ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ – ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
Биология факультеті
Зоология және гистология кафедрасы
Бітіру жұмысы
Кейбір сәндік балықтарды жасанды көбейту ерекшеліктері
Алматы — 2011
Реферат
Бітіру жұмысы ʺ………………………………………….ʺ
Кілттік сөздер: аквариум, аквариумистика, гидробиология, коррозия, грунт, аэрация, фильтрация, отты барбус, псевдотрофеус зебра, акара бирюза, алтын балық, гипофиз, гипофизарлық инъекция, т.б.
Бітіру жұмысының мақсаты: аквариумдық балықтардан әртүрлі әдістерді қолдана отырып, олардан сапалы өнім алу және тауарлық деңгейге дейін өсіру.
Бітіру жұмысының міндеті:
- Зерттеуге қатысатын балықтар туралы әдебиет көздерімен танысу;
- Олардың көбеюіне тиімді аквариум дайындау;
- Табиғи жағдайларына сәйкес етіп жағдай жасау;
- Алынған өнімдерді тауарлық деңгейге дейін өсіру.
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………………………………………………..
- Әдебиеттерге шолу …………………………………………………………………
- Отты барбустың систематикасы…………………………………………………………..
- Псевдотрофеус зебраның систематикасы……………………………………………..
- Акара бирюзаның систематикасы…………………………………………………………
- Материалдар және әдістеме ………………………………………………
- Гипофизарлық инъекция ……………………………………………………………………..
- Табиғи жағдайды стимулдау………………………………………………………………..
- Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау ……………..
- Отты барбустың көбеюі ………………………………………………………………………
- Псевдотрофеус зебраның көбеюі …………………………………………………………
- Акара бирюзаның көбеюі ……………………………………………………………………
Қорытынды …………………………………………………………………………………
Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………………….
Кіріспе
Адамзат о заманнан табиғат аясында өмір сүріп, оның мол байлығын мейлінше қажетіне жаратумен келді. Адамның жатса – төсегі, жантайса – жастығы, тоңып-жаураса – баспанасы, үстіне киер киімі, қарны ашса – тамағы, басқа да толып жатқан мұқтаждығы табиғаттан табылды.
Табиғат перзенті – адам, өз анасы – табиғатқа жақсылығымен қоса қиянат жасағанында кешірек сезінді. Адамзат өз ағаттығын кешірек болса да енді аңғарды. Қазір айналадағы ортаны аялап қана қоймай, оны қорғау – бүкіл халықтық мүддеге айналды.
Табиғаттағы ғажайып байлықтың бірі – суасты әлемі. Бірақ ондағы тіршілікті кез-келген адам тікелей көзбен көріп, қолмен ұстай алмайды. Алайда, адам құдіретінде шек бар ма?! Оның да жолы табылды. Мінез-құлығы өте күрделі, пішіні әртүрлі тірі организмдер тіршілік еттетін суасты әлеміндегі құбылыстарды адам өзі басқарып, қажетіне қарай реттей алатын кішкене көшірме – суасты әлемінің терезесі, бейнелеп айтсақ, айнасы, яғни моделі ретінде аквариум дүниеге келді. Аквариумнан бөлмеде отырып-ақ табиғи тоғандар мен көлдер де өтетін биологиялық процестердің барлығын дерлік бақылауға болады. Аквариум – экологиялық жүйе моделі, ол – адамзаттың табиғатпен қашан да етене жақын екендігінің дәлелі. Адам балық және өсімдіктер тіршілігін бақылаумен бірге аквариуммен айналыса жүріп, эстетикалық ләззат алады, дүниеге танымдық көзқарасын кеңейтіп, білгірлік шеңберін дамытады, сондай-ақ күнделікті қарапайым жұмыстарды атқара жүріп, тіпті ғылыми тәжірибелер жасағанын өзі де байқамай қалады. Әсіресе жұмыстан шаршап қайтып, қол босаған кезде аквариумдағы көз тартар әдемі балықтар мен өсімдіктерге, әйнек арқылы сан алуан түске құбылып, көздің жауын алатын бояға көз салсаң, жүйкең жадырап, рахаттана тынығасың.
Әрине, аквариум дәл бүгінгі қалпына, яғни жан-жағы қымталып, қажет десе үстінен жарық түсірілетін, су ішіндегі ауаны алмастырып, жылытуға да болатын, барлық қажетті техникалық құралдармен жабдықталған бейнесіне бірден келе қойған жоқ.
Аквариум латынның «aquarium — суқойма» деген сөзінен алынған, яғни ол – суда тіршілік ететін жануарлар мен суда өсетін өсімдіктерді зерттеуге, жұртқа көрсетуге әдейі дайындалған ыдыс. Аквариумда тек ұсақ жануарлар ғана емес, суда тіршілік ететін ірі жануарлар да өсіріледі, аквариумның ондай түрлері дельфинарий және океанариум деп аталады. Алғашқы кездегі аквариумдарға қауыз пайдаланылды.
Балықты аквариумда ұстау туралы алғашқы талпыныс ХІ ғасырда өмір сүрген Рим жазушысы және философы Апулейден басталды. Ол Африка тұрғыны, Рим империясындағы ірі төрешінің баласы Люциус Апулей – тұңғыш аквариумшы болды. Сөйтіп, Люциус Апулей – қарапайым аквариумды тұңғыш рет тәжірибе құралы ретінде пайдаланған адам. Кейінірек Қытай, Жапония, Корея елдері де аквариумда балық ұстаумен шұғылдана бастады.(Қ.Қайымов,Суасты әлемінің айнасы; Алматы Қайнар,1989, 3-6бет)
Балықтарды көбейту алғаш рет Мысыр және Ассерия елдерімен байланысты. Мысырда мыңдаған жылдар бұрын африка теляпиясын көбейте бастаған. Вавилонның архитекторлары біздің эрамызға дейінгі ІХ ғасырда Семирамида бағында декоративті балықтарға тоғандар салған. Сол мақсатта сарайлардың алдында тасты қауыздар орналастырылған. Көбейген балықтар, қолға үйретілген үй жануарлар адамдарға патша табиғатын әкелгендей күй кештірді.
Алғаш рет Қытайда әсемдік балықтардың аквариумистикасы Тан әулеті басқарған кезде дұрыс жолға қойылды. Сол кездегі түрлердің гидробиологиясын зерттеудегі ғылыми жұмыстарды Аристотель, Теофраст, Люциус Апулей жүргізді.(Статья:История аквариумистики)
Қазіргі заманғы аквариумдер шыныдан немесе пластмасса бөліктерінен жасалады. Олардың коррозияға ұшырамауы – негізгі ерекшеліктерінің белгісі.(Аквариумные рыбки; Дик Миллс;Астрель Москва 2003,22 бет) 10-30 литрлік көлемдегі аквариумді қолдануды көпшілігі дұрыс деп санайды. Бірақ тәжірибиегелерге сүйенсек 70 литрден төмен аквариумдерді қолдану биологиялық тепе-теңдіктің тұрақты болуына тиімді жағдай жасайды. Сонымен қатар, кішкентай аквариум улкен аквариуммен салыстырғанда қиындығы көп болады, тіпті балықтардың жаңа жұбы немесе қоректің мөлшері көбейіп кетсе, су ластанып, ондағы тіршілік иелерінің қырылуына әкеліп соғуы мүмкін. Көлемі кіші аквариумдерді арнайы мақсаттарға (балықтарды көбейтуге, карантинге және т.б.) қолданған тиімді болып келеді.
Аквариумның кедергісіз дамуына оның көлемі, формасы тікелей әсер етеді. Мысалы, шартәрізді немесе цилиндрлі аквариумдер негізінен әсемдік үшін қолданылады. Оларда ұзын сабақты өсімдіктер әдемі көрінеді, бірақ көпшілік балықтарды өсіруге бұл аквариумдер тиімсіз, және су бетінің ауданы да кішкентай, түбінің ауданы мен биіктігінің сәтсіз қиылысуы, ал тең емес қабырғалары балық пішінін бұзып анық көрсетпейді.
Көпгранникті формадағы аквариумдер бес немесе алтыбұрышты, ал бүйірі – тікбұрышты. Бұл – бөлменің ортасына тамашалауға қойылатын әсемдік аквариумдер. Мұнда өсімдіктер жақсы көрінеді, бірақ су түсі бұлыңғырласа балықтарды бақылап, көруді қиынға соқтырады.
