ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринарияфакультеті
Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қой энтеротоксемиясын патоморфологиялық балау
Беттер саны ____
Сызбалар мен көрнекі
материалдар саны___
Орындаған: Сартбаева Жанел
2018 ж. “21” мамырында қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі, профессор ___________________ Ж.К.Төлемісова
Жетекші, қау. профессоры ____________________ А.С. Ибажанова
Норма бақылау, қау. профессор______________________А.С. Ибажанова
Сарапшы, доцент ________________________________
Алматы 2018
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ комерциялық емес акционерлік қоғамы
Ветеринария факультеті
5В120100 — Ветеринариялық медицина мамандығы
Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент Сартбаева Жанел
Жұмыс (жоба) тақырыбы Қой энтеротоксемиясын патоморфологиялық балау
Университет бойынша 2017 жыл «14» қараша № 550-К бұйрығымен бекітілген
Дайын жұмысты (жобаны) тапсыру мерзімі: 2018 жыл «04» маусым
Жұмыстың (жобаның) бастапқы деректері
Энтеротоксемиядан өлген қой өлекселерінің ішкі мүшелері, толық сойып зерттеу хаттамасы, дайындалған гистологиялық препараттар, түсірілген түрлі-түсті макро және микро суреттер
Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі
Кіріспе, әдебиетке шолу, өзіндік зерттеулер: зерттеу материалдары мен тәсілдері, зерттеулер нәтижелері, ұсыныстар, әдебиеттер тізімі. Көрсетілген энтеротоксемиядан өлген қойлардың ішкі мүшелерінің патологиялық морфологиясының сипаттамасы берілген
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
- Сайдулдин, Т.С. Ветеринариялық іңдеттану: оқулық жоғары оқу орындары үшін, Том 1,2. / Т.С.Сайдулдин — Алматы: Санат,1999.-145б.
- Қасымов, Е.И. Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және күресу шаралары: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін / Е.И. Қасымов — Алматы: Қайнар, 1992. – 121 б.
- 3. Носков Н.М. Руководство к практическим занятиям по эпизоотологии: учебное пособие для вузов / Н.М. Носков — Москва: 1961.- 89с.
- Покров, М.И. Рекомендации по методике эпизоотологического исследования: /М.И.Покров- Москва:Колос, 1975.- 35с.
5.Сайдулдин, Т.С. Основы серологии: учебник для вузов / Т.С.Сайдулдин — Алма-ата: Кайнар,1992. -70 с.
6.Бияшев, К. Б. Организация ветеринарного дела: учебник для вузов/ К. Б. Бияшев и др.- Алматы: Санат, 2003.- 98 б.
Жұмыстын (жобаның) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері
Тарау |
Кеңесші |
Мерзімі |
Қолы |
Кіріспе |
Ибажанова А.С. |
Желтоқсан, 2017 |
|
Негізгі бөлім |
Ибажанова А.С. |
Қаңтар, 2018 |
|
Тұжырым |
Ибажанова А.С. |
Наурыз, 2018 |
|
Экономикалық тиімділік |
|
Мамыр, 2018 |
|
Еңбекті қорғау және экологиялық мәселелер |
|
Мамыр, 2018 |
|
Кафедра меңгерушісі,профессор ________________ Ж. К. Тулемисова
Жұмыс (жоба) жетекшісі,
қауым.профессор м.а ________________ А.С. Ибажанова
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент ____________________Ж. Тұрсын
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау
КЕСТЕСІ
Рет саны |
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі |
Жетекшіге ұсыну мерзімі |
Ескертулер |
1 |
Әдебиеткешолу |
Қараша, 2017 |
Орындалды |
2 |
Зерттеу материалдары |
Желтоқсан, 2017 |
Орындалды |
3 |
Гистологиялық материалдарды жасау |
Қаңтар, 2018 |
Орындалды |
4 |
Гистологиялық препараттарды зерттеу |
Наурыз, 2018 |
Орындалды |
5 |
Өзіндік зерттеулерді толықтыру |
Наурыз, 2018 |
Орындалды |
6 |
Қорытынды |
Сәуір, 2018 |
Орындалды |
7 |
Практикалық ұсыныстар |
Сәуір, 2018 |
Орындалды |
Кафедра меңгерушісі, профессор ______________ Ж.К.Тулемисова
Жұмыс (жоба) жетекшісі,
қауым.профессор м.а ________________ А.С. Ибажанова
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент _____________________ Ж. Тұрсын
МАЗМҰНЫ
|
НОРМАТИВТІК СЛІТЕМЕЛЕР |
|
|
АНЫҚТАМАЛАР |
|
|
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР |
|
1 |
КІРІСПЕ |
|
1.1 |
Зерттеудің өзекті мәселелері және тәжірибелік маңыздылығы |
|
1.2 |
Зерттеу объектілері мен тәжірибелік базасы және мақсаты мен міндеттері |
|
2 |
ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ |
|
2.1 |
Аурудың анықтамасы, қысқаша тарихы және этиологиясы |
|
2.2 |
Аурудың клиникалық белгілері және патогенезі |
|
2.3 |
Аурудың емі, алдын-алуы |
|
2.4 |
Ауруды анықтау және малдың жұқпалы ауруға төзімділігі мен қабылдағыштығы |
|
2.5 |
Аурудың патологиялық анатомиясы |
|
2.6 |
Ауруға бейім жануарларға қатысты шаралар мен сауықтыру шаралары және індет ошағын жою |
|
3 |
НЕГІЗГІ БӨЛІМ |
|
3.1 |
Зерттеу материалдары мен әдістері |
|
3.2 |
Зерттеу нәтижелері |
|
3.2.1 |
Қой энтеротоксемиясының клиникалық белгілерінің нәтижесі |
|
3.2.2 |
Қой энтеротоксемиясы кезіндегі ішкі мүшелердегі патоморфологиялық зерттеу нәтижесі |
|
3.2.3 |
«Байсерке – Агро» ЖШС ауруды алдын-алу және емдік шараларын ұйымдастыру |
|
3.2.4 |
Энтеротоксемияны қойлардапостморталдітанужәнеажырататану |
|
3.3 |
Экономикалықтиімділіктіесептеу |
|
4 |
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР |
|
5 |
ҚОРЫТЫНДЫЛАР |
|
6 |
ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР |
|
7 |
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ |
|
8 |
ҚОСЫМШАЛАР |
|
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей стандарттарға сілтемелер жасалды
ТШ ОСЧ 25-6 |
Дистильденген су |
ТШ 46-22-549-08 |
ТЭС – 1 термостаты |
МСТ (ТШ) 2766-51 |
Негізгі фуксин, таза |
МРТШ 42-56 |
Микротом пышағын қайрайтын қондырғы |
МРТШ 42-102-63 |
Хирургиялық қайшылар |
МРТШ 64-1-281-64 |
Парафин кесінділеріне арналған МПС-2 микротомы |
МРТШ64-1-1629-64 |
МПС-1 микротомы |
МЕМСТ 5962-67 |
Этил спирті 96%-ті ректификацияланған |
МЕМСТ 381-69 |
Термометр |
МЕМСТ 381-69 |
Хлороформ |
ТШ 6-09-183-70 |
Эозин Н индикаторы |
ТШ 64-1-1582-72 |
ГС 80 У 42 маркалы термостат |
ТШ 480-11-10-73 |
Шыныға жазатын қалам |
МЕМСТ 20291-74 |
Пробиркалар |
МЕМСТ 20292-74 |
Сиымдылығы 100, 200, 500 және 1000 мл болатын өлшеуіш колбалар |
МЕМСТ 20292-74Е |
Шыны пипеткалар |
МЕМСТ 20292-74 |
Микротом пышағын қайрайтын қондырғы |
МЕМСТ 9284-75 |
Микропрепаратқа арналған заттық шыны |
МЕМСТ 9284-75 |
Микроскопқа арналған жапқыш шыны |
МЕМСТ 4220-75 |
Екі хром қышқылды калий |
МЕМСТ 2290-76 |
Пихта бальзамы |
ТШ 6-09-3803-77 |
Қышқыл фуксин (Рубин С) |
МЕМСТ 9412-77 |
Медициналық мақта |
МЕМСТ 8284-78 |
МБИ маркалы микроскоп |
ТШ 27-56-774-79 |
КШ – 240 маркалы тоңазытқыш |
МЕМСТ 3118-79 |
Тұз қышқылы, ч.д.а., тығыздығы 1,19 г/см3 |
МЕМСТ 24104-80Е |
Лабораториялық таразы |
МЕМСТ 25336-82Е |
Лабораториялық шыны ыдыстар |
МЕМСТ 25 336-82Е |
«Биолам Р-11» микроскобы |
ТШ 6-09-3637-87 |
Лабораториялық жұмыстарға арналған парафин |
МЕМСТ 3164 |
Медициналық вазелин майы |
МЕМСТ 20283 |
Полистирол |
МЕМСТ 9949 |
Ксилол |
МЕМСТ 27583 |
Тауық жұмыртқасының ақуызы |
МЕМСТ 6304 |
Ақ түсті жіп, қағаз тігуге арналған |
МЕМСТ 21241 |
Медициналық пинцеттер |
МЕМСТ 25336 |
Конус колбалар Кн – 2 – 100 ТХС |
МЕМСТ 25336 |
Воронкалар В – 1 – 250 ТС |
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл дипломдық жұмыста мынандай терминдер мен анықтамалар қолданылды
Патологиялық атрофия – әр түрлі ауру тудыратын факторлар әсерiнен пайда болады, мысалы, ағзаның функциясы төмендегенде, ағза немесе тін қысылғанда, нерв зақымданғанда, эндокринді жүйенің функциясы бұзылғанда.
Кахексия (грекше кachexia — жүдеу) күрт әлсіздікпен, ағза мен жүйелердің қызметінің бұзылуымен және организм тіршілігінің төмендеуімен сипатталады. Кахексия ұзаққа созылған ауру кезінде, әcipece созылмалы індеттерде, инвазияларда, улануда байқалады.
Некроз(грекше necros — шipy, өліеттену)жасушалардың, тіндердің, ағзаның тұтастай немесе жартылай өліеттенуі.
Гиперемия – белгілі бір мүшеде немесе тоқыма қан тамырларында қанның шамадан тыс көп жиналуы.
Гангрена — тіндердің және ағзалардың некрозға үшырап, қан пигментінің өзгеруінен некроздалған ошақ көгерген немесе қарайған түске енеді. Көптеген жағдайда гангрена себебі тамырлардың зақымдалуы болып саналады. Сыртқы ортамен тікелей қатынасы бар ағзалар ұшырайтын некроздың бір түрi болып келеді. Гангрена құрғақ және ылғалды болады. Құрғақ гангренаға тepi жиі шалдығады.
Гипербиотикалық процестер — жасушалардың, тіндердің және ағзалардың шектен тыс өсіп-көбеюін гипербиотикалық процестер деп атайды. Бұл процестерге жататындар: гипертрофия, гиперплазия, регенерация, iciктep.
Гипертрофия— құрамындағы жекеленген жасушалардың көлемінің ұлғаюынан немесе ағзалардың көлемінің ұлғаюы. Жасуша саны қалыпты.
Гиперплазия – жасуша санының көбеюінен тіндердің немесе ағзалардың көлемінің ұлғаюы. Гипертрофия мен гиперплазияның сырқат организмде ішкі орта тұрақғылығын сақтауда мәнi зор.
Альтеративті қабыну — көбінесе инфекциялық ауруларда немесе улы заттардың организмге әсер етуі кезінде дамиды. Ұлпаның зақымдануы қабыну үрдісінің қарқынды дамуына, ағзаның қарсы тұру қабілетіне байланысты. Әсіресе паренхималық мүшелердегі (бауыр, бүйрек, көкбауыр) альтеративті өзгерістер айқын көрінеді. Үрдістің өтуі жіті және созылмалы түрде өтеді.
Экссудативті қабынудың сипатталуы қан тамырларының қабырғасының өткізгіштік қызметі және эксудаттың бөлінуінің бұзылуымен сипатталады. Қорыта келгенде қабынған ұлпаға жиналған лейкоциттер нәтижесінде қабынбалы-торшалық инфильтрация деп аталады.
