану шеберлігін қарастырдық. Сонымен бірге көркем әдебиеттегі психологизм, оның көркемдік бейнелеу тәсілдері, ішкі монолог, ой ағысының пейзаж, портрет, көзқарас мимикасы (ымдау) ишара түс көру т.б. бұлардың бәрі ішкі монологтың элементтері даралық сипатқа ие болып, әдеби процесте өзіндік өсу заңдылығымен дамуын біз қазіргі қазақ прозасынанда байқай аламыз. Аталмыш авторлардың повестері белгілі бір оқиғаға құрылмай ішкі ой арпалысымен жалғасып жататындығына мән береміз. Сондай-ақ,  жазушы әңгіме — повестерінде түс көру тәсілін кейіпкердің ішкі жан әлеміне тереңдей еніп, оның ойлау жүйесінің ерекшелігін айқындайтын психологиялық бейнелеу құралы ретінде қолданатындығын мысал арқылы дәлелдеп отырдық.

Характерология жалпы психологияның бір тармағы болғандықтан, көркем көркем туындыдағы авторлық мінездемелердің орны бөлек. Әдебиет сабағында осы мәселеге арнайы көңіл аудару қажет, — дейді  ғалым Б.Майтанов.  ( 13. 8 )

Мінез – адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жинытығы. Авторлық мінездеме дегеніміз біздің түсінуімізше автордың төл шығармасында орын алған кейіпкерлерге  берген анықтамасы. Мінез жоқ жерде, Л.И.Тимофеевше айтсақ, ақиқатты «адамдандыру» мүмкін емес. Ал біз әдебиетте ақиқат шындықты тек адамдар арқылы ғана танитынымыз белгілі. Сондықтан өз шығармасында «өндірістік процестерді суреттеудің тасасынан болар – болмас бұлдырап көрінетін кері ауызданған мәнекендер», емес  толық қанды көркем обрыздар жасағысы келген суреткер бар шеберлігін өмір шындығын жинақтаумен қатар адам мінезін даралауға жұмсайды. Суреткер үшін керемет қиын нәрсе «адамның жаны мен жүрегіндегі көзге ілінбес көп иірімдерді» (Гоголь) табу, тану және жазу. Сезімнің тілі – бір  түрлі, тілсіз тіл. Сол тілсіз сезімге тіл бітіргендей, қағаз бетін адамның ішкі күйінің суретіне, құбылысына, қимылына айналдыру —  суреткерден қаншылық нәзіктікті, шеберлікті қажет ететіні түсінікті болуға тиіс.

      А.Г. Цейтлиннің зерттеуне қарағанда, адамның мінезін – сезім «иірімдерін» суреттеу – Жорж Сандтың қолынан келмеген нәрсе де, Писемскийдің ең осал жері. Пушкин Вольтерді «алпыс жыл жазса адамында жібі түзу мінез жоқ, оңды – солды лепірген құр сөз ғана бар» деп ажуалаған. Бұл да тегін емес. Ал Лев Толстой үшін «ең басты нәрсе – адамның жан тіршілігі». Сондықтан ол «Соғыс пен бейбітшілікті» жазу үстінде эпопея қаһармандарының әрқайсысына алдын ала жан – жақты «мінездеме» жазып, әр алуан «психологиялық паспорт» толтырып отырған. Қызық жері — әр кейіпкердің мінез – құлқындағы алты түрлі (дәулет, қоғамдық, махаббат, ақындық, парасат және семьялық) ерекшелікке баса назар аударған. Мінездеу, жагама мінездеу, адамға тән күйініш, сүйініш сезімдерді суреттеу, адамның өз сөзін (монолог)  немесе өзгемен сөйлесуін (диалог)  келтіру – осылардың бәрі жеке – жеке тұрған, біріне – бірінің қатысы жоқ дара мақсатты (самоцель) нәрселер емес. Керісінше, бірін – бірі толықтырып, бірінен – бірі туып, біріне – бірі жалғасып жатқан дүниелер.. Мұндай бірліксіз бұлар адам мінезін де, тұлғасында жасай алмаған болар еді. Бұл – академик, ғалым Зейнолла Қабдоловтың  «Сөз өнері» кітабында берілген анықтама. ( 1. 95 )

         Жазушы өз геройының қимылын жеке – дара алмай, оның сөйлеген сөзімен ұштастыра суреттеп, оған өзінің авторлық көзқарасын (эстетикалық бағасын) білдіріп еді, бұл геройдың кім екенін, қандай мінез – құлықтың адамы екенін, қандай мінез құлықтың адамы екенін тасқа таңбалағандай білдік те алдық.

         Қысқасы, әдебиеттегі адам образын жасаудың жолдары мен тәсілдері көп және әр алуан. Жалғыз – ақ, жазушы шын мәніндегі шебер, зергер болуы шарт, сонда ол қолданған әрбір амал адам образын ашуға қызмет етеді. Әдебиеттегі адамның ішкі бітімімен қатар сырт келбетін (портретін) де осы тұрғыдан түсінгшен жөн. Әйтпесе, портретте – самоцель емес. Оқырман өзі оқыған белгілі бір көркем шығармадағы геройлардың мінезін біліп, сөзін ести тұра сырт пішінін, кескін кейпін де көргісі келеді. Портрет тәсілі осыдан туған. Портрет дегенде біздің көз алдымызға кескін өнеріндегі (живописьтегі) портрет елестейді.  Бұл – кескін  өнеріндегі портрет. Бұл портреттің ерекшелігі — өзгермейтіні, қозғалмайтыны, қашан көрсек те бір қалыпта ғана тұратыны белгілі. Ал сөз өнеріндегі портрет бұлай емес, ол – бір қалыпта қатып тұрып қалмайтын, өзгеретін, қозғалатын жанды келбет, тірі кескін. (1. 110 )  