Кең тараған тек шыныдан немесе каркастан жасалған — тіктөртбұрышты аквариумдер. Олардың ішіндегі ең тиімдісі – биіктігі еніне тең, ал ұзындығы енінен 1,5-2,5 есе ұзын болатын «стандартты» типі. Ондай аквариумдер жанжақты. Олар әсемдікте, балық шабақтарын өсіруге де, және көбеюші немесе тәжірибелік ретінде де қолданыла береді. . Ваш аквариум; Л.В.Чулкова, И.В.Глуховцев, В.Е.Карпов, А.В.Чулков; Алма-Ата «Қайнар»1992; 25-26 беттер
Аквариумді сатып алар алдында дұрыстап тексеруден өткізу керек. Егер судың ағып тұрғаны байқалса, одан суды төгіп, аквариумнің ішін кептіріп, су тамшылаған жерге БФ-2 желімімен араластырылған цементті жағып қою керек. Бір тәуліктен соң, аквариумға қайта су құйып, 1-2 күнге тұндырылады. Себебі жағылған жердегі улы заттар шығу керек, содан соң аквариумдағы суды төгіп, ішін мұқият жуу қажет
Аквариумді орналастырғаннан кейін оған грунт таңдап, төсеу керек. Грунт есебінде ірі құмды немесе ұсақ тастарды пайдаланған жөн. Ірі құмды өзен жағасынан алған дұрыс. Әкелінген грунтты судың түсі мөлдір болғанша жуып, қайнатып мұқият тазалаған абзал. Аквариумды безендіру үшін тастарды да жиі пайдаланады, оларды да жуып, қайнату қажет. . Ваш аквариум; Л.В.Чулкова, И.В.Глуховцев, В.Е.Карпов, А.В.Чулков; Алма-Ата «Қайнар»1992; 41-43беттер; Жалпы аквариум балықтарының табиғи суқоймадағыдай өмір сүруіне жағдай жасалу үшін бірнеше құрал-жабдықтарды пайдаланады. Олар: тазалау құралдары, су түбін фильтрациялау, безендіру құралдары, су, жылыту құралдары, жарық түсіру құралдары, аулау құралдары, т.б.
Дұрыс күтілген және тұрақты режим сақталып, табиғи негізделе жабдықталған аквариумда балықтар жақсы тіршілік етіп қана қоймай, көбейеді. Бүгінгі таңда аквариумистер балықтардың тіршілігіне немесе көбеюіне қажетті жағдайларды зерттей отырып, үлкен жетістіктерге жету мүмкіндіктеріне ие. Уылдырық шашу ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде балықтардың табиғи қорын сақтап қалу арқылы тауарлық мақсатта жасанды көбейту әдістерін тауып жетілдіруге болады. Осыған байланысты аквариумдық балықтарға табиғи жағдайды стимулдау арқылы көбейту қазіргі кезде қарқынды даму үстінде. Әсіресе бұл жасанды жағдайда қиын көбейетін балықтарға қолданыс табуда.
Балықтарды көбейту үшін аталықтарын дұрыс іріктеп, ұрықтандыруға әзірлей білу керек. Мұндайда балықтың реңі, мөлшері, жүзбеқанаттарының пішіні, дене бітімі ерекше роль атқарады. Дұрыс іріктелмеген балықтардан болашақта нашар ұрпақ өрбиді де ақыр аяғында бағалы тұқымның қажетті белгісі жойылып кетеді.
(Қ.Қайымов,Суасты әлемінің айнасы, Алматы,Қайнар,1989,79-81 бет)
Бітіру жұмысының мақсаты: аквариумдық балықтардан әртүрлі әдістерді қолдана отырып, олардан жасанды жолмен сапалы өнім алу және тауарлық деңгейге дейін өсіру.
Бітіру жұмысының міндеті:
- Зерттеуге қатысатын балықтар туралы әдебиет көздерімен танысу;
- Олардың көбеюіне тиімді аквариум дайындау;
- Табиғи жағдайларына сәйкес етіп жағдай жасау;
- Алынған өнімдерді тауарлық деңгейге дейін өсіру.
- Әдебиеттерге шолу
- Отты барбустың систематикасы
Тип : Chordata — Хордалылар
Тип тармағы: Vertebrata — Омыртқалылар
Бөлім: Gnathostomata — Жақтылар
Класс үсті: Pisces — Балықтар
Класс: Osteichthyes — Сүйекті балықтар
Отряд: Cypriniformes — Тұқытәрізділер
Тұқымдас: Cyprinidae – Тұқытектестер
Туыс: Barbus – Барбус
Түр: Barbus conchonius – Отты барбус [Аквариумные рыбки, Дик Миллс, Астрель Москва 2003, 46бет]
«Барбус» деген атау «барбус» деген ғылыми атаудан шыққан, латынның «сақалды» деген сөзіне сәйкес және бұл туыс балықтарының кішкентайынан аузының айналасында мұртшалары болады. Барбустың көпшілігі – биік денелі. Ал аквариумдық барбустың денесі үлкен емес. Олар қорек таңдамайды, татулықты жақсы көреді және аквариумдағы басқа өкілдерге қақтығыс тудырмайды. Бұл туыс 200-ге жуық түрді біріктіреді.(Справочник по аквариумным рыбам(руководство по содержанию и уходу)- Д.Мильс, Д.Ламберт; Мир Книги, Москва 2006, 28 бет) Олар Оңтүстік және Оңтүстік — шығыс Азия, Африка мен Европаның суқоймаларында тіршілік етеді. Аналықтары аталықтарынан ірі болып келеді. Көбею кезінде аталықтары әдемі түске боялады. Оның арқасы мен жүзбе қанаттары ашық қызылға, қалған жерлері де ашық түске боялады. Барбус тату балықтар және өте активті, сондықтан аквариум төбесінен жабық болуы керек, себебі олар секіреді. Ең бастысы аквариум ыңғайлы болған дұрыс. Суды аптасына 1 рет 1/5 бөлігін ауыстырады. Барбустың көпшілігіне тиімді жағдайлар: температура 20-26⁰С; тұтқырлық – 4-10⁰; рН – 6,5-7,5. Оларды қоректендіру қиындық туғызбау керек. Балықтар құрғақ қоректерді де, өсімдіктерді де, тірі қоректерді де жейді. Көбейтуші аквариумның көлемі – 10л. Түбіне сутүбі – торы (аралары 2-3см) орналастырылады. Бұлай жасалуы ата-анасының уылдырығын жемеу үшін. Тор бетіне ұсақ жапырақты өсімдіктерді орналастырылған жөн. Аэрация жұмыс жасап тұру керек. Көбею аквариумындағы температура 28-30⁰С. Жарық түсіп тұру керек. Көбею үшін аналық пен аталықты бір апта бұрын отырғызады. Аталықты тірі қорекпен, ал аналықты өсімдікпен қоректендіреді. Әдетте екі аталық пен бір аналық өндірушілерді отырғызады. Аталықты міндетті түрде бірінші бір апта бұрын отырғызу керек. Бұл кезде оны инфузориямен, дафниямен қоректендіріп, сосын аналықты қасына салады. Көпшілігіне тиімді көбею жағдайлары: температура – 25-28⁰С; тұтқырлық – 4-10⁰; рН – 6,5-7. Көбею орны күннің көзі түсетін жерде болу керек. Көбею әдетте таңғы сағаттарда жүреді, 2-3 сағатқа созылады. Ол аквариумның ішінде балықтардың жарысынан басталады, ол жерде әрине қуғыншы аталығы. Әдетте 600-ден көп емес уылдырық шашады. Көбею біткен соң ата-аналар өздерінің уылдырықтарының соңына түседі. 3-5 тәулік өткен соң шабақтар қоректерін іздеп жүзе бастайды. Шабақтар алғашқы қорек ретінде бірнеше күн инфузорияны, ал одан кейін олар дафниямен немесе балғын артемия науплиустарымен қоректенуі мүмкін. Тығыздығы жоғарылаған сайын тазалық пен оттегі режимін қадағалау керек. (Ваш аквариум(популярная энциклопедия); Е.Пыльцына; Ростов-на-Дону, Издательский дом «Владис» 2009,444-447 бет)
