АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Кеден органдарында басқаруды ұйымдастырудың теориялық

М А З М Ұ Н Ы

 

 

Кіріспе ……………………………………………………………………………………………….. 5-6

 

1-тарау. Кеден органдарында басқаруды ұйымдастырудың теориялық

негіздері

  • 1.1 Кеден органдарында басқаруды ұйымдастырудың мәні мен мазмұны

(объектілері және субъектілері) ………………………………………………………….   7-14

  • 1.2. Кеден ісін басқарудың заңдылықтары мен принциптері ……………. 14-17
  • 1.3. Кеден органдарындағы басқарудың функциялары мен әдістері….. 17-24
  • 1.4. Кеден ісін басқарудың құқықтық негіздері ……………………………….. 24-31

 

2-тарау. Қазақстан Республикасында кеден органдарындағы қызметті

ұйымдастыру

  • 2.1. Кеден органдарында қызметті ұйымдастырудың әлемдік

тәжірибесі …………………………………………………………………………………………. 32-37

  • 2.2. Қазақстан Республикасы кеден органдарының құрамы мен

мақсаттары ………………………………………………………………………………………… 38-45

  • 2.3. Қазақстан Республикасы кеден органы қызметкерлерінің

лауазым иелерінің құқықтық мәртебелері ………………………………………….. 45-58

 

3-тарау. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаменті жұмысына талдау

  • 3.1. Оңтүстік Қазақстан Облысы кеден басқармасындағы

басқаруды ұйымдастырудың жағдайын талдау …………………………………… 59-68

  • 3.2. Басқаруды ұйымдастырудың ОҚО КБ бойынша проблемалары мен

болашағы, оларды жетілдіру жолдары ……………………………………………….. 69-72

 

Қорытындылар мен ұсыныстар ……………………………………………………… 73-76

 

Қолданылған әдебиеттер …………………………………………………………………. 77-79

 

 

 

 

 

К І Р І С П Е

 

Қазақстан Республикасы кеден қызметiнiң он алты жылдық жұмыс тәжiрибесi стратегиялық мақсаттарды нақты айқындаусыз, анық басымдықтарды тұжырымдаусыз елеулi табыстарға қол жеткiзудiң мүмкiн еместiгiн көрсеттi.

     Қазiргi уақытта кеден қызметiн Қазақстандық сыртқы сауданы мемлекеттiк реттеудiң нақты жұмыс iстейтiн құралына айналдыру үшiн күш-жiгер жұмсалып жатыр, бұл жаңа басқару жүйесi бар қазiргi заманғы кеден қызметiн құруды, бақылау және пайдаланылып жүрген дәстүрлi кеден рәсiмдерiн жетiлдiру саласында жаңа стратегия әзiрлеудi талап етедi.

Бұл талаптардың негiзгi мақсаты фискальдық саясат жүргiзу, сыртқы сауданы реттеу және мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында кеден органдарының алдында тұрған мiндеттердi шешудiң мейлiнше тиiмдi және ұтымды жолдарын iздеу болып табылады.

Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына тиiмдi жәрдемдесудiң қажеттiлiгi Қазақстандық кеденнiң алдына кеден iсiн дамытуға жаңа тәсiлдердi әзiрлеу мiндетiн қойды.

Бұл димпломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының кеден қызметiн жетiлдiру тұжырымдамасы жинақталған тәжiрибенi жүйелеуге және осының базасында кеден органдары қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша реформалардың мейлiнше ықтимал барысын алдын ала болжауға, басымдықтарды айқындауға әрекеттену болып табылады.

Дипломдық жұмыс кезінде жасалған талдау көрсетілген міндеттерді шешу қазіргі заманғы кеден қызметі үшін өзекті проблема болып табылатындығын көрсетеді. Кеден қызметін кеңінен жетілдірудің, оны сыртқы экономикалық қызметтің өсіп келе жатқан көлемі мен көп салалылығына сәйкес келтірудің, кеден қызметінің Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатының ұдайы өзгеріп отыратын шарттары мен міндеттеріне, халықаралық кедендік практикада қабылданған ережелерге, нормаларға, стандарттарға және рәсімдерге бейімделуінің барынша қажеттігі пісіп жетілді.

Кеден ісі саласында жетілдіру жұмыстарын табысты жүргізу үшін сөзсіз қаржыландырудың тиісті ресурстары мен көздері қажет. Дипломдық жұмыста көзделген іс-шараларды қаржыландыру мәселесі неғұрлым күрделі болып табылады. Қазақстан Республикасының кеден қызметін жетілдіруді қамтамасыз етудің қаржылық тетігі мәселесі мемлекеттік бюджеттен кеден жүйесін дамытуға көзделген қаражатты бөлуді, республиканың кеден қызметінің жетілдірілуін жүргізуге мүдделі дүниежүзілік қаржы институттары тарапынан инвестициялар тартуды білдіреді.

Еліміздің тәуелсіздігімен қатар дүниеге келген кеден қызметі жыл өткен сайын дамып, қанатын кең жайып келеді. Еліміздің экономикалық қауіпсіздігін сақтау туралы мәселе Президентіміздің Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан — 2030» жолдауында нақты көрсетілген.

Сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу жүйесінде кеден қызметінің жөні бөлек. Сондықтан, соңғы жылдары еліміздің кеден органдарының құрылымы біршама өзгерістерге ұшырады, жауапкершілік күшейтілді. Халықаралық кеден бекеттерінен заңсыз өткізілетін тауарларға тосқауыл қойыла бастады. Бұл еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамассыз ету шараларын мықтап қолға алғандықтың белгісі.

Қазақстан Республикасының кеден қызметін жетілдірудің мақсаты экономикалық саясат пен мемлекеттің қауіпсіздігі стратегиясын іске асырудың тиімділігін арттыру, сыртқы сауданы дамытуға жан-жақты ықпал ету болып табылады. Бұл міндеттер Қазақстан Республикасының кеден қызметін реформалау бағдарламасының негізіне алынды. Кеден қызметін реформалаудың негізгі міндеттерін шешу сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуды, СЭҚ-қа қатысушыларға қызмет етудің сапасын арттыруды және уақытын қысқартуды, бюджетке төлемдердің түсуін арттыруды, есірткілердің, қару-жарақтың, мәдени құндылықтардың контрабандасының жолын кесудің тиімділігін көтеруді, материалдық ресурстарды көлеңкелі айналымнан шығаруды, ұйымдасқан қылмыскерліктің әлсіреуін, Қазақстан Республикасының екі жақты және халықаралық шарттарда көзделген міндеттемелерінің орындалуын, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне ықпал етуді және әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне біртіндеп кіруін қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі жүргізіп отырған, жаңа инвестициялық саясатпен, шаруашылық және сыртқы экономикалық қызметті құрылымдық қайта құрумен, нарықтық қатынастарды одан әрі дамытумен, халықаралық сауда мен кеден органдарына интеграциямен сипатталатын экономикалық реформалар жағдайында сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу шараларын әзірлеуге және іске асыруға, Қазақстан Республикасының мүддесінде кеден саясатын қалыптастыруға қатысуды, басқа да мемлекеттік органдармен қатар ұлттық экономиканы дамытуға ықпал етеді. Елдің сыртқы экономикалық, ғылыми-техникалық, азық-түліктік, экологиялық және қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді; елдің бюджетіне СЭҚ-дан кірістердің неғұрлым толық түсуін қамтамасыз етуді, тауарлардың бақылаусыз әкелінуін/әкетілуін шектеуді; кедендік құқық бұзушылықтарға, контрабандаға, есірткілік препараттардың, халық үшін зиянды және қауіпті тауарлардың контрабандасына, заңсыз өткізілуіне қарсы тиімді күресті қамтамасыз етуді; Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатын әзірлеуге белсенді атсалысу жолымен бейбіт шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруді тиімді шешуге қабілетті қазіргі заманғы кеден қызметін құрудың қажеттілігі туындап отыр.


1-ТАРАУ. КЕДЕН ОРГАНДАРЫНДА БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

 

1.1. Кеден органдарын басқаруды ұйымдастырудың мәні мен мазмұны (объектілері мен субъектілері).

 

“Басқару” түсінігі айтарлықтай кең ұғым береді және адамзат қызметінің түрлі салаларында қолданылады. Кеден қызметінің қатысы бар түрлі әлеуметтік — экономикалық жүйелерде “Басқару” ұғымы әр-түрлі мағыналарда түсіндіріледі. Айталық, классикалық менеджмент “Басқаруды” —  ұйымның қалыптасуы мен мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған,  жоспарлау, ұйымдастырудың және бақылаудың барысы деп таниды. Ал, басқару саласының, келесі топ ғалымдары мен мамандары “Басқару” дегеніміз – кәсіби дайындықтан өткен мамандардың ұйымдарды қалыптастырып, мақсаттарды қою арқылы оған қол жеткізудің интеграциялық процессі деп есептейді. Дегенмен, кеден қызметінің теориясы мен тәжірибесіндегі “Басқару” терминінің түсінігі “ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгермелі кезінде қойылған мақсаттарды орындауды қамтамассыз ететін, белгіленген тәртіпте құрылған ұжым адамдарының басқарушылық шешім қабылдауларының ақпараттық процессі” болып табылады. 

Сонымен, басқару — дегеніміз жүйенің қойылған мақсаттарды шешім қабылдау арқылы жүзеге асыру үшін, өзінің құрылымын сақтауға, оның ішкі және сыртқы қатынастарын тәртіпке келтіруге бағытталған,  әсер ету процессінің ашырамас қасиеті. 

Кеден жүйесін басқару, онымен қатынасқа түсу, оның ішкі тетіктерін ұғыну мен оларды қолдана білу қабілеттілігі болып табылады. Кеден жүйесіндегі басқарудың мәнін, тек жүйенің барлық қатыстарының қимыл-қозғалысы, элементтері мен бөліктерінің байланысы терең зерттеудің объектісі болған кезде ғана ұғынуға болады.

Біртұтастық қағидасы жүйенің қызметтік иерархиялығына алып келеді, яғни жүйенің төменнен жоғарыға дейінгі бағыныштылығы жағынан сатылығын көрсетеді. Дәлірек айтқанда бір жүйелер басқа жүйелердің элементтері болуы мүмкін, яғни жүйелер өзінің жеке жүйелерінен құралып басқа жүйе құрамына кіреді. Мысалы, кеден жүйесі сыртқы экономикалық қызметті реттейтін мемлекеттік жүйенің құрамына кіреді.

Осы қағида, кеден ісінің қасиетін ашық және анық түрде көрсетеді. Кеден ісі жүйесінің мәні — бұл кеден ісінің түрлі формаларда жүзеге асырылатын үдерістер бірлігінің ішкі мазмұны. Өз кезегінде, Кеден ісінің ішкі мазмұны оның ішкі қасиеті — негізгі қызметінен көрініс табады. Сондықтан, жүйеде қалыптасатын қасиет жүйенің қызметі деп аталады, ал ішкі құрылым – жүйенің құрылымы. Кеден жүйесінің негізін қалайтын қызмет – бұл халықаралық алмасу процессін тәртіпке келтіру және үйлесімді реттеу қабілеттілігіне ие болу қызметі. Кеден ісінің қолданылуының өзі осыған келіп саяды. 

Жоғарыда аталғандай, күрделі кеден жүйесі белгілі-бір жүйелердің санынан тұрады. Оның құрамындағы әрбір жүйе өзінің жеке жүйесінен құралған. Мысалы, кеден бекеті белгіленген кеденнің жүйесіне кіреді, өз кезегінде ол аймақтық не облыстық кеден басқармасы жүйесіне, ал облыстық кеден басқармасы өз кезегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кеден комитеті жүйесінің негізін құрайды.

Кез-келген жүйенің өзіне тиесілі шектелген құзіреттілігі, мақсаттары, қызметтері, құқықтары және т.б. бар. Мысалы, кеден бекетінің жүйесі қызметкерлер ұжымынан, кеден технологияларынан, аумағынан және т.б. құралады. Бірақ, осы элементтердің әр–біреуін жеке мини-жүйе ретінде қарастыруға болады.

Жүйенің құрылымының түсінігі аталған жүйенің  құрамдас бөліктерге, элементтерге бөлу мүмкіндігіне меңзейді.

Кеден ісін тануда және оның мәндік, тәжірибелік қызметін ұғынуда “объект” және “субъект” түсініктері үлкен маңызға ие. Бұл ұғымдар алғашқыда фәлсафада, кейінірек нақты-пәндік ілімдерде пайда болды.

Фәлсафалық көзқарас бойынша объект (латын тіліндегі objecto – алға тастаймын, қарсы тұрамын) субъектінің қызметінде қарама-қарсы тұратын ұғым береді. Қазіргі заманғы объект түсінігін Р. Декарта берді, яғни объектінің субъектіге тікелей қарсы қойылуы немесе білімнің тұпнұсқалық жағынан нақтылығын айқындау.

Субъект ұғымы (латын тіліндегі subjectus – төменде жатқан, негізін қалаушы, sub – астында, jacio – негізін қалау) фәлсафалық тұрғыдан жеке тұлға қызметінің танымдық мәнін көрсетуші, белсенділік көзі, объектіге қарсы бағытталған. 

Ілімнің түрлі салаларында объект және субъект түсінігі әр-түрлі мағыналарда түсіндіріліп, өзіндік ерекшеліктер мен ғылыми түсіндірмелерге ие болады.

Кеден ісіндегі басқарудың объектісі – кеден органдары тарапынан басқару субъектісі ретіндегі басқарушылық әсер ету бағыты. Кеден органдарының басқарудың субъектісі ретіндегі қызметтері алдын ала құрылған бағдарламалар мен көзделген мақсаттарға жетуге бағытталған белгіленген кедендік процесстерге басшылық жасаумен түсіндіріледі. Осыған байланысты басқарудың объекті және субъекті ұғымдарын бөліп қарастырыуымыз қажет.

Басқарудың субъектісі дегеніміз – басқару органдары жиынтығының басқарушылық жүйесі болып табылады. 

Кеден ісіндегі басқарудың объектілері мен субъектілерінің жиынтығының құрамы төмендегілерден тұратын басқару жүйесін құрайды:

  • басқарудың механизмі (мақсаттары, қызметтері, қағидалары мен әдістері);
  • басқарудың ұйымдастыру құрылымының жиынтығы (кеден органдарының түрлері, басқарудың ұйымдастыру құрылымының түрлері, басқару деңгейлері, жеке қызметкерлер құрамы және т.б.) ;
  • кеден процесстері механизмдер элементтері және басқару құрылымының әрекеттері мен олардың өзара қатынасы ретінде (кеден бағдарламалары көмегі, технологоиялық схемалар, жағдайларға байланысты, туындайтын мәселелер бойынша арнайы шешімдер, жедел-құқықтық әрекеттер және т.б.) ;

Кеден ісіндегі құқықтың объектісі – дегеніміз кеден қызметін жүзеге асыру кезінде туындайтын, реттеуші орган (ҚР МКК) мемлекет тарапынан құқықтық реттелуге, бекітілуге немесе қорғалуға тиісті қатынас. СЭҚ –ке қатысушылардың немесе кеден шекарасынан өтуші тұлғалардың құқыққа сәйкес және міндетті әрекеттерін, кеден органдарының құқықтары мен міндеттерін нормативті-құқықтық актілерді көрсете отырып, мемлекет туындайтын қатынастарда тараптарды мемлекеттің мүддесіне жауап беретін қоғамдық қатынас түрлерін таңдауға итермелейді.

Кеден ісіндегі құқықтың субъектісі – бұл заң бойынша құқықтар мен заңды міндеттерді жүзеге асыруға қабілетті (құқықтық субъектілікке ие) тұлғалар (жеке және заңды), яғни жеке немесе ұжымдық субъектілер. Жекелеген юристердің пайымдауынша құқық субъектісінен құқықтық қатынас субъектісін бөліп қарау қажет.

Осы, дипломдық жұмыста негізінен басқарудың объектілері мен субъектілері қарастырылады.

Басқарудың объектілерін зерттеудің бірнеше тәсілдері белгілі. Белгілі жағдайларда “зерттеу объектісі” мен “басқару объектісі” біртұтас түрде қарастыралады, ал қалған жағдайларда “зерттеу объектісі” мен “басқару объектісі” жеке зерттеледі. Менің ойымша, зерттеу объектісі кеден жүйесіне қатысты болғандықтан кең ұғымға ие болады. Өз кезегінде басқару объектісі зерттеу объектісінің бөлігі ретінде оның құрамына кіреді және оның негізінде жүйенің маңызды қызметі қалыптасады.

Кеден және басқа да экономикалық әдебиеттерінде “кеденді басқару”, “сыртқы сауда кәсіпорындарын басқару”  және т.б. терминдері жиі қолданылады. Менің көзқарасым бойынша, аталған терминдер дұрыс қолданылмайтын сияқты, өйткені жылжымайтын мүлікті, ғимараттарды, жолдарды және т.б. басқаруды қалай түсінуге болады. Кеден ісінің түсінігі бойынша, аталғандарды кеңістікпенен уақыт кеңістігінде басқарумен түсіндірілген болар еді. Сондықтан бұл жерде “кедендегі басқару” немесе “кеден ісін басқару” дәлірек болады.

Кеден қызметінің ақпараттық-электронды ұйымдастыру және басқару формасына көшуі басқарудың екі бағытын бірінші кезекте “басқарудың объектісін” анықтауда синтездеуге алып келді. Бірінші бағыт дәстүрлі қалыптасқан басқаруды жалғастырумен байланысты, ал екінші бағыт дәстүрлі қалыптасқан басқаруды қайта талғап, басқарудың объектісін кибернетикалық жаңалықтармен толықтыруды көздейді.

Кеден тәжірибесі көрсетіп отырғандай кеден жүйесіндегі басқарудың негізгі объектісіне тауарлар, көлік құралдары, және Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өтуші тұлғалар жатады.

Тауарлар. Тауар ұғымы – басқарудың теориясы мен тәжірибесіндегі ең күрделі және көп мағыналы түсініктердің бірі.

Кеден ісінің экономикалық қызметі тұтынушылық құн мен тауардың құны арасында реттеу рөлін жүзеге асыру. Мұндай реттеу кеден тарифі негізінде, кедендік құнды анықтау және басқа да әдістер арқылы халықаралық тауар алмасу барысында жүзеге асырылады.

 

№1. Схема. Кеден жүйесідегі басқарудың объектілері құрылымы.

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

Кеден ісінің ұйымдастыру-құқықтық қызметінің ұстанымы бойынша тауарлар дегеніміз кез-келген жылжыйтын мүлік болып табылады, соның ішінде валюта, валюталық құндылықтар, электр және басқа да түрдегі энергиялар. Тауарларды кеден шекарасынан алып өтудің негізгі талабы, олардың СЭҚ ТН сәйкес кодтың берілуінде.

Сонымен қатар тауарларды кеден ісінің басқа ұстанымдары жағынан қарастыруға болады (экономикалық-құқықтық, ұйымдастырылу-психологиялық және т.б.). Айталық төмендегідей тауарлардың кеден ісіндегі негізгі белгілеріне сәйкес жіктеулерге:

  1. Ұлттық белгісіне сай:
  • қазақстандық;
  • шетелдік;
  1. Кеден кеңістегіндегі қозғалысының бағыты бойынша:
  • импорттық;
  • экспорттық;
  • транзиттік;
  1. Уақытша мінездемесіне сай:
  • мерзімдік;
  • тез бұзылатын;
  • маусымдық;
  • уақытша әкелінетін және шығарылатын;
  1. Сауда-айналымдық мақсатына сай:
  • сыртқы сауда айналымында сату және сатып алуға арналған, коммерциялық мақсаттағы тауарлар;
  • сауда айналымына арналмаған, коммерциялық емес тауарлар;
  1. Фискальды белгісі:
  • кедендік салық салуға жататын тауарлар;
  • салықтардан босатылған тауарлар;
  1. Тұтынушылық мінезіне сай:
  • жеке пайдалану мақсатындағы тауарлар;
  • өндірістік тұтынушылық мақсатындағы тауарлар;
  1. Тиым салу-шектеу шаралары:
  • ҚР кеден аумағына әкелуге немесе ҚР кеден аумағынан әкетуге тиым салынған тауарлар;
  • енгізілуіне немесе шығарылуына тиым салынған тауарлар;
  • тек арнайы рұқсатпен ғана өткізілетін тауралар;
  • экономикалық саясат шаралары қолданылатын тауарлар;
  1. Шығарылатын еліне сай:
  • шығарылған елі анықталған тауарлар;
  • шығарылған елі анықталмаған тауарлар;
  1. Тауарларды өткізу шешімдерінің нәтижесіне сай:
  • ҚР кеден шекарасынан өткізілген тауарлар;
  • ҚР кеден шекарасынан өткізілмеген тауарлар;
  1. Арнайы бақылау белгілеріне сай:
  • СЭҚ ТН сәйкес берілген кодтарына сай бақыланатын тауарлар;
  • пошта – халықаралық пошта жіберілімдері;
  • кеден бақылауына жатпайтын (дипломатиялық тұлғалардың, мемлекетттік қызметкерлердің қол багаждары,) тауарлар;
  • қол жүктері – жеке тұлғалардың өздерімен бірге алып өтетін тауарлары;
  1. Қауіпті деңгейіне сай:
  • 1 класс – түрлі қасиеттерге ие жарылғыш материалдар;
  • 2 класс – улы не улы емес газдар;
  • 3 класс – тез тұтанатын сұйықтар;
  • 4 класс – тез тұтанатын қатты заттар, өздігінен тұтанатын заттар, сумен қатынасқа түскен жағдайда өздігінен тұтанатын газ бөлетін заттар;
  • 5 класс – қышқылданатын заттар, органикалық пероксидтер;
  • 6 класс – улы және инфляциялық заттар;
  • 7 класс – радиоактивті материалдар;
  • 8 класс – коррозиялық заттар;
  • 9 класс – 1-8 класстағы заттарға жатпайтын жүктер, яғни оларды ашық немесе су көлік құралымен тасымалдағанда қауіпті қасиеттері көрініс алатын.

Көлік құралдары. Көлік құралдарына жолаушылармен тауарларды халықаралық тасымалдау үшін қолданылатын кез-келген құралдар жатады, соның ішінде контейнерлер мен басқа да көліктік құрылымдар.

Олар төмендігідей құрмнан тұрады:

а) өндірістік және коммерциялық жүктерді тасымалдаумен айналысатын көлік құралдары:

  • теміржол;
  • авиациялық;
  • ғарыштық;
  • теңіз;
  • өзен;
  • автомобиль;
  • құбыр;
  • электро линиялар;

          б) жеке мақсаттарға арналған және коммерциялық мақсаттарға арналған жүктерді тасымалдаумен айналыспайтын көлік құралдары.

          Тұлғалар. “Тұлғалар” термині кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, басқа да заңды және жеке тұлғалар ұғымын білдіреді. Қазіргі таңда бұл термин мынандай белгілерге сәйкес жіктеледі:

  1. Құқықтық статус:
    • жеке тұлғалар – Қазақстан заңдарына сәйкес толық көлемде құқықтық қабілеттілік пен іс-әрекет қабілеттілігіне ие азаматтар;
    • заңды тұлғалар – жеке меншігінде, жедел және шаруашылық басқаруында мүлкі бар және өз міндеттеріне өзінің мүлкімен жауап беретін ұйым;
  2. Азаматтық елі:
  • қазақстандық тұлғалар;
  • шетел тұлғалары;
  1. Мекен – жайы:
  • резидент – ҚР тұрғылықты тұратын мекен жайы бар тұлғалар және оларға жататындар:
    • ҚР тұрғылықты тұратын мекен-жайы бар жеке тұлғалар, соның ішінде уақытша оның аумағынан тыс жердегілер;
    • ҚР заңдарына сәйкес құрылған және ҚР орналасқан заңды тұлғалар;
    • ҚР аумағынан тыс жерлерді орналасқан оның дипломатиялық және ресми өкілеттіліктері;
    • ҚР аумағынан тыс жерлердегі резиденттердің филиалдары мен өкілеттіліктері;

Резидент еместер – шетел азаматы, азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ ҚР аумағынан тыс жерлерде тұрақты тұратын жеке тұлғалармен орналасқан заңды тұлғалар.

