ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ
Музыкалық білім және мәдениет факультеті
Кітапханатану және библиография кафедрасы
Диплом жұмысы
Кітапхана қорын өңдеу және есепке алу
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ
І. I. Кітапхана жүйесіндегі кітапхана қорының толықтырылуы
1.2 Кітапхана корын толықтырудың негізгі жолдары
1.3 Ауылдық кітапханалар қорларының жағдайы
ІІ. Кітапхана қорын есепке алу
2.1. Кітапхана қорын есептеудің түрі мен формасы
2.2. Кітапхана қорына келіп түскен қүжаттарды есепке алу
ІІІ. Республикалық автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесі /РАБИС/-
3.1 Кітап қорын есепке алу және өңдеу процесіндегі алатын орны
3.2 Кітапханалардағы кітап қорға байланысты Үрдістердің автоматтандырылуы
ҚОРЫТЫНДЫ—————————————-
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі————
Қысқартылған сөздер тізімі —————————
Қосымшалар ————————————————
К І Р І С П Е
Кітапхананы пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту, олардың ақпараттық қажеттілігіне жедел және кәсіби деңгейде жауап беру, дәстүрдегі және жаңа қызмет түрлерін пайдалана отырып, халықтың білім алуына, мәдени және рухани жаңғыруына ықпалдық ету-кітапханашының басты міндеттері. Жаңа технологияны, ақпаратты жеткізудің жаңа түрлерін енгізу халық арасына ықпалын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Жыл көлемінде электрондық өкіметті қалыптастыру мемлекеттік бағдарламасын, «Мәдени мұра» бағдарламасын, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауын жүзеге асыруға кітапханалар зор үлестерін қосуда.
Кітап қорын есепке алу және оны өңдеу — халықаралық кітапханалық ынтымақтастықта ең маңызды мәселелер болып көтеріліп келеді.
Кітапхана қорын есептеу және өңдеу мәселелерімен көптеген Ресейлік кітапханатанушылар шұғылданып келеді. Бағалы да мәнді тәжірибелер Л.Б.Хавкинаның, А. В. Кленованың, Ю. В. Григорьеваның құралдарында көрсетілген. Бұл мамандар кітапхана қорын есептеу жеке-жеке түрлерінен бастап, жаңа заман талабына сай, жаңа технологиялардың көмегі арқылы бұл сұрақтың күрделі шешімдерін іздей бастады.
Жаңа ғасырлық ғаламдық талаптары Қазақстан Республикасының көптеген кітапханаларының алдына жаңа ауқымды мақсаттар мен тапсырмалар қойылды. Бұл өңделіп жатқан стратегия қазіргі қоғамның құрылуы мен дамуындағы гуманитарлық және өркениетті бағыттардың өркендеуіне әкеледі.
Кітапханалық қызметтегі ғаламдық электрондық орта құру, дерекқорлар дерегі біртұтас компьютерлік жүйесіне күрделі ұлттық және кішігірім ауылдық кітапханалардың бірдей іске араласуымен түсіндіріледі.
Бұл дипломдық жұмыстың маңыздылығы Қазақстан Республикасының кітап қорын өңдеу, есепке алу жаңа технология енгізу әдістерін көптеген кішігірім аудандық, ауылдық кітапханалар үшін іс-тәжірибелік тұрғыдан енгізу тақырыбын ашып отыр.
Актуалдығы- Кітапханасі ісі аясында жүргізіліп жатқан кітап қорын есепке алу және өңдеу тәсілдері облыстық ғылыми әмбебап кітапханалар және басқа да облыс кітапханаларына әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.
Мақсаты – Жалпы кітапхана ісіндегі кейінгі жылдары жасалып жатқан, кітап қорының есепке алу және өңдеу іс-тәжірибелерді ашып көрсету. Осы тәсілдерді жетік меңгере жеткізе отырып, есепке алу дәрежесі мен сақталуының жиынтығын зерттеу.
Тапсырмасы — Қазақстан Республикасында кітапхана ісінің дамуындағы кітап қорын есепке алу және өңдеу мәселелерін шешу үшін қандай шешімдер керек, құжаттардың баспадан «бүгін» басылып шыққандай қалыпта қалай ұстап отыру керектігін және қандай органдармен қарым-қатынасты нығайту керектігін көрсетеді.
Ғылыми жаңалығы — Қазақстан Республикасының кітапханаларының кітап қорын есепке алу және өңдеу мәселесін ары қарай дамуындағы стратегиялық жоспарын жүзеге асыру мен жаңа технологияларды пайдалануды зерттеумен қорытылады.
Ғылыми маңыздылығы — қазіргі таңдағы кітапхана ісіне енді көңіл бөлініп, жаңа көзқарастар айқындалып жатқан кездегі пайда болып жатқан жаңа ұлттық бағдарламаны (РАБИС), олардың кітап қорын есепке алу және өңдеу жұмыс бағыттарын көрсетеді.
Ақпаратқа еркін қол жеткізу үшін азаматтардың құқын қамтамасыз етуге талпындыру, оқуға еркін рухани дамуда ұлттық және әлемдік мәдениетті бағалай білуге тартуда, осы құжаттарды қандай дәрежеде сақтау жолында халқына қандай игі қызмет атқарып отырғанын кітапханалардың рөлін көрсеткен.
Зерттеудің мәні — Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітапханасы және басқа да кітапханаларының қор есептеу, тексеру және өңдеуын ашып көрсете отырып, ірі кітапханалардың іс-тәжірибелерін меңгере отырып, кішігірім, әлсіз кітапханаларға оны сабақ ретінде ұсыну.
Зерттеудің қайнар көзіне— кітап қорын есепке алу және өңдеу мен оларды консервациялау жөнінде өткен халықаралық деңгейден өткен кездесудегі ақпараттық конференция материалдары, отандық кітапханашылары мен библиографтардың актуалды мақалалары енді.
Зерттеу әдістері- зерттеудің негізгі әдістері: ақпараттың ізденушілік, дереккөздер дәрежесіндегі әдістерді қолдана отырып қорытындылау және салыстыру әдістерін де зерттеу.
Жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арнап «Кітапхана қоры» курсымен атақты кітапханатанушы В.Н. Денисьев, К.Л.Воронько айналысты. Ресейлік кітапханатанушы Ю.Столяров, И. М. Суслова В.И.Терешин кітапхана қорын ұйымдастыруда, құруда, кітап қорын қалай, қандай тиімді әдістермен сақтау керектігі туралы салалы да қызықты еңбектерін мысалға алуға болады.
Әрбір көпшілік кітапхананың кітап қоры тұрғындардың ақпараттық сұранысын қамтамасыз ету, жас ұрпақтың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал жасау мақсатын көздеп, сан-салалы, жан-жақты жинақталған болуы тиіс. Ең басты мәселе, осы қордың негізгі тұрақты бөлігі болып табылатын кітап қорының өзегі дұрыс қалыптастырылуы керек.
Кітапхана қорының өзегі дегеніміз — адами құндылықтардың нәтижесін жинақтаған шығармалардың негізінен тұратын кітап қорының тұрақты бөлігі, яғни, бұл негізгі қордың аз ғана бөлшегі болып табылады.
Қазақ жеріндегі мыңдаған мешіттердің бір-бір бөлмесі кітапхана болуы ежелден қалыптасқан дәстүр екенін, көптеген зиялы адамдардың ең құнды жиһаз мүлкі кітап болғанын әлгіндей шала сауатты мансапқорлар қаперіне де алмайды. Білімнен, кітаптан кенде қалған ел адамзат өркениетінің көшіне ілесе алмай, күштілердің құлы болатынын өзге емес, қазақтың өз тарихынан да білеміз. Білім кешенін, кітап кешенін болашақ ұрпаққа толық қанды аманат етіп жеткізіп отырған, қаз-қалпында қолына ұстатып отырған орта-кітапхана, оның бірден-бір асыл қазынасы, сарқылмас байлығы — кітап қоры.
Жаңа технологиялардың енгізілуі ақпаратқа қол жеткізудің қаншалықты тез екенін көрсете отырып, кітапхана алдына жаңа мәселелердің шешу жолдарын ашты: сандық ақпараттың сақталуы және сандық әдістемесін кітапхананың кітап қорын есепке алу және өңдеу әдісі ретінде қолдану.
Жақсы жинақталған кітап қоры — кітапханалар алдында қазіргі кезеңде қойылып отырған міндеттерді орындаудың негізгі шарты. Кітап қоры- бір жүйеге біріктірілетін көлемі жағынан үлкен, құрамы мен пайдаланылуы бағыты жағынан әркелкі өзара байланысты бірнеше бөлімнен құралып, бүтін бір жүйе жасайтын сапалы қор. Оның қалыптастырылуы ұзақ және күрделі үрдіс.
Жүйенің бірыңғай кітап қорын жасауға база ретінде пайдаланылған кітапханалардың қор құрамы ретінде едәуір жақсартуды қажет етеді. Қазіргі бар жүйелердің іс тәжірибесі бірыңғай қор жасау, әдебиеттерді бір орталықтан толықтыру ол қордың өсу қарқыны мен бағытын жедел түрде өзгертуге, қызмет көрсетілген мекеменің ерекшеліктеріне қарай кітаптар мен газет-журналдардың санын арттыруға, аса қажет кітаптардың даналарын көбейтіп, аз сұралатын әдебиеттер санын азайтуға мүмкіндік беретінін көрсетті, сонымен қатар әдебиеттерді жинақтау ісінде өзін-өзі ақтамайтын параллелизмді жойды. Жүйенің әрбір бөлімшесіне сол бөлімше қызмет көрсететін филиалдарға, оқырмандарының құрамы мен олардың сұранымына сәйкес келетін кітаптар алынады. Тапсырыстардың орындалуына әдебиеттер сатып алуға бөлінген қаржының тиімді жұмсалуына бақылау күшейіп, жүйенің әрбір бөлімшесінің қорын толықтыру ісіндегі немқұрайдылық жойылады.
Ескінің көзі жаңарып, жұмыс тәжірибелерінің нәтижелері жоғарғы деңгейден көрінуінің салдарынан Қазақстан Республикасының да кітапхана ісінің өркендеуі алға жылжыды. Нақтырақ айтсақ, кітапхана қорының есептеу мәселелерімен, олардың неше түрлі залалдардан қорғап қалу туралы мәселелерді Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат Министрлігінің үйлестіруімен пайда болған; РАБИС бағдарламасы, «Зере-Сауыт» Қазақстан Республикасы кітапханаларының жазба құжаттарын сақтаудың және оны есепке улулың, өңдеудің ұлттық бағдарламасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының кітапханалар мұрағаттарын сақтау Орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты З. Ж. Шаймарданованың жетекшілігімен жүргізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының кітап және қолжазба ескерткіштерін есепке алу, өңдеу, сақтау және консервациялау бағдарламасы қазіргі таңда беделді жұмыстарын атқарып келуде.
Кітапхана ісін дамытудың келесі бір бағыты Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры Р. А. Бердіғалиева басқарған, Қазақстан туралы республика территориясында шыққан басылымдардың, сондай-ақ, қазақ тіліндегі әдебиеттердің толық жинамасын жасақтау, оларды келешек ұрпаққа сақтап мұра етіп қалдыру мақсатымен «Халық жады» атты бағдарламасының да қызметтерін атап өтпеу мүмкін емес.
Соңғы он жылдың ішінде кітап қорын сандық есепке алу, толықтыру және өңдеу әдісі маңызды тақырыптардың бірі болды. Құжаттарды физикалық және нәтижелі сақталуы ауқымды түрде қолға алынуда.
Әсіресе Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына облыстық, ауылдық және аудандық кітапханашылары Жоғарғы курстарына оқуға келгенде дәл осы кітап қорын есепке алу және өңдеу жаңа технологияларымен танысқанына өте қанағаттандырарлық үлестер алып кетіп отыр.
Кітапхана қоры тек толықтырылып, есепке алынып, өңделіп қана қойылмай сонымен қатар тиімді де ұзағырақ сақталынып тұруы қажет. Кітап қорының есепке алу және сақталуы кітапхана қоймасының жағдайының жан-жақты; құжаттардың физикалық жағдайы, олардың физико-химиялық және биологиялық әдістерімен сақталуы жағдайларының толық түрде қарастырылуымен түсіндіріледі.
Кітапханадағы ішінара болып жатқан іс-шаралардың көбісінің бағыты-кітап қорының нәтижелі толықтырылуына және сақталуына бағытталған. Абонент қызметіндегі кітапханашының алдында оқырмандардың құжатты пайдалануындағы ережелерін қадағалау міндеті тұрады.
- I. Кітапхана жүйесіндегі кітапхана қорының толықтырылуы
1.1.Кітапхана жүйесіндегі кітапхана қорының толықтырылуы
Жалпы «кітап қорын толықтыру» деген түсінік кітапханалық жұмыс барысына ХХ ғасырдың басында күшке ене бастады. Кітап қорын толықтыру ісі дегеніміз-оқырмандардың қызығушылығына қарай, талап-тілектеріне сай әрдайым кітап қорын толықтырып отыратын жұмыстың түрін атаймыз.
Толықтырудың үш түрін белгілеуге болады:
— ағымды — осы жылғы шығарылып отырған құндылықтармен кітапхана қорын толықтырып отыру;
—өткенді шолатын — жетіспейтін әдебиеттерді өткен жылдардан алып, толықтырып отыру;
— қайта толықтыру — қордан ескірген, сұранымы мүлдем жоқ әдебиеттерді тазалап отыру.