Продуктивті немесе пролиферативті қабыну — қабыну ошағында торашалық элементтердің көбеюімен және жергілікті ұлпаның өсуімен сипатталады. өскен ұлпада гистиоциттер, плазмалық торшалар, лейкоциттердің әр түрі, сонымен қатар, онда қантамырлар өте мол болады. Майлану дистрофиясы – май алмасуы бұзылуынан торшалар мен тоқымаларда дамитын морфологиялық өзгеріс.
БЕЛГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР
Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей қысқартылған сөздер қолданылады
Қаз ҰАУ |
– Қазақ ұлттық аграрлық университеті |
ҚР |
– Қазақстан Республикасы |
МБИ |
– биологиялық зерттеу микроскобы |
ТЭС |
–құрғақ ауалы электрлі термостат |
МС |
–микротом |
МПС |
–парафин кесінділеріне арналған микротом |
Мл |
–миллилитр |
Мкм |
–микрометр |
ДНҚ |
– дезоксирибонуклеин қышқылы |
РНҚ |
– рибонуклеин қышқылы |
г |
– грамм |
мин |
– минут |
см |
– сантиметр |
мм |
– миллиметр |
мк |
– микрон |
нм |
– нанометр |
мг |
– миллиграмм |
кг |
– киллограмм |
ж. |
– жыл |
1 КІРІСПЕ
- Тақырыптың өзектілігі және практикалық маңыздылығы
Қой шаруашылығы — мал шаруашылығының басты саласының бірі. Қойдан күнделікті тұрмысқа қажетті жүн, тері, елтірі және тағамдық өнімдер — ет, май, сүт алынады. Халық шаруашылығында қой жүнінің алатын орны ерекше.Жеңіл өнеркәсіп үшін шикізат (жүн, тері, елтірі), бағалы азық-түлік (ет, май, сүт) өнімдерін береді. Қой өсіру адамзат тарихында неолит дәуірінен басталады. Қола дәуірінде Орталық Азия тайпалары қылшық жүнді қой өсірген. Биязы және биязылау жүнді қой тұқымдары осы кезеңде Кіші Азияда шығып, дүние жүзіне тараған.Қой өсіру қазақ халқының ата кәсібінің бірі болып табылады. Төрт түлік малдың ішінде жылқы мен қойға ерекше мән берген қазақ халқы қой жаюдың, оны көбейту мен тұқымын асылдандырудың өзіндік әдіс-тәсілдерін қалыптастырған. Мал шаруашылығына қолайлы табиғи ортаның мол болуы, соған орай қыстау, көктеу, жайлау, күзеумен байланысты көшпелі өмір салтының орнығуы қазақ халқының дәстүрлі қой шаруашылығын берік қалыптастырғандығының айғағы. Қазақстанда негізінен қылшық жүнді қазақы қой өсірілді [1,2].
Қазақстанда қой шаруашылығының дамуында негізгі үш бағыт айқындалды. Олар елдің табиғи климаты, жем-шөп, жайылым жағдайы, қойдың биологиялық ерекшеліктері, тағыда басқа байланысты төмендегіше 3 аймаққа бөлінді: 1) далалық, қуаң-шөлейт аймақтар мен оңтүстік таулы өңір. Мұнда биязы және биязылау жүнді қой тұқымдары (барлық қойдың 65%-ы) өсірілді. 2) шөл және шөлейт аймақ. Бұл жерлерде негізінен етті-майлы, ұяң не қылшық жүнді қойлар (барлық қойдың 16%-ы) шоғырланды. 3) Қаракөл қойлары өсірілетін оңтүстік және батыс аймақтар. 1990 жылдың басында 1250, оның ішінде 702 арнайы мамандандырылған ірі қой шаруашылығытары болды [3,5].
Алайда экономиканың өзге салалары секілді қой шаруашылығы да кеңестік науқаншылдыққа ұрынып, қой санын 50 миллионға жеткізу туралы елдің нақтылы мүмкіндіктеріне сай келмейтін қисынсыз жоспарлар жасалынды. Жоспарды орындау мақсатында қойды қолдан жасанды ұрықтандыру тәсілі кең етек жайып, асыл тұқымды қойлардың азып-тозуы мен миллиондаған елтірінің шын мәнінде жарамсыз қалуына, кеңестік жалған ақпардың белең алуына алып келді. Мал өнімдерін өңдеу, жаңа технологияларды игеру,тағыда басқа мәселелер кенже қалды.Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдардағы экономикалық дағдарыстар мен қой шаруашылығындағы кейбір сәтсіз реформалар нәтижесінде қой шаруашылығы елеулі түрде құлдырады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 12,3 миллион уақ мал бар (2004). Мұның негізгі бөлігі жеке меншік иелікте өсіріледі. Республикада қой шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеулер жұмыстарымен Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институты, Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты, тағыда басқа айналысады.
Қойдың ең жиі кездесетін аурулары:қойдың хламидиоздық iш тастауы ауруы; қой мен ешкiнiң жұқпалы агалактия ауруы; қой мен ешкiлердiң скрепи ауруы; қой мен ешкiлердiң висна-маеди ауруы; қой мен ешкiлердiң аденоматоз ауруы; қой мен ешкiлердiң инфекциялы катаральды қызба (көк тiл), блютанг ауруы.Қойдың жұқпалы энтеротоксемиясы — ауасыз жерде өсіп-өнетін клостридиум перфрингенс микробына «Д» және «С» типінің қатерлі әсерінен пайда болатын жұқпалы ауру. Ауруға шалдыққан қой микробтың уымен уланып, тез арада өледі. Бұл аурумен ірі қойлар, тоқтылар қозылар да ауырады.
Ауру республикамыздың барлық аймағында кездеседі, соның ішінде оңтүстік облыстарда жиірек кездеседі. Соңғы жылдары қыста ерте көктемде туған қозыларды жайылымға (апрель, мап) шығарған кезде, бұл ауру жиі кездесетіпі байқалуда. Бұл аурудың пайда болуына малдың асқазан — ішек органдарының жұмыс істеуі бұзылуы үлкен әсер етеді. Ас қорыту процесі бұзылған кезде клостридиум нерфрингене микробы ішекте тез өсіп-өніп шығарады. Осы ішектішкілегей қабығы арқылы қанға тарап, организмді уландырып, ауру туғызады. Ал қойды көктемде жайылымға алғаш шығарған кезде олардың ас қорыту заңдылығы бұзылады да, мал ауруға шалдығады [1].
Энтеротоксемияның өрбуіне малдың ішегінде гельминттік құрттардың болуы да үлкен әсер етеді. Әдетте гельминттік құрттар малды ауруға төзімділігін нашарлатады, сондай-ақ ішектің қабырғасына тесікі жасап, коздырғыш микроб уының организмге тарауына ықпал етеді де, қой ауруға шалдығады. Қазақстанда осы ауруды көп жылдар бойы зерттеген ғалым В. С. Анисимов, бұл аурудың тырысқақ түрі болатынын анықтады. Аурудың бұл түрінде мал аяқ астынан тырысып, бүрісе бастайды [1,2]. Басын артқа қарай шалқалақтатып, созылып жатады, аяқтарын әрлі-берлі қалай болса солай есіп, тісін шыкырлатып, аузынан және танауынан ақ кебік ағызады. Кейде аузында тістеп алған шөбі сол калпында калады. Аурудың алғашқы кезінде қойдың ішегінін шұрылдағаны естіледі уақыт өткен соң іші тіптен жүрмей калады. Кейбір малдың іші өтіп, нәжісімен бірге гельминттік құрттардың шыққаны байқалады.
Қорыта келгенде, жұқпалы энтеротоксемия ауруымен ірі қойлар, тоқтылар қозылар да ауырады. Ауру республикамыздың барлық аймағында кездеседі, соның ішінде оңтүстік облыстарда жиірек кездеседі. Соңғы жылдары қыста, ерте көктемде туған қозыларды жайылымға шығарған кезде, бұл ауру жиі кездесетіпі байқалуда [3].
Бұл аурудың пайда болуына малдың асқазан — ішек органдарының жұмыс істеуі бұзылуы үлкен әсер етеді. Ас қорыту процесі бұзылған кезде клостридиум нерфрингене микробы ішекте тез өсіп-өніп шығарады. Осы ішектішкілегей қабығы арқылы қанға тарап, организмді уландырып, ауру туғызады.
Ал қойды көктемде жайылымға алғаш шығарған кезде олардың ас қорыту заңдылығы бұзылады да, мал ауруға шалдығады.
Жұқпалы энтеротоксемияның болуына малдың ішегінде гельминттік құрттардың болуы да үлкен әсер етеді. Әдетте гельминттік құрттар малды ауруға төзімділігін нашарлатады, сондай-ақ ішектіц кабырғасына тесікі жасап, коздырғыш микроб уының организмге тарауына ықпал етеді де, қой ауруға шалдығады [1,5,6].
Жайылымда, топырақта, мал кораларында аурудын коздырғыш микробы 2-3 жыл сақталуына байланысты бұл ауру бір шыққан жерінде келесі жылдары да кездесе беруі мүмкін.
Азықты дайындауды жұқпалы аурудан таза жерден, шаруашылықтан дайындалу қажет. Малды дұрыс пайдалану(эксплуатация жасау) керек. Мысалы: атты шамадан тыс арбаға қосу, көкпар шабу тағы сол сияқты, сиырды сүталу үшін азықтандырмай пайдалану, оның организмінің төзімділігін төмендетеді.
1.2 Зерттеу материалдары, тәжірибелік базасы және мақсаты мен міндеті
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты: Қойлар энтеротоксемиясының патологиялық морфологиялық өзгерістерін зерттеу;
Аталған мақсатқа жету үшін алдымызға келесі міндетті қойдық:
— Ауру кезінде байқалған негізгі клиникалық белгілерін зерттеу;
— Ішкі мүшелерді патоморфологиялық зерттеу;
Зерттеу нысаны: Аурудан табиғи жағдайда өлген қойлар.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Зерттеудің маңызы қойларда кездесетін ішектік инфекция ауруларынан ажыратып балау мақсатында патогистологиялық зерттеулер нәтижесін қолдануға болады.
Қолданылу саласы: Ауруға тән патоморфологиялық өзгерістердің нәтижесін ғылыми зерттеу мақсатында және өзіндік жұмыс орындау мақсатында қолдануға болады.
2 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
2.1 Аурудың анықтамасы, қысқаша тарихы және этиологиясы
Қойдың жұқпалы энтеротоксемиясы — қойдың ас қорыту органдары жұмысын бұзатын, микроб уымен ұландыратын жұқпалы ауру.
Қойдың жұқпалы энтеротоксемиясы — ауасыз жерде өсіп-өнетін клостридиум перфрингенс микробына «Д» және «С» типінің қатерлі әсерінен пайда болатын жұқпалы ауру. Ауруға шалдыққан қой микробтың уымен уланып, тез арада өледі [1,2,3].
Қоздырғышы. Бұл аурудың қоздырғышы клостридиум перфрингенс микробының «Д» және «С» типі болып саналады. Бұл микробтар жапырақта, жайылым шөбінде және сау малдың ішегінде көптен кездеседі. Микроскоппен карағанда ұштары доғаланған, ұзындығы 4,8, ені 1-1,5 микрон, Грам бойынша жақсы боялған таяқшалар түрінде көрінеді. Бұл микроб ауасыз жерде жақсы өсіп өнеді, спора түзейді.Клостридиум перфрингенс микробы сыртқы ортаның әр түрлі әсеріне мейлінше төзімді келеді. Ол спора түрінде жапыракта 3 — 4 жылға дейін, суда 1 жыл, жүн мен теріде 1,5—2 жыл бойы тіршілік өте береді.
