АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазіргі заман жағдайындағы несиенің мәні мен қажеттігі

Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

АБЗАЛОВА С. А.

 

 

Қазіргі заман жағдайындағы несиенің мәні мен қажеттігі

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

«Қаржы» мамандығы — 522530

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАРАҒАНДЫ — 2007

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

 

Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

ЭКОНОМИКА ФАКУЛЬТЕТІ

 

«ҚАРЖЫ» КАФЕДРАСЫ

 

 

 

2007 Қорғауға жіберілді

«Қаржы» кафедрасының

меңгерушісі, э.ғ.к., доцент

_____________Көмекбаева Л.С.

«____»____________ ж.

 

 

 

 

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

ҚАЗІРГІ ЗАМАН ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ НЕСИЕНІҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІГІ

                    

 

 

 

Студент                                                                                      Абзалова C.А.

 

Ғылыми жетекші,

э.ғ.к., доцент                                                                             Кушербаев Б.П.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2007

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………6

 

1 несиенің экономикалық категория ретіндегі ролі…………..8

1.1 Несиенің қажеттілігі және несие қатынастарының пайда болуы……………8

1.2 Коммерциялық банк ұсынатын несие формалары мен түрлері…………….20

 

2 ҚАЗІРГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙДА НЕСИЕНІҢ ҚАЖЕТТІГІ 

МЕН МӘНІ……………………………………………………………………………………………..36

2.1 Коммерциялық банкте несие алу операцияларын ұйымдастыру

үрдісі………………………………………………………………………………………………………36

2.2 Коммерциялық банктің несиелік операцияларын талдау…………………42       

3 Нарықтық экономика жағдайында несиелеуді

жетілдіру  жолдары………………………………………………………………………..54

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………..65

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………………69

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде ақша – несие жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан ел экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады.

Несие объективті қажеттіліктен туындаған және ол қоғамдық өндіріс үрдісінде маңызды роль атқарады. Несие ақшалай капиталдың қарыз алушылар арасындағы қарым–қатынасын білдіреді.

Несие – бұл несие капиталының қозғалысы. Несие капиталы – бұл қайтару талабымен пайызбен төленетін, меншік иелеріне несиеге ұсынылатын ақша капиталы.

Несие – кеңейтілген қайта өндіру мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару талаптарына сай ақшаны бөлу және xалықтың, экономиканың бос ақшалай қаражаттарының жұмылдырылуын қамтитын несие капиталының қозғалысы.

Несие заңды тұлғаларға ақшалық ссуда ретінде банктермен, несиелік-қаржылық мекемелермен беріледі. Банктік несие коммерциялық несиенің шекарасынан асады. Бос ақша капиталы кез-келген өндіріс кешенінде бөлінеді және банктік несие арқылы кез-келген бағытта жүре алады.

Осының барлығы бұл тақырыптың қазіргі уақыттағы маңыздылығын анықтайды.

Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты қазіргі заман жағдайындағы несиенің мәнін ашу және оның экономикада алатын ролін қарастыру болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді атап көрсетуге болады:

— несиенің қажеттілігін және несие қатынастарының пайда болуын

қарастыру;

— коммерциялық банк ұсынатын несие формалары мен түрлерін қарастыру;

— коммерциялық банкте несие алу операцияларын ұйымдастыру

үрдісін талдау;

— «ТұранӘлем Банк» АҚ мысалында банктің операциялары мен

қаржылық жағдайын талдау;

— нарықтық экономика жағдайында несиелеуді жетілдіру жолдарын қарастыру.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және

пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Осы жұмысты орындаудың әдістемелік, теориялық негізі ретінде Қазақстан Республикасының заңды және нормативті актілері, отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері қолданылды. Тәжірибелік бөлімі «ТұранӘлем Банк» АҚ есеп беру негізінде қолданылды.

 

 

 

 

1 несиенің экономикалық категория ретіндегі ролі

 

1.1 Несиенің қажеттілігі және несие қатынастарының пайда болуы

 

Несие – ақша сияқты тариxи экономикалық дәреже болып табылады. «Несие», «қарыз», деген сөздер «kredo»– сенемін деген мағына беретін латынша «kreditum» деген сөзден шығады. Ол экономикалық  дәреже  ретінде  әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формалаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары және тағы басқа) қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар – ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.

Капитал түрлерінің ауысуы бір шаруашылық субъектілерінде ақша қаржысының уақытша босатылып және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерде ақшаға деген қажеттіліктің қалыптасуымен қоса жүреді. Әрбір шаруашылық субъектісінде (кәсіпорын) өзінің жеке ауыспалы айналымдағы капиталы болады.

Қызмет үрдісінің бағыттылығы ауыспалы айналымның әр түрлі сатыларында болатын ақша ресурстарының оларда бір мезгілде және үнемі бар болуын: материалдық өндіріс саласы үшін – өндірістік, тауарлы және ақшалай, ал айналым саласы үшін – тауарлы және ақшалай болуын талап етеді.

Өндірісті жеке шаруашылық жүргізуші субъектілері ақшаларды уақытша босатуға және оларға деген қажеттілік үшін жағдай туғызады. Мысалы, негізгі өндірістік және айналым қорларының құн қозғалысының үрдісінде. Негізгі қорлар өздерінің құндылығын амортизациялық тозу шамасына қарай дайын өнімдерге жекелеп аударады, ал олар негізгі қорларды жаңарту үшін бірнеше жылдар бойы жинақталатыны мәлім. Бұл жағдайда негізгі құрал – жабдықтарды ауыстыру (айырбастау) және жөндеу үшін жұмсалатыны себепті ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы жүреді. Бірақ, бұл сәтте жинақталған ақша жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұл жағдайда қосымша ақша тарту қажеттілігі туады. Яғни, ақшалай қаражатты босату  мен оған деген қажеттілік айналым қорларын пайдалануда үнемі болып тұрады.

Мысалы, дайын өнімді өкізуден түсетін түсім ақша және шикізат, материалдарды сатып алу, еңбек ақысын төлеу үшін бірден бір сәтте жұмсала қоймайды және бұл жағдайда ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы орын алады. Қосымша ақшалай қаражатқа деген қажеттілік маусымдарда нақты айналым ақша қорларының жеткіліксіздігінен (шикізат, материалдар, жанар-жағармай) өндіріс пен тауар айналымның уақыты сәйкес келмеуінен және тағы басқа жағдайларда туындауы мүмкін.

Капитал айналымында және ауыспалы айналым үрдісінде ақшалай қаражаттың босатылуын және оған деген қосымша қажеттілікті шамамен былайша көрсетуге болады (Сурет 1).

 

Қаражаттың босатылуы және оларға деген қосымша қажеттілік

 

 

 

 

 

Cурет 1

 

Осылайша негізгі және айналым қорларының қозғалысы үрдісінде ақшалай қаражаттың құйылуы (қажеттілік кезінде) мен қайтуы (босатылу кезінде) болады. Сондықтан бір кәсіпорын басқа кәсіпорынға қарағанда бұрынырақ тауар сатушы ретінде және оның сатып алушысы болуы мүмкін.

Қаражатқа  деген қажеттілік пен оның босатылуы арасында туындаған қарама–қайшылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыпты қызметі үшін қажет материалдық және қаржылық  ресурстарды нақты  байланыстыратын  несиенің жәрдемімен ғана  рұқсат  етіледі.

Жеткіліксіз шамада несиенің  объективті қажеттілігі несие қатынастарын жүзеге асыратын несиелік капитал айналымы мен өндіріс капиталы айналымының бір қалыпты еместігімен түсіндіріледі.

Банктік несиенің мүмкіндігін  шындыққа айналдыру үшін белгілі бір талаптар бар. Біріншіден, несие мәмілесінің  қатысушылары – несие беруші мен қарыз алушы – экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын өз мойнына алуға материалдық  жағынан кепілдік беретін дербес заңды субъектілер келісімі негізінде алға шығуы керек. Екіншіден, егер несие беруші мен несие алушының мүдделері бір жерден шықса, онда  бұл  жағдайда несие өте қажет болады. Несие мәмілесін жүзеге асыру үшін оның қатысушылары  міндетті  түрде несиеге өзара қызығушылық  танытулары  керек. Ф.Энгельс: “Әрбір қоғамның экономикасы, ең алдымен мүдде ретінде алға шығуы керек”,-деп жазды.

Банктік несие беруші мен қарыз алушының арасында мүдделік бірдей болған кезде, бір жағынан, несиеге ақшалай  қаражатты  ұсынуда, екінші жағынан – оны алуда несиелік  қарым–қатынастар  туындайды.

Шаруашылық   жүргізуші  субъектілердің  жеке  ауыспалы айналымынан туындайтын несиеге қажеттілік  несиенің объективті жүзеге асуын, төлем  қаражаттарын  құру және жаңа бекітілген  құнды қайта  бөлу процесінде оның рөліне жеке назар  аудармай, оны толық   дәрежеде  анықтамайды. Ақша  эмиссиясының  үрдісі формаға  тәуелді  емес (қолма–қол  ақша және  қолма–қол ақшасыз), несие капиталының бір  көзі болып табылатын  несие  операцияларының  нәтижесі  бар.

Түрліше несие қарым–қатынастарындағы несиенің мән–маңызы сол немесе басқа қоғамдық формацияда оның өмір сүруінің объективті себептерімен анықталады.

Құндық қатынастың ерекше формасы сияқты несиенің пайда болуы шаруашылық жүргізуші бір субъектіден босаған құн шаруашылық мәміледе қолданысқа түсетін, бірақ бір уақыттарда жаңа қайта өндіру цикліне ене алмайтын кезде ғана жүзеге асады. Несиеге байланысты бұл құн қосымша қаражатқа уақытша қажеттілігі туып отырған басқа субъектіге өтеді және қайта өндіру процесінің шеңберінде қызметін жалғастыра береді. Бірақ, несиелік қатынастардың пайда болуын экономикалық байланысқа түсуге дайын меншік иелері сияқты бір–біріне қарсы тұра алатын тауар иеленушілер арасындағы айырбас ауқымынан іздеген жөн. Тауарларды қолдан–қолға өткізу сияқты тауар айырбастау және қызмет көрсетумен ауысу — несиелік қатынастардан туындаған экономикалық жеміс.

Несиелік қатынастар пайда болатын және дамитын нақты экономикалық негізде несиелік капитал айналымы мен ауыспалы айналым, яғни несиелік қатынастың материалдық негізі болып құн қозғалысы саналатын болады.

Қарыз алушы несиені кедей болғандығынан алмайды, ол өзінің меншікті қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының объективті күшіне толық шамада жетпей тұрғандықтан өз ісін алға бастыру үшін алады.

Сонымен, банктік несиенің объективті өмір сүруінің негізгі талаптары төмендегідей тізбектеледі:

— жеке тауар өндірушілердің өндірістік (негізгі және айналым) қорлар

      айналымы мен жеке ауыспалы айналымдардың уақыт бойынша сәйкес 

      келмеуі;

— несие беруші мен қарыз алушының заңды тұрғыдан дербестігі;

— несиелік қатынасқа несие беруші мен қарыз алушының мүдделік танытуы.

Банктік несие объективті қажеттіліктен туындаған және ол қоғамдық өндіріс үрдісінде маңызды роль атқарады. Несие ақшалай капиталдың қарыз алушылар арасындағы қарым–қатынасын білдіреді.

Банктік несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек:

— несие мәмілесі тұтасымен алғанда несиенің мәнін ашуы керек. Егер бір 

мәміледе несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін

жоғалтатынын білдіреді;

— несиенің мәнін талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс сатыларын,

несиенің негізін карастырған жөн.

Оның көмегімен мемлекеттің, xалықтың, ұйымдардың және кәсіпорындардың табыстары мен еркін ақшалай қаражаттары жинақталып, уақытша пайдаланудың төлеміне аударылатын несие капиталына айналады.

Банктік несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйт – құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір–бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтерден тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастың барлық субъектілері, сондай–ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұларға несие беруші мен қарыз алушылар жатады. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады (Сызба 1).

Несие беруші – несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.

Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші банк болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдар мен xалықтың уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарыз алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарыз алушы ғана емес, сондай–ақ соңғысы да меншік иесіне (кәсіпорынға, xалыққа) тартылған ресурстарды (ақшаларды) қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайда несие беруші болса, екінші жағдайда қарыз алушы болып көрінеді.

Қарыз алушы – несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар қарызға ақша алушылар – кәсіпорындар, кәсіпкерлер, xалық, мемлекет пен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарыз алушы қарызға алынған қаражаттың меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.

Несиелік мәміледе қарыз алушы несие берушіге тәуелді, оған несие беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарыз алушы мен несие беруші несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде қатысуы керек және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие беруші – қарызгер (кәсіпорындар мен xалық бос қаражаттарын есеп және депозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін. Несие беруші мен қарыз алушы өзара іс-әрекеттерінде қарама–қайшылықтың бірлігі сипатын көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар қарама–қарсы жақтарда тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғары пайыздық несие бергісі келсе, қарыз алушы мүмкіндігінше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу мүддесін іздестіреді.

Несие берушілер мен қарыз алушылардан басқа несие қатынасы құрылымының элементі алыс–берістің объектісі – құнның негізгі бөлігі сияқты өзіндік өтелмеген құны – несиеленген құн (ссуженная стоимость) болып табылады.

Несиеленген құн ұдайы өндіріс үрдісін жылдамдататын ерекшелікке ие. Себебі, қарыз алушының қайсыбір маусымдық жұмыстарды жүргізуге және болжанбаған шығындарға қажет меншікті қорларын жинақтаудың қажеті жоқ. Сондықтан, бұл қосымша қажеттіліктер несие есебінен қанағаттандырылады.

Осылайша, несиеленген құн өндірістік қорлардың ауыспалы айналымының үздіксіз болуын қамтамасыз етеді және олардың қозғалысындағы іркілестерді жояды.

Бұл жағдайда бастапқы несиеленген құн ғана емес, сонымен қатар, өскен пайызбен қоса, несиенің қайтарымдылығы қамтамасыз етіледі. Несие өз құнын осылайша бүкіл қозғалысында: басынан бастап, оның банкке қайтарылуына дейін сақтайды.

 

Несиенің құрылымы

 

 

Сызба 1

 

Несиенің қарастырылған құрылымы оның біртұтастығын айқындайды. Ол элементтерінің бірлігін болжайды.

Несиеленген құн қозғалысының сатыларын қарастырсақ, келесідей көрсетіледі:

 

Ho  –  Қан  – Нп … Рб… Нк – Бк ,                                       (1)

 

Мұндағы, Но — несиені орналастыру;

Қан  – қарыз алушының несиені алуы;

Нп – несиенің пайдаланылуы;

Рб – ресурстарды босату;       

Нк — несиенің қайтарылуы;

Бк — банктің аталмыш қарызды алуы.

Несиеленген құнды орналастыру (Но) — несие қозғалысының алғашқы баспалдағы болып табылады. Оған құнның жиынтықталуы (аккумуляциясы), яғни уақытша бос қаражаттар себепкер болады. Несие беруші қарыз алушыға белгіленген мерзімде пайызбен төлейтініне сенімді болған кезде ғана несие бере алады.

Несие алу (Қан) қарыз алушының уақытша қажеттіліктерін қанағаттандырады, өйткені несиелік қатынастың басқа тарапы оны белгілі бір уақытқа ғана береді.

Несиені пайдалану (Нп) қарыз алушының оны өз шаруашылығында пайдаланып, несие берушіге несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету керектігін білдіреді.

Ресурстардың босатылуы  (Бр) қарыз алушының шаруашылығында құнның ауыспалы айналымының аяқталу актісін, несие алушының уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру мүддесінде құнның пайдаланылу үрдісін сипаттайды. Несие қозғалысының бұл сатысы оның келесі кезеңге өтуі үшін материалдық база болып табылады. 

Несиенің қайтарылуы (Нқ) уақытша пайдаланылған құнның қарыз алушыдан несие берушіге қайтуын көрсетеді. Қарыз алушының шаруашылығында белгілі бір ауыспалы айналымда жүзеге асқан құн өзінің уақытша иесінен кетіп, несие берушіге өтеді.

