АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Кеден органдарының кедендiк бақылау

Мазмұны

 

Кiрiспе  …………………………………………………………………………………………….   4

 

  1. Кедендiк транспорт түрлерiн бақылау ерекшелiктерi…………………… 6
    • Кедендiк бақылау органдарының түсiнiгi және қызмет……………….     6
    • Кедендiк бақылау – транспорттық түрлерiн реттеу ………………………. 10
    • ҚР-ң тауарлар мен көлiк құралдарының жеткiзiлiуiн бақылау………. 16

 

  1. Кедендiк бақылаудың қызметiн сараптау әртүрлi көлiк құралдарын..20

2.1 Кедендiк сараптама – кедендiк транспорттық бақылауды жүзеге асырудың арнаулы құралы…………………………………………………………………………      20

2.2  Кедендiк бақылауға қатысты қосымша жағдайлар    ……………………..      23

2.3  Кедендiк бақылау жүргiзудiң нысандары мен тәртiбi ………….………   27

 

  1. Кедендiк бақылаудың ерекше мәселелерi…………………………………… 33

3.1 Экспорттық бақылау саласындағы  кедендiк бақылау   ………………….     33

3.2  Кедендiк бақылау жүзеге асыру …………………………………………………..     38

 

Қорытынды   ………………………………………………………………………………….  46

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі   ……………………………………………………   47

 

 

Кiрiспе

 

Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы саясытының құрамдас бөлiгi болып табылатын бiрыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады.

Кеден саясаты өз өкiлеттерi шегiнде Қазақстан Республикасының орталық артқарушы органдарының қарауына жатады. Бітіру жұмысының өзектілігі осымен анықталады.

Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды ынталандыру және экономикалық мүдделерiн қорғау, тиiмдi кедендiк бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өзге де мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негiзгi мақсаттары болып табылады.

Осы бітіру жұмысымның мақсаты кедендік бақылау туралы әрекеттегі Қазақстан заңдарын талдай отырып, кеден құқығының негізгі институтының бірі – кедендік бақылау табиғатын анықтау және айқындау.

Мақсаты: Кеден саласындағы, алғашқы заңды актiнiң (1991 жылғы 24 желтоқсандағы “Кеден тарифтерi мен баждары туралы заң”) баптары, негiзiнен, халықаралық құқық нормаларына сүйенедi. Осы кездегi ұлттық заңдар кеден саясаты проблемасына қатыссыз, жергiлiктi кеден iстерiн шешетiн Үкiмет қаулылары мен Кеден комитетiнiң ведомствалық актiлерiнде көрсетiлген.

Бітіру жұмысында Қазақстандағы кеден органдарының кедендiк бақылау қызметi  кеден iсi ретiнде және кеден саясаты, соған сәйкес құқықтық қатынастар түрiндегi iшкi және сыртқы саясатының құрамдас бөлiгi ретiнде қарастырылды. Кедендiк бақылау бүгiнгi күнгi қабылданатын саяси және жеке мүдделер тұрғысынан қарастырылды және кеден iсi мен кеден саясаты негiзгi институт және қолданыстағы құқығы ретiнде кедендiк бақылау қызметiнiң қазiргi жағдайын және тұтас алғандағы кеден саласының мәселерiн байланыстыра жаздым.

Кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларға қолданылатын бiрыңғай кедендiк төлемдер жүйесiн алу жолымен iске асырылатын кеден саясатын мемлекетiмiздiң сыртқы экономикалық қызметiнiң бiр бөлiгi, ретiнде қарастыра отырып, жалпы мәселерiнiң, кеден саясатының мақсаттары мен кеден iсiнiң жөнге қойылуының және кеден саласының маңыздылығын диплом жұмысынан көруге болады.

Кедендiк бақылау кедендiк рәсiмдеудiң жалпы мәселерiн құрайды. Бақылау кеден органдарына жүктелген маңызды талаптардың негiзгiсi.

Кедендiк бақылауды мемлекеттiк ретке келтiру мәселерiне кеден саласы, кеден саясаты, кеден iсi, кедендiк әкiмшiлiк ету, кеден заңдылықтарының нормаларын Қазақстанның басқа заңдылықтарымен сәйкестендiру (қолданыстағы iшкi құқықтық үйлестiру), құқық қолданушылық тәжiрибесiнде сәйкес мамандарды кәсiби дайындау, қоғамдағы құқықтық механизмдi жою жатады. Кеден iсi және кеден саясаты негiзгi институт және қолданыстағы құқығы ретiнде мемлекеттiң осы сала қызметiнiң қазiргi жағдайын және тұтас алғандағы кеден саласының мәселерiн көрсетедi.

Бұл жағдайда Республиканың егемендiгiн, қауiпсiзiдiгiн, экономикалық мүдделерiн қорғайтын кеден саласындағы мемлекет қызметiмен байланысты қоғамдық қатынастарды зерттеуге қажеттi саласы кеден құқығының пәнi болып табылады.

Мемлекеттiк құқықтық реттеуге жататын кеден саласымен байланыс, қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк, сыртқы экономикалық қызмет, табиғи монополия, экология, көлiк және басқада салаларды айтуға болады.

Бітіру жұмысы кiрiспе бөлiмнен, үш тараудан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Кедендiк транспорт түрлерiн бақылау ерекшелiктерi.

 

  • Кедендiк бақылау органдарының түсiнiгi және қызмет

 

 

Еуразия құрлығының үлкен бөлігінде 80-жылдардың аяғы 90-жылдардың басында тоталитарлық империя — КСРО- ның қирауы, оның аумағында жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы процесі жүріп жатты. Бұл өте күрделі процесс болып, белгілі бір мерзімді қамтыды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі құқықтық негіздің жасалуы оның КСРО құрамында болған дәуірінен басталды. 1990 жылы жарияланған «Қазақстан Советтік Социалистік Республиканың мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы» және 1991 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы мемлекеттік тәуелсіздігінің құқықтық негіздерін қалады.

    Сонымен әлемнің геосаяси картасында жаңа тәуелсіз Қазақстан мемлекеті пайда болды. Қазақстан Республикасының Конституциясында биліктің негізгі көзі  оны мекендеуші, өз атамекенінде мемлекеттік биліктің қайнар көзі оны басқа да ұлттық топтар болып табылады. Қазақ мемлекеттілігінің өркендеуінің басты бағыты Қазақстанда өмір сүретін халықтардың егемендігін, тәуелсіздігін, жер аумағын қорғау, елдің экономикалық өркендеуіне жол ашып халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесіне айналдыру.

Әрбір мемлекет өзінің мәні мен бағытына сәйкес, өз құқық жүйесін және де сол құқық жүйесіне негізделген мемлекеттік басқару органдары құрылымын қалыпстастырады. Өз мемлекеттілігін қайта қалпына келтірген тәуелсіз Қазақстан да жаңа құқық негізде жұмыс істейтін мемлекеттік басқару органдарын қалыптастыра бастады. Сол мемлекеттік атқарушы билік органдарының маңызды бір буыны- кеден органы .

    Кеден органы қазіргі заманғы мемлекеттік басқарудың буыны болғандықтан өзінің нақты қызмет ету аумағына, өз құзіретіне ие болып отырады. Және, қазіргі жалпы әлемдік ғаламдану процесі жүріп жатқан кезеңде мемлекеттік басқару  жүйесіндегі кеден органның маңызы мен мәні артып, оған жүктелетін қызметтің де түрі мен бағыты үнемі өзгеріп, түптеп келгенде «кеден органы» түсінігінің өзі жаңаша мәнге ие болуда.

    Әрбір басқару органының мемлекеттік механизмі құрамында белгілі бір саланы басқаруда туындаитын қажеттілікке байланысты құрылатыны белгілі.

    Кеден органдарын құрудағы басты мақсат—мемлекеттің кедендік егемендігін қорғау, мемлекеттік дербес кеден саясатын жүргізу десек, «кедендік егемендік» ұғымы аясына кең ауқымдағы міндеттер мен мақсаттар енетінін байқауға болады.

    Жалпы, егемендік (суверенитет-француздың «souverainete» сөзінен – жоғары билік деген ұғымды білдіреді). Мемлекеттік биліктің халықаралық қатынас саласындағы тәуелсіздігін, сондай-ақ ел ішіндегі өзге де биліктерден тәуелсіздігін, әрі үстемдігін білдіреді десек, кеден органдары мемлекеттік басқару механизмінің бір бөлігі ретінде өзіне белгіленген құзіреттілік аумағында монополистік үстемдік жүргізеді.

“Қазақстан Республикасының Кеден Кодексiнде” Қазақстан Республикасының кеден саясатының мақсаты келесідей айқындалады:

  • Қазақстан нарығын қорғау;
  • Қазақстан өндірушілері мен тұтынушыларын қорғау;
  • Экономиканың дамуын ынталандыру;
  • Экономикада құрылымдық қайта құру жүргізуге жәрдемдесу;
  • Бәсекені ынталандыру және монополизмге қарсы әрекет ету;
  • Экспортты көтермелеу және импортты алмастыратын өндірісті ынталандыру;
  • Шетел инвестициясын тарту;
  • Сауда саясаты міндеттерін шешу;

 Бұл мақсаттар мемлекеттін кеден саясатына жатады. Кеден саясаты- мемлекеттік саясатын маңызды буыны. Ол заңдар, басқа да құқықтық нормативтік актілер, ұйымдастыру шаралары арқылы жүзеге асады. Демек, мемлекеттік кеден саясатының іске асырылу жолдарын, бағыт-бағдарын Президент, Парламент, Үкімет, т.б. басқару органдары анықтайды. Мемлекеттік кеден саясатының ең негізгі атқарушы құралы ретінде іс-әрекет жасайтын кеден органдарының нақты іс-әрекет аумағы мен міндеттері де үлкен. Ол құралдарының қозғалысына кедендік бақылау жасайды, келісім-шарт жасасқан тараптардың кедендік аумақтары шеңберінде экспорт және импорт операцияларына, валюта қозғалысына бақылау жасайды; елдің заңдары белгіленген мөлшерде кедендік баждар, төлемдер, алымдар алып отырады, мемлекеттік кеден заңдарын бұзған заңдық және жеке тұлғаларға жауапкершілігінің шегін белгілейді. Осы міндеттерінің бәрін атқару үшін арнайы мемлекеттік орган — кеден органы құрылып, ол мемлекеттік механизмнің құрылымдық элементтерінің бірі ретінде биліктік және мәжбүрлеушілік өкілеттікке ие болады.

    Б.Н.Габричидзе мен Н.А.Сусловтың пікірі бойынша, кеден органдары атқарушы билікттің органдарының бір түрі, мемлекеттік басқару жүйесінің буыны болып табылады, [1 бет]. «Заңдық түсініктер (категориялар) заңдық құбылыстың мәнін ашатын қысқа анықтаулар түрінде қалыптастырылады»

деп жазады С.А Комаров. Ал кеден органдары түсінігін  анықтағанда оны мемлекеттік органдарының құрамдас бөлігі ретінде қарастырсақ, 2000 жылдың 27 қарашасында жарық көрген «Әкімшілік процедуралар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабында: “Мемлекеттік орган деп Конституция, заңдар, басқа да нормативтік құқықтық актілер бойынша мемлекеттің атынан төмендегі функцияларды атқаруға:

  • баршаға бірдей міндетті жүріс-тұрыс тәртібін анықтайтын актілерді басып шығаруға;

—   әлеуметтік мәні бар қоғамдық қатынастарды басқаруға және реттеуге ;

  • мемлекет орнатқан баршаға бірдей міндетті жүріс-тұрыс сақталуын бақылауға;

—  өкілеттік алған мемлекеттік мекемені түсінеміз — деп атап көрсетілген.