Толықтырудың ең маңызды түрі — ағымды. Осы жұмысты қолданып отырған кітапханалар жаңа әдебиеттер түсімі жағынан 80-90 пайыздық көрсеткішті көрсетіп отыр. Өйткені бұл тиімді. Ағымдағы толықтыру барысында кітапханалар ағымдағы және перспективті библиографиялық құралдарды қолданады. Себебі, бұл құралдар кітапханашыға баспагерлік жоспарларда қандай өзгерістер мен жаңалықтар болып жатқандығы жайлы мәліметтер береді. Осы баспалардың негізінде кітапханашы – тікелеу баспадардың өзінен алғашқы тапсырыстарды бере алады. Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінде: кітап қорын толықтырудың тақырыптық-типологиялық және шұғыл жоспары каталогтармен жүргізілетін жұмыстардың даму жоспары, каталогтар жүйесі туралы ереже, жеке каталогтар туралы ереже, кітапханалық-библиографиялық жіктеу кестелерінің жұмысқа пайдаланытын данасы, баспа шығармаларына библиографиялық сипаттама жазу бойынша әдістемелік шешімдердің картотекасы, кітап қорын толықтыруға көмек көрсететін картотека, сондай-ақ кітап қорын толықтыру мәселесі бойынша әдебиеттер мен нұсқау — әдістемелік құжаттарды ұйымдастыруға қажетті ақпараттық-библиографиялық құжаттар жүйесінің мемлекеттік стандарттары, қажетті сөздіктер, анықтамалар болуы әбден қажет. Қазіргі таңда ұлттық әдебиеттер депозитарлық қорын құрастыру басты мәселелердің бірі болып отыр. Осының нәтижесінде облыстық әмбебап ғылыми кітапханаларда ғылым мен білімнің сауалдарын қамтамасыз ететін депозитарлық әдебиет қорларын ұйымдастыру жүргізілуде.*
Жалпы ҚР Ұлттық кітапханасының кітап қорын толықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен «Республика кітапханаларында қазақ тіліндегі әдебиеттерді пайдалану мен толықтыру мәселелері жөніндегі зерттеу қорытындыларын өндіру жоспары» туралы анықтама жазылған. Онда облыстық ғылыми әмбебап кітапханаларды кітап қорының пайдаланылуы мен жалпы жағдайы толық айтылған. Материалдардың барлығы қазақ тіліндегі әдебиеттердің пайдаланылуы мен толықтырылуы туралы белгілі бір дәрежеде жан-жақты мәліметтер берді.
Осы уақыт аралығында кітапхана қызметінде қандай өзгерістер болды, қазақ оқырмандарын өз ана тіліндегі кітаптармен қамтамасыз ету, пайдалану дәрежесі өсті ме? Күрделі және кішігірім кітапханалар үшін міндетті дана-МД- ауадай қажет. Ол міндетті түрде әр баспадан шығарылып отырған басылымнан тираждың бөлігін көрсетеді. Көлемдік жағынан МД жалпықоғамдық, республикалық және жергілікті болып үшке бөлінеді. Кітапханаларға ұсынылу жағынан-ақылы және ақысыз, қатыстылығы жағынан — ведомстволық және ішінара ведомстволық, хронологиялық сипаты бойынша — локалды мақсатпен құрылған үздіксіз және уақытша іс-әрекет, толықтығы жағынан — толық және бөлшекті, белгіленуі бойынша — жалпы оның мақсаты. Осы қағидалардан құрылған түсінік МД сипатын аша отырып, елдегі міндетті дана жүйесінің толық мәтінді құрылуына себеп болады*.
Соңғы 10 жылдық уақыт мерзім ішіндегі кітапханалардан жиналған мәліметтер кітапханалардың кітап қорларының грампластинкалармен, магнитофонды ленталармен, кассеталақ дауысты жазбалармен, фильмдермен, диафильмдермен, диапозитивтермен — яғни аудиовизуалды материалдармен қамтамасыз етіліп жатқандығы мәлім болды. Аудиовизуалды материалдардың тақырыптары әртүрлі, музыкалық жазулардан тартып құжаттар мен фактілерге дейін. Кітапханалар мұндай құндылықтармен өз қорларын 30-жылдардан тартып толықтыра бастады. Және де ХХ ғасырдың екінші жартысында тұтынушылардың жаңа талаптары мен сұраныстарына орай аудиовизуалды материалдарды көбірек иемдену процесі өсті.
Кітап қорын толықтырудың маңызды бір сұрақтарының келесі бағыты — кітаптардың бағасы. Кітап қорының толық мәтінді толықтырылуы да кітаптардың бағасына байланысты болады.
Кітап қорларының құрылуы, сақталуы мен пайдалануы келесі жүйелер арқылы анықталады:
-біріншіден, кітап қорлары адамзаттың сауаттылығының өркендеуіндегі кез-келген сала бойынша алғашқы ғылыми ақпарат тәрізді;
-екіншіден, барлық типтегі кітапханалар ынтымақтастықтардағы кітап қорларының толықтырылуын талап етеді.
Кітап қорларын құрудағы, сақталуы мен пайдалануында көптеген нәтижелі жұмыстар жүргізіліп отырса да қорлармен жұмыс жүргізудің әдістері мен формалары әрдайым жаңа тапсырыстар мен қызметтерді қажет етеді.
Қазақ және басқа тілдерді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес Мәдениет, ақпарат министрлігі және оның жергілікті ұйымдары, кітапханалардың кітап қорын қазақ тіліндегі әдебиеттермен барынша дерлік толықтыруға ерекше көңіл бөлуді қолға алды. Қорытындылау барысында республика кітапханаларындағы кітап қорын қазақ тіліндегі әдебиеттермен толықтыру және оны пайдалану біршама жақсарды.
Жаңа түскен әдебиеттердің қазақ тіліндегі ара салмағына талдау жасасақ: Республикадағы жергілікті ұлт өкілдері басым орналасқан облыстарда қорға түскен жалпы жаңа әдебиеттердің жоғарғы көрсеткіштері Қызылорда –58,7 %, Жамбылда-47,9%, Атырауда-47,2 %, Оңтүстік Қазақстанда-60%, Алматы-41,8%, Ақтөбеде-47%, Талдықорғанда-30,0%, ал ең төменгі көрсеткіштер Қостанайда-13,0%, Қарағандыда-17,0 %.
Дегенмен ең төменгі көрсеткіштердің сақталуы кітапхана қызметкерлерінің баспа өнімдеріне деген сұраныстарының жеткіліксіздігі.
Кітапхана өзі қызмет көрсететін мекемелердің сұранымдарымен, олардың даму бағыттарымен танысу арқылы оқырмандардың өскелең талаптарына сай, келешекте өндірістік мәселеге қажет болатын кітаптарды алуды жоспарға енгізеді. Жоспар жасау басқа кітапханалардың қорын зерттеп, кітап қорын толықтыруды солармен үйлестіру ісі де кітап қорын толықтырудың дұрыс жоспарын жасауға көмектеседі.
1.2 Кітапхана қорын толықтырудың негізгі жолдары
Бүгінгі күні кітап қорын толықтырудағы бұрынғы көзқарасты мүлде өзгерту, уақыт ағымына сай адамгершілік қасиеттермен қатар түрлі көзқарастағы әдебиеттермен тең толықтыру оқырман талабынан туындап отырғандығы бәрімізге мәлім. Соңғы уақытта дінге деген қызығушылық артып, діни әдебиеттер қорын қалыптастыру арқылы діни сауаттылықты жетілдіру, дінді насихаттау шаралары қолға алынды.
Осындай мәселелерден әрбір кітапхана қорына ерекше өзіндік көзқараспен қарап, қор құрамын күнделікті зерттеу арқылы мазмұны терең, сан-салалы әдебиеттермен толықтыру мақсаты туындайды. Қалада 100-ден аса көпшілік кітапханалар бір торапқа біріктірілген. Оқырмандар ақпараттық материалға тапсырыс, сұраныс немесе мерзімін ұзарту тағы да басқа жұмыстарды бір жерден пайдалана алады. Бірнеше орталықтандарылған кітапханалар жүйесі бар, олардың кітап қоры, жабдықтары бір орталықтан толықтырылады, каталог жұмыс процестреді де бір орталықтан атқарылады, бұл кітапханашылар жұмысын жеңілдетеді. Көптеген кітапханаларда үлкендер мен балаларға қызмет көрсетіледі.Бүгінде Интернет желісі барлық елде таралған, бірақ қажетті ақпаратты бүкіләлемдік желіден іздеп табуға мүмкіндік жасауда кітапханалардың ролі маңызды.
Кез-келген кітапханалардың кітап қоры кездейсоқ кітаптардың жиынтығы емес, ол кітапхананың алдына қойған мәселелерін шешуге әсер ететтін, ойластырылып, жинақталған арнаулы қоры болып саналады. Сондықтан кітапханада кітапхана қорын оқырмандар талптарына сай жоспарлы, ғылыми тұрғыда толықтыруға арналған жоспар жасалынады. Оны жасамас бұрын кітапхаханның меңгерушісі алдын-ала бірнеше дайындық жұмыстарын жүргізеді. Ең алдымен тұрғын санын анықтап алады.
Кітапхана өзі қызмет көрсететін мекемелердің сұранымдарымен, олардың даму бағыттарымен танысу арқылы оқырмандардың өскелең талаптарына сай, келешекте өндірістік мәселеге қажет болатын кітаптарды алуды жоспарға енгізеді. Жоспар жасау басқа кітапханалардың қорын зерттеп, кітап қорын толықтыруды солармен үйлестіру ісі де кітап қорын толықтырудың дұрыс жоспарын жасауға көмектеседі.
Жоспардың мынадай түрлерін атап кетуге болады: кітап қорын толықтырудың тақырыптық жоспары; кітап қорын толықтырудың оперативтік жспары және келешекке жасалған жоспар.
Тақырыптық жоспар дегеніміз кітап қорын нақты деректерге сүйене отырып, дұрыс толықтырудың негізгі бағдарламасы болып саналады. Онда кітапхана қорына алынатын басылым түрлері және әр тақырып бойынша кітаптардың шамамен алынған данасы көрсетіледі. Сондай-ақ басқа кітапханалар қорын толықтыруды өзара үйлестіру, сирек сұралатын кітаптарды кітапханаралық абонемент арқылы алдыру сияқты мәселелер бұл жоспарда өз шешімдерін табады.
Тақырыптық жоспар бірнеше жылдарға жасалады. Ол кітапхана қызмет көрсетіп отырған тұрғындар сұраныстарына енген өзгерістерге байланысты, сондай-ақ кітапхана оқырмандарының назарын аударатын жаңа тақырыптардың пайда болуына қарай, баяу өзгеріп отырады.
Бір ғана қызметкері бар кішігірім кітапханалар тақырыптық жоспар жасамай-ақ, кітап қорын толықтырудың саласын анықтап алса да болады. Мұнда да тақырыптық жоспар жасағандағыдай жергілікті кеңестік ұйымдармен, бас мамандармен кеңесе отырып жасау керек және олардың көмегімен шаруашылықтың даму бағытын оның күнделікті және болашақтағы жоспарлармен, міндеттемелермен танысып алу қажет.
Егер кітапхана қызмет ететін ықшам уадандарда кішігірім өнеркәсіп мекемелері орналасқан болса, онда оның шығаратын өнімдерінің түрін, қолданылатын құрал-жабдықтарын жұмысшылардың өндірістік мамандықтарын ескеру қажет болады. Осы жинақталған деректерге сүйене отырып, облыстық кітапхана жіберген үлгі бойынша жасалған кітап қорын толықтыру саласы кіттапхана қорларына жіберіледі.
Кітап қорын толықтыруды ұйымдастыру мәселелері кітапхананың жылдық жоспарының тиісті бөлімінде беріледі-мұны оперативтік жоспар деп те атайды. Онда кітап қорының қай бөлімдерін баса толықтыру қажеттігі, қай бөлімін зерттеп білу керектігі, баспалардың тақырыптық жоспары бойынша алдын-ала тапсырыс беру тәсілі және кітап қорын толықтыруға көмекші карточкалар жасалып, оған енгізілетін өзгерістерді анықтау мәселелері көрсетіледі.
Жоспарға кітап қорын толықтырудың шамамен алынған сан көрсеткіштері енгізіледі. Сан көрсеткіші бір жылға бөлінген қаржы мөлшері мен кітаптың орташа бағасы бойынша есептелініп шығарылады.
Кітап қорын негізінен кітапхана — кітап дүкен, мемлекеттік тапсырыс арқылы толықтыратын болғандықтан бөлінген қаржының басым көпшілігін кітапхананың өзі тікелей жоспарлайды. Дегенмен де, бөлінген қаржының бір шамасын кітап дүкендерінен көркем шығармалар мен қажет тақырыптағы кітаптардың қосымша данасын алуға жұмасуды жоспарланған жөн.
Сол сияқты мерзімді басылымдар жаздырып алуға жұмсалатын қаржы да есепке алынады. Егер кітапхана меңгерушісінде басқа кітапханалармен үйлестірілген, келісіп жаздырып алынатын газет пен журналдардың тізімі болса, онда бұл қаржының нақты бағасын есептен шығаруға болады.
Кітапхана кітап қорын негізгі мақсаттарына сай жүйелі түрде толықтыруы үшін — оны жоспарлауға көмектесетін, бірнеше анықтамалық аппарат жүргізеді. Олар:
-оқырмандар бағыттрының картотекасы;
-кітап қорының үстеме толықтырылуымен жыл сайын толықтырылуының бірыңғай картотекасы;
-оқырмандардың қанағаттандырылмаған талаптар мен тілектерін есепке алу дәптері;
-мерзімді басылымдар мен жаздырып алынатын басылымдарды тіркейтін арнаулы карточкалардың қаріптік картотекасы;
-кітапханалардың жаздырып алатын газеттері мен журналдардың картотекасы.
Оқырмандар бағыттарының картотекасында олардың мамандығы, атқаратын қызметтері, қайда оқитыны сияқты оқырмандар құрамының мәліметтері беріледі. Мұндай картотекалар көптеген кітапханаларда бар, олар оны кітап кітап қорын тлықтыруға, оқырмандармен жұмыс жүргізу ісіне пайдаланады. Оқырмандар бағыттарының картотекасы сонымен қатар кітап қорына алынатын әдебиеттердің тақырыптары мен басылым түрлерін, оқырмандардың мамандығы мен оқуына қажет кітаптарды неше данадан алу керектігін анықтауға көмектеседі.
Мұндай картотека жасау үшін алдымен біркелкі ұқсас қызметтер атқаратын мамандықтары бірдей адамдардың немесе бағыттары сәйкес келетін колледж мен институттарда оқитын студенттердің формуляр номерін рет саны бойынша жеке карточкаларға жазып алу керек. Кейбір оқырмандардың формуляры бірнеше карточкаларға жазылуы мүмкін. Өйткені кейбір жеке адамдар ауылшаруашылық институтында оқиды, әрі халық театрында ойнайды, сондықтан оның формулярының рет саны екі карточкаға жазылады. Жаңадан жазылған оқырмандарды тіркегенде оқу формулярының рет санын тиісті тақырыптағы карточкаға толықтыру қажет. Біздің елімізде кітапханалар мемлекет қамқорлығына алынған; ауыл кітапханаларына кітап мерзімді басылым, басқа да кітапхана жабдықтарын алуға мемлекет тарабынан қаржы бөлінеді. Бұл қаржылардың бір шамасы облыстық (өлкелік, республикалық) бюджетте орталықтандырылған. Осы орталықтандырылған қаржымен мемлекеттік ауылдық кітапханалар қорын жүйелі түрде толықтырып отыру үшін әрбір облыстық мәдениет басқармалары жергілкті әкімшілікпен жыл сайын келісім шарт жасайды. Келісім бойынша белгіленген мерзімде бұл қаржыны мәдениет басқармасы кітапхана есебіне аударып отырады.