Уақытша пайдаланылғаннан кейін (Нп) құнды несие берушінің алу актісі несие қозғалысының аяқталу сатысы болып табылады. Уақыт бойынша несиенің қайтарылуы (Нқ) және несие берушінің алған қаражаты (Қан) сәйкес келуі мүмкін. Аталмыш сатыларды сөз болып отырған сол бір құнның сомалары біріктіреді: қарыз алушы қарыздың белгілі бір бөлігін несие берушіге қайтарады, ал ол дәл осы соманы алады.

Осы қарастырылған кезеңдер несиеленген құнның толық айналымының бір бөлігі болып саналатын несие қозғалысын көрсетеді, ол тек несиеге ғана қатысты емес. Белгілі болып отырғандай, несиелік қатынастар айналым шеңберінде ғана туындайды, сондықтан несиеге несие беруші қарыз алушыға құнның актісінің ауысуы және керісінше деп қарағаны жөн.

 Банктік несие – бұл несие капиталының қозғалысы. Несие капиталы – бұл қайтару талабымен пайызбен төленетін, меншік иелеріне несиеге ұсынылатын ақша капиталы. Банктік несиеге толық анықтама беруге тырысып көрейік.

Банктік несие–кеңейтілген қайта өндіру мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару талаптарына сай ақшаны бөлу және xалықтың, экономиканың бос ақшалай қаражаттарының жұмылдырылуын қамтитын несие капиталының қозғалысы.

Банктік несиенің мәні несие қатынастарының – қайтарылу, төлемдік, мерзімдік, қамтамасыз етілу, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптерімен анықталады.

Бұл принциптер банктік несиенің алғашқы даму кезеңдерінен бастап қалыптасты, ал кейіннен заңды түрде бекітілді.

Банктік несиенің қайтарылу принципі – қарыз алушының несиені пайдаланғаннан кейін несие берушіге уақытында қайтару қажеттілігімен сипатталады. Ол банктің несие қорын жаңғыртып отыруды қамтамасыз ететін несиені пайызбен өтеуде өзінің іс жүзіндегі орнын анықтайды. Бұл несие капиталының қозғалысына қажетті талап болып табылады. Ол белгілі бір мерзімге берілген соманың толық қайтарылуын қамтамасыз етеді.

Банктік несиенің төлемділігі – қарыз алушыға берілген несиенің уақытында қайтарылуын және одан табыс түсіруге несие беруші де, оның тиімді пайдаланылуына қарыз алушы да ынталы болуын қамтамасыз етеді.

Банктік несиенің жеделдік принципі — қарыз алушыға кез-келген тиімді уақытта емес, несие келісім-шартында белгіленген уақытта қайтару қажеттігін көрсетеді.

Несиенің қамтамасыз етілу принципі — несие келісім-шартында қарыз алушы өз мойнына алған міндеттемелерді бұзуы мүмкін жағдайда несие берушінің мүліктік мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің қажеттілігін көрсетеді.

Несиенің мақсатты сипаты — несие берушіден алынған қаражаттың мақсатқа сай пайдалану қажеттілігін білдіреді. Несие келісім-шартына сәйкес бөлімде берілетін несиенің нақты мақсаты, сондай–ақ банктің бақылау үрдісінде бұл талапты қарыз алушының сақтауы белгілінеді.

Бұл принциптердің барлығы бір–бірімен өзара байланысты және олардың бір уақытта қызмет етуі несиенің мәнін анықтайды. Осы принциптердің біреуі бұзылса, онда несие қатынасының мәні ашылмай, несиенің дербес экономикалық категория сияқты өзіне тән қасиеттері жоғалады.

Жалпы айтқанда, банктік несиенің құрылымы ретінде капитал нарығын да айтуға болады. Банктік несие капиталы экономикалық теорияда қайтару талабымен пайыз түрінде белгіленген төлем мөлшерінде несиге берілетін ақша капиталының жиынтығы ретінде дәстүрлі түрде қарастырылады, яғни нарық шаруашылығында туындаған және нарықтық қатынастарды көрсететін капиталдың айырықша формасы.

Институционалды көзқарас тұрғысынан – бұл несие капиталының қозғалысы олар арқылы жүзеге асатын несие – қаржы мекемелерінің, банктердің және қор биржаларының жиынтығы.

Банктік несие капиталының экономикалық ролі экономиканы дамыту мүддесімен ұсақ, шашыраңқы, ақшалай қаражаттарды біріктіру қабілетімен үйлеседі. Несие капиталының мәнін анықтау үшін ең алдымен оның өнеркәсіп және тауар капиталынан ерекшеленетін айырықша сипаттарын анықтап алу керек.

Бұл құбылыстың ерекшелігі қарыз алушыдан қарыз алушыға несиені беру және оны қайтару үрдістерінде көрініс табады.

Бірнеше анықтама беріп көрейік:

— банктік несие капиталы – бұл несие берушінің қарыз алушыға уақытша

пайдалану үшін сататын жеке меншігі;

  • банктік несие капиталы–бұл өзіндік өзгешелігі бар тауар. Оның тұтыну

құны қарыз алушының қабілетімен, яғни оны тиімді пайдаланумен және белгілі бір табыс, пайда алумен өлшенеді;

  • қарама–қарсы бағытта бір мезгілде тауар мен ақшаның сату – сатып алу

үрдісінде бірдей орын алатыны, ал несие мәмілесінде несие капиталы бір бағытпен берілетіні белгілі, яғни несие берушінің қарыз алушыға – несиені беруі, ал оны өтеуде – қарыз алушының несие берушіге пайызбен төлеуі. Несие капиталының қозғалысы уақыт бойынша алшақтап отырады;

  • банктік несие капиталының қозғалысы қолданыстағы капитал

қозғалысынан ерекшеленеді. Өнеркәсіп капиталының мынадай үш: ақшалай (А), өндірістік (Ө), және тауар (Т) формалары бар. Ал, сауда капиталы (Т) және (А) формаларына бөлінсе, несие капиталы үнемі ақшалай формада ғана (А-А1)  кездеседі. 

Банктік несие капиталы қалыптасуының қайнар көзі – ауыспалы           айналымнан босаған ақшалай қаражаттар болып табылады:

—    құнын шығарылатын тауарларға амортизация түрінде бірнеше бөліктерге

бөліп ауыстыру барысында жинақталып, негізгі қорды қалпына келтіруге арналған қаражаттар;

  • тауарларды сату және шикізаттарды, жанар–жағармайды және

материалдарды сатып алу уақытының сәйкес келмеуінен оларды өндіру мен еңбекақы төлеуге қажетті айналым капиталының ақшалай түрдегі бөлігі;

  • жаңа жобаларды іске асыруға бағытталған белгіленген шамаға дейін

қорланатын (жиналатын) пайданың бөлігі.

Жоғарыда аталған қаражаттың барлығы шаруашылық жүргізуші субъектілерге қызмет көрсететін банктердің есеп-шоттарында жиналады. Сондықтан, қарастырылған қаражаттар жекелеген жағдайларда есеп айырысу түрінің қолма–қол ақшасыз шамасы бойынша несие мекемелерінде жинақталып, несие капиталының қоры немесе олардың несиелік қоры болып саналады. Несие капиталының аталмыш көзінің ерекше тартымдылығы сол – ол банк үшін есеп-шоттағы бар қаражатты пайдалануға есеп айырысу шоты иесінің келісімін алу қажеттілігінің болмауы, сондай–ақ бұл қаражаттардың арзандығымен, яғни осы ресурстардың банк үшін нақты тегін болуымен анықталады.

Банктік несие капиталының басқа аса маңызды, бірақ қымбат (зәру) көзі xалықтың жинақ ақшалары мен табыстары болып табылады. Олардың бірсыпыра бөлігін банк табыс тауып, пайызды өсіріп алу үшін еркін түрде уақытша пайдалануға береді. Бұл қаражаттар депозит пен жинақ ақша шоттардың есебіне алынады. Қазіргі уақытта мұндай қаражаттар Қазақстанда жылдан жылға миллиард теңге есебімен өсіп отыр.

Несие капиталының үшінші көзі – мемлекеттің ақшалай қоры. Оның шамасы үкіметтің барлық қызмет түрінен, мысалы, мемлекеттік меншікті жалға беруден, акция пакеттерін сатудан, мемлекеттік меншікті жекешелендіруден және тағы басқа алатын мемлекеттік меншіктің ауқымы бойынша келіп түсетін табысымен өлшенеді.

Несие мекемелерінде шоғырландырылған бұл қаражаттардың жиынтығы банктің несие ресурстары ретінде ұсынылатын мемлекеттің несие қорын құрайды.

Осындай уақытша бос ресурстардың қалыптасуы мен оның пайдаланылуының нәтижесінде несие капиталының нарығы пайда болып, дамыды.

Қаржы нарығының бірі ретіндегі несие капиталының нарығын несие капиталының ауыспалы айналымын қамтамасыз ету үрдістерімен байланысты қаржылық қарым–қатынастың ерекше саласы ретінде анықтауға болады.

 

 

 

1.2 Коммерциялық банк ұсынатын несие формалары мен түрлері

 

Несие формасы — бұл несие қатынасының сырттай нақты көрініс табуы. Ол несие қатынасының мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді. Несие қатынасының формасы мен мазмұны ажырағысыз әрі диалектикалық жағынан біртұтас болады. Несие қатынасының формасы оның мазмұны мен дамуына сәйкес келуі керек.

Таңдап алынған жіктеу өлшеміне қарай несиенің келесі маңызды формаларын бөліп көрсетуге болады (Сызба 2).

 

Несиенің негізгі формалары

 

 

Сызба 2

— қызмет ету саласына қарай — ұлттық және халықаралық несие;

— несие мәмілесінің объектісіне қарай — ақшалай  және тауарлық несие;

— несие қатынасының субъектісіне қарай — банктік, коммерциялық,

халықаралық, тұтынушылық несие.

Несиенің тауарлық формасы тарихи жағынан алып қарағанда оның ақшалай формасынан бұрын пайда болған. Ежелгі тарихтан білетініміздей, адамдар тұтынуға қажетті артық өнімдерін (астық, мал, тері және т.б.) бір-біріне өсім алуға қарызға берген.

Несиенің тауарлық формасы осы заманғы іс-тәжірибеде төлемдерінің мерзімін ұзартумен тауарларды сатуда, машина мен құрал-жабдық, тұрмыстық тауарлар, саймандар лизингісінде қолданылады. Қазақстанда тауарлық несие фермерлер мен шаруа қожалықтарына көктемде тұқым түрінде беріледі. Тұқым түрінде берілетін бұл несиені фермерлер мен шаруа қожалықтары күзде жиын-теріннен кейін қайтарып отырады.

     Несиенің таурлы формасының негізінде ақшалай несие формасы пайда болып дамиды. Ол осы заманғы нарықтық шаруашылықта артықшылықтарға ие типтік форма болып табылады. Бұл түсінікті де, өйткені ақша айналыс пен төлемнің жалпыға тән баламалы, әмбебап құралы болып табылады. Несиенің бұл формасы ұлттық және халықаралық экономикалық айналымдарының шегінде пайдаланылады.

Несиенің тауарлық және ақшалай формаларымен қатар олардың аралас формасы да қолданылады.

Жоғарыда қарастырылған несие формаларының көптеген түрлері болады.

Несие түрлері — бұл оның несилерді жіктеу үшін пайдаланатын, экономикалық-ұйымдастырушылық белгілері бойынша ең детальданған сипаттамасы, яғни, несиенің іс-тәжірибедегі нақты қосымшасы.

     Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінде несие түрлері келесідей жіктеледі:

а) несиелеу объектісінің экономикалық белгілері бойынша:

— айналым қаражатын қалыптастыруға берілетін несие;

— негізгі құрал-жабдықты қалыптастыруға берілетін несие;

— таурлы-материалдық қор аясында шұғыл қажеттілікке, сондай-ақ,

нормативтен тыс қорлар аясында уақытша қажеттілікке берілетін несие;

— өндірістің маусымдық шығыны аясында берілетін несие;

— жол үстіндегі есеп айырысу құжаттары аясында берілетін

несие, аккредитивтер;

— төлем несиелері;

ә) қамтамасыз етілуі бойынша:

— жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен, тауарлы-материалдық қормен,

кепілділікпен, сақтандыру келісім-шартымен толық қамтамасыз етілген;

— ішінара қамтамасыз етілген;

— қамтамасыз етілуі болмайтын банкілік (сенімділік);

б) қайтарылу мерзімі бойынша:

— қысқа мерзімді;

— орта мерзімді;

— ұзақ мерзімді;

в) өтелу тәртібі бойынша:

— бөліп-бөліп төлеу (мерзімін ұзарту);

— біржолғы өтеу;

— кезең сайын бірқалыпты (бір қалыпты емес) өтеу;

г) тәуекел деңгейі бойынша:

— субстандартты;

— стандартты;

— күмәнді;

— сенімді;

— сенімсіз;

— ұзартпалы;

ғ) ақылылығы бойынша:

— пайыз мөлшерлемесі қалыпты;

— пайыз мөлшерлемесі жоғары;

— пайыз мөлшерлемесі төмен;

— пайызсыз;

д) салалық бағыты бойынша:

— сауда-саттық несиесі;

— өнеркәсіп несиесі;

— ауылшаруашылық несиесі;

— құрылыс несиесі;

ж) ашылатын шот түрлері бойынша:

— жай ссудалық шот бойынша несие;

— арнайы ссудалық шот бойынша несие;

— контокоррентік шот бойынша несие;

— овердрафт бойынша несие;

— несие желісі бойынша несие.

Несиенің айрықша түріне жылдам сатылатын жылжымалы мүлікпен немесе құқықпен қамтамасыз етілген, қысқа мерзімді әрі ссуда мөлшері бойынша тіркелетін ломбардтық несие жатады.

Ломбардтық несиені негізгі әр алуан түрлеріне құнды қағаз кепілдігімен, тауар кепілдігімен, талап кепілдігімен (жинақ ақша салымы, сақтандыру келісім-шарты, ипотека және т.б.) берілетін несиелер жатады. Қарыз алушы ломбардтық несиені өз қалауынша, шектеусіз пайдаланады алады.

Жаңартпалы несие (ағылшынша «revolve» — айналыста болу, кезең сайын ауысып отыру) — ссуда капиталының ұлттық және әлемдік нарықтарында қолданылатын жаңғыртпалы несие. Ол белгіленген берешек лимиті шегінде және өтеу мерзімі шегінде несие келісіміне қатысушы елдер арасында қосымша келісімсөзсіз автоматты түрде беріледі.

Несие желісі қарыз алушының алдындағы несие ұйымының оған несие келісім-шартының белгіленген әрекет ету кезеңі ішінде белгілі бір мақсатқа және келісілген мөлшерде несиені беру жөніндегі заң тұрғысынан рәсімделген міндеттемесі. Несие желісінің ашылуы несие беруші мен қарыз алушының ұзақ уақытқа созылатын тығыз ынтымақтастығын білдіреді.

Овердрафт (ағымдағы банк шотының келісімшарты аясында несиелеу) несие ұйымының шот иесіне, оның ағымдағы банк шотына қойылатын талап бойынша төлем арқылы беріледі. Яғни, бұл төлем шотта ақшалай қаражат болмаса да, шот иесінің несие берушінің алдында пайда болған берешегінің түскен қаражаттың есебінен кейін оған өтеуін қарастыратын келісім-шарт негізінде беріледі.

Несиенің басқа формаларына қарағанда коммерциялық несие олардан бұрын пайда болды. Оны бір шаруашылық жүргізуші субъект екіншісіне сатылған тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін төлем мерзімін ұзартумен береді. Осы несие формасының объектісіне өнеркәсіп және сауда капиталының бірігу нәтижесін білдіретін тауар капиталы жатады. Коммерциялық несие тауарларды өндіру мен өткізу үрдісінен тікелей пайда болады. Ол тауарлық формада беріледі және оның пайдалану шегі болады. Ең алдымен оның мөлшері шектеулі болады, өйткені әрбір кәсіпкер, әрбір өзге субъект коммерциялық несиені өзінің ақшалай капиталының шегінде ғана бере алады. Коммерциялық несиені тиісті тауарларды сатып алған кәсіпорындар ғана пайдалана алады.