Микробтың спора түрі жасанды коректік ортада өсірген кезде өте көп мөлшерде бөліп шығарады. Осы удын 1 мл 4 мың ақ тышқанды өлтіре алады. Бұның өзі ауру қоздырғышының катерлі екенін көрсетеді [1,2]
Тарихи деректер. Бұл ауру Қазақстанда «жыбырлақ» деген атпен ертеден белгілі. Арнайы басылымда «жұмсақ бүйрек» аталып 1910 жылы Бейнете Австралияда қозының аш ішегінен қоздырушы микробты бөліп алып, Bacillus ovitoxicus деп атады. 1964 жылы Монғолияда бұл ауру түйеде анықталды. Ауырған түйелерден қоздырушы ретінде Cl.perfringens бөлініп алынды. Зерттеушілердің мәліметіне қарағанда түйенің энтеротоксемиясы Арабия түбегінде және экваторлық Африкада кездеседі.
Бұл аурумен ірі қойлар, тоқтылар қозылар да ауырады. Ауру республикамыздың барлық аймағында кездеседі, соның ішінде оңтүстік облыстарда жиірек кездеседі. Соңғы жылдары қыста, ерте көктемде туған қозыларды жайылымға шығарған кезде, бұл ауру жиі кездесетіні байқалуда.
Бұл аурудың пайда болуына малдың асқазан — ішек органдарының жұмыс істеуі бұзылуы үлкен әсер етеді. Ас қорыту процесі бұзылған кезде клостридиум нерфрингене микробы ішекте тез өсіп-өніп шығарады. Осы ішектішкілегей қабығы арқылы қанға тарап, организмді уландырып, ауру туғызады [5,6].
Ал қойды көктемде жайылымға алғаш шығарған кезде олардың ас қорыту заңдылығы бұзылады да, мал ауруға шалдығады.
Жыбырлақтың болуына малдың ішегінде гельминттік құрттардың болуы да үлкен әсер етеді. Әдетте гельминттік құрттар малды ауруға төзімділігін нашарлатады, сондай-ақ ішектіц кабырғасына тесікі жасап, коздырғыш микроб уының организмге тарауына ықпал етеді де, қой ауруға шалдығады.
Жайылымда, топырақта, мал кораларында аурудын коздырғыш микробы 2-3 жыл сақталуына байланысты бұл ауру бір шыққан жерінде келесі жылдары да кездесе беруі мүмкін.
Көктемде оңтүстік облыстардың шытыр, жабайы жоңышқа сияқты шөптері бар жайылымдарда қойды жайған кезде, олардың іші кебеді, осы кезде бұл аурумен қатар жыбырлақ та пайда болады [5].
Отардағы қойдың кейбіреуі уланып жұқпалы энеротоксемиядан өледі. Әдетте малдың өрісі ондай кезде тездетіп ауыстырылады.
2.2 Аурудың клиникалық белгілері және патогенезі
Hlostridiya perfringens қоректілер ас қорыту жолдарындағы тұрақты тұрғыны болып табылады. Кілегейлі қабықтың бүтіндігі, ішектің секреторлы және моторлы жұмысы бұзылғанда микробтар өте тез көбейіп, қойды ауруға шалдықтырады. Хлостридия перфрингес даму қарқындылығы жоғары болғаннан, протоксин, эпсилон және бета токсиндер пайда болады [6,7,8].
Бұл ауру өте жіті,. жітілеу, созылмалы болып үш түрде кездеседі.
Аурудың өте жіті түрінде қой 5—6 сағатта өледі. Алғаш малдын нерв
жүйесі бұзылып, ол жатып қалады, аздап іші кебеді де, өлім-жітімге
ұшырайды.
Аурудың жітілеу түрінде мал ауруға шалдыққаннан бастап бір тәулікте өледі, ал созылмалы түрінде 2—3 күн ішінде өледі [9].
Ауырған қой жайылымда отарға ілесе алмай қала береді, жөнді жайылмайды. Көбінесе басын төмен салып, меңірейіп тұрып қалады, аяғымен жер тарпиды, шөпті аузымен жұлын алғысы келіп, ынталанады, бірақ оны жұла алмайды.
Кейде ауру қой сүрініп жығылып, анналып жүре бастайды. Сонан соң бұл мал аяқтарын созып, басын бір жак бүніріне салып жатады, жан-жағында болып жатқан айкай-шуды, басқа да жағдайларды сезбейді. Осылайша мал 10—15 сағатта өледі[10,11].
Қазақстанда осы ауруды көп жылдар бойы зерттеген ғалым В. С. Анисимов, бұл аурудың тырысқақ түрі болатынын анықтады.
Аурудың бұл түрінде мал аяқ астынан тырысып, бүрісе бастайды. Басын артқа қарай шалқалақтатып, созылып жатады, аяқтарын әрлі-берлі қалай болса солай есіп, тісін шықырлатып, аузынан және танауынан ақ кебік ағызады. Кейде аузында тістеп алған шебі сол қалпында қалады [5,10].
Аурудың алғашқы кезінде қойдың ішегінін шұрылдағаны естіледі уақыт өткен соң іші тіптен жүрмей калады. Кейбір малдың іші өтіп, нәжісімен бірге гельминттік құрттардың шыққаны байқалады. Жұқпалы энтеотоксемиямен ауырған қойдың дене қызуы аздап көтеріледі.
2.3 Аурудың емі, алдын-алуы
Бұл ауруды емдеуге арналған гипериммунды қан сарысуы бар. Аурудың өте жіті және жітілеу түріне шалдыққан қойды емдеп жазу мүмкін емес.Ауру жануарларды емдеуде антибиотиктер, соның ішінде заманауи цефалоспорин сериясы оларды пайдалану нұсқауларына сәйкес пайдаланылады. Бұл ауруды болдырмау үшін жалпы және арнайы шаралар жүргізіледі. Жалпы шараларға жыл санын қой қоралазын тазалау, жайылымды малдың, ит-құстың кездей соқ өлімтіктерінен тазалау, сондай-,ақ қойды кыстан қонды шығару жатады.
Қыста қолда күтіліп бағылған қойды көктем кезінде жайылымға біртіндеп шығарады. Мәселен; ертеңгісін қойға шөп-сабан беріліп барып, жайылымға шығарылады [13].
Шөбі жаңадан қаулап өсіп келе жатқан жайылымдарда отар тәулігіне 2-3 сағат ғана бойы жайылдырылады.
Әрбір қой шаруашылығының соңғы 5 жылдағы эпизоотологиялық жағдайы сол шаруашылықтың мал дәрігері қызметкерлеріне және шопандарға белгілі болады. Осыған орай алдыңғы жылдарда қай жайылымда, қай мезгілде, ауру жиі кездесетін жерлер есепке алынып, сол жерлерге көктемде көк шөп өсіп келе жатқан кезде малды жаймау керек.
Кейбір жайылымдар бұл ауру жөнінде қатерлі болып тұрады. Ондай жайылымдарды тәжірибелі шопандар ылғи да есте сақтап, оған малды жаймауға тырысады [13].
Мал фельдшерлері мен шопандардың есіне салатын жағдай өрісте, қораның төңірегінде елген малдың елексесі және бұрыннан жатқан сүйектер октын-оқтын бір жерге жиналып ертелуі тиіс.
Ауру мал жатқан және өлексе жатқан орындар күйдіргіш натрийдің
10 проценттік ерітіндісімен, 3 проценттік тұндырылғануслорлы әктін ерітіндісімен дезинфекциялау аурудан сақтану шараларының катарына жатады.
Осы жалпы шаралармен қатар жыбырлақты болдырмау үшін ерекшешаралар да жүргізіледі.
Ерекше жұқпалы энтеротоксемия ауруына колданылатын бірнеше вакциналар мен иммунды қан сарысулары бар. Оның көбірек қолданылатыны Ф. И. Каган мен А. И. Колесованың (1964) қанықтырылған поливаленттік гидроокись алюминий вакцинасы қойдың жыбырлағына, брадзотына және қозының дизентериясына қарсы вакцина [5].
Соңғы жылдары республикамыздың оңтүстік — шығыс облыстарының қой шаруашылығында жыбырлаққа қарсы В. С. Анисимовтың қанықтырылып квастанған анатоксині қолданылуда.
Бұл вакцинамен бұрын ауру шыққан және ауру шығады-ау деген қауіпті шаруашылыктардың саулықтары мен, тоқтылары февраль — март айында екі қайтара егідеді.
Поливаленттік гидрокись алюминий вакцинасы малға бірінші рет еккен кезде 2 мл, ал онан кейін 12-14 күннен кейін екінші рет 12-14 мөлшеріне бұлшық етке жіберіледі.
Әдетте, вакцина еккен қойдың аздап дене қызуы көтеріледі, әрі жіберілген аяғы аздап ақсауы да мүмкін, бірақ 1-2 күн ол басылып кетеді.
Қанықтырылған квастанған анатоксин қойдың қолтығында жүн өспеген жерге 5 мл мөлшеріиде арасына 20 күн өткізіп екі рет жіберіледі. Бұл анатоксинмен жасы алты айдан асқан қойлардың бәрі егіледі [12,13].
2.4 Ауруды анықтау және малдың жұқпалы ауруға төзімділігі мен қабылдағыштығы
Үй жануарлары мен тағы жануарлар бір жайылымда жайылып, бір суаттан су ішуі бұрыннан қалыптасқан жағдай. Оның қанын сорған паразит, келесі жолы екіншісінің қанын соруы әбден мүмкін жағдай. Тағы аңдар, әсіресеқасқыр сияқты жыртқыштар малға шабады. Қыста тышқан тектес кемірушілер жылы мал қораларынажемшөп қоймаларына қарай ауады. Сонымен үй және тағы жануарлар бір – бірімен тікелей болсын, тікелей болмасын әйтеуір түрлі жолдармен жанасып тұрады. Сонымен нәтижесінде тағы жануарлар мен үй жануарлары бір-біріне ауру жұқтырады. Қалыптасқанұғым бойынша негізінен тағы жануарларынан үй жануарларына аурудың жұғуына баса көңіл бөлінеді де, аурудың керісінше берілуі көп жағдайда ескерілмейді.
Инфекциялық процесс даму үшін малдың ауру жұққан кездегі жағдайы және микроб тұрған ортаның жағдайы және организмінің жағдайы қажет. Сау малда биологиялық және көптеген карулар, қорғандар (қорғаныш) (барьерлер) ауру микробты ішке жібермейтін бар. Осы қабілеттің арқасында, нерв системасының көмегімен, малдың инфекцияны тұрақты қабылдамайтын касиетке ие (невоспримчиво). Организмнің осындай күйін, оның инфекциямен ауырмайтынын, микробқа қарсылық көрсететін қаблетін — иммунитет (невосприимчивость) дейді [10,11]. Иммунитетті екі түрге бөледі: Арнайы 1) Бейспецификалық иммунитетке мынадай барьерлер жатады, тері,кілегей қабықтар, лимфа түйіндері, сондай — ақ фагоцитоз, воспаление (қабыну) т.б.
2) Спецификалық иммунитет деп организмнің бір немесе бірнеше ауру инфекциясын қабылдамауын айтамыз. Ол естественный (табиғи) және искусственный (жасанды) деп бөлінеді. Табиғииммунитет туа біте пайда болады, немесе сол аурумен ауырып жазылса пайда болады.
Иммунитетті классификация жасай келіп оны екі түрге бөледі:
1) Ұрпақтық — әр малдың түріне байланысты. Кейін пайда болған (табиғи, және қолдан жасау) иммунитеті.
Жасандыиммунитет малдыемдегенсоң,биологиялықпрепараттармен (вакцина) сывораткада сары су пайда болады. Организмнің қабылдамау қасиеті ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі қабылдамауға үлкен роль (әсер) ететін орталық нерв жүйесі, ол қорғаныс механизмдерін реттейді, оларды, ауру қоздыратын микробқа қарсы күреске жұмылдырады. Аурудың пайда болуына малдың жасы да маңызды роль атқарады. Жас мал тез ауырғыш келеді. Жас мал кейбір аурулармен тек өздері ауырады (колибактериоз, сальмонеллез).
Инфекциялық аурумен әсіресе ұрғашы малдар көп ауырады. Мәселен, бруцеллезбен сиыр көп ауырады, ал бұха аз ауырады олар жасырын түрде ауырып жазылып кетеді [13].
Сыртқы жағдайларға: азықтандыру жатады (тойдырмай азықтандыру) организмнің тұрақтылығын нашарлатады. Витаминдар (тұрақтылықты жоғарылатады), тұздардың жетіспеуі, шаршау, зоогигигиеналық ережелерді бұзу — қорғаныс күштерді нашарлатады.