Жергілікті бюджеттің есебінде қалған қаржыны және жалпы жиналыстың шешіміммен мәдени қордан бөлінген немесе атқару комитеттердің шешімі мен кеңестердің өзіндік қорынан бөлінген қаржыларды кітапхана меңгерушісі өзі игереді. Алайда бұл қаржыны да кітапхана арқылы игеру үшін кітапхана меңгерушісі олармен қосымша келісім жасай алады, бұлай ету кітапханаға да пайдалы, өйткені ол, кітапханашының уақытын үнемдейді, және кітаптарды кітапханаға жеткізуге жұмсалатын қаржыны да өздері көтереді. Жыл сайын есеп беріп отырады.
Баспалардың тақырыптық жоспарлары мен басқа да баспадан шыққан және шығатын кітаптар туралы хабарламалар және ұсыныс библиографиялары бойынша алдын — ала берілген заказдарды келісім шарт бойынша кітапханаларға жіберіп отырады. Сол сияқты кітапханашылардың өздері келіп іріктеп алған кітаптарды жібереді.
Ауылдық кітапханашылардың меңгерушілері аудандық кітапхананың басқаруымен өткізілетін семинарларда орталық және жергілікті баспалардың тақырыптық жоспарларына енген әдебиеттерге тапсырыс береді. Ал, аудандық кітапхана тапсырыстарды жинаумен ғана тынбай, оның қортындысын шығарып, белгіленген мерзім арасында кітап дүкендерге келісім шарт бойынша тапсырады. Баспалардың тақырыптық жоспарлары бойынша алдын-ала тапсырыс берудің қиындықтарын ескере отырып кейбір облыстық кітапханалар аудандық кітапханалардың қатысуымен аудандық кітапханалар үшін орталықтандырылған тапсырыс беруді ұйымдастырады. Мұндайда аудандық кітапханалар үшін берілген кітаптарды алдын — ала хабарлап қояды. Мысалы: Ресей Мемлекеттік кітапханасы көпшілік кітапханаларға көмек ретінде орталық баспалардың тақырыптық жоспарындағы жалпы көпшілік оқырмандарға арналған ауылдық кітапханалардың қорында болуы керек, кітаптарды белгілеп ұсынып отырады. Аудандық кітапхана меңгерушісі өздеріне жіберілген кітаптардың ішінен кітапхана профилі мен оның оқырмандардың талаптарына сай келмейтін кітаптарды депозитарлық кітапханаларға қайтарып беруге хақысы бар. Қазақстанда кітапханалық коллекторы уйымдастырылған, бірақта жұмыс жүрмей турғанын баршаға мәлім.
1.3 Ауылдық кітапханалар қорларының жағдайы.
«Ауыл-халық өмірінің айнасы, мәдени, тұрмыс-салттық, рухани өмірідің көзі. Ауыл тұрғындары-ұлттың нағыз табиғи әлемін танытатан негізден тұрады. Осы бір ғана салдардың өзі бізден ауылға деген салмақты көзқарасты талап етеді»- деген Елбасының Қазақстан халқына жолдауы жерглікті жерлердегі мәдениет ошақтарының жұмыстарын жандандырудағы қозғаушы күш ретінде оң үрдістерге жетелейді.
Ауыл-халқымыздың түп-тамыры, алтын бесігі десек, бүгінгі таңда ауыл халқын әлем өркениетімен табыстырып, ұлттық болмысты әлемдік руханиятпен жақындататын қасиетті шаңырақ-ауыл кітапханасы десек артық емес. Сол кітапханада әдебиеттер қоры қандай болуы керек және мектеп кітапханасымен салыстырғандағы ерекшеліктері қандай? Міне, бүгінгі күні толғандырып отырған мәселе осы болмақ.
Республика кітапханаларының жұмысымен танысып, оны талдау барысында байқалатыны, ауыл кітапханалары — республикадағы болып жатқан оң өзгерістерге өз тарапынан үн қосып, ауыл тұрғындарымен ой бөлісіп, пікір алысатын орнына айналған. Бірақ кітапханалар қорын толықтыру мәселесіндегі кемшіліктер оқырмандар сұранысын қамтамасыз етуде біршама қиыншылықтар туғызуда. Қазіргі таңда республикада 2 478 (2005 ж.) ауыл кітапханасы бар, олардың кітап қоры 35 млн.184 мың дана. Егер де әрбір ауыл кітапханасының кітап қоры 3,0 мыңнан 10,0 мың данаға дейін болса, оның 20-30 пайызы кітап қорының өзегін құруы қажет, соның ішінде, 10-15 пайызға жуығы өлкетанулық материалдар болуы шарт.
Кітап қорында көпшілікке арналған әлеуметтік-экономикалық, идеялық, ғылыми, көркемдік құндылығы жоғары әдебиеттердің құрамы сол өлкедегі шаруашылық профиліне, мамандарға, орта мектеп бағдарламасының оқу үрдісіне көмек беруге, жалпы көпшілік оқырмандардың білімге, ақпаратқа, бос уақытын өткізуге деген қажеттілігін қамтамасыз етуге байланысты жинақталуы қажет. Ал, кітап қорының өзегінде мына төмендегідей әдебиеттер міндетті түрде болуы керек:
- көркем әдебиеттер, соның ішінде, қазақ, орыс, шетел тілдеріндегітанымал классикалық шығармалар;
- халық ауыз әдебиетінің шығармалары;
- құқықтық-нормативтік матеиалдар: Үкіметтің қаулы-қарарлары, соның ішінде, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының рәміздері, Заңдары, соның ішінде Мемлекеттік туралы, Білім, Мәдениет, Денсаулық сақтау Кәсіпкерлікті дамыту және т.б.
- Қазақстан Республикасының Кодекстері, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтық, Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық кодекстері, жалпы азаматтардың міндеттері мен құқықтарына байланысты басқа да құқықтық-нормативтік материалдар мен осы салаға қатысты анықтамалық әдебиеттер;
- әртүрлі ғылым салалары бойынша әдебиеттер, соның ішінде энциклопедиялар, анықтамалар, сөздіктер, әсіресе көпшілікке арналған ғылыми-танымдық анықтамалық басылымдар;
- Қазақстан Республикасының географиялық, республикалық, облыстық, аудандық әкімшілік-территориялық карталары.
Ауылдық кітапханалардың кітап кітап қоры өзінің мазмұны жағынан жан-жақты, сан-салалы болып келеді. Соған сүйене отырып кітапхана өз тұтынушыларына, оқырмандарына ілім мен білімге, тәрбие беруге көмектесіп, ауылдық Кеңеске қарасты барлық ересек тұрғындар мен балалардың жалпы білім дәрежесін, мәдени және өндірістік талап-тілектерін қанағаттандыруға жағдай жасайды. Соны ескеріп кітап қорын есепке алу және өңдеу процесстерін кітапхана саласы оқырмандарға кеңінен емін еркін электрондық каталогтағы мәлеметтерге тез арада қол жеткізу мәселесін колға алуда.
Осыған орай кітап қорын есепке алу және өңдеу, толықтыру кезінде селолық кітапхана біріншіден өзі қызмет көрсететін аймақтағы барлық тұрғындардың қажетті тілектерін ескеретін болса, екіншіден өз тұрғылықты жерлерінің негізгі кәсібін шаруашылықтың қай түріне маманданғанын, жергілікті өнеркәсіп орындарының нақты бағытын есепке алады. Олардың алдында тұрған міндеттері мен даму болашақтарын анықтайды.
Сонымен қатар кітапхананың бұрыннан жинақталған негізгі қоры мен оның пайдаланылу дәрежесі осы ауылдық кеңестегі басқа да кітапханалардың бар-жоғы ескеріледі. Кітапханада өте сирек сұралатын әдебиеттердің жиналып қалмауы үшін адамдардың мамандықтары мен жалпы мәдени дәрежесіне қарай қажет ететін кейбір кітаптарын аудандық немесе басқа кітапханалардан кітапханааралық абонемент арқылы жаздырып алуына болатынын ескере кету керек.
Ауылдағы орталық кітапхананың да кітап қоры сол сияқты, өзі қызмет көрсететін аймақтағы адамдар санына шаққанда бір адамға бес кітаптан, оған қоса ауылдық кеңес қарамағындағы тұрғындардың әрқайсысына 0,5 кітаптан келетіндей дәрежеде белгіленеді.
Кітапхананың нәтижелі қызмет етуі үшін ондағы кітаптардың саны ғана емес, оның саласының да мәні зор. Сапалы кітап қоры оқырмандар оқуына басшылық етудің ең бастамасы болып табылады. Сондықтан кітапхананың маңызды рухани қазына мекеме ретінде алдында тұрған мақсаттары есептеле отырып оның кітап қорын толықтырарда кітапхананың оқырмандар құрамы, олардың талап-тілектері, еңбек ету шарттары мен тұрмыс қажеттері де ескеріледі. кітап қорын есепке алу, өңдеу және толықтыруда ауылдық кітапхана құжаттарды басшылыққа алады.
«Ауылдық кітапханалардың кітап қорын есепке алу, өңдеу, толықтырудың үлгі ережесі» бойынша ауылдық кітапхана қорының құрамында қоғамдық — саяси, ғылыми-жаратылыс тану, техникалық, ауыл шаруашылық әдебиеттері, көркем өнер, спорт, әдебиеттану, жағрафия, медициналық кітаптар, көркем шығармалар мен балалар әдебиеттері болады.
Техника саласы бойынша көбіне жұмысшылардың техникалық кітаптар мен білім дәрежесін арттыруға қажет әдебиеттері оқырмандардың құрамы мен талаптарына сәйкес алу керек, сонымен қатар негізінен ғылыми-көпшілік әдебиеттер басымырақ алынады.
Ауыл шаруашылық тақырыбындағы әдебиеттерден ең алдымен ауыл тұрғындарының талаптарын қанағаттандыратын кітаптар алынады. Кітап қоры сол кітапхана қызмет ететін ауыл шаруашылығының даму бағытына қажет болып отырған әдебиеттермен толықтырылады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығын маусымдық кезеңдеріндегі жұмыс түрлеріне қажет әдебиеттер де кітап қорында болуы тиіс.
Кітап қорында республика баспаларынан шыққан қазақ тіліндегі әдебиеттер мен өлкетану әдебиеттері толық болуымен қатар орыс әдебиеті және кеңестік әдебиеті классиктерінің шығармалары, шет ел халықтарының тамаша туындылары болуы қажет.
Кітапхана қорына кітап іріктеп аларда оның мазмұны мен қатар оқырмандардың қай тобына арналғанына да көңіл аударған жөн. Өйткені ауылдық кітапхана басылым түрлері бойынша ең алдымен ғылыми-көпшілік әдебиеттерді, сол сияқты оқу жүйесіне ауылшаруашылық салаларынан мамандық беретін жүйесіне орта мектептерге керекті оқулықтарды алады. Кітапханада жеке мәселелерге жауап беретін кітап жоқ болған жағдайда, энциклопедиялар, анықтамалар оқырмандардың өтінішін қанағаттандыратын-бірінші құрал. Сондықтан ауылдық кітапхана-филиалдарында энциклопедиялар, анықтамалар, сөздіктер және библиографиялық көрсеткіштердің жеткілікті түрде болуы қажет. Оқырман сұранымын жан-жақты және сапалы қанағаттандыру үшін кітапханаға тек кітаптар емес, сонымен қатар мерзімді басылымдар мен аудиовизуалды материалдарды жинақтау да қажет.
Ауылдық кітапханада міндетті түрде қысқаша саяси-сөздік қысқаша философиялық сөздік, шеттіл сөздіктері, орыс тілі сөздігі т.б. анықтамалық әдебиеттер қоры болуы тиіс. Сонымен қатар ауыл басқармасы мен мал шаруашылығы мамандарына т.б. арналған анықтамалықтар алынады және олар үшін жаңа шыққан соңғы басылымдармен ауыстырылып отырылады.
Көркем әдебиеттерден көбіне жеке басылымдар алынады. Ал библиографиялық құралдар / көрсеткіштер, естеліктер, кітап туралы кеңестер мен оқу жоспарлары/ кітапхана оқырмандарының талаптарына сәйкес алынуы керек.
Ауылдық кітапхана меңгерушісі кітапханатану ғылымының дамуы мен кітапхана ісіндегі озат тәжірибеден хабардар болып отыруы тиіс, сондықтан кітап қорына ауылдық кітапханалардың іс-тәжірибесі жазылған әдебиеттер мен әдістемелік құралдар алынады.
Ересектермен қатар селолық кітапханада 1-8 сынып оқушылары мен мектепке дейінгі 6-жастан жоғарғы балаларға қызмет көрсетеді.
Балалар әдебиеттері қорының құрамына қойылатын талаптар мен оны толықтыру туралы ұсыныстар, «ауылдық кітапханалар қорын балаларға арналған әдебиеттермен толықтырудың негізгі ережелерінде» көрсетілген. Сонымен қатар орыс тілінде басылған «ауылдық кітапханалардағы балалар әдебиеттерінің каталогін» пайдалануға болады.
Білім дәрежесі төмен оқырмандарды да есептен шығармай, оларға арнап, әрі жеңіл, әрі ірі әріппен басылып шыққан кітаптарды алу қажет. Біздің республикамызда көптеген ауылдық кеңестердің әр қайсысында 2-3 ауылдық кітапханалардан бар. Бұлардан басқа ауыл, мектеп, кітапханалары да болады. Олардың қызмет ететін оқырмандары бір болғанымен кітап қорын жеке-жеке толықтыратындықтан бірін-бірі қайталайды, бірінің алғанын екіншісі де алады. Осының салдарынан талай қаржы жұмсалғанымен оқырмандар көптеген қажетті кітаптарды таба алмайды. Кітап қорын толықтыруда, мерзімді басылымдарды жаздырып алуда кітапханалардың өзара бірлесіп әрекет етуі кітапханалар қорын жақсартуға және оқырмандар талаптарын жан-жақты қанағаттандыруға мімкіндік жасайды.