Осы несие формасының құралына вексель жатады. Вексель қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың көлемін арттыруға және айналыс шығынын кемітуге жағдай тудырады.

Вексель — бұл сатып алушы-қарызгердің жабдықтаушы алдындағы заңмен қатаң белгіленген борыштық міндеттемесі. Онда борыш сомасы, несие үшін алынатын пайыз, өтеу мерзімі мен шарты көрсетіледі. Вексель несиелерге тиесілі қаражатты алу үшін ғана емес, сонымен бірге төлем құралы ретінде пайдаланылады.

Вексельдің қолдан оған өтуі барысында табыстау жазбасы — индоссамент жасалады. Вексельде индоссамент неғұрлым көп болса, оның айналыс ортасы соғұрлым кең әрі оның төлем кепілдігі соғұрлым жоғары болады.

Коммерциялық несиенің басты мақсаты — тауарлардың сатылу үрдісін жеделдету және пайданың жылдам алынуын қамтамасыз ету.

Оған тән белгіге оны пайдаланғаны үшін сатылған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің бағасына, әдетте, банк пайызынан төмен болатын пайыздың қосылуы жатады.

Коммерциялық несие дамыған елдерде кеңінен тараған және ол өндірістің ауқымы мен тауар айналымының көлеміне тікелей байланысты болады.

Коммерциялық несие көбінесе ауылшаруашылығында қолданылады. Азық-түлік корпорациясы фермерлерге, шаруа қожалықтарына жанар-жағармай материалдарын, тұқымды, минералды тыңайтқыштарды және өсімдікті қорғайтын құралдарды тауарлық несие түрінде ұсынады. ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес коммерциялық несие ұғымы аванс түрінде берілетін несиені, тауарлардың, жұмыстың және қызмет көрсетулердің алдын-ала төлемін қамтиды.

Коммерциялық несиені тауар жеткізушілер сатып алушыларға жеткізілген тауар үшін алынатын төлемнің мерзімін ұзартумен береді. Бұл арада соңғысы алғашқысына вексельді, яғни, төлем міндеттемесін табыс етеді. Бұл вексель банкте атаулы құннан төмен баға бойынша ескерілуі (банктің сатып алуы) мүмкін немесе оның кепілдігімен банк несиесін алуға болады.

Дамыған нарықтық экономика жағдайында коммерциялық несие банк несиесімен әрдайым аралас болады.

Нарықтық экономикада несиенің негізгі формасы – банк несиесі. Бұл  жағдайда несие қатынасының объектісіне ссуданы ақшалай қаражатпен беру үрдісі жатады. Мұндай несие уақытша қаржылай көмекке мұқтаж мамандандырылған қаржы-несие ұйымдарына, көбінесе банктерге, қарыз алушы кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа, мемлекетке беріледі.

Банк несиесінің бірінші ерекшелігі – банк өз қарыз алушыларына несиені өз капиталынан ғана емес, сонымен бірге, тартылған ресурстардан да (заңды және жеке тұлғалардың депозитінен) береді. Қазақстан банктерінің несие ресурстарындағы өзіндік капиталының үлесі шамамен алғанда 18-20% құрайды, ал, қалғаны – тартылған ресурстар (депозиттер, банкаралық қарыз ақшалар).

Осы несие формасының екінші ерекшілігі – шаруашылық айналымға әлі түсе қоймаған, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың банкке орналастырылған уақытша бос қаражатын банк ссудаға береді.

Банк несиесінің үшінші ерекшелігі – банк ақшалай қаражатты ссудаға өздігінен өсетін құн ретінде болатын капитал формасы ретінде береді. Мәселенің мәнісі мынада: қарыз алушы бұл ссуданы пайдаланғаны үшін банкке пайыз төлейді. Қарыз алушы осы несиені өндіріс саласында пайдаланғаннан кейін пайда алады, әрі оның есебінен несиегерге пайыз төлейді. Несиеге қажеттілік оның ажырағысыз атрибуты болып табылады. Банк несиесінің айналыс саласына ғана қызмет ететін коммерциялық несиеден айырмашылығы, ол, сонымен қатар, өндіріс саласына және жинақтау саласына да қызмет етеді. Банк несиесінің қолданылу аясы коммерциялық несиеге қарағанда әлдеқайда кең, өйткені коммерциялық несие – несие мәмілесінің бағытымен, мерзімімен және сомасымен шектеліп қалған.

Банк несиесі банк пен қарыз алушының арасында несие келісім-шарты бекітілгеннен кейін беріледі. Банк несиесінің мақсаты: негізгі және айналым капиталын арттыру, маусымдық қорларды толықтыру, вексельдер есебі және оны қайта есептеу, халықты несиелендіру.

Ол материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілуі, мақсатты бағытының болуы, мерзімділігі, қайтарылуы және ақылы принциптері негізінде банктің қарызға беретін ссудалық капиталдың қозғалысын білдіреді.

Банк несиесі берілетін мерзіміне қарай қысқа мерзімге және ұзақ мерзімге бөлінеді. Мысалы, қысқа мерзімді несие қарыз алушының ағымдағы және маусымдық таурлық-материалдық қорларын қалыптастыруына, еңбек ақы төлеуіне және өзге де шығындарын өтеуіне байланысты уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бір жылға дейін мерзімге беріледі.

Ұзақ мерзімді несие ұзақ мерзімді активтердің ұлғайтылған ұдайы өндірісіне арналған, яғни ол бір жылдан да көп уақытқа негізгі қорларды құруға, қайта жарақтандыруға, ұлғайтуға әрі жаңғыртуға беріледі.

Банк несиесінің есебінен залалдардың орнын толтыруға, жарғылық капиталды қалыптастыруға, бұрын алынған несиені өтеуге, айыппұл, өсімақы, тұрақсыздық төлемдерін және тағы басқа төлеуге болмайды.

Несие есеп айырысу құжаттарының төлеміне қолма-қол ақшасыз түрінде, жекелеген жағдайларда, мысалы, ауылшаруашылық өнімдерін сатып алуға, еңбек ақы төлеуге және тұтыну қажеттіліктеріне қолма-қол ақшамен беріледі.

Несие қарыз алушыларға тек несие келісім-шартында қарастырылған мақсаттары үшін, қарыз алушының заң тұрғысынан құқыққабілеттігі болған жағдайда, несиені өтей алатын қабілеті болған жағдайда және қаржылық жағдайы тұрақты болған жағдайда ғана беріледі. Несие келісім-шарттары әрбір қарыз алушыға жеке анықталады.

Банк несиесі маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, айтарлықтай сандық және сапалық өзгерістерге ұшырады. Қазақстанда мұндай несиені тек банктік қаржы-несие мекемелері ғана беріп қоймайды, сонымен қатар, оны қаржылық компаниялар да, несие серіктестіктері де, несие кооперативтері де, микронесие ұйымдары да және басқалары береді. Алайда, бұл осы несие формасының мәнін өзгертпейді. Сондай-ақ, қарыз алушылардың құрылымы да өзгереді. Акционерлік қоғамдардан, компаниялардан, фирмалардан және халықтан өзге оны үкімет те, банктер де, жергілікті органдар да және басқалары алады.

Банктің несие салымдарының мөлшері несие ресурстарына байланысты болады. Бүгінгі таңда банктердің мұндай ресурстарын депозиттер ғана емес, сонымен қатар, клинеттердің шоттағы уақытша бос ақшалай қаражаттары, банкаралық нарықтағы қарыз ақшалар, шетелдік қаржы-несие институттарынан алынатын қарыз қаражаты құрайды.

Осылармен бір мезгілде ҚР Ұлттық банкі өзінің ақша-несие саясаты арқылы экономиканы несиелейтін саланы да реттеп отырады. Ол банктердің несие қоржынының сапасы нашарлаған жағдайда депозиттерді міндетті түрде ең аз шамада резервтеудің деңгейін арттыру жолымен экономиканы несиелеудің аясын тарылтады. Бұл несиенің тек экономикалық қана емес, сонымен бірге, әкімшіліктік шекарасының болатынын да көрсетеді.

Банк несиесі негізінен тікелей болады, яғни, ссуда қарыз алушыларға тікелей берілсе, ал, жанама түрі делдал арқылы беріледі, мысалы, халыққа тауарлар сатылған кезде несие сауда желілері арқылы немесе вексельді пайдаланумен беріледі.

Қазақстандағы коммерциялық банктер соңғы бес жылда (2001-2005жж) экономикадағы несие салымдарын күрт арттырады. Жалпы ішкі өнімдегі ссудалық қоржын 01.01.2002 жылы 15,0% құраған болса, 01.01.2005 жылы – 32,7%, яғни екі еседен көп.

01.01.2005 жылы несие салымдарының құрылымы:

— қысқа мерзімді несие – 49,9%;

— орта мерзімді несие (1 жылдан 5 жылға дейін) – 30,2%;

— ұзақ мерзімді несие (5 жылдан жоғары) – 19,9%.

Несие қатынасы банктер мен кәсіпорындардың, ұйымдардың арасында ғана болмайды. Ол, сондай-ақ, бір жағынан несие жүйесінің және, екінші жағынан, халықтың арасында да пайда болады. Несие алушыға халық, ал, несие берушіге банк жататын қатынасты тұтыну несиесінің мазмұны қарайды. Айрықша жағдайларда банк пен халықтың арасында делдалдық ететін үшінші тарап та болуы мүмкін, мысалы, тауарларды несиеге сататын, яғни мерзімін ұзартып төлеумен тауарды несиеге беретін сауда ұйымдарын айтуға болады.

Тұтыну несиесі халыққа оның ағымдық сипаттағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін беріледі. Оның ішінде, жеке шаруашылықтағы өндірісті дамытуға, құрылыс салуға, тұрғын үйді жөндеуден өткізуге, ұзақ уақыт пайдалануға жарамды заттарды сатып алуға беріледі.

Халықты несиелеу халықтың өмір деңгейін арттыруға бағытталған мемлекеттік несие саясатының маңызды бөлігі болып табылады. Өнеркәсібі дамыған елдерде тұрғындар өзінің жыл сайынғы табысының 10-12% тұтыну несиесін өтеуге жұмсайды. Қазақстанда несиенің бұл формасы аса даму үстінде. Тұтыну несиесінің пайыздық мөлшерлемесі айтарлықтай жоғары — жылына 16-18% құраса да, халық борышқор болудан қорықпайды.

Несие халыққа тауарлы және ақшалай формада беріледі. Тауарлық форма халыққа тауарларды оның төлем мерзімін ұзартумен сатуда қолданылады, яғни, бұл коммерциялық несие болып табылады. Ақшалай форма банк несиесі секілді халыққа тікелей немесе сауда желісі арқылы жанама түрде беріледі.

Тұтыну несиесінің қосарлы қызметі бар: бір жағынан, тауар айналымы артатын болса, несие мөлшері де өседі, өйткені, тауар сұранысы несие сұранысын тудырады, екінші жағынан, халық неғұрлым несиеленетін болса, төлемқабілеті бар сұранысты арттырады.

Тұтыну несиесі белгілі бір дәрежеде табыстары біркелкі емес тұрғындардың өмір деңгейін салыстырмалы түрде теңестіреді, әр түрлі әлеуметтік топтардың тұтыну деңгейі мен құрылымының арасындағы айырмашылықты жояды.

Тұтыну несиесі банк операцияларымен тығыз аралас. Мысалы, сатып алушылардың ұзақ мерзімді борыштық міндеттемесін сауда ұйымдары банктен ссуда алу үшін пайдаланады. Тұтынушыларға несие банктен тікелей берілетін болса, сауда фирмасы мен банк  арасындағы несие қатынасының артық буыны жойылады.

Несиеге сатып алынған тауарларды сауда ұйымдары олардың ссудасын қамтамасыз етуші ретінде қарастырады. Сондықтан да соңғы жарна төленгенше тауардың меншік құқығы сауда ұйымдарында қалады.

Тауарларды несиеге сатып алуда сатып алушы тауардың құнын ай сайынғы жарнамен төлеп қоймай, сонымен бірге, ол несиені пайдаланғаны үшін пайыз төлейді. Көптеген жағдайларда төлем мерзімін ұзартумен сатуда тауар бағасы комиссиялық сауда ұйымының мөлшеріне несие үшін алынатын пайыздан жоғары көтеріледі.

Тұтыну несиесі көптеген елдерде маңызды роль атқарады. Осыған орай, ол мемлекет тарапынан реттеліп отыратын болады. Ол қадағаланады әрі банктік және коммерциялық несиелерге бақылау қойылады.

Тұтыну несиесі халықтың тауарға деген сұранысын ынталандырады әрі олардың өндірілуі мен сатылуын арттырады.

Экономика құлдыраған жағдайда мемлекеттің саясаты халықтың іскерлік белсенділігін арттыруға, оларды ынталандыруға бағытталады. Бұл үшін тұтыну несиесін алудың, атап айтқанда, қолма-қол ақшамен төленетін тауар бағасын арзандату, несие мерзімін ұзарту, оның құнын кеміту секілді жеңілдік шарттары енгізілді.

Инфляция жағдайында, керісінше, қолма-қол ақшамен төлеудің үлесі артады, несиені пайдаланудың мерзімі қысқарады және пайыздық мөлшерлеме жоғарылайды.

Қазақстанда тұрғын үй құрылысын салуға және оны сатып алуға ұзақ мерзімді тұтыну несиесін беру үшін мамандандырылған мемлекеттік құрылыс-жинақ ақша банкісі құрылады. 2005 жылы халыққа берілген тұтыну несиесінің мөлшері 122,1 млрд теңгені құрады, ол 2004 жылмен салыстырғанда 9,4 % құрады.

Жылжымайтын мүлікті кепілге салу арқылы жүзеге асырылатын  ссуданы ипотека несиесі ретінде ұғуға болады. Ол тұрғын үй құрылысын салуға және сатып алуға беріледі, әрі ұзақ мерзімді сипатқа ие. Ипотекалық несиелеу нарықтық экономиканың ажырағысыз элементі болып табылады. Оның келесідей ерекшеліктері бар:

— ипотекалық несие – бұл қатаң анықталған кепілзатпен берілетін ссуда.

Несие қайтарылмаған жағдайда кепілге салынған жылжымайтын мүлік

сатылады және одан түскен қаражатпен несиегердің алашағы өтеледі. Сол

себепті де ипотека несиесі несиегер үшін ең «сенімді» несие ретінде

саналады;

— ипотекалық ссуданың көбісі қатаң мақсатты тағайындауға ие, өйткені, ол

тұрғын үй мен өндірістік үй-жайларды қаржылындыру, сатып алу, тұрғызу

және жер учаскелерін игеру үшін пайдаланылады;

— ипотекалық несие, әдетте, 10-30 жылға дейін ұзақ мерзімге беріледі. Несие 

алдын-ала құрылған кестеге сәйкес біртіндеп өтеледі.

Ипотеканың ерекше маңызды принциптеріне мыналар жатады: кепілге салынатын мүлік нақты болуы керек, яғни, келісім-шартта кепілдік құқығының объектісіне жататын нақты мүлікті анықтау керек; кепілдіктің жариялылығы болуы керек, яғни, кепілге салынған мүліктің ауыртпалығын үшінші тұлға оңай танитындай болу керек.

ҚР «Ипотека туралы» заңы шыққаннан кейін Қазақстанда ипотекалық несиелеу қарқынды дами бастады.

Республиканың ірі банктері ипотекалық бағдарламаны жүзеге асыратын өздерінің ипотекалық компанияларын құрды.

2000 жылдан бастап ҚР Ұлттық банкісі жарғылық капиталы 100% құрайтын Қазақстандық ипотека компаниясын (ҚИК) құрды. Ол алғашқы құрылған күнінен бастап несие үшін алынатын пайыз мөлшерлемелерін кеміту бағытындағы саясатты жүргізіп келеді. 2005 жылы ҚИК толықтай ҚР Қаржы министрлігінің қарамағына өтті. Бұл несие үшін алынатын пайыздық мөлшерлемелерді кемітуге қажетті бәсекелестік ортаның құрылуына өз ықпалын тигізді. Пайыз мөлшерлемелері баяу болса да тұрақты түрде кеміп келеді. Ипотекалық несиелеудің дамуына 2003 жылы Мемлекеттік құрылыс-жинақ ақша банкісінің құрылуы жағымды әсер етті.

