Кеңес — Ауған соғысы
ЖОСПАР
Кіріспе
I-тарау. Сәуір төңкерісі
1.1. 1978 жыл. Сәуір төңкерісі
1.2. Кеңес әскерлерін Ауғанстанға кіргізу үшін қиын шешім
1.3. Б.Кармаевдің Ауғанстан үкімет басына келуі
1.4. КСРО әскерлері Ауғанстанға енді
II -тарау. КСРО әскерлерінің Ауғанстаннан шығуы
2.1. Моджахедтер
2.2. КСРО әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының I – кезеңі
2.3. Женева келімісі біржақты орындалуда
2.4. КСРО әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының II- кезеңі
Қорытынды
Библиографиялық көрсеткіштер тізімі
Әдебиеттер
КІРІСПЕ
20 жылдан аса уақыт бұрын КСРО Қарулы әскери күші Ауғанстаннан шығарылды. “Ауған соғысы” жөнінде өте көп мақалалар жазылды. Кеңес Одағы тарағаннан кейін бұл соғыс жөнінде шындыққа жақын деректер Ресей баспаларында көп басылғанымен, ақиқат әлі де көпшілік құлағына жеткен емес. Бұл соғыстың жарық түсірілмеген жерлері әлі көп. Көп сұраққа әлі жауап жоқ. “Ауған соғысы” жөнінде бірін бірі жоққа шығаратын деректер де өте көп. Авторлар біріне бірі жарыса бұл соғысты біресе ақтап біресе даттап жатады.
КСРО тарағанға дейінгі басылымдар көбіне бір жақты болып, ауған қасіретіндегі шындық бүркемеленіп, көбіне КСРО позициясы жақталып жазылған деректер көп болды. КСРО тарағаннан кейін де кейбір мәліметтер халыққа ащы шындығымен жете бастағанда, халық қайсысына сенерін білмей қалды. М.Горбачев тұсында демократияға сенген академик А.Сахаровқа ұқсаған батыл тұлғалар бұл соғыс жөнінде бет пердені ашып, кінәлілерді халыққа танытқысы келді. Бірақ кеңестік насихат әбден мойын сұнған, оған қатты сеніп, оның әрбір әрекетін тек қана дұрыс деп түсініп келеген КСРО халқы оларды түсінбеді.
Л.И.Брежнев өлгеннен кейін шындыққа жақын жазылған мақалалар оқиға шын баға беруге тырысты. 1990 жылы Мәсекуде басылым көрген. Ф.Бурлацкийдің “Вожди и советники” деген кітабында автор “ауған соғысына қатысы бар КСРО басшыларының іс әрекеттерін баяндайды. Кітаптың КСРО заланында жазылғанын ескерсек бұл кітаптағы деректер де автордың өз көзқарастарына негізделіп, Ю.Андропов, генерал Н.Огарков т.б. сияқты кейбір жоғары лауазымды басшылар жөніндегі пікірлеріне шығатын сену күмәнді.
1990 жылы Мәскеуден шығатын “Армия” әскери журналының бірнеше сандарында “ауған мәселелері” жөнінде деректі повестер жарық көріп, халыққа “ ауған соғысының” кейбір эпизоттары мәлім болды. Өкінішке орай ол жылдары да нақты шындықты айтуға бола бермейтін кез болатын. Осы журналда “үздік еңбек” деп танылып, КСРО қорғаныс Министрінің сыйлығына еге болған А.А.Ляховскийдің “На афганской выжаненный земле” деген мақаласы жарық көрді. Автор мақаласын ресми деректермен толықтырып, шындықты бейнелегенімен, ол деректер өте аз және көпшілікке мәлім жайттар болды. Тек қана арада бірнеше жыл өткеннен кейін автор бұл мақаласын толықтырып жеке кітап етіп бастыра алды.
Генерал – майор А.А. Ляховский тарихшы немесе журналист емес, кәсіби әскери қызметкер. Ол Ауғанстандағы соғысқа тікелей қатынасып, соғыс суреттерін өз көзімен көрген адам А.А.Ляховсикй ұзақ жылдың КСРО қарулы күшінің Бас штабында қызметте болып. КСРО әскерінің Ауғанстандағы өткізген жылдарында ондағы КСРО оперативтік соғыс әскери тобының бастығы Армия генералы В.И.Варенниковтың көмекшісі болып қызмет атқарды. В.И.Варенников өз кезегінде сол кездегі әскери – соғыс күшінің Бас қолбасшысы Д.Наджибулланың әскери кеңесшісі болған. Осы деректен А.А.Ляховский Ауғанстандағы соғыстың көптеген қараңғы ноқталарына жарық түсіріп, көпшілікке бұл соғыс жөнінде сенімді көрініс бере алды.
Соңғы уақыттарыда “ауған оқиғасының” куәсі болған басқа да бірнеше адамдар ауған шындығының бетін ашуда. Мысалы кезінде Ауғанстан премьер министрі болған Х.Аминнің, Ауғанстан Сыртқы Істер Министрі болған Ш.М.Дустардың кеңесшісі болып қызмет атқарған кеңес дипломаты В.С.Садрончуктың 1996 жылдан бастап “Азия и Африка” журналының беттерінде ұзын уақыт “Афганстан при Б.Кармоле и Наджибулле” деген деректі мақаласы басылды.
Бұлардан басқа аталмыш журнал беттерінде В.Москоленко (“Остановить кровопраштие”), В. Коргун (“Б.Кормоль”) В.Беляков (“Афганский бумеранг”), Р.Сикаев (“Поштический облик афганской диаспоры”) т.б. авторлардың мақалары шықты.
Жалпы “ауған соғысы” жөніндегі мақалалар өкінішке орай авторлары орыстар болып, Ресей басылымдарында жарық көріп, қазақ авторлары мен басылымыдары өте сирек кездеседі.
Қазақ авторларының ішінде 1996 жылдан бері нақты деректерді пайдаланып “ауған соғысына” ептеп жарық түсіріп жүрген, анда-санда “Егемен Қазақстан” газеттерінде аз көлемде ғана басылып тұратын Болат Майлан деген қазақ авторы “ауған соғысына” жалпы тоқталмай, соғысқа кеңес әскерлері қатарында қатынасқан азғантай (салыстырмалы түрде) қазақ жауынгерлерінің сол соғыс кезіндегі, одан кейінгі тағдырларымен шектеледі. Б.Сайлан әзірше ізденіспен ғана шектеліп, әлі өз еңбегін тарихи кітап етіп бастырған емес. Сол себепті қазақ авторының еңбегі жасалған диплом жұмысына қолдануға жеткіліксіз болып, жұмыс негізіне көбіне Ресей авторларының еңбектері пайдаланылды.
I-тарау. Сәуір төңкерісі
1.1. 1978 жыл. Сәуір төңкерісі
1978 жыл, 27-сәуірде (ауған жылнамасында 1357 жыл, 7 – сәуір) Ауғанстанда бір топ офицерлердің басшылығымен сол кездегі мемлекет басындағы М.Дауд шах режимі құлады1. Бұл әрекет әлем жұртшылығына – төңкеріс деп жарияланды. Төңкерісті жасағандар маркстік – лениндік ұрандармен қаруланған Ауғанстан халық демократиялық партиясы (АХДП) мүшелері негізінен әскерлерден құралған азғантай топ, бұрын тәжірибесі болмағанына қарамастан, жәй халықтың көмегінсіз тек қана өз мүмкіндіктерін, қызмет бабын пайдалану арқылы ғана өз мақсаттарын іске асыра алды.
1973 жылы Ауғанстанның бұрынғы патшасы Захир Шахты тақтан тайдырып, үкімет басына келген М.Дауд2 АҚШ пен де, КСРО мен де бірдей саяси қатынаста болды. М.Дауд туралы саяси әлемде «америкалық темекісін кеңестік сіріңкесімен тұтатқан адам» деген сөз тарады. Сыртқы саясатты М.Дауд Батыс пен Шығыстан бірдей ұпай жинауды көздеді. Ішкі саясатта ол өзін үкімет басына әкелген күштерге уәде еткен әлеуметтік реформаларды жүргізудің орнына, халық күткен демократиядан бас тартып, керісінше демократиялық козғалыстарды басып тастауға әрекет етті. Партия қайраткерлерін қудалау басталды3.
АХДП басшылары әсіресе Б.Кармольдің идеясы бойынша Дауд үкіметің құлату әрекеттерін пландай бастады. План бойынша шешуші көтеріліс 1978 жылдың шілде айына белгіленді. Алайда осы жылдың 17-сәуірінде АХДП «Парчан» фракциясының жетекші идеологі саналған А.Хайбардың Дауд үкіметі тарапынан өлтірілуі бұл планның мезгілінен бұрын іске асуына жағдай туғызды4.
А.Хайбардың өлімі АХДП – ның ашу – ызасын туғызды. АХДП басшысы «Хальк» фракциясының өкімі Н.М.Тараки және АХДП Орталық комитеті басшысы Б.Кармаль бастаған 15 мыңнан аса адам АҚШ елшілігі алдында «АҚШ Дауд режимінің қолдаушысы» деген ашулы айыптаулар айтып шеру өткізді.
А.Хайбар жерленгеннен кейін Кабулде демократиялық күштерге қарсы репрессия басталды. 24-сәуір күні Кабулдегі АҚШ елшісі Д.Эллиот пен М.Дауд арасында жасырын кездесі өтіп, АҚШ елшісі Даудке солшыл күштерді қатаң жазалау керектігін ескертті5. АХДП басшылары Н.М.Тараки, Б.Кармаль, Х.Амин, Д.Пандишери, А.Сафи т.б. «конститутцияны бұзды» деген айыппен тездетіп тұтқынға алуды талап етті.
26-сәуірде аталмыш адамдар Х.Аминен басқасы түгел тұтқынға алынды. Н.М.Таракидің және басқадлардың түрмеге түскенін білген Х.Амин Кабул мунициполитетінде қызмет етуші М.Факир және Ауғанстан Әуе әскери күштеріндегі офицер С.М.Гулабзой арқылы көтеріліс планы тараптастарына жеткізді.
Сол күні (26-сәуір)6 Ауғанстандағы барлық әскери бөлімдерде коммунистердің басып тасталғаны тойланды. Ауғанстан Қорғаныс министрі М.Х.Расули мерекелік той дастарханына қоса көңілді мерекелік бағдарлама ұйымдастыруға бұйрық берді. Осы жағдайды пайдаланған АХДП мүшелері көтеріліске дайындыққа кірісті.
План бойынша АХДП мүшелері 4-танкистер бригадасының штаб бастығы М.Рафи, батальон командирі М.А.Ватанжар және Ш.Маздурьяр т.б. басталған танкілері оқ жауды.
Кабульдің әрбір түпкірінде, әуе — әскери күштері арасында АХДП – ның ұйымдастырумен ұрыстар болды. Президент сарайы алынды. М.Дауд өзінің жақындарымен қоса өлтірілді7.
Өкімет басына АХДП келді8. Кабул халқы және басқа Ауғанстан уалаяттары АХДП- ның өкімет басына келуін жайбарақаттықпен қабылдады. Бұған бір жағынан олардың саяси сауатсыздығы, екінші жағынан оқиғаны тек қана М.Даудты биліктен тайдыру процессі деп қана бағалауы себеп болды. Қалай болғанда жалпы халықтың тыныштық әрекеті АХДП ға жақтастық емес, оқиғаны дұрыс түсінбеушілігінен туған құбылыс болды.
1978 жылы 27-сәуірдегі Кабульдегі төңкеріс әскерлер тарапынан да жағымды қабылданды. «Хальк» және «Парчон» фракцияларының ауған Армиясы ішіндегі ұйымдары М.Даудке жақтас аға офицерлерді қарусыздандырды8.
М.Дауд режимінің оңай құлатылғаны АХДП – ның басшыларына жеңіс эйфориясын, өздеріне деген сенімділік сезімін туғызды. Популистік ұрандар көбейді. Көптеген іске асылуы мүмкін емес проектілер жарияланды. Жалған уәделер насихатталды.
Жаңа режим басына келген Н.М.Тараки үкіметі өзінің мемлекеттік саяси істерінде негізінен КСРО-ға арқа сүйеді9. Өз кезегінде КСРО Ауғанстанға көмегін өте көлемді мөлшерде белгіледі. Олардың ішіндегі ең негізгісі әскери көмек болды.
Ауғанстандағы сәуір төңкерісі «ислам және демократия принциптерін» қорғау үшін жасалды деп жарияланғанымен, іс жүзінде АХДП өкімет басына келісімен ақ рухани – діни өкілдердің үстіне қатты бақылау орнатылды. Діни басшылар, халық, ру, тайпа ақсақалдарын режимге қарсы деген жаламен репрессиялау басталды.
1978 жылы шілдеде «демократиялық және антифеодальдық іс-әрекеттерге» қарсы алғашқы әскери қарсылық басталды10. Бадахшан, Башан, Кундар, Пактия, Нангархар уалаяттарында жергілікті помещтиктік-феодальдық топ басшылықтарын елеулі мақсаты айқын алғашқы қарсылықтарды өрістетті.
КСРО аналистиктері Ауғанстандағы сәуір әскери төңкерісін армия мен ұсақ буржуазияның азғантай тобының көтеріліс нәтижесінен болған әскери өзгерісі деп қарағанымен, ауғанстан өкімет басына солшыл ниеттегі АХДП-ның келуіне қуанғандарын жасыра алмады11.
Батыс эксперттері М.Даудтың құлауын өздерінің нақты дәлелдері болмаса да КСРО – ның арнайы құпия қызметі (спецслужба) қолымен істелді деген пікірді қолдады. Бұған дәлел ретінде төңкерістің алғашқы күндерінде Б.Кармальдің үнді журналистеріне айтқан «Ресей бұл жерде төңкеріс болуын қалады» деген сөзі себеп болды12.
Ауғанстанда АХДП режимінің басталуынан бастаған КСРО өз көмегін жан жақты күшейтті13.
АХДП – ның үкімет басына келген алғашқы күнінен бастап, бұл партияның бір мемлекетті басқарып әкететіндей тәжірибесі де, арнайы білім деңгейіде де жоқ екені белгілі болды.
Ауғанстандағы жаңа өкімет халықпен, діни адамдармен, әртүрлі ру, тайпа көсемдерімен тіл табыса алмады. Ал бұл екі фактор халыққа әсер етуші негізгі күш болатын.
КСРО мемлекетінің берін жатқан өлшеусіз көмегіне әбден сүйенген АХДП басшылығы өздерінің мақсаттарын халыққа еріксіз таңып, Ауғанстандағы жаңа режимді тоталитарлық, авторитарлық режим жүйесіне бұрын бара жатты. Бұл режим халықты қорқытып, үркітіп, күштеп билеуге тырысты.
Ауғанстан демократиялық Республикасы (АДР) Төңкеріс кеңесінің алғашқы указдарына сәйкес үкімет және сот ұйымдары белгіленіп, жаңа губернаторлар, корпус және дивизия командирлері тағайындалды. Бұрынғы үштүрлі мемлекет байрағы біртүсті, Кеңес Одағының мемлекеттік байрағындай, қызыл болып, Ауғанстан мемлекеттік гербі жасалды14.
АДР мемлекет басшысы және премьер министрі болып Н.М.Тараки, оның орынбасары болып Б.Кармали сайланды. Премьер министрдің бірінші орынбасары және АДР сыртқы істер Министрі (СIM) болып -Х.Амин, Байланыс министрі болып – майор М.А.Ватанжар, подполковник А.Кадыр – Қорғаныс министрі, майор М.Рафи — Әлеуметтік қызмет министрі болып тағайындалды15.
1978 жылы мамыр айында АДР жаңа өкіметі КСРО мен әскери келісім шартқа отырды16. Алғашқы келісімде олардың саны 400 адам көлемінде болғаны мен, кейіннен сансыз есе көбейді.
Кеңес Одағынан жіберілген кеңесшілер корпусы «дағдарыс» кезеңінің тәртібіне сәйкес тек қана СОКП басшыларының есіткісі келетін жағдайды ғана баяндап, іс жүзінде ауған жағына ақыл-кеңес беру жұмысшысын емес, АДР өкімет және партия басшыларының тікелей міндеттерін өздері атқарды. АХДП – ның барлық түрі СОКП – ның копиясына айналып бара жатты.
1978 жылы 30- қараша «Жер туралы» Төңкеріс Кеңесінің указы шықты. Алайда жер реформасы халық күткен нәтиже әкелген жоқ17.
1978 жылы қазақ айында АДР өкіметінің әйелдер үшін арнаулы декреті шықты18. Әйелдер ер адамдармен тең құқылы деп жарияланды. Қалыңмал жойылды, жастай үйленуге тыйым салынды. Сауатсыздықпен күрес негізінде әйелдер күштеп сауат ашу курстеріне тартылды. Алайда бұндай әрекеттер сауатсыз, қараңғы ауған халқытарапынан олардың жеке өмір заңына қол сұғушылық деп танылды, қарсылықтарын туғызды.
АДР режимі исламның суннит шиит екі ағымының суннитін жақтап шииттер (исмаиидтер) қуғынға ұшырады. Шриттердің беделді азаматтары діни өкілдері, ақындары, талантты адамдары өлтірілді.
Діни басшыларға, молдаларға қарсы жаңа режимнің репрессиялық қадамы олардың қкіметке қарсы күштерді ислам туы астына біріктіріп, АХДП ға қарсы күреске итермелеулеріне себеп болды.