   Кеден орган түсінігі және оның өзге де мемлекеттік орган жүйесіндегі орны туралы сөз болғанда, бұл органның басқарылуы – яғни, белгілі бір министрліктердің, әдетте, қаржы, кіріс немесе күштеу ведомстволары құрамына енуі немесе Президентке, Үкіметке тікелей бағынып, жеке орган бағыныштылығы мәселесі оның атқаратын дәстүрлі (экономикалық, реттеушілік, фискалдық, құқық қорғаушылық, т.б.) қызметінің қайсысына мемлекеттік тұрғыдан басым мән беріліп отырғанын көрсетеді. Қазақстан Республикасының Кеден органдары Мемлекеттік Кіріс министрлігінің қарамағында да жұмыс істеп келді. Сол кездері кеден органдарының іс-әрекетінің экономикалық бағытына басты мән беріліп, оның құқық қорғаушылық, мемлекеттің кедендік шекарасын қорғау, миграциялық саясат ісіне қатысу мәселелері 2-ші кезекте қаралып отырылды. Жалпы, Кіріс министірлігінің қарамағында болғанда мемлекеттік бюджетті толтыру, экономикалық субъектілерден өндірілетін төлемдерді, кірісті көбейтуге зор маңыз берілуі 1997-1998 жылдардағы алдымен әлемдік экономиканы, соңынан Қазақстан экономикасын жайлаған ауыр дағдарыстан, сол себепті бюджетке түсетін кірістің күрт азаюынан туындаған қадам деп ойлаймыз.

    Ресей Федерациясында мемлекеттік Кеден Комитеті Федерациялық атқарушы билік жүйесінде жеке іс-әрекет ететін орган болып, Ресей Президенті мен Үкіметтің басқаруымен жұмыс істейді. Қазақстанның төңірігіндегі қалыптасқан геосаяси жағдайларды, сондай-ақ қазіргі мемлекетіміздегі экономикалық даму бағыттарын (отандық кәсіп орындарды өркендету, өзімізде өндірілетін тауарды көбейту, т.б.) есепке алатын болсақ, Қазақстанда жұмыс істейтін жеке ведомство ретінде ұйымдастырылғаны дұрыс болғаны.

    Кеден органдары өзінің міндеттерін басқа да мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып атқарады. Айталық кеден органдарының валюта бақылау қызметін Республикалық Ұлттық Банкімен, жалпы банк жүйесімен бірлесе отырып атқарады. 1999 жылдың 5 ақпанынан бастап өз күшіне енген «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюта бақылауын ұйымдастыру туралы» Нұсқаулықтың 6 пунктінің 1-тармақшасында «Қазақстан Республикасындағы валюта бақылауын валюта бақылау органдары мен агенттері әрекеттегі заңдарға сәйкес өз құзіреті шеңберінде іске асырады» делінген.

    Кеден органдары елдің миграциялық саясатына да қатысуы мүмкін. Републиканың Ішкі Істер министрлігінің Төлқұжат жұмысы және рұқсат қағаздарын беру мен тіркеу бөлімдері кеден ережелерін бұзған адамдардың мемлекет шекарасы арқылы сыртқа кетуіне және келуіне шектеу қоюға құқылы.

    Қорыта айтсақ, кеден органдары қазіргі заманғы мемлекеттік басқару механизмнің маңызды буыны болып, атқарушы билік органдары жүйесінде елдің тәуелсіздігі мен егемендегін қорғауға қызмет етеді.

   Кеден органдары алдына қойылатын міндеттер мемлекеттің ішкі сыртқы экономикалық, саяси мақсаттармен тығыз байланысты болып, белгілі кезендегі стратегиялық және тактикалық мақсаттрға сай өзгеріп отыруы мүмкін.

    Кеден ісін, кеден саясатын жүргізу мемлекеттің монополиясы болып, ол негізінен кеден органдары арқылы жүзеге асырылады және кеден органдары өз іс-әрекетін тек мемлекеттік басқару шеңберінде ғана жүргізеді.

    Кеден органдары Конституцияда белгіленген заң шығарушы органның, Президенттің заң дәрежесіндегі норматтивттік және тиісті ведомстволар мен Үкіметтің заңға тәуелді нормативттік актілеріне, қаулы, ережелеріне сай іс-әрекет жасайды.

    Сондай-ақ, кеден органдары «Кеден Кодексiне» сәйкес азаматтар мен мемлекеттің алдында Республиканың экономикалық егемендігін және экономикеалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша, жеке тұлғалардың заңды құқықтары мен мүделерінің сақталуы, сондай-ақ олардың кеден ісі саласында өз міндеттерін орындауын қадағалау бойынша жауапкершілік жүктелген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Кедендiк бақылау – транспорттық түрлерiн реттеу

Кесте 1. Көлік түрлері.

Кесте 2. Теңіз көлігінің артықшылықтары мен кемшіліктері.

 

 

 

 

Кесте 3. Өзен көлігінің артықшылықтары мен кемшіліктері.

 

 

 

Кесте 4. Автокөліктің артықшылықтары мен кемшіліктері.

 

Кесте 5. Әуе көлігінің артықшылықтары мен кемшіліктері.

Кесте – 6 Экспортты – импорттық операциялар

 

Жылдар

Экспорт

Импорт

1

2

3

2002

3757

524

2003

5432

758

2004

7891

903

2005

9008

1004

2006

10908

1767

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3  ҚР-ң тауарлар мен көлiк құралдарының жеткiзiлiуiн бақылау

 

Кедендiк бақылау белгiленген тәртiп пен нысандар негiзiнде  кеден органдары жүзеге асыратын iс-әрекет.

Кедендiк бақылау ұғымы Кодексте былай мәтiнделген “Кедендiк бақылау – Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарын сақтау бойынша Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын, орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген шаралардың жиынтығы” [2 бет].

Кеден заңының маңызды бөлімдерін құрайтын кеден құқығының  институтына кеден рәсімдеуі мен кеден бақылауын жаткызуға болады.

Кедендік рәсімдеуі нақты анықталмаған кеден режимі бойынша тауарлар мен көлік құралын тасымалдау мақсатындағы әрекеттерді жүзеге асыру мен осы рәсімдеуді кеден заңына сәйкес аяқтауды білдіреді.

Қазақстанның кеден шекарасы арқылы өткізілетін барлық тауарлар мен көлік құралдары кеден бақылауына жатады. Ол белгіленген ережелер бойынша жүргізіледі.

Құжаттар мен мәліметтерді тсксеру, тауарлар мен көлік құралдарын тексеру, жеке тексеріс, тауарлар мен көлік қүралдарының есебі, ауызша сұрау алу, есеп пен есеп беру жүйесін тексеру, коймалар ғимаратын және кеден бакылауына жататын тауарлар мен көлік кұралдары орналасқан басқа да орындарды (адам өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге қауіпсіз және тауарлар мен көлік құралдарына зиян келтірмейтiн техникалық құралдарды қолдану арқылы) тексеру — кеден бақылауының түрлері болып табылады.

Кеден рәсімдеуі кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарының зандылығын анықтайды және бекітуте жол береді, тәртіптерін және оның сақталуын анықтайды, басқа да шаралар сыртқы сауда мәмілесінің заңға сәйкестігін нақтылайды және кеден бақылауын өткізуді қамтамасыз етеді.

Кеден бақылауының мақсаты – экспорттық ақша түсімдерінің өз уақытында түсуін және толықтығын қамтамасыз ететін, сондай-ақ импорт мақсатында валюта қаражатын заңды және негізделген түрде пайдалануды қамтамасыз ету болып табылатын кеден органдарына жүктелген валюталық бақылаумен қатар жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін барлық тауарлар мен көлік қүралдары кедендік бақылауға жатады.

Кедендiк бақылау жүргiзудi  кеден органдарының лауазымды тұлғалары жүзеге асырады. Оған жататындар:

  • Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарын бақылау;
  • Тауарлар мен көлiк құралдары туралы кедендiк декларацияны, құжаттарды және мәлiметтердi тексеру;
  • Кедендiк қызмет көрсетушi тұлғалардың қызметiн бақылау;
  • Тауарларды пайдалануға және оларға билiк етуге белгiленген шектеулердiң сақталуын бақылау;
  • Кедендiк төлемдердi және салықтарды есептеуге және төлеуге қатысты кедендiк бақылау жүргiзедi.

Кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдары     Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өткен кезден бастап және еркін
айналыс үшін шығарылғанға, жойылғанға, мемлекеттің пайдасы үшін тауардан бас тартқанға не оларды мемлекеттік меншікке айналдырғанға, тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік
шекарасынан тысқары жерлерге нақты шығарғанға дейін кедендік бақылауда
болады.

Қазақстандық тауарлар мен көлік құралдары оларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету кезінде кедендік декларацияны берген немесе тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетуді жұзеге асыруға тікелей бағытталған өзге де әрекеттер жасаған кезден бастап Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өткенге дейін кедендік бақылауда болады.

Кеден органдары тұлғалардың қазақстандық тауарлар мен көлік құрал-
дарын не оларды қайта өңдеу өнімдерін Кеден Кодексiнде айқындалған тәртіппен кедендік режимдердің талаптарына сәйкес қайта әкелу туралы міндеттемелерін орындауына кедендік бақылауды жүзеге асырады.

Кеден органдары Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан кеден органының рұқсатынсыз шығып кеткен көлік құралдарын тоқтатуға, сондай-ақ теңіз, ішкі су және әуе кемелерін мәжбүрлеп қайтаруға құқылы. Бұл орайда шетелдік кемелер мен басқа мемлекеттердің аумағындағы кемелерді ұстау (қайтару) жөніндегі әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес жүргізіледі.

Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кедендік бақылауды жүзеге асыруға құқылы.

Кедендік бақылауды жүргізу принциптерi:

  • iрiктеу принципі;
  • Қазақстан Республикасының кеден заңдарының сақталуын қамтамасыз ету принципi.

Кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдары Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болып табылатын кедендік бақылау нысандарын пайдаланады.

Кедендік бақылау нысандарын таңдау кезінде тәуекелдікті бағалау мен басқару пайдаланылады. Қажет болған жағдайда кеден органдары кедендік бақылаудың барлық нысандарын пайдалана алады.

Кедендік бақылау кедендік бақылау аймағында, сондай-ақ тауарлар, келік құралдары және олар туралы мәліметтер, оның ішінде электронды нысандағы мәліметтер бар құжаттар орналасқан, кеден органдары айқындайтын басқа да орындарда жүзеге асырылады.

Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру, және (немесе) кедендік тексеріп қарау арқылы кедендік бақылауды жүзеге асыру, оларды сақтау және кедендік қадағалаумен өткізу мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы бойында, кедендік ресімдеу, алдын ала операцияларды жүргізу орындарында, тауарларды қайта тиеу, оларды тексеру және кедендік тексеріп қарау орындарында, кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын уақытша сақтау, тұрақ орындарында, кеден қоймаларында, арнайы экономикалық аймақ аумағында, еркін қоймаларда, бажсыз сауда дүкендерінде, кеден органдары орналасқан орындарда кедендік бақылау аймақтары құрылады.

Кедендiк бақылау аймақтары тұрақты  немесе уақытша  құрылуы мүмкiн.

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен
келік құралдарын өткізуші не бақылауы кеден органдарына жүктелетін қызметті жүзеге асырушы тұлғалар кедендік бақылау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ауызша және (немесе) жазбаша, және (немесе) электронды нысанда кеден органдарына беруге міндетті.

Кедендік бақылауды жүргізу үшін кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан жүзеге асырылатын экспорттық және импорттық мәмілелер бойынша ақша операциялары туралы мәліметтер  мен анықтамалар алуға құқылы.

Тауарлар мен келік құралдары шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсатында кеден органдары осы тауарлармен және көлік құралдарымен жасалатын сыртқы экономикалық операцияларға қатысты, ал Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарлар мен көлік құралдарына, сондай-ақ осы тауарлармен және көлік құралдарымен жасалатын кейінгі операцияларға қатысты коммерциялық құжаттарды, бухгалтерлік есеп пен есептіліктің қүжаттарын және басқа да ақпаратты, оның ішінде эпектронды нысандағы ақпаратты декларанттан немесе тауарлармен және келік қүралдарымен жасалатын операцияларға қатысы бар немесе көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге иелік етуші кез келген тұлғадан сұратуға және алуға құқылы.

 Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, салық қызметі органдары және өзге де бақылаушы органдары, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, ұйымдарды тіркеуді жүзеге асыратын органдар, нотариустар кеден органдарының сұрау салуы бойынша оларға кедендік бақылау үшін қажетті қолда бар мәліметтер туралы хабарлауға міндетті.