Қазақстанда ипотекалық несиелеу ҚР Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының ажырығысыз бөлігі болып табылады. Бұл арада Мемлекет халықтың қамтамасыздандырылу деңгейі төмен тобының «әлеуметтік» тұрғын үй құрылысын салуына және сатып алуына әр түрлі әдістермен жәрдем көрсетіп, олардың меншік құқығына ие болуын ынталандырады.  2005 жылдың 1 қаңтарына ипотекалық қарыз 411,4 млрд теңгені құраса, 2003 жылмен салыстырғанда өсім 262,2% құрайды.

Мемлекеттік несие жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшалай қаражаттарының мерзімділік, қайтарымдылық және ақылы шарттары негізінде мемлекет тарапынан жұмылдырылу себебі бойынша қатынас жиынтығын білдіреді.

Оны мемлекет бюджет тапшылығын жабу үшін және мемлекет өзінің ағымдағы мүмкіндіктерінен тыс қажеттіліктерін қосымша қаржыландыру үшін пайдаланады. Бұл несие қатынысының субъектісіне, бірінші жағынан, қарыз алушы ретінде мемлекет жататын болса, екінші жағынан, халық, кәсіпорындар, ұйымдар, сондай-ақ, шетелдік жеке және заңды тұлғалар, мемлекет жатады.

Мемлекеттік несиені мемлекеттің өзіндік несиесіне және мемлекеттік борышқа бөліп көрсетуге болады.

Бірінші жағдайда мемлекеттің несие институттары экономиканың әр түрлі секторларын және халықты несиелейді. Қазақстанда бюджет қаражаты есебінен құрылған, жарғылық капиталы 100% құрайтын екі банк бар – Қазақстан Даму банкі және Мемлекеттік тұрғын үй құрылысының жинақ-ақша банкі. Екінші жағдайда мемлект уақытша бос ақша ақша ресурстарын жұмылдыру үшін, мемлекттің бюджет тапшылығын және қоғамның өзге де қажеттіліктерін қаржыландыру үшін халықтан, банктерден және өзге де қаржы-несие мекемелерінен, кәсіпорындардан мен ұйымдардан, сондай-ақ, басқа мемлекеттерден (мемлекеттік құнды қағаздарды қаржы нарығына орналастырумен) ақшалай қаражатты қарызға алады. Уақытша бос ақшалай қаражат облигацияларды, қазынашылық міндеттемелерді және мемлекеттің өзге де құнды қағаздарын шығару және өткізу арқылы жұмылдырылады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда айналыста мыналар бар:

— 3,6 және 12 ай мерзімдеріне шығарылған мемлекеттік қысқа мерзімді

облигациялар;

— 5-7 жыл мерзіміне шығарылған мемлекеттік орта мерзімді облигациялар;

— 20 жылға дейінгі мерзімге шығарылған мемлекеттік ұзақ мерзімді

облигациялар.

Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді ҚР Қаржы министрлігі шығарады және оған мемлекет кепілдік береді.

Мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы қарызға бөлінеді. Сыртқы қарыз мемлекеттің өзге елдерден қарызға алған берешегінен пайда болады.

Мемлекеттік несие жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшалай қаражаттарының есебінен қосымша қаржы ресурстарын жұмылдырудың қуатты құралы болып табылады.

Ақшалай қаражатты жергілікті үкімет органдары да қайтару және ақылы негізде жұмылдыра алады. Бұл жағдайда, әдетте, алынған қаражаттың нақты мақсатты бағыты болады. Ол жол құрылысына, су бөгетін тұрғызуға, мектеп салуға, қалалық және ауылдық аудандардың жасақталуына пайдаланылуы мүмкін.

Қазақстанда 2000 жылдан бері лизингтік несие қолданылып келеді. Лизинг – бұл негізгі құрал-жабдық мүлкін сатып алу және оны жеке заңды тұлғаларға белгілі бір төлем үшін нақты мерзімге беру туралы келісім-шарт негізінде ұсынылатын инвестициялық қызметтің түрі.

Ол ҚР «Қаржылық лизинг туралы» заңымен, Азаматтық, Салықтық және Кедендік кодекстермен,  «Инвестицияны мемлекеттік қолдау туралы» және  «Инвестиция туралы» заңдарымен реттеледі.

Лизинг бұйымына кез-келген тұтынылатын заттар, оның ішінде, кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын машина, құрал-жабдық, сайман, үй-ғимараты, құрылғы, көлік құралдары жатады.

Лизинг – бұл мүліктің меншік иесі мен жалдаушының арасындағы келісім. Бұл келісім — мүлікті делдал болып табылатын лизингтік компания арқылы айтылған мерзімге және төлемі үшін пайдалануға беру. Осылайша, лизингтік мәмілеге лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы қатысады.

Лизинг өз мазмұны бойынша несие қатынасына сәйкес келеді және мәні бойынша ссудаға ұқсас. Ол осы экономикалық мағынада лизинг берушінің лизинг алушыға мүлікті пайдалануға беру формасында берілетін (тауарлық несие) несиені білдіреді.

Лизингтің банк несиесінен айырмашылықтары:

— мүлік кепілге салынбайды, яғни мүлікті кепілге салудың қажеті болмайды;

— бизнес-жоспарды ұсынудың қажеттігі болмайды;

— лизингтік төлемнің жүйесі икемді болады және ол игеруге жатқызылады,

бұл салық салынатын базаны кемітуге мүмкіндік береді;

— жүз пайыздық несиелеу және төлемдерді дереу төлеуді талап етпейді.

Лизингтік несиені Қазақстанда ауылшаруашылық өндірушілері комбайн, трактор және өзге де қажетті машиналар үшін, ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар технологиялар үшін, шығын және орта бизнестің субъектілері пайдаланылады.

Бүгінгі таңда лизинг кез-келген өндірістің материалдық-техникалық базасын дамытуға ауқымды капитал салымдарын салуға мүмкіндік береді. Машиналар мен құрал-жабдықты сатып алудың басқа тәсілдерімен салыстырғанда лизингтің бірқатар елеулі артықшылықтары бар:

— кәсіпкер-жалдаушыға өндірісті аса ірі шығындарсыз ұлғайтуға мүмкіндік

береді;

— өтімді қаражаттардың шектеліп қалу мәселесі жұмсарады;

— негізгі құрал-жабдықты сатып алуға кеткен шығын келісім-шарт әрекет

ететін барлық мерзімге біркелкі бөлінеді;

— қарыз капиталы тартылмайды және т.б.

Лизинг беруші-банктің лизингтік қызметінің артықшылықтары:

— лизинг барысында мүлік лизинг алушының балансына өтеді;

— қосымша құн салығынан босатылады;

— лизингтік компанияның несиелеуінен табыс және акциядан дивиденттер

алады.

Осылайша лизинг банктің қызмет көрсету аясын кеңейтудің келешегі зор бағыты болып табылады.

Халықаралық несие – мерзімді және ақылы шарттар негізінде елдер арасындағы ссуда капиталының қозғалысына қызмет ететін несие қатынасын әр түрлі формаларымен субъектілері бойынша біріктіретін үлкен ұғым. Ол жаңа техника, технология, тауар мен қызмет көрсету импортын ұлғайтуға мүмкіндік береді, төлем балансының тапшылығын (экспорт пен импорттың арасындағы айырмашылықты) жабудың құралына және жинақтаудың қосымша көзіне айналады.

Шетелдік инвесторлар үшін халықаралық несие басқа елдерге, әсіресе, қосымша инвестицияға мұқтаж дамушы елдерге капитал салудың ең тартымды формасы болып табылады. Бұл несие ең сенімді несие ретінде саналады, өйткені, ол тек компаниялармен, фирмалармен және банктермен ғана емес, сонымен бірге, үкімет кепілдігімен қамтамасыз етіледі.

Бүгінгі таңда Қазақстан, әсіресе, ірі компаниялар, филиалдар және банктер халықаралық несиені жиі пайдаланады. Бұл белгілі бір реттеуді және шектеуді қажет етеді. Әйтпесе өтелмеген берешектердің жинақталуы және сыртқы қарыздың ағымдағы қызмет көрсетуі бойынша өсе түскен төлемдер мемлекеттің қаржылық-валюта жағдайын қиындатып, оны тұрақсыз етеді, тіпті, үкімет тарапынан саяси және экономикалық қысым көрсетілуі мүмкін.

Халықаралық несие делдал көмегі арқылы немесе тікелей берілуі мүмкін. Делдал ретінде аса ірі ұлттық және трансұлттық банктер, халықаралық және аймақтық валюталық-несие әрі қаржы ұйымдары алға шыға алады.

Меншік формасы бойынша халықаралық несие мемлекеттік, жеке және аралас несиелерге бөлінеді. Қазақстан жеке халықаралық несиені жиі алады, яғни несиені жеке компаниялардан, фирмалардан, банктерден алады. Ол қарыз алушы елдің валютасында, үшінші елдің валютасында берілуі мүмкін.

Бүгінгі таңда Қазақстан Халықаралық Қайта құру және Даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, Жапонияның экспорт-импорт банкі және өзге де халықаралық қаржы-валюта мекемелері беретін несиені пайдаланады.

Қазақстан 2003-2015 жылдарына арналған Индустриалдық-инновациялық дамудың стратегиясын жүзеге асыруда халықаралық несиені қосымша құны жоғары әрі бәсекеге жарамды ғылыми сыйымдылығы бар өнімдер өндірісінің жаңа машина, құрал-жабдық және технология импорты үшін пайдалануы қажет.

Қазақстандағы компаниялар, фирмалар және банктер бір несие келісімі аясында топтасқан банктердің несие беруін білдіретін бірлестірілген несиесін алады. Бұл арада банктердің біреуі бірлестірілген несиені ұйымдастырушы ретінде алға шығып, несиелеуге қажетті қаражатты жинау үшін өзге банктер мен қаржы институттарын біріктіреді, несие береді әрі қарыз алушылардан қайтарылған несиелерді пайызымен банктерге бөліп таратады.

Бірлестірілген несие банктердің шектеулі несие мүмкіндіктері мен бірінші класты қарыз алушылардың ауқымды қажеттіліктері арасындағы қайшылықты жоюға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2  ҚАЗІРГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙДА НЕСИЕНІҢ ҚАЖЕТТІГІ 

    МЕН МӘНІ

 

     2.1 Коммерциялық банкте несие алу операцияларын ұйымдастыру

     үрдісі

 

Әрбір банкте жүргізілетін несие операцияларын ұйымдастыру үрдісі  құжаттарды қарастыру, оларды зерттеу және  шешім қабылдау тізбегін қамтиды, яғни кез-келген өтініш және құжаттарды, сонымен бірге, келіссөз нәтижелерін талдаудың мақсаты қарыз алушының сипатын және оның несиеқабілеттілігін анықтау болып табылады. Клиенттің несиеқабілеттілігі, оның белгіленген мерзімде несиелерді және пайыздарды қайтару мүмкіндігі анықталады. Несиені беруге рұқсат алғаннан кейін, несие сарапшысы несие келісім-шартын  құрастырады және кепіл келісім-шартымен бірге қарыз алушыға оларды сәйкесінше рәсімдеуге және қол қоюға береді. Несие мониторингі нәтижесінде банк қызметкерлері несиенің мерзімінде қайтарылмауымен байланысты шығындарды жабу үшін ескертетін шараларды қолданады.

Несие операцияларын ұйымдастыру үрдісін бірнеше кезеңге бөлуге болады, әр кезеңде несиенің сипаты, беру, қолдану және өтеу әдістері нақтыланады:

— несие өтінішін қарастыру және қарыз алушымен әңгімелесу;

— клиенттің несиеқабілеттілігін талдау және несиенің параметрлерін

анықтау;

— несие келісім-шартын әзірлеу  және рәсімдеу;

— несиені беру;

— несие мониторингі.

Несие операцияларын ұйымдастыру үрдісі несие өтінішін  қарастырудан басталады. Несие  сарапшысы несие өтініші негізінде ол туралы бар ақпаратты, несиенің мақсатын, кепіл түрін біле алатын (басқаша айтқанда, клиенттің несие келісім-шартын бекітуге құқыққабілеттілігін білу үшін) келіссөз жүргізеді. Сонымен қатар, несие сарапшысы банктің негізгі несиелеу шарттарын хабарлайды.

Егер клиент несиелеу шарттарына қатысты банк талаптарына жауап берсе, өтініш беруші сауалнаманы толтырады және несиелеуге қажетті құжаттар тізімін ұсынады.

Құжаттардың толық жинағын (несие өтініші және жолдама құжаттар) алған уақытта несие сарапшысы несие алуға қорытынды дайындайды, сол кезде ол:

— ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын;

— потенциалды қарыз алушының жеке басын растайтын заңды құжаттардың

дұрыстығын;

— қарыз алушының сенімділігін, байсалдылығын және несиеқабілеттілігін,

оның ертеректе алған несиеге (уақытылы және толық өтеу) қатысты

беделін;

— несие өтінішінің негіздемесін және несие қайтарылуының қамтамасыздық

дәрежесін тексереді.

Кез-келген өтінішті, сонымен бірге, келіссөз нәтижелерін талдаудың мақсаты қарыз алушының сипатын және оның несиеқабілеттілігін анықтау болып табылады деп жоғарыда айтып кеткенбіз. Несие сарапшысы қарыз алушыға өтінішті дайындауға көмектесе отырып, ұсынылған активтердің (бағалы қағаздар немесе жинақ депозиттері сияқты) құндылығын және табыс көлемін анықтайды. Клиенттің ауызша жауаптары, әдетте, қағаз түрінде баяндалған мәліметтерге қарағанда көп ақпарат береді. Сонымен қатар, несие сарапшысы клиентпен ынтымақтасқан және ынтымақтасатын банктермен хабарласады.

Несие сарапшысы қарыз алушы табысының мөлшеріне ғана емес, сонымен бірге, оның тұрақтылығына мән береді. Ол клиенттен таза табыс жайлы ақпаратты артық көреді, мұнымен қоса, сарапшы клиенттің фирмадағы жұмыс ұзақтығы мен көрсетілген табыс деңгейінің анықтығын тексеру мақсатында оның жұмыс берушілерімен байланысады.

Тәжірибелі несие сарапшысының көңіл бөлетін факторларының қатарына клиенттің жұмыспен қамтылу және бір орында тұру ұзақтығы жатады. Көптеген банктер, әдетте, көрсетілген орында тек бірнеше ай ғана қызмет жасайтын тұлғаларға несие беруден бас тартады. Жиі клиенттің бір мекен-жай бойынша тұру ұзақтығы қарастырылады, себебі клиент бір жерде неғұрлым ұзақ тұрса, солғұрлым оның жағдайы тұрақты деп саналады. Тұрғылықты орнының тұрақсыздығы немесе мекен-жайдың жиі ауысуы несие беру туралы сауалды шешу мезетінде жағымсыз жайт ретінде қарастырылады.

Қорыта айтқанда, несиелеу бойынша жұмыстың алғашқы кезеңінде несие сарапшысы клиенттің парасаттылығы мен онымен ұсынылған ақпараттың дұрыстығын анықтауға тырысады. Сарапшы  клиент өзінің барлық қарыздарын көрсетті ме, әлде оны несиелеген банктердің мәліметтері бойынша өзі ол туралы ескертуді «ұмытып кеткен» немесе өтелмей жасырылған басқа міндеттемелері бар ма, осыған қатты көңіл бөледі.

Екінші кезеңде клиенттің несиеқабілеттілігі, оның белгіленген мерзімде несиені және пайыздарды қайтару мүмкіндігі анықталады. Сонымен бірге, «Несиеқабілеттілік» және «Төлемқабілеттілік» деген түсініктерді ажырата білу қажет.

Қарыз алушының несиеқабілеттілігінің оның төлемқабілеттілігінен айырмашылығы өткен кезеңде немесе қандай да бір мерзімде өтелмеген төлемдерді белгілемейді, ал қарызды болашақта өтеу мүмкіндігін болжайды. Өткендегі төлемқабілетсіздік дәрежесі клиенттің  несиеқабілеттілігін бағалағанда сүйенетін формальді көрсеткіштердің бірі болып табылады.