Іштегі оппозицияға қарсы жазалаушылық саясат басқындар санын көбейтті. Туыстары мен балаларының амандығын ойлаған адамдар, бүкіл отбасы, кейде бүкіл қыстақ түгел мемлекетті тастап кетіп жатты. Тек қана 1978 жылы Пакистанға 110 мың адам кетті, ал 1979 жылы олардың саны 750 мыңнан асты19.
1.2. Кеңес әскерлерін Ауғанстанға кіргізу үшін қиын шешім
Ауғанстандағы сәуір төңкерісінің пайда болуына себеп болған негізгі қозғаушы кұш — АХДП 1965 жылы 1- қаңтарда құрылды.20 Оның құрамына жазушы Н.М.Тараки, министрлікте жоғары қызметте істеуші чиновниктер Б.Кармаль, Ш.М.Дост, офицерлер М.А. Хайбар, М.Т.Бадахмин т.б. кірді. АХДП құрылуына СОКП тікелей жәрдем етті. Партияның алғашқы құрылтай съезі Н.М.Таракидің үйінде жасырын түрде өтіп, АХДП орталық комитеті (ОК) сайланды, оның құрамы, мақсаты, міндеті белгіленді. Партияның бас хатшысы болып Н.М.Тараки, АХДП ОК хатшысы болып, Б.Кармаль сайланды. АХДП ОК мүшелігіне 7 адам Н.М.Тараки, Б.Кармаль, С.М. Кештманд, С.М. Зерай, Ғ.Д.Пашери, М.Т. Бадахши, Ш.Шахпур кірді. АХДП баспа орталық ұйымы – «Хальк» газеті шығарылды. 1966 жылы АХДП бағдарламасы осы газетте жарияланды21.
АХДП құрылғаннан бастап оның басшылары Нур Мохаимад Тараки мен Бабрак Кармаль арасында басшылыққа талас әрекеттер пайда болды. Н.М.Тараки оқыған сауатты адам болғанымен, қарапайым, көшпелі халық өкімі болғандықтан, төменгі топ өкімі саналды, ал Б.Кармаль парламент депутаты, кезінде патша тұқымдары ханзадалармен, М.Дауд т.б. жақын қатынаста болған, ауқатты, зиялы отбасынан шыққан, буржуазия өкілі болғандықтан жоғары топ өкілі саналып, бұл екі басшылық партия келешегіне, саясатына көзақарастары әртүрлі болды. Мысалы Б.Кармаль партия іс-әрекетін ашық түрде істер, халықтың сауатын, білімін, мәдениетін, саяси деңгейін көтеру үшін ат салысуды көздеді. Листовкалар, төңкеріс мәтініндегі әдебиеттер атартуға қарсы болды. Негізіен көбірек шеру, минингілер ұйымдастырып, онда партия лидерлері халықтың көзін ашып, сөз сөйлеп, халықты соңына ертіп алулары керек еді. Н.М.Тараки керісінше, түгелдей жасырын күрес жолын ұстап, партияны коммунистік деп жариялап, керек болған жағдайда орталық комитет эмиграцияда жасап ір әрекет етуін қалады. Себебі патшалық монархияға қаралауға әкелді деп түсінді.
Партияға жаңа мүшелер қабылдау кезінде Б.Кармаль олардың топтық түріне қарамай, олардың ниетіне, іс әрекетін бағалауды жөн көрсе, Н.М.Тараки партияға жоғары топ өкілдерінің алынбауын қалады22.
1966 жылдың кезінже Б.Кармаль мен Н.М.Тараки арасының келіспеуі негізінде АХДП екі фракцияға бөлінді23. Б.Кармаль бастаған топ «Парчон» (Байрақ) аталып оған АХДП ОК мүшелерінен Ғ.Д.Панджери, Ш.Шахпур, С.А.Кетманд қосылды. Н.М.Тараки бастаған топ «Хальк» (Халық) аталып, оған АХДП ОК қалған мүшелері қосылды.
«Парчан» басқа да билікке таласушы саяси күштермен үтымды келісім жасай отырып тезірек билікке жетуге ұмтылды. «Хальк» өз кезегінде бұндай келісімдерден бас тартып, бітіспес төңкерістік социализмге бет бұрды24.
«Парчалистер» негізінен ауқатты отбасынан шыққан, зиялы, оқыған адамдардан құралды. Олардың басшысы Б.Кармальдің әкесі армия генералы болған адам «Парчамистердің басым көпшлігі пуштун» ұлтынан болғанымен, олардың қатарында басқа да ұлт өкілдері болды. Олардығ көпшілігі қала тұрғындары болып, көбі Батысша, АҚШ, ФРГ мемлекеттерінде оқып білім алғандар болды. Кабульде, КСРО да білім алғандары да көп болды. «Парчалистер» ұстанды іс әрекетті қолдады. Олар өздерін теориялық түрде нағыз дайындалған төңкерісшілер деп санады.
«Хальктер» – негізінен пуштундар болып, көбіне кедей отбасынан шыққан, жартылай пролетариат өкілдері саналған ұсақ қызметкерлер, саудагерлер, көшпелілер, диқандар, қолөнершілер, әскерлер т.б. тобы болды.25 «Парчанистерге» қарағанда бұлар төмен отбасылардың қатарында болды. Бұлар көбіне салшылдықты, экстремизмдің қолдады. Бұлар да өздерінің нағыз төңкерісшілер санап, «парчанистерді буржуазия мддесін қолдаушылар деп түсінді.
АХДП – ның бөлінуі онжылдан аса уақытқа созылды. Бұл құбылыс Ауғанстанның демократиялық қозғалысына кері әсерін тигізді26.
СОКП ОК Н.М.Таракиді жақтады. 1970 жылдары КСРО да Н.М.Таракидің «Жаңа өмір» атты кітабы басылып «Ауғанстанға жөнелтілді»27.
1973 жылы 17- маусымда Ауғанстанда монархия құлатылу процесіне АХДП ның екі фракциясы да өз үлестерін қосты28.
Халькист – коммунистер офицерлер А.Кадыр, А.Ватанжар, С.Гулабзой, және парчанистердің де көптеген белгілі қайраткерлерін ұтымды пайдалана білген М.Дауд монархияны таратып, өзін Ауғанстан республикасының президенті деп жариялады29.
1973 жылғы өкіметтің орталық комитетіне парчанистерден 3 адам, халькистерден 1 адам мүше болып сайланды.
Ауғанстан Республикасының президенті қызметіне кіріскен бойда М.Дауд АХДП басшыларына өз өкіметінің әлеуметтік реформа жүргізетініне, модернизация бағдарламасын жасайтынына, Кеңес Одағымен тығыз байланыста болатынына сеніммен уәде берді30. Алайда М.Даудқа парчамистердің ұсынған жолдары мен көзқарастары, ауған қоғамын қайта құру жөніндегі пікірлері мүлде жат болды. Сондықтан ол бұндай пікірдегі адамдардан тезірек құтылуға асықты. М.Дауд өте айлакерлік тәсілдермен өзінің парчанистік бұрынғы одақтастарын басқа жұмыстарға ауыстырып 1976 жылы өз айналасын түгел тазартты31. Ал өзінің өкімет басына келуіне тікелей көмектескен офицерлер ешқандай елеусіз қалды. Кейінірек М.Даудтың бұл әрекеті өзіне өте қымбатқа түсті32.
М.Дауд өкімет Шығыс пен де, Батыс пен де бірдей саясат ұстауға тырысты. Ол коллективті қауіпсіздік жөнінде Кеңестік планды қолдай отырып, кеңес –ауған арасындағы қалыпты арақатынасты қысқартуға тырысып, АҚШ, Ирак, Пакистан, Индия, Египет, Сауд Аравия т.б. мемлекеттермен арақатынасын кшейте бастады.
Оның ұстаған саясаты жөнінде «Дауд американдық темекісін Кеңес оттығымен тұтатып алғанына өте бақытты» деген сөз айтылды.
Ірі, көлемді экономикалық проектірлерді (темір жол құрылысы, уран кендерін зертеу т.б.) іске асыруға Ауғанстанның қаржы күші жетіспеді. Бұндай қаржы М.Даудқа берілді, оның қарсысына одан солшыл күшті жою талап етілді33. Көп ұзамай М.Дауд демократиялық күштерді басып тастау үшін әрекетке кірісті. Белгілі партия қайраркерлерін аңду, қудалау, кейбір баспаханаларды жауып тастау басталып, АХДП ішінде арандатушылар әрекет ете бастады.
Бұл кезде халькистердің саны парчанистерден үш есе көбейді. Олар әсіресе армия қатарында өте белсенді жұмыс істеді. Бұл жұмысты Хафизулла Амин басқарды.
1975 жылы тамыз айында биліктен (өкіметтегі биліктен) әбден күдер үзген парчанистер халькистермен бірігуге салмақты қадам жасады.34 АХДП фракцияның екі жағы да бір- біріне қарсы дұшпандық әрекеттерін тоқтатып, бірлесіп қимылдау үшін жағдай туғызуға келісті. Алайда бұл әрекет тек қана декларация күйінде қалды.
Сәуір төңкерісінен кейін АХДП басшылығы ішіндегі алауыздық қайтадан жаңа кұшпен жаңғырды. Бұл жолғы алауыздыққа себеп жеке басшылар анбицияларынан басқа өткен оқиғаларға баға бергендегі пікір алшақтығы, билікке, келешек өмірде қолданатын саяси тактикаларға деген кеілспеушілік әрекеттері болды. Сөз жүзінде жікшілдікке қарсы бола отырып, іс жүзінже тек қана хальктердің мүддесін қорғауды ойлаған Н.М.Тараки және Х.Амин АХДП ОК саяси бюрокрасын ерекше постановлениесіне қабылдауына қол жеткізді, яғни бұл құжат бойынша қандай да бір фракциялық іс-әрекеттерге үзілді-кесілді тыйым салынды35.
1978 жылдың орталарынан бастап Хафизулла Амин, Н.М.Таракидің жеке басына табынушылық әрекеттеріне кірісті. Ауғанстан халқына Н.М.Тараки «халық атасы», «халық үшін туылған тұлға» деп қолпашталып, халық ішінде Н.М.Таракидің жеке басының қасиеттерін дәріптеу пайда болды. Н.Таракидің суреттері жұлдызшалар, медаль сипаттас түіреуіштер, газеттер, көше диуалдары беттерінде, сувинерлер түрінде т.б. өте көп шығарылды. Барлық жиналыстарда, ойын-сауық жерлерінде кейінде 5-6 бас хатшы-шын халық перзенті» Н.М.Таракийдің үлкейтілген суреттері тұрды. Оның туылған үйі музейге айналды. Өзінің бақытсыздығына орай Н.М.Тараки осының бәрін (өзі сенді, біртіндеп мемлекет ісінен алыстап абар жатты. Іс жүзінде мемлекет билігі Х.Аминнің қолында болып, ол оны тотальді зорлық мақсатына қарай бұрды36.
Мемлекет ішінде парчанистерге, басқа да алуан қоғамының халық қабатына қарсы репрессия жүргізілді. Х.Амин позициясында болмағандардың бәріне төңкеріс тек қана өлім, азап, зорлық, қанды зұлымдық әкелді.
АХДП- ның ішіндегі жікшілдік армия ішіне де өте кері әсерін тигізді. Тараки – Амин жағына қарсылар қуғынға ұшырады. Көптеген генералдар мен офицерлер армиядан қуылды, репрессияланды.
1978 жылғы маусымды Б.Кармаль өзінің мемлекет басындағы қызметінен қуылды. Б.Кармаль Чехославкаия мемлекетіне енші болып кетуге «келіміс берді». Көп ұзамай басқа да «парчан» басшылары қызметтерімен қоштасты. Н.А.Нур – Вашитингтонға, А.Вакиль – Лондонға, Анахита Ратезад – Белгардқа, М.Барьялай – Пакистанға, М.Наджит – Тегеранға елші болып тағайындалды. Кабулде қалған М.Рафи т.б. парчанилистерің соңынан бақылау орнатылды.
Жүргізілген тазалау шараларының нәтижесінде партия мен үкімет ұжымдарында, армияда басшылық орындарын халькист пуштундар егеледі37.
1979 жылғы АДР жоғары ұжымы құрамы |
|||
Үкімет ұжымы |
Бәрі |
«Хальк» |
«Парчан» |
АХДП ОК саяси бюросы |
7 |
7 |
— |
АХДП ОК |
36 |
30 |
6 |
Төңкеріс кеңесі |
45 |
39 |
6 |
өкімет |
17 |
14 |
3 |
Бәрі |
105 |
90 |
15 |
СОКП ОК саяси бюросы Ауғанстан ішіндегі жағдай жөнінде мазасыздана бастады. Кабулге бірнеше рет СОКП ОК жауапты қызметкерлері кездесулерге келді.
Н.М.Тараки КСОР басшыларының оны сақтандырған іс әрекетіне қарамай Х.Аминге толық сенді. Н.М.Тараки Х.Аминді өзінің «адал, дарынды шәкірті және ізбасары» деп санады.
1978 сәуір мен 1979 наурзы аралығында Мәскеу мен Кабул арасында 75 экономикалық көмек (АДР ға) келісімшарты жасалды. Нәтижесінде Ауғанстанға 4500 адам КСРО кеңесшілері келді. Бқның бәрі бір жақты Кеңес Одағы тарапынан іске асты.
Құжат
№137,27 пункте
Өте құпия
Ерекше папка
КСРО Министрлер Кеңесі
Бұйрық №41-рс
7-қаңтар 1979 жыл, Мәскеу, Кремль
- Ауғанстан Демократиялық Республикасының Өкіметінің сұрауы бойынша және 20-қараша 1978 жылғы №2473 КСРО Министрлер Кеңесінің бұйрығына қосымша өзгеріс тәртібінде Ауғанстан Демократиялық Республикасы қорғаныс күштерінде жұмыс істеу үшін жіберілген кеңс мамандарының жалуашылық сапарына байланысты қаражат кеңес тарапының есебінен шығарылуына келісім берілсін……
- Кеңес мамандарын Ауғанстанға жөнелтуге байланысты қаражат осы бұйрыққа сәйксе есептелсін; Кеңес саны мен Мемлекеттерге берілетін қайтарылмайтын көмегі есебінің ассигнациясынан ол шетел валютасын МЭБК (ГКЭС) тің валюталықтан есебінен….
КСРО Министрлер Кеңесі Предидатегі А.Косыгин.
Кеңес Одағыныан осы кезеңде Ауғанстанға жан-жақты көмек пен қоса саяси қолдау да көп көрсетілді38. Кеңес басшылары Ауғанстан ішіндегі, оның басшылары арасындағы, АХДП ішіндегі өзгерістерді біліп отырып қана қоймай, сол өзгеріс себептерінің пайда болуына тікелей араласып отырды.
КСРО «Хальк» пен «Парчанның» қайсысына сенерін білмей, АХДП ның алдыңғы қатарлы адамдарын кезек-кезек сынақтан өткізуге кірісті. Оған оның толық мүмкіндігі болды39.
1.2. Кеңес әскерлерін ауғанстанға кіргізу үшін қиын шешім
Ауғанстанға жіберілген КСРО Кеңесшілерінің мүдделері Н.М.Тараки және Х.Аминнің мүдделерімен ыңғайлас болып, 1979 жылдың басындағы маңызды мәселе Ауғанстан мен КСРО қарым – қатынасының күшейтілуі төңкегінде ғана болды.
Н.М.Тараки марапатқа сеніп, өзін өзі дәріптеумен айналысты. Х.Амин Н.Таракиді жалған дәріптей отырып мемлекеттік билікті тек өз қолына алуды ғана көздеді. Іс жүзінде өте тез арада барлық билік оның қолына көшті.
Пайда болған шектеусіз зұлымдық қарапайым ауған халқы ішінде, руханилар мен зиялы қауым ішінде, тайпа, ру ақсақалдары, ауқатты, жер-мүлік егелері арасында жаңа режимге сенбеушілік, қарсылық туғызды. Халық қуғыннан қашып, тауға кетіп, оппозицияға бірікті.
Ауғанстан ішіндегі бұндай шиеленісуге қарсы жаңа режим басшылары ешнәрсе істей алмай, КСРО дан көмек сұрады40.
Олар Кабульде қызмет атқарып жатқан беделді КСРО өкілдері, КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік Комитеті өкілі генерал – лейтенант Л.Н.Горелов (әскери кеңесші) Б.С. Иванов, Ауғанстандағы КСРО төтенше және өкілетті елшісі А.М.Пузанов т.б. партия және мемлекет қайраткерлері арқылы КСРО ның басшылары Л.И.Брежнев, Д.Ф.Устинов, А.А.Гролько, Ю.В.Андроповтар Ауғанстанға әскери көмек берулерін сұрады. Ауған үкіметі өздерінің осы әрекетімен Кеңес Одағын өз мемлекетінің ішкі проблемаларын шешуге араластырды.
1979 жылы ақпан наурыз айларында Ауғанстанның тағдырына елеулі әсер еткен басқа да маңызды оқиғалар болды. 14-ақпанда Кабулде АҚШ елшісі Адольф Даббс урланды41. Оны урлап әкеткен маоистік «ұлттық езгі» тобының өкілдері ауған үкіметінен өздерінің тұтқында жатқан үш адамын босатуын талап етті. Х.Амин өкіметі олардың талабын орындаудан бас тартып, еншінің сақталып тұрған Кабл «қонақ үйіне қауіпіздік комитеті күшімен шабуыл жасады. Нәтижеде АҚШ елшісі өлді. Бұл оқиға кейін АҚШ үкіметі АДР ға көмек беруін тоқтатып тастады. АҚШ Кабулден өз адамдарын түгел шақыртты42.
