АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Кіші және Орта бизнесті несиелеу (Альянс Банк мысалында)

 

Кіші және Орта бизнесті  несиелеу(Альянс Банк мысалында)

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ. 3

 

  1. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ ҮШІН ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ.. 6

  1.1 Шағын және орта бизнестің дамуы мен несиелендірудің әлемдік тәжірибесі…………………. 6

  1.2. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау………………………………………………………………………………16

  1. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ТӘЖІРИБЕСІ …

  2.1 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ құру көздері және олардың бағыттары………………………………………………………………………

  2.2 Шағын және орта бизнес объектілерін қаржыландыру және несиелендіру тәжірибесін АҚ «Альянс банк» мысалында талдау. …. 

 

3  ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК ДАМЫТУДЫ НЕСИЕЛЕНДІРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ.

 

ҚОРЫТЫНДЫ..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі. Нарықтық экономика дамуының теориясы мен тәжірибесіне сәйкес кәсіпкерлік қоғам өмірінің неғұрлым маңызды: экономикалық әлеуметтік және саяси сфераларындағы құрылым құрушы элемент болып табылады.

Нақты өмірде аталған аспектілердің көрінісі бірқатар ішкі және сыртқы факторларға байланысты қалыптасады, ол кәсіпкерлік зерттелу объектісі ретінде күрделі және көп жақты болып келеді.

Шағын бизнесті дамытудың негізгі мақсаты кәсіпкерлік ары қарай дамуы үшін, жаңа мықты импульс алуы үшін, көзқарасты шоғырландыру қажет негізгі (маңызды, стратегиялық) сәттерді анықтауда.

Осындай сәт ретінде нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерліктің негізін құрайтын ортаңғы класс мәселесін қарастырылу ұсынылады.

Арнайы зерттеулер жүргізген ғалымдардың образдық салыстыруы бойынша “қазіргі дамыған қоғамда әлеуметтік құрылымды эллипс түрінде көрсетуге болады, оның жоғарғы және төменгі жағын сәйкесінше элита мен кедейлер, ал ортаңғы жағы көп бөлігін – орта класс құрайды”.

Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің дамуы өтпелі кезең ерекшеліктеріне байланысты қиын және қайшылықтарымен жүзеге асырылады.

Шағын бизнестің қалыптасуының бастапқы кезеңінде жалпы ұлттық масштабта аталған сектор дамуын мемлекеттік қолдауға концептуалдық көзқарас қалыптасқаннан кейін соған негізделе нормативтік құқықтық база құрылып, қойылған мақсатқа қамтамасыз ететін жүзеге асырушы ұйымдастырушылық – құқықтық механизмдер қалыптасқан.

Қолданылған шаралар нәтижесінде 1992-1993 жылдары күш жинай бастаған шағын кәсіпкерлікті белсендіру процессі 1994 жылы бәсеңдеп кейінгі екі жылда мүлдем тоқтатты.

Ол жалпы экономикалық жағдайдың нашарлауына, қолайсыз криминогендік жағдайдын болуына, сондай-ақ қабылданған заң және бағдарламалы құжаттардың нақты орындалмауына байланысты болды.

Мақсаты. Осы уақытқа дейін Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудағы негізгі бағыт салық преференцияларын мен мемлекеттік қаржы есебінен жеңілдіктік қаржыландыру болды, ол жерде қысқа мерзімді нақты әсер алынып, жүйелі бастамаларда жүргізіледі.

Сол себепті, негізгі мақсаты Қазақстанның бәсекелесті қабілетін жоғарлату болып табылған Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалдық – инновациялық даму стратегиясында мемлекеттік саясат көзқарастарын қайта қарастырылып шағын және орта кәсіпкерліктің жаңа даму идеологиясы жасау қажет.

Қазіргі таңда, шағын және орта кәсіпкерлік өзін инновациялық экономикада табуда жедел іздестіру үшін өзінің икемділігін, мобильділігін, нарықтық объективтілігін қолдануына жағдай пісіп жетілді. Мемлекет өз тарапынан кәсіпкерлік орта инициативасы жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай туғызуы қажет.

Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың жедел шараларын қабылдауда. Қазақстанда шағын бизнес сұрақтары келесідей заңдылық актілермен реттеледі: «Кәсіпкерлікті дамыту мен шаруашылық қызмет еркіндігі туралы», «Лицензиялау туралы», «Банкроттық туралы», «Шаруашылық серіктестіктер туралы», «Жеке кәсіпкерлікті қорғау туралы», «Кооперациялау туралы», «Шағын бизнес пен кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы».

Шағын және орта бизнестің нақты артықшылықтарын қолдану кезінде кез келген елдің жағдайы тұрақтанады, өндіріс құлдырауы тоқтатылады, тапшылық жойылады. Шағын бизнесте әрбір адам өзінің іскерлік ерекшеліктерін қолдана отырып, өз жағдайын жақсартуға, өз мүмкіндіктері мен қаржылық құралдарын өткізуге мүмкіндігі бар.

Осыған орай, Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті дамыту және ұйымдастыру үлкен ғылыми-тәжірибелік мәнге ие болады.

Қазақстан Республикасы Агенттігінің мәліметтері бойынша республикада шағын кәсіпкерліктің 145,1 мың субъектісі тіркелген, ал 2005 жылмен салыстырғанда 10,9 % көп. Шағын кәсіпкерліктің істегі субъектілері тіркелгендер санының 71,2% құрайды.

2005 жылдың бірінші қаңтарында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны жалпы заңды тұлғалар санының небәрі 61% құрайды.

Осы уақытқа дейін қолданылған қазіргі кезеңдегі мемлекеттік қолдаудың формаларымен әдістері жеткілікті дәрежеде тиімді емес және қайта қарауды талап етеді.

Ең біріншіден ол үкімет қабылдаған шараларға қарамастан шағын бизнес үшін тартымды сфера болып сауда, және қызмет көрсету қалып отырғандығына, ол өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, транспорт және байланыс көп жағдайда ірі бизнеске тән болғандығына байланысты болып отыр.

Қарастыруға ұсынылған диплом жұмысының тақырыбы әлемдік әдебиетте жете қарастырылғанмен Қазақстанда бұл мәселені қарастырылған жұмыстар өте аз. Шағын кәсіпкерлікті несиелендіру мәселелері ғылыми дәлелдеусіз негізінде жеке жариялануларда ғана көрініс тауып отыр.

Жұмыста нарыққа көшу жағдайында экономикалық қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңдылық және нормативтік актілерін, сонымен қатар халықаралық және мемлекетаралық құжаттар мен келісім-шарттарды, Қазақстан Республикасы дамуы мен статистикасы бойынша мемлекеттік комитеттің ресми статистикалық деректері, қазақстандық және ресейлік ғылыми басылымдары мен арнайы басылымдарында шығарылған аналитикалық материалдар кеңінен қолданылған.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ ҮШІН ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ

 

1.1 Шағын және орта бизнестің дамуы мен несиелендірілунің әлемдік тәжірибесі

 

Жалпы экономиканың тиімді дамуында ерекше роль мемлекеттің несие саясатына беріледі. Кәсіпкерлік іскерлікті қаржылық реттеудің маңызды құралы ең біріншіден өндірістік аппаратты жаңарту жетілдіруге, айналым қорын толтыру, шикізат, материал т.б. сатып алуға тікелей несие, субсидия беру болып табылады.

Шағын бизнес меншік иелерінің көпшілігін құрайды, өзінің көптігінің есебінен, біраз мөлшерде елдің әлеуметтік – экономикалық және саяси деңгейін анықтайды. Өзінің өмірлік және әлеуметтік жағдай деңгейіне қарай шағын бизнес халықтың көпшілігін құрайды, сонымен қатар негізінен локальдік нарықта әрекет етіп, тауар және қызметтің кең спектрінің тікелей өндірушісі де тұтынушысыда болып табылады ол сондай-ақ экономикадағы бәсекелестік жағдайды ұстап тұрып, нарық бастамасында ұйымдастырылған қоғамдық құралға табиғи тіреу болады.

Шағын кәсіпкерлік елдің құрылымдық қайта құрылуының мықты құралы болып табылады. Оның ірі кәсіпкерліктен ерекшеленуі оның ерекше дәрежеде мобильділігінде, күнделікті өзгерістегі тұтынушылық сұранысқа жедел әсер етуі,  аз капитал керек ететіндігі. Осы себептерге байланысты әлемдік тәжірибеге шағын кәсіпкерлік әрқашан экономикалық кризистің нәтижесін жеңілдетуші фактор, одан кейін кризистен шығудың негізі болды.

Шағын кәсіпкерлік өзгеріп отырған нарық конъюктурасына тез бейімделіп, экономикадағы өзінің орнын алуда. Осы арада шағын бизнестің дамуы ірі өндіріске тән ұйымдастырушылық форманы қолдануды талап етпейтін жоғары технологиялық өндіріске негізделмеуі керек.

Нарық дамуының өмірлігі, танымдылығы, динамикасы шағын және орта кәсіпкерлікпен анықталады.

Ол келесілерге байланысты:

  • шағын кәсіпкерлік қатысушылардың көптігіне;
  • қоғам мүшелері қажеттіліктерінің кез-келген деңгейінде сұранысқа әсерінің жеделділігі мен икемділігіне;
  • шағын бизнес субъектілерінің бір сәтте екі ролде бола алуы мүмкіндігіне — өзінің тұтынушыларының сұранысына бейімделуші кәсіпкер ретінде, кем қажеттіліктері, соның ішінде өз кәсіпорындарының қажеттіліктері бар тұтынушы ретінде;
  • Әлеуметтік тұрақтылыққа әсер ету мүмкіндігі.

Алматы қаласында 2005 жылы 1 қаңтарда статистика мүшелерінің тіркеуі бойынша шағын және ортакәсіпорындардың көлемі – 51116,соның ішінде:

 

  • өнеркәсіп – 5019
  • ауыл шаруашылық – 379
  • құрылыс – 4894
  • көлік және байланыс – 3195
  • сауда —
  • мейрамханалар мен қонақүйлер – 952
  • басқа шаруашылық қызметтері — 9972

 

Осылардың ішінде ресми түрде жұмыс істейтіндердің саны – 34169 (66,8%). 2005 жылдың 1 қаңтарында жеке кәсіпкерлер 29046-сы тіркелген. Осыған байланысты шағын бизнесте жұмыс істейтіндер саны өсті. Салық Көмитетінің мәліметтері бойынша 207291 адам тіркелген.

 

Экономиканы реформалау және қаржы ресурстарын шектеу жағдайында ірі бастапқы инвестицияны талап етпейтін, іскерлік және интеллектуалды потенциалы бар, жоғары жылдамдықта айналым қоры бар, кең тұтынушылық сұранысқа бейімделу икемділігі және шеделділігі бар шағын кәсіпкерлік халықтың жұмыспен қамтылу мәселелерін тез және үнемді шешуге мүмкіндігі бар, сонымен қатар экономикалық және мәселелерді шешеді.

Шағын кәсіпкерлік — өзінің дамуында бірнеше кезеңді басынан кешірген, өмірлік қабілетін, сондай-ақ әлеуметтік экономикалық жағдайымен қатар өзгерістер шаруашылық ету жүйесіне бейімделу мүмкіндігін дәлелдеген өндірісті ұйымдастырудың объективтік формасы.

Дамыған елдерде шағын бизнес белсенді құрылуын 40-50 жыл бұрын бастады. Оның әр-түрлі формаларының көпшілік экономистер көзқарасты бойынша революциясының негізгі кезеңдері кестеде көрсетілген.

Әлемдік тәжірибе дәлелдегендей, шағын бизнес, мемлекет гормониялы дами алмайтын нарықтық экономиканың маңызды элементі болып табылады.

Ол көбіне экономикалық өсу қарқының, жалпы ұлттық өнім құрылымы мен сапасын анықтап, оны 40-50% құрайды.

 

 

 

      Кесте 1 — Шағын кәсіпкерліктің даму кезеңдері[1]

Бірінші кезең

Екінші кезең

Үшінші кезең

Төртінші кезең

Бесінші кезең

1873-1929 ж.ж.

1929-1974ж.ж.

1974-1985 ж.ж.

1986-1990 ж.ж.

1991-қазіргі уақытқа дейін

Шаруашылық іскерлік секторын монополизациялу

Ғылыми-техникалық революция басы

Монополиялар-дың шағын кәсіпорындарымен қарым-қатынасының өзгеруі

Экономиканы басқару механизмнің қайта құрылуы.

КСРО құлауы және Қазақстанның тәуелсіздік алуы

Бизнестің жаңа формулаларының пайда болуы лизинг, франчайзинг, факторинг т.б.

Алғашқы инновация-лық кәсіпорындардың корпорация-лар базасында пайда болуы.

Венчурлік кәсіпорындар дамуы.

Экономиканың мемлекеттік емес секторының туылуы (кооператив, жолдық кәсіпорындар)

Негізгі меншік түрі жеке болып келді (ЖШС, АҚ)

Экономикалық саясаттың позитивтік алға жылжуы

Жоспарлаудың жаңа жүйесі және экономика-лық ынталандырудың жаңа нормативтік құқықтық актілерін енгізу

Шаруашылық есеп жүргізу және кәсіпорынның жеке шаруашылығын кеңейту

Жеке еңбек іскерлігі туралы кооперация жалға беру т.б. туралы заң қабылдау.

ҚР-азаматтық кодексі; “Жекешелендіру және мемлекет иелігінен шығару” туралы ҚР заңы; “Жауапкершілігі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” т.б. заңдар.

 

Елдегі шағын кәсіпкерліктің маңызды әлеуметтік қызметі оның ірі кәсіпорындар  босатқан жұмыспен қамтылмаған жұмыс күшін үлкен масштабта тарта білу мүмкіндігінен, экономикалық кризис және үздіксіз жұмыссыздық жағдайымен туындаған әлеуметтік тырысуды төмендетумен байланысты. Филиал құруда тікелей капитал сонымен қатар қолданатын ірі корпорацияға қарағанда, шағын кәсіпорындар интернационализацияның жаңа формалары — өткізу сферасын дамытуға, лицензия және патентті сату немесе айырбастауға ақша салуды көп қолданады.

Бизнестің бес түрін бөліп көрсетуге болады: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, делдалдық және сақтандырушылық. Өндірістік бизнес негізінен тауарлар мен қызметтерді өндіру аясында таратылады. Коммерциялық бизнес тауарлы-ақшалай, тауарлы-айырбастық операцияларда анықтаушы рөлді мінездейді. Қаржылық бизнес сату-сатып алу объектісі ретінде арнайы тауар – ақша, валюта, бағалы қағаздар болатын коммерциялық бизнестің түрлілігін көрсетеді. Делдалдық бизнес  тауар айналымы процесінде байланыстырушы буын ретінде, делдал рөлін атқаратын, өзі тауар өндірмейтін және тауар сатпайтын бизнесмен-делдал.

Сурет 1-  Бизнестің қоршаған ортасы

Тұтынушы-лар

 

Экономика толығымен

Технологиялық даму

Жалпылама ақпарат құралдары

 

Әлеуметтік қозғалыстар

Мемлекеттік басқару органдары

 

   
   
 
   

 

 

 

²Мамырбаева О.Б. Государственные программы поддержки и развития малого предпринимательства // Вестник университета. “Туран” -2005-№1-2.

 

Сақтандырушы бизнес бірден қалыптасатын жағдайлардан адам өмірін, құндылықтарды, мүліктің мүмкін болатын жоғалымын өтеуіне белгілі бір төлемге кепілдеме беретін бизнес түрі. Бизнестің әр түрінің өзіншік ерекшеліктегі «қоршаған ортасы» бар. 1-ші суретте «қоршаған ортаның» негізгі элементтері бөлініп көрсетілген.

 

Бір жұмыспен қамтылғанда шаққанда, шағын фирмалардын жаңа өнімді 2,5 есе көп шығарады. Ірі компаниялар технологияны жақсартуда 2 есе көп ұсыныста жасайды.

Біздің экономикамыздың шаруашылық етудің нарықтық механизмнің көшірілуі байланысты экономикасы дамыған елдердегі әсіресе мемлекеттік қолдау саясаты дамыған елдердегі шағын және орта кәсіпкерлік тәжірибесін атап өту қажет.

Шағын және орта бизнеске қолдау көрсетілуі бұл елдердегі мемлекет саясатының жеке бөлігі болып табылады.