Резидент еместерге жататындар:

  • ҚР аумағынан тыс жерлерде тұрғылықты тұратын жеке тұлғалар, соның ішінде ҚР уақытша тұратын;
  • шетел мемлекеттерінің заңдарына сәйкес құрылған, ҚР аумағынан тыс жерлерде орналасқан заңды тұлғалар;
  • ҚР аумағындағы шетел мемлекеттерінің дипломатиялық және ресми өкілеттіліктері;
  1. Кедендік ресімдеуге мүдделлі тұлғалар:
  • декларант – кеден шекарасынан өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын мәлімдеуші;
  • кеден тасымалдаушысы – тауарларды тасымалдаушы тұлға;
  • кеден брокері немесе делдалы – делдал ретінде тауарлар мен көлік құралдарын мәлімдеуші;
  • кеден қоймасының иесі – кеден органының лицензиясы негізінде қойма жөнінде қызмет көрсетуші тұлға;
  • кедендік ресімдеу жөніндегі маман – кедендік ресімдеу жөнінде қызметтер көрсетуге құқылы тұлға;
  1. Арнайы құқықтық белгілер:
  • кедендік бақылау жөнінде жеңілдіктері бар дипломаттар, мемлекеттік қызметкерлер;
  • басқа да құқыққорғау органдарының қызметкерлері;
  • кедендік бақылауға көмеке көрсетуші тұлғалар (мамандар, медициналық қызметкерлер, сарапшылар, куәлер);
  • басқа да тұлғалар;

Қызметтер. Қызметтер дегеніміз  адамдарға пайдалы нәтижелер ұсынушы әрекеттер. Кейінгі уақытта халықаралық саудада қызметтерге үлкен мән беріліп жүр. Көптеген елдерде қызметтер көрсету саудасы халықаралық саудада үлкен көлемге ие болады. Халықаралық валюта қоры жөніндегі БҰҰ Статистикалық Коммисиясы, Европалық Одақ және басқа халықаралық ұйымдар аясында, қызметтер көрсету саласында әдістемелік сұрақтарды шешу ұйымдастырылып жүр. Осы жұмыстардағы негізгі проблема:

  • халықаралық саудада “қызметтер” ұғымын анықтау;
  • қызметтердің классификаторын қалыптастыру;

Өнімнің бірыңғай классификаторына сәйкес қазіргі таңда қызметтердің 160 түрі белгіленген:

  • іскерлік қызметтер – 46 қызметтің салалық түрі;
  • көліктік қызметтер – 33 түрі;
  • байланыс қызметтері – 25 түрі;
  • қаржылық қызметтер – 17 түрі;
  • жалпы кәсіби қызметтер – 5 түрі;
  • басқа да қызметтер – 34 түрі;

Санаткерлік меншік. Бүкіләлемдік  сауда ұйымының Уругвайдағы келіссөздері тауарлардағы санаткерлік меншікті қорғау проблемасын анықтап берді. Келісімнің мақсаты санаткерлік меншікті қорғау арқылы оның заңды сауда жасауға кедергі болмауына қол жеткізу.

Келісімнің қатысушылары кедендік қорғалуғы тиісті санаткерлік меншікке мыналарды жатқызды:

  • авторлық және аралас құқықтар;
  • тауар белгілері;
  • географиялық нұсқауларды пайдалану;
  • өндірістік дизайн;
  • патенттер;
  • интегралды микросхемалардың технологиялары;
  • жасырын ақпараттарды қорғау;

Келісімнің жаңалықтарының бірі — қатысушы мемлекеттерге санаткерлік меншік құқығын қорғаудың ұлттық механизмдерін құру міндеттілігі болды. Қазіргі кезде ҚР МКК БСҰ санаткерлік меншікті реттеу бойынша ұсынған заңның жобасын зерттеу үстінде.

 

  • Кеден органдарында басқарудың заңдылықтары мен принциптері.

 

Басқару заңдылықтары басқару жүйесінің элементтері мен жүйелерінің арасындағы ортақ, негізгі және қажетті байланыстарды көрсетеді. Заңдылықтар объктивті және адамдардың санасы мен еріктеріне тәуелді болмайды. Басқарудың заңдарын білу басқару жйесін құру және олардың қызметтерін ұйымдастыру кезінде олардың талаптарын есепке алуға мүмкіндік береді.

          Басқарудың жүйесіне мыналар жатады: басқару жүйесі бірлігінің заңы, кәсіби қызмет және басқарудың үйлесімділік заңы, басқару қызметін оңтайлы орталықтандырудың заңы, басқарудың қызметі, басқарушы және басқарылатын жүйелердің салыстырмалылығы заңы және басқалар.

           Басқару жүйесі бірлігі заңының әрекеті мыналардан көрініс табады: басқару қатынасының үзіліссіз тізбегі мемлекеттік басқарудың жоғарғы органдар жүйесінен бастап оның ең төменгі құрамдас бөлігіне дейін жалғасатындығы; басқару процессінің барлық сатылары, операциялары мен кезеңдерінің үзіліссіздігі мен келісімділігінен; адамдардың ғаламдық мақсаттар мен мүдделерінің барлық қосалқы бөліктерін басқарудың бірлігінен; басқарудың қызметтері мен әдістерінің бірлігінен; басқару аппараты қызметкерлеріне қойылатын талаптардың бірлігінен.

          Кәсіби қызмет және басқарудың үйлесімділік заңы басқарудың маңызды мақсаттарын анықтайды, басқарушы және басқарылатын жүйелердің ұтымды түрде үйлесімді қызмет жасауын қамтамассыз етеді. Үйлесімділік жүйенің негізгі қызметін басқару қаншалықты дәлме-дәл және толық қамтамассыз етілгіндігімен өлшенеді, яғни кедендік ресімдеу және кедендік бақылаудың минималды шығындар шығару арқылы қажетті әсер беруі.

Басқару қызметін оңтайлы орталықтандырудың заңы кеден органдары жүйесінің әрбір төменгі құрамдас бөлімнің орталық басқару органдарына тұрақты түрде қажетті бағыныштылығын орнату арқылы бақару жүйесінің қызмет етуін қамтамассыз етеді. Орталықтандырылған басқару жүйенің барлық құрамдас бөлігінің қызметін қатаң түрде белгілеуді білдірмейді.

Басқарушы және басқарылатын жүйелердің салыстырмалылығы заңы басқарылатын жүйенің сәйкестілігін қамтамасыз етуді талап етуді көздейді. Осы салыстырмалықтың өзгеруіне түрлі факторлар әсер етеді, бірінші кезекте ұйымдастыру және экономикалық. Бәрінен де бұрын, басқарушы жүйенің даму және қызмет ету деңгейі басқарылатын жүйенің жедел-қызметтік қызметі деңгейіне сәйкес болу шарт.

Кеден органдарындағы басқару, объективті заңдармен олардың негізінде қалыптасатын принциптердің біркелкі жүйесіне де иек артады.

Басқару принциптері дегеніміз – басқарушы жүйе басшылыққа алып отыратын басқарушылық идеялар, тәртіптер, негізгі ережелер мен тәртіп нормалары. Кеден органдарын басқару тәжірибесінде жалпы, жеке және ұйымдастыру-технологиялық принциптері қолданылады.

Жалпы басқару принциптері – дегеніміз басқарудың басым нормалары және олар кеден органдарының барлық салаларымен жүйелерінде қолданылады. Басқарудың жалпы мынандай принциптері бар:

Жүйелілік – басқарудың жетекші принципі. Кеден органдарын басқарудағы жүйелілік жүйенің құрылымдылық және қызметтік бірлігін қамтамассыз етеді және жетілдіреді.

          Кеден органдарының алдында тұрған мақсаттар күрделенген сайын, соғұрлым жүйенің кері байланыс принципі үлкен маңызға ие болады. Ақпарат басқару объектісіне нақты сәттерде жүйенің жағдайы, көзделген мақсатқа қол жеткізгендік туралы мәліметтер алуға және жүйеге әсер ету мен басқарушылық шешімдерді жүзеге асыруды қамтамассыз етуге мүмкіндік береді.

          Кеден органдарының алдарына қойған мақсаттарына жекілікті қысқа мерзімде аз материалды, қаржылық және еңбек шығындарымен жетулері басқарудың ұтымдылығы қағидасын білдіреді. 

Кеден жүйесінде басқарудың ұтымдылығы түрлі әдістер мен құралдар арқылы қамтамассыз етіледі.

          Басқарудың жеке принциптері кеден органдарында екі үлкен топқа бөлінеді: кеден қызметінің экономикалық, әлеуметтік-саяси және рухани салаларында қолданылатын принциптер, және мемлекеттік құқыққорғау ұйымдары ретінде өз құзыреттілігі шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсізділігін қамтамассыз ететін кеден органдарының жүйесінде орын алатын принциптер.

          Басқарудың жеке принциптеріне жататындар: заңдылық, орталықтандыру, үзіліссіздік, жеделдік, шапшаңдық, жауапкершілік, мұрагерлік, нәтижеге ұмтылушылық және т.б.

          Кеден жүйесінде басқару мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы және қызмет етуі принципі, кадрларды таңдау, оларды оқыту мен тәрбиелеу принципі, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру принципі және т.б. сияқты жеке принциптердің топтарында қолданады.

          Ұйымдастыру-технологиялық принципті кеден органдары басшыларының ұйымдастыру-басқару және әкімшілік-орындаушылық қызметтері негізінде жүзеге асырылады. Оларға мынандай басқару принциптерін жатқызуға болады: дара басшылық, нақтылық, еңбекті бөлу, иерархия, құзіреттіліктерді анықтау, басқарудың ауқымдылығы және т.б.

          Дара басшылық принципі бір жағынан басқарудың алқалығын, ал екінші жағынан атқарушылық қызметке қатаң дара жауапкершілікті орнатуды білдіреді. Басқарудың алқалығы әрбір қызметкерге жүктелген іс үшін жеке жауапкершілігін білдіреді. Кеден органдарының барлық деңгейлерінде кеден органдарының басшылары заң жүзінде дара басшылық құқықтары мен міндеттеріне ие және ондай басшылық әрдайым қолданылады.

          Дара басшылықты принципі негізінде кеден органдарының жүйесін басқаратын Қазақстан Республикасы МКК төрағасы жүзеге асырады. Кеден ісін басқарудың неғұрлым күрделі сұрақтары Қазақстан Республикасы МКК алқасы отырысында шешіледі. Алқа отырысында қабылдаған, МКК төрағасы бұйрығымен ресімделген шешім, барлық кеден органдары мен қызметкерлерінің орындауларына міндетті.

Дара басшылық принципіне облыстық кеден басқармаларының бастықтары да сүйенеді. Дара басшылық принципі кеден және кеден бекеттері бастықтарының басқару қызметтерінде қолданылады.

Кеден органдарын басқаруда жетістікке жету кеден жүйесі органдары мен ұйымдастыру, олардың барлық лауазым иелерінің әрекеттерінің бірлігімен қамтамассыз етіледі. Бұл жағдайда ортақ істе олардың әрқайсысының арнай  орындары, ерекшеліктері мен атқаратын рөлдерін, құзыреттіліктері мен құқықтарын нақты анықтау үлкен маңызғп ие.

Басқарудың нақтылығы принципі жағдайдың нақты талдаудан өтуін белгілейді. Бұл үшін басқару жүйесі туралы ғылыми ақпарат қажет.

Еңбекті бөлу принципі басқаруды ұйымдастыру бойынша барлық қызметті жүзеге асыру, басқару жүйесінің нақты құрамдас бөліктеріне жүктеледі. Кеден органын басқару жүйесінің әрбір құрамдас бөлігі нақты міндеттерге ие болулары қажет.

Иерархия принципі төмен тұрған қызметкердің жоғары тұрған қызметкерге бағынатындығын білдіреді. Әкімшілік иерархияның әрбір қызметкері жоғары тұрған басшылық алдында тек өзінің шешімдері мен әрекеттері үшін жауап беріп қана қоймайды, сонымен қатар өзіне бағынышты барлық қызметкерлердің шешімдері мен әрекеттеріне жауапты болады.

Құзіреттіліктерді анықтау принципі басшылық саласындағы мақсаттарды бағынышты қызметкерге өткізу кезінде, оны шешу үшін қажетті құқықтың да берілуі кереке екендігін білдіреді.

Басқарудың ауқымдылығы принципі жоғарғы тұрған лауазым иесі анықталған, бағынышты қызметкерлердің ұтымды сандарының қызметтері үшін жауапты болатындығын көрсетеді.

 

  • Кеден органдарындағы басқарудың функциялары мен әдістері.

       Басқару функциясы дегеніміз – жүзеге асырылу үшін нақты басқару жұмыстарын талап ететін басқару қызметінің белгілі-бір түрі.

       Кеден органдарын басқаруда басқару функциясы маңызды орын алады, өйткені ол кеден органдарының барлық деңгейлеріндегі басқару қызметінің мазмұнын ашып көрсетеді және басқару саласындағы міндеттерді бөледі.

       Кеден органдары жүйесіндегі басқарудың функцияларын классификациялау арқылы оларды басқарудың жалпы функциялары, яғни басқару процессінің сатыларын көрсететін және арнайы функциялар, яғни кеден органдарының нақты жедел-қызметтік қызметтерінің түрлерін айқындайтын түрлеріне бөлуге болады (№2. Схема).

       Басқарудың жалпы функциялары басқарудың маңызын немесе негізін айқындайды, өйткені ол кез-келген объектіні басқару процессіне мінездеме береді.

       Басқарудың жалпы функцияларын анықтаған кезде олардың диалектиялық бірлігін, сондай-ақ басқарушы және басқарылушының бірлігін есепке алу қажет. Басқару функциясының құрамы, басқарылатын жүйе жағдайының кез-келген өзгерісіне, басқарушы жүйе жауабының тиімділігін қамтамассыз етуі шарт.

       Басқарудың жалпы функцияларына мыналар жатады: оперативті-қызметтік жағдайдың талдауы мен болжамы, жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, есепке алу және бақылау.

       Басқарудың белгілі-бір функцияларын жүзеге асыру үшін басқару жұмысының (операцияларының) нақты түрлерін орындау қажет. Бұл жағдайда басқару жұмысы (операциялары) дегеніміз басқару функцияларын жүзеге асыруға қажетті тұрақты қайталанатын, бір-ақ басқару объектісін басқаруды қамтамассыз етуге жеткіліксіз әрекеттердің жиынтығы.

       Егер басқарудың негізгі функциясын жүзеге асыру оперативті-қызметтік қызметтің жаңа сапаға айналуына әкелсе, онда басқарудың жеке жұмыстарын орындау мұндай қызметтің жаңа сапаға ие болуын қамтамассыз етуге жеткіліксіз болады.

       Басқарудың жалпы функцияларының нақты түрлерін жүзеге асыру басқару жұмыстарының осы функцияларына ғана арналған арнайы жолдарымен жүзеге асырылады.

       Кеден органдарының объективті мүмкіндіктері жедел-қызметтік жағдайды талдау және болжау негізінде ғана айқындалады. Жүйені бөліктерге бөлу, оның құрылымын айқындау арқылы, талдау жүйенің жағдайын ғана көрсетіп қоймай, оның арақатынасын да анықтайды. Бұл жағдайда талдау басқару жүйесінің әрбір жекелеген құрамдас бөліктеріне өз талдауын жасайды. Кеден жедел-қызметін талдау және болжау кеден қызметінің белгі-бір бөлімдеріндегі жағдайлардың жиынтығын, сонымен қатар олардың кеден ісінің нәтижелеріне әсерін зерттеу, ұғыну және алдын-ала білумен тығыз байланысты.

 

       Кедендік жедел-қызметтік жағдай дегеніміз кеден қызметіне айтарлықтай әсер ететін экономикалық, саяси, әлеуметтік, құқықтық, жергілікті және басқа да жағдайлардың диалектиялық дамудағы элементтердің байланысының жиынтығы.

       Кедендік жедел-қызметтік жағдайдың негізгі элементтеріне мыналар жатады:

  • қызметтер көрсетілетін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, яғни Қазақстан және шетел жеке және заңды тұлғалары, кеден органдары қызметінің аймағындағы тауарлар ағымдарының түрлері, көлемі мен бағыты, оларды уақыт, орындар, көлік құралдары бойынша бөлу;
  • кеден заңдарын бұзатын СЭҚ қатысушылары және олардың сыбайластары, контрабандистер және олардың сыбайластары, кеден органдарына қарсы жағымсыз әсер ету әрекеттерін жүзеге асыруға талпынушы кеден айналасындағы қылмыстық топтар мен олардың сыбайластары;
  • кеден органдарынң күш-жігері мен құралдары және өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау мүмкіншіліктері;
  • Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау және жалпы мемлекеттік экономикалық қауіпсіздікті қамтамассыз ету шаралары;
  • Кеден органдарының қызмет ету аясында контрабанда және кеден ережелерін бұзушылықтармен күрес жүргізетін құқыққорғау органдарының, құрылымдардың болу;
  • Кеден қызметі жүзеге асырылатын аумақ.

Жоспарлау дегеніміз – өзінің көмегі арқылы кеден органдарында ұйымдастырылуы құралатын болшақта жасалатын қызметтің бастауы, яғни басқарудың негізгі функциясы.

Жоспарлау көмегі арқылы жүйенің мақсаттары мен қоғалысы, әдістері жасалады. Басқару субъектісі орындаушылардың болашақ әрекеттерін, жоспарда көзделген мақсаттардың жолдарын, тәсілдерін, құралдары мен мерзімдерін айқындайды.

Жоспарлауды ұйымдастыру басқарудың барлық деңгейлерінде жүзеге асырылады: стратегиялық (Қазақстан Республикасының МКК), жедел (ОКБ), тактикалық (кедендер, кеден бекеттері).

Ұйымдастыру дегеніміз – жоспарлау процессі кезінде жасалған жоспарларды орындау үшін қолданылатын басқарудың негізгі функциясы.

Бұл функцияның негізі атқарушылар арасында қажетті байланыстар орнату үшін жүйенің қуты мен құралдарын құру.

Аталған функцияны жүзеге асыру кезінде басқару субъектісі арқылы қабылданған шешімдер мен бекітілген жоспарлардың сәтті жүзеге асуы үшін қолайлы жағдайлар туындайды.

       Басқарудың “ұйымдастыру” функциясы кеден органдарында мынандай басқару жұмыстары (операциялары) арқылы жүзеге асырылады: шешімдерді және құрылған жоспарларды орындау бойынша мақсаттарды қою; қарым-қатынасты ұйымдастыру; атқарушыларды дайындау, соның ішінде оларды оқыту; сондай-ақ басқа да жоспарлардың орындалуын қамтамассыз ететін шараларды ұйымдастыру. 

Реттеу дегеніміз бағынышты тұлғалардың қызметтерінің тиімділігін жоғарылату үшін қолданылатын басқару функцияларының негізгі түрлерінің бірі.

Реттеу кері байланыс негізінде жүзеге асырылады. Ол жеке қызметкерлер мен ұжымдардың қарым-қатынасын қолдау, бағдарлау, күштерді бөлу жолдары арқылы жүзеге асады.

Басқарудың “реттеу” функциясы кеден органдарында мынандай басқару жұмыстары (операциялары) арқылы жүзеге асырылады: бақылаудың нәтижесін талдау; реттеу үшін шешім қабылдау; мақсаттар түріндегі шешімдерді атқарушыларға дейін жеткізу; реттеуді ұйымдастыру; реттеуді жүргізу; реттеудің барысына тексеру жүргізу.

Есепке алу функциясының мағынасы басқарылып жатқан жұйенің ағымдағы жағдайы, оның қозғалысының бағытымен жылдамдығы, қол жеткен нәтижелер және орын алған проблемалар туралы ақпараттарды жүйелеу және өңдеуді білдіреді.

Жоспарлардың дұрыс орындалып жатқандығын, оның жағдайы мен нәтижелерін анықтау үшін бақылау пайдаланылады.

Бақылау дегеніміз — өзінің жүзеге асырылуы негізінде кеден органдары жүйесінің қызмет ету процессіне, қызметтің барысы, жағдайы нәтижелеріне қадағалауды жүзеге асыру үшін қолданылатын басқару функцияларының негізгі түрлерінің бірі.

Қабылданған шешімдерді жүзеге асыруға бақылау жасау қойылған мақсаттарға сәйкестіктерін анықтауға бағытталған. Бақылау жасаудың негізгі мақсаты жоспарлау кезінде қойылған мақсаттардан ауытқуларды анықтау, ондай ауытқулардың себеп салдарын айқындап, кеден органдарының барлық қызметтерінің ұтымды жұмыс ітеуіне негіз болатын сәттерді ашып көрсету.

Бақылаудың нақты мақсаттары мен тәсілдері жедел-қызметтік жағдайға байланысты болады.

Бақылау мынандай екі бағытта жасалады: бір жағынан, кеден органы бастығы өзінің орынбасарлары мен тікелей бағынышты бөлімдердің, кеден бекеттері мен құрылымдық бөлімшелердің бастықтарын бақылау жасайды, ал екінші жағынан – олармен біріге отырып жоспарға сай құрылымдық бөлімшелерге тексеру жүргізеді.

“Бақылау” функциясын жүзеге асыру үшін төмендегідей басқару жұмыстарын орындау қажет: бақылаудың объектілерін, әдістерін, тәсілдерін, мерзімдерін анықтау; бақылаудың атқарушыларын және оның дайындықтарын анықтау; бақылау объектісін анықтау; бақылауды жүзеге асыру; бақылаудың мәліметтерін талдау және оларды жүзеге асыру.

Осы аталған басқарудың барлық функциялары бір-бірімен тығыз байланысты және біртұтас бірлікті білдіреді.

 

№2. Схема. Басқару функцияларының классификациясы

 

 

 

Басқарудың арнайы (нақты) функциялары

Кеден органдарындағы басқарудың арнайы функцияларына төмендегідей функциялар жатады:

кеден қызметін басқарудың функциялары (кеден ресімдеуін және кеден бақылауын, құқыққорғау қызметін, экономикалық қызметті, құқықтық реттеу және ғылыми-техникалық даму жөніндегі басқару);

қаржы-экономикалық қызметті басқарудың функциялары (қаржылық қызметті және бухгалтерлік қызметті басқару);

әлеуметтік қызметті басқарудың функциялары (кадр, еңбек және психолого-педагогтық қызметтерді, сондай-ақ әлеуметтік қамтамассыз етуді басқару);

әкімшілік-шаруашылық қызметті басқарудың функциялары (әкімшілік қызметті, кеден инфрақұрылымын және құрылысты, жанжақты материалды-техникалық қамтамассыз етуді басқару).

Сонымен, кеден органдарындағы басқарудың арнайы функциялары жедел-қызметтік қызметтің маңызымен байланысты болып шығады.

 

Басқарудың  әдістері

Басқарудың әдістері дегеніміз қойылған мақсаттарға жету үшін бағытталған, басқарудың объектілеріне әсер ету жолдарының, әдістерінің, тәсілдерінің және формаларының жиынтығы.

Басқарудың әдістерін зерттеу кезінде олардың әсер ету бағыттары нақты мақсаттардың болуымен сипатталады. Мұндай мақсат нақты ұйымдастыру, экономикалық, әлеуметтік және техникалық мақсаттардың шешілуін талап етеді, ал ол мақсаттар өз кезегінде басқарудың сәйкес әдістерін қолдануды талап етеді.

Басқарудың әдістері басқару қызметінің көлемі және әсер ету формаларына сәйкес классификацияланады.

Кеден органдарында басқару қызметінің көлемі бойынша жалпы және жеке әдістер ерекшеленеді.

Басқарудың жалпы әдістері ғаламдық проблемеларды, кеден ісінің басым мақсаттарын шешуге бағытталған. Олар бүкіл кеден жүйесінің негізгі мақсаттарына жету тәсілдері мен қызметтерінің мақсаттарын айқындайды.