Патогенді микробтың әсерін немесе оның токсинін (уын) мал
организмінің қабылдамауын (невосприимчивость) иммунитет дейміз. Жай сөзбен айтқанда организмнің жұқпалы ауру қоздыратын микробқа қарсы тұру қаблеті. Осыған байланысты иммунитет туабіткен және кейін пайда болғаниммунитет деп бөлінеді. Туа біткен иммунитет организмнің арнайы қасиеті. Ол ұрпақтан ұрпаққа өмірбойы беріліп келеді. Мысалы, жылқы ірі қара малдың чумасымен (обасымен) ауырмайды. Сол сияқты ірі қара. жылқының маңқасымен ауырмайды[13].
Кейін пайда болған иммунитетте мал организмі микробтың әсерін және оның уының әсерін қабылдамайды. Ол табиғи және жасанды иммунитет деп бөлінеді.
Табиғи имммунитет малды қандайда бір жұқпалы аурумен ауырғаннан соң пайда болады. Бұл иммунитеттердің пайда болуына организмінің өзі қатнасып, организмде арнайы қорганыш зат-антитела пайда болады.
Жасанды иммунитет –малдывакцинаменеккенде(вакцинация) жасалғанда пайда болады. Мал организміне — өлтірілген не әлсіретілген жұқпалы аурудың микробын ексепайдаболған иммунитет белсенді, ал сывороткасын ексе енжар иммунитет деп атайлы[14,15].
Табиғи жағдайда, ауырып жазылған малда екі жағдай болады. Біріншіден мал микробтан құтылады, екіншіден мал ұзақ таратушы болып, микробты таратады. Бірінші жағдайда пайда болған иммунитет стерильді иммунитет, екінші жағдайда пайда болған стерильді емес иммунитет- дейді.
Организмге енген бөтен заттар, оның ішінде микробтар да қанның ақ түйіршік лейкоциттермен — жұтылып, сіңіріліп жоқ болып кетеді. Бұл кұбылысты анықтаған И.И.Мечников (сөйтіп оны фагоцитоз) деп атады. Фагос — жеп қоям (пожираю) деген сөз.
Мәселен, қабыну (воспаление) кезінде, лейкоцит микробты ұстап алады және оны жойып, жеп қояды, сіңіріп жібереді. Бұл құбылыс — фагоцитоз, ал жеп қойған клетканы (лейкоцитті) — фагоцит деп атайды. Сонымен қатар, фагоцитозға басқа да клеткалар қатынасады. Мысалы: РЭС (ретикулоэндотелиалды системасының клеткасы) — бауырдың, көк бауырдың, қантамырының эндотелиясы, кейбір лимфа түйінің клеткалары да қатынасады.
Иммунитет пайда болу үшін бұл процеске жоғарыдағы клеткалардан басқа, қанның сывороткасының (сары суының) клеткасында антетела пайда болады.
Сонымен, жасанды иммунитеттің пайда болуына гуморальды (антителадан) фактордан басқа, фагоцитоз және басқа қорғаныш механизмдер қатынасады. Организмнің инфекцияға карсылық көрсетуін күшейтуге нерв жүйесінің, ішкі секреция бездерінің функциясының да маңызы зор.
Жұқпалы аурудың алдын алудың басты негізі – малды дұрыс күтіп-бағумен қатар қора жайларда жайылымдарда азықтандырған және суарған сәттерде санитарлық-зоогигиеналық ептілікті бұлжытпай орындау болып табылады. Жақсы қоңдылық малдың ауруға жалпы төзімділігін қамтамасыз ететін болса, жекелеген ауруларға бейімділігін тежеу үшін әрбір аурудың өзіне тән арнайы биологиялық дәрмектер қолданылады[6,14].
Дауалау шаралары жануарлардың ауруға төзімділігін арттыру мен қатар олардың ауру қоздырушыларымен жанасуына жол бермеу жолдарын да қамтиды. Мұндай шараларды қатарына шекараны мал өсіретін шаруашылықтар мен фермаларды жұқпалы аурудан қорғау, яғни індетке қарсы қорғаныс жатады[11,18].
Ауруға диагноз эпизоотологиялық деректерге, ауру койдың клиникалық белгілеріне, өлекседегі өзгерістерге қарап қойылады. Ал толық диагноз бактериологиялық зерттеудің нәтижесіне қарап қойылады.
Лабораторияға екі ұшы байланған ішек кесіндісі, ұлпалы органдардын кесіндісі таза күйінде шыны ыдыска салынып жіберіледі. Осы патологиялық материалдардан арнайы әдістермен зерттеу жүргізіп клостридиум перфрингенс микробынын «С», «Д» типі бөлініп алынады.
Лабораторияға патологиялык органдардын кесіндісін жіберген кезде арнайы жолдама қағаз жіберіледі. Бұл жолдамаға ауру шыққан колхоз, овхоздың аты, материалдардың қай органдардан және қай мезгілде алынғаны жазылады. Астына жолдама жіберуші фельдшердің не мал дәрігерінің фамилиясы, аты анық түрде жазылады [4,7,16].
Аурудың белгілері. Жыбырлақпен ауырған қойдын белгілері брадзотпен, топалаңмен, секіртпемен және шөппен уланумен ұқсас келеді.
Ажырату диагноз жүргізген кезде шаруашылықта бұрынғы жылдарда кездескен аурулар түрі, аурудың пайда болған жыл мезгілі, ауырған, ілген малдың саны, аурудың басталу және даму ерекшеліктері ескеріледі.
Мәселен, секіртпеден елген қойдың ұлтабар қарны зақымдалады, бауырдың әр жері іриді. Ал жыбырлақтан елген қойда мұндай өзгерістер болмайды.
Топалаңмен өлген койдың аузы мен танауынан ұйымаған қан ағып катады, өлексе сіреспейді және көк бауырдың көлемі 3-4 есе ісіп кетеді. Ал жыбырлақта мұндай өзгерістер болмайды [11,17].
Шөптен улану жайылымда шөптердің бар екендігіне және лабораториялық зерттеулерге қарап ажыратылады.
Дифференциалды диагноз. Дифференциалды диагнозды жүргізу кезінде сібір, бродзот, пастереллез, пироплазмоз, эмфиземалы карбункул, некротикалық гепатит, листериоз, жемшөп улануды болдырмау керек. Эпфизема карбункулы инфекциялық энтеротоксемиядан кремацияның және газдың ісіну белгілерінің болуымен ерекшеленеді.Аутопсияға арналған пироплазмоз кезде кеңейтілген көкбауырды байқаймыз. Пастереллез тіндерде, органдарда немесе плюропневмонияда септивтік процесс жүреді. Некротикалық гепатиттің әсерінен органның деградациялық зақымдануы байқалады [4,7,13].
2.5 Аурудың патологиялық анатомиясы
Көктемде және күзде елген қондың өлексе тез бұзылып, ісіп кетеді. Өлексенің терісін сыпырған кезде оның көп жері қанталағаны бірден байқалады. Танаудан және ауыз қуысынан көпіршіктенген сілекей араласқан су ағады[6,7,8].
Жыртылған жануардың терісінде күлгін түсті дақтарды табамыз. Терінің және бұлшықеттің айналасында экхимоздарды байқалады, тері астындағы тіндерде серозды-геморрагиялық инфильтрат бар. Мезентеральдік лимфа түйіндері үлкейген және гиперемияға ұшыраған. Құрсақ қуысында серозды, серозды-геморрагиялық экссудат байқалады. Әдетте мес қарында, қатпаршақта, жұмыршақта азық қалдықтары болады, ал ұлтабар бос болады.Ұлтабардың кілегейлі қабаты ісінген [6,7,12].
Жүректің еті жұмсарған, оның ішкі және ортаңғы қабаттарының әр жерінде қан құнылғаны, койдың сен қарыны қорытылмаған шөпке толып, аш ішектері кеуіп, ауаға толып тұрады. Перикардта сары түсті экссудат болады, ауада тез жиырылып-ұйып қалады. Эпикардпен миокардта қанталаулар болады [14,16,20].
Көк бауыр көп жағдайда өзгеріске ұшырамайды. Ішектің қабығының әр жері жолақты қанталап, қызарғаны байкалады. Бауыр үлкейген, сұрғылт түсті болып, піскен бауырға ұқсайды. Бүйрек әдеттегіден жұмсарған, көбінесе езіліп кеткен сияқты болып көрінеді, оның сыртқы қабаты одан алынады.
Қуық кеңейген. Өкпе ісінген, гиперемияға ұшыраған. Сыртынан қызыл-күлгін түсті, ала кесіп қарағанда қызыл болып көрінеді. Кеңірдек, трахея, бронхылардың кілегейлі қабығы гиперемияланған,кейбір қой өлекселерінде қанталаулар болады.Патологиялық өзгерістер геморрагиялық энтеритті сипаттайды(күлдіреуіктермен), әдетте ол күлдіреуіктер тік ішекте байқалады [11,18,21].
2.6 Ауруға бейім жануарларға қатысты шаралар мен сауықтыру шаралары және індет ошағын жою
Індетке қарсы шаралардьщ маңызды бір бөлігі ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізіледі. Олар негізінен хайуанаттарды ауруға төзімділігін арттыруға және оларды ауру жұғу каупінен корғауға бағытталған. Аурудын малға жұғуына қарсы шаралар инфекция коздырушысының берілу тетігіне қарсы шаралар ретінде қарастырылатындықтан бұл жерде жануарлардың ауруға төзімділігін арттыру жайы сөз болады.
Жануарлардың ауруға төзімділігін арттыру — фермаларда жүргізілетін барлық шаруашылыққа қатысты іс — әрекеттердің ең өзекті мақсаты. Оны қамтамасыз ету үшін кең аукымды экономикалық — ұйымдыстыру, селекциялық -зоотехникалық, ветеринариялық — санитарлық шараларды іске асыру керек. Өнімді көп беретін малды өсірумен қабат олардын ауруға төзімді болуына да көңіл бөлу қажет. Бұл қасиеттердің малдың тұқым тегіне ғана емес, оның күтіміне де байланысты екені анық. Сондықтан қора-жайдың, жайылым мен өрістің, соңдай-ақ малды азықтандыру және суару, пайдалану санитарлық-зоогигиеналық талаптарға сай жүргізулері керек [10,12,13].
Жануарлардың ауруға төзімділігіне әртүрлі стресс жағдайлар кері әсер етеді. Оларға сапасыз жемшөп және су, олардың құрамында болатын зиянды коспалар, ауаның қалыптан тыс температурасы, ылғалдылығы, қысымы, газдык, құрамы және шаң -тозаң жатады. Қорада немесе торларда жануарлардың аса орналасуы, әртүрлі механизмдердін жұмысына байланысты шулы дыбыстар, жануарларды көлікпен тасымалдау оларға зиянды әсер етеді [3,11,16].
Сондықтан да жыл мезгілі ауысқан шақта, малды қыстаудан жайылымға шығарғанда немесе керісінше қыстамаға ауыстырғанда, сондай-ақ көлікпен тасымалдағанды стресс-факторлардың жануарларға жайсыз әсерін мейлінше болдырмауға бағытталған арнайы шаралар қолдану қажет. Ауа райының кұбылмалы шақтарында: қарлы жауын, боран, аяз, аяздан кейінгі жылымық кезінде малдың, күтіміне ерекше көңіл бөлу керек. Малдың күтіміне азықтандыру рационына, бос жіберілуіне /моцион/ күнделікті бақылау — жануар организмінің ауруға төзімділігін қамтамасыз ететін ең маңызды алғы шарттар.
Жұкпалы ауру шыққан сәтте аталған шараларды орындау жеткіліксіз.
Ол шарттар ауру болмаған уақытта да тиянаты түрде іске асырылып отыруы керек. Жұқпалы ауру байқалғанда, сол ауруға қарсы иммундік дәрмектер қолданылады.
Егер жануарлар инфекция коздырушысының бастауымен жанаспаған болса, вакциналау арқылы белсенді иммундеу жүргізіледі. Қазіргі уақытта қолдан жұқтыру арқылы ауруды жасанды түрде қоздырып, иммунитетті қалыптастыруға тиым салынған.
