АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Кенесары – қолбасшы, дипломат

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 Д.А. ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ

                                                                      

 

ДИПЛОМДЫҚ    ЖҰМЫС

 

Кенесары – қолбасшы, дипломат

 

 

 

Алматы — 2011

М А З М Ұ Н Ы

 

КІРІСПЕ ……………………………………………………………………………………..

 

  1. КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ – САЯСАТШЫ

1.1.  Кенесары Қасымұлының біртұтас қазақ мемлекеттілігін               қалыптастырудағы саяси қызметі………………………………………………

1.2.  Кенесары Қасымұлының дипломатиялық әрекеттерімен шеберлігі…………………………………………………………………………………...

 

  1. КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ – ҚОЛБАСШЫ

2.1.  Кенесары Қасымұлының әскери құрылымдарды құрудағы тапқырлығы……………………………………………………………………………….

2.2. Кенесары Қасымұлының әскери жорықтарды ұйымдастырудағы

қабілеті мен әдіскерлігі……………………………………………………………….

 

 ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………

 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………………….

 

 

Кіріспе

 

Мәселенің өзектілігі.  Қазіргі кезде республика жұртшылығы арасында тарихқа, әсіресе қазақ халқының өткен дәуірін білуге деген ынтаның күрт артуы байқалып отыр.

Бүгінде жұтшылық назарын өзіне ерекше аударып., тарихшылардың жаппай жазып, жарыса зерттеуге ден қойған тақырыптардың бірі – ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысты өзекжарды мәселелер. Ұлт тарихындағы бұл бір кезеңді сөз еткенде елдің елдігін, халықтың бірлігін ойлап, әсіресе ұлттық мүддені қорғау жолында жанын шүберекке түйе күрескен ержүрек батырларымызды айналып өту мүмкін емес. Өйткені, сол уақыттағы қоғамдық оқиғалардың барлығы солардың тікелей қатысуымен тарих бетіне бедерлі ізін қалдырған.

Сондықтан да егеменді ел болып отырған Қазақстанның тарихын, әсіресе осы жердің түп иесі қазақ дейтін халықтың ешкімге де тәуелсіз ел болу жолындағы ұлт-азаттық қозғалыстың тарихын, сол қозғалыстардың себептері мен салдарын айқындайтын әртүрлі әрекеттер мен саясаттың астарына не жатқанын зерттеу, бағалау, қорытынды пікір айту – тарихшылардың еншісі екені әмбеге аян. Және зерттегенде, баға бергенде, қорытынды пікір тұжырымдағанда, баяғы бір қасаң қағидалардың қалыбында қалып қоймай, заманымыз әкелген жаңа леппен жаңаша көзқараспен зерттеу , бағалау, тұжырым жасау – бүгінде ауадай қажет болып отыр.

Кенесарының көп шайқастарда өз мақсатына жету жолындағы асқан қайсар мінезі мен жауларына қатыгездігі оның әмбе қолбасшы, әмбе ұйымдастырушы, ролі-тіпті патша генералдарының өзін таңғалдырып отырғандығы да тарихтан белгілі.

Ұзақ жылдар жан-жақты қаруланған патша әскеріне табандылықпен қарсы тұра алуы, әсіресе, қазақ батырлары басқарған жасақшыларының нелер қиыншылықтарды бастарынан кешіріп, асқан төзімділік жасауының өзі-қазақ шаруаларынан құралған жауынгерлердің ұзаққа созылған халық көтерілісінде өздерінің шындалғандығын көрсетсе керек; Екіншіден, көтерілісшілердің бәріне бірдей дарыған қасиет-ол далалық өмірдің ерекшеліктерін толық меңгергендігі болып табылады.

Әскерді бұрынғы соғыс жүргізудің азиялық тәсілімен жүздерге, мыңдарға бөлу, сарбаздардың басына ержүректілігімен, азаттық күрес ісіне берілгендігімен көзге түскен батырларды тағайындау, олардың жан аямай күресі — Кенесарының қолбасшылық, ұйымдастырушылық қасиетінің шыңдалғандығының бір көрінісі.

Кенесарының Қазақ мемлекеттілігін нығайтудағы шаралары азаттық күрестің міндеттерімен тығыз байланысты болды. Сондай-ақ бір орталыққа біріккен мемлекет құрмай, қуатты Ресей патшалығына және Орта Азия хандықтарына қарсы тұру мүмкін еместігін Кенсары жақсы түсінді.

Кенесары мемлекетінде басқару ісін, сот, елшілік, дипломатия, қаржы, соғыс ісін және қарсыластарының мүлкін реквизициялауды ханның жеке өкілдері арқылы жүзеге асырылды.

Елшілік келіссөздерді өздерін осы істе танытып үлгерген Шоқпар Бақтыбайұлы, Есенгелді Саржанұлы, Сайдақ қожа Оспанұлы және татар Әлім Жағудин сияқты адамдар жүргізді.

Кенесарының, әсіресе, дипломатиялық әрекеттерінің көтеріліс барысында өте шебер пайдаланғандығын мейлінше айқындайтын оның бұған дейінгі жарияланған хаттары (ал,архив қорларында жатқан әлі сыры ашылмаған хаттары қаншама десеңізші!) болып табылады. Бұл проблеманың одан әрі зерттеле түсуі хақ. Жас тарихшы-зерттеушілер, мамандар ретінде бұл міндет-біздің үлестерімізде. Сондықтан, хан Кене көтерілісі туралы деректер жетерлік, яғни тарихнамалық базасы мол, әрі кең; жан-жақты ғылыми зерттеу жұмысын әр уақытта жүргізе беруге толық мүмкіндіктер бар екенін қанағаттық сезіммен айтуға болады.

Сұлтан Кенесарының айлакер саясатшылдығы көтерілістің алғашқы кезеңінен бірден байқалды. Әрине, сол заманда төңірегін күшпен жапырып, ауыздықталмаған Ресей билеп -төстеушілерінің Қазақ жерін жаулап алмай тынбайтындығына көргендікпен көзі жеткен  Кенсары бар қабілетін патшаның жаулаушылық қимылдарын тоқтатуға немесе оның қарқынын әлсіретіп, үш жүздің бірлігін нығайтуға жұмсады. Орынбор губернаторы граф В.А Перовский арқылы патшаға жеткізуге дәмеленген хаттарының бірінде өзі бастаған азаттық қозғалысты  тоқтатудың бірден-бір шарты-өлкемізде бекіністер салуды, қалалар тұрғызуды, округтарды ұйымдастыруды 35 жылға тоқтату деп білген: “Ұлытау мен Кішітау өңірінде Сібір шептерінен әскер жіберуіңізді өтінемін. Мәселені басқаша шешсеңіздер, біздің әйелдеріміз бен балаларымыз ығысып қалады, патша ағзамға қызмет ете алмайды”,- деп толқуын білдірген. Әрине, қазақ сұлтанының осы хатында қандыбалақ Николай I-шіні “шахин-шах (патшалардың патшасы) деп лепірте мадақтағанымен оған жақын да , алыс та, болсамда жүрегіммен, жаныммен қызмет етуге дайынмын, маған бір шен немесе грамота алып беріңіз”/2,125/ -деген сол В.А. Перовскийге арналған хаттағы аты шулы сұлтанның сондай момақан бола қалғаны қалай да болмасын қазақ өлкесіне Ресей әскерлерін жолатпаудың қамы деп түсінгеніміз жөн.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Кенесары көтерілісінің әлі де толық зерттелініп, айқындала қоймаған мәселелерінің бірі – ол Кенесары ханның жеке тарихи тұлғасына тән ерекше қасиеттері болса керек. Яғни, біз Отандық тарихымыздың қайтадан қалпына келіп, жаңарып отырған шағында, егемен елімізбен тәуелсіз мемлекетті армандап өткен, сол үшін бар өмірін күрес жолына жұмсап, сол жолға шыбын жанын құрбандыққа шалған, қазақтың ұлы перзентті Кенесары бабамыздың тарихи тұлғасына қандай баға бере аламыз. Міне мәселе осында.

Қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік тарихнамада Кенесарының жеке басының аржақтылықпен саналы түрде бұрмаланып келгендігі, біздерге тарихтан белгілі  (Мысалы, 5-томдық Қазақ ССР-і тарихының 3- томында Кенесары туралы бөлім жоқ). Алайда, таптық принципке негізделген сол кездегі басқа тарихи кітаптар болсын, оқулықтар болсын, ғылыми монографиялардың бәрінде де, мысалы: 1.Ресей Империясы бұрынғы тарих белестерінен өткен өз патшалары мен князьдерін өте жоғары дәрежеде дәріптеп те уағыздап та өтед; 2.Ал «бұратаналық»  аймақтарда «бұратана» деген халықтың өкілдеріне «ұлтшыл», «ұлтшылдық», «ұлтшылдық қозғалыс» деген айдарлармен айшықтап келгені де мәлім.     

1847 жыл Сібір шекаралық комиссиясының төрағасы, генерал Вишневскийдің экспедициясымен Кенсарыға қарсы күреске қатысқан , Орта және Ұлы жүз қазақ феодалдарымен тілдескен, 1833 жылғы Польшадағы азаттық күреске қатысқаны үшін қазақ  өлкесіне жер аударылған Адольф Янушкевич Кенесары тұлғасына қайран қалып, оны XIX ғасырдың 80-ші жылдарағы Алжир халқының Француз отаршыларына қарсы күресінің көсемі, атақты Абд Эль Кадерманмен теңестіреді.

Кенесарыға қатысты мәліметтер Шоқан Уәлихановтың 1850 жылдардағы зерттеу еңбектерінде де көрініс береді. „Бүлікші сұлтан Кенесары – феодалдық монархиялық қозғалысқа бас болып, хандық билікті қалпына келтіруге тырысты”. Екінші бір еңбегінің түсіндірмесінде „осы кезеңде ескі мен жаңашылдық бір-бірімен тіресуде еді, ол мұсылмандық шығыс пен орыстық құбылыстар еді” деп Ш.Уәлихановтың Кенесарыны мадақтап кететін жерлері де кездеседі. Шоқан Уәлихановтың  берген жалпы алғанда біржақты бағасының кейінгі орыс тарихшыларына сілтеме жасар мықты бір дерек болғанын да айту керек.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында жарық көрген еңбектердің ішінен М.Красовский мен И.Завалишиннің еңбектерін ерекше бөліп қараған жөн. М.Красовскийдің Кенесарыны ұлы Абылаймен салыстыруы түсінікті. „Ақылы жағынан атасынан төмендеу тұрса да, мінезі және қимылының адуындылығы жағынан әкесі Қасымнан және Абылайдан алшақ тұрады, азғана уақытта Кенесары бүтін Сібір даласына белгілі болды”, — деп жазуы, әрине, бір жағынан, жаңа саяси ахуалда тарихи сахнаға көтерілген ханның өзіне тән тамаша қасиеттерінің отандастарын төңірегіне жинауда белгілі роль атқарғандығын аңғартады.

Көтеріліс көсемінің ерекше қасиеттерінің айқындайтын тарихи деректерді осы арада келтіруді жөн көріп отырмыз: Орыстың белгілі зерттеуші ғалымы Н.Середаның ХІХ ғасырдың екінші жартысында жарық көрген еңбегінде Кенесарыға орынды баға береді. Біріншіден, өз заманының белгілі саяси қайраткері, өте сезімтал саясатшыл тұлға десе; екіншіден, Кенесарының саясатшылдығы мен қолбасшылық дарынының қатар байқалғандығы туралы ойын айтады. Кенесарының жеке басы туралы шынайы мәлімет пен әділ бағалауда әсіресе Н.А.Середа өз еңбегінде; Жауларын кешірмейтін табанды, жасынан қиыншылыққа мойымауға дағдыланған шыдамдылығы “түйеге тең” деп бір жазып кетсе, тағы бір ойында кедергілерге ешқандай шайлықпай, өз мақсатына жетуде кейін шегінуді білмеуші еді деп те қорытындылайды./2,55/.

Ресмидворяндық-буржуазиялық орыс тарихнамасының өкілдері Кенесарының Сырым және Исатай батырлар сияқты  “бұзық”, “қарақшы”, деп жек көрінішті бағалармен сипаттасада, екіншіден, көтерілістің басты оқиғаларына мейлінше мән берген, Абылайдың немересін “айлакер, парасатты саясатшыл, қайраткер” ретінде де жоғары бағалайды. “ Өз халқына мәңгілік бостандық тілеген Кенесары, патриот бола тұра, орыс мемлекетінің ерте ме кешпе ордалықтарды басып алуға тырысатынын түсіне білді”,-деп жазды Н.Середа.

Кенесарының қолбасшылық шеберлігі оның терең де жан-жақты саясатшылдығымен ұштасып жатады. Алыстан болжап, қандай ғана мәселе болмасын алдын ала шешіп отыратын қасиетімен танылып отырған. Мысалы, Кенесарының асқан саясатшыл, дипломатиялық шеберлігін орыстың ғалым тарихшылары, ғалым-саясатшылары өз еңбектерінде көрсеткен: ХІХ ғасырдың 50-ші жылдарында Верный қаласында болған, Шоқан Уалихановқа қамқорлық жасаған, орыстың ұлы ғалым-саяхатшысы П.П.Семенов Тян-Шанскийдың Кенесарыны біздің эрамызға дейінгі екінші ғасырда Рим империясының отаршылдық саясатына қарсы өз халқын көтерген  Митридат ІІ-ші Эвпатормен қатар бағалайды. Әрине, былай баға беру қазақ халқының саясатшыл-дипломатиялық шеберлігін шын мойындағаны еді.

 Дегенмен, ғылымның әділдігі де сол болар, мысалы, Кенесарының қолбасшылық өнері туралы ақиқаттық негіздегі сипаттамаларды орыс тарихнамасының өзінен кездестіруге болады. 1872 жылы Орынбор әскери училищесінің тыңдаушыларының алдында оқылған арнайы дәрісінде белгілі тарихшы-ғалым В.Потто көтерілістің көсемін «жеңімпаз хан», қырғыздың «Шәмілі» деп өте жоғары баға берген; Атақты шетел ғалымы, тарихшысы Л.Мейер де өзінің зерттеу еңбегінде Кенесары көтерілісіне тиісті баға бере келе, «Қазақ халқының мүддесі Кенесары хан төңірегінде»-деп, өз ойын тұжырымдайды./30/.

Осындай әр қилы тарихи тұлғаға ғана тән қасиеттердің тәуелсіздік алу жолындағы ауыр күресте ғана шындала түсетіндігі (Кенесарының тарихи тұлғасын сомдауда) Ілияс Есенберлиннің  «Жанталас» тарихи романында да көрініс табады. Шындығында, Кенесары осы 10 жылға созылған ұлы күрес жолында нағыз көтерілістің көсемі деңгейіне көтеріле алған еді. Осындай да, халқының алдындағы жауапты кезеңде,оның қолбасшылық тұлғасы қатар шыңдалды. Бір ғана оның күрес жолынан штрих келтірүге болады: Ол көтерілістің қандай кезеңі болмасын, бірінші қолбасшы ретінде әр уақытта ресми рәсімді жауынгердің алдында қатты сақтаған (Ту ұстаған жауынгердің артында тұруы, жауапты шайқастарда көтерілістің туын алға ұстап жүру рәсімі; тіпті өзінің қолбасшылық жасап, майдан даласында көрінгенде , ерекше әскери киім тіккізіп, оны сәнімен киіп шығып, жауынгердің алдынан өтуі т.б.).

Өз кезінде бірқатар талас тудырған ханның ұлы Ахмет Кенесарыұлының  „ Кенесары және Садық сұлтандар” деген кітабы. Бұл кітапты терең, арнайы зерттеу деп қарастыру біржақтылық болар. Аталмыш еңбек естелік тұрғысынан жазылғандықтан көтеріліске қатысты мол мәліметтер назардан тыс қалған, алайда Кенесарының жеке тұлғасына қатысты мәселелерді кездестіруге болады./15/.

Тақырыптың мазмұнын ашу барысында Кенесары Қасымұлының саяси қызметімен қолбасшылық әрекеттері және біртұтас қазақ мемлекеттілігін қалыптастыру жөніндегі мәліметтер; Рязановтың А.Ф. „Кенесары” атты тарихи очеркінде /3/, кездестіруге болады, сондай-ақ осындай мәліметтер, Ұзақ жылдар бойы жақсы қаруланған патша әскерлерімен табан тіресе алысқан Кенесарының бір қасиеті – қиыншылықтарға төзімділігі. Үш жүздің кең даласының ой-шұңқырын алақанындағы қыртыстарындай білген, туған өлкесінің географиялық жағдайын көтеріліс кезінде мейлінше пайдалана білген Кенесарының жауынгерлерінің рухы, жеке басының табандылығы да халық жырларындағы теңеулерге сай. Оның сарбаздарының рухының беріктігіне кез келген Европа әскерінің қолбасшысы таңқалуы мүмкін екендігін таңқала атап көрсетеді сол Н.Середа./2/. Жасынан даланың өміріне үйреншікті болған қазақтар әрбір тастың, ағаштың, төбенің аттарын жатқа білетін, ондаған шақырым қашықтыққа созылған тау-тас арасынан таспадай иректеліп өтетін, әзер көзге ілінетін соқпақтар қазақтар үшін дайын, көз алдындағы бадырайған географиялық картадай көрінетін.

Қазақстанды отарлау кеулеп бара жатқанда, патшаның жазалаушы күштерінің алқымнан алуына қарамастан азаттық күрестің он жылға созылуын, халықтың дербестікті сақтап қалуға күш салуы, далалық өңірдің көтерілісшілердің соғыс қимылдары үшін қолайлылығы, Ресейдің сонымен қатар Кавказда имам Шәміл басқарған тау халықтарына қарсы күресуге алаңдауға да себепші болды .Алайда үш жүздің өңіріндеде атой салған сұлтан Кенесарының бодандыққа қарсы алысуының ұзақ уақытқа созылуы, басқада көптеген мәселелерімен қатар ұлы тұлғаның жеке басындағы тамаша дипломатиялық және саясатшыл қасиеттерінің биіктігінен деп түсінеміз.

Кенесары Қасымұлы, әрине, Н.Середаның анықтауынсыз-ақ өз заманының ең белгілі саяси қайраткерін, оның сезімтал саясатшыл тұлға болғандығын жоғарғы тарауда да айтып өттік. Аңғаратын бір жай-қазақ ханының көптеген қасиеттерінің, әсірісе саясатшылдығы мен қолбасшылық дарының тәуелсіздік жолындағы ауыр күресте мейлінше шыңдалғаны. Бірде айлакер дипломат, бірде көрші мемлектермен тіл де табысқан, күш те керсетуден тайынбаған саясатшы, әсіресе, оның қолбасшылық дарыны басқа да табиғи, кейіннен өмір шындығына шыңдалған қолбасшылық өнері мейлінше айшықтанып тұрған сияқты.

Көрнекті жазушы I. Есенберлиннің де тарихи тұлғаның қолбасшылық өнерін көркем тілмен өрнектеуіне қарағанда әскер ісін басқаруда, осыған сай реформаны жүзеге асырған Кенесары өз заманының белгілі қолбасшыларының бірі екеніне ешқандай күмән жоқ. «Тегеурінді шабуылымен жауына бас салғанда, дала өңірінде ештеңе қалдырмайтын қүдіретті құйындай Кенесарының соғыс қимылдарының мол күшін жоғары бағалаған Н. Середамен толық келісуге болар.

1837—1847 жылдарғы халық қозғалысы туралы орыс авторларының еңбектері негізінен XIX ғасырдың 70—90-шы жылдарында жарық көрді. Оңтүстік Қазақстаңды, өзбек хандықтарын жаулап алуда, Кенесарының балаларымен күресте қаталдығымен көзге түскен генерал И. М. Черняев 1889 жылы Е. Смирновтың өңдеуімен жарық көрген «Кенесары және Садық сұлтандар» деген сын мақаласында хан Кенесарының не қолбасшылығын, не басқа да ол кезде кең танылған қасиеттерін көрмеген білмеген болып, Ахмет сұлтанның кітабын «өзінің туыстарын мадақтауға тырысушылық деп» кітаппен, оның басты кейіпкері Кенесары туралы ләм демейді. Керісінше, осы кітап туралы жарық көрген екінші сын мақалада, орыс әскерлері  қазақ даласына төне бастағанда «қырғыздар» арасында даңқымен аты жайылған батыр, сұлтан Кенесары Қасымов қарсы шыққан еді, — деген жалпы қорытындыны түйіндей келе, «Кенесары ірі жеңістерге қолы жетпесе де, күтпеген жерден шабуыл жасап, өзін қуғындаушылардан жасырынып үлгеруші еді,» — дейді.

Кеңес үкіметі тұсында, ғылымда үстемдігін жүргізген коммунистік идеологияға қарама қарсы пікірлерін жасырмаған ғалымдар арасынан А.Ф.Рязановтың Кенесарының саяси әрекеттері жайлы зерттеген еңбектері бір төбе. /3/.

Кенесары Қасымұлының қолбасшылық өнері, сондай-ақ біртұтас қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы әрекеттерін зерттеуде елеулі оқиға 1947 жылы жарық көлген көрнекті тарихшы Е.Бекмахановтың атақты еңбегі./1/. Бұл монографияны сол жылдардағы айрықша құнды еңбек болғандығын қазіргі кезеңдегі тарих ғылымының даму барысы да дәлелдеп отыр.

Архив деректері және әртүрлі сипаттағы құжаттар негізінде жазылған бұл еңбек ғылыми қауымды бір сілкіндіріп тастағаны мәлім. Алайда, кітап баспадан шығып үлгермей жатып-ақ ғалымдардың бір бөлігі осы еңбекті табалап, ата жауын көргендей өршелене қарсы шықты. Айта кететін бір жағдай – 1948 жылы осы кітапқа жарияланған алғашқы сыни мақалада тарихшы Е.Ділмұхамедов, „архив деректерін мол пайдаланған” өте құнды кітап деп қорытындылайды.

Кейінен „ұлтшыл” деген түрлі айыптаулардың салдарынан Е.Бекмаханов қуғын-сүргіндерін бастан кешірді. Ғалымның аталмыш еңбегіне байланысты бастан кешкен тағдыры И.Қозыбаев, К.Нүрпейісов, Ә.Тәкенов сынды зерттеушілердің еңбектерінде көрсетілген.

Еліміз егемендік алғаннан кейінгі кезде Е.Бекмахановтың еңбегі қайта бастырылып шықты. Ә.Тәкенов басшылығымен қазақтіліне де аударылды.

1834-1847 жылдардағы Кенесары хан басқарған көтерілісіндегі күрделі мәселелерді көтеруде 1991 жылғы Ақмола қаласында академик М.Қозыбаевтың жалпы редакциямен жарияланған ұлттық қозғалысқа арналған арнайы жинағында, Кенсарының біршама саяси әрекеттерін де ашып көрсетеді.

Кенесары Қасымұлының сасатшы және қолбасшылығы жайлы тереңдете зерттеген ғалымдардың бірі профессор Ж.Қасымбаевтың 1993 жылғы „Кенесары хан” еңбегі архив деректері негізінде жазылған.

Алайда әліде болса Кенесарының қайшылығы мол күрделі тарихи тұлғасын толық зерттелді деп айтуға қиын. Тіпті көтерілістің әскери жағынын ұйымдастыру мәселелері, Орта Азия иеліктерімен саяси қатынастарының алмағайып өзгеріп отыруы, көтеріліске старшын, би-болыстардың қатысуы, сарбаздарды қару-жарақпен қамтамасыз ету, т.б. көптеген мәселелер түбегейлі, байыпты зерттеуді талап етеді. ХІХ ғасырдың ұлт-азаттық күрес тарихын толық аштық, оны ұйымдастырушы Кенесары хан туралы барлық мәселелерді қамтып бере алдық дей алмаймыз. Бұрын жарияланбаған архив құжаттар мен орыс тарихнамасында ХІХ ғасырдың баспа сөз беттерінде жарық көрген еңбектерге біршама сүйене отырып жазылған жұмысымды тарихшылар қауымына ұсына отырып, Кенесары хан тұлғасының тарихын зерттеуді тарихшылар енді шын мәнінде қолға ала бастағанын айта кеткім келеді.