Басқарудың жеке әдістері көбінесе жедел және ағымдағы басқару жүйесінде қолданылады (жергілікті кеден басқармалары, кедендер, кеден бекеттері).

Кеден жүйесінде әсер ету формасына байланысты тікелей және жанама әсер ету әдістері қолданылады.

Тікелей әсер ету әдістері мемлекеттің еркі мен беделіне сүйенеді. Оларға мыналар: ұйымдастыру-тарату және құқықтық әдістер жатады.

Жанама әсер ету әдістеріне жататындар: әлеуметтік, психологиялық, экономикалық және экономика-математикалық.

Кеден органдарында ұйымдастыру-басқарушылық (әкімшілік) әдісі көмегі арқылы ұйымдастыру және реттеу сияқты басқарудың функциясын жүзеге асыру кезінде, қызметкерлер мен ұжымдардың арасында мынандай: парыз, құзырет, жауапкершілік, тәртіптік талап сияқты қатынастары қалыптасады.

Кеден органдарындағы әскерилендірілген және құқыққорғау ұйымдастыру-басқарушылық әдістерінің ерекшелігі жүйеге тікелей өкімдік әсер ететіндігінде, кеден органы басшысының біржақты шешімдерді қабылдауына мүмкіндік беріп, нормативті-құқықтық құжаттарды міндетті орындауға негізделгендігінде.

Кеден органдарында ұйымдастыру-басқарушылық әдістің үш тобы қолданылады: ұйымдастыру, басшылық жасау және тәртіптік. Олардың ішінде жетекші орын ұйымдастырушылық әсер ету әдістеріне беріледі. Олар басқарудың негізі болып табылатын жүйеде ұйымдастыру байланысының ұзақ уақытқа бекітілуін білдіреді және регламенттеу, нормалау мен нұсқаулаудан құралады.

Р е г л а м е н т т е у  ұйымдастыру арқылы әсер етудің қатаң түрі болып табылады. Ол кеден органдарында жүргізілетін жүйені және процесстерді ұйымдастырудың негізін қалайды. Ұйымдастыру ережелерін жасауды және жүзеге асыруды білдіреді, яғни мұндай ережелерге мыналар кіреді: кеден жүйесінің қызмет ету тәртібін және ұйымдастырылуын белгілейтін; жұмыстың ішкі тәртібін айқындайтын және орнататын ережелер; түрлі құрылымдардың мақсаттарын, қызметтерін, құзыреттіліктерін белгілейтін ережелер; штаттық күнтізбеліктермен және лауазымдық нұсқаулармен жүзеге асатын лауазымдық регламенттеулер.

Н о р м а л а у  дегеніміз ұйымдастыру арқылы әсер етудің айтарлықтай қатаң түрлерінің бірі және ол қызметте басқарудың нормалары мен нормативтерін белгілейді. Ұйымдастырудың нормалауы кеден жүйесіндегі әрекеттердің және қатынастардың қажетті нормаларының, функциялар мен міндеттерді орындаудың жолдары мен тәртіптерін анықтайды. Кеден органдарын басқару практикасында кейбір уақыт және басқа нормативтері белгілі.

Н ұ с қ а у л а у  әрдайым жұмыстың табысты орындалуына бағытталған әдістемелік және ақпараттық көмектер формасында болады.

Ұйымдастыру-басқарушылық арқылы әсер ету әдістерінің екінші тобына басқару органдарының күнделікті ықшамдалған жедел жұмыстарын қамтамассыз ететін басқарушылық арқылы әсер ету әдістері жатады. Бұл әдістер ұйымдастыру арқылы әсер ету көмегімен қалыптастырылған ұйымдастырылу құрылымына негізделген ағымдағы ұйымдастыру жұмыстарының әдістері болып табылады. Кеден жүйесіндегі басқарушылық арқылы әсер ету әдісі негізінде құзыреттілік пен міндеттер жатыр. Аталған әдістер Қазақстан Республикасы МКК алқасының шешім қабылдауы арқылы жүзеге асады, яғни бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, құжаттарда резолюциялар шығару және ауызша формада басқарушылық шешімдер қабылдап, жүзеге асыру арқылы.

Кеден жүйесінде бұйрықтарды тек тікелей басшылар шығарады, ал олардың орынбасарлары мен қызмет басшылары өздерінің құзыреті шегінде нұсқаулар шығарады.

Ұйымдастыру-басқарушылық арқылы әсер ету әдістерінің үшінші тобына тәртіптік әсер ету әдістері жатады. Бұл әдістердің кеден органдардағы мағынасы жауапкершілікті орнату болып табылады. Олар басқару жүйесінде ұйымдастыру байланыстарының қалыпты қызмет жасауы үшін орнатылған және жеке, ұжымдық, материалдық, моральдік және қызметтік жауапкершілік болып бөлінеді.

Құқықтық әдістер әлеуметтік-экономикалық жүйенің элементтеріне әсер етудің заңды құралдары мен тәсілдерінің жиынтығын білдіреді.

Құқықтық әдістерге мыналар жатады: құқықтық нормаларды жасау, пайдалану және қолдану, құқықтық қатынастарды қалыптастыру, құқықтық актілердің талаптарын сақтау.

Құқықтық нормалар кеден жүйесіндегі барлық кеден органдарының орындарын және оларды басқарудың әдістерін белгілейді. Осындай негізгі құқықтық нормаларға жататындар: Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1995 жылғы 20 шiлде N 2368; Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткеруi туралы ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 12 тамыз N 1238; Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң құрылымы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 5 мамырдағы N 786 және т.б.

Кеден органдарының басқару аппаратының қызметі еңбек, азаматтық, шаруашылық және тағы бірқатар құқықтық актілердің нормаларымен белгіленеді.

Басқарудың әлеуметтік және психологиялық әдістері кеден жүйесіндегі басқару әдістерінің ішінде маңызды орынды алады, өйткені кеден қызметіндегі ұжымның әлеуметтік, экономикалық және ұйымдастырылудың арасындағы қатынастың мінедемеін көрсетеді. Айталық, кеден органдарындағы қызметтік жұмыстың тиімділігі кадрлардың ауыстырылуымен тығыз байланысты болады, ал ол кеден органдарындағы еңбек етудің әлеуметтік және психологиялық жағдайларын, соның ішінде тәртіптілікті, қызметкерлердің ар тазалығын, ұжымдағы психолгиялық климатты және т.б. көрсетеді.

Әлеуметтік және психологиялық әдістердің мақсаты қызметкерлердің әлеуметтік тұтынушылығын қамтамассыз ету және осының негізінде жеке адамның қызметтік белсенділігін арттыру мен ұжымның тиімді қызмет жасауын жүзеге асыру болып табылады.

Басқарудың әлеуметтік әдістері мынандай әдістерден құралады: әлеуметтік нормалау, әлеуметтік реттеу, әлеуметтік жаңалықтар енгізу және моральдік ынталандыру.

Әлеуметтік әсер ету әдістері кеден органдары ұжымының әлеуметтік даму жоспарларынан көрініс табады. Ол мынандай шаралардан құралады: қызметкерлердің мәдени-тәрбие және біліктілігін арттыру, кадрлардың кетуімен күрес жүргізу, еңбек және тұрмыстық жағдайларды жақсарту.

Басқарудың психологиялық әдістері ұжымда тиімді психологиялық климатты қалыптастыру арқылы кеден органдары қызметкерлерінің арасындағы қатынастарды реттеуге бағытталған. Оларға жататындар: шағын топтар мен ұжымдарды құру, еңбекті бағалау, психологиялық ой қозғау, кәсіби сұрыптау мен оқыту.

Басқарудың экономикалық әдістері дегеніміз – экономиклық мүдделерді пайдалану негізінде басқару объектісіне әсер ету тәсілдерінің жүйесі. Кеден органдарындағы басқарудың экономикалық әдістеріне жататындар: орталықтандырылған жоспарланған және экономиклық ынталандыру әдістері.

Басқарудың экономикалық әдістерінің ерекшелігі мемлекеттік, ұжымдық және жеке мүдделер жүйесінің бірлігін қамтамассыз етуге бағытталғандығында. Аталғандар кеден органдарында екі түрлі аспект арқылы жүзеге асады: біріншісі – Қазақстан Республикасы бюджетінің кіріс бөлігін директивті жоспарлар құру арқылы белгілеу, ал екіншісі – кеден жүйесін құру негізінде және аталған қорды пайдалану негізінде басқару.

Басқарудың экономика-математикалық әдістері. Басқарудың шешілетін мақсаттар ерекшелігіне байланысты кеден органдарында экономика-математикалық әдістердің формаланбаған, әлсіз формаланған және формаланған түрлері қолданылады. 

 

  • Кеден ісін басқарудың құқықтық негіздері

Кеден ісін басқарудың нормативті-құқықтық негіздері екі негізгі көздерден қалыптасады: біріншіден, формальды көздер, ал екіншіден институционалды көздер. Формальды көздерге классикалық көздер мен әдеттер жатады. Классикалық көздерге бірінші кезекте мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң актілері мен қаулылары, Қазақстан Республикасы Кеден Комитетінің актілері және басқа да министрліктер, ведоствалар мен жергілікті атқарушы органдарының актілері. Қазіргі таңда кеден ісіндегі басқару келесі заңдарға сүйенеді:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл;
  • Қазақстан Республикасындағы кеден кодексі. 2003 жыл 1 — мамыр;
  • Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткеруi туралы ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 12 тамыз N 1238;
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің төрағасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 30 қаңтар N 133;
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң құрылымы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 5 мамырдағы N 786;
  • Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2001 жылғы 22 қаңтар N 536;
  • Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 2001 жылғы 30 қаңтар N 155-II

 

2003 жылғы 5 сәуірде N 2368 қабылданған, Қазақстан Республикасы кеден кодксі, Қазақстан Республикасындағы кеден ісінің құқықтық, экономикалық, ұйымдастыру және әлеуметтік-психологиялық негізін жүйеге келтірілген заң актісі болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы кеден iсi осы кодекспен, Қазақстан Республикасының өзге де заң актерлерiмен және кеден iсi бойынша нормативтiк құқықтық актiлермен реттеледi. Кеден iсi мәселелерiне қатысты Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнің ережелерi осы Заңның ережелерiне қайшы келмеуi керек және кеден iсiнде осы кодекске өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгеннен кейiн қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының кеден заңдарында бар ережелерден өзге қағидалар белгiленген болса, аталған шарттың ережелерi қолданылады.

Қаралып отырған көздерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің көптеген бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, хаттары, бағдарлармалары түріндегі нормативті-құқықтық актілері де жатады. Қазақстан Республикасы кеден органдарының жоғарыда аталған нормативті-құқықтық актілері Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы заңның ережелері мен баптарын нақтылайды, қолданылу ауқымын кеңейтеді және толықтырады.

Халықаралық көп жақты және екі жақты шарттарда кеден ісіндегі басқарудың нормативті-құқықтық базасының көздері болып табылады. Көп жақты экономикалық халықаралық шарттардың мысалдарына жататындар:

  • 1995 жылдың 1 қаңтарынан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) айналған тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім;
  • 1988 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген тауарларды анықтау мен кодтаудың үйлесімді жүйесі туралы халықаралық Конвенциясы;
  • 1980 жылғы БҰҰ-ның тауарларды сатып-алу және сату туралы халықаралық шарты;
  • 1996 жылдан Дүниежүзілік Кеден Ұйымына айналған кеден ынтымақтастығы жөніндегі Кеңес.

ДСҰ-ның негізгі мақсатына халықаралық сауданы импорттық баждардың деңгейін тарифтік әдістермен түсіру арқылы либерализациялау жатады. ДСҰ-ның негізгі қағидаларына мыналар жатады: өзара сауда жасауда барынша қолайлы жағдай жасау; шетел тауарларына ұлттық режимді беру; сауда дауларын кеңестер мен келіссөздер арқылы шешу.

Универсалды кедендiк-саудалық халықаралық ұйымдардың iшiндегi негiзгi халықаралық ұйым ГААТ қазiр Дүниежүзілік Сауда Ұйымы деп аталады.

Бiздiң елiмiз Дүниежүзілік Сауда Ұйымының бақылаушысы болып табылады. Келешекте Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымының мүшелiгiне толығымен кiредi. Дүниежүзілік Сауда Ұйымы ГААТ негiзiнде 1995 жылдың 1 қаңтарында құрылған. Оның штаб-пәтерi Женева қаласында орналасқан. Дүниежүзілік Сауда Ұйымы қызметiне төмендегiлер жатады:

  • көпжақты сауда келiсiмдерi мен келiсiм шарттарын жүзеге асыру;
  • сауда келiсiмдерiнiң жүргiзiлуiне қатысу;
  • сауда дауларын реттеуге көмек көрсету;
  • әлемдiк экономикалық саясатты бiрлесе тізудегi басқа халықаралық ұйымдардың ынтымақтастығына қатысу және тағы басқалары.

Дүниежүзілік Сауда Ұйымындағы негiзгi позиция оның жоғарғы органы министрлер конференциясының билiгiнде. Ол 2 жылда 1 рет шақырылады. Дегенмен, бұл ұйымның ағымдағы жұмыстарын бiрқатар көмекшi органдар атқарады және ол басқа директормен басқарылады. Атқарушы органдардың негiзгiсi – Бас Кеңес болып табылады. Конференция атынан атқаратын өзiнiң күнделiктi қызметiнен бөлек Бас Кеңес екi нақты қызмет-сауда саясатын талдаушы және шиеленiстердi реттеушi органның жұмыстарын қоса жүргiзедi.

Бас Кеңес бұлардан басқа тауарлар саудасы жөнiндiгi кеңеске, қызмет көрсету жөнiндегi кеңеске және санаткерлік меншiктiң сауда-құқықтық аспектiлерi жөнiндегi кеңеске өзiнiң өкiлеттiлiгiн тапсырады. Қазақстан өзiнiң стратегиялық мақсаттары мен мүдделерiн шешу жолында бүкiл дүние жүзiлiк сауда көлемiнiң 90% ке дейiнгiсiн иемденетiн, қатарында 170 мүше елдер бар ұйымнан сырттап қала алмайды. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болып кiру мәселесi саяси тұрғыдан шешiлдi деп айтуға болады. Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болудың артықшылықтары мен пайдалылығын атап өтейiк.

Оларға:

  • Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше елдердiң рыногында ең қолайлы ережелер жүйесiн пайдаланудың нақты құқығы;
  • Халықаралық сауданың құқықтық механизмiн қалыптастыру жұмыстарына қатысу;
  • Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше басқа елдер тарапынан мүмкiн болатын қысымдардан халықаралық-құқықтық жүйе арқылы қорғану;
  • Дүние жүзiлiк сауданың еркiндiгi жөнiндегi көп жақты келiссөздерге дауыс беру құқығына ие болу;
  • Қазақстанның дүние жүзiлiк рыноктағы мүдделерiне әсерi бар iс-қимылдар жөнiндегi ақпараттарды алу;
  • Республикалық сыртқы сауда жөнiндегi мәселелерiн Бүкiләлемдiк Сауда ұйымының шеңберiнде талқылап, қажеттi кеңестер алу;
  • Дамушы ел қатарында техникалық көмектер мен белгiлi жеңiлдiктер алу мүмкiндiктерi жатады.

1950 жылы мемлекетаралық сауда қатынастарының соғыстан кейiнгi жүйесiн құру жөнiнде жүргiзiлген шаралар шеңберiнде халықаралық, үкiметаралық ұйым, яғни Кедендiк Ынтымақтастық Кеңесi құрылды. Кедендiк Ынтымақтастық Кеңесiн құрудың алғышарттары мемлекеттердiң сауда мүдделерi саласында туындады. Кедендiк Ынтымақтастық Кеңесi 1994 жылдың жазында өткен кезектi жыл сайынғы сессиясында, Дүниежүзілік Сауда Ұйымына ұқсас «Дүниежүзілік Кедендiк ұйым» деген жаңа ресми аты жөнiндегi шешiм қабылдаған едi. Бұл шешiм әлемдiк қоғамдастық мүшелерi арасында жүретiн кеден мен сауданың бiртұтастығын сипаттайды.

Мемлекеттер арасындағы экономикалық қарама-қайшылықтардың шиеленiсуi кезеңдерiндегi жүргiзiлiп отырған тарифтiк саясатты «ырықтандыру» барысында көп жақты негiздегi реттелуге аз дәрежеде түскен тауарлар импортын бейтарифтiк реттеудiң рөлi өлшеусiз өсе бастады.

Осындай құралдар арсеналында кедендiк шаралар шешушi мәнге ие болды. Импортердiң мұндай шараларды (кедендiк құжаттарды толтыру, оған арнайы мәлiметтер ұсыну, белгiлi бiр пунктте, белгiлi бiр уақытта кеденге тауарларды  көрсету, тағы басқа) өткеруi импорттаушы кезiндегi үстеме шығындарды артыра түстi, соның нәтижесiнде тауардың қымбаттауы салдарынан бәсекелесу қабiлетiн де төмендетедi. Сондықтан да Кедендiк Ынтымақтастық Кеңесiн құру барысында мемлекеттер кедендiк шаралардың жағымсыз әсерiн жұмсартуға ұмтылған едi.

Дүниежүзілік Кеден ұйымының заңды негiзi – бұл 1950 жылдың 15 желтоқсанында қабылданған мынадай 3 тұжырымдамадан тұрады:

  • Кедендiк Ынтымақтастық Кеңесiн құру жөнiндегi тұжырымдама;
  • Кедендiк мақсатта тауарларды классификациялауға арналған номенклатура жөнiндегi тұжырымдама;
  • Кедендiк мақсатта тауарды бағалау жөнiндегi тұжырымдама.

Дүниежүзілік Кеден ұйымын құру жөнiндегi конвенцияға сәйкес оның мойнына мынадай мiндеттер артады:

  • Дүниежүзілік Кеден ұйымының басқа екi тұжырымдамасын жүйелi түсiндiру мен қолдану бойынша кепiлдемелер жасау;
  • Осы конвенцияда анықталған мiндеттердi орындау;
  • Конвенцияны қолдану және түсiндiрумен байланысқан дауларды шешу.

Дүниежүзілік Кеден ұйымының негiзгi мiндеттерiне мыналар жатады:

  • Кедендiк iстегi ынтымақтастыққа қатысты барлық мәселелердi зерттеу;
  • ұлттық кедендiк жүйелердiң техникалық аспектiлерiн қарастыру;
  • Осыған байланысты конвенциялар мен кепiлдемелер тобын дайындау;
  • Кедендiк шараларға қатысты ақпараттарды жинау;
  • Мүше мемлекеттердi қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ету;
  • Басқа халықаралық ұйымдармен ынтымақтасу.

Кедендiк ынтымақтастық кеңесi құрылымы бойынша келесiдей органдардан тұрады:

  • Кеңес;
  • Кеден саясаты бойынша комитет;
  • қаржы комитетi;

Кеңесте үйлесiмдi жүйе комитетi, номенклатура комитетi және ғылыми комитет қызметтер атқарады. Ал, кеден саясаты бойынша комитеті және ондағы – тұрақты техникалық комитет, мәжбүр ету комитетi – кеден ұйымы мақсатымен бiрге жұмыстар атқарады.

Қаржылық комитет – кедендiк бiлiктендiру техникалық комитетiн, кедендiк баға бойынша комитеттi және топты-консультативтi оқыту комитетiн қамтиды. Сонымен қатар Дүниежүзілік Кеден ұйымында контрабандамен күрес комитетi және байланыс комитетi бар.

Кеңестiң мақсаты – кедендiк шараларды жақсарту, үйлестiру және де өз мүшелерiнiң ұлттық экономикалық саясатына сәйкес келмейтiн мiндеттердi олардың мойнына артпай-ақ, халықаралық сауданы қамтамасыз ету.

Қазiргi таңда Дүниежүзілік Кеден ұйымының мүшелерi әлемнiң 138 мемлекетi. Бұрынғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағы бұл ұйымға 1991 жылдың шiлде айында кiредi. Ал Ресей Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағы күйрегеннен кейiн, ұйымға 1992 жылдың қаңтарында мүше болды. Қырғызстан мен Тәжiкстаннан басқа барлық бұрынғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағы Дүниежүзілік Кеден ұйымының мүшелiгiне ендi.

Кеңес Бас хатшы басқаратын хатшылықтан, салалық дирекциялардан, функционалдық комитеттерден, комиссиялардан тұрады. Кеңес жұмысын қамтамасыз ету хатшылыққа жүктелген. Оған мүше елдердiң кеден қызметшiлерiнен құралған тұлғалардың (115-120 адам) тұрақты штаты жұмыс iстейдi. Кедендiк Ынтымақтастық Кеңесiнiң штаб-пәтерi Брюссельде орналасқан. Қазiргi кезде ұйымның басқаруымен жасалған 18 халықаралық кедендiк конвенциялар, 46 ұсыныс пен 11 норма әрекет етедi. Солардың iшiнде кедендiк тарифтердегi тауарларды жiктеуге арналған номенклатура, кедендiк шараларды жеңiлдету мен үйлдесiмдi ету жөнiндегi тағы басқа конвенциялар таралған. Қазақстан Дүниежүзілік Кеден ұйымына 1993 жылдың 5-шi қарашасынан берi қызмет етуге қатысуда және оның ресми мүшесi болып табылады. Қазақстан Республикасы кеден органының халықаралық Кеден нормаларының негiзiнде дамуы және Қазақсатнның жаңа халықаралық құқықтық кеден нормаларын түзуге халықаралық ынтымақтастағы мемлекеттерге белсендi қатысуын – процестердiң өзара байланысты және өзара толықтырмалы екендiгiн атап көрсету қажет.

Қазақстан Республикасының кеден кодексiнде республиканың кедендiк заңдылығының барлық кешенiнде халықаралық кеден құқығының принциптерi көрiнедi:

  • ұлттық режимнiң принципi;
  • дискриминацияламаудың принциптерi;
  • Дүниежүзілік кеден ұйымы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiнiң теңдiгi;
  • Сыртқы сауда және кедендiк саясаттың жариялық принципi;
  • Мемлекеттiң сыртқы саудасын реттеушi ретiнде кедендiк тарифтi қолданудың принципi.

Қазақстан Республикасының кедендiк-сауда ұйымының жұмысына қатысуы Қазақстанның халықаралық кедендiк ынтымақтастығына қатысуына мүмкiндiк беретiн каналдардың бiрi болып табылады. Халықаралық келісімдердің ішінде тауарларды сипаттау және кодтаудың үйлесімді жүйесі туралы халықаралық конвенцияны бөле жарып қарастыруға болады. Ол 1983 жылдың маусым айында ДКҰ, яғни Кеден Ынтымақтастығы Кеңесіне кіретін мемлекеттердің қол қоюлары үшін ресми түрде жарияланған болатын. Бірқатар елдердің қол қоюларынан кейін конвенция 1983 жылдың 1 қаңтарынан заңды күшіне енді.

Үйлесімді жүйе дегеніміз тауарлардың материалдар мен қоса алғандағы қызметтерінің классификациялық жүйесі. Үйлесімді жүйе негізінде үйлесімді жүйенің номенклатурасы құрылып сыртқы экономикалық қызметтің ұлттық тауар номенклатурасы жасалған.

Үйлесімді жүйенің номенклатурасы дегеніміз көпмақсатты сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы; халықаралық сауданың статистикалық талдау мен салыстыру мәліметтерінің, тауарлардың нақты дәлме-дәл классификаторын қамтамассыз етеді.

ТМД-ның Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы дегеніміз кодталған тауарлардың жүйелі тізімі. ТМД-ның Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы үйлесімді жүйе және Еуропалық Одақтың қиыстыру номенклатурасы негізінде құрастырылған.

Институционалды көздер өз кезегінде мемлекеттік мекемелер және кәсіби ұйымдар болып екіге бөлінеді.

Мемлекеттік мекемелерге заң шығарушы және атқарушы билік, әкімшілік органдар, сот билігі түрлері жатады. Мысалы, бейтарифтік реттеу шаралары негізі бойынша сыртқы экономикалық қызметті реттеудің әкімшілік шаралары болып табылады. Квоталау және лицензиялау, өнімдер мен қызметтерді сертификаттау, тауарларды әкелуге немесе шығаруға тиым салу, валюталық бақылау және т.б. шараларын жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының көптеген министрліктері мен ведомстволары қатысады.