15-наурызда Герат қаласында антирежимдік көтеріліс бұрқ етті. Бұған 20 мыңдай адам қатнасты.43
Ауғанстан ішіндегі мәселелер жөнінде Л.Брежневтің ұсынымен СОКП ОК саяси бюросы өтіп, АДР дағы соңғы саяси мәселелер талқылады44. Д.Устиновқа төтенше бұйрық бола қалған жағдайда әскери бөлімдер дайын тұруы тапрысылды.
Бұл мәселе төңірегінде КСРО Қорғаныс министрі тарапынан екі вариант жасалды45. 1- вариант бойынша бір тәулік ішінде Ауғанстанға 105-әуе дивизиясы кіргізіліп, олардың ішінде мотаризацияланған жаяу полк Кабулге кіреді, ал 5-мотоатқыщтар дивизиясы шекарада тұрады, 68- мотоатқыштар дивизиясы шекараға жақындатылады. Бұл вариант бойынша КСРО әскері Ауғанстанға үш күн ішінде кіріп болады.
II – вариант бойынша Ауғанстанға 2 дивизия кіргізілді:
А.Косыгинге Н.М.Таракимен мәселені сөйлесу тапсырылды. КСРО Қорғаныс Министрлігі КСРО – Ауғанстан шекарасына 2 – дивизия жіберуіне келіміс берілді.
1979 жылы 19-наурыздағы А.Косыгин мен Н.М.Таракидің арасында телефон арқылы болған сөйлесу46:
Құжат
Өте құпия
Арнайы папка
А.Н.Косыгин………………………………………………………………
Тараки жолдасқа айтыңызшы, мүмкін ол кісі
Ауғанстандағы жағдайды айтар
Н.М.Тараки ……………………………………………………………….
Ираннан 4 мың жәй киім киген әскери адамдар Герат
қаласының әскери бөлімдеріне кірді. Кәзір 17-жая
әскер дивизиясы түгел солардың қолында
…………………………………………
Қалада соғыс жалғасуда
Н.М.Тараки ………………………………………………………………
Сіздердің әскерлеріңіз кушка жағынан да, Кабул
жағынан да, Кабул жағынан да келсе болар еді…….
Н.М.Тараки ……………………………………………………………….
Машиналарыңызды біздің тіліміздді түсінетін өзбек,
тәжік жүргізушілерімен қоса жіберіңіз
А.Н.Косыгин ……………………………………………………………..
Өзім де осындай жауап күткен едім. Біздер, жолдастар,
сіздермен соығсты бірге жүргіземіз. Сол себепті бір-
бірімізден қосылып жатпайық. Біз әлі қоңырау
шаламыз, өз пікірмізді айтамыз.
Герат оқиғаларынан қорқып қалған АХДП хатшысы КСРО басшыларымен тез арада кездесуге өзі ұсыныс жасады. 20-наурыз күні Н.М.Тараки Мәскеуге жедел аттанып А.Н.Косыгин, А.А.Громыло, Д.Ф.Устинов, Б.Н.Пономаревтармен кездесті47.
Н.М.Тараки осы сапарында Л.Брежневпен де кездесіп Ауғанстанға әскери көмек берілуін сұрады. СОКП басшысы әлі де бұл мәселе жөнінде ойлану керетігін айтты48.
1979 жылғы наурыздағы Герат қаласындағы көтеріліс КСРО әскерінсіз, АДР үкіметі тарапынан күшпен басылды49.
Ауғанстанның ішкі жағдайы осы оқиғадан кейін күтілмеген тездікен өршіді.Ауғанстан ішінде,армия ішінде тазарту жүргізілді. Әскерилер жүздеп репрессияланды, қанауға алынды. Командирлер арасында өкімет саясатына сенімсіздік күшейді. Бунт инициаторлары көбейді. КСРО әскери кеңсшілеріне территориялық әрекеттер басталды. Олар өлтірілді, ұрланды, қашырылды. АДР дағы КСРО әскери кеңесішелері КСРО ның Ауғанстандағы алғашқы соғыс құрбандары болды.
Кабул мен Мәскеу арасында «өте құпия» деген бұрыштанамен Х.Аминге оның әскери көмек, соғыс техникасын сұраған өтініштері КСРО басшылығына жеткенін, ол жөнінде шаралар қарастырылып жатқаны, көмек міндетті түрде берілетін жөнінде құжаттар тез-тез жөнелтіліп тұрды50.
Сәуір айында қаруланған ауған оппазициялар Бадғис, Бадахшан, Тахар, Кунар, Нангархар, Пактика, Пактия уалаяттарында өте күшті шабуылдар жасады. Оппозиция ұрысқа шандап кірісті51.
Кабулдегі КСРО қкілдері Пузанов А.М., Л.Н.Горесов т.б. кезіндегі Кубадағы тәріздес Ауғанстанда соғысқа дайындау орталықтарын ашу керек деген ұсыныстар айтты51. Іс жүзінде бұндай орталықтар мотоатқыштар бригадасының іс әрекетіне тек қана бүркеншік үшін керек болды.
Л.И.Брежнев және СОКП ОК саясси бюросының Ауғанстанға жан-жақты көмекті кеңейту саясатына сәйкес Ауғанстанға КСРО дан соығс техникалары, қару-жарақтардың жаңа партиялары үсті-үстіне түсірілді. Жалпы бір мемлекетпен екінші мемлекет арасында қару-жарақ саудасы барлық уақытта өте пайдалы деп саналып келсе, Ауғанстан мен КСРО арасындағы қару-жарақ алыс-берісінен КСРО ешқандай пайда көрген жоқ, керісінше бұл сауда тиімсіз болды. КСРО жағынан берілген техника, қару-жарақ т.б. бәрі Ауғанстанға өте жеңілдетілген шартпен немесе тегін берілді.
Қару-жарақ, соғыс техникалары Ауғанстанға жедел түрде әуе арқылы немесе су жолымен жеткізіліп тұрды. Ауғанстанға толтырылып барған кемелер мен ұшақтар қайтуында жүксіз бос қайтты. Екі мемлекет арасындағы бұл тәрізді қатнас көпе-көрнеу өз экономикасының тамырына балта шабу болғанымен, КСРО басшылары өз іс-әрекеттеріне экономикалық тұрғыдан емес, соқыр идеологиялық тұрғыдан қарады. Бұндай үлкен мәні бар мәселелерге ұсақ-түйек деп қарады52.
КСРО дағы әскери өндірістік комплекстер өте жылдам жұмыс істеп жатты. КСРО бірте-бірте шектен тыс шығынға тұншыға бастады. Мемлекеттің стратегиялық шикізат, материал қорлары жұмсалып кетті53. Соғыс техникасы мен құралдарын ең арзан бағамен өндіру үшін оқымысты ғалым, конструкторлар, инженерлер және жұмысшылар ең төменгі айлық жалақымен жұмыс істеп, қару мен техниканы Ауғанстанға жөнелтті. Олар өндірістегі өздерінің еңбектерінің нәтижесінен хабары болмады. Бұл мәселе КСРО партия мен үкімет басшыларын да, қайта-қайта соғыс техникаларына тапсырыс беріп жатқандарды да ойландырған жоқ. Шетелдік валюталар еңбек еткендерге емес, шетелде істеп жатқандар мен жоғарыдағы басшылардың өздеріне, олардың бала-шаға туысқан –туғандарына жетіп жатты53.
1979 жылдың мамыр айының басынан бастап Орта Азия мемлекеттерінің жергілікті ұлт өкілдерінен құралған арнайы батальон құру жөнінде КСРО басшыларының шешімі жасалып, әрекет басталды54.
Мамыр айының екісінде КСРО әуекүштері Бас Штабының армия генералы П.И.Ивашутин, аға офицер полковник В.В.Колесниктерге батальонның құрылуына басшылық ету тапсырылды. Міне осы батальон кейін қайта-қайта әскери көмек сұрап жатқан Х.Аминді құлатуда үлкен роль атқарды55.
Арнайы тапсырма үшін құрылған бұл батальон (спецназ) «Мұсылманда» батальоны аталды. Оның құрамы әдейілеп тек қана Түркістан және Орта Азия соғыс округтеріндегі барлаушылар мен соғыс округтеріндегі барлаушылар мен мотоатқыштар және танк бөлімшелерінен іріктеп алынды. Оларға қойылған негізгі талап – шығыс тілдерін білуі және дене бітімінің болымды келуі ғана болды. Тек қана зениеттік өзі жүретін 3СУ 23-4 «Шилок» қондырғы экипажына ғана славяндар алынды56. Себебі бүкіл КСРО Қарулы күштерінде аталмыш қондырғы игере алатындар тек қана славян ұлтының өкілдері екен57.
Батальон ең соңғы үлгідегі жаңа техникамен қаруландырылды. Батальон 5 рота, 2 арнайы топтан құралды58. Саны 500 адамнан тұрды. Батальон командирі Х.Т.Халбаев болып тағайындалды59. Батальон мамыр айының соңында құрылып бітті. «Мұсылман» батальоні Ташкенттің Шыршық ауданына орналастырылды. Батальон құрамы жаз бойы арнайы дисциплиналық, тактикалық, атқыштық және дене дайындықтарында болып, қыркүйек айының соңында соңғы сынақтан өтті. Бұдан басқа олар КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (МҚК) арнайы бөлімінде қызу дайындық көріп, бірнешеуі алдын-ала Кабулге жіберіліп үлгерілді.
Бұл кезде Ауғанстанжа жағдай әбден қиындады. Пактия,Пактика, Ғазни, Нангархар, Кунар, Балк, Кабул уалаяттарында анти үкіметтік шабуылдар күшейді. АДР үкімет әскерлері оларға қарсы тұрып бақты. Ауғанстан үкімет басшалары КСРО дан әскери көмек сұрауын жиілетті.
1979 ж. 24- мамыр күні СОКП ОК саяси бюросында бұл мәселе және күн тәртібіне қойылды60.
Құжат
№152 протокол 150 пункіне Өте құпия
Арнайы папка
Кабулдегі Кеңес Одағы елшісіне:
Н.М.Таракиге кіріп тапсырманы жиеу етіп оған ауған басшылық ұжымының АДР – ға әскери көмек беру туралы өтініші мұқият қаралғанын хабарлаңыз.
Айтыңыз Мәскеу ауған басшыларының Ауғанстанда реакциялық күштердің контрреволюциялық әрекеттерді күшейтуіне байланысты маасыздануын бірге бөліседі. КСРО үкіметі АДР ішіндегі жағдады қалпына келітру мақсатындағы өздерінің интернациональдық көмегін әрі қарата жалғастыра отырып, 1979-1981 жылдар аралығында Ауғанстанға 53 млн. сом мөлшерінде 140 қару және миномерттер, 90 бронетранспротер, 48 мың мылтық, 100 мың гранатамет, 680 авиациялық бомба. Бұдан басқа 1979 жылдың маусым-шілде айларында 50 мың санға дәрі-дәрмек, дәрігерлік құрал-жабдықтар жіберу жөнінде шешім қабылдады. Алғашқы көмек қатарында осы жылдың мамыр айында 100 дана жандырғыш бактер мен 160 біратар бомба қажеттері жіберіледі. Газды бомбалар мен токсикалық емес уландырғыш заттар жіберуге мүмкіндік жоқ.
Ауған жағының АДРға тік ұшақ және транспорт ұшақтарын экипаждарымен қоса жіберілу туралы өтініші және біздің ауа десанттарымыздың Кабулге түсірілуіне келетін болсақ әскери бөлімшелерді қолдану жөнінде жолдас Н.М.Таракидің осы жылдың наурыз айындағы Мәскеуге келген сапарында жан-жақты талқыланған. Біздің сенуімізше ондай әрекеттер іште ғана емес, халықаралық планда да саяси қиындықтар тудырып, дұшпандар арқылы, сөз жоқ АДР мақсатына, төңкерістің орнығуына қол жеткізуге зиянын тигізеді.
Орындаалғанын телеграф арқылы хабарлаңыз.
АДР басшылары жеке бастарының қауіпсіздіктері үшін де қатты алаңдады.
Мәскеу Ауғанстандағы жағдайдың қалай өрбігенін мұқият қадағалап отырды.
1979 маусымның 12-күні Кабульден Мәскеуге жеткен мәліметте61 АДР басшылары контрреволюциясымен соғысуға дайындауда екенін, кризистік жағдай бола қалса КСРО дан тікелей көмек келетініне олардың сенімі мол екені хабарланды62.
1979 жылдың отасында ауған-пакистан шекарасында жағдай шиеленісті. Соғыс зардабынан қашқан ауған халқы көрші мемлекеттерге кете бастады. Бостың біразы АИП63 Ауғанстан Ислам Партиясы), АИҚ (Ауғанстан Ислам қоғамы) т.б. исламдық оппозицияларға қоысылып, қарулы отрядтаға біріктірді. Жағдайдың өршуіне оппозицияның үгіт-насихат арқылы көшпенді ауғандарды өз қатарларына тартуы, Пакистаннан келіп Ауғанстанда ұрысқа кіргендерге қымбат сыйлықтар беріп қолпаштаулары да қосымша болды. 1979 жылдың қараша айында Пакистанда 15 мыңнан аса баспашылар дайындықтан өтті63. Батыс мемлекеттері, АҚШ, Жапония Ауғанстанмен сауда байланыстарын шектеді64.
Оппозиция шабуыл үздіксіз қауіп туғызғанымен ауған басшылары үшін негізгі қауіп партия мен үкімет басшылары арасындағы жасырын жікшілдік болды. Х.Аминге АХДП ның белгілі қайраткерлерінің репрессияға ұшыраулары, қызметтен қуылып, қудаланулары аз көрінді. Ол өз мақсатының соңғы кезеңін, өзінің «сүйікті ұстазы» Н.М.Таракиді билңктен тайдыру әрекетіне кірісті. Оны мемлеке басындағы екіншілік қанағанттандырмады. Х.Амин тек қана біріншілікті қалады.
Қыркүйек айының басында, 1979 жылы Х.Амин Н.М.Таракиді Гаванада өтетін битарап мемлекеттер сессиясына жөнелтуге тырысты65. Н.М.Тараки жоқта мемлекет билігін өз қолына тартып алуды көздеді.
Н.М.Тараки Кубадан қайтқан сапарында Мәскеуде КСРО тарапынан Х.Аминнің жағымсыз ниеті жөнінде хабарланды66.
Н.М.Тараки Ауғанстанға оралғаннан кейін Х.Амин одан А.Ватанджар, А.Сарвари, Ш.Маздурьяр, С.Гулабзойларды қызметтерінен босатуын талап етті. Ол адамдардың бәрі Н.М.Таракидің өз жақтастары болғандары себепті Н.М.Тараки Х.Аминнің бұл талабын орындамады Х.Амин Н.Таракидің жоқ кезін пайдаланып, өз позициясын күшейтіп алғандықтан, Н.М.Таракиден көрі күші, билігі басымырақтығын пайдаланып, ақыры есебін тауып Н.М.Таракиді өлтіртті67.
1979 жылы 10-қазан күні Н.М.Тараки ауыр науқастан «қайтыс» болғаны ресми түрде хабарлады. Негізінде Н.М.Тараки екі күн бұрын Х.Амин бұйрығымен буындырылып өлтірілді68, оның от-басы түгел Пули-Чархи абақтысына қамалды.
Ауғанстанның ішкі жағдайын жіті бақылап отырған КСРО басшыларының алдында АДР дағы жаңа Х.Амин үкіметімен ара қатынасын өандай жолмен алып бару сұрағы тұрды.
КСРО үшін Ауғанстан билігі кімнің қолында тұрғаны емес, Ауғанстанды қолдан жібермеу, оны қайткен күнде КСРО ықпалының шеңберінде сақтау маңызды болды. Өзінің бұл мақсатында КСРО ештеңеден тайынған жоқ. Ауғанстан басшыларының қолғаптай ауысыуына тікелей әсер ете отырып, КСРО оқиғаның артын сабырмен күтті.
Х.Амин билік басына келісімен Ауғанстан ішіндегі оқиғалар өте зұлым, қанды сипат алды. Социалистік лозунгілер мен демогогикалық фразелогикаларды жанылып Х.Амин Ауғанстан ішінде кең масштабы территорлық, репрессиялық компанияны іске асырды. Х.Амин партияны өзінің территористік диктатурасын орнатушы құралға айналдырды. Жазықсыз жандар жаппай жазаланудан қорқып өз жерін тастап, көрші мемлекеттерге бұрынғыдан да бетер қашты.
Х.Амин өзінің зұлым іс-әрекетінің жауапкершілігін түгелдей кеңестер жағына аударды. Ол ауған басшылығының барлық іс-әрекеті тек қана КСРО дан келген кеңесшілердің құптауымен болып жатыр деген түсінік таратты. Алайда ол қатты қателесті69. КСРО Аминнің бұл әрекетін кешіре алмады. Оның үстіне Х.Амин өз дәуірінің басталуынан бастап басқа Батыс мемлекеттерімен «балансты» саясат ұстауға тырысты. КСРО Х.Аминнің себебінен Ауғанстанда контрреволюцияның жеңуіне немес КСРО ға жағымсыз саяси өзгерістердің пайда болуына жол бере алмады. КСРО алдында не істеу керек проблемасы тұрды.