Тарихшы қауым соңғы жылдары Кенесары Қасымұлының жеке тұлғасына арналған көптеген ғылыми еңбектер мен мақалалар жариялап, жаңа деректер мен тың пікірлерді ғылыми айналымға енгізді. Галиев В.З., Жанаев Б.Т. сынды ғалымдар 1996 жылы Кенесары Қасымұлының көтерілісіне қатысты құжаттар жинағын құрастырып жариялады./5/. Бұл құжаттар жинағына Ресей ,Қазақстан, Өзбекстан архивтерінің материалдары енген. Осы жинақ диплом жұмысын жазу барысында негізгі дереккөзінің бірі болды.

Деректік негізі. Бітіру жұмысының мазмұнына арқау етіп қолданылған дереккөздерін төмендегідей қарастырдық: Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Архиві. Аймақтық Кенесары қоры. „Кенесары Қасымов бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы. (құжаттар жинағы)”/5/, құжаттары қолданылды. Тақырыптың мазмұнын ашу барысында Кенесары Қасымұлының саяси қызметімен қолбасшылық әрекеттері және біртұтас қазақ мемлекеттілігін қалыптастыру жөніндегі мәліметтер; „Материалы по истории политического строя Казахстана”/28/, сияқты құжаттар кеңінен қолданылды. Сонымен осы тақырыпты іздену устінде „Казахско-русские отношения в ХVІІІ-ХІХ вв. Сб документов и материалов/29/, Янушкевич А. Дневники и письма из путешествия по казахским степям./26/, мәліметтері алынып, жұмыстың деректік базасын арттыруға және мазмұнын байытуға тырыстық.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.  Кенесары Қасымұлының жеке тарихи тұлғасына тән ерекше қасиеттерінің мәнін ашып көрсету, диплом жұмысымыздың басты мақсатымыз болып табылады. Бұл мақсаттарымды іске асыру үшін алдыма мынандай міндеттерді қойдым:

  • атақты отан тарихшылардың ғылыми еңбектері мен зерттеулерді қарастыру және меңгеру;
  • Кенесары Қасымұлының қолбасшылық және саясатшылдық қасиеттерінің ерекшеліктеріне тоқталу;
  • Кенесары Қасымұлының азаттық қозғалыстың мақсатына жету жолындағы дипломатиялық айла-амалдарды шебер пайдаланғандығын айқындайтын құжаттардың мазмұнын ашу;
  • Кенесары Қасымұлының талантты қолбасшы ретінде әскери өнерге үйретудегі, сондай-ақ әскери жорықтарды ұйымдастырудағы қызметін көрсету;

Жұмыстың хронологиялық шегі. Негізінен зерттеу нысанындағы тақырыптың ауқымы 1837-1847 жылдар аралығын қамтиды.

Құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, мазмұнына сай екі тараудан, әр тарау екі параграфтан құралған және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер реті берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ – САЯСАТШЫ

 

  • Кенесары Қасымұлының біртұтас қазақ мемлекеттігін қалыптастырудағы саяси қызметі.

 

Кенесары ханның саяси құрылысына келсек. Кенесарының қазақ мемлекеттілігін нығайтуға арналып қолданған шаралары азаттық күрестің міндеттерімен тығыз байланысты.

Хронологиялық тұрғыдан алғанда бұл шаралар негізінен ХІХ ғасырдың 40-жылдарының бастапқы кезеңіне жатады.

Қазақтарды біріктіретін мемлекеттік бірыңғай орталықсыз қуатты Ресей патша өкіметіне және Орта Азия хандықтарына қарсы ойдағыдай күресуге болмайтынын Кенесары түсінген. Қазақтардың түбіне жететін олардың бытыраңқылығы, араларындағы ру араздығы және барымта деп ол талай рет ескерткен. Мысалы, шекара Шебі маңында көшіп-қонған Шөмекей және Төртқара руларының «өз бетімен ауа жайылған» қазақтары Жағалбайлы руының қазақтарымен жауласса, ал соңғысы Қыпшақ және Жаппас руларымен жанжалдасуда еді. Араздықтың басты себебі жайылым үшін талас.

Рулық араздықтың жақсылыққа апармайтынын халық мақалаларында да айтылған. Мысалы: «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеуі түгел болса, төбедегі келеді», «Бас басынан би болсаң мана тауға сыймассың, бір данаға жол берсең, жанған отқа күймессің».

Кенесары құрған мемлекет феодалдық мемлекет болды. Себебі, қазақ қоғамының өндірістік қатынастарының феодалдық негізі Кенесарының қайта құрушылық қызметінен өзгере қойған жоқ еді. Керісінше, өндірістік қатынастардың феодалдық сипаты Кенесары тұсында күшейе түскен. Ол қазақ жерін өз хандығының меншігі деп қарап, бұл ойын бірнеше рет атап айтқан. Кенесары Герн арқылы үкіметтен өзінің «ата-бабасынан қалған жері» Ұлытауды қайтарып беруді талап етті. Өзінің бір хатында ол былай деп жазды: “Әкеміз Абылайдан мұраға қалған жерімізге қаптата бекініс салынды”/1.285/.

«Сіздер,-деді ол Горчаковқа жазған хатында,-атамыз Абылай ханға тиісті жерлерге округтік дуандар құрдыңыздар». Феодалдық көзқараспен ол қазақ халқын хан тұқымының меншігі деп санады. “Абылай Қазақ ордаларының ханы болды,-деп мәлімдеді ол,- сондықтан бұлар соның меншігі”. Ол “қазақ халқын орыс езгіден азат етемін» деп үәде берді, «себебі барлық қазақтар атам Абылай ханнан соң менің қарамағыма көшеді». Рулық қоныстарды бөлудің феодалдық тәртібіне сай ол көбінесе ең жақсы жайылымдарды өзіне алып отырды. Орыс жансыздарының мәліметтеріне қарағанда, оның жылқы табындары “шөбі шүйгін жайылымдарда жайылғандықтан” қоңлы көрінеді, ал оның қарамағындағы ауылдардың малы жақсы жайылымдардың тапшылығынан “арық-тұрық”сида .Алайда Кенесары феодалдық экономика шеңберінде оң нәтиже берген бірқатар реформалар жүргізді. Осы реформалар қазақ халқының күштерінің бірігуіне, Қазақ мемлекеттілігінің  күшеюіне алып келді. Тек бір есте ұстайтын жәйт, осы реформалардың бәрі феодалдық мемлекетті күшейтуге арналған басқаша болуы мүмкін де емес еді.

 Кенесары өзінің ішкі саясатынан туындайтын біршама шаралар іс жүзінде аса бастайды. Атап айтқанд: 1) Ел билеу тәртібіне өзгерістер енгізілді (кейбір мәселелерді шешуде қатаң тәртіп орын ала бастады); 2)Алым-салық реформасы біршама өзгерістермен іске асырыла бастайды; 3) Хан тарапынан егіншілік кәсіпті дамыта түсуге және көрші елдермен сауда қарым-қатынасын үдетүге ерекше назар аударылды; 4) Керуеншілерді тонау тоқтатылып, олардан керуен жолы үшін салық алу ісі енгізілді (Бұл арада айта кету керек: патшалықтың саясатынан туындаған біржақтылықпен Кенесары әрі қарақшы, әрі тонаушы ретінде көрсетіліп келгенідігін естен шығара алмаймыз).

Кенесары Қазақстан жеріне атасы Абылай ханнан қалған мұра ретінде қарады. Хандықтың территориясы көтерілістің барысына қарай үнемі өзгеріп отырды.қазақ халқының бір бөлігі патша үкіметін жақтап Кенесарыға қарсы шығып тұрды.

Кенесары хандығының әлеуметтік негізі көтеріліске шыққан қазақ шаруалары, билер мен батырлардың үлкен тобы болды. Оған қазақ феодалдарының да үлкен тобы қатысты. әсіресе батырлардың рөлі үлкен болды. Олар мемлекет құру ісіне де белсене араласты.

Мемлекет басшылығы Кенесары ханның қолына жинақталды. Оның жанында ең жақын серіктерінен: батырлар, билер және ханның туыстарынан кеңесші орган-хан Кеңесі жұмыс істеді; билікті ханның өзі ғана айтатын. Әбілхайыр тұсындағы оның еркін тежеп отырған Ақсақалдар Кеңесіне қарағанда, бұл біршама ерекше еді.

Кенесары хан Кеңесінің құрамына бытыраңқылықты қолдайтын текті феодал шонжарларды кіргізбеді. Кеңеске азаттық күрес барысында хан құрметі мен сеніміне бөленген адамдар ғана мүше болды. Мысалы, оның інісі Наурызбай батыр, Ағыбай, Иман батырлар, өзінің елшілік табыстарымен атағы шыққан би-Шоқпар Бақтыбайұлы, Сайдақ қожа Оспанұлы т.б. хан Кеңесінде елдің ішкі және сыртқы жағдайының аса маңызды мәселелері қаралды. Кеңес бар уақытта Кенесары пікірімен есептесіп отырды. «Жақтастарының бәрі де Кенесарыны ең батыл және ең ақылды хандардың бірі деп есептеді»/1.286/.

Кенесары мемлекетінде басқару ісін, сот, елшілік, дипломатия, қаржы, соғыс ісін және қарсыластарының мүлкін реквизициялауды ханның жеке өкілдері арқылы жүзеге асырылды.

Елшілік келіссөздерді өздерін осы істе танытып үлгерген Шоқпар Бақтыбайұлы, Есенгелді Саржанұлы, Сайдақ қожа Оспанұлы және татар Әлім Жағудин сияқты адамдар жүргізді.

Қаржы мекемесі алым-салық жинаумен және керуендерден баж салығын алумен айналысты. Бұл мекемені Кенесарының туысы Сейілхан басқарды. Өзінің бір хатында Кенесары былай деп жазды: «Рахымбайға, Әбілжаппарға, Қажыбай, Шақғазыға, молда Арғынбайға және Бұқар иелігіндегі барлық көпестерге ескертемін, зекет жинау үшін сұлтан Сейілханды, Шоқпар биді және молда Ғабдулсаттарды жіберіп отырмын, сіздер әр қостың оннан бір бөлігін беруге тиіссіздер».

Жоғарғы сот билігін Кенесары өз қолына шоғырландырды. Руаралық сот істерін шешу үшін ол билерді тағайындады. Сот ісін жүргізу тәртібін Кенесарының жеке рубасыларына берген нұсқауларынан байқауға болады. “Сіздерге белгілі болсын, сіздердің араларыңыздағы ұрыс-керіс пен жан-жалды қарау, адам өлім мәселелесін  де шешу Сейілхан сұлтан мен Шоқпар биге тапсырылған. Олардың қолдарына осы істерді жүргізуге рұқсат берілген жарлық бар”/1.287/.

Руаралық жанжалдар мен барымтаға жол бермеу хандықтың маңызды міндеттерінің бірі болды.

Салық жүйесінде жеке феодалдар жинайтын алымдарға тыйым салынып, жалпы хандық салықтар енгізілді. Малдан зекет, астықтан үшір жиналды. Сонымен қатар әр ауылдан бөлек салық алынды. Салық негізінен соғыстың қажеттілігіне жұмсалды.

Жергілікті жердегі атқару билігінің ханның жасауылдары жүргізді. Жасауылдар әр руға бекітіліп салық жинау, көшу, халықтың пікірін зерттеу, көтеріліске үндеу сияқты түрлі жұмыстар атқарды.

Маңызды тапсырмаларды орындау үшін төлеңгіттер пайдаланылды. Төліңгіттер көтеріліс жүріп жатқан жерлерде көтерілісшілерге жағдай жасауды ұйымдастырып бақылап отырды.

Ханның ішінде темірдей тәртіп орнатылды. Салық төлемеушілер мен тәртіп бұзушылар қатаң жазаға тартылды.

Салық жүйесінде жеке феодалдар жинайтын алымдарға тыйым салынып, жалпы хандық салықтар енгізілді. Малдан зекет, астықтан үшір жиналды. Сонымен қатар әр ауылдан бөлек салық алынды. Салық негізінен соғыстың қажеттілігіне жұмсалды.

Архив деректері жергілікті жерлердегі билікті «Кенесары эмиссарлары» деп аталған жасауылдардың жүргізгенін айғақтайды. Кенесары жасауылдары әр руға бекітіліп қойылды. Олар алым-салық жинау барысын, жоғарғы өкімет шешімдерінің орындалуын бақылап,көшіп-қону аудандарын белгіледі және Кенесарыға қосылған рулардың көңіл күйін бақылады т. б. Олар, ауыл-ауылға Кенесары үндеулерін таратып, халықты көтеріліске шақырды. 

Маңызды тапсырмаларды орындау үшін төлеңгіттер де пайдаланылды, оларға әдетте кең құқық берілетін. Өзінің жауабында төлеңгіт Алданазар Жантайұлы былай хабарлайды: „Кенесарының төлеңгіті болғандығымнан мен өзім қалаған үйге кедергісіз қонып, керек кезінде, көлікті де пайдалана алдым, өткен күзде барлық бағаналылықтардың Кенесарыға өз еріктерімен зекет төлеуі осының айғағы”/2.38/.

Кенесары иеленген аймақта оның айтқандары бұлжытпай орындалды. „Кенесары жақтастарының арасында қатаң тәртіп сақталған. Қорыққандықтан барлық бұйрықтар бұлжытпай орындалады, ал егер кімде-кім қашқақтаса немесе қателессе ондай адамның басына қылышпен бір немесе екі рет ұрып жазалап отырған”/4.56/.

Сөйтіп, Кенесары тұсында елді басқару-белгілі бір жүйеге келтіріліп, мемлекеттік аппарат жеке салаларға бөлінді, әр атқарушы белгілі бір мемлекеттік қызметке (сот, әскери, елшілік т. б.) ие болды.

Кенесарының мемлекеттік аппаратты реформалауы өкіметтің орталық-тануына белгілі бір дәрежеде игі әсер етті.

Сот-құқықтық реформаның мақсаты сот істерін қарауды жақсарту және барымта, өзара талас пен ру араздығын тоқтату еді.

Кенесары сот реформасын жасағанда, өзіне елеулі ықпал еткен ізашарларының ісін жалғастыра білді. Сондай ізашарлардың бірі тарихта әдеттегі құқық жинағы «Жеті жарғының» авторы ретінде белгілі, ірі сот реформаторы Тәуке хан (1680—1718 жылдар) еді. Тәуке заңдары өзі құрған мемлекетті нығайтуға бағытталган-ды. Әдеттегі құқық нормаларын дамушы феодалдық қатынастар талабына сай бейімдей отырып, ол ру араздығына қарсы аянбай  күресті және жеке сұлтандар мен старшындардың дербестігін шектеді. Сонымен қатар қазақтардың әдеттегі құқығына жаңалықтар енгізе отырып, ол сот билігін толық өз қолына шоғырландырды. Алғаш Тәуке заңдары бойынша, сот құқығы мемлекеттік өкімет органдарына берілді. Орталықтандырылған мемлекетке қарсы болған ру билері мен сұлтандарының мүддесіне осылайша елеулі соққы берілді.

XIX ғасырдың бірінші жартысындағы тағы бір ірі тұлға, Кенесарының заң шығарушылық қызметіне елеулі ықпал жасаған Арынғазы сұлтан болды (1815—1821). Оның реформаторлық қызметі Тәуке ханға қарағанда басқаша сипатталатын. Соған қарамастан Арынғазының сот ісін құру қызметі хан билігін нығайтуға арналған еді. Оның біріктіруші саясаты феодалдық негізде құрылды. Арынғазы ру шонжарлары билердің сот құқығын шектеді. Рулар арасындағы дау-жанжал ол тағайындаған қазылар арқылы шешілетін болды Арынғазының заң шығарушылық қызметіндегі бір жаңалық — ол сот ісін қазақтардың әдеттегі құқығы бойынша емес, шариғат дәстүрі бойынша жүргізу. Бұл сөзсіз түрде оң қадам және қазақтардың құқықтық қатынастарының дамуындағы белгілі бір кезең болды. Арынғазының заң шығарушылық қызметі туралы Мейендорф былай деп жазды: „Өзіне халық ықыласын аудару үшін әділ сот жүргізуде, бірақ ол сот ісін аталар заңы бойынша емес, ешкім білмейтін бейтаныс Мұхаммед зандары бойынша жүргізді”.

Кенесарының қызметінде қазақтардың әдеттегі құқығын тура жоққа шығару байқалмаса да, оны бар уақытта қолдана қойған жоқ. Бұл жағынан оның Арынғазымен ұқсастығы көп еді.

Сот-қүқықтық реформаны Кенесары біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуына барынша қарсы болған ру билерімен аяусыз күресе отырып жүргізді.

Өзінің заң шығарушылық қызметін Кенесары әдеттегі қүқықтарға өзгерістер енгізуден бастады, ол ру билерінің сотын таратып, сот ісін өзі тагайындаған билер мен жасауылдардың қолына берді. Мысалы, ол Төртқара руының құрметті билері етіп Байтен Бекмырзаев пен Қазанғап Өтебасовты бекітті. Шөмекей руында «би атағын Тағбан Мәмбетбаев алды»/14.152/. Қызметін жеке мүддесіне пайдаланған билерді Кенесары дереу орнынан алып, олардың орнына халық сеніміне ие болған адамдарды қойған және оларға „граф” атағын берген. Кенесары ордасында болып қайтқан хорунжий Құсияпғали Орманов Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы, генерал-майор Ладыженскийге: Кенесары шөмекейліктердің құрметті биі етіп, граф атағын қоса беріп, Өтетілеу Кетебаевты тағайындады деп жазған. Құсияпғали Орманов хатының соңында былай дейді: Кенесары жоғарыда есімдері аталған билерге „графтарға” деп хат жазған, ол ма Кенесарының әйелі де менің моллам арқылы хат жолдап әлгілерді «графтар» деген»/1.289/.

Рулар арасындағы аса маңызды сот істерін, сондай-ақ өзінің қол астынан тыс жерлердегі рулардың бұларға талап қойған шағымдарын Кенесары тікелей өзі қарады немесе сол жерлерге арнайы жасауыл жіберіп қараттырды.

Талап қойылған сот ісін қарауды негізінен үш топқа бөлуге болады: 1) Кенесарының, қарауындағы рулардың барымта және адам өліміне байланысты қаралатын сот істері; 2) Кенесарыға бағынышты емес рулардың арыздары қаралатын сот істері, олар бұған жиі арызданатын; 3) Кенесарыға қарасты қазақтар мен патша бодандары арасындағы дауды шешетін сот ісі.

Осы топтардың әрқайсысын жеке-жеке қарастырып көрейік.

Рулар арасындағы жанжалды қарағанда, Кенесары араздықты тоқтатуға және өзінің жақтастарының арасында бірлікті сақтауға тырысты. Ол өзінің қарамағындағы қазақтардың малын рұқсатсыз тартып алуға қатан тыйым салды және тартып алынған жағдайда малды бірден қайтарып беріп отырды. Өзінің ағасы Көшек сұлтаннан ол айдап әкеткен жылқыны бір құлынын да қалдырмай қайтаруды талап етті және оған „өзінің барымталауға, тонауға  келмегенін, қазақ халқын орыс езгісінен құтқару үшін келгенін” айтты.

Кенесарыға қарасты қазақтар өздерінің жанжалдарын шешуді өтініп, оған жиі келетін болған. Мысалы, Арғын руының өкілдері Мыңбай, Талпақ, Байман Кенесарыға қыпшақтардың үстінен арыз айтып келеді, сонда ол өзінің жасауылдары Масақ пен Қажауға „сұраушыларды ертіп, бағаналы-қыпшақтарға баруды, арғындардың арызын сөзсіз қанағаттандыруды” бұйырады. Жасауылдар Арғын руының өкілдерімен қыпшақтар ауылына келіп, билермен бірге істі қарап, арғындардың арызын қанағаттандырады.

Осылайша, Кенесары өзіне қарасты рулардың арасындағы барымта мен жайылым үшін болатын жанжалдарды өршітпей екі жақты бітістіріп отыруға барынша тырысып баққан. Халық ауызында сақталған «Бұқарбай батыр әңгімесінде» Кенесарының осы саясатының айқын айғағын көреміз. „Бұл кезеңде,— деп еске алады Бұқарбай,— біз, Кенесары батырлары күні-түні ат үстінде жүріп, Қоқанмен күресіп, Созақ, Түркістан, Ақмешіт қамалдарын қоршауға алған болатынбыз. Сырдарияның оң жақ бөлігінде, Шу өзені бойындағы қыпшақ ауылдарында жүрген кезімізде, қыпшақ байының Құраш деген сұлу қызына көзіміз түсті. Мен, Ағыбай және Наурызбай үшеуміз де қызға ғашық болып қалдық. Қыздың әкесіне „Қызыңды кімге бересің?” де-генімізде, ол „қалыңмалсыз ешкімге де бермеймін” және де „сендер бүгін мұнда, ертең анда жүретін қаңғыбассыңдар” деді. Бұл сөзге шамданған біз „оның қызын тартып алып, малын айдап әкетейік” деп Кенесарыдан рұқсат сұрадық. Кенесары бізге қарап: „Бізге халық керек пе, қалыңдық керек пе? Алыстағы дұшпанды жеңбей тұрып, біздің қол астымыздағы халықтың бірлігін бұзуды ойлағандарың ба бұл. Егер сендерге қалыңдық керек болса, барыңдар да Созақ қамалын алыңдар, сөйтіп өзбектің қыздарына үйленіңдер, ал өзімізідің адамдарды тонауға рұқсат бермеймін”/6.168/ деді.

Кейде өздерінің даулы мәселелерін шешуді өтініп, Кенесарыға оның қол астынан сырт жерлердегі рулардың қазақтары да келетін болған, ал Кенесары олардың мәселесін қараудан ешуақытта бас тартпаған. Мысалы, төлеңгіт Есқара Қосқадамов былай деп көрсетеді: „Алшындар Кенесарыға келіп, ерте уақыттардан бері араздасып келген Бағаналы руымен татуластыруды өтінді. Кенесары бұған келісіп, өз атынан Қадыр биге, Жүзен биге және Басалқа сұлтанға хат жіберді”.

Оған алыстағы Адай және Шекті руларының өкілдері де жиі келіп отырған. Мысалы, Көтібар батыр балалары Дәрібай және Есетпен келіп, төртқаралықтармен „ертеден келе жатқан жер дауын” шешуді өтінеді. Кенесары „одан бері 20 жылдан астам уақыт өткен ескі дау”/1.291/ болуы себепті мұны құп көрмеді. Кенесары оларға төртқаралықтармен татуласуды ұсынған еді, бірақ бұлар келіспей, өкпелеп өз ауылына қайтып кетті.

Соңғы мәселе — ол Кенесары жақтастары мен империяға „адал берілген” билерге қарасты ауылдар арасындағы сот істері. Мұндай жанжалдарды көп жағдайда өздерінің бодауындағы қазақтарды Кенесары қарамағындағы ауылдардың малдарын барымталауға айдап салып, патша тыңшылары туғызатын. Бұл секілді жанжалдарды басу үшін Кенесары өз жақтастарының малын барымталаған руларға өзінің өкілін жіберіп отырды. Егер бұдан нәтиже шықпаса, Кенесары билеуші сұлтандарға сөз салып, осы дауды шешуді өтінетін. Ал егер бұл да табысты болмаса, Орынбор Шекара Комиссиясына немесе тікелей губернаторға мағлұмдама хат жолдап, билеуші сұлтандардың бұл істі шешуге пайдасы болмағанын түсіндіретін. Дәлеліміз нақты болу үшін, оның хатынан бірнеше үзінді келтірейік: „Назар руының қазақтары менің көп жылқымды айдап әкетті, сәл уақыт өткен соң мен біраз арғындарды ертіп, өзара дауды бітістіру үшін соларға бардым, бірақ олар бізбен төбелесіп, көп адамымызды өлтіріп, көбін тұтқындады”/1.292/.