Кәсіби ұйымдарға ұлттық сауда-өндірістік палатасы, халықаралық сауда палатасы, кәсіподақтық палалаталар мен бірлестіктер, халықаралық кәсіби бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдар сауда жүргізудің жалпы тәртіптері мен жағдайларын жасайды. Мысалы, халықаралық сауда палатасы сату-сатып алу шартының базистук жағдайларын белгілеген. Олар қазіргі таңда “Инкотерм-90” деген атаумен белгілі.

Сыртқы сауда құжаттары. Халықаралық сауда айналымында көптеген құжаттар қолданылады. Ондай құжаттарға мыналар жатады: фактура, теміржол құжаттамасы, халықаралық әуе көлігінің құжаттамасы, халықаралық автомобиль көлігінің құжаттамасы СМR, өзен көлігінің коносаменті, теңіз көлігінің коносаменті, жіберушінің пошталық куәлігі.

Фактура (ағылшын тілінде: commercial invoice) тауарды сатушы немесе қызмет көрсетуші жазып беретін құжат. Фактура контрактінің орындалатындығын дәлелдейтін құжат болып табылады. Ол сондай-ақ кедендік ресімдеудің негізі бола алады. Сауда фактурасының мазмұны келесідей мәліметтерден тұрады:

  • жазылып берілген күні мен орны;
  • сатушының аты және мекен-жайы;
  • сатып алушының аты және мекен-жай;
  • төлеуші туралы мәліметтер
  • жіберудің тәсілдері, күні және көлік құралдарының түрлері;
  • жүкті артудың және түсірудің орны;
  • жіберілетін тауардың нақты сипаттамасы;
  • сатушы тарапынан жасалатын қосымша шығындар;
  • тауарларды таңдау мен сұрыптау;
  • фактураның қорытынды сомасы;
  • төлем төлеудің тәртібі мен мерзімі;
  • фактураны жазып берген тұлғаның қолы.

Теміржол құжаттамасы (ағылшын тілінде: railroad bill of lading) тасымалдау туралы екі жақты келісімді білдіреді және теміржолдың жүкті жіберуінің штемпелі қойылады. Теміржол құжаттамасын жүкті жіберуші толтырады, яғни теміржол мекемесі берген үлгі негізінде және мазмұны төмендегідей болады:

  • жіберушінің аты, мекен-жайы;
  • жүкті қабылдаушының аты мекен-жай;
  • тауардың сипаттамасы, салмағы мен қорапқа салынуы;
  • қозғалыстың бағыты;
  • тасымалдау үшін тариф;
  • жеткізілетін стансаның штемпелі;
  • теміржол құжаттамасына қосылған құжаттардың тізімі;
  • тауардың мінездемесін сипаттайтын басқа да нақты мәліметтер.

Әуе көлігінің халықаралық құжаттамасы (ағылшын тілінде: negotaible air cosignment note) тауарды әуемен тасымалдауды куәлендіретін құжат болып табылады. Көлік құралына IATA (әуе көлігі бойынша халықаралық конвенция) конвенциясымен орнатылған талаптар қойылады.

Автомобил көлігінің халықаралық құжаттамасы CMR (ағылшын тілінде: international consignment note) тауарларды автомобиль арқылы тасымалдауды дәлелдейтін құжат болып табылады. CMR құжаттамасы халықаралық автомобиль арқылы тауарларды тасымалдау туралы конвенция CMR (Convention relative an contracde transport international de Marchandises par Route) талаптарына сәйкес жасалады.

Өзен көлігінің коносаменті (ағылшын тілінде: inland waterwabill of lading) өзендер арқылы тауарларды тасымалдауды куәлендіретін құжат. Аталып отырған құжат төмендегідей мазмұнда болды:

  • жүкті тиеумен айналысатын ұйымның атуы мен мекен-жайы;
  • жікті қабылдаушының атауы мен мекен-жайы;
  • баржаның атауы мен номері;
  • жүкті тиейтін порт, жүкті тиеудің орны мен күні;
  • тауардың сипаты, белгісі мен салмағы;
  • көлік үшін төленетін төлемнің орны;
  • жүкті тиеуге жауапты тұлғаның қолы;
  • көлік құралы ісі бойынша капитанның немесе агенттің қолы;
  • коносаменттің саны мен көшірмесі.

Теңіз көлігі бойынша коносамент (ағылшын тілінде: bill of lading) теңіз арқылы тасымалдаудың маңызды құжаты болып табылады. Аталған коносамент тасымалдау туралы келісім болып табылмайды, бірақ тасымалдаушы жазып беретін тауар құжаты болып табылады және:

  • теңіз арқылы тауараларды тасымалдау немесе үйлесімді тасымалдаудың дәлелдеме құжаты;
  • екі тараптың жасаған келісімін дәлелдейтін құжат;
  • тауар үшін меншік құқығын дәлелдейді;

Жіберушінің пошталық куәлігі (ағылшын тілінде: postal receipt, parcel post receipt) тауардың жіберілуінің дәлеледейтін құжат.

     Сақтандыру құжаттары. Сақтандыру құжаттарына жататындар:

  • полис, яғни тауарды сақтандыру туралы келісімнің жасалғандығын дәлелдейтін құжат;
  • куәлік, яғни сақтандыру сертификаты – сақтандыруды дәлелдейтін құжат.

Бұл құжаттар құқықтарды өткізуді білдіретін құжаттар болып табылады. Полис/сақтандыру сертификаты сақтандыру ұйымының бланкіне жазылады және төмендегідей мазмұнда болады:

  • сақтандырылуға жататын тауар туралы толық мәлімет;
  • сақтандырушының атауы;
  • тауарларды тасымалдаудың әдістері мен көлік құралдарының түрлері;
  • сақтандырушының тәуекелі түрлері мен жауапкершілік шегі;
  • жүк сақталған сома көлемі;
  • компенсациялар беру туралы талап қою тәртібі;
  • сақтандыру қоғамының атынан қойылатын қол;
  • сақтандыру жөніндегі арыздың және жазудың күні.

Жоғарыда аталған материалдардың жиынтықтары кеден ісіндегі басқарудың толық нормативті-құқықтық базасын қамтымайды, бірақта кеден органдары бақылау жасау кезінде пайдаланатын негізгі нормативті-құқықтық актілер мен құжаттардың тізімін қамтиды. Негізгісі Қазақстан Республикасының кеден жүйесіндегі басқарудың нақты және берік нормативті-құқықтық базасының бар екенінде болып табылады. 

 

 

2-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КЕДЕНДІК ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

2.1. Кедендік қызметті басқаруды ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі.

Германия Федеративті Республикасының кеден қызметі “Zoll”, яғни көне грек тіліндегі “teloneion” — төлем төлеу сөзінен келіп шыққан. Европа және Германияда болып жатқан кейінгі өзгерістер кезінде Германия Федеративті Республикасының кеден қызметі жаңа талаптарға сай өзгерістерге ұшыраған. Бұрындары Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер шекарасында жасалатын тауарлар мен жолаушыларға бақылау қысқартылған, және тек таңдамалы түрде ғана жедел бақылау жүргізіледі. Бұл өзгерістер Еуропаның бірігуі мақсатында жасалып жатқан шаралар. Германия Федеративті Республикасының кеден қызметінің ерекше өзгерістерге ұшырауы 1990 жылдан басталады. Өйткені осы тұстан бастап герман мемлекетінің бірігуіне байланысты кеден қызметінің ыңғайлануы кезек алады. Қазіргі таңда Германия Федеративті Республикасының кеден қызметі ЕуроОдақтың сыртқы кеден шекарасын қорғай отырып, қауымдастықтың бүкіл мүдделерін қорғайды.

Еуропалық Одақ қауымдастығының “Кеден 2000” аталатын кеден қызметінің жаңа бағдарламасына сәйкес Германия Федеративті Республикасының кеден қызметі төмендегідей бағыттарда қызметті жүзеге асыруда:

  • оңтайландырылған кеден процедураларын пайдаланудың әдістерін дамыту және кеңінен пайдалану, кеден процедураларының ақпараттандыру жұмыстарын бағдарлау;
  • ЕуроОдақтың құқықтарын қолдана отырып кеден бақылауының жергілікті жерлерде жүзеге асуына қадағалау жасауды қамтамассыз ету;
  • қызметкерлерді дайындау және олардың біліктілігін жақсартуда біріккен шараларды өткізу;
  • экономикалық субъектілермен әрдайым диалогтар өткізіп отыру;
  • үшінші мемлекеттермен ынтымақтастық орнату;

          Федералды үкімет кеден ісі аясында ЕуроОдақтың ұлттық кеден қызметтерімен келісілген кеден қызметін ұйымдастыру және оның жүзеге асу әдістерін пайдалануға ықылас танытып отырады. Оның ұстанатын негізгі ұстанымы барлық үшінші мемлекеттермен шекаралас ЕуроОдақтың кеден бекеттерінде, кеден бақылауы мен кеден процедураларының тиімді әдістерін қолдану болып табылады. Бұл, өз кезегінде түрлі алаяқтық әрекеттеге жол бермеудің кепілі болады.

          Кеден қызметі өзінің түрлі функциялары мен атқаратын қызметтерінің көптүрлігіне байланысты тек, жақсы жолға қойылған және мықты әкімшілік басқарудың қазіргі заманғы техникалық құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асыра алады.

          Қазіргі таңда  Германия Федеративті Республикасының кеден қызметі саласында 40.000 жуық адам қызмет етеді. Олар түрлі деңгейлердегі 600 бөлімдерінде әртүрлі қызметтерді жүзеге асырады. Германия Федеративті Республикасының кеден қызметі үш сатыға бөлінген схема түрінде өзінің негізгі қызметін жүзеге асырады. Оның ең жоғарғы федералды инстанциясына Федералды қаржы министрлігі жатады. Федералды қаржы министрлігі кеден қызметіне басшылық жасаушы негізгі орталық орган болып табылады. Федералды қаржы министрлігінде кеден төлемдері мен акциздеріне жауап беретін арнайы салалық департамент бар, ол әдетте Департамент III деп аталады.

          Орта деңгейдегі ведомстваларға саны 21 құралатын бас қаржы дирекциясы жатады. Олардың құрамында кеден төлемдері мен акциздеріне жауапты департамент бар және өзінен төмен тұрған кеден қызметтеріне бақылау жүзег асырыда.

          Арнайы функцияларды орындау мақсатында федералды мекеме  құрылған, ол Федералды қаржы министрлігі мен бас қаржы дирекциялары арасында орналасқан. Мұндай арнайы мекемелерге мысалы: Кёльн қаласында орналасқан Кеден-қылмыстық мекемесі мен Оффенбах қаласында орналасқан спирттік монополия жөніндегі Федералды басқармалар жатады.

          Кеден қызметінің жергілікті жерлердегі өз қызметі 99 бас кедендер арқылы жүзеге асырылады. Оларда 412 кедендер мен 54 кеден комиссариаты бекітілген. Бұлар бүкіл кеден қызметімен байланысты функцияларды асырып қана қоймайды, сонымен қатар үшінші мемлекеттермен тауар айналымына бақылау жасап, акциздерді жинаумен айналысады. Жергілікті кеден бөлімшелеріне жедел-іздестіру кедендері де жатады. Олардың негізгі қызметі кеден ережелерін бұзушылық күрес жүргізіп, олардың алдын алу.

          Кеден төлемдері мен салықтарын алу және басқа да қызметтерімен бас қаржы дирекциясы, бас кедендер, кедендер, жедел бақылау топтары, кәсіпорындарда тексеруді жүзеге асыратын бөлімшелер жүзеге асырады.

          Бас қаржы дирекцияларының кеден төлемдері акциздеріне жауапты департаменттері кеден ісін ұйымдастыру саласында орталықтандыру мен кеден қызметі қызметкерлері мен бюджетін қалыптастыру сияқты жұмыстарын айналысады. Сонымен қатар, бас қаржы дирекциялары кеден-техникалық лабораториялары мен дайындау базаларына жауапты болады.

          Бас кедендерді қызметкерлердің 80 процентке жуық қызметкерлері жұмыс істейді. Олардың негізгі фукнцияларына мыналар кіреді: үшінші мелекеттерден немесе керісінше тауарлар мен тұлғалардың енуімен шығуына кедендік ресімдеулерді жасау, осылармен байланысты кеден төлемдері мен акциздерді алу, кеден ісінде адам құқықтарын, табиғат пен экономика қауіпсіздігін қорғау. Бас кедендер жоғарғы орган болғандықтан, кедендік ресімдеумен қатар, кеден ережелерімен күрес жүргізу қызметтерін жүзеге асырады. Осы себепті олар арыздарды қарастыру, рұқсаттар мен лицензиялар беру сияқты қызметтерді де атқарады. Бас кеден құрамына қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтармен күрес жүргізу, кәсіпорындарда сыртқы тексеру жүргізу, заңсыз қызметтер атқарумен және жедел бақылау топтары бөлімшелері кіреді.

          Кәсіпорындарда тексеру жүргізу бөлімінің мақсатына кәсіпорынның кеден ісіне қатысты есепке алу және есеп беру қызметтеріне қадағалау жасау кіреді. Дәлірек айтар болсақ, кеден төлемдерін дер кезінде төлеуге ықпал ететін акциздік және кеден құқықтық нормаларын сақтау.

Бұл бөлім мынандай кәсіпорындарға тексеру жүргізеді:

  1. минералды жанар-жағар май өндіру кәсіпорындары мен оларды сақтау қоймалары;
  2. сигареттер мен сигаралар шығару фабрикалары;
  3. спиртзауыттары мен спирттік ішімдіктер жасаушылар;
  4. шарап жасау кәсіпорындары;
  5. сыра жасау зауыттары;
  6. кофе дайындау зауыттары;
  7. импорттық және экспорттық кәсіпорындардың кез-келген түрі.

Кедендер тауарлардың енуі мен шығарылуына бақылау жасайды және кеден төлемдерін орнатып оларды жинайды. 

          Жедел бақылау топтары кеден қызметі заңы негізінде тауарлардың айналымына бақылау жасайды, яғни соның ішінде тиым салынған тауарлардың айналымына (мысалы: есірткі заттары, қару-жарақ, радиоактивті заттар, фауна және флора түрлерін қорғау сияқты). Олар тұлғаларды және көлік құралдарын ұстауғы, багаждарды, көлік құралдарын және жүктерді тексеру құқылы.

          Кеден-техникалық лабораториялары және дайындау базалары құрамында түрлі саладағы 60 химик қызмет етеді. Мысалы айтар болсақ, азық-түлік өнімдерінің, органикалық және бейорганикалық химия. Сонымен қатар, олардың қатарында инженерлер, химиотехниктер, лаборанттар және басқа да арнайы маман иелері бар. Күн сайын шамамен 62.000 тауар үлгілері сараптан өткізіледі. Осы мақсатқа пайдалану үшін қажетті қазіргі заманғы приборлар мен құрал-жабдықтар бар және олар әрдайым заман талабына сай жаңа үлгілермен толықтырылып отырады.

          Кеден-техникалық лабораториялары және дайындау базалары кеден қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру мен қайта дайындауда түрлі курстар және семинарлар өткізу арқылы өз үлесін қосып келеді. Сонымен қатар, аталған мекеменің 5 кеден-техникалық лабораториясы [ZPLA] мен 12 кедендік оқыту базалары [ZLA] бар.

          Анықтау және қылмыстық ізін кесу қызметтерін жүзеге асыру саласында кеден-қылмыстық мекемесі, жедел-іздестіру және бас кеденнің қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтармен күрес жүргізу мекемелері жұмыс жасайды.

          Кеден-қылмыстық мекемесі Кёльн қаласында орналасқан және оның құрамында 500-ге тарта қызметкер өздерінің негізгі міндеттерін атқарады. Олардың негізгі міндеттеріне мыналар кіреді:

  1. салықтық-қылмыстық және салықтық-әкімшлік құқықбұзушылықтар күрес жолында кедендік жедел-іздестіру мен басқа да кедендік қызметтерге көмек көрсету, кедендік жедел-іздестіру қызметкерлерінің кәсіби деңгейлерін және біліктіліктерін арттыру;
  2. сыртқыэкономикалық айналымға, есірткі заттарының контрабандасымен күреске бақылау жасауға қатысу;
  3. басқа шетел кеден органдарымен құқықтық көмек көрсету саласында ынтымақтастықтарды жүзеге асыру.

Жедел-істестіру кедендері кеден қызметінің криминалды полициясы есебінде болады. Ол 21 жедел-іздестіру кедендері мен оларды қызмет атқаратын 2.200 қызметкерден тұрады. Жедел-істестіру кедендері тергеушілерінің назары мыналарға аударылады:

  • есірткі заттары саласындағы қылмыстық әрекеттер;
  • кеден саласындағы салық төлеуден жалтару, сигареттердің контрабандасы;
  • сыртқыэкономикалық құқық нормаларын бұзушылық;
  • кеден ісі саласындағы алаяқтық әрекеттер.

          Кеден комиссариаттары ұзындығы 1.692 километр болатын үшінші мемлектермен шекараны қорғаумен айналысады. Олардың міндеттеріне шекараны кесіп өтуші жеке тұлғаларға паспорттық бақылау жасау, өткізу бекеттеріне қызметтер көрсету, іздеу салынған жеке тұлғаларды анықтау және т.б. кіреді. Кеден комиссариаттарының саны 54 және олардың 350 аса шекара қорғау бөлімшелері бар.

          Судағы кеден қызметі Солтүстік және Балтық теңіздеріндегі шекаралықаймақтарға кедендік бақылауды жүзеге асырады. Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін оларға 34 база және 58 кедендік кемелер мен катерлер берілген.  

          Германия Федеративті Республикасының кеден қызметінің үш оқу орталығы бар. Олар Мюнстер, Плессов және Зигмаринген қалаларында орналасқан. Аталған оқу орындары тікелей Федералды Қаржы министрлігіне бағынышты болады. Оқу орындарының негізгі мақсаттары Германия Федеративті Республикасының кеден қызметіне білікті жоғарғы және орта білімді жас мамандарды дайындау мен федералды қаржы министрлігінің қызметкерлерінің біліктілігін арттыру болып табылады.

          Кеден қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және оларды қайта дайындықтан өткізумен Оберстдорф және Рупрехтсштеген қалаларында орналасқан 2 кеден ущилищесі де  айналысады. Бұл оқу орындарында қол жеткізілген тәжирибелерді арттыру және жаңа білім беру жөнінде семинарлар мен оқу курстары өткізіледі.

          Кеден ісі саласындағы қызметтік иттерді оқыту-үйрету Блекеде және Нойэндеттелесау қалаларында жүзеге асырылады. Қорғау мақсатынан басқа иттерді есірткі заттарын іздеп табу мақсатына арнайы дайындау жұмыстары қолға алынған. 

          Германия Федеративті Республикасының кеден қызметінде ақпараттандыру техникаларына сүйене отырып тікелей міндеттерді орындау кеңінен қолға алынған. Ақпараттық технологияларды пайдалану 7 есептеу орталықтарында пайдаланылады, яғни: Берлин, Дюссельдорф, Майндағы Франкфурт, Гамбург, Ганновер, Карлсруэ және Штутгарт қалаларында. Аталған ақпараттық технологиялар орталықтары тауарларды енгізу мен шығаруды кедендік ресімдеуде, жедел-іздестіру қызметтерін жүзеге асыруда үлкен көмек көрсетеді.

          Кеден қызметінің кедендік ресімдеу мен жедел-іздестіру  қызметтерін ақпараттандыруда Гармония (1995 жылдан бастап), Альбатрос (1996 жылдан бастап) және Атлас (1995 жылдан бастап) ақпараттық жүйелері қолданылады.

          Гармония жүйесі бас кеден және кедендерде 1995 жылдан пайдаланыла бастады. Бұл жүйенің негізгі пайдалану мақсаты кеден қызметін жүзеге асыру процессінде, «клиент-сервер» архитектурасына сүйене отырып біртұтас ақпараттық жүйесін қалыптастыру және кеден қызметінің офистік жұмыстарында түрлі іс жүргізу бағдарламаларынмен қамтамассыз ету болып табылады.

          Альбатрос жүйесі 1996 жылдан кеден қызметінің жедел-іздестіру бөлімшелерінде пайдалануға енгізілді. Бұл жүйені пайдалана отырып жедел-іздестіру кеден қызметі тиімді ақпараттарды, техникаларды кеден ережелерін бұзушылықтарының алдын алуда қолдана алады.

          Атлас ақпараттық жүйесі төмендегідей төрт құрама жүйеден тұрады:

  1. Электронды кедендік тариф

          Бұл жүйені пайдалану 1997 жылдан басаталады. Аталған жүйенің мақсаты қағаз түріндегі Германияның кеден тарифтерін алмастыру болып табылады. Оның құрамында импорттық Қосымша Құн Салығының және акциздердің ставкілері, импорттық тауарлардың тізімі бар.

  1. Әкелу

          Аталған жүйе үшінші мемлекеттерден әкелінетін тауарлар мен олары еркін айналымға шығару режимдерін орналастыру әрекеттерін есепке алады.

  1. Экономикалық маңыздағы кеден режимдері

          Бұл жүйе экономикалық маңызға ие кедендік режимдерді ресімдеу және бақылауды қамтамассыз етеді. Айталық, кеден қоймалары, кеден аумағында тауарларды қайта өңдеу, тауарларды уақытша әкелу мен әкету. 

  1. Әкету

          Әкету жүйесі тауарларды экспорт, тауаралардың транзиттік тасымалдау режимдеріне қойылуын қаматамассыз етеді және оларды есепке алу қызметтерін жүзеге асырады.

 



ГЕРМАНИЯ ФЕДЕРАТИВТІ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУ ҚҰРЫЛЫМЫ

 
   

 

Жоғарғы деңгейдегі

Федералды мекеме

               
               
 
 
 

 

 

 

Басшылық жасау

деңгейіндегі

Федералды мекеме

 

 

       
   

ФЕДЕРАЛДЫ ҚАРЖЫ ӘКІМШІЛІГІНІҢ ОҚУ ОРТАЛЫҚТАРЫ

 

 
 

БАС ҚАРЖЫ ДИРЕКЦИЯСЫ

Кеден төлемдері мен акциздерінің департаменті

 

Федералды касса

Кеден-техникалық лабороториялары мен дайындық базалары/кедендік оқыту базалары/кедендік-кинологиялық училищелері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орта деңгейдегі

мекеме

 

 

 

 
   

 

 

 

 

 

 

Жергілікті деңгейдегі

мекеме

 

2.2. Қазақстан Республикасы кеден органдарының құрамы мен мақсаттары.

 

Кеден iсiне жалпы басшылықты Қазақстан Республикасының Үкіметі және кеден iсi мәселелерi бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында кеден iсiне тiкелей басшылықты Қазақстан Республикасының орталық кеден органы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының орталық кеден органы заңды тұлға болып табылады және ол өз құзыры шегiнде жұмыс iстейдi. Қазақстан Республикасының орталық кеден органы туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.

Қазақстан Республикасының кеден кодексінің 2-ші бөлімі 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдары дегеніміз — Қазақстан Республикасының кеден органдары — өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында кеден саясатын іске асыруға қатысатын және кеден ісін тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді атқаратын мемлекеттік органдар.

Қазақстан Республикасы кеден органдарының бірыңғай жүйесін:

1) кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган;

2) кеден ісі мәселелері жөніндегі  уәкілетті органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі — кеден ісі мәселелері жөніндегі  уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері);

3) кедендер;

4) кеден бекеттері;

5) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттері;

6) мамандандырылған кеден мекемелері құрайды.

Кеден ісі саласындағы міндеттерді шешу үшін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен кеден зертханаларын, кинология, оқу, есептеу орталықтарын және басқа да мамандандырылған кеден мекемелерін  құрады.

Кеден ісі мәселелері жөніндегі  уәкілетті орган заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін  ережелер негізінде іс-әрекет жасайды.

Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері және кедендер заңды тұлғалар болып табылады және кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін ережелер негізінде іс-әрекет жасайды.

Кеден бекеттері мен бақылау-өткізу пункттері  заңды тұлғалар болып табылмайды және кеден ісі мәселелері жөніндегі  уәкілетті орган бекітетін  ережелер негізінде іс-әрекет жасайды.

Кеден ісі мәселелері жөніндегі  уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Кеден органдарының құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат саны лимитінің шегінде кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

Кеден органдары мен олардың қарауындағы теңіз және ішкі су кемелерінде кеден органдарының танылу жалауы мен танылу белгісі болады. Кеден органдарының қарауындағы автокөлік құралдары мен әуе кемелеріне кеден органдарының танылу белгісі қойылады. Кеден органдарының танылу жалауының және танылу белгісінің сипаттамасы мен қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Кеден органдарының тиісті кедендік инфрақұрылымы болады. Қазақстан Республикасының орталық кеден органының басшысын кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайды.

Кедендік бақылау Комитетінің заңды мекен-жайы:

     Астана қаласы, Пушкин көшесі, 166.

Комитеттiң толық атауы — «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендік бақылау комитетi» мемлекеттiк мекемесi. Комитеттің қызметін қаржыландыру тек мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады. Комитеттің кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға кіруге құқығы жоқ. Егер Комитетке заң актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттік кірісіне аударылады.

Кеден органдарының қызметі:

1)           заңдылық;

2)           заң алдындағы қорғалу мен теңдік құқығын қамтамасыз ету, сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтарын құрметтеу мен сақтау;

3)           жариялылық принциптерінде құрылады.

Кеден органдарының мақсаттары:

1)      Қазақстан Республикасының кеден саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

2)      өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

3)      орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарының сақталуын қамтамасыз ету;

4)      Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету;

5)      сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы  өзге де қызметке  қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;

6)      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден ісі саласындағы құқық бұзушылыққа қарсы күресу;

7) кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асыру және жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге жәрдемдесетін жағдайлар жасау;

8) өз құзыреті шегінде валюталық бақылауды жүзеге  асыру;

9) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы халықаралық шарттарын әзірлеуге қатысу; шет мемлекеттердің  кеден және өзге де құзыретті органдарымен, халықаралық ұйымдармен кеден ісі мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру;

10) бірыңғай бюджет саясатын іске асыруға, кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтік базасын дамытуға қатысу;

11)                   өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздікті қорғау, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;

12)                   Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында радиациялық бақылау жүргізу;

13) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де  міндеттерді орындау болып табылады.

Кеден органдары:

1)           өз өкілеттігі шегінде осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді шығаруға;

2)           мемлекеттік органдардан және шет мемлекеттер органдарынан, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардан кеден ісі саласына қатысты қажетті ақпаратты, құжаттарды, мәліметтерді сұратуға және алуға;

3)           осы Кодексте және Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгіленген өз құзыреті шегінде лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыруға;

4)           Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес соттарға талап қоюға;

5)           Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес құқық бұзушылықтар жасаған немесе қылмыс жасаған деп күдік келтірілген адамдарды ұстауға және Қазақстан Республикасының кеден немесе құқық қорғау органдарының қызметтік үй-жайларына жеткізуге;

6)           Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес фактілер мен оқиғаларға құжаттама жүргізуге, бейне және дыбыс жазбасын жасауға, оларды киноға және фотосуретке түсіруге;

7)           кеден органдарының ресми өкілдерін Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шарттары негізінде шет мемлекеттерге жіберуге;

8)           ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректерді беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірлеуге, жасауға және пайдалануға;

9)           Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден органдарына жүктелген функцияларды орындау үшін қаруды, арнаулы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда, тауарлар сатып алуға құқылы.

Кеден органдарының міндеттері

Кеден органдары:

1)      сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың кеден ісі саласындағы заңды құқықтарын сақтауға және мемлекеттің мүдделерін қорғауға;

2)      төмен тұрған кеден органының және кеден органының лауазымды адамдарының шешіміне,  әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарауға;

3)      өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы мен экономикасын дамытуға жәрдемдесуге, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал етуге;

4)      тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілуіне кедендік бақылау жасауды жүзеге асыруға;

5)      Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдарында көзделген тәртіппен кеден ісі саласындағы қылмыстар туралы істер бойынша анықтау жүргізуді жүзеге асыруға;

6)      Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген тәртіппен кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға;

7)         өз өкілеттігі шегінде сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың өз құқықтарын іске асыруына жәрдем көрсетуге;

8)         кедендік төлемдердің және салықтардың толық өндіріп алынуын және республикалық бюджетке уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;

9)                   мемлекеттік бюджетке белгіленген мерзімдерде төленбеген кедендік төлемдердің және салықтардың сомаларын, сондай-ақ олар бойынша өсімақыны кеден кодексінде белгіленген тәртіппен өндіріп алуға;

10)               Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімдерде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялар, шешімдер, рұқсаттар, біліктілік аттестаттарын беру туралы шешім қабылдауға;

11)                Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының кедендік статистикасын және арнаулы кедендік статистикасын жүргізуді жүзеге асыруға;

12)               мемлекеттің меншігіне айналдырылған тауарлар мен көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге;

13)                өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын күзетуді және кедендік бақылау аймағы режимінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге;

14)               Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден органдары қызметінің қауіпсіздігін, кеден органдарының лауазымды адамдары мен олардың отбасы мүшелерін құқыққа қарсы әрекеттерден қорғауды қамтамасыз етуге;

15) өз құзыреті шегінде кеден органдары лауазымды адамдарының тарапынан болған құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі жұмысты жүргізуге;

16) кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтардың жасалғандығы туралы ақпарат жинауды және талдауды жүзеге асыруға;

17) өз құзыреті шегінде сот актілерін, прокурорлардың, сондай-ақ құқық қорғау органдарының басқа да адамдарының жазбаша тапсырмаларын орындауға, оларға жекелеген іс жүргізу іс-әрекеттерін жасауға жәрдем көрсетуге;

18) ұлттық қауіпсіздік органдарымен және басқа да тиісті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;

19) Қазақстан Республикасының салық, валюталық және өзге де заңдары саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауда, олардың алдын алуда және жолын кесуде салық қызметі органдарына және басқа да мемлекеттік органдарға жәрдем көрсетуге;

20) кеден кодексімен белгіленген тәртіппен сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы  өзге де қызметке қатысушыларды тұрақты негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының кеден заңдарындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы хабарландырып отыруды қамтамасыз етуге;

21) кеден ісі саласында келіп түскен сауалдар мен ұсыныстардың уақтылы қаралуын және оларға жауап қайтарылуын немесе олардан туындайтын өзге де іс-әрекеттердің жасалуын қамтамасыз етуге;

22) кеден ісі саласында өтеусіз кеңес беруді жүзеге асыруға;

23) Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес кедендік әкімшілік жүргізуді жүзеге асыруға міндетті.

Кеден органдары Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

Кеден органдары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне жатқызылған құқық бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, кеден органдары Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген мерзімдерде материалдарды тиісті мемлекеттік органдарға беруге міндетті.

Комитетті Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Төрағаның Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын үш орынбасары болады. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап береді.

Осы мақсаттарда Төраға:

  • өзінің орынбасары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының өкілеттіктері мен міндеттерін белгілейді;
  • заңдарға және Төраға бекітетін лауазымдар номенклатурасына сәйкес Комитет жүйесіндегі қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
  • заңдарда белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
  • Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;
  • Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
  • Комитетті мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда білдіреді;
  • Заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау комитетінің ҚҰРЫЛЫМЫ:

·        Басшылық

  • Кедендік кіріс басқармасы
  • Кедендік бақылау басқармасы
  • Контрабандаға және кеден ережелерін бµзушылыққа қарсы күрес жөніндегі басқарма
  • Энергия ресурстарына кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы
  • Ұйымдастыру-талдау басқармасы
  • Кадр басқармасы
  • Қаржы-шаруашылық басқармасы
  • Кеден күзету мен режимі басқармасы
  • Жүктерді алып жүру жөніндегі бөлім
  • Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі

·        Кеңсе

 

2.3. Қазақстан Республикасы кеден органы қызметкерлерінің лауазым иелерінің құқықтық мәртебелері.

Қазақстан Республикасы кеден органы қызметкерлерінің лауазым иелерінің құқықтық мәртебелері, 2003 жылғы 5 сәірде қабылданған Қазақстан Республикасының кеден кодексі 69 тарауы 505-бабы кеден органдарындағы қызмет туралы ережемен реттеледі, яғни Кеден органдарындағы қызмет Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес кеден органдарының міндеттерін, құқықтарын және міндеттемелерін, сондай-ақ құқық қорғау органдарының функцияларын іске асыру жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы азаматтары мемлекеттік қызметінің арнаулы түрі болып табылады. Кеден органдарында қызмет атқару тәртібі кеден кодексімен және осы кодекске қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы және еңбек туралы заңдарымен реттеледі.

 

 

Өзінің жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, өзіне жүктелген міндеттерді орындауға денсаулық жағдайы, дене бітімінің дамуы және білім деңгейі жµнінен қабілетті, кеден органдарына қызметке қабылданған Қазақстан Республикасының  әрекетке қабілетті азаматтары кеден органдарының лауазымды адамдары болып табылады.

Кеден органдарына қызметке қабылдау үшін:

1) қызметке жарамдылығы туралы медициналық қорытындының болуы;

2) міндетті арнаулы тексерудің болуы;

3) кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген біліктілік талаптарына сәйкес болу қажет.

Кеден органдарына қызметке орналасқаннан кейін арнаулы атақ берілмей, үш айға дейін сынақ мерзімі белгіленеді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарымен айқындалатын негіздер бойынша, сондай-ақ жағымсыз себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдарды кеден органдарына қызметке қабылдауға болмайды.

Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы қызмет шыққан тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, сенiмiне немесе кез келген өзге де жағдайларға қарамастан, заңдылың, дара басшылық, қорғауға құқықтың қамтамасыз етiлуi, заң алдындағы теңдiк қағидаттарына құрылады.

Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарына кеден органдарында қызмет ететін, белгiленген тәртіппен арнаулы атақ берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары жатады. Кiшi, орта және аға басшы құрамдарға арнаулы атақтар берудiң тәртiбi осы ережемен айқындалады.

Қазақстан Республикасында кеден iсiне жалпы басшылықты Қазақстан Республикасының Үкiметі мен кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында кеден iсiне тiкелей басшылықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитеті жүзеге асырады. Кеден комитетiн Кеден комитетінiң төрағасы басқарады.

Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары өз қызметтерінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, кеден кодексі, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ жоғарыда аталған ережені басшылыққа алады.

Жоғары басшы құрамның арнаулы атақтарын Қазақстан Республикасының Президентi бередi. Кішi, орта және аға басшы құрамдардың арнаулы атақтарын Кеден комитетiнiң төрағасы бередi. Кеден органдарында қызмет атқаратын лауазымды адамдарға мынадай арнаулы атақтар берiледi:

     кішi басшы құрам:

  • кеден қызметінің прапорщигi;
  • кеден қызметінің аға прапорщигi;

     орта басшы құрам:

  • кеден қызметiнiң кiшi лейтенанты;
  • кеден қызметiнiң лейтенанты;
  • кеден қызметiнiң аға лейтенанты;
  • кеден қызметiнiң капитаны;

     аға басшы құрам:

  • кеден қызметiнiң майоры;
  • кеден қызметiнiң подполковнигi;
  • кеден қызметiнiң полковнигi;

     жоғары басшы құрам:

  • кеден қызметiнiң генерал-майоры;
  • кеден қызметiнiң генерал-лейтенанты.

Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары үлгiсiн Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтетін нысанды киiммен қамтамасыз етіледi. Кеден органдары лауазымды адамдарының нысанды киiмдi кию ережесiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлетті мемлекеттік орган белгiлейдi. Лауазымды адамдарға жеке басы мен өкiлеттiгiн куәландыратын белгiленген үлгiдегi қызметтік куәлiк берiледi.

Кеден органдары лауазымды адамдарының арнайы даярлықтан өткеннен кейiн белгiленген тәртiппен оқпен атылатын қару алып жүруге және сақтауға құқығы бар.

Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметіне, әдетте, мiндеттi әскери қызметiн атқарған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң запасында тұрған, өзiнiң жеке басының моральдық, iскерлiк, кәсiби қасиеттерi, денсаулық жағдайы мен дене бiтiмi, бiлiм деңгейi бойынша өзiне жүктелген лауазымдық мiндеттердi орындауға қабілеттi Қазақстан Республикасының азаматтары ерiктi негiзде қабылданады.

Қазақстан Республикасының кеден органдарына кіші басшы құрам лауазымдарына қызметке 30 жастан аспаған, кемiнде орта бiлiмi бар азаматтар қабылданады. Орта және аға басшы құрам лауазымдарына жоғары бiлiмi бар 35 жастан аспаған азаматтар қабылданады. Нақты жағдайларда жас мөлшерi цензi Кеден комитетi төрағасының шешiмiмен өзгертiледi. Орта және аға басшы құрам лауазымдарына жұмыс тәжiрибесi мен іскерлiк қасиетi бойынша өзiне жүктелген мiндеттердi орындауға қабiлеттiлiгi шартымен мамандықтарға даярлық бейiнi бойынша жақын орта арнаулы бiлiмi бар және жоғары оқу орындарында білім алып жатқан азаматтар қабылдануы мүмкін. Кеден органдарынан, Қарулы Күштерден, ұлттық қауiпсiздiк комитетiнен, Салық полициясы комитетiнен, Iшкi iстер органдарынан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнен, Республикалық ұланнан бұрын босатылған және қайта қабылданатын азаматтар үшiн жас мөлшерiне шектеу негiзге алына отырып белгiленедi.

Кiшi, орта және аға басшы құрамның лауазымдары заңдарда белгіленген тәртiппен тағайындау арқылы атқарылады. Қазақстан Республикасының кеден органдарын біліктi мамандармен жасақтау және лауазымды адамдардың бiлiктiлiгiн арттыру мақсатында Кеден комитетi арнаулы бастапқы оқуды, дене күшiн, арнаулы құралдар мен оқпен ататын қаруды қолдануға байланысты жағдайлардағы iс-қимылдарға жарамдылығын мерзiмдi тексерудi қамтитын кәсiби даярлықты; оқу орындарында, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде мамандарды кәсiптiк оқытуды және даярлауды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бiлiктілiгiн арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асырады. Қажет болған жағдайларда Кеден комитетi төрағасының шешiмi бойынша кеден органдарының орта және аға басшы құрамының лауазымдарына мемлекеттiк қаржы органдары мамандарының, ғылыми қызметкерлердiң және жоғары оқу орындары оқытушыларының қатарынан бұрын кеден органдарының кадрларында тұрмаған, 40 жастан аспаған азаматтар тағайындалуы мүмкiн. Бұл ретте, оларға кеден органдары қызметiнде қызмет өткерген жылдары үшiн пайыздық үстемеақы төлеу мен зейнетақы тағайындау үшін мамандығы бойынша бұрынғы жұмысының стажы, оның ішінде аспирантурада, докторантурада оқыған уақыты есептеледi. Бұл адамдарға тиiстi арнаулы атақтар жоғарыда көрсетілген ережеде көзделген тәртiппен берiледi.

Кеден органдарына қызметке қабылданатын азаматтар мiндеттi түрде қызметке жарамды екенін анықтау үшін әскери-дәрiгерлiк комиссияларда медициналық куәландырудан өтедi. Қызметке қабылдау азаматтардың міндетті арнаулы тексеруден өтуi шартымен жүзеге асырылады.

Азаматтарды Қазақстан Республикасының кеден органдары кiшi, орта және аға басшы құрамының лауазымдарына қызметке қабылдау Кеден комитетiнiң төрағасы берген құқыққа сәйкес кеден органы немесе бөлiмшесi басшысының бұйрығымен ресiмделедi. Бұйрық адамға қолы қойғызылып хабарланады. Кеден органдарының лауазымды адамдары қызметi бойынша тiкелей бағынатын бастықтар басшы, тiкелей бастықтар болып табылады.

Егер азамат:

  • белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп танылса;
  • сот белгiлi бiр уақыт ішінде мемлекеттiк лауазымдарды атқару құқығынан айырса;
  • медициналық мекеменiң қорытындысына сәйкес лауазымдық өкiлеттігiн орындауға кедергi келтiретiн сырқаты болса;
  • олардың мәртебесi мен соған негiзделген беделiн жеке басының, топтың және өзге де қызметтік емес мүдделерге пайдалануға әкеп соғуы мүмкiн іс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгiленген шектеулердi өзiне қабылдаудан бас тартса;
  • Қазақстан Республикасының кеден органдарына қызметке орналасар алдында бiр жыл iшінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртіптiк жауапқа тартылса;
  • қызметке орналасар алдындағы бiр жыл iшiнде сот тәртiбiмен қасақана құқық бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жазаға тартылса;
  • кеден органдарына қызметке орналасар кезге дейiн оның өтелмеген немесе заңнамада белгiленген тәртiппен алынбаған сотталғандығы болса, Қазақстан Республикасының кеден органдарына қызметке қабылдана алмайды.

Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары өздерiнiң мәртебесi мен соған негiзделген беделiн жеке басының, топтың немесе өзге де қызметтiк мүдделерге пайдалануға әкеп соғуы мүмкін iс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында өздерiне жазбаша нысанда заңнамада белгiленген шектеулердi қабылдайды. Мұндай шектеулердi қабылдамау кеден органдарына қызметке қабылдаудан бас тартуға не кеден органдарынан босатуға әкеп соғады.

Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарының, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, өз қызметiне қосымша депутаттық өкiлеттiктi атқаруға, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға, коммерциялық ұйым басшы органының немесе байқау кеңесiнiң құрамына кiруге, сондай-ақ өзге де ақы төленетiн қызметпен айналысуға құқығы жоқ.

Кеден органының лауазымды адамы өзi қызметте тұрған, не оған тiкелей бағынышты немесе бақылауындағы мемлекеттiк органда үшiншi тұлғалардың iстерi бойынша өкiл бола алмайды. Егер, азамат кеден органдарында қызметке тұрғанға дейiн кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған, не ол коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқау кеңесiнiң құрамына кiрген жағдайда, азамат мұндай қызметті тоқтатуға немесе заңнамаға сәйкес өзге адамға сенiмдi басқаруға беруге мiндетті. Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты жеке басының, топтың немесе өзге де қызметтiк емес мүдделерде, заңнамалық кесiмдерде көзделген жағдайларды қоспағанда, мүдделi жеке немесе заңды тұлғалардың қызмет көрсетуiн пайдалануға құқығы жоқ. Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарына саяси партиялар мен саяси мақсаттарды көздейтiн қоғамдық бiрлестiктердi құруға және олардың қызметiне қатысуға тыйым салынады. Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарына ереуiлдер ұйымдастыруға және оларды өткiзуге тыйым салынады. Кеден органдарының өзара жақын туыстықтағы лауазымды адамдарына (ата-анасы, ерлi-зайыптылар, апалы-сiңлiлер, ағалы-iнiлер, балалары, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi, ата-аналары және балалары) бiреуiнiң екiншiсiне тiкелей бағыныстылығына байланысты болса, заңнамада көзделген жағдайлардан басқада, кеден органында қызмет атқаруға тыйым салынады.

Кеден органдарына алғаш рет қызметке қабылданған азаматтар үшiн даярлығының деңгейi мен тағайындалатын қызметiне қарай ұзақтығы үш айдан бiр жылға дейiнгi сынақ мерзiмi белгiленедi. Бұл жағдайда кандидат тиiстi қызметке арнаулы атақ берiлместен тағайындалады және кандидатқа тәлiмгер тағайындалады. Сынақ мерзiмi кезiнде кандидат қызмет атқару шарттарына сәйкес кеден органы лауазымды адамының мiндетiн орындайды және құқықтарын пайдаланады. Сынақ мерзiмi кезiнде кандидатқа мемлекеттiк қызмет туралы заңнаманың күшiқєолданылады. Сынақ мерзiмi, кеден органдарының лауазымды адамдары үшiн еңбек сiңiрген жылдарына пайыздық үстеме ақы төлеуге және зейнетақы тағайындауға құқық беретiн, кеден органдарындағы қызмет стажына есептеледi.

Кеден органдарының лауазымды адамдары, заңнамаға сәйкес, лауазымдарды қоса атқаруға не уақытша болмаған жоғары тұрған басшы құрамның мiндетiн орындауға құқылы болады.

Атқарып жүрген қызметiне сәйкестігiн, кәсiби даярлығы, құқықтық мәдениетi деңгейiн айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары үшiн аттестация өткiзiледi. Кеден органдарының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы қызметінiң әр үш жылы сайын, бұл мерзiм толған уақыттан бастап алты айдың iшiнде аттестациядан өтедi. Жүктi әйелдердi қоспағанда, кеден органдарының барлық лауазымды адамдары аттестациялауға жатады. Кеден органдарына қызметке алғаш рет немесе стажын үзiп орналасқан азаматтар, Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы үздiксiз қызметiне үш жыл толғаннан кейiн аттестациядан өтедi. Аттестациялау кезiнде кезектi демалыста, iссапарда болған кеден органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ дәлелдi себептер бойынша болмаған адамдар қызметке шыққаннан кейiн аттестациядан өтедi. Жүргізiлген аттестациялаудың негізiнде аттестациялық комиссия:

  • атқарып жұрген қызметiне сай;
  • белгiленген мерзiмде қайталап аттестациялауға жатады;
  • атқарып жүрген қызметіне сай емес деген шешiм шығарады.

Қайта аттестациялау бастапқы аттестациялау жүргiзілген алты айдан кейiн өткiзiледi. Бұл ретте мына шешiмдердiң бiреуi шығарылады:

  • атқарып жүрген қызметiне сай;
  • атқарып жүрген қызметiне сай емес.

Аттестациялық комиссияның лауазымды адам атқарып жүрген қызметiне сай еместiгі туралы қорытындысының негiзінде кеден органының бастығы бiр айдың ішінде Қазақстан Республикасы кеден органдарындағы қызметін тоқтатуы туралы шешім қабылдайды.

Кеден органының лауазымды адамы заңнамада белгiленген тәртіппен аттестациялық комиссияның шешiмiне шағымдануға құқылы.

Кеден органдарының құрылымында лауазымды адамдардың орнын ауыстыру:

     1) жоғары тұрған қызметке — жұмысын ескере отырып мамандығы бойынша неғµрлым орынды пайдалану үшiн, ұйымдастыру-штаттық iс-шаралар өткiзуге байланысты тағайындау тәртiбiмен;

     2) маңызы бiрдей қызметке — мамандығы бойынша және жұмысын ескере отырып неғұрлым орынды пайдалану үшiн, үйымдастыру-штаттық iс-шаралар өткiзуге байланысты, сондай-ақ олардың тiкелей және тура бастықтарының келiсiмiмен өтiнiштерi бойынша;

     3) төмен тұрған қызметке — маңызы бiрдей қызметке ауыстыру мүмкiн болмаған жағдайда, лауазымды адамның келiсiмiмен, штат саны қысқарған кезде немесе кеден органын немесе бөлiмшесiн қайта ұйымдастыруға байланысты, әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша жүргізiледi.

¤зге қызметке ауысқан кезде негізгi немесе ұқсас мамандық бойынша не тәжiрибесiне сәйкес жұмыс, ал қажет болған жағдайда кеден органының лауазымды адамын ол үшiн жаңа мамандық бойынша қызметке пайдалану қамтамасыз етiледi. Ауыстыруға оны тиiстi курстарда (жиындарда) қайта даярлау мұрындық болуы мүмкін. Ауыстыру, оның негiздемесi көрсетiле отырып, кеден органы бастығының бұйрығымен ресiмделедi. Кеден органдарының төмен қызметке ауыстырылған лауазымды адамдары кейiн қызметтік бiлiктiлiгi, жұмыс тәжiрибесi, iскерлiк және жеке басының қасиеттерi, денсаулық жағдайы ескерiле отырып, қызметi бойынша жоғарылай алады.