Егер жануарлар инфекция қоздырушысының бастауымен жанаскан болса, немесе тез арада ауру шығып кету қаупі туса, онда иммуноглобулиндік дәрмектер арқылы енжар иммундеу әдісін қатар қолдану, яғни симультанды иммундеу жақсы нәтиже береді [10].
Бұның нәтижесінде егілгеннен соң бірден организмде енжар иммунитет калыптасады да, ол әлсірейбастаған кезде белсенді иммунитет күшіне енеді.
Есте болатын бір жай, аса қажеттілігі болмаса енжар иммундеусіз — ақ, белсенді иммундеу әдісін жеке қолдану дұрыс. Өйткені енжар иммунитеттің әсерінен белсенді иммунитеттің күші төмендейді.Инфекциялық аурумен күресуде басты шаралар үш бөліктен тұрады:
1) аурудың көзін жою
2) ауруды тарату жолдарын, жағдайларын жою
3) Малдың ауруға қарсы туралататын каблетін көтеру.
Айтылған шаралар профилактикалық (аурудың алдын алу, сақтандыру) және лажсыз (ауру шыққан соң) болатын шаралардан тұрады.
Профилактикалық шараларға, малды азықтандыру, суғару, күту, бағу жатады. Малды күтүшілердің жеке гигиенасын сақтау (арнайы киіммен камтамасыз ету, дезинфекциялық және жуушы дәрі — дәрмектер бөлу т. б) керек.
Мал фермаларын қоршау, суды, суғару суаттарын реттеу мал азықтарын үнемі тексеріп отыру малды әр кезде малдәрігерлік тексеруден өткізіп отыру қажет.
Сақтандыру мақсатында малдарды клиникалық тексеруден, диагностикалық — лабораториялық тексеруден өткізіп отырады. Ауру малды уақытылы бөліп алып емдейді. Күдіктенген малдарды вакцинация жасайды (етке; тері астына вакцина егеді). Қазіргі кезде аэрозольдык вакцинация (әсіресе құсқа, шошқаға кеңінен қолдануда, соны іске асыру керек.
Құрт ауруларының алдын алу үшін дегельминтизация жасау керек. Ауруды сактандыру шарасын іске асыру және оны жоюға Қ.Р малдәрігерінің, бекіткен уставын (жарғыны) және заңын сөзсіз іске асыру болып табылады. Оны іске асыру жеке адам болсын, ферма иесі болсын, жеке мал иесі болсын міндетті және сөзсіз іске асуға тиіс.
Жұқпалы аурудың алдын алу таратпау үшін ең маңызды шара бұл карантин. Бұл шара ауру шықсада ауру шықпаса да іске асыру керек. Мал дәрігерлік устав бойынша, ферма және аулға келген мал 30 күн карантинде болуы керек. Мал келген кезде малдәрігерлік тексеруден өтуі тиіс. Ал ауру шыққан жағдайда ауылға, фермаға карантин салынуы қажет. Фермаға бөтен адам, (тек фермада істейтіндер ғана кіреді), көлік, атты адам кіріп шықпауы керек. Ол жерден жем, шөп (жалпы азықтың барлық түрі) сабан, силосты әкелуге және әкетуге тиым салынады.
Карантин салынған аумағы шамамен 1000м*1000м территория қоршалып, малды күтіп бағатын адамдардан басқа адамдар ол жерде кірмеу керек. Ауру малды үнемі мал дәрігерлік тексеруден өткізуқажет, ауру малды тез арада бөліп емдеу керек. Мал дәрігерлік саяси ағарту жұмыстары халықпен, күтінуші персоналмен, өзін аурудан сақтандыру», ауруды таратпау және жою жөнінде әңгіме өткізу керек. Ауру шыққан туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа хабар тарату қажет [18,19,20].
Ауруға бейім мал түгелдей балаулық тексеруден өтеді. Ауруға жаппай тексеру үшінәдетте клиникалық, серологиялық, аллергиялық әдістер қолданылады. Бұл зерттеудің нәтижесінде барлық жануарлар үш топка бөлінеді: ауруы айқын, ауруыдүдәмал және аурудың жұғуы күдікті [1,2].
Ауруы айқын жануарларға диагнозы күдіксіздер жатады да, олар жедел басқа малдардан бөлініп, жеке қора-жайға да, ауыстырылады. Бұл малдарды күтуте бөлек адам тағайындалады да, аурудын ерекшелігіне байланысты оларды емдейді, болмаса сояды /бруцеллез, туберкулез т.б./ не жояды.
Ауруы дүдәмал жануарларғадиагнозы түпкілікті қойылмағандар жатады. Олар — клиникалык, белгілері айқын немесе зерттеудің нәтижесі дүдәмал болғандар. Мұндай малдар ауруы айкын және аурудың жұғуы күдіктілерден жеке бөлініп алынады. Олар қосымша қайтадан тексеріледі де, диогнозы айқындалса ауруы айқын малдарға, ал диагнозы растамаса аурудың жұғуы күдіктілерге косылады [1,2,4,5].
Аурудың жұғуы күдіктілергебарлық қалған малдар жатады. Олар ауруға шалдыққандармен жанасқан себепті дәрігерлік бақылауда болып, ретті түрде ауруды балау үшін арнайы тексеруден өтіп тұрады. Тексеру малдын. ауруға шалдығуы біржола тоқтағанша жүргізіледі. Әрбір балаулық тексеруден кейін ауырған жануарлар бөлініп оқшауланғаннан соңқоражайға ағымдағы дезинфекция жасалынады.
Сонымен қатар жұқпалы аурудың ерекшелігіне байланысты 6ұл топтағы жануарларды иммуңдейді /белсенді немесе енжар әдіспен/ болмаса микробтарға қарсыәсер ететін емдік-дауалық дәрмектермен домдайды. Аса қауіпті аурулар кезінде /мысалы, шошка обасы/ індет ошағындағы барлық жануарлар сойылады [2,14,16].
Жұқпалы аурулардың емі.Жұқпалы аурумен ауырған жануарларды емдеу кешеңді түрде жүргізіледі. Бұл кешен этиотропты және симптоматикалық емдеу шараларынан тұрады.
Этиотропты ем — аурудың себебіне /этиологиялык факторына/, яғни оның коздырушысына қарсы бағытталады. Ол үшін сол ауруға тән өзгешежәне сонымен қатар өзгеше емес дәрі-дәрмектер қолданылады.
Белгілі бір аурудың қоздырушысына ғана ететін өзгеше дәрмектерге иммунді қансарысуы, иммуноглобулиндер, бактериофагтар жатады. Өзгеше емес дәрі- дәрмектерге антибиотиктер, сульфаниламидтер, нитрофурандар және химиялык препараттар жатады [6,7,8].
Симптоматикалық дәрі — дәрмектер ауырған жануардың жағдай, күйіне байланысты дененің қызметін қалпына келтіру мақсатында пайдаланылады. Оларға жүрекке әсер ететін, қақырық түсіретін, зәр шығаратьш дәрілер, су — тұз алмасуын қалпына келтіретін ерітінділер, дененің жалпы куатын арттыратын, десенсибилизациялайтын, т.б. дәрмектер жатады.
Жұқпалы ауру кезінде емдеу толық курс ретінде жүргізіледі. Аурудың беті кайтып, клиникалық белгілері өше бастаған сәтте емдеуді тоқтатуға болмайды. Емдеу курсы толық аяқталмаса ауру қайта өрбіп, рецидив беруі мүмкін, жұқпалы ауруға шалдыққан жануарларды /мысалы, бруцеллез, туберкулез кезінде/ санитарлық қасапханада сояды. Егер ондай мал тым көп болса, ет комбинатының сою цехын пайдаланады. Ол үшін ауру малды соятын арнайы санитариялық күн белгілеп, сойым аяқталғаннан кейін бүкіл цехка дезинфекция жасалынады. Сойылған малдан алынған өнімді азық-түлікке пайдалану аурудың түріне, ветеринарлық-санитарлық сараптың қорытындысына, бактериологиялық тексерудің нәтижесіне байланысты шешіледі. Аса қауіпті инфекциялар кезінде (құтырык, шошқа обасы, топалаң) ауру малдың ұшасы техникалық пайдалануға жатқызылады немесе өртеу аркылы, не баска жолмен жойылып жіберіледі[19,20].
3НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.1 Зерттеу материалдары мен әдістері
Дипломдық жұмыс Қазақ ұлттық аграрлық университеті «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасында, «Байсерке-Агро» ЖШС – ның Алматы облысы Кербұлақ ауылына қарасты қой шаруашылығында орындалды.
Жұмысқа табиғи жағдайда өлген 12 қой, 7 қозы өлекселерінің ішкі мүшелері қолданылып, барлық өлекселер талапқа сай сойып зерттеліп, сойып зерттеу хаттамалары мен сойып зерттеу актілері толтырылды.
Ауруға диагнозды кешенді түрде: жалпы эпизоотологиялық жағдайды, аурудың клиникалық белгілерін ескере отырып, сойып-зерттеу және гистологиялық зерттеулер нәтижелерінің негізінде қойдық. Диагноз бактериялогиялық, патологиялық анатомиялық зерттеулер нәтижесі бойынша дәлелденді.
Мал өлекселерін Шор Г.В. ұсынған әдіспен сойып-зерттедік, яғни ішкі мүшелерді толық эвицерациялау жолымен жүргізілді. Бұл әдіс, техникалық жағынан алғанда мойын, көкірек, құрсақ және жамбас қуысындағы мүшелерді бүтіндей кешенді түрде шығарып алуға негізделген. Көкірек, құрсақ қуыстарының сірлі қабықтарының күйін және ішкі мүшелердің орналасқан орнын жан-жақты және мұқият қарап шыққаннан кейін, әр мүшені басқа көршілес орналасқан мүшелермен жалғасқан күйінде зерттедік.
Барлық сойып-зерттелген мал өлекселерінің ішкі мүшелерінен гистологиялық және гистохимиялық зерттеу жүргізу үшін, көлемі 0,5-1 см болатындай кесекшелер алынды. Алынған патологиялық материалдар Г.А. Меркуловтың әдістемелігіне сәйкес бейтараптандырылған 10% формалиннің судағы ерітіндісіне салынып 24 сағат бекітілді. Ал терең гистохимиялық зерттеулер жүргізу үшін күрделі ерітінділерде (Карнуа, спирт-формалин) бекітілді. Патматериалды сусыздандыру үшін 60º, 70º, 80º, 90º, 96º1, 96º2 спиртте бір-бір тәуліктен ұстадық. Кесекшелерді парафинде немесе парафин-целлоидинде бекітіп, қалыңдығы 5-10 микрон болатындай жұқа кесінділер алдық. Мүшелердегі жалпы өзгерістерге шолу жүргізу үшін гематоксилин-эозин; Ван-Гизон; Азур-эозин бояуларын пайдаландық. Гистопрепараттар жарықтық микроскоптарда (МБИ -15, МБР, PZO (Warszawa) әртүрлі үлкейтулерде зерттелінді. Гистопрепараттарды талдау нәтижелері журналға толтырылды. Микрофотографиялар KARLZEISS микроскопында цифрлы фотоаппаратқа түсірілді. Сонымен қатар, микросуреттер «Лейка» ДМЛС Германия және Австрия елдерінде бірігіп құрастырылған микроскоп арқылы түсірілді.
Қой өлексенін сойып зерттеу арнайы жабдықталған бөлмеде жүргізілді. Бұл бөлмеде мынадай талаптар сақталған: бөлме кең, жақсы желдетілетін және жарық. Еден бетондалған, қабырғасы су өткізбейтін материалмен қапталған. Бөлмеде сойып зерттеу үстелдер, қолжуғыш, зарарсыздандыру ерітінділері, таразы және т.б. қажетті құралдарболды.
3.2 Зерттеу нәтижелері
3.2.1 Қой энтеротоксемиясының клиникалық белгілерінің нәтижесі
Биологиялық қауіпсіздік кафедрасына 2017 жылдың сәуір айында Алматы облысы Кербұлақ ауданында орналасқан «Байсерке-Агро» ЖШҚ-тың бөлімшесінен қойлардың өлім жітімінің орын алып жатқаны туралы хабар келгеннен кейін, себебін анықтау барысында кафедраның патанатомдарымен бірге студенттік үйірмеге қатысатын студенттер аттандық.