Басқа бір хатында: „Тілеуқабақ және Қарабас руларының қазақтары бізді жыл сайын мазалауда. Біз оларға адамдарымызды жіберіп жылқымызды айдап кеткен істерін қарағымыз келіп еді, бірақ олар мүлде бет бақтырмай қойды. Бұл туралы билеуші сұлтандарға айтып едік, олар да біздің өтінішімізге көңіл аудармады” деп жазды.

Орынбор әскери губернаторы генерал Обручевке хатында Кенесары былай деп жазды: „Тілеуқабақ, Назар, Шүрек рулары өздерінің бұрынғы жауыздықтарын қайталап, бастапқыда Жағалбайлы руының бірнеше ауылдарын тонап, малдарын айдап кетті, сонан соң төртқаралықтардың жеті рет жылқысын айдап әкетті және үш рет ауылдарын тонады, ал шөмекейліктердің тоғыз рет малын ұрлады”/5.196/.

Өкінішке қарай, Кенесары сот ісін қарағаны үшін ханлық (хан үлесі) алған-алмағанын білу қиын болды. Екінші бір анықтай алмаған нәрсеміз-құн мен айып жүйесіне Кенесары қаншалықты өзгеріс енгізгені. Құн мәселесі жөнінде біз архивтерден бір ғана көңіл аударарлық құжат таптық. Феодал құлдарының ешқандай құкығы болмағаны белгілі, тіпті иесі оны өлтіргені үшін де жауап бермеген. Белгілі феодал Сейтен би Азнабаевтың есігінде Тілеген Кенетеев 20 жылдай құлдықта болды. Қашпақшы болған әрекеті үшін Азнабаев оның анасы мен қарындасын өз үйлерінде өртеп жіберді және Кенесарыдан өз құлын өлтіруге рұқсат сұрады. „Кенесары оны өлтіруге рұқсат етпеді, қайта оның ұзақ жыл еңбегі үшін 40 ұрғашы құнан немесе 20 құлынды бие беруді, әрі Сейтен отқа өртеген анасы мен қарындасының құнын төлеп, өзіне бостандық беруге бұйырды”/1.191/.

Келтірген үзінді құл Тілеген Кенетеевтің жауабынан алынды, оны бұл Кенесарының өз аузынан естіген, Бұл мәліметтерден біз Кенесарының құн төлеуді сақтап қана қоймай оны құлдарға да қатысты  еткенін  көреміз. Жалғыз осы фактіден бұл мәселе бойынша түйін түю қиын. Тек атап өтетін нәрсе, архивтердегі барлық деректерден білетініміз-Кенесарының өзінде және жалпы  көтерілісшілер  арасында құл дегенболмаған. Кенесарының құлды еркіңдікке босату туралы және оған басы бос қазақ құқығын (құн төлеу) беру туралы шешімі аса көңіл аударарлық. Кенесарының мұндай шешім қабылдауына патша өкіметінің Қазақстандағы құлдыққа қарсы саясаты әсер еткен болуы да мүмкін.

Қазақ руларының сотқа жүгінгендегі негізгі дауы барымта мен ру араздығына Кенесарының қалай қарағаны айтуға тұрарлық.

Кенесары жақтастарының кейбіреуінің жауабынан және патша жансыздарының көрсетіндісінен біз Кенесарының барымтаға жаны қас болғанын білеміз. Мысалы, Кенесары тобының қазағы Дәнетеров тергеуде былай деп жауап берген: „Кенесарымен бірге көшіп-қонамын, бірақ ол тонауға рұқсат етпеді, алайда біз, жолдасым екеуміз өзіміз кеттік”.

Кенесарыға барып қайтқан Қанжығалы болысының биі Ноғыр Таймасов өзінің жауабында былай деп хабарлайды: „Оның рұқсатынсыз жылқы айдап әкетіліпті, бірақ ол мұндай істі қолдамады және кінәлілерден айып алды, ал жоқ іздеп келген адамға 40 жылқысын қайтарды”. Мынадай тағы бір оқиға болған. Кенесарының жасауылы Дүйсенбай бес жолдасымен Арғын руына барып, бізді Кенесары жіберді дейді де „таңдаулы аттармен, соның ішінде биелермен зекет төлесін” деген Кенесарының ауызша бұйрығын жеткізеді. Кенесарыдан келгені рас па, өтірік пе, соны тексергенде Кенесарының ондай бұйрық бермегені анықталған. Осы жағдайды естіген Кенесары Сейілханды Арғын руына жіберіп „Дүйсенбайдың талабы орынсыз екендігін, сол үшін Дуйсенбай мен оның жолдастары бастарына қылышпен ұрып жазаланатынын” жеткізуді тапсырды.

Кенесарының барымтаға деген көзқарасын оның Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасына жазған хатынан да байқауға болады. Онда ол Шүрен, Тілеуқабақ және Назар руларының малын барымталады деп көрсеткен сұлтандар хатының өтірік екендігін дәлелдеді. Кенесары былай деп жазды: „Қазір біз Назар, Шүрен, Тілеуқабақ руларымен аразбыз, сондықтан олар бастықтарға біздің үстімізден арыз жазып, қаралағысы келеді. Олардың бұл қылығын естіп мен қатты қиналдым. Жоғары мәртебелі тақсыр, егер мүмкін болса, бізге бір сенімді адам жіберсеңіз, ол аталған рулардың басты билерін және бізді жинап, ісімізді қараса, егер біз олардың жалғыз тайын болса да ұрлап, кінәлі болсақ, онда бізді жер бастырып жүргізбей-ақ қойыңыз”/6.36/.

 Кенесары қызметін бақылаған үкімет орындары да оның барымтаны тоқтату туралы шешіміне көңіл аударды. „Кенесары өз жағындағы қырғыздарға барымтаны, ұрлықты тоқтатуға және тыныш өмір сүруге бұйрық берді, сонан кейін оның көшіп-қонған жерінде тыныштық орнады”/1.193/.

Барымтаға байланысты пайда болатын руаралық жанжалды Кенесары қалай да шешуге тырысты, мысалы, ол Шөмекей және Төртқара руларының арасында барымтаның тыйылуына қол жеткізді. Осы жағдайға байланысты әскери старшын Лебедев былай деп жазды: „Кенесары аталған рулармен достасып алды және оларға барымтаны доғару жөнінде жақсы кеңес беруде”.

Осының бәрі Кенесарының барымтаға теріс қарағанын көрсетеді. Алайда бұл Кенесары жақтастарының кейде өз еркімен мал барымталап отырғанын жоққа шығармайды. Бұл арада көтеріліске қатысудан бас тартқан және материалдық көмек көрсеткісі келмеген ірі феодалдардың малмүлкін тартып алуды барымтамен шатастырмау керек.

Кенесарыға барымталанған малды қайтаруды өтініп, оған қарсы билер де келіп тұрған. Мысалы, 1842 жылы Арғын руының рубасшысы белгілі Шеген Мусиннің малын Сібір мекемесіне бағынышты Бағаналы руының қазақтары айдап әкетеді, ал кейін сол мал Кенесары жақтастарының қолына түседі. Мұны естіп-білген Шеген Мусин қолға түскен малды қайтаруды өтініп, Кенесарыға өз баласы Қазыбекті жібереді. Кенесарының бұйрығы бойынша, „Қазыбекке олардан айдалып әкетілген жылқылардың бәрі дерлік қайтарылды”.

Кенесары жауласушы руларды татуластыруға ерекше мән берді. Ол ру араздығы мен өзара жауласуды тоқтатпайынша, мемлекет бірлігін қамтамасыз етуге болмайтынын түсінген. Кенесары хан сайланған күні-ақ барымтаны тоқтатуды және жауласушы рулардың татуласуын бірінші кезекте талап етті. „Кенесары оларды өзара татуластыруға тырысуда. оның ауылына жиылған арғындар өзара татуласуға және Кенесарыны хан сайлауға келісті”.

Өзінің жансыздарының хабарларына әрқашан күдіктене қарайтын билеуші сұлтан Ахмет Жантөрин Лебедевке былай деп жазды: „Кенесары бейбіт көшіп-қонған казақ тайпалары Шөмекей, Төртқара және Шекті руларымен достасып алған, оның ақылына құлақ асқан аталмыш рулар барымтаны қойғаны өз алдына, сонымен бірге бұрын өздері айдап әкеткен малдарды иелеріне қайтарып берген”.

Кенесары қызметінің осы жағына үкімет ерекше маңыз берді. Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы Генстің хаты осыны көрсетеді: „Жаман жағы, оның татуластырушы, жарлық беруші рөлін орындауға кірісуі, яғни ол, орда басшысына айналған, ал осылайша табысты қимылдаған сайын жақтастары көбейіп, Ордада ықпалы күшейеді де, бізге соншама қауіпті бола түседі”/1.193/.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, Кенесарының қызметі рулық араздықты жоюға және қазақтардың әдеттегі құқығына елеулі өзгерістер енгізу нәтижесінде оны жалпы мемлекеттік құқық дәрежесіне көтеруге көмектесті деуге болады. Ал жауласушы руларды бітімге келтіру, феодалдық алауыздықтың тыйылуына жеткізді.

Салық саясатындағы негізгі өзгеріс-жекелеген феодалдар жинайтын алымды хан қазынасына түсетін бірыңғай салықпен ауыстыруға Кенесарының талаптануы деу керек. Бұл феодалдық алымды, мемлекеттік салықпен ауыстыру қадамы болды. Кенесары билігін мойындаған қазақтар Хиуа не Бұқара хандарына салық төлеуден және орыс өкіметіне түтін салығын төлеуден, әлбетте, құтылған еді /9,87/. Бұл қазақтардың алым-салықтан біршама жеңілдеуіне әсер етті. Алайда соғыс уақытының талабы Кенесарыны хан қазынасына түсетін әр түрлі салықтарды қатаң талап етуге итермеледі, ал бұл оның қол астындағы қазақтарға ауыр соқты.

Кенесары мал шаруашылығымен айналысатын аудандардан „зекет”, ал егіншілерден „ұшыр” салығын сақтап қалды. Сонымен қатар ол ауыл бойынша ерекше салық және әр түрлі дәстүрлі сый-сияпат ретіндегі сыйлықтар алып отырды.

Зекет салығын жинаған кезде Кенесары белгілі бір өлшемді сақтап отырды: 40 басқа дейінгі малдан салық мүлдем алынбады, 40 бастан 100 басқа дейінгі малдан 1 бас, онан әрі әрбір 40 бастан 1 бас алынып отырды. Көптеген Кенесары жақтастарының жауабы және патша жансыздарының көрсетіндісі осы өлшемді растайды. Өзіне қарасты рулардан Кенесары зекетті киім, қару-жарақ, ер-тұрман түрінде жинады. Жиналған зекет негізінен әскер қажетін өтеуге жұмсалды./28.150/.

Ауыл басынан алынатын ерекше алым туралы кептеген куәгерлер әңгімелейді. Мысалы, арғын Даңғар Надырбеков тергеу кезінде Кенесары жасауылы Сейілханның басқаруымен салық жинауға бөлінген 20 шақты адамның құрамында болғандығын, „Қыпшақ руының 2 ауылынан бір-бір жылқыдан салық алғанына қатысқанын” айтқан /1.195/.

Жаппас руының қазағы Иманқұл Сарыбаев Орынбор Шекара Комиссиясына берген көрсетуінде, өзінің Арғын руында болған кезінде, Кенесарының 130 төлеңгіті „әр ауылдан бір жылқы, бір шапаннан зекет жинауға келгенін” хабарлайды.

„Зекет” термині бұл жерде дұрыс қолданылмаған сияқты. Өйткені, зекет ешқашан ауыл басына шағылып алынбаған. Алайда, Кенесары қоқаңдықтар мен хиуалықтар сияқты жан басы және үй басы салығын енгізген жоқ.

Архивтік құжаттардан зекетпен қатар қазақ рулары өз еріктерімен зекет көлемінен де асып түсетін жылу жинап отырғанын байқаймыз. Мұндай „ерікті жәрдем” шын мәнінде қосымша салық болды және осындай „жәрдемдер” жиі жиналып отырған. Мысалы, „Кіші орда қазақтары Кенесарыға көп мөлшерде ұн әкеліп отырады”.

Урядник Лобановтың хабарына қарағанда, „хиуалық және орынборлық алшындар Кенесарымен байланыс жасап, оны хан санаған, оған астық және мал беріп отырған”.

Екінші бір құжатта Бағаналы руының қазақтары Кенесарыға „ең жақсы 30 семіз бие” сыйға тартқаны хабарланады .

Кенесары өзінің бір хатында: „бізден азық-түлік ал, деп тінәлі-қарпықтардың өздері маған ұсыныс жасады” дейді.

Зекетпен қатар „ұшыр”салығы да жиналды. „Ұшырды” тек егіншілікпен айналысатын рулар ғана төледі. Олар салық жинаушыларға қырмандағы астықтың 1/10 бөлігін беріп отырды. Бұл  уақытта Кенесары жақтастарының  біршама бөлігі Сырдария, Сарысу, Іле өзендері жағалауларында, Ырғыз бен Торғай өзендерінің тармақтары бойында егіншілікпен айналысқан. Барлық жиналған салық әдетте жалпы мемлекеттік қазынаға түсті және көтерілісшілер мұқтажы мен әскерді ұстауға жұмсалды.

Жалпы алғанда, Кенесары салықтарының ауыртпалығы арта түсті, бірақ Кенесарының салық саясаты өзі құрған мемлекеттің нығаюына көмектесті. Бұрын әрбір ру феодалы салық жинай алатын, мұның өзі мемлекеттік биліктің әлсіздігінің басты себептерінің бірі болған еді. Ал, енді салықты тек жоғарғы „өкімет қана жинай алды және ол өкіметтің материалдық  жағдайын нығайтып қана қоймай қазақ мемлекетінің беріктігін күшейтті.

Кенесарының шаруашылық саласындағы шаралары ерекше көңіл қоюға тұрарлық Ол қазақтар арасына егіншілікті таратуға тырысты. Отырықшылық пен егіншілікке көшу идеясы шындығьшда Абылай ханнан қалған еді. 1764 жылдың өзінде Абылай өзінін қол астындағы қазақтардың егіншілікке үйрету үшін Екатерина ІІ-ден 10 шаруа отбасын жіберуін өтінген болатын . Атасының ісін немересі Кенесарынынң жалғастырғысы келген. Әскери қимылдардың басталуына байланысты Кенесарының қол астындағы қазақтар енді бұрынғыдай шекара маңындағы орыс тұрғындардан немесе Қоқан мен Хиуадан астық сатып ала алмайтын. Кенесары үшін тұықтан шығудың бір ғана жолы — қазақтардың егіншілігін кеңейту болды.

Кенесарының шаруашылық саласындағы шаралары ерекше көңіл қоюға тұрарлық. Ол қазақтар арасында егіншілікті таратуға тырысты. Отырықшылық пен егіншілікке көшу идеясы шындығында Абылай ханнан қалған еді. 1767 жылдың өзінде Абылай өзінің қол астындағы қазақтардың егіншілікке үйрету үшін Екатерина ІІ-ден он шаруа отбасын жіберуін сұраған болатын. Атасының ісін немересі Кенесарының жалғастырғысы келген. Әскери қимылдардың басталып кетуіне байланысты Кенесарының қол астындағы қазақтар енді бұрынғыдай шекара маңындағы орыс тұрғындардан немесе Қоқан мен Хиуадан астық сатып ала алмайтын. Кенесары үшін тұйықтан шығудың бір ғана жолы-қазақтардың егіншілігін кеңейту керек болды.

Қазақтарды егіншілікке және отырықшылыққа көшіруге ұмтылып отырғанын Кенесары өкімет орындарымен хат жазысқанда жиі айтқан. Орынбор әскери генерал-губернаторы Обручевке жазған бір хатында ол былай дейді: „Қайырымды генерал маған патшаның шапағатын алуға көмектессе, онда мен тыныш өмір сүріп, өз қазақтарымды егіншілікпен, аң аулаумен және басқа да бейбіт істермен айналысуға мәжбүр етер едім”./1.306/.

Алайда, В.А.Перовский бастаған Орынбор өкімет орны қазақтардың отырықшылыққа және егіншілікке көшуіне қарсы болды. Перовский және басқалар айырбас сауда үшін қазақтардың мал шаруашылығымен айналыса бергені дұрыс деп есептеді. Сондықтан да шекара шебіне жақын жердегі отырықшы қоныстар граф Сухтеленнің, ал кейіннен генерал – Перовскийдің бұйрығымен жойылып отырды.

Бұл саясат шекара комиссиясы чиновниктерінің бірінің әскери губернатор Сухтеленнің атына жолдаған хабарлауынан айқын көрінеді: „Мен қырғыздардың мәңгілік бақташы, көшпенді болғанын, еш уақытта астық сеппегенін және ғылымды білмегенін былай тұрсын, тіпті, қолөнерді де білмегенін шын көңілмен қалаймын.

Перовский қазақтардың жерге ынтасына қарсы шара ретінде Орынбор тұрғындары мен казак әскерлеріне сендер егіншілікпен айналысыңдар, қазақтарға лайықты бағасына астықты сататын боласыңдар деп ұсыныс жасады. Осылай болса, деп ойлады Перовский, қазақтарға егіншілікпен айналысудың қажеттілігі де болмай қалады, „сөйтіп, қазақтар айырбас саудаға зиянын тигізетін іспен айналысуын тоқтатады”.

Орынбор билеушілерінің осы саясаты туралы белгілі публицист Артемьев мынадай дұрыс ескертпе жасаған болатын: „Халықты осындай кәсіппен (егіншілікпен) айналысудан аластату әділетті бола қоймас, бір жағы, егіншілік оларды кедейшіліктен құтқарса, екінші жағы- отырықшылыққа, жалпы адамзаттың жаңа қадамы болатын бейбіт тұрмысқа үйрететін еді” .

Кейіннен Орынбор губернаторы Катенин де дәл осыны айтып, былай деп жазды: „ Менің алдымдағы генерал-адъютант граф

Перовский ордалықтар арасында байқалған егіншілікке деген ынталарының артуын және жеркепе салуға бет бұра бастағанын ұнатпай, қолынан келгенінше қарсы шаралар қолданып баққан. Оның басты себебі, қырғыздардың Ресейге бағыныштылығын арттыру ойы еді. Оларды астық қажет болғанда бізге жалынуға мәжбүр ету және өз күштерімен өндірулеріне тыйым салу”

Орынбор өкімет билігінің қарсылығына қарамастан, Кенесары өз ойын табандылықпен жүзеге есыра бастады. Егіншілікпен айналысқан руларға барынша көмектесті. Ал, бұл іспен айналыспаған руларды егіншілікпен шұғылдануға үгіттеді.

Ұлт-азаттық қозғалыстың орталығы Ырғыз бен Торғай аймағында қазақтардың едәуір бөлігі суармалы егіншілікпен айналысты. Мысалы, Ырғыз бен Торғай ауданында мыңға жуық отбасы егіншілікпен айналысқан. Егіншілікті басқа рулар да кәсіп етті. Мысалы, Қаракөл мен Қызылкөл арасын мекендеген Шөмекей руын, Ор маңын, Ащыбұлақ және Тасбұтақ елін мекендеген Жағалбайлы руларын атауға болады.

Қазақтар суармалы егіншілікті жақсы білді. Арық жүйесін шеберлікпен жүргізіп, егістікті суғаруға тиімді ыңғайластырды. Мысалы, Жыланшық пен Торғай өзендері арасындағы егінші қазақтар ұсақ көлдерді арық жүйелері арқылы қосып, егіншілікті суғаруға пайдаланды.

Кенесарының егіншілік пен отырықшылыққа көшу туралы ойы, әскерлер жан-жағынан қысып, өз ордасын Ұлы жүзге көшіруге мәжбүр еткенде де есінен кетпеді. Осы жерде де ол өзінің жақтастарын дереу егіншілікпен айналысуға үгіттеді. Осыған байланысты Орынбор Шекара Комиссиясының есептерінде былай деп жазылған: „Ресей төңірегіне оралуға мүмкіндігі болмағандытан, ол өзінің жақтастарына Іле мен оның тарауларының жағалауларында егіншілікпен айналысуға ақыл берді”.

Кенесары жақтастарының егіншілікпен айналысқанын Кенесары ордасында болып қайтқан Дәулеткелді Бесбаев та (Назар тармағынан) әңгімелейді. Қиын жағдайда болғандықтан, (Кенесары) өзінің жақтастарына тамақ табудың жалғыз жолы әрі лайықты шара ретінде егіншілікпен айналысуды ұсынды”.

Сонымен, Кенесарының егіншілерді қолдау саясаты қазақтардағы егіншіліктің онан әрі дамуына әсер етті. ХІХ ғасырдың 50-60-жылдары-ақ егіншілікпен қазақ руларының едәуір бөлігі айналысты.

Кенесары көтеріліске қатысушылардың материалдық жағдайын жақсартудың жалғыз жолы егіншілік деп түсінген деу керек. Бұл Кенесарының серігінің бірі Марал Құрмановтың сөзімен расталды, ол өзі „сендерді егіншілікпен байытамын” деп қазақтарға уәде беріпті.

Кенесарының саудаға қатынасы да әңгімелеуге тұрарлық. Бастапқыда ол орыс саудасын патша өкіметінің отарлық саясатын жүзеге асырудың бір жолы ретінде санап, оған қарсы болды. Сондықтан да ол Петропавл, Орынбор және Троицкіден қазақ даласы арқылы Орта Азияға бет алған сауда керуендеріне шабуыл жасап, сауданы тыйып тастауға тырысты. Батыс Сібір генерал-губернаторлығының мәліметі бойынша, тек 1837-1838 жылдары Кенесары сауда керуендеріне шабуыл жасауының нәтижесінде 277550 сомға зиянын тигізді./20.136/. Жәбірленгендердің ішінде Қазан, Вятка, Рязань және Петропавл көпестері болды. Алайда, шығынның жалпы сомасы едәуір көп еді. Себебі, Кенесары керуендерге шабуыл жасап қана қойған жоқ, сонымен бірге өз иелігіндегі аймақтарда көпестердің барлық тауарларын тартып алып отырды.

Кенесары Ресей Орта Азиямен саудасын тоқтатса, онда өкімет қазақ жеріндегі бекіністерін жойып, әскерлерін алып кетеді деп ойлап қателескен. Кенесары ордасында болған көпес Мухсимов пен Ибрасов жауаптары осыны растайды.

„Кенесарының ойы біздің көпестердің Ташкентпен және соған жақын жерлермен, қырғыз даласымен сауда қатынастарын тоқтату болды. Ол сонымен Ресей өкіметінің шетелмен сауда жасаудан түсетін пайдасын болдырмай тастағысы келді. Ал, пайда түспейтін болса, онда Ресей өкіметі қырда құрған сыртқы округтері мен Ақтау қамалынан бас тартады деп ойлады”. Алайда, өз ордасын Ырғыз бен Торғай (Кіші жүз) маңына көшіргеннен кейін көп кешікпей Кенесары өз ойының қателігін түсінді және бәленің бәрі саудада емес, патша өкіметінің әскери-отарлау саясатында екендігіне көзі жетті. Сонымен қатар, ол шекара Шебі аймағын мекендеген қазақтардың жергілікті орыс тұрғындарымен қызу сауда жасайтынын да жақсы білген еді. Тілеу мен Қабақ ру тармақтарының билері Кенесары ауылына келгендерінде оған орыстарды жек көрген әрекетін қоюға ақыл берді. Себебі, „олардан нан және басқа сатып алып, пайда ғана көріп отырғандарын” айтты. Кенесары жақтастарының бір бөлігі де керуен басы және кіреші болып қызмет етіп жүрген. Олар Жағалбайлы, Шөмекей руларының, Төртқара руының бір бөлігінің, Байұлы руының Жаппас тармағының, Қыпшақ руының Қарабалық және Торайғыр тармақтарының қазақтары болатын.