Отты барбус (Barbus conchonius) – Солтүстік Үндістанның табиғи жай ағысты және ақпайтын суқоймаларында кездеседі. Аквариумдық жағдайда дене мөлшері 8 см-дей, ал табиғатта көбіне 15 см-ге дейін. Аналығы аталығынан ірі болады. Денесі созылыңқы, сопақша формалы, екі бүйірінен қысыңқы, сақалы жоқ. Негізгі түсі – қызыл немесе сарғыш түс беретін жасыл – күміс түстес болып келеді. Құйрығының бастапқы бөлігінде қара дағы бар, алтын түстес сызықпен қоршалған. Аталығы көбейер алдында ашық-сарғыш, от түске, қанаттары қызылға боялады. Көбейер кезде аналығының құрсағы ісіп, үлкен болып тұрады. Денесі қола-күміс түстес, қанаттары мөлдір болады. Аквариумде үйір құрайды және жылжымалы балықтарға жатады. Оларға тиімді жағдай: су температурасы – 20-26 ⁰С, судың тұтқырлығы – 1-12, рН (қышқылды орта) – 6-7 болғанда. Бұлар жыныстық жасқа 6-8 айлығында жетіледі. Аналығы 300-ге жуық уылдырық салады. Уылдырық инкубациясы бір тәулікті құрайды. Ал шабақтарына берілетін қорек түрлері: тірі тозаң, инфузория, т.б.(Д.Мильс, Д.Ламберт- 458-459 бет) Отты барбус – қорек талғамайтын балықтардың қатарына жатады. Қорек ретінде тірі қоректерді ( масаның личинкасы, дафния, коретра, т.б), өсімдіктерді ( балдырлар, жібітілген салат жапырағын, шпинатты ( асты дәмдендіру үшін тамаққа салатын жасыл жапырақты өсімдік) және бақбақты) және сапалы құрғақ үлпілдектәрізді қоректерді тұтынады. (www.google.ru)
- Псевдотрофеус зебраның систематикасы
Тип : Chordata — Хордалылар
Тип тармағы: Vertebrata — Омыртқалылар
Бөлім: Gnathostomata — Жақтылар
Класс үсті: Pisces — Балықтар
Класс: Osteichthyes — Сүйекті балықтар
Отряд: Perciformes – Алабұғатәрізділер
Отряд асты: Percoidei — Алабұғатектестер
Тұқымдас: Cichlidae – Цихлидалар
Тұқымдас асты: Haplochrominae — Хаплохромтәрізділер
Туыс: Pseudotropheus – Псевдотрофеус
Түр: Pseudotropheus zebra – Псевдотрофеус зебра [Справочник по аквариумным рыбам(руководство по содержанию и уходу)- Д.Мильс, Д.Ламберт; Мир Книги, Москва 2006, 28 бет) ]
Цихлидалар тұқымдасы Оңтүстік және Орталық Америка мен Африканың тұщы суларында кең таралған. Цихлидалардың қазіргі кезде жалпы саны 130 туыс пен 1000-ға жуық түрді біріктіреді. Оларда бір ғана ұзын арқа қанаты болады. Екі бүйір сызығы кездеседі – жоғарғы және төменгі. Құйрық қанаты доғалданған немесе шеткі сәулелері ұзарған болып келеді. Бұлардың аталықтарының арқа және аналь қанаттары аналықтарымен салыстырғанда ұзарған болып келеді. Цихлидалар уылдырықтарын қатты субстратқа тастайды.
Псевдотрофеус зебра туысының өкілдері Малави көлінің барлық жағалауын мекендейді. Туыс морфологиялық жағынан ұқсас 6 түрлік комплекстерге біріктіріледі. Олар: P.zebra, P.tropheops, P.elongatus, P. «agressive», P.williamsi, P. «miscellaneous». Псевдотрофеус зебра түрлік комплексі 27 түрді біріктіреді. (Л.В.Чулкова, И.В.Глуховцев, В.Е.Карпов, А.В.Чулков; Ваш аквариум; Алма-Ата «Қайнар» 1992, 228-229, 265 бет)
Псевдотрофеус зебра (Pseudotropheus zebra) – негізгі отаны Африка, Малави көлінің эндемигі. Малави көлі – Африкадағы көлемі жағынан үшінші орында. Ауданы 30900 км², орташа тереңдігі 250 м, ал максимальды тереңдігі 706 м. Судың жоғарғы қабатының температурасы 23,5-тен 27,5 градус аралығында өзгеріп тұрады, ал төменгі жағының температурасы тұрақты, 22 градустан өзгермейді. Малавилік балықтар стенобионтты – яғни белгілі бір жағдайға бейімделген. Малави көлі осыдан 1,5 млн жыл бұрын пайда болған. Оған көптеген өзендер құяды, жалпы құйылатын су мөлшері 100 мың км²-қа жуық. Көлден бір өзен ағып шығады – Шире. Оның ұзындығы 400 км. (Л.В.Чулкова, И.В.Глуховцев, В.Е.Карпов, А.В.Чулков; Ваш аквариум; Алма-Ата «Қайнар», 258-259 бет)
Денесі ұзына бойы созылған, екі бүйірінен аздап қысыңқы. Ересек аталығының маңдайында майлы жастықшасы болады. Аузы, шеткі еріндері қалың болады. Арқа қанаты ұзын. Аталығының денесі мен жүзбе қанаттарының түсі ашық көктен қара көкке дейін 7-9 қара сызықтары болады. Аналь жүзбе қанатында қара жиекті уылдырығын еске түсіретін бірнеше сары дақтары болады. Аналығының түсі ақшыл-сары, денесінің барлығына және жүзбе қанаттарына көптеген қара-қоңыр дақтар себілген. Псевдотрофеус зебра балығының денесі табиғи суқоймада 15 см-ге дейін өседі. Ал аквариумда өсірілгенде 10 см-ге дейін жетеді.
Псевдотрофеус зебра балығы – агрессивті және территориальды балық, аналығы екеуінің арасында иерархия (әлсіздің күштіге бағынуы) байқалады. Бұлар жыртқыш балықтар қатарына жатады, себебі тістері « үккіш » тәрізді болады, және өзінің көбейетін аймағын басқалардан қорғайды. Олар жұпты — көбею кезінде ғана құрайды. Судың ортаңғы және төменгі қабаттарында жүреді. Аквариумда 8 жылдай өмір сүре алады.
Бұл балықты ұстау үшін 150 литрден жоғары, өндірушілер саны 5-10 данадан, ландшафы тасты, суы мол аквариум керек, тастары ойылған үңгір тәрізді болса тіпті жақсы. Қолайлы жағдай туғызу үшін: судың тұтқырлығы – 4-20⁰, рН – 7,2-8,5, ал судың температурасы – 24-28⁰С болған жөн. Міндетті түрде аэрация, мықты фильтрация жұмыс істеп тұру қажет. Қорегінің 60%-ын өсімдік (салат, капуста, тәтті қызыл перец, қалақай, қара нан) құраса, қалған 40%-ын жануарлар (дафния, циклоп, коретра және құрғақ, қытырлаған қоректер) құрайды.
Көбейер кезде аналығы уылдырығын тастардың немесе басқа да қатты заттардың ойығына тастайды да, оларды аталығы келіп ұрықтандырады. Содан соң аналығы уылдырықтарын аузына салып, инкубация процесі жүреді. Аналығы 40-100 уылдырық шашады, уылдырықтарының диаметрі 4 мм. Аналығы уылдырығын аузында 17-21 тәулікке дейін инкубрлейді. Аналығынан уылдырықты алып инкубаторға ауыстыруға болады. Шабаққа айналғанша аналықтары ұрпақтарын өзінен жібермейді. Бұл кезде аналықтары қоректенбейді және біраз дене салмағын жоғалтады. Шабақтарының өлшемі 5-6 мм, олар тастардың арасында жасырынып жүреді. Аналығының аузын шабақтар 17-24 тәуліктен кейін босатады. Бұлардың алғашқы қорегі — тірі тозаң (циклоп пен артемияның науплиустері).