1979 жылдың аяқ жағында халыкистер мен парчаниснтер қатарынан шыққан Х.Аминнің қарсыластары өз ханадары арқылы СОКП басшылығына шығып өздерінің Ауғанстанның режимнің «тағдырына қатты алаңдаушылықта екендерін білдірулері жиіледі70. Олар АҚШ пен КСРО арасындағы қарама-қайшылықтарды пайдаланып, оынң үстіне сол кездегі КСРО басшыларының ыңғайын түсіне отырып, шетелде жүрген Х.Амин қарсыластары өздерінің КСРО дос Ауғанстанды сақтап қалғылары келетініне КСРО басшыларын сендірді. Шын мәнінде олр да Ауғанстан билігіне КСРО арқылы, соның күшімен жетуді армандады. КСРО өз кезегінде оларды үміттендіре алды71.
Эмиграциядағы АХДП екі фракциясы да өздерінің белгілі, сенімді өкілдерін жасырын түрде Ауғанстарға кіргізіп, өздерінің жасырын ұйымдасрына біріктіре бастады Х.Аминді билкітен кетіру үшін дайындық жүргізді. Оның үстіне 1979 жылдың желтоқсан айында Ауғанстан ішінде саяси-соғыс жағдайы қалыптасып, шын мәніндегі азамат соғысы басталды.
Х.Амин Ауғанстанда өз режимінің күшті және қуатты сақталып тұруы үшін қолының астында КСРО әскерлерінің болғанын өте қалады. Бұл мақсатына жету үшін ол таңқаларлық табандылық пен тапқырлықтар көрсетті. Өзінің бұл әрекеттері мен ол тек өзіне ор қазып жатқанын ойлаған жоқ72.
КСРО басшылық шеңбері ішінде біртіндеп Х.Аминд орнынан тайдыру идеясы пайда болды.73 Оның орнына лайықты кандидат ойластырылды. Х.Аминнің орнына келетін адам КСРО ыңғайымен жүретін адам болуы керек болғаны үшін, келешекте қателіктерге жол берілмеуі үшін лайық деп «Парчан» фракциясының басшысы Б.кармаль таңдап алынды74. Б.Кармальдің Мәскеуде болуына алдын ала жағдай жасалынып, 1978 жылдың тамыз айынан бастап Чехославакяидан кетіп, Мәскеуде эмигрант хұқында жасап жатты74. КСРО эксперттерінің бағалауында Б.кармаль Ауғанстан халықының көпшілігіне ұнайды, көптеген ру, тайпа, ақсақалдарымен жақсы тіл табыса алатын зиялы қауым ішінде саяси салмағы ерекше, бұрыннан мемлекет басқару аппаратында тәжірибесі бар, саяси қайраткер болып саналды. КСРО жағынан Б.Кармальға Х.Аминді орнынан тайдыру үшін күресті басқару тапсырлды. Сол күннен бастап Б.Кармаль КСРО МКҚ қорғап қолдауында болды75.
10-12 қараша күндері әбден дайындықтан өткен «мұсылман» батальоны Ташкент және Шыршық аэродромдарынан әуе трансавациясына түсірілді76.
Батальон офицерлері мен жауынгерлеріне ауған әскер киімі кигізілді. Олардың қандай айырмасыз болуы көзделді. Олар бір ай бойы сол аэробазада арнайы әскери дайындық көрді. Ал олардың Кабулге түсірілуі уақыты рсеми құжатта деп көрсетілді77.
Ауғанстандағы КСРО елшісі Ф.А.Табеев КСРО басшылраның тапсырмасымен Х.Аминге кіріп Х.Аминнің өз өтінішіне сәйкес АДР мемлекет басшысының резиенциясын қорғау үшін КСРО дан 2 батальон Барган аэродромына келіп түсірілгенін хабарлады78.
Баргонға түсірілген КСРО әскерлерінің ішінде жасырын түрде Б.Кармаль да Ауғанстанға кіргізілді. Алд Х.Аминге Мәскеудің оның өтінішін қанағаттандырғаны және оын алдағы уақытта ресми түрде достық сапармен күтетіні хабарланды79.
КСРО басшылары Х.Аминді құлату үшін КСРО әскерінің көмегі керек деп шешті. Оның үстіне өздері өкімет басына қойғалы отырған Б.Кармальді ауған армиясының қолдай қоятынына көздері жетпеді. Тағы бір себеп ауған оппозициясы бұл кезде Пакистан территориясында пландар жасап өздерінің қатарын нығайтып өте күшейтіп алды. Ауғанстанның шет аймақтарындағы әскери бөлімшелер контрреволюция ықпалына еріп антиүкіметтік көтеріліске шықты. Бұндай оқиғалар әсіресе Асмар, Нарай, Кост т.б. таулы жерлердегі жаяу әскерлер полкінде болды80. Кунар, Нангархар, Лаламан, Пактия, Каписа, Ғазни, Заболь, Кандазар, Ғуп, Бадғис, Баииан, Герат уалаяттарында АИК, АИП оппозициялық партиялардың құрылымдары пайда болды. Ауғанстан территориясының 70% көлемінде осындай оппозицтиялық ұүрылымдардың ықпады күшейді. Ал бұл жерлерде 10 млн – нан аса халық жасады81.
1979 жылы 8-желтоқсанда Брежнев кабинетінде СОКП ОК бюросының іріктелгеншеңбері ғана қатынасқан жиналыс өтті82. Ю.Андропов, А.Громыко, М.Суслов және Д.Устинов қатынасқан бұл жиналыста Ауғанстан және оның аймағында болып жатқан оқиғалар талқыланып, Ауғанстанға КСРО әскерінің кіргізіліуі керек, керек еместігіне соңғы нүкте қойылды. Бұл әрекетке барудың қажеттігіне дәлел ретінде Ю.Андропов және Д.Устинов тараптарынан АҚШ – тың Орталық Балау Басқармасының (ЦРУ) СКРО – ның оңтүстік түркі тілді республикаларын қосып, «Жаңа Ұлы Осман Империясын» құрмақшы болып жатқандығы, егер АҚШ Ауғанстанға американдық «Першинге» типті ракеталарын орналастыра қлаған жағдайда, КСРО – ның оңтүстігінде сенімді жаяу әскер отрядтары системасының болмауынан Байқоңыр секілді өмірлік маңызы бар объектірлердің қауіп -қатер астында қалуы, Пакистан, Ирак секілді мемлекеттердің ауған уран кендерін Ядролық қару жасауға қолданулары мүмкін екендігі, Ауғанстанның солтүстік райондарының ішінде оппозиция күшейіп, бұл региондардың Пакистанға қосылып кету қаупі т.б. пікірлер айтылды82.
Нәтижеде Х.Аминді құлату планы жасалды83. Ол екі бөлімнен тұрды: 1-КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің арнайы қызмет тобы (сепцназ) арқылы Х.Аминді құлатып, орнына Б.Кармальді қою. 2- Бұл мақсатты іске асыру үшін Ауғанстанға белгілі мқлшерде КСРО әскерін кіргізу.
12-қараша күні СОКП ОК Саяси Бюросының отырысы болып, онда Ю.В.Андропов, Д.Ф.Устинов, А.А.Громыколардың ұсынысымен Ауғанстанға КСРО әскерінің шектеу бөлігін кіргізу жөнінде ақырғы нақты шешім қабылданды84.
Жиналыс протоколы К.У.Черненконың өз қолымен жазылып ұзақ жылдар бойы архивте құпия сақталды. Бұл құжат тіпті кейбір мемлекет басшыларына да көрсетілмей арнайы сейфте сақталды85:
ЕРЕКШЕ МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТ
Өте құпия
Председатель: Ж.Т.Брежнев Арнайы папка
Қатысқандар: Суслов М.А., Гришин В.В.
Криленко А.П., Пельше А.Я.
Устинов Д.Ф., Черненко К.У.
Андропов Ю.В., Громыко А.А.
Тихонов Н.А., Пономарев Б.Н.
__________________________________________________________
СОКП ОК қаулысы №176/125 12/ХI «А» жағдайына.
- Андропов Ю.В., Устинов Д.Ф., Громыко А.А. жолдастардың ұсыныстары қабылдансын. Ұсынылған шараларды іске асыру үшін оларға принципиальды емес түрде корективтер енгізуге рұқсат етілсін.
Орталық Комитетке байланысты мәселедер дер кезінде Саяси Бюроға берілсін.
Тапсырманы орындау Андропов Ю.В. Устинов Д.Ф., Громыков А.А. жолдастарға жүктелсін. Оларға тапсырманың орындалу барысын СОКП ОК Саяси Бюросына хабарлаулары тапсырылсын.
СОКП ОК хатшысы А.Брежнев
№997 (1л)
КСРО әскерін Ауғанстанға кіргізу жөнінде КСРО Жоғары Кеңесі Перзидиумының Указы немесе басқа әрекет әдейі құпиялық үшін және де Х.Аминді жағылыстыру үшін жасалды86.
КСРО — ның қарапайым халқын ауған төңкерісінің тағыдыр ойландырды ма жоқ па одан ешкім сұраған жоқ. КСРО халқын ауған халқының ішкі мәселесінен көрі ата-бабалар қанымен орнатылған КСРО шекарасының тағдыры толғандыруы заңдылық. Сондықтан да Ауғанстан турасындағы КСРО үкімет басындағылардың әрбір қадамы олар үшін бірден- бір дұрыс, батыл шешім саналып, ризашылықпен қабылданды.
1.3. Б.Кармаевдің Ауғанстан үкімет басына келуі
1979 жылы 25- желтоқсан күні Мәскеу уақытымен сағат 15.00 – де
КСРО Қорғаныс Министрінің бұйырығмен КСРО әсерінің шектеулі бөлегі Ауғанстанға кірді87.
Алғашқы болып барлаушылар отряды, одан кейін генерал К.Кузьмин
Басқарған 108- мотоатқыштар дивизиясы (МАД) кірді88.
Жеке құралдарын, соғыс техникаларын тосу үшін ұшақтармен 343 рейс жасалды. Барлық бөлімдер және бөлімшелерді тасып бітіргенше 47 сағат уақыт кетті. Осы уақыт ішінде Кабульдегі Багран аэродромына 7700 жауынгер, 894 соғыс техникасы, 1062 тонна, басқа да жүктер тасылды89.
1979 жылы 27-желтоқсан күні 103 — әре дивизициясыныың алдын ала дайындалған әуе – десант бөлімшесі бұйрыққа сәйкес Ауғанстан астанасы Кабул қаласындағы маңызды объектілер саналған Ауғанстан Хальк Демократилық Партиясының Орталық Комитеті, Қорғаныс министрлігі, Ішкі Істер Министрлігі, Байланыс минситрліктері одан басқа да маңызды жерлерді бақылауға алды.
Ол күні Х.Амин өз резиденциясын бұрынғы Арк сарайынан Тадж – Бек сарайына көішіріп тойлап жатты89.
Бірінші болып, Тадж — Бек сарайына капитан Паутовтың бұйрығымен, өзі жүретін 3СУ 23-4 «Шилка» зенит қондырғыларынан оқ атылды. Танк батальондағы автоматты гранатамет АГС – 17 оқ жаудырып экипаждардың жолында тұрды. Соғыс машиналары сыртқы қорғанысты бұзып, Тадж – Бекке ұмытылды90.
Сарй ішіндегі Х.Аминнің жеке жан қорығыш тобы 100-150 адам берілмей, ақырына дейін ұрысты91.
Тадж- Бекке жасалған операция «Шторм» аталды. Бұл операцияға КСРО МКҚ – нің барлаушы тобы мен арнайы бөлім (спецназ) жауынгерлері қатынасты. Операция өте жылдам, өте сәтті аяқталды92.
Х.Аминнің 300 адамының жартысы өлді, жартысы қолға түсті93. Х.Аминнің өзі берілген бұйрық бойынша өлтірілді.
Тадж – Бек сарайы алынған бойда Кабул радиостанциясынан (пленкаға) таспаға жазылып асынған Б.Кармальдің Ауғанстан халқына арнаған үндеуі жарияланды94.
Б.Кармальдің өзі бұл бұл кезде Багранда КСРО парашют – десантық полкімен КСРО МКҚ 9- бөлімі қызметкерінің қорғауында сақталды.
27- желтоқсан күні кеште байланысұа Ю.В.Андроповтың өзі шығып Б.Кармальді жеке өзінің және Л.М.Брежневтің аттарынан құтықтады95.
1980 жылдың 1-қаңтарында Л.И.Брежнев және Косыгин Б.Кармальдің жоғарғы партия мен мемлекет басшылық қызметіне «сайлауымен» құттықтап телеграмма жолдады96. Бұл күн Ауғанстан Сәуір төңкерісінің 2-кезңінің жеңіс күін және Б.Кармальдің өкімет билігіне жеткен күні болды. Сонымен бірге Ауғанстар өкімет билігі халькистердің қолынан енді парчамистерге өтті.
КСРО Армиясының Ауғанстанға кіруінен соң АҚШ президенті Джимми Картер Л.И.Брженевпен сөйлесіп КСРО — ның бұндай іс-әректтерін АҚШ – тың өте жағымсыз деп бағалайтынын келешекте КСРО – ға ұнамсыз жағдай әкелетінін ескертті97. СОКП өздерінің АҚШ президентіне жолдаған жауабында Х.Аминнің құлатылуына КСРО – ның ешқандай да қатысы жоқ екенін, өздерінің ешақашан басқа бір егемен мемлекеттің ішкі мәселесіне қол сұқпайтынын айтып ұзыннан шұбақ хат жолдады98. КСРО басшылығы өздерінің істерін өте құпия сақтады. КСРО АҚШ пен тең түрде сөйлесті.
АҚШ өз кезегінде мемлекеттік қауіпсіздік Кеңесі мәжілісінде КСРО Армиясының Ауғанстанға кіруіне байланысты шара ұабылдауға кірісті:
- БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне КСРО – ның егемен мемлекетке қарсы ашық басқыншылығын айыптап талап қою.
- Конгрессте ОСВ — 2 келісімшартын талқылаудан КСРО басқыншылығы тоқтағанша бас тарту
- Жоғары деңгейдегі екі жақты келімісдер мен кездесулерді, жетік технология беруді, мүмкін астық сатуды да уақытша тоқтату.
- КСРО және оның европадағы жақтастарына АҚШ қарыздарын (кредит) беруді тоқтату.
- Ауғанстан жаңа үкіметін АҚШ тарапынан дипломатиялық түрде мойындамау, өзінің бұл шешіміне НАТО мемлекеттерінде қосу,
- Пакистанға жедел түрде көмек көрсетіп оның қорғанысы күшін күшейту.
- Санами және Египед мемлекеттерімен Орталық Шығыс және Парсы Шығанағы аймақтарына қатер төне қалған жағдайда олардың территорияларындағы базаларды америкалық соғыс күші тарапынан қолдану үшін келісім шартқа отыру
- Ауғанстандағы мұсылман көтерілісшілерін КСРО танкілеріне және ұшақтарына қарсы қолданылатын ракеталармен қамтамасыз ету (мүмкін Египедтен алынар) үшін құпия бағдарлама жасау.
- Қытайды ауған көтерілісшілеріне пулемет, миомет, танк, жаяу әскерге қарсы қолданылатын миналармен көмектесуге көндіру99
Х.Аминнің өлтірілуі, КСРО Армиясының Ауғанстан жеріне кіруі
Батыста терроризм акті болып саналады. КСРО басшылары бұл тақырыпты БҰ толқылануға жол бермеуге тырысты. КСРО басшылары тарапынан сол кездегі БҰҰ- дағы КСРО – ның тұрақты өкілі О.А.Траяновскийге бұл сұрақтың Кәуіпсіздік Кеңесінің мәжілісінің күнтәртібіне түсірілмеуіне тырысуы, бұл мәселе сөз бола қалғанда КСРО мен Ауғанстанның өзара келісіміне және БҰҰ-ның Уставының 51- статьясына сәйкес жүргізілгеніне баса назар аудартуына күш салу жүктелді.100
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қалай болғанда бүл мәселені күн тәртібіне енгізді.
1980 жылы 14 қаңтарда БҰҰ. Бас Ассамбиясына қатынасқан мемлекеттердің басым көпшіліг КСРО іс-әрекеттеріне назарышылықтарын білдіріп, КСРО әскерлерінің Ауғанстаннан тез арада шығып кетуін талап етті101.
«Ауған мәселесі» БҰҰ-да үнемі көтеріліп тұрды.
1980 жылдың басында генерал – лейтенанты Ю.В.Тухариновтың қолбасшылығында кеңес әскери бөлімдері ауған әскери бөлімдерімен бірлікте өмірлік маңызы бар объектілерді, аэородромдарды негізгі автомагистральдар Хайратон- Кабул, Кушка, Герат, Кандағар, Кабул – Джелалабод, Пули – Хумири-Кундуз трассаларының кауіпсіздігін қорғап тұрды102. Кеңес – ауған бірлесіп қорғайтын, қызмет ететін объектілерді, көбіне КСРО азаматтары кеңесшілер мен кәсіби мамандар істейтін жарқұдық, Шұбырған, Суруби, Нағлу, Пули – Хумри, Кабул газ өндірістері мен электростанциялары, Мазаре Шарифтегі заводтар, Саланг тоннельдер ерекше бақыланды.
КСРО әскери колонналарының маршы кезінде халық көп орналасқан аудандарда импровазацияланған митингтік ұйымдастырылды.