Мысалы, жеке бір кітапханаға музыканттар мен әуесқой суретшілерге арналған өнер әдебиеттерінің тамаша туындыларын жинақтау қиынға соғады. Егер бірлесіп әрекет етілсе онда ноталар мен пластинкалар жинағын, еліміздің ірі мұражайларындағы тамаша суреттердің репродукциясы салынған қымбат альбомдар алып, көркем өнердің көшпелі мұражайын ұйымдастыруға болады.
Бірнеше кітапханалардың бірлесіп әрекет етуі кітап қорын балалар әдебиетімен толықтыру сияқты қиын жағдайлар да шешуге көмектеседі.
Қазіргі кезде бір аудандық кітапханаларындағы балалар әдебиеттерінің қорына біріне — бірі толықтырып тұрса, онда жас өспірім балалар өздеріне арналған әдебиеттердің барлығын болмаса да, тамаша туындылардың басым көпшілігін оқуға мүмкіндік алар еді.
Кітап қорын толықтыруды үйлестірудің ұйтқысы орталық ауылдық кітапхана болуы тиіс. Сонымен қатар олар мерзімді басылымға жазылу жұмыстарын өзара үйлестірумен бірге ауыл басқармасымен, ауылдық кеңеспен, клубтармен келісе отырып жүргізген кітапханалардың іс-тәжірибесін жариялап отыруға міндетті.
Кітапхананың барлық жұмыстарын жақсарту үшін кітап қорын зерттеудің үлкен мәні бар. Жинақталған кітап қорының мазмұны мен оны оқырмандардың пайдалануын зерттеп білу кітап қорын одан әрі толықтыру бағытын анықтап, оған дер кезінде өзгерістер енгізуге көмектеседі. Кітап қорын жылма-жыл толықтыру үстінде түрлі себептермен кемшіліктер жіберілуі мүмкін. Сондықтан әр жылдың аяғында кітап қорының құрамын тексеріп, алыңған кітаптардың оқырмандар талабына сай екендігін анықтап қажетсіз немесе көп даналы кітаптардың болмауын қадағалау қажет. Жеке кітаптарды жақсы білу жалпы кітап қоры туралы түсінік берумен қатар оны толықтыру мәселесін шешуге де көмектеседі. Сондықтан кітапханашылдар кітап туралы оқырмандармен, жолдас-жораларымен пікір алысып, өздері неғұрлым көп оқып, әдеби – сын мақалалармен танысып отырғандары жөн.
Кітап қорын толықтыруда кітапханашылардың тек қана жалпы түсінігі немесе үстіріт бақылауға негізделген қысқа мағлұматы жеткіліксіз. Кітап қорын толықтыру жайында дұрыс тұжырым айту үшін ауыл кітапханашылары кітап қорының көлемін, кітаптардың ғылым тауарларына бөлінуін және оның мазмұнын оқырмандардың кітаппен қамтамасыз етілуі мен кітаптардың іс-жүзінде пайдалану дәрежесін жақсы білуі қажет . Бұл деректер кітапхананың жалпы және жеке есеп кітаптары мен күнделіктерінен алынады. Кітап қорын сипаттайтын көрсеткіштер аталған документтерінен кестеге түсіріледі. Әр жылдың басы мен аяғына қарай кітап қорының құрамында болған өзгерістер, кітапханаға алынған және есептен шығарылған кітаптар туралы мәліметтер жалпы есеп кітабынан ал бір жылғы берілген кітаптар саны-кітапхана күнделігінен алынады. Кесте толтырылып, оның дұрыстығы тексерілгеннен кейін оқырмандардың кітаппен қамтамасыз етілу, кітап қорының айналымы және оқылу үрдісі сияқты көрсеткіштер есептелініп шығарылады. Кітап қорының құрамын тексертуі ауылдық кітапхананың бір жылғы көрсеткішін кестеге түсіру арқылы іс жүзіне көрсетейік.
Жыл басында есепте бары деген бірінші жолдағы көрсеткіш сол кітапханада бар кітап қорының көлемін көрсетеді. Оның көлемі Республикамыздың бір ауылдық кітапханасының орта есеппен алғандағы кітап қорынан көп артық. Сан жағынан қоғамдық-саяси техникалық, көркем және балалар әдебиеттері қанағаттандырарлықтай толықтырылған. Табиғат тану мен математика бөлімдерінің толықтырылуы нашар, ауыл шаруашылық әдебиеттерді оқитын оқырмандар көп болғанымен ол бөлімнің толықтырылуы да қанағаттандырарлықсыз. Кітап қорының құрамындағы осы кемшілікті кітапхана меңгерушісі жыл бойы кітап қорын толықтыруда қалай ескергенін «Жыл бойы кітапханаға түскен кітаптар» көрсеткіші аңғартады. Мысалы: Кітапханаға барлығы 581 дана кітап алынған. Оның ішінде көркем әдебиеттер бөлімі белсене толықтырылған, сол сияқты балалар әдебиетері, қоғамдық – саяси әдебиеттер, өнертану әдебиеттері де жақсы толықтырылған. Ал, ауыл шаруашылық және ғылыми-жаратылыс тану әдебиеттерінің кітап қоры бұрыннан жеткіліксіздігіне қарамастан, бұл жылда да аз алынған. Бұл мәліметтер кітап қорының жыл бойы терең ойластырмай үстірт толықтырылғанын көрсетеді. Мұны «Жыл аяғындағы кітап саны» мен «Кітаппен қамтамасыз етілу» бөліміндегі сандар да дәлелдейді.
Кітапхананың көркем, қоғамдық — саяси және балалар әдебиетін одан әрі толықтыра түскен бағыты дұрыс та, кітап қорының басқа тарауларын толықтыруға жете көңіл бөлмеуі, табиғаттану бөлімінің кеміп, ауылшаруашылық кітаптарының небәрі 0,1% ғана толықтырылғаны әрине үлкен кемшілік. Қорыта келгенде кітап қорын толықтыруға бірталай қаржы жұмсалғанымен, оқырмандардың ғылым тарауларындағы кітаптармен қамтамасыз етілуі әлі де төмен дәрежеде қалып отыр. Бұл мысалдағы деректерді кітаппен қамтамасыз етілудің ең жоғарғы орта көрсеткіштерімен салыстырғанда, әрбір оқырманға ауылшаруашылық кітабы бір данадан, ал жаратылыс танудан бір кітаптың үштен бір үлесі ғана келуі білім тарауларын насихаттауға үлкен кедергі келтіреді.
Ауылдық кітапханалар өз қорында ескірген кітаптарды ұстамауы керек. Біздің қарастырып отырған үстіндегі мысалымыздың «Бір жылда есептен шыққан кітаптар» деген бөлімінде кітап қорынан 236 дана кітап есептен шығарылғаны көрсетілген. Олардың көпшілігі қоғамдық — саяси ауыл шаруашылық бөлімдерінен турады.. Бұл өте дұрыс, себебі, осы тақырыптағы кітаптар мазмұны жағынан тезірек ескіреді.
Есеп құжаттары негізінен жүргізілген кітап қорын талдау жұмыстары кітап қоры туралы ұғым берумен қатар, қай бөлімнің шамадан тыс өскенін, қай бөлімнің нашар толықтырылғанын, одан әрі толықтыруда кітап қорының қай бөліміне баса көңіл аудару керектігін көрсетеді. Әрине, тек статистикалық деретерге ғана сүйеніп жүргізілген талдау жұмыстары одан әрі анықтауды талап етеді. Ауылдық кітапхана қорының сапасы, оның ғылым мен техниканың қазіргі жетістіктерінің дәрежесіне оқырмандардың тілек-талаптарына сәйкес толықтырылу барысы кітап қорының әрбір тарауларының мазмұнын жете талдау арқылы ғана анықталады. Өйткені, оқырмандармен жұмыс жүргізгенде кітап мазмұны мен оның оқырмандар талабына бейімделуін білудің зор маңызы бар.
Кітап қорын түгел зерттеу мүмкін болмағандықтан ең алдымен қоғамдық-саяси, ауылшаруашылық және жаратылыстану бөлімдерінен бастау керек. Алдымен белгілі бір тақырыптағы кітаптарды түгелдей көрсететін каталогтың бөлімдерін қараймыз. Себебі, ол кітап қорының оқырмандарға қажет ғылыми-көпшілік және өндірістік кітаптармен, оқулықтармен, анықтамалармен толықтырылу дәрежесін көрсетеді. Мысал ретінде аулшаруашылық әдебиеттері бөлімнің қорын талдап, бұл жұмыстың іс-жүзінде қалай жүргізетінін қарастырсақ, бөлімдер белгілі ретпен бірінен соң бірі зерттеледі. Зертттеу үстінде байқалған тұжырымдар мен қорытындыларды кесте түрінде жазып отырған дұрыс.
Ауыл кітапханашыларында ең алдымен кітап қорындағы әдебиеттердің тақырыптары мен олардың оқырмандарға лайықталуы туралы жалпы мағлұмат болуы тиіс. Кесте жұмысын бастамас бұрын дайындалады да, жүйелі каталогтың тиісті бөлімдерінің карточкаларын қарау үстінде толтырылады. Карточкаларды қарап отырып, кітапханашы басылым түрлерін анықтайды да тиісті графаға шартты белгі қояды. Басылым түрлерін карточкалар арқылы анықтау қиынға соқса, онда кітапханашы тікелей қажет кітапты қарайды.
Жүйелі каталогтың карточкалары бойынша таблица толтырылып болғаннан кейі, оның әр бөлімі мен басылым түрлерінің жалпы қорытындысы шығарылады. Ауыл шаруашылық кітаптар қорының қай бөлімінде кітаптар көп, қайсысында аз қандай басылым түрлерінің мүлдем жоқ екенін таблица анық көрсететді. Ондағы көрсеткіштерег сүйене отырып, кітапханашы кітап қоры туралы өзі қызмет ететін ауыл шаруашылығының бағытына, оқырмандардың құрамы мен олардың талап-тілектеріне қаншалық лайық толықтырылғанын айта алады. Кітап қорын оқып-үйренудегі кітапханашының алдына қойған мақсаты-негізгі оқырмандар тобының өндірістік әдебиеттермен қалай қамтамасыз етілетінін байқау. Бұл нақты мәселені шешуге ауылдық кітапханалар жүргіізетін оқырмандар профилінің картотекасы көмектеседі.
Кітап қорының оқырмандардың талап-тілектеріне сай толықтырылғанын білу үшін, оқырмандардың орындалмаған талаптары есепке алынады, бұл жүйелі түрде үздіксіз жүргізіледі. Кітап қоры оқырмандар жиі сұрайтын ғылыми құнды ойлы мазмұнды кітаптармен және таңдаулы көркем әдебиеттермен толықтырылатынын атап айтсақ, егер жеке бір оқырманға қажет кітап жоқ болса, оны аудандық, облыстық және басқа кітапханалардан кітапханааралық абономент арқылы алдыру керек. Ал, сол кітапты кітапхана қорына алу қажет деп шешілсе, онда кітапхана меңгерушісі сипаттама берілген карточканы үстеме толықтыру картотекасына құяды да, керекті кітапқа берілетін тапсырманы кітап дүкендерге немесе баспарларға жібереді.
Оқырмандардың кітап қорымен пайдалану бағытын үнемі қадағалап отыру, оны дұрыс толықтырып, қателітер жіберілмеуге көмектеседі. Өкінішке орай, ауылдық кітапханалар бұл мәселеге көп көңіл бөлмейді. Кейбір кітапханаларда әрбір кітаптың неше рет алынып, оқылғанын анықтайтын қайтару парағы кітапқа жапсырылмайды, кейде ондай парақтар болса да тиісті белгі қойылмайды. Күнделікті берілген кітап, кітапшалар мен журналдар есебі кітапхана күнделігі бойынша жүргізіледі, ал кітаптың берілгендігі туралы белгі кітап формуляры мен қайтару мерзімін көрсететін қағазға жазылады, осы екі құжат кітап қорының пайдаланылуын талдаудың негізі болып есептеледі. Ай сайын және жыл аяғында күнделік бойынша берілген кітаптардың қортындысын есептеу арқылы кітап қорының қай салалары қалай оқылғанын, өткізілген көпшілік жұмыстары мен кітап көрмелерінің әдебиеттерге жасалған шолулардың т.б. шаралардың кітап қорының айналымына қаншалықты әсерін тигізетінін бақылауға болады. Ескерілмей, елеусіз қалдырылған құнды кітаптарды оқырмандарға жеткізу кітапханашының ең үлкен міндеті. Осындай кітаптарды насихаттауда көптеген кітапханашылардың мынадай тәжірибелерін пайдалануға болады; олар ең алдымен күніне сол елеусіз қалған кітаптардың бір-екеуімен тереңірек танысып, қысқаша мазмұнын, оқырмандарға бейімділігін анықтап алады, да, сонан кейін оны насихаттау тәсілін іздестіреді. Мерзімді басылымның айналымы да кітап қорының айналымы сияқты кітапханадағы үгіт-насихат жұмысын ұйымдастыру дәрежесіне тікелей байланысты. Осыны ескере отырып, кітап қорын толықтыру туралы тұжырымды пікір айту үшін асығыстық жасамау керек. Әр уақытта кітап қорының айналымына әсер ететін себептерді дұрыс тауып, соған көңіл аударған жөн. Кітап қорын оқып-үйренудің, зерттеудің мақсаты тек қана кітап қорының айналымын арттыруда емес. Кітаптарды білу, олармен танысу кітапханашылардың талғам-талаптарын, білімін толықтырады, оқырмандар оқуына басшылық етуді жақсартуға көмектеседі.
Кітапханалардың кітап қоры кездейсоқ кітаптардың жиынтығы емес, ол кітапхананың алдына қойған мәселелерін шешуге әсер ететін, ойластырылып жинақталған арнаулы қоры болып саналады.
- КІТАПХАНА ҚОРЫН ЕСЕПКЕ АЛУ
2.1 Кітап қорының есептеудің түрі мен формасы
Кітапхана корының есебін жүргізу кезінде кітапхана мынаған міндетті:
- Қорға келіп түскен және одан шығарылатын құжаттардың белгіленген
есеп бірлігіндегі жиынтық және жеке есебін жүргізуге; - Белгіленген есеп бірліктерін колданудың дәйектілігін қамтамасыз етіп.