- Акара бирюзаның систематикасы
Тип : Chordata — Хордалылар
Тип тармағы: Vertebrata — Омыртқалылар
Бөлім: Gnathostomata — Жақтылар
Класс үсті: Pisces — Балықтар
Класс: Osteichthyes — Сүйекті балықтар
Отряд: Perciformes – Алабұғатәрізділер
Отряд асты: Percoidei — Алабұғатектестер
Тұқымдас: Cichlidae – Цихлидалар
Туыс: Aequidens (Eigenmann et Bray, 1894) – Акаралар
Түр: Aequidens sp, – Акара бирюза [(Е.Пыльцына; Ваш аквариум; Ростов – на –Дону, Издательский дом «Владис», 2009, 149 бет )]
Акара туысы Оңтүстік Американың суқоймаларында тіршілік етеді, 30-ға жуық түрді біріктіреді. Дене формасы созылыңқы, екі бүйірінен қысыңқы. Акараның негізгі ерекшелігі: басы ірі, маңдайы шығыңқы және көзі үлкен болып келеді. Құйрық және арқа қанаттары ірі, созылған. Жыныстық деморфизм анық байқалады, аталықтары аналықтарынан ірі болады. Дене мөлшері 8-ден 25 см-ге дейін өзгеріп тұрады. Бұлар аквариумда жұп құрайтын тыныш балықтар. Көбею кезінде және ұрпағына қамқор болғанда агрессивті күйге түседі.
Акара бирюза (көгілдір) балығы — ірі, цихлидалар тұқымдасының ішіндегі ең әдемі балық, Оңтүстік Америка мен эквадорда тіршілік етеді. Акара бирюзаның денесі биік, массивті боып келеді. Оның негізгі түсі жасылдан көгілдір сұрға дейін, аналықтарында – көк дақтары бар күміс-сұрдан тұрады. Тұмсығы мен желбезек қақпақшасыда толқынды көгілдір сызығы бар. Денесінің ортасында – дұрыс емес формалы қара дақ орналасқан. Арқа және құйрық жүзбе қанаттары ұзын жиекпен әшекейленген. Жиегі көбіне ашық қызыл-сары түсімен бағаланады. Ал нашар боялған дараларының жиегі ашық-сары немесе ақ түсті де болуы мүмкін.
Аталықтары аналықтарынан ірі, қолайлы аквариумдарда және жақы ұсталған жағдайда 25-30 см-ге дейін өседі. Аталықтары аналықтарынан ашық түсті, маңдайында майлы жастықшасы бар, ал арқа және аналь жүзбе қанаттары ұзын және өткір болып келеді. Аналықтары ұсақ және салыстырмалы түрде қанық түспен боялған. Оларды 150 литрден жоғары аквариумда ұстаған жөн. Қолайлы аквариумдарда акараларды басқа цихлида және жайын балықтарымен бірге ұстауға болады. Акара бирюзаны скаляриямен, карликті цихлидалармен, сонымен қатар оларды жыртқыш және өте агрессивті цихлазомалармен бірге, дәлірек айтқанда қызылтамақтармен және манагуандармен бірге отырғызуға болмайды.
Акара бирюзаға аквариум дайындау кезінде грунтты сырғымалы тастардан жасаған дұрыс. Себебі олар грунтты көп қазады, осындай кезде денесін жарақаттап алулары мүмкін. Грунттың оптимальды мөлшері 8 мм-ге жетеді. Сонымен қатар аквариумды тырбиған ағаштармен, ірі тастармен және пластикті өсімдіктермен әсемдеуге болады. Бірақ қалауы бойынша тірі өсімдікті де отырғызады. Акара бирюза өсімдік қоректі жемейді. Аквариумға міндетті түрде жалпақ, тегіс бетті тастарды төсеген жөн. Себебі акаралар көбейер кезде оларды көбею субстраты ретінде пайдаланады. Судың қалыпты температурасы 22-28⁰С болу керек. Табиғатта акара бирюзалар ұсақжыртқыштар болып табылады. Су омыртқасыздарымен, кейде өте ұсақ балықтармен де қоректенеді. Ал аквариумде қорек таңдамайды. Акараның көбеюі көп қиындық туғызбайды. Жұп құру үшін олар таңдау жасайды. Көбеюді судың температурасын және суды ауыстыру арқылы стимулдауға болады. Аталық пен аналық уылдырық шашуға тегіс әрі таза субстрат іздей бастайды. Егер лайықты субстрат таппаған жағдайда, грунтты қазып, шынының түбіне тастайды. Акара бирюзаның некелік түсі одан сайын әдемілене түседі. Сол сәтте уылдырықтарын салып, жасыратын шұңқырлар қазып дайындайды. Көбею кезінде акаралар агрессивті болып кетеді. Дайындалған субстратқа 200-300 уылдырық тастайды, ал егер аналықтары ірі болса оданда көп уылдырық салулары мүмкін. Ата-анасының екеуіде ұрпағына қамқорлық жасайды, аналығы болашақ ұрпақтарын қанатымен желпітіп отырады. Аталығы негізінен ұясын қорғаумен және территориясын белгілеп, аналығы мен уылдырықтарына жақындағанның бәріне шабуыл жасайды. Уылдырықтың дамуы 3-4 тәулікке, ал дернәсілінің дамуы 2-4 тәулікке жетеді. Шабақтарының тәбеті жақсы болады және денесі ірі. Шабақтарының алғашқы қорегі: артемияның науплиустері және микропланктон. Акара бирюзалар акаралар туысының ішіндегі ірі өкілдерінің біріне жатады. Жақсы жағдайда дене мөлшері 25-30 см-ге дейін жетеді. Сондықтан акараларға дайындалған аквариум 3000- литрге жету керек. Себебі олар территориальды . Көбейер кезде температураны 25-27⁰С-ге көтерген дұрыс болады. www.google.ru Источник —«http://ru.aquariumist.net/wiki/%D0%90%D0%BA%D0%B0%D1%80%D0%B0_%D0%B1%D0%B8%D1%80%D1%8E%D0%B7%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D1%8F акара бирюза »
- Материалдар мен әдістер
Бітіру жұмысының материалдары мен зерттеу жұмыстары Алматы қаласының Горький атындағы орталық саябағындағы аквариумда жүргізілді. Аквариалды бөлмеде 40-тан аса алуан түрлі балықтар өсіріледі. Бұл балықтардың барлығы да тамашалауға келген жұртшылықтың назарына ұсынылған (сурет ). Зерттеу жұмысына төрт түрлі балық өкілдері алынды: отты барбус Barbus conchonius, псевдотрофеус зебра Pseudotrofeus zebra, акара бирюза Aequidens sp., алтын балық Carassius auratus (телескоп және қызыл оранда). Көбеюге қатысқан өндірушілер саны 7 аталық және 11 аналық болды. Балықтарды жасанды жолдармен көбейтуге екі әдіс қолданылды: гипофизарлық инъекция және көбеюге байланысты балықтарға табиғи жағдайды стимулдау.
- Гипофизарлық инъекция
Гипофиз – балықтың аралық миының ортаңғы бөлігінде орналасқан, кішкентай ақ шар. Оны бас сүйегінен ажыратып алу үшін пышақтың жүзі еркін өтуге ортаңғы сызықта ұзынша тесілген саңылау жасалған ағаш стол пайдаланылады.
Бұл саңылаудың кесе көлденең ішкі жағы балықтың бас сүйегін кескенде пышақтың соңына тіреу болу үшін столдың ортасына қарай жұқа тақтайша бекітіледі. Балықты қансыратпау үшін желбезегін кеседі, содан соң өткір пышақпен, балықты бүйірімен жатқызып, желке сүйегін тесіп, пышақты столдың саңылауына дейін өткізіп және бас сүйегін кесе жұқа тақтайшаға қарай күшпен басады. Ми үстінен және бүйірінен фильтрлеуші қағазбен кептіріліп, мидың айналасындағы жүйке-жүйелер қысқартылып, мидың артынан арқа мидың және сопақша мидың шекарасына жақын жерінен кесіп, пинцетпен аралық мидың соңынан ұстап, бас сүйек қорапшасынан бас миын алып шығады. Гипофиз мидың терең бөлімінде немесе, оны жиірек алатын бас сүйек қорапшасының түбінде жұқа қабықтың астында, сұйықтықтың ішінде орналасады. Гипофиздерді таза ацетонның аз мөлшерінде кішкене банкаларға жинап, бір сағатқа жуық ұстайды (олар ацетонмен толық жабылу керек), сосын екінші банкаға ауыстырады (сусыз таза ацетонмен), онда ацетон гипофизден көлемі жағынан 10-15 есе көп болу керек және 12 сағат ұстайды. Бұл ацетонды құйып алып, сол көлемде жаңа ацетонды құйып, тағы да 6-8 сағатқа ұстайды. Одан әрі гипофиздерді құрғақ жерге фильтрлеуші қағазға жайып қояды да, ацетонның иісі жоғалғанша бөлме температурасында кептіреді. Гипофизді жылытудан немесе тікелей күн сәулесінің түсуінен қорғау керек.