Германияда шағын және орта бизнесті федералдық деңгейде экономика министрлігі деңгейінде, ал жергілікті деңгейді – жергілікті билік органдары деңгейінде жүзеге асырылады. Кәсіпорындарға қаржылық көмек көрсетіледі: кәсіпорынды кеңейту, қайта жөндеу, алу және құруға судалар беру; жұмыс орындарын құру және сақтау үшін ұзақ мерзімді инвестициялау; несиелік қоғам алдында кепілдену; энергия үнемдеу шараларын жүргізуде, алдыңғы технология енгізуді ынталандыруды, кадрлар, квалификициясын жоғарылатуда, қоршаған ортаны қорғауда, инвестициялық көмек; кәсіпорын табысы мен капитал салымдарын арнайы несиелендіру бағдарламаларын жүзеге асыру жолымен реттеу, сондай-ақ дифференциялды ашық ставкаларын тағайындау арқылы пайданы реттеу.

Инновациялық ескерлікпен айналысатын шағын және орта кәсіпкерлікке ғылыми-зерттеулермен технологиялар министрлігі бірқатар қолдау көрсетеді.

Жапониядағы бұл типтегі мемлекеттік қолдау 40-жылдар аяғында сыртқы сауда және өнеркәсіп министрлігінің жанына құрылған шағын және орта кәсіпкерлікті басқару экидасымен жеңілділікті несиелендіру және салық салу, сондай-ақ тікелей қаржыландыру жолымен жүзеге асырылады. Басқару 12 департамент және 6 бөлімнен тұрады; жұмыскердің жалпы саны 200 адам. Басқару іс-әрекеті шағын және орта бизнеске жетекшілік ететін Жапонияның 9 аймақтық қызметімен шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік корпорацияның, шағын және орта кәсіпорындарына қаржыландыру бойынша үкімет органдарымен, шағын және орта кәсіпорындарын қаржыландыру бойынша мемлекеттік және халық корпорациясымен толықтырылады.

Шағын және орта кәсіпкерлікті мақсатты бюджеттік қаржыландыру бірнеше арнаулар бойынша жүзеге асырылады. Біріншіден, ол кей ведомство мен министрліктердің жыл сайынғы қаржыландыруы; екіншіден, шағын және орта кәсіпорындар мемлекеттік инвестиция және зайым бағдарламалары шегінде арнайы бюджеттік жинақтар бойынша қаржыландырады.

Ұлыбританияда  эксперттік бағалау бойынша 96% фирмалар шағын және орта кәсіпорындарға жатады. Оның 25% жұмыскерлеріне және 20% жалпы өнімге келеді. Елге жеке, соның ішінде шағын бизнесті дамытудың белсенді саясаты жүргізілуде. Жыл сайын 900-ге жуық жаңа кәсіпорындар құрылады, олардың төрттен бірі бірінші жылы банкротка ұшыраса, қалғандары бәсекелестікке төзіп, жетістікке жетуде. Оған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру әсер етеді, соның ішінде, инвесторлар тарапынан шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, кәсіпкерлерді көмек ақымен қамтамасыз ету т.б.

Үкімет фирмаларға 70% қарыз кепілдік береді. Британ үкіметі сондай-ақ шағын кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін жұмыссыздарға қаржылық көмек көрсетеді. Шағын кәсіпорындарға тегін (немесе шегеріммен) кеңес беру, қызықтырған сұрақтары бойынша көмек көрсетіледі, соның ішінде нарыққа шығуда, іскерлік әріптестер іздеуде нақты ұсыныстар береді.

Елде шағын фирмалардың мемлекеттік қызметінің 100 бөлімі жұмыс істейді,  сонымен қатар шағын бизнесті қаржыландыру жүзеге асыратын фирмалар тарабы бар.

Кесте-2 Дамыған елдердегі шағын және орта бизнестің дамуы

Мемлекет-тер

Шағын және

орта кәсіпкерлік-тер,

мың

1 мың тұрғын басына шаққандағы шағын және орта кәсіпкерліктер саны

Шағын және

Орта кәсіпкерліктердегі жұмысбас-тылар саны,млн адам

Шағын және

орта кәсіпкерліктердегі жұмысбастылар-дың жалпы санының үлесі

ЖҰӨ -де шағын және орта кәсіпкерлік-тердің

үлесі

  Еуропа бірлестігі

15 770

45

68

72

63—67

 АҚШ

19 300

74,2

70,2

54

50—52

Жапония

6 450

49,6

39,5

78

52—55

 Рессей

844

5,6

8,3

13

10—11

 

*Қайнар көз-Google.kz

 

Францияда  шағын және орта кәсіпкерлікті Өнеркәсіп министрлігі қолдайды. Осы қолдау шегінде мемлекет жаңа кәсіпорындар құру үшін, дамыған салалардан басқа салаларға істей кәсіпорындарды алмастыру үшін, кәсіпорындарды дамыту бойынша капитал салымына, реинвестициялау пайдаға салық жеңілдіктерін береді.

Шағын бизнес іскерлігін мемлекеттік ынталандыру шараларының атап көрсететін бай тәжірибесі АҚШ белең алған тәжірибе болып табылады.

Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік көмектің негізгі арнасы экономикалық ынталандыру болып табылады. Мемлекеттің міндеті кәсіпорындарын зерттеулер мен жобалар жасау үшін ынталандыруда жағдаймен қамтамасыз ету болып келеді.

АҚШ-та шағын фирмаларды ынталандырудың күрделі несие – қаржылық механизмі жасалған, оған тікелей және кепілдікті қарыз, салық жеңілдіктері, жеңілдетілген амортизация кірді.

Тікелей және кепілдікті қарыз шағын бизнесті федералдық үкіметтің қаржылық қолдаудың несиелік бағдарламасын білдіреді, олар шағын бизнес істері бойынша әкімшілік көмегімен жүзеге асылады.

Тікелей қарыздар шағын фирмаларға ссудалық капиталдың жеке нарығынан несие алуға қарағанда төмен пайыздық мөлшерлемемен мерзімге беріледі.

Кепілдікті қарыз беруде шағын бизнес істері бойынша әкімшілік несие берушілерге қарыздық капиталдық 90% мемлекеттік кепілдігін береді. Солайша олардың тәуекел етуін төмендетеді.

Кепілдік қарыздар арқылы мемлекет әртүрлі кәсіпорындардың-жеке банктер, сауда және өнеркәсіптік корпорациялар, құрылыс компанияларының – шағын фирмаларға капитал беруде қызығушылығын жоғарлатуға тырысады.

Кореяда шағын және орта бизнестің 3 млн. субъектісі бар, ол барлық компаниялардың 99,5% — құрайды.

Соның ішінде шағын кәсіпорындардың үлесі 97% құрап отыр. Оңтүстік Кореяда шағын кәсіпорындар еңбекпен қамтылудың негізгі көзі болып табылады. Себебі онда елдің экономикалық белсенді (10 млн адамнан астамы).

Шағын және орта кәсіпкерлік үлесіне ЖҰӨ өндірісінің жартысы және оңтүстік корея экспорттың 43% кіреді.

Сингапур Ғылыми-өнеркәсіптік парк дамуына қатысушы компанияларға, тек экспортқа бағытталған салалардағы фирмаларға берілетін жеңілдіктер көрсетіледі. Мұндай компаниялардың жергілікті кәсіпорынды 100% бақылауға құқығы бар ал салық жеңілдіктері ұзақ мерзімге беріледі. Инвестицияны ғылыми-зерттеу іскерлігіне салған жағдайда пайдаға салық екі есе төмендейді.

Технопарк зонасында өнеркәсіптік ғимраттардың құрылысы мен эксплуатациясына жеңілдікті салық енгізілген.

Кәсіпкерлік сектор 2006 жылдың 1 қарашасындағы жағдайымен салыстырғанда қоғамда көрнекті орын алуда.

Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің 145,1 мың субъектісі тіркелінді, онда 524,6 мың адам жұмыс істеуде. Шағын бизнес мәселелерін шешудегі жүйелік пен реттілік оның Республикадағы ЖҰӨ-дегі үлесін жоғарылатты. Бүгінгі күні ол 16-17% құрап отыр.

Шағын кәсіпкерлік секторы бар потенциалды толық қолданбайды және экономикалық, әлеуметтік міндеттер шешудегі оған берілген рольді атқармайды. Оның дәлелі бір қатар жылдар бойы шағын бизнестің аймақтық салалық құрылымы еш өзгерместен қалып отыр.

2005 жылға қарағанда 2006 жылда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тауар және қызметтерді сатудан түсім 16,5%-ға өсті.

Қалыптасқан шағын кәсіпкерліктің салалық құрылым кейінгі жылдарда өзгермейді, істегі шағын кәсіпкерлер субъектілерінің жалпы санынан негізгі орынды сауда сферасы, көлік жөндеу және күнделікті қолдану бұйымдарының сфералары алуда. Жалпы санынан 40,5% құрайды. Шағын кәсіпкерлік қызметінде 163,6 мың адам жұмыс істеуде (жалпы еңбекпен қамтылғандардың 31%)

Аймақтық аспектіде шағын бизнес даму диспропорциясы көрінуде. Осылайша шағын кәсіпкерліктің жалпы санына қарағанда субъектілер үлесі Республика бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысында 16,6%, Алматыда 13%, Алматы облысында 12,4%. Ал Қызылорда облысында бұл көрсеткіш 2,1%, Маңғыстауда 2,2%, Атырауда 23% құрап отыр. Сөйтіп бір аймақтағы шағын бизнес шоғырлануы халықтың жалпы санымен сипатталады. Себебі бұл фактор қызмет көрсету және сауда аясында қажеттілікті жоғарлатады1.

Демек, шағын және орта бизнестің рөлі мына көрсетілген алты қызметтерден көрінеді.

              Біріншіден, шағын өндіріс нарық конъюктурасының өзгерісін  икемді сезінеді, бұл нарық экономикасына  да ірі кәсіпорын алыптарға мүмкін емес.

 

Екіншіден, шағын бизнес әлі іске жаратылмаған әжептәуір қаржы қаражаттарын тиімді жұмылдырады. Осындай бизнестің болмауынан осы ресурстар пайдаланылмаған болар еді.

 

 

Кесте 3 — Шағын, орта және ірі бизнестің салыстырмалы мінездемелері

 

Атаулары

Шағын

Шағын-орта

Орта-ірі

Ірі

мақсаттары

Нарықпен, сезімдікпен анықталады (негізінен сауда, делдалдық)

Сезімдікпен, арнайы стратегия және нарықпен түзетіледі.

Таңдамалы түрде стра-тегиямен және нарықпен түзетіледі

Жүйелі және стратегия-лы нарықта билік етеді

Менеджмент

Жеке, авторитарлы, тура

Жеке менеджмент, бастапқы серіктестерімен кеңес

Жеке, кішігірім мамандардың командасы, сыртқы эксперттерді қолдану

Командалы, мамандар-

дың үлкен

тобы, функ-ционалдық құрылым

Өнім

Жоспарлау мен маркетингтік зертеудің болмауы

Маркетингті зерттеусіз қысқамерзімді жоспарлау

Маркетингтік зерттеулер жүйелендірілмеген, тұрақсыз және қысқамерзімді жоспарлау

Стратегия-лық жоспарлау, тұрақты маркетинг-тік зерттеулер

Персонал

Жеке қаты-настар «босс-қызметкер», ынталандыру-дың жоғарғы деңгейі, кә-сіподақтардың әлсіз әсері

«Жалдаушы-қызметкелер ұжымы» иерар-хиялы қатынас-тары, ынталан-дырудың кейбір дәрежесі, кәсіп-одақтардың кішігірім әсері

Ынтымақтастық қатынасы, ұйымдастырыл-ған орта, кәсіп-одақтар әсерінің күшеюі

Қатаң иер-архиялық қатынастар, күшті кәсіп-одақтар, жұмысшы-лар ұжымы-ның кеңесі

Қаржылар

Жанұя, таныстар, банк

Жанұя, банк

Жанұя, банк, акциялар

Банк, акциялар

 *  Қайнар көзі Колесников В.,  Малый и средний бизнес: эволюция понятий и проблемы определений. \\ Вопросы экономики, 1996, №7.

 

Үшіншіден, шағын бизнес бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай үлес қосады, бұл кез-келген мемлекеттің жоғары деңгейде монополия экономикасы жағдайында бірінші кезекте маңызды.

Төртіншіден, шағын бизнесті халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде үлкен рөл атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерде оның үлесіне барлық жұмыспен қамтамасыз етілгендердің 50-60 пайызы және жаңа жұмыс орындарының 70-80 пайызы келеді.

Бесіншіден, атап көрсеткендей шағын өндірістің ғылыми-техникалық жаңалықтардың 50 пайызы келеді (жеке компьютер, көбейткіш ақпараттар, «Палароид» типті фотоаппараттар).

Алтыншыдан, шағын бизнестің әлеуметтік қысымды жұмсартудағы орнын таптырмас ролі бар. Ауыр дағдарыс кезінде халық осыдан жұмыс тауып және өздерінің қабілеттерін жүзеге асыра алады.

Кәсіпкерліктің халықаралық тәжірибесі көрсеткендей, өтпелі экономикада мемлекет, ережеге сәйкес, тек жаңа басталған сауда кәсіпкерлігі көтеріледі, бұл өндіріс саласындағы қызметті тиімсіз қалдырды.

Кәсіпкерлік дамуына кедергі болатын ең маңызды себептер келесілер:

Өнеркәсіптік өндірістегі шағын кәсіпорындардың жаңа тауар нарығына шындағы күрделілік. Ол негізінен бәсекелестік қабілеті жоғары өнім шығару үшін қажет істегі өндіріс қуатын қайта жабдықтауға немесе жаңартуға, жаңа құрал-жабдық сатып алуға қаржы ресурстарының жетіспеуінен болады.

Шағын кәсіпкерліктің неғұрлым кең және тұрақты дамымауының басты себебі – алғашқы капитал жинақтау: қолайлы шартпен несие алу мүмкіндігінің жоқтығымен байланысты қиындықтар нәтижесінде көпшілік шағын кәсіпорындардың қаржылық камтамасыз етілу деңгейінің төмендігі.

Алғашқы капитал жеткізбеуі, қор жинақтау мүмкіндіктерінің шектеулілігі, қаржы-несие ресурстарына қол жеткізу жағдайларының қолайсыздығы нәтижесінде шағын кәсіпорындар жеке дамуға жаңа тауар жорығын игеру мүмкіндігіне, нарықтық өндірісті жетілдіруге және өнім сапасын жоғарылатуға ішкі ынтасы болмайды. Бұдан басқа, шағын бизнесті банктік несиелендіру оның дамуына жоғары пайыздық ставка, орта және ұзақ мерзімді несие жүйесінің жоқтығы және де өндірістік технологиялық процесті сауда-саттық немесе таза сауда іскерлігінен айыратын ерекшеліктер есебінің жоқтығы себебінен нақты дамуға ықпал жасамайды.

Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту инфрақұрылымының, соның ішінде кәсіпкерлерді нарық коньюктурасы туралы сенімді және рас ақпаратпен қамтамасыз ететін инфрақұрылымның дамымауы, салық жүйесінің жетілмеуі (есеп беру жүйесінің күрделілігі, салық және жинақ ставкаларының жоғарлығы, салық және аударым жинау жүйесінің күрделілігі, шағын кәсіпорындарға жеңілдік жоқтығы).

Тасымалдауға, электрқуатын ұстаушыларға және коммуналдық қызметке қатысты жоғары тарифтер.

Кәсіпкерлер даярлығының деңгейінің төмендігі – бизнес жүргізумен тығыз байланысты заң негіздерін, бизнес жоспарлауды, басқаруды, маркетингті, бухгалтерлік есепті басқа да пәндерді білмеу.

Ешнәрсе білмейтін кәсіпкерде ұйымдастыру және өздігінен бизнес жүргізу бойынша тәжірибесі болмайды, өз бизнесін қорғаудың әдістерін, өндіріс шығындарын төмендету әдістерінен, нарықты зерттеу әдістерінен бейхабар болады.

Нарықта тауар жылжытудағы күрделілік, кәсіпкерлікті, соның ішінде сауда ісін ұйымдастырудағы күрделілік, атап айтқанда: фирмалар қажеттілігіне сай келетін, нақты техникалық құрал-жабдығы бар нақты талапқа сай келетін жолға берілетін орынға қол жеткізудегі қиындықтар; объект иелерінің жал ақысы және даму кезеңіндегі кәсіпорын мүмкіндіктеріне қатысты саясатта икемділіктің жоқтығы.

 

1.2. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау

 

Еліміздің даму жылдарында шағын бизнесті қолдау көп шаралар жүзеге асырылды, ең бастысы – нормативтік заң базасы жасалып бекітілді.