кітапхана қорын есепке алу жөніндегі жаңа нормативті қүжат қабылдамай оларды өзгертуге жол бермеуге;
3) даналар есеп бірліктерінің газет-журналдарды, парак басылымдарды
алмағандығы олардың сақталуы мен беру бірліктерімен салыстырмалылығын қамтамасыз етуге.
Кітапхананың мынаған кұкығы бар:
- мәртебесі, кордың, үйымдастырыдуы мен қүрылымы ескерілген, осы
әдістемелік құралдьң талаптарына қайшы келмейтін қорды есепке алудың сенімді нәтижелерін қамтамасыз ететін есептің өз тәртібін белгілеуге; - жазбаларды мүлік кітаптарына, қордың жиынтық есеп кітаптарына,
компьютерде басылған жеке парақтарда, тәртіпке нысанында, сондай-ақ есеп қүжаттарын ұзақ мерзімге сақтау мен өндіруді қамтамасыз ететін дискетте, дискіде және басқа да көздерге жазылған электрондық сандық файлдарға жүргізуге;
3) міндетгі көрсеткіштермен қатар нақты кітапхана өзгешелігін ескере
турып есеп қүжаттарына қосымша керсеткіштер енгізуге;
4) уақытша сақталу қоры күжаттарының мазмұны мен қүрамының мерзімдерін белігілеуге;
5) қүжаттарды есептен шығарудың сандық және құндық нормативтерін енгізуге;
6) заңда көзделген жағдайлардан басқа ретте кітапхана қорынан шығарылған қүжатарды иеленуге;
7) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кітапхана қорьн пайдаланушының
келтірген залалын өтемақылау тәсілі мен мөлшерін белгілеуге. Кор есебін үйымдастырудың дүрыстығы үшін кітапхана әкімшілігі
мен қызмет міндеттеріне сәйкес қызметкерлер жауап береді.
Кітапхана қорын есепке алу нормалары мен талаптарын сақтауды бақылауды жоғары көсіптік білім беру үйымдары кітапханасының жинақтау бөлімі немесе бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдары кітапханасындағы есепке жауапты кітапханашы жүзеге асырады.
Кітапхананың әкімшілігі және тиісті қызметі қорды есепке алудың,
ұйымдастырудың, сактаудың және пайдаланудың ережесін орындауға арналған талапты қамтамасыз етеді. Кітапханаға кітап жолдама документ пен келіп түседі (счет, накладная, тапсыру акт). Келіп түскен кітаптың жетпейтіні, жарамсызы немесе бір кітаптың орнына екінші бір кітап алмастырылып жіберілегені болса, оған сол мезгілде екі дана акт жазылады. Актының бірінші данасын кітапхана өзінде қалдырады да, екінші данасы барлық жетпейтін, жарамсыз және байқаусызда алмасып кеткен кітаптардың жіберілуін талап етіп, тиісті мекемеге (кітапхана коллекторына, кітап дүкеніне) жолданады.
Қалған кітаптар түгелдей жалпы негізде есепке алынып, кІ-
тапханалық өңдеуден өткізіледі. Кітапханаға жолдама документсіз келіп түскен кітаптар (мекемелер немесе жеке азаматтар сыйға тартқан,сондай-ақ оқырмандар мен тұрғын халықтан жиналған кітаптар) белгілі тексеруден өткізіліп, оларды қажеттігі анықталған
соң қабылдау актысы жазылады.
Барлық қабылданған кітап, журналдар мен газет даналарына штемпель соғылады. Штемпель түзу бүрышты, көлденеңі 1,5х4 см болуы тиіс. Штемпель орнына дөңгелек мөр қолдануға болмайды. Штемпель кітаптың титул бетіндегі шығуы жөніндегі мәліметтер үстіңгі жағына және 17-ші бетте текстен кейін, сол жақ бұрышына қойылады. Көпшілік кітапханаларында кітап қорын есептеудін екі түрі қолданылады: а) жеке және б) жалпы.
Жеке есеп — әр-бір кітапты есепке алу. Бұл инвентарлық кітап аркылы жүргізіледі (№ 2-форма).
Жиынтық есеп — кітапхананың қоры, оның кұрамыжәне ондағы болған өзгерістер туралы жалпы мәліметтер береді. Қітапхана корына жататын барлық баспа шығармалары осы суммарлык есепке алынады.
жиынтық есептің формасы — кітапхана қорынын (I үлгі) үш белімнен күралған суммарлық есеп кітабы. Олар:
- Келіп түскені.
- Қітапхана корынан шығарылғаны.
- Қітапхана корындағы болған өзгерістер,
Белгілі маусымға арналған кітапшалар мен мерзімді баспа шығармалары мүліктік кітапка және кітапхананың балансасына енгізілмейді. Маусымдық кітапшалар жеке карточкаларға тіркеледі. Ал мерзімді баспа шығармалары карточкаларға немесе дәптерге тіркеледі.
Маусымдық кітапшаларға:
- жеке бір саяси оқиғаларға, саяси және шаруашылық науқандарға, есепке алынатын және аталып өтетін күндер мен юбилейлерге арналған кітапшалар;
- тәжірибе алмасу үшін шығарылған кітапшалар мен листовкалар, агротехникалық нұскаулар, уақытша нұсқаулар мен — ескертпелер, библиографиялык листовкалар, кітап оку жоспарлары, жарыс ережелері және т. б;
- «Білім» баспасының жазылып алынатын сериялық кітапшалары;
- журналдарға қосымша шығатын кітапшалар
- Келіп түскен эдебиеттердің жиынтық есебі.
Кітапханаға бір документпен келіп түскен кітаптар мен кітапшалардың әрбір тобы кітапхана қорынын жалпы есеп кітабының бірінші бөліміне, рет санымен, жеке жолға жазылады (1 үлгі). Бұл есеп кітабының бірінші бөліміне мәліметтер жыл сайын 1 ден басталып жазылады. Мүлік кітапка енгізілетін кітаптардың ғана бағасы көрсетіледі.
Кітапханаға түскен кітапшалар жалпы есеп кітабына мазмұнына қарай бөліп жазылады. Кітапшалардын, бағасы көрсетілмейді. Кітапханаға түскен журналдарға жылына бір рет акт жасалады. Жалпы есеп кітабына актіде көрсетілген журналдық саны олардың мазмұна қарай бөлініп жазылады. Журналдардың бағасы көрсетілмейді. Жыл аяғында сол жылы түскен әдебиеттер түгел есептеліп, жалпы есеп кітабынын. 3-ші бөліміне көшіріледі
Кітаптарды жеке есептеу.
Кітапхананың барлык кітап корына кітаптардың оку залы, абонемент бөлімі және т. б, бөлінуіне қарамастан бірыңғай мүлік кітабы жүргізіледі. Мүлік кітабы кітапхананың ең маңызды документі болып саналады. Ол өте ұкыпты жургізіліп, акша документтері ретінде сақталады. Мүлік кітабы түптеліп, баулықталып және беттері номерленіп сақталады. Мүлік кітабының соңғы бетіне: «Бұл мүлік кітабында баулықталған, номерленген… бет барлығын растап қол-қойып, мөр басамын» деген сөз жазылады да, күні, айы көрсетіліп, қол қойылады, мөр басылады. Мұндай жазуларды аудандық және қалалық кітапханаларда — аудандық, қалалық мәдениет бөлімдері, селолық кітапханаларда — албасқа кітапханаларда сол кітапхана бағынатын ұйымдар мен мекемелер жүргізеді. Мүлік кітабының толтырылғандығын растайтын жазудың астына:
«Бұл мүлік кітабында № ден — № -ге дейін кітаптар жазылған» деген жазу жазылып, күні көрсетіледі, кітапхана меңгерушісі мөр басып, колын қояды. Мүлік кітабы сиямен өте ұқыпты, анық толтырылады. Жазғанды өшіруге болмайды. Егер оған түзетулер енген болса, ол туралы «ескерту» графасында айтылып, кітапхана меңгерушісі қол койып, растауы кажет. Кітаптарды жазбастан бұрын инвеытарь кітапшсы әрбір бетіне 25-тен кезекті мүлік номерлері қойылады.
Инвентаризацияға жататын әрбір кітап мүлік кітабының бір жолына жазылып, тек бір ғана инвентарьлықномерге ие болады. Ол номер кітаптың титул және 17-беттеріне жазылады. Мүлік кітабын толтыруда кітап туралы қажетті мәліметтер міндетті түрде кітаптың титул бетінен (мұқабасы мен баспа мұқабасынан емес) алынады. Кітап тексті қай тілде болса, мүлік кітабына да сол тілде жазылады.
Мүлік кітабына жазылатын кітаптардың бағасы жолдама документтерде (счет, счеттің көшірмесі, акт) көрсетілгендей болуға тиіс. Бірнеше даналы кітапты қатар жазғанда «Мүлік номері» және «бағасы» деген графалары толтырылады да, қалған графаларға тырнақша қойылады. Кітаптың бағасы барлық уақытта көрсетіледі. Атластар, ноталар, альбом репродукциялары, зағиптарға арналған кітаптар және сол сияқты материалдар кітапхананың бірыңғай мүлік кітабына жазылады. Жаздырылып алынатын баспа шығармаларының (шығармалар жинағы, энциклопедиялар, журналдарға қосымшалар) кезекті томдарының дер кезінде түсуін бақылап отыру ұшін, олар арнаулы карточкаларға қосымша.
Кітапшалар мен мерзімді баспасөз шыгармаларын тіркеу.
Кітапшалар үшін алфавиттік картотека құрастыру ұсынылады. Әрбір кітапшаға жеке карточка толтырылып, онда авторы, аты, шыққан жылы, бағасы мен дана саны көрсетіледі. Жаздырып алынатын журналдардың рет саны мен уақтылы келіп түсуін қадағалап отыру үшін барлық алынған номерлерін журналдарды тіркеу карточкасына немесе оларды тіркейтін дәптерге дереу жазып отыру қажет.
2.2 Кітапхана корына келіп түскен қүжаттарды есепке алу
Қор5а түсетін қүжаттарды есепке алу оларды тұрақты, ұзак және уақытына сақтау қүжаттары деп бөлу жолымен сараланған түрде жүзеге асырылады.Мүлікке номір бере отырып түрақты сақтау үшін есепке алуға кұжаттың, тақырыптың түріне қарамастан, ағымдағы жөне болжамды оку сұранымың канағаттандыруға арналған құжаттар жатады. Қыска мерзімді мәні бар ақпарат мазмұндалған құжаттар және көлемі 48 бетке дейінгі басылымдар уақытша сақтау үшін есепке алынуға мүлік нөмірсіз болуы тиіс. Кітапхана корына енгізілетін қужаттар таңбаланады. Бұл орайда мөртаңбалар, кітаптық белгілер, компьютер мен оқылатын жеке штрихтық кодтар жүргізеді. Қужаттардың кітапхана корына түсуі кезінде жиынтық және жеке есеп жүргізіледі. Кәзір республикадағы “РАБИС” бағдарламамен енгізіледі.
Кітапханаға түсетін және одан шығарылатын құжаттардың барлық түрінің жиынтық есебі бір жөнелту құжаты (шот-фактура, накладной, акт) бойынша легімен жүргізіледі. Жөнелту қүжаты болмаған жағдайда қабылдау акті әзірленеді. Жиынтық есеп нысаны дөстүрлі немесе компьютерде басылған кітап (журнал) болып табылады. Қордың қозғалысы туралы мәліметтер «Кітапхана қорының жиынтық есеп кітабының» үш бөліміне тіркеледі:
- бштім — «Қорга түскен түсім»
- бөлім — «Қордан шығару»
Ш бөлім — «Қордың қозғалыс қорытындылары».
Кітапхана қорына түскен қүжаттар туралы мөліметтер «Жиынтық есеп кітабының» бірінші бөлімінің көрсеткіштеріне: жазбаның күні, айы, жылы мен нөмірі, түсім көзі,жөнелту қүжатының нөмірі мен күні, айы, жылы,түскен құжаттардың (барлығы,ішінде түрі, мазмүны, тілі бойынша) саны, түскен қүжаттардың құны тіркеледі. Кітапханадан шығарылған қүжаттар есептен шығарылу себептерін
көрсете отырып «Жиынтық есеп кітабының» екінші бөлімінде көрсетіледі. Есептен шығарылған күжаттарды есептеу мен бақылау үшін»Берілді»,»Сатылды», «Макулатурага өткізілді» деген көрсеткіштері енгізіледі.
Қордын қозғалыс қорытындылары міндетті түрде жыл соңында
шығарылады. Құжаттың әрбір данасының жеке есебі құжатқа мүлік (инвентарь) нөмірін тағайындау жолымен жүргізіледі, бұл нөмір құжаттың кітапхана қорында сақталған барлық уақытта оның атында болады. Жеке есеп нысандары кітап түрінде (мүлік кітабы), кәртішке түрінде (есеп каталогының кәртішкесі), парақ түрінде (акттік есеп парақтары), басылымдардың анықтаулы түрлеріне тіркеу кәртішкесі (соның ішінде электрондық және көру-тыңдау құжаттары) болып табылады. Автоматтандырылған технология кезінде жеке есептің келген нысанын түзу үшін қажетті бүкіл ақпарат камтылған файылдар жасалады.
Құжаттардың жеке есебінің нысандарында міндетті түрде мына көрсеткіштер болуы тиіс: «Кітапхана қорының жиынтық есеп кітабындағы» жазба күні, бағасы, айы, жылы, нөмірі, мүлік нөмірі, авторы мен атауы, басылған жылы, бағасы, тексеру туралы белгілері, есептен шығару актінің нөмірі, ескерту. Басылымдарды, жариянбаған құжаттарды шағын нысандарды, кітапхана тіркеу құжатының жеке есепке алу нысандарының әрбір түрі үшін жеке жүзеге асырылады.СД-РОМ, мультимедия,дискетті есепке алу жеке есепке алу нысандарының кез келгенімен жүргізеді.
Кітапхана қорын есепке алу жүйесіне:
- кітапхана қорының барлық бөлімшелерінің кітапхана ішіндегі есебі;
- кітапхана қорының мемлекетгік акпарат есебі.
Кітапхана қорын есепке алу объектісі қүжаттың түрі мен оның мате-
риалдық негізіне қарамастан кітапханаға түскен және одан шығарылған
құжаттар болып табылады.