Гипофизді әдетте екі жылға дейін герметидті жабық құрғақ үлбіреген мақтада сақтайды. Үлбіршекті ылғалдылығы жоғары орындарда ашуға болмайды. Гипофизарлы инъекция үшін ақ немесе ашық-қоңыр тусті гипофиз қолданылады; қараланған немесе бүлінгендері – жұмысқа жарамайды.
Гипофизді олардың суспензиясының инъекциясы түрінде қолданады. Бұл үшін гипофиздерді өлшейді, фарфорлы келіде ұнтақтайды және физиологиялық ерітіндіде араластырады, содан кейін балықтың арқа қанатынан сәл төмен арқа бұлшықетіне инъекциялайды. Тұщысу балықтарына физиологиялық ерітінді ретінде таза асқа салатын тұздың (6 г/л) немесе натрийдің, калийдің және кальцийдің хлоридтерін (7, 5, 0, 2 және 0,2 г/л) немесе натрийдің бикарбонатының (0,02 г/л) ерітіндісін, ал теңіз балықтар үшін – магнийдің, кальцийдің және калийдің хлоридтерін (7, 8, 0, 18, 0, 166 және 0, 095 г/л), натрийдің бикарбонатын (0, 084 мг/л) немесе натрийдің дигидрофосфатын (0, 06 г/л) пайдаланады.
Балықты инъекциялауға екі адам қатысады: біреуі ылғал дәкемен немесе шүберекпен жансыздандырылған балықты арқасымен серіктесіне қаратып ұстайды, екіншісі – қатты қабыршақтарының астымен арқа бұлшықетіне өткір инемен инъекция жасайды. Инъекция үшін кішкене шприц (0, 5 – 1 мл) және ұзын жіңішке ине (гипофиз суспензиясының бітеп қалмауын тексеру керек) пайдаланылады. Инъекциялау алдында суспензияны шприцпен жинап, қайтадан жіберіп, келіде араластыру керек.
Гипофиздің сақталу мерзіміне және инъекцияланушы балықтың түріне байланысты берілетін мөлшер(доза) аналықтың 1 кг салмағына 2-ден 20 мг-ға дейін құрайды. Аталыққа аналық мөлшерінің жартысын береді.
Көбею температурасының жоғарғы шегінде мөлшер(доза) төменгі температурада қолданғаннан 4 есе төмен болуы мүмкін. Әдетте екі инъекция жасайды: алғашқы (барлық мөлшердің оныншы бөлігінен жартысына дейін) және рұқсат етілген (мөлшердің қалған бөлігін) аралық 6-15 сағат. Аталыққа аналыққа салынған мөлшердің жартысын құрайтын, рұқсат етілген мөлшерді ғана салады.
Ұсақ балықтарды инекциялау үшін келесі әдісті пайдаланады. Гипофиз өте ұқыптылықпен келіге үйкеліп, физиологиялық ерітінді де араластырылып, бірнеше секундқа тұндырылып, мойны жіңішке өткір тұмсықшалы шыны түтікпен жиналынады. Тұмсықша бірнеше тамшыға көлемімен бөлінген белгі қойылады.
Пипетканың тұмсықшасы неғұрлым ұзын және жіңішке болса, соғұрлым балыққа гипофиздің дәл мөлшерін салуға мүмкіндік туады.
Түтікшенің келесі ұшына шлангтың бөлігін кигізіп, оның ұшын қысқышпен немесе тығынмен бекітеміз. Бұл пипеткада инъекцияға қажетті гипофиз мөлшерінің екі есесі жиналынады, бөлікті белгілеп, резеңкелі шлангты басып көлемнің жартысы енеді. Балықты инъекциялау алдында міндетті түрде ылғал газдың кесегіне орап, фантик сияқты етіп басынан құйрығына дейін айналдырады.
Мұндай орауды пенопласттың кесегіне немесе соңы оралған тақтайға түйрейді. Пипетканың өткір ұшымен балықтың арқа жабындысын газ рақылы тесіп, орауышты инъекциялайды.
Балықты қолмен ұстауға болмайды, әйтпесе ол өледі. Гипофиздің гонадотропты қызметін цинктің тұзы арттырады.
Инъекция жасағанда қабыну процесін болдырмау үшін стерильді ыдыс немесе гипофиздің суспензиясына бициллин-5 немесе мономицин (1 000 ЕД/мл) қосады.
Кейбіреулер жыныс өнімінің оданда ерте жетілгенін алу үшін қайта-қайта аз мөлшермен гипофиз инъекциясын қолданады.
Мұндай әдіспен мозамбик теляпиясы көбеюге өмірінің төртінші айында дайын болуға мүмкіндік берді.
Оған хориогонитикалық гонадотропин – хориогонинді (синонимдері – антелобин, фоллютеин) қолдануға болады. Бұл суда еритін, ақ немесе дерлік ақ ұнтақ. Ерітінділер тұрақты емес, сондықтан оларды тұтынар алдында дайындайды. Герметикалық тығындалған ыдыста 500, 200 және 100 ЕД ұнтақ түрінде шығарылады, 2 мл ерітіндісі ампула түрінде ұсынылған.
Аналығына 1 кг балықтың салмағына 1500-2500 ЕД мөлшерде немесе 1 кг балыққа 1-3,5 мг салады, ал аталығына бір рет.
Басқа да гормоналмастырғыш гипофиз қолданылады. Оған биенің аяғы ауыр болғандағы бастапқы күндерінде алынған (30-90 күн), ашық-сары немесе аздап ашыққызыл түс байқалатын ашық-сары сұйықтық – БҚС (бие құлынының сарысуы) жатады. Сарысуды 5%-дық фенол ерітіндісінде, сарысудың 9 бөлігіне фенол ерітіндісінің 1 бөлігін қосып консерврлейді. БҚС-ны герметикалық тығындалған банкада немесе ыдыста қараңғы, салқын жерде сақтайды.
Препараттың бастапқы белсендісі фолликулостимулдаушы және лютеинизирлеуші қызмет ететін глюкопротеид жатады. Жыныс өнімін алу үшін 1 кг балық салмағына 1 мл немесе 1500-3000 МЕ препарат бір рет немесе екі рет мөлшерге қосылады.
Көбіне нәтиже беретіндер – балықтың 1кг салмағына гипофиз (12 мл/кг) бен хороигониннің (500 – 1000 МЕ/кг), сонымен қатар гипофизді пилокорпинмен (0,001 % ерітіндегі 0,5 – 1 мг), гестофиринмен (0,5 мг/кг) немесе стрихниннің нитраты (0,5 – 1 мг) В₁ (2,4 мг), С (5 мг) витаминдерімен және 40 % глюкозаның ерітіндісіндегі комплексті инъекциялар.
Соңғы кездері балықтың жетілу процесін қалыптастыру прогестерон (1), кортизон (65 — 225), метапирон (1), эстрадиол (10 — 245), кортикостерон (53 — 225), люлиберин немесе гонадолиберин (0,5 — 2).
Қазіргі кезде НПО «Аквкультура» өндірісі шығарған аквариум балықтарының аталығы мен аналығын сапалы жыныс өнімін беруге және жетілуін стимулдауға физиологиялық жағынан дайындайтын – 1 – 5 – нерестиндері кеңінен қолданылады. Нерестиндерді бұлшықет арқылы, қуыстар арқылы енгізуге болады, ал аквариумдық ұсақ балықтарды көбейткенде, инъекциясыз әдіспен – қорекке қосып беруге болады. Нерестиннің құрамына өңделген балықтың гипофизіндегі жыныс гормондарын өндіруді стимулдайтын – люлиберин, сонымен қоса стреске қарсы және регенеративті қызмет ететін заттар кіреді.
Гонадотропты инъекцияны қолдану арқылы көбейту кезінде нәтиже алу үшін өндірушілер көбеюге дайын болу керек және гормонды инъекциялаушы мөлшер дұрыс алынуы қажет. (Наука в практике аквариумного рыбоводства, 1-5 бет)
- Балықтарға табиғи жағдайды стимулдау
Кез-келген аквариум балықтарын көбейту үшін сапалы өндірушілерді көптеп өсіру қажет. Аквариумдық шаруашылықта көбейту үшін алдын ала арнайы ыдыстар қарастырылады. Көбейтуші аквариумның кәдімгі аквариумнан айырмашылығы – тазалығында жатыр. Сондықтан көбейтуші аквариумда грунт қолданылмайды, ал өсімдіктерді отырғызар алдында мұқият жуып салады.