Өлген қойлардың анамнездік деректерін сұрай келе, білгеніміз өлген қойларға қарағанда, қозыларда аурудың клиникалық белгілер зілдірек байқалған, яғни клиникалық белгілері көрінгеннен кейін 5-6 сағаттан соң малдар өлген. Ең алғаш малдардың нерв жүйесі бұзылып, олар жатып қалған, кейіннен іштері кепкеннен кейін бірден өлген. Ал, қойларда клиникалық белгілер көрінгеннен кейін 2-3 тәуліктен кейін өлген. Ауырған қой жайылымда отарға ілесе алмай қала берген, жөнді жайылмаған. Көбінесе басын төмен салып, меңірейіп тұрып қалып, аяғымен жерді тарпыған, шөпті аузымен жұлын алғысы келіп, ынталанғанымен, бірақ оны жұла алмаған. Кейіннен қойлар сүрініп, бастарын бір жақ бүйіріне салып алып, жатып қалған, жан-жағында болып жатқан айқай-шуды, басқа да жағдайларды сезбеген.
Мұндай клиникалық белгілер басқа да ауруларға ұқсас болғандықтан, толық сойып, лабораториялық зерттеулерді жасауды жөн көрдік.
Клиникалық белгілерге қарап, энтеротоксемияға күдік болған себебіміз, жайылымда шөптер арасында көкнәрдің рөлі қызығушылық тудырды. Себебі қолда бар ғылыми әдебиеттерге сүйенетін болсақ, көкнәр өсімдігінің құрамында ауру қоздырғышы агенттерінің көбеюіне ықпал ететін ферменттер бар және де тағы бір күдігіміз болғаны, ауылдың климаты негізінен ылғалдылығы мол аумаққа жатадындығы, сонымен қатар қой бағушының ерте таңнан шөптердегі шықтың кетпей тұрып жаятындығы күмән келтірді.
Аурудың клиникалық өзгерістерін зерттеу барысында, негізгі өзгерістер былай сипатталды (1 кесте).
Кесте – 1. Энтеротоксемиядан өлген қойлардағы негізгі клиникалық белгілердің нәтижесі
№ |
Клиникалық белгілер |
Жалпы ауырған қой саны |
Клиникалық белгілері байқалған қой саны |
% көрсеткіші |
1 |
Жүрудің қиындауы |
12 |
12 |
100,0 |
2 |
Тәбеттің төмендеуі |
12 |
11 |
91,6 |
3 |
Есту қабілетінің бұзылуы |
12 |
9 |
75,0 |
4 |
Тері жүнінің түсуі |
12 |
9 |
75,0 |
5 |
Іш өту |
12 |
9 |
75,0 |
6 |
Іштің кебуі |
12 |
10 |
83,3 |
7 |
Температураның көтерілуі |
12 |
12 |
100,0 |
1-ші кестеде келтірілгендей, қойларда негізінен аурудың клиникалық белгілері: жүрудің қиындауы, тәбеттің төмендеуі, есту қабілетінің бұзылуы, тері жүнінің түсуі, температураның көтерілуі, іш өту, іштің кебуімен сипатталса, температураның көтерілуі мен жүрудің қиындауы басқаларға қарағанда 100,0 %-да болды.
Енді қозылар арасындағы клиникалық белгілердің нәтижесіне келсек, оларда аурудың клиникалық белгілері 2 түрде орын алды, яғни коматозды және қалтырап-дірілдеу белгілері.
Коматозды кезінде, аяқтарымен басқа да заттарды шашып, температуралы өте жоғары болып, тыныс алулары тез болды. Кома тез басталды.
Ал, қалтырап – дірілдеген белгілерінде қозылар қатты күйзеліске ұшырап, орынан тұра алмай 2-3 сағатта өлген. Қозылардағы ауруға тән клиникалық белгілер 2-ші кестеде көрсетілгендей.
Кесте – 2. Энтеротоксемиядан өлген қозылардағы негізгі клиникалық белгілердің нәтижесі
№ |
Клиникалық белгілер |
Жалпы ауырған қозы саны |
Клиникалық белгілері байқалған қозы саны |
% көрсеткіші |
Коматозды түрінде |
||||
1 |
Жүйке жүйесінің қозуы |
5 |
5 |
100,0 |
2 |
Температураның көтерілуі |
5 |
5 |
100,0 |
3 |
Тыныс алудың жилеуі |
5 |
5 |
100,0 |
4 |
Тәбеттің төмендеуі |
5 |
5 |
100,0 |
Қалтырап-дірілдеу түрінде |
||||
1 |
Салдану |
2 |
2 |
100,0 |
2 |
Іштің кебуі |
2 |
2 |
100,0 |
3 |
Температураның көтерілуі |
2 |
2 |
100,0 |
Сонымен 2-ші кестеде байқағандарыңыздай, қозыларда аурудың клиникалық белгілерінің қай түрі болмасын 100,0% көрсеткіште болды.
3.2.2 Қой энтеротоксемиясы кезіндегі ішкі мүшелердегі патоморфологиялық зерттеу нәтижесі
Зерттеуіміздің негізгі міндеттерінің бірі патологиялық анатомиялық өзгерістерін зерттеу болғандықтан, сойып зерттелген 12 қой, 5 қозыда болған негізгі өзгерістерді ұсынуды жөн санадық. Қой мен қозылардың ішкі мүшелерін пато-гистологиялық зерттегенде байқағанымыз, қозыларда ауру белгілері айқын әрі зілді көрінді.
Алайда қозылар мен қойларда бірдей өзгеріс бұл өлексенің тез бұзылуымен сипатталды.
Қозылардағы негізгі өзгерістер: Терінің гиперемиясы, тері шелі, бұлшықеттер мен майлы қабықшалар, ішектің шырышты қабығында қан кетулер мен қанталаулар (1 сурет); лимфа түйіндерінің айқын гиперемиясы; ішектің шырышты қабығының домбығуы мен іштің кебуі (2 сурет). Жүрек пен бауырда гиперемия және терең дамыған дистрофиялық процестер, бүйректерде — қан кетулер; жұмсарған, яғни — «жұмсақ бүйрек» (3 сурет).
Сурет – 1. Тері асты шелінің қанталаулары
Сурет – 2. Ішектің домбығуы және іштің кебуі
Сурет -3. «Жұмсақ бүйрек»
Бауыр — үшенің беті теңбілденген, тілік бетінің суреті жұпар жаңғағының түсіне ұқсайды. Бауыр бөлекшелерінің орта шені қанның мол жиналуына байланысты коңыр — қызыл түсті, ал шет жағы сұрғылттау келген (4 сурет).
Сурет – 4. Бауырдың жіті веналық гиперемиясы
Жүрек – мүшенің көлемі ұлғайған. Түсі кейбір жерлері көкшіл-кызыл тартқан, біркелкі боялмаған шеткі қыры доғалданған, кескендн мол қан ағады, сол жақ қарыншасы кеңейген (5 сурет).
Сурет – 5. Жүректің гиперемиясы және дистрофиясы
Өкпенің көлемі ұлғайған, түсі күңгірт-қызыл тартқан, консистенциясы әдеттегі серпімділігінен айырылып, қамырға ұқсаған, тілік бетінде көпіршіктенген қызғылт түсті сұйық мол болды (6 сурет).
Сурет — 6. Өкпенің гиперемиясы және домбығуы
Өойлардағы негізгі макроскопиялық өзгерістер. Өлексенің терісін сыпырған кезде оның көп жері қанталағаны бірден байқалды.
Танаудан және ауыз қуысынан көпіршіктенген сілекей араласқан су ақты.
Жүректің еті жұмсарған, оның ішкі және ортаңғы қабаттарының әр жерінде қан құйылған. Перикардта ақшыл сары экссудат жиналады, ауаның әсерінен экссудат тез ұйыйды. Эпикард пен миокард қанталаған (7 сурет).
Сурет -7. Жүректің қанталауы мен дистрофиясы
Құрсақ қуысында сарғылт сұйық іркілген. Мес қарын, тақия қарын және жалбыршақ қарын жынға толып, ұлтабар әдетте бос, ал оның кілегейлі қабығы қабынған. Аш ішектің өн бойы қызарып, көгерген және жолақтанып қанталаған. Жалпы алғанда ойылған энтеритке тән өзгерістер кездеседі, әсіресе, мықын ішек пен тік ішекте бұл құбылыстар айқын болды.
Қойдың қарыны қорытылмаған шөпке толып, аш ішектері кеуіп, ауаға толып тұрды (8 сурет). Ішектің қабығының әр жері қанталап, қызарғаны байқалады.
Сурет – 8. Ішектердің ауаға толуы
Бауыр үлкейген, сұрғылт түсті болып, піскен бауырға ұқсайды. Қт өзегі өтке толған (9 сурет).
Сурет -9. Бауырдың паренхималық дистрофиясы
Бүйрек әдеттегіден жұмсарған, көбінесе езіліп кеткен сияқты болып көрінеді, оның сыртқы кабаты оңай алынады.Жұқпалы энтеротоксемияға тән патологиялық өзгерістер бүйректе байқалады. Бүйректің 7 қойда екеуі де, ал қалған қойда біреуі ғана болбырап босап, консистенциясы қоймалжың быламыққа ұқсас болды. Сондықтан, ауруға тән негізгі өзгеріс «болбыр бүйрек» деп атаймыз (9 сурет).
Сурет – 9. «Болбыр бүйрек» |
Өкпе қанға кернеліп, домбығады, сыртынан көгерген қызыл түсті, тіліп қарағанда түсі қызыл болады. Аңқаның, кеңірдектің, бронхалардың кілегейлі қабықтары қанға кернеліп, көбікке толып тұрады. Көкбауыр әдетте өзгермейді (Сурет – 10, 11).
Сурет – 10. Өкпе гиперемиясы |
Сурет – 11. Қалыпты көкбауыр |
Ішкі мүшелерді гистологиялық зерттеудің нәтижелері. Өкпеде гиперемия кезеңіндегі ошақтар бар: қатар жатқан альвеолалар арасындағы перделер капиллярлардың қанға толуына байланысты қалыңдаған, альвеолалар бірен-саран лейкоциттер араласқан қызғылт түсті экссудатпен толған.
Бауырды микроскоппен зерттегенде аяққы және остік веналардың, синусоидтық қылтамырлардың қанмен кернелгені, бауыр уықтарының әдеттегі орналасу ретінің бұзылғаны, синусоидтар жанындағы Диссе қуыстарында домбығу сұйығының жиналғаны көзге ілікті.
Аш ішек қанараласа қабынғанда кілегейлі қабықтың меншікті қабатын және кілегейлі астыңғылық қабатты түгел эритроциттер топырлары жайлаған, бұл қабаттардағы тамырлар лейкоциттері мол қанмен кернелген, кілегейлі қабықтың үстіңгі жағы өліге ұшыраған.
Кілегейлінің астыңғы қабатындағы қан тамырлар кеңіп, қанға толған, кейбір қан тамырлар қуысы эритроциттермен бірге плазмобластармен, плазмоциттермен тығындалған. Дәнекер өрме талшықтары ісініп жуандаған, кей жерлерге қан құйылған. Етті қабаттың аралық қан тамырлары қанға толған, кей жерлерге қан құйылған.
Көкбауырда — көбінеселимфоидтықфолликулдаркішірейеді. Олардыңкөбеюорталықтарыжойылады, эндотелиоциттерібүріскенорталықартерияайналасындаторшаларсаныазаяды.
Патоморфологиялықзерттелгенненкейінішкімүшелердегіөзгерістердісойыпзерттеухаттамасындакелтіріліп, барлыққойларменқозыларғажазылды.