«СИБИД. Кітапхана қорларын және ғылыми-техниқалық ақпарат
органдарын есепке алу бірліктері» деген 7.20-80 Мемстандартқа сәйкес
кітапхана қорындағы түсімдер мен есептен шығару есебінің негізгі бірліктері:
- атау — басқалардан атымен шығу деректерімен немесе безендірудің басқа элементтерімен ерекшінеленетін әрбір жаңа немесе қайталама басылым, басқа құжат;
- дана — қорға қосылатын немесе одан шығарылатын қүжаттың әрбір жеке бірлігі болып табылады,
Кордық және оның бөлімшілерінің жалпы көлемі даналарда; 7.20-80 Мемстандартын енгізгеннен кейін қалып тастырылған қордың жалпы көлемі даналар мен атауларда ескеріледі.
Қор есебінің қосымша бірлігі:
жылдық комплект — қордың бір есеп бірлігі ретінде қабыдданатын бір
жыл ішіндегі мерзімді басылымдардың номерлерінің (шығарылым) жиынтыгы;
- метросөре — басылымдар немесе басқа қүжаттар алған стеллаж сөресінің метрмен өлшенетін қор шамасы есебінің халықаралық бірлігі;
- түптеу бірлігі (тігінді) — басқа тәсілмен бір бүтінге тігілген, түптелген
немесе бекітілген және қордың бір есеп бірлігі ретінде қабылданатын мерзімді басылымдар нөмірлерінің жиынтығы.
Мерзімді басылымдар.
Журналдар қоры көлемінің есебі данамен (том, нөмір, сан) және басылым атауының өзгеруіне қарамастан қорға түсксн барлык, жылдар ішіндегі жарты жылдық және жылдық комплектімен жүргізіледі.
Сондай-ақ:
1) Көлемі 100 беттен астам басылым жеке дана болып есептеледі.
21 Көлемі 30-дан 100 бетке дейінгі басылым жарты жылдық комплектімен есептеледі.
3) 15-тен 30 бетке дейінгі басылым жылдық комплектімен есептеледі.
Газеттер қоры көлемінің есебі басылым атауының өзгеруіне қарамастан оның қорға түскен барлық жылдар ішіндегі осы қорда түрақты сақталуға жазатын жылдық комплектіде жүргізіледі.
- Күнделікті шығатын газеттер — тоқсан сайын есептеледі.
- Апталық газеттер — жарты жылдык комплектімен есептеледі.
- Айлык, газетгер — жылдық комплектімен есептеледі.
Басылымдар мен жарияланбаған күжаттар.
- Қорға түскен басылымдар мен жарияланбаған күжаттардың жаңа түсімдерін есепке алудың негізгі бірліктері дана мен атау болып табылады.
- Журналдардың негізгі есеп бірлігі дана (том, немір, сан) және журнал атауының өзгеруі мен комплектінің толықтығына қарамастан басылымның қорға түскен барлық жылдар ішіндегі атауы болып табылады.
- Газеттердің негізгі есеп бірлігі жылдык комплекгі мен газет атауының өзгеруі мен комплектінің толықтығына қарамастан газеттің корға түскен барлык жылдар ішіндегі атауы болып табылады.
- Ноталық басылымдардың есеп бірлігі дана мен атау болып табылады. Партитурамен (главирмен) бір басылымға біріктірілген жеке партиялар(дауыстар), соңдай-ақ басбаспа папкасы (мұқаба) біріктірілген партиялар бір дана және бір атау ретінде есептеледі.
- Бөлек басылған жеке партиялар (дауыстар) мен партитура (клавир) екі дана ретінде есептеледі. Бір тұптемеге (конволют) біріктірілген дербес ноталық басылымдар жеке даналар және атаулар ретінде есептеледі.
Көру-тыңдау құжаттары (КТҚ)
1) Кору-тыңдау қүжаттарын есепке алудың негізгі бірлігі дана мен атау болып табылады. Күйтабақтар мен компакт-дисктердің данасы — катушка, кассета, диафильмдер данасы — орама; диапозитивтер комплектінің данасы — комплекті, кинофильмдер данасы — бобина, бейне фильмдер данасы – кассета болып саналады.
Көру-тыңдау күжаттарының коры мен түсімінің (есептен шығару) шамасы данамен және атаумен есептеледі.
2) Жеке шығарылған күйтабақ, компакт- диск бір диск және бір атау ретінде есептеледі. Жалпы атаумен біріктірілген күйтабақтар, компакт-дискілер комплект (альбом) дискілер санымен және бір атаумен есептеледі.
3) Бір катушкадағы (кассетадағы) магнитті фонограмма бір катушка
(кассета) және бір атау ретінде есептеледі. Жалпы атаумен біріктірілген бірнеше катушкалардагы(кассеталардағы) магнитті фонограмма катушкалар (кассеталар) санымен және бір атаумен есептеледі.
4) Басқа кұжат түріне косымша болып табылатын көру-тыңдау қүжаты жеке есепке алынбайды.
Шағын нысанлар (микроформалар).
Микроформалар корының есеп бірлігі:
микрофишалар ушін — атау мен фиша, мөлшек фильмдер үшін — орама больш табьлады.
Электронды басылымдар.
Электронды басылымдардың есеп бірлігі: дискет пен оптикалық дискі (СД-РОМ мен мультимедиа), сондай-ак. атау болып табылады. Дискет- косымша басылымга енгізілмесе (салынбаса) жеке дана ретінде есептелмейді.
Кітапхана қорының құрамындағы барлық кітаптар, кітапшалар мен журналдар республиканың мәдениет министрлігі бекіткен таблица бойынша жіктелуде. Авторлық белгілер осы республикада қолданылатын авторлық таблица бойынша анықталады. Жіктеуден өткізіп, авторлық белгісін анықтағанан кейін әр кітаптың титул бетіне карандашпен шифры қойылады (индек және авторлық белгі). Кәзір республика кітапханалары «РАБИС» бағдарламасы бойынша есепке алу,тіркеу,өңдеу процестерін қолға алынуда.
Кітапхана қорына енгізілетін кітаптар, кітапшалар мен
журналдар кітапханалық өңдеуден еткізілуге тиіс. Әрбір кі-
тапқа штемпель койылып, инвентарь номері және оның шифрі жазылады. Кітапшалар мен журналдарға инвентарь номері жазылмайды, тек мұқабасына штемпель соғуға болады, ал мұқабасы болмаса шығарманың І-бетіне соғылады. Осымен катар барлық кітаптарға, кітапшалар мен журналдарға кітап формуларын толтыру қалташа және қайтару мерзімін белгілейтін листоктар жапсыру ұсынылады. Кітап формулярына оны қолданатын кітапханаларда, кітаптың шифры, мүлік номері, автордың фамилиясы мен аты және кітаптың бағасы жазылады. Көп томды баспа шығармаларының том номері көрсетіледі (бөлімі немесе шығарылуы). Кітап формулярын сақтау үшІн арнаулы жасалған қалташа мұқабаның ішкі жағына, төменгі шетінен 2 см жоғары жапсырылады.
Кітаптардын белгілі мерзімде қайтарылуын бақылайтын листок форзац бетіне, ол жоқ болса, мұқабаның ішкі жағындағы жоғарғы бұ-
рышқа жапсырылады. Кітаптың шифры жазылатын ярлыктар қалың кітаптын астыңғы түптемесінен 2 см алшак жапсырылады.
Кітапхана қорын есепке алу жөніндегі қүжаттармен жүмыс істеуді
ұйымдастыру іс жүргізу ережесі бойьшша жүзеге асырылады (Мемстандар:
6.30-97 «Ұйымдық өкімдік құжаттамалардың сәйкестендіру жүйесі. Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талап»). Есепке алу жүзеге асырылатын негізгі құжаттар катан есеп берілетін қүжаттар ретінде түрақты сақталуға тиіс. Есепке алынган қүжаттардың сақталу мерзімі мемлекеттік мұрағат ісін үйымдастырудың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Сақтау мерзімі аякталғаннан кейін есепке алу кұжаттары белгіленген тәртіппен жойылуға тиіс. Есепке алынған құжаттарда мазмұңдалған ақпарат шағын көздерге ауыстырылуы мүмкін. Есепке алынған құжаттарға енгізілетін өзгерістер (қате қойылған нөмер, жеке есепке алу нысандары жоғалған жағдайда басылымдарға және басқа құжаттарға қойылған мүліктік нөмерлерді жаңаларымен ауыстыру, тіптеу карточкаларын басылымдардың мерзімді және басқа түрлеріне көшіріп жазу) лауазымды адамның рұқсатымен жүргізіледі және құжатпен рәсімделеді.
III. Республикалық автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесі.
3.1 Кітап қорын есепке алу және өңдеу процесіндегі алатын орны. /РАБИС/
Мақсаты: Компьютерлік технологияларды қолдана отырып,Қазақстанның барлық кітапханаларындағы кітапханалық — ақпараттық процестерді автоматтандыру .
Міндеті:
— Кітапханашілік компьютерлік тарап құру — ЛВС кітапханалардың электронды каталогын құру (ЭК).
— кітапханаларды (РАБИС-ке) Біртұтас Республикалық Кітапханалық жүйеге біріктіру.
— библиографиялық, фактографиялық және толық мәтінді мәлеметтер қорын БНД және мәлеметтер қорын БД құру.
— ақпараттық сақтау мен жазу үшін қазургі замандық тасымал
құралдарын пайдалану (микрофиштер, таспа-табақтар, оптикалық таспалар, бейне-кассеталар, дыбыстық-кассеталар).
ҚР Ұлттық кітапхана USMARG форматы негізінде 1989 жылғы АБИС ті жасауға кірісті.(1996ж.6 қазандағы №383 интеллектуалдық меншік объектісінің тіркелген туралы куәлік), ол қазақстандық кітапханалық технологиялық ерекшелігіне бағытталған және тіл, дәстүр стандарт талаптарына жауап береді. ҚРҰК мамандары жасаған отандық бағдарламадық өнім автоматтандыру жүйесінің барлық талаптарына сәйкес келеді:
♦ жазбалар санының тұрақты өсуі мен дамуы есепке алынған мәлеметтер қорын қолдау;
♦ автоматтық қайта таңбалау және кирилицаның біренеше таңбалануын қолдау;
♦ толық мәтіндермен және графикалық бейнелермен жұмысты қамтамаыз ету;
♦ жеке меншік Веб серверді қолдау және жасау құралдарының бар екендігі;
♦ шрихтаңбалау базасындағы автоматты идентификациялау жүйесін пайдалану мүмкіндігі;
♦ жаңа версияларды қою және техниқалық жабдықтау, тұрақты жаңартып тұру.
1992 жылдан ҚР Ұлттық кітапханасында АБИС-ті ендіру басталды. Бір мезгілде РАБИС пен жұмыс жүргізілді. Бағдарламаны жасаушылар алдында жекелген кітапханалық жұмыстарды автаматтандыру міндеті ғана емес, бұл профестрді орындауды бір торапқа біріктіру мүмкіндігі міндеті қойылады. Соның нәтижесінде іс-әрекеттің қайталанбауы шешілді,яғни, бір рет өндірілген ақпаратты көп рет қолдану мүмкіндігі пайда болды. Қазіргі кезде РАБИС бағдарламасы еліміздің көптеген кітапханаларға ендірілді.
РАБИС жасау Windous арқылы Visiail FoxPro-ды шығарылды. Жүйе қай салаға жататынына қарамастан, кез-келген кітапханада қолданылады және қалыпқа келтірудің жоғарғы мүмкіндіктерімен жабдықталған. Бұған республика кітапханаларының іс-тәжірибесінде пайдаланылып отырған әртүрлі «АБИС» – автоматтандырылыған кітапханалық-ақпараттық жүйе (программа, ҚР Ұлттық кітапханасында құрастырылған), «РАБИС» – жетілдірілген автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе (ҚР ҰК-сының программасы), «Библиотека», ИРБИС программаларының енгізілуі дәлел:
Қазақстан Республикасында кітапханалық жұмыс процестерін автоматтандыру РАБИС бағдарламасы негізінде жүргізіліп отырған жұмыстар нәтижесінде кітапханадағы технологиялық жұмыстар автоматтандырылып, жаңа технологиялар кеңінен енгізілуде.
Автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе кітапхана бөлімдерінің қызметін автоматтандыруға арналған. Бұл жүйе кітапханалардың барлық түріне негізделген. Жүйенің негізгі қызметі толық библиографиялық сыпаттамалы әдебиеттермен және құжаттардың мәтіндерімен жұмыс жүргізу болып табылады. Библиографиялық сыпат-тама бір немесе бірнеше электронды каталогта қолданылады.
Автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйенің негізгі қызметіне жататындар:
- сыпаттама жазуды қолданыстағы ережелерге және библиографиялық ақпаратты сақтауға арналған халықаралық MARС форматына сәйкес толық библиографиялық сыпаттама енгізу, қарау;
- құжат мәтінін енгізу, қарау және редакциялау;
- құжаттың барлық поляларға берілген сыпаттамасы және мәтін мазмұны бойынша жылдам іздестіруді іске асырады;
- тақырыптық тізімдерді дайындау және оны қағазға басып шығару;
- USMARС және ISO форматында ақпарат алмасуды іске асыру,
- тақырыбы, бір автор және т.б. бойынша берілген параметрлер бойын-ша әдебиеттер тізімін қалыптастырады және оны қағазға басып шығарады;
- жаңа түскен басылымдар, персональды, тақырыптық, және қажеттілі-гіне қарай пәндік-географиялық, басылым атаулары сияқты қосым-ша көрсеткіштермен жабдықталған библиографиялық көрсеткіштер шығарады;
- кітап формулярын басып шығарады;
- қолданыстағы каталогтар мен картотекаларды толықтыру үшін катал-тық карточкаларды басып шығарады;
- USMARS және ISO форматында мәтіндік файл көмегімен дерек қорларды толықтырады. Мұндай файлдарды электронды пошта және Интернет арқылы беруге болады.
- жүйені эксплуатациялауды қолдауды және ақпаратты сақтауды қамтамасыз ететін басқа да қызметтер
Еліміздегі орталықтандырылған кітапханалардың жұмыс процестерін автоматтандыру жұмыстары үш бағытта жүргізіліп отыр. Олар мына төмендегідей:
Ақпараттық процестерді автоматтардыру және оның неігізінде жеке Дерек қорлар мен Дерек қорлардың жиынтығын (баз и банков данных) құрастыру және өздерінің ақпараттық ресурстарын ғаламдық ақпараттық кеңістік жүйесіне шығару;
ғаламдық ақпараттық кеңістік жүйесіндегі ақпараттық ресурстарды пайдалану;
сыртқы Дерек қорлар мен Дерек қорлардың жиынтығын пайдалану.