КСРО әскерлерінің ауған жеріне қыс айында кіргізімді себебінен әскерлер үшін ауыр климаттық жағдайды басынан өткізуіне тура киді. Әскери дәрігерлер өз жұмыстарына ыңғайсыз, суық шатырларда жасады. КСРО әскерлерінің дайындығы ауған жағдайында жетімсіз көрінді. Командирлер өз жауапкершіліктерін қысқа мерзімді өте жеңіл деп түсінді102.
Б.Кармальды үкіметі алғашқы кезде мемлекет алдында тұрған проблемаларды шеше алатын үміт берді.
Жер реформасы тоқтатылды103. Жер иеленушілерге олардың мүлкі қайтарылып берілді. Оларға өкімет тарапына қолдау көрсетілді. Террор мен репрессия тоқтатылды. 15 мыңнан аса адам абақтыдан босатылды104. Заңсыз конфискацияланған мал – мүліктер егелерін қайтарылды. Диқандарға егетін тұқым, тыңайтқыш, ауыл – шаруашылық техникалары берілді. Кедендік тарифтер төмендеді. Жекеменшік капиталдар иелерінің өндіріс ісімен айналысуларына мүмкіндіктер жасалды. Ұллтық тайпаларға өздерінің ұлттық ерекшеліктері, әдет ұүрыптарына жол берілді. Діни өкілдерге қолдау жасалды.
Б.Кармаль прогрессивті саяси партиялардың іс-әрекетіне рұқсат беруге уәде етті.
Ол Ұлттық Отан майданына (ҰОМ) сүйене іс-әрекет жасауға тырысты.
Б. Кармаль АХДП ішіндегі жікшілдікті жоя алмады. Бұрын халбкистер билігі күшейіп парчанистерді ығыстырған болса, Б.Кармаль үкіметінің тұсында олардың тек қана орны ауысты. Енді парчанистер халькистерді ығыстырды.
СОКП ОК Ауғанстандағы бұндай мәселені оңай шеш алмады.
КСРО әскерінің алған жеріне кіруімен оппозицияның карулы қарсылығы азаймады. КСРО үміті ақталмады.
Ауғанстанға кіргізілген КРСО мотоатқыштар құрамының 60% өзбек, тәжік, қазақ, түрікпендер болғанымен, олар туысқан діндегі ауған халқымен ортақ тіл таба алмады105.
Ауғанстандағы пуштун халқы ондағы көтеріліс әрекетінің негізін құрады. Пуштундар ежелден өз мемлекетінің солтүстігіндегі аз санды ұлттармен дұшпан болып келді106. КСРО әскерінің кіруімен Ауғанстанда сол ұлттардың шетелдік өкілдерінің пайда болуы пуштундардың шованизмін қоздыруға қосымша фактор болды.
Ауғанстанға КСРО әскерінің кіруімен антиүкіметтік күштер ауған халқын дінсіздіруге қарсы қасиетті соғыс «джихад» майданына шақырды107.
Оппозиция ауған халқының ұлтты, діни сезімінде ойнап, оларды КСРО – ның ауған ішіндегі конфликтке араласу процесінде, дер кезінде қарсы қоя білді.
1.4. КСРО әскерлері Ауғанстанға енді
КСРО Армиясының Ауғанстанға кіргізілуі әсерінен пайда болған шок оппозиция үшін тек алғашқы айлар ішінде ғана әсер етті. Оппозиция өте жылдам айықты.
Баброк Кармаль үкіметі өзінің жеңіс эйфориясында ұзақ тұншықты. Баброк Кармаль да, оның КСРО тағайындаған көмекшілері де КСРО әскерлерінің алғаш кірген кезіндегі халықтың достық жылы пиғылын дер кезінде пайдалана алмай қалды.
КСРО әскерлерінің кіруі қарулы көтерілісшілерне белгілі дәрежеде ыңғайсыздық әкелгенімен оларды шын мәнінде сескендіре алмады.
Ауғанстан Армиясы ішіндегі партиялық жікшілдік себебінен көптеген әскерилер АХДП емес, оппозицияға сенді.
1980 жылы қаңтарда Ауғанстан Әуе Күштерінің 4- армиллерия полкінде көтеріліс болды108. Бұл полк Ауғанстанның солтүстігіндегі Нахрин елді мекенінде орналасқан. Полк жауынгерлері сол полктегі КСРО әскери кеңесшісін байлап алып, кейін өлтіпір тастады109. КСРО Армиясы тірі қалған кеңесшілерді құтқарып қалу үшін алғашқы рет ұрысқа кірді110.
Бұл ұрысқа 2- мотоатқыштар батальонының танк ротасы, 1 – батальонның мотоатқыштар ротасы, танк взводы минометтік батарея, 186 – мотоатқыштар полкінің артиллериялық дивизиясы қатынасты111.
1980 жылы 7- қаңтар күні оларға Нахринді лау бұйрығы берілді. Көтерілісшілер дер кезінде елді мекенге шығатын тау жолдарына бекінді112.
- — қаңтар күні сағат00 – де 2 — мотоатқыш батальон Кундуздан
Ишакчи, Үшқаиыс, Бұрқа, Нахрин маршруттары бойынша жолға шықты. 2 – мотоатқыш рота Бағланнан Шах Джолол асуы арқылы Нахринге шықты113.
2 — мотоатқыш батальон 4 шақырым жүргесін 100 адам құрамындаы аттылар арқылы тоқтатылды. Алайда колоннаны қорғап бара жатқан тік ұшақтар көтерілісшілерді шегінуге мәжбүр етті114.
Ишакчіде 2 – МАБ 150 адам құрамындағы бандылармен ұшырасты. КСРО әскерлері 50 адам, 3 соғыс техникасы, 2 автомашина құрбан етіп ілгері жылжылды115.
2 – МАР Шах Джалал асуында 15 баспашыны өлтіріп әрі жылжыды116.
10- қаңтар күні өте қатты, қанды соғыс болды. 100 – ден аса адам шығыны, 7 соғыс техникасы, 5 автомобиль шығынымен КСРО әскерлері Нахринді алды117.
Алғашқы соғыста КСРО әскерлері өздерінің барлық күшін салып өз міндеттерін орындады.
Қаңтардың ортасында Талуқан, Кишим елді мекендерінде Файзабод қалаларында күшті ұрыс болды.
Ауғанстан жағдайы КСРО әскерлерін оппозицияның жекелеген қарулы топтарымен ұрысуына мәжбүр етті. КСРО планы бұлай болмаған. Ауғанстан басшылары КСРО әскерін азамат соғысына тартты118.
1980 жылы ақырап айының аяғында Кабулде антиүкіметтік шабуыл күшейді. Кабульдегі КСРО елшілігі атқыланды. Бірнеше кеңес азаматтары өлді119.
1000 адам құрамында қарулы оппозиция АХДП Бас хатшысы орналасқан АРК сарайына қарай жылжыды. Б.Кармаль КСРО үкіметінен жедел көмек сұрады120. Нәтижесінде Мәскеуден Ауғанстандағы КСРО Армия командованиесіне жедел бұйрық түсті. «АДР Армиясымен бірлікте қарулы оппозицияға қарсы белсенді қимыл жасалсын»121.
1980 жылдың наурыз айында КСРО Армиясы Кунар уалаятынды ұрысты.
КСРО әсерлері Ауғанстандағы ішкі соғысқа араласты. КСРО әскерлері Ауғанстанда ұзақ уақытқа қалатыны белгілі болды. КСРО әскерлерінің қатары запастағылар, кадр офицерлері, жедел қызмет әскерлерімен толықтырылып, алмастырылып отырды. 1980 жылдың қарашасында — офицерлер, 1981 наурыз айында сержанттар мен сарбаздар алмастырылды. Барлығы 33,5 мың адам, олардың ішінде 2,2 мыңы – офицерлер, 31,5 мыңы сержанттар мен сарбаздар болды122.
Ауғанстанға КСРО дивизиялары толық құрамымен кіргізілді123.
Ауғанстаннның өз Армиясы АДР ұкіметін қорғайтын, іштегі жағдайды қалыптастыруға көмектесетін бірден бір сенімді күші болып саналды. Б.Кармальдің өкімет басына келген уақытында офицерлер мен партия мүшелерінің 90% халькистер болды.124 1979 жылдың желтоқсанынан кейін Қорғаныс Министрі болып М.Рафи тағайындалғаннан бастап көптеген халикист офицерлер өздерін қорғау мақсатында өз қызметтерін тастап кетті. Партия ішіндегі жаңадан пайда болған жікшілдік армияны да қамтылды. Армия ішінде жік пайда болуы, оның істеріне теріс әсерін тигізді125. Армияда саяси жұмыстар әлсіз жүргізілді, жаппай дезиртирлік күшейді.
Офицер қатардағы әскерлерге білгенін істеді.
АДР Армиясы жұмыстарының, атқарылуын да КСРО жағы басқарды.
Ауған Армиясы соғысты әрі қарата нәтижесі алып бара алмайтын еді.
Б.Кармальдің өз басы АДР Армиясына сенім арта алмады126.
Ауған Армиясының нашар ұйымдастырмаған, соғыс әрекеттеріне нашарлығынан 1980 жылы оппозиция мен ұрыстың ауртпашылығы көбіне КСРО әскерлерінің мойнында болды127.
1980 жылы КСРО Армиясының осындай батыл қимылдары арқасында оппозиция әрекеттері едәуір бәсеңдеді. Оппозиция КСРО әскерлерімен бетпе-бет ұрыстан қашып, көбіне партизандық, террорлық, диверсиялық әрекеттерге көшті. Бұндай әрекеттер әсіресе үлкен жолдарда, тау шатқалдарында, елді мекендерде көбіне мина қою арқылы іске асты.
Соғыс техникалары мен жүктер таситын колонна моджахедтердің нысанасына айналды. Олар халықтың ішінде жасап, жасырын ұрысты.
Баспашылық әрекеттердің күшеюіне оппозиция басшыларының Пакистан, АҚШ, Қытай,Сауд Аравия, Иран елдерінен алған үлкен көлемдегі көліктері әсерін тигізді128.
Ауғанстанға кірген әуелгі күннен бастап КСРО әскерлерінің оппозицияның әрекет жасап, ұсақ –түйек (мылтық, пышақ т.б.) қарумен қапыда соғысатын тактикасына төзімсіз екені мәлім болды. КСРО әскерлері әсеріне құрғақ, таулы мекендердегі түнгі ұрыстарға мүлде үйретілмеген, дайындықсыз болып шықты.
Басты қиыншылық антипартизандық соғыс кезінде пайда болды.
КСРО соғыс техникасының таулы мекенде елеулі кемшіліктері анықталды129. Артилериялық қарулар дұрыс жолдары бар жерлерде ғана ыңғайлы болып, тау ішінде оның ұзын стволдарының көтеріліп, еңкейтілуі үшін тетіктері үйлеспеді. БМП – 1 танктері таулы жерде биікке шыға алмады130, немесе биікке оғы жетпей икемсіз, пайдалануға жарамсыз болып шықты. Кеңес машиналары мен минатергіштерінің әсері нашар болды. Сондықтан көбіне мотоатқыштар және әуе десанттары бөлімдерінің соғыс әрекеттері сапалы болды. Олар көбіне автоматты гранатамет АГС-17, реактивті атқыш «Шмель» т.б. қарулардың жаңа түрін қолданды131.
Айбарлы да әсерлі қару соғыс ұшақтары саналды. КСРО әскери командованиесі жаңа соғыс техникаларын қолдануға, оны модернизациялауға ерекше көңіл бөлді.
1982 жылы КСРО әскери басшылары соғыс тактикасына үйрене бастады132. Мысалы Пандшер шатқалындағы атақты «пандишер барысы» аталған Ахмад Шах Масуд қарула тобымен ұрысқанда аңдып ұрысу, тосынан шабуыл жасау, әуеден шабуыл т.б. тактикаларды жақсы қолдана білді.
- жылы мамырда Ауғанстандағы КСРО Армиясының командирі
болып Ермаков В.Ф. тағайындалды133. Оның басшылығымен Паван, Каписа, Ғазни уалаяттарында, Ауғанстанның Пакистан, Иран шекараларында ауыр ұрыстар өтті.
Біртіндеп соғыс Ауғанстанның барлық уалаяттарын қамтылды.
II — ТАРАУ. КСРО ӘСКЕРЛЕРІНІҢ АУҒАНСТАННАН ШЫҒУЫ
- Моджахедтер
Кабульдің жаңа режиміне қарсы 70- тен аса оппозициялық партиялар, ұйымдар, мен топтар соғысты.134 Олардың мақста Ауғанстанда деморкатиялық құрылымды құлату және Пакистан мен Иран режимі үлгісінде «Ислам мемлекетін» құру болды.
КСРО – ға қарсылық ретінде Америка Құрама Штаттары мен бірге Пакистан, Қытай, Иран, Сауд Аравия және бірқатар батыс европалық мемлекеттер көмектесті135.
Оппозицияға берілген негізгі көмек ақшалай қаржы, қару жарақ, оқ-дәрі, соғыс құрал – жабдықтары, әскери инструкторлар мен кеңсшілері болды. Соңғыларының міндеті КСРО әскерлеріне қарсы оппозицияны соғыс тактикасына дайындау, КСРО әскерлерін Ауғанстаннан шығаруға көмектесу болды.
АХДП режимі мен КСРО Армиясына қарсы күресу үшін ұйымдастырылып «Джихад» соғысына (қасиетті соғыс) кірісуші оппозиция мүшелері «моджахедтер» деп аталды. «Моджахед» — дінсіздерге қарсы күресуші деген мағына береді.
Моджахмедтер жалпы мақсаттары ортақ болғанымен көптеген топтар бір-бірінен бөлек қимыл жасады. Шетелден келген көмекті бөлісер кезде олардығ арасында келіспеушіліктер болып, кейде бір топтың немесе партияның екіншісімен қарулы қақтығысқа баратын сәттері де жиі кездесті136.
Оппозицияда да АХДП — дағы тәрізді жікшілдік қиыншылығына ұшырады.
Оппозицияны қолдаушы мемлекттер де КСРО ның АДР ға істеген әрекеті секілді, олардың басын біріктіру үшін түрлі әрекеттерге баруға мәжбүр болды.
Оппозицияның ең алғашқы бірігу әрекеті 1979 жылы КСРО әскерлері Ауғанстанға кірмей тұрғанда басталды.137 Пакистанда құрылған алғашқы «Ислам қозғалысы альянсы» құрылған бойда – ақ сәтсәздәкке ұшырады.
АҚШ және Ислам мемлекеттері Пакистандағы ауған оппозиция басшыларына қысым жасап, басын біріктіруге ұмтылды. Нәтижеде 1980 жылы оппозиция «Ауғанстанды азат етуші ислам одағының» құрылғанын хабарлады317.
1981 жылы маусым айында оппозиция «Ауғанстан моджахметерінің ислам одағын» құрды318. Бұл одақ «Альянс – Б» аталды. Кейін бұл одақ 1985 жылы « Альянс – 7» аталды.
Контрреволюциялық «Аляньс – 7» одағы. 1985 жылы мамырда АҚШ, Қытай, Пакистан ықпалымен құрылды.
«Аляньс» құрамында кіргендер319:
- Ауғанстан ислам партиясы — АИП бастығы Г.Хекматьяр
- Ауғанстан ислам қоғамы – АИҚ бастығы Б.Раббни
- Халес ислам партиясы
- Бастығы М.Ю.Хамс
- Ауғанстанды азат етуші ислам Одағы. ААЕ ИД
- Ауғанстан ислам ұлттық майданы АИҰМ. Бастығы С.А.Гилани
- Ауғанстан ислам төңкерісі қозғалысы АИТҚ. Бастығы М.Наби
- Ауғанстанды құтқару ұлттық майданы. АҚҰМ Бастығы С.Моджаддеди.
« Альянстың» бағдарламасы Ауғанстандағы жаңа режиммен бітіспес
күрес және Ауғанстанда «нағыз ислам мемлекетін құру».
«Альянс –7» құрылысы – жоғары кеңес, атқарушы кеңес және 6
комитетпен тұрды. Бұл 6 комитет саяси, әскери, халықаралық және ауған басқындары істерімен айналысты. Жоғары кеңеске 7 ұйымның басшылары кірді.
Аталмыш 7 ұйымның әрқайсысының өздеріне тиісті, ықпалдарын жүргізетін территориялары, ұлттық тайпалары болды.
АИП- Кабул қаласы, Кабул уалаяаты, Кундуз, Бағлан, Кунар, Нуристан уалаяттары.
АИҚ — Герат, Бағдис, Фарьяб, Джузджан, Баях, Саманган, Кундуз,
Тахор, Бағлан, Бадахшан, Пандшер
ХИП — Пактия, Пактика, Кунар, Нангархар, Хост
А.А.Е.ИО – Орталық және оңтүстік шығыс аймақтар.
АИТҚ – Кабул, Логар, Ғазни, Кандағар
АКҰМ – Кабул, Логор, Кандағар, Ғазни, Пактия,Нангархар
АИҰМ – Заболь, Пактика, Пактия, Кандағар
«Альянс — 7» орталық Пакистанда орналасты Ислам оппозициялық топтары басшылары туралы:
- Гульбеддин Хекиатьяр – АИП бастығы320. Пуштун, 1944 жылы Кундуз уалаяты, Имасахиб уезінің Вартапур қыстағында ірі жериеленуші отбасында дүниеге келген. 1971 жылы Имансахиютегі лицейді бітіріп, Кабул университетінің инженерлік факультетіне түседі. 1972 жылы патша тұқымының атына жаман сөз айтқаны үшін абақтыға түседі.