Өндірушілерді дайындау алдында көбеюге түрткі жасауды естен шығармау керек. Әрине, өндірушілердің де жыныстық өнімі қалыптасқан болу керек. Мұндайды аналығының құрсағының ісінгенінен, аталығының белсенділігінен және түсінің одан сайын қоюлана түсуінен байқауға болады. Балықтардың көбеюін ортақ аквариумда жүруіне жол бермеу керек. Бұл үшін аталығы мен аналығын бөлек аквариумға орналастырамыз. Көбеюге бірінші түрткі болатын – мінез-құлық факторы, мысалы, бірнеше уақыт (5-10 тәулік) аналықты көрмеген аталығы, оны бір көргеннен қамқорлығына ала бастайды. Көбеюге түрткі болатын екінші жағдай – судың температурасын жоғарылатып, жаңа су құю қажет. Көп жағдайда су деңгейін төмендету тиімді түрткі болып табылады. Және, ең негізгі көбеюге себеп болатын – аквариумдағы көбеюші субстрат болып табылады. Л.В.Чулкова, И.В.Глуховцев, В.Е.Карпов, А.В.Чулков; Ваш аквариум; Алма –Ата
«Қайнар» 1992, 135-135бет
Аквариумшы балық көбейетін кезде, аквариумды алдын ала әзірлемесе болмайды. Мұнда балықтардың ұрпақтарына қамқорлығы ескеріледі. Соған байланысты балықтарды үш топқа бөлуге болады: уылдырықтарын және шабақтарын жейтін балықтар; уылдырықтарын және шабақтарын жемейтін балықтар; уылдырықтарына және шабақтарына қамқорлық жасайтын балықтар.
Уылдырықтан шабақ өрбітудің негізгі шарты — уылдырықтың дұрыс дамуына жағдай жасау, оны бүлінуден сақтап, балықтардың жеп қоймауын қадағалау. Балықтар көбейетін кезде мынадай шаралар жүзеге асырылады:
шабақтағыш балықтарға аквариум ортасына аналық балық қуалаған кезде шабақтар қашып тығыла алатындай етіп себет отырғызылады;
балықтың уылдырығы жабысқақ болмаған жағдайда уылдырық шашатын аквариумның түбіне тор керіледі, тор тесігінен уылдырық еркін өтуі керек, сонда оны ата-анасы жей алмайды;
жабысқақ немесе жіпшесі бар уылдырықты қалың өскен өсімдік арсына шашатындай жағдай жасау кере, сонда балықтар уылдырықты жемейтін болады;
су түбіндегі қатты заттар – тас, бұтаққа уылдырық шашатын да балықтар бар, мұндайда аталығы да, аналығы да ұрпағына қамқорлық жасайды, кейде не аталығы, не аналығы ғана ұрпағын өрбітумен шұғылданады. Уылдырығын жейтін балықтардың өнімдерін бөлек өсірген жөн. Кейбір балықтар уылдырықтарын аузында сақтайды, олар тіпті үріккен шабақтарды аузына жасырады;
балықтардың аквариум түбіндегі грунттан шұқыр қазып көбейетіндері де бар, бұлардың кейбір түрлерінің аталығы, кейбіреуінің аналығы, енді біреуінің ата-анасы қамқорлық жасайды;
заттар аралығына, саңылауларға және үңгірлерге көбейетін балық түрлері де бар, оған гүлге арналған қышқұмыра, түтіктерді пайдалануға болады.
Ұрықтанған уылдырықтың даму мерзімі балық түрлеріне байланысты түрліше болады: көбінесе 2-3 күнге және 8-10 күнге созылады; кейбіреулерінде 45 күнге дейін, тіпті 6 айға дейін (уылдырық шашатын тұқытістілерде) созылатын түрлері де бар. Аталықтарды және аналықтарды көбеюге дайындаған кезде күніне 2 рет қоректендіру керек.
Шабақтарды алғашқы сатыда «тозаң» деп аталатын қорекпен қоректендіреді. «Тозаң» — дегеніміз құрамы инфузория, ескекаяқ шаянының науплиустары, артемия науплиустары кіретін қорек. Кейбір балықтардың шабағын жұмыртқа сарысымен, құрғақ сүт, айран, құрғақ дафния, циклоп, т.б қоректендіруге болады.
- Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау
- Отты барбустан жасанды көбейту арқылы уылдырық алу
Отты барбустан (Barbus conchonius) жасанды уылдырық алу зерттеу жұмысын бастар алдында 1-1,5 апта бұрын аналығы мен аталықтарын бөлек аквариумдарда ұстап, әртүрлі қорек бердік (омлет, құрт,т.б.). Өндірушілерді тәулігіне бір рет, түскі мезгілде омлет дайындап, қоректендіріп отырдық. Көбейтуге отырғызарда 1 аналыққа : 2 аталық қатынасында болды. Көбеюші аквариумның көлемі 60 л, ал су деңгейі 15-20 см болды. Аквариумға таза су құйып, түбіне тор төсеп, үстіне өсімдіктің орнына мочалка салып, жеңіл таспен шетін бастырдық. Отты барбус балығының өндірушілері өз ұрпақтарын қорғамайды, керісінше оларды қоректеріне айналдырады. Сондықтан су түбіне тор салдық. Су температурасы 25-27⁰С-де тұрақты болды. Кешке қарай өндіруші 1 аналық пен 2 аталықты аквариумға отырғызып, жарықты азайттық (сурет 1).
Аталығы көбейер алдында өзінің қалыпты түсін өзгертіп, от тәрізді жалынға айналды.Таңғы 7-8-де аталығы аналығының соңынан қуа бастап, неке сәнін көрсете бастады (сурет 2).
1 сағат шамасында тыныштық күйге түсіп, аквариумның түбіне 400-ден аса уылдырық шашты (сурет 3). Уылдырықтарының мөлшері өте ұсақ 2-3 мм және түсі мөлдір-сұр болды. Бір тәуліктен аса уақыт бойы уылдырық тыныштық күйде жатып, 18-36 сағаттың аралығында 380-ге жуық дернәсіл шығып, олар судың төменгі қабатында жәй қозғала бастады, ал дене мөлшері 3,5-5мм болды (сурет 4).
Дернәсілдерінің мөлшері өте ұсақ, көзге көрінуі де қиын, түсі де сумен бірдей. Дернәсілдерінің сарыуыздары төртінші тәулікте бітті және осы уақытта олар су қабатына белсенді түрде жүзіп шығып, активті қозғалды. 3-4 тәулікте шабақтар шығып, қорекке деген белсенділігін арттырды. Шабаққа жеткенде берілген алғашқы қорек шаян личинкалары, артемия, т.б қорек түрлері берілді. Шабақтар саны 373-ке жетті (сурет 5).
Бұларды өсіргенде аквариум суына метилинді көкті қостық, себебі ол әртүрлі дезенфикциялық аурулардың алдын алып, санитарлық тазалықты сақтауға мүмкіндік береді.
Шабақтарды күніне 3 реттен қоректендіріп отырдық. Шабақтарға берілген алғашқы қорек – артемия жұмыртқасы( дайындау: 5л суық суға 6 қасық тұз, 5 қасық артемия шаянының жұмыртқасы салынады, оны 3 күнге ішіне ауа жіберіп, ауамен 3 күн қайнатамыз. Содан соң тұндырып, жарықты түсіреміз, сонда жарыққа тірі артемия жиналады, өте торлы сачокпен жинап, таңертең және түсте береміз); ал кешке декапсулирленген артемия (дайындау: артемия жұмыртқаларын ыдысқа салып, үгітіп, қайнаған ыстық су құямыз да, суытып, береміз). Бұл қорек түрлерін 1,5 айына дейін бердік, әрі қарай шабақтарды амлетпен қоректендірдік.
Сурет 1. Отты барбустың (Barbus conchonius) а- аталық және б- аналық өндірушілері
Сурет 2. Отты барбус (Barbus conchonius) өндірушілерінің некелік ойындары
Сурет 3. Отты барбустың (Barbus conchonius) шашқан уылдырықтары
Сурет 4. Отты барбустың (Barbus conchonius) 4 тәуліктік дернәсілдері
Сурет 5. Отты барбустың (Barbus conchonius) 2 айлық шабақтары
- Псевдотрофеус зебрадан жасанды уылдырық алу
Псевдотрофеус зебрадан (Pseudotropheus zebra) жасанды уылдырық алу жұмысын бастар алдында 1 апта бұрын аквариумды тасты ландшафпен безендіріп, 2 аталық пен 1 аналықты отырғыздық (сурет 6).