Қазақстан Республикасы орталықтандырылған кітапханаларының жұмыс процесіне жаңа ақпаратттық технологияларды және компьютерлік техника базасындағы программалық құралдар арқылы енгізу 1989 жылдан бастау алады. Бұл жаңалықтың көшбастаушысы – Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы болып табылады. 1989 жылы кітапханада алғашқы кезекте Автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе (АБИС – 1 – сеть) құрастырылды. 1992 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ЛВС (локальді есептеу жүйесі) құрылып электронды каталог және тақырыптық Дерек қорларды қалыптастыру жұмыстары басталды.
АБИС программасын іске асыру кезеңдері мына төмендегідей:
♦ 1989 жыл. “Системотехника” Ғылыми Өндірістік ұйымының (НПО) 61-ші бөлімі А.С. Пушкин атындағы мемлекеттік көпшілік кітапханасымен (кітапхананың 1991 жылға дейінгі атауы) кітапханалық жұмыс процестерін автоматтандыру туралы келісім – шарт жасалды. Объектіні зерттеу және кітапханалық жұмыс процестерін автоматтандырудағы басты мақсаттар мен міндеттер анықталды.
♦ 1990-1991 жылдар. 61-ші бөлім “ИНТЕС” Ғылыми Өндірістік Кәсіпорны (НПП) болып қайта құрылды. Кітапханаларды автоматтандырудың қажеттілігіне сұранысты зерттеу нәтижесінде “Техникалық-экономикалық негіздеу және мақсаттарды белгілеу” іске асырылды. Кітапханада IBV PC XT алғашқы 5 және IBM PC XT MAZOVI типті 6 персональді компьютер орнатылды. Нәтижесінде Кітап қорын есепке алу және өңдеу бөлімдері үшін MS-DOS Foxbase ортасындағы программаның алғашқы үлгісі құрастырылды.
♦ 1992 – 1993 жылдар. Кітапхана жанынан «АБИС» мемлектеттік шағын кәсіпорны құрылды және бұл кәсіпорын тек кітапханаларды автоматтандыру мақсатында жұмыс жүргізе бастады. Нәтижесінде USMARS форматына негізделген «АБИС-1-сеть» программасының жүйелік версиясы құрастырылды.
♦ 1999 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ішкі құрылымында Компьютерлік орталық ашылып, орталық АБИС программасын жетілдірумен және Windows ортасында жаңа кітапханалық программа РАБИС (Республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе) құрастырумен айналыса бастады.
Осылайша, 1989 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының тапсырысы бойынша «АБИС» жеке меншік программасын құрастыру жұмыстары басталды. Ал, 1992 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында локальді есептеу жүйесі құрылып электронды каталог және тақырыптық Дерек қорларды қалыптастыру жұмыстары қолға алынды. АБИС жүйесі жиынтықты автоматтандыру принципі негізінде құрастырылған, яғни, кітапхана бір мезетте өзінің жеке кітапханалық қызметімен ақпараттық жүйе және әкімшілік-шаруашылық басқару механизміндегі ұйым ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда ақпараттық, программалық, лингвистикалық және техникалық құралдардың біртұтас жүйесі қамтамасыз етіледі, ал жеке ішкі кітапханалық процестер мен операциялар біртұтас технологиялық жиынтық ретінде іске асырылады.
Жүйеде ақпаратты бір реттік енгізу және оны көп реттік жан-жақты пайдалану принципі негізінде барлық технологиялық кітапханалық процестер үшін (әдебиеттерге тапсырыс беру, кітап қорын толықтыру, өңдеу, электронды каталогтарды қалыптастыру, кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету) біртұтас ақпараттық дерек құрастырылды.
АБИС негізінде карточканы және тақырыптық тізімдер қалыптастыру процесі толық автоматтандырылды. Бірнеше минутта кітапханашы оқырманның талап еткен сауалы бойынша тақырыптық тізімдерді іздестіре алады және оны қағазға жазылған түрде принтерден басып шығара алады. Программа кітапханашының тиянақты, үлкен еңбегі қажет болатын кітапханалық процестің бірі — библиографиялық көрсеткішті дайындап шығаруды барлық қажетті қосымша көрсеткіштерімен толық автоматтандыру арқылы жүзеге асырады. Бұл процесс толық қамтамасыз етілген. Республика кітапханашылары АБИС программасының басқа көптеген прграммалармен салыстырғандағы ерекшелігі мен басымдығын белгіледі.
Жүйе ақпаратты санкцияланбаған қол жеткізушіліктен қорғау құралдарымен жабдықталған. Бұл әсіресе желіде жұмыс жүргізу барысында өте маңызды. Бұл құралдардың негізіне жүйеде жұмыс жүргізуші тұлғаларды 4 категорияға бөлу жатады: пайдаланушы қонақ (гость пользователь), жиынтықты есеп кітабын пайдаланушы (пользователь книг суммарного учета) және администратор. Пайдаланушы қонақ ақпаратты қарауға және оны іздестіруге мүмкіндігі бар, бірақ ақпараттық Дерекке ешқандай өзгеріс енгізе алмайды. Пайдаланушы картотеканы жүргізуге қажетті барлық құралдарға, ал Жиынтықты есеп кітабын пайдаланушы барлық картотекаларға және жиынтықты есеп кітабына қол жеткізе алады.
Кітапханалар алдында барлық кітапханалық қызметтерді біртұтас ақпараттық кеңістік құру, Интернет желісіне кіру үшін Дерек қорлар жасақтау міндеті қойылды. Сондықтанда АБИС программасын жетілдіру қажеттілігі туындады және РАБИС программасының жұмысы басталды. Бұл кітапхана ісін автоматтандыру және ұлттық кітапханалық ақпараттық ресурстарды біріктіру арқылы әлемдік ақпараттық кеңістікте ақпарат алмасуды жүзеге асырушы республикадағы бірден бір ұлттық ақпараттық программа. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы программаның авторлық құқына ие. РАБИС программасының құрылымы мына төмендегідей:
♦ РАБИС Каталогизатор
♦ РАБИС Оқырмандарды тіркеу
♦ РАБИС Іздестіру және Тапсырыс
♦ РАБИС Кітап берілімі
♦ РАБИС Администратор
РАБИС “Каталогизатор” модулі ақпаратты жүйеге енгізуге арналған. Жалпы жағдайда каталогизатордың жүйесі (подсистема) кітапханаға түскен құжаттарды толық библиографиялық өңдеуге негізделген. Өңдеу MARС форматы және кітапхана ісі саласы бойынша стандарттарға (ГОСТ) толық сәйкестелген. Бұл жүйеде DOS –та жұмыс жүргізетін АБИС жүйесіндегі каталогизатор қолданыла алады.
РАБИС «Оқырмандарды тіркеу» модулі оқырмандар мен ұйымдарды немесе жалпы жүйені пайдаланушыларды тіркеуге арналған. Тіркеу барысында оқырманға уникальді номер тағайындалған оқырман билеті және жүйеге кіруге арналған пароль беріледі, сонымен қатар, оқырман билеті принтерден шығарылады, тіркеу бөлімінің қызметіне төленген ақының түбіртегі беріледі. Оқырман туралы барлық мәліметтер (адресі, жұмыс орны, аты-жөні және т.б.) оқырмандар туралы Дерек қорға енгізіледі. Ары қарай бұл Дерек қор оқырманның жүйемен, Іздестіру, Тапсырыс, Кітап беру модульдерімен жұмыс жүргізуіне мүмкіндік береді.
РАБИС “Іздестіру және Тапсырыс” модулі оқырманның тұтастай өзіне қажетті ақпаратты жүйеге қатысушылардың дерек қорларынан немесе нақты кітапхананың Дерек қорынан алуына мүмкіндік туғызады. Жүйеге кіру барысында оқырман өзіне берілген оқырман билетінің номерін және жүйеге кіру паролін енгізеді. Жүйе оқырманды Дерек қордан тексеріп оқырманның РАБИС программасымен жұмыс жүргізу мүмкіндігін санкциялайды. Жүйеге кіру барысында оқырман жұмыс жүргізу тілін және жұмыс режимін (бүкіл жүйе бойынша немесе нақты кітапхананың Дерек қорынан), яғни оқырманның тұрғылықты жеріне қарамастан бүкіл жүйе бойынша немесе нақты кітапхананың Дерек қорынан қажетті ақпаратын алуға мүмкіндік туады. Іздестіру параметрлері жүйенің немесе жүйеге қатысушының талабына сәйкес жүргізіледі. Осыған байланысты жүйеге қатысушылар өздерінің кітапханалық жұмыс процестерін автоматтандыруда РАБИС программасы бойынша іске асырулары қажет. РАБИС программасынан тыс кез-келген программамен қамтамасыз етілген кітапхана РАБИС жүйесіне енуі үшін кітапхананың және құрастырушылардың интеллектуальді ресурстары ретінде қосымша қаржылай шығындарды төлеуге тиісті. Сонымен қатар, құжаттарды өңдеуге қатысты кейбір біртекті талаптар келісілген болуы шарт және қатаң сақталуға тиіс.
Жүйеде бірде-бір кітапханалық жүйеде тіркелмеген оқырманның жұмыс режимі де қарастырылған. Бұндай жағдайда жүйеге кіру барысында жүйеде тіркелгені туралы сауалына жауап беру үшін «Тіркелмеген» пунктін таңдайды және ары қарай жұмыс жүргізу ақылы түрде іске асырылады. Оқырманның әрекеті жүйе арқылы бақыланады.
РАБИС “Кітап берілімі” модулі оқырмандарға құжаттар берумен айналысушы кітапхананың бөлімдері үшін (оқу залы, мерзімді басылымдар залы, абонемент бөлімі және т.б.) подсистема болып табылады. Кітапхана қызметкері оқырманға қызмет көрсету үшін оқырман билетінің номерін немесе оқырман билетінің штрих кодын сканерге түсіреді. Жүйе Оқырман деп аталатын Дерек қорға енгізілген номерді иденцификациялайды. Сонан соң ғана монитордың экранында оқырман тапсырысының тізімі көрсетілген кесте ашылады. Оқырман туралы алынған ақпарат (оның тапсырысы немесе қарызы туралы) және жүйенің ұсынысы негізінде қызметкер оқырманға қажетті құжатын беру немесе бермеу туралы шешім қабылдайды. Осы уақыттан бастап оқырманға берілген құжат жүйеде бақылауға алынады, дәлірек айтқанда, кімге, қашан, қанша уақытқа берілгені туралы және оқырмандарға берілген құжаттар туралы кез-келген ақпаратты кез-келген уақытта дәл алуға болады.
Құжатты қайтару барысында қызметкер құжатты қайтару мерзімін жүйеге енгізілген мәліметтермен салыстыра отырып тексереді, ал құжаттың қайтару мерзімі кешіктірілген болса, жүйе айып мөлшерін анықтайды және төлемнің төленгені туралы түбіртек береді, ал Дерек қорға құжаттың қайтарылғаны туралы белгі қойылады. Кітап берілімі подсистемасы кітапхананың нақты құрылымдық бөлімі немесе оқу залы үшін тек өзінің бөліміне түскен тапсырыстармен ғана жұмыс жүргізуге ыңғайлап күйге келтіруге икемделген, бұл жалпы Дерек қордан іздестіруге қарағанда өте тиімді және ыңғайлы.
РАБИС «Администратор» ақпараттың сақталуын қамтамасыз ететін және міндеттерді эксплуатациялауды қолдаушы технологиялық қызметтерге қол жеткізе алады. Администратор мен пайдаланушының өкілеттілігін орындау үшін пароль енгізіледі.
3.2 КІТАПХАНАЛАРДАҒЫ КІТАП ҚОРҒА
БАЙЛАНЫСТЫ ҮРДІСТЕРДІҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛУЫ
Қазақстан Республикасының орталықтандырылған кітапханалары 1999 жылдан бастап, кітапханалық-библиографиялық жұмыстарды автоматтандыруға көшкенді. Бұл күндері ол жаңа кітапханалық технологияның игеруге тек қазақстандық әріптестері ғана емес, ТМД мен Азия елдері арасында да алда келеді.Кітапханалар әлемдік кітапханалық-акпараттық жүйемен бірігуге мүмкіндігі бар. Ұлттық кітапхана 1993 жылдан бері Үкімет бекіткен «Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық акпараттық мемлекеттік жүйесін дамыту жөніндегі» Республикалық мақсаттағы ғылыми-техникалық бағдарламаны орындаушы болып келеді. Бұл бағдарлама негізінде Ұлттық кітапхана бірнеше ғылыми-зерттеу жұмыстарды іске асырды. Бұл жұмыстардың қорытындысында кітапхана міндеттері мен мақсатын, жалпы жұмыс бағытын, оқырмандар құрамы мен олардың ақпараттық талабын ескере отырып, автоматтандырылған библиографиялық мәліметтер қоры құрылды. Библиографиялық іздеу кезінде карточкалар,каталогтар,баспалық библиографиялық көрсеткіштерге қарағанда электронды мәлеметтер қорының көп тиімділігі бар. Бұл көп аспектілі жан-жақты ізденіс,яғни (автор бойынша, аталымы,негізгі сөз, жарияланым тілі, басылым типі мен түрі, жарияланым жылы, жіберу индексі және т.б.),үлкен хронологиялық қамту,ақпарат алу жеделдігі, машина арқылы оқылатын іздеулер іске асырылды. Кітапхана қорына жаңа түскен әдебиеттерді қадағалау жұмыстары жүргізіледі. Негізгі мәлеметтер қорына: ұлттық кітапхананың электрондық каталог қоры; «Қазахстаника» жинақты электронды каталогтар мен «Қазақ кітабы» картотекасы енгізілген. Олар қоғамдық ғылымдар, мәдениет пен әдебиетті қамтиды. Тақырыптық айдарларға: елтану бойынша-бүкіл Қазақстан туралы білімдер жинағы; қоғамдық ғылымдар бойынша – философия, этика, эстетика, логика, психология, социология, тарих, археология и т.б.
Жоғары ақпараттық коммуникативтік мүмкіндіктерге негізделген кітапханалық технологияларды дамыту — республиканың кітапханалық кеңістігіндегі ең басты басымдық бағыт болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапхана бұл технологияларды жалпыұлттық кітапханалық өлшемнің шешуші факторы ретінде қарастырады.