Тұлғалар және кеден органдары кедендік бақылау үшін қажетті құжаттарды тауарлар мен көлік құралдарының кедендік бақылауда болуы аяқталған кезден бастап кемінде бес жыл сақтауға тиіс. Кеден брокерлері мен кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де тұлғалар қүжаттарды осындай тауарлармен кедендік операциялар жүргізілген жылдан кейін бес жыл бойы сақталады.

Кедендiк бақылау және қарау мерiзiмдерi. Кедендік ресімдеу, алдын ала операциялар және өзге де кедендік рәсімдер кезінде кеден органдары кедендік декларацияның ресімделуінің дұрыстығына және ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру үшін қажетті іс -әрекеттер жасайды.

Кедендік декларацияны, құжаттарды тексеруді және тауарлар мен көлік
құралдарын кедендік тексеріп қарауды, ал тауарларды алдын ала, уақытша
декларациялау кезінде жүктің кедендік декларациясы мен құжаттарды тексеруді кеден органдары тауарларды шығару үшін қажетті барлық құжаттар табыс етілген жағдайда, кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.

Аталған мерзімді — жүктің кедендік декларациясын қабылдаған кезден бастап он жұмыс күніне дейін, ал тауарларды теңіз, ішкі су көлігімен тасымалдау кезінде жиырма жұмыс күніне дейін ұзартуға декларантқа тапсырылатын кеден органы басшысының ұзарту себептері кәрсетілген жазбаша рұқсатымен жол беріледі.

Тауарлар шығарылғанға дейін кеден органдары тауарлардың атауының,
шыққан жерінің, саны мен құнының жүктің кедендік декларациясында және
кедендік мақсаттар үшін пайдаланылатын құжаттарда керсетілген мәліметтерге сәйкестігін анықтау үшін қажетті операциялар жүргізеді. Егер кеден органдарына тауарлардың олар туралы мәліметтерге сәйкестігін анықтау үшін қажетті операцияларды жүргізуге мүмкіндік бермейтін бір тауар легінде түрі мен атауы әртүрлі тауарлар ұсынылса және мұндай тауарларға қатысты оларды жеке орап-түю орындарына бөлу жүргізілмесе, тауарлардың орамаларына таңбалау жасалмаса және тауарлардың ілеспе құжаттарында орап-түю және таңбалау туралы мәліметтер жазылмаса, мұндай тауарларды кедендік тексеріп қарау мерiзiмі қажет болған жағдайда, кеден органы басшысының жазбаша рұқсатымен тауарлар легін  жекелеген тауарларға бөлу үшін қажетті уақытқа ұзартылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Кедендiк бақылаудың қызметiн сараптау әртүрлi көлiк құралдарын.

 

2.1 Кедендiк сараптама – кедендiк транспорттық бақылауды жүзеге асырудың арнаулы құралы

 

 

Сараптама – арнаулы бiлiмдi талап ететiн қандайда бiр мәселенi зерттеу. Сараптама объектiлерiне заттар, құжаттар, адамның денесi және жануарлар, сараптамалық зерттеулер үшiн алынатын үлгiлер, сонымен қатар iс қажетiне жататын мәлiметтер жатады.

Кедендік сараптаманың мақсаты Қазақстан Республикасының кедендік
шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың сапалық құрамын анықтау үшін,
олардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес
дұрыс жіктелуі үшін зерттеу жүргізу болып табылады.

Мына жағдайларда кеден органдары сараптама тағайындауы мүмкiн:

  • кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асырған;
  • алдын ала шешім қабылдаған;
  • кеден ісі саласында құқық бұзушылықтар анықталған;
  • тауардың сапалық құрамын айқындауы мүмкін болмаған кезде.

Кедендік сараптаманы кедендік зертханалардың сарапшылары жүргізеді.
Кедендік сараптаманы жүргізу  негiздерi:

  • кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау сатысында немесе алдын ала шешім қабылдау кезінде, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өтініштері бойынша — кедендік сараптамаға жолдама;
  • кеден ісі саласындағы құқық бұзушылыкггар бойынша — кедендік сараптама тағайындау туралы қаулы.

Жолдамада не қаулыда мыналар көрсетiледi:

  • кедендік сараптама жүргізу үшін негіздеме;
  • кедендік сараптама жүргізілуге тиіс кеден зертханасының атауы;
  • сарапшының алдына қойылған мәселелер;
  • сарапшының қарауына берілетін материалдар тiзiлiмi.

Жолдама не қаулымен декларант таныстырылады. Оған құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiледi. Декларант танысқандығы туралы белгi соғады немесе қол қояды.

Кеден органдары кеден зертханаларында сараптама жүргізу мақсатында тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға қүқылы. Сынамалар мен үлгілер оларды іріктеп алу нормаларын көздейтін нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес зерттеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін
ең аз мөлшерде алынады. Кедендік бақылаудағы тауарлардың сынамалары
мен үлгілерін іріктеп алу туралы белгілеген нысан бойынша акт жасалады.

Декларант кеден органдарының лауазымды адамдары тауарлардың
сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуы кезінде қатысады. Декларант кеден
органдарының лауазымды адамдарына тауарлардың сынамалары мен
үлгілерін іріктеп алу кезінде жәрдем көрсетуге, оның ішінде сынамалар мен
үлгілер іріктеп алу үшін қажетті жүк және өзге де операцияларды өз есебінен
жүзеге асыруға міндетті.

Тауарлар берілгеннен кейін күнтізбелік он күннен соң декларант келмеген жағдайда, сондай-ақ кейінге қалдыруға болмайтын жағдайлар кезінде кеден

органдары декларант жоқ кезде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуы мүмкін. Мұндай жағдайда тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу туралы акт жасай отырып, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу екі куәгердің қатысуымен жүзеге асырылады.

 Сынамалар мен үлгілер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жойылуға немесе кәдеге жаратылуға жататын жағдайларды қоспағанда, кедендік сараптама аяқталған соң сынамалар мен үлгілер декларантқа қайтарылады.

Кедендік сараптама кеден зертханасының үй-жайында да, егер бұл зерттеу сипаты бойынша қажет болса не зерттеу объектісін сараптауға жеткізу мүмкін болмауына байланысты, одан тысқары жерлерде де өткізіледі. Сарапшы кеден зертханасы басшысының жазбаша өкімі бойынша ғана кедендік сараптаманы жүргізуге кіріседі.

Кедендік сараптаманың нәтижесі бойынша сарапшының қорытындысы
беріледі.

Сарапшының құқықтары:

  • егер қойылған мәселелер өзінің құзыретіне жатпаса, сараптама жүргізу-
    ден бас тартуға;
  • өзінің құзыретіне кірмейтін сұрақтарға жауап беруден бас тартуға;
  • кедендік сараптама жүргізу үшін қажетті қосымша материалдар табыс
    ету туралы өтініш беруге құқылы.

Сарапшының міндеттері:

  • кедендік сараптамаға қатысты материалдармен танысуға;
  • сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кедендік сараптама
    мәселелері бойынша консультациялар беруге;
  • бұл тұрғыда мәселе қойылмаған, іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы
    ой-пікірін қорытындыға енгізуге;
  • кедендік сараптамаға ұсынылған тауарлардың сынамалары мен үлгілеріне зерттеу жүргізуге және зерттеулердің нәтижелерін толық, жан-жакпы және объективті бағалау негізінде қорытынды беруге;
  • іс жүргізуінде немесе қарауында кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар туралы іс бар тұлғаның шақыруы бойынша өзі берген қорытындыны түсіндіру немесе толықтыру үшін келуге;
  • кедендік сараптама нәтижесінде алынған мәліметтерді жария етпеуге.

Сарапшы өзінің міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Сарапшы қорытындыны жазбаша нысанда өзінің атынан береді. Сарапшының қорытындысында өзі жүргізген зерттеулер және қойылған
сұрақтарға негізді жауаптары жазылады.

Күрделі сараптамалық зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда
кеден зертханасы басшысының шешімі бойынша комиссиялық сараптама
жүргізіледі, ол бір мамандықтағы бірнеше сарапшыға тапсырылады. Сарапшылар арасында келіспеушілік болған кезде олардың әрқайсысы немесе бір бөлігі жеке қорытынды беруге құқылы.

Кедендік сараптамаларды өз құзыреттерінің шегінде әр түрлі мамандықтағы сарапшылар жүргізу қажет болған жағдайда, кешенді сараптама тағайындалады. Әр сарапшы қорытындының өзі кедендік сараптама жүргізген бөлігіне қол қояды.

Табыс етілген материалдар бойынша қорытынды беру мүмкін болмаған
кезде сарапшы кеден сараптамасын тағайындаған кеден органына бұл туралы, бас тарту дәлелін көрсете отырып, жазбаша хабарлайды.

 Жаңадан ашылған жағдайлар бойынша қосымша кедендік сараптама
тағайындалады. Қосымша кедендік сараптама жүргізу бастапқы сараптаманы
орындаған сарапшыға немесе басқа сарапшыға тапсырылуы мүмкін.

Қайталап жүргізілетін кедендік сараптама алдыңғы қорытындыға декларант шағымданған жағдайларда сол объектілерді зерттеу және сол мәселелерді шешу үшін тағайындалады. Қайталап жүргізілетін кедендік сараптаманы тағайындау кезінде жолдамада немесе қаулыда алдыңғы сараптама нәтижелерімен келіспеу себебі көрсетілуге тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Кедендiк бақылауға қатысты қосымша жағдайлар

 

 

Кедендiк бақылау жүргiзуде заңдарда көзделген қосымша шаралар белгiленген. Оларға кедендiк бақылаудың белгiлi бiр нысандарын қолданудан босату; тұлғалар туралы ақпарат жинау; техникалық құралдарды пайдалану;бақылау жүргiзу уақытының талаптарын сақтау;заңсыз зиян келтiрмеушiлiкке жол бермеушiлiк т.б. жатады.

Кеден органдарының кедендік бақылаудың белгілі бір нысандарын қоланудан босатуы тек қана Кеден  Кодексiнде белгіленеді. Осыған сәйкес кедендік бақылаудың белгілі бір нысандарын қолданудан босатылатындар:

  • Қазақстан Республикасы Президенті;
  • Қазақстан Республикасы Президентімен бірге жүретін оның отбасы мүшелері.

Қазақстан Республикасы шекарасынан қызметтiк мiндеттерiн немесе депутаттық өкiлеттiктерiн орындауға байланысты өтетiн тұлғалардың iшiнде кедендік бақылаудың белгілі бір нысандарын қолданудан босатылатындар:

  • Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;
  • Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы;
  • Қазақстан Республикасы Парламенті МәжілісініңТөрағасы;
  • ҚазақстанРеспубликасының Мемлекеттік хатшысы;
  • Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы;
  • Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы;
  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы;
  • Қазақстан Республикасының Бас прокуроры;
  • Қазақстан Республикасы Ұлпық Банкінің Төрағасы;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері;
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары.

Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше кезделмесе, өз
жүрісімен бара жатқан шетелдік әскери корабльдер (кемелер), әскери әуе кемелері және әскери техника кедендік тексеріп қараудан босатылады.

Кеден органдарының кедендiк бақылау жүргiзген кезде тұлғалар туралы ақпарат жинауға құқығы бар. Ол ақпараттар мазмұнын мыналар құрайды:

  • олардың тіркелуі;
  • орналасқан жері туралы деректер;
  • азаматтардың деректері: тегін, атын, әкесінің атын, туған күні мен  жері,
  • жынысы;
  • тұрғылықты мекен-жайы.

Кеден органдары түлғалар туралы ақпарат жинауды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде, сондай-ақ аталған ақпаратты салық органдарынан, ішкі істер органдарынан, мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдардан алу арқылы және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да тәсілдермен жүзеге асырады.

Кедендiк бақылау жағдайында күрделi мәселелер туындауы мүмкiн. Бақылауды жүзеге асыруда техниалық құралдарды пайдалану осы мәселердi шешу үшiн маңызды орын алады.

Кедендік бақылау жүргізу уақытын қысқарту және оның оңтайлылығы мен тиімділігін арттыру мақсатында кеден органдары тізбесі мен қолдану тәртібін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін техникалық құралдарды пайдалана алады.

Көрсетілген техникалық құралдар адамның өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктердің өсіп-өнуіне қауіпсіз болуға және тұлғаларға, тауарларға және көлік құралдарына зиян келтірмеуге тиіс.

Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңізі) мен ішкі сулары-
ның шектерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына жапсарлас аумақта тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау кеден органдарының теңіз, ішкі сулар және әуе кемелерін пайдалана отырып жүзеге асырылады.

Теңіз, ішкі сулар және әуе кемелерін пайдалана отырып кедендік бақы-
лауды жүзеге асырған кездегi  кеден органдары қызметкерлерiнiң құқықтары:

  • көлік құралында кедендік бақылауға жататын тауарларды заңсыз өткізу
    белгілері табылған жағдайда көлік құралын тоқтатуға және оны тексеріп қарауға;
  • көлік құралындағы қылмыс жасады деп күдік тудырған адамдарды Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдарында кезделген тәртіппен ұстауға;
  • егер ізіне түсу Қазақстан Республикасының ішкі суларында, аумақтық суларында (теңізінде) тоқтау туралы көру немесе есту сигналы оны көруге немесе естуге мүмкіндік беретін қашықтықтан берілгеннен кейін басталса және үздіксіз жүргізілсе, Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан кеден органдарының рұқсатынсыз Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына жапсарлас аумаққа аттанған теңіз ішкі сулар кемелерін олар өз елінің немесе үшінші мемлекеттің аумақтық суларына (теңізіне) енгенге дейін Қазақстан Республикасының аумақгық суларының (теңізінің) шегінен тыс жерде ізіне түсуге және ұстауға;
  • кеден ісі саласында құқық бұзушылықтар жасалған жағдайда, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес алып қою үшін ұстауға;
  • көлік құралдарын ілестіріп алып жүруге, оның ішінде кеден органдарының лауазымды адамдарын оларға отырғызып алып жүруге.

Қызметтік міндеттерін орындау кезінде кеден органдары кемелерінің экипаждарына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлетiн құқықтар мен өкiлеттiктер:

  • тиістілігіне және қандай мақсатқа арналғанына қарамастан, Қазақстан
    Республикасының су және әуе кеңістігін, Қазақстан Республикасының аумағындағы теңіз және өзен порттарының айдындарын, сондай-ақ әуежайларды, әуежайлақтарды (қону алаңдарын) пайдалануға;
  • Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті мемлекеттік органымен келісілген тәртіппен портқа кіретін және порттан шығатын жерлерді пайдалануға;
  • кеден органдарына жүктелген міндеттерді шешу үшін қажетті навигациялық, гидрометеорологиялық, гидрографиялық және өзге де ақпаратты өтеусіз алуға құқық беріледі.

Тауарлармен және көлік құралдарымен жүргізілетін, кедендік бақылау үшін қажетті жүк операциялары мен өзге дө операциялар жүргiзiлуi мүмкiн. Оларға Кеден органының талабы бойынша декларант, қойманың иесі, кеден брокері және тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлға кедендік бақылауға жататын тауарларды тасымалдауы, өлшеуі немесе тауардың мөлшерін өзгеше айқындауы, тауарларды тиеуі, түсіруі, қайта тиеуі, бүлінген орамды тузетуі, орамды ашуы, тауарларды орауы не қайта орауы, сондай-ақ үй- жайларды, ыдыстарды және мұндай тауарлар бар немесе болуы мүмкін басқа да орындарды ашуы жатады. Тасымалдаушы өзі тасымалдайтын тауарлармен және көлік құралдарымен жүк және езге де операциялардың жүргізілуіне жәрдемдесуге міндетті.

Тауарлармен және көлік құралдарымен жүргізілетін жүк операциялары
мен өзге де операциялар кеден органы үшін қандай да болмасын қосымша
шығыстарға әкеп соқпауға тиіс.

Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын, үй-жайларды және басқа да орындарды бірдейлендіру жұмыстарын да атқарады. Кедендік бақылауға жататын көлік құралдарын, үй-жайларды, ыдыстарды және тауарлар мен көлік құралдары бар немесе болуы мүмкін басқа да
орындар мен бақылауы кеден органдарына жүктелген қызмет жүзеге асырылатын орындарды, сондай-ақ кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарын кеден органдары бірдейлендіре алады.

Бірдейлендіру пломбылар қою, мөр басу, санмен, әріппен және өзге де таңба қою, бірдейлендіру белгілерін салу, мөртабандар қою, сынамалар мен үлгілерді іріктеп алу, тауарларды егжей-тегжейлі сипаттап жазу, сызбалар жасау, масштабтық бейнелер, фотосуреттер, иллюстрациялар жасау, тауардың ілеспе құжатын және өзге де құжаттаманы пайдалану жолымен және өзге де тәсілдермен жүргізіледі.

Бірдейлендіру құралдарын қолдану және дайындау тәртібін, сондай-ақ
олардың стандарттарын кеден ісі мәселелерін уәкілетті орган белгілейді. Кедендік мақсаттар үшін бірдейлендіру құралдары ретінде пломбылар,
мөрлер немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шетел мемлекеттерінің кеден органдары қойған өзге де бірдейлендіру құралдары танылуы мүмкін.

Тауарлар мен көлік құралдары жойылуының, қайтарымсыз жоғалуының
немесе елеулі түрде бүлінуінің нақты қаупі болу жағдайларын қоспағанда,
бірдейлендіру құралдарын тек кеден органдары өзгертуі, алып тастауы немесе жоюы мүмкін немесе бұл олардың рұқсатымен ғана жүзеге асырылады. Кеден органына бірдейлендіру құралдарының өзгерістері, алынып тасталуы немесе жойылуы туралы тез арада хабарланады және аталған қатердің бар екендігіне дәлелдеме беріледі.

Тұлғалар кедендік бақылау жүргізу үшін қажетті ең қысқа уақыт кезеңі туралы талаптарды сақтауға міндетті. Тұлғаға өзінің осындай талаптарды сақтамауының салдарынан келтірілген зиян өтелуге жатпайды.

Кедендік бақылау жүргізу кезінде тасымалдаушыға, декларантқа, олардың өкілдеріне, уақытша сақтау қоймаларының, кеден қоймаларының, бос қоймалардың иелеріне, бажсыз сауда дүкендерінің иелеріне және кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдарының әрекеттері (әрекетсіздігі) және шешімдері мүдделеріне әсер ететін өзге де тұлғаларға, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарына заңсыз зиян келтіруге жол берілмейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Кедендiк бақылау жүргiзудiң нысандары мен тәртiбi

 

 

Кедендiк бақылау жүргiзу экономикалық мүдделердi қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiлетiндiктен, осы саладағы бақылау жұмысы азаматтардың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiрмеуi тиiс. Осы мақсатта Кеден кодексiнде  кедендiк бақылау жүрзудiң құқықтық нысандары мен тәртiбi көзделген.

Кеден кодексiндк көзделген кедендiк бақылау нысандары:

  1. Кедендік декларацияны, құжаттар мен мәліметтерді тексеру;
  2. Ауызша пікір сұрау;
  3. Түсіндірмелер алу;
  4. Кедендік қадағалау;
  5. Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру;
  6. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау;
  7. Жеке тексеру;
  8. Тауарларды арнаулы таңбалармен таңбалау не Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген жағдайларда оларға
    бірдейлендіру белгілерін соғу;
  9. Тауарлар мен көлік құралдарының есебі мен олар бойынша есептілік жүйесін тексеру;
  10. Тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу;
  11. Үй-жайлар мен аумақтарды тексеру.

Жоғарыда аталған кедендiк бақылау нысандарының iшiнде тәжiрибелiк мәнi бар нысан кедендiк декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi тексеру болып анықталады. Кеден органдары, құжаттардың түпнұсқалылығын және мәліметтердің дұрыстығын анықтау мақсатында, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде берілген кедендік декларацияны, құжаттарды және мәліметтерді тексереді. Тексеру Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жүргiзiлуi мiндеттi.

Кеден органдарына кедендік ресімдеу кезінде берілген мәліметтердің
дұрыстығын тексеру тәсiлдерi:

  • оларды басқа дерек-көздерден алынған ақпаратпен са-
    лыстыру;
  • арнаулы кедендік статистиканың мәліметтерін талдау;
  • ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мәліметтерді өңдеу арқылы.

Кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде кеден органы кедендік декларациядағы ақпараттарды тексеру мақсатында тұлғалардан жазбаша түрде барлық құжаттар мен мәліметтерді сұратып алуға құқылы. Іріктеп тексеру негізінде  де кеден органдарының құжаттар мен мәліметтерді тексеруіне жол беріледі.

Ауызша пiкiр сұрау нысанын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік ресімдеуді жүргізу, алдын ала операциялар мен өзге де кедендік рәсімдер кезінде кеден органдарының лауазымды адамдары жүзеге асырады. 

Кедендiк бақылау жүргiзудiң келесi нысаны түсiндiрмелер алу. Түсіндірмелер алу — кеден органдары лауазымды адамдарының декла-ранттардан және кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді білетін өзге де адамдардан кеден ісі саласын-дағы қажетті ақпаратты алуы.

Түсіндірме жазбаша нысанда ресімделеді. Адамды түсіндірме алу үшін шақыру туралы хабарламаға тиісті кеден органының басшысы қол қояды және шақырылған адамға қол қойғызып алу арқылы тапсырылады.

 Кедендiк бақылау жүргiзудiң айрықша нысанына кедендiк қадағалау жатады. Кедендік қадағалау — кеден органдары лауазымды адамдарының кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарының тасымалдануын, олармен жүк және өзге де операциялардың жасалуын көзбен шолып, оның ішінде техникалық құралдарды қолдана отырып бақылауы.

Тауарлар мен көлiк құралдарын жiберу – кеден органдарның тұлғаларға белгiлi бiр кедендiк режимнiң шарттарына сәйкес тауарлар мен көлiк құралдарын пайдалануға және оларға билiк етуге рұқсат беру жөнiндегi iс-әрекетi. Кеден органы лауазымды адамдарының тауарлар мен көлік құралда-
рын бақылауы кедендік бақылаудағы тауарлардың сипаты, шығарылған жері, жай-күйі, мөлшері туралы, тауарларда, көлік құралдарында және олардың жүк тиелетін бөліктерінде кедендік пломбалардың, мөрлердің және басқа да қондырылған бірдейлендіру құралдарының бар екендігі туралы мәлімеггерді растау үшін жүзеге асырылады. Сонымен қатар халықаралық почта жөнелтімдерін, жеке тұлғалардың багажын қарауы жүзеге асады.

Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру — егер мұндай тексеру көлік құралы мен оның жүк тиелетін бөліктерін ашумен және тауарлардың орамаларын бұзумен байланысты болмаса, кедендік бақылау мақсаттары үшін тауарларды, жеке тұлғалардың багажын, көлік құралдарын, жүкке арналған ыдыстарды, кедендік пломбалардың, мөрлердің және өзге де тауарларды бірдейлендіру құралдарының бар-жоқтығын сырттай көзбен тексеру.

Кедендік бақылау аймағында тауарлар мен көлік құралдарын тексеру
декларант, тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар өзге де адамдар және олардың өкілдері тексеру кезінде қатысуға тілек білдіретін жағдайларды қоспағанда, аталған адамдардың қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін.

Тауарлар мөн көлік құралдарын тексеру нәтижелері бойынша кеден органдарының лауазымды адамдары, егер мұндай тексерудің нәтижелері кедендік мақсаттарда пайдаланылатын болса, белгіленген нысан бойынша акт жасайды. Кеден органының лауазымды адамдары тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар адамның талабы бойынша акт жасауға міндетті. Кедендік қарау жүргізілгендігі туралы актінің екінші данасы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар адамға тапсырылады.

Тексеру – бақылау үшiн маңызы бар жағдайларды айқындау мақсатында жүргiзiледi. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау кедендiк бақылаудың келесi нысаны.     Кедендік тексеріп қарау — кеден органдары  лауазымды адамдарының тауарлардың орамаларын немесе көлік құралының жүк тиелетін бөліктерін не ыдыстарды, контейнерлерді және тауарлар бар немесе болуы мүмкін өзге де орындарды ашумен байланысты тауарлар мен көлік құралдарына қатысты іс — әрекет. Қазақстан Республикасының кеден заңдарын бұзу туралы ақпарат болған кезде іріктеп тексерудің кедендік бақылау жүргізуi жасалады. Кедендік тексеріп қарау тауарларды кедендік мақсаттар үшін бірдейлендіру, мәлімделетін мәліметтердің дұрыстығын анықтау не мұндай ақпаратты тексеру.

Тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттігі бар декларант немесе өзге тұлғалар және олардың өкілдері кеден органы лауазымды адамдарының талабы бойынша тауарлар мен көлік құралдарын тексеріп қарау кезінде қатысуға және кеден органының лауазымды адамдарына қажетті жәрдем көрсетуге міндетті. Тасымалдаушы арнайы уәкілеттік берген өкіл болмаған жағдайда, көлік құралын басқаратын жеке тұлға осы міндетті атқарушы болып табылады. Декларант, тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғалар және олардың өкілдері өздерінің бастамасы бойынша тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау кезінде қатысуға құқылы.

Егер декларант, тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар өзге де адамдар болмаған жағдайда кеден органдары қызметкерлерiнiң кедендiк тексерiп қару жүргiзуi мүмкiндiгi бар:

  • аталған адамдар тауарлар мен көлік құралдары тапсырылғаннан кейін он күн өткен соң келмеген жағдайда;
  • ұлттық қауіпсіздікке, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасы халықтарының мәдени игілігін сақтауға қауіп болған жағдайда және кейінге қалдыруға болмайтын өзге де жағдайларда;
  • тауарларды халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберген кезде;
  • тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағында кедендік режимді бұза отырып қалдырған жағдайда тауарлар мен келік құралдарына кедендік тексеріп қарау жүргізуге құқылы.

Аталған жағдайларда тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау екі куәгердің қатысуымен жүргізіледі және кеден ісі мәселелері женіндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша кедендік тексеріп қарау актісі толтырылады.

Кедендік тексеріп қараудың нәтижелері бойынша екі дана етіп акт жасалады. Кедендік тексеріп қарау жүргізілгендігі туралы актіде мынадай мәліметтер көрсетiледi:

  • кедендік тексеріп қарауды жүргізген кеден органының лауазымды тұлғалары мен оны жүргізу кезінде қатысқан адамдар туралы мәліметтер;
  • декларанттың, тауарлар мен көлік құралдарына қатысты екілеттіктері бар өзге де адамның қатысуынсыз кедендік тексеріп қарау жүргізудің себептері;
  • кедендік тексеріп қараудың нәтижелері.

Актінің екінші данасы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар адамға, не оның өкіліне тапсырылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясында жеке адамның абыройы мен кадiр-қасиетiн құрметтеу мәселесiнде кепiлдiк бар. Кедендiк бақылаудың ерекше нысаны ретiнде жеке тексерiп қарау осы кепiлдiктiң бұзылмауын қам тамасыз етуi мiндеттi. Жеке тексеріп қарау Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін не кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектілері болып табылатын тауарларды өзінде жасырып, бермей тұр деп ойлауға жеткілікті негіздер болған жағдайда, кеден органы басшысының немесе оны алмастырушы адамның жазбаша шешімі бойынша жүргізіледі.

Жеке тексеріп қарау басталар алдында кеден органының лауазымды
адамы жеке тұлғаға кеден органы басшысының немесе оны алмастырушы
адамның жеке тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімін көрсетуге, жеке тұлғаны мұндай тексеріп қарауды жүргізу кезіндегі құқықтарымен таныстыруға және жасырған тауарларын өз еркімен беру туралы ұсыныс жасауға міндетті.

Кеден органы лауазымды адамының жеке тексеріп қарау жүргізу кезіндегі іс-әрекеті жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына нұқсан келтірмеуге тиіс.

Осы жерде өзiне қатысты жеке тексерiп қарау жүргiзiлiп отырған жеке тұлғаның  құқықтарын атап өтуге болады:

  • жеке тексеріп қарау жүргізу тәртібімен және жеке тексеріп қарау жүргізу туралы шешіммен танысуға;
  • Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектілері болып табылатын өзінде жасырған тауарларын өз еркімен беруге;
  • жеке тексеріп қарау жүргізетін кеден органы лауазымды адамының жеке тексеріп қарау жүргізу туралы хаттамаға міндетті түрде енгізе тырып, мәлімдеме жасауға;
  • жеке тексеріп қарау жүргізудің нәтижелерімен және іс жүргізу құжаттарымен танысуға;
  • жеке тексеріп қарау жүргізетін кеден органы лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне шағым жасауға;
  • адвокаттың қызметтерін пайдалануға.

Жеке тексерiп қарау аяқталғаннан кейiн жеке тұлғаға хаттаманың көшiрмесi, тауарлардың алынып қойғаны туралы актi берiледi.

Жеке тексеріп қарауды тексеріліп қаралатын адаммен бір жыныстағы
кеден органының лауазымды адамдары сол жыныстағы екі куәгердің қатысуыімен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетін оқшауланған үй-жайда жүргізеді. Тексеріп қаралатын адамның дене органдарын тексеріп зерттеуді маман-дәрігер, қажет болған жағдайда арнайы медициналық техниканы пайдалана отырып жүргізiледi.

Жеке тексеріп қараудың жүргізілгендігі туралы хаттамаға жеке тексеріп қарауды жүргізген кеден органының лауазымды адамы, өзіне қатысты тексеріп қарау жүргізілген жеке тұлға, куәгерлер, ал тексеріп зерттеу жүргізілген кезде — дәрігер қолдарын қояды.

Кедендiк бақылау жүргiзудiң тағы бiр нысаны тауарларды арнаулы таңбалармен таңбалау, оларға бiрдейлендiру белгiлерiн қою.

Кеден органдары кедендік бақылауды тауарларда (олардың орамаларында) арнаулы таңбалардың, бірдейлендіру белгілерінің немесе оларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелудің заңдылығын растау үшін пайдаланылатын тауарларды белгілеудің өзге де тәсілдерінің болуын тексеру жолымен жүзеге асырады. Тауарларда арнаулы таңбалардың, бірдейлендіру белгілерінің немесе тауарларды белгілеудің өзге де тәсілдерінің болмауы, егер өзінен мұндай тауарлар табылған адам, декларант не өзге де мүдделі адам басқаша дәлелдей
алмаса, Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарларды кедендік ресімдеу мен шығару жүргізілмей жүзеге асырылған тауарлар әкелу ретінде қаралады.

Тауарлардың және көлік құралдарының есебі мен олар бойынша есептілік жүйесін тексеру кедендiк бақылау жүргiзудiң өзiндiк ерекшелiгi бар нысаны. Кедендiк бақылау нысаны ретiнде есептiлiк жүйесiн тексеру жағдайлары:

— тұлға кедендік ресімдеудің оңайлатылған рәсімдерін қолдану туралы мәлімдеген кезде;

  • Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен есепке алынуға тиіс тауарларды шартты түрде шығарған кезде;
  • кеден брокерлері, кедендік тасымалдаушылар ретіндегі қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдер шеңберінде және уақытша сақтау бойынша кеден қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты;
  • кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды тексеру кезінде қолданылады.

Тауарлар мен көлік құралдарының есебін жүргізу шартты турде шығарылған тауарлар мен көлік құралдарын, тарифтік және
тарифтік емес реттеу шаралары белгіленген тауарларды бақылауды қамтасыз ету мақсатында кеден органдары Кеден  Кодексiне сәйкес кедендік ресімдеу
мен кедендік бақылау кезінде түлғалар беретін мәліметтер негізінде жүзеге асады.

Қазақстан Республикасының аумағында шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлік құралдарын пайдаланатын тұлғалар және өзге де тұлғалар олардың есебін жүргізуге және кеден органдарына кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептілiк тапсыруға міндетті.

Кедендiк бақылау жүргiзудiң нысандары iшiнде үй-жайлар мен аумақтарды тексеру өте күрделiсi болып табылады. Кеден органдары  кеден бақылауын жүргізу мақсатында кеден органының лауазымды адамдары қызметтік куәлігін және кеден органының басшысы қол қойған нұсқаманы көрсеткен кезде, кедендік бақылауға жататын тауарлар мен көлік құралдары, кедендік бақылау үшін қажетті құжаттар болатын, не болуы мүмкін, не кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты қызмет жүзеге асырылатын аумақ пен үй-жайларға кіруге құқығы бар. Бiрақ осы жерде тексеріп қарау мен тінту жүргізу құқығы болмайды. Егер  аумаққа және үй-жайға кіргізуден бас тартқан жағдайда кеден органдарының лауазымды адамдары, аумаққа және үй-жайға екі куәгердің қатысуымен қарсылықтың жолын кесу және жабық үй-жайларды ашу арқылы кіруге құқылы. Үй-жайларға қарсылықтың жолын кесу және жабық үй-жайларды ашу арқылы кірудің барлық жағдайлары туралы кеден органдары жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорды хабардар етеді. Кеден органдары лауазымды адамдарының аумақ пен үй-жайларға кіруіне қарсылық көрсеткен адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Кейінге қалдыруды күттірмейтін жағдайларда прокурордың рұқсаты талап етілетін әрекеттер рұқсатсыз да, бірақ кейіннен прокурорды жиырма төрт сағаттың ішінде жазбаша хабардар ете отырып жүргізілуі мүмкін. Прокурор аталған хабарламаны алғаннан кейін жүргізілген әрекеттердің заңдылығын тексереді және олар заңсыз болған жағдайда күшін жояды немесе тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды өз қаулысымен тоқтатады.

Кедендік бақылаудағы, оның ішінде шартты түрде шығарылған тауарлардың бар екендігін растау мақсатында жүргізілетін үй-жайлар мен аумақтарды тексеру уақытша сақтау қоймаларында, кеден қоймаларында, бос қоймаларда, арнаулы экономикалық аймақтарда, бажсыз сауда дүкенінің үй-жайларында, сондай-ақ кедендік рәсімдердің немесе кедендік режимдердің шарттарына сәйкес тауарлар болуы тиіс тұлғаларға жүргізіледі. Үй-жайлар мен аумақтарды тексеру тауарлардың жоғалғаны, оларды иеліктен айырғандығы не оларға өзге де тәсілмен билік етілуі туралы ақпарат болған жағдайда, осындай ақпаратты тексеру үшін, сондай-ақ іріктеп тексеру негізінде жүргізіледі. Жоғарыда көрсетiлмеген тұлғалардың үй-жайлары мен аумақтарын тексеруді кеден органдары осындай үй-жайларда немесе аумақтарда Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тәртіпті бұза отырып әкелінген тауарлардың бар екендігі туралы ақпарат болған жағдайда, осындай ақпаратты тексеріп шығу үшін жүргізеді. Тексеру нәтижелері жөнінде кеден ісі мәселелері акт жасалады, оның екінші данасы тексеру жүргізілген түлғаға беріледі.

Үй-жайлар мен аумақтардың заңдылығын бағалау талаптары мен шарттарына сәйкестігін анықтау үшін тексеруді де кеден органдары жүзеге асырады. Тексеру нәтижелері бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін нысан бойынша қорытынды жасалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Кедендiк бақылаудың ерекше мәселелерi.

 

3.1 Экспорттық бақылау саласындағы  кедендiк бақылау

 

 

Кеден бакылауының қүрамдас белігі ретінде валюта бақылауы ұлттық банктің бірқатар ведомстволық актілері қабылданғаннан кейін оған кеден органдарының қатысуына қосымша мүмкіндіктер туғызады.

1997 жылы 23 мамырда Ұлттық Банктің қаулысымен экспорттық-импорттық валюта бақылауын үйымдастыру жөніндегі ереже кабылданды.

Экспорттық-импорттық валюта бақылауын енгізу кеден органдарына өткізілетін экспорттык-импорттық валюта операцияларының әрекет етуші құқықка сәйкестігін тексеру, төлемдердің негізділігін, экспорттық-импорттық операциялар бойынша есептің толықтығы мен объективтілігін тексеру бойынша қосымша қызметтер жүктейді.

Кеден органдары өз өкілеттіктерінің шегінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу кезінде Қазақстан Республикасы валюталық заңдарының сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді.

Кеден органдарының валюталық бақылау саласындағы өкілеттіктері:

  • сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың Қазақстан Республикасының валюталық заңдарын сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тауарлардың және көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы қозғалысы туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлап отырады;
  • кеден органдары анықтаған Қазақстан Республикасының валюталық заңдарын бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және екінші деңгейдегі банктерді хабардар етеді.

Кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыреті шегінде экспорттық бақылау саласындағы реттеуді жүзеге асырады. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыреті шегінде экспорттық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді шығару жолымен кеден органдарының функиялары мен өкілеттіктерін айқындайды.

Кеден органдарының экспорттық бақылау саласындағы құзыреті:

  • Кеден органдары экспорттық бақылауға жататын тауарлардың Қазақстан
    Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтуі кезінде оларға кедендік
    бақылауды жүзеге асырады;
  • Кеден органдары экспорттық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық
    базаны қалыптастыруға қатысады, экспорттық бақылауға жататын өнімдердің Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілуінің алдын алады және жолын кеседі.

Кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыреті шегінде экспорттық бақылау саласындағы реттеуді жүзеге асырады.Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган  Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыреті шегінде экспорттық бақылау саласындағы нормативті құқықтық актілерді шығару жолымен кеден органдарының функциялары мен өкілеттіктерін айқындайды.Кеден органдары экспорттық бақылауға жататын тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтуі кезінде оларға кедендік бақылауды жүзеге асырады.Кеден органдары экспорттық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық базаны қалыптастыруға қатысады, экспорттық бақылауға жататын өнімдердің Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілуінің алдын алады және жолын кеседі.

Кеден органдары экспорттық бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды адамдары сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан және өзге де тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан өздері алған ақпараттың жасырындығын, сақтауға міндетті.

Экспортер тауар экспортын өткізген күннен бастап белгіленген мерзімде, 180 күнтізбелік күнде кешіктірілмей жеке тауар экспортын 365 күнтізбелік күнді кешіктірмей қамтамасыз ету қажет. Кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың тізімі Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітіледі.

Егер Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен берілген лицензияда мерзімі көрсетілмеген жағдайда, онда экспорттық түсім.

Қазақстан Республикасының уәкілетті банктегі өзінің есеп шотына есепке алады, ал егер экспорттық түсімді алу мүмкін болмаған жағдайда-бұрын экспортталған тауар қайтарылуға жатады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясына сәйкес мемлекеттік заң жүзінде тіркелсе, экспортерлер экспорттық түсімді шетел банктерінде немесе басқа да қаржы институттарындағы есеп шоттарына есепке алады.

Валюталық заңмен белгіленген мерзімде экспорттық түсім түспеген жағдайда, экспортер Қазақстан Республикасының заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен лицензия алу жөнінде, сондай-ақ экспорт түсімін алу немесе бұрынғы тауар экспортын қайтару жөнінде шара қолдану қажет.

Экспортқа дейінгі 180 күнтізбелік күнді кешіктірмейтін экспорт үшін алдын ала төлем ақыны жүзеге асыру үшін, экспортер    Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен тіркелу куәлігін алуға міндетті.Импортер мен тауарға төленген қайтарылуға жатпайтын ақша көлемін Қазақстан Республикасына тауардың қайтарылуы жөнінде шара қолдану қажет.

Егер тауар жеткізілмеген жағдайда-бекітілген келісім-шарт бойынша бұрын өзінің банк есеп шотына аударылған ақшаны 180 күнтізбелік күнді кешіктірмей қайтару жөнінде шаралар қабылданады. Егер бұл Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен берілген лицензиясында көрсетілмеген жағдайда.

Валюталық заңмен белгіленген мерзімде тауар жеткізілмеген жағдайда, онда импортер  Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен лицензия алу туралы алдынала төлемді қайтару туралы шаралар қолдануға міндетті.Тауардың жеткізілу мерзімі тауарды кедендік ресімдеу мерзімімен қойылады.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес 180 күнтізбелік күнді кешіктірмейтін тауар импорты үшін резидент пен төленген төлемді аударған жағдайда импортер Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен тіркелген куәлігін алуға міндетті.

Резидент пен немесе резидент емес арасындағы төлем және шетел валютасы, теңге операцияларын тек қана өздерінің банктегі есеп шоттары арқылы ресімделіп жүзеге асырылады.Резидент пен және резидент емес арасындағы шетел валютасы мен және теңге мен төлемдік операциялары мәмле куәлігімен ресімделіп ақшаны қолма-қол төлеу арқылы жүзеге асырылады.

Экспортер- Қазақстан Республикасының резиденті (заңды тұлға, оның филиалы, жеке кәсіпкер), Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына тауарларды жеткізу туралы келісім-шартқа отырса;

Импортер-    Қазақстан Республикасының резиденті (заңды тұлға, оның филиалы, жеке кәсіпкер), Қазақстан Республикасының территориясына кедендік шекарасы арқылы тауарларды әкелуге және қолдану туралы келісім-шартқа отырса.

Мәміле куәлігі қосымша ресімдеуді немесе мәмле куәлігін жабуды қажет ететін келісім шартты қосымша өзгерту мәмлн куәлігін ресімделген күннен кешіктірілмей күшіне енеді.Егер экспортердың немесе импортердың мәмле куәлігі кеден ісі жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен анықталатын  белгіленген тәртіппен масималды категория қаупіне сәйкестендірілсе кедендік ресімдеу тауар экспортының төлемін немесе тауар импортының алдын ала төлемін бақылайды.Кеден органында мәмле куәлігін ресімдеу бес күндік мерзімде тоқтатылады.Белгіленген мерзімде кеден органы экспортердан немесе импортердан және басқ да қажетті құжаттарды және экспортер импортер жөнінде ақпараттар алуға, сондай-ақ кеден органымен және валюталық заңмен белгіленген басқа да құқық қорғау органдарына жіберуге құқығы бар.

Экспортер мен импортерді максималды категория қауіпіне қатыстылығы олардың экспорттық және импорттық мәмлелердегі шектеулер мен құқықтарды жүзеге асыруға негіз бола алмайды.

Егер экспорттық және импорттық мәмле ресімделген жағдайда белгіленген 180күнтізбелік күнді кешіктірмейтін мерзімде экспортер мен импортер Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мәмле куәлігін ресімдеуге дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен сәйкестендіру лицензиясын немесе тіркелу куәлігін алуға міндетті.Сондай-ақ оның көшірмелері мәмле куәлігіне қосымша табыс етіледі.

Егер мәмілені жүзеге асыру барысында экспортер және импортер     Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен сәйкестендіру лицензиясын немесе тіркелу куәлігін алған жағдайда, сол кезде ол кеден органына, уәкілетті банкке лицензияның және тіркелу куәлігінің негізін және көшірмесін мәміле куәлігіне қосымша ресімделген бетпен бірге ұсынуға міндетті. Лицензияның және тіркелу куәлігінің көшірмесі кеден органында және уәкілетті банкте сақталады.

Егер іс жүзіндегі нұсқауға сәйкес мәмле куәлігіне қосымша бетті ресімдеу талап етілмесе, онда кеден органы немесе уәкілетті банк бөлімге кеден органының негізгі банк белгілерін мәмле куәлігінің көшірмесіне 

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен сәйкестендіру лицензиясын немесе тіркелу куәлігінің реквизитін және қолма-қол белгілерін кіргізеді. Валюталық бақылау құжатын қалыптастыруда уәкілетті банк және кеден органы мәмле куәлігінің әр-қайсысына іс жүргізуге міндетті. Валюталық бақылау құжатынан басқа экспорттық және импорттық іс мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәліктің резиденттің есепке тіркеу көшірмесін, экспортердың және импортердың заңды тұлға немесе оның филиалының жағдайы жөніндегі Жарлығының көшірмесі, экспортер мен импортердың жеке куәлігінің көшірмесі, жеке тұлға, мәмле куәлігімен ресімделетін сенімхатты құрайды. Белгіленген құжаттарға өзгерістер енгізілмеген  жағдайларды қоспағанда, басқа жағдайларда мәмле куәлігін ресімдеу үшін құжаттарды қайта кеден органына ұсынуды қажет етпейді.

Ресімделетін мәмле куәлігі бойынша жеке тауарлар экспортының тізімін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Жеке тауарлар экспортының мәмле куәлігінің негізі болып экспортталатын тауарлардың тізімі болып табылады.Ол жеке тауарлар экспорты бойынша ресімделіп экспортердің қолы қойылады. Жеке тауарлар экспорты бойынша келісім-шарт  Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жеке тауарлар экспортының тізімін қарастыру керек.    

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жеке тауарлар экспортының тізімін басқа да жағдайларда белгіленген тәртіппен қарастырылуға міндетті:

  • Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгілеген тәртіпте сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодына сәйкес таурлардың толық белгілерін сәйкестендіруге мүмкіндік береді;
  • Жеке экспорттық тауарлар бойынша мәмле куәлігі ресімделгеннен кейін келісім-шарт күшіне енеді.

     Жеке тауарларды экспорттау келісім-шарты белгілеген талаптарға сәйкес жүзеге асырылмаса, онда кеден органдары немесе банк жеке тауарларды экспорттау келісім-шартына қол қоюдан бас тартуға негіз бола алады.

Егер келісім-шарт белгіленген талаптардың 3 және 9 бөлімдеріне сәйке с жүзеге асырылса немесе 28-2 бөліміндегі талаптарды орындамаған жағдайда экспортер табысты қайтару режимін жалпы негізде 180 күнтізбелік күндік мерзімде кешіктірілмей Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен берілген лицензияны қолдана отырып мәмле куәлігін ресімдеуге құқығы бар.

Жеке тауарлар экспортының мәмле куәлігін ресімдеу де келісім-шарттың көшірмесі,  мәмле куәлігін ресімдеген күні, айы немесе келісім-шарттың нотариалдық тіркеудегі көшірмесі міндетті түрде ұсынылу қажет. Экспортер негізді немесе келісім-шарттың нотариалдық тіркеудің көшірмесі кеден органының лауазымды тұлғасы және банк дәл көшірмесіне тексеріс жүргізіп жеке тауарларды экспорттаудағы мәмле куәлігіне «көшірменің расталғаны» деген мөрмен бекітіледі.

Негіз мәтіні және оның дәл көшірмесі белгіленген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда кеден органдары және банк іс-жүзіндегі ақпарат бойынша құқық қорғау органдарына жібереді. Кеден органының лауазымды тұлғасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мәмле куәлігін ресімдеудегі іс-жүргізу талаптарына сәйкес тауар экспортының сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодына сәйкес келуін қадағалайды.Егер ресімделетін экспорттық мәмле 365 күнтізбелік күннен асатын мерзімдік түсімді көздейтін болса, онда экспортер мәмле куәлігін ресімдеуге дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен сәйкестендіру  лицензиясын алуға міндетті, оның көшірмесі міндетті түрде мәмле куәлігіне қосымша тіркеледі.Мұндай жағдайда кеден органдары бес күндік мерзімде  Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен келісім-шартқа сәйкес лицензия алу үшін түсініктеме беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2  Кедендiк бақылау жүзеге асыру

 

 

Кеден саясаты іс жүзіне арнайы мемлкеттік құрылым болып табылатын кеден органдарымен жүзеге асырылады. Нақ осы мемлекет атынан және билікттік құзіреттерге ие органдар тікелей кеден ісін жүзеге асырады.

  Кеден ісін мемлекеттік басқару атқарушы билікті жүргізуге жатады, ал кеден органдарының жүйесі жергілікті билік және басқару органдарына бағынышты, Қазақстан Республикасынның бүкіл территориясында орталық, бірыңғай болып табылады.

    Қазақстан Республикасының «Кеден Кодексiнiң» 17-бабында көрсетілгендей, кеден органдар бірыңғай жүйесіне:

  • кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган;
  • кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – кеден ісі мәселелер жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері );
  • кедендер;
  • кеден бекеттері;
  • Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттері;
  • Мамандырылған кеден мекемелері кіреді.