Саудадан пайда түсетінін түсінген Кенесары енді керуендерге шабуыл жасаудың орнына оларға баж салығын сала бастады. Мұндай салық салғанда ол жекелеген керуенбасылардың көтерілісшілерге көзқарасы қандай екенін және олардың кімнің боданы болып табылатыны ескерді. Саудадан баж салығын өндіру тәртібі туралы билеуші сұлтан Ахмет Жантөрин мынаны хабарлаған: „Жаппас руының кіреші қазақтарына әр қостан — 1 жылқы және 8 зат, ал бұқаралықтардың әр қосынан — 9 зат алса, сол керуендегі Арғын руының кірешілерінен ештеңе де алмады”.

Бұл жерде бірден көзге түсетін нәрсе жаппас руының керуен басыларынан және татар кірешілерінен баж салығы көп алынатыны, бұқаралықтардан одан әлде қайда аз алынатыны, ал Арғындарға ешқандай баж салығы салынбайтындығы. Мұны олардың көтерілісшілермен әр түрлі қарым-қатынаста болумен түсіндіру керек. Жаппас руының рубасылары зауряд-хорунжий Жаңғабыл Төлегенов, Алтыбай Көбеков көтерілістің бас кезінен-ақ көтерілісшілерге дұшпандықпен қараған болатын. Татар керуенбасылары да сөйтті. Сондықтан Жаппас руының керуен басы және татар кірешілері көп мөлшерде салық төледі. Ал бұқаралықтар мен Арғындар басқаша жағдайға қойылды, себебі олар Кенесарымен достық қатынаста болды. Кенесары жақтастары Бұқар базарларында, тіпті қызу сауда жасады, олар мұнда мал айдап әкеліп, өздерінің шаруашылықтарына қажет тауарлар сатып алатын.

Орыс сауда керуендеріне де баж салығы өнебойы көп салына бермеген. Мысалы, 1841 жылы Орынбор өкіметімен жасалған уақытша бітім кезінде Кенесары олардың қазақ даласымен саудасын кеңейтуге жағдай жасап отырды.

Кенесарының орыс саудасына көзқарасының өзгеруін, оның 1845 жылғы соңғы келіссөздерге дейін өкімен билігін қолына ұстаушылармен достық шарт жасасуға үміттенгенімен түсінуге болады. Сонда,-дейтін ол,-қазақтар Ресеймен тығыз экономикалық байланыс орната алады. Бұған оның Орынбор губернаторына мынадай өтінішпен хатжазуы дәлел: „Барлық сұлтандарды, дистанция бастықтарын және старшындарды, Орынбор Шебі бойындағы бөліктердің басқарушыларын орнынан алып, барлық ордаларды бүтіндей менің қарамағыма беріңіз, сонда менің патшаға адал қызмет ететін боламын да, тынышттық бұзыла қалса, барлы жауапкершілікті өз мойныма аламын. Сонымен қатар, Орынбор өлкесіне дейінгі кеңістікте жол қатынасын жетілдіру, яғни, қауіпсіз өнеркәсіп жасау қолдан келер іс болар еді”

Осыған байланыст Небольсиннің 1841 жылы 13 қыркүйекте Троицкіден шыққан орыс сауда керуені туралы хабарын келтіре кеткен жөн. Бұл керуен Ақмешіт арқылы Бұқарға баруы керек еді. Алайда Бұқар мен Қоқан арасындағы соғыстың басталуы керуеннің онан әрі  жылжуын тоқтатты. Сонымен бірге Кенесары жасағымен Ақмешітті қоршап жатқан бұқарлықтарға көмекке аттаныпты деген сыбыс та тарайды. Сондықтан тоналудан қорыққан керуенбасы Ақмешіттің жағдайын білу үшін және „еркін өтуге Кенесарыдан рұсат сұрауға” шапқыншы жіберді, „сол үшін оған 350 бұқар тілләсін беруге” ұсыныс жасады.

Керуен Кенесарыдан рұқсат күтіп, бір айдан аса уақыт бір орында тұрды. Небольсин бұлай деп хабарлайды: „Кенесары өзіне ұсынылған сыйлықтарды жақсы қабылдап, әкелгендерге жылы шыраймен қарады және керуенді онан әрі мазалаудан қорғау үшін өзіне байланысты шараның бәрін қолданды, Өзі де Ақмешіт маңында болған Кенесары саудагердің жолына ешкім бөгет жасамауы, оларға мұнда ешкім тимейтін болуы жөнінде әрекет жасады”.

Алайда керуенге Бұқарға аман-есен жету жазбаған екен. Жолда, Қызылқұм маңында, оған „қатыгез қырғыздар” шабуыл жасап, 500-ге жуық түйелерін айдап әкетті.

Кенесарының Орта Азиялық және орыс саудасына көзқарасына сипаттама беру үшін саудагер Рахим Адамов пен Уәли Халитовтың жауаптарының үлкен маңызы бар:

„Мен Кенесары сұлтанның өзіне барған соң, ол менен бізге қажетті заттарың бар ма деп сұрады және ол өз ордасынан үш күндік жердегі ауылдарына айырбас жасау үшін бақылаумен жібермекші болған екен. Бірақ, менде қажетті заттардың жоқтығына көзі жеткен соң Орскіге дейін еркін өтуге өз мөрі басылған қағаз берді. Сонымен бірге, ол керуенбасы Мырзабай Азимжановқа өзінен қорықпауын және оның Бұқарға аттанса, өзінің қазақтарына оған қорған болуына бұйрық беретінін айтып баруды тапсырды. Ол біздің саудагерлерді айырбас жасау үшін өз ауылдарына шақырды және бізді қорғауға уәде берді”.

1845 жылы Герн мен Долговтың елшілігі сәтсіздікке ұшыраған соң, патшалы Ресеймен достық шарт жасауға болмайтынына көзі жеткен Кенесары Бұқар және Хиуамен қызу сауда жүргізуге шешім қабылдады. Зекеттен жиналған малды Кенесары Бұқар базарларына айдады және онан түскен ақшаға қару-жарақ пен оқ-дәрі сатып алды. Мысалы, Төртқара және Шөмекей руларынан жиналған 2400 қойды ол Хиуа базарына апарып сатты, одан түскен ақшаға екі зеңбірек, сатып алып, орыстарға тойтарыс бермек болды”/1.309/.

Екінші бір құжатта мынадай мәлімет бар: „Кенесарыдан Хиуаға әкелінген қойлар базар бағасы бойынша сатылды, ақшасына мылтық сатып алынды”.

Кенесары өз аймағындағы сауданы қолдап отырды. Өзіне қосылған руларда сауда жасаған көпестерді өз қасына ұстады. Өкімет тапсырмасы бойынша Кенесары ордасында болған сұлтан Саналы Мырзағалиев былай деп әңгімелейді: „Кенесары ауылдарында Орскіден шыққан татар көпестері Хусаин және Мұса Бұрнаевтардың сауда жасап жүргенін көрдім, мен Орынборға Кенесары қағаздарын алып қайтқанымда, олар әлі де сонда қалған болатын” .

Кенесары өз ауылдарында сауда жасаған көпестерге баж салығын салмады және олардың мүддесін қорғап отырды. Генерал Генске жазылған бір хабарламада былай деп айтылған: „Бүлікшілердің ауылдарында болған саудагерлер көп пайда табуда, себебі бұлардың ауылдарында сауда жасағандықтан және өздері келетін болғандықтан оларға тимеуге бұйрық берілген”.

Кенесары өзіне қосылған рулардан біраз нәрселерді өзі де сатып алып отырған. Сібір қазақтарының шекара бастығы хабарында: „Кенесары өзінің жақтастарымен Албан және Дулат рулары қырғыздарының арасында жүріп, қырғыздардан қымбат бағамен сәйгүліктер сатып алды, сонымен қатар біраз азық-түлік қорын жасады” делінген.

Кенесарының қолдауының нәтижесінде қазақтардың орыс тұрғындармен сауда байланысы кеңейе түсті және шаруашылықтың натуралды негізінің ыдырауының алғышарттары қалыптаса бастады. Одан кейінгі жылдары қазақ даласындағы сауда одан әрі кең қанат жайды, бірақ ол негізінен өзінің айырбас сипатын өзгерте қойған жоқ.

Егер біз Кенесары құрған мемлекеттің өзіндік өзгешелігіне қысқаша тоқталмасақ, онда оның хандығының ішкі саяси құрылысының сипаттамасы толық болмас еді. Азиядағы мемлекеттер ертеден–ақ өздерінің тұрақсыздығымен белгілі, олар тез ыдырап отырды. Маркстің өзі „азиаттық қоғамдардың экономикалық құрылымының беріктігі және қозғалмайтындығы” мен „азиаттық мемлекеттердің ұдайы ыдырап және қайта құрылуының, олардағы әулеттердің жиі ауысуының арасында айырмашылық бар” екенін атап өткен болатын. „Осы қоғамның негізгі экономикалық элементтерінің құрылымына саясаттың сан құбылмалы дауылдары әсер етпейтін еді”/1.313/.

XVI-XVIІІ ғасырлардағы қазақ мемлекеті өзінің берік еместігімен және бірнеше рет ыдырауымен осы тұжырымға нақты мысал бола алады. Қазақ мемлекеті көшпелі мемлекеттер типіне жатты. Ал оның берік болмауы оның өндірісінің патриархалдық-феодалдық сипатымен және экстенсивті мал жайылымдық шаруашылыққа байланысты болды. Көшпелі шаруашылық мемлекеттік орталық құруға кедергі болды және патриархалдық-рулық тұрмыстың сақталуына жағдай жасады. Мұның бәрі, түптеп келгенде, өндіргіш күштер дамуының төменгі сатыда тұруымен байланысты еді. Шаруашылықтың экстенсивті мал жайылымдық көшпелі болуынан оның саралануының нашарлығы келіп шықса, ал мұның өзі Қазақстанның жалпы экономикасының мешеулігіне байланысты болды. Осының бәрінен келіп саяси қондырманың берік болмауы және вассалдық қатынастардың нашарлығы пайда болды.

Әр феодал өзі салық жияды және өзін жоғарғы өкіметтен тәуелсізбін деп санады. Бұл мемлекеттік бірлестіктің бағынышты бөліктері арасындағы байланыстың әлсіздігін туғызды. Кенесары дәл осындай тәртіпті жоюға күш салған. Салықты тек жоғарғы өкімет жинай алатын болды, сөйтіп ол күшейіп, ал жеке феодалдардың билігі кеми бастады. Жартылай тәуелді қазақ руларын мемлекеттік бастауға бағындыру (жасауылдар арқылы басқару) және біртұтас басқару жүйесін құруда осы мақсатты көздеді. Мысалы, Ақсақалдар Кеңесін жойып, оның орнына Хан Кеңесін құру-Кенесарының билікті орталықтандыруға ұмтылғанын көрсетеді. Оның қазақтарды отырықшылыққа, егіншілікке талаптануы, Қазақстанда қалалық орталықтарды салуды армандауы осының бәрі алғышартын жасайтын еді.

Кенесары өзінің реформаларымен қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуын тежеген патриархалдық-рулық институттардың ескі формасын жойып, шаруашылықтың егіншілік, сауда сияқты неғұрлым алдыңғы қатарлы формаларын құруға алғышарт жасады. Кенесары Тәуке ханнан кейін феодалдық негізде қоғамдық құрылыстың анағұрлым оң формаларына негіз қалаған аса ірі мемлекеттік қайраткер болды.

Алайда, Кенесары өзінің реформаларымен күрт бетбұрыс жасады деп айтуға болмайды. Тарихи жағдайларға байланысты ол ғасырлар бойғы патриархалдық-рулық қатынастардың сарқыншақтарын, ру араздығын, халықтың әр жерге бытыраңқылығын жоя алмады. Кенесарының барлық қызметі осы сарқыншақтарды жоюға және біртұтас мемлекет құруға бағытталған еді. Бірақ, Кенесары өзінің қысқа өмірінде қазақтың үш жүзін біртұтас мемлекетке шоғырландыра алмай кетті.

Кенесары құрған қазақ мемлекеті туралы кейбір мәліметтер ХІХ ғасырдың 60-жылдарында Садық Кенесарин қозғалысына байланысты жасалған „Тарихи анықтамада” бар. Оны Кенесарыға замандас чиновниктер құрастырған еді. Онда жарияланған мәліметтер тарихи шындық тұрғысынан алғанда, күдік тудырмайды. „Голос” газетінде жарияланған осы құжатта Кенесарыны былай сипаттайды: „Абылай ханның тікелей ұрпағы, оның немересі Кенесары өзінің ерекше ерлігімен аты шыққан батыр және қазақтар арасында ерекше беделді адам болатын. Ол ақырында Үлкен орданың және тіпті, орыстар билігіндегі Орта және Кіші ордалардың кейбір руларының ханы атанып, орасан зор билікке ие болды. Қазіргі Түркістан облысынан Ташкентке дейінгі аралықты толық дерлік Семей облысының жартысынан астамын, Кіші орданың бір бөлігін және Сібір мекемесі Ішкі ордасы қазақтарының тең жартысын өзіне бағындырды және солардың толық билеушісі болды”/15.56/.

Сол кездегі тарихи жағдайларға байланысты-Қазақстанға патшалы Ресей мен Орта Азия хандықтары шын қауіптөндіріп тұрғанда – Кенесары өзі құрған мемлекетті сақтай алмады. Оның қызметі қазақ мемлекеттілігін қайта құрудағы уақыт өткізіп алып барып талаптанған іс болды.

Кенесары хандығының ішкі саяси құрылысына талдау жасауды аяқтай келе, өзара тартыс пен барымтаның, патша өкіметінің орталық саясаты және Қоқан мен Хиуа езгісінің ауыртпалығын бастан кешкен халықтың қалың бұқарасы халық күшін біріктіріп, топтастыратын өкімет билігінің қажеттігін ертеден-ақ түсінгенін айта кету керек.

Кенесарының орталықтандырылған біртұқтас мемлекет құруға талаптануы халық мүддесіне сай келген. Осы мәселеге байланысты белгілі тарихшы, сол кезде Орынбор Шекара Комиссиясында қызмет еткен А.Левшин былай деп жазды: „Хан бола алмайтын даңғой сұлтандар мен старшындардан басқа саналы қырғыздардың барлығы әр бастықтың жеке басшылығын талас пен өзара күрестің басы деп біледі. Біздің барлық ордаларды бір хан басқарған кезде біздер тыныш және бақытты өмір сүрген едік дейді олар. 3 бастық билегелі жағдайымыз нашарлап кетті. Ал енді, билеушілер көбейе түссе, бізге бұдан да қиын болмақшы”/1.315/.

Сөйтіп, Кенесары тұсында елді басқару-белгілі бір жүйеге келтіріліп, мемлекеттік аппарат жеке салаларға бөлінді, әр атқарушы белгілі бір мемлекеттік қызметке (сот, әскери, елшілік т. б.) ие болды.

Кенесарының мемлекеттік аппаратты реформалауы өкіметтің орталық-тануына белгілі бір дәрежеде игі әсер етті.

Сот-құқықтық реформаның мақсаты сот істерін қарауды жақсарту және барымта, өзара талас пен ру араздығын тоқтату еді.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, Кенесарының қызметі рулық араздықты жоюға және қазақтардың әдеттегі құқығына елеулі өзгерістер енгізу нәтижесінде оны жалпы мемлекеттік құқық дәрежесіне көтеруге көмектесті деуге болады. Ал жаула0сушы руларды бітімге келтіру, феодалдық алауыздықтың тыйылуына жеткізді.

 

 

1.2. Кенесары Қасымұлының дипломатиялық әрекеттері мен шеберлігі.

 

Қазақстанды отарлау кеулеп бара жатқанда, патшаның жазалаушы күштерінің алқымнан алуына қарамастан азаттық күрестің он жылға созылуын, халықтың дербестікті сақтап қалуға күш салуы, далалық өңірдің көтерілісшілердің соғыс қимылдары үшін қолайлылығы, Ресейдің сонымен қатар  Кавказда имам Шәміл басқарған тау халықтарына қарсы күресуге алаңдауға да себепші болды. Алайда үш жүздің өңіріндеде  атой салған сұлтан Кенесарының бодандыққа қарсы алысуының ұзақ уақытқа созылуы, басқада көптеген мәселелерімен қатар ұлы тұлғаның жеке басындағы тамаша дипломатиялық және саясатшыл қасиеттерінің биіктігінен деп түсінеміз.

Ресмидворяндық-буржуазиялық орыс тарихнамасының өкілдері Кенесарының Сырым және Исатай батырлар сияқты “бұзық”, “қарақшы”, деп жек көрінішті бағалармен сипаттасада, екіншіден, көтерілістің басты оқиғаларына мейлінше мән берген, Абылайдың немересін “айлакер, парасатты саясатшыл, қайракер” ретінде де жоғары бағалайды. “ Өз халқына мәңгілік бостандық тілеген Кенесары, патриот бола тұра ,орыс мемлекетінің ерте ме кешпе ордалықтарды басып алуға тырысатынын түсіне білді”,-деп жазды Н.Середа /2.158/.

1847 жыл Сібір шекаралық комиссиясының төрағасы, генерал Вишневскийдің экспедициясымен Кенсарыға қарсы күреске қатысқан , Орта және Ұлы жүз қазақ феодалдарыментілдескен, 1833 жылғы Польшадағы азаттық күреске қатысқаны үшін қазақ  өлкесіне жер аударылған Адольф Янушкевич Кенесары тұлғасына қайран қалып, оны XIX ғасырдың 80-ші жылдарағы Алжир халқының Француз отаршыларына қарсы күресінің көсемі, атақты Абд Эль Кадерманмен теңестіреді. Шоқан Уалихановқа қамқорлық жасаған, орыстың ұлы ғалым-саяхатшысы П.П.Семенов Тян-Шанскийдың хан Кенесарыны біздің эрамызға дейінгі екінші ғасырда Рим империясының отаршыл саясатына қарсы халқын көтеріп, жанталаса күрескен Понт патшасы Митридат II Эвпатормен теңестіруі қазақ ханының  саясатшыл дипломатиялық шеберлігін мойындағандығы/6.13/. Сұлтан Кене-сарының айлакер саясатшылдығы көтерілістің алғашқы кезеңінен бірден байқалды. Әрине, сол заманда төңірегін күшпен жапырып, ауыздықталмаған Ресей билеп — төстеушілерінің Қазақ жерін жаулап алмай тынбайтындығына көргендікпен көзі жеткен Кенесары бар қабілетін патшаның жаулаушылық қимылдарын тоқтатуға немесе оның қарқынын әлсіретіп, үш жүздің бірлігін нығайтуға жұмсады. Орынбор губернаторы граф В.А Перовский арқылы патшаға жеткізуге дәмеленген хаттарының бірінде өзі бастаған азаттық қозғалысты  тоқтатудың бірден-бір шарты — өлкемізде бекіністер салуды, қалалар тұрғызуды, округтарды ұйымдастыруды 35 жылға тоқтату деп білген: “Ұлытау мен Кішітау өңірінде Сібір шептерінен әскер жіберуіңізді өтінемін. Мәселені басқаша шешсеңіздер, біздің әйелдеріміз бен балаларымыз ығысып қалады, патша ағзамға қызмет ете алмайды”,- деп толқуын білдірген. Әрине, қазақ сұлтанының осы хатында қандыбалақ Николай I-шіні “шахин-шах(патшалардың патшасы) деп лепірте мадақтағанымен оған  жақын да, алыс та, болсамда жүрегіммен, жаныммен қызмет етуге дайынмын, маған бір шен немесе грамота алып беріңіз”/2.158/ -деген сол В.А. Перовскийға арналған хаттағы аты шулы сұлтанның сондай момақан бола қалғаны қалай да болмасын қазақ өлкесіне Ресей әскерлерін жолатпаудың  қамы деп түсінгеніміз жөн.

Кенесары Қасымұлының азаттық қозғалыстың мақсатына жету жолында дипломатиялық айла-амалдарды шебер пайдаланғандығын мейлінше айқындайтын оның хаттары. Архив қорларында, жарияланған деректемелік жинақтарда қазақ ханының мақсатымен ниетінің мазмұнын ашатын көптеген құжаттар сақталынған. Бір мән беретін Кенесарының елшілері Жүсіп Жанкүшікұлы, Мамберді Қонысбайұлы, Тайтоқ Дөненұлы, Табылды Тоқтыұлы, және Қошынбай Қазанғапұлы 1838 жылдың желтоқсан айында Сібір губернаторы князь В.Д.Горчаковпен Николай I-ші патшаға арнаған арнайы хаттары.

Зерттеуші Е.Бекмахановтың тамаша еңбегінде патшаға арналған хаттың мазмұны толық келтірілгенде, екінші құжаттың соңғы бөлімі түсіп қалған. Бұл арада біздің тәптіштеп көңілаударатын мәселеміз екі хаттың мазмұнын салыстыра талдап,  сұлтанның елшілерінің тағдырына сипаттама беру.

1838 жылдың желтоқсан айының 26-нда Үшбұлақ Сыртқы округтық приказының Омбы облыстық басқармасына хабарлағанындай,осы приказдың аға сұлтаны майор Тұрдыбек  Көшенов өзіне тапсырылған нұсқауға сай інісі  старшина Бердібек Көшенов, Садыбек Балғазинмен Көкшетау, Ақмола және Баянауыл өңірінің бес “қырғызынан тартып алынған” хатты дереу Омбы қаласына жеткізгенін ескерткен. “Жыртқыш сұлтан Кенесары Қасымовтың бес қырғызы қазіргі уақытта қарауыл күзетіне тапсырылды. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Кенесары Қасымұлы Көкшетау округына шабуыл жасамақшы, содан кейін бізге де қауіп төндірмекші”,-деп үреймен хабарлаған Үшбұлақ округының чиновнигі. Кенесарының елшілерін қапастан құтқару мақсатында көтерілісші топтардың Үшбұлақ округіне қауіп төндіруінен үрейленген сол чиновник Есенбақты руының керейлерінің қарулы жасақтарының белсенділігінің артуына қарай осы маңайдағы қоныстарды  қорғауда қырағылықты күшейту үшін қосымша солдаттарды жіберуді өтінген.

1839 жылдың қаңтар айының 16-нда полковник Ладыженскийдың талабына сай Омбы дуан басы Кенесарының бес елшісінен  жауап алу үшін оларды губернатордың қарамағына тапсыруды жөн көрген. Сонымен қатар елшілерден тінту кезінде табылған хаттарды мейлінше тезірек губернатордың қолына жеткізу көзделді. Бес елшінің кейінгі аянышты тағдырын сипаттаудан бұрын осы екі хаттың мазмұнына зер салайық:

Бірінші “Бүкілроссиялық дара билеуші патша ағзамға. Бүтін қырғызды билеген Абылай ханның ұрпағы Кенесары Қасымұлынан.

Тақсыр! Төмендегі жағдайға көңіл аударсаңыз өзімді бақытты санаймын. Сіздің ата-бабаларыңыз, бізде-менің атам Абылай хан билеп–төстегенде халық тыныш өмір сүрді. Оған еш пенде қолын сұққан жоқ, екі жақ та саудаласты, жайлы өмір сақтады. Біздің елімізден ешкім алым-салық жинамайтын. Кейінгі кезде бізден салықты жөнсіз сыпыра бастады, әртүрлі жәбір көрсетуді сезіп отырмыз. Бұрынғы бейбіт келісімді бұзып ,сіздің төменгі буынғы басқарушыларыңыз, ақиқатты аяқпен таптап, барша қырғыз халқын Ресейдің уысында деп қарайды. Менің марқұм атам Абылайдың иелігіне кіретін өңірге сіздің адамдарыңыз сегіз дуан ашқанына қатты қанжыламыз. Барша қырғыз халқына қысымды тоқтату және бұрынғы тыныш өмірді қалпына келіру үшін сізден дуанды және басқа да даламызда салған қоныстарыңызды жоюды өзіңізден өтінуді бақыт деп санаймын”.