Осы кезге дейін кітапхананы дамыту саласында жүргізілген саясатты ақпараттандыру мен телекоммуникациялаудың мемлекеттік саясатын бөліп қарау стеоретипі сақталып келді. Мысалы, ¦лттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру мен дамытудың қабылданған Мемлекеттік бағдарламасына кітапханалар енбеген. 2006 жылға осы бағдарламаны толықтырып және ұзарту туралы шешім қабылданған кейін ғана, ҚР ұлттық кітапхана жобаға енген өзінің қосалқы бағдарламасын жасау туралы ұсыныс алды. Ол жлпымемелекеттік бағдарлама бойынша Президент Жарлығын іске асыратын Үкімет шараларының жоспарына енді. Соған қарамастан,Қазақстаннның кітапханалық кеңістігіндегі ақпараттандыру саясаты, оның ұстанымдары мен ережелері ХХ ғасырдың 80 жылдарының аяғынан қалыптаса бастады. Жылдан-жылдан кеңейіп келе жатқан ақпараттық кітапханалық технологиялар кеңістігі кітапханалық ресурстардың корпоративті дамуын ынталандырады.
Бұл процесс республика көлемінде мына бағыттарда жүргізіледі:
- Автоматтандырылған кітаханалық-ақпараттық жүйесінің отандық қолдаңбалы бағдарламалық өнімдерін жасау (АБИС);
- Өзіндік ақпараттық ресурстарды қалыптастыру;
- Республиа кітапханаларын біртұтас компьютерлік торапқа-республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйеге (РАБИС ке ) біріктіру;
Шрихтаңбалау жүйесінің өңдірілуімен оқырмандарға күн сайын кітап беру мен қайтару процесін автоматтандыру мүмкіндігі пайда болды. Мұны игеру нәтижесінде шрихтаңба белгісіне қосымша мәтендік ақпаратпен бірегей сандық таңба жасау өндірісі жолға қойылған. Шрихтаңбалау негізінде ЕАN халықаралық ассоциацясының стандартына сәйкес келетін ЕАN нөмері алынды. Бұл шрихтаңбаны таңдауға мына құжаттар негіз болды.
1.Өнімді шрихтаңбалау жүйесі: негізгі еределер:СТРК 6.0-96.
2.Өнімді шрихтаңбалау жүйесі белгісіне қойылатын талап:СТРК6.0-96.
Кітапханашылардың автоматтандырылған жұмыс орындары шрихтаңбалады есептеу үшін жарық түсіргіш және лазерлік сканермен жабдықталған. Кітапхананың іс-тәжирибедегі бұл технологияның ең басты жетістігі-РАБИС-тің барлық модулін пайдаланымға қосу іске асты. Ұлттық кітапхана бұл технологияны барлық кітапхналарға бере алды.
Оқырмандар мультимедиялық технологияларының пайданалады. Мультимедиялық технологияларды игеру «Интернеттегі мұралар торабы. Орталық Азия» ЮНЕСКО бағдарламасы шегінде басталды. «Қазақстанның музыкалық мұрасы» СД-РОМ-ы және «1913-1932 жж. Қазақ газеттеріндегі Қазақстан хроникасы» шығарылды. Еліміздің тарихындағы алғашқы басылым. Қазақ,орыс,ағылшын тілдеріндегі бұл басылым ағылшын тілігде әлемге қазақ музыкасы туралы анықтама беретін бірден-бір құрал болып табылады. Бұл бағытағы жұмыстар жалғасуда. Мысалы, оқырмандар өте жиі қолданатын, жалғыз даналы «Казахстаника» қорындағы архивтік басылымдар, Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыры», Әбілғазының «Хандар шежіресі», Қожа Ахмет Йасауидің «Рисаласы» т.б. компьютерленді. Электронды басылымдары электронды СД-РОМ залының қорының бір бөлігі болып табылады. Бұл қор 700 сақталым бірлігінен тұрады. Бұларды пайдалану үшін техникалық кондырғылы компьютерлер, оқырмандардың автоматтандырылған жұмыс орындары бар. Медиатека асортиментінде: энциклопедиялық басылымдар, сөздіктер, анықтамалар, атластар, СД-РОМ жолнамалары ЮНЕСКО, ЭБСКО халықаралық агенттіктерінің мәлеметтер қоры сондай-ақ, реферативтік сериялы журналдары бар.
ҚОРЫТЫНДЫ
Егемендігімізге қол жеткізіп, мемлекет болып қалыптасу жылдарымыз, ақпараттық технологияның қатты дамып, әлем мәдениеттерінің бір-біріне әсерінің күшейген заманы.
Есігіміз әлемге айқара ашылып, жақсы, жаман ақпаратты халқымыздың құлағы есітіп, көзімен көріп, оқып алып әр адамның өзінше қабылдағанынан,қоғамға оның қандай әсері болып тұр? Ол үлкен сұрақ. Бұл да жаңа-жаңа тәй-тәйлап қаз тұра бастаған мемлекетімізге үлкен сын еді.
Халқымыздың ғасырлар бойы жинақтап, саралап, сақтап келген рухани мұрасын қайта пайымдап, болашақ қауымның өмірлік құндылығына, мәңгілік қазынасы-рухани нәр көзіне айналдырып, жаңа қоғамдық сананы, мәдени ортаны қалыптастыруда өзіндік қолтаңбасымен танылып келе жатқан кітап қорын есепке алу және өңдеу бөлімінің басты мақсаты-барымызды бүтіндеп, ұлттық рухани мұрасын ұрпақ қолына табыстау.
Сөзіміздің басында айтылған тасқын ақпараттар арасынан әлем ақпараттарының озығы мен өрнектеп халқымызға бұл күндері жан-кештілікпен қызмет жасап отырған – біздің кітапханаларымыз. Кітапханалық дәстүрде «кітапхана»деген сөзден бастап ғасырдан-ғасырға аттаған, демек, мыңдаған тамырларын жайған тарихы бар.
Кітапхананың пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту, олардың ақпараттық қажеттілігіне жедел және кәсіби деңгейде жауап беру, дәстүрдегі және жаңа қызмет түрлерін пайдалана отырып, халықтың білім алуына, мәдени және рухани жаңғыруына ықпалдық ету-кітапханашының басты міндеттері. Жаңа технологияны, ақпаратты жеткізудің жаңа түрлерін енгізу халық арасына ықпалын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Жыл көлемінде электрондық өкіметті қалыптастыру мемлекеттік бағдарламасын, «Мәдени мұра» бағдарламасын, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі. Жаңа Қазақстан» жолдауын және 50 елдің қатарына біздің басты мүдемізді жүзеге асыруға кітапханалардың зор үлестерін қосуда.
Кітапханашы маманының басты міндеттерінің бірі- кітапхананың бай да құндылықты мұрасы — кітап қор асылын бар мүмкіндігінше есеп алып, өңдеп және сақтап, келешекке жақсы қалыпта сақталып жетуін қамтамасыз ету. Кітапті есепке алу және өңдеу, сақтау, оған қол жеткізу — халықаралық кітапханалық ынтымақтастықта ең маңызды мәселелер болып көтеріліп келеді. Ынтымақтастықтың нәтижесінде халықаралық кітапханалық қоғамдастықтың кітапханашы – мамандары кітап қорын есепке алу және сақтаудағы оларға төніп тұрған қауіптерден қалай құтылудың амалдарын күрделі шешімдерін іздеп тапты десек те артық болмас.
Кітапхана қорын есепке алу мәселелерімен көптеген ресейлік кітапханатанушылар шұғылданып келеді. Бағалы да мәнді тәжірибелер Л.Б.Хавкина, А. В. Кленов, Ю. В. Григорьевалардың құралдарында көрсетілген. Бұл мамандар кітапхана қорын есептеу жеке-жеке түрлерінен бастап, жаңа заман талабына сай, жаңа технологиялардың көмегі арқылы бұл сұрақтың күрделі шешімдерін іздей бастады.
Жаңа технологиялардың енгізілуі ақпаратқа қол жеткізудің қаншалықты тез екенін көрсете отырып, кітапхана алдына жаңа мәселелрдің шешу жолдарын ашты: сандық ақпараттың сақталуы және сандық әдістемесін кітапхананың кітап қорын сақтау әдісі ретінде қолдану.
Кітапханадағы ішінара болып жатқан іс-шаралардың көбісінің бағыты-кітап қорының нәтижелі толықтырылуына, есепке алу,өңдеу және сақталуына бағытталған. Абонент қызметіндегі кітапханашының алдында оқырмандардың құжатты пайдалануындағы ережелерін қадағалау міндеті тұрады.
Әлемдік дамыған елдер қатарына қосылар сәтте, ұрпағымыз ақыл берер, халқымыздың білімділігін арттырып, сапасын жақсартар кітапханалардың да әлеуметтік дәрежесін көтерер кез жетті. Кітапханасы озық ел-ол ең мықты ел болатынын, ел басқарып отырған азаматтарымыздың ұмытпағаны абзал. Осы ХХІ ғасыр білімділік ғасыры. Халқы рухани байыған ел, ештеңеден қорықпайтын мемлекет. Рухани жағынан баю үшін, «қолда бар алтынның қадірін білу» қажет деп ойлаймын. Қолдағы алтын-ол біздің кітапханалар қоймасында білім шырынын халқы мен өскелең ұрпаққа төгіп жатқан құнды құжаттар. Ол құжаттар-ата-бабаларымыздың қолымен жазып кеткен қолжазбаларынан бастап қазіргі баспалардан шығарылып жатқан кітаптар мен газеттер. Бұл құжаттардың ішінде біздің тарихымыз, мәдениетіміз, тіліміз, дініміз туралы болашаққа керек деректер сайрап тұр емес пе?
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Абузарова А. Ж. Управление фондами библиотек Республики Казахстан: состояние, проблемы, рекомендации// Книголюб.-2002.-1-15 июля.-С.27
- Багрова И.Ю. Фонды национальных библиотек: проблемы и стратегии 90-х годов// Библиотековедение.-1999.- №2.-С.136-143.
- Библиотеки Казахстана в 2005 году: факты и цифры .-Алматы,
НБРК, 2006.-80с.
- Библиотечные фонды/ Ред. В.А.Недзвецкий.-М.: Просвещение, 1967.-201с.
- Библиотечные фонды. Учебник.-М.:Книга,1979.-296 с.
- В помошь работе библиотек по улучшению использования и сохранности книжных фондов .-М., РГБ им. В.И. Ленина.-1983.-25с.
- Газетные фонды библиотек. Проблемы учета и обеспечения сохранности.- М.-РГБ им. В:И.Ленина., 1984.-123с.
- Гигиена и реставрация библиотечных фондов. Практическое пособие. М., Книга 1985.-160с.
- Григорьев Ю.В. Теоретические основы формирования библиотечного фонда: Учебн. пособие.-М.: МГИК,1973.-88с.
- Қазақстан көпшiлiк кiтапханасына арналған кiтап қоры өзегi / құраст. Б.Шаймерденова; Ред. А.Қ.Маметова.-Алматы, ҚРҰК.- 1993.- 65 б.
- Қ. Тоқаев, «Ғаламдастыру жағдайындағы Қазақстанның сыртқы саясаты».- Алматы, 201б.
- Книжные фонды научных библиотек: Пробл. комплектования, использования, сохранности: Сб. научн. тр.-М.,1990-188с.
- Микрофильмирование как один из способов сохранности газетных фондов/ РГБ им. Ленина. — М., 1985.-35с.
- Нюкша Ю. П. Современные способы реставрации книг и рукописей.-Библиотекарь, 1986, №2, с.64-66.
- Организация сохранности книжных фондов в академических библиотеках.- Л., БАК.-1986.-56с.
- Проблемы сохранности книжных фондов.-Л., БАК.-1989.-125 с.
17.Павлова В. Как получить местный обязательный экземпляр//Библиотека.-1999.- №2.-С.29-30
- Реставраторам и хранителям библиотечных фондов.-М., РГБ им. В.И.Ленина.-1981.-99с.
- Столяров Ю.Н. Библиотечный фонд правовой документации:
Учеб. — практ.пособие.- М.: Либерея, 2003.-256 с.
- 19.
- 20. Серафимович А. Любители чужой книги//Правда.-1936.-3 сәуір.
- Сергазин Ж.Ф. Основы обеспечения сохранности документов.-М.: Высш., шк., 1986.-239 с.
22.Суслова И.М. Менеджер библиотеки: требования к профессии и личности.- М., 2000.- 144 с.
23.Столяров Ю. Как сохранить библиотечные фонды.-М., 1995.-127с.
- 24. Терешин В.И. Библиотечный фонд.- М., 2000.-176 с.
25.Технологическая и организационная документация отдела хранения основных фондов. – М; 1989.-123 с.
26.Формирование и развитие библиотечных фондов: Сб.науч. ст. / Сост.: Б.Р.Иманбаева, К.А.Кабдолдина, Ж.А.Бейсембаева, А.К.Маметова, Г.А.Тлеубаева; ред. Р.А.Бердигалиева.-Алма-Ата,1991.-79с.
- Шаймарданова З.Д., Мендыгожина С. Обзор национальных программ сохранности библиотек мира// Национальная библиотека: люди, факты, работа/ НБРК.-Алматы,2000.-С.222-242.
- Шилов В.В. Учет и переоценка библиотечных фондов. Нормирование недостачи: Ответы на письма читателей// библиотека и закон.-М., 2000.- №8 (1).-С.198-215.
Қысқартылған сөздер тізімі
ЮНЕСКО – Ғылым, білім және мәдениет саласындағы халықаралық үйым
РАБИС — Республикалық автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесі
ЕАN — Халықаралық ассоциацясының стандартына
ЭБСКО -Халықаралық агенттіктерінің мәлеметтер қоры
АБИС — Автоматтандырылған кітаханалық-ақпараттық жүйесі
ТМД – Тәуелсіз мемлекеттер достығы
MARS -Халықаралық стандарт
ИНТЕС — Ғылыми Өндірістік Кәсіпорн
КТҚ — Көру-тыңдау қүжаттары)
СИБИД- Кітапхана ісі жөніндегі халықаралық стандарттар
USMARS және ISO — ақпарат алмасу форматы
ҚР –Қазақстан Республикасы
Кітапхана қорын есептеудің түрі мен формасы.
Көпшілік кітапханаларында кітап қорын есептеудін түрі
Кітап қорын есептеу |
↓ ↓
Жеке есеп |
|
Суммарлық есеп |