1973 жылы монархия құлағынан кейін абақтыдан шығады. (босатылады)
1976 жылы М.Даудтың репрессиясынан қорқып Пакистанға кетеді. Экстремистік фракцияларға қосылады. 1979 жылы Иранға кетіп Аятолла Хомайнимен кездеседі. АҚШ, Батыс, Араб мемлекеттерінен түскен көмек арқасында, өте бай, шетелде үлкен көлемде табыс көздері бар. Қымбат тастарды өңдейтін, (наркотик) есірткі өндіретін т.б. Өндіріс орындарының егесі, шетел банктерінде ақшасы өте көп.
- Бурханаддин Раббани — АИҚ басшысы321. 1940 жылы Бадахшан уалаяты, Файзабад қаласында діни көзқарастағы отбасында дүниеге келген, ұлты тәжік. 1958 жылдан «мұсылман бауырлар» ұжымының мүшесі, 1963 жылы Кабул университетінің теологи және құқық факльтетін бітірген. 1965 ж. Египед «Аль-Азхар» университетіне түсіп, 1968 жылы ислам философиясы ғалымын атағын алған. Бірінеше тілді біледі. Ғұлама діндар бола тұра, алоральді, азғын мінезді адам екені көпшілікке көптен белгілі. 1978 жылға дейін негізгі кәсіби кілем экспорты болды. Оппозицияның көрнекті тұл,асы болуымен контрабанда, (есірткі, асыл тас) шетел көмектерін өз пайдасына айналдырумен айналысады.
- Сабхатулла Моджаддади. АҚҰМ бастығы322.
1925 жылы Каублде бой отбасында дүниеге келген. Каирдың «Аль-Азхар» уинверситетінде ислам хұқықтары факультетін бітіріп, Кабул университетінде ислам хұқығы профессоры болып жұмыс істеген.
1960 жылы Каублде кеңес делегациясына қастандық ұйымдастырушы айыбы тағынып 4 жыл абақтыға қаналды.
1976 – 77 Пакистана экстрешистік фракциялар ұйымдастырумен айналысты.
1977-79 жылдары Нидерландияда мешіт иманы болып тұрады. Сәуір төңкерісінен кейін оның тұқымынан 75 адам репрессияланды. 30 дан көбі Тараки — Амин тұсында өлтірілді. Оппозицияға берілген шетел көмектерін пайдаланып өте байып кеткен.
- Саид Ахмад Гилани, АИҰМ бастығы.323
1931 жылы Кабулде өте бай ат-басында туылған. Әкесі араб, шешесі неміс ұлтыннан. Батыс, Ирак, Египед, Сауд Аварияда білім алған. Сәуір төңкерісі уақытында оның байлығы 7 млн. АҚШ доллары болған. Әйелі – Ауғанстанның бұрынғы патшасы Захир Шахтың немересі.
- Мухаммед Наби (Мухаммади) – АИТҚ басшысы324. 1937 жылы Логор уалаятында туылған. Өте бай, діни қызметкерлер отбасында дүниеге келген. Пуштун 1973 жылы Логор медресесінде шариғаттан дәріс берді.
1978 жылы Пакистанға қашып барған. Захир Шахқа тараптастық жасайды.
6.Мохаимад Юус Холес — ХИП бастығы325, Пуштун, өте бай жер
иеленуші отбасында, 1919 жылы, Хаугиани уезінде туылған. (Нангархар) Діни жоғары білімі жоқ бола тұар өзін «маулави» деп атайды. Кабул мешіттерінің бірінде молдашылық еткен.
- Абдул Расул Саяф — ААЕИО бастығы, 1944326 жылы Пагамн уезінде (Кабул) орташа отбасында туылған, пуштун. 1967 Кабул универсиетінің шариғат (теология) факультетін бітірген. 1970 жылы Каирдегі «Аль – Ахзар» университетінің шариғат факультетін бітірген. 1980 жылдан Пакистанда тұрады.
Пешеварда (Пакистан) оппозицияға берілген шетел көмегін пайдаланып өте үлкен байлық жасап алған. (Үлкен көлемде жер, 500 адам ден аса үйлер, транспорттық машиналар, банктер үлкен көлемде ақша т.б.)327.
Иранда ауған оппозициясы 1979 жылдан бастап шоғырланды. 1978 бастап Иран жеріне қашып барған ауған босқындары оппозицияның бірігуіне себеп болды328.
1980-87 жылдар арасында Иранда өте көп экстрелистік топтар құрылды. Олар бір-біріне бірікпей ұзақ жүріп, 1987 жылы желтоқсанда ғана сегіздік одақ «Одақ – 8» болып бірікті. Бұл одақ негізінен Иран діни ықпалымен құрылды. Оның ресми аты «Ауған ислам төңкерісі коолициялық кеңесі» аталды329.
«Одақ – 8» — дің құрамы:
- «Наср» – (Жеңіс) шииттік ұжым, 1980 жылы құрылды. Бастығы Абдул Али Мазари және Шейх Шафақ. Негізгі әрекет зонасы Хазаражат аймағы – Баиион, Ғазни, Вардак, Урузған, Бағлан, Саманган, Балх Парван. Иран, Қытай, АҚШ мемлекеттерінен көмек алады. Штаб – квартиарсы Хум қаласында (Иран)330
- «Кезбе аллах» – (Алла партиясы) 1982 жылы құрылды. Бастығы Кари Ахмад Якдасте (Кары Ахмад Жалғыз қол). Батыс, оңтүстік аудндар саналатын – Герат, Фарах, Нимруз, Кандағар уалаяттарында әрекет етеді, Штба — квартирасы Мешхед қаласында (Иран).
- Ауғанстан ислам төңкеріс қорғаушылар корпусы331, Басшысы – Акбари, маоистік концепцияны қолдайды, Ғур, Баиион уалаяттарында әрекет етеді. Негізгінен қытайдан көмек алады Штаб квартиарасы — Хумда.
- «Ислам төңкерісінің біріккен майданы».
Басшысы – 4 шииттық контрреовлюциялық топтар — «Ауғанстан жас діншілдер», «Тоухид» мектебі, «Ислам қоғамы күресшілері», «Жоқсыздар» қозғалысы өкілдері. Ханайниді қолдайды. Штаб – квартираы Хум да.
- Ауғанстан ислам қозғалысы332 — Басшысы – Мохаимед Асеф Мохсини. Штаб –квартирасы Мешхедте, Кабул, Ғазни, Кандағар, Герат уалаяттарында әрекет етеді.
- « Ислам келісім кеңесі»333 – басшысы Али Бехешти. Хазараджат автономиясын құруды армандайды. Ғазни, Башианда әрекет етеді.
- «Ислам төңкеріс қозғалысы»334 Бастығы – Насрулла Мансур, Гератта Туран Исмаил тобымен бірлікте әрекет етеді.
- «Ауған ислам ұжымы үшін күрескерлер» — басшысы – Мосбах-зада335.
Иран үшін ауғандарды өз территориясында сақтаудың үлкен маңызы
болды. Олар арқылы Иман Хайайни ықпалын басқа мемлекетте күшейту мүмкіндігіне еге болды.
Шетелде ұйымдастырылған ауған баспашылар қозғалыстары
Ауғанстан ішінде өте күшті категориялы дала командирлерін тәрбиелеп шығарды. Олардың ішіндегі ең атақтылары АИК-ның Панджшердегі бөлімі басшысы «Пашер барысы» — Ахмад Шах Масуд. Герат қаласындағы – Туран Исмаил, Пактия, Пактикадағы джелалуддин Хакани, Саид Мансур, Бадахшандағы Абдул Басир, Мулла Молонг, Фатех т.б336.
«Одақ – 8» бағдарламасында ауған шмиттерінің «ұлы көсемі» А.Хаймайни деп хабарланды.
Оның құрылу мақсаты – ауған шиит оппозициясын біріктіріп, Ауғанстанда антиауғанстандық (антисунниттік) саясат масштабын кеңейту, Пакистандық ықпалдағы Альянс – 7»-нің Ауғанстанда ықпалын күшейтуіне жол бермеу, Ауғанстанда Иран типіндегі «ислам республикасын» орнату болды.
1980 жылы Ауғанстанда Моджахмедттер қозғалысы оның территориясының 90% қамтыды. Қарулы шабуыл үш түрде жүргізілді.
- ұйымдасқан түрдегі антирежимдік үгіт-насихат
- диверсиялық – террористік
- қарулы соғыс
Моджахмедтердің негізгі принципі – партизандық соғыс болып, негізгі базалық аймақтары: Ағарсай (Мазаре Шариф), Байран Шах (М.Шариф), Байрамшах, Шорча (М.Шариф), Хукумоти – Духонас – Ғори (Пули – Хумри) Руха (Пандшер), Азрау (Кабул), Исламдара (Кандагар) Таганкох (Герат) т.б.
Мождахедтер тәрбиеленетін орталықтар:
Пакистанда337:
Читрал, Мирхани, Кармарсар, Манадград, Масехра, Таңги, Ловаралина, Варсак, Исмаилхи, Камани – Балу, Садр, Татарай, Чмар – Млана, Хапох, Шакай, Уч-Нахр, Барторбанди, Гвакай, Садда, Тхол, Тиндох, Шаши, Мираишах, Мирали, Мардиргар, Ярукарез т.б.
Иранда338:
Мечихед, Тегеран, Берджан, Заболь, Шираз, Захеддин, Хатай т.б.
Тәрбие орталықтарында машықтану 2-3 аптадан 6 ай аралығына созылды. Дайындық біткесін моджахедтер Ауғанстандағы қарулы оппозициялық топтарға жіберілді:
Қаруландырылу түрлері339:
Оппозиция ортядтары атқыш және ауыр қару жарақпен қаруланды. Атқыш қару-қытай, Египедтен шыққан Калашников автоматтары, үшінші мемлекет арқылы алынған КСРО автоматтары, Американдық М 16А1 винтовкалары. Батыс Германия, Израиль, ағылшын, швед автоматтарының есеп-саны болмады.
12,7 мм ірікалибрі ДШК пулеметтері (Қытай) РПГ – 2, РПГ – 7 танкке қарсы гранаталар, швейкариялық «Фальконет», немістің «Альянс – 2», американдық М72А2, Француздық «Сарпак», израильдік «Пикет», 75 және 82 мм-лік Қытай, Пакистан, АҚШ қарулары кеңінен қолданылды340.
1984 жылы Моджахедтерге Қытай реактивті снарядтары қондырғылары, жаяу әскерлерге қарсы ірі колибрі зениттік пушкі «Эрикон», жылжымалы «Стрела –2», «Ред Ай», «Джевемин» зениттік ракеталық комплестер, ағылшындық «Блоупоип», американдық «Стиргер» қарулары, бұлардан басқа минолардың бірнеше түрлері, миноізденгіштерге білінбейтін пластмасса копусі миналар, радиобасқармалы миналар, фугастар, мина — сюрприздер т.б. жеткізілді341.
«Қасиетті соғыс (Джихаж) тәртібі:
Көтерілісшілердің отрядтары көбіне ауылдық жерлерде, қарапайым халық арасында орналасты. Олар 15-20 адамнан кішкене топ болып құралып, 200 адамдық отрядтары бірікті. Ондай отрядтар кейін 500-600 адамдық үлкен құрылымдар құрады. Бұндай ірі құрылымдар Пандшерде Ахмад Шах Масуд тобы, Ауғанстанның солтүстік- шығыс аудандарындағы өзбек, түрікмен, тәжік топтары, басты аудандардағы Туран (Майор) Исмаил тобы, Пактия, Пактика уалаяттарындағы Джалалддин тобы, Хазарджат аймағындағы Сайед Джагран тобы т.б. ұзақ жылдар өмір сүрді342.
Шабуыл әрекеттерін көбіне 15-20 адамнан тұратын кішкенен топтар жасап, қажет болғанда 200-250 адамдық үлкен құрылым бірігіп әрекет етті.
Олардың жеке дайындықтары өте күшті болды. Олар тұтқиылдан, өте тез, батыл әрекет жасап отырды. Алайда баспашылар, ірі еді мекендердегі КСРО және АДР қарулы гарнизондарымен бетпе бет соғыста әлсіз болды. Сол себепті де олар үлкен күшпен бетпе бет соғыстан қашты. Олардың негізгі белсенділігі көбіне электр линияларын, мәдени-ағарту орындарын, өнеркәсіп, ауыл-шаруашылық объектілерін, автомабизацияларды істен шығрау, лауазымды адамдарды өлтіру, ұрлау, жолдарды миналау, өртеу т.б. диверсиялық әрекеттер маңында болды.
Ислам діні- оппозицияның идеологиялық күшті құрамы болды.
Оппозиция ауған босқындарына ерекше көңіл бөлді. Босқындардың Ауғанстанға қайта оралуларына бөгет болды.
КСРО әскері мождахедтерге қарсы соғыстағы негізгі күшке айналды.
1986 ж. Б.Кармаль орнынан алынып, (КСРО шешімімен) орнына Наджибулла тағайындалды. Бұл кезде Ауғанстаннның 31-35 мың қыстақ елді мекенінен 8 мыңы ғана үкімет қолы астында болып, сайлау процессі 2700 қыстақтар ғана жүргізіле алды343.
Соғыс КСРО әскерлері басынан өткізбеген қиын климаттық жағдайда өтті. Жергілікті жер ерекшеліктерін білмегендіктен соғыс пландарын асығыс, жан-жақты зерттелмеген тәртіпте жасалды. Әскери тактикада дұшпанға қарсы соғыс айла-тәсілдері аз қолданылды. Тұнгі шабуылдар ұйымдастырылмады. Ауғанстан таулары олар үшін шешімі жоқ қиын тапсырма саналды. Десанттар мен “спецназ” әскерлерінен басқаларында соғыс кәсіби шеберлік жетіспеді. КСРО – ның тәжірибесіз жас әскерлері, шыныққан, әккі де кәнігі жергілікті жердің өкілдерінен шыққан баспашыларға қарсы тұра алмады. Олардың жастығы, батылдығы тек қана оларға қосымша құрбандықтарға себеп болды.
1985 жылы КСРО – ауған оппозицияға қарсы 80 нен аса операциялар жасады. Осы жылы ғана КСРО 2000 дай адамынан айрылды344.
Ауғанстандағы КСРО әскери басшылығына қажет болмаған жағдайда тікелей ұрысқа араласуларына бұйрық берілді.
КСРО – ның әскерін шығару ниетін Ауғанстан басшылары әскерін шығару ниетін Ауғанстан басшылары жағымсыз қабылдады. Ауғанстан армиясы мен үкіметіне оппозициядан өздерін өзі қорғау қажеттіліг туды.
1987 жылы қаңтарда АХДП ұлттық-татулық саясатын бастады. 1987 жыл 3-қаңтарда Ауғанстан Республикалық Төңкеріс Кеңесі “Ауғанстан ұлттық татулық декларациясын” жариялады. Декларация тәртібі бойынша 1987 жылы 15-қаңтардан мемлекеттік өкілетті ұжымдарға қарудың барлық түрінен ату, соығс операциялары тоқтатылып, армияны тұрақты дислокоциялық пункттерге қайтару, бейбіт күн тәртібіне көшу, қарулы күштер құрамын шектеу, мемлекеттік шекараларды, әскери объектілерді қорғайтын әскерлер құрамын азайту мәлімденді345.
АХДП саясатының әлсіздігінен Наджибулла иницативасы оның қолынан кете бастады.
АДР үкіметінің күткен үміті ақталмады. Іс жүзінде халық бейбітшілік ұсынған Наджибулла үкіметіне күмәнмен қарады, сенбеді. Келісімге келмеген оппозиция басшылары, “татулық” саясатын Наджибулла үкіметінің шарасыздығы, оның каритуляция үшін алғашқы қадамы екенін насихаттады. Наджибулла үкіметімен келісімнен бас тартқан бұндай оппозиция Наджибулла үкіметін құлатты.
1987-88 жылдары осы секілді КСРО және ауған әскерлерінің 18 рет бірлескен оперцаиялары жасалды. Олар “ Шкавал”, “Энергия”, “Блокада”, “Магистарль” т.б. деп аталды. Олардың нәтижесінде 1000 шақты қару – жарақ тасыған керуендер жойылды, 7000 аса басқыншылық шабуылдарына тойтарыс берілді.
“Татулас” саясаты нәтижесінде бірқатар уалаят губернаторлары партияда жоқтар немесе басқа партиядағылардан сайланды, бұрынғы оппозиция мүшелері де жоғары орындарға тағайындалды. Сыртқы түрі коолоциялыққа ұқсас басқару сәттіліктер әкеліп қысымды әлсіретті. Босқындардың оралуына жағдай туғызды.
1987 жылы 2- маусымда АДР Төңкеріс Кеңесі “Партия туралы заңды” бекітті. Бұл заңңа сәйкес 500 ден кем емес мүшесі бар әрбір партия заңды құрылым бола алатыны мәлімденді. Осының нәтижесінде 1987 қараша айнда Ауғанстанда заңды түрде:
“Ауғанстан еңбекшілер ұжымы”
“Ауғанстан халық ислам партиясы”
“Ауғанстан диқандар әділеттік партиясы” тіркелді.
Бұл партиялардың бәрі солшыл бағыттағы партиялар болды.