Бұл хаттың мазмұнына терең ой жүгіртсек, көтерілістің басты себептерін, Ресей мен Қазахия арасындағы қайшылықтардың астарын, сұлтанның мақсаттарын аңдаймыз. Шағын ғана хатта негізгі талаптарын Абылай заманындағы және онан кейінгі ахуалмен шеберлікпен байланыстырып, көрсете білу Кенесары ханның терең ойлы саясатшылық қасиеттеріне көңіл аударады. Сөйтіп, басты тілек – тыныш өмірдің шырқын бұздырмау. Қасымұлының Ресей патшасынан талабы да орындалмайтын күрделі талап емес: округтарды жою, алым-салық жинауды тоқтату яғни Қазахия дербес елінің ішкі ісеріне қол сұғуға Ресей үкіметінің құқысының жоқтығы. Бұл жағдай Кенесарының әр жылдарда, саяси ахуалдың өзгеруіне сай Орынбор және Сібір губернаторларына бағыттаған хаттарында  басты талап ретінде білдірген. Хатың желісінде дөрекілік, ой шұбалаңдығы, қоқанлоқылық тағы да басқа дипломатияға жат көріністер жоқ. Нағыз шығыстық саясатшыға сай , сұлтанның көздегені – бал тамған тілмен баданадай талаптарды білдіру. Екінші Сібір губернаторына жолдаған хатына көңіл аударсақ, қазақ сұлтанының талабының біраз айбарлылығы да байқалады: “Сіздің есіңізге  салайын дегенім, екі халықтың тыныштық өмірін қамтамасыз ету. Өзіңіз Ресейге бағынышты  жұртты мен өз жағыма қаратып алды деп реніш білдіресіз. Мәселе тіпті басқаша .Менің атам Абылайдың иелгінде жөнсіз бірнеше дуандарды ұйымдастырып, салық жинаттырып  отырған сіздер емес пе? Бізге қысым көрсетудесіз. Оған наразылық білдіреміз, бұдан былай алым-салығыңызға көне алмаймыз. Ойлаңызшы егер Ресейді басқа бір мемлекет билеп-төстеп отырса, қалай шыдар едіңіз? Біздің де пайымымызды еске алыңыз…”Хаттың соңғы бөлігі Е.Бекмаханов кітабына кірмеген. “менің құлағымның шалғаны – көршілеріміз Қоқан және Бұқар иеліктеріне жақындығымыз, біздің осы елдермен байланыстарымыз сіздерді сескендіретін тәрізді”. Губернаторға хат төмендегідей төрт талаптың орындалуын өтінумен аяқталады: Ақтау бекінісін жермен-жексен ету; Ақмола  округын тарату; далалық окруктегі үкіметтің басқада қоныстарын жою; қапаста отырған көтерілісшілерді босату. Құжаттың ең соңында губернатор В.Д. Горчаковтан осы айтылған талаптарға пікірін хат тапсырылған елшілер арқылы хабарлауын өтінген. Сұлтанның талап етуіне қарағанда, Кенесары патшаның Сібірдегі сатрапынан өзін мейлінше артық санаған.

Әрине, XIX ғасырдың бірінші жартысында әлі де дербестігін сақтаған Орта Азия хандықтары мен Кенесары арасында тығыз байланыс орнауы мүмкіндігінен үрейленген патша үкіметінің түпкілікті саясаты осы елдерді де өз тырнағының астында ұстау екендігін көреген саясатшы мейлінше түсінді. Кейінгі оқиғалар дәлелдегендей әсіресе Қоқан бектерінің  Жетісу және Сыр бойындағы қазақ руларына зомбылығы, осыған орай Қасым төренің тұқымы мен Ташкент бектері арасындағы алауыздық Ресейден төнген қауіпке қарсы күшті бір арнаға бағыттауға кедергі болды. Бұл жөнінде кейінірек. Осы екі хаттың мазмұнындағы жеке талаптар Кенесарының барлық дерлік хаттарында, Ресеймен арақатынасқа байланысты жеке мәселелерде жиі қайталанады.

Енді Кенесарының бес елшісінің кейінгі тағдырына қайта оралсақ. Сібір шекаралық комиссиясының төрағасы міндетін атқарушы полковник Ладыженский князь В.Д. Горчовқа жолдаған хатында “Кенесары қарақшыларын” Омбыдағы әскери сотта қарау қажеттігін негіздей келе, көтеріліс жөнінде қажетті мәлімет алу үшін, оларды түрмеде бір-бірінен бөліп жеке бөлмелерде қапаста ұсталуды қажет деп санады.

Е.Бекмахановтың зерттеуінде Кенесарының бес елшісінің екеуінің ғана аты-жөндері берілген: Тобылды Тоқтыұлы, Қошымбай Жанкүшікұлы. Біз танысқан Қасымбаевтың „Кенесары хан” еңбегі қалған үшеуінің де аты-жөндерін анықтауға мүмкіндік берді. Жүсіп Жанкүшікұлы туралы нақты мәліметтер кездеспеді. Мамберді Қонысбайұлы Баянауыл округіндегі ауқатты Мұса Шрмановтың ауылынан, Тайтоқ Дөненұлы Көкшетау округінің Атығай болысынан, Қосымбай Қазанғапұлы 33 жаста, Көкшетау округының Керей болысынан .Е.Бекмахановтың кітабында –ол да Атығай болысынан /6.17/.

Қосымбай Қазанғапұлы орыс тілін жақсы білген, полковник Ладыженский Омбы әскери сотына хабарлауына қарағанда, Горькая шебіндегі казактарға бұрын да белгілі екен.

Қарауылмен станицалар арқылы Омбыға әкеле жатқанда бірнеше казактар оны бірден таныған. Қамалған қазақтардың ішінде Кенеары мейлінше жақын болған Қосымбай Қазанғапұлы “тентектік, бүлікшілік мінезімен ерекше көзге түскен”/31.220/. Кінасын мойындаудан бастартқан Қ.Қазанғапұлы тергеушілерін шатастыру мақсатымен тіпті Кенесарының хатының өзінен табылуын кездейсоқтық деп бай-балам салған. “Сол жылдың жазында Петропавл қаласындағы көпес Ахмет Баязитовтың керуеніне қосылып, Жетісудан қайтып оралғанда 60 жылқымыздан, 200 түйемізден айырылып, Тортұғұл болысының сұлтаны Байғара мен Темеш руының сұлтаны Күзембайдың ауылында болдық. Тартып алынған малымызды қайтарып аламыз деп жүргенде, сұлтан Кенесарының қолына түсіп, император ағзам мен губернаторға хаттарды жеткізуге келісуге тура келді”. Одан әрі Қазанғапұлы хаттардың мазмұнымен таныс емеспін, сауатсызбын деп безек қаққан./6.19/.

Азаттық қозғалыстың мүддесіне мейлінше берілген Тобылды Тохтыұлы. 1838 жылы 35 жастағы Тохтыұлы сұлтан Кенесарының ең жақын серіктерінің бірі еді. Ақмола округының Мамай-Тортығұл болысындағы Терсоққан деген жерде көшіп қонып жүрген Т.Тохтыұлы көтеріліске басынан қосылып, Кенесарының жауапты тапсырмаларын орындаған.

Омбы Ордананс-Гауз (сот мекемесі) тергеуді аяқтағаннан кейін абақтыға қамалған бас өкілге төмендегідей айыптар тақты: Ресейдің антын бұзғандық, қоныс тепкен округтардан даланың түкпірлі аудандарына рұқсатсыз көшіп кету; Кенесарының “қарақшыларына қосылу”; “бүлікшінің” екі хатын жақын орналасқан округқа жеткізуге талпыну. Алайда әскери соттың комиссиясының шешімінде жазылғандай, “Кенесары қарақшыларын тонау және тонаушылық істеріне” қатысуларын мойындаудан бас тартқан. Полковник Фаяцкиий князь  В.Д. Горчаковқа “қылмыскерлерді” жазаға тарту туралы ойын қортындылай келе, “қырғыздарды” тұздалған шыбықпен әрқайсысына мың дүре соғып, солдаттардың арасынан өткізу, ал әскери қызметке жарамсыздарды Сібірге жер аударуды мақұлдаған. Омбы Ордананс-Гауз сотының шешімінде “қылмыстыларды” Шығыс Сібірге айдау ұйғарылғандығы нақты айқындалған./6.18/. Тобылды Тохтыұлынан басқасынан кейінгі тағдыры белгісіз.

Тохтыұлы 1841 жылы Шығыс Сібірдегі айдаудан қашып, аулына оралып, көтеріліске қайта қосылған. Қыпшақ, Тамын, Қозған, Көксал руларының жасақтарына басшылық еткен./31.229/.

Кенесарының айлакер де, терең ойлы саясатшы және дипломатиялық қасиеттерін патша губернаторларымен алмасқан хаттарынан көруге болады. Бұл арада көңіл аударатын бір жай — Кенесарының Сібір және Орынбор губернаторлары арасындағы кикілжінді әрқашан көтерілістің мүддесіне шебер пайдалануы. В.А Перовский империяның ақсүйек билеушілерінің ең бір кілегейіне жатсада, А.С Пушкинге бір табан жақын болған, 1833-1842 жылдары арасында Орынбор өлкесінің губернаторы ретінде қазақ халқының өмірі мен Қазақстандағы ахуалмен патшаның басқа сатраптарынан гөрі жақын таныс еді.

1836-1838жылдары Исатай Тайманұлы басқарған Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісін күшпен жақын арада жаншыған граф В.А. Перовский, әрине, үш жүзді де қамтыған Кенесары сияқты шоқ тұлға басқарған жаппай халық соғысын тек күшпен басудың қиындығын түсінді. Патшаның сенімді билеушісі ретінде граф В.А. Перовский де көтерілістің отын сөндіруде аянбағаны белгілі. Алайда Перовский негізінде айла-амалмен шешудің жақтасы болды. Керісінше Ресейдің ертеден келе жатқан ең лауазымды ақсуектерінің тұқымынан шыққан князь В.Д.Горчаков бар мүмкіндікті іске қосып, қозғалысты тезірек қарумен жаншуды талап етті. Сібір әскери корпусының командирі ретінде 1840 жылы қазан айының 18-інде Ресейдің соғыс министріне жолдаған хаттарының бірінде, егерде қауірт шаралар қабылданбаса Кенесары келесі жылдың көктемінде күшейіп алып, батыс округтарды қамтып, дес бермей кетеме деген қаупін білдіреді “…ешбір жағдайда Кенесарыны тыныштыққа қалдыруды тіпті қаламаймын. Қам жемей жата берсек, оны қолдайтын қырғыздардың көбейіп кететіні сөзсіз” -деп қаупін білдірді./6.19/.

Граф В.А. Перовский князь В.Д.Горчаковқа арналған хаттарында Кенесары “бүлікшіні” өзінің де жақтырмайтынын ,алайда, қозғалысты басу үшін әскери күшті үйіп төгуге өзінің қосылмайтындығын білдірді. 1842 жылы наурыз айының 30-ында В.Д.Горчаковқа жазған хатынан төменгіні аңғарамыз: “Кенесарының шындығында менің де аяғым келмейді. Сұлтанды жазалауға ешбір қарсылығым жоқ. Алайда оған ауыр жала жабуға себептер де жеткіліксіз бе деймін. Орынбор қырғыздары арасында оның бүлік шығарып отырғанын тіпті көре алмаймын. Құрметті князь! 1841 жылдың қазан айының 10-ындағы, 1842 жылдың наурыз айының 21-імен қараша айының 17-індегі сіздің маған жазған хаттарыңыздағы сұлтанның Сібірдегі тонаушылыққа қатысы жөніндегі мәліметтеріңіз кейбір қайсақтардың сөздеріне негізделген; дәлелдеме ретінде оларға сүйеніп, шешім қабылдау жөн болар ма”/6.20/. Белгілі зерттеуші А.Н Середаның пікірінше, В.Д.Горчаков пен В.А. Перовскийдің хаталмасуындағы бір-бірін түйреуі, екі жағының өз пікірін басым ету үшін патшаға жүгінуіен Орта ғасырдағы Иван Грозный ІV пен князь Крупскийдің таласымен салыстырады. Айырмашылығы патшаның ХІХ ғасырдағы губернаторлары ерте заманғы орыс патшасы мен Крупский қолданған боғауыз сөздерден аулақ болғанда, — деп мысқылдай жазады Н.Середа /2.868/.

1842 жылы граф В.А.Перовский Орынбор генерал-губернаторлығынан босап, патшаның жақын нөкері (генерал-адъютант) болып тағайындалғаннан кейін де Кенесары мәселесіне жиі араласып, өзінің ой-пікірін білдіруден тайынбады. Оның орнынан Орынбор өлкесіне губернатор болған В.А.Обручев қай жағынан болса да Перовскийден төмен еді. Ең басты кемшілігі — өлкенің басты тұрғындары қазақтардың өмірінен тым алшақ болды. Патша өкіметінің өлкені отарлау саясатын іске асыруда халық мүддесіне қайшы шаралардан тайынбады. Кенесары қозғалысы жөнінде оның көзқарасы мен алғашқы қимылдары Сібір губернаторының ұстаған бағытымен жақтас еді. Орыс тарихшысы В.А.Обручевті төмендегідей етіп сипаттайды: “Перовскийден айырмашылығы Владимир Афанасьевич Обручев қысқа ғана бойлы, арық келген шал еді. Дауысы да жағымсыз. Жұпыны киінетін, Николай заманындағы көне шинелін тастамаушы еді. Тіпті басқа офицерлерден өзгешелігі жоқ. Оның жүріс-тұрысын төңірегіндегілер мысқылдайтын”. В.А.Обручев билікті қолына алысымен шешуге тырысқан мәселе – жоспарын князь В.Д.Горчаковпен үйлестіріп, Орынбор өлкесіне дейін жалыны шарпыған Кенесары көтерілісін жылдам жаншу еді. Бұрын қазақ даласындағы жағдайлармен таныс болмаған В.Обручев халықтың қарсылығын бірден жаныштап тастауға сенімі мол болса керек. 1843 жылы Обручев хан Кенесарыны бүлікші деп жариялап, патшадан оған қарсы байырғы әскер жіберуге рұқсат алып, Батыс Қазақстанда шоғырланған әскерлерді қозғалысты жаныштауға пайдалануға бет алды: Орскі бекінісінен полковник Ф.Дунековский, Сахарная бекінісінен – полковник Бизанов бастаған қарулы топтар Кіші жүздің батыс және орта бөліктерінің билеуші-сұлтандарына арқа сүйеп, Кенесарының басты күштері жайғасқан Айырық тауына бағытталды.

Әрбір Қазақстанмен шекаралас мекендерде өзінің сенімді өкілдері арқылы Обручевтің қандай шешімдер қабылдағанын сол сәтте хабарлас болған хан Кенесары ауылдарымен шығысқа, Торғай өзеніне қарай шегініп үлгерді./30.60/. Ұлқаяқ өзені жағасында полковник Бизанов тобымен шайқаста өзінің бір інісінен айрылса да, хан басты күштерімен өзін жақтайтын Торғай бойына шегінді. Кенесары В.Обручевті Перевоский сияқты өзімен келіссөз жүргізуге тұратын патшаның өкілі ретінде танығысы да келмеді. Жаңа губернаторға менменсіп қарағандығы соншалық, оны “Орынборда отырған генерал” деп мысқылдады./6.21/. Әскери күшпен Кенесарыны бірден ойсырату жоспары сәтсіздікке ұшырағанына назаланған В.А.Обручев еріксізден ханмен келіссөз бастауына тура келді. 1843 жылдың шілде айының 29-ында Кенесарыға жолдаған хатында В.А.Обручев төмендегі мәселелерге көңіл аударды: “Өткен жылдың қыркүйек айының 2-індегі хатында сіздің Ресей өкіметіне қарсы қимылдарыңызды дәлелдейтін әртүрлі мәліметтерге көңіліңізді аударған едім… Біздің мемлекетімізге өзіңіздің берілгендігіңізді көрсеткіңіз келсе, Орынбор шебіне жақындап көшіңіз, шекаралық комиссия нұсқаған өңірге ғана қоныстануыңыз жөн”. Көтерілісті жаныштау В.А.Обручевтің қолына көшуі әрине ханның жағдайын біршама қиындатты. Сібір және Орынбор жағынан қара бұлттай төне бастаған байырғы әскерлермен ашық ұрыста шайқасудың қиындықтарын түсіне білген хан әлі де болса саясатшыл қайраткер ретінде өзіне мейлінше қарсы Орынбордың жаңа губернаторларына жиілетіп хат жолдап, келіссөз, дипломатия жолымен уақыт ұтуға тырысып бақты. Кіші жүздің белді сұлтандарының бірі Кенесарының жауы сұлтан Жантөрин арқылы В.А.Обручевқа жеткізілген төмендегі хаттың мазмұнына көз жүгіртсек: “…біз Кенесары атамыз Абылайхан заманынан орыстармен бауырлас өмір сүрдік. Алайда, Омбы және Қызылжар тұсынан тыныштығымызды бұзды. Бауырымыз Саржан батырды екі мәртебе тонады, біріншісінен 17, екіншісінен 11 жыл өтті. Кейінгі шабуыл кезінде Саржанның баласын тұтқындады. Біздің жіберген хаттарымызға жауап жоқ. Орыстарға жаулығымыздың бір себебі осыдан”/6.22/.

Айлакер хан екі жақтың арасында ұлы Абылай кезінен түсінушіліктің енді бұзыла бастағанын орыс әскерлерінің “тонаушылық” қимылдарымен байланыстыруы кеште болса өлкені отарлау тиылса Ресейде де, Қазақстанда да тыныш өмір орнайтынына губернатордың көңілін аударды. Н.Середанының айтқанындай, губернаторға арналған хаттарында өзін орыс өкіметінің “жақтасы” ретінде көрсетуге тырысқан хан, екінші жағынан, патшаның әкімдерін бір-біріне өршелендіріп, “лай судан балық ұстауға тырысқан”.

Генерал В.А.Обручевтің қазақ халқының қарсылығын тек күшпен жаншуға бет алғанына қарсылық білдірген, өзінің бұрынғы, ұстаған бағытын өзгертуге наразы болған патшаның генерал-адъютанты В.А.Перовский 1843 жылдың шілде айының 30-ында соғыс министріне тапсырған “ескертпелерінде” Орынбордың жаңа әкімінің қимылдарын сынға алады. “Меніңше, — деп жазды генерал-адъютант, — Кенесарының қимылдарынан Обручев қатты үрейленді. Шын мәнінде бір топ қырғыздардың көрсетуіне негізделген. Кенесарыны құбыжық етіп көрсететін құжаттарда негіз жоқ. Бұл ірі қанды шайқас емес – барымта. Тіпті Кенесарыны Обручев сипаттағандай сондай қауіпті десек, бүлік бүтін даланы шарпыса да, соғыс жолына түсуге қажеттілік бар ма? Керісінше, Ордада мәмлеге келіп, тәртіп орнатуға тырысқан жөн. Билеуші сұлтандардың жасақтарын күшейтсек жарай ма”/26.22/.

Хан Кенесары Ресейдің лауазымды әкімдерімен дипломатиялық шеберлікпен ара-қатынасты, алауыздықты талқыға салып, пікір таластырумен шектелмеді. Өзімен ұрыс даласында алысқан, орта буынды, басқа да әскери шенді өкілдермен хандық ұлығын сақтап, көтерілістің жалпы мүддесін қорғап хат алысып отырды. Көтерілісшілермен жан таласа алысқандардың бірі – войсковой старшина Лебедев. Кенесарының хаттарында Лебедевтің бейбіт ауылдарды соққыға жыққандығы туралы мәліметтер жиі кездеседі. 1843 жылы шілде айының 29-ында Лебедевке арнайы жазылған, Кенесарыны қаралайтын құжаттарға қосымша мәлімет ретінде Обручев Петербургқа жіберген хатта ханның ойының өктем ырғақпен жазылғандығын байқаймыз: “…Император ағзамға менің еш жаулығым жоқ. Өзіңізден өкіметтің шешімдерін орындауды талап етемін. Алдымызда біздің ағамыздың көші тұр. Оларды үркітпеңіз. Хан Кенесары”./6.22/.

Азаттық күрес жолында Жетісуға Қырғыз еліне шегінгенге дейін Кенесарының дипломатиясында нық орын алған — әскери қимылдардың барысында жазалаушылардың қолына түсіп, тұтқын болған сарбаздарын қалай да босаттырып алу. Кенесары көп жағдайда өз қарамағындағы тұтқын орыс солдаттарын шекаралық Сібір немесе Орынбор өлкесіндегі Ресей қоныстарында қапастағы тек сұлтан, старшындар, өзінің жақындары ғана емес, қарапайым жасақшыларын да айырбастап алуына қайтаруға дипломатиясында, саясатшылық қасиетін де аямаған.

Тобольск қаласының дуан басына жазған арнайы хатында “біздің қолымызда тұтқын орыс казагі Лобановты тұтқыннан босатып сіздерге аттандырдық. Егер патша ағзамның осы іс туралы қарсылығы болмаса, бұрын да естеріңізге салғанымыздай Сібірде қапастағы адамдарымызды босатыңыз”. Сұлтан Кенесарының қолында тұтқында болған, кейін Ресейге оралған казак әскерінің екінші полкінің уряднигі Лобанов Тобольскіде кейіннен жауап алынғанда жоғарыда келтірілген мәліметтерді растады. Кенесарының саясатында Ресей облыстық әкімдерінің арасындағы қазақтардың ауыр өмірін жеңілдетуге ат салысқандардың бірі Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы, генерал-майор А.Генс. Орынборда қазақ балалары үшін тұңғыш мектеп ашқан лауазымды чиновник патша генералы бола тұра Кенесарымен жиі хат жазысып тұрған А.Генс генерал В.А.Обручевтің мәселелерді күшке сүйене шешу саясатына қарсылық білдірген. А. Генс пен Кенесары арасындағы байланыстар туралы В.А.Обручев те хабардар болған. 1843 жылы шілде айының 29-ында Орынбор губернаторының қазақ ханына хатының соңғы бөлігінен осындай жайға назар аударамыз: “…шекаралық комиссияның төрағасы, генерал-майор Генстің маған көрсеткен хаттарында сіздің өкімет алдында ақталғыңыз келгендігіңізді, сондай қанағат тұтып түсіндім. Көңіліңіздегі бірқатар мәселелеріңізді Генспен жүздесіп, шешу ойыңызда бар екен”. Хаттың мазмұнынан Обручев Генске арқа сүйеп, Кенесарыны өзінің ығына көндіруге де үміті болғанын байқаймыз. Алайда патша әкімдерінің екі жүзділігіне әбден қанық болған хан Обручевтен әбден қол үзіп, басқалардан сенімді көрінген А.Генспен жиі хат алмасып тұрды. Ханның шекара комиссиясының төрағасына өзінің бірқатар мәселелерін шешуде сенім білдіруін мына хаттан көреміз.

1843 жылдың шілде айының 23-інде Қасымұлының сенімді адамы А.Генске Орынборда табыс еткен хатында бірқатар ахуалдың беті ашылған: “Сіз Орынборда тұрғанда көп қайырымдылық көрсететініңізге сенімі мол, маған да жаманшылық келмес. Сізбенен кездесіп, император ағзамға өтініштерімді жеткізсем бе деймін. Бұқара, Қоқан және Хиуа өңіріндегі Үлкен, Кіші және Орта орда қырғыздарын Жайық өзеніне жақын көшірттім”. Кенесары хаттарының барлығында дерлік патшаға деген бір соқыр сезім, елеске жақын сенім сақталған сияқты. Тіпті Ресей патшасына қазақ жерін отарлауды тоқтатады деп үміт артқандай. Мүмкін, осы солтүстік-шығыс, батыс өлкені казак әскерімен басып алуды, қазақ руларын ғасырлар бойы көшіп-қонған ата-мекеннен ығыстыруды хан тек губернаторлардың ісі деп біржақты түсінді ма екен? Ханның А.Генске хатының соңғы бөлігін келтірейік: “Жалған айтуға құмар адамдарға сенбеңіз. Сіз патша ағзамға жақынсыз, бізге де қамқоршысыз. Басымызға түскен ауыртпашылықты императорға жеткізгеніңіз, бізге зор қайырымдылық жасағаныңыз болар еді”/6.24/.