Температура 26⁰С-де тұрақты болды. Суда аэрация жақсы жүрді. Өндіруші аталық пен аналыққа қорек бермедік. Аталық өндірушілер аналықты өздеріне қарату үшін оның қасынан бір елі қалмады. Екі аталықтың біреуі аналыққа өз дәрежесін көрсету үшін екінші аталықты аналықтың маңына жолатпады. Белсенді аталық өндіруші аналықпен жұп құрап, оны өз қамқорлығына алды. Аналық өндіруші уылдырықтарын алдымен субстратқа шашып, сосын қайтадан аузына жинай бастайды, ал аталығы сол сәтте аналығының аузына шәуетін шашып, уылдырықтарын ұрықтандыра бастайды. (www.google.ru, «http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D1%81%D0%B5%D0%B2%D0%B4%D0%BE%D1%82%D1%80%D0%BE%D1%84%D0%B5%D1%83%D1%81%D1%8B псевдотрофеус зебра».
Бұл цихлидалар балықтарының басқа балық түрлерінен ерекшелігі мен айырмашылығы осы болып табылады. Ауыз инкубациясы – ұрпақтарын сақтап қалудың ең тиімді әдісі, олар осылай ұрпақтарының амандығына кепілдік береді. Сондықтан ауызбен инкубация жасайтын түрлердің өнімдерінде аздаған айырмашылықтар бар: максимальды өнімділігі 300 уылдырықтан көп емес, ал минимальды өнімділігі 6-8 уылдырықты құрайды (Л.В.Чулкова…….251 бет) Аталық өндіруші басқалардан өз территориясын қорғап, агрессивті күйге енді. Осы кезден бастап уылдырықтарының инкубациясы аналығының аузында жүре бастады. Аналықтар инкубация кезінде тіпті қоректенбей жасырынып жүрді (сурет 7).
Ұзақ аштыққа кейбір аналық өндірушілер шыдай алмай уылдырықтарын жұтып қоюы мүмкін. Сондықтан жасанды инкубацияға ауыстырған жөн. Әсіресе алғаш рет уылдырық шашқан аналықтарда жиі кездеседі. Бірақ мұны бірден істеуге болмайды. Аналығына ұрпақтарымен болуға кішкене уақыт беру керек. Егер уылдырықты бірден алып қойса, келісіде бұл балық өнімді аз немесе мүлдем бермей қалады (Л.В.Чулкова…..252 бет). Көбейген кезде аналығының аузының асты ісініп, аузын қайта – қайта аша берді. Ешқандай қорек жемеді, сондықтан қорек берілмеді. Аналығынан уылдырықты алғанда – алдымен бөлек көлемі кіші ыдысқа су құйып аналығын отырғыздық, содан соң басын төмен қаратып, тамағын саусақпен сипап, аузын ашып, бүлінбеген, жарақаттанбаған 16 уылдырықты 10 тәуліктен кейін алдық (сурет 8).
Алынған уылдырықты аэрациясы жақсы жүріп тұрған, температурасы 26-27⁰С, 20 литрлік аквариумға су деңгейін аз мөлшерде құйып отырғыздық (сурет 9).
Уылдырықтың диаметрі 4-5мм-ге тең, түсі сары, мөлшері салыстырмалы түрде көзге анық көрінеді.Сарыуыз қапшығынан босамаған дернәсілдер су түбінде 6-7 күн тыныштық күйде жатты, дене мөлшері 7мм-ге тең (сурет 10). Бір аптадан соң су қабатында активті қозғалған алғашқы шабақтары көрінді, олардың дене мөлшері 1см-ге тең (сурет 11). Шабақтарды күніне 3 реттен қоректендіріп отырдық. Шабақтарға берілген алғашқы қорек – артемия жұмыртқасы( дайындау: 5л суық суға 6 қасық тұз, 5 қасық артемия яйцо рачка салынады, оны 3 күнге ішіне ауа жіберіп, ауамен 3 күн қайнатамыз. Содан соң тұндырып, жарықты түсіреміз, сонда жарыққа тірі артемия жиналады, өте торлы сачокпен жинап, таңертең және түсте береміз); ал кешке декапсулирленген артемия (дайындау: артемия жұмыртқаларын ыдысқа салып, үгітіп, қайнаған ыстық су құямыз да, суытып, береміз). Бұл қорек түрлерін 1,5 айына дейін бердік, әрі қарай шабақтарды амлетпен қоректендірдік.
Сурет 6. Псевдотрофеус зебраның (Pseudotropheus zebra) а- аналық және б- аталық өндірушілері
Сурет 7. Псевдотрофеус зебраның (Pseudotropheus zebra) тасқа жасырынған аналығы
Сурет 8. Псевдотрофеус зебраның (Pseudotropheus zebra)уылдырықтары
Сурет 9. Псевдотрофеус зебраның (Pseudotropheus zebra) инкубациядағы уылдырықтары
Сурет 10. Псевдотрофеус зебраның (Pseudotropheus zebra) 1-2 тәуліктік дернәсілдері
Сурет 11. Псевдотрофеус зебраның (Pseudotropheus zebra) 1 апталық шабақтары
- Акара бирюзадан жасанды уылдырық алу
Акара бирюзадан (Aequidens sp,) жасанды уылдырық алу алдында ортақ аквариумнан жұптар таңдалып алынды, әрине жұпты балықтардың өзі таңдады. Содан соң 1 дана аталық өндіруші мен 1 дана аналық өндірушілерді бөлек аквариумға әкеліп отырғыздық (сурет 12). Аквариумның мөлшері 150 литрге тең. Аквариумды алдын ала су құйып, түбіне тасты субстраттарды және пластмассадан жасалған жасанды өсімдіктерді орналастырып, ұсақ тастармен де көмкеріп қойдық. Су температурасы 28⁰С-де тұрақты болды. Акара балықтары уылдырықтарын тасқа шашады, бұл олардың литофильді балықтар екенін анық көрсетеді. http://www.google.kz/imgres?imgurl=http://sachаman.nm.ru/pic/zebra2.jpg&imgrefurl=http://sacha-man.nm.ru/fish/zebra.htm&usg=__V-Ga_-qXCs33KHUMeHIj0Pz87TM=&h=235&w=345&sz=15&hl=ru&start=26&zoom=1&tbnid=RgTO-11UI3j30M:&tbnh=82&tbnw=120&ei=-dC3TarjH4Ou8gPZgLEs&акара бирюза.Әрине көбеюге дайын екенін алдымен аталық өндіруші бастап, ол аналыққа өз биін, неке сәнін көрсетті. Аталық өндірушінің әрбір іс-әрекеті аналығының көңілінен шыққан тәрізді. Себебі ол аталық өндірушіден көзін алмастан әрбір іс-қимылын көз тізбегінен өткізуде болды.Түстері әдеттегіден әлде қайда әдеміленіп, қоюланып өзгерді. Ол аналықтың жанынан былай да былай жүзіп, өсімдіктерді тістеп аналықтың назарын өзіне аударуға тырысты. Бұлар аквариумда бір аптаға жуық бірге болды. Осы уақыт аралығында аналықтың құрсағы ісіп, көбеюге дайын екендігін көрсетті. Уылдырық шашуға аз уақыт қалғанда құрсақ бөлімі кәдімгідей ісіп кетті. Өндірушілер аквариумның шеткі жағына орналастырылған беті тегіс тасты субстратты қайта-қайта тазалап, жанына бара берді (сурет 13).