1988 жылы Ауғанстанда Парламент сайлау жүргізілді. Ешқандай партияда жоқ (беспаринный) Мохаимед Хасан Шарк АДР премьер министрі болып сайланды. Парламентте 62 орын оппозиция үшін қалдырылды346.
Ауған проблеммасын шешу КСРО – ның да, Наджибулла үкіметінің де қолынан келмейтіні белгілі болды. Бұл проблемма халықаралық дәрежеде шешілуі тиіс қажеттілігі туды.
1985 жылы – ақ КСРО басшылары өз Армиясын Ауғанстаннан шығару керектігін түсінді347.
1988 жылы 10 мамыр күні өз Армиясын Ауғанстаннан шығару қарсаңында СОКП ОК КСРО –ның бүкіл коммунистеріне жабық хат жолдап, арнау айтты. Бұл арнау хатта КСРО – ның Ауғанстандағы іс әрекеттеріне талдау беріліп, Ауғанстан және оның айналасында жүргізілген СОКП саясаты түсіндірілді.
Бұл құжат әлі де Наджибулла алаңдап жасалды. Көптеген иллюзиялық, демогогикалық, іске асуы мүмкін емес оптимистік болжамдарға толы бұл құжат ақиқаттан алыс жатты.
Кеңес үкіметі ауған аванттюрасы үшін өзінің денсаулығы мен өмірін берді. КСРО да антиармиялық компания басталды. Сөз бостандығы мен азаттық негативті құбылыс әкелді. Ауғанстанда болып келген Армия Сыртынан “кісі өлтәруші армиясы” аталды348. КСРО үкіметі бұны үнсіз көтерді.
Ауғанстанда болған офицерлер мен жауынгерлер өздреіне берілген бұндай бағаға түсінбей, таң қалуда болды. Олар әлі де “қайта құру саясатына сенімді болды. Бұл реформа да КСРО да трагикалық сипат алды. Нәтижеде көптеген қарулы қақтығыстар, өндірістің құлдырауы, халықтың қайыршы кұйге түсуі, қылмыстың өсуі пайда болып алып мемлекет КСРО құлады349. Ал қайта құрушылар “ештеңеден ұмтылған жоқ” Керісінше байып кетті.
Тарих еш уақытта ешқандай тарихи оқиғаларды ұмытпайды, ешкімге ешуақытта өз отанына қылған қиянатын кешірмейді.
2.2. КСРО әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының I – кезеңі
1988 жылы 7 – сәуірде Ташкент қаласында КСРО басшысы М.С.Горбачев пен АДР президенті Наджибулланың кездесіуі өтті. КСРО Қорғаныс министрі декларацияға қол қойылды. Декларацияда Женева келісіміне қол қойылған жағдайда Ауғанстан мен Пакситан арасындағы бекітілен планға сәйкес КСРО әскерлерінің шығу тәртібі 1988 жылы 15 мамыр мен 1989 жылы 15-ақпан арасында 2 кезең бойынша шығарылтыны айтылды350. Директивада Бас Штаб және КСРО Қорғаныс Министрлігін Ауғанстандағы оперативтік тобының, Түркістан әскери округінің және 40-Армия қызметкерлері бірлесе жасаған СКРО Армиясының Ауғанстаннан шығару графигі қоса берілді.
Бұл график СОКП ОК Саяси Бросының комиссиясында қаралды. Әскерлердің шығу жолдарындағы қауіпсіздік ұйымдастыру шаралары, әскерлерді тасымалдау, Ауғанстандағы таулы қатерлі асулар, климаттық, табиғи, саяси шарттарымен қоса Кеңес Одағы территориясындағы Ауғанстаннан оралған әскерлердің ең соңғы көздеген жерлері – үйлеріне жеткенше ескерілетін шарттары түгел ойластырылып, барлық жағдай ескерілген комплексті план жасалды351.
1988 жылы сәуір, мамыр айларында 40-Армия қолбасшысының шешімімен дайынық кезеңінде Ауғанстанның Асадабад, Гульбахор, Баииан, Бараки, Чагчаран, Шахджой т.б. жерлеріндегі алып келінді. Негізгі дислокоция пункттеріне алып келінді.
Женева келісіміне қол қойылған кезде Ауғанстандғы КСРО Армиясының саны 100,3 мың адамды құрады352.
Графикке сәйкес, 1988 жыл 15 мамыр – 15 тамыз аралығында 1- кезең бойынша Джололабад, Гардез, Ғазни, Кандагар, Лашкарго, Герат, Файзабад, Шинданд және Кабул қалаларынан КСРО әскерлері шығарылуға тиіс болды.
АДР президенті Наджабулланың сұрауымен әскерлердің шығарылу графигіне елеусіз өзгерістер енгізілді. Мысалы Шинданд, Герат уалаяттарының орнына, 1-кезеңнің соңында құндыз қаласындағы әскери бөлімшелер шығарылды. Кеңестік шектеулі әскер қатарлы Ауғанстаннан шығарылып бастаған сәтте, оппозиция Наджабулла үкіметіне қарсы соғыс әрекеттерін тіпті күшейтті.
КСРО Армиясының шығарылуының 1 – кезеңі аяқталғанда, КСРО әскерлері Ауғанстанның тек қана Кабул, Герат, Парван, Самаган, Болк, Бағлан секілді 6 уалаяттында 51,1 мың адам аралығында қалды.
Қалған КСРО әскерлері Ауғанстан Қарулы күшіне көмектесті. КСРО Армиясының Ауғанстаннан мәлім болғандай, өте дұрыс болғаны мәлім болды. Бұл әдіс Ауғанстанда саяси деформация болмауына, ауғандарға өз бетінше, өздерін қорғай алулары үшін мүмкіндік берді.
2.3. Женева келімісі біржақты орындалуда
КСРО және Ауғанстан Женевада алған өз міндеттерін толығымен орындады. БҰҰ Бас Хатшысының өкімі генерал Р.Хельминен КСРО әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 1- кезеңі аяқталуына байланысты мәлімдеме жасады.
Генарл Р.Хелбминеннің мәлімдемесі:
БҰҰ Бас хатшысының өкімі төмендегідей мәлімдеме жасауға хұқылы.
- Ауғанстандағы және Пакистандағы БҰҰ бақылаушы комиссиясы, Женева келісімінде, 1988 жылы 15 мамырда Женева келісімі күшіне енген күнінен бастап Ауғанстаннан шетел әскерлерінің шығарылу процессін бақылады.
- Комиссия 1988 жылы 14 мамыр күні Ауғанстандағы КСРО өкілдігінен Ауғанстандағы шетел әскерінің саны 100300 адам екенін білді.
- 1988 жылы 15-мамырда шетел әскерлері Ауғанстанның 31 уалаятының 17 – сінде 18 гарнизон болып орналасқан. Бадах-шан, Бағлан, Фарах, Ғазни, Гильменд, Герат, Кабул, Кандагар, Кундуз, Логар, Нангархар, Пактия, Парван, Тахар, Саманган, Заболь353.
- 1988 жылы 15 – мамырдан бастап Бараки, Даулеттабад, Файзабад, Гардез, Ғазни, Джалалабад, Кандагар, Кундуз, Лашкарго, Рух жерлерінен шетел әскери күшінің 10 негізгі гарнизоны көшіріліп, олардың бақылауындағы пункттер Ауғанстан әскери күшіне тапсырылды354.
- 1988 жыл 15- мамырдан кейін шетел әскерлері бақылауында барлығы 8 гарнизон қалды. Олар мына уалаяттарда орналасқан: Бағлан, Герат, Кабул, Парван және Саланган. Болх уалаятында, Хайратонда шетел әскерлерінің бір бөлегі қалып, шығарылатын әскерлер пунктіне қызмет етеді355.
- БҰҰ комиссиясы әскерлерінің бір бөлегі, офицерлер тобы Багран, Джалалбад, Кабул, Кандагар, Кундуз, Шинданд, Тургунди және Хайратондағы шетел әскерлерінің шығарылуын бақылауды комиссия бұл жерлерде өздерінің тұрақты посттарын орналастырды. Комиссия бұған қоса шетел әскерлері шығып кеткеннен кейін Гардезге барды356.
- Бас хатшысы және оның уәкімі Ауғанстаннан шетел әскерлерінің шығуы Женева келісіміне сәйкес жүріп жатқанына қанағаттанды. Осыған байланысты олар Ауғанстан Республикасы үкіметіне, КСРО үкіметіне және олардың халқына, әскери өкілдеріне олардың көмегі үшін алғысын айтады.
АҚШ пен Пакистан Женева келісімін өздерінше қабылдады. БҰҰ
бақылау механизмінің оларға әсері аз болды. БҰҰ бақылау ұжымы өкілдері Пакистандағы оппозиция қарулы отрядтарын дайындайтын базалар мен орталықтарға жіберілмеді. Ол үшін БҰҰ қауіпсіздік кеңесі тапарынан Пакистанға ешқандай да санкция болған жоқ.
БҰҰ Пакистан мен АҚШ-тың Ауғанстан істеріне аралпауларына, қантөгісті тоқтауға ешқандай да әсерін тигізе алмады. Женева келісімінің бұлайша орындалу барысы КСРО мен Ауғнастан басшыларына жаңа пікірлер пайда қылды. КСРО мемлекеті Ауғанстанның экономикасын көтеру, босқындарға көмек ретінде БҰҰ келісімімен 600 млн. доллар көлемінде тегін көмек берді357.
1988 жылы қазан айында сырт көз үшін болса да АҚШ үкіметі ауған моджахмедтерін тәртіп сақтауға шақырды.
Женева келісімі бұл құжатқа тікелей қатысы бар үш мемлеке
– КСРО, АҚШ, Пакистан тараптарының міндеттерін анықтап, нақтылап емес, дудамал түрде жасалған құжаттың міндеттеген шарттарын әртүрлі түсінуге болады, яғни әр мемлекет келісім мәтінін өз мақсатына бұрып сәйкестендіре алады. Вашинттон мен Исламабадтың талдауынша бұл келісім Мәскеудің жанама түрде Кабул хапитуляциясына келісім бергені, ал Мәскеу талдауынша бұлай емес.
Женева келісіміне қол қойылғаннан кейін АҚШ Бас Хатшысы Шульц «келісімде АҚШ – тың ауған оппозициясына беретін көмегін шектейтін ешнәрсе айтылмаған» деп мәлімдеді358.
КСРО жағы бұған қарсы ешқандай альтернативасы болмағандықтан, Ауғанстан жөніндегі өз саясатын жаңалап, соғыс әрекетіне өзгерту енгізе алмады. Оның үстіне бұндай іс-әрекет М.Горбачевтің халықаралық аренадағы өсіп келе жатқан бағасын төмендететін еді. «Ауғанстан мәселесі» М.Горбачевтың салқылдақ саясаты арқасында, оның әлем жұртшылығы алдындағы рептациясының маңызды саяси факторына айналды359.
Мәскеу бұрынғыша Пакистан – АҚШ әрекеттеріне қарсылық білдіре отырып, өз Армиясын Ауғанстаннан шығаруын жалғастыра берді.
КСРО әскери күшінің Ауғанстанда ықпалы азаюына байланысты, оның территориясында оппозиция шабуылы күшейген үстіне күшейді.
1988 жылдың соңында Ауғанстаннның ішінде ғана 200 мыңнан аса Моджахмедтер 4530 топты құрады. Бұл отрядтардың ең белсенді, қауіптілері 1920 отрядты құрап, онда 82,2 мың адам болды.
Жалпы оппозицияда 62 полк құралып, оның 22-сі Пакистанда, қалғандары неізінен Пакистан мен шекаралас Кандагар, Пактия, Пактика, Нангархар, Кунар, Заболь уалаяттарында топтасты.
1988 жылы Иран мен Пакистаннан Ауғанстанға 100 ден аса қару-жарақ, азық – түлік тасыған оппозиция керуендері кірді.
КСРО Армиясының шығарылған уақыты 15/5, 1988 – бастап, АДР үкіметі ықпалындағы териитория күрт азайды.
1988 жылы күзде көптеген ірі қалаларда елді мекендерде азық-түлік, жанармай т.б. жетіспеушілігі басталды. Кабульде аштық болу қауесеті тарады. Бұл жөнінде шетел газеттері қорқынышты ақпар таратты
КСРО Армиясының шығу процесінің 1- кезеңінде Ауғанстан мемлекеттік қарулы күшінде 300 мың адам болды. Бұл күштің Ауғанстан демократиялық режимді қорғау үшін толық мүмкіншілігі болды. Олар КСРО тарапынан қарудың, соғыс техникаларының т.б. барлық түрімен жеткіліктіден артығырақ көлемде қамтамасыз етілді.
КСРО көмегі өте көп болғанымен АДР режимін сақтап қалуға АДР қарулы күші онша тырыса қоймады.
.
2.4. КСРО әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының II— кезеңі
Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан мүлде кететін уақыты жақындады.
КСРО Армиясының Бас Штабында қызу істер жүріп жатты. КСРО әскерлерінің Ауғанстанда қалдырылған бөлегін Ауғанстаннан сәттілікпен шығарып әкету үшін барлық шаралар ойластырылды. Саяси-соғыс жағдайының өзгеруіне Ауғанстан жағы өзінше дайындалды. Ауған Қарулы күштері КСРО тарапынан керекті соғыс құралдарымен толық жабдықталды360. Ауғанстан халқына алдағы бірнеше жыл көлеміне жететін экономикалық көмек берілді. Алайда Наджибулла үкіметі өз құрамының моральдық – саяси деңгейін көтеріп, контрразведкалық жұмыстарды кұшейтудің орнына КСРО жағынан неғұрлым артық көмек алуды ғана ойлады.
1988 жылы қыркүйек айында АДР үкіметінің үш министрі Шах Навоз Таной, Гулабзый, Якуби Москвада М.Горбачевпен кездесіп, 1,2 млрд. сомға соғыс қарулары мен техникасын Ауғанстанға беруге қол жеткізіпі кетті361.
Ауғанстан жағының басқа да сұраныстарын артығымен қанағаттандыра отырып, КСРО өз әскерін пландалған мерзімде шығарып әкетуге әрекетін жалғастырды.
Ауғанстан жағына КСРО әскерлері тұрған әскери қалашықтар, бақылау орындары жабдықталған күйімен түгел берілді.
КСРО Армиясы Ауғанстандағы ең соңғы күндеріне дейін Ауғанстанның маңызды объектілерін қорғады.
1988 жылы, Наджибулла үкіметін тыныштандыру мақсатында, қазан айында Ауғанстанға Р – 300 «Скад» ракеталық дивизионы түсірілді. Ол Кабулдің шет жағына орналастырылды. Бұл дивизион Кабулге әуе шабуылын жасап жатұан оппозиция базаларын ұрды362.
Р-300 Ауған басшылары өтінішімен Ауғанстанға бүтіндей берілді363.
1988 жылы М.Горбачев бұйрығымен Кабулге 2 күндік сапармен СОКП ОК хатшысы О.Д. Бакланов бастаған комиссия келіп, КСРО – ның АДР үкіметінің алдында тұрған проблемаларының барлық аспектілерін ойластырып, КСРО Армиясының Ауғанстаннан шығуының соңғы кезеңінің қауіпсіздік шаралары туралы кеңесті364.
Делегация жұмысы кезінде де ауған жағы КСРО – дан 2,1 млрд. сомдық қару-жарақтың қосымша берілуін сұрады. Шын мәнінде ауған жағы онша қаруды қолданып үлгіре де алмас еді. олар өздеріне КСРО тарапынан беріліп жатқан тегін соғыс техникасынан еш уақытта бас тартқан емес. Олардың кез келген өтініш-тілегі КСРО жағынан заматында орындалып жатты.
1989 жылы қаңтарда сол кездегі КСРО сыртқы істер министрі Э.А.Шеварнадзе Кабулге келді365. Ауған жағы АДР – дің КСРО алдындағы үлкен көлемдегі бересі қарызының өтемін өшіріп, немесе кейінге қалдыру, кредиттер файыздарының бағасын қайта қарау, өндірістік товарлар беру, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық жабдықтарын беру, алғашқы қажеттілік товарларын, конвертанцияланған валюта беру өтініш жасады. Оның үстіне соғыс қаруларының ең жетік түрлерімен қоса, Р-300 «Скад» реактивті қондырғылар, Ураган, Буратино секілді ауыр атқыш қаруларды Ауғанстанда қалдыру сұралды.
Э.А. Шеварнадзенің Наджибуллаға деген жеке құрметі ескеріліп ауған жағының бұл өтініштері түгел қанағаттандырылды366.
АДР қарулы күшіне олардың қажетіне толық жететін жағдай жасалды.
Бекітілген план бойынша КСРО Армиясының Ауғанстаннан шығарылуының II- кезеңі 1988 жылдың қараша айында басталуы керек еді. АДР үкімет басындағылардың, президент Наджибулланың арнайы өтініші қанағттандырылып, бұл уақыт 1989 жылдың қаңтарына өзгертілді367. Бұндай өзгерістің болуына және бір себеп Э.А.Шеварднадзенің жеке пікірі де өз әсерін тигізді.
Э.А. Шеварднадзе өзінің осы қимылымен КСРО айналасындағы және оның ішіндегі жағдайды қиындатып қана қоймай, оны келешекте күйреуіне апаратын жолға итергенін арадан үш жыл өткенде ғана мойындады.