Қазақстан Республикасы заңына сәйкес кәсіпкерлік ретінде (кәсіпкерлік терминімен қатар ағылшынша баламас бизнесте көп қолданбады) азаматтар мен заңды тұлғалардың, меншік түріне қарамастан, тауарға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру жолы мен таза табыс алуға бағытталған, жеке-меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық жүргізу құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген инициативалық іскерлігі  түсініледі, іскерлік кәсіпкердің атынан, тәуекелге бел буы және мүліктін жауапкершілікпен жүзеге асырылады1.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері орташа жылдық жұмыскерлер саны 50 адамнан аспайтын, жылдық жалпы актив құны алпыс мың есептік көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлік іскерлікпен айналысатын заңды тұлғалар және заңды тұлға құрмаған жеке кәсіпкерлер болып табылады. Айлық есептік көрсеткіш Қазақстан Республикасының “Республикалық бюджет туралы” заңына сәйкес тағайындалады. 2005 жылы айлық есептік көрсеткіш 975 теңге, 2006 жылы ,ал 2007 жылы теңгені құрады.

Шағын кәсіпкерліктің субъектілері заңды тұлға құрмаған жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ келесі ұйымдастырушылық құқықтық формадағы заңды тұлғалар бола алады:

  • толық серіктестік;
  • командиттік серіктестік;
  • жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
  • қосымша жауапкершілікті серіктестік;
  • өндірістік кооператив.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің орташа жылдық жұмыскерлер саны барлық жұмыскерлердің есебінен анықталады, соның ішінде келісім шартымен жұмыс істейтіндер, қосымша жұмыс істейтіндер, филиал жұмыскерлері1;

Шағын кәсіпкерлік субъектісі аталған шектеулерден асқан жағдайда Қазақстан Республикасының аталған заңында қарастырылған жеңілдіктерден айырылады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпкерлік іскерліктің кез-келген түрін жүзеге асыра алады. Алайда, банктік іскерлікті және сақтандыру нарығында іскерлікті жүзеге асырушы (сақтандыру агентінен басқа), ойын және шоу бизнес сферасында жұмыс істейтін, құнды қағаздар нарығында мамандандырылған іскерлікті жүзеге асырушы коммерциялық ұйымдар шағын кәсіпкерлік субъектісі бола алмайды.

Шағын бизнес субъектілері сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектілері қатыса алмайтын арнайы ұйымдастырушылық-құқықтық формалары қарастырылған бірқатар іскерлік түрлерімен де шұғылдана алмайды.

Шағын бизнестің мұндай анықтамасы Қазақстан Республикасының “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” заңында берілген, алайда, Қазақстан Республика Президентінің “2006-жылғы ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы” халыққа жолдауында (Астана, сәуір 2005) , келесі жай көрсетілген: “…. Осыған дейін түсініктейтін аппарат әлі негізделіп жасалмаған, нақты анықтамалар жоқ, микробизнес деп нені түсіну керек, нені шағын орта және ірі деу керек” Жеке кәсіпкерлік түсінігі де әлі жасалмаған. Нақты құқық анықтама болмағандықтан бизнес категориясында статистикада да, заңда да мәселелер көрінуде. Осылайша заңды кәсіпкерліктің жекелеген түрлеріне шектеулер мен толық шектеулер мәселесі бірнеше мағынада көрініс тапқан…

Осы жерде аталған тағы бір жай: “… Осы күнге дейін кәсіпкерлерге салық салу жүйесінің жетілмегендік мәселесі күрделі болып қалып отыр.” Ел басы айтуынша істегі салық кодексі, бюджетпен есептесуде

Қазақстанда шағын кәсіпкерлік дамуын мемлекеттік қолдау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы салық кодексінде шағын бизнес субъектілеріне арнайы салық режимі қарастырылған.

Арнайы салық режимі төлеу кезінде ұсталатын жеке табыс салығынан басқа әлеуметтік салық және корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуде. Жеңілдетілген тәртібін шағын бизнес субъектілері үшін қолданады. Аталған пункте көрсетілмеген салық және басқада міндетті төлемдер бойынша салық есебін беру, есептеу және төлеу жалпыға тағайындалған тәртіппен жүргізіледі. Салық кодексінде “Шағын бизнес субъектілері” термині қолданылып, оған сәйкес табыс, саны және іскерлік түрі бойынша шектеулер қойылады.

Арнайы салық режимі бір реттік талон, патент және жеңілдетілген декларация негізінде жүзеге асырылатын шағын бизнес субъектілеріне арналған режим.

Арнайы салық режимін немесе жалпыға бірдей салық салу тәртібін таңдау кәсіпкердің өзінің таңдауына негізделеді бұл жерде шағын бизнес субъектісі бюджетпен есептесудің тек бір формасын ғана таңдауға құқығы бар.

Шағын бизнес субъектілері үшін бюджетпен есептесудің тағы бір жеңілдетілген түрі енгізілген-ол жеңілдетілген декларация негізіндегі жеңілдетілген салық режимі.

Жеңілдетілген декларация негізіндегі жеңілдетілген салық салу режимі шағын кәсіпкерлік субъектілеріне салық жүктемесін төмендетуге бағытталған жеңілдік ствкаларын салық төлеу мен есептеудің жеңілдетілген тәртібін және басқа да механизмдерді қарастырылған. Бұл форма жалдамалы еңбек күшін қолданатын кәсіпкерлерге арналған.

Жеңілдетілген декларация бойынша салық сомасын салық төлеуші квартал соңында, есептік кварталдағы алынған нақты табысқа сәйкес ставка шкаласын қосу жолымен есептейді, ол ставка жеке тұлғаларда табысына қарай 14-тен 11%-ға, заңды тұлғаларда 5-тен 13%-ға дейін өзгереді. Салық ставкасы жұмысшы табысынан табыс салығын алу қағидасы бойынша тағайындалған.1

 

 

 

 

Кесте-4 Шағын және орта кәсіпорындарына берілген несиелер сомасы (периодтың соңында)

 

 

1997   

1998    

1999

2000

2001

2002

Барлық несиелер,соның ішінде:

22 915 

24 204

39 857

74 222

110 254

672 500

Теңгемен

13 050

17 032

22 322

40 749

42 580

211 837

Қысқа мерзімді

12 230

14480

12 466

23 161

21 727

Орта және ұзақ мірзімді

820

2 552

9 856

17 588

20 852

доллармен

9 865

7 172

17 535

33 473

67 674

460 662

Қысқа мерзімді

7 891

3 097

7 957

16 954

2 556

Орта және ұзақ мерзімді

1 973

4 075

9 578

16 519

35 118

*Қайнар көзі-Google.kz

Шағын бизнестің ұйымдастырушылық – құқықтық формалары.

Шағын бизнестің субъектісі өзінің іскерлігін заңды тұлға құрамастан жеке кәсіпкер формасында немесе заңды тұлға формасында жүзеге асыра алады.

Жеке кәсіпкерлер. Жеке кәсіпкерлік түрі ретіндегі жеке кәсіпкерлік-азаматтардың табыс алуға бағытталған, азаматтардың жеке меншігіне негізделген және азаматтын атынан, олардың тәуекелі жеке мүліктің жауапкершілігімен жүзеге асырылатын инициативалық іс-әрекеті.

Жеке кәсіпкерлік субъектілері заңды тұлға сипаттары жоқ заңды тұлға құрамастан кәсіпкерлік іскерлікпен шұғылданатын жеке тұлғалар болып табылады.

Жеке кәсіпкерлік түрлеріне тұлғалық кәсіпкерлік және бірлескен кәсіпкерлікті жатқызады. Тұлғалық кәсіпкерлікті меншік құқығымен сондай-ақ мүлікті қолдануға берілген басқа да құқықтармен қолданылған мүлік негізінде бір азамат өздігінен жүзеге асырады.

Бірлескен кәсіпкерлікті жалпы құқық және басқа да мүлікті жалпы қолдану құқықтарының негізінде иелік ететін мүлік базасында бір топ азаматтар жеке кәсіпкерлер жүзеге асырады.

Бірлескен кәсіпкерлік формалары:

1) ерлі-зайыптылардың бірлескен меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі;

2) крестьяндық (фермерлік) шаруашылық немесе жекешеліндірілген тұрғын үйге ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;

3) үлестік ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын кәсіпкерлік іскерліктің қарапайым серіктестік.

Заңды тұлғалар. Қазақстан заңына сәйкес заңды тұлға деп шаруашылық жүргізу немесе жедел басқарудағы меншік құқығында ерекше мүлігі бар, сол мүлікпен міндеттеме бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және тұлғалық мүліктік емес құқықтар мен міндеттемелер сатып ала алатын, сотта жауапкершілікті болатын ұйым танылады. Заңды тұлғаның жеке балансы немесе сметасы болу керек. Заңды тұлғаның жеке мөрі болады.

Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға тек мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив формасында ғана құрылды.

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалар негізінде жүзеге асырылып, шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шаралар кешенін білдіреді.

Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау жүйесіндегі басты міндеттердің бірі қаржы-несие институттары және кәсіпкерлік субъектілері арасындағы несиелік қарым-қатынасты жетілдіру болып табылады.1.

Шағын бизнесті қолдаудың істегі формасы шағын кәсіпкерліктің дамуының мемлекеттік бағдарламасы болып табылады. Барлық республикалық бағдарламалардың басты мақсаты шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдауды қамтамасыз ететін қажетті өндірістік-шаруашылық, қаржылық, материалдық, әлеуметтік-экономикалық басқа да жағдайларды құру болып табылады.

Аталған бағдарламада міндеттерді, негізгі шараларды, шараларды қаржыландыру көздерін және жүзеге асырудағы күтілетін соңғы нәтижені қарастырған1.

Мемлекет дамуындағы он жыл ішінде республикада шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың алты мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

  1. Қазақстан Республикасының 1994-1995 жылға арналған шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.
  2. Қазақстан Республикасында 1995-1996 жылға арналған шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.
  3. Қазақстан Республикасында 1999-2000 жылға арналған шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.
  4. Қазақстан Республикасында 2000-2001 жылға арналған шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.
  5. 2001-2005 жылға арналған шағын кәсіпкерлікті дамытудың институционалдық мемлекеттік бағдарламасы.
  6. Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша жедел шаралар бағдарламасы.

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау келесі бағыттарда жүзеге асырылады:

  • Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін кадрларды қайта даярлау және квалификациясы жоғарлатуда даярлауды ұйымдастыру;
  • Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қаржылық, статистикалық, материалдық-техникалық, және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми техникалық жобалар мен технологияларды қолдануда жеңілдетілген жағдайлар жасау;
  • Шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеуде, олардың іскерлігін лицензиялауда, өнімдерін сертификаттауда жеңіл тәртіп тағайындау;
  • Салық салудың жеңілдетілген режимі, кедендік баж төлеу (салық демалыстар, мүліктік грант, салық несиелері, салық ставкасын төмендету) кіретін шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін қолайлы құқықтық режим тағайындау;
  • Инвестицияларды тарту және қолдану жүйесін құру, соның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және дамыту үшін;
  • Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық іскерлігін қолдау, соның ішінде шетелдік әріптестерімен сауда, ғылыми-техникалық, өндірістін тағы басқа байланыстарды дамыту;
  • Қаржылық көзін анықтай отырып шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендірудің арнайы бағдарламаларын қабылдау;
  • Өнім өндіруге, жұмыс, қызмет орындауға мемлекеттік сатып алуларды орналастыруда шағын кәсіпкерлік субъектілеріне преференциялар беру;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар қасында шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша қоғамдық-сарапшылық комиссиялар іскерлігін ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасындағы 1992-1994 жылға арналған шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы кәсіпкерлік қалыптасуы мен дамуының негізін салды. Бұл жылдардағы республикадағы шағын кәсіпкерлік кооператив, шағын және жеке кәсіп орындар бар болуымен сипатталады.

Бұл кезеңде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің көп бөлігі тек коммерциялық іскерлікпен шұғылданады.

Осылайша 1993 жылы сауда, қоғамдық тамақтану, сауда-саттық және жабдықтау өткізудегі шағын және жеке кәсіп орындар торабы Республикадағы олардың жалпы санының 40%-ын құрады, кооперативтер 10%-ын құрады. Олардың үлесіне өткізілген өнімнің 34% тиді.

Сол арада бұл кәсіпорындар өндірген халықтың тұтыну тауарлары тек 216,6 мың теңге салада ғана болды немесе барлық өткізілген өнімнің 10%-ын құрады.

Республика экономикасының мемлекеттік емес секторын тек 12%-ын (4173) халықтың тұтыну тауарларын және өндірістік-техникалық бағыттағы өнім шығаруымен айланысты.

Осылайша, бұл кезендегі шағын кәсіпкерлер субъектілерінің потенциялы толық қолданыс таппайды.

Кәсіпкерлік дамуы, және соның ішінде жеке кәсіпкерлік дамуы мақсатты, тұрақты заң болмауымен, сәйкес салық заңының болмауымен, инвестиция және несие алудағы қиындықтармен, шикізат ресурстарын ақпаратты алуымен т.б. кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың нақты механизм жоқтылығымен тезеледі.

Осыған орай, Қазақстан Республикасында 1995-1996 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаумен дамытудың екінші бағдарламасы қабылданды.

         Бұл бағдарлама жеке кәсіпкерлік, әсіресе шағын кәсіпкерлік құру үшін жағдайларды қарастыруға бағытталған.

Бұл бағдарламаны жүзеге асыру Қазақстан Республикасы заңын жеке меншікпен кәсіпкерлік еркіндікті қорғауда келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізуге мүмкіндік берді: жаңа Салық кодексінің жобасына ұсыныстар даярлау, шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағыттау үшін отандық және шетелдік ресурстар квотасын анықтау; шағын бизнеске банктік қызмет көрсетуді жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау, биржалық іскерлікті кеңейту; жеке бизнес қалыптасуы үшін жеке, сақтандыру, заңдық, бухгалтерлік, консалтингтің басқа да арнайы компаниялар мен фирмалар дамуын қолдау: алғашқы бизнес орталықтар мен технопарктер құру: жеке кәсіпкерлер даярлауда оқу-әдістемелік құралдар кешенін шығару1.

Осы жылдары кәсіпкерлікті Еуропалық реконструкция және даму банкінің 100-миллиондық несиенің бірінші траншынан жүзеге асырылды. 1995 жыл ортасында кәсіпкерлікті қолдаудың Ортаазиялық-американдық қоры құрылды, ол төрт жобаны қаржыландырады.1

1996 жыл алдында ЖҰӨ шағын кәсіпкерлік үлесі 2% құрады, бизнес сферасындағылар үлесі жалпы  ел экономикасында жұмыспен қамтығалдардың 5,2% құрады, ал төлемдер көлемі барлық салықтармен бюджетке түсімдердің 7,9% құрады.

Шағын бизнестің ары қарай дамуы 1996-1998 жылғы реформалар тереңдету бойынша үкімет істерінің бағдарламасына орай жүзеге асты, онда келесі міндеттер шешіледі:

  • Шағын және орта кәсіпкерлік түсініктерін нақтылау және заңдық немесе нормативтік бекіту, ең алдымен жеке, үйдегі және отбасылық кәсіпкерлікке түсінік берілді;
  • Босаған жұмыс күшінің тез арада мамандық бағытын ауыстыруға әсер ететін іскерліктің ерекше және арнайы шарттарын мемлекеттік реттеуде құрудың жеңілдетілген режимін анықтау;
  • Мемлекеттік бюджет және заемдық қаражат есебінен іскерлігін жартылай қаржыландыруды ескере отырып шағын бизнес орталықтарын құру және бекітуде тікелей мемлекеттік қолдау көрсету.

Бұл кезеңде шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау республикада бірқатар белсенденді. 1997-1998 жылдар аралығында президенттің “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және белсендендіруді күшейту бойынша шаралар туралы” және Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың басыңқылары және аймақтың бағдарламалары туралы екі жаршығы; “Жеке кәсіпкерлік туралы”, “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы”, “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бойынша Қазақстан Республикасы кейбір заң актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы”, “Қазақстан Республикасы кей Заң актілеріне қосымшалар мен толықтырулар енгізу туралы” төрт заң, министрліктер мен ведомстволардың он бір нормативтік актісі қабылданды, 1998 жылдың сәуірінде шағын бизнесті қолдау бойынша Агенттік құру туралы шешім қабылданды, 1998 жылы тамызда Шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік қоры құрылды.

Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы келесі қадам — Қазақстан Республикасының 1999-2000 жылға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы болып табылды. Қолдаудың алдыңғы бағдарламалары шағын бизнестің негізін салды. Сонымен қатар кәсіпкерліктің дамуын тежеп отырған бірқатар мәселелерді де анықтады: материалдық және қаржы ресурстарының шектеушілігі; шағын бизнесті қолдаудың әлсіз инфрақұрылымы, кадрлардың жеткіліксіз даярлығы; өткізу нарығының жоқтығы, төлем қабілетінің төмендігіне орай халықтың өнім мен қызметке сұраныс төмендігі.

1999-2000 жылдардағы бағдарламада кепілдік қор негізінде басыңқы жобаларды екінші деңгейдегі банктердің несиелендіруі,  шағын бизнес субъектілерінің несиелік серіктестік, сақтандыру қоғамдарын құру арқылы қаржы-несиелік және инвестициялық қолдауды жетілдіру қарастырылған. Сонымен қатар бағдарламада жеңілдетілген салық механизмі мен кедендік тарифтерді төлеудің жеңілдетілген салық механизмі мен кедендік тарифтерді төлеудің жеңілдетілген жүйесін, шағын кәсіпорындар тауары мен қызметіне мемлекеттік тапсырыс, шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының жұмысын қайта құру, яғни жергілікті органдар қор іскерлігіне жарғылық капиталға әкімшілік ғимарат құнын беру жолымен тартылып өзіне заем алушы мен банктер арасындағы делдал қызметін артуы керектігі; аймақтағы инфрақұрылымның барлық элементтерінің ары қарай құрылуының қажеттілігі, кейіннен біркелкі ұйымдастырушылық-технологиялық схемаға біріктірілу қажеттігі; өнеркәсіп орталықтарының, технопарк бизнес-инкубаторлар ашылуы; нормативтік базаның ары қарай жетілдірілуі, аймақтық бағдарламалар құру қарастырылған.

Жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыру үшін 2000 жылдың 11 маусымында “Қаржы лизингі туралы Заң” және 2000 жылдың 17 қазанында Қазақстан Республикасындағы өнерді дамыту концепциясы туралы заң қабылданады.

“Шағын” кәсіпкерлік бойынша республикалық ақпараттық-көрме орталығы ЖАҚ құру туралы” үкіметтің екі жарлығы.

Сонымен қатар, бағдарламаны жасаушылар айтуынша мемлекеттік мекемелердің Қазақстанда шағын бизнес кәсіпорындарында шығарылатын өнімдердің импорттық аналогтарын сатып алуға тыйым салған дұрыс, ол отандық өнімдерге кепілдікті сұраныс қалыптастыруды ақпараттық қамтамасыз ету орта мерзімдік болашақта бірқатар шаралардың жүзеге асуын көздейді. Оның бәрі кәсіпкерлік пен шағын бизнеске бағытталған оқытушыларды даярлауға, Қазақстан аймағында ең жақсы отандық және шетелдік тәжірибе трансфертін жүзеге асыру; дистанциондық бизнес-білім беруді дамыту; білім беретін және консалтингтік орталықтардың торабын құруға қатысты.

Жергілікті әкімшіліктер мәслихат сессияларында бекітілетін аймақтық бағдарламалар жасауы керек. Екі жылдық бағдарламада қарастырылған шаралар жоспарын орындау үшін жыл сайын республикалық бюджеттен 50 млн. теңге бөлінуі керек, сондай-ақ техникалық және кеңес берушілік көмек шегінде жерлікті бюджет, банктер, халықаралық банктер қаржыландыру керек. Құжатты жасаушылар екі жылдан кейін кәсіпкерліктің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 22% өседі деп сенеді.

Ең соңғы бағдарлама — Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған шағын және орта кәсіпкерлік дамуы бойынша жедел шаралар бағдарламасы. Бағдарламаны жасаушы Қазақстан Республикасының экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі.

Бағдарлама мақсаты:Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің іскерлік сферасын неғұрлым кеңейтуге бағытталған институционалдық жағдайларды жетілдіру және іскерлігін белсендіру есебінен Қазақстанның бәсекелестік қабілетін жоғарлату.

Бағдарлама міндеттері:

  • Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін неғұрлым анық заң негізін құру;
  • Экономиканы бюрократизациясыздандыру және әкімшілік кедергілерді жою;
  • Кәсіпкерлік тарапынан көзқарас негізінде өмірлік қабілетті инфрақұрылым жүйесін құру және қамтамасыз ету;
  • Шағын және орта кәсіпкерлікте көлеңкелі айналымды қысқарту;
  • Мемлекетке тән емес қызметтерді нарықтық ортаға ең біріншіден шағын және орта кәсіпкерлікке беру.

Жоғарыда аталған міндеттер келесі негізгі шараларды жүзеге асыру жолымен орындалады:

2005 жылы

  1. Ревизиялар жүргізу, Қазақстан Республикасының бірқатар заң және нормативтік актілер жасап қабылдау;
  2. Шағын және орта кәсіпкерлік сферасының заң негізінің неғұрлым нақтылығын қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
  3. Шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау қызметтеріндегі органдардың бақылау және қадағалау қызметтеріндегі іскерлік түрлеріне талдау жүргізу;
  4. Шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау функцияларын қысқарту және жүйелендіру бойынша шаралар қабылдау;
  5. Орта және шағын бизнес субъектілерін несиелендіру көлемін 10 млрд. теңгеге қосымша ұлғайтуды қамтамасыз ету;
  6. “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдауда рөлінен күшейтуді қамтамасыз ету;
  7. Қаржылық супермаркет құру да жұмыстарды ұйымдастыру.

2006 жылы

  1. Мемлекет және акционерлік қоғамдардың мамандық емес қызметтеріне таңдау жасап, мемлекет қатысуымен шағын және орта кәсіпкерлікке беру;
  2. Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендірудің көлемін 25 млрд теңгеге ұлғайтуды қосымша қамтамасыз ету.

2007 жылы

  1. Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендірудің көлемін 25 млрд теңгеге ұлғайтуды қамтамасыз ету;
  2. Мемлекеттің жеке сектормен арақатынасының жаңа идеологиясын құруды аяқтау.

Ең соңғысы. Меншікті заңдастыруға бірқатар шаралар кешенін қабылдау қажет, атап айтсақ, қалаға ауылдан қоныс аударғандар мен шағын кәсіпкердің жері мен шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын құруға бағытталған жағымды институционалдық климат құру мақсатында қабылданды.

Құрылым трансферттік технологияны инновацияны кәсіпкерлік және менеджмент мәселелерін оқу, аймақтық және салалық бөлікте мамандар мен жұмысшыларға қажеттікті ғылыми негізделген болжамға, ақпараттық қызмет көрсетеді, өнім көрмесін ұйымдастыруды жүзеге асырады. Сондай-ақ орталық іс-әрекеті шағын кәсіпкерлік дамуын тенденциясын секторлық оқумен, аз игерілген аяны анықтау және осы аяда кәсіпкерлік дамуын ынталандыруға бағытталған шешім қабылдауымен тығыз байланыста болады.

Қазақстан Республикасы Үкіметі шағын бизнесті қолдаудың тағы бір жолын қарастырады: 2004 жылдың 07 маусымында Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен Қазақстан Республикасы 2005-2007 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

Бұл бағдарлама мазмұны алдыңғы бағдарламаның шағын кәсіпкерлікті қолдану бағыттарынан құралды. Сондай-ақ аталған мәселелерді шешудегі жаңа көзқарастарға негізделуде. Оларға келесілерді жатқызуға болады:

  • Шағын кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелерінде қоғамдық мәселелер ролін күшейту;
  • Шағын бизнесті қолдау және қорғаудың инфрақұрылымын қолданудағы тиімділікті арттыру;
  • Шағын кәсіпкерлік аясындағы нормативтік құқықтық актілерді әрі қарай жетілдіру және олардың орындалуын бақылауды күшейту;
  • Шағын кәсіпкерлікті қолдаудағы қаржы несиелік және инвестициялық саясат мезанизмін ары қарай жетілдіру;
  • Шағын кәсіпкерлікте кадр даярлау, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық жүйесін қамтамасыз етуде тұтастық құру.[3]

Сондай-ақ бұл бағдарламадағы шағын бизнестің қаржылық мәселелері ассигнациялау шегінде республикалық және жергілікті бюджетпен жүзеге асырылады. Жыл сайын Республикалық бюджеттен 50 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінеді.

Салалық құрылымдағы бірқатар жағымды өзгерістерге қарамастан, шағын кәсіпкерлік таңдап отырған іскерлік түрі сауда саттық болып отыр (жалпы тауар және қызмет көлемінің 2/3). Шағын бизнес аясынан түскен салықтық түсімдер үлесі жалпы көлемде 10% аспады.

Бағдарламаны жасаушылар айтуынша, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің конъюктуралық жағдайға төзімсіз келуі көбінесе сол жерлердегі атқарушы билік орындарының істеріне байланысты болып отыр. Бұдан тұжырым жасасақ шағын кәсіпкерліктің ары қарай дамуы арнайы мемлекеттік қолдау шараларынсыз мүмкін емес.

Бағдарлама шегінде алғашқы шаралар ретінде келесілер көрсетілген: шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымының объектілер тарабын дамыту, жергілікті деңгейде істегі заңның орындалуы бойынша атқарушы тәртіпті жоғарылату, негізгі және айналым қорын алуға несие ресурстарына қол жеткізуді қамтамасыз ету: экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарға өндіріс орындарын алу процедураларын жеңілдету, кадрларды даярлау жүйесі мен шағын бизнесті ақпараттық қолдауды жасау.

Шағын бизнестің жетістікпен дамуын анықтайтын басты шарттардың бірі шағын кәсіпкерлік субъектілерінің іс-әрекетін қамтамасыз ететін инфрақұрылым элементтерінің болуы болып табылады.

Шағын кәсіпкерлікті қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау тендерлік негіздегі мемлекеттік мақсатты несиелер тарту есебінен басыңқы жобаларды коммерциялық банктердің несиелендіру арқылы жүзеге асырылады, соның ішінде шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы жеңілдетілген жағдайда. Банктер беретін несиелерді қамтамасыз ету мақсатында аймақтарда кепілдік қорлар құру ұсынылуда.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік тапсырыстарды орындауға қол жеткізуін кеңейту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерін алдын ала несиелендіру кестесін енгізу агенттік дұрыс деп есептейді, және де Үкімет жыл сайын тауар өндіруші болып жабылатын шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жүзеге асыруы керек мемлекеттің сатып алу (тауар қызмет жұмыс), түрлерінің номенклатурасын бекітуі керек.

Осы топ адамдарының меншігі заңсыз немесе жартылай заңсыз болғандықтан, қажет дәрежеде тіркелмегендіктен ол капиталдандырылмайды, сатылмайды немесе кепілдік бола алмайды. Олар заңда тіркеу және жаңа экономикалық қатынастар жүйесіне де енбейді. Бұл өте үлкен потенциал. Әлемдік сарапшылардың айтуынша кедей елдердің көпшілігі бұл елдерге айыруды қамтамасыз ете алатын активтер мен ресурстарға ие.

Біз экономикалық дамудың транзиттік зонасындамыз. Экономист-сарапшылардың есептеуінше, экономикалық өсудің 35/25-ке дейінгі активтер мен ресурстары, соның ішінде орта және шағын бизнесі заңсыз айналымда жүр.

Оларды нарықтық айналымға қосу елдің тұтастай экономикасына әсер етеді.

Осыдан келіп келесі негізгі міндеттерді шеше отырып, шағын және орта бизнесті күшейтуде қажеттілік туындайды. Олар:

  • салық жүктемесін төмендету;
  • меншік пен активтерді заңдастыру;
  • несие ресурстарына қол жеткізуді жеңілдету;
  • әкімшілік шаралар мен рұқсаттарды жеңілдетуі;
  • бюрократия мен бақылау қадағалау органдарынан қорғауы;
  • шағын және орта бизнесті қолдаудың аймақтық орталықтарды құру, маркетингті зерттеулер жүргізуде көмек көрсету, кваликацияны жоғарылату, орталықтандырылған бухгалтерия құру.

Конституцияға сәйкес: «Әркімнің еркін кәсіпкерлік іскерлікке, өз мүлкін кез келген кәсіпкерлік іскерлікке еркін қолдануға құқығы бар». Сол себепті мемлекет кәсіпкерлік іскерліктің еркіндігіне кепілдік береді және қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді. «2005 жылғы ішкі және сыртқы саясат негізгі бағыттары туралы» ҚР Призентінің жолдауын жүзеге асыру мақсатында ҚР Үкіметі жарғысымен Үкімет шағын және орта бизнес мәселелері бойынша ҚР Үкіметінің жанында комиссия құрды, ол ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 19-тамызындағы №917 жарғысымен шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері бойынша сарапшылық кеңес туралы типтік ережесін бекітті. Шағын және орта бизнесті несиелендіруге талдау жұмыстың 2-ші тарауында жасалды.

 

2. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ТӘЖІРИБЕСІ

 

2.1 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ құру көздері және олардың бағыттары

 

Кәсіпкерлікті мемлекеттің қаржылық қолдауы бірқатар шағымдарды талап етеді, ал мемлекеттік бюджет мүмкіндіктері шектеулі . Осы жағдайда бюджет қорын қолданудың қайтарымдық механизіміне көшу қажет.

Шағын кәсіпкерлікті жедел дамыту үшін тікелей инвестициаларды белсенді тарту маңызды роль атқарады.

Экономиканың басыңқы секторларына инвестициалық жобаны жүзеге асыруға бағытталған, негізгі капиталға 10 млн. АҚШ доллары көлеміндегі тікелей инвестициялар үшін 1998 жылдың тамызынан мемлекеттік қолдаудың жеңілдетілген тәртібі қолданылады.

ҚР-да шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы және экономикалық өсуін ынталандыру мақсатында, шағын бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттің қаржы қорын тиімді қолдануды жоғарылату мақсатында ҚР Үкіметінің 1997 жылы 26 сәуірдегі № 665 жарғысымен ҚР Призидентінің 1997 жылға 6 наурызда қабылданған № 3398 «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамытудағы белсенділендіруді күшейту бойынша шаралар туралы» жарғысымен, акционерлік қоғам формасында банктік емес қаржылық мекеме ретінде «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» құрылды.

 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ 1997 жылдың 19-тамызында шағын кәсіпкерлікті қаржылық қолдаудың мемлекеттік инфрақұрылымын ұйымдастыру мақсатында құрылды.  Жоғарыдағы жарғыға сәйкес  қордың негізгі қызметтері келесідей:

  • Шағын кәсіпкерлікті қаржылық қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын жасап, жүзеге асыруға қатысуы;
  • Шағын кәсіпкерлік субъектілерін мақсатты несиелендіру.

Соның ішінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың басыңқы бағыттарынан, тауар және қызмет нарық коньюктурасынан жекелеген аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық жағдай ерекшеліктерінен сайып келіп, екінші деңгейдегі банктер арқылы конкурстық негізде заңды тұлға құрмастан жеке кәсіпкерлік құру;

  • Шағын кәсіпкерлік аясынды жаңа жұмыс орындарын құруда көмек ету;
  • Шағын кәсіпкерліктің бизнес орталықтары мен инкубаторларын кеңес берушілік, оқу әдістемелік, лизингтік және басқа да шағын кәсіпкерлік аясының нарықтық инфрақұрылымын дамытуға көмек жасау;
  • ҚР Үкіметінің тәртібімен тағайындалған несиелендіру бағдарламасына қатысу.

     Қордың іс-әрекетінің негізгі мақсаты (жарлыққа сәйкес) — жаңа өндіріс және жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етуші шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытуда мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар, жобалар және шараларды жүзеге асыру шегінде Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті дамытуға бөлінетін және қаржылық қоры мен қаражатын тиімді қолдану болып табылады.

     Қор теңге және шет ел валютасымен банктік операциялар жүргізуге Республиканың Ұлттық банкінің 2000 жылғы 6-наурыздағы №  4 лицензиясы бойынша жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы ұйым болып табылады. Лицензия келесідей банктік операцияларды теңге және валютамен жүргізуге құқық береді:

  • Ссудалық операциялар (төлеу, жеделдік және қайтарымдылық шартымен ақшалай формада несиелер беру);
  • Ломбардтық операциялар (тез өткізілетін құнды қағаздар және қозғалатын мүлікті кепілдікке алып, қысқа мерзімді несиелер беру);
  • Жалға берушінің келісім шарт мерзімінде жалға берілетін мүлікке меншік құқығын сақтай отырып, мүлікті жалға беру;
  • Қор несиелендіруді кәсіпкерлікті қолдау бойынша мақсатты мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға Үкімет бөлген қаражат және өзінің жеке капиталы есебінен жүзеге асырады.