Қарыз алушының құжаттарын талдау нәтижелері бойынша несие сарапшысы  оның несиеқабілеттілігі, қаржылық жағдайы, несие тарихы, қарыз сипаты (мақсаты, мерзімі, сомасы, қамтамасыздық, өтеу көзі және т.б.) сияқты ақпарат бейнеленетін  қорытындыны әзірлейді.

Бұған қоса несие сарапшысы қарыз алушының қажет етіп отырған  несиесінің қамтамасыздығы бойынша құжаттарды қарастырады. Ол кепіл затты, орналасқан жерін, кепілгердің кім екенін (қарыз алушының өзі ме әлде үшінші тұлға ма), кепіл заттың басқа иегерінің, кепіл затты берудегі тыйымының немесе шектеуліктердің бар болуын және т.б. анықтайды.

Кепіл зат құжаттарын зерттеуден кейін несие сарапшысы оның жағдайы мен құнын тұрған жеріне барып (жолсапар) тексереді. Жолсапар нәтижелері бойынша «Кепіл заттың жағдайы және бағасын тексеру туралы» есеп құрастырады. Кепіл заттың бағасы мүліктің әр түрі және типіне сәйкес жеке тәртіпте анықталатын өтімділік коэффициентінің есебімен, үшінші тұлға мүддесінің есебінсіз екі жақтың келісімімен анықталады. Қарыз алушы несие қамтамасыздығына үшінші тұлғаның кепілін ұсынса, несие сарапшысы  кепілгерден жоғарыда көрсетілген тізім бойынша құжаттарды талап етеді.

Қажетті құжаттарды жинау және сараптау бойынша алдын-ала жұмыстарды жүргізгенде несие сарапшысы қарыз алушымен әрі қарай жұмыстың мақсатқа сай екенін анықтайды. Қарыз алушының несиеқабілеттілігі және онымен ұсынылған кепіл заттың өтімділігі туралы жағымды шешім жағдайында несие сарапшысы әзірленген құжаттардың жинақтамасын несие досьесінің әзірлену сапасына бақылау жүргізу мақсатында несие бөлімінің бастығына ұсынады.

Несие бөлімінің бастығы әзірленген құжаттарды жағымды бағалаған жағдайда несие сарапшысы кепіл келісім-шартын рәсімдеуге кіріседі.

Кепіл келісім-шарты банктің ішкі несие саясаты туралы Ережелермен және заңдылықпен қарастырылған тәртіпке сәйкес құрылады, кепілгер оған қолын қойып, мөрімен растайды.

Құжаттардың толық тізімі бар несие бөлімімен әзірленген несие досьесі банктің заң кеңесшісіне (заңгеріне) құқықтық сараптамаға бағытталады.

Несиелеудің нақты шарттары белгіленген және заң кеңесшісінің рұқсаты бар несие досьесі қабылданған шешіммен банктің Несие комитетіне несиені беру туралы сауалды шешу үшін бағытталады, яғни бұл кезеңде несиені беру туралы банк басшылығының (несие комитетінің) рұқсаты рәсімделеді.

Үшінші кезеңде несие келісім-шарты рәсімделеді. Несиені беруге рұқсат алғаннан кейін, несие бөлімінің қызметкері несие келісім-шартын  құрастырады және кепіл келісім-шартымен бірге қарыз алушыға оларды сәйкесінше рәсімдеуге және қол қоюға береді.

Несие келісім-шарты несие мәмілесінің қатысушыларының құқықтарын және міндеттерін анықтайтын маңызды құжат болып табылады. Мұнда қатысушылардың экономикалық және заңды жауапкершіліктері бейнеленеді. Коммерциялық банктерге ҚР Ұлттық банкі ұсынған несие келісім-шартының қатаң белгіленген нысаны жоқ. Германия, Австрия сияқты елдерде заңды және жеке тұлғалардың несие келісім-шарттарының типтік нысандары ұсынылған. Францияда мұндай типтік нысан банк тәжірибесі көптүрлі деп болжай отырып, несие келісімінің қандай да бір ғана моделін ұсыну мүмкін болмағандықтан, тек жеке тұлғаларға ғана өңделген.

Дегенмен, несие келісімнің сызба-нұсқасында құрылатын негіздемесі бар. Әрине, ол қатысушылардың толық аты-жөнін, олардың заңды мекен-жайларын, келісім-шарт пәнін, сомасын, мерзімін, өтеу тәртібін, пайыз ставкасын, сый-ақы мөлшерін және басқа шарттарды белгілейді. Жалпы жеткілікті түрде несиелеу шарттары нақты анықталады. Төлем кешіктірілген жағдайда, келісімнің шарттары бұзылған уақытта банкке құқық беретін несие ескертпелеріне аса көңіл бөлінеді.

Арнайы бөлімдер клиенттің және банктің міндеттеріне арналған.

Мемлекет тіркеуіне алынуға тиісті қарыз алушымен бекітілген несие келісім-шарты және кепіл келісім-шарты осы келісім-шарттардың тіркеуін жүргізетін органдарда тіркелуі қажет. Несие келісім-шартының міндетті шарттарының бірі онда қарастырылған міндеттемелерді клиент бұзған жағдайда несие келісім-шартын мерзімінен бұрын бұзуға банктің құқығын қарастырады. Келісім-шарттардағы барлық өзгерістер мен толықтырулар белгіленген тәртіпте жазбаша нысанда рәсімделеді.

Барлық қажетті келісім-шарттарға және басқа керекті құжаттарға қол қою және оларды тіркеу сияқты соңғы әзірліктерден кейін қарыз алушы міндеттемеге қол қойып, мөрімен растайды. Несие сарапшысы өз жағынан несиені беруге рұқсат беретін жарлықты  толтырады және ол банк төрағасы  мен несие бөлімінің бастығының қолымен расталады.

Жарлық несие бағытын бекітеді. Ол нақты жағдайға және клиенттің тілегіне тәуелді болады. Бағыты бойынша несиенің берілуі әр түрлі болуы мүмкін:

— несие клиенттің есеп айырысу шотына аударылады;

— несие есеп айырысу шотына түспей, қолма-қолсыз түрде түрлі төлем

құжаттарын өтеуге беріледі;

— несие алдында берілген несиелерді өтеуге беріледі.

Бірінші жағдайда несие сарапшысы қарыз алушының қолымен расталған міндеттеме сомасына жарлық ордерін рәсімдейді. Қолма-қол ақшаны алуға берілген чек қарыз алушының несие шотынан ағымды шотына аударылған сомадан кем болмауы тиіс. Онда несиелеу мақсатына сәйкес алынған ақшаның мақсаты көрсетілу қажет.

Екінші жағдайда қарыз алушы несие бөліміне міндеттемеде және несие келісім-шартында белгіленген шарттарға сәйкес келетін сомасы мен мақсаты көрсетілген төлем міндеттемесін ұсынады. Несиені беру туралы жарлықта несие сарапшысы проводкаларды көрсетеді.

Әзірленген құжаттар ссуда шоттары бойынша оперцияларды жүргізу және кепіл келісім-шарты мен қарыз алушының мерзімді міндеттемелерінің сомасын баланстың сәйкес шоттары бойынша жазу мақсатында банк бухгалтериясына бағытталады.

Сонымен бірге, несие сарапшысы банктің Несие комитетінің мүшелерімен және қарыз алушымен қол қойылатын кепіл зат мүлігі бойынша клиенттен құжаттардың түпнұсқасын алу актісін дайындайды. Актінің бір данасы кепіл зат келісім-шартымен бірге банк кассасына беріледі, екінші данасы қарыз алушының өзіне және үшінші данасы несие бөліміне тапсырылады, онда ол клиенттің несие досьесіне тіркеледі.

Соңғы кезең, жоғарыда аталып өткендей, несие мониторингі деп аталады. Мониторинг нәтижесінде банк қызметкерлері несиенің мерзімінде қайтарылмауымен байланысты шығындарды жабу үшін ескертетін шараларды қолданады. Несиені  беру туралы шешімнен кейін барлық құжаттар, жоғарыда айтылып кеткендей, досьеде сақталады. Досьенің қалыптасу тәртібін банк анықтайды. Ол 5 жылдан астам мерзімге дейін сақталуы тиіс, белгіленген мерзім аяқталғаннан соң банк архивіне өткізіледі.  Досье архивте белгіленген мерзімге дейін сақталады.

Қорыта айтқанда, несиелік операцияларды ұйымдастыру үрдісі түрлі кезеңдер мен қадамдардан өтеді. Несиелендіру үрдісін реттейтін мемлекет саясаты ҚР Ұлттық банкінің заң шығарушы және нормативтік-құқықтық актілері арқылы жүргізіп отырады. Банк әрекетінің барлық сферасында тәртіптерін белгілейтін нормативтік–құқықтық базаның құрылуы мен қабылданатын заңдардың барлық формаларын қолдануға нақты негіз жасайды.

 

 

2.2 Коммерциялық банктің несиелік операцияларын талдау    

 

 

«ТұранӘлем Банк» Акционерлік Қоғамы – Қазақстанның жүйелі-құрылымдық банкі және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде банк желісін құру бойынша көшбасшы. «ТұранӘлем Банк» АҚ Қазақстанның екінші деңгейлі банктері арасында активтер мен меншікті капитал мөлшері бойынша батыл жетекші орын алады.

«ТұранӘлем Банк» АҚ активтері 2005 жылы 8 млрд. долларды құраса, меншікті капиталы 1,37 млрд. доллардан артады.

«ТұранӘлем Банк» АҚ — нарықтың барлық сегменттеріне (корпоративті және бөлшек бизнес, саудалық қаржыландыру, қор нарығы, несиелендіру, кіші және орта бизнесті жетілдіру, лизинг, ипотека, зейнетақы қоры және т.б.) қатысатын жетекші қаржылық топ.  

Банк қызметінің негізгі бағыттарының бірі – несиелендіру операциялары болып табылады. Аталған банк қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді өз меншікті қаражатынан ғана емес, сонымен қатар, шетел несие желісі арқылы жүзеге асырады.

Меншікті қаражатынан қысқа мерзімді қаржыландыру, салалық қаржыландыру, саудалық қаржыландыру (вексель, кепілдік, аккредитив сияқты құжатталған және құжатталмаған төлемдер арқылы сауда және экспорт- импорт операцияларын қаржыландыру) жүзеге асырылады.

Банк өз инвестициялық саясатын Қаржылық Оператор ретінде жүзеге асырады және халықаралық қаржылық институттар Желісі шеңберінде кіші және орта бизнес кәсіпорындарын жеңілдік шарттары негізінде қаржыландыру мүмкіншілігіне ие.

Банктің несие саясаты оның несие қоржынында жүзеге асырылады.

Сондықтан банктің несиелік саясатына толық мінездеме беру үшін, оның несие қоржынына экономиканың жеке салаларының (мемлекеттік қаржыландыру, мақсатты шетел несие желілерінің ашылуы т.б.) дамуының өзгеру мүмкіншілігін есепке ала отырып талдау жүргізу қажет.

Әр маусым сайын банк өндіріс салалары мен басқа шаруашылық аймақтар бойынша несиелік салымдарды шоғырландыру үшін несие қоржынына талдау өткізеді. Экономикалық әдебиеттерге сәйкес, несие қоржыны дегеніміз – несиелік тәуекелдің түрлі факторларымен немесе одан қорғану тәсілдерімен байланысты критерийлер негізінде сыныпталатын берілген несиелер жүйесі.

Несие қоржынының қайнар көзі болып банкпен жүргізілетін несиелік операциялар табылады. Банктің тұрақтылығы, оның беделі және қаржылық табыстылығы банк қоржынының құрылымы мен сапасына байланысты болады. Банктің несиелік қызметінде несие қоржынын талдау мен бағалау – банк тұрақтылығы мен табыстылығын анықтауда ең маңызды компоненттердің бірі болып табылады. Талдау нәтижелері бойынша ерекше құзіреттер анықталады және белгілі бір бағыттың не кеңеюі, не тарылуы болжамын есепке ала отырып, несиелік комитетпен жеке салаларға шектеулер тағайындалады. Банктің несиелік қоржының сапасы сол банктің несиелік қызметін бағалаудың маңызды критериінің бірі болып табылады. Соңғы жылдары банк несие саясатының жағымды тенденциялары несие ресурстарының көлеміне оң әсерін тигізеді.

 

«ТұранӘлем Банк» АҚ несиелік қоржынының серпіні, млн. тг

 

 

Сурет 2

 

2002 жылдан бастап 2005 жылға дейін «ТұранӘлем Банк» АҚ несиелік қоржынының көлемінің ұлғайғаны байқалады. Сөйтіп, 4 жыл ішінде несиелік қоржын 7,7 есе ұлғайып, 439150 млн. тг құрады (Сурет 2).

Несиелік ресурстар көлемінің ұлғаюына келесілер әсер етті:

— депозиттік қордың өсуі ;

— сенімді қарыз алушылар санының ұлғаюы ;

— кейбір қарыз алушылардың қаржылық жағдайының жақсаруы ;

— «ТұранӘлем Банк» АҚ несиелік саясатына сәйкес экономиканың басым

салаларын несиелендіру.

Банк өз клиенттерінің базасының құрылымын жақсарту және нарықтық экономика жағдайында табысты қызмет ететін ірі компанияларды жұмылдыру бойынша нысаналы жұмыс атқарады.

Банк көптеген жобалардың әлеуметтік мәнділігін, яғни олардың аймақтарды дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру үшін маңыздылығын ескереді. Мұндай жобаларды қаржыландыру кезінде, әдетте, қарыздың сапалы қамтамасыз етілуіне, клиенттің басқа қаржылық тұрақты компаниялармен үлестігіне, несие мен кепілдікті қамтамасыз етуді тұрақты мониторингтен өткізуге қөп көңіл бөлінеді.

Банк қарыз алушыларының барлығының нарықта 3 жылдан астам тәжірибесінің болмағаны айқын, әдетте, 3 жылдан кем тек, ең бастысы, кіші және орта бизнес субъектілері және жеке кәсіпкерлер ғана қызмет етеді.

Банк көптеген жобалардың әлеуметтік мәнділігін, яғни олардың аймақтарды дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру үшін маңыздылығын ескереді.

Банк облыстық әкімшілік жүзеге асыруға жобалап отырған жобаларды несиелендіру бойынша үлкен тәжірибеге ие. 

Осындай бағдарламалар шегінде берілген несиелер, негізінен, ауылшаруашылық өнімдерін, өнеркәсіпті, энергетиканы қайта өңдеу  бойынша өндірістің дамуына, сонымен қатар, кіші кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға бағытталады.

Кіші және орта бизнесті несиелендірудің негізгі мақсаты – тапсырыс берушілердің нақты қажеттіліктерін есепке ала отырып, банктің банктік қызметтердің ең тиімді нарығын қолдану. Осы мақсаттардың бірі – кіші және орта бизнес аясында жаңа клиенттерді тұрақты жұмылдырып отыру. Негізінен

кіші және орта бизнесті несиелендіруді келесідей диаграмма түрінде көрсетуге болады. (Сурет 3)

 

Кіші және орта бизнесті несиелендіру, млн.тенге

 

 

Сурет 3

Ірі жобаларды қаржыландыру тек сапалы бизнес-жоспар берілгенде, жобаның тиімділігін растағанда, жобаны жүзеге асырып, оның өтімділігін қамтамасыз ете алатын тәжірибелі менеджменттің болуында, ірі, қаржылық тұрақты компаниялардың қолдауымен ғана жүзеге асырылады.

Банктің негізгі қарыз алушылары болып өнеркәсіптік кәсіпорындар, ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші, мемлекеттік және сауда компаниялары, сонымен қатар, жеке тұлғалар табылады.

Несиелік қоржынның құрылымын талдауды экономика салалары бойынша өткізуге болады. Экономика қимасындағы несиелік қоржын құрылымының өзгерісін төмендегі  кестеден көруге болады (Кесте 1).