Аталығы аналығын ернімен итеріп, артынан қалмады. Осы күні бұл балықтар әсіресе аталық өндіруші өте әдемі болып кетті. Ал аналық өндіруші ұясын тазалауға кірісті. Көбеюге 15-20 минут қалғанда аталығы аналықтың жанынан кетпей, ұяны төңіректеп жүріп алды. Аналығы тасты субстратқа құрсақ бөлімін басып, уылдырық шашуға дайындалды (сурет 14). Бұл шашылған уылдырықтың алғашқы порциясы болды (сурет 15). Содан соң кезек аталық өндірушіге келіп, шәуетін шашты , осылай 40 минуттай уақыт ішінде көбею процесі аяқталды (сурет 16). Енді өндірушілер тек ұрпақтарына қамқорлық көрсетумен болды. Аталық өндіруші жұмысын бітірген соң жанұясының сыртынан қарап тамашалады, ал аналығы демалуды түсімде ғана көремін дегендей кейіппен уылдырықтарын жинақтап, әуреге түсумен болды. Уылдырықтарының жалпы саны 450 данаға жуық болды. Түсі сарыдан жасылға дейін барады, негізі салған субстратына ұқсас болды. Уылдырықтың диаматрі 4 мм-ге жуық (сурет 17).Осыдан кейін өндірушілерді негізгі аквариумға ауыстырып, оларға қорек бердік. Себебі өндірушілер ұрпақтарының жанында болғанда қорек жемеді. Ал уылдырықтарды аэрациясы мен фильтрациясы жоғары көбеюші аквариумда қалдырдық. Уылдырықтардың дамуы 3-4 тәулікке созылды, содан соң 2-4 тәуліктің арасында дернәсілдер шыға бастады (сурет 18). Олардың жалпы саны 445-ке жетті. Сарыуыз қапшықтары әбден жойылғаннан кейін, қорекке деген белсенділіктері артқан шабақтар шықты (сурет 19).
Шабақтар 440 дананы құрады. Шабақтарын тәулігіне 3 реттен қоректендіріп отырдық. Берілген алғашқы қорек – артемия науплиустері болды. Шабақтары 1,5 айға жеткенше солай қоректендіріп отырдық, ал одан кейін арнайы омлет дайындап, тәулігіне 2 рет қоректендірдік.
Сурет 12. Акара бирюзаның (Aequidens sp,) а- аналық және б- аталық өндірушілері
Сурет 13. Акара бирюзаның (Aequidens sp,) өндірушілері субстрат таңдауда
Сурет 14. Акара бирюзаның (Aequidens sp,) аналығы уылдырық шашуға дайындалуда
Сурет 15. Акара бирюзаның (Aequidens sp,) алғашқы шашылған уыллырықтары
Сурет 16. Акара бирюзаның (Aequidens sp,) көбею процесінің аяқталу сәті
Сурет 17. Акара бирюзаның (Aequidens sp,) барлық шашқан уылдырықтары
Сурет 18. Акара бирюзаның (Aequidens sp,) 2-4 тәуліктік дернәсілдері
Сурет 19. Акара бирюзаның (Aequidens sp,) 1,5 апталық шабақтары
3.4 Алтын балық
Қазіргі кезде аквариумдық балық шаруашылығында балықтардың зат алмасуын, олардың жыныс өнімдерінің жетілу процесін стимулдайтын және көбеюін белсенді ететін дәрі-дәрмектер мен әртүрлі заттар; балықтарды басқа орынға ауыстырғанда, тасығанда және балықтың денесіне инъекция салғанда қолданылатын жансыздандырғыш заттар; балық уылдырығының жабысқақтығына, шабақтарының өсуін стимулдауға және уылдырық пен дернәсілдің тіршілік қабілеттілігіне әсер ететін заттар; генетика мен балықтар селекциясында қолданылатын мутагенді заттар; көбеюші суды өңдеуге арналған бактерицидті заттар жиі қолданылады.
Балықтың жыныс өнімділігін жетілдіру үшін көп жағдайда гипофиздің гонадотропты гормонының суспензиясы, хориогонин, нерестиндер пайдаланылады. Көбіне тиімдісі түрдің өзінің гипофизінің препараттары. Бірақ балықтан өзінің гипофизін қажетті деңгейде алу оңай жұмыс емес. Көбіне жан-жақты гипофиздерге тұқы, тран, мөңке балықтары ие болып келеді. Гипофизді дайындауға тірі, жыныстық жағынан жетілген балықтарды пайдаланады. Гипофизді жыныстық жағынан жетілмеген, қартайған немесе жаңа ғана көбеюге қатысқан балықтан алуға болмайды. Ондай балықтардың гипофизінде жыныс гормондары болмайды. Олар көбею алдында көп мөлшерде болады.
Бұған мысал ретінде алтын балықтарға тәжірибе жасалды және нерестин-4 пайдаланылды. Оны тұқы балықтарына, мөңкеге, буффалоға және аквариумдық балықтарға да қолдануға болады. Бұл тәжірибеге 11 алтын балық қатысты, 2 аталық және қалған 9 аналық өндірушілер. 450 литрлік аквариумның 4/1 су толтырып, өндірушілерді отырғыздық. Себебі олар суы аз аквариумда көбейеді. Ал уылдырықтарын өсімдіктерге шашады. Сондықтан көбеюші аквариумға өсімдіктің орнына ақ түсті пластмассадан жасалған жасанды өсімдікті пайдаландық. Судың температурасы 25⁰С-ден төмен болмады. Аквариумға құйылған жаңа су аэратор арқылы оттегіге қанығып, жылытқыш құралмен жылытылып отырылды. Нерестин-4 салынар алдында, әрбір өндірушінің салмағын өлшеп алдық. 1 кг салмақтағы өндірушіге 0,4 мг нерестин-4 салынды. Біздің обьектілеріміздің салмағы максимальды 100 гр, ал минимальды 24 гр-ды құрады. Сондықтан әрбір өндірушіге тиісті мөлшерді есептеп алдық. Таңертеңгі сағат 10:43-те алғашқы инъекция салынды. Инъекцияны балықтың арқа бұлшықетіне салдық. Алғашқы инъекциядан кейін жарықты бәсеңдетіп, тыныштықты арттырдық. Әрбір 3-4 сағат сайын көбеюшілерді тексеріп отырдық. Ол үшін өндірушілердің құрсағын сығып қараймыз. Кешкі сағат 21-де екінші инъекция салдық, соңғы инъекция тек аналық балықтарға салынды. Бұл кезде жарықты толығымен өшірдік. Бірақ өкінішке орай біз алтын балықтардан өнім ала алмадық.
Қорытынды
- Зертеуге қатысқан әрбір балық туралы әдебиеттер көздерімен таныстық;
- Зерттеуге қатысқан балықтардың көбеюі кезінде жеке арнайы аквариумдар дайындалынды;
- Аквариумда табиғи жағдайды қалыптастыра отырып, зерттеуге қатысқан балықтардан өнім алынды. Отты барбус, псевдотрофеус зебра, акара бирюза балықтары Оңтүстік Америка, Африка және Оңтүстік Үндістанның тұщы су көздерінде тіршілік етеді. Қазақстан суқоймаларында кездесу жиілігі тіркелмеген. Ал аквариумда өсіру енді қолға алынып жатыр. Отты барбус Barbus conchonius табиғи суқоймада әдебиеттер бойынша 600-ге жуық уылдырық салса, ал аквариумда табиғи жағдайды стимулдау арқылы 400-ден аса уылдырық алынды. Ал тауарлық деңгейге 380 данасы жетті. Псевдотрофеус зебра Pseudotropheus zebra табиғи суқоймада әдебиеттер бойынша 40-100-ден төмен уылдырық шашса, ал аквариумдық жағдайда 20 дана уылдырық алынды, тауарлық деңгейге жеткен өнім 18 дананы құрады. Акара бирюза Aequidens sp. әдебиет көздері бойынша 200-300 дана уылдырық шашса, аквариумдық стимулдау бойынша 450 данаға жуық уылдырық алынды, тауарлық деңгейге жеткен шабақтар саны 440 болды.
Балықтарды жасанды көбейтуде, яғни, табиғи жағдайды стимулдау арқылы көбейткенде әрбір балықтың табиғи суқоймадағы жағдайы ескерілгенде (табиғи суқойманың температурасы, жарық деңгейі, судың рН, оттегі мөлшері, су аэрациясы, судың ағысы, субстрат түрлері) ғана өнім берді.
Әдебиет көздерімен салыстырған да зерттеу обьектілерін жасанды көбейту өз нәтижелерін салыстырмалы түрде жақсы деңгейде берді. Аздаған температура мен жарық мөлшерінде айырмашылықтар болды, соның нәтижесінде уылдырықтар санында да аздаған айырмашылықтар кездесті.
Бітіру жұмысын қорытындылай келсе, отты барбус, псевдотрофеус зебра, акара бирюза балықтарының биологиясын және экологиясын әдебиеттер көзімен танысу арқылы білдім. Жаздық және күздік практика барысында жиналған әдебиеттерге талдау жасап, көбеюі қиын балықтарды жасанды түрде табиғи жағдайды стимулдау арқылы көбейту әдісін меңгеріп, өнім алдық.
Пайдаланған әдебиеттер