  Құрылған сәттен бастап Қор келесідей мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысады:

  • ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 19-қыркүйектегі № 1353 «Еуропалық Қайта құру және Даму Банкін (ЕҚДБ) несиелендіру шегінде шағын кәсіпкерлікті несиелендіру бағдарламасын жүзеге асыру туралы» жарғысына негізделген 75 млн.АҚШ доллары сомасына ЕҚДБ несиелендіруінің шағын кәсіпкерлік үшін РДЕБ бағдарламасы. (15.04.98 № 340 жарлығымен өзгерістер енгізілді);
  • Ауыл шаруашылығы секторы үшін АБР заемдық бағдарламасының екінші траншы (32,6 млн АҚШ доллары) ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 14-тамыздағы № 1258 «Ауыл шаруашылық секторы үшін дамудың Азия Банкінің заемдық бағдарламасын жүзеге асырудың кей мәселелері туралы» жарғысына негізделген (1998 ж. 17-наурызының № 227; 1998 ж. 28-қаңтарының № 44; 2000ж. 24-шілдесінің № 934 жарғысына сәйкес өзгертулер енгізілді);
  • Отандық тауар өндірушілерді қолданудағы шараларды жүзеге асыру бағдарламасы (22,7млн АҚШ долларына шағын және орта бизнестің шикізаттық сипаттағы емес экспорттық бағытталған кәсіпорындарына, және импорт орнын толтыруды несиелендіру бағдарламасы) келесі жарғыларға негізделген: ҚР Үкіметінің 1998ж. 13-қарашасындағы № 1162 «Отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын жүзеге асыру туралы» (2.06.99. № 693; 29.09.99, № 1474; 25.11.99. № 1789; 03.07.02. № 716 жарғыларымен толықтырулар енгізілді). 1999 жылғы 2-маусымдағы № 693 «Отандық тауар өндірушілерді қолдаудың кейінгі шаралары туралы » ҚР Үкіметінің жарғысы (31.08.09. № 1279; 13.11. 2000 № 1707; ҚР Үкіметінің жарғыларына сәйкес өзгертулер енгізілді); 1999ж. 31-тамыздағы № 1279 «ҚР Үкіметінің 1999ж. 2-маусымының  № 693 жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметінің жарғысы;
  • Алматы қаласы бюджет қорынан шағын кәсіпкерлікті несиелендіру бағдарламасы (несие мөлшері 33 831,7мың теңге) Алматы қаласы әкімінің 25.05.05. № 354 «Қалалық бюджет қорынан шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру туралы» шешім негізінде;
  • Республикалық бюджет қорынан алатын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру бағдарламасы (заем мөлшері 300млн теңге, соның ішінде 150млн теңге әйелдер кәсіпкерлігін несиелендіруге); ҚР Үкіметінің 2004ж. 22-мамырдағы № 555 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры акционерлік қоғамының несиелік ресурстарын толтыру және қолдану ережелерін бекіту туралы» жарғысына сәйкес (14.01.03. № 15 ҚР Үкіметі жарғысымен толықтырулар енгізілді);
  • Жеке қаражаттан шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру бағдарламасы.

   Қордың басқару органдарының құрылымына қатысты, оның жарғысына сәйкес келесіні бөлуге болады:

  • Қордың жоғарғы органы: мемлекетік акция пакетін иелік ету және қолдану құқықы бөлігінде ҚР индустрия және сауда министірлігі, сондай-ақ бұйыру құқығы бөлігіндегі ҚР қаржы министірлігі мен мемлекетті мүлік және жекешелендіру комитеті ұсынған жалғыз акционер;
  • Қордың басқару органы: құрамы Қазақстан Республикасы  үкіметімен аңықталып бекітілетін қордың директорлар кенесі ;
  • Қордың атқарушы органы: төраға басшылық ететің басқарма;
  • Қордың бақылау органы : ішкі аудит қызметі .

Шағым кәсіпкерлік субьектілерін өз жеке қаражатымен несиелендіру бағдарламасы. Тікелей қаржыландыру бағдарламасы шегінде қор айналым қорын 100 % толтыру қарастырылған операцияларын ниеселендірмейді.

Негізгі қорға салым несие сомасынан 50% -ден төмен болмау керек. Несиелер қарыз  алушыға келесі шарттармен міндеті түрде өтілуі қамтамасыз етумен беріледі:

  • Несиелендіру валютасы –теңге ,АҚШ доллары;
    • Несие мерзімі -5(бес ) жылға дейін ;
    • Сайақы мөлшерлемесі -10% жылдық ;
    • Жұмыскерлер саны -50 адамнан төмен емес ;
    • Активтердің жылдық жалпы құны 60000 еселік айлық есептік көрсеткіштен жоғары болмауы керек;

Қор бизнес-жоспар құруға ерекше талаптар  қоймайды. Экспертиза  жүргізу үшін келесі бөлімдер ерекше көрініс  табуы керек:

 — Кәсіпорын  құрылған сәттен бастап ,ақша айналымын, өндіріс көлемін т.б. көрсете  отырып қарыз  алушының іскерлігі:

 — Жобаны суреттеу;

  • Жоба бойынша шикізат, құрал-жабдық, материал жеткізуге келісім-шарт, хаттама т.б. құжаттарды қосымшалап несие қаражатын бөліп-тарату құрылымын бөлшектеп көрсету;
  • Жоспарланатын өндірісті таңдауды негіздеу-қарастырылатын  аймақта өндірілетін  өнім бойынша  бәсекелестерді талдау;
  • Құрал-жабдық, шикізат, т.б. жабдықтаушыларды таңдауды негіздеу-алынатын құрал-жабдық, шикізаттың техникалық  және сапалық сипаттамасын толық суреттеу; өнімділігі мен  құны бойынша шикізат және құрал –жабдық  нарығын талдау;

4) Кәсіпорынның  өндірістік шығындар бабын талдау. (жылу, су, электрқуаты, транспорт  шығындары).

  • Жоба бойынша кәсіпорынның толық ақша ағымы ;
  • Несиені жабудың резервті көздері (суреттеу ; негіздеу);
  • Жобаның басқада қатысушылары, олардың қарыз алушымен  арақатысының дәрежесі  мен  формасы;
  • Жобадаға қатысты келісім-шарттар.

 

 

2.2 Шағын және орта бизнес объектілерін қаржыландыру және несиелендіру тәжірибесін АҚ «Альянс банк» мысалында талдау

 

Несие іскерлігін жүзеге асыру бойынша жұмыстар АҚ “Альянс банкінде ” келесі шартты кезеңдер бойынша жүргізіледі:

Бірінші кезең— несие беру туралы мәселені шешуде алдын ала жұмыс.

Екінші кезең – банктік заем келісімі іске қосылу мерзімінде қарыз алушымен жұмыс.

Үшінші кезең – несиені қайтару.

Несие беру туралы мәселені шешуде алдын ала жұмыс.

Кездесу және несиеге өтініш беру.

АҚ “Альянс банкінде ” Клиент қорға несие беру туралы өтінішпен келсе, ақпараттық әңгіме жүргізіледі. Кездесу мақсаты оны қаржыландыру бойынша клиентпен әрі қарай жұмыс істеу мақсаттылығын анықтау болып табылады. Әңгіме барысында жоба мәні, клиенттің төлем қабілеті және қарыздары, ұсынылатын қамтамасыз  етілу, өтімділік тағы басқа мәселелер анықталады.

Несиелендіру мүмкіндігін алдын ала бағалаудан кейін қорға несиеге өтініш және ақпараттық анкета беруі керек.

Құжаттарды қабылдау.

АҚ “Альянс банкінде ”  қор канцеляриясына несие алуға өтініш, анкета және тізім бойынша барлық қажетті құжаттар пакеті қор канцеляриясында тіркеледі. Канцелярия жобаға қосымша құжат арқылы берілген құжаттардың толықтығын тексереді, сәйкеспеушілікті анықтаған жағдайда пакет не қайтарып беріледі, немесе жетіспеген құжаттарды толықтырады. Барлық құжаттардың түп нұсқасы немесе нотариалдық расталған көшірмелері берілуі керек. Түпнұсқасымен қатар көшірмені де өзгертуге болады.

Құқықтық актілерді талдау.

АҚ “Альянс банкінде ” құжаттар қабылданғаннан кейін Қор басшысының тапсырмасымен құжаттар пакеті Заңдық басқармаға құқықтық экспертиза үшін түседі. Бірінші кезеңде алғашқы тексеру жүргізіледі: берілген құжаттар мөрі, қолының растығы, оларды бір бірімен салыстыру, өзгертулер, дефекттер жоқтығы. Егер берілген құжаттарда тазартулар, өзгертулер, дефекттер, басылымдар бар болған жағдайда құжаттағы кемшіліктерді басқасымен ауыстыру немесе өзгерту арқылы жою керек. Кемшіліктерді түзету жобаны қарастырғанға дейін жүзеге асырылуы керек, кері жағдайда қор құжат сәйкеспегендік негізінде несие беруден бас тартады. Заң бөлімінің маманы алғашқы тексеруден кейін «Құқықтық экспертиза жүргізу тәртібіне» сәйкес берілген құжаттарды жете талдайды.

Жағымды заңдық тұжырым жасалған жағдайда жоба жобалық қаржыландыру басқармасына экономикалық сараптауға жіберіледі.

Қарыз алушының қаржылық несие қабілетін талдау.

АҚ “Альянс банкінде ” несиелендіру мақсаттылығының мәселесін шешу үшін экономикалық сараптау жүргізіледі, мақсаты потенциалдық қарыз алушының қаржылық жағдайының толық жағдайын көрсету болып табылады. ТЭН талдау, кезең ішіндегі динамикалық қаржылық іскерлікті талдау; қазіргі уақыттағы төлем қабілетін талдау, несиелендіру кезеңінде іскерлік дамуын болжау, ұсынылатын қамтамасыз етілудің сәйкестігі мен сапасы. Сараптауда нақты және ақырғы бағалауды жүзеге асыру үшін қарыз алушының іскерлік орнына шығу әсерін тигізеді  Клиентке бару жобаны талдаудың маңызды бөлігі болып табылады, және клиенттің қаржылық жағдайы мен бизнес жағдайын дұрыс бағалауға қажетті және негізделген ақпарат алуға септігін тигізеді. Несиемен жұмыс тәжірибесі болған жағдайда клиенттің басқа қаржы мекемелерімен төлемдік қатынастар тарихын анықтау керек. Экономикалық сараптау нәтижесінде клиенттің қаржылық жағдайының және жобаның экономикалық жағдайының толық бейнесі қалыптасуы керек:

  • Қаржылық жағдайы;
  • Ағымдағы іскерлік, жоба жағдайы;
  • Клиент жетістіктері мен сапасын бағалау, сәйкес тәжірибе, бәсекелестік қабілет, іскерлік қабілет;
  • Жобаны, сұралған несие параметрлерін бағалау;
  • Сала, перспектива және ондағы клиент орнын бағалау;
  • Негізгі тәуекелді бағалау;
  • Несиенің Қор талаптарына сай келуі. Экономикалық сараптама нәтижесі бойынша сарапшылық қорытынды жасалады.

Қамтамасыз етілуге ұсынылатын кепілдік мүлкін талдау.

Заң бөлімінен Қорға берілген кепілдік қамтамасыз ету үшін құқық тағайындаушы құжаттарды «жобаны заңдық сараптау жүргізу туралы» ішкі жағдайға сәйкес жалпы заңдық талдау құрамында олардың құқықтық сәйкестігін және талапқа сай келуіне талдау жүргізіледі. Қамтамасыз етуге берілген мүлікті ары қарай бағалауды жүзеге асыру үшін, кепілдік мүлікті зерттеу үшін орынға шығу керек. Кепілдікке берілген мүлікті талдау «заемдық Қордың қайтарымдылығын қамтамасыз ету тәртібі» ішкі құжатына сәйкес Қор мамандарымен жүргізіледі. «Құқықтық сарптама жүргізу тәртібі» және «Заемдық қордың қайтарымдылығын қамтамасыз ету тәртібіне» сәйкес құқық беруші құжаттарды тексеру жүргізіліп, кепілдіктің нақты нарықтық құны бағаланады(Объектіні дұрыс сақтап қолдану уақыт өтуі кепілдік объектісінің құнының төмендеу мүмкіндігін) міндеттемені кепілдікпен қамтамасыз ету көлемін бағалау. Кей жағдайларда ұсынылатын қамтамасыз етуді талдау үшін Қор арнайы бағалау компаниясын тарта алады. Зерттеу нәтижесі бойынша Қор жұмысшы несие беру туралы қорытынды жасайды.

 

Альянс Банкінде жеке және заңды тұлғаларға үшін микронесиелеу бағдарламасы жүзеге асырылды.

 

Артылықшылықтары:

 

  • әрбір несие алушы үшін жеке жағдай жасау
  • 5 күн ішінде несие алу мүмкіндігі
  • минималды құжат пакеті
  • қаржылық жағдайға баға беру,кепілдік қамтамасыздандыру және сарапшылық қызмет көрсетуге қосымша ақы алынбайды;
  • ерікті сақтандыру;
  • қосымша комиссиялар алынбайды;
  • бизнес жоспарды және несиені техникалық-экономикалық тұрғыдан дәләлдеме ұсыну кәсіпорындардың өз еркінімен алынады ;
  • несиені өтеу мерзімін басқа уақытқа аудару және өтеу сынағын жеке тұрғыда қарау мүмкіндігі.

 

 

Бұл бағдарлама келесі келесі мақсаттарды несиелендіру үшін арналған:

  • айналым капиталды арттыру;
  • қызмет көрсету көлемін арттыру және өндірісті ұлғайту;
  • негізгі құралдарды сатып алу (көлік,шикізат және материалдар);
  • коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алу;
  • кәсіпшілік қызметті жүзеге асыру үшін ремонттеу және құрылыс жасау;

 

                    Кесте-5 АҚ “Альянс банкінде ” несиелер түрлері

 Несиелер түрлері

«Быстро»- несиесі

«Просто»-несиесі

«Солидно»-несиесі

Несие сомасы

100 $-дан 10 000$-ға дейін, эквивалент  теңгемен

10 000$-ға дейін, эквивалент теңгемен

10 000$-дан  200 000 $-ға дейін, эквивалент теңгемен

Несие мерзімі

3 айдан 18 айға дейін.

3 айдан 48 айға дейін.

3 айдан 84 айға дейін.

Қарау уақыты

1 күннен аспайды

2 күннен аспайды

5 күннен аспайды

Несие беру  нысаны

Несие қолма-қолды және қолма-қолсыз ақша түрінде беріледі

Негізгі шарттар

 Шаруашылық қызметі 3 айдан кем болмау керек

 

*Қайнар көзі-Goolgle.kz

 

  • капитал салу.

 

2006 жылы банк жүйесі бойынша АҚ “Альянс банкінде ”  клиенттерге ссуда  3 336 932 АҚШ долларын құрады.12.2002 – 09.2006 ж.ж. экономика салалары бойынша банк несиелері. (кесте 5,6,7).

          

 

 Кесте 6 — АҚ “Альянс банкінде ” қысқа мерзімді несиелер көрсеткіші

(мың тенге)

жылы

12. 2002

12.2003

12.2004

12.2005

12.2006

Өнеркәсіп

11,954

16,049

42,772

82,845

69,050

Ауыл шаруашы-лығы

3,697

2,755

12,669

24,527

26,098

Құрылыс

1,563

3,606

4,328

9,419

13,777

Транспорт

752

281

3,533

6,245

7,094

Байланыс

1,583

2,043

5,484

9,552

12,331

Сауда

17,961

23,88

57,366

85,09

100,185

Басқада

13,241

20,536

17,033

23,457

26,926

 
*  Қайнар көзі Колесников В.,  Малый и средний бизнес: эволюция понятий и проблемы определений.
\\ Вопросы экономики, 1996, №7.

 

 

             Альянс банкінде өнеркәсіп саласына 2004 жылмен салыстырғанда, 2005 жылы берілген несиенің сомасы 93% пайызға өсті, ал 2006 жылы берілген несие сомасы 16,65%  пайызға аз берілді. Құрылыс, байланыс, әсіресе сауда саласына берілген несие сомасы 2002 жылдан бастап 2006 жылға дейін тұрақты өсіп келе жатыр, мысалға, сауда саласын алсақ, 2003 жылы несиенің саны 32,83% пайызға өсті, 2004 жылы – 140,45% пайызға, 2005 жылы – 48,33% пайызға, ал 2006 жылы  — 17,74% пайызға өсті десек болады, сонымен қатар саудаға бөлінген несиенің үлесі, берілген барлық қысқа мерзімді несиелердің 39,22% пайызын құрайды.