2003 жылдың ең жоғарғы үлес салмағы көтерме саудаға (24,1%), жеке тұлғаларға несие (17,4%) және ауылшаруашылық, сонымен қатар, «ТұранӘлем Банк» АҚ несиелік саясатының басқа да бағыттары енетін, бірақ көрсетілгендермен салыстырғанда төмен сандық мәні бар, «басқа» категориясына енетін несиелер – (14%) құрады.

 

Кесте 1

Несиелік қоржынның салалық құрылымы

 

Қызмет түрі бойынша сыныптау

01.01.2004 ж

01.01.2005 ж

Барлығы

(мың тг.)

Үлес,%

Барлығы (мың тг.)

Үлес,%

1

2

3

4

5

Көтерме сауда

86582000

19,7

72438000

24,1

Жеке тұлғалар

57405000

13,1

52215000

17,4

Ауыл шаруашылығы

45271000

10,3

42101000

14,0

Тамақ өнеркәсібі

41030000

9,3

38122000

12,7

Өнеркәсіптік объектілер мен жолдар құрылысы

 

40478000

 

9,2

 

37152000

 

12,3

Мұнай мен газ өндіру

37295000

8,5

32578000

9,8

Тұрғын үй құрылысы

21806000

5,0

19581000

5,6

Тау-кен өндіру саласы

20924000

4,8

19871000

3,8

Көлік

20001000

4,6

18017000

5,0

Химия өнеркәсібі

12160000

2,8

12008000

2,3

Энергетикалық сала

8874000

2,0

7947000

2,6

Автокөлік өндірісі

5631000

1,3

2784000

0,9

Бөлшек сауда

5174000

1,2

4504000

1,5

 

1 кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

Жылжымайтын мүлікпеноперациялар

4678000

1,1

2784000

0,9

Жеңіл және былғары өнеркәсібі

4675000

1,1

4018000

1,3

Баспа ісі

3860000

0,9

2874000

0,6

Телекоммуникация

3857000

0,9

2813000

0,9

Қонақ үй бизнесі

3607000

0,8

2105000

0,7

Металлургиялық сала

1865000

0,4

1108000

0,3

Кәушік және резинадан бұйымдар өндірісі

1301000

0,3

8050000

0,2

Зерттеулер мен өңдеулер

516000

0,1

4580000

0,1

Басқа

12152000

2,8

1379000

4,6

Барлығы

439150000

100

299920100

100

 

Несиелік қоржын құрылымында белгілі бір өзгерістер 2004 жылы байқалады, көтерме сауданы несиелендіруге несие ресурстары салымының жоғарылау тенденциясы (4,4%) байқалады. Жеке тұлғаларды несиелендіру деңгейінің өсу қарқыны да жақсы нәтижелер көрсетті (4,3%). «ТұранӘлем Банк» АҚ несиелік ресурс салымдары несие саясатына сәйкес экономиканың басым салаларына жұмсалады. Экономиканың басқа салаларына жеңіл және өңдеуші өнеркәсіп, қонақ үй бизнесі, баспа ісі енеді, бірақ олардың үлесі 2005 жылы 2004 жылдың көрсеткіштеріне қарағанда 7% төмендеді.

Меншікті капиталдың елеулі өсуінен кейін банк алдында жаңа мұмкіншіліктер ашылды. Ірі жобаларға қызмет көрсету, жаңа қызмет көрсету түрлерін өткізу мүмкін болды. Осыған байланысты, «ТұранӘлем Банк» АҚ стратегиясының маңызды жақтарының бірі – күрделі жобаларға тұрақты қызмет көрсетуге көшу.

Қазір клиенттерге несие желісін ашу, сол бойынша қызмет көрсету даму үстінде. Банкпен таңдалған несиелендіру формасы несие желісі шеңберінде несие алу үшін құжаттарды жедел рәсімдеу үшін ғана емес, сонымен қатар қарыз алушылардың осы категориясының қаржылық жағдайын баламалы бағалауға мүмкіндік береді.

Коммерциялық банктің несиелік қоржынының құрылымын қарастырудың келесі элементі болып банктің несие қоржынының үлесін талдау табылады (Кесте 2).

 

Кесте 2

Қарыз алушының түріне байланысты несиелік қоржынның құрылымы

 

 

Несиелер

01.01.2003

01.01.2004

01.01.2005

Көлемі, (млн.тг)

Үлесі,%

Көлемі, (млн.тг)

Үлесі,%

Көлемі, (млн.тг)

Үлесі,%

1

2

3

4

5

6

7

Барлығы

134820

100,0

224,053

100

439150

100

Заңды тұлғалар

111,392

83

185337

82,7

395235

90

Жеке тұлғалғар

23428

17

38716

17,3

43915

10

 

2003 жылдың басына заңды тұлғаларды несиелендіру көлемінің азайғаны байқалады: 2003 жылы – 83% , 2004 жылы – 82,7%, және сәйкесінше жеке тұлғаларды несиелендіру көлемінің көбейгені – 17%  және 17,3% байқалады.

2004 жылы бұл серпін заңды тұлғаларды несиелендіру көлемінің ұлғаюына ауысты.

Тәуекелдерді әртараптандыру көзқарасынан алып қарағанда, банктің несие операцияларына несиелердің берілу уақытын есепке ала отырып талдау жасау қажет (Кесте 3).

 

 Кесте 3

Несиелік қоржынның мерзімі бойынша құрылымы 2003-2005 жж., мың тг

 

Несие қоржыны

1 айға дейін

1 айдан 3 айға дейін

3 айдан 1 жылға дейін

1 жылдан 5 жылға дейін

5 жылдан жоғары

Барлығы

Барлығы

8209784

16639954

104739655

169013388

114072604

412675383

Банкпен берілген несиелер құрылымында операциялардың ең төмен тәуекелі мен ең жоғарғы табыстылығын қамтамасыз ететін қысқа мерзімді несиелер басым. Қысқа мерзімді несиелер 2003 жылы 69,2% , 2004 – 71,8%, және 2005 жылы 72,9% құрады. Алайда, тартылған ресурстардың мерзімін ұзарту 2004- 2005 жылдары қысқа- және ұзақ мерзімді негіздерде жобаларды қаржыландыру үлесін ұлғайтуды шарттады (Сурет 4).

Банкте несие қоржынының сапасын мониторингтен өткізу мақсатымен несиелеу бойынша операциялардан тәуелсіз қызмет ететін Тәуекелдерді Басқару бөлімі құрылған. Бұл басқарудың негізгі қызметі несиелік қоржынды тәукелдерге сәйкес сыныптау болып табылады.

 

Несиелік қоржынның мерзімдік (%) құрылымы

 

 

 

 

Сурет 4

 

 

Төменде берілген кестеден несие қоржынының сапасының өзгерістерін көруге болады (Кесте 4).

Кесте 4

«ТұранӘлем Банк» АҚ несиелік қоржынының сапасы бойынша құрылымы

 

Несиелер

01.01.2004 жыл

01.01.2005жыл

 

Несие, тг

%

Несие, тг

%

 Стандартты

 138781406

58

 212110207

52

 Күмәнді

 98446505

42

 195309823

48

 1-категориялы күмәнді

 75372813

31

 15519921

38

 2-категориялы күмәнді

 7521983

3

 1912712

0

 3-категориялы күмәнді

 13275763

6

 25564508

6

 4-категориялы күмәнді

 853396

0

 638659

0

 5-категориялы күмәнді

 142550

1

 11994023

4

 Үмітсіз

 2488334

1

 5255353

1

 Барлығы

 239716245

100

 412675383

100

 

«ТұранӘлем Банк» АҚ несиелік қоржынының жағдайы белгілі бір үрей тудырады. Егер 2004 жылдың 1 қаңтарына банктің барлық несиелер көлемінен күмәнді несиелер 42%, стандартты – 58%, ал үмітсіз – 1% құраса, 2005 жылдың 1 қаңтарына бұл көрсеткіштер күрт төмендеген. Егер пайыздық қатынаста үмітсіз несиелер саны өзгермесе, таза күйінде 2,1 есе ұлғайды, ал стандартты несиелер саны 7% азайды.

Келесі кестеден несиелердің көбісі ұлттық валютада берілгенін байқауға болады. Оның үлесі барлық берілген несиелердің 49,4% құрайды, ал АҚШ долларында берілген несиелер үлесі едәуір төмен – 45,8% (Кесте 5).

 

Кесте 5

Несиелік қоржынның валюталық құрылымы, 01.01.2005 ж, мың тенге

 

   Несиелік қоржын және алдын-ала төлеу

   412675383

 100

   Тенге

   204125329

 49,4

   АҚШ доллары

   189228326

 45,8

   Евро

   11023176

 2,6

   Басқа валюта

   8298552

 2,01

 

Мұндай жағдай соңғы жылдары ұлттық валютаның тұрақтандырылуына және оған тұрғындар мен қаржылық құрылымдардың үлкен сенім артуына байланысты туындады.

Несиелік қоржынды сыныптау банкпен берілетін барлық қарыздар мен несиелер бойынша, оның ішінде овердрафт, форфейтинг, факторинг түрінде вексельді немесе басқа қарыз міндеттемесін есепке алу және аккредитив пен сыныптауды жүргізу уақытына қарызы өтелмеген несиелеудің басқа да түрлерін (ары қарай — несиелер) көрсету жолымен, сонымен қатар, лизинг бойынша жүргізіледі.

«ТұранӘлем Банк» АҚ соңғы жылдардағы несиелік саясатының құрылымын жіктеп талдау несиелік қоржын сапасына талдау жасауға мүмкіндік береді. Коммерциялық банктің несиелік қоржынының сапасын талдау ҚР Ұлттық банкінің «Банктің активтері мен баланстан тыс шарттарын сыныптау және олар бойынша ҚР екінші деңгейлі банктерінің провизияны есептеуі» туралы Қаулысына сәйкес жүргізіледі.

«ТұранӘлем Банк» АҚ несиелік саясатына талдау жасау барысында келесідей қорытынды жасауға болады:

«ТұранӘлем Банк» АҚ клиенттерді (заңды және жеке тұлғаларды) несиелендіру бағдарламасын кеңейтті. Аталған банктің несиелік қоржынының көлемі 2002-2005 жылдары 7,7 есе ұлғайды. Несиелік ресурстар көлемінің ұлғаюына келесі факторлар әсерін тигізді: депозиттк қордың өсуі, сенімді қарыз алушылар санының ұлғаюы, кейбір қарыз алушылардың қаржылық жағдайының жақсаруы, «ТұранӘлем Банк» АҚ несиелік саясатына сәйкес экономиканың басым салаларын несиелендіру.

Егер, экономиканың салалары бойынша қарастырсақ, онда 2004 жылдың  ең жоғарғы үлес салмағы көтерме сауда мен ауылшаруашылыққа келеді, ал 2005 жылғы өнеркәсіпке салымдар үлесі едәуір төмендеді, бірақ құрылысқа деген несие ресурстары салымдарының күрт жоғарылығаны байқалды. Заңды тұлғаларды несиелендіру көлемі артты: 2003-2005 жылдар аралығында несиелеу көлемі орташа есеппен алғанда 2,2 есе жоғарылады. Несиелік қоржын құрылымындағы өзгерістер  қоржынын 2002 жыл Қазақстандағы тұтыну несиесін қалыптастыру және дамыту жылы атанып, «ТұранӘлем Банк» АҚ  несиелік қоржынында көрініс табуымен байланысты. Банкпен берілген несиелер құрылымында ең төмен тәуекел мен операциялардың ең жоғары табыстылығын қамтамасыз ететін қысқа мерзімді несиелер басым. Алайда, тартылған ресурстардың мерзімін ұзарту 2003 жылы орта- және ұзақ мерзімді негізде жобаларды қаржыландыру үлесін ұлғайтуды шарттады, ал 2004 жылы қысқа мерзімді несиелердің үлес салмағы ұзақ мерзімді несиелерге қарағанда артық болды.

Несиелендіру банктің жоғары табыстылығын қамтамасыз ететін қызметтерінің басты бағыты болып қала беруде. Алайда, несиелік саясат  несиелік операциялардан жоғары табыс алу  үшін ғана емес, сонымен қатар, несиелік тәуекелдерді максималды төмендетуге бағытталған. Салмақты және консервативті несие саясатын жүргізу, қызметкерлердің мамандандырылған жұмысы, шешім қабылдау механизмін және тәуекел-мониторинг процедураларын жетілдіру арқасында несиелік операциялардың тиімділігі тұрақты жоғарылауда. Оған қарыз алушылардың Қазақстан экономикасының басым салаларының дамуында қаржыландырылатын жобалардың маңыздылығын және өтімділігін жақсы білуі, сонымен қатар, несиелер бойынша ұсынылатын қамтамасыз етудің сенімділігі мен жоғары өтімділігі әсер етеді.  Депозиттік қордың өсуі, шетел несие желілерін және халықаралық қаржылық институттардың инвестицияларын тарту,  импортауыстырушы және экспортқа бейімделген өндірісті қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламасына қатысу банкке өзінің несиелік белсенділігін сақтауға және арттыруға мүмкіндік берді.

Банк жалпы алғанда барлық жолаушы банктік тәуекелдердің талдауын есепке ала отырып несие саясатын жүргізеді, сонымен бірге, несиелік нарықтың жаңа секторларына  және ұлттық экономиканың салаларына несиелік экспансия жүргізеді. Банк қызметінің негізгі принциптері болып салмақты қаржылық-несиелік саясат, клиенттердің қызығушылықтарын максималды түрде есепке алу, қызмет көрсетудің жоғары сапасы және операциялар бағытын дұрыс таңдау болып табылады.

 

3 Нарықтық экономика жағдайында несиелеуді

  жетілдіру  жолдары

 

                                 

Қазақстанның банктік жүйесіндегі қаржы – несие қызметінің арасында көп жылдар бойы ұсынылып келе жатқан  қысқа мерзімді несиелер мен соңғы екі-үш жылдардағы орта мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді дамытуға бағытталған шараларды атап өтпеу мүмкін емес. Банктік ақпараттық статистика бойынша олардың өзгерістері 2003 жылдан басталады.  Екінші деңгейлі банктердің  1998 жылдағы 61,0 млрд. теңгеден 2006 жылға 978,1 млрд. теңгеге дейін, яғни 16 есеге өсуі экономикадағы қаржылық көздің бірі ретіндегі несиенің маңызды ролін анықтайды. Сонымен қатар, қысқа мерзімді несие үлестерінің  1998 жылы 68 %, 2000 жылы — 62%, 2005 жылы — 49%, 2006 жылы — 43% болуы несиенің тауар айналысын қамтамасыз ете отырып, банктерге үлкен табыс әкелетінін көрсетеді.  Тек 2002 жылдан бастап қана қаржылық–банктік салада тұрғын–үй мәселелерін шешуге және салалардағы өндірістік материалдық базаның құрылуына бағытталу шаралары жүргізіле бастады.  Қазақстанның қаржылық–несиелік жүйесінің нарықтық өзгерісінде коммерциялық банктердің, валюталық, қорлық биржаларының, инвестициялық банктердің, қаржылық компаниялардың, депозитарилердің, клирингтік орталықтардың пайда болуы үлкен өзгерістерге әкелді.  Көп арналы және күрделі қатынастар желісі елдің барлық шаруашылық және ақшалық субъектілерінің бірігу мүмкіншілігін туғызды. Экономикалық салалардың, кәсіпорындардың, аудандардың барлық қабаттарына ене отырып, олардың ақшалық айналымды ұйымдастырып, сол арқылы қаржылық ресурстар мен ақшалардың қайта бөлінуіне және олардың жеке субъектілердің қызығушылығымен ақша капиталдарының шоғырлануы үрдістері жүргізіледі.

Сонымен қатар, қысқа мерзімді несиелермен салыстырғанда орта және ұзақ мерзімді несиелердің бұрынғыдан да өсіп бара жатқанын атай кету керек. Соңғы үш жылда олар тиісінше 5,2 және 3,7 есе, ал 2006 жылдың басынан бері- тиісінше 10,5% және 8,4% артты. Ұзақ мерзімді несиелердің басым бола түсуі – ең алдымен экономикалық субъектілердің ертеңгі күнге деген сенімінің және жалпы экономикалық жағдайының тұрақтылығының куәсі. Шетелдік инвесторлар өз қызметі үшін мемлекет таңдаған кезде, әсіресе экономиканың тұрақтылығы өз кезегінде негізгі факторларының бірі болып табылатынын айта кеткен жөн. Экономикаға деген сенімінің артуы біздің халықаралық рейтингімізге өз әсерін тигізеді. Қазақстан ТМД аумағында бірінші болып инвестициялық деңгейдің рейтингісін алды, мұның өзі отандық коммерциялық банктерге берілетін синдикатталған қарыздардың көлемінің артуына, яғни олардың ел ішіндегі несие қызметінің жандана түсуіне септігін тигізеді.