“Бүлікші сұлтанның” 1841 жылдың шілде айында А.Генске жеткізген патша әскерлерінің қазақ ауылдарын қырып-жою қимылдарын нағыз тонаушылық ретінде айыптаған бірнеше беттен тұратын көлемді құжатын, көрнекті тарихшы Л.Мейер тамаша деректік мәні бар мағлұмат деп бағалаған/30.60/.

Өзінің інісі, басынан азаттық қозғалысқа белсене ат салысқан Құшақ Қасымұлы сұлтанмен бірігіп қол қойған осы деректер 1831-1840 жылдар арасында Көкшетау, Ақмола өңіріндегі жазалаушы казак әскерлерінің тонаушылық қимылдары тізіліп көрсетілген. Қасым төренің ұлдарының мақсаты да губернаторлардан кейінгі әкімдік дәрежедегі генералдың көңілін осы оқиғаларға аударып, казак жазалаушы топтарының қазақ ауылдарындағы бассыздығына шек қою.

Кенесары ханның дипломатиялық саясатшыл қабілеті азаттық көтерілістің басында болған.

Елшілік келіссөздерді өздерін осы істе танытып үлгерген Шоқпар Бақтыбайұлы, Есенгелді Саржанұлы, Сайдақ қожа Оспанұлы және татар Әлім Жағудин сияқты адамдар жүргізді.

Кенесарының, әсіресе, дипломатиялық әрекеттерінің көтеріліс барысында өте шебер пайдаланғандығын мейлінше айқындайтын оның бұған дейінгі жарияланған хаттары (ал,архив қорларында жатқан әлі сыры ашылмаған хаттары қаншама десеңізші!) болып табылады. Бұл проблеманың одан әрі зерттеле түсуі хақ. Жас тарихшы-зерттеушілер, мамандар ретінде бұл міндет-біздің үлестерімізде. Сондықтан, хан Кене көтерілісі туралы деректер жетерлік, яғни тарихнамалық базасы мол, әрі кең; жан-жақты ғылыми зерттеу жұмысын әр уақытта жүргізе беруге толық мүмкіндіктер бар екенін қанағаттық сезіммен айтуға болады.

Сұлтан Кенесарының айлакер саясатшылдығы көтерілістің алғашқы кезеңінен бірден байқалды. Әрине, сол заманда төңірегін күшпен жапырып, ауыздықталмаған Ресей билеп -төстеушілерінің Қазақ жерін жаулап алмай тынбайтындығына көргендікпен көзі жеткен Кенесары бар қабілетін патшаның жаулаушылық қимылдарын тоқтатуға немесе оның қарқынын әлсіретіп, үш жүздің бірлігін нығайтуға жұмсады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ – ҚОЛБАСШЫ

 

2.1. Кенесары Қасымұлының әскери жасақтарды құрудағы шеберлігі.

 

Әскери күшті үйымдастыруда, Кенесары өзінің алдындағы дәуірмен салыстырғанда, ешқандай тубегейлі жаңалық енгізе қойған жоқ. Соған қарамастан, әскери күштерді ұйымдастырудағы оның кейбір жаңалықтары көңіл аударарлық.

Кенесары жиырма мың жігіттен тұратын армия құрды. Оның ұйтқысы батырлар бастаған жасақтар мен төлеңгіттер болды. Ерекше қауіп төнген кездерде Кенесары маңына жасақшы жігіттер жиналатын болған. Әскер басында Кенесарының өзі тұрды. Ал, оның інілері мен жақын достары әскери кеңес кұрды. ( құрамында Кенесарының жақын серіктері — інісі Наурызбай, Сайдақ қожа Оспанов, Кенже, Таймас Бектасов, Жеке батыр, Ағыбай батыр, Жоламан Тіленшиев т.б. болды. Әскери кеңесте соғыс жоспарлары жасалып үлкен жорықтар алдындағы жауапты шешімдер қаралатын. Іс жүргізу жағын ұзақ уақыт Бұқарда тұрған өзбек Сайдақ қожа басқарды.

Оның жауынгерлері жорық шатырымен және азық-түлікпен әр уақытта қамтамасыз етіліп отырды. Тіпті Кенесараның әскермен бірге жүріп, азық-түлік сататын орскілік екі көпесі — Хұсаин және Мұса Бұрнаевтар болды. Әскер жүріп өтетін жолда алдын ала жасақтар тынығуға тоқтайтын, керек кезінде аттарын ауыстыратын және азық-түлік пен жем алатын қоныстар дайындататын.

Кенесары әскері жүздікке және мыңдыққа бөлінді. Көтеріліске қатысқан қазақтардың бірі — Әбілғазы патша түрмесінде отырып, Кенесарыға хат жазған екен, онда ол кейбір жолдастарын қызметтегі атағымен «жүзбасы», «мыңбасы» деп атаған. Солармен қатар, асқан мергендерден құрылған ерекше  отряд бастығы «мерген басы» қызметі болды. Бұл отрядқа өз қаруын меңгерген, «құралайды көзге атқан» мерген  жігіттер кірді. Айта кететін нәрсе, әскердің осындай басқару тәртібі Орта Азиялық мемлекеттерде Шыңғыс хан заманынан бері қалмай келген. Мұндай жүйенің әміршендігі далалық жерлердегі соғыстың сипатына және әскери қимылдарды жүргізу ерекшеліктерікке байланысты болуы мүмкін.

Кенесары әскери іске жүйелі түрде үйретуді алғаш рет жолға қойды. Оның әскерлерінің бір бөлігі тұрақты түрде әскери өнерге үйретілді. Орынбор Шекара Комиссиясына берген жауабында би Шоқпар Бақтыбаев: «200 адам қару қолдануды және жаяу соғыс жүргізуді үйренуде»,— деп атап көрсетті. Көтерілісшілерді әскери іске көтеріліске қосылған қашқын орыс солдаттары мен башқұрттар үйретті. Құсмұрын приказы Уақ болысының қазағы Бегалиннің көрсетуінде былай делінген: «Кенесары ауылындағы орыстар мен башқұрттар оның жақтастарын зеңбіректен атуға, сап түзеуге және солдат әдістеріне үйретуге»/1.297/.

Кенесарынын солдаттарды үйретуге арналған тұрақты қосыны болғанын онымен келіссөз жүргізуге келген қырғыз манаптарының өкілі Қалығұл да растайды. Ол; «Мыңға жуық жігіт мергендікке үйреніп жатты, жігіттердің жеке топтары қылыштасу, ал бір тобы найзаласуда жаттығу өткізді»— деп жазды./1.298/.

Қатаң әскери тәртіп орнатуға ерекше көңіл бөлінді. Тәртіпті бұзғандардың қайсысы болсын қатаң жазаланып отырған. Кенесары сатқындық үшін өлім жазасын қолданған. Тұтқынға түсіп, Кенесары ордасында болған барон Усар бір өлім жазасына байланысты былай деп жазды: «Кенесары ауылға кайтып келе жатып, карауылда тұрған қырғыздың ұйықтап жатқанын көреді. Өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін, басқаларға үлгі ретінде оны өлім жазасына кесті .

Кенесары әскеріне тәртіптілігін билеуші сұлтан Ахмет Жантөрин де мәлімдейді. 1845 жылы маусымда Обручевке жазған хабарында былай дейді: «Кенесары атқа қонып, тіл қатса болды, адамдары кез ілеспес жылдамдықпен жиналып, қаруларымен ат үстінен табылады»/5.385/.

Мұны Кенесары ордасында болып қайтқан орыс тыңшысы Ханқожа Жаңбыршин де айтады, Бірде,— деп жазды ол Кенесары әскерлеріне ұрысқа дайын болуға бұйрық берді. Ол жұрт алдына шығысымен, оның әскерлері ат үстінде отырды және жолға шығуға дайын болды. Осындай фактілер Кенесары әскерлерінің арасында қатаң тәртіптің болғанын байқатады.

Оның қосыны әр уақытта толық әскери дайындықта тұрды. Бұл Долговтың хабарламасында арнайы атап өтілген: «Кенесарының бейқамбыз деуі жай сөзі, бұл оның  ұдайы сақтығы мен байқампаздығын байқатады. Оның ордасы әр минут сайын шабуылды не құғынды күтіп, әзір тұрған уақытша қосынға ұқсайды».

Бұйрығын орындамағаны үшін Кенесары «шік» деп аталатын ерекше жаза қолданған. Осы туралы Кенесары ордасында болған қорғаншы Долгов былай деп жазды: «Олардың барлығының дерлік бастарында «шік» деп аталатын ерекше жазалау белгісі (кінәлі адамның басына қылышпен не пышақпен кесіп белгі салған) болды, ондай жаза алғандар Кенесары кешіргенше айыпты деп саналады, ешқандай іске қатыса алмайды»/1.299/.

Кенесары алғаш рет әскери айырым белгі енгізді. Оның әскерлерінің кеуделері мен иықтарында қызыл және көк матадан жапсырмалары болған. Белгілерді тағу тәртібі туралы Күрең Абылаев өзінің жауабында былай деді: «Бұл бүлікшілердің бәрі кеуделеріне үш қатар қызыл бау тағып алған». Сыйлы адамдар мен әскербасылар қызыл шұға қынапты қылыш асынған. Ал Кенесарының өзі орыс полковнигінің эполетін таққан.

Кенесары шайқастарда ерекше көзге түскен жігіттерді әлеуметтік жағдайына қарамастан көтермелеп отырған. Кейде қарапайым қазақтардың өзін жасауылдыққа тағайындаған, Поручик Герннің мәліметіне қарағанда, Кенесары әскерінде «ерекше ерлігі үшін» бас сыйлық — үкімет қаруы берілген. Сыйлық беру мынадай ретпен жүргізілген — әдеттегі таяқ не құрықтан кейін найза, сонан соң селебе пышақ, одан кейін қайқы қылыш, одан әрі жасауыл атағы».

Көтерілісшілердің негізгі қаруы әлбетте суық қару болды. Сонымен бірге атылатын қарулар да болған. Мысалы, 1846 жылғы қырғыздармен соғыста Кенесарының 5 мыңдық атты жасағы қылышпен, найзамен, айбалтамен, білтелі мылтықпен және бірнеше зеңбірекпен қаруланған.

Кенесары әскерінде біршама көлемде оқпен атылатын қарудың болғанын, Тоқмақ маңындағы Майтөбе деген жерде оның отрядын қырғыздар талқандағаннан кейін манап Орманның басқа да олжамен бірге «мыңнан аса білтелі мылтықты» қолға түсіруі дәлелдейді./1.299/.

Бірақ мұндай көлемдегі қару Кенесарыда әрдайым бола бермеген. Мысалы, 1845 жылы Кенесары ордасында елшілікте болган Долгов пен Герн оның қаруының аз екендігін байқаған. Герн былай деп жазды: «сұлтан ауылында не бары жүзге жуық мылтық болды, олардың өзі білтелі және тірек ағашты еді, сонымен қатар оның үш ұзын мылтығы бар, оларды ылғи үйіне таяу жерге қояды, ал шайқаста ол өз қолына ұстайды. Бұл мылтықтар Бұқар эмирінен алынған, жол жүргенде түйеге артулы болады. Ал қылыштардың көбі Бұқардыкі, Златоуда жасалған қылыштар да біршама баршылық»/4.28/.

Көптеген сарбаздардың қолында орыстың саперлық пышақтары бар, олар мұны орыстардан олжалаған.

Кенесарының негізгі күштерінің қару-жарағы мықты күзет қойылатын жылжымалы киіз үйлерде сақталады. 1845 жылы Кенесары ордасында мұндай жеті киіз үй болды. әр жорыққа шығар кезде соған қатысатындарға әлгі киіз үйлерден қару-жарақ беріліп, ал жорықтан соң қазына мүлкі ретінде қайтарылып отырады. Қылыш, пышақ, найза сол жерлерде де соғылатын болған, бірақ көп бөлігі шайқастарда қолға түсірілді немесе сатып алынды.

Долгов былай деп жазды: «Кенесары ауылында бірнеше қашқын башқұрттар тұрады. Олар қырға татарлар әкеліп сататын орыс қаруынан жасырын түрде әр түрлі қару-жарақ жасайды. Кенесары оқ-дәріні Бұқардан алып тұрады».

Мұны екі башқұртты еске алған Герн де растайды: «оның бірі — күміс зергері, қоқандық қашқынмен бірігіп сұлтан қаруын әсемдейді. Екіншісі- қару жасаушы шебер, мылтық ұңғысын жасайды».

Кенесары солардың көмегімен зеңбірек жасау ісін жолға қоймақ болған. Герннің айтуынша, «башқұрттың зеңбірек жасауы үшін әр үйден бір таған мен бір кетпен жинауға бұйрық берген. Бұл жұмыс ағашы мол Тосын құмдарында жүргізілмек еді.

Жаппас руының қазағы Омарбай Аманбаевтың жауабында: «Кенесарының темір зеңбірегі бар, оның ауылында Сібір мекемесіне бағынышты Бегіш есімді қырғыз тұрады. Ол зеңбірек пен мылтық жасайды және осы көктемде 100 мылтық жасады»,— делінген./4.29/.

Кенесары әскерлеріне сапқа тұрудың кейбір түрлері белгілі болған. Әдетте оның атты және жаяу отряды екі қатар сап түзеп тұрған. Шекті билері Кенесары ордасына келген кезде қылышпен қаруланған, екі қатар сап түзеген құрметті қарауыл қарсы алған. Олар мұндай қарсы алуға таңырқап, бастапқыда бұл өздерін ұстау үшін істелген шара ма деп қорқып қалғанымен, кейіннен Кенесарыда осындай қарсы алу тәртібі бұрыннан бар екенін естіп көңілдері жайланды.

Кенесары ордасы әрдайым әскери қосын түрінде болды. Оның үйінде әр түрлі қару-жарақ ілулі тұрды және үйінен 200 метрдей қашықтықта тұрған күзетшілер ешкімді арнаулы рұқсатсыз табалдырықтан аттатпайтын болған, сонымен бірге Кенесары ауылдары белгілі орындарға қойылған қарауылдармен күзетілген.

Әскери тұтқын урядник Лобанов былай деп жазды: «Кенесары әрдайым сақтану шараларын жүргізіп отырды: қыста жолдарға күзет қойса, ал жазда жетекте аттары бар екі адамнан тұратын қарауылды дұшпан келуі мүмкін жақтарды бақылауға 50 және 100 шақырым жерлерге жіберіп отырған. Олар әсіресе, өзен бойларына көп көңіл бөлген./1.301/.

Кенесары армиясында әскери-далалық және агентуралық барлау біршама жақсы жолға қойылған. Ол сенімді адамдардан арнайы түрде барлаушылар тағайындаған. Олар дұшпан туралы қажетті мәліметтер жеткізіп отырған. Көп жағдайда барлаушылар жау тылында қимыл жасады. Ал кейде жау әскерлерінің арасына кіре алған. 1843 жылы Орынбор және Сібір әскерлерінің біріккен жорығы кезінде полковник Бизанов басқарған Орал қазақ отрядының құрамында барлаушы Төлебай болды. әскер саны, қару-жарағы және отряд бағдарлары туралы қажетті мәліметтерді жинап, Төлебай осының бәрін дер кезінде Кенесарыға жеткізіп отырды. Бұл Кенесарының тиісінше қорғаныш шараларын жасауына мүмкіндік берді.

1845 жылы Долгов бастаған патша елшілігі тек қана елшілік үшін ғана емес, барлау жұмысын жүргізу мақсатында келген кезде Кенесарының барлау ісін жақсы жолға қойғанынын арқасында олар көтерілісшілердің саны және Кенесарымен көшіп жүрген қазақтар мөлшері туралы ешқандай мәлімет ала алмады, Долгов елшілігі келуден бірнеше күн бұрын оның алдынан шығуға Кенже бастаған 13 белсенді қазақ жіберілді, олар 20 наурызда Айби-Аққұм көлі маңында елшілікпен кездесіп, бұларды жақын маңындағы ауылдармен байланыс жасау мүмкіндігінен айырды. Келген 13 қазақтың ішінен тек Кенженің ғана Долговпен ресми сөйлесуге рұқсаты болды. Ал, қалғандары елшілік жүретін жолдарда ешкімнің де олармен сөйлеспеуін қадағалады, Долгов еріп келе жатқан қазақтардың сұраққа жауап беруден қашқақтап, аз сөйлеуіне таңырқаған еді. Кенесары ордасынан қайтып оралған соң Долгов: «Кенесары ауылдарының саны туралы мәлімет жинай алмадым, себебі олармен байланыс жасау тіптен мүмкін болмады»,-— деп көрсетті./29./

Долговтың қайтар кезінде шығарып салушы ретінде елшілерге Баймұхаммед Жаманшин және Бекбатыр ерді. Олар Кенесарыдан арнаулы барлау тапсырмасын алған болатын. Елшілермен бірге Орынборға барған соң оларға Орынбор өкіметінің көтерілісшілерге байланысты бұдан әрі қайтпек ойлары бар екендігін білу тапсырылды. Кенесары өз дұшпандарының арасында тұрақты барлаушылар ұстады. Осындай барлаушылардың бірі – Мыңжасар әрдайым шекара Шебіне жақын жерде жүріп, дұшпан отрядтарының жылжуын Кенесарыға хабарлап отырды.

Барлық қазақ рулары ауылдарында Кенесарының әкімшілік қызметпен қатар барлау тапсырмасы бар тыңшы жасауылдары болды. Олар дер уақытында қазақтардың көңіл күйін, олардың өкіметке қөзқарасы жайында және көтеріліске қарсы сұлтандар мен билердің не істемек ойлары бары туралы мәлімет беретін болған. Өзінің бір рапортында коллеж регистраторы Немчинов былай деп жазды: «Кенесарының барлық қазақ руларында тыңшылары бар. Олар Кенесары үшін қажымай-талмай және табысты қызмет етеді»/1.303/.

Кенесары армиясында әскери құпия өте қатаң сақталған. Тіпті, тәжірибелі патша жансызы қыпшақ Ханқожа Жаңбыршин Кенесарының болашақ жорық жоспарын білу үшін арнайы тапсырмамен Кенесары ордасында болғанымен жорық туралы ештеңе біле алмаған. Жаңбыршин өзінің сәтсіздігі туралы қапаланып былай деп хабарлайды: «Кенесарының кенеттен жолға шығуы себебін ауылда қалған адамдардан білуге қанша тырысқаныммен, ешкімнен қанағаттанарлық жауап ала алмадым».

Бірақ іс мұнымен бітпеді.

Кенесары дұшпанды алдау әдісін де кеңінен пайдаланған. Ол әлдебір бағытқа бет алған болғансып, дұшпанды теріс жолға салып жіберіп отырған. Мысалы, генерал-майор Жемчужников басқарған Сібір және Орынбор отрядтарының бірлескен шабуылы кезінде оларды осылай алдады. Орыс чиновнигінің ресми бір хабарламасында былай деп айтылған: «Кенесары өзінің ауылдарымен тынымсыз көшіп-қонып және өз ізін жасыру үшін жалған көшіп отырды, күндіз бір жерге келіп тоқтаса, ал түнде сол жерден мүлде басқа жаққа көшіп кетеді».

Сондықтан да ресми құжаттарда Кенесары ауылына арнайы жіберілген кейбір чиновниктер мен тыңшылардың сәтсіздігі, барлау тапсырмасын орындамауы туралы жиі айтылуы тектен-тек емес. Чиновниктердің бірі қынжыла отырып, былай деп жазды: «Көтерілісшілердің не істемек ойлары бар екені туралы толық хабарды қазақтардың үндеместігінен жеткізе алмаймын»/4.30/.

Алайда Кенесарының агентуралық барлауы жақсы болды, сондықтан патша тыңшыларының бірде-бірі көтерілісшілердің арасына кіре алмады деп ойлау дұрыс болмас еді. Бұл іске Кенесары ерекше көңіл бөлгеніне қарамастан үкімет өз жағына қаратқан сұлтандар мен билер Кенесарыға сыйлық апарғансып немесе қудаланған болып оның ордасына кіріп, қажетті мәліметтерді алып отырған. Солардың әкелген мәліметтерінің арқасында жазалаушы отрядтар Кенесары жақтастарының ауылдарын талай рет шапқан.

Кенесары талантты қолбасшы ретінде соғыс кезінде әр түрлі соғыс тактикасын пайдаланған. Қазақстанның кең даласы оған жылжып орын ауыстыра соғыс жүргізу әдісін кеңінен қолдануға мүмкіндік берді. Кенесары жігіттері шебер шабандоз болғандықтан, жер жағдайын жақсы білгендіктен қуғыннан жиі құтылып кетіп отырған. Олар дұшпанды айналып өтіп, тұтқиылдан көкжелкеден соққы беретін. Мысалы, 1844 жылы билеуші сұлтан Ахмет Жантөриннің отряды Кенесарының ізіне түскен кезде, төтеннен сыртынан соққы алып, толық дерлік жойылып кетті.

Кенесары әскерлері табиғи бекіністерді шебер пайдалана білді (қамыс, бұта, төбе т. б.). Патша отрядтары бәрінен де қазақтардың тұтқиылдан шабуылдауынан қорықты. Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаков Ақтау қамалына жақын Тіленші-Шет бекетіне Кенесарының шабуыл жасауына байланысты штаб бастығы генерал-майор Фондерсонға былай деп жазды. «Егер қамыстар мен бұта арасы және басқа да таса жерлер алдын ала толық тексерілгенде, олардың төтеннен шабуылы болмауы да мүмкін еді»/1.303/.

Жеке қамалдар мен бекіністерге шабуыл жасаған кезінде Кенесары жасағы шашыранды  қатармен алға ұмтылып, артынша бәрі қосылып, қамалды жан-жағынан қоршаған. Бұл әдіс, әдетте, дұшпанды әбіржітіп, оның күштерін шашыратуға мәжбүр ететін еді. Мұндай тактиканы Кенесары 1838 жылы Ақмола приказы мен Ақтау қамалына шабуыл жасаған кезде-ақ кеңінен қолданған болатын. Осындай шайқастардың бесін Ақтау қамалының коменданты капитан Кастрюрин суреттеген еді. «Өткен маусым айының 22 күні сағат жетілерде бүлікші сұлтан Кенесары Қасымов бастаған 2 мыңға жуық қазақ бекініске шабуыл жасады және олар шашырай шабуылдап, сағат ширегіндей уақыт өткенде, бекіністі қоршады».

Кенесарының негізгі қарулы күштерімен қатар ерекше отрядтары болды. Оларды әпкесі Бопай, інісі Наурызбай, Жоламан Тіленшиев, Саржан Саржанов, Жеке батыр және т. б. басқарды. Бұл отрядтар дұшпан тылына рейдтер жасады және көтеріліске қатысудан бас тартқан сұлтандар мен ірі феодалдардың мал-мүлкін тартып алып отырған.

Кенесары армиясында әскери құпия өте қатаң сақталған. Тіпті, тәжірибелі патша жансызы қыпшақ Ханқожа Жаңбыршин Кенесарының болашақ жорық жоспарын білу үшін арнайы тапсырмамен Кенесары ордасында болғанымен жорық туралы ештеңе біле алмаған. Жаңбыршин өзінің сәтсіздігі туралы қапаланып былай деп хабарлайды: «Кенесарының кенеттен жолға шығуы себебін ауылда қалған адамдардан білуге қанша тырысқаныммен, ешкімнен қанағаттанарлық жауап ала алмадым».