Қой өлексесін патологиялық анатомиялық сойып зерттеу
ХАТТАМАСЫ
2017 жылы сәуір айының 12-і күні Қазақ ұлттық аграрлық университетінің биологиялық қауіпсіздік кафедрасының сойып зерттеу бөлмесінде қой өлексесі толық патологиялық анатомиялық сойып зерттеліп хаттама толтырылды. Сойып зерттеуді кафедраның қауымдастық профессоры, в.ғ.к. Ибажанова Ә.С. жүргізді, сонымен қатар сойып зерттеуге кафедра оқытушылары және ТОО «Байсерке — Агро» шаруашылығының бас дәрігеріҚосаев Д. қатысты.
Анамнездік деректер. Қой күтушісінің сөзіне қарағанда, отардағы қойлардың жалпы ауырғанына 10 күннің көлемі болған, лабораториялық зерттеулер нәтижесінде қойларға «Қойлардың инфекциялық энтеротоксемиясы» деген балау қойылып, емдік шаралар жүргізілген, алайда ешқандай нәтиже болмай қойлардың өлім жітімі көп болған. Негізінен жас саулықтар мен қозылар ауырған.
Негізгі клиникалық белгілері: дене температурасының көтерілуі 40-410С, тәбеттің төмендеуі, жүдеу, жүру коррдинациясының бұзылуы, жөтел, тоқтаусыз іш өтіп, кейіннен қан араласқан, ауыздарынан көбік ағып, аталған клиникалық белгілер көрінгеннен кейін 4-5 күннен соң малдар өлген.
Сыртқы көрінісін зерттеу.
8 айлық қой өлексесі, «КТ»тұқымды, қоңдылығы ортадан төмен.
Өлекседегі өзгерістер: кілегейлі қабықтары: коньюктива, мұрын қуысы кілегейлі қабықтары бозарған, ақшыл-сұр түсті,аналь тесігі қанаралас нәжіске толған. Танау және ауыз қуысынан ақшыл түсті сұйық білінеді.
Тері, тері жүнінің табиғи жылтырлығы жойылған, серпімді емес. Май ұлпалары көрінбейді.
Тері асты шелі бозарған, аздап домбыққан.
Лимфа түйіндері: жақ асты лимфалық түйіні аздап ұлғайған, жауырын алды және шаптағы лимфалық түйіндер ұлғаймаған, тілгенде дымқыл сұрғылт қызыл түсті.
Өлексенің ішкі көрінісін зерттеу.
Құрсақ қуысы. Құрсақ қуысында орналасқан мүшелердің орналасу реті бұзылмаған, сірлі қабықтары ылғалды, ақшыл сұр түсті, жылтыр. Іш майы азайған.
Көкірек қуысы мүшелерінің орналасу реті бұзылмаған, ылғалды қабығы тегіс, жылтыр, ақшыл-қызыл түсті, ылғалды, нүктелі қанталаған.
Жұтқыншақтың, өңештің кілегейлі қабығы ақшыл-қызыл түсті, сұрғылттау реңді болды.
Көмекейдің, кеңірдектің кілегейлі қабықтары ақшыл-қызыл түсті болды, кеңірдектің сақинааралық қантамырлары шамалы қанға толған, кеңірдектің төменгі 1/3 бөлігінің қуысы көбіктенген қызғылт домбығу сұйығы жиналған.
Өкпенің көлемі шамалы ұлғайған, түсі күңгірт-қызыл кейбір жерлері бозарған, консистенциясы әдеттегі серпімділігінен айырылып, қамырға ұқсаған, тілік бетінде көпіршіктенген қызғылт түсті сұйық болды.
Жүректің көлемі біршама ұлғайған, ұшы доғалданған, миокард ақшыл-сұрғылт және қоңыр-қызыл түсті болды; эпикард тегіс, жылтыр, нүкте қанталаулар болды; қабырғасының қалыңдығы біршама жұқарған оңжақ қарынша нашар ұйыған қара қоңыр түсті қанмен толған; солжақ қарынша қуысы бос болды; қарыншалар қабырғалары қалыңдығының ара-қатысы 1:4 болды; эндокард сұрғылт түсті, бірен-саран ұсақ жолақты қанталаулар пайда болған.
Құрсақ және жамбас мүшелерінің көрінісі
Көкбауыр ұлғаймаған, еш өзгеріссіз.
Бауыр шамалы ұлғайған, өзгеріп әркелкіленген түсі күңгірт-қызыл тартқан, аракідік сұрланған, консистенциясы біршама жұмсарған, тілік бетінде қан мол болды, бөлекшелер суреті сүртілген, өт қабының көлемі ұлғайған, қуысы сарғыш жасыл түсті өтпен толған.
Бүйректің көлемі шамалы ұлғайған, қызыл қоңыр түсті, капсуласын керген, капсуласы оңай алынады, кескенде консистенциясы жұмсарған, қабаттарының шекаралары айқын емес, болбыр.
Бүйрек маңындағы лимфалық түйіндердің көлемі шамалы ұлғайған, түсі сұрғылт-қоңыр тартқан, консистенциясы жұмсарған, мол ылғалды болды, тілік бетінің суреті жойылған.
Мес қарын бос, кілегейлі қабығы шамалы қызарған, ісінген, қабырғаларында ойылымды келген түйіншектер кездесті. Түйіншектер саны 25-тей, сыртқы көрінісінен де айқын анық көрінеді. Түйіншектерді кесіп көргенде шамалы сұйық бөлінеді.
Жұмыршақта аз мөлшерде сұйықтау азық болды, кілегейлі қабығы ақшыл-сұр түсті.
Қатпаршақ қарынбос, кілегейлі қабығы аздап домбыққан. Ұлтабардың кілегейлі қабығы қызарған, ісінген, Ұсақ нүкте қанталаулар пайда болған.
Аш ішектің беті сұрғылт түсті қоюлау массамен бүркелеген, күңгірт – қызыл түсті кілегейлі қабық ісінген, ішіндегісіне кілегей араласқан. Қуысына газ жиналған.
Тоқ ішек – қуысында газ жиналған; кілегейлі қабық қызарған, ісінген, қантамырлары қанға толған, қабығы біркелкі емес. Тоқ ішектің кілегей қабығын бойлай гельминттер иректелеген жолдар құрған, олар шырышты қымтап орналасқан. Гельминттер саны 10-15.
Шажырқайлық лимфалық түйіндер көлемі шамалы ұлғайған, түсі сұрғылт-қоңыр тартқан, консистенциясы жұмсарған, мол ылғалды болған тілік бетінің суреті жойылған.
Қуықжиырылған, қуықтың кілегейлі қабығы ақшыл- сұр түсті.
Патанатомиялық диагноз
- Жалпы жүдеу
- Тері асты шелінің қанталауы
- Гастроэнтерит
- Өкпенің гиперемиясы мен домбығуы
- Бауырдың дистрофиясы
- Колит
- Жүректің ұлғаюы және гиперемиясы
- Ас қорыту жолдарының фиброзды-геморрагиялық қабынуы
- Болбыр немесе жұмсақ бүйрек
Қорытынды: Анамнездік деректер, патологиялық морфологиялық, гистологиялық және бактериологиялық зерттеулер нәтижесін ескере отырып қой энтеротоксемиядан өлді деп есептейміз.
2.3.3 «Байсерке – Агро» ЖШС ауруды алдын-алу және емдік шараларын ұйымдастыру
Барлық зерттелген қойларды макроскопиялық, клиникалық белгілеріне қарап энтеротоксемияға күдікті болғандықтан бактериялогиялық зерттеулер жүргізу үшін ЖШС «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты» (ҚазҒЗВИ) және ҚазҰАУ-нің ветеринария факультетіндегі лабораторияларға екі ұшы байланған ішек кесіндісі, ұлпалы органдардын кесіндісі таза күйінде шыны ыдысқа салынып жіберілді. Лабораторияға патологиялык органдардын кесіндісін жіберген кезде арнайы жолдама қағаз жаздық.
Бұл жолдамаға ауру шыққан шаруашылық, мекеменің аты, материалдардың қай органдардан және қай мезгілде алынғаны жазылды.
Астына жолдама жіберуші мал дәрігерінің фамилиясы, аты анық түрде жазылды.
Жіберілген патологиялық материалдарды бактериялогиялық зерттегеннен кейін толық балау қойылды. Осы патологиялық материалдардан арнайы әдістермен зерттеу жүргізген мамандар клостридиум перфрингенс микробынын «С», «Д» типі бөлініп алынғанын ескертті.
Ауруға толығымен балау қойғаннан кейін, біз ауырған малдарға емдік шараларын жүргізуге және қалған малды аурудан алдын-алу үшін шаралар қолдандық, яғни ауырған малдарға гипериммунды қан сарысуын, онымен қоса биомицин, террамицин және синтомицин антибиотиктерін қолдандық.
Алдын-алу үшін ауырмаған қойларға жалпы және арнайы шаралар жүргізіледі. Алдымен барлық қораларды тазаладық, сонымен қатар қойларды жайылымға шықпас бұрын қойларға шөп-сабан бердік.
Ауру мал жатқан және өлексе жатқан орындарды күйдіргіш натрийдің 10% ерітіндісімен, 3% тұндырылған хлорлы әктін ерітіндісімен дезинфекциялап шықтық.
Ауырмаған қойларға поливаленттік гидрокись алюминий вакцинасын 2 мл-ден еккеннен кейін, 2 аптадан соң екінші рет 12-14 мг мөлшерінде бұлшық етке жібердік. Вакцинадан кейін қойлардың температурасы көтеріліп, 1-2 күн аұсаңдап жүргеннен кейін басылып кетті. Сонымен қатар, қанықтырылған квастанған анатоксин қойдың қолтығында жүн өспеген жерге 5 мл мөлшерінде арасына 20 күн өткізіп екі рет жібердік, бұны негізінен сақа қойларға салдық.
3.2.4 Энтеротоксемияны қойларда постморталді тану және ажырата тану
Энтеротоксемиямен ауырған қойдың белгілері брадзотпен, топалаңмен, секіртпемен және шөппен уланумен ұқсас келеді.
Ажырату диагноз жүргізген кезде шаруашылықта бұрынғы жылдарда кездескен аурулар түрі, аурудың пайда болған жыл мезгілі, ауырған, ілген малдың саны, аурудың басталу және даму ерекшеліктері ескеріледі.
Мәселен, секіртпеден өлген қойдың ұлтабар қарны зақымдалады, бауырдың әр жері іриді. Ал жыбырлақтан елген қойда мұндай өзгерістер болмайды.
Топалаңмен өлген койдың аузы мен танауынан ұйымаған қан ағып катады, өлексе сіреспейді және көк бауырдың көлемі 3—4 есе ісіп кетеді. Ал жыбырлақта мұндай өзгерістер болмайды.
Шөптен улану жайылымда шөптердің бар екендігіне және лабораториялық зерттеулерге қарап ажыратылады.
Энтеротоксемияға постморталді диагноз қойғанда диагноз патоморфологиялық зерттеу нәтижесінде, клиникалық белгілер мен эпизоотологиялық деректерді және бактериологиялық зерттеулер нәтижесінде ескере отырып расталады.
2.4 Экономикалықтиімділіктіесептеу
Экономикалық тиімділікті анықтау үшін жеке зерттеулер мен ветеринарлық статистикаға сүйендік.
Энтеротоксемия шаруашылыққа айтарлықтай экономикалық зиянын тигізеді. Біздің мәліметтер бойынша шығынның жалпы массасының орташа салмағы өлген жануарлар шығымын құрайды.
- Өлген мал санынан шығынды есептедік.
Пу1=ЦхЖмхМп
Мұндағы Пу1— өлген малдан болған шығын,
Ц – 1 кг еттің бағасы – 1550 тг.
Жм – 1 қойдың тірі салмағы — 25кг.
Мп — өлген мал саны -19 бас.
Пу1=1550 х 25 х 19= 736 250 теңге.
- Шаруашылықта аурудың алдын алудан болған шығын:
Пу3=Ку(Мо х Кз),
мұндағы: Ку- ауырған 1 мал басына шаққандағы шығын коэффициенті;
Мо- ауру шыққан күннен бастап аурудан қауіп туған жалпы мал басы;
Кз-ауру коэффициенті.
Пу3= 4200 х(20 х 0,6)= 50 400 теңге.