    Қазақстан Республикасының Кеден Кодексіне сәйкес кеден органдарының негізгі мақсаты:

  • Қазақстан Республикасының кеден саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
  • өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарының сақталуын қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету;
  • Сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қоғау;
  • Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден ісі саласындағы құқық бұзушылыққа қарсы күресу;
  • Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге жәрдемдесетін жағдайлар жасау;
  • өз құзіреті шегінде валюталық бақылауды жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамсыз ету және Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы халықаралық шарттарын әзірлеуге қатысу; шет мемлекеттердің кеден және өзге де құзіретті органдарымен, халықаралық ұйымдармен кеден ісі мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру;

10) бiрiңғай бюджет саясатын iске асыруға, кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтiк басзасын дамытуға қатысу;

11) өз құзіреті шегінде ұлттық қауіпсіздікті қорғау, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау, қоршаған қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;

12) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасында радиациялық бақылау жүпгiзу;

13) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де мiндеттердi орындау болып табылады.[1]

    Кеден органдарының құқықтық статусы 2 маңызды жайытпен белгiлендi. Бiр жағынан, мемлекеттiк басқарудың пәнi болып табылады, сондықтан да, кеден органы — бұл берiлген салада атқарушылық қызметтi орындайтын не атқаратын мемлекеттiк аппараттың бөлiгi. Мұнда кеден мекемелерi басқарылатын объектiлерге ықпал ететiн заңда белгiленген өкiлеттiктер шегiнде басқарушы субъектiлер ролiнде көрiнедi.

    Басқа жағынан, кеден органдары құқықтың субъектiсi бола отырып, құқық қабiлеттiлiгiне иеленедi және нормативтiк кеден заңдарымен реттелiнген нақты құқықтық қатынаста болады. Сонымен кеден органдары белгiлi құқықтар мен мiндеттерге кеден мекемелерiнiң қатынасында ие болады.

    Кеден органдарының қызметi кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзудi iске асыратын тұлғалардың заңды құқықтарын бұзбауы тиiс. Бұл үшiн кеден мекемелерiнiң қабiлетiнiң, олардың тәртiбiнiң қызмет етуiн нақты заңды реттелiнуi қажет, бiрiншi бөлiмде көрсетiлгендей, кедендiк қатынастар кеден органдарының тiкелей емес қатысуынсыз туындауы мүмкiн. Соңғылардың қызметi кеден құқығы пәнiнiң тек бөлiгi болып табылады. Соңдықтан заң нормалары кедендiк қатынастардың басқа қатысушыларына кеден органдары жiберiлетiн ықпал етудiң шектерiн бекiтуi тиiс, және осыдан шыға отырып, олардың құзыреттерiн анықтауы керек.

Әр елдегі кедендік қьізметтің үйымдастырушы қүрылымы — елдің экономикалътқ даму деңгейіне, сыртқы экономикалық байланыстардың жан-жақтылығы мен  ауқымына тәуелді болады.

Мысалы, АҚШ-та кедендік қызметті ұйымдаструдың құрамына 7 аймақтық бөлімшесі бар Қаржы министрлігі жанынан қүрылған АҚШ-тың кедендік қызмі Басқармасы кіреді: Нью-Йорк, Солтүстік-Шығыс, Оңтүстік-ПІығыс, Оңтүстік-Орталық, Оңтүстік-Батыс, Солтүстік-Орталық, Тынық мұхиты аймағы қызметтері.

Аймақтық бөлімшелер құрамына 45 кедендік аудан кіреді, өз кезегінде олардың 300 кедені және кедендiк бекеттері бар.

Қазақстан Республисындағы кедендік саясатты жүзеге асырушы орган — қазақстандық кедендік қызмет, ол Қазақстан Республикасы Президетінің 1991 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Кеден комитетін құру жөніндегі» Жарлығы бойынша құрылған. Қазақстанның кеден органдары біртүтас жүйені құрайды, оның құрамына Орталық кедендік орган, кедендік комитет, сонымен бірге кедендік басқармалар, кедендер және кеден бекеттері кіреді.

Кедендік органдар жиынтығы қандай негіздерге байланысты біртұтас жүйе ретінде қарастырылады? Осыған байланысты 2 факторды атап өтейік:

  • функциционалдық орталығы, кедендік органдардың мақсаттары мен міндеттерінің біртұтастығы;
  • кедендік органдардың  ұйымдық  бірлігі органдар жүйесінің ұйымдық қүрылымымен қамтамасыз етіледі. Ол қатаң иерархиямен және буындардың  қатаң бағынуымен ерекшеленеді.

Орталық кеден органы кедендік қызметтің барлық мәселелерiмен айналысады айналысады. Орталық органның маңыздылығына қарамастан, институционалдық құрылымньщ негізін құраушы элемент болып Кеден есептеледі.

Кеден дегеніміз — кедендік шаралардың журуі үшін арнайы белгіленген және тиісінше жабдықталган орын. Кеден елдің кедендік шекарасында орналасуы міндетті емес. Ол кедендік территорияның ішінде де орналасуы мүмкін. Кеден қызметіне кедендік реттеу нәтижелері тікелей тәуелді болады.

Кедендік органдардың төменгі буынының жоғарғы буынға орталықтануы және бағынуы, кедендердің жергiлiкті әкімшілікке тәуелсіздігі кедендiк органдар жүйесiн құрудың айрықша белгісі болып табылады.

Тікелей басқару және көлденең бағыттағы әкімшіж тәуелділіктің жоқ болуы — жалпы кедендік органдар жүйесіне де, оның әрбір құрамдас бөлігіне де тән белгі. Осыған байланысты кедендік органдар жүйесінің буындары жергілікті билеуші органдарға мүлдем тәуелді емес деген ой туындамауы тиіс. Олардың өзара байланыстары жеткілікті дәрежеде әр алуан болып келеді.

Жалпы   түрде   кедендік   органдар   жүйесінің біртұтас мақсаттары мен міндеттері бар, сонымен біри иерархиялық құрылымдағы, яғни төменгі органдарды жоғарғы  органдарға  бағыныштылығымен сипатталатын кедендік органдар жиынтығы ретінде анықтауға болады

Кедендік органдардың негізгі қызметтері:

—   біріншіден, олар Қазақстан Республикасынъгң кедендік   саясатын   жасау   мен   оны   жүзеге   асыруға қатысады;

  • екіншіден, өз құзыры шеңберінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және біздің мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғайды;
  • үшіншіден, кедендік төлемдер мен   салықтарды алып    отырады,  Қазақстанның    кедендік    шекарасы арқылы тауарлар мен транспорттық құралдардың қозғалысы кезінде ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді, сонымен бірге Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарларға қатысты экономикалық  саясат  шараларын  жолдауға  қатысады және т. б.

Негізгі функциялардың бұл тізімі Қазақстан Респуликасындағы кедендік органдар қызметінің әр алуан сипатын  көрсетеді.

Кедендiк органдар жүйесін Қазақстан Республикасының Кеден агенттiгi басқарады. Ол атқарушы орталық орган болып табылады және елдегі кедендік кызметке тікелей  жетекшілiк етеді.

ҚР Кеден агенттiгi экономиканың әр түрлі секторларында Қазақстан Республикасының кедендік саясаты жүзеге асырады. Сонымен бірге ол біртұтас кедендiк саясатты жүзеге асырдың экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық механизмдерін жасайды, олардың тәжірибеде қолданылуын қамтамасыз етеді.

Кедендік басқармалар — орталық орган мен жергілікті кедендік мекемелер арасындағы кедендік органдар жүйесінде аралық буын больш табылады. Оның міндеттері мен қызметтері мемлекеттік кеден комитетін міндеттері мен қызметтеріне ұқсас, бірақ ол сәйкес кедендік аймақ территориясындағы кедендік іске ғана жетекшілік етеді.

Қазақстан Республикасының кедендерікедендік органдар жүйесінің ұйымдастырушылық негізн  құрайды.

Кедендік қызмет саласындағы міндеттердің негізгi бөлігін тікелей кедендер орындайды. Қазақстанда болып жатқан терең саяси және әлеуметтік-саяси өзгерістер кедендік істің кеңеюі мен күрделенуіне жағдай жасады, нәтижесінде кедендік бақылау құзырына өзгерістер енгiуді талап етті. Бұрын-сонды кедендік бақылау (тексеру) кедендік шекарда орналасқан нүктелерде ғана жүргiзiлдi. Сыртқы сауданың мемлекеттiк монополисынан бас тартуға және өндірушілердің сыртқы нарыққа өз бетінше шығуына байланысты кедендік тексеру шарасын өзгерту қажеттілігі туындады, яғни кедендік құжаттарды дайындау мен тексеру және жүктерді тексеру бойынща негізгі жұмыстар кедендік шекарадан мемлекет ішіңе  ауыстырылды.

Осының нәтижесінде «ішкі кедендер» құрылды және қазіргі танда олар кедендік операцияларды орындау бойынша негізгі жұмысты өз мойындарына алған. Мұндай қайта құру әлемдік төжірибеге сәйкес келеді, тауар өндірушілерді кедендік органдармен байланыстарды, шекара маңындағы кедендерді көптеген шаралардан босатады, жүк айналымының күшеюіне ықпал етеді, кедендік тексеруді өте тиімді етеді. Бұл кедендерді «ішкі және сыртқы» деп шартты түрде екіге бөлуге мүмкінді береді, (мысалы, “Атакент” — ішкі кеден, ал “Хоргос” сыртқы кеден). Жалпы алғанда, Кеден барлық импортталатын және экспортталатын жүк пен тауарлардың сонымен бірге, пошталық жіберулер мен басқа жүктердің, ел территориясына кіруі мен шығуына тексеру жасайды.

Кедендік бекет кедендік органдар жүйесінің алғашқы буыны, ол белгілі бір нүктеде немесе белгiлi бір территорияда (мысалы, ірі өнеркәсіптік кәсіпорын кедендік қүжаттарды толтыру және кедендік тексерулер жүргізуге арналған өкілетті орган.

Кедендік бекет — төмендегідей негізгі міндеттердi жүзеге асырады: Қазақстан Республикасының кеденді шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен транспорттық құралдарды кедендік тексеруден өткізеді және кедендiк құжаттарды толтырады.

Қазақстан Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен транспорттық құралдарды өтуіне рүқсат етілген ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді және кедендік салықтар жинайды. Жалпы алғанда, кеденмен салыстырғанда,     кедендік    бекеттердің    міндеттері     мен қызметтерінің жалпы шеңбері едәуір аз болып келді.

Кедендік  қызмет  сонымен бірге әскери-шекаралық міндетті орындайды.

Қытаймен шекарадан басқа барлық территория кеденнің үлесінде, яғни 4 мың адамның қарамағында. Сондықтан да кедендік пункттер арасындағы шекаралардың ара қашықтығы — 150-200 м, ал кейбір жерлерде — 500-600 м-ге жетеді. Ал барлық өркениетті елдерде көрші орналасқан пункттер бір-бірімен рация арқылы хабарласа алады, яғни олардың арасындағы қашықтық 50-60 м. Бірақ барлық бекеттерді жабу 17 теміржолдың, 22 аэропорттың (оның ішінде 2-әскери аэропорт) шекарасында тұру үшін 12 мың адам қажет. Қазіргі кезде кедендік шекараның 11,5 мың километрін ғана тәуліктік кедендік тексеруден өткізу қамтамасыз етіледі, ал республика шекарасын 13 мың километрге созылып жатыр.

Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша кедендік басқармаларды мысалға келтіре отырып, кедендік органдардың ұйымдастырушылық құрылымы мен олардың қызметтерін қарастырғанда, оның құрамына төмендегі бөлімдер кіреді:

  1. Кедендік тексеруді ұйымдастыру бөлімі;
  2. Кедендік төлемдер бөлімі:

—   төлемдер бөлімі;

—   валюталық тексеру қызметі;

  1. Контрабандамен және кеден ережесін бүзушылықпен күрес жүргізу бөлімі:

—  кедендік тергеу қызметі;

—  оперативтік-іздестіру қызметі;

  • есірткі заттар контрабандасымен күресу қызметі және кинология (осы заттарды табуға көмектесетін арнайы иттер өсіру) қызметі;
  1. 4. Кедендік қорғау мен режим бөлімі:

—  кедендік қорғау мен режим бөлімі;

—  қарулану мен әскери дайындық қызметі;

  1. Тауарлардың жеткізілуі транзиттік бақылау (тексеру) қызметі;
  2. Қалыптасқан мен  кедендік  санақ  (статистика) бөлімі;
  3. Өзіндік қауіпсіздік қызметі;
  4. Кадрлар бөлімі;
  5. Бухгалтерлік есеп пен есеп беру бөлімі;
  6. Қамтамасыз ету бөлімі;
  7. Құжаттық қамтамасыз ету бөлімі;
  8. Ақпараттарды қорғау қызметі;
  9. Пресс-қызмет;
  10. Сыртқы экономикалық байланыс;
  11. Аксиздiк кедендiк бекет.