Оған қатысты қылмыстық iс қозғалған және аталған қылмыстық iс бойынша сот шешiм қабылдақанқа дейiн қамауға алу түрiнде жолын кесу шарасы қолданылмаған кеден органының лауазымды адамы қылмыстыє iс жүргiзу заңнамасында белгiленген тәртiппен тергеу кезеңiнде қызметтiк мiндеттерiн орындаудан шеттетiледi. Лауазымды адамды қызметтік мiндеттерiн орындаудан шеттету кезеңiне ақшалай ұстау сақталмайды.

Кеден органдарының лауазымды адамдары қызметi бойынша «мiндетiн атқарушы» болып тағайындалуы мүмкiн. Бұл ретте олардың өз мiндеттерiн үзбей орындау мерзiмi, әдетте, үш айдан аспайтын уақытты құрайды. Құрылым немесе штат саны өзгерген кезде кеден органдарының лауазымды адамдары заңнамаға сәйкес шығару жәрдемақысы төлене отырып, бiр айдан аспайтын мерзiмге кеден органдарының кадрлары резервiне алынуы арқылы, атқаратын қызметiнен босатылуы мүмкiн. Кеден органдарының резервiндегi аталған адамдардың қызметінiң тәртібiн Кеден комитетi белгiлейдi. Аталған мерзiм аяқталғанға дейiн кеден органының лауазымды адамын қызметке орналастыру мәселесi шешiледi. Аталған мерзiм аяқталған кезде және қызметке орналастырылуына мүмкiндiк болмауына байланысты лауазымды адам белгiленген тәртiппен босатылуға жатады. Лауазымды адамның уақытша еңбекке жарамсыздығы парағымен куәландырылған, емделуде болған уақыты, жыл сайынғы және қосымша демалыстарда болған уақыты кеден органы лауазымды адамының кадрлар резервiнде болу мерзiмiне есептелмейдi. Лауазымды адамды басқа жерге қызметке ауыстыру, тиiстi кеден органдары немесе бөлiмшелерi басшыларының жазбаша келiсiмi бойынша, маңызы бiрдей не жоғары тұрған қызметке жүзеге асырылады.

Кеден органдарының лауазымды адамдарына арнаулы атақ олардың бiлiктiлiгi, бiлiмi, қызметіне көзқарасы, еңбек сiңiрген жылдары, атқаратын штаттық қызметі ескерiле отырып, дәйектілiкпен жеке бөлек берiледi. Дәйектілiгіне қарай, арнаулы атақ беру алғашқы және кезектi болып бөлінедi. Егер аға басшы құрамның лауазымына алғаш рет қабылданған азаматтарға, егер олардың неғµрлым жоғары әскери атағы болмаса, әдетте, кеден қызметінiң майоры атағынан жоғары емес алғашқы арнаулы атақ берiлуi мүмкiн. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң запасында тұрған азаматқа, ол кеден органдары басшы құрамының лауазымына тағайындалғаннан кейiн онда бар әскери атақтан төмен емес атақ берiледi. Кiшi, орта және аға басшы құрамның кезекті арнаулы атақтары кезекті атақ — атқаратын штаттық қызметі бойынша көзделген атаққа сәйкес болған кезде және оның алдыңғы атақтағы еңбек сiңiрген жылдарының белгiленген мерзiмiнiң аяқталуы бойынша дәйекті тәртiппен берiледi. Кезекті арнаулы атақ берудiң ережеде көзделмеген қосымша шарттарын белгiлеуге тыйым салынады.

Кеден органдарының лауазымды адамдары үшiн арнаулы атақтарда

еңбек сiңiрудiң мынадай мерзiмдерi белгіленедi:

     1) кеден қызметiнiң прапорщигi — 5 жыл;

     2) кеден қызметiнiң кішi лейтенанты — 1 жыл;

     3) кеден қызметiнiң лейтенанты — 2 жыл;

     4) кеден қызметінiң аға лейтенанты — 2 жыл;

     5) кеден қызметінiң капитаны — 3 жыл;

     6) кеден қызметiнiң майоры — 4 жыл;

     7) кеден қызметiнiң подполковнигі — 5 жыл.

Кеден қызметiнiң аға прапорщигi, кеден қызметiнiң полковнигi атақтарында, сондай-ақ жоғары басшы құрам атақтарында еңбек сiңiру мерзiмдерi белгiленбейдi.

Қазақстан Республикасы кеден органдарының алғашқы арнаулы атақ — кеден қызметінiң лейтенанты оқу мерзiмi төрт жыл және одан да көп жоғары оқу орнын бітіргеннен кейiн берiлген және кеден органдарында оқу орнында алған мамандығы немесе тектес мамандық бойынша қызмет атқарып жүрген лауазымды адамдары үшін, кеден қызметiнiң лейтенанты атағындағы қызмет өткеру мерзiмi бiр жыл болып белгіленедi.

Кеден қызметінiң кішi лейтенанты алғашқы арнаулы атағы:

     1) кішi басшы құрамның лауазымындағы арнаулы орта оқу орнын бiтiрген және орта басшы құрамның лауазымына тағайындалған кеден органдарының лауазымды адамдарына;

     2) тектес мамандық бойынша арнаулы орта оқу орнын бітiрген және орта басшы құрамның лауазымына тағайындалған азаматтарға беріледi.

Кеден қызметінiң лейтенанты арнаулы атағы:

     1) арнаулы атақтағы қызмет өткерудiң белгiленген мерзiмi аяқталғаннан кейiн кеден қызметінiң кiшi лейтенанттарына, ал жоғары оқу орындарын бiтiргендерге бұл атақтағы еңбек сiңiру мерзiмiне қарамастан;

     2) жоғары білiмi бар, және орта, аға басшы құрамдардың лауазымдарына тағайындалған азаматтарға берiледi.

Орта және аға басшы құрамдардың кеден қызметiнiң полковнигiне дейiнгi кезектi арнаулы атақтарын, оның алдындағы қызмет өткерген жылдарының белгiленген мерзiмi аяқталғаннан кейiн тиiстi кеден органдары немесе бөлiмшелерi бастықтарының ұсынуы бойынша, Кеден комитетiнің төрағасы бередi. Жоғары басшы құрамның арнаулы атақтарын, кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган басшысының ұсынуы бойынша, Қазақстан Республикасының Президентi бередi. Кезектi арнаулы атақ қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгенi және қызметтік мiндеттерiн үлгiлi орындағаны ұшін ынталандыру тұрінде, оның алдындағы атақта қызмет өткерудiң белгiленген мерзiмi ақєталғанға дейiн немесе атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бiр саты жоғары берiлуi мүмкiн. Арнаулы атақ мерзiмiнен бұрын, атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген атақтың шегiнде, ал кеден органдарының ғылыми дәрежесi немесе ғылыми атағы бар лауазымды адамдарына, жоғары басшы құрамның атақтарын қоспағанда, лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бiр саты жоғары берiлуi мүмкiн. Мерзiмiнен бұрын арнаулы атақтар оның алдындағы арнаулы атақта еңбек сіңіру жылдарының белгiленген мерзiмiнiң кемiнде жартысы аяқталғаннан кейiн және берiлетiн арнаулы атақтың атқаратын лауазымына көзделгендiгiне сәйкестігі жағдайында берiледi. Атқаратын лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бiр саты жоғары кезектi арнаулы атақ оның алдындағы арнаулы атақта қызмет өткеру жылдарының кемiнде бiр жарым мерзiмi аяқталғаннан кейiн берiледi. Бұл ретте арнаулы атақтарды мерзiмiнен бұрын және бiр саты жоғары беру, әдетте, кеден органдарындағы қызметтің бүкiл кезеңінде екi реттен артық жүргізiлмейдi. Жасы денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттың қысқаруы бойынша босатылған, күнтізбелiк есеппен алғанда 20 және одан көп еңбек сiңiрген жылдары бар кеден органдарының лауазымды адамдарына босатумен бiр мезгiлде кеден қызметiнiң полковнигіне дейiн қоса алғанда кезектi арнаулы атақ берiлуi мүмкiн. Арнаулы атақта еңбек сiңiру мерзiмi осы атақты беру туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап есептеледi.

Кішi басшы құрамның атағы бар орта басшы құрамның лауазымына тағайындалған кеден органдарының лауазымды адамдары орта басшы құрамның алғашқы арнаулы атағын беруге, бар атағымен қызмет өткерген жылдарының мерзiмiне қарамастан, ұсынылады.

Кеден органы кадрларының резервiнде тұрған, тәртіптік жазасы бар, сондай-ақ оларға қатысты қызмет тәртiбiн бұзу фактiлерi бойынша қылмыстық iс қозғалған немесе қызметтiк тексеру жүргiзiлiп жатқан лауазымды адамдарды кезектi арнаулы атақтар беруге ұсыну тиiсiнше қызметке тағайындағанға, тәртiптік жаза алынып тасталғанға, ақтау негiздемелерi бойынша қылмыстық iс тоқтатылғанға дейiн немесе қызметтiк тексеру аяқталғанға дейiн жүргiзiлмейдi.

Кезектi арнаулы атақты берудi кешiктiрудiң себептерi Кеден комитетi айқындайтын тәртiппен жазбаша түрде баяндалады және кеден органының лауазымды адамына жеткiзiледi. Бағынысты адамды кезектi арнаулы атаққа ұсынуды негiзсiз кешiктiрген кеден органының бастығы тәртiптiк жауаптылықта болады. Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы қызметтік тәртiп кеден органдары лауазымды адамдарының өздерiне жүктелген қызметтік мiндеттерiн орындау және Қазақстан Республикасының заңнамасында, ережеде, Антта, қызмет туралы келiсiм-шартта, сондай-ақ Кеден комитетi төрағасының бұйрықтарында белгіленген өздерiндегi өкiлеттiктердi жүзеге асыруы кезiнде тәртiп пен ережелерді сақтауын бiлдiредi.

Мiндеттерiн үлгілi орындағаны және қызметте қол жеткiзген жоғары нәтижелерi үшiн кеден органдарының лауазымды адамдарына көтермелеудің мынадай түрлерi:

     1) бiр жолғы ақшалай сыйақы беру;

     2) алғыс жариялау;

     3) бағалы сыйлықпен марапаттау;

     4) «Кеден органдарындағы үздiк қызметi үшiн» өңiрлiк белгiсiмен марапаттау;

     5) Құрмет грамотасымен марапаттау;

     6) «Кеден қызметiнiң еңбек сiңiрген қызметкерi» Құрмет белгiсiмен марапаттау;

     7) кезектi арнаулы атақты мерзiмiнен бұрын беру;

     8) атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделгеннен бiр саты жоғары арнаулы атақ беру көзделедi.

Көтермелеу ретiнде бұрын салынған тәртiптiк жазаны мерзiмiнен бұрын алу қолданылуы мүмкiн.

Қызметтік борышын орындау кезiнде көрсеткен қаhармандығы мен ерлiгi, басқа да ерекше еңбегi үшiн кеден органдарының лауазымды адамдары заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталуға ұсынылуы мүмкiн.

Қызметтік тәртiптi бұзғаны үшiн кеден органдарының лауазымды адамдарына жазаның мынадай түрлерi:

     1) ескерту;

     2) сөгiс;

     3) қатаң сөгiс;

     4) қызметiне толық сәйкес келмейтінi туралы ескерту жасау;

     5) кеден органдарынан босату қолданылуы мүмкiн.

Көтермелеу мен тәртiптiк жазалауды өздерiне берiлген құқықтардың шегiнде тiкелей бастықтар қолданады.

Көтермелеу мен тәртiптiк жаза бұйрықтармен жарияланады. Кеден органдарының лауазымды адамы көтермелеу мен тәртіптiк жаза туралы қолы қойылып, жеке танысуы тиiс. Заңнамада көзделген жағдайларда, тәртіптiк жаза қолданғанға дейiн қызметтік тергеу жүргiзiледi. әрекет жасаған адамнан жазбаша түсiнiктеме талап етiлуi тиiс. Әрекет жасаған адамның түсініктеме беруден бас тартуы жаза қолдану үшiн кедергі бола алмайды.

Тәртiптік жаза қолдану кезiнде:

     1) әрекеттiң мазмұны мен сипаты;

     2) әрекет жасалған кездегi жағдай;

     3) жасалған әрекет әкеп соқтырған немесе әкеп соқтыруы мүмкiн жағымсыз зардаптар;

     4) оны жасаған лауазымды адамның бұдан бұрынғы мiнез-құлқы;

     5) лауазымды адамның жеке басын сипаттайтын өзге де жағдаяттар ескерiледi.

Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамына тәртiптiк жаза заңнамада белгіленген жағдайда және шарттарда қолданылады. Егер кеден органының лауазымды адамына, бастықтың пiкiрiнше, оның құқықтарының шегінен тысқары көтермелеу шараларын немесе тәртiптiк жаза қолдану қажет болса, онда ол бұл туралы жоғары тұрған бастықтың алдында өтiнiш жасайды. Жоғары тұрған басшының, егер бұрын жарияланғаны жасалған әрекеттiң ауырлығына сәйкес келмесе, төмен тұрған бастық қолданған тәртiптік жазаны тоқтатуға, жеңiлдетуге немесе неғұрлым қатаң жаза қолдануға құқығы бар. ¤зiне берiлген көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану жөнiндегі құқықтарды асыра пайдаланған бастық ол үшiн тәртiптiк жауаптылықта болады, ал көтермелеу және жаза қолдану туралы бұйрықтарды жоғары тұрған бастық жояды.

Кеден органының лауазымды адамы өзiне қолданған тәртiптiк жазаға жоғары тұрған кеден органына не сотқа шағымдануға құқылы. Кеден органы қызметiнiң тәртiбiн Кеден комитетi белгiлейдi. Қажет болған жағдайда кеден органдарының лауазымды адамдары заңнамада белгiленген тәртiппен белгiленген уақыттан тыс, сондай-ақ түнгi мезгiлде, демалыс және мереке күндерi қызметтік мiндеттерiн орындауға тартылуы мүмкiн.

Кеден органдарының лауазымды адамдары үшiн ақшалай қамту сақтала отырып, демалыстардың мынадай түрлерi белгіленедi:

     1) жыл сайынғы;

     2) қосымша.

Кеден органдарының демалысын пайдаланбаған лауазымды адамдарын жұмыстан босатқан жағдайларды қоспағанда, демалыстарды ақшалай өтемақымен алмастыруға жол берілмейдi. Кеден органы лауазымды адамының қалауы бойынша жыл сайынғы ақы төленетiн демалыс бөлiп-бөлiп берiлуi мүмкiн. Кеден органдарының лауазымды адамдарына жалақысы сақталмастан демалыс берiлуi мүмкiн. Кеден органдарының лауазымды адамдарына дем алатын жерге бару және қайту уақыты есептелместен ұзақтығы 30 күнтiзбелiк күндiк, ал қызметiн биiк таулы (1500 метр және одан да биiк) жерлерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, Қазақстан Республикасының ауа-райы жағдайы ауыр және қолайсыз жерлерiнде қызмет атқаратын кеден органдарының лауазымды адамдарына, заңнамада белгiленген мөлшерлерде сауықтыру үшiн жәрдемақы төлену арқылы, 45 күнтiзбелiк күндiк ақы төленетiн жыл сайынғы демалыс берiледi. Жыл сайынғы демалыс кеден органының әрбiр лауазымды адамына, жыл сайынғы демалыстардың жоспарларына сәйкес, күнтiзбелiк жыл iшiнде берiлуi тиiс.

Жүктiлiгі және босануы бойынша демалыс заңнамада белгіленген үстеме ақы мен төлемдер сақтала отырып берiледi. Мұндай демалыста болған уақыт арнаулы атақта еңбек сiңiрген жылдарының мерзiмiне, еңбек сiңiрген жылдары үшiн пайыздық үстеме ақы белгілеу және зейнетақы тағайындау үшiн стажға есептеледi. Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарына еңбекке ақы төлеу лауазымдық жалақыдан, арнаулы атақтар бойынша, қызмет өткерген жылдары үшiн жалақыдан, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге де үстеме ақылар мен төлемдерден тұрады. Кеден органдарының лауазымды адамдарына қызмет өткерген жылдары үшiн лауазымдық жалақысына үстеме ақы алуға құқық беретін жұмыс стажына қызметтегi үзiлiстерге қарамастан:

     1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсiздiк, iшкi iстер, прокуратура органдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметiнде қызмет атқарған уақыты;

     2) бұрынғы КСРО мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде (Кеңес Армиясы мен әскери-Теңiз Флотында), Республикалық ұланда, Қазақстан Республикасының iшкi әскерлерiнде және басқа да арнаулы әскери құралымдарында қызмет атқарған уақыты;

     3) 1992 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi Қазақстан Республикасының партия, кеңес, кәсiподақ және комсомол органдарында жұмыс iстеген уақыты есептеледi.

Кеден органдарының лауазымды адамдарына зейнетақы тағайындауға құқық беретiн жұмыс стажына қызметтегi үзiлiстерге қарамастан:

     1) ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, прокуратура органдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметінде қызмет атқарған уақыты;

     2) бұрынғы КСРО мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде (Кеңес Армиясы мен әскери-Теңiз Флотында), Республикалық ұланда, Қазақстан Республикасының iшкi әскерлерiнде және басқа да арнаулы әскери құралымдарында қызмет атқарған уақыты;

     3) 1992 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi Қазақстан Республикасының партия, кеңес, кәсiподақ және комсомол органдарында жұмыс iстеген уақыты;

     4) егер лауазымды адамдар белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік үкiметiнiң орталық органдарына қызметке жiберiлген болса, олардың кеден органдарының кадрларында болған уақыты есептеледi.

Кеден органдарының лауазымды адамдары мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебiнен мiндетті мемлекеттік жеке сақтандыруға жатады. Кеден органының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасына кеден органының лауазымды адамына сақтандыру өтемi төленбеген жағдайда, мемлекеттік бюджеттің қаражатынан соңғы атқарған лауазымы бойынша бiр жолғы он жылдық ақшалай табысы төленедi. Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызметтік мiндеттерiн орындауына байланысты мертiгумен не денсаулығының өзге де зақымдануымен келтiрген зиян үшiн (қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда – отбасы мүшелерiне) ай сайынғы өтем төлемi, денсаулығының зақымдануынан пайда болған қосымша шығындардың өтемақысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және шарттарда жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты, ол үшiн өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн одан әрi жүзеге асыруға мүмкiндiк бермейтiн, мертiккен не денсаулығы өзге де зақымданған кезде лауазымды адамға сақтандыру өтемi төленбейтін жағдайда мынадай мөлшерде бiр жолғы жәрдемақы төленедi:

     1) 1 немесе 2 топ мүгедегiне — бес жылдық ақшалай табысы;

     2) 3 топтың мүгедегiне — екi жылдық ақшалай табысы;

     3) мүгедектiгi белгiленбестен еңбек қабiлетін жоғалтудың тұрақтылығы анықталған кезде — бiржарым жылдық ақшалай табысы.

Кеден органының лауазымды адамы қызметтік мiндеттерiн орындауы кезiнде мүгедектiкке душар етпеген ауыр мертiгу алған (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайда, оған үш айлық ақшалай табысы, жеңiл-желпi мертiккен жағдайда — айлық табысы мөлшерiнде сақтандыру сомасы төленедi. Егер белгiленген тәртіппен кеден органы лауазымды адамының қаза табуы (қайтыс болуы), жаралануы (мертiгуi), ауыруға шалдығуы қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты емес жағдайларға байланысты болғаны дәлелденсе, сақтандыру сомасы төленбейдi. Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы өзiнiң қызметтік мiндеттерiн орындауына байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасына есепке алған кезде болған негiздемелерде, бiрақ лауазымды адам қаза тапқан күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей, тұрғын үй алаңын алу құқығы сақталады. Кеден органдарының қайтыс болған зейнеткерлерiн немесе қаза тапқан лауазымды адамдарын жерлеу үшiн олардың үш айлық ақшалай табысы мөлшерiнде бiр жолғы ақшалай өтемақы төленедi. Кеден органдарының лауазымды адамдары, соғысқа қатысушылар, соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдар, интернационалшы-жауынгерлер, сондай-ақ қаза тапқан лауазымды адамдардың немесе қызметтiк мiндетiн жүзеге асыруға байланысты алған жараның, контузияның, мертiгудiң немесе ауруға шалдығудың салдарынан қайтыс болған лауазымды адамдардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, олардың көлемдерiне қарамастан, мемлекеттік тұрғын үй қорының үйлерiндегi өздерi тұратын үй-жайларды меншiгiне алады. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж кеден органдарының лауазымды адамдарына жеке тұрғын үй салу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесi берiледi.

Кеден органдарында қызметтi тоқтату үшiн:

     1) кеден органдарынан өз еркiмен жұмыстан босау;

     2) келiсiм-шарт мерзiмiнiң аяқталуы не заңнамада көзделген негiздемелер бойынша келiсiм-шартты бұзу;

     3) лауазымды адамның өзiнiң табысы мен мүлкi туралы қасақана жалған мәлiметтер беруi;

     4) заңнамада белгіленген мiндеттер мен шектеулердi сақтамау;

     5) меншiк құқығы мен тиесiлi мүлiктi сенiмдi басқаруға бермеу;

     6) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту;

     7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау;

     8) аттестаттаудың терiс нәтижелерi;

     9) заңнамада көзделген өзге де негіздемелер негiз болып табылады.

Кiшi және орта басшы құрамдардың арнаулы атақтары бар кеден органдарының лауазымды адамдары 45 жасқа толғанға дейiн кеден органдарында қызметте бола алады.

Орта және жоғары басшы құрамдардың арнаулы атақтары бар кеден органдарының лауазымды адамдары, оларға берiлген арнаулы атақтарға орай, мына жасқа толғанға дейiн кеден органдарында қызметте бола алады:

     1) кеден қызметiнiң подполковнигiне дейiн — 45 жас;

     2) кеден қызметiнiң полковнигi — 50 жас;

     3) кеден қызметiнiң генерал-майоры және кеден қызметiнiң генерал-лейтенанты — 55 жас.

Кеден органдарының лауазымды адамдарын зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады. Кеден органдарының лауазымды адамдарына зейнеткерлікке шыққаннан кейiн олар есепте тұрған емдеу мекемелерiнде медициналық қызмет көрсетiлу құқығы сақталады. Қызметтен денсаулық жағдайы және штат санының қысқаруы бойынша босатылатын кеден органдарының лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бiр жолғы жәрдемақы төленедi. Кеден органдары лауазымды адамдарының соғыс уақытында және төтенше жағдай енгiзiлген жерлерде қызмет өткеруiнiң ерекшелiктерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. Кеден органдарында қызмет өткерудiң тәртібiн және қызмет өткеру шарттарының сақталуын бақылауды Кеден комитетiнiң және кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлетті органның басшылығы жүзеге асырады. Кеден органдарында қызмет өткерудi бұзғаны, оның iшiнде кеден органдары лауазымды адамдарының құқықтық және әлеуметтiк қорғалу кепiлдiктерiн сақтамағаны үшiн кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген жауаптылықта болады.

                  

 

3-ТАРАУ. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША КЕДЕН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ТАЛДАУ

 

3.1. Оңтүстік Қазақстан Облысы кеден басқармасындағы басқаруды ұйымдастырудың жағдайын талдау.

Кеден органдарының экономикалық қауіпсіздікті, заң базасын жетілдіруді, кеден рәсімдерін оңтайландыру мен оңайлатуды қамтамасыз етудегі рөлін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының кеден қызметін жетілдірудің 2004-2006 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан Облысы бойынша Кеденік бақылау Департаменті, аталған Үкімет қаулысын жүзеге асыру мақсатында айтарлықтай жұмыстар жасалып жатыр.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кеденік бақылау Департаменті кедендік қызметті жүзеге асыруы үшін 2005 жылғы смета бойынша 105 231,0 мың теңге бөлінген, факт бойынша бөлінген лимит 105 231,0 мың теңге, яғни көрсеткіш бойынша 100%.