1989 жылы қаңтарда КСРО әскерлерінің план бойынша шығарылуы тоқтатылып, КСРО әскерлері уақытша азық-түлік тасумен айналысып кетті. Бұдан басқа КСРО әскери басшылығы Слаңның оңтүстігіне бақылау бөлімдерін орнатуға бұйрық алды. Шын мәнінде КСРО әскерлері «Пандшер тағысы» А.Ш.Масуд тобымен соғысқа дайындалды.
КСРО Армиясы өздерінің Ауғанстан территориясына кірген кезінен бастап, көбіне А.Ш.Масуд тобымен соғысып келді. А.Ш.Масуд Ауғанстан дала командиярлерінің ішіндегі ең қауіптісі саналды. Батыс ақпарат құралдары ол туралы «Пандшер барысы» деп жазды. А.Ш.Масуд қарапайым ауған халқы ішінде де қадірлі, өзінше романтикалық ислам күрескері саналып, жылы қабылданған күрескер ретінде танылды.
КСРО Армиясын Ауғанстаннан шығару кезеңінде кеңес әскери басшылығы А.Ш.Масуд пен АДР үкіметі арасын жақындастыру үшін көп жұмйстар істеді.
А.Ш.Масудпен ресми емес түрде уақытша келсімдер жасалып, Ауғанстан және КСРО қарулы күшіне қарсы А.Ш.Масуд ұзақ уақыт бойы соғыс әрекеттерін тоқтатты368. Өкінішке орай бұндай игі бастаманы АДР және КСРО жағы дер кезінде бағаламады. Арада орнаған жылылықты пайдалану орнына КСРО басшыларының бұйрығымен 1989 жылы 20-қаңтарда Салаңның оңтүстігінде А.Ш.Масудке қарсы «Тайфун» операциясы жасалды. КСРО Армиясының бұл соңғы соғысы болды.
1989 жыл 27-қаңтарда КСРО әскерінің шығарылу процессі қайта жаңғыртылды369.
1989 жыл 13-ақпанда В.Варенниковтың бұйрығымен «ең соңғы КСРО әскерінің Ауғанстаннан шығу» рәсімі өтті370.
1989 жыл 14 – ақпанда Кабулдегі КСРО елшілігі территориясында КСРО Қорғаныс министрлігі оперативтік тобының Ауғанстандағы басшысы БҰҰ-ның өкілі генерал Р.Хельминенмен кездесті. Бір сағатқа созылған бұл кездесуде БҰҰ – ның игі істер миссиясының бастығына КСРО командованиесінің мәлімдемесі оқылды371.
1989 жыл (15 – қаңтар күні) 15 – ақпан күні КСРО Армиясының ең соңғы бөлімі Амударья өзені үстіндегі «Достық» көпірінен өтті372.
Термездегі күтіп лау митингісінде 40-армия командирі «Біз өзімізге берілген тапсырманы орындадық, өз борышымызды атқардық» .. деді.
Ауғанстандағы 10 жылға созылған ауыр да қиын соғыс КСРО әскерлері үшін аяқталды. Бұл соғыс тарихы ұзақ жылдар бойы құпия сақталды.
Ауғанстандағы соғыс КСРО- ға ешқандай да абырой әкелмеді. КСРО өзі бастаған соғысты тоқтата алмады.
ҚОРЫТЫНДЫ
КСРО армиясы Ауғанстаннан шықты. Соығс онымен аяқталған жоқ.
1989 жылдың басында КСРО әскерлері шығысымен Ауғанстанда төтенше жағдай енгізілді. Моджахмедтер соғысты әрі ұарата жалғастырды.
Кабул қаласы күні – түні реактивті снарядтамен атқыланды. Мыңдаған адам өлді. Қарапайым ауған халқы соғысты жалғастырушыларға лағнет айтқаннан басқа қолдарынан ешнәрсе келген жоқ.
КСРО әскері Ауғанстаннан шықты, бірақ КСРО көмегі, оның қару жарақ беруі тоқтаған жоқ. АҚШ пен КСРО Ауғанстанды соғыс бәсеке майданына айналдырду. Екі алып мемлекеттің бір-біріне ерегісіп есепсіз қаржы төгуі Ауғанстанның қарапайым халқына қасірет болғанымен, соғысушы күш басшылары соғыс мақсатын жеке бас пайдаларына жаратып, соғысты табыс көзіне айналдырды. Ауғанстандағы соғыс бірнеше адамдардың бизнесіне айналды. АДР басшылығы ішінде де, оппозиция басшылығы ішінде де негізгі бағыттан ауытқушылық, билікке талас құбылыстар етек алды.
1990 жылы наурызда Наджибулланы орнынан тайдырып, билікті өз қолына өз қолына алу үшін АДР қорғаныс министрі Ш.Н.Танай қарулы көтеріліс ұйымдастырды.
1990 жылы оппозиция басшылары С.Гилани, С.Моджаддаи, Б.Раббанилер мемлекет билігіне саяси жолмен жетуді көздесе, Г.Хекматьяр, А.Сайяф, Ю.Холеске ұқсағандары оларға қарсы шықты.
АДР үкімет басшылығы, оппозиция басшылығы ішінде бірдей «пуштуншылдық» шовинистік тенденция орын алды.
Наджибулла үкіметі, үкімет, армия басшы орындарына тек қана пушун ұлты өкілін тағайындады. АДР халқының жартысын құрайтын пуштун емес, тәжік, хазара, түрікпен, өзбек, нуристани, белудж, полишайе т.б. аз санды халықтар арасында антипуштундық ағым қалыптасты.
Оппозицияда әр ұлт тобы бір-біріне тәуелсіз ететініне байланысты олар арасындағы жікшілдік тек басшылар арасындағы жасырын түрде ғана болып, олардың ортақ оппозциялық мақсатына кесірін тигізген жоқ. Керісінше, АДР үкімет басшылығы ішінде алауыздық олардың бірлесе қимылдауына септігін тигізді.
1991 жылы 18 – мамырда Тегеранда Б.Раббани, С.Моджаддади, М.Набилердің т.б. оппозиция топтары басшыларының кездесу өтті.
А.Масуд пен Т.Исмаил Хан арасында байланыс орнады.
1991 жылы мамырда БҰҰ хатшысы Перес де Куэльяр Ауғанстанда бейбітшілік орнатуға септігін тигізеді деп саналған БҰҰ-ның бейбітшілік планы ұсынды.
Бұл план Ауғанстандағы барлық саяси партияларды бірітіретін каолициялық билік түрімен, Ауғанстанда уақытша өкімет орнату әдісін қарастырды.
Наджибулла пуштундық негізде оппозиция басшысы Г.Хекматьяр және бұрынғы ауған патшасы Захир Шахпен байланыс орнатуға әрекет жасады.
Ауғанстанның солтүстігіндегі пуштун емес оппозиция басшылары кейбір мәселелер барысында КСРО мен келіссөздерге бара бастады. Мысалы: 1991 жылы қарашада Б.Раббани бастаған моджахмеддин делегациясы КСРО – ға келіп «ауған жағдайының» қалыптасуы және моджахмедтер қолында тұтқындағы кеңес әскерлерінің КСРО – ға қайтарылуы жөнінде кездесу өтті.
Өз негізінде КСРО — вице президенті А.Руской Иран мен Пакистанда жергілікті үкімет басшылары және ауған оппозиция басшыларымен сөйлесті373.
1991 жылы желтоқсан айында КСРО, 1992 жылдың 1-қаңтарында АҚШ Ауғанстанға өздерінің қару жарақ көмегін тоқтататынын жариялады.
АДР үкіметі КСРО бұл әрекет өздеріне жасалған қастандық деп таныды. Кезінде КСРО Армиясының Ауғанстанда қалдырылуы үшін күш салған Наджибулла енді КСРО әскерін «дұшпан әскері», ал олардың Ауғанстаннан шыққан 15-ақпан датасын «ұлттық азаттық алған күн» деп жариялады.
1992 жылдың басында КСРО дан АДР – ге берілетін көмек тоқтатылды.
Наджибулла ұкіметін қорғайтын күштер бөлініп кетті.
Ауғансатнның солтүстігіндегі пуштун емес ұлт өкілдері өз алдарына «Солтүстік хаолициясын» жариялады.
«Альянс-7» отрядтары Ғазниді алды.
Наджиббулаға қарсы А.Вакиль бастаған топ «уақытша әскери үкімет» құрып, Наджибулланың өкімет билігінен аластылуын талап етті.
Наджибулла үйішімен Кабульдегі БҰҰ миссиясына барып паналады.
1992 жылы 28-сәуірде Наджибулла үкіметі құлады.
1992 жылы 21-сәуірде А.Ш.Масуд өз командирімен бірлікте өзінің БҰҰ басшылығы ұсынған каолициялық үкімет жөніндегі бейбіт ұсынысын қолдайтынын, сонымен бірге АИП басшысы Г.Хекматьярдың «ойланбаған іс-әрекеттерден сақтануын» талап етті, қарсы жағайда өз күшінің Кабулді қорғауға дайын екенін мәлімдеді, оған қоса бұрынғы Кабул басшыларымен ешуақытта келісімге келмейтінін хабарлады.
Кабулде біріккен штаб құрылып, оған А.Масуд, Р.Достым, С.Надири т.б. ірі-ірі әскери басшылар қатнасты.
Бұл күндері Кабулде күшті ұрыстар болып барлық елшіліктер оқ астында қалды.
1992 жылы 27-сәуір төңкерісіне 14 жыл толған күні Ауғанстан үкіметі басына алғашқы каолициялық уақытша үкімет басшысы С.Моджаддади келді.
Г.Хекматьяр жаңа өкімет басында оған үлкен орын ұсынылғанына қарамастан, өзінің соғысты тоқтатпайтынын мәлімдеді.
1992 жылы Маусым айында уақытша үкімет Б.Раббанидің қолына өтті.
Ауғанстан ішінде ұрыс тоқтаған жоқ. Пакистаннан Ауғанстанға қару-жарақ тасымалдау жалғаса берді.
Ауғанстанда демократиялық солшыл ағымдағы режимнің күйреуі, КСРО мемлекеттерінің тарауы Пакистан басқару шеңберінде Ауғанстан, Иран, Азербайжан т.б. Орта Азия мемлекеттерінде Пакистан ықпалын күшейту пікірін оятты.
Исламабад Орта Азия мемлекеттеріне Араб теңізі және үнді мұхиттарына Карачи арқылы шығуды ұсынды. Пакистан — Орта Азия үстімен Пакистанға Түркмен газы мен нефтін, тәжік электро-энергиясын әкелуі көздеді. Алайда бұл мақсат тараптас мемлекет билігі орнап, тыныштық болуы керек.
Пакистан үкіметі Ауғанстанда жаңа оппозициялық күші «Талибон» (тәлибтер) қозғалысын ұйымдастырды.
Ауғанстанның солтүстігінде орналасқан тәжік, өзбек, түрікпен, қазақ этникалық ұлт өкілдері ТМД елдеріне қаша бастады. Олар өздерімен қандас ұлттар жасайтын, Қырғызстан, Қазақстан мемлекеттерін паналды.
Ауған босқындарының ТМД елдеріне таралуы сол елдерге әлеуметтік, эконмикалық, саяси қиыншылықтар тудырды.
Ислам саяси-идеологиялық экспансия толқыны 1979 жылы Ираннан басталып, Алжир, Пакистан мемлекеттерімен өтіп, бүгінде Орта Азия ТМД мемлекеттерін шарпып, Ресей шекарасына жетті. Бүгінде ислам радиколизмі авнагарды болып Ауғанста «талибтері» саналуда. «Талибтер» Ауғанстандағы 20 жылдан астам жалағасып келе жатқан этно-саяси арасыздық қару күшімен тоқтатпақшы.
Кінәлілерді іздеуден көрі соғыс зардабынан әбден ауыр жағдайға жеткен Ауғанстаннның бикүнә халқы үшін тынышқтық әкелуге себебін тигізетін бейбітшілік формуласын қайткенде де ойлап табу керек. Сонда ғана бүгінгі әлемге аты шыққан беделді саясаткерлер келешек ұрпақ атқара алды деуге болады.
«Кеңес – ауған соғысы» атты тақырып бойынша библиографиялық көрсеткіш:
- Монографиялар:
- Ляховский А.А, Трагедия и добоесть Афгана, 750б., М. 1995
- Ляховский А.А,Забродин В.М., Тайны афганской войны 271б, М.1991
- Бурлацкий Ф.М., Вожди и совестники, 385б, М. 1990
- Андронов И.И. По волчьему следу 302б, М. 1984
- Гайдар Т.А. Под афганском небом Москвы, 37б, М 1983
- Игнатов Н.В. Революция рожденная в апреле 72б, М.1980
- Кирпиченко П.Ф. Новые пути Афганистана, 150б, Киев 1991
- Мокроусов Б.И., 120 дней в Кабуле, 64б, М. 1981
- Раишодв Р.Т. Советско – афганские отно и их буржуазные фальцикаторые, 114б, Ташкент, 1983
- Суходалский В.Ф. Пароль – революция Афган, 170 б. М. 1986
- Студеникин П.А.Тараненко И.И., Горячая земля 62 б, М.1986
- Теплинский Л.В. История советско-афганских отношении (1919-1987) 380 б., М. 1988
- Золотаревский Л.А., Афганский репортаж, 15 б, М 1983
- Шедров И.И.Афганистан молодость революций, 127б, М. 1982
- Ұжымдық еңбектер:
- Кто есть кто в мировой политике словарь справочник, 480б. М. 1987.
- Мақалалар:
- Сафрончук В.С.Афганстан при Б.Кармале и Наджибулле «Азия и Африка сегодня» 1996, №6,№8,№10
- Сафрончук В.С. Вопросы безответа «Азия и Африка сегодня» №1, 1997
- Сафрончук В.С. Длинный путь до Женевского соглашения «Азия и Африка сегодня» 1997г. №5
- Беляков В.В. Афганский бумеранг «Азия и Африка сегодня» 1996, №8
- Москаленко В.И.Остановить кровопротие «Азия и Африка сегодня» 1998 №3
- Сикоев Р.Т.Политический облик афганской диаспоры «Азия и Африка сегодня» 1998, №3
- Давыдов А.А. Таины стермятся к власти Азия и Африка сегодня» 1996№7
- Коргун В.М. Барак Кармаль «Азия и Африка сегодня» 1998, № 4
- Ганковский Ю.В. Исламское движение толибов «Азия и Африка сегодня» 1998, № 11
- Коргун В.М. Исламский экстрелизм у границс СНГ «Азия и Африка сегодня, 1999 №1
- Кузьмин О.К. Не столь таинственные толибы «Азия и Африка сегодня» 1996, №2
- Сайман Б.С. Қазақ «ауғаны» Егемен Қазақстан, 1998г. 26.12.
- Әдебиеттер:
- Теплинский Л.В. История советско – афганских отношении (1919-1987) М.1988, 217б.
- Ляховский А.А. Трагедия и доблесть Афгана, М. 1995г. 31б.
- Сафрончук В.С.Афганистан при Б.Кармале и Наджибулле « Азия и Африка сегодня» М. 1996№6, 11б
- Ляховский А.А. Забродин В.М. Тайны афганской войны М. 1991, 21б
- Игнатов Н.В. Революция рождения в апреле М. 1980 13б.
- Андронов И.И. По волчьему следу М. 1984, 53б.
- Гайдар Т.А.Под афганским небом Москвы М.1983 13б.
- Теплинский Л.В. История советско-афганских отношении (1919-1987) М.1988, 199б
- Беляков В.В. Афганский бумеранг «Азия и Африка сегодня» 1996, №8,23б
- Бурлацкий Ф.М. Вожди и советники М. 1990, 167б
- Сафранчук В.С. Бабрак Кармаль и Наджибулла «Азия и Африка сегодня» 1997, №1 36б.
- Рашидов Р.Т. Советско – афганские отношения и их буржуазные фальцификатары. Ташкент 1983, 78б.
- Сафранчук В.С. Бабрак Кармаль и Наджибулла «Азия и Африка сегодня» 1997, №1 40б.
- Ляховский А.А. Забродин В.М. Тайны афганской войны М. 1991, 111б
- Андронов И.И. По волчьему следу М. 1984, 20б.
- Ляховский А.А. Трагедия и доблесть Афгана, М. 1995г. 158б.
- Сафранчук В.С. Вопрос без ответа Азия и Африка сегодня 1997г. №1, 37б.
- Крипиченко П.Ф. Новые пути Афганстана. Киев 1991, 81б.
- Золотаревский Л.А. Афганский репортаж М. 1983 117б.
- Ляховский А.А. Трагедия и доблесть Афгана, М. 1995г. 160б.
- Игнатов Н.В. Революция рождения в апреле М. 1980 19б.
- Студеникин П.А.Тараненко И.И., Горячая земля 62 б, М.1986, 27б.
- Москаленко В.И.Остановить кровопротие «Азия и Африка сегодня» 1998 №3
- Сикоев Р.Т.Политический облик афганской диаспоры «Азия и Африка сегодня» 1998, №3
- Давыдов А.А. Таины стермятся к власти Азия и Африка сегодня» 1996№7
- Коргун В.М. Барак Кармаль «Азия и Африка сегодня» 1998, № 4
- Ганковский Ю.В. Исламское движение толибов «Азия и Африка сегодня» 1998, № 11
- Коргун В.М. Исламский экстрелизм у границс СНГ «Азия и Африка сегодня, 1999 №1
- Кузьмин О.К. Не столь таинственные толибы «Азия и Африка сегодня» 1996, №2
- Сайман Б.С. Қазақ «ауғаны» Егемен Қазақстан, 1998г. 26.12.