 
Кесте — 7   АҚ “Альянс банкінде ” орта және ұзақ мерзімді несиелер
                                                                                           (мың тенге)

жылы

12. 2002

12.2003

12.2004

12.2005

12.2006

Өнеркәсіп

9,896

16,271

41,511

83,968

124,204

Ауыл шаруашы-лығы

5,557

9,001

13,211

26,073

33,398

Құрылыс

403

2,118

7,630

13,572

25,140

Транспорт

3,129

4,399

12,956

14, 867

14, 962

Байланыс

637

855

422

2,077

3,292

Сауда

4,231

17,55

34,473

66,229

77,121

Басқада

11,338

19,763

22,820

41,896

55,154

 

Қайнар көзі Колесников В.,  Малый и средний бизнес: эволюция понятий и проблемы определений. \\ Вопросы экономики, 1996, №7.

 

         7-кестеге қарасақ, орта және ұзақ мерзімді несиелер санының, 2002 жылдан бастап 2006 жылға дейін , тұрақты өсуін байқаймыз. 2006 жылы берілген несиенің үлес салмағы ең көп сала бұл — өнеркәсіп саласы, оның үлесі – 37,27% пайызды құрайды.

          Жалпы қысқа, орта және ұзақ мерзімге, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, құрылыс, транспорт, байланыс, сауда және де басқа салаларға берілген несиелер мөлшері әрдайым өсіп жатыр. Бұл деген, менің ойымша жақсы көрсеткіш болып табылады.

Жұмыс барысында кәсіпкерлер көптеген мәселелермен соқтығысады және шағын кәсіпорындар өндіріс кәсіпорындар үшін – тек 5 жылға дейін уақыт алатын құрылу процесін бастан кешіреді.

Шағын бизнес дамуына кедергі жасайтын мәселелер  жалпыға мәлім. Оларға келесілерді жатқызуға болады: нарықтық инфрақұрылымның дамымағандығы, несие ресурстарына қол жеткізу күрделілігі, салық салу жүйесінің күрделілігі, өндіріс орындарына қол жеткізу қиындығы, бақылаушы органдар талабының күрделілігі, салық салу жүйесінің күрделілігі, өндіріс орындарына қол жеткізу қиындығы, бақылаушы органдар талабының күрделілігі т.б.

Нақты нарықтық ортада қолында көп бастапқы капиталы жоқ, маркетингтік және консалтинтік қолдауы жоқ, заңдық, сертификациялық және басқа да қызметтер кешені қолында болмаған бастаушы кәсіпкердің мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған барлық шараларына қарамастан, ісін дұрыс жүргізуге мүмкіндігі жоқ. Себебі ол шет мемлекеттер бәсекелестерінің қыспағында, және де табысы төмен шығыны мен тәуекелі жоғары, болып келеді, әсіресе жалпы және салық занының, монополистерді 1 тарифтік саясат тұрақсыздығы мен әртүрлі бақылау және фискалдық органдар қосылысының әсері болып табылады.

Несиелік комитет, Қор Басқармасы немесе Директорлар Кеңесінің шешімі орындалады, ал өзгертулер, нақтылаулар немесе жазбаша түрде Несие Комитетімен, Қор Басқармасымен немесе Директорлар кеңесімен жүргізіледі.

Несие беру туралы дұрыс шешім қабылданғаннан кейін банктік заем келісімі, кепілдік келісімі басқа да қажетті құжаттар дайындалады, олар тексерілгеннен кейін юристпен визаланады, одан кейін бірінші заем алушыға, одан кейін Қор басшысына қол қойдырады. Ары қарайғы жұмыс үшін Несие досьесі келісім көшірмесімен құрылып, басқармаға жұмыс үшін беріледі. Банктік заем келісімі , кепілдік келісімі, кепілдік қамтамасыз ету бойынша құжаттардың түпнұсқасы сәйкес тіркеуден өтіп, Қор архивіне есепке алыну үшін жауапкершілікті сақтауға беріледі.

Бухгалтерия қажетті шоттар ашып, жедел міндеттеме мен кепілдік құнын баланстан тыс шотқа жазады. Қарыздық шоттан аудару тек кепілдік құқы мен кепілдік мүлікке жүктеме салынғаннан кейін ғана басталады.

АҚ “Альянс банкінде ” қарыз алушымен жұмыс істеу үшін арнайы досье жасалады, онда несие келісімі бойынша барлық құжаттар мен заем алушы туралы мәліметтер шоғырланады.

  • Қарыз алушының құрылтайшылық құжаттары (жарғы, жарғылық келісім, статистикалық құжат, мемлекеттік тіркеу куәлігі);
  • Егер тұлға қарыз алушы адамы болса, қарыз алушы атынан несие келісіміне қол қоюға өкілеттілігін растайтын құжат;
  • Несие бойынша материалдар (несиеге өтініш, банктік заем келісімінің  көшірмесі, кепілдік, қарыздық міндеттеме, кепілдік хат, жедел міндеттеме туралы келісімдер);
  • Қаржы экономикалық ақпарат (қаржылық есеп беру, талдау кестелері,салық декларациялары, бизнес жоспар);
  • Клиенттің несиелік қабілеті туралы материалдар (талдау есебі, басқа банктерден, көздерден алынған мәліметтер)
  • Несиені қамтамасыз ету бойынша құжаттар (кепілдік тіркеу туралы куәлік, салымдар және құнды қағаздар бойынша құқық беру құжаттары, жалға беру келісімдері т.б.);
  • Несие бойынша хат алысу (клиентпен хат алысу, кездесу хаттамалары);
  • Заңдық және экономикалық тұжырымдамалар көшірмесі, кепілдік мүлікті бағалау анықтамасы, Несие комитеті мен Қор Басқармасының хаттамалары;
  • Несие қорын мақсатты қолдауды дәлдейтін құжаттар;
  • Бұйрықтар, төлемдік құжаттар.

АҚ “Альянс банкінде” несие досьесіндегі құжаттар тігіліп, хронологиялық тәртіппен номерленуі керек. Несие келісіміне отырған сәттен бастап несиені толық құйған сәтке дейін несие бойынша мониторинг жүргізіледі. Қарыз алушыға жауапты несие маманы есептелген сыйақы ведомосін тексеріп, оның түсуін бақылауға алуы керек. Әр ай соңында сыйақыны өтеу графигінде алынбаған сыйақы сальдосы жасалып, қажет жағдайда штрафтық санкцияларды ескере  отырып, несиені толық қайтарудағы шаралар кешені даярланады.

АҚ “Альянс банкінде ” несие бойынша қарызды жабу несиені қолдану үшін сыйақыны несие бойынша негізгі қарызды толық өтемегенше қарыз беруші қарыздық шотына аударылатын қарыз алушымен жүзеге асырылады. Қарызды төлеу есебінен барлық төлемдер қарыз алушымен толық жүзеге асырылуы керек. Қор өзіне төлену керек соманы толық мөлшерде еш шегерімсіз , салық, жинақ, комиссия, басқа да ұсталымдарды төлеместен алуы керек. Ақша аударылуы төмен құжатының көшірмесін беру жолымен расталу керек, несиені уақытылы қайтармаған жағдайда, қарызды өтеу тәртібі келесідей:

  • Штрафтық санкциялар бойынша – есептелген сый ақыға;
  • Штрафтық санкциялар бойынша-несиенің негізгі сомасы бойынша;
  • Есептелген сыйақы бойынша –несиені қолдану үшін;
  • Несиенің негізгі сомасы бойынша.

Заем алушы несиені алдын ала тек қордың жазбаша келісімін алғаннан кейін ғана төлей алады, ол үшін мерзімінен бұрын несиені өтеу күнінен 10 жұмыс күні бұрын жазбаша хабарлауы керек, бұл жағдайда ол көрсетілген несиені қолдану сыйақысының толық қолдану мерзіміне төлеуге міндетті.

Несие бойынша алдын ала төлеу туралы көрсетілген мерзімнен кешіктірілген төлем мерзімі өткен болып есептеледі. Егер қарыз алушы несие сомасын қордан жазбаша келісім алмастан алдын ала өтеген жағдайда сыйақы несиені өтеудің келісімде көрсеткен банктік заем күніне дейін есептеледі. Ссудалық қарызды алушының өтеуі қордың несие портфелінің мониторинг жүйесіне енгізіледі. Аресттен кепілдік мүлік босатылып, кепілдік құжаттардың түпнұсқасы клиентке қайтарылады.

 

 

 

3  ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК ДАМЫТУДЫ НЕСИЕЛЕНДІРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

 

Шағын және орта бизнесті дамытуды несилендіруді арттыру жолдары

АҚ “Альянс банкінде”  қордың негізгі іскерлігі бекітілген бағдарламалардың орындауына мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражатты бөлу арқылы мақсатты мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру болып отыр, ол қордың құрылуының алғашқы мақсаттарының орындалуын толық қамтамасыз етпейді.

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысу Қордың институционалдық құрылуына ғана емес, жеке капиталдың құрылу көзі болды, бүгінгі таңда ол 5млн АҚШ долларын құрайды. ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі № 665 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» жарғысында қарастырылғандай, бюджеттік қаржыландыру болмаған жағдайда аталған қаражат шағын кәсіпкерлікті қаржыландырудың жалғыз көзі болды.

Қазақстанның бірқатар халықаралық несиелендіру бағдарламаларына қатысуы мұндай қаржылық іскерлікте жаңа құбылыс болғандықтан, Қор өз міндеттерін жүзеге асыруда заңдық сипаттағы бірнеше мәселелермен кездесті.

Азиялық Даму Банкінің заемдық Бағдарламасын жүзеге асыруда Қор қаржы министрлігі, Қор және екінші деңгейдегі өкілетті банктер арасында қабылданған АБРСХ Несие келісімінің шарттарына сәйкес ҚР қаржы министрлігінің қаржы агенті болады.

  • Қор және Агенттік қалауы бойынша Импорт орнын толтыру Бағдарламасын жүзеге асыру шегінде бөлінген қайтарымды қаражат статусы анықталған. ҚР Үкіметінің 03.07.02. №716 «ҚР Үкіметінің 1998ж. 13 қарашадағы №1162 Отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша шаралар туралы» жарғысына сәйкес Аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін бөлінген 22,7млн АҚШ доллары сомасы Қордың жарғылық капиталын көбейтуге бағытталған. Оның бәрі Қордың қаржылық тұрақтылығын жоғарылатуға, потенциалды инвесторлар үшін тартымдылығын жоғарылатуға, сондай-ақ шағын кәсіпкерлікке қаржылық қолдау көрсету бойынша іскерлікті кеңейту үшін ресурстық потенциалды жоғарылатуға әсерін тигізеді.
  • Қордың шағын кәсіпкерлікті инвестициялау көлемі мен қарқынын ұлғайту мақсатында Қор және Агенттік инициативасы бойынша ҚР Президентінің 1997ж. 6 наурыздағы №3398 «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту белсендіруді ұлғайту бойынша шаралары туралы» жарлығының шағын кәсіпкерліктің субьектілерін несиелендіруге шектеуді алу бөліміне өзгерістер енгізілді.
  • Үкіметтің келесі қарастырылуына жіберілуі үшін Қордың несие саясаты туралы меморандум жасалды, ол Қордың іскерлігінің нақты форматын тағайындап, шағын кәсіпкерлікті дамыту аясындағы мемлекеттік саясаттың қажетті бағыттарының бәрін көрсетеді.

АҚ “Альянс банкінде ” 2005-2006ж.ж. қаржы-экономикалық іскерлігінің нәтижесі.

Қор табысының негізгі бабы несие іскерлігінен түскен табыс болып табылады. Берілген несиелер бойынша сыйақы есептеу және есептелген сыйақыны өтеу мерзімі несие келісімі шарттары бойынша анықталады.

АБР несиесі бойынша қор сыйақысының жылдық мөлшерлемесі 0,5 % құрады, оның 0,2 % несиені беруде бір реттік комиссия ретінде төленеді, ал жылдық 0,3% жылына екі рет 1 сәуірде және 1 қазанда әр жыл сайын төленеді.

ҚР Қаржы Министрлігінің сыйақысы 75 %-ды құрайды, және мемлекет бюджетіне Қаржы Министрлігінің жазбаша бұйыруымен ары қарай аударылуы үшін Қордың арнайы шотына жинақталады.

ЕБРР несиесі бойынша Қордың жылдық сыйақысы 25 % -24,5 % құрайды, міндеттеме үшін бірр еттік комиссия 0,755 % құрап, несие берілгенде алынады. Сыйақыны өтеу мерзімі әр жылдың 9 наурызында және 9 қыркүйекте екі рет өтеледі.

Импорт орнын толтыру және экспортқа бағытталған өндіріс бағдарламалары бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме 55% құрады, несие мерзімі 2 жылдан 5 жылға дейін болып табылады. Алматы қаласы әкімшілігі бағдарламасы бойынша Қор қаражаты 45% жылдық.

Қор ҚР Қаржы Министрлігінің агенттігі болғандықтан және агенттік келісіміне сәйкес несие қайтарылмауына жауапкершілік артпайды, 2001ж желтоқсанындағы ҚР Қаржы Министрлігінің алдындағы алынған несие қаражаты бойынша міндеттеме сомасы берілген несие сомасына азайтылды, ал олар бойынша міндеттемелер мен талаптар баланстан тыс шоттарда ескерілді.

Осы себептен Қор АДБ, ИЗП, Бағдарламаларын жүзеге асыру шегінде берілген несиелер бойынша провизия құрады.

Кесте 6 — Ағымдағы жыл нәтижесі бойынша (несиелендіру бойынша) 2006 жылдың 1 қарашадағы бағдарлама шегінде барлық берілген несиелер

         6-кесте бойынша барлық берілген несиелер саны – 117665756,11 АҚШ долларды құрайды. Барлық берілген несиелердің көп бөлігін Еуропалық Қайта Құру Банкісі берген болатын, ол берген несиелердің үлесі – 48,4% пайызын құрайды.

 

 

Кесте  8 — 2005-2006 жылдар аралығындағы алынған табыс пен шығынды  талдау

Табыстар

2005 жыл

2006 жыл

АДБ

15 999,61

16 052,77

ЕБРР

278 406,97

576 037,31

ИЗП

149 433,50

119 292,93

Бидай

-81 068,34

 

Қалалық әкімшілік

 

587,02

Жеке қаражат

44 482,66

68 970,59

Арендалық төлемдер

32 868,40

37 356,78

Сатудан табыс

29 370,90

8739,40

Курстық айырма

17 612,60

8261,27

Курстық ауытқу

 

27 101,30

Барлық табыс

487 106,3

862 399,37

Шығындар

2005 жылы

2006 жылы

Жалпы әкімшілік шығындар

108 632,9

140 117,30

Сыйақы бойынша шығындар

206 647,00

434 290,40

Провизия

 

196 497,50

Барлық шығындар

314 279,90

770 905,20

Табыс салығын төлегенге дейінгі табыс

172 826,40

91 494,17

Табыс салығы бойынша шығын

44 122,70

108 179,00

Барлық табыс(+) шығын(-)

128 703,70

-16 684,83

 

1 Малый и средний бизнес Казахстана -2006-№ 1

 

 

 

Несиелендіру жолы

АҚШ долларымен сома

АДБ Заемы

27 994 292,35

ЕҚДБ несиелендіруі

56 950 000,00

Бидай сатып алу бағдарламасы бойынша несиелер

20 680 506,72

Отандық тауар өндірушілерді қолдау бағдарламасы б/ша несиелер

1050571,41

Жеке қаражаттан несиелер

1285 408,7

Алматы қаласы әкімшілігінің бағдарламасы б/ша несиелендіру

68 806,11

Республикалық бюджет бағдарламасы б/ша несиелендіру

192 170,82

Барлығы

117 665 756,11

1 Малый и средний бизнес Казахстана -2006-№ 1

 

Кесте 9 —  31.12.2006  жылға табыс пен шығындар сомасы

                                                                                          (мың теңге)

Табыстар

Табыс сомасы

АДБ б/ша табыс

423 960,66

Импорт орнын толтыру және экспортқа бағытталған өндіріс бағдарламасы б/ша табыс

48 155,83

Жеке қаражат бойынша табыс

58 237,2

Алматы қаласы әкімшілігі бағдарламасы бойынша табыс

1 859,78

Жалдық төлемдер

17 450,2

Өткізуден түскен табыс

-910,4

Курстық айырма

2 255,33

Курстық ауытқу

5 496,3

Барлығы

563 686,74

 

           АДБ бойынша табыс сомасы ең көп болып табылады, оның үлес салмағы – 75,21% пайызды құрайды.