Біө бүгінгі бітіру жұмысымызда қазіргі қазақ әңгіме-повестерін, оның бүгінгі хал-ахуалын, өзіндік ерекшеліктері мен өзіндік проблемаларын сөз еттік. Бүгінгі қазақ шағын прозасында жаңалықтар баршылық, ол өмір жаңалықтарына жедел ілесуімен, оның бір қырын көрстсе де, бірегей көрсетуімен, басқаша айтсақ, көркемдік-идеялық деңгейінің өсуімен көзге түседі. Түйіндей айтқанда, қазақ прозасы — өсу, толысу, даму үстіндегі жанр. сөз еттік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы: Қазақ университеті, 1992 -350 бет.
  2. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. Алматы: Санат, 1996 -333 бет.
  3. Базарбаев М. Замана тудырған әдебиет. – А: жазушы, 1991.
  4. Тимофеев Л.И. Основы теории литературы. – М: Просвещение, 1971.
  5. Майтанов Б. Суреттеу мен мінездеу. – А: Жазушы, 1991
  6. Пірәлиева Г. Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері. Алматы: Алаш, 2003 – 327 бет.
  7. Майтанов Б. Қаһарманның рухани әлемі. – А: Жазушы, 1987. – 232б.
  8. Ержанова Г. Қазіргі қазақ әңгімесі. Фил. ғылым. канд. дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы. Алматы, 1999 — 125 бет.
  9. Қабдолов З. Жанр сыры. —Алматы: Жалын, 1964 — 214 бет.
  10. Әдебиеттану терминдер сөздігі. —Алматы: Ана тілі, 1998. – 321 бет.
  11. Омаров Т. Әдебиет жайлы ойлар. — Алматы: Қазақ университеті, 1992. —352 бет.
  12. Ахметжан Т. О дүниенің қонағы. – Астана: елорда, 2001.
  13. Ақшолақов Т. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. —Алматы: Рауан, 1994. —224 бет.
  14. Гинзбург Л. О психологической прозе. – Москва: худож литература, 1977.
  15. Асылбекұлы С. Қазіргі қазақ повестеріндегі заман шындығы. Филология филология ғылымдарының кандидатығылыми атағын алу үшін дайындаған диссертация. —Алматы, 1997. 120 бет.
  16. Алтай Асқар. Қызыл бөлтірік. – Алматы: Жазушы, 1996.
  17. Пірәлиева А. Ішкі монолог. — Алматы: 1995 – 170 бет.
  18. Сөзстан. 5- кітап. Алматы: Жалын, 1984, 220 бет.
  19. Нұрмағамбетов Т. Тұнық су. — Алматы: Жазушы, 1991.
  20. Керейқұлов Қ . Теңізге түскен желқайық. – А: жазушы, 1991.
  21. Аязбеков Ж. Рух дерті // Қазақ әдебиеті. 07.04.2006.
  22. Түменбай Қуандық. Көз . – А: Зерде, 1999.

 

 

 

                                          Қосымша әдебиеттер:

 

  1. Борев Ю. Художественные направления в искуссстве ХХ века. Киев, 1986 131 стр.
  2. Храпченко М. Мировозрение и творчество (Проблемы теории литературы. Москва., 1958.
  3. Бехер И. О литературе и искусстве. Москва: МГУ, 1981, 200стр.
  4. Борев Ю. Эстетика. Москва: Сов.Росс., 1981, 318стр.
  5. Майтанов Б. Қазақ прозасындағы замандас бейнесі. Алматы: Жазушы, 1982, 265б.
  6. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе. Алматы: Ана тілі, 1991, 198б.
  7. Серғалиев М. Сөз сарасы. Алматы: Мектеп, 1989, 274б.
  8. Храпченко М. Горизонты художественного образа. Москва: 1982, 324стр.
  9. Гинзбург Л. О психологической прозе. Москва: Худлит. 1977, 433стр.
  10. Тілепов Ж. Тарих және әдебиет. Алматы: Қазақ университеті, 2001, 200б.
  11. Исмакова А. Казахская художественная проза. Поэтика, жанр, стиль. Алматы: Ғылым, 1998, 398б.
  12. Қаратаев М. Әдебиет және эстетика. Алматы: Жалын, 1970, 244б.
  13. Әдібаев Х. Талант, талғам, тағдыр. Алматы: Жазушы, 1971. 256 бет.
  14. Щепилова Л. Введение в литературоведение. Москва: Сов. Писатель, 1968 – 280 стр.
  15. Гей Н. Время и пространство в структуре произведения. Москва: Наука, 1975 – 232 стр.
  16. Жұмағалиев З. Шындық және көркем әдебиет. Қарағанды, ҚарМу, 1993 -215 бет.

             17..Борев Ю. Методология анализа литературного произведения. Москва: Наука, 1988 -348 стр.

  1. Балтабаева Г. Қазіргі қазақ әңгімесі (1980-1990). Филология ғылымдарының кандидаттығын ғылыми дәрежесі алу үшін дайындалған диссертация. —Алматы, 1999 – 121 бет.
  2. Ахметжан Т. Тұма. Астана: Фолиант, 2004 – 124 бет.

20..Нағыметов А.   Қазіргі повесть және көркемдік ізденіс.                 —Алматы, 1961 – 142 бет.

21..Әбдезұлы Қ. Жазушы жєне заман шындығы. —Алматы:  Қазақ университеті, 2003. —185 бет.