ҚР банктік жүйесінің құрылуы мен оның өз позициясында нақты нәтижелерге жетуі негізінде қазіргі кезде олардың кез келген несиелік тәуекелдерге сәйкес жауап қайтара аларлығы сөзсіз, бірақ соның өзінде мәселелер күшін азайтудың жолдарын жетілдіріп отырған және оларды шешудегі шет елдік тәжірибені қолданып немесе соларға сүйене отырып жаңа жолдар ойластыру артықшылық емес. Коммерциялық банктердің көптігіне байланысты олардың әр қайсысы өздеріне қолайлы банктік саясатты ұстанып әр қайсысы мәселелердің алдын алудың бірнеше жолдарын қарастырады.

Несиелік ресурстарды беру ҚР қызмет етуші заңдары, ҚР Ұлттық Банкінің нормативтік актілеріне және Қазақстан Халық банкінің Ішкі несиелік саясатына байланысты жүзеге асырылады. Несиелік ресурстар қарыз алушыларға әртүрлі мақсаттарға беріледі:

— айналым капиталдарын ұлғайтуға (шикізаттар, халықтық тұтынудағы

тауарларға және т.б. материалдар алуға);

— негізгі капиталға кіші инвестицияларды жүзеге асыруға (жылжымайтын

мүлік, патент, қосымша құрал-жабдықтар алуға);

— заңды тұлғалардың тұтынушылық мақсаттарына;

— айналым капиталын толықтыруға;

— негізгі капиталға инвестициялауға.

Қазіргі уақытта клиенттердің несиеге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, бизнестің ерекшелігіне байланысты Банкте бірнеше несиелік бағдарламалар бар:

— кіші және орта бизнестің субъектілерін аудандық несиелендіру

бағдарламасы;

— жеке тұлғаларды несиелендірудің аудандық бағдарламалары;

— кіші және орта аграрлы бизнесті несиелендіру бағдарламасы;

— Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің несиелік желілер бойынша

кіші бизнесті несиелендіру бағдарламасы;

— кепіл бойынша тұтынушылық мақсатта кәсіпорын жұмыскерлеріне

несилендіру бағдарламасы;

— овердрафт түріндегі кәсіпорындарды қысқа мерзімді несиелендіру

бағдарламасы;

— Қазақстан Халық банкіндегі жеке тұлғалардың жинақ шоттарында

орналастырылған карточкасындағы ақшаны кепілге ала отырып,

несилендіру бағдарламасы;

— отандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерге банктік қарыздар

беру бағдарламасы.

Жоғарыда аталған қызмет етуші несиелік бағдарламалармен қатар, Банкпен жаңа несиелік бағдарламалар қарастырылып жатыр.

— Қазақстан Халық банкінің  арнайы зейнетақы салымдары бойынша жинақ

шоттарына түсетін ақшаны кепілге ала отырып, жеке тұлғаларға қарыз беру;

— Әлемдік Банктің желісі бойынша ауылшаруашылығын несиелендіру

бағдарламасы.

Несиелер бойынша сыйақы ставкалары нақты жоба бойынша анықталады және келесілерден тұрады:

— ұлттық валютада берілетін несиелер бойынша – жылдық 24%;

— валюталық эквивалентке тұрақтандыру бойынша ұлттық валютадағы

несиелер бойынша – жылдық 17%;

— шетел валютасында берілетін несиелер бойынша – жылдық17 %.

Енді «ТұранӘлем банк» АҚ жеке және заңды тұлғаларға берілетін несиелері бойынша қызмет көрсету шартын қарастырайық.

Несие беру. Құны:

      1) жеке тұлғаларға – Банктің сыйақылау ставкасы әр нақты жағдайда

қарыз алушының қаржылық жағдайы мен жобасынан шыға отырып, жеке

тағайындалады.

2) заңды тұлғаларға – Банктің сыйақылау ставкасы әр нақты жағдайда

қарыз алушының қаржылық жағдайы мен жобасынан шыға отырып, жеке

тағайындалады.

Көлік сатып алушыларды несиелендіру бағдарламасы. Құны:

1) жеке тұлғалар үшін – несие беру мерзімі 3 айдан 24 айға дейін. Пайыздық

ставка – жылдық 26%.

2) заңды тұлғалар үшін – несие 3 айдан 12 айға беріледі, 2 айдан 4 айға

дейін — 29%, 4 айдан 6 айға дейін — 30%, 7 айдан 8 айға дейін — 31%, 9

айдан 10 айға дейін — 32%, 11 айдан 12 айға дейін — 33%.

Халықтық тұтынудағы жеке тауарларды алу үшін жеке тұлғаларды несиелендіру бағдарламасы жасалады Құны:

 1) жеке тұлғалар үшін – несие 3 айдан 12 ай мерзіміне беріледі, 3 айдан 4

айға дейін 24%, 4 айдан 6 айға дейін — 30%, 7 айдан 8 айға дейін — 31%, 9

айдан 10 айға дейін — 32%, 11 айдан 12 айға дейін — 33%.

2) заңды тұлғалар үшін – жоқ.

Білім алуға жеке  тұлғаларды несилендіру бағдарламасы. Құны:

1) жеке тұлғалар үшін – несие 10 айлық мерзімге беріледі. Пайыздық ставка

– жылдық 24%.

2) заңды тұлғалар үшін – жоқ.

«ТұранӘлем Банк» АҚ жоғарғы оқу орнының депозиттік шотында сақталатын ақшаны кепілге ала отырып, заңды тұлғаларды несиелендіру. Құны:

1) жеке тұлғалар үшін – несие 10 айлық мерзімге беріледі. Пайыздық ставка

жоғарғы оқу орнының ақшалық депозитінің ставкасы бойынша және

қосымша 10%.

2) заңды тұлғалар үшін –жоқ.

Кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге жеке тұлғаларға тұтыну несие бағдарламасы. Құны:

1) жеке тұлғалар үшін —  несие 3 айдан 12 айға дейін ұсынылады. 3 айға – 22

%, 4 айдан 6 айға дейін — 24%, 7 айдан 12 айға дейін — 26%.

2) заңды тұлғалар үшін – жоқ.

“ТұранӘлем Банк” АҚ депозиттік базасының белсенді өсуі халық шаруашылығының барлық салаларындағы шаруашылық етуші субъектілеріне несие бере отырып, көптеген қаржылық және инвестициялық жобаларды қаржыландырды.  Банкпен ұзақ мерзімді және орта мерзімді қаржыландыру көлемі өсе түсті.  Елдегі орта және кіші бизнестің басым дамуын түсіне отырып,  банк экономиканың осы саласын  несиелендіру көлемін ұлғайтты. Банктің негізгі  қарыз алушылары болып өндірістік компаниялар, сауда компаниялары, мемлекеттік ұйымдар мен жеке тұлғалар табылады. 

Қарыз алушылардың сипаты бойынша несие құрылымына келсек, несиелік қызмет көрсету нарығында банктердің негізгі қарыз алушылары болып бұрынғыша корпоративтік клиенттер қалып отыр. Олардың үлесіне 2006 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша барлық несиенің үлес салмағы жыл басындағымен салыстырғанда 0,9% өскеніне қарамастан, әлі де шамалы ғана. Қалай да жеке тұлғаларға берілген несие үлесінің мұндай өсуі банктердің тұрғындарға ұсынатын несиелік қызмет көрсетуінің кеңеюімен түсіндіріледі.

Сөйтіп, мысалы, азаматтардың тұтыну мақсаттарына берілген несие үлесін атай кету керек. 2004 жылдың басынан бастап 2006 жылдың сәуірін қоса алғанда бұл несиелердің үлесі 2,4 пайыздан  5,2 пайызға дейін өсті. Бұл үрдіс тұрақты сипат алып отыр. Бұл ең алдымен, тұтыну несиелерін беру бойынша мәмілелерді жүзеге асыру нәтижесінде әр түрлі экономикалық субъектілер алып отырған көптеген пайдаға байланысты.

Банктердің экономика салаларын несиелендірудің қалыптасқан артықшылықты жақтарына қатысты өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына және құрылысқа бағытталған несиенің өсу қарқынының экономиканың басқа салаларына  арналған несиенің өсу қарқынан алда келе жатқаны жөнінде айтуға болады. Дегенмен, қазір банктер беретін несиенің басым көпшілігін сауда операцияларын жүргізу үшін қарыз алушылар қолданады, бұның үлес салмағы қазіргі кезде әжептәуір жоғары (29,4%).

 

Кесте 6

Банктердің шағын кәсіпкерлікке берген несиелері, млрд. теңге

 

Көрсеткіштер

2003

жыл

2004

жыл

2005

жыл

2006

жыл

1

2

3

4

5

Барлық несиелер:

74.2

122.0

146.5

156.4

Ұлттық валютада

40.7

46.7

55.5

71.8

Шетел валютасында

33.5

75.3

91.1

84.6

Қысқа мерзімді

40.2

60.2

63.1

63.3

Орта және ұзақ мерзімді

34.1

61.8

83.5

93.1

 

Нарықтық экономикаға өту жағдайында бүкіл әлемдегі сияқты шағын бизнесті дамытуға баса көңіл бөлінеді. 2006 жылдың қаңтар — сәуір айларында шағын кәсіпкерлікке 147.3 млрд. теңге сомаға несие берілді, бұл 2005 жылдың дәл осындай кезеңінде берілген несие көлемінен 60,7% артық. Осының нәтижесінде банктердің шағын кәсіпкерлікке берген несиелері бойынша қарыз сәуірдің аяғында жыл басындағымен салыстырғанда 6,7% артып, 156.4 млрд. теңге болды (Кесте 6).

Бүгінгі күні банк қарыз алушыларының негізгі бөлігі сыннан өткен ойдағыдай дәрежеде тиімді жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар. Келешекте экономиканың нақты секторының негізгі салаларының дамуындағы оң үрдісті сақтау және қаржы нарығындағы жағдайдың тұрақтылығы, сондай-ақ инфляция қарқынының баяулауы мен айырбастау бағамының төмендеуі қарыз алушылардың несие алу қабілетіне жағымды әсерін тигізетін болады.

Соңғы жылдары макроэкономикалық шарттардың жақсаруы және қаржы нарығының тұрақты дамуын сақтау арқасында экономиканың көптеген секторларында, өндірістің көптеген секторларында өндірістің өсуі оң нәтиже беруде. Нақты секторлардың көптеген кәсіпорындарының жұмысы жақсарып келеді, тауар сату мен қызмет көрсету оңалып келеді, айналым қаражаты көбейіп келеді.  Жалпы алғанда, халықтың әл-ауқаты көтерілді, азаматтардың табысы өсіп келеді, бірітіндеп ақша жинау үшін бос ресурстар пайда бола бастады. Осының нәтижесінде елімізде кәсіпорындардың және азаматтардың несие беру мүмкіндігіне оң әсерін тигізуде. Банк беретін несиелерге деген сұраныс артты.

Қазақстандағы несиелік мәселелермен күресу жолдарына, ҚР Ұлттық банкі жүргізетін ақша несие саясатымен, кез келген банктің өз банкін банкроттық пен мәселелерден аман сақтап қалу үшін қолданатын іс-шаралары жатады.

ҚР банктік жүйесінің құрылуы мен оның өз позициясында нақты нәтижелерге жетуі негізінде қазіргі кезде олардың кез-келген несиелік тәуекелдерге сәйкес жауап қайтара аларлығы сөзсіз, бірақ соның өзінде мәселелер күшін азайтудың жолдарын жетілдіріп отырған, оларды шешудегі шетел тәжірибесін қолданып немесе соларға сүйене отырып жаңа жолдар ойластыру артықшылық емес. Коммерциялық банктердің көптігіне байланысты олардың әр қайсысы өздеріне қолайлы банктік саясатты ұстанып, әр қайсысы мәселенің алдын алудың бірнеше жолдарын қарастырады.

Сонымен қатар, несиелік мәселелерді шешудегі ҚР Ұлттық банкі мен ҚР қаржылық нарықтар мен қаржылық мекемелерді бақылау агенттіктерінің рөлі жөнінде де айта кеткен жөн. Олар банктердің тәуекелдерін басқару жөнінде нұсқаулықтар шығарып, оларға байланысты құқықтық-заңдық актілерді қабылдады.

Жағымды өзгерістерге қарамастан, Қазақстандағы  несиелеу көлемі ел экономикасын тұрақты экономикалық жағдайға жеткізу үшін шарттарды құруға жеткіліксіз. Өнеркәсіптік өндірістік қаржыландыруды белсендіру – отандық экономиканы дамытудың өзекті мәселелерінің бірі, сондықтан  әлеуметтік экономикалық дамудағы көптеген мәселелерді шешуге негізделеді:

— өнеркәсіптік өндірісті кеңейту;

— бәсекеқабілеттілігі бар өнімдер шығару;

— жұмыс орындарының санын көбейту;

— тұрғындардың жұмысының жалпы деңгейін жоғарылату.

Экономикалық дамудың жоғарғы даму деңгейіне жеткен көптеген шетелдер тәжірбиесі көрсеткендей, өнеркәсіптік қаржыландырудың кең тараған көзі коммерциялық банктердің несиелері болып табылады.

Несиелік мәселенің  күшін азайту үшін біршама іс шаралар жүргізу керек. Олар:

— несиелік мәселенің алдын алу шараларын жүргізу ;

— егер несиелік мәселе болған жағдайда оның пайда болу себептерін

айқындау;

— несиелік мәселе дәрежесін бағалау, оған талдау жасау;

— несиелік мәселе себептерінің күштерін азайту мақсатында жаңа іс-шаралар

жүргізу;

— несиелік мәселелердің өсу қарқынын бақылау және сол арқылы оған қарсы

қолданылатын құралдар түрлерін айқындау.

Осы және тағы да басқа да іс шараларды жүргізу арқылы несиелік мәселенің өсу қарқынын төмендетіп, оларды мүлдем жою жолдарын қарастыру.

Банктердің қазіргі нарықтық қатынастарға сай жұмыс істеуі көбінесе олардың көптеген мәселелермен кездесетіндігі белгілі. Сондықтан олардың бәріне төтеп беру банктің ішкі құрылымына да байланысты болады. Сондықтан банктер өздерінің жұмыстарын сапалы дәрежеде атқаруы үшін: әрбір мәселені шешуге арналған арнайы бөлімдер құруы да үлкен рөл атқарады. Егер банктердің несиелік мәселелерді бақылап, олардың алдын алатын ұйымдары болатын болса банктердің несиелік мәселелерге төтеп беру деңгейі жоғары болады.

Қорыта айтқанда, кез келген мәселенің күшін азайту жолдары ол оның алдын алу жолдарын ойластыру, мәселе шегін дұрыс бағалау және олармен күресуге нақты құралдар белгілеу, т.б. іс-шаралар қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда Қазақстандағы несие нарығы мынадай үрдістермен сипатталады. Несие валюталарының ішінде бұрынғыдай шетел валюталары басым болып отыр. Дегенмен, 2003 жылдың басынан бері несиені ұлттық валютамен беру үлесінің бірқалыпты өсу үрдісі байқалады, бұл ең алдымен, теңге бағамының АҚШ долларына қатысты нығая түсуімен түсіндіріледі. Қарыз алушы үшін несие алған кезде несие алған шетел валютасы бағамының төмен түскені пайдалы.Қазіргі кезде қалыптасқан жағдайда көптеген қарыз алушылар үшін теңгенің пайдасына шешім қабылдаған дұрыс болады.

Өнеркәсіптік кәсіпорын және коммерциялық банктің өзара байланысы үрдісінде өзіндік қызығушылықтарын білдіреді. Банк уақытша бос ақша қаражаттарын пайдалана отырып, несиелік ресурстарды тиімді орналастыру нәтижесінде қосымша пайда алады.