Кедендік тексеруді уйымдастыру бөлімі Қазақстан Республикасының Кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлардың кедендік құжаттары төмендегі кедендік режимдер бойынша дайындалады:

  • еркін айналым үшін тауарларды шығару;
  • тауарлардың реимпорты;
  • тауарлар импорты;
  • тауарлар реэкспорты;
  • тауарлар экспорты;
  • тауарларды жою;
  • мемлекет пайдасы үшін тауарлардан бас тарту;
  • салықсыз сауда дүкені;
  • кедендік қойма;
  • еркін кедендік аймақ және еркін қойма;
  • тауарларды уақытша енгізу және уақытша шығару;
  • Қазақстан Республикасының кеден территориясында тауарларды өңдеу;
  • кедендік тексеру арқылы тауарларды өндеу;
  • уақытша сақтау қоймасы;
  • жүктердің кедендік құжаттарын дайындау.

Кедендік төлемдер бөлімі — кедендік төлемдерді (баж салығы, алымдар) және салықтарды (акциздер, құнға үстеме салық) белгілейді және жинайды; кедендік режимге сәйкес төлемдердің дер кезінде келіп түсуін бақылап отырады; саудалық емес айналымдағы кедендік төлемдер мен алымдарды белгілейді және жинайды; саудалық және саудалық емес айналымдағы кедендік төлемдерге санақ пен талдау жүргізеді; тауарлардың кедендік құнын анықтайды; тауарлардың кедендік құнына талдау жасайды және әр түрлі факторлар әсерінен оның динамикасының өзгеруін анықтайды; валюталық табыстардың түсуі мен қолданылуын тексереді; валюталық табыстардың келіп түсуін кедендік-банктік тексеру нәтижелеріне талдау жасайды; сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тауар айналымының көлемі, динамикасы жөне құрылымы жөніндегі ақпараттарды бір жүйеге келтіру және зерттеу жұмыстарын жүргізеді; экспорттық-импорттық операцияларды аудиторлық тексеруден өткізеді.

Контрабандамен   және   кедендік   ереже бұзушылықпен күрес жургізу бөлімі – контрабанда және кедендік ережелерді бұзу фактілерін анықтау мен оған жол бермеу шараларын жүргізеді; контрабанда немесе кедендік ереже бұзу бойынша тергеу жүргізеді; оперативтік тергеу қызметін жүзеге асырады; тексерудің техникалық қүралдары мен арнайы дайындалған із кесуші иттерді қолдану арқылы есірткі заттар мен жарылғыш құралдар  контрабандасы фактілерін анықтау шараларын   жүргізеді;   қүқық   қорғау   органдарымен бірлесе отырып жедел шараларды жүргізеді.

Кедендік қорғау мен режим бөлімі — кедендік шекараны, кедендік орган объектілерін қорғау, ұсталған және тұтқындалған жүктерді, акциздік топтағытауарларды қорғау жұмыстарын жүргізеді; оперативтiк — кезекшілік қызмет жұмысын ұйымдастырады; қару — жарақ пен құралдарды сақтау мен беру бойынша қызметкерлердің қарудың материалдық бөліктерімен танысуы және оны қолдану ережелерін білуі бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

Тауарларды жеткізу мен транзиттiк бақылау қызметi — «транзит» атты кедендік жатқызылған   тауарлардың   кедендік   тіркелуін қамтамасыз  етеді;   ішкі  кедендік  транзит  (IКТ)   шарасы бойынша қажетті кедендерге импорттық жүктердің келiп түсуіне тексеру жасайды;  «Тауарлар экспорты»  және «Тауарлар  реэкспорты»  деген  кедендік  режимге  енгізілген тауарлардың іс жүзінде шетке  ығарылуына бақылау жасайды.

Қалыптасқан кедендік санақ бөлімі — кедендік қызмет мәліметтерін автоматты түрде жасаудың біртұтас жүйесі шеңберінде ақпараттық және техникалық құралдарды пайдалану бойынша жүмыстарды жүргізеді; сыртқы сауда санағын, кеден ішіндегі және арнайы санақты жүргізу мен ақпаратты жинау, енгізу, тексеру және талдауды жүзеге асырады.

Өзіндік   қауіпсіздік   қызметі    —    кеден қызметіндегі жемқорлық, парақорлық және қиянат жасау фактілерін анықтайды, оған ескерту жасайды; кедендік   қызмет   қатарына   қылмыстық   элементтердің кіруіне, қызметтік ақпараттардың шетке шығуына тыйым салады.

Кадрлар бөлімі — кадрларды таңдау мен орналастыруды жүзеге асырады; жеке құрамдарында тәрбие жұмысын    жүргізеді,     қызметкерлердің    кәсіпқойлық деңгейін көтерумен айналысады.

Бухгалтерлік есеп пен есеп беру бөлімі — кеден органдарының қаржылық-шаруашылық қызметiн есепке алады және бақылайды, ақшалай құралдардың
үнемді және тиімді шығынадалуына бақылау жасайды.

Қамтамасыз ету бөлімі — әкімшілік жүйеге қызмет көрсетеді, қажетті жиһазбен және кеңсе тауарларымен, қызмет орынымен, қоймамен қамтамасыз етеді; транспорттық      құралдарды      пайдалану      бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, телефон байланыстарымен
қамтамасыз етеді.

Кұжаттық қамтамасыз ету бөлімі — құжаттау   және   іс   қағаздарын   толтыру   жүмыстарын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды.

Ақпараттарды қоргау қызметі – кедендік мекемедегі    режимді    қамтамасыз    етеді;   азаматтық қорғаныс бойынша толық әскери-дайындық жұмыстарын ұйымдастырады.

Заң қызметі — кедендік мекеме қызметіндегі заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді, кедендік басқармалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Қазақстан  Республикасындағы   заң  актілері   бойынша
үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді және түсіндіреді.

Пресс қызметі — халықаралық жіберулерді ұсақ пакеттер, бандероль, сектограмма, баспа өнімдерi бар  «М»   атты   қапшықтардың  кедендік   құжаттары дайындайды.

Сыртқы экономикалық байланыс қызметі кедендік қызмет мәселелері бойынша елшіліктер және өкілдермен   кездесулер   немесе   келіссөздер   жүргізу ұйымдастырады.

Акциздік кедендік бекет — тауарға белгі жасалуы тиіс шетелдік жекелеген акциздік тауарлардың кендік құжаттарын дайындайды; акциздік жиындар маркасын сатумен айналысады, маркаланатын акциздік шетел
тауарларының жеткізілуін ұйымдастырады; акциздердiң толық түрде және дер кезінде төленуін қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Соңғы он бес жыл ішінде Қазақстан мемлекеті жаңа экономикалық басқару  жүйесін қалыптастырды. Мемлекеттік басқару органдары, соның ішінде кеден органдары, өте күрделі, әрі қарама-қайшылықты даму жолынан өтіп, әкімшілік биліктің, басқарудың өзіндік іс тәжірибесін жинақтады. Бұның бәрі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан — 2030» атты Жолдауында белгіленген стратегиялық мақсаттарының жүзеге аса бастағанын, Қазақстанда құқықтық мемлекет құрудың идеялары мен принциптеріне сәйкес, Қазақстан қоғамы мен мемлекетін құқықтық реттеудің мақсаты жүргізіліп келе жатқанын көрсетеді. Кеден органдары атқарушы билік органдарының қатарына еніп, өз қызметін мемлекеттің атқарушылық-биліктік іс-әрекеті шеңберінде жүргізгенімен, атқарушы биліктің өзге органдарынан өзінің құрылымы, құзіреті, іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері мен түрлері, қолданатын құқықтық құралдары, т.б. параметрлері арқылы ерекшеленіп тұрады.

    Қазіргі әлемдік мемлекет басқару практикасында кеден ісін жүргізіп отыру, жүзеге асыру тікелей мемлекеттің монополиясына жатады.

    Бұл бітіру жұмыста кеден органдарының құқықтық мәртебесі, оның бүкіл жұмыстарының мәні ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделіп, Қазақстан мемлекетінің негізгі мақсаттары мен функцияларынан туындайтынын, сондай-ақ кеден органдарының мемлекеттік органдар шеңберіндегі, мемлекеттік басқару механизміндегі рөлі, оның мемлекет егемендігі мен тәуелсіздігін жүзеге асырудағы қажеттілігінен туындайтынын көрсетуге қадам жасалды. Кеден органдары функцияларының дәл қазіргі кезеңде қайсысына басым мән беріліп отырғанына атқарушы билік тарапынын кеден органдарын басқаруды ұйымдастыру жүргізілетіні көрсетілді. Мен, тақырыбым бойынша бақылау қызметiнiң механизміндегі бүкіл іс-әрекет ету, әдіс-тәсілдерін, түрлерін анықтау арқылы, оның құзыреттілігін, жауапгершілігін, функциясының шеңберін нақтылау, талдау арқылы тек қана кеден органдары емес мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзге де мемлекеттік органдардың негізгі әрекет ету тәсілдерін, жауапкершілік аумағын анықтаудың құқықтық құралдарын жасауға тырыстым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

 

  1. Ұсыныс.
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30.05.1995 жыл.
  3. Қазақстан Республикасының Кеден Кодексі, 05.04.2003 жыл.
  4. Қазақстан Республикасының Салық кодексі, 12.06.2001 жыл
  5. Назарбаев Н.А. Қазақстан – 2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостаяния всех казахстанцев. Послание Президента РК народу Казахстана. Алматы, 1997 г.
  6. Алибеков С.Т. Тамоденное право. Алматы, 1997.
  7. Алибеков С.Т. Таможенное дело в Республике Казахстан. Алматы, 1997.
  8. Алибеков с.Т. Казахстанское таможенное право (общая и особенная части). Алматы, 1999.
  9. С.Т. Әлiбеков. Қазақстанның кеден құқығы. Алматы, 2002.
  10. Бахрах Д.Н., Кивалов С.В. Таможенное право России. Екатеринбург, 1995.
  11. Борисов К.Г. Международное таможенное право. М., 1997.
  12. Ведомости верховного совета Республики Казахстан (1992-1995 годы)
  13. Гребенщикова Л.В. Кубасова И.А. Сарсембаев М.А. Тамоденное законодательство Казахстана и международные таможенные конвенции. Алматы, 1996.
  14. Козырин А.Н. Налоговое право зарубежных стран: вопросы теории и практики. М., 1993.
  15. Мадиарова Д.М., Текенов У.А., Акбаева Б.М. Международные транспортные перевозки и управление таможенным делом: учебное пособие. Алматы, 2000.
  16. Мадиярова Д.М., Қалдыбаева А.Е., Текенов Ұ.А., Есiмбаева С.О. кеден iсiн ұйымдастыру және басқару. /оқу құралы/. Алматы, 2000.
  17. Мауленов К.С. Основы таможенного законодательство //Основы государства Рсепублики Казахстан/под ред. Г.С. Сапаргалиева. Алматы, 1997.
  18. Моисеев Е.Г. Правовой статус Содружества Независимых Государств. М, 1995.
  19. Международные договоры, ретифицированные Республикой Казахстан, в сфере таможенного законодательства: сборник международных актов /сост. Э.Б. Мухамеджанов, И.В. Межибовская. Алматы, 1998.
  20. Нурахметов Б. Казахстан Республикасының кеден ісі: сұрақтар мен жауаптар. Алматы, 2000.
  21. Сарсембаев М.А. Правовое регулирование внешнеэкономической деятельности Алматы, 1995.
  22. Сарсембаев М.А. Международно-правовые отношения государств Центральной Азии. Алматы, 1995.
  23. Содружество. Информационной вестник Совета глав государств и совета глав правительств (1994-1996 годы).
  24. Таранов А.А. и др. Административное прао Республики Казахстан. Часть общая. Алматы, 1996; часть особенная, Алматы, 1997.
  25. Тілемісов Н.Х. Қазақстандағы кеден тарихы (сауда жолдарынан кеден жүйесіне дейін). Алматы, 2001.
  26. Угаров Б.М. Международная борьба с контрабандой. М., 1981.
  27. Габричидзе Б.Н. Суслов Н.А. «Таможенные органы РФ» М.,1997.