1838 жылдың бас кезінде Ақмола округтік приказынан Кенесары ордасына патша жансыздары би Жақан Капин және Сасық Қопынбаев жіберілді. Сыйлық әкелген адамдар ретінде олар Кенесары ордасына кірген кезде арнайы түрде қысқы жорыққа дайындалған құжынағғн карулы адамдарды көреді. Өздерінің хабарында олар былай деп жазды: «Барлық қазақтар қаруланған. Кенесары қос тұрғызуға бұйрық беріп еді, аз уақыттан кейін екі жүзге жуық қос тұрғызылды және қардан 30-дай орын дайындалды, оларға жетіден онға дейін адамдар орналасты. Бұл жиында 2 700-дей қазақ болды, солардың арасында қыпшақ рубасылары Иман және Жартыбай бар»/1.303/.

Кенесары далалық соғыс жүргізудің өзіндік әдісін енгізді. Дұшпан ашық далада әлденені паналап корғанатын болса, онда Кенесары әскерлері оқ өтпейтін нәрселерді қалқалап шабуылға шыққан. Садық Кенесарин өзінің естелігінде осы туралы былай деп жазды. «Менің әкем Кенесары хан осылай бекінген орыстарды әдетте шабуылдаған кезде оқ өтпейтіндей жуан етіп ұзыншалап өрілген шөпті қалқалайтын» .

Кенесарының әскери тактикасында дұшпан қосынына елшілер жіберу әдісі ерекше орын алды. Елшілер келіссөз жүргізіп қана қойған жоқ, сонымен бірге қарсыластар арасында іріткі салып, үгіт-насихат жүргізді, олар, әсіресе, қазақтар арасында сөйтті. Бұл жағынан елші Салытан Әбілқайыровтың қызметі мысал бола алады: «Ол қазақтардың бір бөлігін, тіпті офицердің езін бөлікшілер шайкасына қосып алу үшін неше түрлі айла-амал қолданды”/4.30/.

Осындай жаналықтармен қатар Кенесары армиясында ортағасырлық ескі күрес әдістері де пайдаланылды. Қырғыз манаптарымен қақтығыс кезінде шайқас батырлардың жекпе-жегімен басталып отырған. Сонымен қатар қарсы жақтың өлген адамдарының бас терісін сыдырып алатын болған т. б.

Сөйтіп, тәртіпті армия құрған Кенесары оны сол уақыт талабына сай әскери өнерге үйретуге күш салды. Сондықтан әскери күштерді ұйымдастыруда кейбір жаналықтар енгізуді ойластыруы осындай себептерден туған болатын.

 

 

 

2.2  Кенесары Қасымұлының әскери жорықтарды ұйымдастырудағы   қабілеті мен әдіскерлігі.

 

Ал, қозғалыстың бүкіл халықтылығы, кең қанат жаюы, айқын, көрінген саяси сипаты, әрине, Кенесары бастаған көтерілістің өзіне тән ерекшелігі деп білеміз.

Сонымен қатар, көтеріліске ең ірі ақсүйек өкілдерінің қатысуы, бір жағынан, өз мүдделеріне деген ұмтылыс, соны пайдалану,өз артықшылығын көрсету  болса,екінші жағынан, қазақтарың көшпенді  дебес мемлекетінін негізін салу еді. Мысалы, көтеріліске қатысқандардың ішінен біз, Шыңғыс ұрпақтарына жататын Көкшетау өңірінен сұлтандар: Шеген Қанқожа Уәлиұлы, Тани Тортайұлы, Айғаным ханымды; Ақмола округінен: Күшік, Жадай, Жанай, Айшуақ ұлдарын кездестіреміз. Патша үкіметінің сот-жазалау мекемелерінің мәліеттеріне қарағанда, көтеріліске 80-нен астам сұлтан, би,  старшындар қатысқан (Әрине, оларың көпшілігі ұлт-азаттық үеске прогресстік көзқараспен, болашақ тәуелсіз елдің үмітімен қараған деп білеміз).

Көтерілістің бірыңғай қарсы жаққа тойтарыс беретін күшінің ұйымдастырылуы қалай еді деген заңды сауал туатыны белгілі. Әрине, белгілі қолбасшылар басқарған бірнеше жауынгерлердің тобы болғандығы біздерге тарихтан мәлім. Негізінен Кенесары әскері арнайы дайындаған жасақтардан құралды. Сан жағынан кейде 20 мыңға жетіп отырған көтерілсшілер сол кездегі негізгі қарқынды күш болып танылады. Жасақтар жүздіктерге, мыңдықтарға бөлінді.

Кенесары әскери жасақтарының ішінде қазақтың барлық Үш жүзінен есімдері бүкіл қазақ жұртына әйгілі, неғұрлым беделді деген батырларының болғаны да біздерге тарихтан мәлім:

Табын руынан Жоламан Тіленшиев батыр (Кіші жүз, Сыр бойы),

Арғын руынан Жеке батыр (Орта жүз),

Дулат руынан Жәуке, Сұраншы Байсейіт батырлар (Ұлы жүз),

Шұбыртпалы руынан Ағыбай батыр (Орта жүз- Қарқаралы),

Қыпшақ руынан Торғай батыр (Орта жүз),

Иман Дулатов (Амангелді батырдың атасы),

Сүйіндік руынан Жанайдар батыр (Орта жүз-Баянауыл),

Қыпшақ руынан Басығара батыр (Орта жүз-Көкшетау),

Атығай руынан Аңғал батыр (Орта жүз-Ақмола),

Бетауыл руынан Баубек батыр (Орта жүз-Ақмола)

 тағы да басқа көптеген хан Кененің серіктерімен тарихта белгісіз қалған жауынгер-батырлары болған. Олардың батырлық бейнесі мен көтіріліс барысында көрсеткен жауынгерлік жолдары туралы тарихта аз, айтылмаған. Көптеген тарихи жырлар мен аңыз-әңгімелердің жазылуына арқау болған. Осы күнге дейін шет ел архиві мен отандық архив қорларынан белгісіз болып келген деректерді зерттеп іздестіруге болады.

Кенесары әскерлері табиғи бекіністерді шебер пайдалана білді (қамыс, бұта, төбе т. б.). Патша отрядтары бәрінен де қазақтардың тұтқиылдан шабуылдауынан қорықты. Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаков Ақтау қамалына жақын Тіленші-Шет бекетіне Кенесарының шабуыл жасауына байланысты штаб бастығы генерал-майор Фондерсонға былай деп жазды. «Егер қамыстар мен бұта арасы және басқа да таса жерлер алдын ала толық тексерілгенде, олардың төтеннен шабуылы болмауы да мүмкін еді»/1.303/.

Жеке қамалдар мен бекіністерге шабуыл жасаған кезінде Кенесары жасағы шашыранды  қатармен алға ұмтылып, артынша бәрі қосылып, қамалды жан-жағынан қоршаған. Бұл әдіс, әдетте, дұшпанды әбіржітіп, оның күштерін шашыратуға мәжбүр ететін еді. Мұндай тактиканы Кенесары 1838 жылы Ақмола приказы мен Ақтау қамалына шабуыл жасаған кезде-ақ кеңінен қолданған болатын. Осындай шайқастардың бесін Ақтау қамалының коменданты капитан Кастрюрин суреттеген еді. «Өткен маусым айының 22 күні сағат жетілерде бүлікші сұлтан Кенесары Қасымов бастаған 2 мыңға жуық қазақ бекініске шабуыл жасады және олар шашырай шабуылдап, сағат ширегіндей уақыт өткенде, бекіністі қоршады».

Кеңес Үкіметі орнағаннан кейінгі советтік тарихнамада Кенесарының жеке басына деген көз қарас бұрмаланып, оны “сұрқия қарақшы”, “зұлым бүлікші” және басқа да коммунистік өктем идеологияның жүйесінен туған лайықсыз ұғымдармен бағалағандығының себептерін түсіну қиын емес. Бұл арада әдетте Кремльдік орталықта дайындалған “терезесі тең одақтық республикалар” үшін міндетті нұсқаулары мен коммунистік партияның қарарларының қоғамдық сананы догматикалық сипатта қалыптастыруда қандай жетекші орын алғанын еске түсірудің өзі біраз мәселені аңғартады.

Таптық принципке негізделген сол нұсқауларда орыс мемлекетінің, Ресей отар империясының князьдері мен патшаларын дәріптеу – мемлекеттік саясат дәрежесінде іске асырылса, бұрынғы “бұратаналық” аймақтардағы халықтардың ұлттық батырларын, дарынды қайраткеріне дұрыс баға беру жаттанды “Ұлтшылдық” деген ұғыммен тең болғаны көпшілікке мәлім. Батыстың көрнекті тарихшысы А.Авторхановтың “…үлкен ағамызға берілген кеңшілік (князьдер Игорь мен Александр Невскийді, Дмитрий Донскойды, қолбасшылар Суворовты, Кутузовты, Нахимовты) жасы кіші бауырына рұқсат етілмеген (Түркістандықтарға Темірді, Бабырды, Кенесарыны, кавказдықтарға Шейх Мансурды, Имам Шәмілді, украйндарға Мазепа мен Грушевскийді, Балтық бойындағыларға өздерінің ұлттық батырларын мақтаныш етуге тиым салынды). Ал Түркістан мен Кавказды қан төгумен жаулап алған патша генералдарына олар бостандығынан айырған халықтар жерінде ескерткіштер тұр” /2.125/ – дегені бізде Абылайды, Жоламан, Көтібар, Сырым батырларды мақтан ете алмағанымыз түсінікті. Әсіресе көңіл аударатын жеке басын сипаттауда қара күйеден арыла алмаған хан, дипломат, саясатшы, сонымен қатар даңқы аспанға асқан батыр Кенесарының бейнесі. Иә, ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңдерде де Жамбыл ақын Кенесарының жеке басына тән өнегелі қасиеттерді жырлағаны барша жұртқа мәлім. Алайда соғыстан кейінгі жағдай қазір түбірімен өзгерді.

Кенесарының қолбасшылық өнері туралы сипаттамаларды орыс тарихшылырының зерттеуінен де байқаймыз. Орынбор әскери училищесінің тыңдаушыларының алдында оқылған арнайы лекциясында В.Потто көтерілістің көсемін “жеңімпаз хан, қырғыздың Шәмілі” деп баға берген. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресейде болған ұлт-азаттық қозғалыстардың ішінен Имам Шәміл мен Кенесары бастаған көтерілістің ерекше дараланып тұратынын еске алсақ, бұл бағаның орынды екенін пайымдаймыз. Далалық аудандарда Ресейдің үстемдік орнаған кезін еске алғанда барлық басты оқиғалар қазақ халқының мүддесін мейлінше өзіне сіңірген “бір ғана жан” Кенесарының маңайына топтасатындығын Л.Мейер де мойындаған.

Кенесарыны Сырым батырмен немесе сұлтан Арынғазымен салыстыруға келмейді. “Бұл айлалы, беделді өте ұнататын адам – белгілі тонаушы” деп те жағымсыз бағасын береді сол Л.Мейер. Автор Кенесарыны сирек кездесетін ер жүрек қайраткер болғандығын ашып көрсете келе, адамдарды маңайына топтастыруда “ұлы қасиеті” бар екенін де мойындайды/30.15/. Бұл жағынан қарағанда, әсіресе Л.Мейердің Кенесарыны Сырым батырмен теңестіре бағалауы американ тарихшысы Марта Брилл Олкоттың шығармасындағы талдауға жақын. Кенесары патшаға және оның губернаторларына жолдаған хаттарында өзінің күресін атасы Абылайдың ісінің тікелей жалғасы, яғни XVIII ғасырдың екінші жартысындағы біріккен, дербес қазақ мемлекетін қалпына келтіру екендігін сан рет, тіпті Петербург елшілерін қабылдағанда да ашық білдірген. Осыдан белгілі Кенесарыны ұлы Абылаймен салыстыруымыз да түсінікті. “Ақылы жағынан атасынан төмендеу тұрса де, мінезі және қимылының адуындылығы жағынан әкесі Қасымнан және Абылайдан алшақ тұрады, аз ғана уақытта Кенесары бүтін Сібір даласына белгілі болды”, бір жағынан, азаттық күрестің себебін ашып көрсетсе, екінші жағынан, жаңа саяси ахуалда тарихи сахнаға көтерілген ханның өзіне тән тамаша қасиеттерінің отандастарын төңірегіне жинауда белгілі роль атқарғандығын аңғартады /6.58/.

Көптеген шайқастарда көтерілісшілердің жеңісін ұйымдастыруда басты себеп, ханның жолынан қайтпайтын, ойлағанын іске асыруда мақсатынан таймайтын қайсар қасиеті, жауларына қарсы күресте қатыгездік көрсетсе де Кенесары әмбе қолбасшы, әмбе ұйымдастырушы ретінде өзінің табандылығымен көптеген ұрыстардың куәсі болған патша генералдарын да таңқалдырған. Қызу қимылымен, табандылығымен, кекшілдігімен, қатыгездігімен де басқалардан дараланып көрінген Кенесары қысқа мерзімде өзінің маңайына қалың бұқараның басын біріктірді. Ресейдің өктемдігіне қарсы Кенесарының жеке қасиеттерін мойындасақ та, “бүлікші” ретінде ханның күресін айыптаған патша сатраптарының қазақты ұнатуы мүмкін бе еді? Ол, —  Орта жүзде хандық билікті қалпына келтіруді аңсады, осы мақсатына жету үшін, қырғыз даласында бекіністер тұрғызуға қарсы шығып, Ресейдің ашық жауы болды.

Кенесарының жеке басы туралы шынайы мәлімет пен әділ бағалауды әсіресе Н.А.Середаның еңбегінен көреміз. Жауларын кешірмейтін табанды, жасынан қиыншылыққа мойымауға дағдыланған шыдамдылығы “түйеге тең” деп бір жазып кетсе, екінші бір ойында кедергілерге ешқандай шайлықпай, өз мақсатына жетуде кейін шегінуді білмеуші еді деп те қорытындылайды.

Ұзақ жылдар бойы жақсы қаруланған патша әскерлерімен табан тіресе алысқан Кенесарының бір қасиеті – қиыншылықтарға төзімділігі. Үш жүздің кең даласының ой-шұңқырын алақанындағы қыртыстарындай білген, туған өлкесінің географиялық жағдайын көтеріліс кезінде мейлінше пайдалана білген Кенесарының жауынгерлерінің рухы, жеке басының табандылығы да халық жырларындағы теңеулерге сай. Оның сарбаздарының рухының беріктігіне кез келген Европа әскерінің қолбасшысы таңқалуы мүмкін. Жасынан даланың өміріне үйреншікті болған қазақтар әрбір тастың, ағаштың, төбенің аттарын жатқа білетін, ондаған шақырым қашықтыққа созылған тау-тас арасынан таспадай иректеліп өтетін, әзер көзге ілінетін соқпақтар қазақтар үшін дайын, көз алдындағы бадырайған географиялық картадай көрінетін.

Ал кейбір сәтте әр жерде орналасқан, көшкен қонысы бір-бірінен алшақ жүздеген шақырым жерге қазақтар тойға немесе өлген адамның асына құрмет көрсету үшін қиналмай-ақ баратынын еске алсақ, көтеріліс жылдарында туған жердің кеңдігін Кенесары мен оның батырларының, жасақтарының сан өлім тырнағынан құтылуда себепші болғанын ұмытпаған жөн. Осы жағдайларды есінен шығармаған хан Кенесары патшаның жазалау топтарымен айқастарды бұндай ахуалды ескергендігі оның көрген қолбасшы екенін танытты. Иә, бұл ғажайып тұлға еді, басқа бір жағдай да тәрбиеленсе Кенесарының керемет мемлекет қайраткері болатыны сөссіз.

Кенесары Қасымұлы, әрине, өз заманының ең белгілі саяси қайраткерін, оның сезімтал саясатшыл тұлға болғандығын  жоғарғы тарауда да айтып өттік. Аңғаратын бір жай-қазақ ханының көптеген қасиеттерінің, әсірісе саясатшылдығы мен қолбасшылық дарының тәуелсіздік жолындағы ауыр күресте мейлінше шыңдалғаны. Бірде айлакер дипломат, бірде көрші мемлектермен тіл де табысқан, күш те керсетуден тайынбаған саясатшы, әсіресе, оның қолбасшылық дарыны басқа да табиғи, кейіннен өмір шындығына шыңдалған қолбасшылық өнері мейлінше айшықтанып тұрған сияқты. 

Көрнекті жазушы I. Есенберлиннің де тарихи түлғаның қолбасшылық өнерін көркем тілмен өрнектеуіне қарағанда әскер ісін басқаруда, осыған сай реформаны жүзеге асырған Кенесары өз заманының белгілі қолбасшыларының бірі екеніне ешқандай күмән жоқ. Тегеурінді шабуылымен жауына бас салғанда, дала өңірінде ештеңе қалдырмайтын қүдіретті құйындай Кенесарының соғыс қимылдарының мол болғандығы мен толық келісуге болар.

Оңтүстік Қазақстаңды, өзбек хандықтарын жаулап алуда, Кенесарының балаларымен күресте қаталдығымен көзге түскен генерал И. М. Черняев 1889 жылы Е. Смирновтың өңдеуімен жарық көрген «Кенесары және Садық сүлтандар» деген сын мақаласында хан Кенесарының не қолбасшылығын, не басқа да ол кезде кең танылған қасиеттерін көрмеген білмеген болып, Ахмет сұлтанның кітабын «өзінің туыстарын мадақтауға тырысушылық деп» кітаппен, оның басты кейіпкері Кенесары туралы ләм демейді. Керісінше, осы кітап туралы жарық көрген екінші сын мақалада, орыс әскерлері  қазақ даласына төне  бастағанда  «қырғыздар» арасында даңқымен аты жайылған батыр, сүлтан Кенесары Касымов қарсы шыққан еді,— деген жалпы қорытындыны түйіндей келе, «Кенесары ірі жеңістерге қолы жетпесе де, күтпеген жерден шабуыл жасап, өзін қуғындаушылардан жасырынып үлгеруші еді дейді.

Белгілі әскербасы Кенесары Ресей сияқты ірі елмен көп жылға созылған күреске бас бола отырып, өзінің туы астына  жиналған қолды,  заман талабына  сай жағдайга бейімдеуде қажымай еңбектенді. Не Сырым Датұлы, не Исатай Тайманұлы, не Қаратай Нұралыұлының, басқа да XVIII ғасырдын, соңғы ширегінде — XIX ғасырдың бірінші жартысындағы көтерілістерде қазақ жауынгерлерінің зеңбіректі пайдаланбағандығы белгілі. Бұл жағдай саны аз ғана патша әскерлерінің жеңіске жетіп отыруына басты себептердің бірі болғаны рас. Әскерінің қатарына Ресейден қашқан солдаттарды, басқа, бұрын байырғы орыс қарулы күш қатарында болған қару-жарақ, әскери өнермен танымал ұсталарды тарту сарбаздардың соғысу қабілетін арттырды. Хиуадан, Бұхарадан жеткізілген зеңбіректер Кенесарының «артиллериясының» негізі болды, патша әскерлерімен, Қокан бектерімен күресте демеу болды, кейін Алатау қырғыздарымен алысқанда да Кененің зеңбіректері қүдіретті күшін байқатты.

Әскерді бұрынғы соғыс жүргізудің азиялық тәсілімен жүздерге, мыңдарға бөлу, сарбаздардың басына ержүректілігімен, азаттық күрес ісіне берілгендігімен көзге түскен батырларды тағайындау, олардың жан аямай күресі — Кенесарының қолбасшылық, ұйымдастырушылық қасиетінің шыңдалғандығының бір көрішсі.

Кенесарының туының астында топтасқан қарулы серіктерінің арасында, азаттық соғыстың мүддесіне аяғына дейін берілген, қанды шайқастарда ерлігімен көзге түскен үш жүздің де батырлары болды. Солардың қатарында Ағыбай, Аңғал, Байсейіт, Туғанас, Тобылды, Таймас, Жеке, Бұхарбай, Бұғыбай, Жоламан, Жауке, Сұраншы, Иман, Құрман, Төлебай, Наурызбай т. б.

Хан Кене өзінің киімін де әскери қолбасшыларға сай таңдайтын — жалтыраған эполеттері бар барқыттан тігілген шекпен киген Кенесарының артында ту ұстаған жауынгер тұратын. Ұзын найзаларын ұстаған сардарларының ортасында Кенесары өзінің серіктерінен алға қарай оқшауланып қаһарлы бейнесімен көз тартатын. 1844 жылдың тамыз айында Екатеринская станицасына көтерілісшілер шабуыл жасаған кездегі Кенесарының жеке сырт көрінісі төмендегідей: дүрбімен қарағанда ақбозатқа мінген көтеріліс басшысын көрдік. Алтын жіппен көмкерілген, орыстың полковник шеніндегі эполеттерін таққан Кенесарының басында офицердің бас киімі, иығынан қайтара күміс шарф ораған.

 Төрт ай Кенесарының тұтқынында болған барон Услардың ханның сырт пішініне берген сипаттамасы кейіннен оның портретін жасауға басты дерек болды. «Бойы сонша сұңғақ та емес Кенесары арықша келген, бет пішіні қалмаққа ұқсайды, оның тегін байқатады. Сөйтсе де Кенесарының қиғаш көздері ақылдылықты көрсетеді. Бұлай қарағанда тіпті қатыгездіктің еш нышаны көрінбейді.»/6.63/.

Совет дәуірінде жарық көрген көпшілік зерттеулерде хан Кенесарының «қанды балақ қайраткер, аяуды білмейтін озбыр» деп жеккөрінішті бағалағаны белгілі. Көтеріліс жылдарында ханның қабылдауында болған судагерлер мен дипломаттар, тағы да тағдырдың талқысымен аты шулы қолбасшымен тілдескен жандар бірауыздан оның ілтипаттылығын, қонақжайлылығына көңіл аударады. Осындай қолбасшының бір аптадай қонағы болған приказщик Порфирии Глебович Уфимцевтың жазбасында ханның жеке басы мен тұрған жайы жөнінде тартымды мәліметтер келтірілген. Көтеріліс қамтыған өлкеден тауар алып өткені үшін ханның қазынасына баж салығын өткізуге мәжбүр болған керуенбасылар Кенесарының ауылын айналып өтуге батылдары бармайтын. Қазақ даласын арлы-берлі шарлап жүрген, ханның қонағы болған көпестердің айтуынша, егер Кенесары қабылдауында кімге қолын берсе, оның пиғылының ерекше жұмсарғанының белгісі екен. «Ханның киіз үйі, шындығында патшаның түратын жайындай бай көмкерілген: қайда кез жүгіртсең қымбат кілемдер, қабырғада алтын жіппен тігілген шәлілер. Кенесары жан-тайып отырған жастық та алтын жіппен өрнектелгені көз нүрын алады. Киген киім, жібек, алтын жіптермен безендірілген. Үйдің табалдырығынан аттап, үш мәртебе жерге дейін иілдім. Кенесарының киімін сүюге ишарат білдіріп едім, ол қолын көтеріп, басыма ернін тигізді. Одан соң отырғызып, әр жайды сұрастырды». Төрт ай Кенесарымен бірге көшіп жүруге мәжбүр болған барон Услардың жазбаларында, басқа да бірқатар деректерде қазақ ханының тұрғын жайы туралы мардымды ештеңе айтылмаған. Ханның қонақ-жайлылығы белгілі болса да оны сипаттайтын мәліметтер де  сирек  кездеседі.   Өзінің  жазбаларын қорытындылай келе Уфимцев бір апта бойы Кенесарының ауылында қонақта болып ешбір жәбірлеусіз керуенімен аман-есен қайтқанын зор қанағаттанғандықпен сипаттайды./2,145/.