Кәсіпорын несие ала отырып, өндірістік циклдың үздіксіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар, өзінің өндірісін кеңейту үшін қаржылық қаражаттардағы уақытша жетіспеушілікті толтырады. Бұл кезде әрбір жақ өзінің қызығушылықтарын іске асыру кезінде экономикалық дамудың жоғарғы деңгейлі экономикалық нәтижеге жетуіне әкеледі.

Банктердің кәсіпорындармен өзара байланыс мәсселелері несиелік менеджмент саласымен тікелей байланысты. Несиелендіру кезінде әрбір жақ өздерінің қызығушылықтарын қамтамасыз ете отырып, кәсіпорынның және банк несиелеуін басқаруға белсенді қатысуын қамтамасыз етеді.

Отандық банктер салынған қаражаттардың мерзімінің ұзақтылығымен және салалық ерекшеліктерінің болуымен негізделген, тәуекелділіктің  жоғарғы деңгейіне байланысты ұзақ мерзімді несиелеуге қарағанда, қысқа мерзімді несиелеуді қолайлы санайды. Ұзақ мерзімді несиені беру бұл қарыз алушы бірнеше жылдан кейін банк алдындағы өзіндік міндеттемелерін орындай алатыны жөнінде ешқандай кепілдік жоқ. Ал қысқа мерзімді несие салыстармалы қысқа мерзімге беріледі, ол уақытта кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы көп өзгеріске ұшырамайды.

  Бүгінгі таңда  қалыптасқан жүйе  несиенің уақытында  қайтармау тәуекелін   төмендететін  клиенттің несиеқабілеттігін  ескереді.  Сондай-ақ коммерциялық  банк  қарыз  алушыны   төлемқабілетсіз  деп  жариялай  отырып,  оны қайта ұйымдастыру  және  тарату  туралы   сұрақты  қоюға  құқылы.

Банкке қатысты несиелік тәуекелділігі несиелік келісім-шарттың белгіленген мерзімде  негізгі қарыз сомасын және олар бойынша пайыздарды төлемеу кезінде  пайда болады.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың несиелендіру тәуекелдендірудің жоғарғы деңгейі коммерциялық банктен  несиелік саясат шегінде тәуекелділікті басқару саясаты толық талдаудан өткізіліп, стратегияны бағалау әдістерін және тәуекелділікті басқару түрлерін қамтуы қажет.

Несиелік тәуекелділікті басқару облысында несиелік менеджмент несиелік мәліметтердің сапалы қалыптасуына,  мәселелі несиелердің қайтарылуын іске асыратын қызмет болуын талап етеді.

Тәуекелділіктер диверсификациясы кез-келген банктің несиелік қоржыны бір клиенттің, клиенттер топтарының, банктің жұмыс атқаруына кедергі келтірмеуін қарастырады.

Нарықтық экономика жағдайында қысқа мерзімді несиелеу ролінің төмендеуіне ипотекалық нарықтың ұлғаюы, яғни халық сенімінің орта және ұзақ мерзімді несиелерге көбірек ауып кетуі себеп болып отыр.

      Сонымен қатар, Қазақстанда несие берудің қарқынды дамуын айқындайтын факторларға мыналарды жатқызуға болады:

-несиеге өмір сүруден қорықпайтын тұрғындар саны артып келеді;

-банктердің сыйақы ставкаларының төмендеу үрдісі байқалады;

-банктер несие берудің жаңа түрлерін көбейту жөнінде өздерінің қызметін

айтарлықтай жандандырды;

-экономикалық өсудің жоғары қарқыны үнемі ақша қаражаттарының

жетіспеуінен байқалады.

Осы жағдайларда банктер берілетін жаңа несиелердің спектрін әжептәуір кеңейтті және олардың көлемін арттырды, ал қазір несие беру олардың артықшылықты қызмет түрі болып қалды. Біздің еліміздегі және шетелдегі несие жүйесінің автономдығының едәуір дәрежесі экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету мақсатында ақша-несие және валюталық тұрақтылықты қолдау сияқты міндетінен туындайды.

Президенттің заң күші бар: «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі жөніндегі» Жарлығында былай жазылған: «Жүргізілетін мемлекеттік ақша-несие саясатының тиімділігін және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің әрекет етуін қамтамасыз ету мақсатында осы Заңға сәйкес Ұлттық банк:

а) Қазақстан Республикасы Қаржы Министірлігіне қарыз алушының

кепілдемелік міндеттемелеріне сәйкес келісім жағдайында  қысқа мерзімді

несиелер береді;

ә) Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігіне Қазақстанның

халықаралық ұйымдар мүшелігіне байланысты жазылу және басқа

төлемдеріне қатысты өзара келісілген жағдайлар негізінде қосымша

несиелер беріледі».

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде ақша – несие  жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан елдің экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады.

Несиелендіру үрдісін реттейтін мемлекет саясаты ҚР Ұлттық банкінің заң шығарушы және нормативтік-құқықтық актілері арқылы жүргізіліп отырады. Банк әрекетінің барлық сферасында тәртіптерін белгілейтін нормативтік-құқықтық базаның құрылуы мен қабылданатын заңдардың барлық формаларын қолдануға нақты негіз жасайды.

«ТұранӘлем Банк» АҚ несиелік саясатына талдау жасау барысында келесідей қорытынды жасауға болады:

«ТұранӘлем Банк» АҚ клиенттерді (заңды және жеке тұлғаларды) несиелендіру бағдарламасын кеңейтті. Несиелік қоржынды қарастыратын болсақ:

Аталған банктің несиелік қоржынының көлемі 2002-2005 жылдары 7,7 есе ұлғайды. Несиелік ресурстар көлемінің ұлғаюына келесі факторлар әсерін тигізді: депозиттк қордың өсуі, сенімді қарыз алушылар санының ұлғаюы, кейбір қарыз алушылардың қаржылық жағдайының жақсаруы, «ТұранӘлем Банк» АҚ несиелік саясатына сәйкес экономиканың басым салаларын несиелендіру.

Егер, экономиканың салалары бойынша қарастырсақ, онда 2004 жылдың  ең жоғарғы үлес салмағы көтерме сауда мен ауылшаруашылыққа келеді, ал 2005 жылғы өнеркәсіпке салымдар үлесі едәуір төмендеді, бірақ құрылысқа деген несие ресурстары салымдарының күрт жоғарылағаны байқалды. Заңды тұлғаларды несиелендіру көлемі артты: 2003-2005 жылдар аралығында несиелеу көлемі орташа есеппен алғанда 2,2 есе жоғарылады. Несиелік қоржын құрылымындағы өзгерістер  қоржынын 2002 жыл Қазақстандағы тұтыну несиесін қалыптастыру және дамыту жылы атанып, «ТұранӘлем Банк» АҚ  несиелік қоржынында көрініс табуымен байланысты. Банкпен берілген несиелер құрылымында ең төмен тәуекел мен операциялардың ең жоғары табыстылығын қамтамасыз ететін қысқа мерзімді несиелер басым. Алайда, тартылған ресурстардың мерзімін ұзарту 2003 жылы орта- және ұзақ мерзімді негізде жобаларды қаржыландыру үлесін ұлғайтуды шарттады, ал 2004 жылы қысқа мерзімді несиелердің үлес салмағы ұзақ мерзімді несиелерге қарағанда артық болды.

Несиелендіру банктің жоғары табыстылығын қамтамасыз ететін қызметтерінің басты бағыты болып қала беруде. Алайда, несиелік саясат  несиелік операциялардан жоғары табыс алу  үшін ғана емес, сонымен қатар, несиелік тәуекелдерді максималды төмендетуге бағытталған. Салмақты және консервативті несие саясатын жүргізу, қызметкерлердің мамандандырылған жұмысы, шешім қабылдау механизмін және тәуекел-мониторинг процедураларын жетілдіру арқасында несиелік операциялардың тиімділігі тұрақты жоғарылауда. Оған қарыз алушылардың Қазақстан экономикасының басым салаларының дамуында қаржыландырылатын жобалардың маңыздылығын және өтімділігін жақсы білуі, сонымен қатар, несиелер бойынша ұсынылатын қамтамасыз етудің сенімділігі мен жоғары өтімділігі әсер етеді.  Депозиттік қордың өсуі, шетел несие желілерін және халықаралық қаржылық институттардың инвестицияларын тарту,  импортауыстырушы және экспортқа бейімделген өндірісті қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламасына қатысу банкке өзінің несиелік белсенділігін сақтауға және арттыруға мүмкіндік берді.

Банк жалпы алғанда барлық жолаушы банктік тәуекелдердің талдауын есепке ала отырып, несие саясатын жүргізеді, сонымен бірге, несиелік нарықтың жаңа секторларына  және ұлттық экономиканың салаларына несиелік экспансия жүргізеді. Банк қызметінің негізгі принциптері болып салмақты қаржылық-несиелік саясат, клиенттердің қызығушылықтарын максималды түрде есепке алу, қызмет көрсетудің жоғары сапасы және операциялар бағытын дұрыс таңдау болып табылады.

Қазақстанның банктік жүйесіндегі қаржы–несие қызметінің арасында көп жылдар бойы ұсынылып келе жатқан  қысқа мерзімді несиелер мен соңғы екі-үш жылдардағы орта мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді дамытуға бағытталған шараларды атап өтпеу мүмкін емес. Банктік ақпараттық статистика бойынша олардың өзгерістері 2003 жылдан басталады.  Екінші деңгейлі банктердің  1998 жылдағы 61,0 млрд. теңгеден 2006 жылға 978,1 млрд. теңгеге дейін, яғни 16 есеге  өсуі экономикадағы қаржылық көздің бірі ретіндегі несиенің маңызды ролін анықтайды.  Сонымен қатар, қысқа мерзімді несие үлестерінің  1998 жылы 68 %, 2000 жылы — 62%, 2005 жылы — 49%, 2006 жылы — 43% болуы несиенің тауар айналысын қамтамасыз ете отырып, банктерге үлкен табыс әкелетінін көрсетеді.  Тек 2002 жылдан бастап қана қаржылық–банктік салада тұрғын–үй мәселелерін шешуге және салалардағы өндірістік-материалдық базаның құрылуына бағытталу шаралары жүргізіле бастады.  Қазақстанның қаржылық–несиелік жүйесінің нарықтық өзгерісінде коммерциялық банктердің, валюталық, қорлық биржаларының, инвестициялық банктердің, қаржылық компаниялардың, депозитарилердің, клирингтік орталықтардың пайда болуы үлкен өзгерістерге әкелді.  Көп арналы және күрделі қатынастар желісі елдің барлық шаруашылық және ақшалық субъектілерінің бірігу мүмкіншілігін туғызды. Экономикалық салалардың, кәсіпорындардың, аудандардың барлық қабаттарына ене отырып, олардың ақшалық айналымды ұйымдастырып, сол арқылы қаржылық ресурстар мен ақшалардың қайта бөлінуіне және олардың жеке субъектілердің қызығушылығымен ақша капиталдарының шоғырлану үрдістері жүргізіледі.

Сонымен қатар, қысқа мерзімді несиелермен салыстырғанда орта және ұзақ мерзімді несиелердің бұрынғыдан да өсіп бара жатқанын атай кету керек. Соңғы үш жылда олар тиісінше 5,2 және 3,7 есе, ал 2006 жылдың басынан бері- тиісінше 10,5% және 8,4% артты. Ұзақ мерзімді несиелердің басым бола түсуі – ең алдымен экономикалық субъектілердің ертеңгі күнге деген сенімінің және жалпы экономикалық жағдайының тұрақтылығының куәсі. Шетелдік инвесторлар өз қызметі үшін мемлекет таңдаған кезде, әсіресе экономиканың тұрақтылығы өз кезегінде негізгі факторларының бірі болып табылатынын айта кеткен жөн. Экономикаға деген сенімінің артуы біздің халықаралық рейтингімізге өз әсерін тигізеді. Қазақстан ТМД аумағында бірінші болып инвестициялық деңгейдің рейтингісін алды, мұның өзі отандық коммерциялық банктерге берілетін синдикатталған қарыздардың көлемінің артуына, яғни олардың ел ішіндегі несие қызметінің жандана түсуіне септігін тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

  1. Сейтқасымова Б.С. Ақша, несие , банктер: Оқу құралы, Алматы/2005.
  2. «Қазақстан Республикасының банк және банк қызметі туралы» Заң күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы (06.03.1996 жыл; 11.07.1997 )
  3. Айтмұханбетов А.А. Несиелік оқу жүйесіндегі қашықтықтан оқытудың мәліметтері/ А.А. Айтмұханбетов, Р.Р. Әшіров, Н.А. Шевченко //Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы.2007-№2
  4. Актуальные проблемы экономики и финансов Републики Казахстан/ Ауесбаев, А.Т.. –Алматы:Қаз. Ун-ті, 2004 – 181с.
  5. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары: Оқу құралы, Алматы/ -272б.
  6. «Акционерлік қоғамдар туралы» Заң.13.05.2003 жылдан №415,- «Казахстанская правда» 10.07.2003 ж
  7. Саниев М.С. Ақша, несие, банктер: Оқу құралы, Алматы экономика және статистика институты, 2001.-165б.
  8. Сахариев С.С . Әлем экономикасы: Оқулық/ С.С. Сахариев; бірлескен авт. А.С. Сахариева. – Алматы: Дәнекер. – 2003, 2-ші бөлім. – 282б.
  9. Сахариев С.С. Жаңа кезең-экономикалық теориясы: Оқулық/ Сахариев, С.С.. – Алматы: Дәнекер, 2004. – 151б.
  10. Хамитов Н.Н. Банк ісі: лекциялар курсы / Н.Н. Хамитов. – Алматы: Экономика, 2006. – 215б.
  11. Шаяхметова К.О. Банктік тәуекелдер: Оқу құралы/Шаяхметова. К.О. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 77б.
  12. Жуков Е.Ф. Деньги, кредит, банки. М: «Банки и биржи», 1999 г.
  13. Колесников В.И., Кроливецкая Л.П., Банковсое дело, Москва, Финансы и статистика, 1986., Т.11.
  14. «Қазақстан Республикасындағы банктік заңдар»: жүйесі, жетілдіру проблемалары, негізгі сипаттамасы/М. Алимова//Заң. -2005.-№3.30-33 б.
  15. Банки и банковские операции: Учеб.для студ.высш. учеб. заведений, обучающихся по спец. «Финансы и кредит» /ред.Жуков Е.Ф..-М..: «Банки и биржи»:Издат.обьед. «ЮНИТИ», 1997. – 471 с.
  16. Банковская система за десять лет независимости Казахстана: Национальный Банк Республики Казахстан. – Алматы:Деловая литература и образование, 2001. – 199 с.
  17. Бельгибаева К.К. Финансовая и банковская статистика: учеб. пособие/Алматы:Экономика, 2000. – с.
  18. Искакова З.Д. Финансовая-кредитная система Казахстана в условиях рыночной экономики/З.Д. Искакова. – Алматы.с. 230-236

19.Финансово-кредитная система Казахстана:состояние и проблемы: Караганда:Изд-во КарГу, 1996. – 150с.

  1. Кучукова Н.К. Финансово – кредитная система в условиях углубления экономической реформы: Учеб.пособие/Н.К.Кучукова. – Караганда:КарГу, 1995.-73с.
  2. Финансовый штаб Казахстана/ сост.Шумский С.Т.. – Алматы: Қаржы-Қаражат, 1996. — 496с.
  3. Финансы Республики Казахстан: стат. ежегодник: 2001 – 2005 гг.= Казахстан Республикасының қаржысы: стат.жылнама/ под.ред. Ю. Шокоманова. – Алматы: Қазақстан Республикасының статистика агенттігі, 2006. – 151 с.
  4. Хамитов Н.Н. Банковское дело.- Алматы: Экономика, 2005. -215с.
  5. Хамитов Н.Н. Банкоский надзор в Казахстане: Учеб.пособие/ Хамитов Н.Н., Байбулатова Р.Ж..-Алматы: Экономика, 2001. – 198с.
  6. Шилибаев С. Меры по решению проблем/ Шиликбаев С..-Астана: Фолиант, 2002. – 141с.