Алдыңғы 2005 жылғы сметаға қарағанда бұл лимит 33913,0 мың теңгеге көп. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кеденік бақылау Департаменті есеп беру жылы ішінде жалақы төлемдері, міндетті зейнет ақы қорларына төленетін сомалар, сондай-ақ қосымша компенсациалық ақша төлемдері 74 млн. 699 мың теңге сомасын құраған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 13 млн. 914 мың теңгеге көп.

             Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кеденік бақылау Департаменті қызметіне 2004 және 2005 жылдар аралығындағы сметада шығындарды құрайтын негізгі құралдар мен толық капиталды жөнеу жұмыстарына кететін қаржылар есепке алынбаған еді. (152, 411, 431 бюджеттік классификация). 2006 жылы 152 – ғимараттардың ағымдағы жөнеу жұмыстары 730 мың теңге бөлінген, 411 – негізгі құралдарды алу —  1 млн. 087 мың теңге, 431 – ғимараттарды толық капиталды жөнеуден өткізу 217 мың теңге.

Кедендік бақылаудың техникалық құралдармен, компьютерлік техникалармен қаматмассыз етілуін талдау төмендегі таблицада көрсетілген.

 

Кедендік бақылаудың техникалық құралдары мен компьютерлік техника және киім-кешекпен қамтамассыз етілуіне талдау

 

Таблица № 1

Кеден органдары пайдаланыт құралдардың атауы

Сандары

2005ж.

2006ж.

Қол жүктері мен багаждарына бақылау жасау құралдары

Дана

2

4

Автокөлік базасы негізіндегі жылжымалы құралдар

дана

2

3

Радиациялық бақылау құралдары

 

 

Портативті дозиметр-радиометр

дана

1

3

Стационарлы радиометриялық қондарғы

дана

1

3

Іздеу техникалық құралдары

 

 

Портативті металлотапқыш

дана

2

5

Тексеру құралы

дана

0

1

Тексеру эндоскопы

дана

0

15

Тексеру фонары

дана

3

4

Ультрафиолетті фонарь

дана

2

3

                Ұқсастыру техникалық құралдары (ТСИ)

 

 

Құнды металлдарды ұқсастыру                                                                   

дана

0

1

Крим. Чемодан

дана

0

1

Видеокамера

дана

0

1

Фотоаппарат

дана

0

2

Диктофон

дана

0

5

Видеомагнитофон

дана

0

1

Музыкалық орталық

дана

0

1

Телевизор

дана

0

2

                Автокөлік құралдары

 

 

 

КIA SPORTAGE

дана

0

1

УАЗ 31514

дана

0

1

УАЗ 2606

дана

0

1

ВАЗ-21213 «Нива»

дана

12

5

ГАЗ-66

дана

0

1

Катер

дана

1

0

Көмекші құралдар

 

 

 

Офистік техника

 

 

 

Компьютер

дана

30

15

Блок питания

дана

30

3

Монитор

дана

30

15

Принтер

дана

27

0

Көшірме көбейту аппаратты

дана

1

1

Байланыс құралдары

 

 

 

Радио байланыс құралдары

 

 

 

Стационарлы:

дана

0

0

Әрекет ету радиусы 100 км. дейін

дана

0

0

Әрекет ету радиусы 100 км. және одан жоғары

дана

0

1

Автокөлік құралындағы

дана

0

0

Портативті

дана

0

1

Желілік байланыс құралы

 

 

 

Факс аппарат

дана

0

3

Арнайы байланыс құралдары

 

 

Автокөліктерді күштеп тоқтату құралдары

дана

0

1

Түнгі көру құралдары

дана

1

0

 

 

ОҚО бойынша КБД инфрақұрылымы

 жалпы мәліметтер

                                                                                      Таблица №2

 

2006 ж.

2005 ж.

Кеден қоймаларының саны

2

2

Еркін қоймалар

УСҚ саны:

жабық типтегі

ашық типтегі

 

1

2

 

1

1

Уақытша сақтау орындары

Кеден брокерлерінің саны

7

«Кедентранссервис» ЖАҚ,

«Корпорация Акцепт» ЖАҚ, «Огем» ЖШС, «Нисса» ЖШС, «Терминал» ЖШС, Алашброкер, «Казвторчермет» ЖАҚ

2

«Кедентранссервис» ЖАҚ

«Корпорация Акцепт» ЖАҚ

 

 Кедендік автоматтандырылыған ақпарат жүйесі (КААЖ) (Таможенная автоматизированная информационная система (ТАИС))

2001 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Комитеті Қазақстан Респуликасы Кеден қызметіне пайдалануға тәжірибе түрінде Біріңғай автоматтандырылған ақпарат жүйесін (ЕАИС) енгізді, яғни бұл жүйе кедендік ресімдеу процесстерін қазіргі заманғы компьютерлік технологияларға аударуға мүмкіндік берді.

Сонымен, кедендік әкімшлік аласында жаңа сапаға және мүмкіншіліктерге ие кеден органдарының қызметіне көпдеңгейлі ақпараттық қолдау көресететін құрал пайда болды. Аталған жүйе Кеден комитетінен бастап барлық кеден қызметі бөлімдеріне дейінгі барлық процесстерді қамтиды. Бұл жйенің ерекшелігі жергілікті жерлерде жинақталған ақпараттарды орталық Кеден комитетіне жинап, бақылау, талдау, басқару, шешім қабылдау мен жаоспарлауға мүмкіндік беретіндігінде.

Әлеуметтiк және экономикалық проблемаларды шешу үшiн қажет ақпарат кез келген уақытта, кез келген нүктеде, кез келген пайдаланушыға қол жетiмдi болуы үшiн құқықтық, экономикалық, технологиялық, әлеуметтiк және кәсiптiк-бiлiм беру жағдайларын жасау жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан Облысы бойынша Бас Кеден басқармасында КААЖ бағдарламалық жүйесі негізінде 8 спутниктік байланыс станциясы, 9 жергілікті есептеу құрылымы қызмет етеді. Пайдалануға 6 радиобайланыс арналары берілген.

Енгізілген КААЖ бағдарламалық жүйесі басқарманың өзінде және ОҚО бойынша БКБ-ның 8 кеден бекеттерінде пайдаланылады: (бұл кеден бекеттері «Ст. Шымкент», «Ордабасы», «Энергетический», «Жібек-жолы», «Сарыағаш», «Шеңгелді» т/ж ст.,  «Шардара» және жолаушылар бөлімі.).

«Ст. Шымкент», «Ордабасы», «Энергетический» кеден бекеттері және жалаушылар бөлімі қажетті компьютерлік техникалар мен есептеу қондырғыларымен жарақтандырылған. ОҚО бойынша БКБ негізгі серверімен байланыс радиомодем байланысы көмегімен жүзеге асырылады.

«Жібек-Жолы», «Сарыағаш», «Шеңгелді», «Шардара» кеден бекеттерінде КААЖ жүйесінің бірінші кезегін жүзеге асыру мақсатында  жергілікті қондарғылар, SUN Ultra 5 сервері, компьютерлер, спутниктік қондырғылар орнатылған.

Автоматтандыру және кеден статистикасы бөлімінің қызметткерлерінен серверлер мен ақпараттардың базаларына жауапты тұлғалар тағайындалған, яғни олар ОҚО бойынша КБД-ның ішкі бұйрығымен бекітілген. Кеден бекеттерінің қызметкерлеріне АРМ «Универсальный» жүйесін пайдалану туралы автоматтандыру және кеден статистикасы жауапты қызметкерлерімен әрдайым практикалық көмек көрсетіліп тұрады. Ақпараттар базаы серверімен байланыс жүргізілетін барлық жұмыстар «Сервермен жұмыс» журналында жазылып хаттамаланады.

ОҚО бойынша БКБ-ның бөлімдерімен кеден бекеттеріндегі қызметтерді автоматтандыруды жасқарту және белсендіру мақсатында, сондай-ақ ҚР МКМ КК-нің жүзеге асыру жолында, КААЖ жобасының бағдарлаушысы болып табылатын «Прайя» (Алматы) ЖШС-мен бірге АРМ «Универсальный» жүйесін пайдалануды оқыту дәрістері және онымен жұмыс жасауда кеңестер беру өткізілді, соңынан сынақ тапсырылды. ОҚО бойынша КБД-ның өткізілген сынақтардың қорытындысы негізінде құрылымдық бөлімдерде ППО АРМ «Универсальный» жұмысына жауапты қызметкерлер тағайындалды. АРМ «Универсальный» бағдарламалық өнімі жұмысына ОҚО бойынша БКБ-ның 200 қызметкері машықтандырылды. 

Сонымен қатар, серверлердің қызметкерлері КААЖ пайдалану жөнінде ҚР МКМ КК-нің оқу орталығында дайындықтан өтті.

Аталған жетістіктерге қарамастан мына кеден бекеттерінде жоғарыда аталған АРМ «Универсальный» жүйесі орнатылмаған: «Абай», «Мақта-арал», «Казығұрт», «Төле би», «Түркістан». Аталған кеден бекеттерінде жеткізілімдерді 100% бақылау мақсатында ресімдеулер туралы ақпараттар тікелей ОҚО бойынша БКБ-ның автоматтандыру және кеден статистикасы бөліміне енгізіледі.

       Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі кеден бақылау комитетінің кәсіби программистерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы элоктронды Үкіметі» шеңберінде «Электронды кеден» бағдарламасын құрды. Осы қызметтерді қолдану ерекшелігі, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар өз офистерінен шықпай-ақ Кедендік Жүк Декларациясын немесе кедендік Жүк туралы мәліметтер мен ақпараттарды тиісті кеден органдарына жібере алады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі кеден бақылау комитетінің кәсіби программистерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы элоктронды Үкіметі» шеңберінде «Электронды кеден» бағдарламасын құрды. Осы қызметтерді қолдану ерекшелігі, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар өз офистерінен шықпай-ақ Кедендік Жүк Декларациясын немесе кедендік Жүк туралы мәліметтер мен ақпараттарды тиісті кеден органдарына жібере алады. Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан Облысы бойынша кедендік бақылау департаменті кеден саясаты бойынша консультативтік кеңестің кеңейтілген мәжілісін өткізді. 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап Оңтүстік Қазақстан Облысы бойынша кедендік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының мемлекеттік және кедендік шекарасынан радиациялық бақылау бойынша жұмыстар жүргізді. Радиациялық бақылау негіздерін үйрену және танысу мақсатында радиациялық бақылауды жүргізуге жауапты кеден бекеттерінің лауазымды тұлғалры мен адамдарымен семинарлар өткізіліп тұрады.    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі кедендік бақылау  комитетінің, санитарлық – эпидемиологиялық бақылау басқармасы, «ҚазАтомПром» ұлттық атом компаниясының мамандары мен облыстық радиациялық бақылау бөлімінің қызметкерлеріне арналған семинарлар мен тәжірибелік көмектер бір уақытта жүргізіледі.

          «Қазақстан Республикасы аумағында автокөліктер тасымалдарын бірыңғай бақылау жүйесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 8 қыркүйегіндегі № 1358 қаулысын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі кедендік бақылау  комитетінің мүдделі министрліктер және ведомстволармен келісім бойынша 2004-2006 жылдарға бірыңғай бақылап өткізу пунктері құрылысының бағдарламасын бекітті. Бірыңғай бақылап өткізу пунктерінің негізгі бағыты – «бір аялдама» тұрпаты бойынша бір жерде бір рет барлық бақылаушы қызметкердің (шекарашылар, кеденшілер, көліктік бақылау, ветеринар және санитарлық — эпидемиологтар) бірлесіп бақылауды жүзеге асыру. Бұл «адам факторының» әсерін әдеуір төмендетуге мүмкіндік береді, сыртқы сауда ресімдерінің ашықтығын қамтамассыз етеді, бақылаушы органдар лауазымды қызметкерлерінің қызметін теріс пайдаланушылықтарын төмендетеді.

Жоғарыда аталған 2004-2006 жылдарда Бірыңғай бақылап өткізу пунктерінің бағдарламасына сәйкес 14 Бірыңғай бақылап өткізу пунктерінің құрылысы көзделуде. 2004 жылдан бастап осындай 5 Бірыңғай бақылап өткізу пунктінің құрылысы жүргізіле бастады. Соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында 2004 жылдың қарсаңында Ғани Мұратбаев атындағы Бірыңғай бақылап өткізу пункті пайдалануға енгізілді, екі бағытттағы қозғалыстарды бөлу және тәуелсіз өңдеуге қатысты кедендік және шекаралық қызметттер талапқа толығымен сәйкес келеді. Аталған Бірыңғай бақылап өткізу пунктерінде кеден органдарымен бірге барлық бақылаушы органдр орналасқан (шекаралық қызметкер, көліктік бақылау комитеті, ауылшаруашылық министрлігі және денсаулық сақтау министрлігі). Бұл сыртқы экономикалық қызметке қатысушы тұлғаларға ыңғайлы жағдайлар жасайды, кедендік процедураларды жеңілдетеді. Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін жүктердің уақыты едәуір азаяды.

 

ОҚО бойынша КБД кедендік инфрақұрлымы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Кеден шекарасын және режимдерін қорғау

 Таблица №6

 

2006 ж.

2005 ж.

+ / —

 

—         Кеден бекеттері

—         ӨББ (КПП)

 

7

33

 

7

33

 

Жеке құрамның саны

Бос лауазымдықтар

85

16

95

16

-10

Қалыптастырылған мобильді топтардың саны

5

5

Ұсталған көлік құралдарының саны

396

686

— 290

Кеден ережелерін бұзушылық туралы қозғалған істер саны

383

766

— 383

Алынған айыппұл сомасы (мың теңге)

1 404,445

3690,443

-2 285,998

Тәркіленген тауарлар сомасы (мың теңге)

46,400

1375,123

— 1 328,723

Кедендік қорғау және алып жүруге алынған көлік құралдарының саны

 

726

 

1 075

 

— 349

Кедендік алып жүру үшін жиналған алымдардың сомасы

 

18 687 500

 

28 136 377

 

— 9 448 877

 

Жүктерді алып жүру бөлімінде жоспарды орындау 2006 жылы 35 млн. теңгеге жеткізілген, орындау 43 % құрайды. 

Аталған кедедндік алып жүрулерүшін жоспардың төмен деңгейде орындалу бірқатар объектитвті себептерге байланысты. Жеке тұлға тасымалдаушылары тез бұзылатын тауарларды тасымалдау кезінде ОҚО бойынша КБД кеден төлемдері мен салықтарын депозит түрінде салған, яғни олар «тауарларды еркін айналыс үшін шығару» режиміне сәйкес төленеді, бұл өз кезегінде жүк тасымалдаушыларға ҚР аумағында кедендік алып жүрусіз жүріп тұруларына құқық береді. Көзделген ресімдеу түрі бұрын жазғы мезгіл кезінде бюджетке түсімдерді молайту үшін қолданылған, ал жылдың кейінгі мезгілдерінде кедендік алып жүрулер қолданылған.

 

Мемлекеттік тілді енгізу туралы

 

«Оңтүстік Қазақстан Облысында тілдердің қызметі мен дамуы туралы жергілікті бағдаламаға» сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасыныдағы  тілдер туралы» заңның талаптарын жүзеге асыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан Облысы Кедендік Бақылау Департаменті іс жүргізу қызметінде мемлекеттік тілді енгізу жұмысы жүргізіліп жатыр.

Осы мақсатта арнайы бұйрықтар, нұсқаулар мен ережелер екі тілде бірдей шығарылады. Мемлекеттік тілде іс жүргізу үшін жұмыс жүргізуге «Құжат тілі» атты әдістемелік нұсқау алынды. «Оңтүстік Қазақстан», «Шымкент келбеті», «Егемен Қазақстан» сияқты жергілікті және республикалық қазақ тіліндегі газеттерге жыл сайын жазылу науқаны жүргізіледі.

Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімшілігінің жанындағы ақпараттар және қоғамдық келісім басқармасы  ұйымдастырған тілдердің фестифалінде кеден басқармасы қызметкерлері қатысты.

          ОҚО бойынша КБД-ның жұмысы мемлекеттік тілде бұхаралық ақпарат құралдарында да көрсетіледі. Республикалық телеарналарда («Хабар», «Ақшам») және жергілікті («Отырар», «ОҚТ», НТК) телеарналарада ай сайын ОҚО бойынша БКБ-ның бастығының шекарадағы жағдай, тәркіленген контрабандалық тауарлардың жойылуы мен жедел-іздестіру қызметтері, «РУБЕЖ» атты жедел-шектеу қою шарасын өткізуге барысы мен нәтижесі туралы баспасөз конференциялары өтіп тұрды. Сонымен қатар, бөлім бастықтарының телеарналар арқылы мемлекеттік тілде ҚР кеден заңдарына қатысты жаңа енгізілімдері мен шекара жағдайы және ұсталған ірі контрбанда тауарлары туралы ақпараттар беріліп отырды.

          «Мақтаарал», «Сарыағаш», «Арыс», «Түркістан» кеден бекеттері қызметкерлері арасында жергілікті баспасөздерде мемлекеттік тілде кеден заңдарының нормативті құжаттары туралы статьялар жарияланып отырады.

      Қазақстан Республикасының Кеден кодексiне сәйкес кеден органдары мiндеттерiнiң бiрi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасында радиациялық бақылау жүргiзу болып табылады. Бүгiнгi күнi ықшам iздестiру дозиметрлермен ғана (радиоактивтiк материалдарды iздестiруге бағытталған) жүзеге асырылады. Әсiресе автомобильдiк және темiр жол өтпелерiнде радиоактивтiк материалдардың өткiзілуiн тұрақты анықтау жүйелерiнiң көмегiмен дәл және тұрақты бақылауды жүзеге асыру мәселесi өткiр болып отыр. Кеден органдарында мұндай жүйелердiң болуы қазiргi 34 жиынтық қажеттiлiк жағдайында тек 4 жиынтықты ғана құрайды.

      Кедендiк бақылаудың техникалық құралдарын сатып алуға, арналған бюджеттiк қаржының жеткiлiксiз бөлiнуiне байланысты кеден органдарының материалдық-техникалық базасының дамуы кедендiк бақылауды ұйымдастыру деңгейiн халықаралық стандарттар деңгейiне сәйкес келтiруге мүмкiндiк бермейдi. Соңғы жылдары тұтастай алғанда кеден қызметiн ұстауға және дамытуға арналған бюджеттiк қаржының қысқару үрдiсi байқалады. Осының нәтижесiнде, Қазақстан Республикасының кеден қызметi қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды практикалық iске асыру толық көлемде қамтамасыз етілмейдi, таяу және алыс шетелдердiң кеден қызметтерiмен жедел ақпараттар алмасу тұрақты негiзде жүзеге асырылмайды. Кеден органдарының техникалық жарақтандырылуының сапалық және сандық деңгейiн жаңарту мен арттыру бюджетке кеден төлемдерi мен салықтардың түсуiне оң әсер етедi. 2004-2006 жылдардағы кедендiк төлемдер мен салықтардың мемлекеттiк бюджетке түсiмдерiнiң болжамды өсiмi 100,0 млрд. теңге болды: 2004 жылы — 31,0 млрд. теңге, 2005 жылы — 34,0 млрд. теңге, 2006 жылы — 35,0 млрд. теңге. Қазақстан Республикасының кеден қызметiн дамытудың Қазақстан Республикасы Үкіметі 2003 жылғы 3 қазандағы N 1019 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы қаулысын қабылдады. Аталған Кеден қызметiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру мақсатында, кеден органдарының алдына қойылған мiндеттердi шешу үшiн қаржыландырудың көлемдерiнде 2004-2006 жылдарға арналған республикалық бюджеттiң қаражатынан 12 320,9 млн. теңге, оның iшiнде 2004 жылы — 3 548,6 млн. теңге, 2005 жылы — 4 554,4 млн. теңге, 2006 жылы – 4 217,9 млн. теңге мөлшерiндегi соманың қосымша бөлiнуiн көздеу қажет. 4 504, 1 млн. теңге мөлшерiндегi соманы кедендiк бақылаудың қазiргi заманғы техникалық құралдарын пайдалануға негiзделген жаңа бақылау нысандары мен әдiстерiн енгiзуге арнап көздеу қажет. Шекарада орналасқан автомобиль және темiр жол өткiзу пункттерiндегi инфрақұрылым объектiлерiнiң, бiрыңғай бақылау-өткiзу пункттерiнiң құрылысына 5 974,9 млн. теңге, сыртқы сауда статистикасын жүргiзудi және жариялауды ұйымдастыру үшiн — 45,8 млн. теңге, әлеуметтiк саясатты жүзеге асыруға және оқу-әдiстемелiк базаны дамытуға — 1 796, 1 млн. теңге көздеу жоспарланып отыр.

 

 

 

3.2. Басқаруды ұйымдастырудың ОҚО КБ бойынша проблемалары мен болашағы, оларды жетілдіру жолдары.

          Егемендік алғаннан кейінгі үш-төрт жыл көлемінде еліміздің ішкі рыногын алыс-жақын шетелдерден арзан қол сапасыз тауарлары мен өнімдері жауплап алған болатын. Олардың кеден бекеттерінен өткізілгеніні бір құдайға аян. Ал оның зардабын мемлекет пен қарапайым халық тарқаны рас. Бар қызықты бір ғана топ алып сатарлық пен айналысқан коммерсанттар көрді. Бұл сол кездердегі кеден органдарында тәртіптің, өз істеріне деген жауапкершіліктің жоқтығын білдіреді. Бұған сондай-ақ кеден қызметіне қатысты заң құжатарының әлсіздігі де айтарлықтай кері әсер етті. Қазір оған біртіндеп тосқауыл қойылып, орын алған берекетсіздіктердің жолы кесілуде.

          Кеден органдарында электронды ақпарат құралдармен барынша қаматамассыз етпейінше, қазіргі заман талабына жауап беретін кеден ісі туралы нормативті құжаттарды, заңдарды жетілдірмейінше, кедендік ресімдеуді жетілдіру, кеден ісі саласындағы кеден ережелерімен күрес жүргізуді, бақылау-тексеруді күшейту мүмкін емес.

Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік Бақылау Департаментінде кедендік қызметтің инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында жасалған және жасалып жатқан оң іс шараларға қарамастан, кейбір проблемалық жағдайлар бар және әрдайым туындап отырады. Олар негізінен жаңадан енгізілген бағдарламаларға, кадр мәселелеріне, қызметкерлердің кәсіби деңгейлерінің төмендігіне немесе кеден ісіндегі ұйымдастырушылық қабілеттілігінің қанағаттанарлықсыздығынан болып жатады. Әрине кеден қызметі жан-жақты материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етілген деуге болмас. Бірақ, айтылғандарға қарамастан кеден қызметінің баяю болсада инфрақұрылымы жақсарып келеді деуге болады.

     Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті кеден қызметін жүзе асыруда проблемалар да бар:

 

  1. Талдау жұмыстарының қанағаттанарлық деңгейде жүргізілуі мен кеден төлемдері бойынша толық мағлұматтардың жинақталуы үшін үлкен оперативті санасы бар компьютер қажет.
  2. ТАИС-2 бағдарламасымен жұмыс істеуде проблемалар туындайды, яғни ҚҚС бойынша төленген төлемдер туралы мәліметтер енгізілмейді.
  3. «ВЭБ-декларант» бағдарламасы дұрыс жұмыс істемейді.
  4. Телефон байланысы жоқ. Мобильді телефондар жұмыс істемейді.
  5. «Ғани Мұратбаев» өткізу бақылау бекетінде әрдайым электр энергиясы өшіріліп тұрады. Бұл өз кезегінде орталық кеден органымен байланысты қиындатады.
  6. «Бір аялдама» принципіне сәйкес құрылған «Ғани Мұратбаев» кеден бекеті өзінің құрамындағы бақылаушы органдардың бар екендігіне қарамастан: көліктік бақылау, шекара қызметі; ветеринарлық қызмет, аталғандар кеден бекетінің коммуналдық сұрақтар шешуге ешқандай қатыспайды (жылу беру, жарықтандыру, техникалық персонал және т.б.). аталған салалардың басшылар осы уақытқа дейін тек уәде беру келеді.
  7. «Ғани Мұратбаев» кеден бекетінде соңғы моделдерге сәйкес крмьютерлік жабдықтар орнатылған, соған сай «ТАИС-2» бағдарламасының да жаңарған сынамасын қою керек, өйткені жаңа бағдарлама болмағандықтан аталған бағдарлама дұрыс жұмыс істемейді.
  8. 04.2006 жылдың жұлдызына сәйкес «Төле-би» кеден бекетінде штаттық сан 20 адам, шын мәнінде – 16 адам., оның 2-і басқарушы құрамда және 14 жеке құрамда адам. Қалған 4-і. Іс-сапарға жіберілген. «Төле-би» кеден бекеті өзінің құрамына 3 бақылау-өткізу бекеттерін алған (БӨБ «Дархан», БӨБ «Рамадан», БӨБ «Коңырат»). 3 ауысымдық режимде қалыпты жұмыс істеу үшін әрбір Өткізу – Бақылау бекетінде 2 адамнан болуы шарт.
  9. «Төле-би» кеден бекетінде бірқатар кемшіліктер орын алған:
  • өткізу бекеттерінде компьютерлер жоқ;
  • кеден бекетінде кеден брокері жоқ;
  • «POS-терминал» жоқ;
  • тауарларды уақытша сақтау және тексеру орындары жоқ;
  • бекетте арнайы кинолог мамандар жоқ;
  • бекеттер арасында бірге алып жүретін рациялар жоқ.
  1. Сонымен қатар ОҚО КБД арасында байланыс орнататын спутниктік байланыс та жоқ. Бұл өз кезегінде жұмыс істеуді айтарлықтай қиындықтар туғызады.
  2. Көптеген жол өткелдерінде автомашинамен жүру мүмкін емес. Сондықтан осында жоғарғы өту қабілеті бар автомашиналар қамтамассыз ету керек, яғни ВАЗ-2121 «Нива» — 3 дана, оларға жағар-жанар май.
  3. Қазіргі заман талаптарына сәйкес қызмет істеулері үшін оларға қазіргі заманға сай компьютерлік техникалар беру қажет:
  4. компьютер – 2 дана.; — телефакс – 2 дана.;  — ксерокс – 2 дана.
  5. «Мақтаарал» кеден бекетіне көптеген телефонограммалар келіп түседі, соның ішінде кейбір лауазым адамдарын орталық кеден департаменті шағыру туралы. Бұл үшін аталған тұлғалар Шымкентке барудан бас тартады, өйткені жол жүруге қаражатымыз жетпейді деген мәселемен. Сондықтан ОҚО бойынша КБД-нен лауазымды адамдарға жол жүруі мақсатында іс-сапарламалық қаражат бөлулерін сұраймыз. Өйткені «Мақтаарал» кеден бекетімен ОҚО КБД арасы 250 км. Асады – осы қызметкерлердің материальдық жағдайларын қиындатады..
  6. Кеден бақылау мақсатында қызмет жоғарғы деңгейде жүзеге асыру үшін кеден бекетіне қазіргі заман талабына сай Кедендік бақылау техникалық құралдары жетпейді. Дәлірек айтар болсақ рентгеноқұралдары, ол қол жүктері мен багаждарын жіте қарауға қажет болып отыр және бүл ретте қол багаждары ашылмайды.
  7. Кеден бекетінде жалғыз қызметтік-іздеу иті бар. Ол бір жолаушыны тексеруге де жеткіліксіз. Сондықтан кеден бекетіне арнайы кинолог-маманмен бірге бірнеше қызметтік-іздеу иттерін беру қажет.
  8. АРМ «Универсал» спутниктік немесе басқа да байланыс құралдарын беру қажет, өйткені кеден бекетінің жедел қызмет ету сапасы төмендейді. Аталғандарды есепке алатын болсақ кеден бекетінің қанағаттанарлық қызмет ету қабілеті проблемалық болып тұр.
  9. Кеден бекетінің жеке құрамының қызметкерлері жиі басқа қосалқы құрамаларға іс-сапарлармен жіберіледі. Осыған байланысты кейбір есеп беру міндеттемелерін қадағалау кезінде проблемалық жағдайлар туындайды. «Жібек-Жолы» кеден бекетінде әрбір есеп беру жеке лауазымды кеден қызметкерлеріне тапсырылған. Ол қызметкердің іс-сапарға кетуі кезінде жасалып жатқан жұмыстар туралы есеп алу мүмкін емес, өйткені орнына қалдырылған қызметкердің өзінің жеке тапсырмалары болады немесе қызметкердің орнына келген адам штаттық қызмет бойынша өзінің ондай міндетінің жоқ екеніне сылтау айтады.
  10. Кеден бекетінде техникалық-материалдық жағынан ешқандай проблемалар жоқ, бірақ ол жарақтандырылған техникалық құралдар тілін түсінетін арнайы мамандар жетіспейді.
  11. Кеден бекетінде ТАИС-2 бағдарламасы орнатылған. Қызметкерлер күнделікті ТАИС-2 мәліметтер базасына ресімделген құжаттар тізімін енгізеді және автокөліктердің кеден ауағына уақытша кіру мен шығу міндеттемелері енгізіледі, бірақ бұл мәліметтер ОҚО КБД бар. Сондықтан қызметкерлер қосарланған жұмыс атқарылуда
  12. Атомашиналар мен жеке тұлғалар туралы мәліметтер ОҚО КБД-мен күнделікті сұралады. Ондай мәліметтерді қызметкерлер ОҚО КБД арнай журналға жазып өткізген болсада.
  13. Мемлекеттік шекара туралы бірдей мәліметтер қайта – қайта сұрала береді.
  14. Өткізу-бақылау кеден бекетінде арнайы салмақ өлшеу құралын орнату қажет.

 

Қорытындылар мен ұсыныстар.

 

Кеден органдарының қызметін талдау айтарлықтай қысқа мерзімде Қазақстан Республикасында жұмысқа қабілетті кеден қызметінің қалыптасқандығын көрсетті. Кеден ісінің заңнамалық базасы құрылды және дамып келеді. Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін толтырудың, сыртқы экономикалық қызметті реттеудің, контрабандаға және кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күресудің тетіктері қалыптастырылды. Тармақталған кедендік инфрақұрылым құрылуда. Кеден органдарын басқару жүйесінің қалыптасуы аяқталып келеді. Кеден қызметінің кадрлық құрамы қалыптастырылды. Кеден органдарының практикалық қызметіне компьютерлендіру және ақпараттық қамтамасыз ету элементтері енгізілуде. Қазіргі заманғы кеден қызметі мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын жүргізуде маңызды орын алады және тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтуі кезінде бақылау және фискалдық функцияларды орындайды.

1991 жылы республиканың кеден органдарындағы адам саны 150-ден сәл асатын. Егемен мемлекет ретiнде Қазақстан Республикасы құрылғасын бұрынғы КСРО мемлекеттерiмен шекараларда кеден бақылауын жасау қажеттiлiгi туды, «ашық шекара» деп аталатынның ұзындығы 12760 км, бұдан басқа ҚХР-мен — 1560 км болды. Қазақстан Республикасының кеден шекарасының бүкiл периметрi бойынша кедендiк және шекаралық шарттылықтарды орындау үшiн бiрде бiр жайластырылған кедендiк өткiзу орны болған жоқ. Қазіргі кезеде Қазақстан кеден шекарасында 65 кеден бекеті, 62 авто өткізу бекеттері, 19 теміржол өткізу бекеттері бар. Елдің ішінде 46 ресімдеу бекеттері бар, халықаралық рейстерге 7 бақылау бекеті қадағалау жасайды. 

          Ресей Федерациясы кеден шекарасы арасында 46 кеден бекеті, 24 бақылау өткізу бекті (КПП) бар.

          Өзбекстан Республикасы арасындағы шекара ұзындығы 715 км. ОҚО облысы мен Өзбекстан Республикасы кеден шекарасы арасында 11 кеден бекеті мен 26 авто көлігін өткізу бекеттері бар. Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында кеден органдары халықаралық мәнi бар 14, республикалық мәнi бар 73, 17 темiр жол магистралдарын, 13 әуежайды бақылайды, оларда:

     121 автомобиль;

     28 темiр жол;

     12 авиациялық;

     1 теңiз («Ақтау» теңiз порты) еткiзу пунктi жұмыс iстейдi.

Қазiр кеден органдарында бар 43 спутник станциясына қосымша Қазақстан Республикасының кеден шекарасында 65 станция комплектiсiн орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осы кезеңдегi экономиканың дамуы және Қазақстан Республикасының әлемдiк шаруашылықтар байланыстары жүйесiне бiрте-бiрте кiруiнiң қажеттiлiгi кеден қызметiн жетілдіруді талап етедi. Бұл жетілдірудің негізгі мақсаты сыртқы сауданы реттеу және мемлекеттiң экономикалың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында кеден органдарының алдында тұрған мiндеттердi шешудiң мейлiнше тиiмдi және ұтымды жолдарын іздеу болып табылады.

Қазақстан Республикасының кеден қызметiн жетiлдiрудiң ұсыныстары құқықтық негiздерi ҚР Конституциясы, ҚР Заңдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жасаған немесе қабылдаған халықаралық Шарттар мен Келiсiмдер талаптарына жауап береді.

ҚР Кеден қызметін, соның ішінде ОҚО бойынша Кедендік Бақылау Департаменті қызметін жетілдірудің мынандай негізгі бағыттарын ұсынған болар едім:

1-ші Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының бiрыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесi мен кеден статистикасын қалыптастыру, яғни:

— кеден органдарын стратегиялық және ағымдағы басқарудың барлық базалық функцияларын қамтамасыз етудi (жағдайды талдау мен болжау, ақпарат алмасу, қызметтi жоспарлау мен үйлестiру, қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылау және т.б.);

— кеден органдарының қызметiн тиiмдi бақылау және көлеңкелі экономикамен, сыбайлас жемқорлықпен және лауазымдық қылмыстармен күресудiң пәрмендi құралы ретiнде ақпараттық саясаттың ашықтығын пайдалануды;

— кеден қызметiнiң ақпараттық аясын Қазақстан Республикасының және әлемдiк қоғамдастықтың бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiмен интеграциялауды;

— ақпараттық ресурстарға билiк ететiн ақпараттық қызметтер мен құрылымдарды монополиясыздандыруды;

— шет мемлекеттердiң кеден және өзге де құзыреттi органдарымен, кеден iсiмен айналысатын халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру.

2-ші. Кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеудiң тетiгiн жетiлдiру

— Тиiмсiз немесе басы артық кедендiк рәсiмдердi жою;

— Кедендiк ресiмдеу мен бақылаудың сараланған технологияларын әзiрлеу;

— жүк айналымының көлемiне, кедендiк және кеден маңы инфрақұрылымының даму дәрежесiне сүйене отырып, тауарлар мен көлiк құралдары қозғалысының (автоөтулер) бағыттарының жеткiлiктi және қажеттi санын айқындау;

— шекаралық темiр жол станцияларын өткiзу пунктi ретiнде айқындау;

— кедендiк бақылаудың заңдар мен халықаралық шарттардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi болып табылатын нысандарын қолдану;

— кеден бекеттеріне кеден мәртебесiн беру арқылы нығайтуға, кеңейтуге, жарақтандыруға кiрiсу;

— кедендік ресiмдеу үшiн жедел және сапалы кедендiк ресiмдеу мен бақылау үшiн қажеттi жеке құраммен, техникалық және басқа да құралдармен жасақталған неғұрлым iрi кеден бекеттерін дайындау;

— банктiк, брокерлiк және басқа да қызмет көрсетулердi қалыптастыру;

3-ші. Кадр саясатын жетiлдiру:

— кадрларды iрiктеудiң қазiргi заманғы әдiстерiн енгiзу;

— кадрларды жаңартып-ауыстырып тұрудың жүйесiн қалыптастыру;

— кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру бағдарламасын әзiрлеу;

— ұйымдастыру құрылымдарын оңтайландыру және кадрларды орналастыруды жетiлдiру;

— сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылықтардың алдын алу және қорғау;

— қазiр кеден органдарында қызмет етiп жүрген контингентке баға беру;

— соңғы төрт-бес жылда қызметке алынған қызметкерлерге терең және сапалы талдау жүргiзу, әрбiрiнiң мүмкiндiгi мен қабiлетiн айқындау, кездейсоқ адамдардан арылу;

— кадрларды бастапқы даярлау және қайта даярлаудың жүйесiн құруды қамтамасыз ету, лауазымға iрiктеп алу, даярлау, қайта даярлау, тағылымдама, кеден iсiнiң жоғары және орта басшы буынның бiлiктiлiгiн арттыру үшiн курстар ашу;

— кеден органдарында тиiмдi тәрбие жұмысын құру;

4-ші. Кеден органдарының фискальдық-экономикалық қызметiн жетiлдiру:

— мемлекеттiк бюджетке кедендiк төлемдер мен салықтардың толық түсiмiн қамтамасыз ету;

— Қазақстан Республикасының кеден және басқа да заңдарының сақталуын, кеден ісiн жүзеге асыруда азаматтар мен ұйымдардың заңды құқықтары мен мүдделерiнiң қорғалуын қамтамасыз ету;

— кедендiк-тарифтiк саясатты жетiлдiруге бағытталған нормативтiк-құқықтық актiлердi әзiрлеу;

— кедендiк-тарифтiк реттеу бөлiгiнде кедендiк төлемдер мен салықтарды есепке алудың автоматтандырылған жүйесiн құру негiзiнде мәлiметтер қалыптастырудың бiрыңғай жүйесiне көшу;

— тарифтiк реттеудiң кешендi технологияларын әзiрлеу және енгiзу,

— есепке алудың толық автоматтандырылған жүйесi мәлiметтерiне негiзделген iшiнара таңдап бақылау және тексеру технологияларын алу;

5-ші. Контрабандаға және кеден ережелерiн бұзуға қарсы күрес:

— экономикалық кедендiк құқық бұзушылықтарға қарсы күрес нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру;

— құқық бұзушылықты тергеу әдiстерiн, прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, қаржы полициясы органдарымен және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттiк органдарымен өзара бiрлескен iс-қимыл тетiгiн әзiрлеудi қамтамасыз ету қажет;

— анықтаудан, сондай-ақ кеден және басқа да мiндеттi төлемдерiн төлеуден жалтарып, жасырынып жүрген адамдарды анықтау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;

— контрабандаға және кеден ережелерiн бұзушылыққа қарсы күрес жөнiндегi бөлiмшелердiң материалдық-техникалық базасын дамыту;

— қару-жарақпен, арнаулы құралдармен, байланыс құралдарымен, сондай-ақ қазiргi заманғы iздестiру, криминалистикалық құралдармен және аспаптармен, жедел және арнаулы техникамен қамтамасыз ету;

6-шы. Қазақстан Республикасының кеден органдары мен кеденге қaтысты инфрақұрылымдардың материалдық-техникалық базасын дамыту:

— кеден органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту;

— кеден бекетшілерi мен өту пункттерiн салу;

— Кеден органдарын дамытуды қаржыландыру үшiн қосымша қаражат тарту;

— металлдарды, тастарды, валютаны және құжаттарды, есiрткi және жарылғыш заттарды ажыратып-танитын техникалық құралдарымен жабдықтау қажет;

— PARISCAN X-RAY үлгiсiндегi арнаулы рентген қондырғысын орнату;

— радиобайланыстың Н­-SSВ жүйесiн (жер бедерiне байланысты 100 км дейiн)  енгiзу;

— қолда бар есептегiш техника мен спутник байланысы құралдарының сервистiк қызмет көрсетуiн жақсарту, аумақтық кеден органдарында қосалқы бөлшектер қоймаларын жасау;

— тауарлар мен көлiк құралдарының үдей өсiп отырған ағынын үздiксiз кедендiк ресiмдеудi қамтамасыз ету мақсатында шекарада тиiстi инфрақұрылымдар құру;

— кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбiн қолдана отырып өткiзу пункттерiн, уақытша сақтау қоймаларын және кеден инфрақұрылымының басқа да объектiлерiн ұйымдастыру қажет;

— автокөлiк ағындарына талдау жүргiзу және жүк пен жолаушылар тасымалдарының дамуын болжау;

— кедендiк тексеруге және басқа да бақылау түрлерiне бейiмделген, халықаралық талаптар мен стандарттарға жауап беретiн арнаулы алаңдар мен үй-жайларды, сондай-ақ кеден мен өзге де бақылаушы органдардың қызметкерлерi, сондай-ақ техникалық қызметшiлер үшiн дайындау және салу;

— тауарлар мен көлiк құралдарын, оның iшiнде акцизделетiн өнiмнiң әкелiнуiне бақылауды күшейту;

— тауарлар мен көлiк құралдарын кеден шекарасы арқылы өткiзу кезiнде рұқсат беру тәртiбiнiң сақталуын ұйымдастыру бойынша тиiмдiлiктi арттыру;

— Республиканың мүддесi үшiн стратегиялық маңызды материалдардың әкетiлуiне бақылауды күшейту;

— тауарлар мен көлiк құралдарын республика аумағы бойынша өткiзу кезiнде сыбайлас жемқорлық фактiлерiн болдырмау;

— Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және кеден шекарасын нығайту.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР МЕН НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР:

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл;
  2. Қазақстан Республикасының Кеден кодексі. 2003 жылғы 1 мамыр;
  3. Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2001 жылғы 22 қаңтар N 536;
  4. Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткеруi туралы ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 12 тамыз N 1238;
  5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің төрағасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 30 қаңтар N 133;
  6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң құрылымы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 5 мамырдағы N 786;
  7. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 2001 жылғы 30 қаңтар N 155-II
  8. Алибеков «Таможенное дело в Республике Казахстан» Алматы 1997 год.
  9. Алибеков «Таможенное право» Алматы 1997 год.
  10. Драганов В.Г. «Основы таможенного дела» Москва 1998 год.
  11. Основы таможенного дела: учебное пособие. Выпуск Экономическая деятельность таможенных органов. М.: РИО РТА, 1995. С. 294-295.;
  12. Основы таможенного дела: учебное пособие. Выпуск Развитие таможенного дела в России. М., 1995 г., С. 78.;
  13. Российское таможенное право: учебник для вузов./руководитель авторского коллектива Б.Н. Габричидзе – М.: издательская группа ИНФА, 1997 год. С.1.;
  14. Сәрсенбаев М.А. «Таможенное право» Алматы 1998 год.
  15. Мадиярова Д.М. «Кеден iсiн ұйымдастыру және басқару» Алматы 2000 жыл.
  16. Садықов Е. «Iшкi экономикалық қатер», Ақиқат журналы 1 1998 жыл.
  17. М. Шабанбаев «Қауiпсiздiк бәрiнен де қымбат». Егемен Қазақстан/13 желтоқсан/2000 жыл.
  18. Ү. Құланбай «Кеден-мемлекеттiң шекарадағы сенiмдi қалқаны» Егемен Қазақстан/16 ақпан/2000 жыл.
  19. Н. Назарбаев «Қауiпсiздiкке мән бермеу – нақты қатердi бағаламаумен тең» Егемен Қазақстан/25 ақпан/2000 жыл.
  20. Президенттiң Қазақстан халқына жолдауы. Егемен Қазақстан/2000 жыл.
  21. Б. Балғарина «Қауiпсiздiк тұжырымдамасы болашаққа қызмет етедi» Егемен Қазақстан/ 2 маусым/ 2000 жыл.
  22. С. Мұса «Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық» Егемен Қазақстан/ 11 қазан/ 2000 жыл.
  23. Қазақстан Республикасының Президентiнiң Жарлығы «Қазақстанның 2001-2005 жылдарға арналған экономикалық қауiпсiздiк стратегиясы». Егемен Қазақстан/ 27 ақпан/ 2001 жыл.
  24. Е.О. Алауханов «Есiрткiнi ауыздықтау қауiпсiз қоғамға жол ашу». Үкiмет жаршысы, 1, 2001 жыл.
  25. М. Байгiсиев «Халықаралық эономикалық қатынастар» Алматы «Санат» 1998 жыл.
  26. Н. Әбiқаев «Қазақстан және Еуропалық Одақ: әрiптестiк пен ынтымақтастық». Егемен Қазақстан/24.04.2002 жыл.
  27. М. Садыхан «Орталық Азия бiртұтас экономикалық аймаққа ұмтылады» Егемен Қазақстан/16.06.2000 жыл/.
  28. Л. Матақбаева «Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Ммелекеттер Достастығындағы интеграциялық саясаты турал». Ақиқат журналы, 3, 1999 жыл.
  29. М. Нүкенов «Экономикалық қауiпсiздiк күзетiнде». Егемен Қазақстан, 2001 жыл.
  30. Ә. Дүйсенбек «Бiрiккен Ұлттар Ұйымы және Қазақстан». Егемен Қазақстан/06.02.2001 жыл./
  31. В. Пресняков «Экономическая безопасность: таможенные методы и средства обеспечения». Внешняя торговля, 1995 год, 12.
  32. Аграшенков А.В. Психология в таможенном деле. СПб.: «ПиК», 1995 год.;
  33. Асанов А.М. Циклическое развитие управленческой мысли. – В кн.: Материалы V Международной конференции «Циклы природы и общества». Ч. 1. Ставрополь, 1997 год. С. 382.;
  34. Бякин Г.И., Воронин Ю.Н., Кулешова А.В., Нарышкин Е.М. Перемещение товаров физическими лицами через таможенную границу РФ. СПб., С.- Петербургский филиал РТА, 1998. С. 67-69;
  35. Венская конвенция о договорах международной купли-продажи товаров: комментарий. М.: издательство фирмы Гардарика, 1996. С. 303;
  36. Ершов А.Д. Управление экономической безопасностью в таможенном деле: материалы научно-практической конференции «Таможенная деятельность и обеспечение экономической безопасности государства» Ростов на – Дону: Ростовский филиал РТА, 1998 год. С. 48-51;
  37. Ершов А.Д. Основы управления и организации в таможенном деле. Учебное пособие. Санкт-Петербург 1999 год.
  38. Зачесова Г.М. Курс лекций «Экономика таможенного дела» Учебное пособие СПб., 1997 год. С.54.;
  39. Кисловский Ю.Г. Контрабанда: история и современность. М. Автор, 1996. С. З.;
  40. Петров Ю.М., Кудрявцева И.В. Практика таможенного регулирования. М. Автор, 1994.;
  41. Съедин С.И. основы управления: курс лекции. М.: РИО РТА, 1996. С. 101-103;
  42. Дюмулен И.И. Всемирная торговая организация. М.: ТППРФ, 1997 год;
  43. Демченко А.А. О применении программно – целевого управления в таможенной службе: тезис докладов международной научно-практической конференции «регулирование ВЭД и экономика таможенной политики России» от 22-23 октября 1996 г. .М.: РИО РТА, 1996. С. 171-173;
  44. Ершов А.Д. Генезис и эволюция таможенного дела // Учен. зап. С.-Петербургского филиала РТА, 1998. № 5. С. 8-27;
  45. Лозбенко Л.А. Стртегия Всемирной таможенной организации (ВТО) по модернизации таможенных служб мира: Материалы заседания «круглого стола» «Актуальные проблемы современной таможенной политики России» от 14.12.1995. М.: РИО РТА, 1995. С. 65-66.;
  46. Беляшов В.А. «Таможенный энциклопедический справочник» Краснянский И.Ю. ред. басшылығымен, Минск 1998 жыл;
  47. Ғ.Қасымов «Таможенная политика – составная часть государственной политики», ФЕМИДА, 1998 жыл, 3;
  48. Ғ.Қасымов «Казахстану нужна единая тарифно-таможенная политика» Вестник по налогам и инвестициям, 1998 жыл., 11-12 беттер;
  49. Тенлибаев Н. «Снижение пошлины: вести о таможне», Сегодня, 1998 жыл;
  50. Бекбосунов И. «Ответственность за нарушение таможенных правил», Внешнеэкономическая деятельность, 2001 жыл., 1;