 

 

Шығындар

 

Жалпы әкімшілік шығындар

115 196,00

Сыйақы б/ша шығындар

311 464,00

Провизия

0

Барлығы

426 660,00

Табыс салығын төлегенге дейінгі табыс

137 026,74

Табыс салығы б/ша шығын

17667,00

Барлық табыс (шығын)

119 359,74

1 Малый и средний бизнес Казахстана -2006-№ 1

 

Қордың даму жоспары ҚР Президентінің Қазақстан Халқының «2005 жылғы ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы» жолдауына және ҚР Президентінің 2004 жылғы 28 наурызда № 827 жарлығымен бекітілген 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын ары қарай жүзеге асыру шаралары туралы 2004-2006 жылдарға Үкімет бағдарламасындағы міндеттерге сәйкес келеді.

 

            Сыйақы бойынша шығын сомасы басқалармен салыстырғанда көбірек, оның үлес салмағы – 73% пайызды құрайды.

    Қор алдында тұрған басты міндет шағын және орта бизнесті қаржылық қолдау бойынша белсенді саясат жүргізуді қамтамасыз ету болып табылады, осыған орай қордың кей өкілеттіктерін кеңейту қажет.

  • Шағын және орта бизнесті қаржылық қолдауды күшейту мақсатында болашақта қор келесі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;
  • Шағын және орта кәсіпкерлерді несие қаражатына қол жеткізу мүмкіндігін жеңілдету;
  • Шағын және орта кәсіпкерлікті тікелей несиелендіру көлемін ұлғайту;
  • екінші деңгей банктерінен несие алуы үшін олардың есебіне кепілдік беру;
  • Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне шағын несиелер беруі;
  • Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие жолдарын ашу, себебі несие жолдары бір реттік несиелерге қарағанда тіркеу жеделдігіне және қарыз алушының Қордың несие ресурстарына қол жеткізуінде ерекшеленеді;
  • Қарама қарсы несиелендіру серіктестерін құру тәжірибесін енгізу. Бұл жерде Қор серіктестерді несиелендіреді, одан кейін серіктестік өзінің қатысушыларын қамтамасыз етудің жеңіл әдістерімен несиелендіруді жүзеге асырады;
  • Несиелендірудің нақты параметрлері мен критерийлерін (мерзімі, несие мөлшері, сыйақы мөлшерлемесі, қарыз алушы мәртебесі т.б,) тағайындау арқылы шағын және орта бизнесті ары қарай несиелендіруші тізбек ретінде банктерді мақсатты қаржыландыру бағдарламаларын енгізу.
  • Несие алушы шығынды азайту мақсатында –есепті кассалық орталық ашу;
  • Несиелендіру процесін жеңілдетуді қамтамасыз ету мақсатында өкілетті органдар және ҚР ҰБ –мен несие досьесін құруға талаптарды реттеуші, жобаны таңдау критерийларын анықтаудағы нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізу бойынша жұмыстарды бастау;

Несиелендірудің балама формаларын енгізу, атап айтсақ лизинг, соның ішінде ауыл шаруашылық және инновациялық жобаларды лизинг негізінде қаржыландыру. Лизинг кәсіпорындарға өзінің негізгі қорын сатып алуға және жаңартуға, өндіретін өнімнің бәсекелестік қабілетін жоғарылатуға, жедел шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін ең тиімді қаржылық құрал болғандықтан, бұл қаржылық несиенің келесі ерекшеліктерін атап өту керек.

— Қаржыландырудың ұзақ мерзімді формасы-қаржылық лизинг келісіміне  отыру лизинг затының амортизациялық мерзіміне сай келеді.

— Лизингтік төлемдерді төлеудің графигі, яғни лизинг затының экслуатациялық өндіріс циклына  сәйкес басқа да жұмыстарды жүргізуге және болашақты ескеріп кәсіпорын бюджетін жоспарлауға мүмкіндік береді.

— Инвестициялық қаражат қайтарымдылығын лизинг берушінің мүлкі болып табылатын лизинг заты қамтамасыз ететіндігін ескерсек, лизингтік төлемдерді  төлеуді қамтамасыз ету бойынша талаптар, екінші деңгейдегі банктер талабына қарағанда азаяды.

— Ресурстарды үнемдеу себебі, құрал жабдықты сатып алумен байланысты мәселелерді жүзеге асыру (кедендік тіркеу, салықтарды төлеу, валюталық заңдылықтарды ұстану және оны бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік тіркеуді жүргізу) толығымен лизингтік компанияға жүктеледі, ол кәсіпорынға мүмкіндіктерін негізгі іскерлікпен байланысты мәселелерді шешуге шоғырландыруға мүмкіндік береді.

— Лизинг объектісі Лизинг алушы балансында тұрады, лизинг объектісінің амортизациясы коэффицентіне сәйкес жұмыс өзіндік құнына жатқызылады, ол жаңа салықтық преференцияларды қолдануға мүмкіндік береді.

— Өндірісті кеңейту және модернизациялау, кәсіпорынның материалдық техникалық базасын қымбат заемдық қаражат тартусыз кезеңмен жаңарту және айналым қорының бірқатар сомасын тарту;

— Келісім мерзімі біткенде қалдық құны бойынша құрал жабдықты кәсіпорын алу, яғни нольдік ставкамен.

— Қымбат тұратын ауыл шаруашылық техникасының толық құнына қолма қол ақшаны жедел салудың қажеттігі туындамайды, ол айналым капиталын тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Бұл жерде Қор лизингтік келісімге келесі субъектілер ретінде қатыса алады:

  • Лизингтік келісімді қаржыландыру көзі ретінде,
  • Лизинг беруші ретінде;

— Қор іс әрекеті туралы ақпаратқа қол жеткізуді жоғарылату мақсатында жалпы ақпарат құралдарында  жарнама іскерлігін жүргізу;

— 2) Активтерді оңтайландыру (ұлғайту) (негізгі іскерлік шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіруді жүзеге асыру үшін ресурстарды көбейтуге бағытталған іскерлік);

— Ішкі және сыртқы нарықтан ссудалық капитал алу, яғни мақсатты бағдарламалар шегінде халықаралық қаржы институттарының несиелерін тарту, республикалық және жергілікті бюджет қаражатын тарту (заемдар, қордың жеке активіне, сондай-ақ мемлекеттік кепілдік пен тартылатын бағдарламалық заемдар);

— Құнды қағаздар шығару арқылы жеке капиталды ары қарай капитализациялау. Бұл жерде Қор қарыздың құнды қағаздар элементтеріне қойылатын барлық талаптарға сай келетіндігін ескере отырып, заемдық құнды қағаздар жоғары бағалануы керек. Себебі, объективті түрде заемға алу шарты бойынша облигациялар тек ұйымға ғана емес (заңды тұлғалар) жеке тұлғаларға да тиімді болып келеді

Облигация бойынша салымшылар банктік депозиттерге қарағанда көбірек сыйақы ала алады.

Облигациялық заемның классикалық формасы бойынша эмитент міндеттемесі жүйелі түрде тіркелген купондық төлемдерді төлеп отыру, сөйтіп айналу мерзімінің соңында тіркелген номиналдық құнды төлеу болады.

Осылайша, Қор ішкі нарыққа жалпы сомасы 10млн доллар, айналым мерзімі 3-5 жыл, жылдық ставкасы 8% болатын облигация шығаруды ұсынады. Несие тәуекелін азайту мақсатында бұл облигациялар  бойынша потенциалды инвесторлар үшін , олардың ұзақ мерзімділігін ескере отырып, пут-опционды облигация кезеңдік қаржыландыруды қысқа мерзімді облигация шығарудан айырмашылығы аз, алайда, тәжәрибеде бірқатар ерекшеліктері бар.

Облигацияның жаңа шығарылымының эмиссиясы әрқашан шығаруды тіркеуге уақыт және ақша шығынымен, оны араластырумен байланысты, ал, пут-опционды облигация шығару оларды болдырмауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ облигацияның жаңа шығарылымын орналастыру шығындары  пут-опциондық облигация бойынша шығындар көбірек болуы да мүмкін.

Қор жоспарлаған міндеттер мен шаралар кешені қаржы ресурстары және мемлекеттің саяси ұйғарымына сәйкес — шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың протекционистік саясаты болғанда ғана жүзеге асырылады.

 «Шағын кәсәпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ң іскерлігінің негізгі бағыттар концепциясы әлеуметтік бағытталған міндет: жұмыс орындарын құру және халықтың жұмыспен қамтылу шешімдеріне бағытталған.

Қор толығымен өзінің барлық потенциалы мен мүмкіндіктерін шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған инвестициялық инновациялық мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін жұмсайды.

Қазақстандағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау механизмін жетілдіру жолдары

Өз уақытындағы қабылданған заңдардың бірі 2004 жылдың 18 наурызында қабылданған Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңдылық актілеріне өзгертулер мен түзетулер енгізу туралы» Заңы болды. Осы заңға сәйкес шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілеттіліктерін есептік тіркеу қажетті құжаттарды қоса, өтінішті берген күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде жасалуы керек.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдауды «Қазақстанның даму банкі», «Ұлттық инновациялық қоры», «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры», екінші деңгейдегі банктер, сонымен қатар несиелік серіктестіктер мен микронесиелеу ұйымдарына шешуге берілген.

Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытуда венчур мен венчурлық қаржыландыру өз дамуын таппаған, бірақ оның болашағы зор болып көрінеді. Жаңа технологиямен байланысты, әлемдегі әйгілі компаниялардың көбісі осы венчурлық қаржыландыруға байланысты пайда болған. Кәсіпкерлер үшін тартымды және өте кіршіксіз бизнес-жоспарларды құрған күннің өзінде, банктік несиелерге қол жеткізу мүмкін емес,  өйткені банктерді ең алдыменен несиелерді қамтамасыз ету қызықтырады. Венчурлық капиталды компанияларда сақтандыру компаниялары мен зейнеткерлік жинақтау қорлары сияқты институционалды құрылымдар қатыспайды. Кәсіпкерліктегі венчурлық инвестициялау банктіктен айырмашылығы, кепілдемелер мен залогсыз іске асырылады, сондықтан да қаржыландырудың өте тартымды көзі болып табылады. Венчурлық капиталисттің мақсаты — акционерлік қоғамдардың акцияларының пакетін иелену, жарғылық қорындағы үлесі немесе инвестициялық несие беру (шетелдік өлшем бойынша 3 жылдан 7 жылға дейін) болып табылады. Қазіргі кезде әлемдік нарықта венчурлық капиталды инвестициялау интер белсенді инвестициялаумен кеңінен дамыған, яғни кәсіпкерліккке инвестициянв Интернет тораптары арқылы салу. Қазақстанда венчурлық капитал мен қорлардың тәжірибесі шағын және орта бизнесті модернизациялау және қайта құрудың стратегиялық қолдауы, оларға жаңа технологияны енгізу және кеңейтілген нарықта оларды бекіту болып отыр. Қазақстанда экономиканы диверсификациялау уақытына қарай өзінің соңынан венчурлық қаржыландыруды кеңінен таратады.

Шағын бизнесті тірілтудің тиімді тәсілдерінің бірі лизинг болады және болуы керек. Ол инвестициялық қызметтің түрін көрсетеді, лизинг беруші (банк, компания және т.б.) өз меншігіне лизинг алушының көрсеткен мүлкін сатып алушыдан сатып алады да, лизинг алушының уақытша ақылы қолдануына мүлікті береді.

Лизингтің негізгі артықшылығы төмендетілген капиталдық салым кезінде кәсіпкерлерге техниканы эксплуатациялауға мүмкіндігі болып табылады, яғни лизинг белгілі бір ақыға жалға берушіден жалға алушыға активтерді қолданумен байланысты кірістер мен тәуекелдерді толығымен аударатын жалға беру түрі болып табылады. Лизингтің артықшылығы жабдықтардың құнының төлемі оларды эксплуатациялау нәтижесінде алынатын қаражаттардан жүргізіледі. Бұл кезде лизингтік төлемдер шығындарға жатады, сондықтан да корпоративті табыс салығын аудару кезінде салық салу базасын қысқартады. «Қаржылық лизинг туралы» Қазақстан Республикасының заңы 2005 жылдың 28 наурызында өз күшіне енді және тәжірибеде лизингті іске асыру кәсіпкерлерге де, қаржылық институттарға да, яғни мемлекеттің экономикасына да мәнді табыстар әкеледі.

Кәсіпкерлікті құру мен дамыту әрдайым Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың үлкен көңілі мен қолдауын тауып отыр. Қазақстанда Кәсіпкерлер форумын жиі өткізіледі, оған тек шағын және орта бизнес өкілдері ғана қатысып қоймайды, сонымен қатар елдің барлық түпкірінен ұлттық компаниялар, банктік секторлар, орталық және атқару органдарының да өкілдері қатысады, бизнестің дамуына серпініс беретін күрделі, ғаламды шешімдер қабылданады. Шағын және орта кәсіпорындарын мемлекеттік тіркеу процедураларын тездету туралы ҚР-сы Елбасының ұсынысы ҚР-ның «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу туралы» заңына өзгертулер мен түзетулер енгізуде өз көрінісін тапты. Осы заңның  «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу мерзімі» атты 9-шы бабында, шағын кәспкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу қажетті құжаттарды қоса, өтініш берілген күннен бастап үш күн ішінде жүргізілуі керек. Өзгертулер ҚР-ның 2004 жылдың 18 наурызындағы заңында енгізілді және іске басылымға шыққаннан бастап алты айдың ішінде асырылады. Сонымен қатар ҚР-ның Елбасы кәсіпкерлерге қоғамдық келісім құруды ұсынды, онда мемлекет пен шағын бизнес өзара белгілі бір міндеттерді өздеріне алады және олардың орындалуын бірге бақылайды.

Шағын бизнес қатынасындағы мемлекеттік саясаттың бөлінбес принципі – жалпы экономиканың жағдайы, бюджеттің жағдайы, бюджеттік қатынастардың мінезі және т.б. кіретін нақты шектемелі тапсырмалар мен мақсаттардың адекваттылығы. Сабырлы шектеу ретінде институционалдық инфрақұрылым, адамдық фактор жағдайы қарастырылады. Бұл кезде бағдарламалы-мақсаттық әдіс қолдану қажет, ол мақсаттар ағашын құруды көрсетеді. Мақсаттардың әрқайсысына жету жолдары қаржыландыру көздерін іздестіру мен ресурстық қамтамасыз етудің оптималдық деңгейін анықтау нақты тұрақтандырылған күтімді қортындыны шығару арқылы анықталады. Мәнді, шағын кәсіпкерлік яасында процестер мен құбылыстардың болжамы мен ғылыми талдауына сүйене отырып соңғы нәтижелерді суреттеп, мақсатты бағыттай аламыз.

Қазіргі уақытта шағын бизнесті қолдау кезінде қолданылатын мемлекеттік реттеудің жалпы қабылданған формалары мен әдістерінің стандартты жинақтары бар. Мемлекеттік реттеу құралдары өздерінің құрамы мен құрылымын өзгертіп отырады, ал оның жеке элементтері көптеген: экономикалық, құқықтық, саяси, әлеуметті-психологиялық, мәдени, ұлттық және т.б. нақты-тарихи факторларды көрсететін әрбір елдің спецификалық шарттарына байланысты нақты формаларында қолданылады.

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүйесінде 2 құрамдас бөлігін бөліп көрсетуге болады: қамтамасыз етуші және басқарушы. Қамтамасыз етуші бөлігі шағын кәсіпкерлікте қызмет етуге, оларға материалдық, ақшалай, ақпараттық ресурстарды, мемлекеттік тапсырыстар мен қызметтерді жеткізуге бағытталған. Басқарушылық құрамдас бөлігі жоспарлаумен, ұйымдық-әкімшілдік сұрақтарды шешумен, бақылаумен байланысты.

Жалпылама шағын бизнесті мемлекеттік қолдау механизміне заңды және нормативті – құқықтық база, әкімшілдік шектеулерді ығыстыру; шағын бизнесті несиелі-қаржылық және инновациялық қолдау; заңға қайшы қол сұғудан шағын бизнесті қорғау және қауіпсіздікті ұйымдастыруда ақпаратпен қамтамасыз ету және көмектесу (сурет 2).

Шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша негізгі саясат біртіндеп міндетті түрде аймақтарға жылжуда. Іскерлік қоғамдастықтың мүдделерін ескере отырып мемлекеттік реттеу мен аймақтық өзін -өзі басқаруды үйлестіретін әлеуметті-экономикалық және құқықтық механизмін сәйкесінше құруымыз қажет. Осы секілді үш деңгейлі механизм шағын кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасай отыра экономикалық реттеу әдістерін бірлесіп қолдануға мүмкіндік береді, соның ішінде нормативті-құқықтық базаны құру, жеңілдіктер мен субвенцияларды бөлу, бюджеттік процеске қатысу, инвесторларға әртүрлі кепілдемелер беру, бюрократиялық еркінділікті шектеу және т.б. бойынша.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау механизмі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіпкерлік тораптардың әртүрлі түрлері бар. Кәсіби тораптар ұқсас мәселелермен айналысатын мамандарды ресми емес негізде біріктіретін. Квазифирмалар теке қана үйреншікті  фирмалар арасында контрактылардың тұрақты болуын көрсететін (мысалы, құрылыста). Қымбатты ғылыми жобалар  жасау яасындағы құрылатын стратегиялық альянстар мен серіктестіктер. Ірі және шағын фирмалардың арасындағы кооперацияның тораптық формалары бар.

Өндірістің көптеген аяларында кәсіпкерлік тораптар құру кәсіпкелік мәдениеттің өсуімен, әлеуметті-психологиялық климаттағы терең өзгерістермен, экономикалық ортаның интеграциялануының өсуімен, тораптың жеке мүшелерінің арасында коммуникацияны жеңілдететін жаңа техника мен мехнологияның шығуымен, ғылыми-техникалық прогрессті тездетумен негізделген нарықтық шаруашылық жүйесінің эволюциялық заңды кезеңін көрсетеді.

Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы әрқашанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жағынан үлкен қолдауға ие болып отыр.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, несиелік серіктестіктердің іс-әрекетіндегі бастысы оның құрамына еркін кіру мүмкінділігі, өзара несиелеуді ұйымдастыру қызметін басқаруда барлық қатысушылардың тең құқықтылығы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Жасалған жұмысты қортындылай келе, шағын және орта бизнестің дамуы тікелей мемлекетке байланысты және экономиканың қазіргі жағдайында шағын және орта бизнес өздігінен дами алатындығын айта кеткен дұрыс.

 «Қазақстан-2030» даму стратегиясында шағын және орта бизнестің дамуына басты рольдердің бірі берілген, шағын және орта бизнесті қаржыландыру, дамыту экономикалық дамудың басыңқы бағыттарының бірі болды.

Кәсіпкерліктің даму болашағы республикада тиімді нарықтық экономика құру және бірқатар әлеуметтік және саяси қызметтер орындауы үшін мәнімен анықталады. Оның негізгілеріне кіретіндер: Қазақстанның ортаңғы класс халқын құру, әлеуметтік жағдайды жеңілдету және нарықтық қатынастарды ары қарай демократияландыру.

Осыдан келе, кәсіпкерліктің басты мақсаты өндіріс көлемін ұлғайту, еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен қамтылуын көбейту, сондай-ақ ортаңғы класты құру.

Айтып өткендей, нарықтық экономикада ортаңғы класс қоғам өмірінің маңызды аяларындағы құрылым құрушы элемент болып табылады: экономикалық, саяси және әлеуметтік.

Біздің елімізде осы уақытқа дейін мемлекеттік қолдау объективтік және түсінікті есептермен негізінен  жетістікті бизнес үшін жағдай туғызатын экономикалық және ұйымдастырушылық құқықтық механизмдер жасауға бағытталған.

Кәсіпкердің ортаңғы класс өкілі ретінде және экономиканың бұл секторындағы және тұтастай қоғамдағы прогрестің негізгі қозғаушысы ретіндегі тұлғасы мүлдем шетте қалды.

        Ортаңғы кластың негізгі ерекшелік белгілері ретінде қолданылатындар:

  • жоғары білім деңгейі және мамандануы;
  • экономикалық және әлеуметтік белсенділік;
  • Экономикалық тұрақсыздық нәтижелерін демпфирлуге мүмкіндігі бар материалдық активтердің болуы.

Сарапшылар бағалауынша жоғарыда көрсетілген ортаңғы класс критерийлеріне Қазақстанда толығымен шағын кәсіпорындардың басшыларымен құрылтайшылары сәйкес келеді. Ол Ұлттық компаниялар, Қаржы институттары және мемлекеттік органдарының персоналаның нақты бөлігін жатқызуға болатын сәйкес табысы және білім деңгейі бар халық әлеуметтік-саяси белсенділік таныта алмауымен байланысты.

Шағын және орта бизнесті дамытуға кедергі жасаушы негізгі мәселелер:

  1. Фискалдық саясат.

ҚР жаңа салық кодексінде республикадағы шағын кәсіпкерлік іс әрекетін салықтың реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған нақты прогрессивті шаралар қарастырылған, олар сонымен қатар бұл сала мәселелерін шешуге жеткіліксіз болып табылады.

Қалыптасқан жағдайды талдау кәсіпкерлер өз табысының 50%-ін бюджетке беруге мәжбүрлігін көрсетеді. Ол табыстың бір қатар бөлігін жасыруға, кәсіпорындарға қос бухгалтерия жүргізуге, соның нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік көлеңкелі экономикаға өтуге итермелейді.

  1. Қаржы-несие механизмі.

Мониторингтік зерттеу нәтижелері, өндірісін кеңейтуді жоспарлаған кәсіпкерлер үлесі азайғандығын көрсетті.

Негізгі есептердің бірі жаңа іс ашу үшін, сондай-ақ бар бизнесті кеңейту үшін қажетті қаржы несие ресурстарына қол жеткізуде қиын анықталатын кедергілердің бар болуы. Әсіресе, бұл мәселе бастаушы кәсіпорындарға актуалды, олардың 10% банк несиелерін қолданады.

  1. Әкімшілік кедергілер.

Көпшілік заңды актілер жасауда төмен сапамен және кәсіпкерлердің әртүрлі мемлекеттік органдар мен мекемелерден қарым-қатынас аспектілерін сәйкесінше толық қамтымауында төмен сапамен ерекшеленеді. Бұл әкімшілік кедергіге алып келеді.

Әсіресе бұл кәсіпкерлердің мемлекеттік органдармен лицензиялау, сертификаттау және стандарттау, салық салу т.б. процесте қарымқатынасына тән. Бұған қосымша кәсіпкерлік іскерліктің жекелеген жақтарын реттеуші нормативтік заң актілерін тиімді орындауда кемшіліктер кездеседі.

  1. Инфрақұрылым.

Кейінгі жылдарда шағын кәсіпкерліктің тиімді дамуын қамтамасыз етуші нарықтық, инновациялық және өндірістік инфрақұрылымның объектілерінің толық дамымауы республикадағы шағын бизнес секторының дамуына кедергі болатын мәселенің бірі.

Қазақстан үшін аймақ бойынша объектілерді бөліп тарату теңсіздігі тән, ол кәсіпкерліктің даму теңсіздігіне байланысты болып отыр. Инфрақұрылым объектілерінің іскерлігіне қаржы қорының жетіспеуі, ғимараттардың жабдықталмауы, құрал жабдықпен квалификациялық персоналдық жетіспеуі кері әсер етеді.

Алда Республиканың тұрақты  әлеуметтік экономикалық дамуы күтіледі. 2006 жылы ЖҰӨ дамуы 2002 жылмен салыстырғанда 30%-ке өсті.

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген «Шағын және орта бизнесті» нығайту үшін келесі міндеттерді кезеңмен шешу керек:

  • Салық жүктемесін төмендету;
  • Меншік және активті заңдастыру;
  • Несие ресурстарына қол жеткізуді қамтамасыз ету;
  • әкімшілік процедуралар мен ресурстарды жеңілдету;
  • бақылау-тексеру органдарының бюрократиясынан қорғау;
  • шағын және орта бизнесті қолдаудың аймақтық орталықтарды құру, маркетингтік зерттеулерді жүргізуде, квалификацияны жоғарылатуда, орталықтандырылған бухгалтерия құруда көмек көрсету.

   Аталған міндеттерді жағымды шешу үшін келесі салаларда сәйкес шараларды қабылдау қажет:

  • шағын және орта бизнес үшін жаңа критерийлар жасау;
  • салықтың және кедендік реттеу механизмдерін жетілдіру;
  • істегі және жаңа қаржы-несие институттарын және оларға сәйкес механизмдердің іскерлігін жетілдіру;
  • шағын кәсіпкерлік іскерлігін реттеуші мемлекеттік органдардың іскерлігін жетілдіру;
  • нарықтық өндірістік және инновациялық инфрақұрылымды құру және дамыту;
  • Үкіметтен тыс ұйымдар ролін жоғарылату;
  • Шағын кәсіпкерлік секторы жұмысы үшін персоналды даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыру;

Экономикалық тұрақты даму шағын және орта кәсіпкерлікті даму үшін жағымды алғышарттарды халықтың нақты ақшалай табысының өсуі есебінен және ірі кәсіпорындармен кооперацияда жұмыс істеу мүмкіндігі тиімді алғышарттар құрады.

Қазақстан Президентінің Халыққа Жолдауындағы жағдайға сәйкес, қазіргі кезеңде агроөнеркәсіп кешені салалары приоритетті болып табылады: ондағы шағын және орта бизнес даму кезеңдерін талдай отырып өсу қарқынын ескеру мүмкін емес. Шағын бизнесті дамыта отырып, инвестициялардың бір бөлігі ауыл шаруашылық секторын құру және дамытуға бағытталғандығын атап өту керек, оны қожалақ шаруашылық призмасы арқылы орта және шағын бизнес дамуындағы белсенді роль атқаратын шағын кәсіпкерліктің субъектісі ретінде қарастырылады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық жағдайын анықтайтын және іскерлігін регламенттайтын заңдық база тұрақты жетілдіріледі.

«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның шағын және Орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудағы ролін атап көрсетуге болады.  Қазіргі кезде «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ шағын және Орта кәсіпкерлікті дамытуға белсенді қатысады, әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жолымен шағын және орта бизнесті дамытады.

Осылайша активтер мөлшерімен Қор қаржы ұйымдары мен несиелендіруді жүзеге асыратын жақсы банктер ондығына кіреді.

Шағын және орта бизнесті дамытуға көңіл бөле отырып, біз дамыған инфрақұрылымы тиімді экономикалық мемлекет құра аламыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

  1. Закон РК «О микрокредитных организациях» от 6 марта 2003 года
  2. Закон Республики Казахстан от 4 июля 1992 года «О защите и поддержке предпринимательства».
  3. Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной регистрации юридических лиц».
  4. Закон Республики Казахстан «О финансовом лизинге».
  5. Закон РК от 26 декабря 2003 года «О государственной правовой статистике и социальных учетах».
  6. Закон РК от 28 марта 2003 года «О кредитных товариществах».
  7. Закон Республики Казахстан  от 23 мая 2002 г. «О государственных закупках».
  8. Закон РК от 16 июля 1999 года № 440-1 «О налогах и других обязательных платежах в бюджет».
  9. Постановление Президента РК от 10 июня 1994 года «О Государственной программе поддержки и развития предпринимательства в Республике Казахстан на 1994-1996 годы»
  10. Указ Президента РК «О мерах по усилению и активизации развития малого предпринимательства» от 6 марта 1997 года.
  11. Постановление Правительства страны от 11 октября 1994 года «Об образовании Казахстанского центра поддержки и развития предпринимательства».
  12. Указ Президента РК «О мерах по усилению государственной поддержки и активизации развития малого предпринимательства» от 6 марта 1997 года // Казахстанская правда, 13.04.1997.
  13. Агентство Республики Казахстан по статистике. Финансово-хозяйственная деятельность малых предприятий в 2005 году.
  14. Бусыгин А.В. Предпринимательство. Основной курс: Учебник для вузов. – М.:ИНФРА-М, 1998.
  15. Колжанов А.К., Мухамеджанов Б.Т. Формирование частного предпринимательства в условиях перехода к рынку. –Алматы, Кайнар, 1995г.
  16. Назарбаев Н.А. «Казахстан — 2030». –Алматы, Кайнар, 1997г.
  17. Сабден О.С., Акбердин Р.З., Васильева Е.С. Рыночная экономика (Учебное пособие) Алматы НИЦ «Гылым», 2002.
  18. Сабденов О.С., Токсанова А. Управление малым предпринимательством: вопросы теории и практики. Астана: Ел орда, 2001.
  19. Стратегический план развития Республики Казахстан до 2010 года.
  20. США: защита и поддержка малого бизнеса: Из досье «ЧТ» //Человек и труд. 2004г. №1.
  21. Орлова Е.Р. Бизнес-план: основные проблемы и ошибки, возникающие при его написании. – М.: Омега-Л, 2004
  22. Попов В.И., Ляпунов С.И. и др. Бизнес-планирование. Учебник. – М.: Изд-во «Финансы и статистика»,2002.
  23. Практические материалы малых предприятий за 2004-2006 годы.
  24. Программа индустриально-инновационного развития Казахстана на 2003-2015 гг. //Казахстанская правда, 5 апреля 2003 года.
  25. Шумпетер Й. Теория экономического развития: исследование предпринимательской прибыли, капитала, кредита, поцента и цикла конъюктуры. — Москва: Прогресс, 1982.
  26. Экономика предприятия. А.Н.Романов, В.Я.Горфинская, В.А.Швандара. Москва, «Банки и биржи», 1998.
  27. Экономика предприятия В.Я. Горфинкеля, В.А.Швандара. Третье издание. Москва, 2001 г.
  28. Аубакирова Ж.Б. Поддержка малого и среднего бизнеса //АльПари, №2-3, 2004г.
  29. Агафонов Н., Радченко В. Малые формы предпринимательства в аграрном бизнесе. // Международный сельскохозяйственный журнал, 1998, №1.
  30. Байниетова М. Малый бизнес как фактор развития конкуренции. // Саясат, №7, 2005г.
  31. Бондаренко В. Поддержка малого и среднего бизнеса по-японски //Малое предприятие, №69, 2003г.
  32. Бондаренко В. Как поддерживают малый бизнес в Америке //Малое предприятие, №2, 2003г.
  33. Ергазин Х. Проблемы малого и среднего бизнеса в аграрном секторе экономики // Транзитная экономика, №5,2004.
  34. Мадиев С., Джунусбекова Г. Финансовая поддержка малого и среднего бизнеса в аграрном секторе. // Экономика и статистика №2, 2005г.
  35. Мухамеджанов Б. динамика развития предпринимательства в Республике Казахстан //АльПари, №1, 2003г.
  36. Мухамеджанов Б.Г. Участие субъектов малого бизнеса в государственных закупках // АльПари, №1 2004г.
  37. Сагиндиков Е. О законодательном обеспечении, проблемах и перспективах развития малого и среднего бизнеса // Саясат , №5, 2005г.
  38. Смагулова Н. Бизнес – планирование в деятельности малых предприятии: анализ ошибок и недостатков //Транзитная экономика, №3, 2005.
  39. Туржанов С. Анализ основных проблем развития малого и среднего бизнеса в Республике Казахстан //Экономика и статистика, №4, 2004г.
  40. Тукаев А.К. Некоторые аспекты формирования инновационного тренда в развитии отечественного малого бизнеса //АльПари, №4, 2004г.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[1] * Малый и средний бизнес Казахстана -2006-№ 1

   Малый и средний бизнес Казахстана -2006-№ 1

1 Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (10 бап)

қарапайымдылықпен ерекшеленетін патенттік жүйе аясын тарылдып жеке кәсіпкерлік үшін іс жағдайын қиындатты. “Патент құнын төлеп-салық

органдары тарапынан еш қиындықтан қорықпай жүре бер. Сондай-ақ тәжірибе көрсеткендей жаңа жүйе өзін-өзі ақтамайды”,-деді Назарбаев.

 

1 1997 жылғы 19 маусымның №341-11 “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” ҚР заңы. (қР 10.07.98 ж. ю283-1: 02.03.01. ж. № 162-11; 24.12.01 ж. № 276-11; 10.07.02 ж. № 341-11; заңдарымен еңгізілген өзгерістерімен)

 

 

 

 

 

1 Салық кодексі 64 тарау 377 бет.

1 Абжанова Д. Развитие малого бизнеса в Казахстане, состаяние проблемы кредитования, мировые тенденции // Деловой мир – Астана.

1 Мамырбаева О.Б. Государственные программы поддержки и развития малого предпринимательства // Вестник университета. “Туран” -2005-№1-2.

 

1 Мамырбаева О.Б. Государственные программы поддержки и развития малого предпринимательства 11 Вестник университета. “Туран” -2005-№1-2.

1 Современный Казахстан: цифры и факты – Алматы 2004 г.

[3] Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.