Кенесарының ұлылық қасиеттері, қолбасшылық даңқы бүтін қазақ даласына сол көтеріліс жылдарында да кең таралып кетті. Ақын-жыраулар ханның ел үшін арпалысқан күресін бүтін қазақ даласына ән-жырмен жайды. А. Янушкевич Жетісуда болған кездегі мынандай жайды кітабында әңгімелейді. Бір кешкі думанда ақындық суырып- салма өнерімен жиналған жұртты таңқалдырған жас қызға, Кенесары туралы жырлап берсеңіз деп жалынады. «Мен ол жөнінде бірде бір ән шығарғаным жоқ. Алайда кешкі думанға қатысып отырған  қырғыз таршындары біздің реңімізді аңдып орыстар жөнінде артық кетпе дегендей ишарат бідірді. Түнде Қожамсүгірдің музыкасымен әндер шалқыды. Кенесары, Кенесары — Саржан» деген саяси мәні бар үндер де еміс-еміс естіледі»— дейді Янушкевич ойын түйіндей келе.

Қолбасшы ретінде Кенесары Қасымүлы 10 жылдық күресінің барысында патша үкіметінің жақсы жасақталған, қаруланған, европалық елдермен соғыстарда мол тәжірибе жинаған әскерлеріне қарсы арпалыста шыңдалды, қазақ сарбаздарының күрес әдістерін жетілдіруде зор үлес қосты. Үш жүздің әр аудаңдарында шоғырланган Кенесары ең алдымен патша әскерлерінің қателіктерін әрдайым шебер пайдаланды. Мылтық жетіспеген, зеңбіректері тым аз Кенесарының сардарлары күтпеген жерден шабуыл жасау тактикасын жиі қолдаатын. Негізінде найза, садақпен қаруланған Кенесары сарбаздарына өкірейіп, менсінбей қараған жазалаушылар тобы сан рет көтерілісшілердің қоршауында қалғаны белгілі. В. Потто тек Кенесары ғана емес, Есет Көтібаров бастаған қозғалыс кезінде де патша әскерлерінің өркөкіректігі көтерілісшілердің кейбір жетістіктеріне себепші болғандығына көңіл аударған./14.45/.

Әрине, көшпенді өмірдің ауыр жағдайы да қазақ сарбаздарынан жасынан сыннан өтуіне жағдай жасайтынын да ұмытпасақ. Азғана сүрленген ет, бір дорба құрт, тары, атына шамалылап сұлы ғана алатын қазақ жауынгерлері бірнеше күн бойы тойып тамақтанбай, күніне ондаған шақырьм жерді жүріп өтетін. Тиіп-қашты әдісімен қимылдаған ауыл жауынгерлері, жоғарыда ескертіп кеткендей, туған жердің қыртысын жетік біліп, жазалаушы топтарды адастырып, қуғындаудан құтылып кетіп отырды. Мысалы, 1840 жылы шілде айының 6-ында Сібір корпусының командирі генерал-лейтенант Горчаковтың соғыс министріне жолдаған хатында Қарқаралы приказына шыққан жүзбасы Ребриковтың әскери тобы Балқаш көлінің солтүстік өңірінде Құр-Бақанас маңайында көтеріліске қатысы бар тобықты болысының қазақтарын, көшіп-қонып жүрген өңірінен таба алмай қалғанын өкіне хабарлаған. Әскерінің саны 20000-ға дейін жеткен Кенесары өзіне қарсы қазақ феодалдарымен шайқастарда мейлінше көбірек сарбаз шығарса, зеңбіректері бар жазалаушы топтармен күресте жеке-жеке топтармен жауын мазалап қалың қолын ұрысқа бірден кіргізбей, аңдап қимылдады. Қазақ халқының тарихы жөнінде көптеген еңбектердің авторы, полковник И. Венюков қазақтар, буруттар (қырғыздар), түрікмендер шайқас кезінде шашырап қимылдайды, ұрыс болып жатқан жерде  «ержүректілері алдында, қорқақтары — артында тұрады» деп жазған.» Алайда,—деп жалғастырады И. М. Венюков,—қазақтармен қырғыздар ұрыс даласына барлық күштерін салмайды. Өздеріне жағдай қолайсыз қалыптасса, олар түкпірлі далалық өңірге шегініп кетеді». 40-шы жылдардағы Кенесары Қасымұлының жазалаушы әскермен соғысы осындай айлаға негізделген. «Біздің әскерлеріміз    жан-жақтан қысымға алып», құр далаға қуып тықса да, өзінің қоршаудан құтылатынына сенімі мол Кенесары шегінуге әрдайым жол табатын/6.65/.

Кенесарының туы астындағы қазақтардың әскери тактикасының ерекшеліктеріне барон Услар да назар аударады. «Алдымызда жан-жаққа шашырай шауьш келе жатқан қырғыздардың тобын көзіміз шалды. Айғай, қаһарлы үн құлақты жаратын. Мылтықтың оғы жететін қашықтыққа жеткенде тоқтай қалып, Абылай-Кенесары деп өңештерін жырта айқайлады». «Кенесарының бізді шабуылдаған мақсаты кейін бүлікшілерді қуғындауға мүмкіңдік бермеу үшін, аттарымызды қолға түсіру мақсаты екендігі байқалды. Оң қанаттан бір зеңбіректі оқ жаудыруға дайындадық. Осыны көрген қырғыздар бір жерге шоғырланып, шегінуге ыңғайланды. Картечьтің қырғыздар арасында жарылғандағы шошындыратын әсерін көрсеңіз…»— деп жазады сол Услар./2.289/.

Азиялық халықтардың әскери өнерінде ғасырлар бойы сақталынған күштің саны мен қолбасшының тапқырлығына, тәртіпке негізделген соғысу тактикасы қару-жарақтың сапасының артуымен бірқатар өзгерді. Зеңбіректердің гүрсілдеген дауысы, найзағай отындай шашыраған оты бұрын суық қарумен соғысқа машықтанган атты қазақтарға қиын соқты. Негізінде хан Кенесарының дарынды қолбасшылық қасиеті, орыс әскерлерінің ашық үрыстағы соғысу әдісімен таныстығы, қазақ жасақтарының күшін ептілікпен пайдалануы азаттық күрестің тегеурінді болуына әсерін тигізгені анық. «Қырғыздар, сөз жоқ, ержүрек халық. Қалмақтармен және де басқа жауларымен ашық күресте сан жеңістерге жеткен. Әрине, біздің әскерімізге қарсы тұра алмайды. Олардың тегеуріні қайратты айғай-шумен дүрсе қоя бергенде, үрейленесің. Алайда мылтықтарымен төрт бұрыштанып бірыңғай тізіле қалған байырғы әскерді көргенде, олар кейін шегініп, жөңкіледі» . Завалишиннің осы сипаттамасы әртүрлі сөздермен берілсе де, жалпы мазмүны көптеген авторлардың еңбектерінде қайталанған.

Қолбасшы ретінде Кенесары Қасымұлы он жылдық күресінің барысында патша үкіметінің жақсы жасақталған, қаруланған, европалық елдермен соғыстарда мол тәжірибе жинаған әскерлеріне қарсы арпаласта шыңдалды, қазақ сарбаздарының күрес әдістерін жетілдіруге зор үлес қосты. Үш жүздің әр аудандарында шоғырланған Кенесары ең алдымен патша әскерлерімен қателіктерінің әр дайым шебер пайдаланды. Мылтық жетіспеген, зеңбіректері тым аз Кенесарының сардарлары күтпеген жерден шабуыл жасау тактикасын жиі қолданды. Негізінде найза, садақпен қаруланған Кенесары сарбаздарына өкірейіп, менсінбей қараған жазалаушылар тобы сан рет көтерілісшілердің қоршауына қалғанына белгілі.

Әскерінің саны 20 мыңға диін жеткен Кенесары өзіне қарсы қазақ феодаодарымен шайқастарда мейлінше көбірек сарбаз шығарса, зеңбіректері бар жазалаушы топтармен күресте жеке-жеке топтармен жауын мазалап қалың қолын ұрысқа бірден кіргізбей, аңдап қимылдады. Кенесарының қолбасшылық қасиеті, соңынан егер халықтың басын біріктіріп, күреске баулудағы нәтижелері орыс әскерімен ұзақ жылдарға күресте мейлінше айұын көрінді.

Кенесары Қасымұлының қазақтарды азат ету жолында тек Ресей империясымен ғана емес Қоқон хандығымен де күресті. 1841 жылы ақпан айында Кенесары Қоқан хандығына шабуыл жасады. Патша үкіметінің қарсылығын уақытша болса да бәсеңдету үшін Перовскийге хатында Кенесары Қоқан бекіністеріне жоғарығының себебі азапқа түскен қазақ руларын Қоқан билігінен бастап «патшаға қызмет ету» деп сендіруге тырысқан «Бізге жеткен мәліметтерге қарағанда, қоқандықтар сауда керуенін қазақтар тонады деп жала жапқысы келді. Бұл іске еш қатысымыз жоқ.Өзіміздің руларымызды босатып алдық. Ал керуеннің бір тиынына қол сұқпадық»,/5.211/-деп жазды Кенесары сол хатында.

1843 жылы Кенесарының Қоқан бекінісі, Ақмешітке, Созақ және басқа қоныстарына шабуылдары Кенесарының Сыр бойындағы қазақтарға бостандық алып беру саясатымен байланысты. Алайда, діні бір, тарихи тағдыры ортақтас жері жақын Қоқан мен қазақ ханы жақындасып кетеді деген қауіптен арыла алмаған Перовскийдің өзі Кенесарыға күдіктене қарады. Сібір әскери корпусының командирінің 1840 жылы наурыз айының 14-індегі хатында «Ташкент құсбегі Кенесарыға септік жасауда қолын тартқан жоқ» деп Қоқан хандығына кудіктенуінің қосалқы бір негізі бар сияқты.

Орта Азия хандықтары арасындағы қайшылықтарды Кенесары қазақ мемлекеттілігін мүддесіне сай шебер пайдаланады. Дербес мемлекеттің қайракері ретінде Бұқара мен Хиуа хандықтарына жиілетіп өкілдерін жіберу арқылы сол елдердің қазақ хандығының азат күресі туралы бағыттарын айқындап отырды. Қоқанға қарсы күресте Кенесары Бұқара әміршісі мен одақ жасады. Созақ бекінісін қоршауда көтерілісшілермен қатар Бұқара әскери күштері де қатысқан.

Кенесары айлакерлігімен Ресей ықпалындағы сұлтандарды да өз ығына көндіргенін жоғарыда айтып өттік. Абылайдың ұлдарының бірі -Әбділда сұлтан алғашында патша үкіметіне бас иген белгілі шонжарлардың бірі болды. Бірде мынандай оқиға болған. Полковник Қоңырқұлжа Құдаймендин ат тұяғын біріктірген Әбділда өзінің тобымен Кенесары сарбаздарының қоршауында қалды. Үкіметке  өзін ұстап бермек болған Әбділданы Кенесары жазаламайды, арнайы үй тіктіріп екі күн қонақ етіп жібереді.Осыдан кейін Әбділда сұлтан көтерілісшілер жағына ойысты.

Сыр бойында патша үкіметіне қарсы күресте ерекше орын алған батыр Жанқожа Нұрмұхамедовтың Кенесары көтерілісі туралы көз-арасын анықтау қиын. 1846 жылы патша үкіметінің сыйлық ретінде кафтан, 1847 жылы 200 сом күміс ақшамен жалақы тағайындалған, 1848 жылы есаул әскери шеніне ие болған/6.43/, батыр Жанқожаның халық есінде тамаша естеліктерімен бірге солқылдақтық саясаты да Кенесары көтерілісінде көрініп-ақ қалды.

Кенесары армиясында әскери-далалық және агентуралық барлау біршама жақсы жолға қойылған. Ол сенімді адамдардан арнайы түрде барлаушылар тағайындаған. Олар дұшпан туралы қажетті мәліметтер жеткізіп отырған. Көп жағдайда барлаушылар жау тылында қимыл жасады. Ал кейде жау әскерлерінің арасына кіре алған. 1843 жылы Орынбор және Сібір әскерлерінің біріккен жорығы кезінде полковник Бизанов басқарған Орал қазақ отрядының құрамында барлаушы Төлебай болды. әскер саны, қару-жарағы және отряд бағдарлары туралы қажетті мәліметтерді жинап, Төлебай осының бәрін дер кезінде Кенесарыға жеткізіп отырды. Бұл Кенесарының тиісінше қорғаныш шараларын жасауына мүмкіндік берді.

Кенесары шегінген кезде де ерекше тактика қолданған, тосқауыл ретінде шекара Шебіне жақын жерлерде ұсақ партизан топтары қалдырылды. Олар бектерге, жол айырығындағы топтарға қарсы сәтті қимылдап, арбалы керуендерге шабуыл жасап отырған. Дұшпан әскерінің қозғалуын қиындату және бәсеңдету үшін Кенесары өзі шегінер кезде қырға өрт қойып, құдықтарды қиратуға бұйрық берген, бұл далалық соғыс жағдайында дұшпан үшін қосымша қиындықтар туғызған және оларды жем-шөпсіз, сусыз қалдырған. Мысалы, В. А. Потто осыны айта отырып, былай деп жазды: «Қырғыздар ауылдарында сирек қорғанады, әскер жақындаған кезде шөпсіз, сусыз далаға алдын ала шегініп кетуге тырысады. Қуғынды кідірту үшін олар құдықтарды бастырып кетеді немесе қырға өрт койып, жем-шөп пен суаттарды жояды».

Кенесары дұшпанды алдау әдісін де кеңінен пайдаланған. Ол әлдебір бағытқа бет алған болғансып, дұшпанды теріс жолға салып жіберіп отырған. Мысалы, генерал-майор Жемчужников басқарған Сібір және Орынбор отрядтарының бірлескен шабуылы кезінде оларды осылай алдады. Орыс чиновнигінің ресми бір хабарламасында былай деп айтылған: «Кенесары өзінің ауылдарымен тынымсыз көшіп-қонып және өз ізін жасыру үшін жалған көшіп отырды, күндіз бір жерге келіп тоқтаса, ал түнде сол жерден мүлде басқа жаққа көшіп кетеді».

Кенесарының әскери жорықтары кезінде қыс түсісімен қазақтар көтерілісі бәсеңдеп, қозғалысқа қатысқан барлық жігіттер қыстауларына қайтады. Олар тек көктем мен жазда, көк шөптің өсуімен аттар тез оңалып, қазақтар алғашқы қымызға тойып алып, делебесі қозған соң Кенесары маңына жиналып, келесі жорыққа дайындалады.

Кенесары қыс кезінде де жорыққа шыққан. Тек оған алдын ала дайындалатын еді.

Ханның қолбасшылық қасиеті, соңынан ерген халықтың басын біріктіріп, күреске баулудағы нәтижелері орыс әскерлерімен ұзақ жылдарғы күресте мейлінше айқын көрінді.

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Кенесары талантты қолбасшы ретінде соғыс кезінде әр түрлі соғыс тактикасын пайдаланған. Қазақстанның кең даласы оған жылжып орын ауыстыра соғыс жүргізу әдісін кеңінен колдануға мүмкіндік берді. Кенесары жігіттері шебер шабандоз болғандықтан, жер жағдайын жақсы білгендіктен қуғыннан жиі құтылып кетіп отырған. Олар дұшпанды айналып өтіп, тұтқиылдан көкжелкеден соққы беретін. Мысалы, 1844 жылы билеуші сұлтан Ахмет Жантөриннің отряды Кенесарының ізіне түскен кезде, төтеннен сыртынан соққы алып, толық дерлік жойылып кетті.

Кенесары хандығының ішкі саяси құрылысына талдау жасауды аяқтай келе, өзара тартыс пен барымтаның, патша өкіметінің орталық саясаты және Қоқан мен Хиуа езгісінің ауыртпалығын бастан кешкен халықтың қалың бұқарасы халық күшін біріктіріп, топтастыратын өкімет билігінің қажеттігін ертеден-ақ түсінгенін айта кету керек. Кенесары ханның дипломатиялық саясатшыл қабілеті азаттық көтерілістің басында-ақ пайда болған.

Кенесары хан қазақ халқының біртұтастығын Ресей империясының қарамағында егеменді ел дәрежесінде сақталуын көкседі. Ол ақ патшаны, Ресейді бейбіт өмір сүруге шақырды. Тарих тәуелсіздік жолы – қиын жол екендігін дәлелдеді. Тек санасы жоғары, бірлігі бар, өнерлі де, өнегелі болған елде ғана тәуелсіздік баянды болады. Хан Кенекеңнің өмірі, оның өсиеті осының көрінісі.

Хан Кенекең халқымыздың қаһарман перзенті болу жолы ерекше. Ол – елім деп еңіреген, халқым деп қайысқан, қан жұтқан ұл.

Батыр – бір оқтық. Осылай бола тұрса да хан Кене көзін, өлімге байлаған. Қорықпайтын адам жоқ. Бірақ ол сол пендешілік сезімді ақыл-ойға, парасатқа женгізіп, батырлықты даналыққа мәңгілікке жалғастырып кеткен жөн.

Осындай жаналықтармен қатар Кенесары армиясында ортағасырлық ескі күрес әдістері де пайдаланылды. Қырғыз манаптарымен қақтығыс кезінде шайқас батырлардың жекпе-жегімен басталып отырған. Сонымен қатар қарсы жақтың өлген адамдарының бас терісін сыдырып алатын болған т. б.

Сөйтіп, тәртіпті армия құрған Кенесары оны сол уақыт талабына сай әскери өнерге үйретуге күш салды. Сондықтан әскери күштерді ұйымдастыруда кейбір жаналықтар енгізуді ойластыруы осындай себептерден туған болатын.

 Азиялық халықтардың әскери өнерінде ғасырлар бойы сақталынған күштің саны мен қолбасшының тапқырлығына, тәртіпке негізделген соғысу тактикасы қару-жарақтың сапасының артуымен бірқатар өзгерді. Зеңбіректердің гүрсілдеген дауысы, найзағай отындай шашыраған оты бұрын суық қарумен соғысқа машықтанған атты қазақтарға қиын соқты. Негізінде хан Кенесарының дарынды қолбасшылық қасиеті, орыс әскерлерінің ашық ұрыстағы соғысу әдісімен таныстығы, қазақ жасақтарының күшін ептілікпен пайдалануы азаттық күрестің тегеурінді болуына әсерін тигізгені анық. «Қырғыздар, сөз жоқ, ержүрек халық. Қалмақтармен және де басқа жауларымен ашық күресте сан жеңістерге жеткен. Әрине, біздің әскерімізге қарсы тұра алмайды. Олардың тегеуріні қайратты айғай-шумен дүрсе қоя бергенде, үрейленесің. Алайда мылтықтарымен төрт бұрыштанып бірыңғай тізіле қалған байырғы әскерді көргенде, олар кейін шегініп, жөңкіледі» Завалишиннің осы сипаттамасы әртүрлі сөздермен берілсе де, жалпы мазмүны көптеген авторлардың еңбектерінде қайталанған.

Кенесары хандығының ішкі саяси құрылысына талдау жасауды аяқтай келе, өзара тартыс пен барымтаның, патша өкіметінің орталық саясаты және Қоқан мен Хиуа езгісінің ауыртпалығын бастан кешкен халықтың қалың бұқарасы халық күшін біріктіріп, топтастыратын өкімет билігінің қажеттігін ертеден-ақ түсінгенін айта кету керек.

Кенесарының орталықтандырылған біртұқтас мемлекет құруға талаптануы халық мүддесіне сай келген. Ханның қолбасшылық қасиеті, соңынан ерген халықтың басын біріктіріп, күреске баулудағы нәтижелері орыс әскерлерімен ұзақ жылдарғы күресте мейлінше айқын көрінді.

Кенесарының айлакер де, терең ойлы саясатшы және дипломатиялық қасиеттерін патша губернаторларымен алмасқан хаттарынан көруге болады.

Кенесары Қасымұлының азаттық қозғалыстың мақсатына жету жолында дипломатиялық айла-амалдарды шебер пайдаланғандығын мейлінше айқындайтын оның хаттары. Архив қорларында, жарияланған деректемелік жинақтарда қазақ ханының мақсатымен ниетінің мазмұнын ашатын көптеген құжаттар сақталынған.

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Бекмаханов Е.Б. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40-жылдарында. Алматы.1994.
  2. Середа Н. Бунт киргизкого султана Кенесары Касымова (1838-1847). Атырау.1992.
  3. Рязанов А.Ф.Кенесары. Исторический очерк. Алматы. 1993.
  4. Бекмаханов Е.Б. Восстания хана Кенесары. Алматы. 1992.
  5. Национально освободительная борьба казахского народа предворительством Кенесары Касымова (сборник документов) // ЦГАРК. Региональный фонд Кенесары. Алматы.1996.
  6. Қасымбаев Ж. Кенесары хан. Алматы. 1993.
  7. Касымбаев Ж. Последний поход хана Кенесары и его гибель. Алматы. 2004.
  8. Кенесарин А. Султаны Кенесары и Садык. Алматы. 1992.
  9. Кенесарин Н.А. О деятельности Кенесары хана по царским документам. Алматы. 2001.
  10. Сарсенбаев М.А. Международное право в истории Казахстана и Средней Азии. Алматы.1991.
  11. Валиханов Ч.Ч. Собр.соч., в пяти томах. Т.2. Алматы.1985.
  12. Галиев В.З. Движущие силы народно-освободительной борьбы под предворительством хана Кенесары Касымова// Аблай хан. Кенесары. /Поблемы наци-онально-освободительного движения/. Алматы. 1993.
  13. Касымбаев Ж.Н. Еще раз о гибели хана Кенесары // Заман-Қазақстан.1997. 23 мамыр.
  14. Касымбаев Ж. Об освободительном характере восстания хана Кенесары Касымова // Аблай-хан. Кенесары. /Проблемы национально-освободитель-ного движения/. Алматы.1993.
  15. Кенесарыұлы А. Кенесары және Сыздық сұлтандар. Алматы.1992.
  16. Козыбаев И.К. Историография Казахстана. Уроки истории. Алматы.1990.
  17. Қасымбаев Ж. Даланың ержүрек митридаты // Қазақ батырлары. 1992. №3.
  18. Құсаинов Қ.Кешегі өткен Кенекең // Халық кеңесі. 1992. 26 желтоқсан.
  19. Масанов Н.Е. Проблемы соционально-экономической истории Казахстана на рубеже ХVІІІ-ХІХ веков. Алматы. 1984.
  20. Ыбырай Е.Т. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысты зерттеудің кейбір мәселелері // ҚазҰУ хабаршысы. 1997. №
  21. Национальные движения в условиях колониализма /Казахстан, Средняя Азия, Северный Кавказ/. Материалы Всесоюзного „круглого стола”. 27-28 июля 1990 г. Целиноград, 1991.
  22. Рязанов А. Прошлое Кзыл-Орды. Ак-мечеть// Совет-ская киргизия. 1925. №5.
  23. Сүлейменов Р., Қасымбаев Ж. Тарихи тұлғалар: Кенесары көтерілісі-көне шындыққа жаңа көзқарас // Қазақстан коммунисі. 1991. №3.
  24. Хан Кене. / Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен хан-батырлар туралы тарихи толғамдар/. Алматы.1993.
  25. Тәкенов Ә.С. Қазақ тарихының зары // Қазақ тарихы. 1996. №
  26. Янушкевич А. Дневники и письма из путешестивия по казахским степям. Алматы.1966.
  27. Әбсемет М. Ақжолтай Ағыбай: Өмірі мен батырлық жолы. // Ақжолтай, Ағыбай батыр.
  28. Материалы по истории политического строя Казахстана. Т.І, Алма-Ата, 1960.
  29. Казахско-русские отношения в ХVІІІ-ХІХ вв. Сб. документов и материалов. Алма-Ата, 1969.
  30. Мейер Л.Киргизская степь Оренбурского ведомства…,57.б. Профессор Шалекеновтың мақаласында сипатталған (Зерде, 1992 №8-9).
  31. Бекмаханов Е.Б. Казахстан в 20 – 40-е годы ХІХ века. Алма-Ата, 1947.
  32. Қазақстан тарихы: очерктер.-Алматы.1993.
  33. Құсайынов Қ.Қ. Есіл жазығы: отаршылдық дәуірінде. Аламаты, 1994.
  34. Мырзахметов Е. Хан Кененің оң қолы. // Қзақ әдебиеті, 1997. 5-маусым. 7-8 б.