- Аурудың алдын алудан және емдеуден болған шығын:
Пу3=М хКа х С х Ц — У,
Мұндағы: Мз- емделген мал саны;
Кл- ауырған малдың коэффициенті;
С- малдың орташа тірі салмағы, кг;
Ц- бұзаудың бағасы, теңге;
У- экономикалық шығын, теңге.
Пу3= 20 х 0,25 х 60 х 30000 – 50400=8 949 600 теңге.
Жалпы шыққан шығын:
Пу=Пу1+Пу2+Пу3
Пу=736 250 + 50 400 + 8 949 600=9 776250 теңге.
Сонымен, біздің есептеуіміз бойынша шаруашылықтағы өлген малдан келген шығын және ауырған малды емдеуге кеткен шығындарды қоса есптегенде, 9 776 250 теңгеге шығын келген.
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Еңбек қорғау дегеніміз – еңбек процесінде қауіпсіздікті, адамның денсаулығы мен жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ететін заңды шығару актілерінің әлеуметтік – экономикалық, техникалық, гигиеналық және емдеу – сауықтыру шаралары мен құралдар жүйесі.
Әрбір мекемеде, өндіріс орындарында, лабораторияда қауіпсіздік техникасы, еңбек қауіпсіздігі, өндірістің санитарлық ережелері және де өрттен сақтану нұсқаулары, химиялық әсері бар заттардың қауіпсіздігі туралы ережелер болуы тиіс. Ережекөрнектіжергеілінуітиіс. Әрбіржұмысшы осы ережелерментанысболуыкерек.
Еңбекқорғау мен өртқауіпсіздігітығызбайланысты. Себебіөртөндірістегіжәнетұрмыстағыматериалдыққұндылыққағанаемес, соныменқатарадамөміріне де қауіптіболыпкеледі.
Мен өткен өндірістік тәжірибенің, яғни, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығында»қауіпсіздік техникасы туралы, еңбек қауіпсіздігі туралы ережелер, өрттен сақтану нұсқаулары, өрт сөндіруге арналған инвентарь және оны қолдану ережесі; уланған кезде, күйіп қалған жағдайда, электр тогы соққанда көмек беру жолдары және тағы басқа жазатайым жағдайға ұшыраған кезде адамдарға алғашқы көмек көрсету шаралары бәрі де қарастырылған.
Еңбек қорғау жұмыстарын ұйымдастыру және жұмысты орындауға жіберілген адамдардың еңбегін қорғау жауапкершілігі кәсіпорын, мекеме басшыларына жүктелген.
Ветеринариялық мамандар үнемі ауру малмен жөне өлекселермен тікелей қатыста болатындықтан, олар үшін жеке гигиенаны сақтау аса қажет.
Ветеринариялық-санитариялық өткелде жұмысшылар мен мамандар өз киімдерін шешіп, киім ілгіште қалдырады да, душқа түсіп, арнайы киімдерді киіп ферманың өндірістік аймағына өтеді. Ірі шаруашылықтарда осындай тәртіпке тырысу керек. Жұмыс аяқталған соң,жұмысшылар мен мамандар душқа түсіп, арнайы киімдерді өткізіп, өз киімдерін киіп, өндірістік аймақтың сыртына шығады. Арнайы киімдердіүйге алып кетуте немесе сол киімде өндірістік аймақтың сыртына шығуға тыйым салынады.
Мал шаруашылығы жұмысшыларын мамандық ауруына шалдығудан сақтау үшін кешенді шаралар жүргізіледі: мал қора-жайларында оптимальді микроклимат жасау (температура, ылғалдылық, ауаның газды құрамы, жарыктандыру), тиімді желдеткіш және канализация орнату, жүйелі түрде дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу, ауру малды оқшаулау және емдеу, территорияны көгалдандыру және т.б.
Қойлар мен ешкiлердiң инфекциялық энтеротоксемиясы ауруы бойынша жүргізілетін ветеринариялықіс-шаралар тәртібі
Шаруашылық жүргізуші субъектiлер энтеротоксемия ауруының алдын алу мақсатында қажет:1) ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз ету;
2) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның бөлімдеріне, жергілікті атқарушы органымен құрылған ветеринариялық мекемеге мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау және қадағалау органдарына хабарлау.
Жаңадан сатып алынған (әкелінген) жануарлар, туған төлдер, олардың (оның) сойылғаны мен сатылғаны туралы;
Бiрнеше жануар кенеттен қырылған, бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайларда ветеринария саласындағы мамандардың, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы келгенге дейін ауру деп күдiк келтiрiлген жануарларды оқшаулап ұстау жөнiнде шаралар қолдану қажет;
3) ветеринария саласындағы мамандарға олардың талап етуi бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егудi жүзеге асыру үшiн жануарларды беру;
Қойлар мен ешкiлердiң инфекциялық анаэробтық энтеротоксемиясы ауруы анықталғанда, шаруашылық жүргізуші субъектіні қолайсыз деп жариялайды және мынадай іс-шаралар жүргiзіледi:
1) барлық ауру және ауруға күдiктi жануарларды оқшаулайды және емдейді;
2) сау жануарлар қорада ұстап бағуға ауыстырылады, рационда тек сапалы ірі-тартылған азық, минералды заттардан тұратын қосымша азық қалдырылады және тез арада иммундейді;
3) бiрiншi вакцина егілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн өткен соң және қойлар мен ешкiлердiң инфекциялық анаэробтық энтеротоксемиясы ауыруы мен өлiмi тоқтағаннан кейiн қой мен ешкі әдеттегі бағу және жемдеу жағдайына көшiредi.
Қолайсыз пункт кезеңінде мыналарға:
1) инфекциялық энтеротоксемиямен ауырған қойлар мен ешкiлердi союға және етiн тамаққа пайдалануға;
2) ауру қойлар мен ешкiлердiң сүтiн саууға және тамаққа пайдалануға жол берілмейді.
Инфекциялық энтеротоксемиядан өлген қойлар мен ешкiлердiң өлекселерi терiсiмен, жүнiн сылып алмастан жоюға жатады.
Қидың дезинфекциясын химиялық әдiспен немесе биотермиялық зарарсыздандырмай өртеу арқылы жүргізеді.
Қойлар мен ешкiлердiң инфекциялық энтеротоксемия ауруын алдын алу мақсатында жануарларды құнарлы азықпен қамтамасыз ету, рационды бірден өзгертуге жол бермеу, суару мен ұстаудың санитариялық және зоогигиеналық қағидаларын сақтау қажет. Аурудыңпайда болу мүмкіндігікезіндеқойлар мен ешкiлердiжайылымғашығараралдындасапалыазықпенқоректендiрудіұсынады.
Қойлар мен ешкілердің инфекциялық энтеротоксемия ауруы бойынша бұрын тiркелген қолайсыз пункттерде барлық қой мен ешкiлердi аурудың пайда болу кезеңіне дейін күнтізбелік 20 күннен кешіктірмей немесе жайылымға шығар алдында тиiстi вакцинамен иммундеуге жатады.
Шаруашылық жүргізуші субъекті қойлар мен ешкiлердiң инфекциялық анаэробтық энтеротоксемиясы ауруы бойынша аурудың соңғы жағдайынан немесе жануарлардың өлгенiнен кейiнгі күнтізбелік 20 күн өткен соң және қорытынды дезинфекциялау жүргізілгеннен кейін қолайлы болып саналады.
5 ҚОРЫТЫНДЫЛАР
- Қойлардың энтеротоксемиясы кезінде негізгі клиникалық белгілер қозыларда жүйке жүйесінің зақымдалуымен байқалса, қойларда жүру кординациясының бұзылуымен сипатталады;
- Аурудың патологиялық морфологиялық өзгерістері қозыларда негізінен тері асты шелінің қанталауымен сипатталса, қойларда асқорыту жолдарының геморрагиялық қабынуымен сипатталады;
- Малдың жасына, жынысына қарамай бірдей жүретін патологиялық морфологиялық өзгерістер ол бүйректе, яғни «Болбыр немесе жұмсақ бүйрек», сонымен қатар барлық ішкі мүшелерде қан айналымының бұзылуы.
6 ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
- Ауруды басқа аурулардан ажырату үшін патологиялық анатомиялық зерттегенде бүйрекке баса назар аудару керек;
- Ауруға күдік туған жағдайда ішкі мүшелер әсіресе ішекті бактериялогиялық зерттеуге жіберу қажет;
- Шаруашылықта ауру шыққан жағдайда ауру мал жатқан және өлексе жатқан орындарды күйдіргіш натрийдің 10% ерітіндісімен, 3% тұндырылған хлорлы әктін ерітіндісімен дезинфекциялау керек;
- Ауырмаған қойларға поливаленттік гидрокись алюминий вакцинасын қолдануды ұсынамыз.
7 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Сайдулдин, Т.С. Ветеринариялық іңдеттану: оқулық жоғары оқу орындары үшін, Том 1,2. / Т.С.Сайдулдин — Алматы: Санат,1999.-145б.
- Қасымов, Е.И. Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және күресу шаралары: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін / Е.И. Қасымов — Алматы: Қайнар, 1992. – 121 б.
- 3. Носков Н.М. Руководство к практическим занятиям по эпизоотологии: учебное пособие для вузов / Н.М. Носков — Москва: 1961.- 89с.
- Покров, М.И. Рекомендации по методике эпизоотологического исследования: /М.И.Покров- Москва:Колос, 1975.- 35с.
5.Сайдулдин, Т.С. Основы серологии: учебник для вузов / Т.С.Сайдулдин — Алма-ата: Кайнар,1992. -70 с.
6.Бияшев, К. Б. Организация ветеринарного дела: учебник для вузов/ К. Б. Бияшев и др.- Алматы: Санат, 2003.- 98 б.
- Инфекционнаяболезни овец. Руководство для врачей: В. Ф. Учайкин, Т. В. Чередниченко, А. В. Смирнов — Санкт-Петербург, ГЭОТАР-Медиа, 2014 г.- 608 с.
- Кормление овец и коз: И. Ф. Драганов, В. Г. Двалишвили, В. В. Калашников — Санкт-Петербург, ГЭОТАР-Медиа, 2011 г.- 216 с.
- Наставление о разведении испанских овец и надлежащем смотрении за ними: К.Ф. Бергштрессер — Санкт-Петербург, Книга по Требованию, 2012 г.- 242 с.
- Охота на овец: Харуки Мураками — Санкт-Петербург, Амфора, 2002 г.- 479 с.
- Прибыльное разведение коз и овец: П. П. Крылов — Москва, Книжный клуб «Клуб семей, 2011 г.- 192 с.
- Разведение и содержание коз и овец в родовой усадьбе: Ю. Харчук — Москва, Феникс, 2012 г.- 128 с.
- Энтеротоксемия (болезнь): Джесси Рассел — Санкт-Петербург, Книга по Требованию, 2012 г.- 122 с.
- Инфекционные болезни овец и коз: Джесси Рассел — Москва, Книга по Требованию, 2012 г.- 100 с.
- Скарлатина: Джесси Рассел — Москва, Книга по Требованию, 2012 г.- 102 с.
- Содержание и разведение овец: А. Кашкаров — Санкт-Петербург, Аквариум-Принт, 2014 г.- 48 с.
- Содержание каракульских овец: — Москва, АСТ, Сталкер, 2006 г.- 160 с.
- Содержание коз и овец: Зипер А.Ф. — Москва, АСТ, Сталкер, 2009 г.- 48 с.
- Ибажанова А. «Өнімді жануарлар ауруларының патологиялықморфологиясы»//Оқуқұралы. Алматы, ««Print master». 17,5 б.т.
- Шабдарбаева Г.С., Ибажанова А.С., Жантелиева Л.О., Кенжебекова Ж.Ж., Балғымбаева А.И. — Қазақстанда қойлар арасында жиі кездесетін аурулардың патологиялық морфологиясы//ж. «Ізденістер, нәтижелер. КазНАУ», №2, 2018. Алматы. С. 14-20.
- Ibazhanova A., Nurgazy B., Shabdarbaeva G., KenzhebekovaZh., Khussainov D.// Pathological changes at colibacteriosis of calves. Научный журнал «Актуальные проблемы гуманитарных и естественных наук» №05(май)/2018.